лемдік де†гейдегі ‘она‘й ашылды2017/06/05  · Мемлекеттік...

12
№105 (29086) 5 МАУСЫМ, ДҮЙСЕНБІ 2017 ЖЫЛ E-mail: [email protected] www.egemen.kz TWITTER.COM/EGEMENKZ FACEBOOK.COM/.EGEMEN.KZ 1919 жылғы 17 желтоқсаннан шыға бастады ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ГАЗЕТ ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түрік Республикасы Премьер- министрінің орынбасары Тұғрұл Түркешпен кездесті, деп хабар- лады Президенттің баспасз қызметі. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы сот трағасы Қайрат Мәмиді қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасз қызметі. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТТАҒЫ ӨРІСІ КЕҢ ӨСКЕН ӨЛКЕҢЕ ТУ ТІГУДІҢ ҮЛГІСІ 4-бет 6-бет Нәубат ҚАЛИЕВ Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ EUR/KZT 347.52 USD/KZT 311.23 RUB/KZT 5.51 CNY/KZT 45.42 ВАЛЮТАЛАРДЫҢ РЕСМИ (НАРЫҚТЫҚ) БАҒАМДАРЫ: БІЛІМ 9-бет ТУРИЗМ ТУҒАН ЖЕР САЯСАТ 8-бет 4-бет ЭКСПО-2017: ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАРШЫСЫ ҺӘМ ЖАРЫСЫ «ОТЫРАР ТӨБЕ» ТУРИСТЕР ҮШІН ТАРТЫМДЫ БОЛАДЫ ТҰЛҒА ТАҒДЫРЫНДАҒЫ ТУҒАН ЖЕР немесе болмаған балалық туралы баян 5-бет ҚАНДАЙ МАМАН ТАПШЫ? Кездесуде Мемлекет бас- шысына «100 нақты қадам» ұлт жоспары аясында сот ре- формасын іске асыру жəне сот төрелігін атқару жұмыстары жөнінде есеп берілді. Елбасы сот жүйесінің жəне бүкіл құқық қорғау саласының алдында тұрған жұмыстардың ауқымды екенін атап өтті. – Азаматтар сотқа сенім артып, көмек алу үшін жүгінгенде, шешім əділ бо- лып, олардың құқықтары нақты қорғалғанда ғана заңның толық үстемдігі қамтамасыз етіледі. Қазір олай деуге əлі ерте, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы сот процесінде жарыспалы- лықтың жоқтығына тоқталып, адвокатураның дамуы əлсіз екеніне назар аударды. – Сот жүйесін жетілдіру жөніндегі барлық шаралар кешенді түрде атқарылуға тиіс. Жергілікті полиция жұмысына сын айтылуда. Бизнеске жəне салыққа қатыс- ты тексерулер саны азаймай отыр. Осы саладағы жұмыс- ты жөнге келтіру керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қ.Мəми Мемлекет басшы- сына құқық қорғау саласын- да жүзеге асырылған рефор- малар сот жүйесіне оң əсер еткенін баяндады. – Республикада соттар тұрақты режімде жұмыс іс- теуде. Биыл 5 айдың ішінде соттарға 512 мыңнан астам қылмыстық, азаматтық жəне əкімшілік істер келіп түсті. Солардың 417 мыңнан аста- мы белгіленген процессуал- дық мерзімде қаралды, – деді Жоғарғы сот төрағасы. Бұдан бөлек, Қ.Мəми Қа- зақстан Президентіне азамат- тардың соттарға шағымдануы көбейіп келе жатқаны, сон- дай-ақ электрондық сот жүйе- сін енгізу нəтижелері туралы баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев кез- десу қорытындысы бойын- ша бірқатар нақты тапсырма берді. Суреттер Президенттің баспасз қызметінен алынды Кездесуде Қазақстан Президен- ті Түркияның бізге жақын əрі аға- йын елдердің бірі екенін атап өтті. – Қазақстан тəуелсіздік алған- нан бергі 25 жыл ішінде біздің өзара қарым-қатынасымыз барлық бағыт бойынша ілгерілеп, дамып келеді, – деді Мемлекет басшысы. Т.Түркеш өзін қабылдағаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтып, Түрік Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанның сəлемін жеткізді. – Түрік Республикасы мен Қазақстан арасындағы қатынас- тардың тамыры тереңде. Қазақ- станның халықаралық ұйымдар қызметіне, əсіресе, БҰҰ Қауіп- сіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде белсене қатысуы Түркия үшін маңызды, – деді Түр- кия Премьер-министрінің орын- басары. Қазақстан-Түркия қатынасының тамыры тереңде ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Ислам Конференциясы Ұйымына мүше елдер арасындағы Экономикалық, техникалық және сауда ынтымақтастығы туралы бас келісімді ратификациялау туралы 1977 жылғы 16 – 22 мамырда Триполиде Ислам Конференциясы Ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 8-ші сессиясында қабылданған Ислам Конференциясы Ұйымына мүше елдер арасындағы Экономикалық, техникалық жəне сауда ынтымақтастығы туралы бас келісім осы Заңға 1 жəне 2-қосымшаларға сəйкес мəлімдемемен жəне ескертпелермен қоса ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2017 жылғы 1 маусым № 68-VI ҚРЗ Заңның қосымшаларын 2-беттен оқисыздар –––––––––––––––––––––––– Мемлекет басшысы «Ритц- Карлтон» қонақүйінің ашылу рәсіміне қатысты, деп хабар- лады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасз қызметі. –––––––––––––––––––––––– Елбасы Астанада бес жұлдызды алғашқы халықаралық премиум- класты қонақүйдің ашылу рəсіміне қатысты. Қонақ үй Talan Towers көпфункционалды кешенінің ғима- ратында орналасқан. Нұрсұлтан Назарбаев астана- лықтарды, инвесторларды жəне құрылысқа қатысқан барлық аза- маттарды қонақүйдің ашылуымен құттықтады. – ЭКСПО-2017 халықаралық көр- месі қарсаңында елорда тұрғындары- на тағы бір сыйлық жасалды. Бұл əлемдік деңгейдегі «Ритц-Карлтон» қонақүйі. Оның құрылысына сапа- лы технологиялар мен стандарттар қолданылып, қысқа мерзім ішінде бой көтерді. Бұл – қала инфрақұрылымына салынған зор инвестиция, – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті Астананың жоғары деңгейлі қонақүй кешеніне ие болғанын атап өтті. – Қонақ үй құрылысына Қазақстан- ның компаниялары қатысты. Жаңа ғимаратта ең жоғары деңгейдегі іс- шараларды өткізіп, жоғары мəртебелі меймандарды қабылдауға қажетті барлық инфрақұрылым бар, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сондай-ақ, Елбасы Құрмет- ті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды. * * * Астананың сол жағалауындағы Talan Towers кешенінің жалпы алаңы – 120 мың шаршы метр. Онда Talan Towers Offices, «Ритц-Карлтон» қонақүйі, SPA орталығы, бизнес орталығы жəне «Emporium» сауда галереясы орналасқан. Әлемдік деңгейдегі қонақүй ашылды Елбасы Жоғарғы сот төрағасын қабылдады

Upload: others

Post on 13-Aug-2020

8 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: лемдік де†гейдегі ‘она‘й ашылды2017/06/05  · Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеудің басты мақсаты

№105 (29086) 5 МАУСЫМ, ДҮЙСЕНБІ 2017 ЖЫЛE-mail: [email protected] TWITTER.COM/EGEMENKZFACEBOOK.COM/.EGEMEN.KZ

1919 жылғы 17 желтоқсаннан

шыға бастады

ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ГАЗЕТ

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түрік Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Тұғрұл Түркешпен кездесті, деп хабар-лады Президенттің баспас�з қызметі.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы сот т�рағасы Қайрат Мәмиді қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспас�з қызметі.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТТАҒЫ ӨРІСІ КЕҢ

ӨСКЕН ӨЛКЕҢЕТУ ТІГУДІҢ ҮЛГІСІ

4-бет 6-бет

Нәубат ҚАЛИЕВ

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ

EUR/KZT 347.52 USD/KZT 311.23 RUB/KZT 5.51 CNY/KZT 45.42ВАЛЮТАЛАРДЫҢ РЕСМИ (НАРЫҚТЫҚ) БАҒАМДАРЫ:

БІЛІМ

9-бет

ТУРИЗМ

ТУҒАН ЖЕР

САЯСАТ

8-бет

4-бет

ЭКСПО-2017: ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАРШЫСЫ ҺӘМ ЖАРЫСЫ

«ОТЫРАР ТӨБЕ» ТУРИСТЕР ҮШІН ТАРТЫМДЫ БОЛАДЫ

ТҰЛҒА ТАҒДЫРЫНДАҒЫ ТУҒАН ЖЕРнемесе болмаған балалық туралы баян

5-бет

ҚАНДАЙ МАМАН ТАПШЫ?

Кездесуде Мемлекет бас-шысына «100 нақты қадам» ұлт жоспары аясында сот ре-формасын іске асыру жəне сот төрелігін атқару жұмыстары жөнінде есеп берілді.

Елбасы сот жүйесінің жəне бүкіл құқық қорғау саласының алдында тұрған жұмыстардың ауқымды екенін атап өтті.

– Азаматтар сотқа сенім артып, көмек алу үшін жүгінгенде, шешім əділ бо-лып, олардың құқықтары нақты қорғалғанда ғана заңның толық үстемдігі қамтамасыз етіледі. Қазір олай деуге əлі ерте, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы сот про це с інде жарыс па лы-лықтың жоқ тығына тоқ талып, адвока ту раның дамуы əлсіз екеніне назар аударды.

– Сот жүйесін жетіл діру жө ніндегі барлық шаралар кешен ді түрде атқарылуға тиіс. Жер гілік ті полиция жұмысына сын айтылуда. Бизнеске жəне салыққа қатыс-ты тексерулер саны азай май отыр. Осы саладағы жұмыс-ты жөнге келтіру керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қ.Мəми Мемлекет басшы-сына құқық қорғау саласын-да жү зеге асырылған рефор-малар сот жүйесіне оң əсер еткенін баяндады.

– Республикада соттар тұрақ ты режімде жұмыс іс-теу де. Биыл 5 айдың ішінде соттарға 512 мыңнан астам қылмыстық, аза маттық жəне əкімшілік істер келіп түсті. Солардың 417 мың нан аста-мы белгіленген про цес суал-дық мерзімде қарал ды, – деді Жоғарғы сот төрағасы.

Бұдан бөлек, Қ.Мəми Қа-зақстан Президентіне азамат-тардың соттарға шағымдануы көбейіп келе жатқаны, сон-дай-ақ электрондық сот жүйе-сін енгізу нəтижелері туралы баян дады.

Нұрсұлтан Назарбаев кез-десу қорытындысы бойын-ша бірқатар нақты тапсырма берді.

Суреттер Президенттің баспас�з қызметінен

алынды

Кездесуде Қазақстан Пре зи ден-ті Түркияның бізге жақын əрі аға-йын елдердің бірі екенін атап өтті.

– Қазақстан тəуелсіздік алған-нан бергі 25 жыл ішінде біздің өза ра қарым-қатынасымыз барлық

бағыт бойынша ілгерілеп, дамып келеді, – деді Мемлекет басшысы.

Т.Түркеш өзін қабылдағаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтып, Түрік Республикасының П р е з и д е н т і Р е ж е п Т а й и п

Ердоған ның сəлемін жеткізді.– Түрік Республикасы мен

Қазақстан арасындағы қаты нас-тардың тамыры тереңде. Қазақ-станның халықаралық ұйым дар қызметіне, əсіресе, БҰҰ Қауіп-сіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде белсене қатысуы Түр кия үшін маңызды, – деді Түр-кия Премьер-министрінің орын-басары.

Қазақстан-Түркия қатынасының тамыры тереңде

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫИслам Конференциясы Ұйымына мүше елдер арасындағы Экономикалық, техникалық

және сауда ынтымақтастығы туралы бас келісімді ратификациялау туралы1977 жылғы 16 – 22 мамырда Триполиде Ислам Конференциясы Ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 8-ші

сессиясында қабылданған Ислам Конференциясы Ұйымына мүше елдер арасындағы Экономикалық, техникалық жəне сауда ынтымақтастығы туралы бас келісім осы Заңға 1 жəне 2-қосымшаларға сəйкес мəлімдемемен жəне ескертпелермен қоса ратификациялансын.

Қазақстан Республикасының ПрезидентіН.НАЗАРБАЕВ

Астана, Ақорда, 2017 жылғы 1 маусым № 68-VI ҚРЗЗаңның қосымшаларын 2-беттен оқисыздар

––––––––––––––––––––––––Мемлекет басшысы «Ритц-Карлтон» қонақүйінің ашылу рәсіміне қатысты, деп хабар-лады Қазақстан Республикасы Президентінің баспас�з қызметі. ––––––––––––––––––––––––

Елбасы Астанада бес жұлдызды ал ғашқы халықаралық премиум-класты қонақүйдің ашылу рəсіміне қа тыс ты. Қонақ үй Talan Towers көп функ цио налды кешенінің ғима-ратында орна ласқан.

Нұрсұлтан Назарбаев астана-лық тарды, инвесторларды жəне құрылысқа қатысқан барлық аза-маттарды қонақүйдің ашылуымен құттықтады.

– ЭКСПО-2017 халықаралық көр -месі қарсаңында елорда тұрғын дары-на тағы бір сыйлық жасалды. Бұл – əлемдік деңгейдегі «Ритц-Карлтон» қонақүйі. Оның құрылысына сапа-лы технологиялар мен стандарттар қолданылып, қысқа мерзім ішінде бой көтерді. Бұл – қала инфрақұрылымына салынған зор инвестиция, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті Астананың жоғары деңгейлі қонақүй кешеніне ие болғанын атап өтті.

– Қонақ үй құрылысына Қазақ стан-ның компаниялары қатысты. Жаңа ғимаратта ең жоғары деңгейдегі іс-шараларды өткізіп, жоғары мəртебелі мей мандарды қабылдауға қажетті барлық инфрақұрылым бар, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, Елбасы Құрмет-ті қонақ тар кітабына қолтаңба қалдырды.

* * *Астананың сол жағалауын дағы

Talan Towers кешенінің жалпы алаңы – 120 мың шаршы метр. Онда Talan Towers Offices, «Ритц-Карлтон» қонақ үйі, SPA орталығы, бизнес орталығы жəне «Emporium» сауда галереясы орналасқан.

Әлемдік деңгейдегі қонақүй ашылды

Елбасы Жоғарғы сот төрағасын қабылдады

Page 2: лемдік де†гейдегі ‘она‘й ашылды2017/06/05  · Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеудің басты мақсаты

2 5 маусым 2017 жылСаяСат

ҚазаҚстан Республикасы пРезидентінің ЖаРлығы

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер

мен толықтырулар енгізілсін:1) «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының

тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығында (Қазақстан Республикасының

ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 520-құжат):жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік

қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:«Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар» деген 2-тарауда:«Б» корпусы бөлімінде:В санаттары тобының В-4 санатында:«Бас консультант» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен

толықтырылсын:«Әдеп жөніндегі уәкіл4»;С санаттары тобының С-3 санатында:«Консул – консулдықтың басшысы» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы

жолмен толықтырылсын:«Әдеп жөніндегі уәкіл4»;D санаттары тобының D-3 санатында:«Баспасөз хатшысы» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен

толықтырылсын:«Әдеп жөніндегі уәкіл4»;мынадай мазмұндағы ескертпемен4 толықтырылсын:«4 Аумақтық бөлімшелері немесе ведомстволарының аумақтық бөлімшелері,

шет елдегі мекемелері бар орталық мемлекеттік органдарда, сондай-ақ облыс-тар, республикалық маңызы бар қалалар және Астана әкімдерінің аппаратта-рында енгізіледі.»;

2) «Азаматтардың «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне кіруінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 521-құжат):

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу қағидаларында:

4-1-тармақтағы «, облыстық маңызы бар қаланың төртінші санат лауазымдарының орынбасарлары лауазымдары, осы өңірдің» деген сөздер «төртінші санат лауазымдарының орынбасарлары лауазымдары және» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нор-маларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы

29 желтоқсандағы № 153 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 75-76, 552-құжат):

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ере-жеде:

2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:«2. Әдеп жөніндегі уәкіл өз қызметінде «Қазақстан Республикасының

мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарын, Әдеп кодексін, осы Ережені, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерін басшылыққа алады.

Әдеп жөніндегі уәкілдің дербес лауазымы аумақтық бөлімшелері не-месе ведомстволарының аумақтық бөлімшелері, шет елдегі мекемелері бар орталық мемлекеттік органдарда (құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігін қоспағанда), сондай-ақ облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және Астана әкімдерінің аппараттарында енгізіледі.

Аумақтық бөлімшелері немесе ведомстволарының аумақтық бөлімшелері жоқ мемлекеттік органдарда (құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар-ды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігін қоспағанда), орталық мемлекеттік органдардың ведомстволарында және аумақтық бөлімшелерінде, орталық мемлекеттік органдар ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінде, шет елдегі мекемелерде, тексеру комиссияларында, облыстық маңызы бар қалалар, аудандар, қалалардағы аудандар әкімдерінің аппаратта-рында әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары осы мемлекеттік органдардың қызметшілеріне жүктеледі.

Әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары басшылық қызмет атқаратын, сондай-ақ ұжымда қадірлі және құрметке ие болған мемлекеттік қызметшіге жүктеледі.

3. Әдеп жөніндегі уәкілдің дербес лауазымын атқаратын адам осы мемлекеттік органдардың құрылымына кіретін ведомстволардың және аумақтық бөлімшелердің, шет елдегі мекемелердің, аудан деңгейіндегі жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне әдіснамалық басшылық жа-сауды үйлестіреді және жүзеге асырады әрі орталық атқарушы органның жау-апты хатшысына бағынады, ал жауапты хатшы немесе көрсетілген лауазымды адамдар болмаған жағдайда – мемлекеттік органның аппарат басшысына не қызметке тағайындауға және қызметтен босатуға құқығы бар адамға бағынады.».

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ

Астана, Ақорда, 2017 жылғы 1 маусым № 487

«Ислам Конференциясы Ұйымына мүше елдер арасындағы Экономикалық, техникалық және сауда ынтымақтастығы

туралы бас келісімді ратификациялау туралы»

2017 жылғы 1 маусымдағы №68-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңына №1 қосымша

Ислам Конференциясы Ұйымына мүше елдер арасындағы Экономикалық, техникалық және сауда ынтымақтастығы туралы бас келісімге Қазақстан Республикасы Үкіметінің

мәлімдемесі

«Қазақстан Республикасының Үкіметі Ислам Конференциясы Ұйымына мүше елдер арасындағы Экономикалық, техникалық және сауда ынтымақтастығы туралы бас келісімнің (бұдан әрі – Бас келісім) Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына қайшы келмейтін ережелерін орындайты-нын мәлімдейді.».

«Ислам Конференциясы Ұйымына мүше елдер арасындағы Экономикалық, техникалық және сауда ынтымақтастығы туралы бас келісімді ратификациялау туралы»

2017 жылғы 1 маусымдағы № 68-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңына № 2 қосымша

Ислам Конференциясы Ұйымына мүше елдер арасындағы Экономикалық, техникалық және сауда ынтымақтастығы туралы бас келісімге Қазақстан Республикасы Үкіметінің

ескертпелері 1. 6-бапқа ескертпе: «Қазақстан Республикасының Үкіметі Бас келісімнің

6-бабын осы Келісімнің қатысушыларына Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын міндеттемелерге залал келтірмей кез келген басқа үшінші мемлекет үшін қолайлылығы кем емес режим беру міндеттемесі ретінде қолданатын болады.».

2. 8-бапқа ескертпе: «Қазақстан Республикасының Үкіметі Бас келісімді өзі қатысушысы болып табылатын еркін сауда аймағы және кеден одақтары тура-лы келісімдер шеңберінде бекітілген өз құқықтары мен міндеттемелеріне залал келтірмей қолданатын болады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жүргізілетін сыртқы сауда саясатына сәйкес Ислам Конференциясы Ұйымына мүше мемлекеттермен преференциялық сауда келісімдерін жасасу және/немесе саудада жеңілдік режимін белгілеу құқығын өзінде қалдырады.».

Депутаттар алдағы жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Өзбекстан

мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге 2006 жылғы 4 қыркүйектегі Хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы

ратификациялау туралы» заң жобасын қарастыратын болады.

Сонымен бірге, депутаттарға «Қазақ-стан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі ара-сын дағы Техникалық жәрдем көрсету ту ра лы хаттаманы ратификациялау ту-ра лы» заң жобасына қорытынды әзір леу мерзімін белгілеу туралы мәселе қарал ды.

––––––––––––––––––Астанадағы Ұлттық академиялық кітап­х а н а д а Қ а з а қ с т а н Р е с п у б л и к а с ы н ы ң Мем ле кеттік хатшы­сы Гүлшара Әбді қа­лы қованың төрайым­дығымен Мемлекеттік рәміздер, ведомстволық және оларға теңес ті­рілген өзге де награда­лар геральдикасы мәсе­лелері жөніндегі респуб­ликалық комиссияның отырысы өтті. ––––––––––––––––––

Бауыржан МҰҚАнов, «егемен Қазақстан»

Отырыста Мемлекеттік рәміздердің 25 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспарын орындау барысы қаралды.

«Біз Мемлекеттік рә міз-дер күні атап өтілетін тұс-та Республикалық комис-сия ның отырысына жина-лып отырмыз. Өздеріңізге бел гілі, биыл мемлекеттік рәміз дердің қабылданғанына ширек ғасыр толып отыр. Осыған орай, біз арнайы жоспар қабылдаған бола-тынбыз. Аталған жоспарға сәйкес, республика бойынша тиісті жұмыстар атқарылды.

Оны бұқаралық ақпарат құралдарынан біліп отырсыз-дар. Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеудің басты мақсаты − қазақстандық патриотизмді насиxаттау, азаматтардың бойында ел дің әлеуметтік-экономикалық же тістіктері үшін мақтаныш сезім дерін қалыптастыру, жас ұрпақты Тәуелсіздік нышандарына кұрметпен қарауға тәрбиелеу», − де-ген Мемлекеттік хатшы Президенттің «Болашаққа

бағдар: руxани жаңғыру» атты бағдарламалық мақа-ласын да айтылған мақсат-міндет тердің баршаға ортақ екенін жеткізді.

Аталған мәселе бойынша Мәдениет және спорт ми-нистрлігінің өкілі есеп берді. Бұдан бөлек, мемлекеттік рәміздерді пайдалану және на сиxаттау жұмыстары бой-ынша орталық және атқа-рушы органдардың баянда-малары тыңдалды.

О т ы р ы с б а р ы с ы н д а

мемлекеттік рәміздерге қатыс-ты заңнаманы бұзу әрекет-теріне жол бермеу, осы са-лада ішкі бақылауды жүргі зу, құқықтық тәжірибені жет іл-діру, сондай-ақ, мемле кет тік рәміздерді насиxаттау мен қолдану шараларын ба қ ы лауды күшейту жайы сөз болды.

Шара соңында мем ле кет-тік рәміздерге деген құр метті қалыптастыру және xалықтың құқықтық сауаттылығын арт-тыру бойынша нақты тапсыр-малар берілді.

Мирас АСАн,«егемен Қазақстан»

Кездесуге ауылшаруашылық өнімін өндірушілері, салалық одақтар мен қау-ымдастықтар өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері, орталық және жергілікті ат-қа рушы органдардың өкілдері қатысты.

Жиын барысында министр ауыл шаруашылығы саласының 2016 жылдағы даму қорытындыларын әңгімелеп,

ведомствоның алдында тұрған жаңа міндеттерді тізбеледі.

Оның хабарлауынша, өткен жыл экономиканың аграрлық секторы үшін аса табысты жыл болды. Айталық, ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2016 жылы 3,6 трлн теңгені құрады, бұл – алдыңғы жылдың деңгейінен 5,5 пайызға жоғары. Ал өндіріс көлемінің өсімін соңғы 10 жылда алғаш рет барлық облыстар қамтамасыз етіп отыр.

Ведомство басшысы есепті кезде-суінде ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемінің 1,5 есеге өскенін айтты.

Мысалы, Павлодар, Қызылорда, Жам был, Батыс Қазақстан, Ақмола об лыс тарында ауыл шаруашылығына салынған инвестициялар көлемі 2 есе-ге өсті. Есепті кездесуде субсидияның 65 түрі қайта қаралып, нәтижесінде 11 тиімсіз түрі алынып тасталғандығы ай-тылды.

Сондай-ақ, ауылшаруашылық коопе-рацияларын қолдау үшін биылғы жылы 52 млрд теңге бөлінді. Ағымдағы жылы 326 кооператив құру жоспарланған бол-са, енді оның санын 467-ге жеткізу жос-парланып отыр.

«Елбасы жаңа Жолдауында агро-өнер кәсіптік кешенді басымдық беріл-ген сала ретінде бірнеше мәрте атап өтті. Яғни, аграрлық сектор ел эко-номикасының драйверіне айналуы тиіс. Агроөнеркәсіптің ел экономика сы ның жаңа қозғаушы күші болып қа лып-тасуына байланысты ауылшаруашылық коопе ративтері зор мәнге ие. Өйткені, онда аг рарлық саланы және ауыл-дарды дамытудың үлкен әлеуеті бар. Кооперация – бұл ауылдың болашағы», деді А.Мырзахметов.

Есеп беру кездесуінде министр тұрғындарды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді.

Қарағанды облысы

Айгүл СЕЙІЛовА, «егемен Қазақстан»

Мемлекетаралық сұх бат-тың маңыздылығы мен тиім-ділігін атап өт кен елі міздің Мәдениет және спорт министрі А.Мұха медиұлы Шан хай

ынтымақтастық ұйымын ең серпінді дамып келе жатқан құрылым ре тінде бағалап, оның жұмыс істе ген 16 жыл ішінде мемлекет тердің эконо-микаларын ны ғайту мен аймақ қауіпсіздігін сақтауға зор үлес қосып келе жатқанын атап өтті.

«Мәдениет саласы мем-лекеттер арасындағы әріп-тестікті нық байланыстыру-шы күші мен өзара әрекет-тесудің негізіне айналуы керек. Табысты мемле кеттің мәдени саясаты жасампаз құндылықты бағдарларды құру негізінде қоғамның тұ-рақты дамуына бағытталуы тиіс және қоғам мен мемле-кет өмірінің барлық маңызды ас пек тілерінің сапалы өлшеу кү ші», деді министр өз сөзінде.

Халықаралық ұйымға қа ты сушы мемлекеттер

өкіл дері мәдениет және өнер саласындағы ынты мақ тас-тықтың нәти желерін кеңінен талқылады. Олар соңғы бір-екі жыл көле мінде өз ел-де рінде өткізілген бір неше ма ңыз ды шараларды алға тарт ты. Тараптар ШЫҰ-ға мү ше елдер үкіметтерінің ара сында жасалған Мәде ниет саласындағы келі сім мен ШЫҰ мәдениет министр-лерінің өткен кездесулерінде қол жеткізілген келіссөздерді жүзеге асыру барысы туралы пікір алмасты.

Ж и ы н н ы ң қ о р ы т ы н -ды сында ШЫҰ мәдениет министр лері тиісті құжат қабыл дады. Құжатта қатысу-шы лар халықаралық ұйым ара сында көпжақты және екі-жақты мәдени байланыстар-ды одан әрі жалғастыру, өзара түсіністік пен сыйластықты нығайту, көп ғасырдан бе рі сақталып келе жатқан мә-дениет пен дәстүрлер тура-лы ақпараттарды белсенді та ратуды қамтамасыз етуге бірлескен ниеттерін білдірді.

суретті түсірген Ерлан оМАРов,

«егемен Қазақстан»

Жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Мәжіліс Спикері нұрлан нығматулиннің төрағалығымен өткен палатаның бюро отырысында алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Рәміздерге құрмет – елге құрмет

Кооперация – ауыл болашағы––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қарағанды облысында еліміздің облыстық және аудандық әкімдіктерімен бейнебайланыс режімінде Премьер­Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовтің ел тұрғындарымен есепті кездесуі болып өтті. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Елордадағы «Рэдиссон САС» қонақүйінде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер мәдениет министрлерінің 14­ші кеңесі өтті. оған еліміздің Мәдениет және спорт министрі мен Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Үндістан және Иран елдерінен өкілдер қатысып, ұйым аясындағы мәдени ынтымақтастық мәселелерін талқылады.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Мәдени байланыстардың шекарасы кең

Page 3: лемдік де†гейдегі ‘она‘й ашылды2017/06/05  · Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеудің басты мақсаты

5 маусым 2017 жыл 3

Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ,«Егемен Қазақстан»

Үйлестіру кеңесі – мемлекет пен ҮЕҰ-ның тұрақты жұмыс жасайтын үнқатысу алаңы. ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл бойынша тиімді қызметтің басымдықтарын және жүйелі саясатты қалыптастыру – кеңестің негізгі мақсаты.

Жиында сөз сөйлеген Нұрлан Ермек баевтың айтуынша, уәкі-лет ті орган ретінде министр лік ҮЕҰ саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде. Мәсе-лен, бүгінгі таңда мем лекет тік әлеу меттік тапсырыс ты қа лып-тас тыру мен бағалауда жаңа тәсіл дерді ұсынатын заң жоба-сы Парламент Мәжілісінің тал-қы ла уына жіберілген. Бұл заң жоба сы ҮЕҰ-мен бірлесіп әзір-лен ген екен. Бұдан бөлек, мем-ле кет тік органдардың үкіметтік

емес сектормен өзара іс-қимыл тәжірибесі де жетілдірілуде. Мәселен, министрлік орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға салалық ҮЕҰ-мен жүйелі кездесулер ұйым дас-тыруды ұсынып отыр. «Мем-лекет басшы сының тапсы рма-сына сәйкес, азаматтық инсти тут-тармен сұхбат тасуды кеңейтудің жаңа тәсіл дері белгіленді. Ми-нистр лік бұл бағыт тағы жұмыс-тар ды жүйелі түрде атқаруда», – деді Н. Ермекбаев.

Ведомство басшысы, сондай-ақ, қоғамды алаңдататын көкейкес-ті мәселелерге тұрақты мони-то ринг ұйымдастырылатынын, мемлекет, ҮЕҰ және кәсіпкерлік – үш жақ ты әріптестігін дамыту бо йынша шаралар іске асырыла ты -н ын жеткізді. Мәселен, ҮЕҰ-мен бір ге алғаш рет «АСАР» фору-мын өткізуге дайындық жүргізі-ліп жатыр екен. Сонымен қатар,

маңызды қоғамдық мәселелер бойынша ҮЕҰ-мен екіжақты кеңесу форматы енгізілген.

Дін істері және азамат тық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов соңғы жылдары мем-лекет пен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы қарым-қатынас бір-қатар жаңалықпен толығып, жаңаша қарқын ала түскенін жеткізді. «2016 жылдан бастап гранттық жобаларды іске асыру тәжірибесі енгізілді. 2017 жылы қаржыландыру 3 есеге, ал жобалар саны 6 есеге ұлғайды. Айта кетер-лік жайт, гранттардың тақырып-тары түрлі санаттағы тұрғындар мен үкіметтік емес ұйымдарға ар найы есептелген. Бүгінгі таңда 41 жобаны іске асыруға 8 өңірден 39 үкіметтік емес ұйым қатысуда. Қосымша 19 жобаға конкурс жарияланды. Бүгінгі таңда ҮЕҰ-мен бірлесіп, гранттарды беру ережесі жетілдірілуде. Сонымен қатар, осы жылдан бастап ең табысты жұмыс атқарған ҮЕҰ-ға мемлекеттік сыйлықақыны табыстау тәжірибесі енгізілуде. Тиісті ережелер біздің ҮЕҰ-мен бірлесіп, жетілдірілуде. Іріктеу

рәсімінің неғұрлым ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету мақсатында оған ҮЕҰ өкілдері мен тәуелсіз сарапшыларды қатыс тыру көзделіп отыр», – деді А.Нүкенов.

Үйлестіру кеңесінің отырысы барысында, сонымен қатар, рес-пуб ликалық және өңірлік дең-гейдегі ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл мәсе лелері талқыланды. Қара ған -ды және Оңтүстік Қазақ стан об-лыс тарындағы ҮЕҰ-мен өз ара іс-қимыл тәжірибесі қарас тырылды.

Күн тәртібіне сәйкес, Ден-сау лық сақтау вице-министрі А.Цой, Еңбек және халықты әлеу-мет тік қорғау вице-министрі С.Жақыпова, Қарағанды облысы әкімі нің орын басары Ж.Әбішев, Оң түс тік Қазақстан облысы Ішкі сая сат бас қармасының басшысы Б.Төлеген, сондай-ақ, Үйлестіру кеңе сі нің мүшесі, «Азаматтық қоғам ды дамыту қауымдастығы» қоғам дық бірлестігінің атқарушы дирек торы Ж.Асанова баяндама жасады.

Отырыс нәтижесінде аталған бағыттағы жұмыстарды әрі қарай жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірленді.

СаяСат

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,«Егемен Қазақстан»

Шараға Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының басшысы Гүлмира Исимбаева, Мәжіліс Төрағасының орын-басары Владимир Божко, ден-сау лық сақтау мәселесі бойын-ша партиялық тәлімгер Зәуреш Аманжолова, Денсаулық сақ-тау министрі Елжан Біртанов, Мәжілістегі партия фракциясының және ҚХА депутаттық тобының мүшелері, вице-министрлер, орта-лық және жергілікті атқарушы мем лекеттік органдардың өкілдері,

рес пуб ликалық және өңірлік меди-циналық орталықтар мен үкімет-тік емес ұйымдардың басшылары, сондай-ақ, сарапшылар қауым дас-тығы мен бейнебайланыс режі мінде аймақ өкілдері де қатысты.

Жиынды ашқан М.Құл-Мұхам-мед халықтың денсаулығын жақсар тып, өмір сапасын арттыру Елбас ы саясатының ең маңызды бағыттары ның бірі екендігіне ерекше тоқталды.

Өз кезегінде негізгі баянда-ма жасаған Денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов «Денсаулық» мем ле кеттік бағдарламасын жүзе -ге асырудың 2016 жылғы қоры тын-дысы бойынша бірқатар бағыттар

жөнінде нақты деректер келтірді. «Атап айтқанда, қоғамдық ден-

саулық сақтау қызметінің негізі қалыптасуымен қатар, еліміз-дің жеті аймағындағы қалалық емханаларға ауруларды басқару бағдарламасын енгізуге арналған жаңа жоба жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, үкіметтік емес ұйымдар, жеке секторлар және фарминду-стрия өкілдерінен тұратын сапа жөніндегі бірлескен комиссия құрылып, қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр енгізу бойынша жұмыстар да жалғасын табуда. Сонымен қатар, міндетті меди -циналық сақтандыру жүйесі ен г-ізіліп, адам ресурстарын стра тегия-лық басқару және медицина лық білімді жаңғырту бойынша нақты жобалар да қолға алынуда. Және соңғысы, аталған салада мем-лекет-жекеменшік әріп тестік ке басымдық берілуде. Осы ған орай, министрлік жанынан Биз нес-кеңес өз жұмысын бастап, мемлекет-жеке меншік әріптестікті және

инфра құ рылымды дамытудың жол картасы дайындалу үстінде», – деді министр.

Алқалы кеңеске қатысушылар салаға қатысты жауапты маман-дарға өздерін толғандырған сан түрлі сауалдарын жолдап, жауа-бын алды. Әсіресе, халық қалаулы-лары медициналық мекемелердегі мамандардың тапшылығы мен қызметкерлердің біліктілігін арт-тыру, медицина қызметінің сапасына бақылауды күшейту, меди циналық мекемелерді интернетпен тиісті деңгейде жабдықтау, санитарлық автокөлікпен қамту, емделуге квота алу, бөлшектеп сатылатын дәрілік препараттар дың бағасын реттеу, сондай-ақ, науқастардың тексерілуге және емделуге кеткен шығындарын өтеу сынды өткір мәселелерді ортаға салды. Сол себептен де бастапқы медициналық-санитарлық көмек жүйесіндегі медициналық қызметті орталықсыздандыру, саламатты өмір салты жөніндегі бағдарла маға айрықша көңіл бөлу және адам ағзасына қауіпті қалдықтар мен ауа-ны ластайтын өндіріс орындарының жауапкершілігін күшейтуге қатысты нақты ұсы ныстар жолданған жиын-да мін детті әлеуметтік медициналық сақ тандыруды енгізу жөніндегі ма-ңыз ды реформаның мән-маңызы да жан-жақты талқыланды.

Партиялық тыңдау кезінде жасалған ұсыныстардың барлығы жақын күндері тиісті органдарға жолданбақ.

Айта кетейік, елімізде соңғы 5 жыл ішінде 381 денсаулық сақтау нысандары салынған болса, оның 19-ы – аурухана, 41-і – емхана және 314-і – дәрі герлік амбула-тория. Мемлекет меди циналық мекемелерді заманауи қымбат жабдықтармен қамтамасыз ету жай-ын да назардан тыс қалдырмауда. Нәтижесінде, медициналық көмек көрсету жоғары технологиялық деңгейге жетті. Әсіресе, кардиохи-рургия, трансплантология, нейро-хирургия, травмотология, ортопедия және тағы басқа салалар бойынша көрсеткіштер жоғары.

Ұлт саулығы – елдің гүлденіп, көркеюінің негізі

Ел рәміздерінеарналған көрме

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Кеше Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне 25 жыл толуына орай «Тәуелсіздік рәміздері» атты кітаптық-деректі көрме өтті.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Аян ӘБДУӘЛИ,«Егемен Қазақстан»

Көрме «Қасиетті көк байрағы елімнің», «Елтаңба – е л д і г і м н і ң а й ш ы ғ ы » және «Әнұран» атты үш бөлімнен тұрады. Жиналған қауымның назарына бас-аяғы 40 кітап ұсынылды. Олардың қатарында Әбдуәли Қайдардың «Қазақ қандай халық?», Бүркіт Аяғанның «Тәуелсіздік нышандары», Ербол Шаймерденовтің «Қазақстан Республикасы-ның рәміздері», сондай-ақ, еліміздің тарихи даму идеологиясының басым бағыт тарын айшықтайтын өзге де кітаптар болды.

– Біз өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беруді осы рәміздерімізден бас-тауымыз керек. Осындай жиын дардан бөлек, бас-т ы н ы ш а н д а р ы м ы з д ы ң

маңыздылығы кеңірек наси-хатталса, нұр үстіне нұр болар еді. Сондай-ақ, Елтаңбаны тану деген өз алдына бір бағыт болуы керек. Көбісі оны логотип секілді ғана қабылдайды. Ол дұрыс емес. Елтаңба қазақ халқының ертеден келе жатқан мұң-мұқтажы, дәстүрі, тарихы жайлы сыр шертеді, – деді Мемлекеттік Елтаңбаның ав-торы Жандарбек Мәлібеков.

Шара барысында Қазақ-стан рәміздерінің құн ды-лықтары, оның рөлі, қандай орындарға орналастыру керектігі, сондай-ақ, орын-сыз пайдаланған жағдайда заңды тұрғыдан қандай ша-ралар қолданатыны туралы бейнесюжет көрсетілді.

Айта кетейік, көрме 10 тамызға дейін жалғасады және белгілі бір уақытта жаңа ма-териалдармен толықтырылып отырады.

К ү н с а й ы н т а ң м е з г і л і н д е – алғашқы сабақ бас талар алдында оқушылардың оң қолын кеу десіне қ о й ы п О т а н ы -мыздың Ән ұра-нын орындау сал-танатын бастан кешіру бақытына ие болғанымзға д а 1 0 ж ы л д а н астам уақыт өтіпті. Бұл ән – уақыттың сынынан өзгеріссіз өткен, халық жүрегінен орын тапқан ұлттық саз – «Менің Қазақстаным!» Бұл – бір кезде бүкіл Кеңес Одағындағы демократия-лық қозғалыстардың көш-бас шысы болған Алматы-да ғы Желтоқсан көтерілісі-не қатысушылар құлшы-на шырқаған, ұран ретін де айтқан ән. Бәрі де есімізде! Тарих парақшаларын әріден ақтарып көрейік...

Әнұран – мемлекеттің бас-ты рәміздерінің бірі. Гректің «gimneo» сөзінен шыққан «гимн» термині «салта-натты ән» деген мағынаны білдіретіні де бүгінде баршаға мәлім жайт. Әнұран ел аза-маттарын тиімді әлеуметтік-саяси тұрғыдан топтасты-рып, этномәдени тұрғыдан теңдестіру үшін негізгі мәнге ие, маңызды дыбыстық рәміз саналады.

Қазақстан Ресей импе-риясының құрамында бол-ған кезде қазақтардың бір-ың ғай әнұраны болмады. Қазақтарды ұлт-азаттық көтерілістерге қарсы қайсар ерлікке рухтандыратын ақындар мен жыраулардың жеке әндері ғана бар еді. Тәуе л сіздік алғаннан кейін қай сар халқымыздың бір-неше ұрпақтарының көп ғасы рлық арманы – азат тық пен зайырлылықты бей не-лейтін жаңа әнұранын әзір-леу қажеттігі туындады. Ән-ұранның сөзі де музыкасы да рухты көтеретін салтанатты, үлкен мұраттарға бастау тиіс-тін. Ол – адамға қуат беріп, мерейін асырып, ерекше патриоттық сезімге бөлейтін музыкалық шығарма. Қазіргі Әнұран «Қазақ вальсінің королі» атанған сазгер Шәмші Қалдаяқовтың елге бұрын-нан таныс «Менің Қазақ-станым» әнінің негізінде және ақын Жұмекен Нәжімеденов шығармасының мәтініне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев енгізген өзгерістер бойын-ша Мемлекетіміздің ресми Әнұраны болып біржолата бекітілді.

Алғаш рет «Менің Қазақ -станым» әнін Мемле кеттік гимн ету туралы Елбасы Н.Ә. Назарбаев Парламент ке жолдаған хатында: «Еліміз-дің қай түкпіріне барсам да кәрі де, жас та Әнұран дық мәртебесі болмаса да, аса көрнекті компазиторымыз Шәмші Қалдаяқовтың ақын Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазылған «Менің Қазақстанымды» Әнұран есебінде шырқаған дары-ның талай куәсі бол дым. Б і р і н ш і д е н , Ә н ұ р а н д а

ғасырлар бойы Тәуелсіздік үшін күрескен бабалар ерлігі көрсетілуі тиіс. Әнұранның әуенінен Отан ға деген сүйіспен-шілік, туған жерге деген шексіз ма-хаббат аңғарылса, с ө з і н е н ж а н дүниемізді таны-тар ұлттық қа-

сиетіміз бен бейбіт пейі-ліміз, досқа ашық құша-ғымыз, еркіндікке құштар кең көңіліміз жақсы көрініс тапқан. Екіншіден, мәтінде ата-бабалардан қалған асыл мұрамыз – жеріміздің кең байтақтығы орын алуы ке-рек. Үшіншіден, еліміз бен жеріміздің байлығы біздің ұрпақтарымыздың болашағына жарқын жол ашатыны да айқын көрініс тапқаны жөн. Ең бастысы, біздің Тәуелсіздігіміздің ал-тын діңгегі – ел бірлігі баса көрсетілуі керек. Осы уақытқа дейін бейресми Әнұран қызметін атқарып келген бұл әнге ресми мәртебе беретін күн жетті деп есептеймін», – деп жазған еді.

Сөйтіп, «Менің Қазақ-станым» әні 2006 жылы 6 қаң тарда ресми түрде Пар-ламентте талқыланып, «Мем-лекеттік рәміздер» тура-лы Жарлыққа тиісті түзе-ту енгізіп, мемлекет гимні болып бекітілді. Жаңа Ән-ұран баспасөзде жария лан-ғ ан күннен, яғни, 10 қаң-тардан бастап күші не енді. Н.Ә. Назарбаев Қазақ стан Республикасының Президенті қызметіне кірісу құрметіне арналған салтанатты рәсімі кезінде 11 қаңтарда, Астана-дағы Ақордада алғаш рет орын далды. Тәуел сіз Қазақ-стан ның жаңа Әнұраны-ның тұсаукесеріне әлемнің 70 елінен келген мәртебелі қонақ тар куә болған. Ән же-ңіл орындалады. Сөзі жат-тау ға, есте сақтауға ыңғай -лы, екпінді, жігерлі, сон-дай-ақ, тілге жеңіл, жүрек-ке жылы. Бұқаралық сипат алуының сыры да осы қасие-тінде. Бүгінде ән өзінің өмір-шеңдігін танытты.

Алматыдағы Ы.Алтын-сарин атындағы Алматы қала-лық №159 гимназия ұжы мы осынау өткен жылдар ішінде мәртебелі ұлттық саздың ру хын жасөспірімдер ал-дында аспандату үшін та-лай-талай мазмұнды шара-лар өткізді. Ақын Жұмекен Нәжі меденовтің жан жары Нәсіп апамен оқушылар қауы шып, естеліктер тың-дады. Мұн дай үйлесімді жүз -десу лер дің жас ұрпақ тәрбие-сіне тигізер пайдасы ұшан-те-ңіз. Әннің мәтініне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзі-нің жазылуының да мәні зор, әлеуе ті асқақ. Бір сөзбен ай т-қан да, самұрық әннің Ұлы Да-ла да салтанат құруы – Қазақ ру-хы ның аспандауы деп білемін.

Аягүл МИРАЗОВА,Қазақстанның Еңбек Ері

АЛМАТЫ

Самұрық әнніңсалтанатты самғауы

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––«Нұр Отан» партиясының Орталық аппа-ратында партия Төрағасының бірінші орын-басары Мұхтар Құл-Мұхаммедтің жетек-шілігімен «Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы» тақырыбында партиялық тыңдау өтті.

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Мәдениет және спорт министрінің халық алдында есеп беру кездесуі өтеді

Үстіміздегі жылдың 15 мау-сым күні сағат 11:00-де Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлының халық алдында есеп беру кездесуі өтеді.

Министрге сұрақтарды кез-десу барысында, сонымен қатар, Министрлік сайтында қоюға бо-лады.

Өткізу орны: Астана қ., Д. Қонаев к., 4, «Қазмедиа» орталығы.

Аймақтардың тұрғындары үшін сұрақты онлайн қою мүмкіндігі бар бейнеконференциялық байланыс қамтамасыз етіледі. Толық ақпа рат-ты облыстық және Астана, Алматы қалалары әкімдіктерінен алуға бо-лады.

Конституциялық заңдарға түзетулерді қарады

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы бірінші оқылымда қаралды, деп ха-барлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заңына Орталық, аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларына сайлау үдерістеріне қатысушыларды оқытуды ұйымдастыру және өткізу жөнінде өкілеттік қосу ұсынылып отыр.

«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі тура-лы» Конституциялық заңына Үкімет мүшелерін қызметке тағайындау үшін үміткерлер бойынша Парламент Мәжілісімен консультациялар өткізу, сондай-ақ, Сенаттың Адам құқықтары жөніндегі уәкілді қызметке сайлауы және қызметтен босату тәртібін реттеу туралы толықтырулар енгізіледі.

«Республикалық референдум туралы» Конс-титуциялық заңына тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан Республикасының мәртебесін, ел дің біртұтастығы мен аумақтық тұтастығын, оны

басқару нысанын, сондай-ақ, тәуелсіз Қазақ-станның негізін салушы, Қазақстан Респуб лика-сының Тұңғыш Президенті – Елбасы ір гесін қалаған Республика қызметінің түбегейлі прин-циптерін және Қазақстан Республикасының Тұң-ғыш Президенті – Елбасының мәртебесін өзгерту мәселелері референдум талқысы бола алмайты-нын белгілейтін өзгерістер енгізіледі.

Одан басқа, «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Конституциялық заңына адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, ұлттық қауіпсіздікті, мемлекеттің егемендігі мен тұтастығын қамта-ма сыз ету мақсатында Конституциялық кеңестің шешімі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті − Елбасының бастамасы бойынша қайта қарауға жататыны туралы ереже енгізіледі.

Заң жобасы палатаның қарауына жіберілді.

Жұмыс жандана түседі––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Елордада Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың төрағалығымен ведомство жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Бүгін, 2017 жылғы 5 мау-сымда, Қазақстан Республикасы Прези денті жанындағы Мемлекет-тік басқару академиясында мем-лекеттік қызметшілер мен мем-лекеттік ұйымдардың қызмет кер-лерін оқытуға арналған «Жоба-ларды басқару негіздері» атты

семинар өз жұмысын бастады. Бұл семинар қоғамдық сананы

жаңғыртуға бағытталған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын тиімді іске асыру үшін ұйымдастырылып отыр.

Оның мақсаты – жобаларды басқару саласындағы тәжірибелік машық пен құзыреттерді дамыту.

Арнаулы халықаралық сертификат-таудан өткен академия оқытушылары тыңдаушыларға бағдарламалар мен түрлі сала лардағы жобаларды әзірлеу және іске асыру кезінде жобалық ұстанымды қолданудың теориялық және тәжірибелік қырларын меңгеруге көмектеседі.

Семинар аясында еліміздің барлық өңірінен келген 150 тың-даушы білім алады, олардың қата-рында орталық және жергілікті атқарушы органдардың бірқатар өкілдері бар.

«Егемен-ақпарат»

Жобаларды басқару негіздерін игереді

Page 4: лемдік де†гейдегі ‘она‘й ашылды2017/06/05  · Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеудің басты мақсаты

4 5 МАУСЫМ 2017 ЖЫЛТУҒАН ЖЕР

Өскен өлкеңе ту тігудің үлгісі

Көкшетау қаласынан солтүстік-батысқа қарай 75 шақырым қашық-тық та орналасқан Баратай атты елді мекен бар. Осы ауылдың ту-масы, кəсіпкер Абай Марамұлына ілесіп, жуықта бейтаныс өлкеге біз де барып қайттық. Ауылдың ай-наласы жасыл желекті орманды алқаппен көмкерілген көрікті мекен екен. Арқаның саумал ауасы мен салқын самалы тербей сыңсыған ақ қайыңның сұлу сыбдырына, жо рға желдің жеңіл лебі сыдырта шай қаған селеулі даланың бұйра тол қыны қосылып, ұядай ауылдың сəніне салтанат сыйлайды. Ауыл ір гесіндегі айдынды жағалай жайы-лып, шыбындай шұлғыған үйір-үйір жылқылар мен əукесі салбыраған мама сиырлар жердің көркі іспеттес.

Қазақтың қай ауылына барсаңыз да ол өңірдің өзіндік тарихы, сыртқа беделді, ауылға абыройлы айтулы тұл ға лары жайлы естисіз. Баратай да ондай «атақтылардан» кенде емес екен. Ауылдан тіке батысқа қарай сегіз шақырым жерде Ақан сері Қорамсаұлының кіндік қаны тамған Қоскөл менмұндалап тұрса, туған жерін орыс-ойраттан қорғаған Ақан батыр Шотанұлы мен 1885 жылы Сібір қазақтары атынан император ІІ Александрдың таққа отыру салта-натына қатысқан сегіз адамның бірі – Шөбек Байсарин, Алаш ардақтысы Мəмбетəлі Сердалин, сондай-ақ ХХ ғасырдың басында Көкшетау өңірінде діни ағартушылықпен айналысқан əрі патшалық Ресейдің қазақты шоқындыру ісіне қарсы тұрған молда Наурызбай Таласов (Науан хазірет) осы елдің мақтанышы екен.

Баратайлықтардың басқа жұрттан ерекшелігі – жоғарыдағы атақтыларын сырттай малданып, іштей мақтанып жалаң абырой тұтпай, күні бүгінге дейін олардың өнегелі өсиетін бұлжытпай орындайтындығында. Мысалы, Науан хазіреттен бері жалғасқан жақсы үрдіс ауылда адамы қаза болған шаңыраққа көрші-қолаңдары ешқандай ауырлық түсірмейді жəне мүрдені жерлеу рəсімдерін аста-төк мал сойып ысырапшылдыққа ұрындырмайды. Сырттан келген көңіл айтушыларды күллі ауыл өз үйлеріне бөліп əкетеді.

Осы бір жақсы шариғи үрдісті еліміздің басқа өңірлерінде неге жаңғыртпасқа. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: ру-хани жаңғыру» атты мақаласындағы «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тари-хи тəжірибе мен ұлттық дəстүрлерге шекеден қарамауы тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дəстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нəр ала алмаса, ол адасуға бастайды» деуі жоғарыдағыдай жасампаз дүниелерге ел болып көңіл бөлуді ескертіп тұрған жоқ па!

Ауылдың екінші бір ерекшелігі – елден шыққан кəсіпкерлер үнемі бас қосып, ауылдың жайын назарларын-да ұстайды екен. Ертеректе өмірден өткен баратайлық Марам Əлиев деген азаматтың үрім-бұтағы мектеп ауласы-на адамдар саялайтын шағын бақ ор-натып қойыпты. Одан басқа Көкшетау қаласының шетіне мың түп көшет отырғызып, Елбасымыздың рухани жаңғыру мақаласындағы: «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен бастала-ды» деген өсиетін ұрандамай-ақ орын-дап жатқанын байқадық.

Шап-шағын ауылдың келбеті де тар-тымды. Қопарыла көшкен ел, қираған там, көңірсіген үйінді жоқ. Бірен-саран қалаға қарай жөңкілген отбасылардың үйін ауылдан шыққан кəсіпкерлер өздері сатып алады да, оңтүстік жақтан жердің емшегін еміп үйренген от-басыларды қоныстандырып, көкөніс шаруашылығын жандандыруда.

Біздің жолбасшымыз Абай Марам-ұлы: «Менің бар мақсатым – туған а у ы л ы м д ы т о з д ы р ы п а л м а у . Аталарымыз айтқандай, «ел көшсе, жер жетім, мал кетсе, бел жетім» қалатыны рас екен. Ел көшсе, мектеп жабылады. Нағыз «нəу бет» сонда орнайды. Осыны ескеріп қала дағы жетімдер үйінен ба-лалар асырап алып, ауылға əкеліп ор-наластырудамыз», деді.

Бұл жаңалық бізді елең еткізді. «Ол балалар қайда, көрсетіңдер?» дедік. Ағайынды ұлты орыс үш жеткіншекті бауырына басып мəпелеп отырған Сайран Ибраев деген азаматтың отба-сына бардық. Балалардың үлкені əдемі сары қыз өзін Əйгерім деп таныстыр-ды. Онымен қоймай Абайдың жыр-ларын бірінен соң бірін төгілдірді... Ұйып отырып тыңдадық. Бұлар сияқты «қонақ» балалар ауылда көп екен. Бəрі қазақша сөйлейді, қазақша оқиды. Жеткіншектерді асырап алған отбасыларға кəсіпкерлер көмектесіп тұрады... Елбасымыз көпшілікке үн тастап «Туған жерге ту тігіңдер» деп жүргенінің үлгісі осы емес пе?!

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ,«Егемен Қазақстан»

Хамит ЕСАМАН,«Егемен Қазақстан»

Табалдырықтан асқан тау жоқ, сол сияқты туған жерден биік тұғыр да бол-майды. Іңгəлаған сəтіңнен іргелі тұлға болғанға дейінгі аралық – ешқашан қайталанбайтын ұлы ақиқат. Ал жазу дейтін жауһар əлемнің ішінде тағдырды тебірентетін жалғыз ғана қасиет, жүз бұратын құбыла да туған жер.

Арманшыл жүрек алысқа жетелейді, талапшыл тұлғаны қалыптастырады. Біздіңше, жақсылық диқаншысы да, ізгілік себепшісі де тек əдебиет ада-мы сияқты болып көрінетін. Əлі де со-лай болса керек. Ілгеріде «Интернат наны» деген əңгіме оқып, авторы Шерхан Мұртаза екен, тағдыр туралы тəмсілді сонда түсініп едік. Əлтайдың тұтас болмыс-бітімі, түр-тұлғасы көз алдымыз-да. Əдебиет дегенде əсемқоңыр əуенге елтіп сала беретін көңіл əсте жалғыз əңгімемен қанағаттана қоймаған. Кейін бала Барсхан бейнесі бірде қуантып, бірде мұңайтып жүрді. Туған əкенің түлеп ұшқан топырақтан жырақ кетуі, жалған жаланың кесірінен жат жерден топырақ бұйыруы, одан кейінгі ауылдағы сүреңсіз өмір, əсіребелсенділердің əкіреңдеген айқайы, жетім баланың жарым көңілі, жесір ананың көңілін бағу, одан зұлмат соғыс, жоқшылық... бала Барсханның басындағы кеп осы. Мұңайтады, əрине. Ал қуантатыны, ол жасық емес еді. Аб-зал əкенің қарашаңырағын қасиеттеп ұс тайтын, қадірлеп күтетін парасатты пер зент еді. Бүгінгі отбасының тірегі, бəлкім болашақта баба жолын, ата салтын ұстанған сөз мұрагері...

Осы жайдың бəрін де Шерхан Мұр таза «Ай мен Айша» шығармасында жа з ғанымен, бұл адамзаттың азабын арқау ет кен ғұмырнама. Өмірден не көрдің, неге жете алмадың, неге жеттің?! бəрі осында. Шығармада əуелгі Барсханның, кейінгі Шерханның азаматтық болмысында, жазушылық ұстанымында қалыптасқан қағидалар бар. Тіпті, шығармадағы өзі тіз ген оқиғалардың ішінен өзінің шы ғар-ма шылық тағдырын айқындаған, жа зу-шылық кемелдігін танытқан сəттерді де көруге болады.

« – Сонда Мұртаза халықтың бəріне қарсы шыққан ба? – деймін мен шыдай алмай.

– Қайдағы қарсы шыққан, ойбай! Байдың баласы дейді, Тротске дейді, Рыс-құлшина дейді – жабам десе, жаласы көп.

– Тротске, Рысқұлша деген не?– Е, мен қайдан білейін, Сталинге

қарсы дей ме... – Кенет Айша дауысы өзгеріп:

– Тыныш жат, аузыңнан шығарушы болма мұндай сөзді, – деп жекіп тастады...»

Тұрар Рысқұлов... Кейіннен өзі жазған «Қызыл жебе» романының негізі осы кезеңнен бастап-ақ қаланған екен. Шыңырау түбінен шымырлап шыққан шер, əділетсіздікке қарсы айбар һəм мезгілсіз өлімнің күйін шертетін, жоғын жоқтайтын шығарма болып қалыптанды.

Бəріне куə бұл дала. Ешкімге ақтал-майды, ешкімнің айыбын бетіне бас-пайды. Алпыс екі тамырыңды қуалай соққан қоңыр самал бағзы шақтарда өткен естеліктерді тербеп, еске салып тұрғандай. Жуалы ауданының іргесінде «Ескі қыстау» дейтін жер бар. Ұлы далада кезінде сай-жыралардың басына шашырай қонған жұртшылықтың елесі əлі де сақталып қалғандай əсер береді. Бірақ бүгінде кəдімгі далаға айналған «Ескі қыстау» бір заманда талай адамға пана, ес болған киелі мекен. Бала Барсханның тартқан тағдыр тауқыметі, орындалуы беймүмкін арма-ны, өзгеден көрген қысастығы, осының бəрінен көкейіне берік орнап қалған кісілік дейтін қасиетті ұғым осы жерде қалыптасқан болса керек. Бұл көріністі Шерағаң «Мыңбұлақ» дейтін əңгімесінде «Ескі қыстау – бұл елдің бұрынғы мекені. Бұл өлкені жұрт Мыңбұлақ дейді. Бұрын əр сайдың бойында бес-алты үйден ата-ата еді, бертінде көше деген шықты да, ел ежелгі жұртын тастап, қаздай тізіліп, тың жерден көшесі бар қоныс салды.

Ескі қыстаудың саудыраған қаңқадай дуалдары ғана қалды да, бірте-бірте олар да мүжіле-мүжіле құлап бітті.

Ескі қыстаудың орнын бізге Батырхан Мұртазаұлы көрсетті. Сол жерде Шераға жайлы шындық шертілді. Батырхан қария əңгімені ағасы Шерханның Мəскеуде оқып жүрген шағынан бастады. Талайды көрген тірі шежіре тұлға туралы толғана келіп, «Ай мен Айша» кітабында бейне-ленген шындықтарды тағы да үстемеледі.

Кітаптағы əлгі «Рысқұлшина... Сталинге қарсы...» деген сөздердің ақиқат астары осы жолы тағы да ашыла түскендей еді.

– Шерхан Мəскеуден оқудан келген-де, өзімен бірге қара шабадан ала келді. Сөйтсек, оның іші толған хаттар екен. Өзі Алматыға кетерде шешеме «Мына қағаздарды əр көктем сайын жайып тұрыңыз. Əйтпесе бүлініп кетеді. Ел бұл хаттарды əлі іздейді ғой» деп қатты тапсырып кеткен. Ағай Алматыға кет-кен соң, қызығушылығым оянып əлгі хаттарды оқыдым. Сонда мынадай бір жағдайға таңғалдым. Қуанышбай деген туысқанымыз бар еді, бүгінде марқұм бо-лып кетті. Сол Қуанышбай ағамыз əскер қатарында жүргенде, Шерханға хат жа-зыпты. Өзі жаза алмайтын еді, жанындағы жолдастарына жаздырған ғой. Амандық-есендіктен соң жазылған «Ұлы Сталиннің қамқорлығымен əскер қатарында жүрмін» деген жолдар бар екен. Шерхан осы сөйлемді тұтастай қып-қызыл сиямен сы-зып тастапты. Жақтырмағаны көрініп тұр. Өрімдей жас болса да кеудесіндегі кек қатып қалған екен ғой. Біздің жазған хат-тарымызды да түзеткен, толған қате, деп күрсінді қария.

Талапты ауылы елуінші жылдары құрылған. Бүгінде Мыңбұлақ ауылдық округіне қарайды. Əйгілі жазушы Шерхан Мұртазаның туған ауылы, міне, осы. «Ескі қыстаудың» халқы бүгінде сол Талаптыда тұрады. Шерағаның «Парижде болдым – Париж түсіме кірмеді. Мысырда бол-дым – Мысыр түсіме кірмеді. Қытай, Моңғолстан, Үндістан, Пəкістан, Иран бардым. Мұхиттың арғы бетіндегі Техаста, Чикагода, Нью-Йоркте болдым – олар да түсіме кірмеді. Баяғыда Мəскеуде бес жыл оқыдым – оны да түсімде көрмедім. Түсімде ылғи балалық шағымды көремін. Түсіме күн сайын Мыңбұлақ кіреді. Түсімде Ақсу-Жабағылыны көремін. Түсімде ылғи туған үйімді көремін», деп елжірейтіні бар ғой...

Батырхан ақсақал ежелгі «Ескі қыс-тау» жайынан əңгіме шертті. Бала Барс-ханмен тетелес өткен балалық ша ғын есіне алып тебіренді. «Ол кезде сай-сайдың жағасында отырамыз. Бұлақта су көп. Бір-екі үй бір бұлақты иемденіп отыра-тын. Əкеміз Мұртаза осы жерден ұсталып кеткен. Кейін Шерхан есейіп, оқуға ара-ласа бастағанда «Халық жауының ба-ласы» деп адамдар көп кедергі келтірді. Кейін Бектөбе деген жерге шешемнің нағашыларының қолына көштік. Өз нағашыларымыздың бəрі де айдалып, сот-талып кеткен», деді.

Тарихтың тылсым қабаттарында

сан түрлі сыр бүгулі. Тасқа басылмаған, хатқа түспеген шежіре əлі де ел жадын да. Заманында Талапты ауылын отыз жыл басқарып, бүгінде сексеннің сеңгі рі нен асқан қадірменді қария Рахман Мыр зах-метов те əсерлі əңгімесімен бөлісті.

– Бұл да бала күнімізде естіген əңгіме еді. «Ескі қыстаудан» бір-екі шақырым жерде бекет болған екен. Одан кейін Шақпақ жақта бір бекет болған дейді. Бұл жиырмасыншы жылдары болу керек. Сонда керуендер осы жолмен жүріпті. Сондай-ақ, керуеншілер бекетте ат асырай-тын болған. Себебі, алыстан арып-ашып келе жатқан атты осы бекетке дейін мініп келеді де, оны қалдырып, дайын тұрған екінші атты мініп кетеді екен. Бірақ, бір өкініштісі солардың бəрі жойылып кетті. Бертінге дейін бекет үйлерінің күйген кірпіштері шашылып жатушы еді. Қазір ол да жоқ, – дейді қария.

Керуен демекші, осы «Ескі қыстау-дың» іргесінде Жібек жолы болған дейді. Бірақ халық оны шаңдағы көтеріліп жатқанына қарап Қаражол атап кетіпті. Алып таулардың аңғарында орналасқан Жуалының қойнауы құт-қазынаға толы екенін аңғаруға болады. Қаражол жайлы əңгімені Батырхан ақсақал жалғады. «Бала күнімізде кейбір адамдардың піл мініп жүргенін көретінбіз. Сөйтсек, олар алыс-тан керуен тартып келе жатқан үндістер екен. Бұрын-соңды бізге піл деген таңсық болатын. Ауыл адамдары бұған қызығып, тіпті бала таппай жүрген əйелдер пілді əулиесініп, астынан өтетін. Ал үндістер Қаражолдың бойында біраз аялдап, са-парын əрі қарай жалғастырушы еді», деп естелік өрбітті.

Талапты ауылында бүгінде сегіз жүз-ден астам адам тұрады. Ал Үкімет бағ-дар ламасы арқылы несие алған 44 шаруа сүт бағытында жұмыс атқарып отыр екен. Ауыл тіршілігі осы. Əңгіме барысын-да Рах ман ақсақал Шерхан Мұртазаның туған ауы лына талай көмегі тигенін айт-ты. Ауыл ға жол, мектеп, мешіт салдыруға ықпал етіпті. Туған жердің топырағынан парыз бен қарыз арқалап алыс жолға шық қан аяулы азамат топырақтың киесін сақтап қалды.

Ескі қыстау... Бұл жерден кеш батып, жұлдыз жарығы түсер-түспесте қайттық. Мүлгіген тыныштық мұңға бөлейді. Ескі қыстау егіле сыр шертеді. Мұртазаның əкесі Бердімбет те осы жерді жайлап-ты. Уақытында «Бердімбет сайы» деген болған екен. Енді қазір құба дала бəрін бойына сіңіріп, сыр білдірмей тұр. Ауық-ауық тамшылап тұрған жаңбыр соғыстан қайт пай қалған Шераға кітабындағы Орха мен Ноханың көз жасы сияқты. Табанымызды тесіп өтердей тастар кол-хоз бастық Тасқожаның тас мінезді тə кап-парлығындай. «Анам Айшаның ай туына қарағанда, мен туған əкем Мұр тазаның қазасын естірткенде де жыламаппын. Атақты отыз жетінші жылы «халық жауы» атанып, сотталып кеткен əкем Мұртаза ша-мада 1940 жылы құлақ естіп, көз көрмеген «Дəлній босток» деген жақта, Зея деген өзеннің бойында, ну орманда ағаш кесіп жатқанда, үстіне қарағай құлап кетіп, ба-сып қалып, содан ажалы жеткен.

Сол суық хабарды жұрт жиналып келіп, анам Айшаға естіртеді ғой. Бей-шара Айша ат беліне түсетін бұрымын тар қатып, қалың қолаң шашын жайып жіберіп, қызыл шырайлы, ай дидарлы бетіне тырнақ салып, қанатқанда, мен оның бетін сүртіп тұрыппын». Мұнда бəрі де болған. Енді қазір бəрі де көшкен елес, өшкен сағым іспетті. Тек бала Барсханның жанарын мұң торлаған кейпі көз алдымыз-дан кетпей қойған.

Жамбыл облысы

Тұлға тағдырындағы туған жернемесе болмаған балалық туралы баян

Осыдан алты жыл бұрын Қ ы з ы л о р д а қ а л а с ы н д а ғ ы колледждердің бірінде дəріс оқып жүргенімде, ерте көктемде студент жас тарды қаланың ба-тыс жағында орналасқан аты республикаға танымал «Аб-зал и К» серіктестігіне бастап бардым. Мақсатым − жастар еңбек адамының өмір жолы-мен, компанияның тыныс-тірші-лігімен таныссын, өмірге деген құш тарлығы, бизнеске деген қы-зығушылығы артсын дегендік еді. Алдын ала келісілген мерзімде бізді серіктестік басшысының өзі қарсы алды. Ысылсын деген ой-мен əдейі жастардың өзі не сұрақ қойдырдым. Сол сəтте сту дентім Бердібек Сафаров:

«Ағай, сіз осы мамандыққа қалай келдіңіз?» деп сұрап үлгерді. Ол кү лім сірей қарап: «Менің негізгі маман ды ғым құрылыс инженері ғой, Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын «құрылыс инженері» мамандығы бойын-ша бітіргенмін. Еңбек жолым-ды 80-жылдардың соңында «Қызылорда үй құрылысы» комбинатында шебер болып бастағанмын. 80-жылдардың соңындағы экономикалық тоқырау маған да, менің отбасыма да өз салқынын тигізді. Комбинат жалақы орнына құрылыс мате-риалдарын беретін, айлап жалақы алмаған кезіміз болды. Алдағы күннен үмітті жас жігітпіз ғой, үйленіп отбасын құрсам қажет болар деп жинаған құрылыс мате-риалдарын азық-түлікке, күрішке айырбастадық. Ай ырбас сауда, бартер дегеннің дəмін алғаш рет сол жылдары таттық.

Сол жылдары Сыр өңірінде

өндірілетін мехнаты көп күріш дақылының барынша төмен бағаланатынын біліп іштей қынжылатын едік. Осылайша бизнес деген белгісіз əлемнің есігінен ептеп енгенбіз», деді Абзал Жұмашұлы.

Осы сəтте жəне бір студент: «Ком пания қалай құрылды? Қанша адам болды?» деп же-делдете сұрағын қоя бастады. «Жаңа айтып өткенімдей сол кезде компанияның басшысы да, жүкшісі де өзім болдым. Уақыт тығыз, 25-50 кило күріш салынған қаптарды тасу да, жеткізу де оңай емес еді, əрине. Бірақ, мен қалай да табыс табамын, ата-анамды, бауырларымды алға шығарамын деп тырыстым. Ата-анам десем, ауылым еске түсетін. Ауылдың көркейген келбетін, ата-анамның дəулетті тұрмысын көргім келетін. «Жалғыз ағаш орман емес» дегендей, жаны-ма бауырларым Мұрат, Марат Сəрсенбаевтар келді. Сөйтіп, компанияның іргетасы 1994 жы-лы қаланды», дейді компания басшысы.

К ү р і ш з а у ы т ы д е г е н -ге жүздеген, мыңдаған адам еңбек ететін зауыт па десек, бəрі жинақталған, жүйеленген өндіріс ошағы екен.Тап-тұйнақтай таза аула, жерден төбеге дейін ұқыпты жиналған күріш салынған қаптарға сірескен қоймалар, күріші бөлек, күрмегі бөлек, тек пультпен басқарылып тұратын неміс, корей, қытай технология-сымен жабдықталған зауытыңыз осы. Ал келесі кереметке көз тоймай қарадық. Наурыздың қатқақ қары сөгіле бастаған мезгілде жайнап тұрған баққа кез болдық. Бұл – компанияның гүл өсіретін жылыжайлары еді. Іште 25-30 градус температура көрсетіп тұрды. Осы жылыжай-да өсі ріл ген гүлдер Нағи Ілиясов ауылының кө ше лерін көмкеріп, көркемдеп тұрады. Компания өн ім өндіруден тəжірибе жинақтай отырып, əлемнің күріш өсіруші елдерінің техно-логиясын өз өндірісіне қосты. Қазірде де ба тыстың яки неміс технологиясының іс ке қосылуы нəтижесінде сағатына 5 тон на дан

астам күріш ақтап, жылына 30-35 мың тонна күрішті өңдеп, сұ рып-тап саудаға шығаруда. «Абзал и К» се рік тес тігінің өнімдері əлемдік стан да рт тың сұ ранысына жауап береді.

Абзал азаматтың туған ауы-лын көркейту үшін жасаған еңбегі халықтың шынайы ризашылығын туғызды. Шылқыған байлық пен сəн-салтанатты өмір сүріп жатса да, қаріп-қасер мен жетім-жесірге қарай лас пайтын қайырсыздар толып жатыр емес пе? Ал біздің кейіпкеріміз нағыз «Аты мтай жомарттың» өзі. Бір өзі екі ауыл-ды бірден көркейтіп гүлдендіруге уа қытын да, қаржысын да аяған жоқ. Абзал Ералиев өз əріп тес тері мен ауылдастарының еңбегіне сай ақы төлеп, 3 отбасына өз қаражатынан бас пана тұрғызып берді. Халқының риза шы лығын тудырған тағы бір қарекеті − 2015 жылы қаланың «Ақмешіт» шағын ау данынан күмбезі көкке жарқыраған имандылық үйі − мешіттің салынып пайдалануға берілуіне мұрындық болған да осы Абзал азамат.

Əлеуметтің əлеуетін көтеруге мей лін ше мол үлес қосқаны жəне ауылды абаттандырудағы ерек-ше еңбегі үшін Абзал Ералиевке «Қазақстанның Еңбек ері» атағы берілді. Еңбектің өтеуі қайтқан деген осы.

Қазақстан байтақ ел, бейбіт Отанның əрбір тауы мен тасы, сылдырап аққан бұ лағы, сағымдай созылған сар даласы ер лердің еңбегімен жайнап, жа-сарып келеді. Күрішті атыздарда күні-түні заманауи техникамен жұмыс жасайтын кезең туды. Əйтсе де, ата кəсіп жүзі күнге шағылысқан кетпенді арқалаған ағам Ешмұрат күріштің нарқын көтеріп, бəсекеге бел шеше кіріскен Еңбек Ері Ералиевке сенеді. Егемен елдің еңбек то-рысы Ералиев ел үмітін ақтады.

Кенжегүл ҚАДІРОВА, С.�лжіков атындағы

№144 орта мектептің оқу ісі ж�ніндегі орынбасары,

жоғары санатты тарих пәнінің мұғалімі

Ауылын оздырған азамат

ТУҒАН ЖЕРДІ ТҮЛЕТКЕНДЕР

Page 5: лемдік де†гейдегі ‘она‘й ашылды2017/06/05  · Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеудің басты мақсаты

5 маусым 2017 жыл 5

––––––––––––––––––––––––––––ЭКСПО көрмесінің тарихы бір жарым ғасыр бұрыннан басталады. Алғашқы дүниежүзілік көрме 1851 жылы Лондондағы «Гайд» саябағында мемлекет қайраткері, кәсіпкер және дизайнер Генри Коул мен Альберт Девиз ханзаданың бастамасымен

ұйымдастырылған екен. «Барлық елдер ұлы іспен, яғни адамзат-ты жетілдірумен айналыссын» деген ұранмен өткен шарадағы ең көрнекті ғимарат темір мен шыныдан тұрғызылған Хрусталь са-райы болған. Сәулетші Джозеф Пакстонның қолынан шыққан бұл туынды жеңіл жиналып, бөлшектенетін. Осыдан кейін жер бетіндегі ірі қалаларда Хрусталь сарайына ұқсас оқу залдары, пассаждар, тоғыспалы галереялар салына бастады. ЭКСПО көрмесінің әу бастан мақсаты – жаңадан шыққан ғылы ми-техникалық жетістіктерді паш етіп, олардың болашақта дамуы на сеп болу, сондай-ақ, қатысушы елдердің тарихын, салт-дәс түрін және мәдениетін көпшілікке көрсету. Әлемнің 65 мем лекеті бұл дәстүрден ажырамай, көрмені өз деңгейінде өткізіп келеді.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Демократия – Даму Даңғылы

саясат

Асхат РАЙҚҰЛ,«Егемен Қазақстан»

Графеннің мүмкіндіктері және киіз үй

Қазақстан да халықаралық көрменің бастапқы деңгейін, дәрежесін сақтайды деген үміттеміз. Биылғы байрақты басқосуға дайындық барысы осындай ой түйгізеді. Айталық, Британ павильоны – көрмедегі ең ірі нысандардың бірі. Жалпы аумағы 1100 шаршы метрді құрайтын па-вильон танымал сәулетші Асиф Ханның шешімімен қазақтың киіз үйі пішінінде безендірілген.

«Біз – энергиямыз» тақырыбын ту ет-кен Ұлыбритания көрмеде озық техноло-гиялар мен жаңғырмалы энергия көздерін пайдалану саласындағы инновацияларды таныстырады. Мәселен, «болашақтың ма-териалы» деп аталып кеткен графеннің мүмкіндігін көпшілік біле бермейді. Бұл материал қазірдің өзінде көптеген сала-да теңдесі жоқ өнім ретінде бағаланады. Әлемдегі ең жеңіл әрі берік матери-ал энергия жинақтау қасиетіне де ие. Сондай-ақ, көрме аясында британдықтар келушілерге елінің тарихын таныстырып, жетістіктерімен бөлісуді жоспарлап отыр.

Ұлыбритания павильоны Корольдік тің ұлттық күнінде – 26 маусымда ашылаты-нын айта кету керек.

Шағын ел – шексіз энергияТеңіз деңгейінен төмен орналасқан мем-

лекет ретінде Нидерланд тасқын сумен талай күрес жүргізді. Жергілікті билік табиғаттың алып күшіне төтеп беріп, суды баламалы энергия көзіне айнал дыра білді. Сондықтан олар дың ЭКСПО-2017 көрмесіндегі павильоны ның жұмысы «Шағын ел, шексіз энергия: болашақ энергиясын

қалыптастыратын дүниетаныммен таныс болыңыздар» деген ұранмен өтеді. «Жақын арада Қазақстан бүкіл әлемнің назарында болмақ. Көптеген елдер көрмеге «жасыл» энергетикаға қалай қол жеткізуге болаты-нын, оны қолжетімді, тұрақты етудің түрлі әдістерін талқылау үшін келеді. Нидерланд бұл саладағы түрлі шешімдерді ұсынып, өзгелермен жан-жақты қарым-қатынас жасауға ниетті. Біздің ел энергетикадағы өзгерістерді енгізуге әрқашан дайын», дейді павильон директоры Эвелин Бяйл.

Нидерланд жаңа энергия көздерін іздестіріп, оны пайдаланатын ел ретінде танымал. Бүкіл әлемде голландтық өнер-кәсіптік технологиялар, озық ноу-хау және инновациялар ерекше қызығу шы лық тудырады. Ал күн энергиясы саласын-дағы құрал-жабдықтардың жарты сы голландтық технологиялар негізін де жұмыс істейді. Корольдіктің өкіл дері осының бәрі Астанадағы ЭКСПО көр месі кезінде көрсетіледі деп уәде етті.

Келушілер голландтықтардың болашақ энергиясын қалыптастыруда пайдала-натын барлық әдіс-тәсілдерімен таны-сады. Павильон үш аймаққа бөлінеді: Голландияның шығармашылық және инновациялық жетістіктерінің көрме залы, голограмма, 5 минуттық лазер лік шоу және 3D технологияларды ұсы натын мультимедиялық зал, ал соң ғысы, ересек-тер мен балаларға арнал ған ойын-сауық аймағы. Мұның бар лығы голландтық және ресейлік дизайнер лердің көмегімен жасалады. Көрме аясында Нидерланд Корольдігі мен Қазақстанның дарынды жастары экологиялық мәселелерді шешу-ге арналған ортақ жобасын таныстырады. Бұған қоса, таяу уақытта павильонның мүмкіндіктерімен танысуға арналған веб-қосымша іске қосылады.

Павильонда 20 минутқа есептел-ген, жарық шашқан шоуды бір мезетте жетпіске жуық адам тамашалай алады. Экспозицияда қазақ, орыс және ағылшын

тілін меңгерген 20 қазақстандық және 5 голландтық маман жұмыс істейтін болады.

Немістер не көрсетеді?ЭКСПО-2017 халықаралық маман дан-

дырылған көрмесінде Германия өз пави-льонын «Энергия әлемді өзгерте алады» деген ұранмен таныстырмақ.

Немістердің еліміздегі елшісі Рольф Мафаэльдің айтуынша, павильонның мазмұны аса қызықты болады. «Біздің павильонымыз 1700 шаршы метрді алып жатыр, бұл – қатысушы мемлекеттердің арасындағы ең үлкен аумақ. Энергия тиімділігі, климатты сақтау, қоршаған ор-таны қорғау – Германия үшін аса маңызды. Баламалы энергия көздеріне көшу мәселесі әлемдік деңгейде талқы ланып жатқанда, біз де үлесімізді қосуға ниеттіміз», дейді ол.

Неміс павильонын ұйымдастырумен айналысатын компанияның креативті ди-ректоры Андреас Хорбельттің сөзінше, Германия – Еуропада жаңғырмалы энер-гия көздерін тұрақты түрде пайдала-нып, әлі де жетілдіріп отырған алғашқы мемлекет. 30 сәуірден бері елдегі электр қуатының 85 пайызы баламалы энергия көздеріне көшкен. Бұл – Германия үшін үлкен жетістік, тарихта болмаған оқиға. «Біздің түсінігіміздегі болашақ энергия-сын «Болашақ қаласы» алаңында тама-шалай аласыздар. Жалпы, павильонда бес жаңғырмалы энергия көзі – жел, күн, су, жылы су және биомасса көрініс табады. «Энергия әлемді өзгерте алады» деген сөз тек энергияға қатысты емес. Келешектің өзгеруі жер шарында тұрып жатқан миллиардтаған адамның энергиясына байланысты», дейді Андреас Хорбельт.

Павильонға табан тіреген әр адамға «smart-stick» кілті беріледі екен. Бұл бата-рея арқылы қатысушылар көрме залындағы барлық интерактивті эле менттерді іске

қосып, экспонаттарды көре алады. Элек-тронды кілттер қазақша, орысша, ағыл-шынша және немісше кодталған. Қонақтар баламалы энергия жайлы көптеген мағлұ-маттарға қанығып, ой-өрісін кеңейтеді. Сонымен қатар, Германияның энергия тиімділігі картасы сол саладағы ең үздік 35 жобаны ұсынады. Инновациялар адам өмірін жақсарта отырып, қоршаған ортаға келетін зиян мөлшерін неғұрлым азайтуды көздейді. Мәселен, «ақылды үй» технологиясынан бастап «BMW» маркасындағы электромо-биль және мотоциклдің соңғы үлгілеріне дейін құрылыс және көлік саласындағы жа-ңа лықтар мен өнімдер таныстырылады. Бұл жерде қазба отынды пайдаланбай-ақ плас-тмасса шығаруды ойлап тапқан өнертап-қыштардың еңбегін айрықша атап өту қажет.

Көрмеде немістер жаңғырмалы энер-гия көздерінен қуат алатын электр көлік-терді кеңінен насихаттамақ. Оған лимузин, «Е формуласы» жарыс автокөлігі, электр қозғалтқышы бар екі дөң гелекті кө лік және заманауи қуаттау жүйе лері кіреді. Павильондағы ең қызық ты сәттердің бірі деп «Энергети калық шоуды» айтуға болады. Лазерлік шоуға қонақтардың барлығын қатыстыру жоспарланып отыр. Павильонды ара лаған әр адам ортадағы дөңгелек үстел ге кілтті қойса, одан жи-налған энергия лазерлік шоуға ұласпақ.

Көрме аймағынан бөлек, немістер кәдесый сататын дүкенді, ұлттық тағам дар мен сусындарды ұсынатын мейрам ха наны және VIP аймақты ашуды ойлас тыруда. Неміс павильоны бір сағатта 400-ге дейін қонақты қабылдауға қауқарлы. Аумақта 80 адам жұмыс істейтін болады, қызметкерлердің 75 пайызы қазақстандықтар болса, қалғаны Германиядан келеді деп күтілуде.

Суреттерді түсіргенЕрлан ОМАРОВ,

«Егемен Қазақстан»

ЭКСПО-2017: Жаңалықтар жаршысы һәм жарысы

Сәбила МҰСТАФИНА,Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі

Мемлекет басшысы бастамашылық жасаған әлеуметтік жаңғырту процесі, халықтың тіршілік әреке тін ұйым-дастырудың заманауи қағидат тарына көшу жүріп жатқан институттық рефор-маларға әр азаматтың жеке араласуын талап етеді. Бұл қайта құрулардың барысы көбіне сайлаушылардың өздерінің сайлау құқықтарын заңды түрде сауатты жүзеге асыруына, сайлау науқандары кезінде жеке ұстанымын саналы түрдегі таңдауына байланысты.

Бұл өзгерістер сайлау учаскелеріне келетін сай-лау ға тікелей қатысушыларға да, сонымен қатар, сай-лау комиссияларының мүшелеріне де ерек ше көңіл бөлуді талап етеді. Сайлау процесін ұйым дас тыру-шылар сайлау құқығы мен оны қолдану тәжіри бесі жөнінде кәсіби білім алуы тиіс. Бүгінгі күні сайлау процесін ұйымдастырушылардың да, сондай-ақ, сайлаушылардың да құқықтық мәдениетін арттыру бойынша жүйелі тетіктерді жетілдіру қажет екенін айта кету қажет. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы өзінің назарын аталған бағытта шоғырландырып, ағымдағы электоратаралық кезеңдегі өз қызметінің екі аспектісін айқындады.

Біріншіден, сайлау процесін ұйымдастыру-шыларды электораттық оқыту білім берудің барлық деңгейлерінде, орта мектептің жоғары сынып оқушыларынан бастап кәсіби-техникалық деңгейден өтіп, жоғары және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беруді қамтитын үздіксіз үдеріс болуы тиіс.

Ортсайлауком мен Білім және ғылым министр-лігі бірлесе отырып, мектептердің 9-11 сынып оқушылары, колледждердің 1-2 курс және жоғары оқу орындарының 1-2 курс студенттері үшін электораттық оқытудың қосымша нысандарын әзір-леу және оқу процесіне енгізудің жаңа тәсілдерін ой-ластырды. Бұл жас сайлаушыларды сайлау процесіне саналы тарту мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта мектептердің, колледждердің және жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие процесіне жастарды электораттық-құқықтық ағартудың түрлі нысандарын (пікірсайыстар, диспуттар, конкурстар, олимпиадалар, оқушылардың өзін-өзі басқаруы) енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Екіншіден, сайлау процесін ұйымдастыру-шыларды оқыту аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының кадрларымен қатар, мемлекеттік қызметшілерді, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін, кандидаттарды, сенім білдірілген адамдарды, байқаушыларды, БАҚ-ты тікелей қамтуы тиіс. Қызметтің бұл бағыттары жан-жақты талқыланып, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен өңірлердің әкімдері та-рапынан қолдау тапты.

2017 жылдың басында Ортсайлауком

электораттық оқытумен мемлекеттік қызметшілердің облыстар әкімдерінің орынбасарлары, қалалар, аудандар әкімдері мен олардың орынбасарлары, аппарат басшылары, ішкі және жастар саясаты басқармаларының басшылары, барлық деңгейдегі мәслихаттардың хат-шылары сияқты электораттық процесті ұйымдастырушылар тобын электораттық оқытумен қамтудың қанатқақты жо-басын құрып, іске асыруды баста-

ды. Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен бірлесіп, оқу бағдарламаларына сайлау тақырыбын енгізу және Орталық сай-лау комиссиясының мүшелері мен аппарат қызметкерлерін мемлекеттік қызметшілерді оқытуға тарту аспектілері қарастырылды.

Электораттық оқытудың қанатқақты алаңдары ретінде біз Мемлекеттік басқару академиясының құрамына кіретін құрылым дарды (Мемлекеттік қызметкерлерге қосымша білім беру институ-ты, Орталық Азия өңірінде этносаралық және конфессияаралық қарым-қатынасты зерделеу орталығы), облыстар әкімдерінің жанындағы мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттырудың өңірлік орталықтарын, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының саяси менеджменті мектебін тарттық.

Оқыту Мемлекеттік басқару академиясының және оның өңірлік орталықтарының негізінде біліктілікті арттыру семинарларын мерзімді түрде өткізу нысанында жүргізіледі. Ағымдағы жылдың екі тоқсанында жоба шеңберінде 701 адамды қамтыған 12 лекция мен семинар өткізілді. Тыңдаушылардың оқуға қызығушылығын көрсететін бірінші жағымды пікірлер де алынды. Қанатқақты жобаны іске асы-ру қорытындылары бойынша күтілетін нәтиже: жыл соңына дейін сайлау процесін ұйымдастыруға қатысушы 1200 мемлекеттік қызметшіні оқыту.

Сонымен қатар, Орталық сайлау комиссия-сы қанатқақты жобаны одан әрі дамыту үшін қадамдар әзірлеуде. 2017 жылғы қазанда елдің барлық өңірлері үшін электораттық оқытудың 150 тренерін дайындау жөнінде оқыту семинарын өткізу жоспарлануда. Оның шеңберінде сайлау процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері бойынша кәсіби тренерлік корпус дайындалады, олар өз өңірлерінде сайлау комиссияларының мүшелерін және сайлау процесін басқа да ұйымдастырушыларды одан әрі оқытуды жалғастыра алады.

Ортсайлауком оқитындардың санаттарын қамтуды кеңейту және электораттық процеске түрлі қатысушыларды оқытуды шоғырландыру жөнін-дегі тәсілдерді пысықтауда. Қазіргі уақытта жергі-лікті атқарушы органдарды ішкі және жастар сая-саты басқармаларының деңгейінде тарту жөнінде жұмыс жүргізіліп жатыр. Олардың қатысуы өңірлік деңгейде (жастар парламенті, жастар сайлау ко-миссиялары) болашақ және жас сайлаушыларды электораттық тәрбиелеу тетіктерін дамыту мақсатын көздейді.

Осылайша, Ортсайлауком қызметінің жаңа бағыты – электораттық оқытудың көп сатылы жүйесі

– азаматтардың электораттық тәртібіне тиімді ықпал ететін әлеуметтік тетік болуы тиіс. Кәсіби деңгейді жаңарту мен арттыру орталық сайлау органынан бастап әрбір учаскелік сайлау комиссиясына дейін − сайлау жүйесінің барлық құрылымы арқылы өтуі маңызды. Қоғамның сайлауға деген заманауи сын-тегеуріндері мен сұраныстары, біз – Ортсайлауком мүшелері, ОСК аппаратының қызметкерлері, аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері кәсіптіліктің заманауи талаптарына сай келуімізді талап етеді. Ал, бұл сайлау науқанының сапасын, және тиісінше, азаматтардың сайлауға деген сенімін арттыруға мүмкіндік береді.

Орталық сайлау комиссиясының аппаратын-да Электораттық оқытуды ұйымдастыру бөлімі құрылды, оның негізгі міндеттері сайлау процесіне қатысушылардың электораттық-құқықтық мәдениетін арттыру, сондай-ақ электораттық оқыту саласында жұмысты үйлестіру және ұйымдастыру болып табы-лады.

Заманауи инновациялық технологияларды енгізу жас азаматтардың ақпаратты қабылдау ерек-шеліктерін ескере отырып, электораттық-ағарту жұмысының және сайлаушылардың құқықтық мәдениетін арттырудың маңызды құрамы болуы керек. Ортсайлауком интернет-сайтты дамыған интерактивті функциялары бар аумақтық сайлау комиссияларының веб-ресурстарын біріктіретін, бірыңғай инфо-коммуникативтік алаң болатын толыққанды портал деңгейіне дейін жаңарту жөнінде жұмыс жүргізуде. Алдағы уақытта жаңа бағыттың − электораттық оқытуды ұйымдастырудың дамуына қарай сайлау саласында қашықтықтан оқыту үшін интерактивті құрал және негізгі ақпараттық-оқыту ресурстарының дереккөзі ретінде ОСК сайтын да-мыту жоспары жасалуда.

Орталық сайлау комиссиясының ұйымдастыру-шылық және ақпараттық белсенділігінің түрлі ны-сандарын дамыту жөніндегі шаралар сайлаушы-лармен толыққанды диалог құруға бағытталған, бұл, біздің ойымызша, мемлекеттік органның және жал пы мемлекеттік жүйенің беделін жақсартуға сеп теседі. Сондықтан Ортсайлауком жұмысының биылғы жылы бастаған жаңа бағыттарының бірі – сайлау комиссияларының кадрлары мен сай-лау процесіне басқа да қатысушылардың кәсі би да йындығын, сайлаушылардың құқықтық мәде-ниетінің деңгейін және тиісінше, Қазақстан азамат-тарының электораттық белсенділігін арттыру мақ-сатында электораттық оқытуды ұйымдастыру.

Заңдарды, өз құқықтарын, оның ішінде сай-лау құқықтарын білмеу азаматтардың, әсіресе жастардың өмірін саяси оқшаулай түседі, бұл жер-де партиотизм деңгейіндегі әсерін де айтпай кетуге болмайды.

Жастарды электораттық оқыту жолымен жас сайлаушылардың құқықтық мәдениетін арттыру, олардың сайлау науқандарына белсенді және саналы түрде қатысуын қамтамасыз етуді, сайлау жүйесіне, сайлау институтына сенім деңгейін арттыру жо-спарлануда. Сайлау іс-шараларының сипаты, ба-рысы, қорытындылары сайлаушылардың құқықтық мәдениетінің деңгейіне байланысты.

Электораттық оқыту: жол басыСайлау процесіне қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру тетіктері жетілдіруді талап етеді

Ұлттық ғылым академиясы жаңа мүшелерімен толықты

–––––––––––––––––––––––––––––––––––Алматыдағы «Ғылым ордасында» еліміздің айтулы ғалымдары бас қосты. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академия-сы Жалпы жиналысының сессиясы аясын-да ҰҒА Төралқасының 2017 жылғы жұмысы және Қазақстан Республикасында ғылымның одан әрі дамуы туралы ҰҒА президенті Мұрат Жұрыновтың ақпараттық есебі тыңдалды. –––––––––––––––––––––––––––––––––––

Арман ОКТЯБРЬ,«Егемен Қазақстан»

Басқосу қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын бір минут үнсіз дікпен еске алумен басталды. Алқалы жиын барысында ғалымдар Елбасының рухани жаңғыруға арналған мақаласын жүзеге асырудың ғылыми тектіктерін талқылады. Олардың ойынша, ашық қоғам құрып, ұлттық сананы дұрыс қалыптастыру үшін гуманитарлық салада нақты істерді жүйелі түрде жоспарлау керек. Сонымен қатар, өндірісті ғылымға негіздеу мақсатында зерттеу институт-тарына білікті кадрлар тарту мәселесінің де назардан тыс қалмауы баса айтылды. Сессия қорытындысына сәй кес биыл Ұлттық ғылым академиясының құрамы 30 академикпен толығып, 29 ғалым корреспондент-мүшелікке қабылданды. Құрамға жаңа енген ғалымдар Физика, математика, Химия және технологиялар, Биология және медицина, Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар, сондай-ақ, Аграрлық ғылымдар бөлімшелері бойынша отандық ғылымның дамуы жолында қызмет ететін болады.

– Біздің ғалымдарымыз қоғамдық ғылымдарды дамы-тады. Гуманитарлық ғылымдардың қанат жаюына қызмет етеді. Өзіміздің төл тарихымызды зерттейді. Көптеген белгісіз болып жатқан жағдайларды ашып дәлелдеп жатыр. Ғылымсыз қоғам да, мемлекет те дамымайды. Ол – акси-ома. Кәсіпкерлеріміз көп жағдайда инновацияны айтады да, ғылымды көп айтпайды. Ғылым болмаса ешқандай инновация дами алмайды. Осыны әрдайым қаперімізден шығармағанымыз абзал. Өткен жылғы Жалпы жиналыстан кейінгі бір жыл көлемінде ҰҒА Төралқасының аппараты көптеген жұмыстар атқарды. Ұлттық ғылым академиясы – еліміздегі жалғыз классикалық әмбебап академия, барлық атақты, маңдайалды, дүние жүзіне белгілі ғалымдардың жиынтық академиясы. Сондықтан біздің академияның күрделі мәселелері Елбасының тікелей назарында болып келеді. Өткен жылдардың нәтижелері ҰҒА-ның ең таңдаулы ғылыми ұжым екенін көрсетті. Майталман академик-ғалымдарымыздың қатары талантты жас ғалымдармен – ҰҒА корреспондент-мүшелерімен толықты. Ал қазір біздің академия әлемдегі мүшелері ең жас (орта жасы – 65) классикалық академия болып тұр. «Біз «білім – ғылым – инновациялар» үштігі билеген постиндустриялық әлемге қарай жылжып келеміз» деп Елбасымыз айтқандай, елдігіміздің жарқын болашағы білім мен ғылым, сол арқылы ауқымды инновацияларға жол ашылып, біздің сәулетті болашағымыздың айқын көрінісіне айналмақ, – дейді Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов.

Шара барысында отандық ғылымды дамытудың тетіктері, алдағы уақытта атқарылатын шаруалардың тізбегі жайлы жоспар құрылып, ұсыныстар ортаға тас талды. Бүгінгі таңда Ұлттық ғылым академиясында 6 бағыттық бөлімшелер мен 10 облыстық филиалдар жұмыс істеуде.

АЛМАТЫ

Page 6: лемдік де†гейдегі ‘она‘й ашылды2017/06/05  · Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеудің басты мақсаты

6 5 маусым 2017 жыләлем және қазақстан

әріптестік әлеуеті

Қазақстанның сыртқы саясаттағы өрісі кең

Қазақстанның әлемдегі ең ірі де беделді халықаралық саяси бірлестік – БҰҰ-ға мүше болған небәрі 25 жыл ішінде оның ең басты атқарушы сая-си ұйымы Қауіпсіздік Кеңесіне 2017-2018 жылдарға тұрақты емес мүше болып сайлануы еліміздің сыртқы саясатындағы басты жетістіктердің бірі екені анық.

Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелікке сайлануы барысында Қазақстан Азия-Тынық мұхиты аймағындағы 58 елге берілетін бір орынға сыртқы саясатта белсенді қызметімен үнемі ұмтылыстағы Таиланд Корольдігімен бәсекелес бол-ды. Нәтижесінде, Қазақстан кандида-турасын дауыс беруге қатысқан БҰҰ-ға мүше 193 елдің 138 қолдауы да көп нәрсені аңғартса керек.

Біздің еліміз – БҰҰ-ның Жарғысына сәйкес, жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға өкілетті маңызды саяси ұйымға Орталық Азиядан мүше бо-лып сайланған тұңғыш мемлекет. Жал пы, Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болып бірде-бір рет сайланбаған әлі де 70-ке тарта мемлекет бар. Сондықтан, біздің еліміздің осынау беделді ұйымға мүше болып сай-лануын Қазақстанның өскелең, тегеурінді жас дипломатиялық мектебінің көрнекті табысы деп қабылдағанымыз дұрыс. БҰҰ-дағы, оның құрылымдарындағы, өзге де халықаралық ұйымдардағы сыртқы саясаттың небір көкжалдарымен жұмыс істеу, олармен пікір таластырып, өз ұстанымыңды қорғап, оған иландыру үлкен өнер әрі ғылым екені анық.

Қазақстан Президенті БҰҰ-ның қызметіне конструктивті сын көзімен қарап, оның жұмысын жетілдіру қажет-тігін әуел бастан-ақ айтып келеді. Н.На-зар баев БҰҰ-ның 2007 жылғы 62-ші сес-сиясында жариялаған мына мәлімдемесін оқырманның жадына салуды жөн көріп тұрмыз: «Қазақстан БҰҰ-ның рөлі мен беделін көтеруге әзір мемлекеттермен ын тымақтастықты қуат тайды. Біздің көз-қарасымыз бойынша, Қауіпсіздік Кеңе-сінің кеңейтілуі тұрақты мүшелер сияқты, тұрақты емес мүшелер желісі арқылы да жүзеге асырылуға тиіс. Сонымен бірге, ол – әділ географиялық қатысушылық пен мемлекеттік егемендік теңдігін құрмет теу арқылы жүзеге асы рылуға тиіс. Рефор-ма, сондай-ақ, оның транспарент тілігі мен есепті бағы ныш тылы ғын арттыру мақсатында Қауіпсіз дік Кеңесінің жұмыс әдістерін де қамтуы тиіс». Елбасының бұл сөзінен БҰҰ, оның Қауіпсіздік Кеңесінің жұмысы туралы еліміздің әуелден өзіндік ұстанымы, қалыптасқан көзқарасы бар екенін аңғарамыз.

Қауіпсіздік Кеңесі әлемдік бейбітші-лік пен қауіпсіздікке төнер қауіп-қатерді анықтап, оған саяси баға беріп, нақты шешімдер қабылдайды. Бүгінде БҰҰ осы Кеңестің шешімімен әлемде бейбітшілікті сақтау жөнінен 16 операция жүргізуде. Жалпы, Кеңес шешімімен БҰҰ өзі құрылған кезден бері 69 бітімгерлік опе-рациясын жүзеге асырды...

Еліміздің жаһандық қауіпсіздік пен бейбітшілікті нығайту үшін сыртқы саясатта өзінің алдына қойған нақты мақсаттары мен басымдықтары бар. Қазақстанның халықаралық саясаттағы түбегейлі ұлттық мақсаттары айқын, ашық әрі кең өріске ие. Алдымен оның тұғырлы негізін Н.Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі және антиядролық, антитеррорлық басқа да бастамалары құрайды.

Әрине, Қазақстанға Қауіпсіздік Кеңе-сіне мүше болу мүмкіндігі жайдан-жай беріле салған жоқ. Бұл арада бірінші кезекте еліміздің халықаралық саясатта өз жолы, өз ұстанымы, пайым-тұжы-рымы бар екені әлдеқашан дәлел ден-гені, тәжірибелі ойыншы ретіндегі рөлі ескерілгені анық. Соның ең бір шыр-қау биігі де, мәртебелі дәлелі де Қазақ-станның 2010 жылы азиялық, түркі елі бола тұра Еуропаның жетекші ұйымы – ЕҚЫҰ-да төрағалық етуі. Сол жыл-ғы 1 желтоқсанда оның Астана Сам-митіне 56 мүше мемлекеттен, БҰҰ, НАТО, ТМД секілді халықаралық ұйым-дар дан және басқа серіктес мемле-кеттерден 2,5 мың делегаттың келуі, оның жұмысын жариялауға, көрсетуге БАҚ-тың 1,5 мыңнан астам өкілінің қатысуы, жұмысының табысты аяқталып, ұйым жұмысына қан жүгірткен «Астана декларациясының» қабылдануы, соның нәтижесінде «Астана рухы» сенім, келісім, өзара түсіністік рәмізіне айна-лып, дипломатия лексиконына түбегейлі енуі көңілді марқайтпай қоймайды.

Сонымен қатар, еліміздің сыртқы саясат тағы қызметі Елбасының бітім-гер шілік бастамаларымен де танылу-да. Басқасын былай қойғанда, Сирия дағдарысын оңтайландыруға қатыс ты келіссөздердің Астанада ұйым дас ты ры-лу ын ерекше атап өтуге болады. Әлем наза рын аударған осынау келіссөздерге Астана үнқатысу алаңын ұсына отырып, бейбітшіліктің шынайы жақтаушысы екенін паш етті.

Қорыта айтқанда, іргелі халықаралық ұйымдармен әрекеттесу шеңберінде еліміздің өз мүмкіндіктерін көрсете оты рып, түйткілді мәселелерді шешу-ге қатысты игі бастамаларын әлем-дік деңгейде күн тәртібіне шығара білуі Қазақстанның сыртқы саясат саласындағы жемісті жолын көрсетеді.

Нәубат ҚАЛИЕВ,саяси ғылымдардокторы

– Мұқай Асанұлы, Қырғызстан осы дан бір жарым жылдан астам уақыт бұрын Еуразиялық эконо мика-лық одақтың толыққанды мүшесі болып қабылданды. Сіздің ойы-ңызша, осы аралықта қандай нәти-желі жұмыстар жүзеге асырылды?

– Қырғызстан үшін еуразиялық экономикалық интеграцияның орны бөлек. Біз үшін аталған Одаққа мүше-лік ке өтудің өзіндік маңызы бар еді. Нақтылай айтқанда, бұл бірлестік аясын-да экономикалық тепе-теңдік саясаты сақ талады, сондай-ақ, өзара байланыс-тар да еліміздің ұлттық ерекшеліктері мен дәстүрлі моральдық және мәдени құн дылықтары, қоғамымыздың тарихи ас пектілері барынша ескеріледі.

Одақ аясында қабылданған шарттар мен келісімдердің, түрлі шешімдердің талаптарын орындау мүше мемлекеттер үшін міндетті болып табылады. Қазіргі таңда көптеген жоғары деңгейлі құжаттар қабылдануда. Мұндай құжаттарды дай-ындауда, оны қабылдауда Қырғызстан өзге мүше елдермен бірдей құқыққа ие. Яғни, Қырғызстанның келісімінсіз ЕАЭО-ның бірде-бір құжаты заңды бо-лып есептелмейді.

Біздің еліміз Одаққа қабылданбай тұр ған кезде де мүше мемлекеттер –Армения, Беларусь, Қазақстан және Ресеймен түрлі салада тығыз бай-ланыста болып келген. Дегенмен, өзара қарым-қатынастар теңгерімді жағдайда жүргізілуі тиіс болатын. Енді, міне, бұл қ атынастар Одаққа ортақ ереже лерге сәй кес тең құқықта жүзеге асыры луда. ЕАЭО – тек миллиондаған адамдардың на рығы ғана емес, ол жоғары бәсекелестік ала ңы. Оның та-лаптарын еңсеру үшін бү кіл қоғамның тынымсыз еңбегі қажет.

Жалпы, ЕАЭО аясында көптеген игі лікті істер атқарылуда. Қырғызстан Одақ қа толыққанды мүше болған тұс-та бірінші кезекте қазақ-қырғыз ше-ка ра сындағы кедендік бақылау жой-ылды. Біздің азаматтарымыз өздерінің жүктерін Одақ аумағында еркін алып жүре алатын болды. Әсіресе, Қазақстан мен Ресейде жұмыс істейтін біздің еліміздің азаматтары үшін бұл өте ыңғайлы болып тұр.

Бұл сұрағыңызға қайтарған жауа-бым ды қорытындылар болсам, Қырғызстан өзге мүше мемлекеттер секілді Еура зия лық экономикалық

одақтың мүм кін дік терін біртіндеп пайдаланып келеді. ЕАЭО елдерінің барлығы еуразиялық интеграцияның игіліктерін көріп отыр.

– Еуразиялық кеңістіктегі инте-гра циялық процестерді іске асыру ор тақ кеден саясатын жүргізуден бас-т ау алды. Дегенмен, мүше мемлекет-тер арасында аталған сала бойынша қа тынастарды тереңдете түсу әрекеті бай қалуда. Негізінде, өткен жылдар да осы мәселеге қатысты қандай та быс-тар ға қол жеткізілді?

– Кедендік реттеу, бұл – интеграция үшін өте маңызды. Аталған саланың жұмысын ілгерілету бағытында көптеген жұмыстар атқарылды. Бірлестікті қалып-тас тыру барысында ортақ нарықта тауар ларды өткізу бойынша 23 кедергі анық тал ды. Қазіргі таңда олардың басым бөлігі жойылды.

Өткен жылы Комиссияның кедендік блогы тиісті рәсімдерді оңайлату және жеделдету бағытындағы 70 нормативті акт дайындады. Бұған қоса, тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау бо-йынша талап етілетін ақпараттар санын азайтуға қатысты бірқатар жеңілдіктер қа растырылды. Сондай-ақ, былтыр ЕАЭО елдерінің сыртқы экономикалық қыз метіне байланысты «бір терезе» қағидатын іске асырудың дайындық кезеңі аяқталды.

Одақтың сауда саласындағы стра-тегиялық әріптесі Қытай Халық Рес пуб-ли касымен ақпарат алмасу бағытындағы келі сім әзірленуде. Біз қытайлық әріп-тес терімізбен тауар және көлік құ рал-да ры туралы ақпарат алмасуға келістік.

Мұн дай мәселеде ақпарат алмасу ұлт-тық реттеуіштер арасындағы сенімді нығайтады әрі сыртқы экономика са-ласында қызмет ететіндердің жұмысын жеңілдетеді.

Бұдан бөлек, Вьетнаммен еркін сауда туралы келісім аясында кедендік ақпарат алмасу бойынша келіссөздер басталды.

Былтыр Еуразиялық экономикалық комиссия мен Дүниежүзілік кеден ұйы-мы арасында өзара түсіністік туралы ме морандумға қол қойылды. Бұл бізге ке ден саласындағы халықаралық озық тәжірибелерді зерделеуге мүмкіндік береді.

Бұл барлық қадамдар Еуразиялық экономикалық одақтың қалыптасу ке-зеңі нен өткенін, сондай-ақ, әлемдік эко-номикалық қоғамдастық алдында күшті, сенімді, ұзақ мерзімді ойыншы ретінде мойындалғанын білдіреді.

Әрине, бірлестіктің 2016 жылғы бас ты жетістігі ретінде Кеден кодексін әзір леу жұмыстарының аяқталғанын ай-т у ға болады. Кеден кодексі – ЕАЭО-ны құру жөніндегі шарттан кейінгі ма ңыз-ды құжат. Ол Одаққа мүше елдер дің мемлекеттік органдары мен биз нес-қоғамдастықтардың өкілдері қа тыс-тырыла отырып, ыждаһаттылықпен дай ындалған ауқымды құжат болып та былады.

– Мұқай Асанұлы, аталған Кеден кодек сінің негізгі жаңалықтарына тоқ тала кетсеңіз.

– ЕАЭО-ның бұл жаңа Кеден кодексі толықтай электронды технологияға сәйкестендірілген. Қағазбастылық мәсе-ле сі болмайды. Тауарларды декл а ра-ция лау да азаматтар тиісті орынға келіп әуре-сар саңға түспейді.

Біз жаңа Кеден кодексін сыртқы экономикалық қызмет жүйесіндегі «бір терезе» қағидаттарына негіздедік. Бұл ЕАЭО аумағында бизнес істерін цифрлық әдіспен жүзеге асыру бағытындағы ма-ңызды жоба болып саналады. Тауарлар дек ларациясын тіркеу, тауарды өткізу туралы шешімдер автоматты режімде, инспектордың қатысуынсыз жүзеге асы-рылады. Қосымша тексеру жұмыстары да адамдардың қатысуынсыз, яғни ком-пьютер арқылы жүргізіледі. Бұл өз кезе-гінде уақытты үнемдеуге, адамдар тара-пынан жіберіліп жататын кейбір қате-ліктерді болдырмауға мүмкіндік береді.

Цифрлық технологияға негізделе түзілген жаңа Кодекстің арқасында

тау ар ларды өткізу уақыты алты есеге қысқарады. Бұл – жай ғана айтыла салған сөз емес. Жаңа Кодекс талабы бой-ынша тауар декларациялық тіркеуден өткен сәттен бастап 4 сағаттың ішінде өз бағытымен жіберілуі тиіс. Со нымен қатар, бұл жаңа Кеден кодек сінің тағы бір ерекшелігі ретінде уә кі летті экон о-ми калық оператор (УЭО) мәр те бесінің нақтылана түс кенін айтуға бо лады. Бұл бизнес үшін жа ңа мүм кін діктерге жол ашады. Та сы мал да на тын тауарларды ба-қы лау дың жоғары с тандарттарын ұс тану ісін де оператор айтарлықтай артық шы-лық тарға ие болады. Уәкілетті эко но ми-калық оператор институты мемлекетпен сенімді әріптес бола алады.

– Еуразиялық экономикалық ко-мис сия өз қызметін жүзеге асыру ба-ры сында қандай ұстанымдарға кө бі-рек назар аударады?

– Комиссия өз жұмысын ашық жүр-гізеді. Бұл өз кезегінде Комиссияға де-ген сенімділікті күшейтеді. Негізінде, Одаққа мүше мемлекеттердің биз нес -мендері интеграциялық процес терге толық қатыса алады. Нақтылай айт-қанда, бизнес-қоғамдастықтардың уә-кілетті өкілдері Комиссия тарапынан жа рия ланатын барлық нормативтік-құ-қықтық актілерді әзірлейтін жұмыс жә-не сараптамалық топтардың толық мү-шелері болып табылады.

Сонымен қатар, Еуразиялық эко но-ми калық комиссия министрлерінің же-тек шілігімен консультативтік коми тет-тер жұмыс істейді. Біз бұл коми теттерді бизнес ісінде кездескен қиындықтарды әділ әрі ашық талқылап, олардың заңдық тұр ғыда шешімін табуына жол ашу мақ сатында құрдық. Кедендік блокта Кедендік реттеу және ЕАЭО-ның ке-дендік шекарасындағы бақылау ор ган-дарының өзара ынтымақтастығы жө нін-де гі екі консультативтік комитет жұмыс іс тейді.

Қорыта айтқанда, Комиссия ұсынған ше шімдердің жобаларына қатысты қандай да бір ескертпелер мен ұсыныстар айтылып жатса, ол жоба қайта қарауға жіберіледі. Бұл орайда бірде-бір шешім бизнес-қоғамдастықтың келісімінсіз қабылданбайды.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен Жолдыбай БАЗАР,

«Егемен Қазақстан»

Теңгерімді саясат өзара серіктестікті нығайтадыЕуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) алқа мүшесі, ЕЭК-тің Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі, Қырғызстан өкілі Мұқай ҚАДЫРҚҰЛОВПЕН әңгіме

Аталған іс-шараға Қазақ стан-ның Ұлыбританиядағы ел шісі Ерлан Ыдырысов, қала мэрі Джон Паркер, Хэмпшир графтығының жоғары шерифі Мэри Монтагу-Скотт, Британия Парламенті Қа-уым дар палатасының мүшесі Кэро лин Ноукс, сондай-ақ граф-тық тың мәдени-тари хи қа уым дас-тықтарының өкіл дері ме н Ромзи қаласының тұр ғын дары қатысты.

Іс-шара барысында Е.Ыды-рысов қатысушыларға Қазақ-стан жайында жан-жақты ақпарат беріп, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жол-дауы мен «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді стратегиясы аясында жүргізіліп жатқан экономика және саяси жүйені жаңарту жөніндегі реформалар, қоғамдық сананы жаңғырту турасындағы жаңа бағдарламамен таныстырды.

Өзінің сөзінде елші Қазақ-стан ның ерте заманнан келе жат-қан сан ғасырлық бай тарихы бар мем лекет екенін атап өтті. «Тә-у елс іздік алған аз уақыт ішінде Қазақ стан үлкен жетістіктерге қол жет кізіп, әлемдегі жылдам дамып келе жатқан экон о ми ка-лар дың біріне және ха лық ара лық қоғамдастықтың сенімді се рікте-сіне айналды», деді елші.

Е . Ы д ы р ы с о в а т а л ғ а н

іс-ша раның Қазақстан мен Ұлы-бри тания арасындағы дип ло-матия лық қатынастардың ор-натыл ғанына 25 жыл толған жы лы өткі зіліп отырғанын ерекше атап өтті. «Біріккен Корольдік біз дің эконо микамыздың алтын шы ең ірі инвесторы, ал Қазақстан Британия үшін сауда жә не инвес тицияларды кеңейтуге жә не дамытуға қажетті басты мем лекеттердің бірі», деді қа зақ стандық дипломат.

Екі ел арасындағы қарым-қаты-нас тардың жоғары деңгейде екен-дігін атап өткен Қазақстан елшісі белгілі британдық зерт теу ші және сәулетші Томас Аткинсонның елі-міздің мәдени мұрасына қосқан маңызды үлесіне тоқталды. Қазақ-станға ХІХ ғасырда келген бри-тандық сая хатшы қазақ халқының өмірі туралы көптеген суреттер мен жазбалар қалдырған.

Кеште британдық жур налист және жазушы Ник Филдинг Т.Ат-кинсон туралы жан-жақты баян-дама жасап, қонақтарға оның қазақ жеріне жасаған саяхаты жайында айтып берді. Сонымен бірге, британдық зерттеушінің ұрпақтары Стив және Джил Браун өздерінің былтырғы жазда елімізге барғаны жайындағы әсерлерімен бөлісті.

Іс-шара соңында қонақтар «Қа-зақстан табиғаты» фото көр ме сін тамашалауға мүмкіндік алды.

Аян ӘБДУӘЛИ,«Егемен Қазақстан»

Жиынға Өзбекстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Ауғанстан елдерінен сарапшылар қатысты. Конференция жұмысы қауіпсіздіктің жаңа архитектурасы: Көне парадигмалардың соңы және жаңа акторлар», «Орталық Азия: объективтілік пен субъективтілік арасында», сондай-ақ, «Орталық Азия: қабылдаудың әлеуметтік-мәдени аспектілері» атты үш бөлімнен тұрды.

Конференция барысында Орталық Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылықтың бүгінгі жағдайы мен болашағына қатысты мәселелер талқыланды. Нақтырақ тоқталар болсақ, аймақтық күш тепе-теңдігіндегі Орталық Азия елдерінің, Ресейдің, Қытайдың, АҚШ пен ЕО және жетекші азиялық мемлекеттердің рөлі, ҰҚШҰ, ШЫҰ, ЕАЭО, НАТО, сондай-ақ өзге де xалықаралық ұйымдардың жұмысы мен өзара әрекеттестігі және осы салалардағы аймақтық ынтымақтастық мәселелері қозғалды.

– Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі тұрақты емес мүшелігінің барысында Орталық Азия қауіпсіздігін негізгі бағыттардың бірі ретінде алғаны белгілі. Осыған байланысты БҰҰ-да еліміз аймақтың жағдайы, болашағы, қауіптер, осы жөнінде қандай көмектер көрсету керектігі жайлы мәселелерді көтеріп жатыр. Сондай-ақ, Орталық Азияда жаңа бірлестік құру идеясы қайтадан жандануы керек. Осыған дейін де бұл бастама талқыланып, тіпті Орталық Азия банкін де құрдық. Бірақ азық-түлік, су-энергетикалық, көлік-коммуникациялық бағытта қарастырылған үш консорциумның жұмыстары жүзеге аспай қалды, – деді Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Жиынға қатысқан Қытайдың қазіргі заманғы халықаралық қатынастар акаде-миясының арнайы кеңесшісі Ду Яньзюнь бір мақсаттағы жаңа бірлестік құру үшін алдымен бірқатар мәселелерді шешіп алу керектігін алға тартты.

– Алдымен, ірі державалардың қолдауына жүгіну қажет. Себебі, алпауыт елдер арқылы аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге болатынын мойындағанымыз жөн. Бұл ретте АҚШ, Ресей, Қытай, Қазақстан, Жапония секілді мемлекеттер үлкен рөл атқара алады. Сонымен қатар, шағын мемлекеттердің қауіпсіздігіне жете көңіл бөлінуі керек. Мұндай елдерге қолдау білдірмей, олардың қауіпсіздігіне немқұрайлы қарау тыныштыққа кері әсерін тигізеді, – деді Ду Яньзюнь.

Орталық Азияның қауіпсіздігі мәселесі Еуропаның, Азияның сарапшылары көз-қарасы тұрғысынан да талқыланды.

Шара барысында Қазақ-неміс универ-си теті жанындағы xалықаралық және аймақтық ынтымақтастық институты-ның директоры Болат Сұлтанов Орталық Азия ның аймақтық кооперациясын құру керектігін сөз етті.

Осы аймаққа кіретін елдер халықаралық және аймақтық алаңдарда ортақ ұстаным-дарын, бағыт-бағдарын білдіру үшін бірігуі қажет. Әр ел өз алдына жеке пікір білдірсе, ол бір ғана мемлекеттің үні болмақ, ал егер Орта лық Азияның елдері бас қосса, оның жөні бөлек. Осы тұрғыда біз Шығыс Еуро па елдерінің тәжірибесін басшылыққа алғаны-мыз жөн. 2004 жылы Венгрия, Польша, Чехия, Словакия Еуропалық одаққа мүше бо-лардан бұрын бірлестік құрып, ортақ пробле-маларын бірге шешуге уағдаласқан болатын. Одаққа кіргеннен кейін де төрттіктерін сақтап қалды, – деді Болат Сұлтанов.

Ұлыбританияда Қазақстанға арналған кеш өтті

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Ұлыбританияның Хэмпшир графтығында орналасқан Ромзи қаласында британ қауымдастығы өкілдеріне арналған Қазақстан туралы кеш өтті, деп хабарлады еліміздің Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Астанада Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының ұйымдастыруымен «Жаһандық түрлену жағдайындағы Орталық Азия» атты тақырыпта Орталық Азияның қауіпсіздігі мен тұрақтылығы мәселелеріне арналған XV конференция өтті.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Орталық Азия ынтымақтастығы талқыланды

Page 7: лемдік де†гейдегі ‘она‘й ашылды2017/06/05  · Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеудің басты мақсаты

5 маусым 2017 жыл 7қоғам

––––––––––––––––––––––––––––––––Егер дамыған АҚШ-тың өзін алсақ, олар-да жастармен жұмыс, жастар саясаты, жастар ұйымдары деген ұғым мүлдем кездеспейді. Германияны алсақ, жастар жөніндегі мемлекеттік мекеменің өзін кездестіру қиын. Жалпы, жастар саяса-тына көңіл аудару әр елдің даму саты-ларына сай жүзеге асырылды. Біздің ел үшін жастар мәселесі өз алдына үлкен бір стратегиялық даму бағыты ретінде қарастырылған. ––––––––––––––––––––––––––––––––

Темір ҚҰСАЙЫН, «Егемен Қазақстан»

Соңғы жылдары әріптестік ұғы­мының аясы мен шеңбері кеңейіп келеді. Айталық мұның мәнісін мемле­кетаралық деңгейде қарастырсақ бүгінгі күні ТМД ауқымындағы және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер бір­бірімен стратегиялық әріптестер болып табылады. Бұлардың бәрі тең құқылы стратегиялық әріп­тестер. Осы арада ежелгі көршілер Қазақ стан мен Ресей мемлекеттері ара­сында стратегиялық әріптестік қарым­қатынастар басым сипатқа ие екені де анық. Бұған дейін тек қарапайым адамдардың қарым­қатынасы мен бай­ланысына тән болып келген әріптестік ұғымы 2015 жылдың 31 қазаны күні рес публикамызда мемлекет­жекемен­шік әріптестігі туралы заң қабылдан­ған нан кейін өз арнасы мен ауқымын одан әрі көтеріп, мүлдем жаңаша сипат­қа ие болды. Осы кезден бастап тіл­дік қорымызда мемлекет­жекеменшік әріптестігі деген тіркес пайда болды. Тұжырымдап айтқанда, мұның өзі бірқатар мемлекеттік қызметтер көр­сету міндетін бизнеспен бөлісу деген сөз болып шығады. Қазіргі күні мем ­лекет­жекеменшік әріптестігі эко но­мика ның барлық саласындағы инфра­құрылымдарды, соның ішінде әлеу­меттік инфрақұрылымды дамы тудың, оның өрісін өсірудің басты тетік терінің біріне айналып келе жатқаны да атар таңдай, батар күндей шындық.

Өмір бір орнында тұрмайды. Ол үнемі алға даму, жылжу үстінде. Осы орайда Қазақстанда өмірдің өзінің қажет тілігі туғызған, солай болған соң да арнайы заңмен бекітілген мем­лекет­жекеменшік әріптестігіне де осындай ой орамы тұрғысынан кел­геніміз жөн секілді. Бұған соңғы жыл ­дары республикамыздың батыс өңірінде қарқынды түрде дамып келе жатқан Ақтөбе облысынан да көп теген мы­салдар келтіруге болады. Өңір де бұл бағытта жүзеге аса бас таған жобалардың аясы мен арнасы кең. Мемлекеттік мүлікті сенімді түрде бас қаруға берілген нысандардың басым бө лігін әлеуметтік инфрақұрылымдар құ райды. Осы мақсатты жүйелі жолға қою үшін тартылған инвестиция көлемі 28 мил­лиард теңгені құ райды.

Биыл облыста мемлекет­жекеменшік әріптестігі аясында екіжақты келісім­шарттар бойынша 38 жоба қолға алын­ған. Қазір соның елеулі бөлігіне қол қойылған. Тұтастай алғанда, түбегейлі келісімдер мен сараптауларға, соның ішінде жобалау­сметалық құжаттар әзірлеу сатысына 8 балалар бақшасы ғимараттарын тұрғызу мен қайта жаңғырту жобалары енгізілген. Қалай дегенде де, қазіргі күні мемлекет­жекеменшік әріптестігінің басты «жұ­лыны мен жүйкесі» Ақтөбе қала сында екенін көреміз. Енді екі жылдан кейін құрылуының 150 жылдығын атап өткелі отырған шырайлы шаһарда мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің жай­күйі мен материалдық­техникалық жағдайын жақсартуға жан­жақты көңіл бөлінген.

Оның басым бөлігі мемлекет­жеке­меншік әріптестігі аясында іске асу­да. Бүгінгі күні облыс орталығында мектеп жасына дейінгі балалардың балабақшамен қамтылуы 92 пайыз құраса, алдағы жылдары бұл көрсеткішті 100 пайызға дейін жеткізу белгіленген. Бұл үшін қазіргі кезде кәсіпкерлер мен бизнесмендер жер телімдерін сатып алып, алдағы кезде тұрғызылатын әрі 2018 жылы аяқталатын балабақша құрылыстарының жобалау­сметалық құжаттарын әзірлеуге кірісіп кетті. Ақтөбе қаласында биылғы жылға жоба­ланған балабақша құрылыстары мен қайта жаңғыртылған ғимараттардың алғашқы кезегі пайдалануға беріле бас­тады. Өткен аптада еліміздің барлық өңірлерінде Балаларды қорғау күні кеңінен аталып өткені мәлім. Осы күні мемлекет­жекеменшік шеңберінде қызмет жасап, тәрбие беретін бала­бақшалар пайдалануға берілді. Соның бірі – «Райгүл» мектепке дейінгі мем­лекет­жекеменшік мекемесі. 12 топ­тан тұратын балабақша 300 орынға лайықталған. Қайтадан жаңғыртылған ғимаратта 3­6 жас арасындағы бала­лар үшін барлық жағдайлар жасалған. Олар ды оқыту мен тәрбиелеу екі тілде жүргізіледі. Мұнда жаңа үлгідегі жиһаздар, музыка, денешынықтыру залдары жасақталған. Медициналық блок, логопедия және психолог кабинеттері бар. Балабақша төңірегі мен аумағы көгалдандырылған ойын алаң дарымен қамтылған. Ақтөбеде 1 ма усым күні ашылған мектепке дейінгі

ұйымдарға тәрбиеленушілер тиісті жолдамалар арқылы қабылданады. «Райгүлдегі» барлық істер оның құ­рылтайшысы, өңір бизнесінің қа­быр ғалы өкілдерінің бірі Ержан Кенжебаевтың сенімді басқаруына берілген. Ол қызмет көрсету жөнінде жасалған келісімшарттар талабына сай іс­қимыл танытады деп сенгіміз келеді. Агломерациялық аймаққа өткен 1 маусым күні мемлекет­же­кемен шік әріптестігі аясында ашыл­ған республикада баламасы жоқ әлеуметтік нысандардың бірі –хок­кей модулі. Ең бастысы, әлеуметтік ин фра құрылым санатына кіретін айы рықша құрылыстың аяқталуы жас өспірімдердің шайбалы хоккей, шорт­трек және мәнерлеп сырғанау секілді қысқы спорт түрлерімен шұ­ғылдануына кең мүмкіндіктер береді. Модулге хоккей­жаттығу спорт кешені деген атау берілгені де оның осы ерекшелігінен туындағаны анық.

Жаңа нысанның ашылу рәсімі кезінде тәуелсіздікке қол жеткізген уақыттан бері Ақтөбе қаласында жа­бық ғимараттағы мұз айдыны болып көрмегені айтылды. Мұндағы мұз айдыны өзінің көлемі мен аумағы және сапалық көрсеткіштері бойын ша халықаралық стандарттарға толықтай сәйкес келеді. Оны орнату мен құю жұмыстарын Ресей астанасы Мәскеуден арнайы шақыртылған кәсіби біліктілігі жоғары мамандар тобы атқарған. Дәл осы фирма бұған дейін Сочиде өткен қысқы Олимпиада және Алматы қаласында өт кізілген бүкіләлемдік қысқы Уни версиада ойындарының мұз айдындарын құю ісін жүзеге асырған екен.

Мемлекет­жекеменшік әріптестігі шеңберінде пайдалануға берілген хоккей­жаттығу спорт кешенінің жал пы құны – 544 миллион теңге. Аталған қомақты соманың тең жар­тысы жергілікті бюджеттен бөлінсе, қалған 50 пайыздық бөлігі Ақтөбе қала­сындағы «КТП» ЖШС бас директоры Всеволод Щегельскийдің қолдауымен құрылысқа құйылған. Аталған ғимарат Ақтөбе облысының денешынықтыру және спорт басқармасы мемлекеттік мекемесінің қысқы спорт түрлері бой­ынша облыстық балалар­жасөспірімдер спорт мектебі коммуналдық мем­лекеттік мекемесінің құзырына берілді.

Осы орайда өңірде мемлекет­жекеменшік әріптестігі аясында тұрғызылып жатқан спорттық ны­сандардың лентасын қию рәсімдері алдағы айларда да одан әрі жалғаса беретінін айтқымыз келеді. Оның алдыңғы қатарында жекпе­жек күресі сарайы тұр. Оның ашылу салтанатына орай дзюдо күресінен ересектер ара­сында Қазақстан чемпионатын өткізу белгіленген. Бұдан кейінгі кезекте облыс орталығында құны 3,5 милли­ард теңге тұратын мұз сарайының құрылысы басталмақ.

Біз хоккей модулінің ашылу рәсімі кезінде Ақтөбенің Атымтай жомарт атануға әбден лайықты, туып­өскен елі мен жеріне жаны ашитын, оған қолынан келетін көмегін көрсетуге әзір тұратын асыл азамат, «КТП» ЖШС бас директо­ры Всеволод Щегельскийге жолығып, хоккей модулінің пайдалануға бері­луіне орай бір­екі ауыз пікірін айтып беруін өтінген едік. Ақжарқын, ер көңілді өндірістің кәсіпорын басшы­сы, біліктілігі мол кәсіпкер бұған еш тартынбастан көңілдегі көрікті ойын былайша жеткізді.

– Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елімізде бизнестің дамуына үлкен қолдау көрсетіп келеді. Соның нәтижесінде көптеген бағдарламалар қабылданып, істі алға жылжытудың тиімді тетіктері жасалды. Бизнеспен шұғылданып жүрген біздерге осын­дай қамқорлық көрсетілмегенде осы деңгейге жетер ме едік, жетпес пе едік?! Табыс пен пайданың басын біріктіре алар ма едік, алмас па едік. Сондықтан мен ел кәсіпкерлерінің бүгінгі жетіс тік­терін Елбасының кәсіпкерлікті дамы­туға жасаған қамқорлығы мен қол­дауынан бөле­жара қарай алмаймын. Біз дердің бұған қайтарым беретін, осы орайдағы парызымызды сезіне алатын кезіміз келді деп есептеймін. Хоккей модулі құрылысына қосқан үлесім осы парыздың өтеуі деп біліңіздер, – деді ол.

Мемлекет­жекеменшік әріптестігін дамыту мен қалыптастыру, республи­ка Президенті Н.Ә.Назарбаев биылғы Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсеткендей, әкімдердің нақты және кәсіби жұмысына да байланысты. Осы екі міндетке Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев шаң тигізбей, ойдағыдай атқарып келе жатқанына қол қоя аламыз. Қандай іске болса да оның әділ бағасын беретін халық емес пе?! Олар қашанда шаршауды білмейтін, тіпті демалыс күндері кезінде де мемлекет­жекеменшік әріптестігі та­лаптарына сай тұрғызылып жатқан нысандардың жай­күйін бақылап, оның сәнді де сапалы түрде аяқталуы үшін тиісті талаптар қоюдан да тан­байтын облыс басшысының іс­қимы­лы на дән риза екенін көріп жүрміз. Біз осы материалды газет өндірісіне әзірлеу барысында бүгінгі көтеріліп отырған тақырыпқа қатысты Бердібек Мәшбекұлынан өз ой­пікірін айтып беруін өтінген едік. Оның қайтарған жауабының түп­төркіні төмендегідей болып шықты.

Мемлекет­жекеменшік әріптестігі бірінші кезекте қандай салалар үшін тиімді екенін айқындап алудың пай­дасы мол. Мемлекет басшысы бұл бағытта әлеуметтік инфрақұрылым­ға басымдық беру қажеттігін айт қаны белгілі. Сондықтан да өңірде екіжақ­ты әріптестік аясында бой көтеріп мем лекеттік мүлік сенімді басқаруға беріліп жатқан жаңа нысандардың негізгі бөлігін осы әлеуметтік тұр­ғыдағы құрылыстар құрайды. Сондай­ақ, бұл бағытта экономиканың барлық буындарына тән нормативтік және құжаттық базаны мемлекет­жекеменшік әріптестігі қызметіне берік түрде орнықтыру тетігі жасалған. Сонымен бірге, бұл істі ұдайы жетілдіру мәселесі де назардан тыс қалған емес.

Міне, замана талабы жүктеген сын­дарлы міндетті ақтөбеліктер осылайша абыроймен атқарып келеді.

АҚТӨБЕ

Суретті түсірген Хайредин РАУШАНОВ

Тәуелсіздік жыл ­дарының ал ғаш қы кезеңіндегі сын са­ғаттарда жас тардың жү ріп­тұруына мемле­кеттік аппараттың үнемі араласуы заң ­дылық болды. Б.Соқ­пақбаевтың әйгілі «Менің атым Қожа» ки носындағы «Кім сот­қар? – Қожа! Кім өті­рік ші? – Қожа!» деген­дей, соңғы жыл дары қылмыс та, лаң кес тік

те сол жас тарға тиесілі болып алғандай. Кей де әке­ше шесі тіршілік қамын күйттеп жүргенде, ба­ла лары ның қалай ержетіп, ауылдың апайтөс боз ба­ласы болғанын да байқамай қалып жатады. Осы лай «кішігірім мемлекеттегі» құбылыс қоғамда, мем­лекеттік кеңістікте әрқилы қырымен көрініс тауып жатады. Иә, тіршілікті ғана емес, тәлім­тәрбиені де қатар алып жүру отбасында қаншалықты қажет болса, мемлекеттік жастар саясатын жүргізіп отыру соншалықты маңызды екендігін айқындайды.

Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметінде көрсетілгендей, өткен жылы елімізде 14­29 жас аралығындағы жастардың саны 4099,6 мың адамды құраған.

Осынау жастардың әлеуметтік ерекшелігі – үнемі ізденіс үстінде жүретіндігінде. Олардың бірі жұмыс, бірі рухани сенім, бірі білім, бірі субмәдениетін іздер, әйтеуір белсенді әрекет үстінде болады. Жастарға оқуға түсем десе квота, ауыл шаруашылығымен айналысам десе субси­дия беріліп жатыр. Осының нәтижесінде жалпы жастардың тең жартысы еңбекпен қамтылған.

Жастарға қызмет көрсететін арнайы ресурстық орталықтар желісі аймақтарда кеңінен ашылып үлгерді. Осы күндері республика бойынша барлық жастардың ресурстық орталықтарының саны 207­ге жетті. Қазір өңірлік жастар ресурстық орталықтары қызметкерлерінің штаттық саны 1869 адамды құрайды. Бұл да сөзден іске көшкендіктің бір көрінісі.

Сонымен қатар, әрбір аудан басшылығы жанынан жастардың аймақтық кеңестері құрылды. Әртүрлі саланың өкілдері іріктелініп, жергілікті жағдайға байланысты туындайтын әлеуметтік мәселелерді бейбіт, өркениетті жолдармен шешуге жұмылдыру, жастарға қажетті жобаларды аймақтық ерекшелікті ескере отырып анықтау жолға қойылуда. Себебі, «әр елдің салты басқа», дегендей кең аумақта жатқан облыстардың экономикалық­әлеуметтену үрдісіне қарай жастар саясаты да өзінше жүреді. Мысалы, Алматының мәдени даму деңгейі басқа облыстар­мен үйлеспеуі мүмкін. Дегенмен, жастарға қатысты атқарылған кез келген шаруа өңірлік ерекшеліктерге қарамастан ортақ мемлекеттік саясат пен азаматтық қағидаларға негізделеді.

Бұған күшейтіліп келе жатқан өңірлік жас­тар істері жөніндегі кеңестерінің қызметін айт­сақ та жеткілікті. Жауапкершілік жергілікті бас­шылықтың тікелей құзыреттеріне жүктелген. Барлық деңгейдегі әкімдер аталған кеңестерді өздері басқарады. Аталған жастар кеңесі әрбір жасты өз аймағының алдындағы жауапкершілікті сезінуге үйрету, үлкен тәлім­тәрбиелік қоғамдық мектептер жасақтауда маңызды болмақ. Сол жастар келешекте жергілікті кадрлық құрамды жасақтап жатса, идеяның өз мақсатына жеткені емес пе?! Кадрлық даму резервін осылайша азаматтық сек­тор арқылы өсіруге де болатындықтың бір дәлелі осында. Әсіресе, әлеуметтік нысандағы жетімдер үйлерінен шығатын түлектер мен әскерден қайтып келгендерге, бас бостандығынан айырылып, жаза мерзімін өтегендерге, мүгедектігі жағынан мұқтаж жастарға, ауылдан шыққан шығармашылық ізденіс үстіндегі өнер иелеріне, діни теріс ағымнан айыға алмай жүргендерге, мамандығын дұрыс таңдай алмағандарға, кәсіпкерліктің бір ұшын ұстай алмай жүргендерге жаңа мүмкіндіктер ашылары сөзсіз.

Осы ретте кәсіпорындар мен ЖОО­дағы, колледждердегі жастар ісі комитеттерінің қоғам­дағы орнын естен шығармауымыз керек. Ел бойын­ша 120 ЖОО­да, 649 колледжде, 180 кәсіпорында жұмыс істеп жатқан аталған мекемелер жастардың маман ретінде тұлғалануына бірден­бір әсер етуші күш. Олардың негізгі міндеті – студенттерді әуелі сол оқу орнының патриоты, содан барып сол елдің жанашыры ретінде қалыптастыру.

Өткен жылдың желтоқсанында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев республика жастарымен кез­дескен Қазақстанның жастар форумында тек кәсіби білімнің арқасында жұмысшы жастарды, еңбек адамын тәрбиелеп шығару керектігін, сол бағытта барлық мемлекеттік саясатты жүргізетіндігін айта келіп, «келер жылы тегін кәсіптік білім беру жүйесі іске қосылады. Бұл жұмыссыз жүрген 58 мың жасқа екі қолға бір күрек тауып беруге септігін тигізбек», деген болатын.

Ең бастысы, баланы Германия, Австрия, Канада елдеріндегідей балабақша, бастауыш сыныптан бас­тап мамандық таңдауға баулу тәжірибесінен үлгі алуға тиіспіз. Айтпақшы, бұған қатысты Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында бүгінгі жас түлектер мен олардың ата­аналарының болашақ мамандықты атүсті таңдау әдетін түбегейлі өзгерту керектігін меңзейді.

Жастарды дамытудың жаhандық индексі бой­ынша Қазақстан Республикасы 183 мемлекеттің ішінен 61­орынды иеленгендігін айта кету ке­рек. Бұл көрсеткіш еліміздің жастарды жұмыспен қамту, саяси және азаматтық белсенділік бойын­ша Түркиядан (62­орын), аймақтық державалар Ресей (110 орын) мен Қытайдан (118 орын) алда тұруымыз – жастар саясатына деген мемлекеттік көзқарас пен көңіл бөлудің айқын дәлелі.

Алғырлығы мен албырттығы қатар жүретін жастарды қолдауда жас тәуелсіз еліміздің үлесі өзгелерден жоғары тұрғаны қуантады.

Мақсат ЖАҚАУОВ, аймақтанушы

АЛМАТЫ

Мирас АСАН,«Егемен Қазақстан»

Солардың ішінде атал­ған салада өз қызметіне адал берілген қызметкер, қара­ғандылық Дәурен Алтаев та бар. Дәурен Қасымжанұлы Қарағанды қаласы ішкі істер бөлімі Жаңа Майқұдық поли­ция бөлімінің жергілікті по­лиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекто­ры, полиция майоры. Өз қыз­метіне адал берілген Дәурен Қасымжанұлының ішкі істер органдарында қызмет атқарып жүргеніне қазіргі таңда 20 жыл толып отыр.

Дәурен Қасымжанұлы 1976 жылдың көктемінде Қарағанды

облысы, бұрынғы Талды ау­даны, қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысы, Абыралы ауданы, Алғабас ауылында дүниеге келген. 1982 жылдың күзінде алғашқы мектеп табал­дырығын аттап, сол мектеп қабырғасында 11 жылдық білімін алып шығады. Мектеп бітірген соң, Отан алдындағы борышын атқару үшін әскерге аттанады. Әскерден кейін, 1996 жылы ішкі істер орга­нында ең алғаш рет еңбек жо­лын бастайды. Жол­патрульдік қызметінде еңбек етіп, өз әріп­тестеріне сыйлы, беделді қыз­меткер атанады. Сол жылдарда жинаған білім мен бі ліктілігі нәтижесінде кезекші бөлімнің жедел кезекшісінің көмекшісі

болып лауазымы ауы сады. Ең бек пен оқуды қатар алып жүрген ол Б.Бейсенов атын­дағы Қарағанды жоға ры мек­тебіне сырттай тү сіп, заңгер мамандығын алып шығады. Оқуын 2005 жылы аяқтап, офи­цер атанады. Содан бас тап, яғни 2006 жылдан бері учаскелік по­лиция инспекторы қыз метін адал атқаруда. Отбасын да зайы бы екеуі төрт бала тәр­бие леп отырған үлгі тұтар әке. Дәурен Қасымжанұлы өзінің ішкі істер органындағы

қажырлы еңбегінің арқасында облыстық ІІД және қалалық ІІБ басшылығы тарапынан бірнеше мәрте, сондай­ақ, мінсіз қызметі үшін II және III дәрежелі медальдармен марапатталғанын айта кеткен жөн. Ішкі істер министрлігі тарапынан 2006 жылы «Үздік қызметі үшін» төсбелгісімен марапатталған.

Д.Алтаевтың соңғы уақыт­тағы ерен еңбегінің бірден­бір дәлелі ретінде қызмет атқару бары сында бір отбасының төрт бірдей баласын өрттен құт­қарып алып шыққан ерлігін айтуға болады.

Оқиға барысын қысқаша тарқататын болсақ, сол күні әдеттегідей жұмыс уақытында Дәурен Қасымжанұлын Май­құдық елді мекенінде өз аума­ғындағы үйлердің біріне жетуі туралы хабарлама түседі. Әдет тегідей отбасы жанжа­лы болар деп, хабарлама түс­кен мекен­жайға жеткен де бес қабатты үйдің бесінші қа­ба тының өртеніп жатқанын көреді. Ес­түстерінен айыры­ла шулаған көршілер үйдің ішінде балалардың барын ай­тады. Сол сәтте өрттің қара түтініне қарамастан, Дәурен Қасымжанұлы білек сыбана

балаларды құтқаруға тырыса­ды. «Пәтерге кірсем, түтіннен басқа ештеме көрінбейді екен. Дереу бір матаны суға малып, бетіме орап, бөлмелердің ішінен балаларды іздедім. Қарасам, төрт бала кереуеттің үстінде бірінің үстіне бірі үймелеп жатып қалған. Ес­түссіз. Сол сәтте, демім де таусылуға шақ қалды... Соңғы күшімді сар қып, балаларды иығыма арқа лап сыртқа алып шықтым. Ал ға­шында екеуін, кейін екі бала ны шығардым. Екінші рет кіре йін дегенімде, өрт одан әрі өр шіп, маңайлатпайды. Сонда да еш кідірместен, жанымды шүбе­рек тің ұшына түйіп, балаларды құтқардым», – дейді Д.Алтаев сынақты сәтті еске алып.

Міне, қызметіне деген осын дай адалдығының арқа­сын да, төрт сәбидің өмірін ажал дан арашалап алып қалды. Қы р шы нынан қиылар еді, қа­йыра өмір сыйлады. Хал қымыз «Ер – еңбегімен ең селі» деп бе кер айтпаса керек. Ендеше, осын дай еңсесі биік аза мат­тары мыз аман болып, еліне ең­бегі сіңсін деп тілек біл дір еміз. Ортамызда, Дәурен Ал таев тай қайсар жандар көп болғай.

Қарағанды облысы

Жастар мен жас ел – егіз ұғым

Парасатты полицейБейБіт күннің Батырлары

Өңір Өмірі

Мемлекет пен жекеменшік әріптестігінің әлеуетіАқтөбе аймағында оның оң мысалдары мол

––––––––––––––––––––––––––––––––––Қазіргі таңда қызметінің қыр-сырын жетік меңгеріп, адамдық болмысымен аянбай еңбек етіп келе жатқан азаматтарымыз

аз емес. Қылмыспен күрес жолында полицияның әр бөлімшесінің өзіне тән қызметі және міндеттері бар. Біз бүгін осы бағытта түрлі қылмыстарды ашып, қызмет көрсету аумағында құқықтық тәртіп пен тыныштықтың сақталуына сүбелі еңбегін қосатын учаскелік полиция инспекторларының еңбегін ерекше атап өтуіміз қажет. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Page 8: лемдік де†гейдегі ‘она‘й ашылды2017/06/05  · Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеудің басты мақсаты

8 5 маусым 2017 жылтуризм

––––––––––––––––––––Ұлы Жібек жолының бо­йын да – Тараз қаласы ның шығысынан 40 шақы рым қашықтықта Ақыртас са­рай кешені орналасқан. Қала шықта «Мәдени мұра» бағдарламасы аясын да 2004 жылдан бері архео­логиялық қазба­зерттеу жұ мыстары жүргізіліп келе ді. Соның нәтижесінде зерт теу жұмыстары одан әрі жан данып, тарихи кешен ба сында 2008­2009 жыл­дары «Ақпараттық­ғылыми орта лық» ғимараты бой кө­те ріп, бүгінде аталған ор та­лық өз жұмысына кірісті. ––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Жаз туса, қапырықтан қажыған жұрт айдынды Алакөлге асығады. Ал Алакөл туристерді қабылдауға әзір ме? Дәл қазіргі уақытта көлдің жағалауында қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр? Өскемендегі облыстық ақпараттық орталықта өткен брифингте Үржар ауданының әкімі Серік Зайнулдин Алакөлдің бүгінгі жайы, алдағы суға түсу маусы­мына әзірлік барысы жөнінде жан­жақты айтып берді. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Бақтияр ТАЙЖАН,«Егемен Қазақстан»

Елбасы «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Егер жаңғыру елдің ұлттық­рухани тамыры­нан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» деген ой айтты. Яғни, қазақ мықты ұлт болу үшін түп­тарихынан ажырап қалмай, бүгін гісімен қабыса тағлымды өмір сүруі қажет. Ұлттық кодты сақтаудың бір жолы – өткенді ұдайы жаңғыртып отырып, ұлтқа еңбегі сіңген арыстардың еңбегін ұлықтау, жас ұрпаққа өнегелі өмірін өзек ете отырып тәрбие беру болмақ.

Бұл шаруа өңірлерде қалай орындалып жатыр? Біз бұл сұрақты Мемлекет басшысы «Отырар – өркениеттің алтын бесігі» деп баға берген бүгінгі Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтахановқа қойдық.

– Отырар өлкесі – өнер мен ғылымның ту тіккен жері десе де болады. Нақты сауалға істелген нақты жұмыстарды айтар болсақ, жергілікті ақын­жазушылардың, жалпы зиялы қауымның басын біріктіретін «Отырар әдебиеті мен өнері» атты қоғамдық бір­лестік құрылып, жұмыстарын бастады. Уақыт тауып бірлестік мүше лерімен кездесіп, кеңе­сіп тұрамыз. Былтыр ел Тәуел­сіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай «Тәуелсіздік толғауы» деген атпен жинақ шығардық.

Бұл жинаққа сонау Майлы­қожа, Ергөбектен бастап, халық ақыны Әселхан Қалыбекова мен бүгінгі жас ақындардың өлеңдері топтастырылды. Биыл осы іс жал ғасын табады.

Мұнан бөлек 2016 жылы ұлт мәдениеті мен өнерінің жана­шыры Өзбекәлі Жәнібековтің 85

жылдық, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті, ака­демик Өмірзақ Айтбайұлының 80 жылдық, филология ғылымының докторы, профессор Дандай Ыс­қақ ұлының 70 жылдық мерейтой­лары тойланды. Бұл тойлардың ерекшелігі жас ұрпаққа берерінің мол болғаны. Себебі, жастары­мыз осындай тұлғаларға қарап бой түзейді.

Сондай­ақ, биыл Қазақ стан­ның халық әртістері, ән өнерінің корифейлері Сара Ты ныш ты­ғұлова мен Нұрғали Нүсіп жа­нов тар жеке концерттерін бе­ріп, отырарлықтарды халық ән дерімен, даңқты жерлесіміз Шәм ші Қалдаяқовтың әндерімен сусындатты.

– Мемлекет басшысы «Пат­риотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жер­ге сүйіс пеншіліктен бастала­ды» деді. Осыған байланысты «Туған жер» деген бағдарлама тү зілді. Туған жерге көмек жа­са ған жандарды құр мет теудің жолын табу керек деген ой айтты.

– Түсіндім. Елбасы Оң түс­тікке келген сапарында об­лыс тың зиялыларымен ке ле­лі кеңес өткізді. Жиынның өзегі «Болашаққа бағдар: руха­ни жаңғыру» мақаласы болды. Сонда Нұрсұлтан Әбішұлы елі­мізге белгілі кәсіпкер, «Саутс Ойл» компаниясының президенті С.Сейітжановқа қаратып: «Се рік­жан, мен саған ризамын», деді.

Серікжан Сейітжанов – Отырар өлкесінің перезенті. Елге істеген басқа жақсылықтарын айтпай­ақ қояйық, өз туған ауы­лына мектеп, мешіт салып бер­генінің өзі өзге кәсіп кер лер ге үлгі болса керек. Сол өңір ден шыққан атақты азаматтарға ескерткіш

көтерді. Отырар өлкесінде игі істерге көмектесуден ешқашан бас тартқан емес.

Аталарымыз «бай болсаң, елге пайдаң тисін» деп ғибратты сөз айтқан. Бүгінде Серікжан ағамыздың ізін басып келе жатқан кәсіпкерлердің көбейіп жатқандығы қуантады. Мұндай азаматтарды елге үлгі етіп оты­рамыз.

Елбасы мақаласында қозғал­ған «Туған жер» бағдарламасы «кіші Отан» ұғымын пайдала­на отырып жалпыұлттық пат­риотизмді жас ұрпақтың бо­йына сіңіруге апарар жол бол­мақ. «Туған жерге деген сүйіс­пеншілік, Туған елге – Қазақ­станға деген патриоттық сезімге ұла сады» деп Елбасымыз атап көрсетті.

Отырар ауданында өткен жылдан бері «Туған елге тағзым», «Онжылдықтар тоғысында» ак­циялары тұрақты түрде өтуде. Былтыр аталған акциялар ая­сында 11 млн 232 мың теңге көле мінде ауылдар мен мектеп­терге, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға материалдық және

қаржылай көмек көрсетілді. Би­ыл да игілікті іс жалғасын табуда.

Ауданымыздан шыққан кәсіпкер, бүгінде алматылық Айт­құлбек Сұлтанов өз қаржысына туған ауылы «Ынталыдан» саябақ салып, жерлестерінің де­малуына жағдай жасады.

«ЭКСПО­2017» көрмесіне орай еліміз бойынша алғаш­қылардың бірі болып этноауыл­ды ұйымдастырған жеке кәсіпкер Алмас Сыздықбеков. «Алаш» этноауылы қазақтың байырғы тіршілігімен, ұлттық салт­дәстүрлерімен таныстыруды да­мыта беретін болады.

Елбасы мақаласында дін мен дәстүр, рухани құндылықтар мен таланттарға жол ашу сияқты мәселелер атап көрсетілген. Осы ған орай, ауданымыз­да өткен аптада дінтанушылар мен осы тақырыпта жазатын жур налистердің басын қосқан Респуб ликалық форум өтті. Фо­румда өзекті мәселелер қозғалып, болашаққа бағдар түзілді.

Сондай­ақ, ауыл ішіндегі дарындыларды анықтайтын, елге таныстыратын «Отырар

таланттары­2017» өнер фестивалі кеше ғана мәресіне жетті. Қазақ­станның халық әртісі Нұр ғали Нүсіпжанов осы өнер мере ке­сінде қазылар алқасының төр­ағасы болды.

– Отырар ауданы ғасыр­лардан сыр шерткен, тарихы терең, туризмге сұранып тұр­ған өлке. Бұл салада қандай жұ мыстар атқарылып жатыр?

– Мақаланың төртінші мінде­тінде «Жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіруіміз ке­рек» – деп атап көрсетілген. Мұн дағы басты мақсат киелі де қасиетті орындарымызды дұ рыс насихаттап, ішкі және сыртқы туризмді халықаралық деңгейде дамыту болып табы­лады. Біздің ауданымызда күллі мұсылман халқы қастер тұтатын Арыстанбаб кесенесі мен тари­хы тереңде жатқан Отырартөбе қалажұрты мен жүзден аса тари­хи төбелеріміз бар. Осы мәдени­тарихи ескерткіштерімізге алыс­жақын шетелдік туристерді тарту бағытында көптеген жұмыс­тар атқарылуда. Бұл жұмыстар болашақта іске асатын «Мәдени­географиялық белдеуге» дайын­дық десек болады.

Арыстанбаб кесенесі мен Оты рар төбе қалашығына дейін­гі 1,7 шақырым аралықты сер­вистік орталық салу, демалыс аймағын жасау, абаттандыру көгалдандыру жобасы қолға алы­нып жатыр. Алдын ала болжам­ды есеппен жоба құны 480 млн теңге болады. Қазіргі таңда абат­тандыру мақсатында жобалық сметалық құжаттамасы жасалы­нуда. Ағымдағы жылдың мау­сым айында әзірлеп, бітіру жос­парланған.

Сондай­ақ, ауданымыздағы туристік, тарихи нысандардың, яғни «Арыстанбаб» кесенесінің кіре беріс қақпасының аумағын абат тандыру жобасының жо­балық сметалық құжаттамасы дайындалды. Жоба құны 329 млн теңге 2017 жылдың маусым айын­да мемлекеттік сараптамалық қорытындысы алынатын бола­ды. Бұл нысанда автотұрақтар, сауда қатарлары, күн сәулесінен

энергия алатын жарықшамдар мен ішкі аяқ жолдар, қоршаулар көлеңкелі орындықтар, кіші архитектуралық кескіндер, анық­тамалық тақтайшалар орнату және көгалдандыру жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Одан бөлек, бүкіл әлемнің туристерін қызықтырған ежелгі «Отырар төбе» қалажұртының кіре берісін абаттандыру мақ са­тында жобалық сметалық құжат­тамасы дайындалды. Жо ба құны 317 млн теңге. Бұл ны санда авто­тұрақтар, сауда қатарлары, күн сәулесінен энергия алатын жа­рық шамдар мен ішкі аяқ жол­дар, қоршаулар, көлеңкелі орын­дық тар, кіші архитектуралық кес кіндер және әжетхана салу және көгалдандыру жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Батыс Еуропа – Батыс Қытай көлік дәлізінен Отырар ауда­нымен қиылысатын тұстан бас­тап туристік нысандарға, атап айтсақ, «Арыстанбаб» кесенесі, «Отырар төбе» қалашығы, «Оқ­сыз», «Отырар мұражайына» бағыт тайтын бес дана сілтеме, Арыстанбаб кесенесі, Отырар қалашығына екі дана ақпараттық тақтайша орнатылды. Барлық орнатылған тақтайшалар туристік нысандардың арақашықтығы мен қысқаша тарихын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде си­паттайды.

«Біз ХХІ ғасырдың жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт боламыз десек, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жоба­сын іске асыруға тиіспіз. Әлем бізді қара алтынмен немесе сыртқы саясаттағы ірі бастама­ларымызбен ғана емес, мәдени жетістіктерімізбен де тануы ке­рек», деді Елбасы еліміз үшін өзекті мақаласында.

Облыс әкімі Жансейіт Түйме­б аев осы мақалаға байланы­сты әр аудан, қалада істелетін жұмыстардың бағытын айқындап берді. Біз өз тарапымыздан нақты іс­жоспарды бекітіп, кезең­кезеңімен орындап жатырмыз.

Оңтүстік Қазақстан облысы

Азамат ҚАСЫМ,«Егемен Қазақстан»

«Былтыр күзде облыс әкімі Даниал Ахметов ауданға ар­найы келіп, Алакөлге байла­нысты жиын өткізген бола­тын. Сол жиында көлге абат­тандыру жұмыстарын дұрыс жүргізбейтін, санитарлық та­лаптарды дұрыс сақтамайтын кәсіпкерлердің демалыс ба­засын іске қосуға 2017 жылы рұқсат берілмейтінін айтқан­ды. Қазіргі уақытта мұндағы 147 демалыс базасының 43­і

туристерді қабылдауға дай­ын. Қалғандары 1 шілдеге дейін аяқтаймыз деп уәде беріп отыр. Егер осы мерзімге дейін аяқтамайтын болса, олардың демалыс орындары ашылмай­тын болады», деді аудан әкімі.

Алакөлді абаттандыру үшін облыстық бюджеттен 500 мил­лион теңге бөлінгені белгілі. Аудан басшысының айтуынша, бұл қаржының 150 миллионы­на үлкен саябақ салынып жа­тыр. Құрылысы 20 маусымға дейін аяқталады. Сонымен қатар, Алакөлде заманауи талаптарға

сәйкес келетін дүңгіршектер мен үлкен жағажайдың құры­лысы қызу жүргізіліп жатыр. Жағалауға сексен үш бейнека­мера орнатылады, төрт поли­ция, екі медициналық бекет бой көтереді. Отызға жуық полицей тәулік бойы қызмет көрсетеді. Жеті шақырымнан астам жол асфальтталып, екі ша қырымнан астам жаяу жүр гіншілер жолы салынады. Тағы бір жағымды жаңалық, мұнда автобекет пен автотұрақ іске қосылады. Серік Зайнулдин аудан тұрғындары Алакөлдің жағасына 760 метр аумаққа өз еріктерімен гүл және ағаш көшеттерін отырғызғанын айтып, бұл жердегі жұмыстардың 1 шілдеге дейін толық аяқта­латынын жеткізді. Ал суға түсу маусымы 20 маусымға қарай ба­сталады.

Шығыс Қазақстан облысы

Десек те, тарихи нысанға баратын жолдың жоқтығы осы уақытқа дейін жанға батып кел­ген еді. Осы мәселеге орай ме­кеме басшысы Т.Молдақынов жоғары биік мінберлерден та­лай мәрте мәселе етіп көтеріп келген болатын. Көтерілген мәселе өткен жылы оң шешімін тауып, Жамбыл облысының әкімі К.Көкірекбаевтың ті­келей араласуымен бүгінде қалашыққа апаратын жол құ­рылысы қызу жүргізілуде. Осылайша был тырғы қараша айында Ақыртасқа апаратын жол дың құрылысы басталып та кетті.

Бүгінде мердігер құрылыс­шылар 7,1 шақырымды құрайтын

жол жабынын (асфальт) төсеу жұмыстарын жүргізуде.

– Санаулы күндерде бастал­ғалы отырған халықаралық «ЭКСПО­2017» көрмесіне келе тін туристердің, тарихы терең де жатқан киелі өңірімізге де атбасын бұратыны сөзсіз. Осыған орай, құрылыс қарқынын жеделдетіп, жол жөндеу жұмыс­тарын үстіміздегі жылдың 5 маусымына дейінгі аралықта, мерзімінен бұрын аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз, – дейді жол салушы мамандар.

Қазіргі таңда жол бойында темір­бетон құбырларын орнату жұмыстары аяқталып, асфальт төсеу жұмыстары басталуда. Жұ мысшы күші мен техника

жеткілікті. Қаражат та уақтылы аударылуда. Жолдың сапасын бақылаушы компаниялар жолды өз назарларында ұстап отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін қалашықтың негізгі бөлігінде ежелгі қалашық аумағын аралай­тын ішкі арбат жиектері қайта жөнделіп, ретке келтірілген бола­тын. Кешенде атқарылып жатқан қайта жаңғырту, абаттандыру жұмыстарының барлығы дерлік «ЭКСПО­2017» халықаралық көрмесіне әзірлік аясында жан­дана түсуде. Туристік бағыт тізбесіне енген тарихи нысан осылайша меймандарды жаңа бет­бейнесімен қарсы алмақ.

Алмас МҰХТАРОВ

Абаттанған Алакөлсаяхатшыларды асыға күтеді

Ақыртас қалашығына жол салынып жатыр

«Отырар төбе» туристер үшін тартымды болады

Page 9: лемдік де†гейдегі ‘она‘й ашылды2017/06/05  · Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеудің басты мақсаты

5 маусым 2017 жыл 9білім

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Бірер жыл бұрын Мемлекет басшысы сол кездегі Білім және ғылым министріне бітіруші түлектердің қаншасының жұмысқа орналасып, қаншасының бос жүргенін саралауды тапсырған еді. Демек, білім гранттарын бөлген кезде комиссия мүшелері ең алдымен «Бізде қандай маман тапшы?» деген сауалға жауап іздеуі керек. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Елбасы Қазақстан халқына биылғы Жолдауында қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту қажеттігін атап көрсетті. Сөз жоқ, бұл іргелі ізденістер мен жаңашылдықты, соны серпіліс пен сілкіністі талап ететін күрделі әрі жауапты міндет. Ағартушы ғалымдар мен психолог мамандар тұжырымдаған қисынға сүйенсек, қалада өскен құрбыларына қарағанда ауыл балала-ры қабілеттірек әрі зерегірек болып келеді екен. Мұның сыры – олардың табиғат-анаға біртабан жақынырақ болуында деп ой түйеді олар. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Заманға қарай жоғары білім беру үрдісін жетілдіру мақсатында құрылып, жоғары дәрежеде жұмыс жасап келе жатқан Назарбаев Университетінде тұңғыш докторантура түлектеріне диплом тапсыру кезінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев: «Ашылғанына небәрі жеті-ақ жыл болған оқу ордасы өзіміздің елде де, басқа елде де аса беделді оқу орнына айналды», деген еді. Соның дәлеліндей, аталмыш білім ордасында қазақстандық білім беру саласында маңызды оқиға болып табылатын Жоғары білім беру көшбасшыларының VІ еуразиялық форумы (EHELF) өтті. 2017 жылғы форумның тақырыбы «Жоғары білім берудегі басқару, көшбасшылық және менеджмент» деп аталды. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Ғылыми негізге сүйенсек, баланың болашақ болмысы жатырда жат қанда қалыптасатын көрінеді. Бізге белгілісі – адам өмір бойы үйреніп өтеді. Әсіресе, балабақшаға барған кезеңнің жөні бөлек. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Сарапшы мамандардың пікірінше, бүгінде елімізде мар­кетолог, web­дизайнер, хи мик, ақпараттық технолог, өнер кәсіп саласының мамандары жетіс­пейді. Астроном, астрофизик сынды ғарыш саласының ма­мандары мен механик, геодезист картогроф сынды мамандарға аса зәруміз. Бұл мамандықтарды таңдаушылар қатары жоқтың қасы, сәйкесінше қажеттілік жыл санап артып келеді. Қазіргі таңда заманауи технологиялардың сан түрі шығарылуда. Төрткүл дүние техникаға телмірген заман төрге озды. Осыған байланысты мұнай­газ және энергетикалық салаға ерекше назар аударылып отыр. Бірақ бұл мамандыққа де­ген сұраныстың артуы жоғары болғанымен, оған жастардың қызығушылығы төмен. 2016 жылғы ең көп сұранысқа ие мамандықтардың қатарына жалпы практика дәрігері, те­рапевтер, акушер­гинеколог­тар, анестезиолог, реанимато­лог, балалар дәрігері енді. Биылғы статистикалық мәліметтер бойынша, қалалық медициналық мекемелерге – 154 жал пы практика дәрігері қажет болса, ауылдарда 147 маманның орны бос тұр. Қалалық жерлерде 140 тера­певт жетіспесе, ауылға 68 ма­ман керек. Сондай­ақ, әйелдер денсаулығына жауап беретін 124 маман қала мекемелеріне, 79 маман ауыл мекемелеріне керек. Қалалар бойынша – 140, ауылдарда 44 анестезиолог ма­маны жетіспейді. Қалалық меке­мелерде 114 балалар дәрігерінің, ауылда 38 дәрігердің орны бос тұрған көрінеді. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы саласына да жас мамандардың аса қажет екенін көріп жүрміз. Әсіресе, ауылдық аймақтарда мұндай мамандарға сұраныс жоғары. Жас мамандардың ауылдарға барып жұмыс істеуіне мемлекет тарапынан да қолдаулар көп.

Мамандар түлектердің өз ор­нын тауып, жұмысқа орналасуы­на алдымен жоғары оқу орын­дары басшылары мүдделі болу керек дейді. Ал бізде керісінше. «Түлектеріміздің жағдайы не­шік?» деп өндіріс жаққа не­месе қаладағы мемлекеттік ұйым дарға барып, сұрау салып жүрген оқу орындарының бас­шылары жайлы сирек естиміз. Басқаша айтқанда «оқу ор­нынан кейінгі тағдыры қо­ғамға аманат» деген біржақты көзқарастың шекпенінен әлі күнге дейін шыға алмай жүрміз.

Сөзімізді нақты мысалдармен тұздықтар болсақ, отандық жо­ғары оқу орындарының бәрі ха лықаралық байланыс сала­сы мамандарын дайындайды. Жыл сайын жалпы саны 2 мың түлек осы мамандықты алып шығады. Жыл сайын кем деген­ге осы салаға 50 мемлекеттік грант бөлінеді. Солардың бес­ал­тауы ғана Сыртқы істер минис­трлігіне және шет елдердегі немесе өз елімізде тіркелген дип ломатиялық корпустарға жұ­

мысқа қабылданады. Ал қалған 1995 түлек қайда барады?

Сондай­ақ, жыл басында отандық басылым беттерінде біз мұғалімдерді дайындаудың алдағы 15 жылдық жоспа­рын орындадық, деген дерек­тер пай да болды. Бұл мәселе де жур налистердің назары­нан тыс қалмады. Нәтижесінде 2015­2016 жылдарға бөлінген білім грантында мұғалімдерге бөлінген грант алдыңғы жыл­дармен салыстырғанда 1,5 есе азайғаны белгілі болды.

Түлектердің жұмыссыз қа­луының объективті, субъек­тивті себептері баршылық. Олар: ЖОО қабырғаларында дайындалып жатқан мамандар мен нарыққа қажетті маман­дықтар арасындағы бай ла­ныстың жоқтығы, қажет сіз маман дықтардың бей­бере­кетсіз дайын далуына ақы­лы бөлімдердің еселеп үлес қо сып жатқаны және кейбір маман дықтарды мемлекеттік

тапсырыспен ғана дайындаудың кезі келгені және бұл тізімнің жыл сайын Үкімет бекіткен тізіммен жаңартылып тұруы тиіс екендігі. Сол сияқты, оқу орны басшылары нарық тала­бына ілесе алмай жатады. ЖОО басшысы бірінші кезекте ме­неджер Һәм нарықтың тыны­сын бақылап отыратын сарапшы болуы тиіс. ҚБТУ тұңғыш рек­торы Әділ Ахметов бар мәселе басшылардың іскерлігіне байла­нысты деген ойды алға тартады. «ЖОО мен қоғам арасындағы бай ланыс «Біздің балалар сен­дерде жүрген еді. Қалай өздері?» деген бірауыз ықыластан бас­талады. Бұл бір. Екіншіден, ЖОО басшылары маманды пайдаланатын өндірістерді ай­қындап алып, өндіріс орында­ры басшыларының көзін соған

жеткізу қажет. «Осы үрдісті бар­лық жоғары оқу орны басшыла­ры басшылыққа алуы керек деп ойлаймын. Өндіріспен тығыз бай ланыс орнатпаған жоғары оқу орны маманды кім үшін дайындайды? Егер дайын даған мамандарыңызды ұлттық не­месе трансұлттық компаниялар қанын жерге тамызбай, талап алып кетіп жатса, сол оқу орын­дарын элиталы оқу орындары деп айтуға болады», дейді Әділ Ахметов.

Ішкі жалпы өніміміздің 25 пайызынан астамы шетел­діктердің қолында. Ал олардың негізгі мамандықтарды өз елі­нен алып келетіні белгілі. ЖОО қауымдастығының төр­ағасы Рах ман Алшанов осы­дан біраз уақыт бұрын «Шев­рон» компаниясы 20 студентті жұ мысқа қабылдаймыз деп өздеріне шақырып алғанын ай­тады. Бірақ солардың бірі де жұмысқа қабылданбай, шыдамай өздері кетіп қалыпты. Өйткені,

ком панияның қолданатын техни­касының тілін біздің балалар білмейді. Бағасы 2 миллион дол­лар тұратын қымбат техниканы істен шығарып алудан қорыққан жастарымыз жұмысты істеуге қорқақтап кетіп қалған.

– Шынымен, мұндай мәселе бар. Сондықтан шетелдік компа­ниялар техниканың қыр­сырын білетін өз мамандарын шақыруға тырысады. Бұл мәселені шешу үшін әрбір ком пания табысының белгілі бір пайызын маман даяр­лауға бөлуге міндетті заң дылықты тиім ді пайдалануымыз керек. Осы мүмкіндікті пайдаланып, компаниялардың керекті ма манды елімізден жіберіп, оқы тып алуын қатаң қадағалап, мін деттеуіміз керек, – дейді Рахман Алшанов.

Соңғы кезде ЖОО мен өндіріс арасындағы байланысты зерттеп жүрген мамандар «Ескі кадр­

лар, қарт мамандар жұмыстан зейнеткерлікке кетіп жатыр. Олар дың орнына жаңа буын

келген жоқ. Осы келеңсіздік ұлттық қауіпсіздігімізге кедергі келтіреді» дегенді

жиі айтып жүр. Елбасы мен Үкімет мына сала­ны дамыту керек, мына­дай тауарларды өзімізде шығаруымыз керек деген­дей мәселелерді кө теріп

жатады. Бірақ бізде білім саласы өз жоспарымен бө лек жұмыс атқарып келе жатыр. Осыдан біраз бұрын бұзылып қалған диктофонымды жөндейтін жер таппай, біраз жүгірдім. Нәти­жесінде бүкіл қазақ басы лымдарының 80

пайызы шоғырланған Алматыда диктофонның тілін білетін бірде­бір ма­ман жоқ екен. Алматы мен Астананың өзінде жаңадан

орнатылып жатқан түрлі техникалық құралдарды істен шығып қал ғанда жөнге келтіретін маман жоқ. Ондай орындарда қартаң кісілер жүр. Олардың ор­нын кім басады? Қазақтың теле­фоны, қазақтың спутниктері, қазақтың машинасы, қазақтың компьютері қайда? Ең болмағанда қазақтың ыдыс­аяғы қайда?

– Біз өз­өзімізді алдамайық, әр білім саласының нәтижесі – ол қолға ұстайтын бір тауар. Біздің қолымызда қазір Қазақ­станда жасалған дейтін не бар? Басқасын былай қойғанда шеге де, сабын да, шай да, күкірт те жоқ. Компьютер – Қытайдан, теледидар – Жапониядан, маши­на – Ресей мен Еуропадан. Соңғы жылдары бұл мәселеге қатты көңіл бөлінуде. Алдағы уақытта ше шіледі деп үміттенеміз, дейді саясаттанушы, модератор Нұрлан Ерімбетов.

Гүлбаршын САБАЕВА

АЛМАТЫ

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Форумға қатысушыларға арналған бейнежолдауда Мем­ле кеттік хатшы Гүлшара Әбді­қалықова EHELF жұмысына та­быс тіледі.

Бұл алқалы жиын іс­шара­ларының бағдарламасында халық­аралық және отандық сарап шы­лары, жоғары оқу орын дары және бизнес қауым дастық өкілдері пікір алмасты. Пленарлық мәжілісте Назарбаев Университетінің тәжіри ­бесін трансляциялау мәсе лесі ай­тылып, семинарларда талқы ланды. Басқосуға Қазақ елінің, Ұлыбри­тания, Қытай, АҚШ, Австралия, Тәжікстан, Қырғызстан және Ресей сияқ ты алыс және жақын шет ел­дер ден келген 300­ден астам зия­лы қауым қатысқанын айта кетсек дейміз.

Іс­шара барысында қаты су­шылар әртүрлі елдерде жоғары білім берудегі көшбасшылыққа қол жеткізу және табысты менедж­ментті қамтамасыз ету мәселелері бойынша өз пікірлерімен, тә­жірибелерімен бөлісті. ЖОО­лар­дағы академиялық сапа, бас қару­ды жетілдіру, қазіргі заманға сай кадр ларды даярлау және жоғары білім ді дамытудың басқа да өзекті мәселелері талқыланды.

Пленарлық мәжілістің спи­керлігін BoardFocus Advisory атқарушы директоры Джудит МакКормик (Австралия); Magna Charta Observatory бас хатшы­сы Дэвид Локк (Ұлыбритания); Кембридж университеті Білім беру факультетінің Білім беру инно­вациялары орталығының дирек­торы Колин Маклафлин (Ұлы­британия); Гонконг білім беру университетінің вице­президенті Луи Тай­Лок атқарды.

Білім мен ғылымның жаңа

ж е т і с т і к т е р і н ж и н а қ т а ғ а н Назарбаев Университетінің тә­жі ри бесін трансляциялау бойын­ша семинарларда көптеген ой­лар айтылып, тиянақталды. Сол секілді, академиялық стандарт­тарды қолдаудағы соңғы үрдіс­тер талқыланды. Назарбаев Уни­верситетінің академиялық сапа­ны қамтамасыз ету және арттыру саласындағы тәжірибесі жиналған жұртшылық назарына ұсынылды.

Білімнің тұтастығы проблема­ларын талқылау барысында Уни­верситет өкілдері түлектердің табыс қа жетуі үшін қажетті дағ ды­лар мен құндылықтарды ор нық тыру мақсатында студенттер мен оқудан тыс жұмыстарды жандандыру және жаңа білім дағдыларын енгізу бағытындағы тәжірибелерімен де бөлісті. Семинарлар үстінде Прези­дент Н.Назарбаевтың «Бола шаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақала­сындағы нақты тапсырмалары әңгіме арқауына айналып, қайта жаңғыру мемлекеттің мерейін асы­ратынына баса назар аударылды. Бұған қоса, «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» бағдарламасының жобасына ар­найы тоқталды.

Бұл жолғы жоғары білім беру көшбасшыларының жыл са йын­ғы Еуразиялық форумы «Кітапха­на лық өзара әрекеттесу­2017: университет кітапханасын дамы­тудағы заманауи әлемдік үрдістер («Library Connect­2017»)» және «Университет кітапханаларын дамытудағы заманауи трендтер: тәжірибе, проблемалар және пер­спективалар­2017» атты ғылыми­практикалық конференцияларға ұласты. Сонымен, жоғары білім беру ісін басқару, көшбасшылық және менеджменті талқыланған алқалы форум жұмысындағы қоз­ғалған мәселелер алдағы қол да­ныста нәтижелі жұмыс істеуі тиіс.

Темір ҚұСАйЫН,«Егемен Қазақстан»

Міне, ауылдық мектепте оқитын осындай қабілетті балаға ұлағатты ұстаз кез болмаса оның бойындағы қасиет жанбай жа­тып сөнуі ғажап емес. Жолдауда айтылғандай, мектептер мен мұғалімдердің деңгейі ауыл мен қалада әртүрлі. Ашығын айтқанда, қазіргі күні ауылда білімді де білікті педагогтардың жетіспеушілігі бар екені талас туғызбайды. Оны қалай реттеу­ге, жоғарыда айтылғандай, қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақ­тығын қандай жолдармен азай­туға болады? Біз, бұл сауалға өңір дегі білім беру ошақтарының мысалында жауап бергенді жөн көрдік.

Ауылдың да ауылы бар. Айталық, аудан орталық та­рын дағы орта мектептер мен бұрынғы кеңшар, бөлімше, фер малардың орнындағы бі­лім беру сапасының өзі бір­дей бола бермейді. Бүгінгі

бі лім беру жүйесінің тілімен ай т қан да шағын, жинақты мек­теп тердің 100 пайызға жуығы осы елді мекендерде ор налас­қан. Сондықтан, Елбасы Жол­дауында қойылған міндетті орындау үшін бірінші кезекте осы шағын жиынтықты мектеп мұғалімдерінің біліктілігін кө те­руге баса мән беру керектігі ай ­қын көрінеді. Бұл үшін не іс теу керек? Істі неден бастаған жөн?

Осы орайда облыстық бі лім басқармасы үйренуге әрі үлгі алуға тұрарлықтай үрдіс ке бас­тамашы болды. Жар қын жоба «Каникулдық мектеп» деп атала­ды. Аймақта Жол дауда көрсетіл­ген міндетті іске асыру үшін үш жыл дық жос пар бекітілген. Аталған жоба осы жоспардың алғаш қы қар лығаш­қадамы бо­лып табылады. Облыстық білім бас қармасының басшысы Сәуле Өмір бекованың айтуынша, биыл енгізілген «Каникулдық мектеп» жобасын Қобда, Мұғалжар және Хромтау аудандарында құ рылған ресурстық мектеп базаларында жүзеге асыру көз делген. Мұндағы

мақсат – педа гогикалық тәжірибе ал масу. Аталған аумақтарға жа­қын орна ласқан аудандардағы шағын жи ынтықты мектептердің мұғалімдерін шақыру үрдіске енгізіле бастады. Жоба негізінен күзгі және қысқы каникул кез­дерінде өз шапағатын көбірек тигізетіні де анық байқалып жүр. Сондай­ақ, көктемгі демалыс уақыттарында да «Каникулдық мектептер» жұмысын жалғас­тыра береді. Осы жоба басталған кезден бері облыстағы 1500­ден астам ауыл мұғалімі өз бі­лім дерінің деңгейін көтеріп үлгерген. Бұл тәуір нәтиже екені белгілі. Сонымен бірге, семи­нарлар мен ашық сабақтардың да шағын жиынтықты мектеп тің мұғалімдеріне берген та ғы лымы жетерлік. Үш жыл дық жоспардың іске аса бас тауы ның тағы бір көрінісі – об лыстық ғылыми­тәжірибелік орталығы мен Ақ­төбедегі Назарбаев зияткерлік мектебі ара сындағы меморандум. Зият кер лік мектептің негізінде ауыл мұғалімдерінің білім беру маз мұнын жақсартуына жол ашылды. Соған сәйкес облыстағы жетекші және тірек мектептерінің қатары өсіп, ауыл мұғалімдерінің кәсіби қауымдастығы құрылды.

Ауылда білікті педагог­тардың жетіспеуі ағылшын тілін енгізуге де кереғарлық кел тіріп отыр. Мәселе − ауыл мек теп­терінде ағылшын тілін же тік меңгерген мұға лім дер дің тап ­шылығында еке нін ашып айт қан жөн. Ты ғырықтан шы ғудың бас­ты жолы ретінде ұзақ мер зімді

даярлық курстарын ұйым дастыру белгіленген.

Өткен жылы нақты пәндер ден сабақ беретін қырық ауыл педа­гогы Назарбаев зияткерлік мек­тебінің әдісі бойынша даярлық курсынан өтті. Биыл 120 ауыл мұ ғалімін он айлық курстан өткізу көзделген. Мұ ның сыр­тында 170 ауыл мұға лімі ұзақ мерзімді курс тарда дәріс алмақ. Мұның арасында ағылшын тілі пәні мұға лімдерінің үлес салмағы жо ғары. Бұл үшін олар Астана мен Алматыға, тіпті облыс орта­лығына барып әуре­сарсаң бол­майды. Республикалық «Ұстаз» білім беру орталығының маман­дары ауылдарға барып, жергілікті педагогтарға дәріс береді. Биік мақсатты ұстанған іс­шаралар биыл Хромтау ауданынан ба­стау алды. Соған сәйкес ауыл мұғалімдері қыз меттен қол үзбей­ақ сегіз айлық курстен өтеді. Биыл ғы наурыз айында «Шағын жи нақты мек тептің үздік басшы­сы» атты сырттай облыстық бай­қау өткі зілгені ауылдағы білім бе­ру ісіне жетекшілік жасау жау ап ­кер шілігін көтере түскені кәміл.

Мұндағы басты мақсат – шағын жинақты мектептердегі басқару жүйесін жетілдіру және іскер басшы туралы оң көзқарас пен қоғамдық пікір қалыптастыру деді, басқар маның жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Гүлжан Құлыбекова. Сырттай байқау шағын жинақты мектепті бас қарудағы басшының озық іс­тәжірибесін анықтауға жә не оны таратуға әжептәуір септігін тигізіпті. Сондай­ақ бұл байқау мектеп басшысы ин новациялық тәжірибелерге қандай деңгейде қолдау көр сетіп отырғанын анық­тауға да алғышарт қалады.

Ақтөбе облысы

Бөбек – балабақша безбені. Оның күнделікті көңіл­күйіне, жүріс­тұрысына, ынта­ықыласына, қабілет­қарымына қарап­ақ «Пе­ріште патшалығындағы» ахуал­ды аңғарасың. Әрине, бір ба­ламен бүкіл ұжымның тыныс­тіршілігін безбендеуге болмайты­ны белгілі. Бірақ, болжамның бода­уына жарап жатыр. Өзім күні кеше зейнеткерлікке шыққан «Ертегі» балабақшасының бұрынғы бас­шысы Рысқал Ярышеваны білікті бала бағбаны деп бағалаймын. Мектеп жасына дейінгі бала­лар мекемесін атына сай ұстады. Құлдыраңдаған кенже қызым Аяулымның арқасында үш жыл өзім де сол «ертегі әлемінің» әдемі әсерін бөлістім.

Бұрнағы жылы балабақшаға күрделі жөндеу жүргізетін болып, бүлдіршіндерді бөліп­бөліп жіберді. Бізге үйдің алдындағы балабақша бұйырды. Кешке барғанымда меке­ме басшысы қолыма кеңсе затының тізімін ұс татты. «Мынауың дүниенің заты ғой?!» деді зайыбым, онша ұнатпай. Саудаласып жату – ұят! Айтқанын алып бердім.

Оны қойшы, қиғылықтың көкесін қызымның «қиқарлығынан» көрдім. Барғанына бір апта өтті ме, өтпеді ме: «Өзімнің «садигіме» апар!» дегенді шығарды. Айтқанға түсінбейді. Таңертең үйден шық қан бетте туралап «Ертегіге» тартады. Алдап­сулап үш айды әрең өткіздік.

Мойындау керек, бардың бағасын білмейміз. Кейде айына төлеген 8 000 теңгені бұлдаймыз. Бала тәрбиесі тек соған тіреліп тұрғандай тепсінеміз. Егер сол ақшаны беріп «Балаңды бақ!» десе, «Мынау ауыз шаюға келмейді ғой!» деп беттен алар едік. Ал, есі ауып қалмай, отыз үйдің еркесінің тілін тапқан тәрбиешіге ескерткіш қойса, артық емес. Біз жайшылықта бір ауыз жылы сөз айтуға жарамай­мыз.

Қызым кейінгі тәрбиешісі Қарлыға Наурызбаеваны «мен­шіктеп» алғаны өз алдына, оның алдындағы Қарлығаш Саринова мен Гүлмира Әшірбековаға, басқа балабақшаға басшы болып кет­кен Алма Оразалинаға кездейсоқ кездесіп қалғанда «Менің тәтем!» дегенде, еріксіз ойланып қаласың. Бала бағбанына деген құрметің арта түседі.

Үш жыл өте шықты. Бірақ, бос­қа кеткен жоқ. Оның жемісін 1­сы­ныпта оқитын баламның бойынан көремін. Балабақша ұжымына ризашылығымды білдіремін. «Ештен – кеш жақсы!».

Әлібек ӘБДІРАШ, журналист

Қарағанды облысы,Сәтбаев қаласы

Суретті түсірген автор

Жоғары білім беру ісібасқару, көшбасшылық және менеджментке байланысты

Бала бағбаны

Ауыл мектептеріндегі алшақтық азайсын

Толғандырар Тақырып мәселенің мәнісі

Қандай маман тапшы?

ТүйТкіл

Page 10: лемдік де†гейдегі ‘она‘й ашылды2017/06/05  · Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеудің басты мақсаты

10 5 маусым 2017 жылзерде

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Ұлттық құндылықтарды ұрпаққа ұлағаттау ісінде Алашорданың қазақ тарихында, ұлт ғұмырында алар орны ерекше. Тарихқа тағзым жасау керек. Қазақ қазақ болып қалыптасуында Алашорданың еңбегі ұшан-теңіз. Бүгінгі біздің парыз – Алаштың әріде жатқан тарихын зерделеу, аз болса да ұшырасқан ақпаратты тірнектеп жинап, ертеңге мирас ету. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қазақ тарихына қатысты қазақтардың өз қолымен жазылған маңызды құжаттардың бірі – мешіттердің тіркеу кітаптары. Мұны бұрын «метірке» («Метрическая книга» дегеннен шыққан) деп атаған. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Алаш ақыны Мағжан Жұмабаевтың: «Бортаң бала, бүгін қара, Кәрі тай.Бір кемі жоқ, Бір теңі жоқ Болғанбай»,– деп эпиграмма арнаған тұлғаларының бірі Хайретдин Болғанбаев. Бортаң, Бортаң бала, Кәрітай, Қайыркен, Хайралдин... мұның бәрі алаш қайраткерінің бүркеншік аттары. Бертінге дейін Х.Болғанбаевтың артында ұрпақ қалмады делініп келген болатын. Алайда, бүгінде Алаш қайраткерінің немере-шөберелері Астанада, Ақмола облы-сында өмір сүріп жатыр екен. Солардың бірі, қызы Гүлнардан туған жиені Достық Кәмеловті редакцияға шақырып, аз-кем әңгімеге тарттық. Асылдың тұяғы, бүгінде жасы жер орта-сынан ауған Достық Кәмелов талай жылдан бері мұрағат ақтарып, Хайретдин Болғанбаев туралы құнды деректерді тарихшылардың қолына тигізіп жүргенін айта кетейік. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

– Хайретдин Болғанбаев – менің туған нағашым, анам Болғанбаева Гүлнар Хайретдинқызының туған әкесі. Қазіргі Қарағанды облысы, Нұра ауданында дүниеге келген, яғни, осы Арқа өңірінің тумасы. Әкесі Әбдірахман Меккеге барған, қажы болған кісі. Көзі ашық, білім­ді адам.

Атамыз үйіндегі балалардың үлкені, екі інісі мен қарындасы болыпты. Қызылжарда молданың алдын көріп, арабша, татарша үйренген. Орынборда Хұсайын медре сесінде мұсылманша бі лім алған. Өзі бұл туралы: «Қолым­да қаражатым болмады, шәкірт­ақымен күн көрдім. Оқу жылы біт­кен соң Түркістанда көпестің бала­ларын оқыттым», деп еске алады.

Х.Болғанбаевтың өмір жолын, еңбек жолын зерттеген тарихшы, әдебиеттанушы ғалымдар оны қазақ журналистикасының бастауында тұрған адамдардың бірі деп са­найды. Шындығында, «Қазақ», «Сарыарқа» газеттерінде жиі жа­зып, «Бірлік туы» газетінде бас редактор болған. Қызылжарда, Ақ­молада, Ташкентте жастарға білім беруді ұйымдастырған. Мұстафа Шоқай, Зәки Уәлиди Тоған сын­ды тарихи тұлғалармен үзеңгілес болып, Түркістан автономиясын

құруға ат салысқан. Соған қарап, Х.Болғанбаевты Алаш қайрат­керлерінен бөле қарауға, қарсы қоюға әсте болмайды. Себебі, ата мыз Алашорданың Ақмола комитетіне төрағалық жасаған, «Алаш автоно­миясы» атты көлемді мақала жазған.

– Хайретдин Болғанбаевтың үстінен қозғалған қылмыстық іс тер ді өз көзіңізбен көрген екен­сіз?

– Мен өзім ҰҚК архивіне бар­дым. Х.Болғанбаевтың қызы нан тарайтын тікелей ұрпағы ретін­де НКВД­ның тергеу материал ­дарымен танысуға рұқсат алдым. НКВД №05542 және №011494 қылмыстық ісін өз қолым мен ұс­тап, оқып шықтым. Сол құжат­тар да көрсетілгендей, Хай ретдин Бол ғанбаев екі рет сотқа тартыл­ған. Алды мен 1930 жылы Әли хан, Ахмет, Міржақыптар бастаған 43 адамның арасында тұтқынға алы­нып, революцияға қарсы іс­әре­кеттері үшін 5 жылға Сібірге жер аударылыпты.

1934 жылы айдаудан келген­нен кейін де Ахмет Байтұрсынов, Жақып Омаров сынды Алаш қайрат керлерімен байланысын үз беген. Көп ұзамай, 1937 жылы ОГПУ екінші рет тұтқындап, қыл мыс тық іс НКВД Алматы

облыстық бөлімшесінің қарауына беріледі. 21 қарашада «Үштік сот­тың» шешімімен ату жазасы таға­йындалып, 23 қараша күні жаза күшіне енді.

Жалпы, Алаш арыстарының қай­қайсысы да бүгінгі ұрпақ­тың құрметіне лайық, тағзым етуге тұратын азаматтар. Ен­деше, олардың бірін айтқанда, екін шісін ұмы тып кету үлкен қателік, әділет сіздік деп санай­мын. Нағашы атам Хайретдин Болғанбаев туралы өз бетімше зерт теу жүргізіп, атамыз ды на­си хаттауға бел шешіп кірісуіме осы себеп болды.

– Жалпы, Алаш арыста­рының көпшілігінің артында

ұрпақ қал мағаны белгілі. Хай­ретдин Бол ғанбаевтың қызы Гүлнардан бас қа да ұрпақтары туралы айтып өтсеңіз?..

– Атамыздың артында ұрпақ­тары қалғанын бертінге дейін ға­лымдар білген жоқ. Үлкен ұлы Ерік Екін ші дүниежүзілік со­ғыс қа қатысқан, ғылыммен шұ­ғыл данған. Орталық комитетте Ауыл шаруашылығы бөлімін бас­қарған. Осылайша, Хайретдин Болғанбаевтың өзі Мұстафа Шо­қай, Әлихан Бөкейхан, Ахмет Бай­тұрсынов, Мағжан ақындармен үзеңгілес болса, ұлы Ерік Дін­мұхамед Қонаевпен жұмыс ба­рысында араласқан. Ерік ата­мыз осыдан бірнеше жыл бұрын

өмірден озды. Екінші ұлы Серік кішкентай кезінде Сібірде, қазіргі Коми республикасы Сыктывкар қаласында шетінеп кетіпті, сүйегі сонда жатыр. Ол туралы кейінірек тоқталамын. Гүлзи есімді қызы да жас кезінде қайтыс болған. Екінші қызы, менің анам Гүлнар Астанаға жақын жердегі Сабынды ауылында тұрды, көп жылдар мектеп директоры болып жұмыс істеді, Ленин орденімен мара­патталды. Әкесінің ақталғанын, адал есімі қайтарылғанын көрді. Белгілі алаштанушы ғалымдарды үйімізге шақырып, қолынан дәм татқызып, әкеміз туралы есінде қалған естеліктерді айтып берді.

1930 жылы атамыз Сібірге ай­далғанда Хайретдин Болған баев­тың жары Рахима әжеміз шиет тей үш баласын алып, артынан із деп барған. Кенже ұлдары Мұрат сол жақта туған. Ерік есімді кіш ­кен тай ұлдары сол жақта ауы р ­ып қай тыс болған. Сібірдің аяз­бо ранында төрт жыл азап ше­гіп, елге жарымен бірге оралған. Рахима әжеміздің қайсарлығы оның тектілігінен, тамыр тартады. Әкесі Әкпар Ақмола облысындағы атақты көпес Халфин Уәлидің ұлы. Өзі хан тұқымына жиен бо­лып келеді.

– Халық жауының ұрпағы ретінде қағажу көрген кездеріңіз болды ма?

– Анамыз Гүлнар өте білімді, іскер, көрікті адам еді. Еңбегімен, қайсар мінезімен ортасын мойын­датып, біраз жетістікке жетті. Мек теп директоры болды, Ленин орденімен марапатталды. Ауыл­дың адамдары «Гүлнар Хай­ретдинқызы, сенің нағашы атаң Кеңес үкіметінің жауы болған. Ал сен қалай мектеп директо­ры болдың, Ленин орденін қалай алдың?» деп талай рет бетіне баса­тын. Анамыз үйге келіп жылайды, басқа қолынан келері жоқ.

Бала кезімізде кешқұрым мал өрістен қайтатын уақытта сиы рымды айдап әкелейін деп табынның алдынан шығамыз ғой. Сонда ауылдың кейбір шалда­ры қолындағы таяғымен түртіп: «Сенің нағашы атаң халықтың жауы болған. Біздің жанымызда не істеп жүрсің?!» дейтін. Үйге келіп анамнан «халық жауы» де­ген не?» деп сұраймын, «Өскен соң түсінесің. Енді сиыр келмей қалса да, бармай­ақ қойшы» деуші еді.

Одан бері талай жыл өтті, жа сым жер ортасынан асты. Ха­лықтың жауы кім, шын жана­шыры кім екенін түсіндік. Бірақ бәрібір бала кезіңде естіген, көрген салқындықтар көңіліңнің бір түкпірінде қалып қояды екен.

– Атаңыздың есімін ел есінде жаңғырту үшін жасалып жатқан жұмыстарға көңіліңіз тола ма?

– 2009 жылы Астанада Хай­ретдин Болғанбаевтың атына көше берілді. Алаштанушы ғалым Дихан Қамзабекұлы құрастырған «Хайретдин Болғанбаев. Шығар­малары. Тағылымы» атты кітап жарық көрді. «Иман күші» деп аталған тағы бір кітап басылып шықты. Мен атамыз туралы 250 беттен асатын деректерді жинап қой дым. Алдағы уақытта кітап етіп шығармақпын. Алаш ары­стары туралы көптеген фильмдер жарыққа шығып жатыр, Хай­ретдин Болғанбаев та осындай құрметке әбден лайық деп санай­мын. Құдайға шүкір, атамыз атау­сыз қалды деп өкпелейтін жөніміз жоқ. Ең бастысы, артында ұрпағы қалды, шөберелері өсіп келеді. Хайретдин Болғанбаев туралы ең үлкен естелік – еңбегін елінің ұмытпағаны, ұрпағының өсіп жатқаны деп ойлаймын.

Әңгімелескен Арнұр АСҚАР,

«Егемен Қазақстан»

Кешегі Алашорда зиялыларының тұлға болып қалыптасу жолын­да Уфадағы «Ғалия» медресесінің тигізген ықпалы қаншалықты? Отты ғұннан от боп ойнап туған Мағжан, қысқа әңгіме шебері Бейімбет һәм Міржақыптардың қанат қатайтып, қияға ұшқан ұясы болды ғой бұл медресе. Өзге ел демей, оларды өз еліндей көрген Алаш арыстарының башқұрт, та­тар халықтарына тигізген пайда­сы да аз емес. Демалыс кездерінде бала оқытумен айналысқан қазақ жігіттері, Уфа қаласын еркін биледі, қазақша газеттер шығарып, түрлі ұйым, үйірмелер ашқаны белгілі. Бұған негіз ретінде мынадай деректі келтіруге болады: «Основная мас­са шакирдов (кроме 224 человек) были татарами. Известно, что за десять лет деятельности медресе его выпускниками стали 154 каза­ха. В количественном отношении, национальный состав шакирдов, получивших образование в медресе «Галия», выглядел следующим обра­зом: татары – 726 чел., казахи – 154 чел., 80 другие тюркские народы». ( Тузбекова Л.С. Медресе «Галия» – высшее мусульманское учебное за­ведение Башкортостана (1906­1919 гг.): Научное издание, 38­бет).

Жоғарыда көрсетілген жазбаға қарасақ, медреседе исі қазақ шәкірттерінің біршама болғанын аңдаймыз. Демек, сауат ашу кеңес өкіметінің қызыл жалауымен емес, бауырлас ағайындардың ізгі ние­тімен келгені ғой. Мына жазбаға назар аударғанда да көп жайт­ты аңғаруға болады: «Казахский журналист Абдрахман Мустафин, шакирд медресе «Галия», пишет о себе, что приехал поступать в медресе, когда ему исполнилось

20 лет. Рассказывает, что вместе с Беимбетом Майлиным они учились играть на мандолине у другого ша­кирда медресе «Галия» – Хасана Туфана, которому тогда было всего 15 лет. Далее, Хасан Туфан расска­зывает о своих казахских друзей; Он даже вовлек меня в свой тайный кружок, состоявший из четырех че­ловек. В этом кружке мы старались овладеть тем, чего не могло дать медресе: читали переведенные на турецкий язык французские кни­ги, знакомились с новейшими дос­ти жениями естественных наук» (Тузбекова Л.С. Медресе «Галия» – высшее мусульманское учебное за­ведение Башкортостана (1906­1919 гг.): Научное издание, 39­бет).

Бейімбет Майлиннің өзі осы ме­дресе қабырғасында «Садақ» жур­налына редактор болып, қазақ ағар­ту ісіне айтарлықтай үлес қосты. Алайда, жазушының, басқа да қазақ зиялыларының осындай белсенді әрекеттері үшін сол кездерде та­тар оқығандарының қырына ілігіп, саясат цензурасының назарында болғаны белгілі. «Ғалия» медресесі жайлы зерттеп жүрген Уфа қала­сының тұрғыны Нияз Алсын баев­тың айтуынша, кезінде татар мол­далар газеттер қазақша емес, татар тілінде шығарылуы керек деген ұран мен қазақ журналистеріне қысым жасаған көрінеді.

Таяуда, қол қалт еткен бір уа ­қытта қаланың ескі бөлігінде орна­ласқан тарихи ғимарат – «Ғалия» медресесін өз көзіммен көрудің бақыты бұйырды. Жалпы, Белое және Уфимка өзендерінің арасын­да орналасқан Уфа қаласы мұражай іспетті. Өткен ғасырлардың анық куәсіндей болып ескі ғимараттар, үйлер сол күйі қаз­қалпында тұр.

«Ғалия» медресесі де бәз­баяғыдай қалпында. Қаланған кірпіштерінің өзі сол тарихи кезеңнен сыр шертіп тұрғандай әсер береді.

Алайда, медресе ғимаратына кіру мен ойлағандай оңай болма­ды. Есік күзеткендер түрлі сылтау айтып, бірнеше рет қайтарып та жіберді. Табандылық танытқанның арқасында ғана діттеген мақсатқа жеттік. Мұрағатта Мағжанның мед ресе қабырғасында салынған портреті бар дегенді естіп келген едім. Бірақ, «Қазақ ақындары» деген бөлімнен ондай дүние тап­падым, керісінше Мағжанның суретін башқұрт ақындары арасы­нан кездестірдім. Сондағы жүрген қызметкерге қойған сұрағым ұна­мады ма, тіпті суретке де түсіруге рұқсат бермей, шығарып жіберді. Мұнысы несі, әлде шатасып, байқамай жазылып кеткен болар деген ой да келеді. Алайда, осы қателіктің қағаз жүзінде дәлелі ба­рын іздеп жүріп көзбен көрдік.

Қазіргі таңда бұрынғы медре­се ғимараты «Ресей Ислам уни­верситеті» аталады. Сол универ­ситет тапсырысымен 2011 жылы Уфа қаласындағы баспалардың бірі шығарған пышақтың қырындай жұқа ғана кітапша бар. Университет тарихы туралы жазылған. Түпкі та­рихын, әрине «Ғалия» медресесінен бастайды. Сол кітапшаның үшінші бетінде Башқұртстаннан шыққан ақындар қатарына Мағжан Жұма­баевты да енгізіп қойыпты. Басында бұл не деген өрескел қателік, ба­рып тұрған сауатсыздық деп бұған тіксіне қарағанымыз да рас еді. Кейін сабама түскеннен кейін, бұл райдан қайттым. «Жақсыға әр­кімнің ақ, бар таласы» демекші, Мағ жандай ақынымызды бауы­рымыз деп өздеріне «меншіктеп» алғандарына түсіністікпен қарауға тырыстым. Кезінде біздің де баш­құрт тың ұлы ақындарының бірі Мифтахедин Ақмулла да көзі тірі­сінде қазақ арасында құрметке бөлеп, мадақтағанымыз рас қой. Ақмул­ла ның өзі бар ғұмырын қазақ да­ласында шәкірт оқытуға сарп етті. Тіпті, Ақмулла деген атты қазақтар қойған. Ізгі ниеті үшін «Ақ Молда» деп атап кеткен. Негізі Ақмолда, алайда башқұрт тілінің ережесіне сәйкес фонемалық өзгеріске ұшы рап, Ақмулла Мифтахедин деген есімі ұмытылып, Ақмулла атанып кеткен.

Жалпы, қазбалай берсең табылар рухани қазына көп, мағлұмат та мол, тек талмай іздей білу керек. Барша түркі жұртына ортақ Мағжандай арыс тар әлі де болса тереңірек зерт­теуді қажет етеді.

Ерзат ЕРМАҒАМБЕТОВ,М.Ақмулла атындағы Башқұрт

педагогикалық мемлекеттік университетінің магистранты

Ресей Федерациясы, Уфа қаласы

Суретте: «Ғалия» медресе сін де оқыған қазақ шәкірттері. 1915-16 оқу жылы

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,«Егемен Қазақстан»

Батыс Қазақстан облысында бір топ белсенді азамат бірнеше жыл бұрын жергілікті араб жа­зулы құлпытастарды зерттей бастаған болатын. Бұл бастама кейін Алматыдағы Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институ­ты тарапынан қолдау тауы п, «Қазақ халқының мәдени ес­керткіштері рухани мұраны сақтау мен жеткізудің жолы ретінде (Батыс Қазақстан об­лы сының эпиграфикалық ес­керткіштері негізінде)» атты үш­жылдық жобаға айналды. Міне, 2015­2017 жылдар аралығына жоспарланған осы жоба аясын­да өңірдің бірнеше мың көне ескерткіші суретке түсіріліп, оқы лып, көптеген тарихи тұл­ғаларға қатысты тың дерек­тер анықталды. Мысалы, Кіші жүз хандары Есім Нұралыұлы мен Жантөре Айшуақұлының, Дәуқара , Тайлақ , Науша батырлардың, басқа да көптеген тарихи тұлғалардың жатқан жері, өмір сүрген жылдары нақ ты белгілі болды. Батыс Қазақ стан облысы аумағындағы араб жазулы көне құлпытастар халық аралық ұйымдардың да на зарына шалынып, 2017 жыл­дың наурыз айында Ислам әріп­тестiк ұйымы жанындағы Ис­ламдық тарих, мәдениет және өнерді зерттеу ғылыми орта­лығы (IRCICA) тың ұсыныс біл дірді. Осылайша, БҚО­ның Ақ жайық ауданы аумағында жатқан Мәулімберді діни­ағарту орталығы, Кіші жүздің билеушісі болған Жантөре хан Айшуақұлы жерленген «Хан зираты» (Теректі ауданы) және Бөкей ордасының соңғы би­леушісі Жәңгір хан Бөкейұлы жерленген «Хан зираты» кешені бойынша 3 кітап шығару жос­парланды.

– Біздің осы ізденістерімізді

толықтыратын тағы бір тың ба ғытты қолға алдық, – дейді жо баның Батыс Қазақстан об­лысы бойынша үйлестірушісі Жантас Сафуллин. – Яғни, Башқұртстанның астанасы Уфа қаласындағы Ұлттық архивте ХІХ ғасырдағы қазақ даласын­да болған мешіттердің Тіркеу кітаптары сақталғанын анықтап отырмыз. Алматылық Ескендір Төремұратов деген азаматтың көмегімен біздің қолымызға 1865 жылғы бірнеше метірке­журналдың көшірмесі түсті. Араб жазуындағы бұл құ жат­тарды ғалым Сайпулла Мол­лақанағатұлы оқып, аударуда.

Мешіт имамы жүргізген тіркеу кітаптары 4 бөліктен тұрады екен. Мысалы, метіркеде дүниеге келген нәрестенің аты, жынысы, туған жері, туған күні мен айы, әке­шешесінің аты­жөні, руы, туған жері және осы мәліметтерді тіркеген имам ның аты­жөні жазылған. Сол сияқты, дүниеден өткен адам ның уақыты, өлім себебі, жерленген жері, жаназасын оқы ған имамның аты­жөні ту ралы деректер енгізілген. Неке қию туралы бөлімінде не­келесушілердің аты­жөні, жасы, руы, қос тараптан куә болған туыстарының аты­жөндері, руы, берілген қалың малдың мөлшері, ру таңбалары, неке қиған имамның аты­жөні тір­келген. Сондай­ақ талақ (ажы­расу) оқиғасы тіркелген бөлімде ажырасушылардың аты­жөні, руы, талақ ету себептері, куәлар­дың аты­жөні, руы, тіркеген мол даның аты­жөні, ру таңбасы көрсетілген.

– Бұл жазбалардан біз тіркеу кітабының қазіргі замандағы АХАЖ (ЗАГС), сот, нотариус, халыққа қызмет көрсету орта­лығының (ЦОН) қызметін бір өзі атқарғанын көреміз. Тіркеу кітабы сол кезеңдегі қазақтардың арасындағы туыстық және мү­ліктік қарым­қатынастарды

реттеп отырған. Яғни осы кезге дейін әр жерде айтылып жүрген «қазақтар надан болған, жазу­сызуы болмаған» деген пікірді теріске шығарып отыр, – дейді Жантас Сафуллин.

БҚО тарих және археоло­гия орталығының директоры Мұрат Сыздықовтың пікірінше, метірке кітабындағы жазбалар сол өңірдегі халықтың саны мен әлеуметтік жағдайын, же­рі міздің байырғы атауларын білуге мүмкіндік береді.

– Тарихи демография та­қы рыбында жазған ғылыми еңбегімізде көбінесе Ресей им­периясында жүргізілген санақ нәтижелерін пайдаланып, соған сүйенетін едік. Мешіттердің тіркеу кітаптары бұл тарап тағы ғылыми зерттеу ісін толық ты­ратын, тың мәліметтер қоса тын жаңалық екендігінде сөз жоқ. Ресей және Қазақстан архив­теріндегі барлық мәліметті жи­нап, кешенді зерттесе, өткен ғасырлардағы қазақ қоғамының толық суреті шығатыны анық, – дейді Мұрат Наурызғалиұлы.

Метіркелік кітаптар – өлке тарихында бұрын­соңды зерт­телмеген тың тақырып. Тарихшы ғалым Жәнібек Исмурзиннің ай­туынша, метіркелік кітаптар нақты мәлімет береді. Уфа қа­ласындағы архивте кезінде құрамына қазақ даласы да кірген Орынбор муфтиятына қатысты 71 мың құжат сақтаулы көрінеді. Бұл құжаттардың қазақ сахарасындағы дін мәселесін зерт теуде, рулық­тайпалық ше­жі рені анықтауда, өлке тари хын түгендеуде маңызы зор болмақ.

Метіркелерді оқып, қазіргі жазуға аударып жатқан ғалым Сайпулла Моллақанағатұлы қызықты деректерді ортаға сал­ды: Мәселен, 1865 жылы Іш­кі ордадағы І Теңіз округінде қыздың қалыңмалы үшін күйеу жігіт жағы 16 сиыр, 60 қой, 3 жылқыны бірден беріп, 10 сиыр, 45 қой, 3 жылқыны кейін әкелуге уәде ететін болған екен.

Әрине, метіркелерді зерттеу жұмысы жаңадан қолға алы­нып жатыр. Зерттеу жұмысы ба рысында кейбір танымал та­рихи тұлғалардың туған кезі­нен бастап өмірден өткенде қойылатын құлпытасына дейінгі аралықты анықтап, ғылыми айналымға қосу мүмкіндігі туды. Өлке тарихының жанашырлары болашаққа жоспарланған жұ­мыстарды жүйелі жүзеге асыру үшін арнайы ғылыми­зерттеу ор ­талығын құру қажеттігін айтады.

ОРАЛ Суретті түсірген

Темірболат ТОҚМӘМБЕТОВ

есімі елдің есінде

Хайретдин Болғанбаев – менің туған нағашым– дейді оның жиені Достық КӘМЕЛОВ

АлАш – 100 мирАс

Башқұрттар да Мағжанды мақтан етеді

Қалыңмалға – 26 сиыр, 105 қой, 6 жылқы

Page 11: лемдік де†гейдегі ‘она‘й ашылды2017/06/05  · Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеудің басты мақсаты

5 маусым 2017 жыл 11спорт

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Халықаралық балаларды қорғау күні Алматыда қызықты ша-ралармен кеңінен аталып өтті. Негізгі шаралар Республика алаңында, Орталық мәдени және демалыс саябағында, ерекше күтімді қажет ететін балалардың «Жұлдыз-ай» ХІІ республикалық фестивалі жеңімпаздарының гала- концерті Республика сарайында өтті. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Бурабай ауданында «Біз – ХХІ ғасыр балаларымыз: біздің құқы-ғымыз және мүмкіндіктеріміз» атты балалар мен жас өспірімдер қозғалыстарының VII саммиті өтті. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Бокстан Афина Олимпиадасының чемпионы, Бэл Баркер кубогының иегері Бақтияр Артаев Ұлыбританиядағы оқуын тәмамдап келген соң, елімізде жаңа жобаны жүзеге асыра бастады. Облыс әкімдігінде лауазымды қызметтер атқарған, кейіннен «Астана» президенттік кәсіби спорт клубында басшы болған атақты боксшының енді келіп жекеменшік мекеменің тізгінін ұстағаны көпшіліктің таңданысын тудырғаны рас еді. Қазіргі таңда «Тарлан батырлары» ЖШС-нің директоры болып қызмет ететін Бақтияр АРТАЕВПЕН арадағы әңгіме жоғарыда айтылған жаңа жоба жайлы болған еді. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Ұлы Отан соғысының ардагері, тоқсанның төртеуіне келген қария Бүркіт Есжанов суда жүзсе, әй, анау-мынау жүзгішіңе дес бермейді-ау! Су спортын жанына серік еткен ақсақал айдынға құлаш ұрғанда, 600 метрдей қашықтықты қиналмай еңсереді екен. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

– Бақтияр Ғарифоллаұлы, биылдан бастап «Тарлан ба-тырлары» деген жаңа жоба-ны қолға алып жатыр екенсіз. Аталған жобаның көздеген мақсаты жайлы айтып берсеңіз.

– Бұл – спорт саласындағы жаңа менеджмент, жаңа көзқарас. Спорт саласындағы ұйымдардың басым бөлігі – акционерлік қоғам­дар мен мемлекеттік орган дар. Олар бюджет ақшасына жұмыс істейді. Ал «Тарлан батыр­лары» – жауапкершілігі шек­теулі серіктестік, жеке меке­ме. Яғни біз мемлекеттік орган мен же кеменшік әріптестік ара­сын байланыстырушы көпірміз. Мемлекеттен субсидия алу арқы­лы бапкерлерге жалақы төлейміз, осы арқылы олар бес жүзге жуық баланы спортқа тегін баулиды.

– Үкіметке бұл жобадан қандай пайда түседі?

– Біріншіден, жаттықты­рушыларға бір рет жылдық жала­қыны бөліп төлеп қана береді. Бюджет деген жоқ. Басқа меке­мелерде өздерінің бюджеті бар. Жыл сайын миллиондаған қаржы белгіленеді. Ал бізде бұл тұрғыдан алғанда «тазалық» сақталады. Бапкерлердің айлығы есептеулі. Ал ғимаратты сақтау, әрлеп­сыр­лау, оның шығындарын төлеу біз жүргізетін ақылы қызметтер есебінен өтеледі. Мен айтып отырған бапкерлер спорттың бес түрінен – бокс, дзюдо, ауыр атле­тика, еркін күрес, таеквондодан 350­400 баланы тегін дайындаса, одан бөлек фитнес, кроссфит­ке, биге келуші 200­дей адам абонементтерді сатып алады. Яғни, аз ғана қаржымен қаншама баланың тегін жаттығу жасауына мүмкіндік беріледі, одан қалды ересектер де саламатты өмір сал­тын ұстануға ұмтылады. Үкіметке тиімділігі осы.

– Тұрғындар пайдаланады деген жоспармен салынып, қаңырап бос қалатын спорт ны сандары аз емес. Сіз айтып отырған бұл ғимарат та солар­дың қатарына еніп кетпей ме?

– Мұның бәрі алдын ала зер деленіп, сараптама жасала­ды. Яғни, облыс басшылары­мен кездесіп, мұндай ғима рат­тарға қай өңірлер мұқтаж екенін анықтаймыз. Ал облыс бас­шыларының тапсырмасымен

өз кезегінде қандай аудандарға спорттық нысан салыну керектігі анықталып, содан кейін ба­рып бізге ұсыныс беріледі. Бұл қатар да негізінен ірі қалалар жоқ. Ал қолданысқа беріліп үлгерген нысандарда адамдар сыймай қалып жатыр. Себебі, ат тестаттаудан өткісі келе тін полиция қызметкерлері бар, жаз мезгіліне карай дене біті­мінің сымбатты болуына көңіл бөлген кыз­келіншектер де біздің

орталықтарға көптеп келеді. Күндізгі уақытта да, кешкі уақыт­тарда да залдар лық толы.

– Бұл жобаны жүзеге асыру қаншалықты қажет болды?

– Ауылдарда, аудан орталық­тарында спорттық залдар бар де­ген сөз аты ғана. Ал олардың сапа­сы жайлы сөз қозғаудың да қажеті жоқ. Өз басым осы жобаны қолға алғалы еліміздің түкпір­түкпірін толық аралап шықтым. Алматы мен Астана қалалары және Алматы облысынан басқа өңірлерде соңғы үлгідегі ғимараттарды атымен көрмейсің. Барлығы ескі, жамау­жамау, қораға кіргендей әсер аласың. Ал біздің орталықтарда соңғы үлгідегі құрал­жабдықтан бастап монша, қонақ үй, асха­на мен дүкендерге дейін қарас­тырылған. Балалардың сонда тұрып жаттығу жасауын ескердік. Ірі қалаларда өмір сүретін адам­дарға ауылдардағы ахуалды елес­тету қиын. Сондық тан, ауыл тұр ғын дары да заманауи кешен­дерде жаттығу жасауы керек деп ойлаймын.

– Ақылы қызметтердің бағасы қандай?

– Барлық өңірде бір баға сая­сатын ұстандық. Айына – алты мың теңге. Бұл көп ақша емес шығар. Егер ұжыммен келетін болса, оларға абонемент төрт мың теңгені құрайды. Астанадағы фитнес орталықтардың жылдық бағасы 250 мың теңгеден бастал­са, бізде 40 мың теңге шамасында. Мүмкіндігі шектеулі жандарға, соғыс ардагерлеріне тегін қызмет көрсетіледі.

Ал мамандар жергілікті бап­

керлер арасынан іріктеледі. Олар дың біліктілігі, тәжіри бесі­мен қатар сот талмағандығы да тек се рі леді. Жергілікті басшы лар таң даған мамандардың құжат ­тарын біздің сарапшылар зерт­теп, өздерімен әңгімелесу ар қы ­лы жауапкершілігі мол, ха лық ­пен жұмыс істей алатын жат тық ­тырушыларды жұмысқа алады.

– Неліктен бес спорт түрін ғана таңдап алдыңыздар?

– Таңдау Олимпия ойын­дарында көбірек нәтиже беріп жатқан спорт түрлеріне түсті. Басты мақсат – оларға резерв дайындау. Одан қалды, үнемі ай­татыным, балалар спортпен тегін шұғылдануы керек. – Ол ауыл болсын, қала болсын. Мықтының дарынын көрсетуге материалдық жағдай кедергі болмауы тиіс.

– Сіздерге бөлінген қаражат­ты кім бақылайды?

– Әлгінде айтқанымдай, бізде бюджет жоқ. Бөлінетін қаржы есептеулі. Оны жырып­жырып ешкім де ала алмайды. Былайша айтқанда, қазіргі балабақшаларды қолданысқа беру жүйесіндей. Өңірлерде бір ғимаратты салу

үшін басқармалармен келісу, құжат мәселесін толықтай шешу ша­руаларына шамамен төрт айдай уақыт кетіп жатыр. Бір кешенде 22­27 адам жұмыс істейді. Сол қызметкерлерге жылына бөлі­нетін қаржы – 22 миллион теңге, кей жерлерде мамандар санына байланысты 30 миллион теңгеге тең. Енді осы қаржыны мамандар санына бөлсек, көп ақша еместігін байқауға болады. Яғни, келетін қаражат тек мақсатты жұмсалады. Ал жобалардың есебін еліміздің Ұлттық Олимпиада комитеті мен Спорттық жекпе­жек және күш қол данылатын спорт түрлері конфе­дерациясына тапсырып отырамыз.

– Білуімше, Қызылорда об-лысымен келісімшарт жасап үлгердіңіздер. Ал басқа өңір­лер мен байланыс орнату жағы қалай?

– Ашылғанымызға бес ай болғанына қарамастан, осы айда Жамбыл облысымен келісімшарт жасамақпыз. Алла нәсіп етсе, та­мыз, не қыркүйекте Семей және Түркістан қалаларымен келісімге қол қоямыз. Одан қалды Серік Сәпиев атындағы бокс орталығын да өз балансымызға алмақпыз. Қазір Алматы облысында феде­рация тарапынан екі нысан са­лынып жатыр. Бірақ, болашақта бұл орталықтар да біздің жүйе бойынша жұмыс істейтін бола­ды. Ал ғимараттардың салыну уақыты шамамен бір жыл.

– Неліктен «Тарлан батыр­лары» деген атауға тоқта ­дыңыздар?

– Маған дейін болған басшы осы атауды құп көріп, мөр мен бланктердің барлығын жасатып қойған екен. Сондықтан, оны өзгертіп үлгермедім. Өзіме салса, «Ұлы дала батыры», «Болашақ ар­ландар», тіпті жай ғана «Тарлан» деген атауды таңдаушы едім.

– Британия жерінде бір жа-рым жылдай өмір сүрдіңіз. Ағыл шын тілін меңгеріп кел­геніңіз анық. Ал тілден бөлек Тұ манды Альбион сізге тағы не үйретті?

– Жалпы, Лондонға дейін де сабырлы, кішіпейіл едім, сол касиеттерім Англияда жүріп еселенді деп ойлаймын. Бұрын бір кабинетте басшымын деп жалғыз отыруым мүмкін еді. Ал қазір бас­басымызға кабинеттердің қажеті қанша деп ойлаймын. Еуропа­да өмір сүру арқылы адамның бар лығы бірдей екендігіне көз жеткіздім. Мен де, сіз де. Ол жақта министрің де, мэрің де, жұлдызың да, спортшың да сенімен бірге метромен кетіп бара жатқанда, тең өмір сүру, тең құқық дегеннің мағынасын түсінесің. Шүкір, иманымыз да арта түсті. Себебі, баратын жеріміздің, бұйыратын топырақтың бір екендігін, еш­кімнің арғы дүниеге артық ештеңе алып кетпейтінін түсіне түстік.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен Мәдина АСЫЛБЕК,

журналистАСТАНА

Қайрат ӘБІЛДИНОВ,«Егемен Қазақстан»

Жасы жүзге бет алған адам­ның суда балықша жүзгеніне басқа түгіл, ол кісіні бұрыннан білетін жақындары мен таныс­тары да таңдай қағуларын қоймайды. Ақсақалдың жүзумен үзбей шұғылданып жүргеніне он жылдан асыпты. Күн сай­ын жаттығумен айналысып, екі сағаттай жаяу жүріп, серуен құрады екен. Майқұдықтағы №77 орта мектептің бассейніне жұмасына екі рет барады. Суға бір сүңгігенде алты жүз метр­дей қашықтықты артқа тастап қайтады. Жаттығудан ешқашан қалған емес, ол өзі тұрақты дағды сына айналған. Ақсақалдың айтуынша, сергек жүруі мен әлдеқайда жас көрінуі де осы пай­далы әрекеттерінің арқасы екен.

Ал жаттықтырушылар болса,

бұл кісінің табандылығына дән риза. Осынша жасқа келгенде, денеге күш түсіру тұрмақ, әшейін жүріп­тұрудың өзі мұң болаты­ны кімге де болсын белгілі жайт емес пе..?

– Мен Бүркіт Есжанұлымен осыдан он жыл бұрын танысып едім, – дейді ардагердің жаттық­тырушысы Сергей Кокарев. – Сол кезде оның тірек­қимыл жүйесі едәуір шаршаған сыңайда еді. Өзі әлжуаз көрінді. Бұлшық ет­тері болбыраған, тамаққа да тә­беті нашар. Біздің бассейнімізді көргеннен кейін келіп, жаттығып тұруға өтініш білдірді. Содан беріде өткен он шақты жыл ішінде, көріп отырғандарыңыздай, бұл адам ғажап өзгерді. Әр жаттыққан сайын шаршаудың орнына, қайта серги түседі. Бұлшық еттері де қатайып, өзін әлдеқайда жақсы сезінетін болды. Далада серуен­деу уақытын көбейтіп, суда

жүзу қашықтығын біртіндеп ұзарта берді. Кейбір жайсыз ауа райында немесе белсенді түрде шұғылданатын қоғамдық қызметіне қатысты болмаса, жаттығулардың бірде­бірінен себепсіз қалған емес. Ол жастарға ғана емес, барлық адамдарға үлгі болатын тұлға, ол – біздің мақтанышымыз! Ақсақал жатты­ғуларға кейде өзінің ардагер жол­дастарын да ерте келеді. Бәрі қосылып, балаларға өнеге айтады, жол сілтейді.

Бүркіт Есжанов соғысқа 1942 жылы он тоғызға енді толған бозбала шағында аттанған. Сол кезде ол Ленинград авиациялық училищесінің курсанты еді. Бастапқыда Мәскеу түбінде бесінші атқыштар дивизиясының құрамында соғысыпты. 1943 жылы Курск түбінде болған шайқастарға да қатысқан. Сол ұрыстарда ауыр жараланып, госпитальға түседі. Қайсар жас көп ұзамай қатарға қосылып, жауынгерлік жорығын жалғас­тырады. Соғыс біткеннен кейін де елге оралмай, Солтүстік­Шығыс Қытай мен Моңғолияны жа­пон басқыншыларынан азат ету ұрыстарына қатысқан. Туған жер, өскен ортасына тек 1948 жылы ғана оралады. Елге келгеннен кейін өз алдына отау тігіп, отба­сын құрған.

Содан беріде жетпіс жылға жуық уақыт өтіпті. Бүркіт ақсақал мен Күмісжан әжейдің бауыры­нан шыққан сегіз баладан үлкен бір әулетті құраған немере­шөберелер өрбіген. Балаларының ортаншысы Бейбіт Есжановты көпшілік былғары қолғаптың айтулы шебері ретінде біледі. Кезінде осы Бейбіт КСРО чем­пионатында топ жарып, Әлем кубогы сынының финалында өнер көрсеткен. Бертінде «Астана

арландары» кәсіпқой бокс клу­бында жаттықтырушы болып қызмет етті.

– Курск түбіндегі шайқаста бізге фашистің миллионан астам әскері тап берді ғой, – деп еске алады Бүркіт ақсақал. – Бірақ олар соншама күшпен алпыс шақырымнан артық аттап баса алмады. Қарсы атойлап, шекараға дейін қудық. Танкілермен, зеңбіректермен қаруланған кеңес әскерлері не деген жанкешті еді!? Жауынгерлеріміз де, офицер­леріміз де қарсы шабуылға әбден машықтанған, әскери ұрыс қимыл дарын жіті меңгерген шақ еді ол. 10 тамыз күні біз Орел қаласын жаудан азат еттік. Тура сол қала үшін болған ұрыс кезінде мен ауыр жараланып, Алексин қаласының госпиталінде екі ай жаттым. Кейін жауынгерлік сапқа қайта тұрдым. Оңай болған жоқ, бірақ біз бәріне де төзе білдік! Қазір ғой, мамыражай за­ман. Бүгінгі жастарда бәрі бар. Олар осындай бейбіт елде тұрып жатқандарына қуануы керек. Өскелең ұрпақ Қазақстандай елі барына тәубасын айтып, керек уақытында оны бір кездегі біздер сияқты қорғай білсе екен деймін!

Жыл сайын жеңіс мерекесінің қарсаңында майдангер ақсақалға облыс пен қала әкімдері, жур­налист ағайынның «маза» бермейтіні бар. Құтты қонақтар келген ондай жағдайда алпыс бес жыл отасқан бәйбішесі Күмісжан шешейдің дастарқаны жиылған емес. Ал қатал тағдыр отқа сал­са жанбаған, суға салса батпаған Бүркіт ақсақалдың әңгімеден аянып қалған жері жоқ. Мұндай сәттерде жүзге қадам басқан қария ның жүзі нұрланып сала береді. Жүріс­тұрыс – ширақ, ой – сергек, жадта бәрі сайрап тұрған соң жүректі нұрландырған оттың жарығы қайдан көмескі тартсын?!

ҚАРАҒАНДЫ

Ғибрат

100-ге жүзіп жетпекші

үйренетін үрдіс

«Бес жүз өренді спортқа тегін баулимыз»

Мира БАЙБЕК,«Егемен Қазақстан»

Қала әкімі Бауыржан Байбек коррекциялық мектептердің оқу шылары салған сурет көр­месінде болды. Республика са­райында Н.Островский атындағы соқыр және әлсіз көретін бала­лар тәрбиеленетін №4 жалпы білім беру мектеп­интернатының және тілі жетілмеген балалар дәріс алатын №9 коррекциялық мектеп­интернаттың, «Жанұя» арнайы кешенінің, керең балалар оқитын №5 мектеп­интернаттың, №1 жалпы білім беретін мектеп­интернаттың оқушылары салған сурет көрмесі ұйымдастырылды.

Б.Байбек ұсынылған жұмыс­тардың сапасы мен шеберлігін жоғары бағалап, әсіресе ақыл­ой дамуы кешеуілдеген балалар оқитын №7 мектеп­интернат оқушылары салған «ЭКСПО­2017 – балалар көзімен» триптихіне айрықша тоқталды. Тәрбиешілер триптихті балалардың 3 айға жуық салғанын, оның өте қиын жұмыс екенін, жіптерді орап, киізді желімдеудің, қазақтың ертедегі әдісі бойынша кесте тігудің өте күрделі екенін айтты.

«Бүгінгі көрмеге өз қолдары­мен жасаған жұмыстарын қойған балалардың барлығына шексіз ризашылығымды білдіремін. Өйткені, бұйымдардың бәрі

дерлік сапалы жасалыпты. Бұл жұмыстардың бәрінен өмірге деген сүйіспеншілік, күш­жігер, рух сезіледі. Осы биіктікті тө мен­детпеңдер, мен сендерге сенемін», – деді шаһар басшысы.

Алматылық балалар үшін көңілді шаралармен басталған мерекеде 5 мың бала қатысқан жастар музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруі өтті. Ал Орталық мәдени жә­не демалыс саябағында бала­лардың шығармашылық ұжым­д а р ы н ы ң к о н ц е р т т е р і қ о ­йылды. Бұл мәдени шараға «Се­нім»,«Наргиз», «Мөлдір», «Не­поседы», «Тамаша», «Сюрприз», «Ер ке наз» балалар топтары, Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының студенттері қа­тыс ты, сонымен қатар, «Боз­торғай­2017» халықаралық кон­курс жеңімпаздарының гала­концерті өтті.

Балалар үшін қуыршақтар, аниматорлар, цирк артистері өз өнерлерін ортаға салды, ер­тегі кейіпкерлері, жанды дауыс­тағы музыка кішкентай ал ма­тылықтардың көңілдерін кө­терді. Саябақта «Менің сүйікті қалам», «Бақытты балалық шақ», «ЭКСПО­2017», «Қазақстан Рес­публикасы» атты сурет көрмелері ұйымдастырылды.

АЛМАТЫ

Бақытты сәткетолы мереке

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,«Егемен Қазақстан»

Адамзаттың рухани құндылық­тарын дамыту және сақтай білу – өскелең ұрпақтың борышы. Осыған орай облыстық ішкі сая­сат басқармасының бастамасы­мен «Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымдарының одағы» қоғамдық бірлестігінің және облыстық білім басқармасының қолдауымен аталған іс­шара өз мәресіне жет ті. Елбасының «Болашаққа көз қарас: қоғамдық са­наны жаң ғырту» тұжырымдамасы шең берінде өткен саммитке Білім және ғылым министрлігі, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, зерт­теушілер, балалар қоғамдық қоз­ғалысының жетекшілері, мүге дек балалар ата­аналары, педа гог тар, түрлі мемлекеттік және қоғам­дық ұйымдар өкілдері қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, басты мақсат – өскелең ұрпақтың өз

мүмкіндіктері мен шы ғармашылық жігерін жану, олардың бойында өз ұм ты лыстарын ұштай отырып, жа­у ап кершілік пен толеранттылықты, мәдениет пен бітімгершілікті бой­ларына сіңіре білу. Саммит өткен үш күн ішінде Ақмола облысының 30­ға тарта балалар ұйымдарының жеткіншектері үшін көптеген ша­ралар ұйымдастырылды. Іс­шара аясында өткен көрмеге келуші­лер инновациялық жобаларды тамашалап, жастар ұйымдары жеткен жетістіктермен танысты. Сондай­ақ, заманауи технология­лар жөнінде шеберлік сыныптары өткізіліп, ғылыми­практикалық конференция да жастардың мүм­кіндіктері жан­жақты сараптал­ды, өскелең ұрпақты патриот­тыққа тәрбиелеу барысы сөз етілді. Саммит соңында үздік балалар ма­рапатталды.

Ақмола облысы

еркін елдің ертеңі

Балалардың өз әлемі бар

Page 12: лемдік де†гейдегі ‘она‘й ашылды2017/06/05  · Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеудің басты мақсаты

12 5 маусым 2017 жылдидар

Жалпыұлттық республикалық газет. 1919 жылғы 17 желтоқсаннан шыға бастады.

Меншік иесі:«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамыБасқарма төрағасыДархан ҚЫДЫРӘЛІБасқарма төрағасының орынбасарыАйбын ШАҒАЛАҚОВБас редакторҚуат БОРАШ

Газет мына қалалардағы:Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «Ernur» Медиа холдингі» ЖШС,Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС,Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Типография Арко» ЖШС,Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС,Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС,Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-Полиграфия» ЖШС, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС,Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС,Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС,Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС,Орал қ., Достық-Дружба даң., 215 А, «WESTA» ЖШС,Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШСбаспаханаларында басылып шықты.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады.«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 6 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Газетті есепке қою туралы №01-Г куәлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республи касының Мәдениет және ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қа зақ стан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сәйкес сертификатталған.

Таралымы 202 360 дана

Нөмірдің кезекші редакторыДуман АНАШ

Mекенжайымыз: 010008 АСТАНА, «Егемен Қазақстан» газеті көшесі, 5/13 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58аАнықтама үшін:Астанада: АТС 37-65-27, факс 8 (7172) 37-19-87; Электронды пошта: [email protected] Интернет-редакция: [email protected] Алматыда: 8 (727) 273-07-87, факс 8 (727) 273-07-87; Электронды пошта: [email protected] Маркетинг бөлімі: Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, 37-64-48, [email protected]Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-07-26, [email protected]А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мәтініне тапсырыс беруші жауапты.Газеттің жеткізілуіне қатысты сұрақтар үшін байланыстелефоны: 1499 («Қазпошта» АҚ)

Меншікті тілшілер:Астана – 8 (717-2) 37-54-21;Ақтау – 8 (701) 593-64-78;Ақтөбе – 8 (775) 336-47-57;Талдықорған – 8 (701) 357-66-84;Атырау – 8 (701) 553-36-53;Көкшетау – 8 (707) 778-01-72;Қарағанды – 8 (701) 375-74-34;Қостанай – 8 (701) 150-94-43;Қызылорда – 8 (701) 772-70-74;Орал – 8 (702) 886-01-87;Өскемен – 8 (777) 355-41-14;Павлодар – 8 (777) 449-74-78;Тараз – 8 (705) 915-60-04;Шымкент – 8 (701) 362-63-76; 8 (702) 608-91-98;Петропавл – 8 (777) 197-14-06.

дидар

ШЕНдЕСТІрУ ҚаЗ-ҚаЛПЫНда

Қазақ – қашанда қазақ!

Көздің нұры, көңілдің жұбанышы, Аталардың қызық пен қуанышы, Әжелердің құлыны құлдыраңдапЖүгірген үй − бал базар, жұмақ іші.

Балдәуреннің ғажабын көрсін дейміз, Шат күлкіге өмірі толсын дейміз. Қазақ елі – атасы боталардың, Балаларға бар жақсы болсын дейміз!..

Қорғанбек АМАНЖОЛ,«Егемен Қазақстан»

Жоба авторы Айдарбек ҒАЗИЗҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

––––––––––––––––––––––––––Қазақстан тәуелсіздікке қол жет­кізген алғашқы жылдары елдің жағдайы қиын болғаны көптің есінен шыға қоймаған шығар. Әсіресе, ауылшаруашылық сала­сын дағы қордаланған қарыз дар­дан құтылу оңайға түс педі. Ауыл­қалаларда айлап жарық болма­ды, бюджетке салық түспеді... Осындай қиын­қыстау уақытта өңір басшылары елді мекендерді аралап, халықпен жүздесіп, тығы рық тан шығудың жолдарын қарас тыратын. ––––––––––––––––––––––––––

Ғалым ОМАРХАН,«Егемен Қазақстан»

«Жақсы, жақсы» дей бердіңіз-ау...»

Тәубешіл қазағымның жаны сірі. «Бүгін болмаса, ертең болар» деген үміттің жете­гінде жүріп, қиындыққа мойынс ын ғысы келмейтіні бар. Онысына да шүкір. Ең сесі езіліп, екі иіні суға кетіп, жаңбыр жау май су болып жүретіндер көп қой. Со лар мен салыстырғанда, қиындықтың бәрі өт пелі, сынақ екенін жақсы түсінетін қаза ғым д ікі де жөн шығар, бәлкім. Олар күйкі тір лікті сыртқа шығарып, жалпақ жұр тқа жа рия еткісі келмейді. Павлодар облысы Баян ауыл ауданының Сұлтанмахмұт Тор ай ғыров атындағы кооперативінде бол дық. Сары тау учаскесінде қоныс тепкен аға шо п ан нан об­лыс басшысы хал­жағдай сұрады.

– Отбасыңыздың, балаларыңыздың жағдайы қалай?

– Жақсы.– Жұмыстарыңыз қалай?– Жақсы.– Тұрмыстарыңыз ше?– Жақсы.– Сіз «Жақсы, жақсы» дей бердіңіз­ау,

шынында да солай ма?Ел ішінде, көппен аралас­құралас

отырғандардың өзі өмірдің ауыртпалығын тартып жатқанда қыстақтағы жалғыз үй шопанның жағдайы мүлтіксіз дегенге сене қою қиын. Барды қанағат тұтып, қиын дық­қа төселіп алған тәубешіл қазағым­ай...

«Оны менен сұрамаңыз, жұрттан сұраңыз»

Сол бір жылдары салық төлеуден жал­таратындар көп болатын. Ауылшаруа шы­лық саласындағыларды былай қойған да, Павлодардың өндіріс орындарында да жағдай осындай еді. Екібастұз қала сын­дағы №2 ГРЭС­ті басқаруға алған жаңа қожайындардың да салық қарызы көп.

Электр қуаты дегеніміз – қып­қызыл ақша. Сөйте тұра салық төлеуге сараң. Мәселенің мәнісін білгісі келген облыс басшысына станса директоры қашқақтап, құбылмалы жауап беріп жатыр.

– Сонда бізден сұрайтындарыңыз не, берешектеріңізді мүлдем сылып тастауы­мыз керек пе?

– Жоқ.– Енді не? Қарызды қайтаруды кейінге

шегере тұруымыз керек пе?– Иә.– А­а­а... Оны менен сұрамаңыз, ба­

лаларына берілетін жәрдемақыға екі­үш жыл бойы қолдары жетпей отырған ана­лардан, мардымсыз еңбекақысын ала ал­май жүрген дәрігерлерден, мұғалімдерден, зейнетақысына қарап отырған зейнет­керлерден сұраңыз. Солар рұқсат етсе, берешектеріңізді кейінге шегере тұруға болады, әйтпесе, жоқ.

«Нансыз қалмаудың амалы»

1998 жылдың басында облыстың ел ді мекендерінде жарық бірде болып, бірде бол май тұрды. Берешек болып отыр ған­дар дың да, қарыз еместердің де көрген күні осы.

Успенка ауданының орталығындағы наубайханада болдық. Наубайхана деге­німіз кәдімгі екі бөлмелі үй. Соның бір бөл­месінде ауылдағы әр үйде болатын кәдімгі пеш орнатылған.

– Осы пеште де нан пісіресіздер ме?– Иә.– Бұл жарық жоқ кезде нансыз қал­

мау дың амалы ғой,– деді облыс басшысы.

«Достарыңыз жарықсыз қалдырып отыр ғой»

Успенка ауданының орталығында оны­мұны кәсіппен айналысып, жұмыс көзін тауып отырғандар аз емес болып шықты. Бірақ, барлығына да қолбайлау болып отырғаны – электр қуатының жоқтығы.

Давид Хачатрянның наубайханасын­да нан­тоқаш өнімдері дайындалады. Сұраныс бар. Бірақ, электр энергиясы жиі сөндірілетіндіктен, нан­тоқашты сұраныс мөлшерінде дайындау мүмкін емес.

– Электр қуатынан басқа қандай өтініш­тілегіңіз бар? Мынадай қиындықтардан кейін Арменияға кету ойыңызда жоқ па?

– О не дегеніңіз? Қазақстан – менің Отаным.

– Мұнда туған­туысқандарыңыз бар ма?

– Ешкімім жоқ. Есесіне достарым көп.– Достарыңыз көп, бірақ сол дос тарың­

ыз жарық бермей отыр ғой, – деді облыс әкімі әзілдеп.

Думан АНАШ,«Егемен Қазақстан»

Елорданың Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп­гимназиясының іргесі 1907 жылы қаланған. Яғни, биыл бұл мек­тепке – 110 жыл. Алғашқыда 70 шақты шә кірт тәрбиелеген мектеп­медресе бү­гінде 2 мыңға жуық оқушыға білім бере­тін мектеп­гимназияға айналып отыр. Бір ғасырдан астам уақыт жас ұрпақты білім нәрімен сусындатқан қарашаңырақ соңғы қоңырау мерекесінде туған ба­лаларындай түлектерін бауырына жи­нады. Олардың арасында педагогика саласының белгілі ардагерлері Дәмеш Өмірбекқызы осы мектепті 55 жыл бұрын бітірсе, Аяш Жұмағұлов, Оспан Сүлейменов есімді ардагерлер оқу орда­сын жарты ғасыр бұрын аяқтаған екен. Ең

ғажабы, соңғы қоңы рау сыңғырын естуге мектептің 80 жыл бұрынғы түлегі Үкіжан Сәдуақасқызының қатысуы болды. 1937­1941 жылдары атал ған мектепте білім алған 95 жастағы қария – асылдың сынығы, Сәдуақас қажы Ғылманидің қызы.

Жаз жайнатып, күн күлдіріп,Біз лагерьге барамыз,Асыл жібек – гүл үстінде,Аунап, ойнақ саламыз, деп әндеткен

әжей құлдыраңдаған оқушы күніндегі жаттаған жыр жолдарын әлі де жатқа ай­татын жады сергек жан болып шықты. Сарыарқа төсіндегі алғашқы мектеп­те оқыған оқушы қыздардың шашы тобығынан да асып, шұбатылып жа­татынын, осы ұзын шашқа ақ бантик таққандарын, сиса көйлектерін түнде жуып, күндіз киіп алатынын айтқан әжей мектепте үздік оқығанын жеткізді.

– Жақсы оқитын балаларды мұғалім­дер де жақсы көретін, – дейді кейуана.

ХХ ғасырдың басында Арқа төсіндегі оқыған азаматтардың өз күштерімен тұрғызған қыздар медресесінің ғимараты Астанада бүгінге дейін сақталған. Бұл ғимаратты салуға сол заманның дегдар азаматтарының бірі, әкесі Сәдуақас қажы Ғылмани да үлес қосқанын әңгімелеген әжей өзінің Нағима Ләтипова есімді

қызбен бір партада отырғанын, ол уақытта қара партаның оқулық қоятын, ашылып, жабылатын қақпағы болғанын, сондай­ақ, сия толы дәуіттің бала біткеннің үсті­басына төгіліп, баршасының сия­сия бо­лып жүретінін жеткізді. Сексен жылдан кейін өзі оқыған білім ордасындағы соңғы қоңырау сыңғырын есіткен қария өскелең ұрпаққа батасын беріп, жаңа өмірге қадам басқан түлектерге ақжол тіледі.

МІНЕ, ҚЫЗЫҚ!

КиНо БәрЕКЕЛдІ!

Сексен жылдан кейінгі қоңырау сыңғыры

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ,«Егемен Қазақстан»

Көркем туындыға сценарий жазып, режиссерлік қызметін атқарған Қазақстанның халық әртісі Талғат Теменов. Бұған дейін «Шаңырақ», «Қай­дасың сен, Чапай?» «Торо», «Адамдар арасындағы бөлтірік», «Қызғыш құс», «Махаббат бекеті» атты киноларымен көрерменнің көңіл төрінен ойып орын алған режиссер бұл жолғы фильміне – рухани­әлеуметтік қайшылықтың өмірдегі көрінісін арқау еткен екен. Фильмнің өзегі – жетімдер үйінің тәрбиеленушісі жеткіншек Бибол мен жарынан айырылып, жалғыздыққа душар болған қамкөңіл қария Қасымхан Ахатұлының арасындағы қызықты һәм тағдырлы оқиғалар негізінде өрбиді.

Жетім бала Бибол мен Қасымханның кездейсоқ жолығуынан басталған көрініс әрі қарай тез ширығады. Қарияның космополит әрі тасбауыр қызы әкесінің үйін сатқызып, оның қаржысын өзі пайдаланбақ. Баспанасыз әкесін қарттар үйіне өткізбек. Ал Бибол ақсақалға жан жылуын сыйлағысы келеді. Бірақ әзірге дәрменсіз...

Әсіресе, шерменде шалдың бір эпизодта панасыз жетімекті құшағына қысып отырып: «Уа, дүние­ай! Қара шашым ағарып қартайғанға дейін мен немере сүйе алмай шерменде жүрсем, сен бесіктен белің шықпай жатып атасыз қалып қаңғырып жүрсің! Бұл не тағдыр сонда?!» деп күңіренуі – бұл киноның күрмеуі. Тағдыры қиын күрмеуді режиссер сәтті шешіпті: фильм соңында қария мен бала – ата мен немереге айналады.

Туындының тұсаукесер рәсіміне қатысқан Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы рөлдерді сом дау ға тәжірибелі, талант­ты өнер ие лері қа тыс қандықтан шығарма осал бо­луы мүмкін емес дегенге тоқталып, шығар ма шылық ұжымға өз атынан алғыс білдірді.

Шара соңында режиссер Талғат Те меновтың де пікіріне құлақ түрдік:

– Бұл фильм алғашында «Кішкентай хан зада» деп аталған. Кейін оны «Бибол» деп өзгерттік. Қазіргі қазақ қоғамындағы тастанды бала мен қарттар үйін сағалаған қариялардың көбейіп кетуі, әсіресе, тек баюды мақсат тұтқан, әке­шешесінен жерінген маргиналданған ұрпақ фильмде көрініс табады.

– Фильм түсіруге қанша уақыт жұмсалды?

– Сценарий жазуға бір ай уақыт жұмсалып, ал фильмді 19 күнде түсіріп үлгердік. Былтыр көрерменге жол тартуы керек еді. Қаржылық себеп­терге байланысты кешікті.

– Туынды үлкен экранға қашан шығады және оның басты ерекшелігі ретінде не айтасыз?

– Алдағы қыркүйек айында фильм үлкен экранға шығады. Туындының басты ерекшелігі – музыкалық әрленуі. Менің барлық фильмдеріме музыка жазған талантты композитор Төлеген Мұхамеджанов. Осы досымның арқасында бұл фильмнің де музыкалық әрленуі өте тамаша шықты. Сонымен қатар, дарын­ды домбырашы Айбек Бекбосыновтың орындау­ында қазақтың күйлерін пайдаландық. Бір сөзбен айтқанда, фильмнің ұлттық бояуы қанық, қазіргі қоғамдағы оғаш оқиғаны сәтті бере алуымен құнды.

– Басты рөлді сомдаған әртістерді таңдау қалай болды?

– Ақсақалдың рөлін сомдаған Төлеубек Аралбай ағамызға қатысты таңдауда көп қиналған жоқпыз, ал жетім бала Биболдың рөліне 2000­нан астам жеткіншек тартылды. Осылардың ішінен Есік қаласында тұратын кішкентай бала Әнуар Төлеуғажы таңдалып алынды. Қосым ша эпизодтағы кейіпкерлерді Аста на қаласындағы Қ.Қуанышбаев атын дағы Мем­лекеттік академиялық қазақ музы ка лық драма театрының әртістері сомдады.

Тағдырларды тоғыстырған туынды––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Өткен аптаның аяғында Астана қаласы «Сарыарқа» ойын­сауық орталығында орналасқан «Кинопарк» театрында «Бибол» атты көркем фильмнің тұсауы кесілді. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,«Егемен Қазақстан»

Орал қаласының іргесіндегі Желтау биігінен басталған

эстафетаға байкерлер, байдаркашылар және велосипедшілер қатысты. Әуелі мотоцикл мінген шабандоздар Орал­Атырау трассасы бойындағы «ОРАЛ» жазуының тұсынан көк туды желбірете жүріп, эстафетаны «Динамо» спорт базасының тұсында ескекшілерге тапсырды. Байдаркашылар Шаған өзенінде ағысқа қарсы жүзіп, орталық демалыс паркіне жетті. Осы жерде Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері, самбо күресінен төрт дүркін әлем чемпионы Ерболат Байбатыров бастаған спортшылар туды күтіп алып, П.Атоян атындағы стадион алдындағы алаңға жиылған велошабандоздарға жаяу жүгіріп алып жетті.

Бұдан кейін көк байрақ велокортеж дің алқалауымен бүкіл қаланы кесіп өтіп, Орал қаласының жаңа алаңына жеткізілді. Бұл жерде «Батыс қамқор», «Жасыл ел», «Орал студенттерінің альян сы» жастар ұйымдарының өкіл дері әдемі флешмоб жа­сап, күтіп тұрған еді.

Көк тудың желбірегені – талай жанға қуат бергені анық!

ОРАЛСуретті түсірген

Айбатыр НҰРАШ

Желбіре, көк Ту, желбіре!

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Орал қаласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Менің туым» эста­фетасы өтті. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––