bilim land · web view4.2.1.2. мәтінді іштей көз жүгіртіп,шолып,...

10
Тексерілді: №31 сабақ Пән: Әдебиеттік оқу Мектеп: Құмсай негізгі орта мектебі Күні:20.11.2019ж Мұғалімнің аты-жөні: Сынып: 4-сынып Қатысқандар саны: 4 Қатыспағандар саны: Сабақ тақырыбы Ұлттық ойындарымыз Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 4.2.1.2. мәтінді іштей көз жүгіртіп,шолып, түртіп алып, сұрақтар қоя отырып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып оқу,сын тұрғысынан бағалап оқу 4.1.5.1 өз ойын, сезімін, көзқарасын өмірде болған, өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып білдіру Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: Ұлттық ойындар туралы мәліметтерді еске түсіріп, таныстырылым жасап айтады. Оқушылардың басым бөлігі: Ойын ережесін құрастыра алады. Кейбір оқушылар: Сөйлеу барысында ым- ишара,қимылды пайдалана алады. Жетістік критерийлері Сөйлеу барысында ым-ишара, қимылды пайдаланады. Сөйлеу барысында көрнекіліктер, таныстырылымлар қолданады. Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. Пәнаралық байланыстар Дүниетану, дене шынықтыру Ресурстар Оқулық, кеспе қағаздар, суреттер, ойынға қатысты құралдар Тілдік мақсаттар Ойын-игра , жігіт- парень, ұпай- очко, мерген -стрелок , қызық - интересное Әдіс-тәсілдер Әңгімелеу, бірлесіп оқу, ойын, сұрақ- жауап, рефлексия АКТ қолдану дағдылары Дерекқордан және интернеттен ақпаратты іздеу; Бастапқы білім Мәдени мұра бөлімі бойынша сұрақтар мен жауап, бейнелі суреттер арқылы шолу жасау Сабақтың барысы Сабақтың Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурста

Upload: others

Post on 07-Jul-2020

9 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: BILIM Land · Web view4.2.1.2. мәтінді іштей көз жүгіртіп,шолып, түртіп алып, сұрақтар қоя отырып, қажетті ақпаратты

Тексерілді: №31 сабақ

Пән: Әдебиеттік оқу Мектеп: Құмсай негізгі орта мектебіКүні:20.11.2019ж Мұғалімнің аты-жөні: Сынып: 4-сынып Қатысқандар саны: 4

Қатыспағандар саны: Сабақ тақырыбы Ұлттық ойындарымызОсы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.2.1.2. мәтінді іштей көз жүгіртіп,шолып, түртіп алып, сұрақтар қоя отырып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып оқу,сын тұрғысынан бағалап оқу 4.1.5.1 өз ойын, сезімін, көзқарасын өмірде болған, өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып білдіру

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: Ұлттық ойындар туралы мәліметтерді еске түсіріп, таныстырылым жасап айтады. Оқушылардың басым бөлігі: Ойын ережесін құрастыра алады. Кейбір оқушылар: Сөйлеу барысында ым-ишара,қимылды пайдалана алады.

Жетістік критерийлері Сөйлеу барысында ым-ишара, қимылды пайдаланады.Сөйлеу барысында көрнекіліктер, таныстырылымлар қолданады.

Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар Дүниетану, дене шынықтыруРесурстар Оқулық, кеспе қағаздар, суреттер, ойынға қатысты құралдарТілдік мақсаттар Ойын-игра , жігіт- парень, ұпай- очко, мерген

-стрелок , қызық - интересноеӘдіс-тәсілдер Әңгімелеу, бірлесіп оқу, ойын, сұрақ-жауап, рефлексияАКТ қолдану дағдылары Дерекқордан және интернеттен ақпаратты іздеу; Бастапқы білім Мәдени мұра бөлімі бойынша сұрақтар мен жауап,

бейнелі суреттер арқылы шолу жасауСабақтың барысыСабақтыңжоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

Сабақтың басы

«Кездесу» ойыны Жай әуенмен шеңбер болып айналады, әуен тоқтаған кезде бір-біріне қарап, баланың қасиетін айтады.(Еңбекқор, білімқұмар, адамгершілігі мол, сыйлы, қайрымды, досқа адал,қайырымды, батыр т.б)Жұмыс ережесін келісу

Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!Уақытты үнемдейміз!Нақты,дәл жауап береміз!Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Музыкалық әуен

Page 2: BILIM Land · Web view4.2.1.2. мәтінді іштей көз жүгіртіп,шолып, түртіп алып, сұрақтар қоя отырып, қажетті ақпаратты

Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары беріледі. «ВЕЕР» әдісі

Қағазды веер пішінінде бүктеп, бірінші оқушы бір бөлігіне сабаққа қатысты сұрақтар жазып шығады, екінші оқушы екінші бөлігіне қысқаша жауап жазып тапсырады.«Мәдени мұра» бөлімі бойынша алған білімдерін жазады.Мәлени мұра- жалпыадамзаттық мәдениеттің бір бөлігі. Бабаларымыздан бүгінге дейін жеткен тарихи ескерткіштер, көне қалаларимен жазбалар, ұлттық спорт, ойын, өнер түрлері, қару-жарақ, бұйымдар, ауыз әдебиеті, мерекелер иен әдет –ғұрып, салт- дәстүрлер мәдени мұраға жатады. (МК, Т) «Есіңе түсір» айдары бойынша оқулықта берілген суреттерді негізге ала отырып: «Қай ұлттық ойындардан спорттық жарыстар өткізіледі? Басқа қандай ұлттық ойын түрлерін білесің?» деген сұрақтарға жауап іздейді.

Бейнеролик көрсетіледі «Спорттық ойындар»Дескрипторы: Сұрақтардың жауабын дәлелдермен негіздеп айтады.

ҚБ:«Ду қол шапалақ» әдісі

Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары

Суреттер,слайд

Сабақтың ортасы

Мағынаны тану Оқулықпен жұмыс(Ұ, Ж) «Бірлесіп орында» әдісі бойынша «Орамал тастау» ойынын ойнайды.

Тапсырмалар: (суретті қатыстыра отырып, мақал құрау)1. Шебердің ортақ

Шешеннің сөзі ортақ

2. Жігітті намыс өлтіреді, қамыс өлтіреді

3. Баланың тілі ...

4.Дескрипторы:1. Іштей оқып, ойын ережесін жұбына түсіндіріп айтып

береді.2. Жұптық болып ойнайды.ҚБ:«Смайлк» тарату

Кеспе қағаздар,орамал

Page 3: BILIM Land · Web view4.2.1.2. мәтінді іштей көз жүгіртіп,шолып, түртіп алып, сұрақтар қоя отырып, қажетті ақпаратты

«Білгенге – маржан» әдісі «Ұлттық ойындар» бейнеролик

Асық атаулары Асықтың түсуіне қарай атауы

Сурет: Сақа – үлкен асық. Топай – сиырдың асығы. Кеней – ұпайға тігілетін кішкентай асық.Ешкімер – ешкінің асығы. Қойлақ – қойдың асығы.

Бүк Тәйке Шік Алшы Оңқа Шоңқа

(Т) «Бірге ойнаймыз» әдісі бойынша оқушылар «Хан ойыны» атты таныстырылым жасап, оны ойнайды.1. «Хан» ойыны Мақсаты: Балаларды асық түрлерімен, асық атауларын таныстыру.Асық түстерін атау. Ептілікке, мергендікке баулу. Бұл ойынға 5 немесе 10 бала қатыса алады.Көп асықтың ең ірісін қызыл түске бояп қояды.Бұл асық «хан» асығы. Кезекпен барлық асықты жинап алып, қос қолдап шашып тастап отырады.Кейде «хан» көп асықтың астына басылып,көрінбей қалса , асықты иіруші: «Ханды қара басты!»-деп айқайлайды.Асықтар тізіліп қойылады да бастаушы хан асығымен оларды көздеп құлатады.Құлаған асықтарды жинап алады.Егер хан асығы бүк,шік,тайқы-қалыптарымен түссе,бастаушы жақын құлаған асықтарды ата береді.  Егер бастаушы асықтарды қолымен құлатып алса немесе басқа асықтарымен атса,онда ойынды келесі балажалғастырады.Ең соңында хан асығы кімнің қасында қалса,сол бала жеңіске жетеді.Келесі ойынды жеңіске жеткен бала жалғастырады. 

«Ұлттық ойындар» бейнероликСлайд, асық

Page 4: BILIM Land · Web view4.2.1.2. мәтінді іштей көз жүгіртіп,шолып, түртіп алып, сұрақтар қоя отырып, қажетті ақпаратты

Шығармашылық тапсырма: Ребус шешеу

(алтыбақан)

«Бір қадам артқа» әдісі бойынша «Үш табан» ойынын ойнау2.«Үш табан»Мақсаты: Асық түрлерімен, асық атауларын таныстыру.Асық түстерін атау. Ептілікке, мергендікке баулу.Ұлтжандыққа тәрбиелеу.Ойыншылар тегіс жерді таңдайды. Ортасына түзу сызық сызады. Оған жағалай асық тізеді. Ойынды бастаушы асық тізілген жерден үш табанға тең аралықты белгілеп алып, шеңбер тартады. Ойыншылар шеңберге кірмей (баспай) ортадағы асықты атады. Сақа тиген асық міндетті түрде шеңберден шығуы керек. Кім көп асықты атып шеңберден шығарса сол ұтады.

3 «Кім епті?»әдісі бойынша «Хан талапай»ойынын ойнау Асықпен ойналатын ойынның тағы бір түрі — «Хан талапай». Бұл отырып ойналатын, негізінен қыз балаларға арналған ойын..Ойынға қатынасушы балалардың санына шек қойылмайды. Олар ойын жүргізушінің айналасына жарты шеңбер құрып отырысады. Ойын жүргізуші қолындағы асықты «хан талапай» деп ортаға қарай шашып жібереді. Отырғандар тез - тез жиып алулары керек. Кім аз жиып алса, сол жеңілген болып есептеледі.

Жеңілген бала суреттегі ойын атауын табады.

(Жамбы, ақсүйек, көкпар, тоғызқұмалақ) Дескрипторы:1. Ойын шартын түсініп оқып, танысады.2. Бұл ойын барысында ойыншы қандай болу керектігін сипаттайды.ҚБ:«Ду қол шапалақ» әдісі

Page 5: BILIM Land · Web view4.2.1.2. мәтінді іштей көз жүгіртіп,шолып, түртіп алып, сұрақтар қоя отырып, қажетті ақпаратты

Тақырыптық мақалды айту. Асық ойнаған – азбайды

Ертеде қазақ халқы асықты бала кезде қолына алып, жас кезінен бастап ойнай бастайды. Тіпті бала тумай жатып , жас нәрестеге арнап асық жинайтын болған. Асық ойынының ерекшелігі және оның сан қилылығы: асықпен үйде де,далада да ойнауға болады.Халқымыз асықты қастерлеген.Мысалы қазақта “асығың алшысынан түссін” деген сөз бар. Асық ойнаған кезде кімнің сақасы алшысынан түссе, сол бірінші атады. Асықтың алшы түсуі оның иесінің басымдыққа жеткізеді. Сәті түсіп, жолы болып тұрғандығын білдіреді.

Дәптерменжұмыс. 2-жаттығу. Асықтың түсуін суретімен сызып қосДескриптор: дәптердегі тапсырманы дұрыс орындай алады.

ҚБ: Жұлдызшалармен қолпаштау

Сергіту сәті «Көтермек » ойны Ортаға екі ойыншы бала шығады.Бір-біріне арқаларын беріп тұрады.Белгі бойынша кім бі\ріні бірін- бірі арқада көтеріп алса,сол бала жеңіске жетедің.Жеңіске жеткен бала ойында қала береді де басқа балалармен бірге күш сынасады.

(ЖТ) «Пікіріңді айт» айдары бойынша әр оқушылар төмендегі сұрақтарға қатысты пікірлерін айтады.1. Асық ойындарын ойнап көрдің бе?2. «Хан» ойыны ертедегі ұлттық ойын екенін қалай білдің?3. Қазіргі кезде не себепті асық ойындары сирек ойналады? 4. Иіру, ату, көздеу іс-әрекетттері не үшін қажет?

Дескрипторы: Оқушылар тақырыпқа қатысты ойларын ортаға салады.

Оқушылар сергіту сәтін жасайды.

Сабақтың соңы

Рефлексия (Т) «Домино» әдісі бойынша өздері ұнатқан бір ойын атауы мен ережесін жазады.Дескрипторы: 1. Ойын аты.2. Пайдаланылатын құралдары немесе ережесін жазады.

ҚБ: марапаттау сөздерКері байланыс: «Жамбы ату» әдісі

Сабақтағы жетістіктерім

Page 6: BILIM Land · Web view4.2.1.2. мәтінді іштей көз жүгіртіп,шолып, түртіп алып, сұрақтар қоя отырып, қажетті ақпаратты

Үйге тапсырма: Отбасындағы үлкендерден ойнаған ойындары туралы сұхбат алып, кесте түрінде жазуОйын атауы Ойын

құралдарыОйынережесі

Ойынды кімойнаған?

Қосымша ақпарат

Саралау. Сіз қосымша көмек көрсетуді қалайжоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларғақандай міндет қоюды жоспарлайсыз?

Дереккөздер: Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым

күрделі дереккөздермен жұмыс істей

алады.

Бағалау. Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау парақтары

Сабақ бойынша рефлексияСабақтың оқу мақсаты шынайы ма?Бүгін оқушылар не білді?Сыныптағы ахуал қандай болды?Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?Мен сабақжоспарымды орындап үлгердім бе?Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не

білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

1.

2.

Page 7: BILIM Land · Web view4.2.1.2. мәтінді іштей көз жүгіртіп,шолып, түртіп алып, сұрақтар қоя отырып, қажетті ақпаратты

Құмсай негізгі орта мектебі

Сабақ тақырыбы:

2019-2020 оқу жылы

«Ұлтты

қ ойындарымыз

»

Әдебиеттік оқу 4 сынып