file · web view1-2-тапсырманы қорытып, қысым, Паскаль...

4
Әжіғалиева Толқын Қуандыққызы Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Қарақұдық негізгі мектебінің физика және математика пәндерінің мұғалімі Пәні: Физика Сыныбы: 7 Сабақтың тақырыбы: Қатынас ыдыстар. Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға қатынас ыдыстар, қатынас ыдыстардың қасиеттері туралы түсінік беру. 2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру. 3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Сабақ түрі: аралас Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Сынып кезекшісінің хабарламасы. Оқушыларға «Қысым», «Паскаль», «Ауырлық күші» сөздері таратылып беріледі және сол арқылы үш топқа бөлінеді. ІІ. Психологиялық тренинг Сабақтың мақсаты айтылады. ІІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру. Балалар, адамдар табиғат құбылысын зерттей отырып, негізгі үш сұраққа жауап іздейді дегенді оқыған болатынбыз. Ол қандай сұрақтар еді? Оқушылар жауабын тыңдау.

Upload: dangkiet

Post on 05-Feb-2018

248 views

Category:

Documents


9 download

TRANSCRIPT

Page 1: file · Web view1-2-тапсырманы қорытып, қысым, Паскаль заңы, ауырлық күші әрекетінен сұйықтар мен

Әжіғалиева Толқын Қуандыққызы

Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Қарақұдық негізгі мектебінің физика және математика пәндерінің мұғалімі

Пәні: ФизикаСыныбы: 7Сабақтың тақырыбы: Қатынас ыдыстар. Сабақтың мақсаты:1. Оқушыларға қатынас ыдыстар, қатынас ыдыстардың қасиеттері туралы түсінік беру.2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.Сабақ түрі: араласСабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар

Сабақ барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сәлемдесу. Сынып кезекшісінің хабарламасы.Оқушыларға «Қысым», «Паскаль», «Ауырлық күші» сөздері таратылып беріледі және сол арқылы үш топқа бөлінеді. ІІ. Психологиялық тренингСабақтың мақсаты айтылады.ІІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.Балалар, адамдар табиғат құбылысын зерттей отырып, негізгі үш сұраққа жауап іздейді дегенді оқыған болатынбыз. Ол қандай сұрақтар еді?Оқушылар жауабын тыңдау.Олай болса, қазір үй тапсырмасын осы үш сұраққа жауап беру үшін Постер қорғайсыздар. /Тәжірибе жасау кезіндегі қауіпсіздік ережесін айту/1-тапсырма. Бақылау тапсырмасыАуырлық күші әрекетінен сұйықтарда болатын қысымды бақылайтын тәжірибе жасаңдар.2-тапсырма. Эксперименттік жұмысШыны ыдысқа құйылған сұйықтың ыдыс түбіне түсіретін қысымын есептеп шығарыңдар.3-тапсырма. Қорытынды

Page 2: file · Web view1-2-тапсырманы қорытып, қысым, Паскаль заңы, ауырлық күші әрекетінен сұйықтар мен

1-2-тапсырманы қорытып, қысым, Паскаль заңы, ауырлық күші әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын қысым туралы айтып беру.ІҮ. Жаңа сабақ.Дәптермен жұмыс. Күннің жадын, тақырыпты жазу.

Балалар, суретте берілген шайнектер туралы не айтасыздар?

/суретпен жұмыс/ Оқушылардан жауабы.Иә, шайнектердің шүмектерінің орналасуы әр түрлі. Біреуінікі қысқа, екіншісінікі ұзын, енді біреуінің шүмегі шайнектің жоғарғы бетімен деңгейлес. Күнделікті тұрмыста осылардың қайсысын қолданған тиімді, неге?

Өйткені, шайнек пен оның шүмегіндегі су бірдей деңгейде тұрады. Шайнекті еңкейткен кезде, оның шүмегі шайнектегі судың деңгейіне дейін төмен түседі де, одан су аға бастайды./Шыны мөлдір шайнек арқылы жасап көрсету./Балалар енді, мынадай тәжірибе жасап көрейік. Қажетті құрал-жабдықтар: шыны түтіктер, резеңке түтіктер,әр текті сұйықтар.1-тәжірибе. Кез-келген пішінді қатынас ыдыстағы біртекті сұйықтың орналасуы

Бұл тәжірибеден қандай қорытынды жасауға болады./Оқушылар жауабын тыңдау/

Page 3: file · Web view1-2-тапсырманы қорытып, қысым, Паскаль заңы, ауырлық күші әрекетінен сұйықтар мен

Қорытынды: Кез келген пішінді қатынас ыдыстардағы тыныш тұрған біртекті сұйықтың еркін беттері бірдей деңгейде болады.2-тәжірибе. қатынас ыдыстардағы әр текті сұйықтардың орналасуы/Оқушылар жауабын тыңдау/

Қорытынды: Егер қатынас ыдыстардың тармақтарына әр түрлі сұйықтар құйылса, бұл сұйықтардың деңгейлері бірдей болмайды.себебі олардың тығыздықтары әр түрлі./Тәжірибе барысында сұйықтардың тығыздығын жазып қою./Қысымдары тең болғанда, тығыздығы үлкен сұйық бағанының биіктігі тығыздығы аз сұйық бағанының биіктігінен кем болады.

h1

h2=

ρ2

ρ1

Қатынас ыдыстардағы әртекті сұйық бағандарының биіктігі олардың тығыздықтарына кері пропорционал.V. Пысықтау.Деңгейлік тапсырмалар.«5»-ке оқитындар үшін. Есептер шығару1-есеп. U-пішінді түтіктің ұштары ондағы судың деңгейінен 30 см биік. Сол жақ түтік толығымен керосинмен толтырылды. Оның түтіктегі биіктігін анықтаңдар.2-есеп. Қатынас ыдыста су мен сынап бар. Су бағанының биіктігі 68 см. Сол жағы мен оң жағының деңгейі бірдей болуы үшін керосин бағанының биіктігі қандай болуы тиіс.«4 пен 5»- ке оқитындар үшін. Тәжірибе жасап, түсіндіруСтаканның ¾ бөлігіне қайнаған су құйылады.оған екі-үш түйір қант ерітіледі. Сұйықтың бетіне шай қасығы көлбеу орналастырылып, оған аз-аздан шай құйылады. Қандай өзгеріс болды? Тәжірибе туралы баяндап, қорытынды жаса.«3»-ке оқитындар үшін. Суретті тапсырмалар

ҮІ. Бағалау.Өз-өздерін бағалау арқылы жүзеге асырылады.ҮІІ. Үйге тапсырма беру.§48. Қатынас ыдыстар. Эксперименттік тапсырма.ҮІІІ. Қорытындылау.

Page 4: file · Web view1-2-тапсырманы қорытып, қысым, Паскаль заңы, ауырлық күші әрекетінен сұйықтар мен

Рефлексия