ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНАНА ҮЗІНДІ КӨШІРМЕ … korina...ЗЕЙНЕТАҚЫ...

Post on 03-Mar-2020

29 Views

Category:

Documents

0 Downloads

Preview:

Click to see full reader

TRANSCRIPT

ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНАНА ҮЗІНДІ КӨШІРМЕ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Зейнетақы аударымдары туралы үзінді көшірме гранттық конкурстың қатысушысы

болуға сауалнаманы тіркеу үшін қажет.

Бұл үзінді көшірмені сіз Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) немесе

Халыққа қызмет көрсету орталығынан (ХҚКО) өздеріңіз де, аталған ұйымдардың сайттарынан

электрондық түрде де ала аласыз.

Үзінді көшірмелерге қойылатын негізгі талаптар – үзінді көшірмеде зейнетақы

қорына 2017 жылғы 1 мамырдан бастап 2018 жылғы 1 маусымға немесе өтінімді беру

күніне дейінгі, яғни соңғы жыл үшін түсімдердің көрінуі.

Гранттық конкурсқа қатысу үшін жарайтын зейнетақы аударымдары туралы үзінді

көшірмелердің үлгілерімен танысыңыздар (1-қосымша).

Егер сіз бір жылдан астам жұмыс істемесеңіз, сіз барынша ұзақ кезеңге үзінді көшірмені

тіркей аласыз (2-3 жыл).

Үзінді көшірмені электрондық түрде 2 тәсілмен алуға болады:

1. Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорының сайтынан - enpf.kz (2-қосымша)

2. Электрондық Үкіметтің сайтынан - egov.kz (3-қосымша)

Егер сізде ешқашан зейнетақы аударымдары болмаса және зейнетақы қорымен шарт

жасалмаса, сіз БЖЗҚ-нан шарттың болмауы туралы хат сұрата аласыз (10 жұмыс күні).

Сауалнаманы тіркеу мерзімдерін жеделдету үшін, сізге тұрғылықты жеріңіз бойынша

бөлімшеге хабарласып, БЖЗҚ-мен шарт жасауды және зейнетақы аударымдарының болмауы

туралы үзінді көшірме алуды (0 теңге) ұсынамыз. Аталған шарт пен үзінді көшірмені

қатысушының сауалнамасына тіркеуге болады.

Егер сіз шартты 2018 жылғы маусымда жасасаңыз, онда сауалнамаға тек қана зейнетақы

шотын ашу туралы шартты тіркеуге болады.

Шартты жасау және сүйемелдеу тегін, өзімен бірге жеке куәлік болу керек.

Сіз қазіргі кезде жұмыс істемесеңіз де зейнетақы қорымен шарт артық болмайды. Ол

сізге болашақта қажет болады. Егер сіз 36 айдың ішінде зейнетақы қорына қаражаттар

аудармасаңыз, шарттың күші автоматты түрде жойылады.

1-қосымша БЖЗҚ-нан үзінді көшірменің үлгісі (2 парақ)

ХҚКО-нан немесе E-gov порталынан анықтаманың үлгісі

2-қосымша

Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ)

enpf.kz порталындағы жеке кабинеттен зейнетақы аударымдары

туралы үзінді көшірме алу бойынша нұсқаулық

«ЖЗШ-дан үзінді көшірме» сілтемесін

басыңыз

Үзінді көшірменің 2017 ж.1.05. бастап 2018

ж.1.06. дейінгі кезеңін таңдаңыз (немесе өтінімді

беру сәтіне кешірек)

Сізге 2 парақта PDF

форматындағы зейнетақы

аударымдары туралы үзінді

көшірме қолжетімді болады, онда

сұраныс кезеңі көрсетіледі. Сіз

құжатты жүктеп, қатысушының

сауалнамасына тіркей аласыз.

3-қосымша

Электрондық Үкіметтің egov.kz сайтынан зейнетақы аударымдары туралы

үзінді көшірме алу бойынша нұсқаулық

1-қадам. Басты бетте «Әлеуметтік қамтамасыз ету» бөлімін таңдаңыз.

2-қадам. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының)

зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі

туралы ақпарат беру» қызметін таңдаңыз

3-қадам. Қызметті онлайн сұраңыз

4-қадам. Үзінді көшірменің 2017 ж.1.05. бастап 2018 ж.1.06. дейінгі кезеңін

таңдаңыз (немесе қатысушының сауалнама толтыру сәтіне кешірек)

5-қадам. Электрондық цифрлық қолтаңбаны таңдап, құпиясөзді енгізіңіз

6-қадам. Сұраныстың өңделуін күтіңіз және PDF форматында үзінді көшірмені

алыңыз. Сіз құжатты жүктеп, қатысушының сауалнамасына тіркей аласыз.

top related