Діни бас‡арма ‹кілдерімен кездесті2017/04/20  · Мұхтар...

16
№76 (29057) 20 СУІР, БЕЙСЕНБІ 2017 ЖЫЛ E-mail: [email protected] www.egemen.kz TWITTER.COM/EGEMENKZ FACEBOOK.COM/.EGEMEN.KZ 1919 жылғы 17 желтоқсаннан шыға бастады ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ГАЗЕТ EUR/KZT 334.04 USD/KZT 311.46 RUB/KZT 5.55 CNY/KZT 45.23 ВАЛЮТАЛАРДЫҢ РЕСМИ (НАРЫҚТЫҚ) БАҒАМДАРЫ: АЙБЫН 11-бет РУХАНИЯТ ЗЕРДЕ 12-бет ҚОҒАМ ШИРЕК ҒАСЫРДА ШЫҢДАЛҒАН ҚҰРЫЛЫМ 13-бет КҮНДЕРІМНІҢ КУӘСІ (Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбековтің күнделік дәптерінен) 7-бет «ДОСТЫҚ ҮЙІНІҢ» ДӘЛІЗІ БОС БОЛМАЙДЫ ЕСІМІ ЕЛІ ҮШІН БАЙРАҚ БОЛҒАН РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ КҮРЕТАМЫРЛАРЫ «БІЗ ДЕ СІЗДЕЙ БОЛҒАНБЫЗ...» 13-бет 5-бет Серік НЕГИМОВ Ғалым ОМАРХАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жніндегі ұлттық комиссия туралы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру, елдің одан əрі қарышты мəдени-гуманитарлық дамуын қамтамасыз ету мақсатында жəне Қазақ- стан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сəйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Осы Жарлыққа қосымшаға сəйкес құрамда Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Қоғамдық сана- ны жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия құрылсын. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2017 жылғы 17 сəуір № 462 ––––––––––––––––––––– Ұлттық комиссияның құрамын 2-бет- тен оқисыздар Кездесу барысында Қазақстан Пре- зидентіне Ішкі істер министрі қылмыс- тық ахуал жəне жергілікті полиция қызметін одан əрі реформалау аясында қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндады, сондай-ақ, түзеу мекеме- лерінің жағдайы мен Ұлттық ұланның жұмысы туралы мəлімдеді. Бұдан бөлек, Қ.Қасымов су тасқынына байланысты ахуал жəне Астана мен рес- публика облыстарында төтенше жағдай- дың алдын алу бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар жайлы хабардар етті. Нұрсұлтан Назарбаев елдегі қылмыспен күресті күшейту жəне құқықтық тəртіпті қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдау қажеттігіне назар аударды. Сондай-ақ, Елбасы су тасқынынан зардап шеккен барлық өңірлердің жағ- дайы мен тіршілігін қалпына келтіру үшін кешенді іс-қимылдарды жүзеге асыруды тапсырды. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді. Кездесуге Қазақстан Республика- сының Президенті Əкімшілігі Басшы- сының бірінші орынбасары М.Тəжин, Дін істері жəне азаматтық қоғам министрі Н.Ермекбаев, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Е.Маямеров, имамдар – К.Дүйсен- бай, Н.Есмағанбет, Н.Ауысханұлы, А.Керімбек, Т.Оспан қатысты. Елбасы қатысушыларға арнаған сөзінде Қазақстан халқының өмірінде діннің ерекше рөл атқаратынын атап өтіп, мемлекет тарапынан діни қарым- қатынастарды реттеу үшін қабылданып жатқан шараларға тоқталды. – Мемлекет бұл мəселеге ерек- ше көңіл бөліп отыр. Проблемаларға талдау жасап, осы салаға қолдау көрсететін арнаулы министрлік құр- дық. Жақында мен тарихи жəне рухани байлығымызды сақтай оты- рып, оны арттыру, сананы жаңғырту қажеттігі туралы мақала жария- ладым. Патриотизм, Отанды сүю, ел ішіндегі жəне өңірлердегі тұра- қтылық – біздің болашағымыз. Сол үшін біз бірлесе жұмыс істеуге тиіспіз, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев цифрлы тех- нологиялар дамыған дəуірде Қазақ- стан өзінің ұлттық құндылықтарын, мəдениеті мен салт-дəстүрін сақтауға тиіс екенін айтты. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті деструктивті діни ағымдарға қарсы күрес жүргізу қажеттігіне назар аударды. – Қазақстанның аумағы ұлан- байтақ жəне табиғи қазба байлық пен ресурстарға бай екені баршаға белгілі. Осының бəріне қызғанышпен қарайтындар да бар. Олар – бізге қастық ойлап, қоғамымыздың ынтымағын бұзуға тырысушылар. Халқымыздың арасына теріс діни ағымдарды енгізу бізге сырттан ықпал етудің бір тəсілі болып табылады. Соңғы уақытта осындай үрдіс байқалып отыр. Біз мемлекеттігімізге қауіп төндіретін кез келген құбылыспен күресуге тиіспіз. Сондықтан, сіздердің алдарыңызда зор міндеттер тұр, – деді имамдарға арнаған сөзінде Елбасы. Мемлекет басшысы Қазақстан мұсылмандары дəстүрлі түрде Ханафи мазхабын ұстанатынын, исламның осы бағытының негізін түсіндіруге машық- танған мамандар даярлау қажеттігін атап өтті. – Бүгінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында 3 800 имам жұмыс істейді. Олардың жартысы діни сауат- тылықты арттыру курстарынан өткен. Алайда, мұның жеткіліксіз екенін айта кеткен жөн. Бізге осы салада жұмыс істейтін имамдар мен мамандардың білім деңгейін арттыру жайын ойла- стыру қажет. Оқыған имам ғана дұрыс білім бере алады. Ол өз дінін терең танып, өзге діндердің ерекшеліктерін зерттеп, басқа да білімдерді игерген адам болуға тиіс. Имамдар шешендік өнерді, адам психологиясын меңгер- ген идеологтарға айналуы керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Əңгіме барысында Қазақстан Президенті «Нұр Мүбəрак» универ- ситетінің жұмысымен жəне оны бұдан əрі дамыту жоспарымен танысты. Елбасы жас ұрпақтың діни сауат- сыздығына айрықша назар аударды. (Соңы 2-бетте) Суреттер Президенттің баспасз қызметінен алынды Қалпына келтіру үшін кешенді іс-қимыл қажет –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасз қызметі. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кілдерімен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасз қызметі. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Діни басқарма өкілдерімен кездесті Еліміздің бірқатар аймағының елді мекендерінде тұрғын жайларды су басып, кей жерлерде тасқын су жайылу қаупі туындағаны белгілі. Үкімет пен тиісті құрылымдардың ттенше жағдайдың зардабын азайту мақсатымен атқарып жатқан шұғыл шаралары нәтижесінде қауіптің беті бірте-бірте қайтып келеді. Облыстардағы құзырлы мекемелер барлық мүмкіндіктерді қарастыра отырып, ахуалдың тұрақтануын қатаң бақылауға алуда. Арнайы штабтар құрылып, тасқын салдарын жою, уақытша кшірілген халыққа жан-жақты кмек крсету, қажеттіліктерін қамтамасыз ету жұмыстары ұйымдастырылуда. Оның бәрін Үкімет пен жергілікті әкімдер жіті қадағалап отыр. Аймақтардан келіп түскен ақпараттарға қарағанда, барлық ұйымдастыру жұмыстары тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл орайда, еліміздің басқа ңірлеріндегі халық та бейжай қалмай, тасқын судан зардап шеккен ағайынға қолдан келген кмегін крсетуге жұмылып жатқанын атап ткен жн. Тақырыптың жалғасын 6-беттен оқисыздар. Нұрлыбек ДОСЫБАЙ, «Егемен Қазақстан» Астана қаласының əкімі Əсет Исекешев елордадағы су тасқыны қаупі толық бақылауда екендігін мəлімдеді. Шаһар басшысы қала əкімдігінде Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті өкілдерінің, Сəтбаев атындағы қалалық канал бас- шылығы мен басқа да арнайы қызмет өкілдерінің қатысуымен арнайы баспасөз мəслихаты өткенін еске алып, шара аясын- да мамандар Астана су қой- масында қалыптасқан жағдайды түсіндіргенін тілге тиек етті. Толассыз жауған жаңбырға байланысты Есіл өзеніне 13- 15 сəуір күндері 340 млн тек- ше метр көлемде су қосылған. Қазгидромет орталығының мамандары 100-160 млн тек- ше метр көлемінде су келеді деп болжаған болатын. Алай- да, күннің күрт жылынуына байланысты қардың еруі де жылдамдаған. Осы себепті, тасқын су қоры күткен көлемнен мол болған. Қазір Астана су қоймасы- на келіп жатқан судың көлемі секундына 150-200 текше метрді құрап отыр. Оның барлығын су қоймасында сақтап қалу мүмкіндігі бар. Жалпы, Астана су қоймасының сыйымдылығы 410 млн текше метр болса, ол жерде бүгінде 385 миллион текше метр су толтырылған. Яғни, тағы 25 млн текше метр су сыйымдылығы бар деген сөз. Бүгінде жағдай бақылауда. Астана қаласында су тасқынына қарсы жедел штаб жұмыс істеуде жəне олар кешенді жоспарын, тиісті жұмыстарын жүзеге асыруда. АСТАНА Жұмыла көтерген жүк жеңіл Су қоймасы толық бақылауда

Upload: others

Post on 29-Jul-2020

4 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: Діни бас‡арма ‹кілдерімен кездесті2017/04/20  · Мұхтар Наурызбайұлы - «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы

№76 (29057) 20 С�УІР, БЕЙСЕНБІ 2017 ЖЫЛE-mail: [email protected] TWITTER.COM/EGEMENKZFACEBOOK.COM/.EGEMEN.KZ

1919 жылғы 17 желтоқсаннан

шыға бастады

ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ГАЗЕТ

EUR/KZT 334.04 USD/KZT 311.46 RUB/KZT 5.55 CNY/KZT 45.23ВАЛЮТАЛАРДЫҢ РЕСМИ (НАРЫҚТЫҚ) БАҒАМДАРЫ:

АЙБЫН

11-бет

РУХАНИЯТ

ЗЕРДЕ

12-бет

ҚОҒАМ

ШИРЕК ҒАСЫРДА ШЫҢДАЛҒАН ҚҰРЫЛЫМ

13-бет

КҮНДЕРІМНІҢ КУӘСІ(Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбековтің күнделік дәптерінен)

7-бет

«ДОСТЫҚ ҮЙІНІҢ» ДӘЛІЗІ БОС БОЛМАЙДЫ

ЕСІМІ ЕЛІ ҮШІН БАЙРАҚ БОЛҒАН

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ КҮРЕТАМЫРЛАРЫ

«БІЗ ДЕ СІЗДЕЙБОЛҒАНБЫЗ...»

13-бет5-бет

Серік НЕГИМОВ

Ғалым ОМАРХАН

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру

ж�ніндегі ұлттық комиссия туралыҚоғамдық сананы жаңғырту

бағдарламасын іске асыру, елдің одан əрі қарышты мəдени-гумани тар лық дамуын қамтамасыз ету мақсатында жəне Қазақ-стан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сəйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Осы Жарлыққа қосымшаға сəйкес құрамда Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Қоғамдық сана-ны жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия құрылсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.НАЗАРБАЕВ

Астана, Ақорда, 2017 жылғы 17 сəуір № 462–––––––––––––––––––––Ұлттық комиссияның құрамын 2-бет-тен оқисыздар

Кездесу барысында Қазақстан Пре-зи ден ті не Ішкі істер министрі қыл мыс -тық ахуал жəне жергілікті полиция қыз метін одан əрі реформалау ая сында қабыл да нып жатқан шаралар жөнінде баянда ды, сон дай-ақ, түзеу меке ме-лері нің жағдайы мен Ұлттық ұлан ның жұмысы туралы мəлімдеді.

Бұдан бөлек, Қ.Қасымов су тасқыны на байланысты ахуал жəне Астана мен рес-публика облыстарында төтенше жағдай-дың алдын алу бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар жайлы хабардар етті.

Нұрсұлтан Назарбаев елдег і қылмыс пен күресті күшейту жəне құқықтық тəр тіпті қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдау қажеттігіне назар аударды.

Сондай-ақ, Елбасы су тасқынынан зар дап шеккен барлық өңірлердің жағ-да йы мен тір шілігін қалпына келтіру үшін ке шен ді іс-қимылдарды жүзеге асыру ды тапсырды.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Кездесуге Қазақстан Респуб лика -сының Президенті Əкімшілігі Басшы-сының бірінші орынбасары М.Тəжин, Дін істері жəне азаматтық қоғам министрі Н.Ермекбаев, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Е.Маямеров, имамдар – К.Дүйсен-бай, Н.Есмағанбет, Н.Ауысханұлы, А.Керімбек, Т.Оспан қатысты.

Елбасы қатысушыларға арнаған сөзінде Қазақстан халқының өмірінде діннің ерекше рөл атқаратынын атап өтіп, мемлекет тарапынан діни қарым-қатынастарды реттеу үшін қабылданып жатқан шараларға тоқталды.

– Мемлекет бұл мəселеге ерек-ше көңіл бөліп отыр. Проблемаларға талдау жасап, осы салаға қолдау көр сететін арнаулы министрлік құр-дық. Жақында мен тарихи жəне рухани байлығымызды сақтай оты-рып, оны арттыру, сананы жаңғырту қажеттігі туралы мақала жария-ладым. Патриотизм, Отанды сүю, ел ішін дегі жəне өңірлердегі тұра-қ тылық – біздің болашағымыз. Сол үшін біз бірлесе жұмыс істеуге

тиіспіз, – деді Мемлекет басшысы.Нұрсұлтан Назарбаев цифрлы тех-

нологиялар дамыған дəуірде Қазақ-стан өзінің ұлттық құндылықтарын, мəдениеті мен салт-дəстүрін сақтауға тиіс екенін айтты.

Сондай-ақ, Қазақстан Прези денті деструктивті діни ағымдарға қар сы күрес жүргізу қажеттігіне назар аударды.

– Қазақстанның аумағы ұлан-байтақ жəне табиғи қазба байлық пен ресурстарға бай екені баршаға белгілі. Осының бəріне қызғанышпен қарайтындар да бар. Олар – бізге қастық ойлап, қоғамымыздың ынтымағын бұзуға тырысушылар. Халқымыздың арасына теріс діни ағымдарды енгізу бізге сырттан ықпал етудің бір тəсілі болып табылады. Соңғы уақытта осындай үрдіс байқалып отыр. Біз мемлекеттігімізге қауіп төндіретін кез келген құбылыспен күресуге тиіспіз. Сондықтан, сіздердің алдарыңызда зор міндеттер тұр, – деді имамдарға арнаған сөзінде Елбасы.

Мемлекет басшысы Қазақстан мұсылмандары дəстүрлі түрде Ханафи

мазхабын ұстанатынын, исламның осы бағытының негізін түсіндіруге машық-танған мамандар даярлау қажеттігін атап өтті.

– Бүгінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында 3 800 имам жұмыс істейді. Олардың жартысы діни сауат-тылықты арттыру курс тарынан өткен. Алайда, мұның жеткіліксіз екенін айта кеткен жөн. Бізге осы салада жұмыс істейтін имамдар мен мамандардың білім деңгейін арттыру жайын ойла-стыру қажет. Оқыған имам ғана дұрыс білім бере алады. Ол өз дінін терең танып, өзге діндер дің ерекшеліктерін зерттеп, бас қа да білімдерді игерген адам болу ға тиіс. Имамдар шешендік өнер ді, адам психологиясын меңгер-ген идеологтарға айналуы керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Əңгіме барысында Қазақстан Президенті «Нұр Мүбəрак» универ-сите тінің жұмысымен жəне оны бұдан əрі дамыту жоспарымен танысты.

Елбасы жас ұрпақтың діни сауат-сыздығына айрықша назар аударды.

(Соңы 2-бетте)

Суреттер Президенттің баспас�з қызметінен алынды

Қалпына келтіру үшін кешенді іс-қимыл қажет

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспас�з қызметі. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының �кілдерімен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспас�з қызметі. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Діни басқармаөкілдерімен кездесті

Еліміздің бірқатар аймағының елді мекендерінде тұрғын жайларды су басып, кей жерлерде тасқын су жайылу қаупі туындағаны белгілі. Үкімет пен тиісті құрылымдардың т�тенше жағдайдың зардабын азайту мақсатымен атқарып жатқан шұғыл шаралары нәтижесінде қауіптің беті бірте-бірте қайтып келеді. Облыстардағы құзырлы мекемелер барлық мүмкіндіктерді қарастыра отырып, ахуалдың тұрақтануын қатаң бақылауға алуда. Арнайы штабтар құрылып, тасқын салдарын жою, уақытша к�шірілген халыққа жан-жақты к�мек к�рсету, қажеттіліктерін

қамтамасыз ету жұмыстары ұйымдастырылуда. Оның бәрін Үкімет пен жергілікті әкімдер жіті қадағалап отыр. Аймақтардан келіп түскен ақпараттарға қарағанда, барлық ұйымдастыру жұмыстары тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Бұл орайда, еліміздің басқа �ңірлеріндегі халық та бейжай қалмай, тасқын судан зардап шеккен ағайынға қолдан келген к�мегін к�рсетуге жұмылып жатқанын атап �ткен ж�н.

Тақырыптың жалғасын 6-беттен оқисыздар.

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,«Егемен Қазақстан»

Астана қаласының əкімі Əсет Исекешев елордадағы су тасқыны қаупі толық бақылауда екендігін мəлімдеді.

Шаһар басшысы қала əкімдігінде Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары коми теті өкілдерінің, Сəтбаев атын дағы қалалық канал бас-шылығы мен басқа да арнайы қызмет өкілдерінің қатысуымен арнайы баспасөз мəслихаты өткенін еске алып, шара аясын-да мамандар Астана су қой-масында қалыптасқан жағдайды түсіндіргенін тілге тиек етті.

Толассыз жауған жаңбырға байланысты Есіл өзеніне 13-15 сəуір күндері 340 млн тек-ше метр көлемде су қосылған. Қазгидромет орталығының мамандары 100-160 млн тек-ше метр көлемінде су келеді

деп болжаған болатын. Алай-да, күннің күрт жылынуына байланысты қардың еруі де жылдамдаған. Осы себепті, тасқын су қоры күткен көлемнен мол болған.

Қазір Астана су қойма сы-на келіп жатқан судың көлемі секундына 150-200 текше метрді құрап отыр. Оның барлығын су қоймасында сақтап қалу мүмкіндігі бар. Жалпы, Астана су қоймасының сыйымдылығы 410 млн текше метр болса, ол жерде бүгінде 385 миллион текше метр су толтырылған. Яғни, тағы 25 млн текше метр су сыйымдылығы бар деген сөз. Бүгінде жағдай бақылауда. Астана қаласында су тасқынына қарсы жедел штаб жұмыс істеуде жəне олар кешенді жоспарын, тиісті жұмыс тарын жүзеге асыруда.

АСТАНА

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Су қоймасы толық бақылауда

Page 2: Діни бас‡арма ‹кілдерімен кездесті2017/04/20  · Мұхтар Наурызбайұлы - «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы

2 20 сәуір 2017 жылСаяСат

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 17 сәуірдегі №462 Жарлығына ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның

ҚҰРАМЫ ЖАҚСЫБЕКОВ Әділбек Рыскелдіұлы

- Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, төраға

ТӘЖИН Марат Мұханбетқазыұлы

- Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары

АЛДАБЕРГЕНОВНұрлан Шәдібекұлы

- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кең-сесі нің Басшысы, төраға-ның орынбасары

БАЛАЕВААида Ғалымқызы

- Ішкі саясат бөлімінің меңгеру шісі, хатшы

Комиссия мүшелері:АБАЕВДәурен Әскербекұлы

- Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуника-циялар министрі

АҚСАҚАЛОВҚұмар Іргебайұлы

- Солтүстік Қазақстан облысының әкімі

АХМЕТОВ Даниал Кенжетайұлы

- Шығыс Қазақстан облысының әкімі

АЯҒАНБүркітбай Ғылманұлы

- Мемлекет тарихы институтының директоры (келісім бойынша)

ӘБДІРАХМАНОВҚайрат Құдайбергенұлы

- Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі

ӘШІМБАЕВ Мәулен Сағатханұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің төрағасы

БАБАҚҰМАРОВЕржан Жалбақұлы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары

БАЙБЕКБауыржан Қыдырғалиұлы

- Алматы қаласының әкімі

БАҚАУОВБолат Жұмабекұлы

- Павлодар облысының әкімі

БАТАЛОВ Амандық Ғаббасұлы

- Алматы облысының әкімі

БАШМАКОВ Анатолий Афанасьевич

- Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универ-си теті Қазақстан хал қы Ассамблеясы кафед ра сы-ның меңгерушісі (келісім бойынша)

БЕКЕТАЕВ Марат Бақытжанұлы

- Қазақстан Республикасы Әділет министрі

БЕКТАЕВ Али Абдикаримович

- Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, «Ауыл» Халық-тық-демократиялық пат-риот тық партиясының төрағасы(келісім бойынша)

БОЖКОВладимир Карпович

- Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

ВИШНЯК Сергей Викторович

- Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі (келісім бойынша)

ЕРМЕКБАЕВНұрлан Байұзақұлы

- Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрі

ЕРІМБЕТОВНұрлан Кенжебекұлы

- «Қазақстанның Азаматтық альянсы» ҚҚ президенті (келісім бойынша)

ЕСДАУЛЕТҰлықбек

- «Жұлдыз» журналының бас редакторы (келісім бойынша)

ЖОЛДАСБЕКОВМырзатай Жолдасбекұлы

- Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті түркология кафедрасының меңгеру-шісі (келісім бойынша)

ЖҮСІПНұртөре

- «Айқын» газетінің бас ре-дакторы(келісім бойынша)

ИСЕКЕШЕВӘсет Өрентайұлы

- Астана қаласының әкімі

КАЛАШНИКОВА Наталья Павловна

- Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық кеңесінің төрайымы (келісім бойынша)

КАН Георгий Васильевич

- Қазақстан корейлер қауымдастығының вице-президенті (келісім бойынша)

ҚАРИН Ерлан Тынымбайұлы

- «Қазақстан» рес пуб ли -ка лық телера диокор-порациясының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

КАСАНОВ Зиятдин Исмиханұлы

- «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)

КӘЛЕТАЕВДархан Аманұлы

- Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының де-путаты (келісім бойынша)

КЕНЖЕХАНҰЛЫРауан

- «Wikibilim» қоғамдық қоры қамқоршылар кеңесінің төрағасы(келісім бойынша)

КӨКІРЕКБАЕВКәрім Насбекұлы

- Жамбыл облысының әкімі

КӨЛГІНОВАлтайСейдірұлы

- Батыс Қазақстан облысының әкімі

КӨШЕРБАЕВ Қырымбек Елеуұлы

- Қызылорда облысының әкімі

ҚАЖЫБЕК Ерден Задаұлы

- А.Байтұрсынов атындағы Тілтану институтының директоры(келісім бойынша)

ҚАЛИЖАНОВУәлихан Қалижанұлы

- Әдебиет және өнер институтының директоры (келісім бойынша)

ҚОШАНОВЕрлан Жақанұлы

- Қарағанды облысының әкімі

ҚҰЛ-МҰХАММЕДМұхтарАбрарұлы

- «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша)

МАНКЕЕВ Мұхтар Наурызбайұлы

- «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)

МҰХАМБЕТОВАрхимед Бегежанұлы

- Қостанай облысының әкімі

МҰХАМЕДИҰЛЫАрыстанбек

- Мәдениет және спорт министрі

МҰТАНОВҒалымқайыр Мұтанұлы

- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры (келісім бойынша)

МЫҢБАЙДархан Қамзабекұлы

- Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі

МЫРЗАЛИНМәлік Кеңесбайұлы

- Ақмола облысының әкімі

МЫРЗАХМЕТОВАбылай Исабекұлы

- «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

НОҒАЕВНұрлан Асқарұлы

- Атырау облысының әкімі

ОРАЗАЛИННұрлан Мырқасымұлы

- «Қазақстан Жазушылар одағы» ҚБ төрағасы (келісім бойынша)

ОРАЗАЛИНОңдасын Сейілұлы

- Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары

ПЕРУАШЕВАзат Тұрлыбекұлы

- Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы (келісім бойынша)

ПУЛАТОВ Шерзод Аббозұлы

- Астана қаласы «Өзбек этномәдени орталығы» қоғам дық бірлестігінің төр-аға сы (келісім бойынша)

САҒАДИЕВЕрлан Кенжеғалиұлы

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі

САПАРБАЕВБердібек Машбекұлы

- Ақтөбе облысының әкімі

СЕЛИВЕРСТОВСергей Васильевич

- Еуразиялық интеграция институты директорының орынбасары (келісім бойынша)

СҰЛТАНОВБақытТұрлыханұлы

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрі

СЫДЫҚОВЕрлан Батташұлы

- Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры (келісім бойынша)

ТАРАКОВ Александр Юрьевич

- Қазақстан Республикасы Президентінің жанын-дағы «Қоғамдық келі сім» республикалық мем лекет-тік мекемесінің директоры (келісім бойынша)

ТОҒЖАНОВЕралыЛұқпанұлы

- Маңғыстау облысының әкімі

ТҮЙМЕБАЕВЖансейіт Қансейітұлы

- Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі

ҮКІБАЙАйдос Ыдырысұлы

- Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы

ШӘУКЕНОВАЗарема Кәукенқызы

- Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының директоры (келісім бойынша)

ІЗМҰХАМБЕТОВБақтықожа Салахатдинұлы

- «Қазақстан Республикасы ардагерлері ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы(келісім бойынша)

Рауан ҚАЙДАР,«Егемен Қазақстан»

«Бүгіннен бастап біз соттылық анықтамасын жаңа үлгіде беретін боламыз. Оған не себеп болды? Осы күнге дейін азаматтың қылмысқа тар тыл ғандығы

туралы барлық мә лі метті берген болсақ, енді атал ған анықтаманы соттылығы өтелген дігі мен жойылғандығын есепке алып, сол анықтаманы жаңа үлгіде бе ре-тін боламыз», деді Бағдат Мусин.

Спикердің айтуынша, жаңа стандарт қабылданғаннан кейін

сот тылығы өтелген немесе алы нып тасталған, оларға қатысты қыл мыс -тық қудалау тоқтатылған аза мат тар «Соттылығы жоқ» жазба сы мен таза анықтама алатын болады.

Сондай-ақ, қағаз жүзінде сотты-лық тың болуы немесе болмауы тура лы апостиль қойылған анық-та маны қажет ететін шет елге шыға тын тұлғаларға анықтама 22 күн нен 8 жұмыс күніне дейін қыс-қа р тылған мерзіммен бірыңғай қызметте берілетін болады.

Соттылық туралы анықтама жаңа үлгіде алынады––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Бұл туралы Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы Бағдат Мусин мәлімдеді. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

(Соңы. Басы 1-бетте)

– Діни сауатсыздығының сал дарынан жастарымыз сақал қо йып, шалбарының бала қ-тарын қысқартып тастайды. Қара көйлек киіп, беті-аузын тұм ша-лаған қыздарымыздың қата ры көбейді. Бұл − біздің дәс түрі-мізге де, халқымызға да жат. Бұған заңнамалық деңгейде ты-йым салу мәселесін пысықтау керек. Қазақ қара киімді қаралы кез де ғана киеді, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев қазақ мәдениетінің тарихына, қазақ әйелдерінің дәстүрлі киіміне тоқталып, қара киім мен дін арасында ешқандай байланыс жоқ екенін айтты.

– Егер жастарымыз халқы-мызға жат уағыздарға ерсе, мем-ле кетіміздің болашағы не бол-мақ? Біз бұған жол бермейміз. Тәуелсіз Қазақстанның бола-шағы жарқын, ұлтымыз тату болып, еліміз зайырлы мемле-кет ретінде одан әрі дамуға тиіс.

Біз өзіміздің игі мақсатымызға қарсы шыққандарға көне ал-маймыз. Бұл – мемлекеттік аппа раттың ғана емес, барша Қаза қ стан халқының, оның бола шағының мүддесі, – деді Қазақстан Президенті.

Елбасы халық арасындағы діни сауаттылықтың маңыз ды-лығын атап өтіп, имамдардың өз қызметі барысында патриоттық тәр биеге ден қоюға тиіс екен-дігіне назар аударды.

– Нағыз мұсылманды киген киімінен емес, ішкі иманынан таниды. Адамның жүрегінде сүйіспеншілік болса, соның има-ны бар. Біз өркениетті әлемге қарай қадам басып, ғылым мен білім есігін ашуымыз қажет. XVIII-XIX ғасырларға дейін мұсылман дүниесі бүкіл әлемде көшбасшы болды. Ол ғылымның қайнар көзі, философтардың, дәрігерлер мен жазушылардың отаны болды. Қазір біз бұл жағы нан көшбасшылық орны-мыздан айырылып қалдық.

Бүгінде азаматтарымыз

интер нет арқылы түрлі мәлі-меттер алады. Осылайша, дәс-түрлі емес ағымдардың да уағы-зын тыңдап жүр. Ол үшін түрлі әдістер мен технологиялар қол данылуда. Біз де олармен күрес жүргізу үшін ақ парат тық технологияларды қол дануы мыз керек. Қажет бол ған жағ дайда, мемлекет Қазақ стан мұсыл-мандары діни басқар масына қолдау көрсетуге дайын.

Мен өзімнің мақаламда «Ту-ған жер» бағдарламасына ерек-ше көңіл бөлдім. Ол бізге әр өңір, әр елді мекен туралы мол мағлұмат алуға мүмкіндік береді. Әрқайсымыздың жүрегімізде патриотизм болуға тиіс. Осы орайда, өз уағыздарыңызда Отан ды сүю тақырыбына айрық-ша көңіл бөлулеріңізді сұрай-мыз, – деп түйіндеді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, кездесуге қаты-су шылар дәстүрлі емес діни ағым дарға қарсы күрестегі өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі ойларын ортаға салды.

Діни басқармаөкілдерімен кездесті

Жақсыбай САМРАТ,«Егемен Қазақстан»

Форум жұмысына Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев, мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, дінтанушылар қатысып, сөз сөйледі. Осымен екін ші мәрте ұйымдастырылған фо рум еліміздегі және аймақтағы Ис-лам дінінің бүгінгі ахуалы мен дамуын ортаға салды. Форум жұ мысын ашып, негізгі баян-да маны жасаған ҚМБД-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы өзінің сөзінде алғаш қы форумның 2015 жылы өткізіл генін айта келіп, онда «Қазақ стан мұсылман дары-ның тұғырнамасы», «Бүгінгі мұсыл манның бейнесі», «Имам келбеті» және «Дін қыз мет -керінің этикасы» сияқты 4 құжат қабылданғанын еске са-лып, олар имамдардың білімі мен тәжірибесін арттыруға үлкен сеп тігін тигізгенін атап өтті.

Одан әрі мүфти-хазірет форум да қабылданатын екі құжат туралы айтып, олардың маңы зы мен мазмұнына тоқ-талды. Бүгін нің озық талабына жауап бере алатын білімді де білікті имам дар тобын қалып-тастыру мақ саты мен дайын-далған бұл құжат тар дың атауы: «Үздік зият кер имам» және «Дәстүрлі Ислам – Әбу Ханифа мазһабы». Қазақ ұстанатын Әбу Ханифа мазһа бы ның озық қырларына тоқтал ған ға сыр лар бойы халқымыз-дың, ата-бабамыздың жан-дү ние сі мен үйлесіп кеткен оны уа ғыздау шараларының

үзбей жүргізілетіндігін айтты. Сонымен бірге, Бас мүфти өз баяндамасында «Үздік зияткер имам» тұжырымдамасын дін қызметкерлерінің беделі мен білімін арттыру бағытындағы бірегей қадам деп бағалады.

«Қабылданғалы тұрған тұ-жырымдамада дін қызмет-кер лерінің, яғни Бас имам, наиб имам, ұстаз, молда, азан-шылардың лауазымдық міндеті мен мәртебесі айқын далды. Бұдан былай дін мамандары жоғары лауазымды қызметтерге сатылап тағайындалатын болады. Имамның қызметі тек бес уақыт намазға имамдық ету мен шектелмейді. Оның уағыз айту, діни рәсімдерді ат қару, мешітке келген әр-бір жамағаттың сұрағына жауап беру, рухани іс-шара лар ұйымдастыру секілді жауап-кершілігі жоғары көп жұмыс-тары бар. «Үздік зияткер имам» атты құжаттың басты мақсаты – ХХІ ғасырдың имамдарын заман талабына сай жан-жақты білімді, білікті, зайырлылық прин-циптерді ұстану жағынан басқа жамағатқа үлгі ету. Сонымен қатар, бұл тұжырымдама елі-міздің мұсылмандарын бірлік ке, татулыққа шақырып, халықты ұлтымыздың әдет-ғұрыптарын сыйлауға, зайырлылық прин-циптерді ұстануға, діни экст-ре мизм мен терроризмнің кез келген түріне төзбеушілікке үндейді», – деп атап өтті Бас мүфти.

Сонымен бірге, ол өз сөзін-де барлық имамдардың аттес-таттаудан өтіп, білімдері жетілдірілетінін де жеткізді. Оның сөзінен қазір 100-ге жуық имамның Египет пен Түркияда

білімдерін жетілдіріп жатқаны белгілі болды.

Форум аталған құжаттарды бірауыздан қабылдады және жұмыс қорытындысы бойынша үндеу қабылданды. Онда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында діни экст-ремизмді насихаттаудың ал дын алу, әсіресе, интернет пен әлеу-меттік желіде оның жолын кесу, радикалды көзқарасқа «мүлде төзбеушілікті» қалыптастыру қажеттігін атап өткені жет кі-зіліп, оны сөзсіз қолдау қажет-тігі айтылған. Сонымен қатар, бас бостандығынан айы рыл-ған азаматтарды теоло гиялық тұрғыдан сауаттандыру, өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік рухында тәрбиелеу үшін қо-сымша қадамдар жасау қа-жет тігі жөнінде тапсырмалар жүктеді.

«Жолдау жүктеген міндет-терді сапалы орындау мақса-тында діни экстремизмнің алдын алу, тұлғаларды оңалту және оларға ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жан-жақты білімді, білікті және мемлекет мүдделерін қорғай алатын, діни мәселелер бойынша терең ғылыми ізденістер жасай алатын имамдар корпусын жетілдіруі қажет деп санаймыз.

Біз, ІІ Республикалық имам-дар форумына қатысушылар, Ислам ның бірлік пен бей біт-шіліктің, ғылым мен өркениет-тің діні екенін тағы да паш етеміз. Асыл дініміз ғылымды жоқ қа шығармайды, ол – зама-науи ғылымның негізі, ірге та-сы. Сондықтан Ислам – бүкіл адамзат өркениетінің көш бас-шысы. Бүгінгі заманауи өрке-ниет, ғылым қашанда Ислам құндылықтарына қарыздар деп санаймыз», делінген үндеуде.

Форумның екінші бөлігінде шараға қатысқан имамдар үшін семинар ұйымдастырылды.

Имамдар форумы өтті–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Ислам және өркениет» тақырыбына арналған ІІ Республикалық имам-дар форумы болып өтті. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия және т.б. мемлекеттерден 500-ден астам имам жиналды. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Парламент Сенатының депутаттары су тасқынынан зардап шеккендерге бір күндік еңбекақысын аударатын болды. Парламент Сенаты бюросының қаулысымен осындай шешім қабылданды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

* * *Парламент Мәжілісі бюросының қаулысы

бойынша палата депутаттары тасқын су алу жағдайы салдарынан зардап шеккен отбасыларына көмек ретінде бір күндік жалақысын аударады. Сонымен бірге, Мәжіліс Аппаратының қызметкерлері де бір күндік еңбек жалақысы деңгейінде қаржылай көмек көрсетпек, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Парламентшілер көмек көрсетеді

Page 3: Діни бас‡арма ‹кілдерімен кездесті2017/04/20  · Мұхтар Наурызбайұлы - «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы

20 сәуір 2017 жыл 3саясат

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Кеше Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен палатаның жалпы отырысы өтіп, онда бес заң жобасына қатысты шешім қабылданып, екі мәселе қызу талқыланды. Оның бірі – «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Мемлекеттiк бiлiм беру жинақтау жүйесi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жоба-сы болса, екіншісі «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Әлеуметтік медициналық сақтандыру жобасы) ра-тификациялау туралы» заң жобасы болды. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Астанадағы Ұлттық музейде Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхамедовтің қазақ тіліне тұңғыш рет аударылған «Ақалтеке тұлпары – мақтанышымыз бен абы-ройымыз», «Көк тұлпарларының самғауы», «Тұлпардың шапшаң шабысы» атты кітаптарының тұсаукесері өтті. Аталған шараға кітап авторы, Түрікменстан басшысы қатысып, төл шығармаларының мазмұнына тоқталды және қос мемлекеттің бауырлас елдер екенін атап айтты. Жалпы, Түрікменстан Президентінің кітаптарын қазақ тіліне аударып, басып шығару еліміздің Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаевтың бастамасымен жүзеге асып отыр. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Павлодарда Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің көшпелі отырысы өтті. Оған об-лыс басшылығы мен аймақ активі қатысты, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Беларусь Республикасында жұмыс сапарымен болып қайтты. Сапары барысында министр Беларусь Республикасының «Жоғары технологиялар паркінде» (ЖТП) болып, парктің және IT саладағы бизнес-инкубаторлардың жұмысымен та-нысты. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Парламент Сенатында Дариға Назарбаеваның төрайымдық етуімен Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті ұйымдастырған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы болды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,«Егемен Қазақстан»

Бiрiншi оқылымда мақұл данған «Қазақстан Респуб лика сының кейбiр заңнамалық актi лерiне мемлекеттiк бiлiм беру жинақтау жүйесi мә селе лерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасын таныстырған Мәжіліс депу таты Нұртай Сабилья нов бүгінгі таңда еліміз дегі мемлекеттiк жи нақ тау салым дарының саны 15 620-ға жетiп отырғанын алға тартты.

«Онда жиналған қаражаттың мөлшерi 10 млрд 700 млн теңгеге жуықтайды. Мұндай салымдарда жинақталған қаражат есебiнен 300 студент арнайы оқу орын-дарында оқып жатқан болса, 20 студент шетелдiк оқу орында-рында бiлiм алуда. Осы орайда, мемлекет төлейтiн сыйақы көлемi балаларға 5 пайыз, ал жетiм бала-лар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар немесе көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына 7 пайыздық жылдық сыйақы тағайындалады», – деді Н.Сабильянов.

Сонымен қатар, ол 2015-2016 жылдары мемлекеттiк бюджет-тен салымдарға 330 млн теңге көлемiнде сыйақы төленгенін және осы мақсаттағы биылғы қаражаттың мөлшерi 566 млн теңгенi құрап отырғанын айтты. «Осылайша, ауқымды жүргі-зілген шаралардың нәтижесінде салымшылардың сенімі нығайып, саны артып келедi», – дедi ол.

Депутаттың айтуынша, 2013 жылдан берi жұмыс iстеп келе жатқан мемлекеттiк бiлiм беру

жинақтау жүйесi әр азаматқа техникалық және кәс iпт iк орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғарыдан кейiнгi бiлiм беретiн қазақстандық оқу орын-дарында, сондай-ақ, шетелдiк оқу орындарында бiлiм алуға ақы төлеу үшiн ақшаны екiншi деңгейдегi банктердегi депозит-терде жоспарлы түрде жинақтау мүмкiндiгi берiлетін көрінеді. Сондықтан да, заң жобасын-да көзделген түзетулер кейбір түйінді мәселелердi шешуде өз тиімділігін көрсететіндігі сөзсіз.

Оның түсіндіруінше, ең алдымен, салымшыларды ба-сым санатқа (көмекке мұқтаж) жатқызуды растауға уәкiлеттi орган берген мемлекеттiк орган-дар тiзбесiн кеңейту көзделеді. Бұл басым санатқа жататын жетiм балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар-дың, оның iшiнде кәмелет жа-сына толған, бiрақ 23 жастан аспаған жастардың салымда-рына мемлекеттiк сыйақыны алу құқықтарын толық iске асы-рады. Яғни, мемлекеттiк бiлiм беру, сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзбесiне Білім және ғылым министрлігінің жанындағы Балалардың құқы-ғын қорғау комитетiн енгiзу ұсынылып отыр.

Екiншiден, бiлiм беру жинақ-тау салымдарындағы ақшаға, оның iшiнде мемлекеттiк сый-ақыға тыйым салуларды және әртүрлi өндiрiп алуларды бол-дырмау арқылы салымдардың сақталуын қамтамасыз ету мін-деттеледі. Одан кейiн, бiлiм беру жинақтау жүйесiне қатысушы

банктерге қойылатын облыс орталықтары, Астана мен Алма-ты қалалаларында банк филиал-дарының болу талабын алып тастау арқылы, осы жү йеге қатысушы банктердiң санын көбейту ұсынылады. Міне, мұн-дай шешімдер халықтың бi лiм бе-руге қатысты жинақтау са лымын ашуға мүмкiндiгiн арт тырып, қолайлы жағдай туғызады.

«Негізінде, бiлiм беру жи-нақтау салымдары бойынша жинақталған қаражатқа мемлекет және екiншi деңгейдегi банктер та-рапынан сыйақы берiлетiндiгi өте маңызды. Бү гiнгi күнi мемлекеттiк бiлiм беру жинақтау жүйесiнiң қажет тiлiгi мен оған азаматтар тарапынан сұраныстардың бар екендiгiн сенiммен айтуға бо-лады. Дегенмен, өзгерiп жат-қан жағдайларға және әртүрлi саладағы қазақстандық заңна-маның өзгеруiне байланысты осы заң жобасын әзiрлеу қажеттiгi туындады», – дедi Н.Сабильянов.

Д е п у т а т т а р т а р а п ы н а н оң бағасын алған келесі құжат «Қа зақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Әлеуметтік медициналық сақтандыру жобасы) ратифика-циялау туралы» заң жобасы бол-ды. Де нсаулық сақтау министрі Ел жан Біртанов таныстырған құжатта көрсетілгендей, аталған банк әлеуметтік медициналық сақтан дыру жобасын қаржы-ландыруға 80 млн АҚШ доллары көлемінде 15 жылға қарыз береді. Ал бұл қаражат елімізде денсаулық сақтау қыз метін көрсету жүйесінің қол жетімділігін, сапасын және экономикалық тиімділігін артты-ру мен денсаулыққа байланысты күрделі проблемаларды тудыратын қаржылық тәуекелдерді төмендету бағытындағы жоспар, жобаларды жүзеге асыруға жұмсалатын бо-лады.

«Атап айтқанда, әлеуметтік медициналық сақтандырудың ұлттық жүйесін енгізуге қолдау көрсету мен медициналық көмек көрсету жүйесін нығайтуға және жобаларды басқаруға қатысты коммуникациялық стратегия құруға басымдық беріледі», – деді Е.Біртанов.

Жалпы, отырыс аясында депутаттар, сондай-ақ, «Кол-лекторлық қызмет туралы» заң жобасы мен оған ілеспе заң жо-басы бойынша Сенат енгізген өзгерістермен келісті. Сонымен қатар, «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» заң жобасы мен оған ілеспе заң жо-басына бейінді комитеттер-ге қорытынды әзірлеу мерзімі тағайындалды.

Шараны ашқан комитет төрайымы Бірғаным Әйтімова Елбасымыз өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында білім жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойғанын атап өтті. Мақалада ұсынылған идеялар, оның ішінде ерекше орын ала-тын «білімнің салтанат құруы» идеясы еліміздің мектептерінің келбетін өзгертуге тиіс. Б.Әйті-мова жиналғандардың наза-рын Мемлекет басшысының «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады» деген сөзіне аударды.

Сенат депутаттары ал-д ы н д а П а в л о д а р о б л ы с ы әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев баяндама жасады. Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшелері де аймақты аралаған екі күннен кейінгі өздерінің көрген-түйгендерімен бөлісіп, ұсыныстарын ортаға салды. Атап айтқанда, депутат Владимир Редкокашин көпшілігі ауылдық жерлерде орналасқан шағын мектептердің проблемаларын шешу қажеттігін атап өтті.

«Мектептерді оңтайландыру өте жағымсыз құбылыс, тіпті шалғайда жатқан елді мекендер-де де мектептердің жабылуына жол бермей, сақтап қалу қажет», − деді сенатор.

Депутаттар Әли Бектаев пен Нұрлан Қылышбаев мұндай мектептерді мамандармен және қаржылай қамтып, бірнеше пәндерді үйлестіре оқытып жүрген мұғалімдерге еңбекақы төлеудің қағидаларын қайта қарауға шақырды. Депутаттар Жабал Ерғалиев пен Төлеубек Мұқашев мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беру мен интеллектуалдық және рухани дамыту мәселелеріне, оларды шығармашылыққа, музыка, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарды үйренуге тартудың келешегіне тоқталды. Баяндамашылар, бұл орайда, басқа аймақтар Павлодар облысының тәжірибесін пайда-лана алатынын атап өтті.

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төр айымы Бірғаным Әйтімова сенаторлардың ұсыныстарын қорытындылай келіп, Павлодар облысына сапар өзекті және жемісті болды деп мәлімдеді. Сапар барысында де-путаттар 40-тан астам қала және

ауыл мектептерінің жұмысымен танысу мүмкіндігіне ие бол-ды. Парламентшілер Павлодар, Ақсу мен Екібастұз қалаларында, Ақтоғай, Қашыр, Лебяжі, Успен, Шарбақты аудандарында ұстаздар қауымымен, оқушы лармен кез-десті. Депутаттар аймақ білім бе ру жүйесінің табысты жұмыс іс теуінің үлгісі бола алады деген ортақ пікірге келді.

Облыста 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар мектепке дейін гі біліммен (кейбір аудандарда, мысалы, Ақсу ауданында 2-ден 6 жасқа дейінгі балалар) толық қамтылған. ҰБТ нәтижелері бойынша, тіпті ауыл мектептері жақсы нәтиже көрсетті. Депутаттар көптеген мек тептер шахмат, роботты тех-ника сыныптарының болғанына, жоғары жылдамдықты интер-нетпен, қазіргі заманғы спорт жабдықтарымен қамтамасыз етілгеніне риза болды.

Б.Әйтімова өз сөзінде Білім және ғылым министрлігін ша ғын мектептер мәселелерін тиім ді шешуге және мұғалімдер еңбек-ақысының лайықты болуы ше-шуге шақырды.

Комитеттің көшпелі отыры-сының қорытындылары бойын-ша үстіміздегі жылғы ІІІ тоқ-санның соңында Сенатта «Орта білім беру жүйесін заңна малық реттеудің ахуалы, проблемалары мен келешегі» деген тақырыпта парламенттік тыңдау өткізу жос-парланды.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төра-ғасының орынбасары Алик Шпекбаев негізгі баяндама жа-сады. Атқарылған істер жайын-да айта келіп, ол нормативтік-құқықтық актілердің жобала-рын міндетті түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жасау және айқындалған сы-байлас жемқорлық қауіптері жөніндегі ұсыныстарды міндетті түрде орындау институтын қалпына келтіруді ұсынды. Одан басқа, агенттік этикалық тұрғыдағы тәртіпсіздіктердің жекелеген құрамын мемлекеттік қыз метт ің бедел ін түс іру

әрекеттерінің қатарына жат-қызуды ұсынып отыр.

Дариға Назарбаева сы-байлас жемқорлықпен күрес «елестермен күреске» айна-лып кетпеуіне назар аударды. «Адамды жазалау үшін шешім қабылдауда әдепсіздікті қалай өлшеуге болады? Онда адам тағдыры, оның отбасының тағдыры шешіледі. Бұл жер-де өте мұқият болу керек», − деді ол. Сенатор, сонымен, бірге сыбайлас жемқорлық жөнінде тәртіп бұзушылықтар туралы хабарлаған азаматтарға жан-жақты қолдау көрсетуді ұсынды. «Оларды қорғауды және лайықты марапаттауды

қамтамасыз ету қажет», деп са-найды сенатор.

Сенаторлар Нұртай Әбіқаев, Серік Жақсыбеков, Ляззат Қиынов, Рашит Ахметов, Серік Ақылбай, Сәрсенбай Еңсегенов өз ұсыныстары мен ескертпелерін айтты. Депутаттар Парламент жанынан ғылыми-зерттеу ин-ститутын құруды, мемлекеттік қызметшілерді таңдау бары-сына жан-жақты назар аудару-ды, мемлекеттік қызметшілерге лайықты еңбекақы төлеу мүм-кіндігін қарастыруды, қоғам-дық кеңестер жұмыстарын же-тілдіруді ұсынды.

Дөңгелек үстел соңында Д.Назарбаева: «Бес институттық реформаны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жос-па рында барлық маңызды мә-селелер қарастырылған бола-тын. Парламент қажет заңдарды қабылдады, бірақ олар жұмыс істемей отыр, өйткені, бюрокра-тия оған назар аудармады», − деді.

Парк басшылығымен кезде-судің қорытындысы бойынша ЖТП мен «Зерде» холдингінің арасында тығыз ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу бойынша келісімге қол жеткізілді.

Бұдан бөлек, Д.Абаев Бай-ла ныс саласындағы өңірлік д о с т а с т ы қ т ы ң Б а й л а н ы с

әкім ші ліктері басшылары ке-ңе сінің 52-ші отырысына және ТМД-ға мүше мемлекеттердің Ақпа раттандыру жөніндегі үй-лестіру кеңесінің 23-ші отыры-сына қатысты.

Байланыс саласындағы өңір-лік достастық отырысы шең-бе рінде Д.Абаев Әзербай жан,

Ресей, Өзбекстан елдері байла-ныс әкімшілігінің басшылары-мен, сондай-ақ Халықаралық электр байланысы одағының бас хатшысы Х.Чжаомен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

Сонымен қатар, Д.Абаев Еу-ра зиялық экономикалық одақ тың Цифрлық күн тәртібін әзірлеу жөніндегі ЕАЭО уәкілетті орган-дары басшыларының отырысы-на қатысты. Отырыс барысында тараптар бірлескен цифрлық жобаларды әзірлеу мәселелерін қарастырды.

«Егемен-ақпарат»

Жылқы – түркітілдес ха-лықтар үшін қасиетті жануа р. Түрікмендер де Қамбар ата тұқымын асыл түліктің біріне балайды. Жаужүрек ұлдарының жан серігі болған жылқы ту-ралы айтар сыры, шертер әңгімесі көп. Г.Бердымұхамедов кітаптарының бірі «Аты бардың – қанаты бар» деген түрікмен мақалымен басталады. Қазақ та «Ат − ер қанаты» дейді. Пре-зиденттің «Ақалтеке тұлпары – мақтанышымыз бен абырой-ымыз» атты кітабында ақалтеке тұқымы мен оны өсірудің, бап-таудың қыр-сыры жазылған. Көрші елдің ақалтекені абырой санауын мемлекеттік нышан-дарынан да аңғаруға болады. Айталық, Елтаңбаның нақты нышанына айналған ақалтеке түрікмен халқын достық пен

бейбітшілікке үндейтін белгі де. Олардың осы асыл тұқымды құрметтегені соншалық, жыл сайын сәуір айының соңғы жексенбісі «Ақалтеке күні» ретінде республикалық деңгейде атап өтіледі. «Ақалтеке күні» биыл 30 сәуірге тура келіп отыр. Түрікменстан басшысы тұсаукесерге қатысушыларды аталған мерекенің куәсі болуға туған еліне шақырды. «Көк тұлпарының самғауы» атты екінші жинақтағы басты мәселе – жылқы шаруашылығының ұлттық дәстүрлерін сақтау мен дамыту, тұлпар санын көбейту және әлем бойын-ша насихаттау. Бұл альбомды парақтап отырғанда ақалтеке тұқымының әр түрікменнің жүрегінен ойып тұрып орын алғанына көз жеткізу қиын емес.

Оғызнама дастанындағы «Сені атым демеймін, сені бауырым деймін, сен маған бауырымнан да қымбатсың» деген сөздерінен де түрікмендердің жылқыға де-ген махаббатын байқауға бола-ды. «Тұлпардың шапшаң ша-бысы» аталатын үшінші кітапта автор ұлттық құндылықтар арасында түрікмен тұлпары туралы ғылыми, тарихи және әдеби биографиялық негіздегі деректерді жүйеге келтірген.

Кітаптардың қазақ тіліне аударылған нұсқасын Түрік-менстан Президентіне еліміздің Премьер-Министрінің бірінші орынбасры Асқар Мамин және Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Данияр Абылғазин табыстады. Салтанатты рәсімнен соң Түрікменстан басшысы Қа-зақстан Президентінің кітап -ханасына табысталатын кітап-тардың жекелеген даналарына қолтаңбасын қалдырды. Сон-дай-ақ, тұсаукесерде кітап тары-ның қазақ тіліне аударылып, жарыққа шығарылғанына алғы-сын білдіріп, қазақ елінің қо нақ-жайлылығын ерекше атап өтті.

Жадыра МҰТИҒОЛЛАҚЫЗЫ,

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық

университетінің студенті

Білім алуға қаржы жинау жүйесі талқыланды

Сенатор Д.НАЗАРБАЕВА:

Сыбайлас жемқорлықпен күрес «елестермен күреске» айналып кетпесін

туыстық туы

Түрікмен тұлпары

Шағын мектептердің жабылуына қарсы

Беларусьте жұмыс сапарымен болды

Page 4: Діни бас‡арма ‹кілдерімен кездесті2017/04/20  · Мұхтар Наурызбайұлы - «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы

4 20 сәуір 2017 жыл

Қазақстан Рес пуб­л и к а с ы н ы ң П р е з и ­д е н т і Н ұ р с ұ л т а н Назарбаевтың «Бола­шаққа бағдар: руха ни жаңғыру» тұжы рым­дамасы ақиқатты Алаш жұртының алдына жа­йып сал ған, Абайша айт сақ, «Сыл дырап өң­кей келі сім нен» тұра тын жүрек тің көзі, тілектің сөзі. Аққу дың қа на ты­нан ән естіріп, тұл пар дың тұя ғынан күй тың да ған қазақ деген қасиетті жұрт тың, Қазақ стан деген қастерлі ел­дің ха ны мен қара ша сының жа нының нұры, кө ңі л інің сыры бірге толқып жатса сана мыз дың сара даңғыл ға түс кені. Бұл бір бү гін гі ұрпақ темір­қазықтай кие тұтып, бола шаққа бағдар етер тұжы рым тұнған сөз.

«Жаңғыру атаулы бұрын ғыдай тарихи тәжірибе мен ұлт тық дәстүрлерге шекеден қара мауға тиіс. Керісінше, за­ман сырынан сүрінбей өт кен озық дәстүрлерді та быс ты жаңғырудың алғы шарт тарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық­рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды», делінген онда.

Ұлттық рухани­тамыр... Баға налы бәйтеректің бұта ғын жел шайқап, дауыл тер бет кен талай. Заманалар желі, ғасырлар дауылы.

Сол тамыры терең бәйте рек сонау көшпенділер өрке н иеті нен аман жетіп XXI ғасырдың бастауынан нәр алып күнге қарап жапырағын жайып тұр. Бұл кезең – жер­жаһаңда ақыл­ойдың ала ман ға түскен уақыты.

«Жаңа тұрпатты жаң ғырудың ең бас ты шарты – сол ұлттық кодыңды

сақ тай б ілу . Онсыз жаңғыру деге ніңіз құр жаң ғырыққа ай налуы оп­оңай», делінген Ел ба ­сымыздың осы еңбегін­де. Түйткілді ше шер түйінді ой осы. Ұлт тың болмысын, елдің тұ тас ­тығын сақтау – сізге де, бізге де сын. Шын дық із ­де ген боп шығанға шық ­пай, «Жаным – арымның са да ғасы» дейтін қазақи

қағи да ның ауылынан алыс қон ба сақ құдай тілеуімізді берер.

Осы ой толғаудың үшін ші бөлігі «Ұлттық біре гей лікті сақтау» деп аталып ты. Онда: «Ұлттық салт­дәс­түр леріміз, тіліміз бен музы ка мыз, әдебиетіміз, жорал ғы ларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс», делінген.

Осы санаттағы «Қазақ стан дағы 100 жаңа есім» идеясы, «Туған жер» бағдар­ла масы ел мен жердің ер теңін ойлаған арналы тол ға ныстардың жемісі. Жақ­сы лықтар мен игіліктер жа рия болуға тиіс. Жақсы адам дар, жомарт жүректі жан дар жанымызда жүр. Бү гін гі күннің кейіпкерлерін на си хаттау, бүгінгі күннің бүтін сөзін айту – міндеттің үлкені.

Жақында «Қазақстан» теле арна­сының «Айтуға оңай» бағдарламасына қонақ етіп шақырды. Туған жеріне көмег і тиген азаматтар жөнін де хабар екен. Солар дың ішін де менің ауылдасым, со нау Жаңаарқаның «Жеңіс» ауылынан келген Қай рат Көпбаев деген іні­бауы рым ды көріп, қуанып қал дым. Жеке қожалық иесі, жыл қышы Қайрат ауылға спорт кешенін салыпты. Оның құны 110 миллион теңге екен. Тұсаукесерін

жасап, ауыл әкіміне өткізіп беріпті. «Одан саған түсер не пайда бар?» – де­ген тележүргізуші сұ ра ғына: «Ауылдың бала ларына керек емес пе?» – деп күлім қағады Қайрат бауы рым. Міне, «Туған жер» идея сының қолдау­шысы, міне, бүгінгі күннің кейіпкері.

«Гүлстан» журналы ның ре дакторы, белгілі кәсіп кер Гөзел Құлжабаева қа рын дасымызбен көптен ара ласып тұрамын. Өз ауылы «Басши», «Нұрым» деген елді мекендерден бірнеше бақ орнатқан, гүлге бөлеген. Қазақстанда оның кәсібінен үлгі алып жүргендер де көп. Арманы – қазақтың жерін гүлге көмкеру, баққа орау.

Кешегі Бұқар жырау бабамыз: «Бәріңіз бір енеден туғандай болыңыз: жат жанынан түңілсін, айнала алмай ат өлсін, айыра алмай жат өлсін», – деп бе­кер өсиет ай тып кетті дейсіз бе?

«Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» сара да дара жолдың бас тауын да ел Көш бас шысының үкілі үміті, аялы арманы.

«Кемедегінің жаны бір» дейді қазақ. Ұлттың кодын сақтау деген сөз – ұлтты сақтау деген сөз. Екі дәуір мен екі ғасыр тоғысында жаңғыру дың жаңа бағытын Елбасы өзі ұсынып отыр.

Менің де, сенің де Ота ның – Қазақ­стан, бауы рым! Одан басқа түгіміз де жоқ.

Барымыз да, бағымыз да, бақытымыз да – Қазақстан!

Болашақтың бағдары баршамыздың арманымызды аяласын.

Ғалым ЖАЙЛЫБАЙ, ақын, Қазақстанның еңбек

сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма

төрағасының бірінші орынбасары Қазақ деген қасиетті

халық қа тән ұлттық үрдісті ұлық тау қажет тілігін Елбасы «Болашаққа бағ дар: рухани жаңғыру» атты мақа ласында: «Егер жаңғыру елдің ұлттық­рухани тамырынан нәр алма­са, ол адасуға бастайды», деп көрегендікпен дәл айта білген. Әлемдік үрдістен оқшау өмір сүре алмайтындықтан, өзгеріп жатқан дүниеге орай, жан­жақты болу – уақыт талабы. Ұр пақтарымызды дәстүрлі құн ды лықтармен сусында­тып, өрке ниет көшінен қалдырмай, бүгін­гі бәсекелі кезеңнің қатаң талап тарына сай тәрбиелеу үшін сананың саралығы қажет.

Ел мен ұлтқа, қоғам мен отбасына тұлға бо­латын қайраткер лерді қалыптастыру – ұлттық жаңашыл тәрбиемен, ізденімпаз еңбекқорлықпен, өлшеусіз тер төгумен келетін жеңіс. Иісі қазақтың қазіргі басты міндеті – ұрпақтарын отбасында ұлттық рухта тәрбиелеп, құрыштай шынық тыру. Сондықтан жас ұр пақ қа білім ғана емес, саналы тәрбие беруге ден қойып, жан қияр лықпен күресу – әрбір есті азаматтың парызы.

Елбасы: «Мен қазақ стан дық тардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын. Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кер тартпа тұстарынан бас тарту ке­рек», деп ұлттық санамызды қай та жаңғыртып, қазақтың тағ дырын алдыңғы орынға шыға рып, кезек күттірмейтін ұлттық құн ды лық тарды ұлықтауға үндей ді.

Кісілік ниет, адал ықылас болса, күрмеуі қиын, күрделі түйін ді шешудің де жолы бар. Қазақ халқы – Ұлы Даланың ұлық мұра гер лері! Сондықтан пайдасыз даң ғаза лықтан бас тартып, ұрпағы мыз дың жарқын келешегі үшін ұлағаты зор, нәтижесі мол істерді ыж да ғаттылықпен жүзеге асыра тын кезеңде бойкүйездік пен самар­қаулыққа жол беруге болмайды.

Ортаймайтын қазына – иманды, көргенді

ұрпақ. Дәстүрге адал, парыз бен қарыздың салма ғын, құн ды­лықтардың құнын білетін жасам­паз ұрпақ тәрбие леу – хал қы­мыздың келешегіне қызмет ету де­ген сөз. «...өзгелер дің тәжірибесін алып, ең озық жетіс тіктерін бойға сіңіру мүм кіндігі. Азиядағы екі ұлы держава – Жапония мен Қы­тай дың бүгінгі келбеті – осы мүм­кіндіктерді тиімді пай даланудың нағыз үлгісі», деген Елбасы өз­геге көзсіз еліктеуді емес, «өзге­лер дің ең озық жетістіктерін бойға сіңіру» қажеттілігін айта оты рып,

санамызды жаңғыртып, уақыт көшінен қалып кетпеуді меңзейді.

Ендігі ұлы мақсат – иманды да еңбекқор халқы бар, бәсекеге қабілетті, экономикасы дамыған, тегеурінді мемлекет қана ешкімге дес бермейтінін ұрпақ санасына құйып, ұлттық құндылықтармен құнарландыру.

Адами абзал қасиеттер туралы өлмес ой­лар айтқан ұлы Абай: «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады» десе, Мұстафа Шоқай «ұлттық рухсыз ұлт тәуелсіздігінің болуы мүмкін емес» деген қанатты қағидаларымен асқақ рухты ұрпақ қана ел келешегінің кепілі бола алатынын меңзейді.

Қайсар бабаларымыздың ғасырлар бойғы күресімен келген еліміздің басты құндылығы тәуелсіздікті баянды ету, ұрпа ғы мыздың са­насына рухани құндылықтардың баға жетпес қасиетін сіңіру – еліміздегі әрбір азаматтың парасатты парызы.

Елбасының «Мен халқым ның тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзіл меген ұлт тық салт­дәстүр лерін алдағы өркендеудің бе­рік діңі ете оты рып, әрбір қадамын нық басуын, бо ла шаққа сенім мен бет алуын қалаймын», деген рия сыз ықы ласын жастарға түсіндіріп, өскелең ұр пақ тың санасына ұлт тық құндылықтарды терең сі ңі руге әрқайсымыз атсалысуымыз керек.

Бақытжан ЕртАЕв, Парламент Мәжілісінің депутаты

Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы биліктің жаңа идеологиялық тұғырнама қалып тас тыруға бет алуының нышаны. Бұл тұжы­рымдаманың негізінде жаңа заман ағымына сәйкес өзгеруге дайын болу идеясы жатыр.

Бізде көп уақыт бойы дамыған елдердің қатарына кіру тек эконо­микалық даму мен жаңа техно­логия лар арқылы жүзеге асады деген шолақ түсі нік болды. Яғни, біз бай болсақ және техно логияларды пайдалансақ, алдыңғы қатарлы елге айналамыз деген ойға басымдылық беріліп келді. Алайда, дамудың ең бірінші алғышарты – бұл мәдениет пен құндылықтардың оңтайлы өзгеруі. Жаңаша ойлау болмаса, даму да болмайтындығы біздің және айналамыздағы көршілеріміздің тәжірибесі көрсетіп отыр.

Қазақ қоғамында соңғы 10­15 жылдар ішінде күрделі өзгерістер орын алды. Әл­ауқаттың артуы және қала халқының көбеюі жаңаша ойлайтын әлеуметтік топтың пайда болуына алып келді.

Дәл осы топ үшін Президенттің мақаласында айтылған прагматизм, бәсекеге қабілеттілік, ашықтық секілді құндылықтар маңызды болып табылады. Олар – жақсы білім алған, бірнеше тіл білетін, өз дәстүрімен қатар заманауи өмір салтын ұстанатын жаңа қазақ тар буыны. Және бір ерек шелік, бұлар елдегі қоғам дық­саяси өмірге ықпал етуге мүдделі белсенді топ. Биліктің жаңа идеоло гияны дамытуы арқылы

дәл осы топқа сүйенуіне мүмкіндігі бар.Қазіргі жаһандық өзгерістер кезеңінде әр

мемлекет өзіндік ұстанымын қалыптастыру үстінде. Елбасы мақаласына сүйенсек, Қазақ­стандағы жоғары билік прогресс пен ашықтық жолын таңдап отыр. Ендігі мәселе – мақалада айтылған идеялардың саяси шындыққа айналуы.

Серік БЕЙСЕМБАЕв, Әлемдік экономика және саясат

институтының сарапшысы

Біздер – әйелдер отбасының ошағын сақтаушы және мейірімді ана болып табыламыз. Себебі, біздер ұлттың жаңа ұрпағын тәрбиелеп келеміз. Сондықтан да бізге аса зор жауапкершілік жүктеледі. Осы­ған байланысты Мемлекет бас ­шысы Н.Ә.Назарбаевтың «Егемен Қазақ стан» газетінде жария лан­ған «Болашаққа бағдар: руха ни жаңғыру» бағдарламалық мақа­ласын да көтерілген тақырыптар бізге өте жақын екенін нық сеніммен айта аламыз.

Елбасының мақаласындағы бай тарихи мұраларымызды және бірегей мәдени ерекше­ліктерді сақтау мәселесі кез келген адамды бейжай қалдырмасы анық. Өйткені, елдің әрі қарай дамуы, саяси және экономикалық рефор­малардың табысты жүзеге асырылуы рухани игіліктердің жандануына тікелей байланысты.

Осы тұрғыдан келгенде, небір құндылықтарды көтеріп жүрген әйелдер қауымы бай мәдени­рухани қоғам қалыптастыруға қажетті де маңызды іс­шаралардың бастаушысы бола алады. Бірінші кезекте, олар – азаматтық көзқарас пен патриоттық сезімді нығайту, жаһандану жағдайында жас ұрпақтың жаңа заман талабына сай сапалы білім алуын қамтамасыз ету.

раушан СӘрСЕМБАЕвА,Қазақстанның іскер әйелдері

қауымдастығының президенті, Президент жанындағы

Әйелдер істері және отбасылық - демографиялық саясат жөніндегі ұлттық

комиссияның мүшесі

Әрқайсымыз атсалысуымыз керек

Қазақстанның таңдауы

Бізге зор жауапкершілік жүктейді

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Кемеңгер ата-бабамыз «Мың жылдығыңды ойласаң, ұрпақ тәрбиеле», деп ұлағатты да маңызды өсиет қалдырса, ХХ ғасырдың заңғар жазушысы М.Әуезовтің: «Ел бола-мын десең, бесігіңді түзе» деген кемел ойынан адам өміріндегі ең ұлық, ең мағыналы іс ұрпақ тәрбиесі екені аңғарылады. Сондықтан Мәңгілік Елдің өскелең ұрпағын қайсар да қайраткер етіп тәрбиелеу үшін оларды ізгілікке баулып, сапалы білім берумен қоса, іскерліктің озық тәжірибесі мен жаңашыл жолын үйрету – заман сұранысы. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Алматыдағы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына байланысты ұжымның және БАҚ өкілдерінің қатысуымен талқылау жиын өтті. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Елордада Қазақстан республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттары қауымдастығының ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын талқылауға арналған республикалық конференция өтті. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Арман ОКтЯБрЬ,«Егемен Қазақстан»

Жиын барысында театр басшысы Ерлан Біләл ел игілігі үшін жасалып отырған жобаның халыққа ұсынылуымен жиналған қауымды құттықтады.

– Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев тың «Бо лашаққа бағдар: рухани жаң ғы­ру» атты мазмұны терең мақаласында ай тыл ған рухани жаңғыру мен заманауи ілгерілеудің жүгенін тартып ұстап, жү­гін қатар көтерісетін азамат тәрбиелей алу мен білімді, жан­жақты ұрпағы бар елдердің көшбасшысы болу қай­қайсымыздың да көкейімізге қонары хақ. Елбасының «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс»,

«Жаңғыру елдің ұлттық – рухани тамы­рынан нәр алуы керек» деген сөздерінің астарында ел мүддесін басты құндылық деп бағалау жатыр. Ендеше, бұл сүбелі ойды барлығымыз да қолдауға тиіспіз, – деді Ерлан Біләл.

Театрдың белді әртісі Жасұлан Бай­салбеков мақалада айтылған маңыз ды мәселелерге тоқтала келіп: «Тәуелсіз Қазақстанның күн сайын қарыштап да­муы жолындағы басты қағидаларының беріктігі негізінде Отанымыз түбегейлі жаңғыру мен жаңа мүмкіндіктерге жол ашуға қабілетті болып отыр. Бар­ша қазақ стандық жастар Нұрсұлтан Әбішұлының құндылығы зор мақа ла­сынан үлкен жігер, болашаққа деген сенім алды. Елбасы «Сынаптай сырғыған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды, жаңғыру

да тарихтың өзі сияқты жалғаса беретін процесс», деп жастарды заман талабы­на сай жан­жақты болуға үндеді. Біз артылған үміт пен сенімді ақтауға аян­бай еңбек етуге дайынбыз», деді.

– Заманға сай болу, әлемдік сана қағи даларын қалыптастыру, дамыған ел дер мен Отанымыздың терезесі тең тұру ды басты мақсат еткен Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясаты қазақ стандықтардың мүддесіне бағыт­тал ған, ұлттық тарих, бүгініміз бен бола шағы мыз арасындағы дәнекерлеуші көпір іспетті. Білім саласы, тәрбие, от­басы, әр адамның тұлғалық қалыптасуы, ұлтқа деген шексіз махаббат қашанда жүрегімізде сақталуы керек екені мақала мазмұнынан тыс қалмаған. Атамекен ауылымыздың қадір­қасиетін де ұмытпауға шақырған бастамада ұлттық болмысымызды сақтау мәселесі жан­жақты қамтылуы бәрімізді қуантады, – деді театрдың жас әртістері атынан сөз алған Салтанат Бақаева.

АЛМАтЫ

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ,«Егемен Қазақстан»

Іс­шараға Парламент депутаттары, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйым дардың өкілдері және «Болашақ» бағдарламасының түлектері қатысты. Жиын барысында Мемлекет басшы­сының мақаласында көрсетілген білім беру сапасын арттыру, жастармен жұмыс, рухани құндылықтарды сақтау, қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру және басқа да мәселелер талқыланды. Жиынға Парламент Мәжілісінің депу­таты, «Болашақ» қауымдастығы кеңесі төраға сының міндетін атқарушы Бақ­тияр Мәкен модераторлық етті.

Алғашқы болып сөз алған Парламент Мәжілісінің депутаты, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Мемлекет басшысының барлық бастамаларын толық қолдайтынын айта келіп, қай кезде де саламатты өмір салтының орны бөлек екеніне тоқталды. «Ең бастысы,

Елбасымыз кезекті рет саламатты өмір салтының маңыздылығын және қажет­ті лігін атап отыр, – деді ол осы жөнін де. – ХХІ ғасырда дені сау ұлт қана бәсеке­лестікке қабілетті бола ала ды. Прези­денті міздің «Туған жер» бағ дарла ма сын әзірлеу, сондай­ақ, «Қазақ станның қа­сиетті рухани құнды лықтары», «Қазақ­стандағы 100 жаңа есім», «Жаңа гумани­тар лық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқу лық» жо баларын жүзеге асыруға қатыс ты ұсы ныстарына толық қолдау білдіреміз».

Ал ұлттық сананы жаңғырту адамды дамытудың маңызды қадамы. «Елімізде тарихи ескерткіштер өте көп, – деді ол сөзінің соңында. – Бірақ, олар әлемдік деңгейде кеңінен насихатталмай жатыр. Сондықтан Қазақстанның имиджін көтеріп, халықаралық аренада мәртебесін арттыру үшін егемен еліміздің тарихи және мәдени мұраларын таныстыруға ұмтылуымыз қажет».

Ал «Халықаралық бағдарламалар

орталығы» АҚ президенті Жанболат Мелдешов еліміздің аймақтарында бола­шақтықтардың жасыл саябағын салуды ұсынды. «Еліміздің әр аймағында ағаш отырғызып, болашақтықтардың ба ғын жабдықтауды ұсынамын, – деді ол. – Оның барлығы өзіміздің қара жат есе­бі нен жүзеге асырылады. Бұл саябақ­тарға ата­аналарымыз, аға­әпкелеріміз келіп демалады. Өйткені, «Болашақ» бағдар ламасы бойынша шет елдің оқу орындарында білім алған біздер мемлекет пен халықтың есебінен оқыдық». Сон дай­ақ, ол Президентің «Болашақ» бағдар ла­масымен шет елдерде білім алып, елге оралған болашақтықтар балалар мен жас тарға үлгі көрсетуі қажет екенін де ор­таға салды. «Жақсы білім өмірде табысқа жеткізетінін олар біздер арқылы білетін болады», – деді Ж.Мелдешов.

Конференцияда «Қазақстан­2050» Жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы Мұхтар Мәнкеев, Білім және ғылым министрлігі жоғары оқудан кейінгі білім беру және халықаралық әріптестік департаменті директорының орынбасары Ақерке Абылайхан, тағы басқа да «Болашақ» бағдарламасының түлектері сөз алып, Елбасы мақаласының маңызы және мәні, ерекшеліктері жөнінде пікір білдірді.

Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ,«Егемен Қазақстан»

«Архив және қоғам» айдарымен тақырыптық кездесу өткізген Қазақ­стан Республикасы Президенті архиві Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын талқы­лау ға арнап, жаңа бастамадағы бағыт­тар дың құндылығын саралады. Архив директоры, техника ғылымдары ның докторы Борис Жапаров жүргіз ген кездесудің басты ерекшелігі – Ел­басы көтерген идеяға шетелдік ға лым ­дардың көзқарас білдіруі бол ды. Ки­бернетика мен жүйелі зерттеулер сала­сы бойынша Халықаралық озық зерт­теулер институтының директоры және дирек торлар кеңесінің төрағасы кана ­далық Дж.Ласкер мен Жапониядағы Рицумейкан университетінің құрметті профессоры, экономика ғылымдарының докторы Кей Карасава барша қазақ­стандықтар алдына қойылып отырған рухани талаптарға байланысты бас­қосуға арнайы шақырылған Алматы

қаласындағы қоғам қайраткерлерімен бірге ой қосып, Қазақстан ғалым дары­мен бірлесе атқаратын ортақ жобалар жөнінде әңгімеледі.

Президент архиві директорының орынбасары, тарих ғылымдарының док­торы Қайрат Әлімғазинов бағдарла ма­лық мақаланың маңызы туралы арнайы баян дама жасап, ұлттық сана­сезімінің дамуына ықпал ететін негізгі тетіктерді атай отырып, халқымызға рухани азық болатын терең мазмұнын тарата айтты. Қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі идея осы уақытқа дейін жүргізілген рефор малардың заңды жалғасы болуы­мен мәнін байытып, құндылығын арт­тыра түспек.

Ұлттық ғылым академиясының ака­демигі Әбдіқаппар Әшімов те саяси және халықаралық тұрғыдан көшбас­шылыққа ие бүгінгі Қазақстанның жаңа келбеті туралы әңгімеледі.

Электртехника мен компьютер ғылымы саласы бойынша мыңдаған шәкірт тәрбиелеп, әлемнің белгілі университеттерінде дәріс оқып, көптеген

ғылыми жобаларға жетекшілік жасаған Е.Ласкер Қазақстанды бұрыннан білетінін, қазба байлығы мол, саяси тұрақты ел ретінде танитынын және Қазақстанға ақпараттандыру жүйе­сі, математикалық және компьютер­лік модельдеу мамандығы бойын­ша білім алып жатқан магистрант тар мен докторанттарға дәріс оқуға ар­найы шақырылғанын жеткізді. Елбасы Н.Назарбаевтың жаңа бағдарламалық мақаласы туралы естіп, мазмұнымен танысқаннан кейін Президенттің елде түбегейлі жаңару үдерістерін жүргізуге бағытталған бастамасын қолдайтынын айтты.

Ал жерінде табиғи қазба байлығы жоқтың қасы болып есептелетін, алай­да адам еңбегі аса құнды капитал бо­лып саналатын Жапониядан келген құрметті профессор Кей Карасава Қазақ­станға алғаш рет 1990­жылдары Эко­номика министрлігінің шақыруымен келсе, бұл жолы академик Ә.Әшімовтің ұсынысымен студенттер мен ғылыми ізденушілерге арнайы дәріс оқуға кел­ген. Кей Карасава болашағы зор жас мемлекеттің әр жетістігі халық сенімін нығайтып, ертеңге үмітін ұлғайта түссе деген тілегін білдірді.

АЛМАтЫ

Ұлттың кодын сақтау – ұлтты сақтау

Бағытымызды айқындайтын бастама

Болашақтықтар бас қосты

Құнды идеяны шетелдікғалымдар да қуаттады

рухани жаңғыру

Page 5: Діни бас‡арма ‹кілдерімен кездесті2017/04/20  · Мұхтар Наурызбайұлы - «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы

20 сәуір 2017 жыл 5

Бұл ретте, Елбасы өзі атап өткен дей, идеологиялық бағыт­ты эко но микалық өркендеумен қатар дамытып отыру қай кезең­де де біздің өркениетке ұмты луы­мыздың басты принциптерінің бірі болып келген.

Бұған дейін де жарияланған Елба сы ның мазмұнды мақала­лары қазақстандықтардың көкейі­нен орын алып, онда айтылған мақсат­мүдделер ел өркендеуін қамтамасыз ететін ауқымды стра тегиялық бағдарламаларға негіз болғанын білеміз. Өткен жылы ел газеті «Егемен Қазақ­станның» бірнеше нөмірінде жарық көрген «Ұлы Дала ұла­ғат тары» деп аталатын фи ло со­фия лық құнды туындысы бар ша қазақстандықтарға рухани азық болғаны анық. Ел басқа рып, өрелі сөз, өнегелі ісімен ұлтты ұйыс тырған кемеңгер тұлға – Нұрсұлтан Назарбаев бұл ең­бегінде де қазақ елінің тари хы, жер тағдыры, қоғам дамуы мен Тәуелсіз ұрпақтың келеше гі, ұлт­тық құндылықтар мен адам зат­тық мәселелер төңірегінде терең толғаған болатын.

Елбасының бұл жолғы «Бо­ла шаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» атты мақаласын да барша қазақстандықтар ерек ше ықы­ласпен қабылдады. Туған жері ­міздің тұтастығы мен ел болаша­ғының негізін анық тай тын саяси­идеологиялық құжат деңгейінде жазылған бұл еңбекте егемен еліміздің руха ни жаңғыруына айрықша мән берілуі тегін емес.

Жаһанданған әлемде өз келбет­кескіні мен ұлттық

құн ды лықтарын сақтап қалатын, бәсекеге қабілетті, белсенді халық қана болашағына зор сеніммен қарай алатынын өмірдің өзі көрсетуде. Елбасы рухани жаң­ғырусыз экономикалық жетіс­тікке жетіп, өркениет төрінен орын алу мүмкін еместігін дәлел­деп, болашаққа деген бағдары­мызды айқындап отыр.

Мақаланың «Білімнің сал­танат құруы» деп аталатын бөлі­мінде Елбасы: «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Біз жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағдайда кәсібін не ғұр лым қиналмай, жеңіл өзгерту ге қабілетті, аса білімдар адам дар ғана табысқа жетеді. Осы ны бек түсінгендіктен, біз білімге бөлінетін бюджет шы ғыс­тарының үлесі жөнінен әлем дегі ең алдыңғы қатарлы елдер дің санатына қосылып отыр мыз» – деп, озық білім мен ғы лым ды игер ген елдің келе ше гі зор бола­ты ны на баса назар аударт ты. Осы орайда, Елбасы мыз ел жас тарына үлкен үміт артып отыр.

Біздің университеттегі сту­дент тердің 90 пайыздан астамы ауыл жастары. Сондықтан, мем­лекет жүктеген міндеттер бойын­ша біз еліміздің әр түкпірінен келген білім алушыларға заманға сай, әлемдік деңгейдегі білім мен ғылымды игеруге барынша жағдай жасап отырмыз. Біздің мақсатымыз – ауыл­ауылдардан келген студенттерімізге заманауи білім беріп қана қой май, олар­дың Ел мен Жердің қас иетін баға лайтын, ұлт болаша ғы на сенім мен қарап, Ұлы Дала мыз­дың ұлағатын бойына сіңірген, туған топырақтың қадірін біліп, ауылын қадірлейтін және сол ауылдың зиялысына айналатын тұлға ретінде қалыптастыру. Бұл ретте Елбасы мақаласында ай тылған ерекше ойлар, біздің жас тарымызға жігер бере түсе­тіні сөзсіз. Мақаладан түйгені­міз: болашақта егемен еліміздің тұғыр ы берік болып, қарыштап дамуы үшін сапалы білімі, са­н а л ы т ә р б и е с і б а р , р у х ы биік, отансүйгіш жастар мен

инновациялық технологияларды игерген білікті мамандар ғана биік белесті бағындыра алмақ.

Тарихи шешімдерге негіздел­ген мақаласында Елбасы ауыл­ды көркейту мақсатында «Туған жер» бағдарламасын қабылдауды тапсырды. Ауылды өркендетіп, кәсіпкерлікті дамыту, жер бай­лы ғын халық игілігіне пайдала ну мәселелерін әр кезде қада ға лап отыратын Елбасы атал ған бағ­дарлама арқылы ауылды көр­кейтуге, отандық агроөн діріс тік кешенді дамытуға байланысты жаңаша көзқарас қалыптастыру қажеттігін атап өтті.

Елбасының ауылды көтеру­ге бай ланысты көтерген баста­ма ларын қоғамның барлық дең­гейін де жаңғыртып, халықтың санасына жеткізу парыз. Бүкіл қазақ стандықтарды ауыл пробле­масына көңіл аудар ту арқылы мемлекеттік беріктігі мізді де күшейте түсеміз . Өйткені , «Ауыл дың өркендеуі – мемле кет­т ің өркендеуі». Ғалым ретінде ай­тар болсам, біз елдің азық­түлік қауіп сіздігінің төркіні ауыл да екенін ұғынуға тиіспіз. Бұл ретте ауылдың жаһандық эконо ми­калық үдеріске енгенін ескеруді бүгінгі әлемдік экономикалық жағдай анық байқатты.

Ауылға өзгеріс пен жаңа­лық ты әкелетін білім, ғылым­мен қаруланған жас мамандар. Өз тәжірибемізге келсек, Қазақ ұлттық аграрлық универ сите­ті мемлекеттік саясат ұстаным­дарына сүйене отырып, Елба сы анықтап берген нақты страте­гиялық бағыттармен жұмыс істеп келеді. Отандық аграрлық білім

мен ғылымның қара шаңы рағы, елі міз дегі аграрлық сала маман­дары ның ұстаханасы саналатын уни верситетіміз негізінен ауыл эко номикасын көтеруге қыз мет ететін білікті кадрлар даяр лай ды. Ауылдан шыққан жастар бі лім алатын университет түлек тері­нің басым бөлігі бүгінде ауыл зия лы лары ның қатарын қалып­тас ты руға негіз бола жүріп, елі­міз дің түкпір­түкпірінде еңбекке араласып, қалтқысыз қызмет етуде. Қазақ халқының алтын тамы ры – атамекен ауыл екенін әр бір қазақстандық жас жете түсі­не тін уақыт келді. Елбасы ұсы­нып отырған «Туған жер» бағ­дар ламасы ауылдың әл­ауқатын көтеру арқылы жалпы ұлттық патриотизмнің өзегіне айналмақ.

Әлемдік тәжірибе көрсет­кендей, ауылды көркейту бір ғана ынтамен шешілмейді, осы сала­да жұмыс істейтін әрбір адам­нан ғылым жетістіктерін, оны өн ді рісте пайдалану тәжірибесін игеру ді талап етеді. «Білекті бір­ді, білімді мыңды жығады» дей ді халық нақылы. Бүгінде Қазақ­стан халқының 43 пайызы ауыл­дық жерлерде тұрады. Олар дың ішіндегі жартысына жуы ғы жас­тар. Осы орайда, мем ле кет беріп отырған оңтайлы мүм кін дік терді пайдалана оты рып, ауыл жастары заманға сай озық бі лім алып, жи­нақ таған мол тәжі ри бе лерін еге­мен елі міз дің ір гесін мықтауға, эко но ми ка мызға серпін беру ісін жан дандыра түсуіміз қажет.

Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы мәсе­лесіне кезекті рет тоқталып өткен Елбасы эволюциялық даму ғана

ұлттың өркендеуіне мүм кіндік беретінін айта келе, «эволюциялық даму қағидасы әрбір қазақ стан­дықтың жеке басы ның дер бес бағ дарына ай налуға тиіс» – деп тұжырым дайды. Осын дай дұрыс, және ғылыми негіз дел ген бас шы­лық шешімдер мен эволю ция лық дамудың нәти жесін де ғана Қазақ­стан қарыштап да мып, бүгін гі күні әлемдегі бәсе ке ге қабі летті 50 мемлекеттің ара сына қосылып үлгерді. Ең бас ты сы, адам өміріне қолайлы, оның еңбек етуіне, білім алуына, рухани дамуына ыңғайлы қоғам құрылды. Ендігі кезекте Елбасы өз мақаласында атап өткендей, біз қазақ қоғамының рухани ір ге та сы болып табылатын ұлт тық құн ды лықтар мен жалпы­а дам за т тық гуманитарлық игі лік­тер ді әс петтеп, рухани жаң ғыру­дың жаңа сатысына көтерілуге тиіспіз.

ХХI ғасырдағы ұлттық сана туралы толғаған Елбасы мақа­ласын да еліміз мықты, әрі жауап­кершілігі жоғары Біртұтас ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынымызды және қоғамдық сананы қалай өзгертетініміз тура­лы көзқарастарын ортаға салған Елбасы әрбір қазақстандықты руха ни жаңғыру үрдісін қалып­тас тырып, дамытуға өзіндік үлес қосып, бірлік пен ынтымақта ұйысуға шақырды.

Тілектес ЕСПОЛОВ, Қазақ ұлттық аграрлық

университетінің ректоры, ҰҒА вице-президенті,

академик

АЛМАТЫ

Елбасы «бүгінгі радикалды идеологиялар ғасыры келмеске кетті. Енді айқын, түсінікті және бола шаққа жіті көз тіккен бағдар­лар керек. Адамның да, тұтас ұлт­тың да нақты мақсатқа жетуін көз дейтін осындай бағдарлар ғана дамудың көгіне темірқазық бола алады. Ең бастысы, олар ел дің мүмкіндіктері мен шама­шар қын мұқият ескеруге тиіс. Яғ ни, реализм мен прагматизм ғана таяу он жылдықтың ұраны болуға жарайды» деген ойды алға тартады. Сонымен, прагматизм идеологиясы – қазақ қоғамының басты қозғаушы күштерінің бірі, дүниетанымымыздың негізі, іс­қимылымыз бен ұста ным дары­мыздың, құндылықтарымыздың темірқазығы. Қысқаша айтқанда, рухани жаңғырудың бағыттарын айқындайтын өмір сүру филосо­фиясы. Ол бәсекелікке қабілет­тілік тің де, білім сапасы мен сал­та нат құруын да, жаңа сана үлгісін де, өмір салтымыз бен адами қаты нас тарымызды, санамыздың ашық тығы мен өзгеру бағыты­мызды айқындайтын парадигмаға айналмақшы.

Жалпы, оқырманға түсінікті болу үшін, «прагматизм» ұғымы­на сәл үңілген артық болмас. Прагматизм термині – іс, іс­әрекет дегенді білдіреді. Кейіннен, ХIХ ғасырда, ол америкалық философ Чарльс Пирстің атымен тығыз байланысты болды. Прагматизмді таза АҚШ­тық философия деп түсінуге болады, ол күні бүгінге дейін АҚШ қоғамында ерекше ықпалға ие. Прагматизмнің басты қағидалары: ақиқатты тиімділік тұрғысынан мойындау, нақты тәжірибе бәрінен де маңызды, адам мақсат үшін өмір сүреді, адам бірдеңеге қол жеткізу үшін салыстырмалы білім де жет кі­лікті, ақиқаттың өлшемі прак­тика, іс­әрекетте жетістікке жету

үшін күмәнді еңсеріп, сенімге ие болу, адам ақиқаттан бұрын сенімге ұмтылу керек деген қағи­даларды ұсынады.

АҚШ қоғамының табысты өмір салты негізінде өнімді, тиімді қозғалыс идеясы жатыр. Мұн дай философияның өзгеріс­тер кезеңінде дүниеге келетінін өмірдің өзі дәлелдеді. Өмірдің әрбір сәтіне сәйкес келу, өмір сүре білу үшін өзгере білу және соған сәйкес әрекет ету, оны ұлт­тың жиған тәжірибесімен ұш ­тас тыру практикалық фило со­фияның өзегі десек те бола ды. Елбасының прагматизм фило­со фиясына назар аударып отыр­ған дығының басты себебі де осында болса керек. Мақалада, ұлттың рухани жаңғыруының күре тамыры прагматизм ұстаным­дарының ұлт санасына сіңуімен тікелей байланысты екенін, ол үшін қанымызға сіңген, мен­таль дық болмысымыздың сипа­тына айналған кейбір дағды лар­дан арылу қажеттігі туралы ой айтылады. Солардың бірі – аста­төк ысырапшылдық, даң ғой­лық, астамшылдық. Әу баста, бұл қасиеттен нарық құтқара ды, ұлтты үнемшіл болуға, байлық­тың құны мен қадір­қасиетін баға ­лауға үйретеді деген ой­пікір дің де болғаны белгілі. На рық заманының ширек ғасы рын артқа тастасақ та, әлі сол ысы рап шылдыққа жол берудеміз. Үнемдеуді үйрене алмай келеміз. Ысырапшылдық – жеке тұлға, ұжым, әлеуметтік топ, тіпті мем ле кет деңгейінде көрініп отыр ғаны мәлім.

Біздің әлі де болса, еңбекті, бай лықты бағалай алмай жүр гені­міз байқалады. Келген бай лық адал еңбектің нәтижесі болса, маң дай теріңмен келсе, мүм кін ой ланған болар ма едік? Байлық шашуды емес, жинауды, еселеуді, үнемдеуді қалайды. Бай лықтың иесі мен киесі

болады. Біздегі байлықтардың иесі бол ған мен, киесі жоқ. Киесіз байлық кетуге, шашылуға дайын тұрады. Абай сөзімен айтқанда, «иттікпен тапқан малды, адам­шы лықпен жұмсайтын» уақыт жеткен тәрізді. Бұл – бүгінгі байлықты ұқсату мен жаратудың формуласы. Оның менталдық негізіне жататын қасиеттер – надандық, мақтаншақтық, жалған бақталастық пен бәсекелестік, шек тен шыққан тұтынушылық пси хология. Бұл жағымсыз қасиет жеке бастың деңгейі нен асып, қоғамдық нормаға айна лып бара жатқаны да белгілі. Руха ни жаң­ғырудың менталдық кедер гілері де осында.

Елбасының прагматизмнің жарқын үлгілерін бабаларымыз­дың өмір салтынан іздеп, оны бүгінгі өскелең ұрпақтың мі­нез­құлықтық негізі, іргетасы ретін де қалыптастыру, бүгінгі ұлт тық идеологияның басты ба ­ғыт тарының бірі екенін баса көр­сетуі өте орынды. Ұлт мента ли­тетінде өзіндік орны бар құнды­лық тардың бірі үнемшілдік, қана ғат шылдық. Соңғысы астам­шыл дық пен ысырапшылыққа жол бер меудің тегеріштері, тос­қауыл дары. Кезінде Макс Вебер өзінің «Протестанттық этика және капитализм рухы» атты еңбегінде ысырапшылдық пен астамшылдыққа жол бермеуді протестанттық этикадан ізде­гені белгілі. Еңбекқорлық, тәр­тіп адалдық, үнемшілдік кәсіп ­керліктің рухани негізі ре тінде қарастырылып, олар ды протес­тантизм дінінің өрке ниет тік дамуға қосқан үлесі ретін де қарас тырды. Адамдар бо йы н­дағы еңбекқорлық пен үнем­шіл дікті тек протестанттық діни эти ка қалыптастырды десек ар­тық айтқан болармыз. Осындай ас там шыл пиғылы үшін кезінде

Макс Вебердің жоғарыда аталған еңбегін Люк Болтански, Эв. Кьяпелло, Хенрик Гроссман сын­ға алған болатын. Олай бол са, еңбекқорлық, үнемшілдік, тәртіп, адалдық, кімге де болса ортақ қасиет. Ұлт мәдениеті неғұр лым осы жоғарыда аталған құн ды­лық тарды адамдар іс­әре кетінің негізі ретінде қалып тастыруға ұмтылса, ықпалы мен пәрмені күш ті болса, саналы түрде бағыт­тал са, аталған құндылықтар сол ғұр лым адамдар санасы мен мі нез­құлқында көрінері сөзсіз. Ел ба сы ның ұлт менталитетінсіз, мә де ниетінсіз жаңғыру дегеніміз құр жаңғырыққа айналуы оп­оңай деп отырғаны да осы.

Астамшылдық пен ысы рап­шылдыққа жол бермеудің озық үлгілері ұлт мәдениетінде, қазақ ­тың мақал­мәтелдерінде, дүние­таны мы мен философиясында сай рап жатыр. Мәселен, Абай өзі­нің қарасөздерінде, ішсем, жесем, ұйықтасам деп туа тын бала емес, көрсем, біл сем, үйренсем деп туатын бала ны тәрбиелеп, оны білімге, ғылым ға үйретіп, жеңдіріп, қанағат шыл дық пен үнемшілдікке үй рету керектігін талай айтқан болатын. Сонымен қатар, ол мақ­тан шақтықтың түрлерін көр сетіп, «десін» дейтіндердің «демесін» дейтіндерден озып кету себебін іздеп, оның түбі надандық екенін, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселерден озбақ. Одан басқа нәрселерменен оздым ғой, демектің бәрі де ақымақтық, – деп, ой түйген болатын.

Бұған қояр тосқауыл қайда? Тосқауыл – білім мен тәрбиеде. Бірақ, бізде білім жалаң. Бұл оның қазіргі кездегі басты ерек­шелігі. Ол адам бойындағы ізгі­лік ті еселеуге бағытталмаған. Ол үнемдеуді, рационалды өмір салтын құруды, соған сәй кес мінез­құлық салтанатын ор­нық тыруды үйретпейді. Себебі, қоғам да тұтыну психологиясын наси хаттайтын ұстанымдар ба­сым. Ол табиғат, жер, адам және қаржы лық, технологиялық, эко­ло гия лық ресурстарымызды пай­да ланған кезде көрініп жатады.

Білімнің гуманитарлық, тәр­биелік бағыты кейінге ысы­рылғаны соншалықты, жоғары оқу орындарында гуманитарлық, дүниетанымдық пәндер мен кафедралар жабылып, білімге

жалаң утилитарлық көзқарас қалыптасып отыр. Абай: «ғылым­сыз ахирет жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан руза, қылған қаж ешбір ғибадат орнына бармайды », деген еді. Сол тәрізді, бүгінде гуманитарлық білімсіз, шынайы ғылымсыз прагматизмді тек жалаң пайда табудың көзі деп түсінсек тағы да қателескен болар едік. Білім беру жүйесінде прагматизм шынайы шығармашылықтың негізі және адам ойының қозғаушы күші бола алмайтыны тағы белгілі. Ал, бола қалған жағдайда мұндай білімнен өзіндік ойлау, дүниетанымдық құндылықтар шет қалады, білімге деген тұтынушылық көзқарас қалыптасады. Бұл үрдіс, әсіресе, ақпараттық қоғамда кең етек алып отыр. Соның нәтижесінде, жастардың дүниетанымы мен санасы басқа, жат идеологиялық ағымдардың ықпалына тез түсуде. Олай болса, білім беру жүйесінде қазақы прагматизм адамдардың тұлғалық қасиетін дамыту арқылы жүзеге асуы тиіс. Ұлттық мәдениетіміздің асыл құндылықтары негізінде тәрбиеленген, ұлттың рухани тамырынан нәр алған адам ғана, мына аумалы төкпелі заманда өмір сүру үшін өзгере алады және заман ағымындағы өзгерістерді дұрыс қабылдай біледі.

Сондықтан да, білім беру жүйе сінде тұлғаны қалыптас­тыру декларация күйінде қалмай, нақты тұрғыдан іске асуы тиіс. Ондай адам мақсатшыл, нәтижеге қол жеткізу үшін еңбектенетін, өз тағдырының иесі. Ол өз өмірін жоспарлай алатын, стратегиялық тұрғыдан болашағын болжай алатын тұлға. Абай: «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін отта ған хайуанның бірі боласың; адам­шы лықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлы­ның бірі боласың» демеп пе еді? Қазақы прагматизмнің ерек шелігі де осында. Елбасының праг мати­калық философиясы осын дай ойларға жетелейді.

Төлеуғали БУРБАЕВ, Жоғарғы сот жанындағы

Сот төрелігі академиясының әлеуметтік-гуманитарлық

пәндер кафедрасының меңгерушісі, Қазақстан

халқы Ассамблеясы Ғылыми сарапшылық

кеңесінің мүшесі, философия ғылымдарының

докторы, профессор

Рухани жаңғыру күретамырлары

Тәуелсіздіктің бесігінде тербелген, Мәңгілік Елдің іргетасын қалаған, әлем дік қоғамдастықта өзіндік дауысы бар Қазақстанның үшінші жаңғыруына қадам басқанда стратегиялық дамудың, ізгі мақсаттардың қайнар көздері мен күретамырын нақты, дәл, дөп айқындау, тереңнен тану ең бір абзал, өнегелі іс болса керек-ті. Бұл ретте ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» дейтін кең құлашты мақаласында ке-сек-кесек парасатты пайымдаулар, түйдек-түйдек көсем пікірлер тайға таңба басқандай келісті таңбаланған. Бұлар – өркендеуіміздің шарайнасы, кемел келешегіміздің құбыланамасы.

Задында, рухани жаңғырудың, жан жарығымен кемелденудің, «сәулелі кісі» атанудың кілті – «ұлттық кодыңды сақтай білу», «ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттың салт­дәстүрлерін алда ғы өркендеудің берік діңі ету», дейді Елбасы. Негізінде, ұлттық сана дегені міздің өзі – мемлекеттік сана. Ұлтт ық­мем лекеттік сана бар жерде тіл, дәстүр лер, ұлы эпос­тар, тарих, ізгілік қағидат та ры қорғалады, жоғары деңгейге көтері леді. Сөйтіп, өрке ниетті елдердің сана тын да көрінуге жойқын серпін берері сөзсіз.

Жоғары ұлттық сана ақылды, арлы, ғылым­білімге ынтық, сұлу мінезді май­талман маман болуға құлшындырады. Елшілдікті, мемлекетшілдікті, ізгілікті құнттап, адал қызмет жасауды мұрат етеді. Абай: «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез де­ген нәрселермен озбақ» десе, бәсекелік қабілетті де, адамшылыққа, биік санаға ие болуды да қозғап отыр. Бұл тұста ел Президентінің: «Адам баласы шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі» деген хикмет сөзін келтіруге болады. Құран Кәрімде «Адамды құт иесі қылдық» делінген. Демек, адам баласы ақыл­қайраттың, буырқанған жігердің, өнердің, білімнің, сезімнің, берекелі әрекеттің, биік сананың иесі. Рухани жаңғырудың өлшемі осылар. Ел көсегесінің көгеруіне де өлшеусіз қасиеттер қосатын, бәсеке­жарыста алға аршындап бастыратын, озды­ратын осылар. Сонымен қатар, ел аузын­да «Халықтың ақылы – мұхит, Дананың ақылы – дария» деген даналық сөз бар. Ендеше, Елбасы тарихи тәжірибелерге, ұлттық­рухани құндылықтарға, «тамы­рымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиет­тер ге», тілге, әдебиетке, музыкаға, ұлттық рухқа, ұлттық болмысқа жүгіне отырып, жаңаша, тамаша, жарқын сипаттармен толықтыруды ерекше ескертеді.

Әрбір адамның интеллектуалдық мәде ниетін, ұлттық санасын кемелден­діруді көздегенде уақытты үнемді, ұтымды қолдану, яғни еңбекті ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру, қағазбастылықтан ары­лу, кәсіби біліктілігі жоғары талант­тыны қолдап­қорғау, даңғыл жол ашу, әділетсіздік, опасыздық істерді терістеу, үйренген білімді ісіңде, сөзіңде, қимыл­әрекеттеріңде қолдану, «тіршілікке қа­жет ті жарық сәулені сырттан алмай, өзің оған шырақшы болу, оған өз жаның ның сәулесін түсіріп, жана білу» (Саллютий) және Елбасы көрсеткендей, білім орда­лары ның аудиториясында толық қан ды сапалы білім беріп, келе шектің тұлға сын тәрбиелеп өсіру, гуманитарлық кафед ра­лардың мәртебесі мен дәрежесін көтеру – басты парыз.

Елбасы қазақ әліпбиінің тарихын VІ­VІІ ғасырлардағы «Орхон­Енисей жазуларынан» бастап ой сабақ тайды да, «латыншаға көшудің терең логикасын» бағамдаумен қатар, «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын және Ұлттық аудар ма бюро­сын құру мәселесін қозғайды. Әлем нің таңдаулы, үздік, заманауи 100 оқулы­ғы ның қазақ тілінде сөйлеуі дегені міз олардың оқулық жазудағы шебер лігі, әдіс­тәсілдері, әдеби­мәде ни, тарихи­фи­ло софиялық айғақ­дәйектемелері сөз сіз қажет әрі төлтума оқулықтар туын датуға мұрындық болуға тиісті.

Ұлттың, ұрпақтың патриоттық рухын жаңғыртуда «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» атты бағдарламалардың мәні зор. «Туған жер» дегеніміздің өзі, тұтастай айтқанда, Ұлы Дала елі, республикамыздың аумағы. Өлкетану жұмыстарын жандандыру, туған жерді түлету айрықша бір кешенді шаруа. Ел қондыру, егін шаруашылығын дамыту, ел қоныстанған соң инфрақұрылымдар жүйесін жасақтау, төрт түлік мал өсіру, байырғы елді мекендердің атауларын қал пына келтіру, су­нуға, аң­құсқа, ор­ман­тоғайға, тау­тасқа бақылау жасау, ен байлыққа ие болу. Тағы бір айта кететін нәрсе – сөздік қорымыздағы алуан сырлы ұғым­түсініктер, халықтық символдар, сөз­образдар қайтып оралуға тиісті.

Өлкетану жұмыстарын сәтімен жүргі­зер болсақ, онда облыс орталық тарын­дағы университеттердің оқу бағдар лама­ларына «Өлкетану» пәнін енгізіп, сол өлкенің тарихын, табиғатын, география­сын, археологиясын, экологиясын, демо­графиясын, руханиятын, ономастикасын түбегейлі зерттеп, қопара жазу керек. Сондай­ақ, бұған «100 жаңа есім» жоба­сының өңірлік нұсқасы да енеді.

Тоқетері, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақала­сында сырлы­сымбатты тіліміздің, ұлттық санамыздың, ата тарихымыздың, ата жұртымыздың, ата дәстүріміздің, төлтума мәдениетіміздің жасампаз, өркендемпаз қуаты мен құдіреті шынайылықпен сипатталған. Осыны жүзеге асыруда ру­хани жаңғыру күретамырларын тап басып таба білейік.

Серік НЕГИМОВ,

Қазақстанның еңбек сіңірген

қайраткері

Білімді елдің келешегі кемел

Қазақы прагматизм–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ХХI ғасырдағы ұлттық сананың өзгеруі бүгінгі қоғам дамуының басты талабы екенін көрсете отырып, оны экономикалық, саяси, рухани дамудың өзегіне, қозғаушы күшіне айналдырудың маңыздылығын атап өткен. Заман талабына сай біртұтас ұлт болу үшін Елбасы рухани жаңғырудың әдістемелік ұстанымдары мен қағидаларын, дүниетанымдық бағыттары мен құндылықтарын саралай отырып, өз көзқарасын оқырман назарына ұсынған. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––«Егемен Қазақстан» газетінің бетінде өзекті мәселе көтерген мақаласында Елбасы идеологиялық жұмыстарға баса мән беріп, осы бағытта нақты міндеттер жүктеді. Мақаланың жалпы мазмұны кейінгі жылдары елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси-экономикалық, конституциялық реформа-лармен, ауқымды стратегиялық бағдарламалармен тығыз байланыста екені даусыз. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

рухани жаңғыру

Page 6: Діни бас‡арма ‹кілдерімен кездесті2017/04/20  · Мұхтар Наурызбайұлы - «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы

6 20 сәуір 2017 жылқоғам

Мирас АСАН,«Егемен Қазақстан»

Өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, апаттық-құтқару және жедел жұмыстар барысында су басқан аймақтардан 1906 адам эваку-ацияланып, 5486 ірі қара мал басы қауіпсіз жерге көшірілген. Су тасқыны кезеңінде елді мекендерді қорғау және еріген

қар суын жіберу үшін 17,415 шақырым қорғау бөгеттері бе-кітіліп, 35 100 бірлік құм қап-та ры 1 264,5 текше метр су дың та ртылуына сеп болған.

Осы шараларда облыс бойы- нша авариялық-құтқару және жедел жұмыстарына жеке құрамнан барлығы 2503 адам, 746 бірлік техника, 7 су тарта-тын құрылғы және 29 сүңгуір жұмылдырылған.

Алдын алу шараларына қарамастан, қар суы қатты қар-қын алып, 17 сәуірде Нұра ау-данының Тассуат ауылында Нұра өзенінің су деңгейінің кө-терілуіне байланысты 10 үйді су басты. Алдын ала 56 адам ту ысқандарына эвакуациялан-ды. Жұмыстарға 59 адам мен 36 бір лік техника жұмылдырылды.

Ақтөбе ауылындағы су де ң-гей інің төмендеуіне байланыс-ты алдында эвакуацияланған 62 адам мен Андрейниковка ау ы - лындағы 10 адам өз үйлеріне қай тты. Жағдай бақылауда тұр.

Қарағанды облысы

Жамбылда жағдай тұрақты

Семейдің Жиенәлі ауылдық округіне қарасты 43-ші шақы ры-мында еріген қар суы тас жол-дың астындағы су өтетін өт келді бұзып кеткен. Жол да әрі-бері жүруге жарамсыз болып тұр. Қазір оқиға орнында қалпына келтіру жұмыстары атқарылып жатыр. Семейдің Затон бөлігіндегі кептелген мұздардың бөлігі Ертіс бойымен Шығыс Қазақстаннан сыртқары ағып кеткендіктен, қазірде қауіп сейілді. Семейге іргелес Бесқарағай ауданына қарасты бірнеше ауыл дәл осы Ертіс жағасында орналасқан.

Бұл тұста еріген қар суы мен үсті-үстіне құйыла жауған жаң -быр аудан маңындағы екі ша-ғын өзенді және жерасты су-ларын та сытып жіберді. Соған орай, ау ыл да 9 үй, 10 аулаға су кіріп, 20 адам құтқарылды. Аудан әкімі нің міндетін атқарушы Ер-болат Рахметуллиннің айту ын ша бүгінде жедел штаб құ рылып, олар күндіз-түні жұмыстар атқаруда. Қосымша 40-50 адам көмекке келіп, 8 техника жұмылдырылып, су басқан жерлер тазартылған. Қау іпті тұстарға 6 мың тонна инертті ма териалдар төгіліпті.

Әзір ге тәу лік бойы жүргізіліп жат қан жұ мыс тар мен сақтық ша-ра ларына орай Бірлік, Жетіжар ауылдары су тасқынынан аман.

Ертістің жағасындағы 500 тұрғыны бар Кривинка ауылын тасқыннан сақтап қалу үшін өзеннің мұзын жару жұмыстары шұғыл түрде қолға алынды. Семейдегі Төтенше жағ дай лар басқармасы мен «Шы ғыс жа ры лысөнеркәсіп» ме ке ме ле рі нен келген 16 маман 600 кило грам нан астам жарылғыш затты қа лыңдығы 60 сантиметрлік мұзға қой ыпты. Ал 130 үйге ескер-ту па рақшалары таратылған.

Ертіс бойында жағдай әзірше бірқалыпты.

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА,

журналист

СЕМЕЙ

Нұрбол ӘЛДІБАЕВ,«Егемен Қазақстан»

Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен алынған мәліметке сүйенсек,

Іле Алатауы, Жетісу (Жоңғар) Алатауы және Хантәңірінің басында ғана қар қалыпты. Мұздақтар жылдағыдай ші-ліңгір шілденің ортасын да ғана еритіндіктен, бө гетт ерде

бұл қынып, салалық қыз мет кер-лерді әбігерге түсіруі мүмкін. Ал әзірге еш алаңсыз шаруаны күйттей беруге болады.

Жаздың аптап ыстығында тек Шарын өзені мен Көлсай көлдері арналарынан асып жат-са, бөгеттер бүлініп қана қоймай, етектегі елді мекендерге қауіп төндіретіндігін де ұмытпаған ләзім. Бірақ дәл қазір оған алаңдайтындай себеп жоқ, деп отыр мамандар.

Алматы облысы

Өмір ЕСҚАЛИ,«Егемен Қазақстан»

Оның бастамасы өзге кә сіп кер-лер тарапынан қолдау тапты. Ар да-гер лер кеңесі, «Қызыл Жарты Ай» қо ғамы да қолұшын беруге әзір. Сөй тіп, бүгінде су тасқынынан өте-мө те қиындық көрген отба-сыларына қай ырымдылық жа-сау мақсатымен ар найы есеп-шоттар мен пункттер ашыла ба-стады. Жиналған қаражат пен құрылыс заттары, тұрмыстық бұй ымдар Рузаев ауылдық ок-ру гінің тұрғындарына табыс

еті ле ді. Новоишим ауылындағы «Балицкий» ЖК құрылыс алаңында ма териалдық көмектерді сақтауға жә не үлестіруге арналған екі пункт құ рылды.

Су тасқынына душар болған «Богатырев» серіктестігінің жетек-ші сі Алихан Барахаевтың күпті көңілі орнына түсіп, үрей уайымнан арылған сыңайлы. Жергілікті билік орын дары келген залалды өтеп, көк темгі егіс науқанын талапқа сай өт кізуіне уәде берген. Сол си яқ ты Мак сим Руденко, Сергей Си не ль-ник секілді тұрғындар да өте ма қы-дан үмітті.

Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент мамандарының сөз-д е р іне қарағанда, таяу күн дер дің ішінде Есіл өзені арнасынан аса-ды деп күтілуде. Петропавл су то рабының жетекшісі Қайрат Мұ-ха мадиев су деңгейі бір қа лып та ұс талып тұрғанын, тас қын ға қар сы құ рылған комиссия шұ ғыл ат қа-ра тын шараларды нақ ты ла ға нын жет кізді.

Аймақ басшысы Құмар Ақ са қ-алов жағдайды тікелей өз ба қы лау-ына алып, көмек шараларын, шы-ғын ды есептеу жұмыстарын жедел жүз еге асыруға, қауіп-қатердің ал-дын алуға, туындай қалған жағдайда бар лық күшті жұмылдыруға нақты тап сырмалар берді. Селекторлық жиында су шайған аумақтар мен қатты зардап көрген адамдарға жан-жақты қолдау жасалатынын, дүрлігуге ешқандай негіз жоқтығын қадап айтты.

Солтүстік Қазақстан облысы

Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,«Егемен Қазақстан»

Тасқын су аймақтағы елді ме кендерде орналасқан 36 үй мен аулаларға жайылған бола-тын. Апатты жағдайдың алдын алу мен шұғыл ұйымдастыру жұ мыстары дер кезінде жүр гі-зіл гендіктен, бүгінде тұр ғын-дар өз үйлеріне орала бас тады.

Жалпы, өңірде соңғы кез-де рі күн күрт жылып, қардың еруі же делдеген. Соның сал-дарынан Жамбыл ауылына тасқын қаупі тө ніп тұр. Еріген қар суы мұнда 22 үй мен аула ішін басып қал ды. Ағын су, сондай-ақ, 4 өт кі зу каналының 200 метрдей тұ сын жарып

өт кен. Қазір су сору және оны қау іпсіз жермен ағ ы зу жұ мыс-тары жалғасуда.

Жергілікті тұрғындарды ал-дын ала хабарландыру мен қау іп - сіз жерге көшіру жұ мыс тары да уақтылы жүргізіліп, орын алу-ы мүмкін қауіп-қатер көлемі азайды. Бүгінде су басқан ай-мақтарда төтенше жағдайлар жө ніндегі құрылымдардың ма-ман дары мен жергілікті жер дің по лицейлері, тиісті ме ке ме л ер-дің өкілдері қауіпсіздік ша ра ла-рына жұмылдырылған.

Кеше Қостанай облысының аумағына Жамбыл облысының жедел-құтқару қызметі көмекке келгендігін де айта кетейік.

Қостанай облысы

Жәрдем жан-жақтан жасалуда

–––––––––––––––––––––––––Қазіргі кезде облыстық Төтенше жағдайлар департаменті, жер­гі лікті атқарушы органдар мен жер гілікті полиция қызметі бірлесіп, судан зардап шеккен елді мекендерде қызу жұмыстар жүргізуде.–––––––––––––––––––––––––

Ешкім көмексіз қалмайды

Темір ҚҰСАЙЫН,«Егемен Қазақстан»

Ол Махамбет, Кірпішті ауыл- дары мен бау-бақша ұжым да-рының ағымдағы жағ дай ымен та нысып, Елек, Сазды өзен де рі-нің сағасын қарап шықты.

Бердібек Сапарбаев саяжай алқаптары тұрғындарын тың дап, үйлерін аралап шықты.

– Жағдай оңай емес, әрине, және тек Ақтөбенің басына түсіп отырған жоқ. Бұл уақыт-ша қиындықтар, кішкене са-быр сақтау қажет. Біздің мін-де тіміз – осы мәселенің ше ші-луі не барынша атсалысу. Ең

бастысы – дүрлікпей, бірлесе отырып бір-бірімізді қолдауға тиіспіз. Ешкім назардан және жәр демнен тыс қалмайды, бі-рақ көрсетілетін көмектің бар-л ығы заң аясында болады. Кел-ті рілген шығынды анықтап, су тасқыны салдарын болдыр-мау шараларын жүргізетін қалалық комиссия құрылған бо латын. Комиссия әрбір отба-сымен жеке-жеке жұмыс жа-сап, олардың материалдық жағ дайын қарастыра оты-рып, шы ғындарын бағалайды. Бірақ, ол үшін құқық белгілеуші құжаттар қажет. Комиссия әрбір үй бойынша нақты шешім

қабылдайтын болады, – деп түйіндеді өз ойын өңір бас-шысы.

Сондай-ақ, облыс әкімі №40 және Қарғалы орта мек теп те-рін дегі уақытша орналастыру бе кеттеріне де барды. Мұнда 500-ден аса адам бар, олардың 200-і бала.

Еске сала кетейік, Ақтөбеде жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған болатын. Өңірде саяжайлардағы 597 үй мен ауланы су басып, 1510 адам қауіпсіз жерлерге көшірілді, 69-ы құтқарылды. Адамдар су басқан орындардан кереует, көрпе-төсек, ыстық тағамдары бар уақытша көшіру орындарына орналастырылды. Орта мектеп-тер жанынан 7 бекет ашылды. Оның төртеуіне 832 адам орна-ластырылса, 325-і балалар.

Ақтөбе облысы

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев көктемгі су тасқынынан зардап шеккендердің барлығына көмек болаты­нын мәлімдеді. Облыс басшысы өңірде орын алған төтенше жағдайға байланысты қысқа мерзімді еңбек демалысын үзген болатын.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Ғ.Мүсірепов ауданында тасқын су салдарынан төтенше жағдай жариялануы облыс тұрғындарын бейжай қалдырған жоқ. Зардап шеккендерге іле­шала қайырымдылық шараларын ұйымдастыру басталып кетті. Алғашқылардың қатарында Аққайың ауда­нына қарасты «Дайындық» ЖШС­нің директоры Біржан Шаймерденов үн қосып, жерлестерін ерікті акцияларға белсене қатысуға шақырды. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Ақпарат шындыққа жанаспайды

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Соңғы күндері еліміздің аймақтарында орын алып жатқан су басу оқиғалары Алматы жұртшылығының наза­рын аударды. Екі − үш күннің айналасында әлеуметтік «WhatsApp» желісінде жаппай таратылған «Алматыдағы Қарғалы бөгеті арнасынан асуға шақ қалыпты» деген хабарламаның анық­қанығына жету мақсатында Төтенше жағдайлар департаменті мамандарына хабарласып, мән­жайды білген едік.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Дүрлігуге негіз жоқ

Адамдар үйлеріне орала бастады

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,«Егемен Қазақстан»

Төтенше жағдай, әсіресе, Атбасар ау-данында айрықша сезілді. Оның алдын алу үшін Төтенше жағдайлар комитетінің 9 дана техникасы, 4 жүзу құралы және 46 адамы іске қызу кірісіп кетті. Бұдан басқа, жергілікті полицияның 26 техни-касы мен 70 қызметкері және жергілікті атқарушы органның 39 техникасы мен 154 адамы жұмылдырылған. Жалпы, табиғи апат орын алғаннан бергі уақытта Атбасар қаласында 454 тұрғын үй судың астында қалды. Су басқан аумақтардан 1379 адам өзге жерге көшірілді. Сонымен қатар, 359 бас үй жануары да қауіпсіз жерлерге әкетілгендігін айта кету керек.

Атбасар ауданының әкімі А.Никишов плотина бөгеті күшейтілмесе зардап сал-дары бұдан да көлемді болар еді дегенді баса айтты. Оның сендіруінше, бұған дейін төселген топырақ үйіндісі суға айтарлықтай тосқауыл бола алған. Бүгінгі таңда атбасарлықтарға жан-жақтан көмек келуде. Арнайы штаб құрылып, су апаты-нан зардап шеккендер ге көмек көр сету үшін ақша, азық-тү лік және киі м-кешек жиналуда. Со ны мен бірге, ме дициналық көмек пен пси хологиялық қолдау көрсету жұмыс тары да кеңінен жүргізіліп жатыр.

Ал Целиноград ауданында су ағызу жұмыстары күшейе түскен. Яғни, су ар-наларын кеңейту, бөгеттерді нығайту және мұздардан тазарту қолға алынған. Және де 1700 дана қап төселіп, 1200 тонна инертті материалдар жеткізілген. Тағы ерекше атап кетерлігі, қатерлі аумақтардан 17 мың текше метр қарғын су сорып алынған. Аршалы ауданының Жібек жолы ауылында су деңгейіне мо-ниторинг жүргізілуде.

Жалпы қазіргі таңда Сандықтау, Балкашино және Максимовка елді мекендерінде судан тазарту жұмыстары жүргізілді. 10 740 текше метр су со-рып алынды. Табиғи апатпен күресу кезеңінде тонаушылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында жергілікті полиция қызметі тарапынан кезекшілік ұйымдастырылды.

Ақмола облысы

Арман ОКТЯБРЬ,«Егемен Қазақстан»

Мамандар жағдайдың жіті бақылауда екенін алға тартты. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойы- нша қойылған міндеттер жүйелі түрде іске асырылып келеді.

– Соңғы бірнеше күнде «WhatsApp» желісі арқылы Қар ға лы бөгеті жарылып, Ал-ма ты аумағын су шайып ке-ту қау пі бар, деп елді дүр лік-тірген жал ған хабарлама тарай бас тады. Осыған байланыст ы, Алматы қаласы Төтенше жағ-дай лар департаментінің аты-нан бұл ақпараттың шындыққа ж анаспайтынын мәлімдейміз. Қазіргі уақытта бөгет транзиттік режімде жұмыс істеуде. Осы арқылы су еркін ағып, бөгет тол-майды. Су шығыны секундына

0,51 текше метрден аспайды. Бөгеттің құрылымында қақпа болмағандықтан, су ағу жүйесі автоматты түрде реттеледі. Қаз-іргі уақытта су толмаған. Бө гет кестелі түрде жұмыс іс теуде. Жағдайға байланысты, АГЭУ «Казселезащита» КЧС пен Ішкі істер министрлігі күніне 3 рет рейтинг жүргізуде. Еш алаң-дауға негіз жоқ. Жағдай тұ-рақ ты бақылауда, – деді Ал-маты қаласы Төтенше жағ дай -лар департаментінің ре с ми өкі лі Сандуғаш Баймұ хам бетова.

Сондай-ақ, төтенше жағ-да й л ар қызметінің маманда-ры жұртты даурықтырып жал-ған ақпарат таратқандар әкім-шілік және қылмыстық жау ап-кершілікке тартылатынын айтты.

АЛМАТЫ

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Сәуір айының орта шені Жамбыл жері үшін де жауын­шашынды болды. Екі күн толассыз жауған жаңбыр жер өрісін кеңіткенімен, халық көңілін аласапыран еткені анық. Бірақ өңірде ешқандай су тасқыны, бөгетті бұзу оқиғалары орын алған жоқ. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Хамит ЕСАМАН,«Егемен Қазақстан»

Тек өткен тәулікте Тараз

қаласы тұрғындарынан об-лыстық Төтенше жағдайлар де партаментіне жеке тұрғын үйлердің ауласын су басу ту-ралы хабарламалар түскен. Нәтижесінде тәулік бойына 16 адам, 5 бірлік техника, 4 мотопомпа күшімен 30 үйдің ауласынан су сору жұмысы жүргізілген. Сонымен қатар, 27 адам және 2 техниканың кө -мегімен су сору, дренаж ка нал-дарын қазу және тазарту жұ-мыстары да нәтижелі аяқ та л ған.

Бүгінгі таңда Жамбыл об лысының меншігінде 102 су қоймасы бар. Оның 69-ы облыстық «Жамбыл су қой-м а л а р ы » к о м м у н а л д ы қ

мем ле кеттік мекемесіне қарайды. Аталған мекеменің өндірістік-техникалық бөлімінің басшысы Мақсат Жұматов су тасқынын болдырмау және тұрғындардың қау іпсіздігін қамтамасыз ету мақ сатында барлық ау дан ның әкім діктерімен бір ле сіп, тәу-ліктік кезекшілік ұй ым дас ты-рылғанын, сондықтан өңірде еш қандай қауіптің жоқтығын ай тты.

Негізінен, облыстағы су қой маларына Талас, Шу және Аса өзендерінің 20-30 пайызы ке ліп құяды. Бүгінде бұл өзен-дер дегі жағдай да тұрақты. Сон дай-ақ, Қорағаты, Тамды, Ша бақ ты сияқты шағын өзен-дер мен тау суларынан, бұ лақ сулары нан да келер қауіп жоқ.

Жамбыл облысы

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Семей қаласының көшелері көлкіген суға толып, күрт еріген қар суы даңғыл жолдармен қатар, қала шетіндегі жер үйлердің ішіне де кіріп кеткен еді. Қазіргі уақытта жағдай қалпына келді. «Облшығысжол» мекемесі мамандарының айтуынша, тек «Семей – Курчатов» тас жолының 4­130 шақырымы арасында ғана көлік қозғалысына шектеу қойылыпты. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Ахуал алаңдатарлықтай емес

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Қазіргі уақытта Қарағанды облысының елді мекендерінде су тасқынына қарсы апаттық­құтқару жұмыстары жалғасуда. Бұқар жырау, Қарқаралы, Абай, Шет және Нұра ауданда­ры ерекше бақылауда тұр.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Қауіп-қатер көлемі азайды

Тау өзені тасымады

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қостанай облысының Қарасу ауданына қарасты 4 елді ме­кен аумағында су сору мен тасқын суға қарсы жүр гі зілген жұмыстар нәтижесінде тұрғындар өз үйлеріне орала бастады.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Жетісу жерінде биыл көктем жайымен келді. Жаңбырлы болғанымен, жадырай шыққан күн таулардағы ақ қарды өз мезгілінде ерітіп те отырды. Сондықтан Талғар, Есік, Түрген, Қаскелең, Қарғалы, Сарқан, Ақсу, Тентек, Қаратал өзендері арналарынан аспай, арындамай ақты. Нәтижесінде елді мекендерге қар суының қаупі төнген жоқ. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Page 7: Діни бас‡арма ‹кілдерімен кездесті2017/04/20  · Мұхтар Наурызбайұлы - «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы

20 сәуір 2017 жыл 7делегаттар лебізі

болашағымыз – бірлікте!

біз – қазақстандықтармыз!

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Батыс Қазақстан облысының орталығы – Орал қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимараты немесе «Достық үйі» өткен жылдың ақпан айында ашылды. Бұл күн өңірдегі ұлттық-мәдени орталықтар өкілдері мен қоғамдық ұйым жетекшілері үшін ең салтанатты мерекенің бірі болған еді. Орал қаласының ең сәулетті, су жаңа «Астана» шағын ауданында бой көтерген жаңа ғимараттың тұсаукесер рәсіміне Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының сол кездегі орынбасары, Ассамблея Хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжанов арнайы келген-тін.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Киелі Маңғыстау өңірінде бүгінде 50-ге жуық этностың өкілдері өмір сүруде. Әр мерекеде қоян-қолтық араласып, ұйымдаса жөнелетін ұлттардың ұрпақтары, тіпті 14 наурызда Отпан таудың басында Амал мерекесіне жина-лып, көрісуді де ұмытпайды.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––Біз алдағы 26 сәуірде өтетін ҚХА- ның ХХV сессиясы қар са-ңын да осы жиынға бара жатқан де легаттарға жолығып екі сұ рақ-тан қойған едік.–––––––––––––––––––––––––

26 сәуірде Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен «Жаңғырудың негізі – тұрақтылық, бірлік, келісім» күн тәртібімен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясы өтеді. Осыған орай тақырыпқа байланысты материалдар топтамасын ұсынамыз.

қоғам

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,«Егемен Қазақстан»

Ақтауда «Достық үйі» Мемлекет бас-шысы Н.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, тәуелсіздіктің 25 жылдығына әзірлік аясында, 2015 жылы желтоқсанда ашылды. Маңғыстау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан ашылған «Достық үйі нде» қазіргі таңда «Қоғамдық

келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ор на ласқан.

– Маңғыстаудағы барша ұлтты бір шаңыраққа біріктіретін «Достық үйінде» бар лық жағдай жасалған. Облысымыздағы эт номәдени бірлестіктер мен жастар ұй ы- мының мүшелеріне арналған арнайы ка-бинеттер ашылды. Кабинеттер замана-уи құрал-жабдықтармен қамтылған. Маң ғыстау облысында Қазақстан

хал қы Ассамблеясының ашылу тарихы мен этномәдени бірлестіктердің қыз ме ті тура-лы музей жасақталды. Музейде 21 ұлттың мәдени мұрасы мен өл кемізде бірлік пен татулықты, дос тық пен ынтымақтастықты насихат тап, да мытуға қомақты үлес қосқан қо ғам қай раткерлерінің өмірі мен шы ғар-ма шы лығы туралы ақпараттар қой ылған, – дейді Маңғыстау облысы Қазақстан хал қы Ассамблеясы хат шылығының мең герушісі Г.Исмур зи на.

Өмірде орын алмай тұрмайтын күр делі жағдайларды шешуге атсалысып-араласуды да Достық үйі назардан тыс қалдырған жоқ. Мұнда сотқа дейінгі дау-жанжалды шешу жә не халыққа құқықтық, әлеуметтік кеңес

беру мақсатында, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар үшін Медиация орталығына арналған арнайы бөлме қызмет атқарады. Қызметтердің жеделдігін арттыру үшін «Шұғыл желі» телефоны қондырылды. Кең әрі күрделі жөндеуден өткен ғимаратта 500 адамға арналған концерттік зал, 50 адамға ар нал ған мәжіліс залы және кіт ап хана қыз-мет атқарады.

«Достық үйі» Елбасының бастамала-рын жүзеге асыруға қолдау көрсету, ұлт-тар арасындағы татулықты нығайту, жас-тарға ұлағатты тәлім-тәрбие беру, жер -г ілікті жердің тарихы мен мәдениетін на сихаттау бағытындағы жұмыстарды жүй елі жүзеге асырып келеді. Мекеменің арнайы бекітілген іс - шаралар жоспарына сәйкес, кең көлемді акциялар мен мәдени шаралар, дөңгелек үстел мен се минар-тренингтер, тақырыпты бас қо сулар жиі ұйымдастырылады. Әр сенбі сай ын өтетін «Бейбітшілік және бір лік сабағы» атты ашық сабағы Ақтау қа ласындағы мектеп-тер арасында зор қы зы ғушылыққа ие бол-ды. Ашық сабақ ке зінде оқушылар үшін «Достық үйіне» сая хат ұйымдастырылып, Қазақстан хал қы Ассамблеясы туралы бей-нероликтер көр сетіліп, оқушылар арасында интеллек ту алды ойындар өткізіледі. Корей және та тар этномәдени бірлестіктерінің «Жек сен білік мектебі» әр аптаның сенбі, жек сен бі күндері «Достық үйінің» кең дәлізін қызу тірлікке толтырады.

«Жексенбілік мектеп» сабақтарында қа ты сушыларға мемлекеттік тіл мен ана тілдерін оқып үйрену мүмкіндіктері қарас ты рылып, қолөнер, ән айту үй ір ме-лерінің шаралары жоспарланған. Сон-дай-ақ, жас тардың бос уақытын тиімді пай да лануы мақсатында актерлық және шешендік шеберлікті дамытуға арналған үйірме ашылды. Қазіргі таңда аталған үйірмеге жоғары сынып оқушылары мен студенттер қатысады. Әртүрлі ұлттың өкілдері репертуарына өздерінің ән-би-ле рі енгізілген концерт қойып, елі міз дегі достық пен татулықты насихаттап, бір шаңырақ астында бір үйдің баласындай өмір сүріп келеді.

Маңғыстау облысы

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Үш қабатты, сәулетті сарай-да бүгінде Батыс Қазақстан об лысындағы 16 этномәдени бір лестік орналасқан. Олардан бас қа, Ассамблеяның жас тар қа наты мен облыстық со ғыс жә-не еңбек ардагерлері кеңе сі нің кабинеті бар. Сонымен қа тар, 150 орындық концерт з а л ы, 80 орындық мәжіліс залы бір жыл ішінде талай-талай ізгі ш а ра-ның өтуіне куә болды. Жақ сы жабдықталған медиация ка би-неті де келушілерге пайдалы қызмет көрсетіп келеді.

Бұлардан басқа, екі дайындық ка бинеті мен хореография залы, үш тілді үйрету сыныбы бар. Ки ім сақтау, бет әрлеу жеке орын дары да жұмыс істейді. Атал ған ғимаратта мүмкіндігі шек теулі адамдарға да барлық жағ дай жасалған. Пандустар мен жеделсаты орнатылған. Соң ғы үлгімен жабдықталған ды быс жазу студиясы мен ды-быс режиссерінің орындары жә не жарық түсіру кабинетінің қыз меті де ұсынылған. Үлкенді-кішілі 143 бөлмеден тұратын «Дос тық үйін» атына заты сай ын тымақтың ұясы деуге әбден бо лады.

Статистикаға қарасақ, Батыс Қа зақстан облысында 90 ұлт пен ұлыс тың өкілі тату-тәтті тұр мыс ке шіп жатыр. Өңірде бар лы ғы 50-дей этномәдени бірл е стік бол са, соның 16-сы облыс орт а- лы ғында шоғырланған.

Әңгіменің реті келіп тұр ған-да, дәл осы 16-ның атын атап, тү сін түстей кеткенді жөн көріп оты рмыз: бауырлас әзер бай-жан халқының «Бірлік» атты ұй ымы әу баста 1992 жылы қ ұ-рыл ған екен. Батыс Қазақстан

об лысында 1504 әзербайжан тұрады, оның 1109-ы Орал қа ла-сын да. Әзербайжандардың жап-пай қазақ жеріне қоныс аударуы 1930-жылдарғы саяси қуғын-сүргін кезінде болыпты. Наджаф Мамедов басқаратын «Бірлік» орт алығы бүгінде қонақжай қа-зақ жерінің гүлденіп дамуы үшін үлес қосуда.

Батыс Қазақстан облыстық «Масис» армян этномәдени қо-ғам дық бірлестігі 1995 жылы дү-ниеге келген «Ковчег-тапан» қо-ға мынан бастау алады. Бүгінде «Айдана» атты жол-құрылыс ком паниясын басқарып отырған белгілі кәсіпкер, Орал қалалық мәслихатының депутаты Аветик Амирханян өңірдегі 500-ге жуық ар мян ұлты өкілдерінің басын қо сып, «Қазақстан» атты ор тақ шаңырақтың ырысы мен ын-тымағын жарастырып келеді.

«Грамада» беларус этно-мә дени бірлестігі 2007 жылы құ рылған. Өз ұлтының ұлы дәс түрлерін жаңғыртып, туған ті лін үйрену үшін бас қосқан бе ла рустар да «Достық үйінің» тең дәрежелі «тұрғындарының» бі рі. Бұл орталықтың жұмысына Да риян ауылында құрылған «Сябры» беларус фольклор ан-самблі ерекше атсалысады. Сөй-тіп, өңірде тұрып жатқан 2 мың-ға жуық беларус өкілдерінің үні де Ақжайықтың аспанында қа -лық тап тұр деуге болады.

«Республикалық дүнген мә -дени орталығы» Батыс Қазақ с-тан облысы бойынша қо ғамдық бір л естігінің филиалы осыдан он жыл бұрын, 2007 жыл дың 22 тамызында тір кел ген екен. Саны аз болса да ұй ым шыл -дығымен талай та ғы лым ды ша-раларға ұйытқы болып жүр ген ұжымның бірі.

«Әдебиет салоны», «тарих клу бы», «Кітапхана» секілді сан

түрлі үйірмелерді үздіксіз жүр-гізіп, ағартушылық қырымен та нымал болған «Ламед» Ба-тыс Қазақстан облыстық еврей этномәдени қоғамдық бір лес ті-гін Ольга Дергачева бас қа рады.

«Еділ-Жайық қазақтары қауымдастығы» атты ұйымның дү ниеге келгеніне биыл 20 жыл-дың жүзі болыпты. тәу ел сіз дік-тің таңсәрісінде, 1990-жылда-ры қазақ жерін талан-таражға сал ғысы келетін сепаратистік ағым дарға қарсы құрылған пат-ри оттық топ бүгінде байсалды қа лыпқа түсіп, ел иесі, жер иесі ре тінде салиқалы сөз айтатын сал мақты ұйымға айналған.

Ақжайық өңірінде аты бел-гілі қоғамдық қо з ға лыс тар-дың бірі – Орал казачест во-сы. Батыс Қазақстан облысы Ассам блеясында казак ұй ым-да рының атынан БҚО «Орал-Яик казактары» қоғамдық бір-лес тігі, «Жайық Орал казакта-ры одағы» қоғамдық бірлестігі жә не БҚО «ЯИК» қоғамдық бір лестігінің фольклорлық-эт-но графиялық казак орталығы ман д ат алған. Бұлардан бөлек, «Орыс мәдениеті орталығы» БҚО қоғамдық бірлестігі тағы бар. Бірнеше ғасырдан бері өңір дің өз тұрғынына айналған орыс тар ең көпсанды диаспо-ра саналады. Облыс бойын-ша орыс тардың саны 129 982 болса, Орал қаласында 88 940 екен.

Батыс Қазақстан облысында 928 корей тұрады, оның 674-і Орал қаласында шоғырланған. 1990 жылы Корей мәдениет ор та лығы ретінде құрылған ұй ым –Ассамблеяның ең бел-сен ді мүшесі. Қазақ жеріне ко-р ей лердің зорлықпен кө ші рі л-геніне 75 жыл толған 2012 жы-лы оралдық корейлер жиналып, «Қазақ халқына мың ал ғыс!» атты монумент тұр ғыз ды.

«Хаймат» атты неміс мә де ни-ағарту қоғамы Орал қа ла сында 1991 жылы дүниеге кел ген екен. Соғыстың қиын жыл дары үй -реніскен мекенінен де пор та ция-ға ұшырап, қазақ даласын а ерік-сіз келген немістер де БҚО-дағы ең көп санды ұлттың бірі еді. Қазақ КСР-інің экономика сын, ауыл шаруашылығын кө те руге зор үлес қосқан неміс ағай ын- дардың есімдері ел есін де. Бү-гін де дені атажұртына қо ныс ау-дар ғанымен, Ақжайық өңі рін де әліге дейін неміс ұлтының 1313 өкілі тұрып жатыр.

Қазақстанның батыс өңі рін-де аты сирек естілетін ұйғыр хал қының этномәдени бірлестігі Орал қаласында 2005 жылы құ-ры лған. Ұйымның алғашқы тө-ра ғасы Нұрахмет Мәсімов өңірге та нымал беделді жан еді. Аз сан-ды ағайындарын ұйыстырып, ұй ым шыл ұжым ете білді. Бү-гін де об лыс орталығындағы сал танат ты шараларда қызыл-жа сыл киініп, әсем әуен, әдемі

би імен көрерменді тәнті етіп жүр ген ұйғыр этномәдени бір-лес тігі – Ассамблеяның тең те-ре зелі мүшесі.

Ал украиндар Батыс Қазақ-стан облысының бай ыр ғы өкілдерінен саналады. та рих-шы лар украиндардың қа зақ то пырағына қоныс аудару ын бірнеше кезеңге бөледі. Бү гін-де облыс аймағында 10 081 ук-раин тұрады, оның 3 654-і Орал қаласын мекен еткен. Орал дағы украин этномәдени бір лес тігі 1994 жылы 24 наурызда тір кел-ген екен.

«Вайнах» чешен-ингуш мә-дени-ағарту қоғамы 1991 жы-лы құрылған. Бұл ұйымның құ-рылуына чешен ұлтының асыл азаматы Мұхтар Боқаев ағамыз ұйытқы болған екен. Қазақ тіліне судай, өте білімді, зиялы ағамыз чешен халқының ертегілерін қазақ тіліне аударып, кітап етіп шығарғанымен де көпшілік жа-дында қалды. Бүгінде облыс аумағында 600-ге жетер-жетпес чешен өкілі болса да, «Вайнах» көпұлтты кеңістігіміздің пали-трасын толықтырып тұратын іргелі ұжымға айналған.

Міне, жүзі басқа – жүрегі бір, тілі басқа – тілегі бір сан түрлі ұй ымның басын қосып отырған, бақ пен берекенің бесігі, ырыс пен ынтымақтың ұясы – «Достық үйінің» «тұрғындары» осындай.

ОРАЛ

– Қазақстан халқы Ассам б леяс ы­ның ХХV сессиясынан не кү тесіздер?

Лео ШИК, Қазақстан халқы Ассам б лея сының

мү ше сі, қоғамдық ке лі сім жөніндегі об­лыс тық кеңестің тө рағасы, сессия де­легаты:

– Бұл жиын-нан біздің кү те-рі міз көп. Бұл басқосудың бұ-рын ғы бас қо су-лардан мәні өз-ге рек боларына кү мәніміз жоқ. Ел басымыз, Қа-зақ с тан хал қы Ассамблеясының тө рағасы Нұрсұлтан Назарбаев жақында ға на бар ша қазақ-стан дықтарды рухани жаң ғыруға бас-тайтын, тағылымды тарихы мызды та-разылауға, ел мен жерді қ а ді р леп, қас-тер леуге шақыратын, ХХІ ға сыр дағы ру хани бет-бейнемізді ай қын дай тын бағ дарламалық мақаласын жа рия ет-ті. Алдағы алқалы жиында Президент әлем нің дамыған 30 елінің қатарына ену ге жол ашатын стратегиялық құ жат-ты жүзеге асырудың нақты жолда рын нұс қап, Ассамблея мүшелеріне тың мін-деттер жүктейді деп ойлаймын.

Равиль ЮНУСОВ, Шығыс Қа зақ стан облы сы Қа зақ­

стан ха л қы Ассам б лея сының жас тар ли гасы тө ра ға сы ның орын ба са ры, та­тар эт но мә дени бір лес ті гі нің мүшесі, сессия делегаты:

– Қазақстан хал қы Ассам б-лея сының әр бас-қо суының өзін дік орны бар. Сес сия-ның әр жи ыны өз-геше өте ді. Ал қа-лы жи ын ды асы-ға, та ғат сыз да на кү те ті німіз содан бол са керек. Би ыл ғы басқосу, сөз жоқ, Ел-ба с ының жуықта бас пасөз бетінде жа рық көр ген «Бола шақ қа бағ дар: рухани жаң -ғы р у» атты ма қаласын кең көлемде тал қы-лауға арна ла ды деп ойлаймын.

– Мемлекет басшысының «Бо л а­шақ қа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағ дар л а малық мақаласының мән­маңызы неде деп ойлайсыздар?

Лео ШИК: – Аталған мақалада Елбасы прагма-

тизм мәселесіне ерекше екпін береді. «Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пай даланып, соған сәйкес болашағыңды жос парлай алу, ысырапшылдық пен ас-там шылыққа, даңғойлық пен кер дең-дік ке жол бермеу деген сөз», деді. Мен айтар едім, нағыз прагматик ол – біздің Президент. Ол кісінің ерекше қасиеті, бо лашақты болжай біледі. «Әуелі – эко номика, содан кейін саясат», деді. Экономиканы көтерді, елдің әл-ауқатын жақсартты. Одан кейін саясатқа да кезек келіп, елдің бас құжаты – Конституцияға өзгерістер енгізіліп, Парламент пен Үкіметтің құзыреті кеңейтілді.

Енді, міне, рухани жаңғыру мәселесі халықтың назарына ұсынылып отыр. Рухани, ұлттық құндылықтарын қас-тер леген елдің қай кезде де мерейі үс тем. Елбасы Ұлы Даланың ұлы та-ри хын ұлықтауға, туған жерге ту ті-гу ге шақырып отыр баршамызды. Президенттің: «Өткен ХХ ғасыр хал-қы мыз үшін қасіретке толы, зобалаң да зұл мат ғасыр болды», деуінде үлкен мән жа тыр. Расында, қиындықтар көп болды. Бір ғана соғыс жылдарын алып қараңыз. Қан шама ұлттар туған мекенінен ажы-рап, Қазақстанға күштеп жер аударылды.

Алайда, бауырмал қазақ халқы бө-тенсің деп ешқайсысының кеу де сінен итерген жоқ. Барымен бөлісті. Қам қор-лығын көрсетті. Соның нәтижесінде олар аяқ тарынан қаз тұрып, өсіп, өркендеді. Біз қазақ халқының бұл қамқорлығын ұмы туға тиісті емеспіз. Алғыс айтуға тиіс піз. Осыдан бір-екі жыл бұрын корей ұл ты өкілдерінің бастамасымен қазақ жеріне депортацияланған ұлттар мен ұлыстар атынан «Қазақ халқына мың алғыс» атты ескерткіш ашылды. Бұл – ұрпаққа үлгі боларлық дүние, қиын кезде пана, сая болған ұлтқа де-ген құрмет.

Равиль ЮНУСОВ:– Президент мақаласы мен секілді

жас тардың ғана емес, бүкіл халықтың кө ңі ліндегі дүниелерді дөп басқан секілді. Әсі ресе, жастардың білім көк-жиегін ке ңейтуге қатысты айтқан сөз -дері замандас тарымды бей-жай қал дыр-майтыны анық. «табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әр кім терең түсінуі керек. Жастарымыз ба-сымдық беретін межелердің қатарында бі лім әрдайым бірінші орында тұруы ша рт. Себебі, құндылықтар жүйесінде бі лімді бәрінен биік қоятын ұлт қана та-быс қа жетеді», – деді Елбасы.

Расында да, біз, жастар білімді бол-ма с ақ, көп тіл білмесек, бәсекеге қа бі-летті бола алмаймыз.

Жазып алғанАзамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

ӨСКЕМЕН

«Достық үйінің» дәлізі бос болмайды

Құндылықтарын қастерлеген мемлекеттің мерейі үстем

Ынтымақтың ұясы

Page 8: Діни бас‡арма ‹кілдерімен кездесті2017/04/20  · Мұхтар Наурызбайұлы - «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы

8 20 сәуір 2017 жылресми

(Соңы 9-бетте)

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлi-зай ып-тылық) және отбасы туралы» Қазақстан Рес пуб ли касының Кодексiне (Қазақстан Республикасы Пар ла ментiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 22, 174-құжат; 2012 ж., № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 6, 28-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 128-құжат; 2015 ж., № 10, 50-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 67-құжат):

1) мазмұнындағы 233-баптың тақырыбы мынадай редак-цияда жазылсын:

«233-бап. Бас бостандығынан айыру орындарында күзетпен қамауда отырған немесе жазасын өтеп жүрген адам-мен неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу»;

2) 1-баптың 1-тармағының 20) тармақшасы «проба-ция қызметінің есебінде тұрған кәмелетке толмаған бала (кәмелетке толмағандар);» деген сөздермен толықтырылсын;

3) 222-баптың 3-тармағы екінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) қамауға алу және бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны орындайтын мекемелерде отырған адамдарды – тиісті мекемелердің бастықтары;»;

4) 233-бап мынадай редакцияда жазылсын: «233-бап. Бас бостандығынан айыру орындарында

күзетпен қамауда отырған немесе жазасын өтеп жүрген адаммен неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу

1. Бас бостандығынан айыру орындарында күзетпен қамауда отырған немесе жазасын өтеп жүрген адаммен неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеуді тіркеуші органдар некеге тұратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың қатысуымен осы Кодексте көзделген неке қию (ерлі-зайыпты болу) шарттарын сақтай отырып, адамның күзетпен ұстау не-месе жазасын өтеп жүрген орны бойынша, тиісті мекеменің әкімшілігі айқындаған үй-жайда жүргізеді.

2. Күзетпен қамауда отырған адаммен неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тiркеуді тіркеуші орган осы іс жүргізуінде жатқан адамды немесе органды хабардар еткен-нен кейін жүргiзедi.».

2. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Респуб ли ка сы-ның Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Пар-ламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 13-I, 13-II, 83-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат):

1) 46-бап мынадай редакцияда жазылсын:«46-бап. Бас бостандығынан айыру1. Бас бостандығынан айыру сотталған адамды қыл мыс-

тық-атқару жүйесінің мекемесіне жіберу арқылы оны қоғамнан оқшаулаудан тұрады.

2. Бас бостандығынан айыруға сотталған, үкiм шығару ке зінде он сегiз жасқа толмаған адамдар кәмелетке тол ма ған-дарды ұстауға арналған қылмыстық-атқару жүйесінің орта ша қауіпсіз мекемелеріне орналастырылады.

3. Осы Кодексте көзделген қылмыстарды жасағаны үшiн бас бостандығынан айыру – алты айдан он бес жылға дейiнгі, ал аса ауыр қылмыстары үшiн жиырма жылға дейiнгi мерзiмге не өмiр бойына белгiленедi. Абайсызда жасалған қылмыстар үшiн бас бостандығынан айыру мерзімі он жылдан аспайды. Айыппұл салуды, түзеу жұмыстарын немесе бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айыруға ауыс тырған жағдайда ол алты айға жетпейтiн мерзiмге т ағай ындалуы мүмкiн. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жазаларды тағайындаған кезде бас бостандығынан айыру мерзiмдерiн iшiнара неме-се толық қосқан жағдайда және осы Кодекстің 47-бабының бесінші бөлігінде, 71-бабының бесінші бөлігінде және 77-бабының бесінші бөлігінде көзделген жағдайларда бас бостандығынан айырудың ең жоғары мерзiмi – жиырма бес жылдан, ал үкiмдердiң жиынтығы бойынша отыз жылдан аспауға тиіс.

4. Өмір бойына бас бостандығынан айыру – аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ өлім жазасына балама ре тінде белгіленуі мүмкін. Өмір бойына бас бостандығынан ай ыру он сегіз жасқа дейін қылмыс жасаған адамдарға, әйел -дер ге, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектер ге та ғай ындалмайды. Өмір бойына бас бостандығынан айыру ке шірім жасау тәртібімен белгілі бір мерзімге бас бос тан ды-ғынан айыруға ауыстырылуы мүмкін.

5. Бас бостандығынан айыруды:1) абайсызда жасаған қылмыстары үшiн бас бостан ды-

ғынан айыруға сотталған, сондай-ақ қасақана қылмыс жа-сағаны үшiн бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жаза тағайындалған, алғаш рет сотталған адамдарға – қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерінде;

2) қасақана онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыстар және ауыр қылмыстар жасағаны үшiн бiр жыл-дан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталған адамдарға және айыппұл, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу бас бостандығынан айыруға ауыс ты-рылған адамдарға – қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде;

3) аса ауыр қылмыстар жасағаны үшiн бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталған адамдарға, сондай-ақ қыл мыс-тар дың қайталануы кезінде не егер сотталған адам бұрын бас бостандығынан айыруды өтеген болса, қылмыстардың қай-талануы болмаған кезде және әйелдерге қылмыстардың қауіпті қайталануы кезінде – қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерінде;

4) қылмыстардың қауiптi қайталануы кезiнде, сондай-ақ өмiр бойына бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға – қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемелерінде өтеу тағайындалады.

Үкімдер жиынтығы кезінде бас бостандығынан айыруды өтеу үшін жиынтыққа кіретін үкімдердің бірінде белгіленген мекеменің неғұрлым қатаң түрі айқындалады.

6. Аса ауыр қылмыстар жасағаны үшiн бес жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға, сондай-ақ қылмыстардың қауiптi қайталануы кезiнде жаза мерзiмiнiң бiр бөлiгiн, бiрақ бес жылдан аспайтын мерзiмді қылмыстық-атқару жүйесінің толық қауіпсіз мекемелерінде өтеу тағайындалуы мүмкiн.

7. Үкiммен тағайындалған мекеменiң түрін өзгертудi сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 96-ба-бына сәйкес жүргiзедi.»;

2) 81-бапта:сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:«8. Кәмелетке толмаған сотталғандар бас бостандығынан

айыруды кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтейді.»;

тоғызыншы бөлік алып тасталсын;3) 467-бап мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен

толықтырылсын:«1-1. Осы Кодекстің 45-бабының ережелері әскери қыз мет-

шілерге қатысты және осы Кодекстің 41-бабының үшінші бө-лігінде, 42-бабының үшінші бөлігінде және 43-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады деп белгілей отырып, оның қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.».

3. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 2014 ж., № 15-I, 15-II, 88-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 20-VII, 115-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 2-құжат):

1) 276-баптың алтыншы бөлігінің 2) тармағындағы «сот са-раптамасы объектілерінің сақталуын» деген сөздер «жүргізіліп жатқан зерттеулердің жан-жақтылығын, толықтығы мен объективтілігін, сот сараптамасы объектілерінің сақталуының қамтамасыз етілуін» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 473-баптың бірінші бөлігіндегі «гаупвахтада ұстауға» деген сөздер «қамаққа алуға» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 476-баптың 3) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:«3) қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға

сотталған, бақылаудан жасырынған және жазасын өтеуден жалтарып жүрген адамдарға қатысты iздестiру, оның ішінде халықаралық іздестіру жариялау, оны тоқтату және бұлтартпау шарасын таңдау туралы;»;

4) 478-бап мынадай мазмұндағы 2-1-бөлікпен толық ты-рылсын:

«2-1. Осы Кодекстің 476-бабының 3) тармағында көрсе-тіл ген, халықаралық іздестіруді жариялау және тоқтату бө-лі гіндегі мәселелер қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жа заға сотталған, бақылаудан жасырынған және жазасын өтеуден жалтарып жүрген адамдарды іздестіруді жүзеге асы-ратын органның ұсынысы бойынша қаралады.».

4. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 17, 91-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 7, 33-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 67-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126, 129, 131-құжаттар):

1) 3-бап мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:

«11) тергеу изоляторларының оқшауланған учаскелері – бас бостандығынан айыруға сотталғандарды, сондай-ақ қамаққа алуға сотталғандарды ұстауға арналған камералары бар тергеу изоляторларының үй-жайлары.»;

2) 26-бап мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

«5. Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қатысты мекеме әкімшілігі оларда психикалық ауытқушылықтар мен сексуалдық зорлық-зом-бы лыққа бейімділіктің бар (жоқ) екендігі туралы мәселені ше шу үшін жазаны өтеу мерзімі аяқталғанға дейін алты айдан кешіктірмей сот-психиатриялық сараптама тағайындау үшін сотқа материалдарды жібереді. Осы бөліктің ережелері сот-талған адамдардың есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын пси хикасының бұзылуының анықталуына байланысты соттың ше шімі бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарала-ры қолданылатын сотталғандарға қолданылмайды.

Мекеме әкімшілігі сот-психиатриялық сараптама нә ти-жесі бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарала рын тағайындау, ұзарту, өзгерту немесе тоқтату туралы мәселелерді шешу үшін сотқа ұсыну жібереді.

Мекеме әкімшілігі соттың қаулысын алған күннен бас- тап үш жұмыс күні ішінде оны сотталған адамның таңдаған тұрғылықты жері бойынша денсаулық сақтау ұйымына медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын орындау үшін жібереді.

Өзіне қатысты соттың шешімімен медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы белгіленген, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамның мекемелерден босатылғаны туралы хабарлама босатылғанға дейін бес жұмыс күні бұрын тұрғылықты жері бойынша денсаулық сақтау ұйымына және ішкі істер органына жіберіледі.»;

3) 69-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

«4. Жазасын өтеуден жалтару мақсатында жасырынған сотталған адамға қатысты пробация қызметі бастапқы із дес ті ру іс-шараларын жүзеге асырады және оған іздестіру жа рия лау туралы сотқа ұсыну енгізеді.»;

4) 83-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазыл-сын:

«1. Сотталғандар қамаққа алу түріндегі жазасын соттал ған жеріндегі арнаулы қабылдау орындарында, тергеу изо ля тор-ларының оқшауланған учаскелерінде өтейді.»;

5) 85-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:«2. Қамаққа алуға сотталғандар тамақпен бас бостан ды ғы-

нан айыруға сотталғандар үшін белгіленген нормалар бойын-ша қамтамасыз етіледі.

Әскери қызметшілер гауптвахтада ұсталған кезеңде та-мақпен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті ор ганмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының қыл-мыс тық-атқару қызметі, ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс сала ла-рындағы уәкілетті органдар белгілейтін нормалар бойынша қам тамасыз етіледі.»;

6) 88-бап мынадай мазмұндағы 4-1-бөлікпен то лық-тырылсын:

«4-1. Осы баптың үшінші және төртінші бөліктеріне сәйкес басқа мекемеге жіберілген не ауыстырылған сотталған адамды одан әрі ұстауға негіз болмаған кезде, оның өтініші бойынша не оның келісімімен әлеуметтік пайдалы байланы-старын қолдау мақсатында ол тиісті түрдегі басқа мекемеге ауыстырылуға жатады.

Оң мінез-құлық дәрежесінің және тиісті түрдегі мекеме-де орынның болуы сотталған адамды ауыстырудың міндетті шарттары болып табылады.

Бұл ретте сотталған адамның әлеуметтік пайдалы байла-ныстары құжаттармен расталады.

Сотталған адамның әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдау үшін ауыстыру Қазақстан Республикасының Бас про-куратурасымен келісу бойынша қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.»;

7) 89-бапта:үшінші бөліктегі «жазасын колония-қоныстарда өтеумен,»

деген сөздер алып тасталсын;төртінші-жетінші бөліктер мынадай редакцияда жазыл-

сын:«4. Орташа қауіпсіз мекемелерде:1) онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қасақана

қылмыстар және ауыр қылмыстар жасағаны үшiн бiр жыл-дан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға алғаш рет сот тал ған адамдар;

2) айыппұл, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу бас бостандығынан айырумен ауыстырылған адамдар;

3) мекемелерден осы Кодекстің 96-бабының бірінші бө-лігінің 1) тармақшасына, үшінші бөлігінің 1) және 2) тар мақ-шаларына сәйкес ауыстырылған сотталғандар;

4) кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерден осы Кодекстің 156-бабына сәйкес ауыс-ты рылған сотталғандар жазасын өтейдi.»;

5. Қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерде:1) аса ауыр қылмыстар жасағаны үшiн бас бостандығынан

айыруға алғаш рет сотталған ерлер, сондай-ақ қылмыстардың қай талануы кезінде не егер сотталған адам бұрын бас бос тан-ды ғынан айыруды өтеген болса, қылмыстардың қай та лануы бол маған кезде;

2) қылмыстарының қауіпті қайталануы кезінде бас бостандығынан айыруға сотталған әйелдер;

3) осы Кодекстің 96-бабының бірінші бөлігінің 1) тар мақ-шасына, үшінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес ауыс ты рыл-ған сотталғандар жазасын өтейдi.

6. Төтенше қауіпсіз мекемелерде:1) қылмыстарының қауіпті қайталануы кезінде;2) өмiр бойына бас бостандығынан айыруға;3) өлiм жазасы түрiндегi жазасы кешiрiм жасау тәртiбiмен

бас бостандығынан айырумен ауыстырылған;4) осы Кодекстің 96-бабының бірінші бөлігінің 1)

тармақшасына, үшінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес ауыстырылған сотталғандар жазасын өтейдi.

7. Толық қауіпсіз мекемелерде:1) аса ауыр қылмыстар жасағаны үшiн, қылмыстарының

қауіпті қайталануы кезінде бес жылдан астам мерзiмге;2) өздерiне қатысты өлiм жазасы туралы сот үкiмі өлiм

жазасын орындауға мораторий енгiзiлгенге дейiн немесе мо-раторий қолданылған уақытта күшiне енген;

3) осы Кодекстiң 88-бабы төртінші бөлігінің 4) тармақ ша-сына сәйкес ауыстырылған;

4) осы Кодекстің 96-бабы үшінші бөлігінің 3) тармақ-шасына сәйкес жiберiлген сотталғандар жазасын өтейдi.»;

8) 91-бап мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:

«8. Белгіленген тәртіппен әлеуметтік, табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жарияланған не сотталғандардың мекемеде болу мүмкіндігін жоққа шыға ра-тын ерекше жағдайлар режимін енгізген жағдайда олар қыл-мыс тық-атқару жүйесі уәкілетті органының шешімі бойынша тө тенше жағдайдың салдары жойылғанға не ерекше жағдайлар ре жимінің мерзімі аяқталғанға дейін басқа мекемелерге ауы-стырылады.

Төтенше жағдай салдарларын жою немесе ерекше жағ-дай лар режимін енгізуге негіз болған жағдайларды жою мүм-кін бол маған кезде сотталғандар осы немесе басқа об лыс тағы тиіс ті түрдегі мекемеге жіберіледі.»;

9) 95-бапта:үшінші бөліктегі «бастығы айқындайды» деген сөздер

«бастығының қаулысымен айқындалады» деген сөздермен ауыстырылсын;

төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:«4. Сотталған адамның мінез-құлық дәрежесін айқындау

мақсатында оның мінез-құлқын бағалау сотталған адам меке-меге келген күннен бастап жүзеге асырылады.

Көтермелеулері және жазалаулары жоқ не жазалауы осы Кодексте белгіленген тәртіппен өтелген сотталған адам белгілі бір мінез-құлық дәрежесі жоқ деп танылады.

Сотталған адамды бір түрдегі мекемеден екіншісіне ауыстырған жағдайда мінез-құлық дәрежесінің бұрын қойыл-ған бағалауы оның мінез-құлқын осы Кодексте көзделген мер-зім дерде мекеме комиссиясы қараған кезге дейін сақталады.

Сотталғандардың мінез-құлық дәрежелері мынадай кри-терийлер негізінде айқындалады:

оң сипатталатын сотталғандар үшін:1) кемінде бір көтермелеуі болған әрі соңғы көтермелеу

алған күннен бастап үш және одан көп ай бойы жазалаулары болмаған кезде – дәрежесі бірінші оң мінез-құлық;

2) бірінші оң мінез-құлық дәрежесі болған, соттал ған дар-дың ерікті ұйымына мүше болған әрі бірінші оң мінез-құ лық дәрежесін алған күннен бастап алты және одан көп ай бойы жазалаулары болмаған кезде – дәрежесі екінші оң мінез-құлық;

3) екінші оң мінез-құлық дәрежесі болған, сотталғандардың ерікті ұйымына мүше болған әрі екінші оң мінез-құлық дәрежесін алған күннен бастап бір жыл және одан көп уақыт бойы жазалаулары болмаған кезде – дәрежесі үшінші оң мінез-құлық;

теріс сипатталатын сотталғандар үшін:1) жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзушы деп

танылған кезде – дәрежесі бірінші теріс мінез-құлық;2) жазаны өтеудің белгіленген тәртібін үнемі бұзушы деп

танылған кезде – дәрежесі екінші теріс мінез-құлық;3) жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен

бұзушы деп танылған кезде – дәрежесі үшінші теріс мінез-құлық.

Сотталған адамды жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзушы, үнемі бұзушы не қаскөйлікпен бұзушы деп тану осы Кодекстің 130-бабының үшінші бөлігіне және 154-бабының төртінші бөлігіне сәйкес жүзеге асырылады.»;

10) 96-бапта:үшінші бөліктің бірінші абзацы «бұзушылық жасаған»

деген сөздердің алдынан «қаскөйлікпен» деген сөзбен толықтырылсын;

төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:«4. Сотталған адам жаза мерзімінің осы баптың бірінші

бөлігінде белгіленген бір бөлігін өтеген кезде мекеме әкім-ші лігі дәрежесі екінші немесе үшінші оң мінез-құлықты сотталған адамды мекеме түрін өзгерту туралы мәселені қарау үшін сотқа өтінішхат беру құқығының басталғаны туралы бес күн мерзімде жазбаша хабардар етуге міндетті.»;

11) 129-баптың бірінші бөлігіндегі «көзделген көтермелеу –» деген сөздер «көзделген көтермелеу – мінез-құлқының бағалауы жоқ не» деген сөздермен ауыстырылсын;

12) 169-баптың сегізінші бөлігінде:6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:«6) ішкі істер органдарының жазбаша рұқсатынсыз басқа

жерлерге шықпауға;»;мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:«6-1) негізгі жазаны толық өтегенге және пробациялық

бақылау мерзімі аяқталғанға дейін Қазақстан Республикасының аумағынан кетпеуге;».

5. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Респуб ли ка-сы ның Азаматтық процестік кодексіне (Қазақстан Рес-пуб ликасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-V, 20-VI, 114-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 2-құжат; № 4, 7-құжат):

1) 336-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы алып тас-талсын;

2) 348-баптың төртінші бөлігіндегі «қылмыстық-атқару жүйесі» деген сөздер «атқарушылық іс жүргізу» деген сөздермен ауыстырылсын.

6. «Жедел-iздестiру қызметi туралы» 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 13-14, 199-құжат; 1995 ж., № 24, 167-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 275-құжат; 1998 ж., № 24, 436-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 147-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 18, 106-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 17, 83-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 20, 158-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; 2014 ж., № 7, 33-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; 2016 ж., № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат):

1) 1-баптың 24) тармақшасындағы «қылмыстық жауаптылықтан жалтарған адамдардың» деген сөздер «қылмыстық жауаптылықтан, жазасын өтеуден немесе пробациялық бақылаудан жалтарып жүрген адамдардың» де-ген сөздермен ауыстырылсын;

2) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:«2-бап. Жедел-iздестiру қызметiнiң мiндеттерi Жедел-

iздестiру қызметiнiң мiндеттерi:1) адам мен азаматтың өмiрiн, денсаулығын, құқықтарын,

бостандықтарын, заңды мүдделерiн, меншікті құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғау;

2) қоғамның, мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету-ге және оның экономикалық әлеуетi мен қорғаныс қабiлетiн нығайтуға жәрдемдесу;

3) қылмыстарды анықтау, олардың алдын алу және жо-лын кесу;

4) анықтау, тергеу органдарынан және соттан жасырынып жүрген, қылмыстық жауаптылықтан, жазаны өтеуден немесе пробациялық бақылаудан жалтарып жүрген адамдарды, хабар-сыз кеткен азаматтарды және заңмен көзделген жағдайларда өзге де адамдарды iздестiру жөнiндегi шараларды жүзеге асы-ру, сондай-ақ табылған танылмаған мәйіттерді сәйкестендіру;

5) Қазақстан Республикасы Президентiнiң және басқа да күзетiлетін адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;

6) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын күзетудi қамтамасыз ету;

7) мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету;

8) ұйымдарға коммерциялық құпияны қорғауда жәр-демдесу;

9) күзетпен ұстау немесе бас бостандығынан айыру орындарында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген режимдi ұстап тұру;

10) күзетпен ұстау немесе бас бостандығынан айы-ру орындарындағы күдіктілердің, айыпталушылардың, сотталушылардың, сотталғандардың, персоналдың және өзге де адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

11) жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын орган дар-дың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету болып табылады.»;

3) 7-баптың б-2) тармақшасы және 10-баптың 1-тар ма-ғының в-2) тармақшасы «борышкерді» деген сөзден кейін «, сондай-ақ жазасын өтеуден немесе пробациялық бақылаудан жалтарып жүрген адамды» деген сөздермен толықтырылсын.

7. «Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 9-10, 68-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 2001 ж., № 8, 50, 54-құжаттар; № 21-22, 285-құжат; 2006 ж., № 5-6, 31-құжат; 2007 ж., № 3, 23-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 122-құжат; 2011 ж., № 16, 128-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 21, 118-құжат; 2015ж., № 22-І, 143-құжат; № 22-V, 158-құжат; 2016 ж., № 23, 118-құжат; № 24, 131-құжат):

23-баптың екінші бөлігінің б) тармақшасы мынадай ре-дакцияда жазылсын:

«б) егер ол қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшiн сотталған болса, оған пробациялық бақылау белгіленген не-месе оған жазаны орындауды кейінге қалдыру қолданылған болса - оны сот шешімінің негізінде шығарып жіберу жағдайларын қоспағанда, жазаны өтеп болғанға немесе жазадан босатылғанға, пробациялық бақылаудың мерзімі аяқталғанға, жазаны орындауды кейінге қалдыру мерзімі аяқталғанға дейiн;».

8. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік ор-гандары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233-құжат; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж.,

№ 6, 72-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 33-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат; 2015 ж, № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-V; 154, 156-құжаттар; 2016 ж., № 23, 118-құжат; № 24, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 2-құжат):

13-баптың 1-тармақшасындағы «сараптық-кри миналистiк» деген сөздер «криминалистік» деген сөзбен ауыстырылсын.

9. «Бас бостандығынан айыру орындарынан боса-тыл ған адамдарды әкiмшiлiк қадағалау туралы» 1996 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 13, 272-құжат; 2002 ж., № 18, 159-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 5-6, 40-құжат; 2009 ж., № 24, 122-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; 2015 ж., № 21-I, 125-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 67-құжат):

1) бүкіл мәтін бойынша:«түзеу мекемелерінің», «түзеу мекемесінен», «түзеу

мекемесі», «түзеу мекемесінің» деген сөздер тиісінше «қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің», «қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінен», «қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі», «қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің» деген сөздермен ау-ыстырылсын;

«а» және «б» тармақшаларында аталған», «в» тар-мақ шасында аталған» деген сөздер тиісінше «а) және б) тармақшаларында аталған», «в) тармақшасында аталған» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:«2-бап. Әкiмшiлiк қадағалау белгіленген адамдар Әкiмшiлiк қадағалау жазасын өтеген, Қазақстан

Республикасының азаматтары болып табылатын адамдарға: а) экстремистік және (немесе) террористік қылмыстары

және кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстары үшін;

б) ауыр және аса ауыр қылмыстары үшін немесе қасақана қылмыстары үшін бас бостандығынан айыруға екі және одан да көп рет сотты болғандарға, жаза мерзімі аяқталған кезде дәрежесі үшінші теріс мінез-құлықты сотталғандарға;

в) егер жазаны өтегеннен кейiн iшкi iстер органдарының ескертулерiне қарамастан қоғамдық тәртіпті, адам мен азаматтың құқықтарын және заңды мүдделерін үнемі бұзса, өзге де құқық бұзушылықтар жасаса ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін немесе қасақана қылмыстар жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға екі және одан да көп рет сотты болған адамдарға белгіленеді.»;

3) 3-бапта:а) тармақшасындағы «а» тармақшасында аталған» деген

сөздер «а) тармақшасында аталған» деген сөздермен ауыс-тырылсын;

б) тармақшасындағы «б» тармақшасында аталған» деген сөздер «б) тармақшасында аталған» деген сөздермен ауыс-тырылсын;

в) тармақшасындағы «в» тармақшасында аталған» деген сөздер «в) тармақшасында аталған» деген сөздермен ауыс- тырылсын;

4) 5-бапта:үшінші бөлік «органның» деген сөзден кейін «немесе

мекеменің» деген сөздермен толықтырылсын;алтыншы бөліктегі «а» және «б» тармақшаларында

көзделген» деген сөздер «а) және б) тармақшаларында көзделген» деген сөздермен ауыстырылсын;

5) 7, 9, 10 және 12-баптар мынадай редакцияда жазылсын:«7-бап. Әкімшілік қадағалау белгіленген адамдарға

қатысты қолданылатын шектеулер Әкiмшiлiк қадағалау белгіленген адамдарға қатысты өмір

сүру салтына, отбасындағы және тұрғылықты жерiндегі мiнез-құлқына, қадағалауға алынған адамның жеке басын сипаттай-тын басқа да мән-жайларға қарай мынадай:

а) iшкi iстер органдары айқындаған уақытта тұрғынжайдан кетуге;

б) iшкi iстер органдары айқындаған аудан (қала) жерлерінде болуға;

в) қадағалауды жүзеге асыратын iшкi iстер органдарының рұқсатынсыз аудан (қала) шегiнен тыс жерлерге шығуға;

г) кәмелетке толмағандардың ата-аналарының не заңды өкілдерінің келісімінсіз оларды іздестіруге, оларға баруға, олармен телефон арқылы сөйлесуге және өзге де тәсілмен қарым-қатынас жасауға;

д) алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды қолдануға тыйым салу түріндегі шек-теулер толық көлемде немесе жеке-жеке қолданылуы мүмкiн.»;

«9-бап. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесi әкiм шi-лi гiнiң әкiмшiлiк қадағалау белгілеу туралы қаулыны жi беру тәртiбi

Әкiмшiлiк қадағалау белгіленген адамды қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінен босатар алдында мекеме әкiмшiлiгi оның таңдаған тұрғылықты жеріндегі iшкi iстер органына сот қаулысын, оған мінездеме беретін материалдар мен оның келетiн уақыты туралы хабарлама жiбередi.

10-бап. Әкiмшiлiк қадағалауды белгілеу, мерзімін ұзарту немесе шектеулердi өзгерту туралы сот қаулысын қадағалауға алынған адамға жариялау

Қадағалауға алынған адамға әкiмшiлiк қадағалауды белгілеу, мерзiмiн ұзарту немесе шектеулердi өзгерту туралы сот қаулысын қадағалауға алынған адамға қолын қойғыза оты-рып, iшкi iстер органдарының жергілікті полиция қызметінің бастығы, ал қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіндегі адамға – мекеме бастығы жариялайды. Бұл ретте қадағалауға алынған адамға оның мiндеттерi, әкiмшiлiк қадағалау қағидаларын бұзғаны үшiн жауаптылығы, ал әкімшілік қадағалау белгіленген адамға қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінен босатылар алдында таңдаған тұрғылықты жерiне белгілі бір мерзiмде келмегенi үшiн жауаптылығы түсiндiрiледi.

Әкiмшiлiк қадағалау белгіленген адам таңдаған тұрғы-лық ты жерiне келмеген жағдайда, ішкі істер органы оның орналасқан жерін және оның келмеу себептерін анықтау жөніндегі бастапқы іс-шараларды жүргізеді.

Әкiмшiлiк қадағалау белгіленген адамның тұратын жері анықталмаған жағдайда, ішкі істер органы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастайды, оған бұлтартпау шарасын таңдай отырып, іздестіру жариялайды.»;

«12-бап. Әкiмшiлiк қадағалауды жүзеге асыратын ішкі істер органдары қызметкерлерінің мiндеттерi

Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi әкiмшiлiк қадағалауды жүзеге асыру кезiнде:

а) әкiмшiлiк қадағалау белгіленген адамды есепке алғаннан кейін оған әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету үшін оның пробация қызметіне келуін қамтамасыз етуге және әкiмшiлiк қадағалау белгілеу туралы сот қаулысының көшірмесін про-бация қызметінің атына жіберуге;

б) әкімшілік қадағалау белгіленген адамның тұрғылықты жерi мен жұмыс орны бойынша оның мiнез-құлқын жүйелi түрде байқауға;

в) әкімшілік қадағалау белгіленген адамның қоғамдық тәртiптi, адам және азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзуының алдын алуға және жолын кесуге;

г) әкiмшiлiк қадағалау қағидаларын бұзушылық туралы белгiленген тәртiппен хаттамалар жасауға және оларды қарау үшiн сотқа жiберуге міндетті.»;

6) 13-бап мынадай мазмұндағы д) тармақшасымен толықтырылсын:

«д) тиісті әкiмшiлiк қадағалауды жүзеге асыру және әкімшілік қадағалау белгіленген адамның тұрған жері туралы ақпарат алу үшін, тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын электрондық бақылау құралдарын пайдалануға құқығы бар. Электрондық бақылау құрал да р ын қолдану тәртібін және ішкі істер органдарының әкім шілік қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметін ұй ымдастыруды Қазақстан Республикасының Ішкі істер м инистрлігі айқындайды.»;

7) 15-баптағы ««а», «в», «г», «д» және «е» тармақшаларында көзделген», ««б» тармақшасында көзделген» деген сөздер тиісінше «а), в) г), д) және е) тармақшаларында көзделген», «б) тармақшасында көзделген» деген сөздермен ауыстырылсын;

8) 16-баптың г) тармақшасындағы «тiркелуге мiндеттi.» деген сөздер «тіркелуге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы д) тармақшасымен толықтырылсын:

«д) әкімшілік қадағалау мерзімі аяқталғанға дейін Қазақстан Республикасының аумағынан кетпеуге міндетті.».

10. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-атқару заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Page 9: Діни бас‡арма ‹кілдерімен кездесті2017/04/20  · Мұхтар Наурызбайұлы - «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы

20 сәуір 2017 жыл 9ресми

(Соңы. Басы 8-бетте)

Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-V, 154, 158-құжаттар; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 8-I, 65-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат):

86-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы мынадай редак-цияда жазылсын:

«8) күзетпен ұстау не адамға сол жерде тұру мүмкiндiгiнен айыратын қылмыстық жаза немесе қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шарасын қолдану кезiнде – күзетпен ұстау не қылмыстық жазасын немесе қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шарасын өтеген мерзiмi iшiнде сақталады. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғынжайға құқығынан айыру бұл жағдайда сот үкiмiмен көзделуi мүмкiн.».

11. «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 6, 190-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 15-16, 63-құжат; 2009 ж., № 24, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 24, 152-құжат; 2011 ж., № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; 2013 ж., № 13, 62-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; 2016 ж., № 24, 126-құжат):

1) 2-бапта:7) тармақша алып тасталсын;мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын: «10-1) тәртіптік изолятор – күзетпен ұстаудың белгіленген

тәртібін қаскөйлікпен бұзған бір адамды ұстауға арналған камера;»;

11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:«11) тергеу изоляторы – мыналарды:өздеріне қатысты бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен

ұстау таңдалған, қылмыс жасады деп күдік келтірілгендер мен айыпталушыларды;

қамауға алуға сотталғандарды;бас бостандығынан айыруға сотталғандарды;бас бостандығынан айыруға сотталғандарды, шаруашылық

қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындау үшін қалдырылғандарды не жіберілгендерді;

мекемелерден Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 88-бабына сәйкес келген сотталғандарды ұстауға арналған арнаулы мекеме;»;

мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:«11-1) уақытша оқшаулау үй-жайы – күзетпен ұстаудың

белгіленген тәртібін бұзған кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған камера;»;

12) тармақша «адамдарды» деген сөзден кейін «, сондай-ақ осы Заңның 46-6-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда әкімшілік қамауға алынған адамдарды» деген сөздермен толықтырылсын;

2) 5-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазыл-сын:

«3) әкімшілік қамауға алынған адамдарды уақытша ұстау изоляторларына, арнаулы қабылдау орындарына орналастыру судьяның оларды қамауға алу туралы қаулысының негізінде жүзеге асырылады;»;

3) 7-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:«2. Осы Заңда көзделген жағдайларда қылмыстық-атқару

жүйесінің мекемелері және гауптвахталар күдіктілер мен ай-ыпталушыларды күзетпен ұстау орындары болып табылуы мүмкін.»;

4) 10-баптың 1-тармағындағы «Түзеу мекемелерінде» деген сөздер «Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;

5) 11-бапта:2-тармақтағы және 3-тармақтың 2) тармақшасындағы

«түзеу мекемелерiнiң» деген сөздер «қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:«5) қарауында гауптвахталар бар әскери полиция

органдарының бастықтары ұғынылады.»;6) тармақша алып тасталсын;6) 16-бапта:1-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жа-

зылсын:«12) тізбесі мен саны Ішкі тәртіп қағидаларында

айқындалатын заттар мен нәрселерді пайдалануға;»;мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:«2-1. Сөйлеу не есту, не көру кемістігі бар мүгедектер бо-

лып табылатын күдіктілер мен айыпталушылардың дактильді-ымдау тілін немесе Брайль әліпбиін меңгерген мамандар көрсететін қызметтерді пайдалануға құқығы бар.»;

7) 19-бапта:4-тармақтағы «жазаны орындайтын мекемелерде» деген

сөздер «қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;

7-тармақтағы «үш күн мерзімнен» деген сөздер «екі жұмыс күнінен» деген сөздермен ауыстырылсын;

8) 23-бапта: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«2. Күдіктілер мен айыпталушыларға медициналық, оның

ішінде психиатриялық көмек көрсету тәртібін, сондай-ақ оларды медициналық мекемелерде ұстау мен оларға қызмет көрсетуге осы мекемелердің персоналын тарту тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Қорғаныс министрлігі айқындайды.»;

6-тармақтағы «, Әдiлет министрлiгiне» деген сөздер алып тасталсын;

9) 25-баптағы «Әдiлет министрлiгi» деген сөздер «Ішкі істер министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын;

10) 29-баптың 4-тармағындағы «карцерге» деген сөз «тәртіптік изоляторға» деген сөздермен ауыстырылсын;

11) 33-бапта:1-тармақтың екінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасы

қылмыстық атқару жүйесінің уәкілетті органы» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«6. Күзетпен ұстау орындарының қызметкерлері

адамдардың күзетпен ұстау орындарының аумағына кірген және шыққан кездегі заттары мен киімдерін жете тексеруді, сондай-ақ кірген және шыққан көлік құралдарын жете тексеруді, күдіктілер мен айыпталушылардың сақтауына және пайдалануына тыйым салынған нәрселерді, заттар мен тамақ өнімдерін алып қоюды жүргізеді.»;

12) 37 және 39-баптар мынадай редакцияда жазылсын:«37-бап. Жазалау шараларыБелгіленген міндеттерді орындамағаны үшін күдіктілер

мен айыпталушыларға мынадай жазалау шаралары:1) ескерту;2) сөгіс;3) он бес тәулікке дейінгі мерзімге тәртіптік изоляторға

жабу;4) кәмелетке толмаған күдіктілер мен айыпталушыларды

жетпіс екі сағатқа дейінгі мерзімге уақытша оқшаулау үй-жайына жабу қолданылуы мүмкін.»;

«39-бап. Тәртіптік изоляторда, уақытша оқшаулау үй-жайында ұстау

1. Күдіктілер мен айыпталушылар:1) басқа күдіктілер мен айыпталушыларға қысым

көрсеткені және оларды қорлағаны;2) күзетпен ұстау орындары қызметкерлерінің немесе өзге

де адамдардың заңды талаптарына бағынбағаны не оларды қорлағаны;

3) оқшаулау қағидаларын бірнеше рет бұзғаны;4) алкогольдік ішімдіктерді сақтағаны, дайындағаны

және ішкені;5) сақтауға және пайдалануға тыйым салынған басқа

да нәрселерді, заттар мен тамақ өнімдерін сақтағаны, дайындағаны және пайдаланғаны;

6) құмар ойындарға қатысқаны үшін тәртіптік изоляторға, ал кәмелетке толмағандар уақытша оқшаулау үй-жайына отырғызылуы мүмкін.

2. Тәртіптік изоляторға, уақытша оқшаулау үй-жайына жабу түріндегі жаза сөгіс түрінде екі және одан да көп рет

жаза қолданылған күдіктілер мен айыпталушыларға да қолданылады.

3. Тәртіптік изоляторға, уақытша оқшаулау үй-жайына жабу күзетпен ұстау орны әкімшілігі бастығының немесе оның міндетін атқарушы адамның қаулысы және күдіктіні немесе айыпталушыны тәртіптік изоляторда, уақытша оқшаулау үй-жайында ұстау мүмкіндігі туралы медициналық қызметкердің қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.

4. Күдіктілер мен айыпталушылар тәртіптік изолятор-да, уақытша оқшаулау үй-жайында жеке жатын орнымен және төсек-орындармен белгіленген сағаттарда ұйықтайтын уақытқа ғана қамтамасыз етіледі.

5. Тәртіптік изоляторға, уақытша оқшаулау үй-жайына жабылған күдіктілер мен айыпталушыларға:

1) қорғаушымен жолығудан басқа, хат жазысуға, жолығуларға;

2) тамақ өнімдері мен ең қажетті нәрселерді сатып алуға;3) хаттар, сауқаттар және сәлемдемелер алуға;4) үстелүсті ойындарын, кітаптарды, газеттерді, журнал-

дарды және өзге де әдебиетті пайдалануға тыйым салынады.Сауқаттар мен сәлемдемелер күдіктілер мен айып т ал у-

шыларға олардың тәртіптік изоляторда, уақытша оқшаулау үй-жайында болу мерзімі аяқталғаннан кейін табыс етіледі.

Тәртіптік изоляторда, уақытша оқшаулау үй-жайында ұсталушы күдіктілер мен айыпталушыларға қатысты осы бапта көзделмеген өзге де шектеулерге жол берілмейді.

Олардың ұсыныстар, арыздар және шағымдар жіберуі осы Заңның 20-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

6. Күзетпен ұстау орны әкімшілігі бастығының неме-се оның міндетін атқарушы адамның тәртіптік изоляторға, уақытша оқшаулау үй-жайына отырғызу түріндегі жазаны орындауды кейінге қалдыруға, күдіктіні немесе айыпталушы-ны медициналық көрсетілімдерді ескере отырып мерзімінен бұрын босатуға құқығы бар. Егер жазаны орындауды ұзарту мерзімі медициналық көрсетілімдер бойынша жазаны қолданған күннен бастап бір айдан асып кетсе, онда күдікті немесе айыпталушы жазадан босатылуы мүмкін.

7. Емізулі балалары бар әйелдер, жүкті әйелдер және кәмелетке толмағандар тәртіптік изоляторға жабылмайды.»;

13) 3-2-тарау мынадай редакцияда жазылсын:«3-2-тарау. Әкімшілік қамауға алынған адамдарды

арнаулы қабылдау орындарында, уақытша ұстау изоля-торларында ұстау

46-6-бап. Әкімшілік қамауға алынған және арнаулы қабылдау орындарына, уақытша ұстау изоляторларына жеткізілген адамдарды қабылдау және тіркеу

1. Әкімшілік қамауға алынған адамдар арнаулы қабылдау орнына, уақытша ұстау изоляторына түскен кезде:

1) судьяның өзі қол қойған және соттың мөрімен бекем-делген қамауға алу туралы қаулысының;

2) арнаулы қабылдау орнында, уақытша ұстау изолято-рында сақтауға тыйым салынған, алып қойылған заттарымен жеке жете тексеру хаттамасының;

3) әкімшілік қамауға алынған адамның жеке басын куәландыратын құжаттарының болуы тексеріледі.

2. Арнаулы қабылдау орнына, уақытша ұстау изолято-рына жеткізілген адамдарды тіркеу, жеке жете тексеруді, медициналық куәландыруды, дактилоскопиялауды, суретке түсіруді жүргізу тәртібі, сондай-ақ алып қоюға жататын зат-тар тізбесі Қазақстан Республикасының Ішкі істер мини с- трлігі бекітетін Арнаулы қабылдау орнындағы ішкі тәртіп қа-ғи даларында айқындалады.

3. Әкімшілік қамауға алынған адамдардың арнаулы қа-былдау орнына, уақытша ұстау изоляторына орнала с ты рыл-ғаны немесе олардың тиісті медициналық ұйымдарға жі-берілгені туралы арнаулы қабылдау орнының, уақытша ұс тау изоляторының әкімшілігі бір тәулік ішінде олардың жақын туыстарына тұрғылықты жері бойынша хабарлайды.

4. Әкімшілік қамауға алынған адамдардың сотқа, проку-ратура органдарына немесе басқа да мемлекеттік органдарға жазған өтініштері қаралмайды және олар берілген уақытынан бастап жиырма төрт сағат ішінде мекенжайы бойынша жіберіледі.

5. Арнаулы қабылдау орны болмаған немесе онда орын-дар болмаған не арнаулы қабылдау орнының шалғайлығынан немесе тиісті қатынас жолдарының болмауынан оған жеткізу мүмкін болмаған жағдайларда әкімшілік қамауға алынған адамдарды уақытша ұстау изоляторында ұстауға жол беріледі.

Уақытша ұстау изоляторында әкімшілік қамауға алынған адамдар және қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдік бойынша ұсталған адамдар бөлек ұсталады.

46-7-бап. Әкімшілік қамауға алынған адамдарды ұстау режимі

1. Әкімшілік қамауға алынған адамдар есіктерінде берік тиектері және қарау тесіктері болуға тиісті камераларда ұсталады, терезелер металл торлармен жабдықталады. Әр камерада арнаулы қабылдау орнындағы, уақытша ұстау изоляторындағы Ішкі тәртіп қағидалары ілінеді.

2. Арнаулы қабылдау орындарында, уақытша ұстау изоля-торларында тәулік бойы кезекшілікті қамтамасыз ететін және онда ұсталушы адамдардың мекеменің шегінен тыс жерлерге өз бетінше кету мүмкіндігін болғызбайтын режим белгіленеді.

Әкімшілік қамауға алынған адамдарға «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дене күші және арнаулы құралдар қолданылуы мүмкін.

3. Арнаулы қабылдау орындарында, уақытша ұстау изо-ляторларында ұсталатын әкімшілік қамауға алынған адамдар тамақпен күзетпен ұсталатындар және уақытша ұстау изо-ляторында отырғандар үшін белгіленген нормалар бойынша қамтамасыз етіледі. Тамақ өнімдерін күн сайын ведомость бойынша кезекші береді.

4. Арнаулы қабылдау орындарына, уақытша ұстау изо-ляторларына орналастырылған ерлер әйелдерден бөлек ор-наластырылады.

5. Туберкулездің жұқпалы түрімен, венерологиялық және басқа да инфекциялық аурулармен ауыратындар әкімшілік қамауға алынған басқа адамдардан оқшауландырылады.

6. Әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілер гауп-твахталарда ұсталады.

Әскери қызметшілердің гаупвахтада әкімшілік қамауды өтеу тәртібін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындайды.

46-8-бап. Әкімшілік қамауға алынған, арнаулы қабылдау орындарында, уақытша ұстау изоляторларында ұсталатын адамдардың құқықтары мен міндеттері

1. Әкімшілік қамауға алынған, арнаулы қабылдау орын дарында, уақытша ұстау изоляторларында ұсталатын адамдардың:

1) өздерінің құқықтары мен міндеттері, арнаулы қабылдау орнында, уақытша ұстау изоляторында ұстау режимі, ұсыныстар, арыздар мен шағымдар беру тәртібі туралы ақпарат алуға;

2) арнаулы қабылдау орнында, уақытша ұстау изоляторын-да болу кезеңінде жеке басының қауіпсіздігіне;

3) арнаулы қабылдау орнындағы Ішкі тәртіп қағидаларында бекітілетін нормалар бойынша материалдық-тұрмыстық және медициналық-санитариялық көрсетілетін қызметтер алуға;

4) хаттар, сауқаттар, бандерольдер мен сәлемдемелер алуға;

5) түнгі уақытта сегіз сағат ұйықтауға;6) күніне кемінде екі сағат күн сайын серуендеуге;7) арнаулы қабылдау орнында, уақытша ұстау изолято-

рында Ішкі тәртіп қағидаларын және басқа да адамдардың құқықтарын сақтаған жағдайда – діни жораларды орындауға;

8) арнаулы қабылдау орнының, уақытша ұстау изо ля-торының әкімшілігіне, прокуратура органдарына, сотқа өз-дерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы мә-селелері бойынша өтініш жасауға құқығы бар.

2. Әкімшілік қамауға алынған, арнаулы қабылдау орын-дарына, уақытша ұстау изоляторларына орналастырылған адамдар арнаулы қабылдау орнындағы, уақытша ұстау изоляторындағы Ішкі тәртіп қағидаларын орындауға міндетті.

46-9-бап. Әкімшілік қамауға алынған адамдарды ар-наулы қабылдау орнынан, уақытша ұстау изоляторынан босату

1. Әкімшілік қамауға алынған адамдар арнаулы қабылдау орнынан, уақытша ұстау изоляторынан судьяның қаулысымен белгіленген әкімшілік қамауға алу мерзімін өтегеннен кейін босатылады.

2. Босатылған адамдарға сақталуы заңсыз болып табы-латын заттардан басқа, олардан сақтауға алып қойылған құжаттары, ақшасы мен заттары қолхат алына отырып қайтарылады.

3. Әкімшілік қамауға алынған адамдар атыс қаруын не-месе суық қаруды, жарылғыш, қатты әсер ететін немесе улы заттарды және есірткі заттарын заңсыз сақтаған кезде шешім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қабылданады.

4. Босатылған адамға оның арнаулы қабылдау орнын-да, уақытша ұстау изоляторында болғаны туралы анықтама беріледі.»;

14) 48-бапта:3-тармақтағы «немесе қамауға алу», «ретінде қамауға

алу» деген сөздер тиісінше «немесе күзетпен ұстау», «ретінде күзетпен ұстау» деген сөздермен ауыстырылсын;

5-тармақтағы «оны қамауға алуға кім санкция бергендігі» деген сөздер «оны күзетпен ұстауға кім санкция бергендігі» деген сөздермен ауыстырылсын.

12. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 19-І, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 118, 122-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 21-I, 121, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 154, 156, 158-құжаттар; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-І, 47, 49-құжаттар; № 8-ІІ, 72-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат):

1) 27-баптың 1-тармағында:16-2) және 17-1) тармақшалар мынадай редакцияда жа-

зылсын:«16-2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес

қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен босатылған, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек көрсету саласындағы өзге де өкілеттіктерді орындайды;»;

«17-1) қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органдар құрады;»;

мынадай мазмұндағы 17-3) – 17-7) тармақшалармен толықтырылсын:

«17-3) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының квоталарын белгілейді;

17-4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек көрсетуді үйлестіреді;

17-5) Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы заңнамасына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға, өмірлік қиын жағдайда деп танылған адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қамтамасыз етеді;

17-6) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жаза-сын өтеп жатқан сотталғандардың жұмыспен қамтылуына, оның ішінде:

қылмыстық-атқару жүйесінің кәсіпорындары мен мекемелері өндіретін тауарларға, орындайтын жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге тапсырыстарды орналастыру;

қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумағында сотталғандардың еңбегін пайдаланатын өндірістер ашу, олар-ды кеңейту және жаңғырту үшін кәсіпкерлік субъектілерін тарту арқылы жәрдемдеседі;

17-7) пробация қызметінің есебінде тұрған мүмкіндігі шектеулі кәмелетке толмағандарды ата-аналарының неме-се өзге де заңды өкілдерінің келісімімен психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларға жіберуді қамтамасыз етеді;»;

2) 31-баптың 1-тармағының 14-1) және 14-3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«14-1) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес қылмыстық-атқару саласындағы қызметті ұйымдастыруды және жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;»;

«14-3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен босатылған, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек көрсету саласындағы өзге де өкілеттіктерді орындайды;»;

3) 35-баптың 1-тармағында:12-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:«12-1) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен

босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың жұмысқа орналасуына жәрдемдеседі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек көрсетеді;»;

мынадай мазмұндағы 12-10) және 24) тармақшалармен толықтырылсын:

«12-10) жазалаудың осы түріне сотталған адамдардың қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастырады;»;

«24) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жаза-сын өтеп жатқан сотталғандардың жұмыспен қамтылуына, оның ішінде:

қылмыстық-атқару жүйесінің кәсіпорындары мен мекемелері өндіретін тауарларға, орындайтын жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге тапсырыстарды орналастыру;

қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумағында сотталғандардың еңбегін пайдаланатын өндірістер ашу, олар-ды кеңейту және жаңғырту үшін кәсіпкерлік субъектілерін тарту арқылы жәрдемдеседі.».

13. «Мемлекеттік құқықтық статистика және ар-найы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 176-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 23, 178-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 7-І, 50-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат):

12-баптың 3-тармағында:3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:«3) анықтаудан, тергеуден, соттан жасырынған адам-

дарды, сондай-ақ жазасын өтеуден немесе пробациялық бақылауды жүзеге асырудан жалтарып жүрген адамдарды;»;

8) тармақша «белгілі бір қызметпен шұғылдану» деген сөздер «белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу» деген сөздермен ауыстырылсын.

14. «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу тура-лы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18, 105-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 72-құжат; 2010 ж., № 8, 41-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 3, 21-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94-құжат; 2015 ж., № 20-VII, 115-құжат):

1) 10-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жа-зылсын:

«6) пробация қызметінің есебінде тұрған кәмелетке толмағандардың өмір салтына және мінез-құлқына бақылау жасауды қамтамасыз етеді;»;

2) 12-бап мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

«7-1) пробация қызметі әзірлеген әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған кәмелетке толмағандарға орта білім алуға көмек көрсетеді;».

15. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс, үкiметтiк емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 6, 8-құжат; 2011 ж., № 21, 171-құжат; 2012 ж., № 5, 35-құжат; 2013 ж., № 5-6, 30-құжат; 2014 ж., № 3, 21-құжат; 2015 ж., № 23-I, 166-құжат):

5-баптың 1-тармағының 13-1) тармақшасындағы «қылмыстық-атқару инспекциясының» деген сөздер алып тасталсын.

16. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан

Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 10, 50-құжат; № 14, 72-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-ІІ, 67-құжат; № 23, 119-құжат):

1) 5-бап мынадай мазмұндағы 6-4) тармақшамен толықтырылсын:

«6-4) бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бас- тауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім алуын ұйымдастыру қағидаларын қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті органмен келіседі;»;

2) 31-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

«Пробация қызметінің есебінде тұрған кәмелетке толмағандарды орта білім беретін мемлекеттік ұйымдардан шығару туралы шешім пробация қызметінің келісімімен қабылданады.».

17. «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 24, 127-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 21-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; 2015 ж., № 10, 50-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат):

6-баптың 1-тармағының 11) тармақшасындағы «қылмыстық-атқару инспекциясы» деген сөздер алып тас-талсын.

18. «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» 2010 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 8, 40-құжат; № 24, 149-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 21-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 21-І, 125-құжат):

1) 6-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

«4-1) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріндегі сотталғандарды жұмыспен қамтуға жәрдемдеседі;»;

2) 7-бапта:9), 11-1) және 11-2) тармақшалар мынадай редакцияда

жазылсын:«9) қылмыстық қудалауды, пробациялық бақылауды,

әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;»;

«11-1) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын және пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардың, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдардың құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында профилактикалық және жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуді қамтамасыз етеді;

11-2) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес сотталғандарға тәрбиелік ықпал етуді жүзеге асырады;»;

3) 28-баптың 1-тармағында:3) тармақша «жазасын» деген сөздің алдынан «бас

бостандығынан айыру түріндегі» деген сөздермен толықтырылсын;

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:«5) қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза не-

месе қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шаралары қолданылған;».

19. «Қазақстан Республикасының iшкi iстер ор-гандары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 48-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 79-құжат; № 21-I, 125-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 24, 129, 131-құжаттар):

1) 4-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай ре-дакцияда жазылсын:

«4) қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын, сондай-ақ әкімшілік жаза-лауларды орындау;»;

2) 6-бапта:1-тармақтың 34) және 41) тармақшалары мынадай ре-

дакцияда жазылсын:«34) анықтау, тергеу органдарынан және соттан

жасырынған, қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындаудан және өтеуден, сот шешімін орындаудан жалтарып жүрген, хабарсыз кеткен адамдарды іздестіруді жүргізуге;»;

«41) қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардан өздеріне заңмен және сотпен жүктелген міндеттерді орындау-ды талап етуге;»;

2-тармақта:20) және 25) тармақшалар мынадай редакцияда жазыл-

сын:«20) қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар

жасаған, қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындаудан және өтеуден жалтарып жүрген адамдарды ұстау жөнінде іс-шаралар жүргізуге;»;

«25) жеке адамдардың қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған деп күдік келтірілген, қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындаудан және өтеуден жалтарып жүрген адамдардың ізіне түсу кезінде не сол жерде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасалды немесе жасалуда, жазатайым оқиға болды деп санау үшiн жеткiлiктi мәлiметтер болған кезде, дүлей зілзалалар, апат тар, авариялар, эпидемиялар, эпизоотиялар және жап-пай тәртiпсiздiктер кезiнде жеке адамдардың жеке басының қауiпсiздiгi мен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн тұрғын және өзге де үй-жайларға, аумақтарға және жер учаске ле рiне (дипломатиялық иммунитетi бар шет мемле-кеттер өкiлдiктерi мен халықаралық ұйымдардан басқа) кедергiсiз кiруге, оларды қарап тексеруге;»;

мынадай мазмұндағы 25-1) тармақшамен толықтырылсын:«25-1) ішкі істер органдарының есебінде тұрған адамдар-

ды байқауды және бақылауды қамтамасыз ету, электрондық бақылау құралдарының болуы мен тұтастығын тексеру мақсатында олар тұратын тұрғын үй-жайларға, аумақтар мен жер учаскелеріне (дипломатиялық иммунитеті бар шет мем-лекеттер өкілдіктері мен халықаралық ұйымдардан басқа), олардың жұмыс немесе оқу орны бойынша кез келген меншік нысандарына қарамастан, ұйымдардың өндірістік және өзге де үй-жайларына кедергісіз кіруге;»;

3) 11-бапта:мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:«5-1) қылмыстық-атқару саласындағы мемлекеттік сая-

сатты іске асыруды қамтамасыз етеді;»;12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:«12) ішкі істер органдарының арнаулы мекемелерінің,

сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі органдары мен мекеме-лерінің қызметін бақылауды жүзеге асырады;»;

25) тармақша мынадай мазмұндағы отыз бірінші абзац-пен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес қылмыстық-атқару қызметі саласындағы қағидаларды және нұсқаулықтарды;».

20. «Сот-сараптама қызметі туралы» 2017 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 1-2, 1-құжат):

19-баптың 6-тармағының 4) тармақшасындағы «ай рыл-ған;» деген сөз «айрылған адам сот сарапшысы бола ал-майды.» деген сөздермен ауыстырылып 5) тармақша алып тасталсын.

2-бап. Осы Заң, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қол да-ныс қа енгізілетін 1-баптың 4-тармағының 2) тармақшасын қосп ағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ

Астана, Ақорда, 2017 жылғы 18 сәуір№ 58-VI ҚРЗ

Page 10: Діни бас‡арма ‹кілдерімен кездесті2017/04/20  · Мұхтар Наурызбайұлы - «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы

10 20 сәуір 2017 жылқаржы

Ұлттық Банк хаБарлайды, түсініктеме Береді, түсіндіреді

– Олег Александрович, қазақстандық банктердің не-сие портфел ін ің сапасын қалай бағалайсыз? Жұмыс істемейтін кредиттер үлесінің ресми көрсеткіштері соңғы бір неше жылда айтарлықтай төмен деді. Мұндай статисти-ка жағдайды қаншалықты объективті көрсетеді? Кейбір халықаралық сарапшылар жұ­мыс істемейтін қарыздардың әлеует ті «қалқаны» едәуір жо­ғары деп пайымдайды.

– Өте дұрыс, банктер порт­фельдерінің сапасы – еліміздің қаржы нарығының және оған қатысушылардың болашағы тәуелді болатын негізгі жайлардың бірі. Ағымдағы жылғы наурыздың басындағы жағдай бойынша жұмыс істемейтін қарыздар (төлем мерзімі 90 күннен асқан) деңгейі банктердің реттеушіге ұсынатын есептілігіне сәйкес 7,32%­ды не­месе 1,1 трлн теңгені құрады, бұл 2014 жылғы ең жоғары деңгейден 3,8 трлн теңгеге төмен. ХҚЕС­ке сәйкес жасалатын банктердің есеп­тілігі банк менеджменті мен оның аудиторларының қарыздарды жұмыс істемейтін қарыздар сана­тына жатқызу мәселесіндегі пайым­дарының бір­бірінен айтарлықтай алшақ екенін болжайды. 2015 жылы едәуір макроэкономикалық күйзелістер болды, бұл банктердің қарыз алушыларының қаржылық жай­күйіне және төлем қабілетіне жағымсыз әсер етті. Алайда банктер төлемдер жасау мерзімін кейін­деу мерзімге ауыстыра отырып, қарыздар бойынша зиянды тануды, оның ішінде қарыздарды «жасан­ды» қайта құрылымдау есебінен тануды кейінге қалдыруға тырысу­да. Мұндай қарыздарды қаржылық ортада «мәңгі жасыл» қарыздар деп атайды. Соның нәтижесінде іс жүзінде төлемдері жоқ қарыздар банктің есептілігі бойынша жұмыс істемейтін қарыздар санатына жатқызылмайды. Сондықтан да Ұлттық Банкте тұтастай алған да, жүйе бойынша жұмыс істемейтін қарыздардың әлеуетті көлемі банк­тердің есептілігінде көр сетілген ағым дағы деңгейден асып кетеді деп пайымдауға негіз бар.

Осылайша, банктер актив­терінің нақты сапасы қарыз алу­шылардың қаржылық жай­күйінің төмен болуынан, «сенімді емес» кепілдерді, мысалы, болашақта түсетін ақшаны және мүлікті, үлестес компаниялардың сақтан­дыру полистерін, жеке тұл ға­лардың кепілдіктерін және тағы басқаларды пайдалану практика­сынан, сондай­ақ, акционерлердің және олармен байланысты тұл­ғалардың бизнесті қайтарымсыз кредиттеуден қосымша бағалауды талап етеді. Мұндай жағдай Қазақ­станға тән болып табылмайды. Мұндай жағдайға әлемнің көптеген реттеушілері ұшырайды. Оны шешу үшін Ұлттық Банк те, басқа елдердің реттеушілері де актив­тер сапасын кешенді бағалауды жоспарлап отыр, ол әдетте стресс­тестілеу жүргізумен қатар жүреді. Банктер активтерінің сапасын кешенді бағалау 2017 жылы бағаны ортақ бөлімге келтіретіндей ету үшін бірыңғай әдіснама бойынша жүргізілетін болады. Бағалаудың объективтілігін және оған де­ген сенімді қамтамасыз ету үшін басқа елдердің орталық банктері тәуелсіз сарапшыларды тартты. Мұндай тәсілді біз де қолданамыз. Банк секторы активтерінің сапасын бағалауды тәуелсіз сыртқы кон­сультант халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес әзірленген әдістеме бойынша жүргізетін болады.

Әлеуетті проблемалар көлемін түсіну Ұлттық Банкке жұмыс істеуге қабілетті банктерді үстеме капи талдандыру және қайта құры­лымдау құралдарын пайдалана отырып және жұмыс істеуге қа­білетсіздерін тиісінше тазарта оты­рып дәрменсіз банктердің проб ­лемаларын ретпен шешу жүйе сін енгізу процесіне неғұрлым сын­дарлы қарауға мүмкіндік береді.

– ХВҚ­ның Қазақстанда болған миссиясының мүшелері бұрын осы жылы Ұлттық Банкті «әлсіз банктерге» қатысты ба-рынша қатаң ұстанымда болуға шақырды. Осы тәсілмен келісесіз бе немесе Ұлт тық Банк жағдайы қиын қаржы инс ти туттарына көмек беруге дайын ба?

– Мемлекет басшысы өзінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақ­станның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жол­дауын да Ұлттық Банкке қар жы секторын «жаңғыртуды» жү зеге асыру жөніндегі міндетті ше­шу шеңберінде банк секторын қалыпқа келтіру жөніндегі шара­лар кешенін әзірлеуді тапсырды. Атап айтқанда, Ұлттық Банктің ал­дына екінші деңгейдегі банктердің балансын «тиімсіз кредиттер­ден» арылту жөніндегі жұмысты жеделдету және қажет болған кезде акционерлер тарапынан банктерді үстеме капиталданды­руды қамтамасыз ету жөніндегі міндет қойылды.

Активтердің сапасын бағалау және стресс­тестілеу бойынша жүргізілген жұмыстың нәти жесі бойынша анықталған пробле малар­дың ауқымына қарай тиісті шара­лар қабылданады. Оларда, бірінші кезекте, банктің орнықтылығын арттыру үшін банкті оның акцио­нерлері тарапынан үстеме капи­талдандыру жөніндегі талаптар қамтылады. Сондай­ақ, шаралар­да проблемалы банктерді қалыпқа келтіру және реттеу рәсімдері қамтылады. Сондықтан Ұлттық Банктің стресс­тест жүргізу бойын­ша іс­қимылдары проблемалы банктерді тиімді қалыпқа келтіру және реттеу үшін құқықтық және экономикалық жағдайлар жа­сауды және банктердің пробле­маларын банк жүйесіне деген сенімді жоғалтпай жедел шешуді қамтамасыз ететін неғұрлым және ең аз мемлекеттік шығыстары бар қауіпсіз тәсілдерді болжай­ды. Орнықтылығы жеткіліксіз банктерге қатысты шаралар қа­былдау кезінде уақтылы хабар­дар болу рет теушіге қаржылық тұрақ тылықты қамтамасыз ету бойын ша қоғамдық шығындарды

барынша төмендетуге мүмкіндік береді. Проблема қаншалықты ерте анықталса, оны шешу соншалықты жеңіл болады, оны шешу кезінде әлеу меттік және экономикалық шы ғын соншалықты аз талап етіледі.

Ұлттық Банк жалпы алғанда, нарықта тек күшті және қаржылық тұрғыдан орнықты, реттеушінің талап тарын орындауға және банк жүйесінің қаржылық тұрақты­лығына нұқсан келтірмей қызметін жүзеге асыруға қабілетті банк тер жұмыс істеуге тиіс болатын ұс­танымды қолдайды. Әлсіз банктер нарықтан кетуге тиіс.

Банктік қызметтер нарығында қалуға ниетті банктер елдегі және әлемдегі экономикалық ахуалдың және Қазақстанның банк секто­ры алдында тұрған сын­қатердің өзгеруі жағдайында тиісті шара­ларды қабылдауға – бірігуге не­месе үстеме капиталдануға тиіс. Бұл ретте Ұлттық Банк банк ­тер дің бүкіл банк жүйесінің тұ­рақ тылығын қамтамасыз етуге мүм кіндік беретін бастамаларды ғана қолдайды. Таңдалған тәсіл ағымдағы халықаралық практикаға сәйкес келеді және жақында болған кездесулердің, сондай­ақ, және экономика мен банк секторының жай­күйі мәселелері бойынша талқылаулар барысында ХВҚ­дан оң пікірлер алды.

– Яғни осы жылы банк секто-рында шоғырландырудың жаңа процестерін күтуге бола ма?

– Бірқатар банктерді шоғыр­лан дыру процесі шарттар бо­йын ша, халықаралық міндет­темелерді қоса алғанда, банк тер депозиторларының, креди тор­ларының, өзге клиенттерінің жә­не қарсы агенттерінің құқық­тары мен заңды мүдделері сақтал­ған кезде ғана мүмкін болмақ. Ұлттық Банктің жекелеген банк­тер бастаған бірігу жөніндегі бастамаларды қолдайтындығын қайталап айтамын, олар банктерді капиталдандыруды ұлғайтуға және клиенттерге қызмет көрсету бойынша қолданыстағы бизнес­процестерді жақсартуға ықпал етеді. Бұл ретте біз өз тарапымыз­дан банктерге банктік бизнестің тиімділігін арттыруға бағытталған ықпалдастыру процестерін тезірек аяқтау бойынша қажетті қолдау көрсетуге дайынбыз.

– Халық банкі мен Казком арасындағы мәміле қандай та-лаптармен жасалуы мүмкін?

– Заңнаманың талаптарына сәйкес әлеуетті мәмілені іске асыру

шарттар бойынша, халықаралық міндеттемелерді қоса алғанда, банктер депозиторларының, креди­торларының, өзге клиенттерінің және қарсы агенттерінің құқықтары мен заңды мүдделері сақталған кезде ғана мүмкін болады. Халық банкінің «Казкоммерцбанк» АҚ­тың акцияларын сатып алу бо­йынша әлеуетті мәмілені іске асыру үшін Ұлттық Банк және Халық банкі тарапынан Казком­ның активтерінің сапасына бірлескен тәуелсіз тексеру жүр­гізілуі қажет. Әлеуетті мәмі ленің сандық өлшемдері тәуелсіз тек­серу нәтижелері алынған соң айқындалатын болады. Алайда, бүгінгі күннің өзінде Халық банкінің Казкомның капиталына ықтимал енуінің базалық тала­бы оның үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қаржы инсти­тутын жеткілікті деңгейге дейін үс­теме капиталдандыру болып табы­лады деп біржақты айтуға болады.

– Бұрын, ықтимал мәміле шеңберінде «Проблемалы кре-диттер қоры» АҚ­ты тарту жос парланып отырғандығы хабарланған болатын. Оның бұл процестегі рөлі қандай?

– «Казкоммерцбанк» АҚ­тың кредиттік портфелінің айтар­лықтай бөлігі (50%­дан астам) «БТА Банк» АҚ­тың міндет­темелерімен берілгендігі белгілі. Бұл ретте «БТА Банк» АҚ­тың актив тері құны ұзақ мерзімде қалпына келетін активтерге жа­тады. Осының салдары ретінде, олар «Казкоммерцбанк» АҚ оларды ұстауы бойынша қажетті қаржы ағындарының жеткілікті деңгейін қалыптастырмайды. Сондықтан «Казкоммерцбанк» АҚ­тың қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету үшін бірінші кезеңде БТА Банктің активтерін «Казкоммерцбанк» АҚ­тан бөлу қажет. Бұл кезеңде «Проблемалы кредиттер қоры» АҚ оператор бо­лады. Одан кейін осы активтерді мемлекет­жекеменшік әріптестігі жобалары, оның ішінде өңірлік даму бағдарламалары шеңберінде экономикалық айналымға тартуды қамтамасыз ету қажет.

– Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қа­зақстанда тәуекелге бағдар­ланған қадағалауды енгізуге бағыт талған, реттеушілік нор­мативтерді бұзбаған, бірақ тәуе­келді саясатты жүргізетін банк­терге қатысты алдын алу шара­ларын қолдануға мүмкіндік беретін заңнамалық өзгерістер әзірленіп жатқаны белгілі. Осы алдын алу іс­қимылдары туралы мысал келтіре отырып айтып берсеңіз?

– Иә, шын мәнінде, Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде Мемлекет басшысы банк секто­рын қалыпқа келтіру бойынша

шаралар кешенін әзірлеуді , формальды тәсілден тәуекелге бағдарланған қадағалауға өтуді қамтамасыз етуді тапсырған бола­тын. Ұлттық Банк банк секторын қалыпқа келтіру бойынша шара­лар кешенін әзірлеуге кірісті, оның шеңберінде реттеушілік және қадағалау процесінің халықаралық қағидаттары іске асырылатын бо­лады. Атап айтқанда, Ұлттық Банк проблемалардың туында­уын және тәуекелдің іске асы­рылуын күтпестен, дағдарысты құбылыстардың алдын алу бо­йынша жұмысты күшейтуді жоспарлап отыр. Қазіргі кезде Ұлттық Банк Еуропалық одақ­та қабылданған әдіснаманың негізінде тәуекелге бағдарланған қадағалауды енгізу тәсілдерін мақұлдады. Бұл тәсілдер бизнес модельдің жұмыс істеу қабілетін бағалау әдіснамасын және оған тән тәуекелдерді айқындауды, банктердің тәуекелдерді бас­қару және ішкі бақылау жүйе­лерін, сондай­ақ, капитал мен өтімділіктің жеткіліктілігін ай ­қындаудың ішкі жүйелерін қам­титын жаңа қадағалау моделін әзірлеуді көздейді. Тәуекелге бағдарланған қадағалау ден қою қадағалау шаралары жүйесінің толық өзгеруін, атап айтқанда, қолданыстағы шектеулі ықпал ету шараларын және ертерек ден қою шараларын, санкциялар мен мәжбүрлеу шараларын қолдану негіздерін түбегейлі өзгертуді көздейді. Бұл қадағалау моделі банктердің әртүрлі тәуекелдерге ұшырағыштық деңгейін олар­ды басқару жүйелерін жетілдіру арқылы кезең­кезеңімен төмен­детуге мүмкіндік береді.

2017 жылы Ұлттық Банк банк тің капиталын тиісті түзету­мен (реттеушілік меншікті ка­питалды реттеушілік прови­зиялар мен ХҚЕС бойынша про­визиялардың арасындағы айыр­масына азайту) провизияларды бағалаудың бірыңғай әдістемесін енгізуді жоспарлап отыр. Бұдан басқа, банктердің бай ланысты тұлғалармен жасалған мәмілелерді және жеңілдік берілген талап­тармен жасалған мәмілелерді бағалау тәсілдері кү шейтілетін болады. Сондай­ақ, аудиторлар мен бағалаушылардың банктің қаржылық жағдайының на­шарлағаны туралы ақпаратты жасырғаны үшін жауапкершілігін күшейту, тіпті қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруға тыйым салуға дейін күшейту мәселелері қаралады.

Сонымен қатар , Ұлттық Банктің мандаты банк капи та­лы ның құрылымын мәжбүрлеп қайта құ ры лымдау және банктерді біріктіру процесін жеңілдету бөлі гінде заңнамалық деңгейде күшейтіледі.

Халықаралық зерттеулердің деректері бойынша инфляциялық күтулердің төмен және тұрақты деңгейде сақталуы экономиканы жағымсыз күйзелістер алдында неғұрлым икемді жасайды және экономиканың баға құру тетігінің неғұрлым тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Сондықтан зама­науи орталық банктер инфляциялық күтулерді бағалауға көп мән беру­де. Орта лық банктер өз мақсатын бас шылыққа ала отырып, ақша­кредит және коммуникациялық саясатты жетілдіреді. ХВҚ­ның зерт теулері инфляцияны таргет теу режімінің атап айтқанда, неғұр­лым төмен инфляцияны, аз инф­ляциялық күтулерді және осы ре жім қолданылмайтын елдер­мен салыстырғанда инфляцияның аз құбылатынын негіздейді. Экономикасы дамыған елдер арасында инфляцияны таргет­теу режімін қолданатын тәуелсіз орталық банктердің ұзақмерзімді инфляциялық күтулерді ойдағыдай тіркейді, сонымен қатар инфляция­ны экономикаларға бүкіл іскерлік цикл ішінде шығарудың ең төмен үзіліс болған кезде жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін 2% көлемінде тұрақтандырады деген бірыңғай пікір қалыптасқан.

Ұлттық Банктің Зерттеулер және статистика департаменті Монетарлық зерттеулер басқар­масының бас маман­талдаушысы Адель Қарғабаеваның ақпараты бойынша қазіргі кезде орталық банктер мен академиялық топтар арасында жақсы тіркелген инфля­циялық күтулердің экономикалық тұрақ тылыққа қол жеткізудің бас­ты факторларының бірі, сон дай­ақ

орталық банктің ақша­кредит сая­сатына және инфляция жөніндегі мақсатына сенімділік көрсеткіші ретінде пайдаланылатыны туралы консенсус туындап отыр.

Инфляциялық күтулердің макро экономикалық жаңалық­тарды хабарлауға сезімталдығының болмауы олардың тіркелгенін тек­серу өлшемшарты болады. «Егер ұзақмерзімді инфляциялық кү­тулер орын алып жатқан эконо­микалық оқиғаларға ден қоймаса, экономикалық агенттердің орталық банктің күтпеген экономикалық оқиғаларға қарамастан инфля ция бойынша нысаналы деңгейді ұстап тұру мүмкіндігіне сенім білдіруі мүмкін. Осыған қара ма­қарсы жағдай ретінде, егер орталық банкке деген сенім әлсіз болса және күтулер тіркел месе, макроэкономикалық жағдай лар дың күтпеген өзгерістері инфля циялық күтулердің нысана­лы көрсеткіштерден орынсыз ауыт­қуларына алып келуі мүмкін», – деп атап өтеді Адель Қарғабаева.

Әдетте инфляциялық күтулерді бағалау көздері тұтынушылар, өндірушілер және талдаушы­лар болып табылады. Бұл ретте әлемдік тәжірибеге сәйкес, халық және кәсіпорындардың басшылары қалыптасқан инфляцияға жоғары баға және болашақ инфляцияға жоғары болжамдар беруі мүмкін, себебі тауарлардың жекелеген са­наттары деңгейінде бағаның нақты көтерілуін қабылдайды және әдетте бағаның жиынтық өзгеруін білмейді. Бұл ретте өздерінің ин­фляциялық күтулерін олар медиа көздерден немесе дүкендерге ба­руы нәтижесінде алынған ақпарат негізінде қалыптастырады.

Қазақстан Ұлттық Банкі үшін инфляциялық күтулер бойынша негізгі ақпарат көзі GfK Kazakhstan компаниясы 2016 жылғы қаңтардан бастап халыққа жүргізетін пікір­терімдердің нәтижелері болып табылады. Ай сайынғы пікір те­рімдердің нәтижелері үй шаруа­шылықтарының инфляцияны қабылдауының жалпы көрінісін беріп, инфляцияның сандық баға лауын бір жыл бұрын алуға мүмкіндік береді. Оның үстіне, Ұлттық Банкте кәсіпорындардың басшыларынан және қаржы нарығына қатысушылардан түскен белгілі ақпарат болады. Нақты сектордағы іскерлік ахуалды зер­делеу үшін кәсіпорындар бас­шыларына тоқсан сайын жүргі­зілетін пікіртерім шеңберінде

бизнес конъюнктурасындағы негізгі үрдістер, оның ішінде кәсіп орындардың дайын өнім­нің, шикізат пен материалдар бағаларының өзгеруі бойын ша күтулері анықталады. Қар жы жүйесінің тәуекелдері бойын­ша қаржы нарығына қатысу­шылардың жыл сайынғы пікір­терімі өз кезегінде Ұлттық Банкке нег ізг і макроэкономикалық көрсет кіштердің, атап айтқанда, респонденттердің инфляция дең­гейі бойынша күтулерінің бол­жамдарын алуға мүмкіндік береді.

«Қазақстанда инфляциялық күтулердің жалпы көрінісі мы­надай. Халықтың бағалардың қысқамерзімді өсуі бойынша күтулері респонденттердің 70%­да болуына және айдан айға ауытқуы

мүмкін екеніне қарамастан, олар тұрақтануда. Қазіргі кезде инфляцияның бір жылға бұрын сандық бағалануы қалыптасқан инфляциядан төмен деңгейінде тіркелді және 2018 жылға арналған 5­7% нысаналы дәліздің ішінде тұр», – дейді Адель Қарғабаева.

Кәсіпорындардың дайын өнім бағасының өзгеруі бойынша күтулері 2017 жылғы 1­тоқсанда расталды, өйткені, өнеркәсіп өні­мін өндіруші кәсіпорындардың бағасы өсті, ал шикізат пен мате­риалдар бағасы бойынша күтудің төмендеуі расталмады – өндірістік­техникалық мақсаттағы өнімді са­тып алу бағасы ұлғайды.

Қаржы нарығына қатысу­шылардың және экономика және қаржы саласында жұмыс істейтін

сарапшылардың 2016 жылғы қазанда берген бағалары инфляцияның ең биік шыңынан өтсе де, 2015 жылғы қарашадан бастап пікіртерім жүргізу сәтіне дейін қалыптасқан инфля­ция жоғары болғандықтан, біршама көтеріңкі болды. Бұл нәтижелер сондай­ақ респонденттердің Қазақ­станның қаржы нарығындағы ағымдағы ахуал туралы төмен ха­бардар болуын көрсетті.

«Осылайша, Қазақстан үшін эко номиканың түрлі субъек­тілерінің болашақ инфляцияны бағалаған кезде нақты сектордағы баға лардың жалпы өзгеруін ескер­мейді, ал инфляциялық күту­лерді қалыптастырған кезде күн­делікті өмірде пайдаланатын же­келеген тауарлар мен қызметтер бағаларының деңгейін өзінің қабылдауы бойынша алады де­ген пайымдау әділ болып табыла­ды», – деп қорытындылады Адель Қарғабаева.

Бетті дайындаған Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Ұлттық Банктің банк нарығын дамытуда нақты бағдарлары бар

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қазақстан Ұлттық Банкі осы жылы республика банктері активтерінің сапасына тәуелсіз бағалау жүргізбекші. Саладағы жағдайдың нақты жай-күйін растау реттеушіге банктердің проблемаларын тиімдірек шешуге мүмкіндік береді, деп ха-барлады ҚР Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Олег СМОЛЯКОВ. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қазақстан халқының және экономикасының басқа субъек-тілерінің инфляциялық күтулері Ұлттық Банк ақша-кредит сая-саты жөніндегі шешімдерді қабылдау кезіндегі маңызды фактор болып табылады. Ұлттық Банк олардың тұрақтанғанын және нысаналы дәліз ішінде тұрғанын айқындап отыр. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Инфляциялық күтулер тұрақтануда

Page 11: Діни бас‡арма ‹кілдерімен кездесті2017/04/20  · Мұхтар Наурызбайұлы - «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы

20 СƏУІР 2017 ЖЫЛ 11АЙБЫН

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің (МКҚ) мәртебелі міндеті – тәуелсіздіктің үш тағаны – тұтастық, тыныштық пен тұрақтылықты кірпік қақпай күзету. Сондай-ақ, мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғаларының қауіпсіздігін қорғау, ел мен жердің мәртебелі нысандарын, қасиетті нышандарын сақтау – аталған құрылымның басты борышы. Бұл жауапты міндетті мінсіз атқару үшін МКҚ қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне қойылатын негізгі талап – қырағылық, ұқыптылық, батылдық пен батырлық секілді қасиеттер.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,«Егемен Қазақстан»

Ақордада 2015 жылдың 21 сəуірінде өткен Мемле-кет тік күзет қызметінің туын табыстау рəсімінде Елбасы: «Менің Жарлығыммен біздің мемлекетімізде тұңғыш рет Мем лекеттік күзет қызметі құрылды. Бұл əскери қыз мет мем лекеттік қызметтің ең жауапты сатысы бо-лып са налады. Сіздер мемлекеттің тəуелсіздігін бас қару ор ган дарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін неше түрлі лаңкестерге қарсы жұмыс істейтін аза мат сыз дар. Сіздердің жұмыстарыңыз елге жалпы көрін бе генімен, сіздер көрінбей-ақ, жауапкершілігі үлкен қызмет ті атқа-ра сыздар», – деп МКҚ-ның қызметкерлері мен əскери қызметшілерінің жұмысына өз бағасын берген болатын.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі – елдің басты құндылықтарын қорғайтын іргелі ұйым. Ол 2014 жылдың сəуірінде Елбасы Жарлығымен Қазақстан Рес пуб ликасы Президенті күзет қызметінің жəне Қазақ-стан Республикасы Республикалық ұланының қосы луы арқылы қалыптасты. Сондықтан да біз бүгінгі Мем-лекет тік күзет қызметінің тарихын жоғарыда аталған екі мекеме – Президенттің күзет қызметі мен Республи ка-лық ұланның құрылуымен байланыстыра қарастырамыз.

Осы орайда, бірінші кезекте Президенттің күзет қызметінің тарихына қысқаша тоқтала кетсек. Мемле-кет басшысының 1992 жылғы 6 ақпандағы өкімі мен Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қыз-меті (ҚР ПКҚ) құрылды. Ол Қазақстан Республи касы-ның жоғары мемлекеттік билік пен басқару орган дары басшыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақ-сатында бұрынғы Қазақ КСР Мемлекеттік қауіпсіздік коми тетінің 9-бөлімінің базасында жасақталған болатын. Кейін нен Күзет қызметі Мемлекет басшысының тікелей қара мағына өтті. Ал 1995 жылғы қазанда Президенттің күзет қызметі құрамына Қазақстан Республикасы Ұлт-тық қауіпсіздік комитетінің Үкіметтік байланыс агент-тігі мен Республикалық ұлан қосылып, көп ұзамай олар өз алдына дербес ведомстволар ретінде бөлініп шықты.

Президенттің Күзет қызметінің бірінші бастығы болып генерал-майор Сергей Синицин тағайындалды. Одан əрі қарай бұл арнаулы органның осы лауазымында генерал-полковник Сəт Тоқпақбаев, генерал-лейте-нант Болат Баекенов, генерал-лейтенант Амангелді Шаб дарбаев, генерал-лейтенант Мұхтар Аюбаев, гене-рал-майор Əнуар Садықұлов сынды азаматтар қызмет етті. Бұл аралықта, дəлірегі, 1997 жылдан 1999 жылға дейінгі кезеңде Президенттің Күзет қызметі толығымен Астанаға қоныс аударғанын да айта кетейік.

Тəуелсіздіктің алғашқы жылдары еліміздің əлемдік қауымдастыққа енді аяқ басып, халықаралық байланыс-тардың белең алып, шетелдік делегациялар мен мемлекет басшыларының республикамызға бірінен соң бірі ат басын бұрып жатқан кезде Президенттің күзет қызметіне артылған жауапкершілік жүгі еселене түсті. Жаңадан жасақталған ұжымға жұмыста жүріп ысылуға, тəжірибе жинап, шеберлік шыңдауға тура келді.

«Қалай дегенмен, біз барлық қиындықты еңсердік. Шындығында қиындық аз болған жоқ, бірақ ешкім шағымданбайтын. Біз үлкен нəтижеге жету үшін үлкен жігермен жұмыс істедік. Біріншіден, бұл жұмыс біздің қызметкерлердің барлығына ұнайтын еді, екіншіден, бұл үлкен мəртебелі қызмет саналады. Қызметкерлер күш-жігерлерін аямады, уақытпен де санасқан жоқ, кез кел ген уақытта тиісті тапсырманы, қалтқысыз орын-дайтын», – деген Президент күзет қызметінің алғашқы бас шысы генерал-майор Сергей Синицин өткен күнді осы лай еске алады. Сөйтіп, Қызмет азғантай уақыт ішін де қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзіндік жүйесін құрып, өзін толыққанды мемлекеттік орган ретінде көрсете білді.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, бүгінгі Мемлекеттік күзет қызметі тарихының бастауында Президенттің күзет қызметімен бірге, Елбасының 1992 жылғы 16 нау-рыз дағы Жарлығымен құрылған Республикалық ұлан да қатар тұрады.

Дегенмен де, жоғары лауазымды тұлғалардың

қауіпсіздігін қамтамасыз ету, салтанатты рəсімдерді өткізу, тəуелсіз Қазақстанның мемлекеттік нышандары мен мем лекеттік маңызы бар нысандарын күзету сынды мінд ет терді жоғары деңгейде орындайтын, əбден ысыл-ған, кəсіби шыныққан, арнайы жасақ керек болды. Міне, Республикалық ұланды құру осындай қажет тілік тен туындаған еді. Бұл ретте Республикалық ұлан ның құры-лып, оның қалыптасуына орасан зор үлес қос қан қолбас-шылардың қатарында генерал-майор Төле ген Үмбет-баев, генерал-полковник Сəт Тоқпақбаев, гене рал-майор Болат Ысқақов, генерал-лейтенант Болат Жана саев, генерал-лейтенант Абай Тасболатов, генерал-лей те-нант Аменгелді Шабдарбаев, генерал-лейтенант Мұх тар Аюбаев секілді азаматтардың болғанын атап өт ке ні міз жөн. Ал ең алғашқы қолбасшы ретіндегі тіз гін ге не -рал-майор Сейілбек Алтынбековке бұйырған болатын.

Жауапты міндет жүктелген ұландықтар əскери машық-дағдыны меңгеруге құлшына кірісті. Жауын-герлік жəне саптық дайындықтарын үдетті. Жаңадан əскери тəртіп пен тəрбие ісін тізетін оқу-əдістемелік құралдар, құқықтық құжаттар əзірленді. Мемлекеттік маңызды нысандардың күзетін қолға алды. 1993 жылдың көктемінде Құрмет қарауыл ротасының сар-баздары мен офицерлеріне арналған айрықша парадтық киім үлгілері дайындалды. Республикалық ұланның ал ғаш қы қолбасшысы генерал-майор Сейілбек Алтын-бековтің айтуынша, 1992 жылы тамыз айында ЦСКА стадионында Қазақстан Республикасының Прези-денті Н.Ə.Назарбаевтың назарына жаңадан жасақ-талған, құрамында Үкіметтік күзет батальоны, құрмет қарауыл ротасы жəне үлгілі-көрсетімдік оркестр бар Республикалық ұлан алғашқы рет ұсынылды. Елбасы таныстырылым барысында Ұланды мұқият қарап шығады. «Шынын айтқанда, ол кезде «біздің өзіміздікі» деп мақтанып көрсететін əскери киімімізде де жоқ еді. Елбасы содан қазақстандық нақыштағы форма дайындауды тапсырған еді», – дейді Республикалық ұланның құрылу тарихына қатысты кейбір деректермен бөліскен С.Алтынбеков.

Елбасы Республикалық ұланға ерекше көңіл бөлді. Айта лық, 1994 жылдың 5 шілдесінде Республикалық ұлан жұм ы сымен арнайы келіп танысса, 1995 жылғы жел тоқ-сан да «Республикалық ұлан туралы» Жарлыққа жəне «Рес-пуб ликалық ұлан туралы» Ережеге қол қойды. Заңдық күші бар бұл құжаттар Ұланның əскери арнайы құрылым ретіндегі биік мəртебесін толық айқындап берді.

Бірігу биік белестерге бастадыБүгінде Мемлекеттік күзет қызметіне генерал-

лейте нант Амантай Күреңбеков басшылық жасайды. Абыройы мен айбынын асырып жүрген құзыретті құрылымның басшылық құрамында Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Объектілерді қорғау қызметінің бастығы, генерал-лейтенант Мұхтар Аюбаев, Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орын-басары – Тұңғыш Президент – Елбасы қауіпсіздігі қызметінің бастығы, генерал-майор Ардақ Əшімбекұлы секілді саланың білікті мамандары қызмет етеді.

Ал «Айбын» жəне «Батыр» Президенттік полктерінің жас сарбаздары мен Құрмет қарауыл ротасына іріктеліп алынған сарбаздар ардагерлер ізін жалғап, ел өміріндегі

маңызды тарихи сəттерде, салтанатты жиын-шерулерде, Президентті ұлықтау рəсімдерінде аса маңызды рөл атқарады.

Күштік құрылымдардың бірігуі, екі беделді ұйым-ның бір арнаға тоғысуы – орган қызметінің сапасын жаңа деңгейге көтерді. Бүгінге дейін қалыптасып, даму кезеңдерін өткеріп жатқан Мемлекеттік күзет қызметі нормативтік базаны жасақтау бойынша өз қызметін жетілдіріп, «Мемлекеттік күзет қызметі туралы» Заң мен Ереженің қабылдануына қол жеткізді. Осының арқасында «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы» Заңындағы жаңалықтар Қызметтің арнаулы мемлекеттік орган ретіндегі мəртебесін бекітіп, күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты бірқатар ұйымдастыру мəселесіндегі негізгі міндеттерді, сондай-ақ, Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлеріне берілетін құқықтарды айқындауға себепші болды. Сөйтіп, заңнамалық кедергілер жо-йылып, материалдық-техникалық базаны жетілдіруге, қару-жарақпен қамтуға ерекше көңіл бөлінді.

Əлемдік жетекші өндірушілерден жоғары санатты қару, техника, арнайы құралдар алынды. Мемлекеттік күзет қызметінің көпсалалығын күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмы л дырылатын қызмет түрлерінен аңғару қиынға соқ пайды. Мəселен, бұл қызметте білікті кинолог тар мен жарылғыш құрылғыларды тауып жəне залалсыз-дан дыратын саперлардың жұмысы да айрықша орын алады. Құралайды көзге атқан сұр мергендер де небір халықаралық сайыстарда дараланып жүр. Осылайша, кешенді қауіпсіздік шараларын мүлтіксіз игерген кіл мықтылар еліміздің жоғары лауазымды тұлғаларын ғана емес, шетелдік қонақтардың да қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қыз-метін де күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамта-масыз ету ісінде, сондай-ақ, экстремизм мен терроризмге қарсы іс-əрекетті жетілдіру мақсатында үйлесімді, көп-сатылы, Қазақстанның əскери оқу орындарымен бай-ланыста болатын, кəсіби деңгейдегі білім беру жүйе сін құру алғаш рет қолға алынып отыр. Қазақстан Рес пуб-ликасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атын дағы Ұлттық қорғаныс университеті базасын тиімді пай-далану жөніндегі Мемлекет басшысының тап сыр ма-сын орындау мақсатында Мемлекеттік күзет қыз меті нің жаңа бастамасы – классикалық бағытта жұмыс істеп келген кафедралармен, əскери біліктілік саласын дағы жəне терроризмге қарсы дисциплинарлық орталық-тарын біріктіре отырып, арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлеріне сапалы білім беру ісі қолға алынды.

Жаттығу жігерді жанып, намысты қайрайды

Мемлекеттік күзет қызметінің əрбір сарбазы мораль-дық-психологиялық қалпын, дене бітім, күш-қуат, білімі мен қарым-қабілетін үнемі жетілдіріп отыруы тиіс. Бұл үшін жауынгерлік даярлаудың кешен ді бағ-дарламасы бар. Жыл бойы «Майдан» далалық оқу орталығында олар қару-жарақ жəне əртүрлі тех-ника тілін игереді. Сарбаздарды дайындайтын нұс-қау шылар АҚШ, Ресей, Израиль жəне ҚХР-дың

мамандандырылған оқу орталықтарында білімдерін жетілдіріп келген. МКҚ қызметкерлері мен əскери қызметшілері үлкен спорт əлемінде де дараланып, жеңіс тұғырын иеленіп келеді. Спорт – Мемлекеттік күзет қызметі жеке құрамының кəсіби біліктіліктерін арттырып, шеберліктерін шыңдаудың бірден-бір жолы. Спорттық дайындық Құрылымның əрбір қызметкері мен əскери қызметшісінің жедел-қызметтік тапсырмаларды мінсіз орындап, əскери талапқа сай жұмыс қабілетінің жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізуінің кепілі.

Жыл сайынғы жоспар негізінде қызметтік-қолдан-балы спорт түрлерінен бөлімшелерде ұйымдас тыры-латын іріктеу спорт сайыстарының қорытындысы бойын ша МКҚ-да 20-ға жуық жеке жəне командалық чемпио натт ар өткізіліп отырады. Спортта жоғары көрсет кіш терге қол жеткізуі жəне МКҚ-да қызметкерлер мен əскери қызметшілерінің толыққанды жаттығулары үшін барлық қажетті жағдай жасалынған. Сондай-ақ, МКҚ басшылық тарапынан қызметкерлер мен əскери қызметшілердің халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысуына ықпал етіп, олардың спорттық дайындықтарының деңгейін көтеріп жəне де қажетті спорттық тауарларды сатып алуға материалдық қолдау тұрақты түрде көрсетіледі, өзге əлеуметтік мəселелердің шешілуіне қолғабыс етеді.

25 жыл ішінде Қызметтің құрама коман далары Еуропаның – 2, Азияның – 11 жəне де əлемнің 15 чемпионатына қатысты. Сондай-ақ, қызмет кер лер спорттың əр түрінен өтетін жыл сайынғы республика-ара лық көптеген жарыстардың жүлдегерлері атану дəстүрге айналды. МКҚ қызметкерлері мен əскери қызмет ші лерінің дайындығы барысында басты назарда болатын спорттың түрі ол – жекпе-жек күрес. Мемлекет-тік күзет қызметте жоғары спорттық дəреже иегерлері де аз емес. Бүгінде Қызметтің жеке құрамында 29 спорт шебері, спорттың əр түрінен 17 халықаралық деңгейдегі спорт шеберлерінің қызмет етуі сөзімізге дəлел.

МКҚ-ның əрбір қызметкері мен əскери қызметшісі үшін мəртебелі жетістік – «Қара берет» иегері атану. Ерліктің, батылдық пен намыс-жігердің жəне жоғары кəсіби дайындықтың нышаны болып табылатын осы айырым белгісі 2007 жылы енгізілген. «Қара беретті» киіп жүру құқығына ие болғандар өзінің əскери мансап жолында бірқатар артықшылықтарға да ие. Жыл сайын үміткерлерге қойылатын талап күшейіп келеді.

Еліміздің мəдени өмірін, сондай-ақ, халықаралық аренадағы абырой-беделін асқақтатып жүрген үлкен шығармашылық ұжымның бірі – Президент оркестрі. 1992 жылдың наурызында негізі қаланған бұл ұжымның бастауында еліміздің өнер жəне мəдениет қайраткерлері тұр. Олардың қатарында Мəдениет жəне спорт министрі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Арыстанбек Мұхамедиұлы, Қазақстанның халық əртісі, Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Айман Мұсақожаева, сондай-ақ, Алексей Кутунов, Валерий Скороход, Алек-сандр Аблаев, Нұрлан Өнербаев, Бекболат Тілеухан сын-ды майталмандар болды. Олардың ізін бүгінде Жанат Бақтай, Клара Төленбаева, Ардақ Балажанова, Досымжан Таңатаров сынды танымал өнер қайраткерлерімен қатар, Олжас Сүлейменов, Оралхан Алтынбеков, Салтанат Дəулетханова, Гүлнұр Əділбекова секілді жас талант иелері абыроймен жалғап келеді. Бұл іргелі ұжымның жетекшісі – белгілі дирижер, республикалық жəне халық аралық музыкалық байқаулардың лауреаты, П.И.Чайковский атындағы Мəскеу мемлекеттік кон сер-ваториясының жанындағы əскери-дирижерлік факуль-теттің түлегі полковник Талғат Бердіғұлов.

Президенттік оркестр құрамына үрлемелі оркестр, «Биг-Бэнд» атты джаз оркестрі, сондай-ақ, халық аспаптар, камералық, əн жəне эстрада, би ансамбльдері кіреді. Оркестр əртістерінің таланты, олардың музы-калық аспаптардың барлық түрлерін асқан шеберлікпен ойнауы Ұлыбритания, Италия, АҚШ, Түркия, Австрия, Бельгия, Малайзия жəне əлемнің басқа да елдері-нің əн сүйер қауымын тəнті етті. Көрнекі өнер көр-сетудің жоғары деңгейін Мəскеу қаласының Қызыл ала ңын да жыл сайын өтетін «Спасск мұнарасы» əске-ри-музыкалық фестивалінде əйгілей түсуде. «Спасск мұнарасында» еліміздің атынан Қазақстан Респуб-ликасы Мемлекеттік күзет қызметінің «Айбын» полкі-нің Құрмет қарауыл ротасы мен Президенттік оркестрі өздерінің тамсанарлық өнерін паш етіп келеді.

Мемлекеттік күзет қызметіндегі үздік үрдістің бірі – қызметкер мен əскери қызметшілерді əлеуметтік қолдау. Айталық, оларға баспана үшін арнайы төлем ақы беріледі. Осындай қолдаудың арқасында 2013 жыл дан бері 250-ден астам қызметкер өз пəтеріне қол жет кізді. Тұрмысы түзеліп, ұрпақ өрбітіп келеді. Сондай-ақ, Мемлекеттік күзет қызметінің сарбаздарына медицина-л ық қызмет көрсететін арнайы госпиталь де бар.

Ұрпақтар сабақтастығы – қастерлі ұғым. Мемлекет тік күзет қызметінде «Ардагерлер Одағы» қоғамдық бірлес-тігінің жұмыс істеуі – соның дəлелі. Аға буынның мол тəжірибесі мен еңбек жолы – Мемлекеттік күзет қыз меті-нің əрбір жас сарбазына үлгі, жол көрсетер темірқазық.

Мемлекеттік күзет қызметі жақын күндері су жаңа еңселі ғимаратқа көшпек. Бұл қызметкерлер мен əскерилерге тың шабыт, жаңа серпін сыйлап, үл кен жауап кершілік жүктері анық. Мəртебелі міндет, мүл-тік сіз қызмет – Мемлекеттік күзет қызметінің ширек ғасыр дағы жұмысын осылай бағалауға болады. Бүгінде ол – құрығы ұзын, құзыреті кең, өзгемен терезесі тең, келе шегі кемел мемлекеттік орган.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІНЕ – 25 ЖЫЛ

Ширек ғасырда шыңдалған құрылым

Арнұр АСҚАР,«Егемен Қазақстан»

Қазақстан Қарулы Күштерінің құрыл-ғанына 25 жыл толуына орай бас қалада бұрын-соңды болып көрмеген ауқымда əскери парад өтетінін бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Астананың іргесінде қос тіккен жауынгерлер осы салтанатты шеруге күн құрғатпай қызу дайындалуда. Сарбаздар салтанатты шараға əзірленіп, жер-жердегі бөлімдерден əскери техникаларды жеткізіп, олардың ақауларын жөндеп, бояп-сырлап жатыр.

Қорғаныс министрлігі саланың қуатын өзімізге де, өзгелерге де паш ететін ауқымды шара ға əзірлік барысын журналистерге та-ныс тыру үшін 68665 əскери бөліміне ме-диа-сапар ұйымдастырған болатын. Бір топ журналист əскери полигон аумағына аяқ бас-қан уақытта ат шаптырым жерде 120 шатыр тігулі тұрғанын көрді. Лагерьдің шет жа ғын -да тағы 12 шатырда шаруашылыққа қа жет ті заттар, азық-түліктер сақталады екен.

Жауынгерлерге арналған əр шатырға 40 сарбаздан орналасқан. Сарбаздар мен курсанттар сəуір айының басынан бері мекендеп жатқан шатырларға бас сұғып көрдік. Олардың əрқайсысының ішінде 40 төсек, пеш, шаш қысқартатын, киімдерін

жөндейтін бұрыш, дəрі-дəрмек салынған қораптар қойылған. Қатардағы жауынгер Берікбол Саржанов есімді жауынгердің айтуынша, кесте бойынша əр шатырларда бір жауынгер кезекшілік атқарады.

– Осы жерге келгенімізге жиырма күнге жуық уақыт болды. Жауынгерлер ең басты керектердің бəрімен жабдықталған. Кесте бойынша əр жауынгер 6 сағаттан кезекшілік атқарады. Жылы, ыңғайлы, азық-түлік жеткілікті. Бұл жерде басы артық нəрсенің қажеті де жоқ, – дейді ол.

Полковник М.Қарағұловтың айтуынша, жауынгерлер күн сайын түске дейін – 3 сағат, түстен кейін 3 сағат жаттығады. Бұл олардың саптық жаттығуларды ойдағыдай меңгеруіне, бабында болуына жеткілікті.

Лагерьдің шетінде арнайы медициналық пункт те бар. Білікті əскери дəрігерлердің айтуынша, дəрі-дəрмек жеткілікті. Қажет болған жағдайда медициналық көмек көрсетуге сақадай-сай.

Қазақстан Президент і , Қарулы Күштер дің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Н.Назарбаевтың тиісті Жарлығына сəйкес, əскери парадқа жұмылдырыған жауын-гер лер жаттығуды жоспар бойынша жүр-гізуде. Сəуір айының алғашқы күнінде парад тық есептоптар мен механикалық

колонналар жергілікті бригадаға келіп жет-кен. 5 мыңнан астам адамның қатарында офи цер лер, келісімшарт бойынша жұмыс істей тін əскери қызметкерлер, мерзімді əске ри қызмет жауынгерлері, əскери оқу орын дарының курсанттары бар.

Лагерьдегі күн тəртібініне сəйкес, сарбаздар таңғы 6:30-да ұйқыдан тұра-ды. Тазалану, киіну, таңғы ас, жаттығуға дайын дық уақыты, тиісті қаруларын алу сағат 8:30-ға дейін аяқталады. Үш сағат жат-ты ғудан кейін түскі ас уақыты келеді. Бір жерге шоғырланған мыңдаған адамды бір мезгілде тамақтандыру қиынға соққандықтан, түскі ас уақыты сəл ұзаққа созылады. Сағат

15:45-тен кешкі 19:30-ға дейінгі аралықта жат тығу жұмыстары қайта жалғасады. Құр-лық əскерлері бас қолбасшысының əскери даярлық жөніндегі орынбасары, генерал-ма-йор Талғат Қой бақов сарбаздардың жаттығу барысын өзі тікелей қадағалап, тиісінше бағалайды. Гене рал-майордың айтуынша, есептоптар қазір дің өзінде біршама жақсы нəтижеге қол жеткізген.

– Бұл жаттығуға Қарулы Күштердің ғана емес, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, Ішкі істер министрлігінің Ұлттық Ұланы, Мемлекеттік күзет қызметі, əскери оқу орындары да атсалысады. Бұған дейінгі парад тарға С.Нұрмағамбетов атындағы «Жас

ұлан» республикалық мектебінің ұландары ғана қатысса, бұл жолы еліміздегі басқа да оқу орындарының оқушылары, əскери-патриоттық клубтардың тəрбиеленушілері, Қорғаныс министрлігі əскери-техникалық мектептерінің шəкірттері қатысады. Парадты əскери автокөліктерге мінген ардагерлеріміз бастап шығады, – дейді Т.Қойбақов.

Саптағы жауынгерлердің арасында нəзік жандылардан жасақталған роталарды да байқаған едік. Оларға жасалатын жағдай ер-азаматтардан мүлде ерекшеленбейді деуге болады. Жалғыз жеңілдік – палаткада емес, казармада тұратындығы. Себебі, олар бірінші кезекте əскери қызметкер, содан кейін ғана қыздар деген қағида қалыптасқан.

Жалпы, əскери парадты ұйымдастырудағы бас ты мақсат – халыққа Қарулы Күштердің қалай дамығанын, ел Тəуелсіздігі мен тұтас-тығын қамтамасыз етуге əзір екендігін көрсету. Шеру ге Қарулы Күштердің таңдаулы əскери қыз мет шілері, бөлімшелері іріктелген. Əскери-лер халыққа мерекелік көңіл-күй сый лап қана қоймай, төл əскеріміздің қуатын, техни калық тұрғыда жабдықталуын, еліміз бен халқы-мыздың егемендігі мен қауіпсіздігін күзетіп жүрген əскери қызметшілердің жауынгерлік əзірлігі мен жауынгерлік қабілетін көрсете білуге тиіс. Астананың іргесінде парадқа қызу əзірленіп жатқан жауынгерлер осы жауапты міндетті лайықты атқарып шығуға тиіс.

Бір топ журналистің Қорғаныс ми нистр -лігі ұйымдастырған медиа-сапар бары сын да көзбен көріп, көңілге түйгендері осы болды.

Суретті түсіргенЕрлан ОМАРОВ,

«Егемен Қазақстан»

Сарбаздар әскери парадқа сақадай-сай––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Елорданың іргесіндегі 40-стансада орналасқан 68665 әскери б�лімнің аумағында қаз-қатар тізілген әскери шатырлардан, қаздай тізілген әскери техникалардан к�з тұнады. Жаттығу алаңы да күн ұзақ бес қаруын сайлаған сарбаздардан босама-

ды. Бұл жерде 7 мамыр күні Астанада �тетін ауқымды парадқа қатысу үшін еліміздің барлық �ңірлеріндегі әскери б�лімдерден келген есептоптар жаттығуда. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Page 12: Діни бас‡арма ‹кілдерімен кездесті2017/04/20  · Мұхтар Наурызбайұлы - «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы

12 20 сәуір 2017 жылзерде

Дәуіт батыр Үстірт өңірінде дүниеге келген. Шыққан тегіне тоқталсақ, Кіші жүздің Шөмішті Табын руының Қарақойлы-Лабақ бөлігінен, оның ішінде қазаққа танымал болған Барақ әулетінен тарайды. Барақ батырдың не ме-ресі болып келеді. Атақты Ба рақ Сатыбалдыұлы (1743-1840) да өз заманының қаһарманы, ер жү-рек қолбасшысы болған еді. Ол Сырым Датұлымен бірге 1783-1797 жылдар аралығында кө-теріліс басшыларының бірі бол ған. Сырымның жақын қарулас жол-дасы болғандығы туралы көп теген мұрағат құжаттарында ай тылады.

Дәуіттің әкесі Асау да – Кі-ші жүз бен Хорезм өңіріне аты шыққан атақты батыр әрі би болған еді. Ол 1822-1835 жыл-дары Жоламан бастаған кө те-ріліс көсемдерінің бірі, осы азат-тық күресін Жоламанмен бір ге басқарды. Асау Барақұлы (1763-1843) – өз кезеңінің белгілі тарихи тұлғасы, ол да көр ші лес Хиуамен тығыз қарым-қа ты нас жасаған. Әкелі-балалы ба тыр лардың есімдері ел арасында «Асау-Барақ» атымен белгілі. Би лігі үш атаға жалғасқан Барақ-Асау-Дәуіт ба-тырлар қазақтың ба тыс өңірлері мен Хорезмге атақ тары кеңінен тараған әулет болып табылады. Алыс Үстірт, Хиуа аралықтарын мекен етсе де, үшеуі де Ресей ықпалына қарсы күрестерге бел-сене қатысты, олардың ту ұстаған көсемдеріне айналды.

Мұрағат деректерінде аға- й ынды батырлар Асау мен Қитар Барақұлдарының, олар дың ұлдары Қадырқұл мен Дәуіт, Шыңдауыл Қитарұлы бас та ған сарбаздардың іс-әре кет те рі біршама кездеседі. Олар Жа ңа Елек шебінің Вет-лянский, Су хореченский, Буран-ный т.б. фор посттары мен елді ме кен де ріне шабуылдарға қа тыс-қан. 1822 жылы 5 желтоқсанда Орынбор Шекара комиссиясы гу-бернатордың жарлығымен ең ал-дымен ұсталуы тиіс шепке ша буыл жасап жүрген «басты қарақ шы лар» ішінде Жоламанның өзін, Адай Сүйінқара, Кете Дер бі сәлі, Табын Құттыбас, Жаналы, Түркебай батырлардың арасында Асау мен Қитар батырларды да көрсеткен (Орынбор обл. мемл. мұрағаты, 6-қор, 10-т., 2781-іс, 153-парақ). 1823 жылы маусымда Жоламан бастаған көтерілісті жазалауға пол-ковник Берг бастаған 2382 адамдық ірі әскери жасақ шығарылады. Оның полковник Милорадович басқаратын 408 адамдық бір то-бын Шыңғырлау өзенінің бо- йында Жоламан бастаған 1 мың сарбаз қоршап алады. Деректерге қарағанда, осы шабуылға басқа сардарлармен бірге Қитар Барақ-ұлы бастаған 200 Шөмішті Табын сарбазы қатысқан. Олардың ара-сында Дәуіттің де болғаны талас туғызбайды. Бір атап өтерлігі, пол-ковник Милорадович басқарған тептәр казактары сарбаздардың шабуылына төтеп бере алмай Елек бойына кері қайтады. Қазақ әскері Милорадович отрядының жан-жағынан от қойып жүргізбей қойған, шабуыл жасап 24 адамын тұтқындаған.

ХІХ ғасырдың 40-50-жылдары Дәуіт бірқатар әлеуметтік-саяси оқиғаларға қатысып, ол басқа да Табын билерімен бірге Ресей мен Хиуа арасында белгілі бір саясат ұстанған. 1848 жылы өздеріне зекет жинауға келген хиу алықтарға орыс тарапына са лық төлеп отырғандарын айтса, 1852 жылы патша салық жи-нау шыларына да толық түтін са нын бермеген. Жалпы, Ресей үкі меті Дәуіт ауылдарынан 1850 ж. – 331 үйден, 1851 ж. – 556 (бір деректе 100) үйден, 1852 ж. – 539 үйден, 1853 ж. – 40 және 1854 ж. 93 үйден түтін салығын жинаған. Шөмішті қауымдары ежелден Үстірт, Сам-Матай, Доңызтау өңірлерінде, Хиуа ие лігінде – Әмудария өзенінің қос жағалауында, Арал теңізінің ба-тысында, Қоңырат, Көне Үр ге ніш жерлеріне қыстайтын. Жаз жай лауға солтүстік өңірлерге – Жем, Сағыз, Темір өзендерінің бой ларына, кей аталықтары Ұлы Қобда, Елек бой-ларына дей ін келетін. Кей жылда-ры олар Үс тірт, Хорезм өңірлерінен алыс қа ұзамаған, түтін санының аз көр се тілген кездері осыған байла-нысты. Орыс шептерінен алыс орна-ласуы себепті оларға Ресей ықпалы аса таралған жоқ.

Дәуіт Асауұлының Ресей патшалығының отарлық саяса-тына қарсы күресі, әсіресе ХІХ ғасырдың 50-жылдарының ор-тасында айқын көрінеді. 1855 жылы ол Кіші жүздің атақты ба-тыры Есет Көтібарұлымен бі рігіп әрекеттер жасайды. Сол жыл дың мамыр айында Орын бор әкімшілігі Дәуіт ауылдары нан түтін салығын жинауға Бай ма ғамбетұлы сұлтан бастаған би лерді жіберген бола-тын. Темір өзе нінің бойындағы жайлауда отырған Дәуіт пат-ша адамдарын еш жауапсыз

15 күн ұстап, салық төлемейді. Өздеріне қарсы орыс жасағының шыққанын естіген кезде ол салық жинаушылардың қолына ұзын саны 150 ешкі мен ұсақ қозы-лақтарды жинап беріп, осыларды түтін салығы ретінде қабылдауға мәжбүр етеді. Оның патша адамда-рына лақ айдатып жіберген әрекеті бүкіл елге тарайды. Дегенмен, бұл мал қабылданып, ақшаға айыр-басталып, одан түскен 100 рубль күміс ақша Орынбор Шекара ко-миссиясына тапсырылған (ҚР ОММ, 4-қор, 1-т., 4479-іс, 107-108 пп.).

1855 жылы шілде айының ба-сында Дәуіт батыр Шөмішті Табын, Адай және Таз руларынан құралған 1 мың сарбазбен патша өкіметіне қарсы ашық әрекеттерге көшеді. Ол кезде Орынбор өлкесінің қазақтары Ба тыс, Орта және Шығыс бөліктер деп аталатын үш бөлікке бөлініп, олар ды өлке әкімшілігі бекітетін аға сұлтандар басқаратын. Алдын ала өзара келісім бойынша, Дәуіт батыр Батыс бөліктің аға сұлтаны Мұхамедқали Тәукеұлының орда-сына, ал Есет батыр Орта бөліктің

аға сұлтаны Арыстан Жантөриннің ордасына бір мезетте шабуыл жасауды жоспарлай ды. Алайда, Мұхамедқали сұлтан бұл жоспар туралы дер кезінде естіп, қам жа-сап үлгереді. Ол өз адамдары-мен Қалдығайты өзенінің бойын-да Қаратөбе деген жерде тоқтап Жайық казак әскерін тосады, олар келген соң 2 мың адаммен Есет бастаған көтерілісшілерге қарай бет алады. Оның ордасын шабу жоспары жүзеге аспаған Дәуіт те шұғыл түрде өз сарбаздарымен Есет жасағын ескертуге әрі көмектесуге сол бағытқа жылжиды (ҚР ОММ, 4-қор, 1-т., 5144-іс, 22-п., 4478-іс, 6-7 пп.). Есет батыр 8 шілде күні Есенбай өзенінің бойындағы Жаңғызағаш деген жерде Арыстан Жантөриннің ордасын шауып, сұлтанның өзімен қоса 10-нан астам

адамды өлтірген болатын. Бір атап өтерлігі, Есеттің осы шабуылына Дәуіттің жақын інілері ағайынды Бозай, Аманжол Шыңбайұлдары тікелей қатысқан. Есеттің ша-буылынан соң Шөмішті Табын, Адай және Шекті руларының 100 адамнан тұратын үлкен елшілігі Хиуа ханына барып, өздерінің орыс патшалығымен соғысып жүргендерін айтып, Ресейге қарсы көмек сұраған.

1855 жылы қазан айында аға сұлтан М.Тәукеұлы, әскери стар-шина Серов бастаған казак әскері Дәуіт батырдың ауылына ба-сып кіріп, қақтығыста оның бір ұлы Ербөлекті өлтіреді. Дәуіттің өзі ауылда болмаған. Әскерлер батырдың әйелі Қалыны, ұлы Бекназарды, қызы Тәтішті және жасы 80-ге келген жақын туы-сы Майдос Айтқазыұлын тұт-қын дайды. Көптеген малын ай-дап әкетеді. Орынбор әкім ші л ігі Дәуіт Асауұлына егер айыбын мойындап өзі келмесе, ұлы мен ту ысының өлім жазасына ке сі-ле тінін, әйелі мен қызының мәң-гі қамауда қалатындығын жет -кізеді. Тұтқындар алдымен Оры н-бор түрмесінде ұсталса, кей іннен Оралға жіберіледі. Әске ри сот Бекназар Дәуітұлын шпицру-тенмен 500 адам арасынан 6 рет өткізіп дүрелеуге, содан соң ка-торгалық жұмыстарға 15 жылға, Майдос ақсақалды жасына байла-нысты жазасыз Сібірге қо ныс та-нуға үкім шығарады. Кей іннен Бекназардың жазасын же ңілдетіп, 200 адамның арасы нан үш рет өткізіп дүрелеп, 5 жыл ға каторгаға жіберу шешіледі. Бі рақ бұл жаза-лар орындалмаған.

Орынбор генерал-губерна-торы, қазақ даласы мен Хи уа ны отар лау әрекеттерімен көз ге түскен В.Перовскийдің өзі Шекара Ко-миссиясына 5 қара ш а да жол да- ғ ан ұсынысында: «...хо тя и мож-но было бы захваченных в ауле Даута киргизов предать военно-му суду по полевому уго ловному

уложению, но при этом по мнению Комиссии, нельзя не принять во внимание и того (түпнұсқада асты сызылған), что Ордынцы те по родству своему с Даутом неизбеж-но должны были действовать под его влиянием. Почему Комиссия и полагает, не отступая от строгой справедливости, воспользоваться настоящим случаем для обраще-ния Даута Асауова, скрывшегося в глубине степи, к покорности Правительству, объявив ему, что если он не исполнит требова ния, которые будут предложены ему начальством, не явиться с по-винною и обязательством за себя и родичей кочевать впредь спо-койно, тогда должен считать уже одного себя причиною тому, – что сын и родственник его понесут по-зорную смертную казнь, а жена и

дочь будут сосланы на всегдашнее заточение...», – деп көрсетеді (ҚР ОММ, 4-қор, 1-т., 4478-іс, 287-288 пп.). Осы мақсатта Оралда ұсталып отырған тұтқындарды Орынборға қайта алдырып, оларға өз аттары-нан Дәуітке хат жаздыру көзделеді. Орынборда Бекназар мен Майдос түрме қамалында қатаң күзетте ұсталса, ал әйел адамдар жеке пәтерде полиция бақылауында болады.

Өз жақындары жат қолына түссе де, Дәуіт Асауұлы патша адам дары алдына бірден ба ра қоймаған. 1856 жылдың 4 қаң-тарында Орынбор Шекара ко-миссиясының төрағасы Гри горьев Дәуітке арнайы бір не ше беттік қатынас жолдайды. Онда батыр қатты айыпталады. Құжаттың мәтінінен оның мысын басу, қорқыту анық аңғарылады. Мұнда Дәуіттің бұрынғы іс-әре кеттері де жіпке тізілген, үзін ді келтірсек: «Оренбургское Пограничное на-чальство давно уже слышало, что ты идешь по дурной дороге... За вероломство свое лишился ты скота, жена твоя Калу, дочь Татышь, сын Бикназар и род-ственник Майдус находятся в наших руках. Вот плоды твоего безумного поведения! ...Сделав, спасешь и жену свою, и детей, и родственников... не хочешь – счи-тай одного себя причиною если не увидишь более Калу, Татыши, Бикназара и Майдуса, которые судятся военным судом и при дальнейшем упорстве твоем по-несут неизбежное наказание. Не оправдывайся, еще раз повторяю, в своих последних поступках, не присылай ко мне обещаний на бумаге, не оттягивай явки своей с повинною киргизскими изво-ротами, а прямо исполни то, что советую тебе, и каяться после не будешь...» (ҚР ОММ, 4-қор, 1-т., 4479-іс, 224-227 пп.). Осы қатынаста Комисссия төрағасы Дәуіттің салық жинаушыларға 150 көтерем ешкі мен лақтарды

оларды өліммен қорқытып алғы з-ғанын да бетіне басқан.

Осындай қаһарлы хабарға қарамастан Дәуіт Орынборға баруға асыға қоймаған. Жақын адамда-ры тұтқынға түскеннен кейін ара-да жеті айдай уақыттан соң, 1856 жылы мамыр айында аға сұлтан Тәукеұлы шеп бойындағы Табын билерінің бірі Құлбай Омарұлы мен Шө міш ті тармағының белгілі биі Алдаш Байғанаұлын Дәуітті өз ордасына әкелуді міндеттейді. Алдаш би де алдыңғы күзде аға сұл тан орда сына бара жатқан же-рінен Серов жасағының қо лына түсіп, Орынборда біраз уақыт кепіл-дікте ұсталған болатын. Осы дан соң жақындары қамауда жат қан Дәуітке өкімет тарапына бар у дан басқа амалы қалмайды. Ма мыр ор-тасында ол Шөмішті Табынның бір топ билерімен бірге аға сұлтанның ордасына келеді. Қабылдаудан соң Тәукеұлы оларды бірден Орын-борға аттандырады. Дәуіт бастаған билер аталған шаһарға 14 маусым күні келеді.

Орынборда Дәуіт Асауұлы билерімен бірге Ресей тарапы-на адалдыққа ант қабылдауға мәж бүр болады. Ант 6 шілде кү-ні қабылданған. Генерал-гу бер -натор Перовский Дәуіттің өз ер-кімен келгенін, оның да ла да ғы беделін және оның өкі мет ке мо- й ын сұнуының алыс та ғы Шөміш ті Та бын қау ым дарын үкімет билі гі-не ба ғын ды руда қаншалықты пай-да лы бо латындығын ескеріп, оған ке шірім береді. Бұл туралы өлке бас шысы Шекара Комиссиясына 1856 жылғы 2 шілдедегі ұсы ны сын-да хабарлаған: «1. При нимая во вни-мание исключительное нис колько еще неустроенное по ложение Юго-Западной час ти Зауральской степи, доброволь ную явку с повинною Даута Асауова, влияние его между одно род цами и пользу какую покор-ность его может принести к упроче-нию русской власти над Чумичли Табынцами, я нахожу возмож-ным, согласно с предстательством Погра ничной Комиссии, предать прежние поступки этого ордынца забвению и прекратить всякое пре-следование его и сообщников его за участие в прошлогодном бунте Исета Кутебарова. 2. Но такое про-щение Дауту и прибывшим с ним биям даруется с непременным ус-ловием чтобы впердь вели они себя как следует верноподанным Его Императорского Величества...» (ҚР ОММ, 4-қор, 1-т., 2792-іс, 10-п.). Губернатор осы ұсынысында Дәуіт Асауұлын Шөміш ті Табын руының ірі Қарақойлы тармағының бас биі, ал Алдаш би Асан тармағының бас биі етіп бекітеді. Анттан соң Дәу іттің отбасы мүшелері Ше - к ара Комиссиясының қаты су ымен түр меден босатылып, бі р ден қай-та рылады.

Ресей жағына берген антына қарамастан Дәуіт Асауұлы ел ба-сына туған сын кезеңдерде өзінің азаттық күресі жолынан айнымай-ды. 1869 жылы Батыс Қазақстанда болған көтеріліс кезінде 82 жас-тағы Дәуіт қолына тағы да қару алып Үстірт, Хиуа өңірлеріндегі көтеріліс көсем де рінің біріне айна-лады. Бұл кө теріліс далалық облыс-тарды бас қа ру туралы Уақытша Ережеге қар сы тұтанған еді. Ереже бойын ша қазақ даласы облыстар мен уез дерге, болыстарға бөлініп, бұ рын ғы аға сұлтандардың орнына

орыс шенеуніктері қойылуы тиіс бо латын. Бүкіл қазақ жерлері мем лекеттің меншігі саналып, ол қа зақтарға пайдалануға ғана бе рі-летін болып шешілген еді.

Қарт батырдың осы күреске қатысуының өзі көтерілісшілерге үлкен рух берген. Зерттеуші Сер -бариновтің жазуынша, оның есі-мінің өзі олар үшін бай рақ есе-бінде болған. Бұл кө те рі ліс ке Дәуіттің інілері Бозай Шың бай-ұлы, Жәнібек Барақұлы, ұлдары Алданазар, Бекназар, Дәрібай және басқа да көптеген жақын туыстары қатысқан.

1869 жылдың басында орыс шебіне жақын Қобда бойында отырған Жылқышы Табын руының билері Мұңайтпас пен Тұрым оңтүстіктегі Шөмішті Табын және Шекті руларына жаушылар арқылы хат жіберіп, Ереже туралы айтып, күреске қосылуға шақырған болатын. Қаңтар айының басында Дәуіттің інісі Жәнібек Барақұлы, Алдаш Байғанаұлы және Шекті-Қабақ руынан белгілі би Әзберген Мұңайтпасұлы мен Есеттің ұлы Назар бастаған адамдар Хиуа ха-нына келіп қазақтардың патша өкі метіне қарсы шыққандарын ай тып көмекке әскер сұрайды. Хан елшілерді жақсы қарсы алып, наурыз айына қарай өз бе к терден, түрікмендер мен қа ра қ алпақтардан тұратын 6 мың адам дық әскер жасақтайды. Бас тапқыда бұл әскерге көптеген қа зақ рулары-нан Дәуіт пен Жәнібек бастаған 200 Шөмішті Та бын сарбазы ғана қосылады.

1869 жылдың күзіне қарай Елек-Қобда, Орал, Атырау өңір-лерінен, Жем, Сағыз, Ойыл бойларынан Уақытша Ережені қабылдамаған 8 мыңға жуық шаңырақ Хиуа иелігіне жақын көшіп келеді. Олардың арасы-нан 150 адамдық үлкен қауым Хиуа ханымен кездесіп, өздеріне көшіп-қонатын жерлер беруді, үш жылға дейін зекеттен босату-ды сұрайды. Хан бұл елшілікті де жылы қарсы алып, хандық тара-пынан жерлер беруге ықылас та-нытады. Осы елшілік құрамында Дәуіттің үлкен ұлы Алданазар, басқа көтеріліс көсемдері Қаналы Арыстанұлы сұлтан, Әзберген би, Беркін Оспанұлы т.б. көптеген беделді адамдар болған.

Дәуіт батыр күресті басынан бас тап қолдаған еді. Орынбор әкім шілігі қарт биді де өз тарап-та рына қаратуға тырысқан. 1869 жылдың тамыз айында жаңа дан құрылған Елек (Ақтөбе) уезінің бастығы Плотников Дәуіт Асау-ұлына Қодар есімді биден арнайы хат беріп жібереді. Онда жаңа ереженің маңызы тү сіндіріліп, қарт биге уәделер бе рі лгені күмән туғызбайды. Би өз тара пынан уезд бастығына жауап хат жолдайды.

Жазалау шаралары кезінде Шөмішті ауылдары біраз қыр-ғынға ұшырайды. Дәуіт Асау-ұлы елінің бүлініп, ба рымтаға, шапқыншылыққа ұры нуын мүл-дем қаламаған. Ол өз қауым-дары арасында тыныштық орна-ту ға ұмтылған. Бұл оның хатынан айқын көрінеді. Елек уезінің бас-тығы Плотниковқа жолдаған ха-тында ол өзара барымталар мен талас-тартыстар салдарынан ел ішінен береке кеткенін, тыныштық іздеген ауылдардың Жемге қарай кетіп, онда орыс әскерінің шабуы-лына тап болып, көп адамдарының қаза болғанын жазған. Қарт бидің жазуына қарағанда, кейбір ауылдар емін-еркін көшіп-қону еркіндігі жоқтығына күйініп, бұрынғыдай жайлауға Жем бойына барған. Бөкенбай өзенінің жоғары жа ғын-да олармен кездескен орыс әскері ештеңенің ақ-қарасын айырмай оларды тас-талқан еткен, көп адам-дар өліп, малдарынан айрылған.

Осылайша, даланың ең түс-тігінде орналасқан Дәуіт Асауұлы бастаған ауыл-аймақ тар басқа да ауылдармен қатар Жаңа Ережені қабылдауға мәж бүр болған. 1869 жылы қыр күйек айында ережені ал ғаш бо лып қабылдаған 656 ша ңы рақтан тұратын бір болыс жасақталса, 1870 жылға қа рай Хиуа өңірінен бас қа да ауыл дар дың келуіне бай ланысты екін ші болыс жасақ тал ған. Кей іннен үшінші бо-лыс құ рыл ған. Жазалаудан қашқан, жа ңа тәртіпті қабылдамаған бір-қатар шаңырақтардың Хиуа ие-ліктерінде қалып қойғаны талас-сыз. Дәуіт батырдың өзі кө те-рілістен соң бірнеше жылдан кейін, 1874 жылы қайтыс болған.

Дәуіт Асауұлы өз заманының қаһарман тұлғаларының бірі ретінде тұтас бір тарихи дәуірді басынан өткізді. Оның өмірі отар-лыққа қарсы күреске де, шап-қыншылыққа да, ел ішіндегі қым-қуыт оқиғаларға да толы болды. Осылардың бәрінде Дәуіт батыр өзінің биік дәрежесін көрсете алды. Шын мәнінде, оның есімі ел ішінде бағыт көрсетер байраққа айналды. Дәуіт Асауұлы қазіргі Өзбекстан Республикасының Қарақалпақстан аумағында, Қоңырат ауданына қарасты «Хо-резм қақпасы» деп аталатын жер-де жерленген.

Нұржан ЖЕТПІСБАЙ,Ш.Уәлиханов атындағы

Тарих және этнологияинститутының ғылыми

қызметкері

дала дарабоздары Жаңғырық

Есімі елі үшін байрақ болған

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––XVIII-XX ғасырлар аралығы қазақ халқын жойқын сындар-мен қарсы алды, екі ғасырға жуық уақытқа созылған қалмақ-жоңғар соғыстарынан аман өтсе, алда одан да қауіпті әрі қитұрқы ресейлік отарлау саясаты күтіп тұрған еді. Осындай сын кезеңдер жауынгер тұлғаларды ғана емес, батырлығы, билігі үзілмеген тұтас бір әулеттерді де дүниеге әкелді. Биыл туғанына 230 жыл толғалы отырған Дәуіт Асауұлы да қазақ даласындағы осындай батырлығы мен билігі үзілмеген атақты әулеттердің бірінен тараған болатын.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Бала күнімде әке-шешемнен ес ті-ген бір керемет қызық әңгіме – Қай дар балуан туралы. Батыр, балуан дарды жақ сы көріп өскен маған бәрі қызық. Де сек те, алыс аңыз емес, әке-шешем ті рідей көрген кісі тіпті жақын, қызық бо лып көрінді.

– Соғыстан бұрын, Бірсуатта тұра-мыз. Әбіш атамыздың бар кезі. Кен же ағатайым (Кәрімжан атамызды әкем осылай атайтын) рабкопты басқарады. Бір күні кешке үйге бір кісіні қонаққа алып келді. Танысып, ақсақалмен әңгімелесіп отырды. Қай дар балуан екен, ел аралап, өнер көр се тіп жүр екен. Балуан дегесін қы зы ғып қа рай-мыз келіп, денесі ірі, сом бол ған ымен, он дай толық, дәу емес!

Әкемнің осы сөзіне ой жүгіртсем, ол кездегі ауыл қазағының ұғымында балуан деген жуан, таудай болуы заң-ды. Ал Қайдар балуан ол кезде жа ра-ған аттай, спорттық бабында болған сы ңайлы.

− Ас ішіп, Әбіш атамызбен жап-жақ сы әңгімелесіп отырғанда, Әбиқын кі ріп келсін!

– Әбиқын деген орыс, пекарнидің бастығы болатын, – деп, анам Бәтима сөз ді жалғап әкетеді. – Ұзын бойлы, дәу, жуан кісі еді.

– Оның қасында Қайдар балуан ала салау, денесі де шағындау болып кө рінді! Толықтығы да ондай емес!

Бала болсам да, мұның шын фамилия сы қалай екен деп қоямын.

– Обухин ба? – деп сұраймын әке-ше шемнен.

– Е-е, ит біліп пе оны! Әбиқын ба – Әбиқын, бітті шаруа! – дейтін әкем, бала күннен үйреншікті боп кеткен атты өзгерткісі келмей.

Сонымен, Әбиқын Қайдар балуан-ның келгенін естіп, әдейі іздеп келген кө рінеді. Өзі дәу, қараптан қарап күші тас ып жүретін кісі, бір сынап көрмек болған сияқты. – Кел, күресіп көрейік! – дейді Қайдар балуанға.

Қайдар балуан сол отырған күйі: – Жарайды, онда кел де, екі қолың мен менің кеңірдегімнен қыс бар кү шің мен! – дейді. Әбиқын күректей қол дарымен Қайдарды кеңірдектен қы сады-ай келіп. Қайдар былқ етпей оты ра береді. Әбиқын қып-қызыл боп дол данып, одан сайын күшін салып ба ғады. «Болдың ба?» – дейді сол кез де Қайдар. Әбиқын басын изейді. Сол кезд е Қайдар бал- уан мойнын бір жа ғы на шұғыл бұрып қалғанда, таудай Әбиқын анадай жерге ұшып түсті дейд і!

– Содан, Әбиқын орнынан тұрып, біразға дейін қызараңдап отырды, – дейтін әке-шешем жарыса әңгімелеп. – Әрі-бері әңгімелесіп, шай-пай ішіп бол ғасын кетуге айналды.

Кетерінде екеуі қол алыспай ма – бір жағы қоштасып, бір жағы доста-сып дегендей. Сонда, Қайдар балуан қо лын қысып жібергенде, Әбиқынның ты р нағының көбесінен қаны шығып кетті дейді!

– Енді ертеңінде жиналған халыққа күшін көрсетуге шыққанда, үйдегідей емес, еңселеніп, дәу болып кетті. Бұл-шық еттері білем-білем болып бұл тыл-дап ойнап, өзгеріп кетті! – деген әке-ше шемнің даусы күні бүгінге дейін құ лағымда.

Бұл әңгімені мен 1989 жылдары «Көкшетау правдасы» газетіне жа-рия ладым, бірақ, сол мақаламды ар-хи вімнен таба алмадым.

«Көкшетау» газетіне Қайдар ба-луан туралы мақала шыққаннан кейін маған бір азамат, атын ұмыттым, ке-ліп, алғыс айтты. Қайдар балуанның ұр пақтарымыз деді. Бір ұрпағы фото-тіл ші болып істеді, Базарбай Бағысов. Қайдар балуан туралы бір кісілердің естелігі де шықты, үн қосу ретінде. Қа жымұқанның жиені, силач, циркач, балуан болған дейді.

Кеңащыда тұрған керей Қажым ақсақал да Қайдар балуанды көргенін айтқаны есімде.

– Мен Қайдармын, Қайдармын, жаудың малын айдармын, қайырып қолын байлармын, – деп өлеңдетеді екен. − Қажымұқанмен нағашы, жиен болып, ойнап күрескенде, бір-бірімізді ала алмайтынбыз. Ал көп алдында кі-лем ге шығып күрескенде ол кісі шақ кел тірмей, ұршықтай үйіретін. Аруақ-та нып кететін! – дейді екен.

Кеңащыда тұрған Риза Сәдуақасов ақсақал, руы қырғыз, Қайдар бал- уанды бала күнінде көргенін қызық қылып айтатын. Ауылдарына келіп, күш өнерін көпшілікке көрсеткен екен. Кісі тола арбаны тісімен сүйреп, бірнеше кісіні ұзын сырғауылға мінгізіп, шыр айналдырған. Содан кейін шалқасынан жатып, төсіне үлкен диірмен тасты қойғызып, екі мықты жігітке темір тоқпақпен құлаштатып ұрғызғанда, біраздан соң тас қақ жарылыпты. Қайдар балуан кеткен соң, бір күшті жігіт Қайдар балуанға еліктеп, ортаға шығып: «Оның істегенін мен де іс тей-мін!» – деп, төсіне тас қойғызып, әлгі жі гіттерге ұрғызыпты. Сонда, бір-екі рет салып жібергенде, тас жарылмақ тү гілі, әлгінің өзі талықсып, жатып қа лыпты.

Қайдар балуанның кейінгі өмірі бел гісіз. Кешегі көшпенділердің сы-ны ғы, тұлпарлардың тұяғы, қазағым деп еңіреп өткен алып күш, өнер ие сі кезінде атақ-даңққа бөленіп, кей ін-нен қандай да бір себептермен аты ұмы тылуға айналды ма, кім білсін? Мен үшін бала күнімде естіген аңыз қым бат, сол аңыздағыдай жалындап жүрген Қайдар балуан қашан да кө-ңіл іме ыстық!

Баянғали ӘЛІМЖАНОВ

Қайдар балуан

Өздеріне қарсы орыс жасағының шық қа­нын естіген кезде ол салық жи нау шы лар­дың қолына ұзын саны 150 ешкі мен ұсақ қозы­лақтарды жинап беріп, осыларды түтін салығы ретінде қабылдауға мәжбүр етеді. оның патша адамдарына лақ ай­датып жіберген әрекеті бүкіл елге тарайды.

Page 13: Діни бас‡арма ‹кілдерімен кездесті2017/04/20  · Мұхтар Наурызбайұлы - «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы

20 сәуір 2017 жыл 13руханият

өнеге өрнектері

«Біз де сіздей болғанбыз...»

Қос қабатты сауда үйінің шығар есігіне жақындай берген кезде сырт жақ тан егде кісінің келе жатқанын бай­қадым. Бала күннен қалыптасып қал­ған әдет − ақсақалға ілтипат көр сет­пек ниетпен есіктің тұтқасына қарай қолымды соза бергенім сол еді, қас пен көздің арасында бір жігіт таптап кетер­дей екпіндеп ішке енді. Түр­түсін де дұрыстап аңдай алмадым. Әйтеуір, ай­қас тыра байлаған түрлі­түсті мойын­ора ғышы бірден көзге түседі екен, онысы бет­әлпетін жартылай жауып тұр. Жүрісі қатты. Өте асығыс. Ешкімді елейтін түрі жоқ. Жер­жаһанда жалғыз жүрген жандай­ау, сірә. Мені қойшы, алдында келе жатқан әлгі ақсақалды да қағып­соғып өте шыққан жоқ па сабазың? Жасы келіп қалған кісіге ауыр тиген болса керек, сауда үйінің ішіне енген соң «Ана жігітті тоқтатшы» де­гендей алға қарай қолын созып, белгі жасады. Түсіне қойдым. Әлгі жігіттің соңынан қуып барып, арқасынан қағып жүріп тоқтаттым­ау, әйтеуір. Сөйтсем, құлағында қыстырып алған құрылғы бар екен. Әуен тыңдап бара ма, жоқ әлде, біреумен телефон арқылы сөйлесіп бара ма, түсініксіз. Өйткені, мойынорағыш аузын бүркеп тұр. Арқасынан қаққан соң, амал жоқ, тоқтады. «Не керек?» дегендей маған бажырая қарады. Мен ақсақалды көрсеттім. Осылай көзбен «сөйлесіп» тұрғанда үлкен кісінің өзі де қасымызға келіп қалды. Ентігін басты. Қос қолын жігітке қарай созды.

−Ассалаумағалейкум, балам,− деді.Жігіт сол кезде ғана ақсақалға бет

бұрды. Созған қолды алды. Ақсақал «Ассалаумағалейкум, балам» деп тағы да қайталады. Жігіт жауап қатқан жоқ.

−Балам, саған айтарым, біз де сіздей болғанбыз, − деді. – Асығыс екеніңізді байқап тұрмын. Жауапты жұмыспен жүрген шығарсыз. Бірақ, қанша асығыс болсаңыз да, алдыңызда келе жатқан адамды қағып­соғып өтуге хақыңыз жоқ, балам. Ертең сіз де қартаясыз, біздің жасымызға келесіз, сол кезде өзіңіз секілді өрімдей жігіт екпіндеп келіп, қағып­соғып өте шықса қалай қарай­сыз, қарағым? Үлкен адамға істеген қия натыңыз алдыңыздан шық п а сына кім кепіл?! Жолыңыздан, жұмы сы ңы з­ дан қалмағаныңыз дұрыс шығар, бірақ тәртіп сақтап, үлкенді сыйлағаннан қор болмайсыз.

Жігіт қазақшаны ұқпайтын болса керек, ләм­лим деп жауап қатқан жоқ. Кешірім де сұрамады. Бұрылып жүре берді.

Ақсақал айтарын асықпай­саспай, са бырлы түрде жеткізді. Ашуға да бу­лық қан жоқ. «Сіз» деп сыпайы сөйледі.

Әлгі жігіт ақсақалдың сөзін құла­ғы на құйып алды ма, жоқ па, ол басқа әңгіме, әйтеуір, адамның санасына жеткізетіндей етіп айтты. Әңгімесі маған да ой салды.

Бала күнімізде ата­әжелеріміз сәт сайын «Үлкендерді сыйлаңдар, алдынан кесіп өтпеңдер, сәлем беріп жүріңдер», «Ақсақалдардан қарғыс емес, алғыс алыңдар, ақ батасын алыңдар» деп ай­тып отырушы еді. Үйге қариялар келсе, қолына су құю үшін қарадомалақ балалар таласатынбыз. Өйткені, батасын аласың. «Таудай бол, үлкен жігіт бол!» деген бір ауыз батасының өзіне көңілің марқайып, мерейің өсіп қалады. «Жаңбырмен жер көгереді, батамен ел көгереді» дейді халық даналығы. Еліміздің көркейіп жатқаны қариялардың ақ батасының арқасы. Осыны ұмытпағанымыз абзал. Ата­әжелеріміздің ақ батасы мен тілегі, тәлім­тәрбиесі санамызда өшпестей жатталып қалды. Ес біліп, есейсек те, олардың өсиет сөздерін темірқазықтай ұстанып келе жатқан жоқпыз ба?!

Ал кейінгі ұрпаққа үлкендерді сый­лау мен құрметтеу жөнінде лайықты тәлім­тәрбие беріп жүрміз бе? Әй, қай­дам ?!. Аға толқынды құрметтеуге байла­ныс ты тәлім­тәрбие дұрыс жүр гі зілсе, әлгі жігіт сауда үйіне кіре бе рісте ерсі қы лық көрсетпес еді­ау? Ақсақалды қа­ғып­соғып өте шықпай, есік ашып, құр­мет көрсеткен болар еді ғой.

Ұрпақ алмасады. Бұл – өмір заң ды­лығы. Бірақ, қарттарға құрметпен қа рау сабақтастығы үзілмегені жөн. Үл кен­дердің бәтуалы сөздері мен ақыл да рына құ лақ ассақ, кем болмайтынымыз айдан анық. Осыдан отыз­қырық жыл бұрын ақылгөй ақсақалдардың айтқанына құлақ қойып, мойынұсынушы еді, қазір ше? Ауыл ақсақалдарының ақыл­кеңесінің арқасы шығар, ел ішінде ұрлық­қарлық, ұрыс­керіс, дау­жан­жал, отбасындағы ойран дегенді сирек есітуші едік. Қазір қырықпышақ бо лып жатқан ауылдар аз емес. Қу дү ние ні бөлісе алмай, әлденеге келісе ал май, бірін­бірі пышақтап, қанжоса бо лып жатқан жоқ па? Мұның бәрі үл кен­дерді құрметтемеудің, олардың да на гөй сөздеріне құлақ аспаудың салдары. Ту­ған әке­шешесін қарттар үйіне, бауыр ет балаларын жетімдер үйіне тапсырып жат қан сорақылықтың да түп­төркіні осын да.

Әне бір күні күре жолдың бойында кетіп бара жатып, зираттың маңындағы төбенің басындағы мынадай жазуға көзім түсті: «Біз де сендей болғанбыз, сен де біздей боласың». Осы сәт көпті көрген көнекөз ақсақалдың сауда үйінде жігітке айтқан сөзі сап етіп ойыма орал­ды.

Ғалым ОМАРХАН,

«Егемен Қазақстан»

(Жалғасы. Басы 62, 70-нөмірлерде)

15.05.2013Туған жер, тауың да ыстық, тасың

да ыстық,Туған жер, кәрің де ыстың, жасың

да ыстық.Туған жер, туған жер, Балапан, көбелек қуған жерім­ай –

деп Кенен атам айтпақшы, туған жерге еш теңе жетпейді. Оның тауы да, тасы да; ойы да, қыры да; топырағы да, құмы да; суы да, нуы да, адамы да, малы да ыстық. Қан ша жасқа жетсең де туған жерде баладайсың. Сені ата­анаңдай аялайтын да – сол туған жер.

Менің туған жерім – Жамбыл облы­сы, Талас ауданындағы алақанның ая­сын дай Ақтөбе дейтін ауыл. Мен үшін жер дің кіндігі де, жұмағы да сол Ақтөбе. Дү ние нің талай жерін, талай елін арала­дым, со н да да Ақтөбедей сұлу, Ақтөбедей жай лы­жайсаң, Ақтөбедей әдемі жерді кө ре алмадым. Рымғали Нұрғали марқұм: «Сендер бақыттысыңдар, сендердің туған жерлерің бар. Менің бүгінде туған об­лысым да, туған ауылым да жоқ. Бәрі де апат аймағына айналды», деп жылаушы еді. Қандай аянышты!

Менің туған жерім де, туған ауылым да бар. Заман өзгерсе де, қоғам өзгерсе де, адам өзгерсе де менің ауылым өзгерген жоқ. Сол баяғы күйінде тұр. Әлі күнге дейін жарымай­ақ қойса да, клуб, мон­ша, мектеп, радиоторабы болмаса да, бү гінде азып­тозып тұрса да, ауылымды жақ сы көремін. Өйткені, мен сонда ту­дым, сонда өстім. Ата­анам сонда жатыр. Ағай ыным­туғаным әлі де сонда тұрады. Жұ бы жазылған жоқ, арасы ыдыраған жоқ. Біз білетін баяғы колхоздар да ылғи ата ластардан, ағайындардан тұратын. Бір­бірінің жеті атасына дейін жақсы білетін. Бір теректен жапырақ жайған бұтақ екенін қадірлейтін. Бүгінде қазақ ұясынан безген бұлдырықтай болып жан­жаққа бөлініп кетті. Соның кесірінен ата дәстүрінен, ағайындықтан қол үзе баста­ды. Кезінде тайпасымен, руымен, атала­сымен, ағайынымен жұбы жазылмаған, бірге көшіп, бірге қоныстанған қазақ быт­шыт болып бытырады. Мұның түбі жақсылыққа апармауы мүмкін.

Ауылды аңсаймын. Ауылға барсам жа лаң аяқ қыр кешкен, балапан қуған алаң сыз балалық шағым, ата­анам, көз көрген игі жақсылар есіме түседі. «Жақ ­сы сы кетіп, жаманы қалған әдіре қал­ғыр лар» деп апам айтып отырушы еді, жа рықтық. Бүгінде сол ауылда, апам айтқандай, жақсының бәрі кетіп, жама­ны қалған сияқты. Ауылға барсаң бәрі де көз алдыңа келеді: жүзге жетсе де ажа­рын бермеген, бойы сырықтай Қызжан әжем; қызыл шырайлының ажарлысы, алып денелі, кісілігі бойына жарасқан әкем Жолдасбек; екі көзі танадай, кірпігі көзіне түскен, бойында еш міні жоқ, әнші, шебер анам Қалдыкүл; үкінің ба­лапанындай абыз әкем Әймен; ежелгі грек ғұламаларынан аумаған Жекебай әкем; өмірі баласы Қырғызбайдың жо­лын тосумен өткен бір жапырақ Тұрсай әкем; кезінде мыңғыртып мал айдаған ағайынды Сапарқұл әкем, Андақұл жәкем; диқан Құрманбек, Әбдіраман әкелерім; бір­біріне ұқсамайтын саят­ шы, сері Әділбай, Өмірзақ, Бұрхан жә келерім; қадірлі Жаңабай, Оспан жә келерім; палуан Бәкір, Сүлеймен жә келерім; мінсіз молда Әбдірәсіл жә кем; әрқайсысы бір­бір театр Бол­сын бек Жүсіпов, Махмұт Кенжетаев, Шә ріпхан Жаңабаев, Шымыртай ағаларым; сүйекті бал қытқан күйші Әйтпенбет Бұршақбаев, Шәмшілда Әл жанов, Зиябек Қалыбеков, Боранқұл Қошмағамбетов күйшілер; әрі ақын, әрі әнші Іңкәшай, Жібек секілді асыл жеңгелерім; Сапақ датқаның бел бала­лары Шардарбек пен Зиябек; ше ті нен шаңқобызшы, ауылдың әнші­өнер паз қыздары – бәрі де аядай ауылды ын­тымақ­бірлікке, жарасымдылыққа, кі­сілікке, өнерге бөлеген ғажап кісілер

еді. Менің анам Қалдыкүл, жеңгем Іңкәшай шаңқобызды зар илетіп қалай тартушы еді!

Бүгінде сол ауылдағы ескіден қал ған­дары – Шәріпхан мен Шымыртай аға­ларым. «Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан» деген, міне, осы. Жердің көркі де, ажары да – адам. Ауылға барсаң балалар алдыңнан жүгіріп шығып, сәлем береді. Әкесін айтса да оларды тани бермеймін. Әйтеуір бөтен емес екенін білемін.

Мен бұрын жайқалып, жарасып тұратын, бүгінде берекесі кетіп, азып­тозған Ақтөбе деген кішкентай ғана ауыл да 1937 жылдың мамырының 27­ін­ де Қоңыртөбенің етегінде туғанмын.

Әкем Жолдасбек 1947 жылы алпыс үш жасында, анам Қалдыкүл 1967 жылы 69 жасында, ағам Омартай 1995 жылы 73 жасында дүние салды. Атам Қожамқұл – көп жасаған кісі. Үшаралдағы «Ақынға» жерленген. Әпкем Зылиханы да сол «Ақынға» жерлегенбіз. Әкем, анам, әжем

Қызжан, ағам Омартай, қарындасым Мырзакүл, інім Кенжебек Ақтөбенің зиратында жатыр. Арғы аталарымыз Тектұрмаста жерленген деп естимін. Би атамыз Темірдің, өз атам Ақботаның қайда жерленгені белгісіз.

Ақтөбе – тақиядай қарауыл төбе. Шамада бұл баяғы Сақ патшаларының бірінің қорғаны. Оны кезінде төрт геолог қаза бастап, төртеуінің де өлгенін білеміз. Одан кейін ешкім қазған емес. Дөп­дөң­гелек. Қарауыл төбе тәрізді. Тө ңі регі қа­лың ши, шеңгел болады. Сол ма ңайды қаз са болды, адамның сүйегі шы ғады. Ке шегі жоңғар шапқыншылығы, бая ғы Тү рік қағанаты кезінде талай қыр ғын бол­ған жер. Ауылдың адамдары Ақтө бенің үстіне шығып мал қарайтын.

Ақтөбенің түбінен мөлдіреп Көктал өзені ағады. Көктемде тасиды. Жаз бойы мөл діреп ағып жататын. Мөп­мөлдір су­дың түбінде моншақтай болып шекем тастар кө рініп жататын. Бүгінде өзеннің ындыны кеуіп, арнасы жоғалып барады.

Ақтөбенің шығысында – үлкен Дегерес, кіші Дегерес, ар жағы Қара шең­гел, Тұздыкөл; оңтүстігінде Қапшағай, Ме шіт, Ащы өзек, Талды әуіт, Қыскөпір, Жалаңбас қағы, Найза Қызыл, Бөріқазған, Тәңірқазған. Әрқайсысы тұнып тұрған тарих.

Қыскөпір – ілгергі заманда қолдан салынған ғажап құрылыс. Бұл жерде көне заманда қала болған. Бөріқазған, Тә ңірқазған – адам баласы тіршілігінің ең алғаш пайда болған жері. Жалаңбас қа ғы Ошақты, Аталық Жалаңбас батыр­дың атымен аталады. Ілгеріде Сапақ дат қ а Тәшкенде жиында жүргенде дұш­пан дары мөрін ұрлап, датқаның атынан

ұл дары Жолшыбек пен Тойшыбекке хат жа зып: «Менен туғандарың рас болса, Жа лаңбасты өлтіріңдер» деп мөрін ба­сып жіберген екен. Хатты алғаннан кейін Жол шыбек пен Тойшыбек Жалаңбасты сол Жалаңбас қағында өлтіреді. Мұны е с ті ген Сапақ датқа: «Мұқалмайтын ал мас қы лышым­ай, асылым­ай, күш­қайратым­ай, асқар белім­ай, алынбас қамалым­ай!» деп еңіреп жылаған екен.

Осы оқиғадан кейін Ошақты­Тасжүрек пен Аталықтың арасына сы на түсіп, көпке дейін ел іші бүлінген кө рінеді.

Ақтөбенің солтүстігі – Мәлікбай, Ке­мер, ар жағы Ақсай, одан әрі Аса, Талас, Үш аралға жалғасады. Асаның бойы іл­г е ріде ну қамыс болады екен. Кезінде Жолшыбек сол жерден жолбарыс алыпты.

Ақтөбенің батысында – Ащы өзек, Балжан сиген (бабам Бәденнің қыстауы), Тәукебай, Қанатты қызыл, Үш бұлақ, одан әрі Қаратаудың жотасы, Көсегенің көк жонына ұласады. Ілгеріде Талас,

Сарысу аудандарының малшылары осы Көсегенің көк жонына жайлауға шы­ға тын. Қаратаудың жоталары, құздары тол ған арқар болатын. Қойыны тола шие, ал ма, тобылғы еді. Шие піскенде иісі жел­мен біздің ауылға келетін. Қаратаудың қой науы толған бұлақ болатын. Ондай тәт ті бұлақтарды мен өзге еш жерден көр ген емеспін.

Ақтөбенің теріскейі – Қоңыр төбе (үстіне шықсаң әлем көрінгендей бола­ды; кеудесі толған кереней, жауқазын, көкемарал), Қарой, Көкпекті ой, одан әрі Сорбұлақ, Күміс төбе, аяғы Қаратаумен ұштасады.

«Әзіреті Қаратау – әулиенің кені еді» деп «Алпамыс» эпосында айтылатындай, Қаратау – әулиенің де, қазынаның да кені. «Сайрамда сансыз бап, Түркістанда түмен бап» демекші, баптардың бәрі осы әулие Қаратаудың қойнауында. Менің ауылымнан таяқ тастам жерде Саудакенттен сәл жоғары Баба Түкті Шашты Әзиз жатыр. Ол – Ысқақ баптың баласы, Әзіреті Әлінің баласы Мұхаммед Қанафияның шөбересі Абдрахманның ал­тыншы ұрпағы. Ысқақ баптан Аққорған, Бақсайыс, Ыбырахым, Ахмет Ясауи туа­ ды. Мұхтар Әуезов – Бақсайыстың он үшінші ұрпағы.

Қаратау – тарихтың да, шежіренің де байтақ қазынасы.

Тарихтан біз білетін Едіге батыр – Баба Түкті Шашты Әзиздің баласы. Зар­лап, Алладан перзент тілеп жүргенде Бай­бө рі мен Аналыққа Алпамысты беретін де, Нәрік пен Құлқанысқа Шора батыр­ды беретін де – Баба Түкті Шашты Әзиз. Алпамыс та, Едіге де жорыққа аттанарда Шашты Әзиздің басына түнейді екен.

Баба Түкті Шашты Әзизден сәл жүр сеңіз Созақ, Сызған (хандар мен би лердің ордасы, Қарабураның, Сү гір­дің, Төлегеннің, Тәкеннің туған жері), оның ар жағы Келіншек тау, Мың жыл­қы, Шолаққорған. Гәуһар ана мен Мә­риям ананың бейіті осында. Қаратау қиялап Мойынқұммен аяқтасады. Мо­ й ынқұм – Қобыландының ата қонысы. Қо быландының құдығы да осында. Айна ла сы қозыкөш жер.

Ілгеріде Майкөт ақын Құлан аян Құл­ман беттен сағы сынып, біздің ауылға Са пақ датқа атамызға сәлем бере келіп:

– О, Сапеке, Құлманбеттің өзі де би ік, жері де биік, елі бай екен, дес бер меді. Ай тысып көңілім қалмаған еді, Құл ман­бет тен сағым сынды, – деп шағынған екен.

Сонда датқа:– Мәйеке, бақыт – қолға қонған құс,

байлық – қолға ұстаған мұз, құс ұшады, мұз ериді, дүниенің қызығы Сіз бен Біз, – деп көңілін жұбатқан екен.

Менің туған жерім осындай. Ақ­тө бе нің маңайынан әрісі адамзат та­ри хы ның, бе рісі Сақ Ата зама ны н ың, Тү рік қа ға натының, жоңғар шап қын­шы лы ғының белгілері, ізі сайрап жатыр.

Ақтөбенің маңайы қалың қорым, түр тіп қалсаң адамның сүйегі шығады. Қа лың ши, қаптаған төмпешіктер. Қара­тау дың етегін, Ақтөбенің маңайын за ма­н ында талай әулиелердің, талай да на ла р ­дың, талай ақын­жыраулардың, талай ше­шен дердің мекендегені күмәнсіз. Көлбеп жат қан Қаратауға тіл бітсе сайрар еді, шір кін: «Біз де сіздей болғанбыз, сіз де біз дей боларсыз» дейтін де шығар. Сол өңір де қаншама сыр, қаншама тарих бар де сеңізші, шіркін.

Мен ауылдың түбіндегі Қоңыр тө­бенің үстін де қозы­лақтай ойнап өстім. Төбесіне шықсаң, төңірек түгел көрі не тін, көңілің көтерілетін. Керенейі, жау қазыны қандай еді. Олар гүлдегенде Қо ңыртөбені жайна тып жіберетін. Та мы рын гүлдемей тұрып жей т інбіз. Ке ренейдің түбі – ре­диска се кіл ді, жауқ азынның түбі тәтті пияз секілді бо латын. Гүлдеген соң жеуге келмейді, қа тып қалады.

Қаратау өңірінде бағзы заман­дардан же лісі үзілмеген бақсылық, әншілік, ақын дық, күйшілік мектебі қалыптасқан. Не гізі қазақ өнерінің кені осы Қаратауда.

Байырғы қазақ келешекке айтарын дом бырасына, қобызына салып кеткен. Қазақтай ақын, қазақтай жырау, қазақ тай дана, қазақтай шешен, қазақтай ке мең­гер, қазақтай домбырашы, қазақтай қо­бызшы жоқ дүниеде. Қазақтың жаны жү­ре гінде, тілінде, домбырасының шегінде, қо бызының үнінде. Қазақтың жаны дом­бырасының үнімен, қобызының зарымен бірігіп кеткен.

Ауылға, Қаратауға барған сайын қо­быз дың, домбыраның үні келеді құ ла­ғыма.

Күндерімнің куәсі(Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбековтің күнделік дәптерінен)

Айгүл СЕЙІЛОВА,«Егемен Қазақстан»

Әлмашұлының мерейто­ йын туған өңірі тойлап өткенін айту абзал. Оның өмірі мен шығармашылығына арналған деректі фильм де түсірілді. «Қа зақстан» телеарнасы ның «Да ра жол» бағдарламасына да шық ты. Бұл жолы Л.Н.Гумилев атын дағы Еуразия ұлттық уни­вер ситетінің ұстаздарымен және студенттерімен жүздесті.

Әсерлі әдеби кеш журналис­тика кафедрасы студенттерінің жа зушы шығармасынан үзін ­ділер оқуымен басталды. Со­нан соң құзыретті ор гандар

та рапынан қаламгерді құт тық­таған хаттар шоғыры тың дал­ды. Ең алдымен Үкімет бас ­шы сы мен Премьер­Министр ке ң сесі басшысы орын ба са­ры ның құттықтауын Пре мьер­Ми нистр кеңсесінің бас ин с­ пекторы Гүлмира Бо та наева оқып берді. Мәдениет жә не спорт министрінің құт тық тау ы ­ мен Тілдерді дамыту және қо­ғамдық саяси жұмыс комитеті тө рағасының орынбасары Ға­лым жан Мелдешов, ал Білім жә не ғылым министрі мен ЕҰУ рек торының құттықтауымен атал мыш оқу орнының про рек­то ры Дихан Қамзабекұлы таныс­ тырды.

Оның «Оянған ұрпақ» ро­маны бүгінгі күн тақырыбына арналған. Өтіріктен алыс қо­ну ға талпынған жастардың ой­сезімдеріндегі, іс­әрекет те рін ­дегі арпалыс ты бейнелейтін шы­ғарма. Заманның тамырын тап ба­сып жазу үшін талант қа жет. Ал өткенді зерделеуге, тү сі нікті етіп жазуға білім керек. Мем лекеттік сыйлықтың иегері, жазушы Алдан Смайылдың әріптесінің

шығармашылығы туралы пікірі осы тұрғыдан өр біді. Ол әрбір журналистің сая саттан, әрбір жазушы мен ақын ның тарихтан хабары бол мағы шарт екенін айтты. «Ақын не жазушы болған соң тарихшы болуың керек. Еліңнің рухани мұрасын білетін рухани зергер болуың қажет. Халқыңның жү регінде қандай арман бар екенін білмесең, жа­зушы б о ла алмайсың. Қызылорда

об лы сындағы Жаңақорған ау­данының ең ауыр тарихын жаз­ған Жолтай жерлестері ал дын­дағы парызын өтеді деп ой­лаймын. Аштық жылдарында, қуғын­сүргін кезеңінде ел Қара­тауды тастап, Ауғанстанға, басқа жақтарға да өтіп кеткен. Бұл тек отызыншы жылдар ойраны­нан қиналған елдің емес, рухы жасыған, дәстүрінен қол үзіп, са насынан жаңылған хал қы­мыз дың трагедиясы еді. Осы ны жазушы тереңнен тол ғап жаз ды. Ал оның бүгіннің кел бе тін сом­дайтын туындылары бір төбе. Шын мәнінде бүгінгі күн туралы жазу, оны жүректен өткізіп жазу өте қиын», деді Алдан Смайыл.

Ғылымда да ізі бар, драма­тургиясы мен прозасы қос қа­на тындай қаламгердің мерей­тойына астаналық зиялы қауым көп жиналды. Олар қаламгер дің шығармашылығына қатысты ой­пікірлерін әрқайсысы өзін­ше өрнектеді. Кеш барысын да студенттер тарапынан қалам­гер шығармаларынан үзінді­лер оқыл ды, ән­күйлері тарту етілді.

Қаламгерге құрмет көрсетті––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Жолтай Әлмашұлы − «Сүю серті», «Тірі жан», «Абақты-ғұмыр», «Ай астындағы алтын шаһар», «Мұңмен алысқан адам» деп басталып әрі қарай қос қолыңның саусақтарын екі қайтара санап шығатындай пьесалар жазған драматург. Сондай-ақ, «Оянған ұрпақ» романы арқылы бүгінгі күннің кейіпкерлерімен жүздестірген жазушы. Қажырлылығымен, жанкешті еңбегімен, сөз өнеріне адалдығымен бүгінгі күннің ең бір танымал қаламгерлерінің қатарында аталатын Жолтай Жұмат Әлмашұлы жақында алпыс жасқа толды.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Page 14: Діни бас‡арма ‹кілдерімен кездесті2017/04/20  · Мұхтар Наурызбайұлы - «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы

14 20 сәуір 2017 жылспорт

БастауҚазақ елінің футзалы дәу­

рендеп тұр. Айналдырған он­шақ ты жыл ішінде дүниенің дүр­кіреген додасында топ жарып жүр. Қазақ топырағына Еуропа Кубогын да, Еуропа біріншілігінің қола жүлдесін де әкелді. Қос құрлықты жалпағынан жайлаған алпауыт Ресей өткізетін өте беделді «Еременко Кубогын» үш рет жеңіп алды. «Қайрат» ко­мандасы жақында ғана кубокты Ресей топырағынан тартып әкетті. Өздері тағайындаған жарыс кубо­гын өзгеге ұстата салатын Ре сей емес. Кіші футбол қарқыны бұл елде де жоғары. «Газпром­Юг­ра», «Дина», «Сибиряк», «Дина­мо» суперлигада ойнайтын 11 ко ман да ішіндегі тас шайнап, құм бүркетін азулылар. Бұл – «Қай­раттың» Еуропадағы ең мық ты командалардың бірі екенін ай­қындап тұр. «Қайрат» командасы да, негізін осы клуб ойыншыла­ры құ райтын Қазақ елі құрамасы да қазір үлкен мақсат жолында...

Өзгені сыйлау өзіңді сыйлаудан басталады

Өмірде бәрі де салыстырмалы. Жақында Алматыда өткен футзал­дан Еуропа чемпионатының негізгі іріктеу кезеңінде Че хия, Македония және Дания құра маларының бас бапкерлері футзал туралы өз ойла­рымен бөліскен еді. Енді өзге елдегі және өз еліміздегі кіші футболдың артықшылығы мен кемшілігін таразыға тартып көрейік.

Чехияда футбол қатты да­мы ған. Залдағы футболдан ел құ рамасы 2010 жылы Еуро па бі­ріншілігінің қола жүлде сін жұлып әкеткен. Бізді маза лаған – осы ел дегі легионер ойын шыларға деген көзқарас, футзал клуб­тары ның даму қарқыны. Чехия құ рамасының бас бапкері бізді маза лаған сұрақтарға ықыласпен жауап берді.

– Чехия құрамасында бірде­бір легионер жоқ, – деді Томаш Нойманн. – Команда Чехия құра­масы деп атала ма, командада сол елдің футболшылары ойнау­лары керек. Атына заты сай. Ел­елден, жер­жерден жинап ал ған жат ел футболшыларынан құ­ралған команданы қалай ғана Чехия құрамасы демекпін?! Ай­тыңызшы?! Клубтарда ойнай берсін, онда шаруам жоқ. Ал тұтас елдің атынан сынға түсетін Че­хия құрамасында тек осы елдің перзенттері ойнауы тиіс. Бұл – менің айнымайтын қағидам. Бұл елде мен бас бапкер болып тұр­ғанда осы принцип ұсталады.

Чехия премьер­лигасында 12 клубтық команда ойнайды екен. Екінші, үшінші лигадағылар да бірінің өкшесін бірі басып тұр. Аймақтық командалар тағы бар. Елде футбол үлкен қарқынмен дамуда. Бас бапкердің айтуынша, 350 мың футболшы теңбіл доптың соңына түскен. Осының ішінде 20 мың футболшы футзалда ойнай­ды. Бұл – ресми тіркелген ойын­шылар саны. Мұндай қарқынмен ел футболының ерекше дамитыны даусыз.

– Чехия футзалының мақта­нышы – «Эра­Пак» командасы, – деп ойын жалғастырды бас бап кер. – Ел чемпионатында үнемі дара шығып жүрген үздік ко манда. Сіздердің «Қайрат» командаларыңыз сияқты. Чехия клубтарында 20 бразилиялық, үш испаниялық, екі португалиялық ой науда. Бірақ қандай шебер ой­ыншы болсын, жат ел футбол­шысы чех ойыншысынан артық жалақы алмайды. Ұлт перзентінен әулие емес. Қазір «Қайрат» коман­дасының бас бапкері болып

жүр ген Какау екі жыл біздің елде ойнаған, үш жыл бапкер болды.

Чехияның бас бапкері Томаш Нойманн «Бразилиялықтар ой­найтын Қазақ елі құрамасы» де генді емеурінмен айтуды да ұмыт пады.

Македония құрамасында өзге елдің екі спортшысы жүр. Біреуі бос ниялық, екіншісі хорват. «Алыстағы Бразилиядан, Испа­ния дан футболшы шақыратындай артық ақшамыз жоқ», деді құ­раманың бас бапкері Иван Бо­жович.

Македония құрамасында тек өз елінің ойыншылары ғана бол­ғанымен, команда мықты. Жыл дан­жылға өсу үстінде. Елдегі жоғары лигада 10 команда, бірін ші лигада 12. Бұл ел ішіндегі бәсе келестіктің жоғары екенін көр сетіп тұр.

Дания құрамасы бұл жолы қарсылас үш командадан да ұтыл­ды. Құраманың бас бапкері Ни­колай Клейн­Собюэ өз еліндегі футзалға аз­кем тоқталып өтті.

– Данияда да негізгі қаржы үлкен футболға бөлінеді, – деді бас бапкер. – Футзал лигасы бізде екіге бөлінеді, «Батыс» және

«Шы ғыс» болып. «Батыс» лига­да 8 команда, «Шығыс» лигада 8. Олар дың әрқайсысы тағы екіге бө лінеді, бірінші және екінші лига болып. Жат ел спортшыла­ры мүлде жоқ. Бір неміс, бір бра­зилиялық ойнайды. Бірақ бұлар көп жылдан бергі Дания тұр­ғындары.

Қазақ елі футзалыДәл қазір Қазақ елінде бес­

ақ футзал клубы бар: «Қайрат», «Аят», «Жетісу», «Ақтөбе» және Шымкенттегі «№7 АБЖОІМ» – спорт мектебі командасы. Бары осы. Бұлардың ішінде ел на­мысын сырт жерде абыроймен қорғап жүрген жалғыз команда – «Қайрат». Қазақ топырағындағы футзал клубтарында 20 брази­лиялық ойнап жүрсе, соның тең жартысы «Қайрат» командасын­да. Игита сияқтылар Қазақ елі аза маттығын да алып үлгерді. Өзгеше талант Игита, Лео, Дуг­лас сияқты футболшылардың ше берліктері біздің бауырлардың бой ларына сіңсе екен дейді бір ой аласұрып.

Қазақ футболшыларының өсуі, шеберлік деңгейлері тура­лы «Қайрат» командасының бас бапкері Какаудан сыр тартқан едік бірде. Ол іркілмей ойын ашық айт­ты: «Қазақтың біраз таланттары дәл қазір бразилиялықтардан кем ойнамайды». Ішіміз жылыды. Қай жігіттерді меңзеп тұрғаны белгілі. Шынында, бүгінгі Дін мұ хамбет Сүлейменов, Серік Жаманқұлов, Дәурен Нұрғожин, Шыңғыс Есенамановтардың шеберліктеріне риза болып отырасың. Серік Жаманқұловтың Еуропа бірін­шілігінде бұр қы ратып, боратып

6 доп соққаны естеріңізде болар. Сол жолы Хор ватия қақпасын солқ еткізіп, жанкүйерлерінің жүректерін зырқ еткізіп, қос бірдей доп салған да осы Жаманқұлов. Сол жолы Қазақ елі құрамасы Еуропа төрінен қола медальмен оралды.

Екі жасында доп қуалап, төр­тінші сыныпта арнайы футбол үйірмесіне барған сол Жаманқұлов – қазір өз қолтаңбасымен қалың жанкүйер ықыласына бөленген талант. Басқа футболшылар ту­ралы да осындай жылы сөз айтуға болады.

Қазір еліміздің Рудный, Қара­ғанды, Екібастұз, Алматы қала­ларында футзал жақсы қанат жайып келеді. Алматыдағы «Қай­рат» футбол клубының жанында ашылған «Балалар академия­сында» 50 бала тәрбиеленуде. Ар найы жеке мектептер де ашы­лу да. Шағын қалаларда, ауыл­дарда балалардың кіші фут­болмен айналысуына жағдай жасау, шағын ғимараттарын салу басты мәселенің бірі бо­лып тұр. Ойнайтын орын болса, доп қуалайтын бала табылады

қашанда. Бір­ақ сәтте лап қояры даусыз. Бұл жерде ұлтын сүйген қаржылы азаматтардың осы салаға, соңынан ерген ұрпаққа қайырылып қарағаны абзал.

Көп нәрсе қаржыға келіп тіреледі. Бір кезде Қарағандының «Шахтері» қандай еді?! Еуропа төріне жарқ етіп шығып, құр­лықтың азуын айға білеген коман­даларымен тартысқа түсті. Кейін қаржыдан тарықты, мықты ойын­шылар жалт берді, бірі ойға, бірі қырға. Сол қаладағы «Тұлпар» футзал командасы да мықты еді. «Тұлпар» арындап тұрған же­рінде тарады да кетті. Қазір сол клуб тың мықты ойыншылары «Қайрат» клубының, Қазақ елі құ­рамасының намысын қорғап жүр.

2016 жылы үлкен футбол ко­мандаларының жанынан фут­зал клубтарын аштыру мә селесі қойылған. Бұл – Қазақ стан Футбол федерациясы Атқару коми тетінің шешімі. 2017 жылы ұсыныс жа­салды. Ал 2018 жыл дан бастап талап етуге, міндет теуге көшпек. Қуанарлық іс. Бі рақ ҚФФ облыс футбол клуб тарының қолтығынан футзал клубтарын аштыруға қан­шалықты ықпал ете алар екен?! Құптай жөнелсе жақсы, «үлкен футболды жарылқап алсақ та же­тер» деп ертоқымын бауырына алып мөңкитіндер де табылар. Бірақ кез келген жақсы жаңалықтың өз кедергілері болатыны да заңды құбылыс. Бұл мәселе неғұрлым жылдам шешілсе, еліміздегі футзал соғұрлым қатты қарқынмен дами­тыны сөзсіз.

Бірақ, сопаң етіп тағы бір сұрақ шыға келді. Жақсы, Атқару комитетінің талабымен футзал клубтарын ашты дейік. Клуб

дұ рыс қаржыландырылмаса, білікті бапкері болмаса, жақсы ойыншылар топтаспаса, команда ойы ны өрге бас пайды. Берекесіз, аты бар да заты жоқ команда бо ­лып шыға келеді. Саны бар да са пасы жоқ 10­12 команда ке­рек пе, жоқ па?! Футзалдың елі­мізде өркендеуіне тікелей жауап­ты ҚФФ қолтығындағы Футзал қауым дастығы басшыларының не ойлағаны бар?

Ел ішіндегі бәсекелестіктің жоқтығына қарамастан, «Қайрат» футзал клубы – Еуропадағы атан жілік, арқар мүйіз команда. Кө­кірегі футболға байланған, қар­жысын да, күш­қуатын да сарқа жұм сап келе жатқан «Қайрат» клубының президенті Қайрат Оразбеков – дара тұлға. Сондықтан да, «Қайрат» Еуропадағы ең үздік командалардың қатарында тұр. Оразбековтен басқа кім бар?..

Бүгінгі таңда Қазақ елінде ойнап жүрген бразилиялық дара таланттардың шеберліктерін біз­дің бауырлар да тезірек үйренсе екен. Солардың артықшы лық­тарын зердеге түйсе екен. «Қай­рат» клубының бас бапкері Какау өткізетін жат ты ғу ларды қада­ғалап, көкейге түйіп, ізінен қал­май жазып­сызып жүрген бап­кер бар ма бізде, жоқ па?! Жоқ бол са, соңына салып қою керек. Үй ренсін, талантты бапкер мек­тебінің суын ішсін.

Мына бір дерек Какаудың қандай деңгейдегі бапкер екенін айқындаса керек. Демалыс алып Алматыдан Бразилияға ұша­йын деп тұрған Какауды «Эра­Пак» клубының президенті қат ты өтініп Чехияға шақырады. «Че хия біріншілігінің жартылай финалын­да тартысқа түскелі тұр ған «Эра­Пак» командасын чемпиондық тұғырға алып шық» дейді қиылып. Какау бір кезде сол командада ой­нады да, бапкер де болды. Клуб президентімен өзара сыйластығы тағы бар. Бразилияда күтіп отырған әке­шешесі мен туыс тарынан кешірім сұрап, Чехияны бетке алады. Чехияда уақытша бапкер болған Какаудың көмегімен сол жолы «Эра­Пак» чемпион бол­ды. Бұл – бапкердің сұңғыла біліктілігін көрсетіп тұр.

ТүйінКакау да, Игита сияқты тең десі

жоқ қақпашы да күн дердің күні кетеді. Солардың ше берлік мектебі қалуы керек емес пе?! Осыған бас қатырып жүр ген мамандардың бар екеніне кү мән данбаймыз. Ел футболының ертеңін ойлай­тын, алаңдайтын мамандар да аз емес. Терең, ойлы әр іс – Қазақ елі футболының өркен деуінің кепілі.

Футзал бапкерін арнайы тәрбие леп, оқытатын жерді де естімедік. Залдағы футбол мен ат шаптырым стадиондағы фут­бол дың арасы жер мен көктей. Залдағы футболшыға найзағай жылдамдық, қас­қағымда жасай­тын техника керек. Қас­қағымда дұрыс шешім қабылдауға тиіссің. Залдағы футболда толғатуға уа­қыт жоқ. Қарсыласпен иық қағыса жүріп арпалысқа түсесің.

Шетелдік мамандар керек пе? Керек. Үлгі­өнеге көрсе те тін, асқан таланттарды ғана ша қырсын. Біздің бауырларымыз соларға қарап өседі. Бірақ кең қолтық, кең есік Қазақ еліне шетелдіктерді то­пырлатып, топ­тобымен шақыру керек пе?! Ең бас тысы – өз ойын­шыларымыздың қабақтарына кірбің түсірмеу, үздіксіз өсіру, шеберліктерін шың дау.

Зейнел ЖЕКЕЙҰЛЫ,журналист

АЛМАТЫ

Әли БИТӨРЕ,«Егемен Қазақстан»

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақ­стандық боксшы Геннадий Го­ловкин 19 наурызда америкалық боксшы Дэниел Джейкобсқа қарсы өткізген жекпе­жектен кейін өзінің келесі кезде суін Астанада өткізетінін мәлім деген еді. «Келесі жекпе­жегім 17 мау­сымда өтіп қа луы мүмкін. Сол күні Сауль Ал вареспен жек пе­жек өткі згім ке леді. Мүмкін, ме нің келесі қар­сы ласым Сондерс болып қалар? Өз кезегінде Билли Джо Сон дерс те Го лов кинмен қай жер де болсын жұ ды рық­тас қысы ке­летінін, тіпті Қа зақстанға да келуге дайын еке­нін мә лім деді.

Екеуінің осы пікірлерінен кейін бокс жанкүйерлері 17 маусым күні Астанада Головкин­Сондерс жекпе­жегі өтетініне сене бастаған еді. Алайда, жуырда шетелдік және елі міз дің БАҚ өкілдері Геннадий Голов кин британ боксшысы Билли Джо Сондерспен Аста нада өтеді деп жоспарланған жекпе­жектен бас тартқанын хабарлады. Оның екі себебі бар.

Бірінші себепБокс сарапшыларының айту­

ынша, Головкин­Сондерс жекпе­жегі өтпеуіне бірінші себеп, Геннадийдің Джейкобспен кезде­суде жарақат алып қалуы. GGG бапкері Абель Санчес шәкіртінің жарақаты бар екенін айтқанымен, Головкиннің командасы әлі нақты бір мәлімдеме жасаған жоқ.

«Головкин Джейкобспен өткіз­ген кездесуден кейін мазасы бол­май тұрды. Әдетте жара қат жекпе­жектен 2­3 күн өткеннен кейін бай­қала бастайд ы. Біз Головкинмен бірге ұзақ уа қыттан бері жұмыс істеп келеміз. Сондықтан, жара­қаты ауыр болса, ол маған айтар еді. Алайда, Головкин шағым ай­татын бокс шылардың қатарынан емес. Бұл – жекпе­жектен кейін бола тын кішігірім жарақаттар. Себебі, жекпе­жек қиын болды», дейді Санчес.

Осы пікірде бір шикілік бар екенін аңғаруға болады. Өйткені, Абель жекпе­жектен кейін Голов­киннің мазасы болмады десе, екінші сөзінде жарақаттар 2­3 күн нен кейін шығатын еді дейді. Жекпе­жектен соң Геннадийдің мазасы болмай тұрса, белгілі бір деңгейде жарақаты бар деген сөз. Ауыр жекпе­жектен кейін жарақат болатыны да рас. Демек, Сон дерс­пен кездесу жарақат себебімен бас тартып отыр және ол жекпе­жекке Головкин дайын емес.

Головкиннің жарақаты жеңіл дегеннің өзінде, оны толық емдеу­ге шамамен 1 айға жуық уа қыт кетеді деп есептейік. Со нымен

қатар, мұн дай ауыр кездесуден кейін бокс шы қалпына келу үшін кем дегенде 2­3 апта қажет. Ал келесі жекпе­жекке дейін ба­бына ену үшін спортшыға 8­10 апталық жаттығу жұмысы қажет болады. Енді есептеңіз, Головкин­Сондерс жекпе­жегі 17 маусымға жоспарланған. Ал Ген надийге емделу мен қалпына келу үшін

бір жарым ай қажет бол­са, бабына ену үшін

2 ­ 2,5 ай жаттығу керек. Сөйтіп, жек­пе­жекке толық дайын болу үшін 4 айдан көп уақыт керек болады. Ал Головкин­Сондерс

жекпе­же гіне 3 ай­дан сәл асатын уа қыт

бар еді. Осы ның бәрін назар­да ұс таған Генна дий дің

командасы Сондерске қарсы өтетін жекпе­жектен мәде ниетті түрде бас тартқан болуы мүмкін.

Екінші себеп Геннадий Головкиннің британ­

дық боксшыға қарсы кездесу өт­кізуден бас тартуының екінші се­бебі − күзге жоспарланған Го лов­кин­Альварес жекпе­жегі. Әлем жан күйерлері екі боксшы ара­сын дағы жұдырықтасуды 2 жыл­дан бері тағатсыздана күтіп жүр. Және бұл кездесудің өтуі биыл шырқау шегіне жетті және екі та­рап та үл кен сомадағы қаржыға ке нелмек. Егер бұл жекпе­жек биыл ұйым дастырылмаса, Голов­кин Сон дерспен шығып, орта салмақтағы барлық белбеуді ие­ленсе, Головкин­Альварес жекпе­жегінің маңызды болмай қалуы мүмкін. Әрине, WBO белбеуі үшін Джо Сондерс сияқты бок­сшымен жұдырықтасу Голов кин үшін тиімдірек. Бірақ, мек сикалық боксшының промоутері Голов­кинмен жекпе­жектің құны қазір ең жоғары деңгейге жеткенін біліп, Оскар Де Ла Хоя бұл кездесуді би­ылдан қалмай ұйымдастырғысы келеді.

Кәсіпқой бокс бизнес болған соң екі тарап та қомақты қаржыдан қағылып қалғысы келмейді. Том Лефллер де Головкиннің Сон­дерс ке қарсы өткізетін жекпе­жек те жарақат алып қалуынан емес, қыркүйектегі жекпе­жектің өтпей қалуы қаупінен британдық боксшымен кездесу өт кізуден бас тартқан болуы ықтимал.

Жалпы, Головкин коман да­сының Сондерске қарсы жек пе­жек өткізуден бас тартуы Голов­кин­Альварес кез десуін ұйым­дастыруға мүдделі еке нін аңғар­тады. Сондай­ақ, Сауль «Канело» Альварес 6 мамыр күні отандасы Хулио Сезар Чавеспен жекпе­жектен кейін орта салмаққа, яғни Геннадий Головкиннің салмағына ауысатынын хабарлады. Демек, Головкин­Альварес кездесуінің ұйымдастырылуы толықтай белгілі болған сияқты.

толғандырар тақырып бәрекелді!

Қазақ футзалының бүгіні мен ертеңі

Дәл қазір қазақ елінДе бес-ақ футзал клу-бы бар: «қайрат», «аят», «Жетісу», «ақтөбе» Және Шымкенттегі «№7 абЖОім» – спОрт мектебі кОманДасы. бары Осы. бұларДың іШінДе ел намысын сырт ЖерДе абырОймен қОрғап Жүрген Жалғыз кОманДа – «қайрат». қазақ тОпырағынДағы футзал клубтарынДа 20 бразилиялық Ойнап Жүрсе, сОның тең Жартысы «қайрат» кОманДасынДа. игита сияқтылар қазақ елі азаматтығын Да алып үлгерДі. өзгеШе талант игита, леО, Дуглас сияқты футбОлШыларДың Шеберліктері бізДің бауырларДың бОйларына сіңсе екен ДейДі бір Ой аласұрып.

кәсіпқой бокс

Головкин кездесуден неге бас тартты?

Арман ОКТЯБРЬ,«Егемен Қазақстан»

Аты аңызға айналған аға­ларымен кілем үстінде жолығу жас өрендерді өзгеше қуанышқа бө леді. Себебі, ағаларының даңқты жолы кілемге шыққан кез кел­ген балуанға үлгі­өнеге. Екі сағат бойы 200­ден аса жас спортшыға грек­рим күресінің әдіс­тәсілдері мен ерекшеліктері жайлы ерінбей әңгімелеген Жақсылық аға, өзі де кілемге шығып әдістерді сауатты жасаудың қыр­сырына қанық­тырды.

«Мұндай шеберлік­сабақтар­дың жиі өтіп тұруы, әсіресе, жас­өспірім балуандар үшін өте ма­ңызды. Олар көзімен көргенін көңілге тоқып, биік шыңдарды бағындыруға қанаттанады. Тек қалалық жерлерде ғана емес, шалғай жатқан ауыл­аудандарға да барып осындай шаралар өткізіп, талай бұлақтың көзін ашуымыз ке­рек. Болашақта қазақтың көк туын

көкте желбірететін спортшылар осы жастардың ішінде отыр», дейді жасы 65­ке келсе де спорттық ба­бын жоғалтпаған даңқты балуан. Осыдан бірер апта бұрын грек­рим күресінен алғашқы шеберлік сағатын айтулы балуан Дәулет Тұрлыханов пен шетелдік мейман, Олимпиада чемпионы Командир Маджидов өткізген еді.

Игі шара Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт бас қар­масы, сондай­ақ, Қазақстан күрес федерациясының қолдауы мен қолға алынды. «Осы бастаманы дәстүрге айналдырып әр он күн сайын Азия, Әлем, Еуропа чем­пиондарын шақырып жас спорт­шыларға шеберлік сағаттары өткізіліп тұрады. Алдағы уақыт­та күреске қатысуға ынтасы бар өскіндер аталмыш спорт ке шенінде ақысыз жаттығу жасап тәжірибелі жаттықтырушылардан тәлім алатын болады», дейді ұйым дастырушылар.

АЛМАТЫ

Жақсылық аға жастарға сенеді–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Алматыдағы «Халық Арена» спорт кешенінде грек-рим күресінен Олимпиада чемпионы, даңқты балуан Жақсылық Үшкемпіров жасөспірім балуандарға шеберлік-сабақ өткізді. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Page 15: Діни бас‡арма ‹кілдерімен кездесті2017/04/20  · Мұхтар Наурызбайұлы - «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы

20 сәуір 2017 жыл 15жарнама

«Медтехника» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) (атқарушы органның орналасқан жері: Алматы қ.,

Ратушный к-сі, 64А) Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлайды (бұдан әрі – Жиналыс), Жиналыс Директорлар кеңесінің бастамасы бой-ынша 2017 ж. 05 маусымда сағат 10.00-де мына мекенжайда

болады: Алматы қ., Ратушный к-сі, 64А.Жиналысқа қатысушыларды тіркеудің басталуы 2017 ж. 05 маусымда сағат

09.00-де Жиналыс өткізу орны бойынша. Жиналысқа қатысуға және онда дауыс беруге құқылы акционерлердің тізімі 2017 ж. 05 маусымда жасалады. Кворум болмауы жағдайында қайталама жиналыс 2017 ж. 06 маусымда сол уақытта, жарияланған күн тәртібі бойынша, жоғары көрсетілген мекенжайда болады.

Жиналыстың күн тәртібі: 1. Қоғам және Банк арасында жасалған ірі мәмілені мақұлдау туралы,

мыналарға байланысты:(а) 7 700 000 000 (жеті миллиард жеті жүз миллион) теңгеден бастап 4 000

000 000 (төрт миллиард) теңгеге дейін 02.12.2017 жылға дейінгі мерзімге №1 Келісім бойынша қайта жаңартылатын кредиттік желі бойынша лимитті төмендетумен;

(b) 1 000 000 000 (бір миллиард) теңгеден бастап 500 000 000 (бес жүз мил-лион) теңгеге дейін 26.06.2017 жылға дейінгі мерзімге №2 Келісім бойынша қайта жаңартылатын кредиттік желі бойынша лимитті төмендетумен;

(c) Бұрын жасалған кепіл шартына сәйкес қамсыздандыруға бұрын берілген таратумен, Банк алдындағы Келісімдердің кез келгені бойынша өз міндеттемелерін Қоғамның орындамауы және/немесе тиісті орындамауы жағдайында кепілдегі мүлікті соттан тыс сатуға құқықты Банкке берумен, сондай-ақ Келісімдердің кез келгені бойынша өз міндеттемелерін орындама-уы және/немесе тиісті орындамауы жағдайында Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ одан тыс жерлерде банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын кез келген банктерде және ұйымдарда ашылған Қоғамның кез келген банктік шоттарынан дау-дамайсыз (акцептсіз) ақшаны есептен шығару (алу) жолымен өндіріп алуға өтінішті.

2. Қабылданған шешімдерді жүзеге асыру үшін Қоғамның атынан барлық іс-әрекеттерді іске асыруға өкілеттіктерді бөлу.

Қоғам акционерлері Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелері бойынша ма-териалдармен Қоғамның атқарушы органы орналасқан жерде таныса алады.

Жиналыс өткізу тәртібі: Жиналыс «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-52-баптарына және Қоғамның Жарғысына сәйкес өткізіледі.

Жиналыстың ашылуына дейін келуші акционерлерді (олардың өкілдерін) тіркеу жүргізіледі. Акционердің өкілі акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және дауыс беруге оның өкілеттігін растайтын сенімхатты көрсетуі тиіс. Тіркеуден өтпеген акционер (акционердің өкілі) кворумды анықтау кезінде есепке алынбайды және дауыс беруге қатысуға құқылы емес. Кворум болуы жағдайында Жиналыс жарияланған уақытта ашылады. Жиналыста Жиналыстың төрағасын, хатшысын және есеп комиссиясының мүшелерін сай-лау жүргізілетін болады. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша дауыс берудің ашық формасы ұйғарылады. Жиналыс жұмысының болжамды регламенті: күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндама - 15 минутқа дейін; жарыссөзге шығу – 5 минутқа дейін; әрбір сұрақты талқылау уақыты – 15 минуттан аспауы тиіс.

Барлық қосымша сұрақтар бойынша хабарласу телефоны + 7 (727) 294 28 88.

Акционерное общество «Медтехника» (далее – Общество) (местонахождения исполнительного органа: г.Алматы,

ул.Ратушного, 64А) извещает о созыве внеочередного общего собрания акционеров Общества (далее – Собрание), которое состоится по инициативе Совета директоров 05 июня 2017 г.

в 10.00 ч. по адресу: г. Алматы, ул. Ратушного, 64А.Начало регистрации участников Собрания 05 июня 2017 г. в 09.00 ч. по

месту проведения Собрания. Список акционеров, имеющих право принимать участие в Собрании и голосовать на нем, составляется на 05 июня 2017 г. В случае отсутствия кворума повторное собрание состоится 06 июня 2017 г. в то же время, по объявленной повестке дня, по вышеуказанному адресу.

Повестка дня Собрания: 1. Об одобрении заключения между Обществом и Банком крупной сдел-

ки, связанной со:(а) снижением лимита по возобновляемой кредитной линии по Соглашению

№1 с 7 700 000 000 (семь миллиардов семьсот миллионов) тенге до 4 000 000 000 (четырех миллиардов) тенге сроком до 02.12.2017 года;

(b) снижением лимита по возобновляемой кредитной линии по Соглашению №2 с 1 000 000 000 (один миллиард) тенге до 500 000 000 (пятьсот миллио-нов) тенге сроком до 26.06.2017 года.

(c) Распространением ранее предоставленного обеспечения согласно ранее заключенным договорам залога, c предоставлением Банку права на внесудебную реализацию заложенного имущества в случае неисполнения и/или ненадлежащего исполнения Обществом своих обязательств по лю-бому из Соглашений перед Банком, а также права обращения взыскания на деньги путем их бесспорного (без акцептного) списания (изъятия) с любых банковских счетов Общества, открытых в любых банках и организациях, осуществляющих отдельные виды банковских операций, как на территории Республики Казахстан, так и за ее пределами в случае неисполнения и/или ненадлежащего своих обязательств по любому из Соглашений.

2. Наделение полномочиями на осуществление всех действий от имени Общества для реализации принятых решений.

Акционеры Общества могут ознакомиться с материалами по вопросам повестки дня Собрания по месту нахождения исполнительного органа Общества.

Порядок проведения Собрания: Собрание проводится в соответствии со статьями 35-52 Закона Республики Казахстан «Об акционерных обществах» и Уставом Общества.

До открытия Собрания будет проведена регистрация прибывших акционе-ров (их представителей). Представитель акционера должен предъявить до-веренность, подтверждающую его полномочия на участие и голосование на общем собрании акционеров. Акционер (представитель акционера), не про-шедший регистрацию, не учитывается при определении кворума и не впра-ве принимать участие в голосовании. При наличии кворума Собрание будет открыто в объявленное время. На Собрании будут проведены выборы пред-седателя, секретаря Собрания и членов счетной комиссии. Предполагается открытая форма голосования по вопросам повестки дня. Примерный регла-мент работы Собрания: доклад по вопросам повестки дня - до 15 минут; вы-ступления в прениях – до 5 минут; время обсуждения каждого вопроса - не более 15 минут.

По всем дополнительным вопросам обращаться по телефону + 7 (727) 294 28 88.

«Медтехника» АҚ «АТФ Банк» АҚ-пен ірі мәміле жасағандығы туралы қоғам-ның кредиторларына, акционерлеріне және барлық мүдделі тұлғаларға хабарлайды.

Барлық қосымша сұрақтар бойынша «Медтехника» АҚ-қа мына телефон арқылы хабарласу керек +7 (727)294 28 88.

АО «Медтехника» уведомляет кредиторов, акционеров общества и всех за-интересованных лиц о совершении крупных сделок с АО «АТФ Банк».

По всем дополнительным вопросам обращаться в АО «Медтехника» по теле-фону +7 (727)294 28 88.

ТОО «Сервис К» – БИН 010340003105 сообщает о своей ликвидации. Претензии принимаются в течение 2 месяцев со дня публикации обьявления по адресу: г.Алматы, пр. Райымбека,196.

Утеряна печать ТОО «ЖАС-98», БИН 981140013317. Утеряную печать просим считать недействительной.

Семей қаласының мемлекеттік медицина университетінің басшылығы мен ұжымы Семей мемлекеттік медицина университетінің Павлодар филиалы №2 хирургия кафедрасының профессоры Сағит Баймұханұлы Иманғазиновке енесі

Күнсұлу Бейсекенқызы ТАНБАЕВАНЫҢөмірден өтуіне байланысты ауыр қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Ақмола полицейлеріне Целино-град ауданындағы Қосшы кентінде орналасқан кәсіпорындардың бі-рінің директоры ешкімнің ойына кіріп шықпайтын арыз түсірген. Бизнесмен құрылыс жүргізу үшін жалға алып, жұмыс қолын ұзартып тұрған экскаватордың ұрланғанын хабарлайды.

Арнайы іздестіру шараларының барысында ұрының алыстан келме-гені анықталды. Ол осы кәсіп-орында күзетшілік міндет атқарған Қош қарбаев ауылының 31 жастағы тұрғыны болып шықты. Ұзақ мер -зімді аңдудың да мәнісі бар кө рінеді. Ұрының 12 миллион тең ге лік экска-ваторды заматта сатып жі бермейтіні белгілі. Есесіне әлгі сумақай тағы бір қылмыс жасап тұзаққа түсті. Бұл жолы Ас тана қаласына қарас ты

құрылыс ұйымынан 40 тон налық контейнерді үптеп кетіп ті. Әрине, жалғыз еместігі анық. Поли цейлер қылмысқа сол құрылыс алаңының күзетшілері қа тысуы мүмкін де-ген болжам жасауда. Келті рілген материалдық зиян 400 000 теңгеге бағалануда. Ал өтім ді тауар 200 мың теңгеге сатылып ке тіпті.

Облыстық ішкі істер депар та-менті баспасөз қызметінің хабар-лауын ша, күдіктінің үстінен ҚР ҚК 188-бабының 4-бөлімімен қы л мыстық іс қоз ғалып, қамауға алын ған. Тергеу амал дары жүр-гізілуде.

Бақберген АМАЛБЕК, журналист

Ақмола облысы

Экскаватор ұрлаған күзетші

Page 16: Діни бас‡арма ‹кілдерімен кездесті2017/04/20  · Мұхтар Наурызбайұлы - «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы

16 20 СƏУІР 2017 ЖЫЛДИДАР

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Алматы қаласындағы Абылай хан даңғылы мен Фурманов кшесінің арасын байланыстырып жатқан жаяу жүргіншілерге арналған үлкен алаңды жұрт «Арбат» деп атап кетті. Жолыңыз түсіп сол маңнан те қалсаңыз, та-лай дүниеге тәнті боласыз. Қылқалам шеберлерінің түрлі туындылары, жүрегіңізді тебірентер жанды музыка, сан тарау тағдырлар!.. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Жалпыұлттық республикалық газет. 1919 жылғы 17 желтоқсаннан шыға бастады.

Меншік иесі:«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамыБасқарма төрағасыДархан ҚЫДЫРƏЛІБасқарма төрағасының орынбасарыАйбын ШАҒАЛАҚОВБас редакторАмантай ШƏРІП

Газет мына қалалардағы:Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «Ernur» Медиа холдингі» ЖШС,Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дəуір» РПБК ЖШС,Қарағанды қ., Сəтбаев к-сі, 15, «Типография Арко» ЖШС,Қостанай қ., Мəуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС,Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС,Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-Полиграфия» ЖШС, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС,Шымкент қ., Т.Əлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС,Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС,Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС,Орал қ., Достық-Дружба даң., 215 А, «WESTA» ЖШС,Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШСбаспаханаларында басылып шықты.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады.«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 14 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республи касының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қа зақ стан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 202 360 дана

Нөмірдің кезекші редакторларыАнар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, Асхат РАЙҚҰЛ

Mекенжайымыз: 010008 АСТАНА, «Егемен Қазақстан» газеті көшесі, 5/13 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58аАнықтама үшін:Астанада: АТС 37-65-27, факс 8 (7172) 37-19-87; Электронды пошта: [email protected] Интернет-редакция: [email protected] Алматыда: 8 (727) 273-07-87, факс 8 (727) 273-07-87; Электронды пошта: [email protected] Жарнама-ақпарат бөлімі: Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, 37-64-48, [email protected]Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-07-26, [email protected]А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.Газеттің жеткізілуіне қатысты сұрақтар үшін байланыстелефоны: 1499 («Қазпошта» АҚ)

Меншікті тілшілер:Астана – 8 (717-2) 37-54-21;Ақтау – 8 (701) 593-64-78;Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75;Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70;Атырау – 8 (701) 553-36-53;Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91;Қарағанды – 8 (701) 3757434;Қостанай – 8 (714-2) 21-01-42;Қызылорда – 8 (701) 772-70-74;Орал – 8 (775) 336-47-57;Өскемен – 8 (777) 355-41-14;Павлодар – 8 (718-2) 54-31-56;Тараз – 8 (705) 915-60-04;Шымкент – 8 (701) 362-63-76;Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

Мағжан Жұмабаев (Петропавл) Ескерткіш 2012 жылдың тамыз айында ашылған. Биіктігі − 6,85 метр (тұғыры − 1,55

метр, мүсіннің өзі – 5,30 метр). Салмағы − 2 тонна, тұғыры граниттен тұрғызылып, мүсіні қоладан құйылған. Авторы − мүсінші Қ.Сатыбалдин.

Суретті түсірген Талғат Т НІБАЕВ

ЕЛДІКТІҢ ЕҢСЕЛІ ЕСКЕРТКІШТЕРІ

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Павлодарлық металлургтер құстарға арналған 20 ұя жасап, қала мектептеріндегі бақтарға ілді. Жас металлургтер, балалар мен жасспірімдер, эколо-гия және туризм орталығының жеткіншектерімен бірлескен «Сәлем, құстар мекені!» атты науқан биыл бесінші рет ұйымдастырылып отыр. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Фарида БЫҚАЙ,«Егемен Қазақстан»

Құстарға, табиғатқа де-ген жан ашырлық шара-сы облыс орталығындағы Ворушин сая бағында бас-талды. Бұл саябақ ты жазда жақсы өзгерістер күтіп тұр. ERG мен облыс əкімдігі ара-сында жасалған əлеуметтік жобалар жөніндегі меморан-дум аясында ағымдағы жылы абаттандыру жұмыстары жалғасады. Сондай-ақ, алю-миний зауыты ұжымының ұсынысымен «Метал лургтер аллеясы» ашылмақ. Ал құс-тарға арналған ұялар – абат-тан дырудың алғашқы баста-масы деуге болады.

– Саябақты металлург-тердің қамқорлыққа алға-нына біраз жыл болды. Əр көктем мен күзде осы бақты зауыт жұмыс шы-лары, қызметкерлері ретке келтіріп, жиналып қалатын қоқысты шығарады. Бүгін біз сая бақта құстардың да тұрақтап, қалалықтардың көңілін əсем əуенімен қуан-тып тұрсын деген ниетпен ұялар жасап, ілдік, – дейді «Қазақстан алюминийі» АҚ өндірістік қауіпсіздік, эко-логия жəне еңбекті қорғау департаменті бастығының орынбасары Ренат Сар-лыбаев.

Облыс орталығындағы № 33 мектептің жас таби ғат

зерттеу шілері табиғат қор-ғауға арналған ұрансөздер жа зып, қолөнер бұйым дарын жасап əкеліпті.

– Ешқандай жіп пен шегені пайдаланбай, ұялардың көл-денең ағашын бұтақтар арасына бекіт тік. Жел мен тура түсетін күн сəуле сінен қорғау үшін сəл ең кіш ор-наластырдық. Ұяларды қалай бекіту керектігін экология жəне туризм орталығында оқып, білдік. Қыста ұя жанына жем-салғыш орнатамыз. Құстарды

аялап, қамқор болу керек, – дейді оқушы Қанат Жаманов.

– Сəуірде құстар өз жұп та-рымен ұя салатын орын іздейді. Қалалық саябаққа ұя орнату – өте өзекті шара. Себе бі, мұнда құс тар ұя салатын ағаштар аз, – дейді экология жəне туризм ор та лы ғының меңгерушісі Вален тина Шорохова.

Павлодар облысы

Суретті түсірген Виктория МАШКАРИНА

ТАЛБЕСІК

МІНЕ, ҚЫЗЫҚ!

Құстарға арналған ұя

Фариза Оңғарсынова кабинеті ашылды

Бақытгүл БАБАШ,«Егемен Қазақстан»

Ғабдол Сланов атындағы Аты-рау облыстық ғылыми-əмбебап кітап-ханасында халық жазушысы, Мем-лекеттік сыйлықтың лауреаты Фариза Оңғарсынованың кабинеті ашылды. Ақын туған жердің талантты жастары өткен жылы «Фариза жұлдыздары» атты əдеби клуб құрған еді. Олар аймақтағы оқу орындарында, мəдениет мекемелерінде кездесулер мен түрлі шаралар өткізуді дəстүрге айналдырды. Облыс əкімдігінің қолдауымен енді аудандар мен ауылдар-ды аралап, өнерлерін ортаға салады.

Поэзия патшайымының құрметіне арналған кабинеттің ашылу салтанатын-да облыстық мəдениет, мұрағаттар жəне құжаттама басқармасының басшысы Əбіл Жоламан, филология ғылымдарының докторы, профессор Қадір Жүсіп, ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының лау-реаты Қасымхан Бегманов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-дра матург Рахымжан Отарбаев, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докто-ры Бақтыбек Таубаев, қоғам қайраткері Рашила Мүр сəлиева, Атыраудағы Назарбаев зияткерлік мектебінің дирек-торы Айдарбек Айт пөкешов сөз алып, игілікті іске құтты болсын айтты.

Кітапхананың кең де жарық бөлмесін Фариза Оңғарсынова кабинеті етіп жасақ-тауға белгілі мұнайшы Ермек Мара баев пен ақынның ұлы Айбар Оңғарсынов демеушілік көрсеткен. «Бұл орын талант-ты жастар бас қосатын, оңашада ойлана-тын өнер мен өлеңнің ұясы болады деген ниеттеміз. Атырауға алыс-жақыннан кел-ген əдебиет пен өнер қайраткерлерінің ал-дымен ат басын бұратын қасиетті мекеніне, құтханасына айналдыру – мақ сатымыз», – дейді «Фариза жұлдыздары» клу бының жетекшісі, ақын Əлия Дəулетбаева.

АТЫРАУ

Арман ОКТЯБРЬ,«Егемен Қазақстан»

Бүгінгі айтпағымыз «Ар-бат» жайлы емес, он сегіз жыл-дан бері осы «Арбат» алаңында отырып сурет салатын кəсіби суретшілер – ерлі-зайыпты Бақыт пен Гауһар Нұрбековтер туралы болмақшы.

Бақыт пен Гауһар Қазақ мемлекеттік көркемсурет ака -де миясын бірге бітірді. Өнер табыстырған жандардың көр-кем дүниеге деген ыстық ма -хаббаты мөлдір сезімге ұла-сып, екі жас оқу бітірісімен отау құрды. «Арбат» алаңы өне рінен нəсібін айырып отыр -ған жандардың екінші үйіне ай налғалы қашан.

Кезінде шығармашылық иелерін қолдау мақсатында

алматылық суретшілердің «Ар батта» тұрып сурет салуы-на, туындыларын сатуына мүмкіндік жасалған еді. Сол үрдісті қазіргі қала басшылығы да жалғастырып отыр. Туын-ды ла рын сатқаны үшін сурет-шілер салық төлемейді, қыл-қалам шебер лерінің өнер ор-тасы іспетті бұл алаңқай.

Адамды ə дегеннен баурап

алатын суреттеріне қызығып тұрып «Ар баттың» «тұрғыны» Гау харды əңгімеге тарттық.

«Құдайға тəубе, табысы-мыз жаман емес. Сурет өнері көп елдерде өте жоғары баға-ланады. Елімізде де су рет-ші лерге айтарлықтай кө ңіл бөлінеді, дегенмен, қыл қалам иелерінің бəріне бір дей қолдау көрсетіле бер мей ді. Жеке көрмеңді өткізу үшін қыруар қаржы қа жет. Күн делікті бала-ша ғамыздың шай-пұлын та-уып отырған біз дер үшін бұл қиын шаруа. Сон дықтан туын-дыларымызды осында əкеліп саудалауға мəж бүрміз», дейді Гауһар Нұр бекова.

Жұмыс барысы көз алдын-да өрбіп, өзінің бейнесін əп-сəтте айнытпай салып бе ре-тіндіктен болар, жаз бен күз айларында əрі-бері өткен х а-лықтың портрет салдыруға қы -зығушылығы ба сым көрі неді.

– Студенттік күнімде ұл-тым ның атын ұранға айнал-дыратын əлемге əйгілі суретші болсам деген арманым бар еді. Ол арманымнан алыстап қал сам да, өзім сүйген киелі өнердің шетінде жүрмін. Ұлым

да сурет салады. Мен жете алмаған шыңға сол жетсе екен деп ті леймін, – дейді ол. Гауһар Нұр бекованың бұл сөзінен бір нəзік үміттің сəулесін көр дік. Бір ғана Бақыт пен Гау һар емес, осында салған суретін саудалап тұрған өнер

иелерімен əңгімелескенімізде, олардың көпшілігі жоғары білімді кəсіби суретшілер екенін білдік. Өнер иелерінің арманын «Арбат» аялап тұр деп айтуға болады.

АЛМАТЫ

Бие егіз туған ба?Қайрат  БІЛДИНОВ,«Егемен Қазақстан»

Қарағанды облысындағы Шет ауданына қарасты Киікті ауылын-да мынадай таңдай қақтырарлық оқиға орын алды. Рүстем Қанатұлы деген тұрғынның қыс бойы далада тебіндеп шыққан биесі үйге бірінен бірі аумайтын екі құлын ертіп келген. Құлындардың екеуі де ұрғашы екен.

Қазіргі уақытта мал иесі дал бо-лып отыр. Біріншіден, биесінің егіз туғанына нанар-нанбасын білмейді. Екіншіден, көрші үйірлердің бірінде екі-үш құлын үшті-күйлі жоғалып кеткен екен. Мал иесінің солардың бірі емес пе деген күдігі де бар...

Бір қызығы, бие екі құлынды да өзінің төліндей көріп, тел емізеді...

Бұл жайттан хабардар болған этно-граф мамандар мынандай тұжырым ай-тады. «Биенің егіз туғанын жақсы лық қа жору керек. Оны жаман ырымға балап,

шошынудың қажеті жоқ. Бұл де геніңіз, ырыс емес пе?!», – дейді олар.

Қарағанды облысы

БӘРЕКЕЛДІ! ӨНЕР

«Арбат» аялаған арман