19 15 02 2014

8
ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САяСи гАЗЕТ www.zhaikpress.kz Сенбі, 15 ақпан 2014 жыл №19 (19938) - 6 0 С - 10 0 С Газет 1918 жылғы 17 қарашадан шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған [email protected] Орал өңірі ШАһАР КЕРУЕН САРАЙ 8 Шорттрекшілер финалда! 4 "Бір шаруаны тындырсақ, тағы екеуі бой көтереді" 2 Баға бАҚылАудА Салым мерзімі 5, 10 жыл, салым мерзіміне ұзарту мүмкіндігімен, алайда 20 жылдан аспайды жылдығы 7%-ға дейін, сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің жылдығы 7,3%-ға дейін әр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша салым қалдығының 5%-ынан бастап 7%-ға дейін Банктік сыйақы мөлшерлеме Мемлекеттік жыл сайынғы сыйлықақы Толығырақ ақпаратты Банк бөлімшелерінен ала аласыздар. Байланыс орталығының телефондары: Бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операцияларды жүргізуге берілген 2008 жылғы 6 тамыздағы №10 лицензия 8 (7112) 59-39-45, 59-39-76 8 8000 8000-59 (Орал қаласы үшін) (Қазақстан бойынша) Суретті түсірген Александр КУПРиЕНКО

Upload: -

Post on 08-Mar-2016

225 views

Category:

Documents


1 download

DESCRIPTION

 

TRANSCRIPT

Page 1: 19 15 02 2014

ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САяСи гАЗЕТ

www.zhaikpress.kz

Сенбі,15 ақпан 2014 жыл№19 (19938)

- 6 0С

- 10 0С

Газет 1918 жылғы 17 қарашадан шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған [email protected]

Орал өңіріШАһАР

КЕРУЕН САРАЙ

8Шорттрекшілер финалда!

4"Бір шаруаны тындырсақ, тағы екеуі бой көтереді"

2

Баға бАҚылАудА

Салым мерзімі 5, 10 жыл, салым мерзіміне ұзарту мүмкіндігімен, алайда 20 жылдан аспайды

жылдығы 7%-ға дейін, сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің жылдығы 7,3%-ға дейінәр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша салым қалдығының 5%-ынан бастап 7%-ға дейін

Банктік сыйақы мөлшерлеме

Мемлекеттік жыл сайынғы сыйлықақы

Толығырақ ақпаратты Банк бөлімшелерінен ала аласыздар. Байланыс орталығының телефондары:

Бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операцияларды жүргізуге берілген 2008 жылғы 6 тамыздағы №10 лицензия

8 (7112) 59-39-45, 59-39-76 8 8000 8000-59(Орал қаласы үшін) (Қазақстан бойынша)

Суретті түсірген Александр КУПРиЕНКО

Page 2: 19 15 02 2014

АҚПАРАТСенбі, 15 ақпан 2014 жыл

[email protected]

Облыс басшысы бірінші кезекте аталмыш базардың аумағында тамақ өнімдерін саттыққа шығарып тұрған автодүкен иелерімен кездесіп, баға- ны негізсіз көтеруге болмайтынын ес-кертті. Ал көкөніс, жеміс-жидек сата-тын павильонда Балым Әбілхайырова есімді сатушы кейбір көкөністердің құны еселенгенін айтты. Соның салда-рынан бұрын 80-90 теңге болған кар-топ пен пияз 120-130 теңгеге сатылуда. Сәбіздің бағасы 150 теңге шамасында. Көкөніспен қамтушылар құнын өсіріп әкелгесін, бұлар да бағаны еріксіз кө-теріп отыр. Әріптесінің сөзін қостаған Ұлданай Мұқашева осы жердегі са-тушылар алынған тауардың әр келісі-не 7-20 теңгеге дейін қосатынын жет-кізді. Сауда жасап жүрген Нина әжей де әкімге азық-түлік өнімдерінің қымбат-тап жатқанына алаңдайтынын білдір- ді. Бұл, әсіресе, зейнеткерлер секілді әлеуметтік жағынан аз қорғалған жан- дарға қатты әсер етуде. Нұрлан Асқар-ұлы жергілікті атқарушы билік тара-пынан бағаның негізсіз көтерілуіне жол берілмеу шаралары қолға алы- нып жатқанын айтты.

«Мирлан» базарында азық-түлік өнім- дерін сататын алты павильон бар. Со- лардың бірінде шұжық, ірімшік, майо-

Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ,«Орал өңірі» Баға бақылауда

Доллар құнының жоғарылауына байланысты бағаны негізсіз өсіруге жол жоқ. Бағаны көтеріп, пайдасын еселегісі келетіндерге шара қолданылады. Бұл туралы бейсенбі күні Орал қаласындағы орталық «Мирлан» базарында болып, азық-түлік бағасымен та-нысу барысында облыс әкімі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді.

Сессияда 2011-2015 жылдарға арналған БҚО-ның аумағын да- мыту бағдарламасының 2011-2012 жылдары іске асырылу барысы жөнінде облыстық экономика жә- не бюджеттік жоспарлау басқар- масының басшысы Руслан Бекте- мір баяндама жасады. Оның ай- туынша, өңір дамуының негізгі ба-ғыттарын көрсететін бағдарлама- ға орталық меморгандардың тап- сырмаларына сәйкес және бағдар-ламаны іске асыру мониторингі қорытындысы бойынша 3 түзету

Облыс өңірлер арасынан 6-орындаКеше облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХV сес-сиясы өтті. Оның жұмысына облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Шәпкенов қатысты.

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА, «Орал өңірі»

Суретті түсірген Александр КУПРИЕНКО

енгізілген. Бағдарламада жалпы 25 мақсат, 44 нысаналы индикатор, 99 тікелей нәтиже көрсеткіштері қарастырылған және оларға қол жеткізуге 15 облыстық басқарма, ішкі істер және ТЖ жөніндегі де- партаменттері жауапты орындау-шылар болып табылады. Елбасы- ның Жарлығына сәйкес өңірдегі стратегиялық мақсат-міндеттерді жүзеге асыру бағыты бойынша об-лыс әкімдігі қызметінің тиімділігі облыстың аумағын дамыту бағ-дарламасы мониторингісінің нә- тижелерімен бағаланады. Күні бү- гінге бағдарламаның 2 монито-рингі (2011 және 2012 жылға) жүр- гізілген. 2011 жылдың қорытынды-сы бойынша облыс әкімдігі қыз-

метінің тиімділігі бағасы 87 балл, 2012 жылы 87,9 балл болған. Об-лыс жалпы рейтингте 40-тан 16-орынға және республиканың өңір- лері арасынан (16 өңірден) 6-орынға ие, сөйтіп, облыс әкімдігі-нің қызметі орта тиімді болып айқындалған. Қазір өткен жылдың есебі жасалуда. Бағалауды өткен жылы Экономика және бюджет-тік жоспарлау министрлігі, биыл Өңірлік даму министрлігі жүргізе- ді. Халық қалаулылары В.Голоу-хов, Қ.Ашығалиев, А.Зинуллин газ өңдеу зауытының құрылысына қа- тысты мәселе көтеріп, зауыт құ-рылысын облыстың аумағын да- мыту бағдарламасына енгізуді, зауыт құрылысына қатысты Қара-шығанақ кен орнын игеруші ком- панияның құрылтайшылары мен

дирекциясын, тиісті министрлік- тің өкілдерін сессияға шақыру- ды, сонымен қатар облыс әкім-дігі жанынан жұмыс тобын құру- ды ұсынды.

Депутаттар «2011-2015 жыл-дарға арналған облыстың аума- ғын дамыту бағдарламасы тура- лы» облыстық мәслихаттың шеші- міне өзгерістер енгізу жөнінде шешімнің жобасын қарастырды. Бұл мәселе бойынша тиісті өзге-рістер енгізіліп, мақұлданды.

Облыс әкімінің бірінші орын- басары Серік Шәпкенов сессия- ның күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты түсінік берді. Газ өңдеу зауыты құрылысының техэконо-микалық негіздемесі жасақталып жатқанын, зауытты облыс өз кү-шімен сала алмайтынын, алайда

мәселенің облыс басшылығының назарында тұрғанын жеткізді. «Тең-ге бағамының өзгерісі – еліміздің экономикасын көтеруге қатысты уақ-тылы қолданылған шара. Баға өскен жағдайда кірісі аз отбасы- ларға Үкімет толығымен көмектесе алады, бірақ бағаның көтерілуіне негіз жоқ. Жанар-жағармай баға- сы, тарифтер тұрақты, келісімшарт бойынша газ бағасы да мамыр айына дейін өспейді. Жергілікті өнім өндірушілермен бағаны өсір- меу жөнінде меморандумдар жа-салды, арнайы штаб құрылды, ба- ғаны ойнатып, қобалжушылық ту-ғызатындармен жұмыстанатын бо- ламыз», - деген Серік Шәпкенов халық қалаулыларына мән-жай- ды өз сайлаушыларына жеткізу- ді тапсырды.

«Жыл басынан бері баға ұлғайғанын ескеріп, биыл- ғы 1 сәуірден бастап, зейнетақы төлемдерінің өсім кө- лемі 14 пайызға дейін, мемлекеттік әлеуметтік төлем- дері 12 пайызға дейін жеткізілсін. Атаулы әлеуметтік көмек көлемі 12 пайызға және студенттердің шәкірт-ақысы 10 пайызға көтерілсін», - деді Президент Үкімет- тің кеңейтілген отырысы барысында.

- Мұндай жұмыс істемейтін несиелерді жойып жібе-ре ме, әлде болмаса, өз активтерін азайта ма, не басқа амалдарын қарастыра ма, әйтеуір Ұлттық банк олардың санын белгіленген уақытта көрсетілген мөлшерге дейін азайтуы тиіс, - деді Елбасы өз сөзінде.

- Биылғы жылдың 1 сәуірінен бастап мемлекеттік ме-кемелерде, мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарда жұмыс істейтін азаматтық қызметшілердің лауазымдық жалақысына 10 пайыз көлемінде ай сайынғы қосымша төлемді қарастыруды тапсырамын. Онымен бірінші ке-зекте білім мен ғылым, денсаулық, мәдениет, спорт, әлеуметтік сала қызметкерлері қамтылуы керек, - деді Президент.

Сондай-ақ мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорына өндіріс орындары да сәуір айынан бастап өз еңбеккерлерінің жалақысын 10 пайызға өсіруге тап-сырма берді.

- Тау-кен және металлургия, мұнай-газ кешенін-де жұмыс істейтін ірі компанияларға және ұлттық компанияларға да жұмысшыларының жалақысын 10 пайызға көтеру мәселесін қарастыруды сұраймын, - деді Нұрсұлтан Әбішұлы.

нез өнімдері саудаға шығарылады. Облыс басшысы бастаған топ осы павильонға ат басын бұрды. Мұнда да баға өскен. Сатушы Эльвира Ғиззато-ва, әсіресе, шұжықтардың бағасын-да өзгеріс барын жеткізді. Мәселен, жергілікті «Мясодел» компаниясы да- йындайтын краков шұжығы бұрын 530 теңге болса, қазір 585 теңге. Шұ-жықтың «Наурыз», «Мусульманская» се- кілді түрлерінің құны 150 теңгеге жо- ғарылаған. Ал ветчина сынды ет өнім-дері одан да бетер қымбаттап отыр. Бұл өз кезегінде саудаға да кері әсе-рін тигізуде. Келушілер аз. Көпшілік «Алтын алма», «Ел ырысы» сынды базарларға барып жүр. Олар көтер-ме сауда орындары болған соң, тауар құны да арзандау. «Бізге келетін не-гізінен ауыл адамдары, - дейді оның қасында сауда жасап тұрған Татьяна Груббе. – Ауылдағы ағайынның қал- тасы қалың емес. Соған орай бағаны жоғарылатуға біз мүдделі емеспіз. Біз бар болғаны тауар бағасының үстіне 10% ғана қосамыз. Негізінен жергілік- ті өнімдерді сатуға бағыт ұстанудамыз. Ал олардың өздері құнын көтеріп жатса, біз не істейміз?».

Ет павильонындағы ірі қара, қой, жылқы еттері мен олардан жасалған

өнімдер қымбаттамаған. Берік есімді қала тұрғыны осыдан екі-үш апта бұ- рын қашар етінің келісін 950 теңгеге алса, бүгін тіпті 930 теңгеге алып жа- тыр. Әсия әжей келісі 2000 теңге тұ-ратын қазыны саудалауда, оның баға- сы өткен жаздан бері солай.

– Базардағы бағаның өскені байқа- лады. Бүгінгі жүргізілген тексеру ша-расына сәйкес біз тауарларды кім қымбаттатып отырғанын анықтаймыз. Сауда орындарын жалдау құны жарты жылдан астам уақыттан бері көтеріл- меген. Бөлшек сауда жасаушылар да бағаны өсіріп отырған жоқ. Енді та- уар жеткізушілер мен таратушыларды бақылауға аламыз. Мұндай монито- ринг соңғы бір-екі күнде ғана емес, бұрыннан бері, яғни апта, ай сайын жүргізіліп келеді. Таяуда біз жергілік- ті БАҚ арқылы сенім телефонын ха- барладық. Осы тікелей байланыс же- лісі арқылы кез келген адам құны ша- рықтап кеткен тауарлар жөнінде мә-лімет бере алады. Қазірдің өзінде қала тұрғындары белсенділік танытып, те- лефон шалуда. Соған байланысты құ- зырлы мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері тексеру амалдарын жүргізуде. Бүгінгі таңда біз тұқым, ұн және өзге де өнім өндірушілермен тауардың бұрынғы бағасын сақтау турасында меморандум жасастық. Енді көтерме сауда саласындағы кә-сіпорындармен де осындай бағытта жұмыс жүргіземіз, - деді БАҚ өкілде- ріне сұхбат берген Нұрлан Ноғаев.

Президент биылғы 1 сәуірден бастап зейнетақыны, әлеуметтік

төлемдерді, шәкіртақыны көтеруді тапсырды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке биылғы 1 сәуірдан бастап зейнетақы, әлеуметтік төлемдер, атаулы әлеуметтік көмек және студенттерге шәкіртақы көлемін көтеруді тапсырды.

Еңбекақы 10 пайызға өспекЕлбасы Нұрсұлтан Назарбаев азаматтық

қызметшілердің жалақысына 10 пайыздық қосымша төлемді қамтамасыз етуді тапсырды.

Елбасы түйткілді несиелер үлесін азайтуды тапсырды

Елбасы Ұлттық банкке жұмыс істемейтін несие үлесін 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін 15 пайыз, ал 2016 жылдың 1 қаңтарына 16 пайызға дейін азайтуды тапсырды.

Page 3: 19 15 02 2014

Сенбі, 15 ақпан 2014 жыл3

[email protected]

ҚоғАМ

Гагарин атындағы кино-театр жанында орналас- қан «Айдар» дүкенінің

иелері азық-түлік тауарларын өт-кен аптаның соңында алған екен. Сол себепті мұнда көп заттың бағасы бұрынғы күйінде тұр. «Мен кеше жергілікті «Мясодел» өнімдерін қымбаттау бағамен ал- дым. Соған байланысты бір-екі күн турасында 670 теңгеден сат- тыққа шығарылған краков шұжы-ғын қазір 700 теңге, 890 теңге болған сиыр еті шұжығын 1000 теңге деп жазып қоюға мәжбүр болдым, – дейді сатушы Камил Камалов. – Сондай-ақ алма 210-нан 260 теңгеге, банан 280-нен 300 теңгеге, мандарин 370-тен 400 теңгеге дейін өсті. Айнала-да сауда орындары көп болған соң біз алған тауарларымыздың бағасына 12 пайызға дейін үстеме қосамыз».

Достық даңғылы бойындағы «Әсем» сауда үйінде де шұжық, сүт, сұйық май, жұмыртқа, қант өнімдерінің құны жоғарылаған. Сатып алушылар тарапынан на-разылық та жоқ емес. «Тарасов» ЖК-ға қарасты дүкенде де осын-дай жағдай. Ал оған қарсы бетте орналасқан «Данель» дүкенінде тауар түрі азайып қалған. «Ке- ше өзіміздің «Береке» ЖШС сүт

Бағаға қатыстыОрал қаласында азық-түлік бағасы шағын дү-кендерге қарағанда ірі сауда орындарында көп қымбаттамаған. Мұны біз облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инно-вациялық даму басқарма- сы мамандары жүргізген мониторинг барысында анық аңғардық.

Сәкен МұРАтұЛЫ,«Орал өңірі»

Орал қаласында облыстық кәріс этномәдени бірлестігі- нің ұйымдастыруымен Елба- сы Жолдауын қолдау бағы-тындағы дөңгелек үстел өтті.

Шараға этномәдени бірлес- тік өкілдері мен мектеп оқушы-лары қатысты. Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, ел бірлігін нығайту мақсатында-ғы кездесуде Қазақстан халқы БҚО ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов оқушыларға Елбасы Жолдауын- дағы басым бағыттардың ма-ңыздылығын шетелдегі жоғары дамыған мемлекеттердің тұр-мыс-тіршілігінен мысал келтіре отырып әңгімеледі. Сондай-ақ ұлтаралық бейбітшілік пен ке- лісімнің баға жетпес құндылық екеніне тоқталды. Ал кәріс эт-номәдени бірлестігінің өкіл- дері аталмыш бірлестіктің жұ-мыс барысы және алдағы жос-парларымен таныстырды. Кез-десу соңы шағын концертке ұласты.

Этнобірлестіктердің дөңгелек үстелі

Облыстық білім басқарма- сында оқу-әдістемелік каби- нетінің ұйымдастыруымен «Жастар мен жасөспірімдер-дің теріс діни ағымдарға тартылуының алдын алу» тақырыбында онлайн оқыту семинары өтті.

Оқыту семинарына облыс- тық дін істері басқармасының бас маманы Саламат Жұмағұ-лов, М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың «Педагогика және психология» кафедрасының психологтары, облыстық білім беру мекемелерінің педагог-психологтары мен дінтану пә- нінің мұғалімдері қатысты. Се- минардың практикалық бөлі-міне 35 адам қатысып, онлайн режиміне 58 білім беру меке-мелері қосылды.

«Біз неге ұқсаспыз» тренин-гімен басталған семинарда қо- ғамдағы теріс діни ағымдар жөнінде өзекті мәселелер көте-ріліп, жастарды деструктивтік діни ағымдардан сақтандыру жолдары талқыланды. Сереб-ряков орта мектебінің жоғары сынып оқушылары жүргізілген тренингтерге белсене қатысып, теріс діни ағымдар жөніндегі ойларын ортаға салды.

Теріс ағым уламасын

Жәнібек ауданы бойынша тауарлар бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу және оны тұрақтандыру жөніндегі жұ-мыс тобы құрылды.

Ол аудан орталығындағы 54 азық-түлік дүкені және 3 дәріха- наны аралап, тауар өнімдерінің бағаларына мониторинг жүр- гізіп, дүкен иелері мен сатушы-лар арасында түсінік жұмыс-тарын атқарды. Күнделікті тұр- мыстағы негізгі қажеттіліктер – нан, ұн, тұз, макорон өнімдері, қант, шай, май және дәрі-дәр-мектердің бағалары анықта-лып, сарапталды. Мониторинг барысында азық-түлік бағала-рының әзірше өсуі байқалмады.

Әзіршебайқалмады

өнімдері бағасын 30 пайызға жо-ғарылатып алып келді, оны ал-ған жоқпыз. Қант 145 теңгеден келді, оны да қайтарып жібер- дік. Өзге де тауарларға қатысты осындай жағдай қалыптасып отыр. Соған байланысты сөреле- ріміз босауда, – дейді дүкен мең-герушісі Бақыт Тоқпанова. - Әр келісі 110 теңге болып келген картопты амалсыз алдық. Себебі тұрғындар тарапынан сұраныс бар. Оны 130 теңгеден сатуда- мыз. Жаңа аққайың шырыны, ли-монад, шай-шырын, газдалған, газдалмаған сусындармен жаб-дықтаушылар хабарласып, ер- тең оларды жаңа бағамен жет-кізетіндерін мәлімдеді. Кей та-уарларға тапсырыс берсек те әкелмей жатыр, соған қарағанда олардың да құндары өсіп келетін шығар».

Бағаның жоғарылағандығы- нан болса керек, кейбір дүкен- дердің есігіне қара құлып салы-ныпты. Рейд барысында облыс- тық аурухана ауданында орын тепкен «Народная» дүкеніне, Құрманғазы көшесі бойындағы «Орал» супермаркеті жабық тұ-руына байланысты кіре алма- дық. Сол маңдағы «Лидер», «Бәй-терек», орталық базар жанында-ғы «Атаба», «Рамстор» ірі сауда орындарында әзірге баға көп өзгермеген. Себебі онда бұрын-ғы бағамен алынған зат көп. Жа-ңа тауарлар жаңа бағамен келуі мүмкін.

– Біз негізгі азық-түлік тауар-лары бағаларына мониторинг жүргізудеміз. Орал қаласында да, аудандарда да бағаның өскендігі байқалуда. Мысалы үшін, 14 ақ-пандағы жағдай бойынша ең ар-зан нан Зеленов ауданында. Бір

бөлкесі 48 теңге тұрады. Қымба- ты Жаңақала мен Бөкей орда-сында, мұнда ол 70 теңгеден са-тылуда. Облыс орталығында 65 теңге. Сұйық майдың 1 литрі Те-ректі ауданында 240 теңге бол-са, Бөкей ордасында 322 теңге, Оралда 270 теңге шамасында. Қант Қазталов пен Сырымда ар-зан (1 келісі 140 теңге). Макарон өнімдерінің әр келісі Ақжайық пен Сырым аудандарында 120 теңге болса, Жаңақала мен Жә-нібекте 162 теңге. Жұмыртқа Қа-ратөбе, Шыңғырлау, Жаңақала, Бөкей ордасында қымбаттау. Яғ- ни он данасы 250 теңгеден сат- тыққа шығарылса, Оралда 180 теңге. Бұл бағыттағы жұмыс жалғаса береді, - дейді облыстық кәсіпкерлік және индустриал-ды-инновациялық даму басқар-масының бас маманы Бақдәулет Ибраимов.

Осы мақсатта күн сайын қа-ла әкімдігі, облыстық статистика және ауыл шаруашылығы бас-қармалары, «Қазагромаркетинг» мамандары қаладағы сауда орта-лықтарына рейд жүргізуде. Рейд барысында құрылған ұтқыр топ «Мирлан», «Алтын алма» және «Ел ырысы» сықылды ірі сауда орталықтарында болып, азық-тү-ліктің құнын бағамдады.

– Күні бүгінге дейін облыс ор-талығындағы сауда орындарын-да азық-түлік түрлерінің күрт өсуі болған жоқ. Тауарларды кө-терме бағамен ұсынатын «Мир- лан», «Алтын алма», «Караван» базарында картоп, жеміс-жидек

«Жеміс-жидек 20-30 теңгеге қымбаттады»

Облыс және қала әкімдігінің арнайы шешімі бойынша құрылған жұмыс тобы азық-түлік өнімдері мен жанар-май бағаларына бақылау жұмыстарын жүргізуде.

бағасы осы кезге дейінгі баға- дан 20-30 теңгеге өскені байқал-ды. Жергілікті шаруашылықтар өндірген өнімдердің бағасы бұ- рынғы күйінде, – дейді облыс-тық ауыл шаруашылығы басқар-масының бөлім басшысы Сергей Выдрин.

Ал саудагерлердің айтуынша, көкөніс пен жеміс-жидектер көр-шілес Ресейден және еліміздің оңтүстік өңірлерінен әкелінеді. Олар біздің азық-түлік түрлеріне қоятын бағамыз аталмыш аймақ-тардан келетін өзгерістерге бай- ланысты дейді. Дегенмен қала-дағы сауда орындарында аса бір қымбаттаушылық байқалмады. Сауда жасауға келушілер тауар бағасының аспандап кетпегені- не қуануда.

Еламан БАДЕНұЛЫ,«Орал өңірі»

МониТоРинг

Бақтияр СЕЙТЕКОВ,көлік жүргізуші:– Жергілікті атқарушы билік өкілдерінің сауда орындарында жиі

болып, жағдаймен танысқаны дұрыс. Бұл кәсіпкерлердің бағаны көтеріп жібермеуіне септігін тигізетіні сөзсіз. Дүкендерде болып жүрміз ғой, 13 ақпанға қарағанда 14 ақпанда кейбір азық-түлік түрлерінің арзандағанын байқадым. Осындай бақылау шараларын күшейту керек деп ойлаймын.

Людмила САЛАГУБЦЕВА, «Добрая» ЖК-ның өкілі:– Біз Беларуссияда шығарылатын тамақ өнімдерін жергілікті сауда

нүктелеріне таратумен айналысамыз. Ол өнімдерге ГМО, консервант қосылмағандықтан, сұраныс жоғары. Әзірге біздің баға көтерілген жоқ. Сондықтан «жабдықтаушының бәрі тауар құнын өсіріп жатыр» деген қате пікір екеніне екпін түсіріп айтқым келеді.

р/н Аудандар АИ-80 (1литр) АИ-92/93 (1литр)14.02.2014ж. баға 14.02.2014ж. баға

1 Ақжайық 87 1132 Бөкей ордасы 115 1303 Бөрлі 88 1124 Жаңақала 89 1155 Жәнібек 98 1286 Зеленов 89 1157 Қазталов 100 1208 Қаратөбе 102 1219 Сырым 89 115

10 Тасқала 88 11511 Теректі 115 12512 Шыңғырлау 88 11513 Орал қаласы 87 115

Жанармайдың орташа бағасы

Page 4: 19 15 02 2014

шАһАРСенбі, 15 ақпан 2014 жыл [email protected]

Орал қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің тұрғындармен қорытынды есептік кездесуі сәрсенбі күні Жастар мәдениет үйінде өтті. Оған облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Светлана Романовская қатысты.

«Бір шаруаны тындырсақ, ТАғы екеуі бой көТеРеді»

Жиын басында жұртшы-лық назарына шаһар-дың тыныс-тіршілігі

жайлы бейнебаян ұсынылды. Жа- ңа технологияларды кеңінен пай-далана отырып құрылған бейне-баян жанды графика, сызба-диа-граммалар арқылы көрген адамға ұғыныңқы болды. Шебер жасалған бейнебаяннан кейін әкім қалада атқарылған жұмыстар, жоба-жос-парлар жайлы баяндады.

Кіріспесін ғұлама Әбу-Насыр әл-Фарабидің «Мақсат жолында бірлігі мен тірлігі жарасқан шаһар халқы ғана бақытқа кенеледі» де-ген даналық сөзімен бастаған жас басшының жетекшілігімен облыс орталығында шамалы уақыт ішін-де біраз шаруа атқарылғанын байқадық. Оны көзіқарақты оқыр-манның өзі де көріп-біліп жүргені сөзсіз.

Нұрлыбек РАХМАНОВ,"Орал өңірі"

асып, 1021 жұмыс орны ашылған. «Жұмыспен қамту – 2020 жол кар-тасы» бағдарламасы арқылы 12 адам несие алып, 27 жаңа жұмыс орнын ашса, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы арқылы 13,9 млрд. теңгенің жо-балары іске қосылған. Суы мен нуы келіскен шаһардың айналасы ауыл шаруашылығына да қолайлы. Бұған былтырдың өзінде аграрлық өнеркәсіптік кешенді дамытуға 185 млн. теңге қарастырылғаны дәлел. «Сыбаға» бағдарламасы ар-қылы 4 млн. теңге игерілген.

Оралда соңғы сегіз жылда 21 балабақша салынса да, күні бүгін 2 мыңға жуық бүлдіршін балабақша кезегінде тұр. Былтыр 360 орындық тағы бір балабақша пайдалануға берілген болатын. Биыл да тап осындай нысан құрылысы Заша-ған кентінде бой көтермек. Бұл де-мографиялық даму не урбаниза-ция десек те, әйтеуір, балапандарға арналған мекемелердің қаңырап тұрмағаны қуантады. Ылайым же-

да көшелерді қосқанда қалаішілік 36 шақырым жол жөнделмек. Былтыр жалпы ұзындығы 31 ша-қырым қалаішілік жол – 15 көше жөнделген еді.

Сонымен қатар шаһар басшы-сы өз баяндамасында қоғамдық ұйымдармен жұмыс, мерекелер-дің өз деңгейінде аталып өтілуі, мүмкіндігі шектеулі жандарды жұ- мысқа орналастыру, тұрғын үй-ком-муналдық шаруашылығын жаң- ғырту, қаланы абаттандыру, жағ-дайы мүшкіл жеделсатылар сияқ-ты мәселелерді де назардан тыс қалдырмады.

Бүгінде қалада ірілі-ұсақты 52 саябақ бар екен. Оның 26-сы абаттандырылған. Бұған дейін қонақтарын «таза, әдемі, жасыл қала» деп тамсандырып келген қалада абаттандыру, тазалықты сақтау басты назарда қала бере-тінін байқадық. Былтыр орталық базар аумағында арығы, жарығы, өрнектас төселген жолы бар, жа-сыл желек отырғызылған әдемі көше пайда болды. Жайық жа-ғалауында ірі демалыс алаңқайы салынды. «Назарбаев зияткерлік мектебі» мен Салтанат сарайы алдына, көптеген даңғылдар мен көшелерге мыңдаған түп қарағай мен шырша егілді. Биыл Зашаған кентіндегі №20 мектеп маңында саябақ жасақтау жұмыстары аяқ- талады. Қала тазалығын қадаға-лайтын мекемелерге әлі де ар-найы техникалар алыну көздел-ген. Жиналыста жаз мезгілінде қала ішінің шаңын трактормен сы-пырып көкке көтеретін ЖПК (ДЭП) жұмысына сын айтқан тұрғынға Алтай Сейдірұлы аталған мекеме-ге шаңсорғыш қызметін атқаратын техника алып беру жоспары ба-рын айтты.

Оралда былтыр 49 мың шар-шы метр үй салынған. Қаланың 2030 жылға дейінгі бас жоспары-на сай шаһар 5 мың гектарға ірге- сін кеңейтпек. Қаланың инженер-лік желілерін ауыстыру сынды бұған дейін жүргізілген жұмыс-тар ағымдағы жылы да жалғасын таппақ. «Қала тірі ағза сияқты. Бір шаруаны тындырсақ, тағы екеуі бой көтереді» деген әкім жылу жүйелерінің 60%-ы тозғанын тілге тиек етті. Еске сала кетсек, былтыр 18 шақырым жылу, 118 шақырым электр желілері, 61 шақырым газ, 85 шақырым су құбыры жөндел-ген еді. Сондай-ақ биыл №7 орта мектеп, Круглоозерный мекте-бі, №6 «Шолпан» балабақшасы ғимараттарына күрделі жөндеу жүргізілмек. Сондай-ақ қалалық мәдениет және демалыс саяба-ғындағы Шаған өзені арқылы өте-

тін көпірдің құрылысын аяқтау және арғы жағалауын абаттанды-ру жұмыстары қолға алынады.

Есепте айтылған атқарылған істердің бәрін тізбелеу бір мақала көлеміне сыймас. Бұдан әрі қала басшысы алдын ала жәшіктерге келіп түскен және тұрғындар та-рапынан қойылған сауалдарға жауап берді. «Жалпыұлттық со-циал-демократиялық партиясы» БҚО филиалының төрайымы Ха- диша Мұқанова доллардың қым-баттауы бағаға қаншалықты әсер ететінін, тарифтің көтерілуіне бай- ланысты көп жағдайда тұтыну-шылардың құқығы қорғала бер- мейтінін, осыған әкімдік тарапы-нан қаншалықты мән берілетінін сұрады. Әкім: «Доллар бағамы көтерілуіне орай қалада тауар бағасының ретсіз өсуін қадаға- лайтын арнайы бақылау тобы іске кірісті. Әсіресе, азық-түлік пен жанармайдың құнын бақы-лауға басымдық берілмек. Моно- полияға қарсы агенттік те бақы-лауды күшейтті. Егер жеке кәсіп-керлік нысандарында бағаның шарықтауы байқалса, олар ли-цензиясынан айырылады. Бүгін азық-түліктің бағасы сәл ғана қымбаттағаны байқалды. Салыс-тырып қарасақ, әр кезеңде бел-гілі бір өнімнің құнында аздап ауытқу болады. Бірақ ол кешікпей қалпына келмек. Баға мәселесі үнемі назарда» деп жауап берді. Ал сөз алған М.Өтемісов атында-ғы БҚМУ-дың оқытушысы Мерген Сүлейменов Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мейрамында ат жары-сын ұйымдастыруды ұсынды. «Ақ Отау» отбасы орталығы» қоғам-дық бірлестігінің төрайымы Ал-тынай Есқалиева «169» анықтама қызметінің жұмысына: «Соңғы кездері оларға хабарлассақ, ұзақ уақыт әуен қосылады, кейін тағы бір жауаптарды естиміз. Қажет ақпаратты алу қиындап кетті» деп сын айтты. «Қазақтелеком» АҚ БҚО филиалының бас директоры Болатбек Қанафин: «Бұл қызмет Астана, Алматы қалаларында ор-талықтандырылды. Бұрын тек қа- ла аумағынан анықтама алған болсаңыз, енді «169» нөмірі ар-

қылы өзге қалалардағы телефон нөмірлерді алуға болады. Бұл қызмет сапасының артқаны деп ойлаймын» деп жауап берді. Дер-көл ауылының тұрғыны Гауһар Ғалиева мектеп пен балабақша қашан жөнделетінін білмек болды. Алтай Көлгінов: «Ғимараттардың ішін көрдім. Жағдаймен таныс-пын. Мектептің күрделі жөндеуіне 257 млн., балабақшаға 131 млн. теңге қаржы керек, жұмыстана-тын боламыз» деді. Қала тұрғыны Ж.Нығметов «Ет комбинаты» ауда- нында көпшілік сырғанау мұз айдыны керектігін айтса, кітап-ханашы А.Әмірова М.Горький атындағы қалалық кітапхананың күрделі жөндеуден өткенін ай-тып алғысын білдірді. Енді рухани орын жаңа ақпараттық техноло-гиялармен жабдықталса деген өтінішін де білдірді. Қала тұрғын-дарының кейбір көшелердегі жаяу жолақ белгілері ережеге сай қойылмағанын, қаладағы көпір- лердің тарлығын, көлік кептелісі орын ала бастағанын айтқан сауалдары да жауапсыз қалмады. «Қонаев» қорының төрағасы Нұр-лан Ізтілеуов ақсақалдың шаһар- да мемлекет және қоғам қайрат-кері Дінмұхамед Қонаевқа мүсін қойылса деген өтінішін залға жиналған халық қол соғып, қызу қолдады.

Жиынды қорытындылаған об-лыс әкімі Нұрлан Ноғаев Оралда саяси және қоғамдық жағдайдың тұрақтылығын, әлеуметтік-эконо-микалық өсудің оң динамикасы бар екенін айтты. «Қала әкімі барлық атқарылған істерді баяндай оты-рып, алдағы жұмыстар туралы да толыққанды мағлұмат берді. Бұл істердің барлығы – Елбасы тап-сырмасымен қолға алынған мем-лекеттік бағдарламалардың жүйе-лі жүзеге асуының нәтижесінде жасалған жұмыстар. Келешекте Орал қаласы одан әрі көркейіп, еліміздегі ең әдемі шаһарлардың бірі боларына сеніміміз мол. Сон-дықтан барлығымыз бірігіп, қыз-мет атқарайық» деген өңір басшы-сы Нұрлан Асқарұлы қала әкімінің өткен жылғы жұмысына оң баға берді.

Басым бөлігі орыс тілінде өт-кен жиында қалада атқарылған жұмыстардың бір жылдағы жетіс-тігі мен кем-кетігі таразыланып, болашаққа бағдар жасалды.

Өткен жылы Оралда оң өзгеріс аз болмады. Өнеркәсіп, кәсіпкер-лік, ауыл шаруашылығы, білім беру мен денсаулық сақтау, мәдениет саласына ілгерілеу тән. Сондай-ақ жұмыссыздықты азайту, халық-тың әл-ауқатын көтеру бағытында жүзеге асырылып жатқан мемле-кеттік бағдарламалар аясында да атқарылған жұмыстар қомақты.

Салық түсімдері көбейіп, мем-лекеттік бюджет кірісі 10 пайызға, яғни 6 млрд. теңгеге ұлғайған. Шағын және орта бизнестің бел-сенді нысандары бір жылда 20 пайызға артқан. Индустрияланды-ру картасы бойынша 23 жоба іске

рі кең, өзі аз халқымыз көбейе берсін. Көбею демекші, әкім есе-бінен белгілі болғандай, облыс орталығында көлік саны да арта түскен – шаһар халқының үштен біріндей болған. Яғни әр үшін-ші оралдықтың темір тұлпары бар деген сөз. Бұл да тұрмыстың жақсарғанын көрсетеді. Алтай Сейдірұлы биыл көлік қозғалысы қиын кей көше қиылыстары оң-тайландырылатынын, Есқалиев пен Ықсанов көшелерінен Пуга-чев көшесіне дейін, Чкалов, Ру-жейников көшесінен Желаевқа дейін Шоссейная көшесі күрделі жөндеуден өтетінін айтты. Мең-дәлиев көшесінен Құрманғазы көшесіне дейін Алмазов көшесі, Мұхит көшесінен Шаған жаға-лауы көшесіне дейінгі Еуразия даңғылының бөлігі, бұдан басқа

Суре

ттер

ді т

үсір

ген

Раф

хат

ХАЛ

ЕЛО

В

Page 5: 19 15 02 2014

СынғА ілікТі...Біраз мектеп

Күн тәртібі бойынша ау- дандық білім беру бөлімі- нің басшысы C.Құсайынов

баяндама жасады. Баяндама ба-рысында ауданда білім беру ме- кемелерінің материалдық-техника- лық әлеуетін жақсарту мақсатын-да барлық жағдай жасалып отыр- ғанымен, мектеп оқушыларының бі- лім сапасы көтерілмей келетіні ай-тылып, себептері талданды. Кеңірек тоқталсақ, өткен 2012-2013 оқу жылында 52,2 пайыз болған ау-данның білім сапасы 2013-2014 оқу жылының алғашқы жартыжылдығын-да 1,2 пайызға төмендеген. Аудан мектептеріндегі оқушылар санының азаюының себебі көші-қон емес, осы білім сапасының төмендігінен бо- лып отыр. Мектеп мұғалімдерінің сапалық құрамы жақсы дегеннің өзінде, біздің аудан көп көрсеткіш-тердің көлеңкесінде қалуда.

Облыстық білім беру басқарма-сының бөлім басшысы З.Ғұмарова өз кезегінде ауданның білім беру деңгейіне қатысты біраз жайтқа тоқталды. Негізінен ауылдық ок-ругтердегі есептік кездесулерде де тұрғындар тарапынан білім беру мекемелерінің ішкі мазмұнына қа-тысты шағымдар болған еді. Сон-

Таяуда облыстық білім басқармасы мен Сырым ауданы әкімдігінің бірлескен кеңесі өтті. Кеңеске аудан әкімі А.Шыныбеков, Батыс Қазақстан облыстық білім беру басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білімді дамыту бөлімінің басшысы З.Ғұмарова, сондай-ақ ауылдық округтердің әкімдері мен аудандағы білім беру саласының қызметкерлері қатысты.

дай-ақ мектептер мен мектеп ішін-дегі медициналық кабинеттердің лицензиясы болуын қадағалау, мек-теп асханаларының материалдық-техникалық жабдықталу деңгейін көтеру, ауданның ҰБТ көрсеткішін облыстық орта көрсеткіштен асы- ру секілді мәселелер көтерілді.

Білім сапасын арттыру мен білім берудің жүйелілігін қамтамасыз ету жөнінде аудандық білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің мең- герушісі Г.Саркенова баяндады. Әдістемелік кабинеттің берген ақ- паратына сүйенсек, аудандағы мек- тептерде бағалау нормативтері бұ- зылып, асыра бағалау орын алуда. Нақтылықтан ажыраған мектеп көр- сеткіштері білім сапасының жүйе-сіздігін қалыптастырып отыр. Гүл-шарат Мұратқызының «әдістемелік кабинет мектептерді тексергенде» деген сөзіне облыстық білім беру басқармасының бөлім басшысы Зәуре Базарғалиқызы түзету жа-сады. Себебі әдістемелік кабинет мектептердің жұмысын тексеруге емес, алға басуына жәрдемдесуі ке-рек.

Кеңесте Елтай ауылдық округін-дегі Тасқұдық негізгі мектебі жөнін- де үлкен әңгіме болды. Бұл мектеп

2013-2014 оқу жылының алғашқы жартыжылдығындағы аттестаттау- дан өте алмаған. Мектепте мектеп-ішілік бақылау әлсіреген, жылдық оқу-тәрбие жұмысы жоспары мүм- кіндіктерді ескермей жасалған. Мектеп басшысы М.Шүлеуовке «Қа-шанғы ауыл тұрғындарының ал- дындағы есептік кездесулер тек Тасқұдық негізгі мектебінің мар- дымсыз жұмысы жөніндегі пікір ала- ңына айналады?» деген сұрақты аудан әкімі А.Шыныбеков төтесі-нен қойды. Кеңестің сын садағына Қазақстан негізі мектебі, Ж.Досмұ-хамедов атындағы орта мектеп-балабақша кешені, Аралтөбе орта мектебі, Бұлдырты орта мектебі де ілінді. Бұлардың көбіне негізінен оқушылардың ҰБТ-дағы білім дең- гейінің төмендігі, кейбіріне әдісте-мелік бірлестік жетекшілерінің жос-парлы жұмыстарының болмауы тән. Бірқатар мектеп басшылары мек-тептегі білім беру сапасы жайлы өз пікірлерімен бөлісті.

Жиынды қорытындылаған аудан әкімі А.Шыныбеков бұл кеңестің басқаға ақыл үйретіп, сын-ескерт-пе жаудыруды мақсат тұтпайтынын айтты. Аудан басшысы аудандық білім беру бөліміне мектептер мен медициналық кабинеттердің лицен-зиялануын жеделдетуді, 2014-2015 оқу жылында тереңдетілген сынып-тарды ашуды тапсырды.

Бауыржан ШИРМЕДИНұЛЫ,Сырым ауданы

– Біз өз сайлаушылары-мызбен болған әрбір кезде- суден жұмысымызға бағыт-бағдар алып қайтамыз. Пар- ламентте заң жобасы талқы- ланғанда, әрдайым халықтың пікіріне сүйенеміз. Сайлаушы-лардың өтініштері мен ша- ғымдарының 70 пайызы мем- лекеттік органдардың заңға қайшы әрекеттері туралы бо- лады. Сонымен қатар тұрғын

Облысымызда іссапармен жүрген ҚР Парла- менті Мәжілісінің депутаты Светлана Романов-ская өткен сейсенбіде «Ескі Орал» мұражайында Қазақстан халқы Батыс Қазақстан облысы ассам-блеясы жанындағы ұлттық-мәдени бірлестіктер мүшелерімен кездесті.

Сайлаушылармен кездеСТі

үй, зейнетақы, тариф сияқты түйткіл мәселелер қозғалады. Біз әрбір сайлаушының өті-нішін аяқсыз қалдырмаймыз, - деді Светлана Юрьевна кез-десуде.

Бұл жолы да ассамблея мүшелері өздерін толғанды- рып жүрген әлеуметтік, ком-муналдық қызмет көрсету ба- ғаларының өсуі, тарихи ны- сандарды қорғау, экология жә- не облыс аймағындағы сы-нақ полигоны зардабын жою жөніндегі сауалдарын қойып, тиісінше жауап алды.

Еламан БАДЕНұЛЫ,«Орал өңірі»

Сенбі, 15 ақпан 2014 жыл[email protected] 5дАлА-ҚАлА

– Елбасымыздың таяудағы Жол- дауы – ел өміріндегі маңызды бе-лес. «Мәңгілік ел» қағидасы ұлттық идея ретінде қоғам тарапынан ай- рықша қызығушылық туғызып отыр. Жолдауға орай басқа құндылық-тармен қатар, мемлекетіміздің за-йырлық қағидаларын онан әрі бер-кіту назардан тыс қалмайды. Оның бүгінгі күн тәртібіндегі мәселеге де тікелей қатысы бар, - деді басқосу- ды ашқан облыс әкімінің орынба-сары Бақтияр Мәкен.

Жиында облыстық дін істері басқармасының басшысы Талғат Нығмет баяндама жасады. Оның па-йымдауынша, облыс аумағындағы діни ахуал қалыпты. Әрине, ол мем- лекеттің дін саласындағы саясаты-ның, оны жүзеге асырудағы тетікте-рінің оңтайлылығынан мүмкін бо-

ҚАлыПТыДіни ахуал

Таяуда облыс әкімдігі жанындағы діни бір-лестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің оты-рысы өтті. Оған атал-мыш кеңестің тұрақты мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысты.

луда. Алайда барға қанағат етіп, алаңсыз отыру дұрыс емес. Бүгін болмаған қауіптің күні ертең қылаң бермесіне кім кепіл? Де-мек, діни теріс ағымдарға қарсы жұмысты жүйелі және жоспарлы түрде жүргізуіміз қажет. 2013 жылы қабылданған «Қазақстан Республи-касында діни эстремизм мен тер-роризмге қарсы іс-қимыл жөнін- дегі 2013-2107 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны» жүзе- ге асыруда өңірдегі тындырыл- ған істерге кеңінен сипаттама бере отырып, баяндамашы алдағы мін-деттерге тоқталды.

Отырыста Орал қаласы әкімінің орынбасары Ғалым Орынғалиев пен Сырым ауданы әкімінің орын-басары Әділ Жоламановтың ша-ғын баяндамалары тыңдалды. Қа- зақстан халқы ассамблеясы об-лыстық хатшылығының жетекшісі Ғайса Қапақов діни теріс ағымдарға қарсы күрестің пәрменділігін кү- шейту керектігін айтса, Орал және Ақтөбе архиепископы Антоний әкей өңіріміздегі кейбір діни бір- лестіктердің заңды түрде тіркел-мейтініндігіне қынжылыс білдірді. ҚМДБ-ның өңіріміздегі өкіл има- мы Руслан Сұлтанов соңғы жылда-

ры имамдар қатарын білімді дінта- нушылардың толықтыру үдерімі-не қанағаттанғандық сезімін жа-сырған жоқ. Сонымен қатар зама- науи талаптар бойынша төрт аудан-дық мешіттің ғаламтор жүйесіне қосылғанын айтып, аталмыш үрдіс-тің биыл онан әрі жалғасын таба-тынын мәлімдеді. М.Өтемісов атын- дағы БҚМУ-дың ректоры Асхат Иманғалиев, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айгүл Есекенова және басқалары күн тәртібіндегі мәселе бойынша ой-пікірлерін ортаға салды.

– Биыл былтырға қарағанда нә-тиже жақсы. Мәселен, дін істері жө- ніндегі басқарманың ұйымдық мә-селесі шешіле келді. Енді қалға- ны – істің сапасын жақсарту. Осы орайда мақсаттар айқын және нақ- ты болуы тиіс. Менің бір ұсынысым – дін тақырыбына тікелей қатысты бейнетаспаларды көп дайындап, ке- ңінен қолдану қажет. Себебі бү- гінгі жастар оқуға құлықсыз, олар теледидар мен ғаламторға үңілген- ді жөн көреді. Алдағы жұмысқа бай- ланысты нақты ұсыныстарыңыз-ды 4 наурызға дейін дайындап бе-руіңізді сұраймын, – деді отырысты қорытындылаған Бақтияр Мәкен.

Серік ИХСАНҒАЛИ,«Орал өңірі»

● Дін-діңгек

Кеңеске облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен қатысты. Облыстық денсау-лық сақтау басқармасы бас- шысының орынбасары М.Ай- мұрзиева дәрі-дәрмек баға- сының өспеуін бақылау жұ-мыстары қолға алынғанын ес-кертіп, фармацевтикалық фир- ма өкілдеріне өз деңгейін-де мониторинг жүргізіп, мә-селені қатаң бақылауға алу-ды міндеттеді. Облыста 2014 жылға амбулаторлы және ста-ционарлы науқастарды толық

Кеше облыстық ішкі саясат басқармасында ұлттық ақшаның девальвациясына байланыс-ты дәрілік заттардың құнын қолжетімді бағадан асырмауға арналған кеңес өтті.

Дәрі-дәрмек те назарда

ұлдай ҚАБОШҚЫЗЫ,«Орал өңірі»

қамтамасыз етуге жетерлік дә-рі-дәрмек қоры жасақталған. Медициналық мекемелерге дәрілік заттардың бекітілген кестеге сай үздіксіз жеткізілуі қамтамасыз етілген. Ал тегін медициналық көмектің кепіл-дік берілген көлемі шеңберін- де дәрі-дәрмекті сатып алу, яғ- ни көтерме және бөлшек үс-теме бағалар қатаң бақылауда болмақ. Болашақта дәрі-дәр-мек бағасы көтерілуінің алдын алу мақсатында еліміздегі дәрі-дәрмек шығаратын және тара-татын ірі мекемелермен мемо-рандумдар жасалмақ. Қысқасы, облыста дәрі-дәрмек бағасының негізсіз өсуіне еш себеп жоқ.

Page 6: 19 15 02 2014

дәулеТСенбі, 15 ақпан 2014 жыл

[email protected]

- «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ жарғылық капита-лына мемлекеттің 100 пайыздық қаты- суымен Үкіметтің 1994 жылғы 22 жел-тоқсандағы қаулысымен құрылды. 1998 жылы жабық акционерлік қоғам болып Үкімет қаулысымен қайта құ-рылды. Қордың негізгі функцияларын және жарғылық мәселелерін жүзеге асыру үшін, несиелік операциялар жүргізуге Халық банкінен 1998 жылғы 14 қыркүйекте №22 лицензия алынды. 2000 жылы «Қаржы лизингі туралы» заңның қабылдануына байланысты қор 2004 жылғы 18 мамырда лизинг операцияларын жүзеге асыру және қарыз беру операцияларын жүргізу-ге құқық беретін ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің лицензиясын алды.

Қор әрекет етуші қаржы-несиелік мекеме болып табылады, 14 филиал- ды біріктіріп отыр.

«Акционерлік қоғамдар туралы» заңға сайкес қор 2004 жылы 24 та- мызда «Ауыл шаруашылығын қаржы- лай қолдау қоры» АҚ болып қайта тіркелді. 1998 жылдан бастап қор 1994-1995 жылдары екінші деңгейлі банктерден берілген орталықтанды-рылған несие жүйесі бойынша ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші-лерден берешекті өндіру және ҚР Үкіметінің әр түрлі қаулылары не-гізінде қордың теңгеріліміне беріл-ген ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің басқа да борышта- ры жөніндегі жұмыстарды жүргізді. 2004 жылы шағын несиелеу мемлекет-тік бағдарламасы қабылданып, қор- дың жұмысына екінші тыныс берді. Содан бері қор екі бюджеттік бағдар- ламаға қатысу жолымен өз қызметі- нің саласын кеңейтті. Оның бірі «Ауыл тұрғындарына шағын несие беру жүйе-сін ұйымдастыру» кіші бағдарламасы және «Ауыл шаруашылығын институ- ционалды дамыту» республикалық бюджеттік бағдарламаларын іске асы- ру, екіншісі “Өсімдік шаруашылығын-дағы міндетті сақтандыру туралы” заңды іске асыру шеңберінде, қор өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды мемлекеттік қолдауға республикалық бюджеттен бөлінген бюджеттік қаржыны басқару жөнін- дегі агент болып белгіленді.

Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру ауыл тұрғындарын шағын несие- ні тиімді пайдалану мен кәсіпкерлік негізінде оқыту, ауыл тұрғындарының мақсатты тобына (үй шаруашылық-тарына) шағын несие беру екі бағыт бойынша жүзеге асырылды.

2007 жылы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ “ҚазАгро” Ұлттық басқарушы холдингі” құрамы-на кірді. Қоғам жұмысының арқасын-да еліміздің ауылдық жерлерінде 51 ШНҰ, соның ішінде БҚО-да 3 шағын несие ұйымы (Зеленов ауданында «Кәсіпкер-Бірлік», Теректі ауданында «Теректі - Финанс», Сырым ауданында - «Милена - Сырым» ШНҰ-лары) құрылды.

Қордың негізгі мақсаты – ауыл тұрғындары мен шағын ауыл шаруа-шылық тауар өндірушілердің тағы да

Сәттілік жолы2007 жылдан бастап «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның Батыс Қазақстан филиалының

несие портфелі 14 есеге дейін өсті. Филиал өз жұмысын дұрыс ұйымдастырудың арқасында акционерлік қоғамға қарасты 14 филиал арасынан ең үздік үштік қатарында келеді. Осындай жетістіктерге бастаған БҚФ директоры Қайриден Есенғалиұлы Жәкиев ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл толуына байланысты мерейтойлық медальмен және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Жалпы қордың және облыстағы филиалдың жұмыс нәтижелері туралы филиал басшысы Қайриден Жакиев төмендегідей әңгімеледі.

басқа ауылдағы шағын бизнес құры-лымдарын несие ресурстарына қол-жетімділігін арттыру, шағын несие ин- фрақұрылымы мен кәсіпкерлікті да-мыту, ауыл тұрғындарының әл-ауқа- тын жақсарту. 2014 жылдың 1 қаңта-рына қордың республика бойынша жалпы портфелі 37,8 млрд. теңгені құ-рады, белсенді қарыз алушылардың саны 19 395 адам болса, 2013 жыл ба-рысында берілген қарыздардың жал-пы шамасы 29,7 млрд. теңгеге жетті және ол 2012 жылмен салыстырған- да 11,5 млрд. теңгеге өсті. Батыс Қа-зақстан филиалы бойынша несие портфелі 2 985 млн. теңгені құрады, белсенді қарыз алушылардың саны – 1 355 адам, 2013 жыл барысында бе-рілген қарыздардың жалпы шамасы 1 706 млн. теңгеге жетіп, ол 2012 жыл-мен салыстырғанда, 1 352 млн. теңге- ге өсті. Осының сыртында «Ауыл ипо-текасы» бағдарламасы бойынша 2010- 2013 жылдары ауылдық жерге жұ- мысқа орналасқан 1004 жас маманға 1 млрд. 987 млн. теңгеге тұрғын үй сатып алуға несие берілді.

- Қайриден Есенғалиұлы, қордың облыстағы филиалының құрыл-ғаннан бергі және өткен жылғы жұмыс нәтижесі қандай?

- 2005 жылдан бері филиал арқы- лы облыстың 7 755 ауыл тұрғынына және ауылдағы бизнес құрылымдар-ға 7,2 млрд. теңгенің несиесі берілді. Орал қаласына жататын ауылдық ок- ругтер және 12 ауданның барлық округтері, 230-дан астам елді мекен шағын несие алуда. Несие портфелі-нің өсіміне қарамастан оның сапасы тұрақты болып қалуда. 2014 жылдың 1 қаңтарына кешіктіріліп төленіп жат- қан қарыз шамасы несиелік порт- фельден 0,7 %-ды құрады.

Өткен жылы несиелендірудің 8 бағдарламасы бойынша жылдық жос-пар толықтай орындалды. 2013 жылы «Жұмыспен қамту - 2020 жол карта-сы» бағдарламасын жүзеге асыратын өңірлік қаржы институты ретінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қол- дау қоры» АҚ бекітілгені мәлім. Со- ған орай қор «Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы» бағдарламасының 2 ба- ғытына аймақтық уәкілетті ұйым ре- тінде қатысуда. Несиелер сауда сала-сындағы қызметін жүзеге асырудан басқа, өз ісін ұйымдастыру және ұл-ғайту, айналым капиталын арттыру мақсатында беріледі. 2014 жылдың 1 қаңтарына «Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша 1 075 млн. теңге бөлініп, толықтай иге-рілді. Мал және өсімдік шаруашылы- ғын, ауылдық жерлердегі басқа да бизнес түрлерін дамыту үшін 602 адам несие алды. Соның ішінде 361 жұмыссыз адам өз ісін ашса, 241-і өз бетінше жұмыспен қамтылған тұрғын жеке кәсіптерін ұлғайтуда. Жалпы 650- ден астам адам жұмыспен қамтылды. Қазіргі уақытта несиенің мақсатты жұмсалғандығы жөнінде және қаржы-лық жағдайларын анықтау мақсатын- да мониторинг жүргізілуде. Бір айта кетерлігі, осы «Жұмыспен қамту - 2020

жол картасы» бағдарламасы бойын- ша 2013 жылдан бастап 2020 жылға дейін өңірлік қаржы институты ретін-де «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ таңдалынды. Бағдар-лама бойынша 2020 жылға дейін жұ- мыс жасайтын боламыз. Бағдарлама-ның негізгі шарттары: несие көле- мі – 3 млн. теңгеге дейін, несие мерзімі – 54 ай (4,5 жыл), сыйақы мөлшері – 6%, негізгі берешек бо-йынша жеңілдік уақыты – несие мерзімінің көлеміне қарай үштен бір бөлігі, бірақ 18 айдан жоғары емес, сыйақы мөлшерлемесі бо- йынша жеңілдік уақыты – 6 айға дейін, кепілдікті қамтамасыздан-дыру – өтімді мүлік (жылжымай-тын мүлік, автокөлік, ауыл шаруа-шылығы техникасы т.б.).

- Бұрынғы «Шағын несие» бағ-дарламасы неліктен тоқтатылды және қазіргі уақытта қандай бағ-дарламалар бойынша жұмыста- нып жатырсыздар?

- Ауыл тұрғындарын тікелей шағын несиелеу 2005 жылдан бастап жүргі-зілді. Шағын несиелер қал-ауқаттарын жақсартамын деген үй шаруашылық-тары мен ауыл тұрғындарына берілді. Бағдарламаның мақсаты мал, өсімдік шаруашылығына, сауда және бас- қа да тұрмыстық қызметтер көрсету салаларын дамытуға бағытталды. 2005 жылдан бастап 4085 адамға 1 миллиард 126 миллион теңге шағын несие бе- рілді. 2014 жылдан бастап «Шағын не-сие» бағдарламасының несие беріле-тін бағыты «Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы» бағдарламасымен сәйкес болуына байланысты тоқтатылды.

Агроөнеркәсіптік кешеннің өсімдік шаруашылығы саласындағы субъекті-лерін көлемді қолдаудың шеңберінде 2010 жылдан АӨК субъектілерін көк- темгі егістік, бау-бақша және оның өні- мін жинау жұмыстарын қаржыланды- ратын «Егінжай» бағдарламасы іске асырылуда. 2010-2013 жылдары ара- лығында облыстағы 103 ауыл шаруа-шылығы құрылымы 268,6 млн. теңге несие алды. Бағдарлама бойынша ұсынылатын несие көлемі – 6 млн. теңгеге дейін, мерзімі – 36 ай (3 жыл), сыйақы мөлшері – 9,5%, не-гізгі берешек бойынша жеңілдік уақыты – 12 айға дейін, сыйақы мөлшерлемесі бойынша жеңілдік уақыты – 12 айға дейін, кепілді қам- тамасыз етуге өтімді мүлік (жыл-жымайтын мүлік, автокөлік, ауыл шаруашылығы техникасы т.б.) қо-йылады. Сондай-ақ Ислам Даму Бан-кімен біріккен жобаның шеңберінде 2012 жылдың қазан айынан бастап, ауыл тұрғындарын несиелеудің жаңа «Сәтті» («Мурабаха») бағдарламасы бойынша өтініштер қабылдана баста- ды. Өткен жылы 180 млн. теңгеге ауыл шаруашылығы техникасы, автокөлік-тер және өзге де құрал-жабдықтар са- тып алу үшін 66 шағын несие берілді. Бағдарлама ауыл тұрғындарына және бизнес құрылымдарына өте тиімді. Сондықтан биыл да ол өзінің жал- ғасын табады. Бағдарламаның не-

гізгі шарттарына келсек, несие 25 000 АҚШ долла- рына дейін, 48 айға (4 жыл), 9,5%-дық табыс мөлшері- мен, 12 айға дейін негізгі берешек бойынша жеңіл-дік уақытымен, 12 айға дейін сый- ақы мөлшерлемесі бойынша же- ңілдікпен беріледі. Кепілдік өтімді мүлікті (сатып алынатын жылжы- малы мүлік, негізгі құрал-жабдық- тар және өтімді мүлікпен (жылжы- майтын мүлік, автокөлік, ауыл шар- уашылығы техникасы және т.б.) қамтамасыз ету арқылы жүзеге асы-рылады.

«Кәсіпкер» бағдарламасы бойын-ша қор ауылдық жерлерде ауыл шаруашылығы емес бизнес түрлерін несиелейді. Бағдарлама бойынша не- сие алуға сұраныс өте көп. Аталмыш бағдарлама бойынша несие көле- мі – 8 000 ЕАК, несие мерзімі - 60 ай (5 жыл), сыйақы мөлшері – 14 %, не- гізгі берешек бойынша жеңілдік уақыты – 12 айға дейін, сыйақы мөл- шерлемесі бойынша жеңілдік уа- қыты – 12 айға дейін, кепілді қам-тамасыз етуге өтімді мүлік (жыл-жымайтын мүлік, автокөлік, ауыл шаруашылығы техникалары және т.б.) керек. «Сыбаға» бағдарлама-сының мақсаты – АӨК субъектілері- нің экспорттық әлеуетін арттыру ту- ралы Елбасының тапсырмасын орын- дау бойынша инвестициялық бағдар-лама шеңберінде жергілікті малдың санын көбейту және сапалық көрсет- кіштерін жақсарту үрдісіне шаруа қо- жалықтары мен фермерлік шаруашы-лықтарын тарту. 2011-2013 жылдар аралығында 201 ауыл шаруашылығы құрылымдары 1 миллиард 315 миллион теңге несие алды. Оған 7 067 аналық мүйізді ірі қара және 318 қазақтың асыл тұқымды ақ бас бұқасы сатып алынды. Айта кетерлігі, «Сыбаға» бағдарлама-сы 2014 жылдан бастап «Ауыл шаруа-шылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы емес, «ҚазАгро» ҰБХ-ның бас- қа еншілес қаржы институты арқылы жүзеге асырылуда. «Бизнес-аймақ» бағдарламасы бойынша 2009-2010 жылдары жергілікті бюджеттен ауыл-дық жерлерде бизнес құрылымдарына тауар өндіруге және ауылда қызмет түрлерін көрсету үшін несиелік қара- жат берілді. Осы жылдары облыстық бюджеттен 400 млн. теңге бөлініп, иге-

рілді. 123 ауыл кәсіпкері несие алып, жаңадан 279 жұмыс орнын ашты. Сол уақытта қайтарылған несие қайтадан 48 жобаға, 217,9 млн. теңге шамасын- да жұмсалды. Қазіргі уақытта жергі- лікті бюджетке несие ресурстары кес-те бойынша қайтарылуда.

«Ауыл ипотекасы» бағдарлама- сы бойынша «Ауылдық елді мекен-дердің әлеуметтік салада және мал дәрігері мамандарына әлеуметтік қол-дау көрсету шараларын жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға бюджеттік несиелер» республикалық бюджеттік бағдарламасын орындауға қор өкіл ретінде қатысады. Қарыздың шекті шамасы – 1500 АЕК. Бағдарлама жас мамандарға ауылдық жерлерден тұрғын үй сатып алып, оларды ауылда тұрақтандыруды көздейді. 2010-2013 жылдары ауылдық жерге жұмысқа орналасқан 1004 жас маман 1 млрд. 987 млн. теңгеге тұрғын үй сатып ал-ды. Соның ішінде білім беру саласына 670, денсаулық сақтау саласына – 208, мәдениет саласына 107, ветеринария саласына 19 шағын несие берілді. Бағ-дарлама бойынша берілетін несие көлемі – 1 500 АЕК, мерзімі – 180 ай-ға дейін (15 жыл), сыйақы мөлшері – 0,01 %, кепілді қамтамасыз етуге сатып алынатын жылжымайтын мүлік салынады.

Елді азық-түлікпен қамтамасыз ету- ді, халықты жұмыспен қамтуды артты-рудағы және экономиканы дамытуда-ғы ауыл шаруашылығының рөлін Ел- басымыз өзінің Жолдауларында атап көрсетті. Осыған орай Мемлекет бас-шысының тапсырмасымен еліміздің агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған «Агро-бизнес - 2020» бағдарламасы жасал-ды. Бағдарламаға 2014 жылдан бастап «Ауыл шаруашылығын қаржылай қол-дау қоры» АҚ қатысып, бағдарлама шеңберінде жұмыстанатын боламыз.

- Әңгімеңізге рақмет. Қордың жұ-мысы ауылдағы ағайынның табы-сын еселеуге септігін тигізе берсін.

Гүлнәр ШӘҢГЕРЕЙ

Ақжайық ауданында жылқы жылының төлін қабылдау ойдағыдай өтуде. Меншіктің барлық түрі бойынша бүгінге 986 бас бұзау, 4542 қозы-лақ қабылданды.

Түлік төлді болсын!

Көнеккеткен ауылдық округінің жұрты жыл төлінің тез ширауын жақсы ырымға балап отыр. Мы-салы, бүгінге Ағжан Досмақов- тың шаруа қожалығында 45 қозы, Нұрболат Қадырғалиевтың шаруа қожалығында 10 бұзау ырыс-құт-тың белгісіндей жақсы салмақ қо-суда. Әліби Жұбановтың шаруа қожалығында төлдің дені наурыз-сәуірде қабылданады. Бұл кезеңге

дайындық жан-жақты жүргізілуде. Ауылда мал пішеннен тапшылық көрмейді, төлханалар, ықтасын-дар мұқият жабдықталған. Енесі жарытпайтын төлдер ерекше на-зарда, қосымша қоректендіріле- ді. Көнеккеткен бойынша бүгінге 290 бұзау, 676 қозы, 362 лақ қа-былданды.

Бекем БЕкұЛЫ,Ақжайық ауданы

Ж

• «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның құрылғанына 20 жыл!

Page 7: 19 15 02 2014

«ОРАЛ ӨҢІРІ» Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси газеті. 090000, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1. Е-mаіl: о[email protected]

Газет облыстық «Орал өңірі» газетi редакциясының компью­терлiк орталығында терiлiп, беттелдi."Жайық Пресс" ЖШС баспаханасында басылдыИндексі: 65428 Таралымы: 16438, 2 баспа табақ. Газет аптасына үш рет шығады.Корректорлар: Н.СҰЛТАНОВА, Д.ШАНКИШеВА, Ж.ЖАйЛАуОВАКезекшi редактор: А.ЖұМАЕВА

Меншік иесі: «Жайық Пресс» ЖШС

Бас директорЖантас Набиоллаұлы САФУЛЛИН

Бас редактор Бауыржан ҒұБАЙДУЛЛИН Газет ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде2006 жылғы 4 мамырда тіркеліп, №7201-г куәлігі берілгенБас редактор 51-25-80,

Бас редактордың орынбасарлары 24-17-08, 51-18-08

МЕНШІктІ тІЛШІЛЕР: тілес ЖАЗЫҚБАЙ (Ақжайық ауданы) 8-711-42-21-720,Нұрымбек ЖАПАҚОВ (Жәнібек ауданы) 8-711-35-21-770, Өмірзақ АҚБАСОВ (Жаңақала ауданы) 8-711-41-21-755, Серік ЖұМАҒАЛИЕВ (Қазталов ауданы) 8-711-44-31-468, Мүсірбек АЙтАШЕВ (Сырым ауданы) 8-711-34-31-126

Редакция алқасы: Есенжол ҚЫСтАУБАЕВ,Сырымбек тұяҚОВ (бас редактордың орынбасарлары), Жаннат ЕСПОЛАЕВА (жауапты хатшы),тоқтар кЕНЖЕҒАЛИЕВ (қоғамдық-саяси бөлім), Қазбек ҚАБЖАНОВ (арнайы тілші),Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ (экономика бөлімі),Нұрлыбек РАХМАНОВ (гуманитарлық бөлім).

Қолжазбаларға пiкiр айтылмайды және пайдаланылмаған хат авторларына жауап қайтарылмайды. Деректердің дәлдiгi үшiн автор жауапты. Жарияланым авторларының пiкiрлерi редакция көзқарасын бiлдiрмейдi. Редакция тапсырысымен жазылмаған материалдар үшін қаламақы төленбейді. «Орал өңірінде» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп ба-суға болмайды. Мақалалар электрондық нұсқада қабылдана-ды.

белгісімен жарияланған материалдар ақылы болып есептеледі.

Ж

Жауапты хатшы 50-83-99.Жарнама қабылдау

тел/факс: 51-51-09; Бухгалтерия 50-63-99.

е-mail: [email protected]

телефондар:

хАбАР-ошАРCенбі, 15 ақпан 2014 жыл

[email protected]

Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі төмендегі бос орындарға конкурс жариялайды

Газетке хабарландыру шыққан соң 15 күнтізбелік күн ішінде құжаттар мына мекенжайда қабылданады: Орал қ., Достық даңғылы, 173-үй, тел./факс: 510681,

эл.пошта [email protected]

1. Әлеуметтік педагог - 1 бірлікБіліктілік талаптары: жоғары білімді, еңбек өтілі 3 жылдан

кем емес, мемлекеттік тілді және орыс тілін жетік білуі, компьютерде жұмыс істей білуі керек.

2. Жүйе администраторы - 1 бірлік3. Кеңсе тіркеушісі - 1 бірлікБіліктілік талаптары: жоғары ақпараттық-техникалық

білімі, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгере білуі керек. Жұмыс өтілі 3-5 жылдан кем болмауы тиіс.

4. Оқу корпусының коменданты - 1 бірлік5. Қоймашы - 1 бірлікБіліктілік талаптары: арнаулы орта білім, еңбек өтілі 3 жылдан

кем емес.

Қажетті құжаттары:- байқауға қатысу туралы өтініші;- жеке куәлігінің көшірмесі;- жеке іс-қағазы;- еңбек кітапшасының көшірмесі;- дәрігерлік кітапшасының көшірмесі;- білімі туралы құжат, СТН, ӘЖК.

Қазталов ауданы Қараоба ауылының тұрғыны болған, аз ғана ұстаздық ғұмы-рында зор беделге ие болған, асыл іні, абзал аға Талғат Қайырлыұлы Беисов-тың бақилық болғанына 25 жыл, тірі бол- са ақпанның 15 жұлдызында 60 жасқа то- лар еді.

Талғаттың жаны жәннатта, иманы жол- дас болсын. Біз оны әрдайым ортамызда деп есептейміз.

Сағынышпен еске алушылар: аға-жеңгесі, іні-келіні, қарындас-күйеу балалары,

немере-жиендері

090000, Орал қаласы, Ж.Досмұха-медов көшесі 45, 2-қабат, 213-бөлме анықтама үшін телефондар: 8-(7112) 505406, факс: 8-(7112) 506506, e-mail: [email protected]

1. Мемлекеттік сатып алу мони- торингісін жүргізу бөлімінің бас маманы, (уақытша, негізгі қызмет- кердің бала күту демалысынан шы- ғу уақытына дейін) Д-О-4 санаты, лауазымдық жалақысы қызмет өт-керген жылдарына байланысты 64063 теңгеден 86485 теңгеге дейін

Функционалдық міндеттері:Қазақстан Республикасының Қаржы

министрлігіне және сұраныс бойынша басқа да мемлекеттік органдарға мем-лекеттік сатып алу жөніндегі ақпаратты жинақтау, жиынтықтау және ұсынуды жүзеге асырады;

мемлекеттік сатып алу заңнамасы- на өзгерістер мен толықтырулар ен- гізу жөніндегі ұсыныстарды жинау, жиынтықтау және талдау және жал-пылауды жүзеге асырады;

мемлекеттік сатып алу веб-пор-талында мемлекеттік мекемелермен және кәсіпорындармен, мемлекеттің қатысу үлесі бар заңды тұлғалармен мемлекеттік сатып алу жылдық жос-парларын орналастыруына талдау жа-сайды;

жергілікті қамту көлемі туралы ақ- параттар бойынша мәліметтердің то-лық болуын қамтамасыз етеді;

мемлекеттік сатып алу бойынша облыстың бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен жоспарланған және өткізілген конкурстар туралы дерек-терді жинау және жиынтықтауды жү-зеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қо- йылатын талаптар:

Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функцио-налдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білі- мі барларға рұқсат етіледі. Мамандық-тар «Әлеуметтік ғылымдар және биз-нес» (экономика, қаржы, есеп және ау- дит, мемлекеттік және жергілікті бас-қару, менеджмент).

2. Қаржы-шаруашылық қамта-

масыз ету бөлімінің бас маманы Д-О-4 санаты, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына бай-ланысты 64063 теңгеден 86485 тең- геге дейін.

Функционалдық міндеттері:электрондық құжатайналымының,

электрондық цифрлық қолтаңба куә- лігінің жұмыс істеуі бойынша жұмыс- тар жүргізеді;

электрондық құжатайналымы же- тілдіру бойынша жұмысты жүргізеді, техникалық ерекшелікке, ақпараттық жүйеде пайдаланылатын техникалық және ұйымдастыру-өкімдік құжатта-маларды қамту және құру талаптарын анықтайды;

пайдалануға рұқсат етілген жаңа компьютерлік және көшірме-көбейту техникасын, ақпаратты өңдеу техника- лық құралдарын, персоналды компью- терлер және жүйелер, автоматтанды-рылған жұмыс орындарын енгізу бо-йынша жұмысты жүргізеді;

ақпараттық қауіпсіздік, ұйымдасты-ру техникасы мен компьютерлік бағ-дарламаларды қондыру, үздіксіз және жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойын- ша жұмысты жүргізеді, оларды пай- далануға дайындығын тексереді, ұйым- дастыру техникасын, коммуникация- ның жағ-дайына бақылау жүргізеді, олардың дұрыс жұмыс істемеуі анық- талған жағдайда оларды жою бойын-ша немесе заңнамаға сәйкес жөндеу жұмыстарын және басқа техникалық қызмет көрсету түрлерін өткізу үшін мамандарды тарту бойынша шаралар қолданады;

басқарманың персоналдық ком- пьютерлерінде «Парус», «Бірыңғай электрондық құжатайналымы жүйесі» бағдарламаларының тиісінше жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

басқарма қызметі туралы ақпарат-тарды басқарманың интернет-ресур-сында тиісті тарауларына орналасты-рады, оларды бұдан әрі және жүйелі жаңартуды қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қо- йылатын талаптар:

Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функ- ционалдық бағытына сәйкес облыс-тарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі

бар болған жағдайда ортадан кейін- гі білімі барларға рұқсат етіледі. Ма- мандықтар «Әлеуметтік ғылымдар жә- не бизнес» (экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергі- лікті басқару, менеджмент). Техника-лық ғылымдар және технологиялар (ақпараттық жүйелер).

Конкурс «Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымға орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын қалыптас-тыру қағидаларын бекiту туралы» Қа- зақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы №06-7/32 бұйрығымен бекітілген бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымға орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.

Конкурсқа қатысуға конкурс өткiзу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды тапсырады:

1) осы қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтiнiш;

2) 3х4 үлгiдегi суретпен осы қағи-даларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың но- тариалдық куәландырылған көшiрме-лерi;

4) еңбек қызметiн растайтын құжат-тың нотариалдық куәландырылған кө-шiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсау-лық сақтау министрлiгiнiң 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бе-кiтiлген (Қазақстан Республикасының нормативтiк-құқықтық актiлердiң тiзi-лiмiнде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тiркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азама-тының жеке куәлiгiнiң көшiрмесi;

7) құжаттарды тапсыру сәтiнде уәкi- леттi органмен белгiленген шектi мән-нен төмен емес нәтижемен тестiлеу-ден өткенi туралы қолданыстағы сер-тификат.

Әңгімелесуге жіберілген кандидат- тар оны кандидаттарды әңгiмелесу жi- беру туралы хабардар етілген күннен бастап 5 жұмыс күн iшiнде конкурс жариялаған «Батыс Қазақстан облысы-ның қаржы басқармасы» ММ-да өтеді.

«Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» ММ «Б» корпусы бойынша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына

орналасуға конкурс жариялайды

«Ат спорты бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» МКҚК азаматтық қызметкерлердің бос лауазымдары орнына байқау жариялайды

Қажетті құжаттар конкурс өткізу жөніндегі хабарландыру жарияланған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде мына мекенжайға тапсырылады: БҚО, Зеленов ауданы, Асан ауылы, Рабочая көшесі, 10/1.

Толық мәліметтерді алу телефоны: 27-42-44, (факс) 27-42-45.

1. Бапкер-жаттықтырушы (ат спорты бөліміне) – 2 бірлік,2. Автокөлік жүргізуші – 1 бірлік.

Байқауға қатысу үшін төмендегі құжаттар қажет:- Мемлекеттік тілді білу,- Мемлекеттік тілдегі түйіндеме,- Байқауға қатысу туралы өтініш,- Кадр есебі бойынша жеке іс-парағы (нақты мекенжайы),

- Медициналық анықтама /086 – У нысан/ жұмысқа жарам-дылығы жөнінде терапевтің қорытындысымен,- Еңбек кітапшасының көшірмесі /нотариуспен куәланды-рылған/,- Білімі туралы құжаттың (диплом) көшірмесі /нотариуспен куәландырылған/,- Жеке куәлігі,- Тұрғылықты мекенжайы жөніндегі анықтама.

«Болз» ЖШС ҚР Экологиялық кодексінің 57-бабына сәйкес БҚО экологиялық департаментіне №1 барлау-іздестіру ұңғы-масы құрылысының жобасын мемлекеттік экологиялық са- раптама өткізу үшін тапсыруға ниеттенгенін хабарлайды.

Жеке, заңды тұлғалар мен қоғамдық ұйымдардың пікірлері мына мекенжайда қабылданады: Орал қаласы, Л.Толстой көш., 59-үй, БҚО экология департаменті. Тел.: 50-04-81, 51-92-98, факс: 51-29-81.

ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 наурыздағы №255 қаулысымен бекітілген электрмен жабдықтаудың үлгілік шарты 2013 жылдың 8 маусымынан қолда-нысқа енгізілгені туралы электр энергиясы тұтыну-шыларының назарына жеткіземіз.

«Батыс Энергоресурсы» ЖШС-мен бұрын жасал-ған келісімшарттарды электрмен жабдықтаудың үлгілік шартымен сәйкестендіруді ұсынамыз.

«Батыс Энергоресурсы» ЖШС

«Урал Ойл энд Газ» ЖШС «БҚО Федоровский блогы, Рожковский ау-мағындағы U-25 ұңғымасына жалғастыру бөлігіндегі, 5200 м тереңдікте U-24, U-26, U-33 іздестіру ұңғымаларын салуға арналған топтық техника- лық жобасының №4 қосымшасына қоршаған ортаны қорғау тарауы» тақырыбы бойынша қоғамдық тыңдау өткізетіні туралы хабарлайды.

Қоғамдық тыңдау 2014 жылдың 3 наурызында сағат 10.00-де қоғам-ның (халықтың), Орал облысының жергілікті және өзге де мемлекеттік органдарының қатысуымен Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Чебатарев ауылының клубында өткізіледі.

Жобаның толықтырылған мәліметтерімен «Урал Ойл энд Газ» ЖШС арқылы танысуға болады. «Урал Ойл энд Газ» ЖШС келесі мекенжай бойын-ша орналасқан: Орал қаласы, Достық даңғылы, 148 А-А1. Тел.: 8 (7112) 50-05-08 (137).

«Сатбор» ШҚ ЖШС «Сатимола кен орнындағы құрамын- да калий және бор кездесетін тұздарды тәжірибелі-өнер-кәсіптік өңдеу жобасының» қоршаған ортаға әсерін баға- лау жобасын ММ «Жайық-Каспий экология департаменті- не ҚР ҚОҚМ экологиялық реттеу және бақылау комитеті мемлекеттік экологиялық сараптамаға жолдайды.

Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу кезеңінде барлық мүдделі азаматтар мен қоғамдық бірлестіктерге өз пікірін төмендегі мекенжайға білдіру мүмкіндігі беріледі.

Орал қаласы, Дамба тұйығы, 5/1, тел.: 24-04-62

Page 8: 19 15 02 2014

кеРуен САРАйCенбі, 15 ақпан 2014 жыл8 [email protected]

Құттықтаймыз!Орал қаласының тұрғыны, адал

жар, тау шыңындай мәртебесі биік, ақылшы әке, біріне қамқор аға, мейі- рімді ата Асқар Сейілханұлы ҚУА-НАЕВТЫ 18 ақпанда мерейлі 55 жа- сымен құттықтап, дүниедегі бар жақ-сылықты алаңсыз кешіп, аман-есен жүре беріңіз деп тілек білдіреміз.

Бала шақтан кеудеңде таласты үміт,Қаныңда жоқ әу бастан оғаш қылық.Өз күшіңмен келесің, асыл әке,Бақытыңды сәтімен қаластырып.

Той тойлаған жақсы ғой жанұяңмен,Құда-жекжат, дос-бауыр, қариямен.Жүзге дейін талмастан, қажымастан,Жүзе бергін ұлы өмір-дариямен!

Ақ тілекпен: зайыбыңыз Назгүл, ұлыңыз Мұрагер, қыз-күйеу балаңыз Назерке-ұлықбек, немере-жиендеріңіз Наргиза, Есминаз

Шорттрекшілер финалда!

Сочиде өтіп жатқан қысқы олимпиада ойындарында шорт-тректен Қазақстан құрамасы 5 мың метрлік қашықтықта эстафеталық жарыста сәтті өнер көрсетті.

Жартылай финалдық бәсеке-де барлығы сегіз команда күш сынасты. Құрамында батысқазақ- стандықтар Абзал Әжіғалиев, Ай- дар Бекжанов, Нұрберген Жұма-ғазиевке қоса қостанайлық Де-нис Никиша бар қазақстандықтар

Жеңімпаздардың есімі слове- ниялық Тина Мазе мен швейца-риялық Доминика Гизин. Әрине, бұған дейін әлем чемпионаттары мен кубоктарында бет қаратпаған Тинаның табысы кездейсоқтық емес. Ал Доминика үшін Сочи қа-ры аса сәтті болғаны даусыз. Ги-зин 2009 жылы Австрияда өткен жарыста Аня Перссонмен бірдей

“Егіз” чемпион?! Сочидегі ақ

олимпиадада

сирек

кездесетін

оқиға тіркелді.

Тау шаңғысымен

құлдилау сайысында

екі бірдей спортшы

1.47.57 секунд

уақытпен алтын

медальді жеңіп алды.

тоқтар ҒАБДІРЕШұЛЫ,"Орал өңірі" нәтиже көрсетіп, чемпион атанған

екен. Күміс жүлде ешкімге беріл-ген жоқ. Қола медаль Гизиннің отандасы Лара Гутқа бұйырды.

«Бұл апта мен үшін бас айнал-дырарлықтай болды. Қазір қуаны-шым қойныма сыймай тұр! Тіпті чемпион боламын деп ойламақ түгілі, армандаған да емеспін. Олимпиада алтынын алғаннан кейінгі жеңістің дәмі арманнан да тәтті. Менен кейін қаншама та- маша спортшылар сайысты. Со-лардың көрсеткен уақыттарын

қарап тұрудан асқан азап жоқ екен» депті Доминика Гизин.

Алтын алған Тина Мазе: «Мен олимпиадаға тек жеңу үшін келіп, мақсатыма жеттім. Маусымның ортасында жеке бапкерім ауы-сып, біраз қиналған едім. Деген-мен уақыт менің шешімімнің дұ- рыстығын дәлелдеді. Доминика-мен бірдей уақыт көрсеткеніме таңғалған жоқпын. Себебі менің спорттық карьерамда мұндай оқиға болды. Ең бастысы, алтын медаль!» – деді.

Қоржында 6 алтынТаяуда Атырау қаласында грек-рим күресінен 1997-2000 жылдары туылған жас-өспірімдер арасында өткен республикалық турнирден жерлестеріміз бас жүлдемен оралды.

Ауғанстаннан КСРО әскерінің шығарылғанына 25 жыл толуына арналған жарысқа 16 команда құ- рамында 200-ден астам спортшы қатысты. Отызға тарта жерлесі- міз облысымыздың намысын қор- ғады. Нәтижесінде олардың алта-уы өз салмақ дәрежесінде үздік

болды. Сөйтіп, жалпыкомандалық есеп бойынша батысқазақстан- дықтар бас жүлдегер деп таныл-ды. Алтыннан алқа таққандардың ішінде Азат Мұхамадиев (36 келі, №1 БЖСМ), Әділхан Ақунов (63 келі, №1 БЖСМ) бар.

Өз тілшіміз

Шарада департамент басшы-сы Махамбет Әбисатов ауған со-ғысына қатысқан ІІД әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы Рашид Фазыловқа, қалалық ішкі істер басқармасы- ның учаскелік полиция инспек-

Ерлікке құрмет

Нұртас НАБИОЛЛАұЛЫ,"Орал өңірі"

Облыстық ішкі істер департамен-тінде Кеңес әскерінің Ауғанстан-нан шыға-рылғанына 25 жыл толуына орай салтанатты шара ұйымдас-тырылды. Оған ауған соғысына қатысқан полиция қызметкерлері және ішкі істер құрылымдарының жас мамандары қатысты.

торы Қасым Төлеуовке және Те-ректі аудандық ішкі істер бөлімі- нің қызметкері, полиция старши- насы Аязбек Киндербаевқа Ішкі істер министрінің және ішкі істер департаментінің марапаты мен алғысхаттарын салтанатты түрде табыс етті.

Ауған соғысының от-жалыны-нан аман-есен оралған полиция қызметкерлері естеліктер айтып, жас полицейлердің қойған сұ-рақтарына жауап берді. Сон-дай-ақ жиылғандар ауған соғы- сына байланысты «Ерлік – ұр- паққа мұра», «Ауғанстан – жүрек-тегі жара», «Ауғанстан от-жалы- ны» тақырыбында ұйымдасты- рылған фотокөрме мен деректі фильмді тамашалады.

Қаратөбелік трио – бас жүлдегер

Концертті тамашалаушылар қа- тарында ауған соғысының арда-герлері, сарбаздар, студент жастар, қала тұрғындары болды. ҚР Ком-позиторлар одағының мүшесі, халықаралық байқаулардың лау-реаты Жаскелең Ғайсағалиев тө-рағалық еткен қазылар алқасының шешімі бойынша құрамында Ай-дос Жапақов, Рүстем Ақташев, Сәнжан Байтеміров өнер көрсет-

Бейсенбі күні облыстық қазақ драма театрында «Ауған әндері» атты облыстық ән сайысының гала-концерті өтті. Кеште байқаудың аудандық, қалалық, облыстық іріктеу айналымдарынан өткен өнерпаздар өнер көрсетті.

кен қаратөбелік трио аталмыш байқаудың бас жүлдесіне лайық деп танылды. Өнерпаздарға «Ау- ған соғысының мүгедектері жә- не ардагерлерінің Батыс Қазақ- стан облыстық қоғамы» қоғам-дық бірлестігі атынан бағалы сый-лықтар мен алғысхаттар табыс етілді.

Өз тілшіміз

АҚШ, Оңтүстік Корея, Нидерлан-ды құрамаларымен жарысқа шық- ты. Жарыс барысында дүниежүзі- лік шорттрек жұлдыздары – оңтүс- тіккореялықтар мен АҚШ шорт-трекшілері құлап қалғанын да айта кетейік. Нәтижесінде голландық-

тардан кейін екінші орын-ды иеленген Қазақстан құ- рамасы финалға жолдама алып, айды аспанға шы-ғарды. Бұл сенсациялық оқиға ретінде бағалануда.

Сонымен, 21 ақпан күні жергілікті сағат 23.20-да басталатын финалда Ре-сей, Қытай, Нидерланды, Қазақстан және АҚШ құ-рамалары медаль үшін та- ласпақ. Соңғы сынға аме- рикандықтар төрешілер-дің шешімімен қосылды. Ақтық бәсеке нәтижесіне қарамастан, бұл – қазақ-

стандық шорттрекшілер үздік бестік құрамында

деген сөз! Оралдағы жабық мұз айдыны сарайында он жылдай уақыт бұрын басталған талап-тыларды тынбай баптау, міне, осындай жоғары нәтижеге жеткі- зіп отыр. Мұнда Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мәдіғали Қарсыбеков бастаған мамандардың еңбегі мол.

Ғайса БӘЙМЕН