5 6 Жаңарған өңір · Игі тілекпен, аудан әкімі Наурызбай...

12
Жаңақала аудандық қоғамдық-саяси газеті. Батыс Қазақстан облысы. Газет 1934 жылдан бастап шығады №11-12 (7670-7671) [email protected] БЕЙСЕНБІ 22 наурыз 2018 жыл Жаңарған өңір 2 www.facebook.com/zhanarqan_onir http://www.zhanarqanonir.kz 6 5 Жаңақала жаңалықтары Мазмұны терең мәні мол шара Елге тұлға болған азамат Жанға жылу сыйлаған мереке Қош келдің, әз-наурыз! Қадірменді жерлестер! Ардақты ағайын! Баршаңызды халқымыздың ең ұлы мейрамы, адам баласы мен табиғат ана қайта жаңғырып, түлейтін жыл басы - әз-Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Күллі шығыс жұртына ортақ мереке - Наурыздың тарихы тым тереңде жатыр. Қыстың қатал аязы кетіп, тіршілік атаулыға жан бітіп, жасарып, жаңаратын, табиғат-әлем көгеріп, көктейтін, күн мен түн теңелетін, ырысы мол мереке біздің жан дүниемізді шуаққа бөлейді, ой-ниетімізді таза арнаға бұрады. Бұл кешірім мен мейірімнің, үміт пен сенімнің, ізгілік пен түсіністіктің мерекесі. Бұл күні біз жыл бойы жасаған жұмысымызға есеп беріп, келешекке жоспар құрамыз, тәуелсіз еліміздің өркендеп, өсуі жолында жаңа бастамаларға негіз қалаймыз. Наурызда айтылған барлық жақсы тілек орындалып, қабыл болады деген қасиетті ұғым бар. Халқымыз үшін Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын, ең әуелі ізгілік пен жақсылықтың мейрамы. Тәуелсіздік алған уақыттан бері Наурыз жаңа сипатқа ие болды, ұлтымыздың ұлы мерекесіне айналды. Наурыздың қайталанбайтын ұлттық дәстүрі бар. Адамға бір жас қосылатын, пенделіктен арылып, рухы биік болатын мерейі тасыған ұлы мереке қарсаңында ауданымыздың өркендеу жолындағы елеулі еңбектеріңіз бен туған өлкеміздің әлеуметтік- экономикалық дамуына қосқан абыройлы істеріңізде табыс тілеймін! Ақ ниетпен өткенге салауат айтып, ақ тілекпен жаңа Наурызды қарсы алайық! Әз-Наурыз елімізге береке, халқымызға игілік, мемлекетімізге– молшылық, қажырлы еңбектеріңізге толағай табыстар әкелсін! Ақ мол болып, жылымыз ырысты болсын, ағайын! Игі тілекпен, аудан әкімі Наурызбай ҚАрАғойшИН. Шаруалардың басын қосқан жиын Ауданымызда бірқатар облыстық басқарма, мекеме және қаржылық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен ауыл шаруашылық саласындағы мәселелерді талқылау мақсатында кеңес өтті. Аудан әкімі Н.Қарағойшиннің төрағалығымен өткен жиынға ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім, мемлекеттік мекеме басшылары, шаруа қожалықтарының жетекшілері, кәсіпкерлер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Жиында алғашқы болып сөз алған аудан басшысы ауданымыздағы ауыл шаруашылық саласын өткен жылдармен салыстыра отырып саралап, жеткен жетістіктер мен кеткен кемшіліктерге кеңінен тоқталды. Одан әрі облыстық ауыл шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Жаслан Халиуллин сөз алып, кездесудің мақсаты мен маңызын айтып, өткен жылы Жаңақала ауданы бойынша мал шаруашылығын дамытуға алынған несиелер мен демеу қаржыны облыстық көрсеткішпен салыстыра отыра баяндап шықты. Күн тәртібіне сай келесі кезекте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мал шаруашылығы бөлімінің басшысы Алмат Есполов биылғы жылы берілетін демеу қаржыдағы өзгерістер мен толықтырулар туралы баяндаса, облыстық жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы Жұматай Ашықбаев жер заңнамасындағы өзгерістер туралы әңгімеледі. Күн тәртібіне қойылған мәселелер толықтай қаралып біткен соң, жиын сұрақ-жауап бөліміне көшті. Жиынға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтардың дені жер мәселесіне байланысты болды. Себебі, соңғы кездері ауданымызда арты үлкен дауға айналып, шешімі кезек күттірмей тұрған маңызды мәселенің бірі - жер мәселесі. Ұзақ жылға иемденіп алып, ол жерді тиімді пайдаланбай отырған шаруалардан жерді қайтарып алып, шаруашылығын өркендетіп, ұлғайтамын деген шаруаларға беруді Елбасы да өз Жолдауында атап өткен болатын. Осы орайда шаруалардың қойған сұрақтарына мамандар заң тұрғысынан түсінік беріп, тұшымды жауап қайтарды. Ал аудан басшысы Н.Қарағойшин жер мәселесі төңірегіндегі даудың шығуына аудандық гипрозем қызметі кінәсінің де барын айтып, жалпы аталмыш мекеменің жер өлшеудегі қызметіне көңілі толмайтындығын тілге тиек етті. Жиын соңында «Қазақстан фермерлер одағы» қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша өкілі Серік Жарылғапов фермерлер одағының тиімділігі мен маңызын түсіндіре отырып, аудан фермерлерін одаққа мүше болуға шақырса, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Еркін Базарғалиұлы міндетті медициналық әлеуметтік төлемдер туралы хабарлама жасады. Н.ҒАББАС.

Upload: others

Post on 24-Jul-2020

11 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: 5 6 Жаңарған өңір · Игі тілекпен, аудан әкімі Наурызбай ҚАрАғойшИН. Шаруалардың басын қосқан жиын Ауданымызда

Жаңақала аудандық қоғамдық-саяси газеті. Батыс Қазақстан облысы.

Газет 1934 жылдан бастап шығады

№11-12 (7670-7671) zһ[email protected]

БЕЙСЕНБІ22 наурыз 2018 жыл

Жаңарған өңір2

www.facebook.com/zhanarqan_onir http://www.zhanarqanonir.kz

65

Жаңақала жаңалықтары

Мазмұны терең мәні мол шара Елге тұлға болған азамат Жанға жылу сыйлаған мереке

Қош келдің, әз-наурыз!Қадірменді жерлестер!

Ардақты ағайын!Баршаңызды халқымыздың ең ұлы мейрамы, адам баласы мен табиғат ана қайта

жаңғырып, түлейтін жыл басы - әз-Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Күллі шығыс жұртына ортақ мереке - Наурыздың тарихы тым тереңде жатыр. Қыстың қатал аязы кетіп, тіршілік атаулыға жан бітіп, жасарып, жаңаратын, табиғат-әлем көгеріп, көктейтін, күн мен түн теңелетін, ырысы мол мереке

біздің жан дүниемізді шуаққа бөлейді, ой-ниетімізді таза арнаға бұрады. Бұл кешірім мен мейірімнің, үміт пен сенімнің, ізгілік пен түсіністіктің мерекесі. Бұл күні біз

жыл бойы жасаған жұмысымызға есеп беріп, келешекке жоспар құрамыз, тәуелсіз еліміздің өркендеп, өсуі жолында жаңа бастамаларға негіз қалаймыз. Наурызда

айтылған барлық жақсы тілек орындалып, қабыл болады деген қасиетті ұғым бар.Халқымыз үшін Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын, ең

әуелі ізгілік пен жақсылықтың мейрамы. Тәуелсіздік алған уақыттан бері Наурыз жаңа сипатқа ие болды, ұлтымыздың ұлы мерекесіне айналды. Наурыздың

қайталанбайтын ұлттық дәстүрі бар. Адамға бір жас қосылатын, пенделіктен арылып, рухы биік болатын мерейі тасыған ұлы мереке қарсаңында ауданымыздың

өркендеу жолындағы елеулі еңбектеріңіз бен туған өлкеміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан абыройлы істеріңізде табыс тілеймін! Ақ ниетпен

өткенге салауат айтып, ақ тілекпен жаңа Наурызды қарсы алайық! Әз-Наурыз елімізге береке, халқымызға игілік, мемлекетімізге–

молшылық, қажырлы еңбектеріңізге толағай табыстар әкелсін! Ақ мол болып, жылымыз ырысты болсын, ағайын!

Игі тілекпен, аудан әкімі Наурызбай ҚАрАғойшИН.

Шаруалардың басын қосқан жиын Ауданымызда бірқатар облыстық басқарма,

мекеме және қаржылық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен ауыл шаруашылық саласындағы мәселелерді талқылау мақсатында кеңес өтті. Аудан әкімі Н.Қарағойшиннің төрағалығымен өткен жиынға ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім, мемлекеттік мекеме басшылары, шаруа қожалықтарының жетекшілері, кәсіпкерлер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Жиында алғашқы болып сөз алған аудан басшысы ауданымыздағы ауыл шаруашылық саласын өткен жылдармен салыстыра отырып саралап, жеткен жетістіктер мен кеткен кемшіліктерге кеңінен тоқталды. Одан әрі облыстық ауыл шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Жаслан Халиуллин сөз алып, кездесудің мақсаты мен маңызын айтып, өткен жылы Жаңақала ауданы бойынша мал шаруашылығын дамытуға алынған несиелер мен демеу қаржыны облыстық көрсеткішпен салыстыра отыра баяндап шықты. Күн тәртібіне сай келесі кезекте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мал шаруашылығы бөлімінің басшысы Алмат Есполов биылғы жылы берілетін демеу қаржыдағы өзгерістер мен толықтырулар туралы баяндаса, облыстық жер

қатынастары басқармасының бөлім басшысы Жұматай Ашықбаев жер заңнамасындағы өзгерістер туралы әңгімеледі. Күн тәртібіне қойылған мәселелер толықтай қаралып біткен соң, жиын сұрақ-жауап бөліміне көшті. Жиынға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтардың дені жер мәселесіне байланысты болды. Себебі, соңғы кездері ауданымызда арты үлкен дауға

айналып, шешімі кезек күттірмей тұрған маңызды мәселенің бірі - жер мәселесі. Ұзақ жылға иемденіп алып, ол жерді тиімді пайдаланбай отырған шаруалардан жерді қайтарып алып, шаруашылығын өркендетіп, ұлғайтамын деген шаруаларға беруді Елбасы да өз Жолдауында атап өткен болатын. Осы орайда шаруалардың қойған сұрақтарына мамандар заң тұрғысынан түсінік беріп, тұшымды жауап қайтарды. Ал аудан басшысы Н.Қарағойшин жер мәселесі төңірегіндегі даудың шығуына аудандық гипрозем қызметі кінәсінің де барын айтып, жалпы аталмыш мекеменің жер өлшеудегі қызметіне көңілі толмайтындығын тілге тиек етті.

Жиын соңында «Қазақстан фермерлер одағы» қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша өкілі Серік Жарылғапов фермерлер одағының тиімділігі мен маңызын

түсіндіре отырып, аудан фермерлерін одаққа мүше болуға шақырса, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Еркін Базарғалиұлы міндетті медициналық әлеуметтік төлемдер туралы хабарлама жасады.

Н.ҒАББАС.

Page 2: 5 6 Жаңарған өңір · Игі тілекпен, аудан әкімі Наурызбай ҚАрАғойшИН. Шаруалардың басын қосқан жиын Ауданымызда

Рухани жаңғыру 22 наурыз 2018 жыл

Мазмұны терең, мәні мол шараОрал қаласындағы

Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында «Аудан кітапханаларының күні» жобасы аясында «Жер жәннаты – Жаңақала» атты тағылымды шара өтті. Шараға Жаңақала ауданының құрметті азаматтары, зиялы қауым өкілдері, мәдениет саласының қызметкерлері, оқырмандар, өңір кітапха-нашылары қатысты. Шара «Күй астанасы – Жаңақала» атты аудан тарихына шолу жасаған кітап көрмесімен ашылды.

Аталмыш мәдени шара үш бөлім бойынша ұ й ы м д а с т ы р ы л д ы . Айта кетсек, облыстық кітапхананың оқу залында өткен «Жаңақала – ақиық алыптар мен жайсаң жандар мекені» атты әдеби жиынға қатысушылар көп болды. Мұнда аудандық мәслихат хатшысы, ақын Закария Сисенғали сөз сөйлеп, жиналғандарды құттықтап, толағай табыстар тіледі. Сондай-ақ, ол кітапхана саласының ардагерлері Б.Әліпқызы, Р.Аманова, М.Тәкеева және басқаларына алғыс хат пен гүл шоқтарын табыс етті. Мұнан кейін Жаңақала ауданының өркендеуіне зор үлес қосқан, қоғам қайраткері, еңбек ардагері Әділғазы Нұрғалиевтің «Жаңақала – ақиық алыптар мен жайсаң жандар мекені» кітабының тұсаукесері өтті.

«Мен істедім дегенше, мың істеді десейші» демекші, ауданның атағы алысқа кетуіне мыңдаған еңбек адамдары мен ұжымшар, кеңшар

басқарған азаматтардың қосқан үлестері орасан зор екені анық. Олардың атқарған істері, елеулі есімдері, бәрі де осы кітапта кеңінен айтылады.

Шарада кітаптың авторы Ә.Нұрғалиев өзіне көрсетілген құрмет үшін алғысын айтып, ризашылығын білдірді. Ал, ақын-жазушы, қаламы қарымды журналистер Закария Жүсіпқалиұлы, Өмірзақ Ақбасов, Амангелді Шахиндер туған жер туралы тебірене ой қозғап, терең сыр шертіп, өз өлеңдерін оқыды. Кездесу барысында кітапхана қызметкерлері С.Серікова, Р.Төлеуғалиева, Қ.Шабақова, студент Ж.Бақтығалиевалар жергілікті

ақындардың жыр шумақтарын нақышына келтіре оқыды. Сонымен қатар, аудан өнерпаздары ән салып, би билеп, күмбірлі күй тартты.

Бұдан бөлек «Қанат қағып өлеңнің өлкесіне» атты шарада орталық кітапхана жанынан құрылған белгілі айтыс ақыны Асылбек Ишанов атындағы «Жас қалам» жас ақындар клубының мүшелері жырдан шашу шашты. Атап айтсақ, Азамат Бақиев, Сыйлыхан Жұмасалық, Орынбек Меңдіқұлов, Алтынбек Ермекқалиевтер оқырмандар тарапынан туындаған салмақты сауалдарға жауап бере отырып, жыр сүйер қауымға төл туындыларын шабыттана оқып берді.

Сондай-ақ, Астана, Алматы қалаларында еңбек етіп, елге танылып жүрген жаңақалалық жас қаламгерлер Шерхан Талап, Аслан Тілегенов, Жандарбек Жұмағұловтар скайп арқылы жыр сәлем жолдап, замандастарына ізгі тілектерін арнады. Бұл шарада да оқырман-дар, студенттер бұлақтың тамшысындай тұма жырға сусындап, рухани азық алып, шат-шадыман көңілде тарасты.

Ал, «Туған өлке – тұнған шежіре» атты бөлімде Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдар-ламалық мақаласы бойынша «Қазақстанның киелі жерлерінің гео-графиясы» жобасына орай өлкетанушы, аудандық мұражайдың директоры А.Сәлімов баяндама жасады.

Аудандық мешіттің бұрынғы бас имамы М.Жахатов «Құлпытастар сөйлейді» кітабы жайында әңгіме өрбітсе, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Ш.Әбуғали аудан тарихын тілге тиек етіп, елдің амандығын, халықтың тыныштығын тіледі.

Шара соңында облыстық кітапхана-ның директоры Шолпан Оразаева аудан кітапханашыларының еңбегіне жоғары баға бере келіп, оларға шығармашылық табыс тілеп, кештің құрметті қонақтарына ақжарма алғысын жеткізді.

Ақсұңқар СӘДІР.

Жастарға рух берген кеш

Рухани орталықта «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Рухани жаңғыру – жастар таңдауы» атты кеш өтті. Шараны жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы ұйымдастырды.

Еңбек ардагері Нәсіпқали Мақанов, аудандық мәслихат хатшысы, ақын Закария Сисенғали, аудандық «Жаңарған өңір»

газетінің бас редакторы Өмірзақ Ақбасов сынды арда азаматтар кештің құрметті қонағы болды. Шараға Жаңақала орта мектебінің оқушылары, ұстаздар, ауыл тұрғындары қатысты.

Шара барысында жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Ж.Нұрманұлы қонақтарға «Қош келдің!» айтты. Мұнан соң ауданның таңдаулы әншісі Қуанышбек Айдарбеков «Ағаларым» әнін тарту етті.

Кездесуде кеш қонақтары балалық шақтарын, өткен өмір белестерін әңгімеге арқау етіп, сүбелі ой айтып, салмақты сыр шертті.

Мәселен, Н.Мақанұлы оқушыларды үздіксіз ізденіп, жатпай-тұрмай білім алуға

шақыра отырып, аталық ақыл-кеңестерімен бөлісті. Ал, аудандық мәслихат хатшысы З.Жүсіпқалиұлы жастар үшін ең басты нәрсе білім алу екенін тілге тиек етіп, соның ішінде шет тілдерін жетік біліп, заман көшінен қалмау керектігін баяндады.

Мұнан соң «Жаңарған өңір» газетінің бас редакторы Ө.Тұрақбайұлы:

-Қазіргі мақсатымыз - ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақтың санасына адалдықты, адамдықты, имандылық секілді асыл қасиеттердің дәнін егу арқылы егемен еліміздің ертеңі үшін еңбек ету.

Балаларымыздың бойында жалындаған рух, патриоттық сезім болғанын, қандай қиындық кездессе де еңсесін түсірмей алға ұмтылғанын қалаймыз,-деп көңілге түйген тағылымға толы сырларымен бөлісті.

Шарада оқушылар кеш қонақтарына сауалдар жолдап, тұшымды жауаптар алды. Сондай-ақ, домбырашы Нұржан Отарбаев Құрманғазының күйін ойнап берді.

Кеш соңы естелік суретке түсуге ұласты.

Алтынбек ЫСҚАҚ.

28 ақпан күні Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Жаңақала ауданының құрметті азаматы, «Алтын барыс» төсбелгісінің иегері, Айдархан ауылында қазақ күресінің дамуына өз үлесін қосқан Борашев Жанғали Ғұмарұлының 70 жасқа толуына орай «Рухани кемел, бірегей тұлға» атты кездесу кеші өтті.

Кеш алдында туған күн иесінің құрметіне қазақ күресінен аудандық ашық турнир оздырылды. Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткен шараға ауылдық округтер, аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебімен қоса Бөкей орда ауданының 2004-2006 жылы туған жас палуандары қатысты. Қонақтар боз кілемдегі жас палуандардың өнерін тамашалап шыққан соң, кездесу кеші Рухани орталықта

жалғасты. Бұл жердегі кездесу кеші Жанғали Ғұмарұлының өмірінен сыр шертетін бейнероликпен басталды. Тағылымы мен тәрбиесі мол шарада алғашқы болып сөз алған аудан әкімінің орынбасары Ж.Нұрғожин туған күн иесін мерейлі жасымен құттықтап, жүрекжарды лебізін жеткізді. Сонымен қоса аудан әкімінің атынан алғыс хат табыстап, Жанғали атамыздың иығына шапан жапты. Одан әрі Жанғали Ғұмарұлының жора-жолдастары мен аға-інілері сөз алып, жетпістің жотасына шыққан Жанғали атаның өмірі өнеге, еңбегі үлгі екенін тілге тиек етіп, ақ тілектерін арнады. Шара барысында патриоттық әндер шырқалып, кездесу кеші естелік суретке түсумен аяқталды.

Өскелең ұрпаққа үлгі боларлық осындай өнегелі шара Жанғали атамыздың тұрғылықты жерінде, яғни Бірлік ауылында да өтті.

Н.ҒАББАС.

«Рухани кемел, бірегей тұлға»

Page 3: 5 6 Жаңарған өңір · Игі тілекпен, аудан әкімі Наурызбай ҚАрАғойшИН. Шаруалардың басын қосқан жиын Ауданымызда

22 наурыз 2018 жыл

Мемлекеттік қызмет органдарына 20 жыл

Қоғам

Қазақстан Республикасы мақсатты және сатылы түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді, әлемдік стандарттарға сай келетін институттар мен механизмдерді құру бағытын ұстанып келеді. Бұл орайда басты вектор – жемқорлықты ұлттық қауіпсіздігімізге тікелей қауіп төндіруші қатарына жатқызып, осы келеңсіз құбылыспен күресте мемлекет пен қоғамның күшін біріктіруге бағыт беретін «Қазақстан-2050» стратегиясы.

Еліміздің басты стратегиялық құжаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты одан әрі перспективті жоспарлауды айқындап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың кешенді шараларын сатылы іске асыруда басты орын алып отыр.

2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы қабылданған соң сыбайлас жемқорлық көріністерінің пайда болуының алдын алуға бағытталған профилактикалық шараларды пайдалана отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тәсіліне көшу айқын белгіленді. Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы превентивті шараларды іске асыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің негізгі қызметі.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, оған әкеп соғатын шарттар мен себептерді анықтау және барынша азайту сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесінің негізгі бөлігі.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қағидасы бекітілді. Аталған қағидаға сәйкес, әрбір мемлекеттік орган өз қызметіндегі сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарын жасауға әкеп соғатын жағдайлар мен себептер, шарттарын зерделеп, талдап, анықталған тәуекелдерді жою немесе барынша азайту бойынша шаралар алуы тиіс.

Мемлекеттік органдар мен ұйымдар қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау екі бағытта жүргізіледі: мекеме қызметін реттеуші нормативтік құқықтық актілердегі тәуекелдерді анықтау және мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Әкімшілік кедергілер, реттеуші құжаттары жоқ функциялар, қызмет алушы мен қызмет көрсетуші арасындағы тікелей қатынас, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілмеген «жасырын» қызметтер, нормативтік құқықтық актілердегі кереғарлық, кадр ауысушылығы, орган немесе ұйым қызметі механизмдерінің қоғам үшін жабықтығы немесе қиындығы жоғарыда аталған сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарын жасауға жол беретін алғышарттарды анықтау критерийлері.

Агенттіктің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті тарапынан 2017 жылы 25 мемлекеттік орган мен ұйым қызметіне талдау жүргізіліп, нәтижесінде 242 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталған болса, өткен жылы облысымыз бойынша 270 мемлекеттік орган мен ұйым ішкі талдау жүргізіп, оның қорытындысында 59 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталып отыр.

Бұл жағдай превентивті шаралар алу арқылы жемқорлықтың түп тамырын жоюға бағытталған ел саясатын іске асыруда мемлекеттік органдардың әлі де жұмыстануы қажет екенін көрсетеді.

Гүлнұр МЫРЗАҚАЕВА, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас

жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлық

профилактикасы басқармасының бас маманы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою

мемлекеттік органдар жұмысының негізгі бағыты

ДАМуҒА СЕРпІН БЕРЕДІҚазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп аталатын Қазақстан халқына арналған биылғы Жолдауында ел дамуына қатысты ең негізгі 10 басымдықты атады. Соның ішінде «Жемқорлықпен күрес және заң үстемдігіне» ерекше орын берген.

Елбасымыз Жолдауында жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес жалғасатындығын және мемлекеттік органдардағы процестерді, соның ішінде олардың халықпен және бизнеспен қарым-қатынасын цифрландыру маңызды болып саналатындығы атап көрсетілген. Азаматтар өз өтініштерінің қалай қарастырылып жатқанын көріп, дер кезінде сапалы жауап алатындығы басты міндет екенін атап өткен.

Сот және құқық қорғау жүйелерін институционалды тұрғыдан өзгерту жүзеге асырылып, заңнамаға қылмыстық процестегі азаматтардың құқықтарын қорғау ісі күшейтілуде. Әсіресе, қатаңдығын бәсеңдетуді көздейтін нормалар енгізілгенін, адвокаттардың құқықтары мен сотқа дейінгі сатыдағы сот бақылауының аясы кеңейгенін, құқық қорғау органдарының өкілеттілігі мен жауапкершілігінің шегі айқындалғанын айта келіп, болашақта азаматтардың конституциялық құқықтарына кепілдікті нығайту, құқық үстемдігін қамтамасыз ету, құқық қорғау қызметін ізгілендіру жұмыстарын жалғастыру қажеттілігін міндеттеп отыр. Бұл жарияланған Жолдаудың біздің еліміздің одан әрі қарай әлеуметтік, экономикалық дамуына серпін беретін маңыздылығы зор.

Аэлита БАйЖұМАшЕВА, аудандық әділет басқармасының

бас маманы.

Үндеу - кемел келешек кепілі Көптің көңілінен шықты

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Президенттің бес әлеуметтік бастамасы" атты халыққа Үндеуін ерекше қанағаттанарлық көңіл күймен оқыдым.

Өйткені жыл өткен сайын заман жақсарып келеді. Соған орай отбасылар саны да көбеюде. Мұның өзі баспанамен қамту қиындығын туындатуда.

Сол сияқты, ауылдық жерде еңбекақысы мардымсыз қызметтер көп. Аз қаржы басқа тартса аяққа жетпейтін қысқа көрпедей, мұндай мамандық иелерін қиындық құрсауынан босатпай қойып еді.

Енді студенттің біреуі тегін оқитын болса, қалайша қуанбайсың?! Ақылы оқуға жағдайы жоқ қаншама талапты жастар жүр арамызда. Олар жоғары білім алуға қол жеткізсе, елдің жарқын болашағы солардың қолында емес пе?

Әр отбасы өзін-өзі жұмыспен қамту үшін шағын несие беруді көбейту де көптің көңіліндегі жай еді. Газбен қамту халықтың тұрмыстық жағдайын жақсарта

түсері даусыз. Міне, осы көкейтесті жағдайларды дөп басқан Елбасы Үндеуі көптің көңілінен шығып отыр.

Дина МұҚАшЕВА, «Ажар» әйелдер қоғамдық бірлестігінің төрайымы.

Өмірлік маңызы бар бастамаЕлбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік

бастамасы» атты халыққа Үндеуінде қазақстандықтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, жалақысы төмен азаматтардың салық жүктемесін азайту, сапалы білім алудың қолжетімділігін арттыру, елімізді газбен қамтамасыз ету және шағын несие берудің мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері көтерілген.

Елбасының бұл бастамалары - елімізге, халқымызға жаңа серпін беретін ерекше әлеуметтік қадамдар.

Ол біздің еліміздің әрбір азаматына баспана, салық және білім жағынан жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталып отыр. Соның ішінде жастарға, студенттерге мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетілетіні қуантады.

Жалпы, халықтың әлеуметтік жағдайы бұрыннан да бар дүние. Десек те, қазір халқымыздың саны 18 миллионға жетті. Демографиялық ахуал жақсы,

жастарымыз өсіп келеді. Халық өскен сайын қажеттілік болады, оның бірі - тұрғын үй. «7 - 20 - 25» бағдарламасы өте ізгі бастама. Тұрғын үй алу үшін жылдық пайызы 7, бастамашылық

қазына - 20, жылдық мерзімі - 25 жылға дейінгі бағыт менің ойымша, халықтың әлеуетін көтеруге негізделген. Елбасының аталмыш Үндеуін уақытында айтылған тарихи мәнді дүние деп санаймын.

Рухолла САМАТОВ, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

Жоғары білім және жатақхана жағдайы жақсарады

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» Үндеуі халыққа жол тартқан болатын. Бұндағы жүзеге асқалы жатқан бес жоба да халықтың әл-ауқатын жақсартуға, тұрмысын дұрыстауға, білімін жетілдіруге, жұмысқа орналасуға, бизнесті қолға алуға мүмкіндік береді.

Орта білімнен кейін жоғары білім алуға, басқа қалаға оқуға түсуге жағдай жасау керек екенін үшінші бастамада айтты. Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттыру үшін жыл сайын бөлінетін 54 мың грантқа алдағы жылы тағы 20 мың грант қосымша беріледі. Бұл дегеніміз 20 мың түлекке тегін оқуға мүмкіндік. Әсіресе, өнеркәсіптік революция жағдайындағы жаңа экономикадағы зор сұранысқа ие жаңа мамандарды даярлаудың көрінісі.

Сонымен бірге, білім беру жүйесіне мән бере отырып, студенттердің тұратын жеріне жағдай жасауға тиісінше назар аудару қажет екенін баса айтты. Жатақхана мәселесі ең өзекті болғандықтан, оқу орындары мемлекет пен жеке меншіктің серіктестігі қағидасымен салуды қолға алуды тапсырды. Сондықтан, 2022 жылдың соңына дейін кемінде 75 мың орындығы бар жаңа жатақхана салуды міндеттеді.

Елбасымыздың қолға алған бастамаларының барлығы қоғамның бірлігін нығайтып, халқымыздың өмір сүру деңгейін көтеру деп білемін және қолдаймын.

Ақбала ӨТЕуОВА, Жаңақала ЖОББ мектебінің 11-сынып оқушысы.

Жастарға берілген мүмкіндік мол

Мен, өз елімнің патриоты ретінде еліміздің бүгіні мен ертеңіне бей-жай қарамай, үнемі еліміздегі жаңалықтарға құлақ түріп отырамын. Елбасымыздың сарабдал саясатын қолдай отырып, оның “Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері” атты Жолдауын, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын еліміздің болашағы үшін жазылған маңызды құжат деп білемін. Сондай-ақ, ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кеше ғана «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуін жария еткен болатын. 5 әлеуметтік бастама дер кезінде жарияланып, халық мүддесіне дөп келіп отыр деп ойлаймын. Соның ішінде «7-20-25» бағдарламасы арқылы халық 25 жылға 7 пайызбен несие алуға қол жеткізеді делінді. Несиені екінші деңгейлі банктер арқылы да алуға мүмкіндік туындайды екен. Қазіргі уақытта «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы ғана несие алып келген халқымыз, ендігі жерде қай банк ыңғайлы болса, содан жеңілдетілген несие ала алуы ұтымды шешім деп білемін. Ал «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» атты бөлімінде қазіргі бөлініп отырған 50 мың грантқа тағы да қосымша 20 мың грант бөлу керектігі айтылған. Бұл дегеніміз, биылғы мектеп бітіруші 20 мың түлектің арманы орындалады деген сөз. Жалпы, Елбасының бұл бастамасы шенеуніктер үшін емес, қарапайым халық үшін, жастар үшін жасалып жатырған оң қадам екені сөзсіз.

Мерей Есімов, Жаңақала ЖОББ мектебінің дене

шынықтыру пәні мұғалімі.

Page 4: 5 6 Жаңарған өңір · Игі тілекпен, аудан әкімі Наурызбай ҚАрАғойшИН. Шаруалардың басын қосқан жиын Ауданымызда

22 наурыз 2018 жылШешім 4

ЖОБА

Жаңақала аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы №15-4 «Жаңақала ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж

азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралыҚазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне,

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Жаңақала аудандық мәслихаты шЕшІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Жаңақала аудандық мәслихатының «Жаңақала аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы №15-4 «Жаңақала ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3415 болып тіркелген, 2014 жылғы 3 ақпанында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Жаңақала ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:

9 – тармақта:мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:«9) бас бостандығынан айыру орындарынан босаған азаматтарға табыстарын

есепке алмай, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде».2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (С.Успанова) осы шешімнің

әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы: Мәслихат хатшысы: З.Сисенғали

«Келісілген» Батыс Қазақстан облысы

әкімінің орынбасары Б. Қонысбаева

2018 жыл « » ___________

пРОЕКТО внесении дополнения в решение Жангалинского районного маслихата от 24 декабря 2013 года №15-4 «Об утверждении

правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся

граждан Жангалинского района»В соответствии с Бюджетным кодексом Республики Казахстан от 4 декабря 2008

года, Законами Республики Казахстан «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан» от 23 января 2001 года, «О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним» от 28 апреля 1995 года, «О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан» от 13 апреля 2005 года, и постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года №504 «Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан», районный маслихат РЕшИЛ:

Внести в решение Жангалинского районного маслихата от 24 декабря 2013 года №15-4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Жангалинского района» внесение изменений и дополнений в решение (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №3415, опубликованное 3 февраля 2014 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие дополнения:

в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Жангалинского района, утвержденных указанным решением:

в пункте 9:дополнить подпунктом 9) следующего содержания:«9) Гражданам освобожденным из мест лишения свободы без учета доходов в

размере 10 месячных расчетных показателей».2. Руководителю аппарата Жангалинского районного маслихата (С.Успанова)

обеспечить государственную регистрацию данного решения в органах юстиции, его официальное опубликование в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан.

3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

председатель сессии: Секретарь маслихата: З.Сисенғали

«Согласовано»Заместитель акима Западно

Казахстанской области Б. Конысбаева

« » _________ 2018 года

ЖОБАЖаңақала аудандық мәслихатының 2014 жылғы 13 наурыздағы №16-2 «Жаңақала ауданында аз

қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау

қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес аудандық мәслихат шЕшІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.Жаңақала аудандық мәслихатының 2014 жылғы 13 наурыздағы №16-2 «Жаңақала ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидасын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылы 2 сәуірде №3480 тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Жаңақала ауданындағы аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидасында:

8 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:Жеке меншігінде бір тұрғын жай бірлігінен артық тұрғын жайы немесе тұрғын

жайын жалға немесе жартылай жалға берген отбасыларға (азаматтарға) және үш жасқа дейiнгi баланы тәрбиелеп отырған, күтімге мұқтаж мүгедектерді күтетін тұлғаларды қоспағанда, еңбекке жарамды, бiрақ жұмыс iстемейтiн, оқымайтын және уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелмеген отбасы мүшелері бар отбасыларға тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.

2.Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

пРОЕКТ

О внесении изменений в решение Жангалинского районного маслихата от 13 марта 2014 года №16-2

«Об утверждении правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи семьям

(гражданам) в Жангалинском районе»В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года “О

местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан”, от 16 апреля 1997 года “О жилищных отношениях” и постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года №2314 “Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи” районный маслихат РЕшИЛ:

1.Внести в решение Жангалинского районного маслихата от 13 марта 2014 года №16-2 “Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Жангалинском районе” (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов №3480, опубликованное 12 апреля 2014 года в газете “Жаңарған өңір”) следующие изменения: в Правилах определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Жангалинском районе, утвержденных указанным решением:

пункт 8 изложить в следующей редакции:Семьи (граждане), имеющие в частной собственности более одной единицы

жилья или сдающие не предоставляется в случаях, если в членах семьи имеются трудоспособные лица помещение в наем (аренду) или поднаем, жилищная помощь не назначается. Жилищная помощь не предоставляется в случаях, если в членах семьи имеются трудоспособные лица, которые не работают, не учатся и не зарегистрированы в уполномоченном органе в качестве безработных, за исключением занятых воспитанием ребенка в возрасте до трех лет, лиц, осуществляющих уход за инвалидами, нуждающихся в уходе.

2. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования.

Жаңақала ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы.

Page 5: 5 6 Жаңарған өңір · Игі тілекпен, аудан әкімі Наурызбай ҚАрАғойшИН. Шаруалардың басын қосқан жиын Ауданымызда

22 наурыз 2018 жыл 5Тұлға

Мен алғашқы рет Сатқали Сапарұлын 1975 жылдың қазан айының соңғы күндерінің бірінде көріп едім. Сол жылы жоғары оқу орнын тәмамдап, ауданға жұмысқа келіп, мамандығым бойынша жұмыс жасап жатқан кезім болатын. Алғашқы рет аудандық комсомол комитетіне келіп, комсомолдық есеп-ке отырып, ендігі кетуге ыңғайлана берген кезде бір аға маған жақын келіп: «Сені аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы күтіп отыр, кіріп шығарсың» деді. Ол кезде аудандық комсомол комитеті Жаңақала аудандық комсомол жастарының есеп беру, сайлау конференциясына қызу дайындық үстінде екен. Хатшымен сөйлесе келе, ол кісі аудан комсомолдарының штабында жұмыс жасау қажеттігін айтты. Дәл сол кезде менің комсомол ұйымдар қоғамдық мекемесінде жұмыс жасайтындай іс-тәжірибем жоқ еді. Мен бар дұрыстығымды айтып, әлі де болса тәжірибемнің аз екендігін қаперіне бердім. Алайда, ол жуық арада аудан комсомолдарының есеп беру, сайлау конференциясының өтетіндігін айтып, аудандық партия комитетінің ұйымдастыру және партиялық жұмыстар бөліміне, содан кейін аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Сатқали Сапаровқа кіріп шығатынымызды ескертті. Көп әріге бармай аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы А.Төлегенқызы, аудандық партия комитетінің ұйымдастыру партиялық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Сатыбаев Мәжен ақсақал екеуі аудандық бірінші хатшының кабинетіне алып келді.

Үлкен кабинеттің төрінде отырған аудан басшысына мені таныстырды. Бір қарағанда жүзі суық, алды ауыр, жалпақ бетті, кең маңдайлы, шүңірек көзді, байсалды тұлғаның алдында болу маған да оңай болған жоқ. Әлден соң маған қарап:

-Аудан басқарып отырған маман кадрлардың барлығы да осы комсомол ұйымдарында тәрбиеленіп, тәжірибе жинақтаған адамдар. Қорқатыны жоқ, жұмыс жасау қажет. Тек қатаң тәртіп керек. Бара бер,-деп қадап айтқан сөзі әлі есімде.

Арада екі күннен кейін мен аудан комсомолдарының конференциясында аудандық комсомол комитетінің мүшелігіне сайланып, сол күні өткен ұйымдастыру пленумында аудандық комсомолдар комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушілігіне беркідім.

Сенім жоғары, артқа шегінер жол жоқ. Жауапкершіліктің қоршауында қалғанымды сонда сезіндім. Неден бастау керек? Нені істеу қажет? Осындай бағытта сансыз сұрақтар мені мазалай берді. Ең бастысы, кімнен ақыл-кеңес сұрау керек?

Маған партия, комсомол ұйымдарындағы жұмыстар-дың барлығы да бейтаныс, құпия еді. Қысылыстан жан-жағыма көз жүгіртіп байқасам, ақыл-кеңес беретін ағалар да баршылық. Аудандық партия комитетінің хатшыларын былай қойғанда, жауапкершіліктің жүгін арқалаған аға ұрпақ өкілдерінен бөлім басшылары мен нұсқаушылары: М.Сатыбаев, Н.Мақанов, А.Мусин, Т.Арыстанәлиев,

Ә.Такеев, Н.Есіркепов, Б.Аткешов, Ә.Хамзин, В.Мұқашева, Т.Мерғалиев. Комсомол комитеті тарапынан оның хатшылары мен жауапты қызметшілері: А.Жалмұқанова, Е.Әжібаев, С.Мұқанғалиева, А.Апақаев жолдастардың барлығы да өндірістен бай тәжірибе жинақтап, өздерін өмір мектептерінде шыңдаған, сан-қырлы жұмыстардың қай саласында да өз істерінің нағыз шеберлері екендеріне көзім жетті.

Сол кезде олар өздерінің алдында тұрған сан-қырлы саяси ұйымдастыру жұмыстарын шешуге қау-қарлы кадрлар еді. Оларды менің алғашқы ұстаздарым деп есептеймін. Мен үлкен өмірлік жұмысты осы адамдардан үйрендім, тәжірибе жинақтадым, сабақ алдым, өзіме жүктелген жұмыстарды барынша абыроймен, жауапкершілікпен атқара білдім. Уақыт өте келе шыңдалып, жетілдім.

1975 жылы осындай ортаға түскеніме мен өзімді бақытты адам деп санаймын. Түсінген адамға алдыңда ақыл-ойға қазына, кеңес беретін, жол ашып тұрар жан-жақты жетілген аға ұрпақ өкілдерінің болғаны қандай жақсы. Мен оларға қарыздармын. Бұл адамдардың барлығы да 1972 жылы наурыз айында құрылып, өз жұмысын тыңнан бастаған Жаңақала ауданының іргетасын қалаушы Сатқали Сапаровтың сан кадрлардың ішінен іріктеп, бірнеше ой елегінен өткізіп, сан-салалы партия комитетінің жұмыстарына лайықты деп қойған сенімді кадрлары еді. Кейінгі жылдарда аудан экономикасы қарыштап дамыды. Тек Сатқали аға басқарған 4 жыл ішінде ауданымыз дәулеті сәулетіне сай байырғы аудандардың қатарына қосылды.

Міне, осындай жетістіктеріміздің барлығы кезінде маман кадрларды таңдау, іріктеу, орналастыруда Сатқали Сапарұлының табанды қызметінің нәтижесі еді.

1975 жылы ауданға келген ең жас маман кадрлардың бірі мен болсам, бүгінде зейнеткер жасындамын. Өмірден түйгенім «жақсы ағаның қадірін, ақылын алып өмірде, жан жағыңа нұр шашып, биіктеп тұрсаң білерсің» дегендей, сол кезде маған қарсы қарап тұрып, қадап та шегелеп айтқан жасы үлкен ағаның сөздері менің жадымда әлі сақтаулы...

Теп-тегіс жазық жатқан байтақ дала,Төсіне қоныс тепкен Жаңақала.Өсіп-өніп, көркейіп, өркендей бер,Ғасырдан ғасыр асып ғасырларға.Бір сені бой түзеп, дамытуға,Арнаған сан еңбегін талай дана.Солардың бірегейі бір өзіңсің,Ержүрек, ер мінезді, өршіл аға.Төсінде еңбек еткен ерлерді айтсам,Істелген сан еңбекке жетпес баға.Халқының қалаулысы биік тұрар,Бұл күнде жарқырап тұр атың дара.

Тыныштық ӨТЕшҚАЛИЕВ, Жаңақала тұрғыны.

Белгілі қоғам қайраткері, «Құрмет белгісі», екі мәрте «Еңбек Қызыл Ту» орденінің иегері болған танымал тұлға Сатқали Сапаровтың туғанына 90 жыл.

Жақсының аты өлмейді

Адам - пенде. Пенде болған соң оның істеген ісінен, сөйлеген сөзінен, жасаған әрекеттерінен бір олқылық кету керек қой. Ал ондай жағымсыз қылықтары болмаса, ол адамды періште демегенде кім дейміз.

Белгілі қоғам қайраткері Сапаров Сатқали ағаның дүниеден озғанына қырық жылдан асқан екен. Біздің де ат тізгінін ұстап, қызметке араласқанымызға осы шама мерзім болыпты. Бұл аз уақыт емес.

Менің айтпағым, бірге қызмет атқарған азаматтар мен көз көргендердің аузынан қоғам қайраткері жөнінде осы жылдар ішінде бір ауыз теріс сөз шыққан емес. Қай ортада болмасын Сатқали аға ауызға алынса ол кісінің тек қана жақсылық жақтары айтылады. Қайран қалмасқа шараң жоқ.

Сатқали аға бұл фәниде бар болғаны қырық сегіз жыл жасаған екен. Оның он-он бес жылы балалық шақпен, 4-5 жылы оқу-тоқумен өтті десек, отыз жылға жетер-жетпес уақыты ғана қызметке арналыпты.

Сәкең еңбек жолын қарапайым ұжымшыдан бастап, кейін бірнеше аудандарда қаржы саласында еңбек еткен. Алматы қаласынан партия мектебін тәмамдап, облысымыздың Зеленов ауданында аудандық Кеңес атқару комитетінің төрағасы қызметінде болған.

Біздіңше Сатқали ағамыздың іскерлік, ұйымдастырушылық қабілетінің жарқырай көрінген кезеңі Тасқала, Жаңақала аудандарын басқарған жылдары ғой дейміз.

Әсіресе, біздің Сәкеңді біліңкірейтін кезіміз 1972 жылы 10 наурызда қайтадан шаңырақ көтерген Жаңақала ауданын басқарған тұсы.

Өте зерделі, білімді, байсалды басшы мол пішілген кескіні, қарапайым мінезі, кісілік келбетімен өз аймағына ұнай білген.

Сәкең ауданды басқарған қамшының сабындай қысқа мерзімде өңірдің ұзақ жылдарға арналған жоспарын жасап үлгерген екен.

Кейін аудан тізгінін ұстаған екі інісі отыз жылдан астам уақыт бойы Сәкең жасаған бас жоспармен жұмыс жасап, оны одан әрі дамытып, ауданды бүкіл Одақ көлеміне танытты. Аудан есімін республиканың Алтын кітабына жаздырды.

Сәкеңнің кеңпейілділігін өзімен қызметтес болған бір інісі айтқан әңгімесімен толықтырайын.

Аудандық партия комитетінің бюросы өтіп, бір шаруашылықтың механизаторын партия мүшелігіне кандидаттыққа қабылдап жатса керек. Әдетте тәртіп бойынша сол шаруашылықтың партия ұйымының хатшысы үміткердің өмірбаянымен бюро мүшелерін таныстырады.

Хатшы үміткерді «1949 жылы дүниеге келген, әкесі майданда қайтыс болған, анасы бар» деп әрі қарай еңбек жолын толық айтып өтіпті.

Сәкең асықпай үміткердің жұмыс жоспары төңірегінде бірер сұрақ беріп, мүшелікке өтуге жақсылап дайындалу жөнінде тапсырма берген де, баруына рұқсат еткен.

Үміткер шығып кеткен соң ойында ешнәрсе жоқ алаңсыз отырған хатшыны көтеріп, аса салмақты түрде, дауыс көтермей, түсін бұзбай: «Сіздің аймақта соғыс 1949 жылға дейін созылды ма, сөздеріңізге абай болмайсыз ба?» дегенде хатшының тұла бойын тер жуып, орнына сылқ етіп отыра кетіпті.

Сәкең елуге жетпеген ғұмырында «Құрмет Белгісі», екі мәрте «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен марапатталған.

Осы жылдар ішінде Сәкең жұбайы Кенжеғаным апаймен бірге он перзент тәрбиелеп өсіріп, соңына қыруар ұрпақ қалдырды. Бір ұлы Сапаров Табылғали әке жолын қуып, үш ауданды басқарып, облыс әкімінің орынбасары, облыстық мәслихат хатшысы лауазымына шейін көтерілді. Республика Парламентіне депутат болып сайланды.

Сатқали ағамыздың әріптесі, белгілі қоғам қайраткері, ақын Егізбаев Рахметолла ағамыздың Сәкең дүниеден өткенде арнаған өлеңі бар. Жанры өлең демесең тұтас бір поэманың жүгін көтеретін дүние. Сол шығармада Сәкеңнің бар болмысы түгел көрсетілген.

Қысқа ғана ғұмыр, қайтерсің бір кем дүние. Қазір Сәкеңнің атында Тасқала, Жаңақала ауылдарында көше бар.

Есімі елге танымал тұлғаның асыл бейнесі, жақсы істері халқымен бірге жасай беретін болады.

Закария СИСЕНҒАЛИ, Жаңақала аудандық мәслихатының хатшысы, Қазақстан Журналистер

одағының мүшесі.

Елге тұлға болған азаматТарихы дәстүрлі Жаңақала ауданы

1972 жылдың наурыз айында қайта құрылған болатын. Бұл уақытта мен Алматы қаласының Жоғарғы партия мектебін бітіріп келіп, көршілес Ақжайық ауданының партия комитетінде үгіт-насихат бөлімін басқарып жүрген едім. Ақжайық ауданында қызмет атқарып жүрген кезімде, облыстық партия комитеті-нен арнайы қоңырау шалынып, мені қайта құрылғалы жатқан Жаңақала аудандық партия комитетінің үгіт- насихат бөлімін басқаруға жібергелі жатырғандығы айтылды. Сонымен, әр салада қызмет жасаған жеті ауданның кадрлары жиналып, Жаңақалада кездестік. Бұның алдында мен Тасқала аудандық партия комитетінің І хатшысы болған Сатқали Сапарұлымен кездескен едім. Бұрын ешқандай таныстығымыз да, жақындығымыз да жоқ біз, бірінші кездесудің өзінде-ақ, сөзіміз бен ойымыз бір жерден шығып, бір-бірімізбен тез тіл табысып кеттік. Кейін ол «Ақжайық ауданынан келген Н.Мақанов деген бір жігіт бар, көп жұмыстан хабардар. Жұмыс бағытын содан сұраңдар» деп, әртүрлі саладағы басшыларды немесе кадрларды маған жолдай-тын еді. Осылайша С.Сапарұлы-мен таныстығымыз ауданымызды көркейтіп, дамыту жолында өз жалғасын тапты.

Жаңадан құрылған Жаңақала ауданында 1972 жылдың 28 наурызында аудандық партия комитетінің кезекті конференциясы өтті. Аталмыш конференцияда С.Сапарұлы бірінші, О.Габдушев екінші, Е.Насыров үшінші хатшы болып сайланса, бөлім бастықтары болып М.Ирманов, Н.Мақанов және Қ.Мұқанбетов бекітілді. Осы тағайындалған басшылармен бірлесе отырып, кеңшарлар мен мекеме жанындағы бастауыш партия ұйымдарын тәртіпке келтіріп, ай сайын өтетін партия жиналыстары мен саяси сабақтар да жолға қойылып, бірден жұмысқа кірістік. Сол кездері Сатқали Сапарұлы Республикалық автомобиль және тас жолдар министрі Л.Б.Гончаровты ауданымызға депутат етіп сайлауға себепші болып, оның көмегімен аудан орталығында 450 орындық мәдениет үйін, 740 орындық жаңа үлгідегі орта мектепті және қонақ үй салуды қолға алды. Сонымен қоса Қара өзен мен Сары өзеннің үстінен көпірлер де салынды.

Ол кездегі мекемедегі жұмыстар өз алдына, сенбі, жексенбі күндері қызу сенбілік, жексенбіліктер ұйымдастырып тұратын еді. Тазалық айлықтарында бөлімше, шопан, малшыларға барып, ондағы мал орындарын тазалау, мал азығын даярлау сынды жұмыстарға қолма-

қол көмектесетін едік. С.Сапарұлы партия, шаруашылық

ісін жетік білетін, өте қарапайым басшы болатын. Үлкенмен де, кішімен де салмақты түрде пікірлесіп, олардың да ой-пікірін ескеріп отыратын. Өкінішке орай, сондай жанның өмірі қысқа болды. Ол 1976 жылы 5 желтоқсанда, яғни 48 жасқа қараған шағында дүние салды. Ол бақилық болар алдында маған естелікке фотосын сыйлап, оның артына «Қиын кезең, қызу жұмыс, Жарқын болашақтан ескерткіш» деп жазып беріп еді. Шынында да, сондай жайды бастан кешіп, сол кездегі бірқатар көшесі ғана бар кеңшар орталығының бүгінгі күні үлкен қалаға айналғанын көріп отырмыз.

Кейін ауданымыз мал шаруашылығын, мәдениетін, өнерін дамытып, бірнеше рет Одақтық, республикалық социалистік жарыс жүлдегері де атанды. Осы істердің бастамасын ұйымдастырып, оған бағыт-бағдар беруде С.Сапарұлы елге үлгі болар ерен тұлға болды. Әрине, Сәкеңнің ел үшін еткен зор еңбегін шағын бір мақалаға сыйдыру мүмкін емес. Бұл жазып отырғаным ауданымызды дамытуға сүбелі үлес қосқан, білікті де, білімді басшы туралы бір үзік қана естелік.

Нәсіпқали МАҚАНОВ, партия жұмысының ардагері, зейнеткер.

Ағаммен алғашқы кездесу

Page 6: 5 6 Жаңарған өңір · Игі тілекпен, аудан әкімі Наурызбай ҚАрАғойшИН. Шаруалардың басын қосқан жиын Ауданымызда

22 наурыз 2018 жыл

Жаңарған өңір 6 Салт-дәстүр

Жанға жылу сыйлаған мерекеСәрсенбінің ақ таңы қылаң

бере далиған Жаңақала даласы да керемет күйге, әсем кейіпке енді. Маңызы зор мереке жан біткенді қуанышқа, шаттыққа бөлегендей. шаңырағы шайқалмай, түтіні түзу ұшқан әр үйдің қазан-ошағы оттан түспей, онда бауырсағы мен ет-сорпасы бұрқылдап қайнап, қас-қағым сәтте төңірек түгелдей мәре-сәре күй кешті. Бала-шағаның қуаныштары тіптен бөлек. Басқа өңірдегілерді білмедім, біздің елде еңбектеген баланың да, еңкейген кәрінің де асыға күтетін қастерлі мерекесі – көрісу айт. Себебі, бұл туысқандықтың, бауырмалдықтың, елдіктің, жалпы адами асыл қасиеттердің жалауы биікте желбірейтін күн.

14 наурыз батыс өңірлерінде - Көрісу айты. Күн мен түн теңелер әз-Наурыз мерекесіне тура бір апта қалғанда тойланатын амал мерекесі. Қыстан қысылып шыққан ағайын дәл осы күні жақындары, дос-жарандары, тамыр-таныстарын аралап, бір-бірімен төс қағыстырып, амандық-саулық сұрасады. Мейраммен құттықтап, арқа-жарқа болып айтшылап, бір-бірінің үйінен дәм татады. Көрісу таңын қарсы алған әрбір үй ертемен есіктерін ашып қойып, жақсы тілектер тілейді. Ауыл тұрғындары ерте тұрып, елең-алаңнан жасы үлкен адамдарға сәлем береді. Көрші-көлем бір-біріне «Жасың құтты болсын!», «Жасыңа жас қосылып, ғұмырың ұзақ болғай!» деп тілек айтады. Көрісу күні бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылады. Көрісу - тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, сондай-ақ, жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін тағылымды дәстүрдің шынайы көрінісі. Өйткені, көрісу салты бір күннің аясымен шектеліп қалмайды, жыл бойы жалғаса береді. Әлдеқандай себептермен 14 наурыз күні болмаған немесе сырт жақта жүрген кез келген адам ауылға жолы түскен бойда ауылдағы үлкен кісілердің қолын алып,

сәлем береді. Биыл бұл күні аудан тұрғындары мен

қонақтары Достық алаңына жиналып, мерекелік концерттік бағдарламаны тамашалады.

Мерекеге сай безендірілген Достық алаңында 3 ақшаңқай киіз үй және тайқазан құрылыпты. Мереке бас-талғанша қазақтың ән-күйлері алаңда шалқып тұрды. Аудан тұрғындары мен көркем өнерпаздардың ұлттық нақыштағы киіп келген киімдері тіптен тамаша еді.

Ұлттық киімде қос бұрымдары өріліп, шолпы және шашбаулар, бастарына гүл шоқтарын таққан «Нұрбибі» би ансамблінің бишілері «Көктем қыз» композициясын сомдай келе, Н.Тілендиевтің «Арман» күйіне би билеп, шараның шымылдығын ашты. Мұнан кейін аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин құттықтау сөз сөйлеп, мерекенің маңызына тоқталып, аудан тұрғындарына ізгі тілегін арнады.

2018 жыл Жаңақала ауданы мәдениеті үшін жағымды жаңалыққа толы болды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2018 жылғы 13 ақпан №41 бұйрығымен Көпжасар ауылдық мәдениет үйі жанындағы «Ақ әжелер әуені» әжелер ансамбліне және Жаңақазан ауылдық мәдениет үйі жанынан құрылған

«Вокалды аспаптар» ансамбліне «Халықтық» атағы берілсе, аудандық мәдени демалыс орталығы жанынан құрылған «Нұрбибі» би ансамбліне «Үлгілі» атағы беріліп, мәртебемізді көтерген болатын. Осыған орай облыстық халық шығармашылығы орталығының халық шығармашылығы бөлімінің басшысы Есенгелді Молдағалиев сахна төріне көтеріліп, жаңақалалықтарды құттықтады. Сосын Е.Молдағалиев ансамбль жетекшілері И.Әлекешов, Л.Баймулдина,

Л.Қанатоваларға салтанатты түрде куәлік табыс етті. Бұдан соң ауданның талантты өнерпаздары күмбірлеген күй орындады. Артынша «Қырықтың бірі – Қыдыр» демекші, «Қыдыр ата» ортаға шығып, ел-жұрттың амандығы, тыныштығы үшін Жаратқаннан береке мен молшылық тілеп, ақ батасын берді. Кейін қолдарына оттық алған «Айзере» әжелер ансамблінің мүшелері «Алас» ырымын жасады. Сондай-ақ, аудандық мәдени демалыс орталығының көркем өнерпаздары жырдан шашу шашып, қазақтың салт-дәстүрін дәріптейтін көріністер қойды. Сосын алаңға ауыздығымен алысқан арғымақ мінген жас жігіт келіп, елдің делебесін қоздырды. Бұл тұста жарапазан

айтылып, көрермендерге дәм ұсынылды.

Сонымен қатар, «Рухани қазына» жобасы аясында арнайы құрылған киіз үйлерге аудан басшысы Н.Қадырбайұлы бастаған аудан тұрғындары және Орал қаласынан келген өкілдер бас сұғып, тарихи, мәдени, рухани бағытта өткізілген шараларға куә болды.

Мәселен, аудандық музей мен Дина Нұрпейісова атындағы өнер тарихы музейінің «Білім ордасы» киіз үйінде жергілікті өлкентанушылар өңір тарихын әңгімелеп, Әйіп қажы туралы сыр шертті. Келесі аудандық мәдени демалыс орталығының «Рухани қазына» киіз үйінде «Өнерін сыйлаған өрге, дәстүрін сыйлаған төрге шығады» атты рухани жоба оздырылды. Мұнда көрісу айт мерекесін бейнелейтін шағын көрініс қойылып, «Тұсаукесер» ырымы

жасалды. Тұсауын кескен жас сәбиге еңбек ардагері Т.Өтешқалиев ақ батасын берді. Қонақтар жағы көл-көсір ақ дастарқаннан дәм ауыз тиіп, ән мен күйге құлақ түрді. Жобаның мақсаты - ата-бабаларымыздың рухани және материалдық мәдени құндылықтарын жас ұрпақтың бойына сіңіру. Бұдан соң мерекелік шара аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйе-сінің «Атадан қалған асыл мұра» киіз үйінде «Бір ауыл – бір отбасы» атты

кітапханалық жобамен жалғасты. Оның мақсаты – ауылдағы қарапайым отбасылардың елменен біте қайнасқан тыныс-тіршілігімен танысу, бірлігі жарасқан шаңырақ иелерін үлгі тұту, өнегелі өмір жолдарын насихаттау. Бұнда арнайы жасақталған «Тал бесіктен жер бесікке дейін» атты кітап көрмесі таныстырылып, «Ерулік», «Босаға майлау», «Қамшы ілу» секілді қазақтың салт-дәстүрлері сахналанды.

Сонымен қатар, ашық алаңда ұлттық ойындар ойнатылды. Мерекелік шара Қуанышбек Айдарбеков шырқаған «Мерекем» әнімен мәресіне жетті.

Алтынбек СЕРІКҚАЛИұЛЫ.

Майра Тәтенова, Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапхананың әдіскері:

- Баршаңызға бүгінгі көрісу айт мерекесі құтты болсын! Қалың ел болып айдан айға, жылдан жылға аман-есен жете берейік.

Алыстағы ағайынды жақындатып, өкпе-ренішті тарқатып, адамдарды татулыққа, бірлікке, ұйымшылдыққа ұйыстыратын осы бір тамаша дәстүрді өскелең ұрпаққа паш ету мақсаты өңірімізде соңғы жылдары ерекше қолға алынды. Көрісу мерекесінің маңызы артып, кең көлемде тойланып келеді.

Бұндай маңызды мерекеге орай ұйымдастырылған шараның берері мол. Өскелең ұрпақ үшін тәлім-тәрбиенің бастауы деп ойлаймын. Әр қазақтың баласы салт-дәстүрін жетік біліп өссе, нұр үстіне нұр ғой. Егемен еліміз қарыштап дамып, тасы өрге домалап, жасай берсін!

Перизат Мирамғалиева, аудандық мәдени демалыс орталығы балалар мен жастар

бөлімінің меңгерушісі:-Көрісу айт – ықылым заманнан бері келе жатқан қазақ

халқының салт-дәстүрлерінің бірі. Бұл мереке біздің батыс аймақта, дәлірек айтсақ маңғаз өлке Маңғыстау облысында жақсы сақталған. Себебі, Маңғыстау нағыз қаймағы бұзылмаған қазақтың ордасы. Сонымен қатар, Орал өңірінде де әлі күнге дейін маңызын жоймай келе жатыр. Кезінде 70 жыл Кеңес одағына тәуелді болсақ та, осы дәстүріміздің бұзылмағанына, оның сақталғанына қуанамын. Жалпы, соңғы жылдары халқымыздың салт-дәстүрі, көрісу айт мерекесі өте жақсы жанданып келеді. Бұл күнді аудан көлемінде ауқымда шара етіп ұйымдастырып, думандатып жатқан ағайынға мен өте ризамын.

Page 7: 5 6 Жаңарған өңір · Игі тілекпен, аудан әкімі Наурызбай ҚАрАғойшИН. Шаруалардың басын қосқан жиын Ауданымызда

Жаңақала ауылдық округ әкімдігі, аудандық мәде-ниет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен, аудандық мәдени дема-лыс орталығының ұйым-дастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, 8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында «Жаңақала келіні - 2018» келіндер байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты - ежелден қазақ келінде-ріне тән әдемілік пен әдептілік, ізеттілік пен сыпайылық, еркелік пен ұстамдылық, инабаттылық сияқты асыл қасиеттерді насихаттау. Сондай-ақ, бүгінгі заман талабына сай ой-танымдары жоғары, ана тілін жетік білетін, туған

халқының салт-дәстүрлерінен, тұрмыс-салтынан, қолөнерінен, ән-күйінен хабары бар, көрікті де өнерлі, ісмер де зерделі келіндерді анықтау болды.

Байқауға ауданымыздағы түрлі сала, мекемелерде қызмет ететін 20-35 жас аралығындағы келіндер қатысып, бақ сынады.

Қатысушылар алғашқы «Сымбат - көрік сынымен» бөлімінде өзін һәм әулетін мағыналы да әсерлі жыр шумақтарымен таныстырса, «Білгенге маржан» бағамында салт-дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап берді. Мұнан соң «Қолы алтын» кезеңінде келіндердің ұлттық тағам дайындаған сәттерін бейнеролик арқылы көрсетті. Олар алдын ала «Ғайса» мейрамханасында нан жазу бойынша сайысқа түскен екен. Десек те, осы бөлім бойынша әділқазылар алқасының берген бағалары көпшіліктің көңілінен шықпады...

Соңғы «Өнегелі де өнерлі» бөлімінде келіндер өз өнерлерін паш етіп, ән мен жырдан шашу шашты.

Байқау нәтижесінде Қ.Жантілеуов атындағы аудандық саз мектебінің домбыра сыныбы оқытушысы Амангүл Сисенова бас жүлдеге лайықты деп танылды. I орынды «Балбөбек» бөбекжай балабақшасының аспазы Камшат Гумарова, II орынды аудандық орталық аурухана медбикесі Динара Дәулетова, III орынды аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы Құндыз Қадырбаева иеленді.

Байқау жеңімпаздары арнайы дипломдар мен шағын естелік сыйлықтармен марапатталды.

Қ.ҚұМАРОВ.

5 наурыз күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Орамал – отанасының басындағы байрақ атты рухани сыр-сұхбат кеші өтті. Шара аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен және аудандық мәдени демалыс орталығының ұйым-дастыруымен оздырылды.

Бұл кештің мақсаты – ұлттық мәдениетіміздің көрінісінің бірі орамал арқылы халқымыздың салт-дәстүрі мен отбасылық құндылықтарын насихаттау, ұлттық болмысымыздың мәнін ұғындыру. Ұлтымыздың ар-ұяты әйел аналарымыздың намысымен өлшенетінін, орамал - қазақ әйелдерінің айнасы екендігін түсіндіру. Дәл осындай бағыттағы шаралар Қырқопа, Пятимар, Қызылоба ауылдарында ауылдық округ әкімдерінің қолдауымен өткен болатын.

Арнайы орамалдың қадір-қасиетін, киесін әйелдер қауымына, қыз-келіншектерге түсіндіру мақсатында, оларға ақыл-кеңестерімен бөлісуге шақыртылған ауылымыздың ақ жаулықты аналарымыз қонақ болған еді. Ал аудандық шараға көптің құрметіне бөленген аналар Н.Өтешова, Б.Әліпқызы, Р.Кежекейқызы, А.Танзенова, Г.Қазбекқызы, Г.Тұрланқызы қатынасты.

Кеш жүргізушілері бұл кештің мәнін, мақсатын айқындап, арнайы дайындалған бейне көріністі көрермендер назарына ұсынды. Шақырылған әжелерімізге сахна төрінен орын беріп, көрермендерге таныстырды. Әрмен қарай кешіміз сыр-сұхбатқа ұласты. Ақ жаулықты аналарымыз орамалдың

қасиетін, бүгінгі әйелдердің орамал тартпайтынын, оның тарихына, салт-дәстүрімізде алатын орнына тоқталды. Жүргізушілер тарапынан қойылған сұрақтарға ұтқыр жауаппен, келген көрерменнің көңіліне ой салатын әңгімелер өрбіді.

-Орамалдың қасиетін айта берсең ұшан-теңіз. Сондықтан қазақтың тек қана «кие» деген бір ауыз сөзімен жеткізуге болады. Кие деген үш әріптен тұратын қасиетті сөз қазақтың басында емес, шашында болады дейді. Сондықтан, шаш жасырын түрде, орамалдың астында тұруы керек,-деп ардагер ұстаз Р.Кенжекейқызы қыз-келіншектерге кеңесін айтты.

Осы шараға «Жаңақала келіні - 2018» келіндер сайысында бақ сынайтын 11 келін арнайы қатысқан болатын. Келіндерімізді ортаға шақырып, «Айзере» әжелер ансамблінің белді мүшесі Балдай Әліпқызынан ақ батасын беру сұралды. Сонан соң, келіндерімізге осы сайысқа демеушілік танытып отырған «Мұса» шаруа қожалығының басшысы Тілеген Мусин сыйға тартқан ақ орамалдар табысталды. Кеш әдемі әндермен әрленіп отырды. Кешке арнайы орамалдар көрмесін ұйымдастырған, «Салтанат» сауда үйінде орамалдар коллекциясын халыққа ұсынатын жеке кәсіпкер Ә.Боранбайқызы қатынасқан еді. Ол сайысқа қатысушы келіндердің біреуіне орамал тағудың үлгісін көрсетіп, жаңа стильдегі тюрбанды сыйға тартты. Сонымен қатар, көпбалалы ана А.Қадірқызына өз атынан орамал ұсынды.

Шара барысында түйткілді ойлар, мәнді әңгімелер, маңызды кеңестер айтылды. Ардагер әжелеріміз бұрынғы кезде сәнді, әртүрлі нақыштағы орамалдарды табу қиын болғанын, қазір заманауи үлгідегі түрлі

орамалдарды қыз-келіншектеріміз тағып жүрсе нұр үстіне нұр боларын тілге тиек етті.

Шақырулы қонақтарға «Жаңақала-Несие» ЖШС кредиттік серіктестігінің басшысы Т.Қуанұлының атынан гүл шоқтарын тарту етсе, «Сәнәділдәу» жеке кәсіпкерлігінің иесі Ә.Жанболатұлы атынан қонақ кәде ретінде ақ орамалдар сыйлады.

Кеш жаһандану дәуірі болса да қазақтың келіндері, аналары орамалды басынан тастамаса деген тілекпен Е.Ихсанованың орындауындағы «Мен сыйға тартқан орамал» әнімен қорытындыланды.

Айтолқын АСҚАРҚЫЗЫ.

7 наурыз күні аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай ауданның дамуына үлес қосып жүрген әйелдер өкілдерін және көпбалалы аналарды қабылдады. Жиын басында аудан әкімі қабылдауға келген әйелдер қауымын көктемгі мерекелерімен құттықтап, жүрекжарды тілегін жеткізді. Сондай-ақ, аталмыш кездесудің құрметті қонағы болып келген аудандық мәслихат хатшысы З.Сисенғали, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Ш.Әбуғали, «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Р.Саматов және «Жаңарған өңір» газетінің редакторы Ө.Ақбасов ақ жаулықты аналар мен ару қыздарға арнап игі тілектерін айтты. Одан әрі құрметке бөленген аналар мен арулар аудан әкімі мен

ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып, бастан өткізген қызықты да, қиын кездері туралы сыр бөлісіп, пікір алмасты. Кеш соңында жиынға келген әйелдер қауымы аудан әкімінің алғыс хаты мен естелік сыйлықтарына ие болып, естелік суретке түсті. Нәзік жандылармен өткен мерекелік қабылдау аудан өнерпаздарының дайындаған «Анаға тағзым, Анаға құрмет» атты мерекелік концертке ұласты. Бұл жерде ауданымыздың көпбалалы аналары «Алтын алқа» және «Күміс алқа» марапаттарымен марапатталып, аудандық мәдени демалыс орталығының ер азаматтарының өнерлерін тамашалады.

Н.ҒАББАС.

7Жаңарған өңір

22 наурыз 2018 жыл АқпаратАрулар аудан әкімінің

қабылдауында

"Орамал – отанасының басындағы байрақ"

Жаңа әлеуметтік көмекті тиімді пайдалану керек2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап

көпбалалы және аз қамтылған отбасылар үшін жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек енгізілген болатын. Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайызынан төмен отбасыларға тағайындалуда. Қаңтар айынан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі 11147 теңгені құраса, 1 сәуірден бастап бұл көрсеткіш 14142 теңгеге өседі. Яғни, жаңа форматқа сәйкес төленетін атаулы әлеуметтік көмекке 2018 жылдың қаңтар айында табыс

көзі асып, ілікпей қалған отбасыларға берілетін мүмкіндік. Әлеуметтік көмек алуға құжат тапсырған азаматтарға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде беріледі. Жаңа форматтағы АӘК алу үшін қосымша мәліметтер мен керекті құжаттар тізімін ауылдық округ әкімдігіне немесе аудандық жұмыспен қамту бөліміне жүгіну арқылы біле аласыздар.

2018 жылдың қаңтар айына сәйкес құжаттары тапсырылып, әлеуметтік көмекке Бірлік, Қызылоба, Пятимар ауылдық округтерінен

іліккен отбасылардың мәліметтері төмендегідей:

Бірлік ауылдық округі бойынша 6 отбасы, жалпы саны 27 адам әлеуметтік көмек алуда. Бұл отбасылардың барлығы шартты ақшалай көмекке ілігіп, отбасылардың еңбекке жарамды 9 мүшесі жұмыспен қамтылды.

Қызылоба ауылдық округінде 8 отбасы, яғни 41 адам шартты ақшалай көмекті алып жатса, оның ішінде 8 адам жұмыспен қамтылды.

Пятимар ауылдық округі бойынша 7 отбасы шартты, 1 отбасы шартсыз

ақшалай көмек түріне ілікті. Отбасылардың адам саны 33 және еңбекке жарамды 8 мүшесі жұмыспен қамтылды.

Үкімет әлеуметтік аз қамтылғандарды елеусіз қалдырған емес. Жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмек аз қамтылғандардың кәсіппен айналысып, кедейшілік деңгейінен шығуына, отбасы жағдайын жақсартуына мүмкіндік беретін материалдық қолдау. Сондықтан осы қолдауды тиімді пайдалану қажет.

Қамбар АҚБАСОВ.

«Пай-пай, шіркін, ауылдың келіндері-ай!»

Page 8: 5 6 Жаңарған өңір · Игі тілекпен, аудан әкімі Наурызбай ҚАрАғойшИН. Шаруалардың басын қосқан жиын Ауданымызда

22 наурыз 2018 жыл8

Қ а з а қ с т а н Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасында сот билігінің тәуел-сіздігін арттыру, соттардың қолжетім-ділігімен түрлі дау-дамайлардың тез әрі әділ шешілуімен қатар, халықаралық талаптарға толық жауап беретін қазақстан-дық

сот жүйесін құру көзделген. Осы ретте, сот жүйесінің ашықтығы мен қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында енгізілген бастамалар жыл сайын жаңартылып келеді. Нәтижесінде, Қазақстандық сот жүйесі дамудың жаңа сатысына көтеріліп, бұрын соңды тәжірибеде болмаған заманауи технологиямен толығуда. Атап айтқанда, «Төрелік» ақпараттық жүйесі, «Сот кабинеті» сервисі, «Электронды шақыру қағаз», «Сот құжаттарымен танысу», «SMS-хабарлама» сервисі, «Талдау» форумы, сот органдарымен байланысу CALL-орталығы, сенім телефоны, дыбыс-бейне жазатын құрылғылар, бейнеконференция арқылы сот төрелігін жүзеге асыру секілді қызметтер бүгінде сот жүйесінің ажырамас бөлігіне айналып үлгерді.

«Сот кабинеті» - бұл электрондық ақпараттық сервис, ол сот органдарының онлайн сервисіне қолжетімді бірыңғай терезе болып табылады. Азаматтар немесе заңды тұлға өтініш, арыз, шағым және электронды түрдегі өтінімдерді сотқа әзірлеуге, жолдауға, одан әрі істің қаралу барысын бақылауға және мемлекеттік алымдарды онлайн әдісімен төлеуге мүмкіндіктері бар. Ол үшін әрбір сотқа жүгінген азамат сот кабинеті арқылы арыз беру үшін халыққа қызмет көрсету орталығынан электронды цифрлы қолтаңба алуы қажет.

Мәселен, сотқа жүгінушілер сенімхатты рәсімдеу үшін бұрынғыдай нотариусқа барып әуреге түспей-ақ, электронды түрде бірден сотқа жолдай алады. Қызметті пайдалану үшін алдымен «Сот кабинетіне» тіркеліп, ондағы «Электронды сенімхат» бөліміне өту керек. «Сенімхат» ашылған соң, «Қосу» түймесін басып, сенімхатпен қоса тиісті деректерді толтыру қажет. «Электронды сенімхат» қызметі ҚР Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес әзірленген. Сенім білдірушінің өз атынан өкілдік етуі үшін екінші адамға (сенім білдірген) берген жазбаша уәкілдігі сенімхат деп танылады. Азаматтық процестік кодекстің 61-бабы, 1-бөліміне сәйкес, сенімхатты сенім білдірушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электронды құжат нысанында рәсімдеу көзделген. Электронды сенімхатты бірнеше сенімді өкілге беруге болады. Сенімді өкілдер саны заңмен шектелмейді. Электронды сенімхатты тоқтату Азаматтық кодекстің 170-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

Бүгінде, еліміздегі соттардың барлығы бірыңғай электрондық құжат айналымына толықтай көшті деуге болады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай бұл қызмет түрімен сотқа жүгінушілер өзіне ыңғайлы уақытта, қалаған жерінен онлайн режимде сотқа тиісті арызын бере алады. Яғни, адамды әуре-сарсаңға түсірмейді. Ал, осы жүйе арқылы қағазбастылық деңгейін азайту сот үшін оңтайлы болып отыр. Сондай-ақ, бұл судьялар мен арызданушының жүзбе жүз кездесуінің алдын алып, сәйкесінше сыбайлас жемқорлықтың жолын кеседі. Жалпы, бұл жаңашылдықтар сот пен іске қатысушы адамдардың жұмысын едәуір жеңілдетіп отыр.

Алтынбек шАйХИЕВ, аудандық соттың

бас маманы.

ҚҰЖАТТАРДың ЭЛЕКТРОНДы МҰРАҒАТыҚоғамда мұрағаттың жұмысы туралы ақпарат көп емес. Мұрағатшының

жұмысы көзге көрінбейтін болғандықтан және осы жұмыстың маңыздылығы мен жауапкершілігі жөніндегі насихаттың жеткіліксіздігі оған деген қызығушылықты арттыра алмай тұрғанын да несіне жасырамыз. Мұрағат туралы айтар болсақ, ақын Мұқағали Мақатаевтың «Шаң басқан архивтерден табылармыз» деген жыр жолы ойға оралады.

Қазақстан Республикасының барлық сот органдарында 2007 жылдан бастап қолданысқа енгізілген «Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық талдау жүйесі» бағдарламасы жетілдіріліп, бүгінгі күні сот құжаттарының айналымы «Төрелік» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылуда. Аталған жүйе арқылы сот органдарындағы іс құжаттарын тіркеу, шығыс құжаттарын жолдау, ішкі құжат айналымын бақылау, оларды ведомстволық мұрағатқа өткізу - барлығы электронды тәсілмен жүзеге асады. Бір сөзбен айтқанда, сот органдары қызметкерлерінің (кеңсе қызметкерлері, мамандар, сот мәжілісінің хатшылары, судьялар) сотта іс жүргізумен байланысты міндеттерін орындаудың тетіктері қамтамасыз етілген. Осы жерде «Сот құжаттарының электронды мұрағаты» ақпараттық жүйесін дамыту және ақпараттық технологияны енгізу бағытындағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының орынбасары Қ.Елібаев бекіткен нұсқаулықтың тиімділігіне тоқтала кетуді орынды деп ойлаймын.

Сот істерін мұрағатқа берудің дайындық кезеңінде сот актісі (үкім, шешім, қаулы) шыққаннан кейін және сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін сот мәжілісінің хатшылары іс бойынша картотеканың «Шешім» бөлігін толтырып, істің кеңсеге өткізілген уақытын қояды. Сосын салыстыру жүргізген маман «Мұрағатқа жолдау» түймесін басады. Осы сәттен бастап «Іс мұрағатқа қабылдауға күтілуде» кезеңіне өтеді. Мұрағатқа қабылдау күтілген істерді мұрағатшы өткізу қабылдау тізімдемесіне сәйкес, картотекадағы барлық реквизиттерін толтырып, ішкі тізімдемедегі құжаттардың толықтығын тексеріп, «Мұрағатқа қабылдау» түймесін басады. Осыдан кейін іс «Мұрағатқа өтті» дәрежесіне еніп, мұрағат нөмірі автоматты түрде беріледі.

Сонымен қатар, кеңсе қызметкерлері мұрағат істеріндегі құжаттарды сұратуға байланысты кіріс хат-хабарларды тіркеу бөлігіндегі «Мұрағатқа сұратуды» автоматты енгізе алады. «Мұрағатқа сұрату» түскеннен кейін мұрағатшы картотекаға сұратылған құжатты «Мұрағат» бөлігіндегі «Сұратулар журналына» енгізу арқылы автоматты жауап қайтарады. Осымен қатар, сот актілерін, атқару парағының көшірмелерін беру, мұрағат істерін уақытша пайдалануға беру, мемлекеттік органдарды сұратулары бойынша мұрағат істерінен деректер жолдау да электронды тәсілмен жүргізіледі. Аталған жүйе мұрағатқа сот істерін қабылдаудағы мұрағатшының жұмысын жеңілдетумен қатар, зор жауапкершілік те жүктейді.

Н.ЖАКупОВА, аудандық соттың жетекші маманы.

Сотқа сенім болуы тиісҚазақстан Республикасы Консти-

туциясының 14-бабында көрсетілгендей «Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең».

Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және өзіне азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды.

Сот отырысына басшылық ету, істі жүргізу, төрағалық ету судьяға жүк-телген. Судья қабылдайтын шешімді тек Ата Заңымыз Конституцияға және қолданыстағы заңдарға сүйене отырып шығарады.

Жеке тұлға немесе заңды тұлға өкілі және сот процесіне қатысуға тартылған басқа да тұлғалар сот процесі барысында сотты құрметтеуге міндетті.

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес сотқа немесе судьяға құрметтемеушiлiк бiлдiру заңда белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.

Төрағалық етуші судьямен қаралып жатырған іс бойынша процессуалдық заңнаманың барлық талаптарын орындауы, сот отырысын тиянақты, парасатты және әдепті басқаруы тек істің мән-жайын толық, объективті зерттеу және шындықты анықтау ғана емес, сонымен қатар, сот отырысындағы тәрбиелікті де қамтамасыз етеді.

Сотқа құрметтемеушілік білдіру әрекеттеріне - сот отырысындағы тәртіпті бұзу, яғни сотқа көрінеу сыйламаушылық білдіру, сондай-ақ судьяның өкімдеріне бағынбау, сотқа қатысушылардың сот мәжілісін жүргізу тәртібін бұзатын айқын лайықсыз мінез-құлық көрсетуі, сот процессі барысында былапыт сөздер қолдану, соттың шақыруларына себепсіз келмеу, сот процесі тағайындалған уақытқа себепсіз кешігіп келу және тағы басқа осындай әрекеттер жатады. Мұндай әрекеттер сотқа құрмет көрсетпеу болып табылады және істің сотта жан-жақты әрі уақытылы тергелуіне кедергі жасайды.

Сот отырысында тәртіп бұзған, судьяның өкімдеріне бағынбаған, сотқа құрметтемеушілік көрсету фактісі анық көрініс берген жағдайда оны сот отырысы залынан шығарып жіберуге немесе қылмыстық құқықбұзушылық белгілері болмаған жағдайларда, сотты құрметтемеу фактісі орын алғаны туралы сот процесі барысында

жариялауға құқылы және кінәлі адамды "Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" кодексінің бабында көзделген тәртіппен жауапкершілікке тарта алады.

"Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" кодексінің 653-бабы бойынша, процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың қатысуынсыз соттың iстi одан әрi қарауы мүмкiн болмайтын жағдайларда олардың шақыру қағазы, хабарлау, хабардар ету немесе шақыру бойынша сотқа дәлелді себептерсіз келмеуінен, сот отырысында төрағалық етушiнiң өкiмдерiне бағынбаудан, сотта белгіленген қағидаларды бұзудан көрiнген сотты құрметтемеушiлiк, сондай-ақ сотты және судьяны құрметтемеушiлiк туралы анық көрінетін өзге де әрекеттер (әрекетсiздiк) үшін: ескерту

жасауға, жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) үшін: отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексіне сәйкес, сот отырысында сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісі анықталғандығы туралы, осы бұзушылық анықталған сот отырысының процесін тікелей жүргізуші судья құқықбұзушыға дереу сот отырысында сот кеңесу бөлмесіне кетпестен жариялайды. Бұл факт сот отырысының хаттамасында тіркеледі. Бұл ретте әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама жасалмайды.

Өзіне қатысты сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісі анықталған адам, сондай-ақ іске қатысатын өзге де адамдар өз түсініктемелерін беруге құқылы.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы қаулыны төрағалық етуші судья азаматтық іс бойынша сот отырысы аяқталғаннан кейін кеңесу бөлмесінде дайындайды, оған судья қол қояды.

Егер сотқа құрметтемеушілік сот отырысында білдірілсе және тәртіп бұзушы сот отырысының залынан шығып кеткен жағдайда, сот отырысынан тыс сотқа құрметтемеушілік білдірілмеген кезде, сондай-

ақ егер сот отырысына келуден жалтару белгіленсе, сот приставы немесе соттың өзге жұмыскері сот төрағасының немесе сот отырысына төрағалық етушінің ауызша өкімі бойынша құқықбұзушылық туралы хаттама жасайды, бұл туралы құқықбұзушылық туралы хаттамада көрсетіледі.

Құқықбұзушылық туралы хаттама осы баптың төртінші бөлігінде көзделген жағдайларда қажетті материалдармен бірге "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" кодексінде белгіленген соттылыққа сәйкес қарау үшін сотқа жіберіледі.

Егер сот отырысында тәртіп бұзушының әрекеттерінде қылмыстық құқықбұзушылық белгілері болса, сот бұл туралы қаулы шығарады, ол өзіне қатысты қаулы шығарылған адамға үш жұмыс күні ішінде тапсырылады немесе жіберіледі және растайтын материалдармен бірге прокурорға сотқа дейінгі іс жүргізуді ұйымдастыру үшін жолданады.

Ал егер, сот отырысындағы тәртiп бұзушының іс-әрекеттерiнде қылмыстық құқықбұзушылық белгiлерi болса, сот материалдарды сотқа дейінгі тергеп-тексеру мәселесін шешу үшiн прокуратураға жібереді.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде «Сотты құрметтемеу» бабы көрсетілген. Кодекстің 410-бабы бойынша сот талқылауына қатысушыларды қорлаудан көрiнген, сотты құрметтемеу үшін: үш жүз айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазалау көзделген.

Ал, судьяны немесе алқабидi қорлаудан көрiнген дәл сол іс-әрекет үшін: бес жүз айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, тоқсан тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазалау көзделген.

Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жауаптылық шараларын сот баршаның сот алдында теңдігі конституциялық қағидатын және сот төрелігінің міндеттерін іске асыру мақсатында қолданады.

Халқы заңы мен сотын құрметтеген қоғам – дамыған қоғам. Ендеше елімізді дамыған елдер қатарынан көрудің бірден-бір шарты - заңға бағыну, сотты құрметтеу. Сондықтан сотқа қатысушы барлық тұлғаларды заңға қайшы іс-әрекет жасамай, сотта белгіленген қағидаларды сақтап, сотты құрметтеуге шақырамын!

С.ЕСЖАНОВ, аудандық соттың

судьясы.

Заманауи технологиямен толығуда

Құқық

Page 9: 5 6 Жаңарған өңір · Игі тілекпен, аудан әкімі Наурызбай ҚАрАғойшИН. Шаруалардың басын қосқан жиын Ауданымызда

22 наурыз 2018 жыл 9

Дәстүрді дәріптеген жоба

Қыздың көркі басындағы жаулығы, қала берді денінің саулығы. ықылым заманнан бері әдет-ғұрыпты сақтап, тазалықты құптаған және де басынан орамалын тастамаған, бұрымын орамалға орап алған қыз-келіншектердің өмірінде орамалдың орны ерек. Орамал қай заманда да, қай уақытта да, қай елде де өте үлкен құрмет пен қасиетке ие болған және ол кез келген қыз-келіншектің көркіне көрік, әдемілігіне сән қосатын ерекше әшекей.

Ауданымызда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің және ауылдық округі әкімдерінің қолдауымен, аудандық мәдени демалыс орталығы, ауылдық мәдениет үйлерінің ұйымдастыруымен «Орамал – отанасының басындағы байрақ» жобасы жүзеге асуда. Осыған орай Пятимар ауылдық округінде «Жаратушы сыйға тартқан орамал», Қызылоба ауылдық округінде «Ақ орамал - бейбіт болашақтың белгісі» атты сыр-сұхбат кештері өтті.

Пятимар ауылында өткен шараға Пятимар жалпы орта білім беретін мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлсім Қазбекқызы, мәдениет саласының ардагері Гүлшара Тастемірова, ұстаздар кеңесінің төрайымы, зейнеткер Толқын Хайрелқызы мен Айжан Жасқайратқызы қатысты. Кеш қонақтары еліміздің ертеңі - болашақ жастарымызға, жас келіндеріміздің өмір жолдарына қажетті кеңестерімен бөлісті. Бұдан кейін шара Қызылоба ауылдық округінде жалғасты. Мұнда ақын Қымбат Мұстажапқызы, зейнеткер ұстаз Райса Малбасарқызы, балабақша тәрбиешісі Асылжан

Шәріпқызы, Е.Орақбаев атындағы ЖОББМ-нің ұйымдастырушы педагогі Шынаргүл Дәрібайқызы, «Қызылоба ханымы – 2017» байқауының жеңімпазы Әйгерім Сатыбайқызы кештің құрметті қонағы болып қатысып, орамды ой, келелі пікірлерін ортаға салды.

Кеш барысында арнайы дайындалған «Орамал – отанасының басындағы байрақ» тақырыбында бейнеролик көрсетілді. Содан соң Қызылоба ауылдық округінің әкімі Н.Бердіғалиев ауыл тұрғындарын алдағы мерекемен құттықтап, бастау алған жобаға сәттілік тіледі. Облыс ақыны Қымбат апамыз сол сәтте туындаған жыр шумақтарын арнады.

Кеш соңында Е.Ихсанова Р.Әлқожаның «Мен сыйға тартқан орамал» әнін шырқады. Сосын кеш қонақтарына ауылдық округ әкімінің демеушілігімен орамал тарту етілді.

Ж.шуйКИНА, аудандық мәдени демалыс орталығының әдіскер-

сценарисі.Табылды МАсАТов, Қызылоба ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы:-Ұлттық құндылығымызды насихаттайтын бұл жобадан алған әсерім

мол. Кешті тамашалай отырып, жастық шағымда сүйген жарымның кестелі орамалды сыйға тартқанын есіме түсіріп, көзіме жас алып отырмын. Жұбайым өмірден озса да, кестелі орамалдың әлі де сақтаулы тұрғаны ормалдың қадір-қасиетінің жоғары екендігі деп білемін.

Игі бастама әрі қарай жалғасын таба берсін! Сәттілік тілеймін!

Орталықтың көмегі зор

Бүгінгі таңда елімізде мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде отандық шағын және орта кәсіпкерлік өкілдеріне түрлі қолдау көрсетіліп келеді.

Солардың ішінде кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының алатын орны зор. Мұндай нысандар бизнес саласындағылардың иығындағы жүгін жеңілдетуге септігін тигізеді.

Мемлекеттік қолдау нәтижесінде Жаңақала ауданындағы кәсіпкерлік бастамашылығы бар тұрғындар мен шағын және орта бизнес өкілдеріне өз кәсіптерін дамытуға мүмкіндіктер қолжетімді болып отыр. Аудандық кәсіпкерлерді қолдау орталығының кеңесшілері келушілерге мемлекеттік бағдарламалар бойынша қолдау, бизнесті ашу мен дамыту жайында кеңес бере отырып, бизнес-жоспар жасауға, сондай-ақ, «Бастау-Бизнес» жобасына тіркеу жүргізіліп, несие пайызы төмен мемлекеттік бағдарламаларға қатынасу үшін құжаттарын жинауға көмек көрсетеді.

Кәсіпкерлікті қолдау орталығының Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы аудан орталығында орналасуы тұрғындарға қолайлы. Кәсіпкерлікке бел буған адам шаруашылығының барлық мәселелерін өз бетінше экономикалық тұрғыдан қарап шешеді.

Кәсіпкер өз ісіне жаңашылдықпен, шығармашылық көзқараспен қарауға тиіс. Жоғары өнім шығарушы тауарларын әрқашан жаңартып отыруы міндетті. Тұтынушыға жоғары дәрежеде қызмет көрсетуі – әр кәсіпкердің міндеті. Осыған байланысты кәсіпкерлер өз біліктілігін, кәсібилігін арттыру мақсатында бизнес тренингтерден, шетелдік тағылымдамалардан (стажировка) өтуге, кеңесші-сарапшы шақыруына болады.

«Бизнес-Бастау» жобасы өзіңіздің жеке бизнестеріңіздің қалай ашу немесе құрылған компанияның жұмысын қалай оңтайландыру керектігін айқындайды. Оқу барысында сіз өзіңіздің жеке бизнесіңізді ашуға маркетинг, адам ресурстарын басқару, бизнесті жүргізудің құқықтық негіздері, қаржылар туралы білімді, бизнес жоспарлау негіздерін меңгересіз. Оқу аяқталғаннан кейін жобаға қатысушы сертификатын аласыз. Аталған сертификат бағдарламаға қатынасушыға төмендетілген пайызбен несие алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, «Бизнес-Бастау» бағдарламасы бойынша бизнес-бапкер сіздің бастағалы отырған жобаңызды толықтай сүйемелдеу жұмысын жүргізеді.

Толық ақпаратты Жаңақала аудандық филиалына келіп немесе телефон арқылы алуға болады.

Мекенжайымыз: Жаңақала ауылы, Х.Достығы, 44 Б, «Нұр Отан» партиясы ғимараты, телефон 21-3-72.

Нұртілек ЗАКАРИН, аудандық кәсіпкерлерді қолдау

орталығының кеңесшісі.

Байқаудан байқағанымыз молӨмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-

жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық, ол - ұстаздық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол - өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Оңы мен солын танып үлгермеген, алтын ұя – мектеп табалдырығын енді ғана аттап кірген жас жеткіншекке білім нәрімен сусындатар, «Білім негізі - бастауышта» екенін ұғындыра білетін бастауыш саты мұғалімдерінің еңбегін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емесі анық.

Осындай қажырлы еңбек иелерінің қатысуымен бастауыш буында жаңартылған білім мазмұны аясында білім мен тәрбие берудің бағыттарын жан-жақты меңгерген, психология, педагогика ғылымдары жетістіктерін тәжірибеге енгізе отырып, шығармашылықпен жұмыс жасап жүрген мұғалімдерді анықтау мақсатында «Үздік бастауыш сынып мұғалімі - 2018» байқауы өтті. Байқауға ауданымызға қарасты шағын жинақты мектептер мен жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші танымдылық кезеңі екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім сабақ беру. Бұл бөлімде ұстаздар өз сыныптарында өткізілген сабақтың бейнежазбасын алдын ала тапсыру болды. Байқауға жіберілген сабақтарды көріп отырып, әрбір қатысушының байқау талаптарына сай сабақ құрылымын жасап, оны іс-әрекетте асқан шеберлікпен өткізгенін байқадық. Ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: «Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады» дейді. Ұстаздың осыншама қадір-

қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында екен. Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге.

Бұл бөлімде үздік бейнесабақтар үлгісін көрсеткен Г.Ильясова (Жаңақала ЖОББМ), А.Оразова (М.Жүнісов атындағы ЖОББМ), А.Дәулетова (№3 ЖОББҚМ) болды.

Байқаудың бірінші кезеңінің екінші бөлімі бойынша да үздіктер анықталды. Оқу материалдарын игеру деңгейі (тест тапсырмаларын орындау), құқықтық, педагогика-психологиялық білімдері, санитарлық-гигиеналық талаптар және пәндік білімдерінің жоғары екенін көрсете білген ұстаздарымыз Г.Ильясова (Жаңақала ЖОББМ), А.Оразова (М.Жүнісов атындағы ЖОББМ), А.Байтақова (Плантация БББМ), А.Дәулетоваларды (№3 ЖОББҚМ) атауға болады.

Байқаудың келесі бөлімінен бұрын Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебінің оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Төлепова әріптестермен «Сиқырлы айна» тренингін өткізді. Тренинг әріптестердің жоғары белсенділігін арттыруға септігін тигізді.

Байқаудың екінші шығармашылық кезеңі екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлім – «Ізденіс. Шығармашылық.

Нәтиже» тақырыбындағы жобаларын қорғау. Әр мұғалім қол жеткізген табыстары мен жетістіктері туралы шығармашылық жұмысын ерекше таныстыруы керек.

Жоба қорғау нәтижесінде, үздік жоба үлгілерін көрсеткен Г.Шарафудинова (Жаңақала ЖОББМ), Ш.Бисенғалиева (М.Мирманов атындағы ЖОББМ), А.Оразова (М.Жүнісов атындағы ЖОББМ) болды. Екінші бөлім «Шебер сынып» деп аталды. Бұл бөлімде қатысушылар өз таңдау пәні бойынша сабақ үлгісін шығармашылық шеберлікпен көрсетулері қажет. Ұстаздар бұл бөлімде өз тәжірибелерін әріптестеріне презентация арқылы баяндап, кейбірі аудиториямен бірлесе отырып, шеберліктерін көрсете білді.

«Шебер сынып» бөлімінің талаптарына сәйкес, өз қиялдарының ұшқырлығы мен шеберліктері арқылы дараланған әріптестеріміз Г.Ильясова (Жаңақала ЖОББМ), А.Дәулетова (№3 ЖОББҚМ), А.Оразова (М.Жүнісов атындағы ЖОББМ) болды.

Байқаудың барлық бөлімдерінің нәтижесі бойынша, бас жүлде мен «Үздік бастауыш сынып мұғалімі - 2018» аталымына Г.Ильясова (Жаңақала ЖОББМ) лайық деп танылды. І орын А.Оразоваға (М.Жүнісов атындағы ЖОББМ), ІІ орын А.Дәулетоваға (№3 ЖОББҚМ), ІІІ орын А.Байтақова (Плантация БББМ) мен Б.Губайдуллиналарға (Ә.Жангелдин атындағы ЖОББМ) бұйырды.

Сонымен қатар, «Үздік шығармашыл ұстаз» бағамы бойынша Ш.Бисенғалиева, «Үздік ізденімпаз ұстаз» бағамымен Г.Дүйсенғалиева (Жаңақала м-г), «Үздік жаңашыл ұстаз» бағамымен Н.Ғаббасова (Карманов ЖОББМ-Б) мен Г.Маратовалар (Кіші Айдархан БББМ) марапатталды. Байқау қорытындысы бойынша аудандық кезеңнен бас жүлде мен «Үздік бастауыш сынып мұғалімі - 2018» аталымын алған Г.Ильясова (Жаңақала ЖОББМ) облыстық кезеңде де аудан абыройын асқақтатып, І орынға ие болды.

Еліміз өркениетті елдердің қатарынан орын алып, ұрпағымыз қоғам қажеттілігіне сай болып жатса, бұл – ұстаздар еңбегінің жемісі.

Нұрсәуле БАҚТЫГЕРЕЕВА, аудандық білім беру бөлімінің

әдіскері.

Ел-жұрт

Page 10: 5 6 Жаңарған өңір · Игі тілекпен, аудан әкімі Наурызбай ҚАрАғойшИН. Шаруалардың басын қосқан жиын Ауданымызда

22 наурыз 2018 жылХабар-ошар10

Жаңақала мектеп-гим-назиясында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай әйелдар арасында во-лейболдан аудандық жарыс өтті. Жарысты аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырды. Жарыс орны жоғары дәрежеде дайындалған. Спорт залы іші әдемі безендірілген.

Аудан әкімінің орын-басары Жасұлан Нұрғожин, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Рухолла Саматов қатысушыларды мерекелерімен құттықтап, ақ тілектерін білдіріп, сәттілік тіледі. Аудандық мәдени демалыс орталығының әншісі Ербол Ақбасов әннен шашу шашты. Қатысушылар жақсы әсермен ойынға дайындалды.

Жарысқа Көпжасар ауылдық округі, Жуалыой ауылы, аудандық орталық ауру-хана, «Аудандық сауықтыру ауруханасы» оңалту орта-лығы, қосымша білім беру орталығы, Жаңақала желі-

лік өндірістік басқармасы, №3 қазақ орта мектебі, Жаңақала орта мектебі, Жаңақала мектеп-гимназиясы командалары қатысып, жүлделі орындарға таласты.

Командалар 3 топқа бөлініп, тартысты ойын өрнегін көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша I орынды №3 қазақ орта мектебінің командасы, II орынды қосымша білім беру орталығының командасы, III орынды Жаңақала желілік өндірістік басқармасының командасы иеленді.

Сондай-ақ Аякөз Иска-

кова «Үздік ойыншы», Салтанат Өтеуова «Үздік шабуылшы», Назымгүл Еслямғалиева «Үздік тос-қауылшы», Мөлдір Хамза «Үздік байланыстырушы» аталымдары бойынша мара-патталды.

Жарыс соңында жеңім-паздар мен жүлдегерлер, жақсы ойын көрсеткен ойыншылар арнайы дипломдармен, ақшалай с ы й а қ ы л а р м е н марапатталды.

Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ.

Күләш (Гүлмаржан) жеңгем өмірден озды дегенде несін жасырайын, аспан айналып жерге түскендей болды.

Қаншама жыл әзіл-қалжыңымыз жарасып, дәм-тұзымыз араласып, тумаса да туғанымнан артық сыйласып кеткен армандай асыл жеңгем еді.

Әңгімені әріден бастасам Мерғалиевтер әулетімен менің анам Қадиша құдандалы адамдар еді. Анамның туған ағасы Бақытқали Демесіннің Дәулеткерей деген баласының Раушан деген қызына үйленген. Төрт жылдай бірге тұрғанымен, араларында бала болмаған. Бақытқали нағашымыз 1942 жылы 14 қаңтарда майданға аттанып, хабар-ошарсыз кеткен. Раушан жеңгеміз қайтадан тұрмыс құрмаған. Ол кездердің адамдары қандай

десеңізші?! Жеңгеміз өте ажарлы жан еді. Алпысыншы жылдардың басында ауыр дерттен қайтыс болды.

Анамыздың Мерғалиевтер әулетімен қарым-қатынасы ғұмыр бойы үзілген жоқ. Құда - құдағи - құдаша болып сыйласты.

Біз шаңырақ көтеріп, ес біліп, етек жапқан соң анамыздың айтуымен құдандалы екенімізді біліп, араласа бастадық. Төлеуғали ағамыз бен Күләш жеңгеміз де кеудемізден итермей бауырларына тартып, бізбен өздерінің туғандарындай араласты.

Негізі Мерғалиевтер әулеті ертеден Қамыс-Самарды жайлап, ата - қонысы еткен. Бұл әулеттің аталарының мәңгілік мекені Қамыс-Самарда. Төлеген ағамыз, марқұм жыл сайын аталарының басына барып, құран бағыштап жүруші еді.

Сонымен Күлекең «Бәрің де Қара-Самардың (ол кезде ол аймақ №1 ауыл, Қара-Самар ауылдық Кеңесі деп аталды) қара баласысыңдар» деп мені туған қайыны етіп алды. Содан бері қырық жылдай уақыт өтсе де жеңгелі-қайнылы сыйластығымызға қылау түскен емес.

Күлекең өте ақжарқын, ойыншыл, әзілқой жан еді. Үлкенмен де, кішімен де әзілі жарасқан, отырған ортасын күлкіге көміп, айналасын жарқыратып жүретін еді.

Сонау, 1989 жылы бір қызы тұрмысқа шықты. Тойға шақырмады, қызығын Аманжол Ғұбайдуллинге басқартты. Мен Алматыға екі жылдық партия мектебіне оқуға кеттім. Барып орналасқан соң, Күлекеңе әзіл-шыны араластырып, сала құлаш өлеңмен хат жаздым.

Сол хат Күлекеңнің үйінде әлі сақтаулы болу керек. Сол жағдайды күні бүгінге шейін айтып жүруші еді. Одан кейін қаншама қызықтарын басқардық десеңші.

Негізі табиғатында актрисалық қабілеті бар жан еді. Төлеуғали ағамыз үйленген соң әскерге аттанып кеткен ғой. Сол кездегі қылықтарының өзі бір кітапқа арқау боларлық. Өзге түгілі өзінің жары Төлеуғалимен, ұл-қыздарымен, әсіресе үлкен ұлы Бақытжанмен қалжыңдасып отыратын.

Бақытжан үлкен әжесі мен Тастай аға, Ләтипа апаның тәрбиесінде болған. Ол да ақжарқын, көпшіл азамат еді. Әке-шешесімен жезде-жеңгесіндей ойнайтын. Дегенмен де әке-шеше қымбат қой. Әлі есімде Төлеуғали ағамыздың 50 жасынан кейін майлы бояумен салған суретін ешкімге көнбей өз төріме ілемін деп үйіне алып кетті. Кейін қайтарған сыңайлы.

Күлекеңмен қалжыңымыздың қайсы бірін айтып тауысарсың. Бірде қан қысымымен ауруханаға түсті. Көңілін сұрап барсам, баяғы

әзіл-қалжыңы.Жұмысқа келдім де қайнысы Ишанов Мағзомға «Күләш ауруханада,

көңілін сұрап барғанмын, мені танымады» дедім. Марқұм Мағзом да ауруханаға ұшып жетіп «Күләш, мен Мағзоммын ғой, танып жатырсың ба?» деген көрінеді. Сол оқиға бүкіл ауылға тарап кетті. Кейін сырқаттанса Мағзом екеуміз «Күләш, бізбіз ғой, танып жатырсың ба?» дейтінбіз.

Осыдан көп жыл бұрын бір тәуіпке қаралып келіп «Мен кететін болдым, менен кейін сіздерге кім берер дейсің» деп жылап-сықтап шұбатын, қымызын, коньягін Мағзом екеуміздің алдымызға үйіп-төгіп қойып бір шашылғаны бар.

Қайран, армандай асыл жеңгем осындай жан еді.Ұзақ жылдар аудандық телекоммуникация саласында жемісті еңбек

етті, кейін пошта бөліміне ауысты.Соңғы жылдары дертке шалдықты. Қан қысымы, қант құрамы өзгеріп,

жанары сөніп қалды. Аллаға шүкір, шырағы қайта жанды. Бірақ ұзаққа созылған ауру алып тынды. Амал не, бәрі де Алланың ісі.

Өмірден озбастан бірнеше күн бұрын сөйлестім. Төлеген ағамызды айтып біраз босады. Күлекеңнен қалжың қалған ба, «Сені іздедім қаладан, сені іздедім даладан, осы сен қайда жүрсің?» дейді. Түс ауа екі журнал беріп жібердім, бірінде өз өлеңдерім, екіншісінде Төлеген ағам жөнінде очерк жарияланған «Ақ Жайық» журналы.

Осыдан жиырма жылдай бұрын Күлекеңе әзіл-шыны аралас өлең арнағанмын. Армандай асыл жеңгем ел ішінде Күләш атанған, Гүлмаржан Өтешоваға арнаған достық әзіліммен еске алу мақаламды аяқтайын.

Жиырмадан асып қағындың,Моншақтан алқа тағындың.Торына түсіп Төкеңнің,Жұмыртқа болып жарылдың.

Қадірлеп ата-ананы,Сыйладың үлкен ағаны.Жарыңды сүйіп, балақтан,Төктің ғой шіркін, баланы.

Ауызыңмен алысып,Кіші-үлкенмен жарысып.Қиялыңдағы арманмен,Сахнада жүрдің табысып.Мамырлап қонған қаздайсың,

Дәстүріңнен бір жазбайсың.Қайнылеріңе келгенде,Жадырап тұрған жаздайсың.

Алпысқа қарай беттедің,Көп болар әлі жетпегің.Келін бар, бала, немере,Ептегін, енді ептегін.

Ауыздықпен алыспа,Кейінгілермен жарыспа.Күйттей бер күйкі тірлікті,Қара қартыңмен табыс та.

Әзіл ғой бәрі ойлашы,Әзіліңді және жоймашы.Жүзіңді жақсы жеңеше,Төкеңмен бірге тойлашы.

* * *Жүзге жетпегенмен, сексеннің қарасын көріп қалды. Оған да шүкір...

Закария СИСЕНҒАЛИ.

Армандай асыл жеңгем-айНәзік жандармен жүздесу

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мүмкіндігі шектеулі әйел-аналармен қабылдау өткізді. Шараға аудан әкімі Н.Қарағойшин арнайы шақырылып, қатысқан болатын.

Наурызбай Қадырбайұлы аналарымызға арнап құттықтау сөзін сөйлеп, жылы лебізін білдірді. Сонан соң арнайы дайындалған гүл шоқтары мен сыйлықтарды табыстады. Шара барысында аналарымыз да жүрекжарды тілектерін айтып, алғыстарын жаудырды. Айтолқын АСҚАРҚЫЗЫ.

Аналарды ардақтады8 наурыз -

Х а л ы қ а р а л ы қ әйелдер күні мерекесіне орай Жаңақала ауылдық округінің әкімі Абзал Ахметов «Алтын алқа», «Күміс алқа» иелері және көпбалалы аналарды арнайы қабылдап, құрмет көрсетті.

М е р е к е л і к қ а б ы л д а у д а аудан әкімінің о р ы н б а с а р ы Жасұлан Нұрғожин, Жаңақала колледжінің директоры Серік Жәрдемалиев, ауылдық аналар кеңесінің төрайымы Раушан Туманова құттықтау сөз сөйлеп, аналарға ізгі тілектерін арнады.

-«Алып та, ақын да анадан туады». Бұл біздің дана халқымыздың сөзі. Бәріміз анадан тудық. Ана - өмірдің бастауы, мейірімнің бұлағы. Әр күнімізде біз әйелдің қоғамдағы орны мен рөлін жете түсініп, үлкен құрмет көрсетіп отырамыз. Сіздер, еліміздің көркеюіне белсене атсалысып, өнегелі де үлгілі істеріңізбен көпшіліктің құрметіне бөленген жандарсыздар,-деп ауылдық округ әкімі А.Ахметов аналар қауымына сый-сияпат табыс етті.

Өз кезегінде алтын құрсақты әзиз аналар Жаңақала ауданында соңғы жылдары атқарылған ауқымды жұмыстардың арқасында орын алған оң өзгерістерге тоқталып, осы мақсатта қызмет етіп жүрген барша азаматтарға алғыстары мен аналық ақ тілектерін жеткізді.

Қ.ҚұМАРОВ.

Волейболдан аудандық жарыс өтті

Page 11: 5 6 Жаңарған өңір · Игі тілекпен, аудан әкімі Наурызбай ҚАрАғойшИН. Шаруалардың басын қосқан жиын Ауданымызда

Үй сатылады

Көңіл айту

22 наурыз 2018 жыл 11

Газет аптасына 1 рет шығадыКөлемі 2 баспатабақТапсырыс: 11-12Таралымы: 2634 дана

«Жаңақала-Несие» КС» ЖшС-нің қатысушыларының 2018 жылдың 17 сәуір күні сағат 11-де өтетін жалпы

жиналысының Күн тәртібі:1.«Жаңақала-Несие» кредиттік серіктестігі ЖШС-нің құрамына

ақшалай жарналарын салып қатысушы боламын деп өтініш білдірген шаруашылықтардың жарғылық капиталдарын бекіту және өтініштері бойынша құрамнан шығамын деген шаруа қожалықтарының ақшалай жарналарын өз шоттарына кері қайтару жөнінде.

Өтетін орны: «Жаңақала-Несие» кредиттік серіктестігі» ЖшС-гі ғимараты. БҚО, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы, Х.Достығы көшесі, №57 ғимарат.

Т.БИГАЛИЕВ, «Жаңақала-Несие» КС» ЖшС басқарма төрағасы.

Жарамсыз деп таныладыҚызылоба ауылының тұрғыны Исмагулова Актолкын

Мажидуллақызына (ИП «Исмагулова А.М») 2007 жылы берілген МИНИКА 1102 Ф маркалы кассалық аппараты құжаттарымен бірге жоғалып табылмауына байланысты жарамсыз деп танылады.

Мүшәйра! Мүшәйра! Мүшәйра!Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты тарихи мақаласының аясында белгілі қоғам қайраткері, Жаңақала аудандық партия комитетінің 1972-1976 жылдардағы бірінші хатшысы Сатқали Сапарұлы Сапаровтың туғанына

90 жыл толуына орай көрнекті тұлғаны еске алу үшін 2018 жылдың 28 наурызы күні сағат 10-да мәдени демалыс орталығында жазба ақындардың жыр мүшәйрасы өтеді.

Мүшәйраның тақырыбы1. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мәселесі2. Жаңақала ауданының тарихы және осы өңірде дүниеге келген

қайраткерлер туралы3. Еркін тақырыпМүшәйраға қатысуға ниетті ақындардың жасына шектеу

қойылмайды. Ақындар шығармаларын аудандық «Жаңарған өңір» газетінің мына zhanargan_onir электронды поштасына және редакцияға жазбалай да 25 наурызға шейін үш өлеңнен жібере алады.

Жыр жеңімпаздары I. II. III дәрежелі және ынталандыру дипломдарымен және қаржылай сыйақылармен марапатталады. Мүшәйраға қатысатын ақындар БҚО, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы М. Мәметова көшесі, 4­-үйдегі аудандық «Жаңарған өңір» газетінің редакциясына немесе 217-55 телефоны арқылы хабарласа алады.

Бірлік ауылының тұрғыны болған, асқар таудай әкеміз Камалов Бауыржан Нұрымұлын арамызда болса наурыздың 24 жұлдызында 45 жасқа толар еді деп сағына еске аламыз. Өмір неткен қысқа еді десеңізші, бұл жасты тойлауға жазбады. Сіздің әрбір айтқан сөздеріңіз, ақылыңыз біздің жүрегімізде мәңгіге сақталады.

Жаныңыз пейіштің төрінде шалқысын, иманың жолдас, топырағың торқа болсын.

Еске алушылар: жолдасы Меңдігүл, аға-жеңгесі Нұрлан-ұлболсын, балалары Біржан, Ермахан, Фариза, Гүлім, Нұртілек, Қарылғаш, Ернұр.

Сарыкөл ауылының тұрғыны болған, бауырымыз Мусин Талиғат Ғазизұлын арамызда болса наурыздың 8-і күні 43 жасқа толар еді деп сағына еске аламыз.

Бақыт дейді, бақыт бар ма жалғанда?Көнеміз ғой тағдыр басқа салғанға.Өзімізді санаушы едік бақытты,Бауырымыз ортамызда болғанда.Алла алды өзі берген жандарын,Тілейміз біз жұмақта орын болғанын.Туыс бауыр, достарынан сұраймыз,Дұға оқып, естеріне алғанын.

Жатқан жеріңіз жұмақ, иманыңыз жолдас болсын.Еске алушылар: анасы Балқанай, аға-жеңгесі шамұрат-

Дәмөк, жолдасы Лариса, қыздары, бауырлары.

№3 жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің

ұжымы мен кәсіподақ ұйымы мектеп директорының шаруашылық жөніндегі

орынбасары Игібаева Ғали-Бануға енесі, тарих пәні мұғалімі Төлеуғалиева Жадыраға әжесі және орыс тілі мен әдебиеті

пәні мұғалімі Есенғалиева Ранидаға нағашы әжесі

Гүлмаржан (Күләш) апаның

қайтыс болуына орай, қайғысына ортақтасып,

көңіл айтады.

«Жаңақала аудандық халыққа

қызмет көрсету орталығы» ұжымы

осы мекеменің директоры

Бақытжамал Төлеуғалиқызына

анасы Күләш апаныңқайтыс болуына

орай, отбасына, барлық тума-туыстарына

қайғыларына ортақтасып, қайғырып

көңіл айтады.

Жаңақала аудандық телекоммуникация

торабы ұжымы «Қазақтелеком» АҚ

байланыс торабының зейнеткері, телеграф-

телефонистка утешова

Гүлмаржанныңқайтыс болуына

байланысты отбасына, барлық тума-туыстарына

қайғыларына ортақтасып, қайғырып

көңіл айтады.

Ә.Жангелдин атындағы

ЖОББМ ұжымы әріптесіміз Сәрсенова

Әсемгүлге әкесі Меңдіханның

қайтыс болуына

байланысты қайғысына

ортақтасып, қайғырып көңіл

айтады.

Жаңақала ауылынан Құрманғазы көшесінде орналасқан №26 үйдің 9-пәтері сатылады. 1-қабатта, 1 бөлмелі. Тел: 32-3-03,

8 778 182 01 61, 8 777 761 09 09.

Жер сатыладыЖаңақала ауылынан жер сатылады.

Телефон: 8 777 565 16 48, 8 771 597 66 26.

РОТАВИРУСТыҚ ЖҰҚПАРотавирустық жұқпа – тез өрбитін

жұқпалы ауру. Ауру қарын-ішек жолдарын зақымдап, гастро-энтерит белгілерін береді. Аурудың қоздырғышы - ротавирус. Аурудың өсуі қысқы-көктем мезгілдерінде байқалады. Ол қоршаған ортада ауаның температурасы төмен кезінде ротавирус қоздырғышының жақсы сақталуымен байланысты. Мысалы, нәжісте бірнеше айға дейін, қоршаған ортада 10-30 тәулікке дейін. Ротавирустық жұқпа ауруының жоғарғы деңгейде болуы, сонымен қатар, жалпы макроорганизмдердің ауруды қабылдау қабілеттілігінің төмендеуімен байланысты. Әсіресе, осы уақытта тұмау және басқа да респираторлық аурулармен жиі ауратын балаларға қатысты. Сырқаттанғандардың 70-80 пайызы 2-3 жасқа дейінгі балалар. Ауру адам және белгісі білінбейтін ротавирусты тасымалдаушылар жұқпа көзі болып табылады.

Ротавирустық жұқпаның негізгі берілетін жолы нәжістің ауызға түсуі арқылы (лас қолдан, қайнамаған су, бұзылған тамақ, жуылмаған жеміс-жидек, ойыншықтар, ыдыс-аяқтар). Ауа арқылы да беріледі. Аурудың дамуының жасырын уақыты 1-4 күн.

Сырқаттың клиникалық сипаттамасы: жоғары тыныс алу жолдарының жиі ауруы, әлсіздік, бас ауруы, бас айналуы. Дене қызуы 39 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Құсу, іш ауруы пайда болады. Іш өтуі жиілеп, сулы көпіршік тәріздес, жағымсыз иісті болады.

Сырқат немен қауіпті? Ұйымдастырылған ұжымдарда, тез шара қолданбаған уақытта,

ауру өршіп, топтасқан ауру оқиғаларына әкеледі. Негізгі сырқатына басқа бактерия-лық жұқпалар қосылуы мүмкін (дизентерия, сальмонеллез). 3 жасқа дейінгі сәбилерде сырқат ауыр түрде өтеді, жиі іш өтуіне байланысты денесі сусызданып, салмағы азаяды.

Белгісі білінбейтін ротавирусты тасымалдаушылар жұқпа көзі болып табылады.

Сырқаттың алдын алу шаралары:-Санитарлық гигиена тәртібін сақтауға

ерекше көңіл бөлу қажет;-Отбасының басқа мүшелеріне жұқтырмау

үшін, мүмкіндігінше науқасты айналасын-дағы адамдардан оқшалау қажет және науқастан шыққан бөліндіні дезинфекциялық ерітіндімен залалсыздандыру керек;

-ыдыстарды 1 пайыз ас сода ерітіндісіне 15 минут қайнату қажет;

-Бөлмені күнде жуып, желдетіп, тазалау орынды;

-Тез бұзылатын тағамдардың сақтау және пайдалану ережелерін қатаң сақтау;

-Қайнаған немесе сапасына кепілдік берілген суды ғана пайдалану;

-Аурудың алғашқы белгісі байқалған кезде дереу дәрігерге қаралып, емделу қажет.

Естеріңізде болсын! Дертті емдегеннен, алдын алу (профилактика) оңайырақ!

Г.АХТАНОВА, аудандық қоғамдық денсаулық

сақтау басқармасының жетекші маманы.

2017 жылы 25 желтоқсан-да «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Заң қабылданды. Осыған байланысты Салық кодексінің 616-бабына сәйкес жеке басты куәландыратын құжаттарды беру үшін мемлекеттік баж салығы 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап төмендегідей өзгерістерді құрайды:

-Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі – 19 мың 240 теңге (8 АЕК);

- Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі,

уақытша жеке куәлік, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаты – 481 теңге (0,2 АЕК);

-Жеке басын куәлан-дыратын құжаттарға өзге-рістер енгізу (Қазақстан Республикасы азаматының паспортына ата-ана-лармен бірге шетелге шыққан жағдайларда 16 жасқа дейінгі балалар туралы фотосуреттері жапсырылған жазба) – 240,5 теңге (0,1 АЕК).

Одан басқа тұрғылықты жері бойынша тіркеу үшін алу объектісі болып табылатын мемлекеттік баж жаңа Салық кодексінде

жойылғанын хабарлаймыз. Тиісінше, 2018 жылы 1 қаңтардан бастап тұрғылықты және уақытша (тұрған) жері бойынша тіркеу ақысыз (мемлекеттік бажды алусыз) жүзеге асырылады.

Жоғарыда көрсетілген әрекеттері үшін мемлекеттік бажды төлеу тәртібі, сондай-ақ мемлекеттік бажды төлеуден босату тәртібі Салық кодексінің 622 және 623-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Ғ.БАйБуЗОВА, Жаңақала Апб КҚҚт

аға инспекторы, полиция капитаны.

Құжаттандыру мен мекенжайға тіркеудегі өзгерістер

Page 12: 5 6 Жаңарған өңір · Игі тілекпен, аудан әкімі Наурызбай ҚАрАғойшИН. Шаруалардың басын қосқан жиын Ауданымызда

Жаңақазан ауылының тұрғыны, аяулы да ардақты анамыз, немере-жиендерінің қамқор әжесі Айсұлу Қарабасованы 14­ наурыз күні толатын 80 жасымен шын жүректен құттықтаймыз.

Ештеңені аямаған баладан,Әлемдегі ең сүйкімді дара жан.Шын көңілден құттықтаймыз біз сізді,Туған күніңіз құтты болсын, анажан.Құттықтаушылар: Қарабасовтар

әулеті.

12 Жаңарған өңір Құттықтаймыз 22 наурыз

2018 жыл

Жаңақала ауылының тұрғыны, құрметті құдамыз рысқалиев Ерлан Жұмағұлұлын 23 наурыздағы туған күнімен құттықтаймыз. Қадірлі құда! Алдағы өмірде де абыройыңыз артып, еңбегіңіз жана берсін. Ұрпағыңның, туған-туыс, дос-жарандарыңның ор-тасында сыйлы болып, құдағайымызбен бірге бақытты ғұмыр кешіңіз.

Бағындырған талай-талай қырқаны,Мүшел жастың құтты болсын нұр таңы.Денсаулығын мықты етіп Құдайым,Аман болсын құдамыздың ұрпағы.

Құттықтаушылар: құдаларыңыз атынан самат-Маржан.

Жаңақала ауылының тұрғындары, әкеміз Мұқашев сұпығалиды 24­ наурызда 80 жасқа және анамыз Мағрипа Е с е н ғ а л и қ ы з ы м е н отау құрғандарына 60 жыл толуымен құттықтаймыз.

Бізді өмірге әкеліп, өсіріп, оқытып, адам асылы етіп тәрбиелеп, немере-жиен, шөбере сүйіп, алпыс жыл отасып, осы күнге жеткендеріне Алла Тағалаға сансыз шүкіршіліктер айтамыз. Біздің күндей нұрлы шуағымыз, берік қорғанымыз, панамыз бола білген әкеміз бен анамызға алғысымыз шексіз. Әлі де күш-қуаттары мықты болып, көрер қызықтары көп болсын демекпіз.

Еркелетіп немере, шөбересін,Кәрілікті әке-анам елемесін.Үрім-бұтақ, ұрпағы құттықтаймыз,Тіршіліктің қызығын көре берсін.

Ақ тілекпен құттықтаушылар: бала-келіндері, қыз-күйеулері, немере-жиен, шөберелері.

Бірлік ауылының тұрғыны, асқар таудай әкеміз Тілекқабыл Қибатовты мерейлі 70 жасымен шын жүректен құттықтаймыз.

Шаттаныңыз, қуаныңыз, күліңіз,Бақытты боп, тек марқайып жүріңіз.Ұрпағыңның ортасында 100 жасап,Ұзақ өмір сүріңіз.Игі тілекпен: бала-келіні Бекжан-

Ақжан, қыз-күйеулері Жанғали-Айжан, Марат-Айнаш, немере-

жиендері Елжан, сұлтан, Перизат, Ақбота.

Жаңажол аулының тұрғыны, бірімізге аяулы жар, бірімізге асқар таудай әкеміз шорманов Талапты 63 жасқа толып, зейнеткерлікке шығуымен құттықтаймыз.

Әке деген қамқоршы ғой балаға,Басқа жанмен орны оның тола ма?Тілекші боп, тірек болып біздерге,Жұлдызыңыз жана берсін қашанда.Игі тілекпен: жолдасы Жұмағыз,

бала-келіндері Жәдігер-Нұрсұлу, Құрманғай-Ақмарал, Дархан, оразғай, қыз-күйеуі Тұрарбек-Жанерке және немере-жиендері.

Көпжасар ауылының тұрғыны, бірімізге қайны, бірімізге ақылшы аға сүйінішқалиев Қанатқали сатқалиұлын 60 жасқа толған туған күнімен құттықтаймыз.

Күміс күлкі жүзіңнен арылмасын, Болсын дейміз әрдайым бағың басым. Отбасыңа тілейміз біз амандық, Жаратқан дәйім сізді жарылқасын. Игі тілекпен: жеңгесі Айман, іні-

келіні Тұрарбек-Гүлнар, қарындасы Ақорын және бауырлары.

Көпжасар ауылының тұрғыны, бірімізге қайнаға, бірімізге аға, бірімізге нағашы Қанатқали сатқалиұлын мерейлі 60 жасымен қуана құттықтаймыз. Ағайынға, жақын-жұрағатқа, өзін білетін барша жанға сыйлы, беделді ағамыздың деніне саулық, отбасына амандық, шаңырағына ырыс пен ынтымақ, бақыт пен береке тілейміз.Алпыс жас арман болған талайларға,Бес күн жалған жеткізбес барлығында.

Қосылсын талай жылдар жасыңызға, Демеу болып бақыт, шаттық қасыңызда.Құттықтаушылар: күйеу бала-қарындасы

Төлеген-Жеңіс, күйеу бала-жиені Қазбек-сәуле, жиендері мен жиеншарлары.

Жаңақала ауылының тұрғыны, бүкіл өмірін отбасына арнап, өмірлік серігіне адал жар, ибалы келін, ұлын ұяға, қызын қияға қондырып отырған ардақты ана, немере-жиендерінің сүйікті әжесі Алтын Бисенбайқызы Қарабасованы 19 наурызда толатын 58 жас мерейтойымен және зейнеткерлік жасымен шын жүректен құттықтаймыз.Елу сегіз деген құтты болсын жасыңыз,Ден сау болып, аман болсын басыңыз.Артқа тастап бейнетті жыл белесін,

Сыйлы болып, жүзден де әрі асыңыз.Құттықтаушылар: енесі Айсұлу, жұбайы

рахымжан, бала-келіндері Жанайдар-Лаура, Жеңісбек, қыз-күйеулері Әділқазы-Жадыра, Арман-Жарқынай, немере-жиендері Даниал, Диляра, Әліби, Мадияр, санжар, Кәусар, Мағжан, рахман.

Жаңақала ауылының тұрғыны, аяулы анамыз, сүйікті әжеміз шолпан Жұмағалиқызын 17 наурыз күні 58 - зейнеткерлік жасқа жетуімен қуана құттықтаймыз.

Бақытымсың, жаным анам, жан анам,Мен өзіңді періштеге балағам.Ауырмашы, қартаймашы ешқашан,Мақсатыңа жетші әр кез қалаған.Құттықтаушылар: жолдасы

Бисенғали, бала-келіндері Есенғали-Күміс, Дидар-орынгүл, Данияр, немерелері Бекнұр, Дильназ, Елнұр, Ернар, Гүлназ.

Жаңақала ауылының тұрғыны, апамыз Қарабасова Алтынды 58 жасқа толған туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Деніне саулық, отбасына амандық тілейміз.Біз тілекті ақтарамыз жүректен,Қуаныштан көңіл шіркін дір еткен.Туылған күн құтты болсын,Өзіңізді құттықтаймыз ақ тілекпен.

Ақ тілекпен: іні-келіні Аян-Меңсұлу, бауыры Әли.

Жаңақала ауылының тұр-ғындары, әкеміз Аюпқалиев Наурыз Қайырғалиұлы мен анамыз Аюпқалиева Анар Махамбетқызын 50 жас туған күндерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Біздер үшін заңғар биік, тым алып,Жылы тілек толы жырын

шығарып. Әке-ана, туған күндеріңізбен, Құттықтайды қызың-ұлың қуанып.

Перзентіне асқар таудай тірегі, Сіздерсіздер мейірім толы жүрегі. Арамызда аман-есен жүріңдер, Жүздеріңнен күлкі кетпей үнемі.

Құттықтап тілек білдіруші: қызы Алтынай, ұлы Нұржігіт, жиендері Жанайым, Айлан.

Жаңақала ауылының тұрғындары, күйеу баламыз Наурыз Қ а й ы р ғ а л и ұ л ы мен қызымыз Анар М а х а м б е т қ ы з ы н мерейлі 50 жастарымен шын жүректен қ ұ т т ы қ т а й м ы з . Дендеріне саулық, ұзақ ғұмыр, шаңырақтарына

ырыс пен ынтымақ, бақыт пен береке тілейміз. Тау суындай тасысын көңілдерің,Шаттық болсын әрқашан көргендерің.Қайғы-мұң, жамандықтан аулақ болып,Қуанышқа толсын тек өмірлерің.Ақ ниетпен: Басировтар әулеті.

Пятимар ауылының кішкентай тұрғыны, көз қуанышымыз Ерқанат Батуханұлын наурыздың 20 күні 1 жасқа толған туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

Күні кеше бесігіңді тербеген,Қыранымсың көкке құлаш сермеген.Өмір жасың ұзақ болсын құлыным,Қырсығынан сақта Құдай көлденең.Ізгі ниетпен: ата-анасы Батухан-

Гүлдана, ағасы Нұрислам, кіндік мамасы Клара, кіндік ағасы ғабит.

Жаңақала ауылының кішкентай тұрғыны, сүйікті жиеніміз Эльдарқызы Эльнараны 20 наурыз күні толған 1 жасымен құттықтаймыз.

Ата-анасының, әжесінің бал-шекердей тәтті қызының дені сау, жасы ұзақ болсын.

Жасқа толған құлыншағым,Қандай тәтті шырын шағың.Ата-анаңның құшағында,Ұзақ болсын ғұмыр бағың.Денсаулығың мықты боп,Гүлдей жайнап жүре бер.

Болашақта бақытты бол, Мұратыңа жете бер.Тілек білдірулер: нағашы әжесі Жібек, нағашысы

Әділбек, нағашы апа-жездесі Азамат-Әсел, бөлелері Азат, Азель, Айлин.

Жаңақала ауылының тұрғыны, отбасымыздың тәп-тәтті бүлдіршіні, немерем, қызымыз Эльдарқызы Эльнараны 20 наурыз өмір есігін ашқан күнімен құттықтаймыз. Деніне саулық, ұзақ ғұмыр, бақытты балалық шақ тілейміз. Анаңа шуақ бол, әкеңе қуат бол.

Сүп-сүйкімді балапаным, құлыным,Неткен тәтті сенің ерке қылығың.Жиналамыз айналаңа қуана,Аман болшы, ботақаным,

қызығым.Игі тілекпен: әжесі Алтын, ата-анасы Эльдар-

Динара, аға-жеңгесі Еркебұлан-Айнұр, бауырлары Ерұлан, Ералхан, Ақан, Асан.

Күмбірлеген күй кешіҚ.Жантілеуов атындағы балалар саз

мектебінде «Тарихы терең, аңызға бай халық күйлері» атты тәрбие сағаты өтті. Кештің мақсаты - туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысуға шақыру, шынайы патриотизмді ояту. Шараны ұйымдастырушы ұстаз Г.Шуақбаева Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы тапсырмаларды жүзеге асыруды әрбір қазақстандық өз ісінен бастаған жөн деген оймен оздырды. Шәкірттер әр күйді нақышына келтіріп домбыраның үнімен күмбірлете ойнады. Күйлердің шығу тарихына тоқталып, бейне көріністермен толықтырылып отырды. Б.Тәжібаевтың «Туған жер», Құлшардың «Кербез керік», Қазанғаптың «Шыныаяқ тастар»

күйлері «Үкілім-ай» қыздар квартеті орындауында әдемі шықты. Сонымен қатар, халық күйлерін республикалық «Өнерімді Отаныма арнаймын» атты қашықтан өткен байқауының 2 орын жүлдегерлері қыздар ансамблі өз деңгейінде ойнау мәнерін келтірді. Кеш қонақтары күмбірлеген күйдің сахналық көріністермен астасып жатқан бағдарламаларын дайындаған Г.Шуақбаеваның шәкірттерінің өнерімен сусындап қайтты. Әдемі кеш халық әні «Бүлдіргеннің» домбырашы квартеттің сүйемелдеуімен көрермендердің қосыла шырқауымен қорытындыланды.

Айтолқын АСҚАРҚЫЗЫ.