45minutkz.files.wordpress.com€¦  · web view6 – 4 = 2 5 + 4 = 9. Төстік атқа...

8
ОҚО Шардара ауданы Сүткент ауылы Т. Тәжібаев атындағы жалпы орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі: Мұса Шолпан Әбдірашқызы Сабақтың тақырыбы: Ондық. Натурал сандар. Мақсаты: - оқушыларға ондық және натурал сандар туралы түсінік беру, меңгерту; - «Ертегі еліне» саяхат жасай отырып есептер шығару; - ооқушылардың логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Сабақтың түрі: «Ертегілер еліне» саяхат сабақ. Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап. Сабақтың көрнекілігі: ертегі жемісі бойынша салынған суреттер. Күтілетін нәтиже: ондық, натурал сандарды меңгереді, ажырата біледі. Сабақ барысы: І Кіріспе бөлім. 1. Ұйымдастыру кезеңі Оқушылардың назарын сабаққа аудару. 2. Психологиялық дайындық. Математика сабағын Жақсылап ұғып аламыз Сәулесі деп сананың Мәнінен ой табамыз. 3.Оқушыларды топқа бөлу. І топ. Алғырлар ІІ топ. Жүйріктер ІІІ топ. Батырлар

Upload: dodieu

Post on 06-May-2018

237 views

Category:

Documents


6 download

TRANSCRIPT

Page 1: 45minutkz.files.wordpress.com€¦  · Web view6 – 4 = 2 5 + 4 = 9. Төстік атқа мінді. Енді ол өз сүйгені Кенжекеймен кездеспекші

ОҚО Шардара ауданы Сүткент ауылы Т. Тәжібаев атындағы жалпы орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі: Мұса Шолпан Әбдірашқызы

Сабақтың тақырыбы: Ондық. Натурал сандар.Мақсаты: - оқушыларға ондық және натурал сандар туралы түсінік беру, меңгерту;- «Ертегі еліне» саяхат жасай отырып есептер шығару;- ооқушылардың логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.Сабақтың түрі: «Ертегілер еліне» саяхат сабақ.Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап.Сабақтың көрнекілігі: ертегі жемісі бойынша салынған суреттер.Күтілетін нәтиже: ондық, натурал сандарды меңгереді, ажырата біледі.Сабақ барысы:І Кіріспе бөлім.

1. Ұйымдастыру кезеңіОқушылардың назарын сабаққа аудару.

2. Психологиялық дайындық.Математика сабағынЖақсылап ұғып аламызСәулесі деп сананыңМәнінен ой табамыз.

3. Оқушыларды топқа бөлу.І топ. Алғырлар

ІІ топ. Жүйріктер

ІІІ топ. Батырлар

ІІ. Тұсау кесер.

Өткен сабақты пысықтау.

«Кім жылдам» ойыны (ауызша)

2 + 7 = 9 10 – 7 = 3

3 + 1 = 4 8 – 6 = 2

5 + 3 = 8 5 + 1 = 6

6 – 2 = 4 10 – 3 = 7

2. Негізгі бөлім

Page 2: 45minutkz.files.wordpress.com€¦  · Web view6 – 4 = 2 5 + 4 = 9. Төстік атқа мінді. Енді ол өз сүйгені Кенжекеймен кездеспекші

Жаңа сабақ.

Бүгін математика сабағында біз қазақ ертегісіне саяхат жасаймыз. Батырлар туралы қандай мақалдар білеміз?

Батыр туса – ел ырысы,Жаңбыр жауса жер ырысы.

Батыр бір рет өледі,Қорқақ мың рет өледі.

Балалар , бізге бүгін қонаққа Ер Төстік келіпті. Ел қорғаған батырдың жолында өз жерін қорғау үшін көптеген кедергілер кездеседі. Оның туған жеріне Дәу, Айдаһарғ Мыстан келіп халқының берекесін алғаннан кейін, елін қорғау үшін, Ер Төстік оларға қарсы жорыққа шығыпты.

- Қане, балалар, Ер Төстіктің жауларын жеңуіне көмектесеміз бе?- Әр берген көмектерің үшін ұлдарға асық, қыздарға алқа беріледі.- Ер Төстік Дәуге кезікті.

Оның тапсырмалары бар екен.Ол үшін оқулықтағы 1 – тапсырманы орындаймыз.

| | | | | | | | | |

9 таяқшаға тағы 1 таяқшаны қоссақ, 10 таяқша болады.Ондық. Бума – бір ондықты білдіреді.

1 2 3 4 5 6 7 8 9

Бұл сандар – бір таңбалы натурал сандар.

10 – екі таңбалы натурал сан.

Міне, балалар, Ер Төстік батырды Дәуден құтқардық. Дәу жеңіліп, Ер Төстікке жол берді.

Білімді балалардан Дәуде қорқады екен.

Ер Тқстік батыр жолдан Мыстанға жолығыпты. Мыстан кемпір Ер Тқстікті ұстап алып, буындырып жібермейді. Егер біз кітаптағы 2 – тапсырманы орындасақ, Мыстан Ер Төстікті жібереді.

№ 2

Page 3: 45minutkz.files.wordpress.com€¦  · Web view6 – 4 = 2 5 + 4 = 9. Төстік атқа мінді. Енді ол өз сүйгені Кенжекеймен кездеспекші

1 см

10 см

1 дм

10 см = 1 дм

Сонымен, балалар, Ер Төстік бізге риза болып әрі қарай жолға шықты. Ол айдаһарға кезікті. Ол аузынан жалын шашып, Ер Төстікті күйдіріп жібермекші. Қане, балалар, Ер Төстікті құрқарайық. Ол үшін 3 – тапсырманы тез әрі дұрыс орындауымыз керек.

№ 3Тиісті сандарды таңда:9 ˂ 10 90 ˂ 1 дм

Ал, балалар, Ер Төстікке әрі қарай көмектесу үшін біліммен қатар күште жинап алайық.Сергіту сәті.Жаттап ертек, мол аңыз,Өсіп, өніп толамызАлатаудай айбынды,Ел қорғаны боламыз.

Ер Төстік әрі қарай сапар шекті. Еліне, жеріне жету үшін жүйрік атқа кезікті. Енді аттың тапсырмасын орындайық.

№ 4. Тиісті сандарды орнына қой:

3 + 7 = 10 8 – 1 = 7

6 – 4 = 2 5 + 4 = 9

Төстік атқа мінді. Енді ол өз сүйгені Кенжекеймен кездеспекші.Ол үшін 5- тапсырманы орындауымыз қажет.

№ 5. Шарты: Алма – 3 ағашАлмұрт – 2 ағашБарлығы – қанша ағаш?

Шешуі: 3 + 2 = 5Жауабы: 5 ағаш

Page 4: 45minutkz.files.wordpress.com€¦  · Web view6 – 4 = 2 5 + 4 = 9. Төстік атқа мінді. Енді ол өз сүйгені Кенжекеймен кездеспекші

Ер Төстік атқа мінді. Ол жауларын жеңіп, еліне аман-есен оралды. Біздің білімімізге риза болды.

Ментальды картамен жұмыс.№ 5 тапсырмаға байланысты.

І топ. Алғырлар – алманың суретін құрастыру.

ІІ топ. Жүйріктер – есептің шартын құрау.

ІІІ топ. Батырлар – алма суретін салу.

Рефлексия.

- Сабақта не өттік? – ондық. Натурал сандарды.- Нені үйрендік? – Ер Төстіктің ерлігін, натурал сандарды ретімен

санауды.- Нені білгіміз келеді? – теңдеулерді шешуді.

Оқушыларды бағалау, мадақтау.

Page 5: 45minutkz.files.wordpress.com€¦  · Web view6 – 4 = 2 5 + 4 = 9. Төстік атқа мінді. Енді ол өз сүйгені Кенжекеймен кездеспекші
Page 6: 45minutkz.files.wordpress.com€¦  · Web view6 – 4 = 2 5 + 4 = 9. Төстік атқа мінді. Енді ол өз сүйгені Кенжекеймен кездеспекші