45minutkz.files.wordpress.com€¦ · web viewxvi ғасырда Италия мен...

7
Әбуова Ажар Әлменқызы Атырау қаласы. №34 лингвистикалық мектеп-гимназия мектебінде технология пәнінің мұғалімі. Сабақ үлгісі. Сабақтың тақырыбы: Жапсырмалау арқылы ою- өрнекті орындау Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жапсырмалау өнерінің технологиясымен таныстыру. Білімділігі: Жапсырмалау өнерінің түрлерін және жапсыру технологиясын түсіндіру Дамытушылығы: Оқушыларды жапсырмалау, қиыстыру тәсілі арқылы ойылған ою- өрнектерді матаға жапсыру арқылы бұйымдарды әсемдеуге үйрету, шеберліктерін шыңдау, эстетикалық талғамын, ой-қиялын дамыту. Тәрбиелілігі: Оқушыларды үнемділік пен ұқыптылыққа баулу, әсемділікті сүйе білуге тәрбиелеу, ою-өрнекті бұйымға үйлесімді, қонымды етіп пайдалана білуге, талғамға сай жұмыс жасай білуге тәрбиелеу. Сабақ түрі: аралас сабақ Сабақ әдісі: Түсіндірмелі, көрнекілік, сұрақ- жауап, интерактивті және сарамандық сабақ Көрнекілігі: Ойылған ою-өрнек түрлері,альбом, мата, қайшы, желім, қолөнер бұйымдары, интерактивті тақта, слайдтар. Пәнаралық байланыс: Бейнелеу өнері, сызу, тарих, орыс тілі, математика Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды сабаққа дайындау. Құрал- жабдықтарын алдырып, жоқ оқушыларды түгендеу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. II. Үй тапсырмасын сұрау. Өткен сабақта үйге қандай тапсырма берілді? «Ою- өрнек түрлері».

Upload: others

Post on 24-Jun-2020

18 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: 45minutkz.files.wordpress.com€¦ · Web viewXVI ғасырда Италия мен Испанияда, XVII ғасырда Германия мен Францияда,XVIII- XIX

Әбуова Ажар Әлменқызы Атырау қаласы. №34 лингвистикалық мектеп-гимназия мектебінде технология пәнінің мұғалімі.

Сабақ үлгісі.

Сабақтың тақырыбы: Жапсырмалау арқылы ою- өрнекті орындау

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жапсырмалау өнерінің технологиясымен таныстыру.

Білімділігі: Жапсырмалау өнерінің түрлерін және жапсыру технологиясын түсіндіру

Дамытушылығы: Оқушыларды жапсырмалау, қиыстыру тәсілі арқылы ойылған ою- өрнектерді матаға жапсыру арқылы бұйымдарды әсемдеуге үйрету, шеберліктерін шыңдау, эстетикалық талғамын, ой-қиялын дамыту.

Тәрбиелілігі: Оқушыларды үнемділік пен ұқыптылыққа баулу, әсемділікті сүйе білуге тәрбиелеу, ою-өрнекті бұйымға үйлесімді, қонымды етіп пайдалана білуге, талғамға сай жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақ әдісі: Түсіндірмелі, көрнекілік, сұрақ- жауап, интерактивті және сарамандық сабақ

Көрнекілігі: Ойылған ою-өрнек түрлері,альбом, мата, қайшы, желім, қолөнер бұйымдары, интерактивті тақта, слайдтар.

Пәнаралық байланыс: Бейнелеу өнері, сызу, тарих, орыс тілі, математика

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа дайындау. Құрал- жабдықтарын алдырып, жоқ оқушыларды түгендеу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын сұрау.

Өткен сабақта үйге қандай тапсырма берілді?«Ою- өрнек түрлері». Біз өткен сабақта ою-өрнектер жайлы мағлұмат алдық, ою түрлерімен таныстық және оларды үлгі бойынша қиып алуды үйрендік.А) Алдымен осы тақырыпты қалай меңгергендеріңді тексерейік .Ол үшін төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер1. Ою-өрнек қандай сөзден шыққан? (Латынның «орнамент» сөзінен)2. Ою-өрнектің неше түрі бар? (200- ден аса)3. Симметриялы өрнек деген не? (Барлық бөліктердің бір-бірімен белгілі бір

заңдылықпен орналасуы)4. Ою-өрнек неше топқа бөлінеді? (4 топқа)5. Осы топтарды кім атап бере алады? ( жан-жануарларға байланысты, құстарға

байланысты, өсімдік, жер, суға байланысты, геометриялық пішіндер тәріздес ою-өрнектер)

6. Мүйіз оюының түрлері? (мүйіз, сыңар мүйіз, қосмүйіз, қырық мүйіз, арқар мүйіз, бұғы мүйіз т.б)

Page 2: 45minutkz.files.wordpress.com€¦ · Web viewXVI ғасырда Италия мен Испанияда, XVII ғасырда Германия мен Францияда,XVIII- XIX

Ә) Интерактивті тақтадан салыстырмалы тест орындаймыз. Кестеден әр өрнектің реттік санын табуымыз керек

III. Жаңа сабақты түсіндіру. «Жапсырма оюын орындау»

1) Интерактивті тақтадан слайдтар көрсету арқылы «Жапсырмалау» туралы дайын бұйымдарды, слайд көрсету арқылы, сабақ тақырыбын, мақсатын түсіндіру арқылы мағлұмат беру.

2. Аппликацияның дүние жүзі халықтарының қолөнерінде алатын орны ерекше. Аппликация деген атау латынның қиыстыру, жабыстыру деген мағынадағы сөзінен шыққан. Аппликацияны жұмыс ерекшелігі мен қолданылатын материалына қарай 3 топқа бөліп қарастыруға болады.

Жапсырмалау «Аппликация»

латын сөзі

Түрлі- түсті қағаз,

картонмен орындала-

тын жұмыс

Әртүрлі мата,киіз,тері,

мақта,қауырсын,жіп материал-дарын қолдану арқылы орын-далатын жұмыс

Табиғи материалдар

мен сабан, ши, қамыс,

дәндер қолданумен орын- далатын

жұмыс

Page 3: 45minutkz.files.wordpress.com€¦ · Web viewXVI ғасырда Италия мен Испанияда, XVII ғасырда Германия мен Францияда,XVIII- XIX

Аппликация әр елде түрліше үлгі бойынша дамып отырды. XVI ғасырда Италия мен Испанияда, XVII ғасырда Германия мен Францияда,XVIII- XIX ғасырда Ресейде жақсы дамыды. Қиыстыру тәсілдері қазақ халқының қолөнерінде ертеректе пайда болған.

2) Жапсырмалау арқылы орындалып тігілген, жапсырмаланып жасалған бұйымдарды слайдпен көрсету.

.

IV. Сынып жұмысы.

Сарамандық жұмыс. Оқушыларды 3 топқа бөлу

1-топ «Ісмерлер» 2-топ « Тігіншілер» 3топ «Шеберлер» Тапсырма:Тақия, шапан Тапсырма:Кесе қап, аяққап Тапсырма: Қоржын, жастық

Әр топқа жеке тапсырма беріп, үлгідегі ою-өрнектерді бұйымға салып безендіріп, желіммен, дымқыл жылулықпен басу арқылы жапсырмалау. Ол үшін нұсқау карта мен жұмыс жүргізу. Нұсқау карта мен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік ережелерін қайталау.-Қайшымен жұмыс жасау ережелерін ата.-Желіммен жұмыс жасау ережелерін ата.-Іс тіккендегі қауіпсіздік ережесін ата. Жұмысқа қойылатын талаптар:-Жұмысты технологиялық нұсқау картаның көмегімен орындау.-Жұмысты таза, ұқыпты орындау.-Жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін естен шығармау. Нұсқау карта

1. Алдымен үлгіге ою салып, оюларды қиып аламыз.2. Қиылған ою-өрнек үлгілерін мата бетіне бір-біріне қиыстырып орналастырамыз. 3. Мата бетіне орналастырылған өрнек жылжып кетпейтіндей етіп түйрегіштермен түйреп

Жапсырмалау арқылы жасалынатын

бұйымдар

Page 4: 45minutkz.files.wordpress.com€¦ · Web viewXVI ғасырда Италия мен Испанияда, XVII ғасырда Германия мен Францияда,XVIII- XIX

қойып матадан оюды ойып аламыз.4. Матадан ою ойғанда кез келген жерге салмай, матаны үнемдеп қолдануды көздеу керек.5. Матадан ойылған оюды басқа матаға көктеп алып, жапсырмалап шетін тор тігісімен

кестелеп немесе таспа бастыру арқылы кез-келген бұйымды әшекейлеуге болады. V. Қортындылау.

«Ою-өрнек сәндігіКөздің жауын аладыБолмаса зат өрнексізОнда мәнсіз қалады»- дегендей әрбір топтың жұмысына талдау жасау. Әдемілігін, сәнділігін, ою-өрнектің үйлесімділігі бағаланып, қателіктерін ескерту. Жақсы орындап шыққан жұмыстарды мадақтап үлгі ету.

Интерактивті тақтадан «Инсерт» стратегиясын қолдану арқылы оқушылардың алған білімдерін бекіту.

Білемін Білгім келеді Не білдік

VI. Үйге тапсырма. Жапсырмалау өнері арқылы өз беттерінше шығармашылық жұмыс жасау.

Page 5: 45minutkz.files.wordpress.com€¦ · Web viewXVI ғасырда Италия мен Испанияда, XVII ғасырда Германия мен Францияда,XVIII- XIX
Page 6: 45minutkz.files.wordpress.com€¦ · Web viewXVI ғасырда Италия мен Испанияда, XVII ғасырда Германия мен Францияда,XVIII- XIX