ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

100
Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014 Есіңе сақта! Төмендегі тірі табиғаттың бір саласы – ботаника ғылымы жөніндегі мағлұматпен мұқият танысып, ой қорытындыла. Алғашқы адамдар өзінің айналасындағы өсімдік жамылғысы туралы бірқатар білім жинақтаған. Кейбір өсімдіктің тамырын, ал кейбіреулерінің жемісі мен сабақтарын тамақтану мақсатында, басқа өсімдік түрлерін дәрі-дәрмек жасап, тұрмысқа қажетті аңшылық-шаруашылық құралдар жасау үшін пайдаланған. Көп өсімдіктердің ішінен адам өзіне қажетті шөпті бөлек баптап, бертін келе оның тиімді түрлерін ойлап тапты. Өсімдік дүниесіне деген ерекше бетбұрыс күн өткен сайын білім мен тәжірибе жинақтап, нәтижесінде өсімдіктер дүниесі жөніндегі ғылым саласының қалануына түрткі болды. Көне Грекия ғалымы, ғұлама Аристотельдің шәкірті Теофраст өсімдіктер дүниесі жөнінде ғылыми еңбек жазған және зерттеген тұңғыш ғалым болды. Теофраст жан- жануарлар әлемін зерттейтін зоология ғылымынан өсімдіктану ғылымының бөлініп шығуына зор еңбек сіңірді. Ол өсімдік дүниесі жөнінде ұзақ бақылау жүргізіп, мол тәжірибе жинақтап бір жүйеге келтіріп «ботаника» (грек тілінде «botane-шөптің жапырағы») ғылымының негізін салды. Теофрастың «Өсімдіктер дүниесін зерттеу» атты 9 кітаптан, «Өсімдіктердің өсуі мен таралу себептері» атты 6 кітаптан тұратын көлемді шығармалары әлем халықтарының тілдеріне аударылып, күні бүгінге дейін сақталып келеді. Автор өз еңбегінде 500-ден астам өсімдіктер дүниесі туралы ғылыми зерттеулер жүргізіп, анықтамалар берген.

Upload: -

Post on 02-Jul-2015

492 views

Category:

Education


0 download

DESCRIPTION

Орта мектептің 5 сыныбына арналған электронды оқулық

TRANSCRIPT

Page 1: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

Есіңе сақта!

Төмендегі тірі табиғаттың бір саласы – ботаника ғылымы жөніндегі мағлұматпен

мұқият танысып, ой қорытындыла.

Алғашқы адамдар өзінің айналасындағы өсімдік жамылғысы туралы бірқатар білім

жинақтаған. Кейбір өсімдіктің тамырын, ал кейбіреулерінің жемісі мен сабақтарын

тамақтану мақсатында, басқа өсімдік түрлерін дәрі-дәрмек жасап, тұрмысқа қажетті

аңшылық-шаруашылық құралдар жасау үшін пайдаланған.

Көп өсімдіктердің ішінен адам өзіне қажетті шөпті бөлек баптап, бертін келе оның тиімді

түрлерін ойлап тапты. Өсімдік дүниесіне деген ерекше бетбұрыс күн өткен сайын білім

мен тәжірибе жинақтап, нәтижесінде өсімдіктер дүниесі жөніндегі ғылым саласының

қалануына түрткі болды.

Көне Грекия ғалымы, ғұлама Аристотельдің шәкірті Теофраст өсімдіктер дүниесі

жөнінде ғылыми еңбек жазған және зерттеген тұңғыш ғалым болды. Теофраст жан-

жануарлар әлемін зерттейтін зоология ғылымынан өсімдіктану ғылымының бөлініп

шығуына зор еңбек сіңірді. Ол өсімдік дүниесі жөнінде ұзақ бақылау жүргізіп, мол

тәжірибе жинақтап бір жүйеге келтіріп «ботаника» (грек тілінде «botane-шөптің

жапырағы») ғылымының негізін салды. Теофрастың «Өсімдіктер дүниесін зерттеу» атты

9 кітаптан, «Өсімдіктердің өсуі мен таралу себептері» атты 6 кітаптан тұратын көлемді

шығармалары әлем халықтарының тілдеріне аударылып, күні бүгінге дейін сақталып

келеді. Автор өз еңбегінде 500-ден астам өсімдіктер дүниесі туралы ғылыми зерттеулер

жүргізіп, анықтамалар берген.

Page 2: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

htt

p:/

/en

.wik

iped

ia.o

rg/w

iki/

Eco

syst

em#

me

dia

view

er/F

ile:N

itro

gen

_Cyc

le.jp

g

htt

p:/

/en

.wik

ipe

dia

.org

/wik

i/Ec

osy

stem

#m

edia

view

er/F

ile:S

eaw

ifs_

glo

bal

_bio

sph

ere.

jpg

htt

p:/

/en

.wik

ipe

dia

.org

/wik

i/G

eogr

aph

y#m

edi

avie

wer

/File

:Ort

eliu

sWo

rld

Map

.jpe

g

http

://en.w

ikipe

dia.o

rg/w

iki/The

op

hrastu

s#m

ediaview

er/File:16

1Th

eop

hrastu

s_1

61

_fron

tesp

izio.jp

g

Page 3: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

htt

p:/

/en

.wik

iped

ia.o

rg/w

iki/

Eco

syst

em#

me

dia

view

er/F

ile:N

itro

gen

_Cyc

le.jp

g

htt

p:/

/en

.wik

ipe

dia

.org

/wik

i/Ec

osy

stem

#m

edia

view

er/F

ile:S

eaw

ifs_

glo

bal

_bio

sph

ere.

jpg

htt

p:/

/en

.wik

ipe

dia

.org

/wik

i/G

eogr

aph

y#m

edi

avie

wer

/File

:Ort

eliu

sWo

rld

Map

.jpe

g

Page 4: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

htt

p:/

/en

.wik

iped

ia.o

rg/w

iki/

Eco

syst

em#

me

dia

view

er/F

ile:N

itro

gen

_Cyc

le.jp

g

htt

p:/

/en

.wik

ipe

dia

.org

/wik

i/Ec

osy

stem

#m

edia

view

er/F

ile:S

eaw

ifs_

glo

bal

_bio

sph

ere.

jpg

htt

p:/

/en

.wik

ipe

dia

.org

/wik

i/G

eogr

aph

y#m

edi

avie

wer

/File

:Ort

eliu

sWo

rld

Map

.jpe

g

Page 5: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

Табиғатты бақылау

1. Табиғатты ғылыми тұрғыда зерттеу әдісі дегеніміз не?

2. Табиғат құбылыстарына қызығу мен таңырқаудың ғылыми бақылаудан

ерекшелігі қандай?

Адамзат перзенті ерте заманнан бері табиғат құбылыстары мен құпиясына

ерекше таңырқап, қызығып және зерттеуге құлшыныс білдіргені белгілі.

Жас дос! Табиғатты тану жөнінде сен білімді және сұрағыңа жауапты

қандан аласың? Қоршаған ортадағы өзгерістер жөнінде нақты білім

алуыңа саған қандай материалдар көмектеседі?

Адам баласы қоршаған ортадағы құбылыстар жөнінде өзіне қажетті

дүниелердің басым бөлігін көзбен көру арқылы қабылдайды. Шынында,

сен көз алдыңдағы өсімдіктер мен тауларды, өзендер мен жазық жерлерді,

тіпті түнгі уақытта көз ұшындағы жұлдыздарды көзіңмен көресің. Көз

қарашығымыздың түрлі-түсті суреттерді оңай ажырата білу қасиеті – бізді

қоршаған ортамыздағы құбылыстар туралы толық мағлұмат

алуымыздың кепілі.

Page 6: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

htt

p:/

/en

.wik

iped

ia.o

rg/w

iki/

Eco

syst

em#

me

dia

view

er/F

ile:N

itro

gen

_Cyc

le.jp

g

htt

p:/

/en

.wik

ipe

dia

.org

/wik

i/Ec

osy

stem

#m

edia

view

er/F

ile:S

eaw

ifs_

glo

bal

_bio

sph

ere.

jpg

htt

p:/

/en

.wik

ipe

dia

.org

/wik

i/G

eogr

aph

y#m

edi

avie

wer

/File

:Ort

eliu

sWo

rld

Map

.jpe

g

Page 7: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

Табиғат сырларын тануда есту органының маңызы зор. Ол арқылы сен

табиғаттағы түрлі дыбыстарды естисің. Қоршаған ортадағы басқа

дүниелерді сен өне бойыңдағы сезім органдары арқылы қабылдайсың.

Нәтижеде сен иісті, жылы мен суықты, тыныштық пен сыбырды сезесің.

Сол себепті адам өзі өмір сүріп отырған ортасындағы табиғат

құбылыстарын оған әр түрлі әсер етіп, сол ретте сенің сана-сезіміңнің

қоршаған ортаның құпияларын одан ары зерделеуге жетелейтінін білесің.

Ол рас, өйткені табиғат аясында барлық дүние бір қалыпта болмайды,

қоршаған орта - өзгерістерге толы. Ол өзгерістер бір сәтте көз алдыңда

көрініп тұрса, кейбіреулері біраз уақыт өткен соң байқалады. Адамның

бүкіл ғұмырының өзі - алуан түрлі өзгерістерге толы.

Біз биік таулы қыраттың бірнеше миллион жылдан кейін аласа тауға

айналатынын көре алмаймыз. Оны байқауға біздің өміріміз жетпейді.

Page 8: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

Сол себепті өткен өмір кезеңдерін және белгілі табиғи нысанның себеп-

салдарын анықтау мақсатында ғылыми әдістер (методтар) қолданылады.

Ол гректің «methodos-әдіс» деген сөзінен алынған.

Айталық біздің өткенде қоршаған ортадағы құбылыстарды белгілі бір

жоспар бойынша бақылау жүргеніміз ғылыми әдістің бірі болып

табылады. Бұл әдістің қарапайым түрі ғана. Ғылыми әдістің көмегімен

ғалымдар табиғат құбылыстарын жан-жақты зерттеуге мүмкіндік алады.

Алдымен зерттеу әдісінің негізгі мақсаты айқындалады. Мақсаттың жүзеге

асырылуы алдын-ала құрылған және көпшілікпен мақұлданған жоспарға

байланысты. Жоспарланған шараның болашақтағы жалпы ғылым саласы

үшін маңыздылығы мен құндылығы да анықталғаны шарт.

Аталған міндеттер орындалғанда зерттеу объектісінің орны, жұмыстың

орындалу шарттары және басқа қажетті нысандары айқындалады.

Page 9: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

Әр зерттеуші өз объектісіндегі табиғи орта ерекшеліктерін дәл уақытында

және нақты деректерге сүйене отырып жеткізуге міндетті. Кей

жағдайларда бақылау нәтижелері ғылыми әдістер талабына сәйкес

болмаған жағдайда эксперимент жұмысы қайта жүргізілуі тиіс.

Жинақталған эксперименттік-бақылау жұмысының нәтижелері аталмыш

сала бойынша күрделі ғылыми зерттеулер жүргізген ғалымдардың немесе

арнайы зертхана қызметкерлерінің қарарына ұсынылып, ғылыми

сараптамадан (экспертиза) өтіп, тиісті бағасын алуы керек.

Ал, қажет жағдайда (егер бақылау жұмысының фактілері күдік туғызса)

үшінші сарапшылар Алқасының талқылауына ұсынылу шарт.

Кез келген зерттеулер ғылыми сараптамадан өткен соң өзінің нақты

нәтижелерін айқындайды.

Бақылау жұмысының нәтижелері жалпы ғылыми жұмыстың барысы,

міндет-мақсаты, ұйымдастырылуы, ұсыныс жасауға, зерттеу жұмысының

гипотезасын айқындауға және қорытынды жасауға мүмкіндік береді

Page 10: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

Есіңе сақта!

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Дарын» орталығының

бастамасымен мектеп оқушыларының ғылыми қоғамдық орталықтары соңғы

жылдары көптеген тәжірибелер жинақтады.

Жас ғалым!

• Сенің мектебіңде оқушылардың ғылыми қоғамы жұмыс істей ме?

• Сендер қай сала бойынша эксперименттік бақылау жұмыстарын жүргіздіңдер?

• Бақылау жұмыстары қандай нәтиже берді?

• Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау барысында қандай ғалымдардан кеңес

алдыңдар?

Көкшетау қаласы Сейтен Сауытбеков атындағы қазақ лицейі оқушыларының

«Атамекен» ғылыми-зерттеу қоғамы 2003-2013 оқу жылдары арасында негізгі 3

бағыт бойынша зерттеулер жүргізуді жоспарлап эксперименттік-бақылау жұмысын

жүргізіп келеді.

Зерттеу жұмысын жоспарлау барысында оқушылар ең алдымен биология

ғылымдарының докторы, профессор Әбілжан Құсайыновпен кездесу

ұйымдастырды. Оқушылар ғалымға және шәкірттеріне өз жобаларын ұсынып,

соңында ғылыми кеңес пен бағыт беруін сұрады. Оқушылар ғалымдар тарапынан

айтылған ұсыныстар мен кемшіліктерді қабыл алып, алдағы уақытта қандай

жұмыстар жүргізу керектігі жөнінде нақты жоспар құрды.

Page 11: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

Page 12: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

http

s://ww

w.faceb

oo

k.com

/pages/%

D0

%9

5%

D1

%8

5%

D1

%8

0%

D0

%B

E-20

17

-%D

0%

B8

-%

D0

%B

4%

D0

%B

5%

D1

%8

2%

D0

%B

8/5

27

00

46

67

32

39

76

?sk=in

sights

Page 13: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

Жұмыс жоспары төмендегідей ғылыми-эксперименттік жұмыстарды атқаруды көздеді:

- Қопа көлі және оның аймағындағы ауа райы мен климаттық ерекшеліктерді бақылау;

- Қопа көлі ихтиофаунасы һәм гельминтофаунасы тіршілігін бақылау;

- Көл суының гидроэкологиясы жөнінде санитарлық сараптама жүргізу;

- Көкшетау қаласының экологиясы және аймақтағы құстар миграциясын бақылау;

- Ақмола өңірінде өсірілетін бидай дәндерін сұрыптап, олардың ішіндегі галофитті

жерге төзімді бидай түрін анықтау;

- Бидай дәнін сұрыптауда лабораториялық эксперимент жүргізу және күнделікті

бақылау;

Зерттеу нәтижелері:

- Қопа көлінің бүгінгі экологиялық жағдайы туралы мол мағлұматтар жинастырылды;

- Мемлекеттік органдарға галофитті жерлерге төзімді «Астана-Люстенция» және

«Комсомол-75» дәнін тұзды аймақтарға егуге ұсыныс берілді;

- Көкшетау қаласының бүгінгі экологиялық жағдайына сипаттама беріліп, қаладағы

ақаба сулардың бір ретке келтірілуі және құстар миграциясын реттеу жөнінде ғылыми

материалдар жинақталды, құзыретті мемлекеттік органдарға ұсыныс жасалды;

- Ақмола өңірінің экологиялық картасы жасалды;

- Ғылыми қоғамның мүшелері Ж.Жанатқызы, Ш.Қазбеков Ф.Мұхамедрахимқызы,

Ә.Сатыбалдина зерттеу тақырыбы бойынша республикалық жарыста 2-3 орындарды

иеленді.

Page 14: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

Page 15: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

Page 16: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

“Атамекен” ғылыми-зерттеу

оқушылар қоғамы

Page 17: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

1. Эксперимент дегеніміз не? Ғылыми бақылаудың эксперимент

жұмысынан айырмашылығы неде?

2. Бақылау мен эксперименттің өзара байланысы неде?

Сонымен бақылау дегеніміз – табиғи ортадағы құбылыстар жөнінде мол

мағлұмат жинастыруда маңызды рөл атқаратын ерекше ғылыми әдіс

болып табылды.

Бұл жағдайда біз қоршаған ортадағы құбылыстарға басқаша көзқараспен

назар аударамыз, жан-сезімімізбен айналадағы барлық өзгерістерді жіті

бақылаймыз, ауа райының өзгеруін, оған байланысты өсімдік пен жан-

жануарлардың әрекеттері мен сезімдеріне мән беріп, ой түйіндеп, қол

жеткізген нәтижелерді қағаз бетіне түсіреміз.

Осындай сезім қабылдауы арқылы жинақтаған ғылыми мағлұматтар

ғылыми-зерттеу жұмысымыздың негізі бола ала ма? Ғылыми практикада

бұл әдіс нақты тұжырым жасауға негіз бола алмайтыны дәлелденді.

Ойымыз дәлелді болу үшін төмендегі эксперименттік тәжірибеге көз

жүгіртейік.

Page 18: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

• Шыны ыдысқа толар-толмас су құйған соң, ішіне қасықты сал.

Нені байқадың? Ыдыстың ішіндегі суға салынған қасықтың ортан белі сәл

майысқан сияқты көрінді ме? Шын мәнісінде қасықтың қисық емес екенін

сен білесің ғой.

• Қасықтың мұндай күйге ұшырағанын қалай түсіндіруге болады? Бұл

үрдіс физикалық құбылысқа жатады. Ыдысқа түскен жарық сәулесі ауа

қабатынан суға өткен сәтте рефракцияға ұшырайды.

Рефракция – дегеніміз күн сәулесінің (жарықтың) су бетіне шашыраған

кезінде өзінің бастапқы бағытын өзгертуі. Мұндай құбылыс өзен-көл

айдындарында байқалады. Көл суы бізге терең болып көрінгенмен,

шындығында оның тереңдігі әлдеқайда тайыз болып шығады.

Page 19: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

Page 20: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

Page 21: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

Сондықтан көптеген ғалымдар, әсіресе физика мен химия саласындағы

мамандар бақылау арқылы қол жеткізген ғылыми тұжырымдарды

мойындай бермейді.

Демек, эксперимент жасау үшін алдымен белгілі табиғи ортадағы

құбылыстарды жіті бақылап, нақты көз жеткізіп, арнайы жоспар құрып,

оның гипотезасын (болжамын) айқындап ғалымдар талқысынан өткізіп

бір жүйеге келтірген соң іске көшкен азбал.

Бақылау өзінің шегіне шеткен кезде, зерттеу жұмысының гипотезасы

нақтыланады. Гипотеза гректің «gipotezus-болжам» деген сөзінен шыққан.

Гипотезаның негізгі шарттарына: болжам, құбылыстың жалпы сипаты,

себеп-салдар, ықпал етуші факторлар т.б жатады.

• Бақылау барысында біз кәдімгі қара шыбыннан басқа ала шыбын бар

екенін байқадық. Ала шыбынның жолағы араға ұқсастығы біздің

назарымызды өзіне аударды. Нәтижеде біз ала шыбынның жолағы - өз

жауларынан қорғануы үшін пайда болды деген гипотеза жасадық. Жолағы

бар шыбынды оның жаулары – ара орнына қабылдауы мүмкін.

Page 22: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

Гипотезаның дәлелділігі – эксперимент көрсеткіштері арқылы тексеріледі. Ол латынның

«experiment-тәжірибе» сөзінен алынған. Эксперимент әдісі бірнеше рет қайталануы

мүмкін. Ғылыми үрдістің арнайы талап бойынша ұйымдастырылуы - эксперимент

жүргізуші ғалымдардың эксперимент нәтижелері үшін жауапкершілік жүктелетінімен

анықталмақ.

Гипотеза дәлелділігін тексеруге арналған тәжірибелерге назар аударайық.

• Шыбын-шіркеймен қоректенетін бақаны алайық. Бақа шыбын аулап жатқанда араны

қоса жіберейік. Ара бақаны шағады. Біраздан соң бақа басқа араларға соқтықпай, қайта

шыбын аулауға кіріседі.

• Енді шыбындарға араластырып, ала шыбынды қоса жіберейік. Бақа ала шыбынға

тиіспейді. Демек, біздің гипотезамыз эксперимент жүзінде дәлелденді.

Дәлелденген гипотеза – зерттеу жүргізген табиғи ортадағы үрдістердің заңдылығы мен

маңыздылығын білдіріп қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Сонымен біздер ғылыми-

зерттеу жұмысы және оны ұйымдастыру жөнінде нақты пікір қалыптастырып, оны

төмендегідей ретпен орындалу шартын ұсынамыз:

1. Белгілі табиғи ортаны бақылау.

2. Бақылаулың гипотезасын айқындау.

3. Гипотезаның дәлелділігін эксперимент жүргізу арқылы тексеру.

4. Зерттеу жұмысының маңыздылығы мен заңдылығы.

Page 23: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

Зерттеу жұмысы жоғарыды аталған талаптарды орындап, өзінің көздеген

мақсатына жеткендете, қана белгілі бір мекеме емес, жалпы адамзат

өркениеті үшін маңызы зор озық тәжірибе торабы бола алады. Оған дәлел

ретінде әлемге әйгілі ғалымдар Әбу Әли ибн Сина, Г.Галилей, Н.Коперник,

Ч.Давин, И.Ньютон, Д.Менделеев, М.Ломоносов, Қ.Сатпаев, А.Сахаров

және басқа қайраткерлердің ғылыми жаңалықтарын атап өткен жөн.

М.В.Ломоносов пен Г.Рихман негізін салған атмосфера қабатындағы

электр зарядтары-найзағай құбылысына арналған зерттеулерге сүйенген

ғалымдар найзағай жарқылын кері қайтару әдісін ойлап тапты. «Жасанды

найзағай» деп аталатын бұл жетістік халық шаруашылығы саласында

кеңінен қолданылуда.

Тапсырмаларды орында.

1. Су құйылған ыдыстағы қанттың еру үрдісін байқадың ба?

2. Су құрамындағы еріген қанттың мөлшері жалпы судың құрамын

өзгертуі мүмкін бе?

3. Осы құбылыс бойынша өз гипотезаңды айқындап, оны эксперимент

тәжірибесі арқылы тексер.

4. Қол жеткізген нәтижелер қорытындысын дәптерге жаз.

Page 24: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

Жас ғалым!

Төменде Көкшетау қаласындағы Қопа көліне бақылау жүргізген Ж.Қасымова мен

Ф.Мұхамедрахимқызының ғылыми жобасынан үзінді келтіріп отырмыз. Жоба

Республикалық «Экология және балалар» оқушылардың ғылыми жұмыстары жарысында

(Алматы, 2006) ІІ орынды иеленді.

Қопа көлінің экожүйесіне антропогендік һәм технеогендік факторлар 1993 жылдары өте

қатты біліне бастады. Көл айдынына ұзақ уақыт бойы интенсивті түрде әр түрлі

қоқыстардың ( органикалық заттар, мұнай өнімдерінің қалдықтары, улы химикаттар мен

тыңайтқыштар т.б.) тасталып, төгіліп отырған үрдістер нәтижесі - көл қабаттарындағы

автохтонды (көл түбінің табиғи шөгінділері) қатпарларды деградацияға ұшыратып, көл

түбінің аллахтонды (көл түбінің жасанды шөгінділері) қатпарларының екі есе өсуіне

себебін тигізді.

Қазір көлде: аққайран, торта, мөңке, бозша мөңке, табан, тұқы , таутан және басқа балық

түрлері мекендейді. Көл гидросферасының ластануы балықтардың өміріне қауіп

төндіруде. факторлардың әсерлерінен көл түбінің рельефтерінің өзгеру көріністері

болмақ. Балық ауруының пайда болуына өзендер мен көл суларына түрлі қоқыстартар ,

органикалық, химиялық қатты-сұйық заттардың төгілуі мен тасталынуы салдарынан –

гельминтофауна дүниесіндегі түрлі зоопланктондар , құрттар, моллюскалар және

фитопланктондар организмдеріне айтарлықтай экологиялық қауіп төндіреді.

Page 25: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

Page 26: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

http://en.wikipedia.org/wiki/Human_evolution

Page 27: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

http://en.wikipedia.org/wiki/Human_evolution#mediaviewer/File:Map-of-human-migrations.jpg

Page 28: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

Page 29: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

1. Ерте заманда адамдар өздерін қоршаған ортасы туралы қандай пікірде

болды?

2. Әлем жаратылысы туралы көне дәуірде неге аңыыздар мен мифологиялық

әңгімелер көп болды?

3. Ғұлама Аристотельдің Жер жаратылысы туралы еңбектерін білесің бе?

4. Табиғат тану ғылым ол ............................................................. және оған

жататын нысандар ........................................................

5. Жаратылыстануды зерттейтін әр пәннің негізгі мақсаттары қандай?

Төмендегі кестеден дұрыс жауапты ізде.

Табиғатты тану ғылымы

ҒЫЛЫМ САЛАЛАРЫ ЗЕРТТЕУЛЕР

Астрономия Өлі табиғаттың сипаты мен өзгеру ерекшеліктері

Физика Тірі организмдер

Химия Аспан һәм ғарыш денелерін

Биология Жер бетіндегі табиғат құбылыстарын

География Жарық, дыбыс, қуат және денелер қозғалысы

Page 30: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

6. Сөйлемді аяқта:

- Бақылау дегеніміз ......................................

- Эксперимент дегеніміз ..............................

- Гипотеза дегеніміз ....................................

- Дәлелденген гипотезаның негізінде ......................................

7. Аталған табиғат көріністері негізінде эксперимент жұмысын қалай дұрыс

жоспарлауға болады?

- Көктемде тез еритін қар (таза, лас)

- Қай сұйық жылдам қайнайды (таза су, қант сұйығы)

8. Мектеп оқушылары сабақтары шыққан бидайдың екі сортын дайындап бір

бумасын қараңғы жерге, екіншісін терезенің алдына қойып эксперимент

жұмысын жүргізді. Бұл жағдайда оқушылар қандай ғылыми әдісті қолданды?

Зерттеу жұмысының гипотезасын айқындап, әрбір бидай бумасының екі

жағдайдағы (жарық және қараңғы) даму үрдісіне сипаттама бер.

Page 31: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

9. «Жануарлар жыл басына қалай таласты?» атты қазақ халық ертегісін

оқып, оны жаратылыстану пәнімен байланыстырып түсіндір.

Баяғы бір заманда жер жаһандағы бүкіл аң-құс біткен Ұлытаудың етегіне

жиналып, жыл басы болуға таласыпты. Ең бірінші сөз алған аң патшасы

арыстан:

- Жыл басы болуға мен лайықпын. Өйткені мені аң патшасы деп барша қауым

айтады,- депті.

Сонда бүркіт шүйіліп:

- Ей, арыстан сен бүкіл аңға патша болсаң, мен құс біткеннің төресімін!

Сондықтан жыл басы болуға мен лайықпын,-деп кейіпті.

Араларына жобарыс түсіп:

- Мен ешкімнен қорықпаймын. Жыл басы болатын аң әрі қайсар, әрі күшті

болуы керек,- деп айбат шегіпті. Жабайы аңдардан үй жануарлары мен құстары

да қалыспай өз ойларын білдіре бастапты.

Сонда түйе тұрып:

- Мені бүкіл адамзат баласы көлік ретінде пайдаланады. Оның үстіне мен

сендер сияқты емес әрі қуаттымын және шыдамдымын. Сол себепті мен жыл

басы болуға лайықпын,-деп жар салыпты.

Page 32: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

http://en.wikipedia.org/wiki/Golden_eagle

Page 33: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

Page 34: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

Түйеге қораз қосылып:

- Мен барлық аңдар мен адамдардан бұрын ерте оянып, барша қауымды

ұйқысынан тұрғызамын. Ендеше, жылдың басы болуға мен әбден

лайықпын,- деген екен. Қоразға жылқы қосылып:

- Мен желден жүйрік тұлпармын! Бүкіл шартарапқа хабарды ең алдымен мен

жеткіземін. Хат-хабарды ең бірінші жеткізген жануар жылдың басы болуы

керек қой,-деп, кісінепті.

Осылайша барлық аң-құс біткен өздерін мақтап, даурығып таласып жатқан

кезде түйенің басына шығып алған тышқан қуанғаннан:

- Алақай! Алақай! Жаңа жыл келді! Әнеки, Ұлытаудың төбесіне шашырай

түскен күн сәулесімен бірге жаңа жыл нұрын шашып тұр,- деп шиқылдай

жөнеліпті.

Сөйтіп, түйенің басына шығып алған кішкентай тышқан жаңа жылды ең

бірінші көрген соң, еріксіз жылдың басы болыпты. Ал, түйе болса бойына сеніп

жылдан құр қалған екен.

Page 35: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

ІІІ. ТАБИҒАТТАҒЫ ДЕНЕЛЕР. АСПАН ДЕНЕЛЕРІ

Денелердің құрамындағы түрлі заттар

Нұрсәулелі аспан денелері

Жер планетасына жақын орналасқан жұлдыздар

Күн системасындағы планеталар шеруі

Ғарыш кеңістігіндегі астероидтар, кометалар, метеорлар һәм метеориттер

«Табиғаттағы денелер. Аспан денелері» тақырыбын зерделеу

Page 36: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

Денелердің құрамындағы түрлі заттар

1. Денелердің құрамы неден тұрады?

2. Бір-біріне ұқсамайтын денелердің көлемі жағынан бір болуының себебі

неде?

Табиғат туралы білім мұхит сияқты шексіз. Енді біз табиғат заңдылықтары мен

құбылыстары жөнінде ғылыми тұжырым жасауға мүмкіндік беретін

терминдерге (атауларға) тоқталамыз.

Сондықтан термин дегеніміз – белгілі бір ұғым жөнінде нақты анықтама

берудегі сөз немесе сөйлем жиынтығы. Айналамызға зер салсақ, бізді әр түрлі

аты бар денелер мен заттар қоршап тұрғанын байқаймыз. Ғылымда бізді

қоршап тұрған заттарды термин деп айтпайды, оларды денелер дейді.

Қоршаған орта көптеген сан қырлы және сан түрлі денелерден тұрады.

Ғалымдар ғылыми әдістердің көмегімен түрлі денелердің құрамындағы

заттарды терең зерттеуге және оның ерекшеліктерін сипаттауға мүмкіндік алды.

Мына суреттегі денелердің бір-бірінен айырмашылығы қандай? Олардың

көлемін анықта.

Page 37: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

Денелердің формасы геометриялық тұрғыдан алғанда дұрыс және қисық

пішінде кездеседі. Әрбір форманың аты бар.

Келесі суреттегі қай дене дұрыс геометриялық формада, ал қайсысы қисық

формада екенін анықта.

Суреттегі әрбір дененің қандай формада екеніне көз жеткіз. Аталған

формаларды табиғи ортада кездестіруге бола ма? Соның мәнін түсіндіріп,

мысал келтір.

Мына суреттегі денелердің формасы бір екенін түсіндің бе? Енді олардың тағы

қандай айырмашылықтарын көріп тұрсың? Демек олардың формасы бір

болса, қай жері әртүрлі (........?)

Мына суреттегі денелердің қайсысы әртүрлі (........?) және қайсысы әртүрлі

(.......?) болып келеді?

Төмендегі суреттен денелердің:

- көлемі мен формасы әртүрлі;

- көлемі әртүрлі және формасы бір;

- формасы әртүрлі және көлемі бір топтарын ата

Page 38: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

Денелердің формасы мен көлемінен басқа ерекшеліктері бар. Төменгі суреттегі

екі кубиктің формасы да және көлемі де бірдей екенін көрдік. Енді оларда

қандай айырмашылық болуы мүмкін?

Ол – салмақ айырмашылығы.

Жер бетіндегі барлық денелердің орындық, бір тамшы су, тас және басқа

заттардың салмағы (массасы) бар. Салмақты қалай өлшеуге болатынын сен

білесің бе? Салмақтың өлшем бірлігін килограммен есептейді.

Салмақтың халықаралық эталоны (түпнұсқасы) бар. Ол Франциядағы Севре

қаласында сақтаулы. Осы түпнұсқа бойынша көптеген елдерде салмақты

өлшейтін көшірме нұсқалар бар.

Денелердің салмақтарын лабораториялық жұмыстарға арналған және басқа

таразы арқылы өлшейді.

Page 39: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

http://en.wikipedia.org/wiki/Kilogram#mediaviewer/File:National_prototype_kilogram_K20_replica.jpg

Page 40: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

http://en.wikipedia.org/wiki/Kilogram#mediaviewer/File:National_prototype_kilogram_K20_replica.jpg

http://en.wikipedia.org/wiki/Kilogram

Page 41: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

Тапсырмаларды орында.

1. Лабораториялық жұмыстарға арналған таразыны тауып ал. Оның негізгі

құрылысымен (темір тақтайша, ыдыстар, штатив т.б) таныс.

2. Кір өлшегіш құралды таңдап ал. Кір тастарының бір-бірінен

айырмашылығын салыстыр. Әр таста белгіленген салмақ көрсеткіштерін қара.

Бір грамнан төмен өлшегіштерді пластинадан жасайды. Ол пластинаны

арнайы құралмен (пинцет) алуды ұмытпа. Бір килограмман жоғары кір

тастардың формасы цилиндрлі болып келеді.

3. Таразының қалыпты жағдайда тұрғанына көз жеткіз. Екі табақшаның бірдей

болуы үшін таразының үстіне қажетті заттарды қой.

4. Таразы арқылы өлшеуге кіріскен кезде қай денелердің салмағының ауыр

және жеңіл екендігіне назар аудар.

5. Геометриялық қисық формадағы денелердің, цилиндрдің, кубиктің

салмақтарын өлшеп, күнделік дәптеріңе жаз.

Page 42: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

Есіңе сақта!

Денелердің салмақтарын өлшеу жөнінде адамзат перзенті мол тәжірибелер жинақтады.

Уақыт өте келе массаның өлшем бірліктері туралы көзқарас өзгерді. Төменде осы

мәселеге байланысты мағлұматтар келтірілген.

Көне дәуірдегі салмақ бірліктерін өлшеу негізінен алтын-күмістен жасалған

ақшалармен байланысты болды. Олар темірден, мыстан, қоладан және алтын мен

күмістен жасалды. Массаның бірлігінің рөлін негізінен белгілі салмақтағы бидай дәні

атқарды. Көневавилондықтар масса бірлігінің орнына нан бидайын (грана) пайдаланды.

Онда 60 дәннің массасы -1 шекель, 60-шекелде -1 мину, 60 мину -1талант деп өлшенді.

Бидай массасы бойынша салмақ эталоны болып табылатын кір тасы дайындалды. Олар

Көне Мысырда ғибадатханаларда, ал Көне Римде мемлекеттік мекемелерде сақталды.

Түсті металдардың салмағын каратпен өлшейді. Карат диханшылық шаруашылығында

қолданылатын егін дәнімен есептелген. 1 карат шамамен 0,2 грамм.

Қазақ халқында салмақ өлшеміне байланысты көптеген атаулар кездеседі.Онда 1

мысқал (1,2 г), 1 қадақ (750 г), 1 пұт (16 кг), 1 батпан (100 кг) болып есептелген.

Ақшаның орнына алтын және күміс теңге жүрген. Салмақ эталоны ретінде бидай дәні

алынды.Ресейде күміс т.б түсті металдардың сынықтары (рубить-рубль) ақша орнына

жүрген. Оны көне славяндар гривна деп атаған. 1 гривна 409,5 г болған. Түсті

металдардың және басқа заттардың ақша орнына жүргізілуі мемлекеттер арасындағы

сауда-саттықты қиындатты. Осыған байланысты 1872 жылы халықаралық комиссияның

шешімімен масса бірлігі ретінде килограмм (кг) бекітілді.

Page 43: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

1. Аспандағы жұлдыздар туралы не білесің?

2. Жұлдыздар қандай заттан құралады?

Аспан денелері туралы білгің келе ме? Ендеше аспантануды жұлдыздар

шоғырынан бастайық.

Жұлдыздар – өз бойынан жарық сәулелерін шашыратып тұрған, аса ауқымды

жанып тұрған газдарға толы шар болып табылады. Жұлдыздардың бір-бірінен

айырмашылығы біркелкі емес. Олар салмағына, тығыздығына, түсі мен

температурасына, көлемі мен қашықтығына қарай әр түрлі болып келеді.

Жұлдыздардың құрамы негізінен сутегі мен гелийден тұрады.

Антарес

Аспан кеңістігінде қанша жұлдыз бар екенін білесің бе? Мүмкін сен сан

оқталып санауға тырысқан шығарсың? Ғалымдардың болжауынша адам

аспандағы 6000 астам жұлдызды көзбен көре алады екен. Егер мектепте

арнайы телескоп болса сен өзің көрген жұлдыздардан тым жарық басқа

жұлдыздарды көре аласың.

Түнгі аспанға алдымен жай көзбен сосын дүрбімен қара. Енді қандай

ерекшелікті байқадың?

Page 44: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Univercity of Turan-Astana, Kazakhstan. Comment by professor Muhamedrahim Kursabaev, 9.03.2014

http

://en.w

ikipe

dia.o

rg/w

iki/File:The

_Earth_

seen

_from

_Ap

ollo

_17

.jpg

Page 45: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

Телескоп арқылы басқа жұлдыздарды көргенде неге олар бәрібір кішкене жарық болып

көрінеді? Ол жұлдыздар мен біздің арамызда қаншама қашықтық бар екен? Осы

туралы сен талай ойланған шығарсың. Рас, жұлдыздардың ара қашықтығы бір-бірінен

тым алыс.

Күнге ең жақын орналасқан жұлдыз Проксима Центавра деп аталады. Оның жарығы

бізге 4 жыл 4 айда жетеді екен. Ал, жарықтың жылдамдығы 1 сек 300 мың км тең.

Бүгінгі ғарыш кемелері Центавра жұлдызына жетуі үшін 1 млн жыл кетеді.

Жұлдыздар ұзақ уақыт жасамайды. Олар бір сәтте жаратылады, дамиды және

жарылысқа ұшырайды. Жаңадан пайда болған жұлдыздар ерекше жарқырап,

шоғырланып тұрады. Жұлдыздар өмірі біркелкі емес. Оның массасы неғұрлым үлкен

болған сайын, соғұрлым өмірі қысқарады. Салмағы ауыр жұлдыздар 3,5 млн жыл өмір

сүреді. Көптеген жұлдыздардың массасы 50 Күн салмағының 1/50 бөлігіне тең.

Астроном ғалымдардың пікірінше қазіргі таңда ғарыш кеңістігінде қатты сығылуға

ұшыраған шаң-тозаңдар мен газдардың әсерінен жаңа жұлдыздар пайда болу үстінде.

Алдыменен нағыз жұлдыз бірден пайда болмайды. Оның алдында протожұлдыздар

(жұлдыз пайда болғанға дейінгі шар тәрізді дене) қалыптасады. Олар шар тәрізді бұлт

шоғырларына ұқсас келеді. Нағыз жұлдыздың пайда болуына шар ішіндегі энергия

көзінің ұшқындап, нәтижесінде қатты жарылысқа ұласқан үрдісі – жаңа жұлдыздың

қалыптасуына негіз болады.

Page 46: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

Page 47: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

Жұлдыздардың үнемі жарқырап тұруы оның құрамындағы сутегінің жануынан

болады. Жұлдыздар бірден жанбайды. Жұлдыздың ядро қабатындағы

протожұлдыздар қысымы 10 млн С жеткен кезде сутегі отқа оранады. Бұл үрдіс

жарылысты тудыртып, нәтижесінде жаңа жұлдыздың жарқырауына себеп

болады.

Жұлдыздар шоғырына назар аударсақ, олар ғарыш кеңістігінде біркелкі

орналаспаған. Олардың бұлай шашыранды сипатта көрініс табуы –

жұлдыздар шоғырын (созвездие) қалыптастырды. Ол шоғырлар көк аспанның

бір бөлігін алып, бөлек нысан ретінде көрінеді. Әр шоғырдың ішінде мыңдаған

жұлдыздар бар.

Қазақ халқы кең далада емін-еркін көшіп-қонып жүру барысында аспан

денелері туралы халықтық білім жинақтады. Мысалы, Темірқазық,

Жетіқарақшы, Есекқырған сияқты жұлдыз шоғырларының атаулары болған.

Халық астрономдарын – жұлдызшылар деп атаған.

Аспан кеңістігіндегі жұлдыздар шоғыры жан-жануарлар, ит-құс, аты аңызға

айналған батырлар есімімен аталды. Оларға Геркулес, Персей, Андромеда,

Сириус сияқты есімдерді жатқызуға болады

Page 48: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

Құлаққағыс!

Күн ұясына кіріп, кеш түсе бастағанда көк жүзінде ең бірінші болып үш жұлдыз

жарқырайды. Олар: Вега, Денеб және Альтаир. Үшеуі қосылып үшбұрышқа ұқсас (жаз

бен күз айларында анық байқалады) шеңбер күйінде көрініс береді. Жаз кезінде олар

түпті жарқырап, бір көрген адамға жұлдыздар шоғыры іспеттес көрінуі мүмкін. Бұл

кезде Вега-Лираға, Самұрық-Альтаирге, Денеб-Аққуға ауысып жұлдыздар шоғыры

сияқты жарқырайды.

Аққу (Денеб) жұлдызы көне Грекия мифологиясының өкілі Фаэтонның досы Кикидің

есімімен байланысты. Екеуінің арасындағы шынайы достық аспан құдайларына әсер

еткені сонша, құдайлар оларға арнап бір жұлдызды сыйға тартқан екен. Аққуды көрген

алып құс Самұрық оған қаһарын шаша ұмтылады. Самұрықтың (Альтаир) аспан

көгінде ерсілі-қарсылы ұшып жүргені тегін емес еді. Өйткені ол құдайлардың жіберген

елшісі еді. Алып Самұрық (Ер Төстік ертегісінде Самұрық мейірімді болатын) қатыгез

де болды. Бір күні құдайлар Самұрықты жердегі адамдардың көсемі, халықтың қамын

ойлаған батыр Прометейді жазалауға жібереді. Самұрық еріксіз құдайдың әмірін

орындайды. Оқиға былай болған еді. Бір сұрапыл заманда Жер бетіндегі адамдар суыққа

шыдамай тас қараңғы үңгірлерді паналап, ет қақтай алмай тамақ пен отқа зәру болыпты.

Халықтың қамын ойлаған батыр Прометей от алу үшін Құдайлар мекені Олимп

шыңына баруға бекінді. Қайсар жігіттің мұндай әрекеті құдайларға ұнамаса керек.

Прометей отты халқына жеткізгенімен өзі кісенделіп адам баласы жете алмайтын биік

құз жартасқа шегеленіп қалыпты. Ең өкініштісі, әлі күнге дейін Самұрық құс

Прометейге ұшып барып бір шөкім етін шоқып қайта ұшып келеді-мыс.

Page 49: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

http://en.wikipedia.org/wiki/Prometheus

Page 50: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

http://en.wikipedia.org/wiki/Prometheus

Page 51: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

1. Күн туралы не білесің?

2. Күнді неге жұлдыз санатына қосамыз?

Барша адамзаттың мекені қасиетті Жер-Анамызға ең жақын жұлдыз Күн-Құдырет

туралы ойымызды ортаға салайық.

Күн – үздіксіз балқу күйінде қайнап тұратын, сары түсті аса ауқымды пішіні бар газдар

жиынтығынан құралған шар. Оның сыртқы бетінің температурасы 6000 С, болса, ішкі

және орталық бөлігінде 15 млн С дейін жетеді.

Күн диаметрі Жер планетасымен салыстырғанда 109 есе, массасы 330 000 есе, ал көлемі

– 1 300 000 есе үлкен болып келеді. Күн мен Жер планетасының арасы 150 млн км. Күн

жарығы жер бетіне 8,5 минутта жетеді екен.

Тапсырма. Алған біліміңді іс жүзінде дәлелдеу үшін таза қағаз бетіне Жердің диаметрін

1 мм, ал Күннің дмаметрін 10 см 9 мм қылып сыз.

Күн жиегіндегі қалқанша туралы естідің бе? Ол рас. Жалпы Күн планетасы бірнеше

қабаттан тұрады. Оны ғылымда фотосфера деп атайды. Күннің беткі қабаты басқа

Планеталар сияқты қатты емес. Күн тұтылған кезде оның сыртқы қабаты (фотосферасы)

қалқанша тәрізді дөңгеленіп анық байқалады.

Page 52: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

Күннің көзге көрінетін беткі қабатында қара дақтар кездесіп қалады. Аталмыш

дақтардың көрініс табуы – ғалымдарға әлі жұмбақ. Кейбір ғалымдар Күн

планетасында мұндай дақтардың болуы мүмкін емес, ал ол дақтардың белең

алуы баршамызды алаңдатуы керек деген тұжырымдар жасауда.

Күн бетіндегі дақтар біраз уақыт өткен соң мүлдем жоғалып кетеді. Өйткені ол

дақтардың температурасы Күнмен салыстырғанда анағұрлым төмен

болғандығынан деп пайымдаймыз.

Дақтардың пішіні Жердің көлеміндей болып келеді. Ал, кейде одан он есе үлкен

дақтар да болады. Дақтардың пайда болуы әрқалай. Кей уақыттарда бір

мезгілде 100-ден аса дақтар пайда болып, анық байқалса, кейде ұзақ уақыт

көрінбей тұрады.

Күн бетіндегі дақтардың пайда болуы шамамен 10-11 жыл аралығында

өзгеріп отырады. Дақтардың пайда болуы, аз немесе көп болуы және басқа

өзгерістер тұрақты түрде байқалады.

Page 53: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

http://en.wikipedia.org/wiki/Sun

Page 54: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

http://en.wikipedia.org/wiki/Sun

http://en.wikipedia.org/wiki/Sun#mediaviewer/File:Sun_poster.svg

Page 55: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

Күн бетіндегі аталмыш құбылыстарды астроном-ғалымдар телескоп құралы

арқылы бақылап, тиісті мағлұматтар жинастырады.

Күн планетасы ғарыштағы басқа миллиардтаған жұлдыздарға ұқсағанымен –

Жер бетіндегі тіршілік дүниесі оған тәуелді. Сондықтан Күннің Жер планетасы

үшін атқаратын маңызы өте зор.

Тапсырма. Жер бетіндегі тіршілік дүниесі үшін Күн планетасының атқаратын

маңызын қалай түсіндіресің? Күннің Жер планетасына тигізетін

маңыздылығын қалай дәлелдеуге болады?

Шынында Күн – бізге жылу мен жарық береді. Күн энергиясы (қуаты)

болмаса – жер бетінде тіршілік жойылады. Сол себепті адамдар ежелгі дәуірдің

өзінде Күннің құдыретіне табынған.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының мемлекетік Туында Күннің суреті

бейнеленген.

Page 56: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

Есіңде жүрсін!

Күн – барша адамзат перзенті үшін аса қасиетті жаратылыс иесі. Ұлы Дала төсінде

ғұмыр кешкен көшпенді-протоқазақтар (арийлер, сақтар, ғұндар, түркі тайпалары) көне

заманда Күнге табынған. Төмендегі тарихи жазбаны оқып шығыңдар.

Кең даладағы адамдардың тұрмысы мен ұйымдасқан шаруашылық әрекеттері – қазақ

даласында қола дәуірде тұрақты мекені жоқ, негізінен көшіп-қонып жүретін аңшылар

мен балықшылар қауымы ғана мекендеді деген ғылыми пікірді өзгертуге негіз болды.

Орталық Азия даласы, оның ішінде Қазақстанның солтүстік аймағында арийлердің ең

ежелгі мәдениеті дамыды. Қазақ даласында арийлерден қалған мәдени ескерткіштер

көптеп кездеседі. Оларға Арпаөзен таңбалы тастары (петроглифтері), Майдамтал,

Үлкентұра, Келіншектау, Қаратау, Тамғалы, Бестерек, Бесоба ескерткіштері жатады.

Арийлердің мұндай мәртебеге ие болуы – олардың ерте уақыттан бері тайпа мен ұлысты

басқару және билік жүргізу жөнінде мол тәжірибелер жинақтағаны белгілі. Арийлердің

билік жүргізу жүйесі үш баспалдақ бойынша жүзеге асырылды. Біріншісі – көсемдер,

екіншісі – рухани ұстаздар және үшіншісі – әскери қолбасшылар болды. Қарапайым

халықты уысында ұстау үшін олар «Авеста» атты діни-рухани заң жинақтарын

шығарып, халықты от пен Күнге табынуға шақырып, әскери-демократиялық тәртіп

орнатты. Арий көсемдерін кей жазбаларда «әскери ақсүйектер» деп те атайды. Арийлер

күймелері (протоқазақтар) Еуропа пен Азия халықтарының мәдениетін байланыстырып,

Ұлы географиялық ашылуларға дейін әлемдік коммуникацияның рөлін атқарып, Ұлы

Жібек жолының негізін қалады.

«Қазақ-нама» кітабынан.http://doc.nlrk.kz/result/ebook_90/

Page 57: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

Page 58: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

«Қазақ-нама» кітабынан.http://doc.nlrk.kz/result/ebook_90/

Page 59: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

«Қазақ-нама» кітабынан.http://doc.nlrk.kz/result/ebook_90/

Page 60: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

1. Күн системасы дегеніміз не?

2. Планеталардың басқа жұлдыздардан айырмашылығы неде?

Жас дос! Сен Күннің айналасында бірнеше планеталардың айналып жүретінін білесің?

Шынында солай, өйткені Күн системасында 9 планета бар. Марс пен Юпитердің

аарасындағы мыңдаған ұсақ планеталар (Астероидтар туралы алдағы тақырыпта

айтамыз) орналасқан.

Тапсырма. Күн системасындағы 9 планетаның аттарын есіңе түсіріп, күнделік

дәптеріңе жазып қой.

Аталған планеталар бір уақытта Күнді айнала өз осімен қозғалады.

Тапсырма. Планеталар шеруі көз алдыңа елестету үшін алдымен жерге үлкен шеңбер

сыз. Келесіде шеңбер бойымен өзің жүре баста. Жүрер алдында өзің тағы да айналып

отыр.

Планеталардың Күнді бір мезгілде айналып жүретін шеңберін орбита деп атайды. Әр

планетаның өз жылдамдығы бар. Сол себепті екі планета бір мезгілде бір-біріне

жақындаса, екінші бір айналымда олар Күннің екінші жағына өтіп, бір-бірінен алшақ

орналасады. Кей уақытта орбита шеңберіндегі барлық планеталар қаз-қатар өз ретімен

орналасуы мүмкін. Аталмыш ғарыш құбылысын – планеталар шеруі деп атайды.

Page 61: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

Page 62: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

Күн системасындағы планеталар әртүрлі болғанымен, олардың жалпы жаратылыс

ерекшеліктерінде ұқсастық бар. Күнге жақын орналасқан: Меркурий, Шолпан, Жер

және Марс планеталары пішіні жағынан шамалы, ал беткі қабаты қатты болып келеді.

Одан ары астероидтар белдеуінен кейін орналасқан: Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун

планеталары пішімі жағынан зор болғанымен, беткі қабаттары түрлі газдардан құралып

сұйық күйінде көрініс береді. Күн системасындағы ең қашық жерде орналасқан

Плутонның пішімі шамалы, ал беткі қабаты қатты болып келеді.

Планеталар шеруінің бір-бірінен өзгешелігіне көз жеткізу үшін төмендегідей модельді

құрастыр.

1. Ені 5 см, ұзындығы 60 см болып келетін қағазды кесіп, оған қосымша желім, сызғыш

және түрлі-түсті қарындашты дайында.

2. Таблицаны құрастыр.

Планеталардың өз орбитасынан ұзару көрсеткіштері

Планеталар Ұзаруы (млн.км) Планеталар Ұзаруы (млн.км)

Меркурий 58 Юпитер 778

Шолпан 108 Сатурн 1427

Жер 150 Уран 2869

Марс 228 Нептун 4497

Плутон 5900

Page 63: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

Page 64: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

3. Кестеде көрсетілген мәліметтерді 10 бөліп, өлшем бірлігін мм қылып ал.

Мысалы Меркуриий 58 млн.км болса, сенікі жуықтап 6 мм болады. Қалған

мәліметтерді ары қарай есепте.

4. Енді сызғыш арқылы қағаз бетіне әр планетаның көрсеткіштерін пайдаланып

сызық сыз.

5. Нәтижеде планеталардың өз орбитасынан ұзару көрсеткіштерін

айқындайтын модель-шкала дайын болып шығады. Қағаздың ұшын сызық

бойымен бүгіп дәптеріңе желімде.

Планеталар негізінен басқа жұлдыздармен салыстырғанда пішіні жағынан

шамалы, ал температура жағынан салқын болып келеді. Олар алыстан

шамшырақ сияқты жарқырап тұрады.

Мысалға, қараңғы бөлмеге кішкене саңылау арқылы күн сәулесін түсірсек, ол

бөлмені едәуір жарық қылып жібереді. Планеталар жарығы да сол сияқты

алыстан сәуле шашып тұрады. Өйткені планета кәдімгі айнаға күн сәулесі

шағылысқан сияқты, күн сәулесін өзіне қабылдап, оған шағылысқан сәуле

бізге жарық-шам сияқты көрінеді.

Page 65: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

Планеталардың ішіндегі ең жарығы – Шолпан. Ол күн ұясына кірген кезде

бірден Жер шарының батыс бөлігінде, ал таң қылаң бере бастағанда шығыс

бөліктен жарқырап шыға келеді.

Көптеген елдерде Шолпанды таңғы немесе кешкі жұлдыз деп атайды.

Шолпанды Ай сияқты жерге қараңғы түспей тұрған шақта көктен іздеп табу

қиын емес.

Келесі жарық планеталарға - Юпитер мен Марс жатады. Юпитер алыстан

көкшіл түсті, ал Марс болса – қызыл түсті болып көрінеді. Жарық

жұлдыздардың санатына кіретін Сириус жұлдызының жарығы екеуімен

салыстырғанда шамалы.

Ал, қалған Меркурий мен Сатурнды аспан көгінен оңайшылықпен іздеп табу

қиынырақ.. Уран, Нептун және Плутонды тек қана арнайы астрономиялық

телескоп арқылы көруге болады.

Page 66: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

Нептунның ашылу тарихы өте қызық. Күн системасындағы планеталардың көпшілігі

телескоп құралы арқылы ашылғаны белгілі. Ал, Нептунның ашылу тарихы математик

ғалымдардың үлесінде екенін ешкім біле бермейді. Оны ашқан математик ғалым өзінің

үйреншікті есебін одан ары шығаруға кіріскені сонша, оның көктегі жұлдыздарға

қарауға мұршасы келмеді.

Уран планетасының өз орбитасы бойынша Күнді 84 жылда бір рет айланып өтетінін

астроном ғалымдар ерте кездің өзінде-ақ дәлелдеген. Кейін олар аталмыш ғылыми

жаңалық негізінде Уранның 20, 40 және 60 жылдан кейін орбитаның қай жерінде келе

жатқанын байқап отыруға мүмкіндік алды. Бірақ 40 жыл өткен соң, ғалымдар телескоп

арқылы өздері күткен жерде Уранның келмегенін байқап қынжылған екен. Бірақ 60 жыл

өткен соң, қайта бақылау жүргізген ғалымдар Уранның белгілеген уақыттан көп

мөлшерде кешігіп келгеніне көз жеткізеді. Бұл құбылыстан ғалымдар Уранның өз

уақытынан кешігіп келуіне және өз осінен ауытқуына оның маңайындағы белгісіз бір

ғарыш денелері әсер етеді деген тоқтамға келді. Тұйыққа тірелген бұл ауқымды мәселені

шешу оңайға соқпады. Ақиқатқа жету үшін аса күрделі математикалық есептеулер,

салыстырулар және көп уақыт қажет болды.

Жас француз ғалымы Леверрье өзінің күнделікті математикалық жаттығуын орындап

біткен соң, қайта қолына қалам алып овсерваторияға: «Жаңа планетаны Ешкімүйіз

шоқжұлдызының маңынан іздеңіздер»,- сәлем хат жолдаған екен. Хатты дереу оқыған

ғалымдар Нeптунды сол түні бірден тауыпты. Телескоп әйнегінде ол басқа жұлдыздар

сияқты жарқырамай, кішігірім нүкте сияқты көрініпті. Оқиға 1846 жылы болған. Жаңа

жұлдызға мұхит құдайы - Нептунның есімін беріпті.

Page 67: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

Page 68: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

1. Астероидтар дегеніміз не?

2. Кометаны неге «құйрықты жұлдыз» деп атайды?

Ғаламдық ғарыш кеңістігіндегі Марс пен Юпитер планеталарының аралығында сан

мыңдаған ұсақ планеталар белдеуі орналасқан. Астероидтар грек тілінен аударғанда

жұлдызшашу деп аталады. Оларды көзбен көру мүмкін емес. Кей жағдайда телескоп

арқылы бақылағанда астероидтар жарық нүкте сияқты көрінеді.

Астероидтар пішініне қарай үлкен және кіші түрінде кездеседі. Олардың ішінде

көнеримдіктер құдайы Церера есімді астероидтардың ішіндегі ең алыбы болып

табылады. Оның диаметрі мың километр. Сендер қалай ойлайсыңдар, жалпы

астероидтар үшін ол көп пе, аз ба? Бір қызығы Церера астероидына Франция, Италия,

Германия және Швейцария мемлекеттері сыйып кетеді екен.

Астероидтардың ашылуы күнде жүріп жатады. Олардың табылған түрлерінің жалпы

саны бес мыңға жуық. Ғалымдардың болжауынша Күн системасы жиегіндегі диаметрі

мың километрден асатын бір миллионға жуық астероидтар бар.

Астероидтардың формасы шар тәрізді денелерден өзгешелеу болып келеді. Ал, біз

ғарыштағы барлық денелерді шартәрізді деп ойладық. Шынында олар шар тәрізді емес,

қайта алып кедір-бұдыр кесек дене сияқты.Бейуақытта аспан көгінде қалың тұманның

арасындағы жарық сияқты шолақ құйрығы бар және сәулелері ортасындағы ядросы

сияқты көрінетін шоқ жұлдыз көрінеді. Оларды ғылымда комета (гректің «cometos-

құйрық» деген сөзі) деп атайды.

Page 69: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

1. Астероидтар дегеніміз не?

2. Кометаны неге «құйрықты жұлдыз» деп атайды?

Кометалар салқын температурадағы денелер болып табылады. Олар бірде қатып қалған

газдар кесектері, тас, су немесе басқа металл элементтері бар дене күйінде кездеседі.

Кометалар нақты бір бөлшек күйінде кездеспейді. Күн системасы айналасында олар өте

әлсіз жанған шырақтар сияқты көрінеді. Күн жиегіне жақындай бастағанда олардың

«бастары» мен «құйрықтары» елес бере бастайды. Олардың орталық бөлігін

Кометаның ядросы дейді. Ядроның диаметрі 0,5 км мен 20 км аралықтарында. Кей

жағдайларда аталған диаметрден жүз есе кіші күйінде кездеседі.

Кометаның ғарыш кеңістігінде өзіне бірден назар аудартатын ерекшелігі - ол құйрығы

болып табылды. Ол біздің байқаған жарық бағытымызға қарама-қарсы шашырап

қозғалады. Құйрықтың от сияқты көрініс табуы - кометаның ядросынан бөлініп шыққан

заттың газ бен шаңға араласып қатты үйкеліске ұшырауынан болады.

Кометалар Күнді маусымдық айналу барысында өз орбитасында шашыранды сипатта

қозғалады. Оның айналу құбылысының кереметтігі сонда, ол қозғалыстың ұзақтығы

мыңдаған және миллиондаған жылдарға созылады. Кейбір кометалар Күн жиегіне жиі

барып тұрады.

Кометаның Күнді айналып қозғалатынын тұңғыш ашқан ағылшын ғалымы мен

теңізшісі Эдмунд Галлей болды.

Page 70: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

http://en.wikipedia.org/wiki/Solar_System#mediaviewer/File:Comet_c1995o1.jpg

Page 71: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

Комтаның Күнді айналып қозғалатынын ашқан Э.Галлей екенін білдің. Енді сол ғалым

туралы мағлұматтармен таныс.

Эдмунд Галлей кометалардың көріну құбылыстары жөнінде мағлұматтар жинастырып,

олардың аспан көгінде жанатын уақыт мөлшерінің шамамен белгілі бір уақытта

болатынын білді. Ол 1531, 1607, 1682 жылдары көрінген кометалардың белгілі бір

уақытта көрінетіне көз жеткізді.

Алайда, көптеген ғалымдар көрінетін кометалар әр түрлі деп жорамалдап, олардың

ғарыш кеңістігіндегі жолы ұқсас деген қорытындыға келді. Э.Галлейдің жорамалы

бойынша ол 1682 жылы кометаның көрінетін уақытын жорамалдап, нәтижеде оған

дайындық жұмыстарын жүргізіп аспан көгіндегі көрінген кометаның қозғалысын

түгелдей дерлік бақылады. Галлейдің есептеуінше 1531 мен 1607 жылдардың арасы

жетпіс алты жыл, ал 1607 мен 1682 жылдардың арасы жетпіс бес жыл болған. Бұл

ерекшеліктің сырын ашу барысында ғалым ұзақ жылдар арасындағы периодтық

заңдылықтың бар екеніне назар аударды. Мұндай өзгешеліктің сыры – комета Күнді

айнала қозғалғанда эллипс тәрізді шашырай қозғалатынын Галлей іштей сезді.

Э.Галлей бір сөзінде: «егер менің есептеуім рас болса комета 1758 жылы көрінуі тиіс»,-

батыл тұжырым жасады. Бұл ойын ғалым көлемді түрде жинақтап, қағаз бетіне түсірді.

Галлей өзінің ғылыми жаңалығының ашылуына 16 жыл қалғанда 1742 жылы қайтыс

болды. Комета ғалым айтқан жылы дәл уақытында келді. Сол себепті Э.Галлей

кометалардың белгілі бір периодтық заңдылық бойынша қозғалатынын, сондай-ақ

олар да Күн системасының бір бөлшегі екенін іс жүзінде дәлелдеді. Галлейдің құрметіне

кометалардың аты берілді.

Page 72: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

Тапсырма. Әрбір 76 жыл сайын Галлей кометасы Жерді айналып өтетіні

белгілі болса, 1986 жылы көрінген комета енді қай жылы көрінеді? Есептеп

шығар.

Түнгі бір уақытта табан астында аспаннан ағып түскен жұздызды көрдің бе?

Түнгі аққан жұлдыздың әр адамға ерекше әсер беретіні анық. Жарық жұлдыз

жарқырап барып өшкен сәтте оның жолақ іздері қалады. Жер бетінің бір

бұрышында бұл құбылыс өте сирек байқалса, енді бір жерде түнгі жаңбырдай

шағылысып аспаннан төгіледі.

Түнгі жаңбыр 1833 жылдың 12 қараша айында жауды. Мұндай құбылыс бұрын-

соңды болып көрмеген еді. Онда 1 сек ішінде жиырмадан астам, ал бір сағаттың

ішінде 70 000 мыңнан астам шағылысқан жұлдыздар сеңдей соғылған. Жаңбыр

толастаған соң аспандағы сансыз жұлдыздар сол юойы жарқырап тұрған.

Ол аққан жұлдыздардың аспандағы басқа жұлдыздармен ешқандай қатысы жоқ

болатын. Ол аққан жұлдыздарды – ғылымда метеорлар дейді. Оның себебін

ғалымдар ғарыш кеңістігіндегі сансыз ұсақ денелердің бір-біріне соқтығысуы

және үйкелуі нәтижесінде пайда болған деп тұжырымдама жасайды.

Page 73: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

http://en.wikipedia.org/wiki/Solar_System#mediaviewer/File:Comet_c1995o1.jpg

Page 74: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

http://en.wikipedia.org/wiki/Solar_System#mediaviewer/File:Comet_c1995o1.jpg

Page 75: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

Ғарыш кеңістігінен аса үлкен жылдамдықпен Жердің атмосфера қабатына

соқтығысу нәтижесінде үйкеліске ұшыраған дене - метеор болып табылады.

Ауа қабатына енген метеор бірден үйкеліске түсіп мыңдаған градусқа дейін

қызу нәтижесінде қайнап, қызып немесе кішірейіп жерге түседі. Жер бетіне

түскенге дейінгі аралықта метеорлар ғарыш кеңістігінде қалқып жүреді.

Метеориттер негізінен атмосфера қабатынан өткен кезде көп жағдайда жанып

кетеді. Бірақ ара тұра қатты метеориттер жер үстіңгі қабатына жетеді. Метеорит

жер қабатына аса қатты жылдамдықпен келіп соғылады. Жаншылу

нәтижесінде аса қатты жарылыс болады. Жарылыс боған жерде үлкен

кратерлер пайда болады. Олардың массалары жүз граммнан он мың

килограммға дейін жетеді.

Жұлдызды жаңбырдың пайда болу себебі осыған ұқсас. Оның ерекшелігі екі

метеориттің бір уақытта атмосфера қабатында кездесіп, соқтығысып қалу

нәтижесінде қатты жарылыстан метеориттердің ұсақ бөлшектерге айналып

атмосфераға тараған көріністері деп тұжырымдаймыз.

Page 76: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

1. Сөйлемді аяқта:

Айналамызды қоршап тұрған заттарды не деп атаймыз?

Килограмм дегеніміз қандай өлшем?

Жұлдыздар дегеніміз не?

Аспан көгінде бөлек жұлдыздар шоғыры орналасқан бөлікті не дейміз?

Күнді айналып жүретін планеталар қозғалысын не деп айтамыз?

Күн системасындағы 9 планеталардың аттарын ата?

Астероидтар дегеніміз не?

Кометалар ше?

Метеориттер дегеніміз не?

2. Аспандағы жұлдыздардың орналассқан заңдылықтарына нақты көз жеткізу үшін

қандай бақылау жүргізуге болады?

3. Халық тағылымындағы «Аспандағы жұлдыздар шоғыры арқылы адамзат тағдырын

болжауға бола ма?» деген сұраққа қалай жауап берер едің?

4. Күн пішінінің басқа планеталар сияқты шар тәрізді болып келетінін қалай түсіндіруге

болады?

5. Халықтың «Күн - Жер бетіндегі тіршілік иесі» деген ұғымын қалай түсінесің?

6. Күн системасындағы планеталарды олардың ұзару қашықтықтары реті бойынша

түсіндір.

7. Күн системасындағы ең ұзақ қашықтық қай планеталардың арасында орналасқан?

Page 77: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

http://en.wikipedia.org/wiki/Solar_System#mediaviewer/File:InnerSolarSystem-en.png

Page 78: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

8. Төмендегі әр Планетаның өзіне тән ерекшелігін салыстыра отырып түсіндір?

Планеталар Ерекшеліктері. Меркурийде Тіршілік организмдері дамыған. Шолпан

Атмосфера қабаты болмайды. Жер Жер қыртысынан шығыңқы полярлық қалқаны бар

Марс Көмірқышқыл газы тығыз атмосфера қабаты бар

9. Ерте заманда өмір сүрген астрономдар Күн системасындағы кішігірім планеталар:

Марс пен Меркурийді біліп, ал олардан едәуір үлкен Уран мен Нуптун планеталары

туралы білмеді?

10. Күн системасындағы қай планета суық? Оның ерекшелігін қалай дәлелдеуге болады?

11. Мыны планетаның атын сипаттама бойынша тап:

«Жер бетінен көзбен көріп анықтауға келмейді. Телескоп арқылы көгілдір дискі тәрізді

байқалады. Ол планетаны ғалымдар телескоптың көмегінсіз математикалық есептеу

арқылы тапты...».

12. Төмендегі ғарыш денелерінің қозғалыс әрекетіне қарай ғылыми анықтама бер.

Қозғалыс әрекеттері. Ғарыш денелері. Аспаннан аққан жұлдыз комета. Құйрықты

жұлдыз метеор. Ғарыштан Жерге түскен тас метеорит.

13. Астероидтар мен планеталар арасындағы ұқсастық пен басқа ерекшеліктері жөнінде

түсінік бер?

14. Метеорит дегеніміз не? Жер бетіне түскен қандай метеориттерді білесің?

15. Жоғарыдағы тапсырмаларды мұқият оқып, оған жауап берген соң, өз ойыңды

қорытындылап Жер мен ғарыш тақырыбы бойынша сурет сал.

Page 79: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

http://en.wikipedia.org/wiki/Nature#mediaviewer/File:Planets2013.jpg

Page 80: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

ІҮ. ЖЕР – ТАБИҒАТ АНАСЫ

Жер жаратылысының құпиясы

Жердің сыртқы қабатындағы бұлтты толқындар

Құрлықтар мен мұхиттар

Жер қыртысының құрылысы

Жер қойнауындағы пайдалы қазбалар

Топырақ жамылғысы

«Жер – табиғат жаратылысы» тақырыбын зерделеу

Page 81: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

Жер жаратылысының құпиясы

1. Жердің ортасында қандай дүние орналасқан?

2. Құрлық бетінің бір бөлігі ойысқа айналып, келесі бір бөлігінің көтерілу себебі неде?

Енді біздер өзімізге жақсы таныс – Жер планетасы туралы әңгімелейміз. Жер көлемінің

моделі болып табылатын - глобусты бәріміз білеміз. Енді глобустың көмегімен біз Жер

планетасына тереңірек үңілейік. Біз одан Жер бетіндегі барлық нысандардың

кішірейтілген нұсқасын көріп отырмыз.

Шынында Жердің ішкі қабатының құрылысы қандай? Жердің бетінде неге жер

сілкінулер мен вулкандық атқылаулар болады? Өкінішке орай, әлі күнге дейін адамзат

баласы жердің ішкі қабатына терең үңіліп қарауға мүмкіндік ала алмай отыр. Біздер

мұнай немесе көмір орындарын іздеу барысында бұрғылау әдісін пайдалана отырып,

небәрі 15 км дейін тереңдікке жеттік. Ал, ғалымдардың болжауынша Жердің орталық

бөлігі орналасқан ядро қабатына дейінгі қашықтық 6400 км.

Тапсырма. Осы Жер планетасының құрылысына қарап басқа планеталардың

құрылысын анықтауға бола ма?

Дегенмен ғалымдар Жердің ішкі құрылысын зерттеуге кірісіп те кетті. Алдымен олар

Жердің беткі қабатындағы барлық нысандар жөнінде толық мағлұматтар жинап, сосын

арнайы техникалық құралдардың көмегімен (жер түбіне дыбыс сигналдарын жіберу

т.б) жердің ішкі құрылысы жөнінде көптеген ақпартаттар жинақтады. Пайдаланылған

көптеген құралдардың негізінде ғалымдар Жердің ішкі қабаты бір қалыпты емес, қайта

бір-біріне ұқсамайтын аса күрделі қабаттардан тұрады деген шешім жасады.

Page 82: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

Page 83: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

Оларды жердің ішкі қабаттары дейді. Әр қабат жердің ішкі және сыртқы күштерінің

әсеріне әртүрлі реакция (жауап) береді. Айталық, ауа температурасының күрт өзгеруі,

жер астындағы тектоникалық өзгерістер, жер сілкінісі, мұхит суы мен мұздықтарының

әсері т.б табиғат құбылыстары жер асты қабаттарына әртүрлі әсер етеді.

Енді Жерді қарбызды кескен сияқты қаққа бөліп көрейік. Осылайша біз Жердің ішкі

бөлігіндегі қыртыстар мен қабаттар жөнінде мүлде басқа түсінік қалыптастырамыз.

Жердің жоғарғы қатты қабатты жер қабығы дейді.

Жердің қабығы неден тұратынын білгің келе ме? Оны байқау қиын емес. Сендер

әсіресе, табиғат аясына саяхатқа шыққан кезде: тау бөктеріне, өзен-көлдер

жағалауларына, орман-тоғайларға серуендеуге барғанда жер бетіндегі тас

қиыршықтарын, құмды, саз балшықты, құм мен бор тасын, тіпті көмірді де кездестіріп

қаласың. Бұл табиғат көріністерін сен көрмегенде Жердің сыртқы қабатының

құрылысы қозғалмайтын және біртекті жыныстардан құралған деген ойда қалуың

мүмкін. Шынымен, жердің бұл қабаты бірдей емес.

Жер бетінде белгілі ауқымды жазық аймақты алып жатқан жерлер кездеседі. Оны

ғалымдар жер плитасы деп атайды. Жер бетінде бірнеше плиталар бар. Олар мұхит

бетіндегі тақтай сияқты жер бетінде қалқып тұрады. Олардың беткі рельефі еш

өзгеріссіз тұрақты болып көрінгенмен, ішкі құрылысы –дәлірек айтқанда мантия

қабатына жақын орналасқан бөлігі сұйық күйінде болады.

Page 84: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

Page 85: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

Плиталар жер астындағы қатты дүмпулер немесе басқа күштердің әсерінен жылжиды,

бір-бірімен сең сияқты соқтығысады, кей жағдайда қатты жаншылудың салдарынан

майысып, тіпті жарылып бір-бірінен алшақтап кетеді. Тапсырманы орында:

1. Отқа төзімді химиялық зерттеу жұмысына арналған су құйылған ыдыс, спирт, күріш

дәні, өсімдік майы және электрплиткасын дайында.

2. Ыдыстың жартысына дейін су құйып, күріш дәнін араластыр. Сәлден соң оның үстіне

шамалап өсімдік майын құй.

3. Су – түрлі жыныстардың балқуынан құралған мантия қабаты болса, су бетіндегі

қалқып тұрған өсімдік майы - жер қабығы болып табылады. Екеуінің ортасындағы күріш

дәні басқаларға қарағанда ықпалға көп ұшырауы мүмкін.

4. Енді мұғалімнің көмегімен ыдысты электрплиткасының үстіне қойып қыздыр. Бұл

эксперименттен не көруге болады?

5. Көрген-білгеніңді мұқият есте сақтап, алған нәтижелерді бақылау күнделігіңе жаз.

Біраз уақыт өткен соң күріш дәндері қатты қозғала бастайды. Бұл су температурасының

жоғарлай бастағанын көрсетеді. Су қайнаған кезде ыдыс бетіндегі май қабықтары да

жан-жаққа бөлініп ыдырай бастайды. Міне, дәл осындай құбылыс жердің астында

ұдайы жүріп жатады. Ядро қабатындағы аса жоғарғы температурадағы сұйық дүние -

жердің беткі қабатына өз әсерін тигізіп, плиталардың қозғалуына алып келеді.

Плиталардың қозғалуы бізге байқалмайды. Олардың жылжуы біздің ойымыздағыдай

емес, өте баяу жылжиды. Судың қайнап, ыдыс бетіндегі май қабығын жан-жаққа

ыдыратып жіберген сияқты, мантия қабатынан жоғары көтерілген магмалар жердің

беткі қабатын қатты өзгеріске ұшыратады.

Page 86: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

Жердегі көптеген жыныстар, әсіресе сұйық заттар қатты қысымның салдарынан жердің

бетіне шашырап, жер плитасының жарылуына, қатты қозғалысқа түсуіне ұйытқы

болады. Бұл үрдіс аяқталған соң жер астынан келген сұйық магмалар топырақ-

тастармен араласып суынады да, қатты тасқа айналады.

Жер қабығының астыңғы бөлігін мантия қабаты дейді. Оның жоғарғы жағы жұмсақтау

келсе, төменгі жағы қатты болады. Мантияның бұл қатты қабығы бүкіл Жер радиусының

жартысыынан астам бөлігін қамтиды. Оның қалыңдығы 2900 км. Жер қабығынан

алыстаған сайын мантияға жақын бөліктегі жыныстар жатқан аймақтағы температура

ұдайы жоғары күйінде қала береді. Мантия гректің «mantos-шапан» деген сөзінен

алынған. Ол расында шапан сияқты Жердің ортаңғы бөлігін алып жатан ядро қабатын

жауып тұрады.

Ядро – ғалымдардың болжауынша түрлі металл және басқа химиялық элементтердің

балқыған күйіндегі зәулім шар формасындағы қабат болып табылады. Оның

температурасы 5000 С дейін жетеді. Температураның жоғары болуына қарамастан

ядроның сыртқы бөлігі қатты. Оның үлкен себебінің бірі – ядроның ішінде жоғарғы

температурамен бірге жоғары қысым болғандықтан дейміз.

Міне балақай, сонымен сен ғалымдар ашқан Жер планетасының моделімен таныстың.

Жердің астын бұрғылаушылар жақын арада ол қабаттарға жетуі белгісіз. Мүмкін сендер

жердің ядросына дейін баратын жерасты кемесін ойлап тауып, жоғарыда айтылған

тұжырымдардың растығына көз жеткізесіңдер.

Page 87: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

Page 88: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

Қазақстан аймағы – жер сілкінісі жиі байқалатын сейсмикалық зонада орналасқан.

Соған байланысты төмендегі мағлұматтарды зерделеп оқы.

Жер бетінде жиі байқалатын жер сілкіну салдарынан жердің беткі қабатының жылжуы

мен қозғалуы зор апаттар әкелумен қатар, оның жердің ядро қабатынан бастау алатын

сырларын болжауға мүмкіндік береді. Жердің ішкі қабатының жер сілкінісіне

ұшыраған көріністерін арнайы сейсмикалық толқындар тербелісі арқылы біледі. Бұл атау

гректің «seismos-cілкініс» деген сөзінен алынған.

Жердің ішкі бөлігінен бастау алған сілкіну үрдісі жердің қабығында орасан сілкіністі

қалыптастырып сейсмикалық тербелістердің пайда болуына негіз болады. Олар жан-

жаққа аса қатты жылдамдықпен таралумен қатар құдды «рентген сәулелері» сияқты

бүкіл аймақты шарпып өтеді. Ғалымдар сейсмикалық өлшегіш құралдары арқылы

сілкініс толқындарының алыстағы және жақын маңдағы тербелістерін байқай алады.

Олардың бір байқағаны: сейсмикалық толқын жылдамдығының жердің ішкі бөлігінде

біркелкі таралмайтыны, екіншіден олардың жер қабығындағы шөгінділер мен

жыныстардан оңай өтетіні анықталды. Жер қабығының қалың бөліктерінде сейсмикалық

толқын өзінің бағытын өзгертеді немесе шағылысқа ұшырайды.

Сейсмикалық толқындардың таралуы жылдамдығы жер қыртысындағы жыныстардың

орналасуына қарай өзгереді. Оны толқын дыбыстары арқылы ажыратуға болады. Осы

сейсмикалық толқын жылдамдығының шашырап таралуы тәжірибесі арқылы жердің

астыңғы қабатындағы құбылыстарды зерттеуге болады. Ғалымдар толқын дыбысының

жылдамдығы арқылы жердің үш қабатын есептеп шығарды.

Page 89: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

http://en.wikipedia.org/wiki/Earthquake

Page 90: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

Page 91: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

1. Жердің бетінде қандай қабаттар бар?

2. Жер қабаттарының арасындағы байланыстың сыры неде?

Енді жердің ішкі құрылысы туралы білген соң, біз оның беткі қабатындағы табиғат

ерекшеліктерімен танысамыз.

Жер қабығының жоғарғы бөлігіндегі «тасты аймақты» литосфера деп атайды. Ол грек

тілінен аударғанда «litos-тас» және «sphera-шар» деген ұғымды білдіреді.

Сен өткен тақырыпта жердің тас қабатының аралары жарылған орасан жазық

плиталардан тұратынын білдің. Плиталар жазық, әрі қатты болғанымен оның ең төменгі

бөліктері мантияның сұйық қабатына желімденіп қалған сияқты. Литосфераның

жоғарғы қабаты біркелкі емес. Кей жерлер әсіресе мұхит қайраңдары өте төмен болып

келсе, келесі бөліктері құрлық жазықтары мен төбелерінен басталып, биік таулы

қыраттарға дейін созылып жатыр. Мұхит түбіндегі литосфераның қалыңдығы 5-10 км,

құрлықта 35-45 км, таулы шекаралық аймақтарында 70 км дейін жетеді.

Тапсырма. Қолыңа глобусты алып, жер бетіндегі құрлық пен судың Жер шарының қай

бөлігін алып жатқанын түсіндір.

Жер шарының үштен бір бөлігін су қабаты құрайды. Жердің негізгі бөліктерін сумен

шайып тұрған орасан аумақты Әлемдік мұхит алабы құрайды. Онда Жердегі барлық су

қорының 98% қамтылған. Оған қоса құрлық ішіндегі өзен, көл, батпақ сулар, тау

мұздықтары мен жерасты сулары да бар. Құрлықтағы су мөлшері мұхит суынан

бірнеше есе аз. Құрлық суының адамзат үшін атқаратын маңызы зор. Ол суды адам өзі

үшін де және шаруашылық үшін де пайдаланады.

Page 92: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

Әлемдік мұхиттағы, құрлықтағы, жер астындағы және ауа қабатындағы су жүйесін

гидросфера дейді. Ол гректің «gidro-» және «sphere-шар» деген сөзінен шыққан.

Жердің басқа қабаттарынан гидросфераның айырмашылығы, су қабатының әлсіз және

бір-бірінен қашық орналасқандығында. Ол Жер массасының мыңнан бір бөлігін

құрайды.

Тапсырма. Гидросфера қабатының Жер шарына тигізетін маңызы жөнінде мағлұмат

жинастыр.

Жердің жоғарғы қабатын құдды күміс көрпемен орап қойғандай ауа қабаты - атмосфера

құрайды. Ол гректің «atmos-бу» деген сөзінен алынған.

Атмосфера аралықтарында нақты шекарасы жоқ бірнеше қабаттардан тұрады. Ол

Жерден жоғары қарай мың километрге жуық алқапты алып жатыр. Оның жоғарғы жағы

ғарыш кеңістігімен шектеседі. Атмосфераның ең төменгі бөлігі жер қабығымен тікелей

байланысты. Бұл аралықта жел ұйытқып, жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды.

Сен ауа қабатында өзіңді алып мұхиттың қайраңында жүргендей сезінемісің? Өйткені

сен атмосфера мұхитының ең түбінде өмір сүріп жатқаныңды білемісің? Балықтың

астында ондаған километрден асатын су тереңдігі жатса, сенің үстіңде соншама ауа

километрлері жатыр. Саған қоршаған ауа массалары қысым жасайтынын білесің бе?

Атмосфера қабатының басқалардан ерекшелігі-ондағы ауаның ылғалдылығы болып

табылады. Ол ұдайы өзгеріп отырады. Мұндай құбылыс табиғи ортадағы ауа райына

байланысты. Ауаның ылғалдылығын өлшеуге болады.

Page 93: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

Page 94: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

Page 95: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Univercity of Turan-Astana, Kazakhstan. Comment by professor Muhamedrahim Kursabaev, 9.03.2014

http://www.sciencedirect.com/science/journal/00431354

Page 96: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

Қолыңа төртбұрышты сүт қорапшасын 15-20 см шашты алып, сен тәжірибе жасауыңа

болады.

1. Шашты қорапшаның жоғарғы жағына желімде.

2. Енді қорапшаның төмен жағын сәл тартып, оған миллиметр көрсеткіштері жазылған

қағазды іл.

3. Шаштың милиметр жазылған бөлігіне стрелканы жапсыр.

4. Осыдан кейін өзің отырған бөлмені, ас бөлмесін және қол жуатын бөлмелерге

қорапшаны орналастырып ауаның қысымын өлше.

5. Барлық бөлмелерді аралап, тиісті деректер алған соң мынадай сұрақтарға жауап бер.

• Шаш қандай кезде ұзарады?

• Шаш қай кезде қысқарады?

• Қай бөлмеде құрғақ, қай бөлмеде ылғалды ауа байқалды?

Ауа қабаттары Жердің өсімдік-топырақ және басқа бөліктерін Күн сәулесінің өз

мөлшерінен тыс қыздырып жіберуінен қорғап, жерге сіңген жылудың таралып кетпей,

оның көпке дейін сақталуын қамтамасыз етеді. Егер Жердің сыртын атмосфералық ауа

қабаты қоршап тұрмағанда, Күн сәулесінің қызуы құрлықтағы жазғы ауа

температурасының +100 С жоғарлап, ал қысқы мерзімдегі ауа температурасының -100 С

төмендеп кетуіне жол берілетін еді. Сондай-ақ атмосфера қабаты Жердің бетіне ғарыш

кеңістігінен келген аспан денелері мен Күн жарығымен бірге келген зиянды

ультрокүлгін сәулелердің түсуінен сақтайды. Көптеген аспан денелері көктен ауа

қабатына енген кезде жанып кететінін сендер білесіңдер.

Page 97: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

http://en.wikipedia.org/wiki/Atmospheric_pressure

Page 98: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

http://en.wikipedia.org/wiki/Atmospheric_pressure

htt

p:/

/en

.wik

ipe

dia

.org

/wik

i/A

tmo

sph

eric

_pre

ssu

re#m

ed

iavi

ewer

/File

:Msl

p-j

ja-d

jf.p

ng

Page 99: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014

Ауа қабаты Планетадағы барлық организмдердің тіршілік етуіне қолайлы жағдай

туғызады. Тірі организмдер ауаның көмегімен таралатын оттегі газымен дем алады.

Жер бетіндегі жайқалған жасыл әлем тіршілік дүниелеріне қажетті мөлшерде

көмірқышқыл газын бөледі. Тапсырма. Егер ауа қабаты жоғалып кетсе Жер бетінде

қандай өзгерістер болады?Жер бетіндегі тіршілік дүниесінің дамуы жаңа ғылым саласы-

биосфераны қалыптастырды. Ол гректің «bios-ғұмыр» деген сөзінен алынды.

Сондықтан биосфера деп Жер бетіндегі тіршілік организмдерінің өмір сүретін аймағын

айтамыз. Биосфера литосфераның жоғарғы қабатын, гидросфераны, сондай-ақ жер

бетінен 25-30 км биіктіктегі өмір сүретін ортаны қамтиды. Құрлықтың төменгі

бөлігіндегі 4 км тереңдіктегі тірі организмдер биосфераға кіреді. Ал, гидросферадағы

биосфераның шекарасы мұхит қайраңдарының 10-11 км тереңдіктерін қамтиды.

Қысқасы, ауа қабатында өмір сүріп жатқан басқа организмдер (оның ішінде адамдар да

кіреді) биосфера ортасы болып табылады. Биосфера сонымен қатар басқа қабаттармен

салыстырғанда тіршілік организмдері белсенді түрде әрекет ететін кеңістік болып

табылады. Өйткені аталмыш қабаттың кел келген аймағында өмір сүріп жатқан организм

сол жердің тіршілік ерекшелігін, табиғи болмысын қалыптастырады. Мұндағы табиғат

көріністері мен ондағы әрекеттер басқа қабаттармен салыстырғанда әрі алуан, әрі

белсенді әрекеттерге толы. Тірі организм иелерінің салыстырмалы түрде басқа

организмдерден аз болғанына қарамастан олар Жердің табиғат ерекшеліктерін

қалыптастыруда маңызды орынға ие.Тірі организмдердің әрекеті негізінде жердің

бетінде топырақ пайда болды. Бүгінгі жер келбетіндегі атмосфера мен гидросфера

қабатының пайда болуына ең алдымен тірі организмдер зор үлес қосты.

Page 100: ТАБИҒАТТАНУ М.ҚҰРСАБАЕВ-02

Turan-Astana University, Kazakhstan. Comment professor Muhamedrahim Kursabaev, E-Book “Environmental”, 8.07.2014