ҚАЗАҚ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫ€¦ · ББК 81.2 Қаз - 4 Қ 25 Қазақстан...

936
Шерубай ҚҰРМАНБАЙҰЛЫ ҚАЗАҚ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ОҚУЛЫҚ СӨЗДІК БИБЛИОГРАФИЯ Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі

Upload: others

Post on 18-Oct-2020

17 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

  • 1ҚАЗАҚ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫ

    Шерубай ҚҰРМАНБАЙҰЛЫ

    ҚАЗАҚТЕРМИНОЛОГИЯСЫ

    ЗЕРТТЕУЛЕРОҚУЛЫҚ СӨЗДІК

    БИБЛИОГРАФИЯ

    Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі

  • 2 Шерубай ҚҰРМАНБАЙҰЛЫ

    ISBN 978 – 601- 7174- 35 – 4 – (Т. 3)© Құрманбайұлы Ш., 2014

    © «Сардар» баспа уйі, 2014

    Қ25

    УДК 811. 512. 122

    ББК 81.2 Қаз - 4

    Қ 25

    Қазақстан РеспубликасыМәдениет министрлігі

    Тіл комитетінің тапсырысы бойынша«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың

    2011- 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясындашығарылды

    Пікір жазғандар: Б.Қалиұлыфилология ғылымдарының докторы, профессор М.Малбақовфилология ғылымдарының докторы, профессор Ж.Жақыпфилология ғылымдарының докторы, профессор

    Құрманбайұлы Ш. Қазақ терминологиясы: зерттеулер, оқулық, сөздік, библиография. Алматы: «», 2014. ....б. - 952 бет.

    ISBN 978-601 – 7174- 35- 4

    Бұл кітапқа ғалымның «Қазақ лексикасының терминденуі», «Қазақ терминологиясы дамуының ғылыми қағидаттары», «Алаш және терминтану (ХХ ғасыр басындағы қазақ терминологиясының дамуы)» атты монографиялары мен «Терминтанушы құралы» атты оқулық-сөздігі және қазақ терминологиясының бір ғасырдан астам уақыт аралығындағы зерттелуін көрсететін «Терминологиялық әдебиеттердің библиографиялық көрсеткіші» атты еңбектері еніп отыр.

    Кітап тіл мамандарына, терминтанушы ғалымдарға, арнаулы сала мамандарына, жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің студенттеріне, терминологиялық жұмыстарды үйлестірушілерге, термин және терминология мәселелері, қазақ терминологиясының даму, қалыптасу кезеңдері қызықтыратын көпшілік қауымға арналған.

  • 3ҚАЗАҚ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫ

    АЛҒЫ СӨЗ

    Қазіргі қазақ терминологиясы өзінің даму тарихында бірнеше кезеңдерден өтті. Оның осы даму тарихын, терминтанудың ғылым ретінде қалыптасу жолын, ұлттық терминдер қорын жасауда ұстанатын бағыт-бағдар, ұстаным-қағидаттарды анықтау, терминологияның өзге де көптеген ғылыми-теориялық, практикалық мәселелерін жан-жақты зерттеу өте маңызды. Бұл қатарға термин сөз бен терминдер жүйесінің лингвистикалық табиғатын, әр саланың ұғымдар жүйесінің өзіндік ерекшеліктерін, терминологияны біріздендіру, реттеу, стандарттау сынды терминологиялық жұмыстарды жоғары кәсіби деңгейде жүргізудің ғылыми негізі мен әдістемесін жетілдіру де кіреді. Осы аталған бағыттағы жұмыстардың бірқатары сонау ХХ ғасырдың басынан, қазақ тіл білімінің аса көрнекті өкілі, ғұлама ғалым А.Байтұрсынұлы бастаған алаш зиялылары еңбек еткен кезеңнен бері түрлі деңгейде жүргізіліп келеді. 60-70 жыл мерзімді қамтитын кеңестік дәуірдегі қазақ терминологиясының дамуы сол заманның, уақытының талабына сәйкес өзіндік сипатқа ие болды. Егемен ел болып, тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі терминологияның жаңа бағытта дами бастағанына да ширек ғасырға жуық уақыт өтіпті. Дәл осы тәуелсіздік таңы атқан тұста ғылымға келген талапты жас буынның арасында Шерубай Құрманбайұлы да болды. Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-ды үздік бітіріп жатқан жас маманға институттан шақыру жіберіп, арнайы жолдамамен жұмысқа қабылдадық. Оның терминология бөліміне кіші ғылыми қызметкер болып жұмысқа қабылданған сәтінен бастап, бүкіл өсу, тілші-ғалым (кітаптың бүкіл мәтінінде сызықша қойдым), басшы ретінде қалыптасу жолы көз алдымызда. Алғашқы ғылыми мақалалары мен монографиясы да институтта қызмет еткен жылдары жарияланып, ғылыми жобаларға қатысуы мен ғалымдар қауымы арасында пікір айтып, алғашқы ғылыми баяндамаларын жасауы да осы институт қабырғасында болды. Ол кандидаттық, докторлық диссертацияларын да өзі еңбек жолын бастаған А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты жанындағы ғылыми кеңесте қорғады. Өз қатарының алды болып, отыздан аса бере ғылым докторы атанған ол ғалым ретінде ерте танылумен бірге бірқатар ғылыми-ұйымдастырушылық, жауапты басшылық қызметтерді де атқарды. Еліміздің жетекші оқу орындары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қазіргі шығыс тілдері және қазақ тілі кафедраларына, Л.Н.Гумилев атындағы

  • 4 Шерубай ҚҰРМАНБАЙҰЛЫЕҰУ-дың жалпы тіл білімі және аударма теориясы кафедрасына басшылық жасады. А.Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының ғалым хатшысы, институт директоры болып, қазақ тіл білімінің қарашаңырағы саналатын үлкен ғылыми ұжымды басқарды. Кейінгі жылдары республикамыздағы тіл саясатын жүргізуге құзыретті мемлекеттік орган Тіл комитетіне төрағалық етті. ҚР Президенті Әкімшілігінде, ҚР Білім және ғылым министрлігінде, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде жауапты қызметтерде болды. Оның есімі бүгін республика жұртшылығына білікті лингвист-ғалым (сызықша қойдым), ұлтжанды, мемлекетшіл азамат, іскер басшы, қарымды қайраткер ретінде жақсы таныс. Біз оны ең алдымен, тіл маманы, білікті терминтанушы ғалым деп білеміз. 90-жылдардың басында, тәуелсіздік таңы атып келе жатқан тұста ғылымға келген ол алғашқы күннен бастап таңдап алған мамандығын жақсы меңгерген, өз кәсібіне адал, ісіне жауапкершілікпен қарайтындығын көрсетті. Қазақ тілінің мәселелерін зерттеуге арнаған 25 жылдай уақытта ол тіл үйретуге арналған оқулықтар мен оқу құралдарын, өз авторлығымен және ұжымдық авторлықпен көптеген сөздіктер жариялады. Қазақ тіл білімінде аз қарастырылған қысқарған сөздерді, баспасөз тіліндегі жаңа атаулар мен сөзқолданыс және аударма мәселелерін арнайы зерттеп, бірнеше кітаптар жазды. Сонымен қатар лексикология, тіл мәдениеті, ономастика, әлеуметтік лингвистика, тіл саясатының түрлі мәселелеріне арналған көптеген мақалалар жариялады. Алайда ғалым ініміздің шығармашылығы туралы сөз қозғағанда оның осы еңбектері бір төбе де, терминология саласын зерттеуге арналған еңбектерінің өзінше бір төбе, орны бөлек екендігін атап айтқан абзал. Ғылыми қызметкер ретінде жұмыс істей бастаған алғашқы күннен бастап, ол терминологияны жүйелі түрде зерттеуге, оның шешімін таппаған түрлі мәселелерін талқылауға белсене араласып, терминологиялық жұмыстарды жүргізудің тиімділігін арттыру туралы ойларын ортаға салудан жалыққан емес. Ол терминтану саласында тер төгіп, тынымсыз ізденіп, жемісті еңбек етіп келе жатқан қаламы қарымды, өте еңбекқор ғалым. Жалпы термин, терминология мәселелері Ш.Құрманбайұлының ғылыми шығармашылығының негізгі арқауы. Кандидаттық диссертациясын салалық терминологияны, яғни өсімдік анатомиясы мен морфологиясы терминдерін зерттеуден бастаған ол, қазақ лексикасының терминденуін, қазақ терминологиясы дамуының кезеңдік ерекшеліктерін, терминологияны дамытудың ғылыми қағидаттарын, терминжасам, терминалмасым, түркі тілдеріне ортақ терминқор қалыптастыру, терминдерді біріздендіру мәселелерін жан-жақты зерттеді. Оның бұл саладағы жаңалықтары да, тың тұжырымдары да, ғылыми тұрғыдан аражігін (дефис арқылы жазылып жүрген бұл сөзді бірге жаздым) ажыратқан мәселелері де аз емес. Олар арнайы сөз қозғауды қажет етеді. ХХ ғасырдағы қазақ терминологиясының дамуы, әр кезеңнің сипаты терминтанушы ғалымның монографияларында кеңінен талданды. Қазақ терминологиясының алаш кезеңіндегі дамуын зерттеуге арналған оның «Алаш және терминтану. ХХ ғасыр басындағы қазақ терминологиясы» атты еңбегін айрықша атаған

  • 5ҚАЗАҚ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫорынды. Ол қазіргі қазақ терминологиясы мен терминжасам мәселелерін де арнайы зерттеп, бірнеше еңбек жариялады. Ғалымның қазақ терминологиясын оқыту мен терминқор қалыптастыру тәсілдерін көрсететін құралдары мен, жоғары оқу орындарының филология факультеті студенттеріне арналған «Терминтану» (2005), «Терминтанушы құралы» (2008) мен «Терминтану сөздігі» (2009) терминтануды пән ретінде оқытуда қолданылып жүрген құнды еңбектер. Мұндай еңбектердің бізде алғаш рет оның авторлығымен жазылып, жоғары оқу орындарының филология факультеттерінде кеңінен пайдаланылып жүргендігі осы еңбектер авторының бұл саладағы жетекші маман екендігінің көрінісі. Тіл білімі саласында еңбек етіп жүрген ғылыми қауымның алдыңғы толқыны да, орта буыны да, өз қатарлары мен кейінгі буын да филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА-ның корреспондент мүшесі Шерубай Құрманбайұлын қазіргі тіл білімінің белгілі өкілі, білікті лингвист-ғалым деп таниды. Ол қазақ тіл білімінде өзіндік орны бар, қаламынан туындаған зерттеулері қалың жұртшылықтың, филологтардың, студенттердің қажетіне жарап жүрген маман. Сондықтан белгілі тіл маманының еңбектері баспа бетін көріп, көпшілікке тарап жатса, терминтанудың ғылым ретінде дамуына, терминологиямыздың кейбір практикалық мәселелерінің шешімін табуға, терминологиялық жұмыстарды жүргізуге септігін тигізеді деп білеміз. Оның үстіне, термин, терминология мәселелері бүгінгі таңда қоғам назарын ерекше аударып, күн тәртібінен түспей тұрғаны да белгілі. Әрине, біз шағын алғы сөзде ғалымның терминтану саласындағы еңбектерінің бәрін тізіп, талдап шығуды, ғылыми шығармашылығына баға беруді мақсат етпейміз. Оның филологтардың, сала мамандарының көпшілігіне пайдалы болатын кейбір зерттеулері мен оқулығының, сөздігі мен библиографиялық көрсеткішінің бір кітапқа топтастырылып, беріліп отыруын құптаймыз. Бұл зерттеушілер мен терминтанушылар, терминологтар үшін де, әртүрлі (кітаптың бүкіл мәтінінде бөлек жазылып жүрген бұл сөзді бірге жаздым) сала мамандары мен филология факультеттерінің студенттері үшін де қажет, қазақ терминологиясы туралы көптеген нақты ғылыми мәліметтерді бір кітаптан табуға болатын, қолдануға қолайлы еңбек болады деп білеміз.

    филология ғылымдарының докторы, профессор,ҚР ҰҒА-ның академигі Ә.ҚАЙДАР

  • 6 Шерубай ҚҰРМАНБАЙҰЛЫ

    ҚАЗАҚ ЛЕКСИКАСЫНЫҢ ТЕРМИНДЕНУІ

    Бұл еңбекте қазақ тіліндегі терминденуші лек-сика көздері, жалпыхалықтық тілдегі сөздердің терминдену ерекшеліктері, терминденудің түрлері, сөздердің терминдену барысында болатын олардың мағыналық құрылысындағы өзгерістер, жалпы лекси-калық өріс пен терминологиялық өрістер арасындағы өзара байланыс мәселелері қарастырылады. Қазақ лексикасының терминденуі кезеңдік тұрғыдан сипат-талып, терминологиядағы қазіргі жағдайға ғылыми тұрғыдан баға беріледі. Оның қалыптасуының негіз-гі себептері туралы сөз болады. Сондай-ақ, автор А.Байтұрсынұлының қазақ ғылыми терминологиясын қалыптастырудағы рөлін көрсетуге байланысты тың тұжырымдар жасайды.

  • 7ҚАЗАҚ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫ

    КIРІСПЕ

    Адам қызметінің арнаулы салаларының қайсысын алсақ та сол салалардың әрқайсысының өзіне тән ұғымдар жүйесі болады. Ондай арнаулы ұғымдардың атаулары да ұғымдар жүйесінің ерекшеліктерін көрсетіп тұруы қажет. Ғылым мен техника дамыған сайын мыңдаған жаңа ұғымдар пайда болып жатады. Олардың әрбірі өзінің таңбалаушысын тауып, тілдік тұрғыдан да жүйелеуді қажет етеді.

    Мұндай қажеттіліктерді өтеп, термин жасау, қалыптастыру, терминологияны жүйелеу, реттеу жұмыстарын дұрыс жолға қою, жалпы ғылыми-техникалық терминологияның даму бағытын белгілеу – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелері болып отыр. Бұл тәрізді ауқымды да күрделі мәселелердің шешімін табудың оңай емес екендігін уақыттың өзі көрсетуде. Соңғы он шақты жыл көлемінде ғылыми жұртшылық термин мәселесіне айрықша назар аударып, баспасөз беттерінде көпшіліктің жаппай пікір білдіріп жатқандығына қарамастан қазақ терминологиясы өзінің даму бағытын айқындай алмай отыруы – соның көрінісі болып табылады. Сондықтан терминологияның шешімін таба алмай келе жатқан қандай мәселесін болса да жалпы сөз етуден гөрі, ғылыми тұрғыдан арнайы зерттеу арқылы ғана шешуге болады.

    Ұлт тілінде термин жасап, ғылыми-техникалық терминологияны ұлт тілі негізінде қалыптастыру үшін термин шығармашылығында іске қосылатын амал-тәсілдер мен термин жасауда пайдаланылатын ішкі көздерді айқындап, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін көрсетудің маңызы айрықша.

    Ұсынылып отырған зерттеу жұмысында қазақ лексикасының терминденуі әртүрлі қырларынан қарастырылады. Термин шығармашылығының бұл тәсілі жекелеген еңбектерде ішінара сөз болғанымен қазақ тіл білімінде осы мерзімге дейін арнайы зерттелмей келді. Сол себепті оның көптеген өзіне тән ерекшеліктерінің анықталмай келуі де табиғи нәрсе.

    Бұл еңбекте терминдену тәсілінің түрлері, олардың бір-бірінен айырмашылықтары, сөздердің терминдену жолдары, тілдің жалпы лексикалық жүйесі мен терминологиялық лексикасы арасындағы байланыс, қазақ тіліндегі терминденуші лексика көздері, олардың терминологиялық қордың жасалуына қатысы және қазақ лексикасы терминденуінің кезеңдік сипаты сөз болады.

    Зерттеуіміздің негізгі арқауы терминология болғандықтан, оның қазіргі жағдайы туралы ойымызды ортаға салғанымыз жөн деп санаймыз. Сондықтан жұмыстың бірінші тарауында қазақ терминологиясының қазіргі жай-күйіне, оның қалыптасуына түрткі болып отырған негізгі себептерге тоқталдық.

    Бұл еңбектің бұған дейін жарық көрген терминология саласындағы зерттеулерден ең басты бір ерекшелігі – терминологиялық лексика мен жалпы лексика арасындағы өзара байланысты көрсетуде де, сөздердің терминдену барысында болатын өзгерістерді айқындау кезінде де тіл біліміндегі өріс теориясы басшылыққа алынды.

  • 8 Шерубай ҚҰРМАНБАЙҰЛЫСонымен қатар жалпы қолданыстағы сөз бен терминнің айырмашылықтарын

    айқындауда және сөздердің терминдену барысында болатын семантикалық өзгерістерді сөздің лексикалық мағынасы мен терминологиялық мағынасының құрылысын салыстыра отырып талдау кезінде ұғым белгілерін тірек етіп алу да бұл жұмыстың сондай өзгешеліктерінің бірі болып табылады.

    Қазіргі кезеңде терминжасамда ұлт тілінің ішкі байлығын сарқа пайдалануға барынша мән беріліп отырғандығы баршамызға белгілі. Ендеше пайдаланылуға тиісті сол байлықтың өзін анықтап, ондай ішкі көздердің осы мерзімге дейін терминологиялық лексиканы құрауға қаншалықты қатысып келгендігін және алдағы уақытта оларды қалай іске жарату керектігі жайлы сөз қозғаудың мәні зор. Осыны ескере отырып, еңбектің төртінші тарауы терминделуші лексика көздерін жан-жақты сөз етуге арналды.

    Ғалымдардың терминологияны зерттеуге арналған еңбектерінде жер, су, тау, жел, ауа, жапырақ, дыбыс сияқты сөздерден тұратын лексикалық қабат тілдің терминологиялық жүйесі мен жалпы лексикалық жүйесіне бірдей қызмет ететін көп қызметті (полифункциональные слова) сөздер деп қарастырылып жүр.

    Осы еңбекте мұндай сөздер бірінші рет басқаша танылып, сөздердің терминденуі тұрғысынан қарастырылып отыр. Олай қарастыруға термин сөз бен термин емес сөздің мағынаны құраушы бөліктерінің сәйкес келмеуі мен терминологиялық өріс пен жалпы лексикалық өрістің өзіндік ерекшеліктері негіз болды.

    Терминологияның дамуы мен қалыптасуының өзіндік тарихы бар. Оны ғылым мен техниканың өркендеуінен қоғам өмірінде болып жататын саяси-экономикалық, рухани-мәдени, тарихи-әлеуметтік өзгерістерден мүлде бөліп алып қарауға болмайды. Орыстың физикалық терминологиясының қалыптасуын зерттеген ғалым Л.Кутинаның: «В истории терминов и терминологий отражается много разнообразных зависимостей и планов: развитие научной мысли, смены научных воззренин, связь и дифференциация научных дисциплин, культурные связи, степень и особенности развития языка, состояние лексической и стилистической системы языка»1, – деуі өте орынды. Ғылыми-техникалық терминологияның қалыптасуына әртүрлі тілдік және тілден тыс факторлар әсер етеді.

    Қазақтың ғылыми терминологиясының даму тарихына үңілер болсақ, оның қалыптасуына қоғам өмірінде болған өзгерістердің айқын із қалдырғанын көруге болады. Жалпы терминологиялық лексика қорының жасалуы – ғылым мен техника салаларының игерілуіне, дамуына тікелей тәуелді. Сондықтан қазақтың ғылыми терминологиясының қалыптасуын Қазақстан ғылымының даму тарихынан бөліп қарау мүмкін де емес. Соған сәйкес біз қазақ лексикасының терминденуін кезеңдік тұрғыдан сипаттауда (V тарауда) осы шындыққа табан тіреуімізге тура келді. Сонымен бірге терминологиялық жұмыстың жүргізілуіне тікелей әсері болған тілдік және 1 Кутина Л.Л. Формирование терминологии физики в России. -М., -Л., 1966. С. 268.

  • 9ҚАЗАҚ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫтілден тыс факторларды ескерусіз қалдырмау жағына да көңіл бөлінді.

    Жалпы ғылымның, әдебиет пен өнердің, тарих пен мәдениеттің дамуына кешегі кеңестік кезеңде партиялық басшылықтың шектен тыс күшейтілуіне байланысты, дәлірек айтқанда, бұлардың бәріне үлкен саяси мән беріліп, партияның орынсыз араласуына орай елеулі кемшіліктерге жол берілгендігі жайлы бүгінде әртүрлі саланың мамандары жиі сөз етіп, дәлелді деректер келтіріп жүргендігі баршамызға мәлім.

    Ұлт тілдерінде ғылыми терминологияны қалыптастыруға да орталық айрықша мән беріп, үлкен мемлекеттік маңызы бар іс ретінде қараған. Сол себепті терминологияны қалыптастыру мен дамытудың принциптері де одақтың тіл саясатына сәйкес орталықтың тікелей араласуымен жасалып, олардың басшылыққа алынуы қатаң қадағаланып отырған. Сондықтан қазақ лексикасының терминденуінің кезеңдік сипатын көрсетуде оны ескермеу орынсыз болған болар еді.

    Сөйтіп, қазақ лексикасының терминденуі бес кезеңге бөлініп қарастырылды. Әрбір кезеңнің өзіне тән ерекшелігін көрсетіп, олардың әрқайсысына ғылыми тұрғыдан баға беруді мақсат еттік.

    Қазақтың ғылыми терминологиясының қалыптасуы жайлы сөз болған жерде Ахмет Байтұрсынұлының есімін атамай өту мүмкін емес. Сондықтан XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ лексикасының терминденуі жөнінде сөз болған тұста. А.Байтұрсынұлының ғылыми терминологияны қалыптастырудағы рөлі туралы арнайы сөз болады.

    Терминология саласы бойынша осы мерзімге дейінгі жарық көрген еңбектерде терминологияның қалыптасуын кезеңге бөлу бірізді емес. Біздің кезеңдестіруіміз де олармен толық сәйкес келе бермейді.

  • 10 Шерубай ҚҰРМАНБАЙҰЛЫ

    I ТАРАУ

    ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

    І. 1. Қазақ терминологиясының қазіргі жайы

    Терминологияның даму деңгейін анықтап, оның қазіргі жайына баға беру оңай мәселе емес. Алайда, бұл саланың алдағы уақыттағы даму бағытын белгілеп, термин шығармашылығын реттеп отыру үшін ол өте қажет жұмыс болып табылады. Осыны дұрыс түсінген тілші-ғалымдар мен әртүрлі саланың мамандары дәл қазіргі кезеңде терминология мәселесіне айрықша назар аударып отыр. Олардың көпшілігі, термин жасауға, шет тілдерінен қабылдауға және халықаралық терминдерге байланысты өз ойларын ортаға салып та жүр. Бұл солай болуға тиіс те. Өйткені терминдерді жасайтын да оларды өздерінің бүкіл жұмыс барысында пайдаланатын да әртүрлі мамандық иелері. Сол себепті термин тағдырына кез келген арнаулы саланың маманы бей-жай қарай алмайды. Термин мәселесін арнайы қарастырып отырғандықтан біз де қазақ терминологиясының бүгінгі жайы туралы сөз етпеуге тиісті емеспіз.

    Соңғы 7-8 жыл көлемінде, дәлірек айтқанда, 1990 жылдардан бері қарай термин жасау мен қалыптастырудың бұрынғы орныққан дәстүрлері бұзыла бастады. Қоғамның саяси-әлеуметтік, рухани-мәдени өмірінде болған түбегейлі өзгерістер ұлт тілінің ресми мәртебесін өзге деңгейге көтеруімен қатар, ғылыми-техникалық терминологияны қалыптастыруда басшылыққа алынып келген қағидаларға да сол ұлт тілінің мүддесі тұрғысынан жаңаша қараудың қажеттілігін туғызды.

    Термин шығармашылығында 90-жылдарға дейін басшылыққа алынып келген принциптердің біразы ескерілмей, терминологияны қалыптастыру мен дамытудың ғылыми негізделген жаңа принциптері әлі орныға қоймағандықтан қазақ терминологиясы күрделі кезеңді өткеріп жатыр.

    Қалыптасқан жағдайға әркім әртүрлі баға беруде. Терминология мәселесіне бүгінде қайта оралудың себептері туралы айта келіп академик Ә.Қайдаров былай дейді: «Қазақ тілі терминологиясы әртүрлі жағдайларға байланысты бүгінде дағдарысқа ұшырап отыр: оның ғылыми принциптері жаңа үрдіске бағыт-бағдар беріп, алда жүріп отырудың орнына артта қалып, термин практикасы аяқ асты болып бара жатыр. Осының нәтижесінде әркімнің өз білгенінше термин жасауы немесе оны ауыстыру, алмастыруы тәрізді бейберекет «бұқаралық» әрекетке (анархия) жол беріле бастады»2.

    Мұндай жағдайдың қалыптасып отырғандығы дау тудырмайды. Бұл туралы қазір қазақ баспасөзінде үздіксіз жазылып жатқандығы баршамызға 2 Қайдаров Ә.Т. Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас. Алматы, 1993. 4-б.

  • 11ҚАЗАҚ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫбелгілі. Алайда көп жағдайда мәселенің мәнісіне терең үңіліп ғылыми тұрғыдан баға берудің орнына жекелеген терминдер мен жалпы терминология жөнінде ешбір негізсіз үстірт пікірлер айтылып жатады. Соған қарамастан, бұл термин мәселесінің жұртшылық назарын айрықша аударып отырғандығының көрінісі.

    Жоғарыда айтқанымыздай, терминдерді, ұғымдар жүйесінің өзіндік ерекшелігін, әр ұғымның айрықша белгісін жақсы білетін салалық мамандар жасайды. Бірақ әр маман өзінше термин жасап, өз терминін қолдануға тиісті емес екендігі баршамызға түсінікті жайт. Солай бола тұрса да термин жасауда осындай әрекетке жол беріліп отырғандығын жоққа шығаруға болмайды. Соңғы жылдары ғылым мен техниканың белгілі бір салалары бойынша жарық көрген терминологиялық сөздіктерді, оқулықтарды салыстыру арқылы оған анық көз жеткізуге болады. Бір ғана термин түрліше аударылып, әр сөздікте, әртүрлі деңгейдегі оқулықтар мен ғылыми еңбектерде түрліше қолданылып жүр. Мәселен, мына төмендегі терминдер сондай бірізділіктің жоқтығын дәлелдейді: консенсус – бәтуә, мәміле, келісім, жалпы пікір; баланс – дәргей, теңгерім; скидка – шегерім, шегерме, кеміту, жеңілдік; спонсор – демеуші, мияткер, қолдаушы; вклад – салым, аманат ақша; вкладчик – салымшы, аманатшы, аманат ақша иесі; доход – кіріс, табыс; ценная бумага – құнды қағаз; бағалы қағаз; приоритет – артықшылық, басымдылық, басым бағыт; компетенция – құзыр, құзырет; амнистия – рақым, рақымшылдық, кешірім; юридическое лицо – заңды тұлға, заңды ұйым; клетка – жасуша, торша; бутон – гүлшанақ, бітеугүл; ткань – ұлпа, тін; семья – отбасы, жанұя т. б.

    Мұндай жарыспалылықты арнаулы салалардың кез келгенінен дерлік кездестіруге болады. Олардың ішінде терминкомның ресми бекіткеніне қарамастан бірізді қолданылмай жүргендері де бар. Мәселен, демеуші, гүлшанақ, отбасы сияқты терминдер сол қатарға кіреді.

    Сондай-ақ көптеген терминдердің терминология комиссиясы бекіткен қазақша баламалары бола тұра тұрақты қолданылмайды немесе бұрынғысынша шет тілдеріндегі нұсқалары жарыса қолданылып жатады. Мысалы, әлеует (потенциал), мәртебе (статус), көлік (транспорт), мәтін (текст), бағдаршам (светофор), мұрат (идеал), өтем (компенсация), сынып (класс), түйін (резюме) тәрізді терминдерді осы топқа жатқызуға болады.

    Термин жасау, жасалған терминдерді қалыптастыру – үнемі қадағалап, реттеп отыруды қажет ететін өте жауапты жұмыс. Олай болмаған жағдайда терминологиядағы жүйеліліктің, реттіліктің бұзылары сөзсіз. Терминологиямыздағы бірізділіктің сақталмай әр автордың өзінше термин жасап немесе қалаған терминін қолдануы осы үйлестіру жұмысының әлсіздігінен, өкілетті орындардың өз қызметін тиісті деңгейде атқара алмай отыруынан деп білген жөн.

    Терминжасам процесін үйлестіріп, ретке келтіріп отыратын ондай органның Мемлекеттік терминология комиссиясы екендігі белгілі. Алайда соңғы жылдары бұл комиссияның атына сынның тым жиі айтылуы оның

  • 12 Шерубай ҚҰРМАНБАЙҰЛЫжұмыс істеу тәртібі мен құрамын белгілеу туралы шындап ойланудың қажеттілігін аңғартады.

    Жалпы ғылым мен техниканың сан түрлі саласын қамтитын терминдерді реттеп, жүйеге түсіріп отыру өте ауқымды жұмыс. Ондай жұмысты айына, жылына санаулы рет қана бірер сағатқа бас қосып, қол көтеріп шешетін лауазымды адамдар тобы ешқашан шеше алмайды.

    Мемтерминкомның 1933 жылдан бастап, 60-жылдан астам уақыт ішінде бүкіл терминологиялық лексиканың шамамен 10 проценттейін ғана ресми бекітуі соның көрінісі3.

    Ғылыми терминологиясы дамыған тілдердің (ондай тілдердің қатарына дүниежүзінің 60 тілі кіреді) қатарына қосылу үшін бізге терминдерді реттеу, жүйелеу, стандарттау жолында қыруар жұмыстарды атқаруға тура келеді. Сондықтан да бұл жұмыс дұрыс жолға қойылған елдердегідей бізде де тұрақты жұмыс істейтін, терминология мәселелерімен тікелей айналысатын кәсіби мамандары, яғни, терминологтары бар мемлекеттік мекеме болуы керек. Мәселен, Ресейдегідей ғылыми-техникалық терминология комитеті болса, ауқымды жұмысты атқаруға мүмкіндік туындаған болар еді. Әйтпесе, біздегідей жұмыс істеу тәсілімен терминологиямызды жүйеге түсіруге болады дегенге сену қиын. Дәлірек айтқанда, мүмкін емес. Сондықтан, бұл мәселенің мемлекеттік маңызы ескеріле отырып, жұмысы дұрыс жолға қойылмаса, терминологиямыздағы ала-құлалық сақталып қалатыны сөзсіз.

    Қазіргі кезеңде ұлт тілінде термин жасаудың жанданып отырғаны белгілі. Көптеген жаңа терминдер жасалып қолданысқа көше бастады. Бұл ұлт тілінің ғылым саласындағы қызметін атқара бастауының бір көрінісі. Оны пуризм деп танып, қазақ тілі ғылымға, термин шығармашылығына шектен тыс көп араласып кетті деуге болмайды. Бұл, түптеп келгенде, онсыз да мүмкіндігі шектеліп келген тілдің ғылым саласындағы қызметінің қалыптасуына жол бермеу болып табылады. Рас, жасалып жатқан терминдердің бәрін бірдей мінсіз деп айта алмаймыз. Олардың ішінде терминологиялық жүйе мен терминдерге қойылатын талаптарға жауап бере алмайтындарының да бар екендігі даусыз. Ондай терминдердің қолданылуына жол бермеу дұрыс. Алайда, сәтсіз жасалған кейбір терминдерді мысалға келтіре отырып, қазақ тілінің термин жасауға икемсіздігін, ғылыми ұғымдарды дәл беруге мүмкіндігінің жетпейтіндігін дәлелдеуге тырысқысы келетіндермен келісуге болмайды. Егер белгілі бір ұлттың тілі қоғамдық өмірдің қандай да бір саласындағы қызметін атқара алмай жатса, ол үшін тілді кіналау мүлде дұрыс емес. Оның себептерін сол тілдің дамуына мүмкіндік бермей отырған қоғамнан іздеу немесе өз тілін қажетті деңгейде дамытып, тиісті салада қолдана алмай отырған ұлттың өзінен көргені жөн. Сондықтан, мемлекеттік мәртебеге ие болған қазақ тілін термин шығармашылығына тиімді пайдаланып, оны шын мәніндегі ғылым мен техниканың тілі ете білу өзімізге тікелей байланысты. Бұл істе жалпы ұлттық кадрлардың, оның ішінде, ғалымдардың, салалық мамандардың рөлі айрықша.3 Қайдаров Ә.Т. Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас. Алматы, 1993. 6-б.

  • 13ҚАЗАҚ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫАл сәтсіз терминдердің жасалу себебіне келсек, ол – термин жасаушының

    терминге қойылатын талаптарды білмеуінен, тілді дұрыс пайдалана алмауынан, ұғымдар жүйесінің өзіндік ерекшелігін ескермеуден, тәжірибесіздіктен немесе жауапкершілікті сезінбеуден туындайтын әрекет. А.Байтұрсынұлы айтқандай, тілді жұмсай білу, сөзден сөз жасап шығару екінің бірінің қолынан келе беретін жұмыс емес.

    Термин жасау үшін ешкімге арнайы құқық берілмейтіні мәлім. Сол себепті термин жасаушылардың терминологиялық лексика мен ұғымдар жүйесінің ерекшеліктерін бірдей ескере отырып, термин мәселесіне үлкен жауапкершілікпен қарағаны жөн-ақ. Әйтпесе, ізгі ниетпен жасалған істің пайдасынан зияны көбейіп, оң нәтиже болмауы әбден мүмкін.

    Қазіргі терминологиядағы шешімін таппай жүрген мәселенің бірі – халықаралық деп аталатын терминдерді ұлт тіліне аудару, жазу немесе бір сөзбен айтқанда, қабылдау тәртібінің белгіленбеуі. Бұл мәселе төңірегіндегі ғалымдардың пікірлері де әртүрлі. Сондықтан осы мәселені арнайы зерттеп, тиісті қорытынды шығарудың терминология үшін маңызы зор.

    Бұрын халықаралық терминдер туралы біржақты пікір қалыптасқаны белгілі. Яғни, бір топ тілдерде қолданылатын ондай сөздерді «орыс тілінде қалай жазса, біз де солай жазайық, олар қалай айтса біз де солай айтайық» деп келдік. Әрине, мұны халықаралық әрі кеңес одағын мекендейтін барлық халықтардың болашақта біржола көшуге тиіс тіліне, яғни, кеңес одағының ортақ тіліне, деген «үлкен құрметіміз» деп түсінейік. Ал енді бүгін біздің тіліміз де халықаралық болмаса да мемлекеттік мәртебеге ие болғаны баршамызға мәлім. Ендеше, оның да өзіндік ерекшелігін ескеріп, биік мәртебесіне лайық құрмет көрсететін кез жетті. Бірақ соған қарамастан «бәрі де бұрынғысынша (одақ кезіндегідей) қалсын, ешнәрсені өзгертпейік» – деуіміз өзімізден гөрі өзгені құрметтеуге әбден үйретілгендігімізді, «ұлы билеушіміздің» айтқанының бәрін бұлжымас заң деп қабылдайтын құлдық психологияның құрсауынан әлі де шыға алмай жатқандығымызды көрсетсе керек. Әйтпесе, өзге тілден сөз қабылдағанда оны ұлт тілінің фономорфологиялық заңдарына сәйкестендіріп алудың қажеттігін қазақ зиялылары XX ғасырдың басында-ақ дұрыс атап көрсеткен болатын.

    Мәселен, 1923 жылы жазылған мақаласында X.Досмұхамедұлының «Жат сөздерді қолданғанда тіліміздің заңымен өзгертіп, тілімізге лайықтап алу керек. Жат сөздерді өзгертпей, бұлжытпай алатын жер дүниеде тіл жоқ деп айтса да болады»4, – деуі соған дәлел бола алады.

    Елуінші жылдары бұл мәселеге М.Әуезов те тоқталып, «Орыс тілі мен шетелдер тілінен алынған атаулардың орфографиясы бізде әлі дұрыс жолға қойылып болмаған... Біздің грамматикамызда осы жөнде асыра сілтеу, сыңаржақтық бар сияқты»5, – деп өте әділ көрсеткен болатын.

    Ондай асыра сілтеудің, сыңаржақтықтың орын алғаны дау тудырмайды. Асыра сілтеуге бұлайша жол берілуі – орыс тілінен өзге ұлт тілдерінің

    4 Досмұхамедұлы X. Қазақ-қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы // Аламан. -Алматы, 1991. 92-б.5 Әуезов М.О. Жиырма томдық шығармалар жинағы. -Алматы, 1985. 19-том. 261–262-бб.

  • 14 Шерубай ҚҰРМАНБАЙҰЛЫерекшеліктерін әдейі, мақсатты түрде ескермеуді көздеген кеңестік тіл саясатымен тікелей байланысты. Бұл сыңаржақтықты кезінде орыс ғалымдарының ішінен де атап көрсеткендері болған. М.Әуезов аталған мақаласында оған айрықша мән берген.

    1950 жылы «Вопросы философии» журналында жарияланған мақаласында А.Мординов орыс сөздерін ұлттар тілдерінде орыс орфографиясымен жазуды «марршылдықтың бір солақайлығы» деп бағалаған.

    Ол академик И.Мещанинов пен профессор Г.Сердюченконың «жасанды әр алуандықты жою мақсатымен» деп дәлелдеп отырып, «Орыс сөзі мен халықаралық атаулар орыс орфографиясы бойынша жазылсын. Бұл атаулардың жазылуына бұрмалау кірмесін» – деген қағидасын қатты сынайды. Ғалым «Мұндай аса зиянды қағида ұлт тілдерінің заңдарын күйретіп, орфографияда анархия тудырды. Ана тілінде хат тануды нелер қиындыққа соқтырды. Жергілікті газеттер мен журналдардың жұмыстарын да ауырлатты»6, – деп көрсетеді.

    Ғалымның бұл пікірін сол кезеңнің шындығы ретінде мойындамау үлкен әділетсіздік.

    Біз бүгін кеңестік жүйе кезінде жасалып қалыптасқан жазу қағидаларымызды қорғаштай отырып, баспасөз беттеріндегі кірме сөздерді ұлт тілінің ерекшеліктеріне сәйкестендіріп жазуға ұмтылуды бейберекеттік, анархия деп жүрміз. Ал шын мәнінде, қазіргі ала-құлалықтың туындау себептерін сонау 30-жылдардан іздеген жөн. Нағыз анархия, ұлт тілдерінің ерекшеліктерін белден басу сол кезеңде басталған. Қазіргі орфографиямыздан орын алып, бұлжымас заңға айнала бастаған кейбір қасаң қағидалардың негізі сол кезде жасалған. Кейінгі кезеңдерде олардың «дұрыстығын» қайта-қайта дәлелдеп, санамызға берік сіңіріп, өмір шындығына айналдыра бастаған өзіміз. Соған қарамастан, ғылыми негізі осал қағидалардың өміршең бола алмайтындығын уақыттың өзі көрсетіп отыр. Олардың жасалуына себепкер болып, бұзылуына жол бермей, қатаң қадағалап келген жүйе ыдырағаннан кейін басшылыққа алынбай жатуы – соның көрінісі болса керек.

    Соңғы жылдары халықаралық терминдер туралы бұрынғыша біржақты айтылмай, олардың табиғатына тереңірек үңілу нәтижесінде ескеруге тұрарлық тың пікірлер көрініс беріп жүр.

    Сондай пікірлердің бірін біз Ә.Қайдаровтың еңбегінен кездестіреміз. Ғалым халықаралық терминдер туралы сөз ете келіп былай дейді: «Тіл-тілдердің арасында ортақ интернационализмдер болмаса, немесе аз болса, ғылым дамымайды, ғылыми қарым-қатынас үзіледі» деп байбалам салудың бәрі бекер. Жер жүзіндегі терминдік ұғымдардың бәрін шет тіл сөздері арқылы емес, өз тілінің негізінде меңгеріп, ғылым мен техниканы дамытып отырған қытай, жапон т.б. халықтарды біз жақсы білеміз. Демек, ортақ интернационализмдердің қажеттігі ең алдымен елдің саяси-әлеуметтік жағдайына, даму дәрежесіне, оларға деген сұраным мен қажеттілікке, әр тілдің

    6 Мординов А.Е. О развитии языков социалистических наций в СССР // Вопросы философии./1950. № 3. С. 82.

  • 15ҚАЗАҚ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫөз мүмкіншілігіне байланысты екен»7.

    Шындығында да, халықаралық терминдерсіз ғылым дамымай, ғылыми қарым-қатынас әлсірейді деудің негізі жоқ. Біздің халықаралық терминдерге көп жүгінуіміздің ең басты себебі – ғылыми ұғымдар жүйесін тілдік тұрғыдан жүйелеп берудің қиындығынан туындайды.

    Терминология мәселесін арнайы зерттеп жүрген ғалымдар «Егер қандай да бір елдегі ұлттық тілдің ғылыми терминологиясы болмаса және ол жасалып жатпаса, онда ғалымдар терминологиясы қалыптасқан өзге тілге жүгінуге мәжбүр» 8, – деп көрсетеді.

    Әрине, солай болып жататыны рас. Бірақ мәселеге екінші қырынан қарайтын болсақ, біздің тілімізде ғылыми терминология жасалмаған деп үнемі өзге тілдерге жүгіне беруді еш ақтауға болмайды. Өйткені сол ғылыми терминологиясы жақсы дамыған, қалыптасқан тілдің терминдерін ұлт тілінде жасаған сол елдің ғалымдары мен салалық мамандары емес пе? Ендеше біз де неге солай істемейміз? Әлде кейбір ғалымдарымыз дәлелдеуге тырысып жүргеніндей, біздің тіліміз шынымен-ақ термин жасауға икемсіз тіл ме?

    Жоқ, ешбір ұлттың тілін термин жасауға мүмкіндігі жетпейтін тіл деуге болмайды. Мәселе ұлт тілін термин шығармашылығында пайдалануға байланысты. Терминжасам процесінде өз тілімізді пайдаланбай өзге тілдерден дайын терминдерді өзгеріссіз қабылдай берсек, онда әрине, тіліміз ғылыми ұғымдарды атауға бейімделіп терминологиямыз ұлт тілінде жасалынбайды. Сондықтан ғылыми терминологияны ұлт тілінде қалыптастыру сол тілді тұтынушылардың, ұлттық кадрлардың қолындағы іс.

    Халықаралық терминдер жөнінде соңғы жылдары жазылған еңбектердің ішінде Б.Қалиұлының мақалалары да айрықша көңіл аударуды қажет етеді9.

    Ғалым халықаралық терминдер мәселесіне арнайы тоқтала келіп, оларды таралуына байланысты 5 аймаққа бөледі. Ол «Егер халықаралық терминдер бүкіл дүние жүзі тілдеріне ортақ екендігі рас болса, ол сөздердің Еуропа тілдеріне ғана емес, басқа да Азия, Африка; араб, қытай, жапон, үнді, индонезия тілдеріне де ортақ болулары керек еді ғой. Жоқ, олай емес. Халықаралық терминдер делініп жүрген атом, газ, йод, цемент, цех сияқты сөздерді Шығыс Азия (қытай, жапон, корей, вьетнам), араб, үнді, индонезия халықтарының тілдерінен кездестіре алмайсың. Бұл тұрғыдан алып қарағанда халықаралық терминдер дегеніміз, сайып келгенде, белгілі бір аймаққа тән ортақ сөздер болып шығады»10, – дейді.

    Жалпы мұндай аймақ құру және ғылыми терминологияны ұлт тілінде қалыптастыру қытай, жапон тілдерін былай қойғанда еуропа елдерінің тілдерінде де анық байқалып отырған құбылыс. Үстіміздегі ғасырдың 70- жылдарында еуропаның герман тілді елдерінде «арнаулы мақсаттар 7 Қайдаров Ә.Т. Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас. -Алматы, 1993. 22-б.8 Суперанская А.В., Подольская Н.В., Васильева Н.В. Общая терминология: вопросы теории. -М., 1989. С. 4.9 Қалиұлы Б. Жат сөздер жағадан ала бермесін. Шет тілі терминдерін қалай қабылдап жүрміз // Қазақ тілінің көкейкесті мәселелері. -Алматы, 1997.10 Бұл да сонда, 108-б.

  • 16 Шерубай ҚҰРМАНБАЙҰЛЫтілі» (язык для специальных целей LSР) деген термин пайда болады. Оның туындау себебі – Австралия, Бельгия, ГДР, ГФР (қазіргі біртұтас Германия), Швейцария елдерінің аумағында арнаулы салалардың тілі ретінде неміс тілін сақтау, фонетикалық, орфографиялық, лексикалық сәйкессіздікті жою. Сөйтіп, терминология саласында жұмыс істейтін мамандар ғылым мен техника саласындағы қатынастардың неміс тілінде болуы қажет деп тапты.

    Чехословакияда 30-жылдардан бастап неміс және латын-грек терминдерінің орнын алмастыратын терминдер жасап, терминологияны ұлт тілі негізінде қалыптастыру бағыты үстемдік етіп келеді. Ал француз тілді Канадада ғылым мен техниканың барлық саласындағы ағылшын тілінен алынған терминдерді француз сөздерімен алмастырып, ғылыми терминологияны француз тілі негізінде қалыптастыру бағытын ұстанып отыр. Бұл жұмыс мемлекеттік маңызы бар іс деп саналады. Соңғы жылдары Францияда да ұлт тілінің тазалығын сақтау мәселесіне айрықша мән беріліп, әсіресе, ағылшын тілінін әсерінен арылу жолында белсенді жұмыстар жүргізілуде.

    Түркі тілдес халықтардың арасында мұндай жұмыс тек түрік тілінде жүргізілді деуге болады. 1932 жылы Ататүріктің тікелей араласуымен «Түрік тілі» қоғамының өткізген бірінші құрылтайында бірнеше қаулылар қабылданды.

    Онда халық тілінің байлығын жинастыру туралы үш түрлі шешім қабылданды: 1) Халық тіліндегі және ескі кітаптардағы түрік тілінің байлықтарын жинастырып оны жарыққа шығару; 2) Түрікше жаңа сөз жасау жолдарын іздестіріп, түрік түбірлері негізінде сөз тудыру; 3) Түріктің жазу тілінде өте көп қолданылып жүрген шет тілдерінен кірген сөздердің орнына таза түрік сөздерін алып, оларды жарыққа шығару және қалыптастыру11.

    Бұл жұмыс одан кейінгі жылдары да қарқынды жүргізілді. Қазір де ғылыми терминологияны ұлт тілі негізінде қалыптастыруға тиісті мән беріліп отыр. Сондай-ақ түріктер қазіргі түркі тілдерін терминжасамның тұрақты бір көзі деп санайды. Өзіміз шектен тыс көп жүгінетін еуропа тілдерінің терминжасам тәжірибесі тұрғысынан қарағанда да мұны теріске шығарудың негізі жоқ.

    Жалпы түркі халықтарының ортақ терминологиялық қор құра алмауына, терминжасам тәжірибелерін бөлісуге мүмкіндіктің берілмеуіне коғамның саяси жүйесі себепкер болып келді. Тәуелсіз түркі тілді мемлекеттердің құрылуына байланысты бұл мәселе көтеріліп жатқанымен түрлі себептерге байланысты әзірше нақты жұмыстар қолға алына қойған жоқ.

    Біздің «аударуға болмайды» деп жүрген халықаралық терминдерімізді моңғол тілінің игеруі де айрықша назар аудартады. Олар: микро-, авиа-, аэро-, анти-, контр-, транс-, моно-, гидро-, нео-, граф-, грамма-, гипер-, супер-, ультра-, архи- сияқты грек, латын терминоэлементтерімен келетін халықаралық терминдерді ұлт тілі негізінде игеріп отыр. Мәселен, хэт даралат «гипергония», хэт ихэсгэл «гипербола»; бичил харуур «микроскоп», бичил гадаргуу «микрорельеф»; улэмж урцэг «макроспоры», улэмж бутэц 11 Zulfэkar H. Terэm sorunlarэ ve terэm yapma yollarэ. - Аnкага, 1991. 175-б.

  • 17ҚАЗАҚ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫ«макроструктура»; нисэх зам «авиатрасса», нисэх шугам «авиалиния», агаар судлал «аэрология»; агараарын эмчилгээ «аэротерапия», ганц сэдэвт «монография», ганц утгат «моносемия»; шинэ уг хэллэг «неологизм», шин сийвэн «неоплазма» т.б.12

    Әртүрлі тілдердің термин жасауда ұстанған бағыттары, терминжасам тәжірибелері оларда біздегідей халықаралық терминдер деп аталатын аударуға, ұлт тілінің ерекшелігіне сәйкес өзгертіп жазуға болмайтын айрықша мәртебесі бар «киелі» сөздер тобының қалыптасқанын көрсетпейді.

    Ал көпұлтты кеңес одағында терминдерді халықаралықтандыру (интернационализация) үшін көп күш жұмсалғаны белгілі. Бір тілде сөйлеуге ұмтылған елге орыс тілінің үстемдігін орнату үшін солай ету қажет болған да шығар. Ендігі жерде бұл мәселеге біз де ұлт тілінің мүддесі тұрғысынан қарауға тиіспіз.

    Жалпы халықаралық терминдер мәселесін арнайы зерттеп, оларды қабылдау, аудару және жазу тәртібін белгілеу қазақ терминологиясының даму бағытын белгілеу үшін өте қажет.

    I. 2. Терминологиядағы қазіргі жағдайдың қалыптасуының негізгі себептері

    Жоғарыда қазіргі терминологияда орын алып отырған кейбір кемшіліктер мен әлі шешімін таппаған мәселелер жөнінде сөз болды. Ондай олқылықтарға жол беріліп, терминологияда бүгінгідей жағдайдың қалыптасуының өзіндік себептері болуға тиіс. Көрініс беріп отырған келеңсіздікті жойып, терминологияны дамытудың дұрыс бағытын белгілеу үшін ең алдымен сондай себептерді айқындап алудың маңызы айрықша зор.

    Сонымен, терминологиямыздың қазіргідей «бейберекеттік», «пуризм», «анархия», «кері кеткендік» және «бұл заңды құбылыс» деп аталып, әркім әртүрлі баға беріп жүрген кезеңге тап болуының себептері жайында сөз қозғап көрелік.

    Жалпы, кез келген ұлт тілінің оның ғылыми терминологиясының дамуына тікелей әсер ететін ішкі және сыртқы, басқаша айтсақ, тілдік және тілден тыс (лингвистикалық және экстралингвистикалық) факторлардың болатыны белгілі. Бұл факторлардың бірін – негізгі, екіншісін – негізгі емес деп қарау қиын. Олардың әрқайсысы өзінше маңызды және олар бір-бірімен тығыз байланысты. Дегенмен, қазақ терминологиясының даму тарихына үңілетін болсақ, оның жасалуы мен қалыптасуына тілден тыс факторлар әсерінің басым болғандығын аңғаруға болады.

    Ғылыми-техникалық терминологияның дамуына тікелей әсер ететін ондай сыртқы факторлардың қатарына ғылым мен техниканың даму деңгейін, ұлт тілінің қоғамдағы алатын орны мен елдің тіл саясатын жатқызуға негіз бар.12 Пюрбеев Г.Ц. Современная монгольская терминология. -М., 1984. С. 103—106.

  • 18 Шерубай ҚҰРМАНБАЙҰЛЫЕнді осылардың әрқайсысына қысқаша тоқтала кетелік. Қазақстанда

    ғылым мен білімге назар аударылып, үгіт-насихат жұмыстарының жандана бастауы XIX ғасырдың екінші жартысының еншісіне тиеді. Ұлы Абайдың «Дүние де өзі, мал да өзі, Ғылымға көңіл берсеңіз» – деген сөзі де сол кезеңде айтылған еді. Кітаптардың басылып, алғашқы қазақ газеттерінің шығуы ғылым негізінің қалануына жол ашты. XX ғасырдың бас кезінде қазақтың жоғары және арнаулы білімі бар мамандарының көбейе бастауына байланысты жекелеген ғылым салалары бойынша еңбектер жарық көре бастады.

    Ғылымның негізі қаланып, арнаулы салалардың саралана бастауы – сол салалардағы арнаулы ұғымдардың атауларын жасаудың қажеттілігін туғызды. Осы кезеңде жазылған оқулықтар мен түрлі деңгейдегі ғылыми еңбектердің авторлары бұл істі өз қолдарына алуларына тура келді. Терминдерді ұлт тілінде жасап, ұлт тілінің ғылым тіліне айналуының маңызын терең түсінген А.Байтұрсынұлы бастаған қазақ зиялыларының термин жасауда ұстанған принциптері қазақ тілінің ғылым саласындағы қызметінің қалыптасуына үлкен үлес қосты.

    Сөйтіп, ғылымның өркендей бастауына орай жаңа терминдер қатары да молая түсті. Әсіресе 20-жылдардан бастап бұл іс барынша жандана берді. Білікті ұлттық кадрлардың арқасында қазақ тілінің терминжасам мүмкіндіктері ашылып, термин шығармашылығында пайдаланыла бастады. Терминдерді ұлт тілі негізінде жасап, ғылымды өз тіліміз арқылы да игеруге болатындығына және ғылымы өркендеген халықтардың тілдері сияқты ғылым мен техниканың түрлі салаларындағы арнаулы ұғымдарды атауға біздің тіліміздің де мүмкіндігі толық жететіндігіне қазақ зиялылары еш күмәнданған жоқ. Олар өздерінің ұстанып отырған бағытының дұрыстығына кәміл сенді. Оны теріске шығаруға біздің де ешқандай негізіміз жоқ.

    Ал бұл бағытты теріске шығарып «алашордашылардың солақайлығы», «пуризм етек алды», мұндай ұғымдарды орыс, латын, грек, ағылшын, неміс т. б. тілдердің сөздері болмаса, «біздің тіліміздегі сөздер бере алмайды», «қазақ тілі термин жасауға икемсіз» деп тану 30-жылдардан басталған кейінгі кезеңдердің жемісі.

    Жарты ғасырдан астам уақыт бойы соңғы бағытты ұстанып, кеңестік идеологияның шырмауынан шыға алмай келуіміздің салдарынан санамыздың уланғаны соншалық, ұлт тілінде термин жасаудың мүмкін екендігін, қажеттілігін әлі де толық сезіне алмай, қазақ тілінің термин шығармашылығына араласуына қарсылық білдіріп бағудамыз. Бұл алпыс жылдан астам уақыт бойы жүргізілген кеңестік тәрбиенің далаға кетпегендігін көрсетсе керек.

    Сондықтан ана тілінде тәрбиеленіп, оны адам қызметінің барлық салаларында пайдаланып, өз тілін іске қоса алатын ұлттық кадрлардың қаншалықты қажет екендігін дәлелдеп жату артық. Бұл – мемлекеттік тілдің, ұлтымыздың болашағы үшін аса қажетті мемлекеттік маңызы зор іс. Сол себепті дамыған елдердің көпшілігінде оған өте жоғары мән беріледі. Кешегі кеңес одағы кезінде де ұлт тілдерінде термин жасаудың, оларды қабылдаудың

  • 19ҚАЗАҚ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫқағидаларын орталықтан белгілеп, олардың басшылыққа алынуын қатаң қадағалап отыруы тегіннен-тегін емес. Оны ала-құлалықты жою, ғылымды халықаралықтандыру (интернационализация) деп түсіндіруінің астарында басқа мақсаттың жатқандығын аңғаратын кез әбден жетті.

    Сонымен, ғылым мен техниканың дамуы – арнаулы ұғымдар, атауларының, яғни, терминологиялық лексиканың жасалуы мен қалыптасуына тікелей әсер ететін экстралингвистикалық факторлардың бірі болып табылады. Ғылымның алғашқы даму кезінде тіл, әдебиет, математика, өсімдіктану сияқты салалардың игеріле бастауына байланысты аталған ғылым салалары терминдерінің жасалуы да соны айғақтайды. Кейіннен өзге ғылым салаларының да дамып, мамандардың өсіп жетілуіне орай өзге салалардың да ғылыми терминологиясы жасала бастады. Ғылым мен техниканың түрлі салаларының дамуына сәйкес бұл іс алдағы уақытта да осылай жалғаса бермек.

    Тілдің қоғамда алатын орны мен рөлінің де терминжасам процесіне белгілі дәрежеде қатысы бар. Егер ұлт тілі әлемге кең тараған халықаралық тілдердің қатарына кіретін болса немесе экономикасы мен ғылым-білімі дамыған елдің тілі болса, соған сәйкес ол тілдің ғылым саласындағы қызметінің де орнығуымен бірге өзге тілдердің терминжасам процесіне де әсері болады. Терминологиямыздың басым бөлігін ағылшын, неміс, француз, орыс сөздері құрауының бір себебі осымен байланысты екендігін де мойындауымызға тура келеді.

    Қазақ терминологиясының қалыптасу, даму тарихының өзі оның жасалуына елімізде жүргізілген тіл саясатының тікелей қатысы болғанын көрсетеді. Ол туралы осы еңбектің V тарауында кеңірек сөз болатындықтан бұл жерде оған қысқаша ғана тоқталып өтеміз.

    Үстіміздегі ғасырдың 10-жылдарынан бастап 30-жылдарға дейінгі аралықта ұлт тілі негізінде термин жасау ісі жемісті жүргізілді. Қазақ зиялылары бұл іске айрықша мән беріп, ғылыми терминологияны дамытудың бағытын өздері белгілеп отырды. Отызыншы жылдардан бастап бұл іске басшылық жасауды орталық өз қолына алды да, ғылыми терминологияны ұлт тілі негізінде жасауды мақсат еткен білікті мамандар жаппай қуғынға ұшыратылды. Оларға «ұлтшылдар», «кеңес үкіметін құруға қарсы әрекет етушілер» деген айып тағылды. Әкімшіл-әміршіл жүйе оларды жоюмен бірге олардың терминологияны қалыптастыруда ұстанған бағыттарын да түбірінен өзгертті. Ендігі жерде ұлт тілдерінде термин жасау мен шет тілдерінен қабылдаудың тәртібін өзі жүргізіп отырған тіл саясатына сәйкес орталық белгілейтін болды. Үстемдік етуші тілдің мүддесін ғана көздей отырып жасалған ондай қағидаларда өзге ұлт тілдерінің ерекшеліктері ескерілмеді. Ұлт тілдерінде термин жасаудың мүмкіндігі шектеліп келуінің салдарынан терминологиямыздың негізгі бөлігін тіліміздің дыбыстық жүйесіне бағындырылмай алынған шет тілдерінің сөздері құрайтын дәрежеге жетіп, тіліміз термин қабылдағыш тілге айнала бастады. Термин шығармашылығында «өз тілімізді іске қосып үйренбегендіктен оның терминжасам мүмкіндігіне өзіміз де күдікпен қарайтын болдық. Әйтпесе,

  • 20 Шерубай ҚҰРМАНБАЙҰЛЫ«біздің тіліміз мұндай ұғымдарды бере алмайды, сондықтан шет тілдерінің сөздерін дайын қалпында өзгеріссіз қабылдай берейік» – деп шет тілдерінің терминдерін шектен тыс көп енгізе беруге өзіміз жол ашып отырмаған болар едік.

    Қоғамның саяси-экономикалық жүйесінде болған түбегейлі өзгерістер тәуелсіз егеменді мемлекеттердің құрылуына әкелді. Соған сәйкес олар өздерінің ұлттық мүддесін көздейтін тіл саясатын белгілеп отыр. Бұл терминжасам процесіне де әсер етпей қоймады. 90-жылдардан бері терминологиямызда болып жатқан жаңа үрдіс соның көрінісі болып табылады.

    30-жылдардан бастап бір тілдің үстемдік құруына бағытталған саясат жүргізілген болса, ғылыми-техникалық терминологияны қалыптастыру мен дамытудың принциптері де соған бағындырылды. Ал 90-жылдардан бастап ұлт тілдері өздерінің ішкі заңдылықтарын сақтай отырып, даму мүмкіндігіне ие болғандықтан бұрынғы орталықтың белгілеп берген принциптері басшылыққа алынбай, ұлттық ғылыми терминологияны дамытудың жаңа принциптерін жасау күн тәртібіне қойылды. Осының өзі тіл саясатының терминологияның жасалуына тікелей қатысы болатын маңызды сыртқы фактор екендігін көрсетсе керек.

    Жалпы бұл аталғандардың барлығы – ғылым тілінің, ғылыми-техникалық терминологияның дамуына тілден тыс факторлардың әсерінің айрықша болатындығының дәлелі бола алады.

    Қазақ терминологиясының қазіргідей жағдайға тап болуының ішкі себептері де жоқ емес. Ол ең алдымен, қазақ терминологиясының ғылым ретінде дамуымен, терминология, термин мәселелерінің зерттелуімен тікелей байланысты.

    20-30-жылдардағы қазақ зиялыларының еңбектерін айтпағанда, соңғы 15-20 жылдың ішінде де термин, терминология мәселелеріне арналған біршама ғылыми еңбектердің жарық көргені белгілі. Олардың қатарына Ә.Қайдаров, Ө.Айтбаев, Ә.Әбдірахманов, Б.Қалиев, Ш.Біләлов сияқты ғалымдардың авторлығымен жарық көрген кітаптар мен ғылыми мақалаларды жатқызуға болады. Сондай-ақ соңғы жылдары баспасөз беттерінде тілші-ғалымдар мен әртүрлі салалардың мамандары қазіргі терминология туралы пікірлерін үздіксіз жариялап келеді. Соған қарамастан қазақ терминологиясы өзінің даму бағытын айқындай алмай, яғни дағдарыстан шыға алмай отыр.

    Оның бір себебі – жоғарыда аталған авторлардың еңбектерін түгел қосып есептеген күннің өзінде де терминология өте аз зерттелген сала болып табылады. Сондықтан да ғылыми-техникалық терминологияның даму бағытын айқындау оңай шешіле салатын шаруа емес. Мәселен, жарты ғасырдан астам уақыт бойы тікелей терминология мәселелерімен шұғылданып келген комитеттің (КНТТ) тұрақты жұмыс істегеніне және жүздеген зерттеу еңбектерінің жарық көргеніне қарамастан орыс терминологиясының әлі шешімін таппаған мәселелері баршылық деп есептеледі. Онымен салыстырғанда бізде жарық көрген еңбектер мен терминологияны зерттеумен арнайы айналысып жүрген