Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ... · 2019-10-02 · 5...

32
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде) 5-сынып

Upload: others

Post on 08-Jul-2020

19 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ... · 2019-10-02 · 5 «Мәдениет: тіл және қарым-қатынас» бөлімі бойынша

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар

Қазақ тілі

(оқыту қазақ тілінде)

5-сынып

Page 2: Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ... · 2019-10-02 · 5 «Мәдениет: тіл және қарым-қатынас» бөлімі бойынша

3

Мазмұны

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ......... 4

«Мәдениет: тіл және қарым-қатынас» бӛлімі бойынша жиынтық бағалау ......................... 5

«Киім. Сән. Талғам.», «Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер» бӛлімі бойынша

жиынтық бағалау ....................................................................................................................... 8

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ....... 13

«Жануарлар әлемі мен ӛсімдіктер дүниесі» бӛлімі бойынша жиынтық бағалау .............. 14

«Менің бос уақытым және хобби» бӛлімі бойынша жиынтық бағалау ............................. 18

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ....... 21

«Қиял әлемі» бӛлімі тақырыптар бойынша жиынтық бағалау ........................................... 22

«Кӛлік және жол белгілері», «Адамның сырт келбеті мен мінезі» бӛлімі бойынша

жиынтық бағалау ..................................................................................................................... 25

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ....... 28

«Аспан әлемінің құпиялары» бӛлімі бойынша жиынтық бағалау ..................................... 29

«Саяхат және демалыс» бӛлімі бойынша жиынтық бағалау ............................................... 31

Page 3: Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ... · 2019-10-02 · 5 «Мәдениет: тіл және қарым-қатынас» бөлімі бойынша

4

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

Page 4: Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ... · 2019-10-02 · 5 «Мәдениет: тіл және қарым-қатынас» бөлімі бойынша

5

«Мәдениет: тіл және қарым-қатынас» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты Т/А2.Әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени,

тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (ән

мәтіні, хабарлама, жарнама, хабарландыру) кӛтерілген

мәселені түсіндіру

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білім алушы

Тақырыпқа байланысты кӛтерілген мәселені

ажыратады

Білу және түсіну

Орындау уақыты 10-15 минут

1-тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдап, көтерілген мәселені анықтаңыз. Тақырыпқа байланысты

көтерілген мәселені түсіндіріңіз.

Төрт ана

Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,

Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға.

Әр адамда ӛз анасынан басқа да,

Ғұмырына етер мәңгі астана,

Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,

Болу керек құдіретті тӛрт ана:

ТУҒАН ЖЕРІ – түп қазығы, айбыны,

ТУҒАН ТІЛІ – мәңгі ӛнеге айдыны,

ЖАН БАЙЛЫҒЫ, САЛТ-ДӘСТҮРІ – тірегі,

Қадамына шуақ шашар үнемі,

Және ТУҒАН ТАРИХЫ,

Еске алуға қаншама

Ауыр әрі қасіретті болса да.

Құдірет жоқ тӛрт анаға тең келер,

Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер.

Ӛзге ананың ұлылығын танымас,

Тӛрт анасын менсінбеген пенделер.

Тӛрт анадан сенім таба алмаған

Тамырсыздың басы қайда қалмаған?!

Тӛрт анасын сыйламаған халықтың

Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған.

Қасиетті бұл тӛрт ана – тағдырыңның тынысы,

Тӛрт ана үшін болған күрес – күрестердің ұлысы!

(https://www.youtube.com/watch?v=uNaJRUhuT58&noredirect=1 сайты, М.Шаханов)

Page 5: Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ... · 2019-10-02 · 5 «Мәдениет: тіл және қарым-қатынас» бөлімі бойынша

6

2-тапсырма

Мәтінді оқып шығып, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Сөйлеу кезінде өз

көзқарасыңды аргументтер мен мысалдар арқылы дәлелдеңіз.

1-мәтін. Тілеуберді Сахабаның Павлодар облыстық тілдерді дамыту басқармасы ұлттар

тілдерін дамыту бӛлімінің басшысы Қымбат Сәкеновамен «Ұлт бірлігі – мемлекеттік

тілде» тақырыбындағы сұхбатынан үзінді.

2-мәтін. http://imurat.kz/shet-tilin-uirenu/ сайтынан алынған «Шет тілін білу не үшін

қажет?» тақырыбындағы мәтін.

1-мәтін

Ұлт бірлігі – мемлекеттік тілде

- Тіл – халық пен халықтың, ел мен елдің және ұлттар арасындағы достықтың ең

негізгі құралы. Осы орайда «Қазақстан халқының тілдері күні» еліміздегі ұлттар

достығын нығайтуда қандай рөл атқарады?

- Ӛзіңіз айтып ӛткендей, тіл – барша халықтар арасындағы достық қарым-қатынастарды

сақтаудың негізгі құралы. Адам тіл арқылы түсініседі, ӛзге ұлттың тілін қаншалықты

меңгерген болса, соншалықты сол ұлтқа жақындай түседі. Мұндай құбылысты қазіргі

қоғамнан анық байқауымызға болады. Бұл тұста тілдің тілден еш артықшылығы жоқ

екендігін айтып ӛткім келеді. Адам алдымен ӛз тілін білуі қажет. Одан кейін неше тілді

білсе де артықтығы жоқ.

Қазіргі таңда ӛзге ұлттардың қазақ тілін білуге деген ниетінің болуы – қазақ халқын

құрметтеуі. Жиырма жыл ішіндегі жеткен жетістігіміз. Ел бола алатынымызды

дәлелдедік, соның арқасында қазақ баласына, қазақ халқына деген сый-құрмет едәуір

артты.

(Сұхбаттасқан – Тілеуберді САХАБА (122 сӛз)

2-мәтін

Шет тілін білу не үшін қажет?

Қазіргі заман ашықтық пен жан-жақтылықты талап етеді, сондықтан ӛмірден ӛз

жолын табуға, беделді кәсіпті игеруге, ӛзіне және ӛзінің отбасына жақсы кӛңіл күй,

жарқын болашақ сыйлауға тырысқан адамдар үшін шет тілдерін білу қажеттілігі туындап

отыр.

Шетел тілдерін университеттің тиісті кафедрасында не болмаса, ӛз бетінше

мамандандырылған курстарда оқып, үйренуге болады. Тілдерді ӛз бетінше үйрену

кезінде сӛздіктерді оқу, (тіпті түсінбесең де) радио тыңдау пайдалы. Үйренуді сӛздікпен

бастаңыз; ӛзіңізге белгілі бір жағдайларды ойдан шығарыңыз: досыңызбен кездесу, кино,

спорт және т.б. жайлы. Дұрыс сӛйлеп үйрену ӛте маңызды – бұл тек ауызша сӛйлеуді ғана

емес, сонымен қатар жазбаша сӛйлемдерді де дұрыс және жеңіл айту, жазудың кепілі.

Шет тілінде сӛйлеу – сол тілде ойлау дегенді білдіреді.

( http://imurat.kz/shet-tilin-uirenu/) (106 сӛз)

Бағалау

критерийі

тапсырма

Дескриптор Балл

Білім алушы

Тақырыпқа

байланысты

кӛтерілген

мәселені

ажыратады.

1 тақырыпқа қатысты мәселені анықтайды; 1

2 сӛйлеу кезінде ойын жүйелі жеткізеді; 1

ӛз кӛзқарасын аргументтер мен мысалдар

арқылы дәлелдейді;

грамматикалық және лексикалық

құрылымдарды орынды қолданады;

1

сыни пікірлер айтады. 1

Барлығы 4

Page 6: Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ... · 2019-10-02 · 5 «Мәдениет: тіл және қарым-қатынас» бөлімі бойынша

7

«Мәдениет: тіл және қарым-қатынас» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты

ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні ___________________________________________

Бағалау критерийлері Оқу жетістігі деңгейлері

Төмен Орташа Жоғары

Тақырыпқа байланысты

кӛтерілген мәселені

ажыратады.

Тақырыпқа қатысты мәселені

анықтау,

сӛйлеу кезінде ойын жүйелі

жеткізу,

ӛз кӛзқарасын аргументтер мен

мысалдар арқылы дәлелдеу,

грамматикалық және

лексикалық құрылымдарды

орынды қолдану,

сыни пікірлер айту қиындық

туғызады.

Тақырыпқа қатысты мәселені

анықтауда,

сӛйлеу кезінде ойын жүйелі

жеткізуде,

ӛз кӛзқарасын аргументтер мен

мысалдар арқылы дәлелдеуде,

грамматикалық және лексикалық

құрылымдарды орынды қолдануда,

сыни пікірлер айтуда қателіктер

жібереді.

Тақырыпқа қатысты мәселені

анықтайды,

сӛйлеу кезінде ойын жүйелі

жеткізеді,

ӛз кӛзқарасын аргументтер мен

мысалдар арқылы дәлелдейді,

грамматикалық және

лексикалық құрылымдарды

орынды қолданады,

сыни пікірлер айтады.

Page 7: Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ... · 2019-10-02 · 5 «Мәдениет: тіл және қарым-қатынас» бөлімі бойынша

8

«Киім. Сән. Талғам.», «Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер» бөлімі бойынша

жиынтық бағалау

Оқу мақсаты О2.Лексиканың ауызекі сӛйлеу және жазба стильдік

айырмашылықтарын мәтіндер арқылы тану

Ж1. Берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды

бӛлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру

Ж2.Жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен

құрылымын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру

құрастырып жазу

Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша

негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білім алушы

Мәтіннің стилін ажыратады

Мәтін мазмұнына сай жоспар құрады

Хат жазудың талаптарын ұстанады

Оқылым мәтіні бойынша негізгі ақпаратты анықтап,

жинақы (қысқа) мәтін жазады

Білу және түсіну

Қолдану

Орындау уақыты 10-15 минут

1-тапсырма

Төмендегі екі мәтінді салыстырып, айырмашылығын, стилін табыңыз, мәтіндердегі

қарамен белгіленген сөздің мағынасын табыңыз. Жұмысыңыздың көлемі шамамен

10-15 сөзден тұруы тиіс.

1-мәтін. Самал Шорманованың әнші Мұқасан Шахзадаевпен жүргізген сұхбатынан үзінді.

2-мәтін. http://collegy.ucoz.ru/publ/89-1-0-12313 сайтынан алынған.

1-мәтін

Мұқасан Шахзадаев: «Сәнмен, талғаммен киінуге бала кезден құштармын»

– Мұқасан аға, сізді қазақ эстрадасындағы жоғары талғаммен киінетін әншілердің

қатарына жатқызады. Ӛзіңіздің ойыңызша қалай?

– Мен ӛзін сыйлаған, ӛзін жақсы кӛрген әрбір адам дұрыс киінеді деп ойлаймын. Оның

үстіне, ӛнер жолында жүргеннен кейін, халықтың алдында жүреміз. Дұрыс киініп

жүрмесе, онда адам ӛз-ӛзін сыйламағандығы. Ӛзіме келер болсам, сәнмен, талғаммен

киінуге бала кезден құштармын. Себебі, анам тігінші болған. Кеңес үкіметінің кезінде

ақшаң болған күннің ӛзінде киім тапшы болатын. Сондықтан анама әр түрлі сән

журналдарындағы киімдерді кӛрсетіп, тіктіртіп алатынмын.

(Сұхбаттасқан: Самал Шорманова. http://www.juldizdar.kz/?p=1191 сайтынан. 83-сӛз)

2-мәтін

Қашанда қазақ халқы ұлттық киімді қадір тұтқан. Қазақ қыздарының ұлттық киімін

- баршын, торғын, шәйі, қырмызы сияқты жұмсақ нәзік маталарды пайдалана отырып,

бүрмелі етек, бүрмелі жеңін аса кең етіп кӛлбеңдете тіккенінде қазақтың бүкіл тұрмыс-

салты жатыр емес пе?! Қыз балалардың, әйел адамдардың киімін жұмсақ, нәзік матадан

тігетіні нәзіктігі мен әдептілігі үстіндегі киімінен-ақ кӛрініп тұрған ғой. Етек-жеңінің кең

болатыны – қазақтың дархандығын, үрімді-бұтақты екендігін, мейірімін,

қонақжайлылығын, даладай кең пейілін, қолының жомарттығын білдіреді. Кең етектің

Page 8: Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ... · 2019-10-02 · 5 «Мәдениет: тіл және қарым-қатынас» бөлімі бойынша

9

қабат-қабат бүрмесі жеті сатыдан тұрады. Жеті қазына, жеті кие, жеті қат жер, жеті ата

тазалығы осы ұғымға сиып тұр. Әйел ұлтты тәрбиелейді, келген қонаққа ілтипат кӛрсетіп,

дәмін ұсынған әйел атаулының киген киімдері арқылы бұрынғы бабаларымыз елдігімізді

таныған.

(http://collegy.ucoz.ru/publ/89-1-0-12313 (108 сөз)

Мәтіндерді салыстыру

1 -мәтін 2- мәтін

Стилі

Айырмашылығы

2-тапсырма

Мәтінді оқып, мазмұн бойынша шағын жоспар құрыңыз.

Сол күні қазақтың ең әдемі аруы атағы үшін 21 үміткер сынға түсті. Кӛркіне ақылы

сай қаракӛз қыздарымыздың барлығы да жеңістен үмітті. Алайда, елдің ең сұлу аруы

атану үшін бойжеткендерімізге жеңіл болған жоқ. Байқауға қатысушыларға қойылған

талаптар ӛте жоғары болды. Бұл сайыста арулар сұлу әрі кӛрікті ғана емес, сондай-ақ ана

тілін құрметтейтін, тарихын, салт-дәстүрін білетін, әдебиет пен мәдениеттен хабары

болуы шарт.

Байқау бірнеше кезеңнен тұрды. Мұнда бойжеткендер шығармашылық және

зияткерлік белсенділіктерін кӛрсетті. Сынға түскен аруларымыз сондай-ақ, қазақ эстрада

жұлдыздарымен бірге ән шырқап, би билеп, ӛнерлерін паш етті.

Арулардың ӛнерін белгілі тележүргізуші Айгүл Мүкей, отандық опера примасы Нұржамал

Үсенбаева, ақын Айнұр Тұрсынбаева, байқаудың продюсері Баян Есентаева, театр және

кино актері Ғани Құлжановтар бағалады.

«Қазақ аруы» байқауының бас жүлдесі 20 жасар маңғыстаулық Гүлназ Жолановаға

бұйырды. Ару тәжін Гүлназға байқаудың былтырғы жеңімпазы Әйгерім Қанатбаева

табыстады.

( http://lite.bnews.kz/kk/photonews/post/10189/ 133сөз)

Жоспар

Кіріспе бӛлім ____________________________

Негізгі бӛлім ____________________________

Қорытынды бӛлім ________________________

3-тапсырма

Сізге досыңыздан хат келді делік. Хатқа жауап жазыңыз (10-20 сөз).

Сәлем, Бақытжан!

Хал қалай?

Өзім жақсымын. Отбасым аман-есен. Мен өз

фирмамды ашқым келеді. Онда шаштараз, сән

салоны болады деп ойлаймын. Барлық қағаздарды

дайындап жатырмын.

Сенен бір көмек керек. Фирмамды қалай атауды

білмей тұрмын. Сенің ойыңша, атау қандай болу

керек? Мүмкін, қос атау ма? Немесе тарихи атау

ма?

Page 9: Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ... · 2019-10-02 · 5 «Мәдениет: тіл және қарым-қатынас» бөлімі бойынша

10

4-тапсырма

Мәтінді мұқият оқып шығып, тест сұрақтарына жауап беріңіз.

«Отан отбасынан басталады» деп жатамыз. Жанұяның береке-бірлігі – әр сәбидің,

әр баланың болашақ қадамы. Ӛйткені ұяда не кӛрсең, ұшқанда соны ілесің. Отбасы – ол да

бір шағын ғана мемлекет.

15 мамыр - халықаралық отбасы күні. Атаулы күн 1993 жылы БҰҰ-ның Бас

Ассамблеясымен бекітілген. Бұл күнді белгілеу түрлі мемлекеттерде қоғамның назарын

отбасына аудару қажеттігінен туындаған. Отбасы күні алғаш рет 1994 жылы аталып ӛтті.

Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген

зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы әрбір елдің дамуы мен келешегінің

ӛлшемі деп білеміз.

(http://infourok.ru/otbasi-turali-303275.html 82 сӛз)

1. Мәтінге сәйкес тақырыпты таңдаңыз.

A. Отан - отбасынан басталады

B. Келешектің ӛлшемі

C. Отбасы күні

D. Қоғамның діңгегі

2. Мәтіннің негізгі ойы қандай?

A. Отбасы - шағын мемлекет.

B. Отан отбасынан басталады.

C. Қоғам назарын отбасына аудару.

D. Тату болу, ынтымақтастықта болу.

3. Мәтіндегі тірек сөздерді анықтаңыз.

A. отбасы, Отан, бала, болашақ.

B. отбасы күні, елдің дамуы, отбасының аман-саулығы.

C. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы, бекітілді, отбасы мерекесі.

D. сүйіспеншілік, зиялы қоғам, халықаралық.

4. Еліміздің келешегінің өлшемі не?

A. Отбасы күні

B. Жанұяның береке-бірлігі

C. Елдің дамуы

D. Отбасының аман саулығы

5. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген нақыл сөзді қалай түсінесің?

А. Отан отбасынан басталады.

В. Бала отбасынан тәрбие алады.

С. Отбасы - шағын мемлекет.

D. Отбасы - қоғамның діңгегі.

Бағалау критерийі Тапсырма Дескриптор Балл

Білім алушы

Мәтіннің стилін ажыратады.

1 стиль түрін анықтайды; 1

мәтіндерді салыстыра алады; 1

сӛзді орынды қолданады; 1

ауызша, жазбаша стильді

ажыратады;

1

Page 10: Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ... · 2019-10-02 · 5 «Мәдениет: тіл және қарым-қатынас» бөлімі бойынша

11

Мәтін мазмұнына сай

жоспар құрады.

2 мәтін мазмұны бойынша шағын

жоспар құрады;

1

Хат жазудың талаптарын

ұстанады.

3 хатқа тән белгілерді сақтайды

(50-60 сӛз);

1

мазмұнын тақырыпқа сай,

қызықты, әсерлі жазады;

1

хат құрылымын сақтайды; 1

қажетті бейнелеуіш құралдарды

орынды қолданады;

1

сауатты жазады. 1

Оқылым мәтіні бойынша

негізгі ақпаратты анықтап,

жинақы (қысқа) мәтін

жазады.

4 мәтіндегі ақпаратқа сәйкес

нұсқаны дұрыс белгілей алады.

1

Барлығы 11

Page 11: Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ... · 2019-10-02 · 5 «Мәдениет: тіл және қарым-қатынас» бөлімі бойынша

12

«Киім.Сән.Талғам», «Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-

аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні ___________________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейлері

Жоғары Орта Төмен

Мәтіннің стилін ажыратады.

Стиль түрін анықтауда,

мәтіндерді салыстыруда,

сӛз саптауда ауызша, жазбаша

стильді ажыратуда қиналады.

Стиль түрін анықтауда,

мәтіндерді салыстыруда,

сӛз саптауда

ауызша, жазбаша стильді

ажыратуда қателіктер жібереді.

Стиль түрін анықтайды,

мәтіндерді салыстыра алады,

сӛз саптауы орынды,

ауызша, жазбаша стильді

ажырата алады.

Мәтін мазмұнына сай жоспар

құрады.

Мәтін мазмұны бойынша шағын

жоспар құру қиындық туғызады.

Мәтін мазмұны бойынша

шағын жоспар құруда

қателеседі.

Мәтін мазмұны бойынша шағын

жоспар құрады.

Хат жазудың талаптарын

ұстанады.

Хатқа тән белгілерді сақтауда, (50-

60 сӛз) мазмұнын тақырыпқа сай,

қызықты, әсерлі жазуда,

хат құрылымын сақтауда,

қажетті бейнелеуіш құралдарды

қолдануда, жазуда қиналады.

Хатқа тән белгілерді сақтауда,

(50-60 сӛз) мазмұнын

тақырыпқа сай, қызықты, әсерлі

жазуда, хат құрылымын

сақтауда, қажетті бейнелеуіш

құралдарды қолдануда, жазуда

қателіктер жібереді.

Хатқа тән белгілерді сақтайды,

(50-60 сӛз)

мазмұнын тақырыпқа сай,

қызықты, әсерлі жазады,

хат құрылымын сақтайды,

қажетті бейнелеуіш құралдарды

орынды қолданады,

сауатты жазады.

Оқылым мәтіні бойынша

негізгі ақпаратты анықтап,

жинақы (қысқа) мәтін жазады.

Мәтіндегі ақпаратқа сәйкес нұсқаны

дұрыс белгілеуде қиналады.

Мәтіндегі ақпаратқа сәйкес

нұсқаны дұрыс белгілеуде

қателеседі.

Мәтіндегі ақпаратқа сәйкес

нұсқаны дұрыс белгілейді.

Page 12: Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ... · 2019-10-02 · 5 «Мәдениет: тіл және қарым-қатынас» бөлімі бойынша

13

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

Page 13: Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ... · 2019-10-02 · 5 «Мәдениет: тіл және қарым-қатынас» бөлімі бойынша

14

«Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты О6.Оқылым стратегияларын қолдану: жалпы мазмұнын

түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу

ӘТН3.Тура және ауыспалы мағыналы сӛздерді, кӛп

мағыналы сӛздер, омоним, антоним, синонимдерді

кӛркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану

Ж4. Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бӛлімдерін сақтай

отырып, ӛзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны

сипаттап не суреттеп жазу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білім алушы

Мәтіннің мазмұнын түсініп, нақты ақпаратты

анықтайды

Мәтін құрамындағы сӛздердің синонимдерімен,

антонимдерімен қатар қолданады

Жазба жұмысында эссе құрылымын сақтап, оқиғаны

сипаттап жазады

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты 10-15 минут

1-тапсырма

Мәтінді мұқият оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.

Қызыл кітап – қауіптің дабылы және тірі табиғатты сақтау үшін күрестің нышаны.

1948 жылы дүниежүзінің ғалымдары халықаралық табиғатты қорғау одағын құрды. Бұл

одақ жойылып бара жатқан жануарлар туралы тұңғыш кітап шығарды. Кітап деректердің

«Қызыл кітабы» деп аталады. «Қызыл кітап» деген атауды

ағылшын зерттеушісі Питер Скотт ұсынды.

«Қызыл кітапқа» құлан, арқар, дуадақ, сонымен бірге

барыс, аққу, бүркіт, бірқазан, тырна, қызыл қасқыр, жабайы

қызғалдақ т.б. аңдар мен құстар, ӛсімдіктер кіреді. Бүгінгі күні

Қазақстанның «Қызыл кітабына» балықтар, қосмекенділер,

жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер, ӛсімдіктер енгізілді.

Қызыл кітапқа мәңгілікке жойылғандар жазылады. Олар:

дронт, қанатсыз гагара, кезбе кӛгершін, мамонт.

Жойылып кету қаупі бар жануарлар мен ӛсімдіктер қорықтарда

қорғалып, сақталады.

Біздің табиғатымыз ӛте бай. Бірақ оның байлығы шексіз емес, сондықтан оларды

қорғау, сақтау керек! Қазақстанда он қорық бар. Олар: Ақсу-Жабағылы, Барсакелмес,

Үстірт, Наурызым, Қорғалжын, Батыс Алтай, Алматы, Марқакӛл, Алакӛл, Қаратау.

(132 сӛз)

1. 3-абзацта не туралы айтылған?

А) жануарлар жайлы кітап шығару туралы

В) жануарлар дүниесі туралы

С) табиғатта аз кездесетін жануарлар туралы

Д) табиғатты қорғау туралы

Page 14: Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ... · 2019-10-02 · 5 «Мәдениет: тіл және қарым-қатынас» бөлімі бойынша

15

2. «Қызыл кітапқа» енген жануарды белгілеңіз?

А) арқар

В) бірқазан

С) қызғалдақ

Д) тырна

3. Қай мақал-мәтел мәтіннің идеясына сәйкес келеді?

А) Бұлақ болмаса, ӛзен болмас еді.

В) Бір тал кессең, он тал ек.

С) Табиғат – тал бесік.

Д) Жердің кӛркі тал болар, елдің кӛркі мал болар.

2-тапсырма

Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтап, өз ойыңызды білдіре

отырып жазыңыз. Сөз саны -100-120.

______________________________________________________________________

______________________________________________________________________

______________________________________________________________________

3-тапсырма

Мәтінді мұқият оқып, қарамен белгіленген сөздердің синонимін, антонимін табыңыз.

Ақ сексеуіл

Ақ сексеуілдің ұшар басы ақшылдау болып келеді.

Сексеуілдің ағашы ӛте мықты әрі ауыр болғандықтан, суға

батып кетеді. Бұл - таскӛмір беретіндей жылу бӛле алатын

бағалы отын. Тамырының ұзындығы 10 метрден асып

жығылатын сексеуілдің жер бетіндегі діңі бес метрден асады.

Оның ұзын әрі кеңінен тармақталған тамырлары сусымалы

құмды торлап алып, оның қозғалысын тежейді. Осы себепті

сексеуіл құмды тоқтатуға таптырмайтын ӛсімдік болып

табылады. Шӛлге тӛзімді, жас ӛркендерін қыста қой, түйе жақсы жейді.

(71 сӛз)

4-тапсырма

Белгілі бір мекендегі шипалы өсімдіктер туралы (25-30 сөз көлемінде) сипаттап

жазыңыз.

Бағалау критерийі №

тапсырма

Дескриптор Балл

Білім алушы

Мәтіндегі негізгі және

қосымша ақпаратты

анықтайды.

1 мәтінге сай ақпараттарды

ажыратады;

1

мәтіндегі қосымша ақпараттарды

анықтайды;

1

2 тақырыпқа қатысты ӛз ойын

білдіре алады;

1

сауатты жазады (айтады); 1

мәтіндегі негізгі ақпараттарға

қатысты сӛздер немесе сӛз

тіркестерін анықтайды.

1

Мәтіндегі

синоним,антонимнің

3 тақырыпқа қатысты

синонимдердің баламасын табады;

1

Page 15: Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ... · 2019-10-02 · 5 «Мәдениет: тіл және қарым-қатынас» бөлімі бойынша

16

балама мағынасын табады. тақырыпқа қатысты

антонимдердің балама мағынасын

табады.

1

Жазба жұмысында эссе

құрылымын сақтап,

оқиғаны сипаттап жазады

4 эссе тақырыбына қатысты ӛз ойын

білдіреді;

құрылымын сақтайды (кіріспе,

негізгі, қорытынды);

затты сипаттап жазады;

кӛлемін сақтайды.

1

1

1

1

Барлығы 11

Page 16: Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ... · 2019-10-02 · 5 «Мәдениет: тіл және қарым-қатынас» бөлімі бойынша

17

«Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты

ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні ___________________________________________

Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейлері

Жоғары Орта Төмен

Мәтіндегі негізгі және

қосымша ақпаратты

анықтайды.

Мәтінге сай ақпараттарды,

анықтау, тақырыпқа қатысты ӛз

ойын білдіру, жазу, негізгі

ақпараттарға қатысты сӛздер

немесе сӛз тіркестерін анықтау

қиындық туғызады.

Мәтінге сай ақпараттарды,

анықтауда, тақырыпқа қатысты ӛз

ойын білдіруде, жазуда, негізгі

ақпараттарға қатысты сӛздер

немесе сӛз тіркестерін анықтауда

қателіктер жібереді.

Мәтінге сай ақпараттарды

анықтайды, тақырыпқа қатысты

ӛз ойын білдіре алады, сауатты

жазады, негізгі ақпараттарға

қатысты сӛздер немесе сӛз

тіркестерін анықтайды.

Мәтіндегі

синоним,антонимнің балама

мағынасын табады.

Тақырыпқа қатысты

синонимдердің, антонимдердің

балама мағынасын табуда

қиналады.

Тақырыпқа қатысты

синонимдердің, антонимдердің

балама мағынасын табуда

қателеседі.

Тақырыпқа қатысты

синонимдердің, антонимдердің

балама мағынасын табады.

Жазба жұмысында эссе

құрылымын сақтап, оқиғаны

сипаттап жазады.

Эссе тақырыбына қатысты ӛз

ойын білдіру, құрылымын сақтау,

затты сипаттап жазу,

кӛлемін сақтау қиындық

туғызады.

Эссе тақырыбына қатысты ӛз

ойын білдіруде, құрылымын

сақтауда,

затты сипаттап жазуда,

кӛлемін сақтауда қиналады.

Эссе тақырыбына қатысты ӛз

ойын білдіреді, құрылымын

сақтайды,

затты сипаттап жазады,

кӛлемін сақтайды.

Page 17: Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ... · 2019-10-02 · 5 «Мәдениет: тіл және қарым-қатынас» бөлімі бойынша

18

«Менің бос уақытым және хобби» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты Т/А5. Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға

жауап беру, кӛтерілген мәселе бойынша ӛз ойын білдіру

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білім алушы

Сұрақтарға жауап беру арқылы кӛтерілген

мәселені анықтайды

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты 10-15 минут

1-тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдап, мәтінге сай негізгі тақырыпты анықтаңыз. Тақырыпқа

байланысты көтерілген мәселені түсіндіріңіз.

Үй ішіндегі мұражай

75 жастағы Жорж Дау ӛмірін аң аулаумен

ӛткізген. Осы хоббидің жетегімен, ол әлемнің кӛп

түкпірін аралап үлгерген. Қазірде оның үйі үйден гӛрі

жануарлар мұражайына келіңкірейді.

Аңшының коллекциясында аю, морж, керік,

мүйізтұмсық, бегемот, тау ешкілері, газель, гепард,

арыстан, маймыл, піл, зебра секілді жануарлар бар.

Жорждың айтуынша, ол ӛзінің алғашқы киігін

солтүстік Квебекте жүріп атып алған. Ол содан кейін

Британ Колумбиясына жол тартып, тағы екі жануарды

ӛлтірген. Міне содан бері оның аңшылық ӛмірі

басталған екен. Жорж осы уақытқа дейін 40-қа жуық елде аңшылық қылған.

Бірнеше жылдан соң, Жорж аулап алған аңдарын қатырып, үйіне әкеліп қоюды ойға

алады.

Мамандардың есептеуінше, мұражайдың құны 5,3 миллион фунт стерлингті (8,7

миллион доллар) құрайды.

(110 сӛз)

Алтын тағалы арғымақ

Ӛмірдерегінде Халықаралық «Алаш» әдеби

сыйлығының лауреаты, ақын Ғалым Жайлыбайдың

жылқышы болғаны айтылады. Бұл, әрине, аса

таңырқай қоятын жәйт емес. Ал оның таға жинайтын

әуестігі жӛніндегі сӛз біршама қызықтыруы әбден

мүмкін.

Жылқышының баласы екен. Ат пен ат

әбзелдеріне деген құмарлық адам жанының әуелден

жылқыға жақындығынан негіз алса керек.

Таға – жастайынан ӛмірдегі қым-қуыт әсерлерді сіңіре-сіңіре ақындық орбитасына

кӛтеріліп кеткен ауыл баласының сонау қаршадайда бәйгеге шапқан балғын күндерінен

бергі дәнекердей сезіледі. Осылардың ортасында ойға батып, шалқар шабытқа нәр алып

Page 18: Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ... · 2019-10-02 · 5 «Мәдениет: тіл және қарым-қатынас» бөлімі бойынша

19

отыратындай.

Ғалекең бастапқыда кӛзіне оттай басылып, кӛңілін баураған кәдімгі болат

тағаларды жинастырып кӛрсе керек. Бірақ бұлар қала жағдайында бірталай қолайсыздық

туғызады. Содан біртіндеп тағаның кәдесый пішініндегі түрлерінің оңтайлы екенін

түсінеді. Ал іздесең, мұның алтынын да, күмісін де табуға болады. Және ӛте ыңғайлы.

Эстетикалық жағынан сонша тартымды.

(Құлтӛлеу Мұқаш, (122 сӛз)

Бағалау критерийі № тапсырма Дескриптор Балл

Білім алушы

Сұрақтарға жауап

беру арқылы

кӛтерілген мәселені

анықтайды.

1 тақырыпты ӛте жақсы түсінеді; 1

күтпеген сұрақтарға жауабы тез,

әрі орынды;

1

талқылау кезінде ӛз ойын толық

жеткізеді;

1

Барлығы 3

Page 19: Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ... · 2019-10-02 · 5 «Мәдениет: тіл және қарым-қатынас» бөлімі бойынша

20

«Менің бос уақытым және хобби» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты

ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні ___________________________________________

Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейлері

Жоғары Орта Төмен

Сұрақтарға жауап беру арқылы

кӛтерілген мәселені анықтайды.

Тақырыпты түсініп,

күтпеген сұрақтарға жауап беруде,

талқылау кезінде ӛз ойын жеткізуде

қиналады.

Тақырыпты түсініп,

күтпеген сұрақтарға жауап беруде,

талқылау кезінде ӛз ойын жеткізуде

қателіктер жібереді.

Тақырыпты ӛте жақсы түсінеді,

күтпеген сұрақтарға жауабы тез,

әрі орынды, талқылау кезінде ӛз

ойын толық жеткізе алады.

Page 20: Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ... · 2019-10-02 · 5 «Мәдениет: тіл және қарым-қатынас» бөлімі бойынша

21

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

Page 21: Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ... · 2019-10-02 · 5 «Мәдениет: тіл және қарым-қатынас» бөлімі бойынша

22

«Қиял әлемі» бөлімі тақырыптар бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты Т/А3. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және

қосымша ақпаратты анықтау

Т/А2.Әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени,

тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (ән мәтіні,

хабарлама, жарнама, хабарландыру) кӛтерілген мәселені

түсіндіру

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білім алушы

Мәтіннің мазмұнына қатысты қосымша ақпаратты

анықтайды

Тақырыпқа байланысты кӛтерілген мәселені

ажыратады

Білу және түсіну

Қолдану

Орындау уақыты 10-15 минут

1-тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдап, идеясын жұбыңызбен талқылаңыз. Мәтіндегі қосымша ақпаратты

анықтаңыз. Тақырыпқа байланысты көтерілген мәселені түсіндіріңіз.

1-мәтін

Қиял туралы жалпы ұғым

Ертегі десе әдетте әрдайым шындық, әділет жеңетін, ізгілік үстемдік құратын, бай

мен кедей теңесетін әлем ретінде қабылдаймыз. Әлеуметтік жағдайы тӛмен отбасынан

шыққан қыз ауқатты жігіттің етегінен ұстаса, оны Күлше қызға теңеп жатады. Бірақ

Күлше қыз ауқатты отбасынан болған. Жай ғана кедей шаруаның қызы болса патша

сарайында би кеші ӛтетінін қайдан білсін?! «Сұлу мен Құбыжық» ертегісінде жазушының

айтпағы, сырт келбеттің маңызды емес екендігі болса, кейіпкер неге соңына дейін

құбыжық болып қала бермейді? Неге құбыжық та, бақа да қарапайым жігіт емес, ханзадаға

айналады? Адамның сырт келбетті жоғары қоятыны, билікті, байлықты аңсайтыны

ертегілерде де кӛрініс тапқан сияқты. Ал сіз ертегілерден қандай шындықты байқай

алдыңыз? Сайып келгенде ертегілер мен шынайы өмір ұқсас па?

2-мәтін

Қиял

Қиял дегеніміз — сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік

образдарын қайтадан жаңартып, ӛндеп, бейнелеуде кӛрінетін, тек адамға ғана тән

психикалық процесс: «...барлық жан қуаттарын (рухани күштерді) тек қиял ғана ӛзіндік

сақталатын тӛзімдік заттарды модельдендіре алады» (әл-Фараби). Адамда қиял пайда

болған кезде ми қабығында бұрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға

түседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап,

ӛңдеу процесінде екінші сигнал жүйесі шешуші рӛл атқарады.

(kitaphana.kz сайтынан)

2-тапсырма

Page 22: Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ... · 2019-10-02 · 5 «Мәдениет: тіл және қарым-қатынас» бөлімі бойынша

23

Суреттер желісі бойынша әңгіме құрастырыңыз.

Бағалау критерийі № тапсырма Дескриптор Балл

Білім алушы

Мәтіннің мазмұнына

қатысты қосымша

ақпаратты анықтайды.

1 тақырып туралы мәліметтерді

анықтайды;

1

тақырыпқа қажетті тірек сӛздерді

орынды қолданып, ойын жүйелі

жеткізеді;

1

сӛздік қоры мол, кӛркемдегіш

құралдарды дұрыс қолданады;

1

Тақырыпқа байланысты

кӛтерілген мәселені

ажыратады.

мәселеге дербес баға береді; 1

сыни пікірлер айтады; 1

сӛзді орынды жеткізеді; 1

мәтіннен қосымша ақпараттарды

анықтайды;

1

2 сурет желісі бойынша

кейіпкерлерді қатыстыра отырып,

әңгіме құрастырады.

1

Барлығы 8

Page 23: Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ... · 2019-10-02 · 5 «Мәдениет: тіл және қарым-қатынас» бөлімі бойынша

24

«Қиял әлемі» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

Білім алушының аты-жөні ___________________________________________

Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейлері

Төмен Орта Жоғары

Мәтіннің мазмұнына

қатысты қосымша

ақпаратты анықтайды.

Тақырып туралы мәліметтерді,

қажетті тірек сӛздерді орынды

қолданып, ойын жүйелі жеткізуде,

сӛздік қорды, кӛркемдегіш

құралдарды қолдануда қиналады.

Тақырып туралы мәліметтерді,

қажетті тірек сӛздерді қолдануда,

ойын жеткізуде, сӛздік қорды,

кӛркемдегіш құралдарды қолдануда

қателеседі.

Тақырып туралы мәліметтерді

біледі, қажетті тірек сӛздерді

орынды қолданып, ойын жүйелі

жеткізеді,

сӛздік қоры мол, кӛркемдегіш

құралдарды дұрыс қолданады.

Тақырыпқа байланысты

кӛтерілген мәселені

ажыратады.

Мәселеге дербес баға беру, сыни

пікірлер айту, сӛз саптау, мәтіннен

қосымша ақпараттарды анықтау

қиындық туғызады.

Мәселеге дербес баға беруде,

сыни пікірлер айтуда,

сӛз саптауда, мәтіннен қосымша

ақпараттарды анықтауда қателіктер

жібереді.

Мәселеге дербес баға береді,

сыни пікірлер айтады, сӛз

саптауы орынды,

мәтіннен қосымша ақпараттарды

анықтайды.

Page 24: Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ... · 2019-10-02 · 5 «Мәдениет: тіл және қарым-қатынас» бөлімі бойынша

25

«Көлік және жол белгілері», «Адамның сырт келбеті мен мінезі» бөлімі бойынша

жиынтық бағалау

Оқу мақсаты Ж4.Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бӛлімдерін сақтай

отырып, ӛзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны

сипаттап не суреттеп жазу

Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша

негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу

ӘТН1. Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын,

емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық

нормаға сай жазу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білім алушы

Жазылым құрылымын сақтайды, белгілі бір оқиғаны

сипаттап жазады

Үндестік заңын ескеріп, сауатты жазады

Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтап, жинақы

(қысқа) мәтінді түрлендіріп жазады

Білу және түсіну

Қолдану

Орындау уақыты 10-15 минут

1-тапсырма

Көпшілік мінетін көліктердегі әдептілік негізі сақтала ма? Ойыңызды сипаттап не

суреттеп жазыңыз (50-60 сөз көлемінде).

2-тапсырма

Берілген түпнұсқа мәтінді мұқият оқып шығыңыз. Кестенің екінші бағанына

негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктеп, бір сөйлемге дейін ықшамдаңыз.

Мәтінді ықшамдауда есім сөздерді жалғаулар арқылы түрлендіріп жазыңыз.

Түпнұсқа мәтін Жинақы

мәтін

«Мінез» сӛзі ӛмірде және кӛркем әдебиетте кеңінен қолданылады. Басқа

адамдармен қатынаса отырып, әр адам ӛз мінезін танытады және

ӛзгенікін бағалайды. Күнделікті ӛмірде қауым мінезді «жақсы»,

«жаман», «ауыр», «жеңіл» деп сипаттайды. Ара қатынасымыз бұзылған

жағдайда, әдетте: «Мінезіміз келіспеді», - деп жауап береміз. Түрліше

мінез иелері ұқсас жағдайларда әр түрлі әрекет етеді, күйзеледі. Егер біз

келесі адамның мінезін жетік білетін болсақ, онда бізге оның

әрекеттерін түсіну де оңайға соғады, ендеше, ол адаммен қатынасудың

тиімді стилін таңдап, белгілі жағдайлардағы әрекет-қылықтарын

болжай аламыз.

Мінез ерекшеліктері жайлы білім мамандарды жұмысқа

қабылдауда, жауапты қызметке тағайындауда, бірлескен әрекетті

орындауды тапсыруға байланысты топтарға біріктіруде маңызды.

Сонымен қатар шиеленістерді шешуде, ұжымда жағымды

психологиялық ахуалды орнатуда, қарым-қатынас тиімділігін

арттыруда мінез жайлы түсінік аса қажет.

Page 25: Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ... · 2019-10-02 · 5 «Мәдениет: тіл және қарым-қатынас» бөлімі бойынша

26

Мінез-құлқымен тығыз байланыста

Кез келген адамды бір кӛргенде-ақ оның кӛзі, қасы, беті, құлақ-

мұрыны, аузы-мойны, дене бітімі саған әр қилы әсер етеді. Онымен

танысып, әңгімелесіп, араласып кетпей тұрып-ақ, ол қандай адам, сол

жӛнінде ӛзіндік пікір де қалыптастырып үлгересің. Бұл - адамды

адамның сыртқы келбеті арқылы-ақ танып, білу қасиеті. Содан

әлдекімді бір кӛргенде-ақ, «Әлем-жәлем киінуді ұнататын сәнқойсымақ

екен», «Күлкісі қандай жасанды», «Түрі қандай тұрпайы, ӛзі арсыз жан

шығар», - деп те жатамыз. Әйтеуір адамның сыртқы келбеті не

сүйсіндіреді, не одан жиіркендіреді, тіпті, таң-тамаша да қалдырады.

М.Сүлеймен

Бағалау критерийі №

тапсырма

Дескриптор Балл

Білім алушы

Жазылым құрылымын

сақтайды, белгілі бір

оқиғаны сипаттап жазады.

1 эссенің кіріспе бӛлімінде

қоғамдық кӛліктегі әдептілік

туралы түсінік береді (25 сӛз);

1

эссенің негізгі бӛлімінде қоғамдық

кӛліктегі болған оқиғаны

сипаттайды (60 сӛз);

1

эссенің қорытынды қоғамдық

кӛліктерде әдептілік негізін

сақтауға шақырады (25 сӛз);

1

эссе құрылымын сақтайды

(кіріспе, негізгі, қорытынды);

1

Үндестік заңын ескеріп,

сауатты жазады.

ойын еркін, әрі әсерлі етіп толық

жеткізеді, қателерді жібермейді.

1

Мәтіндегі негізгі ақпаратты

анықтап, жинақы (қысқа)

мәтінді түрлендіріп жазады.

2 жинақы мәтін құрастыруда негізгі

ойды білдіретін сӛйлемдерді

іріктей алады;

1

мәтіндегі негізгі ақпараттарға

сүйеніп, жинақы мәтін жаза алады;

1

зат есімдерді жалғаулар арқылы

түрлендіріп қолданады;

1

грамматикалық және лексикалық

құрылымдарды орынды

қолданады;

1

сауатты жазады. 1

Барлығы 10

Page 26: Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ... · 2019-10-02 · 5 «Мәдениет: тіл және қарым-қатынас» бөлімі бойынша

27

«Көлік және жол белгілері» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға

арналған ақпарат (рубрика)

Білім алушының аты-жөні ____________________________________

Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейлері

Төмен Орта Жоғары

Жазылым құрылымын

сақтайды, белгілі бір оқиғаны

сипаттап жазады.

Эссенің кіріспе бӛлімінде

қоғамдық кӛліктегі әдептілік

туралы түсінік беру (25 сӛз),

негізгі бӛлімінде қоғамдық

кӛліктегі болған оқиғаны

сипаттау (60 сӛз),

қорытындысында қоғамдық

кӛліктерде әдептілік негізін

сақтауға шақыру (25 сӛз),

құрылымын сақтау (кіріспе,

негізгі, қорытынды) қиындық

туғызады.

Эссенің кіріспе бӛлімінде

қоғамдық кӛліктегі әдептілік

туралы түсінік беруде (25 сӛз),

негізгі бӛлімінде қоғамдық

кӛліктегі болған оқиғаны

сипаттауда (60 сӛз),

қорытындысында қоғамдық

кӛліктерде әдептілік негізін

сақтауға шақыруда (25 сӛз),

құрылымын сақтауда (кіріспе,

негізгі, қорытынды) қателіктер

жібереді.

Эссенің кіріспе бӛлімінде

қоғамдық кӛліктегі әдептілік

туралы түсінік береді (25 сӛз),

негізгі бӛлімінде қоғамдық

кӛліктегі болған оқиғаны

сипаттайды (60 сӛз), қорытынды

қоғамдық кӛліктерде әдептілік

негізін сақтауға шақырады (25

сӛз), эссе құрылымын сақтайды

(кіріспе, негізгі, қорытынды).

Үндестік заңын ескеріп,

сауатты жазады.

Ойын жеткізуде қиналады. Ойын еркін, әсерлі етіп

жеткізуде қателер жібереді.

Ойын еркін, әрі әсерлі етіп толық

жеткізеді, қателер жібермейді.

Мәтіндегі негізгі ақпаратты

анықтап, жинақы (қысқа)

мәтінді түрлендіріп жазады.

Жинақы мәтін құрастыруда

негізгі ойды білдіретін

сӛйлемдерді іріктеуде,

жинақы мәтін жазуда, зат

есімдерді жалғаулар арқылы

түрлендіріп, грамматикалық

және лексикалық

құрылымдарды қолдануда

қиналады.

Жинақы мәтін құрастыруда

негізгі ойды білдіретін

сӛйлемдерді іріктеуде,

негізгі ақпараттарға сүйеніп

жинақы мәтін жазуда, зат

есімдерді жалғаулар арқылы

түрлендіріп, грамматикалық

және лексикалық

құрылымдарды орынды

қолдануда қателеседі.

Жинақы мәтін құрастыруда негізгі

ойды білдіретін сӛйлемдерді

іріктей алады,

мәтіндегі негізгі ақпараттарға

сүйеніп жинақы мәтін жаза алады,

зат есімдерді жалғаулар арқылы

түрлендіріп қолданады,

грамматикалық және лексикалық

құрылымдарды орынды

қолданады.

сауатты жазады.

Page 27: Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ... · 2019-10-02 · 5 «Мәдениет: тіл және қарым-қатынас» бөлімі бойынша

28

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

Page 28: Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ... · 2019-10-02 · 5 «Мәдениет: тіл және қарым-қатынас» бөлімі бойынша

29

«Аспан әлемінің құпиялары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты Т/А5. Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап

беру, кӛтерілген мәселе бойынша ӛз ойын білдіру

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білім алушы

Кӛтерілген мәселе бойынша ӛз ойын сұрақтарға

жауап беру арқылы білдіреді

Қолдану

Орындау уақыты

10-15 минут

Тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдап, идеясын жұбыңызбен талқылаңыз. Мәтіндегі көтерілген басты

мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар

арқылы дамытып, дәлелдеңіз.

Қазақстандық саяхатшы

Қазақ жігіті жер шарын велосипедпен араламақ, - деп хабарлайды Азаттық. 26

жастағы Мағжан Сағымбаев 28 мың шақырым жолды жүріп ӛтпек. 2014 жылдың 1

мамырында басталатын саяхат 2015 жылы наурыз айында аяқталады. «Сапарымда

Қазақстаннан бастап, Ӛзбекстан, Түркіменстан, Иран, Түркия елдеріне барамын. Одан әрі

Еуропаның 18 еліне сапарлауды жоспарлап отырмын. Солтүстік Америкада АҚШ

территориясын, Аустралия, Малайзия, Тайланд, Камбоджа, Вьетнам, Қытайды шарлап

шығамын. Қытайдан кейін елге ораламын», - дейді саяхатшы. Ол күніне 50-ден 200

шақырымға дейін жол жүруді жоспарлап отыр. АҚШ-ты 100 күнде, Қытайды 90 күнде,

Аустралияны 30 күнде аралап шықпақ. Мағжан Сағымбаев: «Әр қаладан кӛрген-

білгенімді әлеуметтік желі мен блогым арқылы бӛлісіп отырамын», - дейді.

(kaztrk.kz сайтынан, 104 сӛз)

Бағалау критерийі № тапсырма Дескриптор Балл

Білім алушы

Кӛтерілген мәселе

бойынша ӛз ойын

сұрақтарға жауап беру

арқылы білдіреді.

1 тақырыпты анықтайды; 1

күтпеген сұрақтарға жауабы

тез, әрі орынды;

1

талқылау кезінде ӛз ойын

толық жеткізе алады.

1

Барлығы

3

Page 29: Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ... · 2019-10-02 · 5 «Мәдениет: тіл және қарым-қатынас» бөлімі бойынша

30

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты

ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

Білім алушының аты-жөні _____________________________________

Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейлері

Төмен Орта Жоғары

Кӛтерілген мәселе бойынша

ӛз ойын сұрақтарға жауап

беру арқылы білдіреді.

Тақырыпты анықтау,

күтпеген сұрақтарға жауап беру,

талқылау кезінде ӛз ойын толық

жеткізу қиындық туғызады.

Тақырыпты анықтауда,

күтпеген сұрақтарға жауап беруде,

талқылау кезінде ӛз ойын толық

жеткізуде қиналады.

Тақырыпты анықтайды,

күтпеген сұрақтарға тез жауап береді,

талқылау кезінде ӛз ойын толық

жеткізеді.

Page 30: Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ... · 2019-10-02 · 5 «Мәдениет: тіл және қарым-қатынас» бөлімі бойынша

31

«Саяхат және демалыс» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты О1.Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну,

анықтау

ӘТН3.Тура және ауыспалы мағыналы сӛздерді, кӛп

мағыналы сӛздер, омоним, антоним, синонимдерді

кӛркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану

Ж4.Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бӛлімдерін сақтай

отырып, ӛзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны

сипаттап не суреттеп жазу

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білім алушы

Мәтіндегі негізгі, қосымша ақпаратты анықтайды

Сӛздерді мағыналарына қарай кӛркем қолданады

Жазылымның құрылымын сақтап, оқиғаны сипаттап

жазады

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты 10-15 минут

1-тапсырма

Төмендегі үзінділерді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз. Тапсырмаларды

орындағанда, тілдің сапасы мен тазалығына назар аударыңыз.

Екі мәтінді салыстырып, негізгі және қосымша ақпаратты анықтаңыз. Қарамен

жазылған сөздердің антонимдік баламасын анықтаңыз.

1-мәтін

Сұхбат

- Құрметті Сабыр Шәріп мырза, қазіргі таңда Қазақстанды туризм

орталығына айналдыру туралы мәселе көтеріліп отыр. «Алыстан арбалағанша,

жақыннан дорбала» деген қазақ мақалына сай, өз елімізде де демалатын орындар

жетерлік емес пе? Осы орайда өз пікіріңізді ортаға салсаңыз.

- Иә, дұрыс айтасыз. Қазақстандағы туризмнің келешегі зор. Оның басты

себептерінің бірі - географиялық және табиғи шарттар. Жазғы маусымда

қазақстандықтар келесі демалыс орындарында демала алады: Бурабай демалыс аймағы

ӛзінің сұлулығы, кӛлдерінің молдығымен, жасыл желегімен және жануарлар әлемімен -

«Қазақстан інжуі» деген поэзиялық атауға ие. Бурабайда тыныс алу мүшелерін және

асқазан-ішек жолдары, жүрек-тамырлары жүйесі, тірек-қозғалыс аппараттарының

ауруларын емдейді. Бурабай ӛзінің қымызымен, емдік лайларымен және минералды

суымен танымал. Курорттағы ауа, әсіресе, керемет, дала шӛптері мен қылқанды орман

исімен қаныққан таза ауа.

(111 сӛз) (kk.wikipedia.org)

2-мәтін

Нұсқаулық

Саяхат ережесі

Денсаулық саяхат кезінде ерекше күтімді қажет етеді. Адам баласының ағзасына

демалыс кезінде жаңа ортаның климаты, тамағы әсер етуі мүмкін. Сондай-ақ, халық кӛп

шоғырланған жерде түрлі бактериялар мен инфекциялар ӛршіп жүреді. Сол себептен де

Page 31: Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ... · 2019-10-02 · 5 «Мәдениет: тіл және қарым-қатынас» бөлімі бойынша

32

саяхат кезінде денсаулығыңызға салғырт қарамаған жӛн. Жолға шықпас бұрын дәрігерге

барып, денсаулығыңызды тексеріп алыңыз. Саяхат кезінде денсаулығыңыз сыр бермесін

десеңіз...

Саяхатқа шықпас бұрын:

Барар мекеннің климатын, салтын, тамағы жайлы алдын ала ғаламтордан қарап,

біліп алыңыз;

Дәрігерге жолығып, қандай егу шараларын жасау керектігін сұрап, ақыл-кеңес

алыңыз.

(82 ӛз) (kk.wikipedia.org)

2-тапсырма

Жаздың шуақты күні жанұяларыңызбен бірге саяхатқа бардыңыз. Алған әсеріңізді

сипаттап жазыңыз (35-40 сөз көлемінде).

Бағалау критерийі № тапсырма Дескриптор Балл

Білім алушы

Мәтіндегі негізгі,

қосымша ақпаратты

анықтайды.

1 мәтінге сай ақпараттарды

анықтайды;

1

мәтіндегі негізгі ақпараттарға

қатысты сӛздер немесе сӛз

тіркестерін анықтайды.

1

Сӛздерді

мағыналарына қарай

кӛркем қолданады.

тақырыпқа қатысты

антонимдердің балама

мағынасын табады.

1

Жазылымның

құрылымын сақтап,

оқиғаны сипаттап

жазады.

2 кіріспе бӛлімде отбасымен

қай жерге саяхатқа

шыққандығы туралы жазады

(25-30 сӛз);

1

негізгі бӛлімде саяхаттағы бір

күнінде болған оқиғаны

сипаттап жазады (75-80 сӛз);

1

қорытынды бӛлімде саяхаттан

алған әсерімен бӛліседі (25-

30);

1

эссе құрылымын сақтайды

(кіріспе, негізгі, қорытынды).

1

Барлығы 7

Page 32: Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ... · 2019-10-02 · 5 «Мәдениет: тіл және қарым-қатынас» бөлімі бойынша

33

«Саяхат және демалыс» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты

ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)

Білім алушының аты-жөні __________________________________________

Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейлері

Төмен Орта Жоғары

Мәтіндегі негізгі, қосымша

ақпаратты анықтайды.

Мәтінге сай ақпараттарды,

мәтіндегі негізгі ақпараттарға

қатысты сӛздер немесе сӛз

тіркестерін анықтау қиындық

туғызады.

Мәтінге сай ақпараттарды,

мәтіндегі негізгі ақпараттарға

қатысты сӛздер немесе сӛз

тіркестерін анықтауда қателіктер

жібереді.

Мәтінге сай ақпараттарды,

мәтіндегі негізгі ақпараттарға

қатысты сӛздер немесе сӛз

тіркестерін анықтайды.

Сӛздерді мағыналарына

қарай кӛркем қолданады.

Тақырыпқа қатысты антонимдердің

балама мағынасын табуда қиналады.

Тақырыпқа қатысты антонимдердің

балама мағынасын табуда

қателеседі.

Тақырыпқа қатысты антонимдердің

балама мағынасын табады.

Жазылымның құрылымын

сақтап, оқиғаны сипаттап

жазады.

Кіріспе бӛлімде отбасымен қай

жерге саяхатқа шыққандығы туралы

(25-30 сӛз),

негізгі бӛлімде саяхаттағы бір

күнінде болған оқиғаны сипаттап

жазуда (75-80 сӛз), қорытынды

бӛлімде саяхаттан алған әсерімен

бӛлісуде (25-30), құрылымын

сақтауда (кіріспе, негізгі,

қорытынды) қиналады.

Кіріспе бӛлімде отбасымен қай

жерге саяхатқа шыққандығы туралы

(25-30 сӛз),

негізгі бӛлімде саяхаттағы бір

күнінде болған оқиғаны сипаттап

жазуда (75-80 сӛз), қорытынды

бӛлімде саяхаттан алған әсерімен

бӛлісуде (25-30), құрылымын

сақтауда (кіріспе, негізгі,

қорытынды) қателіктер жібереді.

Кіріспе бӛлімде отбасымен қай

жерге саяхатқа шыққандығы

туралы жазады (25-30 сӛз),

негізгі бӛлімде саяхаттағы бір

күнінде болған оқиғаны сипаттап

жазады (75-80 сӛз),

қорытынды бӛлімде саяхаттан

алған әсерімен бӛліседі (25-30),

эссе құрылымын сақтайды (кіріспе,

негізгі, қорытынды).