Єылыми мектептер 2011 жыл таныстырылды · 2016-02-03 ·...

6
Ґ № 5 (863) сәуір 2011 жыл 2 Кеңесте ректор, тарих ғылымдарының докторы, профессор Тұяқбай Зейітұлы сөз алып, кездесуді ашты, ҚР Президентінің Жолдауында көрсетілген ҚР білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жолдары, білім беруді модерни- зациялауды жалғастыру, жоғары білім беру жүйесін инновациялық тұрғыдан жетілдіру жайында сөз қылды. «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс» ҚР Президенті Н.Назарбаев Білім Беру Бағдарламасы сараланды М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да еліміздің 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі аймақтық кеңес өтті. Кеңеске ҚР Білім және ғылым вице-министрі Махметқали Сарыбеков, облыс әкімінің орынбасары Ербол Салықов, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының білім саласы басшылары және қалалық колледж бен мектеп директорлары қатысты. – Елбасымыз экономикалық, қаржылық қиындықтарға қарамастан осы салаға көп көңіл бөліп келеді. Білім - баршаға ортақ қазына. Елімізде білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы енгізілді. Білім және ғылым министрі Жұмағұлов мырза биылғы сапарында облыста білім саласы төңірегінде атқарылған жұмыстарға оң бағасын берген бола- тын. Қазір жастарға алаңсыз сапалы білім алып, оны мақсатты пайдалануға бар мүмкіндік жасалуда, – деді облыс әкімінің орынбасары Ербол Салықов өз сөзінде. Бұдан кейін сөз алған вице-министр Елбасы Жолдауында міндеттелген ҚР білім берудің Мемлекеттік бағдарламасы, 12-жылдық білім беру моделін енгізу, кәсіптік және техникалық білім беру мазмұнын жаңарту, университеттік білім мен ғылымды дамытудың тиімді жолдары, нарық сұранысына бейім жоғары оқу орнының инновациялық моделін қалыптастыру мәселелері төңірегінде ой қозғады. «2010 жылдың 7 желтоқсанында Президент Жарлығымен 2011-2020 асыру тетіктерін, әр кезеңнен қандай нәтиже күтуге болатынын талқылау, – деген Махметқали Нұрғалиұлы мектепке дейінгі білім беру жүйесіне, «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру жолдары- на тоқталды, - Мектепке дейінгі ұйымдар құрылысын салуда республикалық және жергілікті бюджеттен ғана емес, қосалқы қаржыландыру мен мемлекеттік жеке меншік серіктестікті дамыту тетіктерін де пайдалану керек. Дәл осы әдіспен Қарағанды қаласында 10, Теміртау қаласында 5 балабақша бой көтеруде. Ал Орал қаласында соңғы үш жылда оннан астам балабақша ашылса, биыл алты шағын орталық іске қосылды. Жеке меншік секторды дамыту, саты- лып кеткен ғимараттарды қайтарып алу мәселесі де күн тәртібінен түспеуі қажет, - деп атап көрсетті. Мемлекеттік бағдарламада 12-жылдық білім беру жүйесіне көшу 2015 жылдан басталып, 2020 жылы аяқталуы тиіс. Аталған мерзімге дейін 466 мектептің құрылысы республикалық бюджеттен қаржыландырылатын болады. Бүгінде мектептер құрылысының реестрі дайындалуда. Әуелі апатты жағдайдағы, жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Бұл бағдарлама білімнің бәсекеге қабілеттілігі мен білім беру қызметіне қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған қаржыландыру жүйесін дамытуды, ең бастысы ұстаз беделі мен мәртебесін көтеруді діттейді. Бүгінгі біздің жиналғандағы мақсатымыз осы стратегиялық құжатты, оны жүзеге үш ауысымдағы және оқушылардың орын тапшылығы бар мектептер бұл тізімге бірінші боп енбек. Сондай-ақ, бағдарламада ерекше орын алған - мұғалімнің әлеуметтік мәртебесі. Бұл орайда мұғалімнің дәрежесін, жалақысын көтеру, оның материалдық жағдайын жасау мәселелері талқыланды. Келесі жаңа оқу жылынан бастап санатына байла- нысты оларға 14 пайыздан 20 пайызға дейін үстемеақы қосылмақ. Жиында бас қосқан Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары білім беру басқармаларының басшылары, колледж директорлары мемлекеттік бағдарламада көрініс тапқан міндеттерді өз аймақтарында жүзеге асыру барысы туралы кеңінен баяндады. Жуырда М.Ґтемісов атындаєы БҚМУ-да ҚР Тјуелсіздігініѕ 20-жылдыєына арналєан «Жастар жјне єылым» атты студенттер мен магистранттардыѕ єылыми апталыєы аясында байырєы білім ордасында ќалыптасќан єылыми мектептердіѕ тўсаукесері болып ґтті. Ақжайық өңірін республикаға танытқан беделді ғылыми мектептердің бірі – тарих ғылымдарының докторы, академик Т.Рысбековтің мектебі. Ґйткені, Тұяқбай Зейітұлы - тәуелсіздіктің тынысын тұңғыш сезініп, «Заман қазір тарихшылардан жаңа деректерді ғана емес, жаңа ой мен идеяны, қайталап айтып беруді емес, талдап-түсіндіруді талап етіп отыр» деген ұстанымға беріктік танытып, отандық тарихты өрге сүйреуді алғаш қолға алғандардың бірі. Әсіресе, Бөкей Ордасы мен Батыс Қазақстан облысының тарихына тереңнен үңілген жүздеген ғылыми еңбектері мен монографиялары ақтаңдақтардың орнын толтыруға сүбелі үлес қосты. М.Ґтемісов, И.Тайманов, С.Датов, Жәңгір хан және т.б. қоғамдық- саяси қызметін зерделеп, тұлғатану мәселесіне баса мән беріп қана қоймай, батыс өңірін ғылыми орталыққа айналдыруға күш салды. 1999 жылы облыста диссертациялық кеңестің ашылуына мұрындық болып, ғалымдардың бірнеше буынын тәрбиелеп шығарды. Батыстағы ғылыми орталықты сөз еткенде педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ә.Мұханбетжанованың, биология ғылымдарының докторы, профессор, Т.Дарбаеваның, биология ғылымдарының канди - даты, профессор М.Фартушинаның, химия ғылымдарының докторы, про - фессор Д.Меңдалиеваның, филология ғылымдарының кандидаты, доцент С.Шарабасовтың ғылыми мектептерін де ерекше ілтипатпен атап өткен жөн. Кездесу барысында аталмыш ғылыми мектептердің ерекшеліктері аталып өтіліп, ғалымдар арасындағы ұрпақтар сабақтастығы кеңінен насихатталды. Студенттердің сан-салалы сауалдарына жауап берген ғалым-ұстаздар қазақ ғылымының бүгіні мен ертеңі туралы ойларымен бөлісті. Динара ЖЎМАБЕКҚЫЗЫ Єылыми мектептер таныстырылды 28-29 наурыз күндері М.Ґтемісов атындағы БҚМУ-да VІІ Аймақтық «Жас да- рын» байқауы өтті. 8 номинация бойынша 10-11 сынып оқушылары арасында өткен осы байқауға Ақтөбе облысынан 4, Атырау облысынан 6 және қала мектептерінен 79 конкурсант қатысты. Ауа райының өзгеріп, жол қатынастарының қиындығына байланысты «Жас дарын» байқауы 2011 жылдың 23-24 сәуір аралығында БҚО аудандарында аудандық білім бөлімдерінің көмегімен аудан мектептері оқушылары арасында мектеп және мәдениет үйлерінің базаларында өткізілді. Үздік шығармашылық жұмыстарымен, би және музыкалық орындаушылықпен көзге түскен дарынды жастарды университетке, мәдениет және өнер институтына тарту - байқаудың мақсаты болып табылады. Байқау 2 кезеңде өтті. Биылғы байқау өте ерекше өтті. 8 номинация бойынша 10-11 сынып оқушылары арасында өткен осы байқауға 11 БҚО аудандарынан - 396 конкурсант қатысты. Талантты, өнерлі жастар арасында VІІ Аймақтық «Жас дарын» байқауы аудан орталықтарында өткізуге байланысты әділқазылар алқасының мүшесі болып, осы шара аясында түлектердің арасында талапкерлермен үгіт-насихат жүргізетін М.Ґтемісов атындағы БҚМУ мәдениет және өнер институтының оқытушылары Нагимова М.М. – Атырау қаласы, Н.Тлендиев атындағы Кіші өнер академиясына, Абуова Р.С. – Жәнібек, Сейтимов А.Г. – Казталовка, Сұлтанова М.Е., Отаров М.Т. – Бөкейорда, Байтлеуов Д.М. – Қаратөбе, Жұмағалиева Г.Е. – Ақжайық, Утегенов И.У. – Шыңғырлау, Габдуллина А.К., Бисакаева Н.Ж – Бөрлі, Антонова Н.Ю., Капаков Г. – Зеленов, Есентемиров Д.Н. – Сырым, Мадиров Қ.Н., Мақсотов Д.Н. – Жаңақала, Шакенова А.Н., Ерғалиева А.Т. – Тасқала аудан орталықтарына іс-сапармен барды. Биылғы «Жас дарын» байқауының ерекшелігі де осында. Алдыңғы жылдары өнерлі балалардың көпшілігі жер шалғайлығына, көлік, жол қатынасының жоқтығына, қолайсыздығына байланысты қатыса алмайтын еді. Университет оқытушылары әр аудан орталықтарына барып, әрбір талантты оқушылардың өнерлерін бағалап қайтты. Қатысушылар жақсы дайындалған, өздері дайындаған шығармашылық жұмыс, жобаларын белсенді көрсетуге тырысты. Үміткерлер өз таңдаған номинациясы бой- ынша өте жақсы көрініп, «Бас жүлдені» Атырау қаласы Н.Тлендиев атындағы Кіші өнер академиясының 11 сынып оқушысы Ибатов Серікбол «Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша жеңіп алса, Б.Бисенов, А.Мамбеталиева, Е.Амангелдіұлы (Бөкейорда), Р.Самигуллин, Е.Сәрсенбай (Казталовка), Г.Шукирова, Ж.Қиясова (Тасқала), Е.Қали, А.Жумагулова (Бөрлі), З.Қасимова (Ақжайық), Е.Сагауов, А.Батырхайыров (Жәнібек), С.Ерғалиева, А.Құспанова, Д.Қаберов (Жаңақала), Э.Мухинтова (Шыңғырлау), Е.Бондаренко, А.Гумаровтар (Зеленов) өте жақсы дайындығын көрсетіп, әр номинация бойынша І орынға ие болды. Мәдениет және өнер институты шығармашылық бағытта бейнелеу өнері және сызу, дизайн (сала бойынша), сәндік өнер (түрлері бойынша), кәсіптік білім, аспап өнері (аспап түрлері бойынша), музыкалық білім, вокал (ән өнері түрлері бойынша), кітапханатану және библиография, режиссура (түрлері бойынша), мәдени-тынығу жұмысы сынды 15 мамандық бойынша кадрлар даярлайды. Байқау кезінде институттың тәжірибелі оқытушылары шеберлік кластарын өткізіп, мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетіп, осы мамандықтар жайында жоғарыда аталған әр ауданның 11-сынып оқушы-талапкерлеріне үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Аталмыш байқауды Батыс Қазақстанның аймақтары мен әр аудандарында өткізуге мүмкіндік жасаған М.Ґтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, академик Т.З.Рысбековке алғысымызды білдіреміз. Жас таланттардың республикалық «Жас дарын» конкурсы жыл сайын жас дарындардың шоғырын ашады. Үздік қатысушылар, мектеп түлектері біздің институтымызға түсу үшін шығармашылық емтихандарға қатысуға жолдама алып жатады. Ґткен жылдары байқау қорытындысында біздің жоғары оқу орнына 100-ден астам «Жас дарындар» түсті. Биыл одан да көп болады деген үміттеміз. Бізге оқуға ниет білдірген талапкерлер шығармашылық емтихандарды сәтті тапсырып, өнерлерін жоғары дәрежеде көрсетеді деп ойлаймыз. Жас дарын-талапкерлер, біз сіздерді асыға күтеміз және сіздердің қадамдарыңыз сәтті болатынына сенеміз! Меѕдієаным НАғЫМовА, МжӨИ директорының м.а., Роза АБУовА, оқытушы «Жас дарын - 2011»

Upload: others

Post on 19-May-2020

32 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Ґ№

5 (86

3) с

әуір

201

1 ж

ыл

2

К е ң е с т е р е к т о р , т а р и х ғылымдарының докторы, профессор Тұяқбай Зейітұлы сөз алып, кездесуді ашты, ҚР Президентінің Жолдауында көрсетілген ҚР білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жолдары, білім беруді модерни-зациялауды жалғастыру, жоғары білім беру жүйесін инновациялық тұрғыдан жетілдіру жайында сөз қылды.

«Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс»

ҚР Президенті Н.Назарбаев

Білім Беру Бағдарламасы сараланды

М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да еліміздің 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі аймақтық кеңес өтті. Кеңеске ҚР Білім және ғылым вице-министрі Махметқали Сарыбеков, облыс әкімінің орынбасары Ербол Салықов, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының білім саласы басшылары және қалалық колледж бен мектеп директорлары қатысты.

– Е лбас ымыз экономика лық , қаржылық қиындықтарға қарамастан осы салаға көп көңіл бөліп келеді. Білім - баршаға ортақ қазына. Елімізде білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы енгізілді. Білім және ғылым министрі Жұмағұлов мырза биылғы сапарында облыста білім с а лас ы төң іре г ін де атқ арыл ған жұмыстарға оң бағасын берген бола-тын. Қазір жастарға алаңсыз сапалы білім алып, оны мақсатты пайдалануға бар мүмкіндік жасалуда, – деді облыс әкімінің орынбасары Ербол Салықов өз сөзінде.

Бұдан кейін сөз алған вице-министр Елбасы Жолдауында міндеттелген ҚР білім берудің Мемлекеттік бағдарламасы, 12-жылдық білім беру моделін енгізу, кәсіптік және техникалық білім беру мазмұнын жаңарту, университеттік білім мен ғылымды дамытудың тиімді жолдары, нарық сұранысына бейім жоғары оқу орнының инновациялық моделін қалыптастыру мәселелері төңірегінде ой қозғады.

«2010 жылдың 7 желтоқсанында Президент Жарлығымен 2011-2020

асыру тетіктерін, әр кезеңнен қандай нәтиже күтуге болатынын талқылау, – деген Махметқали Нұрғалиұлы мектепке дейінгі білім беру жүйесіне, «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру жолдары-на тоқталды, - Мектепке дейінгі ұйымдар құрылысын салуда республикалық және жергілікті бюджеттен ғана емес, қосалқы қаржыландыру мен мемлекеттік жеке меншік серіктестікті дамыту тетіктерін де пайдалану керек. Дәл осы әдіспен Қарағанды қаласында 10, Теміртау қаласында 5 балабақша бой көтеруде. Ал Орал қаласында соңғы үш жылда оннан астам балабақша ашылса, биыл алты шағын орталық іске қосылды. Жеке меншік секторды дамыту, саты-лып кеткен ғимараттарды қайтарып алу мәселесі де күн тәртібінен түспеуі қажет, - деп атап көрсетті.

М е м л е к е т т і к б а ғ д а р л а м а д а 12-жылдық білім беру жүйесіне көшу 2015 жылдан басталып, 2020 жылы аяқталуы тиіс. Аталған мерзімге дейін 466 мектептің құрылысы республикалық бюджеттен қаржыландырылатын болады. Бүгінде мектептер құрылысының реестрі дайындалуда. Әуелі апатты жағдайдағы,

жылдар ға арналған б іл ім беруд і дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Бұл бағдарлама білімнің бәсекеге қабілеттілігі мен білім беру қызметіне қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған қаржыландыру жүйесін дамытуды, ең бастысы ұстаз беделі мен мәртебесін көтеруді діттейді. Бүгінгі біздің жиналғандағы мақсатымыз осы стратегиялық құжатты, оны жүзеге

үш ауысымдағы және оқушылардың орын тапшылығы бар мектептер бұл тізімге бірінші боп енбек.

Сондай-ақ, бағдарламада ерекше орын алған - мұғалімнің әлеуметтік мәртебесі. Бұл орайда мұғалімнің дәрежесін, жалақысын көтеру, оның

м а т е р и а л д ы қ ж а ғ д а й ы н ж а с а у мәселелері талқыланды. Келесі жаңа оқу жылынан бастап санатына байла-нысты оларға 14 пайыздан 20 пайызға дейін үстемеақы қосылмақ.

Ж и ы н д а б а с қ о с қ а н Ат ы р ау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары білім беру басқармаларының басшылары, колледж директорлары мемлекеттік бағдарламада көрініс тапқан міндеттерді өз аймақтарында жүзеге асыру барысы туралы кеңінен баяндады.

Жуырда М.Ґтемісов атындаєы БҚМУ-да ҚР Тјуелсіздігініѕ 20-жылдыєына арналєан «Жастар жјне єылым» атты студенттер мен магистранттардыѕ єылыми апталыєы аясында байырєы білім ордасында ќалыптасќан єылыми мектептердіѕ тўсаукесері болып ґтті.

Ақжайық өңірін республикаға танытқан беделді ғылыми мектептердің бірі – тарих ғылымдарының докторы, академик Т.Рысбековтің мектебі. Ґйткені, Тұяқбай Зейітұлы - тәуелсіздіктің тынысын тұңғыш сезініп, «Заман қазір тарихшылардан жаңа деректерді ғана емес, жаңа ой мен идеяны, қайталап айтып беруді емес, талдап-түсіндіруді талап етіп отыр» деген ұстанымға беріктік танытып, отандық тарихты өрге сүйреуді алғаш қолға алғандардың бірі. Әсіресе, Бөкей Ордасы мен Батыс Қазақстан облысының тарихына тереңнен үңілген жүздеген ғылыми еңбектері мен монографиялары ақтаңдақтардың орнын толтыруға сүбелі үлес қосты. М.Ґтемісов, И.Тайманов, С.Датов, Жәңгір хан және т.б. қоғамдық-саяси қызметін зерделеп, тұлғатану мәселесіне баса мән беріп қана қоймай, батыс өңірін ғылыми орталыққа айналдыруға күш салды. 1999 жылы облыста диссертациялық кеңестің ашылуына мұрындық болып, ғалымдардың бірнеше буынын тәрбиелеп шығарды.

Батыстағы ғылыми орталықты сөз еткенде педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ә.Мұханбетжанованың, биология ғылымдарының докторы, профессор, Т.Дарбаеваның, биология ғылымдарының канди-даты, профессор М.Фартушинаның, химия ғылымдарының докторы, про-фессор Д.Меңдалиеваның, филология ғылымдарының кандидаты, доцент С.Шарабасовтың ғылыми мектептерін де ерекше ілтипатпен атап өткен жөн.

Кездесу барысында аталмыш ғылыми мектептердің ерекшеліктері аталып өтіліп, ғалымдар арасындағы ұрпақтар сабақтастығы кеңінен насихатталды. Студенттердің сан-салалы сауалдарына жауап берген ғалым-ұстаздар қазақ ғылымының бүгіні мен ертеңі туралы ойларымен бөлісті.

Динара ЖЎМАБЕКҚЫЗЫ

Єылыми мектептер таныстырылды

28-29 наурыз күндері М.Ґтемісов атындағы БҚМУ-да VІІ Аймақтық «Жас да-рын» байқауы өтті.

8 номинация бойынша 10-11 сынып оқушылары арасында өткен осы байқауға Ақтөбе облысынан 4, Атырау облысынан 6 және қала мектептерінен 79 конкурсант қатысты.

Ауа райының өзгеріп, жол қатынастарының қиындығына байланысты «Жас дарын» байқауы 2011 жылдың 23-24 сәуір аралығында БҚО аудандарында аудандық білім бөлімдерінің көмегімен аудан мектептері оқушылары арасында мектеп және мәдениет үйлерінің базаларында өткізілді.

Үздік шығармашылық жұмыстарымен, би және музыкалық орындаушылықпен көзге түскен дарынды жастарды университетке, мәдениет және өнер институтына тарту - байқаудың мақсаты болып табылады. Байқау 2 кезеңде өтті. Биылғы байқау өте ерекше өтті. 8 номинация бойынша 10-11 сынып оқушылары арасында өткен осы байқауға 11 БҚО аудандарынан - 396 конкурсант қатысты.

Талантты, өнерлі жастар арасында VІІ Аймақтық «Жас дарын» байқауы аудан орталықтарында өткізуге байланысты әділқазылар алқасының мүшесі болып, осы шара аясында түлектердің арасында талапкерлермен үгіт-насихат жүргізетін М.Ґтемісов атындағы БҚМУ мәдениет және өнер институтының оқытушылары Нагимова М.М. – Атырау қаласы, Н.Тлендиев атындағы Кіші өнер академиясына, Абуова Р.С. – Жәнібек, Сейтимов А.Г. – Казталовка, Сұлтанова М.Е., Отаров М.Т. – Бөкейорда, Байтлеуов Д.М. – Қаратөбе, Жұмағалиева Г.Е. – Ақжайық, Утегенов И.У. – Шыңғырлау, Габдуллина А.К., Бисакаева Н.Ж – Бөрлі, Антонова Н.Ю., Капаков Г. – Зеленов, Есентемиров Д.Н. – Сырым, Мадиров Қ.Н., Мақсотов Д.Н. – Жаңақала, Шакенова А.Н., Ерғалиева А.Т. – Тасқала аудан орталықтарына іс-сапармен барды. Биылғы «Жас дарын» байқауының ерекшелігі де осында. Алдыңғы жылдары өнерлі балалардың көпшілігі жер шалғайлығына, көлік, жол қатынасының жоқтығына, қолайсыздығына байланысты қатыса алмайтын еді. Университет оқытушылары әр аудан орталықтарына барып, әрбір талантты оқушылардың өнерлерін бағалап қайтты.

Қатысушылар жақсы дайындалған, өздері дайындаған шығармашылық жұмыс, жобаларын белсенді көрсетуге тырысты. Үміткерлер өз таңдаған номинациясы бой-ынша өте жақсы көрініп, «Бас жүлдені» Атырау қаласы Н.Тлендиев атындағы Кіші өнер академиясының 11 сынып оқушысы Ибатов Серікбол «Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша жеңіп алса, Б.Бисенов, А.Мамбеталиева, Е.Амангелдіұлы (Бөкейорда), Р.Самигуллин, Е.Сәрсенбай (Казталовка), Г.Шукирова, Ж.Қиясова (Тасқала), Е.Қали, А.Жумагулова (Бөрлі), З.Қасимова (Ақжайық), Е.Сагауов, А.Батырхайыров (Жәнібек), С.Ерғалиева, А.Құспанова, Д.Қаберов (Жаңақала), Э.Мухинтова (Шыңғырлау), Е.Бондаренко, А.Гумаровтар (Зеленов) өте жақсы дайындығын көрсетіп, әр номинация бойынша І орынға ие болды.

Мәдениет және өнер институты шығармашылық бағытта бейнелеу өнері және сызу, дизайн (сала бойынша), сәндік өнер (түрлері бойынша), кәсіптік білім, аспап өнері (аспап түрлері бойынша), музыкалық білім, вокал (ән өнері түрлері бойынша), кітапханатану және библиография, режиссура (түрлері бойынша), мәдени-тынығу жұмысы сынды 15 мамандық бойынша кадрлар даярлайды. Байқау кезінде институттың тәжірибелі оқытушылары шеберлік кластарын өткізіп, мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетіп, осы мамандықтар жайында жоғарыда аталған әр ауданның 11-сынып оқушы-талапкерлеріне үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Аталмыш байқауды Батыс Қазақстанның аймақтары мен әр аудандарында өткізуге мүмкіндік жасаған М.Ґтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, академик Т.З.Рысбековке алғысымызды білдіреміз.

Жас таланттардың республикалық «Жас дарын» конкурсы жыл сайын жас дарындардың шоғырын ашады. Үздік қатысушылар, мектеп түлектері біздің институтымызға түсу үшін шығармашылық емтихандарға қатысуға жолдама алып жатады. Ґткен жылдары байқау қорытындысында біздің жоғары оқу орнына 100-ден астам «Жас дарындар» түсті. Биыл одан да көп болады деген үміттеміз. Бізге оқуға ниет білдірген талапкерлер шығармашылық емтихандарды сәтті тапсырып, өнерлерін жоғары дәрежеде көрсетеді деп ойлаймыз. Жас дарын-талапкерлер, біз сіздерді асыға күтеміз және сіздердің қадамдарыңыз сәтті болатынына сенеміз!

Меѕдієаным НАғЫМовА, МжӨИ директорының м.а., Роза АБУовА, оқытушы

«Жас дарын - 2011»

Ґ№

5 (863) сәуір 2011 ж

ыл

3

ċĥņĥİŀŋķĥĵ

25 и 26 марта этого года в г. Астане в Казахском гуманитарном юриди-ческом университете проводилась республиканская правовая олимпиада среди студентов высших учебных заведений Республики Казахстан.

ПРИШЁЛ! УВИДЕЛ! ПОБЕДИЛ!!!

Основной целью олимпиады стало усиление значимости профессиональ-ного правового образования, развитие правовой культуры студентов и выявле-ние наиболее талантливой юридически ориентированной молодежи.

В олимпиаде приняли участие сту-денты высших учебных заведений Республики Казахстан. Каждый регион страны представляла команда в со-ставе пяти студентов под руководством преподавателя. Всего в заключитель-ном этапе участвовало 20 команд раз-личных вузов Республики Казахстан: Евразийский Национальный университет им. Л.Н.Гумилева, Карагандинский госу-дарственный университет им. Букетова, Карагандинский университет «Болашак», Казахстанско-Российский университет, Таразский государственный университет имени М.Х.Дулати и т.д.

Команду ЗКГУ под руководством магистра юриспруденции Ауелбаева Заурбека Бактыбаевича представля-ли следующие студенты:

Байниязова Салтанат, Габдушев Арман, Ермольчев Илья, Ергалиева Гульнара,Хайруллин Вали.

Приветственным словом олимпиаду открыл ректор КАЗГЮУ Когамов Марат Чекишевич.

Олимпиада проходила в II тура: I тур – компьютерное тестирование по

дисциплинам: «Теория государства и пра-ва», «Конституционное право Республики Казахстан».

II тур – по дисциплинам: «Уголовное право Республики Казахстан», «Уголовное процессуальное право Республики Казахстан», «Граж данское право Республики Казахстан», «Гражданское процессуальное право Республики Казахстан». Задания второго тура вклю-чали в себя теоретические вопросы и решение ситуативных задач (по дисци-плинам «Уголовное право Республики Казахстан» и «Гражданское право Республики Казахстан»).

Результатом олимпиады стала по-беда в личном зачете студентки нашего университета Ергалиевой Гульнары. И, по правилам олимпиады, нашему вузу в следующем году предоставлена честь провести Республиканскую право-вую олимпиаду в стенах родного ЗКГУ им.М.Утемисова.

Гульнара была награждена Дипломом МОН РК I степени. Остальным участникам команды вручены сертификаты и памят-ные сувениры.

На торжественной церемонии закрытия олимпиады приятным сюрпризом стала

презентация документального фильма о выдающемся космонавте Республики Казахстан Талгате Амангельдиевиче Мусабаеве, посвященная 50-летию первого полета человека в космос.

В заключение была представлена концертная программа с участием сту-дентов КАЗГЮУ.

Это не первая победа студентов юри-дической специальности нашего вуза на республиканской олимпиаде, и поэтому пожелаем им дальнейших успехов и до-стижения новых высот! Будем надеяться, что следующая олимпиада в 2012 г. при-несет нам новые победы!

С.БАйНияЗовА

Наурыз айының шуақты күндерінде Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде Қазақстан Республикасы студенттерінің III Республикалық пәндік олимпиадасы болып өтті.

Ґнерлінің өрісі кең

Еліміздің түрлі жоғары оқу орындарынан келген 9 коман-да қатысқан осы олимпиадаға М.Ґтемісов атындағы Батыс Қ а з а қ с т а н м е м л е к е т т і к у н и в е р с и т е т і н і ң ж а л а у ы н желбіретіп, «Ақжайық» команда-сы да өз бақтарын сынады. Осы сапарға барып келген команда жетекшісі «Көркем қолданбалы өнер және кәсіби білім беру» кафедрасының аға оқытушысы, филос.ғ.к. Нұржан Сағынұлы Т і л еу ха н о в ол и м п и а д а н ың жақсы ұйымдастырылғанын, студенттердің өз білімдерін шыңдауға зор мүмкіндік болғанын, тәжірибе жинақтағанын айтады. Концерттік бағдарламамен өз жалғасын тапқан олимпиада үш пән бойынша өткізілген.

С т уд е н т т е р і м і з д і ң к ө р с е т к е н нәтижелері де жаман емес. «Бейнелеу

өнері және сызу» мамандығының қос бірдей студенті олжасыз қайтпады. 10301-топ студенті Алмас Батыков аталған үш пән, яғни бейнелеу өнері тарихы мен теориясы, сурет және сызу

бойынша министрліктің III дәрежелі арнайы грамотасын еншілесе, Рустам Жұмағазиев сызу пәні бойынша II орынға

тұрақтады. ҚР ЖОО студенттерінің III республикалық пәндік олимпиа-дасына шәкірт дайындап, белсене қатысқаны үшін аға оқытушы, филос.ғ.к . Нұржан Сағынұлы Тілеуханов алғыс хатпен марапат-талды. Ең бастысы - М.Ґтемісов ат ын д а ғ ы Б ат ы с Қ аз ақ с та н мемлекеттік университеті ректоры, академик Т.З.Рысбековке студент-терге қолдау көрсеткені үшін алғыс хат берілді.

Ал жеңімпаз студенттер ке-лешекте де осындай жарыстарға қатысып тұратынын да жасырмады. Ґз білім деңгейін байқауға мүмкіндік берген университет басшылығы мен кафедра оқытушыларына

алғыстарын білдірді.З.ЕСлАМгАлиЕвА,

«Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының 3 курс студенті

М .Ө т е м і с о в а т ы н д а ғ ы БҚМУ-дың www.wksu.kz web-сайты Мәскеу қ аласында өткен халықаралық «Алтын тор» байқ ауында «Ха лық таңдауы» номинациясы бой-ынша бас жүлдені жеңіп алды. Ресей, Украина, Қазақстан және Беларусь мемлекеттерінің 128 web – жасақтаушысы ұсынған 525 интернет-жобаның ішінен www.wksu.kz web-сайтының үздік ата-нуы - оралдық студент жастардың жаңашылдығы мен біліктілігінің айқын дәлелі.

Осыдан жеті жыл бұрын бас-тау алған «Алтын тор» байқауы интернет-технологияларды пайдалану арқылы ақпараттық қоғамды дамытуды көздейді. Егер 2005 жылы жастардың интернет-жобалары байқауына тек елу жоба ғана қатысса, бүгінгі таңда сайт пайдаланушыларының саны 25 мыңнан асты. Жыл санап маңызы артып, ауқымы кеңейіп отырған халықаралық байқауға Қазақстан 2009 жыл-дан бастап қатыса бастады. Ал, елімізге алғашқы қомақты жеңісті М.Ґтемісов атындағы БҚМУ студенттері сыйлады.

***А л м а т ы қ а л а с ы н д а ғ ы

Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік өнер академиясын-да болып өткен бейнелеу өнері және сызу мамандығы бойын-ша білім алып жатқан студент-тер арасында республикалық пәндік олимпиадаға біздің білім ордасының студент жастары да қатысып қайтқан еді. Екі кезеңнен өткен олимпиадаға жоғары оқу орындарынан 7 команда қатынасқан. Ал, біздің университет студенттері әр номинацияға жеке-лей сынға түсіп, өз шеберліктерін байқатты. «Көркем өнер және кәсіби білім» кафедрасының жетекшісі, филос.ғ.к., доцент А.Г.Сейтимовтың жетекшілігімен графика мамандығының 3 курс студенттері Жеңіс Тасболатов 2 орынға, Ерғазы Жұматай 3 орынға қол жеткізді. Мүсін мамандығының 3 курс студенті Анатолий Тайпов 3 орынға қол жеткізсе, сәндік қолданбалы өнер мамандығының металл өң деу мамандығының 2 курс студенті Самат Сарманбеков жүлделі 3 орынға ие болды.

***Батыс Қазақстан өңірін жуырда

тілсіз жау шарпып өтті. Тосыннан келген су тасқынынан жапа шек-кендерге бүкіл өңір болып көмек көрсетіліп жатыр. М.Ґтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің п р о ф е с с о р - о қ ы т у ш ы л а р ұжымы мен қызметкерлері және студенттері қолдарынан кел-ген барын аямай, көмектерін к ө р с е т у д е . О қ ы т у ш ы л а р мен қызметкерлер бір күндік жалақыларын, ал студенттер бір күндік шәкіртақыларын бөлді. Университеттің оқытушылары мен студенттері су тасқынынан жапа шеккендерге көмек көрсету мақсатында киім-кешектер мен оқу құралдарын әкеліп, өздерінің қ а м қ о рл ы қ т а р ы н к ө р с ет т і . Сонымен қатар, студенттер жапа шеккендерге арнайы бөлінген о р ы н д а р ғ а , с о н ы ң і ш і н д е қаламыздағы №10, 12, 26 мек-тептерге, Жастар мәдениет үйі мен балалар емханасына барып, көмек қолын созып, сол жерде жұмыстар атқарды. Бұл игі шара әлі де өз жалғасын тауып келеді. Оқу ордамыздың студенттері су тасқыны болған орындарға ба-рып, өздерінің белсенділіктерін танытуда. Батыс өңірінің халқына төнген бұл жағдайды біз тек қана бірлік пен төзімділіктің арқасында ғана жеңетініміз анық.

Ғалымдар қазіргі ономастика

жайында бас қосты

жастар жеңістұғырында

М.Ґтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «қазақ филологиясы» кафедрасының ұйымдастыруымен 20 сәуір күні «Қазіргі ономастикалық ахуал: тілдік, тарихи әлеуметтік және географиялық фак-торлар» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Профессорлар, ғалым-оқытушылар мен студент жастар қатысқан конференцияның пленарлық мәжілісінде М.Ґтемісов атындағы БҚМУ құрметті профессоры, өлкетанушы Ж.Ақбай «Ґлке өңірі - жер-су атауларының тарихи сырлары», БҚГА проректоры, филология ғылымдарының док-торы, профессор М.Б. Сабыр «Орал қаласы көше атауларының тарихи-этномәдени қырлары», «Ағартушы» мемлекеттік тілді оқыту орталығының директоры, БҚО бойынша Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Б.Ґ. Жексенғалиев «Қазіргі қазақ онамастикасының өзекті мәселелері және тілдік норма-лар», сондай-ақ филология ғылымдарының кандидаты, до-цент, оқытушы Ұ.Р. Ержанова «Әлем өркениетіндегі ұлттық тіл» жайында сөз етті.

Бұл ғылыми басқосуда тілдік саясат, тарихи және географиялық дереккөздер негізіндегі Қазақстандағы ономастикалық мәселелер, қазақ тілі ономастикасының теориялық мәселелері мен әдебиеттанудың өзекті мәселелері сынды келелі мәселелер талқыланды. Қазіргі таңдағы кездесіп жүрген кейбір олқылықтар, олардың алдын алу, қолданыста пайдалану жолдары, сонымен бірге келешек педагогтың тілдік қатынас мәдениетін қалыптастырудың әдіс- тәсілдері жайында пікір алмасты.

Алматы қаласында әл-Фараби атындағы

Қазақ Ұлттық университетінде республикалық

пәндік олимпиа-да болып өтті.

Бұл сайысқа да М.Ґтемісов атындағы БҚМУ студенттері қатысып, өз бақтарын сынады. «Биология және эколо-гия» кафедрасының оқытушысы Б.Ж.Джангазиеваның жетекшілігімен қатысқан білімпаз жастар ұстаздарының сенімін ақтап, зор нәтиже көрсетті. Химия пәнінен сайысқа түскен біздің команда небары 5 команданың ішінен суырылып ІІ орынға тұрақтады. Жекелей сында Ж.Жолгелдиев 2 орынға, А.Тілепбергенова және К.Ислямов 3 орынға қол жеткізді. Ал биология мамандығы бойынша өз білімдерін саралаған 8 команданың арасынан 2 орынды иеленді. Жекелей есепте әділқазылар шешімімен үздік деп танылған 01204-тобының студенті Айдын Ынтықбеков 1 орынды, 01106 -тобының студенті Нұрлан Сүйеуов 2 орынды қанжығаларына байлады.

Ґ№

5 (86

3) с

әуір

201

1 ж

ыл

4

Тјуелсіздіктіѕ 20-жылдыќ мерейтойы ќарсаѕында

Ґткен тарихымызға көз жүгіртсек, аумағы ұшқан құстың қанатымен, жер танабын қуырған тұлпар тұяғының дүбірімен өлшенген кең де келісті өлкені мекендеген қазақ деген елміз. Тағдырымыз таразыға түскен шақтарда «күмбір-күмбір кісінетіп, күреңді мініп», «қоңыраулы найза қолға алып, қоңыр салқын төске алып», жауына атой салған батыр бабаларымыздың ерлігіне сүйендік. Құт дарып, қыдыр қонған қасиетті жеріміздің, қабырғалы жұртымыздың шаңырағын шайқалтпауға жанын салған, теңдік пен татулықты ту етіп ұстатқан, «бастаса елдің көсемі, сөйлесе

АқиқАтқА айналған арман...

Ел болып, егемендік алдық, еңсемізді көтердік, туымыз-

ды желбіреттік, тұғыры мықты Ата Заңымызды қабылдадық.

Мұның өзі - тәуелсіздіктің арқасы. Бүгінде Тәуелсіздігімізге

20 жыл толып отыр. Егемендіктің ертеңі болып атқан Тәуелсіздік – табандылықтың, қырағылықтың

тапжылмас қайнар бастауы.

сөздің шешені» болған қазына кеуде қарттарымыздың, қылыштың жүзі, найзаның ұшына қасқая қарсы тұрған азамат ағаларымыздың арқасында еліміздің іргесі сөгілмей осынау тәуелсіз күнге жеттік.

Қай халық үшін де тәуелсіздік - қастерлі ұғым, ұлы мұрат. Ұлтымыздың ұлы жеңістері оңайлықпен кел-ген жоқ. Тәуелсіздіктің жолы қиындыққа толы болды. Халқымыз елді қорғауда қан майдандарды, ұлт-азаттық көтерілістерін, ұлтымыздың ұлыларының, ұл-қыздарының қайсарлығы мен құрбандығын, талай аумалы-төкпелі замандарды бастан кешті, осы ауыртпалықтың бәрін көтере білді, жасымайтын жігер танытып, асқақ арма-нына ұмтылды. Бұл біздің жадымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталуға тиіс.

Егемендік - ғасырларға созылған күрестің жемісі. Ата-бабаларымыз тек жоңғар шапқыншыларымен ғана тәу елсіздік үшін үш жүз жылдай соғысты. Ынтымақ пен бірліктің арқасында жеңіп шықты. Осы жеңістердің басы-қасында ер Есім, Әз Тәуке, айбынды Абылай сынды хандарымыз, Қабанбай, Бөгенбай, Елшібек, Наурызбай, Қарасай бастаған даңқты батырлары-мыз, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер ба стаған данагөйлеріміз тұрды. Туған жер мен ел үшін бүкіл ғұмырын сарп еткен олардың есімдері мен ерлік істері бүгінгі ұрпақ үшін аңызға айналды.

Тарихтың әр кезеңінде тәуелсіздік жолындағы күресте халықты Кенесары хан, Исатай мен Махамбет, Сырым, Амангелді батырлар, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Тұрар Рысқұлов, Сәкен Сейфуллин, Сұлтанбек Қожанов, Ораз Жандосов, Мұхаметжан Тынышпаев, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатов сынды халқымыздың басқа да көптеген асыл перзенттері басқарды. Олардың барлығы дерлік тәу елсіздік жолындағы жанқиярлық күре сте мерт болды.

Одан кейін Ұлы Отан соғысының қан майданында мыңдаған отандастарымыз өшпес ерлік пен елдіктің, айбарлы қаһармандық пен батырлықтың ерен үлгісін көрсетті.

Тәуелсіздік жолындағы күрестің соңғы сатысы - 1986 жылғы Алматыда болған Желтоқсан көтерілісі. Ол Кеңес Одағы деп аталған алып империяның құлауы үшін берілген алғашқы соққы болды. Қазақ жастары осынау күресте алдыңғы шепте болып, қанға боялды, аяусыз азапталды.

Сондықтан, бұл күн жас мемлекетіміз үшін - біртұтас елдіктің, ынтымақтастық пен татулықтың, сонымен қатар өткенге деген тағзымды, бүгін мен болашаққа де-ген сенімді үміттің мерекесі болып табылады. Еліміздің ұлы тарихына, ата-баба рухына, аға ұрпақтардың қаһармандық өмір жолына құрметпен басымызды иіп, тағзым етеміз.

Жаңа дәуір 1991 жылдың желтоқсанынан бастал-ды және бұл қезең ұлт көсемі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атымен ажырамас байланыста. Тәуелсіздіктің сын сағаттарында Тұңғыш Президентіміз нар жүгін мойымай көтеретін қажырлы қайраткер, дана саясаткер ретінде елімізді сеніммен алға бастады. Елбасымыз ұлтының үмітін ақтап, елді ел қылды, дер-бес, егеменді Қазақстан мемлекетінің негізін қалады, іргелі мемлекет дәрежесіне көтерді.

Ең бастысы, мұның бәріне жанжалсыз, жағалассыз, жасампаздық арқылы жетіппіз. Бұндай жетістік бірлікті елі, білікті төрі, ең бастысы, дана басшысы бар қоғамның ғана қолынан келеді,

Бүгінде «Қазақстан өз мемлекеттілігін біржолата бек і т і п , д амудың қ аз ақс тан дық ө з модел ін қалыптастырды». Еліміз осы кезеңде ғасырға бергісіз жолдан өтті, ауқымы жағынан орасан табыстарға қол жеткізді. Егемендіктің тұғыры жылдан-жылға нығайып, жаңа да жас мемлекетімізді бүкіл әлем танып, мойындады.

Республикада ұлан-ғайыр істер атқарылды. Тарихи

жеріміздің шекарасы халықаралық шарттарға сай белгіленіп, мемлекеттік рәміздеріміз, Ата Заңымыз, ұлттық валютамыз және жаңа Астанамыз дүниеге келді. Әлемдік қоғамдастық Қазақстан Республикасы деген асқақ рухты елдің бар екенін мойындады. Ґзіне тән барлық институттары бар, әлемдік қауымдастықтың ықпалды мүшесі болып табылатын мемлекет ретінде таныды.

Елдің әл-ауқаты еселеп артып, рухы шалқыды.Экономика нығайып, мәдени, рухани даму деңгейі жаңа

белеске көтерілді. Елімізде қалыптасқан этносаралық

және дінаралық келісім тәуелсіздігіміздің берік тірегіне айналып отыр.

Тәуелсіздікке дейінгі және бүгінгі жағдайдың айырмашылығы көз алдымызда. Тағдырдың жазуымен, тарихтың талқысымен қазақ жерін паналанған түрлі этнос өкілдері ортақ Отанымызды көркейту жолында аянбай тер төгуде. Олар қазақ халқының қиын кезеңде көрсеткен қамқорлығына шын жүректен алғысын айтып келеді.

«Ел бірлігі - ең асыл қасиет» - деген осындай болар.Бүгінгі Қазақстан - өзі орналасқан аймақтың ғана емес,

бүкіл әлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. Қазақстан Президентінің пікіріне әлем саясаткерлері ықылас қоятын болды.

Азулы алып елдердің басын қосқан, төрткүл дүниенің назарын аудартқан - Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы саммитінің елімізде жоғары деңгейде өткізілуі мемлекетіміздің абыройын одан әрі асқақтатты.

Мұндай табысқа Қазақстаннан басқа жаңа мемле-кет болып құрылған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы республикаларының ешқайсысы, Азия елдерінің ешбіреуі қол жеткізе қойған жоқ.

Бұл - тарихи оқиға. Мемлекетіміздің жасампаз саясаты мен ұлт пен ұлыстардың бірлігінің ұйытқысы болған қазақ халқының абыройын асқақтатқан ұлы күн. Бұл - іргелі ел болғанымыздың, Мемлекет Басшысының ха лықаралық беделінің айқын көрінісі!

Ата-бабалар жолы, ересен еңбегі мен ерлігі кейінгі ұрпақ үшін үлгі әрі өнеге. Оны қастерлеп, Қазақстанның жаңа биіктерге көтерілуіне атсалысу - бәрімізге парыз. Осы мақсатта еліміз де көптеген игі істер атқарылуда.

Дана халқымыз: «Еркіндік қайда болса - елдік сон-да, бірлік қайда болса - ерлік сонда» деп айтқанындай, осының барлығы - тәуелсіздігіміздің жемістері.

Әлі де болашақта атқарар шаруа орасан зор. Бәрін жасадық, барлығына қол жеткіздік деп айта алмаймыз. Заман күн өткен сайын өзгеруде. Бүгінгі күн - бәсекелестік заманы. Әлемдегі барлық елдер мен мемлекеттерде артта қалмау үшін қайнаған қызмет жүріп жатыр. Біз де замана үрдісінен тыс қалмауымыз керек. Алға қойылған міндеттер қаншалықты қиын болса да, біз жаңа даму кезеңіне түстік.

Тәуелсіздіктің 20-жылдық мейрамы - біздің жетістіктеріміз бен табыстарымызды саралайтын мереке.

Жетістіктеріміз бен табыстарымыз ұшан-теңіз. Тәуелсіздік - халқымыздың басына қонған бақ. Қазақта «Бақ қайда барасың? Ынтымақ пен бірлікке барамын» - деген дана-лы сөз бар. Сол ынтымақ пен бірлігіміздің арқасында тәуелсіздігімізді қадірлеп, қастерлей білейік!

Дәл қазір біз үшін Тәуелсіздіктен қымбат ештеңе жоқ, оның қадірі еш нәрсемен өлшенбейді. Әлемдік саясатта Қазақстанның досы жоқ, әріптесі бар, жауы жоқ, бәсекелесі бар екенін естен шығармайық, ардақты ағайын!

Қашан да тарих - төреші, заман - сыншы, қоғам - мінші, халық - таразы. Тамыры тереңге кететін осы төрт шешімін саралап алған ел жүретін жолынан адаспайды.

Ата-баба рухын, өсиетін берік ұстанып, «Отан» ұғымын санасына сіңіріп өскен патриот жас ұрпақ Тәуелсіздіктің мызғымас тірегі болатынына біз кәміл сенеміз.

ҚАСИЕТТІ ДЕ ҚҰДІРЕТТІ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ! Ұлан-ғайыр жер бергенімен басы өспей келе жатқан жұртымызды ырзық-берекеге ұйытып, есе түгендейік, еңсе тіктейік! Әке отырып, бала сөйлемей, іні отырып, аға жүгірмей, басы бүтінделіп келе жатқан халқымыздың ұлы үрдісін жоғалтып алмайық! Әр қиядан бас құраған қырық ру Қазақстан халқы жік қуаламай, ала қойды бөле қырықпай, әңгімені азайтып, белін бүгіп, терін сыпырып бейнет етсін дегім келеді!

Елдана АСЫлхАНовА, қазақ тілі мен әдебиеті бөлімінің 3 курс студенті

«Көңілді тапқырлар клубы» жанкүйерлерін бір қуантып қалды

«Көңілді тапқырлар клубы» - жастардың мәдени ортасы, демалыс сәтін қызықты өткізетін орта екені сөзсіз. Сәуір айының 23-ші жұлдызында «Тәуелсіздіктің 20-жылдығына» арналған «Тәуелсіздік құрдастары» атты «Көңілді тапқырлар клубының» ойыны болып өтті.

БҚО Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Ақжайық» КТК лигасы бас жүлдеге БҚО әкімдігінің кубогын қойды. Ґз өнерлерін көрсеткен команда-лар қатарында Алматы медициналық колледжінің «Система» мен «Med Style» командалары, Ақтөбе қаласының «Атамекен» командасы, Атырау қаласының Қатира Дүтбаева атындағы «Сүт» командасы, Орал қалалық №2 кәсіптік лицейінің «Жайық үні жастары», Атырау қаласындағы аграрлық-техникалық колледжінің «Аграрка тарлан-дары», Орал қалалық №1 орта мектебі мен Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың «Батыс сұлтандары» мен «Ағайынды бейтаныстар» секілді командалар бол-ды. Ойынды ашқан БҚО Ішкі істер басқармасынан Мұратқали Қамешұлы: «Көңілді тапқырлар клубы – ерекше көңіл аударарлық шара. Тапқырлардың, білімділердің, дарындылардың, таланттылардың нағыз ойыны. Бұл ойын арқылы дарындылар та-лантын шыңдап, қабілетін ашуы керек. Барлық ойыншыларға сәттілік тілеп, жақсы ойын түрін көрсетуін тілеймін» деген болатын. Ойын тартымды, қызықты өтті. КТК-ны бастаған Орал қалалық №2 кәсіптік лицейінің «Жайық үні жастарының» тілге тиек еткені қазіргі кездегі интернет, mail.ru яғни агент болды. Қазіргі жастардың агент арқылы танысып, кездесіп жатқандарын айта кетті. Айта кетсем, қыз бен жігіт агентпен танысып, сөйлесіп жүреді. Уақыт өте келе жігіт қыздан ұсқының қандай деп сұрайды. Сонда қыз Оралдың барлығы көретін түріктің «Дениз» телехикаясындағы Дениздеймін дейді,

сол кезден кейін жігіт қызды кездесуге шақырады. Жігіт қызды дәл Дениздей елестетсе керек, қызға «Қарындас, сіздің үйде теледидар черно-белый болып, быжырлатып көрсетпей ме?» деген екен деп әзілдерін жеткізді. Ал «Система» командасының ойыншысының саксафон мен қобыздың дауысын салуы көпті таңғалдырса, «Сүт» КТК командасының атыраулық балық сату үлгісін көрсетуі назарды аудартты. Ал алматылық «Med Style» командасы моргтағы жағдайды көрсету арқылы тазалықты на-сихаттады және қазіргі кездегі жастардың кумиріне айналып, киім-киісіне, шаш үлгісіне еліктеттіріп үлгерген «F4» корей сериалын тілге тиек ете кетті. Сонымен қоса, Ақтөбенің «Атамекен» командасы дағдарыс жағдайындағы МАИ қызметкерлерін мысалға алып, қытай халықтарының Қазақстанда көптеп келуін көрініспен көрсеткендей болды. Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың екі командасы да өз өнерлерін ортаға салды. Әзілдерін айта келе, облысымызда болып жатырған су тасқынына ұшыраған жандарға өз көмектерімізді аямаймыз деп аяқтаған болатын. «Көңілді тапқырлар клубының» бұл ойыны жақсы өтті. Жеңімпаздар теледидар, ноутбук, телефон секілді бағалы сыйлықтарға ие болды. Қазылар шешімі бойынша, I орынды «Аграрка тарландары»(Атырау қаласы), II орынды №1 ко-мандасы (Орал қаласының №1 мектебі), III орынды «Ағайынды бейтаныстар» (Жәңгір хан атындағы БҚАТУ) командасы қанжығаларына байлады. гүлсезім БияшЕвА

Дәстүрлі «Студенттік көктем - 2011» байқауына «Үздік жас тілші» номинациясы алғаш рет енгізілген болатын. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 20 жыл» тақырыбымен келіп түскен мақалалар ішінен қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3 курс студенті Асылханова Елдананың мақаласы көркемділігімен, жазу ерекшелігімен үздік деп танылды. «Үздік жас тілші» номинациясының иегері Асылханова Елданаға «Өркен» газетінің меншікті тілшісі қызметіне жолдама берілді.

Ґ№

5 (863) сәуір 2011 ж

ыл

5

Түлектерді жўмысќа орналастырудыѕ тиімді јдістерін аныќтау мен педагогикалыќ емес мамандыќтарєа сўранысты арттырудыѕ ґзекті мјселелері жуырда М.Ґтемісов атындаєы БҚМУ-да ґткен «Қазіргі еѕбек рыногы жјне Жоо бітірушілерге ќойылатын талаптар» атты дґѕгелек үстелде талќыланды.

– Педагогикалық мамандықтарға сұраныстың мо-лайып отырғанына қарамастан, оларға түсушілердің қатары жыл санап азайып келеді. Мұғалімдер, әсіресе, ауылдық мектептерге өте қажет болғандықтан, ау-дан әкімдері болашақ түлектерге соңғы курста оқып жүргенде-ақ жұмыс ұсынып, оларды баспанамен қамтуға немесе өзге де тұрмыстық жағдайын жасауға әзір. Соған қарамастан, соңғы жылдары экономи-ка, ғылыми жаратылыстану, заң саласы сияқты педагогикалық емес мамандықтарды меңгеруге ниет білдірушілер саны күрт артты, бірақ нарықта бұл мамандарға қажеттілік жоқтың қасы, – деді жиын-ды ашқан университет ректоры, академик Тұяқбай Рысбеков. Оның айтуынша, заңгер мамандығына сұраныс – 27 пайыз, әлеуметтану – 45 пайыз, экология және аймақтану – 47 пайыз, аударма ісі мен халықаралық қатынастар – 50 пайыз, ғылыми бағыттағы жағрафия – 60 пайыз.

- Еңбек нарығында сұраныстың жоқтығы, мемлекеттік қызметте штат санының қысқаруы және түлектердің еңбек өтілінің болмауы жас маманды жұмысқа қабылдаудан бас тарту кезінде жұмыс берушілер тарапынан жиі айтылатын себептер, – дейді Тұяқбай Зейітұлы.

ЖОО оқытушылары түйінді түйткілді тарқатудың тиімді тетіктерін талқылады. Әр өңірдің ерекшелігін ескере отырып, еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие жаңа мамандықтар ашу қажеттігін алға тартты. Мәселен, экономика және басқару институтының мамандықтары бойынша «Бағалау» мамандығын ашуды, заман талабына сай «Туризм», «Мейрамхана іс ін ұйымдастыру» және «Қонақүй бизнесі» мамандықтарына басымдық беруді ұсынды. Облыстық мәдениет басқармасының бөлім бастығы Рысқаным Қазиханова өңірде биші жігіттердің, дәстүрлі әншілер мен аспапта орындаушылардың үлкен сұранысқа ие екендігін жеткізді. Университет оқытушылары жұмыс берушілермен бірлесіп, консалтингтік қызмет көрсету орталығын ашудың және бұл жұмысқа түлектерді жұмылдырудың тиімділігі зор болатындығын айтты.

«Атамекен одағы» Ұлттық экономикалық палатасы облыстық филиалының төрайымы Айнагүл Ақашаева оқу үрдісін қалыптастыру барысында батыс елдерінің үлгісін қолданған жөн деп санайды. «Ең алдымен, білімге инвестиция құятын кәсіпорындарға салынатын салық мөлшерін төмендету қажет», - дейді ол.

Жиында университет оқытушылары сараман ба-рысында студенттердің хатшы-референт немесе ком-пьютерде терімші сияқты өз мамандығына еш қатысы жоқ міндеттерді атқаруға мәжбүр болатындығын қынжылыспен айта келе, кәсіпорын-мекеме басшы-ларынан болашақ мамандардың өндірістік тәжірибе аясында кәсіби бағытында жетілуіне жағдай туғызуын өтінді. Ал жұмыс берушілер болса, кейбір студенттердің білім деңгейінің төмендігін алға тартты.

Жыл сайын халыққа заңгерлік қызмет көрсетуге бөлінетін бюджет қаржысының игерілмей қалатынын тілге тиек еткен Орал қалалық сотының төрағасы Єалымжан Ищанов заңгерлер арасындағы жұмыссыздықты жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, муниципиалды заңгерлік кеңселер ашу арқылы шешуге болатынын айтты.

БҚМУ проректоры Светлана Бахишева жуырда білім ордасында өткен «Мансап күні» шарасының педагогикалық емес мамандықтарда білім алған түлектердің жұмысқа орналасуына ықпал етеріне үміттенеді. Бұл күні жұмыс берушілер 600-ден астам болашақ жас маманның түйіндемелерін жинап алған болатын. Ал педагогикалық мамандықты меңгерген 500-ге жуық түлек Орал қаласы мен аудандарға жол-дама арқылы жөнелтілетін болады. Олардың 120-сы ауылдық квотаға ие болмақ.

Динара ЕСЕНТАЕвА

Маман пікірі

Алғаш рет «гендер» ұғымын ғылыми айналымға 1968 жылы американдық психолог Роберт Столлер енгізген. Гендерлік көзқарас әйелдер мен ерлер арасындағы биологиялық ерекшеліктер емес, осы ерекшеліктерге мәдени және әлеуметтік мән беретін айырмашылық идеясына негізделген. Гендерлік ұғым белгіленген әлеуметтік ұйғарымдарды орындау, яғни кейбіреулер ойлағандай жынысқа қарсы емес, оған сай әрекет жасау ретінде түсініледі.

Жыныстар арасындағы теңдік жан-жағынан бірдей болу керек дегенді білдірмейді. Бұл жерде әйелдер мен ерлердің бірдей құқығы мен мүмкіндіктері идеясын қолдау қиын. Нақты теңдік дегеніміз – қандай да бол-масын бір жыныстың мүддесіне заң мен нормаларды бейімдеу емес, ерлер мен әйелдердің өзіне тән табиғи айырмашылығын ескеру.

Әйелдер үстемдік құру үшін өз басымдықтарын жан-жақтыландыруға талпынады. Феминизмнің өзі кең мағынада қоғамның барлық салаларында әйелдердің ер-лермен теңесуге талпынуы, әйткенмен де бұл әйелдердің ерлермен биологиялық теңдігін емес, құқылық теңдігінің көрсеткіштері болуы қажет.

Жўмабай НәБиЎлЫ,М.Өтемісов атындағы БҚМУ доценті, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі

айналысса, көп ақша үшін жан пидаға барады. Уақытша атақ-даңқ пен көп ақшаны қуып жүріп, түбінде жоғалтқан қасиеттері мен денсаулықтарын сол ақшаға сатып ала алмай жүрмесіне кім кепіл? Біз батыстың емес, қазақтың қыздарын өсіріп жа-тырмыз ғой.

«Әдеттің озғаны бар, тозғаны бар», неге біз дүние жүзіндегі әсіре қызылға еліктегіш халықпыз, әлде көрсеқызарлық қазаққа жұққан ауру ма, біреудің қаңсығы неге бізге таңсық осы? Қазір біз не онда, не мұнда жоқ, адасқан, өзімізді-өзіміз танып, тегімізді біліп, тамырымызды таба алмай жүрген халық сияқтымыз.

Спорттың бокс, күрес, каратэ түрлерімен қыздардың айналысуын жақтайтындар, әсіресе қыздар тарапынан, олар өзін-өзі қорғау үшін керек дегенге саяды. «Ломға қарсы прием жоқ» дегендей, талай спорт шеберлері қылмыскерлер қолынан қаза тауып жатқан жоқ па? Қыздың күші білегінде емес, ақылы мен мінезінде емес пе еді?

Гендерлік теңдік дегеніміз осы ма?

Мўєалім болєысы келетіндер

азайып барады

Әйелдер мен ерлердің теңдік мәселесі – өте күрделі, таусылмас талас тақырыбы.

Мені, тек мені ғана емес-ау, зиялы қауымды толғандыратын өзекті мәселенің бірі - қыз балалар мен әйелдердің шет елдерге көзсіз еліктеп, спорттың күрес, бокс, ауыр атлетика сияқты ерлерге тән жекпе-жек түрлерімен айналыса бастауы болып отыр. Осы да гендерлік теңдік пе, бұл дегенің феминизмнің нағыз өзі емес пе?

Халықаралық олимпиада комитетінің олимпиада ойындарының бағдарламасына әйелдер күресін, ауыр атлетика мен әйелдер боксын ендіруін не деуге болады? Олардың әйелдер денсаулығын жақсарту бағытында жүргізіліп жатқан шаралар еместігі айқын. Халықаралық ұйымдардың қабылдаған кесімдерінің бәрі бірдей адамзаттың мүддесіне сай келе бермейтіндігі белгілі ғой. Спорт мамандары әйел боксы жақсы ойын-сауық ретінде (зрелище) көрініс береді дейді, сонда ол тауықтарды не-месе иттерді төбелестіру сияқты болғаны ма? Әйелдердің нокаут алып, естері танып, мұрындарынан қан ағып, қастары жарылып жатқандарының несі қызық?

Үсті-басы көк-ала, құлағы жапырайған, кескен тұмардай, нәзіктіктен жұрдай, боксшы, күрескер, штан-гашы қыздардан қандай жар, қандай ана шығады? Физиологиялық заңдылықтарға қарсы шығып, әйел адамның болмысына тән емес іс-әрекеттермен айналы-суы оларды әйелдік қасиетінен және табиғи нәзіктігінен айырып, еркекшораға айналдырып жібермей ме? Біз әйелдер «төбелесінен» дүние жүзінде орын алмай-ақ қояйық, неден болса да алда болу біздің маңдайымызға жазылмаған шығар. Есесіне қыздарымыз сұлулығы мен сымбаттылығын, нәзіктігін жоғалтпасын.

«Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа» деген-дей, басқа елдердің әйелдері бұл спорт түрлерімен

Мен үлкен спорттың, соның ішінде жекпе-жек түрлерінің адам ағзасы мен психикасына қандай әсер қалдыратындығын сол саланың бұрынғы маманы ретінде жақсы білемін. Соның ішінде әйел адамдардың дене бітімі, ағза қызметі, жүйке жүйесі мен психикасы өте күрделі де нәзік келетіні баршаға мәлім. Сондықтан, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі бойынша әйелдерге 15-20 килодан асатын жүкті қолмен көтеруіне және жылжытуына тыйым салынған.

Неге біздер әйелдер дорба көтеріп жүрсе, әйел теңдігінің бұзылғаны дейміз де, штанга көтерсе, қол соғып қошеметтеуге тиіспіз? Табиғат өз заңдарын көзсіз бұзғандарды жауапсыз қалдырмайды, ерте ме, кеш пе – ол адамнан бір өшін қайтаратындығы сөзсіз. Табиғатта ештеңе із-түссіз жоғалып кетпейді емес пе? Сонда адам спорт үшін қажет пе, әлде спорт адам үшін қажет пе? Осы әрекеттердің қаншалықты зиянды екенін өзіңіз де ойлай жатарсыз, оқырман.

Орыс халқының «физкультура» мен «физическое воспитание» деген сөздері дене шынықтыру мен дене тәрбиесінің мәдениетін білдіріп тұрған жоқ па? Олай болса, қыздарымыз мейірімді де нәзік болсын десек, олар жынысы мен жастарына тән спорт түрлерімен айналысқаны жөн деп білемін. Қыз балаларға сұлулық пен әсемдік, көркемдік танымын дамытатын іс-әрекеттермен айналысқаны орынды ғой.

«Қызға қырық үйден тыйым», «Қыз қылығымен жақсы» деген нақыл сөздер қыздардың тәлім-тәрбиесі өте мықты, инабатты да ибалы болғаны жөн дегенді меңзегені анық.

Жастарды болашақ өмірге даярлау, адами құндылықтар мен ұлттық тәрбиені дәріптеу, насихат-тау ата-ана, ұстаз, әрбір азаматтың абыройлы парызы екендігін естен шығармауымыз керек.

«Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғ а н а м ұ ғ а л і м , о қ у д ы , і з денуд і тоқ т атысым ен оның мұғалімдігі де жойы-лады», – деп даналары-мыз айтқандай, ұстаздық қ ы зм ет т ің қ анш а лық ты қиын, қаншалықты ізгілікті, қ а н ш а л ы қ т ы м е й і р і м д і мамандық екені даусыз. Шәкірттеріне білім дәнін сеуіп, олардың өмірде өз орнын табуға жол ашатын да – ұстаз. Сондықтан да бұл

Мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі.Ыбырай Алтынсарин

Болашақ педагогтардың

сайысы

мамандық иесіне барлық адамзат бас иеді. Мұғалімдік қызметке студенттердің сүйіспеншілігін

арттырып, педагог мәртебесін көтеру, болашақ педагогтың жан-жақты біліммен қаруланып, ұйымдастыра білу қабілеттерін жетілдіру, студенттердің педагогикалық сараманнан алған тәжірибелерін жинақтай білуге, жаңашылдықты үйренуге баулу және студенттер арасында ынтымақтастықты дамыту мақсатында «Жалпы педагогика және информатика» кафедрасының ұйымдастыруымен М.Ґтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде болашақ педагогтардың сайысы оздырылды. 4 курс студенттерінің арасында ағымдағы жылдың 4, 5 - сәуір күндері өткен «БҚМУ-дың үздік студент-педагогы» сайысына педагогикалық мамандықтарда оқитын 14 студент қатысты.

2 күнге созылған сайыс 4 кезеңнен тұрды: алғашқы баспалдақ. Сайыскерлердің өзін-өзі таныстыруы; педагогикалық шеберхана. Интерактивті тақтаны пай-даланып өткізілген сабақтың үзіндісі; ҚР Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған үй тапсырмасы; педагогикалық жағдаяттарды шешудің практикалық көрінісі.

Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Медешова Айгүл Бақтығалиқызы бастаған әділқазылар алқасының құрамында қаламыздағы мектептердің әр пән бойынша үздік тәжірибелі ұстаздары болды. І кезеңнен бастап, барлық сайыскерлерден оза шапқан «қазақ тілі және әдебиеті» мамандығының студенті Сралиева Мейрамгүл қызықты, әрі тартысты сайыста І орынды қанжығасына байлады. ІІ орынды «педа-гогика және психология» мамандығының студенті

Жақсығалиева Альфия, «құқық және экономика негіздері» мамандығының студенті Досжанов Қайырбек, ІІІ орынды «информатика» мамандығының студенті Нагибова Гүлзина, «дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенті Қайырғали Баян, «география» мамандығының студенті Майманова Ақбота иеленді. Ал «биология» мамандығының студенті Имангалиева Айкөркем, «тарих» мамандығының студенті Атауова Аяжан, «музыкалық білім» мамандығының студенті Набиева Бибігүл алғыс хаттармен марапат-талды. Сонымен қатар, байқау жеңімпаздарына БҚМУ Студенттер кәсіподағының бағалы сыйлықтары табыс етілді.

Ґз тілшіміз

Ґ№

5 (86

3) с

әуір

201

1 ж

ыл

6

29 сјуір - халыќаралыќ би күні

Қазақ өнерінде, соның ішінде би өнеріндегі мәселе әлі де зерттей түсуді қажет ететін зәру тақырыптардың бірі болып отыр. Шынын айту керек, осы кезеңге дейін Қазақстан балетмейстерлерінің шығармашылық өмір жолы, мұрасы зерттелген емес. Әрбір жеке адам өміріндегі баға жетпес құндылық болса, ал оның шығармашылық қызметінің қайталанбас дара құбылыс екендігі даусыз. Қалай дегенмен де осы бір халықтық өнерді шырқау биікке көтерген жеке тұлғалар десек қателесе қоймаспыз. Жеке тұлғаның мейлі ол аз болсын, көп болсын өзіндік үлесі болады. Кейінгі ұрпақ сол үлесіне қарап баға береді. Мұны түсіну ғалымдар алдында тарихқа, мәдени мұраға үлкен құрметпен қарап, шығармашылық тұлғалардың қызметіне, олардың сіңірген еңбегіне шынайы, тиісті бағасын беріп, өнер тарихындағы орнын белгілеу міндетін қойып отыр. Өйткені, шығармашылық тұлға өнеріміздің дамуына теңіздің тамшысындай болса да үлесін қосып, өнер көшіне араласады.

ҚАЗАҚ САХНАЛЫҚ БИІНДЕГІ БАЛЕТМЕЙСТЕРЛЕРДІҢ РӨЛІ

«Балетмейстер» (baletmester) неміс тілінен аударғанда би шығарушы ше-бер, білгір деген ұғымды білдіреді. «Балетмейстер - көп еңбекті қажет ететін қиын мамандықтың түрі. Балетмейстер қимылдарды, әрекеттерді, фигураларды отырып, жазбаша, ауызша шығарып, түсіндіре алады деген пікір ертеден айтылып келеді. Ол - қате түсінік. Балетмейстер ой, қозғалыс арқылы ба-лет қояды, қимылдар ойлап тауып, айқын хореографиялық бейнелер құрады және оны көрсетеді. Егер балет артистері оны тез қабылдай алмаса, балетмей-стер қайтадан басынан бастап бірнеше рет көрсетуі тиіс», - деп жазған балет теоретиктерінің бірі Ж.Ж.Новерр. Яғни, көп қырлы мамандық. Балетмейстер балет, би, хореографиялық көріністің, сондай-ақ, оперетта мен операдағы, кинофильмдердегі, әр түрлі шоулардағы би қойылымдарының авторы және қоюшысы. Н.В.Гоголь «Петербургских записках 1836» деген еңбег інде балетмейстерді бидің композиторы, бидің ақыны деп атаған. Балетмейстер безендіруші-суретшімен, композитор-мен, дирижермен, сценарий авторымен, концертмейстермен тығыз байланыста жұмыс істейді. Балет туралы айтқанда алдымен балетмейстер туралы сөз ба-сталады. Себебі, оған түсер жүк ауыр, ол либретто авторымен ақыл қоса отырып, оны белгілі бір жүйеге келтіреді. Болашақ спектакльдің қысқаша мазмұнын салған либреттоны қойылымның толық көрінісіне айналдырады, демек, балет сценариін жасайды. Сонан соң, композитормен ойласып, музыка сипатын, әр сахна көрінісін, би уақытын белгілейді. Балет музыкасы жазылып біткеннен соң, оның мазмұнына, ырғағына жарасымды етіп спектакль биін, оның көрінісін белгілейді. Ол суретшімен қойылым шешімдері туралы келіседі, бишілермен жұмыс істей бастайды. Бишілер балетмейстер идеясын ойдағыдай орындаса ғана жаңа спектакль туатыны белгілі.

Бүгінгі биіктен Қазақстан хореография өнерінің тарихына көз тоқтатар болсақ, уақыт арасы алыстаған сайын асқақтай түсер белгілі қазақ балетмейстерлері көзге шалынып жүр. Ґзіндік, өзгеше сипатқа ие болған ұлттық хореография өнерінің қалыптасу кезеңі көрнекті қазақ балетмейстерлері Д.Әбіров, З.Райбаев, Б.Аюханов, М.Тілеубаев есімдерімен байланысты. Олардың қажымай-талмай ізденіп сахна төріне шығарған хорео-графиялары арқылы өздерін дербес және ізденуші суреткер ретінде көрсете білді және қазақ ұлттық биінің әдістерін классикалық бимен батыл ұштастыра алды. Қазақ ұлттық биі мен ұлттық балетінің, классикалық нұсқасын жасау туралы талаптары жаңа қойылымдар жасау үшін балетмейстерлердің ынта-сын тудырды.

Қазақ хореографиясын жанданды-руда тұңғыш кәсіби қазақ балетмейстері Дәурен Тастанбекұлы Әбіров зор еңбек сіңірді. Республиканың халық артисі, өнертану ғылымдарының кандидаты, хореография профессоры Д.Т.Әбіров тек қана классикалық биші ғана емес, білімді, мәдениетті, жоғары дәрежелі балетмейстер. Әрине, қазақ биінің алғаш сахнада қалыптасуына үлес қосқан Ә.Ысмайылов, Ш.Жиенқұлова тектес тарлан тұлғаларды айналып өте алмаймыз. Ә.Ысмайылов ежелгі

ұлттық билерді орындаушы, тұңғыш би ансамблін құрушы болса, Ш.Жиенқұлова әр түрлі қимыл түрлерін енг із іп, қойылымдар сахналап, қазақ биін оқып үйренуге арналған бірнеше еңбектер қалдырды. Ал, Д.Әбіровтің түпкі мақсаты - классикалық балеттерді қоюымен қатар халық билерін де терең зерттеу еді. Балетмейстер Д.Әбіров халық би шығармашылығының қазынасын тірнектеп жинаумен және оларды сахналық өнер заңдылықтарымен сәйкестікте өңдеумен халық билерін жаңғырту арқылы ұлттық-сахналық билерін жасады. Нәтижесінде қазақтың-сахналық би өнерін жүйелеп, негізін қалап, іс-тәжірибе жөнінде насихат-тау арқылы оларға қазірг і өз індік орындаушылық дәстүрді енгізді.

Қазақ би өнерінің екінші бағытына жол салған балетмейстер Зауырбек М о л д а ғ а л и ұ л ы Р а й б а е в б о л -д ы. О н ы ң қ о й ы л ы м ы н д а ғ ы б и -лерге орындаушылықтың жоғары мәдениеттілігі, поэтикалық желпініс, қ и м ы л д а ғ ы л и р и з м м е н ж е ң і л жарасымдылық, костюмдегі ашық бояу-лар тән. З.М.Райбаевтың өнері мен оның

қойылымдары Европаның классикалық балеті мен қазақтың халықтық биінің тоғысар шебінде тұрды. Ол қазақ билерін қазіргі хореография мәнеріне бағындырып қоя білді.

60-жылдары біздің республиканың белг іл і балетмейстері, ҚР Халық әртісі Болат Єазизұлы Аюхановтың шығармашылық қызметі басталды. Оның бүкіл шығармашылық өмірі – ол жасап, тәрбиелеген Қазақстан Республикасы қазақ мемлекеттік классикалық би а н с ам б і л і н і ң тар и х ы. Те ат р д ың жаңашылдық дәстүрі Б.Аюхановтың шығармашылығында өз жалғасын тапты. Оның шығармашылығының басты сипа-ты – ол қазақтың ұлттық биінің әдістерін классикалық бимен батыл ұштастыра алуы. Қазақ ұлттық биі мен ұлттық балетінің, классикалық нұсқасын жасау туралы талабы жаңа қойылымдар жасау үшін хореографтың ынтасын тудырады. Б.Аюхановтың шығармашылығының а рқ ас ы н д а к л ас с и к а л ы қ б и д і ң Мемлекеттік ансамбль ұжымының қайталанбас өз қолтаңбасы бар.

ҚР шығармашылық өмірінде ба-сты орындардың бірін шын мәнісінде

балетмейстер Ментай Жәнәліұлы Т і л еу б а е в а л а д ы. О н ы ң е с і м і кәсібилерге, сондай-ақ қалың көпшілікке мәлім. Классикалық сахнаның шебері ретінде М.Ж.Тілеубаев өзімен бірге 80-ші жылдардағы балет спектаклінің жаңа көріністерін іздестіруші болды. Бұл – барынша сыншыл, бірақ алғысы мол көрермен-жастар мен балалар аудитори-ясымен ортақ тіл тапқан балетмейстер. Ол қазақ биінің биік романтикалық сары-нын, ашық та қанық мазмұнын, қимылдағы ширақтық пен жарасымдылықты, би табиғатының философиялық түйінін дәл басуға атсалысады. М.Тілеубаевтың шығармашылық бейнесі кең және сан қырлы. Оның балетмейстер қоюшы ретінде режиссерлік таланты спорттық мерекелерде, үкіметтік концерттер, түрлі конкурстар өткізу және басқа да ойын-сауықтық шараларды жасауда және өткізуде балетмейстер-режиссер және бас режиссер болу кезінде көзге түсті.

С о н ы м е н қ а т а р , қ а з а қ хореографиясындағы би өнерінің жаңа табыстарға жетуіне Э.Усин, Д.Қияқова, Ж.Байдаралин, Г.Бейсенова, Т.Ізім көп еңбек сіңірді. Олар сол жылдардағы қ а з а қ с т а н д ы қ х о р е о г р а ф и я н ы қалыптастырды.

Сонымен, ғасырлар қойнауында сыры беймәлім сан алуан жұмбақ дүние адам баласына табиғат тұңғиықтығын ер ікс із мойындауға талай мәрте мәжбүр етсе, мына әлемнің «қожасы» болуға ұмтылған тіршілік иелерінің де жер бетіне қалдырған сан жетпес қолтаңбалары бүгінде кімге де болса ақиқат. Жоғарыда аталған балетмей-стерлер қазақтың сахналық билерін өркендетуде зор үлес қосты. Олардың билері республикамыздың шартара-бында қаулап өскен көптеген әуесқой халық ансамбльдерінің, жүздеген көркемөнерпаздар үй ірмелерін ің репертуарына берік енгенін және олардың біразын театрлардың сахна-ларынан, кәсіби би ансамбльдерінің бағдарламаларынан жиі кездестіруге болады. Мұның өзі тәуелсіздік ел болған заманымызда шырқау биікке көтерілген өнеріміздің өскелең түрі - ұлттық биіміздің де белгілі дәрежеде үнемі қалтқысыз қызмет атқарып отырғанын дәлелдейді.

2011 жылдың 29-30 наурыз күндері М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «мәдени-тынығу жұмысы» кафедрасының ба з ас ы н д а І І І Рес пу бл ик а лы қ п ә н д і к о л и м п и а д а ө т к е н е д і .

О л и м п и а д а н ы ң м а қ с а т ы – мәдениет және білім беру саласында болашақ мамандардың ерекше кәсіби-ұйымдастырушылық бейімділіктерін анықтау, талантты студент жастарды қолдау және мәдени-тынығу жұмысы бой-ынша республикалық және халықаралық олимпиадаларға қатысу үшін команда-ларды дайындау болатын. Олимпиада 2 кезеңде өтті. І турда қатысушылардың теориялық білімі жалпы көлемі 300 сұрақтан тұратын тестік формада тексеріліп, 50 балмен бағаланды. ІІ турда әр команда алдын-ала даярланған «Біз соғысты көрген жоқпыз» тақырыбында шығармашылық жұмыстарын ұсынды. Сонымен қатар, команда мүшелері жекелей мәдени-тынығу жұмысы мамандығы бойынша өз шығармашылық бейімділіктерін көрсетті.

ІІІ Республикалық пәндік олимпиадаға М.Ґтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 5В090600 «мәдени-тынығу жұмысы» мамандығының 11208-топ студенттері (6 студент) іріктеліп, қатысып қайтты. Студенттеріміз екі турдан да сүрінбей өтіп, мамандықтың тәжірибелі оқытушысы Р.С.Абуованың жетекшілігімен кәсіби деңгейден көрініп, әділқазылар көңілінен шықты. Нәтижесінде, біздің «Алға» командасы жүлделі ІІ орынға ие болды. Шығармашылық жұмысты сахналандыруда студенттер оқу процесі барысында меңгерген «Режиссура», «Актер шеберлігі», «Сахна тілі», «Сахна қозғалысы», «Вокал», «Режиссердің ба-летмейстермен жұмысы» пәндері бойын-ша алып жатқан білімдері мен дағдыларын жан-жақты көрсетті. Студенттеріміздің өнеріне, әдемі т і г ілген сахналық костюмдеріне басқа қатысушылар

Студенттер жеңіспен оралды

қызығушылық танытып, «Сіздер, ән, би, музыка, актерлік шеберлік пәндерін оқисыздар ма?» деп таң қалысыпты.

Қалалық, аудандық мәдени мекемелері басшыларының ұсынысы бойынша бітіруші түлек жан-жақты болуы керек, яғни ән, би, музыкалық аспапты меңгеру, оркестрде жетекшілік жасау керек деген ұсыныстарын ескере отырып, таңдау бой-ынша курсқа арнайы пәндер енгізілген бо-латын. Міне, бұл осы аталған мамандықтың элективті пәндерінің көмегі деп ойлаймыз.

10 команда қатысқан пәндік олимпиа-да өте ерекше өтті. Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің және Қарағанды, Тараз, Қостанай, Қаскелең қалаларының оқу орындарының командалары өз білімдерін, өнерлерін ортаға салды. Барлық ко-манда жақсы дайындалған, өздері дайындаған шығармашылық жұмыс, жобаларын белсенді көрсетуге тырысты. Осы командалар арасында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің командасы өте жақсы көрініп, І орынға

ие болса, Қазақ мемлекеттік қыздар п е д а г о г и к а л ы қ у н и в е р с и тет і н і ң коман дас ы І І І орын ды иелен д і .

Осындай өнерлі студенттерді дайын-дауда «мәдени-тынығу жұмысы», «ре-жиссура», «хореография» мамандықтары оқыт ушыларының да еңбек тер ін атап өтуге болады. Оқытушылар университетімізде, институтымызда өтетін мәдени шаралардың сценариін, байқаулардың ережелерін құрастырып, о л а р д ы ң ұ й ы м д а с т ы р ы л у ы н а , орындалуына атсалысып отырады.

Студенттерімізге қолдау көрсетіп, республикалық пәндік олимпиадаға қ а т ы с у ғ а м ү м к і н д і к ж а с а ғ а н университетіміздің ректоры, академик Т.З. Рысбековке алғысымызды білдіре отырып, оқытушы Р.С.Абуова және 11208-топ студенттерін жүлделерімен құттықтаймыз. Университетімізде өзінше орны бар «мәдени-тынығу жұмысы» мамандығына келешекте шығармашылық табыс, қажырлы еңбек, қайталанбас жаңашылдықтың жолын т ілейміз.

Қарлыєаш АйТҚАлиЕвА, «Театрлік-хореографиялық өнер және кітапханатану» кафедрасының меңгерушісі, өнертану кандидаты, доцент

Ґ№

5 (863) сәуір 2011 ж

ыл

7

1. Егер қыздардың гардеробында киімнен көп нәрсе жоқ бола тұрып, «Киім жоқ» деген сөзді естісеңіз, таң қалмаңыз, ол яғни оның гарде-

робында жаңа киімнің жоқ екенін білдіреді.

2. Қызыңыз сөмкесі болғанымен қатар, тағы да сөмке аламын десе, бұл да түсіндірілетін жәйт. Әйел затында қыста, сосын жазда ұстайтын

сөмкелер болады. Яғни, қыста алған сөмке жаздық киімдермен сәйкеспеуіне байланысты жаз шыға салысымен тағы бір сөмкеге шығындалуды талап етеді.

3. Аяқ киім деген - ол жеке әңгіме. Жап-жаңа аяқ киімі бола тұрып, «Аяқ киім алу керек»

десе, яғни бұл бар аяқ киімінің қонаққа (немесе басқа бір кешке) киетін киіміне сәйкес келмеуінде. Сосын былтырғы етік немесе туфли аздап модадан шығып қалуына байланысты аяқ киімге біраз шығын болуы мүмкін.

4. Базарда жүріп, қыздар не аларын білмей жүрсе, түсінуге тырысыңыз. Қыздар кез-

келген затты (яғни киімді) жай ғана ала қоймайды. Егер етек (юбка) немесе шалбар алса, ол үйдегі

бір жейдесімен (кофточка) сәйкес келуі ке-рек, сәйкесінше жейде үйдегі шалбармен жарасымды болғанын ойлап қапаланады. Бұл жағдай аяқ киімдерге де байланысты. Аяқ киім қарап жатып, дәл алар кезде «Мынаны

етекпен кие алмаймын ғой» десе, сіз бірден түсіне қойыңыз.

5. Е г е р а я қ а с т ы н а н қ ы з ы ң ы з б е н н е жолдасыңызбен тойға не жиынға баратын

кезде «Не киіп барамын?» деген сұрағына, «Ана жа-сыл костюм-юбкаң бар еді ғой, соны кие салсаңшы» деп кеңес берерсіз. «Ол киімді Түгенбайдың тойына киіп барғам, қайта-қайта кие беремін бе?» деген жауап естуіңіз әбден мүмкін. Әйел адамы үшін бір киімді тойдан-тойға кие беру, біраз намысына тиерлік жәйттар…

6. «Мына көйлек мені толық етіп көрсетпей ме?» немесе «Аяқтарым қисық болып тұрған

жоқ па?» деген әңгімелерден жалыққан боларсыз… Біліңіз, сіздің ойыңыз ол үшін өте маңызды. Ґйткені, әйел адам әр кез өзінің тартымдылығын сезініп жүруі керек. Ґйткені, ол сіздің жаныңызда жүреді және сіздің жан дүниеңіздің айнасы екенін жақсы түсінеді. Сондықтан бұл сұрақтарға бей-жай қарамай, біраз ақыл-кеңес беріп, әйеліңіздің не қызыңыздың сұлулығын айтып, жігерлендіріп отырыңыз.

7. «Шуба алғым келеді» деген әңгімемен енді көп әйел ерлерінің құлағын жей бермейді. Кейбір ер азаматтар әйелдерінің шубаға құмарлығын

түсінбеуі де мүмкін. Әйел адамның өзіндік махаббаты болады сол шубаларға. Бәлкім шубаның жұмсақтығына байланысты, оны киіп жүргенде өзінің бір қорғаны, яғни сіздің бар екеніңізді сездіретін фактор болар…

8. «Гаухар тастар - әйелдің ең жақын достары» деген фразаны көп естиміз. Жалпы біздің орта қоғамға бұның еш байланысы жоқ деп

ойлаймын өзім. Алайда көп жылғы еңбегі үшін әйеліңізді бағалы заттармен көңілін бір жаудыратып қойсаңыз, ол мұны ешқашан ұмытпайды. Және де ол осыған тұрарлық емес пе?!

Міне, қарапайым әйел табиғатының «не простой» қағидалары. Дайындаєан гүлсезім БияшЕвА

7 сјуір - Дүниежүзілік денсаулыќ күні

Жігіттердің құлағына алтын сырға

Қ а з а қ с т а н Ре с п у б л и к а с ы н ы ң П р е з и д е н т і Н .Ә. Н а з а р б а е в т ы ң еліміздің халқына Жолдауында 2030 жылға дейін экономикалық-әлеуметтік би і к тер ге көтер і л у ү ш ін ру хани байлықтың, денсаулықтың қажеттігі атап көрсетілгені мәлім. Шынында да, қазақ «Тазалық - саулық негізі, саулық - байлық негізі» деп бекер айтпаса керек. Гүлденген экономиканы дені сау, сана-лы азаматтар жасайды. Денсаулықтың қадірін, әдетте, адам ауырғанда ғана білетіні өкінішті-ақ. Денсаулықтың мықты болуы адамның өзіне де бай-ланысты. Дегенмен оған қоршаған ортаның , ж ұ тқан ауаның , ішкен -жеген тамақтың, судың құрамының лас болуы да айтарлықтай ықпал етеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, адам денсаулығының 40 пайызы экологияға, 40 пайызы өзінің өмір сүру дағдысына байланысты болса, 18-20 пайызы ғана дәрігерлік-медициналық көмекке тәуелді екен.

Адамның ішкі ағзаларының жүйелі жұмысын қалыптастырып, іске асы-ратын - оның миы мен нерв жүйелері болса, организмнің «жанармайы» - тыныс ағзалары арқылы қанға сіңетін және қанның қызыл түйіршіктері (эри-троциттер) арқылы организмге та-райтын оттегі мен қоректік заттар: белок, май және көмірсулар (угле-водтар). Ал гормондар мен вита -миндер адам организмінде үздіксіз жүріп отыратын зат алмасу процесінің «катализаторы» болып саналады. Сонымен қатар адам организмінде керексіз немесе пайдасыз бірде-бір «бөлшек» жоқ екені де дәлелденіп отыр. Ґкінішке орай, көптеген адамдар әрқилы «білгіштердің» ақыл-кеңесімен өздерінше түрлі ем-домын жасап, керексіз дәрі-дәрмектер ішіп, қашан төсек тартып қалғанша жүре береді. «Осы сырқатқа неліктен душар бол-дым?» деген сұрақ олардың ойына да кіріп шықпайды. Ал, егер, ой елегіне са-лып көрсек, бұл сұрақтардың жауабын табу оңай. Қай уақытта ұйықтайсыз? Қалай және немен тамақтанасыз? Жаяу көп жүрес із бе? Жұмыстан бос уақытыңызда қалай демала -сыз? Миыңыз шаршағанда, түнде ұйықтай алмағанда нендей шаралар қолданасыз? Арақ-шараппен және темекімен «достығыңыз» қандай?

дені сау адам -

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойын-ша, адам денсаулығының 40 пайызы экологияға, 40 пайызы өзінің өмір сүру дағдысына бай-ланысты болса, 18-20 пайызы ғана дәрігерлік-медициналық көмекке тәуелді екен.

Осыларды ой елегінен өткізгенде ғана не себепті дертке ұшырағандығыңызды түсінесіз. Денсаулықты сақтаудың бірден-бір дұрыс жолы - зиянды, жат

қылықтарға (арақ ішу, темекі тарту, т.б.) үйренбей, салауатты өмір сүру, аурудың айықпас сырқатқа айналуына жол бер-меу немесе алдын ала сақтандыру шараларын қолдану болып табылады. Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жо-лын іздеген әлдеқайда тиімдірек. «Егер әр адам ақылға салып, табиғаттың өзіне сыйлаған мүмкіндіктерін орынды пай-даланып, гигиеналық тәртіпті бұзбай жүрсе, денсаулығына зиян келтірмей ұзақ өмір сүрген болар еді... Сол себепті адамзатты гигиеналық режимдерді аса бұзбай, дұрыс өмір сүруге баулып, сондай өмірдің қажеттілігіне көздерін жеткізу керек»,-дейді белгілі ғалым, жүрек хирургиясының әйгілі мама-ны, академик Н.М.Амосов. Академик Н.М.Амосов өзінің «Раздумья о здо-ровье» деген кітабында денсаулық жайында мынадай тоғыз қағиданы ұсынған. 1. Аурулардың болуына көбіне табиғат та, қоғам да кінәлі емес, тек адамның өзі ғана кінәлі. Көбінесе ол жалқаулықтан, қомағайлықтан, ал кей-де өзінің қисынсыз қылықтарынан ауы-рады. 2. Медицинаға сене бермеңіздер. Ол к ө п т е г е н ау рул а р д ы ж а м а н емдемейді, бірақ адамды сауықтырып та жібермейді. Әзірше ол тіпті адамды сау болуға да үйрете алмайды. Оның үстіне, дәрігерлердің қармағына түсіп қалудан сақ болыңыз! Кейде олар

адамның әлсіздігі мен өз ғылымының қуат-күшін көтермелей, әсірелеуге бейім келеді және адамдарға жоқ ауруды таңып, өтеуге мүмкіндік жоқ

вексельдер (міндеттемелер) береді. 3. Дені сау болуы үшін адамның өз басы ұдайы және айтарлықтай күш жұмсауы керек. Бұларды ештеңемен алмастыруға болмайды. Бақытына қарай, адамның жетілгендігі сонша, ол денсаулығын әрқашан дерлік қалпына келтіре алады. Бірақ қартаю мен аурудың ұлғаюы дәрежесіне қарай, қажетті күш жұмсау да арта түседі. 4. Күш жұмсау мөлшері, негізінен, ынта-ландыру арқылы анықталады, ынталан-дырулар - мақсаттың маңыздылығымен, уақытпен және оған жету мүмкіндігімен анықталады! Әрине, ол әрбір адамның мінезіне де байланысты. Ґкінішке қарай, адамның сырқаты асқынып, өлім жақындағанда ғана денсаулық, аса маңызды мақсат ретінде, адамның көз алдына келеді. Алайда әлсіз, баянсыз адамды өлім де ұзақ уақыт үрейлендіре алмайды. 5. Денсаулық мықты болу үшін адамға мынадай төрт шартты бұлжытпай орындау қажет: дене еңбегі, тамақ ішуді, уақытты дұрыс пайдалану, шынығу және демала білу. Оның бесінші шарты - бақытты өмір

сүру! Ґкініштісі, алғашқы шарттарсыз бақыт та денсаулықты баянды ете алмайды. Егер өмірде бақыт болмаса, алғашқы төрт шартты орындауға да құштарлық шамалы болады. Әттеген-айы осы. 6. Табиғат ана мейірбан ғой: қимыл-әрекет жасап, біраз алқынып,

терлеп-тепшіп, қан тамырыңыз екі есе қатты соғатындай етіп, күніне 20-30 минуттан дене шынықтырумен айналыссаңыз жетіп жатыр. Егер осы уақытты екі есе көбейтсеңіз, тіпті жақсы. 7. Адам өзін тамақ ішуде шектеуі керек. Салмағыңызды бір қалыпты сақтаңыз, ол орта есеппен бойыңыздың ұзындығынан 100 сантиметрді алып тастағандағы санға тең болғаны тиімді. 8. Ґзін-өзі босаңсыта білу де - ғылым, бірақ оған қосымша, мінез-құлықтың да тәуір (салмақты) болғаны дұрыс. Егер солай болса, қандай жақсы десеңізші! 9. Бақытты өмір туралы. Денсаулық от-басында да, жұмыста да бақытты болуға өз үлесін қосады, бірақ оны белгілей ал-майды. Бір нәрсе ақиқат: ол - кез келген аурудың адамды бақытсыз ететіндігі. Сонымен, денсаулық үшін күресу керек пе, жоқ па? Ойланыңыздаршы?!! Жастар үшін тағы бір арнайы айта кететін нәрсе бар. Әрине, сіздің қазірше деніңіз сау, қайдағы бір келешекте болуы мүмкін ауру-сырқаулармен басты қатыру сізге әлі ерте сияқты. Дегенмен уақыт тез өтеді... Осыны есте ұстаңыз!

табиғаттың ең қымбат жемісі

Туберкулез - бұл толқын тәрізді өтетін созылмалы, жұқпалы дерт. Ол адам ағзасының барлық мүшелерін зақымдайды, әсіресе жиі кездесетіні - өкпе туберкулезі. Ауруды жұқтырудың негізгі көзі – туберкулездің ашық түрімен ауыратын науқас, оның қақырығымен туберкулез таяқшалары бөлінеді. Науқас жеке гигиена талаптарын сақтамай жерге, еденге түкіреді, түскен қақырық кеуіп ұсақталады да шаңмен араласып ауаға көтеріледі, осындай лас ауамен тыныс алғанда сау адамға бактерия жұғады. Науқас жөтелгенде, түшкіргенде көп мөлшерде туберкулез бактерияларын бөлуі мүмкін. Туберкулез ауруының жиілеуіне ағзадағы басқа аурулар әсер етеді, себебі олар адамның ауруға қарсы тұру қабілетін төмендетеді. Әсіресе қант диабеті, ұзақ мерзімді гормондар қабылдау, маскүнемдік және нашақорлық өте қолайсыз әсер етеді. Туберкулездің қандай белгілері болады? Бұлар 3 аптадан астам жөтел, кеуде тұсының ау-руы, дене қызуының көтерілуі, дене қалтырауы, дене салмағының азаюы, азу, тамаққа тәбетінің болмауы, түнде байқалатын тершеңдік, әлсіздік, тез шаршау. Егер өзіңізде немесе жақындарыңыздың бойында осындай бір немесе бірнеше белгілер байқалса тез арада дәрігерге көріну қажет. Туберкулездің ашық түрімен ауыратын науқас емделмесе, жылына орта есеппен 10-15 адамға туберкулез дертін жұқтыруы мүмкін. Алайда инфекция жұқтырғандардың бәрі бірдей ту-беркулезбен ауырмайды, атап айтқанда иммундық жүйе нашарласа, адамның туберкулезбен ауыру ықтималдығы жоғарылайды. Көптеген адамдар ғұмыр бойына туберкулез бактерияларын жұқтыруы мүмкін, бірақ бұл адамдардың тек кейбір бөлігінде ғана дерт дамиды. Егер науқаста туберкулездің белсенді түрі анықталса тез арада емдеуді бастау қажет. Қазақстанда туберкулезді емдеу тегін. Туберкулез таяқшаларын бөлетін науқастар стационар жағдайында емделуі қажет. Туберкулезге қарсы қолданылатын дәрі-дәрмектер стационарда қабылдануы қажет, ал емханаларда арнайы бөлінген бөлмеде тек қана медбикенің толық қадағалауымен жүргізілуі керек. Кейбір науқастар антибактериялдық ем жүргізу жағдайында өздерін жақсы сезініп, ем қабылдауды үзіп тастайды, міне осындай қате түсінік аурудың асқынуына әкеліп соғады. Туберкулезді ерте анықтау оны ешқандай қиындықсыз шұғыл емдеуге ықпал етеді, сондай-ақ қарым-қатынастағы тұлғаларға жұқтыру қаупін төмендетеді.

Ж.г. шАхиНА, №3 қалалық емхана жасөспірімдер дәрігері

Туберкулезден сақТаныңыз!