Сақшы №17 (4183)

8
№17 (4183), 1.03.2016, сейсенбі www.mediaovd.kz Газет 1933 жылдан бастап шығады РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ ТƏЖІРИБЕ АЛМАСУДЫҢ МАҢЫЗЫ ЗОР МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ АСҚАР МАМИНДІ ҚАБЫЛДАДЫ Кеше Астанада Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековтің қатысуымен министрліктің жанынан құрылған қоғамдық кеңестің бірінші оты- рысы өтті. Отырыс барысында кеңестің төрағасы, хатшысы тағайындалып, Президиумның құрамы жəне бірқатар ко- миссия бекітілді. Кеңестің төрағасы ретінде қазірде ауыл шаруашылығы Ардагерлері кеңесін басқарып отырған Михаил Трошихин, ал кеңестің хатшысы қызметіне Степан Лепешко тағайындалды. Сондай-ақ, алты салалық комиссия, атап айтсақ, өсімдік шаруашылығы; мал шаруашылығы; су ресурстары; орман шаруашылығы мен жануар- лар əлемі; аграрлы білім, ғылым, өндіріс, ауыл шаруашылығы кешенінің кадрлық əлеуетін да- мытуды интеграциялау; бюджет қызметі мен жемқорлыққа қарсы істер жөніндегі комиссиялар құрылды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Арман Евниевтің айтуынша, бұл ко- миссиялар қоғамдық бақылау жүргізіп, əртүрлі қоғамдық топтар құруға құқылы. АЛҒЫС АЙТУ – БІРЛІКТІҢ БАСТАУЫ САЛАЛЫҚ КОМИССИЯЛАР ҚҰРЫЛДЫ КЕШЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ «ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫ» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ» АҚ ПРЕЗИДЕНТІ АСҚАР МАМИНДІ ҚАБЫЛДАДЫ. БҰЛ ТУ- РАЛЫ АҚОРДАНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ ХАБАРЛАДЫ. А.Мамин Елбасыға «ҚТЖ» ҰК» акционерлік қоғамының 2015 жылғы қызметінің нəтижелері мен биылғы жоспарлары, сондай-ақ, ұлттық компания операторлық ететін «Нұрлы жол» бағдарламасының инфрақұрылымдық жобала- рын жүзеге асыру барысы туралы баяндады. Мемлекет басшысы Қазақстанның транзиттік жəне экспорттық əлеуетін жүзеге асыру үшін көлік-логистика кешенін дамытудың, экономика- ны əртараптандырудың, жаңа жұмыс орындарын ашудың жəне жиынтық ішкі өнімді ұлғайтудың маңыздылығын айтты. Қазақстан Президенті инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру жəне экспортқа бағытталған жоғары технологиялық өндірістерді дамыту елдің экономикалық саясатының басымдығы болып саналатынына на- зар аударды. А.Мамин автомобиль жəне теміржол маги- стральдарын қайта жөндеу, Каспийдегі порт инфрақұрылымын жаңғырту, «Қорғас» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығы мен арнаулы экономикалық аймақты дамыту жөніндегі жұмыстар кестеге сəйкес іске асырылып жатқанын айтты. «Қазақстан темір жолының» президенті 2015 жылы «Боржақты-Ерсай» теміржол желісі пайдалануға берілгенін, «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнаулы экономикалық аймағының «құрғақ порты» іске қосылғанын, Ақтау портында жаңа нысандар, Астана қаласында Орталық Азиядағы ірі көлік- логистика орталығы жұмыс істей бастағанын мəлімдеді. Сонымен қатар, жыл аяғына дейін Маңғыстау облысындағы Құрық портында паром кешенінің, «Алматы-1 – Шу» теміржол учаскесінде екінші бағыттың құрылысын аяқтау, ал «ЭКСПО-2017» көрмесінің ашылуы қарсаңында елорда əуежайының халықаралық терминалы мен жаңа теміржол вокзалының құрылысын бітіру жоспар- ланып отыр. А.Мамин, сондай-ақ, компания қызметті жетілдіру жəне шығыстарды қысқарту бағдарламасын жүзеге асырып жатқанын, оның экономикалық тиімділігі 2015 жылы 169 милли- ард теңге болғанын айтты. Компанияның жаңа өкілеттіктерді дамыту жəне контейнерлік пойыздар қызметін ілгерілету бағытындағы жұмыстары Қытай мен Еуропа арасындағы транзиттік контейнерлік жүк ағынын 2014 жылмен салыстырғанда былтыр екі есеге ұлғайтуға, ал транзиттік тасымалдан түсетін табыстың үлесін 28 пайызға жеткізуге мүмкіндік берген. Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бой- ынша бірқатар нақты тапсырма берді. БҮГІН – АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ. ЕЛІМІЗДЕ ТҰҢҒЫШ РЕТ АТАП ӨТІЛГЕЛІ ОТЫРҒАН БҰЛ МЕРЕКЕ ТУРАЛЫ ҰСЫНЫСТЫ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ АЙТҚАН БОЛАТЫН. «Мəңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр» тақырыбымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясының ашылу салтанатында сөз сөйлеген Елбасы халықтардың түгелдей жер аударылғанын еске алып, барлық ұлттың бір-біріне жəне қазақтарға алғыс айту күнін белгілеуді ұсынған еді. «Сталин режимінде əр жылдары, өздеріңіз білетіндей, халықтар түгелдей жер аударылды. Оларды вагондардан ауылдарға тастап кете берді, олардың еш дүниесі болған жоқ. Сол уақытта бұл далада өздері мұқтаж бола отырып, оларды саман үйлеріне қабылдаған қазақтар, қазақ отбасылары ғана өмір сүрді», – деді Президент. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев отбасының жер аударылғандарды қабылдап алғанын да еске алды. «Саманнан жасалған екі бөлмелі там үйде тұрған біздің отбасы үш баласы бар жанұяны қабылдап алды. Көз алдымда əрқашан олардың бөлменің бір бұрышына жиналғанын елесте- те беремін, олар қорқып тұрды – киімдері жыртылған, аш, тозып кеткен. Олар біздің отба- сыда өмір сүрді, жұмыс істей бастады, өмір бойы алғыс айтып өтті. Мен оның балаларымен дос болдым», – деді Мемлекет басшысы өз сөзінде. Бұдан əрі Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнінде – 1 наурызда барлық ұлттың бір-біріне жəне осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе əділетті болатынын айтты. Осылайша, Мемлекет басшысы айтулы күнге орай шығарылған Жарлыққа қол қойды. Енді, міне, қазақстандықтар бұл мерекені зор ықыласпен қабылдап, атап өтуге кірісіп кетті. Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы елор- дада Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылған іс-шараларға қатысуда. Ғани АТЫМТАЙ Кеше Бас прокурор Асхат Дауылбаев Ұлыбританияның көрнекті саяси жəне мемлекеттік қайраткері – баронесса Патриция Скотландпен кездесу өткізді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады. Кездесуді ашқан А.Дауылбаев қонақты құрамына 53 ел кіретін Ұлттар Қауымдастығының Бас хатшысы лауазымына сайлануымен құттықтады. Сондай-ақ ол баронессаның азаматтық жəне қылмыстық сот төрелігі жүйесін жаңғырту, еуропалық заңнаманы реформалау мен дамы- ту саласындағы қызметіне аса қызығушылық танытты. Англия мен Уэльстің Бас прокуроры болған кездері, сондай-ақ, Лордтар палатасын- да, Сыртқы жəне Ішкі істер министрліктерінде жауапты лауазымдарда қызметте болған уақытта Патриция Скотланд Ұлыбританияның құқықтық жүйесін нығайтуға жəне құқықтық органдардың əрекеттестігіне елеулі үлес қосқан. Қылмыстық-құқықтық заңнаманың дамуы, күрделі алаяқтық қылмыстарды тергеу оның белсенді қатысуымен өткен. Сондай-ақ ол қылмыстық істерді тергеу жəне мемлекеттік айыптауды қолдау өкілеттігі бар Корольдіктің прокурорлық қызметінің кеңсесіне жетекшілік еткен. Сұхбаттасу барысында Бас прокурор қазақстандық прокуратура органдары қызметінің негізгі бағыттары, Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының қызметі, қылмыстық қудалау кезінде адам құқығының қорғалуы прокурорлардың айрықша назарында екендігіне назар аудара отырып, заңдылық пен құқықтық тəртіпті қамтамасыз ету бойынша жасалған қадамдар туралы хабарлады. Ол болып өткен кездесудің екіжақты ынтымақтастықты одан əрі кеңейту жəне Қазақстан мен Ұлыбританияның құқықтық жүйелерін дамыту тұрғысында тəжірибе алмасудың жоғары маңыздылығын атап өтті. Кездесу барысында, сонымен қатар, трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа, экстремизм мен терроризмге, заңсыз жолмен табылған ақшаны жылыстатуға қарсы əрекет жасау аясындағы, халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мəселелері талқыланды. Тараптар екі елдің құзіретті органдары ара- сында қалыптасқан достық қарым-қатынастарды ризашылықпен атап өтті. Сұхбаттасушылар атап өткендей, зама- науи ғаламның қауіп-қатерлеріне тосқауыл қою мағынасында халықаралық құқықтық ынтымақтастықты кеңейту маңызды фактор болып табылады. Құқықтық саладағы тығыз ынтымақтастық мақсатында шарттық-құқықтық базаны кеңейту, ақпарат, жиналған тəжірибемен жəне мамандармен алмасу тетіктерін реттеу қажет екендігі аталып өтілді. БҮГІН – АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ

Upload: mediaovd

Post on 30-Jul-2016

259 views

Category:

Documents


14 download

DESCRIPTION

Сақшы №17 (4183) 1.03..2016

TRANSCRIPT

Page 1: Сақшы №17 (4183)

№17(4183),

1.03.2016, сейсенбі

www.mediaovd.kzГазет 1933 жылдан бастап шығадыГазет 1933 жылдан бастап шығады

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ

ТƏЖІРИБЕ АЛМАСУДЫҢ МАҢЫЗЫ ЗОР МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ

АСҚАР МАМИНДІ ҚАБЫЛДАДЫ

Кеше Астанада Ауыл шаруашылығы министр і Асылжан Мамытбековт ің қатысуымен министрліктің жанынан құрылған қоғамдық кеңестің бірінші оты-рысы өтті. Отырыс барысында кеңестің төрағасы, хатшысы тағайындалып, Президиумның құрамы жəне бірқатар ко-миссия бекітілді.

Кеңестің төрағасы ретінде қазірде ауыл шаруашылығы Ардагерлері кеңесін басқарып отырған Михаил Трошихин, ал кеңестің хатшысы қызметіне Степан Лепешко тағайындалды.

Сондай-ақ, алты салалық комиссия, атап айтсақ, өсімдік шаруашылығы; мал шаруашылығы; су ресурстары; орман шаруашылығы мен жануар-лар əлемі; аграрлы білім, ғылым, өндіріс, ауыл шаруашылығы кешенінің кадрлық əлеуетін да-мытуды интеграциялау; бюджет қызметі мен жемқорлыққа қарсы істер жөніндегі комиссиялар құрылды.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Арман Евниевтің айтуынша, бұл ко-миссиялар қоғамдық бақылау жүргізіп, əртүрлі қоғамдық топтар құруға құқылы.

АЛҒЫС АЙТУ – БІРЛІКТІҢ БАСТАУЫ

САЛАЛЫҚ КОМИССИЯЛАР ҚҰРЫЛДЫ

КЕШЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ «ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫ» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ» АҚ ПРЕЗИДЕНТІ АСҚАР МАМИНДІ ҚАБЫЛДАДЫ. БҰЛ ТУ-РАЛЫ АҚОРДАНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ ХАБАРЛАДЫ.

А.Мамин Елбасыға «ҚТЖ» ҰК» акционерлік қоғамының 2015 жылғы қызметінің нəтижелері мен биылғы жоспарлары, сондай-ақ, ұлттық компания операторлық ететін «Нұрлы жол» бағдарламасының инфрақұрылымдық жобала-рын жүзеге асыру барысы туралы баяндады.

Мемлекет басшысы Қазақстанның транзиттік жəне экспорттық əлеуетін жүзеге асыру үшін көлік-логистика кешенін дамытудың, экономика-ны əртараптандырудың, жаңа жұмыс орындарын ашудың жəне жиынтық ішкі өнімді ұлғайтудың маңыздылығын айтты. Қазақстан Президенті инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру жəне экспортқа бағытталған жоғары технологиялық

өндір істерді дамыту елдің экономикалық саясатының басымдығы болып саналатынына на-зар аударды.

А.Мамин автомобиль жəне теміржол маги-стральдарын қайта жөндеу , Каспийдег і порт инфрақұрылымын жаңғырту, «Қорғас» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығы мен арнаулы экономикалық аймақты дамыту жөніндегі жұмыстар кестеге сəйкес іске асырылып жатқанын айтты.

«Қазақстан темір жолының» президенті 2015 жылы «Боржақты-Ерсай» тем іржол желіс і пайдалануға берілгенін, «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнаулы экономикалық аймағының «құрғақ порты» іске қосылғанын, Ақтау портында жаңа нысандар, Астана қаласында Орталық Азиядағы ір і көл і к -логистика орталығы жұмыс істей бастағанын мəлімдеді.

Сонымен қатар, жыл аяғына дейін Маңғыстау облысындағы Құрық портында паром кешенінің,

«Алматы-1 – Шу» теміржол учаскесінде екінші бағыттың құрылысын аяқтау, ал «ЭКСПО-2017» көрмес ін ің ашылуы қарсаңында елорда əуежайының халықаралық терминалы мен жаңа теміржол вокзалының құрылысын бітіру жоспар-ланып отыр.

А.Мамин, сондай-ақ, компания қызметті же т і л д і р у жəне шығыс т арды қысқар т у бағдарламасын жүзеге асырып жатқанын, оның экономикалық тиімділігі 2015 жылы 169 милли-ард теңге болғанын айтты.

Компанияның жаңа өкілеттіктерді дамыту жəне контейнерлік пойыздар қызметін ілгерілету бағытындағы жұмыстары Қытай мен Еуропа арасындағы транзиттік контейнерлік жүк ағынын 2014 жылмен салыстырғанда былтыр екі есеге ұлғайтуға, ал транзиттік тасымалдан түсетін табыстың үлесін 28 пайызға жеткізуге мүмкіндік берген.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бой-ынша бірқатар нақты тапсырма берді.

БҮГІН – АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ. ЕЛІМІЗДЕ ТҰҢҒЫШ РЕТ АТАП ӨТІЛГЕЛІ ОТЫРҒАН БҰЛ МЕРЕКЕ ТУРАЛЫ ҰСЫНЫСТЫ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ АЙТҚАН БОЛАТЫН.

«Мəңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр» тақырыбымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясының ашылу салтанатында сөз сөйлеген Елбасы халықтардың түгелдей жер аударылғанын еске алып, барлық ұлттың бір-біріне жəне қазақтарға алғыс айту күнін белгілеуді ұсынған еді.

«Сталин режимінде əр жылдары, өздеріңіз білетіндей, халықтар түгелдей жер аударылды. Оларды вагондардан ауылдарға тастап кете берді, олардың еш дүниесі болған жоқ. Сол уақытта бұл далада өздері мұқтаж бола отырып, оларды саман үйлеріне қабылдаған қазақтар, қазақ отбасылары ғана өмір сүрді», – деді Президент.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев отбасының жер аударылғандарды қабылдап алғанын да еске алды.

«Саманнан жасалған екі бөлмелі там үйде тұрған біздің отбасы үш баласы бар жанұяны қабылдап алды. Көз алдымда əрқашан олардың бөлменің бір бұрышына жиналғанын елесте-те беремін, олар қорқып тұрды – киімдері жыртылған, аш, тозып кеткен. Олар біздің отба-сыда өмір сүрді, жұмыс істей бастады, өмір бойы алғыс айтып өтті. Мен оның балаларымен дос болдым», – деді Мемлекет басшысы өз сөзінде. Бұдан əрі Қазақстан халқы Ассамблеясының

құрылған күнінде – 1 наурызда барлық ұлттың бір-біріне жəне осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе əділетті болатынын айтты.

Осылайша, Мемлекет басшысы айтулы күнге орай шығарылған Жарлыққа қол қойды.

Енді, міне, қазақстандықтар бұл мерекені зор ықыласпен қабылдап, атап өтуге кірісіп кетті.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы елор-дада Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылған іс-шараларға қатысуда.

Ғани АТЫМТАЙ

Кеше Бас прокурор Асхат Дауылбаев Ұлыбританияның көрнекті саяси жəне мемлекеттік қайраткері – баронесса Патриция Скотландпен кездесу өткізді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесуді ашқан А.Дауылбаев қонақты құрамына 53 ел кіретін Ұлттар Қауымдастығының Бас хатшысы лауазымына сайлануымен құттықтады.

Сондай-ақ ол баронессаның азаматтық жəне қылмыстық сот төрелігі жүйесін жаңғырту, еуропалық заңнаманы реформалау мен дамы-ту саласындағы қызметіне аса қызығушылық танытты. Англия мен Уэльстің Бас прокуроры болған кездері, сондай-ақ, Лордтар палатасын-да, Сыртқы жəне Ішкі істер министрліктерінде жауапты лауазымдарда қызметте болған уақытта Патриция Скотланд Ұлыбританияның құқықтық жүйесін нығайтуға жəне құқықтық органдардың əрекеттестігіне елеулі үлес қосқан.

Қылмыстық-құқықтық заңнаманың дамуы, күрделі алаяқтық қылмыстарды тергеу оның белсенді қатысуымен өткен. Сондай-ақ ол қылмыстық істерді тергеу жəне мемлекеттік айыптауды қолдау өкілеттігі бар Корольдіктің прокурорлық қызметінің кеңсесіне жетекшілік еткен.

Сұхбаттасу барысында Бас прокурор қазақстандық прокуратура органдары қызметінің негізгі бағыттары, Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының қызметі, қылмыстық қудалау кезінде адам құқығының қорғалуы прокурорлардың айрықша назарында екендігіне назар аудара отырып, заңдылық пен құқықтық тəртіпті қамтамасыз ету бойынша жасалған қадамдар туралы хабарлады.

Ол болып өткен кездесуд ің ек іжақты ынтымақтастықты одан əрі кеңейту жəне Қазақстан мен Ұлыбританияның құқықтық жүйелерін дамыту тұрғысында тəжірибе алмасудың жоғары маңыздылығын атап өтті.

Кездесу барысында , сонымен қатар , трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа, экстремизм мен терроризмге, заңсыз жолмен табылған ақшаны жылыстатуға қарсы əрекет жасау аясындағы, халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мəселелері талқыланды.

Тараптар екі елдің құзіретті органдары ара-сында қалыптасқан достық қарым-қатынастарды ризашылықпен атап өтті.

Сұхбаттасушылар атап өткендей, зама-науи ғаламның қауіп-қатерлеріне тосқауыл қою мағынасында халықаралық құқықтық ынтымақтастықты кеңейту маңызды фактор болып табылады. Құқықтық саладағы тығыз ынтымақтастық мақсатында шарттық-құқықтық базаны кеңейту, ақпарат, жиналған тəжірибемен жəне мамандармен алмасу тетіктерін реттеу қажет екендігі аталып өтілді.

БҮГІН – АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ

Page 2: Сақшы №17 (4183)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20132 е-mail: [email protected]№17 (4183), сейсенбі, 1.03.2016 е-mail:[email protected]

ЖАҢАЛЫҚТАР

,

ƏЛЕМ-АҚПАРАТ

Ресей

Кремльге кірмекші болған кім?

АҚШ

Қытай

Сингапур

Кеше түнгі сағат екілер шамасында полицейлер Кремльге баса көктеп кіруге əрекеттенген ер адамды ұстады.

LifeNews-ке белгілі болғандай, ол Қызыл алаңға таксимен келіп, көліктен түскен бойы Кремльге бет түзеген. Ал ішке Боровицск қақпасы арқылы кірмек болған, қарсыласып баққан оны полиция қызметкерлері əрең ұстап қалған.

«Ұсталған адам түсініксіз мінез танытты. Оның үстінде сырқаттардың киімі болған. Ер адам мамандандырылған медициналық мекемеден қашып шыққан болуы мүмкін. Ол өз қылығын «Мен Құдаймын, орным сол жер-де» деп түсіндірген», – дейді құқық қорғау органдарындағы дереккөздер.

Ол полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Ди Каприо «Оскар» сыйлығын алды

Көңіл айту жеделхатын жолдады Сайлаушылар тізімнен өзін іздеп таба алады

Білім министрліг і барша мектеп оқушыларына еңбек ету міндетін енгізді. Өкімге сəйкес оқу жылының аяғында əр мектеп оқушысы күн сайын өзіне бекітілген аумақты тазалап-жинайтын болады.

Жергілікті БАҚ хабарлағандай, бұл сынып бөлмесі, дəліз, асхана жəне т.б. болуы мүмкін. Ал оқушы бұған шамамен күніне 10 минуттан астам уақыт жұмсауы тиіс. Жаңа қағида ба-стауыштан жоғары сыныптарға дейін барлық мектептерге қолданылады.

Əзірге осы жаңалыққа психологтар, педагог-тар қарсылық білдірген жоқ.

Көптеген мектеп өкімді ресми жариялағанға дейін де кезекшілік кестесін жасап келген. Оның орындалуын өздері сайлаған топ бас-шысы бақылайды. Кезекшілердің міндеттері қарапайым: гүлдерді суару, қоқыс төгу, сынып бөлмелерінің шаңын сүрту.

Леонардо Ди Каприо бірінші рет «Оскар» сыйлығына қол жеткізді. Оған Америка кино өнері академиясының жүлдесі «Үздік актер» номинациясы бойынша берілді. Бұл туралы жаңалықты əлемдік БАҚ таратуда.

Америка кино өнері академиясының сыйлығын тапсыру салтанаты голливудтың «Долби» театрында өткізілді.

Ди Каприо режиссер Алехандро Гонсалеса Иньярритудың «Жансебіл» (The Revenant) фильмінде аңшы Хью Гласстың рөлін сомдаған еді.

Еске сала кетсек, бұған дейін актер «Оскарға» бес рет ұсынылған.

Зейнеткерлік жасты көтеруді қарастыруда

Қытай халықтың қартаю үрдісі тарапы-нан қысымды азайту мақсатында 2017 жылы заңда көзделген зейнеткерлік жа-сты көтеру жоспарын əзірлеуде.

«Жоспар бесжылдық өтпелі кезеңнен кейін 2022 жылы іске қосылуы мүмкін», – деп хабар-лады сенбіде China News ҚХР Еңбек ресурстары жəне əлеуметтік қамтамасыз ету министрлігінің зерттеушісі Цзинь Вэйганға сілтеме жасап.

Ресми деректерге сəйкес 16-60 жас аралығындағы қытай тұрғындарының саны 2015 жылы 4,87 млн. адамға қысқарып, 911 миллионға дейін азайды.

«Қазіргі уақытта Аспан асты елінде ерлердің зейнеткерлік жасы – 60, өндірісте емес салада еңбек еткен əйелдердің зейнеткерлік жасы – 55, өндірістік саладағылардың зейнеткерлік жасы – 50 жас», – деп хабарлайды Синьхуа.

Оқушыларды еңбекпен тəрбиелейді

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ВЛА-ДИМИР ПУТИНГЕ КӨҢІЛ АЙТУ ЖЕДЕЛХАТЫН ЖОЛДАДЫ. БҰЛ ТУРАЛЫ АҚОРДАНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ ХАБАРЛАДЫ.

Жеделхатта Ресей Федерациясының Коми Республикасындағы «Северная» шахтасында

орын алған жарылыс салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы қайғылы хабарды Қазақстан Президентінің зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.

Нұрсұлтан Назарбаев қаза болғандардың от-басылары мен туған-туыстарына Қазақстан халқының жəне жеке өзінің атынан көңіл айтып, қайғыға ортақтастығын білдірді.

АСТАНА ТҰРҒЫНДАРЫ 4 НАУРЫЗДАН БАСТАП САЙЛАУШЫЛАР ТІЗІМІНЕН ӨЗІН ІЗДЕП ТАБА АЛАДЫ. ҚАЛАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МƏЛІМЕТІНШЕ, ТІЗІМГЕ ТИІСТІ САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІ АУМАҒЫНДА ТҰРАТЫН ЖЕРІ БОЙ-ЫНША ТІРКЕЛГЕН ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫ ЕНГІЗІЛГЕН. БҰЛ ТУРАЛЫ АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ РЕСМИ САЙТЫ ХАБАРЛАДЫ.

Елордалықтар тізіммен өз сайлау учаскесінде танысуына болады, сондай-ақ, мəліметтердің дұрыстығын тексеріп, қате берілген мəліметтерге, дəлсіздіктерге, өздері туралы мəліметтердің бол-мауына байланысты шағым бере алады.

Тізімге қосу, одан алып тастау немесе түзету ту-ралы өтінішті учаскелік сайлау комиссиясы өтініш берілген күні қарайды. Оң шешім қабылданған жағдайда, сайлау комиссиясы сайлаушыны бірден тізімге қосады немесе мəліметтерді түзетеді. Ал өтініш қабылданбаған жағдайда, оның себебі көрсетілген шешімнің көшірмесі ұсынылады, ол бойынша сотқа шағымдануға болады.

Астана тұрғындары қаладан тыс жерге шыққан жағдайда, учаскелік сайлау комиссиясынан дауыс беру құқығы бойынша есептен шығару куəлігін алады. Бұл үшін 4-19 наурыз аралығында өтініш жазып, жеке куəлікті ұсыну керек.

Айта кетейік, учаскелік сайлау комиссиялары күн сайын сағат 09.00-20.00 аралығында үзіліссіз жұмыс істейді.

АДВОКАТТАР ТӨРЕЛІК СОТТАРДАҒЫ ДАУЛАРҒА ҚАТЫСА АЛАТЫН БОЛАДЫ. БҰЛ ТУРАЛЫ КЕШЕ СЕНАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢНАМА, СОТ ЖҮЙЕСІ ЖƏНЕ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ КОМИТЕТІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫНДА ƏДІЛЕТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ЗƏУРЕШ БАЙМОЛДИ-НА МƏЛІМ ЕТТІ. ЕСКЕ САЛАЙЫҚ, КОМИТЕТТЕ «ТӨРЕЛІК СОТТАР ТУРАЛЫ» ЗАҢ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНҒАН БОЛАТЫН.

Бұл құжат төрелік соттар қызметіне жаңа əдістерді енгізуді қарастырады. Атап айтқанда, төрелік соттар келісімінің дербес қағидасы бекітіледі, сонымен бірге, құпиялылық қағидаты бойынша əрекет ету ауқымы кеңейтіледі. Бұдан бөлек, төрелік соттардың біліктілік талаптары нақтыланады. Осыған орай, Қазақстанда төрелік соттар палатасын құру шарасы да көзделеді. Ондай институттың құрылуы төрелік соттар қызметін жүзеге асыру үшін құқықтық, экономикалық жəне əлеуметтік жағдайларды қамтамасыз етеді.

Төрелік соттар палатасы құрылуы мүмкін

« Т ө р е л і к с о т т а р қ ы з м е т і н жетілдіру мақсатында осы сала-ны зерделей түсу үшін ғылыми-тəжірибелік шаралар кешені жүзеге асырылатын болады. Төрел ік соттардың сапалық құрамын қайта қарау, оқыту семинарла-ры арқылы олардың біліктілігін көтеру қамтамасыз етіледі. Тағы бір маңызды жаңалық, заң жобасы бойынша адвокаттық қызмет туралы қолданыстағы заңға түзету енгізіледі. Осы арқылы біз адвокаттарға төрелік (арбитраждық) соттағы дауларға қатысуды ұсынатын бо-ламыз. Бұның аясында олар арбитр бола алады. Жалпы қолданыстағы заңда оларға қатысты тікелей тый-ым салу жоқ. Алайда, осындай норма болмағандықтан, адвокаттар

мұндай іске қатыспай келген болатын», – деді вице министр З. Баймолдина.

Сондай-ақ вице-министр осы бағытта бірыңғай заң жобалары болу керек деп санайды.

«Шетелдік тəжірибелер бойынша көптеген елде төрелік соттар туралы заңдар бар. Ал бұрынғы кеңестік мемлекеттерде əлі күнге екі дербес заңдар бар. Олардың мəнісі бір болғандықтан да, біз бірыңғай заң жобасын əзірлеу керек деп шештік», – деді Зəуреш Баймолдина.

Оны ң айтуынша, заң жобасы бойынша мемлекеттік мүддені қорғаудың соттан тыс фор-масын дамыту көзделеді. Бұл ретте құжатта құпиялылық қағидаттары кеңейтіледі. Сондықтан да тараптар осы қағидатқа сүйене отырып, мемлекеттік сотқа қарағанда төрелік соттарға жүгінген жөн деп санайтын болады. Сонымен қатар, төрелік жасаушы соттарға қатысты біліктілік талаптары арттырылады.

Заң жобасы палатаның алдағы уақытта өтетін жалпы отырысына шығарылады.

БІРҚАТАР ЕҚЫҰ ЕЛІ ТЕРРОРИЗМГЕ АЛЫП КЕЛЕТІН ЭКСТРЕМИЗМГЕ ЖƏНЕ РАДИКА-ЛИЗМГЕ ҚАРСЫ КҮРЕСКЕ ХАЛЫҚТЫ ТАР-ТУДЫ ҰСЫНАДЫ. БҰЛ ТАҚЫРЫПТЫ КЕШЕ АСТАНАДА ЕУРОПАДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЖƏНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА КІРЕТІН ҰЛЫБРИТАНИЯ, ҚЫРҒЫЗСТАН, ТƏЖІКСТАН, РЕ-СЕЙ ЖƏНЕ ҚАЗАҚСТАН ӨКІЛДЕРІ ТАЛҚЫЛАДЫ.

«Егер қауіптің кешенді сипатын ескерсек, бұл сын-қатерлерге кешенді жауап та жасақтау қажет, – деді РФ Əскери ғылым академиясының академигі Владимир Петровский. – Көшедегі адамдар да қарсы тұруы тиіс. Мысалы əжейлер аулада жұмыс істейді, үй комитеті делік, олар күдікті бірдеңе байқаса, талқылап, учаскелік по-лицейге хабарласады деген сияқты».

Сарапшы əр мемлекетте халқын жұмылдыруға болатын жəне іске асырылуы тиіс көптеген жұмыс түрлері бар деп санайды.

«Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров «абсолютті жауыздық» деп атаған ДАИШ əрекетіне осылай жауап беру тиімді болатын тəрізді. Бұл қауіптің абсолюттілігі – қоғамға ден-деп енуінде. Əлеуметтік байланыстар бұзылуда. Тиісінше, қоғам да мемлекеттік институттармен бірлесіп, бұған қарсы тұрар күш табуы тиіс», – деп сөзін түйіндеді В.Петровский.

Бұл мемлекеттік құрылым мен азаматтық қоғам күшін біріктіру бастамасын мүше мемлекеттер ҰҚШҰ өңірінде ғана емес, одан тыс жерлерге таратуды жоспарлауда.

Экстремизммен əжейлер де күреседі

БҮГІНДЕ БАЙҚОҢЫРДЫҢ ТУРИСТІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ 300-ГЕ ЖУЫҚ АДАМДЫ ҚАБЫЛДАУҒА ҚАУҚАРЛЫ. СҰРАНЫСТЫҢ ӨСУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ БҰЛ КӨРСЕТКІШ АЛДАҒЫ УАҚЫТТА АРТАДЫ. ЖЕРДЕГІ ҒАРЫШ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДАР НЫСАН-ДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ОРТАЛЫҒЫ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ РАНО ДЖУРАЕВА ОСЫЛАЙ ДЕЙДІ. БҰЛ ТУРАЛЫ KAZINFORM.KZ ХАБАРЛАДЫ.

Жұма күні қайта қалпына келтіруден кейін «Крайний» аэродромының ұшу-қону жолағы ашылды. Осылайша, 2013 жылы уақытша тоқтатылған ғарыш айлағы мен Байқоңыр қаласы арасындағы əуе бағыты қалпына келтірілді. Қалпына келтіру жұмыстарынан кейін ұшу-қону жолағы 3100 метрге дейін ұзарды, енді «Крайний» барлық əуе кемелерін қабылдай алады.

«Байқоңырға барғысы келетін тури-стерге қонақ үйден 300 орын бөле ала-мыз. Байқоңырға баруға деген сұранысты анықтағымыз келеді. Сонымен қатар, қазір екі қонақ үй салынып жатыр. Олар биыл қолданысқа беріліп, туристтік инфрақұрылымға енгізілуі мүмкін», – деді Р.Джураева.

Оның сөзіне қарағанда, ағымдағы жылдан Байқоңырға туристтердің келуіне жағдай жасайтын

Байқоңыр туристерді қабылдауға дайын

ресейлік компаниялардың тізімі құрастырылды. Еске сала кетейік, осыған дейін Байқоңыр жəне

Восточный ғарыш айлақтарында 40-тан астам опе-ратор туризмді дамытатынын хабарлады. Олардың 6-ы Ресей аймақтарының, 7-уі Қазақстанның жəне 1-уі Өзбекстанның туристік операторлары.

ҚАЗАҚСТАНДА НАУРЫЗДЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖАРТЫ-СЫНДА 27 ГРАДУСҚА ДЕЙІН АЯЗ БОЛАДЫ. СО-НЫМЕН ҚАТАР, РЕСПУБЛИКАНЫҢ КӨП БӨЛІГІНДЕ КҮН ЖЫЛЫНЫП, АУА ТЕМПЕРАТУРАСЫ 1 ГРАДУС НОРМАСЫНАН ЖОҒАРЫ БОЛАДЫ. БҰЛ ТУРАЛЫ «ҚАЗГИДРОМЕТ» КƏСІПОРНЫНАН ХАБАРЛАДЫ.

Наурызда 27 градус аяз боладыАл еліміздің оңтүстік-шығысында жəне баты-

ста ауа температурасы климаттық норма ая-сында болады. Батыста, шығыста, солтүстіктің шеткі аймақтарында жəне оңтүстіктің таулы аудандарында шауын-шашын нормадан артық түссе, қалған аймақтарда нормадан төмен бо-

лады.Метеоқызметтің мəліметінше, алғашқы дека-

дада Қазақстанның басым бөлігінде циклонның əсерінен жауын-шашын, тұман, көктайғақ болып, кей жерлерде желдің жылдамдығы се-кундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

«Сонымен қатар, антициклонның келуімен түнде ауа температурасы солтүстік аудандарда 12-20 градусқа дейін, шығыста кей жерлер-де 27 градусқа дейін суытады. Ал оңтүстік өңірде 0-5 градус аяз болса, оңтүстік-шығыста 8-13 градусқа дейін күн суытады», – дейді кəсіпорын қызметкерлері.

Синоптиктердің айтуынша, айдың соңында ауа райы қайтадан жылынады.

ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙДЕ НАУРЫЗДЫҢ 1-ІНДЕ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ «БІР ШАҢЫРАҚ АСТЫНДА» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ ФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ. БҰЛ ТУРАЛЫ МУЗЕЙДІҢ АҚПАРАТТЫҚ-ИМИДЖДІК ҚЫЗМЕТІ ХАБАРЛАДЫ.

Бір шаңырақ астында

Іс-шара барысында этно-мəдени дəстүрде жасалған балалар шығармашылығы орталықтары м е н м е к т е п о қ у ш ы л а р ы н ы ң қ о л ө н е р жұмыстарының жəрмеңкесі ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, фестиваль аясында Астана қаласының орта жəне музыкалық мектептерінің оқушылары мерекелік концерт ұсынады.

Айта кетейік, Президент Н.Ə.Назарбаевтың 2016 жылғы 14 қаңтарында бекіткен №173 Жарлығына сəйкес, 1 наурыз – Алғыс айту күні бо-лып жарияланды. Елімізде алғаш рет тойланғалы отырған бұл мереке ұлттар татулығын бекемдеп, ел бірлігін сақтау мақсатында жүзеге асырылған.

Page 3: Сақшы №17 (4183)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 3е-mail: [email protected]№17 (4183), сейсенбі, 1.03.2016 е-mail:[email protected]

УАҚЫТ ТЫНЫСЫ

А.ИЗГУТТИНОВА, Семей қаласы

ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНДАҒЫ «DEDEMAN» ҚОНАҚ ҮЙІНДЕ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ КƏМЕЛЕТТІК ЖАСҚА ТОЛМАҒАНДАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ.

ТҮРМЕ РЕФОРМАСЫҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС

«ҚАЗМЕДИА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ» КОНЦЕРТ ЗАЛЫНДА 8 НАУРЫЗ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ƏЙЕЛДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ӨТКЕН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРАДА ІІМ ТЖК ӨКІЛДЕРІ 11 ЖАСТАҒЫ АРУЖАНДЫ МАРАПАТТАДЫ.

11 ақпанда Қызылорда қаласында болған өрт кезінде батыл қыз Аружан өзінің екі інісі мен кіші сіңлісін тілсіз жаудан аман алып қалған болатын.

Жасына қарамастан, ол бауырларына терезе арқылы шығуға көмектесіп, ересектерді көмекке шақырған. Аружанның қорықпай əрекет етуінің арқасында қайғылы оқиғаға жол берілмеді.

Батыр қыз төтенше жағдайда адам өмірін сақтап қалуда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Ішкі істер министрінің бұйрығымен «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төс белгісімен марапатталды.

Аружанға марапатты ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің Төтенше жағдайларды жою басқармасы бастығының орынбасары, полковник А.Жұманов салтанатты түрде тапсырды.

Кеш барысында өмірдің барлық ауыртпалықтары мен қиындықтарына қарамастан мойымай, күн сайын кішкентай керемет жасауды жалғастыратын адамдар жайында айтылды жəне олар да марапатқа ие болды. Елдің даму-ына ерекше үлес қосқан əйелдерге арнайы мереке барысында дайындалған номинациялар жəне сыйлықтар тартылды. Сондай-ақ, адамдарға көмек беріп, таңғажайып əрекет жасайтын батырлар туралы бейнесюжеттермен театр қойылымдары көрсетілді.

Дəл осындай батырлар біздің əлемді ізгілікке жəне жарыққа толтырады. Бағдарлама кейіпкерлері барлық елге тамаша үлгі болды жəне жеке тəжірибелерінде қиын жағдайларда бір-біріне көмектесу өте маңызды екенін дəлелдеді.

ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ БЕКІТІЛДІ

Жадыра МЫРЗАХМЕТ, сурет Серік ЖОЛДАСПЕКОВТІКІ

КЕШЕ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ, ПОЛИЦИЯ ГЕНЕРАЛ-ПОЛКОВНИГІ ҚАЛМҰХАНБЕТ ҚАСЫМОВТЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ІІМ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ. ЖАҢАДАН ІРІКТЕЛГЕН КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТКЕН ОТЫРЫСТА КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫНАН БАСТАП, КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ ҚАЙТА САЙЛАНДЫ.

Кеңес отырысын алғысөз імен ашқан Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы: «Қоғамдық кеңестің құрамында жұмыс істеуге деген ынталарыңыз үшін алғысымды айтамын. «Ішкі істер органы туралы» заңға сəйкес, Қоғамдық кеңес Ішкі істер министрлігінің жəне барлық ІІД жанынан құрылып, жұмыс істеп келді. Бұдан былай, Елбасының «100 нақты қадам» – Ұлт Жоспарын іске асы-ру барысында Қоғамдық кеңес барлық министрліктердің жанынан құрылатын болады. Жұмыс тобы Қоғамдық кеңестің құрамына адамдарды қабылдау үшін конкурстық байқау ұйымдастырып, үміткерлерді іріктеді», – деген ол 27 ақпанда Қоғамдық кеңестің құрамын бекітуге байланысты бұйрыққа қол қойғанын айтты.

Министрдің мəлімдеу інше, бұл кеңестің құрамына азаматтық қоғамнан ҚазГЗУ-дің Қылмыстық-процессуалдық зерттеулер мен Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ғылыми-зерттеу институтының директоры Марат Қоғамов, «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігі Президиумының төрағасы, əд і лет г енерал -майоры Рүс тем Қайдаров, Ішкі істер органдары мен ҰҰ ардагерлері қазақстандық кеңесінің

төрағасы, милиция генерал-майоры Өмірзақ Болсамбеков, Республикалық Адвокаттар алқасының төрағасы Ануар Түгел, ҚР Кəсіподақтар федерация-сы төрағасының орынбасары Павел Казанцев, Орталық Азиядағы PRI (Халықаралық түрме реформасы) өңірлік директоры Азамат Шамбилов, Қазақ экономика, қаржы жəне халықаралық сауда университетінің доценті Бақтияр Булеулиев, «Адам құқығын қорғау хар-тиясы» қоғамдық қорының директоры Жеміс Тұрмағамбетова, Адам құқы жəне заңдылықтарды сақтау жөніндегі халықаралық бюросының Шығыс Қазақстан облысы филиалының ди-ректоры Қуат Рахимбердин, Назарбаев Университетінің National Laboratory Astana жекеменшік мекемесінің ди-ректоры Жақсыбай Жұмад ілов , «Казахстанская правда» республикалық газеті» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары-бас редактор Татьяна Костина, Адвокаттар алқасының адво-каты Ержан Нұрпеисов алынып отыр. Ал заңның талаптары мен нормаларына сəйкес, Қоғамдық кеңес мүшелерінің үштен екісін азаматтық қоғам мүшелері, ал үштен бірін Ішкі істер министрлігінің өкілдері құрау керек.

Бұл кеңестің құрамына министрліктен ІІМ Кадр жұмысы департаментінің бастығы, полиция полковнигі Алтынғали Үсенов, ІІМ Заң департаментінің дирек-торы Сергей Пономарев, Мемлекеттік тіл жəне ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев, Штаб департаментінің бастығы, полиция полковнигі Серік Сүйінбаев енді. «Өздеріңіз білетіндей, 20 наурызда Парламент Мəжілісі де-путаттарын сайлау өткізіледі. Қазіргі уақытта ұйымдастыру жұмыстары қызу жүргізілуде. Жаңадан құрылған Мəжілістен біздің кеңес Президиумына бірнеше депутатты қосуды жоспарлап отырмыз. Бұл заңмен қаралған», – деп хабарлады министр. Ол, сондай-ақ, Қоғамдық кеңестің жұмысына қатысты күн тəртібіне шығарылған сұрақтарға жеке-жеке тоқталды. Коғамдық кеңестің комиссия мүшелерін сайлау, комис-сия құру, Президиум құрамын бекіту сұрақтары күн тəртібіне қойылды.

Кеңес отырысына қатысушылар б ірауыздан дауыс беру арқылы Қоғамдық кеңестің төрағалығына Марат Қоғамовты тағайындады. Кеңес оты-рысын əрі қарай қолға алған Марат Чекішұлы жұмыс жоспарымен таны-стырды. Оның басшылығымен дау-ыс беру арқылы Қоғамдық кеңестің хатшылық қызметіне Серік Сүйінбаев тағайындалды. Кеңестің ішінен екі бірдей комиссия құрылып, олардың төрағалары сайланды. Алдағы уақытта атқарылуы тиіс жұмыстардың жоспары құрылып, Қоғамдық кеңестің мүшесі екенін растайтын куəліктер дайында-лып, олардың əрқайсысына беріледі.

Балалар құқын қорғау бойынша институттар мен мамандардың іс-əрекеттерін жетілдіру, сондай-ақ, кəмелеттік жасқа толмаған жеткіншектер пробациясы мəселелері жан-жақты талқыланған жиынды Шығыс Қазақстан облысының əкімдігі, ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитеті, Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қоры, Орталық Азиядағы PRI халықаралық түрме реформасы ұйымдастырып отыр. Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД мен барлық пробация қызметтерінің басшылығы қатысқан басқосуға ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары, əділет генерал-майоры Мейрам Аюбаев жетекшілік жасады. Пробация қызметі жөніндегі басқарманың аға инспекторы Г.Уазиров, ювеналдық соттар, прокуратура органдары, Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қорының төрағасы Ю.Оксамитный, Орталық Азиядағы Penal Reform International (Халықаралық түрме реформасы) халықаралық өкілдігінің өңірлік директоры Азамат Шамбилов жəне Молдова Республикасы пробация қызметінің бастығы Владимир Попа, балалар құқын қорғау жөніндегі комитеттің бас сарапшысы А.Тоқтарбекова, Білім басқармасының бастығы А.Садықова, «Корам» балалар құқығы орталығының халықаралық зерттеушісі Аваз Рауф, БҰҰ Балалар Қорының балалар құқын қорғау бағдарламаларын үйлесіруші М.Алыбекова, «Феникс» орталығының басшысы Н.Ахметқалиева қатысқан жиын барысында балалар құқын қорғау мəселелері кеңінен сөз болды. Осы бағыттағы үйлестіру механизмін жетілдіруді мақсат тұтқан басқосу барысын-да мамандар кəмелеттік жасқа толмаған жеткіншектер үшін пробация жүйесін модельдеу сұрағын да кеңінен талқыға салды.

Сондай-ақ, жиында жеткіншектер пробациясы жүйесін құруда мамандар мен құзырлы органдардың өзара іс-əрекеттерін үйлестіру, Қазақстан Республикасы заңнамаларымен «кикілжіңге түскен» бала құқын қорғау, орталық жəне аймақтарда Кəмелетке толмағандар ісі жөніндегі комитеттің жұмысын жандан-дыру жəне де бақылау жасау мəселелері де сөз болды.

Пікірталастан жəне мəселені талқыға салудан кейін жұмыс қорытындысы шығарылып, Қазақстандағы пробация қызметін ұйымдастыру жұмыстары өзге елдердің тəжірибелерімен салыстырылды. Мамандар елімізде енді ғана қолданысқа енгізілген жаңа қызметтің аз уақыттың ішінде алға жылжығанын атап өтті.

Ішкі істер министрлігінің клубында өткен кездесу барысында Орталық с а й л а у к о м и с с и я с ы а п п а р а т ы заң бөлімінің меңгерушісі Евгения Халмецкая жеке құрамды сайлау жұмыстарының өткізілуіне қатысты бірқатар тəрт іппен таныстырды. Парламент Мəжілісі мен мəслихат депутаттарын сайлау жұмыстарының тыныш өтуін қамтамасыз етуде құқық қорғау органы қызметкерлерінің рөлі туралы айтқан ол: «Сайлау жұмыстарының тəртіпке сай жəне қандай да бір тəртіп бұзушылықсыз өткізілгені оның қатысушылары үшін маңызды. Сайлау кезінде тəртіпті қамтамасыз етуде құқық қорғау ор-ганы қызметкерлерінің тигізер көмегі көп. Елді мекендердегі көшелерді патрульдеу кезінде олар сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына қатысты келесідей ереже бұзушылықтарға на-зар аударулары тиіс», – деді. Сондай-ақ, ол сайлау алды жұмыстары кезінде сақталуы тиіс ережелерді тізбектеп шықты.

«Үгіт-насихат жүмыстары жария түрде жүргізіледі. Сондықтан да, үгіттеу материалдарын əкімдік бөлген арнайы орындарға жəне көшелердегі стендтерге ілуге рұқсат етілген. Ал, үгіт-насихат ақпараттарын ескерткіш тақталарына, мəдени-тарихи жəне архитектуралық құндылық саналатын ғимараттардың сыртына ілуге тыйым салынған. Өкінішке қарай, осыған дейін өткізілген сайлау кезінде үгіт-насихат материалдарының жойылуына қатысты фактілер тіркелген болатын», – деді Е.Халмецкая.

ДӘРІС

САЙЛАУ АЛДЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАРЖадыра МЫРЗАХМЕТ, сурет Серік ЖОЛДАСПЕКОВТІКІ

ӨТКЕН АПТАДА ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНДЕ «ПАРЛАМЕНТ МƏЖІЛІСІ МЕН МƏСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫН САЙЛАУ» ЖƏНЕ «МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ƏДЕП КОДЕКСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОРТАЛЫҚ АППАРАТ ЖЕКЕ ҚҰРАМЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ДƏРІС ӨТТІ.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің əдептілік нормалары мінез-құлықтарын одан əрі жетілдіру мақсатында Президенттің 2015 жылғы 29 желтоқсанындағы Жарлығымен « М е м л е к е т т і к қ ы з м е т ш і л е р д і ң əдеп кодексі» бекітілді. Жаңадан қолданысқа енгізілген кодекстегі негізгі ережелерге тоқталған ІІМ Кадр жұмысы департаментінің тəрбие жұмысын ұйымдастыру бөлімін ің аға инспекоры, полиция майоры Рүстем Садуақасов: «Мемлекеттік қызметкерлердің моральдық əдептілік нормаларына жоғары талаптар қойылады. Олар күш жігері, білімі мен тəж ірибелер ін мемлекетт ің мүддесі үшін жұмсайды. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметкерлер өз қызметтерінде ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сая-сатын жақтаулары жəне оны дəйекті түрде жүзеге асырулары тиіс. Кодекс халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мəдениетін қалыптастыруға жəне мемлекеттік қызметшілердің əдепсіз мінез-құлықтарының алдын алуға бағытталған», – деді ол.

Кодекс жүктеген міндеттермен қызметкер қызметке тұрғаннан кейін үш күн ішінде таныстырылуы тиіс. Сондай-ақ, оларға Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық кел і с імд і нығайтуға ықпал ету , мемлекеттік жəне басқа тілдерге, сонымен қатар, халқымыздың салт-дəстүрлеріне құрметпен қарау міндеті жүктелед і . Заңмен мемлекетт і к

меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге , өз іне сен іп тапсырылған мемлекеттік меншікті, оның ішінде автокөл ік құралдарын тек қана қызметтік мақсатта пайдалануға рұқсат етілген. Мемлекет мүддесі үшін қызмет ететіндер қызметтік тапсырма-ны бұлжытпай орындауы, қызметтік міндеттерін адал əрі сапалы атқаруы, жұмыс уақытын тиімді пайдалануы тиіс

М е м л е к е т т і к қ ы з м е т к е р л е р , оның ішінде басшы лауазымдар-ды атқаратындар ұжымда өз діни көзқарастарын ашық көрсете ал-м а й д ы ж ə н е д е қ о л а с т ы н д а ғ ы қызметкерлерді қоғамдық жəне діни бірлестіктердің басқа да коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне қатысуға мəжбүрлей алмайды. Бұл кодек-сте мемлекеттік қызметкерлердің қызметтен тыс уақытта өзін ұстау əдеп -нормаларымен қатар БАҚ өкілдерінің алдында сөйлеу əдебіне қатысты стандарттар көрсетілген. Мəселен, мемлекеттік қызметкерлер қызметтік беделіне нұқсан келтірмей, пікірсайысты сыпайы түрде жүргізуі тиіс.

Кодекстің жаңа нұсқасы жүктеген жауапкершілік жөнінде тарқатып айтқан Рүстем Əбікейұлы сөз соңында Алғыс айту күнінің маңыздылығына тоқталып, жеке құрамды осы мере-кемен құттықтады. «Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні. Сонымен қатар, күрделі заманды иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тəуелсіз Қазақстан құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет көрсететін күні», – деді өз сөзінде Рүстем Садуақасов.

Кəмелетке толмағандар пробациясы сөз болды

Пікірталастың негізгі мақсаты – жастарды жат қылықтардан арылту, жас өркеннің құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ, қоғамның саламатты да білімді ұрпағын қалыптастыру.

Пікірталасқа Тасбөгет кенті ардагерлер ұйымы төрағасының орынбасары О.Тобағабылов, қоғамдық кеңес мүшесі Ж.Жүзденбетов, «Құддыс Ишан» мешітінің ұстазы М.Түлкібаев, Тасбөгет кенті əкімі аппаратының жастар ісі жөніндегі мама-ны О.Нұрмағамбетов, №257 мектеп инспекторы Айнұр Абдрахманова, №4 емхана мен мектептің психолог мамандары жəне кітапхана оқырмандары қатыстырылды. Шараға қатысушылар жалпы бүгінгі таңдағы жастар арасындағы жат қылықтар мен келеңсіз жағдайлар туралы, отбасындағы қарым-қатынастың дұрыс қалыптаспағаны, ұл-қызына, бала тəрбиесіне уақыт жоқ деп көңіл бөлмейтін əкелер мен аналардың, өкінішке қарай, көп екендігі туралы айтты. Мектеп ин-спекторы кəмелеттік жасқа толмаған мектеп оқушыларының арасында беймезгіл уақытта көшеде жүретін, негізсіз майда бұзақылықпен есепте тұрған балалардың бар екендігін айта келіп, оқырмандарға сол үшін ата-анаға айып салынатыны жөнінде түсінік берді. Пікірталасқа қатысқан басқа да оқырмандар өз ойларын, көкейде жүрген сұрақтарын мамандарға қойып, ой бөлісті.

ТАЛҚЫ

ЖАРАЙСЫҢ!

Жат қылықтарға тосқауыл бола ма?

Ш.ҚАНҚОЖАЕВА, Қызылорда қаласы

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ ЖҮЙЕГЕ ҚАРАСТЫ №1 КІТАПХАНАНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН «ЖАСТАР БОЙЫНДАҒЫ ЖАТ ҚЫЛЫҚТАРҒА ТОСҚАУЫЛ БОЛА МА?» ТАҚЫРЫБЫНДА ПІКІРТАЛАС ӨТТІ.

11 жасар батыр қыз

Page 4: Сақшы №17 (4183)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20134 е-mail: [email protected]№17 (4183), сейсенбі, 1.03.2016 е-mail:[email protected]

МЕРЕКЕ

АЛҒЫС АЙТСАМ ДЕП ЕДІМ...БИЫЛ АЛҒАШ РЕТ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2016 ЖЫЛҒЫ 14 ҚАҢТАРДАҒЫ №173 ЖАРЛЫҒЫМЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КƏСІПТІК ЖƏНЕ ӨЗГЕ ДЕ МЕРЕКЕЛЕР ТІЗІМІНЕ ЕНГІЗІЛГЕН АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНЫП ЖАТЫР. БҰЛ МЕРЕКЕНІҢ ЕЛ ТƏУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫМЕН ТҰСПА-ТҰС КЕЛУІ ТАРИХИ МАҢЫЗЫ ЗОР ОҚИҒА. КӨКТЕМНІҢ ШУАҚТЫ АЛҒАШҚЫ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА АЙМАҚТАҒЫ ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНДА ДА АЙШЫҚТЫ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ. МƏСЕЛЕН...

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫҚызылорда облыстық Ішкі істер департаментінде

университет ғалымдарының, тіл жанашырларының, зиялы қауым өкілдері жəне департамент бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ж.Оспанов пен де-партамент қызметкерлерінің қатысуымен мерекелік жиын өтті.

Жастарға берер тағылы мол жиында Алғыс айту күні мерекесін тойлаудың маңыздылығы айтылып, əлем елдерінде қолданылып жатқан тəжірибелері талқыланды.

Шараны Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университет ін ің «Қазақстан халқы Ассамблеясы»

кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымының кандидаты Нұрлыбек Мыңжас ашып, бұл мерекенің маңыздылығына тоқталып, мақсатын қысқаша баяндап берді.

Жиын барысында қоғамдық тəртіп мен қауіпсіздікті сақтау жолында өз міндеттерін атқарып жүрген по-лиция қызметкерлері болашағымызға бағдар беріп, ұлтты ұйыстыратын, бірлігімізді бекемдеп, ертеңімізге деген сенімімізді еселей түсетін «Мəңгілік Ел» ұлттық идеясының маңызын саралап, Қазақстан сынды жас мемлекет үшін көрсетер иг іл і г ін атап өтт і . Жиын соңында полиция қызметкерлері келген қонақтарға көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫАлғыс айту күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облыстық ІІД

Əкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Лео Шикпен кездесу ұйымдастырды.

АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ІІДАлғыс айту мерекесін Астана қалалық ІІД Жергілікті полиция

қызметкерлері қайырымдылық шараларымен көмкеріп, игі істерін дертке ұшыраған бүлдіршіндерге көңіл бөлуден, шын ниетпен сыйлық тарту етуден бастады.

Мереке күні қарсаңында Астана қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің инспекторлары «Ана мен бала» ұлттық ғылыми орталығында онкологиялық ауруға шалдыққан балаларға мүсін жасауға арналған сазбалшық, М.Əуезов,

АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ІІДАлматыда Алғыс айту күні ерлік

жасаған полицейлердің ата-анала-рына құрмет көрсетілді.

Жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік полкінің қызметкері Елдос Досанов пен полиция капитаны Қуат Баймұханов өткен жылы жазда өртке оранған үйден ерлі-зайыптыларды алып шығып, өмірлерін аман сақтап қалған еді. Кейін полицейлер Тəуелсіздік күні қарсаңында «Ерлігі үшін» медалімен ма-рапатталды. Бұл марапатты Қазақстан Республикасы Президентінің атынан награда иелеріне Алматы қалалық ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Серік Күдебаев табыстады.

Араға екі ай салып полиция капи-таны Елдос Əбдірақымов бір адамды өлімнен құтқарып қалды. Қаскөйлер бір кəсіпкерді ұрлап əкеткен болатын. Елдос Əбдірақымов қылмыскерлермен бетпе-бет келіп, қарсылық көрсеткен біреуін қарусыздандырған. Сөйтіп, олар көліктеріне салып алған кəсіпкерді құтқарады. Осы батыл қимылы мен кəсіби біліктілігі үшін Е.Əбдірақымов ҚР Президенті Н.Назарбаевтың қолынан ІІ дəрежелі «Айбын» орденін алды.

«Бүгінгі күннің батырларын дəл Алғыс айту күніне орай құрметтеуіміз тегіннен-тегін емес. Бұл күн – бəрінен бұрын бейбітшілік пен ынтымақтың

ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫАлғыс айту күні қарсаңында шығысқазақстандық поли-

ция қызметкерлері мен жол қозғалысының жас инспекторлары қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

«Қайырымдылық – қанымызда» деп аталатын шараны өткізуге Шығыс Қазақстан облыстық ІІД Əкімшілік полиция басқармасы мен Жергілікті полиция қызметі бастама көтерсе, «Жігер» Өскемен балалар-жасөспірімдер клубтарының бірлестігі» МКҚК мен «Шығыс» жас жол қозғалысы инспекторларының жасағы бірауыздан қолдау көрсетіп, қолдарынан келген көмектерін аямады.

Қайырымдылық шараның ең бірінші демеушісі полиция қызметкерлерінің өздері болса, Кострома қаласындағы «Фэст» ҚБ де көмектерін аяп қалмай, балаларға арналған қауіпсіздік құрылғыларын тарту етті. Ең бірінші тəртіп сақшылары бала-лар үйіне барып, базарлықтарын табыстап, бүлдіршіндерге көктемдей жылылық сыйлады. Кейіннен шараны ұйымдастырушылар Шығыс Қазақстан облыстық балалар жəне жасөспірімдер кітапханасына да бас сұқты.

Мамандандырылған балалар үйінің аға тəрбиелеушісі Ольга Бабичева сақшылар сыйға тартқан жаңа аяқ киімдер мен киім-кешектер, сондай-ақ, ақшалай қаражаттар бүлдіршіндерге ешқашан артықтық етпейтінін айтып өтті. Қазіргі таңда балалар үйінде 4 жасқа дейінгі 96 бала өсіп келеді.

Ал, Алғыс айту күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облыстық балалар жəне жасөспірімдер кітапханасында «Аспан бəрімізге ортақ» атты достық фестивалі өтті. Шара шеңберінде облыстық ІІД Əкімшілік полиция басқармасының жас жол қозғалысы инспекторлары «Шығыс Қазақстан облыстық балалар ауылы» ММ-ның əрбір жас тəрбиеленушілеріне сыйлық жасады. Салтанатты шара кезінде Шығыс Қазақстан өңірінің этномəдени бірлестігінің өнерпаздары əн мен жырдан шашу шашып, балаларға қуаныш пен шаттық сыйлады. Бүлдіршіндермен əңгімелескен бірлестіктегі əр ұлт өкілі өз халқының түп тарихы, қазақ жеріне келу себебі ту-ралы айтып, сөз соңында жүрегі дархан, құшағы кең қазақ халқына алғыстарын білдірді.

«Жігер» Өскемен балалар-жасөспірімдер клубтарының бірлестігі» МКҚК жетекшісі Елена Деш əр жас жол қозғалысы инспекторының бір шаңырақ астында ұлты бөлек, мəдениеті басқа болғанымен бірлігі мен татулығы берік халықтардың ұйымшылдықта өмір сүріп жатқанына көздері жеткенін айтты. «Қайырымдылық – қанымызда» қайырымдылық шарасының жастарға берер тəлімі мол, жеткіншектерді патриоттыққа тəрбиелеп, оң жолға салуда да берері көп. Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған 1 наурыз – алғаш рет аталып өтіп жатқан Алғыс айту күні барлық ұлттардың бір-біріне, ХХ ғасырдың басында жер ауып келгенде жатсынбай, қолтығының астына алып, қамқорлық көрсеткен қазақ еліне ризашылықтарын білдіру мерекесі болып саналады.

салтанат құруы. Бейбітшілік – бүгінгі күні еліміздің басына қонған бақ. Оны ұшырып алмауымыз керек . Осы берекені сақтау жолында ке-стеленген Тəуелсіз Қазақстанның ішкі і стер органдары тарихында жарқын беттері жетерлік. Өз елінің патриоттарының жанын қиған мы-салдары кейінгі буын өкілдеріне үлгі-өнеге болары анық. Осындай ерлік көрсеткен азаматтарды тəрбиелеп, бізге жеткізген, бойларына Отанына деген сүйіспеншілікті сіңіре білген ата-аналарына алғыс айтамыз», – деді қалалық ІІД бастығының орын-басары, полиция полковнигі Ғазиз Нұрқаев. Салтанатты жиынға арнайы

шақырылған ата-аналарға полиция ұжымы естелік сыйлықтар табыс етті. «Мемлекетіміздің құрылған күнінен бастап қызметтік міндетін орындау барысында көрсеткен ерліг і мен жанқиярлығы жəне адал қызметі үшін жиырмадан астам полицей мемлекеттік марапаттарға ие болды. Отан алдындағы айрықша еңбектері үшін ондаған қызметкер «Даңқ» жəне «Айбын» ордендерімен наград-талды. Олардың есімдері тəуелсіз елдің жылнамасына жазылды. Біз олармен мақтанамыз», – деп сөзін тұжырымдаған полиция полковнигі Ғ.Нұрқаев барлық жиналғандарды Алғыс күні мерекесімен құттықтады.

Алғыс айту күні мерекесі тура-л ы о й л а н с а ң , о н ы ң к ө п т е г е н қазақстандық үшін аса маңызды екенін түсінесің. Қоғамда «өрттің» тұтанып кетуі оңайдың-оңайы болып тұрған шақта осынау тыныштықтың нəзік қылын дөп басқан тетікт ің қажеттіліг і сөзсіз еді. Сондықтан елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясы деген институт құрылып, көктемнің алғашқы күнінің Алғыс айту күні деп аталуының мəні зор.

«Кең қолтық қазақ халқы құшағына пана іздеп келгендердің бəрін сыйдыр-ды. Сол үшін де Қазақ елін мекенде-ген əр ұлт пен ұлыстың бұл қасиетті

халыққа алғыс білдіруі заңды нəрсе. Кезегінде қазақтар да оларды туған бауырындай көреді», – деді Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Өскемен қаласының құрметті азаматы Лео Богданович. Лео Шик 1995 жылы ре-спубликада алғашқылардың бірі болып Шығыс Қазақстан облысында Қазақстан халқы достығы үйінің құрылуына баста-машы болған еді. Ал Қазақстан халқы Ассамблеясы – ұлтаралық қатынастарды реттеп отырудың таптырмас құралы болып саналады. Сондай-ақ көп ұлт шоғырланған Шығыс Қазақстан өңірінде бұл институттың алар орны тіптен ерекше.

Тəрт іп сақшыларымен кездесу барысында Лео Шик естеліктерімен бөлісті. 1934 жылдың 30 сəуірінде Волгоград облысында жұмысшылар отбасында дүниеге келген ол 6 жа-сында анасынан айырылады. Əкесі еңбек əскеріне аттанады. Соғыс жылдарында көрген азаптар мен ұлттық кемсітушіліктер оларды қатты титықтатқан еді . 20-ға толғанда əкесі баласына Қазақстанға кету-ге кеңес беред і . «Мұнда қуғын-сүргін көргендердің бəрі еркін тыныс алады», – деген еді əкем. Қаз ір мен тағдырыма ризамын. Мұнда көп нəрсеге қол жеткіздім. Қазақ халқының кеңпейілдігіне таңғаламын да риза боламын», – дейді өткенді есіне алған кеш қонағы.

«Биыл бірінші рет аталып отырған Алғыс айту күнінде мен барлық қуғын-сүргін көрген халықтардың атынан ұлы қазақ халқына рахметімді ай-тамын. Қазақстанға күштеп қоныс аударылғандар мыңдап санала-ды. Өткенге көз жіберіп қарасам, Қазақстанға келмегенімде менің тағдырым басқа арнаға бұрылар еді. Өз басым, мен білетін көптеген та-нысым қазақтардың қамқорлығын ба-рынша көрдік. Көріп те келеміз. Маған Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың қолынан алған «Достық» орденінен асқан ыстық ілтипат пен марапат жоқ», – деп Лео Шик ағынан жарыл-ды.

Шығыс Қазақстан облыстық ІІД басшылығы Лео Шикке тағылымы мол к е зде с у і үш і н ал ғыс тарын білдіріп, полицейлер Алғыс айту күніне орай оған ескерткіш сыйлық табыс етті.

Ж.Аймауытов, І.Есенберлин сынды авторлардың көркем шығармалары мен ба-лалар энциклопедиясы салынған сыйлықтар жиынтығын сыйлады. Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмек қолын созып, қолдау көрсетудің маңыздылығын жақсы түсінеді. Сол себепті де тəртіп сақшылары мұндай отбасыларға қоғам болып көмектесуге шақырады.

Жергілікті полиция қызметкерлері Алғыс айту күніне орай қайырымдылық істермен айналысу барысында əлеуметтік тұрмысы төмен отбасынан шыққан 60 баланы М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрына шақырды. Балалар театрда С.Астраханцевтің «Кішкентай Мүке туралы шағын хикаят» ертегісін тамашалады. Қойылым аяқталған соң қамкөңіл балаларды театр саңлақтарымен фототүсірілім күтіп тұрды. Сондай-ақ, балалар бұл серуен барысында театр мұражайын да аралап көрді. Бұдан бөлек, театрдың режиссері бүлдіршіндер арасында сұрақ-жауап викторинасын өткізіп, алғырлық, тапқырлық танытқандарға театрға шақыру билетін табыс етті.

Сондай-ақ, дəл осы күні Астана қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің ин-спекторлары мен полицияның жас көмекшілері бірлесіп, қарт кісілерге қоғамдық орындарда қолдан жасалған бұйымдар таратты. Тек халық көп жиналатын қоғамдық орындарда ғана емес, олар ішкі істер органдары ардагерлерінің үйлеріне арнайы бас сұғып, азды-көпті сыйлықтарын табыстап, қарияларды қуантып таста-ды. Тағы бір айта кететіні, осы күні мектеп инспекторларының ұйымдастыруымен Қарттар үйінде Алғыс айту күніне орайластырылған шығармашылық кеш өтті. Ал Неврологиялық орталықтағы жүйке жүйесіне шалдыққан балаларға жұмсақ ойыншықтар мен ескерткіш сыйлықтар сыйға тартылды.

Алғыс айту күнін қайырымдылық пен мейірімділік мейрамына айналдырған астаналық сақшылар мұндай игі істердің алдағы уақытта да жалғасын табаты-нына сенімді.

Page 5: Сақшы №17 (4183)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 5е-mail: [email protected]№17 (4183), сейсенбі, 1.03.2016 е-mail:[email protected]

МЕРЕКЕ

ТҮРІМ БАСҚА БОЛҒАНЫМЕН, ЖАНЫМ – ҚАЗАҚ

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫҚарағанды облысында Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің

қатысуымен Алғыс айту күні мерекесі қарсаңында Қарағанды облыстық ІІД-де дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелді Қарағанды облыстық ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ардақ Ынтықбаев ашып, ол өз сөзінде облыстың ішкі істер орган-дарында 30-дан аса басқа ұлт өкілі қызмет ететіндігін атап өтті. Ассамблеяның Қарағанды облыстық хатшылығының басшысы Ерлан Құсайынов Қазақстан халқы Ассамблеясы барлық ұлтты біріктіріп, еліміздегі бейбітшілік пен келісімді нығайту үшін барлық мүмкіншіліктерді жасап жатқандығын айтып өтті.

Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстағы төрағасының орынбасары, «Вайнах» этномəдени бірлестігінің төрағасы Увайс Джанаев чешен халқының Қазақстанға қоныс аударуы туралы жəне əке мен бала тарихы туралы жүрек тебірентер əңгімесін баяндады. Бұл естеліктер жиналғандарға ой салып, Қазақстан халқы бірлігінің тамаша үлгісін таныта білді.

Осылайша, ұлы атырапты Тұран елінде ықылым заманнан ұрпақтан ұрпаққа кіндік қаны тамып жет-кен атажұрттың басында отырған мұра герлер і н і ң жанына алыс -жақыннан ауған талай ұлыс келіп, пана тапты. Бауырласып, елдіктің іргес ін б ірге қалауға серттест і . Қазақстандықтар атанды. Бүгінде қастерлі Қазақ елі – баршамыздың ортақ үйіміз. «Орыс, қазақ, түрік, башқұрт, неміс» болып бөлінбей, татулықтың туын жоғары көтеріп, əлемге өнеге болып отырған жай-ымыз бар. Бұл, əрине, өзінен өзі бола қалған дүние емес. Ең əуелгісі, қазақ халқының бойына с ің іп , қанмен атадан балаға беріліп келе жатқан толеранттық, кеңдік деген сияқты асыл қасиеттердің бойға жиналғандығы болса керек. Əрі ел бастаған көсеміміздің ұлттар арасын жарастыра білген сұңғыла саясаты деп оған тəж етіп, қадірін түсіне білген абзал.

Енд і г і əскери азамат рет інде айтпағым, сол тағдыр табыстырып, тоғыстырған ұлыс өкілдері қазақтың ел иесімен бірге ең қастерілі па-рызы – Отанын қорғауда жүр. Осы орайда Отан үшін ысқырған оққа кеуде керіп, сұқтанған жау мылтығы алдында жүріп ел қорғаушы – жүзі басқа болса да жүрегі бір, тілі басқа болса да тілегі бір сол ұлты өзге азаматтарымыздың елдік жайлы ойларын білгім келді. Əрине, адам алдымен Отан қорғауға сол елдің ұланы, сол халықтың бір алын-бас бөлшегі, мүшесі екенін сезініп барып қана жаппай көзсіз ерлік жасауға, қолға қару алуға барады. Əйтпесе, көңіл қаламаған жерде, ниеті түспеген елде қызмет атқарып жыны бар ма?!

Жақында осы мақсатпен Астана іргесіндегі Ұлттық ұланның 5573 əскери бөліміне барып, жауынгерлік жолдағы өзге ұлт өк ілдер імен жолыққан ед і к . Алдымен 3 -ш і батальонның 9-ротасының взвод

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫАлғыс айту күніне арналған іс-

шаралар аясында Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері екі мүгедек бала тəрбиелеп отырған отбасына көмек көрсетті.

Ұлдардың анасы балаларын оқыту үшін Орал қаласында жалға алынған пəтерде тұруға мəжбүр. Үлкені Айқын №15 көмекші мектебінде оқиды, ал кішісі Айбек мүгедек балаларға арналған психикалық-неврологиялық ауруларымен ауыратындарға арналған «Шапағат» оңалту орталығына бара-ды.

Əр бала біздің қоғамнан ерекше қамқорлық жəне көмек алуға құқылы. Бірақ дене жəне ақыл-ой жағдайы оларға деген жоғары көңіл бөлуді талап ететін балалар бар. Мүгедектік – зор сынақ. Тек сол сынаққа төтеп берер төзім мен сабыр керек. Ал, сырттан кел-ген көмек болса, осы сынаққа тап кел-ген бала көңілі мен ата-ана мейіріміне одан артық ешнəрсе де қажет емес.

Құтқарушылармен кездескеніне қ у а н ғ ан ын ж а с ы рма ғ а н Ай қ ы н өзіне пульті бар теледидар мен үтік сыйлаған департамент қызметкерлерін

АСТАНА ҚАЛАСЫ ТЖДА с т а н а қ а л а с ы Т ө т е н ш е

жағдайлар департаментінде Алғыс айту күніне орай бірнеше игілікті іс-шара ұйымдастырылды. Оның бірі – көктемнің алғашқы күніне орай өткізілген тағылымды кездесу еді.

Кезекті кəсіби дайындық сабағына тарих ғылымының докторы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, про-фессор В.Салахов шақырылған бола-тын. Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдағы сенімді рөлі туралы кеңінен əңгімелеп берген профессор тұрақтылық негізінің тамыры ауызбіршілікте екенін айта келе, қоғамдағы ынтымақтың маңызы жөнінде де ойларын білдірді. Қиын кезеңде көптеген халық қазақ жерінде екінші Отандарын тапқаны ту-ралы да қызықты əңгімесін айтып берді. Бұдан басқа кадр жұмысы бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Қ.Амангелдинов күнтізбедегі жаңа мере-ке туралы жиналған қауымға айтып берді.

1995 жылы 1 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын барлық этностың

бір-біріне мейірбандық танытып, адам-дарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өтуді Мемлекет басшысы ұсынғаны баршаға белгілі.

Алғыс күні қарсаңында өткізіліп жатқан іс-шаралар қызметкерлердің

өзара қарым-қатынас түсініктерін қалыптастыруға, төзімділікке, түрлі ұлт адамдарының мəдени жəне руха-ни құндылықтарын дұрыс қабылдай білуге, бір-бірін сыйлауға, мемлекеттік тілге, жалпы мемлекетімізге құрметпен қарауға себепші болары сөзсіз.

Арман ƏУБƏКІРОВ

ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ БҮГІНДЕ КӨП ҰЛТТЫ МЕМЛЕКЕТ. БҰЛ БІЗДІҢ МАҢДАЙЫМЫЗҒА ЖАЗҒАН ТАҒДЫР СЫЙЫ. АЙНАЛАДАҒЫ ТАЛАЙ ЖҰРТҚА КӨЗ СҮЗСЕК, КӨП ЭТНОСТЫ ЕЛДІҢ АЗ ЕМЕСІН БАЙҚАУҒА БОЛАР. БІРАҚ, БІР ОРТАҚ ОТ ОШАҒЫ – ОТАННЫҢ ҚОЛАСТЫНДА ЖҮЗ ОТЫЗДАН АСТАМ ДІНІ ДЕ, ТІЛІ ДЕ, ТІЛІ ДЕ БӨЛЕК АДАМЗАТ БАЛАСЫНЫҢ ЖИНАЛЫП, ТАТУ-ТƏТТІ ӨМІР СҮРУІ ЕРЕКШЕ ҚҰБЫЛЫС. ҚАЗАҚСТАН, МІНЕ, СОН-ДАЙ МЕРЕЙЛІ МЕМЛЕКЕТ. БАРЛЫҒЫ ТЕГІННЕН-ТЕГІН ЕМЕСТІГІН, АЛЫСЫ МЕН ЖАҚЫНЫНА, ТАНЫСЫ МЕН ЖАТЫНА РИЗА ҺƏМ ҚАМҚОР КӨҢІЛ, ДОС НИЕТПЕН ҚАРАЙ БІЛЕТІН ҚАЗАҚ ҰЛТЫНЫҢ ҰЛЫСЫНА ТАЛАЙ ҰЛТТЫҢ ӨКІЛДЕРІН ҰЙЫСТЫРУЫ ҚҰДІРЕТТІ ЖАРАТУШЫНЫҢ ҚАЛАУЫМЕН БОЛҒАН ДҮНИЕ ДЕП ҚАРАМАСҚА ТАҒЫ БОЛМАЙДЫ. ЕЛБАСЫ АЙТҚАНДАЙ, «КӨП ҰЛТТЫЛЫҚ БІЗДІҢ КЕМШІН ТҰСЫМЫЗ ЕМЕС, ҚАЙТА АЛҒА ОЗАР БАСЫМДЫҒЫМЫЗ».

командирі, лейтенант Мұхриддин Шукуровпен əңгімеміз жарасты. Мұхриддиннің ұлты өзбек екен. 1994 жылы Шымкент қаласында туған. «Менің аталарым тəжік еліндегі Қорғантөбе қаласының тумала-ры. 1972 жылы Қазақстанға көшіп келіпті. Содан бері тамырлас қазақ елінде қазан көтеріп, ошағымызды түтетіп отырған жайымыз бар. Сол кезде атам жалғыз келіпті. Қазір бір қауым ел болып, өркен жайдық. Т а ғ д ы р ы м ы з ғ а р и з а м ы з . М е н

Петропавлдағы Əскери институтты тəмамдап, өмір жолымды əскермен байланыстырдым. Еліміз көп ұлтты мемлекет болғандықтан əскерімізде барлық ұлттардың өкілдері бар. Бірақ алауыздық, керітартушылық деген мүлдем жоқ. Ортақ Отанымызды жан аямай, қан аямай қорғауды ең асыл парызымыз деп түсінеміз. Өзім жауынгерлермен тəрбие сабақтарын жүргізген уақытымда қазақстандық патриотизмге барынша бойлауға ұмтыламын. 1 наурыз – Алғыс айту

күні де мəні бөлек ерекше мереке деп білемін. Бұл адамдық белгісі танылатын күн. Өйткені, жақсылық жасаған, жүдеп-жадап, қам көңілмен келген та-лай ұлысты паналатып, өркенін өсірген қазақ еліне деген шынайы ілтипаттың күні. Ризашылық таныту бұл татулық пен бірліктің ұйытқысы», – дейді жас сардар. Мұхриддиннің ай-туынша, оның отыз адам-нан тұратын взводының өз інде он ек і ұлт өк іл і бар екен. Башқұрт, орыс, украин, белорусь, ұйғыр, нем і с , татар , та ғысын тағылар.

Солардың қатарында ұлты орыс павлодарлық Сер гей Михаилов пен қ а р а ғ а н д ы л ы қ т а т а р Наиль Жантуликов ой

өресі кең жауынгерлер. Мектепті де жақсыға тəмамдағандарын жа-сырмады, туған елдің тамыры терең тарихынан да жақсы хабардар болып шықты. «Қазақстан Кеңес үкіметінің, одан арғы патшалық Ресейдің солақай саясатын жүзеге асыратын орынға айналды. Өткен ғасырдың 30-40-жылдарынан ба-стап Кеңес үкіметі көптеген ұлт пен ұлыстарды түрлі себептер-мен ұлан-ғайыр қазақ жеріне жап-пай көшірді. Мəселен, 1936 жылы Украина мен Польша шекарасы-нан бір ғана Қарағанды облысына мыңдаған неміс пен поляктар жер аударылды. Ал 1937 жылы елімізге

кəрістерді əкеліп қоныстандырды. Жаппай жер аудару соғыс жыл-дары да тоқтаған жоқ. 1943-1944 жылдары Қырымда тұратын татар-ларды құтты мекенінен айырып, қазақ жеріне күштеп көшірді. Бір сөзбен айтқанда, «сатқын», «халық жаулары» саналған көптеген ұлт өкілдері кең байтақ қазақ жерінен пана тапты. Менің атам Ришат та Қырымнан ауып осында келіпті. Қазір мəуелі бəйтеректей үлкен от-басына айналдық. Мен Қазақстанды жұмыр жердегі ең ыстық, ең қымбат жан мекенім, атамекенім деп са-наймын. «Татулық – біздің туымыз» деп Елбасы айтқандай, əрқашан бірлікті, ұлтаралық татулықты елдік ұстаным ретінде бағалай білейік. Мен ата-бабамның атынан қазақ халқына шексіз ризашылығымды б ілд ірем ін» , – дейд і жауынгер Н.Жантуликов. Ал Сергей болса: «Менің бабаларым қазақ жеріне анау алыстағы Киевтен қоныс ау-дарыпты. Сол аталарымның ай-т уынша , б і р - е к і т ү й і нше г і мен келген аталарымды қазақ халқы далада қалдырмаған. Керісінше, ашаршылық, соғыстан азып-тозып отырса да, бір үзім нанын бөліп беріпті . Əрбір қазақтың отбасы осылайша жер аударылғандарды қаңғыртып жібермей, жүрег ін ің кеңдігіне, көңілінің дархандығына сыйғыза білді. Кейін көпшілігі қазақ жерін жерсініп, халқымызға сіңісіп кетті. Əкем орыс, шешем украин болса да, өзімді қазақ санаймын. Тек түрім өзге, жаным, жүрегім қазақ», – деп ойымен бөлісті.

Т а т у л ы қ , б і р л і к – б і з д і ң т у ы м ы з . « Қ а з а қ с т а н х а л қ ы Ассамблеясы құрылған күн – 1 наурыз-ды жыл сайын барлық этностардың бір-біріне жəне мейірбандылық та-нытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту де əділетті іс. Себебі, бұл күн бізді бұрынғыдан да гөр і жақындастыра түспек . Бұл күн мей ір імд іл і кт ің , бүк іл қазақстандықтардың бір-біріне де-ген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі», – деп былтыр Елбасымыз лайықты атап өтіп, биыл-дан бастап күнтізбемізге енгізілген жаңа мереке жасампаз, қастерлі мейрамдардың бірі болары сөзсіз. Қазақстан ұлтаралық достықты құдірет тұта отырып, сан ұлттың құтты мекеніне, əлем мойындаған татулық пен тыныштықтың ордасына айналды. Лайым осы бағытымыздан, бағымыздан жаңылмайық!

үлкен ықыласпен қарсы алды. Бала сыйлықтарға қуанышпен қарап, т ұ р м ы с т ы қ т е х н и к а н ы ң қ а л а й жасайтындығын сол жерде-ақ тексеріп көріп, қызықтап жатты.

Ұлдардың анасы Нұргүл Берденова болса құтқарушыларға отбасына көрсеткен ілтипаты үшін алғыс ай-тып: «Əлемде ауру балаларға көмек көрсететін адамдардың қалғандығын сезіну қуантады. Біз құтқарушыларға

Ұлттық бірліктің жаңа үлгісі мен «Назарбаев моделі» деп аталып кеткен келісімнің жаңа формасын дамытуда Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының өкілі Надежда Ломан үлкен жұмыс атқаруда. Надежда Филипповнаның отбасы Белоруссиядан жер аударылып келген. Кездесу бары-сында Надежда Филипповна əжесі, əкесі мен анасының жер аударылған кездегі қиыншылықтары мен көрген қасіреттерін тебірене еске алды.

Қарағанды облыстық ІІД Кадр жұмысы басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Мұрат Жұмаділдин баяндамасында өткен 2015 жылы 8 наурыз – Халықаралық əйелдер мерекесі қарсаңында қаладағы барлық этносаралық түрлі ұлт бірлестіктерімен тізе қосып, нəзік жанды полицейлердің арасында əр ұлттың тағамдары мен дəстүрлерін дəріптейтін «Мисс Евразия» байқауы өткізілгенін жеткізді. Ару полицейлер Қазақстандағы корей, татар, ингуш, орыс, белорусь, неміс ұлттарының тарихын дəріптеді. Осындай іс-шаралар ішкі істер органдарында жиі өткізіліп тұрады. Қазақстан халқының бірлігіне жəне өз елі мен халқына деген патриоттық сезімдерін жас қызметкерлер осылай білдіреді. Қазақстанның бірлігі мен ынтымағын арттыруда Қарағанды облысына Қазақстан Ассамблеясының ықпалы мен көмегі зор. Октябрь полиция бөлімінің анықтау бөлімінің бастығы Арзу Велиев келген қонақтар мен əріптестерін таңғалдырды. Ол ұлты əзербайжан болғанына қарамастан, өз баяндамасын қазақ тілінде оқыды. Арзу Велиев əзербайжан халқының жер аударылуы жəне əзірбайжан этно орталығы жайында біраз сыр бөлісті.

Кездесу соңында ақын Болат Окуджаваның достықта өмір сүру жайындағы өлең шумақтары оқылып, барлық ұлт өкілдерінің атынан Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтылып, Қазақстан халқының бірлігі жарассын деген лебіздер ақтарылып жатты.

артық сөзс із нағыз ерлерге тəн көмек көрсеткендері үшін шын алғыс білдіреміз», – деді.

Сыйлықтармен келген офицерлер: «Азаматтарға көмек көрсету – бұл біздің негізгі мақсатымыз, ал мүгедектерге көмек қолын созу – бұл əр адамның борышы, біз өзгенің қайғысына бейжай қарай алмаймыз», – деді. Олар үшін Алғыстың үлкені Айқынның риясыз күлкісі еді.

Page 6: Сақшы №17 (4183)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.20136 е-mail: [email protected]№17 (4183), сейсенбі, 1.03.2016 е-mail:[email protected]

ҚЫЗМЕТ

БҮГІН – БҮКІЛӘЛЕМДІК АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС КҮНІ

Осы орайда жыл сайын 1 наурызда аталып өтетін Бүкілəлемдік азаматтық қорғаныс күні қарсаңында 20 жылдық тарихында Мемлекеттік азаматтық қорғау қызметінің мамандарын даяр-лауды жүзеге асырып келе жатқан бірегей оқу орнының бірі – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институты туралы еске сала кеткім келеді.

БҮКІЛƏЛЕМДІК АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС КҮНІНЕ ОРАЙ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ «ӨРТ СӨНДІРУ ЖƏНЕ АПАТТЫҚ-ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗМЕТІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ ƏСКЕРИ ЖҰМЫЛДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ БӨЛІМШЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ӨТКЕН АПТАДА «АБЫЛАЙ ХАН» КОЛЛЕДЖІНІҢ 3-КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ САБАҚ ӨТТІ.

Сабақ соңында студенттер Қызылорда қаласы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміндегі соңғы үлгідегі апаттық-құтқару автокөлігімен, құрал-жабдықтарымен таныстырылды.

Əскери жұмылдыру жұмыстары бөлімшесінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі М.Əбдірайымов өрт сөндіру қызметінің тарихы мен төтенше жағдайлардың түрлеріне тоқталып өтті.

Өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері колледж студенттеріне өз-өзін құтқару тəсілдерімен, тəжірибе жүзінде оқу мұнарасының 3-4-қабатынан қапшыққа секіру арқылы көрсетілімдер қойылды. Сонымен қатар мекемедегі дəрігер тера-певт, азаматтық қорғау аға лейтенанты М.Нұржаубаева жарақат алған кездегі көрсетілетін алғашқы дəрігерлік көмек туралы айтты.

Іс-шара соңында мекеме қызметкерлері студенттердің қойған сұрақтарына жауап беріп, Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институты туралы насихаттап, бейнеролик көрсетті.

Бауыржан НҰРЖАНОВ, Қызылорда облысы ТЖД

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС КҮНІН АТАП ӨТУ АЯСЫН-ДА АҚПАН АЙЫНЫҢ СОҢҒЫ КҮНІ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ТЖД ҚҰРЫЛЫМДЫҚ БӨЛІМШЕЛЕРІ ЖƏНЕ ВЕДОМСТВОЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АШЫҚ АСПАН АСТЫНДА ƏСЕРЛІ МЕРЕКЕНІ АТАП ӨТТІ.

Облыс орталығының «Достық» алаңында таңертең департаменттің «Өрт сөндіру жəне апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ, «Жедел құтқару жасағы» ММ жəне «СҚО бойын-ша апаттар медицинасы орталығы» ММФ өрт сөндіру жəне арнайы техникасы қатар-қатар тізіліп тұрды. Петропавлдың өрт сөндірушілері келген қонақтарға сергітетін жəне сырлы əуендермен жауынгерлердің күнделікті жұмыстары жəне батыл əрекеттері, өрт сөндіру техникасының жəне жабдықтарының мүмкіншіліктері, облыстағы өрт сөндіру ісінің тарихы туралы айтып берді жəне маңызы зор мамандық туралы көптеген сұраққа жауап берді.

Шараға, əсіресе, қызығушылық танытқан балалар көп болды. Олар жауынгерлік киімдерді киіп көрді, «нағыз» өрт сөндіретін қызметтік көліктің ішіне отырып көрді, тіпті, автокөтергішпен де көтеріліп көрді. Оқушылар мұражайда тұратын экспонаттарға, стендтерге қызығушылық танытты жəне төтенше жағдайларды жою жəне өрттерді сөндіру

БАРЛЫҒЫМЫЗҒА МƏЛІМ, ҚАРАУЫЛ БАСТЫҒЫ ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНДЕ ЖЕКЕ ҚҰРАМНЫҢ ҚАРАУЫЛ ҚЫЗМЕТІНЕ ЖАУАПТЫ БОЛАДЫ, АЛ ЕҢ ҮЗДІК ҚАРАУЫЛ БАСТЫҒЫ – ОЛ ӨЗ МІНДЕТТЕРІН АТҚАРЫП ҚАНА ҚОЙМАЙ, ЖҰМЫСЫН АЛҒЫРЛЫҚПЕН КӨРСЕТУГЕ ҰМТЫЛАДЫ: ҰЖЫМЫН ҰЙЫМДАСТЫРАДЫ, ТƏРБИЕЛЕЙДІ ЖƏНЕ ОНЫ ҮЛГІ РЕТІНДЕ КӨРСЕТУГЕ ҰМТЫЛАДЫ.

ҚҰТҚАРУШЫ – ҚҰРМЕТТІ МАМАНДЫҚЕЛIМIЗДIҢ ƏР ТҰРҒЫНЫ ҮШІН МАҢЫЗДЫ ОҚИҒА БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТIНIҢ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ЖОЛДАУЫ ОСЫ ЖОЛЫ ƏЛЕМДIК ДАҒДАРЫС ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ƏРЕКЕТ ЕТУІНДЕГІ ЖҮЙЕЛI БАҒДАРЛАМАҒА АРНАЛЫП, ЕЛБАСЫ ҚОҒАМ НАЗАРЫН АДАМИ РЕСУРСТАРҒА АУДАРТЫП, БОЛАШАҚТА ЕЛ БОЛЫП ЖАҚСЫ НƏТИЖЕЛЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ҮШІН ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚҚА ТЕХНИКАЛЫҚ БІЛІМ АЛУҒА ЖƏНЕ ЕҢБЕК МАМАНДЫҚТАРЫН ТАҢДАУҒА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ.

Құрамына ғылыми дəрежесі бар 10 маман жəне 29 магистр енген, үнемі ұлғайтылып отыратын оқытушы-профессорлық құрам 1995 жылдан бастап 4000-нан астам жоғары білікті маман даярлап шығарды.

Үкіметаралық келісімдерге сəйкес Ресей Федерациясы жəне Беларусь Республикасының Төтенше жағдайлар министрліктерінің профильді жоғарғы оқу орындарына да институттан күндізгі

оқу формасы бойынша 158 курсант жол-данып, сəтті оқытылуда, бұл – Мəскеу, Санкт-Петербор, Екатеринбург жəне Минск қалалары.

2003 жылдан бастап Мемлекеттік өртке қарсы қызмет академиясынан (Мəскеу қаласы) 54 маман дайындалып шығарылып, олардың 20-дан астамы үздік дипломдарға жəне алтын медальға ие болды, Азаматтық қорғаныс академи-ясын (Мəскеу қ.) бітірген 3 курсанттың 2-уі оны үздік тəмамдады.

Оқытудың жаңа технологияларын үнемі енгізе отырып, институт дəріс залдарын түрлі заманауи техникалық құралдармен жабдықтаған, оның ішінде виртуалды зертхана, сандық білім беру ресурстары жəне электронды оқулықтар қоры бар. Республикада баламасы жоқ зертханалық құрылғылар кешені институтта өрт қауіпсіздігі саласындағы іргелі ғылыми зерттеулер жасауға мүмкіндік береді.

Ғылым институт жұмысының ба-сым ба ғыт тарының б і р і б олып табылатындықтан, онда жыл сайын Халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференциялар өтк із іл іп, «КТИ Хабаршысы» атты ғылыми мақалалар журналы басылып шығады. Бұдан басқа

институтта курсанттардың ғылыми шығармашылығына арналған 8 үйірме жұмыс жасауда.

Азаматтық қорғаныс саласының кəсіпқой мамандарын даярлаудың басты бағыттарының бірі – денешынықтыру мен өртке қарсы техникамен жұмыс жасаудың амалдары мен тəсілдеріне үйрететін өрт-құтқару спорты. Институт өз қызметі кезеңінде 26 спорт шеберін, 46 спорт шеберіне үміткер, 1 халықаралық спорт шеберін, Қазақстан Республикасы чемпионаттарының 9 жүлдегерін, 3 Азия чемпионын дайындап шығарды. Бүгінгі таңда Қазақстанның өрт-құтқару спорты бойынша құрама тобында институттың 8 түлегі оқу ордасының намысын қорғап жүр.

2010 жылдан бастап институттың оқу мен қоғамдық өмірінде жоғары көрсетк іштерге ие болған үзд ік түлектері Астана қаласында Қазақстан Р е с п у б л и к а с ы н ы ң П р е з и д е н т і Н.Ə.Назарбаевтың қолынан лейтенант погонын алып, осындай мақтануға лайық жоғары абыройға ие болып отыр.

Бұған қоса, институттың жеке құрамы – қалалық, облыстық əрі республикалық көлемдегі түрлі əскери рəміздердің

жəне Астана қаласында өткізілетін Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған əскери парадтың да тұрақты қатысушысы.

Институт түлектері өз қызметтік бо-рышын адал орындап, еліміздің түпкір-түпкірінде халықты, қоршаған ортаны жəне шаруашылық объектілерін табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғап, күнделікті еңбег імен олардың қау іпс ізд іг ін қамтамасыз етіп келе жатыр. Сол себепті біздің түлектер нағыз қаһармандар де-сек те болады.

Қ а з а қ с т а н Р е с п у б л и к а с ы Президентінің Жолдауына сүйенетін болсақ, техникалық білім – болашақтың кілті, сондықтан да жастарды толықтай мемлекеттік қамсыздандыруы бар, тəмамдаған кезде міндетті түрде жұмыс орындарымен қамтамасыз ететін институтқа түсуге шақырамыз!

Ұлт Көшбасшысының көрсеткен бағытын берік ұстанайық, болашақ құтқарушылар!

С.БЕКМАҒАМБЕТОВ,Көкшетау техникалық институты

бастығының орынбасары,азаматтық қорғау подполковнигі

ТАРИХИ ДАТА

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ЖЫЛ САЙЫН 1 НАУРЫЗ КҮНІ БҮКІЛƏЛЕМДІК АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС КҮНІН АТАП ӨТЕДІ. БҰЛ МЕРЕКЕ 1972 ЖЫЛЫ 1 НАУРЫЗДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ҰЙЫМЫ (ХАҚҰ) ҚҰРЫЛҒАН КҮНІНЕ ОРАЙ БЕЛГІЛЕНГЕН. ДƏЛІРЕК АЙТҚАНДА, 1972 ЖЫЛЫ ҰЙЫМ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ ҰЙЫМ МƏРТЕБЕСІНЕ ИЕ БОЛҒАН, БІРАҚ ОЛ ОДАН БҰРЫНЫРАҚ ҚҰРЫЛҒАН БОЛАТЫН. ОСЫ КҮНІ ХАҚҰ-НЫҢ 18 МЕМЛЕКЕТПЕН КЕЛІСІЛГЕН ЖАРҒЫСЫ КҮШІНЕ ЕНДІ.

Қазіргі таңда ХАҚҰ Еуропа, Азия мен Африканың 50-ге жуық елін біріктіріп отыр, 16 мемлекеттік бақылаушыдан, 13 қауымдастырылған мүшелерден тұрады. Штаб-пəтері Щвейцарияда (Женева қаласында) орналасқан. ХАҚҰ мүшелерінің қабылдауы барлық мемлекеттер үшін ашық.

1990 жылы ХАҚҰ Бас Ассамблеясының 9-шы сессиясы өткізіліп, жыл сайын 1 наурыз Бүкілəлемдік Азаматтық қорғаныс күні мейрамы болсын деген шешім қабылданды.

Біздің елге келетін болсақ, 1996 жылдан бастап Қазақстан Республикасы ХАҚҰ толық құқықты мүшесі болып табылады жəне оның жұмыстарының негізгі бағыттарын іске асыруға белсенділік танытып отыр. 1997 жылдың 31 қазанында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының Жарғысына кіруі туралы» Заңы қабылданып, күшіне енді.

Бүкілəлемдік Азаматтық қорғаныс күнін атап өту барысында Астана қаласының ТЖ департаменті адамдардың азаматтық қорғаныс туралы білімін насихаттауға бағытталған жəне Азаматтық қорғаныс қызметтері орындайтын істерге қоғамның көңілін аудару шаралар жиынтығын жоспарлаған болатын.

Бүкілəлемдік Азаматтық қорғаныс күніне арналған іс-шаралардың барлығы түрлі төтенше жағдайлардағы іс-əрекеттер бойынша тұрғындарды ақпараттандырудың маңыздылығына бағытталған.

Д.ТІЛЕУХАНОВ, Астана қаласы ТЖД

Ашық аспан астындағы мереке

кезіндегі офицерлер мен қатардағы жауынгерлердің ерліктері туралы сүйсіне тыңдады. Балалармен бірге конкур-стар өткізілді, болашақ түлектермен ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық инсти-тутына оқуға түсу бойынша кəсіптік бағдар беретін жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар түсінікті жəне қызықты түрде қарапайым өрт қауіпсіздігінің ережелері, өрт туындаған кезде жаса-латын əрекеттер туралы ақпараттар таратылды. Қонақтарға жанып тұрған «лабиринттен» ойдағыдай өткен жəне

көбіктің көмегімен жанып жатқан үлкен ошақты сөндірген өрт сөндірушілердің кəсіби жұмысы үлкен əсер қалдырды. Автомобильдегі өртті сөндіру жəне жүргізушіні құтқару мерекенің шарықтау шегі болды, қызмет жауынгерлері өртті сөндіріп қана қоймай, санау-лы минуттардың ішінде көлікті кесіп, «зардап шеккен» адамды алып шықты жəне апаттық медицина орталығы қызметкеріне тапсырды.

Евгений ЖУРАВЛЕВ, Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД

ЗАМАНДАС

Ең үздік қарауыл бастығы

2015 жылы астаналық Өрт сөндіру қызметінде өткізілген жыл сайынғы «Мамандығы бойынша ең үздік» сайысының «Ең үздік қарауыл бастығы» номинациясын жеңіп алған Рауан Зейнишев болатын.

Рауан Кайратұлы 1991 жылы 29 маусымында Ақмола облысының Бұланды ауданында дүниеге кел-ген. 2009 жылы Макинкідег і №4 орта мектепті тəмамдап, 2013 жылы Ішк і і с тер министрл і г і Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институтының түлегі ата-нады. Оқу жылдары Рауан спорттық жетістіктерімен ерекшеленеді: мектеп-те Ақмола облысының құрама команда-сында ойнаған ол 2006 жылы Алматы қаласында өткен республикалық жа-

рыста өрт сөндіру-құтқару спортынан жүлделі бірінші орынды жеңіп алады. Рауан өрт сөндіру-құтқару спортынан спорт шеберлігіне үміткер. 2011 жылы өрт сөндіру-құтқару спортынан Санкт-Петерборда өткен Əлем чемпионатына қатысқан, 2012 жылы шілдеде Көкштеу техникалық институтының құрама командасымен Болгарияның Пловдев қаласында өрт сөндірушілердің жоғары оқу орындары арасында өткен өрт сөндіру-құтқару спортынан жүлдеге ие болған.

«Құтқарушылар мен спорт – біртұтас. Құтқарушы күнделікті дене шынықтыру жаттығуларымен айналысу жəне өз шеберлігін, ептілік пен жылдамдығын жетілдіріп отыру керек, себебі, төтенше жағдай орын алған жағдайда адам-

дарды апаттан құтқарып қалу біздің міндетіміз, ал адам өмірі бағасыз», – деп Рауан өз мамандығы туралы ойымен бөлісті.

Рауан Зейнишев – жас қызметкер, Өртке қарсы қызметте оның жұмыс өтілі – үш жыл. Оған қарамастан, ол өзін білікті жəне жауапты маман ретінде көрсете білді. Оның жұмысының арқасында астаналық №6 ӨСБ бірінші қарауылы басқаларға да үлгі бола алды: сайыс кезінде ең үздік үміткерді таңдауда тек қана Рауанның ең үздік көрсеткен спорттық жəне кəсіби нəтижелері мен дағдылары есептелген жоқ, онда жеке құрамның төтенше жағдай мен өртке шығуы да ескерілді. Бұдан басқа, №6 ӨСБ бірінші қарауылдың жеке құрамы жұмысқа деген жауапкершілігі мен тəртіптілік үлгісімен ерекшеленді.

«Мамандығы бойынша ең үздік» сайысындағы жең іс – Рауанның мансабының жоғарылауына маңызды көмек, өйткені, өртке қарсы қызметтің өркендеуіне қосқан үлесі жоғары лауазымға көтермелеу ке з і нде мамандығы бойынша ең үздік үміткердің басымдығы ретінде қаралады.

Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Өрт сөндіру қызметі: тарихы мен тəлімі

Page 7: Сақшы №17 (4183)

№ 93 (3970), четверг, 19.12.2013 7е-mail: [email protected]№17 (4183), сейсенбі, 1.03.2016 е-mail:[email protected]

ƏРІПТЕС КЕЛБЕТІ

Гүлнəрдың табиғатынан биязы, кішіпейіл екендігі бір көргеннен-ақ байқалады. Қызметте өз шаруасына пысық, əр істі тыңғылықты əрі байыппен атқаруы өзгеге үлгі боларлықтай. Бұл біздің кейіпкерімізге сырттай берген қысқаша мінездемеміз. Ал сұхбат ба-рысында оның бойында біз білмейтін басқа да тамаша қасиеттер барына көз жеткіздік.

Гүлнəр 1975 жылы еліміздің қазіргі елордасы Астанада, яғни, бұрынғы Целиноград қаласында дүниеге келген. Бала кезінен-ақ спортқа қызығушылығы ерекше болған ол жеті жасынан ба-стап балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде үстел теннисімен шұғылдана бастаған. Нəтижесінде мектеп жасында-ақ үлкен табыстарға қол жеткізген. Сөзімізге Гүлнəрдың жасөспірімдер арасында өткен бірнеше турнирдің жеңімпазы болуы дəлел.

Гүлнəр Бақытқызы мектепті үздік аяқтағаннан кейін 1992 жылы Ақмола Университет і н і ң дене тəрбиес і факультет іне оқуға түс іп , 1996 жылы оны үздік тəмамдап шығады. 1999 жылы Еңбек жəне əлеуметтік қатынастар Академиясын бітіріп, заңгер мамандығын иеленді.

Сөйтіп, Көліктегі ішкі істер басқармасына қарасты Ақмола стансасындағы ішкі істер желілік бөліміне спортта жетістігі бар жастарды қызметке қабылдау жүріп жатқандығын естіген Гүлнəр, оқуды бітіре сала айтулы бөлімге жұмысқа келеді. Бастапқыда ішкі істер саласының

Əлемге нұр болып шашы-латын асыл арулар отбасы деп аталатын кішкентай ғана мемлекеттің ошағын сөндірмей, түтінін түтетуден бөлек, Қазақстан деп атала-тын ұлы дала елінің өркендеуі мен дамуы жолында да əр са-лаларда тер төгіп, еңбек етіп келеді. Оның ішінде өз өмірін Отан қорғау жолына арнап, ер адамдармен қатар қатаң əскери тəртіптің құрышында болат болып қайнаған нəзік жандардың орны бір бөлек. Тарих беттеріне үңілетін болсақ, сонау Сақ патшайы-мы Тұмар ханымнан бастап, бертін келе кешегі Хиуаз, Мəншүк, Əлиядай қазақтың батыр қыздарының елі мен жерінің азаттығы үшін жан қиып көрсеткен ерліктері баршаға аян.

Б ү г і н д е р і д е б а т ы р бабаларының жолын қуған қайсар қыздар Қазақстан Армиясының Қарулы күштері қатарында да бар. Қызығы мен қиындығы қатар жүретін бұл қызметтің суығы мен ыстығына төзіп жүрген осын-дай батыл қыздар Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының қатарында да аз емес. Солардың бірегейі – Данара БАЙМАҒАНБЕТОВА мен Əлмира ҚҰРМАНƏЛИЕВА. Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында қызмет атқаратын бұл əскери қыздардың бірі Данара Тəңірбергенқызы Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітіргеннен соң 2003 жылдан бастап əскери өмірге бет бұрады. Еліміз тəуелсіздік алған жылдардан кейін құжат тілін бірден мемлекеттік тіл – қазақ тіліне көшіру мəселесі аса қиындық туғызғаны хақ. Бұл, əсіресе, əскерде қатты білінетін. Данара Тəңірбергенқызының осы жолда атқарған еңбегі көл-көсір. Əскерге алғаш келген жылдары ол осы ауыр жолды таңдап, біраз жыл аудармашы болса, одан кейін Ұлттық ұлан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында қазіргі күнге дейін мемлекеттік тілді дамыту бойынша қызмет атқарып келеді.

Əлмира Бірлікқызы да ешкімге дес бермейтін өз ісінің кəсіби маманы. Əскердегі сарбаздардың моральдық-психологиялық жағдайын жете зерттеп, олардың əскери өмірге бейімделуі жолындағы бұл кісінің де атқарған еңбегі зор. Ата-аналарынан алшақта əскери борышын өтеп жүрген сарбаздармен күнделікті жұмыс жасау, олардың мінез-құлқын зерделеу, жан-дүниесіне рухани азық берудің қандай қиын екенін кез келген адам түсіне бермес. Ауыр болса да əскери психолог мамандығын таңдаған Əлмира Бірлікқызы өзінің мол тəжірибесінің арқасында сарбаздардың арасында бұзақылық, қылмыс пен өзіне-өзі қол жұмсау деректерін болдырмау мақсатында ұзақ жылдар бойы тұшымды істер атқарып келеді. Өзінің кеңпейілділігінің арқасында үнемі сарбаздар алғысына бөленуде.

Бұл екі əскери қызметші де əскери өмірін қатардағы жауынгерден бастап Отан алдында ерлермен қатар автомат асынып, ант қабылдаған жандар. Өздерінің біліктіліктері мен кəсіпқойлықтарының арқасында бұл əскери қызметшілер өз істерінің хас шеберлері атанып, офицерлік лауазымдарға тағайындалады. Қазіргі таңда бірінің əскери шені капитан болса, екіншісінің иығы майор əскери шенімен жарқырауда. Ұлттық ұлан қатарындағы еңбек өтілдері он екі жылдан он бес жылға дейінгі уақытты құраған бұл əскери қызметшілер бүгінгі күндері кадрлық офицерлерге дес бермейтін мамандарға айналған. Соның арқасында олар үнемі қолбасшылық пен Жоғарғы Бас қолбасшылық тарапынан медальдармен наградта-лып, одан басқа да түрлі марапаттарға ие болуда. Екеуі де отбасы мен қызметін қатар алып жүрген ардақты аналар. Данара Тəңірбергенқызы екі ұл, ал Əлмира Бірлікқызы бір ұл, бір қыз тəрбиелеп өсіруде.

Қай заманда, қай кезде, қай жерде болмасын, əйел адамның жүрген жері үнемі қуаныш пен шаттыққа толы. Олар – өмірдің гүлдері, дүниенің таусылмас жыры. Біз бүгін əңгімеге арқау етіп отырған Данара Баймағанбетова мен Əлмира Құрманəлиева сынды қазақтың қайсар қыздары Қазақстан Қарулы күштерінде де баршылық.

8 наурыз – Халықаралық əйелдер күні қарсаңында Отан қорғау жолында толарсақтан саз кешкен, өздерінің анттарына адал болған айбыны асқақ осындай ару қыздарды төл мерекелерімен шын жүректен құттықтағымыз келеді.

Айдос БАЙШАҒЫРОВ, Ұлттық ұлан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы

Өйтпегенде, Шет ауданына қарасты Ақадыр кенттік полиция бөлімшесі ұжымындағы 47 қызметкер арасындағы «арпа ішіндегі бір бидайы» өзі ғана болса... Сондықтан да Гүлжан үшін 8 наурыз өзге ай-күндерге қарағанда бөлектеу. «Бұл – біріншіден, алты ай қысылып шығатын қыстан кейін келетін жаймашуақ, екіншіден, əйел-ана деген құрметті аттың ескерілетін күні ғой», – деп қолтығына қысқан шоқ гүлдерді иіскеп, табиғатқа масайрай қарады ол.

Аяғына жабысқан сотқал қарды қағып, екінші қабатқа көтерілгенде бөлімше бастығы Манарбек Кенжебаевтың пəрменімен ертерек жиналған поли-цей формалы жігіттер бір қатар болып тұра қалған екен. Бөлімше өнерпазы, учаскелік инспектор Бауыржан Қасым домбырасын қағып-қағып жіберіп, М.Мақатаевтың əйгілі «Фаризаға» атты əнін шырқап қоя берді. «Жігітінен қазақтың дос таба алмай, Қыз да болсаң мен саған мұң шағамын...» Оны жеке құрам іліп əкетіп, едəуір мəдени шараға ұласты. Жалпы, осынау мерекенің тура осы əнмен ашылуы тегін емес. Ұжым мүшелері бір нəрсе туралы бір шешімге келе алмай тоқыраған тұста алдымен Гүлжанмен кеңесетіндері бар. Бұл жолы олар: «Əнді дəл бүгін Саят Əуесбаев айтсын, бізге не жорық?!», – деп əзілге жығып жатты. Саят болса мұндайда шегіншектей береді. Саят – Гүлжанның құдай қосқан қосағы. Желкілдеп өсіп келе жатқан қос қызының əкесі. Кенттегі Уақытша ұстау изоляторының бастығы. Негізінен спортпен айналы-сатын Саяттың əн-күйге əуестігі ша-

ҚАТАРДА ЖҮР САРДАР ҚЫЗАйткен ШƏМШІ

ГҮЛЖАННЫҢ БҮГІНГІ ЖҮРІСІ ƏДЕТТЕГІДЕН ШИРАҚ. БҰРЫН ЖҰМЫСҚА БАППЕН БАСЫП, ЖАН-ЖАҒЫН БАРЛАП ЖЕТЕТІН СИЯҚТЫ ЕДІ. АЛ ҚАЗІР ЕКІ АЯҒЫ ЕРКІНЕН ТЫС АДЫМДАП, АЛЫП-ҰШЫП КЕЛЕДІ. ГҮЛЖАН ҮШІН БҮГІН ЕРЕКШЕ КҮН. ӨЙТКЕНІ, АЛАҚАНДАРЫНА САЛЫП ЖҮРЕТІН ƏРІПТЕСТЕРІ БАР ТІЛ МƏЙЕГІН ТӨГІП, ОНЫ БҰЛ КҮНІ ГҮЛМЕН КӨМІП ТАСТАЙДЫ. СЫЙЛЫҚТАРЫН ҰСЫНАДЫ.

малы. Бірақ əн айтылғанда əр жерден дауыс қосып, көп ішінде жүретіні бар. Əйтпесе, өмірлік серігі, балаларының анасына осынау күні өзі-ақ шырқап бер-мес пе еді... Ал кешке үйде ақ Анасына қыздарының бірі əн айтып, бірі би билеп беретіні анық.

Қошемет-қошеметімен, əріптестерінің сый-құрметіне кенелген Гүлжан өзіне жүктелген жұмысты да естен шығармады. Аудан бойынша 53 мектептің 23-і Ақадыр аумағында, яғни, Гүлжанның бақылауында тұр. Жасөспірімдердің осындай мереке күндері желігетіні бар. Түрлі сауық кештер соңы əдетте жан-жалмен аяқталып жататыны жасырын емес. Өзге де тəртіп бұзушылықтар жиілейді. Кісі тонау, кіші балалар-ды ақша жинаттыруға мəжбүрлеу сияқты қылмыстардың да бой көрсетіп қалатыны рас. Ал Гүлжанның қызметі жасөспірімдер тарапынан жасалатын осындай келеңсіздіктердің алдын алу. Ол кəмелетке толмағандар ісі жөніндегі аймақтық полиция инспек-торы. Жаңа жыл кешінде отбасымен Жаңа жылды қарсы алу үшін үйіне түнгі сағат 12-ге 20 минут қалғанда жарты сағатқа ғана кіріп шыққаны əлі есінде. Мəдениет үйіндегі мерекелік сауық кеш, көше, аулалардағы шаралар, от-шашулар – осының бəрі Гүлжанның бақылауында болмаса болмайды. Ұйымдар мен мектеп ұжымдарының бұл мəселеге бекітілген бақылаушыларын үйлестіруші де осы Гүлжан Жолқұтты. Ол алдымен ұйымдар басшылары-мен мұндай кездердегі іс-қимыл жо-спарларын талқылап алады да, оны

қатаң қадағалауда ұстайды. Соңында əріптестерімен жұмыс жоспарларымен бөліседі. «Бір бас жақсы, екі бас одан да жақсы» деген ғой. Ақыл-кеңестің артығы жоқ. Осындай «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарудың» арқасында жаңа жылда топтық төбелестің алды алынды емес пе?!. Қаннен қаперсіз бол-са, аяғы неге соғарын кім білген?! Наурыз – мерекелі ай. Алғыс айту күнінен бастау алатын мейрамдар легі ай соңына дейін жалғаспақ. Гүлжанның тартпасында оған жасалып қойылған жоспар жатыр. Соны басшылыққа алып отырады.

«Қазір кентте 13 жайсыз отбасы бар, есепте 3 бала тұр. Кəмелетке толмағандар құқығын қорғау бойын-ша ведомствоаралық комиссияның шешімімен балаларды Теміртау қаласындағы кəмелетт і к жасқа толмағандарды бейімдеу орталығына жіберерде жүрегің сыздайды. «Қырық рудан жиналған жерде» жағдайлары қалай болар екен, түзеле ме, күзеле ме? Олар да өзіңнің ұл-қыздарыңдай балалар ғой», – деп аналық сезімін де жасырып қала алмайды. Ол осындай ой-лармен іштей тайталасып жүреді. Бүгін де кенттегі шəкірттері көп 1300 оқушы білім алып отырған Ю.Гагарин атындағы мектепке беттеп бара жатқанда да осы ой мазалады: «Есепке алынатын-дар қатарына ешкім қосылмаса екен. Оның артының жақсы болып кететіні сирек. Əрине, бетін аулақ қылсын, тал-шыбықтай балғынның алдымен барар жері бейімдеу орталығы болса, одан əрі колонияға жол тартпасына кім кепіл?».

Азды-көпті істеген жұмысын көз ал-дынан өткізсе, «ауызды қу шөппен сүртетіндей» емес екен. Таяуда ғана есепке алынған соңғы үш баланың беті бері бұрылып, колледждерге түсуі Гүлжанды қуантпай қалмады. Олай болмағанда ше? Мұны жетістік деп білер болсақ, бұл табыста оның үлкен еңбегі жатыр ғой. Бəрі бүгінгідей көз ал-дында. Шыдамы таусылған мектеп бас-шылары олармен əуре болып отырғысы келмей: «мектептің атына кір келтірді, бір жаққа жөнелту керек, осылар адам бола қоймас», – деп түңіле сөйлегендері кеше ғана еді-ау. Сондағы Гүлжанның:

«Жас қой, түзеліп кетер əлі-ақ, күдерді үзбейік, керек болса өз кепілдігіме алайын», – дегенге дейін барғаны. Еңбегі еш кетпеді. Сол баланың бірі таяуда келіп, Гүлжанға алғысын да айтып кетті. «Сіз қолдамағанда, сенім артпағанда өміріміздің дұрыс арнаға бұрылуы екіталай еді. Қазір сабағыма ден қойып жүрмін. Астанадағы Көлік жəне коммуникация колледжінде темір жол мамандығы бойынша білім алуда-мын. Ақадырға білікті теміржолшылар керек қой, шаруаны мен істемегенде кім істейді» деп қуақылана қалжыңға бұрса да, түбінде үлкен арманының жатқанын аңғарған еді сонда. Екеуі туған бауыр-лардай біраз қауқылдасқан. Шай ішіп, мəз болысты. Міне, еңбектің жемісі деген осы. Адамды қоғамға пайдалы азамат қылып қатарға қосу – айтқанға ғана оңай.

Гүлжан жұмысқа қашан да сергек. Əр іске аса жауапкершілікпен қарайды. Оны əріптестері де байқайды. Кент бөлімше бастығының азаматтарға оны үлгі етіп отыратыны сондықтан. Бүгін де полиция подполковнигі М.Кенжебаев əйел офицерді халықаралық əйелдер мерекес імен құттықтай отырып, Гүлжанның осы бір қасиетін тағы бір қайталап айтты. Қызығы мен қиындығы қатар жүретін қызметте оған табыс тіледі. Осынау мерекелік көңіл-күй, Гагарин мектебінен естіген жағымды жаңалықтармен көңілі шалқи үйге енген Гүлжанның құлағына қабырғадағы ілулі шағын радиоқабылдағыштан шығып жатқан Ғафу Қайырбеков пен Шəмші Қалдаяқовтың «Ана туралы жыры» дəл қазір өзіне арналып жатқандай көрінді. Оның да жаны бар. Анасының келе жатқанын терезеден байқаған қыздары əдейі дыбысын қатайтып қойған еді.

Əлемнің жарығын сыйладың сен маған,

Даланың əр гүлін жинадың сен маған.Сен бердің құстардың қанатын

самғаған,Балалық құштарым өзіңе арнаған.Ете гөр қанағат, əзірге берерім,Балалық махаббат, балалық жүрегім.Бол риза анашым, қолдағы осы бар,Өзіңе арнаған əнімді қосып ал.Аяулы анасы ішке енгенде қыздары

да толқындағы əншіге қосылып қоя берді...

МАМАНДЫҒЫН МАҚТАНЫШЫНА БАЛАҒАН

Мұзафар ТҰРДЫҚҰЛОВ, Көліктегі ІІД

ПОЛИЦЕЙ ƏЙЕЛ. БАЙЫПТАП ҚАРАСАҚ, БҰЛ ЕКІ ҰҒЫМ ӨЗАРА ОНШАЛЫҚТЫ ҮЙЛЕСПЕЙТІНДЕЙ. АЛАЙДА, ОСЫ ҚИЫНДЫҒЫ МЕН ҚЫЗЫҒЫ МОЛ МАМАНДЫҚТЫҢ ТІЗГІНІН ҰСТАП, БҮГІНДЕ ҮЛКЕН АБЫ-РОЙМЕН ҚЫЗМЕТІН ЖЕМІСТІ АТҚАРЫП ЖҮРГЕН НƏЗІК ЖАНДЫЛАР АРАМЫЗДА БАРШЫЛЫҚ. СОЛАРДЫҢ БІРІ – ІІМ КӨЛІКТЕГІ ІШКІ ІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ ЭКСТРЕМИЗМГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ЖЕДЕЛ УƏКІЛІ, ПОЛИЦИЯ ПОДПОЛКОВНИГІ – ГҮЛНƏР ЖАҚИЯНОВА.

қиындығынан жүрексінгенімен, кейін келе əбден машықтанып алады. Жаны жайсаң жалынды жас келе сала ішкі істер орган-дары қызметінің қыр-сырын меңгеруге жан салып кіріседі. Оның бойындағы асқан жауапкершілік пен табандылығын таныған басқарма басшылығы оны кəмелетке толмағандар ісі бойынша инспектор қызметіне тағайындайды. Табиғатынан жаны жұмсақ жап-жас по-лицейге жасөспірімдермен тіл табысып, олармен тығыз байланыста жұмыс істеу қиындық туғызған жоқ. Өзіне қарасты аймақта түрлі алдын алу іс-шараларын өткізуді, оң-солын танып білмеген бала-лармен ашық əңгімелесіп, оларды құқық бұзушылық пен қылмыстардан аулақ болуға шақырды.

Білікті қызметкер жасөспірімдер жүрег іне жол табудың ең тиімді жолының бірі спорт екенін жазбай танып, оларды спортқа баули ба-стады. Ол кездерде бүгінгідей емес, жасөспірімдерді бұқаралық спортқа ба-улитын спорт секциялары өте сирек-тін. Сондықтан оларды жаттықтыру міндетін Гүлнəрдың өзінің атқаруы тиіс болды.

«Сол кездегі жасөспірімдердің ара-сынан өсе келе спортты жанына серік еткендері бүгінде көптеп саналады. Қазірде көптеген жарыста өзімнің сол кездегі шəкірттеріммен кездесіп қалып жатамын. Бұл мен үшін, əрине, үлкен қуаныш», – дейді Гүлнəр Бақытқызы ағынан жарылып.

Бүг інде Ішкі і стер министрліг і құрама командасының мүшесі Гүлнəр

Жақиянованың спорттағы жетістіктері көңіл қуантады. Үстел теннисінен бірнеше дүбірлі доданың жүлдегері. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы чемпионатының б ірнеше дүрк ін жеңімпазы, үстел теннисінен спорт шеберлігіне кандидат.

Гүлнəр Бақытқызы 2015 жылы қараша айында ҚР Мемлекеттік қызметкерлер арасында өткен Республикалық біріншілікте үстел теннисінен бас жүлден і қанжығасына байлады. Министрліктер мен ведомстволар арасындағы дүбірлі додада Ішкі істер министрлігінің құрамасы жалпы есепте бірінші орынды иеленді. Бұл табысқа Гүлнəрдың қосқан үлесі ерекше болды.

Жауапкершілігі мол əрі қазықтай қағиданы өзек еткен мамандық бірте-бірте оның өмірінің маңызды бөлшегіне айналғандай. Осы салада жүріп есейді, тұрмыс құрды. Тіпті, жұбайы Қайрат Төлепбергенұлының да ішкі істер са-ласында қызмет етуін кездейсоқтық па деп қаласың?! Отағасы Астана қалалық Ішкі істер департаментінде қызмет атқарып жүр.

Иə, Гүлнəр қызметте де, отбасында да қолдау тапқан осындай жан.

...Асылы, бақыт бағалай білгеннің ғана басында тұрақтаса керек. Гүлнəр үлгілі полицей ғана емес, сонымен бірге, берекелі отбасының ұйытқысы. Өмірлік серігі Қайрат екеуі 1 ұл, 1 қыз тəрбиелеген өнегелі шаңырақ иелері. Бірі мерейлі отбасының арқа сүйер алыбы болса, енді бірі қолдау корсетер серігі бола білген жандардың бүгінгі ар-маны – балаларын Отанын сүйер адал перзент етіп тəрбиелеу.

Əріптестері арасында абыройға бөленіп жүрген Гүлнəр өзгелерге де жақсылық жасаудан еш жалыққан емес. Өйткені, «Өзін ғана ойлаған надандықтың белгісі. Өзгені де ойлаған Адамдықтың белгісі», – дегенді жақсы түсінеді.

Олар да Отан қорғайды

ЖЕР БЕТІНДЕ ƏЙЕЛГЕ, ОНЫҢ АСҚАҚ РУХЫ МЕН АБЗАЛ ЖАНЫНА БАС ИМЕЙТІН АДАМ БАЛАСЫ КЕМДЕ-КЕМ ШЫҒАР. ӨЙТКЕНІ ƏЙЕЛ – АРУ, ƏЙЕЛ – АНА, ƏЙЕЛ – ҰСТАЗ, БІР СӨЗБЕН АЙТҚАНДА, ДҮНИЕНІ ƏСЕМДІККЕ БӨЛЕЙТІН ЖАН ИЕСІ. СОДАН БОЛАР АДАМЗАТ ƏЙЕЛДІ ХОШ ИІСТІ ЖҰПАР ГҮЛГЕ, ШУАҚТЫ КҮНГЕ, ТҮНГІ ЖАРҚЫРАҒАН ЖҰЛДЫЗДАРҒА ТЕҢЕЙДІ, ДҮЛДҮЛ АҚЫНДАР ЖЫРЛА-РЫН АРНАП ЖАТАДЫ. ОЛАР ОТБАСЫНЫҢ ҰЙЫТҚЫСЫ, БІРЕУГЕ ҚАРЫНДАС, ЕКІНШІСІНЕ ƏПКЕ, ЕР АЗАМАТТЫҢ АДАЛ ЖАРЛАРЫ, ƏЗИЗ АНАЛАРЫ МЕН ƏЖЕЛЕРІ. «ЖҰМАҚТЫҢ КІЛТІ АНАЛАРДЫҢ ТАБАНЫНЫҢ АСТЫНДА» ДЕП ДАНА ХАЛЫҚ БЕКЕР АЙТПАҒАН БОЛАР. ƏЙЕЛ АДАМ БІР ҚОЛЫМЕН БЕСІКТІ ТЕРБЕТСЕ, БІР ҚОЛЫМЕН ƏЛЕМДІ ТЕРБЕТЕДІ.

Page 8: Сақшы №17 (4183)

СӨЗ СОҢЫ№17 (4183), сейсенбі, 1.03.2016 е-mail:[email protected]

ШЫҒАРУШЫ жəне МЕНШІК ИЕСІ:«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Медиа орталығы» ЖШС

Басылым 01.06.2006 жылы ҚР Ақпарат министрлігінде тіркеліп, тіркеу туралы №7355 - Г куəлігі берілді• Автордың пікірі редакцияның көзқарасын білдірмейді• Қолжазба рецензияланбайды жəне авторға қайтарылмайды• Редакция хаттарға жауап беруге міндетті емес• Ұсынылған материалдағы фактілер үшін автор жауап береді• Фотосуреттердің сапасына редакция жауап береді• Редакцияның келісімінсіз материалдарды көшіріп басуға тыйым салынадыБас директор:

Бимаханбет АСАНОВКомпьютер жəне дизайн бөлімінің қызметкері: Ақсая ЖҮРКЕНОВА Корректор: Нұршакүл ƏШІМБАЕВА Фототілші: Серік ЖОЛДАСПЕКОВ

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:010000, Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3Телефон: 8(7172) 56-97-58, 56-97-68 (ішкі нөмір 109) Эл. пошта: [email protected]

БІЗДІҢ РЕКВИЗИТТЕР:ИИК - KZ748560000000147459 БИК - KCJBKZKXБИН - 051040005963 КБЕ-16«БанкЦентрКредит» АҚФ РНН 600900114533

Газет «Сақшы» компьютер жəне дизайн бөлімінде теріліп, қатталды. Басылым «ERNUR» Медиа- холдингі» ЖШС баспаханасында басылды.Индексі: 65395 Таралымы: 15120Тапсырыс: №2229

Нөмірдің кезекшісі: Айткен ШƏМШІ

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ: Бас редактор: Бану ƏДІЛЖАНОВА Ақпарат бөлімінің меңгерушісі: Ғанибет ҒАЛЫМБЕКҰЛЫ Аға тілшілер: Жадыра МЫРЗАХМЕТОВА, Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВТілшілер: Гүлнəр МАҒЗҰМОВА, Айткен ШƏМШІ,Сабырбек ОЛЖАБАЕВ

ҚАЗАҚТЫҢ БЕЛГІЛІ ИМПРОВИЗАТОР АҚЫНЫ ƏРІ ЖЫРАУ ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВҚА ЕКІ ДƏУІРДЕ ӨМІР СҮРУ БАҚЫТЫ БҰЙЫРҒАН ЕКЕН. ОНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ЖАЛПЫ ТӨҢКЕРІСКЕ ДЕЙІНГІ ЖƏНЕ КЕЙІНГІ КЕЗЕҢ ДЕП ЕКІГЕ БӨЛІП ҚАРАСТЫРУҒА БОЛАДЫ.

Аида ҚҰДАЙҚҰЛ, Жамбыл облысы ТЖД

БАЙҚАУӘДЕБИ КЕШ

...деген екен

ЖЫР АЛЫБЫ – ЖАМБЫЛ

Құра

сты

рған

Еск

енді

р ТА

СБОЛ

АТО

ВО

йлан

, тап

!

Халқы көп құрлық

Жыл мезгілі

Журналист жазбасы Бұзылған

Нота

Африка елі Қылмыс-кер

Қазақтың геолог

ғалымы

Анық-тауыш сұрағы

Құс жүніБарса-келмес

жануарыНан түрі

Христиан мерекесі бар ай

КінəЗекет

берілетін мөлшер

Даңқ Қашықта Сұлу Орта жүз руы

Оқу орталығы медициналық бөлімнің мейірбикесі Ұлболсын Бекдəуітованың бастамасымен ұйымдастырылған дəріске ішкі істер органдарының қатардағы жəне кіші басшы құрамдарының арнайы алғашқы оқыту курс тыңдаушылары, біліктілігін арттыру курсындағы МКҚБ-ның қызметкерлері мен жеке құрам қатысты.

Болашақ сақшылардың саламатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдетуді көздеген тренинг кезінде жиналғандар ЖҚТБ тəрізді жаман ауру туралы ой қозғап, мамандар оның адам ағзасына зиянды əсерлерін ашып көрсетті.

«Осы дерттің салдарынан туатын аурулар туралы тыңдаушылардың білімдерін жетілдіру, өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру – бүгінгі дəрістің мақсаты. Адамзат өміріне төндіріп отырған қатерлі ЖҚТБ дертінің алдын алу, оның жұғу жолдарын, одан сақтану, қорғана білу туралы түсіндіру, саламатты өмір сүруге тəрбиелеу де игі іс», – дейді кездесуді қолға алған мамандар.

Оқу орталығы медициналық бөлімнің мейірбикесі Ұлболсын Таупыққызы: «ХХІ ғасырда жастар денсаулығы мықты, рухани дүниесі бай, жаны мен тəні таза, танымдық белсенділігі мен білім алуға деген ынтасы ерекшеленіп тұруы тиіс. Халқымызда «бірінші байлық – денсаулық» деген ұлағатты сөздер тек-ке айтылмаған. Саламатты өмір салтын ұстану, осы келеңсіз жағдайлардың алдын алу, адамдардың денсаулығын күшейту, міне, бүгінгі таңдағы өзекті мəселелер осылар. Қоғамды толғандырып жүрген тақырыптың бірі – ЖҚТБ ауруы», – деді.

Мамандар əр тыңдаушының саламатты өмір сүре білуі, жеке басының тазалығын сақтауы жəне басқа адамдарға өмір сүруіне көмектесуі өзіне ғана байланысты екенін айтады. Сондықтан барлығын ЖҚТБ-ға қарсы күреске шақырды.

«Адамзатты алаңдатып отырған кесапаттың Қазақстанда жылдан жылға өршуі үлкен қауіп туғызуда. Дəріс-тренинг ЖҚТБ-ның пайда болуы, жұғуы, аурудың алғашқы белгілері, дерттің алдын алу жəне онымен күрес жөнінде болды.

Жұқпалы қорғаныш тапшылық белгісі туралы 1-взвод командирі Азамат Мұстафа баяндама жасап, слайд көрсетті.

ПСИХОЛОГ – ЖАН АУРУЫН ЕМДЕУШІ. ӨЗГЕЛЕРДІҢ ЖАН ДҮНИЕСІН ТЕРЕҢ ТҮСІНУГЕ ТЫРЫСАТЫН БҰЛ МАМАНДЫҚ ИЕЛЕРІНІҢ БОЙЫНДА МЕЙІРІМДІЛІКПЕН ҚАТАР ИНТУИЦИЯ, ДƏЛДІК ПЕН ТАПҚЫРЛЫҚ ТА ҚАЖЕТ.

Таяуда Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД мекемелерінің психологтары ара-сында «Үздік пенитенциарлы психолог» атты облыстық байқау өтті. Психология қызметінің қыр-сырын жетік меңгеріп, оның барлық дайындықтарынан өткен білікті əрі тəжірибелі қызметкерлерін анықтауды мақсат тұтқан байқаудың тағы бір міндеті – осы мамандық бойынша жұмыс жүргізудің үздік əдістері мен түрлерін енгізу жəне пенитенциарлы психологтардың кəсіби даярлығын жетілдіру.

АК-159/7 мекемесінде ұйымдастырылған шараға Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары, əділет полковнигі Н.Сахатов төрағалық жаса-ды. Өңірлік байқауға құрамында облыстық прокуратура өкілдері, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ психологтары, қоғамдық бақылау комиссиясының төрағасы бар қазылар алқасы баға беріп, қатысушылардың білім-біліктілігін сарапқа салды.

Байқау кезінде психологтар өзара жарысып қана қоймай, жұмыс тəжірибелерімен бөлісті. Қазылар алқасының мүшелері табиғат берген таланттарымен бірге ерік-жігері шыңдалған, белсенді, өзгелердің де сезіміне қозғау сала білетін, шығармашылықпен жұмыс істейтін психологтарды анықтады.

Байқау қорытындысы бойынша 1-орынды ҚАЖД АК-159/7 мекемесі қанжығаларына байласа, АК-159/5 пен АК-159/21 мекемелері 2 жəне 3-орын-дарды өзара бөлісті. Шара соңында топ жарып шыққан үздік психологтар бағалы сыйлықтар жəне грамоталармен марапатталды.

Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Ж а қ ы н д а Ж а м б ы л о б л ы с ы Төтенше жағдайлар департаментінде Мемлекеттік тіл жəне ақпарат тобының бастамасымен Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына орай «Жыр алыбы – Жамбыл» атты əдеби-сазды кеш ұйымдастырылды. Шығармашылық шараға Жамбыл облыстық Ішкі сая-сат басқармасы, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен жергілікті БАҚ өкілдері қонақ ретінде қатысты.

Ə д е б и к е ш т е к ө р е р м е н д е р Жамбылдың жастық шағы, оның ер жетіп, атақты Сүйінбай ақыннан бата алуы жəне Жамбыл мен Айкүмістің

Жəрмеңкеге Атырау қаласы əкімінің орынбасары А.Айтбаев, облыс про-куратурасы 7-басқармасының бастығы К.Иманғалиев, аймақтық Жұмыспен қамту орталығының директоры Г.Құспанова, қалалық Жұмыспен қамту бөл ім ін і ң қызметкерлер і Б.Дəулетиярова, М.Жаңбырбаев, қала прокурорының аға көмекшісі Қ.Сыдиқов жəне облыс бойынша ҚАЖД Атырау қалалық пробация қызметкерлері қатысты.

Пробация қызмет ін ің есеб інде тұрған адамдарға əлеуметтік-құқықтық көмек қөрсетуді мақсат тұтқан шара кезінде қала аумағындағы сегіз жеке шаруашылық серіктестігі бос лауазым-дар жəне қажетті мамандықтар бойынша тізімдерін ұсынды. Бұл серіктестіктердің қатарында «Делхом-Жолдас», «Энерго мост-LTD», «ҚазТрансОйл» АҚ, «Каспий құбыр желісі Консорциум-К», «Бахнур Сервис» ЖШС, «Атырау су жолда-ры кəсіпорны», «Болашақ-Атырау», «Bekers Company» секілді мекемелер бар.

Ж ə р м е ң к е г е қ а л а л ы қ п р о б а -ция қызмет і есеб інде тұрған 85 жұмыссыз шақырылды. Нəтижесінде « B e k e r s C o m p a n y » , « Д е л х о м -Жолдас», Энерго мост-LTD», «Алма Ист Вест Груп ЖШС есепте тұрған

арасындағы айтыс өнерін суреттеген көріністерге куə болды. Əсіресе, оның отты Ұлы Отан соғысы жылдарында шығарған «Ленинградтық өренім» өлеңі оқылғанда, залда рухтанбаған жан қалмады.

Айта кеткен жөн, сазды шара Жамбыл облысы ТЖД салалық жəне ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің қызметкерлерінің күшімен ұйымдастырылды.

Жамбыл – Кеңес дəуірінің шындығын жырлаған ақын. Жамбыл поэзиясы өз кезеңінде Кеңес Одағы мен Қазақстанды кеңінен шарлап, халықтар достастығын

бұрынғыдан да жақындастыра түсті. Ақынның өлеңдерінде əрдайым шындық менмұндалап тұратын. Ол жырларында қазақ халқының өмірін қанық бояумен суреттеп, импровизация шебері атан-ды. Ақын батырлар жыры поэмасын да жатқа айтатын. Ұлы Отан соғысы жыл-дарында оның отты өлеңдері жауын-герлерге рух беріп, жігерлерін қайрай түсті. Олар да өз кезегінде ақынның көпке белгілі өлеңдерін жатқа айта-тын. Жамбыл өзгелерге адамгершілік қасиеттерін жоғары қоюға тəрбиелеуді өзіне үлкен борыш санады.

Жамбыл Жабаевтың қасиеттерінің бірі – ол өз өмір жолында тек көпті көрген қариялардың бірі болып қана қоймай, өз білген-түйгенін өлеңмен өріп, қазақ халқын өзге елдерге танытқан тұлға. Жыр алыбы адамгершілік қасиетті жыр-лап өтуден ешқашан жалыққан емес.

Үздік психолог

ЖӘРМЕҢКЕ

ЖАЗА БАСҚАНДАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУАТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНДА ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕГІ ЖҰМЫС БЕРУШІ МЕКЕМЕЛЕР, ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БӨЛІМІ, ПРОКУРАТУРА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖƏРМЕҢКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.

Магишат АБУОВА, Атырау қаласы

ЖҰҚПАЛЫ ҚОРҒАНЫШ ТАПШЫЛЫҚ БЕЛГІСІ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ? БҰЛ ДЕРТТЕН ҚАЛАЙ ҚОРҒАНУ КЕРЕК? ҒАСЫР ҚАСІРЕТІНЕ АЙНАЛҒАН АУРУ ҚАЛАЙ ТАРАЙДЫ? ҚАРАПАЙЫМ ЖҰРТҚА СПИД ДЕГЕН СУЫҚ СӨЗБЕН ЖАҚСЫ ТАНЫС БҰЛ ДЕРТ ТУРАЛЫ АЗ АЙТЫЛЫП ЖҮРГЕН ЖОҚ. ТАЯУДА ІІМ-НІҢ ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ОҚУ ОРТАЛЫҒЫНДА ОСЫ ТАҚЫРЫП ТӨҢІРЕГІНДЕ ДƏРІС-ТРЕНИНГ ӨТТІ.

Мереке ҒАЛИЕВА, Қостанай қаласы

24 с о т т ал ғ анның т үй і ндеме с і н қабылдады. «Мақсатымыз – еліміздегі заңдылықтың бұзылуына жол бер-меу, əр азаматтың құқық бұзбауын жəне оның қылмысқа қайта бармау-ын қадағалау. Пробация қызметінің міндетіне қоғамнан оқшаулаумен б а й л а н ы с т ы е м е с ж а з а л а р д ы ң орындалуын қадағалаудан басқа, тəрбиелік, психологиялық жəне про-

бация қызметінің есебінде тұрғандарға əлеуметтік-құқықтық көмек көрсету де кіреді. Ұйымдастырылып отырған жəрмеңке сотталғандарға көмек көрсетудің бір көрінісі ғана», – дейді шараны ұйымдастырушылар.

Б о с л а у а з ы м д а р б о й ы н ш а жəрмеңкелер алдағы уақытта да жиі ұйымдастырылмақ. Жаза ба-сып, қоғамда қайта орнын тапқысы келген сотталғандар үшін бұл – үлкен мүмкіндік. Сол себепті про-бация қызметінің мамандары бұл шараға қаладағы ірі кəсіпкерлер, жұмыс беруші мекеме басшылары болашақта да белсенді қатысады деген сенімде.

ТРЕНИНГ

ЖҚТБ – ХХІ ғасыр қасіреті

Сейіт деген екен

С. Кенжеахметұлы Арқалық педагогика институтында қазақ əдебиеті тарихынан дəріс беріп жүріп өз тілін шала білетін қазақ қызына «сендей ару қыздарға өз тілін білмеу жа-распайды» дейді. Қыз ата-анасына «мені ауру қыз деп айтты» деп жылап барады. Ата-анасы институт ректоры Мырзағали Төлегеновке барып арызданады. Ректор Кенжеахметұлын шақыртады. Ұстаздың «ару» дегенін студенттер растап береді. Ата-ана сатирик-жазушыдан кешірім сұрайды. Іс соңында С.Кенжеахметұлы қыздың ата-анасына қарап:

– Сіздің қызыңызды енді ауру деп айтуға болады, – деген екен.