Іссапар Халық қалаулылары —...

4
Бейсенбі Четверг 23 тамыз августа 2018 жыл года 66 (5781) Таяуда Қарасу ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген және көпбалалы екі отбасыға әлеуметтік сыйқалта табыс етті. Өз кезегінде мейірімді жандардың шарапатын көрген отбасылар жаны жомарт азаматтарға алғысын білдірді. «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру керек». Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуінде осындай міндет қойып отыр. Халықтың тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында тәуелсіздік жылдарында елімізде көптеген бағдарлама қабылданды. Соның ішінде «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында мемлекеттік қыз- меткерлер, бюджет саласының мамандары, аз қамтылған және жас отбасылар, бір сөзбен айтқанда, түрлі санаттағы азаматтар тұрғын үйге жеңілдіктермен қол жеткізді. Қазіргі кезде «Нұрлы жер» бағдарламасы халық арасында үлкен танымалдылыққа ие болды. Себебі, сол тұрғындарға пәтермен бірге, жеке тұрғын үй алу мүмкіндігі де беріліп отыр. Үндеуде келтірілген деректерде өткен жылы ғана елімізде 11,2 миллион шаршы метр тұрғын үйдің пайдалануға берілгені айтылады. Расында, бұл – рекордтық көрсеткіш. Десе де, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар санының жыл санап көбеюі мәселенің әлі де болса шешімін таппай отырғанын байқатады. Бұл ретте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «7 – 20 – 25» бағдарламасын ұсынуы тың бастама дер едім. Бұл еліміздің шын мәніндегі әлеуметтік мемлекетке айналғанын көрсетеді. Президент өз ұсынысында несие өсімінің мөлшерлемесін қазіргідей 14-16 емес, жылына 7 пайыздан асырмауды және бастапқы жарна құнының 20 пайыздан аспауын тапсырып отыр. Бұл – қарапайым азаматтар үшін өте тиімді қадам. Біздің азаматтарымызда ақша жинау мәдениеті қалыптасуда. Демек, баспанаға жол жеңілірек болады. Дариға АбДығАпАровА, Ақбұлым ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-іс жүргізушісі. Бүгінгі күн тәртібінде тұрған аса өзекті мәселенің бірі – осы Елбасы мақаласында айтылған латын әліпбиіне көшу. Бұл осы бағдарламалық мақалада жарық көрген уақыттан бері ғана сөз болып отырған жоқ. Мұны Мемлекет басшысы 2012 жылы желтоқсан айында жариялаған «Қазақстан-2050» Стратегиясында шегелеп айтқан болатын. Тарихтың тұңғиығына көз жіберер болсақ, еліміз осы кезге дейін 3 әліпби ауыстырды. Сол үшеуі де сәтімен жүзеге асты. Латынға көшу – ұлт болып шешуге тиіс мәселе екені айтпаса да түсінікті. Зерделеп қарайтын болсақ, қазіргі таңда әлем халықтарының үштен екісі аталмыш әліпбиді пайдаланады. Ал кириллица жазуын жаһанның 12 мемлекеті ғана қолданады екен. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. 1929-1940 жылдар аралығында халқымыз латын графикасын пайдаланғаны туралы деректер тарих беттерінде сайрап жатыр. Латын графикасының бізді жаңа мүмкіндіктерге бастайтыны сөзсіз. Себебі, латын қарпі – ғылым мен технологияның тілі. Ол рухани болмысымызды байытып, қоғамдық санамызды жаңғыртады. Бұл әліпби қазақстандықтар үшін ғана емес, төрткүл дүниеге тарыдай шашылған қандастарымызға да ортақ. Демек, бұл тегі ортақ, қаны бір қандас бауырларымыз бен жергілікті қазақтар бір-бірінің жазуын анық түсінетін болады деген сөз. Латын графикасы біздің дәстүрлі мәдениетімізді дамытудың, әлемдік ғылыми-техникалық, қаржы- экономикалық рухани іргетасы болмақ. Бұған дейін бұл графиканы қолданудың озық техника мен компьютер тілін меңгерудегі және тағы басқа артықшылықтары сан мәрте талданып жазылды. Менің қосарым, бұл жазу кириллица бұғаулап тастаған қасаң қағидалардан құтылып, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге зор ықпал етеді. Елбасының тікелей тапсырмасымен латын әліпбиінің нұсқасын жасау үшін арнайы комиссия құрылды. Жаңа нұсқа қоғамның қызу талқысына түсіп, бүгінде Елбасының Жарлығымен жаңа әліпби нұсқасы бекітілді. Ендеше, ана тіліміздің айбынын асырамыз, сананы отарланудан сақтаймыз десек, латын әліпбиін біркісідей қолдағанымыз жөн. Құрбанәлі ШАхАбАй, «Шұғыла». Сейсенбі күні ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Зәуреш Аманжолова мен Бақытгүл Хаменова ауданымызға арнайы келді. Халық қалаулыларының сапары өңіріміздегі мәдени-тарихи орындарды аралаудан басталды. Олар алдымен «Айша бибі» кесенесіне аялдады. Депутаттарға «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени мемлекеттік қорық-мұражайы директорының орынбасары Қуаныш Дәуренбеков ортағасырлық сәулет ескерткішінің тарихынан сыр шертті. – «Айша бибі» кесенесі – ХІ- ХІІ ғасырлардағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Сырты керамикалық плиталармен қаланып, ойып жасалған өрнектің сән- салтанаты мен сантүрлілігі жағынан еліміздегі басқа мемориалдық- дәстүрлік ескерткіштер арасында оған тең келетіні жоқ. Бұл ескерткіш бір-бірін шынайы сүйген ғашықтардың махаббатының өшпес белгісі болып тұрған күмбез, – деді ол өз сөзінде. Мұнан соң депутаттар Айшабибі орта мектебінің ұжымымен кездесті. Ұстаздар алдында «Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы» туралы сөз қозғап, Елбасы бастамалары халық игілігі үшін жасалып жатқанын жеткізді. – Өз басым Елбасы Үндеуін ерекше ықыласпен тыңдадым. Маңызды құжатта халықтың әл- ауқатын жақсарту және әлеуметтік реформаларды уақыт талабына сай жүзеге асыру ұсынылды. Бұл жаңа бастама қоғамды ортақ мүддеге ұйытуға, Қазақ елінің әлемдік өркениеттен берік орын алуына жан- жақты ықпал етеді, – деген Зәуреш Жұманәліқызы мұғалім мәртебесінің жоғары болуы, оқушыларға сапалы білім мен саналы тәлім-тәрбие берілуі қажеттігін айтты. Әріптесінің сөзін жалғаған Бақытгүл Қайржанқызы еліміздегі үштұғырлы тіл саясатының маңыздылығына тоқталды. Жауапты тұлғалардан мектептің материалдық- техникалық базасы турасында сұрап, қазіргі кезде оқушылардың білім алуына мемлекет тарапынан барлық жағдайдың жасалғанын сөз етті. Халық қалаулылары бұдан бөлек, «Қарахан», «Дәуітбек» кесенелерінде, «Ертеислам» мешітінде, «Керуен» сарайында болып, ортағасырлық ескерткіштер мен ондағы құнды жәдігерлердің тарихына үңілді. Түс ауа депутаттар «Азамат» шаруа қожалығының типтік жүйедегі жылыжайын, «Бірлік» шаруа қожалығының мал бордақылау алаңын, «Сады Востока» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің алма бағын аралады. Шаруа қожалықтарының тыныс-тіршілігін, ондағы қызу жұмысты көзбен көріп, қожалық басшыларымен емен-жарқын әңгімелесіп, ой-пікірлерін тыңдады. Өз кезегінде «Азамат» шаруа қожалығы типтік жүйедегі жылыжайының меңгерушісі Нұржан Көпбосынов коммуналдық шығындарды өтеу үшін субсидия алғысы келетінін айтып, оны алу жолдары туралы сұраса, «Бірлік» шаруа қожалығының төрағасы Жаңабек Сұлтанбеков кәсібін кеңейту үшін несие алу, агробизнесті несиелендіру мәселелерін алға тартты. Шаруашылық жетекшілерінің өтініш-тілектерін мұқият тыңдаған депутаттар көтерілген мәселелерді қаперге алып, елге ортақ мәселелер назардан тыс қалмайтынын айтты. Шаруалардың жұмысына табыс тілеп, естелікке суретке түсті. Шаруа қожалықтарға тоқтала кетсек, ағымдағы жылы «Азамат» шаруа қожалығы типтік жүйедегі жылыжайының шаруалары 200 тонна қияр өнімін алған. Бұл – екінші маусым алдындағы бірінші маусымның көрсеткіші. 3000 ірі қара мал басы бар «Бірлік» шаруа қожалығының мал бордақылау алаңынан 1700 бас ірі қара мал экспортқа шығарылыпты. Оның ішінде 500 бас Өзбекстанға экспортталған. «Сады Востока» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі алма бағының бағбандары әзірге 200 тонна алма жинап алыпты. Бақ өнімі Қазақстан бойынша сатылып жатыр. Жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген шаруалардың алатын асуы әлі алда. Ауданымызға іссапармен келген депутаттар аталмыш нысандарды аралаған кезде олармен бірге аудан әкімінің орынбасарлары Үміткен Найманова мен Ерлан Қыдыралыұлы, аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Асқар Байдалиев, білім бөлімінің басшысы Раушан Қожамжарова, ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Еркебай Рсалиев, аудан әкімінің бас инспекторы Бауыржан Тоқтасынов, ауыл шаруашылығы саласының маманы Аманалы Құрбанов болды. Ильяс ҚАлыбеков, «Шұғыла». Іссапар Халық қалаулылары — ауданымызда Тиімді әрі Тың басТама Латын әЛІпбиІне көшу – заман таЛабы Ұлттық сананың ояну тетігі ҚайырымдыЛыҚ Жомарт Жандардың Жақсылығы «2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліпбиімен басып шығара бастауға тиіспіз. 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірісуіміз қажет» елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласынан

Upload: others

Post on 21-Dec-2020

5 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: Іссапар Халық қалаулылары — ауданымыздаshugyla-raduga.webpress.kz/storage/8e/8eeb8342dacb6a0722...– «Айша бибі» кесенесі –

БейсенбіЧетверг 23 тамыз

августа 2018 жылгода66 (5781)

Таяуда Қарасу ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген және көпбалалы екі отбасыға әлеуметтік сыйқалта табыс етті. Өз кезегінде мейірімді жандардың шарапатын көрген отбасылар жаны жомарт азаматтарға алғысын білдірді.

«Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру керек». Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуінде осындай міндет қойып отыр. Халықтың тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында тәуелсіздік жылдарында елімізде көптеген бағдарлама қабылданды. Соның ішінде «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында мемлекеттік қыз-меткерлер, бюджет саласының мамандары, аз қам тылған және жас отбасылар, бір сөзбен айтқанда, түрлі санат тағы азаматтар тұрғын үйге жеңілдіктермен қол жеткізді.

Қазіргі кезде «Нұрлы жер» бағдарламасы халық арасында үлкен танымалдылыққа ие болды. Себебі, сол тұрғындарға пәтермен бірге, жеке тұрғын үй алу мүмкіндігі де беріліп отыр.

Үндеуде келтірілген деректерде өткен жылы ғана елімізде 11,2 миллион шаршы метр тұрғын үйдің пайдалануға берілгені айтылады. Расында, бұл – рекордтық көрсеткіш. Десе де, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар санының жыл санап көбеюі мәселенің әлі де болса шешімін таппай отырғанын байқатады. Бұл ретте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «7 – 20 – 25» бағдарламасын ұсынуы тың бастама дер едім. Бұл еліміздің шын мәніндегі әлеуметтік мемлекетке айналғанын көрсетеді. Президент өз ұсынысында несие өсімінің мөлшерлемесін қазіргідей 14-16 емес, жылына 7 пайыздан асырмауды және бастапқы жарна құнының 20 пайыздан аспауын тапсырып отыр. Бұл – қарапайым азаматтар үшін өте тиімді қадам. Біздің азаматтарымызда ақша жинау мәдениеті қалыптасуда. Демек, баспанаға жол жеңілірек болады.

Дариға АбДығАпАровА,Ақбұлым ауылдық округі әкімі аппаратының

бас маман-іс жүргізушісі.

Бүгінгі күн тәртібінде тұрған аса өзекті мәселенің бірі – осы Елбасы мақаласында айтылған латын әліпбиіне көшу. Бұл осы бағдарламалық мақалада жарық көрген уақыттан бері ғана сөз болып отырған жоқ. Мұны Мемлекет басшысы 2012 жылы желтоқсан айында жариялаған «Қазақстан-2050» Стратегиясында шегелеп айтқан болатын. Тарихтың тұңғиығына көз жіберер болсақ, еліміз осы кезге дейін 3 әліпби ауыстырды. Сол үшеуі де сәтімен жүзеге асты. Латынға көшу – ұлт болып шешуге тиіс мәселе екені айтпаса да түсінікті. Зерделеп қарайтын болсақ, қазіргі таңда әлем халықтарының үштен екісі аталмыш әліпбиді пайдаланады. Ал кириллица жазуын жаһанның 12 мемлекеті ғана қолданады екен. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. 1929-1940 жылдар аралығында халқымыз латын графикасын пайдаланғаны туралы деректер тарих беттерінде сайрап жатыр.

Латын графикасының бізді жаңа мүмкіндіктерге бастайтыны сөзсіз. Себебі, латын қарпі – ғылым мен технологияның тілі. Ол рухани болмысымызды байытып, қоғамдық санамызды жаңғыртады. Бұл

әліпби қазақстандықтар үшін ғана емес, төрткүл дүниеге тарыдай шашылған қандастарымызға да ортақ. Демек, бұл тегі ортақ, қаны бір қандас бауырларымыз бен жергілікті қазақтар бір-бірінің жазуын анық түсінетін болады деген сөз. Латын графикасы біздің дәстүрлі мәдениетімізді дамытудың, әлемдік ғылыми-техникалық, қаржы-экономикалық рухани іргетасы болмақ. Бұған дейін бұл графиканы қолданудың озық техника мен компьютер тілін меңгерудегі және тағы басқа артықшылықтары сан мәрте талданып жазылды. Менің қосарым, бұл жазу кириллица бұғаулап тастаған қасаң қағидалардан құтылып, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге зор ықпал етеді.

Елбасының тікелей тапсырмасымен латын әліпбиінің нұсқасын жасау үшін арнайы комиссия құрылды. Жаңа нұсқа қоғамның қызу талқысына түсіп, бүгінде Елбасының Жарлығымен жаңа әліпби нұсқасы бекітілді. Ендеше, ана тіліміздің айбынын асырамыз, сананы отарланудан сақтаймыз десек, латын әліпбиін біркісідей қолдағанымыз жөн.

Құрбанәлі ШАхАбАй,«Шұғыла».

Сейсенбі күні ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Зәуреш А м а н жо л о в а м е н Б а қ ы т г ү л Хаменова ауданымызға арнайы келді. Халық қалаулыларының сапары өңіріміздегі мәдени-тарихи орындарды аралаудан басталды. Олар алдымен «Айша бибі» кесенесіне аялдады. Депутаттарға «Ежелгі Тараз ескерткіштері» т а р и х и - м ә д е н и м е м л е ке т т і к қорық-мұражайы директорының орынбасары Қуаныш Дәуренбеков ортағасырлық сәулет ескерткішінің тарихынан сыр шертті.

– «Айша бибі» кесенесі – ХІ-ХІІ ғасырлардағы сәулет өнерінің көрнект і е скертк іші . Сырты керамикалық плиталармен қаланып, ойып жасалған өрнектің сән-салтанаты мен сантүрлілігі жағынан еліміздегі басқа мемориалдық-дәстүрлік ескерткіштер арасында

оған тең келет ін і жоқ . Бұл ескерткіш бір-бірін шынайы сүйген ғашықтардың махаббатының өшпес белгісі болып тұрған күмбез, – деді ол өз сөзінде.

Мұнан соң депутаттар Айшабибі орта мектебінің ұжымымен кездесті. Ұстаздар алдында «Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы» туралы сөз қозғап, Елбасы бастамалары халық игілігі үшін жасалып жатқанын жеткізді.

– Өз басым Елбасы Үндеуін ерекше ықыласпен тыңдадым. Маңызды құжатта халықтың әл-ауқатын жақсарту және әлеуметтік реформаларды уақыт талабына сай жүзеге асыру ұсынылды. Бұл жаңа бастама қоғамды ортақ мүддеге ұйытуға, Қазақ елінің әлемдік өркениеттен берік орын алуына жан-жақты ықпал етеді, – деген Зәуреш Жұманәліқызы мұғалім мәртебесінің

жоғары болуы, оқушыларға сапалы білім мен саналы тәлім-тәрбие берілуі қажеттігін айтты.

Әріптесінің сөзін жалғаған Бақытгүл Қайржанқызы еліміздегі ү ш т ұ ғ ы рл ы т і л с а я с ат ы н ы ң маңызды лығына тоқталды. Жауапты тұлғалардан мектептің материалдық-техникалық базасы турасында сұрап, қазіргі кезде оқушылардың білім алуына мемлекет тарапынан барлық жағдайдың жасалғанын сөз етті.

Халық қалаулылары бұдан бөлек, «Қарахан», «Дәуітбек» ке с енелер інде , «Ертеислам» мешітінде, «Керуен» сарайында болып, ортағасырлық ескерткіштер мен ондағы құнды жәдігерлердің тарихына үңілді.

Түс ауа депутаттар «Азамат» шаруа қожа лығының типт ік жүйедегі жылыжайын, «Бірлік» ш а р у а қ о ж а л ы ғ ы н ы ң м а л б о рд а қ ы л ау а л а ң ы н , « С а д ы Востока» жауапкершілігі шектеулі с е р і кт е с т і г і н і ң а л м а б а ғ ы н аралады. Шаруа қожалықтарының тыныс-тіршілігін, ондағы қызу жұмысты көзбен көріп, қожалық басшыларымен емен-жарқын ә ң г і м е л е с і п , о й - п і к і р л е р і н тыңдады. Өз кезегінде «Азамат» шаруа қожалығы типтік жүйедегі ж ы л ы ж а й ы н ы ң м е ң ге ру ш і с і Нұржан Көпбосынов коммуналдық шығындарды өтеу үшін субсидия алғысы келетінін айтып, оны алу жолдары туралы сұраса, «Бірлік» шаруа қожалығының төрағасы Жаңабек Сұлтанбеков кәс іб ін кеңейту үшін не сие алу, агробизнесті несиелендіру м ә с е л е л е р і н а л ғ а т а р т т ы . Шаруашылық жетекшілерінің өтініш-тілектерін мұқият тыңдаған депутаттар көтерілген мәселелерді

қаперге алып, елге ортақ мәселелер назардан тыс қалмайтынын айтты. Шаруалардың жұмысына табыс тілеп, естелікке суретке түсті.

Шаруа қожалықтарға тоқтала кетсек, ағымдағы жылы «Азамат» шаруа қожалығы типтік жүйедегі жылыжайының шаруалары 200 тонна қияр өнімін алған. Бұл – екінші маусым алдындағы бірінші маусымның көрсеткіші. 3000 ірі қара мал басы бар «Бірлік» шаруа қожалығының мал бордақылау алаңынан 1700 бас ірі қара мал экспортқа шығарылыпты. Оның ішінде 500 бас Өзбекстанға экспортталған. «Сады Востока» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі алма бағының бағбандары әзірге 200 тонна алма жинап алыпты. Бақ өнімі Қазақстан бойынша сатылып

жатыр. Жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген шаруалардың алатын асуы әлі алда.

Ауданымызға іссапармен келген депутаттар аталмыш нысандарды аралаған кезде олармен бірге аудан әкімінің орынбасарлары Үміткен Найманова мен Ерлан Қыдыралыұлы, аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту б ө л і м і н і ң б а с ш ы с ы А с қ а р Байдалиев, білім бөлімінің басшысы Раушан Қожамжарова , ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Еркебай Рсалиев, аудан әкімінің бас инспекторы Бауыржан Тоқтасынов, ауыл шаруашылығы саласының маманы Аманалы Құрбанов болды.

Ильяс ҚАлыбеков,«Шұғыла».

І с с а п а р

Халық қалаулылары — ауданымызда

Тиімді әрі Тың басТама

Латын әЛІпбиІне көшу – заман таЛабы

Ұлттық сананың ояну тетігіҚайырымдыЛыҚ

Жомарт Жандардың Жақсылығы

«2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліпбиімен басып шығара бастауға тиіспіз. 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірісуіміз қажет»

елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласынан

Page 2: Іссапар Халық қалаулылары — ауданымыздаshugyla-raduga.webpress.kz/storage/8e/8eeb8342dacb6a0722...– «Айша бибі» кесенесі –

2 бет 23 тамыз 2018 жыл №66

Қазақст ан Ре спубликасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің 2035 әскери бөліміне мерзімді әскери қызметті өтеген азаматтарды келісімшарт б о й ы н ш а ә с ке р и қ ы з м е т ке іріктеу жұмыстарын жүргізуде. Келісімшарт бойынша әскери қызметке үміткер тұлғалар Тараз қаласы, Әшімбаев көшесі, №1 ғимаратта орналасқан 2035 әскери бөлімінің басқармасына әр аптаның сәрсенбісінде сағат 15.00-де келіп немесе 8 (7262) 940-523 байланыс телефоны арқылы хабарласа алады.

Үміткерлер төмендег ідей талапқа сәйкес болуы тиіс:

– мерзімді әскери қызметін өткерген азаматтар;

– білімі – толық орта (11-сынып), орта-арнайы, жоғары.

Өзімен бірге:– жеке куәлік;– әскери билет;

– қызмет атқарған жерінен қызметтік мінездеме алып келуі керек.

Қр Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің

2035 әскери бөлімі.

Молочная продукция – пищевая продукция, изготавливаемая из молока и его составных частей без использования немолочных жира и белка, которая может содержать функционально необходимые для переработки ингредиенты.

Молочная продукция, находящаяся в обращении на таможенной территории таможенного союза в течение установленного срока годности, при использовании по назначению должна быть безопасна.

Реализация молока и молочной продукции осущест-вляется с соблюдением санитарно-гигиенических нормативов на объектах внутренней торговли, обеспечивающих возможности приемки, контроля, идентификации и хранения пищевой продукции в соответствии с их нормативной документацией.

С целью установления на единой таможенной территории Таможенного союза единых обязательных для применения и исполнения требований к молоку и молочной продукции, выпускаемой в обращение на единой таможенной территории Таможенного союза, принято решением совета Евразийской экономической комиссии от 09 октября 2013 г. № 67 технический регламент Таможенного союза (далее – технический регламент) 033/2013 «о безопасности молока и молочной продукции».

Настоящий технический регламент распространяется на молоко и молочную продукцию, выпускаемые в обращение на таможенной территории таможенного союза и используемые в пищевых целях, а также не распространяется на следующую продукцию:

а) продукты, изготовленные на основе молока и молочной продукции, предназначенные для использования в специализированном питании (за исключением молока и молочной продукции для детского питания);

б) кулинарные и кондитерские изделия, пищевые и биологически активные добавки, лекарственные средства, корма для животных, непищевые товары, изготовленные с использованием или на основе молока и молочной продукции;

в) молоко и молочная продукция, полученные гражданами в домашних условиях и (или) в личных подсобных хозяйствах, а также процессы производства, хранения, перевозки и утилизации молока и молочной продукции, предназначенные только для личного потребления и не предназначенные для выпуска в обращение на таможенной территории таможенного союза.

Данный технический регламент в целях защиты жизни и здоровья человека и окружающий среды, жизни и здоровья животных, предупреждения действий, вводящих в заблуждение приобретателей (потребителей), устанавливает требования к маркировке и упаковке молока и молочной продукции, дополняющие требования технического регламента Таможенного союза «Пищевая продукция в части ее маркировки» (ТР ТС 022/2011), утвержденного решением комиссии Таможенного союза от 9 декабря 2011 г. № 881, и технического регламента таможенного союза «о безопасности упаковки» (ТР ТС 005/2011), утвержденного решением комиссии таможенного союза от 16 августа 2011 г. № 769, и не противоречащие им.

Более детально ознакомится с техническим регламентом, можно на сайте евразийской экономической комиссии http://www.eurasiancommission.org.

Аскар бейсеНбАев,главный специалист МИр рк департамента

технического регулирования и метрологии по Жамбылской области.

Тұлпардың беріп тынысын,Кемел болсын ұлы ісің!Орнасын ұлы даламда, Ынтымақ пен ырысың!Егемендігім – елдігім,Баянды болсын теңдігім! – деп,

«Бала құқықтары мен бостандығын сақтайтын Ата Заң» тақырыбына арналған іс-шара аудан әкімдігі білім бөлімінің қорғаншылық, қ а м қ о р ш ы л ы қ к е ң е с і н і ң ұйымдастыруымен Ю.Гагарин атындағы орта мектепте өтті. Іс-шара Конституция күніне арналған көрмемен ашылып, ресми бөлімі Қазақстан Республикасының Гимні орындалғаннан кейін басталды. Салтанатпен басталған басқосуға аудан әкімдігі білім бөлімінің сектор меңгерушісі, қорғаншылық, қамқоршылық кеңесінің хатшысы Динара Қасымова, облыс әкімдігі білім басқармасының балалар құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы Маржан Арын, бала қабылдаушы отбасының тәрбиешісі Марат Оспанов, ата-аналар мен мекеме қызметкерлері қатысты.

– ҚР Конституциясының 1-бабы 1-тармағында көрсетілгендей, Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады және оның ең қымбат қазынасы адам мен адамның өмірі, құқықтары мен бостандығы болып табылады. Сондай-ақ, 27-бабының 2-тармағына сәйкес балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың етене құқығы әрі міндеті екенін еске саламыз.

Аудан әкімдігі білім бөлімінің қорғаншылық, қамқоршылық кеңесінде жыл басында 89 бала тіркеліп, осы күнде 78 бала қорғаншылық, қамқоршылыққа беріліп отыр. Ай сайын балаларға 10 АЕК (24050 теңге) жәрдемақы төленеді. Сонымен қатар, 28 бала – патронаттық тәрбиеде, отбасы үлгісіндегі балалар үйінде – 16 бала, бала қабылдаушы отбасында 4 бала тәрбиеленуде. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан Астана күні мерекесіне орай патронаттық тәрбиедегі Ислам Коригов пен Камила Кориговаға 2 бөлмелі пәтер берілді, – деген Динара Қасымова ары қарай қорғаншылық, қамқоршылық кеңесінің жұмысына тоқталды.

Конституция күніне орай құт-тық тау сөзін айтқан облыс әкімдігі білім басқармасының балалар құқық тарын қорғау бөлімінің бас-шы сы Маржан Арын «Бала құқық-тары мен бостандығын сақтайтын Ата Заң» тақырыбында баяндама жасады.

– Биыл тәуелсіздігіміздің тірегі, тұрақтылықтың кепілі, егемен еліміздің азаматтарының құқықтары мен бостандығын қорғайтын Ата

Заңға 26 жыл толып отыр. Елдің ел болып қалыптасу, даму үрдісінде Конституция – мемлекеттің негізгі іргетасы.

У а қ ы т о з ы п , р е ф о р м а тереңдеген сайын кейбір заңдарды қайта өзгертуге тура келеді. Мұның барлығы Қазақстан халқының жақсы өмір сүруі үшін жасалып жатқан игі қадамдар деп түсінгеніміз жөн.

Бұл күні облысымызда 419965 бала болса, олардың 1467-і жетім және ата-анасының қамқор лығын-сыз қалған балалар, былтыр 1562 бала тіркелген еді. Облыс көлемінде соңғы 3 жылда отбасы үлгісіндегі балалар үйінің саны 2-ден 17-ге артты. Ағымдағы жылдың 6 айында облыс бойынша 44 бала отбасылық тәрбиеге орналастырылды.

Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарының 9-тармағына сәйкес Қ.Сармолдаев атындағы №1 балалар үйін ықшамдау және оны «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына» ауыстыру жөнінде қаулы жобасы әзірленіп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Әрбір бала отбасында өмір сүруге құқылы. Сондықтан да балаларды жетім қалдыруды емес, олардың отбасында өсіп, тәрбиеленуін ойластыру адамдық борышымыз екенін есте сақтау абзал, – деді Маржан Арын.

Басқо су барысында ба ла қабылдаушы отбасының тәрбиешісі Марат Оспанов балалар үйінен немесе туыстардың балаларын асырап алу үшін ата-аналарға ақпараттық сауаттылық қажеттігі, бала тәрбиесіндегі әке рөлінің жауапкершілігі және әлеуметтік дүкеннің маңыздылығы туралы пік ірлерін айтты. Іс -шараға қатысушы ата-аналар да осындай басқосуларды жиі өткізу керектігі туралы ойларын ортаға салды.

Іс-шара Қ.Сартбаев атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы Нұргүл Бектайдың «Тәуелсіздік» арнауымен аяқталды.

Отырыстан соң аудан әкімдігі білім бөлімінің қорғаншылық, қамқоршылық кеңесінің хатшысы Д.Қасымова, облыс әкімдігі білім басқармасының балалар құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы М.Арын және осы бөлімнің қызметкері, Аса ауылының тұрғыны К.Имашеваның отбасы үлгісіндегі балалар үйін және патронаттық тәрбиедегі К.Коригова мен И.Кориговқа берілген екі бөлмелі пәтерді барып көріп, балалардың тұрмыс жағдайын біліп қайтты.

күнзипа сИтАлИевА,«Шұғыла».

Терроризм – қазіргі таңда ең қауіпті қылмыстардың бірі. Террорист ік әрекеттер адам өліміне, материалдық және рухани байлықтардың жойылуына алып келеді. Мемлекеттер арасында қарама-қайшылықтар туғызады. Террористік әрекеттердің көбеюі терроризмге қарсы тұратын халықаралық жүйені құруға итермелейді . Жат әрекеттер қарсыластарын қорқыту, жою және өздерінің қызметіне қолайлы жағдай жасау мақсатында мемлекеттік билікке әсер ету үшін жасалады. Бүгінде саяси, діни, сепоратистік, террористік ұйымдар пайда табу мақсатына бет алса, ал қылмыстық террористер с аяси бағытты

көздейді. Осылардың бірігуі қоғамға қауіпті болып келеді. Терроризм заң шеңберінен тыс жолмен, қорқыныш ұялату үшін зорлық көрсету актілерін жасау арқылы территориялық және ұлтаралық қайшылықтарды шешу тәсіліне айналып барады. Қазіргі жағдайларда террористер аманат алуды, қоғамдық мәндегі ғимараттарды басып алу, жарып жіберу, ұшақтарды алып қашу және өзге де әрекеттерге барады. Террористік әрекеттер қашанда жариялы түрде жүреді және қоғамға, билікке әсер етуге бағытталады.

1977 жылы Еуропалық Кеңеске мүше мемлекеттер терроризммен күрес жөнінде Еуропалық конвенция қабылдады.

Х Х ғ а с ы р д ы ң е к і н ш і жартысында жағдай түбегейлі өзгерді, терроризмнің сан қилы түрлерінің күрт жіктелуі орын алды. Ол өмір сүріп отырған бүкіл саясат тәртіптеріне, институттарға, заңды билік құрылымдарына қарсы жаппай соғысқа айналды. Терроризмнің иррационалдық қыры саясатқа еш қатысы жоқ қарапайым халықты жаппай қырудан көрініс тапты. ХХ ғасырдың соңында терроризм қазіргі заманның өткір ғаламдық мәселелеріне айналды.

Ирина сАтыбАлДИевА,Жамбыл аудандық аумақтық

бөлімінің басшысы, аға сот орындаушы.

Жамбыл облысында дәстүрлі емес діни ағымдардың жетегінде кетіп, қайта тура жолды іздеп жүргендермен жұмыс істейтін арнайы «Бейімдеу орталығы» ашылған болатын. Яғни, өздерін өздері деструктивті ағымдардың құрбанымыз деп санайтын кез-келген адам осы орталыққа келіп, оңалту дәрістерін қабылдай алады. Орталық жұмысы репрессиялық ш а р а л а р ғ а е м е с , р у х а н и адамгершілік құндылықтарды насихаттау мен дәстүрлі ислам дінінің дұрыстығын түсіндіруге бағытталған.

Осы мақсатта орталық 9-19 т амыз ара лығында б ірнеше

семинар ұйымдастырды. Онда халық арасында толеранттылықты және діни экстремизм көріністеріне төзімділік сананы қалыптастыру, діни экстремизм құрбандары мен деструктивті ағым ықпалынан зардап шеккендерге теологиялық, психологиялық, құқықтық және практикалық көмек көрс ету мақсатында дәрістер оқылды. Атап айтқанда, исламтанушылар Нұржан Сәтімбәкиев «Әбу Ханафи мазхабы», Асқар Әкімхан «Дәстүрлі ислам ғұламалары», Озат Шамшиев «Ханафи мектебінің қалыптасуы және құндылықтары», магистр Наздан Мәукен «Хадис ілімі» тақырыптарында жиналғандарға

көптеген құнды мағлұматтар айтты. Дінтанушылар Жамбыл ауданының «Бәйдібек» мешітінде, Шу қаласына қарасты «Жәми», Тараз қаласындағы «Шейх Зуннун», «Әзірет әли», « Ә бд і қ а д ы р » м е ш і т т е р і н д е де болып, тұрғындарға діннен сауат ашу сабақтарын жүргізді. Орталықта радикалды топтардың зияны, құран аяттары туралы, ислам тарихымен салыстыра отырып шынайы жүзді көрсететін жалған исламдық сипатты насихаттайтын нақты фактілер және дәлелдемелер көрсетіліп, келушілермен жеке-жеке әңгіме өткізілді.

бақытжан советҰлы.

Өткен аптада «Тараз-Арена» спорт кешенінде облыстық спартакиада өтті. Оған облыстағы 53 спорт мектебінің қызметкерлері қатысып, қол күрес, гір тасын көтеру, жеңіл атлетика, арқан тарту, жүзу, кіші футбол, үстел теннисі секілді спорт түрлері бойынша бақ сынасты. Бұл спартакиадаға Аса ауылындағы спорт мектебінің ұжымы да қатысып, жалпыкомандалық есепте жүлделі үшінші орынды иеленді. Екі күнге созылған айтулы жарыста Серік Елеусіз жүзуден – екінші, Абзал Әбілдашев, Жансая Жаңабаева, Ақзат Тілеп, Динара Керімқұлова эстафетадан – үшінші, Жасұлан Әбішев, Талғат Әбдібеков, Рауан Баеш, Бақытгүл Базиева, Динара Керімқұлова командалық арқан тартыста бірінші орын жеңіп алды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, арнайы кубоктармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ильяс ҚАлыбеков,«Шұғыла».

ата заңым – айбыным

ОТбасында өсіп, Тәрбиелену – баланың заңды құқығы

тұрғындар назарына!

бейІмдеу ортаЛығында

Тура жолды іздеп Тапқан жөн

спартакиада

Жалпыкомандалық есепте – үшінші

сЛово специаЛисту

молоко и молочная продукция

бүгІнгІ күн таҚырыбына

Терроризм – қауіпТі құбылыс

Page 3: Іссапар Халық қалаулылары — ауданымыздаshugyla-raduga.webpress.kz/storage/8e/8eeb8342dacb6a0722...– «Айша бибі» кесенесі –

3 бет23 тамыз 2018 жыл №66

«Мүгедектерге кресло-арбалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметіне өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

2) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:1) Мемлекеттік корпорацияға, көрсетілетін қызметті

берушіге жүгінген кезде – құжаттар топтамасын тіркеген сәттен бастап 10 жұмыс күні;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты Мемлекеттік корпорацияда – 15 минут, көрсетілетін қызметті берушіде – 30 минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты Мемлекеттік корпорацияда – 15 минут, көрсетілетін қызметті берушіде – 30 минут.

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.Жұмыс кестесі:1) Мемлекеттік корпорацияда – жексенбі және мереке

күндерiнен басқа, белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, түскі асқа үзiлiссiз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн;

2) көрсетілетін қызметті берушіде – сағат 13.00-ден 14.00, 14.30, 15.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00, 18.30, 19.00-ге дейін.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде:

1) нысан бойынша өтінішті;2) жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.Ақпараттық жүйелерде көрсетілетін қызметті алушының

мәліметтері болмаған жағдайда өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) еңбек қызметімен байланысты жазатайым оқиға туралы актінің және жұмыс беруші-жеке кәсіпкер қызметінің тоқтатылғаны немесе заңды тұлғаның таратылғаны туралы құжаттың көшірмелері – жұмыс беруші-жеке кәсіпкердің қызметі тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған жағдайларда, еңбек жарақатын алған және (немесе) кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедек өтініш берген кезде;

2) оңалтудың жеке бағдарламасынан үзіндінің көшірмесі.

мемЛекеттІк Қызмет стандарттарымүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету туралы

«Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету» мемлекеттік көрсетілетін қызметіне өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

2) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:1) Мемлекеттік корпорацияға, көрсетілетін қызметті

берушіге жүгінген кезде – құжаттар топтамасын тіркеген сәттен бастап 10 жұмыс күні;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты Мемлекеттік корпорацияда – 15 минут, көрсетілетін қызметті берушіде – 30 минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты Мемлекеттік корпорацияда – 15 минут, көрсетілетін қызметті берушіде – 30 минут.

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.Жұмыс кестесі:1) Мемлекеттік корпорацияда – жексенбі және мереке

күндерiнен басқа, белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, түскі асқа үзiлiссiз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн;

2) көрсетілетін қызметті берушіде – сағат 13.00-ден 14.00, 14.30, 15.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00, 18.30, 19.00-ге дейін.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде:

1) нысан бойынша өтінішті;2) жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.Ақпараттық жүйелерде көрсетілетін қызметті алушының

мәліметтері болмаған жағдайда өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) еңбек қызметімен байланысты жазатайым оқиға туралы актінің және жұмыс беруші-жеке кәсіпкер қызметінің тоқтатылғаны немесе заңды тұлғаның таратылғаны туралы құжаттың көшірмелері – жұмыс беруші-жеке кәсіпкердің қызметі тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған жағдайларда, еңбек жарақатын алған және (немесе) кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедек өтініш берген кезде;

2) оңалтудың жеке бағдарламасынан үзіндінің көшірмесі.

Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін

мүгедектерге құжаттарды ресімдеу туралы«Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке

көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметіне өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

2) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:1) Мемлекеттік корпорацияға, көрсетілетін қызметті

берушіге жүгінген кезде – құжаттар топтамасын тіркеген сәттен бастап 10 жұмыс күні;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты Мемлекеттік корпорацияда – 15 минут, көрсетілетін қызметті берушіде – 30 минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты Мемлекеттік корпорацияда – 15 минут, көрсетілетін қызметті берушіде – 30 минут.

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

Жұмыс кестесі:1) Мемлекеттік корпорацияда – жексенбі және мереке

күндерiнен басқа, белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, түскі үзiлiссiз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн;

2) көрсетілетін қызметті берушіде – сағат 13.00-ден 14.00, 14.30, 15.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00, 18.30, 19.00-ге дейін.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға, көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде:

1) нысан бойынша өтінішті;2) жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.Көрсетілетін қызметті алушының мәліметтері ақпараттық

жүйелерде болмаған кезде оңалтудың жеке бағдарламасынан үзіндінің көшірмесі қоса беріледі.

мүгедектерге кресло-арбалар беру туралы

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:1) Мемлекеттік корпорацияға, көрсетілетін қызметті

алушыға жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап:

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдау – өтінішті тіркеген күннен бастап 20 жұмыс күні;

алғашқы рет жүгінген көрсетілетін қызметті алушыларға куәлік беру – тіркеу туралы шешім қабылданғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде;

куәліктің телнұсқасын беру – көрсетілетін қызметті алушының өтініші тіркелген күннен бастап 5 жұмыс күні;

2) көрсетілетін қызметті берушіде құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 минут.

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.Жұмыс кестесі:1) көрсетілетін қызметті беруші – www.mzsr.gov.kz

интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет" бөлімінде орналастырылған;

Мемлекеттік қызметті көрсе туге өтініштер мен мемлекеттік

қызмет көрсету нәтижелерін беру кестесі 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес нысандар бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:

көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға:

1) жеке басты куәландыратын құжат;2) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;3) банк шоты туралы мәліметтер немесе өтемақы беру

жөніндегі уәкілетті ұйыммен жасалған шарт;4) 1949 жылдан бастап 1965 жылды қоса алғандағы, 1966

жылдан бастап 1990 жылды қоса алғандағы кезеңдерде Семей ядролық сынақ полигоны аумағында тұру фактісі мен кезеңін растайтын құжаттарды, болған кезде – ҚР "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Заңында белгіленген тәртіппен бұрын берілген куәлік.

Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі.

семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру туралы

«Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету» мемлекеттік көрсетілетін қызметіне өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

2) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік

корпорацияға жүгінген кезде – құжаттар топтамасын тіркеген сәттен бастап 10 жұмыс күні;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты Мемлекеттік корпорацияда – 15 минут, көрсетілетін қызметті берушіде – 30 минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты Мемлекеттік корпорацияда – 15 минут, көрсетілетін қызметті берушіде – 30 минут.

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.Жұмыс кестесі: 1) Мемлекеттік корпорацияда – жексенбі

және мереке күндерiнен басқа, белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, түскі асқа үзiлiссiз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн;

2) көрсетілетін қызметті берушіде – сағат 13.00-ден 14.00, 14.30, 15.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00, 18.30, 19.00-ге дейін.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға, көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде:

1) нысан бойынша өтінішті;2) жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.Ақпараттық жүйелерде көрсетілетін қызметті алушының

мәліметтері болмаған жағдайда өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) еңбек қызметімен байланысты жазатайым оқиға туралы актінің және жұмыс беруші-жеке кәсіпкер қызметінің тоқтатылғаны немесе заңды тұлғаның таратылғаны туралы құжаттың көшір мелері – жұмыс беруші-жеке кәсіпкердің қызметі тоқта тылған немесе заңды тұлға таратылған жағдай-ларда, еңбек жарақатын алған және (немесе) кәсіп тік ауруға шалдыққан мүгедек өтініш берген кезде;

2) оңалтудың жеке бағдарламасынан үзіндінің көшірмесі.

мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету туралы

Алашорда қайраткері С.Сәдуақасов «Қазақ елі... мақсатына жету үшін ең әуелі өзінің ұлт екенін біліп, ұлттығын танып алуы керек» деп болашақ ұрпаққа өнегелі сөзін қалдырған. Қазақтың ұлттық келбетін анықтаушы маңызды құндылықтар қатарына дін де жатады. Ұлттың рухани жаңғыруы жолында дәстүрлі діни танымнан алшақтамаудың маңызы өте зор. Себебі қазақ ұлтын ұйыстырған қайнаркөздердің біразы өз бастауын діннен алған. Қазақ халқы арасында кеңінен таралған «Дінің тұрсын дін аман» деген мәтелдің тағылымдық мәні жоғары.

Жер шары халықтарының көп бөлігі өзін белгілі бір сенім-наным жүйесімен байланыстырады. Діни идентификация (діни бірегейлік) – тұлғаның өзінің белгілі бір дінге қатыстылығын мойындауын және дүниетанымының қандай да бір дін негізінде қалыптасуын білдіретін ұғым. Діни идентификация тұрғысынан қазақ халқы ғасырлар бойы өзін ислам дінімен байланыстырады және өз кезегінде ислам қазақтың дәстүрлі діни танымы болып табылады. Дәстүрлі діни таным – халықтың дүниетанымымен, салт-дәстүрімен, мәдениетімен өзара үйлесім тапқан рухани құндылықтар жүйесі. Қазақ руханиятындағы исламның салмақты орны 2011 жылы 11 қазанда қабылданған ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының преамбуласында да аталып, елімізде «ханафи бағытындағы исламның және православиелік христиандықтың халықтың мәдениетінің дамуы мен рухани өміріндегі тарихи рөлі танылатыны» көрсетілген. Осы заңда аталғандай, ханафи бағытындағы исламның мемлекетіміздің тарихында алатын орны ерекше. Ғасырлар бойы қазақ ұлтын ұйыстырған, татулығын сақтаған маңызды құндылық дін болатын.

Тарихшы Н.Нұpтaзинa қазақтың мұсылмандығының орны ерекше және өзіндік тарихи жолы барын айтады: «Иcлaмдaну үpдіcінің opтaғacыpлық Қaзaқcтaндa coнaу VIII ғacыpдaн бacтaу aлып, Х-ХІІ ғacыpлapдa шapықтaу кeзінeн өткeні (Қapaхaндap дәуіpі), oдaн кeйін eкінші діни-мәдeни өpлeу Aлтын Opдa кeзіндe Қaзaқcтaнның дaлaлық aймaқтapындa тoлық жәнe біpжoлaтa иcлaм үcтeмдік құpып, ocы нeгіздep бoлaшaқтa caқтaлып oтыpғaны ceбeбінeн Қaзaқ хaндығы тoлыққaнды мұcылмaн мeмлeкeті peтіндe дaмығaнын бaтыл түpдe aйтып дәлeлдeуіміз кepeк. ХІХ-ХХ ғғ. бac кeзіндe дe иcлaм діні Қaзaқcтaндa жaлпы біp қaлыпты дeңгeйдe бoлды, мaңызды қoғaмдық pөл aтқapды, тeк caяcи жaғдaйлapғa жәнe Eуpoпa өpкeниeтінің кeлe бacтaуынa бaйлaныcты oның мaзмұны мeн қoғaмдық өміpдe көpініc бepу фopмaлapынa бeлгілі өзгepіcтep eнді». Яғни, қазақ халқы – мұсылмандық жолды ежелден ұстанып келе жатқан ел. Бүгінгі тәуелсіз Қазақстанда да ислам дінінің дамуын тарихи заңдылықтың жалғасы деп бағалауға болады. Қазақстан мұсылмандары фикхта Ханафи мазһабын, ақидада имам Матуриди жолын ұстанады. Бұлар біздің дәстүрлі діни танымымыздың негізі болып табылады. Мазһабтың сөздік мағынасы араб тілінде «жол, баратын жер» дегенді білдіреді. Ислам терминологиясында мазһаб – белгілі бір бағыт, ілім, құқықтық-доктриналдық мектеп, дүниетанымдық жүйені білдіретін ауқымды категория. Ал «ақида» сөзі араб тілінен аударғанда (сөздік мағынасы) «бір нәрсенің бөлек ұштарын бір жерге жинау», «топтау» мағынасын береді. Ал термин ретінде, дініміздегі басты тұжырымдарды құрайтын сенім жүйесі, иман негіздері дегенді білдіреді. Ханафилік мазһабтағы қазақтың мұсылмандық танымының басты ерекшелігі жергілікті салт-дәстүр, әдет-ғұрыппен үндестік болып табылады. Ислам діні келгеннен соң түркі халықтарының шариғатқа қайшы келетін нанымдары, әдет-ғұрыптары жойылды. Ал исламмен өзара үйлесімділік тапқан жақсы негіздегі дәстүрлері сақталып қалды. Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры А.Әбдірәсілқызы дін мен дәстүрдің байланысы мәселесіне ерекше мән беріп мынандай пікір айтады: «Қазақ халқының діні, дәстүрі, дүниетанымы ғасырлар бойы өзара кірігіп, бөлінбес бірегей құндылыққа айналды. Дәстүрлі құндылықтардың сақталуы мен жандануы ұлттық болмысты сақтап, ұлттық мінезді тірілтеді. Қазақ өз мінезіне оралса, ешқашан шетін діни көзқарастарға бой алдырмайды. Себебі қазақ – мәмілегер (толерантты) халық, оның болмысында шетін көзқарасқа бейімділік жоқ». Бүгінгі біздің міндет – дінімізді, салт-дәстүрімізді ұлықтай білу, ғасырлардан бері жалғасқан ұлттық тамырдың сабақтастығын үзбеу болып табылады. Осы орайда қазақ қоғамына дін мен дәстүр құндылықтарын жаңғырту шаралары аса қажет. Бұл мақсатта, ең алдымен ұлт бойындағы рухани әлеуетті тиімді пайдалануды ескерген жөн. Қазақ халқының бойында сан ғасырлардан бері келе жатқан дінге қатысты өзіндік тамыры терең жол бар. Ол халықтың рухани-моральдық ұстанымдарында (ар, ұят, обал, сауап т.б.) көрініс тапқан. Бүгінгі міндет аталған негіздерді күнделікті өмірде басшылыққа алу және жастарға насихаттау болып отыр.

Қазіргі таңда әртүрлі бағыттағы діни ұйымдар өз жақтастарын көбейтуге тырысуда. Осыған байланысты біз ұлттық тұтастығымызға қауіп төндіретін діни ағымдарға дәстүрлі діни танымымызды ұлықтау арқылы ғана қарсы тұра алатынымызды есте ұстаған жөн. Отанын сүйетін, ата-бабалар аманатына адалдық танытқысы келген әрбір азамат, әрбір отбасы шет елдік идеологиялар аясында қалыптасқан діни ағымдардан өз бойын аулақ ұстағаны абзал. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында былай деген еді: «Діни таңдауға өте үлкен жауапкершілікпен қарау керек, өйткені, адамның өмірлік салты, тұрмысы, көп жағдайда бүкіл өмірі соған байланысты». Президентіміз орынды атап өткендей, діни таңдау адам өміріндегі шешуші рөл ойнайтын сәттердің бірі. Қазақ елінің қарыштап дамуында дәстүрлі діни құндылықтардың атқаратын рөлі зор. Адамды ата-анасынан, ұлттық салт-дәстүрінен, тарихынан, мәдениетінен, мемлекеттік рәміздерінен, Отан қорғаудан теріс айналдыратын діни ағымдар тұлға өміріне кері әсерін тигізеді. Қазақтың дәстүрлі діни санасы жаңа протестанттық ұйымдармен, салафилікпен, тәңіршілдікпен немесе «Ата жолы» тәрізді культтермен емес, ханафилік мазһаб пен матуридилік ақидаға негізделген дәстүрлі исламмен тікелей байланысты.

Ислам діні қазақ ұлтының ұлт ретінде қалыптасуына, әдеп пен құқық нормаларының орнығуына тікелей әсер етті. Дін ислам қазақ даласындағы материалдық және рухани мәдениеттің өрістеуіне жол ашты. Ж.Баласағұн, Қ.А.Яссауи, А.Йүгінеки, А.Құнанбайұлы, Ш.Құдайбердіұлы, Ғ.Қараш, Ә.Кердері және тағы да басқа ойшылдар қарапайым халыққа дін насихатын биік дәрежеде жеткізді. Бүгінгі заманда да ислам қазақ ұлтының бірегейлігінің сақталуына, рухани жаңғыруына, ұрпақ тәрбиесінің дұрыс арнада болуына өз үлесін қоса алатындығы ақиқат. Дәстүрлі діни сана – ұлттық қайнаркөздермен сабақтасқан маңызды құндылық. Оның арнасы дұрыс бағытта жүрсе, қазақ ұлты да жаһандану заманында өзінің ұлттық ерекшелігін сақтап қала бермек.

Сөзімді академик Ғ.Есімнің мына бір тереңнен алған ой түйіндерімен аяқтағымыз келіп отыр: «Қазақ болып өмір сүрсек, тәуелсіздік қалады. Ең басты нәрсе – қазақтану, толық қазақ болуымыз керек. Қазақ болып өмір сүрсек, қазақ болып әлемді қабылдасақ, біз тәуелсіздікті жоғалтпаймыз. Ал егер қазақтықтан қашатын болсақ, тәуелсіздіктің мәселесі қиын болады».

елнұр ӘскеНҰлы,Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу

орталығы» кММ ақпараттық түсіндіру және талдау бөлімінің инспекторы, гуманитарлық ғылымдар магистрі.

дІнІң тұрсын дІн аман

дәстүрлі діни танымды ұстану – ұлттық тұтастықтың кепілі

Page 4: Іссапар Халық қалаулылары — ауданымыздаshugyla-raduga.webpress.kz/storage/8e/8eeb8342dacb6a0722...– «Айша бибі» кесенесі –

Кезекші редакторНұрасыл СҰЛТАНБАЕВ

Газет ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде

12.11.2014 жылы тіркелген.

Тіркеу куәлігі №14622-Г

Біздің мекенжайымыз:Индексі 080200, Аса ауылы,

Абай көшесі, 78 үй.Телефон: бас редактор 2-17-98

Бас редактордың орынбасары 2-20-24Компьютер орталығы 2-13-44

Меншік иесі:Жамбыл аудандық

«Шұғыла-Радуга» газеті редакциясы» ЖШС

Редакция авторлардың көзқарасы, жарнама мазмұны

үшін жауап бермейді.Жарияланбаған хатқа

жауап қайтарылмайды.

Газет аптасына 2 рет, сәрсенбі, сенбі күндері шығады.Газета выходит 2 раза в неделю, в среду и в субботу.Индекс 68991

Газет «Шұғыла-Радуга» газеті редак-циясында компьютерде теріліп, беттеліп, «Қанатты қалам әлемі» ЖШС баспаханасында басылады. Тараз қаласы, Төле би көшесі, 36 «б».

Электронды пошта: [email protected]

Тапсырыс №558 Таралымы 2200

Бас редакторСансызбай

МАХАМБЕТҚҰЛОВ

4 бет 23 тамыз 2018 жыл №66

«Baurzhan foundation» жеке қоры осымен 12-ші рет ұйымдастырып отырған «Алтын жүрек» сыйлығына өтініштерді қабылдауды бастады.

Ұйымдастырушылар еліміз бойынша қайырымдылықпен айналысатын жандарды іздейді және қайырымдылық жолында қоғамға, елге, халыққа, өз ауылына жасап жатқан игі істерін, әлеуметтік маңызы зор іс-шараларын, еңбектерін бағалауды көздейді.

Өтініштер 2018 жылдың 15 қыркүйегіне дейін қабылданады.Мекенжайымыз: Алматы қаласы, Тимирязов көшесі, 71, 3-кеңсе.Толық ақпаратты www.altynzhyrek.kz сайтынан немесе 8(727)3151511

байланыс телефонынан ала аласыздар.

сыйлықтың негізгі мақсаты – дәл қазіргі уақытта, терроризм мен аймақтық қақтығыстар, зорлық-зомбылықты насихаттау ғасырында, дәстүрлі құндылықтар мен гуманитарлық идеалдардың құнсыздануы заманында барша адамзат баласына қызмет етуді өз өмірінің мұратына айналдырған жандарды табу және олардың еңбектеріне әділ баға беру.

Ұйымдастырушы: “Baurzhan foundation” жеке қоры.Қолдау көрсеткендер: ҚР Президентінің әкімшілігі;

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі; ҚР Байланыс және Ақпарат министрлігі; Алматы қаласының әкімдігі.

Мақсаты: – қайырымдылық пен меценаттық идеясын тарату-

насихаттау.Міндеттері: Қазақстандағы қайырымдылық

шараларының дамуын ынталандыру; меценаттық пен өзара көмектің ұлттық дәстүрлерін қайта жаңғыртуға ықпал ету; көпұлтты Қазақстанның руханияты мен мәдениетін дамытуға көпшілік назарын аудару; қоғамдық санада бүгінгі күнгі меценат пен қайырымды адамның үлгісін қалыптастыру; меценат имиджіне әлеуметтік-мәнді мәртебе беру; меценаттар мен қайырымды жандардың назарын бюджеттік қаржыландыру тапшылығына ұшыраған мемлекеттік, қоғамдық, әлеуметтік және мәдени бағдарламалар мен жобаларға аудару, аталмыш бағытқа инвестиция тарту.

Байқауға Қазақстан аумағында қайырымдылық және әлеуметтік іс-әрекетті жүзеге асыратын кез келген коммерциялық ұйым немесе жеке тұлға қатыса алады. Жүлдеге үміткерді жеке тұлғамен қатар қоғамдық бірлестіктер, заңды тұлғалар, бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ

мемлекеттік институттар ұсыну мүмкіндігіне ие. Үміткерлерді іріктеу екі кезеңнен тұрады.

Үміткерлердің арасынан номинациялар бойынша лауреаттар іріктелініп алынады.

Қайырымдылық пен әлеуметтік маңызы зор жобаларды дамытуға атсалысқан адамдар жеңімпаз атанады. Бағалау бастапқы және негізгі шарттар бойынша жүзеге асырылады.

Жеңімпаздар келесі номинациялар бойынша анықталады: «Жетім балаларға көрсеткен қамқорлығы үшін», «Білімді дамытуға қосқан үлесі үшін», «Мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсеткен қамқорлығы үшін», «Спортты дамытып, оны қолдағаны үшін», «Қарттарға көрсеткен қамқорлығы үшін», «Жыл меценаты», «Ақпараттық қолдаушы», «Жылдың қайырымды адамы», «Жыл ұйымы», «Денсаулық сақтау саласына қолдау көрсеткені үшін», «Қазақстанның өркендеуіне қосқан үлесі үшін», «Қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесі үшін» номинациялары.

Өтініштерді қабылдау мерзімі – 2018 жылғы 15 қыркүйек күні сағат 15.00-ге дейін.

Жеңімпаздарды анықтау – 2018 жылғы 25 қазан.Жүлдегерлерді марапаттау рәсімі – 2018 жылғы

27 қазан, Алматы қаласы, Абай атындағы МАобт.«Алтын жүрек» сыйлығының мәлімдеме үлгісін

www.altynzhurek.kz сайтынан, [email protected] немесе [email protected] e-mail-нан алуға болады. Байқауға тапсырыс бір дана етіп поштамен – 050057, Алматы қаласы, Тимирязев көшесі, 71, 3-кеңсе мекенжайына, сонымен қатар жоғарыда аталған электронды пошталарға жіберіледі. Байланыс телефоны: 8(727)315-15-11.

коммерциялық ұйымдар мен жеке тұлғалардың Қазақстан аумағындағы қайырымдылық бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыруға қосқан үлестері

үшін тағайындалған Қоғамдық ұлттық «алтын жүрек» сыйлығы туралы

асығыңыздар, Қатысыңыздар!

1. Жалпы ережелер1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –

Елбасының Қоры тағайындаған «Алтын тобылғы» әдебиет жүлдесін беру тәртібін белгілейді.

2. Жүлденің мақсаты – қазіргі заманғы Қазақстанның көркем әдебиетін дамыту, қолдау көрсету және насихаттау.

3. Жүлденің міндеттері:1) жаңа ұрпақтың қазіргі заманғы көркем әдебиеттегі өмірлік

философиялық қағидаттарын бейнелейтін жас қазақстандық қаламгерлерді анықтау және көтермелеу;

2) тың әдеби үрдістердің қалыптасуына қолдау көрсету;3) қазіргі заманғы әдебиеттегі жаңа есімдерді көпшілік қауымға

таныстыру.4. Жүлденің құрылтайшысы мен ұйымдастырушысы – Қазақстан

Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры. Жүлдені тағайындау бойынша конкурс өткізудің серіктестері: Қазақстан

Жазушылар одағы және Мемлекеттік тілді дамыту қоры.5. Жүлде конкурс негізінде төмендегі номинациялар бойынша

тағайындалады: 1) «Жылдың үздік прозасы»;2) «Жылдың үздік поэзиясы»;3) «Жылдың үздік драматургиясы»;4) «Жылдың балаларға арналған үздік шығармасы»;5) «Астананың 20 жылдығы» тақырыбына арналған үздік әдеби туынды.6. Әрбір номинация жеңімпазына «Алтын тобылғы» әдебиет жүлдесінің

лауреаты атағы және 1 миллион теңге көлемінде сыйақы беріледі. 1,5 миллион теңге көлеміндегі арнайы сыйақы «Астананың 20 жылдығы» тақы-ры бына арналған үздік әдеби туынды номинациясы жеңімпазына беріледі.

2. Өткізу тәртібіКонкурс басталғаны туралы хабарландыру Н.Назарбаев Қорының

сайтында www.fpp.kz және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Шығармалар 2018 жылғы 1 шілдеден 1 қарашаға дейінгі аралықта

қабылданады. Конкурстың қорытындысы 2018 жылғы желтоқсанның бірінші

онкүндігінде жарияланады.3. Жүлдеге әдеби туындыларды ұсыну тәртібі

1. Конкурсқа 18-35 жас аралығындағы жас қаламгерлердің қазақ және орыс тіліндегі шығармалары қабылданады.

2. Бір автор тек екі номинацияға қатысуға құқылы.3. Авторлық жұмыстарға қойылатын талаптар:1) конкурсқа бір автордың бұрын еш жерде жарияланбаған екі

шығармасы ғана қабылданады;2) конкурсқа бейнормалық қолданыстағы сөздер кездесетін, этикалық

нормалар мен авторлық құқықтары бұзылған шығармалар қабылданбайды;3) шығарма А-4 форматында, мәтіні 14 көлеміндегі Times New Rоman

қарпімен 1,5 аралықта терілуі керек. Мәтіннің көлеміне қойылатын шектеу:– проза үшін – 35 беттен кем емес;– поэзия үшін – 5 беттен кем емес;– драмалық шығарма үшін – 30 беттен көп емес;– балалар әдебиеті үшін – 25 беттен көп емес;– «Астананың 20 жылдығы» тақырыбына арналған түрлі жанрдағы

әдеби шығарма (проза – 35 беттен кем емес; поэма – 5 беттен кем емес; драма – 30 беттен көп емес; балалар шығармасы – 25 беттен кем емес;).

4) Конкурсқа жіберілетін өтінім «Алтын тобылғы» деген белгі қойылып бір конвертпен мынадай тәртіппен жіберілуі керек:

Конвертке бөлек салынатындар 1) автордың аты-жөні көрсетілмей бір данада басып шығарылған шығарма, 2) автордың өзі туралы мәліметтер осы конверттің ішінде жеке конвертте болуы тиіс: аты, тегі, әкесінің аты, туған жылы, тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефондары, e-mail.

4. Өтінімдер поштамен Астана қаласы, А.Бөкейхан көшесі, 1-үй, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры мекенжайына және [email protected] электрондық пошта бойынша жіберілуі тиіс.

5. Конкурсқа қатысуға өтінім бере отырып, автор:1) өзінің авторлығын растайды;2) жүлденің ұйымдастырушыларына шығармаларды бұқаралық ақпарат

құралдарында, Ұйымдастырушының ұйғарымы бойынша жинақтарда және ғаламторда жариялауға рұқсат береді;

3) авторлық гонорарды талап етпейді.6. Қабылданған шығармалар рецензияланбайды және қайтарылмайды.7. Жұмыстарды Конкурсқа жіберуге және салтанатты марапаттау

рәсіміне қатысуға байланысты шығындарды қатысушылар өздері өтейді. 4. Жеңімпаздарды анықтау тәртібі

1. Қолжазбаларды бағалау және жүлде жеңімпаздарын (лауреаттарды) анықтауды конкурстың құрылтайшысы елімізге танымал ақын-жазушылардан, баспа өкілдерінен, сондай-ақ байқау құрылтайшылары мен серіктестері өкілдерінен жасақтаған (7 адамнан кем емес) қазылар алқасы жүзеге асырады.

2. Қазылар алқасының құрамы мен төрағасын конкурстың құрылтайшысы бекітеді.

3. Қазылар алқасының жүлденің талаптарына сәйкес келмейтін шығар-маларды қарамауға (сонымен қатар анонимді шығармаларды) құқы бар.

4. Конкурсқа ұсынылған шығармалар қазылар алқасы мүшелеріне анонимді түрде жіберіледі (автордың есімі аталмайды).

5. Қорытынды шешім қазылар алқасының жалпы санынан кемінде 2/3 кворумы болған жағдайда ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

6. Конкурсқа ұсынылған туындыларды әділ бағалау үшін барлық жұмыстар анонимді түрде қаралады. Конкурсқа ұсынылған жұмыстарды бағалау кезінде шығарманың өзектілігі мен автордың ойлау дербестігі, ұстанымы, баяндау реттілігі мен мағыналылығы, идея ерекшелігі, әдеби-көркем құндылығы, эстетикалық әсер тереңдігі басшылыққа алынады.

7. Қорытынды шешім қабылданғанға дейін анонимділік сақталады. 8. Қазылар алқасының шешімі ақырғы болып табылады және қайта

қаралмайды. 9. Конкурсқа лайықты шығармалар түспеген жағдайда, қазылар алқасы

ұйымдастырушыларға сол номинация бойынша жүлдені толығымен бермеуге немесе жартылай беру туралы ұсыныс жасауға құқылы.

Жыл сайынғы «алтын тобылғы» әдебиет жүлдесіне конкурс өткізу ережесі

Жамбыл ауданы әкімиятының 2007 жылғы 15 ақпандағы №68 қаулысы негізінде Қызылшарық ауылы, Жамбыл көшесі, №165-үйдің тұрғыны Карчаева Лейланың атына берілген қабылдау комиссиясының жария етілген құрылыс объектісін пайдалануға қабылдау туралы актісі (кад. №06:088:047:102:006:165, 15.02.2007 ж.) жарамсыз деп табылады.

* * *Жамбыл ауданы, Пригородное ауылы, Шынасилов көшесі, №6-үйдің

тұрғыны Карамырзаев Махмуджан Балтабаевичтің атындағы «ГАЗ 3110» маркалы автокөліктің мемлекеттік нөмірі (793 МТА 08, 2001 ж.) жоғалуына байланысты жарамсыз деп табылады.

* * *Жамбыл ауданы, Қаракемер ауылы, Көшербай көшесі, №28-үйдің

тұрғыны Оспанова Гульжан Егенбердиевнаның атындағы «ВАЗ 21061» маркалы автокөліктің (1990 ж, мемл. нөмірі Н 702 КТМ) құжаттары жоғалуына байланысты жарамсыз деп табылады.

Жарамсыз деп табыЛады

Жақсылық жасау – имандылықтың тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса» деген халқымыздың игі дәстүрі қазіргі кезде қайырымдылық істермен жалғасып келеді. Сол дәстүрге сай Жасөркен орта мектебінде мектеп директоры С.Даулетқұлованың бастамасымен әлеуметтік педагог Ф.Байназарова «Мектепке жол» дәстүрлі республикалық қайырымдылық акциясы аясында іс-шара ұйымдастырды.

Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. Жәрдем күткен отбасыларға қол ұшын беретін адамдардың бірі аудандық мәслихаттың депутаты Индира Тоғанбаева аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыға мектепке баруына жағдай жасап, керекті киім-кешекпен және оқу-құралдарымен қамтамасыз етті. Осындай қайырымдылық іс-шаралар жер-жерде көптеп ұйымдастырылса, нұр үстіне нұр болар еді деген ой жетелейді.

Ұлмекен ҮсеНҚызы.

Бүгінде еліміздің барлық аймақ-тарында «Мектепке жол» акциясы жүріп жатқаны белгілі. Мақсат та айқын,

ол мектеп жасындағы оқушыларды жаңа оқу жылына қажетті құрал-жабдықтармен қамта-масыз ету арқылы әлеуметтік жағынан аз қам тыл-ған отбасыларға жәрдемдесу болып табылады.

Осындай игі істің шарапатын Көлқайнар ау ы л д ы қ о к р у г і ә к і м і а п п а р ат ы н ы ң ұйымдастыруымен 1-6 сынып оқушыларынан 18 бала көрді. Акцияға атсалысқан кәсіпкерлер мен шаруа қожалық иелері оқушыларды мектеп формасымен және қажетті оқу құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етті. Аталмыш акцияға өз үлесін қосып, қайырымдылық танытқан азаматтарға ата-аналар мен ауылдық округ әкімі аппаратының бас маман-салық агенті Балжан Бейсенбаева алғыс білдірді.

күнзипа сИтАлИевА,«Шұғыла».

оқушыға жақсылық жасады

он сегіз бала қамТылды