30 қыркүйек 2014 жыл сейсенбі 1931...

2
ДИДАР Суретті түсірген Сергей Суров шығыс қазақстан Облыстық газеті 1931 жылдың 24-қазанынан шығады сейсенбі 30 қыркүйек №113 (17050) 2014 жыл WWW.MEDIA-VKO.KZ кетеуі кеткен құрылыстар Жаңа мектептің ашылуын ауыл болып күтіп жүр ал мердігер мекеменің өгізаяңы өнер емес серік Әбілхан Биылғы 1 қыркүйекте оқушыларға есігін айқара ашуы тиіс болған, алайда ашылмай қалған облысымыздағы мектептердің біреуі Аягөз ауданының Бидайық елді мекенінде орналасқан. Мердігер мекемелердің құрылысты межелі мерзімде тәмамдай алмауы себепті ауыл балалары әлі күнге қабырғасы қақырап тұрған ескі ғимаратта сабақ өтіп, жаңа білім ұясының босағасынан аттайтын күнді сарыла күтумен жүр. Оқушылар ғана емес, Мұқатай Әбеулов атындағы жалпы білім бере- тін орта мектептің отжағушысынан директорына дейінгі бүкіл ұжым, керек десеңіз, осы ауылда түтін түтетіп отырған әрбір шаңырақ жаңа нысанның қолданысқа берілуін тағатсыздана тосуда. Уәделі уақыт ұзаған сайын жұрттың да дегбірі кете бастады. Өйтпегенде ше, күз бол- М.Әбеулов атындағы мектептің дирек- торы ерсін түсіповпен бірге құрылыс басына келдік. Жұмыс енді ғана баста- лыпты. Мектеп ауласында Камаз, кран, трактор секілді «ауыр артиллерияның» жүргенін көріп, сырттағы шаруаның әлі түгесіле қоймағанын байқадық. ең алдымен көзімізге сырттағы терең қазылған шұңқыр шалынды. бұл қалдық сулар жиналатын қазаншұңқыр екен. беті әлі жабылмаған, ішінде бе- тонмен көмкерілмеген арматуралар арбиып шығып тұр. Мектептің айнала- сы төбе-төбе үйілген құрылыс матери- алдары. ғимаратқа кіретін есіктердің қапталмаған темір қаңқасы мен қалқасы бірден көзге шалынды. анау бір шетте жұмысшылардың бір па- расы қоршау тұрғызумен айналысып жүр. Оны аяқтаған соң кіреберістегі шаңы шығып жатқан жерге бетон төсе- мек. бұдан бөлек спорт алаңқайын, биологиялық алаңды реттеу де алдағы уақыттың еншісіне қалдырылған. құрылыстың жай-жапсарымен толығырақ танысу үшін мердігер мекеменің қызметкерлерін іздедік. Жұмысшылардың бәрі бір ауыздан бас мердігер семейлік «Дакар групп» Жшс (директоры – заур Мансұров) екенін айтып, аталған компанияның өкілі һәм құрылыс учаскесінің бастығы Юрий Магайға жөн сілтеді. бірақ Ма- гай мырза осыған дейін серіктестік иелігіндегі басқа құрылыс нысанында жұмыс істегенін, бидайыққа келгеніне екі күн ғана болғанын алға тартып, тілдесуден ат тонын ала қашты. (Соңы 3-бетте) са келді. Көп кешікпей қылышын қылшылдатып қыс та жетеді өңірге. ал былтыр басталған 80 орындық жаңа мектептің құрылыс жұмыстары болса, бәз-баяғы мимырт қалпынан өзгеретін сиқы жоқ. бидайықтағы құрылыс барысын көзбен көру үшін шалғайдағы ауылға аттың басын ар- найы бұрған едік. таңертеңгі сағат 9-дан кете қайырымдылық азық-түлік кӘсіпкерлік Өскеменде өткен шара барысында мүмкіндігі шектеулі жандар өз өнер- лерін көрсетті. айгүл Оразаева ән шыр- қап, тыңдарман құлағының құрышын қандырды. сондай-ақ, Денис сущин қазақ тілінде «алға, қазақ жігіттері», «ақ маржан» әндерін орындап, көрермен- нің ыстық ықыласына бөленді. – біздің басты мақсатымыз – мүм- кіндігі шектеулі жандардың әлеуметтік ортада бейімделуге қабілеттіліктерін арттыруға жағдай жасау. сонымен қатар бос уақыттарын тиімді өткізуді ұйымдастыру, оларға жақсы көңіл күй сыйлап, қамқорлық таныту, – дейді аталған басқарманың бөлім басшысы Әлия бариқызы. айта кетейік, «Мейірімділік» қайырымдылық қорының бастама- сымен өткен кештен түскен қаражат мүмкіндігі шектеулі өнер иелерінің керек-жарағына жұмсалатын болады. бұл шара семей, Риддер, шемонайха, зырян қалаларында жалғасын таппақ. Ажар Сағатбекова Жәрмеңкеде облыс әкімінің орын- басары нұрлыбек шерубаев ауыл шаруашылығы өнімдерін көтерме бағамен саудалап тұрған алыпса- тарларға бағаның халыққа қолжетімді болуы керектігін ескертіп, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары зипа тоқсанқызына мұндай жағдай орын алмас үшін бағаны қатаң қадағалауды тапсырды. аталған жәрмеңкеге зайсан ауда- ны әкімінің шақыруымен арнайы кел- ген қытайлық делегация өкілдері де қатысты. – Өткен аптада зайсандықтар 10 тонна азық-түлікпен қытайдың Жеме- ней ауданына барып қайтты. сол кез- де көрші елдегі әріптестерімізді осы жәрмеңкеге қатысуға шақырған бола- тынбыз. (Соңы 2-бетте) атап айтқанда, жыл басынан бері бірталай кәсіпкердің бизнес-жобасы облыстық байқауға жіберілді. Олардың ішінде Жезкент кентінің тұрғыны бақытгүл Мырзаханованың «береке» атты наубайханаға қатысты жобасы да болды. аталмыш наубайхана «Даму» қорының бағдарламасы бойынша берілген несие есебінен ашылғанын айта кетуіміз керек. шетелдің заманауи технологияла- рымен жабдықталған наубайханада нан, тоқаш және кондитер өнімдерінің түр-түрі пісіріледі. наубайхананың негізгі тұтынушылары – кент тұрғындары. Жаңа кәсіпорын жергілікті жерден үш азаматты тұрақты жұмысқа алып отыр. бақытгүлдің алдағы уақытта кәсіпкерлік ісін ұлғайтуға және жаңа жұмыс орын- дарын ашуға байланысты жоспарла- ры көп. ал жергілікті тұрғындар бол- са, кенттерінде осындай заманауи наубайхананың іске қосылғанына дән риза. Бородулиха ауданы. Мүгедек жандарға көмек көрсетілді Өнімдер қолжетімді бағамен саудаланды Жезкентте жаңа наубайхана ашылды Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқарма- сының ұйымдастыруымен көзі нашар көретін және көзі көрмейтін жандар- ға арналған «Шығармашылық – өмір сүрудің бір тәсілі» атты акция өтті. «Туған ел – алтын бесігім» акциясының аясында Өскемендегі Металлургтердің мәдениет сарайында Зайсан ауданының өнерпаздары концерт қойып, «Fresh Market» гастрономының алдында өткен жәрмеңкеде ауданның шаруа қожалықтары өз өнімдерін ұсынды. Жәрмеңкені облыс әкімінің орынбасарлары Нұрлыбек Шерубаев пен Нұрымбет Сақтағанов аралап көрді. Бородулиха ауданында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге мемлекеттік грант беру жобасы қарқынды жүргізілуде. серік Әбілқасымұлы ержан Әбіш Кеше облыс әкімі Бердібек САПАРБАЕВТЫҢ қатысуымен аппараттық кеңес өтті. Кеңес- те екі мәселе қаралды, оның бірі – өткен 9 айдағы облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері және Семей мен Курчатов қалаларының проблемалары, екіншісі – күзгі жиын-терін жұмыстарының қарқыны, сонымен қатар тұрақтандыру қорларының құрылу барысы. алғашқы мәселе бойынша облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы елена Ясинская ба- яндама жасады. Осы жылдың алғашқы тоғыз айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 800 миллиард теңге шама- сында болады деп күтілуде. бұл – былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 8 пайызға артық. ауыл шаруашылығы саласының жал- пы өндірген өнімі 193 миллиард теңге бо- лады деп болжанып отыр. бұл – былтырғы көрсеткіштен 4 пайызға көп. негізгі капиталға инвестициялар жөнінен 9 айға арналған бол- жам 197 миллиард теңгені құрап отыр, яғни, өткен жылғы деңгейден 111 пайызға жоғары. құрылыс жұмыстарының көлемі шамамен 96 миллиард теңгеден асуы тиіс, өсім – 11 па- йыздай. тоғыз айда 197 мың шаршы метр баспана іске қосылады. бұл – былтырғы осы кезеңдегі көрсеткіштен 1,3 есеге көп. Жос- пар 7 мың шаршы метрге немесе 4 пайызға артығымен орындалған. – Жалпы алғанда, болжанған мәліметтер бойынша облыстағы барлық әлеуметтік- экономикалық даму көрсеткіштері өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда біршама өскен. енді тек аталмыш көрсеткіштердің орташа республикалық ша- мадан жоғары болуы талап етіліп отыр, – деді осы ретте басқарма басшысы. аппараттық кеңес Облыстық бюджеттің игерілу деңгейі 99 пайызды құрап отыр, кіріс бөлігінің орын- далуы – 99,5 пайыз. Игеру жөнінен Риддер қаласы мен аягөз аудандарында ғана жеке- леген мәселелер бар. 16 қыркүйекте Үкімет отырысында се- мей қаласының 9, Курчатов қаласының 13 проблемалық мәселесі қарастырылған. аталмыш жиынның хаттамасына сәйкес бірқатар министрліктер мен облыс әкімдігіне міндеттер жүктелген-ді. Осыған байланыс- ты аймақ басшысының тапсырмасы бо- йынша 10 тармақтан тұратын іс-шаралар жоспары әзірленген. Ол жоспар негізінен аталмыш қалалардың жылу желілерін, көліктік инфрақұрылымын жақсартуды мақсат тұтады. – семей және Курчатов қалаларының әкімдері осы негізгі проблемалық мәселелерді бақылауда ұстаулары тиіс. (Соңы 2-бетте) Жиын-терін жұмыстарын жеделдете түсу қажет ӨнеркӘсіп 100 Мыңыншы кӨлігін конвейерден шығарды алматылықтар алтайдың балын талап алды Сенбі-жексенбі күндері Алматы қаласында аймақ- аралық ынтымақтастық аясында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі болып өтті. Оған облысымыз- дың қалалары мен аудандарының ауыл шаруашылы- ғы өнімдерін өндірушілер де қатысты. алматының орталық алаңында өткен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде шығысқазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер барлығы 92 шатыр құрып, 100-ден астам сауда орнын ұйымдастырды. алматылықтар, әсіресе, шығыстың бренді болып табылатын алтайдың балын көптеп сатып алды. сондай-ақ, мал еті мен сүт өнімдеріне, өсімдік майы мен қарақұмық, ас бұршағы секілді ауыл шаруашылығы тауарларына да сұраныс мол болды. бір атап айтарлығы, аймақаралық ынтымақтастық шеңберінде өткен бұл жәрмеңкеде ауыл шаруашылығы өнімдері нарық бағасынан 20-30 пайызға төмен саудаланды. Жәрмеңкеде Өскемен, зырян қалалары мен глубокое, Катонқарағай, Ұлан, Үржар, аягөз, шемонайха, Көкпекті, тарбағатай ау- дандарынан барған ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер белсенділік танытты. Шығыс-Ақпарат жӘрмеңке ИнновацИялық технологИялар Ұлық мерекеде қандай іс-шаралар өтеді? Құрбан айт мейрамына 4 күн қалды 5-бет Еркін күрес шебері күміспен күптелді Тағы бір балуанымыз биіктен көрінді 6-бет 3-бет Мамандар не дейді? Биыл облысымызға қанша мың турист келді? Кім? Қашан? «алтын домбыраны» иеленді 6-бет шифердің 70 пайызы шетелге шығарылады жанаргүл мұқатай Шиферімен аты шыққан «Семей асбестцемент өнімдері зауыты» ЖШС биылдан бастап еденге төсейтін плиталар өндірісін іске қосты. еуропалық озық технологиялар бойынша өндірілетін бұл тERRAZZO плиталары өнімді 1000 тонналық ауыр салмақпен нығыздап құю арқылы шығарылады. Мұндай тәсіл олардың беріктігін арттырады. Цемент, мрамор, гра- нит ұнтақтары сияқты сегіз қоспадан жасалатын жаңа плиталардың пайдаланылу мерзімінің ұзақтығы 80 жыл- дан асады. табиғи тас тәрізді болып көрінетін әдемі түрлі- түсті плиталарды балабақшадан бастап, автовокзал, сауда орындары сияқты кез келген ғимараттардың іші мен маңына төсеуге болады. «семей асбестцемент өнімдері зауыты» елімізде шифер шығарып жатқан жалғыз кәсіпорын. зауыттың инновациялық технологиялар жөніндегі директоры Расул шайискаковтың айтуынша, қазір шиферлардың 70 пайызы тәжікс тан мен қырғыз еліне шығарылып жатыр. Жаз маусымында семейдің шиферіне деген сұраныс екі есеге дейін артады. Өндірісін әртараптандыруды көздеген зауыт басшылығы келер жылдан бастап аймақтық индустрияландыру картасы аясында жылына 100 мың текше метр газбетон өнімдерін шығаратын кішігірім зауыт салуды жоспарлап отыр. бүгінгі күннің құрылысына аса қажетті материалды өндіретін газ- бетон зауытында 75 жұмыс орны ашылмақ. дарын нұрсапаров Қазақстан мен Ресейдің мемлекет басшыларының қатысуымен өтетін XI өңіраралық ынтымақтастық форумы қарсаңында Өскемендегі «Азия Авто» кәсіпорны өз конвейерінен мерейлі 100 мыңыншы автокөлігін шығарды. Салтанатты түрде өткен шараға облыс әкімі Бердібек САПАРБАЕВ, Инвестиция және даму вице-министрі Альберт Рау, «АвтоВАЗ» концернінің президенті Бу Инге Ан- дерссон қатысты. (Жалғасы 2-бетте)

Upload: others

Post on 13-Feb-2020

12 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: 30 қыркүйек 2014 жыл сейсенбі 1931 …dinvko.gov.kz/uploads/files/DinArnaiiDidar30.09.2014.pdfДИДАР Суретті түсірген Сергей Суров

ДИДАР

Сур

етті

түс

ірге

н С

ерге

й С

уров

шығыс қазақстан Облыстық газеті1931 жылдың 24-қазанынан шығады сейсенбі30 қыркүйек№113 (17050) 2014 жыл www.media-vko.kz

кетеуі кеткен құрылыстар

Жаңа мектептің ашылуын ауыл болып күтіп жүрал мердігер мекеменің өгізаяңы өнер емес

серік ӘбілханБиылғы 1 қыркүйекте оқушыларға есігін айқара ашуы тиіс болған,

алайда ашылмай қалған облысымыздағы мектептердің біреуі Аягөз ауданының Бидайық елді мекенінде орналасқан. Мердігер мекемелердің құрылысты межелі мерзімде тәмамдай алмауы себепті ауыл балалары әлі күнге қабырғасы қақырап тұрған ескі ғимаратта сабақ өтіп, жаңа білім ұясының босағасынан аттайтын күнді сарыла күтумен жүр.

Оқушылар ғана емес, Мұқатай Әбеулов атындағы жалпы білім бере-тін орта мектептің отжағушысынан директорына дейінгі бүкіл ұжым, керек десеңіз, осы ауылда түтін түтетіп отырған әрбір шаңырақ жаңа нысанның қолданысқа берілуін тағатсыздана тосуда. Уәделі уақыт ұзаған сайын жұрттың да дегбірі кете бастады. Өйтпегенде ше, күз бол-

М.Әбеулов атындағы мектептің дирек-торы ерсін түсіповпен бірге құрылыс басына келдік. Жұмыс енді ғана баста-лыпты. Мектеп ауласында Камаз, кран, трактор секілді «ауыр артиллерияның» жүргенін көріп, сырттағы шаруаның әлі түгесіле қоймағанын байқадық.

ең алдымен көзімізге сырттағы терең қазылған шұңқыр шалынды. бұл қалдық сулар жиналатын қазаншұңқыр екен. беті әлі жабылмаған, ішінде бе-тонмен көмкерілмеген арматуралар арбиып шығып тұр. Мектептің айнала-сы төбе-төбе үйілген құрылыс матери-алдары. ғимаратқа кіретін есіктердің қапталмаған темір қаңқасы мен қалқасы бірден көзге шалынды. анау бір шетте жұмысшылардың бір па-расы қоршау тұрғызумен айналысып жүр. Оны аяқтаған соң кіреберістегі шаңы шығып жатқан жерге бетон төсе-мек. бұдан бөлек спорт алаңқайын, биологиялық алаңды реттеу де алдағы уақыттың еншісіне қалдырылған.

құрылыстың жай-жапсарымен толығырақ танысу үшін мердігер мекеменің қызметкерлерін іздедік. Жұмысшылардың бәрі бір ауыздан бас мердігер семейлік «Дакар групп» Жшс (директоры – заур Мансұров) екенін айтып, аталған компанияның өкілі һәм құрылыс учаскесінің бастығы Юрий Магайға жөн сілтеді. бірақ Ма-гай мырза осыған дейін серіктестік иелігіндегі басқа құрылыс нысанында жұмыс істегенін, бидайыққа келгеніне екі күн ғана болғанын алға тартып, тілдесуден ат тонын ала қашты.

(Соңы 3-бетте)

са келді. Көп кешікпей қылышын қылшылдатып қыс та жетеді өңірге. ал былтыр басталған 80 орындық жаңа мектептің құрылыс жұмыстары болса, бәз-баяғы мимырт қалпынан өзгеретін сиқы жоқ. бидайықтағы құрылыс барысын көзбен көру үшін шалғайдағы ауылға аттың басын ар-найы бұрған едік.

таңертеңгі сағат 9-дан кете

қай

ыры

мды

лық

азы

қ-т

үлік

кӘсі

пке

рлік

Өскеменде өткен шара барысында мүмкіндігі шектеулі жандар өз өнер-лерін көрсетті. айгүл Оразаева ән шыр- қап, тыңдарман құлағының құрышын қандырды. сондай-ақ, Денис сущин қазақ тілінде «алға, қазақ жігіттері», «ақ маржан» әндерін орындап, көрермен-нің ыстық ықыласына бөленді.

– біздің басты мақсатымыз – мүм-кіндігі шектеулі жандардың әлеуметтік ортада бейімделуге қабілеттіліктерін арттыруға жағдай жасау. сонымен қатар бос уақыттарын тиімді өткізуді

ұйымдастыру, оларға жақсы көңіл күй сыйлап, қамқорлық таныту, – дейді аталған басқарманың бөлім басшысы Әлия бариқызы.

айта кетейік, «Мейірімділік» қайырымдылық қорының бастама-сымен өткен кештен түскен қаражат мүмкіндігі шектеулі өнер иелерінің керек-жарағына жұмсалатын болады. бұл шара семей, Риддер, шемонайха, зырян қалаларында жалғасын таппақ.

Ажар Сағатбекова

Жәрмеңкеде облыс әкімінің орын-басары нұрлыбек шерубаев ауыл шаруашылығы өнімдерін көтерме бағамен саудалап тұрған алыпса-тарларға бағаның халыққа қолжетімді болуы керектігін ескертіп, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары зипа тоқсанқызына мұндай жағдай орын алмас үшін бағаны қатаң қадағалауды тапсырды.

аталған жәрмеңкеге зайсан ауда-ны әкімінің шақыруымен арнайы кел-ген қытайлық делегация өкілдері де қатысты.

– Өткен аптада зайсандықтар 10 тонна азық-түлікпен қытайдың Жеме-ней ауданына барып қайтты. сол кез-де көрші елдегі әріптестерімізді осы жәрмеңкеге қатысуға шақырған бола-тынбыз.

(Соңы 2-бетте)

атап айтқанда, жыл басынан бері бірталай кәсіпкердің бизнес-жобасы облыстық байқауға жіберілді. Олардың ішінде Жезкент кентінің тұрғыны бақытгүл Мырзаханованың «береке» атты наубайханаға қатысты жобасы да болды. аталмыш наубайхана «Даму» қорының бағдарламасы бойынша берілген несие есебінен ашылғанын айта кетуіміз керек.

шетелдің заманауи технологияла-рымен жабдықталған наубайханада нан, тоқаш және кондитер өнімдерінің

түр-түрі пісіріледі. наубайхананың негізгі тұтынушылары – кент тұрғындары.

Жаңа кәсіпорын жергілікті жерден үш азаматты тұрақты жұмысқа алып отыр. бақытгүлдің алдағы уақытта кәсіпкерлік ісін ұлғайтуға және жаңа жұмыс орын-дарын ашуға байланысты жоспарла-ры көп. ал жергілікті тұрғындар бол-са, кенттерінде осындай заманауи наубайхананың іске қосылғанына дән риза.

Бородулиха ауданы.

Мүгедек жандарға көмек көрсетілді

Өнімдер қолжетімді бағамен саудаланды

Жезкентте жаңа наубайхана ашылды

Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқарма-сының ұйымдастыруымен көзі нашар көретін және көзі көрмейтін жандар-ға арналған «Шығармашылық – өмір сүрудің бір тәсілі» атты акция өтті.

«Туған ел – алтын бесігім» акциясының аясында Өскемендегі Металлургтердің мәдениет сарайында Зайсан ауданының өнерпаздары концерт қойып, «Fresh Market» гастрономының алдында өткен жәрмеңкеде ауданның шаруа қожалықтары өз өнімдерін ұсынды. Жәрмеңкені облыс әкімінің орынбасарлары Нұрлыбек Шерубаев пен Нұрымбет Сақтағанов аралап көрді.

Бородулиха ауданында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге мемлекеттік грант беру жобасы қарқынды жүргізілуде.

серік Әбілқасымұлы

ержан ӘбішКеше облыс әкімі Бердібек САПАРБАЕВТЫҢ қатысуымен аппараттық кеңес өтті. Кеңес-

те екі мәселе қаралды, оның бірі – өткен 9 айдағы облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері және Семей мен Курчатов қалаларының проблемалары, екіншісі – күзгі жиын-терін жұмыстарының қарқыны, сонымен қатар тұрақтандыру қорларының құрылу барысы.

алғашқы мәселе бойынша облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы елена Ясинская ба-яндама жасады. Осы жылдың алғашқы тоғыз айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 800 миллиард теңге шама-сында болады деп күтілуде. бұл – былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 8 пайызға артық. ауыл шаруашылығы саласының жал-пы өндірген өнімі 193 миллиард теңге бо-лады деп болжанып отыр. бұл – былтырғы көрсеткіштен 4 пайызға көп. негізгі капиталға инвестициялар жөнінен 9 айға арналған бол-жам 197 миллиард теңгені құрап отыр, яғни, өткен жылғы деңгейден 111 пайызға жоғары.

құрылыс жұмыстарының көлемі шамамен 96 миллиард теңгеден асуы тиіс, өсім – 11 па- йыздай. тоғыз айда 197 мың шаршы метр баспана іске қосылады. бұл – былтырғы осы кезеңдегі көрсеткіштен 1,3 есеге көп. Жос-пар 7 мың шаршы метрге немесе 4 пайызға артығымен орындалған.

– Жалпы алғанда, болжанған мәліметтер бойынша облыстағы барлық әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда біршама өскен. енді тек аталмыш көрсеткіштердің орташа республикалық ша-мадан жоғары болуы талап етіліп отыр, – деді осы ретте басқарма басшысы.

аппараттық кеңес

Облыстық бюджеттің игерілу деңгейі 99 пайызды құрап отыр, кіріс бөлігінің орын-далуы – 99,5 пайыз. Игеру жөнінен Риддер қаласы мен аягөз аудандарында ғана жеке-леген мәселелер бар.

16 қыркүйекте Үкімет отырысында се-мей қаласының 9, Курчатов қаласының 13 проблемалық мәселесі қарастырылған. аталмыш жиынның хаттамасына сәйкес бірқатар министрліктер мен облыс әкімдігіне міндеттер жүктелген-ді. Осыған байланыс-ты аймақ басшысының тапсырмасы бо-йынша 10 тармақтан тұратын іс-шаралар жоспары әзірленген. Ол жоспар негізінен аталмыш қалалардың жылу желілерін, көліктік инфрақұрылымын жақсартуды мақсат тұтады.

– семей және Курчатов қалаларының әкімдері осы негізгі проблемалық мәселелерді бақылауда ұстаулары тиіс.

(Соңы 2-бетте)

Жиын-терін жұмыстарын жеделдете түсу қажет

ӨнеркӘсіп

100 Мыңыншы кӨлігін конвейерден шығарды

алматылықтар алтайдың балын талап алды

Сенбі-жексенбі күндері Алматы қаласында аймақ-аралық ынтымақтастық аясында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі болып өтті. Оған облысымыз-дың қалалары мен аудандарының ауыл шаруашылы-ғы өнімдерін өндірушілер де қатысты.

алматының орталық алаңында өткен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде шығысқазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер барлығы 92 шатыр құрып, 100-ден астам сауда орнын ұйымдастырды. алматылықтар, әсіресе, шығыстың бренді болып табылатын алтайдың балын көптеп сатып алды. сондай-ақ, мал еті мен сүт өнімдеріне, өсімдік майы мен қарақұмық, ас бұршағы секілді ауыл шаруашылығы тауарларына да сұраныс мол болды. бір атап айтарлығы, аймақаралық ынтымақтастық шеңберінде өткен бұл жәрмеңкеде ауыл шаруашылығы өнімдері нарық бағасынан 20-30 пайызға төмен саудаланды. Жәрмеңкеде Өскемен, зырян қалалары мен глубокое, Катонқарағай, Ұлан, Үржар, аягөз, шемонайха, Көкпекті, тарбағатай ау-дандарынан барған ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер белсенділік танытты.

Шығыс-Ақпарат

жӘрмеңке

ИнновацИялық технологИялар

Ұлық мерекеде қандай іс-шаралар өтеді?

Құрбан айт мейрамына 4 күн қалды 5-бет

Еркін күрес шебері күміспен күптелді

Тағы бір балуанымыз биіктен көрінді 6-бет

3-бет

Мамандар не дейді?

Биыл облысымызға қанша мың турист келді?

Кім? Қашан?

«алтын домбыраны» иеленді 6-бет

шифердің 70 пайызы шетелге шығарылады

жанаргүл мұқатайШиферімен аты шыққан «Семей асбестцемент

өнімдері зауыты» ЖШС биылдан бастап еденге төсейтін плиталар өндірісін іске қосты.

еуропалық озық технологиялар бойынша өндірілетін бұл тERRAZZO плиталары өнімді 1000 тонналық ауыр салмақпен нығыздап құю арқылы шығарылады. Мұндай тәсіл олардың беріктігін арттырады. Цемент, мрамор, гра-нит ұнтақтары сияқты сегіз қоспадан жасалатын жаңа плиталардың пайдаланылу мерзімінің ұзақтығы 80 жыл-дан асады. табиғи тас тәрізді болып көрінетін әдемі түрлі-түсті плиталарды балабақшадан бастап, автовокзал, сауда орындары сияқты кез келген ғимараттардың іші мен маңына төсеуге болады.

«семей асбестцемент өнімдері зауыты» елімізде шифер шығарып жатқан жалғыз кәсіпорын. зауыттың инновациялық технологиялар жөніндегі директоры Расул шайискаковтың айтуынша, қазір шиферлардың 70 пайызы тәжікстан мен қырғыз еліне шығарылып жатыр. Жаз маусымында семейдің шиферіне деген сұраныс екі есеге дейін артады.

Өндірісін әртараптандыруды көздеген зауыт басшылығы келер жылдан бастап аймақтық индустрияландыру картасы аясында жылына 100 мың текше метр газбетон өнімдерін шығаратын кішігірім зауыт салуды жоспарлап отыр. бүгінгі күннің құрылысына аса қажетті материалды өндіретін газ-бетон зауытында 75 жұмыс орны ашылмақ.

дарын нұрсапаровҚазақстан мен Ресейдің мемлекет басшыларының қатысуымен өтетін XI өңіраралық ынтымақтастық форумы қарсаңында

Өскемендегі «Азия Авто» кәсіпорны өз конвейерінен мерейлі 100 мыңыншы автокөлігін шығарды. Салтанатты түрде өткен шараға облыс әкімі Бердібек САПАРБАЕВ, Инвестиция және даму вице-министрі Альберт Рау, «АвтоВАЗ» концернінің президенті Бу Инге Ан-дерссон қатысты.

(Жалғасы 2-бетте)

Page 2: 30 қыркүйек 2014 жыл сейсенбі 1931 …dinvko.gov.kz/uploads/files/DinArnaiiDidar30.09.2014.pdfДИДАР Суретті түсірген Сергей Суров

Дін0

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

5

ДИДАР

№113 (17050)30 қыркүйек

Діни мейрам

Жиын

КөКейКесті

ақпараттық топ

Кеңесте келелі мәселелер қаралды

Облыс әкімдігінде діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі облыстық кеңестің кезекті отырысы өтті.

Бұл мейрамның тарихы Ибраһим Пайғамбардан (оған Алланың сәлемі болсын) бастау алады. Оған ұзақ уақыт аңсап күткен тұңғыш ұлын құрбандыққа шалу әмір етілген болатын. Алайда, Ибраһим Пайғамбар (оған Алланың

сәлемі болсын) ұлын құрбандыққа шалуға бел буғанда Алла тағала құрбанды қойға ауыстырған. Осылай-ша, оның сенімі сыналып, ол Аллаға мүлтіксіз бағынудың үлгісін көрсетті және де сол үшін Алланың рақымына

Құрбан айт 4-қазанда басталадыҚұрбан айт мейрамы биыл 4 қазанда, яғни, Ораза айттан кейін 70

күннен соң басталып, үш күнге созылады. Қажылыққа барғандар Меккеде қажылықтың басты рәсімі - Арафат жазығында тұруды орындағаннан кейін, бүкіл дүниежүзінің мұсылмандары құрбан шалуға кіріседі.

«Біз мұсылман үмбетінің бір бөлігі екенімізді мақтан тұтамыз. Ол – біздің дәстүріміз. Бірақ бізде зайырлы қоғамның дәстүрлері де бар екенін, Қазақстан зайырлы мемлекет екенін ұмытпауымыз керек...».

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ,Қазақстан Республикасының Президенті

Қазан айының 4-і күні таңғы сағат 8.00-де өңірдегі барлық мешіттерде Айт намазы оқылады. Өскеменде Айт намазы облыстық мешітте өтеді.

8.30-да құрбандық шалу рәсімі Меновное ауылының жанындағы атшабарда басталады. Құрбандыққа шалатын мал да сол жерде сатылады.

Облыстық мешіттің алдындағы алаңда мерекелік концерт пен спорттық ойындар ұйымдастырылады. «Бауырсақ» фестивалі өтеді.

Қаланың орталық алаңында мерекелік сауда-саттық, ұтыс ойындары мен спорттық ойындар, концерттік бағдарламалар болады.

бөленіп, Оның алдында дәрежесі көтерілді. Ибраһимнің ұлы да (екеуіне де Алланың сәлемі болсын) әкесі мен Алла тағаланың әміріне бағынып, Аллаға бойұсынудың тамаша үлгісі бола білді.

Осы оқиғаның ғибратын еске алып, төрткүл дүниенің мұсылмандары малды құрбандыққа шалады. Малдың еті үш бөлікке бөлінеді: бірінші бөлігі жоқ-жітіктерге таратылады, екінші бөлігі отбасына қалады, ал үшінші бөлігінен қонақтарға мерекелік ас әзірленеді. Осылайша, туыстық және достық қарым-қатынас сақталады, кедей-кепшіктерге жәрдем беріледі және Аллаға құлшылық жасалады.

Қасиетті Құранда құрбандыққа шалынған малдың еті де, қаны да Аллаға бармайтыны, яғни, Оған ке-рек емес екендігі айтылған. Бірақ Оған мүміндердің бойұсынуы мен тақуалығы, адалдығы мен Алланың рақымынан үміт ететіндігі, жомарттығы мен шын ниеті барады. Исламдағы екі қасиетті мейрамның біріне себепкер болған құрбан шалу рәсімінің негізгі мәні де сонда.

Қазақстанда, басқа да мұсылман елдеріндегідей Құрбан айт мейрамы ресми түрде демалыс күні болып та-былады.

Құрбандық шалу тек мал бауыздау-

мен ғана шектелмейді. Онда адамның ішкі ниеті, шын пейілі, дінге бекемдігі, тақуалығы, басқаларға жанашырлығы таразыға түседі. Сондай-ақ, пенденің пендешілігі мен мәрттігі, сараңдығы мен жомарттығы да сыналады. Қасиетті мейрам – Құрбан айтының бірлік пен бейбітшілік, ынтымақ пен ырыс бас-тауы болып саналуының бір сыры, бұл күні жер жүзіндегі бүкіл мұсылман қауымы оны бір мезгілде атап өтіп, бір мезгілде Айт намазын оқиды. Құрбан айт дастарқаны шақырылған да, шақырылмаған да қонақтарға жаю-лы болып, араздасқан ағайын ренішін ұмытады. Қай айтта да ақ дастарқан ба-сында харам тағамдар болмауға тиіс.

Б ұ л к ү н д е р і ж е р ж ү з і н і ң миллиондаған мұсылмандарымен бірге біздің де отандастарымыз қасиетті Мекке, Мәдина топырағында өздерінің қажылық парыздарын өтейді.

Қасиетті Құрбан айтында мүмкіндігі болса, әрбір мұсылман Аллаһ тағала-ның ризашылығына арнап мал сойып, құрбандық шалады. Ал енді жағдайы жоқ, тұрмысы төмен адамдарға құрбандық шалу міндет емес.

Айт күндері әрбір мұсылман ата-бабаларының басына барып, құран оқиды, аруағына құрбандық шалады, мал (жылқыдан басқа) сояды.

Құрбандыққа қой, ешкі, сиыр және түйе малын шалады. Басқа жа-нуарлар сойылмайды. Ауру, соқыр мал құрбандыққа шалынбайды.

Мұсылмандар үшін Құрбан айттың бірінші күні маңызды болып санала-ды. Бұл күні мешіттерде Айт намазы оқылады. Айттың осы бірінші күнінде адамдар бір-бірін құттықтап, бір-бірінің үйінен дастарқаннан дәм татады, бұл күні әр мұсылманның үйінде дастарқан жайылады.

Құрбан айт күні ертерек тұрып, ғұсыл алып, таза киім киіп, хош иісті әтір сеуіп, көшеде жолыққан адамға ашық жүзбен қарау, құрбандық етімен ауыз ашу үшін намаз алдында ештеңе жемей, намазға бара жатқанда тәкбір айту – хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың сүннеті. Алла тағала әмірі мен пайғамбарлар сүннетін орындау Жаратушы Иеміздің ризашылығына жақындатып, ақиретте сый-сияпатына кенелтеді. Сондықтан да айтқа ниеттеніп, дайындалушы не-месе ынта-ықыласымен құрбандық шалушының Тәңірі мейіріміне бөленіп, о дүниеде жүзі жарық, мол сауапқа ие болары сөзсіз. Қажылыққа барған тәуап етушілер мен оған себепті жағдаймен бара алмағандарға айт күндері ортақ ғибадат – құрбандық шалу. Бұл – ай-тулы мерекенің ең маңызды амалы. Құрбандық деп Құрбан айт күндерінде ғибадат ниетімен шалынатын малды айтады. Сондықтан бұл құрбандық шалу мерекесі, яғни, Құрбан айт деп аталады.

Электронды БАҚ материалдары негізінде әзірленді

терминДер

Ибраһимдік діндер – Ибраһим пайғамбар идеяларына негізделген діндер (иудаизм, христиан, ислам).

Игумен (грек тіл. – «жетекші») – монастыр бастығы. Қазіргі таңда игумендік монахтық өмірге бет бұрған дін қызметкеріне (ал монахтық еместе – протоиерейге) берілетін марапат. Монастырдың бастығы болып табылатын игумен асатаяқты тасу құқығына ие.

Күпірлік (араб тіл. – «куфр») – исламда тұлға мен қоғамның өзіндік құлдырауына апаратын сенбеушілік, өнегелілік діңгегі жоқ рухани вакуумды білдіреді. Ол – ақиқатты біле тұра, әдейі мойындамай жоққа шығарып, Алла тағаланың бар екендігіне сенбеу. Ислам бойынша, күпірлік – барлық күнәнің түбірі – адамды кәпір қылатын нәрсе.

Қажылық (араб тіл. – «талпыныс, ниет», «оралу, жаңару») – исламдағы бес парыздың бірі. Меккеге белгілі бір уақытта қажылық рәсімдерін орындау үшін арнайы ниетпен бару ауқатты мұсылмандарға парыз.

Мүрид – ерікті ізбасар, шәкірт (сопылықта).

Елбасымыз Нұрсұлтан НА-ЗАРБАЕВ өзінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы» атты Қазақстан халқына арнаған тарихи Жолдауында еліміздің зайырлы мемлекет екендігін ерекше атап өтті. Елбасы осы орайда Қазақстанның өзіне тән дәстүрлері мен зайырлы қоғамы бар екеніне тоқтала отырып, мемлекетіміздің өз азаматтарының ар-ождан бостандығын қамтамасыз ететінін, алайда дәстүрлеріміз б е н з а ң н а м а л а р ы м ы з ғ а қайшы келетін қандай да бір әрекеттер арқылы қоғамға өз нормаларын таңғысы келетін талпыныстарға қатаң тойтарыс берілетіндігін нықтап айтып өтті.

Қ а з а қ с т а н м е м л е к е т ретінде жалпыұлттық негізде қабылдаған Конституция мен заңдарға сүйеніп қызмет атқарады. Сәйкесінше, діни талаптар мен ережелер, діни бірлестіктердің құжаттары біздің елімізде құқық негізі болып есептелмейді және мемлекеттік органдардың тікелей қызметіне әсер ете алмайды. Ел заңнамалары қандай да бір діни норма-лармен байланысты емес және оны басшылыққа ал-майтын болса да, діннің ж а л п ы а д а м з а т т ы қ ж ә н е гуманистік құндылықтарын үнемі назарда ұстайды.

З а й ы р л ы л ы қ о с ы мағынада ондағы барлық мемлекеттік-конфессиялық қатынастар зайырлы заңдарға негізделетін Қазақстанның заманауи құқықтық мемлекет ретінде орнығуы мен қызмет атқаруының негізін құрайтын қағидат болып табылады.

Біздің елімізде тіркеліп, қызмет атқарып отырған барлық діни бірлестіктердің теңдігі және олардың діни ұ с т а н ы м д а р ы н а т ә у е л с і з азаматтардың теңқұқықтығы қамтамасыз етіледі. Ел Кон-с т и т у ц и я с ы ә р а д а м н ы ң ар-ождан және діни сенім бостандығына кепілдік береді және конфессиялық белгісі бойынша шеттетудің кез келген формасына тыйым салады. Мемлекетіміз дінді ұстанушылар мен ұстанбайтын азаматтардың және әртүрлі діни бірлестіктердің арасында бір-біріне қатынастағы өзара төзімділік пен түсіністіктің ор-науына септігін тигізеді.

Осы ретте 2011 жылғы 11-қазанда қабылданған «Діни қызмет және д іни бірлестіктер туралы» Заң преамбуласында ханафи б а ғ ы т ы н д а ғ ы и с л а м н ы ң ж ә н е п р а в о с л а в и е л і к христиандықтың халықтың мәдениетін ің дамуы мен рухани өміріндегі тарихи рөлін танитыны, Қазақстан халқының рухани мұрасымен үйлесетін басқа да діндерді құрметтейтіні көрініс тапқанын айта кету керек. Бұл ұстаным жоғарыда аталған дәстүрлі д і н д е р д і ң х а л қ ы м ы з д ы ң өмірінде алатын мәдени

мәнін ғана айшықтайды және діни бірлестіктердің заң алдындағы теңдігін бұзбайды, өйткені, қолданыстағы заң дәстүрлі діндерге қатынаста құқықтық немесе қаржылық артықшылықтар бермейді. Мемлекет ислам мен пра-в о с л а в и е г е ж ә н е ө з г е к о н ф е с с и я л а р ғ а т е ң д е й д ә р е ж е д е т ө з і м д і л і к п е н қарайды.

Қазақстанда мемлекеттік б і л і м б е р у ж ә н е т ә р б и е жүйесі де қатаң зайырлы сипатқа ие екенін және оның діни білім беру жүйесінен ажыратылғандығын баса айта кеткен жөн. Бұл жағдайда зайырлылық мектептерде, колледждер мен жоғары оқу орындарында жастардың бо-йында белгілі бір нақты дінге көзқарасын қалыптастыруға тыйым салынатынын білдіреді. Діни көзқарас қалыптастыру құқығы заң талабына сәйкес діни оқу орындарын аша ала-тын республикалық немесе аймақтық мәртебеге ие діни бірлестіктерге ғана берілген.

Қазіргі күнде еліміздің ж о ғ а р ы о қ у о р ы н д а -ры мен орта мектептердің білім беру бағдарламалары жүйесіне «Дінтану негіздері» мен «Дінтану» пәндерінің қосылғанын айта кеткен жөн. 2009 жылдан бастап орта білім беру мекемелерінің 9-сынып оқушыларына таңдау бо-йынша «Дінтану негіздерінен» арнайы курс оқытылады. Аталған курстардың енгізілуі дін мәселелері бойынша жас-тармен жүйелі ағартушылық жұмыстарды жүргізуге және олардың бойында керағар діни ағымдардың теріс идео-логиясына қарсы тұра алатын иммунитет қалыптастыруға бағытталған. Осы курстар-ды оқыту жастардың өмір сүріп отырған діни сенімдер мен мемлекеттің зайырлы қағидаттары туралы ғылыми түсініктерін қалыптастыруға бағытталған, алайда бұл қандай да бір дінді насихаттау-ды немесе дінді оқыту дегенді білдірмейді.

Қаз ірг і күнде аталған курстың мемлекеттің зайыр-лы принциптері мен Қазақ-стан қоғамының дәстүрлі құндылықтарын түсіндіру б ө л і м д е р і н і ң м а з м ұ н ы н жетілдіру бойынша жұмыстар атқарылуда. Осыған сәйкес курс атауын «Зайырлылық жә- не дінтану негіздері» деп өзгер- ту жоспарланып отыр. Сәйке-сінше жаңа оқу бағдарламасы мен оқулықтар әзірленуде. Со-нымен қатар, курс мазмұнына өзекті толықтырулар енгізіліп, оған антиэкстремистік және антитеррористік тақырыптарға арналған тараулар қосылатын болады. Курсқа енгізілетін осындай ауқымды өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, аталған пәннен сабақ беретін мектеп оқытушыларының біліктілігін көтеру курстарын жүйелі әрі толыққанды дайын-дау жоспарланып отыр.

Дәстүрлі діндер аурудың алдын

алуға тыйым салмайды

Заңға сәйкес Қазақстан а з а м а т т а р ы н ы ң ө м і р і мен денсаулығын сақтау мемлекеттің алдында тұрған аса маңызды міндеттердің қатарына жататындықтан, елімізде зайырлылық мәселе-сі мемлекеттің өз азаматта-рын олардың діни сеніміне т ә у е л с і з м е д и ц и н а л ы қ тұрғыдан қамтамасыз ету та-лабымен тікелей байланыста көрініс табады. Дегенмен, кейбір ата-аналар өздерінің діни сенімдерінің немесе ақпараттарының жоқтығының әсерінен өз балаларына қауіпті аурулардың алдын алу үшін жасалатын екпелерден бас тартып, медицина ғылымының жетістіктерін мойындағысы к е л м е й д і . М е м л е к е т т і ң мұндай жағдайдағы міндеті – Қазақстанда екпе жа -сау мәселесі мешітт ің не б о л м а с а п р а в о с л а в и е шіркеуінің немесе басқа діни бірлестіктердің құзырында емес екендігін азаматтарға ж е т к і з у г е б а ғ ы т т а л а д ы . Бұл – парасаттылық пен мемлекетіміздің зайырлы сипа-тын басшылыққа ала отырып, шешімін табуы тиіс әлеуметтік мәселе. Ғылым баяғыдан-ақ жаппай екпе жасаудың тиімділігін, қауіпсіздігін және заңдылығын дәлелдеп берді. Өйткені, екпе – өркениетті әлемнің қол жеткізген озық жетістігі, өз азаматтарының денсаулығын бағалайтын дамыған мемлекеттердің игілігі.

Осы орайда, дәстүрлі д і н д е р а у р у д ы ң а л д ы н а л у ғ а т ы й ы м с а л м а й т ы -нын және шектемейтінін, к е р і с і н ш е , а д а м д а р д ы ң өз денсаулықтарын дұрыс сақтауына шақыратынын айта кету керек. Мәселен, екпе жа-сау ислам мемлекеттерінде кең таралғандығын Сауд Арабия-сына қажылыққа барудың не-месе Египет, Араб әмірліктері, Йордания және тағы басқа елдердің жоғары оқу орында-рында білім алудың міндетті та-лап екендігі айғақтай түседі.

М е м л е к е т т і к ж ә н е құқық қорғау органдарын-да, білім беру, денсаулық с а қ т а у м е к е м е л е р і м е н әскери бөл імдерде д іни ұйымдардың қызметіне және діни рәсімдерді өтеуге ты-йым салыну – Қазақстандағы зайырлылықтың тағы бір құрамдас бөлігі болып табы-лады. Дегенмен, мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметкерлері діни рәсімдерге мемлекеттік мекемелерден тыс жерлерде қатыса алады және мұндай жағдайда өздерінің дін бостандығына қатысты құқықтарын толық пайдалана алады.

Зайырлылық қағидалары қалай жүзеге асырылады?

Ата Заңымыздың 1-бабында Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратыны жазылған. Яғни, біздің мемлекетіміз үшін адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең жоғарғы құндылықтар болып табылады. Осы мағынада Қазақстандағы зайырлылық мемлекеттік биліктің діннен бөлінгендігін және олардың қызмет ету салаларының аражігінің ажыратылғандығын білдіретін мемлекеттің конституциялық және құқықтық сипаты ретінде көрініс табады.

Жиынға облыстық діни бірлестіктермен байла-ныстар жөніндегі кеңестің мүшелері, құқық қорғау, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес және жас-тар ұйымдарының, діни бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Облыстық дін істері басқармасының басшысы Ма-нарбек Мұхамеджановтың төрағалық етуімен болған жиында Көкпекті және Тарбағатай аудандарының діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес мүшелерінің атқарған жұмыстары тыңдалып, жастардың арасында Қазақстан халқының дәстүріне және мәдени мұрасына сәйкес сананы қалыптастыруға бағытталған діни экс-тремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері қарастырылды.

Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары К.Смаилова, Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары Қ.Мауадинов, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Ж.Сәрсебаев баяндама жасап, тақырыпқа сәйкес әңгіме өрбітті.

Отырыс қорытындысы бойынша кеңес мүшелері мен жергілікті атқарушы органдарға тиісті ұсыныстар берілді.

Шығыс-Ақпарат

Бұл жолғы сапар ең алды-мен батыр есімімен аталған Тоқтамыс ауылынан бастау алды. Оның себебі , осы ауылдық округке қарасты Қоңыр әулие үңгіріне зия-р а т ж а с а у ш ы л а р д ы ң Қ а з а қ с т а н н ы ң т ү к п і р -түкпірінен, алыс-жақын шет- елдерден жиі келуі. Жалпы, дәстүрлі емес медицина түрімен ем жасаймыз деп, діни сауаты аз адамдарды ал-дап қатарларына қосатын, бір жағынан ақша табуға құрылған адастырушы топтар біздің об-лысымызда да кездеседі.

Мектептің жоғары сынып оқушылары мен ұстаздары жиналған кездесу барысын-да Ұлан Сағадиев бүгінгі таңдағы еліміздегі діни аху-ал, рухани құндылықтардың қажеттілігі, алайда діни ілімді тек өз еліміздегі бірден-бір құзырлы орын – Қазақстан м ұ с ы л м а н д а р ы д і н и басқармасы тарапынан немесе соған қарасты мешіттерден алу керектігі жайында сөз өрбітті. Өйткені, әсіресе жастардың аңғалдықтан қате жолға түсіп жататындары да кездеседі.

Кездесу барысында осын-дай келеңсіз жәйт туралы ар-найы бейнеролик көрсетілді. О қ у ш ы л а р р а д и к а л д ы ағымдар соңына көзсіз еріп кеткен жандардың қайғылы өмірі, отбасыларының ойраны туралы тұщымды мағлұматтар алды.

– Санасы дұрыс бекімеген жастарды соқыр сенімнің құрбаны етуді көздейтін көптеген топтар баршылық. Бүгінде зайырлы әрі көп ұлтты мемлекетке, ішкі сая- си тұрақтылығымызға қауіп т ө н д і р е т і н м ұ н д а й ж а т ағымдардың сипаты, қоғамға олардан келетін зиян туралы әркімнің біле жүргені дұрыс. Әсіресе, жастар қай бағыттың дұрыс екендігін аңғара алмау-да. Сол себепті жер-жерлерде осындай ақпараттық түсіндіру ж ұ м ы с т а р ы н қ о л ғ а а л у арқылы адасудың алдын алуға жағдай жасап отырмыз, – деді Ұ.Сағадиев.

Сондай-ақ, ол бүгінде еліміздің Жоғарғы сотының шешімімен бірқатар діни бірлестіктердің жабылғандығы туралы, алайда олардың өзге атаумен қайтадан ұйым құрып жүргендерін тілге тиек етіп, теріс жолға түсіп кетпеу үшін, ең әуелі діни сауаттылығымызды күшейту керектігін атап өтті.

С ө з к е з е г і н а л ғ а н ауданымыздың бас има-

Ата дінге адалдық адасудан сақтайды

Абай аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ұлан Сағадиев, Құнанбай қажы мешітінің бас имамы Болат Самырбаев өңіріміздегі Тоқтамыс, Саржал, Медеу ауылдарын аралап, діни тұрғыда ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізді.

м ы Б о л а т С а м ы р б а е в Пайғамбарымыз көзі тірісінде айтып кеткен өз үмметінің 73 топқа бөлінетінін, соның ішінде тек бір топ қана тура жолмен, ал қалғандары адасушы топ-пен жүретіні туралы хадисінен мысал келтірді. Тура жолдан қалай адаспау керектігін ба-яндады.

– Ислам дінінде бір ғана үй бар, ол – мешіт, ал теріс дінді ұстанушылар орда құрып, соған шоғырланады, – деді бас имам.

Адамға ең бірінші иман керектігін айтқан бас имам алаш қайраткері Әлихан Бөкейхановтың: «Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, иманнан» деген ұлағатты сөзін атап өтіп, иманды ұл, иба-лы қыз ұлт келешегі екендігін ж е т к і з д і . А л « т ә р б и е с і з берілген білім – адамзаттың қас жауы» деп айтып кеткен әл-Фараби сөзі де бүгінгі күні өміршеңдігін көрсетіп отыр. Тәрбиенің өзі иманнан келетіні белгілі. Біз ең алдымен ата- анамызға қызмет қылуымыз керек. Исламда ең ауыр күнә – ата-ананы ренжіту делінеді. Ал өзге ағымды ұлықтаушылар тек өздерінің айтқандарын заң деп біліп, бес парызды орындамаған ата-аналарын кәпірге теңеп, құрметтемейді.

К е з д е с у б а р ы с ы н д а оқушыларды да сөзге тар-тып, көкейлерінде жүрген сұрақтарына тұщымды жауап берілді.

Бұдан кейінгі кездесулер Саржал, Медеу ауылдарында жалғасты. Жоғары сыныптың оқушыларымен өткізілген басқосуларда тағылымды әңгіме өрбіді. Жастар дін қызметкеріне сауалдарын

қойды. Әсіресе, адастырушы ағымдар сипаттары, дәстүрлі дін ұстанудың маңыздылығы жайында кеңінен сөз бол-ды. Бұл кесапат – қазіргі қоғамдағы өткір тұрған про-блемалы тақырып. Жастардың санасын қарумен емес, сана у л а у ш ы л ы қ п е н ж а у л а п , бүтіндей бір елдің шаңырағын ортасына түсіріп, құртуға бағытталған арам пиғылды экстремистік әрекеттерге тосқауыл қойылуы тиіс.

Жалпы, кездесу барысын-да Қазақстан мұсылмандары басшылыққа алатын Әбу Хани-фа мәзхабын ұстану қажеттілігі жайында баса айтылды. Бір ұлттың бір мәзхабты ұстануы ел ішінің береке-бірлігіне ықпал етері сөзсіз. Ата-бабаларымыз кезінде жерге, руға бөлінсе де, дінге бөлінбеген еді. Алайда, бүгінде таяу Шығыс елдерінен, тіпті, мұхиттың арғы жағынан жеткен арандату-шы ағымдар ежелден бірлігі жарасқан еліміздің ішінде алауыздық ұрығын сеуіп, адас-тырып, қылмысқа итермелеп жатқан жайлар да аз емес. Бұл індеттен тек ата-баба діні, Ха-нафи мәзһабына негізделген сүнниттік Ислам ғана араша-лап қала алатыны анық. Демек, діни сауатымызды арттырудың қажеттілігі жоғары.

– Ислам дін і – мейі-рімділіктің, тыныштықтың діні. Дінде зорлық жоқ, сол себепті біз түсіндіру жұмыстарын жа-сау арқылы сіздердің діни сауаттылықтарыңызды арт-тыруды көздейміз, – деді бас имам Болат Самырбаев.

Тоғжан Рахымбекқызы

Абай ауданы.

Бетті облыстық дін істері басқармасының тапсырысы бойынша әзірлеген – Серік Әбілхан

Б і з д і ң е л і м і з д е д і н и бірлестіктер саяси қызмет с у б ъ е к т і л е р і б о л ы п табылмайтындықтан, олар мемлекетт і басқару мен мемлекетт ік органдарды құруға қатыса алмайды. Діни қайраткерлер мен діндарлар ел азаматтары ретінде қоғамның саяси өміріне дербес қатыса алады. Қазақстанның Кон-ституциясы мен заңдарында «діни негіздегі партиялардың қызметіне тыйым салынаты-ны, олардың мақсаты мен әрекеті мемлекетте бір діннің басымдығын орнатуға, діни а р а з д ы қ п е н а л а у ы з д ы қ тудыруға, оның ішінде күш көрсетуге немесе күш көрсетуге үндеуге бағытталған діни бірлестіктердің құрылуына және олардың қызметіне тыйым салынатыны нақты көрсетілген. Осы мағынадағы з а й ы р л ы л ы қ қ а ғ и д а т ы қ о ғ а м д ы қ - с а я с и б и л і к т і ұйымдастырудың негізгі фор-масы ретіндегі мемлекеттің рөлін сақтай отырып, мемле-кет пен діни бірлестіктердің ықпал ету салаларын нақты бөлуге септігін тигізеді.

Зайырлылық қағидаты мемлекеттің діни догмалар-дан бөлінуін білдіргенімен, бұл діни бірлестіктер мен д і н д а р л а р д ы қ о ғ а м д ы қ өмірден шеттету дегенді білдірмейді. Зайырлылық со-нымен қатар атеизмді және діншілдікке қарсы күресу дегенді білдірмейді. Зайырлы мемлекет діндарларды өзінің толыққанды азаматтары деп санайды, ал діни бірлестіктер м е н д і н г е с е н у ш і л е р д і әлеуметтік-пайдалы қызметтің (қайырымдылық, мәдени-ағартушылық, гуманитарлық) маңызды қатысушылары деп таниды.

Мемлекет діни бірлес-т і к т е р д і м а с к ү н е м д і к ,

нашақорлық, қылмыстың ал-дын алу, салауатты өмір сал-тын қалыптастыру, отбасы бірлігін нығайту, қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылыққа қажетті жоғары руханилық пен өнегелілік қалыптастыру тәрізді әлеуметтік мәселелерді шешу ісіне тартуға ұмтылады. Мемлекет діни бірлестіктерді тікелей қаржыландырмайды, д е г е н м е н о л а р ғ а д і н и ғимараттарын жөндеуден өткізуге, мәдени және та-рихи маңызы бар ғибадат үйлері мен ғимараттарды қайта қалпына келтіруге көмек көрсетіп отырады.

М е м л е к е т д і н и бірлестіктермен қоғамдағы келісімді, өзара түсіністікті, төзімділік пен өзара құрметті сақтау мәселелерінде бірлесіп әрекет етеді. Діни бірлестіктер Қазақстан халқының дәстүрлі діни құндылықтарын сақтау мен дамытуға бағытталған қ о ғ а м д ы қ м а ң ы з д ы і с -ш а р а л а р д ы ө т к і з у г е қатыстырылады. Мәселен, біздің елімізде мемлекет пен діни бірлест іктердің тұрғындар арасында діни э к с т р е м и з м н і ң а л д ы н алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарындағы ынтымақтастығы қарқынды дамуда.

Осы орайда мемлекеттік органдар үйлесімді және даму-ды мақсат тұтқан қазақстандық қоғамды орнатуды көздеп отырған мемлекет әрекетіне қолдау білдіретін барлық кон-фессиялармен конструктивті қарым-қатынас орнатуға тал-пынады.

Ғалым Шойкин, Мәдениет және спорт

министрлігіне қарасты Дін істері комитетінің

төрағасы, саяси ғылымдар кандидаты