Жарқын болашақтың 100 оқулығы
3
www.facebook.com/zhaikpress twitter.com/zhaikpress www.instagram.com/zhaikpressГазет 1917 жылдың 28 шілдесінен бастап шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған
ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚСАяСИ ГАЗЕТ
+ 90 С+ 20 С
СЕНБі,21 сәуір 2018 жыл
№44 (20608)
www.oraloniri.kz
www.facebook.com/oraloniri
www.oraloniri.kz
11
Жылқы шаруашылығы мемлекеттік қолдауға зәру
Oral óńіrіOral óńіrі
АРҒЫМАҚ АҚПАРАТТАР
Таяуда ҚМДБның тапсырмасымен облысымыздағы барлық мешіттерде сенбілік ұйымдастырылды.
Министр мамандармен кездесті
2
7
76 жылдан кейін табылған дерек
Ұлы Отан соғысы кезінде «Хабарошарсыз кетті» деген сықылды соңынан хабар келгеннің ұрпақтары бүгінде сол атасы, әкесі хақында деректерді тауып жатыр. Сондай ізтүзсіз кеткендердің бірі – соғыс сарбазы Наурыз Айтқалиев.
Өңірімізге жұмыс сапарымен келген ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ең алдымен ат басын №3 қалалық емханаға бұрды. Облыс әкімі Алтай Көлгіновпен бірге емхананы аралап, дәрігерлермен сөйлескен министр цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен танысты...
Сенбілік кезінде облыстық орталық мешіттің ауласы қоқыстан тазартылды.
Қоқыс сыртқа шығарылып, ағаш діңгектеріне әк жағылды. Сондайақ тас төсеніштердің жиектері де жаңартылды. Мұндай тазалық шаралары қала, аудан және ауыл мешіттерінде де өтті. Сауапты амалда санаспай, жақсылықты жа
рыса жасаған мешіт қызметкерлері жаңадан отырғызылған жас шыбықтарды суарды. Алла Елшісі Пайғамбарымыз (Алланың оған са лауаты мен сәлемі болсын!) бір
хадисінде: «Бір адам бір ағаш отыр ғызса, дәптеріне отырғызған ағашының жемісіндей сауап жазылады», – деген. Ендеше, сауапты амалымыз көп болсын.
Мешіттерде сенбілік өтті Жуырда Атырау облысы Индер ауданында аймақтық «Елім дейтін ұланбыз» атты оқушылар арасында ақындар айтысы өтті.
Жас ақынның кезекті жүлдесі
Онда республикалық ақындар айтысының бірнеше дүркін жүл дегері, қаратөбелік Райымбек Өтепов І орынға ие болды.
Батыс аймақтың төрт облысынан 20ға жуық жас ақыны қатысқан додада Райымбек екі кезең бойы мықты ақындармен айқа
сып, үздіктер қатарынан көрінді. Облысымызға танымал ақын
Ертай Бимұхановтан тәлім алатын Райымбек – Қаратөбе өңірінде қа лыптасқан ақындар мектебінің мерейін өсірген, аға буын өкілдерінің ізін жалғап келе жатқан жас ақындардың бірі.
Құттықтаймыз!
AQPARAT2 Сенбі, 21 сәуір 2018 жыл Oral óńіrіOral óńіrі
– Жалпы электрондық кезек жүйесін қолданудың түк қиындығы жоқ. Ол үшін науқастың жеке куәлігіндегі жеке сәйкестендіру нөмірін мониторға жақындатамыз. Сол кезде мониторға па циент туралы мәліметтер шығады, – дейді өз жұмыстары туралы министрге түсінік беріп жатқан мамандар. Кездесу барысында министр науқастардың қалжайын сұрауды да ұмытпады.
Одан кейін Денсаулық сақтау министрі облыстық клиникалық
ауруханада болып, қағазсыз құжат толтыру және триаж жүйесі бойынша жүргізіліп отырған жұмыстардың барысымен танысты. Айта кетейік, Батыс Қазақстан об лысы қағазсыз құжат толтыру процесінде пилоттық жобаны іске асыратын алаң болып табылады. Сондықтан Денсаулық министрі осы бағыттағы жұмыстарға баса назар аударды. Әсіресе, науқастарға жедел қызмет көрсету мақсатында қолға алынған триаж жүйесінің өз ерекшелігі бар.
Министр мамандармен кездесті
Өңірімізге жұмыс сапарымен келген ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ең алдымен ат басын №3 қалалық емханаға бұрды. Облыс әкімі Алтай Көлгіновпен бірге емхананы аралап, дәрігерлермен сөйлескен министр цифр-ландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Соның ішінде электронды кезек жүйесі, «Пациент кабинеті» мобильді қосымшасы қалай іске асып жатқандығын көріп, медицина қызметкерлерімен пікірлесті.
Едендегі қызыл, сары, жасыл жолақтар науқастың қай топқа жа татындығынан хабар береді. Мәселен, қызыл түс – ауыр дәреже, сары түс – орта дәреже, жасыл түс – тексеріліп, көмек көрсеті летін дәрежедегі науқастар екендігін білдіреді. Бұл жүйе бойынша науқастарға бірнеше дәрігер шұғыл көмек көрсетеді.
– Пациент туралы электрон ды жазудың тиімділігі көп, уақыт кетпейді. Тезтез толтырып, нау
қастың өзімен көбірек сөйлесуге уақыт болады. Ең бастысы, нау қас туралы барлық мәлімет базада тұрады. Бұрынғыдай қағаз ақтарып отырмаймыз. Науқастың қабылдау бөлімшесіне шағым айтып келгенінен бастап, ем алып немесе ота жасалып, ауруханадан шығып кеткенге дейінгі аралықтың бәрі электронды толтыры лады, – дейді электронды жұмыстың тиімділігін айтқан ауруханадағы мамандар.
Сәулелікдиагностика бөлімшесінде магниттікрезонанстық томографияның жұмысы туралы баяндаған мамандар күніне 1217 адам қаралатындығын, бір адам ды тексеруге жарты сағат уақыт кететіндігін айтты. Осы тұста облыс әкімі Алтай Көлгінов мемлекеттікжеке меншік әріптестік аясында «Дженерал электрик» фирмасынан жаңа МРТ аппараты алынатынын жеткізді. Екі бірдей денсаулық сақтау ұйымының жұмысымен танысқан министр электронды құжат айналымына көшу, пациенттердің онлайн тір келуі мен терминал арқылы дәрігердің қабылдауына жазылу жү йесі мәселелеріне баса назар аударды.
– Медициналық қызмет – сапалы әрі тез, кез келген тұрғынға қолжетімді болуы тиіс. Осы мақ сатта Батыс Қазақстан облысында пилоттық жоба қолға алынды. Қазіргі күнде медициналық ұйым дар қағазсыз құжат толтыруға көшуде. Жобаның басты мақса ты – қызмет сапасын арттырып, пациенттерге жағдай жасау, дәрі герлерді қағазбастылықтан арылту. Бұл бағытта Батыс Қазақстан облысында ілгерілеушілік байқалады. Одан бөлек, жедел жәрдем қызметінің де талапқа сай болуы маңызды. Елімізде көптеген адам жазатайым жарақат алып, жедел дәрігер көмегіне жүгініп жатады. Өкінішке орай, осы тұрғыда кей бір көрсеткіштер басқа мемлекеттерге қарағанда төмендеу. Осындай шұғыл жағдайда жедел жәрдем көлігінде науқасқа бірінші сағаттарда дұрыс көмек берілуі тиіс. Сондықтан да еліміздегі барлық облыстық аурухананың қабылдау бөлімшелері жаңғыртылып, триаж жүйесіне көшірілуде. Айта кететін жайт, өзге өңір лермен салыстырғанда Батыс Қа зақстан облысының денсаулық сақтау бағдарламасының инди каторлары жоғары. Мәселен, ана мен бала өлімінің көрсеткіштері төмен, науқас саны үнемі бақы лауда. Денсаулық саласындағы инвестиция көлемі де жыл сайын өсіп келеді, – деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов журналистерге берген сұхбатында.
Гүлжамал КЕНЖЕҒАЛИЕВА,«Орал өңірі»
Суреттерді түсірген Айбатыр НҰРАШ
Тіл тазалығына ерекше мән беру керек
Облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өт
кен байқауға 26 үміткер қатысты. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтіп, көркем әдебиетті насихаттауды жандандырып, та лантты жастарды іздеп табуды мақсат еткен байқауға 1622 жас
Қадыр Мырза Әли атындағы өнер және мәдениет орталығында дәстүрлі Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқулары байқауы өтті.
аралығындағы оқушылар мен студенттер қатысты. Байқау да бақ сынаған өрімдей жастар Оралхан Бөкейдің және бас қа да қазақтың бел гілі қаламгерлерінің прозалық, драмалық шығармаларынан үзінді оқыды.
Байқауға үміткерлер барынша дайындалған. Әр сөзінің мәнма
ғынасын жүрегімен сезініп, оқы ған шығармасын мөлдіретіп жеткізе білген өрендер аз болған жоқ. Телефонға телмірген заман да кітап оқитын жастардың бар екеніне шын қуандық. Байқаудың сарапшылары үміткерлердің көркем мәтінді оқу шеберлігіне, дауыс мәнеріне және тіл тазалығы на, көркем мәтінді таңдау талға мына, сахнада өзінөзі ұстауына баса назар аударды. Тағы бір бай қағанымыз – үміткерлердің жартысына жуығының тіл тазалығы
на мән бермейтіндігі. Біразы «ң» дыбысын «н» дыбысымен шатыстырып жатты. Бұл оларды оқы тып жүрген қазақ тілі мен әдебие ті пәнінің мұғалімдеріне сын бо ларлық дүние деп ойлаймыз.
Сонымен үш сағатқа созылған байқау нәтижесінде М. Өтемісов атындағы БҚМУдың студенті Ер нұр Кінәмаев бас жүлде, индустриалды колледждің оқытушысы Бақтияр Қалиев бірінші орынға ие болды. Жеңімпазжүлдегерлер бағалы сыйлықтармен, алғысхаттармен марапатталды.
Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ,«Орал өңірі»
qOǵaM 3Сенбі, 21 сәуір 2018 жылOral óńіrіOral óńіrі
БҚО Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғайса Қапақовтың айтуынша, әлем халықтарының кіл маржан кітап тарының ана тілімізде тәржімаланып, білім беру жүйесіне енгізілуі – еліміздегі білім мен ғылымның дамуы жолында жасалған аса ма ңызды қадам. «Жаңа гуманитар лық білім: қазақ тіліндегі 100 жа ңа оқулық» жобасының жүзеге асу барысы мен алдағы мақсаттар жайлы әңгімелеп берген Ғайса Хамидоллаұлы оқулықтардың фи лософия, әлеуметтану, психология, дінтану, мәдениеттану, тіл бі лімі, антропология, экономика, ме неджмент және кәсіпкерлік ба ғыттарды қамтығанын, сондайақ жыл соңына дейін 30 оқулық тәржімаланып, оқырманға жол тар татынын жеткізді.
– Бұған дейінгі мемлекеттік бағ дарламалар экономиканы, әлеуметтік және саяси салаларды да мытуға негізделсе, Елбасының «Бо лашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан туындаған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қо ғамдық сананы жаңғыртуды мақсат тұтады. Сол себепті «Жаңа гу манитарлық білім: қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасында гу манитарлық бағыттағы оқулықтардың аударылуына басымдық беріліп отыр. Оның үстіне еліміз де негізгі іргелі ғылымдарға ар налған оқулықтар бұған дейін де аударылып келді. Қазақ тіліне ау дармас бұрын кітаптар мұқият іріктеуден өтті. Ең басты талап – әлемдегі ең мазмұнды, таралымы жоғары, сұранысқа ие танымал кі таптар болуы тиіс еді. Оқулықтар
дың барлығы да қазақ тіліне түпнұсқадан аударылған. Атап айтсақ, 18 оқулықтың 16 кітабы ағылшын тілінде, ал біреуі француз тілінде, біреуі орыс тілінде жарық көрген еңбектер. Бұл ауқымды жұмыстың барлығы да жастардың білімбілігін, көкірек көкжиегін, ой сана сын арттыру үшін атқарылуда, – деді Ғ. Қапақов.
Шара барысында қазақ тілінде басылып шыққан 18 жаңа кітаптың слайд түріндегі таныстырылымы өтіп, ғалымдар студенттерге оқулықтардың авторлары мен негізгі мазмұны жайлы әңгімелеп берді.
«Қазақстан тарихы және әлеуметтікгуманитарлық пәндер» ка федрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты Венера Есенғалиева Дерек Джонстонның «Философияның қысқа
Махамбет Өтемісов атындағы БҚМУда «100 жаңа оқулық – рухани жаңғырудың ғылыми іргетасы» атты кез-десу өтті. Аталмыш оқу орнының ғалымдары мен студент-тері бас қосқан жиында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша аударылған 18 оқулықтың таныстырылымы жасалып, кездесуге қатысушылардың тақырыпқа қатысты ойпікірлері ортаға салынды.
Жарқын болашақтың 100 оқулығы
ша тарихы. Сократтан Дерридаға дейін», Энтони Кеннидің «Батыс философиясының жаңа тарихы. Антика философиясы» Ітомы жә не «Батыс философиясының жаңа тарихы. Орта ғасыр философиясы» ІІтомы, Реми Хесстің «Философия ның таңдаулы 25 кітабы», Карен Армстронгтың «Иудаизм, хрис тиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны» кітаптары туралы баяндаған кезде қысқаша аннотациялармен шектелмей, авторлардың өмірі мен шығармашылығы туралы қызықты деректерге де тоқталып өтті. Тыңдарманын жалықтырмай, бір қарағанда тым күрделі болып кө рінетін философия ғылымын қазіргі жастардың көзқарасымен са лыстыра отырып, әлемнің інжумаржаны танылған кітаптардың мәнмаңызын айшықтай түсті.
Философия ғылымдарының докторы, профессор Тілекжан Рысқалиев танымал француз фи лософы Реми Хесстің «Өзге мәдениетке бойлап, оны ана тілінде сөйлету – ерекше күрделі процесс. Осыған дейін менің еңбектерім он екі тілге аударылды. Мен үшін енді қазақ тілі тағы бір жаңа мәдениетке жол ашқан қақпаға айналып отыр» деген пікірін келтіре отырып, кітаптарға қойылған та лаптың өзі үлкен сенім ұялататы нын атап өтті.
– Бұрын біз Камю мен Сартрды қазақ тіліне орыс тілінен аударылған кітаптар арқылы оқыдық. Ал «Жаңа гуманитарлық білім: қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жоба сы шеңберінде жарық көрген кітаптардың басты ерекшелігі және
артықшылығы – түпнұсқадан тіке лей аударылуында. Оқу бағдарламасына енетін осы оқулықтардың өзіміздің төл философиямызға қайшы келмеуі маңызды. Қазақ философиясының негізгі бағыттары – даналық, түсінік және тәлімтәрбие жолы. Тағы бір айтарым, біз еліктеуден аулақ болуымыз керек. Рухани жаңғыруға үлес қоса алатын өз философиямыз да бар. Бізге жақынырағы шығыс философиясы, қазіргі батыс философиясында тереңдік аз. Осыны естен шығармайық, –деді ғалым.
Бұдан соң экономика және ме неджмент кафедрасының меңгерушісі, экономика ғылымдарының кандидаты Жанар Ержанова Н. Грегори Мэнкью, Марк П. Тейлордың «Экономикс», Дональд Ф. Куратконың «Кәсіпкерлік: теория, процесс, практика», Рикки У. Гриффиннің «Менеджмент» және Клаус Швабтың «Төртінші индустриялық революция» кітаптарына қысқаша сипаттама берді.
Экономика факультетінің 2курс студенті Бағдат Серікбаева қазақ жастарына әлемнің ең үздік оқулықтарымен қазақ тілінде танысу мүмкіндігін сыйлап отырған «100 жаңа оқулық» жобасына, осы жауапты істің басықасында жүрген аға буын өкілдеріне ризашылығын жеткізді. «Білім кені – кітапта» екендігін алға тартқан белсенді жас бәсекеге қабілетті, озық ойлы болу үшін замандастарын санаға сілкініс сыйлайтын үздік кітаптарды оқуға шақырды.
Динара ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ,«Орал өңірі»
Қазақстан халқы ассамблеясының бастамасымен қолға алынған «National bookdating» жалпыхалықтық акциясына Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлықтехникалық университетінің білім алушылары да жұмыла атсалысты. Шара барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы ая-сында қазақ тіліне аударылған 18 кітаптың таныстырылымы өтті.
– Бүгін еліміз бойынша барлық жоғарғы оқу орындарында Қа зақстан халықтары ассамблеясының бастамасымен Елбасының бағдарламалық мақаласының бір жылдығына байланысты «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша аударылған кітаптармен танысу акциясы өтуде. Осы жоба аясында дүние жүзіндегі белгілі оқу орындарында жиі пайдаланылатын 18 кітап түпнұсқадан қазақ тіліне тікелей аударылған болатын. Ең қуаныштысы – бұл кітаптар Елбасы тапсырмасымен 10 мың дана таралыммен жарық көреді. Және
сол кітаптар жоғары оқу орындарына тегін түрде жеткізілетін болады, – деді аталмыш оқу орнындағы «Рухани жаңғыру» институтының директоры Әсет Тасмағамбетов жиынға кіріспе сөзінде.
Кездесуге арнайы қатысқан ҚХА БҚО бойынша төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов гуманитарлық бағыттағы 100 жаңа оқулықтың аударылу барысы және осы жоба бойынша алдағы уақыт та атқарылатын жұмыстардың бағыты туралы егжейтегжейлі баяндады.
– Елбасының бағдарламалық мақаласы жарияланғалы бері бір
жыл ішінде «Рухани жаңғыру» аясында көптеген шара атқарылды. Мұхтар Әуезовтың «Абай үш бұлақтан су ішкен» деген сөзі бар. Оның біріншісі – бай халық ауыз әдебиеті. Екіншісі – Ахмет Риза мед ресесінде оқығанда араб, парсы тілдерін терең меңгерген, дәстүрлі шығыс әдебиетін терең білген. Абайдың бірінші өлеңі «Физули, Шәмси, Сәйхали» деп басталатынын білесіздер. Бұл кітаптардың, әрине, біреуі де аударылған жоқ. Біз бұл бұлақтардан су ішкен жоқпыз. Біздің Абай бола алмайтынымыз содан. Үшіншіден, Абай ал дыңғы қатарлы орыс және еуропа әдебиетімен сусындаған адам. Міне, бізге қазір осы үшінші бұлақ есігін ашып тұр. Біз Кеңес одағын да білім алған кезде бір тіл, яғни тек орыс тілі арқылы өзге жұрттың ғылымы, мәдениеті туралы хабар алдық. Кеңестік саясатқа келмейтін кітаптар бізге жат болды. Олар ішінара аударылды, бі рақ өте сирек еді. Мысалы, фило
логияда Мәскеу мемлекеттік университетінің ғалымдары үлкен күш пен «Новая лингвистика» деген журналды шығарып отырды. Соның ішінде шетел ғалымдарының мақалалары жарық көрді. Біз со лардан кітапханааралық абонемент арқылы кішкене болса да оқыдық. Қазіргі таңда одан да қолайлы жағдай жасалған. Мысалы, бүгінде көркем әдебиетті көз майымызды тауысып оқымайақ, тыңдай аламыз. «Абай жолынан» бастап көптеген көркем шығармалардың аудионұсқасы жасалған. Бірақ бір әттегенайы, студенттердің көбі кітапқа қызықпайды, кітапқа құмар адамдар аз. Бір қызығы, кітап оқымайтын, бірақ бірдеңе айтқысы келетін адамдардың қатары көбейіп кетті. 100 жаңа оқулықтың ішінде мәскеулік өте мықты ғалым Светлана ТерМинасованың еңбегі аударылғаны мені қуантып отыр. Мен өзімнің докторлық еңбегімде ТерМинасованың кітаптарын пайдаландым. Мені қуантып отырған
тағы бір жайт – аударылған кітаптардың ішінде 4 мың жылдық та рихы бар «Құдайтану баянының» болуы. Бұл кітапты оқу жастар дың көзін ашады, теріс діни ағымдарға түсіп кетуден кішкене болса да сақтайды дер едім. Бізде ешқандай білімі жоқ адамдар мешіт ке барады да, теріс ағымдарға түсіп кетеді. Олар «Білім жинаймын деп жүргенде дін жайына қалып қояды» деп сөйлейді. Исламның ең басты қағидасы білім алу екенін ұмытпау керек. Сондықтан бұл кітаптар жаңа, дұрыс қадамдарға жол ашады деп ойлаймын. Әлемдік деңгейдегі құнды кітаптарды түпнұсқадан тікелей аудару – зор жетістік, Президентіміздің шын мәніндегі үлкен еңбегі деп бағалаймыз, – деп пікір білдірді филология ғылымдарының докторы Ғабит Хасанов.
Нұртас НАБИОЛЛАҰЛЫ,«Орал өңірі»
* * *
áleýmeT4 Сенбі, 21 сәуір 2018 жыл
Жылы Зейнеткерлікжасы Туған күні
1 қаңтар 2018 ж. 58 жас 6 ай 1960 жылғы 1 қаңтардан бастап 1960 жылғы 30 маусым аралығында1 қаңтар 2019 ж. 59 жас 1960 жылғы 1 шілдеден бастап 1960 жылғы 31 желтоқсан аралығында1 қаңтар 2020 ж. 59 жас 6 ай 1961 жылғы 1 қаңтардан бастап 1961 жылғы 30 маусым аралығында1 қаңтар 2021 ж. 60 жас 1961 жылғы 1 шілдеден бастап 1961 жылғы 31 желтоқсан аралығында1 қаңтар 2022 ж. 60 жас 6 ай 1962 жылғы 1 қаңтардан бастап 1962 жылғы 30 маусым аралығында1 қаңтар 2023 ж. 61 жас 1962 жылғы 1 шілдеден бастап 1962 жылғы 31 желтоқсан аралығында1 қаңтар 2024 ж. 61 жас 6 ай 1963 жылғы 1 қаңтардан бастап 1963 жылғы 30 маусым аралығында1 қаңтар 2025 ж. 62 жас 1963 жылғы 1 шілдеден бастап 1963 жылғы 31 желтоқсан аралығында1 қаңтар 2026 ж. 62 жас 6 ай 1964 жылғы 1 қаңтардан бастап 1964 жылғы 30 маусым аралығында1 қаңтар 2027 ж. 63 жас 1964 жылғы 1 шілдеден бастап 1964 жылғы 31 желтоқсан аралығында
Зейнеткерлік жасты кезеңкезеңмен арттыру кестесі
Зейнетақы мен жәрдемақы көбейдіЕңбек, әлеуметтік қорғау және көшіқон комитетінің
Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасының «20182020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2017 жылғы 30 қарашадағы № 113VI заңына сай облыс бойынша 85 000нан астам зей-неткерге 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін тағайындалған зейнетақы төлемдерінің мөлшерін 8 пайызға арттырды.
«20182020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға сай 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап:
1) жалақының ең төменгі мөлшері – 28 284 теңге;
2) мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiнiң мөлшері – 15 274 теңге;
3) зейнетақының ең төменгі мөлшері – 33 745 теңге;
4) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн айлық есептiк көрсеткіш – 2405 теңге;
5) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеу үшiн ең
төменгi күнкөріс деңгейiнiң шамасы 28 284 теңге болып белгіленді.
2018 жылғы 1 қаңтардан бас тап зейнетақының ең төменгi мөлшерi базалық зейнетақы төлемін қоса алғанда 49 019 теңгені, ал ең жоғарғы мөлшері базалық зейнетақы төлемін қоса алғанда 98 247 теңгені құрайды. Сонымен қатар ең төменгі күнкөріс деңгейі нің құрылымы қайта қаралып, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап өткен жылмен салыстырғанда оның көлемі 16%ға өсті, бұл мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылған жағдайда бері летін мемлекеттік әлеуметтік жәр
демақылардың көлемінің өсуіне себеп болды.
Биылдан бастап 2027 жылға дейін жыл сайын алты айдан жүзеге асырылатын әйелдердің 58 жастан 63 жасқа дейінгі зейнеткерлік жасын кезеңкезеңмен арт тыру көзделеді. Сондайақ 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап мем лекеттік базалық зейнетақыны тағайындау механизмі өзгереді. Бүгінгі күнде базалық зейнетақы азаматтың еңбек өтіліне және табысына қарамастан, баршаға бірдей тағайындалады.
Базалық зейнетақыны тағайын даудың жаңа механизмі 1998 жыл дың 1 қаңтарына дейін жинақталған еңбек өтілін және 1998 жылдан кейін жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі кезеңдерін есеп ке алады. Бұл ретте базалық зей нетақы төлемінің мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл немесе одан аз болса неме се мүлдем болмаса, онда оның мөлшері ең төменгі күнкөріс дең
гейінің 54%ын құрайды, 10 жылдан артық әрбір жыл үшін оның мөлшері 2%ға ұлғайтылады, ал 33 жыл және одан көп болған жағдайда ол ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына тең болады. Бұл өзгеріс барлық зейнеткерлерге: қазіргі және болашақ зейнеткерлерге қолданылатын болады.
Мысалы, азаматтың ынтымақ ты зейнетақы мөлшері 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 40 000 теңге болса, ал базалық зейнетақы мөлшері 15 274 теңге болса, жалпы зейнетақы сомасы 55 274 теңге. Оның 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін жинақталған еңбек өтілі және кейін жинақтау шы зейнетақы жүйесіндегі кезеңдері 30 жыл құрайды делік.
2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 94%ын құрайды немесе 26 587 теңге болады. Ал жалпы зейнетақысының мөлшері 66 587 теңге болады.
2018 жылғы 1 шілдеден бастап базалық зейнетақыны қайта есептеу қазіргі зейнеткерлердің барлығына жүргізіледі.
Қайта есептеу қосымша құжаттарды ұсынуды талап етпейді, яғни зейнеткерлер ешқайда бармайды, себебі олардың зейнетақы істерінде еңбек өтілі туралы мәліметтер бар, ал міндетті зейнетақы жарналары аударылған кезеңдері аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы дерекқорында бар мәліметтерден алынады.
Жеңіс БЕРіКОВ,еңбек, әлеуметтік қорғау
және көшіқон комитетінің БҚО бойынша департаменті
басшысының орынбасары
«Мансап күні»
Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне шақырыл ған облыстық және қала
лық жұмыспен қамту басқармала рының, білім басқармаларының, “ҚПО б.в.” компаниясының, екін ші деңгейлі банктердің облыстық филиалдарының, облыстық және
Жуырда М. Өтемісов атындағы БҚМУда дәстүрлі «Мансап күні» ша-расы өтті.
қалалық соттарының, түрлі акцио нерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің 50ге жуық өкілі келді. Жұмыс берушілермен тікелей жүздестірген жәрмеңкеге 360 студент қатысты.
– Біздің университет 85 жылдан астам тарихы бар, еліміздің батыс өңіріндегі ең іргелі білім ордасының бірі болып табылады. Біз студенттерді көп тіл меңгер ген, компьютерлік жаңа технологияларды пайдалана білетін бә
секеге қабілетті маман етіп дайындаудамыз. Оқу орны 400ден ас там әр түрлі мекемемен меморандум жасасып, келісімшартқа отырды, – деген М. Өтемісов атындағы БҚМУдың оқуәдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры Ғалия Жүсіпқалиева түлектердің қалаған жұмыстарына қол жеткізулеріне тілектестігін білдірді.
Шара барысында Орал қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының сектор меңгерушісі Нұргүл Қабденова жастар прак
тикасы жөнінде ақпарат беріп өтті. Оның айтуынша, өткен жы лы жастар практикасына қатыс қан жас мамандардың жетпіс пайызы сол жұмыстарында тұрақ тап қалған. «Мансап күні» жұмыспен қамту орталығына түрлі мамандық бойынша 50ден астам түйіндеме түскен.
Бұл шара экономика, есеп және аудит, қаржы, туризм, эко логия және тағы басқа педагогикалық емес мамандықтарды меңгерген түлектердің жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді мақ сат еткен болатын. Жәрмеңкеде санаулы күндерден кейін уни верситет қабырғасынан ұшқалы отырған студенттердің арман жо лына бағдарлы бағыт берілді. Қолдарына түйіндемелерін ұста ған түлектер өздерінің мамандық тарына сай деген мекеме өкілдеріне жолығып, толғандырған сауалдарына жауап алды. Әсіресе, “ҚПО б.в.” компаниясының, банк филиалдары мен қалалық жұ мыспен қамту орталығы өкілдерінің қасында жастардың қарасы мол болды. Жәрмеңке соңында ұсынылған жұмыс орындарына 422 түйіндеме тапсырылған.
– Осы жәрмеңке арқылы тұрақты жұмыс орнын табуды мақсат етіп келдім. Биология бағытында ғана жұмыс істеп қоймай, екін ші мамандандырылған география пәні мұғалімі мамандығым бойынша да жұмыс жасай аламын. Төрт мекемеге түйіндемемді тапсырдым. Мұндай шара түлектердің өздері қалаған жұмысқа қол жет кізуіне мүмкіндік береді деп ойлаймын, – дейді БҚМУ жаратылыстанугеография факультетінің биология мамандығы бойынша 4курс студенті Сымбат Аманжо лова (суретте).
ясипа РАБАЕВА, «Орал өңірі»
Еңбек өтілі
Ең төменгі күнкөріс деңгейінің үлесі
<10 жыл 54% немесе 15274 теңге
11 жыл 56% немесе 15840 теңге12 жыл 58% немесе 16405 теңге13 жыл 60% немесе 16971 теңге
14 жыл 62% немесе 17537 теңге
15 жыл 64% немесе 18102 теңге16 жыл 66% немесе 18668 теңге17 жыл 68% немесе 19234 теңге18 жыл 70% немесе 19799 теңге19 жыл 72% немесе 20365 теңге20 жыл 74% немесе 20931 теңге21 жыл 76% немесе 21496 теңге22 жыл 78% немесе 22062 теңге23 жыл 80% немесе 22628 теңге24 жыл 82% немесе 23193 теңге25 жыл 84% немесе 23759 теңге26 жыл 86% немесе 24325 теңге27 жыл 88% немесе 24890 теңге28 жыл 90% немесе 25456 теңге29 жыл 92% немесе 26022 теңге30 жыл 94% немесе 26587 теңге31 жыл 96% немесе 27153 теңге32 жыл 98% немесе 27719 теңге33 жыл 100% немесе 28284 теңге
Oral óńіrіOral óńіrі
bRıFıngСенбі, 21 сәуір 2018 жыл 5Oral óńіrіOral óńіrі
– Қыстың қамын жазда ойлауымыз керек. Бүгінде қаладағы жы лу магистральдарының 50 пайызға тозығы жеткен. Сол себептен №7 және №2 жылыту магистральдарын күрделі жөндеуге кіріске лі отырмыз. Мәселен, №7 магист ральдың құрылысы 1983 жылы жүргізілген болса, №2 жылыту магистралі 1973 жылы салынған. Содан бері күрделі жөндеу көрмеген. Алдағы жылыту маусымын апатсыз жағдайда атқарып, халықты ыстық сумен тәулік бойы қамтамасыз ету үшін Орал қаласындағы жылу беретін магистраль желілеріне күрделі жөндеу ді қолға алдық. Осыған байла нысты ыстық су тоқтатылды. Сондықтан да қала тұрғындарынан жөндеу жұмыстарына байланысты орын алатын уақытша қиындықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз. Бұлардың бәрі – қалалықтардың игілігі үшін жасалып жатқан жұмыстар, – деді қала әкімі Мұрат Мұқаев әкімдікте өткен баспасөз мәслихатында.
Қала әкімінің айтуынша, жоғарыда аталған екі жылу магистралын күрделі жөндеуге «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 1,8
млрд. теңге бөлінген. Сонымен қатар №4 және №8 жылу магистральдарын жөндеуге қаржыландыру мәселесі қаралуда. Жөндеу жұмыстарын бұл салада көп жылдан бері жұмыс атқарып келе жат қан «Уральскводстрой» компаниясы жүргізеді. Қажетті материалдармен толықтай қамтылған. Жал пы, жоба бойынша күрделі жөн деу жұмысының мерзімі төрт немесе бес айға жоспарланған болса, компания өкілдері қала басшылығына жұмысты белгіленген уақыттан бұрын бітіреміз деп уәде беріп отыр.
– №7 жылу магистралына күрделі жөндеу жүргізілуіне байланысты ыстық су тоқтатылды. Бүгін де Т. Масин, Ә. Кердері, М. Мәметова секілді қала орталығындағы көшелердегі 119 үйде ыстық су жоқ. Бұдан басқа жылу беру маусымына дейін №2 жылу магистралын жөндеу жоспарланған, – дейді «Жайықжылуқуат» АҚ бас директоры Мұрат Бәйменов.
Қала әкімі Мұрат Мұқаев жылу үшін бережақ тұрғындар мәселесінің өзекті екендігін атап өтті. Қалалықтардың арасында «Жа йықжылуқуат» компаниясына бе
режақ тұрғындар аз емес. Бүгінде олардың қарызы сот арқылы өндіріп алынуда. Сот орындаушылары арқылы өндірілетін болса, бережақ ақшаның көлемі артып кететінін ескерткен Мұрат Мұқаев тұрғындарға осы айдың соңына дейін жылуға төленетін барлық қарыздан құтылу қажеттігін құлаққағыс етті.
Сонымен қатар баспасөз мәслихатында қалаішілік жолдарды жөндеу жұмыстары да сөз болды. Өткен жылы 72 шақырымды құрайтын жолда абаттандыру және жөндеу жұмыстары басталып, 67 көше жөнделген. Биыл құрылысы басталған көшелерді қоса есептегенде, 50 шақты көше жөнделмек. Ет комбинаты аумағында, Ремзавод, 2жұмысшы ауылы, қаланың орталығында, Деркөл және Заша ған кенттерінде күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Осыған байланысты қоғамдық көліктердің маршруттары өзгертіледі. Бұл жұ мыстар жөніндегі барлық ақпарат әкімдіктің инстаграмм парақшасында және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып отыр мақ. Сондайақ Мұрат Рахметұлы санитарлық тазалық айлығы ба рысында бизнес нысандарының иелерін, жеке сектор тұрғында рын өз аулаларын, аумақтарын тазартуға, көгалдандыруға атса лысуға шақырды. Биыл 29 аула ға күрделі жөндеу жүргізілмекші.
Сондайақ қала әкімі Оралда салынатын спорттық және бала лар ойын алаңдарының сызбасымен, қаланы абаттандырудың жоспарымен таныстырды.
ясипа РАБАЕВА, «Орал өңірі»
Жылыту маусымы да аяқталды. Барлық коммуналдық кәсіпорын өз деңгейінде жұмыс атқарды. Құзырлы мекеме сәуірдің 16сынан бастап жылуды айырды. Тек кейбір балабақша мен ауруханалардың өтініштері бойынша оларға жылу берілу-де. Ендігі басты мәселенің бірі – алдағы жылыту маусымына дайындық.
Облыстың аутомобиль жолдарын салу және жөндеу жайы айтылған
брифингте спикер алдымен өткен жылғы атқарылған жұмыстарға тоқталды. Медет Махамбетұлы ның айтуынша, облыстағы аутомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 6530,1 шақырымды құ райды. Оның ішінде 1392,55 шақырымы республикалық, 5103,7 шақырымы – облыстық және ау дандық маңызы бар жолдар. Өткен жылы бөлінген 33,3 млрд. теңге қаражатқа 419 шақырым жол жөнделген. Республикалық маңызы бар аутомобиль жолдарын жөн деуге 14,1 миллиард теңге қаражат бөлініп, 170,2 шақырым жол жөндеуден өткен. Ал облыстық маңызы бар аутожолдарды жөн деуге республикалық және жер гілікті бюджеттен бөлінген 6,2 млрд. теңге қаржыға 128,5 шақырым жол жөнделген. Сонымен қатар Орал қаласында жалпы ұзындығы 65,3 шақырымды құрайтын 61 кө шеге, ауданауылдарда 54,8 ша қырым болатын 54 көшеге тасжол төселген. Сөйтіп, өткен жылдың қорытындысы бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдай дағы облыстық және аудандық маңызы бар аутомобиль жолдарының үлесі – 28 пайызды құраған.
– Елбасымыздың биылғы халыққа Жолдауында он бағыт бойынша міндеттер жүктелген бол са, оның ішінде төртінші бағыт кө ліклогистикалық инфрақұрылымның тиімділігін арттыруға қатысты болатын. Жолдауда айтылған тапсырмаларды орындау үшін бүгінде өңір бойынша аутомобиль жолдары желiсiн дамытуға көңіл бөлінуде. Республикалық бюджет тен берілетін мақсатты трансферттер есебінен жергілікті желі ні қаржыландыру едәуір ұлғайға нын атап өткен жөн. Облыс ау тожолдарының көрсеткіштер ин дикаторын арттыру және қойылған мақсаттарға жету үшін жергілікті маңызы бар аутожолдарын жөндеу және қайта жаңғырту жұ мыстары жалғастырылады, – де ді Медет Махамбетұлы.
Бұдан соң спикер ағымдағы жылы атқарылатын жұмыстарға тоқталды. Оның мәліметінше, биылғы жылға қарастырылған 28,3 млрд. теңге қаражатқа 436 шақырым жол жөндеу жоспарлануда. Осы қаражаттың 10,8 млрд. теңгесі республикалық, 7,4 млрд. теңгесі облыстық маңызы бар жолдарды жөндеуге бағыттала
Биыл өңірімізде түрлі қаржыландыру көздерінен қарастырылған 28,3 млрд. теңге қаражатқа 282 шақырым республикалық, 76,5 шақырым облыстық, 40,6 шақырым аудандық маңызы бар жолдарды және 37 шақырым қалалық жолды жөндеу жоспарла-нуда. Бұл туралы бейсенбі күні Өңірлік коммуника-циялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында БҚО жолаушылар көлігі және ау-томобиль жолдары басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Медет Шақаев мәлімдеді.
Шаһар жолдарына 6 млрд. теңге
тын болады. Сонымен қатар алты млрд. теңге қаражатқа облыс орталығының жолдары, 4,2 млрд. теңге қаржыға аудандық маңызы бар және аудандардағы елді мекендердің көшелерін жөндеу жоспарлануда. Сондайақ облыс тық маңызы бар аутожолдары ның қалыпты жұмысын қамтама сыз ету мақсатында ағымдағы жөндеу жұмыстарына 457 миллион теңге бөлінген.
Баспасөз мәслихатында облыстық маңызы бар аутомобиль жолын сервистік қамтамасыз ету пилоттық жобасын іске асыру аясындағы атқарылған істер жө нінде де айтылды. «Чапаев – Жа ңақала – Сайқын» ауылдары аралығындағы жолдарға күтім көр сету үшін «ЖолаушыЖол» ЖШСмен келісімшарт жасалған. Бес жыл мерзімге жасалған келісім шарт құны 1 миллиард 200 миллионға жуық теңгені құрайды. Со нымен қатар «БҚО Ақжайық ауданының Чапаев ауылы аумағын да Жайық өзені арқылы өтетін аутомобиль көпір өткелін салу» жобалықсметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптамадан өтуде. Құны 33,9 млрд. теңгені құрайтын жоба құпталған жағдай да келер жылы құрылыс жұмыстары басталмақ.
– Облыс тұрғындарын сапалы жолмен қамту бағытында атқарылған істер аз емес. Бірақ алда тұрған ауқымды жұмыстар да бар. Аутожолдар күрделі жөндеуден өткізіліп, халыққа жақсы жағдай жасалған сайын соңғы жылдары жолкөлік оқиғаларының көбеюі бүгінгі қоғамды қатты алаңдатады. Өңір тұғындарының әлауқаты жақсарғанын көшелер мен жолдардағы көлік санының көбе юіненақ аңғаруға болады. Көлік көбейген сайын апатты жағдайларда көп орын алып, адам жарақаты мен қайғылы оқиғаларға әкеп соғуда. Сондықтан өңір тұрғындарынан заңсыз жолаушы та сымалымен айналыспауды, көлік тің техникалық жағдайын қадағалауды, жылдамдықты шамадан тыс асырмауды, жалпы жол жүру мәдениетін қатаң сақтауды өтінеміз, – деді Медет Шақаев.
Өңір тұрғындарына тікелей желіде көрсетілген брифинг со ңында басқарма басшысы жур налистердің қойған сауалдарына жауап берді.
Нұрбек ОРАЗАЕВ,«Орал өңірі»
29 аула күрделі жөнделмек
Сонымен қатар жол жиегі бойынша Степной орманшы
лығында 10 га және Алма лы орманшылығында 15 га жер дайындалды. Бүгінгі кү ні Степной орманшылығын да талтерек отырғызу басталды. Олардың ішінде 13 000 шаған, 5400 жиде және 4000 қараағаш бар.
Мемлекеттік мекеме биыл жалпы саны 250 мың дана көшет отырғызуды жоспарлап отыр. Тұқымбақтағы кө шеттер саны көктемгі ағаш егу, толықтыру және көгал дандыру жұмыстарына то лықтай жеткілікті. Стандарт қа сәйкес келетін 137,9 мың дана 12 жылдық көшет да йын тұр. Оның ішінде 61
Орманшылар тал егуге кірістіТайпақ орман және жануарлар
дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінде 50 га жер, атап айтқанда 25 га мемлекеттік орман қорында және
Антон орманшылығында 25 га жер дайындалып, күтіпбаптау
жұмыстары жүргізілуде.
мың дана шегіршін, 39,3 мың шаған, 26 мың үйеңкі, 26 мың жүзгін, 2,4 мың қара қат, 8,2 мың дана акация бар.
– Қалемшемен егілген 4,9 мың дана көктерек пен 5 мың дана жыңғыл есеп телді. Бұл – биыл жасылже лек егу барысында ауқым ды істер жүзеге асады деген сөз. Қажетті техника, кө терме жабдықтар, жанаржағармай қорын дайындау жұмыстары жүргізілуде, – дейді Тайпақ орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекеменің инженері Бибігүл Қабдолова.
Бекем БЕКҰЛЫ,Ақжайық ауданы
el-JURT6 Сенбі, 21 сәуір 2018 жыл
Үздік музейлер анықталды
Бейсенбіде облыстық тарихиөлкетану музейінде «Үздік мемлекеттік музей» аталымы үшін өңірлік байқау өтті. «Ру-хани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Рухани қазына» атты облыстық фестиваліне бұған дейін болған бірінші кезеңінен өткен сегіз музей ұжымы қатысты.
Oral óńіrіOral óńіrі
– Музейлер – біздің саланың бір буыны. Өңірдің бүкіл мәде ниет саласының қызметкерлері сияқты музей ұжымдары да Елба сымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Руха ни жаңғыру» бағдарламасын жү зеге асыруда талай толымды істер тындыруда. «Рухани қазына» фес тивалінің екінші кезеңі өткізілуде. Соған орай өңір музей лері ұжымының білімі мен бі лігін сынамақ, – деді облыстық мәдениет және архив, құжаттамалар басқармасының басшысы Қадырболат Мұсағалиев. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» РМКК жанындағы «Қасиетті Қазақстан» ғылымизерттеу орталығы басшысының орынбасары Батырхан Жұмабаев және облыстық тарихиөлкетану музейінің директоры Мирболат Ерсаевтар байқауға қатысушы ларға шығармашылық табыс тіледі.
Фестивальдің шарты бойынша бірінші кезеңнен іріктеліп алын ған сегіз музейдің ұжымы шағын көрме ұйымдастырып, оны әділқазылар алқасына ұсынды. Қай музей де көне жәдігерге кенде емес екен. Біреуінен өткен ғасырда жасалған жез самау рынды көрсек, екіншісінде көне заманғы құжаттармен танысуға болады. Ал табиғат және экология му зейінің экспонаттары тірі табиғаттың шағын бөлшегін көз алдыңа
– Елбасының шағын несиені кеңейту жөніндегі төртінші әлеуметтік бастамасы кәсіпкерліктің кеңінен қанат жаюына жағдай жасайды. Шағын несиенің көлемін арттыру шағын және орта кәсіпкерлікті дамытып қана қой май, тұрғындардың әлауқатын жақсартуға септігін тигізеді. Жақында Үкімет отырысында ҚР Ең бек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасы мова Елбасының шағын несиені кеңейту жөніндегі төртінші әлеуметтік бастамасын іске асыруға көзделген 20 млрд. теңгенің қалай бөлінетіндігін айтты. Министр қосымша бөлінген 20 млрд. теңгенің 14 млрд. теңгесін ауылдарға несие беруге, оның ішінде 10 млрд. теңгені ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші кәсіпорындардың айналасында зәкірлік кооперациялар жобасын дамытуға жұмсауды ұсынып, оның шағын несие алатындарға өнімнің сатылуына кепілдік беруді қамтама сыз ететіндігін жеткізді.
Қазіргі таңда шағын несиелеуді дамыту «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті
Ардақ ЖҰМАШЕВА, Орал қаласы кәсіпкерлік
бөлімінің бас маманы:
«Шағын несие алып, ісін бастайтын тұрғындарға
үлкен көмек-қолдау болады»
дамытудың 20172021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында іске асырылуда. Өткен жылы атал мыш бағдарламаның 2бағыты жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша республикалық бюджет және трансферттерден шағын не сиелеу мақсатында Орал және Ақсай қалаларына 852,8 млн. теңге көлемінде қаржы бөлінді. Бұл қар жы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру мақсатында екінші деңгейдегі банктерге «Қазақстан халық банкі» АҚ, «Ресей жинақ банкі» АҚ ЕБ, «Банк Центр Кредит» АҚға орналастырылды. Бүгінде бұл банктер жалпы шамасы 444,7 млн. теңге болатын 38 жобаны қаржыландырды. Соның ішінде Орал қаласы бойынша 430,5 млн. теңге болатын 37 жобаға, 14,2 млн. теңге болатын Ақсай қаласына тиесілі бір жоба ға қаржы бөлінді.
Елбасы қазақстандықтарға ар наған үндеудің «Шағын несие беруді көбейту» атты төртінші бас тамасында өзінөзі еңбекпен қам тыған және жұмыссыз тұрғындардың арасында жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін атқарылып
жатқан жұмыстардың аясында жеңілдетілген шағын несие беру неғұрлым тиімді тетік саналатынын атап көрсетті. Сондайақ аталған бағыт бойынша биыл қосымша 20 млрд. теңге бөліп, шағын несиелердің жалпы шамасын 62 млрд. теңгеге жеткізуді тапсырды. Бұл шағын несие алып, ісін бастайтын тұрғындарға үлкен көмекқолдау әрі ауылаймақ үшін кәсіпкерлікті дамыту
ға тың серпін береді. Бағдарламаның екінші бағыты
«Бастау Бизнес» кәсіпкерлік бастамалардың бағыттарына оқыту жобасының талаптарына сәйкес аталған жобаға жұмыссыздар мен өзінөзі қамтығандар қатыса алады. Аталған жоба аясында 2017 жылы облыс бойынша тек бес аудан қамтылған болса, биыл бағдарламаға енгізілген өзгерістерге сәйкес 12 аудан, сонымен қатар Орал қаласы мен моноқала – Ақсайдың тұрғындары да қатыса алады. Қорыта айтар болсақ, Елбасының әлеуметтік бастамалары орынды, елімізде кәсіпкерлікті дамытуымыз қажет десек, оның дамуына жағдай жасалуы керек.
– Бүгінгі таңда Орал қаласын да 86 Ұлы Отан соғысының ардагері болса, оның 30ы соғыс мүгедектігін алғандар. Тыл арда гері, зейнеткер, түрлі санаттағы жеңілдік қаралған ардагерлер қатары баршылық. Қариялар да қалқадірінше еліміздегі «100 нақты қадам», «Рухани жаңғыру» бағдарламаларын жүзеге асыруға өзіндік үлестерін қосуда, – деген К. Нығмет алдағы жұмыс жоспа рымен таныстырды. Ардагерлердің пікірін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.
Жиында ұйымдастыру мәселесі де қаралды. Бұрынғы төраға Асан Ерғалиевтің қаза болуына байланысты қауымдастық мүшелері «Қазақстан мәслихаттарының құрметті депутаты» және «Қаратөбе ауданының құрметті азаматы», өлкетанушы, зейнеткер Тілекқа был Сағыновты Орал қаласын дағы Қаратөбе ауданы ардагер лері қауымдастығының төрағалы ғына бірауыздан сайлады.
Ғилаж НАУРЗИН,Орал қаласы
Ардагерлер жиыныЖуырда Орал қаласындағы Қаратөбе ауданы арда-
герлері қауымдастығының жиыны өтті. Жиынды Орал қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжебай Нығмет жүргізді.
елестетеді. Байқаудың екінші шар тында әр музей келушілерді өзіне тарту мақсатында шағын бейнебаяндарды көрсетті. Сол ар қылы байқауға қатысуға іріктеліп алынған әр музейдің ерекше лігі кеңінен ашылған сыңайлы. Соңында музей басшылары му зей қорын толықтыру бағытын да жәдігер жинау мен ғылыми іссапары хақында толыққанды есеп берді.
«Жүзден жүйрік озады жарысқанда» дегендей, төрт аталым бойынша жеңімпаздар анықталды. «Үздік облыстық маңызы бар мемлекеттік музей» аталымы бойынша Бөкей ордасы тарихиөлкетану кешені сегіздің ішінен суырылып алға шықты. Ал С. Датұлы атындағы тарихиөлкетану музейі «Үздік аудандық маңызы бар мемлекеттік музейі» аталымы на лайық деп танылды. Жәңгір хан атындағы тарихиөлкетану музейі нің меңгерушісі Нұржан Төле пов «Үздік облыстық маңызы бар мемлекеттік музей қызметкері» аталымына ие болды. Бөрлі өл кетану музейінің меңгерушісі Алтынбөбек Сүйіндікова «Үздік ау дандық маңызы бар мемлекеттік музей қызметкері» аталымы бойынша жеңіске жетті. Осы төрт аталым иелері биыл 21 мамырда Астана қаласында өтетін байқаудың соңғы кезеңінде об лыс намысын қорғайтын болады.
Серпін САяҚ
Қазіргі таңда облысымызда БҚО ТЖДның аумақтық бөлімшелері қызметкерлері жоспарға сәйкес халық арасында өрт
қауіпсіздігі бойынша профилактикалық, түсіндірунасихаттау жұмыстарын жүргізуде.
Өткен үш айда облыс аумағында 107 өрт оқиғасы тіркелді, оның 77сі тұрғын үй секторында орын алған. Барлық өрттің келтірген шығын көлемі 5 млн. 145 мың теңгені құрады. Тілсіз жаудан алты адам зардап шеккен. Орын алған оқиғаның 90%ы азаматтардың өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамауынан, көбінесе балалардың тентектігінен болған. Көп жағдайда үйде қараусыз қалған балалар сіріңкені, газ құрылғыларын ойыншыққа айналдырады.
Өрттің алдын алу, қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін атааналар әрдайым балаларға өрт
тің қауіпті екенін ескертіп, түсіндіріп отыруы керек. Балақандардың өз бетімен пешті, газ плитасын жақпауын, тұрмыстық электр құрылғыларын қоспауын, сіріңкемен ойнамауын талап еткен жөн. «Жаман айтпай, жақсы жоқ» демекші, атаана өз баласына өрт болған жағдайда үйде қалмай дереу сыртқа шығып, ересек адамға хабарлауын, 101 немесе 112 нөмірі бойынша өрт қауіпсіздігі қызметіне қоңырау шалуын үйретуі тиіс.
Қауіпсіздік ережелерін сақтамау түрлі жарақат тарға ғана емес, сонымен қатар қайғылы жағдайларға да әкелуі мүмкін.
Еламан КЕНЖЕҒАЛИ,ҚР ііМ ТЖК Көкшетау техникалық
институтының КОФ 4курс курсанты
Ойыннан от шықпасын деңіз...
OqyRMaNСенбі, 21 сәуір 2018 жыл 7Oral óńіrіOral óńіrі
Ол 1914 жылы Қазталов ауданының Еңбек ауы лында өмірге келіпті.
1941 жылдың тамызында әскер қатарына алынып, 397атқыштар дивизиясының құрамында болды.
Наурыз Айтқалиев әскери тапсырманы орындау кезінде батылдық пен ерлік танытқаны үшін «Қызыл Жұлдыз» ордені мен марапатталған. Великое село деревнясының аумағындағы шайқаста ол жау бекінісіне басакөктеп кіріп, минаатқышты граната лақтырып жойды да, сол жердегі бір дұшпанды тұтқынға алды. Ол ефрейтор екен. Қолға түскен жау жауап алу кезінде көп құнды әске ри мәліметтер берді. Алайда сол жылы желтоқсанда жерле сіміздің жұбайы Сандуғаш Әб дуғалиева ерінің «Хабарошарсыз кеткендігі» туралы қайғы лы хабар алды.
Тек таяуда ғана арада 76 жыл өткен соң, батырдың ізін табуға мүмкіндік туды. «Мемориал»
ОБД (жинақталған деректер банкі) сайтында жерлеске
қатысты дерек, нақтылап айтқанда, хабарлама та
былды. 1942 жылдың 28 желтоқсанын
76 жылдан кейін табылған дерек Ал қазір ең оңайы – бір сиыр
сиып кететін алып мұздатқышқа салып қою дағдыға
айналды. Сол үсіп кеткен етте қандай нәр бар?! Ал бабаларымыз соғымнан қалған еттің нәрін де, сөлін де жоғалтпастан, жаздың ортасына дейін жеткізе білген. Сәуірдің алтын күрек желі соқ қанда, әр үйде ет кептіру үрдісі басталады. Осы кезде ауыл адамдары арасында қызықты әңгімелер де жүреді: «Соғымыңның мұрты да бұзылмапты ғой. Керемет сақталған екен, қашан ауыз тигізесіңдер?» – деп айтып жатқанын жиі естисің. Сәуірдің жылы желімен
кепкен ет қазаннан пісіп, дастарқанға
келгенде, одан асқан тағам
бар ма?!
«Ұзынсары»шарасын өткізсек қалай?
Ұлтымыздың мал өнімінен дайындайтын тағамдарына, соның ішінде еттен дайын-дайтын дәміне жететіні жоқ. Көріп, біліп жүргеніміздей, өзге жұртта ет сақтау әдісі өте көп. Біреуі қалбырлай ды, екіншісі ыстайды.
Міне, осы бір салт біздің жақта әлі де сақталып отыр. Соған орай сәуірма мыр айларында неге «Ұзынсары» мерекесін не шарасын дағдыға енгізбеске деген ой келеді. Мерекеде соғым етін сақтаған немесе басқа да тағам түрлерін қыстан алып шыққан отбасыларын дәріптеп, олардың тағамынан жасөспірімдерге дәм татқызып, тағам сақтау құпиясын айтқызсақ, атабаба дан жалғасып келе жатқан ет сақтау әдісін саналарына сіңіргендік болар еді. Себебі оның адам денсаулығына да тигізер пайдасы мол. Шалқар даламыздың сары желіне кептірілген ет бойға қуат береді. Ағайындар, «Ұзынса ры» келіп жетті. Күбі түбіндегі соғым етін сәуірдің жылы желіне кептіріп, қадірлі қонағыңызға сақтап қойдыңыз ба?!
Әсем БОЛАТ,Қазталов ауданы
Мектебімізге 66 жыл
Өзінің өткен тарихы мен салтдәстүрін дәріптей білген елдердің еңсесі қашанда биік. Ұрпаққа туған өлке тарихынан сыр шерту, есімі ел есінде қалған біртуар перзенттері туралы насихаттау – басты міндетіміз.
Шежірелі Бөкей ордасын да – тарихи мұражай кешені бар. Оған Қазақстан қалаларымен қатар Ресейден келетін туристер легі үзілмейді. Хан сарайы, алғашқы баспахана, дәріхана, мектептер және қаружарақ палатасы осы өлкеде салынды. Бисен округіне қарасты Жиекқұм ауылындағы Кеңес Одағының Батыры Темір Масин атындағы жалпы орта білім беретін мектептің құрылғанына биыл 66 жыл толды. 19521953 жылдары Ма кар, Жетібай, Большевик жеті жылдық мектептері біріктіріліп, Большевик мектебі болып ашылған болатын. Ал 1962 жылы сегізжылдық мектеп болып қайта құрылып, оған батырдың аты берілді. 20012002 оқу жылында орта мектепке айналды.
Бүгінде жалпы орта білім беретін мектеп ұжымын жас маман Айбек Дінисламов басқарады. Оқушылардың ұлттық рухын арттыру мақсатында оларды Жәңгір хан, Махам бет, Исатай, Құрманғазы секілді бабаларымыздың кесене сіне апарамыз, Қазақстандағы жерсу атауларының шығу тарихын зерттеуге баулимыз. Елбасы Жолдауындағы нақты міндеттерді басшылыққа ала отырып, өзге де танымдық ісшаралар өткізіп келеміз.
Жайнагүл ЕЛЕМЕСОВА,Бөкей ордасы ауданы
«Немене көрген қызық көрмегендей,Жас дәурен жауар бұлтқа өрлегендей.Жастық шақ көк семсердің жүзі емес пе,Қайрап ап, қалың жауға сер
мегендей» – деп сайын далада ән оздырған батыр Мәди Бәпиұлының «Қарқаралысы» жұлып түсер жігіттікті, жастықты әдемі суреттеп бермей ме...
Міне, сол жастық жігерді сынға салып, аудан жігіттерін шар шы топқа шығарған тамаша ша ра Шыңғырлау ауданының Бе ло гор ауылдық округінде өтті. Аудандық «Жігіт сұлтаны» сайысының биылғы бәсекесі осы ауылдың мәдениет үйінде өтіп, «менмін» деген өркеуде жігіттердің біразы осы жерден табылды.
Өміртіршілікке икемді, спортқа бейім, өнерге жақын, дәстүрсалтымыз бен қазақтығын мақтан тұтатын, ұлттық болмысын бағалайтын талай жігіттің талан ты, тәрбиесі, тәуекелі талқыға түскен сынның өзі рухани жаңғыру тақырыбы аясында, жастарды «Сегіз қырлы, бір сырлы» болуға тәрбиелеу, халқымыздың жігіттік, азаматтық, жаужүректік пен отаншылдық қасиеттерін дамыту, насихаттауды мақсат етті.
Байқауға аудан округтерінен сегіз жігіт қатысты, бес кезең бо
Мықтылықты мінез, жігіттікті жігер білдіреді
йынша сыннан өтіп, қазылар алқасының қосымша сұрақтары мен талаптарын орындай отырып, бағаланды. Жарыс болған соң бірі ілгері, бірі кейін қала ды, бұл – заңдылық, бұл жолы да оза шапқандар мен тартынып, жележортқандар болды.
Әуелгі кезеңде жігіттер қой соя білу бойынша сынға түсті. Арнайы алдырылған тоқтыны адалдап бауыздау, терісін сыпы рудағы әбжілдік, жіліктеп бөлу, оны түсіндіріп беру, мал жіліктерінің атауын білуі тексерілді. Мұнан әрі сахнадағы кезең өзінөзі таныстыруы, өнер бәйгесі, күш басымдығы да сарапқа түсті.
Нәтижесінде Ақбұлақ ауылдық округінен келген сайыскер Мейірман Меңдіәлиев байқаудың бас жүлдесін, белогорлық Аманер Мұханбеталиев І орын, лубендік Бейбарыс Жұмағалиев, шоқтыбайлық Дархан Ислямбеков ІІ орын, қарағаштық Әди Медеуов, белогорлық Нұрлыхан Бекжан, полтавкалық Ринат Жүсібәлиев ІІІ орындарды иеленді. Ащысай ауылдық округі нің Амангелді ауылынан қатысқан Данияр Арыстанов ынталандыру дипломына ие болды.
Қалампыр ЖҰБАНИяЗОВА,Шыңғырлау аудандық
мәдениет үйінің әдіскері
Шалқыма Хайроллақызы Елбасының тарих пен саясаттану, әлеу меттану мен философия, психология, педагогика, экономика, мә дениеттану және филология ғылымдары бойынша студенттерге заманға лайық білім беруге қа жетті жағдай жасау керектігін тапсырғанын айтты. Осы салалар бойынша аударылатын кітаптарды таңдау үшін еліміздегі барлық оқу орнынан ұсыныс жиналып, барлығы 800ден аса оқулық атауы келіп түскенін, жинақталған тізімдердің негізінде бірнеше ба сылым көрген 100 кітаптың тізімі анықталып, биылғы жылға 18 оқу лық таңдалып алынып, аударылғанын баяндады.
Ғалым слайдтардың көмегімен әр оқулықтың аннотациясымен таныстырып, олардың әлемнің таңдаулы университеттерінің ғалымдары жазғанын, таңдаулы кі таптардың қазақ тіліне тікелей аударылуының құндылығын ашып түсіндірді.
– «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын іске асыру еліміздегі
Таңдаулы оқулықтармен таныстырды
Облыстық ассамблея жанындағы аналар кеңе сінің төрайымы, педаго-гика ғылым дарының докторы, профессор Шалқыма Құрманалина Ж. Дос мұхамедов атындағы педагогикалық колледж оқытушылары мен студенттеріне әлемнің үздік деп танылған оқулықтарынан аударылған 18 кітаптың таныстырылымын жасады.
жас мамандарды даярлаудың жаңа сапалық деңгейіне көтерілуге жол ашады. Сонымен қатар Қазақстанның дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосылуына мол ықпалын тигізеді. Жастар, студент тер әлемнің маңдайалды университеттері ғалымдарының еңбектерін мемлекеттік тілде оқи алады.
Осындай таңдаулы оқулықтардан білім алған студенттеріміз дің ғаламдық бәсекелестікте озық болатынына сенімдіміз, – деді Ш. Құрманалина.
Студенттер «Көпке ұмтылған жалғыз. Әлеуметтік психологияға кіріспе», «Әлеуметтану негіздері», «Менеджмент», «Тіл біліміне кіріспе», «Тіл және мәдениетаралық коммуникация», «Кәсіпкер лік» оқулықтарына қызығушылықтарын танытып, жуық арада кітап ханалардан оқуға ынта білдірді.
Гүлнәр НҰРАШЕВА,Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледждің
оқытушысы
дағы 397атқыштар дивизиясындағы жауынгерлердің шығыны жөніндегі хабарламада көрсетілгеніндей, Наурыз Айт қалиев 1942 жылы 13 желтоқсанда майданда қаза тауып, Ле нинград облысының Великое село елді мекенінің жанында ғы бауырластар зиратына жер ленген. Қазір бұл аумақ Новгород облысына қарайды. Со ғыс сарбазының ұлы Сапарғали Айтқалиевтің айтуынша, қаза тапқан әкесінің құрметіне оның жерленген жеріне венок (десте) қойып, тағзым ету жөнінде шешім қабылдаған. Новгород облысының әскери комиссары И. Скачковтың ха барлауынша, соғыстан кейін, яғ ни өткен ғасырдың 5060жыл дары Великое село аумағында ғы әскери қорымдар сол об лыстың Старорусский ауданындағы Залучье елді мекені жанындағы молаға көшірілген. Біздің даңқты жерлесіміз Наурыз Айтқалиевтің есімі Залучье маңындағы бауырластар зиратына жерленгендердің тізімі не енгізілген. Таяуда батырдың ұрпақтары осы жаққа барып, оның рухына тағзым етіп қайтпақшы.
Cерпін САяҚ
Ұлы Отан соғысы кезінде «хабарошарсыз кетті» деген сықылды соңынан хабар келгеннің ұрпақтары бүгінде сол атасы, әкесі хақында деректерді тауып жатыр. Сондай ізтүзсіз кеткендердің бірі – соғыс сарбазы Наурыз Айтқалиев.
mádenıeT8 Сенбі, 21 сәуір 2018 жыл
Бейсенбі күні х. Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің «Рухани қазына» облыстық фести-валі өтті. Шараға облыс әкімі Алтай Көлгінов қатысты.
Oral óńіrіOral óńіrі
– Бүгін маңызды ісшарада бас қосып отырмыз. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаң ғыру» бағдарламалық мақаласын жариялағанына бір жыл болды. Осыған орай Астанада үлкен жиын өтті. Сол жерде атқарған жұмыстарды қорытындылап, алдағы мақсаттарды айқындадық. Мұның бәрі бір жылда жасалатын шаруа емес. Дегенмен бір жыл ішінде аз жұмыс атқарылған жоқ.
Аудандық музейлер жаңартылды, күй атасы Құрманғазы мен Дина Нұрпейісоваға, қазақтың үш ба тыр қызына ескерткіш қойдық. Биыл Құрманғазының 200 жылдығы ЮНЕСКО тізіміне енді. Бұйырса, келесі апталардан экспедиция жұмыстарын бастай мыз. Өздеріңізге белгілі, Құрман ғазының сүйегі Астраханда жа тыр. Біз ол жақтағы әріптестерімізбен жұмыстанатын боламыз.
Биыл ИсатайМахамбет ескерт кішін көтереміз. Қазір мүсінші лерден ұсыныстар түсіп жатыр. Тарих, мәдениет саласы ардагерлерімен, қайраткерлерімен ке ңесіп, Мәдениет және спорт министріне баратын боламыз. Қа зір қаражатты белгіледік. Сон дайақ өңір тарихынан сыр шертер бірнеше томдық кітап шығару жоспарда. Бұл мақсатта Қытай, Ресей, Түркия және т. б. елдерден деректер жинаудамыз. Алдағы уақытта Жайық қалашығын аспан асты ашық музейге айналдырамыз.
Бұдан өзге көптеген ісшара кезегін күтіп тұр. Біз мемлекет басшысы белгілеген міндетімізді орындаймыз, алайда ел азаматы ретінде әр адам бұл іске үлес қосуы керек. Бұл бағытта өңір кәсіпкерлері тындырымды жұмыстар атқаруда. Кәсіпкерлердің қолдауымен Орал қаласында сал ауруымен науқастанған балалар
ға арнап, «Бейімдеу үйінің» құрылысын бастаймыз. Туған жерге жанашырлық танытқан барлық азаматқа ризашылығымды білдіремін, – деді өңір басшысы.
«Рухани қазына» байқауы ау дандық, қалалық, облыстық маңы зы бар мемлекеттік музейлер, кітапханалар, мәдениет үйлері мен клубтар арасында өтіп, 16 аталым бойынша үздіктер анықталды. Облыстық байқаудың алғашқы
жеңімпаздарын «Қасиетті Қазақстан» ғылыми зерт теу орталығы басшысы ның орынбасары Батыр хан Жұмабаев құттықтап, «Үздік музей» аталымы
бойынша республикалық кезеңге жолдамаларды табыс етті.
– Алты алашқа аты мәлім Ақ Жайық жұрты, облыстық «Рухани қазына» фестиваліне өз үлесімді қосқаныма қуаныштымын. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Қазақстанның киелі жерлері география
сы» жобасына сіздің облыстан алты нысан жалпыұлттық, қырыққа жуық нысан өңірлік нысан тізіміне енді. Үздік музейлерді анық тағанда өңірдегі музей қызметкерлерінің биік деңгейін, шеберлігін және ғылыми ізденісін көргенде таңғалдым, – дей келе Батырхан Ерікұлы музей саласының үздіктерін арнайы диплом дармен және бағалы сыйлықтар мен марапаттады.
Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, еңбек ардагері Инна Гудошникова кітапхана
ісінің үздіктерін марапаттап, «Үздік ауылдық кітапхана» аталымында Бөрлі ауылдық кітапханасына, «Үздік аудандық кітапхана» аталымында Сырым орталық кітапханасына дипломдар табыс етті. Бұған қоса Ж. Молдағалиев атындағы облыстық ғылымиәмбебап кітапхана «Үздік облыстық кітап хана» аталымына лайық деп танылды. Сондайақ Қазталов ауданына қарасты Қараоба ауылдық кітапханасының қызметкері Лаура Бердіғалиеваның «Үздік ауылдық кітапхана қызметкері», Бөкей ор дасы ауданынан Айнагүл Батырханованың «Үздік аудандық кітапхана қызметкері», Орал қала сындағы Х. Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының қызметкері Сергей Быковтың «Үздік облыстық кітапхана қызметкері» аталымдарында мерейлері үстем болды.
ҚР мәдениет қайраткері Нә бира Халелқызы облыстық фестивальдің «Ең үздік мәдениет үйлері мен клубтары» аталымының жүйріктерін марапаттады. Январцев ауылдық клубы «Үздік ауылдық клуб», Қазталов ауданы Жалпақтал
ауылы мәдениет үйі «Үздік ауыл дық мәдениет үйі», Бөрлі аудан дық мәдениет үйі «Үздік аудан дық мәдениет үйі», Орал қаласының жастар мәдениет үйі «Үздік қалалық мәдениет үйі» атанса, Теректі ауданының Ақсоғым ауылдық клубының меңгерушісі Алмаш Арыстанова «Үздік ауыл дық клуб қызметкері», Қазталов ауданына қарасты Ақпәтер ауылдық мәдениет үйінің директоры Марат Хасанов «Үздік ауылдық мәдениет үйі қызметкері» және Шыңғырлау аудандық мәдениет үйінің директоры Гүлжамал Жұ мағазиева «Үздік аудандық мә дениет үйі қызметкері» аталымдары бойынша өзгелерден оқ бойы озық шықты.
Облыстық фестиваль жеңімпаздары 21 мамырда Астана қаласында өтетін «Рухани қазына» республикалық байқауында Ақ Жайық өңірінің мерейін асқақтатпақ.
Динара ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ,«Орал өңірі»
Суреттерді түсірген Айбатыр НҰРАШ
«Рухани қазына» облыстық фестивалі
Нұрбек МҰхАМБЕТҚАЛИЕВ, Жалпақтал ауылдық мәдениет үйінің қызметкері:
– «Рухани қазына» облыстық фестивалі жоғары деңгейде өтті. Байқау барысында қазақы, ұлт тық өнерімізді дәріптей отырып, жаңа инновациялық бағыттағы жұмыстарымызды да көрсеттік. Сол себепті таңдау, бәлкім, бізге түскен болар. Жалпы, үздіктердің арасынан озық шыққанымызға өте қуаныштымыз. Республикалық «Рухани қазына» фестивалінде намысты қолдан бермеуге тырысамыз.
Нұргүл БАТЫРхАНОВА, январцев ауылдық клубының хореографы:
– Январцев ауыл дық клубының не гізі 1966 жылы қаланған. Соң ғы жылдар дағы же тістіктері мізге тоқ талар бол сам, «Аллегро» би шілер тобы «Балдәурен», «Бала дауысы» байқауларында, әншілеріміз түрлі дең гейдегі өнер додаларында же ңімпаз атанды. Бүгін «Үздік ауылдық клуб» аталымын жеңіп алдық. Фестиваль ұмытылмас әсер сый лады. Еңбегімізді жоғары бағалаған жандарға алғыстан басқа айтарым жоқ.
9Сенбі, 21 сәуір 2018 жыл bUQARA
Ресей Федерациясы Волгоград облысы Волжск қаласында қандастарымыз тойлаған Наурыз мейра-мына Жәнібек ауданының әкімі Азамат Сафималиев бастаған делегация ар-найы қатысты.
Oral óńіrіOral óńіrі
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы
және «Рухани қазына» кіші бағ дарламасы аясында шетте жүр ген қандастарымызға ұлттық құн дылықтарымыз бен салтдәстүрлерімізді насихаттау бағытында өткен шараға жиылған халық аз болған жоқ. Құрылған төрт киіз үйдің ішісырты ұлттық киімкешек, атабабаларымыз қолдан ған тұрмыстық заттармен жабдықталса, кең жайылған дастарқан ұлттық тағам түрлерімен жайнап тұрды. Шара барысында Жәнібек аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Светлана Джукина бастаған аталмыш рухани ошақ ұжымы көпшілікке «Қазақстан деп жырлаймын» атты кітап және фото көрмелерін ұсынды.
«Волжск қазақтары» қоғамдық
лық ансамблі Құрманғазының күй лерін күмбірлетсе, Тамара Кафарова, Дана Қаратаева, Райымбек Кәрімов пен Мейрамгүл Дәу летқалиева ән әуелетіп, жұртшылықтың ыстық ықыласына ие болды. Жақсылық Бисенғалиев домбыраның сүйемелдеуімен «Бет ашар» айтып, аудандық мәде ниет үйі қызметкерлері беташардан көрініс көрсетті. Аудандық балаларжасөспірімдер спорт мек тебінің ат құлағында ойнаған шабандоздары теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату және көкпар ойындарынан көріністерді паш етті. Қазақ күресі сайысы екі ел спортшыларын одан әрі жақындата түскендей. Тарқатып айтар болсақ, қазақ күресінен 70 келі салмақ бойынша Сырым Байсов 1орын (Жәнібек), Асланбек Неғыметов 2орын (Жәнібек), Артем Пар фирьев 3орын (Волжск қаласы) иеленсе, +80 келі салмақта боз кілемде белдескендерден басым түсіп, алысқанын алып ұрған Аманат Хамзин 1орын (Волжск қаласы) алса, Сырым Байсов 2орын (Жәнібек), Данияр Әміров 3орынға (Ленинск қаласы) ие болды.
Ахмедияр БАТЫРхАНОВ, Жәнібек ауданы
ұйымының төрағасы Ерсайын Назаров жиылған жұртшылықты Наурыз мейрамымен құттықтаған соң, көршілес Жәнібек ауданы әкімдігінің қолдауымен арнайы келген делегацияға шексіз ризашылығын білдірді.
– Наурыз – түркі халықтарының ежелден бері тойлап келе жатқан мейрамы. Бүгінгі күні осы мейрамды атап өтуге келген бар шаңызға құтбереке, ырыс ті леймін. Біздің қаланы мекен ет кен көп ұлт өкілдері арасында қазақ халқының еңбекқорлық және қонақжайлық қасиеттерін ерекше атап өткім келеді. Міне, көршілес Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының әкімі Азамат Сафималиев бастаған делегация келіп, бізді қуантуда, – деген Волжск қаласы әкімшілігінің басшысы Игорь Воронин баршаның амандығын тіледі.
Өз кезегінде ресейлік қандас тарымызды мейраммен құттықтаған Азамат Сафималиұлы Игорь Воронин мен Ерсайын Назаровқа кәдесыйлар табыстады.
Ресейлік қандастарымыз Анар Зайнуллина, Тимур Кайбалиев, Кә мила Сисенова, Шыңғыс Еділбаев әннен шашу шашса, ресейлік қазақ жастары «Қара жорғаны» биледі. «Жәнібек сазы» фольклор
Ерсайын НАЗАРОВ ,«Волжск қазақтары» қоғамдық ұйымының төрағасы: – Наурыз тойын өткізудегі мақсатымыз – шетте жүрсек те, салтдәстүрімізді
ұмытпай, жеткіншек ұрпаққа жеткізу. Біз ұйымдастырған мәдени және спорт тық шараларға Жәнібек ауданы әкімдігі үнемі қолдау білдіруде. Жәнібектік өнерпаздар орындаған әндерге және ұлттық ат спорты ойындарына бәрі дән риза. Алғысымыз шексіз. Алдағы уақытта біз өткізген шараларға Батыс Қазақстан облысының басқа аудандары осылай қолдау жасаса, құбақұп болар еді.
Қазақ халқының бай мәдениеті мен салтдәстүрлерін осындай шараларда ұлықтау – біздің міндетіміз.
Абдулла Батта хазірет, Волгоград облыстық діни басқарма орталығының мүфтиі:
– Ресей еліне келген қазақстандық өнерпаздар мен спортшы бауырлары мыз жергілікті қазақ ұлты өкілдерінің мерейін тасытуда. Атажұрттан шет жүрген қандастарыңызға қамқорлық деген осы. Наурыз мейрамы – мұсылман халқы үшін ұлы мереке. Бірлік пен ынтымақ артсын.
Андрей ЖАРКОВ, Волгоград орталық мәдени демалыс саябағының директоры: – Шараның ұйымдастырылуы жоғары деңгейде болды. Мәдени бағдарлама
өте керемет. Мен жаңа достар тапқаныма қуаныштымын. Волгоград орталық мәдени демалыс саябағында «Этномир» алаңында қазақ мәдениетінің экспозициясын бірлесіп көрсетеміз деген сенімдемін.
Наурыз тойыӘсілінде, жасы келген жандарға әдемі қарттық тілеп жа-
тамыз. Қарттықтың әдемілігін ажырататын бір белгі болса, ол сол адамның ұрпақтары боларау.
Саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнап, балаларының бақытты болашағы үшін бел жазбай еңбек еткен Дәния Уәлиқызымен тілдескенде осындай ой келді. Жүзінде нұр ойнаған жайдары
жан әңгімені бала күнгі бейнетті жылдардан бастады.– Мен 1933 жылғы 18 сәуірде қаратөбелік қарапайым отбасында
дүниеге келгенмін. Отбасында атаанамыз аялап өсірген алты баланың үлкенімін. Қаратөбедегі май зауытында есепші қызметін атқарған әкем Уәли Ілиясов 1941 жылы соғысқа алынып, анам Бибінұр шиеттей балалармен қалды. 1942нің қара суық желтоқсанында қаралы хабар арқалаған хат келіп, үмітімізді біржола үзді. Әкем опат болған. Үйдің барлық тауқыметі өзіне түскен анама қолғабыс ету үшін 11 жасымнан жұмысқа араластым. Оқуым да осылай төрт сыныппен түйінделді. Күнкөріске қарекет жасап, анамыз екеулеп өзімнен кейінгі бауырларымды талғажаусыз қылмадық. Мұқтаждық қамытынан құтылу оңай емес, 1947 жылы ауруханаға санитарлық жұмысқа тұрдым. Жасым жетпегенін байқатпай, бірекі жас үлкейтіп айтуға мәжбүр болдым. Осы жерден қол үзбей алты жыл қызмет қылып, 1953 жылы Мақсым Маемиров есімді азаматпен отау көтердік, – деп әңгімесін әрі қарай сабақтады.
Мал дәрігері мамандығын игерген Мақсым Молдағалиұлы анасымен Қаратөбедегі аталас ағайындары, ақын Сағынғали Сейітовтің әкесі Дүйсенғалидың шаңырағында тұрып қызмет атқарған. Бірде сырқаттанып қалған анасы Рахима ауруханада емделсе керек. Биязы мінезді болашақ келінін жазбай таныған ана жүрек сыртынан ұнатып, өмірлік адал жар болатын жанға баласын өзі бағыттаған. Анасының сөзін екі етпеген жігіт қызға келіп, анасына ұнаған адамды өмір бойы адал жар етуге бекінгенін айтып, сөз салыпты.
Сөйтіп өнербілімнің киелі ұясы, Дүйсенғалидың шаңырағына түскен жас келін келімкетім кісісі көп, қонақжай әулеттегі күн ұзағына шай құйған сәттерін сағына еске алды.
– Дүйсенғали ата алды ауыр, мінезді кісі еді. Көңілін аулап, қасқабағына қарап отырамыз. Сағынғали аға демалысқа достары, отбасымен бірге келеді. Үлкен үйде бірер ай тұрған соң отағасының қызмет бабымен Егіндікөл, кейін Қанкөл кеңшарында тұрып, Жымпитыға ауысып кеттік. Сол жылдары Жымпитыда Абай кеңшары құрылып сонда бардық. Қонысымызға айналған құтты мекенде балашағалы болып, 40 жыл тұрдық. Балалардың бәрі Абай мектебінен тәлім алды. Өзім ауыл клубында кассир болып жұмыс жасадым. 1977 жылы «Батыр ана» ата нып, отағасымен 11 бала тәрбиелеп өсірдік, – деген Дәния әже 1983 жылдан зейнет демалысында екен.
Атаанасынан тәлімді тәрбие көрген ұлқыздың барлығы бүгінде мамандық игеріп, әр салада қызмет етуде. Бес ұлдың бірі Асхат Маемиров Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, философия ғылымдарының докторы (РҺD), «Болашақ» Президент стипендиясының иегері, танымал режиссер, М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры қызметінде.
Бүгінде Белес мектебінің директоры қызметіндегі ұлы Азаматтың шаңырағында немережиен, шөберелерді қызықтап, төрде отырған ардақты ана, асыл әжеден балалары туралы сұрадық.
– Адам ұрпағымен бақытты. Балаларды өнербілімге баулып, адалдыққа тәрбиеледік. Бірінші кезекте әкелері сабақтарын мұқият қадағалайтын. Ел аралап шыққанда Сағынғали ағайлар дастарқанымыздан дәм татып кететін. Балалардың ішінде алабөле Асхаттың өнер қуып өсуіне сол Сағынғали ағаның батасы дарыса керек. Асхатым журналист болуды қатты армандады. Жымпитының «Қайнар» газетімен хат алмасып, ойға алған дүниелерін тым тәуір жазып жүрді. Журналист болмаса да театр саласынан орнын тауып, ел мәдениетінің көркеюіне үлес қосуда. Қалған балакеліндерімнің бәрі ұстаздық қызметте. Осы Зеленов ауданының Белес ауылына қоныс аударғанымызға жиырма жыл болды. Елбасының арқасында өсіпөркендеген халқымыздың ортасында берекелі ғұмыр кешіп отырмын. Біз көрген бейнет енді қайта оралмасын. Ел іші аман, іргеміз бүтін, төңірегіміз тыныш болсын, – деп тіледі батыр ана.
Нұржан ДҮЗБАТЫР,Зеленов ауданы
Адам ұрпағымен бақытты
Еділ бойындағы
oTAndAsTAR10 Сенбі, 21 сәуір 2018 жыл Oral óńіrіOral óńіrі
Ұлты бөлек болса да, тілі - қазақ!Тіл қай ұлтта, қай
елде болса да қастерлі, құдіретті, ол ана сүтімен санаға бірге сіңіп, қалыптасады. Ана тілі – ең басты байлығымыз. Қазақ тілі – ең ұлы, ең тамаша тіл. Ұлт ақыны Қадыр Мырза Әли: «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» – деп жырлағандай, ұрпақ са уатты болу үшін алдымен ана тілін жетік меңгеріп, кейін өзге ұлттың тілінде еркін сөйлей білуі тиіс. Ал өзге ұлттың қазақ тілінде сөйлеуі, тілді құрметтеуі ерекше қуантады.
Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінің бір топ
студенті қазақ тілін біліп ғана қоймай, оны насихаттап, тілдің дамуына қалқадерінше өз үлесте рін қосуда. Аталмыш колледж де болып, ұлты бөлек болса да, тілі мен тілегі бір жастармен кездесудің сәті түсті. Ұлты украин болғанымен, қазақ тілінде талай қазақты жаңылдырып, мүдірмей сөйлейтін Александр Губарь Сырым ауданы Алғабас ауылында туыпөсіп, қазақ мектебінде білім алған. Атаанасы мен достарының арқасында ол қазақ тілін жетік меңгерген. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша өзге ұлт арасындағы облыстық олимпиаданың бас жүлдегері, өзге ұлт өкілдері арасында өткен Жұбан оқуларының жеңімпазы, қазақша күрестен аудандық жарыстардың жүлдегері атанған студент жігіт мұнымен тоқтап қалмайтынын, әрі қарай қазақ тілін насихаттап, дамытуға барынша үлес қосатынын айта ды. Болашаққа деген жоспары көп, өзі оқып жатқан өрт қауіпсіз
дігі мамандығы бойынша жұмыс жасап, білікті маман атанғысы келеді. Қазір гитарада ойнауды үйреніп жүрген жайы бар. «Қазақстан Республикасында тұрып жатқан соң әр азаматтың қазақ тілін білуі – міндет, қажеттілік деп білемін. Қазақ тілі – мем лекеттік тіл, қай жерде жүрсең де, туған еліңнің тілін дамы туға өз үлестеріңді қосып, оны дәріптеп жүріңдер демекпін», – де ді Александр.
Ал Александра Горбунова Зе ленов ауданының Көшім ауылында дүниеге келіп, аралас мектепте білім алған. «Құрбымның арқасында қазақ тілін үйрендім. Қазір осы тілде сөйлеп, түсінісе аламын. Араласып жүрген ортамда барлығының ұлты қазақ, сол себепті де болар тілді тез үйрендім», – деді ол. Бала кезінен бастап қазақ тілінде түсінісіп, осы тілде сөйлей білетін бойжеткен бос уақытын тиімді іске жұмсауға тырысады. Спорттың самбо, дзюдо деген түрлерімен айналысады. Достарымен жиналып, гитарада ойнағанды ұнатады және самбо дан спорт шеберлігіне кандидат. Александра әлі де көптеген жетістікке жетуге дайын екенін, алға қойган мақсатына қол жеткізбей тыным таппайтынын айта ды. «Қазақ тілін білмейтін құрбықұрдастарыма айтарым, тілді мең геру ешқашан кеш емес. Талпынсаң, қызығушылығың болса, алға
қойған мақсатыңды орындай аласың. Мемлекеттік қызметші болу үшін де мемлекеттік тілді меңгеру керек», – деді Александра.
Анатолий Щербина да Шыңғырлау ауданының Лубен ауылында дүниеге келіп, аралас мектепте білім алды. Қазақ тілін өзінің достарының арқасында үйренген, бірақ отбасында тек ағасы екеуі қазақша сөйлейді екен. Ол қазақ тілін жаңадан үйреніп жүрсе де, өз ойын ашық жеткізе біледі. Қазақ тілінен болатын олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарды ием деніп жүр. «Қай елдің азаматы болсаң, сол елдің мемлекеттік тілін меңгеруі керек. Қазақ тілін тек білумен, сол тілде сөйлеумен шектелмеуіміз керек. Біз, жастар мемлекеттік тілді дамытуға да өз үлесімізді қосқанымыз жөн. Осы жолда аянбай еңбек етуге тырысамын», – дейді Анатолий.
«Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, біз елімізді Қазақ мемлекеті деп атайтын бола мыз!» – деген Елбасымыздың сөзін неге ту қылып ұстап, дәріптеп жүрмеске?! Колледждегі мемле кетшіл, ұлтшыл жастардың пікір лері де осыған саяды.
Құралай МӘДИЕВА,Ж. Досмұхамедов атындағы
педагогикалықколледждің студенті
Орал қаласындағы коо перативтік технику мын аяқтаған соң Ната
лья жолдама бойынша Жымпиты ауданына жұмысқа аттанып, есепші болып қызметке тұрады. Бір жылын Сырым батыр туған топыраққа арнаған ол 1992 жылы қалаға оралады. Сол бір алмағайып кезеңде шаһардан жұмыс табудың өзі қиын болатын. Наталья да жұмысқа тез орналаса алмайды. Кеше ғана тәуелсіздігіне қол жеткізген жас мемлекеттің бұрынғы қалыптасқан экономикалық жүйесі өзгере бастады. Нарықта еңбек биржасы деген түсінік пайда болды. Күндердің күнінде осы еңбек биржасы арқылы «Парыз» атты сауда орнына жұмысқа орналасады. Наталья Оралда түбегейлі қалып та қояр ма еді. Бірақ кездесіп, сөз бай ласқан жігітімен отбасын құрып, жұбайының туған жеріне аттанады.
Осылайша 1995 жылы Наталья Колманова Цыганов (қазіргі аты Егіндібұлақ) ауылына келеді. Ол жылдарда есепшіревизорға жұмыс іздемесе де болатын еді. Әркім өзінше өмір сүріп жатты. Сонда да қол қусырып отырмаған Наталья мен жұбайы азынаулақ мал ұстады. Жұмыс іздеп қалаға қарай кетсек деген ойлары да болыпты. Сөйтіп жүргенде, Натальяға ауылдағы пошта торабына қызметке тұру туралы ұсыныс түсті. Ұсынысты қуана қабыл алып, жаңа жұмысына бел шеше кірісіп кетеді. Халықтың газетжурналға жазылуын рәсімдеу, зейнетақы мен жалақы үлестіру, хатхабар қабылдау сынды қарбаластан қолы босамайтын оны ауыл тұрғындары жақсы танып алды. Беделі де арта түсті. Осы кезде ауыл әкімі Дәулет Убаев Натальяны ауыл дық әкімдікке жұмысқа шақырады. Басында қолымнан келмейдіау деп бас тартқанымен, оның білімбілігіне сенген Дәу лет Хайдарұлы көндіреді. Алдымен емтихан тапсырып, әңгі мелесуден өтеді. Осылайша ол ауылдық әкімдіктің табылдыры ғын аттайды. Бұрын бұл мекемеге өзінің арызы мен белгілі бір мәселені айта келетін жан бұл жолы өзі сол мәселелерді шешуші болып шыға келді. Сол кезде тұрғындар да әкімдік
● ҚР Мемлекеттік қызмет құрылымдарына – 20 жыл
Егіндібұлақтың Натальясы
Мемлекеттік қызмет көрсетуші құрылымдар халықтың жайлы өмір сүруіне жағдай жасауға бағытталған. Осы істі абыроймен атқарып жүрген мемлекеттік қызметкерлердің бірі – Наталья Колманова.
барлығын шеше алады деген түсінікте еді. Таусылып бітпейтін елдің мәселесін реттей алмаспын деген ой Натальяны мемлекеттік қызметке баруға сескендірген. Бірақ бастаған ісін соңына дейін жеткізетін мінезі табандылық танытуына зор сеп болды. Адамдармен жанасымы ерек жас маман аудан әкімдігі мен бөлімдерге, мұрағатқа, өзге округтердегі әріптестеріне телефон шалып та біраз нәрсені үйреніп үлгереді.
– Сол кездері келген тұрғындармен тілдесіп, мәселелерді шешу жолдарын көрсеткен, ақылкеңесін айтқан Л. Шмарина, А. Жармұхамедова, А. Ілиясова мен В. Бабатовтың көмегі көп тиді, – деген Наталья кейін ауыл әкімдігінің бас маманы қызметіне ауысып, жауапкершілігі арта түседі. Бұл жұмысты да дөңгелетіп алып кеткен ол өзінің мансаптық тез өсуін мемлекеттік тілге жетік болға нымен байланыстырады.
– Мемлекеттік қызметтің басқа салалардан айырмашылығы жер мен көктей. Біріншіден, үлкен жауапкершілік. Екіншіден, кей құжаттарды дайындау барысында жіберілген аз ғана қателігің қызмет тұтынушыға да, өз болашағыңа да кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондайақ әкімдікке келген әр азаматты тыңдап, қажетті жауабын бере білу де – мемлекеттік қызметтің басты талабы. Мемлекеттік қызметші этикасына нұқсан келтірмей, ұдайы қырағылық таныту тағы бар. Кей сәттерде агрессивті көңіл күймен келген азаматтарға да жайжапсарды түсіндіре білуің керек. Түскен хаттарға да жауапты нақты әрі уақтылы бере білу де кәсібилікті талап етеді, – дейді ол.
Өз қызметінен бөлек қоғамдық жұмыстарда да белсенділік танытып жүрген Наталья – спорттан ауданның мемлекеттік қызметшілер құрамасының мү шесі. Он үш жыл мемлекеттік қызметте жүрген ол – кәнігі ма ман. Бір кездері тәжірибелі мамандарға телефон шалып, көмек сұрап жүрген болса, осы күндері жас мамандар оның өзін мазалайды. Мемқызметті мемлекеттік тіл меңгеруден бастаған Егіндібұлақтың Натальясы: – Әр мемлекеттік қызметкер қазақ ті лін жетік білуі керек, – деген пікірде.
Ел ішінде өз ісінің шебері, білгір маман деген сөз бар. Дәл осы теңеу Наталья Колманова сынды мамандарға қарата айтылса керекті. Ауылдастары алдындағы құрметі мен жұмыс тәжірибесі оны білгір маман атауға жеткілікті.
Түгелбай БИСЕН,Зеленов ауданы
– Менің ұлтым – украин. Сонау тың игеру жылдары әкем арман қуып, Украинадан көшіп келіпті. Қазақ қызына үйленген. Мен де Бота есімді қазақ қызымен шаңырақ құрдым. Алты баламыз бар. Әли мен Әліби есімді егіз ұлдарым қазақ мектебінің 6сыныбында
оқиды. Олар өздерін қазақ санайды. Әкем: «Қазақтай бауырмал ха лықты еш жерден кездестірген жоқпын. Алғаш келгенде олардың үйлерінің есігіне құлып салмайтынын көргенде, таңғалған едім. Міне, мырзалық, міне, дархандық!» – деп ризашылықпен айтып оты
ратын. Міне, бүгінде мен ердің жа сы елуден астым. Мен де қазақ тың бір ұлымын. Ұлтым басқа болса да, жаным қазақ болып кеткен, – дейді ақпәтерлік Федор Гнедко.
Жұлдыз АСҚАР,Қазталов ауданы
«Қазақтың бір ұлымын»
Ақпәтер ауылының тұрғыны Федор Гнедко – көпшілікке сыйлы жан. Ол – алты баланың әкесі.
● Қазақ тілі – Қазақстан халқын біріктіруші фактор
máseleСенбі, 21 сәуір 2018 жыл 11Oral óńіrіOral óńіrі
Жылқы шаруашылығы мемлекеттік қолдауға зәру
Жәңгір хан атындағы БҚАТУда ұйымдасты рылған ғылымипрак
тикалық конференция елімізге белгілі ғалым, зоотехникселекционер, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент, мұғалжар, көшім тұқымдарын шы ғарған, қазақы жабы тұқымын зерттеуші, ет және сүт өнімдері бағытындағы жергілікті жылқы тұқымдарының республикалық па латасы кеңесінің төрағасы Серікбай Рзабаевтың 80 жасқа толуына орай өткізілді.
Қытайлық ғалым қазақы жылқыны алтынға балайды
– Елбасы биылғы Жолдауын да аграрлық ғылымның мәнмаңызын атап өтті. Аграрлық университеттер рөлін баса көрсетті. Университеттер мен ғылым, жер гілікті атқарушы билік пен шаруашылық нысандары байланысын кеңейту қажет. Жаңа технология мен ғылым жетістіктерін пайдаға асырып жатқан шаруа қожалықтары биік белестерге жетуде. Олардың көрсеткіші мен қызмет сапасы артты. Ал ғылымнан алыс шаруашылық нысандары арыз ға на айтады. БҚОда 170 мыңдай жылқы бар. Оның асыл тұқымды сы 6 пайыз. Жыл сайын фермер лер жылқы санын көбейтуде. Көшім жылқы тұқымы шыққан біздің облыста аталған тұқымды және қазақтың жабы жылқысын өсіре тін 20 шаруа қожалығы бар. Об лыста жылқы еті 10001200 теңге. Жылқы еті жалпы ет өндірісінің 13 пайызын алады, – деді ғалымдардың басқосуына қатысқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Игорь Стексов.
Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде өнімді жылқы шаруа шылығын ынталандыру жөнінде ҚазҰАУдың профессоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кан дидаты Қайрат Исхан, Қытайдағы жылқы шаруашылығының қа зіргі жағдайы және оның болаша ғы туралы ҚХРның Тарын университетінің профессоры Ғымынгүл Мұқатайқызы әңгімеледі.
Еттісүтті өнімділік бағытында ғы жергілікті жылқы тұқымдары
Таяуда Оралда «Ет және сүт өнімдері бағытындағы жергілікті жылқы тұқымдарының қазіргі жағдайы және оның болашақтағы даму перс-пективасы» тақырыбында конференция өтті. Оған осы саланы зерттеп жүрген ғалымдар мен Қазақстанның, Ресейдің, Қытайдың иппологма-мандары, жылқы өсіретін шаруашылық иелері қатысты.
ның қазіргі жағдайы және оның болашақтағы даму жайына Жәңгір хан атындағы БҚАТУдың профессоры, ауыл шаруашылығы ғы лымдарының докторы, профес сор Қазыбай Бозымов өз ойын ортаға салды.
Сала мамандарының баяндамаларынан ұққанымыз, жылқы етінің басқа еттен гөрі диеталық құндылығы мен сапалық артықшылықтары, өндірісінің жоғары тиімділігі, соған қарамастан құнының төмендігі шетелдердің сұранысын арттырған. Мұны, әсі ресе, Қытайдан келген ғалым түр лі жағынан түсіндіріп, қазақы жыл қыны алтынға балады. Қытайда жылқы санын 200ге жеткізетін фермерлер сирек екенін айтып, ал қазақ арасында бірнеше мың жылқысы бар шаруа өте көп болса да, тиімді өндірісті қолға алмай отырғанына қынжылыс білдірді. Қытайда қазақтың қазысына ұқсамаса да, қазы жасау кең тарап жатқанын, тіпті буаз биенің зәрін де кәдеге жаратып отырғанын мысалға келтірді. Қытайлар бие зәрінен гормон алып, әйелдерді жа сартатын өте қымбат дәріні АҚШ қа сатып отырған көрінеді.
Соңғы бір жылда Қазақстандағы жылқы саны 8 мыңға немесе 6 пайызға көбейген. 2018 жылғы 1 қаңтардағы есеп бойынша Қазақстандағы жылқы саны – 2 млн. 395 мың. Оның арасында асыл тұқымды жылқы 7 пайыз. Негізі, асыл тұқымды жылқы саны бұл көрсеткіштен көп, алайда олардың құжаты жасалмаған, тіркелмеген.
– Мәліметті бірдейлендіру базасы (ИСЖ) мен ақпараттық талдау жүйесіне (ИАС) жету үшін малымыздың туғаннан бастап таң басы дұрыс болуы керек. Палата ның атынан облыстық ветеринарлық сала басшылары әр ауылда таңбалауды дұрыс жолға қойса деген ұсыныс айтамын. Таңбалау қатаң тәртіппен жүзеге асырылса, асыл тұқымды жылқылар ИСЖ мен ИАСқа қосылады, – дейді Ақтөбе облысындағы «Жансая» ШҚ құрылтайшысы, ет және сүт өні мі бағытындағы жергілікті жылқы тұқымдарының республикалық палатасының мүшесі Әлібек Базарғалиев. Шындығын айту керек, жаңа технологиялармен жұмыс істеуге көп шаруа қожалық ие
лерінің сауаттылықтары жетпей келеді.
«Иппологтарды әзірлеу жүйесі жоқ»
– Жылқы шаруашылығының экспорттық өнімдер шығаруға әлеуеті жетеді. Бұл салада еліміздің үлкен жетістіктерге жетуі не мүмкіндігі зор. Әрине, мәселе де аз емес. Мемлекет өнімді жылқы шаруашылығын дамытуды назарына алып, қолдау жасап жатқан жоқ. Алайда қолдау болатынына сенеміз. Бұл жиында ға лымдар мен бизнес өкілдері кездескеніне қуаныштымын. Екі тарап бірігуі қажет деп санаймын. Салада мәселе көп те, білім, ма ман жетпейді, технологияны да соңғы үлгіде дей алмаймыз. Әлем ІТ технологияға өткенде біз өнді ріс пен селекцияның ескі тәсілдерінде жүрміз. Мемлекеттің мүмкіндігін талқылай бермей, нақты не істей алатынымызды анықтап барып, биліктен көмек сұрау керек. Ол тек қаржылай емес, нор мативтік заңдар, стандарттар, өнім ге қойылатын талап, өңдеу мен оған алынған шаралар жағынан болса, нұр үстіне нұр. Барлық тех нология гендік деңгейге ауыс қанда бізге де ілесу қажет. Технология мен мамандарсыз ештеңе тындыра алмаймыз.
Ғылыми жақсы көрсеткіштерді тарататын орталықтар, мамандардың біліктілігін арттыру жүйесі жоқ. Жалпы, жылқы мамандарын әзірлеу жүйесі де жоқ. Ары қарай қалай дамимыз? Қазір осы саладағы мамандардың құлшынысы, ынтасы бар дейік, келесі буын қандай болады? Оларды жергі лікті жерлерде, тасада дайындай бере ме? Сондықтан адами ресурсты дамытудан бастау қажет деп білемін. Қазіргі білім беру жүйесі өндіріске қарай бет бұруда. Нарықтың жыл сайын өзгеретіні сияқты, жыл сайын қажет мамандарды ғана дайындауды қолға алу керек. Осы сала мамандарымен, шаруалармен университет ынтымақтаса жұмыс жасауға әзір. Маман даярлауға өз ұсыныстарын қосып, оқу барысын қадағалай отырып, жастарды оқытуға жағ дай жасауға болады.
Ірі қарадан қазақтың өз тұқымы бар – қазақтың ақбас сиыры мен әулиекөл сиыры. Әлем малдың тұқымы мен өнімділігін ге
нетикалық анықтама арқылы ба ғалауға көшті. Біздің тұқымдар шетел базасында әлі жоқ. Мем лекет тарапынан қаржы бөлінді, алдағы үш жылда генетикалық құжатын алады деп сенемін. Сонда жаңа туған бұзаудың инвестициялық тиімділігін өскенше кү тіп жүрмейтін болады, генетика лық анықтамасы болады. Бұл мәселе қазақ жылқысына да қатыс ты, – деген Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлықтехникалық университетінің ректоры, профессор Асқар Наметов ветеринария саласының өткір мә селелерін де айтып өтті. «Ветеринария жүйесі өзгерді. Түрлі ауруларға қауіпсіздік мәселесі туындады. Жылқы аурулары басқа жануарлардан өзгеше болса да, бұл бағыттағы зерттеу жасалып жатқан жоқ. Өнімді экспортқа шығарған кезде де осы мәселе көлденең шығады. Ал бұл сапа мәселесіне ұласады. Ғылым мен бизнес біріккен жобалар ғана мемлекет тарапынан қаржыландырылады. Бұдан екі тарап та нә тижеге жетеді. Қазір бірікпесе, бәрі кеш болады», – деді ректор.
«Ғылыми атақтарын жылқы тақырыбында
қорғаса да, жылқының тұқымын ажырата алмайтындар бар»
– Осы жиында сөйлегендер асылдандыру ісі кенжелеп қалғанын дұрыс айтты. Бірақ оны субсидиямен байланыстыру дұрыс емес деп санаймын. 27 жылдан бері субсидияны алмай келе жат қан мал шаруашылығының жал ғыз саласы – осы жылқы шаруа шылығы. Жылқы шаруашылығының саны да, сапасы да төмендеп келе жатқан жоқ, қазіргі асыл тұқымды жылқының азаюы өзі міздің фермерлердің, шаруа қо жалықтарының кесірінен болды. Білімсіздіктен де емес, жалқаулықтан. Ешкім тіркеумен айналыспайды. Одан кейінгі кінә маман дайындаудан. Ол да өзіміздің кінәміз. Мен де оқытушымын, әлі күнге үш университетте сабақ беріп келемін. Қытай, Таиланд, Индонезия, Германияда, жалпы са ны 18 елде селекция бойынша дәріс оқып жүрмін. Барлық жер де басты бағытты мамандандыруға береді. Қазіргі Қазақстандағы жағдай «Ит жоқ жерде шошқа
үредіге» келеді. Анық байқалатын нәрсе – өзіміздің зоотехник мамандардың сапасының төмендеп кеткені. Елімізде ғылыми атақтарын осы жылқы тақырыбынан қорғаған, алайда осы күнге дейін жылқы тұқымын ажырата алмайтын зоотехниксымақтар бар. Сөй теді де селекцияға кірісіп кетеді. Айтуға ұят, биеге қатысты «Стельная кобыла» деп форма да бекітіп тастаған. «Английская чистокровная порода»... Ондай тұқым әлемдік реестрде – 272 жылқы тұқымының арасында жоқ. Ал біз де Қазақстанда бар. Оны бүкіл әлем көріп отыр. Төртбес рет ескерту жасадым. Алдымен өзімізді түзеп алайық. Бүгін еттісүтті жылқы тұқымы деп санын айттық та, сапасын айтқан жоқпыз. Қазір асыл тұқымды жылқы басына келетін болсақ, қазақы жылқы, көшім, мұғалжар – үш тұқымнан 71 828 бас қылқұйрық бар. 2 млн. 400 мың бас жылқының ішінде асыл тұқымды ресми мәртебесі бар 71 мың бас қана! Осы конференцияда «тек асыл тұқымды ай ғырларды пайдалану керек» деп айтылып жатыр, олардың саны, құжаты жоқ. Айғырлар бар, жоқ емес, куәлігі жоқ. Мықты маманмын деп жүргендер біздің өнімді жылқылар мен зауыттық жылқыларды салыстыра береді. Мақалаларды да көріп жүрміз, бірақ ешкім ештеңе айтпайды. Мамандардың, сарапшылардың ті зімін қайта қарау керек. Әйтпесе, жағдай түзелмейді. Молекулар лық зерттеулерге келетін болсақ, STR тәсілі ескірді, қазір SNPге көшті. ДНК учаскелерінің дивергенттік қасиеттерін пайдаланып, молекуларлықгенетикалық систематиканың кладограммасын құруды үйрену керек. Маман да йындау керек. Палата өзі қаржыландырып, бір адамды оқуға жі берсе, Қазақстанға жетер еді. Ре сейде бұл бағытта қозғалыс бар. Көршілеріміз Австриядан дүние жүзіне белгілі ғалымды шақы рып, генетикалық зерттеулер жүргізіп жатыр. Орыс тілін білеміз ғой, ең болмаса соған математика мен генетикадан хабары бар жастардан бір маманды жі берген дұрыс. Бұрынғыдай «Мен ғана болуым керек» дегенді тоқ татып, жастарға көңіл бөлу қажет, – деді ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, «Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми инновациялық орталы ғы» ЖШСның бас директоры Әлжан Шәмшідін.
Сала мамандары экономикалық және климаттық жағдайға жақсы бейімделген жылқылардың жергілікті түрлерін, асыл тұқымды жылқылардың ішінде кеңінен таралған – қазақы жылқы, мұғалжар және көшім жылқыларын сақтау, көбейту және оларды жетілдіру мәселелерін қозғады.
Нұрлыбек РАхМАНОВ
29 аула күрделі жөнделмек
dAlA-QAlA12 Cенбі, 21 сәуір 2018 жыл Oral óńіrіOral óńіrі
– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаң ғыру» атты бағдарламалық ма қаласында атап көрсеткеніндей, ерлігімен, қаһармандығымен ел есінде қалған жерлестеріміздің рухы алдында тағзым ету – баршамыздың басты парызымыз. Майдандағы ерлігін бейбіт май дандағы еселі еңбекпен ұштастырған батырдың рухын жас ұр пақ санасында жаңғыртуымыз керек, – деді аудан әкімі Әділ Жоламанов.
Аудан әкімінің айтуынша, батырдың 100 жылдығын мерекелеу еліміздің Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен бекітіліп, 2018 жылы тойланатын мерейтойлар тізіміне енді. Осы ған орай аудандағы білім, мәдениет ошақтарында, қорғаныс іс тері жөніндегі бөлімде ірі шаралар, танымдық конференциялар өткізу жоспарлануда. Батыр жү ріп өткен жорық жолдарын ұлық тау мақсатында Венгрия Республикасының Секешфехервар қала сына ауданнан арнайы делегация бармақ. Сондайақ жыр мүшәйрасы, фотоэтюд, мәдени шара лар сценарийлерінің үздіктерін анықтау мақсатында республикалық, аймақтық байқаулар ұйымдастырылады. Сонымен қатар «Чапаев – Бұлан – Жамбыл – Чапаев» веложорығы ұйымдастырылады.
Орталық кітапхана залында
«Айбарлы ұлы қазақтың»Ақжайық ауданының орталығы –
Чапаевта осы аттас шара өтті. Бұл Ұлы Отан соғысының ардагері, Кеңес Одағының Батыры Михаил (Бимағанбет) Абдоловтың алда келе жатқан 100 жылдығына арналды. Ол биыл рес-публика көлемінде аталып өтетін мерейтойға байланысты ауқымды шаралардың бірі болып табылады.
еліміздің басқа да аймақтарымен онлайн режімде өткен жиында М. Абдолов жайында мол дерек тер айтылды. Кітапханашылар жа сақтаған кеңқанатты көрмеде оның майдандағы ұлы ерліктері таныстырылды. Астана қаласындағы Ұлттық әскери музейі, Атырау облысы, Индер аудандық кітапхана ұжымы, облыстық әске ри комиссариат, облыстық өлкетану музейі, Жаңақала аудандық кітапхана, Тайпақ, Жаңабұлақ ауылдық модельді кітапханалары байланысқа шығып, олардың өкіл дері өткелі отырған ауқымды шараларға пікір қосты. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзағали Мұхамбетов, еңбек ардагерлері Ғибатолла Тілебалиев, Ғилаж Лұқпанов сөз сөйлеп, Бейіш атамен бірге өткен жылдардан естеліктерімен бөлісті. М. Абдоловтың нағашы інісі Темірғали Қажығалиев, Ақтөбеден келген немересі Ізболат Абдолов мерейтойды кең көлемде атап өткелі отырған ауданның басшықосшы азаматтарына, еңбек ұжымдары на, тұрғындарға алғыстарын арнады.
Бекболат ҚАЛЕНОВ,Ақжайық ауданы
«Қоржын» шаруа қожалығы ҚМДБ «Халал Даму» ЖШСның «Мал бауыздау және ет өңдеу» стандарты және «Халал» өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын талаптар стандарты бойынша тексеріліп, шығаратын өнімдері мен қыз меттері шариғат талаптарына сай деп танылған болатын.
Таяуда Орал орта лық мешітінің бас имамы Еркебұлан Құрақұлов Қаратөбе ауданы, Қоржын ауылындағы «Қоржын» шаруа қожалығы ның қасапхана басшы сы Құсайын Мұқанов пен қасапшы Аслан Ах-метовке «ҚМДБ халал» куәлігін табыс етті.
Жұмадағы жағымды жаңалықАталмыш шаруа қожалығының
негізгі қызметі өзіміздің күнделікті тұтынып жүрген төрт түлік малдың етін өңдеп сату.
«Қасапшылық – сауапты Һәм жауапты іс» атты оқу семинарын тәмамдаған Аслан Ахметовке де арнайы рұқсатнама мен мөр тапсырылды.
Сауапты істі Орал орталық мешітінің азаншысы, ҚМДБ «Ха
лал Даму» ЖШСның БҚО бойынша өкілі Асхат Асылбеков Орал да екінші рет жүзеге асырып отыр. Мұсылман қауымын шариғат талаптарына сәйкес са палы, сенімді өнімдермен қамтамасыз ету уақыт талабы. Ақжа йық өңірінде халал өнімдер са ны күн санап артып келеді.
Нұрлан САМАТҰЛЫ
Форум қатысушылары алдымен аудан тұрғындары бүгінге дейін
сақтап келген көне жәдігерлер көрмесін тамашалады. Әрісі ХVІІІ ғасырға жататын иін ағаш, келі мен үтік, аудан аумағынан табылған түрлі аң сүйектері мен тұрмыста пайдаланылған сандықтар және ескі домбыраны аудан халқы мектептерде ашылған «Рухани жаңғыру» музейлеріне өздері тапсырған көрінеді. Бұл – атадан балаға мұра болып келген ескінің көзін келешек ұр паққа аманаттауға мүмкіндік сыйлаған бағдарламаның игі жемісі іспетті.
Форум қатысушыларын бағдарламаның бір жылдығымен аудан әкімі Асхат Шахаров құттықтады. – Осыдан тура бір жыл бұрын Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты көлемді бағдарламасын ұсынды. Аталған бағдарламаның басты мазмұны – елімізде жүзеге асырылып жатырған саяси және эко номикалық реформалардың рухани жаңғырумен ұштасуы. Осы орайда, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ХХІ ғасырдағы ұлттық сананың қалыптасу үрдістерін атап өтіп, батыс елдерінде орын алған рухани дағдарыстың себептерін белгілеп берді. Бүгінгі әлемде қалыптасқан күрделі ахуал кезеңінде алдымызға қойылған басты міндеттердің бірі – ұлт тық кодымызды сақтай отырып, әр қазақстандықтың санасын жаң ғырту мақсатында бірнеше басымдықтарды іске асыру, – деген ол аудан деңгейінде атқарылған жұмыстар мен болашақта іске асырылатын жобалар жайын сөз етті. Кейін бағдарламаның нәтижелі жүзеге асырылуына сүбелі үлес қосқан Дариян, Январцев, Көшім, Белес ауылдық округте
Дамудың басты кепіліАудан орталығындағы
Достық үйінде Елба-сы Н. Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашақа бағдар» бағдарламалық мақаласының бір жылдығына арналған «Рухани жаңғыру – дамудың басты кепілі» атты форум өтті.
рі мен бірқатар белсенді азаматтарға, ұжым басшыларына аудан әкімінің алғысхаты табысталды.
Форум барысында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағ дарламасы аясында ауданда атқарылған жұмыстар жайын ішкі саясат бөлімінің басшысы Манарбек Әжкенов баяндап өтсе, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Елена Шушлебина Елбасымен кездес кен кездегі әсерімен бөлісіп, ел жастарын Ұлт көшбасшысының жиында айтқан мағыналы сөздерінен ғибрат алуға шақырды. Одан әрі аудандық «Ауыл тыны сы» газетінің директорредакто ры Нұржан Дүзбатыров бағдар лама аясында ел тарихын тү гендеу ісінде қандай шаралар атқарылғандығына тоқталып, ау дан аумағынан табылған құлпытастардың тарих ақтаңдақтарын жоюға тигізер үлесі жайындағы баяндама жасады.
– Даламыздың әр қиырында елеусіз жатқан көне құлпытастарды зерделеу арқылы ауданымызды кімдердің мекендегенің нақ басып айтып, соған тұрғындарды шүбәсіз сендіре алсақ, есте жоқ тарихымыз қайта тіл қатпақ. Ал бұл өз кезегінде жалынды жастарымызға рухани күш беріп, белсенді бастамалар ға жұмылдырады. Ауданның әб
ден зерттеліп болмаған бай та рихы бар. Володар ауылы маңындағы бейіттен Б.з.д. V ғ. тие сілі күміс фаларлар мен құмыра, қола айна өзге де көне жә дігерлердің табылуы археологиялық жұмыстарды індете түсу керектігін меңзейді. Өңірдегі ең көне балбалтастың Дариян дала сынан табылуы да үлкен тарихтың дерегін ұқтырып тұр, – деген ол осының бәрі біздің атабабамыздың осы жердің иесі екендігін талассыз айғақтап тұрғандығын алға тартты. Одан әрі «Рухани жаңғыру» алаңының жетекшісі Тілеген Дошанов алаң жұмысының бағыттарына тоқталып, алғашқы нәтижелерін айтып өтті. Сондайақ форум барысында Белес округінің әкімі Бекзат Бадақов Елбасы ма қаласында сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық код тан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, елдің игілігіне жарату жолындағы мақсатмүдделер туралы айта келіп, бағдарламаның Белес ауылында іске асырылу жайына тоқталды.
Қабылданғаннан бері талай игі істер тындыруға себепші болған бағдарлама аясында биыл да ауданда ауқымды бастамалар жүзеге аспақ.
Түгелбай БИСЕН,Зеленов ауданы
«WorldSkills Kazakhstan» чемпионатының мақсаты – жұмысшы және техникалық мамандықтардың мәртебесін арттыру, кәсіптіктехникалық білім беру саласын дамыту арқылы еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандар даярлау. Өңірлік чемпионатта – болашақ кәсіп иелерінің біліктілігі 14 құзыреттілік бойынша анықталды.
Айтулы додаға Шыңғырлау кол леджінен жеті құзыреттілік бойынша сегіз студент қатысты. Об лыстық додада Шыңғырлау колледжі студенттері төрт бірдей жүл делі орындарды жеңіп алды. Атап айтатын болсақ, Айдар Орынбай (кірпіш қалау жұмысшы мамандығы) I орын, Еламан Маратов (кірпіш қалау жұмысшы мамандығы) II орын, Қайырбек Ахметжанов (сылақ және гипсокартон
Студенттеріміз – чемпионат жүлдегерлері
Жақында Оралда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «WorldSkills Oral» өңірлік чемпионаты өтті. Байқау барысында болашақ маман иелерінің өздері оқып жатқан кәсіп түрлерін қаншалықты меңгергені сарапқа түсті. Бұл байқауда 102 үміткердің жұмысын еліміздің әр өңірінен келген 42 сарапшы бағалады.
жұмысшы мамандығы) II орын, жетекшісі өндірістік оқу шебері Айман Мирманова, Санжар Аленов (дәнекерлеуші жұмысшы мамандығы) III орынды иеленді.
Жеңімпаз студенттер облыс әкімі орынбасарының атынан диплом, түрлі бағалы сыйлықтармен марапатталды. Байқау жеңім паздары осы сәуір айында Астана қаласында өтетін республикалық чемпионатқа қатысады. Облысымыздың намысын кірпіш қалау ма мандығы бойынша колледж шәкірті Айдар Орынбай қорғайды. Онда еліміздің 16 өңірінен 170 шебер сынға түседі.
С. ШЫНҒОЖИЕВА,Шыңғырлау колледжі
директорының өндірістік оқыту ісі жөніндегі
орынбасары
«Мансап күні»
Құтқарушылар ескертеді:Жеделсатыда қалып қойған жағдайда
не істеу керек?
• Алдымен жағдайды мұқият дұрыстап, ой елегінен өткізіп алу қажет. Тұрғын үйіңіздің жеделсатыға жауапты диспетчерінің, тұрғын үй төрағасының немесе жауапты адамның телефон нөмірін жазып алыңыз. Жеделсаты сынып қалған жағдайда телефон шалып, арнайы бригададан көмек күте аласыз.
• Екіншіден, диспетчерге хабарласа алмаған жағдайда, «112» жедел қызметіне телефон шалыңыз. Ал егер де қолыңызда телефон болмай қалған жағдайда, айқайлап дауыстаңыз. Өтіп бара жатқан адамдар ес тіп, көмекке келетініне сенімді болыңыз.
Жеделсатыда қалып қойған жағдайда не істеуге болмайды?
• Бірінші, үрейленуге. Үрей тудыратындай жағдай бола қойған жоқ. Технология сіздің жағдайыңыз туралы басқаларға хабарлауға мүмкіндік береді. Егер маңызды мәселе бойынша асығыс болсаңыз немесе үйде қалдырған кішкентай балаңыз болса, мәселені телефон арқылы шешуге болады.
• Екіншіден, өз бетінше жеделсатыдан шығуға тырысуға болмайды. Жеделсатының өздігінен орнынан қозғалмайтынына сенімді болсаңыз да, оның есігін ашып, одан бірден шығып кетуге болмайды. Жеделсаты кез келген уақытта орнынан қозғалуы мүмкін.
• Үшіншіден, секіру арқылы жеделсатыны өз орнынан қозғалтуға тырыспаңыз! Жарық өшкен жағдайда мұндай әрекетіңіз еш нәтиже бермейді. Ал жеделсаты сынған жағдайда сіздің секіргеніңіздің кесірінен оны орнында ұстап тұратын және оның еркін құлауын болдырмайтын жүйе біржола істен шығып, өміріңізге қа уіпқатер төнуі әбден ықтимал.
qulaqqaǵys 13Сенбі, 21 сәуір 2018 жылOral óńіrіOral óńіrі
Қазіргі таңда көпқабатты үйлер көптеп салынуда. Мұндай баспаналарда жеделсатылар басты қажеттіліктердің біріне айналып отыр. Соңғы кездері адамдардың жеделсатыда қалып қою жағдайлары жиі орын алуда. 2017 жылы БҚО ТЖД жедел құтқару жасағына жеделсатыда қалып қойған адамдарды шығару жөнінде 57 хабарлама келіп түсті. Осындай жағдайлар барысында 130 адам құтқарылды, оның 64і – балалар.
Көбінесе жеделсатының тұрып қалуы, оны пайдала ну кезінде оның ішінде се кіру және басқа да тәртіп сіздіктерге жол беру салдарынан бо лады. Шамамен орта есеппен көп қабатты үйлердің жеделсатылары ның жүк көтеру шамасы 350450 келі, бұл – 56 адамның салмағы. Бі рақ көп адамдар осыған назар ау дармай, шамадан тыс тиеледі де, же делсаты ырғақты жұмысынан жаңы лады. Көп адамдар мұндай жағдай да не істеу керек екенін білмейді.
Жеделсаты тоқтап қалған кезде одан өз бетінше шығуға талпынбау керек, бұл жағдайды тек нашарлатуы мүмкін. Жеделсаты ішінде ауа тар болғандықтан, онда шылым шегуге мүлдем болмайды.
Үрей туған жағдайда мәселені
Жоспарланбаған аялдама
Сейсенбі күні «Орал» сауда ойынса уық кешенінде өткен өрттактикалық жаттығуы да осындай тосыннан келген апатқа кімкімді де сақадай сай қарсы тұруға үндегендей. Бұл тактикалық жаттығу облыстық ТЖДға қарасты Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметіне аталмыш сауда кешенінің 4қабатындағы ойын бөлмесінде өрт шықты деген хабарлама бойынша басталды. Шартты жану аумағы 40 шаршы метрді құрады.
Кешенде дабыл қағылып, іште жүрген 150 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Дабыл бойынша келіп жеткен өрт сөндірушілер ғимарат ішіндегі «өрт құрсауында» қалған адамдарды сыртқа шығарып, жедел жәрдем қызметкерлерінің қолына табыстады. Өздерінің төтенше жағдай орын ал ғанда сауатты да шапшаң қимылдау қажеттігін білетін төтеншеліктер кәсіби әрі тактикалық шеберліктерін шыңдай түсті.
– Бұл жаттығуға біздің мекемеден 10 дана арнайы, негізгі және көмекші техни
ка, жеке құрамнан 35 адам жұмылдырыл ды. Өрт сөндірушілермен бірге БҚО ТЖДның жеделқұтқару жасағы, жедел жәр дем қызметкерлері атсалысты. Мұндай оқу жаттығулар ҚР ІІМ ТЖК нұсқауымен ай сайын өткізіліп тұрады. Алдағы екі ай ішінде сауда орындары мен білім беру меке мелерінде 108 өрттактикалық жаттығу өткізу жоспарланған. Бұл оқужаттығу біз дің Орал қаласындағы 25тактикалық са бағымыз, – деді БҚО ТЖД өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі мемлекеттік мекемесінің бастығы, азаматтық қорғау майоры Назарали Селимов.
Ал «Орал» сауда ойынсауық кешенінің бас инженері Юрий Парфенов мұндай оқутактикалық жаттығу таңсық емес екенін айтады. Бас инженердің айтуынша, сауда ойынсауық кешеніндегі 100ге жуық сауда нүктесінде 150 шақты қызметкер жұмыс жасайды. Күніне 2000дай адам келеді екен.
ясипа РАБАЕВА, «Орал өңірі»
Шеберліктерін шыңдады
Ресейдің Кемерово қаласында өртке оранған «Зимняя вишня» сауда ойынсауық орталығы талайдың жүрегіне өшпес жара салып, жанын түршіктірді. Балалар ойын залы мен кино залдар орналасқан жоғарғы қабаттан басталған өрт құрсауында бейкүнә жандардың ажал құшуы талай отбасын қара жамыл-дырды. Бұл оқиға қашанда тілсіз жаумен санасу қажеттігін санасы сергек жанға мұқият ескерткендей. Біздің елімізде құзырлы мекеме басшылары қауіпсіздікті қатайту бағытындағы тиісті шараларды ширата түсті.
Сатылатын мүлікпен танысу 2018 жыл ғы 23 сәуір сағат 08.00ден 14 мамыр сағат 12.00ге дейін демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда күн сайын сағат 08.00ден 17.00ге дейін (түскі үзіліс сағат 12.00ден 13.30ға дейін) жүргізіледі.
Активтің құны сатып алусату туралы келісімшартқа қол қойылған кезден бастап 30 (отыз) күн ішінде 100% көлемінде төле ну қажет. Сатылатын мүлікті орналасқан жерінен алып кету сатып алушының есебінен жүргізіледі.
Тендерге қатысу үшін банктік кепілдеме түріндегі тапсырыстың қамтамасыздығын немесе лоттың құнының 5 (бес) пайызы мөлшеріндегі кепілдік төлем енгізу қажет. Тапсырыс қамтамасыздығы 2018 жылғы 14 мамыр сағат 17.30ға дейінгі мерзімде ке лесі банктік шотқа енгізіледі: «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Батыс Қазақстан өндірістік фи лиалы, БСН 020440001144, ЖСК KZ3860101 31000070072 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ.
Сатылатын мүліктің тізімі, бастапқы бағасы, тендерді өткізу шарттары мен қа тысушыларға қойылатын басқа да талап тар тендерлік құжаттамада көрсетілген.
Тендерлік құжаттама көшірмелерінің пакетін 2018 жылғы 14 мамыр сағат 12.00ге дейінгі мерзімде демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда күн са йын сағат 08.00ден 17.00ге дейін (түскі үзі ліс сағат 12.00ден 13.30ға дейін) келесі мекенжайдан алуға болады: Орал қаласы, Гага
рин көшесі, 29үй, 202бөлме (2қабат).Тендерге қатысушылар өкілдерінің тен
дерлік құжаттама көшірмелерінің пакетін алуға, тендерлік тапсырыс беруге, сондайақ тендерлік тапсырыстар конверттерін ашуға қатысуға сенімхаты және жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі болуы керек.
Тендерлік құжаттама қатысушыларға тегін беріледі.
Ашық тендерге қатысуға тапсырыстар конверттерге салынып, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Батыс Қазақстан өндірістік филиалына Орал қаласы, Гагарин көшесі, 29үй, 202бөлмеге (2қабат) жолданады.
Тендерлік тапсырыстарды берудің соңғы мерзімі 2018 жылғы 14 мамыр сағат 17.30ға дейін.
Тендерге қатысу туралы тапсырыстар конверттері 2018 жылғы 15 мамыр сағат 15.00де келесі мекенжайда ашылады: Орал қаласы, Гагарин көшесі, 29үй, конферен ция залы.
Қатысушылар, бұқаралық ақпарат құралдары мен олардың өкілдері тендерге қа тысу туралы тапсырыстар конверттерді ашу ға қатыса алады. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінде тендерлік комиссия отырысына қатысуға сенімхаты болуы қажет.
Қосымша ақпаратты: 8 (7112) 284139; 8 (7112) 284271 және ішкі номер 3377 арқылы алуға болады.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Батыс Қазақстан өндірістік филиалы келесі активтерді сату бойынша тендер өткізетіндігі туралы хабарлайды
(индекс 090000, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Гагарин көшесі, 29)
шешу мүмкін болмайтындықтан, адам ең алдымен өзінөзі тыныштандыру керек. Егер кабинадағы дис петчердің шақырту батырмасы істен шыққан жағдайда «112» нөміріне хабарласып, ең алдымен кабинада науқас немесе қарт адамдар, бала лар барлығын ескерту керек. Мұн дай шақыртуларға құтқарушылар күн сайын шығады және жедел түрде көмек көрсетеді.
– Оқиға орнына келісімен жағдай ды бағалап аламыз, кей жағдайда жеделсаты екі қабаттың ортасында тұрып қалып жатады. Біз топпен жұ мыс жасаймыз, бір құтқарушы жедел саты ішіндегі адамдармен әңгімеле
сіп, тыныштандырады, ал қалғанда ры тұйық кеңістікте тыныс алу оңай болу үшін оның есігін 510 смге ашып қояды. Авариялыққұтқару құралдары арқылы жеделсаты есігін ашып, адамдарды эвакуациялаймыз. Қажет болған жағдайда алғашқы кө мек көрсетіп, жедел жәрдем қызме тін шақырамыз, – деді №4 құтқару бөлімінің басшысы Нұрболат Жетпісов.
А. ҚОЖАНБАЕВА,БҚО ТЖД жедел құтқару
жасағының бас құтқарушысы
TaǵzyM14 Сенбі, 21 сәуір 2018 жыл Oral óńіrіOral óńіrі
Еңбекпен өткен ғұмыр
Кезінде Ақ жайық өңірінде ілкімді істердің ізашары болып, ел назарында, халықтың ортасында жүрген, талай лауазымды қызметтерді абыроймен атқарған, соның арқасында бұқараның ілтипатына бөленген осынау жанның есімін ел есінде қайта бір жаңғыртып қойғанның еш артықтығы болмас. Оған себеп те жоқ емес. Өйткені, тірісінде айтулы азамат болған оның туғанына жақында 110 жыл толады екен. Сонымен әңгіме арқауы – Медхат Батырұлы Дәулетжанов туралы.
Ең әуелі кезінде иық түйістіріп, қатар жүрген, сырлас, қатарлас болған
тұстастары ол туралы не дейді? Соған құлақ түрсек. Көзінің тірісінде Ақ Жайықтың айдарлы азаматтарының бірі болған, талай лауазымды қызметтердің тіз гінін ұстаған Бижан Тілешұлы Иманғалиев төмендегідей естелік қалдырыпты.
«1948 жылы Алматының мемлекеттік заң институтын бітіріп, Батыс Қазақстан облысына сот жұмысына жолдандым. Сол бойда Камен ауданының халықтық сотына жұмысқа тағайындалдым. Арада екі айдай мерзім өткенде аудандық партия комитеті мені уәкіл ретінде Шежін МТСқа күзгі жер жырту жұмыстарының барысын тексеруге жолдады. Директоры Медхат Батырұлымен кабинетінде алғаш рет сонда таныстым. Қасымда аудандық партия комитетінің бөлім меңгерушісі бар, сапарымыздың мақсатын айттық. Медхат Батырұлы қазақ тың сөзімен айтқанда батыр тұл ғалы, денесіне сай асықпай қозғалатын сабырлы жан екен. Сөзімізді байыппен тыңдап алды. Сүдігер көтерудің барысы жайлы егжейтегжей әңгімеледі. Былай ша айтқанда, бізді маңызды нау қанның қалай жүріп жатқан дығымен, арасында қиыншылықтарды да жасырмай баяндады. Тап біз келердің алдында облыс тық партия комитетінің бірінші хатшысы Мұнайдар Салинмен те лефон арқылы сөйлескенін, ол азаматқа да жұмыстың барысын егжейтегжей баяндағанын біз ден бүгіп қалмады. Ал, екінші рет аудандық соттың ғимаратында кездестік. Медхат Батырұлы мені МТСқа шақырып, жұмысшы еңбеккерлермен, қызметкерлермен кездесуімді өтінді. Олардың алдында еңбек тәртібін сақтау, жұмыс уақытын тиімді пайдалану жайлы әңгіме өткізуімді және еңбек тәртібін бұзған біренсаран азаматтардың ісін қарап беруімді сұрады. Мұндай өтінішпен аудандық сотқа кез келген басшы келе бермейді. Көбісі «Жабулы қазанды жабулы күйінде қалдыруға» тырысады. Ал, Медхат Батырұлы болса, еңбек тәртібін бұзушыларды ұжым алдында сот талқысына салып, басқаларға са бақ болсын деген принципті ұстанса керек. Мұның әсері мықты болды. МТСтағы еңбек тәртібіне біз кейін мүлдем қайта айналып соққан жоқпыз. Өйткені, ондай жағдай туындаған жоқ. Сол күні жұмыс аяғында Медхат Батырұлы мені кешкі ас қа үйіне шақырды. Қазақтың қонақжайлығымен барлық ниетін салып қарсы алды. Жанұясымен жақын таныстым. Медхат Батырұлы мені жатырқамай, мен де
оны жатсынбай біраз сырластық. Әңгіме барысында мен оның Ташкенттің жоғары оқу орнын бітіргенін білдім. Жан жары Қамаш та қонақжай, қабағы ашық жан екен. Дәулетжановтармен менің таныстығым осылай басталып, кейін жақсы қарымқатынасқа ұласты. Қамаш екеуінің тәрбиелеп өсірген үш ұл, үш қызы да халық алдында қалтқысыз қызмет атқарған қалаулы жандар болғаны мені қуантады», – депті Бижан ағамыз 2011 жылы 6 маусымда жазып қалдырған естелігінде.
Енді, Медхат Дәулетжановтың фәнилік ғұмыр жолына, атқарған қызметтеріне шолу жасап көрсек. Ол 1908 жылы сол кезде Жымпи
қоғамдық жұмыстардың да бел ортасында жүреді. Сол кезде бәл ки, кейін бүкіл ғұмырына азық болатын көшбасшылық қасиет қалыптасқан шығар?! Әйтеуір, қалай болғанда да Орынборда оқыған жылдар жас жігіттің болашағына үлкен жол салып, көңіл көкжиегін кеңейткені даусыз. Сонау Ақбақайдан білімге шөлдеп келген жас жігіт техникумда да үздік оқиды. Озат үлгеріммен оқуын 1929 жылы бітіреді. «Енді елге қайтып, жұмыс істеуім керек» деп жиналып жүргенде Қазкрайкомға шұғыл шақыртылады. Ондағылар да мұның құжаттарымен алдын ала танысып қойса керек, мәселені қабырғасынан қойып: –
сайлы маманды қуана қарсы алып, сол бойда Ілбішін ауданының (қазіргі Ақжайық) Волошин МТСқа агрономдық қызметке тағайындайды. Араға бір жыл салып, аудандық атқару комитетінің шеші мімен аудандық жер бөлімінің бас агрономы етіп қояды. Одан әрі жас маман сол кездегі пар тия қайда жұмсаса, сол жерден табылып, барған жерінде ылғи да абыройлы болған. Өзіне тапсырылған міндеттер мен тапсырмаларды жеріне жеткізіп орын дауы арқасында мақтаумара паттан да кенде болмапты. Қыз мет сатысымен тек жоғарылап отырған. 1938 жылы тамыз айынан бастап, облыстық атқару комитетінің қаулысымен облыстық жер бөлімі бастығының бірінші орынбасары лауазымына бекітіледі. Медхат Дәулетжанов бұл қызметін алты жыл абыроймен атқарыпты. Соның арқасы шығар, кейін облыстық партия комитеті өзінің бюросының арнайы қаулысымен оны облыстық жер бөлімінің бастығы етіп тағайындайды. Ол кезде жер бөлімі деп аталғанмен бұл өте үлкен, экономикалық маңызы зор, жауапкершілігі батпандай мекеме. Өйткені, оған тек жер ғана емес, облыстың бүкіл ауыл шаруашылығы саласы түгел қарайды. Міне, осы қызметте жүріп, ол «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталады. Бұл орден негізі нен әскери награда болғандықтан, әскери ерлігі үшін беріледі. Арнайы бронмен тылда қалдырылған Дәулетжановқа аталмыш әскери марапат сол тылдағы жанқиярлық еңбегі үшін берілге ні даусыз. Бұдан басқа да алған медальдары мен Құрмет грамоталары өз алдына бір төбе.
Алға озыңқырап айтсақ, азаматтың әлі талай лауазымды қыз меттерді атқарып, халық алдындағы абыройы аспандай беруі кәміл еді. Бірақ оған денсаулығы мүмкіндік бермейді. Соған байланысты 1947 жылы Медхат Ба тырұлы өз еркімен Сүттіген МТСна саяси бөлім бастығының орынбасары қызметіне барады. Одан әрі яғни араға бір жыл салып, облыстық партия комитеті Дәулетжановты Шежін МТСна директор етіп жолдайды. Соғыстан кейінгі жылдар болғандықтан, Шежін де облыстағы ең артта қалған ауылдардың бірі еді. Адамдары кедейшілікте тұрмыс кешіп жатты. Ең алдымен ауылда мал мен егін шаруашылығын өркендету, материалдықтехника лық базаны нығайту, дәнді дақылдар алқаптарын ұлғайту, ауыл тұрғындарының тұрмыстық жағ дайын жақсарту сынды кезек күттірмейтін міндеттер тұрды. Көп теген еразаматтар соғыстан оралмағандықтан, жұмыс қолы жетіс
пейтін. Міне, осы қиындықтардың бәрін жеңу Медхат Дәулетжановқа жүктелген еді. Өзі де нар тұлғалы азаматқа нардың жүгінен де ауыр жүк артылды. Айта кету керек, атпал азамат ол ауырлықты қайыспай көтерді. Ауылдың ажа ры біртіндеп кіре бастады. Алғаш рет ауылда электр жарығы жарқырады. Мал басы өсті, егістік ал қабы ұлғайды. Соған орай еңбеккерлердің тұрмыстары да тү зелді. Дәулетжанов басқарған МТС облыста таңдаулылардың көшін бастады. Содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтіп кетсе де, Дәулетжановты көре қалған, жұмыстас болған көнекөздер Тасқа ла өңірінде (Шежінде) құдайға шү кір, әлі бар. «Азамат еді ғой, Медекең!» – деп әлі күнге әңгімелеп отырады.
Тіпті, алысқа бармайақ, оны білетіндерді осы Орал қаласы нан да кездестіруге болады. Дәу летжановтың сол бір жұлдызды жылдары туралы қазір ортамызда жүрген қадірменді ақсақал, Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақ КСРнің еңбек сіңірген құрылысшысы, Орал қаласының құрметті азаматы Сафин Хамза ағамыз былай деп еске алады: – Мен сонау 50ші жылдарда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының күрделі құрылыс бөлімін басқара жүріп, МТС директоры болып жүрген Медхат ағаймен талай кездестім. Ол кісінің адамдармен жұмыс істеу тәсілі бөлек еді. Өз алдына бір мектеп еді. Мен ол ағамнан көп нәрсе үйрендім. Мен ол кезде 30ға да толмаған жас едім. Ал, МТСқа басшылыққа ол жылдарда ең таңдаулы адамдар ды, өздерін жақсы жағынан көрсеткен тәжірибелі ұйымдастырушыларды тағайындайтын. Медхат ағай да сол сүзгіден, сол таңдаудан өтіп барған басшылардың бірі еді. Шежіннің МТСін 7 жыл басқарғанда Медхат ағамыз оны облыстың таңдаулы шаруашылық тарының біріне айналдырды. Социалистік жарыстың алдынан көрініп, облыста абыройға бөленді. Мен үшін Медхат Батырұлы талантты басшы, мәдениеті биік, ойөрісі кең, беделді азамат ретінде есімнен кетпейді.
* * *Иә, осынау жосын жан небәрі
53 жыл ғұмыр кешіпті. Әлі талай биіктерден көрінетін жұлдызды сәттері алда абзал азаматқа тағдыр ең болмаса зейнет жасына жетуді жазбапты. Көңілге медеті соңында халқы айта жүрер еңбегі қалды, ұрпақ көшін жалғастырар Тамара, Сәния, Серік, Баян, Болат және Аманкелді сынды алты перзенті қалды. Олар да өмірден өз орындарын тауып, әке салған ізбен еліне, халқына қалтқысыз қызмет етті. Бірқатары зейнеткер, бірқатары әлі сапта. Сәния атты жоғары білімді дәрігер қызы ұзақ жылдар бойы Шыңғырлаудың денсаулық саласында еңбек етті. Сапалы қызметі үшін облыс халқы оны 1972 жылы Қазақ КССР Жоғарғы кеңесіне депутат етіп сайлады. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген осы ғой...
Ал, Медхат ағамыздың ең кен жесі Аманкелді – әке жолын жал ғастырып, жоғары лауазымды қыз меттер атқарып жүрген Ақ Жайықтың белгілі азаматтарының бірі. «Ат тұяғын тай басар» деген де осы ғой...
Есенжол ҚЫСТАУБАЕВ,«Орал өңірі»
ты қисымына қараған Ақбақай жерінде (қазір Қаратөбе жерінде) дүние есігін ашыпты. Айтпақшы, Медхаттың әкесі Батыр қазақтың қадірменді ұлы әрі мақтанышы, Дума депутаты, заңгер Бақытжан Қаратаевпен бірге туған. Бәлки, тым жас болса да, Бақытжандай заңғар адамды көре қалғаны бар, оқыған адамның жерде қал майтынын ерте түйсінгені шығар, құйттай күнінен оқимын деп тал пыныпты. Бірақ Медхаттың жасы 11ге толартолмаста әкесі қайтыс болып, анасы екеуі қалады. Қазақ жетімін жылатпаған, жатқа жалтақтатпаған. Медхатты ағасы Мұхтар өзінің қамқорлығына алады. Әкесінің орнын жоқтатпауға барын салған Мұхтар жас баланың оқимын деген арманына қар сы болмайды. Қайта қолдап, мүмкіндігінше көмектесіп отырады. Сөйтіп, 15 жасында Ақбақайдан арман арқалап аттанған жас өрен 1923 жылы Орынборға сапарлап, жасөспірімдер мектебіне оқуға қабылданады. Мұнда екі жыл жақсы үлгеріммен оқып бітіріп, 1925 жылы сол Орынбордағы мал дәрігерлікзоотехникалық техни кумға оқуға түседі. Мұнда да сабаққа алғыр болған жасөспірім
«Ташкентке оқуға барасың!» – дейді. Сөйтіп, жас жігіт 1930 жылы қаңтар айынан бастап, арнайы жолдамамен Ташкенттің ауыл шар уашылығы институтының агрономия факультетіне оқуға қабылданады. Мұндағы оқуында да студенттердің алды болып, бар лық пәндерді тек «5»ке оқыпты. Агрономжоспарлаушы маманды ғы бойынша диплом алғаннан кейінгі алғашқы еңбек жолы Шымкент қаласындағы «Қазтрактор» орталығында басталады. Мұнда да жас маман өз міндеті мен жұмысына адал қарайтындығы мен басшыларының бірден наза рына ілігеді. Жаңа ортаға жатырқамай үйреніп кетеді. Алай да, Медхат Батырұлының бір бүйірінде туған жерге деген сағы ныш ылғи бұғып жатыпты. Оның үстіне, жас күнінде оқимын деп, ашжалаңаш шет жақта жүргенін де көрген қиыншылықтары да денсаулығына әсер етпей қалмапты. Шымкенттің ми қайнатар ыстығы денсаулығындағы кінәратты асқындырып жіберуі мүм кін екен. Сондықтан үйренісіп қалған ортамен қимайқимай қоштасып, елге, Ақ Жайыққа маңдай түзейді. Мұндағылар оқутоқуы
hAbAR-oshAR 15Сенбі, 21 сәуір 2018 жыл
«ОРАЛ ӨҢІРІ» Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси газеті. 090000, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1. Е-mаіl: о[email protected]Газет ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде
2006 жылғы 4 мамырда тіркеліп, №7201-г куәлігі берілген
Бас редактор 51-25-80, Бас редактордың орынбасарлары 54-18-08, 24-17-08.
Қолжазбаларға пiкiр айтылмайды және пай-даланылмаған хат авторларына жауап қай-тарылмайды. Деректердің дәлдiгi үшiн автор жауапты. Жарияланым авторларының пiкiрлерi редакция көзқарасын бiлдiрмейдi. Редакция тапсырысымен жазылмаған материалдар үшін қаламақы төленбейді. «Орал өңірінде» жария-ланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басу-ға болмайды. Мақалалар электрондық нұсқада қабылданады.
белгісімен жарияланған материалдар ақы-лы болып есептеледі.
Жауапты хатшы 54-38-22.Жарнама қабылдау
тел/факс: 51-51-09; Бухгалтерия 54-04-90.
Е-mail: [email protected]
Телефондар:
Газет облыстық «Орал өңірі» газетi редакциясының компьютерлiк орталығында терiлiп, беттелдi."Полиграфсервис" ЖШС баспаханасында басылды. Л.Толстой көшесі, 27/6. Телефон: 50-51-46Индексі: 65533 Осы нөмірдің таралымы: 14 262, 4 баспа табақ. Газет аптасына үш рет шығады.Корректорлар: Н. СҰЛТАНОВА, Г. ҚОЛғАНАТОВАКезекшi редактор: Г. әжІГЕРЕЕвА
А
Меншік иесі: «Жайық Пресс» ЖШС Бас директор Жантас Набиоллаұлы САФУЛЛИН
Бас редактор Бауыржан Файзоллаұлы ҒҰБАЙДУЛЛИНРедакция алқасы: Сырымбек ТҰяҚОВ, Сәкен ӘБіЛхАЛЫҚОВ (бас редактордың орынбасарлары), Жаннат ЕСПОЛАЕВА (жауапты хатшы),Нұртас САФУЛЛИН (гуманитарлық бөлім),Нұрбек ОРАЗАЕВ (экономика бөлімі).
Oral óńіrіOral óńіrі
Қаратөбе ауданы Шөптікөл ауылының тұрғындары болған, бірімізге ардақты да асқар таудай әкеміз бен мейірімді де аяулы анамыз, бірімізге сыйлы құдақұда ғайымыз, немережиендерінің сүйікті атаәжесі болған Алпысбай Оржанов пен Нұржамал Бисенғалиева ны сағынышпен еске ала мыз. Өмірдің қатал заңы қамқор әкеміз бен шуағы мол анамызды, сыйлы да қадірлі құдақұдағайымызды арамыздан ерте әкетті. 23 сә уір күні әкеміздің дүниеден озғанына 5 жыл болса, аяулы анамыз ортамызда болса, 23 сәуір күні мерейлі 70 жасқа толар еді. Тағдыр ісіне не шара?! Аяулы әкешешеміздің мейірімді бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады. Жатқан жерлері жарық, топырағы торқа, жандары жәннатта болсын.
Сүйікті әкешеше ақ жүзіңді сағынамыз,Амал не, Алланың дегеніне бағынамыз.Ұрпақтарың өсіпөніп келе жатыр,Рухтарыңа дұға оқимыз еске аламыз.
Өзегіміз өртеніп, жүрегіміз тулайды,Көңіліміз әлі сіздерді қара жерге қимайды.Өмір мәнсіз, дүние бос боп қалды өздеріңсіз,Арамызда жоқтығыңыз жанымызды қинайды.
Сағынышпен еске алушылар: ұлқыздары, күйеу балакеліндері, құдақұдағайлары, немережиендері
және барлық туматуыстары
Жарамсыз деп танылсынЕсбол Ерболович Сакауовтың атына Батыс Қазақстан облысы бойынша соттар әкімшісі №2 Қазталов аудан
дық сотымен 10. 02. 2017 жылы берілген №2322 қызметтік куәлік жоғалуына байланысты жарамсыз деп та нылсын.
Ақжайық ауданы Базаршолан ауылының тұрғыны болған ардақты анамыз Ғалия Нұртазақызы Шекейдің бақилық болғанына 10 жыл өтіпті. Ұрпағына жан шуағын төгіп, мейіріммен қарайтын асыл анамызды сағынышпен еске аламыз.
Жаның жомарт, жақсылыққа жаршы едің,Жылдар өтті, еске алады барша елің.Нұр жүзіңді жүрегінде сақтайтын,Ұмытпайтын ұрпақтарың бар сенің.
Сағына еске алушылар: балалары, немерелері мен жиендері
Қазталов ауданының тұрғыны болған бірімізге адал жар, бірімізге сүйікті әке Ғалым Темірболатұлы Мыңжасаров арамызда болса, 26 сәуір күні 54 жасқа толар еді.
Келместің мініп кеттің кемесіне,Зәру боп жүрміз біздер кеңесіңе.Орының ойсырап тұр біздер үшін,Бола ма жалған ғұмыр демесіңе.
Сағына еске алушылар: зайыбы Сәруә, баласы Оралхан, қыздары Лунара, Назым,
қызкүйеу балалары АлматБотагөз, ЕрнатАқтоты
Жолаушылардың және багаждың тұрақты ішкі су көлігімен тасымалдауға қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткізу туралы хабарландыру
3. Конкурсқа меншік нысанына қарамастан, жеке және заңды тұлғалар, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде су көлік құралдарын иеленуші кез келген тұлға лар қатысуға құқылы.
4. Конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер “Орал қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” ММға конкурсқа қатысуға өтінім беру, жазбаша өтінімді Орал қаласы Некрасов көшесі, 30/1 мекенжайы бойынша ұсынуы тиіс.
5. Конкурсқа қатысуға өтінім беру соңғы мерзімі 2018 жылғы 23 сәуір сағат 18.00ге дейін.
6. Анықтама алу телефоны: 500402 (жолаушы көлігі секторы).
“Орал қаласының ЖКжАЖБ” ММ
Маршруттар лоттың нөмірі
Марш. нөмірі Су маршруттары
1 1 Орал – Учужный затон
2 2 Орал – Барбастау
1. «Орал қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2018 жылғы 24 сәуірде сағат 15.00де Орал қаласы, Некрасов көшесі, 30/1 мекенжайында жолаушыларды және багажды ішкі су көлігімен тасымалдауға қызмет көрсету құқығына арнал ған конкурс өтетіні туралы хабарлайды.
2. Конкурсқа келесі маршруттар пакеті ұсынылады (маршруттар):
Тарихы тереңде жатқан Ақ Жа йық өңірінің мәдениеті мен өне рі бүгінгі күнде де өзінің аймақтық ерекшелігін сақтай отырып, заман талабына сәйкес дамып келеді. Осы саланың өркендеуіне елеулі үлес қосқан Мақсот Константинұлының есімін үлкен құрметпен атауға болады.
Мәдениет саласында көпте ген лауазымды қызмет атқарған оның бойындағы ерекше қасиеті нің бірі – өз қызметіне деген адалдық. Ол бастаған әр істі үл
Үлкен жүректі азамат еді...Батыс Қазақстан
облысының мәдениет саласындағы биік тұлғаның бірі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мақсот Омарғалиевтің дүниеден өткеніне, міне, бір жыл болды.
кен жауапкершілікпен атқарып, өзіне, әріптестеріне және қол астындағы қызметкерлерге қатаң талап қоя білетін басшы болды. Сондай ұйымшылдықтың арқа сында облыс өнерпаздары көп же тістікке жетті, еліміздің ғана емес,
алысжақын шетелдердің сахна ларында қазақ өнерін паш етті.
Мақсот Константинұлы өмірінің соңғы күніне дейін өңірдің мәдениет саласынан, ондағы қайнап жатқан жұмыстардан қол үзген жоқ. Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясында көр кемдік жетекші қызметін абыроймен атқарды.
Мәдениет майталманы Мақсот ағамыз тірі болса, облыс мәдениетіне қосар үлесі, атқаратын игі істері, осы саладағы жастарға үйретер өнегесі де көп болар еді.
Мақсот Омарғалиев қашанда әріптестерінің, шәкірттерінің, оның өнерін құрметтейтін барша қауымның есінде қалары анық.
Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармония
ұжымы
Түзету!
Газетіміздің 17 сәуір күнгі №42 санында жарияланған «Қыркүйек те барлық мектеп электронды күнделікке көшеді» тақыры бындағы материалда тәжірибесі аз, жас тілшінің кінәсінен қателікке жол берілген. Соған байланысты редакция оқырмандардан кеші рім сұрай отырып, осы материалдағы «...дарынды балаларға ар налған мамандандырылған С. Сейфуллин атындағы №11 об лыстық қазақ мектепинтернат кешенінде...» деген сөйлемнің «дарынды балаларға арналған Батыс Қазақстан мамандандырылған мектепинтернат кешенінде...» деп оқылуын өтінеді.
Кеңес Одағының Батыры Михаил (Бимағанбет) Абдоловтың 100 жылдығына орай асық атудан Ақжайық ауданында біріншілік өтті.
«Жігер» спорт клубының ұйымдастырумен өткен жарысқа ауылдық округ құрама командалары мен мекеме қызметкерлері белсене қатысты. Жарыс нәтижесі бойынша ерлер мен әйелдер арасында да аудан орталығындағы М. Әуезов атындағы орта мектеп командасы үздік деп танылып, І орынды жеңіп алды. Абай атын
дағы мектепгимназия команда сы ІІ орынды иеленсе, аудандық балалар шығармашылығы орталығы командасы ІІІ орынды қана ғат тұтты.
Нарынбай МОЛДАШЕВ,«Жігер» спорт клубының
әдіскері,Ақжайық ауданы
Асық атудан сайысты
keRýen sARAı16 Сенбі, 21 сәуір 2018 жыл
Құттықтаймыз!Жәнібек ауданының тұрғыны Қалел
Салықұлы ДҮЙСЕНҒАЛИЕВТі 21 сәуір күні толған мерейлі 65 жасымен шын жүректен құттықтаймыз!
65 деген құтты болсын жасыңыз,Ден сау болып, аман болсын басыңыз,Асқар тау боп, ақылшы боп баршаға,Сыйлы болып, 100ден де әрі асыңыз.
ізгі тілекпен: зайыбыңыз Светлана, балакеліндеріңіз, қызкүйеу балаларыңыз, немере
жиендеріңіз
Сырым ауданы Бұлдырты ауылының тұрғыны, шаңырағымыздың тірегі, адал жар, ұлқыздарының ұлағатты да қадірлі әкесі, немережиендерінің сүйікті де мейірімді атасы Мақсот Бәриұлы КУШАЕВ-ТЫ 22 сәуір күні 61 жасқа толуымен шын жүректен құттықтаймыз! Әкемізге зор денсаулық, мол бақыт, ұзақ өмір тілейміз. Алдымызда ақылшы болып аманесен жүре беріңіздер. Анамыз екеуіңіз жапы рағын жайған бәйтеректей ұлқыздары
ңыздың, немережиендеріңіздің қызығын көре беріңіздер.
Тойыңыз әрқашанда тарқамасын,Өздеріңізді балаларыңыз арқаласын.Жасыңызға дәл осындай жас қосылып,Көңіліңіз дариядай жарқырасын.
Тарылмасын, жан әке, тынысыңыз,Таси берсін әманда ырысыңыз.Немереңнің келіні сәлем етіп,Шөбереңнің қолынан су ішіңіз.
Игі тілекпен: зайыбыңыз Орынша, балаларыңыз АзаматАйгүл, ТұралбекӘсел, ЕрнұрАйнұр, ізімғалиГүлмира,
немережиендеріңіз Мақсат, Бекзат, Рахман, Рахим, Абдолла
Оралдағы Құрманғазы атындағы саз колледжінде осы оқу орнының 3курс студенті, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, қобызшы Гүлім Атошеваның жеке концерті өтті.
Гүлімнің кеші
Кеште сөз алған колледж оқытушысы Жәмила Нұрымбетованың айтуынша, оның шәкірті жақында Астана қаласында екі жылда бір өтетін колледж студенттері ара сындағы республикалық байқау да I орынды жеңіп алған. Бұған дейін де Чехия, Болгария және Германия елдерінде өткен халықаралық конкурстардың лауреаты атанған жас талант бүгінде өңірі міздің мақтанышына айналып үлгерген. Шарада жас өнерпаз Ә. Ал пысбаевтың «Кең өлкем» мен А. Жайымовтың «Ереуіл атқа ер
салмай», скрипкада М. Сағатовтың «Күй», Е. Брусиловскийдің «Бозайғыр» сюитасынан романс және сол сияқты 15 шығарманы жеке қобызда нақышына келтіре орындады. Оны оқу орнындағы студенттік халық аспаптар оркестрі сүйемелдеп отырды. Мамандар дың сөзіне қарағанда, Гүлім, әсіресе, Пабло де Сарасатенің «Фауст» атты күрделі шығармасын жоғары деңгейде орындайды.
Темірболат ӘНУАРҰЛЫ
Oral óńіrіOral óńіrі
халықаралық құстар күніне арналған «Құстар – біздің досымыз» атты байқау Орал қаласындағы оқушылар сарайында өз мәресіне жетті.
Орал қаласында ерлер арасында Қазақстанның командалық чемпионаты мәреге жетті.
Бес күнге созылған жарысқа еліміздің сегіз облысынан командалар құрамында елуден астам спортшы қатысып, бақ сынады. Олардың арасында талай додада оза шауып, бәйге алған 1 ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, 5 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 11 спорт шебері болды.
Тартысқа толы ақылой дода сының қорытындысында жалпыкомандалық есепте Павлодар об лысының тоғызқұмалақ шеберле рі бірінші орынды жеңіп алды. Қы
зылордалықтар екінші, оңтүстікқазақстандықтар үшінші орынға көтерілді.
Жарыстың жабылу рәсімінде тоғызқұмалақтан ҚР бас жаттықтырушысы Айнұр Жақапбаева мен БҚО тоғызқұмалақ федерациясының атқарушы директоры, БҚО құрамасының аға жаттықтырушысы Дәулет Әбдікәрімов жеңімпазжүлдегерлерге диплом, кубоктар табыс етті.
Жарыстың бас төрешісі Д. Әбді кәрімовтің айтуынша, «Рухани жаң ғыру» бағдарламасы аясында ұлт тық спорт түрін қолдау мақсатында ұйымдастырылған жарыста бә секелестік жоғары болды. Бір атап өтетін жайт, чемпион атанған то
Жарыс тартысты өтті
«Құстар – біздің досымыз»Halyqaralyq qustar kunine arnalgan «Qustar –bizdin
dosymyz» atty baıqay Oral qalasyndagy oqyshylar saraıynda oz maresine jetti.
– Sharaga barlyq aydan men qala mektepterinen talantty jas orendermen qosa pedagogtar da qatysty. «Zerttey jobalary», «Jas tilshi», «Anshi qus» jane «Adistemelik jumystary» atalymy boıynsha 75 oqyshy saıysqa tusti. «Zerttey jobasynda» oqyshylar osy kezge deıingi qustar tyraly zerttegen jumystaryn qorgap shyqty. Baıqayga 15 joba qatysty. Ar qorgayshyga bes mınyttan yaqyt berildi. «Jas tilshi» atalymynda bugingi kunge deıin qustar tyraly respyblıkalyq nemese oblystyq gazet-jyrnaldarga shyqqan maqalalaryn usyndy. «Anshi qus» boliminde qustar tyraly kompozıtorlardyn jazgan anderin oryndady. «Adistemelik jumystar» kezeninde mugalimder ozderinin otkizgen tarbıe sagattaryn adilqazylardyn aldynda arkim oz dengeıinde qorgap shyqty. Bundaı baıqay onirimizde birinshi ret otkizilip otyr, – deıdi oblystyq ekologıalyq-bıologıalyq ortalygy dırektorynyn orynbasary Guljaına Nuralıeva.
Saıystyn natıjesinde «Zerttey jobalary» boıynsha Janerke Matysheva (Syrym aydany, Buldyrty ayyly), «Anshi qus» atalymynan Jansayle Sısenbaeva (Qaratobe aydany, Qaldygaıty JOBBM), «Adistemelik jumystar» atalymy boıynsha E. Osınovskaıa (Zelenov aydany, Darıan ayyly JOBBM) birinshi oryndy jenip aldy. «Jas tilshi» atalymy boıynsha birinshi orynga laıyqty umitker bolmady. Saıys jenimpazdary men juldegerleri dıplomdarmen marapattaldy.
Temirbolat TOQMAMBETOV,«Oral oniri»
– Шараға барлық аудан мен қала мектептерінен талантты жас өрендермен қоса педагогтар да қатысты. «Зерттеу жобалары», «Жас тілші», «Әнші құс» және «Әдістемелік жұмыстары» аталымы бойынша 75 оқушы сайысқа түсті. «Зерттеу жобасында» оқушылар осы кезге дейінгі құстар туралы зерттеген жұмыстарын қорғап шықты. Байқауға 15 жоба қатысты. Әр қорғаушыға бес минуттан уақыт берілді. «Жас тілші» аталымында бүгінгі күнге дейін құстар туралы республикалық немесе облыстық газетжурналдарға шыққан мақалаларын ұсынды. «Әнші құс» бөлімінде құстар туралы композиторлардың жазған әндерін орындады. «Әдістемелік жұмыстар» кезеңінде мұғалімдер өздерінің өткізген тәрбие сағат
тарын әділқазылардың алдында әркім өз деңгейінде қорғап шықты. Бұндай байқау өңірімізде бірінші рет өткізіліп отыр, – дейді облыстық экологиялықбиологиялық орталығы директорының орынбасары Гүлжайна Нұралиева.
Сайыстың нәтижесінде «Зерттеу жобалары» бойынша Жанерке Матышева (Сырым ауданы, Бұлдырты ауылы), «Әнші құс» аталымынан Жансәуле Сисенбаева (Қаратөбе
ауданы, Қалдығайты ЖОББМ), «Әдістемелік жұмыстар» аталымы бойынша Е. Осиновская (Зеленов ауданы, Дариян ауылы ЖОББМ) бірінші орынды жеңіп алды. «Жас тілші» аталымы бойынша бірінші орынға лайықты үміткер болмады. Сайыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен марапатталды.
Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ,«Орал өңірі»
ғызқұмалақшылар спорт шебері атағына ие болады.
Елжан ЕРАЛЫ