САБЫРЛЫЛЫҚ ПЕН ҰСТАМДЫЛЫҚ

16

Upload: -

Post on 17-Jul-2015

138 views

Category:

Education


16 download

TRANSCRIPT

Page 1: САБЫРЛЫЛЫҚ ПЕН ҰСТАМДЫЛЫҚ
Page 2: САБЫРЛЫЛЫҚ ПЕН ҰСТАМДЫЛЫҚ

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: “Сабырлылық”, “ұстамдылық” және мінез-құлық мәдениеті туралы түсінік беру;

Дамытушылығы: Адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелілігі: Өз сезімдері мен көңіл-күйлерін басқара білуге тәрбиелеу;

Page 3: САБЫРЛЫЛЫҚ ПЕН ҰСТАМДЫЛЫҚ
Page 4: САБЫРЛЫЛЫҚ ПЕН ҰСТАМДЫЛЫҚ

Сабыр деген әр іске шыдамдылық,Өте керек адамға бұл бір қылық.Қолы жетпей талай жан ізденеді,

Осыдан кеп шығады адамшылық.

Сақтық деген әрқашан байқап жүрмек,Пайда ма не залал ма – ескерілмек.

Көргенін, естігенін есепке алса,Сонда оңай әрбір істі ойлап білмек.

Шәкәрім Құдайбердіұлы

(1858—1931)

ақын, жазушы, аудармашы, композитор, тарихшы

және философ.

Page 5: САБЫРЛЫЛЫҚ ПЕН ҰСТАМДЫЛЫҚ

•Сабырлылық дегенді қалай түсінесіздер?

•Адамға қандай жағдайларда ұстамдылық керек деп ойлайсыздар?

•Өздеріңнің күнделікті жағдайларда сабырлылық танытпай , ұстамсыздыққа бой алдырған кездерің болды ма? Мысал келтіріңдер.

Page 6: САБЫРЛЫЛЫҚ ПЕН ҰСТАМДЫЛЫҚ

Әр нәрсенің байыбына барып, ақылға салып, өзін-өзі ұстай білу – САБЫРЛЫЛЫҚТЫҢ белгісі.

Қандай жағдайда болмасын қызбалыққа салынбай, шыдамдылық танытып, өз ісіне байсалдылықпен қарау – ҰСТАМДЫЛЫҚТЫҢ белгісі.

Page 7: САБЫРЛЫЛЫҚ ПЕН ҰСТАМДЫЛЫҚ

“ЖАН ЖАРАСЫ ЖАЗЫЛМАЙДЫ” әңгімесінде

- Әкесі баласын ұстамдылыққа қалай үйретті?

-«Ашуыңды ақылға жеңгізе біл» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Page 8: САБЫРЛЫЛЫҚ ПЕН ҰСТАМДЫЛЫҚ

І топ. Ж. Баласағұнның сабыр туралы нақыл сөзін оқып, ондағы негізгі ойды пайымдаңдар, мысалмен дәлелдеңдер.Сабыр – ақыл парасаттың белгісі,Сабырсыздық сені ұятқа қалдырар.Бастарда істі байыбына барып ал,Асыққандар күйінер де жаңылар. Ж. Баласағұн

ІІ топ. “Ұстамдылық - әдептің ұстазы, ұстамсыздық - әлектің нұсқасы” деген халық нақылындағы негізгі ойды пайымдап, мысалмен дәлелдеңдер.

ІІІ топ. “Сабыр – ақылдың серігі” деген Майлықожа Сұлтанқожаның нақылын пайымдап, мысалмен дәлелдеңдер.

ІҮ топ. “Ауыр күн де өтеді – оған сабыр – шыдам қыл” деген Махмұд Қашқаридың нақылын пайымдап, мысалмен дәлелдеңдер.

.

Page 9: САБЫРЛЫЛЫҚ ПЕН ҰСТАМДЫЛЫҚ
Page 10: САБЫРЛЫЛЫҚ ПЕН ҰСТАМДЫЛЫҚ

І топ. “Ұстамдылыққа үйрету жолы” аңызындағы негізгі мәнді түсіндір. Қорытынды жаса. Бір ақылгөй дана өзіне тәрбиелеуге ұстамсыз, ашушаң шәкірттерді тәрбиелеуге алады. Осы шәкірттер ұстазының байсалдылығы мен сабырлылығына қызығады. Шәкірттер ұстазына өзі сияқты сабырлы болуға үйретуін өтінеді. Ұстазы келісіп, балаларға картоп пен түссіз дорба алып келулерін тапсырады. – Егер де сендер біреуге ашуланып, оның көңіліне қаяу салар болсаңдар картопты дорбаларыңа салып алыңдар,-дейді. – “Бар болғаны сол ғана ма?”, -деп оқушылар таңданысады. «Және де сендер бұл дорбаны үнемі өздеріңмен тасып жүресіңдер, егер тағы да бір ұстамсыз іс-әрекет жасасаңдар, картопты үстіне қосып отырасыңдар» - дейді. Балалар бұл уәжбен келіседі. Біраз уақыт өтеді. Оқушылардың дорбасына бірталай картоп салынып, ауыр тарта бастайды да, балаларға бұл дорбаны тасу қиынға соғады. Сонымен бірге алғаш салған картоптар бұзылып шіри бастайды. Оқушылар ұстаздарына қайтадан келіп былай дейді. – Мына дорбаны тасу мүмкін емес болып барады, біріншіден дорбамыз тым ауыр, екіншіден, картоптар бұзылып барады. Бұл қылығыңызды қалай түсінуге болады?Сонда ұстаз мынандай жауап қатады: - Сендердің жүректеріңде де осындай құбылыс байқалады, сендер бір ағаттық жасасаңдар, біреуді ренжітсеңдер, оның да, сенің де көңіліңде ауыр тас пайда болады. Бірақ сен оны бірден байқамайсың. Содан соң тастар көбее береді. Сол сияқты әрекеттер жинала әдетке, ал әдет мінезге ұласады. Оны өзіңмен үнемі тасып жүру де оңай емес. Мен сендерге біреуді ренжітер алдында ойланып ал демекпін. Өз жан-дүниеңе де шіріген картоптың пайдасы аз екенін ұмытпа.

Page 11: САБЫРЛЫЛЫҚ ПЕН ҰСТАМДЫЛЫҚ

ІІ топ. “Сабыр түбі – сары алтын” аңызындағы негізгі мәнді түсіндір. Сұрақтарға жауап бере отырып,қорытынды жаса.Ертеде бір хан өзінің шабарманын көрші патшалыққа жібереді. Шабарман көрші патшаға шауып келіп ентігін баса алмай:- Менің әміршім.... Сізге «Қылаң сәйгүлік беріп жіберсін» дейді... Егер ондай сәйгүлік болмаса.... -Әрі қарай тыңдағым да келмейді, - дейді патша шабарманның сөзін бөліп. – Патшаңа айта бар, менде ондай сәйгүлік жоқ, егер болса...Осы жерге келгенде ол кідіріп қалады. Шабарман осы уақытқа дейін өз әміршісімен тату – тәтті қарым-қатынастағы көршісінен мұндай сөз естігеніне сасқалақтап қалады. Сарайдан қалай атып шыққанын да байқамай, жауабын тезірек жеткізбек болып, кері шабады.Патша көршісінің сәлемін естіп, қаны басына шығып, көрші патшалыққа соғыс жариялайды. Соғыс ұзаққа созылады да, екі жақ та әбден шаршайды. Ақыры ұзақ соғыс титықтарына жеткен екі жақ келіссөз жүргізбекші болады.Келіссөз кезінде екінші патша:- «Қылаң сәйгүлік беріп жіберсін, болмаса....» дегенде не айтқың келді? – деп сұрайды.- «... басқа түсті ат берсең болады » дегім келген, бар болғаны сол қана. Ал сенің «менде ондай сәйгүлік жоқ, егер болса...» деген жауабыңды қалай түсінуге болады?- «Тату отырған көршіме міндетті түрде сыйлар едім дегенім ғой.»Екі патша неліктен келіспей қалды?Сабыр түбі сары алтын дегенді қалай түсінесіңдер?

Page 12: САБЫРЛЫЛЫҚ ПЕН ҰСТАМДЫЛЫҚ

ІІІ топ.“Ұстамдылыққа үйрету жолы” аңызындағы негізгі ойды есепке ала отырып , “Ұстамдылық” сөзін өз ойыңмен аяқта.

ІҮ топ. “Сабыр түбі – сары алтын” аңызындағы негізгі ойды есепке ала отырып, “сабырлылық” сөзін өз ойыңмен аяқта.

Page 13: САБЫРЛЫЛЫҚ ПЕН ҰСТАМДЫЛЫҚ
Page 14: САБЫРЛЫЛЫҚ ПЕН ҰСТАМДЫЛЫҚ

Берілген термометрлерге топ мүшелерімен ақылдаса отырып сабақтың маңыздылығын, алған әсерлеріңді білдіріңдер.

+50 0 - Өте ыстық. Сабақ өте ұнады. Өзіме ой түйдім. Міндетті түрде осы айтылғандарды пайдаланамын.

+30 0 – Жылы, сабақ орташа деңгейде өтті. Айтылған ойларды өз өмірімде пайдаланармын.

0-50 0 – Суық. Сабақтан түйгенім аз болды.

Page 15: САБЫРЛЫЛЫҚ ПЕН ҰСТАМДЫЛЫҚ
Page 16: САБЫРЛЫЛЫҚ ПЕН ҰСТАМДЫЛЫҚ

Сабырлылыққа, ұстамдылыққа апаратын жолды мұқият қара. Онымен өзіңнің қаншалықты келісетіндігіңді баяндап, өзің де сабырлы болудың жолдарын жасап көрсет:

• Ойлан! Ақылға сал!

• Байыбына барып, себебін табуға тырыс!

• Шыдамсыздық танытпа, ұстамды бол!

• Іс-әрекетіңді мақсатыңа бағындыр!

• Мойыма, өзіңді-өзің жігерлендір!

• Бәрекелді!