45minut€¦ · web viewМузыка жас азаматтардың ішкі дүниесін...

8
. Музыка жас азаматтардың ішкі дүниесін байытып,әр дәуірдегі

Upload: others

Post on 04-Aug-2020

14 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: 45minut€¦ · Web viewМузыка жас азаматтардың ішкі дүниесін байытып,әр дәуірдегі қоғамдық өмірдің түрлі құбылыстарын

.

Музыка жас азаматтардың ішкі дүниесін байытып,әр дәуірдегіқоғамдық өмірдің түрлі құбылыстарын дұрыс түсінугекөмектеседі. Ахмет Жұбанов

Page 2: 45minut€¦ · Web viewМузыка жас азаматтардың ішкі дүниесін байытып,әр дәуірдегі қоғамдық өмірдің түрлі құбылыстарын

Өнер тұлғасы-А.Қ.Жұбанов

Ембі қалалық № 1 орта мектебінде 6 а сынып оқушыларына «Өнер тұлғасы-А.Қ.Жұбанов» атты тақырыбындағы ашық сабағы .

Музыка пәнінің мұғалімі Кунакова А.К.

2013-2014 оқу жылы.

Page 3: 45minut€¦ · Web viewМузыка жас азаматтардың ішкі дүниесін байытып,әр дәуірдегі қоғамдық өмірдің түрлі құбылыстарын

Сабақтың тақырыбы: «Өнер тұлғасы-А.Қ.Жұбанов»Сабақ мақсаты: Ахмет Қуанұлы Жұбановтың саз өнерін жетік терең меңгерген, сазгерлік талантының ерекше көрінісін , ән мен күйді зерттеу бағытындағы тынымсыз еңбектерін оқушыларға айтып жеткізу.Білімділік:Қазақ халық ұлт аспаптар оркестрі,қалай құрылғанымен танысу.Дамыту:Балалардың музықалық қабілетін дамыту.Тәрбиелік:Қазақтың күйлері мен патриоттық әндері арқылы елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.Сабақтың түрі: Жаңа сабақКөрнекілігі: Домбыра,интерактивті тақта,слайд, мини диск,композитордың суреті,кітаптар, компьютер.

Сабақтың барысы:1.Үйымдастыру бөлімі,2.Өткен тақырыпқа шолу,3.Жаңа сабақты меңгеру,А.Жұбанов туралы мәлімет. Слайд4.А.Қ.Жұбановтың «Би күйін» тыңдау5.Жаңа сабақты қорыту. Сұрақ-жауап нота арқылы.6.Үйге тапсырма Ахмет Жұбановтың бибітшілік кұсы «Ақ көгершін» әнін жаттап келу.7.Қортыңдылау8.Бағалау1.Үйымдастыру бөлімі Музықалық Амандасу! Сыныпта жоқ оқушыларды анықтау.Оқу құралдарын тексеру.2.Өткен тақырыпқа шолу. Балалар өткен сабақта, өнер тұлғалары тақырыбында сабақ өтті.Өнер тұлғалары деп, тарихта аттары аңызға айналған,ұлы күйші-лер мен әншілер жеткілікті,мысалы:-күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлы,Дәулеткерей,Сейтек,Тәттімбет, Қазанғап,күй анасы-Дина Нұрпейсова, - осы бабаларымыздың баға жетпес өнері,казақ елінің мақтанышы болып табылады.Балалар,осыныайта отырып бүгінгі тақырып, қазақтың әндері мен күйлерін аса зерттеп, нотаға түсіріп, оркестрге ойнатып бүкіл әлемге паш еткен, өзіміздің жерлесіміз,еліміздің мақтанышы, «Өнер тұлғасы-А.Қ.Жұбанов» жаңа сабақ тақырыбымен танысайық.

Page 4: 45minut€¦ · Web viewМузыка жас азаматтардың ішкі дүниесін байытып,әр дәуірдегі қоғамдық өмірдің түрлі құбылыстарын

3. Жаңа тақырыпты менгеру. Слайд Құрметті оқушылар мен ұстаздар!!! Ахмет Қуанұлы Жұбанов-композитор,музыка зерттеуші, ұстаз-профессор,дирижер,ғалым-академик Ақтобе облысы Темір ауданы, кәзіргі Мұғалжыр ауданы Жаңатұрмыс ауылында 1906 жылы 29 сәуірде өмірге келген.1968жылы қайтыс болған.Туылған күніне орай жылда 29 сәуірде елімізде«Жұбанов көктемі» атты іс-шаралар өтеді.2006 жылы Ембі қаласында Юнеско бойынша А.Жұбановтың 100 жылдығы тойланды.Қаламызда А.Жұбанов атында мемориалдық мұражай ашылды.

Жастайынан домбыра,мандолин,скрипка сияқты музыка аспапта- рында ойнауды үйренген. Ол 1929-1932 жылдары Санкт-Петербург қаласындағы музыка тех- никумы мен консерваторияда оқып,білім алған. - Ахмет Жұбанов әр жанрда жазған баға жетпес көптеген музықа- лық шығармалардың «Ғасырлар пернесі», «Замана бұлбұлдары» «Құрманғазы» т.б. кітаптарының авторы.

Page 5: 45minut€¦ · Web viewМузыка жас азаматтардың ішкі дүниесін байытып,әр дәуірдегі қоғамдық өмірдің түрлі құбылыстарын

«Би» күйі, «Қарлығаш», «Ақ көгершін», күй- әндерінің авторы.1934 жылы Алматы қаласында халық дарындарының кезекті бүкіл қазақстандық слеті өткізілді.Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен сан саладағы өнерпаздар келіп,өнер сайысына түскен.Өнер сайысы кезінде музыка техникумы жанынан құрылған құрамында 17 адам шағын ансамбль өнер көрсеткен.

Өнер байқауынын нәтижесін қортындылау барысында,дарында домбырашы,кобызшы,сыбызғышылардың басын біріктіріп қазақтың халық аспаптары оркестрін құру жоспарландыОны үйымдастыру А.Жұбановқа жүктелді.Осылайша 1934 жылы дүние жүзіне әйгілі болған кәзіргі Құрманғазы атындағы Мемлекеттік академиялық халық қазақ Ұлт аспаптары оркестрінің ірге тасы қаланған болатын.-Оркестр құрамында көптеген дарынды танымал күйшілер ойнаған,соның бірі-Дина Нұрпейсова әжеміз болған./слайд/

20жылға жуық А.Жұбанов оркестрдің жетекшісі және дирижері болып, қазақ улт аспаптар оркестрінің құрылуына өлшеусіз мол үлес қосқан.Сондықтан Ахмет Қуанұлы Жұбанов- қазақ ұлт оркестрінің кіндік Атасы деп атанған.

Күйлердің сөлін ішіп сорғалатқан,Бармақтан бал тамызып жорғалатқан, Тәтті күй – жанның тілі, жігер қайратҚазақ сен мақтана бер соны тапқан.

Шашылған күй мен әннің басын қосып,Оркестр алдында тұр желдей есіп,Ахмет Жұбановқа мың рахметСый тартқан келешекке шашу шашып.

Page 6: 45minut€¦ · Web viewМузыка жас азаматтардың ішкі дүниесін байытып,әр дәуірдегі қоғамдық өмірдің түрлі құбылыстарын

4. А.Жұбановтың «Би» күйін тыңдау .

5.Жаңа сабақты қорыты,сұрақ-жауап,нота арқылы. 1.Қазақ ұлт аспаптары оркестрінің ірге тасын қалаған кім? 2.Қай жылы құрылды? 3.Қәзір қалай аталады? 4.өнер тұлғалыры деп кімдерді атауға болады? 5.А.Жұбановтың қандай күйін білесін? 6.А.Жұбановтың қандай әндері бар? 7.Оркестр дегеніміз не?6.Үйге тапсырма А.Жұбановтың «Ақ көгершін» әнін жаттап келу.7. Қортындылау.8.Белсене қатысқан оқушыларды бағалау..

Жеріме кіндік қаны тамған,Жұлдыз боп көгімде жанған.Қазағымның музыкасын ,Әлдилеп көкке ұшырған,Айналсын қазақ жұртыАхмет Қуанұлы Жұбановтан!

Осы өлең жолдарымен сабақты аяқтағым келеді. Сау –саламат болыңыздар.