ЖАЅБЫРЛЫ ЖАЗ - egemen · көрсетті. Сенат Спи кері нің пі кі...

24
№140 (28868) 23 ШІЛДЕ СЕНБІ 2016 ЖЫЛ Мемлекет басшысы жыл соңына дейін бірқатар маңызды міндеттерді шешуді қамтамасыз ету қажеттілігін атап өтті. – Біріншіден, экономикалық көрсеткіштердің төмендеуіне жол берілмеуі тиіс, ол үшін барлық жағдай жасалған, қажетті қара- жаттар бөлінген, жұмыстың тиісті бағыттары анықталған. Екіншіден, астық жинау мен күзгі-қысқы кезеңге дайындық мəселелеріне назар аудару қажет. Сонымен бірге, ЭКСПО-2017 көрмесі мен 2017 жылғы қысқы Универсиадаға əзірлікті жалғастыру керек, – деді Қазақстан Президенті. Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев елдің одан əрі индуст- риялық-инновациялық дамуын қамтамасыз ету жəне тұрғындар- дың əл-ауқатын арттыру үшін шаралар қабылдау қажеттігіне назар аударды. Сондай-ақ, Елбасы жуық арада Жер реформасы жөніндегі комиссияның жұмыс нəтижелерін ұсынуды тапсырды. – Тамыз айының соңында біз Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізіп, алдын ала қорытынды- ларын жасау жəне əрі қарайғы іс- қимылды айқындау үшін барлық аталған мəселелердің шешімін əзірлеуді сұраймын, – деді Мем- лекет басшысы. Елбасы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсыр- ма берді. –––––––––––––––––––––– Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ Премьер-Министрді ќабылдады Кездесу барысында К.Мəсімов Елбасына ел дамуының негізгі əлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, басты мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы, сондай-ақ, Жер реформасы жөніндегі комиссияның қазіргі қызметі туралы баяндады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Талап жəне тəртіп Тəуелсіздік жылдары ішінде Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан» Егер прокуратура органдары міндетіне сай қызмет атқармаса не болар еді деген ой келеді. Өйткені, елімізде қазіргі күні сыбайлас жемқорлық, адам өлтіру, зорлық- зомбылық, алаяқтық өршіп тұр ғой. «Сақтансаң – сақтайды» дегендей, бұл орайда, адамға төн- ген барлық келеңсіздіктен заң- ның сақталуын қадағалау арқы- лы прокуратура органдары ғана қарапайым халыққа қорған болып тұрған секілді. Себебі, Консти- туциямыз бойынша, алдымен адамның құқы жете қорғалуы керек. Осы орайда, жасыратын несі бар, прокурорлар еңбегін ашық айтқан жөн. Оған мына төмендегі сандар нақты дəлел. Мəселен, əлеуметтік-эко- номикалық салада прокурор- лар биылғы жартыжылдық- та ғана 360 мың адамның құқықтарын қорғаған, олардың жартысы – балалар. Қадағалау органдарының ықпал етуімен 40 мың жұмысшы мерзімі өтіп кеткен 4 млрд. теңге жалақы- ларын алған. 2,5 мың мүгедек жұмысқа орналастырылып, 154 мүгедек мемлекеттік баспана алған. Бұған қоса, Ұлттық қорға 12 млрд. теңге қайтарылып, рес- публикалық бюджет 45 млрд. теңгеге толықтырылған. Жалпы құны 14 млрд. теңгені құрайтын заңсыз бөлінген жер телімдері мемлекетке қайтарылған. Мұның бəрі кеше Бас прокурор Жақып Асановтың төрағалығымен өт- кен кеңейтілген алқа мəжілісінде айтылды. Жалпы, прокуратура орган- дары азаматтардың, халықтың əлеуметтік əлсіз топтарының жəне кəсіпкерлердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіруде, еліміздегі заңдылық пен құқықтық тəртіпті қамтамасыз етуде жəне əлеуметтік-эконо- микалық тұрақтылықты қол- дауға бағытталған Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауда айтарлықтай қызмет етіп келе жатқаны анық. Мұның растығын айқын аңғарып отыр- мыз. Мəселен, прокурорлар араласқаннан кейін ғана ішкі істер органдарының қызметтік бөлмелерінен жəне уақытша ұстау абақтыларынан 205 заң- сыз ұсталған азамат бостандық- қа шығарылды. Тергеушілер қамауға алғылары келген 2 мың күдікті дер уақытында боса- тылып үлгерілді. Прокурорлардың наразылық- тары бойынша 182 сотталған жеңіл жаза алды. Тұтастай алған- да прокурорлардың бастамалары бойынша 698 сот актілері түзетіл- ген. Азаматтардың пайдасына 1 млрд. 700 млн. теңгені құрайтын сот шешімдерінің орындалуы- на қол жеткізілген. Бұған қоса, 14 мың азаматтың құқықтары қалпына келтіріліп, осы заң бұзу- шылықтар бойынша бірнеше лауазымды шенеунік жазаланды, соның ішінде 209 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Осылайша, алқада жер қаты- настарын реттеу, еңбек дауларын ескерту, үлескерлер құқықтарын қорғау, теріс пиғылды құры- лысшылардың қызметіне бақы- лауды күшейту мəселелері про- курорлардың ерекше назарын талап ететін неғұрлым өзекті проблемалар ретінде белгіленді. Сондай-ақ, экстремистік көрініс- тердің алдын алуға, терроризм қаупін, олардың қоғам мен мем- лекетке тигізетін теріс əсерлерін азайтуға бағытталған жүйелі жұ- мысты қамтамасыз ету жүктелді. Сөйтіп, прокурорлар одан əрі де адам құқын қорғауда жайлаған заңсыздықтарды жою үшін адал қызмет етуге белді бекем байла- ғандарын білдірді. Заѕнан аттаєандар жазаланбай ќалмайды Айнаш ЕСАЛИ, Жандос БƏДЕЛҰЛЫ, «Егемен Қазақстан» «Республикамыздың шығыс жəне батыс бөлігін торлаған екі циклон, атмосфералық фронттар жүйесі арқылы өзара байланыс- ты. Сондықтан, демалыс күндері Қазақстан облыстарының басым бөлігінде əлі де тұрақсыз ауа райы, жауын-шашын, найзағай, кей жерлерде 15-23 м/с екпінді жел болып, Іле Алатауында алдағы тəулікте нөсер жүреді. Батыс өңір- де Ресейдің еуропалық аумақтары- нан ығысқан циклон əсерінен ыс- тықтың беті қайтып, өткен түнде басталған жаңбыр, алдағы үш тəулікте де жалғасады» деп хабар- лады кеше «Қазгидромет» РМК. Ал кеше түнімен жауған жаң- быр Астана көшелерін көл-көсір өзенге айналдырып, таңертең жұмысқа асыққан жұртты əб- ден əбігерге салды. Біреулері белуардан су кешіп, көліктерінің жоғалған мемлекеттік тіркеу нөмірлерін іздесе, енді бірі топан ортасына тоқтап қалған көлігін сүйреп сарсаңға түсті. Табиғаттың осынау тосын мі- незіне ауылдағы шаруа қуанып отыр. Өйткені, биыл егін бітік, шөп шүйгін шыққан. Енді жинап алар кезде жаңбыр тағы толаста- май, кедергі жасамаса болғаны... Нөсердің Өскемен көшелерін де Венецияға айналдырғанын осының алдындағы санымызда жазған болатынбыз. Əрине, бармақ басындай бұр- шақтар мен көлдетіп-селдетіп жауған жаңбыр Алматыны да ай- налып өткен жоқ. Қалада шілденің алғашқы таңының өзі сұмдық күн күр- кірімен басталған болатын. Қат- ты болғаны соншалықты, иттер қорқыныштан шəуілдеп үріп, машиналардың дабылы ұлар- дай шулағанын əлеуметтік желі- дегілер жарыса жазды. Табиғаттың мұндай тосын құбылысын «Қазгидромет» РМК Алматы филиалының метео- болжам бөлімі Алматы облысы аумағында циклон жүріп жат- қандығымен түсіндірген еді. Алайда, содан бері де Алматы- да аяқ астынан басталатын ала- құйын дауыл төпелеп жауатын нөсерге ұласып, күн сайын қайта- ланып отыр. –––––––––––––––– (Соңы 7-бетте) Тосын табиғат ЖАЅБЫРЛЫ ЖАЗ Биылғы жаз айрықша жаңбырлы болып тұр. Нөсерден қала көшелері өзенге айналып жатқаны үйреншікті көрініске айнала бастады. «Қазгидромет» мекемесінің ма- мандары болжам бойынша 23-25 шілде аралығында да ел аумағының басым бөлігі жаңбырлы болатынын ескертіп отыр. БҰҰ бас хатшысының орын- басары, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің бас директоры Майкл Мёллермен кездесу ба- рысында халықаралық күн тəрті- бінің өзекті проблемалары, БҰҰ- ның Қарусыздану жөніндегі кон- ференциясының қызметі бойынша пікір алмасу болды. М.Мёллер Қа- зақстанды 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануымен құт- тықтап, елімізге осы жауапты мис- сияны жүзеге асыруда табыс тіледі. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Əлем. XXI ғасыр» манифесінің негізгі ережелеріне əңгімелесушінің назарын аудара отырып, Қ.Тоқаев Қазақстанның бастамасы бойынша 2015 жылғы 7 желтоқсанда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы қабылдаған Ядролық қарудан азат əлем құруға қатысты жалпыға бірдей декларацияны іске асырудың маңыздылығын атап көрсетті. Сенат Төрағасы БҰҰ-ның Женевадағы кеңсесінің басшысын Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 25 жылдығына бай- ланысты ағымдағы жылғы 29 та- мызда Астанада өтетін «Ядролық қарусыз əлем құру» атты халық- аралық конференцияға шақырды. Дүниежүзілік сауда ұйымы- ның Бас директоры Роберто Азеведомен кездесу барысында жаһандық саудадағы негізгі үрдіс- тер, экономикалық реформалар, ин- вестициялық саясат жəне экономи- каның басым секторларын қолдау шаралары туралы əңгіме болды. Қ.Тоқаев Р.Азеведоға Президент Н.Назарбаевтың сəлемін жеткізе отырып, IX Астана экономикалық форумына нəтижелі қатысқаны үшін алғыс білдірді. Сенат бас- шысы Р.Азеведоға 2017 жылғы маусымда Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрменің ашылуына арналған іс- шаралар жайлы айтып берді. Жоғарғы палата Төрағасы қазақстандық депутаттардың үкі- метпен жəне бизнеспен өзара іс- қимыл жасай отырып, еліміздің ДСҰ-ға мүше болуы жағдайындағы ұлттық экономикамыз үшін қатер- лерге де, мүмкіндіктерге де тұрақ- ты негізде талдау жүргізетінін атап өтті. Жаңа парламенттік сессияда Парламенттің заң шығару қызме- тінде бəсекеге қабілеттілікті артты- ру басым бағыт болып қала бермек. Мемлекет басшысының тапсыр- масы бойынша барлық қаржылық рəсімдердің ашықтығын қамтама- сыз ету мақсатында бірыңғай са- лық жəне кеден кодексі қаралатын болады. Монополияға қарсы сала реформасы да жалғасын таппақ. Қ.Тоқаев Халықаралық Қызыл Крест комитетінің президенті Петер Маурермен де кездесті. Қазақстан Сенатының Спикері ХҚКК-ның қарулы қақтығыстар жағдайында адамдардың өмірі мен абыройын қорғау, гуманитарлық көмек көрсетуді қамтамасыз ету, сондай-ақ, халықаралық гумани- тарлық құқықтың негізгі ережелерін əзірлеу жəне іске асыру жөніндегі айрықша маңызды қызметін атап көрсетті. Сенат Спикерінің пікірін- ше, Қазақстанның 2017-2018 жыл- дарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлану- ын, сондай-ақ, қазақстандық əскери қызметшілердің халықаралық бітім- гершілік миссияларға қатысуы арта түскенін ескере отырып, қазіргі кезеңде Қазақстан мен ХҚКК-ның өзара іс-қимылы ерекше маңызға ие болуда. Қ.Тоқаевтың БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының Атқарушы хатшысы Кристиан Фриис Бахпен кездесуінде БҰҰ- ның өңірлік жобалары туралы, атап айтқанда, Орталық Азия эко- номикалары үшін арнайы бағдар- лама (СПЕКА) туралы пікір алмасу болды. Сенат Спикері су ресурс- тарын басқару, Арал өңірін оңалту, энергетиканы дамыту проблема- ларына жəне басқа да мəселелерге əңгімелесушінің назарын аударды. Қ.Тоқаев оған Қазақстанда еліміз- дің экономикасы мен қоғамдық тыныс-тіршілігін жан-жақты жаң- ғыртуға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының іске асы- рылып жатқандығы жайлы айтып берді. Сенат Тґраєасы Женевада халыќаралыќ ўйым басшыларымен кездесулер ґткізді Жуықта Женевада жұмыс сапарымен болған Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар халықаралық ұйымдардың басшыларымен кездесулер өткізді, деп хабар- лады Парламент Сенатының баспасөз қызметі. ОЙЛАСУ ЗЕРДЕ 4 5 кїйшініѕ 120 жылдыќ мерейтойы ќарсаѕында туєан ой 6 АТАМЕКЕН

Upload: others

Post on 27-Dec-2019

47 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

  • №140 (28868)23 ШІЛДЕ

    СЕНБІ2016 ЖЫЛ

    109,3миллион шаршы метртұрғын үй пайдалануға

    беріліп, миллионнан астам отбасы баспанамен қамтамасыз етілді.

    Мемлекет басшысы жыл соңына дейін бірқатар маңызды міндеттерді шешуді қамтамасыз ету қажеттілігін атап өтті.

    – Біріншіден, экономикалық көр сет кіштердің төмендеуіне жол беріл меуі тиіс, ол үшін бар лық жағ дай жасалған, қажетті қара-жат тар бө лін ген, жұмыстың тиісті ба ғыт тары анықталған. Екіншіден, ас тық жинау мен күзгі-қысқы кезең ге да йын дық мəселелеріне

    назар ауда ру қажет. Сонымен бірге, ЭКСПО-2017 көрмесі мен 2017 жыл ғ ы қысқы Универсиадаға əзірлік ті жалғ ас тыру керек, – деді Қазақ стан Прези денті.

    Бұдан бөлек , Нұрсұлтан Назарбаев елдің одан əрі индуст -рия лық-инновациялық дамуын қам тамасыз ету жəне тұрғын дар-дың əл-ауқатын арттыру үшін шара лар қабылдау қажеттігіне назар аудар ды. Сондай-ақ, Елбасы

    жуық арада Жер реформасы жөніндегі комиссияның жұмыс нəтижелерін ұсынуды тапсырды.

    – Тамыз айының соңында біз Үкіметтің кеңейтілген отыры сын өткізіп, алдын ала қорытын ды-ларын жасау жəне əрі қарайғы іс-қи мыл ды айқындау үшін бар лық атал ған мəселелердің шеші мін əзір леуді сұраймын, – деді Мем-лекет басшысы.

    Елбасы кездесу қорытынды сы бойынша бірқатар нақты тапсыр-ма берді.––––––––––––––––––––––

    Суретті түсіргендерС.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ

    Премьер-Министрді ќабылдады

    Кездесу барысында К.Мəсімов Елбасына ел дамуының негізгі əлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, басты мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы, сондай-ақ, Жер реформасы жөніндегі комиссияның қазіргі қызметі туралы баяндады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

    Талап жəне тəртіп

    Тəуелсіздік жылдары ішінде

    Александр ТАСБОЛАТОВ,«Егемен Қазақстан»

    Егер прокуратура органдары міндетіне сай қызмет атқармаса не болар еді деген ой келеді. Өйткені, елімізде қазіргі күні сыбайлас жемқорлық, адам өлтіру, зорлық-зомбылық, алаяқтық өршіп тұр ғой. «Сақтансаң – сақтайды» деген дей, бұл орайда, адамға төн-ген бар лық келеңсіздіктен заң-ның сақталуын қадағалау арқы-лы пр окура тура органдары ғана қара пайым халық қа қорған болып тұрған секілді. Себебі, Конс ти-туциямыз бойынша, алдымен адамның құқы жете қор ғалуы керек. Осы орайда, жасы ратын несі бар, прокурорлар ең бегін ашық айтқан жөн. Оған мына төмендегі сандар нақты дəлел.

    Мəселен, əлеуметтік-эко-ном ика л ық салада прокурор-лар биылғы жартыжылдық-та ғана 360 мың адамның

    құқықтарын қорғаған, олардың жартысы – балалар. Қадағалау органдарының ықпал етуімен 40 мың жұмысшы мер зімі өтіп кеткен 4 млрд. теңге жалақы-ларын алған. 2,5 мың мүге дек жұмысқа орналас тырылып, 154 мүгедек мемлекеттік баспана алған. Бұған қоса, Ұлттық қорға 12 млрд. теңге қайтарылып, рес-пуб ликалық бюджет 45 млрд. теңгеге толық тырылған. Жалпы құны 14 млрд. теңгені құрайтын заңсыз бөлінген жер телімдері мем лекетке қай тарыл ған. Мұның бəрі кеше Бас прокурор Жақып Асановтың төр ағалығымен өт-кен кеңейтілген алқа мəжілісінде айтылды.

    Жалпы, прокуратура орган-дары азаматтардың, халықтың əлеу мет тік əлсіз топтарының жəне кəсіп керлердің бұзылған құқық тарын қалпына келтіруде, е л і м і з д е г і з а ң д ы л ы қ п е н құқықтық тəр тіпті қамтамасыз

    етуде жəне əлеуметтік-эконо-микалық тұрақ тылықты қол-дауға бағытталған Мемлекет бас шысының тапсыр маларын орындауда айтарлықтай қызмет етіп келе жатқаны анық. Мұның растығын айқын аңғарып отыр-мыз. Мəселен, про курорлар ар а лас қаннан кейін ғана ішкі істер органдарының қызметтік бөлмелерінен жəне уақытша ұстау абақтыларынан 205 заң-сыз ұсталған азамат бос тан дық-қа шығарылды. Тергеу ші лер қамауға алғылары келген 2 мың күдікті дер уақытында боса-тылып үлгерілді.

    Прокурорлардың на ра зы лық-тары бойынша 182 сот та л ған жеңіл жаза алды. Тұтас тай алған-да прокурорлардың баста ма л ары бойынша 698 сот актілері түзе тіл-ген. Азаматтардың пайда сына 1 млрд. 700 млн. теңгені құрай тын сот шешімдерінің орын далуы-на қол жеткізілген. Бұған қоса,

    14 мың азаматтың құқықтары қалпына келтіріліп, осы заң бұзу-шылықтар бойынша бірнеше лауазым ды шенеунік жазаланды, соның ішінде 209 адам қылмыстық жауап кершілікке тартылды.

    Осылайша, алқада жер қаты-нас тарын реттеу, еңбек дау ларын ескерту, үлескерлер құқық тарын қорғау, теріс пиғылды құры-лыс шылардың қызметіне бақы-лау ды күшейту мəселелері про-курор лардың ерекше назарын талап ететін неғұрлым өзекті про б лемалар ретінде белгіленді. Сон дай-ақ, экстремистік көрініс-тердің алдын алуға, терроризм қаупін, олардың қоғам мен мем-лекетке тигізетін теріс əсер лерін азайтуға бағытталған жүйе лі жұ-мысты қамтамасыз ету жүк телді. Сөйтіп, прокурорлар одан əрі де адам құқын қорғауда жай лаған заң сыздықтарды жою үшін адал қызмет етуге белді бекем бай ла-ған дарын білдірді.

    Заѕнан аттаєандар жазаланбай ќалмайды

    Айнаш ЕСАЛИ,Жандос БƏДЕЛҰЛЫ,«Егемен Қазақстан»

    «Республикамыздың шығыс жəне батыс бөлігін торлаған екі циклон, атмосфералық фронттар жүйесі арқылы өзара байланыс-ты. Сондықтан, демалыс күн дері Қазақстан облыстарының басым бөлігінде əлі де тұрақсыз ауа райы, жауын-шашын, найзағай, кей жер лерде 15-23 м/с екпінді

    жел болып, Іле Алатауында алдағы тəу лікте нөсер жүреді. Батыс өңір-де Ресейдің еуропалық аумақ тары-нан ығысқан циклон əсерінен ыс-тық тың беті қайтып, өткен түнде басталған жаңбыр, алдағы үш тəулікте де жалғасады» деп хабар-лады кеше «Қазгидромет» РМК.

    Ал кеше түнімен жауған жаң-быр Астана көшелерін көл-көсір өзенге айналдырып, таңер тең жұмысқа асық қан жұртты əб-ден əбігерге салды. Біреулері

    белуардан су кешіп, көліктерінің жоғалған мемлекеттік тіркеу нөмірлерін іздесе, енді бірі топан ортасына тоқтап қалған көлігін сүйреп сарсаңға түсті.

    Табиғаттың осынау тосын мі-незіне ауылдағы шаруа қуа нып отыр. Өйткені, биыл егін бітік, шөп шүйгін шыққан. Енді жинап алар кезде жаңбыр тағы толаста-май, кедергі жасамаса болғаны...

    Нөсердің Өскемен көшелерін де Венецияға айналдырғанын осының алдындағы санымызда жазған болатынбыз.

    Əрине, бармақ басындай бұр-шақтар мен көлдетіп-селдетіп жауған жаңбыр Алматыны да ай-налып өткен жоқ.

    Қалада шілденің алғашқы

    таңының өзі сұмдық күн күр-кірі мен басталған болатын. Қат-ты болғаны соншалықты, иттер қор қы ныш тан шəуілдеп үріп, ма шина лар дың дабылы ұлар-дай шула ға нын əлеуметтік желі-дегілер жарыса жазды.

    Табиғаттың мұндай тосын құбылысын «Қазгидромет» РМК Алматы филиалының метео-болжам бөлімі Алматы облысы аумағында циклон жүріп жат-қандығымен түсіндірген еді.

    Алайда, содан бері де Алматы-да аяқ астынан басталатын ала-құйын дауыл төпелеп жауатын нөсерге ұласып, күн сайын қайта-ланып отыр. ––––––––––––––––

    (Соңы 7-бетте)

    Тосын табиғат

    ЖАЅБЫРЛЫ ЖАЗБиылғы жаз айрықша жаңбырлы болып тұр. Нөсерден

    қала көшелері өзенге айналып жатқаны үйреншікті көрініске айнала бастады. «Қазгидромет» мекемесінің ма-мандары болжам бойынша 23-25 шілде аралығында да ел аумағының басым бөлігі жаңбырлы болатынын ескертіп отыр.

    БҰҰ бас хатшысының орын-басары, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің бас директоры Майкл Мёллермен кездесу ба-ры сында халықаралық күн тəр ті-бі нің өзекті проблемалары, БҰҰ-ның Қарусыздану жөніндегі кон-ференциясының қызметі бойынша пікір алмасу болды. М.Мёллер Қа-зақ станды 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақ ты емес мүшесі болып сайлануымен құт-тықтап, елімізге осы жауап ты мис-сияны жүзеге асыруда табыс тіледі.

    П р е з и д е н т Н ұ р с ұ л т а н Назарбаев тың «Əлем. XXI ғасыр» мани фесінің негізгі ережелеріне əңгімелесушінің назарын аудара отырып, Қ.Тоқаев Қазақстанның бастамасы бойынша 2015 жылғы 7 желтоқсанда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы қабылдаған Ядролық қарудан азат əлем құруға қатысты жалпыға бірдей декларацияны іске асырудың маңыздылығын атап көрсетті. Сенат Төрағасы БҰҰ-ның Женевадағы кеңсесінің басшысын Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 25 жылдығына бай-ланысты ағымдағы жылғы 29 та-мызда Астанада өтетін «Ядро лық қарусыз əлем құру» атты халық-аралық конференцияға шақырды.

    Дүниежүзілік сауда ұйымы-ның Бас директоры Роберто Азеве до мен кездесу барысында

    жаһан дық саудадағы негізгі үрдіс-тер, экономикалық реформалар, ин-вес тициялық саясат жəне экономи-каның басым секторларын қолдау шаралары туралы əңгіме болды. Қ.Тоқаев Р.Азеведоға Президент Н.Назарбаевтың сəлемін жеткізе отырып, IX Астана экономикалық форумына нəтижелі қатысқаны үшін алғыс білдірді. Сенат бас-шысы Р.Азеведоға 2017 жылғы мау сымда Астанада ЭКСПО-2017 халық аралық мамандандырылған көрменің ашылуына арналған іс-шаралар жайлы айтып берді.

    Жоғарғы палата Төрағасы қазақ ста ндық депутаттардың үкі-метпен жəне бизнеспен өзара іс-қимыл жасай отырып, еліміз дің ДСҰ-ға мүше болуы жағдайын дағы ұлттық экономикамыз үшін қатер-лерге де, мүмкіндіктерге де тұрақ-ты негізде талдау жүргізетінін атап өт ті. Жаңа парламенттік сессия да Парламенттің заң шығару қыз ме-тін де бəсекеге қабілеттілікті арт ты-ру басым бағыт болып қала бер мек. Мемлекет басшысының тап сыр -масы бойынша барлық қаржы лық рəсімдердің ашықтығын қам та ма-сыз ету мақсатында бірыңғ ай са-лық жəне кеден кодексі қара ла тын бо лады. Монополияға қарсы сала ре фор масы да жалғасын таппақ.

    Қ.Тоқаев Халықаралық Қызыл Крест комитетінің президенті

    Петер Маурермен де кездесті. Қазақстан Сенатының Спи кері ХҚКК-ның қару лы қа қ т ы ғыс тар жағдайында адам д ар дың өмірі мен абыройын қор ғау, гуманитарлық көмек көр сетуді қамтамасыз ету, сон дай-ақ, халықаралық гума ни -тар лық құқықтың негізгі ере же лерін əзірлеу жəне іске асыру жө нін дегі айрықша маңыз ды қызметін атап көрсетті. Сенат Спи кері нің пі кі рін-ше, Қазақ стан ның 2017-2018 жыл-дарға БҰҰ Қауіп сіз дік Ке ңе сі нің тұрақты емес мү шесі бо лып сайлану-ын, сон дай-ақ, қа зақ стан дық əскери қыз мет ші лер дің ха лықаралық бітім-герші лік мис сия ларға қатысуы арта түс ке нін ескере отырып, қазіргі кезең де Қазақ стан мен ХҚКК-ның өзара іс-қи мылы ерекше маңызға ие болуда.

    Қ.Тоқаевтың БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының Атқарушы хатшысы Кристиан Фриис Бахпен кездесуінде БҰҰ-ның өңірлік жобалары тура лы, атап айтқанда, Орталық Азия эко-номикалары үшін арнайы бағ дар-лама (СПЕКА) туралы пікір ал масу бол ды. Сенат Спикері су ресурс-тарын басқару, Арал өңі рін оңалту, энер гетиканы дамы ту про блема-ла ры н а жəне басқа да мəселелер ге əңгі ме лесу шінің на зарын аудар ды. Қ.Тоқаев оған Қазақ станда еліміз-дің эко но ми ка сы мен қоғамдық ты ныс-тір ші лігін жан-жақты жаң-ғы р т у ға б а ғыт талған «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының іске асы-ры лып жат қандығы жайлы айтып берді.

    Сенат Тґраєасы Женевада халыќаралыќ ўйым басшыларымен кездесулер ґткізді

    Жуықта Женевада жұмыс сапарымен болған Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар халықаралық ұйымдардың басшыларымен кездесулер өткізді, деп хабар-лады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

    ОЙЛАСУ ЗЕРДЕ

    4 5

    кїйшініѕ 120 жылдыќ мерейтойы ќарсаѕында туєан ой

    6

    АТАМЕКЕН

  • 23 шілде 2016 жылwww.egemen.kz2ПАРЛАМЕНТПАРЛАМЕНТБасты таќырып – Ўлт Жоспары

    Оңтүстік Қазақстан облы-сында жұмыс сапарымен жүр-ген Қазақстан Рес пуб ликасы Парламенті Сенаты ның де-путаты Қуаныш Айта ханов Ордабасы, Отырар, Бəйді бек, Созақ аудандарында жəне Кентау мен Түркістан қала-ларын да болды.

    Жақында Парламент Мəжілісінің депутаттары Бақытжан Ертаев пен Бақытбек Смағұлов Шекара қызметінің Үшарал жəне Күршім жасақтарына сапармен келді. Халық қалаулылары шекарашылардың əскери-жауынгерлік қызметімен, олардың тұрмыстық жағдайларымен танысты.

    Бақытжан Ертаев «Өріл» жəне Р.Батырханов атындағы заста-валарды барып көрсе, Бақытбек Смағұлов «Сарыбөктер» зас-тава сының шекарашылары-мен кездесті. Сапар барысында депут тар мемлекеттік шекараны күзетуде қолданылатын техни-ка лық құралдарды, инфрақұры-лым дар ды көрумен қатар, шекара бойында орналасқан елді мекен-дердің тұрғындарымен де жүз-десті. Кездесу кезінде депутат тар мемлекет тарапынан қауіпсіздікті

    қамтамасыз ету жолын дағы атқарылып жатқан жұмыс тарға тоқталды. Бұл салада шекара шы-лар дың алатын орны да сөз болды.

    Сапар соңында депутаттар ұлан-байтақ жеріміздің бір бөл-шегін күндіз-түні күзетіп жүр ген шекарашы сарбаздарға тəуел-сіздік ұғымының мəн-мағына сын түсіндіріп, аса жауапты қыз мет -теріне табыс тіледі. Ал ақын ды-ғымен белгілі Бақытбек Смағұлов мемлекеттік шекара сақшы ларына өзінің кітаптарын сыйлады.

    Қабылдауға келген солтүстік-қазақ стандықтар Степногор кен байыту комбинатының қал-дықтарды кəдеге жарату жөніндегі желінің пайдалануға берілуін ұйымдастыру, облыс аумағында қатты нығыздалған кірпіш өндіру үшін ғимарат бөлу мəселелерін, зейнетақының дұрыс есептел-меуі сияқты мəселелерді көтерді. С.Омаров қойылған сұрақтарды бақы лауға алатындығын жəне олар бойынша тиісті депутаттық сауал-дар жолдайтындығын айтты.

    Мəжіліс депутаты сол күні жыл басынан бері жұмыс істеп келе жатқан «Юди-Дент» тіс емханасының жұмысымен та-нысты. Бұл «Бизнестің жол

    картасы-2020» мемлекеттік бағ-дар ламасы бойынша ашылған екін ші тіс емханасы болып отыр.

    Онда депутат клиниканың пациент терімен əңгімелесті. Əңгі-ме барысында бұл жердегі бағаның солтүстікқазақстандықтар үшін ыңғайлы екендігін атап өтті.

    Мəжіліс депутаты жеке кəсіп-керлердің жұмысымен де таны-су үшін Қызылжар ауданындағы жиһаз шығаратын «Левин В.Д.» ЖШС дүкеніне бас сұқты. Ком-панияның цехтарында 70-тен астам жиһаз түрлері шығарылады, оның өнімдері Астана, Алматы жəне Қазақстан мен Ресейдің кей-бір өңірлері тұрғындарының сұра-ныстарына ие болуда.

    Мəжіліс депутаты, «Нұр Отан» партиясының парламенттегі фракциясының мүшесі Сапархан Омаров Солтүстік Қазақстан облысында партияның өңірлік филиалының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады, Петропавл қаласындағы «Юди-Дент» тіс емханасының жұмысымен жəне Қызылжар ауданындағы «Левин В.Д.» атындағы жеке кəсіпкердің өндірісімен танысты.

    Кездесуге келген ауылдың қыз-келіншектеріне «жасыл техноло-гияларды» пайдалана отырып, өз ісін қалай ашуға болатыны туралы айтылды. Депутаттың айтуынша, ЭКСПО-2017 қарсаңында жобаға қатысушылар – «Нұр Отан» партиясының əйелдерді қолдау жөніндегі сараптама тобы «Жасыл» экономиканы» қолдау жəне G-Global-ды дамыту» коалиция-сымен бірлесе отырып, Астананың маңайында өзіндік ерекшелігі бар «қарсылап алу белдеуін» құру-ға, яғни халықаралық көрме ге келетін барша жұртқа қолайлы жағдай жасауға тырысуда. Қыз-келіншектерді оқытып-үйретудің негізгі бағыттары – қонақ қабыл-дайтын үйлер, экологиялық таза жеміс-көкөніс өнімдері, кəдесый бұйымдары.

    М.Айсина «жасыл технология-ларды» пайдалану əйелдерге өз істерін одан əрі дамытуға мүм-кіндік береріне сенімді. «Болашақ – «жасыл технологияларда», «жа-сыл экономикада». Бұлар – рес-урс үнемдейтін, су үнемдейтін, жарық үнемдейтін технологиялар.

    Біз, біріншіден, экономиканы үйренуіміз керек, екіншіден, осы «жасыл технологиялар» бағытында дамуға тиіспіз. Біз ауыл əйелдерін ғана оқытып-үйрете бастадық. Өйткені, ауыл мəдениетін осы-лайша көтеруге болады деп ойлай-мыз. Бүгінгі таңда қалада жасалып жатқан нəрселердің барлығын еш қиындықсыз, яғни қаладағыдай жағдайлармен ауылда да жасауға болады», – деп атап өтті Мəжіліс депутаты.

    2014 жылдан бері жоба ая-сында шамамен 5 мыңдай қыз-келіншек бизнес-сауаттылық не-гіздеріне оқытудан өтті. Тре-нинг тер Алматы, Ақмола жəне Қара ған ды облыстарында жүйелі түрде өткізіліп жатыр. Өткен жы лы Ақмола облысы Аршалы ау даны ның Арнасай ауылында «Жасыл технологиялардың» халық ака демиясы» білім беру орталығы ашыл ды. Ол жерде оқып-үйренуге ниет білдірушілердің барлығы «жа-сыл технологияларды» пайдалану бойынша оқудан өте алады, со дан кейін оларды қолдануды био ве-гетарийден тікелей көре алады.

    Мəжіліс депутаты Майра Айсина Ақмола облысындағы жұмыс сапары шеңберінде Ақмол ауылының жұмыссыз жəне өзін өзі жұмыспен қамтыған əйелдеріне арналған тре-нингке қатысты.

    Сапар барысында депутат об-лыста экономика, əлеуметтік жəне мəдени салаларда атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйімен танысып, жергілікті тұрғындармен, еңбек ардагерлерімен, мəслихат депутаттарымен, кəсіпкерлермен, партиялардың, қоғамдық бірлес-тік тердің өкілдерімен жəне жас-тармен кездесті.

    Сенатор азаматтарды Мемле-кет басшысының бес институт-тық реформасын іске асыру

    шең берінде елімізде жүргізіліп жат қан жаңғыртулар жөнінде, эко номиканы, əлеуметтік саланы дамытудың негізгі бағыттары, тіл саясаты туралы хабардар етті. Жер реформасы жөніндегі рес пуб ликалық комиссияның мүшесі Қ.Айтаханов көпшілікке Комиссияның жұмысы жайлы жəне Жер кодексі өзгерістерінің маз-мұны туралы айтып берді. Сондай-ақ, ол халықты толғандырып отыр-ған сұрақтарға жауап берді.

    Кездесудің басты тақырыбы «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары, халық қалаулыларының заң шығарушылық қызметі болды.

    Мəжіліс депутаты, сондай-ақ,

    ауыл тұрғындарының өтініш терін, атап айтқанда, жергілікті мəде-ниет үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы мəселені назарға алды.

    Мəжіліс депутаты Марат Бопазов Алматы облысы-на жасаған сапарында Матай ауылының тұрғындарымен кездесті, зейнеткерлермен əңгімелесті, Ақсу ауданының əлеуметтік нысандарын аралады.

    Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,«Егемен Қазақстан»

    Күндіз де, түнде де қоғамдық тəртіптің бұзылмауын жіті қадағалайтын полицейлердің қатарында Болат Дүйсенов те бар. Оның бұл саладағы ең бек өтілі де аз емес. Ішкі істер де-партаменті тарапынан бері летін шұғыл да жедел тап сыр малар-ды үнемі тың ғы лықты орын-дайды. Сондықтан, бас шы лар оны жауапты істер ді ат қаруға жұмсайды. Ол жұрт пен тез тіл де табыса біледі. Полицейлер үшін ең қажеттісі – еліміздің түрлі заңдарын да жетік біледі.

    Болат Дүйсеновтің қазіргі шені – полиция подполковнигі. Қазір ол жергілікті полиция қыз метінде еңбек етеді. Жаңа-дан құрылған құрылым ның аға инспекторы, полиция под-полковнигі Болат Дүйсенов жақында Президент Жар-лығымен «Ерлігі үшін» медалі-мен марапатталды. Ал бұл ма-рапат оған не үшін беріліп еді?

    ...Өткен жылдың 30 сəуірі күні полиция подполковнигі Болат Дүйсенов əріптесі Мұрат Демегеновпен күндегіше түскі ас ішіп, жұмыс орнына бет ал-ған еді. Олар қызметтік көлі-гі мен Жайық өзенінің Азия беті не бағыт алған кезде тосын оқиғаның куəсі болды. Кө пір жақтауынан ер адамның Жайық өзеніне секіргенін көреді. Оны біреу итеріп жіберді деуге де келмейді. Өйткені, өзенге секір-ген адамның жанынан ешкім көз ге шалынбады. Поли цей лер көлік ті жеделдетіп жаға да ғы тұ-раққа қойып, өз дері өзен ге қа рай жүгірді. Поли ция под пол ков нигі Болат Дүйсенов Жайық қа тү сіп жүзе жөнелді. Əрине, киім мен жүзу оңай болмады. Мақ сат – судағы белгісіз адамды құтқару.

    Бала күнінен суға жүзудің қыр-сырын меңгерген полиция подполковнигіне бұл қиынға соқпады. Көктемнің сызы əлі қайта қоймаса да əп-сəтте өзен ортасында суға бір батып, бір шығып жүрген жанды уы сына тү сір ді. Сөйтіп, оны жаға ға

    алып шықты. Қызметтік киі мі -нен Жайық өзенінің мұздай суы сор ғалап, жағаға жеткен ге де-йін əріптесі, полиция подпол-ковнигі Мұрат Деме генов «же-дел жəрдем» шақы рып үлгерді. «Жедел жəрдем» бри га дасы жеткенше су дан құт қарыл ған ер адамға алғаш қы дəрігер лік көмекті де өздері көрсетті.

    Кейіннен белгілі болған дай, Жайық өзеніне көпірден секір-ген жігіттің жасы 32-де екені анықталды. Жəне оны ешкім суға секіруге мəжбүр етпеген болып шықты. Дегенмен, орда бұзар жастан енді ғана асқан жігіт жүйкесі ауыратындықтан, арнайы есепке алыныпты. Оның денсаулығындағы осы кінəраты суға секіруге себеп болған сияқты. Бірақ, қоғамдық тəртіптің сақшылары кімді бол-са да қорғауға, құтқаруға дай-ын екенін білдірді. Əсіресе, полиция подполковнигі Болат Дүйсеновтің суға батып бара жатқан жанды құтқарудағы батылдығы мен жанкештілігі ескерусіз қалмады. Облыстық ішкі істер департаментінің басшылығы оны мемлекеттік марапатқа ұсынды. Жақында департамент басшысының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Аян Дүйсембаев жеке құрамның алдында бейбіт күннің батыры Болат Дүйсеновке «Ерлігі үшін» медалін тапсырды.

    АТЫРАУ––––––––––––––––

    Суретті түсірген Рахым ҚОЙЛЫБАЕВ

    Өмір ЕСҚАЛИ,«Егемен Қазақстан»

    Облыстық ішкі істер депар-таментінің бастығы, генерал-майор Берік Білəлов жуырда Қызыл жар аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік инспекторы Азат Мұхамединнің ерлігін жеке құрамға үлгі етіп, оған марапат көрсетті. Ал Азатқа қандай қиын-қыстау кезде де шапшаң шешім қабылдауды, өзгелерге көмек қолын созуды өмірдің өзі үйретті. Шалғайдағы қазақ ауылында туып-өскен ол күштік құрылымда қызмет етемін деп ойламаған. Тəуел сіздіктің елең-алаң шағында Петропавл педагогикалық институ-тын бітіріп, тарих пəні мамандығын алғанымен жұмыс таппай қатты қиналған. Содан сиырдың тіліндей дипломды сандыққа салған күйі əлдекімдердің жөн сілтеуімен Ресейдің Екатеринбург қаласынан бір-ақ шыққан. Мұнда айрықша мақсаттағы милиция бөліміне орна-ласуына бала кезден жүйелі түрде айналысқан спорттың, ұстанған саламатты өмір салтының көп пайдасы тиді. Шетте жүрген төрт жыл ішінде шынығып, шымырлан-ды. Армения, Грузия, Чешенстан секілді «ыстық нүктелерде» болып, тату-тəтті бірлікке ештеңе жет-пейті нін ұғынды. Мол тəжірибе жинақ т ап, елге оралғаннан кейін облыс тық ішкі істер басқармасына қыз метке тұрды. Біраз жыл «Ар-лан» арнайы мақсаттағы топқа, «Күзет» мекемесінің кадр бөліміне

    жетекшілік етті. Темірдей тəртіпті сүйетін, өзгелерден де осы қасиет ті талап ететін Азат өзіне жүк телген міндеттерді əрдайым жауапкер-шілікпен атқарып, подполковник шеніне дейін көтерілді.

    Ал мына оқыс оқиғаға ойда-жоқта кезікті. Көлігін автотұраққа қойып, түнгі таза ауамен кеуде кере тыныстап келе жатқанда қыра-ғы көзіне тоғыз қабатты үй дің бірінші қабатынан будақтай шық-қан қою түтін шалынды. «Өрт!» деген сумаңдаған суық ой тұла-бойын қарып жібергендей болды. Алға қарай жанұшыра ұмты лып, жолай кездескен адамдарға құт-қару қызметіне телефон соғу ды ай-тып үлгерді. Темір есік тарс жабық. Уақыт ұттырмай, пəтер ге балкон арқылы кіруге бел бай ла ғанымен, екі метр биіктікке өзді гі нен көтерілу мүмкін болмады. Тығы рыққа тіреліп, не істерін біл мей тұрғанда қасынан өте берген бір жасөспірімді көріп, көмекке шақырды. Оның демеуімен бал конға ырғып түсіп, ішке енгенде

    көк түтін арасынан ессіз жатқан адамның сұлбасы көрінді. Оны қауіпсіз жерге шығарып, үйге қайта енді. Ондағы ойы – тағы біреулер қалып қоймады ма деген күдік. Бөлмелерден отқа оранған заттар-ды далаға шығарып, компьютер сымын токтан айыра бергенде қол-қаны қапқан ащы түтіннен басы айналып, əлсірей бастағанын сезді. Əйтеуір балкон арқылы сыртқа шығып үлгерді. Ұрымтал тұста қиыннан қиыстырып жол тауып, қызыл тілі сумаңдаған өртке қарсы ет қызуымен араласып кеткен Азат 50 жастағы өнер иесін ажал тырнағынан арашалап қалғанын білген жоқ. Қас қағым уақыт ішінде əбжіл қимылдамағанда оның арты үлкен өкінішке ұрындырып, опық жегізері əбден ықтимал еді.

    Азат – отбасында үлгілі əке, орнықты отағасы. Жан-жары Гүлəйім екеуі алтын асықтай екі қыз өсіріп отыр. 47 жастағы аза-мат қоян-қолтық ұрыстан спорт шеберлігіне кандидат. Талай рет аймақтық жарыстарға қатысып, жүлдегер атанған. Құрыш болат-тай шынығуына, адамгершілік асыл қасиеттердің қалыптасуына десант тар взводы құрамында аза-мат тық борышын өтеуі зор ық-палын тигізгенін бейбіт күннің батыры жасырмайды. Иə, ерлік уақыт, жас талғамайды. Антқа адал, сертке берік Азаттың бұл əре-кеті жастар үшін тəлім-тəрбиелік ма ңызы зор өнеге болары анық.

    Солтүстік Қазақстан облысы

    Батыл Болат Бейбіт күннің батырлары

    Антќа адал Азат

    Сенім грамотасын тапсырды

    Бейсенбі күні Қазақстан Респуб ликасының Грек Рес-пуб ликасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Алексей Волков Грек Республикасының Пре-зиденті Прокопис Павлопулосқа сенім грамотасын тапсырды. Сал танатты шара Афинадағы Пре зидент сарайында өтті.

    Сенім грамотасы тапсырылғаннан кейін Грекия басшысы қазақстандық елшіні қабылдап, өзара сұхбат бары-сында лауазымға тағайындалуымен құттықтай келіп, Қазақстан-Грекия ынтымақтастығын одан əрі нығайтуға бағытталатын жұмысына сəттілік тіледі. Прокопис Павлопулос грек тарапы екіжақты қатынастарды жан-жақты дамытуға қызығушылық таны-тып отырғанына тоқталды.

    Ал Қазақстан елшісі Грекия секіл-ді тарих пен мəдени мұраға бай мем-лекетте қызмет жасау үлкен мə р-тебе жəне зор жауапкершілік екенін атап өтті. Алексей Волков Қазақ-стан Республикасының Прези денті Нұрсұлтан Назарбаевтың ыс тық ықы-ласты сəлемін жеткізді. Екі жақ ты қатынастарды əрі қарай өрбіту перс-пективаларын талқылап, шарттық-құқықтық базаны кеңейту, туристік мүмкіндікті жаңа деңгейге көтеру, қазақстандық-грекиялық сауда-экономикалық жəне мəдени-гума-нитарлық ынтымақтастығын дамыту мəселелерін атап өтті елші, сондай-ақ, Грекия тарапын 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақстанның кан-дидатурасын қолдағаны үшін алғыс білдіріп, Грек Республикасының ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысу, екі мемлекет арасындағы жоғары деңгейдегі байланыстарды жандандыру жайында сөз қозғады.

    Өз кезегінде Грекия Президенті Қазақ станның халықаралық арена-дағы жетістіктерін жоғары баға лап, Грекияның Қазақстан Респуб ли ка-сым ен саяси жəне экономика лық бай ланыстарды нығайтуға мүд делі екендігін тағы да айрықша атап өтті. Кездесу соңында Грекия басшысы елші Алексей Волковтан Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жылы сəлемін жеткізуді өтінді.

    «Егемен-ақпарат»

    Арнұр АСҚАРОВ,«Егемен Қазақстан»

    Астана əкімі Əсет Исе ке-шев тің айтуынша, бір күн бұ-рын ол көмекшілерінің бірін құпия түрде базардағы на рық-т ы біліп келуге жіберіп, сол бағаны енді өзі көрген баға-мен салыстырыпты. Айыр ма-шы лы қ ты байқамаған. Яғни, лауазымды тұлғалар келе жат -қанын естіп, жалма-жан баға-ны арзандатып қоятын дар дың қулығы бұл жолы жүзеге аспа-ды деуге болады.

    Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев көкөніс бағаларының өсуі бірінші кезекте маусымға байланысты деп санайды. Қазір қоймаларда былтырдан бері сақталған көкөніс таусылуға айналған, ал биыл ғы балауса өнім əлі пісіп, піскені базарға түсіп үл-ге ре қойған жоқ. Министрдің айтуы нша, шілденің соңы мен та мыз дың басына қарай жаңа өнім базар мен дүкен сөре-леріне жетуге тиіс. Жеміс те, көкөніс те жеткілікті болады, сəй кесінше, баға да құлдыра-мақ. Ал көкөністің де, басқа тауар лардың да бағасының негіз сіз өсуіне министрлік жол бермейді.

    – Бүгіннен бастап азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне бай-ланысты барлық фактілер мен азаматтардың шағымына тек-серу жүргізіледі. Бұл, əсіресе, əлеу меттік маңызы бар тауар-лар ға қатысты. Тексеріс Қазақ-стан ның барлық өңірлерін қам-тиды, – деді министр.

    «Егемен Қазақстан» газетінің

    өт кен нөмірлерінің бірінде қант-тың қымбаттағаны, тіпті, дүкен сөрелерінен табылмайтын тап-шы тауарға айналғаны туралы мəс еле көтерілген мақала жа-рия ланған болатын («Қант неге қат?» №135, 16.07.2016). Министр дің айтуынша, қанттың қымбаттауының бірнеше себе-бі бар. Біріншіден, əлемдік нарық тағы қант құрағының баға сы айтарлықтай көтерілген. Екіншіден, еліміздегі ең ірі қант өндіретін компания «Орталық Азия Қант корпорациясы» ЖШС соңғы айларда өндіріс көлемін екі есе арттырғанына қарамастан, көтерме сауда-мен айна лысатындар олардың өнімін шетелге көптеп шығару-ға көшкен. Сол себепті, Ұлт тық экономика министр лігі көтер-ме саудамен айналы сатын-дармен байланыс орнатып, ел нарығында қалуға тиісті қант көлемін белгілеуді жоспарлап отыр екен.

    – Қант бағасының өсуіне байланысты халықтың алаңдау-шылығын біз білеміз. Кеше Премьер-Министр осыған қатыс-ты бізге тапсырма берді, бүгін базардағы ахуалды өз көзі міз-бен көрдік. Қант бағасы шама-мен 20-25 пайызға қымбат тады. Жақын арада Үкімет те тиісті шешімдер қабыл дап, баға ның өсуін шектеуі міз мүм кін. Сосын, Үкімет белгіле ген бағаның сақ-талуын жергі лік ті билік қамта-масыз ететін болады, – дейді Ұлттық экономика министрі.

    Статистика комитетінің ха-бар лауынша, жыл басынан бері елімізде инфляция 4,6 па йыз-ды құрапты. Инфляция бірін-ші кезекте азық-түлік тауар-ларының қымбаттауымен бай-ланысты. Ұлттық экономика министрі айтып өткендей, азық-түлік бағасының алты айда 5 пайызға қымбаттауына мау-сымдық факторлар, сондай-ақ, көрші елдермен арадағы

    шекараның ашықтығы əсер етуде. Сол себепті, министрлік азық-түлік өндірушілермен, көтерме саудамен айналысатын ком паниялармен тығыз байла-ныс орнатып, бірінші кезекте ішкі нарықты қамтамасыз ету мəсе-лесін шешуге бел буып кіріспек.

    Əсет Исекешев Астана əкім-дігінің бағаны реттеу үшін Ұлттық экономика министр-лігімен бірлесіп жұмыс істеу туралы уағдаласқанын жеткізді.

    – Азық-түлік бағасы өте маңызды мəселе. Елбасының тапсырмасына сəйкес, қазір тиісті шараларды қабылдап жатырмыз. Атап айтар болсам, біріншіден, кеше ұн, қант, нан жеткізетін компаниялардың бас шыларымен сөйлестік. Баға-ның өсуі жалғаса беретін болса, біз монополияға қарсы қыз-метпен бірлесіп əрекет ете міз. Екіншіден, базарлардағы ба-ға ларға мониторинг жүргізіп оты рамыз. Үшіншіден, қаланың барлық аудандарында күн сайын жəрмеңке өткіземіз, – деді əкім.

    Жəрмеңке туралы толы ғы -рақ тоқталар болсақ, елорда əкім дігі алты облыстың əкімді-гі мен ауыл шаруашылық өнім -дерін тіке лей елордаға жеткізу ту ра лы келісімге қол жеткізіп отыр. Ке лісімнің арқасында ен ді елор да көшелерінде күн сайын жəр меңке өтеді, сауда орын дары көбейеді, сонымен қатар, авто дүкендер ашыла бас-тамақ. Өңірлерден өнім тиеп келе жат қан көліктердің елор-даға дейін ешқандай кедергісіз, жыл дам жетуі үшін «жасыл дəліз» жасалады.

    Əкім жəрмеңкелерде сатыла-тын өнімдердің ассортименті көбейетіндігін айтады. Ет, сүт тағамдарын қатаң тексеруден өткізу де назардан тыс қалмақ емес, ол үшін арнайы мобильді зертханалар орнатылмақ. Ал жəрмеңкелердегі баға ның ша-рық тап кетпеуін Таби ғи моно-по лиялар мен бəсеке лес тікті қор-ғау комитеті қадағалап, тиі сін ше мониторинг жасап отыру ға тиіс.

    Қазіргі таңда осы тектес шара лар ды үйлестіру үшін Астана қаласы əкімінің орын-баса ры жетекшілік жасайтын штаб құрылған. Астанадағы азық-түлік қауіпсіздігін қамта-ма сыз етуді қала басшысы жеке бақы лауына алды.

    АСТАНА

    Їйдегі кґѕілді базардаєынарыќ бўзбауы тиісЎлттыќ экономика министрі мен Астана əкімі елордадаєы ірі сауда орындарын аралады

    «Үйдегі көңілді базардағы нарық бұзады» дегендей, соңғы уақытта азық-түлік бағасы өсуінің байқалғаны туралы ақпарат жер-жерде жиі естіле бастаған-ды. Кеше Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен Астана қаласы-ның əкімі Əсет Исекешев елордадағы ірі сауда орталықтарын аралап, азық-түлік бағаларын тексерді. Базаршылап жүрген қарапайым халықтың пікірін өз құлақтарымен естіп, олардың баға туралы сауалдарына жауап берді. Министр мен əкім журналистерге бағаның өсуіне жол бермеу үшін нақты шаралар қолданылатынын жеткізді.

    «Егемен Қазақстан»

  • 23 шілде 2016 жыл www.egemen.kz 3

    Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ,«Егемен Қазақстан»

    Басқарма төрағасы биылғы тұқым себу науқаны өте жақсы өткені жөнінде айтып, алдағы жиын-терім жұмыстарына жаса-лып жатқан дайындықтарға тоқ-талды. Ең бастысы, биыл егін ору науқанын қаржыландыру үшін «ҚазАгро» 60 млрд. теңге бөліпті. Биыл бұл қаржы ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне 5 пайыз, банк терге 7,41 пайызбен тара-тылыпты. Осыны айтқан спикер келесі жылдан бастап пайыздық қайтарым көлемі бұдан да азай-тылатынын жеткізді. «Биыл 60 млрд. теңге берілді. Олар түрлі бағыттарда бөлінді. Бірінші бағыт – қаржыны екінші деңгейлі банк-тер кооперативтерге береді. Екін-ші, қаржыны өзіміздің еншілес ме кемелер арқылы бердік. Қазір-гі үстеме – ауылшаруашылық та-уар өндірушілер үшін – 5 пайыз, банктерге – 7,41 пайыз. Алай-да, Ауыл шаруашылығы ми-нистр лігімен бірге келесі жылға баға қалыптастыру мəселесін де қарастырдық. Бұйыртса, келесі жылы пайыздар айтарлықтай тө-мендетіледі», деді Н.Малелов.

    Ағымдағы жылы 2 514 ауыл-шаруашылық тауар өндіру ші лері 58,4 млрд. теңге несие алыпты. «Жыл басынан осы күнге дейін бюджеттік несие ая сында 58,4 млрд. теңгеге 2 514 ауылшаруашылық тау-ар өндірушілері қаржыландырылды. Жалпы, егістік алқаптары 5 млн. гек-тар аумақты құрайды. Соның ішінде, астықты кепілдікпен форвардтық сатып алуға 14,1 млрд. теңгеге 1718 АШТӨ қар жы ландырылды. Егістік ала ңының көлемі 2,3 млн. га. Ал екінші деңгейлі банктердің ке пілдігімен тікелей несиелеу-ге шамамен 2 млн. гектар алаңға егін егу үшін 36 млрд. теңгеге 584 АШТӨ-ге несие берілді», деген басқарма төрағасы, холдингтің құрамындағы шаруаларға не-сие беретін орталықтардың жұ-мы сына тоқталды. «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамындағы үш компания

    қаржы бөлумен айналысады. Ол – «ҚазАгроҚаржы», «Аграрлық не-сиелік корпорация» жəне «Ауыл шаруашылығын қаржылай қол дау қоры» АҚ-тар. Осы үш ұйым об-лыс орталықтарында филиал дарын ашқан. Олар несиелік се ріктестіктер арқылы шаруаларға несие береді», деді ол.

    Отандық шаруалар биыл 8 млрд. теңгеге 461 техника сатып алыпты. «Осы жылдың 7 айында шаруаларға техника сатып алуды қаржыландыру шеңберінде 8,3 млрд. теңге сома-сына 461 бірлік техника алынды. Мұнымен бірге, шаруалар алдағы егіс науқанын аяқтау үшін тағы да жаңа техникалар сатып алуды жос-парлап отыр. Осыған орай, қажетті ауылшаруашылық техникасын са-тып алу үшін 15,2 млрд. теңгеге 954 қаржы лизингі шарты жасал-ды. Бұл бағытта 594 трактор, 131 дəн сепкіш пен басқа да техникалар жеткізілмек», деді Н.Малелов.

    Брифинг барысында елімізде кооператив құру тəжірибесі ауыл шаруашылығының басқа да са-лаларына енгізілетіні айтылды. «ҚазАгро» кооперативтер жүргізген жұмыстар оң нəтиже бергенін есеп-ке ала отырып, оны ауыл шар-уашылығының басқа да салалары-на енгізуді жоспарлапты. Енді 2018 жылға дейін сүт өңдеу жəне өндіру, ет өнімдерін, мақта, шұбат, жүгері өндіру, омарташылық, қой өсіру жəне дəнді дақылдар егуді қаржылай қолдау қорының көмегімен коопера-тив негізінде жүзеге асыруды ойла-стырып жатырмыз», деді басқарма төрағасы.

    Кооперативтің артықшылық-тары жөнінде ұзақ əңгімелеген спикер, ауылшаруашылық коо пе-ративі жұмысының табысты бо-луы шаруалардың ауызбірлігі мен жұмысына байланысты екенін қадап айтты. Сөйтсек, осы жылдың ба-сынан бастап «ҚазАгро» Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды жəне Павлодар облыстарында 10 кооперативті қаржыландырыпты. Нəтижесінде, 726 мың гектар жер-ге егін еккен 212 шаруаға 8,3 млрд. теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетілген.

    Жиын-терімге дайындық ойдағыдай

    Еліміздің оңтүстік өңірлерінде егін орағы басталып кеткені мəлім. Ал астықты өлке – солтүстіктегі орақ науқанына дайындық жұмыстары қайта-қайта пысықталып жатыр екен. Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз мəслихатын өткізген «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-тың басқарма төрағасы Нұрлыбек Малелов күзгі науқанға дайындық жөнінде əңгімеледі.

    Көкейкесті

    – Амандық Қорған ұлы, «Тылсым Торғайға Тур» идея -сының тууына не себеп? Əң-гімені ең басынан, идеяның өзінен бастасақ қайтеді?

    – Былтырғы көктемде Тор-ғайда ақбөкендердің қырылып жатқандығы туралы сан-саққа жүгірген əңгімелер гу-гу етті. Міне, сол уақытта елден хабар алу деген тіпті мүмкін емес еді əрі шынымды айтсам, ол кезде мен басқа салада жұмыс істейтін едім. Содан ауылдас інілерім – Абылай Мауданов, Қайрат Бекболат жəне өзімнің туған інілерім –Талғат пен Жəнібек бар бəріміз бірігіп, əлеуметтік желі – Фейсбукте «Топжарған» деген топ аштық. Топта хал-қадерімізше бірталай мəселелерді қозғап, 1500-ге тақау адамды тартып, олардың Торғайға қатысты қызығушылығын оята білдік. Кейін осында қозғалған проблемалар біздің келесі сатыға көтерілуімізге – «Тобыл-Торғай» сайтының тууына алып келді. Бұл екеуінің ешқандай да ком-мерциялық мақсаты жоқ, тек жұртшылықтың рухын арттырып, танымдық тұрғыда Торғайды та-ныта түссек, сөйтіп Торғайдағы үлкенді-кішілі мəселелерге елдің назарын аударсақ деген ниет болатын. Тəбеттің асты көрген кезде ашылатыны тəрізді, бара-бара туған жерден тыс, Астанада жүріп те елге жəрдеміміз тисе де-ген ойдың аясы кеңи түсті. Енді ақпараттық, танымдық тұрғыдан гөрі нақты іс жасайық деген ұйғарымға келдік.

    Неден, қалай бастаймыз де-генде, кезінде Индустриялар жəне жаңа технология министрлігінде қызмет еткенім көмекке келді. Сонда жүріп, соңғы үш жылда ішкі туризм жайында біраз зерттеулер жүргізген едік. Осы зерттеулердің маған ашқан жаңалығы аз болма-ды. Қазақстанның ішкі туризмін дамыту жөнінде шеберлік сы-ныптары өткізілгенде біраз өл-келердің туризмді дамыту жұ-мысына қатысқан едім. Сол кез-де неліктен бізде, Қостанай об-лысында ішкі туризмге көңіл бөлінбейді деген ой келгені бар. Енді сол ойды жүзеге асырсақ деп «Тылсым Торғайға Тур» атты жаңа жобаны қолға алу керек деп шештім.

    – Ойдың келуі бір басқа, ал оны жүзеге асыру уақытты да, қаражатты да қажет етеді емес пе?

    – Əрине, «Топжарған», «То-был-Торғайдан» кейінгі «Т» əр-пінен басталатын үшінші жо-бамыз едəуір қаражатты да, уа-қытты да талап етті. Біз бұрын турист емес, өзіміз білетін жол-мен ауылға барып-қайтатын қазақ болсақ, енді турист апаруымыз ке-рек. Ал турист деген қандай жан? Ол – кірпияз, кінəмшіл, ақшамды төледім, маған енді дұрыс жағдай жаса деп талап ететін адамдар. Ең бірінші жолы біз туристердің жартысын машинамен, жартысын пойызбен Арқалық қаласына дейін жеткіздік. Ал дұрысы – шаршат-пай пойызбен Арқалыққа дейін жетіп, арғы маршрутты машина-мен жалғау екен. Тыңнан түскен жоба болғандықтан, біз алғашқы жолы туған қиындықтардың бə-рін ескеріп, қанша дайындалып шықтық дегенмен, екінші жолы да басқа ойласпаған мəселелер туып жатты. Мəселен, барлық қашықтықты артқа тастап, негізгі базамыз – Көкалат ауылына 50 шақырым қалғанда көлігіміз

    батып қалды. Бірақ, ауылдан тех-ника жетіп, шығарып алды.

    Алғашында турды ойлап тапқан кездің өзінде біз белгілі бір тəуекелге бел буған едік. Алайда, бірінші тур жоспардағыдан да сəтті өтті. Бес турист апарып, бес күн қондық. Танысу турының өзінен сұраныстың барын бай-қадық. Жаппай қызығушылық туады, барлығы бірдей Торғайға ағылады деп айта алмай мын. Себебі, жол мойыны қашық жəне оның сапасы да сын көтер мейді. Есесіне экстремалды тур. Кешенді түрде сұранысты қамти алатын-дай болдық. Құмкешу құмдарын

    көрсетіп, туристеріміз ыстық құмды кешіп, суретке түсті. Ол жердің құмы Дубайдан кем емес. Содан ғой «Дубай, Дубай деген-ше, Торғай жақын десейші» дейтініміз.

    – Жалпы, туристер «Тылсым Торғайға Тур» сапарынан нені көріп, нені біліп қайтады?

    – Қостанай облысы ау ма-ғының жартысына жуығын Торғай өңірі алып жатыр. Ал əрбір көзі ашық, көкірегі ояу жан Торғайдың халқымыздың тарихындағы ор нын біледі. Талай ұлттың ұс тындарын бер-ген ғажайып өлкенің табиғаты да сан түрлі, ал мəдени-тарихи құндылықтарын тізбелеп айтып тауысу тіпті мүмкін емес.

    Торғай тылсымы таусылмаған, тіпті мұрты бұзылмаған өлке. Мəселен, Торғай геоглифтерін алайық. Олардың қатары 300-ге таяу, дəлірек айтқанда 296 жəне олар шашыраңқы орналасқан. Бұл жерде туындайтын проб-лема оларды жерден көрудің қиын дығы. Əуеден ап-анық көрінетін геоглифтер жанына келсең тө бешіктер ғана тəрізді. Біз оны алғаш рет барып зерт-теген ғалым Дмитрий Деймен тұрақты байланыстамыз. Сол кісімен ойласа, ақылдаса келе біз туристерге танысуға «Үштоғай төртбұрышы» ең қолайлы, ыңғайлы болады деп шештік. Ондағы 101 геоглифтерді тури-стер өз көздерімен көре алады.

    Осы бір əлемде сирек кез-десетін құбылыс тек біздің елімізде жəне Перудегі Наскада ғана бар. Бұл – Қостанай облы-сы үшін ғана емес, Қазақстанға шетелдік туристерді тартатын визитті карта бола алатын жер. Ал оны неге өзгелердің наза-рына ұсынбаймыз? Сондықтан саяхатшыларымызды «Үштоғай төртбұрышына» апардық. Алған əсеріміз ерекше. Осы араға бар-ғанымызда бір емес, қатарынан бірнеше компастың тілі істемей қалды. Бас-аяғы жарты сағат болғанымызбен, уақыттың ұзаққа созылғаны соншалық, жарты

    күнімізді сонда өткізгендей əсер алдық. Əйтеуір, əсері ерекше. Ке зінде жергілікті тұрғындар сол жерден мүлде тот баспаған қы-лыш тауып алған екен. Кейін «үш əріптің» адамдары соңына түсіп, ақыры қылышты тапсыртыпты дейді. Шын мəнісінде жұм бағы көп, ерекше аурасы бар, адамды өзіне ерекше баурайтын жер.

    – Жалпы, ішкі туризмді да мытудың кілтипаны көп болуы тиіс, жоғарыда өзіңіз айтқандай, туристер қызмет көрсетудің жоғары сапасын күтеді. Ақшасын төлегесін ол заңды да ғой. Ал жергілікті тұрғындардың қызмет көрсету деңгейі қаншалықты?

    – Дұрыс айтасыз, кілтипаны көп. Оның үстіне жаңадан бастаған іс болған соң, тəжірибеміз де кемшіндеу. Бірақ, ниет дұрыс, біз бастамасақ кім бастайды? Туристерді апара отырып, елдің хал-ахуалын жақсартайық деген оймен кірісіп кеттік. Ол қалай жүруі тиіс? Мəселен, турға барған турист қосымша қаражат апара-ды, сəйкесінше ауыл тұрғындары өз табиғи өнімдерін сата ала-ды, айналып келгенде қосымша жұмыс орындары пайда болып, бюджеттің де бір бүйірі толығады.

    Тур басталатын Арқалық қала сындағы дала-өлкесі мұ-ра жайының экспонаттары мол, өте мазмұнды. Кезінде Өз-бекəлі Жəнібековтің үлкен қа-жыр-қайратының арқасында жинақталған сирек кездесетін экспонаттары көруге тұрарлық жəне одан бері де тынбай то-лықтырылған музейдің көр сетері көп үлкен тағылым ордасы. Аманкелдіде – екі, Жанкелдин ауданының орталығы Торғайда алты музей бар. Оның сыртын-да Көкалатта, Кеңшілік пен Серік туған Ақшығанақта да, Қайнекейдің Шилісінде де музей-лер бар. Осының бəрі де көрсетуге тұрарлық. Ахмет, Міржақып, Шақшақ Жəнібек, Құтан əулие сияқты тұлғалар туған өлке сырға тұнып тұр.

    Жалпы, Торғай жерін ің

    таби ғатының өзі ерекше, əр жи-ырма шақырымының бір-бірінен айыр машылығы бар. Көктемде дала төсінде қызғалдақтан өрілген кілем қандай, тек Торғайда кез-десетін реликт өсімдіктері, аңы мен балығы қандай! Бұл бір жа-ғынан этнотуризм. Салт-дəстүрді көрсетудің өзі бір əңгіме. Кілем тоқу салты басқа жерлерде ұмыт бола бастаса, Торғайда ол əлі бар. Арабы кілем дейтін түрін өз басым Торғайдан басқа жер-ден көрген жоқпын. Менің өзім кілемнің бір шетін шығарып, тоқып кете аламын.

    Мұндай шаруаны атқару бір адамның қолынан келмейтін болған соң, ауылда шаруашылығы бар тетелес екі інімді тарттым. Туристер атқа отырып сейілдеп, қымыз-шұбат ішіп, бұқпа жеп, балық аулайды. Оның үстіне ау-ылымызда туыс ағайымның дала аңдарын қолға ұстайтын мини-зообағы бар. Туризмнің ендігі бір пайдасы – адамдарды қосымша жұмысқа тарту болса, ауылына сырттан адам келгенінің зияны жоқтығын түсінген ауылдаста-рым жағалай үйлеріне жөндеу жүргізіп, маңайларын көркейтіп дегендей, туристерге жағдай тудыруға тырысып жатыр. Біздің ауылдағы үйлерде жылы су, суық су, ванна, əжетхана ішіне кіріп тұр.

    Негізі шындығын айтқанда, ішкі туризмге өз деңгейінде мəн берілмей отыр. Мүмкін қолға алып, шындап кіріссе, дамытуға болар. Қазір біздің жобаға қызығушылық танытып жатқандар бар. Қоста най облыстық кəсіпкерлік басқарма-сы меморандум жасайық десе, «ЭКСПО-2017» ұлттық компа-ниясы да хабарласуда. Өз басым жылына бір рет шетелге, екі рет ішкі туризммен шығамын. Біздің туризм мен шет елдің туризмінің айырмасы жер мен көктей. Көбісі бізде инфрақұрылым нашар, жол жаман деп жатады. Негізі тури-стер үшін мұның бəрі керек емес. Қазір адамдар керісінше экс-тримге құмар. Мысалы, былтырғы жылы атақты актер Леонардо ди Каприо 90 мың АҚШ долла-рын төлеп, Моңғолия жерінде демалған еді. Бұл экстрим емей немене?! Ал бізге 5 күнге бір адам 55 мың теңге төлейді. Адам сенбі-жексенбі күндері толық тынығып, күнделікті үйреншікті ортадан толықтай өзгеше жерде демалса, ол бір ай тыныққандай тыңаяды.

    Біз ауылда екі күн бойына киіз үйде тынықтырып, бұқ-пасын беріп, зообақты тама-шалатып, балығын аула тып, атпен серуендетіп, арасын-да қо нақжай ауылдастарымыз дастарқандарын жайып қонаққа шақырып, əн айтып, ауылдың алты ауызынан кейін қонақкəде сұрап, туристі əбден басқа ортада

    тынықтырамыз да, ертеңіне 6 музейі бар тарихи Торғайға апарамыз. Шақшақ Жəнібек, Ахаң мен Жақаң, қоңырауының үнімен сахараны оятқан Ыбырай Алтынсарин музейлерін көрген туристер таң-тамаша болады. Тек бір назар аударатын мəселе – олардың барлығы дерлік жөндеу жұмыстарын қажет етіп тұр.

    Ішкі туризмнің сыртқы ту-ризмге қарағанда бағасы қымбат дейтіндер көп. Неліктен біздің елдегі саяхат бағасы удай қымбат? Себебі, бізде бірізділік жоқ. Екі-үш ай ғана туристерді қабылдайды да, қалған уақытта бос отырады. Сөйтіп, туристер қатынамай тын айлардағы тұрмысын осы ке-зеңде қамтып қалуды ойлайды. Осыдан барып шарықтаған баға адамдардың аяғын тұсайды. Сол себептен қыс мезгілінде де өзгеше бірдеңе ойлап табуға болады емес пе? Əлемде қаншама адам қарды көрмейді. Олар үшін бізде бар дүние таңсық. Тек ұсына білсек болғаны. Жалпы, турист қай жерге барса да бұрын көрмеген жаңалық іздейді, бұл халықтың өмір сүру дағдысы, тұрмысы, əдет-ғұрпы қалай екен деп елеңдейді. Мəселен, далада өсіп тұрған тобылғыны сап етіп, қайыстан қамшы өру біз үшін түк емес болса, шетелдік үшін экзотика. Ал бұл ретте біздің көрсетеріміз өте көп. Этнотуризмді дамыту дегеніміз, шетелдіктің ақшасын өз үйіңде отырып-ақ қалтаңа басу. Қазақ қалауын тапса қар жанады дегендей, ішкі туризмді дамыту арқылы тəжірибе жинақтап, сырт-тан турис тер шақыратын күнге де жетуге əбден болады.

    Осы жобаны бастау үшін ешкімнен ешнəрсе сұраған емеспіз. Əрине, қолдау болып жатса бас тартпас едік. Бізде жол бойында кемпингтер жоқ. Егер оларды салу қымбат де-сек, киіз үйлер қалашықтары болса. Сондай-ақ, аң, балық шар уашылығын дамыта түсуге қолдау керек. Ресейден келгісі келетіндер бар. Венгрия елінің елшілігі хабарласты. Қызығып отыр. Енді осы ретте алыстан келетін туристер үшін адам аяғы баспаған жерлерді, қызықты дүниелерді көрсеткіміз келеді. Біз үшін күнделікті дүниелер өзгелерге қызық, біреулерге ыстық та болады. Туған жерінен ертеде кетіп, енді есейгенде ба-рып көргісі келетіндер бар. Туыс-тарымыз жоқ еді, елге барсам дейтіндер аз емес. Осы тұста та ғы бір нəрсені айта кеткім ке-леді. Мысалы, біздің жерімізге Ресейден аңшылар, балықшылар көп келеді. Олар өз беттерімен келе бермей, тіркеліп, қасқыр атса соған лицензиясын алып, заңды түрде белгілі мөлшерде салығын төлесе немесе біздің компа ния-лар арқылы келіп-кетуін ретте-се болар еді. Əйтпесе, емін-ер-кін жүріп, ерсілі-қарсылы өтіп, аңымызды атып, құсымызды қармап өздерінің қызығымен ғана жүр.

    ƏңгімелескенАнар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ,

    «Егемен Қазақстан»

    «Дубай, Дубай дегенше, Торғай жақын десейші»

    Біздің ұлан-байтақ жерімізде туристер түгіл, зерттеуші ғалымдардың таба-ны тимеген тылсымы мол, қойнауының қалтарысындағы қатпарларының ша-шауы шықпай, жұмбағын жасырып жатқан жерлер баршылық. Соның бірі – Торғай өңірі. Осыдан бірнеше жыл бұрын ғарыштан түсірілген суреттер Торғай даласында əлемге əйгілі Наска геоглифтерімен пара-пар бірнеше гео-глифтер жүйесінің бар екенін əйгіледі. Жаңалықтың өзгешелігі мен мəнінің маңызы соншалық, оған шетелдік ғалымдар тарапынан үлкен қызығушылық туындап, ол Ыстанбұлда өткен Еуропа ар-хеологтары қауымдастығының форумын-да басты сенсацияға айналды. Құлпына кілт табылмаған құпиясы, ақиқаты аңдалып, сырын сыртқа шашпаған Торғай геоглифтері туристерді өзіне тартуда. «Дубай, Дубай дегенше, Торғай жақын десейші» деген торғайлықтар туристер-ге Торғайға кел дейді. Біздің тілшіміз осы игілікті істі бастап, ішкі туризмді дамытуға өз үлесімді қоссам дейтін азамат – Амандық ƏМІРХАМЗИНМЕН əңгімелескен болатын.

    Қанат ЕСКЕНДІР,«Егемен Қазақстан»

    Аталмыш мемлекеттік бағдар-лама бойынша белгіленген 3 бағыт-тың қала жағдайына оңтайлы 2 бағытына сай міндеттелген тапсыр-ма уақтылы орындалуда. Айталық, бірінші – «Инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық ша-руа шылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бағыты бойынша Алматы қа-ла сына жүктелген 122 миллиард теңгені құрайтын 286 жобаға 11 151 адамды жұмыспен қамтамасыз ету жоспарланса, соның ішінде «Жұмыспен қамтудың жол карта-сы-2020» бағдарламасы аясында 29 жоба, «Бизнестің жол картасы-2020» бойынша 5 жоба, «Нұр лы Жол» бағдарламасы бойынша – 11, үдемелі индустриялық-инновациялық да-му бағдарламасы бойынша – 4, аймақтық даму бағдарламасы бой-ынша 3 жəне басқа да даму жоспар-ларына сай 234 жоба бар.

    Жыл басынан бері қалалық халықты жұмыспен қамту орталы-ғы арқылы бүгінгі таңда «Нұрлы Жол» бағдарламасына – 163 адам, «Жұмыспен қамтудың жол карта-сы-2020» бағдарламасына сай 135 жəне басқа да жобалар арқылы 24 адам жұмыс орнына ие болып, от-басын асырап отыр.

    «Соңғы уақытта дəрігер маман-дығы мен құрылысшыға, сауда ісінде тауар өтімділігін арттыра-тын сауатты мамандарға сұраныс артып отыр», дейді Алматы қала-лық халықты жұмыспен қам ту орталығы басшысының орын-басары Ахметжан Қуантаев. Оның ай туынша, қаладағы көп сауда орталықтары сатушы-ме-неджерлер жетіспейтіндігін ай-тып, орталық арқылы жұмысшы іздеу көрсеткіші кейінгі кезде көбейген. Одан өзге, тігінші мен тəжірибелі есепші мамандығына да сұраныс көп. Жұмысшы іздеген тапсырушылардың талабын қам -тамасыз ету үшін Халықты жұ-мыспен қамту орталығы бірқатар мамандық бойынша азаматтарды

    оқыту, қайта даярлау ісіне жұ-мылдырып, мамандыққа сай бейімдеу үстінде.

    «Жұмыспен қамтудың жол кар-тасы-2020» бағдарламасы бойын-ша Алматыда 332 адам əлеуметтік жұмыс орнымен қамтылса, қала бойынша бұл көрсеткіш 500 адамға жуықтады. Ал қазіргі дағдарыс жағдайында жұмыссыздықпен күресу мақсатында іске қосылған «Жастар бағдарламасы» бойын-ша 350 азамат еңбекке тарты-лып, тұрақты жұмыс орнымен қамтылған. Оқу бітірген көптеген жастардың жұмыс істеу тəжірибесі болмауы себепті жұмыссыздар қатарын көбейтіп жататыны белгілі. Осы ретте аз қамтылған отбасы-лардан шыққан жəне тəжірибесі жоқ жастарды жұмыспен қамту үшін қабылданған «Жастар бағ-дарламасы» халқымыз үшін мем-лекет тарапынан жасалған үлкен қолдау мен нақты көмек екендігінде дау жоқ.

    Еліміздегі ішкі миграцияның көрсеткіші Алматы қаласы бойын-ша өте жоғары. Сол себепті де басты мəселе тұрғындар