Ардақты періштелер әлемі

27
А А р р д д а а қ қ т т ы ы п п е е р р і і ш ш т т е е л л е е р р ә ә л л е е м м і і ‘Умар ибн Сулайман әл-Ашқар

Upload: islambookkz

Post on 02-Apr-2016

224 views

Category:

Documents


10 download

DESCRIPTION

Періштелерге иман келтіру – мұсылмандық сенімнің ең негізгілерінің бірі, онсыз иман дұрыс болмайды. Періштелер әлемі ғайып (жасырын) әлеміне жатады, сондықтан Аллаһ Тағала Оның сөзі мен пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хадистеріне ғана сүйеніп, періштелерге иман келтірген кісілерді мақтайды. Осы тақырыпқа Құран мен Сүннетте үлкен мән берілген. Бұл тақырып толыққанды баяндалғаны соншалықты, тіпті ол мәтіндерді оқып зерттеген кісі періштелерге иман келтіру мәселесінде ешқандай түсінбеушілікке жолықпайды.

TRANSCRIPT

Page 1: Ардақты періштелер әлемі

ААррддааққттыы

ппеерріішшттееллеерр

әәллеемміі

‘Умар ибн Сулайман әл-Ашқар

Page 2: Ардақты періштелер әлемі

2

Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Аллаһтың атымен!

Ардақты періштелер әлемі

Автордың алғы сөзі

Аллаһқа мақтау-мадақ айтамыз, Одан жәрдем мен кешірім, тура жол

сұраймыз! Аллаһтан өз нәпсіміз бен амалдарымыздың жамандығынан пана

іздейміз. Кімді Аллаһ тура жолмен жүргізсе, оны ешкім адастыра алмайды. Ал

кімді Аллаһ адастырса, оны ешкім тура жолға сала алмайды. Жалғыз Аллаһтан

басқа құлшылық қылуға лайықты ешкім жоқ екеніне куәлік береміз және

Мұхаммед – Аллаһтың құлы және Оның Елшісі екеніне куәлік береміз.

Періштелерге иман келтіру – мұсылмандық сенімнің ең негізгілерінің бірі,

онсыз иман дұрыс болмайды. Періштелер әлемі ғайып (жасырын) әлеміне

жатады, сондықтан Аллаһ Тағала Оның сөзі мен пайғамбарымыздың (оған

Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хадистеріне ғана сүйеніп, періштелерге

иман келтірген кісілерді мақтайды.

Осы тақырыпқа Құран мен Сүннетте үлкен мән берілген. Бұл тақырып

толыққанды баяндалғаны соншалықты, тіпті ол мәтіндерді оқып зерттеген кісі

періштелерге иман келтіру мәселесінде ешқандай түсінбеушілікке

жолықпайды. Өз кезегінде бұл иманның тұтастай тереңдеп, нығаюына септігін

тигізеді, себебі жалпылай білгеннен гөрі жан-жақты білген жақсы, әрі сенімді.

Бұл тақырып қасиетті мәтіндерде егжей-тегжейлі қарастырылған, өйткені адам

ақылы өздігінен бұл жаратылыс жайлы қажетті ақпарды біле алмайды. Адам

баласы періштені көре алмайды немесе олардың әңгімесін ести алмайды.

Күдіксіз, бұлай болғаны да адамның өз пайдасы үшін, себебі егер адам өзін

қоршаған жаратылыстардың баршасын көріп, еститін болса, оның өмірі адам

төзгісіз болып кетер еді. Мұны түсіну үшін адам баласы радиоқабылдағыш

ұстаған дыбыстың барлығын ажыратып білгенде, оның өмірі қалай болатынын

елестетіп көрсек болады. Сөзсіз, ондай кісі шатасып кетер еді, немесе тіпті

есінен айырылып, ақылынан адасар еді.

Page 3: Ардақты періштелер әлемі

3

Періштелерге иман келтіру мәселесін оқу қажетсіз деп санау қате, себебі олар

туралы Құран мен Сүннеттен алынған шынайы сипаттар адамдардың арасында

таралған өтірік сенімдер мен аңыздарды теріске шығаруға өте қажет. Ежелгі

дәуірлерде-ақ періштелердің бойында Алланың сипаттары бар, олар Алланың

қыздары деген секілді көзқарастар кең тараған. Кейбір философтар

періштелерді аспан денелері деп атап, оларды ғарышта көруге болады деп

есептеген.

Қасиетті мәтіндерде келген білімнің арқасында біз Аллаһқа деген иманымызды

арттырып, Ол ғана құлшылық қылуға лайық екенін, Ол ғана аспан мен жерді

ұстап тұрушы екенін, Ол ғана періштелерді жауынгер қылып жаратып, оларды

әлемдегі әр түрлі міндеттерді атқаруға бұйырғанын білеміз...

Егер кісінің періштелерге иман келтіруден алар пайдасын есептей бастасақ, әрі

осыған орай кездестін мәтіндерді оқып зерттей бастасақ алғы сөз ұзарып кетер

еді. Сондықтан, мен құрметті оқырманның өзі Құран мен Сүннеттегі

мәтіндерге ой жүгіртіп, қажетті шешімдер шығаруға шақырамын.

Аллаһ Тағаладан осы еңбекті ықыласты, әрі пайдалы болуын сұраймын.

Расында, Ол – ең жақсы Қамқоршы және Жәрдемші!

‘Умар Суләйман ‘Абдулла әл-Ашқар

20 зул-қа‘да 1378 х.ж./22 қыркүйек 1978 ж.

Кувейт

Кіріспе

Періштелер дегеніміз кімдер және оларға иман келтіру дегеніміз не?

Періштелер – адамдар мен жындардан өзгеше жаратылыс. Олар толық

тазалыққа, ұлықтық пен кіршіксіздікке жеткен ізгі жаратылыстар. Олар

сенімді, тақуа, Аллаһқа лайықты түрде құлшылық қылатын, Оның

бұйрықтарын бұлжытпай орындайтын, Оған ешқашан мойынсұнбай

қоймайтын мақұлықтар. Біз Құран мен Сүннет мәтіндерінен олардың кейбір

сипаттарымен танысамыз.

Page 4: Ардақты періштелер әлемі

4

-/мә’ләкә/ - « المألكة » .әләкә/ түбірлес сөзінен құрылған/ - «ألك» мәләк/ сөзі/ - «الملك»

сөзі мен «المألك » - /мә’люк/ сөзі «елшілік» дегенді білдіреді. «Періштелер» деген

сөз елшілік сөзінен құрылған, себебі олар – Аллаһтың елшілері.

Басқа бір пікір бойынша, ол ل أ ك түбірлес негізден қалыптасқан. «المألكة» -

/мәл’әкә/ сөзі де «елшілік» дегенді білдіреді. « ألكني إلى فالن» деген сөз тіркесі

«пәленшеге жеткіз» дегенді білдіреді. Міне, осыдан «المألك» - /мәл’әк/ немесе

мәләк/ сөзі пайда болған, себебі періштелер Аллаһ Тағаланың атынан/ - «الملك»

хабар жеткізеді.

Тағы басқа зерттеушілердің айтуынша, періште сөзі «мулк» (билік) деген

сөзден шыққан. Періштелердің ішінде белгілі бір билікке тағайындалғанын

«мәләк» дейді де, адамдардың ішіндегін – «мәлик» (патша) деп атайды.

(Қараңыз: Басаир зауит-тамиз 4/524).

Періштелерге иман келтіру – мұсылмандық сенімнің тіректерінің бірі, кісі оған

иман келтірмейінше сенімі дұрыс болмайды. Аллаһ Тағала былай дейді:

«Пайғамбар өзіне Раббы тарапынан түсірілгенге иман келтірді. Мүміндер

де барлығы: Аллаһқа, періштелерге, кітаптарға және пайғамбарларға

иман келтірді. Олар: “Елшілердің араларын айырмаймыз” - дейді» (Бақара

сүресі, 285-аят).

Періштелерге қалай дұрыс иман келтіру керек?

Әс-Суюти әл-Байһақидің «Шу‘аб әл-иман» кітабынан мына сөздерді келтірген:

Періштелерге иман келтіру дегеніміз мына нәрселер:

1. Олардың бар екеніне иман келтіру;

2. Олардың орнын мойындау, әрі олар да адамдар мен жындар тәрізді бұйрық

алып, міндеттер жүктелген Аллаһтың құлдары әрі жаратылысы екеніне иман

келтіру. Олар тек Аллаһ берген қабілетке ғана ие. Олар да қайтыс болады,

бірақ Аллаһ оларға өте ұзақ өмір берген және олар уақыты келмейінше

өлмейді. Оларды Аллаһпен теңдестіріп құлшылық қылып кететіндей

сипаттармен сипаттауға болмайды. Ежелгі халықтар секілді олардан, Құдайдан

тілегендей тілеуге болмайды, оларға дұға қылуға болмайды;

Page 5: Ардақты періштелер әлемі

5

3. Олардың ішінде Аллаһ Тағала адамдардың арасындағы таңдаулыларға және

бір-біріне жіберетін елшілер бар екенін мойындау. Сонымен қатар, олардың

арасында Тақты (Аршы) көтеріп жүретіндері, сапқа тұратындары, Жәннат пен

Тозақты сақтаушылары, амалдарды жазушылары және бұлттарды қуатындары

бар екеніне сену керек. Бұл туралы барлық ақпарат Құранда баяндалған.

(Қараңыз: "Әл-хабаик фи ахбар әл-мәлик". Мухтасар Шу‘аб әл-иман 1/405-406).

Осы кітапта періштелерге иман келтіру мәселесіне байланысты бізге келген

қасиетті мәтіндер айтылған.

БІРІНШІ ТАРАУ

«ПЕРІШТЕЛЕРДІҢ СИПАТТАРЫ МЕН ҚАБІЛЕТТЕРІ»

Осы тарауда сенімді мәтіндерге сүйене отырып, періштелердің ішкі және

сыртқы қасиеттерін қарастырамыз, содан соң оларға Аллаһтың берген

қабілеттерін баяндаймыз.

ПЕРІШТЕЛЕРДІҢ СЫРТҚЫ СИПАТТАРЫ

1. Періштелер қашан және неден жаратылған?

Періштелер нұрдан жаратылған. Айша анамыздан жеткен хадисте

пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген:

«Періштелер нұрдан жаратылған, жындар – таза жалыннан, ал Адам -

өздеріңе баяндалған нәрседен жаратылған». Муслим (2996).

Періштелер нақты қандай нұрдан жаратылғанын Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың

игілігі мен сәлемі болсын) айтып берген жоқ, сондықтан біз де осы хабарды

нақтылап, әр түрлі ой жүгірте алмаймыз. Бұл – ғайып (жасырын) білім, осы

мәселені ашып түсіндіретін басқа хадистер жоқ.

Ал ‘Икрамадан жеткен: «Періштелер құдірет нұрынан жаралған, ал Ібіліс –

құдірет отынан жаралған» - деген сөз бен ‘Абдуллаһ ибн ‘Амрдан жеткен:

«Аллаһ періштелерді Өз білегі мен кеудесіндегі нұрдан жаратты» - деген сөзді

Page 6: Ардақты періштелер әлемі

6

есепке алуға болмайды. Тіпті егер жоғарыда айтылған құрметті ғалымдар

шынымен осындай көзқарастарды айтқан күннің өзінде, олар әбден қателесуі

мүмкін. Бәлкім, олар исраилятқа сүйенген шығар. (Қараңыз: Силсилә әл-

ахадис әс-сахиха 1/197).

Уалиуллаһ әд-Дахләуи былай деген: «Асқақ жаратылыстар үш топқа бөлінеді.

Аллаһ айтқандай, бірінші топқа игі тәртіпті бақылап отыратын періштелер

жатады. Аллаһ олардың денелерін Мұсаның оты тәрізді нұрдан жаратқан,

кейін оған жан үрлеген.

Екінші топ – нәзік жұпар иістер араласқан, асқақ рухтар құйылған әрі хайуани

балшықтан ада періштелер.

Үшінші топ – асқақ жаратылыстарға жақындатылған адам жандары. Олар

денесін тастап шықпайынша періштелерге қосылуға себеп болатын, құтылатын

амалдар істейді. Сонда олар періштелердің жолымен жүріп, солардың бірі

бола бастайды». (Қараңыз: әл-Хужжа әл-балиға 33).

Алайда, періштелерді бұлайша бөлуге ешқандай сенімді қасиетті мәтіндер

жоқ.

Біз періштелердің қашан жаратылғанын білмейміз, Аллаһ Тағала ол жайында

хабар берген жоқ. Тек олар Адам атадан бұрын жаратылғаны белгілі. Құранда

Аллаһ Тағала періштелерге жерде орынбасар жарататын айтқан: «Сол

уақытта Раббың періштелерге: «Әрине мен жерде бір орынбасар

жаратамын!» - деген еді» (Бақара сүресі, 30-аят).

Бұл аятта «орынбасар» деп Адам ата айтылып тұр және періштелер соған

сәжде қылуға бұйырылды: «Оның жаратылысын тәмәмдап, оған рухымнан

үрлеген (жан салған) сәтте, оған сәжде қылыңдар!» (Хижр сүресі, 29-аят)

Періштелерді көре аламыз ба?

Адамдар періштелерді көре алмайды, себебі олардың денесі нұрдан жаралған,

Аллаһ Тағала бізге оларды көре алатын қабілет берген жоқ. Мұсылман

үмметінде періштені шынайы өз бейнесінде көрген жалғыз Мұхаммед

пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ғана. Пайғамбарымыз

(оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Жебрейіл періштені Аллаһ Тағала

жаратқан нағыз бейнесінде екі рет көрген. Сондай-ақ, егер періштелер адамның

кейіпіне еніп келсе, адамдар оларды көре алатындығы қасиетті мәтіндерден

мәлім.

Page 7: Ардақты періштелер әлемі

7

2. Періштелердің алып денелері

Аллаһ Тағала Тозақты қарауылдайтын періштелер туралы былай дейді: «Әй,

иман келтіргендер! Өздеріңді әрі үй-іштеріңді отыны адамдар мен

тастардан болған Оттан қорғаңдар! Оның басындағы періштелер жуан

денелі, қатал. Олар Аллаһтың берген әмірлеріне қарсы келмейді. Не

бұйрылса, соны орындайды» (Тахрим сүресі, 6-аят).

Төменде екі игі періште баяндалған хадистерге ғана тоқталып өтемін.

Жебрейілдің (‘аләйһис-cәләм) алып денесі

Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Жебрейіл періштені

Аллаһ жаратқан нағыз өз бейнесінде екі рет көрген. Бұл туралы Аллаһ Тағала

былай дейді: «Расында, ол оны (Жебрейілді) ашық көк жиекте көрді»

(Такуир сүресі, 23-аят).

Аллаһ Тағала былай дейді: «Расында, ол Жебрейілді екінші рет көрді.

Тұрақтау ағашының жанында. Оның қасында Мәуа Жәннаты бар» (Нәжм

сүресі, 13-15-аяттар).

Бұл оқиға пайғамбарымыз аспанға көтерілгенде (миғраж) орын алған болатын.

Бірде Айша анамыз пайғамбарымыздан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсын) осы аят туралы сұрағанда, ол: «Ол Жебрейіл еді, мен оны жаратылған

нағыз бейнесінде екі-ақ рет көрдім. Мен оны аспаннан түсіп келе жатырып,

аспан мен жердің арасындағы бүкіл кеңістікті жауып келе жатқанын көрдім»

- деп жауап берген. Муслим (177).

Айша анамыздан Аллаһ Тағаланың: «Ол жақындап төмендеді» (Нәжм сүресі,

8-аят) – деген сөзі туралы сұрағанда, ол былай жауап берген: «Ол Жебрейіл

(‘аләйһис-сәләм). Әдетте ол ер кісінің бейнесінде келетін, бірақ сол кезде бүкіл

көкжиікті жауып өз бейнесде келді». Муслим (177).

«Расында, ол Раббының ірі белгілерін көрді» (Нәжм сүресі, 18-аят) – деген

аятты түсіндіре келе ‘Абдуллаһ ибн Мас’уд былай деген: «Мұхаммед пайғамбар

(оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Жебрейілді көрді. Оның алты жүз қанаты

бар екен». Бухари (4856), (4857).

Ибн Мас‘уд тағы былай деген: «Ол бүкіл көкжиекті жауып тұрған жасыл кілемді

көрді». Бухари (4856), (4857).

Page 8: Ардақты періштелер әлемі

8

Бұл Жебрейіл періште болған дәл сол кілем еді. Ибн Хаджар бойынша, ән-

Насаи мен әл-Хәким Ибн Мас‘удтың сөздерін былай жеткізген: «Аллаһтың

пайғамбары (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Жебрейілді кілемде

екенін көрді және ол аспан мен жердің арасындағы бүкіл кеңістікті жауып

тұрды». (Қараңыз: “Фатх әл-Бари” 8/611).

Ибн Хаджар ан-Насаидің риуаятында Ибн Мас‘удтың сөзін былайша

жеткізгенін айтқан: «Мұхаммед (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)

Жебрейілді көрді. Оның алты жүз қанаты бар екен және ол бүкіл көкжиекті

жауып тұрды».

Имам Ахмадтың «Муснадында» ‘Абдуллаһ ибн Мас’удтың былай дегені

жеткізілген: «Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)

Жебрейілді өз бейнесінде көрді және оның алты жүз қанаты бар екен, әр

қанаты көкжиекті жауып тұрды. Оның қанаттарынан іжу-маржан мен

жақұттардан болған жылтыр жарықтар шашырап тұрды». (Ибн Кәсир

иснадын жақсы деген. Қараңыз: “әл-Бидая уан-нихая” 1/47).

Құранда Жебрейіл періште былай сипатталған: «Негізінен бұл – әрине бір

ардақты елшінің сөзі. Ол күшті елші, Тақтың Иесінің қасында беделді,

ықпалды, онда сенімді» (Такуир сүресі, 19-21-аяттар).

Ардақты елші – бұл Жебрейіл періште, ал Тақтың Иесі – Құдіретті Аллаһ

Тағала.

Тақты көтеріп жүретін періштелердің алып денелері

Жәбирден жеткен хадисте Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсын) былай деген: «Маған Аллаһтың періштелерінің бірі, Тақты көтеріп

жүретіндердің бірі туралы айтуға рұқсат етілді. Расында, оның құлағының

жұмсағы мен иығының ара қашықтығы жеті жүз жыл» (Қараңыз: «Сахих

Сунан Әби Дауд» 3953).

Ибн Әбу Хатимның риуаятында бұл уақыт – құстың ұшу жылы екені айтылған.

«Мишкат әл-масабих» кітабында бұл иснад сахих делінген. (Қараңыз: «Мишкат

әл-масабих» 3/121, «Силсилә әс-сахиха» 151).

Табарани өзінің «әл-Му‘жам әл-аусат» кітабында Әнастан жеткен хадисті

келтірген, Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай

Page 9: Ардақты періштелер әлемі

9

деген: «Маған Тақты көтеріп жүретін періштелердің бірі туралы айтуға

рұқсат берілді. Оның аяғы төменгі жерде, ал оның мүйізінің үстінде Тақ, ал

оның құлағының жұмсағы мен иығының арасы – құс жеті жүз жылда ұшып

баратын ара қашықтық. Әрі ол періште әрдайым: “Сен қайда болсаң да

Пәксің” – деп қайталайды» (Қараңыз: «Сахих әл-жами‘ әс-сағир» 853. Үшінші

басылым).

3. Періштелердің аса маңызды сыртқы сипаттары

Періштелердің қанаттары

Аллаһ Тағала періштелердің қанаттары бар екенін баяндады. Біреулерінде екі

қанат, басқасында үш қанат, үшіншілерінде төрт қанаттан бар. Сондай-ақ одан

да көп қанатты періштелер бар: «Аспандар мен жерді жаратқан, сондай-ақ

екі, үш және төрт қанатты періштелерді елші қылған Аллаһқа барлық

мақтау лайық. Ол жаратуда қалағанын арттырады. Күдіксіз, Алланың әр

нәрсеге толық күші жетеді» (Фатыр сүресі, 1-аят).

Осы аяттың мағынасы – Аллаһ Тағала осы мақұлықтарға екі, үш, төрт және

одан да көп қанат берген. Біз жоғарыда Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі

мен сәлемі болсын) Жебрейілді алты жүз қанатымен көргені туралы хадисті

келтірген болатынбыз.

Періштелердің сұлулығы

Аллаһ Тағала періштелерге асқан сұлулық, зор әсемдік берген. Құранда

Жебрейіл періште туралы: «Оған оны Құдіретті (Жебрейіл) үйретті. Ол

сұлулық иесі (Жебрейіл өз бейнесінде) тіктеп тұрды. Ол жоғары көк

жиекте еді» (Нәжм сүресі, 5-7-аяттар).

Ибн ‘Аббастың айтуынша, осы «зу мирра» дегеніміз «сыртқы бейнесі өте сұлу»

дегенді білдіреді. Қатада: «Өте сұлу, бойшаң денелі» - деген. Басқа тәпсір

бойынша, «өте күшті қуат иесі» дегенді білдіреді. Бұл тәпсірлердің барлығы

бір-біріне қарама-қайшы келмейді, себебі Жебрейіл – аса құдіретті, өте сұлу

періште.

Адам баласы әрқашан періштені көркем бейнеде елестетсе, шайтанды

сұрықсыз құбыжық ретінде елестеді. Сондықтан, жұрт өте сұлу адамды

Page 10: Ардақты періштелер әлемі

10

періштемен салыстырады. Ізгі Юсуф пайғамбарды әйелдер көрген кезде не

дегеніне қарашы: «(Жеміс кесіп отырған әйелдер) оны көрген сәтте, бір

түрлі ірі бағалап (естері шығып), өз қолдарын турады. Әйелдер: “Ой

Аллаһ! Мынау адам емес, бұл бір құрметті періште-ақ қой” - десті» (Юсуф

сүресі, 31-аят).

Сыртқы бейнесінде періштелер мен адамдардың арасында ұқсастық бар ма?

Муслимнің «Сахихында» және Тирмизидің «Сунанында» Жәбирден жеткен

хадисте, Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген:

«Маған пайғамбарлар көрсетілді. Ол жерде Мұса пайғамбар болды, ол

Шануаның адамдарыны ұқсайтын орташа денелі (немесе арықтау ер). Мен

Мәриямнің ұлы ‘Исаны да көрдім, көргендерімдің ішінде оған ең қатты

ұқсайтыны ‘Уруа ибн Мас‘уд. Мен Ибраһимді де көрдім, көргендерімнің

ішінде оған ең қатты ұқсайтыны сендердің жолдастарың (яғни, өзін айтып

тұр). Мен Жебрейілді де көрдім, көргендерімнің ішінде оған ең қатты

ұқсайтыны Дихья». Басқа риуаятта: «Дихья ибн Халифа». Муслим (167).

Жебрейіл мен Дихьяның не ұқсастығы бар? Жебрейіл Дихья әл-Кәлбиге

періште бейнесінде ұқсай ма әлде ол адам кейіпіне енген кезде ғана Дихьяға

ұқсай ма?! Соңғы пікір дұрысырақ, себебі Жебрейіл періште бірнеше рет

Дихьяның кейіпіне еніп, адам бейнесінде келген, оны төменде айтамыз.

Періштелердің көлемі мен артықшылығы жағынан өзара айырмашылықтары бар

Барлық періштелер бір бейнеде, бір көлемде емес. Біреулерінің қанаты болса,

басқаларының үш қанаты бар, ал Жебрейілде тұтастай алты жүз қанат бар.

Сонымен қатар, олар Аллаһтың құзырында әртүрлі орынға ие: «Періштелер

былай деді: “Әрбіріміздің орнымыз белгілен”» (Саффат сүресі, 164-аят).

«Негізінен бұл – әрине бір ардақты елшінің сөзі. Ол күшті елші, Тақтың

Иесінің қасында беделді, ықпалды, онда сенімді» (Такуир сүресі, 19-21-

аяттар).

«Мәкин» деген сөз «құрметті», «Аллаһтың алдында биік дәрежеге ие» дегенді

білдіреді.

Page 11: Ардақты періштелер әлемі

11

Бәдір шайқасына қатысқан періштелер – ең жақсы періштелер болып

табылады. Рифа‘а бин Рафи’тен жеткен хадисте, бірде Жебрейіл

пайғамбарымызға келіп: «Бәдір шайқасына қатысқандарды кім деп

санайсыңдар?» - деп сұрады. Пайғамбарымыз: «Мұсылмандардың ең

жақсыларынан» - деді. Немесе соған ұқсас бір сөз айтты. Сонда Жебрейіл:

«Бәдір шайқасына қатысқан періштелер де дәл солай» - деді. Бухари (3992).

Періштелер ер-әйел болып бөлінбейді

Ғайып әлем туралы сөз қозғайтындардың қателерінің бірі – олар ғайып әлемін

жер бетіндегі адамның шарттарымен қарап баға береді. Олардың кейбіреулері

пайғамбарға біреу сауал қойса, Жебрейіл періште бір сәтте Аллаһтың

түсіндірмесін жеткізгеніне таң қалады. Тіпті жақын планетаға сәуленің өзі

бірнеше миллиондаған жылдар бойы жететін болса, енді Жебрейіл осыншама

жылдамдықпен қалайша жүреді?

Мұндай бейшараны тікұшақтың жылдамдығы туралы өзінің өлшемімен

есептеп отырған масамен салыстыруға болатынын түсінбейді. Егер ол осыған

жақсылап ой жүгіртсе, періштелер әлемі біздің – адами заңдардан өзгеше

басқа заңдармен өмір сүретінін міндетті түрде түсінер еді.

Бұл мәселеде араб көпқұдайшылары да (мүшрік) қателесті, олар періштені

әйел жынысты деп есептейтін. Мұндай жалған көзқарас одан да бетер

сандырақтаған сеніммен астасып кетті, олар періштелерді Аллаһтың қыздары

деп санайтын.

Құран олармен осы екі мәселеде таласқа түсіп, олардың айтқандары тек

қаңғыған сөздер екенін, олардың еш сенімді дәлелі жоқ екенін түсіндірді. Қарап

отырып таң қаласың, олар Аллаһтың қыздары бар дейді де, өздерінің туған

қыздарын жек көреді. Оған қызды болдың деген қуанышты хабар жесте,

жүздері қарайып, қабағына қар жауып, ашуын шаққа ұстап қалатын. Ол

болған жайттан ұялып тіпті адамдардан жасырынып қалатын. Ал кейбір

ақымақтар өз-өзін ұстай алмай қызын тірілей көміп тастайтын. Осыған

қарамастан, олар Аллаһтың балалары, нақтырақ айтсақ қыздары бар дейтін.

Міне, осылай Алладан келген нұрға ермейтін кісілердің жүректерінде жалған

ырымдар туындап, кейін ұлғая береді!

Page 12: Ардақты періштелер әлемі

12

Осы сенім аятта қалай сипатталып, қалай теріске шығарылғанына назар аудар:

«Енді олардан сұра: Қыздар Раббынікі де, ұлдар олардікі ме? Немесе

періштелерді ұрғашы жаратқанымызға олар куә ме? Сақ болыңдар! Олар

“Алланың баласы бар” деп өтірік айта береді. Расында, олар мүлде

өтірікшілер. Аллаһ ұлдардан гөрі қыздарды артық көре ме? Сендерге не

болды? Қалай шешім етесіңдер? Түсінбейсіңдер ме? Немесе сендердің

ашық бір дәлелдерің бар ма?» (Саффат сүресі, 149-156-аяттар).

Аллаһ Тағала олардың өтірік сөздерін куәлік деп атады және олар сол үшін

жауапқа тартылады. Расында, Аллаһ жайында өзің білмеген нәрсеңді айтуың –

өте үлкен күнә. «Олар Аллаһтың құлдары періштелерді өздерінше

әйелдерге балайды. Олар періштелердің жаратылуын көріп пе еді?

Олардың бұл куәліктері жазылып және сұралады» (Зухруф сүресі, 19-аят).

Періштелер ішіп-жемейді

Жоғарыда біз періштелер ер мен әйел болып бөлінбейтіндігін айтқан

болатынбыз. Сонымен қатар, олар адамның жейтін тағамдары мен сусындарын

қажет етпейді. Аллаһ Тағала Ибраһимге адам кейіпінде періштелер келгені

жөнінде баяндады. Ибраһим пайғамбар оларға ас даярлап, алдарында

қойғанда періштелер тамаққа тіпті жолаған да жоқ. Сонда ол қорқып кетті,

кейін періштелер оған кім екендерін айтқаннан кейін барып қорқынышы

басылды: «Саған Ибраһимның ардақты қонақтары (періштелер) жайында

әңгіме келді ме? Олар Ибраһимге кіргенде: “Сәлем” - деді. Ибраһим де

оларға: “Сәлем, бейтаныс жандар” - деді. Дереу үйіне барып, семіз бір

бұзау әкелді. Оны оларға жақындатып: “Жемейсіңдер ме?” - деді. Олардан

тіксініп, қорықты. Олар: “Қорықпа!” - деді де, оны білімді бір ұлмен

қуантты» (Зәрият сүресі, 24-28-аяттар).

Басқа аятта былай делінген: «Олардың тамаққа қолдарын тигізбегенін

көріп, олардан күдіктеніп, қорықты. Олар: “Қорықпа! Расында, біз Лұт

қауымына жіберілдік” - деді» (Һуд сүресі, 70-аят).

Әс-Суюти Фахр әд-Дин әр-Разидің былай дегенін жеткізген: «Ғұламалар

періштелер ішпейді, жемейді және жыныстық қатынасқа бармайтынына

бірауыздан келіскен». (Қараңыз: “әл-Хабаик фи ахбар әл-малаик” 264).

Page 13: Ардақты періштелер әлемі

13

Періштелер жалықпайды және шаршамайды

Періштелер Аллаһқа құлшылық қылып, бойұсынады, әрі Оның әмірлерін

орындайды және осы себепті олар жалығып, шаршап, шалдығып қалмайды.

Бұл сезім адамдарға жақсы белгілі болғанымен, періштелер мұның не екенін

білмейді. Аллаһ Тағала періштелерді сипаттап: «Олар күндіз-түні Аллаһты

пәктеуден жалықпайды» - дейді. (Әнбия сүресі, 20-аят).

Басқа аятта былай делінген: «Раббыңның қасындағылар (періштелер) Оны

күндіз-түні пәктеуден жалықпайды» (Фуссилат сүресі, 38-аят).

Аяттағы «жалықпайды» деген сөзге сүйеніп, әс-Суюти періштелер

ұйықтамайды деген. Осы пікірді Фахр әд-Дин әр-Разидің сөздерінен жеткізген.

Періштелердің өмір сүретін мекені

Періштелер аспанда өмір сүреді: «(Алладан қорқып) көктер үстінен жарыла

жаздайды. Періштелер Раббыларын мақтаумен пәктейді» (Шура сүресі, 5-

аят).

Басқа аятта Аллаһ Тағала періштелерді Өзінің жанында екенін айтқан:

«Раббыңның қасындағылар (періштелер) Оны күндіз-түні пәктеуден

жалықпайды» (Фуссилат сүресі, 38-аят).

Аллаһтың әмірімен олар жерге түсіп, Оның бұйрығын орындайды:

«Періштелер: “Раббымыздың әмірімен ғана түсеміз” - деді» (Мәриям

сүресі, 64-аят).

Қадыр түні тәрізді айрықша жағдайларда періштелер өте көп болып жер

бетіне түседі: «Қадыр түні мың айдан қайырлы. Періштелер және Рух

(Жебрейіл) ол кеште Раббыларының рұқсаты бойынша барлық іс үшін

түседі» (Қадр сүресі, 3-4-аяттар).

Періштелердің саны

Періштелер – саны өте көп жаратылыс, олардың нақты санын Аллаһтан басқа

ешкім білмейді: «Раббы жасақтарының санын Өзінен басқа ешкім

білмейді» (Муддасир сүресі, 31-аят).

Page 14: Ардақты періштелер әлемі

14

Егер олардың саны өте көп екеніне көзіңді жеткізгің келсе, пайғамбарымыз

(оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) аспанға көтерілгенде (миғраж)

толған үй (әл-бәйт әл-ма’мур) туралы сұрақ қойып, Жебрейілдің соған берген

жауабын тыңда: «Бұл – бәйт әл-ма’мур. Бұл үйде күніне жетпіс жың періште

намаз оқиды және одан шыққаннан кейін ешқашан оған қайтып келмейді».

Бухари (3207), Муслим (162). Келтірілген хадис Бухаридің риуаяты.

‘Абдуллаһ ибн Мас’удтан жеткен хадисте Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі

мен сәлемі болсын) былай деген: «Ол күні жетпіс мың шылбыры бар Тозақты

алып келеді. Оның әр шылбырынан жетпіс мың періште сүйрейді». Муслим

(2842). Демек, Қиямет Күні 4 900 000 000 періште Тозақты алып келеді.

Адамға бекітілген періштелер туралы айтылған қасиетті мәтіндерге қарасаңыз,

бұл мақұлықтың көп екеніне көзіңіз жетеді. Тамшыға ұқсас ұрыққа қарайтын

періштелер бар. Сонымен бірге, әр адамда оның амалдарын жазатын екі

періште бар. Олардан бөлек қорғаушы періштелер, әрдайым насихат қылып,

оны тура жолға шақыратын жолдас періштелер бар.

4. Періштелердің есімдері

Періштелердің есімдері бар, бірақ бізге олардың тек кейбіреулерінің ғана

есімдері белгілі. Төменде кейбір періштелердің есімдері аталған аяттар

келтіріледі.

Жебрейіл мен Мекәйіл

Аллаһ Тағала былай дейді: «(Мұхаммед, оларға) айт: “Кім Жебрейілге

дұшпан?” Ол Аллаһтың бұйрығы бойынша бұрынғыларды растаушы.

Құранды сенушілер үшін туралық әрі қуандырушы түрде жүрегіңе

қондырды. Кім Аллаһқа, періштелеріне, елшілеріне, сондай-ақ Жебрейіл,

Мекәйілге дұшпан болса, әлбетте Аллаһ кәпірлерге дұшпан» (Бақара

сүресі, 97-98-аяттар).

Жебрейіл – осы аятта айтылған Сенімді Рух: «Оны Сенімді Рух (Жебрейіл)

келтірді. Ескертушілерден болуың үшін жүрегіңе қондырды» (Шу’ара

сүресі, 193-194-аяттар).

Ол мына аятта айтылған Рух: «Періштелер және Рух (Жебрейіл) ол кеште

Раббыларының рұқсаты бойынша барлық іс үшін түседі» (Қадр сүресі, 4-

аят).

Page 15: Ардақты періштелер әлемі

15

Аллаһ Тағала оны Мәриямға да жіберген: «Оған Рухымызды (Жебрейілді)

жібердік» (Мәриям сүресі, 17-аят).

Исрафил

Сүр үрлейтін періштенің есімі осылай аталады.

Жебрейіл, Мекәйіл мен Исрафил – Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен

сәлемі болсын) түнгі намаздың басында оқыған дұғада айтылған періштілердің

есімдері: «Аллаһым, Жебрейіл, Мекәйіл мен Исрафилдің Раббысы, аспан мен

жердің Жаратушысы, жасырын мен жарияны Білуші...» Айша анамыздың

сөздерінен Муслим (770) келтірген.

Мәлик

Тозақты сақтаушы періштенің есімі осылай аталады: «Тозақтықтар: “Әй,

Мәлик! Раббың ісімізді бітірсін” - дейді. Ол: “Расында сендер бұл жерде

мәңгі қаласыңдар” - дейді» (Зухруф сүресі, 77-аят).

Ридуан

Ибн Кәсир былай деген: «Жәннатты сақтаушысы – Ридуан есімді періште. Бұл

туралы кейбір хадистерде анық айтылған». (Қараңыз: “әл-Бидая уан-нихая”

1/53).

Мункар мен Нәкир

Бұл екі періштенің есімін бізге Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсын) хабарлады және көптеген хадистерде олар қабірдегі сұрақ-жауаппен

байланыстырылады.

Һарут пен Марут

Осы екі періштенің есімдерін Аллаһ Тағала былай деп Өзі айтады: «Олар

Сүлейманның патшалығы заманындағы шайтандар оқығанға ілесті.

Сүлейман кәпір болмады. Бірақ шайтандар адамдарға сиқыр үйретіп

кәпір болды. Олар Бабылда (Вавилон) Һарут пен Марут атты екі

періштеге түсірілгенді үйретті. Ол екі періште: “Расында, біз сынақ үшін

келдік, кәпір болмаңдар” - деп айтпайынша ешкімге үйретпеген» (Бақара

сүресі, 102-аят).

Page 16: Ардақты періштелер әлемі

16

Аяттың мәтінінен Аллаһ Тағала ол екі періштені адамдарға сынақ үшін

жібергенін түсінеміз. Құранның тәпсірлерінде және тарих кітаптарында осы екі

періштеге қатысты Құран мен Сүннете айтылмаған көптеген аңыз әңгімелер

өрбиді. Сондықтан, ол екеуі туралы айтқан кезде тек жоғарыда келтірілген

аяттың мағынасымен ғана шектелуіміз керек.

Кейбір хабарларда өлім періштесінің есімі Әзірейіл деп келеді, алайда бұл есім

Құранда да, сенімді хадистерде де кездеспейді.

«Оның оңынан да, солынан да екі бақылаушы отырады. Аузынан бір сөз

шығарса-ақ болды, алдында аңдушы дайын» (Қаф сүресі, 17-18-аяттар).

Осы аятқа сүйеніп кейбір ғалымдар, амалдарды жазатын екі періштенің

есімдері Рақиб (аңдушы), ‘Атид (дайын) деп есептеген. Дегенмен, бұл пікір

дұрыс емес, себебі бұл жерде «рақиб» пен «’атид» деп пенделердің амалдарын

жазып отыратын періштелер сипатталған. Олар әрдайым дайын, адамнан

бөлек кетпей әрқашан жанында тұрады.

5. Періштелердің қайтыс болуы

Адамдар мен жындар тәрізді періштелер де өлім құшады. Бұл жөнінде Аллаһ

Тағаланың мына сөзінде анық айтылған: «Сүр үрілгенде Аллаһтың

қалағанынан басқа көктердегі жан иелері, жердегі жан иелері жығылып

өледі. Бірақ Алланың қалағандары қалады. Сосын екінші рет Сүр үріледі

де сонда олар тұрған бойда қарап қалады» (Зумар сүресі, 68-аят).

Мұның барлығы періштелерге де қатысты, себебі олар көкте өмір сүреді.

Аталмыш аяттың тәпсірінде Ибн Кәсир былай деген: «Бұл жерде екінші сүр

үрленуі туралы айтылуда, одан кейін көк пен жердің бүкіл тұрғындары жан

тәсілім болады. Тек Аллаһ қалдыруын қалағандар ғана тірі қалады. Бұл

жөнінде осы аяттың мағынасын түсіндіретін белгілі Сүр туралы хадисте анық

айтылған. Біршама уақыт өткеннен соң әлгі тірі қалғандар да өлім құшады, ең

соңында өлім періштесінің өзі өледі. Тек мәңгі Тірі, барлығын ұстап тұрушы,

әуелгі әрі ақырғы Аллаһ қана қалады. Ол үш рет: «Бүгін патшалық кімдікі?» -

деп сұрайды да, Өзі: «Тек қана Жалғыз, аса Құдіретті Аллаһтікі» - деп

жауап береді (Ғафир сүресі, 16-аят)».

Періштелер де өлетініне тағы дәлел Аллаһтың мына сөздері: «Оның Жүзінен

басқа бүкіл нәрсе жоқ болады» (Қасас сүресі, 88-аят).

Page 17: Ардақты періштелер әлемі

17

Алайда олар Сүр үрленгенге дейін өле ме? Бұны біз білмейміз, біз бұл туралы

ой жүгірте алмаймыз, өйткені бұны растайтын немесе теріске шығаратын

қасиетті мәтіндер жоқ.

ПЕРІШТЕЛЕРДІҢ ІШКІ СИПАТТАРЫ

1. Ардақты әрі бойұсынушы

Аллаһ Тағала періштелерді ардақты әрі бойұсынушы жаратылыс деп атаған:

«Елшілердің қолында, (олар) ардақты, бойұсынушы» (‘Абаса сүресі, 15-16-

аяттар).

Құран періштелердің қолында. Олар елші деп аталған, себебі Аллаһ Тағала

оларды Өз елшілері мен пайғамбарларына жіберген. Бухари былай деген:

«“Сафара” сөзімен періштелер айтылған... “Сафарту” етістігі “татуластыру”

дегенді білдіреді. Періштелер олай деп аталуының себебі – олар халықтар

арасына бейбітшілік орнату үшін жіберілген елшілер тәрізді Аллаһ Тағаланың

уахиімен, Оның тапсырмасымен түседі». (Қараңыз: “Фатх аль-Бари” 8/691).

Сонымен, Аллаһ періштелерді ардақты, бойұсынушы деп атады. Бұл дегеніміз

олардың сыртты бейнесі сұлу, әрі ұлы, ал олардың мінезі мен іс-әрекеттері

ізгілікке, тазалық пен кемелдікке толы дегенді білдіреді. Сондықтан, жанында

Құраны болғанның іс-әрекеті мен сөздері ізгі әрі ақылға сай болу қажет.

Айша анамыздан жеткен хадисте Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен

сәлемі болсын) былай деген: «Кім Құран оқи алса әрі оны жатқа білсе,

ардақты елшілермен бірге болады. Ал кім Құранды үнемі оқып, алайда

қиналып оқыса, екі есе сауап алады». Бухари (4937), Муслим (798). Келтірілген

хадис Бухаридің риуаяты.

2. Ұялшақтық

Періштелердің осы қасиеті туралы бізге Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі

мен сәлемі болсын) хабарлады. Айша анамыздан жеткен хадисте, бірде Аллаһ

елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) үйде саны немесе балтыры

ашылып жатқанда Әбу Бәкр келген еді. Ол кіруге рұқсат сұрады, рұқсат

берілді. Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сол жатқан

қалыпында жата берді және әңгімелесе бастады. Одан кейін ‘Умар келіп кіруге

Page 18: Ардақты періштелер әлемі

18

рұқсат сұрады, рұқсат берілді. Онымен де сол қалыпында жатып әңгімелесе

бастады. Содан соң ‘Усман келіп кіруге рұқсат сұрады. Пайғамбарымыз (оған

Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) түрегеліп отырды да, киімін дұрыстады.

‘Усман кіріп әңгімелесіп, кейін шығып кетті. Айша анамыз: “Әбу Бәкр кірген

кезде оны қуанышпен қарсы алмай, оған мән бермедіңіз. ‘Умар кірген кезде де оны

қуанышпен қарсы алмай, оған да мән бермедіңіз. Ал ‘Усман келген кезде сіз түрегеліп

отырып, киіміңізді жөндедіңіз” – деп сұрады. Сонда ол: «Періштелердің өзі

ұялатын кісіден мен қалайша ұялмаймын?» - деді. Муслим (2401).

ПЕРІШТЕЛЕРДІҢ ҚАБІЛЕТТЕРІ

1. Періштелердің басқа кейіпке енуі

Аллаһ Тағала періштелерге басқа кейіпке енетін қабілет берген. Мысалы,

Аллаһ Тағала Жебрейілді Мәриямға кісі кейіпінде жіберген: «Кітаптағы

Мәриямды айтып бер. Сол уақытта ол тұрған үйінің шығыс жағындағы

бір орынға жекеленіп барды. Сонда олардың бер жағынан шымылдық

ұстап қойған еді. Сондай-ақ оған рухымызды (Жебірейілді) жібердік те ол

оған толық адам бейнесінде көрінді. (Мәриям): “Егер сен тақуа болсаң да,

сенен (сақта деп) Аллаһтан пана тілеймін” - деді. (Рух): “Мен саған бір таза

бала беруге жіберілген Раббыңның елшісімін” - деді» (Мәриям сүресі, 16-

19-аяттар).

Ибраһим пайғамбарға да періштелер адам кейіпінде келген. Ибраһим тіпті

періштелердің өздері айтып бермейінше кім екенін ажырата алмаған:

«Расында, елшілеріміз (періштелер) Ибраһимге қуанышты хабармен

келіп сәлем берді. Ибраһим олардың сәлемін алып, сонда дереу пісірілген

бұзау келтірді. Олардың қолдарын тигізбегенін көріп, жатырқады да,

олардан қорқып кетті. Олар: “Қорықпа! Расында, біз Лұт қауымына

жіберілдік” - деді» (Һуд сүресі, 69-70-аяттар).

Ибн Кәсир былай деген: «Періштелер сынап, тексеру үшін олардың алдында

тартымды жас жігіт кейіпінде келді: Лұт қауымына бұлтартпас дәлел қойылды.

Сонда Құдіретті де, Ұлық Аллаһ Тағала оларды қатты азаппен ұстап алды».

(Қараңыз: “әл-Бидая уан-нихая” 1/43).

Жебрейіл періште пайғамбарымызға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсын) әртүрлі кейіпте келген. Кейде ол өте сұлу, сымбатты сахаба Дихья ибн

Page 19: Ардақты періштелер әлемі

19

Халиф әл-Кәлбидің кейіпінде келсе, кейде бедуиннің кейіпінде келетін. Оның

бұлай келуіне көптеген сахабалар куә болған.

‘Умар ибн әл-Хаттаб былай деп баяндаған: «Бірде біз пайғамбарымызбен (оған

Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) отырған кезде, киімдері аппақ, шаштары

қап-қара бір кісі кіріп келді. Оның үстінде сапар іздері байқалмады, бірақ

арамызда оны ешкім танымады. Ол пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың

иігілігі мен сәлемі болсын) алдына тізесін оның тізесіне тигізіп, қолдарын өз

сандарына қойып отырды. Сосын: “Әй, Мұхаммед, маған Ислам туралы хабар

бер!” - деді». Хадистің жалғасында әлгі кісі пайғамбарымыздан (оған Аллаһтың

игілігі мен сәлемі болсын) иман, ихсан, Қиямет-қайым мен оның белгілері

туралы сұрағаны хабарланады. Соңында Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі

мен сәлемі болсын) әлгі кісі сахабаларды дінге үйрету үшін келген Жебрейіл

періште екенін айтқан. (Муслим 8. Бухари хадисті Әбу Һурайраның сөздерінен

жеткізген. Қараңыз: Бухари 49).

Айша анамыз Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)

қолын жылқының жалына қойып тұрып, Дихья әл-Кәлбимен сөйлескенін

көрген. Ол осы жайында сұрағанда, пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен

сәлемі болсын): «Бұл Жебрейіл және ол саған сәлем айтып жатыр» - деген.

(Бұл хадисті Ахмад өзінің «Муснадында» және Ибн Са‘д өзінің «Табақатында»

хасан иснадпен келтірген. Жебрейіл Айшаға сәлем айтқаны жөніндегі оқиға

Бухаридің жинағында келген, бірақ ол жерде оны көргені туралы айтылмаған.

Қараңыз: Бухари 3217, 3768).

Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бізге тоқсан тоғыз

кісіні өлтіріп, кейіннен тәубе етіп, бөтен қалаға қоныс аударғысы келген кісі

жайында хабарлады. Ол сапардың жартысына келгенде оған ажал жетіп келді.

Сол себепті мейірім періштесі мен азап періштесі келіспеушілікке түсіп қалды.

Олардың келіспеушілігін шешуге адам кейіпіндегі періште жіберілген.

Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген:

«Сонда оларға адам кейіпінде періште келді, олар оны араларына үкім

шығарушы етті. Ол: “Екі жердің ара қашықтығын есептеңдер, қайсысына

жақын болса – соған тиесілі болады” - деді». Сөзсіз, олар оны Аллаһтың

бұйрығы бойынша үкім шығарушы етіп тұр, демек, Аллаһтың Өзі оны адам

кейіпінде жіберген. Бұл оқиға Муслимнің «Сахихында», «Тәубе туралы»

тарауда келген. Муслим (2766).

Page 20: Ардақты періштелер әлемі

20

Исраил ұрпағынан болған үш кісіге – алапес, тақыр бас және соқыр кісіге

періште адам кейіпінде келген, ол туралы төменде сөз болады.

Кейбір ғұламалар періштелер басқа кейіпке қалай енетіні туралы абстрактілі

логикалық көзқарасқа сүйеніп, әртүрлі пайдасыз ойлар айтқан. Біз көзге

көрінбейтін мұндай нәрселер туралы әртүрлі пікір айтпауымыз керек, себебі

Аллаһ Тағала періштелердің басқа кейіпке енетінін айтты да, қалайша енетінін

айтқан жоқ. Әлгі ғұламалар Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсын) мен сахабалардың разы болған жеріне разы болып, олар тоқтаған

жерге тоқтауы керек еді. Егер сізге осы мәселеде олардың сөздері қызық болса,

имам әс-Суютидің «әл-Хабаик фи ахбар әл-малаик» кітабына жүгінсеңіз

болады.

2. Періштелердің өте үлкен жылдамдығы

Адамзатқа белгілі ең үлкен жылдамдық – секундына 186 000 мильге тең келетін

сәуле жылдамдығы.

Періштелер бұдан да үлкен жылдамдықпен қозғалады, оны адамның

өлшемімен есептеуге болмайды. Адамдар пайғамбарымызға (оған Аллаһтың

игілігі мен сәлемі болсын) сұрақ қойса болғаны, лезде Жебрейіл Құдіретті

Аллаһ Тағаладан жауабын жеткізіп отырды. Ал заманауи ғарыш кемелері аса

кең, шексіз осы әлемнің бір жұлдызына жету үшін сәулемен есептегенде

миллиардтаған жылға мұқтаж.

3. Періштелердің білімі

Аллаһ Тағала періштелерге үлкен білім берген, алайда олардың адамдарға

қарағанда өздігінше заттарды танып зерттеуге қабілеті жоқ: «Аллаһ Адам

атаға біртұтас атауларды үйретті де, сонан соң оларды періштелерге

көрсетіп: «Айтқандарың рас болса, Маған осы нәрселердің аттарын

айтып беріңдер» - деді. Періштелер: “Сен пәксің! Біздің Сенің

үйреткеніңнен басқа білеріміз жоқ. Әрине Сен толық Білуші, өте

Данасың” - деді» (Бақара сүресі, 31-32-аяттар).

Адам баласы әртүрлі заттар мен құбылыстарды түсінеді, әлемнің нешетүрлі

заңдарын ашады, ал періштелер мұндай нәрселерді тікелей Аллаһ Тағаладан

ғана алып біле алады. Осыған қарамастан, олар адамға белгілі болған нәрседен

Page 21: Ардақты періштелер әлемі

21

де артығырақ біледі, әрі бұны Аллаһтан алады. Сондай дарыған білімнің бірі

жазу білімі: «Негізінен, сендерге әлбетте бақылаушылар бар – ардақты

жазушылар. Олар не істегендеріңді біледі» (Инфитар сүресі, 10-12-аяттар).

Бұл туралы «Періште мен адам» тақырыбында тереңірек айтылады...

4. Періштелер барлық жағдайда тәртіпке келтірілген

Періштелер ұйымдасқан түрде Аллаһқа құлшылық қылады, сондықтан

пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бізді осы мәселеде

періштелердің үлгісіне ілесуге шақырған: «Періштелер Раббысының алдында

сапқа тұрғаны тәрізді сендер де солай сапқа тұрмайсыңдар ма?» Адамдар:

“Уа, Алланың елшісі! Періштелер қалай Раббысының алдында сапқа

тұрады?” – деді. Сонда ол: «Олар сапты толтырып, тығыз болып тұрады» -

деді. Муслим (430).

Қиямет Күні періштелер түп-түзу сапқа тізілген күйінде келеді: «Раббың және

сап-сап болған періштелер келеді» (Фәжр сүресі, 22-аят).

Періштелер Аллаһ Тағаланың алдында сап-сапқа тізіліп тұрады: «Ол Күні Рух

және періштелер тізіліп тұрады. Аллаһтың рұқсатынсыз ешкім

сөйлемейді әрі дұрысын ғана сөйлейді» (Нәбә сүресі, 38-аят). Рух – бұл

Жебрейіл.

Періштелер Алланың әмірін аса ұқыптылықпен орындайтынына қарашы!

Муслимнің «Сахихы» мен Ахмадтың «Муснадында» Әнастан риуаят етілген

хадисте пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай

деген: «Мен Жәннаттың қақпасына келіп, ашуын өтінемін. Қарауыл: “Бұл

кім?” – деп сұрайды. Мен: «Мұхаммедпін» - деймін. Сонда ол: “Саған дейін

ешкімге ашпауға бұйырылғанмын” – дейді». Муслим (197).

Миғраж жөніндегі хадистен де періштелер Алланың бұйрығын бұлжытпай

орындайтындығын көреміз. Әр аспанға барған сайын Жебрейіл олардан кіруге

рұқсат сұрап, олар жақсылап сұрақтар қойғаннан кейін барып қақпалар

ашылады.

5. Періштелердің күнә жасамауы

Page 22: Ардақты періштелер әлемі

22

Әс-Суюти қади ‘Ийадтың былай дегенін жеткізеді: “Періштелер – сенімді

мүміндер екеніне мұсылмандар бірауыздан келіскен. Пайғамбарлар бейкүнә

(ма’сум, яғни күнә жасамайды) секілді періштелердің де елшілері бейкүнә

екеніне мұсылман имамдары бірауыздан келіскен. Олар пайғамбарлардың

дәрежесімен бірдей және пайғамбарлар елшілікті еліне жеткізгені тәрізді олар

да елшілікті жеткізеді.

Алайда, ғұламалар елші емес періштелер турасында келіспеушілікке түскен.

Біреулері періштенің ешқайсысы күнә жасамайды деп, мына аяттарға

сүйенген: «Әй, иман келтіргендер! Өздеріңді әрі үй-іштеріңді отыны

адамдар мен тастардан болған Оттан қорғаңдар! Оның басындағы

періштелер жуан денелі, қатал. Олар Аллаһтың берген әмірлеріне қарсы

келмейді. Не бұйрылса, соны орындайды» (Тахрим сүресі, 6-аят);

«Періштелер былай деді: “Әрбіріміздің орнымыз белгілен. Шын мәнінде,

біздер қатарланып тұрушылармыз. Расында, біз Аллаһты пәктейміз”»

(Саффат сүресі, 164-166-аяттар); «Оның қасындағылар Оған құлшылық

қылудан дандайсымайды да, шаршамайды» (Әнбия сүресі, 19-аят);

«...ардақты, игі» (‘Абәсә сүресі, 16-аят); «Оны тап-таза болғандар ғана

ұстайды» (Уақи’а сүресі, 79-аят) және т.б. аяттарға сүйенген.

Ал басқалары мұның барлығы елші әрі жақындатылған періштелерге қатысты

деп есептеген. Бұл пікір Һарут пен Марут туралы және Ібіліс жайындағы

қиссаға сүйенеді. Дұрысырақ пікір бойынша, періштелердің барлығы бейкүнә,

мұндай асқақ мақұлұқтар олардың артықшылығына нұқсан келтіретен ешбір

нәрсеге қатысы жоқ.

Ал Һарут пен Марут жайындағы оқиғаға келер болсақ, бұл жөнінде Аллаһ

елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірде-бір әлсіз де, сенімді

де хадисі келмеген. Ал Ібіліс оқиғасына келер болсақ, көпшілік ғұламалар оның

періште болмаған деп санайды. Адам ата бүкіл адамзаттың арғы атасы болғаны

тәрізді Ібіліс те жындардың шыққан арғы атасы деп есептеледі”. (Қараңыз: «әл-

Хабаик фи ахбар әл-малаик» 252).

Осы мәселеге әс-Сафауи әл-Урмауи де тоқталып өткен, әс-Суюти ол кісіге

сүйеніп былай деген: “Періштелер бейкүнә, бұл пікірді растайтын мынадай

дәлелдерді келтіруге болады:

1. Аллаһ Тағала періштелер туралы «Не бұйрылса, соны орындайды» - деді

(Тахрим сүресі, 6-аят); және «Олар Оның әмірін ғана орындайды» - деді

Page 23: Ардақты періштелер әлемі

23

(Әнбия сүресі, 27-аят). Осы екі аят бұйрықты орындаумен ғана шектелмейді,

сонымен бірге тыйым салынған нәрселердің барлығынан аулақ болуды да

қамтиды, себебі тыйым дегеніміз – бір нәрсені істемеуге деген бұйрықты

білдіреді. Осы екі аят періштелерге қатысты мақтау сөздері болып табылады,

ал мақтауға тек бұйрықтарды орындап, әрі тыйымдардан аулақ болу арқылы

ғана жетуге болады.

2. Аллаһ Тағала: «Олар күндіз-түні Аллаһты пәктеуден жалықпайды» -

дейді. (Әнбия сүресі, 20-аят). Яғни, періштелер бүкіл уақытын құлшылықта

өткізеді, демек күнә жасамайды.

3. Періштелер – Алланың елшілері болып табылады: «...періштелерді елші

қылған...» (Фатыр сүресі, 1-аят). Елшілер бейкүнә болуға міндетті. Олардың

биік дәрежелерін білдіріп Аллаһ Тағала: «Аллаһ Өз елшілігін қалай

басқаратынын біледі» - дейді. (Ән’ам сүресі, 124-аят). Бұл мақтаудың ең биік

дәрежесі”. (Қараңыз: «әл-Хабаик фи ахбар әл-малаик» 253).

ЕКІНШІ ТАРАУ

«ПЕРІШТЕЛЕРДІҢ ҚҰЛШЫЛЫҒЫ»

ПЕРІШТЕЛЕРДІҢ ТАБИҒАТЫНА ҮҢІЛУ

Аллаһқа бағыну деген періштелердің жалпы табиғатында бар. Періштелерде

Оның бұйрығына бағынбай қою деген жоқ: «Олар Аллаһтың берген

әмірлеріне қарсы келмейді. Не бұйрылса, соны орындайды» (Тахрим

сүресі, 6-аят).

Бағынбай қоюдан аулақ болу, бойұсыну – періштелердің табиғи қасиеттері

болып табылады, әрі олар бұл үшін қосымша күш салмайды, өйткені олар

шаһуатқа берілмейді.

Дәл осы себепті кейбір ғалымдар періштелер өз амалдары үшін

жауапкершілікке тартылмайды (ләйсу мукалләфин) деп айтқан, сондықтан

Аллаһтың ескерту мен уәдесі оларға қатыс емес деген. (Қараңыз: “Лауами‘ әл-

әнуар әл-бахия” 2/409).

Page 24: Ардақты періштелер әлемі

24

Біз Адам баласының мойнына жүктелген жауапкершілік періштелерге

міндеттелмегенін айта аламыз. Ал періштелер өз іс-әрекеттері үшін түк жауап

бермейді деген пікірге келер болсақ, бұл – қате көзқарас, себебі періштелерге

Аллаһқа бойұсынып, құлшылық қылу бұйырылған: «Олар өздерінен үстем

болған Раббыларынан қорқады. Әрі берілген бұйрықтарды орындайды»

(Нәхл сүресі, 50-аят). Осы аятта олардың Раббысынан қорқатыны баяндалған,

ал қорқу – бұл діни міндет, әрі Аллаһқа бойұсынудың биік деңгейі. Сондықтан,

Құранда періштелер жайында: «Олар Аллаһтан қорыққаннан дірілдейді» -

делінген (Әнбия сүресі, 28-аят).

ПЕРІШТЕЛЕРДІҢ БИІК ДӘРЕЖЕСІ

Періштелер – Аллаһтың құлдары, бұл олардың ең басты артықшылығы,

сонымен қатар олар ардақты құлдар. Жоғарыда пұтқа табынушылар

періштелерді Алланың қыздары деп атағанын айтып өттік. Олардың сөздерінде

ақиқаттан еш үлес жоқ, әрі Аллаһ Тағала ондай сөздерді айтқан кісілердің

өтірігін әшкере еткен. Сондай-ақ, Құранның көптеген аяттарында

періштелердің шынайы болмысы, олардың биік дәрежесі туралы баяндалған:

«Сонда олар: “Алланың баласы бар” - деді. Аллаһ одан пәк. Олай емес,

періштелер – ардақты құлдары. Олар Одан оза сөз сөйлемейді. Сондай-ақ

олар Оның әмірін ғана орындайды. Аллаһ олардың өткенін де, келешегін

де біледі. Олар Алланың разы болған кісісіне ғана шапағат ете алады.

Олар Алладан қорыққаннан дірілдейді. Олардан кім: “Алладан өзге мен де

тәңірмін” - десе, оны Тозақпен жазалаймыз. Залымдардың сазайын сөйтіп

тарттырамыз» (Әнбия сүресі, 26-29-аяттар).

Періштелер – құлдар, олар құлды безендіретін барлық қасиеттерге ие. Олар

Аллаһқа бойұсынады, әрі Оның әмірлерін орындайды. Аллаһ оларды

білімімен қамтып алған, олар Оның бұйрықтарын бұза алмайды, әмірінен бас

тарта алмайды. Олар Аллаһтан қорқады, тіпті қорыққаннан қатты дірілдейді,

егер олардың бірі рұқсат етілгеннің шегінен шығар болса, Аллаһ оны міндетті

түрде бағынбай қойғаны үшін жазалар еді.

Періштелер Раббысына кеңес бермеуі, Оның бұйрықтарына қарсы келмеуі –

олардың кемел бойұсынуына дәлел. Керісінше, олар Алланың әміріне лезде

бағынады: «Олар Одан оза сөз сөйлемейді. Сондай-ақ олар Оның әмірін

ғана орындайды» (Әнбия сүресі, 27-аят). Олар өздеріне бұйырылғанды ғана

Page 25: Ардақты періштелер әлемі

25

істейді, Алланың әмірімен ғана қозғалады немесе тоқтап қалады. Бухаридің

«Сахихында» Ибн ‘Аббас жеткізген хадисте, Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың

игілігі мен сәлемі болсын) Жебрейілге: «Сіз неге бізге жиі-жиі келіп

тұрмайсыз?» - деп сұраған. Сонда мына аят түсті: «Раббымыздың әмірімен

ғана түсеміз. Алды-артымдағы және екі арадағы жағдайларды білу Оған

тән. Сондай-ақ Раббың ұмытпайды» (Мәриям сүресі, 64-аят). Бухари (3218).

ПЕРІШТЕЛЕРДІҢ ҚҰЛШЫЛЫҒЫНАН МЫСАЛДАР

Періштелер – Аллаһтың құлдары, оларға белгілі бір міндеттер жүктелген, олар

сол міндеттерді жеңіл әрі мәжбүрленбестен атқарып, Раббысына құлшылық

етеді. Осы жерде Аллаһ және Оның елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсын) хабарлаған нәрселерге сүйеніп, періштелер қалай құлшылық

қылатынын баяндаймыз.

1. Аллаһты пәктеу

Періштелер Аллаһ Тағаланы зікір етеді, ал пәктеу – зікірдің ең жақсы

түрлерінен.

Тақты көтеріп жүретін көктегі періштелер солай қылады: «Сондай тақты

көтерген және оның маңындағы періштелер Раббыларын мақтаумен

пәктейді» (Ғафир сүресі, 7-аят). Басқа періштелер де Аллаһты пәктейді:

«Періштелер Раббыларын мақтаумен пәктейді» (Шура сүресі, 5-аят). Олар

Аллаһты пәктеуді ешқашан – күндіз де, түнде де тоқтатпайды: «Олар күндіз-

түні Аллаһты пәктеуден жалықпайды» (Әнбия сүресі, 20-аят). Періштелер

Аллаһты жиі пәктегені соншалықты, тіпті оларды нағыз пәктеушілер деп

атауға болады, әрі олар осынысын мақтан тұтады: «Шын мәнінде, біздер

қатарланып тұрушылармыз. Расында, біз Аллаһты пәктейміз» (Саффат

сүресі, 165-166-аяттар).

Олар неге Аллаһтың өте көп пәктейді? Өйткені, пәктеу – Аллаһты зікір етудің

ең жақсы түрі. Әбу Заррдан жеткен хадисте, Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың

игілігі мен сәлемі болсын) былай деп сұралған: «Зікір ететін сөздердің ішіндегі ең

жақсысы қандай?» Сонда Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсын): «Аллаһ Өз періштелері немесе құлдары үшін таңдап алғаны: “Аллаһ

Page 26: Ардақты періштелер әлемі

26

пәк әрі Оған мақтаулар болсын /Субхана-Ллаһи уа би-хамдиһ”» - деді.

Муслим (2731).

2. Періштелердің сапқа тұруы

Біз жоғарыда пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)

сахабаларға періштелерден үлгісіне ілесуге шақырып, намазда сапқа тұруы

туралы хадисті келтірген болатынбыз: «Періштелер Раббысының алдында

сапқа тұрғаны тәрізді сендер де солай сапқа тұрмайсыңдар ма?» Адамдар:

“Уа, Алланың елшісі! Періштелер қалай Раббысының алдында сапқа тұрады?” – деді.

Сонда ол: «Олар сапты толтырып, тығыз болып тұрады» - деді. Муслим

(430).

Құранда періштелердің былай дейтіні баяндалған: «Шын мәнінде, біздер

қатарланып тұрушылармыз» (Саффат сүресі, 165-аят). Олар тік тұрып намаз

оқиды, рукуғ жасайды әрі сәжде қылады. Әт-Тахауидің «Мушкил әл-асарі» мен

әт-Табаранидің «әл-Му‘жам әл-кабир» жинақтарында Хаким ибн Хизамнан

хабар жетеді: «Бірде Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)

сахабалармен бірге отырғанында: «Менің естіп тұрғанымды сендер де

естимісіңдер?» - деп сұрады. Олар: “Біз еш нәрсе естіп тұрғанымыз жоқ” – деді.

Сонда ол: «Расында, мен аспанның сықырлағанын естимін, ол қалайша

сықырламасын?! Өйткені, әрбір төрт саусақ сайын бір періште (Аллаһ

Тағалаға) рукуғ қылып немесе сәжде етіп жатыр» - деді». (Шейх әл-Әлбәни

Муслимнің талаптарына сай хадисті сахих деген. Қараңыз: “әс-Силсилә әл-

ахадис әс-сахиха” 852).

3. Қажылық

Аспанда періштелер қажылық жасайтын Қағба бар. Аллаһ Тағала оны толған

үй (әл-бәйт әл-ма’мур) деп атап, оның атымен ант еткен: «Толған үймен ант»

(Тур сүресі, 4-аят).

Осы аятқа тәфсир жасап Ибн Кәсир былай деген: “Екі «Сахихте» миғраж түні

туралы хадис келтірілген. Онда Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсын) жетінші аспанға көтерілген кездегін баяндап былай дегені айтылған:

«Кейін маған толған үйді көрсетті. Мен: «Уа, Жебрейіл! Мынау не?» - деп

сұрадым. Ол: “Бұл толған үй. Әр күн сайын оған жетпіс мың періште кіреді.

Шыққаннан кейін ол жаққа енді қайтып оралмайды” – деді». (Бухари 3207,

Page 27: Ардақты періштелер әлемі

27

Муслим 162. Хадистің мұндай нұсқасы екі Сахихте келтірілген хадистен сәл

өзгеше). Олар аспандағы мешітте құлшылық қылады, әрі адамдар Қағбаны тәу

еткені тәрізді олар да сол жерде тәуәф етеді. Толған үй – бұл жетінші аспан

тұрғындарының Қағбасы. Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсын) Алланың сүйіктісі Ибраһимді соған арқасымен сүйеніп отырғанын

көрген. Ол жер бетіне Қағба салып берді, енді сый істеген амалдың түріне сай

келеді”.

Ибн Кәсир толған үй жер бетіндегі Қағбаның дәл үстінде орналасқанын, егер ол

жер бетіне құласа - Қағбаның дәл үстіне түсетінін айтқан Ол, сонымен бірге,

аспан тұрғындары құлшылық қылатын, әрі намаз кезінде соған қарай жүз

бұратын әр аспанда мешіт бар екенін айтқан. Төменгі аспанда орналасқан

мешіттің аты – ұлықтық үйі (бәйт әл-‘изза) деп аталады.

Атақты тәфсиршінің толған үй жердегі Қағбаның дәл үстінде орналасқан деген

көзқарасы ‘Али ибн Әбу Талибтің сөзімен расталады. Ибн Жәрир Халид ибн

‘Ар‘ардан жеткізіп, бір кісі ‘Алиден: “Толған үй дегеніміз не?” – деп сұрағаны

туралы хабарланады. Сонда ‘Али: “Ол Қағбаның деңгейінде орналасқан аспанның

мешіті. Ол мешіттің қасиеттілігі жердегі Қағбаның қасиеттілігі тәрізді. Әр күн

сайын оған жетпіс мың періште кіреді де, шыққаннан кейін енді қайтып ол жерге

оралмайды” – деген. Ибн Хажар бұл хабарды ат-Табари мен Исхаққа сілтеме

жасап, хабардың әртүрлі нұсқалары мен иснадтарын тізбектен келтірген.

Қараңыз: “Фатх әл-Бәри” 6/308.

Шейх Насируддин әл-Әлбәни Халид ибн ‘Ар‘ардан басқа хадистің барлық

жеткізушілері сенімге лайық екенін, ал Халид ибн ‘Ар‘ар белгісіз (мәстур)

екенін айтқан. Содан соң ол бұл хадис Қатаданың келтірген сахих, бірақ мурсал

күйінде жеткізген нұсқасымен расталатынын айтқан: «Бізге бір күні

пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларына

былай дегені айтылған еді: «Толған үйдің не екенін білесіңдер ме?» Олар:

“Аллаһ және Оның елшісі жақсырақ біледі” – деді. Сонда ол: «Бұл – аспандағы

мешіт, оның астында Қағба орналасқан, егер ол құласа – дәл Қағбаның үстіне

түседі» - деді». Әл-Әлбәни соңында былай деді: “Бір сөзбен айтқанда,

«Қағбаның деңгейінде» деген қосымша сөз осы хадистің басқа да нұсқалардың

жиналуымен расталады”. Қараңыз: “әс-Силсилә әл-ахадис әс-сахиха” 1/236.

Жалғасы бар.......

Дерек көзі: http://www.al-hanifiya.kz/forum/