e-mail: [email protected] 28 ШІЛДЕ, Ж˚МА … · 2017-09-29 · құрылыс...

12
–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Елімізде урбанизация үдерісі белең алған сайын, баспана проблемасының зектілігі арта түскені түсінікті. Бүгінде бұйырған баспанасында «Қайран менің з үйім, кең сарайдай боз үйім» деп ксіліп жатуды армандамайтын адам кемде-кем. Біз сз еткелі отырған «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы халықтың осы арманын ақиқатқа айналдыруға ықпал етіп жатқан бірден-бір жол деуге болатындай. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– №143 (29124) 28 ШІЛДЕ, ЖҰМА 2017 ЖЫЛ E-mail: [email protected] www.egemen.kz TWITTER.COM/EGEMENKZ FACEBOOK.COM/.EGEMEN.KZ 1919 жылғы 17 желтоқсаннан шыға бастады ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ГАЗЕТ ЭКОНОМИКА ТОЛҒАНДЫРАР ТАҚЫРЫП РУХАНИЯТ АЙМАҚ 7-бет 8-бет БІЛІМ 5-бет БАЛАМАЛЫ ЭНЕРГИЯ Шығыс Қазақстанның мүмкіндіктері қандай? 6-бет ОТАНДЫҚ ОҚУЛЫҚ – ОТАНДЫҚ ӨНІМ АЛАШТАНУ, ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ АНА ТІЛІ ҚАЗДАУЫСТЫ ҚАЗЫБЕК БИ СӨЗІНІҢ КҮШІ КҮНГЕ ҰМТЫЛҒАН ЕЛДЕР ӘН МЕН ӘЖЕ 7-бет 5-бет Сұңғат ЛІПБАЙ Қарашаш ТОҚСАНБАЙ EUR/KZT 381.05 USD/KZT 326.97 RUB/KZT 5.45 CNY/KZT 48.44 ВАЛЮТАЛАРДЫҢ РЕСМИ (НАРЫҚТЫҚ) БАҒАМДАРЫ: (Соңы 9-бетте) Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан» Трансшекаралық Жайық өзені- нің экологиялық мəселесі – батыс- қазақстандықтарды көптен бері алаңдатып келе жатқан тақырып. Осыдан дəл 21 жыл бұрын «Валериан Правдухиннің ізімен» атты қайық жорығын ұйымдастырып, дəстүрлі шараға айналдырған Елена Тара- сенконың бастамасы бүгінде мем- лекетаралық деңгейге көтерілген. 2016 жылы Астана қаласында Қазақстан мен Ресей президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин «Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақ- тау жөніндегі» мемлекетаралық келісімшарттың жобасына қол қойған еді. Жақында ғана, биылғы 18 шілде күні «Жайық өзені бассейнінің экожүйесін қорғау жөніндегі келісімді бекіту жөнінде» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы қабылданды. Жайықты жағалай қонған қалың ел соңғы жылдары көздің жасындай жылай аққан өзеннің өзекті мəселелері енді шешіле бастар деген үмітте. Жиырма бірінші экожорық «Жайық-Орал» тарихи-мəдени экожорығы биыл 21-мəрте ұйым- дастырылып отыр. Оған əу баста тек оралдықтар қатысса, соңғы 15 жыл- да бұл шара Ресейдің Орынбор гу- берниясымен тығыз байланыста өтіп келеді. Өйткені, Жайықтың жағдайы – оны жағалай жатқан екі облыстың да тұрғындарына ортақ. – Биыл көктемде біз Орынбор губернаторы Юрий Бергпен күн сайын хабарласып тұрдық десе де болады. Соның нəтижесінде оқыс оқиға, су тасуының алдын алдық. Міне, бүгінде Жайық өзенінің арнасы бұдан бұрынғы жылдарға қарағанда, əлдеқайда толық. Көріп отырғанымыздай, ақылдаса, біріге жұмыс атқарсақ, көп нəтижеге қол жеткізуге болады екен. Биыл 21- інші мəрте өткізіліп отырған қайық жорығын да кейбіреулер құр саяхат, бос уақыт өткізу, жеңіл-желпі шара деп қабылдауы мүмкін. Алайда мұның астарында көзге көрінбейтін қаншама жұмыс жасалып жатыр. Бұл істің ең үлкен нəтижесі – екі ел басшыларының былтыр Астана қаласында Жайық өзенін қорғау бойынша келісім жобасына қол қоюы екені анық, – дейді Батыс Қазақстан облысының əкімі Алтай Көлгінов. Жағдайың қалай, Жайығым?! ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Жақында Ресей Федерациясы Орынбор облысының Елек кентінде Жайық зенінің бассейнін қорғау тақырыбына арналған халықаралық тарихи-экологиялық конференция тті. Оған Батыс Қазақстан облы- сынан арнайы делегация қатысты. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан» Елбасының тапсырмасымен қолға алынған «Нұрлы жердің» басталғанына бір жыл да болған жоқ. Өткен жылдың соңында ғана халық үшін баспананың қолжетімділігін арттыруды мақсат тұтқан бағдарлама Үкіметте бекітілген- ді. Ел үміт артып отырған бағдарламаның қалай жүргізіліп жатқанына тоқталайық. «Нұрлы жерді» жүзеге асыруға «Бəйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-тың еншілес ұйымдары қатысуда. Бағдарлама бірнеше бағыт бойынша жүргізілуде. Біріншіден, ипотекалық несиелендірудің қолжетімділігін арт- тыру көзделген. Ол үшін қазірдің өзінде жыл сайынғы сыйақы мөлшерлемесі 7%- дан аспайтын субсидия да бөлініп жатыр. Бұл мақсатқа мемлекеттік бюджеттен 10 млрд теңге бөлінген. Мол қаражатты игерумен «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» АҚ – ипотекалық ұйымы айналысады. Қаржыны АТФ Банк, Сбербанк, Банк ЦентрКредит сын- ды екінші деңгейлі банктер халыққа жеңілдетілген несие түрінде ұсынуда. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі», «Цеснабанк», «Tengri Bank» АҚ сынды қаржы ұйымдары да жұмылдырылуда. Екіншіден, тұрғын үй құрылысымен айналысатын компанияларды қызық- тыру тетіктері жолға қойылды. Ол үшін құрылыс компанияларының банктер- ден алған займдары бюджет есебінен субсидияланады. Ал компания салған үйлердің бір бөлігі «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ салымшыларына берілуі керек. Мемлекет екінші деңгейлі банктердің жаңа тұрғын үй салуға беретін несиелері бойынша пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялауда. Ол үшін 2017 жылғы бюджеттен 11 миллиард теңге бөлініп отыр. Ұлттық экономика министрлігінің деректеріне сүйенсек, бұл тəсіл қосымша 600 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бағдарлама аясын- да халықты жалдық баспанамен қамта- масыз ету, үлестік тұрғын үй құры- лысын қолдау сынды бағыттарға да басымдық берілген. Мемлекет басшы- сы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бəсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауында экономиканың толыққанды драйвері ретінде құрылыс секторын одан əрі да- мыту міндеті жүктелгені белгілі. «Нұрлы жер» бағдарламасы осы сектордың да- муына да ықпал етеді деп жоспарланып отыр. 2017-2031 жылдар аралығын қам- титын «Нұрлы жер» бағдарламасы бой- ынша 15 жылда 1,5 миллионға жуық қолжетімді тұрғын үй салу жоспарланған. Бағдарламаны əзірлеген Ұлттық эко- номика министрлігі екені белгілі. Осы министрліктің Құрылыс жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетовтің айтуынша, биылғы жылы бағдарлама көмегімен тұрғын үй алуға шамамен 8 000 ипотекалық қарыз беру жоспарланған. Яғни, банктер ең көп дегенде 17% сыйақы мөлшерлемесімен ипотека берсе, мемлекет сыйақы құнының 7%-ын жабуды мойнына ала- ды. Бұл елдің сұранысын арттыруға ықпал ететіні сөзсіз. Тағы бір айта кетерлігі, «Нұрлы жер» бағдарламасы еліміздің əрбір азаматына 10 сотық жер бөлу мəселесін шешеді. Бұл туралы Мархабат Жайымбетовтің «Елдің əрбір азаматының жер заңнамасымен регламенттелген жеке тұрғын үй құры лысына əкімдік инженерлік инфрақұрылым тартқан 10 сотық жерді тегін алуға құқы бар. 10 сотық жер алу үшін əкімдікке өтініш беру керек, яғни жер теліміне кезекке тұру керек» деген сөзін тілге тиек етейік. Сонымен, жолға қойылғанына жарты жыл болған бағдарлама қалай жүзеге асы- рылып жатыр? Қанша баспана берілді? Инвестициялар жəне даму министр- лігінің мəліметі бойынша, əлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарға арнал- ған арендалық тұрғын үйлер салу үшін 25 млрд теңге бөлінген. 25 млрд-тың 6 млрд-ы аймақтарға аударылған, қалған қаржы біртіндеп беріледі. – Осыған дейін аударылған ақшаға 5 936 пəтердің құрылысы басталды. Жыл соңына дейін оның 2 687-сі пайдалануға беріледі,– дейді Жеңіс Қасымбек. Баспанамен қамтудың басты жолы (Соңы 5-бетте) Сурет «Егемен Қазақстанның» архивінен алынды

Upload: others

Post on 09-Aug-2020

1 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: E-mail: info@egemen.kz 28 ШІЛДЕ, Ж˚МА … · 2017-09-29 · құрылыс компанияларының банктер-ден алған займдары бюджет есебінен

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Елімізде урбанизация үдерісі белең алған сайын, баспана проблемасының �зектілігі арта түскені түсінікті. Бүгінде бұйырған баспанасында «Қайран менің �з үйім, кең сарайдай боз үйім» деп к�сіліп жатуды армандамайтын адам кемде-кем. Біз с�з еткелі отырған «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы халықтың осы арманын ақиқатқа айналдыруға ықпал етіп жатқан бірден-бір жол деуге болатындай. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

№143 (29124) 28 ШІЛДЕ, ЖҰМА 2017 ЖЫЛE-mail: [email protected] TWITTER.COM/EGEMENKZFACEBOOK.COM/.EGEMEN.KZ

1919 жылғы 17 желтоқсаннан

шыға бастады

ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ГАЗЕТ

ЭКОНОМИКА

ТОЛҒАНДЫРАР ТАҚЫРЫП

РУХАНИЯТ

АЙМАҚ

7-бет

8-бет

БІЛІМ

5-бет

БАЛАМАЛЫ ЭНЕРГИЯШығыс Қазақстанның мүмкіндіктері қандай?

6-бет

ОТАНДЫҚ ОҚУЛЫҚ – ОТАНДЫҚ ӨНІМ

АЛАШТАНУ, ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ АНА ТІЛІ

ҚАЗДАУЫСТЫ ҚАЗЫБЕК БИ СӨЗІНІҢ КҮШІ

КҮНГЕ ҰМТЫЛҒАН ЕЛДЕР

ӘН МЕН ӘЖЕ

7-бет5-бет

Сұңғат �ЛІПБАЙ

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ

EUR/KZT 381.05 USD/KZT 326.97 RUB/KZT 5.45 CNY/KZT 48.44ВАЛЮТАЛАРДЫҢ РЕСМИ (НАРЫҚТЫҚ) БАҒАМДАРЫ:

(Соңы 9-бетте)

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Трансшекаралық Жайық өзе ні-нің экологиялық мəселесі – батыс-қа зақстандықтарды көптен бері алаңдатып келе жатқан тақырып. Осы дан дəл 21 жыл бұрын «Валериан Прав духиннің ізімен» атты қайық жорығын ұйымдастырып, дəс түр лі шараға айналдырған Елена Тара-сенконың бастамасы бүгінде мем-ле кет аралық деңгейге көтерілген. 2016 жылы Астана қаласында

Қазақ стан мен Ресей президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин «Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақ-тау жөніндегі» мемлекетаралық келісім шарттың жобасына қол қойған еді. Жақында ғана, биылғы 18 шілде күні «Жайық өзені бассейнінің экожүйесін қорғау жөніндегі келісімді бекіту жөнінде» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы қабылданды. Жайықты жағалай қонған қалың ел соңғы жылдары көздің жасындай жылай

аққан өзеннің өзекті мəселелері енді шешіле бастар деген үмітте.

Жиырма бірінші экожорық

«Жайық-Орал» тарихи-мə де ни экожорығы биыл 21-мəрте ұйым-дастырылып отыр. Оған əу баста тек оралдықтар қатысса, соңғы 15 жыл-да бұл шара Ресейдің Орынбор гу-берниясымен тығыз байланыста өтіп келеді. Өйткені, Жайықтың жағдайы – оны жағалай жатқан екі облыстың да тұрғындарына ортақ.

– Биыл көктемде біз Орынбор губернаторы Юрий Бергпен күн сайын хабарласып тұрдық десе де болады. Соның нəтижесінде оқыс оқиға, су тасуының алдын алдық. Міне, бүгінде Жайық өзенінің

арнасы бұдан бұрынғы жылдарға қарағанда, əлдеқайда толық. Көріп отырғанымыздай, ақылдаса, біріге жұмыс атқарсақ, көп нəтижеге қол жет кізуге болады екен. Биыл 21-інші мəрте өткізіліп отырған қайық жоры ғын да кейбіреулер құр саяхат, бос уақыт өткізу, жеңіл-желпі шара деп қабылдауы мүмкін. Алайда мұның астарында көзге көрінбейтін қаншама жұмыс жасалып жатыр. Бұл істің ең үлкен нəтижесі – екі ел басшыларының былтыр Астана қаласында Жайық өзенін қорғау бойынша келісім жобасына қол қоюы екені анық, – дейді Батыс Қазақстан облысының əкімі Алтай Көлгінов.

Жағдайың қалай, Жайығым?!–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Жақында Ресей Федерациясы Орынбор облысының Елек кентінде Жайық �зенінің бассейнін қорғау тақырыбына арналған халықаралық тарихи-экологиялық конференция �тті. Оған Батыс Қазақстан облы-сынан арнайы делегация қатысты. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Арнұр АСҚАР,«Егемен Қазақстан»

Елбасының тапсырмасымен қолға алынған «Нұрлы жердің» басталғанына бір жыл да болған жоқ. Өткен жылдың соңында ғана халық үшін баспананың қолжетімділігін арттыруды мақсат тұтқан бағдарлама Үкіметте бекітілген-ді. Ел үміт артып отырған бағдарламаның қалай жүргізіліп жатқанына тоқталайық.

«Нұрлы жерді» жүзеге асыруға «Бəйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-тың еншілес ұйымдары қатысуда. Бағдарлама бірнеше бағыт бойынша жүргізілуде. Біріншіден, ипотекалық несиелендірудің қолжетімділігін арт-тыру көзделген. Ол үшін қазірдің өзінде жыл сайынғы сыйақы мөлшерлемесі 7%-дан аспайтын субсидия да бөлініп жатыр. Бұл мақсатқа мемлекеттік бюджеттен 10 млрд теңге бөлінген. Мол қаражатты игерумен «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» АҚ – ипотекалық ұйымы айналысады. Қаржыны АТФ Банк, Сбербанк, Банк ЦентрКредит сын-ды екінші деңгейлі банктер халыққа жеңілдетілген несие түрінде ұсынуда. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі», «Цеснабанк», «Tengri Bank» АҚ сынды қаржы ұйымдары да жұмылдырылуда.

Екіншіден, тұрғын үй құрылысымен айна лысатын компанияларды қызық-тыру тетіктері жолға қойылды. Ол үшін құрылыс компанияларының банктер-ден алған займдары бюджет есебінен субсидияланады. Ал компания салған үйлердің бір бөлігі «Тұрғын үй құрылыс

жинақ банкі» АҚ салымшыларына берілуі керек.

Мемлекет екінші деңгейлі банктердің жаңа тұрғын үй салуға беретін несиелері бойынша пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялауда. Ол үшін 2017 жылғы бюджеттен 11 миллиард теңге бөлініп отыр. Ұлттық экономика министрлігінің деректеріне сүйенсек, бұл тəсіл қосымша 600 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, бағдарлама аясын-да халықты жалдық баспанамен қамта-масыз ету, үлестік тұрғын үй құры-лысын қолдау сынды бағыттарға да басымдық берілген. Мемлекет басшы-сы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бəсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауында экономиканың толыққанды драйвері ретінде құрылыс секторын одан əрі да-мыту міндеті жүктелгені белгілі. «Нұрлы жер» бағдарламасы осы сектордың да-муына да ықпал етеді деп жоспарланып отыр.

2017-2031 жылдар аралығын қам-титын «Нұрлы жер» бағдарламасы бой-ынша 15 жылда 1,5 миллионға жуық қолжетімді тұрғын үй салу жоспарланған. Бағдарламаны əзірлеген Ұлттық эко-номика министрлігі екені белгілі. Осы министрліктің Құрылыс жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетовтің айтуынша, биылғы жылы бағдарлама көмегімен тұрғын үй алуға шамамен 8 000 ипотекалық қарыз беру жоспарланған. Яғни, банктер ең көп

дегенде 17% сыйақы мөлшерлемесімен ипотека берсе, мемлекет сыйақы құнының 7%-ын жабуды мойнына ала-ды. Бұл елдің сұранысын арттыруға ықпал ететіні сөзсіз.

Тағы бір айта кетерлігі, «Нұрлы жер» бағдарламасы еліміздің əрбір азаматына 10 сотық жер бөлу мəселесін шешеді. Бұл туралы Мархабат Жайымбетовтің «Елдің əрбір азаматының жер заңнамасымен рег ламенттелген жеке тұрғын үй

құры лы сына əкімдік инженерлік инфрақұрылым тартқан 10 сотық жерді тегін алуға құқы бар. 10 сотық жер алу үшін əкімдікке өті ніш беру керек, яғни жер теліміне кезек ке тұру керек» деген сөзін тілге тиек етейік.

Сонымен, жолға қойылғанына жарты жыл болған бағдарлама қалай жүзеге асы-рылып жатыр? Қанша баспана берілді?

Инвестициялар жəне даму министр-лігінің мəліметі бойынша, əлеуметтік

жағынан аз қамтылған азаматтарға арнал-ған арендалық тұрғын үйлер салу үшін 25 млрд теңге бөлінген. 25 млрд-тың 6 млрд-ы аймақтарға ауда рылған, қалған қаржы біртіндеп беріледі.

– Осыған дейін аударылған ақшаға 5 936 пəтердің құрылысы басталды. Жыл соңына дейін оның 2 687-сі пайдалануға беріледі,– дейді Жеңіс Қасымбек.

Баспанамен қамтудың басты жолы

(Соңы 5-бетте)

Сурет «Егемен Қазақстанның» архивінен алынды

Page 2: E-mail: info@egemen.kz 28 ШІЛДЕ, Ж˚МА … · 2017-09-29 · құрылыс компанияларының банктер-ден алған займдары бюджет есебінен

2 28 ШІЛДЕ 2017 ЖЫЛСАЯСАТ

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы жобасының мәселелері қаралды

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы жобасының мәселелері ж�нінде кеңес �ткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспас�з қызметі.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Румыния сыртқы істер министрімен кездесті

–––––––––––––––––––––––––Кеше Премьер-Министр Ба-қытжан Сағынтаев Ру мынияның сыртқы істер министрі Теодор-Виорел Мелешканумен кез-десу �ткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспас�з қызметі.–––––––––––––––––––––––––

Кездесу барысында энергетика, ма-шина жасау, металлургия, көлік жəне логистика, сондай-ақ жеңіл өнеркəсіп салаларындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан əрі дамыту мəселелері талқыланды.

Бұдан өзге, Қазақстан-Румыния үк і мет ара лық комиссиясының отырысын да қол жеткі зілген сауда-эко но микалық жəне ғылы ми-тех-ника лық ынтымақтастық бойынша уағ да лас тықтарды іске асыру бары-сы қаралды.

Тараптар əңгіме барысында екі елдің саяси, экономикалық жəне мəдени-гуманитарлық ынтымақтастығына қатысты ауқымды мəселелерді талқылады. Сенат Төрағасы орынбасарының ай туынша, Қазақстан ұлттық мүд де лерді халықаралық арена-да ілгерілетуде Бухаресті сенім-ді əріптес ретінде таниды жəне олардың Орталық Азия аймағына қатысты бастамаларын қолдауға

əзір. С.Громов Қазақстан əріп тес-тік ті нəтижелі іске асыруға жəне ортақ күн тəртібіндегі барлық мə-се лелер бойынша екіжақты қаты-нас тарды тереңдетуге қатысты жұ мыс тарды үдетуге əзір екенін атап өтті.

Кездесу кезінде Қазақстан мен Ру мынияның ынтымақтастығын нығайтуда маңызды рөл атқаратын парламентаралық байланыстарды одан əрі дамыту жəне тереңдету

қажеттігі жөнінде ортақ пікір ай-тылды.

Сенат Төрағасының орын ба-сары ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысқаны жəне БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшесі болуда Қазақстанды қолдағаны үшін румын жағына алғыс айтты.

Кездесудің қорытынды бөлі-гінде жүздесушілер халық ара лық терроризммен, діни экстре мизм-мен, есірткі саудасымен жəне қа-зіргі замандағы басқа да қауіп-қатерлермен күресте ауқымды халықаралық шараларда бірлескен күш-жігердің маңыздылығын атап өтті.

Аян �БДУ�ЛИ,«Егемен Қазақстан»

Ұлт жоспарының бірқатар қадамын жүзеге асыру Ақпарат жəне коммуникациялар ми нистр-лігіне жүктелгені белгілі. Осы мін деттер бойынша минис тр-лік тарапынан қандай жұ мыс-тар атқарылды? Қандай көрсет-кіштерге қол жеткізілді?

– Ең алдымен «Есеп беретін мемлекет қалыптастыру» жөнін-дегі 5-бағытқа тоқталсақ. Осы бағыт бойынша Ұлт жоспарының 94, 96 жəне 100-қадамдары жү-зеге асырылды. Тарқатып айтар болсам, 94-қадам бойынша «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заң қабылданды. Аталмыш заң азаматтық қоғам тарапынан үл-кен қолдауға ие болды. Мұның бас ты себебі – құжаттарды

əзірлеуге үкі меттік емес ұйым-дар дың белсене атсалысуы. Шы-ны керек, бұл заң да көптеген оң-ды бастамалар қабыл данды. Осы-ның барлығы əрбір аза мат тың мемлекеттік орган дар қыз меті туралы ақпаратты еркін алуы мен тарату құқығын қам тама-сыз етуге мүмкіндік беріп отыр. Бүгінгі күні комиссия мем лекет-тің ашықтығы мен есеп тілігін арттыруды бағдарға ала оты рып, белсенді жұмыс жүргізіп жатыр, – дедi Ақпарат жəне комму ни ка-циялар министрі.

Ол сондай-ақ, осы заңның тағы бір тиімді тұсы – ақпараттарға қол жеткізуде шектеу қойылмау жа ғы қарастырылғанын да атап өтті. Ал осыны бұзған лауа зым-ды тұлғаларды жауапкерші лікке тарту мəселесі де қарас ты рыл-ғанын мəлімдеді. Осы бағытта

консультативтік кеңесші орган ақпаратқа қол жеткізу мəселесі жөнінде комиссия құрылып, оның құрамына осы заңды əзірлеуге қатысқан тұлғалар мен азаматтық қоғам мүшелері енді.

Ал Ұлт жоспарының 96-қа-дамын жүзеге асыру барысында «Ашық үкіметтің» барлық жүйесі іске қосылды, яғни «Ашық үкі-мет» порталында «Ашық дерек-тер», «Ашық нормативтік-құқық-тық актілер» (Ашық НҚА), «Ашық бюджеттер», «Ашық диа лог», сондай-ақ «Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау» бөлімі ашылды.

Əрқайсысына қысқаша тоқ-тала кетейік. «Ашық НҚА» пор-талына кірген кез келген адам мемлекеттік органдардың нор-мативтік құқықтық актілері жоба-ларының, сондай-ақ, заң жобасы тұжырымдамасының талқысына қатыса алады. Қазіргі таңда порталда қоғамдық талқыға 420-дан астам құжат ұсынылған. Ал өткен жылы жеті мыңнан астам НҚА жобасы жарияланған екен.

«Ашық бюджеттер» бөлімінде қаржының қалай жұмсалып жатқанын, яғни шығындарды бақы лауға мүмкіндік бар. Бүгін де

порталда 13 мыңнан астам бюд-жет жобаларын болады. Сонымен қатар, «Ашық деректерде» 2300 мəлімет жиналғаны да белгілі болды.

«Ашық диалогта» мемлекеттік орган қызметкерлеріне тікелей сауал жолдауға болады. Бүгінде бұл бөлімге 191 мыңнан астам сауал дама жолданса, соның 140 мы ңына жауап берілген екен.

– «Ашық үкімет» – қазіргі уақытта елімізде демократиялық қо ғамды құрудың бірден-бір оңтайлы əдісі деп айтуға бола-ды. Енді əрбір мемлекеттік орган өз бюджетін ашық түрде жария-лауға міндеттеледі. Осының арқасында кез келген қазақ-стандықтың бюджет шығын-дарын бақылауына мүмкіндік туады. Əрине, «құпия» деген бөлі мінен өзгелері бəріне қолже-тімді болады. Ал «Ашық диалог-та» кез келген жоғарғы лауазым-ды порталға жолданған əрбір сұ раққа жауап беруі тиіс. Мемле-кеттік орган заң жобасын қабыл-дар кезде халықтың пікі рі мен са на суы қажет, – деді Дəурен Абаев.

Сонымен қатар, «Ашық үкі мет» порталына ақпарат

жария лайтын жауапты мем ле-кеттік қызметкерлерді оқыту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Министрдің айтуынша, қазіргі уа қытта бар лығы 9 орталық мемле кеттік органда 137 адам оқы тылды.

Мемлекеттік органдардың статистикалық базаларын он лайн жүйеге, яғни электронды үлгіге келтіру арқылы уақытты үнемді пайдалануға болады. Дəурен Абаев осы арқылы жемқор-лыққа да тұсау салуға болаты нын ерекше атап өтті. Осы се бепті Ұлт жоспарының 100-қада мында мем лекеттік қызметтерді ав то-маттандыру міндеті қойылған.

Бұған байланысты, былтыр «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы құрылды. Қазіргі сəтте бұл корпо рация арқылы бас-аяғы 723 мем лекеттiк қызметтiң 548-iне немесе 76 пайызына қол жеткізуге болады. Енді осы көрсеткiштi 85 пайызға дейiн арт-тыру жоспарланып отыр.

«Азаматтарға арналған үкiмет» корпорациясына қарасты елімізде барлығы 350 халыққа қызмет көрсету орталығы бар. Бас-аяғы 20 мыңнан астам адам

жұмыс істейді. Олар жыл сайын 37 миллионнан астам қыз мет көрсетеді. Ал биыл, яғни ал ты айдың көрсеткіші бойын ша 21 миллионнан астам қызмет көр се-тілген екен. Оның 14 мил лионы, яғни 67 пайызы элек тронды нұс-қада жүзеге асыпты.

Сонымен қатар, автокөліктерді есепке қою жəне жүргізушілік куəліктерді тапсыру бойынша ма мандандырылған халыққа қыз мет көрсету орталықтары (МХҚК) жұмысын жетіл діру қам тамасыз етіліп отыр. Қазір 12 МХҚК жұмыс істей ді. Осы жыл-дың алғашқы жарты жыл дығында 172 мыңнан астам жүргізушілік куəлігі тапсырылған, сондай-ақ, 701 мың көлік есепке қойылып, дəл осыншасы есептен алынған.

Бұдан бөлек, қызметкерлердің мүмкіндігі шектеулі жандармен де жұмыс істеу əдісі үйретілді. Қа зір 862 адам ымдау тілінде оқы тылды.

Айта кетейік, есеп беретін мем лекетті қалыптастыру міндеті 91-100-қадамдарды қамти ды. Ақпарат жəне коммуника ция-лар министрлігі бес институттық реформаны іске асырудың үш қадамын орындап отыр.

«Ашық үкімет» – ең оңтайлы әдіс––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Кеше Үкімет үйінде Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Есеп беретін мемлекет қалыптастыру» бесінші институттық реформасының жүзеге асырылу барысы ж�нінде баяндама жасады.

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Кеңес барысында Қа зақ-стан экономикасын цифр лан-дырудың 2025 жылға дейінгі егжей-тегжейлі жоспарлары талқыланды. Бағдарламаны табысты іске асыру елдің бə се-кеге қабілеттілігі жəне эконо-ми каның барлық салаларында еңбек өнімділігі өсімін қам та-масыз етуге мүмкіндік береді.

Мемлекеттік бағдарлама төрт басты бағытты іске асы-руға бағытталған: цифр лы инфрақұрылымды дамы-т у , х а л ы қ т ы ң ц и ф р л ы қ сауат тылығын арттыру ,

эко но миканың базалық сала-лар ын цифрландыру жəне мемле кет тік қызмет көрсету бойынша электронды жəне мобильді үкі мет жүйесін жетілдіру.

Кеңес аясында мемлекеттік бағдарлама жобасын сарап-шылық бағалау бойынша отан дық IT-мамандар: «Эл-текс Алатау» ЖШС директо-ры Н.Жə нібеков, «Open IT» компа ниясының басшысы В.Ким, Mirusdesk жобасының негі зін қалаушы М.Құрмашев жəне басқалар сөз сөйледі.

Батыс Қазақстан об лы-сының əкім ді гінде өткен ке-ңесте АӨК дамы ту дың мем ле-кеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысы, ондағы мін дет-темелерді орындау бойынша бекі тілген индикаторлар мен шаралар жетістігі талқыланды.

Мемлекеттік бағдарлама аясында биылғы жылы суб си-дияның 65 түрі қарастырылып, соның нəтижесінде 11 тиімсіз субсидияны алып тастап, 40 субсидияның өлшемдері өз гер-тілді. Ал қалған 14-і еш өзге-ріссіз қалды.

Мал шаруашылығында өл-шем дерді өзгерту дəл сол қар-жы шеңберінде субсидия алу-шылардың санын бір есеге арт-тырды. Егер бастапқыда сиыр еті бойынша субсидияны 175 шаруашылық алса, қазір ол 522-ге немесе 100%-ға артты; сүт бойынша 2 есеге; қой еті бой-ынша 1,3 есе, жүн бойынша 3,6 есе артты. Сондай-ақ, қой етін субсидиялау одан гөрі тиімдірек қозы етімен алмастырылды.

2017 жылдың 1 шілдесіндегі жағ дай бойынша Батыс Қа зақ-стан, Ақтөбе облыстарында ірі қара малдың, ұсақ қара малдың, жылқылардың, құс-тардың санының көбею үрдісі байқалды.

Қазіргі таңда республикада 1345 қайта өңдеу кəсіпорыны

белсенді жұмыс жасап жатыр. Сүт, ет, тері, жүн, май жəне да қыл өнімдерін, тұ қым дар мен көкөністер, қант қызыл-шасын жəне картопты қайта өң дейтін 435 кəсіпорынның ішінде өнімдерді ұқсатудың 9 басым түрі анықталды. Солар бойынша əр облыс, əр аудан бойынша аграрлық қайта өңдеу кəсіпорындарының нақты ор-наласу картасы жасалды.

Кеңес барысында Премьер-Минис тр дің орынбасары – Ауыл шаруа шылығы министрі фер мер лердің барлық қызы ғу-шылық таныт қан сұрақтарына жауап берді.

Сондай-ақ, жұмыс сапары ке зін де А.Мырзахметов Жəңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық уни вер-ситетіне, «ПОШ Руно» ЖШС тері өңдеу кəсіпорнына барды.

* * * Вице-премьер жұмыс бағ-

дар ламасына сəйкес Маңғыстау облысындағы Түпқараған ауда-нының Ақшұқыр ауылындағы «Казах осетр» ЖШС-на бар-ды. Аталған серіктестік өңір-дегі бірден-бір бекіре етін шы-ғаратын бекіре фермасы болып табылады.

Мұнан соң облыстық əкім-дікте АӨК-ті дамытудың мем-лекеттік бағдарламасын іске асыруға арналған отырыс

болып өтті жəне де онда мал шаруашылығы, мал шаруа-шылығы өнімдерін қайта өңдеу, ветеринарлық қауіпсіздік пен балық шаруашылығы мəсе-лелері қаралды.

Отырысқа Маңғыстау жəне Атырау облыстарының тұр ғын-дары, шаруалар мен салалық қоғамдастықтардың өкілдері қатысты.

Осынау екі облыстың Кас-пий маңындағы географиялық тұрғыда қанаттаса орналасу-ын ескере отырып, бірінші ке-зекте балық шаруашылығына баса мəн берілді. Ол жерде ағымдағы жағдайға байланыс-ты бұған дейін дəстүрлі түрде өндірістік аулауға негізделіп келген балық шаруашылығы саласының көп жылдық стра-тегиясын түбегейлі өзгерту керектігі атап өтілді.

Бұдан əрі де мал шаруа-шы лығы мен ауылшаруа-шылық кооперациялары мəсе-лелері талқыға түсті. Бүгін де ел аумағында 517 ауылша руа-шылық кооперациясы бар бол-са, олардың 15-і Атырау облы-сында тіркеулі.

Биыл шілдеде былтырғы жылдың осы кезеңімен са-лыс тырғанда Маңғыстау жəне Атырау облыстарында ірі қара мал мен ұсақ қара мал басының, жылқы, түйе, құс санының өсу тенденциясы байқалуда.

Отырыс барысында А.Мыр-захметов сұрақ-жауап форма-тында қатысушылардың сау-алдарына жауап берді.

Жұмыс сапарын қоры тын-дылай келе, ведомство басшы-сы «Ақбидай» астық термина-лы мен Ақтау теңіз термина-лында болды.

Субсидия – шаруаға демеу

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Т�рағасының орын-басары Сергей Громов Румынияның Сыртқы істер министрі Теодор Мелешкану бастаған делегацияны қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспас�з қызметі.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Ынтымақтастық мәселелері талқыланды

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Премьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарына барды. Онда Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмалардың жүзеге асу ба-рысымен танысты, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспас�з қызметі.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Page 3: E-mail: info@egemen.kz 28 ШІЛДЕ, Ж˚МА … · 2017-09-29 · құрылыс компанияларының банктер-ден алған займдары бюджет есебінен

28 ШІЛДЕ 2017 ЖЫЛ 3––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін болашақтың бұлдыр бедерін бүгінгі күннің талабы мен табысы шеңберінде айқындап, стратегиялық бағдарламалар қабылдады. Атап айтқанда, күрмеуі қиын күрделі 90-жылдардың бел ортасы ауған шақта «Қазақстан-2030», ХХІ ғасырдың алғашқы онжылдығы асу-дан асқанда «Қазақстан-2050» Стратегиясы қабылданып, елдің мәртебесін алдымен елу, одан кейін отыз дамыған елдің қатарына жетелер мақсат-міндеттер межеленіп, айқындалды. Елдің бағыты айқындалып, бұғанасы бекіп, алыстағы межелер шындықтың шеңберіне шырмала бастағанда, мемлекеттің тұғырын бекітетін «Мәңгілік Ел» идеясы белгіленді. Бұлардың барлығы ел Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан қоғамына жол тартып отырды. «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығаратын бірлік пен жұмылған жұдырықтай ынтымақты қажет ететін аталмыш бағдарламалар шеңберінде Қазақстан саяси және экономикалық реформаларды дау-дамайсыз, зобалаң-бұлғақсыз жүзеге асыра білді. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Елбасының «Болашаққа бағдар: руха-ни жаңғыру» атты мақаласы стратегиялық маңызға ие, жасампаз халқымыздың жарқын болашағын айқындайтын ойтолғам. Біз кешегі Кеңес одағының шекпенінен шықтық, ұзақ жылдар пат-ша өкіметінің отарында болдық. Сол бодандық психологиядан арылу, тəуелсіз елдің азаматы екендігімізді сезіну үшін де рухани жаңғыру қажет. Елбасы мақаласында тілге тиек болған Абайдың даналығы, Əуезовтің ғұламалығы мен Құрманғазының күйлері – бəрі рухани мəдениетіміз. Ол мəдениет баршамызға ортақ. Осының бəрі жиылып, ұлттық бірегейлікті құрайды. Осы арада на-зар аударарлық тағы бір жайт, ұлттық бірегейлік, ұлттық код деген тек қазақтарға ғана тəн болмауы тиіс, бұл бар-ша қазақ жерінде ұлттарды біріктіретін, отансүйгіштік идея төңірегіне топта-стыратын күш болуы шарт. Мемлекет басшысы мақаласында алға басудың екі шартына назар аударып, біріншісі ұлттық код, яғни, ұлттық сипат пен бірегейлік жəне мəдениетті сақтау, екіншісі өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту қажеттігін айтады.

Мəселен, жершілдік, рушылдықты алайық. Былай қарағанда, жершілдік деген оншалықты залалды нəрсе емес сияқты. Бірақ та оның астарындағы тамыр-таныстық, жеңұшынан жалғасқан бүгінде белең алып кеткен жемқорлық

сияқты жаман қасиеттерге себеп бо-лып отырғанын естен шығармағанымыз жөн. Ал рушылдық дерті сан ғасырлар бойы қазақ жұртымен біте қайнасып келе жатқан, елдігімізге сызат түсіретін кертартпа үрдістердің бірі болып отырғандығы шындық. Руына, тегіне қарамастан, адамзаттың бəрін бауы-рым деп, «қалың елім қазағым, қайран жұртым» деп жырлап өткен хакім Абайдан артық асыра айтқан ешбір жан жоқ шығар, сірə! Əрбір ұлт өз ата тегін, руын білуі парыз. «Жеті атасын білмеген жетімдіктің белгісі», «Жеті атасын білген ұл, Жеті жұрттың қамын жер» деген қазақ халқында ұлағатты сөз бар. Алайда, рушылдық дертін қоғамдық-саяси салада саясаттың шекпеніне айнал-дырмай, тек əулеттік, ағайындық жүйеде өз тұғырында тұрақтаса екен деген тілегіміз бар. Бұл – Елбасымыздың асқақ арманы, мақсаты. Ұлттық тəрбиенің бүгінгі күні де маңызын жоймаған ұлағатты мұралары қазақ халқында аз емес. «Нанды аяқасты етпе», «Айға қарап саусағыңды кеземе», «Үлкеннің алдын кесіп өтпе» деген сияқты тыйым-дар, жас ұрпақты қайырымдылыққа бас-тайтын «обал болады» дейтін тəрбиелік ұлағаттар арқылы қазақ кейінгі ұрпақты ізгілікке тəрбиелеген.

Елбасы өз мақаласында революция мен эволюция секілді даму парадигма-лары туралы айта келе: «Эволюциялық

даму ғана ұлттың өркендеуіне мүмкіндік беретініне көзімізді жеткізді», деп түйіндеді. Шынында да, революцияны, төңкерісті ешкім де қаламайтыны ақиқат. Тəуелсіз мемлекетімізді жаңғыртудың, халықтың тұрмысын, əл-ауқатын жаңа деңгейге көтерудің сара жолы билік пен бұқара халықтың арасындағы өзара келісім мен түсіністік, ашық диалог екендігі ақиқат. Бұл заман талабы. Мəселен, «Азия жолбарыстары» атанған Малайзия, Сингапур, Гонконг, Оңтүстік Корея секілді өркениетті елдерде халық пен билік арасындағы саяси сана, сая-си мəдениет, саяси сұхбат, азаматтық жауапкершілік сияқты демократиялық құндылықтар дұрыс жолға қойылған. Қазіргі таңда бұл аталған мемлекет-тер əлемдік аренада көш бастауда. Осы дамыған елдердің озық тəжірибесін, механизмдерін ел игілігі жолында қолданысқа енгізсек, халқымыздың мерейі үстем, мемлекетіміз айбынды, тұрмысы жақсарған интеллектуалды елге айналатынымызға сеніммен қараймыз.

Өз құндылықтарымыз туралы айта келіп, Елбасы: «Өзімдікі ғана таңсық, өзгенікі – қаңсық» деп кері тартпай, ашық болу, басқалардың ең озық жетістіктерін қабылдай білу, бұл – табыстың кілті, əрі ашық зерденің басты көрсеткіштерінің бірі», деді. Олай болса, сол дамыған елдердің демократиялық үрдістерін, соның ішінде, билік тармақтары

арасындағы тепе-теңдік, сөз бостандығы, əділ сайлау секілді азаматтық қоғамның озық механизмдерін Қазақстанға енгізу кезек күттірмейтін, күн тəртібінде тұрған маңызды мəселе.

Үкіметтің, Білім жəне ғылым министрі-нің «үш тілділік» концепциясы ел ішін де біраз қарсылық туғызғаны рас. Менің ше, осы бағдарламаны нақтылай түсу ке рек: сөз жоқ, үш тілді білу қажет, бірақ бас -тауыш сыныптарындағы білім толығы мен қазақ тілінде берілуі керек. Ал, ағыл шын тілі 5-сыныптан бастап оқы ты луы жөн. Бұл Жапония секілді өр ке ниетті елдердің тəжірибесінде бар үрдіс.

Елбасымыз 2025 жылдан бастап, латын əліпбиіне толық көшу туралы мəселені көтерді. Сөзсіз, бұл қадам қажет, соның ішінде қалпымыз бен қарпімізді де орыстандыру (орыссыздандыру), десоветтендіру үшін қажет. Бірақ 1940 жылдан бері қағазға түскен барша рухани құнды дүниелерімізден бір күнде айыры-лып қалмайық.

Рухани жаңғыру – халықтық мүддені əділетті қоғамға бастайтын азаттықтың негізгі феномені. Біз Мəңгілік ел боламыз десек, өзімізде бар төл мəдениетіміздің озық жетістіктері мен үрдістерін заманауи нақышқа келтіре отырып, халқымызға паш етуге тиістіміз. Халқымыз қайырымды, саналы, иман жүректі, дəулетті елге айналу үшін абыройлы өмір сүрудің платформасын

қалыптастыруымыз қажет. Ол үшін мемлекеттік жүйе алдағы уақытта тұтастай қайта жаңғырып, ұлттың мүддесі жолында адал қызмет ететін, үнемі халықтың қажеттіліктерін, мұң-мұқтаждарын қамтамасыз ететін білімді, еркін ойлы, қайырымды, ұлтжанды зи-ялылар ел тізгінін ұстауы керек. Əрбір қазақ жұрты еркін, тəуелсіз болу үшін білім керек, дəулетті болу үшін кəсіп керек, қайратты, күшті болу үшін бірлік керек, ал мейірімді болу үшін көркем мінезділіктің жарқын үлгісін көрсетуіміз керек. Бұл – ұлы бабаларымыздың өсиеті мен аманаты. Біз ұлт болып, Елбасымыздың болашақты баянды ету жолындағы бұл теңдессіз тарихи қадамдарына барынша қолдау білдіруге жəне оны іске асыру жолында кəсіби білімімізді, қайратымыз бен қабілетімізді, ел мүддесі жолында аянбай жұмсауға тиістіміз. Рухани жаңғыру ұлттық дүниетанымымызды қалыпқа келтірудің əділетті қоғам құрудың негізгі аспектісі болып табылады.

Досхан ЖҰМАХАНҰЛЫ, Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің блім меңгерушісі,

Ерқожа СЕЙТЖАППАРҰЛЫ, философия ғылымдарының магистрі,

Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің кіші ғылыми

қызметкері

Ұлттық дүниетанымның қазығы

Қазақстандық дамудың қандай да болсын межелеген маңызды мақсат-міндеттердің қақ ортасын-да адами ресурстардың əлеуетін асқақтату ерекше назарда бо-лып келді. Адами капиталдың арқауы – рухани кемелділік пен азат болмыс-бітім. Рухани жан дүниесі кемел тұлға нар көтерер ауыр жүкке мойымайтыны, шы-дайтыны анық. Əлемде алпауыт елдердің геосаяси талас-тарты-сы белең алған, экономикалық даму белдеулері ауысып жатқан жаһандық шындық қазақстандық əрбір азаматқа рухани тұрғыдан өзгеруді талап ететіні анық. Ел-басы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы ұлт руханиятының өзекті мəселелерін қозғай отырып, ел дамуының межеленген бағыттарына жаңа серпін беретін тың ойларды ортаға тастап, сана соқпақтарына салмақ салады.

Мақаладағы ой салмағы екі үлкен бөлімге бөліп берілген. Бірінші бөлімге ұлттық сананы ХХІ ғасырдың шындығына орай қалыптастыру мəселесі ой түр-ткі нысанасына алынып, ке лелі, кесек толғамдар түйінде леді. Рухани жаңғырудың бас ты ой-толғамдары мынадай тақы рып-тарға топтастырылған. Олар: Бəсе келік қабілет; Прагматизм; Ұлттық бірегейлікті сақтау; Білім-нің салтанат құруы; Қазақстан ның революциялық емес, эво лю ция-лық дамуы; Сананың ашық тығы.

Аталмыш тақырыптарға арқау болған ойлардың легін Елбасы мынадай жолдар арқылы айшықтайды. «Күллі жер жүзі, – дейді Н.Назарбаев, – біздің көз алдымызда өзгеруде. Əлемде бағыты əлі бұлыңғыр, жаңа та-рихи кезең басталды. Күн са-нап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға əбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы ел-дермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дəуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек».

Қазақ үшін қасиетті «Алты Алаш» ұғымындай алты салаға бөлінген бұл тақырыптарға арқау болған мəселелер – Қазақстанның стратегиялық бағдарламаларында орын алған өзекті мəселелердің өн бойын тік жар қылып жа-рып өтетін ұшқыр ойлар, кесек толғамдар.

Ұлттың бəсекеге қабілеттілігі Елбасының əуелден айтып жүрген, елдің алдына мақсат, меже

етіп белгілеп берген бағдары. Ол – Қазақстан қабылдаған стратегиялық бағдарламалардың басты өзегі. Тəуелсіз Қазақстан дүрбелеңге толы 90-жылда-ры дамыған 50 елдің қатарына қосылуды көздесе, жаһандық бəсеке артқан ХХІ ғасырда озық 30 елдің тобынан орын алуды мақсат етеді. Қазақы ұғыммен айтсақ, өз-өзін «қамшылай» түсті. Жаһандану дəуірінде бəсекеге қабілетті ұлт қана өзінің ұлттық белгілерін, нышанын, мəдениетін сақтай алады. Елбасы «Болашақта ұлттың табысты бо-луы оның табиғи байлығымен емес, адамдардың бəсекелік қабілетімен анықталады», дей келе, ел-жұртқа бəсекеліктің қарымын мынадай белгілермен айқындайды. Олар, біріншіден, ақпараттық-бағдарламалық тех-нологиялардың қыр-сырын еркін игеру («Цифрлы Қазақстан»), екіншіден, көп тіл білу машығы («Үштілділік тұғырнама»), үшіншіден, Ұлы Абайдың «Адам баласына адам баласының бəрі – дос» деген қағидасына сай толеранттылық мəдениет иесі («Мəдени жəне конфессияаралық келісім») сынды азаматтық кел-бет – бəсекеге қабілетті болудың басты шарты.

Президент қазақстандықтарды бəсекеге қабілеттілікке үндегенде қазақ топырағындағы асыл ойлар-дан кең арна іздейді. Бұл тұста Ұлы Абайдың 18-қарасөзіндегі: «Тегінде, адам баласы адам ба-ласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нəрселермен озбақ. Онан басқа нəрсеменен оздым ғой демектің бəрі де – ақымақтық» де-ген терең мағыналы ойларын ХХІ ғасырдағы заманауи шындықтың бедеріне қарай қайта жаңғырта алды.

Қазақтың аталы сөзімен айтсақ, «салттың озығы да бар, тозығы да бар». Елбасы тозығы жеткен түсініктерден арылып, озығы өміршең ұстанымдарды бағдар етуге үндейді. Бұл орай-да ол прагматикалық ұстанымды əркім өз өміріне, тұрмыс-тіршілігіне серік етуді ұсынады. «Прагматизм – өзіңнің ұлттық жəне жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сəйкес болашағыңды жос-парлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз. Қазіргі қоғамдағы шынайы мəдениеттің белгісі – орынсыз сəн-салтанат емес. Керісінше, ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану көргенділікті көрсетеді. Нақты мақсатқа жетуге,

білім алуға, саламатты өмір сал-тын ұстануға, кəсіби тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып, осы жолда əр нəрсені ұтымды пайдалану – мінез-құлықтың прагматизмі деген осы. Бұл – за-манауи əлемдегі бірден-бір табыс-ты үлгі».

Дамыған, өркениетті елдердің мінез-құлық тəрбиелеудегі та-быс кілтінің біріне айналған прагматизм қазақ топырағына да жат емес еді. ХІХ ғасырдың соңында, ХХ ғасырдың басында қазақ қоғамы жаңа формацияға түбегейлі бет бұрған тұста хакім Абай мінез-құлықтың бас-ты дұшпанына «өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек пен бекер мал шашпақты», ал басты серігіне «талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақымды» жатқызған еді.

Елбасы қазақ танымындағы осындай мағыналы ойларға сүйене отырып, жаңа тұрпаттағы қазақстандық азамат келбетін қалыптастыруды көздейді.

Қ о ғ а м н ы ң қ ұ н д ы л ы ғ ы оның азаматтарының заманауи келбеті арқылы айқындалатыны сөзсіз. Ал азаматтың келбеті оның мəдени болмыс-бітімімен айқындалады. Мəдениет – мінез-құлықтың сауыты. Өзінің ұлттық бастауынан нəр алмаған мəдениет – тамырсыз бəйтерек. Сондықтан Елбасы ұлттық код, ұлттық мəдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды деп есептейді. Ұлттық код, мəдениет – рухани жаңғырудың басты діңгегі, өзегі. Діңгектен ажырамай отырып даму, философтар пайымдайтын, спиральды дамуға жетелейтіні сөзсіз. Мақаладағы ұлттық бірегейлікті сақтау, дамудың эволюциялық жолын басшылыққа алу, сананың ашықтығы деген мəселелер ұлттық кодты сақтау мақсатындағы тіршіліктің арна-сында жүзеге асса ғана баянды болмақ.

Елбасы мақаласының «Таяу жылдардағы міндеттер» деп атала-тын ІІ бөлімінде ұлттық жаңғыру жолында жүзеге асуы тиіс басты міндеттер алға қойылады. Соның

бірі – қазақ əліпбиін латын гра-фикасына көшіру. Латын графи-касына көшу туралы қоғамдық пікірлер алғаш рет тəуелсіздік алған жылдары қозғалған бо-латын. Негізінде Қазақстанның ХХ ғасырдағы тарихында латын əліпбиі 1929-1940 жылдары ара-сында қолданылып, өзінің та-рихи миссиясын атқарған бола-тын. Осы графиканың негізінде Кеңес өкіметі жаппай ликбез (ликвидация безграмотности) саясатын жүзеге асырды. Кеңес одағының шекпенінен шыққан кейбір түркітектес елдер ə де-геннен жазу үлгісін латынға көшіріп те үлгірді. Қазақстан бұл бағытта сабырлылық пен байсалдылық танытып, оң-солын екшеп алуды көздеді. 2012 жылғы «Қазақстан- 2050» Стратегиясында латын əліпбиіне толық көшу 2025 жыл деп белгіленді. Табандап отырып жылжыған бағыт қоғамның сабырын сақтауға, түсіністік танытуға, жұмсалар күш пен қайратты жинақтауға мүмкіндік берді. Осылайша, мақалада атап көрсетілгендей, 2017 жылдың соңына дейін қабылданар үлгіні бекітіп, 2018 жылдан бастап ла-тын əліпбиіне көшу жұмыстары алғашқы қадамын жасайды. Бұл орайда, латынға əу дегенде көшіп, кейбір қателіктерге бой алдырған Өзбекстан, Түрікменстан, Əзер-бай жан елдерінің тəжірибесін, лингвис тикалық заңдылық тұғырна масын, қазіргі ақпараттық техноло гиялар заманының та-лабын ескеру сынды күрделі мəселе лерді шешу міндеті тұр. Графика ауыстырған елдердің тəжіри бесі көрсетіп отырғандай, бұл мəселе экономикалық, саяси, техникалық һəм лингвистикалық мəселелерді тұтас қамтиды. Ал бұл өз кезегінде үкіметтік һəм үкіметтік емес ұйымдардан, қоғамнан кешенді жұмыстарды талап ететін ауқымды мəселе екендігі сөзсіз.

Қазақстанның мемлекет ре -тін дегі даму бағыт-бағдарын бел гі лей тін барлық бағдарла ма -

лары ның басты арқауы адами ресурстарды дамыту болып та-былады. Мұның өзі мемлекет қоғамның ең бағалы байлығы адам деген ұғымды қастерлейтінін, ардақтайтынын білдіреді. Қай қоғам болмасын, мейлі ол жаңа технологиялар қарыштап дамыған заман болсын, адамның адами қалпы сақталуы тиіс. Басқаша айтқанда, адам «тəңір» деген қалыптың құдіретімен «гу ма-нистік сауатпен» жаратылған. Одан айырылған адам жанды мақұлықпен тең. Қазақстандық азаматтардың гуманистік са-уатын жетілдіру – қоғамды сауықтырудың, кемелдендірудің бір жолы. Сондықтан мақалада алдағы уақытта қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар бо-йынша əлемдегі ең құнды ой-лар жинақталған, талданған кітаптарды қазақша аудару мəселесі көлденең тартылған. Бұл орайда, Президент «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» атауымен жаңа жобаны қолға алу міндетін белгілейді. 2018 --2019 оқу жылында еліміздің білім айдынына желкен тартқан шəкірттер филология, филосо-фия, саясаттану, мəдениеттану, психология сынды ғылым сала-лары бойынша дүние жүзінің ең таңдаулы, үздік оқулықтарынан нəр алуы тиіс. Бұл ауқымды істі жүзеге асыру үшін 2017 жыл-дан бастап Ұлттық аударма бю-росын құрып, үздік аударма-шы мамандар тəржіма ісімен айналысуы керек. Бұған қоса, рухани жаңғыру бағдарламасы негізінде «Жаһандағы замана-уи қазақстандық мəдениет», «Қазақстандағы 100 жаңа есім» сынды мəдени жобалар ұсынылып отыр. Мұндай жобалар Қазақстанды əлемге тек шикізат қорына бай ел ғана емес, адами капиталымен бағалы екенін та-нытары сөзсіз. Қазірдің өзінде Қазақстан спорттың кейбір же-келеген түрінен, сондай-ақ, өнер саласынан əлемге таны-мал тұлғаларды дүйім жұртқа

шығарды. Айталық, боксшы Геннадий Головкин, Қанат Ислам, əнші Димаш Құдайберген. Қалың Қытайды таң қалдырған Димаш Құдайберген өнерін əлем «Димаш феномені» деп ат қойып, айдар тағып та үлгерді. Бұл Қазақстан үшін үлкен мəртебе, айбарлы мақтаныш.

Мақалада отансүйгіштік сезімді қалыптастырып, оны байы-татын «Туған жер» бағдарламасын ашу көзделеді. Ата-бабамыз білектің күші, найзаның ұшымен, білік пен ақыл ұтқырлығымен қорғап қалған кең-байтақ Қазақ жерінің əрбір өлкесі тұнған шежіре. Президент «Туған жер – əркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде əлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. Туған жерге, оның мəдениеті мен салт-дəс түріне айрықша іңкəрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі. Бұл кез келген халық əншейін біріге салған қауым емес, шын мəніндегі ұлт ететін мəдени-генетикалық кодының негізі», дей келе, бағдарлама шеңберінде атқарылар ауқымды істер қатарын айқындайды.

Қорыта келгенде, Президент Н.Ə.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты тың көзқарастарға негізделген бағдарламалық мақаласы ХХІ ғасырдағы қазақ қоғамының са-насына жаңа сілкініс тудыра отырып, жаһандық құбылыстарға «қазақ» деген жұрттың көшін түзеу, бағдарын белгілеу болып табылады. Ел көкейінде жүрген ойларды, ауқымды мəселелерді Елбасы белгіледі, енді оны жүзеге асыру – жалпыхалықтық іс, ұлттық парыз.

Алмасбек �БСАДЫҚОВ, А.Байтұрсынов атындағы

Қостанай мемлекеттік университетінің проректоры,

филология ғылымдарының докторы

Ойдың көші түзелді

Сурет «Егемен Қазақстанның» архивінен алынды

Page 4: E-mail: info@egemen.kz 28 ШІЛДЕ, Ж˚МА … · 2017-09-29 · құрылыс компанияларының банктер-ден алған займдары бюджет есебінен

4 28 ШІЛДЕ 2017 ЖЫЛЭКСПО-2017

Топтаманы әзірлеген Асхат РАЙҚҰЛ, суреттерді түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ, «Егемен Қазақстан»

Куба көрменің көрігін қыздырды

––––––––––––––––––––––––––ЭКСПО-2017 халық ара лық көрмесі қалашығында Куба Республикасының ұлт тық күні тойланды. Кариб тең із ін ің солтүстік бө лі гінде орналасқан «Бос тан дық аралының» өкілдері 26 шілдеде ұлттық көтеріліс күнін атап өтеді. Осы атау лы дата-мен тұспа-тұс кел ген көрменің дәстүрлі шара сында екі елдің тулары көтеріліп, әнұрандары шыр қалды. Содан кейін ку балық өнерпаздармен би ырғағына ілескен көпшілік сахна көрігін қыздырды. Концерт барысын-да кө рер мендер испан тілінде орын далған әндерді қосыла шыр-қап, әртістерге жарыса қошемет көрсетті. ––––––––––––––––––––––––––

Дәрігерлер қай кезде де дайын

Мамандандырылған халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу алдын-да сапалы медициналық көмек көр-се ту бойынша жедел штаб құрылып, қала шық аумағында 6 медициналық пункт пен орталық орналасқан. «Көрме кезінде 4 506 адам медициналық кө-мекке жүгінді. Оның 3 862-сі қазақ с тан-дық болса, 647-сі – шетелдік аза мат тар. Жара қат алу бойынша 556 адам көмек сұ рады, улану бойынша – 134, қан ай-налымы жүйесіндегі ау ру ға қатысты – 420, хирургиялық па тологиямен – 134, акушерлік-ги не ко логиялық патология-мен, жүк ті лікті қо са алғанда, 116 адам ме ди ци налық кө мекке жүгінді. Алле р- гия, жән дік тер дің шағып алуы, күн өту, ыс тық кө терілу жағдайлары бойынша 3 149 адам дәрігерлерге келді», дейді «Ас-та на Конвеншн Бюро» ЖШС директоры Санияр Әйтекенов.

Шара барысында барлығы 861 адам эвакуацияланса, оның 161-і ау ру ханаларға жатқызылды. «Айта ке тер лігі, ауыр хал-де бірде-бір адам тір кел ген жоқ, абы-рой болғанда, соңы қай ғымен аяқталған жағдайлар орын ал мады», дейді маман.

Көрме қонақтарының денсаулығын қадағалау үшін 1 335 медициналық жедел көмек көрсету көлігі жұ мыл-ды рылған. Көрме кезіндегі жал пы-қа лалық шараларда 222 кезекшілік жүр гізілді. Бұдан бөлек, тұрғын үй, әлеу меттік, коммерциялық және қал а-ның инфрақұрылым нысандары бей не -бақылау жүйесіне біріктірілген ахуал орталығы құрылды.

Тұтынушылар жылдағыдан көп

ЭКСПО-2017 халықаралық көр-месі кезінде қонақүйлер мен та мақтану орындарынан түскен салық 2,6 есеге кө-бейіпті. Сонымен қатар, базарлар, сау да орындары, ойын-сау ық орта лық тарын аралаушылар екі есеге арт қан көрінеді. Мәселен, мау сым айын да қонақүй, мейрамха на және өзге де тамақтану орындары нан 142,2 млн теңге жиналған. «Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыс тырғанда 2,6 есе немесе 89 млн теңгеге артық. Былтырғы маусымда 53,3 млн теңге салық алынған», дей ді Са нияр Әйтекенов. Оның сөзіне қара- ғ ан да, көрме ашылғаннан кейін сауда, ойын-сауық орындарына келушілер 19

мыңнан 30 мыңға жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп.

Қазіргі уақытта қалада 9 сауда ойын-сауық орталығы бар. Базар лар дағы сау да-саттық та әжептәуір ұлғай ған. Мәселен, «Шарын» базарындағы сау -да 30 пайыздан 60 пайызға, «Шапа ғат» сау да орталығындағы сауда 40 пай ыздан 80 пайызға жеткен. Бар лық ба зар дағы тұтынушылар өт кен жыл дың дәл осы кезеңімен салыс тыр ған да 2-2,5 есе көп.

Сәуір айынан бастап осы күн ге дейін Астанада 26 өңірлік ауыл ша руа шылық жәрмеңкесі өтті. Онда 10,6 мың тонна азық-түлік сатылған. Оның 3,2 мың тон-насы – жеміс-жидек.

Түрлі жолмен келген туристер

ЭКСПО-2017 көрмесі ашылған күннен бастап Астанаға 1,9 миллионнан астам адам келіпті. Оның 680 195-і темір жолмен, 331 584-і ұшақтармен, 846 692-сі автокөлік құралдарымен жеткен. Жоғарыдағы санның 1,2 миллионы туристер екен.

«Астана темір жолының жүктемесі 60 пайызды құрайды, күн сайын әр түрлі пойызбен 16 мың адам келеді, негізгі ең жоғары мүмкіндік – 27,5 мың адам. Әуежай жүктемесі 70 пайыз бол-са, күнделікті 7 мың адам ұшып келеді, ал барынша қабылдау мүмкіндігі – 10 мың адам. Туроператорларға деген сұраныс өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 78 пайызға артты», дейді «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС директоры.

Елордалық қонақүйлердің толуы 60 пайызға өскен. Өткен жылдың осы кезеңінде 28 пайыз болғанын айта кетейік. Үш тілде ақпарат беріп, материал- дар тарататын 6 ақпараттық дүңгіршек құрылып, жұмыс істеп тұр. «Туристік ақпараттық дүңгіршектерге 3 266 турист жүгінсе, бірыңғай call-орта лықтан 375 адам ақпарат алған. Екі қабатты автобус-пен экскурсия жасау қызметін 2,4 мың адам пай далан ды. 12 елден – Австралия, Малай зия, Сингапур, Словакия, Ресей, Әзер бай жан, Түркия, Германия, Қытай, Ис пания, Польша, Франциядан келген 4013 турист аудиогидті пайдаланды», дейді С.Әйтекенов.

Ресми турис тік «welcometoastana.kz» интернет-порталын қолдану шы-лар са ны 18 мыңға жетіпті. Кірушілер саны – 65 мың адам. Ал «Welcome to Astana» мобильді қосымшасы 1156 рет жүктелген.

Салтанатты басқосуда Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Қамалдинов Куба мемлекетінің делега-циясын ЭКСПО-2017 шеңберіндегі төл мерекелерімен құттықтады. Өз кезегінде Куба Республикасының Сауда палатасы президенті Орландо Эрнандес Гильен Қазақстан билігіне көрсеткен қолдаулары үшін алғысын білдірді. «Орталық Азияда осындай халықаралық көрме өткізген демеушілерге ризашылығым мол. Екі ел арасындағы қарым-қатынас әлі де нығая түсетініне кәміл сенемін», деді ол. Орландо Гильеннің айтуынша, ел үкіметі болашақ ұрпаққа тұрақты, гүлденген мем-лекет қалдыру моделімен экономикасын дамытуға ұмтылуда.

Ресми шарадан кейін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің комиссары Рәпіл Жошыбаев қонақтармен бірге Латын Америкасы павильонын аралады. «Куба: энергетикалық революция» тақырыбы қамтылған стендіне тоқталып, құрметті қонақтар журналына естелік қолтаңба қалдырды.

Қазақстан мен Куба арасындағы дипломатиялық байланыс 1992 жылдың наурыз айында орнаған. «Бостандық аралының» баламалы қуат көздерінен энергия өндіру көлемі небәрі 4,3 пайыз-ды құрайды. Мемлекет 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті 24 пайызға жеткізіп, ин-вестиция көлемін 3 жарым млрд долларға өсіруді көздейді.

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аумағында Иордания Хашимит Корольдігінің ұлттық күні тойланды. Мерекелік жиында Амман қаласы муниципалитетіне қа-расты Иордания ұлттық фольклорлық ансамблі өнер көрсетті. 1995 жылы не гізін қа лаған фольклорлық топ алпыстан астам адамнан құралған. Олар «Иор да ниялық Дабка» атты ұлттық би билеп, «Ребаб», «Шебаб» аспаптарында ән шырқады. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––ЭКСПО көрмесінің ел экономикасына серпін беретіні алдын ала жазылып, сарапшылар дәлелді деректерін келтіргені есімізде. Халықаралық шара басталғалы Астананың тыныс-тіршілігі қыз-қыз қайнап, қонақтардың көптеп жүргенін байқаймыз. Вокзал мен аэро-портта, көлік жолдарында барыс-келіс көбейген. Сауда орындары мен ойын-сауық нысандарының жұмысы қызған. Қонақүйлер мен демалыс орындарында да қым-қуыт шаруа. Әр саладағы деректі құр сөзбен көпіртпей, мамандар есебіне жүгінсек. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Салтанатты шараның ресми бөлімінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауап-ты хатшысы Ермек Көшербаев сөз сөйлеп, екі елдің ынтымақтастығы жөнінде ай тып, қос тарап барлық салаларда тығыз қа рым-қа тынас орнатқанын тілге тиек етті. Әсі-ре се, фармацевтика, энергетикалық және ауыл шаруашылығы салалары бойынша Қазақстан – Иордания әріптестік байланыс қарқынды дамып келеді.

Иордания Хашимит Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Ахмед Идрис Инаб ел үкіметінің энергия көздерін әртар ап тан-ды руды және энергетикалық дербестікке же туді көздеп отырғанын әңгімеледі. «Мемлекетіміздің энергетика саласындағы

бас ты саясаты – мұнай импортына деген тәуелділікті шектеу, табиғи газдың үлесін арттыру мен оның оңтайлы қолданысын қамтамасыз ету. Иордания өз халқын қажетті энергиямен қамтамасыз етуде қыруар еңбек атқарды.

Ал ЭКСПО-2017 көрмесі – тұтас адам-зат тың үздік инновациялық жетіс тіктерімен та нысудың бірегей мүмкіндігі», деді Ахмед Идрис.

Қалыптасқан дәстүр бойынша, де-легация өкілдері Иордания павильонын аралады. Ғимаратта мемлекеттің энергия секторлары мен болашақтағы энергия жо-балары айқын көрсетілген. Павильонға келушілер Иорданияның өнеркәсіп, ғылым, ауыл шаруашылығы салаларындағы

жетістіктерімен таныса алады. Бұл ел бала-малы энергетикаға көшуде іргелі істерді қол ға алып үлгерген. Иордания үшін бұл өте тиімді. Себебі, мұнда жылдың 330 кү-нін д е ауа райы ашық болады. Үкімет елдің мұ най, газ сынды табиғи ресурстарынан тәуелділігін жою мақсатында бірқатар шешімдер қабылдауда.

«Жасыл дәліз» бағдарламасы аясын-да 2018 жылға дейін жаңғырмалы энергия өндіруді 1000 мегаватт қуаттылыққа жеткізу жоспарланған. Осы мақсатқа билік өкілдері 5 миллиард доллар шетелдік инвестиция тартыпты. Қазірге дейін инвестиция көлемі 2 миллиард долларға тең жобалар жүзеге асса, 2020 жылға дейін елдегі баламалы энергия көздерін 20 пайызға дейін арттыру көзделіп отыр.

Иорданияда жанғыш тақтатас көп бол-ған дықтан, үкімет бұл шикізатты да пайдаға асы руды жөн көріпті. Оны жағып, энергия өндіретін, құны 2,2 миллиард долларға тең алғашқы электр стансасының жобасы әзірленген.

Жанғыш тақтатастан жарық өндіргенИордания көрме қалашығында ұлттық күнін мерекеледі

Мұхаммед Саид Әл-Блоши журна-листерді Қатар тарихымен таныстырып, экономикасының озық салалары және заманауи технологиялары жайында ақпарат берді. Оның айтуынша, «Жаңа энергия көкжиектері» деп аталатын павильонның аумағы 500 шаршы метрді құрайды, 7 бөлімнен тұрады. Олар – «Белсенді Қатар», «Болашақ технология-сы», «Тұрақты қауымдастық», «Баршаға энергия», «Біздің мақсат – адам энер-гиясы». «Павильонымызға келушілер

көміртегінің ауаға таралуын төмендетуге арналған жасыл технологияны көре ала-ды. Қонақтар энергияның құндылығы, оны орынды пайдалану және энергорес-урстарды қисапсыз игерудің зияны тура-лы да біледі.

Мұнда қуат көздерінің озық зерт-теулері саласындағы жетістіктер ұсы-ныл ған. Мәселен, Қатар мемл ек е тін де күн ыстық болғандықтан, ғи ма ратты салқындатуға арналған ежелгі техно-логияны игілікке айналдырған. «Біз

жел энергетикасын ертеден пайдалана-мыз. Әр ғимаратты тұрақты салқындап тұратындай етіп саламыз. Дегенмен, кейін елімізде көмірсутені кен орны табы-лып, ел дамуының жаңа кезеңі бас талды. Көмірсутегіне көп көңіл бөлінді. Сондай-ақ, мемлекет «Қатар-2030» стратегиясын да қабылдады. Бұл құжат болашақта барлық салада күн энергиясын пайдалану-ды көздейді», дейді павильон директоры.

Қатар, жалпы араб елдері 1935 жылға дейін, көмірсутегі табылмай тұрып, інжу шығару саласында көш бас шы болған. Бірақ кейін Жапония жасанды інжу жа-сай бастағаннан соң, бұл іспен айналысу тиімсіз іске айналған. Содан бері бұл тек тарих бетінде қалды.

Мұхаммед Саид өз сөзінде арабтар, оның ішінде қатарлықтар мен қазақтарға ортақ салт – саятшылық екенін тілге тиек

етті. Олар да біз сияқты құсты, әсіресе, бүркітті жоғары бағалайды. Саятшылық арабтардың ата-бабаларының азық табу мақсатынан пайда болған кәсібі екен. «Біз сұңқар аңшылығына үлкен көңіл бөлеміз, бұл – аңшылық дәстүрімізге деген құрметіміз. Бұл тұрғыда қазақ ұлтымен ұқсаспыз», деді ол.

Павильон директоры қазақстан дық-тардың өте қонақжай екенін жеткізді. «Көрмеге көптеген ел қаты суда. Дегенмен, біз өзімізді мұнда басқа елден келген қонақ ретінде емес, жақындарымыздың ортасында жүр ген дей сезінеміз» де-ген Мұхаммед Саид алғысын білдірді. Қатарлықтар өзде рінің дәстүрлі кофесі, шайы мен тәтті тағамын әзірлеп, дәм татқызды. Қонақ тардың қолына қынамен сурет салып, есімдерін қағазға араб тілінде жазып берді.

Ежелгі технологияға екпін салған ел––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі қалашығындағы Қатар павильонын аралады. Баспасөз турында павильон ди-ректоры Мұхаммед Саид Әл-Блоши алдағы уақытта мемлекет барлық сала-да күн энергиясын пайдаланатынын әңгімеледі. Осы мақсатта «Қатар-2030» стратегиясы қабылданған екен. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

ЭКСПО қалашығындағы қауырт тірлік

Page 5: E-mail: info@egemen.kz 28 ШІЛДЕ, Ж˚МА … · 2017-09-29 · құрылыс компанияларының банктер-ден алған займдары бюджет есебінен

28 ШІЛДЕ 2017 ЖЫЛ 5ЭКОНОМИКА

Күнге ұмтылған елдер

Күн үш тәуліктің ішінде Жер бетіне оның бойындағы барлық барланған отын қорларының қуатына тең қуат жөнелтеді екен. Алайда, соған қарамастан оның сәулесін тұрмыс пен экономикаға қажетті қуат көзі ретінде игеру мәселесі адамзат қоғамында енді ғана бастау алып отыр деуге болады. Қазіргі уақытта күн сәулесінен алынатын қуаттың әлемдік энергетикалық өндірістегі үлесі 1 пайызға да толмайды. Бірақ бұл – әлі бастамасы ғана. Кейбір сарапшылардың болжамы бойын-ша, енді бір 35 жылдан кейін күн сәулесі Жердегі адамзат өндіретін қуаттың ең басты көзіне айналатын болады. Бұл болжамды Халықаралық энергетикалық агенттіктің маманда-ры да растап отыр. Олардың пікірі бойынша да 2050 жылға таман күн энергетикасының үлесі отынның басқа түрлерінің бәрінен басып озуы тиіс. Яғни, күн сәулесінің қуаты қазіргі мұнайды алмастыратын бо-лады.

Әлемде күн сәулесін қуат көзі ретінде игеруге бірінші болып кіріскен ел – Жапония. Бұл ел осы істі өткен ғасырдың соңғы ширегінен бастап қолға алып, 1990 жылдардың көшін бастады. Мұнан кейін оған Германия қосылып, 2000-2010 жылдар аралығында күн сәулесінің қуатын игеру жөнінде бірінші орынға шықты. Кешікпей бұл қозғалысқа Испания, Италия, АҚШ араласты. Енді күн сәулесін игеруге алып көршіміз Қытай үлкен мән бе-руде. 2015 жылы әлемде 51 ГВт күн қуатын өндіретін қондырғылар орна-тылса, мұның 15 ГВт-ын бір ғана Қытай орнатқан. Сарапшылардың пікіріне қарағанда, нақ осы жылы Қытай күн қуатын игеру жағынан әлемде бірінші орынға шығып отыр. Ал 2016 жылы әлемде 76 ГВт-тың күн қондырғылары орнатылды деген дерек бар. Салыстыру үшін айта кетейік, Ресейдің жарты ғасыр бойы орнатқан атом стансаларының қуаты 26 ГВт электр қуатын өндіруге ғана жетеді екен.

Сонымен, соңғы жылдары күн сәулесінен қуат өндіру ісі өте шапшаң қарқынмен өріс алып келеді. Әрине, бұл іске әзірге бүкіл әлем елдері бо-лып кірісе қойған жоқ. Ал кірісіп жат-қан дарды «болашағын күні бұрын ойлаған елдер» деп айтуға әбден бола-ды. Мәселен, қазіргі уақытта бүкіл әлем бойынша күн сәулесінен өндірілетін қуаттың 70 пайызын Қытай, Германия, Жапония, АҚШ, Италия секілді бес ел ғана беріп отыр.

Бірақ соған қарап, басқалар бейқам отыр екен деп алданып қалуға тағы болмайды. Әлемдегі мұнайға ең бай елдердің өзі соңғы жылдары осы істі жеделдетіп қолға алуда. Мәселен, мұнай өндіруден бірінші орын алатын Сауд Арабиясы 2023 жылға таман 9,5 ГВт қуатты күн мен желден алмақ. Сөйтіп, ел ішінде жаңғырмалы қуат көздерін пайдаланып, мұнайды сыртқа ғана са-тып отырмақ. Мұндағы негізгі мақсат – елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Ал тағы бір мұнай алыбы Біріккен Араб Әмірліктері мамандарының пікіріне қарағанда, күн сәулесі бұл ел үшін болашақта ең арзан қуат көзі бол мақ. Себеп түсінікті. БАӘ орна лас-қан өңірде күн қызуы барынша мол. Елдің 2050 жылға дейінгі энергетика-ны дамыту стратегиясы да осыған сай жа салынып отыр. 2050 жылы БАӘ-де өндірілетін қуаттың 44 пайызы жаң-ғыр малы энергетикалық көздерден, 38 пайызы табиғи газдан, 12 пайызы «таза» көмірден, 6 пайызы атом қуатынан алынбақ. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін 163 млрд доллар қаржы жұмсалмақ. Салыстыру үшін айта кетейік, қазір бұл елдегі газ өндірісінің үлесі 90 пайыздың үстінде болып отыр.

Біздің Қазақстан да күн қуатының айтарлықтай ресурстарына ие. Маман-дардың есептеулері бойынша, бізде күн сәулесінен жылына 2,5 млрд кВт/сағат қуат өндіруге болады. Ел аумағының 70 пайызға жуығы күн сәулесі жақсы түсетін өңірлер қатарына жатады.

Алайда соңғы кездерге дейін бұл ресурс көзі пайдаға жаратылған емес және дұрыс есепке де алына қойған жоқ. Дегенмен, Елбасының соңғы жол-дау ларында берілген тапсырмаларға сәй кес жаңғырмалы энергия көздерінен қуат өндіру мәселесі біздің елімізде де күн тәртібіне қойылды. Бұл жердегі Қазақстанның тағы бір артықшылығы жерімізде молынан табылған кремний шикізатын іске жарату арқылы күн батареяларын жасап шығудың мол мүмкіндіктері бар.

Осыдан біраз бұрын Астана қала-сында фотоэлектрлі пластинкалар шыға-ра тын жаңа зауыт іске қосылды. Мұнда күн батареялары жасалатын болады. Автоматтандырылған қондырғылардың соңғы үлгісімен жабдықталған бұл за-уыт тек отандық кремниймен жұмыс істейді. Сөйтіп, күннен қуат өндіретін елдер қатарына біздің Қазақстанымыз да қосылды.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ,«Егемен Қазақстан»

КӨКЕЙКЕСТІ

Баламалы энергияШығыс Қазақстанның мүмкіндіктері қандай?

Азамат ҚАСЫМ, «Егемен Қазақстан»

ЭКСПО төріндегі төрт жоба

Ал бұл тарапта Шығыс Қазақстанның мүмкіндігі қандай? Облыстық энер-гетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының берген мәліметтеріне жүгінсек, баламалы энер-гия көздерін дамыту бағдарында өңірде бірқатар жобалар әзірленген. Мәселен, біздің облыс ЭКСПО көрмесіне 11 жоба дайындап, оның 8-і халықаралық іріктеу комиссиясының назарына ұсынылып, соның 4-і іріктеуден сүрінбей өтіп, қа зір гі уақытта «Нұр әлем» кешенінде жұ рт шылық на-зарына ұсынылуда. Бұл қан дай жобалар? Алғашқы екі жобаны (Тұрғысын-2 және Тұрғысын-3 су электр станса ларын салу) Зырян ауданындағы Тұрғысын өзенінде жүзеге асыру жос пар ланған. Әуелгісінің қуаттылығы – 20 МВт, жоба құны – 11 880 млн теңге. Екіншісінің қуаттылығы – 90 МВт, жоба құны – 62 600 млн.теңге. Алғашқы жо-баны 2018-2020, кейінгісін 2020-2023 жыл-дар аралығында іске асыру көзделген. Қос жобаны да «Eco Energy» ЖШС ұсынып отыр. Үшінші жоба жасыл желектерді өсіру арқылы ауадағы зиянды заттарды жоюға бағытталған. Яғни, өңірдегі ауаға зиянды қалдықтар шығаратын кәсіпорындарға жы-лыту мау сымы кезінде арнайы құрылғы ор-нату арқылы жүзеге асады. Бұл экологиялық жобаның авторы Өскемендегі Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің техникалық физика және жылу энергетикасы кафед-ра сының доценті М.Ермоленко. Жоба құ-ны – 6, 4 миллион теңге. Төртінші жо ба «Өскемен қаласындағы көшелердің жарық-т андыру жүйелерін жаңғырту» деп аталады. Жоба аясында облыс ор та лығындағы 18 035 дана ескі шамдар ды жаңа LED шамдарға ауыстыру жос пар ланған. Бұл жоба жүзеге асқан жағдайда қаржы 40 пайызға, сан-мен айтар болсақ, жылына 34 миллион теңге үнемделмек. Өскемен қаласының әкімдігі ұсынып отырған жоба құны – 1,4

млрд теңге. Жүзеге асыру мерзімі – 2017-2018 жылдар. Басқарма мамандары қазір гі уақытта жоғарыда аталған 4 жоба ға әлеу-етті инвесторлар іздестіріліп жат қ а нын ай-тады. Халықаралық іріктеу ко мис сиясының қарауына ұсынылып, сұ рып таудан өткен төрт жобаның да өңір үшін маңызы зор. Мәселен, Тұрғысын-1 су электр стансасын салу жобасы бүгінде жү зеге асырылып жа-тыр. Құны 11,500 млн теңгені құрайтын ГЭС-ті 2018 жылы іс ке қосу жоспарланған. Жоғары вольтті аппараттар және трансформаторларға қо сымша май құюға арналған құрылғы, гидрокавитациялық тер-моробот, сонымен қатар Семей қаласындағы көшелердің жа рық тандыру жүйелерін жаңғырту жо баларының әрқайсысының өзіндік ерек шелігі бар. Мұның ішінде бір ғана жобаға тоқталар болсақ, жоғарыда аталған Семейдегі көшелерді жарықтандыру жүйелерін жаңғырту бағдарламасы аясында шаһардағы 7 246 шамды LED шам дарға ау-ыстыру көзделген. Бұл жылы на 29 миллион теңгеге жуық қаржы үнем деуге мүмкіндік бермек.

Өңірге тағы бір су электр стансасын салу керек пе?

Балама қуат көздерінің түрі көп. Жел энергиясы дейсіз бе, күн энергиясы дейсіз бе, су энергиясы дейсіз бе, атом энергиясы дейсіз бе? Негізгілеріне ғана ен салып, ек-шеп отырмыз. Осынау қуат көздерінің бар-лығын кәдеге жаратуға әлеуетті об лыстың

бірі – Шығыс Қазақстан. Өңір де балама-лы энергия көздерін дамытуға мүмкіндік мол. Дәл қазіргі уақытта ай мақ та негізгі басымдық су энергия сын өрістетуге беріліп отырғаны бел гі лі. Са рапшылардың бағалауынша, об лыс та ғы су ресурстары бір емес, бірнеше ГЭС салуға мүмкіндік береді. Үлкенін де, шағынын да. Шығыстың гидроэнергетикалық ресурсы 61, 3 млрд кВт сағатты құрайды екен, оның 20 млрд кВт сағатын кәдеге жаратуға болады дейді мамандар. Шығыс Қазақстанда бір емес, үш бірдей су электр стансасы бар. Алайда осы ГЭС-терден өндірілген электр қуаты өңірдің сұранысын толық өтей алмайтын кездері де болып тұрады. Әсіресе, қақаған қыс пен өңірдегі үлкен өзендердегі су деңгейі төмендеген уақыттарда облыс энергия қуатының біраз бөлігін жылу электр орталықтары мен Екібастұздан сатып алуға мәжбүр. Бұл нені көрсетеді? Бұл аймақта тағы бір үлкен су электр стан-сасын салу қажеттігін анық аңғартады. Мұны жақында Өскемен қаласына жұмыс сапарымен келгенде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі де айтты. Қазіргі таңда еліміздегі ГЭС-тердің үлесі 12 пайызды құрайды. «Бұл – өте аз. Сұранысты толық өтей алмайды. Сондықтан жаңа су электр стансалары салынуы қажет. Мәселен, Шығыс Қазақстанның Зырян ауданында Тұрғысын-1, Тұрғысын-2 және Тұрғысын-3 су электр стансаларын салу жоспарланған. Егер бұл ГЭС-тер салын ған жағдайда жылына 328, 0 млн кВт са ғат қа дейін энергия өндіріліп, облыс өзге өңірлерден электр қуатын сатып алмайтын болады. Қосымша жұмыс орындары да ашыла-ды», – дейді облыстық энер г етика және тұрғын үй-коммуналдық ша руа шылығы басқармасының энергетика жә не энергия үнемдеу бөлімінің бас мама ны Салтанат Саханова.

Оның айтуынша, Тұрғысын-2 және Тұрғысын-3 су электр стансаларының жобалау-сметалық құжаттары әзірленіп, даяр тұр. Тек инвестор табылса болғаны. Сонымен қатар, өңірде бөгетсіз және шағын ГЭС салу жұмыстары қарқынды түрде қолға алынып жатыр. Бұл мақсатта 12 жер телімі бөлініп беріліп, қазір жо-балау-зерттеу жұмыстары жүргізіліп жа-тыр екен. Осы сала мамандарының пайы- мынша, шағын ГЭС-терде өндірілетін электр энергиясының өзіндік құны төмен болғанымен өзге қуат көздеріне қарағанда қоршаған ортаға тигізер зия-ны да төмен.

Желді қашан елдің игілігіне жаратамыз?

Біз қадірін көп білмей жүрген балама-лы қуат көздерінің бірі – жел энергиясы. Бүгінде әлемдегі бірқатар мемлекеттер желді елдің игілігіне жарату ісіне белсене кірісіп те кетті. Жел энергиясының қуаты бүкіл электр энергиясына деген сұра ныс тың бестен бір бөлігін қамтамасыз етіп отыр ған елдер де бар. Мәселен, Испа ния мен Дания мемлекеттерінде жел генераторлары барлық тұтынатын электр қуатының 20 пайызын, ал Германияда 10 пайызын құрайды. Соңғы кезде жел энергиясын дамыту бағдарында Қытай тұрақты түрде көшбасшы болып келеді. Білікті мамандардың сөзіне сен-сек, аумағына бір емес, бес Франция сый-ып кететін, Атырау мен Алтайдың арасын еркін жайлаған кең-байтақ жеріміздің жел энергиясының қуаты ешбір елден асып түспесе, кем емес. Осыдан бірнеше жыл бұрын Қазақстанның жел энергиясын дамытудағы әлеуеті жан-жақты зерттеліп, кеңейтілген жел атласы жасалып, бұл атласқа ұлан-ғайыр қазақ даласының жел қуаты басым болатын өңірлерінің кестесі енгізілді. Мамандардың сөзіне сенсек, осы атласқа сәйкес еліміздің 50 000 шақы рымнан астам аумағында жылына 900 000 гигаватт-сағат электр энергиясын өндіруге болады екен. Құбыла соғатын желі көп Шығыс Қазақстанда да жел энергиясын дамыту бағытында арнайы жоспарлар түзіліп жатыр. Жақын жылдары Жарма мен Ұлан ауданда-рында екі жел электр стансасын салу жоспар-ланып отыр. Ұлан ауданындағы қуаттылығы 24 МВт Тайынты ЖЭС жылына 65 млн кВт сағат, ал Жарма ауданындағы қуаттылығы 75 МВт ЖЭС жылына 125 млн кВт сағат электр энергиясын өндіруге мүмкіндік бер-мек. Мамандар болжамы осындай. Екі ЖЭС-тің де құрылысы 2017 жылы басталады деп жоспарланған.

ТүйінӨңірде шағын күн батереяларын қол-

данып, одан алынған қуат көзін күн де лікті тұрмыс қажетіне жаратып отырған тұр-ғын дар да бар. Бірақ олардың көпшілігі Қытайдың бағасы арзан күн батереяларын тұтынып жүргені белгілі. Мұндай күн ба-тереялары өзімізде де бар екен. Астанада шығарылатын көрінеді. Бірақ құны жоғары. Қытайдың күн батереяларының бағасы 1 миллион теңгенің ар жақ, бер жағында болса, біздікінің бағасы 5 мил-ли он ның төңірегінде. Әрине, бұл ретте тұр ғындардың қайсысын таңдайтыны айт паса да түсінікті. Бір атап өтерлігі, өзімізде шығарылатын күн батереяларын са тып алған тұрғындарға қазақстандық өнімді тұтынғаны үшін мемлекет тарапы-нан 50 пайыз жеңілдік жасалады екен. Алай да мұндай жеңілдік барын жұрттың кө бі білмейтін секілді.

Бір сөзбен айтқанда, өңірде балама-лы қуат көздерін дамыту бағдарында жоспарланған іс көп. Елорда төріндегі ЭКСПО көрмесі бұл тараптағы қадамдарға тың серпін берері анық.

Шығыс Қазақстан облысы

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қазақтың кең-байтақ даласында не жоқ дейсіз? Бәрі бар. Сұлтанмахмұт Торайғыров айтпақшы, «біздерде мынадай бар, мынадай бар» деп мақтана айтуға тұрарлық дүние жетерлік. Құдайға шүкір, әлемнің кейбір мемлекеттері секілді жылдың төрт мезгіліне жарымай отырған жоқпыз. Қаһарлы қысымыз да, көгілдір көктеміміз де, жайдары жазымыз да, күрең күзіміз де бар. Жанға жайлы жаймашуақ ауа райымен қатар буырқанған боранымыз да, азынаған желіміз де бар. «Балығы тайдай тулаған, бақасы қойдай шулаған» (Қазтуған жырау) көркем көлдеріміз бен арыны қатты асау өзендеріміз де бар. Мұның бәрін неге тәптіштеп айтып отырмыз? Бүгінде дәстүрлі энергетикалық қуат көздеріне тиімді балама табу мәселесі күллі әлем жұртшылығын толғандырып отыр. Сондықтан қазіргі таңда әр мемлекеттің балама қуат көздерін табу жолында өздерінше қам-қарекет етіп жатқан жайы бар. Астана төрінде шымылдығы түрілген ЭКСПО көрмесінің басты мұраты да осы болса керек. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Виктор НЕДОВЕСОВ, ТМД мен Қазақстанның еңбек сіңірген энергетигі:

– Шығыс Қазақстан – гидроресурстарға бай өңір. Осы мүмкіндікті дұрыс пай-далануымыз керек. Әсіресе, шағын ГЭС-терді көбейту қажет. Бұл мәселемен тек мемлекет қана шұғылданбай, кәсіпкерлер мен шаруашылықтар да қызығушылық танытқаны абзал. Оларға да мүмкіндік берген ләзім. Қазіргі уақытта Еуропа жұрты күн батереяларын қолдану тұрғысында көп ілгерілеп кетті. Мұны бізде де жүзеге асыруға болады. Ол үшін заңымызды реттеу керек. Бәлкім жаңа заң қабылдау керек шығар. Содан кейін балама қуат көздерін сөз еткенде, біз атом энергиясын естен шығарып аламыз. Оны ұмытуға болмайды. Бұл тарапта да жұмыс істеуіміз қажет. Атом энергиясынан алынатын қуат көздерінің де пайдасы аз емес.

Баспанамен қамтудың басты жолы(Соңы. Басы 1-бетте)

Арендалық пәтерлер әкімдік ке з егінде тұрған азаматтарға ти е- сі лі. Кезекте мүгедектер мен асы раушысы жоқ адамдар бі-рін ші тұр. Оларға бері ле тін бас-пананың бағасы да айтар лық тай арзан. Мысалы, 50 шаршы метр-лік пәтердің айлық жалға алу құны 5 мың теңге шамасында.

Биыл жеке тұрғын үй салу үшін 60 мыңға тарта жер телімі таратылмақ. Ол да облыс әкім-дік терінде түзілген тізім бойын-ша жүргізіледі. Су, жарық, жол сын ды инфрақұрылым, ин же-нер лік желілердің тартылуы әр өңір де әртүрлі болуына байла-нысты, берілетін жер телім де-рінің саны да облыстарда әр- т үр лі. Маңғыстауда – 15 мың, Ақ төбеде 11 мың жер телімі бе рі леді деп жоспарланған. Ал Қостанай (820), Шығыс Қа зақ-стан (854), Павлодар (413) об-лыстарында бұл көрсеткіш ай-тарлықтай төмен.

«Нұрлы жер» аясында кот-тедж қалашықтары салынып жат қанын да айта кетейік. Бюд-жет қаржысына бой көтер ген үй-лер тұрғын үй жинақ жүйесі ар-қы лы сатылады. Биыл еліміздің 4 облысында бас-аяғы 1193 кот-тедж салынуға тиіс.

Алдағы үш жылда «Бәйтерек» бас қ арушы холдингі 133 млрд теңге, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ 97 млрд теңге қаражатты жер-гі лік ті әкімдіктерге аударады.

Осын ша қаржыға әкімдіктер «ре вольеврлік» әдіспен үй са-латын болады. «Револьверлік» әдістің мән-жайын айта ке-тер болсақ, әкімдік жоғарыда айтылған қа ра жатқа салынған үйлерді ие леріне тапсырған соң, салым шы лардан түс кен ақшаға та ғы да үй са лу ды жалғастыра береді. Осы лай ша, кейінгі транш ал дың ғы шы ғындардың орнын толтырып оты рады.

– Қазірдің өзінде әкімдіктерге «Бәйтерек» холдингі арқылы 67 млрд теңге аударылды. Ағым-дағы жылы бұл қаржыға 8 505 пә тер салынады деп жос пар-лан ған. Жарты жылда 1 686 пә тер бе рілді. Жазда құрылыс

қы за ты нын ескерсек, жыл соңына дейін жоспар орындалуға тиіс, – дейді Ұлт тық экономика министрі Тимур Сүлейменов.

Бүгінгі таңда «Нұрлы жер» бойынша қолға алынған жұмыс-тар жемісін бере бастады деуге толық негіз бар. Мәселен, Пав-ло дар облысында 2020 жылға дей ін 1 млн-нан астам шаршы метр тұрғын үйді, оның ішінде 4 909 несиелік пәтер және 868 арен далық пәтер пайдалануға бе ру жоспарланған. Жамбыл об-лысы жер қатынастары бас қар-масының хабарлауын ша, биыл ке зекте тұрған азаматтардың сұ ранысын өтеу үшін 2 247 гек тар жер беріледі. Оңтүстік

Қазақстан облысында жалпы ау ма ғы 31,6 мың шаршы метрге тең, әрқайсысында 11 пәтері бар 11 үй жақын арада тапсырылуға тиіс. Осы тектес деректерді елі-міздің барлық өңірлерінен кел-ті руге болады.

Ұлттық экономика мини с - тр лігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық іс тері комитетінің мәліметінше, «Нұрлы жер» бойынша биылғы жылдың соңына дейін бас-аяғы 10 млн-нан астам шаршы метр, яғни 100 мың баспана салынуға тиіс. Бағдарламада қамтылған 15 жылда 1,5 млн адам баспана-лы болады. Таяу 5 жыл ішінде 500 мыңнан астам адам заңды

баспанасына ие болмақ. Пәтерде тұруды емес, өз бетінше үй са-луды қалайтындар үшін 664 000 адамға 10 сотықтан жер беріледі. Қазақстандық ипотекалық ком-пания мен «Қазақстанның тұр-ғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы 35 000 арендалық баспана, 280 000 несиелік үй беріледі, 521 000 коммерциялық тұрғын үй ипотека арқылы ұсынылады. 2017 жыл мен 2021 жыл аралығында бағдарламаны іске асыру үшін қажетті қаражат көлемі 1,548 трлн теңгені құрамақ. Үкімет бұл қаражатты бөлу жағын да қарастырған.

Жалпы, «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасын жүзеге асыру – Мемлекет бас-шы сы Н.Назарбаевтың «Қазақ-стан ның Үшінші жаңғы руы: жа һандық бәсекеге қабілеттілік» ат ты Жолдауында алға қой-ылған міндеттердің бірі. Ел ба-сы Жолдауында бұл туралы: «Ме нің тапсырмам бойынша би ыл «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы іске асырыла бас- тайды. Ол аса маңызды мін детті орындауға – алдағы 15 жыл да 1,5 миллион отбасын тұр ғын үймен қамтамасыз етуге ба-ғытталған», деп тайға таңба бас-қандай көрсетілген.

«Үйі бардың – күйі бар» де-ген аксиоманы алға тарта оты-рып, еліміздің әрбір азаматының әлеуметтік жағдайын жақсартуға аталған бағдарламаның әлеуеті жетеді деуге болады.

МАМАН ПІКІРІ

Page 6: E-mail: info@egemen.kz 28 ШІЛДЕ, Ж˚МА … · 2017-09-29 · құрылыс компанияларының банктер-ден алған займдары бюджет есебінен

6 28 ШІЛДЕ 2017 ЖЫЛБІЛІМ

БІЛІМ. БАҒДАРЛАМА. БІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҚҚА ҰСЫНЫЛҒАН

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Жер бетіндегі барлық тірі организмдерге өзіндік өмір ұзақтығы тән екендігі белгілі. Адам үшін орташа ғұмыр сексен бес жас шама­сында делінеді, бірақ бұдан да ұзақ өмір сүретіндер аз емес. Жас ұлғайған сайын мидың жұмыс істеу қабілеті төмендейді, есту және көру сезімдері нашарлап, бұлшық еттер мен буындар әл сірейді, бірақ дені сау адамдарда бұл өзгерістер алпыс бес жас тан кейін ғана көрініс табады. Қазіргі медицина ғылымының қарттық, егделік ту­ралы тұжырымдарының бір парасы осындай мәліметтерді алдыға тартады. Бұған талас жоқ. Дегенмен осы тұрғыда ойланатын, ортаға салып, пікір қорытып ақылдасатын мәселелер де аз емес­ау. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Сурет «Егемен Қазақстанның» архивінен алынды

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––«Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәс түрлерге шекеден қарамауға тиіс. Егер жаңғыру елдің ұлт тық рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бас­тайды» деген Елбасы Н.Назарбаевтың қағидалы сөзі әр қа­зақ ты ой ландыруы керек. Біз шет тілі бойынша білгір ға лым, фи лология ғылымдарының док торы, профессор, Абай атын­да ғы Қазақ ұлттық педа го ги калық университеті Кәсіби ше­тел тілі коммуникациясы ка фед расының меңгерушісі Таңат АЯПОВАНЫ әңгімеге тар тқанымызда тіл туралы ой байламда­рын төмендегіше ор та ға салды. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Отандық оқулық – отандық өнім

− Елбасының рухани жаңғыру жөніндегі мақаласымен де, оның алдындағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауымен де жақсы таныспын. Жолдауда төр­тінші басымдықты адами капитал сапасын жақсартуға арнағаны бел­гілі. Иә, адами капитал өз сала сын сапалы меңгермей, жоғары нә тижеге жете алмайтыны анық. Са палы кадр­ лар дайындау – бү гінгі басты меже. Егер оқы ту бағдарламалары Елбасы айт қандай, «Сыни ойлау қабілетін жә не өз бетімен іздену дағдыларын да мытуға бағытталған» бүгінгі күн талаптары әлемдік деңгейге сай бол­са ғана сапалы кадр дайындалады. Сыни тұрғыда ойлап, өз бетімен іздену оқушылардың үй тапсырма­ларын мүлтіксіз орындауынан бас­ талады. Ал оқушыға берілетін үй тапсырмалары оның когнитивтік дамуына негізделген алуан түрлі, креативті болуы керек. Оқушыға үй тапсырмасы оның дамуы үшін әбден қажет.

Елбасы биылғы Жолдауында үш тілді оқуға бірте­бірте көшу мә селесін Үкіметке тапсырып, «Бі­лік ті мамандардың жетіспеуіне бай ланысты ағылшын тілін ке­зең­кезеңімен енгізуіміз керек» деп айқын бағдар берді. Шыны керек, бірінші сыныпта өз ана тілінде оқуды, жазуды жаңа үйрене бастаған оқушыларға ағылшын тілін шетел тілі ретінде үйрету қи­ын дық туғызуда. Себебі, жас жет­кін шектің ана тілін, екінші тілді, оған шетел тілін меңгеру үдерісінде көп теген психологиялық, пси хо лин ­гвистикалық және ког ни тивтік фак ­торлар бар.

Елбасы тапсырмасы жоғары

ғылыми­практикалық тұрғыда орын далуы тиіс. Бүгінгі таңда жас­тардың әлемдік деңгейде білім алу­ына және бәсекеге қабілетті болуы үшін ағылшын тілін жетік меңгеру қа жеттілігі туып тұр. Оны уақыт та алға тартуда. Бұл жұмыспен жыл дар бойы айналысып, оқытып жүр ген білікті ұстаздар, әдіскерлер елі мізде жетерлік. Білікті ғалым­дар ды жинап, Президент берген тапсырма төңірегінде ой ал ма сып, ұтымды шешімге келу ге болады. Келісіп, кеңесіп іс теу ге әлі де кеш емес секілді. Ондай қадам жақ сы бастаманың ақау сыз ат қа ры луына, теория мен тә жі ри бені ұш тастыруды нақ ты лауға игілігін ти гізері сөзсіз. Жал пы, қандай істің де ғылыми негізі мы ғым болса ұтыл масымыз анық.

Жолдауда қазақ тілінің басым­ды ғы сақталатындығына және оның әрі қарай дамуына үлкен мән бе ­ріл ген. Осы айтылған тапсырма іс ке асуы үшін қоғамда қазақ тілін мең геруге қажеттілік тудыру керек. Әрбір Қазақстан азаматының мем­лекеттік тілді меңгеру керектігі мін­деттелсе, қанекей. Сол қажеттілікті ту ғызудың жолдары өте көп­ақ. Қа­жеттілік жоқ жерде тіл толық мең­герілмейтіндігі ақиқат.

− Таңат Тәңірбердіқызы, сіз ағылшын тілін үйрету мето ди­касын елімізде алғаш жасап, оқулық жазған авторсыз. Әлем­дік тілді меңгеруде қандай мә се­лелер бар? Мүмкін, тіл үйрену

ме то дикасында олқылық бар шы ғар, осыны қалай жолға қою­ға болады?

− Ағылшын тілін оқыту әдіс­те месі әлемде әбден шың дал ған, жаңа технологиялар да жетерлік. Жақсы нәтижеге жету үшін ада­ми капитал сапасын жақсарту ке­рек. ХХI ғасырдың ағылшын тілі мұғалімі − тілдік құзыреті мол және озық әдістемелерді жақсы мең герген, жаңа технологияларды ұтым ды қолдана білетін сапалы ада­ми капитал болу керек. Қазіргі оқу­шылардың көбі алғыр келеді. Сол оқушыға сабақ беретін ұстаз білім­білігімен әр уақытта білім алу шыдан озық жүруі қажет. Әсі ресе, ағылшын тілі мұғалімі әр са бақ та оқушының сөйлей білуі мен сауатты жазуының нақты нә тижесін көріп отыратын жауапты тұлға дәрежесіне көтерілуі тиіс. Тағы бір маңызды мәселе, білімді жүйелі түрде беру. Мектеп оқушыларын сабақта негізгі бір оқулықпен оқытып, ал үй тапсыр­масын немесе жобалық жұмыстар жасағанда негізгі оқулықтар мен балама оқулықтарды қолдануға мүмкіндік жасау керек. Ал біздің мектептерде бір сабақ үстінде екі түрлі оқулықпен ағылшын тілін үйретеді, бұл жүйесіздік. Қандай оқулық дейсіз ғой, бірі – отандық оқулық, ал екіншісі – шетелдік оқулық.

Шетелдік оқулықтарда ағыл­шын тілін күнделікті естіп, ағыл­шын сөздерін күнде жарнамалар­дан көріп жүрген тіл үйренушіге, яғ ни ағылшын тілі екінші тіл ре­тінде (ESL) оқытылатынын ес кер­мей ді. Ал біздің елде ағыл шын тілі шет тілі ретінде (EFL) оқы­ты лады ғой. Отандық оқу лық тар

ког нитивтік лингво­мәдени негізде жа зылған. Онда оқушының жас ерек шелігіне қарай ағылшын елінің өмір жағдайы мен дәстүрлері, қыс­қаша тарихи мәтіндер, суреттер ар­қы лы беріліп, оқушы санасында өз елінің мәдениетімен, дәстүрімен салыстыруға мүмкіндік алып, тарих­ты танып­біледі. Тіл үйрене отырып, өзге жұрттың болмысын оқушы түсіне бастайды.

Отандық оқулықтарға да бюд жет тен қаржы жұмсалуда. Еле у лі еңбек жасалғанын жоқ­қа шығара алмаймыз. Сол оқу­лық тар бірнеше мәрте өңделді де. Отандық оқулық – отандық өнім. Тіпті сол оқулықтардың ст­ра тегиялық мән­маңызы барын ес тен шығармай, дұрыс баға лай бі л уіміз керек. Шетелдік оқу­лық тардың сөздігін, граммати ка­сын қазақшаға, орысшаға ауда­рып бергенмен де сапалық тұр­ғы дан отандық оқулықтарға жет­пей тінін әркез ескеруіміз қажет. Тәжірибелі маман ретінде айтарым, ол – мектеп оқушыларын жалпы ағылшын тілін меңгеріп, мектеп бітіргенде сол тілде еркін сөйлеп, жаза алатындай дәрежеде шығаруы тиіс. Оқушылардың жаратылыс­тану­математика бағытындағы пән дер бойынша білімін ана ті­лінде алғаны аса маңызды деп топ­шылаймын. Себебі, білімді пси­холингвистикалық тұрғыдан толық түсініп қабылдаса ғана оқушының ми­мұхитына білім жиналады.

− Ағылшын тілінің маманда­ры оқытылып жатқаны белгілі. Тың даушылар бірер айдың кө ле ­мінде тілді меңгеріп кете ала ма?

− Қанша жерден алғыр болса да, шет тілін меңгеру үшін уақыт ке рек. «Бір айда бірнеше деңгейде меңгертеміз» деген асығыс айтыла салған сөз. Бір айда өте қарапайым коммуникацияға кіруге қажет ағылшын тілін үйретуге болатын (Starter) шығар. Бірақ ол баянды тірлікке тірек бола қояр ма екен?

− Ағылшын тілінде оқыта­тын пәндердің әдістемесін әзірлеу жа ғы қалай жүріп жатыр? Біраз жыл бұрын 12 жылдық білім бе ру туралы әңгіме қозғалды. Бү гінге дейін шешілмей жатуы – оқу лық пен оқу­әдістемелік құ рал дардың кешеуілдеуінен емес пе?

− Күрделі мәселелерді қозғап отыр сыз. Тап басып айту қиын. Мәселен, бірнеше жыл бұрын ағылшын тілінен 12 жылдық білім беру бағдарламаларының авторла­ры Абылай хан атындағы Қазақ ха лықаралық әлем тілдері уни­вер ситетінің ғалым­әдіскерлері бол ған. Сол авторлардың бірі мен едім. Шетел ғалымдары ша қы ры­лып, екі­үш жыл төңірегінде Ас­танада тренингтерден өтіп, білім бағ дарламасы дайындалып, оны 6 елдің сарапшылары сарапқа са­лып, оң бағасын берген. Тіпті ол бағ дарлама 2010 жылы Астанада кі тапша болып шыққан еді. Кейін ми нистрлікте ауыс­түйіс болған кезде басқа топ құрылып, білім бағ­дарламасы түсініксіз жағдайда жоқ­қа шығарылды.

Қазіргі заман талабының жау ап ­ кершілігі өте зор. Осыған орай, ағылшын тілі оқулықтарының ав­торлары білімді, талантты, тіл ді жоғары деңгейде меңгерген, ше­телдік тәжірибесі бар ғалым­әдіс кер болуы тиіс.

Әлемнің бір елінде жұмыс жа­сап, тұрғыңыз келсе, сол мем ле­кеттің тілін меңгеру мін дет теледі. Мұндай жағдай тіл бі луге тал­пындырмай қоймайды. Біздің ел де осы үл гіге бірте­бірте келеді де ген се німдемін.

− Сіз жақында қазақстандық әйел ғалымдар қоғамын құруға ұйытқы болдыңыз? Осы туралы аз­кем мәлімет бере кетсеңіз.

− Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында АҚШ­қа барып біраз жыл университетте сабақ бердім. Ол елде әйел ғалымдардың бірігуімен құрылған қоғамдық қор бар екен. Сол арқылы олар өздерінің талапта­рын мемлекеттік, яки жекеменшік секторларға жеткізіп отырады. Қоғамдағы түрлі істерге өздерінің пікірлерін білдіріп, мемлекеттік маңызы бар бағдарламаларға бала­малы жоспарларын ұсыну үрдісін де қалыптастырған. Мен де сол қоғамның мүшесі ретінде біраз жұмыстарға атсалысқан едім. Мұндай қоғам құру бізде мүмкін еместей көрінетін. Жиырма жылдай ой үстінде жүрдім. Іргелес жатқан қырғыз, өзбек ғалымдары ондай қоғамды құрып, жұмыс істеп жатыр. Ақыры мен де бел байлап, іске кірістім. Отанымызда әйел ғалымдар саны 400 мыңға жуық екен. Неге бастарын біріктірмеймін дедім. Әрине, олардың бәрі бірдей өндіріп жұмыс істеп, ғылым үшін қомақты үлес қоспайтын шығар. Әйтсе де саннан сапа шығатыны белгілі. Ең бастысы, қазақ әйелінің білім, ғылым игеруге құштарлығы ұлттық менталитетіміздің жақсы көрсеткіші болып саналады. Қа­зақ қызын, анасын, жарын құр мет­теген халық. Бастамамыз қол дау тапты. Біздің мақсатымыз – қазақ еліне білім­білігімізбен үлесімізді қосу, пай дамызды тигізу. Қазір әйел ға лымдарға қатысты статис­ти ка лық мәлі мет тер жинау ү с тін­де міз. Соның бәрін бір жүйе ге тү сірген соң, іске кіріспек ни­ет теміз. Әсі ресе, ой­өресі биік бол ғанмен, жұ мыссыз жүрген ға­лымдарға ру хани тұрғыдан кө мек беру, шеттеп қалғандарды ор таға тарту, олардың бойындағы ақыл­парасатын қоғам игілігіне жа ­ р ату сияқты қоғамдағы өзекті мә­селелерден тыс қалмасақ дейміз.

Әңгімелескен Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Бүгінде күллі адамзат қауымы же дел, яғни тез қартаю деген мә с е ­ лемен бетпе­бет келіп отыр. Мә­селен, Америка Құрама Штат та­рында кәрі адамдар жалпы ха лық тың 19,7 пайызын құраса, бұл көр сет­кіш Германияда – 23,2%, Ұлы бри­танияда – 28 %, Жапонияда – 32,3 %. Біздің елімізде де халықтың қар­таю қарқыны жылдан жылға арта тү суде. Ғалымдар 2050 жылға қарай республикамыздағы әрбір төртінші тұр ғынның 60 жастан асатынын бол­жап отыр.

Ал бұл жағдай өз кезегінде ең бек ресурстары туралы мәселені өт кір түр де күн тәртібіне қоймақ. Еуро па­л ықтар мұны еңбек мигранттарын өз елдеріне көптеп шақыру арқылы шешуге тырысуда. Бұл тәсілдің де мемлекеттің демографиялық, миг ра­циялық саясатына қандай сал қы нын тигізіп жатқанын көріп­біліп жат қан жоқпыз ба?!

Бізде бұл тұрғыда Прези­дентіміз бел гілеген Қазақстан Рес­пуб ли ка сының 2030 жылға дей­інгі әлеу мет тік дамуының Жал­пы ұлттық кон цеп циясына сәйкес ша ралар жүзеге асы рылуда. Осы кон цепция да Ел басы Н.Ә.На за р баев бы лай деген бола тын: «Кез кел­ген жас тағы адам қо ға мымыздың әлеу меттік­эко но ми калық өміріне белсенді түр де ат салысуға мүм­кін дік алады. Егде жас тағы адам­дардың ең бек ке ара ла суы олар­дың теңдессіз өмір лік жә не кә­сіп тік тәжірибелерін пай да ла ну­ға, тіршіліктерін жақсартуға кө ­мектесері анық».

Қазір еліміздің ғалымдары адам­дар дың денсаулығын жақсарта отырып, қартаю мерзімін қысқарту мүм кіндіктерін зерттеумен айналы­суда. Қазақстан Республикасы Пре­зиденті Іс басқармасының Ме ди­циналық орталығы мен осы ор­та лықтың Алматыдағы емдеу ба ­засы – Орталық клиникалық ау­ру ханасының ғылыми тақырыбы да осы белсенді ұзақ өмір сүру мә се лесі екенін естігенімізде осы емдеу мекемесіне деген құрметіміз есе лене түскені ақиқат. Орталық ұзақ жылдар бойы егде адамдардың ден саулық жағдайына тұрақты түр де бақылау жасап келеді екен. Мұн да 60 жастан асқан егде адам­дар дың басым көпшілігі, 75 жас­тан жоғары қарттар мен 90 жас­тан асқан ұзақ өмір сүрушілердің медициналық көмек алатынын да ем­хана қызметкерлерінен естіп­білдік.

Емделушілердің денсаулық жағ ­дайын көптеген жылдар бойы үз ­діксіз зерделеу, тексеру жұ мыс­та ры белсенді ұзақ өмір сүру дің

әлеу меттік­медициналық фак тор ла­рын ғылыми зерттеуге негіз бол ған.

Осының нәтижесінде адам өмірі­нің ұзақтығы мен сапасы тұқым қуа­лау ға (19,2 %), мемлекеттің әлеу­мет тік­экономикалық саясаты мен денсаулық сақтау деңгейіне (12,5 %), экологияға (8,1%), гео гра фиялық жә не басқа жағ дай ларға (6,5%), ал не гізінен, әр адам ның өзі нің өмір сү ру салтына байланысты екендігі анық талған.

Бұл деректердің алып­қосары жоқ ақиқатқа жақын екеніне еш шек кел тірмейміз.

Өзіміз күнделікті өмірден көріп­біліп жүргеніміздей, әр адамның әр­түрлі қартаятыны белгілі. Ал пыс қа жетпей алжығандар мен жет піс ке жет пей жер таянғандарды, ке р ісін­ше сексен мен тоқсанды сес кенбей ба ғын дырып, дене ең бе гі мен ой ең бегінің жемісін жеп жүр ген дерді көріп жүрміз. Қа лып ты сал мақты ұстанып, үнемі фи зи ка лық жат­тығулар жасап, шылым мен ал ко­голь сияқты зиянды әдет терден бас тартқан адамдардың ұзақ жасайтыны дәлелдеуді қажет ет пейтін шындық.

ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы мен Назарбаев университеті авторлар ұжы м ының әлеуметтік және емдеу­лабо раториялық зерттеулерінің нә­ти жесінде «ұзақ өмір сүрудің си­қыр лы дәрісі», яғни ешқандай эли к ­ сирдің болмайтыны дәлелденді.

Яғни қарапайым тілмен айтсақ, «сиқырлы дәрі» дегеніміз саламат­ты өмір сүру салты екен. Авторлар ұжымы келтірген ұзақ өмір сүрудің негізгі әлеуметтік факторлары мы­налар: интеллектуалды еңбек, тәр­тіптілік, дене салмағын қалыпты мөлшерде ұстау, үздіксіз қимыл­қозғалыс, сапалы тамақ.

Бүгінде көзіміз жетіп жүрген бір шындық бар. Медицинамыз аса дами қоймаған анау бір жылдары басымыз ауырып, балтырымыз сыз­даса, шетел асып емделіп келуге асы ғып тұратынбыз. Қазір жағдай мүл де өзгерді. Заманға сай күрделі тех никалармен жарақтандырылған сәу летті медициналық мекемелер де, білімі мен тәжірибесі мол білікті дә рі герлер де өзімізден көптеп та­бы лады. Енді керісінше шетел аза­мат тары Қазақстанға келіп емделе бастады. Бұл, әрине, қуанарлық әрі сүйсінерлік оң өзгеріс.

Енді медицина саласында, оның ішінде, ұзақ өмір сүру қағидаларын күн делікті тірлігімізге енгізу бары­сында әлемді өзіне қарататын жа­ңалықтар Қазақстанда ашылып жат са, еш таң қалудың да реті жоқ шы ғар.

Адамның физикалық және пси­хикалық ахуалын барынша жақ­сартатын белсенді ұзақ өмір – қо­ғамға да, сол қоғамның әрбір мү­шесіне де барынша пайдалы деп ой түйеді жоғарыда әңгімемізге ар қау болған авторлар ұжымы. Яғ­ни, толыққанды еңбек ете алатын де ні сау қарттары қаншама көп бол са, ел экономикасына қосар үлес те соншама мол бол мақ. Өйт­кені қарттарымыздың мық т ы ден­саулығы осы санаттағы аза мат тар­ға жұмсалатын медициналық шы­ғындарды да едәуір мөлшерде азай­татыны белгілі.

Саламатты өмір салты ұзақ өмір сүріп, егделіктің дер шағына жеткен қариялар үшін де аса маңызды. Егер адам өзінің мықты физикалық жә не интеллектуалдық белсенділігін сақ­тай біліп, ауру­сырқаттарынан дер кезінде емделіп, қоршаған орта ға, айналасына сеніммен қарап, бо ла­шағына үлкен үмітпен көз тіге ал са, онда оның белсенді ұзақ өмір сү ру ге толық мүмкіндігі бар деп есеп тейміз.

Егде адамдардың медициналық мінездемесі ретінде, біз сөз етіп отыр ған ғылыми жұмыс авторлары, қартаю кезеңінің жылдамдығын, биологиялық жас пен егделікке бейім делу ерекшеліктерін түбегейлі зерт теген. Осының нәтижесінде ҚР Президенті Іс басқармасы Ме­ди циналық орталығының Орта­лық клиникалық ауруханасында тұ рақты емделуші пациенттерде қартаю жылдамдығының азайғаны анықталған. Бұл процесс, әсіресе 75­89 жас аралығындағы қарттарда нақты байқалған. Осы орайда ерлер мен әйелдер арасында соншалықты өз герістің жоқтығы да зерттеу нәти­же сінде көрсетілген.

«Адамның денесіндегі қан тамыр лары қаншалықты ескірсе ол соншалықты қартаяды» деген бел гілі медициналық түйін бар. Тео риялық тұрғыдан алғанда адам жү регі орта есеппен 120 жыл соғуға қа білетті екен. Бірақ ішкі­сыртқы жағымсыз жағдайлар әсерінен жүрек­қан та­мырлары сырқаттары, атап айтқанда инфаркт, инсульттер көбею үстінде.

Міне, осындай сырқаттардың егде адамдарға серік болмауы үшін ұзақ жылдар бойы зерттеу жасап, ғылыми еңбек ұсынып отырған ҚР Президенті Іс басқармасы Ме­дициналық орталығының Орта­лық клиникалық ауруханасы мен Назарбаев университеті ға лым да­ры ның еңбегіне қандай алғыс айтсақ та артық емес. Бұл ұжым бүгінгі күн ға на емес, болашақ үшін де орасан жұ мыстар атқаруда. Ізденістерінің же місі де жоқ емес.

Әңгімеміздің түйініне келсек, Қазақстан Республикасы Іс бас қар­ма сының Медициналық орта лығы мен Назарбаев университетінің ға лымдар ұжымының осы ба ғыт­тағы жұмыстары Қазақстан Рес пуб­ликасының Мемлекеттік сый лы ғына лайықты Үлкен Еңбек деп білеміз!

Сұлтанәлі БАЛҒАБАЕВ,жазушы, профессор, Қазақстанның еңбек

сіңірген қайраткері

Жұмыстың жетекшісі болған Қазақстан ғылымы мен техни ка­сы ның еңбек сіңірген қайраткері, Ұлт тық жаратылыстану ғылым академиясының академигі, про фес­сор К.Исламқұловпен 1958­1959 жылдары Украинадағы Днепро­пет ровск металлургия зауытының жанындағы Днепродзержинск кәсіптік­техникалық училищесінде бірге оқығанмын. Сол жылдардың өзінде­ақ ол металлургия бойынша ғылыми зерттеулерге ден қоя баста­ды. Ал, кемел шағымызда, метал­лургия саласында жұмыс істей жү­ріп, біз, қатарластары, оның ғы лыми қыз метін жіті бақылап жүретінбіз. Ол – көптеген ғылыми зерттеулердің авторы. Солардың бірі металл кескіш құралдардың төзімділігін арттырудың жаңа тәсілін өңдеуі бо­лып табылады. Бүгінгі күнге дейін болат құралдардың төзімділігін арт­тыру жөнінде жүргізілген жұмыстар, әдет тегіше, материалдардың бір қа си етін арттырса, екінші қа си еті­нің төмендеуіне әкеп соқ ты ра тын. Мәселен, металл кескіш құ рал дар­дың беріктігі мен төзімділігін арт ты­ру кезінде оның сынғыштық қа си еті артады. Осыған байланысты құ рал­дардың беріктігі мен жылуға тө зім ­ділігі өзекті мәселе болып та бы лады.

Адгезиялық және диффузиялық тозығу шарттарында жұмыс істейтін металл кескіш құралдардың берік ті­гін арттыру үшін соңғы кездері ион­ды­плазмалық өңдеу (ИПӨ) тәсілі ке ңінен қолданылуда. Бұл тәсіл ке суге жұмсалатын күшті, үйкеліс коэф фициентін айтарлықтай төмен­де тіп, беріктіктің 1,5­2 есеге ар ­ ту ына мүмкіндік береді. Мұндағы бе рік тік аз ғана қалыңдықтағы (5­10

мкм) нитридтитан жабындарының есебінен ғана қамтамасыз етіледі. Бірақ, құралдарды пайдалану ке­зін де кішігірім адгезияның нәти же­сінде жабынның металдың негізгі қа батынан қабыршақтанып уаты­луы орын алады. Бұл – ИПӨ­нің не гіз гі және басты кемшілігі.

Аспаптық болаттардың алдын ала электротермоциклдік өңделуі (ЭТЦӨ), ең алдымен, бірнеше реттік фазалық айналымы кезінде түйір шіктердің үгітілуіне себеп бола тыны, екіншіден, жылжу ты­ғыздығының артуы есебінен ме­тал дың беткі қабаттарының тө зім­ділігі артатыны, үшіншіден, ме талл кескіш құралдардың әрі қарай ғы ИПӨ барысында алюминий нит­ридтері мен титан нитридтерінен тұ ра тын төзімді қабаттар тұ тас ­тығының (адгезиясының) се німді деңгейін қамтамасыз ете тіні экс­перимент түрінде анық тал ған. Зерттеу нәтижесінде ЭТЦӨ­нің оңтайлы технологиялық пара метр­лері де анықталған. ЭТЦӨ­ден кейін «Булат» типтес ИЭТ­8И2 қондырғысында ИПӨ жасалды. Құралдардың соққылы­үзілмелі режімде жұмыс істейтінін шама­лай отырып, көп қабатты жабын­дарды отырғызу арқылы тозуға төзімді қабаттар қалыптастырылды. Бұл үшін ИПӨ үдерісі мен алю­миний нитридтері мен титан нит­ридтерінен тұратын жабын үде­рісімен кезектестірілді. Қат ты­лығы азайтылған күйдірілген қабат (алюминий нитриді) аспаптың ді­ріл деу шарттарында жұмыс істеуі ке зінде және дірілдеу мен соққы күші шарттарында жұмыс істеуі кезінде қатты қабаттың (титан

нитриді) боялуына кедергі келтіреді, өйткені жұмсағырақ қабаттар өз пішінін өзгертеді де, сонысымен қатты қабаттың біршама иілуіне мүмкіндік береді. ИПӨ кезіндегі оң тайлы температурасы анықталды және ол 400­500оС­ты құрайды. ЭТЦӨ+ИПӨ жаңа технологиясы бой ынша өңделген тозу төзімділігін арт тыру коэффициенті құралдарды өң деудің белгілі тәсілдерімен (жоғ а­ры жиіліктегі тоқтармен суару және төменгі температурада жұмсарту) салыстырғанда 5 есеге, ал ИПӨ­мен салыстырғанда 2,0­2,5 есеге артады.

Шетелдік аналогтарымен салыс­тыр ғанда, өңделген технологиялар келе сі басымдықтарға ие: болат жә­не алюминий қорытпаларынан тұра­тын түрлі бөлшектердің құры лым­дық беріктігі 2,0­2,5 есеге, металл өңдеуші құралдардың қызмет ету мерзімі 3,5­4 есеге артады, қымбат бағалы болаттардан жасалған бөл­шек терді одан арзанырағына жә не никель шойынын алюминий қорыт­па сына ауыстыру.

Бұрандамалардың, диск пышақ­та рының және фрезалардың тозуға төзімділігін арттырудың өңделген тех нологиясы «Прогресс» Шымкент ғы лыми­өндірістік бірлестігі меха­ни калық зауытына енгізілген. Осы технологияны 1990­2015 жылдар аралығында енгізудің экономикалық тиімділігі шамамен бір миллиардтан астам теңгені құрайды.

«Металтану саласындағы ғы­лы ми жаңалықтар мен технология­лар» жұмысының металтану са­ла сының дамуындағы елеулі үле­сін және металлург ретінде аса жо ғары тәжірибелі құндылықты ес кере отырып, бұл жұмысты әл­Фараби атындағы ғылым мен бі лім саласындағы Мемлекеттік сый­лыққа лайық деп білемін.

А.АБДРАМАНОВ,КСРО құрметті металлургі,

КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

Саламатты ұлт қалыптастыратын салиқалы еңбек

Металтану саласының дамуына қосылған үлес

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Әл­Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған «Металтану саласындағы ғылыми жаңалықтар мен технологиялар» ғылыми жұмыс Қазақстан Республикасының экономикасын жетілдіру тұрғысынан өзекті болып табылады. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

ОТАНДЫҚ ОҚУЛЫҚ – ОТАНДЫҚ ӨНІМ. ТІПТІ СОЛ ОҚУ ЛЫҚТАРДЫҢ СТ РА ТЕГИЯЛЫҚ МӘН-МАҢЫЗЫ БА РЫН ЕС ТЕН ШЫҒАРМАЙ, ДҰРЫС БАҒА ЛАЙ БІ -Л УІМІЗ КЕРЕК. ШЕТЕЛДІК ОҚУ ЛЫҚ ТАРДЫҢ СӨЗ -ДІГІН, ГРАММАТИ КА СЫН ҚАЗАҚШАҒА, ОРЫС-ША ҒА АУДА РЫП БЕРГЕНМЕН ДЕ САПАЛЫҚ ТҰР-ҒЫ ДАН ОТАНДЫҚ ОҚУЛЫҚТАРҒА ЖЕТ ПЕЙ ТІНІН ӘР КЕЗ ЕСКЕРУІМІЗ ҚАЖЕТ.

Page 7: E-mail: info@egemen.kz 28 ШІЛДЕ, Ж˚МА … · 2017-09-29 · құрылыс компанияларының банктер-ден алған займдары бюджет есебінен

28 ШІЛДЕ 2017 ЖЫЛ 7

Ән мен әжеӘншейінде әңгіменің тиегін

онша көп ағыта бермейтін, одан да көкейіндегісін ақ қағаздың бетіне тап-тұйнақтай етіп түсіріп әкелуді құп көретін белгілі қаламгер, ғалым Мырзагелді Кемелдің туған жерді сүюдің мінсіз үлгісі туралы айтқан мына бір сөзі кім-кімге де үлкен ой саларлық еді.

Ауылдан ЭКСПО-ға келген қонақ-тар дың елордадағы «Бәйтерек» сәулет кешеніне ат басын бұрмайтыны кемде-кем. Жаз мезгілі болғандықтан маңы – ы ғы-жығы, иін тірескен халық. Ала-қанымен маңдайын көлегейлеп «Бәй-теректің» күмбезіне сүйсіне көз тіккен үлкен-кіші жәмиғатты мұнда аңсаған асыл армандары жетелеп алып келгендігі тағы анық. Әсем Астананы, ЭКСПО-ны тамашалаушы жұрттың саны күннен-күнге еселене түспесе, әсте кеміп жатқан жоқ. «Жақсыны көрмек үшін» деген халықпыз ғой. Оның үстіне Қазақстанның түкпір-түкпірінен, ауыл-ауылдан бала-шағасымен ағылған нөпір әуелі елордадағы осы бір еңселі нысан – алып «Бәйтеректі» бетке алуы қалыпты жағдай. Бұл қала туризмі мен мәдениетінің өзіне лайық заманауи заңдылықтары қалыптаса бастауының бірден-бір факто-ры болса керек. Биікке самғап көтерілген сол арқа-жарқа халықтың көңіл-күйін әрі қарай ерекше бір сезім серпілтіп әкетеді. Әйбат Астанаға осы тұстан көз тігу, ең биік қабатынан төңіректі шолу бүлк-бүлк соққан жүректің түбін одан бетер шымырлатып, арқа-басыңды дуылдатып, қабырғаңа қанат байла-тып, шаттық әуенмен шабытыңды шалқытады. Осы көріністің өзі де белгілі бір деңгейде Отанға, туған жерге деген сүйіспеншіліктің қалыбын шынайы бей-нелеп бергендей әсер қалдыратыны рас.

Міне, сол арада қаламгер ағамыз жасы сексеннің сеңгіріне таянған қарт апаны жолықтырғанын айтты. Бала-шағасымен бірге демалу үшін күніне Құдай-ау, мұндай қаншама қария келіп-кетіп жатыр десеңші. Алайда айтайын дегеніміз мүлде ол туралы емес, әңгіме әлгі кісінің өсіп-өркен жайған Астанаға, гүлге оранып көркейген жүзіне жүрегі жарыла қуанғаннан тебіреніп ән салуын-да болып тұр ғой.

«Балдағын сүйеніп баспалдақпен ақырын көтеріліп келе жатқан жанның соңынан ілби ілескен мен ол кісінің әуелгіде ернін ептеп күбірлетіп, әлденені ыңылдай айта бастағанына онша мән бере қойған жоқпын. Кенет құлағымның түбіне тым таныс әуен келді. Кілт тоқтай қалдым. «Бұл әнді мен алғаш рет қай жерде естіп едім? Туу, осындайда еске түспейтіні-ай», – деп ойланғанымша болған жоқ, «Көк тудың желбірегені – Жаныма қуат береді. Таласқа түссе жан мен ту, Жан емес, маған керегі – Көк тудың желбірегені» деген жолдар анық естілді. Және мұны ақ самайлы арда гер ананың жай сүлесоқ кейіпте емес, кә дім-гідей сергек сезімге беріліп, көңіл пер несі дірілдей орындауы қайран қалдыр ды» деп «Бәйтеректің» ұшар басына көте-рілген кісінің жан дүниесінде алапат бір өзгеріс пайда болатынын, оған шыққан адамның жүрек құмырасына рухани қымбат құндылық құйылатынын, ерекше нұрланып рухтанатынын тілге тиек етті.

«Қайдан келдіңіз? Бойыңызда ән сала-тын өнеріңіз бар ма еді?» – деп сұрадым.

«Қостанайдан келген бетім. Мына зәулім ғимараттың төбесінен кең-байтақ бүкіл Қазақ елінің өсіп-өркен жайған та ма ша кескін-келбеті алақандағыдай айқын көзге шалынады екен. Соған көңі-лім шаттанғаннан ән салып тұрмын»,– деген бейтаныс жанның сөзі мені қалың ойға шомдырды», деді М. Кемел.

Әнді адам әртүрлі жағдайда айтады емес пе? Асханада тамақ пісіріп жүріп ыңыл дау мен туған жер, Отаным деп егіле ән де тудің арасы жер мен көктей ғой. Дастар қан басында достармен бас қосқанда, той-томалақта ән салу – орыс, өзбек, қыр ғыз, түрік, сондай-ақ, кавказ халықтарының бәрінде ежелден бар дәстүр. Ән-күйсіз қазақтың да көңіл хошы жібек шәлідей желбіреп, жеңілдей қоймас, сірә. Айтпағымыз, біз кейде «Кейінгі өскелең ұрпаққа елді, туған жерді сүюді қалай үйретеміз? Ол үшін не істеуіміз керек, жастардың бойына патриотизм дәнін қалай себуге болады?» дегенге бас қатырып жатамыз. Соны егжей-тегжейлі зерделей келіп, оған қол жеткізу үшін алдымен, әндеріміздің әдебін әбден жөндеп алғанымыз жөн-ау деген ой келеді. Ал мына «Бәйтеректің» ұшар шыңына шыққан ақ жаулықты әзіз әженің көңіл-көлін тербеген не күш, не құдірет екен, ә? Бұл әсем әннің нәрімен әлденген, әрленген сезімнің күші болса керек. Сондықтан туған жердің сайы мен жотасын, тауы мен өзенін, көлі мен көк шалғынын әнге қосып, өрмектей өруге кімнің қандай үлес қосып жатқаны қазіргі таңда үлкен мәнге ие болып отыр. Өйткені патриоттық таңдаулы әндердің дені өткен кезеңдер еншісіне тиесілі екен. Туған жер, Отан туралы бүгінгі таңда ауыз толтырып айтатындай ән жоқ деп ауызымызды құр шөппен сүрткеніміз жарамас, әрине. Бар. Бірақ там-тұм. Осы ретте Бәкір Тәжібаевтың сөзіне жазылған Ескендір Хасанғалиевтің «Ауылым-әнім» тәрізді кір жуып, кіндік кескен жеріңнің жұпар ауасын жұтқызатын шуақты әндер көбейсе ғой шіркін, де-ген аңсарлы арманның бәйтерегіне ой қазығымызды орап байлағымыз келеді... Нансыз адамның өмір сүре алмайтыны сияқты әнсіз қазақ та өмір сүре алмайды.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ,«Егемен Қазақстан»

РУХАНИЯТ

Алаштану – қазақ әдебиеттану ғылымындағы соны сала. Күні кеше-лер Алаш Орда жайлы ауыз да аша алмайтынсың. «Қазақтың тұңғыш дәрігерлері» (1986) атты жұп-жұқа шағын кітапшада екі алашордашы: Ресейдің императорлық Әскери-медицина акаде-миясын алтын медальмен бітірген, Ресей Ғылым академиясы Өлкетану бюросының корреспондент- мүшесі дәрігер Халел Досмұхамедов пен Троицкінің даңқты емшісі Әбубәкір Алдияровтың есімдері аталғаны үшін ғана басылымды шығарған баспагерлер ұлтшылдық айыбы тағылып, істеп жүрген қызметтерінен айырылды.

Өстіп қатаң жазаланатынын біле тұра, қайсыбір әдебиетші ғалымдар, мысалы, филология ғылымдарының докторы, сыншы, жазушы Мырзабек Дүйсенов «Ұлы Октябрь шуағы» атты кітабында (1988) сауысқандай сақ цензураны айна-лып өтіп, Алаш Орда ақын, жазушылары Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Смағұл Сәдуақасов есімдерін атайтыны сияқты жекелеген фактілер де ұшырасып қалатын.

Кей-кейде Алаш Орда ақын, жазу-шыларының, ғылым қайраткерлерінің есімдері аталмағанымен, шығар ма-ларынан там-тұм сөз, үзінділер жария етілетін. Мағжан Жұмабаевтың өлеңіне жазылған «Сен сұлу» әні көп жылдар бойы радиодан, сахнадан шырқалып жүрді. Ал, оқулықтарымыздағы теңеу, ауыстыру (метафора), алмастыру (ме-тонимия), шендестіру, көсем сөз, әуезе, әліптеме, байымдама секілді терминдерді Алаш Орда көсемі Ахмет Байтұрсынов ойлап тапқанын қалың жұртшылық кейін ғана білдік.

Қазақ әдебиеті теориясының сарқылмас қайнар бұлағы – «Әдебиет танытқыш», Алаш Орда арыстарының басқа да еңбектері тек өткен ғасырдың сексенінші жылдарының орта белінде, бетбұрыс дәуірінде, тарихтағы «ақтаңдақтарды» жою кезеңінде ел игілігіне қайтарылды. Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұжымы Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, М і р ж а қ ы п Д у л а т о в , Ж ү с і п б е к Аймауытов, Мағжан Жұмабаев сынды Алаш қозғалысы арыстарының өмірі мен шығармагерлігі туралы әлемдік әдебиеттану контексінде жазылған ондаған кітап, монографиялар жариялады. Сөйтіп, қазақ әдебиеттану ғылымының қабырғалы тармағы – Алаштану қайта өркендеді.

Алаш ғалымдарының әдеби зерттеулері, теориялық ұстанымдары кезінде халқымыздың ел азаттығы жолындағы жанқиярлық күресінің арқауы болды. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов қазақ халқын қараңғылықтан құтқару ісін, ұлттық ойлау жүйесін қалыптастыруды яки рухани жаңғыруымызды ана тілін оқытудан бастауымыз керек, туған тіліміз қарым-қатынас құралы ғана емес, ұлттық құндылық, ұлттық тұтастығымыздың кепілі деп есептеген. Мағжан ақын «Қазақ тілі» өлеңінде әдемі де дәл бейнелегеніндей, ана тілі – ұлттық береке-бірлігіміздің «Алтын Күні»:

Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен – тілім,

Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.Тарап кеткен балаларыңды бауы рыңаАқ қолыңмен тарта аларсың сен,

тілім.Алаш зиялылары артта қалған қазақ

қауымының ілгерілеуінің және бір шарты, басқа тілдерді, әсіресе, орыс тілін игеру деп білген. Алаш Орданың ірі қайрат кері Міржапқып Дулатов «Оян, қазақ» (1909) жинағында:

Медресеге сайласын екі молда,Бірі оқытсын мұсылманша, бірі орыс-

ша.Педагогика тәртібімен оқыса оларҚазағым, кетер едің сонда алға, –

деп жыр төксе, бұл идея қазіргі тәуелсіз елі міздің мақсат, мүддесімен үндесіп, рухани жаңғыруымыздың аса маңызды факторы болып отыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап көрсеткендей: «Біз ХХІ ғасырдың рухани картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт

боламыз десек, «Жаһандағы заманауи қазақстандық» жобасын іске асыруға тиіспіз... Бұл жоба «отандық мәдениет БҰҰ-ның алты тілі – ағылшын, орыс, қытай, испан, араб және фран-цуз тілдерінде сөйлеуі үшін мақсатты ұстаным» болуын көздейді.

Қазіргі уақытта республика Парла мен-тінде, бұқаралық ақпарат құрал дарында жасөспірім ұрпақты қазақ, ағыл шын, орыс тілдерінде оқыту мәсе лесі қызу талқылануда. Оқыту жөні қан дай болмақ? Үш тілді кезек-кезегімен оқытамыз ба, жоқ әлде кейбір елдерде гідей, мектеп пар-тасына алғаш отырған балдырғандарды қатарынан екі тілде оқыту керек пе? Біздіңше, бұл мәселеде тұңғыш тілші- ғалымымыз Ахмет Байтұрсыновтың мына бір кеңесі әлі де маңызын жойған жоқ. «...Біздің ойымызша,- деп жазды Алаш ұстазы, – бастауыш мектептер оқуы қазақ үшін бесжылдық боларға тиіс. Әуелгі үш жылда балалар кілең қазақша оқу керек. Соңғы екі жылда кілең орысша оқу ке-рек».

Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Мұхтар Әуезов, тағы басқа Алаш зиялылары қазақ баласының өз ана тілінде сауат ашуына үлкен мән беріп, әр пән бойынша оқу құралдарын жазды. Қазақ жұртын надандықтан, қараңғылықтан құтқарудың, рухани серпілтудің басқа да амалдарын жатпай-тұрмай іздестірді.

Ахмет Байтұрсынов: «Қазақ халқы қа раңғы дегенде, кінә халықта емес, қараң ғы лықтан құтқаратын мүмкіндік-тердің жоқтығында», – дей келіп, халық ағарту мәселелерін елдің экономикалық

жағдайымен тығыз байланыста қарастыруға шақырды. Алаш Орда үкіме тінің оқу-ағарту комиссиясының Төрағасы, кейін Қазақстан Халық Ағарту Комиссариаты жанындағы Ғылыми-әдеби комиссияның төрағасы, Қазақ АССР-нің Оқу-ағарту комиссары болып, әртүрлі мемлекеттік-әлеуметтік істермен шұғылдана жүріп, ғылыми-ұстаздық жұмыстарын тоқтатпай, қазақ халқын жаппай сауаттандыру бағдарламасын жасады.

1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде өткен қазақ съезінде қабылданған пети-цияда Алаш зиялылары Ресей үкіметінен қазақ жеріне «қарашекпендерді» (Мағжан) көшіріп әкелуді тоқтату, діни басқарма ұйымдастыру, қазылар сотын енгізу мәселелерімен қатар, ресми іс қағаздарын қазақша жүргізуді талап етті. Ана тілінің ұлан-байтақ қазақ даласының бар түкпірінде салтанат құруын көздейтін сол бағдарламада қойылған проблемалар бүгінгі күндері де маңызын жойған жоқ.

Мағжан Жұмабаев «Туған жерім – Сасық көл» өлеңінің соңғы шумағын: «Білмеймін не боларын, қайран көлім, Жарайды тең болмаса күн мен түнің. Итиіп қарашекпен келіп қонса, Басыңнан құсың ұшып кетер сенің» - деп аяқтап, қазақ халқына ата қонысынан айы-рылу қаупі төнгенін ашына жазды. Ресей отаршылдығы, Кеңес кезіндегі ашаршылық, одан соң тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны – шовинизмнің жымысқы әрекеттерінің ақыр соңы қазақтың өз елінде азшылыққа айналуы-на әкеп соқты. Мұның кесірі алдымен ана тіліне тиді. Ұлттық тіліміз жойылуға шақ қалды. Кеңес кезінде 700 қазақ мектебі жабылды.

Шовинизмнің ана тілімізді мансұқ етуге бағытталған қитұрқы саясатының зардабын күні бүгінге дейін тартуда-мыз. Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Тарих толқынында» (2003) еңбегінде жазғанындай: «Қазақ санасының ойдан

шығарылмаған драмаларының бірі – қазақтардың бір бөлігінің ана тілін толық білмейтіндігі».

Ана тілі ауыр ахуалының қара бұлты еліміздің аспанында Тәуелсіздігіміздің көк туы желбірегеннен кейін ғана сейіле бастады. Қазақ балаларының ана тілінде оқып білім алуы үшін қажетті іс-шаралар атқарылуы арқасында қазір бір ғана Алматы қаласында бұрынғы Кеңес кезіндегідей жалғыз мектеп емес, 65 қазақ мектебі жұмыс істейді. Бұларда 36 мыңнан астам өзге ұлт өкілдерінің бала-лары да білім алуда.

Үш тұғырлы тіл – республикамыздағы бүгінгі қазақ қауымының ғана емес, басқа этнос өкілдері алдына да қойылып отырған зәрулі мәселе. Жаһандық технологияға, жаңа инновациялық индустрияға еркін кірігіп жұмыс істеудің басты шарты – ағылшын тілін жаппай және жедел үйрену, ұлтаралық қатынасы тілі – орыс тілінде сөйлеу, мемлекеттік тіл – қазақ тілін меңгеру жүйесін қалыптастыру нәтижесінде республикамызда бара-бара үш тілді жаңа қауым генерациясы, ұрпағы қалыптаспақ...

«Алайда, қандай жағдайда да туған тіліміз – қазақ тілі өз мәртебесін жоғары ұстауы тиіс, – дейді Елбасы, – Туған тілдің туы қашан да биік болуы қажет». Ата Заңымызда алтын әріптермен жазылған мемлекеттік тіл саласындағы жетістіктерімізді бұдан былай да молайта беруге тиістіміз. Бөркімізді аспанға атып алақайлауға әлі ерте.

Бұқаралық ақпарат құралдарында келтірілген мағлұматтарға қарағанда, айталық, Қостанай облысының Қара ба-лық ауданында мектеп оқушыларының

5-6 пайызы ғана мемлекеттік тілде білім алады. Күні бүгінге дейін қазақтың дені демесек те, бірсыпырасы өз тілін сыйла-май, перзенттерін орыс тілді мектептер-де оқытып жүр. Ол балдырғандар ұлы Абай сөзін білмесе, ана тілінде жасалған рухани игіліктерден мақұрым қалса, соңыра не күй кешпек?! Ұлт көсемі Ахмет Байтұрсынов: «Абай сөздері дүнияда қалғаны – қазаққа зор бақ. Бетін түзеп, жөн сілтеген кісілерге де, сілтеген жолды ылақпай тұп-тура тапқан адамға да қазақ балалары талай алғыс берер... Абайды қазақ баласы тегіс танып, тегіс білу керек» – деген. Жеткіншекті ана тілі әдебиетінен жұтату алдымен ата-анаға, қала берді, бәрімізге сын...

Алаш қайраткерлері «туған тілінде әдебиеті жоқ халықтар «дүниеде өмір сүруі, ұлттығын сақтап ілгері басуы қиын. Әдебиеті, тарихы жоқ халықтар басқаларға сіңісіп, жұтылып жоқ болады» – деп есептеп, Абай, Мағжан, Міржақып, т.б. қазақ ақындарының өнегелі, өрнекті сөздерін «Қазақ» газетінде, кітаптарында ұдайы жариялап отырды.

Амал не, ана тілді баспасөздің, кітап және кітап шығару ісінің рөлін біз әлі де алашордашы ата-бабалары-мыз түсінгендей дәрежеде жете түсіне алмаудамыз. Әйтпегенде, мына бір келеңсіздіктерді қалай түсінуге бола-ды? Тасқа басылған кітап тиражы айтуға да тұрмайды. Шірегенде 2000 данадан аспайды. Парламент ендігі жарияланбақ кітаптардың таралымын 5 мың данаға жеткізу жөнінде шешім қабылдапты дегенді естідік. Өз басым мұны елімізде көп тиражды, арзан бағалы кітап шығару проблемасын түбегейлі шешкендікке жатқызбас едім. Шүкірлік, қазір респуб-лика халқының саны – 18 миллион. Осының 12 миллионы, басым көпшілігі қазақ болғанда, таралымы там-тұм кітап соншама жұртқа қалайша жетпек?!

Мұндай олқылықтардың айыбын нарыққа жүктейін десең, мына бір фактіні

қалай түсінеміз? 1913 жылы Ахмет Байтұрсыновтың «Қырық мысал» кітабы Орынборда төрт баспа табақ көлемінде 3000 дана тиражбен басылды. Ал бұдан кейінгі ғасырға жуық уақыттан соң, 2003 жылы Алматыда «Атамұра» баспасы жарыққа шығарған Ахаңның «Әдебиет танытқыш» кітабының таралымы да – 3000 дана...

Бүгінгі Қазақстанда 11421 кітапхана бар деп есептеледі. 5 мың дана сол кітапханаларымыздың жарымына жетсе жарар. Оның өзінде де бұл салаға бюд-жеттен тиісті қаражат бөлінсе...

Республикамызда кітап дүкендерінің саны да, сапасы да талапқа сай емес. Мегаполис қала Алматыда қазақ кітабын саудалайтын дүкендер бір қолдың саусағына да жетпейді. Көшелердегі жүздеген дүңгіршектерде қазақ кітабы, журналы сатылмайды. Сөрелеріндегі қазақ тілді газеттер некен-саяқ. Есесіне Ресей газеттері мен журнал, кітапшалары көздің жауын алады. Сөрелерінде темекі қораптары, сусын шөлмектерінің қаздай тізіліп тұрғаны.

Осы күнге дейін Павлодар қаласы қазақшаланбауда. Әнеу бір күндері бұқаралық ақпарат құралдарында Павлодар бұдан былай Кереку атал-сын деген мәселе төңірегіндегі айтысқа бірсыпырамыз қатыстық. Кереку жат жұрт өкілі - Коряков дегендерге, меніңше, орынды дау айтылды. Біріншіден, Кереку қала маңындағы жер атауы. Екіншіден, Майра Уәлиқызының бәріміз ұйып тыңдайтын «Майра» әнінің (2-ші түрі) шумақтары «Қызы едім Керекудің Майра атым», «Кереку үлкен қала, ұзын көше» деп басталмай ма?

Қазақ іші солтүстік облыс орталығын «Петропавл» демей, бәз-баяғыдан Қызылжар атап келеді. Жуырда «Егемен Қазақстан» газетінен (23 мамыр, 2017) Бақтияр Тайжанның «Қызылжар құтты қоныс болсын» деген мақаласын оқыдым. Онда Солтүстік Қазақстан облысының орталық қаласы да, өңірдің өзі де Қызылжар аталған. Оңтүстіктен қоныс аударушы ағайындарымыздың, бәріміздің жүрегімізге жылы тиетін сұлу сөзбен!

Семипалатинскіні қазақ жұрты Семей атап, «Ахау Семей, тіл мен көмей» деп әнге де қосты. Елбасы осы жәйтті ескерген болуға керек, бұдан бы лай Семипалатинскіні Семей атайық де гені құба-құп болды. «Усть-камено горск» қаласын қазақ іші, қазақ баспа сөзі бәз-баяғыдан Өскемен деп атап келе жатқаны мәлім. Осынау әбден қалыптасқан дәстүрді ресми заңдас тыратын уақыт пісіп жеткен сияқты.

Жоғарыда аталған алашшылар жазған петицияда діни басқармалар ұйымдастыру, қазылар сотын сайлау, әкімшілік орындарын құру талап етілсе, мұның астарындағы идеяны түсініп жету қиын емес: ұлттық құндылықтарды молайтуға билік тарапынан қамқорлық, басшылық жасау керек. Сонсоң ана тілінде сөйлеу, жазу үлгісін алдымен биліктің өзі көрсетуі абзал. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың кітаптарын, мақалаларын оқып отырғаныңда қазақ саяси тілін Елбасынан үйрену керектігіне сүйсіне көз жеткіземіз. Ал енді Парламент, Мәжіліс қабылдаған құжаттарды оқу орысшадан аударған тәржіма болғандықтан, қасқырдың мой-ны сияқты икемсіз сөйлемдерді түсіне алмай, ақыры орысша оригиналға көз салмасыңа амалың қалмайды. Биліктегі көп-көп шенеунік қазақша сөйлеп, рес-ми құжаттарды ана тілінде жазуға қашан төселер екен деп армандайсың.

Қиыншылық көп. Бірақ ана тілінің еліміздің барлық түкпірінде сал-танат құруына бөгет болып отырған кемшіліктердің себеп-себебін мәде ние-тіміз бен әдебиетімізді дамыту ісін тиісті дәрежеде басқара алмай отырған қазақ өзімізден көруіміз керек. Ана тілі өрісін кеңейте беруге бағытталған іс-шараларды дәйекті түрде жүзеге асыру – мәңгілік ел болуымыздың басты шарты.

Шериаздан ЕЛЕУКЕНОВ, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

ТОЛҒАНДЫРАР ТАҚЫРЫП

Алаштану, тәуелсіздік және ана тілі

ҚИЫНШЫЛЫҚ КӨП. БІРАҚ АНА ТІЛІНІҢ ЕЛІМІЗДІҢ БАРЛЫҚ ТҮКПІРІНДЕ САЛТАНАТ ҚҰРУЫНА БӨГЕТ БОЛЫП ОТЫРҒАН КЕМШІЛІКТЕРДІҢ ЕБЕП-СЕБЕБІН МӘДЕ НИЕ ТІМІЗ БЕН ӘДЕБИЕТІМІЗДІ ДАМЫТУ ІСІН ТИІСТІ ДӘРЕЖЕДЕ БАСҚАРА АЛМАЙ ОТЫРҒАН ҚАЗАҚ ӨЗІМІЗДЕН КӨРУІМІЗ КЕРЕК.

Суретті түсірген Ерлан ОМАР, «Егемен Қазақстан»

Page 8: E-mail: info@egemen.kz 28 ШІЛДЕ, Ж˚МА … · 2017-09-29 · құрылыс компанияларының банктер-ден алған займдары бюджет есебінен

8 28 ШІЛДЕ 2017 ЖЫЛАЙМАҚ

Қазыбек би туралы бір тарихи әң­гім еде қалмақ ханы Қонтажының қа зақ ­тардың талабын орындауы бала Қа зы бек сөзінің ықпалы екені тура лы айтылады: «Сөзді өңменімнен сұ ғып айт қан кез де, екі иығымнан екі аю ау зынан от ша­шып «тыпыр» етші, «кө рейін» деп тұр­ды. Мінеки, мен со дан қат ты сескендім. Сендерге көрінбегенмен маған көрінді. Менің енді бұған қайтарып айтар сөзім жоқ, мал мен жанын есептеп алдына са­лып беріңдер», – деген шешімге келіпті қалмақ ханы.

Қонтажы бітімге қаймыққаннан кел ген жоқ, елшілердің айтқанын істе­меймін десе, оның әскери қуаты да, өзі­нің айбары мен ақылы да жетіп тұр ған болатын. Өзінің сөзінен байқап тұр­ға нымыздай, бұл – сөз күшінің әсе рі, ықпалы. Сөздің мұндай қасиетін пси­холингвистиканың сөз қабылдау (вос­приятие речи) саласында сөз суггестия­сы дейтін тармағы зерттейді.

Суггестия негізінен психология ғы­лы мы на тән термин болғандықтан жал­пы тіл бі лі мінде суггестияға қатысты әрі тіл дік, әрі психикалық жағынан бай­ла ныс тыра зерттеген біршама еңбек тер бар. Жалпы, тіл білімінде психолинг­вистика аясында кейінгі кезде зертте­ле бас таған «суггестия» термині қа зақ ұғы мында сену, илану дегенді біл­діреді. Қазақ дүние танымындағы сөзге сенім ұғымын ауыз әде биеті шы ғар­маларынан көп кездес тіруге болады. Оған ай қын бір көрсет кішті «Тіл тас жа ра ды, тас жармаса, бас жарады», «Тау мен тасты жел бұзар, адам зат ты сөз бұ зар», «Кісіге қарап сөз алма, сө­зіне қа рап кісіні ал», «Сөз тастан өте ді», «Айтыл ған сөз – атылған оқ» т.т., т.с.с. ма қал дардан табуға болады. Бұл – ғы­лы ми тілде «суггестия» деп атап жүр ген құбы лыстың халық санасында да, тілдік құбылыстарда да бар екенін көрсетеді.

Шешендік сөздерінің суггестия­сын зер делегенде олардың магиялық кү ші мен қатар прагматикалық әсерін де қа рас тыру қажеттілігі туындайды. Өйткені ауыз ша сөй леу үлгісі болып саналатын мәтін нің қолданысын, екі жақты қарым­қатынас тың субъектіге бағытталу аясын танытуда прагма ти­калық әсері оның суггестиясынан пай­да болады.

И.Ю.Черепанова шығармашылық бей саналыққа арналған еңбегінде суг ­гес тив тік лин гвистиканың тілдің са на тү біне (подсознание) әсер етуін түсін­діретін тілтанулық сапалы теория және күнделікті жүзе екендігін айтады.

Дүниежүзінде өмір сүретін халық­тар дың бар лығы әлемді өздерінің ұлт­тық көз қарастарымен таниды, ға сыр­лар бойы қа лыптасқан салт­дәс түр­леріне негіздейді және әртүрлі се ні м­мен қабылдайды. Суггестия – сенім. Суггестия ұғымы – кез келген мә де­ниетте бар әмбебап құбылыс. Ол – ха­лықтың дүниені түсінуінен хабар бе­ретін қойма, яғни суггестиялық көрініс ға ламның негізгі бөлшегі ретінде ұлт­тың эстетикалық таным­талғамын, ша руа шылық кәсібін, мінез­құлқын, салт­дәстүрін, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухын сенім тұрғысынан тіл арқылы жан­жақты бейнелейді, жеке адам санасымен бірге өмір сүреді. Сол арқылы халықтың дүние туралы түсінігін айғақтайды, ұлттық танымын білдіреді. Кез келген тіл факторының астарында, шығу төркінінде негіз бар екендігі рас болса, көзбен көріп, қолмен ұстауға болмайтын, сана мен болмысқа қатысты құбылыстардың бейнеленуі тілдік суггестия арқылы жүзеге асады. Бұған бір айқын дәлел ретінде Қаздауысты Қазыбек бидің бітімгерлік сөзінің мына кіріспесін келтірсек те жетеді:

Біз қазақ деген мал баққан елміз,Бірақ ешкімге соқтықпай, жай

жатқан елміз.Елімізден кұт­береке қашпа сын деп,Жеріміздің шетін жау баспасын деп,Найзаға үкі таққан елміз!Ешбір дұшпан басынбаған елміз,Басымыздан сөзді асырмаған елміз!Досымызды сақтай білген елміз,Дәмі, тұзын ақтай білген елміз,Асқақтаған хан болса,Хан ордасын таптай білген елміз!Ата дан ұл туса, құл боламын деп

ту майды,Анадан қыз туса, күң боламын деп

тумайды,

Ұл мен қыз ды қаматып отыра ал­майтын елміз!

Сөз күшін қазіргі зерттеу барысы бас қа ша дең гейге, яғ ни, тілдегі суг гес­тия лық фак тілер ді тіл білі мінің жаңа жетістіктерімен, көзқарастарымен көр­се ту, тиімді қатынас моделін өңдеуге көшуде. Мұндағы негізгі мәселе – адам жанына үңілу, сырттай ғана емес іштей бақылау жасау. Бұл жағдайда не айту керектігі ғана емес, қалай айту керектігі де маңызды болады. Осыған орай Қаздауысты Қазыбектің қолданатын «тиімді қатынас» моделін адамның ішкі сырын, шындығын білу үшін «сынақ» жасауы деп түсінуге болады. Оған оның билік айтқан екі оқиғасын дәлел етуге болады. Біріншісі:

Қазыбек жеті жасында­ақ шешен­ді гі мен, алғырлығымен көзге түсе бас­тап ты.

Ер теде ас беріліп, бәйге болып жат­қан да бір құ ла қасқа жүздеген аттан озып ке леді. Қай мана жүрген бір жігіт:

– Мы нау менің тай күнінде жоғалт­қан бә сірем, – деп оның шылауына ора­ла ке теді. Бәй геге қосып тұрған адам:

– Өзімнің құла биемнен туған атым, – деп жеңістік бермейді.

... Құла қасқаны бәйгеге қосқан кісі:– Енесін бір көрсем, одан туған төлді

дәл ай та аламын, – десе, «тай күнінде жо ғалт қан бәсірем» деген жігіт:

– ... Енесін көріп төлін, төлін көріп ене сін айнытпай табамын, – дейді.

– Олай болса, – дейді Қазыбек бала, – анау көгендеулі тұрған қозы­лақтан еке уің екі қозы ағытып әкеліңдер. Екі жі гіт екі қозы жетектеп алып келеді.

– Енді, – дейді Қазыбек, – екеуің өріс ке барып осы екі қозының енесін тауып әкеліңдер. Екеуі екі саулық алып келеді.

– Қозыларды енесіне салыңдар, – дей ді ба ла. Ат қосқан жігіт қозысын ене сіне сал са, әлгі әкелген саулығы ал май ды, қозы да же ріп қашады. Ал «та йында жо ғалт қан бәсірем» деген жігіт қозысын сау лыққа салса, иіскелеп қозыны емізіп тұра қалады. Сонда Қазы бек атқа иелік етіп жүрген кісіге:

– Ал, ағайын, мына жігіттің мал тап­қыш тық қаметіне күмәніңіз бар ма? – деп сұрайды. Ол төмен қарап үндемей қалады. Қа зы бек көпшілікке қарап:

– Қане, жұртшылық, бұған сіздер қалай қарай сыздар? – дегенде, айнала төңі рек теп тұрғандар:

– Бала дәл шешім айтты, атасына рахмет, бәйге құла тай күнінде жоғалт­қан жігіттікі, – десіп тарасыпты.

Қазыбек атына «Би» атағы осы билі­гінен кейін қосылыпты.

Екіншісі – ел аузындағы мына бір оқиға:

Қазыбек беріде елге белгілі болған кез де екі әйел балаға таласып даула­сып, ал дына келіп жүгінеді. Әйелдердің біреуі: «Мынау баламды есін білмейтін жас күнінде жоғалттым. Соны мына әйел тауып алды ма, әлде ұрлап алды ма, оны білмеймін, әйтеуір асырап алыпты. Бүгін танып, сұрасам «өз ба­лам» деп бермейді.

Екінші әйел тұрып:– Бала өзімдікі, өзім таптым, мы­

нау бос қа жар масып тұр. Қазыбек екі әйел дің сөз дерін тыңдап болып, біраз ойланып отырып қалады. Содан кейін: – Бірің балаңды жоғалтқаныңды, енді бірің тапқаныңды растап шығарлық мұнда басқа куә жоқ. Сондықтан мұнда мынадай билік еткім келеді, – дейді де, баланың екі қолынан екі әйелге ұстатып қойып, қара балтаны жоғары көтеріп: «екеуіңе қақ бөліп беремін, осыған ризасыңдар ма?» – дейді. Сонда балаға ие болып жүрген әйел:

– Біреуге тірі кеткенше, жартысы болса да өзімде қалсын, бөлсең бөл! – деп безеріп тұрып алады. Ал, баланы таныған әйел:

– Ойбай, биеке­ай! Қайда жүрсе де, тірі бол сын, шаба көрмеңіз! – деп безек қа ғады. Содан барып Қазыбек:

– Бала мына жоғалтқан әйелдікі, өйт кені ол ба ланың тірлігін тілеп тұр, баласын өзіне бер, – деп билік айтады.

Мұның лингвистикалық бір сипат­тамасын А. Машимбаева беріпті: «Ық­пал етуге бағытталған үрдісті қаты нас теориясы аясында қарастыру заңды. Бұл жағдайда ықпал етуші тұлғаны суг гестор (ықпал ету субъектісі), ал қа былдаушы тұлғаны (автор), ықпал объек тісін суггестант деп атауға бола­ды. Олар бір­бірімен вербалды, вербал­ды емес тәсілдермен жүргізілген сен­діру механизмі арқылы бірлесіп әрекет етеді».

Суггестия – сананы билеуші, бол­мыс тағы сенімді қалыптастыратын, рет тейтін ұғым, адамның алдына мақ ­сат қою жолына жетер биігі. Ал тіл­дік суггестия осы сенім көздерін сөз арқылы бейнелеп, адамның өзін­өзі сендіруін, сөз құдіретіне табынуын білдіреді. Суггестиялық лингвистика адам сенімін тілдің түрлі мағыналық қабаттары арқылы бейнелейтін, сенімге ие болудың, сенім қалыптастырудың жолдарын сөйлеу арқылы танытатын тіл білімінің жаңа саласы. Ол тілдегі сөйлеу түрлері арқылы халықтың дүниеге көзқарасын, ұлттық ерекшелігін сенім тұрғысынан жан­жақты талдап, суггес­тия атрибутына таным тұрғысынан мән үстейді.

Қаздауысты Қазыбек биден қалған мұралардың бір саласы – тілек баталар.

Ой­санаға, ақылға негізделген бата­тілектер адам ақыл­ойының күштілігін білдіреді, әрқайсысының беретін астар­лы мағынасы, тыңдаушыға берер әсері бар. Қаздауысты Қазыбек би батасынан бір мысал:

Өркенім өссін десең, Кекшіл болма – Кесапаты тиер еліңе. Елім өссін десең, Өршіл болма, Өскеніңді өшірерсің. Басына іс түскен пақырға Қастық қылма,Қайғысы көшер басыңа. Жанашыры жоқ жарлыға Жәрдемші бол асыға. Қиын­қыстау күндерде Өзі келер қасыңа. Бүгін сағы сынды деп, Жақыныңды басынба!Баталарды лингвистикалық фактор

деп қараған профессор Г.Смағұлова: «..тілек бата сөздерінің, әсіресе тың­даушы үшін тілдік ықпалы ерекше. Ті­лек­бата сөздері алдымен субъектіге қа ра тылып ауызша айтылатындықтан, мә тін мазмұны көпшілік қауымның құ лағына сіңіп, жадында сақталады. Ал ұзақ уақыт бойы санадан өшпей, керісінше әр тақырып, мазмұн аясында

қайталана отырып, тыңдаушының ой­сезімінде жаңғыра түсуі осы аталған сөздердің адам психикасына қатты әсер етіп, сендіруі мен иландыруынан», – деп дұрыс жазған екен. Мұн да айта кететін жайт – қазақ халқы жаратылысынан сөзге тоқтаған халық болғандықтан, сөз қадірін білгендіктен бата мен тілекті адамның болашақ жолын ашуға, көгеріп көктеуге тікелей әсер ете тін сөздің ең асылы, қасиеттісі деп біл гендігінен оның құдіретіне илан ған. «Баталы құл ары­мас, батасыз құл жарымас» деген халық нақылы да осыны меңзесе керек.

А.Машимбаева бата беру үдері сін­дегі психолингвистикалық сәттерді жақ сы баян дайды: «Бата беру әрқашан субъек тив ті тұрғыдан баяндалады, бата беру ші суггестор белсенді көрінеді. Оның өзіне тән сөйлеу мәнері, дауыс ыр ға ғы, әуен­сазы бар. Және суг геренд­тің сеніміне кіріп сөйлейді, өзін пси­хологиялық тұрғыдан еркін ұстайды, тыңдаушыны сөзге ұйытады. Сол арқылы суггеренд жан дүниесі өзіне қарата айтылған батаны қабылдайды. Автордың сипаттауынша, «Бата бе­руге қатысушы коммуниканттардың арасындағы түрлі әлеуметтік қарым­қатынас (суггестор­суггеренд) психо­ло гиялық бейнесі ашылады. Атап айт­қанда: қатысушылардың білім және мә де ниет деңгейі нақты көрініс таба­ды; әлеу меттік мәртебелері танылады; туыс қандық жағынан байланыс бола­ды; жас ерек шелігіне қарай бөлінбейді; жыны сына қарай ескеріледі. Қаздауыс­ты Қазыбек бидің бата сөздерінен бұл фак тор лардың бәрін де табамыз.

Сөз суггестиясындағы бір ықпал – ай тушының әлеуметтік­қоғамдық мәр­те бесі. Қаздауысты Қазыбек би сөзінің бір күші осында жатыр. Тарихшы Ж.Омари бидің «Қаздауысты» ата­луына орай бір жақсы айғақ келтіреді: «... қазақтың ... қалың ортасында мем­лекет пен қоғам өмірінің маңызды де­ген мәселелері бүкіл ел басшылары мен қарулы азаматтар қатысқан жиын­да шешіледі. Осы ұлы нөпір жиын­ды «Қаз» деп атайды. Оның өткізілу салты да, шешетін мәселесі де кеңес пен жүгіністен бөлек. ... Міне, осын­дай жерде би­шешеннің шеберлігі, даусының күштілігі жарысқа түседі. Бүкіл қазақтың жиынын меңгеріп кету оңай емес. Сол себептен Бұқар жы­рау Абылай ханды тоқтатқысы кел­се: «Ашуланба, Абылай, Ашулансаң, Абылай, Көтерермін, көрермін, Көтеріп қазға салармын», – дейді. Бабамыздың «Қаздауысты» атануына ең алдымен оның бүкіл қазақ қауымы жиналған ұлы дүбірлі жиындарды өзіне бағындырған шешендік қасиеті, ақылмандығы себеп. Зор дауыстың ар жағында ғажайып табиғи қасиет, өнер мен білім, ересен интеллектуалды тәрбие жатыр».

Сөз суггестиясының қазақтың ком­муни кативтік мәдениеті үшін бір ерек ­ше лігі ұлт тық дүниетанымнан, тіп ті ұлт тық әлем картинасынан бай қа ла­ды. Қа зақ халқы – ғаламды мета фора ­мен бейнелеуге, метафоралық мағы­на да қабылдауға өте бейім халық. Кәдімгі қарабайыр әлем қазаққа әсер ете қоймайды, біз қарабайыр дүние ні де метафоралап қабылдағанды жөн кө ре ­міз. Бұл метафораны әлде бір сөз дің ау­ыспалы мағынада қолда ны луы мен шек­теуге болмайды. Мәселе когни тивтік, концептуалдық метафорада. Қаздауысты Қазыбек би сөздерінің құды ретті күші де осы метафоралығында. Бі рер айғақтар келтіре кетейік:

Сен темір де, біз көмір,Еріткелі келгенбіз,Екі еліктің лағынТеліткелі келгенбіз. * * *Сен қабылан да, біз арыстан,Алысқалы келгенбіз,Жаңа үйреткен жас тұлпар,Жарысқалы келгенбіз,Тұтқыр сары желімбізЖабысқалы келгенбіз. .... * * * Қазыбек сонда жұлып алғандай:– Тісі сынса – ауыз ішінде, қолы

сынса – жең ішінде жүре беру ке­рек деген не сөз! Оның үстіндегі жал ғыз тоны жа нат емей немене? Аузындағы отыз тіс болат емей неме­не? Астындағы жалғыз ат қанат емей немене? Ханның біз бен қарыспай бітіскендігі рас болатын болса, жана­тынан айырмай, болаты нан майырмай, қанатынан қайырмай алға нын қайыру керек, қазақ қалмақтың сатып алған құлы емес. Бұл да біреудің ар дақ тап асыраған ұлы. Ерікті ұл азат бо лып қайтуы керек, – депті. Сонда Қоң тажы Қазыбек сөйлесе, аруағы асып ке тіп, аузына сөз түспейді екен:

– «Мә, жанатыңа жанатым», – деп жанат ішігін шешіп береді, «Мә, бола­тыңа болатым» деп болат семсерін бе реді: «Мә, қанатыңа қанатым» деп ас тын дағы қарақасқа тұлпарын түсіп береді.

Байқалып тұрғандай, осы ниеттерін би қара байыр сөзбен жеткізсе, мақса­тына жетер ме еді?!

Біз бұл жолы сөздің, оның ішінде Қаз дауысты Қазыбек сияқты би­шешен дердің сөзінің күші (ықпалы, әсері) сияқты суггестиялық құбы­лыс тың бірер ғана жағдайына назар аудардық. Ал мәселе өте көп, мұндай шағын еңбек ауқымына сыймайды. Бұл мәселе арнайы зерттеуді, терең де кең зерттеуді қажет етеді.

Жантас ЖАҚЫПОВ,Л.Н.Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық университеті,филология ғылымдарының

докторы, профессор

Қаздауысты Қазыбек би сөзінің күшінемесе тіл суггестиясын пайымдау

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қазақ баспасөзінің қарашаңырағы – жалпыұлттық «Егемен Қазақстан» газеті алдағы уақытта ел өңірлеріндегі, яғни облыстық, қалалық, аудандық газеттерде жарияланған маңызды мақалаларды өз бетінде жарыққа шығаруды қолға алып отыр. Жаңа жобаның жалғасы ретінде бүгін біз фило­логия ғылымдарының докторы Жантас Жақыповтың Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде жуырда жарияланған «Қаздауысты Қазыбек би сөзінің күші» атты мәйекті мақаласын оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Қ А З Д А У Ы С Т Ы Қ А З Ы Б Е К Б И Д Е Н Қ А Л Ғ А Н МҰРАЛАРДЫҢ БІР САЛАСЫ – ТІЛЕК БАТАЛАР. ОЙ-САНАҒА, АҚЫЛҒА НЕГІЗДЕЛГЕН БАТА-ТІЛЕКТЕР АДАМ АҚЫЛ-ОЙЫНЫҢ КҮШТІЛІГІН БІЛДІРЕДІ, ӘРҚАЙСЫСЫНЫҢ БЕРЕТІН АСТАРЛЫ МАҒЫНАСЫ, ТЫҢДАУШЫҒА БЕРЕР ӘСЕРІ БАР.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ,«Егемен Қазақстан»

Мемлекет 2010 жылдан бері бі лік ті кадр лармен, заманауи емдік және диагнос­тикалық құрылғылармен жабдықталған арнайы пойызды жолға шығарған еді. Былтырға дейін «Денсаулық» пойызда­ры шалғайдағы 1 052 бекетке барып, 299 мың тұрғынды, соның ішінде 70 мыңнан астам баланы дәрігерлік тексеруден өткізген. Оның сыртында 1,5 миллионға жуық диагностикалық емшара, 4 мың ша ғын амбулаториялық ота жасалып, 19 телемедициналық кеңес берілген. Сондай­ақ, ақ желеңділер адамдардың бойынан олардың өздері де білмей жүрген 394 мың дертті анықтапты.

Құрамында терапевт, стоматолог, оф­таль молог, оториноларинголог, хирург, педиатр, гинеколог, эндоскопист, кар дио­лог, невропатолог секілді мамандары бар дәрігерлік бригада онкологиялық ауру­лар ды, туберкулез, қант диабеті секіл­ді ауыр сыр қаттарды бастапқы сатыда анық тауда үлкен көмегін тигізіп жүр. Мы са лы, ар найы жаб дықталған зертхана­ларда қанның құрамындағы қант мөлшері бір неше секундта анықталады. Науқас жандар дың қан және несеп сараптамасы, биохимиялық талдау да шұғыл дайында­лады. Мұның бәрі диагнозды дәл әрі тез қою ға мүм кіндік береді.

Екі құрамға бөлінген пойыздың «Сала­мат ты Қазақстаны» биылғы 6 қарашаға дейін орталық, солтүстік, шығыс және ба тыс аймақтарды араласа, «Денсаулық» құрамы 20 желтоқсанға дейін оңтүстік және батыс аймақтарға барады.

Жолға шыққан 96 күнде «Денсаулық» пойыз дары жүзге жуық темір жол станса­сы ның тұрғындарына көмек көрсеткен. Олардың ішінде Қарағанды, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Атырау, Қызылорда жә не Павлодар облыстарынан 5193 бала бар.

Дәрігерлерге қаралғандардың жалпы саны – 192 392. Нақтырақ, айтсақ, 157 013 тұр ғын диагностикалық тексеруден өтсе, 566 азаматқа амбулатория жағдайында ота жасалған. Маммолог­мамандарға – 873 әйел, тіс дәрігерлеріне – 9949 азамат қаралған.

«Саламатты Қазақстан» медици на лық пойызы өткен аптада Шығыс Қазақстан об лы сындағы сапарын аяқ тады. Қазіргі кез де жыл жымалы құрам Павлодар өңірін, ал «Денсаулық» пойызы Қызылорда об­лысын аралап жүр, дейді «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қорының директоры Ербол Кеңгірбаев.

Денсаулыққа дем берген пойыз

–––––––––––––––––––––––––– «Саламатты Қазақстан» мен «Ден­саулық» кеңестік­диагнос тикалық пойыздарының дәрігерлік брига­далары еліміздің 28 мыңға жуық тұрғынына қызмет көрсетті.––––––––––––––––––––––––––

Бақытгүл БАБАШ,«Егемен Қазақстан»

Атырау облысындағы 36 медицина мекемесінің аға мейірбикелері менедж­мент бойынша біліктілік курсынан өтті. Оларға Ресейдің Самара мемлекеттік ме ди циналық университетінің мейіргер­лер ге білім беру институтының дирек­торы, ме дицина ғылымдарының док­торы Л.Карасева дәріс оқыды. Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Қарлығаш Садықова да тәжірибесімен бөлісіп, қазіргі медицинаның қағидалары жай­ында айтты. Еліміздегі денсаулық сақтау саласын дамыту бағдарламасы аясын­да мейіргерлер ісі қызметіне ерекше көңіл бөлініп келеді. Бүгінде орта буын медицина қызметкерлері сұранысқа ие мамандар қатарында. Оларды даярлау жүйесі де жетілдірілді. Атырау медицина колледжінің директоры Лаура Құбаева Самара мемлекеттік медициналық уни­вер ситеті мен колледж арасында ын ты­мақтастық туралы келісімге қол қойыл­ғанын айтады. Халықаралық деңгейге бағытталған мейіргер ісі қызметін дамы­ту бойынша білім ордасында нақты ша­ралар жүзеге асырыла бастады. Атырау медицина колледжі 2019 жылы Жоғары медициналық колледж болады. Соған байланысты колледж оқытушыларының біліктілігін көтеру мәселесі назар аудар­тып отыр.

– Аймақта мейірбике ісі мамандығы бо­йын ша магистр маман жоқ, – дейді облыс­тық денсаулық сақтау басқармасының бас­шысы Мәншүк Аймұрзиева. – Сондықтан өңірдегі мейірбикелер арасынан ағылшын тілін жетік білетін үш маман Польшаға тәжірибеден өтуге жіберіледі, тағы үш маманды магистратурада оқытуды жос­парлап отырмыз. Орта буын медици­на қызметкерлері бар білгендерімен шектеліп қалмай, заманға сай ізденулері, тіл үйреніп, жаңа технологияларды қолдануы керек. Ол үшін Атырау облы­сында барлық жағдай жасалған.

Аймақтағы орта буын медицина қызметкерлері үшін жаңадан ашылған «Бас мейіргерлер мектебінің» маңызы зор болмақ. Мейіргерлік көмектің жо­ғары кәсіби деңгейін қамтамасыз ету­ге бағытталған жұмыстарды жүргізетін мектеп түрлі семинарлар мен шара­лар ұйымдастыру, мамандарды басқа өңірлерге, шетелдерге тәжірибеден өтуге жіберу сынды қызметтерді де атқарады.

АТЫРАУ

Атырауда бас мейіргерлер мектебі ашылды

Page 9: E-mail: info@egemen.kz 28 ШІЛДЕ, Ж˚МА … · 2017-09-29 · құрылыс компанияларының банктер-ден алған займдары бюджет есебінен

28 ШІЛДЕ 2017 ЖЫЛ 9ТАЛБЕСІК

(Соңы. Басы 1-бетте)

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Байқағанымыз, адам өзінің сауапты ісінен ләз зат алса, кері ісінен қынжылысқа ұры на ды. Иә, жақ сы істің ауыры мен же ңі лі бі лінбейді, қайта шаршатпайтын же лі гі болады. Біз білетін Әлекең етек-же ңі кең пішілген, көнтерлі де, мінезі ауыр, сал мақ ты кісі. Ат үстіне міне қал са, екі тізесі ат тың құлағын қағар, ертедегі батырлардай алып адам. Осындай ерекшеліктерінен бо лар, Әлімбай ағамыз қуанғанын да, бір нәр сеге ренжіп, қабақ шытқанын да аса байқата қоймайды. Алайда жа қын әң гімелесудің сәті келе қалған бір кез дескенімізде: «Ауладағы жеміс аға шы мен саялы ағаштар санын 151-ге жет кіздім», деп ха-бардар етті. Қуанып тұр ған дығы жүзінен білінді: – Жаңа жерге қо ныс танған 5-6 жыл аралығында жылма-жыл 15-20 шыбықтан отырғыза бердім. Мы на жердің жоғарғы қабаты құнары жоқ ке ріш топырақ болған соң, тізеден келер қа зан шұқыр қазып, білетіндердің ақы лымен ең астына шақпа тас салсам, оның үстіне ағаш жаңқасын төктім. Сонан соң топырақтың төрттен біріндей көлеміне көң араластырамын, – дейді бағбандықты кәсіп ете бастаған Әлекең. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

ТОЛҒАНДЫРАР ТАҚЫРЫП

Жағдайың қалай, Жайығым?!Биылғы экожорық Ресей Федера­

циясының Орынбор облысына қарасты Подстепки ауылынан басталды. Батыс Қазақ стан облысының әкімі Алтай Көл­гі нов пен Орынбор облысының губер­наторы Юрий Берг бастаған байдарка­лар керуені Елек кентінің жанында ар найы да йындалған айлаққа тұмсық ті реді. Орын бор губерниясының басшы­сы Юрий Александрович – Жайық өзе­нінің қазіргі жағдайына жан ауыртып жүрген азамат екен. «Жайықты жағалай отырған елдер – орыс болсын, қазақ болсын, башқұрт болсын, татар болсын – ұлтына, дініне қарамастан ар найы «Жайық күнін» бекітейік. Сол күнді бәріміз жыл сайын атап өтіп, өзен ді қорғау, сақтау бағытында қан дай қызмет атқарғанымызға есеп бе рейік» деген ұсынысын екі ай бұ рын Орал қаласында айтып ты. Ұсы нысты орал дықтар да қол­да ған. Ен ді, міне, дәл осы Елек қа ла сын­да, Жа йық тың жа ға сында Қа зақ стан мен Ре сей Фе дерациясы мем ле кет терінің дос ты ғы белгісіндей бір ескерт кіш сал­та нат ты жағдайда ашыл ды. Ұлттық киім ки ген қазақ­орыс бүлдіршіндері шы мылдығын сыпырған бұл белгіде «Ескерткіш белгі 2017 жылы Ресей­Қазақ стан достығының белгісі ретінде «Жайық күні» бекітілу құрметіне орай орнатылды» деп жазылған екен.

Өзен – біреу, мәселе көпЖайық өзенінің Орал тауындағы бас­

тауынан қарт Каспийге құйғанға дейінгі аймақта 4 миллион халық тұра ды екен. Ендеше, бүгін бекітіліп отырған «Жайық күні» мерекесі болашақта кем де генде осы 4 млн адамның ортақ мейрамы бо­латыны сөзсіз.

– Біз көбіне өзенге жағадан ғана көз тас таймыз. Ал қайықта, өзеннің орта сын­да келе жатқанда әсер бөлек болады екен. Жайықтың тағдырына басқаша қа рай бас тай сың, өзеннің де жан ды құбы лыс еке нін түсінесің, – дейді жағаға шық қан соң Юрий Берг.

– Бір Жайықтың бойында қаншама кедергі, қаншама шешілмеген мәселе бар. Осындай кездесулер көп нәтиже береді. Мысалы, оралдықтар үшін көктемде су та су қау пі, қалған уақыт та су тапшылығы мәселесі бар. Ақыл дасып шеш сек, Ирек лі су қоймасын дұ рыс пай далансақ, өзен дегі су дең гейін бір қалыпты сақтап, та би ғи апат тың алдын алар едік, – дейді Ал тай Көлгінов.

Талай жылдан бері қағылып келе жат қан да былдың нәтижесі енді көрі не бас тады. Бүгінде екі елде де Жайық өзе­ні бас сейнінің экожүйесін қорғау мә се­лесі бойынша жұмыс тобы құ рыл ған. Ең бас ты мәселе – Жайық өзе нін дегі су дең гейін сақтау, арнасын та залау, зиянды қал дықтардан та зар ту, су пайдалану мә­се лесінде ысырапқа жол бермеу.

Орынбор ортақ іске дайынРесей Федерациясының Орынбор

губер ниясы мұнай­газ, химия, өнер кәсіп, тау­кен өндірісі ерекше да мыған өн ді­рісті өңір саналады. Орын бор қала сының өзінде 3 мыңдай кәсіп орын жұмыс істеп тұр екен. Бұл кәсіп орындардың экономикаға қосар үле сі де, табиғатқа тигізер зияны да бар екені түсінікті.

– Жайық өзенінің флорасы мен фау на­сын сақтау мәселесін ең алдымен қазақтар көтергенін мойындаймыз. Сонау 1997 жылдан бері Қазақ станда экологиялық

қозғалыс бас талды. 2002 жылдан бері оған Орын бор да қосылды. Жайық өзені бассейнінің экожүйесін қорғау – біз дің ортақ мақсатымыз. Танымал жер лесіміз Виктор Черномырдин: «Біз Жайық­тан көп нәрсе алдық, енді қарыз ды қайтарар шақ туды» деген еді осы қайық жорығына қатысқан кез де. Міне, мәселе мемлекетаралық дең гейде көтеріле бас­тады. Бұл іске көп қар жы бөлінуі ке­рек. Жайық өзе ні аңғарын сауықтыру жөнінде ар найы бағдарлама керек. Біз де қарап отырмай, жергілікті жер­де шағын ауыл дардан бастап, облыс орталығына дейін мәселелерді шеше беруіміз керек. Біз РФ Сыртқы істер ми­нистр лігі мен Экология министрлігін коа ли ция лық комиссияны құру ісін же­дел детуді сұраймыз, – деді Жайық өзені мәселелеріне арналған халықаралық тарихи­экологиялық конференцияны ашу сә тін де Орынбор облысының вице­губернаторы, ХХІ тарихи­мәдени эко­жорықты ұйымдастыру комиссиясының жетекшісі Павел Самсонов.

Осы конференцияда жыл сайын қыр­күйектің соңғы жексенбісінде «Жа йық күні» мерекесін өзен бойы ның бар лық жерінде – Ресейде де, Қазақ станда да атап өту ұсынысы көтерілді. Оралдықтар мен орынборлықтар жаңа бастаманы қолдау үшін Башқұртстан Республикасына, Челябі, Астрахань, Ақтөбе мен Атырау облыстары басшыларына үндеу жол­дады.

Бұл күні Жайық өзенінің жаға сында жатқан әр аймақ, әр өңір өзен ді қорғау, сақтау бағытында жасал ған жұмыстары жөнінде есеп бе ріп, тә жірибелерімен бөліседі деп күтілуде. Өзен жағасында пайда болған қоқыс орындарын және жағада қураған шөп­бұталарды тазалау, жаға бекіту жұмыстары, ылғал сақтау бағытында өзен жағалай көкжелек отыр­ғызу, су көздері мен бұлақтардың көзін ашу, биоресурстарды, соның ішінде балық қорын қалпына келтіру, жаға бойлап отырған өндіріс орындарына суды ластау мәселесі бойынша қатаң экологиялық мониторинг жүргізу де не­гіз гі міндеттердің қатарында.

Сонымен бірге, экожорық мүше ле­рі нің әу бастағы мақсаты – Жа йық өзе ­ні аңға рында, Каспий су бас сейнінде тұрақ ты қызмет ететін мем ле кетаралық мониторинг жүйесін құру керек. Жайық өзені тұрақты қам қор лықты қажет етеді, – дейді Юрий Берг.

– 2017 жыл – Ресей Федерациясы Прези дентінің Жарлығы бойынша Эколо гия жылы болып бекітілді. Эколо­гиялық мәсе лелердің көбі Ресей мен Қазақ стан ға ортақ. Соның бірі – су мә­селесі. Су – ұлт тық қа уіпсіздік. Жайық өзенінің эко жүйесін қорғау мәселесімен Кеңес кезінен бері атсалысып келемін, Жайық өзенінің тағы бір қайталанбас келбеті – қызыл ба лықтың табиғи өсіп­өнетін жалғыз су қоймасы. Жайық өзенін қорғау мәсе лесін созбалауға болмайды. Орал дықтар бастаған экспедиция ал­ды на қой ған алғашқы мақ сатына жетті, Жайық мәсе лесі қо ғам дық қозға лыс ту­дырды. Орын борда Валериан Правдухин оқулары өте тін болды, жазу шының туған жері Та налық ауылы нда ескерткіш белгі қойылды, Қазақстанда тұрған жері – Каленый ауылында мемориалдық тақ та қо йылды. Сондықтан бұл бас­та ма ны ұйымдастырушыларға, жо­рық мүшелеріне көп алғыс айтамын. Мем лекеттік Дума деңгейінде мем­лекетаралық комиссия құрамына мүше қосу туралы мәселе көтерілді, біз өз

ұсы ныстарымызды бердік. Бізге Жайық өзе ні бас сейнін қорғау жөнінде тәуелсіз ко миссия керек. Трансшекаралық Жа­йық өзе нінің экожүйесін бірлесе қимыл­дағанда ғана қорғай аламыз, – дейді РФ мемлекеттік Думасының депутаты Юрий Мещеряков.

Ғалымдар не дейді?– Жайық, Ертіс, Сырдария секіл ді

трансшекаралық өзендер мәсе лесі Қазақ ­стан үшін соңғы 20 жыл бойына өте өзекті болып тұр, – дей ді М.Өте місов атын дағы БҚМУ жанын дағы Экология және биогео­химия ғылы ми зерт ха насы ның жетекшісі Зарипа Қонашева.

Жайық өзенінің мәселесі әрдайым оралдық мамандар назарында. Жайық өзе­ні мен оның салаларындағы эколо гия лық ахуалды зерттеу мәселесі 1992 жыл дан бері Қазақстан Респуб ликасы Ғылым академи­ясы су­био ло гия лық бас қар масы Жайық бөлім шесінің басшысы, профессор Роберт Құрманғалиев пен Виктор Киян скийдің басшылығымен жүйе лі жүріп келеді. Гидрологтар, биолог тар, ихтиологтар, экологтар, хи мик тер тара пынан жасалған ғылыми­зерт теу жұмыс тары бар. Батыс Қазақстан об лыс тық эколо гия де партаменті транс ше каралық Жа йық, Шаған, Деркөл, Елек, Сарыөзен мен Қараөзен өзен дерінің санитарлық жағдайын қадағалап отырады.

Соңғы 3 жылдағы мониторинг нәти­же сіне қарағанда Батыс Қазақстан облысы ау мағында Жайық өзеніне тұрмыстық қал­дық су құйылмайды. Кешенді зертха налық бақылау жүргізу үшін облыс аумағында Жайық суынан 5 жерден сынама алынады. Олар – Январцев, Орал қала сынан жоғары, Оралдан төмен, Кө шім және Тайпақ ауылдарының тұсы. 2015 жы лы жүргізілген зертхана нәтижесі бо йынша Жайықта оттегін биологиялық пай далану (БПК) көрсеткіші – рұқсат етіл ген қалыпты норма­дан 1,3% жоғары, амо ний тұздары – 0,31%, темір – 0,63% жо ғары бол ған. Дегенмен, жыл өткен сайын суда ғы мұнай өнімдерінің концентрациясы, хлоридтер азайғаны байқалады. Оттегі режімі қалыпты.

– Соңғы 3 жыл бойынша Жайық өзеніндегі су ластануының кешенді

индексі 0,74­2,5 аралығында, бұл ластанудың төменгі дәрежесін көр­сетеді. Ең соңғы сынама нәтиже лері бойынша Жайықта маусым айын да су құрамындағы темір рұқсат етіл ген шекті мөлшерден 1,9% жоғары, нитрит 1,1% жоғары болды, – дейді Зари па Хайроллақызы.

Батыс Қазақстан мемлекеттік уни вер ­ситеті биолог, ботаник, зоолог ғалым­дарының зерттеуі көрсет ке ніндей, Жайық өзенінің суын тұр мыстық­өндірістік мақсатқа қол да ну шылар су қорын тиімді пай далануды ойлай бермейді. Соның салдарынан Жайық өзенінің аңғарында көптеген ағаш пен өсімдік түрі жой­ылып барады. Топырақ қабаты, жан­уарлар әлемі сұйы лып кеткен. Жайық бойындағы емен тоғайының 50­70 пайы­зы жоғал ды, бұталар жамылғысынан до­лана, қарақат жойылып кеткен. Шөптің 50 түрі жойылған. Топырақ қабаты да тұзданып барады. Осыдан 15­20 жыл бұрын Жайық өзенінің аңғарында 200­дей өзен­көл болатын. Бұл су қоймалары Жайық өзенінің көктемгі тасуы кезінде сумен толығып отыратын. Ал қазір су Жайықтың өзінде тапшы. Әлгі өзен­көлдер кеуіп жатыр. Мұн дай шағын су қоймалары қыста бауырлап қатып қалатын бол ды, ал Жайықтың өзінде балық үшін азық қо ры мүлдем жоқ десе де бола ды. Осылайша, Жайықтан балық та құрып барады. Экожүйе әр аймақ тың ерекшеліктеріне байланысты қор ғалуы тиіс. Су қорын ақылмен пайдалану, әлеуетін арттыру керек. Бұл іске же ке сектор мен азаматтық қоғамды тарту керек.

– Су проблемаларын шешу үшін мем лекетаралық бірыңғай бағдар лама, ортақ мониторинг керек. Өзен бас­сейнінде сирек кездесетін тір ші лік иелері мен өсімдіктерді қорғау, Жайық өзенін қорғауда халықаралық әріптестік, Жайық өзе ні нің эко жүйе сін сақтау бойынша зерттеу нәтиже лерін жариялап отыру, су мәдениетін қалыптастыру қажет, – дейді Зарипа Қонашева.

– Жайық – біздің барлық жетісті­гіміздің өзегі, ұстыны. Адам – та би ғат ­тың бөлшегі, бірақ адамзат табиғат тың

эволюциясын бұзбауы керек. Жа йық өзенінің өзіндік ерекшелігі бар. Жайық суы қорының 80 пайызы көк темгі су тасыған кезінде өтеді. Зерт теулерге қарасақ, соңғы 70 жылда жауын­шашын мөлшері еш өзгермеген екен, – дейді Ресей Ғылым академиясы Орал бөлімі Орынбор ғылыми орталығының гео­экология бө лі мі мең герушісі, география ғы лымдарының докторы Юрий Нес­теренко.

Ғалымдар соңғы жылдары өңірде ауа температурасы көтеріліп келе жат­қа нына алаң дап отыр. Бассейн ау ма­ғында шаруашылық қызметі де жыл дан жылға көбейіп келеді. Су пайда лану мә селесіне ғылыми есеп ке рек. Юрий Нестеренконың айтуынша, Орынбор об­лысында адам қолы тимеген, өзгермеген мүйіс жоқ. Әрине, қазір шаруашылық мақсатқа пайдаланылып отырған жерді игермей бос қою мүмкін емес, сондықтан ауыл шаруашылығы мақсатындағы алқаптардың өнімділігін арттыру қа жет.

– Жайық өзенінің су қорын көк тем де тасытпай, су қоймаларында сақтап, жаз бойына шектеп жіберу, қат ты тасытпау керек, бірқалыпты болуы керек, – дейді ресейлік ғалым.

«Жайық – жай өзен ғана емес, үл кен экожүйе. 21 жыл бойына мәселе кө теріп, бүгінде біздің қол жеткен нә тижеміз – мемлекетаралық ке лісімге қол қойылуы. Осы жылдары біздің қайық жорығында экспедиция құрамында еліміздің Пар­ламенті Сенаты мен Мәжілісі депутат­тары, Алматы қаласы мәслихаты депу­таты, саясатшылар, ғалымдар, белсенді азаматтар қосылды. Жайықтың тағды­ры – халықтың тағыры!» – дейді Қа­зақ с тан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық­демографиялық саясат жөніндегі Ұлт тық комиссия төрайымының орынбасары Елена Тарасенко.

ОРАЛ – ЕЛЕК – ОРАЛ

Суретті түсірген автор

«Жақсыны көрмек үшін» деп жуыр­да Әлімбай Шерубаевтың ауласын ба рып көру ге де жол түсті. Расында атшапты рым дай кең аула жеміс ағашы мен сая лы ағашқа толы екен. Кіреберіс маңда жа пы рағы жайқалған көктал қою кө лең кесімен бүр кеп, ша­тырлы үйге ыстықты жібермей тұрса, онан бері жағалай біздің өңірге енді жерсіне бастаған оншақты туя ағашы ауланың сәнін кір гізіп тұр.

– Ал мына ағаш – әсем тал деп ай­тылады екен, ер те көктемде әдемі гүл шығарады да, сонан соң ба йыз таба­ды. Пілдің құлағындай үлкен жапы­рақ тарын көрдің бе, ауаны желпіп, тазалап тұ рады, – дейді бағбандыққа мойын бұрған отағасы.

Өзіміз мекен ететін Сыр өңірі расын да шөлейт және жартылай шөлейт ай мақ екен дігін жа сыра ал­маймыз ғой, кү ні нің көзі өткір, шаң суыратын же лі де оқтын­оқтын бар екендігін білдіріп қояды. Сон дықтан

да әр үй иесі нің өз ауласына түрлі жеміс пен сая лы ағаш тар егуі өте қажеттілік деп тү сінген жөн. Аста­на қаласының маңына қан ша ма гек­тар жерге түрлі ағаштар отырғызуға пәрмен бе ріп, жасыл белдеу орнат­қызған Президентіміздің игі ісі елге қаншама шарапат шашып тұр емес пе?! Уа қыты қанша тығыз болса да, оны назарынан тыс қал дырмаған Елба сы әр өңірдің өсіп өркендеуі жалпы ел дің көркеюіне апаратынын әр жиында қадап айтып, атқарушы орындарға тапсырып, елге үлг і көрсетумен келеді. Міне, осы орай да бүгінгі кейіпкеріміздің ісіне сүйсініс білдіреміз. Енді шамалы уақыт та жетпіс жастың жалына қол артатын ауылшаруашылық саласының ардагері Әлімбай Шерубаев зейнеткерлікке шықтым деп , төрд ің төбес інде шалжиып жатуды әдет қылмаған адам. Таңғы сағат 6­дан орнына тұрады да, бау­бақша сы ның күтіміне

кіріседі. Сонау 9­ға дейін ты ным жоқ, ертеңгілік шәйланып ал ған соң, тағы да кетпен­күрегін алып, қалыпты шаруасына кіріседі. «Жаңа өзің ара­лап көрген ауладағы 151 ағаш пен 33 атыз жоңышқаны бірсыпыра суару үшін 11 күн уақытым кетеді. Сонда айына үш реттен суарады екенмін. Оның арасында отақ шабу, жетіл ген жоңышқаны орып жинау секіл ді ша­руаларым бастан асады, – дейді ол шат тана сөйлеп. Міне, сөз ба сын да адам құмартқан ісі қанша ауыр, қиын болса да ләззат алады екен деп жат­қандығымыз сондықтан еді.

Әле кеңнің ауласында әлгінде

өзіміз тілге тиек ет кен ағаш түрлеріне тағы айналып со ғар болсақ, 20 түп жүзім биыл алғашқы жемістің ны­шанын көрсетті. Алма ның саны – 24, шабдалы – 2, өрік 8 түп бол са, мұнан өзге оншақты түп шие талы бар. Айтпақшы, ауланың сыртқы қа ба тын­дағы 14 түп көкжиденің иісі бұр қы рап, айна ланы көріктендіріп тұр ғаны бар. Батыр тұлғалы ағамыздың жеңгемізге деген құрметі де ерекше екен: «Мы на гүлдерді Сәу ле жеңгең ек кен, мы на қияр мен қызанақ та сол кі сі нің ең­бегі», деп қояды. Тағы бір атызда қы ­зыл ша қаптап тұр екен, оны да жеңге­міздің қыз метіне жатқызды Әлекең.

Жаңақорғандықтар жақсы біледі кезінде Әлім бай Шерубаев совхозға бас шылық жасаған ең жас ди рек­тордың бірі бол ды. Небәрі 32 жасын­да қиыр шет тегі Қара төбе ауы лына, КПСС­тің ХХІV съезі атын дағы сов­хоз ға директор бо лып та ға йын далды. Жанына білікті ма ман дар аг роном Асан Нақышпанов, гидро техник Әбжап пар Құдайбергенов, мал шаруа­шылығының бри гадирі Құлмағанбет Исаханов сынды жастарды топ тас­тырған директор кеңшарды 1994 жылы 1 млн 200 мың теңге пайдаға шығарды. Онан кейін гі уақыттарда Қыркеңсе ауылында ауыл әкімі, Ке­лін төбе кооперативінің төрағасы, аудандық жер бө лі мінде бас маман қызметтерін атқарған ол 2014 жылы зейнеткерлікке шықты. Сонан бері бау­бақшаның бағбандығымен шұ­ғыл данып жүр. Айтпақшы, аудан орталы ғына орныққан соңғы оншақты жыл көлемінде жас кезіндегі өзі сүйетін волейбол спортына ден қойды. Аудандық ардагерлер командасының белді мүшесі. Жаз айында Алматыға арқалы ақынымыз Олжас Сүлейменов атындағы турнирге қаты сып, өзімен де жүздесіп қайтты.

Иә, өмірді мәнді де, мағыналы өт­кізу әр адам ның өз қо лында. Соның жарқын үл гі сін жаңа қор ған дық Әлім­бай Шеру баевтың өмір жолынан бай­қар едік.

Нұрмахан ЕЛТАЙ

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы

Әсем тал және жүз жеміс ағашы

Page 10: E-mail: info@egemen.kz 28 ШІЛДЕ, Ж˚МА … · 2017-09-29 · құрылыс компанияларының банктер-ден алған займдары бюджет есебінен

10 28 ШІЛДЕ 2017 ЖЫЛ

CӨЗ СОЙЫЛӘЗІЛ-ОСПАҚ, СЫН-СЫҚАҚ

БІРДЕ...

Мүйісті жүргізетін Берік САДЫР

Көңілденіп отырып та көңіл айтатындар табылады.

***Ойыңдағыны тігіп біткенде оймаққа да риза боласың.

Қабырғаңды қақыратқан – омыртқаңның опырылғанына

қарамайды..***

Аюға аудармашы болған түлкімен түсінісе алмайды.

Аспан аласа болса, талайлар

таңбасын басар еді.***

Ойнампазға от жақын.

Қулығын қолтықтағандар сұмдығын да жетектеп

жүреді.

Жүніс ҚОҚЫШҰЛЫАлматы облысы

«Назипаев боламын»Ермахан кезекті демалысын алып

елге барады. «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал тұрып сәлем беріпті» демекші, Ерекеңнің бүкіл туған-туыстары қарашаңыраққа келіп, бас қосады. Әзіл айтпаса бойына ас батпайтын Ерекең айналасына көзін қысып қойып:

– Апа, – дейді, – мен тегімді өзгертейін деп жатырмын.

– Қартайғанда тегіңді өзгертіп не көрінді, балам? – дейді апасы таңырқап.

– Есіңізде ме, әкем марқұм өзіне тартқан пысық балалары – Қалдыгүл, Рахымжан, Нұрмахан, Бибігүл, Расулханды өзіне теліп, «Айтмахан, Ермахан, Айгүл – Назипаның бала-лары. Олар аңқау, өгіз туды десең сенеді» деп бізді екінші сортқа қосушы еді ғой. Сол есіме түсіп тегімді сіздің атыңызбен «Назипаев» деп өзгертуге бел будым, – дейді.

Ерекеңді Айтмахан мен Айгүл де қостап, олар да тегін ауыстыратын болып шешеді. Сөйтіп бәрі бір күлісіп алады.

Арада біраз уақыт өткен соң, Алматыда жүрген Ермаханға апа-қарындастары Бибігүл мен Айгүл қоңырау шалып:

– Ермахан, бүгін үйде бүкіл Әбдіраман әулеті бас қосып отыр. Солардың ішінде «Назипаев боламыз» дегендер де бар. Оларды қабылдау үшін не істейміз? – дейді әзілдеп. Сонда Ермахан:

– Олай болса, жеке куәлігі мен СИК, РНН, оң жақтағы және сол жақтағы екі көршісінен мінездеме өткізсін, – деген екен.

«Қай детдомға өткіземіз?»

Төреғали Тәшенов – «Айқын» газетінің тілшісі, белгілі журналист. Заман құрдас болған соң Ермахан Төкеңмен жиі-жиі әзілдесіп жүреді

екен. Бірде Төреғалидың сексеннің сеңгіріне шыққан анасы қайтыс болады. Әкесі ертеректе дүние салса керек. Төкең еліне барып анасын ақтық сапарға шығарып салып келеді. Редакция ұжымы Төкеңе көңіл айтпақ болып есік алдында жиналып тұрады. Сонда Ермахан құр қарап тұрмай:

– Төкеңнің әкесі ертеректе қайтыс болыпты. Енді міне, анасынан айрыл-ды. Енді оны қай детдомға өткіземіз? – деген екен.

Ермахан мен Нұрмахан

« Л и т е р M e d i a » Ж Ш С - н і ң қарамағындағы «Айқын» және «Литер» газеттері бір жылдары жаңа жылдан бастап «Нұр-Медиа» ЖШС-нің құрамына кіреді. Дәл сол кезде «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп Астанада іссапармен жүрсе керек. Бұл жаңалықты ол елордада жүріп естиді. Ертесіне жұмысқа келіп бөлмесінде отырса, оған сәлем бермек болып басылымның сол кездегі жауапты хатшысы Ермахан Шайхыұлы келеді. Амандық-саулықтан соң Нұрекең:

– Иә, Ермахан, не жаңалық бар? – деп сұрайды.

Сонда ол:– Сіз Астанаға кетіп бара жатқанда

Ермахан ед ік , енд і Нұрмахан болдық, – деген екен газеттің «Нұр-Медианың» қарамағына енгенін меңзеп.

Бану ШАЛОВА

АЛМАТЫ

Пара берсең, қайран-ай, Тұра қашам, ой, тоба! Алып қойсам байқамай, Тыраң асам, ой, тоба! Көрдіңдер ме көкеңнің Ұяты бар, ой, тоба! Әкім бол деп жалынса, Жоламаймын, ой, тоба! Жалынғанды оллаһи Қаламаймын, ой, тоба! Көрдіңдер ме көкеңнің Адалдығын, ой, тоба! Әйеліме өтірік Айтпаған ем, ой, тоба! Үйіме бір кешігіп, Қайтпаған ем, ой, тоба! Көрдіңдер ме көкеңнің Әділдігін, ой, тоба! Ішімдікті аузыма Ап көрмегем, ой, тоба! Ішіп алып біреуге Тап бермегем ой, тоба! Көрдіңдер ме көкеңнің Адалдығын, ой, тоба! Соғым сойып жатса да Ет жемеймін, ой, тоба! Ет жеп жатқан ауылға Беттемеймін, ой, тоба! Көрдіңдер ме көкеңнің Тазалығын, ой, тоба! Ру, жүзге, тайпаға

Бөлмегенмін, ой, тоба! Бөлініп жүр дегенді Көрмегенмін, ой, тоба! Көрдіңдер ме көкеңнің Аңқаулығын, ой, тоба! Бір ай істеп екі айлық Алып жүрмін, ой, тоба! Мол-мол теңге банкке Салып жүрмін, ой, тоба! Көрдіңдер ме көкеңде Нағыз байлық, ой, тоба! Қыз біткенге тесіліп, Қарамаймын, ой, тоба! Шаш қойғызып шашымды Тарамаймын, ой, тоба! Көрдіңдер ме көкеңнің Ұқыптысын, ой, тоба! Ақша сұрап келсеңдер Қарыз берем, ой, тоба! Ақша орнына кей-кейде Сағыз берем, ой, тоба! Көрдіңдер ме көкеңнің Жомарттығын, ой, тоба! Ананы айт та мынаны айт, Мен сондаймын, ой, тоба! Сондай десе өкпелеп, Торсаңдаймын, ой, тоба! Көрдіңдер ме көкеңді Осылаймын, ой, тоба!

Толымбек ӘЛІМБЕКҰЛЫ

Өскемен қаласында тұратын Ахмет-қалиев Қадылбек деген ағамыздың айт-қандарының да бір кітапқа жүк боларына дау жоқ.

Осы жақында ауылдас бір азамат шетелдік көлігіне ауыл молдасын, Қадыл-бек пен мені отырғызып, үлкен қорымда жатқан әкесінің басына құран оқытуға алып барды. Молда марқұмға құран бағыш тап болған соң, үшеуіміз мәшинедегі орны-мызға жайғастық. Ал анау болса қалта теле-фо нын құлағына қойған қалпы әлде кім ге айқайлап, бірқауым уақыт тұрып алды.

– Кіммен сөйлесіп жатыр? – дедім мен шыдамым таусылып.

– О дүниедегі әкесімен, – деді сонда Қадылбек. – Әлгі дұға жетті ме, жеткен жоқ па, соны біліп жатыр...

***Қадылбектің қисық-қыңыр сөздеріне

біздің етіміз үйренген. Ал кейбір адам-дардың сол сөздің астарын ұғына алмай, жаңылып жататындары рас.

Кәкең бірде Абай атамыздың ескерт-кіші жанында әлдекімді күтіп тұрса телефоны шыр ете қалады. Көтерсе, іссапарға кеткен Қайрат деген досы екен. «Оу, қай жерде жүрсің?» – десе, анау:

– Мен Ақтаудамын, Каспийдің суына

аяғымды малып қойып, демалып отырмын, – деп нығызданады. – Өзің қайдасың?!

– Мен бір шаруамен көшеге шығып едім, Абай екеуіміз зерігіп әкімияттың алдында тұрмыз...

– Қай Абай? – деп елең ете қалады Қайрат, – Күршімдікі ме?

– Жоқ, – деп әңгімені соза түседі Қадылбек. – Жидебайдікі.

– Бізбен бірге істеп пе еді, милицияда? – деп тақымдайды анау.

– Жо-жоқ, ол кісі милицияда істеген жоқ.

– Фамилиясы кім?– Апыр-ау, сен Абайды білмейсің бе? –

дейді Қадылбек, – фамилиясы Құнанбаев!– Ой, жынды неме, бағанадан бері

солай демейсің бе? – деп сонда досы қарқылдап күліп жіберген екен.

Хасен ЗАКАРИЯ

ШығысҚазақстан облысы

Бірде Қожаның әкесі үйіне май-ын тамызып қуырылған үш балық әкеліпті. Сол мезгілде Қожа үйде жоқ екен, шешесі:

– Қожа келмей тұрғанда жеп қойсақ тәуір болар еді. Ол жүгірмек мазамызды алып, балықты жегізбес, – дейді.

Дәл осы кезде Қожаның келе жатқаны білінеді де, шешесі тез арада екі үлкен балықты сәкінің астына жасыра қояды.

Ал Қожанасыр бала мұның бәрін тесіктен сығалап тұрып көріп алған екен. Ол үйге кіріп жайғасып отырады.

Әкесі:– Сен пайғамбар Жүніс тура-

лы әңгімені естіп пе едің? – дейді Қожаға.

– Мен оны балықтан сұрап көрейін, – депті де Қожа алдында жатқан кішкене балықтың аузы-на құлағын тосып тұрып:

– Бұл балық: «Жүністің за-манында өте кішкентай болған едім, пайғамбардың хикаясын сәкінің астында жатқан екі үлкен балықтан сұра деді» деген екен.

***Қожа мектепте оқып жүргенде

мұғалім балаларға табиғат, тіршілік, жыл мезгілдері, күн мен түннің ауысуы туралы жиі айтады екен. Бір сабақта:

– Міне, қазір көктем. Күн ұзарып, түн қысқарып келеді. Енді бір айдан соң, яғни жаз кезінде күн бір сағатқа ұзарады, – дейді ол.

Содан бір ай өткенде сабақта тағы жыл мезгілдері туралы әңгіме болады да, мұғалім Әпендіден:

– Ал Қожанасыр, сен айтшы, бір тәулікте қанша сағат бар?– деп сұрайды.

– Басқа мезгілдерде жиырма төрт сағат, ал жаз кезінде жи-ырма бес сағат бар, – депті сонда Қожанасыр.

***– Қайсың үлкенсіңдер? – деп

сұрапты Әпендіден, – сен бе, әлде бауырың ба?

– Ө т к е н ж ы л ы а н а м бауырымның менен бір жас үлкендігін айтқан болатын, енді міне, бір жыл өтті ғой, біз құрдаспыз, – депті Әпенді.

***Мектепте жүрген кезінде

Әпенді мұғалімге неше түрлі қыршаңқы сұрақтар қоя беріпті. Мұғалім көп сұрағына жауап тап-пай қиналады.

– Білгішсініп босқа мақтана берме, – деп ашуланады мұғалім, – өте ақылды болып көрінген балалар өскен соң көбінесе маубас болып қалады.

– Сонда сіз, құрметті мұғалім, бала кезіңізде өте ақылды болған екенсіз ғой, – депті сонда Қожа.

Өнердегі өкірең оқиға

– Мына ақын арынды екен.

Қарашы, өлеңді арқа ланып оқиды. – Қайдам, ол өлеңінің нашарлығын білдірмес үшін айқайлай береді.

***Екеуара әңгіме: – Са ған Бернард

Шоу ұнай ма? – Ол қай телеарнадан жүреді?

***Мұражайда:

– Сіз не істеп отырсыз, бұл Шыңғыс­ханның ұлы Тему чин нің тағы ғой. – Не болды сізге ашуланып, иесі келсе орнын босатып бере міз ғой. Аяғым талып кетіп, кішкене демалып алай­ын деп едім...

***Журналист танымал әнші мен

сұхбаттасып тұр: – Сай лау ға барып, дауыс бердіңіз бе?– Жақын да жеке концерт бермекші

едім, даусымды соған сақтап жүрмін...

АЙТАсалдым

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Ермахан Шайхыұлы – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Сөз сойылдың» Балғабек Қыдырбекұлы атындағы «Алтын қалам» сыйлығының лауреаты. «Айқын» газетіндегі «Жатыпатар» және «5 жатақхана» атты сатиралық беттердің редакторы. Оның әріптестер мен құрбы-құрдастар, туған-туыстар арасында айтқан әзіл-қалжыңдары біраз. Солардың кейбірін оқып көріңіздер.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Пара берсең, қайран-ай...(«Ой, тоба!» әнінің әуенімен)

Мешеу ел мешелін демақтайды.

***Қылмыңдаған қызға

жылмаңдаған жігіт жарасады.

АУЫЛДЫҢ АЙТҚЫШТАРЫ

ҚОЖАНАСЫР ХИКАЯЛАРЫ

СУРЕ

ТШІ К

ӨЗІМ

ЕН...

Әлеуметтік желіден алынды

«Көк қағаздың» құдыреті

КӨҢІЛАШАР

«Егеменде» шыққан мақала ықпалын тигізді

Көкпар ұлттық спорт ойынында сер кені қарсыластарынан жеңіп алып, өз жағын-дағы ұяға апарып салуды «салым» деп атайды. Жеңіс сол салым санына қарай анықталады. Көкпар салды деп те аталады. Біз өзіміз құрған педагогикалық қоғамдық кеңесімізге «Ойсалым» деген әдемі ат қойдық. Мақсатымыз – бүгінгі қоғамда үлкен проблемаға айналған жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру ісіне сүбелі үлес қосып, ойдан салмақты салым салу.

Бүгінгі педагогика неге аяғынан ақсап жатыр? Білім беру саласындағы реформалар неге дұрыс жүзеге аспай жатыр? Әлде бізде педагогика ғылымы соншалықты артта қалып қойған ба? Бұл ғылымның мүйізі қарағайдай дерлік докторлары мен академик қайраткерлері қайда? Бар болса, олар қайда қарап жүр? Міне, елдің қояр сұрақтары осындай.

Зерттеп зерделей келгенде бізде олар-дың бәрі бар екен. Докторға бергісіз озат ұстаз мұғалімдеріміз де жеткілікті. Бірақ бәрі бытырап, әрқайсысы бөлек-бөлек күн кешіп жүр. Бастары бірікпейді, бірі гейін десе біріктіретін құрылым жоқ. Атал-ған «Ойсалым» педагогикалық қоғам-дық кеңесі міне, сол біріге алмай жүр-гендерді біріктіріп, олардың білім мен тәр-бие берудегі тың идеялары мен көтерген бас тама, жаңалықтарына уақытында қолдау көрсетіп, тиісті құзырлы орындарға ұсынып, орындалуын қоғам атынан сұрап, талап етіп отыратын жаңа құрылым.

Қандай да идея болсын бір себептен бастау алады. Осынау «Ойсалым» кеңесі-нің дүниеге келуіне себеп болған Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының президенті, академик, Мемлекеттік сый-лықтың лауреаты, белгілі ғалым Асқарбек Құсайыновтың аға басылым «Егемен Қазақстан» газетіне (18.04.2017ж.) берген «Орта білімнің іргетасы» атты сұхбаты дер едік. Ол көбіміздің көзімізді ашқан аса құнды материал болды. Білім реформалары неге шабандап дұрыс жүрмей жатыр десек, бізде олардың бүгінге дейін жасал-ған ғылыми негізі жоқ екен. Яғни оның іргетасы жоқ деген сөз. Ал жұрт білмес-тікпен жиі ауысатын министрлерді сынап жатады. Шынына келсек, іргетасы дұрыс қаланбаған, ғылыми негізі жөнді жасалмаған реформаны жаңа министр қалай жүргізбек?!

А.Құсайынов бүкіл дүние жүзі мемле кеттерінің білім беру жүйесін зерттеп, олардың озық әдіс-тәжірибелерін аталмыш сұхбатында саралап берген. Соларды қорыта келіп, «Орта білім беру жүйесіндегі дағдарыс: шығу жолдары» атты кітапшасында реформалардың ғылыми негізін жасаған. Міне, бұл үлкен ғылыми жаңалық екені айқын. Біз де оған «Білім негізін қайтсек дұрыс қалаймыз?» (17.05.2017ж.) деп, үн қос тық. Бастауыш, орта мектептерде және жоғары оқу орын-дарында ұстаздық еткен 23 жылдық педа гогикалық тәжірибемізге сүйене отырып, өз ой-түйін, тұжырымдарымызды ортаға салдық. Соңында аталмыш акаде-миямен бірлесіп, қоғамдық кеңес құру жөнінде ой тастап, ұсыныс енгіздік. Сөйтіп, аға газет арқылы ортақ пікір қалыптасып, А.Құсайынов басқаратын Педагогикалық ғылымдар академиясының жанынан осынау «Ойсалым» қоғамдық кеңесі құрылды.Академия президиумы мәжілісінің 2017 жылғы 1 маусым күнгі шешімімен мені осы кеңестің төрағасы етіп тағайындады. Ал 30 маусым күні аталмыш кеңестің алғашқы мүшелерімен алғашқы құрылым мәжілісін өткіздік. Оның басты мақсаты мен атқаратын мін-дет терін айтып бердік.

Атап айтқанда, «Ойсалым» кеңесі – оқу мен тәрбие және ұлт болашағы жастар тағдыры үшін білімі мен ақыл-ойларын, жігер-қайратын аямай жұмсап жүрген озық ойлы мұраттас мектеп мұғалімдері мен жоғары оқу орындарының оқытушыларын және осы саланың ғалымдары мен басқа да мүдделі қоғам қайраткерлерін топтастырады. «Ойсалым» кеңесінің жұмысы қоғамдық ұйымдармен, мемлекеттік органдармен ақылдастық, кеңесшілік негізде жүргізіледі. Кеңес қай уақытта да үкіметпен тіл табысып, өзінің игі мақсаттағы істерін жүзеге асыруға, салиқалы ой-идея, бастамаларын байып-пен дәлелдеп өткізуге, сол арқылы Үкімет-тен қолдау табуға күш салады. Баспасөз беттерінде көтерілген педагогикалық мәселелер мен жұртшылық пікірлеріне сараптау жасап, социологиялық зерттеулер жүргізеді. Білім берудегі жаңашылдардың бастамалары мен жобаларына қолдау көрсетіп, жүзеге асырылуына күш салады; автормен бірге күресіп, бастаманың тиісті жоғары орындарда қаралуына ықпал етеді. Педагогикадағы отандық және әлемдік озық идеялар қорын құрып жинақтайды. Сол идеялар негізінде баспасөзде көкейтесті мәселелер бойынша пікір айтыстар ұйым-дастырады. Қазақ халқының жаһандану атты алып айдаһардың шеңгелінде кетпей, тәрбиелік ұлттық құндылықтардың сақталуы үшін де күреседі. Міне, басты міндеттер осындай.

Осындай қоғамдық кеңес құру көптен бергі асыл арманымыз еді. Бірер рет бастап көргенбіз де. Бірақ қолдаушымыз, тізе қосы сып, бірге жұмыс жасайтын беделді одақта сымыз болмады. Жылдар бойы баспа сөз беттерінде менің де, басқа да жаңа шыл ұстаздардың көтерген баста-малары қолдау таппақ түгіл оқыл май қалып жатты. Ақыры, «Егемен Қазақстан» газетін де жарияланған мақала өз ықпа-лын тигізіп, ойымыз жүзеге асты. Кеңесте қаралатын мәселе, атқарылатын істер орасан көп.

Жұма-Назар СОМЖҮРЕК, «Ойсалым» қоғамдық кеңесінің

төрағасы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі

ЖАЗЫЛҒАН ЖАЙДЫҢ ЖАЛҒАСЫ

Page 11: E-mail: info@egemen.kz 28 ШІЛДЕ, Ж˚МА … · 2017-09-29 · құрылыс компанияларының банктер-ден алған займдары бюджет есебінен

28 ШІЛДЕ 2017 ЖЫЛ 11

Егер сіз «Егемен Қазақстан»

газетіне жарнама бергіңіз келсе,

мына телефондарға хабарласыңыз:

Астана 37-64-48, 37-60-49.

Электронды пошта: [email protected]

Алматы 273-74-39, ф. 341-08-11.

Электронды пошта: [email protected]

ЖАРНАМА

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі ҚазақКСР еңбек сіңірген әртісі, Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театрының актрисасы

Роза Владимировна ЛИМНІҢқайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туыстарына және жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

«Астана» Халықаралық қаржы орталығының басшылығы мен ұжымы Марат Дүйсенбекұлы Әйтеновке анасы

Алтынкүл Дайрабайқызы ТЛЕУБЕРГЕНОВАНЫҢдүниеден өтуіне байланысты оның туған-туыстарына ауыр қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа, иманды болсын.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) «Егемен Қазақстан» газетінің 06.02.2013 ж. №61 санында (28000), 19.06.2015 ж. №114 санында (28592), 06.04.2016 ж. №64 санында (28792), 19.05.2016 ж. №94 са-нында (28822), 25.06.2016 ж. №121 санында (28849), 18.10.2016ж. №199 санында (28927), 02.06.2017 ж. №104 санында (29085) және «Казахстанская Правда» газетінің 06.02.2013 ж. №44-45 санында (27318-27319), 19.06.2015 ж. №114 санында (27990), 06.04.2016 ж. №64 санында (28190), 19.05.2016 ж. №94 санында (28220), 25.06.2016 ж. №121 санында (28247), 18.10.2016 ж. №199 санында (28325), 02.06.2017 ж. №104 санында (28483) мемлекеттік және орыс тілінде жарияланған, сондай-ақ интернет желісіндегі Банктің: www.halykbank.kz веб-сайтында орналастырылған Үлгілік банктік заем шартының (бұдан әрі – Үлгілік шарт) талапта-рына мынадай өзгерістер енгізілгені туралы хабарлайды:

1.17 - тармақ мынадай редакцияда берілсін: «1.17. Заем бойынша сұрақтар туындаған

жағдайда, Заемшы түсіндірмелер үшін: Банктің ______________________________________________ пошталық мекенжайы бойынша; Банктің __________________________ электрондық ме-кенжайы бойынша; Банктің www.halykbank.kz интернет ресурсы арқылы; Банктің байланыс орталығына ______________ телефоны арқылы хабарласа алады.»;

3.2-тармақтың 3.2.8-тармақшасының екінші

сөйлеміндегі «үшінші тұлғаның» сөзі «Банктің» сөзімен ауыстырылсын;

3.3-тармақтың 3.3.5-тармақшасы алынып тасталсын;

7.5 - тармақ мынадай редакцияда берілсін: «7.5. Банк осы Шартқа (банктік заемның

үлгілік шартына), егер енгізілетін өзгерістерде және (немесе) толықтыруларда өзгелері көзделмейтін болса, олар басылымға жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілетін және осын-дай өзгерістер және (немесе) толықтырулар қолданысқа енгізілгеннен кейін осы Шартқа (банктік заемның үлгілік шартына) қайырма сілтемемен жасалған банктік заемның жеке шартына қолданылатын өзгерістер және (неме-се) толықтырулар енгізуге құқылы. Осы Шартқа (банктік заемның үлгілік шартына) өзгерістер мен (немесе) толықтырулар қолданысқа енгізілгенге дейін осы Шартқа (банктік заемның үлгілік шар-тына) қайырма сілтемемен жасалған банктік заемның жеке шартына осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар, Банктің осы Шартта (банктік заемның үлгілік шартында) көзделген біржақты тәртіппен енгізуге құқығы бар, Заемшы үшін осы Шарттың (банктік заемның үлгілік шартының) талаптарын жақсартатын өзгерістер және (немесе) толықтыруларды қоспағанда, Банк пен Заемшы арасында банктік заемның жеке шартына қосымша келісім жасаған жағдайда қолданылады.»;

келесі мазмұндағы 7.6 және 7.7-тармақтармен толықтырылсын:

«7 .6 . Банкт ік заемның нақты жеке шартының тараптары қосымша келісім жа-сау арқылы банктік заемның нақты жеке шартынан Тараптардың қатынастарына ғана қолданылатын осы Шарттың (банктік заемның үлгілік шартының) талаптарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы. Банк осы Шарттың (банктік заемның үлгілік шартының) талаптарына осы Шартта (банктік заемның үлгілік шартында) көзделген біржақты тәртіппен, Заемшы үшін оларды жақсартқан жағдайда, осы банктік заемның нақты жеке шартынан Тараптардың қатынастарына ғана қолданылатын өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы.

7.7. Банк осы Шартта (банктік заемның үлгілік шартында) көзделген біржақты тәртіппен өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы болған жағдайда, осы Шартта (банктік заемның үлгілік шартында) белгіленген, Заемшы үшін оларды жақсарту жағдайларын қоспағанда, Банктік заемның жеке шартының талаптарын, соның ішінде оны орындау талаптарын Тараптар қосымша келісім жасау арқылы өзгертуі және (немесе) толықтыруы мүмкін.»;

Аталған өзгерістері ескерілген Үлгілік ш а р т т ы ң т о л ы қ м ә т і н і м е н , с о н д а й - а қ толығырақ ақпаратпен интернет желісіндегі Банктің: www.halykbank.kz веб-сайтынан та-ныса аласыздар. Барлық туындаған мәселелер бойынша: 8-727-259-07-77 телефондарға хабарласуға болады.

«Асылхан-Агро» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) өз қатысушыларына серіктестік қатысушыларының кезек-

тен тыс жалпы жиналысы 31.08.2017 жылғы сағат 10.00-де «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар

серіктестіктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуірдегі №220-І ҚР Заңының 47-бабында қарастырылған тәртіпте (бұдан әрі – Заң) мына мекенжайда өткізілетіні туралы хабарлайды: Қазақстан

Республикасы, Солтүстік Қазақстан обл., Шал ақын ауд., Сергеевка қаласы, Степная көшесі, 9-үй, кеңсе ғимаратында.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралады:1. Серіктестіктің және үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша

серіктестіктің жылжитын/жылжымайтын мүлкін кепілге беру.2. Серіктестіктің және үшінші тұлғалардың «Цеснабанк» АҚ

алдындағы міндеттемелерін орындамауы/тиісті орындамауы жағдайында кепілге берілетін мүлікті соттан тыс сатуға құқықты «Цеснабанк» АҚ-қа беру.

3. Серіктестіктің атқарушы органына «Цеснабанк» АҚ ұсынатын шартпен банктік займ алу бойынша, жарғылық капиталдағы үлестерді сатып алу бойынша, мүлікті кепілге беруге мәмілелер жасауға барлық өкілеттікті беру.

Серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысы Заңның 45-бабының 1-тармағындағы талаптарға сәйкес өткізіледі.

«Краснознаменский-2» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) серіктестік қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысын 31.08.2017 жылғы сағат 10.00-де «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша

жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуірдегі №220-І ҚР Заңының 47-бабында қарастырылған тәртіпте (бұдан әрі – Заң) мына мекенжайда өткізу туралы

өз қатысушыларына хабарлайды: Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ғ.Мүсірепов атындағы аудан,

Сокологоровка а., Ленин көшесі, №1, кеңсе ғимаратында.Күн тәртібінде мынадай мәселелер қаралады:

1. Серіктестіктің және үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша серіктестіктің жылжитын/жылжымайтын мүлкін кепілге беру.

2. Серіктестіктің және үшінші тұлғалардың «Цеснабанк» АҚ алдындағы міндеттемелерін орындамауы/тиісті орындамауы жағдайында кепілге берілетін мүлікті соттан тыс сатуға құқықты «Цеснабанк» АҚ-қа беру.

3. Серіктестіктің атқарушы органына «Цеснабанк» АҚ ұсынатын шартпен банктік займ алу бойынша, жарғылық капиталдағы үлестерді сатып алу бойынша, мүлікті кепілге беруге мәмілелер жасауға барлық өкілеттікті беру.

Серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысы Заңның 45-бабының 1-тармағындағы талаптарға сәйкес өткізіледі.

Настоящим, некоммерческое акционерное общество «Национальный аграрный научно-образовательный центр» (со-кращенное наименование: НАО «Национальный аграрный научно-об-разовательный центр») уведомляем о том, что вышло постановление Правительства Республики Казахстан № 160 от 3 апреля 2017 года, издан приказ Комитета государственного имущества Министерства финансов Республики Казахстан № 811 от 20 июля 2017 года о реорганизации НАО «Национальный аграрный научно-образовательный центр» путем присоединения к нему акционерного общества «КазАгроИнновация» (сокращенное наименование: АО «КазАгроИнновация»).

1) наименования, сведения о месте нахождения каждого уча-ствующего в реорганизации общества:

НАО «Национальный аграрный научно-образовательный центр», юридический адрес: Республика Казахстан, 010000, г.Астана, ул.Кенесары 36, кабинет 1202а. Фактический адрес: Республика Казахстан, 010000, г.Астана, ул.Иманова, д.13, кабинет 711,

АО «КазАгроИнновация», юридический адрес: Республика Казахстан, 010000, г.Астана, ул.Акжол, д.26. Фактический адрес: Республика Казахстан, 010000, г.Астана, ул.Иманова, д.13, кабинет 711.

2) наименование, сведение о месте нахождения продолжающего деятельность в результате реорганизации общества:

НАО «Национальный аграрный научно-образовательный центр, юридический адрес: Республика Казахстан, 010000, г.Астана, ул.Кенесары 36, кабинет 1202а. Фактический адрес: Республика Казахстан, 010000, г.Астана, ул.Иманова, д.13, кабинет 711.

Претензии принимаются по адресу: Республика Казахстан, 010000, г.Астана, ул.Иманова, д.13, кабинет

711. Номер телефона: +7 (7172) 72 86 69 e-mail: [email protected].

Настоящим, акционерное общество «КазАгроИнновация» (со-кращенное наименование: АО «КазАгроИнновация») уведомляем о том, что вышло постановление Правительства Республики Казахстан № 160 от 3 апреля 2017 года, издан приказ Комитета государственного имущества Министерства финансов Республики Казахстан № 811 от 20 июля 2017 года о реорганизации НАО «Национальный аграрный научно-образовательный центр» путем присоединения к нему АО «КазАгроИнновация».

1) наименования, сведения о месте нахождения каждого уча-ствующего в реорганизации общества:

НАО «Национальный аграрный научно-образовательный центр», юридический адрес: Республика Казахстан, 010000, г.Астана, ул.Кенесары 36, кабинет 1202а. Фактический адрес: Республика Казахстан, 010000, г.Астана, ул.Иманова, д.13, кабинет 711,

АО «КазАгроИнновация», юридический адрес: Республика Казахстан, 010000, г.Астана, ул.Акжол, д.26. Фактический адрес: Республика Казахстан, 010000, г.Астана, ул.Иманова, д.13, кабинет 711.

2) наименование, сведение о месте нахождения продолжающего деятельность в результате реорганизации общества:

НАО «Национальный аграрный научно-образовательный центр, юридический адрес: Республика Казахстан, 010000, г.Астана, ул.Кенесары 36, кабинет 1202а. Фактический адрес: Республика Казахстан, 010000, г.Астана, ул.Иманова, д.13, кабинет 711.

Претензии принимаются по адресу: Республика Казахстан, 010000, г.Астана, ул.Иманова, д.13, каби-

нет 711. Номер телефона: +7 (7172) 72 86 69 e-mail: [email protected].

«Чистопольский-2» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) серіктестік қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысын 31.08.2017 жылғы сағат 11.00-де «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша

жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуірдегі №220-І ҚР Заңының 47-бабында қарастырылған тәртіпте (бұдан әрі – Заң) мына мекенжайда өткізу туралы

өз қатысушыларына хабарлайды: Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ғ.Мүсірепов атындағы аудан, Чистополье а., Космонавтар көшесі, 1, кеңсе ғимаратында.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралады:1. Серіктестіктің және үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша

серіктестіктің жылжитын/жылжымайтын мүлкін кепілге беру.2. Серіктестіктің және үшінші тұлғалардың «Цеснабанк» АҚ

алдындағы міндеттемелерін орындамауы/тиісті орындамауы жағдайында кепілге берілетін мүлікті соттан тыс сатуға құқықты «Цеснабанк» АҚ-қа беру.

3. Серіктестіктің атқарушы органына «Цеснабанк» АҚ ұсынатын шартпен банктік займ алу бойынша, жарғылық капиталдағы үлестерді сатып алу бойынша, мүлікті кепілге беруге мәмілелер жасауға барлық өкілеттікті беру.

Серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысы Заңның 45-бабының 1-тармағындағы талаптарға сәйкес өткізіледі.

«Тахтаброд-2» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) өз қатысушыларына серіктестік қатысушыларының кезек-

тен тыс жалпы жиналысы 31.08.2017 жылғы сағат 10.30-да «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар

серіктестіктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуірдегі №220-І ҚР Заңының 47-бабында қарастырылған тәртіпте (бұдан әрі – Заң) мына мекенжайда өткізілетіні туралы хабарлайды: Қазақстан

Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ғ.Мүсірепов атындағы аудан, Тахтаброд а., кеңсе ғимаратында.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралады:1. Серіктестіктің және үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша

серіктестіктің жылжитын/жылжымайтын мүлкін кепілге беру.2. Серіктестіктің және үшінші тұлғалардың «Цеснабанк» АҚ

алдындағы міндеттемелерін орындамауы/тиісті орындамауы жағдайында кепілге берілетін мүлікті соттан тыс сатуға құқықты «Цеснабанк» АҚ-қа беру.

3. Серіктестіктің атқарушы органына «Цеснабанк» АҚ ұсынатын шартпен банктік займ алу бойынша, жарғылық капиталдағы үлестерді сатып алу бойынша, мүлікті кепілге беруге мәмілелер жасауға барлық өкілеттікті беру.

Серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысы Заңның 45-бабының 1-тармағындағы талаптарға сәйкес өткізіледі.

«Новосветловка-Алиби» ЖШС (бұдан әрі – серіктестік) серіктестік қатысушыларының кезектен тыс жалпы жи-

налысын 31.08.2017 жылғы сағат 12.00-де «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер ту-ралы» 1998 жылғы 22 сәуірдегі №220-І ҚР Заңының 47-бабын-да қарастырылған тәртіпте (бұдан әрі – Заң) мына мекенжай-да өткізу туралы өз қатысушыларына хабарлайды: Қазақстан

Республикасы, Солтүстік Қазақстан обл., Айыртау ауд., Новосветловка а., кеңсе ғимаратында.Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралады:

1. Серіктестіктің және үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша серіктестіктің жылжитын/жылжымайтын мүлкін кепілге беру.

2. Серіктестіктің және үшінші тұлғалардың «Цеснабанк» АҚ алдындағы міндеттемелерін орындамауы/тиісті орындамауы жағдайында кепілге берілетін мүлікті соттан тыс сатуға құқықты «Цеснабанк» АҚ-қа беру.

3. Серіктестіктің атқарушы органына «Цеснабанк» АҚ ұсынатын шартпен банктік займ алу бойынша, жарғылық капиталдағы үлестерді сатып алу бойынша, мүлікті кепілге беруге мәмілелер жасауға барлық өкілеттікті беру.

Серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысы Заңның 45-бабының 1-тармағындағы талаптарға сәйкес өткізіледі.

ХАБАРЛАМАҚазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-

атқару жүйесі комитеті «Еңбек» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны басшысының бос лауазы-мына конкурс жариялайды.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті 010000, Астана қ. Бейімбет Майлин көшесі, 2-үй мекенжайында орналасқан, анықтама үшін телефондар (факс): 8 (717-2) 72-30-64, 72-31-20, электронды ме-кенжай: [email protected].

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: 1) Қажетті сала бойынша жоғары білімі және біліктілік талап-

тарына сәйкес кәсіби даярлығы деңгейінің болуы;2) Басшы лауазымдарда кәсіпорынның тиісті экономика сала-

сында 5 жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы;3) Қылмыстық-атқару жүйесінің қарым-қатынасын реттейтін

нормативтік актілерді білуі; Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар бұқаралық ақпарат

құралдарында конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде төменде көрсетілген қажетті құжаттарды конкурстық комиссияға ұсынулары тиіс:

1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;3) еркін түрде жазылған өмірбаян; 4) білімі туралы құжаттардың көшірмесі;5) еңбек кітапшасының (болған жағдайда) немесе еңбек

келісімшартының көшірмесі, не соңғы жұмыс орнына қабылдау және еңбек келісімшартын бұзу туралы бұйрықтардан үзінділер;

6) белгіленген нысанда денсаулық жағдайы туралы анықтама. Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлығы

деңгейіне (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелері мен атақтарын алу, ғылыми жарияланымдары көшірмелерін, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнынан басшылықтан ұсыным) қатысты қосымша ақпаратты ұсынуына болады.

Жилищно-строительный кооператив ЖК Араби-Сенім просит всех вложивших денежные средства в ТОО Квартиры НС для при-обретения\ имущества ЖК АРАБИ обратиться: город Астана про-спект Абылай хана, 10 офис 4 телефон 8-747-777-90-35

Филиал Товарищества с ограниченной ответственностью «Росмашсервис» в г.Шымкент, БИН 170441015127, по адресу: РК, г.Шымкент, пр-т Жибек Жолы, 66, в связи с закрытием сообщает о ликвидации предприятия. Тел: +7(7253)61-02-09.

Товарищество с ограниченной ответственностью «Росмашсервис», БИН 160940001715, по адресу: РК, г.Костанай, ул.Уральская, 200 в связи с закрытием сообщает о ликвидации предприятия. Тел: +7(7142) 522 184.

ТОО «AlmaKaz», БИН 160840004756 уведомляет о ликвидации. Все претен-зии принимаются в течении двух месяцев со дня подачи объявления.

Аян ӘБДУӘЛИ,«Егемен Қазақстан»

Мәліметтер бойынша бортта 54 жастағы ұшқыш Хамит Ақбергенов пен «Аршидинов» шаруа қожалығының басшысы Мәсімжан Мәсімов болған. Екеуі де оқиға орнында қаза тапты.

Қазір апат орнында Талды-қорған көл ік прокуроры, Алматы-1 стансасы Ішкі істер желі лік бөлімі, Алтынкөл станса-сының желілік бөлімі, Панфилов аудандық ТЖД мамандары тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қайғылы оқиға Алматы әуежайының ҚР ҚК 344-бабының 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу ісі реестріне

тіркелді. Ал Инвестициялар және даму министрлігі төтенше жағдайдың себептерін анықтау үшін тексеру жұмыстары туралы бұйрық шығарады.

Мамандардың айтуынша, ұшақтың қажетті құжаттары толығымен болған. Сондай-ақ, көлік оқиғалары мен оқыс оқиғаларды тексеру департа-ментінің басшысы Жәнібек Тайжанов Алматы облысында ЯК-12 ұшағының құлауының ықтимал себептерін мәлімдеді. Оның айтуынша, әуе кемесі жер-ге тигенде қаттырақ соққы алып, апатқа ұшыраған болуы мүмкін.

Қаза тапқан екі адамның отбасына жергілікті әкімдік көмек көрсететін болды. Бұл

туралы Панфилов ауданы әкімінің орынбасары Шухрат Құрбанов мәлімдеді.

– Өте қайғылы жағдай. Күт-пеген жерден болып отыр. Олар-дың артында отбасы, балалары қалды. Енді қолымыздан келгенше

материалдық жағы нан көмек көрсететін боламыз. Қаза болған жандар жайлы мағ лұ мат тарды облыстан да сұра тып жатыр. Алдағы уақыт та об лыстық әкімдіктен де көмек болып қалуы әбден мүмкін, – деді Шухрат Құрбанов.

Ұшақ апатынан екі адам қаза таптыҚұрметті кәсіпкерлер!

«Атамекен» ҚР ҰКП сіздерді екі сатыдан тұратын «Іскерлік байланыстар» жобасына қатысуға шақырады. Оқыту екі сатыдан тұрады:

1 саты: бизнес жүргізудің заманауи әдістері мен білім дағдыларын оқыту, бизнес серіктестермен іскерлік қарым-қатынас орнату бойынша 3 апталық бизнес-тренинг;

2 саты: шетелдік кәсіпорындарда іскерлік қарым-қатынасты жақсарту мәселелері бойынша шетелде 4 апталық тақырыптық бизнес-тағылымдама.

Бизнес-тренингке және шетелдік тағылымдамаға қатысу өтеусіз түрде өтеді.

Оқу мерзімі: Қарағанды қаласы, 7-25 тамыз аралығында. Болатын жері: Қарағанды қаласы, Ермеков көшесі, 29-үй, «Бизнес школа».Барлық сұрақтар бойынша Өңірлік кәсіпкерлер палатасына және

Кәсіпкерлерді қолдау орталығына хабарласуға болады.

Уважаемые предприниматели!НПП РК «Атамекен» приглашает вас принять участие в проекте «Деловые

связи». Обучение в проекте состоит из двух этапов:1 этап: 3-х недельные бизнес-тренинги по повышению квалификации и об-

учение современным методам ведения предпринимательства, установлению деловых контактов с бизнес-партнерами.

2 этап: 4-х недельная тематическая бизнес-стажировка за рубежом на пред-приятиях аналогичного профиля и установление деловых связей с иностранны-ми партнерами.

Участие в бизнес-тренингах и зарубежной стажировке осуществляется на безвозмездной основе.

Даты тренингов: г.Караганда с 7 по 25 августа.Место проведения: г.Караганда, ул. Ермекова, д. 29, «Бизнес школа».За дополнительной информацией обращайтесь в Региональные палаты пред-

принимателей либо в Центры поддержки предпринимателей.

ОҚИҒА

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Ажал айтып келмейді. Кеше Алматы облысына қарасты Панфилов ауданындағы Шолақай ауылында оқыс оқиға тіркелді. Жүгері егістігін өңдеуге шыққан ЯК-12 ұшағы апатқа ұшырап, артынан қызыл жалынға оранды. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Page 12: E-mail: info@egemen.kz 28 ШІЛДЕ, Ж˚МА … · 2017-09-29 · құрылыс компанияларының банктер-ден алған займдары бюджет есебінен

12 28 ШІЛДЕ 2017 ЖЫЛДИДАР

Жалпыұлттық республикалық газет. 1919 жылғы 17 желтоқсаннан шыға бастады.

Меншік иесі:«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамыБасқарма төрағасыДархан ҚЫДЫРӘЛІБасқарма төрағасының орынбасарыАйбын ШАҒАЛАҚБас редакторҚуат БОРАШ

Газет мына қалалардағы:Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «Ernur» Медиа холдингі» ЖШС,Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС,Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Типография Арко» ЖШС,Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС,Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС,Ақтөбе қ., Смағұлов к-сі, 9/2 «Хабар-Сервис» ЖШС, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС,Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС,Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС,Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС,Орал қ., Достық-Дружба даң., 215 А, «WESTA» ЖШС,Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШСбаспаханаларында басылып шықты.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады.«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 6 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Газетті есепке қою туралы №01-Г куәлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республи касының Мәдениет және ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қа зақ стан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сәйкес сертификатталған.

Таралымы 202 360 дана

Нөмірдің кезекші редакторыҚымбат ТОҚТАМҰРАТ

Mекенжайымыз: 010008 АСТАНА, «Егемен Қазақстан» газеті көшесі, 5/13 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58аАнықтама үшін:Астанада: АТС 37-65-27, факс 8 (7172) 37-19-87; Электронды пошта: [email protected] Интернет-редакция: [email protected] Алматыда: 8 (727) 273-07-87, факс 8 (727) 273-07-87; Электронды пошта: [email protected] Маркетинг бөлімі: Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, 37-64-48, [email protected]Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-07-26, [email protected]А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мәтініне тапсырыс беруші жауапты.Газеттің жеткізілуіне қатысты сұрақтар үшін байланыстелефоны: 1499 («Қазпошта» АҚ)

Меншікті тілшілер:Астана – 8 (717-2) 37-54-21;Ақтау – 8 (701) 593-64-78;Ақтөбе – 8 (775) 336-47-57;Талдықорған – 8 (701) 236-76-99;Атырау – 8 (701) 553-36-53;Көкшетау – 8 (707) 778-01-72;Қарағанды – 8 (701) 375-74-34;Қостанай – 8 (701) 150-94-43;Қызылорда – 8 (701) 772-70-74;Орал – 8 (702) 886-01-87;Өскемен – 8 (777) 355-41-14;Павлодар – 8 (777) 449-74-78;Тараз – 8 (705) 915-60-04;Шымкент – 8 (701) 362-63-76; 8 (702) 608-91-98;Петропавл – 8 (777) 197-14-06.

ДИДАР

ФОТОЭТЮД

БӘРЕКЕЛДІ!

–––––––––––––––––––Биылғы шілде ыстық, нағыз аптап дегеніңіз де осы кез болар деп ойлайсыз. Үлкен Алматы өзенінің жағасында жалғыз аяқ жол «Самал» шағын ауданының тұсында балаларға әдемі ойын алаңдары жасалған.–––––––––––––––––––

Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ,«Егемен Қазақстан»

Мың жасаған шаһардың Оқу­шылар сарайының жанында атал­мыш өзеннің қалаға кірер тұста гүрілдеп, бұлқынып жатуы әдемі өрнек тапқандай екен. Бұрын­дары мұнда ақсақалдар серуен құрса, енді қалалық ұйымдар бас­көз болып, жазғы каникул­да жүрген оқушы балалардың да демалысын сәтті өткізуіне мұрын­дық болыпты.

Үлкен Алматы өзенінің осы аумағы өзгеріп сала берген. Терек пен қайың құлпырып, ойын

алаңдары мен әткеншектер келісті бояуын тапқан. Өзен жағасында жыл санауымыз бойынша он екі тас мәнісін айшықтайды. Биылғы жыл Тауық жылынан басталып, әрбір жылдың бейнесі – өз кейіпкері сурет теледі. Ойын баласы үшін оның мәнін ұғынуға, тастың таңбаларын түсінуге таптырмайтын дүниелер. Тастағы таңбалар жануарлар әлемін таныстыра түседі. Жаратылыстың

тылсым әлемін көз алдыңа әке­леді. Тау өзенінің гүрілдеген таң­ғы сарыны алыстарға кетеді. Балалардың бал күлкісі қаланың мазасыз көліктерінің шуылынан алыс, шалғынды қойнаудан естіледі.Теренкурдегі таңбалы тастар айшықты өрнектерімен балаларды тартымды ойларға жетелейді.

АЛМАТЫ

Айдар ӨРІСБАЙ,«Егемен Қазақстан»

15 фильмнен туратын кинофес­тиваль бағдарламасында Қазақстан, Ресей, Қытай, АҚШ, Франция, Гер­мания, Швеция, Бельгия, Нор вегия, Ни дер ланд, Чехия, Слова кия, Хор­ватия, Иран, Жаңа Зелан дия және өзге де елдердің шығар ма шы лық топ тары өз жұмыстарын ұсынды.

Атап айтқанда, негізгі конкурс­тық бағдарламаға «Қазақ елі» (Қазақ стан), «Келилех пен Дем­нех» (Иран), «Сұлулық» (Жаңа Зелан дия, Қытай), «Үйде жалғыз өзі» (Гонконг), «Эльфтер тағы» (Қы тай, АҚШ) фильмдері қатысты. Ал кон курстан тыс бағдарламада «Таң ғажайып Патарс отбасы» (Франция), «Бұлт бала» (Бельгия,

Швеция, Норвегия, Нидерланд), «Әкеден де артық» (Германия), «Мистер құрбақа» (Нидерланд), «Неллидің басынан кешкендері» (Германия), «Оффлайн: келесі деңгейге дайынсың ба?» (Герма­ния), «Періште 2» (Чехия), «Сиқырлы қалам» (Ресей), «Шұлық жұтқыштар» (Чехия, Словакия, Хорватия) туындылары бақ сынады.

Марапаттау рәсімінің алдында кинофестиваль қонақтары мен қатысушылар қызыл кілемнің үсті­мен жүріп өтті.

Байқаудың бір ерекшелігі, қазылар алқасы дарынды мектеп оқушыларынан құралған. Олар бес күн бойы фестивальға қатысқан фильмдерді бағалап, үш аталым бойынша жеңімпаздарды анықтады.

Осылайша, қазылар ал қа сы ның шешімімен «Бес құр лық» халық­аралық балалар кино фес тивалінде «Ең үздік бала рөлі» ата лы мын «Сұлулық» (Жаңа Зелан дия, Қытай) фильмі жеңіп алды.

«Ең үздік сценарий» аталымы бойынша «Қазақ елі» (Қазақстан) фильмі жеңімпаз атанды. Ал «Періште 2» (Чехия) туындысы кинофестивальдың «Ең үздік фильмі» деп танылды.

«Біздің негізгі мақсатымыз – балаларды тәрбиелеу. Олар дың бойына Отанға деген сүйіспен­шілікті, адамгершілік қасиеттерді, ата­бабаларымыздан мұра болып келе жатқан салт­дәстүрлерімізді осы өнер арқылы сіңіре аламыз. Сол себепті балаларымыздың өне­рге деген талпыныстарын артты­руға, тәжірибе жинап, білімдерін жетіл діруге мүмкіндік беретін осын дай фестивальдардың жиі ұйымдас тырылғаны абзал», – деді Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Астана циркінің директоры Ерік Жолжақсынов.

Арман ОКТЯБРЬ,«Егемен Қазақстан»

Ақтөбе, Ақмола, Қоста най, Қара ғанды, Павло дар және Шы ғыс Қазақстан об лыс тары­нан, сондай­ақ Ас тана мен Ал­маты қалалары нан келген 12­16 жас ара лы ғындағы 60 спортшы

мен жеті жаттық тырушы спорт тық лагерьде бас қосты. Бала ларға арнал ған жазғы сауық тыру шара сының ұйым­дасты ру шысы – Қазақстан Рес­пуб ликасының «Шаңғы жары­сының ұлттық фе дерация сы» ҚБ балаларға ар нап сан түрлі бағдарлама әзірледі. Спортшы

балалар бассейнде шомылып, волей бол дан өзара сайысқа түсті. Нәти жесінде, Ақмола облы сы ның командасы бірін­ші орын ды қанжығасына бай­ла ды. Сонымен қатар, олар ат­пен серуендеп, үстел тен ни сін ойнап, шаңғы роллер ле рін де командалық жарысқа қаты­суға мүмкіндік алды. Елі міз дің әр аймағынан кел ген жасөс пі­рім дердің қуаны шында шек жоқ. Себебі, осы тектес лагерь елімізде бұрын­соңды бол­маған еді.

– Қазіргі уақытта балалар­дың көбі бос уақыттарын

ұялы телефонға телмірумен өткізетіні белгілі. Ал лагерь­де олар бір­бірімен жақын араласып, әңгімелесіп шүйір ­келеседі . Жалпы, спорт лагерінде қандай да бір іспен ай на лысып, жарыс тарға қатыс қан кезде бос жүруге уақыт тары бол май ды. Соңғы уақытта жас тардың спортқа деген қызы ғу шылығы еселеп артып келеді. Қазіргі кезде кімде­кім спортпен айналыс­са, ол мәдениетті, саламат­ты, сыпайы әрі парасатты адам деген баға беріледі. Ал ғаш қы күннен бастап осы

қасиеттердің барлығын жас шаңғышылардың бойына сіңіруге тырыстық, – дейді Қазақ стан Шаңғы жарысы ұлт тық федерациясының бас хатшысы Андрей Невзоров.

Айта кетсек, аталған лагерь Іле Алатауы жотасының бет­кейінен 1500 метр биік тік тегі бірегей жерде, Талғар қала ­сында орын тепкен. Биыл ал ғаш рет қолға алынған игі баста ма­ны ұйымдастырушылар жыл сайын жазғы демалыста дәс­түрлі түрде өткіземіз деп отыр.

АЛМАТЫ

Ақтаулық раллишілер «Дакарға» қатысады

–––––––––––––––––––––––––––––––––«Жібек жолы» жарысы Ресейден басталып, Қытайдың Сиань қаласында аяқталды. «Силк Уэй» жүлдесі үшін әлемнің 30-дан аса елінен, 40-қа жуық экипаж қатысқан сайысқа ақтаулық «АқтауМотоСпорт» экипажы Т2 аталы-мы бойынша қатысқан еді. –––––––––––––––––––––––––––––––––

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,«Егемен Қазақстан»

Бастапқыда раллимен жастық қызығушы­лықпен айналысып бастаған қос жігіт – Кирилл Черненков пен Алексей Мун аталмыш сайыста 1­орынға қол жеткізіп, жұртшылықты таңғалдырды. Бұдан он жыл бұрын спорттың осы түрімен шұғылданған жігіттер өз қаражаттарына «Ниссан» автокөлігін сатып алып, Маңғыстаудың ойлы­қырлы жерлерінде, Сенек, Ұштаған өңірлеріндегі құмдарға жаттыға бастайды. Әсіресе, «Жібек жолы» сайысына дайындықты бір жыл бойы үзбей аталмыш құмдарда өткізеді. 14 кезеңде 9 мың шақырымды жүріп өтіп, небір табиғаттың тосын мінездеріне тап болған, қиын жер­лермен жүріп өткен ақтаулық пилоттар жеңімпаз болғандарына алғашында өзге түгілі, өздері де сенбеген. Ақтаулық 30 жастағы раллишілер енді «Ралли Дакарға» қатысу үшін дайындықты бастап кетті. Маңғыстау облысы

ТУҒАН ЖЕР АВТОРАЛЛИ

Суреттерді түсірген Ерлан ОМАР, «Егемен Қазақстан»

Жас шаңғышылар әрі жарысты, әрі демалды––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Алматының іргесіндегі «Алатау» шаңғы-биатлон кешеніндегі еліміздің әр аймағынан жиналған жас шаңғышылар бір апта бойы жазғы спорттық-сауықтыру лагерінде шынығып қайтты. Онда балаларға арналған мәдени ойын-сауық іс-шаралар мен жаттығулардан тұратын қызықты бағдарламалар әзірленді. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Теренкурдегі таңбалы тастар

Кинофестиваль жеңімпаздары марапатталды

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––XIII «Еуразия» халықаралық кинофестивалі аясын-да Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қорының қолдауымен «Бес құрлық» халықаралық бала-лар кинофестивалі өткізілген болатын. Кеше Астанадағы Оқушылар сарайында 23 шілдеде басталған фестивальдың қорытындылары жарияланып, жеңімпаздары марапатталды. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––