e-mail: [email protected] 22 АŽТАР, ДЙСЕНБІ †˛ірлік т ... · 2018. 1. 22. ·...

12
–––––––––––––––––––– Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде Сыртқы істер министрі Қайрат бдірахмановтың қаты- суымен «Ауғанстан мен Орталық Азияда аймақтық серіктестікті қауіпсіздік пен дамудың зара тәуел- ділік үлгісінде құру» тақы- рыбында министрлік дең- гейінде жарыссз ұйымдас- тырылды. –––––––––––––––––––– Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ, «Егемен Қазақстан» – Нью-Йорктен (АҚШ) Шараға БҰҰ Бас хатшы- сы, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі- нің мүшелері, Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министр- лері мен Ауғанстанның Сыртқы істер министрінің орынбасары қатысты. Қазақстанның Сырт- қы істер министрі Қайрат Əбді- рахманов жиынға төрағалық етіп, бекітілген тəртіп бойынша алғашқы сөзді БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерришке берді. Бас хатшы өңірлік əріптестіктің маңызын атап өтіп, түрлі сала- лардағы ынтымақтастықты ор- натудың Ауғанстанға да, көр- ші елдерге де тиімді болаты- нын мəлімдеді. Оның айтуын- ша, Ауғанстандағы қазіргі жағ- дайға қарамастан аталған өңір болашақта келісімнің, бейбітшілік пен əріптестіктің үлгісі болатын мүмкіндігі бар. «Орталық Азия талай ғасырға жуық сауда-экономикалық бай- ланыс жолы болғанымен, ондағы елдер тəуелсіздік алған тұста сауда айналымы төмендеп кетті. Бірақ 2017 жылғы өңірге сапа- рымда екіжақты байланыстардың түрлі салаларда қайта гүлдене бастағанын көрдім. Мұның эконо- микаға тигізер пайдасы орасан», деді А.Гутерриш. БҰҰ Бас хатшысы Ауғанстан- да қауіпсіздік мəселесі толықтай шешілмегенін атап өтті. Елдегі терроризммен жəне қылмыс- пен күрес өңірдің жəне бүкіл əлемнің міндеті. Оған жауап- ты ауған үкіметі ғана емес, деді А.Гутерриш. Сонымен қатар Бас хатшы Орталық Азия мем- лекеттері мен Ауғанстан бас- тамасына жоғары баға берді. Ол су ресурсы, энергетика, инфра- құрылым мен білім саласындағы басымдықтардың маңызына тоқ- талып, БҰҰ-ның мұндай ын- тымақтастықтарға қолдау білді- ретінін жеткізді. Еліміздегі оқу орындарында мыңға жуық ауған жастарының оқып жатқанына да ерекше назар аударды. Бас хат- шы трансшекаралық қылмыс, есірткі тасымалы жəне терро- ризмге қарсы күреске, БҰҰ Жа- һандық контртеррористік стра- тегиясының жүзеге асырылуына басымдық берудің маңызын атап көрсетті. Өз кезегінде Сыртқы істер министрі Қ.Əбдірахманов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қауіпсіз, əділ жəне өркендеген əлем құру үшін жаһандық əріптестікті ны- ғайту жөніндегі үндеуінде жеті басымдықты ерекше атап көрсет- кенін хабарлады. Сондағы басым- дықтың бірі ‒ Орталық Азия мен Ауғанстанды бейбітшіліктің, ын- тымақтастық пен қауіпсіздіктің үлгісіне айналдыру. Қ.Əбдірахманов Орталық Азияда бейбітшілік пен қауіп- сіздік жəне əріптестік орнатуға қатысты өз көзқарасын білдір- ді. Ауғанстанда жасалып жат- қан маңызды іс-шараларды атап көрсетті. Сыртқы істер министрі- нің айтуынша, Ауғанстанмен шектесіп жатқандықтан Қазақ- стан өңірдегі қауіп-қатерлер мен сынақтарды шешуге мүдделі. Қазіргі таңда бірлесе тізе қосып əрекет еткендіктен өңірде өзара түсінісуге мүмкіндік туды. Ай- мақта келіссөздер жүргізу ортақ мəселелерді шешуге көмектеседі. Министр Ауғанстанды қауіп пен тұрақсыздықтың көзі деп қарас- тыру дұрыс еместігін, елді эконо- микалық мүмкіншілігі мол əріп- тес ретінде есептеу керек екен- дігін жеткізді. Ведомство басшысы аймақта тұрақтылық пен дамуды қамта- масыз ету үшін үш басымдыққа негіз қою керектігін атап көрсетті. Бірінші, қауіпсіздік мəселесіндегі қарым-қатынасты нығайту керек. Екіншісі ‒ өңірдегі сын-қатерлер шекараға бағынбайтындықтан, мемлекеттер арасында ынтымақ- тастықтың орнауы. Қ.Əбдірах- манов соңғы бағыт ретінде аймақ- тағы іс-шаралардың БҰҰ-ның бақылауымен өтуінің маңызды- лығын айтты. (Соңы 2-бетте) ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында ауыл шаруашылығы сала- сына айрықша тоқталып, «Шикізатты қайта ңдеуді қамтамасыз етіп, әлемдік нарықтарға жоғары сапалы дайын німмен шығуымыз керек», деген еді. Осы ретте Шығыс Қазақстан облысында шикізатты қайта ңдеп, оны шетелге экспортқа шығару бағытында жүйелі жұмыстардың қолға алынып жатқанын ерекше атап туге болады. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– №14 (29245) 22 ҚАҢТАР, ДҮЙСЕНБІ 2018 ЖЫЛ E-mail: [email protected] www.egemen.kz TWITTER.COM/EGEMENKZ FACEBOOK.COM/EGEMENKZ 1919 жылғы 17 желтоқсаннан шыға бастады ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ГАЗЕТ ӘЛЕМ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ӘЛЕУМЕТ СПОРТ 9-бет 10-бет ҚОҒАМ 6-бет БАЙЫПТЫ САЯСАТ – БАЯНДЫ БОЛАШАҚ КЕПІЛІ 7-бет АРАЛ ТАБАНЫНДАҒЫ «КЕМЕЛЕР БЕЙІТІ» ҚҰНЫҢ ҚАНША, ҚҰТЫДАҒЫ ҚҰЛЫНШАҚ? ШОРТ-ТРЕК КОРОЛІ БАПКЕРЛЕР ЛЕГИОНЫ 10-бет Ермұхамед МУЛЕН ОРТАҚ ТІЛ ТАБЫСУҒА ҰМТЫЛЫС БАР 6-бет Жақсыбай САМРАТ EUR/KZT 398.27 USD/KZT 324.27 RUB/KZT 5.73 CNY/KZT 50.68 ВАЛЮТАЛАРДЫҢ РЕСМИ (НАРЫҚТЫҚ) БАҒАМДАРЫ: ӨНДІРІС ӨРІСІ Қой жүнін Қытайға экспорттайды Өңірлік түйткілдер әлем назарында Азамат ҚАСЫМ, «Егемен Қазақстан» Енді біраз жылда облыстағы қой саны еселеп артуы мүмкін. Бұған дейін өңірде қой мен жүннің терісі ешқайда өтпегендіктен босқа рəсуа болып, далаға тасталып келгені белгілі. Бұл өз кезегінде аймақтағы қой санының төмендеуіне де белгілі бір мөлшерде əсерін тигізгенін ешкім жоққа шығара қоймас. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының берген мəліметтерінен аңғарғанымыз, соңғы жылдар мұғдарында өңірдегі қой саны 5 пайызға кеміпті. Қазір облыстағы қой саны – 1 миллион 800 мың. Хош. Жоғарыда «біраз жылда Шығыс Қазақстандағы қой саны еселеп артуы мүмкін» дедік. Бұлай деп сенімді түрде сөз қозғап отырғанымызға себеп – былтыр Абай ауданының орталығы Қарауыл ауылында жүн өңдеу фабрикасының іске қосылғандығы. Осы істің басы- қасында жүрген «Дерикар» ЖШС-нің директоры, облыстық мəслихаттың депутаты Тасболат Битенов бұл ша- руаны қолға алу оңайға түспегенін айтады. Былтыр 110 тонна өнім саудаға шығарылды Фабриканы құру жұмыстары 2012 жылы басталып, тек 2017 жылдың шілде айында аяқталыпты. Қажетті құрылғылардың бəрін Қытайдан са- тып əкеліпті. Осы мақсатта банктен 27 миллион, «Ертіс» əлеуметтік- кəсіпкерлік корпорациясы арқылы 25 миллион теңге несие алыпты. «Өзіміз де ел қатарлы мал ұстаймыз. Жүн мен терінің түкке керексіз болып дала- да жататыны жанға батып жүретін. Абай ауданын жақсы білесіздер, егін, көкөніс жөнді өспейді. Бұл өңір тұрғындарының негізгі тіршілік көзі – мал. Малмен күн көріп отыр барлығы. Содан ойлана келе осы істі қолға алуды ұйғарғанбыз. Біраз қиындықтарды да бастан өткердік. Қазір Құдайға шүкір, фабрика жұмыс істеп тұр. Былтыр 200 тонна жүнді жуып, соның 110 тоннасын Қытайға өткіздік. Бұрын қой жүнінің келісін 10-15 теңгеден алмаушы едік. Қазір 70 теңгеден қабылдап жатырмыз. Сұраныс болса бағасын тағы да көтереміз», дейді ол. Жұмысын бастағанына көп уақыт болмаған фабрикада тəулігіне 6 тонна жүн жуылады. Есептей беріңіз, 10 күнде – 60 тонна. Бізді қуантқаны, өндіріс орны облыстың шалғай аудандарынан əкелінген қой жүнін 150 теңгеден қабылдайды. Биылдан бастап ешкі жүнінің келісін 1 мың теңгеден сатып алмақ ниетте. Тағы бір атап өтер дүние, «Дерикар» ЖШС қой жүнінен бөлек сиыр (келісі 3 мың теңге), жылқы (200 теңге), қой (50 теңге) терісін қабылдап жатқан көрінеді. Бүгінде фабрикада 32 адам жұмыс істейді. Мұндағы жұмыс процесінің көбі автоматтандырылған. «Абай мал шаруашылығымен шұғыл- данатын аудан болғандықтан ауыл- шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу мəселесіне ерекше көңіл бөліп отырмыз. Елбасымыз биылғы Жолдауында осы мəселеге айрықша назар аударғаны белгілі. Қарауыл- дағы жүн өңдеу фабрикасы биыл 500-ден 700 тоннаға дейінгі жүнді экспортқа шығаруды жоспарлап отыр. Көктем шыға жұмысқа кірі- суге дайын. Аудан əкімдігі тарапы- нан барлық көмек көрсетіліп жа- тыр», дейді Абай ауданы əкімінің орынбасары Марат Еділбаев. Өңірдегі кәсіпорындар арасында бәсекелестік артып келеді Жүн өнімдерін Қарауылдан 1500 шақырым Алматы облы- сы аумағындағы Қорғас ке- ден бекеті арқылы өткізіп жүрген Тасболат Битенов алдағы уақытта 400 шақырым жердегі Үржар ауданы Бақты кеден бекеті арқылы саудаға шығарсам деп армандайды. «Қытаймен келісімшартымыз бар. Олардың сұрап отырғаны – 3 мың тонна. Қазір жуатын жүн жоқ болған- нан кейін фабрика уақытша тоқтап тұр. Жазғы қырықтық маусымын та- ғатсыздана күтіп отырмыз. Мамыр айынан бастап жүн жинаймыз. Жүн өңдеу дегеніңіз оңай шаруа емес. Əуелі жүнді жинап аламыз, ірік- тейміз, сұрыптаймыз. Түтеміз, жуа- мыз. Кептіреміз. Кептіргеннен кейін ол престеледі. Егер жүн қоры жет- кілікті болса, біз қысы-жазы жұмыс істеуге дайынбыз», дейді фабрика басшысы. (Соңы 11-бетте)

Upload: others

Post on 31-Aug-2020

5 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: E-mail: info@egemen.kz 22 АŽТАР, ДЙСЕНБІ †˛ірлік т ... · 2018. 1. 22. · су ресурсы, энергетика, инфра- ... өңір тұрғындарының

––––––––––––––––––––Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде Сыртқы істер министрі Қайрат �бдірахмановтың қаты-суы мен «Ауғанстан мен Орта лық Азияда аймақтық серік тестікті қауіпсіздік пен дамудың �зара тәуел-ділік үлгісінде құру» тақы-ры бында министрлік дең-гейінде жарысс�з ұйым дас-тырылды. ––––––––––––––––––––

Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,«Егемен Қазақстан» – Нью-Йорктен (АҚШ)

Шараға БҰҰ Бас хатшы-сы, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңе сі-нің мүшелері, Орталық Азия елдерінің сыртқы істер минис тр-лері мен Ауғанстанның Сыртқы іс тер министрінің орынбасары қатысты. Қазақстанның Сырт-қы істер министрі Қайрат Əбді-рах манов жиынға төрағалық етіп, бекітілген тəртіп бойынша алғаш қы сөзді БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерришке берді.

Бас хатшы өңірлік əріптестіктің маңызын атап өтіп, түрлі са ла-лардағы ынтымақтастықты ор-натудың Ауғанстанға да, көр-ші елдерге де тиімді болаты-нын мəлімдеді. Оның айтуын-ша, Ауғанстандағы қазіргі жағ-дай ға қарамастан аталған өңір

бола шақта келісімнің, бейбітшілік пен əріптестіктің үлгісі болатын мүм кіндігі бар.

«Орталық Азия талай ғасырға жуық сауда-экономикалық бай-ланыс жолы болғанымен, ондағы елдер тəуелсіздік алған тұста сау да айналымы төмендеп кетті. Бірақ 2017 жылғы өңірге сапа-рымда екіжақты байланыстардың түрлі салаларда қайта гүлдене

бастағанын көрдім. Мұның эко но-микаға тигізер пайдасы орасан», деді А.Гутерриш.

БҰҰ Бас хатшысы Ауған стан-да қауіпсіздік мəселесі толық тай шешілмегенін атап өтті. Ел дегі терроризммен жəне қыл мыс-пен күрес өңірдің жəне бүкіл əлем нің міндеті. Оған жауап-ты ау ған үкіметі ғана емес, деді А.Гутер риш. Сонымен қатар

Бас хатшы Орталық Азия мем-лекет тері мен Ауғанстан бас-тама сына жоғары баға бер ді. Ол су ресурсы, энергетика, инфра-құрылым мен білім сала сындағы басымдықтардың маңы зына тоқ-талып, БҰҰ-ның мұндай ын-тымақтастықтарға қолдау білді-ретінін жеткізді. Еліміздегі оқу орындарында мыңға жуық ауған жастарының оқып жатқа нына да

ерекше назар аударды. Бас хат-шы трансшекаралық қыл мыс, есірткі тасымалы жəне терро-ризмге қарсы күреске, БҰҰ Жа-һандық контртеррористік стра-тегиясының жүзеге асырылуына басымдық берудің маңызын атап көрсетті.

Өз кезегінде Сыртқы істер министрі Қ.Əбдірахманов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қауіпсіз,

əділ жəне өркендеген əлем құру үшін жаһандық əріптестікті ны-ғай ту жөніндегі үндеуінде жеті ба сымдықты ерекше атап көрсет-кенін хабарлады. Сондағы басым-дық тың бірі ‒ Орталық Азия мен Ауғанстанды бейбітшіліктің, ын-тымақтастық пен қауіпсіздіктің үлгісіне айналдыру.

Қ.Əбдірахманов Орталық Азия да бейбітшілік пен қауіп-сіз дік жəне əріптестік орнатуға қатысты өз көзқарасын білдір-ді. Ауғанстанда жасалып жат-қан маңызды іс-шараларды атап көрсетті. Сыртқы істер ми нистрі-нің айтуынша, Ауған стан мен шектесіп жатқандықтан Қазақ-стан өңірдегі қауіп-қатерлер мен сы нақтарды шешуге мүдделі. Қазіргі таңда бірлесе тізе қосып əрекет еткендіктен өңірде өзара түсі нісуге мүмкіндік туды. Ай-мақ та келіссөздер жүргізу ортақ мəселелерді шешуге көмектеседі. Министр Ауғанстанды қауіп пен тұрақсыздықтың көзі деп қарас-тыру дұрыс еместігін, елді эконо-микалық мүмкіншілігі мол əріп-тес ретінде есептеу керек екен-дігін жеткізді.

Ведомство басшысы аймақ та тұрақтылық пен дамуды қам та-масыз ету үшін үш басымдыққа негіз қою керектігін атап көрсетті. Бірінші, қауіпсіздік мəселесіндегі қарым-қатынасты нығайту керек. Екіншісі ‒ өңірдегі сын-қатерлер шекараға бағынбайтындықтан, мем лекеттер арасында ынтымақ-тастықтың орнауы. Қ.Əбдірах-манов соңғы бағыт ретінде аймақ-тағы іс-шаралардың БҰҰ-ның бақылауымен өтуінің маңыз ды-лығын айтты.

(Соңы 2-бетте)

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында ауыл шаруашылығы сала-сына айрықша тоқталып, «Шикізатты қайта �ңдеуді қамтамасыз етіп, әлемдік нарықтарға жоғары сапалы дайын �німмен шығуымыз керек», деген еді. Осы ретте Шығыс Қазақстан облысында шикізатты қайта �ңдеп, оны шетелге экспортқа шығару бағытында жүйелі жұмыстардың қолға алынып жатқанын ерекше атап �туге болады. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

№14 (29245) 22 ҚАҢТАР, ДҮЙСЕНБІ 2018 ЖЫЛE-mail: [email protected] TWITTER.COM/EGEMENKZFACEBOOK.COM/EGEMENKZ

1919 жылғы 17 желтоқсаннан

шыға бастады

ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ГАЗЕТ

ӘЛЕМ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН

ӘЛЕУМЕТ

СПОРТ

9-бет

10-бет

ҚОҒАМ

6-бет

БАЙЫПТЫ САЯСАТ –БАЯНДЫ БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

7-бет

АРАЛ ТАБАНЫНДАҒЫ «КЕМЕЛЕР БЕЙІТІ»

ҚҰНЫҢ ҚАНША, ҚҰТЫДАҒЫ ҚҰЛЫНШАҚ?

ШОРТ-ТРЕК КОРОЛІ

БАПКЕРЛЕР ЛЕГИОНЫ

10-бет

Ермұхамед М�УЛЕН

ОРТАҚ ТІЛ ТАБЫСУҒА ҰМТЫЛЫС БАР

6-бет

Жақсыбай САМРАТ

EUR/KZT 398.27 USD/KZT 324.27 RUB/KZT 5.73 CNY/KZT 50.68ВАЛЮТАЛАРДЫҢ РЕСМИ (НАРЫҚТЫҚ) БАҒАМДАРЫ:

ӨНДІРІС ӨРІСІ

Қой жүнін Қытайға экспорттайды

Өңірлік түйткілдер әлем назарында

Азамат ҚАСЫМ, «Егемен Қазақстан»

Енді біраз жылда облыстағы қой саны еселеп артуы мүмкін. Бұған дейін өңірде қой мен жүннің терісі ешқайда өтпегендіктен босқа рəсуа болып, далаға тасталып келгені белгілі. Бұл өз кезегінде аймақтағы қой санының төмендеуіне де белгілі бір мөлшерде əсерін тигізгенін ешкім жоққа шығара қоймас. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының берген мəліметтерінен аңғарғанымыз, соңғы жылдар мұғдарында өңірдегі қой саны 5 пайызға кеміпті. Қазір облыстағы қой саны – 1 миллион 800 мың. Хош. Жоғарыда «біраз жылда Шығыс Қазақстандағы қой саны еселеп артуы мүмкін» дедік. Бұлай деп сенімді түрде сөз қозғап отырғанымызға себеп – былтыр Абай ауданының орталығы Қарауыл ауылында жүн өңдеу фабрикасының іске қосылғандығы. Осы істің басы-қасында жүрген «Дерикар» ЖШС-нің директоры, облыстық мəслихаттың депутаты Тасболат Битенов бұл ша-руаны қолға алу оңайға түспегенін айтады.

Былтыр 110 тонна өнім саудаға шығарылды

Фабриканы құру жұмыстары 2012 жылы басталып, тек 2017 жылдың шілде айында аяқталыпты. Қажетті құрылғылардың бəрін Қытайдан са-тып əкеліпті. Осы мақсатта банктен 27 миллион, «Ертіс» əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорациясы арқылы 25

миллион теңге несие алыпты. «Өзіміз де ел қатарлы мал ұстаймыз. Жүн мен терінің түкке керексіз болып дала-да жататыны жанға батып жүретін. Абай ауданын жақсы білесіздер, егін, көкөніс жөнді өспейді. Бұл өңір тұрғындарының негізгі тіршілік көзі – мал. Малмен күн көріп отыр барлығы. Содан ойлана келе осы істі қолға алуды ұйғарғанбыз. Біраз қиындықтарды да бастан өткердік.

Қазір Құдайға шүкір, фабрика жұмыс істеп тұр. Былтыр 200 тонна жүнді жуып, соның 110 тоннасын Қытайға өткіздік. Бұрын қой жүнінің келісін 10-15 теңгеден алмаушы едік. Қазір 70 теңгеден қабылдап жатырмыз. Сұраныс болса бағасын тағы да көтереміз», дейді ол.

Жұмысын бастағанына көп уақыт болмаған фабрикада тəулігіне 6 тонна жүн жуылады. Есептей беріңіз, 10 күнде – 60 тонна. Бізді қуантқаны, өндіріс орны облыстың шалғай аудандарынан əкелінген қой жүнін 150 теңгеден қабылдайды. Биылдан бастап ешкі жүнінің келісін 1 мың теңгеден сатып алмақ ниетте. Тағы бір атап өтер дүние, «Дерикар» ЖШС қой жүнінен бөлек сиыр (келісі 3 мың теңге),

жылқы (200 теңге), қой (50 теңге) терісін қабылдап жатқан көрінеді. Бүгінде фабрикада 32 адам жұмыс істейді. Мұндағы жұмыс процесінің көбі автоматтандырылған. «Абай мал шаруашылығымен шұғыл-данатын аудан болғандықтан ауыл-шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу мəселесіне ерекше көңіл бөліп отырмыз. Елбасымыз биылғы Жолдауында осы мəселеге айрық ша назар аударғаны белгілі. Қарауыл-дағы жүн өңдеу фабрикасы биыл 500-ден 700 тоннаға дейінгі жүнді экс портқа шығаруды жоспарлап отыр. Көктем шыға жұмысқа кірі-суге дайын. Аудан əкімдігі тарапы-нан барлық көмек көрсетіліп жа-тыр», дейді Абай ауданы əкімінің орын ба сары Марат Еділбаев.

Өңірдегі кәсіпорындар арасында бәсекелестік

артып келедіЖүн өнімдерін Қарауылдан

1500 шақырым Алматы облы-с ы а у м а ғ ы н д а ғ ы Қ о р ғ а с к е -ден бе кеті арқылы өткізіп жүрген Тасболат Битенов алдағы уақытта 400 ша қырым жердегі Үржар ауданы Бақ ты кеден бекеті арқылы саудаға шы ғарсам деп армандайды. «Қы таймен келісімшартымыз бар. Олар дың сұрап отырғаны – 3 мың тонна. Қазір жуатын жүн жоқ болған-нан кейін фабрика уақытша тоқтап тұр. Жазғы қырықтық маусымын та-ғатсыздана күтіп отырмыз. Мамыр айынан бастап жүн жинаймыз. Жүн өңдеу дегеніңіз оңай шаруа емес. Əуелі жүнді жинап аламыз, ірік-тейміз, сұрыптаймыз. Түтеміз, жуа-мыз. Кептіреміз. Кептіргеннен кейін ол престеледі. Егер жүн қоры жет-кілікті болса, біз қысы-жазы жұмыс істеуге дайынбыз», дейді фабрика басшысы.

(Соңы 11-бетте)

Page 2: E-mail: info@egemen.kz 22 АŽТАР, ДЙСЕНБІ †˛ірлік т ... · 2018. 1. 22. · су ресурсы, энергетика, инфра- ... өңір тұрғындарының

2 22 ҚАҢТАР 2018 ЖЫЛ

ПРЕЗИДЕНТ ПОШТАСЫНАН

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Сіздің бастамаңызбен 2013 жылы құрылған «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубы алдына өр мақсат қойған және келешегі зор спорттық жоба болып табылады, деп атап көрсетілген Мемлекет басшысына бір топ спортшы атынан жолданған хатта.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мәжілісіне қатысуы шеңберінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Нью-Йоркте өзінің ресейлік, қырғызстандық, тәжікстандық және кувейттік әріптестерімен екіжақты кез-десулер өткізді. Сондай-ақ БҰҰ Бас хатшысының дәстүрлі кездесуіне қатысты, деп хабарлады Қазақстан СІМ-інің баспасөз қызметі.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

САЯСАТ

––––––––––––––––––––––––––––––––––Парламент Сенатының Төрағасы Қ.Тоқаев Елбасының БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі сөзі туралы пікір білдірді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.––––––––––––––––––––––––––––––––––

Сенат Төрағасы Мемлекет басшысының БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі сөзі туралы пікірін

твиттерде жариялады. «Президент Н. Назарбаевтың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі мазмұнды сөзі дүниежүзілік негізгі органның жұмысына тың серпін береді, халықаралық жағдайдың маңызды мәселелері бойынша пікірсайыстың өзегіне ай-налады. Қазақстан Көшбасшысы стратегиялық ауқымдағы саясаткер екенін көрсетті», деп жазды Қ.Тоқаев.

Кеңес барысында бизнес-и н н о в а ц и я л а р д ы қ о л д а у ,

нақты сектор тарапынан жаңа техно логияларға сұранысты

ынта лан дыру, сондай-ақ Назарбаев Университеті, АХҚО және IT-стар таптардың халықаралық тех-нопаркі төңірегінде цифрлы және өзге де инновациялық ше шімдерді әзірлеушілердің эко жүйесін да-мыту мәселелері тал қы ланды, деп хабарлады Пре мьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Елбасы сөзі туралы пікір білдірді

Инновацияларды дамыту мәселелері талқыланды

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын іске асыру аясында жаңа инновациялық технологияларды дамыту жөнінде кеңес өткізді.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ,«Егемен Қазақстан»

Журналистерге мемлекеттік қызмет көрсетуді электронды форматқа көшіру жөнінде то-лыққанды мәлімет берген Ақ -парат және коммуникация лар вице-министрі Қайрат Ба лық-баев электронды үкімет пор-талының дамуы мен «Аза мат-тарға арналған үкімет» мем-лекеттік корпорациясының қыз-метін жетілдіруге ерекше маңыз беріліп отырғанын жеткізді. «Бұл – мемлекеттік қызметтерді халыққа қолайлы, қолжетімді етудің ең ыңғайлы жолы. Қазіргі таңда 746 мемлекеттік қызметтің 621 түрі, яғни 83 пайыздан астамы «Азаматтарға арналған үкімет» жүйесіне өткізілген. Электронды үкімет инфрақұрылымы арқылы бүгінде 452 мемлекеттік қызмет көрсетіледі», деді вице-министр.

Министрлік мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру, олар ды электронды форматқа көші ру жұмыстарын әлі де дамы та түспек. Осыған байла-нысты былтырдың өзінде жұрт-шылыққа ыңғайлы бірқатар жобалар іске асқан екен. Мысалы, өткен жылы бала тууға

байланысты көрсетілетін мем-лекеттік қызметтер проактивті тәсіл ар қы лы оңтайландырылған. Бұл жо баға сәйкес жаңа босанған әйел бұрынғыдай халыққа қыз-мет көрсету орталықтарына келіп жатпай-ақ, телефон арқы-лы сәбиін тіркетіп, туу тура-лы куәлікті жасатып, балабақ-шаға кезекке қойып, тіпті нәрес-тенің өмірге келуіне байла ныс ты берілетін тиісті жәрдем ақы ны ресімдеген. Вице-минис тр дің айтуынша, бұл жерде ха лық мемлекеттік қызметке жү гін-бейді, мемлекеттік органдар тие-сілі қызметті ұсынып, халыққа өздері шығады. Айталық, бүгінгі таңда тиісті мамандар жаңа бо-санған 11 590 әйелге өздеріне тиесілі қызметті алу жөнінде SMS-хабарлама жолдаған екен. Олардың 4 мыңға жуығы хабар-лама бойынша проактивті тәсілге жүгінген. Осылайша, 715 туу ту-ралы куәлік беріліп, 261 нәресте балабақшаға кезекке қойылған.

Бұған қоса, қазір министрлік мемлекеттік қызметтерді элек-тронды цифрлы қолтаңбасыз көр сету жөніндегі шараларды қол ға алған. Қазірдің өзінде ЭЦҚ-сыз 30 электронды қызмет түрін алуға болады.

Брифингке қатысқан «Аза-маттарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бас қарма төрағасы Абылайхан Ос панов елімізде жыл сайын 37 млн-нан астам мемлекеттік қыз мет көрсетілсе, олардың 24 млн-ға жуығы электронды фор-матта екенін атап өтті. Қазіргі таң да кез келген мемлекеттік қыз метті уақтылы көрсету қатаң бақылауға алынған. Осы жұ мыс-тарды реттеп отыратын арнайы Ахуалдық орталық ашыл ған. Сон дай-ақ ақпараттық ашық-тық ты қамтамасыз ету мақ са-тында мемлекеттік корпора ция веб-сайт форумы іске қо сы лып, халықпен кері байланыс ор-нату, қызмет көрсету са па сын жақсарту мақсатында ұсы ныс-тарды қабылдай бастаған. А.Ос-пановтың айтуынша, форумда талқыланған мәселелер, кез кел-ген азамат тарапынан жасалған ескертулер назардан тыс қалмай, мұның бәрі саланы жетілдіру барысында ескерілетін болады.

Жиында «Ұлттық ақпарат-тық технологиялар» АҚ бас-қар ма төрағасының орынбаса-ры Ботагөз Қасабек Жолдауда аталған «бір өтініш» қағидасы бо йынша ке шенді қызмет көр сетуге кө шуге мүмкіндік беретін ақпараттық жүйелерді интеграциялау туралы ай-тып берді. Оның айтуынша, бүгінде электронды үкімет пор-талы 237 қызмет көрсету мен сервисті, eLicense.kz электрон-ды лицензиялау порта лы 440 автоматтандырылған қыз мет алуды ұсынып отыр. Олар дың ішінде бизнесті тіркеу және да-мыту, лицензиялау, салық тар, банк ісі, субсидиялау сынды онлайн-қызметтер бар. Қыз-меттерді электронды формат қа көшіруге байланысты халық-тың уақыты үнемделіп, қағаз-бас тылық азай ғанын атап өт-кен Б.Қасабек оңтай ланды ру-дың арқасында бизнесті онлайн тіркеу де жеңілдегенін айта ды. Ол келтірген мәліметке сүйен-сек, еgov арқылы 2012 жылдан бас тап 177 824-тен астам ком-пания ашылса, былтыр 48 367-ден астам заңды тұлға тіркелген.

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Елбасы биылғы Жолдауында тиімді мемлекеттік басқару аясында мемлекеттік әкімшілендіру кезінде кәсіпкерлер мен тұрғындардың шығындарын қысқартуға байланысты жұмыстарды жалғастырып, «бір өтініш» қағидаты бойынша жекелеген мемлекеттік қызмет көрсетуден кешенді қызмет көрсетуге көшу қажеттігі жөнінде бірқатар тапсырма жүктеді. Осыған байланысты Үкімет үйінде брифинг өтіп, бұл бағыт бойынша қолға алынған жұмыстар нақтыланды.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Электронды қызмет –халыққа ең қолайлы тәсіл

(Соңы. Басы 1-бетте)

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қауіпсіздік Ке-ңесі алаңында Орталық Азия ел дерінің мүддесін алға жыл-жыту тұрғысында Қазақстанның жауап кершілігі мол әрі үлгі аларлық бастамасын құптады. Ол Ау ғанстанда есірткі заттарының көптеп өндірілуіне халықаралық бір лестіктер алаңдаушылық білді-ріп отырғанын айтып, оның тамы-рына балта шабу үшін жедел ша ралар қабылдауға шақырды. Елдегі ахуалды жақсарту үшін ай-мақ тағы мемлекеттер мен халық-аралық қоғамдастықтың бірлесе әрекет етуі қажеттігін сөз етті.

АҚШ Мемлекеттік хатшы сы-ның бірінші орынбасары Джон Сал ливан сөзінде халықаралық қоғамдастық Ауғанстан үкіметі мен Талибандар арасында келіс сөз ұйымдастыру қажеттігін жет кізді. Оның пікірінше, «Талибан» ұйы-мын келіссөз үстеліне отырғызу үшін шара қабылдануы керек.

Қауіпсіздік Кеңесінде сөз сөй леген Қырғызстан, Өзбек-стан, Тәжікстан және Түрікмен-стан делегациялары бейбітшілік пен тұ рақ тылықты сақтау үшін барлық қауіпсіздік мәселе лерін ше шуде Ауғанстанға экономи-калық тұрғыда әсер етудің маңыз дылығын мақұлдады. Олар Ау ғанстанмен ұзақ мерзімді ынты мақтастықты орнатуға пейіл ді екендіктерін білдірді. Ай мақ елде рінің Ауғанстанмен сауда-эконо микалық байланыс-ты те рең детуінің сәтті үлгілері айтылды.

Орталық Азия мемлекеттері Ауғанстанмен көлік-транзиттік, инфрақұрылымдық, сауда-эко-номикалық, инвестициялық және энергетикалық салада нақты аймақтық жобаларды іске асы-рып, қарым-қатынасты нығайтуға дайын екендіг ін жеткізді . Өңірдегі елдер Ауғанстанға қауіп ретінде емес, ашылмаған әлеуеті зор маңызды әрі келешегі ке-мел серіктес ретінде қараған

дұрыс деген пайымға келді. Қауіпсіздік Кеңесіне мүше

мемлекеттердің өкілдері Ауған-стандағы бейбітшілік пен тұ-рақ тылықты нығайтуда Қазақ-стан ның атқарған жұмыстарына ерек ше баға берді. Еліміздің баста масы бойынша Қауіпсіздік Кеңе сінің Ауғанстанға жасаған тұң ғыш сапарына баса назар ауда-рылды. Сапар барысында елдегі даму динамикасы терең әрі жан-жақты талқыланып, Ауғанстанға көмек көрсету жөнінде шешім қабылданған болатын.

Жарыссөз қорытындысы бо-йынша, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Төр ағасының Мәлімдемесі қа был-да нып, оған ұйымға мүше барлық мемлекет қолдау білдірді. Онда ха лықаралық қоғамдастықтың ай мақтық ынтымақтастықты ны-ғайта отырып, дипломатиялық жол мен Ауғанстанға көмек беруі-нің маңыздылығы айтылған. Мә-лім деме Орталық Азияда бейбіт және тұрақты аумақ құруды көз-дейді.

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесуде сұхбаттастар дәстүрлі достық рә уіште екіжақты қарым-қаты-нас тардың дамуы мәселесін талқылап, БҰҰ Қауіпсіздік Ке-ңесінің күн тәртібін қоса алғанда, негізгі жаһандық және өңірлік проблемалар бойынша пікір ал-масты. Бұл арада Астана мен Мәс кеудің сөз болған барлық мәселе бойынша ұстанымдары аса жақын немесе ұқсас екендігі атап көрсетілді. Қ.Әбдірахманов ресейлік әріптесіне Астананың 2017 жыл бойы БҰҰ ҚК құра-мын дағы жұмысына бағалы қол дауы үшін ризашылығын біл дірді. Өз кезегінде С.Лавров Қа зақстанның Қауіпсіздік Кеңе-сін дегі төрағалығы жұмысын жоғары бағалады.

Қырғызстан Сыртқы істер министрі Эрлан Абдылдаевпен кездесуінде Қазақстан Сыртқы саясат ведомствосының басшысы

өңірлік және көпқырлы өзара іс-қимыл мәселелерін, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың кө кейкесті қырларын талқы-лады. Әңгіме барысында Қыр-ғызстан Президенті Сооранбай Жээнбековтің өткен жылдың соңында Астанаға ресми са па-рының қорытындысы нәтиже-сінде қол жеткізілген уағдалас-тықтардың жүзеге асырылу жайы да сөз етілді.

Қ.Әбдірахманов Тәжікстан Сыртқы істер министрі Сирод-жиддин Асловпен Астана мен Ду-шанбенің екіжақты және өңірлік ынтымақтастықты дамыту жай-ын талқылады. Тәжік диплома-ты Қазақстанның Қауіпсіздік Ке ңесіне мүшелігінің алғашқы жы лының қорытындысы бойын-ша жасаған жұмысын жоғары ба ғалады. Бұл жерде қауіпсіздік мәселелері жөніндегі пікірталас шақыру мен Ауғанстан және Орталық Азия қарым-қатынасын

дамыту жайы да назардан тыс қалған жоқ.

Кувейт Мемлекеті Премьер-министрінің орынбасары – Сырт қы істер министрі шейх Сабах әл-Халед Ас-Сабахпен кездесуде тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелері бой-ынша пікір алмасты және өзара қызығушылық танытылатын бірқатар халықаралық проб-лемаларды талқылады. Қ.Әб-дірахманов Кувейттің БҰҰ шең-берінде бірқатар халықаралық жобаларды ілгерілетудегі бел-сен ді рөлін жоғары бағалады. Атал ған елдің Қауіпсіздік Кеңе-сінің тұрақты емес мүшесі ре-тінде де бейбітшілікті және жа-һан дық қауіпсіздікті нығайтуға ай тар лықтай үлес қосатынына сенім білдірді.

Қазақстан СІМ-інің басшы-сы БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гу терриштің Қауіпсіздік Кеңе-сіне мүше елдер Тұрақты мүше-лерімен дәстүрлі ай сайын ғы кездесуіне қатысты. Қ.Әбді-рахманов шараға қатысушы-ларды Сирия бойынша Астана про цесінің жұмыс барысымен та ныстырды. Кездесуге жинал-ғандар сондай-ақ БҰҰ-ға қатыс-ты басқа да бірқатар мәселе бойын ша талқылаулар өткізді.

«Астана» Президенттік клу-бы ның бас демеушісі «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры, клубтың құрылтайшылары 51 дауысқа ие «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ пен 49 дауысқа ие Астана қаласының әкімдігі.

Сіздің жеке қолдауыңыздың және тұрақты қаржыландырудың арқасында клуб халықаралық аре нада жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, елорда мен Қазақ стан-ның оң беделін қалыптастырып, нығайтуда.

«Астана» президенттік клу-бы өз туының астына үздік кәсі-би спорттық клубтарды: әлем -дік деңгейдегі «Астана» вело-ко мандасы, «Астана» футбол клубы, «Барыс» хоккей клубы, «Астана» баскетбол клубы, ралли-рейдтар бойынша «Ас-тана» командасы және «Астана Арланс» боксшылар командала-рын біріктіріп отыр.

«Астана» клубының жетіс-тіктері бүкіл әлемге кеңінен мәлім.

«Астана» велокомандасы – 215 жеңіске қол жеткізіп, Гранд-турларда 8 мәрте жеңіс сал -танатын құрған, әлемдік дең -гейде танылып, еліміздің тан дау-лы брендіне айналған коман да. Велоклубтың құрамына «Ас-тана» велокомандасы және 3 фарм-клуб: қазақстандық спорт-шылардан тұратын «Astana City» құрлықтық командасы және «Astana Track Team» трек коман -дасы, сондай-ақ «Astana Womens Team» әйелдер командасы кі реді.

«Астана» велокомандасының спортшылары Қазақстанды Азия да нөмірі бірінші еткен Ұлт тық құраманың негізі болып табылады.

«Астана» футбол клубы рес-публиканың төрт дүркін чем-пионы, Қазақстан кубогының үш мәрте иегері, қазақстандық футбол тарихында 2015 жылы УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің және 2017 жылы Еуропа лигасының плэй-офф кезеңінің алғашқы қатысушысы болып табылады.

Сонымен қатар Астана клубтық рейтингте 452-ші орыннан 67-ші орынға көтеріліп, бірегей жетістікке қол жеткізді. Бұл көр сеткіш «Астана» клубының УЕФА рейтингісінде елімізге ұпай әкелетін жалғыз клуб еке-нін көрсетеді.

«Барыс» хоккей клубы Шы-ғыс Еуропаның, Ресейдің, Қы-тайдың және ТМД елдерінің жетекші командалары ойнайтын Құрлықтық хоккей лигасының плэй-офф кезеңінің тұрақты қа ты сушысы, сонымен қатар еліміз дің ерлер, жастар, студент-тер мен жасөспірімдер құрама-ларының базалық клубы болып табылады.

«Астана» баскетбол клубы Ұлттық лига және Қазақстан Ку-богының төрт мәрте чемпио ны, еліміздің баскетбол тарихын-дағы 2017 жылғы Азия чем-пиондары кубогының алғашқы қола жүлдегері, Шығыс Еуропа, Ресей, Қытай және ТМД елде-рінің жетекші клубтарының ба сын қосатын ВТБ Біртұтас лигасының плэй-офф раундының тұрақты қатысушысы және толыққанды мүшесі болып та-былады. Клуб азиялық грандтар – Қатар мен Ирактың құрама командаларын жеңіп, 2019 жылы Әлем чемпионатының іріктеу циклына қатысып жатқан Қазақстан Ұлттық құрамасының базалық командасы.

Ралли-рейдтар бойынша «Астана» командасы «ДАКАР» трансконтиненттік ралли-мара-фонына қатысқан еліміздің ав-тоспорт тарихындағы алғашқы және жалғыз командасы, әлемнің екі дүркін чемпионы, «Дакар» ралли-марафонының екі мәрте қола жүлдегері, сондай-ақ тек спорттық іс-шара емес, Ресей, Қазақстан және Қытай сияқты үш ел ынтымақтастығының стратегиялық жобасы – «Silk Way Rally 2016» атты ірі халықаралық ралли-марафонының чемпионы болып табылады.

«Астана Арланс» боксшылар клубы – үш дүркін Әлем чем-пионы және Дүниежүзілік бокс

сериясының рекордсмені. Тек қана қазақстандық спортшы лар-дан тұратын «Астана Арланс» боксшылары барлық құр лық-тарда өнер көрсетіп, бірнеше мәрте әлемнің үздік боксшылары болып танылды.

«Астана» брендінің әлемге танымалдылығын ескере оты-рып, «Астана» президенттік клу-бының спорттық жобаларының біртұтас ребрендингі жүзеге асырылды.

Енді «Астана» – Қазақстан-ның және елордамыздың беделін халықаралық аренада бір атау және бір логотиппен дамытатын біртұтас ұлттық спорт бренді.

Бұдан басқа, қазіргі таңда президенттік клуб брендті са-палы түрде басқару және менедж -менттің цифрлы жүйесін енгізу жолымен бизнес-процестерді автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.

Біздің клубтарымыздың бюджеті басқа әлемдік спорт жо-баларының бюджетімен салыс-тырғанда – ең қарапайым, және ол соңғы бірнеше жылдар бойы өзгеріссіз қалуда. Сонымен бірге клуб шығындарды әрі қарай оңтайландыру бойынша жоспар-лы түрде жұмыс жасауда.

Аса құрметті Нұрсұлтан Әбіш ұлы, Сізге жеке қолдау көр-сет кеніңіз үшін тағы да алғысы-мызды білдіруге рұқсат етіңіз.

Сіздің құптауыңызбен біз са ламатты өмір салтын насихат-тауға және еліміздің спорттық әлеуетін арттыру үшін «Астана» пре зиденттік клубының одан әрі дамуына бағытталған жұ мыс-тарды жалғастыруға дайынбыз.

Хатқа «Астана» вело ко ман-дасының бас менеджері, Олим-пиада чемпионы А.Винокуров, «Астана» баскетбол клубының бас менеджері, Олимпиада чем-пионы В.Тихоненко, «Барыс» ХК президенті А. Шопобаев, «Ас тана» ФК президенті С.Хамит жанов, Ралли-рейдтар бойын ша «Астана» коман да сы-ның бас менеджері А.Ардавичус, Пар ла мент Мәжілісінің депута-ты, Олим пиада чемпионы, «Ас-та на» пре зиденттік клубы Қам-қор шылық кеңесінің мүшесі С.Сәпиев және Парламент Се-наты ның депутаты, «Аста на» пре зиденттік клубы Қамқор-шылық кеңесінің төрағасы Д.Кәлетаев қол қойған. Өңірлік түйткілдер әлем назарында

Екіжақты кездесулер өткізді

Александр ТАСБОЛАТ,«Егемен Қазақстан»

Жиында Елба сымыздың «Төртінші өнеркәсіптік револю-ция жағдайындағы дамудың жа-ңа мүмкіндіктері» атты биыл ғы Жолдауынан туын дайтын қазақ-стандық полицияның міндеттері талқыланды.

Алқа отырысында министр Қалмұханбет Қасымов ІІМ

жүйесінің қызметі Мемлекет бас шы сының биылғы Жолдауда айқын даған міндеттерін іске асы руға қолайлы жағдай қалып-тас тыруға бағытталуы тиістігіне айрықша тоқталды.

Өңірдегі орган басшылары-на әкімдіктермен бірлесіп, кө-лік қозғалысын тиімді бас қа ру ға мүмкіндік беретін адамдар көп жиналатын жерлерге «Қа уіп сіз аула» принципімен жұмыс іс тейтін

интеллектуалды бейне ба қылау жүйесін орнату бағы тын да шаралар қабылдауды тап сы рып, ішкі істер органдары қыз метін цифрландыру қажеттігін қаперге салды.

Бұл мәселелер қылмыстық істер жүйесі мен әкімшілік өнді-ріске, сонымен бірге тұрғын дар-ға мемлекеттік қызмет көрсе-ту саласына электронды жүйе енгізумен байланысты.

Министр сөзінде Елба сы-ның Жолдауы ішкі істер орган-дарының қызметін жаң ғыр туға ай тарлықтай серпін беріп, Төр-тін ші өнеркәсіптік рево лю ция жағ дайында техно ло гиялық даму ға жол ашатынын жеткізді.

Жолдау міндеттері сөз болды

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Астанада Ішкі істер министрлігінің қызмет керлері, облыс-тардағы ІІД, ЖПҚ, ҚАЖД, ТЖД, сондай-ақ қалалық және аудандық ішкі істер органдары басшыларының қатысуымен ІІМ Алқа сының кеңейтілген отырысы өтті. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Келешегі зор спорттық жоба

Page 3: E-mail: info@egemen.kz 22 АŽТАР, ДЙСЕНБІ †˛ірлік т ... · 2018. 1. 22. · су ресурсы, энергетика, инфра- ... өңір тұрғындарының

22 ҚАҢТАР 2018 ЖЫЛ 3САЯСАТ

Жастарға үлгі жасампаз еңбек

Мемлекет басшысының «Тәуел сіздік дәуірі» атты кітабы еге мен еліміздің негізі қалан ған күн нен бас­тап бүгінге дей інгі бар лық игіліктер мен жет кен же­тістіктерімізді, оның қа лып ­та су кезеңдерінің ерекше­лік терін қам т ыған бірегей туынды. Онда бү кіл дәуірдің тынысы, ұлт тың мұраты, мемлекеттің кемел ке­лешегі жатыр. Еліміздің барл ық жарқын көріністерін бүге­шү ге сіне дейін осы еңбектен таба ала мыз. Кітапта айтылған өзекті тұжырымдар қазіргі тари­хымыздан сыр шертіп, келер

ұрпақтың рухани­танымдық азығына айналады деп есептеймін. Жылдар жыл­жып, уақыт сырғыған сай­ын әр сала жаңаша тұрпатта дамып, тың тыныс алады. Бүгінгі жетістіктер тарих парақтарына қатталып, кітапта айтылған әрбір ой келешекке керуен тартып ел ді гіміздің берік іргетасына айнала тынына сенемін.

«Біздің азаматтары­мыз, әсі ресе жастарымыз бағдары мыз дың не үшін және қалай айқын дал­ғанын, тәуелсіз Қа зақстан­ның қандай жағдайда өмір­ге ке ліп, құ рылғанын, оны

қа лып тас ты руда қандай адам дар дың ма ңыз ды рөл атқа рған дығын, сол кез де қандай оқиғалар бол ға нын бі луге тиіс» деп Елбасы еңбе гін де айтылғандай, кез кел ген же тістіктің артын­да тұлға лар тұ ратынын, ел басқару ісі же ңіл ар­қалайтын жүк емес екен ді­гін әр бір жас жадына берік тоқы са деймін. Сол арқылы тәу ел сіз діктің қадірін біліп, бір кез дері ата­бабаларымыз осы күн ді аң са ған болса, ендігі ұр пақ осы нығ мет ті нығайта түсу мін де тін те­рең нен түйсінсе деген тілек бар.

Рухани болмысын сақтап, ұлт тық­құндылықтарын жоғалтпай, терең нен тамыр алған ел екені міз ді бүкіл әлем білуге тиіс. Осын дай айтулы мақсаттарға же ту жолында жаңа заманның та ри хын қалыптастыратын қайсар да өр, білімді де білікті, жоғары мәдениетке ие, рухани дүниесі бай жастардың орны бір төбе. «Та лаптың оты арындап» тұрған шақт а жастарымыз өз мүмкіндігін жақсы пай­даланып өткен күннен сабақ алып, кемел келешекке қарай бет алуы тиіс. Ұлт бола шағы бүгінгі жас ұрпақтың қо­лын да. Сондықтан жастары­мызды рухани тәрбиелеуде бә ріміз табандылық таны­туымыз қажет. Осылардың барлығы әрбір жасқа үлгі ретінде көрініс тауып, жа­сампаз жылдардың жылна­масына баланған туындыда ел болу жолында кезіккен кедергілерді мүмкіндікке, т ә у е к е л д і т а б ы с қ а

айналдырған сәттер нақты дәлел дермен жазылған.

«Тарихи әділеттілік сал­танаты», «Тұғыры берік мемле кет тік құрылым», «Басты құн ды лы ғымыз – бейбітшілікті қас тер лей білдік», «Жаңалықтың жы­лы лебі және қайта түлеген дәстүр», «Сыртқы саясат: тыңға түрен салғандай», «Қия ға көз тіккен Қазақстан бары сы», «Бая нды бол­сын Бас қала!», «Сая си тұрақтылықтың же мі сі», «Тәуелсіздік рухымызды шың дады», «Біз әлемдік дағ дарыс сынағына төтеп бер дік», «Бұрын­соңды болмаған зият керлік өрлеу» деп аталған кітап тың әр бөліміне назар аударсақ, олардың әрқайсысы өзіне тән үлкен салмақты арқалап тұр. Болашағымызды байыптап, ба ғытымызды айқындайтын бас тамалардың барлығын осы та қырыптардың ішінен табуға бо лады. Расында да, талай қиындықтарды жеңдік. Рухы мызды қайта жаңғыртып, салт­санамызды саралап, өшке німізді жағып, өткен ім і зд і таны дық . Дамудың даңғыл жолы­на бет бұрып мемлекеттік қуа тын нығайтқан еліміз, тарихи жаңару жолында тың серпін алып өз беделін қалыптастырды. Әлем нің дамыған озық елдерімен те резесін теңестіріп, олар­мен сая си­экономикалық, рухани­мәдени ты ғыз бай­ланыс орнатты.

Есмұқан ОБАЕВ, Қазақстанның халық

әртісі

Бағашар ТҰРСЫНБАЙҰЛЫ,«Егемен Қазақстан»

Қазақстан тарихшы­лары ұлттық кон гресінің төрағасы, Ұлттық ғылым ака де миясының академигі Ерлан Сыдықов: «Мем­лекет басшысының халыққа Жолдауы бізді Қазақстан

жолы аясында одан сайын топтас тыра түскендей. Бағыт – айқын, іс­шаралар бағдары да белгіленді. Соның ішінде адами капиталға жауапты білім­ғылым саласының мойнындағы жауапкершілік нақтыланды. Жолдауда Елбасы рухани жаңғыруды да, Тәуелсіздік дәуірі құндылықтары мен қа ғи­даттарын да жеке­жеке жүйелеп айтты. Бәрі мізге міндеттер жүктеді. Мем­лекет басшысының жаңа кітабы – қоғам, әсіресе, тарих шылар қауымы жылы қабылдаған іргелі еңбек. Тарихшылардың ұлт тық конгресінің бүгінгі мақ саты – аталған еңбектің білім жүйесіне қажетті әдіс на­малық, әдістемелік негіз­дерін қарастыру», деп та­рихшылар конгресі алдына бірқатар міндеттер қойды.

– Тәуелсіздік жеңісі мен жемісі Елбасы есімімен тығыз байланысты. Ендеше, Нұрсұлтан Назарбаевтың – жаңа мемлекет негізін қалаушы және Елбасы ретіндегі ерен қыз метін

әлемдік саяси лидер­лер қатарында зерттеуді жаңа сатыға көтеру қажет. – Президентт ің жаңа кітабында Тәуелсіз Қазақ­стан жолын әлемдік өрке­ниет үдерісі арнасында зерделеудің жаңа әдісна­ма лық түбірі түзілген. Мамандар осыны жаңа зерттеулердің тұғыры етіп

алуы тиіс. – Мемлекет бас­шы сы ның аса маңызды бас та ма лары мен идея­лары бар лық деңгейдегі білім меке мелерінің оқу үдері сіне енгізілгені жөн. – Рухани өрлеу мен жаңғы­руға тікелей ықпал ететін білім және мәдениет жүйесі «Тәуел с ізд ік дәуір ін» темірқа зық етіп алуы қажет. – Елба сы еңбегінің не гі зінде жоғары, арнаулы, ор та мек­теп оқулықтарының мазмұ­нын сапаландыру керек.

Жиында сөз алған баян­дамашылар Елбасы ең бе­гінің құндылығына баса на­зар аударып, еліміз дің тари­хына қосар үлесін тарқатып айтты. Соны мен қатар іргелі еңбектегі деректер мен дәйектер ге де тоқталған Прези дент архивінің ди­ректоры Борис Жапаров «Тәуел сіздік дәуірі» кітабы – Елба сының Қазақстанның жүріп өткен жолын сара­лауы, ұлттың болашағы, м е м л е к е т д а м у ы н ы ң келешегі, тұрақты дамуға бағытта л ған «қазақстандық үлгінің» жаңа толысулары

тура лы ой­толғаулары. Қазақ стан аз ғана уақытта постке ңестік аласапыраннан өзінің экономикалық және әлеуметтік құндылықтары бар қоғамға айналуға серпіліс жасап, халықаралық арена­да мемлекеттің жағымды беделін қалыптастырды, ғаламдық геосаясаттың толық құқылы және белсенді мүшесіне айналды. Бұл та­рихи тағдыршешті оқиғалар келешек ұрпаққа тарихи құндылығымен баға жетпес архив құжаттарында сақ­талған», деді.

Ал Ш.Уәлиханов атын­

дағы Тарих және этноло­гия институтының дирек­торы Зиябек Қабылдинов елор дамыз – Астананың жасам паздығы мен негізгі миссия сына тоқталып, «Соңғы екі ғасыр мен екі мың жыл дықтың тоғысында Қа зақстан әлемде алғаш­қы лардың бірі болып жаңа астанасын салды. Кітапта Елбасы Астана қаласына да ерекше тоқталып, қала­ның қалай салынғанын, гүлденгенін, әлемнің ең әдемі шаһарына айналғанын, бас қаламыздың басты миссияларын анықтап, оқырманға байыпты түрде жеткізеді. 1997 жылы ұлы қоныс аудару басталды, ал бір жылдан соң Астананың ресми таныстырылымы бол­ды. Елбасы жаңа елорданың дамуы мен өркендеуіне ерекше назар ауда рып, үлкен қамқорлық көрсетіп отырды. Президенттің елор­да туралы «Жаңа Астана өзіне өткеннің бай мұрасы мен осы заманғы ең үздік жетістіктерді үйлестіре б ілді . Оның көптеген

нысандары қазірдің өзінде бүкіл елімізге және одан тыс жерлерге мәлім бо­лып отыр», деп баға беруін қамқор, жанашыр тұлғаның ақжарма толғасыны деп тануға әбден болады», деді.

«Елбасы Отанымыздың қазіргі замандағы аса күр­делі, сонымен бірге нәти­желі дамуына қатысты та­рихты кезінде отандаста­рымыздан үлкен бағасын алған «Қазақстан жолы» еңбегінде тұжырымдады. Ал бүгінгі қалың оқырманға, оның ішінде ел болашағы жастарға жол тартқан Ел­ба сының «Тәуелсіздік дәуірі» туындысы – еліміз­дің бүгінгі дамуын жан­жақ ты қамтыған, өзекті тұжы рымдар жасалған Қазақ стан ның қазіргі заман тари хы. Тәуелсіз Қазақ­стан жағдайында Елбасы Н.Ә.Назарбаев азат елдің азат тарихын жасаушы һәм жазушы тұлға», деді Шә­кәрім атындағы Семей мем­лекеттік университетінің ректоры Мейір Ескендіров.

Конгреске қатысушылар Президенттің «Тәуелсіздік дәуірі» кітабындағы негізгі қағидаттарын басшылыққа ала отырып қоғамдық сана­ны жаңғыртуды және ұлттық рухани өрлеуді нақты жүзеге асыру, ұлттық кодты қайта өрістету, қасиетті орындар бағытындағы зерттеулерді, өлкетану мен архив жұ­мыс тарын күшейту және отан дық тарих ғылымы мен білімін дамыта жетілдіру мақсатында жалпы ғылыми және қолданбалық­бағыт­тама ұстанымдарын келіс­тіре қарар қабылдады. Онда «Елбасы Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назарбаевтың «Тәуел­сіздік дәуірі» кітабын мек­тептерде, колледждерде және жоғары оқу орын­дарында міндетті оқыту жүйесіне енгізу; «Қазақстан­ның қазіргі заман тарихы» оқулықтарының автор­ларына аталған кітап бо­йынша дербес параграф­тар қосуға ұсыныс жасау; Президенттің жаңа кітабын БҰҰ тілдеріне аударуға ұсыну; Ел тұрғындарының барлық әлеуметтік топтары­на аталған кітапты оқытып­игерту, насихаттау және оның теориялық мағынасын түс індіру мақсатында үкіметтік емес ұйымдарға әлеуметтік жобалар беру­ге ұсыну; шетелдерде бұл кітаптың тұсаукесер рәсім­дерін өткізу» сияқты бірне­ше ұсыныстар мен жобалар қарастырылды.

Суретті түсіргенЕрбол ТОҚТАҒАЗЫ

Рухани өрлеудің темірқазығы ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық уни вер­ситетінде Қазақстан тарихшыларының V ұлттық конгресі «Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» еңбегі және отандық тарих ғылымының міндеттері» деген тақырып аясында өтті. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ,«Егемен Қазақстан»

Шараға жиналған зия­лы қауым өкілдері мен тіл жа на шырларына атал­мыш бас қо судың мән­ма­ңызы жайлы түсіндірген комитет төр а ғасы Қуат Бораш, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төр тінші өнеркәсіптік револю ция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жол дауының жетінші бағы­тында атап өтілгендей, ада­ми ка пи талдың өзектілігі және со нымен қатар терми­нология тұр ғысынан қазақ тілін халық аралық деңгейге жақындату мәселесін жү­зеге асыру үрдісі негі зінде ке зекті жиын өткізіліп отыр ғанын жеткізді. Осы орай да «кеңесіп пішкен тон кел те болмас» дегендей, ор­тақ пікір, орамды ойларға жол ашып, көп шілікпен келелі кеңес құ ру д ың қа­жет тілігіне тоқталды.

Дөңгелек үстелдің не гізгі баяндамашысы Ш.Шаяхметов атындағы тіл дерді дамытудың рес пуб­ли калық үйлестіру­әдісте­мелік орталығының басшы­сы Ербол Тілешовтің пікірі­нен түйгеніміз, мемлекет тік

тілді дамытудың 2011­2020 жылдарға арналған бағдар­ламасына сәйкес, қазіргі таңда қоғамға қажет оқу­әдістемелік және танымдық кітаптар шы ға ру мәселесі сәтті жүріп жатыр екен.

Яғни бұған дейін жоға­ры дағы бағдарламаға үміт­кер ретінде орталыққа әр­түрлі тақырыптарды қам­тыған 400­ге тарта шы­ғарма келіп түскен. Осы туын дыларды филолог­ғалым Жантас Жақыпов баста ған сарап тамалық топ қарап шығып, сұрып та­лып алынған 70 кітапқа бә­туасын берген. Мақұлдан­ған шығармалар негізінен сөздіктер, балалар әдебиеті, тіл үйрену құ ралдары, та­нымдық туынды лар және аударма көркем әде биеттер.

Жоғарыдағы жиын ба­рысында жаңадан жарық көрген 36 кітаптың таныс­тырылымы болды. Осы­лар дың ішіндегі бас­ты құн дылық ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың тұлға лық энциклопедия­сы мен әдебиетші ғалым Ас қар Егеубаевтың ау дар ­ма сымен жарық көр ген Мах мұд Қашқари дың үш том ды ғының екінші ба сы­лымы. Сонымен бірге әр­түрлі са лалық сөздіктер,

араб­парсы лексикасы, қыр ғыз жазушысы Шың ғыс Айтматовтың бұған дейін қа зақ тіліне аударылмаған «Тау құлаған» атты туын­дысы, Алаш қайраткері Телжан Шо нановтың бес томдығы, бала ларға арнал­ған «Алаш қоз ға лысы» атты танымдық оқулық пен Алаш идеясын қол­даған ақындардың жыр жи на ғы, белгілі түрколог Қ.Сарт қ о жаұлының «Тас кітаптың құпиясы» атты туын дысы, тілші ғалым Ә.Жү ніс бектің қазақ тілі­нің арти ку ляциялық база­сы толық талданған «Төл әліпби – төл жазу мәсе ле­лері» атты еңбе гі бар.

Екінші бір қуанарлық жағ дай, жарық көрген кітаптардың элек тронды нұсқасы жинақ тал ған СD нұсқасы қоса ұсынылып отырса, алдағы күндері ұлт тық арнадан әр жұма сайын тіл да мытуға ар нал ­ған «Енші» атты жаңа жо­ба көрерменге жол тарт пақ. Жоба қазақтың ұмыт болған салт­дәстүр лері, ұлттық ойындар , тұр мыс тық мәдениетін дәріп теу мен қатар тіл білімі, мәде ниет, таным, дәстүрі мізді на си­хаттауға арнал ған дейді ша­раны ұйым дас тыру шы лар. Сонымен қатар 15 се риялы «Сөз қазасы» атты ани ма­циялық фильм де кешікпей «Балапан» арнасы арқылы көрерменге ұсынылмақ.

Суретті түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ,

«Егемен Қазақстан»

Жаңа туындылар таныстырылды

Еңбекақы көлемі түпкі нәтижеге байланысты болмақ

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Орталық коммуникациялар қызметінде «Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер үшін жаңа еңбекақы төлеу жүйесін енгізу» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті. Шара барысында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс­қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шаимова қанатқақты режімде мемлекеттік органдарда жаңа еңбекақы төлеу жүйесін енгізу туралы баяндады.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Айгүл Шаимова факторлы­балдық шка­ла негізіндегі мем ле кет тік қызметкерлердің лауазым дық қызметақыларын құру және бонустар жүйесі, бұрын тәжі рибеде қол­да нылған жүйеден жа ңа жүйенің негізгі айырмашы лық тары, мемлекеттік қызмет­керлер еңбегінің нәтижелері қалай және қандай өлшемдер бойынша баға ланатыны туралы хабарлады.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбай­лас жемқорлыққа қарсы іс­қимыл агент­тігінің өкілі Ғанижан Асанұлы жаңадан енгізіліп жатқан еңбекақы төлеу жүйесі туралы кеңінен баяндады.

«Жаңадан енгізіліп жатқан еңбекақы төлеу жүйесі негізгі екі бөліктен тұрады. Біріншісі, тұрақты түрде алып отыратын жалақы, сонымен қатар жыл соңында оның нәтижесіне байланысты алатын бонустар. Бонусқа келетін болсақ, бұл неге жылдың

соңында? Әрбір мемлекеттік органның алдында жыл басында стратегиялық міндеттер, мақсаттар қойылады. Егер мем лекеттік орган жыл соңына қарай қан­дай да бір стратегиялық міндетке жете ал маса немесе оның қызметі керісінше тиімді болып табылмаса, онда тек мем­лекеттік органның басшысы ғана емес, сонымен қатар қызметкерлерге де жауап­кершілік түседі. Себебі күнделікті өмірде мемлекеттік орган алдында тұрған мін­деттерге қызметшілердің де тікелей әсері бар. Тиісінше әрбір қызметші жыл соңында белгілі бір бонусқа қол жеткізгісі келсе, ол өзінің қызмет тиімділігін, соны­мен қатар жұмысқа деген жауапкершілігін арттырады. Және де бонустың енгізілуі ең алдымен, бәсекелестік тудырады. Бәсекелестік бар жерде сапаның артатыны айқын», деді ол.

Жаңа Салық кодексі күшіне енді––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Ұлттық экономика бірінші вице­министрі Руслан Дәленов Орталық коммуника­циялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында жаңа Салық кодексінің жаңалықтары жөнінде ақпарат берді.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

«Жаңа Салық кодексі қабылданды. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Салық кодексі қолданылады. Бұл Салық кодексінің үшіншісі. Алғашқы ко­декс 2001 жылы қабылданды. Екіншісі 8 жылдан кейін, яғни 2009 жылы, ал 9 жыл­дан кейін жаңа Салық кодексі күшіне енді. Онда қандай өзгеріс бар және алдыңғы екі кодекстен айырмашылығы қандай? Бірінші кодексте нормалар жүйеленді, екіншісі салықтық жүктемені төмендетті, үшінші кодекстің міндеті идеология­ны өзгерту және жеңілдету болып та­былады. Жалпы алғанда, жаңа Салық кодексі идеологияны өзгертуді, ынталан­дыруды енгізуді және әкімшілендіруді же ңіл детуді көздейді. Сонымен қатар салық төлеушілерді қорғауға бағыттал­ған, экономиканың түрлі салаларын ын­таландыруға, әкімшілендіруді жеңілдетуге және де салықты өз бетінше төлеуге ықпал етеді. Мысалы, егер көлік ұрланса, иесі көлік салығын төлеуді жалғастырмайды. Іздеулер ұзақ уақытқа созылады, бір

жыл және екі немесе одан да көп. Бұған дейін иесі тіркелімнен шығарылғанға дейін салықты төледі, енді ол қажет емес. Жылжымайтын мүлік салығы, жер са лы ғы енді жылдың аяғында төленуі тиіс. Мы­салға, 2017 жылғы салықты 2018 жылдың 1 қазанына дейін төлеуге тура келеді», деді Руслан Дәленов.

Сонымен қатар ол жаңа идео логия, ын­таландырулар мен әкімшілендірудің жаңа әдістері сапалы жақсартулардың негізін қалыптастыратынын алға тартты.

«Салықтық жаңашылдықты ен гі­зу арқылы салықтық даулар азая ды, тексерулердің саны төмендейді, әкім ші­лендіру жеңілдейді. Шикізат өңдеу ынта­лан дыруға ие болады, несиелеуге қолдау жасалады, АӨК және ШОБ қолайлы ре­жімге ие болады. Салықтық саясат тұтас ал ған да айқын әрі түсінікті болады», деді Р.Дә ленов.

Рауан ҚАЙДАР,«Егемен Қазақстан»

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Ұлттық академиялық кітапханада Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық­саяси жұмыс комитетінің тапсырысымен Ш.Шаях­метов атындағы тіл дерді дамытудың респуб ли­калық үйлестіру­әдіс темелік орталығының ұйым­дастыруымен «Елба сы Жолдауы: жаңа жаһан дық кезеңдегі қазақ тілі» атты дөңгелек үстел өтті.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

* * *

Page 4: E-mail: info@egemen.kz 22 АŽТАР, ДЙСЕНБІ †˛ірлік т ... · 2018. 1. 22. · су ресурсы, энергетика, инфра- ... өңір тұрғындарының

4 22 ҚАҢТАР 2018 ЖЫЛ

АЛДАҒЫ УАҚЫТТА ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУ БАРЫСЫ БІРЫҢҒАЙ ЭЛЕКТРОНДЫ ЖҮЙЕ НЕГІЗІНДЕ БАҚЫ ЛАНАТЫН БОЛАДЫ. БҰЛ ТАЙМ-МЕНЕДЖМЕНТ ТҰРҒЫСЫНДА ДА, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒЫНАН ДА УАҚЫТ ПЕН ҚАРЖЫНЫ ҮНЕМДЕУГЕ МОЛ СЕПТІГІН ТИГІЗЕДІ.

ЖОЛДАУ

Ертеңгі күнге сенімділікті орнықтырады

Ел өндірісі жаңа технологиялар енгізудіңкөшін бастауы тиіс

Уәлихан ҚАЛИЖАНОВ,М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры

«Қазақстан-2050» Стратегия-сында, республикамыздың 2025 жылға дейінгі даму жоспарын-да белгіленген ұзақ мерзімді мақсаттар өзгеріссіз қала береді. Жаһан көшбасшыларының – дамыған елдердің қатарына қосылу үшін орындалуы тиіс жаңа міндеттер Қазақстан халқының әлеуметтік дамуының барлық аспектілерін қамтитын «100 нақты қадам» – Ұлт жос-пары, Индустрияландыру, «Цифрлы Қазақстан», «Рухани жаңғыру» сынды кешенді бағдарламаларды іске асыруға бағытталып отыр.

Жоғарыда аталған бағдар-ламалар аясында бүгінге дейін қол жеткізілген нақты нәти-желер бар. Атап айтар болсақ, 2016 жылы ішкі жалпы өнімнің өсуі 1,5%-ды құраса, өткен жылдың қорытындылары бо-йынша елімізде бұл көрсеткіш 4% болды; өнеркәсіптік өнімнің өсуі 7%-дан асты.

Биылғы Жолдауда әлеумет-тік қамсыздандырудың әді летті жүйесін қалыптастыру бо йынша бірқатар проблема лар аталып өтті. Осы ретте Елбасы өзін өзі жұмыспен қамту мә селесін түбегейлі шешуге баса назар ау-даруды тапсыр ды. Кәсіпкерлікті дамыту бо йын ша «Атамекен» ұлттық кәсіп керлер палатасының жұмысына ризашылығын білдірді. Алдағы уақытта жаңа жұмыс орнын табуды жеделдету мақсатында электронды еңбек биржасының жұмысын жандан-дыру қажет тігін ескертті.

Президенттік «Нұрлы жол» бағдарламасы ғылым саласына да жетіп, осы саладағы мемлекеттің қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі шеші-мін тауып жатыр. Соның нәти-же сінде Алматы қаласында 120 жас ғалым пәтер кілттерін алып, баспаналы болды. Осы орайда «Қазақ стан ипотекалық компа-ниясы» басшылығының тұрғын үй беруге байланысты тиімді жолдарды қарастырып, барын-ша қолдау көрсеткенін атап өту керек. Осындай игі бастамалар әрі қарай жалғасын табады деген ойдамыз.

Президент Н.Ә.Назарбаев: «Ақылды қалалар» өңірлік даму-дың, инновациялы тарату дың және еліміздің барлық аума ғын-да тұрмыс сапасын арт тыру-дың локо мотивтеріне айнала-ды», – деген сенімді болжам айтады. Бұл шын мәнінде, ХХІ

ғас ыр дағы жаһандық жағдай айқын даған, өркениет дамуы-ның ба ғытын болжаған ғылыми сарап тамалардың нә ти жесі. Тұтас жаһанның және жекелеген мем лекет тер дің экономикалық өркен деуі бұ дан былай адам денсау лығын, қоршаған орта ахуа лын, адамзаттың әлеуметтік және биологиялық тұрғыдағы ке-ле шегін есепке ала отырып, жа-сал ған жоспарларға сүйе нетін болады. Себебі технология лар дәуірі – түптеп келгенде, әлеу мет пен экологияның бас ты құн ды-лық ретінде ал дыңғы сапқа шық-қандығын айғақтайтын кезең.

Бүгінгі таңда өңірлік және әлемдік экосаясаттағы урбо эко -ло гиялық саясаттың үлес сал-мағы артып келеді. Бұл биосфера мен техносфера теңгерімін сақ-тай отырып, шаһарларды тиім ді

басқарудың озық технология-ларын қолданысқа ен гізу қажет-тігін айқындай түсе ді. Осыған орай Нұрсұлтан Әбішұлы биыл 20 жылдығын тойлағалы отырған елордамыз Астананың мыса-лында «Смарт Сити» стандар-тын жасап, еліміздің басқа қалаларына таратуды тапсыр-ды. Мұндай инновациялық да му үрдісі қалалар арасындағы өза ра бәсекелестікті, сөйтіп халық-аралық деңгейде мемле кет -аралық бәсекелестікті арт тырып, сыртқы туризмді дамы туға, Қа зақстанның инвес ти циялық жағымды имиджін қалыптас-ты руға игі әсер етеді деген ой-дамыз.

Республикадағы ірі өнер-кәсіптік кәсіпорындарды цифр-лы жүйеге көшіру бойын ша ірі инновациялық орталық тар ба-засында ғылыми әзірле мелер жасақтап, қанатқақты жобалар-ды іске қосу күн тәртібіне қо-йылды. Мұндай инновациялық шешімдер, сайып келгенде, өнеркәсіптерде өндірілетін өнімдерді экспортқа шығаруға лайық сапа стандартына жеткізу үшін қажет екені даусыз. Осы ретте эко номикалық тұрғыда табыс ты цифрлы жүйенің орнауы есебінен көптеген адамдардың жұмыссыз қалу қаупінің ал-дын алу мәселесі де Елбасы на зарынан тыс қалған жоқ. Бұл цифрландыру үдерісінің тиім ділігімен қоса әлеуметтік,

эко ло гиялық сипаттағы қауіп-қатер лерін де алдын ала болжап, тиісті шаралар қолдану қажет-тігін айқындайды.

Президент Н.Ә.Назарбаев: «Ұлттың әлеуетін арттыру үшін мәдениетіміз бен идеологиямыз-ды одан әрі дамытуы мыз керек. «Рухани жаң ғырудың» мән-маңызы да нақ осында» – дей отырып, республикамыздың бас-ты қазынасы болып табылатын адами капиталды дамытудағы өзекті мәселелерге тоқталып өтті.

Орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу үдерісі жас буынның еркін ой-лау қабілетін қалыптастыруға, осы лайша олардың ғылыми сара лау машығын ерте жастан жетілдіруге негізделуі тиіс. Әрі атқа рылар қыруар жұ мысты жүйе леу үшін мектеп оқу шы-сының оқу жүктемесін халық ара-лық стандарттарға сай етіп азай-ту, мұғалімдердің біліктілігін арт тыру, білім беру үдерісін тех но логиялық жаң ғырту қажет.

Заман талабына орай ма-тематика, жаратылыстану ғылым дарын одан әрі жетілдіру қажет тігі көзделген. Өсіп келе жатқан жас қазақстандықтардың келешектегі әлеуметтік-эконо-мика лық әл-ауқаты, мәдени ой-өресі, ұлт ретіндегі мәр те-бесі үш тілді еркін мең геруінде

екен дігіне күн санап көз жет-кізіп келеміз. Латын әліпбиіне көшу дің мән-маңызын Елбасы қазақ тілінің әлеуетін артты-ру, тер минологияның күрмеуі қиын мәселелерін оңтай лы шешу сынды проблемалар мен сабақтастырды.

Ғылым саласында жас ға-лым дардың ізденістеріне қол-дау көрсетіп, арнайы грант тар бөлуді қарастыру мәселесі шеші-мін тапса, жас кадр ларымыз шет елдік жетекші ғылыми ор-талықтарда тәжі рибе алма-сып, ин новациялық зерттеулер жүргізуге мол мүмкіндік алар еді. Жоғары оқу орындарына академиялық еркіндік беру, олар-да әлемдік университеттердің кам пустарын ашу, шетелдік ме неджерлерді тарту сынды бас тамалар қазірдің өзінде же-текші қазақстандық ЖОО-лар тәжірибесіне енгізілуде. Бұл жаһандық білім мен ғылым са-ласына интеграциялану үдерісін қарқынды жүргізуге жол ашады.

М.Әуезов атындағы Әде-биет және өнер институты ның мысалында қарайтын болсақ, білім мен ғылым интеграциясы аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен институт базасында жұмыс іс-тей тін магистратура мен PhD док торантураның арқасында қ а з і р ғ а л ы м д а р ы м ы з д ы ң орта жасы 49-ға жетіп отыр. Бұл көрсеткіш 2012 жылы

65 жас мөлшерінде болатын. Қазіргі таңда «Білім туралы»

заң жобасы мен ғылымды дамы-ту мәселелері Үкімет деңгейінде қайта қаралып жатыр. Осының негізінде күн тәртібіндегі біраз көкейкесті проблемалар шешімін тауып қалар деген ойдамыз.

Модернизациялау үдерісі медицина саласын да қамтымақ. «Қағаз қолданбайтын аурухана» жүйесінің, яғни электронды ме-дицина жүйесінің іске қосылуы халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету ісін едәуір жеңілдетері көп жылдардан бері шешімін таппай жүрген мәселеге нүкте қояр еді. Бұдан бөлек диаг-ностикалау, емдеу шараларында жасанды интеллект технология-ларын қолдану да денсаулық сақтау жүйесінің халықаралық стандарттарға сай тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Төртінші өнеркәсіптік ре-волюция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктерін тиімді қолданудың негізгі тетігі за-ман талабына сай цифрланды-ру үдерісіне келіп тіреледі. Бұл қоғам өмірінің қай саласында болмасын ғылыми зерделеп барып, шешім қабылдауды қа-жет етеді. Ғылым саласын дағы цифр ландыру үдерісін, өз ба-сым, ісқағаздарын электрон дық жүйе ге көшіруден бас тау қажет деп бі лемін. Бас қару тетіктерін цифр ландыру үдерісі ақырындап қолданысқа еніп келеді. Алдағы уақыт та ғылыми жобалардың жүзеге асу барысы бірыңғай элек тронды жүйе негізінде бақы ла натын болады. Бұл тайм-менедж мент тұрғысында да, эконо микалық жағынан да уақыт пен қаржыны үнемдеуге мол сеп-тігін тигізеді. Ең бас ты сы, «қағаз қолданбайтын» есеп тік жүйе ге көшіру ғылыми шы ғар машы-лық үшін қолай лы атмосфера қалыптастырары анық.

Институттың қолжазба қо-рын да сақтаулы көне матери-алдар мен «М.О.Әуезов үйі» ғылы ми-мәдени орталығындағы жазу шының жеке мұрағатын цифрлы форматқа көшіру жұмыстары бірнеше жылдан бері жүйелі жүргізіліп келеді. Ғалымдарымыз дайындап, жарыққа шығарған іргелі зерт-теулер мен сериялық жинақтар да біртіндеп осы форматқа бейім-деліп, интернет желісі арқылы оқырман қауымға кеңінен та-ралуда. Цифрлы технологиялар дәуірі гуманитарлық ғылымның инновациялық сипат алып, ілгері дамуына игі ықпал етеді деген ойдамын.

Президент Жолдауда: «Біз жаңа заманға сай болу үшін Төр-тінші өнеркәсіптік революция жағ дайындағы тарихи өрлеу бастау ында тұрған біртұтас ұлт бо луымыз керек», деді. Жол-дауда айқындалған 10 нақты мін детті жұмылып атқарған-да ғана, біз ұлт алдындағы ұлы мақсат тарға қол жеткіземіз. Сол арқы лы тұтастығымызды әлемге таны та отырып, өркениетті 30 ел дің қатарына қосыламыз. Пре-зи дент халқына сенеді, халық Пре зидентіне сенеді. Бұл Жолдау рухани жаңғырудың өзекті, ке-мелдену жолын ашқан замана сұранысынан туындап отыр.

Замана талабы–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы биылғы Жолдауы дамыған елдердің қатарына қосылу үшін же-дел жүзеге асуы тиіс 10 жаңа міндетті белгілеп берді. Ел дамуының кезең-кезеңін сатылап жүйелеп келе жатқан үндеулермен салыстырғанда кезекті Жолдаудың басты ерекшелігі – қоғам өмірінің түрлі салаларына IT технология-ларын тереңдей енгізіп, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын қолданысқа енгізуге бағытталуында. Елбасы өнеркәсіптік озық технологиялардың әлемдегі үздік стандарттарын қабылдау арқылы дамудың жаңа сапасына көшудің басты тетіктерін атап көрсетті. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Марат ТАҒЫМОВ,Парламент Сенатының депутаты

Елбасымыздың алысты бол-жаған көреген саясаты нәти же-сінде еліміз биік белестерді ба-ғын дырды: Қазақ стан 2017 жы-лы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұ рақты емес мүшесі болды, жа-ңа жылдан бастап біздің еліміз оған төрағалық етуде. ТМД ел-дері арасында бірінші болып дүниежүзілік мамандандырылған ЭКСПО көрмесін өткіздік.

Президентіміз өзінің Жол-дауын да бізді қол жеткізген биік-терде тоқталып қалмауға шақы-ра ды және көкейіміз де ертеңгі күнге сенімділікті орнықтырады.

Елбасы Қазақстан дамуы-ның және әлемнің неғұрлым дамыған 30 елінің қатарына ену жөніндегі 10 негізгі міндетті біздің алдымызға қойып отыр.

Солардың ішінде сегізінші міндет – Тиімді мемлекеттік бас қару» ауқымында «Бір тере-зе» қағидаты бойынша бизнес ке мем лекеттік қолдау көр сету үде-ріс терін цифрландыруды қам -тамасыз ету.

Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Жолдауында күнделікті өмір-дің ең көкейкесті деген сала ла-ры на назар аудара отырып, ел дамуының неғұрлым маңыз ды бағыттарын ашып көрсе теді. Мұның өзі мемлекет тара пы нан қабылданып отыр ған бар лық

шаралардың қазақ стан дық тардың әл-ауқатын жақ сар туға, еліміздің экономикасын, әлеу меттік саланы дамытуға бағыт талғанын тағы да айғақтап отыр.

Қазақстандық индустрия жаңа технология ны енгізудің бас-таушысы болуы тиіс. Бізге бұған өндірістік пр о цес терді цифрлан-дыру және за ма науи бизнес-модельдерді иге ру арқылы еңбек өнімділігін арт тыру есебінен қол жеткізуге болады.

Банк жүйесін сауықтыру, агроөнер кәсіп кешенін, көлік және логистикалық инфра құры-лым ды дамыту есебінен қаржы сек торының жұмысын көбейтуге бай ланысты мәсе лелер де күн тәр тібінде тұр.

Заң үстемдігін нығайту және сы байлас жемқорлықпен күрес-ке қатысты жайларға да ерек-ше назар аударылады. Осыған байла нысты Мемлекет басшысы мемлекеттік органдарда олар дың тұрғындармен және бизнес пен өзара әрекетін, сондай-ақ сот және құқық қорғау жүйе лері нің институционалдық қай та құ ры-лымын қамти отырып, процес-терді цифрландыру ды қажеттілік деп санайды.

Президенттің кезекті Жол-дауы елімізді одан әрі жаң ғыр-тудың маңызды ынталандыру-шысы болып табылады, сондай-ақ әрбір қазақстандық үшін іс-әрекетке басшылық ретін де қыз мет етеді.

Береке МҰХАМЕТҚАЛИЕВ,«ССКӨБ» АҚ президенті

Жыл сайын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақ стан хал қы-на Жолдауын күтіп отырамыз. Өйт кені әр Жолдау мемлекет дамуы ның белгілі бір бағытын, сипатын анықтап береді. Бұл тәуелсіз Қазақстан халқына даму дың жаңа кезеңінде жол-басшы секілді. Дүние жүзіндегі да мы ған, мойны озық елдердің қата рынан көрінуге талпынып отыр ған еліміз үшін Елбасының әр жылғы Жолдауы алыс-жақын кезеңге жасалған нақты жос пар болып келеді. Соколов-Са ры-бай кен өндіру бірлестігінің 18 мың адамнан тұратын ұжымы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақ -стан халқына жолдаған «Төр-тін ші өнеркәсіптік револю ция жағ дайындағы дамудың жаңа мүм кіндіктері» атты кезек ті Жол дауымен ыждағатты түр де та нысты. Өйткені кемел бо ла -шақ тың өз еңбегімен келе ті нін бі летін жұмысшы халық ты елдің жаңа сатыға көтерілуі, қа зақ стан-дықтардың әлеу меттік игілік тері назардан тыс қал дырмайды.

Жолдауда Елбасы елдің ал-дына он міндет қояды. Солар-дың көшін бастап тұрған бірін-ші мін дет «Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көш бас шысына айналуы тиіс» деп аталады. Өндіріс қашанда экономиканың көшбасшысы екені аян. Кен алыбы саналатын, бүгінде дүние жүзіндегі санау-лы ірі кен орындарының бірі, Еуразия тобына кіретін Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігі еліміз өндірісінің флагманы са-налады. Барлығын жаһандық бәсеке таразылап тұрған кезеңде инновациялық технологияларды енгізбей көштен қалатынымыз айқын. Себебі өндірген өнім өтпесе ол шығынға айналаты-ны экономикадағы дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Ал ин-но вациялық озық техно л огия лар енгізілмей, кәсіп орын ның экс-порттық әлеуе ті жоғар ы ла майды.

Өткен ғасырдың ортасында іргесі қаланып, темір кенінің алғашқы тоннасын берген алып кеніштің ХХІ ғасырда мақсат-мүддесі жаңа сипатқа ие бо-лып отыр. Мақсат бұрынғыдай көрсеткіш қуу емес, әңгіме сапаға келіп тіреледі. Сапаның болуы және жаһандық бәсекеге төтеп беру үшін Нұрсұлтан Назарбаев Жол дауда қойып отырған мін-деттер тұрғысынан көрінуіміз қажет. ХХІ ғасыр Индустрия 4.0, төртінші өнеркәсіптік ре-волюциясын алға тартып отыр. Осы міндет алдымен өндірісті

айналып өтпейді. Мысалы, жыл аяғында Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігіне қарасты Қа-шар кен басқарма сын да аме-ри калық «Модулар Май нинг Сис темс» компаниясының DISPATCH жүйесін енгіздік. Со-ның арқасында Қашар «ақылды кеніш» аталды.

Оның мәнісі мынада, ауысым сайын Қашардан кен арту үшін 14 экскаватор, 30 технологиялық ав томобиль жұмыс істейді. Осы техникаларды дұрыс пайдала-ну, оларды орналастыру, тасы-латын кеннің көлемі, сапасы ту-ралы ақпарат алу үшін қаншама уақыт кететін еді. Ал кез кел-ген бизнесте, кез келген сала-да уақыт ресурс, қаржы, табыс болып саналады. Қазір осы жұ-мыс тарға қатысты толып жат -қан ақпараттың барлығы дис пет-чердің басында емес, аса дәл дік-пен жүйеде тұрады, ма мандар оны компьютерден бақылап, көріп отырады. Біз осы бағытта дами беретін боламыз. Айтпақ-шы, жыл аяғында өт кен Жал пы-ұлттық телекөпірде Қашар ке-нішінің алаңында осы «ақыл ды кеніш» жобасын іске қосқа ны-мызда, Нұрсұлтан Әбіш ұлы кен-шілер мен металлургтер бастама-сына риза болып, «бұл «Цифрлы Қазақстан» бағ дарламасының алғашқы қарлығашы» деп баға-лаған болатын.

Нұрсұлтан Назарбаев Жолдау-да екінші қойып отырған мін детті де біз өз жұмысымызда басты назарға алатын боламыз. Елбасы «табиғи ресурстарды басқару-ға қатысты ұстанымдарды сыни тұрғыдан қайта пысықтауды» тапсырып отыр. Өте дұрыс. Жеріміз табиғи ресурстарға бай, бірақ келер ұрпақтың қамын ойласақ, барлық шикізат түрін мақ сатсыз оңды-солды өн-діру ді, шашуды уақыт сипаты көтер мейді, оған үнемшілдікпен қарауға тиіс піз. Сол үшін Мем-лекет басшысы өндірудің озық технология ларын, кешенді ақ-параттық-тех но логиялық плат-формаларын б а рынша белсенді енгізуді тапсыр ды. Үнемі даму үстінде келе жат қан кен алыбы бұл міндеттер үде сінен де табы-лады деп ойлаймыз.

П р е з и д е н т Н ұ р с ұ л т а н Назарбаевтың алға қойып отыр-ған міндеттері анық әрі әр қазақ-стан дыққа түсінікті. ХХІ ғасыр да басталған жаһандану дәуірін де Қазақстан да «Төртінші өнеркә-сіптік революция» жетіс тіктерін барынша енгізуі және оны пайда-лануы тиіс. Бұл орайда кеншілер қашанда көш басынан көрінбек.

Қостанай облысы,Рудный қаласы

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы Төртінші өнеркәсіптік революция жағ-дайындағы елімізді жаңғырту жөніндегі шаралар бағдарламасын қамтиды. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Page 5: E-mail: info@egemen.kz 22 АŽТАР, ДЙСЕНБІ †˛ірлік т ... · 2018. 1. 22. · су ресурсы, энергетика, инфра- ... өңір тұрғындарының

22 ҚАҢТАР 2018 ЖЫЛ 5ЖОЛДАУ

Инфографикаларды жасаған Амангелді ҚИЯС, «Егемен Қазақстан»

Адам капиталына арқа сүйеген жаңғыру

СЫРТ КӨЗ – СЫНШЫ

Гагик АРУТЮНЯН, «Нораванк» ғылым-білім қорының директоры

М е м л е к е т б а с -ш ы с ы Н ұ р с ұ л т а н Назарбаевтың 2018 жыл ғы 10 қаңтардағы Қазақстан хал қына Жолдауы 1997 жыл-дан бастап есептегенде жиырма бірінші Жолдау екен. Осынша уақыттан бері республиканың бірінші тұлғасының экономикалық және әлеуметтік саладағы жеткен жетістіктерді қамтитын және нақ ты көрсеткіштерімен бекіті­летін, сондай­ақ әрі қарайғы қыс­қа мерзімді, ортамерзімді, ұзақ­мерзімді басымдықтар мен жос­пар лар, бағыт­бағдарларға бейім­делген халық алдындағы есеп беруі дәстүрлі түрде өтіп келеді.

Биыл бұл құжат дамыған ел-дерде орын алып жатқан төртінші өнеркәсіптік революцияға бағыт ­талды. Қазақстан да осы үде ріс тің үдесінен табылуы тиіс. Ең маңыз­дысы, бұл жоспар бір жағы нан ұлт­тық даму идеологиясын жан­жақты қам тыса, екінші жағынан алғанда жос пар лы келешекті жүзеге асы-руды қам тамасыз етуге, оны нақты ре сурс тар жүйесімен бекітуге өзек болып отыр. 2025 жылға де­йінгі Қазақстан Рес публикасын

дамы ту дың стратегия­лық жоспары мен «Қа­зақ стан­2050» Ст рат е­гия сы өте ма ңыз ды бағ­дар лама лық құ жаттар екені бел гілі. Биылғы Жолдау осы бағдар ла­маларды орын дау тетік ­терін байы та түсті.

Жолдауда он негізгі басымдық айтылды. Соның ішінде жаңа технологиялар ды енгізу, иннова циялық орталықтар мен технологиялар трансфертін құру, қазақстандық өнеркәсіптік кәсіп ­орындарды цифрландыру, мен­шікті экожүйенің цифрлан ды­рылған және басқа да инновация­лық шешімдерін табу, ІТ мен ин жирингтік қызметті да мытуға негізделген индустрияландыру мақсатына басымдық беріліп отыр.

Сонымен бірге өнеркәсіптің инновациялық дамуы шеңберінде әлеуметтік тәуекелдердің тууына байланысты мәселелерді де есепке алуымыз керек. Мәселен, ауқымды жұмыс күші жұмыс орнынан бо-сауы мүмкін. Осы ретте оларды ең бекке орналастыру саясатын да мыту үдерісін қалыптастыру қа жет тілігі байқалады.

Он міндеттің барлығы бір­бірі­мен тығыз байланысты. Бұл рет те адам ка питалын жаңғырудың не гізі ретінде дамытуға арқа сүйе ген абзал.

ЕРЕВАН (Армения)

– Ерлан Биахметұлы, Елбасы Қа­зақстан халқына Жолдауында өзін өзі жұмыспен қамтығандарға, жаңадан кәсібін бастаушыларға қолдау көрсету ке ректігін айтты. Бұл іске Еңбек және ха лықты әлеуметтік қорғау минис­тр лігі атүсті қарағанын да жеткізді. Бұл ретте қандай тетіктерді ұсынуға бо ла ды?

– Иә, елімізде әлеуметтік стандарт-тар халықаралық дәрежеге жету үшін ең алдымен, өзін өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтарға көңіл бөлу керек. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, қазіргі уақытта елімізде 8,5 миллион ша-масында еңбекпен қамтылған азамат бол-са, соның ішінде 2,5 миллионға жуық адам өзін өзі жұмыспен қамтып отыр. Яғни еңбекпен қамтылғандардың 25 пайызға жуығы өзін өзі еңбекпен қамтығандарға жатады. Жалпы, өзін өзі жұмыспен қамту мәселесі халықаралық тәжірибеде бар. Бірақ бізде өзін өзі жұмыспен қамтыған санаттағы азаматтардың көпшілігінің еңбегі мен еңбегінің нәтижесі, игілігі оның әрі қарайғы әлеуметтік дамуына жете ме деген сауал туады. Ресми де­рек терге сүйенсек, әрине, өзін өзі жұ­мыс пен қамтыған азаматтарымыз өзі мен отбасын асырап отыр. Бірақ қан­ша лықты сапалы деңгейде асырауда? Бұл – үлкен мәселе. Сондықтан Елба сы ­ның биылғы Жолдауында айтқан бай­ламдары өте өзекті. Мемлекет тара-пынан осы категориядағы азаматтарға белгілі деңгейде әлеуметтік кепілдік керек. Себебі, біріншіден, ел экономи-касы құрылымының өзінде бірқатар сәйкессіздік бар. Мысалы, еліміздің экономикасы дамыған, азаматтары түгел дерлік жұмыс істеп жүрген бол-са, елдегі салық төлемдері де әртарапты болуы керек. Оның ішінде орта бизнес өкілдері, жеке кәсіпкерлермен бірге өзіңіз айтып отырған өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтар да салық төлеп отыруы тиіс еді. Ал бүгінгі бюджеттің құрылымы олай еместігін көрсетеді. Қазіргі Қазақстан бюджетін тек қана ірі және шикізатқа бағытталған 60­70 ком-пания ғана береді. Бұл еліміздегі басқа азаматтардың экономикалық өмірдегі ор-нын анықтап отыр. Яғни олар Қазақстан экономикасына көп жағдайда аралас­пайды. Міне, біз отандық бюджеттің құрылымынан­ақ елдегі әлеуметтік жағ­дайды білеміз, түсінеміз. Сондықтан бү­гінгі таңда еліміздегі әлеуметтік даму стра тегиясын өзгерту керек. Ең алды-мен, 2,5 миллион өзін өзі жұмыспен

қамтыған азаматтардың өмір сүру стан-дарттарын өзгерту үшін не істеу ке-рек? Бұл ретте мемлекеттен белгілі бір деңгейде субсидия қарастыру керек пе, әлде шағын несие беруді ойластырған жөн бе, мүмкін ауылдық жерлерде тегін жер телімін беруді шешу керек болар?.. Яғни біз 2,5 миллион адамды еліміздің экономикалық айналымына енгізуіміз керек. Шыны керек, қазір олар Қазақстанның экономикалық айналы-мынан тыс өмір сүріп жатыр. Бұл жер-де осы себептен түрлі мәселе туындай-ды. Біріншіден, әлеуметтік пессимизм. Шынын айту керек, олар жұмыс істеп жүрген жоқ, белгілі әлеуметтік ортада жүрген жоқ, ауылда, ауданда болсын, тұрғылықты жерінің экономикалық да-муына күш­қуатын жұмсап жүрген жоқ. Сондықтан оларда әлеуметтік песси-мизм сезімі пайда болады. Бүгінде біз сол санаттағы азаматтарды басқа азамат-тармен бірге еліміздің игілігін жасауға қабілетті күшке айналдыруымыз керек. Бұл мемлекеттік және квазимемлекеттік құрылымдардың ең негізгі жұмысы. Егер елімізді Еуропа, Солтүстік Америка елдерінің әлеуметтік даму деңгейіне жеткізуге тырысатын болсақ, ең алды-мен, қоғамның, әлеуметтің психология-сын, адамдардың көзқарасын зерттеуіміз тиіс. Екіншіден, Дүниежүзілік даму банкінің мәліметтерімен салыстыра қарасақ, Қазақстандағы сол 2,5 миллион адам кедейлердің қатарына қосылады. Ал біздегі кедейлік шетелдердегі кедейлік деңгейінен де төмен. Мәселен, біздегі төменгі күнкөріс деңгейі 28 мың теңгені бөлетін болсақ, күніне 1­2 доллардан ғана келеді екен. Бұл халықаралық дәрежедегі кедейліктен 2­3 есе төмен. Халықтың әлеуметтік жағдайын осыдан да көруге болады. Ал кедейлік әлеуметтік фактор ғана емес, еліміздің дамуына кері әсерін тигізетін рухани­экономикалық катего-рия. Сондықтан осы санаттағы азамат-тарды экономикалық айналымға қосу үл кен шара. Егер мұны іс жүзіне асыра ал сақ, елімізде әлеуметтік жаңғырту мә­се лелерінің біразы шешіледі деуге болар еді. Өкінішке қарай, бұл әлі шешілген жоқ.

– Электронды еңбек биржасы ту­ралы не айтасыз? Әлемде осы жүйеге көшкен мемлекеттерде жұмыссыздық мәселесі қаншалықты шешімін тапқан?

– Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі электронды бир-жаны енгізді. Бұл әлемдік тәжірибеге сәй кес , соның ішінде еліміздег і

айтарлықтай жаңашылдық деуге бола-ды. Әр азамат өзінің смартфонынан бүкіл Қазақстанда қандай бос жұмыс орны бар екенін көре алады. Сондай­ақ аталған жаңалықтың бір жақсы қыры, азамат өзінің компьютерінен немесе смартфо-нынан биржаға кіретін болса, республика бойынша мамандығына сәйкес келетін вакансияның барлығы қолданушыға келеді. Бұл жұмыс іздеп жүрген азамат­тармен кері байланыстың үлкен бір әдісі. Сондықтан осы тәжірибені әрі қарай жетілдіретін болса, көптеген әлеу ­меттік мәселе шешіледі. Өйткені өзде­ріңіз білесіздер, азаматтардың басым бөлігі еңбек биржасына бара бермейді. Себебі сенбейді. Екіншіден, бір­екі мәрте барғаннан кейін биржаның әлеуметтік тұрпатын сезінеді де, қайта бармайды. Сол себепті азаматтарға цифрлы техноло­гия өте қолайлы. Мұны әрі қарай дамыту керек.

– Ал еңбек кітапшаларын электрон­ды форматқа көшіру қандай нәтиже бермек?

– Біз дүниежүзілік қағидалар мен үде рістерге сай болуымыз керек деп жатырмыз. Азаматтардың жеке құжат­тары қазір халықаралық деңгейде элек­тронды жүйеде қолданылады. Сон­дықтан бұл жұмыстар да еліміздің цифр лы технологияларға көшуінің алғышарттарының бірі болуы ықтимал. Электронды еңбек кітапшаларын бүгінде өркениетті дамыған елдердің барлығы дерлік қолданады.

– Мемлекет әлеуметтік міндет­темелерін толықтай орындап отыр ға­нын айтты. Ал кәсіподақтар фе де ра­ция сындағы жағдайлар оны қан ша­лықты растайды? Қазір әлеу меттік тө лемдер, жәрдемақылар мен еңбек­ақы лар өсірілгенін білеміз. Бұл ең бек қатынастарындағы шиеленісті жағ ­дайларды реттеуге бағытталған ба?

– Бүгінгі таңда мемлекет халықтың алдындағы әлеуметтік төлемақы міндет­темелерін толықтай орындап отыр. Бірақ бұл жерде әлеуметтік төлемақы лармен қатар жұмыс берушілердің, ірі бизнес өкілдерінің жауапкершілігін арттыру керек. Соңғы кездері қоғамдық ланд-шафт өзгеріп келеді. Қазіргі таңда ірі кәсіпорындарда жұмыс істеп жүрген еңбек адамдарының кәсіпорынның даму стратегиясына, менеджментіне араласуы сол жердегі тұрақтылықты сақтайды. Еңбеккерлер сол кәсіпорынның бір пұшпағын илеп жүргенін және бір бөлігі екенін сезінеді. Қазақстандағы әлеуметтік қатынастарды да осындай еңбек стандарттарына жеткізу керек. Әрбір кәсіпорынның ішінде мәселе бар. Бірінші, еңбек қауіпсіздігін сақтау. Екінші, сол жердегі азаматтардың өзін өзі сезінуі. Үшінші, кәсіпорын әкімшілігі мен еңбеккерлері арасындағы адами қарым­қатынас. Міне, біз осы үш факторды іс

жүзіне асыратын болсақ, Қазақстандағы ірі кәсіпорындардағы әлеуметтік шиеленіс факторы төмендейтін болады. Осы мәселеге көңіл аудару керек. Біз еңбек қатынастарын түзейміз деп жатырмыз. Бірақ өндірістегі адам өлімі, мүгедектікке душар болуы кездеспей қалмайды. Шыны керек, кейде өндірістегі адамдардың кәсіп тік киіммен қамтылуының өзі үлкен мәселе. Осы іспетті ұсақ­түйек дүниенің өзінен ертең үлкен проблема туындауы мүмкін. Сондықтан мемлекеттік органдар мен кәсіподақтардың ең негізгі мәселесі – осы проблемаларды шешу, алдын алу. Заңда көп мәселе қарастырылған. Еліміздегі ұжымдық шарттарды алайық. Бір еңбеккер кәсіпорын жетекшілерінен ұжымдық шартты сұраса, басшылық оның талабын орындауға міндетті. Ұжымдық шартта жұмыс уақыты, кестесі, қосымша әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылады. Біздің көптеген азаматтар заңға шорқақ болғандықтан ұжымдық шартты сұ­рамайды, талап етпейді. Сондай­ақ Ең­бек кодексінде өндірістік кеңестер құру туралы қарастырылған. Оған кәсіподақ мүшелері, менеджмент өкілдері және жұмысшылар еніп, өнеркәсіп циклін бірлесіп қарастыра алады. Бірақ көптеген өндіріс орны аталған мәселеге салақ қарайды. Бір ғана мысал келтіруге бо-лады. Елімізде 12 мыңнан аса өндірістік кеңес құрылған, соның 10 мыңнан астамы өндіріске мүлдем қатысы жоқ мекеме-лерде құрылып, тек 1,5 мыңнан астамы тікелей өндірістік мекемелерде құрылған. Неліктен? Менеджмент пен ортаңқол бас-шылар қарсылық көрсетеді. Сондықтан ірі кәсіпорындар менеджментінің еңбек және әлеуметтік қатынастардағы жауапкершілігін арттыру қажет.

Ең негізгісі, Елбасы адам капита лын дамыту жөнінде ой өрбітті. Бұл заман ағымына сәйкес келелі ой. Осы тұрғыда бір мәселеге баса назар ауда ру керек тәрізді. Жалпы, әлемде, соның ішінде бізде елдің әл­ауқатын анықтайтын бір ғана индикатор бар. Бұл – ішкі жалпы өнімнің өсімі. Осы жерде бір мәселе бар. Егер Қазақстанда 2016 жылы ІЖӨ өсімі 2 пайыз болса, сол өсімді еліміздегі әрбір үй шаруа­шы лығы сезінуі қажет. Олай бол ма­ғанда, мемлекеттің статистика орган­дарына, жалпы есепке сенім азаяды. Бұл дүниежүзілік үрдіс. Жалпы, өнімнің өсімі мен азаматтардың әлеуметтік се зімі сәйкес келмейді. Осы тұрғыда бізде әр азаматтың әлеуметтік тұрпатын анықтауға қабілетті стандарттар енгізу өте өзекті. Міне, Елбасы Жолдауы ая-сында біз осы мәселелерге баса көңіл бөлсек, азаматтардың әлеуметтік дамуы арта түсетіндігі анық.

Әңгімелескен Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан»

Жалпы, Жолдауда көрсетілген 10 бағыт Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында туын­дап отырған жаңа қағида ларға бейімделуімізге жол аша -ды. Осы орайда Жолдаудағы

«Адами капитал – жаңғыру негізі» тақырыбымен берілген жетінші бағыт бойынша ел на-зарына ұсынылған ауқымды міндеттердің қоғам өміріндегі орны ерекше деп ойлаймыз.

Өйткені онда уақыт талабы-на сай маман даярлауға, ұрпақ тәрбиелеуге қатысты мәселе­лер егжей­тегжейлі жазылған. Мәселен, білім беруді жаңа сапаға көтеру, орта және жоғары білім беру саласын жаңартылған мазмұнға көшіру, сондай­ақ жа-санды интеллектпен және «үлкен деректермен» жұмыс істеу үшін ақпараттық технологиялар бо­йын ша білім алған түлектер санын көбейту тұрғысындағы міндеттер дер кезінде көтеріліп отыр.

Сонымен қатар, латын гра-фикасына көшу, қазақ тілінің қол даныс аясын кеңейту, шет тіл дерін меңгеру ісіне қатысты айтылған ілкімді ойларға жүрдім­бардым қарауға болмайды.

Тағы бір ерекше тоқтала кетер жайт, Елбасының мұға­лімдер қауымының мәр тебесін көтеруге ерекше назар аударып, олардың әлеу меттік жағдайын одан әрі жақ сартуға байланыс­ты бер ген тапсырмалары барша жұрт шы лықты бір серпілтіп тастады.

Қорыта айтқанда, Прези дент­тің биылғы Жолдауы қоғамы мыз­да тың серпіліс тудырып отыр. Бұл құжат халықтың Елба сы на, атқарушы билікке деген сенімін арттыра түсті деп сеніммен ай­туға болады.

Жанар БАЙДАЛЫҚЫЗЫ,Қ.А.Ясауи атындағы

Халықаралық қазақ-түрік университеті Дайындық

факультетінің оқытушысы

ТҮРКІСТАН

Әлеуметтік қатынастардың әділетті жүйесі––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында сапалы жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандырудың әділетті жүйесін құруға байланысты бірқатар маңызды тапсырма жүктегені мәлім. Осы ретте Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары, белгілі әлеуметтанушы Ерлан САИРОВПЕН әңгімелескен едік. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Заманға сай жаңғыруға жетелейді

Әбубәкір ВОЙНЦЕ,Қазақстан дүнгендері қауымдастығының төрағасы, ҚХА мүшесі

Е л б а с ы н ы ң б и ы л ғ ы «Төртінші өнеркәсіптік рево-люция жағдайындағы даму­дың жаңа мүмкіндіктері» Жол­дауы Қазақстан халқына айқын мақсаттар мен нақты тапсырма-лар жүктейді. Мұндай мақсат­міндеттің астарында әлемдегі дамыған отыз елдің қатарына қосылу көзделетіндігі әмбеге аян.

Ал енді Елбасының соңғы Жолдауы Қазақстан халқын жаңа заманға жедел бейімделе отырып, әлемдегі Төртінші өндірістік рево-люция көшінен қалмауға үндейді. Бұл жерде тағы бір атап өтпеуге болмайтын нәрсе Н.Назарбаев бұл Жолдауда жаһандық жаңғыру жо­лында адам капиталына ерекше көңіл бөлді. Яғни ізгілікке ша қы­рып, игілікке жарайтын білім беру ар қылы адам әлеуетін пайдалану­ды ба сым дыққа алу қажеттігін айтты.

Біздің мемлекетімізде осы мақ саттағы жұмыстар әлдеқашан бастал ып кеткені белгілі. Мәсе­лен, мектепке дейінгі білім беру бағ дарламасы аясында 2019 жыл­дың 1 қыркүйегінде балалар ды әлеуметтік бейімдеу мен өзін­өзі дамытуға ерте дайын дау бағытын дағы біріңғай бағдар­л а малық жүйе қолданысқа енгізіледі деп жоспарлануда. Ал 2021 жылға қарай орта білім беру дің жаңартылған мазмұндық жүйе сіне көшіру ісі өз мәресіне жетеді. Соның аясында жоғары білім беру жүйесі мен ондағы педагогикалық кафедра, фа-культеттер де заман талабы-на сай жетілдірілмек. Осының бәрін жүзеге асыру барысын-да негіз гі басымдық ретінде жараты лыстану мен математи-ка ғылымы сынды салаларды оқыту мазмұнының сапасын жоғарылату көзделген. Мұндай мүмкіндіктер біздің қоғам­ның соңғы жылдар дағы түрлі салалардың техноло гия лық шап­шаң дамуына жедел бейім делуі үшін өте маңызды болмақ.

Сондай­ақ заманға сай жаң­ғыруға жетелейтін бұл Жолдауда бүгінгі бүлдіршіндерімізді үш тілде оқы ту жайы да кезекті рет мәлім делген. Оның үстіне Елба сы­мыз ке ле шекте әрбір отандасы мыз қазақ, орыс, ағылшын тілін еркін меңгеруіне мейлінше жағдай жа-сауымыз қажеттігін айрықша атап өтті. Оған қоса мемлекеттік тілді дамы ту ісін қаперден шығарып ал-мау ке ректігіне де көңіл бөлді. Бұл рет те сан ғасырлық даму тарихы бар қазақ тілін заманауи талапқа сай етіп жетілдіріп, терминологиялық маңызын халықаралық қарым­қатынас тілі деңгейіне көтеруіміз керек екендігін айтты. Ал латын графикасына көшу осы мақсаттағы жұмысымыздың бірі болмақ.

Осындай мәселелерді арқау еткен биылғы Жолдауда айтылған мәселелер рет­ретімен шешімін тауып жүзеге асса, Қазақстан келешегі кемелдене түседі деп нық сеніммен айта аламыз.

АЛМАТЫ

Ел болашағына деген сенім арта түсті–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауымен ерекше ықылас та-ныта отырып танысып шықтық. Жолдауда жазылған барлық мәселелер орынды көтерілген. Ондағы экономикалық, әлеуметтік бағыттар бойынша алға қойылған міндеттер еліміздің дамуы үшін аса маңызды екені сөзсіз. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Page 6: E-mail: info@egemen.kz 22 АŽТАР, ДЙСЕНБІ †˛ірлік т ... · 2018. 1. 22. · су ресурсы, энергетика, инфра- ... өңір тұрғындарының

6 22 ҚАҢТАР 2018 ЖЫЛӘЛЕМ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН

Ортақ тіл табысуға ұмтылыс бар

Бір халықты екіге жарып, ағайын ­ды бір­біріне қарсы қойған ғалам дық саясат, екі түрлі саяси жүйе корей халқын әлі де бір­бірі не жат қылып отыр. Жақындату тү гі лі кейде бір­біріне деген жаулық ни ет терін де жариялап, бітіспейтін көз қараста екендіктерін білдіріп қоя ды.

Бірақ жуырда екі ел арасындағы сең аздап қозғалғандай болды. 2015 жылдың желтоқсан айында екі ел арасында туған шекаралық кикілжіңнен кейін қандай да бір келіссөздер тоқтаған еді. Содан бері үзілген қатынастар жуырда жалғасын та-уып, КХДР мен Корей Республикасының делегациялары шекаралық Пханмундж деревнясында келіссөз үстеліне отыр­ғандығын халықаралық агенттіктер хабарлады. Бұл деревня бір елді қақ жарған 38­ші параллел өтетін демаркациялық сызықтың бойында орналасқан. Осы елді мекенде өткен ғасырдың 50­жылдарының басындағы екі елдің арасындағы соғысты аяқтау бағытында 1953 жылы бейбіт келісімге қол қойылған болатын.

Министрліктер деңгейінде әр жақтан үш адамнан қатысқан осы жолғы келіссөздерде КХДР деле-гациясын «Кореяны бейбіт жолмен біріктіру» комитетінің төрағасы Ри Сон Гвон, ал Оңтүстік Корея делега-циясын Біріктіру министрі Чо Мен Ген басқарып келді. Келіссөздер барысында қаралған мәселенің үлкені – Оңтүстік Кореяда болатын Қысқы Олимпиада ойындарына Солтүстік Корея спорт-шыларын жіберу мәселесі. Осыған дейін Корея Республикасында өтетін Олимпиадалық ойындарға оң қабақ та-нытпай келген солтүстіккореялықтар енді қандастарының еліндегі ұлы жиынға қолдау білдіруге сыңай танытып отыр. Бұл екі елдің арасында жылылық ұшқыны пайда болғанын көрсетті. Өз тарапынан Сеул де бұл қадамды құптап, екі Корея мемлекетінің Олимпиада шеруінде қатар шығуын ұсынды.

КХДР­дің арақатынасты жұмсартуы президент Ким Чен Ынның теледидар арқылы халыққа арнаған жаңа жыл­дық сөзінде белгілі болды. Ол «Корей түбе гінде бейбіт жағдай орнату үшін әскери шиеленісті бәсеңдетуге дайын екенін» жариялады. Сонымен бірге ол өт кенді ұмыту қажеттігін де атап өткен. Жаңалық екі мемлекеттегі корей халқының мүддесіне сай болғандықтан, ол халық арасында қуаныш отын жарқ еткізген. Сонымен бірге Ким Чен Ын жаңа жылдың 7 қаңтарында Оңтүстік Кореямен арадағы қатынасты жақсарту шараларына кірісу қажеттігі туралы мәлімдемені де жасап үлгерді. Мына кездесу сол сөздердің жалғасы іспеттес болып отыр.

Келіссөздер барысында қаралған келесі келелі мәселе – өткен ғасырдың 50­жылдарының басында екі мемлекет арасында болған соғыстың салдары-нан бөлініп қалған отбасыларды қосу. Бұл мәселелерді шешу үшін екі жақ қорғаныс министрліктерінің деңгейінде келіссөздер бастау керектігіне келіскен. Келіссөздердің алғашқы раунды 45 ми-нутта аяқталған. Алайда оның екінші ра-унды қашан жалғасатыны белгісіз. Бірақ халықаралық бейбітсүйгіш қоғамдастық сеңнің қозғала бастағанына қуаныш білдіруде. 70 млн халықты сергелдеңге салып қойған саясатты қоздырушылар да жоқ емес екені айқын. Экономикалық тұрғыдан ұтыс табуды және осы аймақтағы ықпалын геосаяси тұрғыдан арттыруды ғана көздейтін ондайларға бір халықтың екіге жарылып тұрғаны пайдалы.

Еске сала кететін болсақ, КХДР мен Корея Республикасының арасындағы текетірес 2012 жылдың соңына қарай қатты өршіген. Сол жылы Солтүстік Корея өзінің алғашқы баллистикалық зымыранын сынақтан өткізді. Пхеньян оны өз жер серігімізді ұшыру үшін сыналды десе де Корей Республикасы қауіпсіздігімізге нұқсан келуде, бұл ядролық зарядты алысқа апара алатын зымыран деп қатты алаңдаған. Содан түрлі қысымдар жасалып, әскери ой-ындар өткізіліп, Оңтүстік пен оның жақтастары бұлшық еттерін білеп баққан. Тіпті шекаралық аймаққа дыбыс күшейткіш орнатылып, одан Пхеньянға қарсы үгіт­насихаттар да айтылып тұрды. Оны тоқтатуды талап еткен Пхеньян ақыры артиллериядан бірнеше дүркін оқ атуға дейін барды. Жауап ретінде Сеул жақтан да бірнеше зы-мыран атылған. Осыдан әрі Солтүстік Корея БҰҰ қарарларына да құлақ аспай, ядролық қаруға қол жеткізу бағытындағы мақсатын іске асыра беріп, ақыры ядролық қаруы бар елдің қатарына жетті. Насихаттық шабуылдар бүкіл әлемді түршіктіріп жатқанымен ядролық қаруы бар ел болған соң ешкім де Пхеньянға Ирак секілді басып кіре алмады.

Сол кикілжіңнің бәрі бүгін екі корей мемлекетінің өзара ортақ тіл табысқанына ұласса, оған бейбітсүйгіш ә л е м қ у а н б а с а қ а й ғ ы р м а й д ы . Соның ішінде Қазақстан Сыртқы істер министрлігі де келіссөздерді құптайтынын айтып, «екі елдің екіжақты қарым­қатынастарды жақсарту үшін күш салуын жоғары бағалайтынын» мәлімдеді.

Жақсыбай САМРАТ,

«Егемен Қазақстан»

–––––––––––––––––––––––––П р е з и д е н т Н ұ р с ұ л т а н Назарбаевтың Америка Құрама Штат тарына жасаған ресми са­пары екі елдің арасындағы дип ­ломатиялық байланыстар ды за­ман талабына сай уақытпен үндес­тіре отырып, стратегиялық ынты­мақ тастықты одан әрі тереңдете түскені сөз сіз. Себебі Пре зи­денттің бұл сапа рының саяси­дип ломатиялық мән­маңызы ауқымды әрі астары терең.–––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Нью­Йорктегі Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб­пәтерінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің «Жаппай қырып­жоятын қаруды таратпау: сенім шаралары» тақырыбы бойынша жоғары деңгейдегі пікірталас өтті. Назарларыңызға тарихи оқиға туралы шетелдік БАҚ­тарда жарияланған үнқосулардың ықшамдалған мазмұнын ұсынып отырмыз.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Тәуелсіздікті жариялағаннан кейін Сыртқы істер министрлігінде еңбек еткен біздер Қазақстан мен АҚШ­тың арасындағы дипломатиялық байланыс орнатудың басы­қасында жүрдік. Ол кезде Сыртқы істер министрінің мін­детін атқарушы болып жұмыс істей­тін мін. Алғаш болып Қазақстанда өз елшілігін ашқан Америка болып табы­лады. Қазақстанның Орталық Азия өңі ­ріндегі әлеуеті мен оның кемел келе­ше гіне көз тіккен АҚШ билігі бұрынғы КСРО құрамынан шыққан тәуел сіз мем лекеттердің ішінен бірінші болып Алматы қаласында өз елшілігін ресми түрде ашты. Біз дипломат ретінде осыған тікелей атсалыстық.

Әлі есімде, 1992 жылы шілде айын да С.Сейфуллин даңғылында бір қабатты ғимаратта бірінші рет қазақ жерінде шет мемлекеттің дипло ма тиялық мис-сиясы ресми ашылды. Шетелдердің біздің тәуелсіздігімізді «де­юре» қағаз жүзінде емес, «де­факто» мойындап, елшілігін ашуы үлкен саяси халықаралық оқиға болды. Қазақстан Үкіметі тара-пынан Премьер­Министрдің бірінші орынбасары О.Сосковец және Сыртқы істер министрінің міндетін атқа ру­шы – мен қатыстым. Бұл үлкен шарада басқа да Үкімет мүшелері, депутаттар, қоғамдық ұйымдар, баспасөз өкілдері болды. Америка дипломатиялық мис-сиясы басшысымен бірге елшіліктің алдында АҚШ­тың туын қазақ жерінде көтергенде мемлекетіміз қайта қалпына келгенін сезініп, қуанышым қойныма сыймады. Себебі мұндай тарихи оқиға қайталанбайды, ресми түрде елшілік бір рет қана ашылады.

Ал енді Елбасымыздың Орталық Азияның бауырлас халықтарын тату­ластырып, ұлтаралық татулықты ны­ғай ту бағытындағы жұмыстары әлем дік сая сат сахнасында жоғары бағаланады. Мұның бәрі де Нұрсұлтан Әбішұлының алысқа көз тігіп, сарабдал саясат ұстана алатын қасиетінің айқын көрінісі. Бұл сөзімізге мынадай деректер айқын дәлел бола алады. Қазақстан халықаралық құқық негізінде Біріккен Ұлттар Ұйымы­ның Жарғысы бойынша әлемдік аре-нада бейбітшілікті қолдайтын әрі қорғай тын бағыт ұстанады. Осы арада Н.Назарбаевтың халықаралық шең­берде батыл бастамалар көтеріп, Азия­да ғы өзара ықпалдастық және сенім шара лары кеңесінің құрылуы мен оның жұмыс істеуіне тікелей бастамашы болғанын ерекше атап көрсеткім келе­ді. Сондай­ақ ресми Қазақстан 1947 жыл ғы 29 қарашадағы БҰҰ Бас Ассам­блея сының шешімі негізінде Палес­ти на мемлекетін мойындау жөнін дегі ұста нымын айқындады. Таяу Шығыс­тағы тыныштық пен бейбітшілік біздің елге қажет. Бұл жердегі көрегендік те Мемлекет басшысының еншісіне тиесілі. Таулы Қарабақтағы армян­әзербайжан арасындағы даулы мәселенің

түйінін тарқату ісінде де Елбасымыз тікелей кі рісті, тара п тардың соғысты тоқтатуына елеулі үлес қосты. Бұл жерде Әзербайжан елі ис ламдық діни ұстаным мен түркілік те гі міз жағынан бізге жақын ел. Ал Арме ния ны бізге КСРО кезіндегі одақтас рес пуб лика ретіндегі байланыс­тарымыз жа қындатады.

Сол секілді, айрықша атап өтуге тұрар лық тағы бір елеулі оқиға ТМД­ның құрылуы мен оған мүше­мем ле кеттер санының артуы еді. 1991 жыл дың 21 жел­тоқсанында Алматы қала сында Тәуел­сіз Мемлекеттер Дос тастығына қатыс­ты келісімдерге қол қойылды. Мұның алдында Кеңес Ода ғы ның құрамында болған Балтық жаға лауында орналасқан үш мемлекет «бізге Кеңес Одағы да, ТМД да керек емес. Біз еуропалық елдер дің са­на тындамыз» деп ашық мәлімдеме жаса­ған еді. Енді қалған 12 елдің өзара ын ты ­мағын сақтайтын ұйымды құру мәсе лесі Алматыда өз шешімін тапты. Оның ал-дында ғана сол жылдың 8 жел тоқсанында КСРО­ны таратып, ТМД құруға ынталы үш мемлекет – Бела русь, Ресей және Украина басшы сы өз а ра келісімге келген болатын. Яғни Ке ңес Одағы ыдырағаннан кейінгі ел дер дің басшыларын Алматыда бір үстел дің басына жинап, олардың ТМД­ға мүшелікке өтуіне ерекше жағ дай жаса ған Нұрсұлтан Әбішұлы еді.

Бұл жерде талқыланған негізгі тақы­рып тың бірі – мемлекет басшы ларының өз еріктерімен Кеңес Одағын тарату мә селесі мен оның орнына құқықтық шарт тар мен бостандығымыз сақталған ба ламалы ұйымға кіру жайы болды. Әрине, басқосуда мемлекеттер арасын-да дипломатиялық қарым­қатынастар орнату мен сол уақыттағы шекаралар-ды мойындау, өзара сауда­саттық пен барыс­келістің жай­жапсары сынды мәселелерді жан­жақты қарап, тарап-тар бір келісімге келгені белгілі. Міне, осындай игі істерге бастамашылық етуде біздің Президентіміздің алдына түскен ешкім болмады.

Бұл жерде ескере кететін тағы бір жайт, бастапқы үш мемлекет еуро па лық

славян­христиан елдерінің санаты­на жатса, Орталық Азиядағы тегі – түрік, діні – ислам 5 мемлекет бұл қауымдастықтан шеттеп қалатындай еді. Осы тұрғыдан алғанда түрлі ел­ара лық және дінаралық алауыздықты өр ші тудің алдын алу мақсатындағы ау қымды шаралар ТМД­ның құрылуы мен Алматы Декларациясының қабыл­да нуына ұласты. Бұл істер ресми түр­де халықаралық деңгейде Кеңес Ода­ғы ның тарауына соңғы нүкте қойды және Қазақстанды барлық көрші мем-лекеттер мойындады. Міне, осы бір аумалы­төкпелі кезеңде күрделі істің барлығының сәтті жүзеге асырылуында Елбасының еңбегі ерен екені сөзсіз.

Ал енді ТМД құрылуының ең алды-мен Қазақстан үшін пайдасы мол болды.

Өйткені мұндай ұйымның жұмыс іс­теуі бұрынғы КСРО аумағында ты ныш ­тық орнату және сауда­эконо ми калық қарым­қатынастарды жандандыруда өз маңыздылығын көрсетті.

Осы орайда, аймақтағы халықаралық тұрақтылық пен тыныштықтың сақта­луына Шанхай ынтымақтастық ұйымы­ның да қосып жатқан үлесі ұшан­теңіз екенін атап өткен ләзім. Әсіресе соң ғы жылдары Қазақстанның аталған ұйым­мен жұмыс істеу белсенділігі артқаны сөз сіз. Ал мүшелікке Пәкістан мен Үндіс­танның қосылуына зор ықылас танытқан мем лекеттер басшыларының арасында Н.Назарбаевтың беделі жоғары. Соңғы екі елдің ұйымға мүшелікке өтуі оның аясындағы халық санының артуымен ғана шектелмей, қайсыбір елдердің бұл ұйымды басқарудағы басымдығын азайтты.

Н.Назарбаевтың әлемдік саясат сахнасындағы қарым­қабілеті мен абырой­беделі Ресей мен АҚШ арасын­да ғы сан құбылып жататын шиеле ніс тің ше шіліп, өзара түсіністіктің қалып та­суы на өзіндік оң әсерін тигізетін мүм кі­н діктері бар.

Ал енді БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етуіміздің Қазақстан үшін биік мәртебе екені сөзсіз. Өйткені

арғы­бергі тарихымызда Орталық Азия, Кавказ республикаларының сыртқы сая­сатында мұндай мәртебеге ие болған ел жоқ десек те болады.

Біздің Президентіміздің әлемдік де ң­гейдегі ауқымды тағы бір ерлігі – яд ро­сыз әлем құру бастамасы дер едім. Жер жаһанда қазіргі кезде ядро лық қару жа-сау мүмкіндігі бар мемле кеттер аз емес. Ал енді олар өз деген дерін іске асырып, бас­басына ядро лық қару сайлап ала бер-се, Жер шары ның жағдайы қалай бола-ды? Әлем бола шағын ойлаған, бәрімізге ортақ бір планетамызды қалай аман­есен сақ тап қалу жолын ойлаған Қазақстан бас шысы БҰҰ Бас Ассамблеясында ядро лық қарусыз әлем құруға ұсыныс жаса ған. Оны көп мемлекеттер қолдады. БҰҰ Қау іпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мү ше сі Қазақстанның Президенті реті н­де Н.Назарбаев Нью­Йоркте Ұйымның Бас Ассамблеясында сөз сөйлеп осы өзекті мәселені бүкіл әлем алдында тағы да көтерді.

Осындай қауіп­қатердің алдын алуға бағытталған Үндеуді Нұрсұлтан Назарбаевтың жариялайтындай жөні бар­ақ. Себебі ол Қазақстан өз тәуел­сіз дігін алған сәттен бастап ядро лық қарудан бас тартып, Семейдегі сынақ по-лигонын жаптырды. Осындай тағ дырлы сәтте таңдаулы шешім қабыл дай білген Елбасымыздың дүние жүзі халқына ядролық қауіпсіз әлем құру бастамасын қалай айтса да жарасымды әрі толық құқылы дер едік.

Қорытындылап айтсақ, Президент Н.Назарбаевтың АҚШ­қа ресми сапа-ры, АҚШ Президенті Д.Трампен ке­ліссөзі, БҰҰ­ның Бас Ассам блея сын­да сөйлеген маңызды сөзі екі ел ара­сындағы мәселелерді ғана емес, ха лық­аралық жағдайды ретке келтіруге, ын­ты мақтастықты нығайтуға бағытталды және бұл мақсат толығымен жүзеге асты.

Сайлау БАТЫРША­ҰЛЫ,Қазақстанның дипломатиялық

қызметіне еңбек сіңірген қайраткер, профессор

Байыпты саясат –баянды болашақ кепілі

ӘРІПТЕСТІК ӘЛЕУЕТІ

Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб­пәтерінде Қазақстан Президентінің төрағалығымен өткен Қауіпсіздік Кеңесінің жоғары деңгейдегі пікір та­ласында Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Кореядағы ядролық проблеманы ше шу үшін Иранмен келісімге келуге мүм­кіндік берген конструктивті жолды қолдану керектігін айтты. Сонымен қатар Қазақстан Президенті бұл туралы Дональд Трамппен сөйлескенін жеткізді. Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, туындаған келіспеушілікті еңсеруге бо-лады.

«Бұл пробелманы шешу үшін АҚШ, Ресей, Қытай арасындағы сенімді қайта қалпына келтіру керек. Бұл туралы мен Ақ үйде Дональд Трамппен сөйлестім. Менің ойымша, бұл жерде барлығымыздың ұстанымымыз бірдей. АҚШ­тың, Ресей мен Қытайдың қатысуынсыз бұл проб­леманы шешу қиын», деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сондай­ақ ол барлық та-раптарды жылдам және конструктивті шешімге шақырып, «ядролық бестіктің» келіссөздер жасау керектігін атап өтті.

Н.Назарбаевтың айтуынша, Қазақстан келіссөздер өткізуге алаң ұсынуға дайын.

Өз сөзінде Қазақстан Президенті әлем бойынша бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің рөлі зор екенін атап өтті. Соны­мен қатар ол Қазақстанның әлемдегі төр тінші ядролық қару арсеналынан бас тартқанын, Семейдегі әлемдегі ең ірі ядролық сынақ алаңдарының бірін жапқанын еске салды. Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, Қазақстан Орталық Азиядағы ядролық қарусыз аймақты қалыптастыруда маңызды рөл атқарды. Қазақстанның ядролық қарусыз әлем құруға қосқан тағы бір үлесі – МАГАТЭ­мен Төмен байытылған уран банкін құру туралы келісімі екені сөзсіз.

Жиында Н.Назарбаев Таяу Шығыста ядролық қарусыз аймақ құруға шақырды. «Күш ядролық бомба мен ракеталарда емес. Олар көп болса да, толығымен қорған бола алмайды. Әлемді тек халықаралық қоғамдастықтың сенімі қорғап қала алады», деді Қазақстан бас-шысы. Сондай­ақ ол ядролық қаруды таратпау режіміне бағытталған бірнеше шара ұсынды. «Ядролық державалар біз ядролық қаруды ұстаймыз және оны

дамыта береміз, ал басқаларына тыйым саламыз десе, дұрыс бола ма? Жоқ, менің ойымша, бұл дұрыс емес», деп атап өтті Н.Назарбаев.

Қазақстан 2018 жылғы қаңтардағы төрағалығы мерзімінде табысты жұмыс істеп жатыр. Қазақстанның БҰҰ Қауіп­сіз дік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануы және төрағалық қызметі әлем дік қоғамдастықтың Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшіл саясатына деген сенімін көрсетеді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб­пәтерінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің «Жаппай қырып­жоятын қаруды таратпау: сенім ша-ралары» тақырыбы бойынша жоғары деңгейдегі пікірталасы өтті. Жиында Нұрсұлтан Назарбаев сенім ахуалын қалыптастырудың және Пхеньянның келіссөз үстеліне оралуының маңызды шарты ретінде «ядролық бестіктің» КХДР­дің қауіпсіздігіне кепілдік беруін жақтайтынын айтты. Президенттің ай-туынша, мүдделі тараптар қажет еткен жағдайда, Қазақстан келіссөз алаңын ұсынуға дайын.

Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне ядролық қарудан бас тарту арқылы Қазақстанның халықаралық беделінің артқанын жеткізді. Оның ай-туынша, Солтүстік Кореяның ядролық қаруға ұмтылуын АҚШ, Ресей мен

Қытай арасындағы сенімді нығайта оты-рып шешу керек.

Қазақстан осы айда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етуде. Нью­Йоркте Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіп сіз­дік Кеңесінің «Жаппай қырып­жоятын қаруды таратпау: сенім шаралары» тақырыбы талқыланды. Одан кейін Кеңесте Қазақстанның төрағалығымен Ауғанстандағы терроризм мен есірткі трафигіне қарсы күреске байланысты пікірталас өтті.

Кеңестің қаңтар айындағы прези­денті ретінде Қазақстан Солтүстік Ауғанстандағы Ислам мемлекеті мен талибтердің қаупіне қарсы күреске алаңдаушылық білдірді. Қауіпсіздікті ескере отырып, Астана шиеленіске ке­шен ді шешім табу керектігін қолдай ты­нын айтты.

Жиында былтыр Ауғанстандағы есірткі саудасы 87 пайызға жеткені, одан түскен қаржы «Талибан» қызметін қаржыландыруға жұмсалғаны көлденең тартылды. Қазақстанның БҰҰ­дағы тұрақты өкілі Қайрат Омаров Кеңестің 15 адамнан тұратын делегациясының Ауғанстанға барып келгенін атап өтті. Бір айта кетерлігі, 7 жылдан кейін алғаш рет ұйымдастырылған бұл сапарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қаңтардағы төрағасы – Қазақстан бастамашы болды.

БАСҚА БАСЫЛЫМДАРДАН

Қазақстан төрағалығы әлемдік БАҚ көзімен

Page 7: E-mail: info@egemen.kz 22 АŽТАР, ДЙСЕНБІ †˛ірлік т ... · 2018. 1. 22. · су ресурсы, энергетика, инфра- ... өңір тұрғындарының

22 ҚАҢТАР 2018 ЖЫЛ 7ҚОҒАМ

Ая ӨМІРТАЙ,«Егемен Қазақстан»

Өлкетанушы Серік Дүйсен­

баев осы Арал ауданының ба­йыр ғы тұрғыны. Аймаққа ке летін туристерді ертіп, жол бас тап, жүргеніне жиырма жылға жуық­таған. Университетте мұнай шы мамандығында оқып жүрген Се рік 2000 жылы «Арал теңізі» қоғам­дық бірлестігіне ерікті ретінде тіркеледі. Осы қордың түрлі жо­баларына қатыса жүріп, өңірдің тыныс­тіршілігін бес саусақтай біліп алған.

«Аралға қызығушылық таныт­қан қарапайым туристерден бас тап деректі фильмдер, арт­жоба түсі­руші шетелдік журналистер мен фото графтарға Арал өңірінде тур ұйым дастырумен айналысамын», дейді ол. Серіктің міндеті жыл са­йын Аралға келетін туристерді кү­тіп алу, шығарып салу, қонақүйге орна ластыру, теңізге, балықшы ауылдарға саяхат (джип­тур) ұйым ­дастыруға көмектесу. Тіпті ың­ғайына қарай аудармашы да, кө­лік жүргізуші де бола береді. Бір басына жететін кәсіби біліктілігін ес керген көптеген қазақстандық ту ристік фирмалар Серікпен ке­лісімшарт негізінде жұмыс істейді.

Ал ол ағылшын тілін қазақ­түрік лицейінде оқып жүріп жетік мең­геріп алған. Әңгімелесе келе, Серіктің сөз ләмінен ұққанымыз шетелдік туристерді көбіне Арал теңізінің шақырымдарға созы­лып жатқан тілім­тілім табаны мен алып кемелер қызықтыратын кө рінеді. Өйткені туристер үшін «кемелер бейітіне» барар жолдағы ақшаңдақ теңіз табаны арқылы Ақеспе, Қарасандық секілді жо­таларды басып өтіп үйір­үйір түйелер мен балықшыларға жолы­ғудың айрықша әсері болса керек. Ал шетелдік туристер нелік тен дәл осы маңға үйір келеді де сеңіз, оның бірден бір себебі Америка мен Еуропада басылып шығатын «Lonely Planet/ Central Asia» және «Bradt Travel Guides» сияқты та­нымал жолсерік кітаптарына Арал ауданындағы «кемелер бейіті» (ship cemetery) арнайы туристік нысан болып енгізілген. Бұл басылымдардың журналистері әр төрт жыл са йын көрсетілген бағыт бойынша бар лық нысандарды ара­лап, деректермен толықтырып оты­рады. Сондай­ақ саяхат орындары ғана емес, қонақүйлер, мұражай, дәмханалар туралы толық мәлімет­тер де жаңартылатын болып шық­ты.

«Екі мыңыншы жылдардың басында аймақта үлкенді­кішілі 30­дың үстінде кеме болды. Арал ауданының 100 жылдығы кезінде әкімшілік 4 қайықты қалаға сүй­реп апарып ашық музей етіп қойды», деп еске алған Серік соң ғы жылдары кемелердің жеке адам дар тарапынан толықтай ке­сіліп, жойылып кеткенін айтады. Әсіресе түсті металл мен қара темір өткізу қызып тұрған шақ­та кеме қаңқалары темір­тер сек іздеген жұртқа тегін олжаға ай­налған. Темір өткізушілер 2015 жылға дейін Аралдан 69 шақырым жер дегі Жалаңаш ауылындағы 12, Шығанақтағы он шақты кемені түгел қиратса керек. Серіктің есебінше бүгінде сол отыз кеме­ден төрт­ақ кеме қалған, оның өзі жарым­жартылай кесілген күйінде қараусыз жатыр.

Қызылорда облысының Арал ауданына қарасты Ақеспе ауы­лы қаладан батысқа қарай 88 шақырымда орналасқан. Арал теңізінің аңғарындағы Бутаков шығанағының батыс жағында алып танкер жатыр. Осы арқылы Кеңес өкіметі кезінде химиялық­бактериялық қарудың сынақ алаңы болған Возрождение аралына жанар­жағармай тасымалдаған.

Жаппай «темір өткізу» кезінде бұл кеменің де сау тамтығы қалмаған. Кезінде BBC, CNN, Voice of America сияқты танымал медиа компаниялар мен әуесқой фильм түсірушілер, фотографтардың, «Pink Floyd» бастаған музыкант­тардың қызығушылығын арттыр­ған да осы кемелер еді. Ал теңіздің ар ғы бетіндегі Өзбекстан бұл мәсе леге келгенде пысықтық та­нытып үлгеріпті. Бұрын порт бол­ған Мойнақ қаласы маңындағы теңіз табанында қалған 11 кемені жер гілікті әкімшілік өз қарауына алған. Онымен қоймай кемелердің әрқайсысына ат қойып, айдар тағып өңірдің туристік әлеуетін арттыруға қолайлы нысан ретінде әспеттеп отыр.

«Шетелдіктер үшін ескі айлақ­та тұрған кемелер қайта боялған ескерткіш қана. Теңіз табанында қалған кемелердің әсері ерекше, тарихи маңызы да зор», деген Серік аймақтағы туризмді дамыту үшін кемелердің таптырмайтын туристік нысан екенін айтады. Ал жергілікті әкімдіктің мәліметінше, Арал теңізі мен Қамбаш көлі ау­дан көлемінде туризм саласының дамуына зор мүмкіндік туғызып келеді. 2016 жылы жазғы маусым­да «Қамбаш» демалыс аймағында

70 мыңнан астам адам демалған болса, 2017 жылы бұл көрсеткіш 20­25 пайызға өскен.

Қазақстан мен Өзбекстан ше­карасын қамтыған Арал теңізі бір кездері әлемде тұздылығы жо ғары төртінші теңіз санала­тын. Алайда Сталин Орталық Азия республикаларын ірі мақта плантациясына айналдыру жайлы шешім қабылдағаннан кейін­ақ жағдай күрт өзгеріп сала бергені баршаға белгілі. Кеңестік басшы­лар Әмудария мен Сырдариядан шөл далаға су тарту үшін қолмен мыңдаған шақырымға созылып жатқан арық қаздырып, арналы қос өзенді шаруашылық мақсатқа бұрып әкетті. Осылайша тартылған айдынды су қойнауындағы мың­даған қазынасымен бірге құмға сіңе берді. Өңірдегі 17 балық кол­хозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тү гел ге жуық жабылды. Суды ысы рапсыз

пайдаланудың соңы Арал теңізін қандай экологиялық апат қа ұшыратқанын өзіңіз­ақ бағамдай беріңіз. Дәл осы себепті де аңыздың ақырына айналған Арал әлем жұртшылығының ең бір аяулы дүниесіне айналды. «Арал тағдыры – адам тағдыры» деген ұранмен теңізді құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде қаншама жұмыс атқарылып жатқанда саудыраған сүйегі ғана қалған кемелерді қалай ғана қаперімізден шығарып алдық екен? Тот басқан кемелерді жел шайқап, күнге қаңсып жатқан іске алғысыз темір ғана деп ойласақ, оңбай қателескен болар едік. Маң даланың төсінде бауырлай сұлап жатқан кемелер бар қайғысын ішіне жиып қана жатқан жоқ, ба­сынан бұл­бұл ұшқан дәуренін қоса жоқтап жатыр. Олар – Аралға жасалған қиянаттың, табиғат дү­ние сіне жасалған қасірет симво­лының нақ өзі.

КӨЗҚАРАС

Арал табанындағы «кемелер бейіті»–––––––––––––––––––Тақырыпты оқып тіксініп қ а л м а ң ы з , ә л б е т т е бейіт деген сөздің суық естілетіні рас. Кезінде б а л ы қ ш а р у а ш ы л ы ғ ы дүрілдеп тұрған шақта бағы аспандаған алып ке-мелер, теңіз тартылған кезде қайраңға шығып, ешкімге керексіз болып қалғаны белгілі. Содан бері ашық аспан астында аңғал-саңғал болып, жай-рап жатқан кемелердің мүрдесін жергілікті жұрт «кемелер бейіті» деп атап кеткен.–––––––––––––––––––

P. S. Халықаралық туризм көптеген елдердің экономикасында шешуші салаға айналғандықтан, туристік қызмет барған сайын сұранысқа ие болып келеді. Оның ішінде бірегей тарихи-мәдени ескерткіштері арқылы Қазақстан рекреациялық туристік ресурстардың өте үлкен әлеуетіне ие екенін көріп отырмыз. Сондықтан да жергілікті әкімшілік Арал өңіріндегі туристік ресурстарды түгендеп, туризм индустриясын жолға қою керектігін ескерген күнде, «кемелер бейіті» аумағының экономикалық және әлеуметтік құбылыс ретіндегі мәні арта түспек.

Темір ҚҰСАЙЫН,«Егемен Қазақстан»

Мемлекеттік мекемелер мен мем лекеттік қызметте жүрген лауа­зым иелеріне қызметтік көліктер не үшін беріледі? Әлбетте, өздеріне жүктелген тікелей функциялық міндеттерді ойдағыдай атқару, сондай­ақ уақыт жағынан ұту және кідіріске жол бермеу үшін емес пе?! Осы орайда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс­қимыл агенттігі «Қызмет­тік көлік – қызметтік мақсатта» деген акцияға бастамашы болғаны қолдауға әбден тұрарлық. Бұл іс­шара өз атауынан көрініп тұр­ғанын дай қызметтік көліктерді қызметтен тыс мақсаттарға пай­далану деректері мен көріністерін төмендетуге бағытталған.

Агенттіктің Ақтөбе облысы бойын ша департаменті өткен жы­лы 23 рет арнайы рейд өткізіп, мемлекеттік автокөліктерді жеке шаруаларға пайдаланудың 33 дерегін анықтады. Оның сыртқы сипатына көз жүгіртсек, бірінші кезекте мұның өзі жүргізушілердің кінәсі болып шығады. Өйткені де­партаменттен алынған деректер көп жағдайларда қызметтік көліктерді жүргізушілер өз мен шігіндей көріп келгенін көрсетеді. Сөйтіп олар қызметтік көліктерді такси ретінде пайдаланып, тұрғын дарды тасыған.

Әрине, мұндай жағдайда жа нар ­май шығынын рульде отыр ғандар қалтасынан шығармайтыны белгілі. Бұл мемлекеттік автокөлік терге берілетін төлемақылар мен талон­дар есебінен жабылады. Екіншіден, кездейсоқ жүрістер мемлекет тік автокөліктің мерзі мінен бұрын тозуы мен ескіруіне де әсер етеді. Содан кейін мемлекет тік мекеме­лер тарапынан тағы да жылжымалы құралдар сатып алуға тапсырыстар беріліп жатады. Екі арада бюджет қаржысы шығын болады.

Бір қызығы, тіпті қызығы емес­ ау, түсініксіздігі, мұндай те ­ріс көріністер орын алған кез де тәртіптік шаралар осы уақыт қа дейін тек мемлекеттік мекеме­лердің жүргізушілеріне қатысты ғана қолданылып келіпті. Сонда өздеріне бекітіліп берілген мем­лекеттік автокөліктердің жүріс­тұрысына бақылау жасамайтын, бұл жөнінде өздеріне жүктелген жауапкершілікті сезінбейтін меке­ме басшылары сүттен ақ, судан таза болып қала бере ме?

Алда ғы уақытта мұндай жағдай бол майды. Келесі кезекте біз осын дай көріністерге жол берген, бақылауды өз бетімен жібер ген мекеме басшыларын да жауап кер­шілікке тарту мәселесін ойласты­рып отырмыз, – дейді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс­қимыл агент­тігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Қайыр­жан Токушев.

Әрине, бұл айтылғандар кәсіп­орын басшыларының тікелей өзде рі қызметтік көліктерді жеке бас тың мүдделеріне пайдаланбады немесе пайдаланбайды деген ұғымдарды білдірмейді. Мұн дай деректер де бар. Олардың қата рында Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының бұрынғы басшысы Жұман Зейненің, №10 Ақ төбе қалалық балалар мен жас өспірімдерге арналған спорт мек тебінің директоры Бақтияр Төлеуов тің, Темір аудандық ауру­ханасының басшысы Есен темір Демегеновтің және Қоб да аудандық ветеринария стан сасының бас­шысы Тимур Құл метеновтің аты­жөндерін атай ала мыз. Қызметтік көліктерді қызметтен тыс мақсат­тарға пайдалану көріністері депар­тамент мамандары мен сарапшы­лары жүргізген рейдтер кезінде облыстық мәдениет, құжаттама және архивтер, кәсіпкерлік, қаржы, дін істері, жердің пайдаланылуы

мен қорғалуын бақылау, жер қатынастары, дене шынықтыру және спорт басқармасында орын алғаны қынжылтпай қоймайды. Мұндай жағымсыз жайттардың Ақтөбе қаласына және Ырғыз бен Хромтау аудандарына да қатысы бар.

Ендеше аталған басқармалар­дың басшылары Маржан Қор­ғанбаева, Анар Даржанова, Гүл­қасима Сүйінтаева, Жолдас Қал­мағамбетов, Әбдухат Мырза лин, Қабай Сәрсенғалиев, Нұрлы бек Жүсіп ов пен Ақтөбе қаласы және Ырғыз бен Хромтау аудандарының әкімдері Ілияс Оспанов, Мәди Елеусізов пен Аманғали Бердалин бұл жайтқа тиісті бақылау қояды де­ген сенімдеміз. Айталық, жоғарыда аталған кейбір басқармалар мен Ақтөбе қаласы әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелердің қызмет көліктері жүргізілген рейдтер ба­рысында бірнеше рет ұсталыпты. Бұл деректің өзі басқарма басшыла­ры мен қала әкімі тарапынан тиісті бақылаудың жоқтығын көрсетеді.

Сөз соңында айтарымыз, бүгін­гі кезде тілдік қорымызда «сти­кер» деген сөз пайда бола бастады. Бұл толық ақпарат беретін арнайы белгіні мемлекеттік автокөлікке ор­нату немесе жапсыру деген ұғымды білдіреді. Мұнда оның қандай басқарма мен департаментке немесе қандай бюджеттік мекемеге қарасты екені көрсетіліп, бұл мәселеге толық ашықтық пен жариялылық беріледі. Бұл игі іске қозғау салған да агенттік болып шықты. Соған сәйкес Ақтөбе облысындағы аумақтық депар­таменттерге қарасты қызметтік автокөліктерге арнайы стикер­лер толықтай орнатылған. Ал осы бағытта облыстық басқарма басшыларының қимылы әлі де болса баяу, селсоқ, енжар бо­лып отыр. Мұның өзі олардың қызметтік көліктерді жеке басы­ның мүдделеріне пайдаланудан бас тартқысы келмейтін іс­әрекетті та­нытпасына кім кепіл?

Қызметтік автокөліктерге стикер лер орнату белгілі бір нор­мативтік­құқықтық актілермен және заңдық күші бар тәртіптермен бекітілген іс емес. Бұл азаматтық қоғам мен өзара іс­қимылды дамы­туды көздейтін әрі ортақ мақсатқа жетуді басты ұстаным санай­тын агенттіктің бастамасы. Ал тұтастай алғанда «Қызметтік көлік – қызметтік мақсатта» акциясының басты мақсаты да осы арнадан та­мыр тартады. Бір сөзбен айтқанда, қызметтік көліктерге стикерлер ор­нату – ардың ісі болмақ.

АҚТӨБЕ

СУРЕТТЕ: стикерлер осылай орнатылады

МӘССАҒАН!

Қызмет көлігін жекеменшігіндей көреді

Қайрат ӘБІЛДА,«Егемен Қазақстан»

Былайғы жұрт бұл төтен ше оқиғаны қаладағы «Арселор­Миттал Теміртау» АҚ­қа қарасты металлургиялық комбинаттың жұмысымен тікелей байланыс­тырады.

Бүгінгі күнде бұл тығырықтан шығар жолды табу үшін облыстық экология департаментінде эко­лог, метеоролог мамандар, про­куратура қызметкерлері және кәсіпорын өкілдері енген жұмыс тобы құрылып, Теміртаудағы қап­қара қардың шығу төркінін анықтаумен айналысып жатыр.

Қазір қалада «Қазгидромет­тің» төрт бірдей бекеті жұмыс істеуде. Бұл іске жылжымалы зертхана да жұмылдырылған. Оның құрамында Қазақстан­ның кәсіби экологтар қауым­дастығының өкілдері зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Мәселе мынаған тіреліп тұр: қарды қара түске бояған көмірдің қара күйе тозаңы ма, әлде металдың әуеге ұшқан ұнтағы ма және мұның адам өміріне төндірер зияны қаншалықты?

Жалпы, жағдай өңір басшы­сы Ерлан Қошановтың тікелей бақылауында. «Уақытпен са­наспай жұмыс істеңдер. Бұл – ақшадан тарылатын жағдай емес. Әңгіме адамдардың ден саулығы туралы болып тұр!», деген бола­тын облыс әкімі осы мәселенің жай­жапсарын талқылаған жиын да.

Дәл осы басқосуда Қараған­ды метеорология орталығы ди­рек торының орынбасары Ва­лерий Стратиенко желтоқ сан айында Теміртауда азот пен күкірттің еселенген тозаңы ның мөлшерден тыс артып кеткенін мәлімдеген еді. Маман мұның бір себебі есебінде желтоқ сан айын да қалада желдің болма­ғандығын мысал ретінде көлде­нең тартқан болатын. Жел соқ­па ған соң кәсіпорындар мен автокөліктерден және жер үйлер­дің пештерінен шыққан қою тү­тін қар бетіне тозаң болып қонақ­таған екен...

Алпауыт кәсіпорын да қарап отырған жоқ. Өзіне сөз келтір­меудің барлық айла­шарғысын жасап бағуда. Мәселен, ком­пания жасаған мәлімдемеде

мына сипаттағы ақпарат бар. Атап айтқанда, кәсіпорын өт­кен жылы 2016 жылғымен са­лыс тырғанда 18 029 тонна шаң­ тозаңды атмосфераға кем шығарған екен. Ал соңғы 20 жылдың мұғдарында қоршаған ортаны ластау 3,5 есеге азайған...

Сонымен қатар компа ния тарат қан баспасөз парақша сын­да мынадай сөздер бар: «Метал­лургия комбинаты сияқ ты ны­сандар елді мекендерден белгілі

бір қашықтықта орналасуы ке­рек. Бірақ шындығы сол, қала мен металлургиялық комбинат бір­біріне өте жақын салынған. Осындай қолайсыз факторларға қарамастан, компания әкімшілігі комбинаттың қоршаған орта мен елді мекендердің экология­сына тигізер кері әсерін азайту үшін барлық жағдайды жасау­ды жалғастыра беретін болады. Компания қызметкерлерінің ба­сым бөлігі Теміртау қаласының тұрғындары. Бұл жерде олардың отбасылары тұрады, сондықтан да өңірдегі экологиялық ахуал­ды жақсарту керектігін бәрі де жақсы түсінеді. Проблема бар, компания басшылығы оны шешу үшін жыл сайын әжептәуір көлемде инвестиция бөліп келе­ді. Экологиялық мәселенің то лық шешілуі – қысқа уақытта орын ­дап тастауға көнбейтін ұзақ­мерзімді жоба».

Алпауыт кәсіпорын осы­лай деп мәселенің тігісін жат­қызуға тыры сып­ақ жатыр. Ком панияның айтуынша, өңір­дегі экологиялық ахуалға кері әсерін тигізетін жалғыз ғана

металлургиялық ком бинат емес екен. Бақсақ, проблеманың шиеленісуіне кесірін тигізіп жатқан басқа да бірқатар себеп бар болып шықты. Атап айтқанда, қалада автокөлік саны үш есеге артқан, сосын пешпен жылыты­латын үйлердің саны да шамадан тыс көбейіп кеткен көрінеді.

Бұл мәлімдемеге Теміртау қала сы ның әкімі Ғалым Әшімов­тің де айтар уәжі бар. «Қардың бұлайша былғануын анықтаудың біз үшін маңызы зор, – дейді шаһар басшысы. – Неге десеңіз, әркім өзін қорғап әлек. Өндірістік кәсіпорын кінәні пешпен жылыты­латын үйлерге аударғысы келеді. Қазір бізде 4 192 үй пешпен жылы­тылады. Ал қалада тіркелген көлік саны 43 700 бірлік. Бірақ олардың көбі газбен және дизельді отынмен жүреді. Тағы да айтам, ластанудың

көзін таппайынша іс алға жылжы­майды».

Айта кету керек, облыстық эколо гия департаменті «Арселор­Миттал Теміртау» кәсіпорнына қатысты бұдан бұрын да тексе­ру жұмыстарын жүргізген еді. Сол тексерулердің нәтижесінде, өнді ріс ошағындағы зиянды зат­тардың атмосфераға мөлшерден тыс шығарылуы және де табиғат­ты қорғау шараларының орын­далмауы анықталған болатын. Осындай кемшіліктері үшін әкімшілік жауапқа тартылған ком панияға 105 миллион тең­ге айыппұл салынған. Сон дай­ақ қоршаған ортаға келті ріл­ген зиянның мөлшері 495 мил­лион теңге болатыны жазыл ған ұйғарым да кәсіпорын басшы­лығына тапсырылған бо ла тын.

Теміртаудағы төтенше оқиға­ның себеп­салдарын анықтайтын комиссия жұмысының қорытын­дысы таяу арада белгілі болмақ. Ал қаланың белсенді тұрғындары экологиялық апат туралы үндеуге қол жинауды бастап кетті...

Қарағанды облысы

АЛАҢДАТАРЛЫҚ АХУАЛ

Күйелеш қар, күрсінген қалаТеміртау экологиялық апаттың алдында тұр ма?

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Теміртауда түнде жауған аппақ қар таң ата қайдан шыққаны әзірге белгісіз қап-қара тозаңның астында қалды. Бір апта-дан бері қала тұрғындарында маза жоқ... Әлеуметтік желідегі жұрт түсірген, тіпті ғарыштан тартылған фотосуреттерге және де бейнежазбаларға қарап тұрсаң, төбе шашың тік тұрады. Желі қолданушы теміртаулықтар бұл жағдайға «экологиялық геноцид» деп ат қойып, айдар тағып та үлгерді. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Page 8: E-mail: info@egemen.kz 22 АŽТАР, ДЙСЕНБІ †˛ірлік т ... · 2018. 1. 22. · су ресурсы, энергетика, инфра- ... өңір тұрғындарының

8 22 ҚАҢТАР 2018 ЖЫЛПАРЛАМЕНТ

Нақ осы мәселені Мәжіліс депу-таты Бақытгүл Хаменова да көтеріп, Премьер-Министрдің орынбасары Ерболат Досаевқа депутаттық сауал жолдады. Онда депутат былай дейді: «Қазақстан Республикасы Үкіметі оқу стандарттарындағы өзгерістерді кезең-кезеңімен әр пәнге енгізу жө-нінде № 1080 қаулысын шығарды. Алайда БҒМ тарапынан берілген тапсырма мен айқын бағытты бұрма-лаушылықтардың кейде көрініс таба тыны жасырын емес. Мәжіліс депутаттары өңірлерге іссапармен барғанда ел тарихында ізі қалған ғалымдар мен белгілі ұстаздардың, ұлт жанашырларының үні мен назын естіп қайттық. Олар кезең-кезеңмен енгізілетін өзгерістер қата рында елі-міздің елін, жерін, суларын таныта-тын «Қазақстан географиясының» жеке пән ретінде алынып қалатынына наразылық білдіруде.

Дүние жүзіндегі барлық ел өзде-рінің тәуелсіз дігін таныту үшін гео-графиясын жеке пән ретінде оқы-тады. Жер беде рі бойынша ең кіш-кентай мем лекет тердің өзі бұл тізім-нің алдында. Айталық Израиль мем-лекеті төл гео графиясын екі жыл

оқыт са, көршілес Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан елдері үш жылға жоспар-лайды екен.

Бізде Қазақстан географиясы 1993 жылдан бас тап мектеп қабырғасында оқытылып келді. Енді аптасына әу-пірімдеп оқытатын екі сағаттың өзі көзден бұлбұл ұшқалы тұр. Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: ру-хани жаңғыру» мақаласында «Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әр-бір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Ол үшін «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қа-зақстанның киелі жер лері нің гео-графиясы» жобасы керек» деген еді. Сол талапты министрліктің тәрк етіп отырғаны емес пе бұл?

«Білім саласында алдымен стан-дарт бекітіледі, сосын бағдарлама жасалады, кейін барып оқулық да-ярланады. Ал қазіргі жағдай қан-дай? Стандартты аттап өтіп, тіпті бағдарламаға дес бермей, алдымен оқулық даярлауға нұсқау беріледі. Сөзімізге дәлел, биылғы оқу жы-лынан бастап «География» деген атау мен жаңа оқулық енгізілген. Ал

«Қазақстан географиясы» жоқ. Бұл оқу лық тың еліміздің төл география-сын на сихаттауға қаншалықты қыз мет ете тіні күмән тудырады» дей келіп, де -путат министр Е.Сағадиевтің өзі «бұ -қа ралық ақпарат құралдары бет те ріне берген мәлімдемесінде атал мыш мә се-леден бейхабарлығын танытқан» дейді.

Сөзінің қорытындысында Б.Ха-менова Премьер- Министр дің орын-басарына: «Біздің бас ты мақсатымыз – болашақ ұрпаққа Атырау мен Алтай-дың, Алатау мен Көкшетаудың арасын жалғап жатқан кең-байтақ даланың қасиетін ұлттық мұратта түсіндіру. Қазақ елінің аумағы мен шекарасын «Қазақстан географиясында» оқыту маңызды. Сондықтан Білім және ғылым министрлігі шығарған оқу бағ дарламаларын қайта қарауды ұсы-намыз. «Қазақстан география сы» пәні оқу бағдарламасында сақ талуы тиіс. Бүгінге дейін осы салада ізденіп, айтарлықтай зерттеу жұмыс тарын жүргізген, қажетті оқу лықтар шығарған ғалымдардың жұмысы да ескерілуі қажет. Және жаңа оқу бағдарламасы

бо йынша жаңа оқулықтар шығару қажет дегенді желеу етіп, бюджет қаражатын таласқа түсірмей, бар әдебиеттерді пайдалануымыз керек. Өз тарихы мен өз жерінің қасиетін ұрпаққа ұғындыру – біздің парызымыз» деген.

Әрине туған елінің географиясын білмеген ұрпақ геосаясаттан да хабар-сыз болары хақ. Кей-кейде кездесіп қалатын Қазақстанның 14 облысының атауын да айта алмайтындар гео-графиядан ұшқары білім алғандар. Ондайлар қазақстандық жер-суларды да айыра алмай, саяси картада да бағдар таба алмай жатады. Ал білімді ұрпақ өз елінің картасын, жер бедерін, атауларын көзін жұмып айта білуі керек. Мұны оқытатын, әрине, жал-пы география емес, Қазақстанның физикалық, экономикалық география-сы екені даусыз. Сондай пәндерді жоққа шығаруға тырысушылардың не ойлайтыны түсініксіз.

ДайындағанЖақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Айқын ҚОҢЫРОВ, Мәжіліс депутаты

Соңғы кездері Көкшетау тұрғын дары осыдан 20 жыл бұрынғы оқиғаны естеріне жиі алып отыратын бо-лыпты. 1997 жылғы қақаған қыста қазандық жарылып, қаланың тұтас аудандары бірнеше апта бойы жылусыз қалған. Қауіптің алдын алмаса сол апат қайта ланып қалуы да мүмкін.

Сол жылдан бергі жылдарда ауыс қан бірнеше әкім Көкшетауға ЖЭО салуға құдіреті жетпеді, тек 2012 жылы аз ғана уақыт Ақмола облысының әкімі болған Қ.Қожамжаров қана қалаға ЖЭО салу туралы саяси ше шім қабылдағанын білеміз. Бұл жо баға Президент Н.Назарбаев та қол дау білдірген. Жобаның алдын ала құны 750 млн АҚШ долларын құраған. Алайда 2013 жылы Қ.Қо жамжаров ауысып кеткен соң, Энер гетика министрлігінің бұрынғы басшысының нұсқауы бо-йынша жоба тоқтатылды. Олар ведомстволық мүд дені көздеп, елдің солтүстік айма ғын дағы электр қуатының молдығы ту ралы дәлелдер келтірген. Алайда отын-энергетикалық кешенді да мы тудың 2030 жылға дейiнгi тұжы рымдамасына сәйкес, осы 2030 жыл дан бастап елдің оңтүстігіндегі жүк теме солтүстік аймақтың қуатын тасы малдау мүмкіндігінен асады, өз кезегінде бұл 470 МВт қуаттың тап шылығына соқтыруы мүмкін. Оның үстіне Көкшетау қаласы ең ал дымен жылуға мұқтаж екенін естен шығармау керек, ал ЖЭО құры-лысының белсенді фазасы 3-4 жылды қам тиды.

ЖЭО құрылысының жобасын іске асы ру бойынша Көкшетауға Ресей, Германия, Ұлыбритания, Израиль, Ливан, Қытай және т.б. мемлекеттерден 20-дан астам делегация келіп кеткені туралы БАҚ пен қалалық әкім-діктен белгілі болды.

Инвесторлар мәселені шешудің әртүрлі жолдарын ұсынған, алайда жо баны қаржыландыру бойынша еш-қандай ұсыныстар жасалмаған, ал бұл – ЖЭО құрылысы мәселесіндегі ең басты сұрақ. Қазіргі таңда Қытай дың «CITIC CONSTRUCTION Co. Ltd» компаниясынан тиімді жә не оңтайлы ұсыныс түсіп отыр. Бұл компания 2013 жылдан бері Қазақ стан Республикасында қызмет жасайды. Ақтау қаласында битум өндірісін іске асыра-тын зауытты пайдалануға берген. Қазіргі таңда компа-ния республикалық маңызы бар Талдықорған – Қалбатау – Өскемен автокөлік жолын қайта жөндеуден өткізу жобасын іске асырып жатыр. Ол ҚХР Оңтүстік-батыс электр қуаты жобалық институтының қолдауымен Көкшетауда барлау жұмыстарын жүргі зіп, ЖЭО құрылысына техника лық тапсырма дайындады.

Осы жобаның ЖЭО техникалық сипат тамасы алдыңғы қатарлы эколо гиялық қауіпсіздік стандарт-тарына да сай болады. Компанияның бер ген бағасы бойынша, жобаның бастапқы құны 390-410 млн АҚШ дол ларын құрайды, бұл басқалар ұсын ған сомаларға қарағанда едәуір төмен. Сонымен қатар Көкшетау қаласы әкімдігі ЖЭО-ның техникалық көр сеткіштерін 180 МВт-дан 70 МВт-ға өзгертуге ұсыныс түсірсе, жоба құны азая тын болады.

Бұл жобаны іске асыруда жергілікті коммуналдық кәсіпорын немесе «Самұрық-Энерго» АҚ провайдер неме-се оператор ретінде болуы мүмкін. Сондай-ақ Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен алдағы жазда Қазақстанға ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин келгенде қол қойылатын іскерлік келісімшарттардың арасын да осы жоба да бар. Міне, осы мәсе ле нің бәрі Көкшетауды жылуға қа тыс ты тығырықтан шығарар деген үміттеміз. Үкімет басшысы Б.Са ғын таевтың атына да осы жобаны қол дауды сұрап, жуырда депутаттық сауал жолданды.

Владимир ВОЛКОВ, Парламент Сенатының депутаты

Қ а з а қ с т а н П р е з и д е н т і Н.Назарбаев тың биылғы Жолдауы Төртін ші өнеркәсіптік револю-ция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктеріне арналып отыр.

Мемлекет басшысы біз өмір сүріп жатқан жаңа жаһандық жағдайда күтіп отырмай, бола-шаққа сенімді қадам басқан және қатерлерге қарсы әрекет еткен ха-лық тар ғана жеңімпаз атанатынын осының алдында да айтқан болатын.

Талдаулар бойынша, алдағы он жыл инновациялар жаппай енгізілетін және жоғары техноло-гиялар мен қызмет көрсетулердің жаһандық нарықтағы бәсекелестігі күшейетін уақыт болады. Жоғары

технологиялар мен инновация-лар экономикалық өркендеудің драйвері болып табылады. 2050 жылға дейін әлемдік экономиканың сипаты елеулі түрде өзгеретіні бай-қалуда, ол жаңа деңгейдегі техно-логияларға жаппай көшуге әсер етеді.

Дамудағы жаһандық көрі-ністерді ескере отырып, Мемлекет бас шысы 10 негізгі міндетті айқын дады және оны орындауға жұмылуға шақырып отыр. Басты міндеттердің қатарында «сыбай-лас жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігін орнату» міндеті бұрынғыша қала береді.

Ел Президенті Н.Назарбаевтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы пәрменді жұмыстарды жалғас-тыруға берген тапсырмасы сыбай-лас жемқорлықты анықтау және

оның себептері мен алғышарт та рын түбірінен жою жөніндегі жұ мыс-тарды күшейтуге міндеттеп отыр.

Мемлекеттік органдардың тұр ғын дармен және бизнеспен өзара іс-қимыл үдерістерін сандық негізге көшіру жөнінде де тапсырма берілді. Бұл мемлекеттік органдар жұмысының мөлдірлігін көрсетіп, жұртшылыққа қызмет көрсету үдерістерін жеңілдетеді.

Сондай-ақ азаматтардың кон ституциялық құқықтарына кепілдікті нығайту, заң үстемдігін қамтамасыз ету, құқық қорғау қызметін ізгілендіру жөніндегі жұмыстар жалғасатын болады.

Парламент Сенатының депу-таттары Президент Жолдауын іске асыруды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету жұмыстарын жүзеге асыратын болады.

Ирина СМИРНОВА,Мәжіліс депутаты

2016-2017 жылдардағы деректер-ге қарағанда, үштілді кадрларды да-йын дауға Жол картасы бойын ша рес-публикалық бюджеттен 11 млрд теңге бөлінген. Ал 2018-2020 жылдар дың бюджетінде осы іске 19,5 млрд теңге қарас тырылып отыр. Бұдан басқа әдістемелік қамтамасыз ету шарала-рына, интеллектуалды-инновациялық кластердің дамуына да қосымша қара-жат тар бөлінеді.

Физика, химия, биология пәнде-рінің мұғалімдеріне мемлекеттің есебінен ағылшын тілін үйрету ісі екі жылдан бері қолға алынған.

Алыс ауыл мұғалімдерін жататын орын, тамақпен қамтамасыз етіп, орталықтарда оқытуда. Мұндайға келген мұғалімдердің еңбек ақылары да сақталады, сонымен бірге олардың орнына сабақ беріп жатқандарға да ақы төленеді. Сайып келгенде бұл әрбір оқу сағатына екі есе ақы төлеу деген сөз.

Ал енді соның нәтижесі қандай дегенге келетін болсақ, мұғалімдерді үш айда өз пәндері бойынша ағылшын тілінде сабақ беруге дайындау мүмкін еместігі көрініп отыр. Шынында өзі нің ойын ағылшын тілінде еркін жет кізе алмаса, сол тілде еркін ойлай алмаса, тіпті тұрмыстық деңгейде де біл месе, ондай мұғалімнің оқыту тиім ділігі ешқашан жоғары болмайды. Физика,

химия, биология секілді пәндерді көптеген оқушылар өзінің ана тілінде де түсіне алмайды. 10-сыныпта оқитын оқушылардың 10-15 пайызы ғана басқа пәндерді ағылшын тілінде оқуға қабілетті екен, қалғандары оны әлі иге-ре алмапты. Ал бұл пәндердің болашақ тұлғаны дайындаудағы маңызы зор екені сөзсіз, олар оқушының та би-ғат процестерін ұғуымен қатар көз-қарастарының толығып, ақыл-ойы-ның артуына ықпал етеді. Ал біз тілді білмейтін мұғалімдердің шала түсіндіруімен жастардың осындай білімдерден шет қалуына жол бергелі отырған жоқпыз ба?

Сондықтан мен Президенттің идеяларын біз дұрыс іске асырып отырмыз деп айта алмаймын. Бұл озық, прагматикалық көзқарас емес. Меніңше бұл бағдарлама Президенттің де ойынан шықпайды. Әрине бізге жақын арада «тамаша статистиканы» көрсетулері мүмкін. Бірақ одан біз өзімізді өзіміз алдағаннан басқа ештеңе ұтпаймыз. Біз басқаны емес, өзіміздің ұрпағымызды білімсіз қалдырып

отырғанымызды ұғуымыз керек. Жуырда Астана лицейлерінің бірінде ағылшын тіліне өтудің озық тәжірибесі ретінде бізге бір сыныптың дайындық деңгейі таныс тырылды. Мұғалім шала білетін ағылшын тілімен қағазға қарап отырып, сабақты түсіндірген болды. Қатысып отырған 30 баланың ішінен алдын ала дайындаған бес бала ғана сабаққа жауап бере алды. Мұндай көзбояушылықтармен біз алысқа бара алмаймыз.

Біздің уәкілетті органымыз мұндайда бағдарламаны игере ал-мады деп жауапкершілікті өзінен өзгелерге итере салуға да йын тұрады. Сосын жаңа қаражат талап ететін жаңа бағдарламаны дайын қыла қояды. Ал ешқашан өздерінің қателіктерін мойындауды б ілмейді . Әрине ағылшын тілін білу маңызды, бірақ оны үйретудің жолы бұл емес екені айқын. Біз осы мәселелерді айтып, Үкімет басшысы Б.Сағынтаевтың аты-на депутаттық сауал жолдадық. Онда мектептерде ағылшын тілін үйретудің тиімді жолдарын қарастыруды өтіндік.

Географияны құртқысы келгендер геосаясаттан жұрдай сияқты

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Жуырда ғана «Егеменде» педагогика ғылымдарының докторы, про-фессор Ұлжалғас Есназарованың 8-сыныпта оқытылып келген «Қазақстанның физикалық географиясы» мен 9-сыныпта оқытылатын «Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы» пәндері жаңартылған мазмұндағы бағдарлама бойынша 2018-2019 оқу жылы-нан бас тап алынып қалғанына өкініш білдірген мақаласы жарияланған еді («Қазақстан географиясы» пәні оқытылмай ма?», «ЕҚ», 17.01.2018 ж). Бұл қалай деп Білім және ғылым министрі Е.Сағадиевке хат жазса, 8 және 9-сыныптарда оқытылып келе жатқан осы пәндерді «ешуақытта жеке пән ретінде оқытылмаған» деген жауап алып, автор тіпті айран-асыр болғанын айтады. «Яғни министрлік қызметкерлері жалпы орта білім беретін мектептерде қандай пәндер оқытылып жатқанынан бейхабар болып шықты» деп ой түйген еді ол.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

ЖОЛДАУ ЖҮГІ

Жолдаудағы міндеттер – нақты бағдар

Көкшетауда қуаткөзіне қатысты мәселе өзекті

–––––––––––––––––––––––––––––––––––Бүгінгі таңда Көкшетау қаласы жылу мен электр қуатының сенімді көзіне зәру болып отыр. Бұл қала жылуды жергілікті қазандық арқылы алатын еліміздегі жалғыз ғана об-лыс орталығы болып табылады. Қазір осы қазандықтың да техникалық ресурстары таусылған, сондықтан шұғыл түрде ауысты-руды қажет етіп отыр. –––––––––––––––––––––––––––––––––––

ПАРЛАМЕНТШІ ПАЙЫМЫ СІЗДІ НЕ ТОЛҒАНДЫРАДЫ?

Сөйлей білмесе, қалай сабақ бермек?

ЖАЗЫЛҒАН ЖАЙДЫҢ ЖАҢҒЫРЫҒЫ

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Мемлекет басшысы бізге болашақ тағы табысымыздың негізгі кілті мектеп қабырғасында берілген білімде екенін талай рет ескертті. Сонымен бір ге үштілділіктің де жастарымыз үшін маңызды екендігі үнемі айтылуда. Қазір елімізде осы мәселені іске асы ратын «Үш тіл бірлігі» атты жоба да іске асырыла бастады. Үкімет 2020 жыл ға дейінгі кезеңде үш тіл білетін мұғалімдерді әзірлеу науқанына да кірісіп кетті. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

ФОТОКҮНДЕЛІК

Суреттерді түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ, «Егемен Қазақстан»

Сергей ЕРШОВ,Парламент Сенатының депутаты

Мемлекет басшысы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайын-дағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында жаңғырудың негізі болып табылатын адам ка-питалына баса назар аударды. Адам капиталын дамыту және ұлт әлеуетін арттыру үшін сапа-лы білім мен денсаулық сақтау ғана емес, мәдениет және идео-логия саласын одан әрі дамыту шаралары да бірге жүруі тиіс. Осыған байланысты мемлекет пен конфессиялар арасындағы қатынастарды жетілдіруге на-зар аударғым келеді. Мәдениетті

дамыту, толеранттылық, бейбіт-шілік пен келісім идеологиясын бекемдеуде діндер мемлекет ке кедергі келтірмей, көмектескені жөн. Сондықтан дін саласындағы кез келген бүлдіргіш әрекеттен қорғауды қамтамасыз ету үшін жыл басында Үкімет «Қазақстан Респуб ликасының кейбір заңна-малық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толық-тырулар енгізу туралы» заң жо-басын Парламентке жолдаған болатын. Заң жобасы мемлекет пен конфессияаралық қатынастар саласындағы заңнаманы жетіл-діруге кешенді жұмыстарды жүзе-ге асыруды көздейді.

Қазіргі кезде дін халықтардың

рухани құндылықтары мен мәдени кодын сақтауға жәрдемдесуде маңызды рөл атқарады. Сонымен бір уақытта адамның алдыңғы қатардағы білімді меңгеруге, өз халқының тарихын зерделеуге және мәдениетті дамытуға ұмтылысына қарсылық білдірмейді. Президент Н.Ә.Назарбаев өз Жолдауында «Өзінің тарихын, тілін, мәде-ниетін білетін, сондай-ақ зама-ны на лайық, шет тілдерін мең-герген, озық әрі жаһандық көзқа-расы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс» деген болатын. Сондықтан білімді және осы заманның кө-шіне ілескен әрбір қазақстандық белгіленген санатқа барынша жақындауға тиіс деп ойлаймын.

Заман талабына сай болу – басты мақсат

Page 9: E-mail: info@egemen.kz 22 АŽТАР, ДЙСЕНБІ †˛ірлік т ... · 2018. 1. 22. · су ресурсы, энергетика, инфра- ... өңір тұрғындарының

22 ҚАҢТАР 2018 ЖЫЛ 9ӘЛЕУМЕТ

Мира БАЙБЕК,«Егемен Қазақстан»

Аталмыш ұлт аспаптары ор кес трінде өнер көрсететін көзі нашар көретін және за ғип 30 баланың барлығы да Ал маты қаласында орналасқан №4 Н.Островский атындағы интер наттың тәрбиеленушілері. Ән салып, түрлі аспаптарда ойнап, кон-церттер өткізіп жүрген бұл балалар үшін музыка жай ғана уақыт өткізуге арналған қызығушылық емес, болашақта айналысатын кәсіптері екенін жеткізген музыкант Дана Мейірбекова музыка-мен айналысқысы келетін зағип бала-лар қатары артып келе жатқанын, бірақ бәріне бірдей музыкалық аспап жете бермейтінін, сондықтан оқушыларға көмектесу мақ са тында арнайы концерт ұйымдастырылып отырғанын айтты.

«Инклюзивті білім алатын бала ларға арналған байқауда қазылар алқасының мүшесі болдым, сол кезде осы оркестр туралы білдім. Балалар тағдырына шағым айтпай, өз беттерімен өмір сүруді үйренуге талпынғандары шабыттан-дырды. Көрермен жас музыканттардың талпынысын бағалап, қажетті аспапты сатып алуға қол ұшын созады деп ой-лаймын. Балаларды қолдай отырып, концертке өзім, ұлым және музыкант достарым да қатысады. Бұл іс-шараны «Атамекенім» акциясының аясында өткізіп отырмыз. Былтыр Алматы қаласы

кәсіпкерлер палатасында курстан өттім. Бізге қолдау көрсетті, «Art Mobile» мобильді өнер мектебінің ашылуына ар-найы грант ұтып алдық. Біз енді бизнестің өкіліміз, осылайша өзіміздің әлеуметтік жауапкершілігімізді көрсетеміз», деді Д.Мейірбекова.

Н.Островский атындағы за ғип және көздері нашар кө ре тін балаларға арнал-ған мек теп-интернаттың тәрбие лену шісі, туғаннан зағип Ермек Байсалбековтің ай-туынша, 2-сыныпта оқып жүргенде өзі не қандай аспапта ойнағысы келе тіні тура-лы сұрақ қойыл ғанда баянды таңдағанын айтады. Нотаны Брайль жүйесі ар-қылы таныған Ермек арнайы әдебиет жетіспегенмен, ерекше есту қабілетінің арқасында баянда ойнауды оңай меңгеріп алған екен.

«Музыкамен айналысқаныма 6 жыл болды. Болашақта музыкант атанып, түрлі концерттерге қатысқым келеді. Ұстазымыздың өзі де осы интернатта оқып, му зы ка лық колледжі аяқтаған, қазір бар білгенін бізге үйретіп жүр», дейді Е.Байсалбеков.

Кеш соңында қайырымды жан дар та-рапынан зағип балалардан тұратын ор-кестрге контрабас-домбыра мен екі бас домбыра сыйға тартылды. Ал концерт-тен түскен қаражатқа балалар баян мен ұрмалы аспаптар сатып алмақшы.

АЛМАТЫ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІЛЕРДІҢ МҮМКІНДІГІ

Зағип балалар концерті өтті––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Алматыда зағип және көзі нашар көретін балалардан құралған оркестр музыкалық аспаптар сатып алу үшін «Атамекенім» акциясының аясында ар-найы концерт ұйымдастырды.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ,«Егемен Қазақстан»

Елімізде бедеулік көкей-кесті мәселеге айналғалы қашан. Қа зақ станда әрбір жетінші жұп бір іңгәнің үніне зар десек, жыл са йын 8 мың адам жасанды ұрық-тандыру әдісіне жүгінуге мәжбүр болады екен. Әрине бұл әдістің төңірегінде әлі де даулы мәселелер ба-рына қарамастан, бүгінге дейін осы жолмен әлемде 6 миллионға жуық сәби дүние есігін ашып үлгерді. Қазақ-станда ЭКҰ әдісі ен гізілген жылдардың ішінде 14 мың-дай бала өмірге келген. Хош делік. Негізінен экстракор-поралды ұрықтандыру әді-сінің нәтижелілігі табиғи мүмкіндіктен бірнеше есе жоғары екені дәлелденген. Мысалы, «Ана мен бала» ұлт тық ғылыми орта лы-ғының осы әдіспен айналы-сатын бөлімшесінің қыз-метіне жү гінген әрбір екінші әйел жүкті бола алады екен. Бұл – өте үлкен көрсеткіш.

Біз бүгінге дейін жасан-ды ұрықтандыру мәселе-сіне кеңі рек тоқталған бола-тын быз. Ендігі бізді алаң-дататыны – ЭКҰ техно-логиясының қара пайым халық тың қалтасына тым қым батқа түсуі. Осы мәсе-лені шешудің жолдарын іздес тіру мақсатында жа-қын да Қазақ станның 100-ден астам маманы және

шет мемлекеттерден ар-найы келген дәрігер-сарап-шы лар Астанаға жинал-ды. Репродуктивті меди-цина мәселесін жан-жақты тал қылаған мамандар ЭКҰ әдісін арзандату үшін алды-мен пациенттерге берілетін гормондық дәрілерді азайту сызбасын құру қажеттігін алға тартты.

Белгілі ғалым, репро-дукто лог-эмбриолог Сал-та нат Бай қош қарованың ай туынша, ЭКҰ әдісіне жүгінгендердің әр қай сы сына мемлекеттен 700 мың теңге бөлінеді. Оның 400-500 мың теңгесі дәрі лік препараттарға ке теді екен. Ал жасанды

ұрықтандырудың өзі күрделі технологиясымен қос қанда орта есеппен 300-500 мың теңгені құрайды. Сонда бұл әдіске мұқтаж жандардың қал тасында кемі 1 миллионға жуық қаржы болуы керек. ЭКҰ-ны бір жасағанда жүкті болу мүмкіндігі небәрі 30-40 пайыз екенін ескерсек, көп жағдайда ерлі-зайыптыларға бұл әдіске бірнеше рет жү-гінуге тура келеді. Соған сай қаржы көлемі де өседі де-ген сөз.

Жиынға Германиядан ар найы келген доктор Мар-кус Ницш ке жас әйел дер-ге гормондық дә рі лерді не ғұр лым аз беру ар қылы шы ғынды қысқартуға бо-ла тынын айтады. Оның пікі рінше, жасы ұлғайған пациент терге дәріні қан-ша жерден көп берсе де нәтиже бұрын ғы дай. Сон-дықтан оларға да бері летін препараттардың санын тө-мен детіп, соның есебінен ЭКҰ жасау технологиясын арзан датуға болады. Әлбетте мамандар бағдар ламаның мұндай сызбасына біртіндеп көшуді жоспарлап отыр.

Жалпы, Қазақстанда мем -лекет қаражаты есе бінен экс-тракорпоралды ұрық тандыру алғаш рет 2010 жылы қолға алы нып, бас тапқы кезде 100 квота бөлінген. Содан бері жыл сайын оның көлемі ар -тып ке ле жатыр. Былтыр бюд жеттен 900 циклге (экс-тракорпораль ды ұрық тан-дыруға) қаржы қарас ты-ры лып, ол қаржы Астана мен Алматы қала ларына жә не облыс тар ға бөлінген екен. Бірақ маман дардың ай туынша, бұл әлі де жет-кі ліксіз. Квотаны күтеміз деп ерлі-зайыптылардың жасы да ұлғайып кетеді. Сондықтан мәселені шешу-дің жолдарын қарас тыру керек. Мәселен, Ресейде экс тракорпоралды ұрық тан-дыруға мұқтаж отбасы лар ға жылына екі рет мемлекет та ра пынан тегін квота алуға мүм кіндік беріледі екен. Енді осы әдісті елімізде де ен гізген жөн. Әсіресе ма-мандар бұл ұсыныс міндетті ме дициналық әлеуметтік сақ тандыру жүйесі енгі зіл-ген сәтте ескеріледі деген үмітте.

КӨБЕЙМЕСЕК КӨСЕГЕМІЗ КӨГЕРМЕС

Құның қанша, құтыдағы құлыншақ?––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Бар байлығын бауырындағы баласымен өлшеген қазақ қу бас атанудан қатты қорыққан. Ертеде бала-сыз адамдардың мойнына көгеннің бұршағын салып, тәңірден бала тілеу әдеті де осы сөзіміздің айғағы болса керек. Қазір заман ағымына сай балалы болудың небір жолдары пайда болды. Соның бірі – экстракорпоралды ұрықтандыру әдісі. Алайда бұл өте қымбат техноло-гия болғандықтан, оған кез келген адамның қолы жете бермейді. Дегенмен де еліміздің репродуктолог және эмбриолог мамандары оны арзандатудың жолдарын қарастырып жатыр. Сәбилі болудың мұндай жолы шынымен де арзандай ма?––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Арман ОКТЯБРЬ,«Егемен Қазақстан»

Аталған басқосуды Білім және ғылым минис тр лігі мен Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ), отандық «Bilim Foundation» қоры, Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бірлесе ұйымдастырған. Ба ла лар мен жасөспірімдердің пси-хикалық денсаулығын нығайту мен өмірлік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған мұндай ауқымды шара Алматы төрінде алғаш рет өтіп отыр.

Дүние жүзі бойынша соңғы жылда-ры жасөспірімдердің ғана емес, жалпы жастардың психикалық денсаулығы мәселелеріне баса назар аударылып келеді. Мамандардың айтуынша, жастарға дер кезінде көмек көрсету үшін мемлекет, қоғамдық ұйымдар мен бизнес тарапынан арнайы ша-ралар қажет. Дамыған елдердегі сияқты, дамушы елдерде де жастар осы психикалық дертке ұшырауда. Мәселен, табысы жоғары елдерде 11-15 жас аралығындағы балалардың төрттен бірі күніне екі не одан да көп

рет әлсіреу, ашушаңдық, күйгелектену немесе ұйқының болмауы сияқты психологиялық белгілерді бастан өткереді. Егер оларға уақытында көмек көрсетілмесе, бұл белгілер одан бе-тер асқынып, өмір сүру сапасының төмендеуі мен суицидтік мінез-құлыққа әкеліп соғуы әбден мүмкін.

Ел Үкіметі де суицидті қоғамдық денсау лықтың маңызды тақырыбы ретінде мойындап, жағдайды тың-ғылықты зерттеуді қолға алған. Ол үшін ЮНИСЕФ сияқты әлемдік ұйымдармен бір лесе отырып арнайы бағдарламалар әзірлеу, халық аралық мамандарды, үкіметтік емес ұйым дар мен білім беру және психикалық денсаулық саласындағы жергілікті мамандармен тығыз байланыс орнатудың маңызы зор. Бірлескен жұмыс нәтижесінде кәмелетке толмаған жастар арасын-да суицидтің алдын алу бойынша қанатқақты жоба әзірленген. Осының негізінде жасөспірімдер арасында психикалық денсаулық пен өмірлік дағдыларды қалыптастыру, суицид-тің алдын алу бағдарламасы жасалып, еліміздің бірне ше облысында іске асқан. Нәтиже жаман емес. Мамандар жоба басталғалы 12 айдан кейін сауалнамаға қатысқан, суицид туралы ойлап жүрген

жастардың 80 пайызы мұндай ойдан қайтқанын айтады.

Конференция барысында, кезінде жаңсақ ойға жол беріп, кейін бұл орынсыз әрекетінен мүлде бас тартқан жасөспірімдер де өз ойларын ортаға салды. Жобаға қатысушы 16 жасар Мария өзіне қол салмақ болғанын, алайда мектепке жаңа келген психо-лог маманмен сынып сағаты бары-сында сырласқаннан кейін ойы күрт өзгеріп, осы ойы үшін қатты ұялғанын айтады. «Психологпен болған ашық әрі шынайы әңгімеден кейін мен үйге келдім және өлетін уақытымды сызып тастадым. Мен өзімді жеңіл сезіндім. Сезімдерім мен отбасымда өзгерістер болды. Бір-бірімізге жақынырақ бо-лып, көбірек көңіл бөле бастадық. Мен қазір кешкі мектепте оқимын және ви-зажист курсын өтіп жүр мін, болашаққа жоспарларым көп», дейді ол. Жалғыз Мария ғана емес, осындай оймен бетпе-бет келген бірнеше жасөспірім жиынға қатысушылар алдында көңіліндегісін айтып, мамандарға ризашылығын білдірді.

– Бүгінгі заман талабы ерекше. Балаларымыз түрлі сынақтарға тап болып жатыр. Жасөспірім дер пси-хологиялық тұрғыдан мықты болуы керек. Бірінші кезекте халықтың, қоғамның мен та литетін өзгерту ке-рек. Балалар проблемасын ашық айтуды үйрету қажет. Қазіргі кез-де пси хиатрға барыңыз десе, бәрі қорқады, теріс қабылдайды. Бір қуанарлығы Қазақстанда өткен жыл-дармен салыстырғанда суицид көрсет-кіштері төмендеп келе жатыр. Осы

бағытта арнайы желі жұмыс істейді. Енді балаларға ұялы телефон арқылы хабарласуға мүмкіндік бар. Өткен жылы 114 баланың өмірін сақтап қалдық. 5000-нан астам психологиялық көмек көрсетілді, – дейді Парламент Мәжілісінің депутаты Зағипа Балиева.

Шет мемлекеттерден келген бі-лікті мамандар да Қазақстанның бұл тұрғыдағы тәжірибесін жоғары ба-ғалады. Конференцияға қатысқан Халықаралық психиатриялық ассо-циацияның президенті Афзал Джавед пен ұйымның белді маманы профессор Владимир Карли әлемдік көкейкесті проблемамен күресуде Қазақстанның ұстанған бағыты көп елдерге үлгі екенін атап өтті.

– Қазақстан жасөспірімдердің пси-хикалық денсаулығын нығайту бо-йынша жаңа әдістерді енгізу арқылы жаһандық деңгейдегі психикалық денсаулық саласына баға жетпес үлес қосты. Біз конференция мен жобаның осындай қызығушылық туғызғанына қуаныштымыз. Маңыздысы, әрбір бала мен жасөспірімге бағытталған әрекеттің зор нәтижеге алып келгені, – дейді ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Юрий Оксамитный.

Әлемдік психиатрлар қауым-дас тығы мен Еуропа психиатрлары қауымдастығы аталған конференция-ны балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын сақтау мәселелерін осы өңірде және әлемде ілгерілету бағытындағы маңызды қадам ретінде бағалады.

АЛМАТЫ

КӨКЕЙКЕСТІ

Қоғамдық денсаулықтың маңызды мәселесі–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша әлемде жыл сайын жасөспірімдердің 10 пайызы өздеріне қол салып, соның 67 мыңға жуығы көз жұмады екен. Бүгінде бұл бүкіл әлем елдерін дабыл қақтырған ең көкейкесті мәселенің біріне айналып отыр. Алматыда бас қосқан шетелдік мамандар мен тәжірибелі психиатрлар екі күнге созылған халықаралық конференцияда осы мәселені шешу жолдарын кеңінен талқылады. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Марко САРКЬЯПОНЕ,Молизе университетінің профессоры, Конференция президенті:

– Қазақстанда психикалық денсаулық сала-сында орасан зор жұмыс жасалып жатыр. Мен осында алты жыл бұрын келгенімде қиын бола-тынын, уақыт пен төзімділік қажет болатынын білгенмін. Енді міне, біршама уақыт өткеннен кейін нәтижелерін көріп тұрмын. Қазір бірге атқарып жатқан істеріміз жас баланың алғашқы қадамдары сияқты. Біз өте маңызды алғашқы қадамды жасадық. Ендігі мәселе – салмақты дұрыс үлестіру үшін және құлап қалмау үшін екінші қадамды қалай жасау керек екенін анықтау. Себебі бір аяқтап ұзақ тұру мүмкін емес. Сырқаттарды жабық институттарға тапсырмай, адамдарға көмектесу өте маңызды. Осылайша біз жұмыс жасауға болатын шеңбер құрамыз. Мен жергілікті қызметкерлердің жұмыс сапасына, біліктілігіне әбден қанық болдым, олардың өте жақсы жұмыс істейтінін айта аламын. Олар бар назарын науқастарға аударды. Біздің Қазақстанмен бірлескен жұмысымыздың мақсаты психикалық сырқаттардың алдын алу ғана емес, со-нымен қоса саламатты өмір салтын ілгері бастыру.

Нина ФЕРЕНЧИЧ,БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілі:

– Қазақстанның бұл бағытта атқарып отырған жұмыстарының өз жемісін беріп жатқаны қуантады. Осы конференция күн тәртібіне маңызды тақырып енгізіліп отыр. Аталмыш тақырып жасөспірімдердің дамуы және жасөспірімдер, әсіресе қыздар көбінесе 15 жаста депрессия мен үрейге бой алдыратынын мойын-дау тұрғысынан барған сайын басым мәнге ие бо-лып барады. Осылайша конференция Қазақстан мен шетелдік сарапшылардың тәжірибесін біріктіреді, әрі психикалық денсаулық мәселелері туралы осы диалог жасөспірімдердің жалпы аман-саулығына қосылатын маңызды үлес бо-лып табылады. Бізге әрі қарай не істеу керек? Психикалық денсаулық және зорлық-зомбылық сынды ұғымдар арасында өзара байланыс іздеу жағынан әлдеқайда нақтырақ жұмыс жасау маңызды.

Дан ЧЕЕЗМ,Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі:

– Осы конференцияның негізгі құн дылық-тарының бірі тек қана депрессия туралы емес, психикалық денсаулық туралы айтатынымыз бо-лып отыр. Бұл аса маңызды топ – жасөспірімдерге бағытталған. Бұл өте маңызды тақырып, себебі әңгіме келесі ұрпақ туралы болып тұр. Бұл кезең көптеген әлеуметтік және танымдық дағдыларымызды дамытатын өмір кезеңі. Егер адамдар осы кезеңде сүрініп кетсе, психикалық денсаулығында кінәраттар туындап, көбінесе солардың ұзақ мерзімге созылуы салдарынан өмір бойы азап шегеді. Сондықтан Қазақстанның тың тәжірибесі талайларға үлгі болуға тиіс.

ҚАТЫСУШЫЛАР ЛЕБІЗІ

Page 10: E-mail: info@egemen.kz 22 АŽТАР, ДЙСЕНБІ †˛ірлік т ... · 2018. 1. 22. · су ресурсы, энергетика, инфра- ... өңір тұрғындарының

10 22 ҚАҢТАР 2018 ЖЫЛСПОРТ

Ермұхамед М�УЛЕН,

«Егемен Қазақстан»

Жыл сайын Қазақстан премьер-лига клубтарының қыруар қаржы жұмсап шетелдерден сатып алатын легионерлерін санамалап, олардың көрсеткен нəтижелерін саралап жүретін əдетім бар. Футбол деген үлкен сиқырға арбалып қалған кез келген адамға таныс құбылыс. Өткенде ғана маусым бойына 4 ойын өткізіп, 10 ай бойы жалақы алып келген сербиялық футболшы туралы жаздым. Біздің клубтардың бармақ басты, көз қысты əрекеттері мұнымен де шектелмесе керек. Командаларымыздың тағы бір əдеті – жыл сайын бапкер ауыстыру.

Премьер-лигада ойнайтын 12 клубы-мыз бар. Солардың ішінде тек төртеуі ғана бапкер ауыстырған жоқ. 2018 жылдың басында Станимир Стойлов «Астанадан» кетіп қалуы да ғажап емес еді. Алайда болгар бапкері өз ор-нында қалды. Екіншісі – «Қайратты» өткен жазда қабылдаған испан маманы Карлос Алос жəне «Қайсар» бапкері Стойчо Младенов. Сонымен қатар «Ақтөбе» өткен жылғы бапкері Владимир Мұқановқа сенім артып отыр. Ал қалған 9 командамыз түгелімен бапкер ауы-стырды.

Енді мына қызыққа қараңыз, 12 клубтың тек 3-еуінде ғана қазақстандық бапкер. Қостанайдың «Тобылында» Владимир Никитенко, «Атырауда» Вахид Масудов, талдықорғандық «Жетісуда» Дмитрий Огай. Қалған 9 командада түгел сырттан келген шетел азаматтары. Ол ол ма дерсіз, жалпы 12 командамыздағы бас бапкерлердің 4-еуі болгариялық. Олар, əрине, жалғыз емес, қастарына кем дегенде 3 көмекшіден ертіп келген. Петропавлдың «Қызылжарында» Никола Спасов, қызылордалық «Қайсарда» Стойчо Младенов , шымкентт ік «Ордабасыда» Георгий Дерменджиев, «Астанада» Станимир Стойлов. Қайта павлодарлық «Ертістің» бапкері Димитар Димитров отанына қайтып кетті, əйтпесе бұл тізіміміздің саны 5-еу болушы еді. Міне, осылайша Қазақстан футболы қазір болгариялық тəсілмен тыныс-тап тұр десек, артық емес. Болгария чемпионатының көлеңкесіне айналдық. Енді ақыры бастадық қой, қалғандарын да айта кетейік, кімдер екенін. «Ертісті» испаниялық жас маман Жерар Нус қабыл алды. Бұл бапкер де Бородюк секілді үнемі ассистенттік қызметте жүріпті. Жеке-дара бапкер ретінде шешім қабылдауы қалай екенін алғашқы тур-лардан байқаймыз. Жалпы, ешкімге таныс емес, жұмбақ адамдарды біздің клубтардың басшылары көзді жұмып тұрып жұмысқа ала бере ме деп ойлай-мыз. Таңғалатын түгі жоқ. Талайын көрдік. Қайсыбір жылдары алаяқ бапкерлерді де көзіміз шалды. Клубты белшесінен қарызға батырып, шетелге клубтың телефонымен қоңырау соғып, кейіннен айлығымды түгел бермеді деп сотқа беріп, УЕФА-ға шағымданып, күллі ел футболына қара күйе жағып кеткен-дер болды.

Қарағандының «Шахтері» өз дең-гейіне сəйкес бапкер алған секілді. Бела-рус елінің 6 дүркін чемпионы болған Владимир Журавельдің жетістіктері жа-ман емес. Премьер-лигада ілініп-салынып жүрген «кеншілер» үшін бұл бапкер біршама көмек болуы ық тимал. Оралдың «Ақжайығын» алайық, олар бапкерді Украинадан алдыртты. Есім-сойы тағы да ешкімге белгісіз Владимир Мазяр жас кезінде бір мау сым «Динамо» (Киев) са-пында өнер көрсетіпті. Кейіннен қосалқы құрамның «патшасы» болып, көптеген жылдар бойы негізгі құрамнан орын ала алмаған. Бапкерлік қызметке ауысып, мұнда да əрбір 2 жыл сайын қызмет алма-стырып отырған. Біліктілігі үлкен күмəн тудыртатын украиналық «Ақжайық» сапында 2 жыл уақыт жүре алмас деп отырмын. Премьер-лига басталысымен алғашқы 5-6 турда бапкерін қызметтен қуатын клубтар да бар. Соның қатарында «Ақжайық» болса, еш таңғалмаймын. Екінші жағынан кім біледі, бəлкім көп жерде жолы болмаған 40 жасқа толған бапкер биыл Жайықта «қамал алатын» шығар?

Өткен жылғы маусым тура осылай айна-қатесіз басталған. Бірақ бес турдан кейін алғашқы «отставкалар» бастал-ды. Біріншілік бел ортасына тақағанда «Қайрат», «Ертіс», «Тобыл», «Шахтер», «Атырау», «Ақтөбе», «Оқжетпес» секілді командалар бапкерлерін ауыстырып үлгерді. Жалпы алғанда, біздің футбол-шылар ма, жоқ əлде клубтарымыздың президенттері ме, əйтеуір бапкер шы-датпаймыз. Бұрындары мəселе көтеріп өзіміздің бапкерлерді ұмытпайық деп жүретін шенеуніктер болушы еді. Қазір футболдың басындағы кісілер бұл мəселеге көңіл аударуды да қойды. Əйтпесе Қазақстанда білікті бапкерлер қаптап жүр ғой. Талғат Байсуфинов, Нүр-кен Мазбаев, Алмас Құлшынбаев, Асхат Қадырқұлов, Сергей Тимофеев, Сұл тан Əбілдаев, Асқар Қожабергенов секіл-ді өзіміздің білікті мамандарымыз бар-шылық. Барлығы да ел футболын тама-ша лап, қашан бізге ұсыныс түсер деп кү-тіп жүр. Алайда шетелдік бапкерлер мен бірге қаржы жымқырып үйренген клуб басшылары патриоттық сезімді ке йінге ысырып қойған секілді. Қысқасы, қа-зақстандық футбол функционерлері бап-керлер легионын жасақтауға құштар-ақ.

Бапкерлер легионы

ОЛИМПИАДА-2018

Шорт-трек королі––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Биыл ақпанның 9-ы мен 25-і аралығында Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында әр т�рт жыл сайын ұйымдастырылатын Қысқы Олимпия ойындары �тетіні баршаға белгілі. Қысқы спортта корей елінің аты аталса, ойымызға бірден бұл елдің шорт-трекшілері түседі. �йткені дәл қазіргі уақытта Оңтүстік Корея шорт-тректен к�шбасшы ел саналады. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Еркебұлан ЖОМАРТ,«Егемен Қазақстан»

Ешкімнің қысқы Олимпиадаға жолда маны тегін таратпайтыны түсінікті. Екі лицензия. Тікелей Тұрсынбаеваның арқа сында. Былтыр Хельсинкиде өткен əлем біріншілігінде Элизабет жақсы өнер көрсетті. Өзіне ғана емес, еліне де жолдаманы жұлып алып берді. Бұл спорт түрінен бізде бұрын-соңды болмаған жетістік. Тарихи. Мықтылармен сайыс-ты. Бұрын өзгелердің өнерін көріп, теледидарға телміріп оты-рушы едік. Енді Тұрсынбаеваға жанкүйер боламыз. Тағы бір қызымыз Пхенчханға барады.

Тұрсынбаева Мəскеуде туып- өскен. Мұз айдынындағы алғашқы

МӘНЕРЛЕП СЫРҒАНАУ

Арманым – Олимпиадада топ жару––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Кейде қызыға қарайсың. Бірінен соң бірі атой салып жатады. Қызғанасың. Орыс қыздарын айтам. Аделина Сотникова. Елизавета Тоқтамышева. Евгения Медведева. Мәнерлеп сырғанау – мықты �нер. Сиқырлы спорт. Сондықтан болар қазақ қыздарынан мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада, әлем чемпиондары шықса деп армандайсың. Сол арманымыз алыс емес сияқты. Арық с�йлейік. Тіл к�зіміз тасқа. Қысқы Олимпиаданың тұғырынан тұңғыш рет қазақ қызын к�руге тамаша мүмкіндік. Тұрсынбаеваны айтам. Элизабет. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Арман ОКТЯБРЬ,«Егемен Қазақстан»

Ел намысын қорғаған 17 спортшының он екісі «Қазақстан Топ Тим» клубының өкілдері. Джиу-джитсу жəне грепплинг-тен ел федерациясының атқару шы директоры Мигель Мамыр-баевтың айтуынша, бұл турнир ауқым ды əрі беделді спорттық шара лардың бірі саналады.

Спортшыларымыз ел қоржынына 3 алтын, 4 күміс жəне 2 қола медаль салып, жарыс қорытындысы бойынша жоғары нəтижеден көрінген. Айдар Түлейбаев, Ядгар Қасымов, Мигель Мамырбаевтар жеңіс тұғы рынан көрініп, чемпион атанса, Ар лан Шабдарбаев, Ержан Естанов, Мұхамедияр Құдайқұлов жəне Ос ман жан Қасымов күміс медальды ен-шіледі. Ал Төлеген Құмаров пен Ба тыр Мұратұлы қоланы қанағат тұтып, жарыс жүлдегері атанды.

– Турнирде жүлделі орыннан көріну үшін бар күш-жігерімізді салдық. Дегенмен төрешілер тарапынан болған əділетсіздіктерді де айтпай кетуге болмас. Біздің команда кіл мықтылардан құралған. Сондықтан олардың əділетсіздігі жа-рыс қожайындары мен біздің спортшылардың белдесуі кезінде байқалды. Жалпы, көрсеткен нəти жеміз жаман емес, – дейді турнир дің күміс жүлдегері Османжан Қасымов.

Grand Slam халықаралық турнирі нің келесі кезеңі 10-11 наурызда Лондонда өтеді.

АЛМАТЫ

ДЖИУ-ДЖИТСУ

Олжалы оралды

ЖАРЫСТАР КҮНДЕЛІГІ

қадамдары Ресей астанасымен байланысты. Алғашқы бапкері – Ирина Страхова. Сырғанаудың сырларын үйреткендердің қата-рында Наталья Дубинская мен Александр Шубин бар. Кейі-нірек Элизабет Этери Тут бе-ридзе ден тəлім алды. Тут бе ридзе – талай мықтыларды тəр бие-леген тəлімгер. Тəжірбиелі ма-ман қазақ қызының да биік терден көрінуіне көп тер төкті. 2013 жылы жасөспірімдер арасында Мəскеу біріншілігінде Элизабет Тұрсынбаева жеңімпаз атанды. Оңай болған жоқ. Мəскеу бі рін-шілігінде чем пион болу əлем бі рін шілігінде жеңіске жетумен пара-пар. Сол жылы Минскіде өткен Гран-при жарысын-да жүлдегер болды. Мəскеудің

мəнерлеп сырғанау мектебінен өткен қазақ қызының жеңісті жолы жалғаса берді.

Ресей ұлттық құрамасына ша қыр ту алды. Əкесінің ар-маны басқа болатын. Байтақ Тұрсынбаев қызының тарихи отанының намысын қорғағанын қатты қалады. 2014 жылдан бас-тап Элизабет халықаралық жа-рыстарда Қазақстанның атынан шыға бастады. Элизабетті елге алдыруда Қызылорда облысының əкімі Қырымбек Көшербаевтың күш салғанын атап айтқан жөн. Қырекең көп қолдау көр сет -кен. Қаржылық, басқа да қиын-дықтардың шешілуіне атсалы-сыпты. Ішкі біріншіліктерде Сыр елінің атынан шығып жүр.

2014-2017 жылдары мəнер-леп сыр ға наудан Қазақстан біріншілігінің жеңім пазы атан-ды. Елімізде қыздардан Тұр-сынбаеваға тең келетін сырға-нау шы əзірге жоқ. 2016 жы-лы Лил лехамер қаласында өт-кен жасөспірімдер арасын да əлем чемпионатының қола жүл-дегері болды. 2017 жылғы Азия чемпионатының қола жүл дегері. Əзірге қоланы қанағат тұтып жүр -міз. Былтыр Хельсинкиде өткен əлем бірін шілігінде еркін бағ-дарламада 126,51 ұпай еншілеп, қоссайыс қорытындысы бойынша 191,99 ұпаймен 9-орынға ие бол-ды. Пхенчханға екі жолдаманы сонда жеңіп алған.

Елін ғана емес, ата-анасын да қатты қуантты. Сенімін ақтады. Жолдама алу жолында талай қиындықтан өтті. Халықаралық жа рыстарға тұрақты қаты су үшін қомақты қаржы ғана емес, қасың да жанкешті қолдаушың болу керек. Ата-анасы қыздарын жарыс тарда жал ғызсыратпапты. «Жетіс тіктерімнің барлығы – ата-анамның қолдауының нəтижесі», дейді Элизабет.

Бүгінде Тұрсынбаева Торонта қала сында атақты бапкер Брайан Орсераның қол астында жаттығып жүр. Канадалық бапкер бұған дейін 2 Олимпиада чемпионын тəрбиеледі. Ендігі басты мақсат – Пхенчханда ел намысын абы-роймен қорғау. Сұхбаттарының бірінде қар шадай қыз «арманым Олимпиада, əлем біріншіліктерінде топ жару» деген болатын. Қысқы Олим пиадада қазақ қызы тұғырға қонса деген арманымызды жо ға-рыда айттық. Сол күн алыс емес сияқты. Сəтін салғай дейміз.

ФристайлҚазақстандық фристайлшылар Дмитрий Рейхерд пен Юлия

Галышева Канаданың Тремблан қаласында өткен могул дан əлем кубогының VII кезеңінде жүлделі орынға ие болды.

Ерлер арасындағы бəсекеде Дмитрий Рейхерд 88,44 ұпай жинап, қола жүлдеге қол жеткізді. Күміс медаль канадалық Майкл Кингсбериге (93,27) бұйырса, алтынды жапон Икума Хорисима (93,88) жеңіп алды.

Қыздар арасында сынға түскен отандасымыз Юлия Галышева да қола жүлдегер атанды. Алтын мен күміс ме-дальдарды канадалық спортшылар Жюстин Дюфур-Ляпойнт (87,43) пен Анди Науде (87,43) жеңіп алды.

ДзюдоДзюдодан Тунисте өткен əлемдік Гран-При кезеңінде

Жансай Смағұлов (73 кг) қарсылас шақ келтірмей, жарыс жеңімпазы атанды. Финалдық сайыста ол косоволық Акус Кгакованы иппонмен жеңді.

Сондай-ақ 60 кило салмақта белдескен балуанымыз Ғұсман Қырғызбаев пен 66 килодағы Ерлан Серікжанов жарыстың қола жүлдегері атанды. Қырғызбаев жұбаныш белдесуінде марокколық Ясин Моудатирді жеңсе, Ерлан Серікжанов ресейлік Иса Исаевтан айласын асырды.

Дайындаған �ли БИТ�РЕ,

«Егемен Қазақстан»

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Біріккен Араб �мірліктерінің астанасы �бу-Дабиде �ткен джиу-джитсудан Grand Slam World Tour халықаралық турнирінде бақ сынаған отандастарымыз олжалы оралды.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

�ли БИТ�РЕ,«Егемен Қазақстан»

Оңтүстік Кореяны бұ лай айтуымыздың себебі, корея-лықтар 30 жылдан бері əлемдік додада өзге елдің спортшы-ларына жүлде бермей жүр. Бүгінге дейін бұл ел Қысқы Олимпиадада 26 алтын медаль алса, соның 21- ін шорт-тректен жеңіп алған. Мұ нан бөлек 12 күміс жəне 9 қола жүлдесі тағы бар. Ал əлем чемпио натында 90 алтын, 71 күміс жəне 62 қола медаль алған. Бұл – тек Қысқы Олимпия ойындары мен əлем чемпионатындағы алған медаль саны. Біз бұл тізімге Азия ой-ындары мен Универсиаданың медальдарын қосқан жоқпыз.

Оңтүстік Корея 1948 жылы Санкт-Морицте өткен Қысқы Олим пиадаға тұңғыш рет қатыст ы. Бірақ бұл елдің спорт-шылары жүлдегерлер қатарына ілігемін дегенше арада 44 жыл уақыт өтіп кетті. 1992 жылы Францияның Альбервиле қала-сында ұйымдастырылған ҚОО-да оңтүстіккореялық конь ки ші Ким Юн Ман 1000 метр қашық-тықта күміс медаль иегері атан-ды. Бұл Корея үшін тарихи күн болатын. Одан кейінгі Олимпия ойындарына шорт-трек спорты қосылып, Оңтүстік Кореяға ме-даль «жауа бастады». 1992 жылы Корея шорт-тректен екі алтын жəне бір қола медальды иеленіп, алғаш рет Ақ Олимпиаданың жүлдегерлері қатарына қосылып, сол уақыттан бері үздіктер сапы-нан түскен емес.

Оңтүстік Кореяға жоғарыда айтқан медальдардың үштен бір бөлігін əлемге Ан Хен Су деген есіммен танымал бол ған спорт-шы əперген. 2006 жы лы Турин Олимпиадасына қаты сып, үш алтын (1000, 1500 метр жəне эста фета), сонымен қа тар 500 метр қашықтықта қо ла жүлдені иемденді. Əлем чемпионатта-рында алған жүлде бойынша да Ан Хен Судың бағы жанып тұр.

Оңтүстіккореялық шорт-трекші 18 мəрте əлем чемпионы, сегіз мəрте күміс жəне төрт мəрте қола жүлдегер атанды. Мұнан бөлек Азия ойындарында бес алтын, бір күміс жəне Универсиадада үш алтын, бір қола медаль жеңіп алған. Егер Ан 2011 жылы Ресей құрамасына ауыспағанда, Корея құрамасына бұдан да көп жүлде əперер еді.

Туриндегі Олимпиададан кейін Ан жаттығу барысында тізе сін қатты жарақаттап алып, төрт рет ота жасатты. Жарақа-тын емдеп, 2009 жылы Ванкувер Олимпиадасына жолдама беруші жарыста 9-орынға ие болып, ұлттық құрама сапынан шығып қалған. Ал 2010 жылғы елішілік іріктеуде жетінші орын алып, бұл жолы əлем чемпионатынан тыс қалды.

Спортшы жаттығатын ко ман-да таба алмай, əбден əуре-сар-саңға түсіп жүргенде Ан ға Ресей аты нан сынға тү суге ұсыныс болады. Ан ойлануға уəде бер-ге німен, Оңтүстік Кореяның Олим пиада құрамасына ену үшін соңғы мүмкіндікті пайдаланып көруді ойлап, елішілік іріктеу турниріне қатысуға бел буады. Дегенмен ол іріктеуде тек бесінші орын алып, тағы да құрамадан шет қалды. Үш жыл бойы Корея құрамасына іліге алмай жүрген шорт-трекшінің Сочиде өтетін Олимпиадаға қатысуға кепілдік беріп, қаржылай қолдау көрсететінін жəне болашақ-та жаттықтырушының орнын ұсынып отырған Ресей құ ра-масының ұсынысын қабыл-даудан басқа амалы қал майды. Анның бұл шешімге келудегі басты мақсаты – тағы да Олим-пиада ойындарында жеңіске жету еді. «Спортшы үшін қай елдің атынан жеңіске жеткенің аса маңызды емес, маңыздысы – нəтиже», деді ол.

Ан Хен Су Ресей құрамасына ауысқан соң сол елдің азаматты-ғын алып, аты-жөнін Виктор Ан деп өзгертеді. Ресейге келген

соң Анның екінші тынысы ашы-лып, енді əлемге Виктор Ан ретінде таныла бастады. Ол Ресей құрамасында жүріп үш рет Олимпиаданың алтынын жəне бір қола медалін иеленді. Сондай-ақ əлем чемпионатында екі алтын, екі күміс жəне бір қола медаль жеңіп алды. Ал Еуропа чемпионатында сегіз рет топ жарып, үш күміс медальға қол жеткізді.

Ан корей азаматтығынан бас тар тып, Ресей азаматтығын ал -ған соң: «Корей федерациясын да жағымпаздық пен тамыр-та ныс-тықтың арқасында ғана ұлттық құрамаға іліге аласың. Менің ел-ден кетуімнің басты себептерінің бірі осы», деп мəлімдеді.

Анның Сочидегі таңғалар лық жетістігі мен Оңтүстік Ко рея ның шорт-трек спортынан медальсыз қал ғаны елде үлкен дау тудырып, ол тіпті ел президенті Пак Кын

Хеге дейін жетеді. Прези дент Ан секілді дарынды спортшының неге шетелге кетіп қалғанын анықтауды тапсырады. Даудың соңы 2010 жылы Ванкувер Олимпиадасына Ан Хен Судың орнына барған Ли Чжон Су мен Квак Юн Гидің үш жылға спорт-тан шеттетілуімен аяқталды. Кейінірек халықтың өтініші бойынша мерзімдері алты айға дейін қысқарды. Ли Чжон Су осы оқиғадан кейін конь кимен жүгіру бойынша бағын сынап көруге ниет тенген, бірақ қазығынан ұзап кете алмай, шорт-трекке қайта оралды. Қазір екі спортшы да өз елдерінде өтетін Олимпия ойын-дарына қатысуға үміткер спорт-шылардың тізімінде жүр.

Виктор Ан Сочи Олимпиада-сында чемпион атанған соң, əлеуметтік желі арқылы алдағы жоспары туралы айтып, əлі де Ресей үшін медальға таласа тынын

жеткізді. «Мен қазір

спорт тан кете ал маймын. Олим пиа-да дан ке йін Ресей-

де шорт- тре к пен ай н а-лысатын жас спорт шы-

лардың са ны күрт артты. Мен əлі спортты дамытуды жалғаст ыр уым керек. Бұл менің соңғы Олимпиадам емес жəне Ресей үшін əлі талай бəсекеде топ жаратыныма, медальға қол жеткізетініме сенімдімін!», деді спортшы.

Алты дүркін Олимпиада чемпио ны Виктор Ан жасы 32-ге келсе де Оңтүстік Кореяда өтетін Қысқы Олимпия ойында-рына қатысып, жүлделер санын еселегісі келеді. «Егер Ресей Олим пиадаға бойкот жария-ламаса, мен бейтарап тудың ас тында қатысуға дайынмын. Мен бұл Олимпиадаға төрт жыл дайындалдым, сондықтан оңай берілгім келмейді», дейді ол.

Виктор Анның жетістіктері естіген жанды таң қалдырмай қоймайды. Ан секілді əлем-нің үздік шорт-трекшісін тəрбие ле ген Кореяда жыл са-йын мың даған бала спорттың осы түрімен айналысады. Мақсат – қалыптасқан үрдісті үзіп алмау. Оңтүстік Ко рея-да аудан чемпионатына қаты-сушылардың саны Қазақстан чем пионаты қатысушыларының са нынан көп. Осы күндері шорт-тректен Қазақстан чемпио-натына 56 спортшы қаты сып жатыр. Біздің спортшылар мұз-да сырғанауды енді үйре ніп жатқанда, кореялықтар қар сы-ласты басып озу мен такти калық шеберлікті ақылмен пайда лану керектігін игереді.

Шорт-трек Оңтүстік Ко рея-да өте танымал болғандықтан, қаржының негізгі бөлігі осы спорт түріне бөлінеді. Сон дық-тан бұл елде құрама сапына ілі гу үшін бəсеке өте тартыс-ты өтеді. Осыдан кейін корея-лық өрендер жүлде алып, көзге түспегенде қайтсін! Ан сияқ-ты спортшылардың же тіс ті-гі мен ерлігін көріп өс кен оғ-ландар соған қарап бой түзей-тіні анық. «Шорт-трек шілер патшалығындағы» əрбір бала Ан сияқты алдына қара салмайтын жүйрік болғысы келеді. Өйткені ол шорт-трек патшасы ғой!

Page 11: E-mail: info@egemen.kz 22 АŽТАР, ДЙСЕНБІ †˛ірлік т ... · 2018. 1. 22. · су ресурсы, энергетика, инфра- ... өңір тұрғындарының

22 ҚАҢТАР 2018 ЖЫЛ 11ӨҢІР ӨМІРІ

ОҚИҒА

ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкім­шілігі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжі­лісінің Төрағасы Нұрлан Зайроллаұлы Нығмату­лин ге анасы

Зейнеп КӘРИЕВАНЫҢқайтыс болуына байланысты қайғысына ортақ­тасып көңіл айтады.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты­ның депутаттары Қазақстан Республикасы Парла­менті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Зайроллаұлы Нығма тулинге және Парламенттің IV, V шақыры­лымдар дағы Сенат депутаты Ерлан Зайролла ұлы Нығматулинге аналары

Зейнеп КӘРИЕВАНЫҢқайтыс болуына байланысты орны толмас қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің бас шы лығы мен мүшелері Қазақстан Республикасы Парла менті Мә ж і лісінің Төрағасы Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулинге анасы

Зейнеп КӘРИЕВАНЫҢқайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының басшы лығы, судьялары және аппараты Қазақстан Республи касы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулинге анасы

Зейнеп КӘРИЕВАНЫҢқайтыс болуына байланысты орны толмас қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ҚХА хатшылы ғының ұжымы, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан Республикасы Прези­дентінің жанындағы «Қоғам дық келісім» респуб­ликалық мемлекеттік мекемесінің ұжымы Қазақс­тан Республи касы Парламенті Мәжілісінің Төраға­сы, Қазақс тан халқы Ассамблеясының мүшесі Нұрлан Зайролла ұлы Нығматулинге анасы

Зейнеп КӘРИЕВАНЫҢдүниеден озуына байланысты орны толмас қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Зайроллаұлы Нығ­матулинге анасы

Зейнеп КӘРИҚЫЗЫНЫҢқайтыс болуына байланысты қайғысына ортақ­тасып көңіл айтады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі және Қазақстандық денсаулық сақ тау қызметкерлерінің сала лық кәсіподағы Қазақ стан Республикасы Парламенті Мә жі лісінің Төр ағасы Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулинге анасы

Зейнеп КӘРИЕВАНЫҢқайтыс болуына байланысты орны толмас қай­ғысына ортақтасып көңіл айтады.

Қарағанды облысының әкімдігі Қазақстан Респуб ликасы Парламенті Мә жі лісінің Төрағасы Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулинге анасы

Зейнеп КӘРИЕВАНЫҢқайтыс болуына байланысты ауыр да орны толмас қайғы сына ортақтасып көңіл айтады.

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулинге анасы

Кариева ЗЕЙНЕПТІҢқаза болуына байланысты көңіл айтып, қайғысына ортақтастығын білдіреді.

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов Қазақстан Республикасы Парла менті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулинге анасы

Зейнеп КӘРИЕВАНЫҢқайтыс болуына байланысты орны толмас қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қыз ме тінің басшы және жеке құрамы Қазақстан Рес публикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулинге анасы

Зейнеп КӘРИЕВАНЫҢқайтыс болуына байланысты қайғысына ортақ­тасып көңіл айтады. Марқұм анамыздың жатқан жері жайлы, топырағы торқа, иманы жолдас, жаны жәннатта болсын.

«ҚазТрансГаз» АҚ басшылығы мен ұжымы Нығма тулин дер отбасына аналары

Зейнеп КӘРИЕВАНЫҢдүние салуына байланысты орны толмас қайғы­ларына ортақтасып көңіл айтады. Мар құм ның жаны жәннатта, иманы жолдас болсын!

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универ­сите тінің ұжымы Қазақстан Республикасы Парл­амен ті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулинге анасы

ЗЕЙНЕПТІҢ қайтыс болуына байланысты орны толмас ауыр қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

«Астана медицина университеті» АҚ Басқармасы мен ұжымы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Зайроллаұлы Нығ­матулинге анасы

Зейнеп КӘРИЕВАНЫҢқайтыс болуына байланысты орны толмас қайғы­сына ортақтасып көңіл айтады.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федера­циясы республикалық кәсіподақтар бірлестігі Қазақ стан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төра ғасы Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулинге анасы

Зейнеп КӘРИЕВАНЫҢқайтыс болуына байланысты қайғысына ортақ­тасып көңіл айтады.

«Цеснабанк» АҚ ұжымы Нұрлан Зайроллаұлы Нығ ма ту линге және Ерлан Зайроллаұлы Нығма­тулинге аналары

Зейнеп КӘРИЕВАНЫҢқайтыс болуына байланысты орны толмас қайғы­ларына ортақтасып көңіл айтады.

«Қазақмыс» компаниялары тобының басшы­лығы Қазақстан Республикасы Парламент Мәжі лі сінің Төрағасы Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулинге

АНАСЫНЫҢқайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Азамат ҚАСЫМ, «Егемен Қазақстан»

Жыл соңына дейін Шығыс Қазақстанда бес әлеуметтік­мә ­дени нысан пайдалануға бе рілмек. Қазір Өскемендегі Ахат Күленов кентінде орна лас қан ғимаратты бір ауысымда 212 адамға қызмет көрсететін ем ханаға айнал­дыру бойынша қайта жөндеу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Облыс әкімі баспасөз қызметінің тарат қан мәліметтеріне сүйенсек, құ рылыс жұмыстарының 90 пайы зы аяқталған нысан би ыл­ғы көктемде есігін айқара ашуы тиіс. Сонымен қатар осы жыл­дың қыркүйек айында Абай ауда­нында ұзындығы 25 метр бола­тын бес жолақты жүзу бас сейні жұмысын бастамақ.

Тағы бір жағымды жаңалық, биыл өңірдің үш бірдей ауда­нында жаңа білім ордалары (Аягөз ауданында 600, Үржар ауданының Мақаншы ауылында 320 және Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында 600 орындық

мектеп, 300 орындық интернат) бой көтермек. Аймақ басшы­сы Даниал Ахметов жақында Өскеменде өткен жиындардың бірінде аталған үш нысанды жаңа оқу жылы басталғанға дейін қолданысқа беруді тапсырған болатын. Қазіргі уақытта об­лыста бес әлеуметтік­мәдени,

спорттық нысанның құрылысы жүріп жатқаны белгілі. Олар Өскеменде салынып жатқан үш мектеп пен денсаулық сақ­тау саласындағы екі нысан (гематологиялық орталық пен Өскемен қаласындағы 200 орын дық қалалық балалар ау ру ха насының құрылысы).

Сон дай­ақ Семей қаласында «Абай­Арена» мәдени­спорт кешені салынады. Халықаралық стандарттарға сай келетін, бес мың орынға шақталған ғимарат Қарағайлы ықшам ауданында бой көтермек.

Шығыс Қазақстан облысы

Рауан ҚАЙДАР,«Егемен Қазақстан»

Олардың сөзінше, бұл – Азия құрлығы дизайнерлерінің ең сәнді киімдерін тамашалау үшін көптеген сән білгірлерінің басын қосатын ең мәрте­белі іс­шара болмақ. «Рухани ж а ң ғ ы р у » б а ғ д а р л а м а с ы

аясында өтетін осы сән көр­сетілімінде өз киімдер топтама­сын Aida KaumeNOVA, Naiyl Baikuchukov, Bibisara, Dinara Satzhan сынды қазақстандық дизайнерлер ұсынады.

Динара Сәтжанның ай­туынша, отандық дизайнер­лер осымен екінші рет топ­тасып шетелде көрсетілімге

шығады. Өткен жылдың қазан айында дизайнерлер Mercedes­Benz Fashion Week Russia ая­сында Ресейдің төрінде өз жұ мыстарын табысты түрде көрсеткен болатын.

Аида Қауменова қазақ стан­дық дизайнерлер сән арқы лы ұлттық кодты жеткізе алатынын алға тартты.

«Бұл – өз елін өзге мемлекет­терде лайықты түрде таныстыра алатын дизайнерлердің жеке бас тамасы болып отыр», деді ол.

Наиль Байкучуков бол­са Париж саxнасында үлкен әсер туғызатындығына сенім­ді. Өйткені әрбір дизайнер

көрсетілімге арнайы топта­ма әзірлеуде. Мәселен, Аида Қауменова Париждегі көр­сетілімде Сән үйінің дизай­нер лері арнайы әзірлеген экс­к люзивті авторлық өрнегі бар барқыт топтамасын ұсынады. Топтаманың негізгі бұйымы – қазақтың ежелгі ұлттық киімі шапан­сырмақ болмақ. Ал Наиль Байкучуков Парижде люневиль кестелі топтама­сын дайындайды. Бұл ертегі әлеміндегідей әсер қалдыратын тюль мен шифоннан тігілген көйлектер. Олардың сөзінше сән көрсетіліміне барлығы 80 дизай­нер қатысады.

Бақытгүл БАБАШ,«Егемен Қазақстан»

Енді www.egov.kz сайтына тіркелген ата­аналарға дүниеге сәби келуімен құттықтаған SMS хабарлама келеді. Бөбегіңіз пер­зентханадан шықпай тұрып ав­томатты түрде тіркеліп, тіпті куәлігі де дайын болады. Жыл басынан бері еліміз бойынша алты мыңға жуық ана осын­дай SMS құттықтау алған. Ал алғашқылардың бірі болып проактивті әдіспен куәлік ие­ленгендер арасында атыраулық Бағыт Әли Тілекқабылұлы мен Мақсым Омар Нұрбекұлы да бар.

Облыстық перинаталды ор­талықта дүниеге Омар есім ді ұл әкелген Жай дар Иба тол ла­қызы «Қағазбас ты лықты кө­бейтпей, жедел, автоматты түрде ресімделетін куәлік тің алғаш қы иегерлерінің қатарында болға­нымызға қуа ныш тымыз», дейді.

«Азаматтарға арналған үкі­мет» мемлекеттік корпорация сы

«Ұлттық ақпараттық технология­лар» акционерлік қоғамының проактивті әдісі аясында бас­тау алған қанатқақты жобаның артықшылығы көп. Облыстық халыққа қыз мет көрсету орта­лығы депар та ментінің директоры Тұрлан Нұр жанов бұрын жаңа туған баланы тіркеу, куәлігін алу, жәр демақы тағайындау, балабақша кезегіне тұру сынды шаралар халыққа қызмет көрсету орта лықтарында жүзеге асқанын айтады. Енді ата­ана ХҚО­ға баланың куәлігін алып кету үшін ғана барады немесе үйге жеткізу қызметін пайда лана алады. Барлық қажетті қыз меттерді SMS хабар­лама ар қы лы алуға болады. Бұл үшін кез келген халыққа қызмет көр сету орталықтарына барып, телефон нөмірлерін порталдағы жеке кабинеттерінде бекітуі керек.

АТЫРАУ

Суретті түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Өмір ЕСҚАЛИ,«Егемен Қазақстан»

Жаңа жылдың солтүстікқазақ­стандықтар үшін қайғылы оқи­ғалармен басталуы өкінішті­ақ.

Төтенше жағдайлар жөнін­дегі департамент мамандары оның себебіне адамдардың өз өмірі не деген немқұрайдылы ғын көлденең тартады. Келіспеске шара жоқ. Күн райының күрт суытатыны жайлы сақтандыру­ларға құлақ аспағандардың бірі – Уәлиханов ауданы Береке ауылының 20 жастағы тұрғы­ны. Мектепте мұғалім болып ең бек ететін ол ақтүтек боран­ның басылуын күтпестен сыртқа шыққан. Көшенің шетінде тұратын жолдасының үйіне соғып, одан әрі қайда кеткені белгісіз. Марқұмның мәйіті елді мекеннен 10 шақырым жерден табылған. Міне, синоптиктердің ескертулерін жүре тыңдаудың ақыры осындай тосын жайтқа соқтырған.

Сол сияқты екі әйелдің үсік шалып, көз жұмғаны да сал­ғырт тықтың салдарынан бол­ғаны анық. Жамбыл ауданы Святодуховка ауылының 44 жас­тағы тұрғынының денесі көше­ден табылған. Мәйіт түні бойы далада жатып қалса керек. Ал

Тайынша ауданы Летовочное ауылының 65 жастағы тұрғы­нының өлі денесін іздеуші топ ауыл сыртынан кезіктірген.

Жеке үйде тұратын адам­дар да сақтық шараларын мүл­дем ұмытқан тәрізді. Облыс ор­талығында үш жер үй өртеніп, төрт адамның өмірі қиылды. Олардың арасында 90 жастағы кейуана мен екі жастағы шөбересі бар. Әке­шешесі ұлын әжейге та­быстап, аз ғана уақытқа үйден шығып кеткен. Осы екі арада баспана қызыл жалынға оранған. Өрт сөндірушілер жеткенше әбден тозығы жеткен ағаш үйдің төбесі опырылып түскен. Өрт газ баллонынан тұтанған деген жорамал бар.

Тағы бір үйде төсекте шылым шеккен күйі қалың ұйқыға кет­кен 66 жастағы ер адам түтінге тұншығып өлген. Жер үйдің пешінен шыққан тағы бір «тілсіз жау» 72 жастағы зейнеткердің өмірін жалмаған. Көзі көрмейтін мүгедек жан сыртқы есікті тап­пай қалған.

«Сақтансаң, сақтайды» деп бекерге айтылмаса керек. Қауіп­сіздік шаралары мұқият ойласты­рылса, мұндай қайғылы оқиғалар орын алмас еді.

Солтүстік Қазақстан облысы

Бүгінде Жоламан Есетов­пен қазталовтықтар «күнде жүздеседі». Неге дейсіздер ғой? Ауданымыздың ауылдарын ­дағы көшелерде ілініп тұрған бар лық баннерлер оның қолы­нан шыққан. Сонымен қатар түрлі буклеттер де Жоламанның қолымен жасалып жатыр. Осыларды ескерсек, заманда­сымызбен аудан тұрғындары күнде жүздесіп тұрған жоқ па?! Өйткені ол – ауданымызда ғы ең алғашқы полиграфия кәсібі­мен айналысып отырған бір­ден­бір жас кәсіпкер. Осындай еңбегінің нәтижесінде осыдан 2 жыл бұрын облыстық «Үздік жас кәсіпкер» аталымының жеңімпазы атанды.

Енді Жоламан тағы бір қы­рынан көрінуде. Жастайынан жылқы малын қадір тұтқан ол сәйгүлік баптап, бәйге атта­рын жаратады. Жоламанның жүйріктері аламан бәйгелерде топ жарып та жүр. Осындай кәсібін өзі ғана біліп қоймай, жасөспірімдерге үйретуді қолға алды. Баптауындағы 7 сәйгүлікпен

(ағылшын, қолтума тұқымдар) мектеп оқушыларына үйрету үшін тегін үйірме ашты. Жылқы десе қандары қозатын қазақтың балалары емес пе? Үйірмеге үйіріліп қарадомалақтар көптеп келе бастады. Олардың ішінде тіпті қыз бала да бар. Бүгінде сол балалар бос уақыттарында Жоламанның қасынан табылуда. Олар атқа мініп үйренумен қатар

бәйгеге шабу, теңге алу, қыз қуу, жамбы ату сынды ұлттық ойын­дарды да үйренуде. Жоламан оларға жылқы тарихы туралы дәріс те оқып жүр.

Біз барғанда қарадомалақтар атқа мініп, мәз болып жүр екен. Оларды әңгімеге тартып едік. «Атқа мінсек бәйгеге шапқымыз келеді» деді. Міне, олардың бо­йында ұлттық рух оянып келеді.

Осындайда «Қазақ тарихын айтсақ жылқы тарихын айтамыз, жылқы тарихын айтсақ қазақ та­рихын айтамыз» деген даналық сөз ойға оралады.

– Алдағы уақытта тай жарыс ұйымдастырамын. Сонымен қатар түрлі ұлттық ат спорты ойын дарын да өткізу жоспарым­да бар, – деді Жоламан.

Міне, осындай ұлттық қадір­қасиетімізді ұлықтайтын, оны жасөспірімдерге үйретіп жүрген ісін байқаған, әркез жаңашыл­дық бастамаларға қолдау көрсе­тетін аудан әкімі Абат Абайұлы Жола манға жаңадан құрылып жат қан «Айбын» спорт клубы арқылы үйірме ашуға қолдау көрсететінін білдірген.

Сондықтан алдағы уақытта ауданымызда қасиетті жа нуар жылқы малын дәріптейтін «Жоламан мектебі» қалыптасса деген тілек бар.

Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ

Батыс Қазақстан облысы,Қазталов ауданы

Бес мың орындық стадион салынады

Отандық дизайнерлер Парижге аттанады–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Париж қаласының «Hotel de Crillon» қонақүйінде 24-25 қаңтар күндері аты аңызға айналған «Oriental Fashion Week» сән апталығы өтеді. Осыған орай Орталық коммуникация-лар қызметінде баспасөз мәслихаты өтті. Жиын барысын-да «фэшн» саласының қызметкерлері сән апталығы туралы кеңінен айтып берді. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Өмірге сәби келсе...Проактивті әдістің тиімділігі көп

Салғырттықтың салдары Жылқы үйірмесін ашты

АЙМАҚ

(Соңы. Басы 1-бетте)

Облыстық ауыл шаруа­шылығы басқармасы маман­дары өңірде талай уақыттан бері тұралап қалған жаңа өндірістің одан әрі жандануы­на ықылас танытып, барынша қолдау білдіріп отырғандарын айтады. Басқарма басшысы Асқар Жакупбаев бүгінде об­лыс аумағында жүн өңдеумен тек екі мекеме ғана айналы­сып отырғанын, оның бірі Семейдегі «Роза» ЖШС екен­дігін, бір қызығы, бұрын жүн­нің келісін 40 теңгеден қабыл­даған бұл шағын фабрика «Дерикар» жұмысын баста­ғаннан кейін бағаны 70 тең­геге дейін көтергенін тілге тиек етті. «Бұл дегеніңіз жақсы лық­тың нышаны емес пе? Өңір­дегі кәсіпорындар арасында бәсе ке лестік болса, өнім са­пасы да жоғарылайды. Ауыл тұрғын дарының ақ адал еңбегі ақта лады, төккен тері далаға

кетпейді. Ал енді Қарауылдағы «Дерикар» ЖШС­іне келсек, бұл тоқ тап қалған жоба бола­тын. Көп дүние менеджмент­ке байланысты ғой. Тасболат Битенов ерінбей­жалықпай Қы тайға барып, Абайға ар­найы технолог маманды ертіп келді. Нәтижесінде, фабрика жұмысы жанданып, іс ілге рі басты. Фабрика былтыр жүнді жаман өткізген жоқ. Әзір­ге Алматы облысы арқылы сау даға шығарып жатыр. Ал­дағы уақытта өзіміздің об­лыс арқылы Қытайға тікелей шы ғартуға тырысамыз. Жоба басқармасына «Дерикарды» да енгіземіз. Қазір біз аудан­дардың бәріне айтып жатыр­мыз. Амандық болса, биыл об­лыста қырқылатын қой жүнінің барлығы осы фабрикаға өткі­зіледі деп ойлаймыз», дейді басқарма басшысы.

Шығыс Қазақстан облысы,Абай ауданы

Қой жүнін Қытайға экспорттайды

ӨНДІРІС ӨРІСІ

Page 12: E-mail: info@egemen.kz 22 АŽТАР, ДЙСЕНБІ †˛ірлік т ... · 2018. 1. 22. · су ресурсы, энергетика, инфра- ... өңір тұрғындарының

12 22 ҚАҢТАР 2018 ЖЫЛ

ҚАЗ-ҚАЛПЫНДА

Жалпыұлттық республикалық газет. 1919 жылғы 17 желтоқсаннан шыға бастады.

Меншік иесі:«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамы

Басқарма төрағасыДархан ҚЫДЫРӘЛІ

Басқарма төрағасының орынбасарыАйбын ШАҒАЛАҚ

Газет мына қалалардағы:Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «Ernur» Медиа холдингі» ЖШС,Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС,Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Типография Арко» ЖШС,Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к-сі, 4, «Сыр медиа» ЖШС,Ақтөбе қ., Смағұлов к-сі, 9/2 «Хабар-Сервис» ЖШС, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС,Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС,Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС,Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС,Орал қ., Достық-Дружба даң., 215 А, «WESTA» ЖШС,Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШСбаспаханаларында басылып шықты.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады.«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 6 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Газетті есепке қою туралы №01-Г куәлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республи касының Мәдениет және ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қа зақ стан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сәйкес сертификатталған.

Таралымы 206 459 дана

Нөмірдің кезекші редакторыМәдина КЕРІМҚҰЛ

Mекенжайымыз: 010008 АСТАНА, «Егемен Қазақстан» газеті көшесі, 5/13 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58аАнықтама үшін:Астанада: АТС 37-65-27, факс 8 (7172) 37-19-87; Электронды пошта: [email protected] Интернет-редакция: [email protected] Алматыда: 8 (727) 273-07-87, факс 8 (727) 273-07-87; Электронды пошта: [email protected] Маркетинг бөлімі: Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, 37-64-48, [email protected]Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-07-26, [email protected]А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мәтініне тапсырыс беруші жауапты.Газеттің жеткізілуіне қатысты сұрақтар үшін байланыстелефоны: 1499 («Қазпошта» АҚ)

Меншікті тілшілер:Астана – 8 (717-2) 37-54-21;Ақтау – 8 (701) 593-64-78;Ақтөбе – 8 (775) 336-47-57;Талдықорған – 8 (778) 652-24-02;Атырау – 8 (701) 553-36-53;Көкшетау – 8 (707) 778-01-72;Қарағанды – 8 (777) 949-64-77;Қостанай – 8 (701) 150-94-43;Қызылорда – 8 (701) 772-70-74;Орал – 8 (702) 886-01-87;Өскемен – 8 (777) 355-41-14;Павлодар – 8 (777) 449-74-78;Тараз – 8 (705) 915-60-04;Шымкент – 8 (701) 362-63-76; 8 (702) 608-91-98;Петропавл – 8 (777) 197-14-06.

ДИДАР

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Өткен ХІХ ғасырдың 40-шы жылдары қазақ даласында өрбіген ұлт-азаттық қозға лыс-тың көсемі Кенесары Қасым-ұлының сенімді серіктерінің бірі – шұбыртпалы Ағыбай батыр. Ол заманда шұбыртпалылар Балқаш көлінің түстік бетін жайласа, қыста Бетпақтың шөлін басып өтіп, Шудың бо-йын қыстайды. Осы елдің бір тобы жоғарыдағы көтеріліс жыл дары Сыр бойы Шиелі өңірі не ауып барыпты.

Сол тұста, нақтырақ айт-қанда 1880 жылдары Сыр-дария облысының Перовск уезіне қарасты Шиелі бо-лыстығына сайлау жүріп, қып шақ руынан Әлмем бет Тұр сын байұлы мен шұбырт-палы Әйеке Бекежанұлы екеуі болыстыққа таласқан екен. Содан қатты шиеленіс үстін-де қыпшақ Әлмембет шұбырт -палы Әйекені жазым етіпті.

Әйеке болса Ағыбай батыр-дың жақын руласы. Жаман хабар Арқадағы Ағыбайға да жетеді. Жасы шау тартып отырғанына қарамай, батыр жолға шығады. Ұзақ жол жүріп қаралы ауылға ат басын тірейді. Күллі шұбыртпалы «ой, ба-уырымдап» батырдың алды-нан шығады. Келіндер Әйеке болыстың қадір-қасиетін, байлық-беделін, кісілігі мен түсінігін жырға қосып, тың-даған пенденің сай-сүйегін сырқыратып жоқтау айтады.

Алыстан келген қарт ба-тырға мұндағы ағайындары: «Уа, батыр, ер – намысы, ел на-мысы деген, біздің аймақ қа бе-дел, аумаққа айбар арысы мыз оққа ұшты. Ел сіздің бір ауыз сөзіңізді күтіп отыр. Ағеке, жаудан бетіңіз қайтпаған батырсыз, ханның қасында жүріп, қазақтың жоғын жоқтап, жаудың оғына кеуде тосқан ерсіз. Батаңызды беріңіз, Әл-мем бетті шабамыз, қанға қан аламыз», дейді.

Едіреңдеген елге не айта-рын білмей Ағыбай батыр үнсіз ұзақ отырады да, «келіндерді шақыр, өткендегі жоқтауды қайта айтсын», дейді. Келіндер сұңқылдап жоқтай жөнеледі. Жанарын жас жуған қарт батыр, «Бұл жоқтауды кім шығарды?» деп ағайындарынан сұрайды. Көпшілік «Бұл жоқтауды Әйекеме арнап қыпшақ Бұда-бай ақын жазып берді», дейді. Сонда Ағыбай батыр: «Пай-пай, Әйекемді бір қыпшақ өлтірсе, екінші қыпшақ тірілт-кен екен, дау осымен біт сін, екі рулы ел бұдан былай байырғы құдандалығын жаң ғыртып, тату өмір сүрсін», деп бір-ақ кесіпті.

Ағыбайдың айтқаны – шұ-бырт палылар үшін заң. Қайран ер қыпшақ пен шұбырт палы арасында ушығып кеткелі тұрған дауды осылай басып-ты. Әрине қандас бауырының қазасы қанша жанына батса да, кейінгі ел бірлігі одан да қымбат екенін аңғарған қарт батыр осылай үкім етіпті.

Ұларбек НҰРҒАЛЫМҰЛЫ,«Егемен Қазақстан»

«Қособаның көлінде,Қоса кетті дегейсің,Маңдайынан қызыл қан,Жоса кетті дегейсің», де-

ген «Қыз Жібек» жырының үзіндісі арқылы көп қазақ-тың құлағында қалған, «қан жоса» дейтін тіркес арқылы әлі де қолданыста келе жатқан «жоса» сөзіне атақты Естай-дың «Еркем» дейтін әніндегі «үш қыз көрдім бауырында Жосалы ның...» деп жолдары арқылы соға кетудің сәті түсіп тұрғандай.

Жосалы – жердің аты. Алайда бұл атау қазақ өмірінде көп қолданылған, кейін келе қажеттіліктің азаюына бай-ланысты ұмыт болып кеткен заттың атауына байланысты аталғанына күмән жоқ.

Қазақ бұрын бояу, сыр бол-май тұрған кезде уық, кереге, шаңырағын жосалаған. Жоса

– табиғатта болатын табиғи бояу. Кәдімгі кесек топырақ секіл ді, бірақ топыраққа қара-ған да керіш қызыл түсті зат. Жосасы бар жота, сайлар көп бола бер мейді, жазғытұрым тез аңға рылады. Жердің миы езіліп, енді ғана көктемнің кебе құрғақ кезі басталғанда қып-қызыл бо-лып көзге түседі. Сол жерден оны күрекпен қа зып әкеліп суға езіп уық, кере гені жосалайды. Ол бір жағы киіз үйдің сәнін келтірсе, екін ші жағынан уық, кереге, шаңы рақ, күлдіреуіштер аумай, қисаймай қалпын сақтап тұрады.

Жосалы деп жердің атының аталуы жоса шыққан жер болған соң қойылып отыр. Жосалы деген жерлер Қазақстанда да, өзге шетелдегі қазақтар мекен еткен жерлердің бәрінде бар. Өйткені тегінде түгел қазақ ке-реге, уығына осы жоса ны пай-даланған. Түсінің қызыл болуы себепті оны үнемі «аузы-мұрны қан жоса болды» деп қан мен байланыстырып айтамыз.

Қайрат ӘБІЛДА,«Егемен Қазақстан»

Жаңа жабдықтарды мек-тептің ресурс орталығына әлеуметтік жобаның серіктесі

«Шаг» академиясы сыйға тартты. Ноутбуктер мен Arduino UNO роботтарын құ рас тыру және бағдар ла ма-лауға арналған 10 не гізгі жи-ын тықтарды «Робот-техника»

курсын оқып жүрген жоғары сынып оқушылары пайдала-натын болады. Бұл дәрістер оқушылардың ин женерлік ма шықтарын жетіл діріп, шы ғармашылық ой ларын шыңдай түсуге сеп тігін ти гі-зеді, сондай-ақ мате мати ка-лық модельдеуді дамытатын болады.

Қазір бастауыш және орта сынып оқушылары үшін Lego құрастыру пәндері өткізілуде. Бұл сабақтарда оқушылар құрастыру машығы арқылы сызба бойынша модельдер жа-сап, өздерінің шығармашылық жобаларын ұсынады.

Білім беру роботты тех-никасы жаңа педагогикалық технология ретінде балалар мен жастарды техникалық шығармашылыққа баулуға, құрастыру машығын дамы-туға, модельдеу және бағдар-ла малауға көмектеседі.

Алдағы уақытта жылжы-малы жаңа кабинетті Ақ-тоғай ауданындағы басқа да мек тептерінде пайдалану жоспарланған.

Прокурорға қой бақтырған ана

––––––––––––––––––––––––––––Жақында облыс прокуроры Құса­йын Игембаев өзінің фейсбук тегі парақшасында анасы туралы жаз­ба жариялап, жерлестері «батыр Баян» деп атаған ол кісінің өткір мінезді адам болғанын, бала тәр­биесіне қатаң қарағанын сөз етіп, қала про курорының орынбасары қыз метінде ауылға келгенде бастан өткерген оқиғасын, анасының өзін қалай сынағанын еске алыпты.––––––––––––––––––––––––––––Азамат ҚАСЫМ, «Егемен Қазақстан»

Сол жазбадан үзінді келтіруді жөн көрдік. «Сенбі күні шай үстінде анам «жаңалық» айтады. «Балам, кезекті сұрап алдым, ертең қой бағасың», дейді. «Мама-ау, келесі апта жұмыс көбейіп тұр. Бір жексенбі демалайын. Осы жолы ақша төлеп, біреуге бақтырайықшы», деймін ғой. Анам көнбейді. «Мен ба-ланы қойымды біреуге бақтыру үшін тапқан жоқпын». Айтты – кесті, шаруа бітті. Таңертемен мал өріске шығады. Сол жерде ауылдың үлкендері жинала-ды. Олар үшін мен прокурор емеспін, баяғы Құсайынмын. «Әй, Құскен, қойды ана төбеден құлатқанда құдыққа түсіріп алма, арғы ойпаңда сымдар жатыр. Мал оралып қалмасын», деп ақыл-кеңестерін айтады. Сол кеткеннен шаң-шаң болып, шаршап-шалдығып күн бата бір-ақ келесің. Әйеліңнің жани ашиды, бірақ қолынан келетін дәрмені жоқ. Анам бол-са «шаршадың ба?» демейді, «елдің малы түгел ме?» деп сұрайды. Мен түсінбеймін және ішімнен ренжимін. Көп жылдар өтті. Түсінік енді келді. «Қызметте жүр ғой. Кеудесін көтермесін, тәкаппар бол-масын, халықпен жүрсін» деп әдейі істеген екен ғой. Қайран, анашым! Осының бәрін қайдан білдің екен?!», деп тебіреніпті прокурор.

Әншейінде салмақты, салиқалы дүниелерді сырт айналып өтіп, атыс-ша-быс, ұрыс-керіс, өсек-аяң төңірегіндегі тақырыптарға құмырсқадай үймелеп лайк басатын жұрттың бұл жазбаға ерек-ше назар аударып, тұшына оқып, пікір білдіріп, бөлісіп жатқанын аңғардық. Аңғардық та бүгінгі ұрпаққа Баяндай ұлағатты аналарымыздың тәрбиесі жетпей жатқанын жан жүрегімізбен сезінгендей болдық.

Шығыс Қазақстан облысы

Азамат ҚАСЫМ, «Егемен Қазақстан»

Экзотикалық жәндіктер мен жануарларды көргіңіз келсе, Глубокое ауданының орталы ғын-дағы Балалар шығар машылық үйіндегі «Биоорталыққа» қарай тартыңыз. 38 түрлі жән дік пен жа-нуар мекен ететін орта лықтың ашы-луына Өске мен дегі С.Аманжолов атын дағы Шығыс Қазақстан мемлекет тік университеті био-логия факуль тетінің түлегі Тілек Дәлетбеков түрткі болыпты. «Өзім Марқакөл өңірінің тумасы болғандықтан табиғатты ерекше жақсы көремін. Кішкентайымнан жан-жануарлардың тіршілігі, сан алуан өсімдіктердің әдемілігі қызық тыратын. Олармен адамша сөй лесіп, тілдесетін едім. Бүгін-де бұл іс менің кәсібіме айнал-ды. XХІ ғасыр – техниканың, компью тердің ғасыры ғой. Жас-тар дың дені бос уақыты бола қал са ғалам тордан көз алмайды. Бұл орталықты ашудағы негізгі мақсатым да балалардың ойын басқа жаққа бұру, табиғатпен ете-не жақын болып өсуіне жағдай жа-сау еді», дейді жас биолог.

Тілектің айтуынша, 2013 жылы

жұмысын бастаған орталықтағы жануарлар саны жылдан жылға көбейіп келеді. Бүгінде мұндағы құстардың саны 13-ке, бауыры-мен жорғалаушылар мен кемір-гіштердің саны онға жетіп жығы-лыпты. Экзотикалық өрмекшінің саны – 35. Тілек мұндағы әрбір тіршілік иесінің мінезін, көңіл күйін өте жақсы біледі. Осындағы жәндіктер мен жануарлардың әрқайсысы туралы сағаттап әңгіме айтуға бар. Мәселен, мына бір

игуана дейтін кесіртке негізінде Оңтүстік Америкада тіршілік етеді екен. Қазір шамамен екі жас-та. Бұл тіршілік иесі үш метрге дейін өсетін көрінеді. «Оларды отанында динозаврдың ұрпақ-тары деп айтады», дейді Тілек. Ал аустралиялық «сақалды агама» деп аталатын кесірткенің тұрқы әзірге кішілеу болғанымен, оның да ұзындығы өсе келе 60 санти-метрге дейін жетеді.

Орталық жетекшісі 2016 жылға

дейін Белоусовка кентіндегі №1 мектепте оқушыларға биоло-гия пәнінен сабақ беріпті. Бірақ кейін бүкіл уақытын тек осы үйір-меге ғана арнауды жөн деп ұй-ғарыпты. Өйткені «Биоор талық-тағы» жәндіктер мен жан уар -лардың қатары көбейген са йын оларға қарайтын уақыт керек. «Мұндағы тіршілік иелерінің барлығы бала секілді. Ерекше күтімге, жылулыққа мұқтаж. Өз жұмысымды жақсы көргендіктен, орталыққа сенбі, жексенбі күндері де келемін. Оқушыларым да де-малыс күндері келеді. Оларға күнде бір қызықты мәлімет ай-тып, пайдалы ақпарат беруге ты-рысамын. Балалар өрмекшілерді, хамелеондарды көріп, ұстағысы келеді. Менімен бірге тамақ беріп, олардың әрекетін қызыға бақы-лайды. Сондай сәттерде мен өзім-нің ұстаздық арманыма қол жеткіз-гендей сезімде боламын. Бала лар-дың қызығушылығы бар, демек ең бегімнің зая кетпегені», дейді ол.

Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы

Суреттерді түсіргенТілеубек ШАЯХМЕТ

ШЕНДЕСТІРУ

Қазақ – қашанда қазақ!

Сан соқпақ сақараны шиырлаған,Тарқату тағдырларын қиын маған.Асатын азаттыққа Абылай жолыОл кезде Алашыма бұйырмаған.

Тауқымет.Талай нәрсе арман еді.Түрксібті арып-ашып салған еді.Тальгоға жеткен мына заманымдаҚазағым тебіреніп тәубе деді!..

Қорғанбек АМАНЖОЛ,«Егемен Қазақстан»

Жоба авторы Айдарбек ҒАЗИЗҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

ҒИБРАТ БӘРЕКЕЛДІ!

МІНЕ, ҒАЖАП!

СӨЗ ТӨРКІНІ

Ағыбай батырдың үкімі

Үш қыз көрдім бауырында Жосалының...

Робот-техника ауылға адымдады–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Ақтоғай ауданындағы Шашубай кентінің тірек мектебінде робот­техникаға арналған заманауи оқу кабинеті ашыл­ды. Шараның тұсаукесеріне «Шаг» компьютерлік академиясының директоры И.Рыбкин, «КАЗБРЕНД» ҚҚ директоры И.Кошляк, ата­аналар және мұғалімдер мен оқушылар қатысты. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Экзотикалық жәндіктер әлемі