Миллионда ан бонуса кім лайы?2020/08/26  · станның...

16
Көңіл айту жеделхатын жолдады –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Грузия Президенті Саломе Зурабишвилиге кңіл айтты, деп хабарлады Президенттің баспасз қызметі. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– №161 (29890) 26 ТАМЫЗ, СРСЕНБІ 2020 ЖЫЛ E-mail: [email protected] www.egemen.kz TWITTER.COM/EGEMENKZ FACEBOOK.COM/EGEMENKZ САРАПТАМА Миллиондаған бонусқа кім лайық? ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– лемді қыспаққа алған коронавирустық пандемияның денсаулықтан блек, экономикаға тигізген кері әсері оңай болмай тұр. Халықаралық еңбек ұйымының мәліметінше, пандемияның салдарынан дүниежүзі бойынша 400 млн-ға жуық адам жұмысынан айырылды. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Жақсылық МҰРАТҚАЛИ, «Egemen Qazaqstan» Сыйақының берілу тәртібін түсіндірді Алайда осы уақытқа дейін ақшадан таршылық көрмей, керісінше қаржылық ахуалын жақсартып алған белгілі бір контингент бар. Олар ұлттық хол- дингтер мен ірі компаниялардың топ- менеджерлері мен басқарма мүшелері. Соңғы уақытта квазимемлекеттік ком- паниялардың өкілдеріне берілетін көтерме сыйақыға қатысты мəселе жиі талқыланып, бұл қоғамда əжептəуір пікірталас тудырды. Қазақстанда бас менеджер қызметінде жұмыс істейтін адам əдетте айына 672 мың теңге көлемінде жалақы алады. Осы орайда еліміздегі топ-менеджерлердің ең төменгі еңбекақысы 349 мың теңгеден басталып, ең жоғарғысы 1 млн 30 мың теңгеге дейін жетіп қалатынын айта кету керек. Мұндай дерек əлем елдерінде түрлі салада жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысы мен өмір сүру құнының ста- тистикасы қамтылған Salary Explorer порталында көрсетілген. Сандар мен деректерге кейінірек оралармыз, алды- мен қоғамның ашуын тудырған негізгі мəселені қаузап көрелік. Таяуда Қазақстан қор биржасында (KASE) «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ-тың басқарма мүшелеріне 2019 жылдың қорытындысы бойынша 267,3 млн теңге көлемінде ақшалай сыйақы төленгені жарияланып, бұл қоғам бел- сенділері мен блогерлердің əлеуметтік желідегі сөз тартысының басты тақыры- бына айналды. (Соңы 6-бетте) Президент халыққа Жолдау жариялайды –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республика халқына кезекті Жолдауын жариялайды. Бұл туралы Президенттің баспасз хатшысы Берік Уәли зінің Facebook парақшасында жазды. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МЖІЛІСІ ТРАҒАСЫНЫҢ КІМІ Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тар- мақшасына сəйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бір- лескен отырысы 2020 жылғы 1 қыркүйекте сағат 11:00-де Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Трағасы Н.НЫҒМАТУЛИН Нұр-Сұлтан қ., Парламент Мəжілісі 25 тамыз 2020 ж. №56 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның Шатили таулы мекені маңайында орын алған жол-көлік апа- ты салдарынан көптеген адамның қаза болып, зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдап, көңіл айту жеделхатын жолда- ды. «Осындай ауыр сəтте орны толмас қайғыға ортақтасып, барша қазақстан- дықтардың жəне жеке өз атымнан дос- тас Грузия халқына, жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтамын. Қасіретті оқиғада зардап шеккендердің тез арада сауығуына тілектеспін», делінген жеделхатта. «Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы дəстүрлі Жолдауы 2020 жылдың 1 қыркүйек күні өтетін Парламенттің кезекті сессиясының ашылуында жарияланады деп жоспарланып отыр. Парламенттің қос палатасының бірлескен отырыс- ында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дағдарыстан кейінгі кезең- дегі негізгі даму мақсаттары жайын- да айтады. Жолдаудың басым бөлігі экономикалық жəне əлеуметтік мəселе- лерге арналады», деп жазды Прези- денттің баспасөз хатшысы. КӨКЕЙКЕСТІ АЛАҢДАТАРЛЫҚ АХУАЛ Балықшылардың басынан бұлт сейілсе игі –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Атырау жұртының ежелгі кәсібінің бірі – балықшылық. Бұрын артельдерге, ұжымшарларға біріксе, енді ндірістік коопера- тивтер мен серіктестіктердің құрамында балық аулайды. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Жолдасбек КШЕРБАЙҰЛЫ, «Egemen Qazaqstan» Атырау – еліміздің мұнай-газ өнеркəсібін ғана емес, сондай-ақ балық шаруашылығын дамытуға қолайлы аймақ. Оған елімізде ауланатын балықтың шамамен үштен бір бөлігі осы өңірге тиесілі екені дəлел бола ала- ды. Демек, Атырау үшін балық шаруашылығын дамыту – күн тəртібінен түспейтін мəселенің бірі. – Қазір бұл саладағы 18 балық шаруашылығы құрылымында 617 адам тұрақты, ал 4 385 адам маусымдық жұмысқа тарты- лып отыр. Олар былтыр 14 мың тонна балық аулады. Ал биыл Жайық-Каспий бассейнінен балық аулауға 7 434 тонна кво- та бөлінді. Квота аясында 6 492 тонна балық ауланып, лимит 87 пайызға игерілді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыс- тырғанда, 794 тоннаға артық. Бұрын балықшылар квотаның кеш бөлінуіне байланысты балық аулауға сəуірде ғана кірісетін-ді. Бұл көктемгі лимиттің игерілуіне кедергі болатын еді. Биылғы мау- сым ақпанда басталып, коронави- рус инфекциясының таралуына тұспа-тұс келсе де өз деңгейінде өтті, – дейді облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сəдібекұлы. Оның мəліметіне сүйенсек, ауланған су маржанының 5 мың тоннасы өңделіпті. Ресей Феде- рациясы, Украина, Өзбекстан, Əзербайжан, Грузия, Франция, Литва жəне Израиль елдеріне 4 060 тонна балық өнімдері экс- портталып отыр. Сонымен бірге бекіре тұқымдас балықтардың қорын сақтап қалу, молайту мақсатында жыл сайын Жайық өзеніне бекіре тұқымдас ба- лықтардың 7,5 млн-нан астам шабағы жіберіледі. Айтқандай, бағалы балықтардың шабағы «Жайық-Атырау» мен «Атырау бекіре балық өсіру» зауыттарының жасанды тоғандарында өсіріледі. (Соңы 14-бетте) Азғындықты ауыздықтау қоғамдық жауапкершілікті талап етеді –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Балаларға жасалған азғындық – қай жағынан да ақтап алуға жатпайтын ауыр қылмыс. Былтыр тиісті заңнамаға згеріс енгізіліп, жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылықтың бәрі ауыр қылмыс санатына кшірілді. Солай бола тұра, жақында Оралда 12 жастағы қызды зорлаған оқиға тіркеліп, мұны сот ауыр қылмыстан ауырлығы орташа қылмыс санатына ауыстырған. Алқабилердің қатысуымен ткен соттың бұл шешімі қоғамда үлкен дау тудырды. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Орынбек ТЕМҰРАТ, «Egemen Qazaqstan» Оралдағы бұл оқиға бойын- ша А.Марченко Қылмыстық ко- декстің 120-бабымен айыпталған. Айыптау актісіне сəйкес, сотта- лушы 12 жастағы жəбірленушінің жас болуын жəне өз əрекетінің мəнін түсінбейтінін пайдаланып, жыныстық қатынасқа барған. Бірақ Алқабилер соты істі қарай келе, Қылмыстық кодекстің 122-бабына ауыстырып, орташа ауырлықтағы қылмыс деп баға- лаған. Осылайша үкім шығарған Алқабилер соты жəбірленуші өзінің дене жəне психикалық да муына сай əрекетін түсіне білген, жыныстық қатынас оның келісімімен жасалған деген қоры- тындыға келген. Яғни, алқаби- лердің көпшілік дауысымен зорлау əрекеті болмаған деген тұжырым жасалған. Сондай-ақ сотталушының кəмелетке толма- ған баласы бар екені, бұрын-соң- ды сотты болмағаны жазаны же- ңілдетуге түрткі болған. Сөйтіп ер адам бар болғаны 2,5 жыл бас бостандығын шектеу туралы үкімге кесілді. Яғни, қылмыскер шартты түрде сотталады. Бұл ретте Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Назгүл Рах- метуллинадан жоғарыда аталған істің мəн-жайын сұрадық. (Соңы 10-бетте) Коллажды жасаған Зәуреш СМАҒҰЛ, «ЕQ» 3-бет 7-бет Қазақтың байырғы ғұрыптық заңы – «Жеті жарғы» 5-бет EUR/KZT 494.52 USD/KZT 418.09 RUB/KZT 5.59 CNY/KZT 60.49 ВАЛЮТАЛАРДЫҢ РЕСМИ (НАРЫҚТЫҚ) БАҒАМДАРЫ: Суретті түсірген Ерболат ШАДРАХОВ Ресми сайттарға қашан көңіл толады? Таразыға түскен теңсіздіктің түп-тамыры

Upload: others

Post on 27-Aug-2020

8 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: Миллионда ан бонуса кім лайы?2020/08/26  · станның инвестициялық сенімділігі ВВВ, яғни тұрақты деп бағаланды

Көңіл айту жеделхатын жолдады––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Грузия Президенті Саломе Зурабишвилиге к�ңіл айтты, деп хабарлады Президенттің баспас�з қызметі.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

№161 (29890) 26 ТАМЫЗ, С�РСЕНБІ 2020 ЖЫЛ

E-mail: [email protected] TWITTER.COM/EGEMENKZFACEBOOK.COM/EGEMENKZ

САРАПТАМА

Миллиондаған бонусқа кім лайық?

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––�лемді қыспаққа алған коронавирустық пандемияның денсаулықтан б�лек, экономикаға тигізген кері әсері оңай болмай тұр. Халықаралық еңбек ұйымының мәліметінше, пандемияның салдарынан дүниежүзі бойынша 400 млн-ға жуық адам жұмысынан айырылды. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Жақсылық МҰРАТҚАЛИ,«Egemen Qazaqstan»

Сыйақының берілу тәртібін түсіндірді

Алайда осы уақытқа дейін ақшадан таршылық көрмей, керісінше қаржылық ахуалын жақсартып алған белгілі бір контингент бар. Олар ұлттық хол-дингтер мен ірі компаниялардың топ-менеджерлері мен басқарма мүшелері. Соңғы уақытта квазимемлекеттік ком-

паниялардың өкілдеріне берілетін көтер ме сыйақыға қатысты мəселе жиі талқы ланып, бұл қоғамда əжептəуір пікір талас тудырды.

Қазақстанда бас менеджер қыз метінде жұмыс істейтін адам əдетте айына 672 мың теңге көлемінде жалақы алады. Осы орайда еліміздегі топ-менеджерлердің ең төменгі еңбекақысы 349 мың теңгеден басталып, ең жоғарғысы 1 млн 30 мың теңгеге дейін жетіп қалатынын айта кету керек. Мұндай дерек əлем елдерінде түрлі

салада жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысы мен өмір сүру құнының ста-тистикасы қамтылған Salary Explorer порталында көрсетілген. Сандар мен деректерге кейінірек оралармыз, алды-мен қоғамның ашуын тудырған негізгі мəселені қаузап көрелік.

Таяуда Қазақстан қор биржасында (KASE) «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ-тың басқарма мүшелеріне 2019 жылдың қорытындысы бойынша 267,3 млн теңге көлемінде ақшалай сыйақы төлен гені жарияланып, бұл қоғам бел-сен ділері мен блогерлердің əлеу меттік желідегі сөз тартысының басты тақыры-бына айналды.

(Соңы 6-бетте)

Президент халыққа Жолдау жариялайды

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республика халқына кезекті Жолдауын жариялайды. Бұл туралы Президенттің баспас�з хатшысы Берік Уәли �зінің Facebook парақшасында жазды. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ М�ЖІЛІСІ Т�РАҒАСЫНЫҢ �КІМІ

Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тар-мақшасына сəйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бір-лескен отырысы 2020 жылғы 1 қыркүйекте сағат 11:00-де Нұр-Сұлтан қала сында шақырылсын.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Т�рағасыН.НЫҒМАТУЛИН

Нұр-Сұлтан қ., Парламент Мəжілісі 25 тамыз 2020 ж. №56

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның Шатили таулы мекені маңайында орын алған жол-көлік апа-ты салдарынан көптеген адамның қаза болып, зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдап, көңіл айту жеделхатын жолда-ды.

«Осындай ауыр сəтте орны толмас қайғыға ортақтасып, барша қазақ стан-дық тардың жəне жеке өз атымнан дос-тас Грузия халқына, жақындарынан ай ырыл ған отбасыларға көңіл айтамын. Қасіретті оқи ғада зардап шеккендердің тез арада сауығуына тілектеспін», делінген жеделхатта.

«Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы дəстүрлі Жолдауы 2020 жылдың 1 қыркүйек күні өтетін Парламенттің кезекті сессиясының ашылуында жарияланады деп жоспарланып отыр. Парламенттің қос палатасының бірлескен отырыс-

ында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дағдарыстан кейінгі кезең-дегі негізгі даму мақсаттары жайын-да айтады. Жолдаудың басым бөлігі экономикалық жəне əлеуметтік мəселе-лерге арналады», деп жазды Прези-денттің баспасөз хатшысы.

КӨКЕЙКЕСТІ АЛАҢДАТАРЛЫҚ АХУАЛ

Балықшылардың басынан бұлт сейілсе игі

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Атырау жұртының ежелгі кәсібінің бірі – балықшылық. Бұрын артельдерге, ұжымшарларға біріксе, енді �ндірістік коопера-тивтер мен серіктестіктердің құрамында балық аулайды. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Жолдасбек К�ШЕРБАЙҰЛЫ,«Egemen Qazaqstan»

Атырау – еліміздің мұнай-газ өнер кəсібін ғана емес, сондай-ақ балық шаруашылығын дамытуға қолай лы аймақ. Оған елімізде ауланатын балықтың шамамен үштен бір бөлігі осы өңірге тиесілі екені дəлел бола ала-ды. Демек, Атырау үшін балық ша руа шылығын дамыту – күн тəрті бінен түспейтін мəселенің бірі.

– Қазір бұл саладағы 18 балық шаруа шылығы құрылымында 617 адам тұрақты, ал 4 385 адам

маусымдық жұмысқа тарты-лып отыр. Олар былтыр 14 мың тонна балық аулады. Ал биыл Жайық-Каспий бассейнінен балық аулауға 7 434 тонна кво-та бөлінді. Квота аясында 6 492 тонна балық ауланып, лимит 87 пайызға игерілді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыс-тырғанда, 794 тоннаға артық. Бұрын балықшылар квотаның кеш бөлінуіне байланысты балық аулауға сəуірде ғана кірісетін-ді. Бұл көктемгі лимиттің иге рілуіне кедергі болатын еді. Биылғы мау-сым ақпанда басталып, коронави-рус инфе кциясының таралуына тұспа-тұс келсе де өз деңгейінде

өтті, – дейді облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сəдібекұлы.

Оның мəліметіне сүйенсек, ауланған су маржанының 5 мың тоннасы өңделіпті. Ресей Феде-ра циясы, Украина, Өзбекстан, Əзербайжан, Грузия, Франция, Литва жəне Израиль елдеріне 4 060 тонна балық өнімдері экс-портталып отыр. Сонымен бірге бекіре тұқымдас балықтардың қорын сақтап қалу, молайту мақсатында жыл сайын Жайық өзеніне бекіре тұқым дас ба-лықтардың 7,5 млн-нан астам шабағы жіберіледі. Айтқан дай, бағалы балық тардың шабағы «Жайық-Атырау» мен «Атырау бекіре балық өсіру» зауыттарының жасанды тоған дарында өсіріледі.

(Соңы 14-бетте)

Азғындықты ауыздықтауқоғамдық жауапкершілікті талап етеді

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Балаларға жасалған азғындық – қай жағынан да ақтап алуға жатпайтын ауыр қылмыс. Былтыр тиісті заңнамаға �згеріс енгізіліп, жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылықтың бәрі ауыр қылмыс санатына к�шірілді. Солай бола тұра, жақында Оралда 12 жастағы қызды зорлаған оқиға тіркеліп, мұны сот ауыр қылмыстан ауырлығы орташа қылмыс санатына ауыстырған. Алқабилердің қатысуымен �ткен соттың бұл шешімі қоғамда үлкен дау тудырды.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Орынбек �ТЕМҰРАТ,«Egemen Qazaqstan»

Оралдағы бұл оқиға бойын-ша А.Марченко Қылмыстық ко-декс тің 120-бабымен айып талған. Айыптау актісіне сəйкес, сотта-лушы 12 жастағы жəбір ленушінің жас болуын жə не өз əрекетінің мəнін түсін бейтінін пайдаланып,

жыныс тық қатынасқа барған. Бірақ Алқабилер соты істі қарай келе, Қылмыстық кодекстің 122-бабына ауыстырып, орташа ауырлықтағы қылмыс деп баға-ла ған.

Осылайша үкім шығарған Алқа билер соты жəбірленуші өзінің дене жəне психикалық да муына сай əрекетін түсіне

біл ген, жыныстық қатынас оның келісімімен жасалған деген қо ры-тындыға келген. Яғни, алқаби-лердің көпшілік дауысымен зор лау əрекеті болмаған деген тұжы рым жасалған. Сондай-ақ сот та лу шының кəмелетке толма-ған баласы бар екені, бұрын-соң-ды сотты болмағаны жазаны же-ңілдетуге түрткі болған. Сөйтіп ер адам бар болғаны 2,5 жыл бас бос тандығын шектеу туралы үкімге кесілді. Яғни, қылмыскер шартты түрде сотталады.

Бұл ретте Жоғарғы соттың қыл мыстық істер жөніндегі сот ал қа сының судьясы Назгүл Рах-ме тул линадан жоғарыда аталған істің мəн-жайын сұрадық.

(Соңы 10-бетте)

Кол

лаж

ды ж

асағ

ан З

әуре

ш С

МА

ҒҰЛ

, «Е

3-бет 7-бет

Қазақтың байырғы ғұрыптық заңы – «Жеті жарғы»

5-бет

EUR/KZT 494.52 USD/KZT 418.09 RUB/KZT 5.59 CNY/KZT 60.49ВАЛЮТАЛАРДЫҢ РЕСМИ (НАРЫҚТЫҚ) БАҒАМДАРЫ:

Сур

етт

і түс

ірге

н Е

рбол

ат Ш

АД

РА

ХО

В

Ресми сайттарға қашан көңіл толады?

Таразыға түскен теңсіздіктің түп-тамыры

Page 2: Миллионда ан бонуса кім лайы?2020/08/26  · станның инвестициялық сенімділігі ВВВ, яғни тұрақты деп бағаланды

2 26 ТАМЫЗ 2020 ЖЫЛСАЯСАТ

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Премьер-Министр Асқар Маминнің т�рағалығымен �ткен Үкімет отырысында Қазақстанның 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму бол-жамы, «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан 2021-2023 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы», «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңдардың жобалары, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2021 жылға арналған нысаналы трансферт б�лу туралы» Президент Жарлығының жобасы қаралды. Осы мәселелер бойынша Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов, Ұлттық банк т�рағасы Ерболат Досаев, Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев баяндама жасады. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Мемлекеттік кірістер комитеті жер, к�лік және мүлік салығы бойынша 250 млн теңгеден асатын қарызы жиналып қалған, �сімпұлын есептен шығаруға мүмкіндігі бар 100 азаматтың тізімін жариялады.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Сұңғат �ЛІПБАЙ,«Egemen Qazaqstan»

ІЖӨ өсімі 2,8 % боладыҰлттық экономика министрі Руслан Дəле-

нов еліміздің 2021-2025 жылдарға арнал ған əлеуметтік-экономикалық даму болжа мы əлемдегі жағдайды ескере отырып əзір-ленгенін айтты. Коронавирус пандемиясы аясында биыл əлемдік экономика 4,9 %-ға төмендеп, 2021 жылы 5,4%-ға дейін өседі деп күтілуде. Əлемдік тауар нарықтарындағы үрдістер баяулады.

Халықаралық қаржы ұйымдарының 2021-2022 жылдарға арналған мұнай бағасына кон-сенсус-болжамы барреліне 45 жəне 55 доллар-ды құрайды. Министрдің айтуынша, еліміздің экономикасының дамуын халықаралық рейтингтік агенттіктер оң бағалауда. Moody's жəне FitchRatings рейтингтік агенттіктері Қазақ станның рейтингін инвестициялық сенім ділік деңгейінде растады.

Ведомство басшысы атап өткендей, сырт-қы жəне ішкі жағдайларды ескере отырып, экономиканы дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған 3 ықтимал сценариі əзірленді. Бұл – базалық, оптимистік жəне пессимистік сцена-рий. «Консервативті тəсілді ескере отырып, бюджеттік жоспарлау үшін базалық сценариді пайдалану ұсынылады», деді Р.Дəленов.

Базалық сценариде ішкі өнімнің нақты өсуі 2021 жылы 2,8% деңгейінде болжанып отыр. 2025 жылы ол 4,6%-ға жетеді. Атаулы ІЖӨ 2021 жылы 76,7 трлн теңгені, ал 2025 жылы 104,8 трлн теңгені құрайды. Мұнай өндіру 2021 жылы 86 млн тонна болса, 2025 жылы 100,7 млн тоннаға дейін артады. Барлық базалық салаларда оң өсім күтілуде. «Өңдеу өнеркəсібі жылына орта есеппен 6,7%-ға ұлғайып, кен өндіру өнеркəсібіне қарағанда қарқыны озық болады. Кен өндіру өнеркəсібіндегі өсім 2,9% деңгейінде болуға тиіс. Орташа жылдық өсу қарқыны ауыл шаруашылығында – 6,2%, сау дада – 5,5%-ды құрайды. Тауар экспорты 2021 жылы 41,4 млрд долларды құрап, 2025 жылы 51,5 млрд долларға дейін ұлғаяды деп күтілуде. Импорт 2021 жылғы 36,3 млрд доллардан 2025 жылы 37,8 млрд долларға дейін өседі», деді Р. Дəленов.

Аталған макроэкономикалық көр сет-кіштер негізінде республикалық бюджеттің кірістері (трансферттерді есепке алмағанда) 2021 жылы 6 926 млрд теңгені, 2022 жылы 8 566 млрд теңгені, 2023 жылы 9 217 млрд теңгені құрайды деп болжануда. Осыған орай Р.Дəленов кепілді трансфертті 2021 жылы – 2 700 млрд теңге, 2022 жылы – 2 400 млрд теңге, 2023 жылы – 2 200 млрд теңге мөлшерінде айқындауды ұсынды. «Кепілдендірілген трансфертті əлеуметтік міндеттемелерді қаржыландыруға бағыттау ұсынылады. Тиісінше даму бағдарламаларын қаржыландыруды ұлғайту үшін 2021 жылы Ұлттық қордан 1 трлн теңге нысаналы трансфертті тарту ұсынылады» деді министр.

Осы болжам бойынша түсімдер 2021 жылы 11,4 трлн теңгені, 2022 жылы 11,8 трлн теңгені, 2023 жылы 12 трлн теңгені құрайды. Республикалық бюджеттің шығыстары ке-лер жылы 14 049 млрд теңге, 2022 жылы 13 873 млрд теңге, 2023 жылы 13 889 млрд теңге көлемінде болжануда. Жалпы, əлеуметтік-экономикалық даму болжамы макроэкономикалық тұрақтылықты сақтауға, нəтижелі жұмыспен қамтуға, сонымен қатар ұлттық экономиканы тұрақты жəне сапалы дамытуға бағытталған.

Кіріс біртіндеп артады«2021-2023 жылдарға арналған респуб-

ликалық бюджет туралы» заң жобасы туралы баяндаған Қаржы министрі Е.Жамаубаевтың айтуынша, келер жылы түсім 11,4 трлн теңге деңгейінде болжанып отыр. Республикалық

бюджеттің кірісі (транс ферттерді есепте -мегенде) 2021 жылы 6,9 трлн теңгені, 2022 жы лы 8,6 трлн теңгені, 2023 жылы 9,2 трлн теңгені құрайды. Ол корпоративтік табыс салығы, қосылған құн салығы жəне шикі мұ-найдың экспорттық кедендік бажы есебінен ұлғаюға тиіс. Бюджет тапшылығы 2021 жылы ІЖӨ-нің 3,4%-ына тең болса, 2023 жылы кезең-кезеңмен ІЖӨ-нің 2,1%-на дейін төмендейді. Министрдің айтуын ша, шығыстар 2021 жылы 14 трлн теңге бола-ды. Бюджеттің ағымдағы шығыстары келесі жылы 13,1 трлн теңге деңгейінде анықталды. Даму бюджетінің көлемі 2021 жылы 900 млрд теңге сомасына жоспарланып отыр.

Е.Жамаубаев атап өткендей, жобада бюд -жет тің əлеуметтік бағыты сақталды. Шығыс -тар құрылымындағы əлеуметтік саланың үлесі 50,4%-ға тең. Осылайша əлеумет тік салаға келер жылы биылғымен салыстыр-ғанда 454 млрд теңгеге өсіммен 7 трлн теңге деп жос парланды. Жыл сайынғы индекс теу жəне зейнетақы мен жəрдемақы алушы лар контин гентін ұлғайту үшін келесі жылға қосымша 265 млрд теңге көзделді. Педагогтер мен дəрі герлердің жалақысын көтеру арқылы олардың мəртебесін арттыру жөніндегі Президенттің тапсырмасын іске асырудың барлық іс-шара лары жоспарланған.

Экономиканың нақты секторының да-муын қолдауға 2021 жылға 1,7 трлн теңге көзделді. Осы қаражат аясында «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», Агроөнеркəсіптік кешенді дамыту, Индустриялық-инновациялық даму мен «Бизнестің жол картасы – 2025» жəне басқа да бағдарламаларды іске асыру жалғасады. Министр атап өткендей, 2021 жылы өңірлерге республикалық бюджет қаражаты есебінен 3,8 трлн теңге бөлінеді, бұл жалпы бюджет шығысының шамамен 27%-ы. Оның ішінде ағымдағы нысана лы трансферттер – 1,4 трлн теңге, даму транс-ферт тері түрінде 405 млрд теңге көзделді.

Мəселені Үкімет басшысы Асқар Мамин қорытындылады. Fitch рейтингтік агенттігінің биылғы тамыздағы деректеріне сəйкес Қазақ-стан ның инвестициялық сенімділігі ВВВ, яғни тұрақты деп бағаланды. Бұл – дағ да-рысқа қарсы шараларды уақтылы қабыл -дап, құрылымдық реформаларды табысты жүргізудің нəтижесі. Сондай-ақ ел эко но-микасының тұрақтылығын, мемлекет тік қарыз дың төмендігін, Ұлттық банктің ақша-несие сая сатының тиімділігін жəне фис кал-дық резервтің едəуір көлемін көрсетеді.

Ұлттық банк жылдық инфляцияның ны-саналы дəлізін 2021 жылы 4-6% шегін де сақтап, 2025 жылы 3-5%-ға дейін төмен де-туді көздейді. 2021 жылға арналған респуб-ликалық бюджетте шығыстардың жаңа бас-тамалары көзделген, оның ішінде жалақы-ны арттыру арқылы педагог пен медици-на қызметкерлерінің мəртебесін арттыру, МƏМС-ке мемлекет жарналары, орта білім беру ұйымдарын жан басына қаржыландыру, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, жергілікті маңызы бар жолдарды дамыту,

газдандыру, жастар мен көп балалы отба-сыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бар.

«Қазір экономика салаларын қолдау жөніндегі жоспарланған шараларды сапалы іске асыруымыз керек, үйлесімді əрі жедел шешімдер қабылдауымыз қажет. Жағдайды ескере отырып, алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін ел бюджетінің жобасы жасалды. Онда қарастырылған қаражат мемлекеттің барлық əлеуметтік міндеттемелерін толық көлемде орындауға мүмкіндік береді», деді А.Мамин. Ол Парламентке аталған заң жо-балары мен əлеуметтік-экономикалық даму болжамын белгіленген мерзімде енгізуді тапсырды.

Биыл 18 млн тонна астық жиналады

Үкіметтің селекторлық отырысында 2020 жылғы орақ науқанының барысы қарал-ды. Науқанның басталғаны туралы Ауыл шаруашылығы министрі С.Омаров, жанар-жағармаймен қамтамасыз етудің жай-күйін Энергетика министрі Н.Ноғаев, өңірлердегі ахуал жайлы Ақмола Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының əкімдері баяндады.

Қазір барлық өңірлер жаппай егін жинауға кірісті. Биыл 22,7 млн гектар жерге егін егілді, бұл былтырғыдан 439 мың гектарға артық. Дəнді дақылдар 15,9 млн гектарға (оның ішінде бидай – 12,1 млн га), майлы дақылдар – 2,9 млн, мақта – 125,8 мың, қант қызылшасы – 20,9 мың, көкөніс-бақша өнімдері жəне кар-топ – 457,4 мың, жемшөп дақылдары – 3,3 млн гектар алқапқа егілді. Орақ науқанына арзандатылған дизель отынының қажетті көлемі – 395 мың тонна. Өндірушілер үшін 1 литрі шамамен 147 теңгені құрайды.

Ауыл шаруашылығы министрі атап өткен-дей, биыл орақ уақытылы түсті, науқан ның қарқыны былтырғыдан жоғары. Республика бойынша 3,3 млн гектардан дəнді жəне бұршақты дақыл жиналды, яғни алқаптың 21,2%-ы орылды.

«Орташа өнімділік гектарына 13,5 цент-нерді құрап, 4,5 млн тонна астық бастырыл-ды. Өздеріңіз білетіндей, биылғы жазда өткен жылғы секілді қуаңшылық болды. Төтенше жағдай мен карантин режіміне қарамастан, науқан оңтайлы мерзімде жүргізілді. Ылғалды жабу жəне топырақты егіс алдында өңдеу бо-йынша сапалы жəне уақытылы жүргізілген іс-шаралар топырақтың ылғалын сақтап қалуға мүмкіндік берді», деді С.Омаров.

Республикада 145 мың трактор, 75 мың трактор тіркемесі, 38 мың астық комбайны, 15 мың дестелегіш, 39 мың жүк көлігі бар. «Аг рар лық несие корпорациясы» АҚ-на рес публи калық бюджеттен 70 млрд теңге көлемінде бюджеттік несие бөлінді. Ол қаржы 2400 субъектіге берілді.

Нұрлан Ноғаев күзгі дала жұмыстарын жүргізу мақсатында Энергетика министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп дизель отынын жеткізу үшін облыстарды МӨЗ-ге бекіту кестесін əзірлегендерін айтып өтті. «Жоспарланған 395 мың тоннаның 106,2 мың тоннасы жөнелтілді. Қыркүйек айында 140,8 мың тонна, қазан айында 36,8 мың тон-на жөнелту жоспарланған. Ол төлемге сəйкес жүргізілуде», деді министр.

Мəселені қорытындылаған Үкімет бас-шысы А.Мамин Президент тапсырмасы бойынша «Қарапайым заттар экономи касы» бағдарламасы аясында 100 млрд теңге бө-лінгенін еске салды. «Азық-түлік ке лі сімшарт корпорациясы» өнімді форвард тық түрде са-тып алып жатқанын айтты.

«Үкімет тарапынан орақ жұмыстарын қаржылай жəне материалдық-техникалық қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шешімдер қабылданды. Жалпы алғанда, қабылданған шаралардың есебінен биыл астықтың болжам-ды жалпы жиналымы 18 млн тонна деңгейінде жоспарланып отыр. Қазақстан өзін астықпен толық қамтамасыз етеді. Экспорт əлеуеті де жақсы болады» деді А.Мамин.

Үкімет басшысы астық жинауды сапалы əрі уақытылы жүргізу, шаруаларды жанар-жағармаймен қамтамасыз ету, сонымен қатар жиналған өнімді уақытылы қабылдау жəне сақтау жағдайларын ерекше бақылау бойын-ша барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.

Депутаттардың аймақтардағы сапары жалғасуда

Сенат депутаттары Н.Жүсіп пен Д. Н�кетаева Алматы облысы Іле ауданына барып, бірінші кезекте пандемиямен күресте жергілікті билік қабылдаған шараларға, жаңа әлеуметтік нысандардың жұмысына, мектептердің жаңа оқу жылына даярлығына назар аударды.

Сенаторлар «Жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша ағымдағы жөндеуден өтіп жатқан спорт кешенінде болды. Депутаттар ауыл жолдарының жағдайымен де танысты. Əкімдік өкілінің айтуынша, биыл салынуы тиіс жолдардың жартысынан көбінің құрылысы аяқталған. Жалпы өңірде биыл «Жол картасы-2020» бойынша 18 жобаны іске асы-ру көзделіп отыр. Олардың қатарында 4 ауыз су құбырының құрылысы жəне 10 көшені жөндеу жұмыстары бар.

Депутаттар «7-20-25» жəне «5-10-20» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған көппəтерлі үйлердің сапасын көріп шықты. Сенаторлар аталған үйлерді шынайы мұқтаж жандар алуы қажет екенін айтты. Сонымен қатар аудан активімен кездесу барысында қайталануы мүмкін кезекті пандемияға қазірден дайындалудың маңызына тоқталды. Сенатор Н.Жүсіп мемлекет індетпен күреске қомақты бюджет қар-жысын бөлуде, сондықтан жергілікті атқарушы органдар олардың мақ-сатты жұмсалуын қадағалауы қажет екенін ескертті.

* * *Мәжіліс депутаты Б.Смағұл Алматы облысындағы «Баянк�л» шекаралық заставасына барып, шекарашылардың тұрмыс-тіршілігімен танысты.

Депутаттың айтуынша, командирлер тұратын ескі үйлерге жөндеу жүргізіліп, ал қатардағы жауынгерлерге арналған үйлердің қабыр-ғаларын жылу оқшаулағыш материалдармен қаптап, астына іргетас құйып, қыста жылы, жазда салқын, оның үстіне алыстан көрінбейтін, жасырын, ұқыпты баспаналар дайындалуда. Сонымен қатар сапар ба-рысында ол Райымбек ауданы халқымен кездесіп, аудан орталығында бой көтерген жаңа ғимараттарды жəне қазіргі кезде қызу жұмыстар жүргізіліп жатқан құрылыс алаңдарына барды. Қазіргі уақытта аудан орталығы Нарынқол ауылында жергілікті тұрғындарға арналған 83 тұрғын үй салынуда. Ал мемлекеттік қызметкерлер игілігіне 4 қызметтік тұрғын үй тапсырылмақ. Сондай-ақ депутат «Жұмыспен қамту жол картасы» негізінде Қызылшекара ауылының ауыз су жүйесін қайта жаңғыртуға жəне Нарынқол, Жаңа-Текес ауылдарында көшелерді жарықтандыру жұмыстары басталғанына ерекше назар аударды. Ауданның инфрақұрылымы да жаңғыруда. Мұнда жергілікті маңыздағы жолдар да жөнге келтіріліп, жаңадан төселуде.

* * *Сенат депутаты Д.Мусин Семей қаласына сапары барысында Абай атындағы музейге барды.

Қала əкімі сенаторға таяуда ғана Абай алаңын абаттандыру жұмыстары аяқталғанын, соның нəтижесінде бұл жерде ойын жəне спорт алаңдары ашылып, жас талдар отырғызылғанын айтты. Сондай-ақ, ақын ескерткішін жарықтандырып тұратын арнайы қондырғылар орнатылған. Қалада Абай атындағы театрға да жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Театр көркемдік жетекшісінің айтуынша, ғимараттың тарихи келбеті толық сақталады. Мерейтой аясында ақын музейінде Абай мен балаларына арналған еліміз бойынша алғашқы ескерткіш орнатылады деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар Д.Мусин Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай өңірлердің Семей қаласын көркейту туралы Үкімет тапсырмасын қалай орындап жатқанына на-зар аударды. Осыған орай сенатор облыс əкімдігі бұл мəселеге баса мəн беріп, аталған тапсырманың орындалуын бақылауға алу керектігін атап өтті.

* * *Мәжіліс депутаты И.Аронова Қостанай облысы бойынша жаңа оқу жылына дайындық жағдайымен танысты.

Жергілікті білім саласы мамандарының айтуынша, осы жылы 9,2 млрд теңге қаржы бөлініп, 130 нысанға күрделі жөндеу жүргізілген. И.Аронова облыстық ұстаздар қауымымен онлайн конференцияда қазіргі карантин жағдайында білім беру жұмысын ұйымдастыру тақырыбын талқылады. Мəлім болғандай, барлық мектептерде сабақ қашықтықтан оқытудан басталады. Ол үшін барлық жағдай жасалған. Алайда, депутат қашықтықтан оқытуда білім беру сапасына нұқсан келтірмеуге баса на-зар аударды. Онлайн кездесу барысында ұстаздар мен олардың отбасын əлеуметтік қолдау жайы да назардан тыс қалмады. Нақты айтқанда, ко-роновирус індетін жұқтырған мұғалімдерді сауықтыру мəселесі əңгіме өзегіне айналды. Ұстаздар қауымы биыл тұңғыш рет бастауыш сынып-тар үшін ұйымдастырылатын «кезекші сыныптар» мəселесіне депутат назарын аударды. Айтуларынша, жүктеменің артуына байланысты еңбекақы төлеміне қатысты нормативтік-құқықтық база жоқ. Депутат осы жəне басқа да өзекті сұрақтарды құзырлы органдармен бірлесіп шешуге уəде етті.

* * *Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінің т�рағасы Б.Оспанов Шымкент қаласында кәсіпкерлермен кездесіп, шағын және орта бизнесті қолдау мәселесін талқылады.

Сонымен қатар ол «Taссай» индустриалды аймағына жəне «Оңтүстік» еркін экономикалық аймағына барған кезде мұндай кездесулердің қазақстандықтардың өмірін жақсарту үшін ел басшылығы қойған міндеттерді шешудің маңыздылығын атап өтті. Депутаттың айтуынша, бизнеске жеңілдетілген несие беру тəжірибесін, шетелден əкелінетін кейбір материалдарға бажды төмендету, сондай-ақ, кəсіпорындарды өндірістік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мəселелеріне ерекше мəн беру керек. Депутат кəсіпкерлердің мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың негізгі бағыттары бойынша сұрақтарына жауап беріп, заң жобалары туралы жəне алдағы партияішілік сайлау, яғни прайме-риз туралы айтты.

«Егемен-ақпарат»

Балық шаруашылығын қолдау маңызды

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Сенат депутаты Сәрсенбай Еңсегенов Премьер-Министр Асқар Маминмен кездесіп, елдегі балық �неркәсібін дамыту перспек-тиваларын талқылады.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Арнұр АСҚАР,«Egemen Qazaqstan»

Бұл азаматтардың салық бо-йынша жалпы берешегі 263 845 620 теңгені құрайды. Оның ішінде негізгі қарыздың үлесі – 166 150 674 теңге. 97 694 946 теңге – есептелген өсімпұлдар.

Антирейтинг тізімінің басын-да Алматы қаласының азаматы

тұр. Оның төлеуге тиіс көлік салығының жалпы сомасы 11 млн теңгеге жуық. Бұл сома бо-йынша негізгі қарыз – 6 314 141 теңге. Ал жинақталған өсімпұл – 4 618 660 теңгені құрайды, – деп хабарлады. Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

Жер салығы бойынша бо-рышы ең көп адам Ақтөбе қаласында тұрады. Ол жалпы

сомасы 723 455 теңге қарызын өтеген жағдайда 73 719 теңге өсімпұлы өшіріледі.

Мүлік салығы бойынша да қарызы қауғаланып қалғандар аз емес. Салықтың бұл түрі бо-йынша нұрсұлтандық тұрғын көш басынан көрініпті. Оның жалпы қарызы – 1 165 033 теңге. Негізгі қарыз сомасын төлеген жағдайда 422 287 теңге өсімпұлы есептен шығарылмақ.

Борышкерлердің толық тізім комитеттің ресми сайтында жарияланғанын айта кетейік.

Еске сала кетейік, салықтық рақымшылық 2020 жылдың

соңғы күніне дейін жалғасады. Берешектің орнын толтырып, өсімпұлды есептен шығару үшін азаматтарға ешқайда барудың қажеті жоқ. Борыштың негізгі сомасын төлесе болды, өсімпұл автоматты түрде есеп-тен шығарылады. Мемлекеттік кірістер органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінде осы іспен айналысатын арнайы ко-миссия бар.

Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, алдағы уақытта да жауапсыз салық төлеушілер тізімі жарияланып тұрады.

Бес жылдың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы

Көлік салығы үшін 6 млн теңге қарыз

Кезінде балық шаруашылығын дамыту жөніндегі салалық ведом-ство құру жəне осы саланы қолдау бойынша Үкімет мүшелерінің қатысуымен бірқатар отырыс-тар өткізу туралы бастама көтер-гендердің қатарында болған се-натор Жайық жəне Қиғаш өзен-деріндегі су көлемін арттыру, шека ралас аумақтағы Балқұдық-Қара балық өткізу пунктінің мəрте бесін белгілеу, сондай-ақ

депутаттың өңірлік сапарлары ке-зінде азаматтар көтерген бірқатар басқа да мəселелерді сөз етті.

Үкімет басшысы Қазақстанда балық шаруашылығы комитетін құру мəселесі пысықталып жатқанын жеткізді, сондай-ақ се-натор айтқан мəселелерді шешу бойынша Үкімет қолға алған жұмыстар туралы айтып берді.

«Егемен-ақпарат»

Page 3: Миллионда ан бонуса кім лайы?2020/08/26  · станның инвестициялық сенімділігі ВВВ, яғни тұрақты деп бағаланды

26 ТАМЫЗ 2020 ЖЫЛ 3

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері медициналық ұйымдарға қайырымдылық к�мек к�рсету үшін шамамен 27 млн теңге жинады.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Президент Телерадиокешенінің YouTube арнасындағы «Балаеваға 3 сұрақ» бағдарламасында республикалық «Egemen Qazaqstan» газетінің директорлар кеңесіне мүше болуы мен отандық телеарналар жайында әңгімеледі. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде Zoom байланысы арқылы мемлекеттік қызмет саласында жобалық басқаруды қолдану мәселелерін талқылау бо-йынша онлайн-конференция �тті.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

САЯСАТ

Светлана ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ,«Egemen Qazaqstan»

Бұған дейін хабарланғандай, биыл шілде айының соңында А.Балаева «Egemen Qazaqstan» газетінің директорлар кеңесіне жəне «Қазмедиа орталығы» бақылаушылар кеңесінің құрамына енген болатын. Осыған қатысты министр «Əр қосымша жүктеменің өз жауапкершілігі бары анық. Ақпарат министрлігін басқарып отырғаннан кейін еліміздегі ең беделді медиа құрылымдардың ішіндегі процестерді қадағалап отыру ке-рек. «Egemen Qazaqstan» – 100 жылдық тарихы бар басылым. Бүгінгі таңда 185 мың оқырманды қамтып отыр. Елде болып жатқан тыныс-тіршіліктің барлығын осы «Egemen Qazaqstan» мен «Казахстанская правда» газеттері арқылы білуге болады. «Қазмедиа орталығы» – 10-нан астам ірі БАҚ

редакциясы шоғырланған үлкен орталық. Осы екі ұйымдағы ішкі процестердің барлығын дер кезінде көріп отыру, шешім қабылдау, көкейкесті мəселелер болса, оны бірге шешіп отыру үшін осындай шешім қабылданды. Менің ойымша, бұл – дəстүрлі дүние», деді.

Ақпарат жəне қоғамдық даму министрі сондай-ақ жаңа маусымнан бастап шетелдік ойын-сауық контент пен сериалдарды са-тып алу 30 пайызға қысқаратынын сөз етті. «Телеарналар жұмысына қатысты сындарлы, орынды сын мен ұсыныс көп болды. Олардың барлығын ескеріп, те-леарналар бағдарламасын қайта қарап шықтық. Ойын-сауық бағдарламалары мен телехикаялардың шамадан тыс екені ай-тылды. Жаңа маусымнан бастап шетелдік ойын-сауық контенті мен сериалдарды са-тып алуды 30 пайызға қысқартамыз деген

шешімге келдік. Бұл сериалдар мүлде бол-майды деген сөз емес. Яғни бұл ба ғытты қолдайтын аудиторияның да мүддесі еске-ріледі. Еліміздің əлеуметтік-экономика лық жайынан хабар беретін төл бағдарлама-ларымыз дайындалады. Əсіресе, мемлекет-тік ұйымдардың жұмысы мен мемлекеттік бағ дар ламалардың орындалуын түсіндіруге басым дық беріледі», дей келе министр «Əл-Фараби» арнасы іске қосылмайтынын ха-барлады.

Бағдарлама барысында А.Балаева Kazakh TV арнасының аты өзгертілуі мүмкін екенін жеткізді. «Еларна» телеарнасы мəдениет жəне білім саласына қатысты ақпарат тарата бастайтынын мəлімдеді. Сонымен бірге «Қа-зір гі экономикалық жағдайға байланыс ты қол да бар ресурсты барынша қолдану керек деген шешім қабылданды», деді министр.

Оған қоса Ақпараттық-талдау орталығы жанынан екі телеарнаның контент сапасын бақылауға арналған арнайы бөлім ашыла-тыны мəлім болды. Құрылым өнім сапа-сын, мазмұны мен жүргізушілердің сөйлеу мəнерін, аударманың дəлдігін қадағала-мақ.

Агенттік қызметкерлері коронавирустың таралуына қарсы күреске көмек ретінде бір күндік жалақыны аударуға шешім қабылдады. Жиналған қаражатқа 25 оттегі концентраторы сатып алынды, олар өңірлер арасында тең бөлінетін болады. Өнімділігі минутына 10 литрге дейінгі аппараттар ты-ныс алу жолдарының аса ауыр дерттерін емдеуде қолданылады.

«Əрбір ұйым əлеуметтік жауапты бо-луы тиіс. Қоғам алдындағы əлеуметтік жауапкершілігімізді түсіне отырып, біз ауруханаларға оттегі концентраторларын сатып алу үшін бір күндік жалақымызды аудару маңызды жəне қажет деп есептедік. Сол арқылы СOVID-пен қарсы күреске жанашырлық танытамыз», деді агенттік төрағасы А.Шпекбаев.

Сондай-ақ бұған дейін Интеллектіні да-мыту халықаралық институтының дирек-торы, Корея Республикасының жергілікті

өзін өзі басқарудың лауазымды тұлғаларына арналған оқыту бағдарламаларын əзірлеуші, профессор Джо Гю Юн жəне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өзара ынтымақтастығы арқасында оңтүс-тік кореялық тараптан Қазақстанға гума ни-тарлық көмек жіберілгенін атап өткен жөн.

«Эйр Астана» əуекомпаниясының қол-дауымен 50 мың АҚШ долларын құрай-тын, жалпы салмағы 1,5 тонна жүк Алматы əуежайына келді. Келіп түскен гумани тар-лық жүк «СҚ-Фармация» ЖШС арқылы медициналық мекемелерге жіберіледі.

Агенттіктің аумақтық бөлімшелері жұртшылық өкілдерімен бірлесіп жүкті соңғы тұтынушыға дейін жеткізуді қамтамасыз етеді. Гуманитарлық тауарды мақсатсыз пайдалануды болдырмау үшін барлық келіп түскен дəрі-дəрмектер мен бұйымдар «Гуманитарлық көмек – ТЕГІН» арнайы мөртаңбасымен таңбаланады.

Агенттік қызметкерлері елге келіп түсе тін барлық гуманитарлық көмекті бөлуді ашық бақылау процесін жолға қойғанын атап өткен жөн. Сондай-ақ Антикордың ұсынысы бойын ша бірыңғай дистрибьютордың ресми сай тында арнайы бөлім құрылды, онда кез кел ген адам елге келіп түскен гуманитарлық көмек ті бөлу ту-ралы толық ақпаратты көре алады.

Өз кезегінде, «Adaldyq alańy» жобасы аясында бағаны көтеру фактілерін болдыр-мау мақсатында еліміздің дəріханаларында ақпараттық брошюралар орналастырылу-да. Онда COVID-19 жəне вирустық пнев-монияны емдеуге қолданылатын дəрі-дəрмектердің шекті бағалары көрсетілген. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін уəкілетті органның Call-орталықтарының нөмірлері мен дəрілердің шекті құнын реттейтін нормативтік құқықтық актіге сілтеме жа-сай отырып, QR-код орнатылды. Бұл баста-ма дəріханалардың сұранысқа ие дəрі-дəрмектердің бағасын негізсіз көтеруінің тежеуші факторы болып табылады.

«Егемен-ақпарат»

Жолдыбай БАЗАР,«Egemen Qazaqstan»

Талқылауға Президент Əкімшілігі мем-лекеттік басқару бөлімінің меңгерушісі Əлтайыр Ахметов, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аппарат басшысы Ба-заралы Бақтыгереев, Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың басқарушы коми тетінің төрағасы Əлихан Байменов, Ұлттық экономика министрлігі жобалық басқару департаментінің директоры Ило на Шварцкопф, Президент жанын-дағы Мемлекеттік басқару академия-сы мемлекеттік басқарудағы жобалық менедж ментті дамыту орталығының басшы сы Арман Евниев жəне аталған Акаде мияға қарасты кəсіби даму инсти-туты ның директоры Маргарита Қадырова қатысты.

Іс-шарада Президент Əкімшілігі мем лекеттік басқару бөлімінің меңге-рушісі Ə.Ахметов уақыт талабына сəй-кес мемлекеттік басқаруға жаңа тəсіл-дерді енгізудің маңыздылығын атап өтті. Мемлекеттік басқарудың жаңа тұжы -рым дамасының идеологиясы əкімші-лендіру моделінен сервистік модельге

көшуге бағытталғанын айтты. «Кез кел-ген ұйымда екі негізгі қызмет түрі бар: операциялық жəне жобалық қызмет. Опе рациялық – күнделікті, қайтала-натын, технологиялық қызмет. Осы тұжы рымдама аясында біз оны дамыту жəне жетілдіру қажет үдерістік тəсіл ретінде қарастырамыз. Қазір біз мемле-кеттік қызметтегі бизнес-процестерді оңтай лан дыру жəне автоматтандыру мүмкіндігін қарастырудамыз. Бұл, біздің ойымызша, мемлекеттік қызметшілердің уақытын халықпен сапалы өзара іс-қимылға бағыттауға серпін береді. Егер жо балық басқару туралы айтатын болсақ, мемлекеттік басқарудағы пробле-малардың реестрін жасадық, олардың шешімін жобалық тұрғыдан көріп отыр-мыз», деді Ə.Ахметов.

МҚІА аппарат басшысы Б.Бақты-ге реев жобалық басқаруды енгізу бо-йынша мемлекеттік қызмет саласындағы уəкілетті орган жүргізетін жұмыстарға тоқталды. Оның айтуынша, қазіргі уа-қытта агенттік мемлекеттік аппаратты жобалық басқару саласына бейімдеу бағы тындағы кедергілерді жою бо-йынша тиісті жұмыстар атқаруда. «Іс

жүзін де жобаны басқаруда өзара іс-қимыл маңызды рөл атқарады. Қазір агенттік «өзара іс-қимылды» дамыту мақсатында ұйымдастырушылық ор-таны өзгерту бойынша жұмыстарды жүзеге асыруда. Əртүрлі қызметтердің, департаменттердің жəне мамандардың өзара байланысы, ынтымақтастығы үшін жағдай жасалуда. Біздің барлығымыздың мақсатымыз бір, біз сындарлы өзара іс-қимылды бір жүйеге қоя алсақ, онда бұл жобалық басқаруды дамытуға одан əрі септігін тигізеді», деді ол.

Бұдан басқа, Б.Бақтыгереев Агенттік жобалық басқару бағытында іске асы-рып жатқан «i-kyzmet» жобасы туралы егжей-тегжейлі айтып берді. «Бұл жоба мемлекеттік қызмет ші лерге күнде лікті, қайталанатын жəне түрлі түйіткіл дер ден арылуға мүм кіндік береді. Яғни мемле-кеттік аппарат кадрлық өзіне өзі қыз мет көрсетуге көшеді жəне іс жүзінде ма-ңызды істерге көп көңіл бөлуге мүмкіндік береді», деді МҚІА аппарат басшысы.

Сондай-ақ агенттіктің мемлекеттік ор-гандармен бірлесіп жобалық басқаруды енгізу бойынша жұмысы жалғасатыны атап өтілді. Өз кезегінде, Ұлттық эконо-мика министрлігінің департамент дирек-торы И.Шварцкопф жобалық басқарудың нормативтік-құқықтық базасын енгізу бойынша жұмыс барысы туралы сөз сөйледі.

Онлайн-конференцияда Мемлекеттік басқару академиясы мемлекеттік басқару-дағы жобалық менеджментті дамыту орта лығының басшысы А.Евниев өзі басқа ратын институт арқылы жүзеге асыры лып жатқан жобалар туралы əңгімеледі. Оның айтуынша, осы жылдың қазан айында мемлекеттік сектор үшін жобалық басқару бойынша ұлттық кон-курс өткізу жоспарлануда. «Бұл байқау жобалық басқаруды дамытуға жəне мемлекеттік секторға түрлі жобаларды іске асыруға ықпал етуге серпін береді. Бай қау ды біз үш номинация бойын-ша өткі зуді жоспарлап отырмыз: үздік жоба, жыл жобасының үздік менеджері, бағдарла маны жүзеге асырудың үздік офисі», деді А.Евниев.

Мемлекеттік басқару академиясының кəсіби даму институтының директоры М.Қадырованың айтуынша, мемлекеттік басқару жүйесіне жобалық менеджментті енгізудің сəттілігі көбінесе мемлекеттік органдардың кадрлық құрамының білік-тілік деңгейіне, мемлекеттік қызмет-шілердің белгісіздік жағдайында күрделі мəселелерді шешуде жобалық басқару құралдарын сауатты пайдалану қабілеті мен дайындығына байланысты. Осыған байланысты, академия білім беру процесіне жаңашылдықтар енгізді, бұл 3000-нан астам мемлекеттік қызметкерді біліктілігін арттыру семинарлары мен

қайта даярлау курстары шеңберінде жо-балық менеджментті оқытуға мүм кіндік берді.

Сонымен қатар Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың басқарушы комитетінің төрағасы Əлихан Байменов Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйе сіне жобалық менеджментті енгізудің рөлі мен тарихы туралы пікірі-мен бөлісті. «Жобалық басқаруды енгізу жұмыстарын біз 2013 жылы бастадық. Ол кезде Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жобалық басқаруды дамы-ту бағыттарын анықтап, осы салада алғашқы сертификатталған жаттық ты-рушыларды даярлады. Жалпы алғанда, жобаны басқару – операциялық блоктың бөлігі. Қазір көптеген ел жобалық менеджментті дамытуға ерекше көңіл бөлуде. Бұл өте тиімді құрал», деді Ə.Байменов. Сөз соңында ол жобалық басқару мемлекеттік қызмет жүйесіндегі маңызды міндеттерді шешудің ажы-рамас құралына айналатынына сенім білдірді.

Конференция қорытындысы бо-йынша қатысушылар жобалық басқару ашықтықты қамтамасыз етуге, есептілікті болдырмауға, мемлекеттік органдар ара-сында ынтымақтастық құруға мүмкіндік беретін жəне алға қойылған мақсаттарға қол жеткізудің тиімді құралдарының бірі екенін атап өтті.

Жобалық басқаруды қолдану перспективалары талқыланды

Шетелдік өнім 30 пайызға қысқарады

27 млн теңге көлемінде гуманитарлық көмек көрсетті

Кеңесте заң қызметі департаментінің директоры М.Хайруллиннің баяндамасы тыңдалды. Ол Орман шаруашылығы жəне жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімдеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өз дəрежесінде жүргізілмей отырғанына тоқталды, атап айтқанда 2019 жылдың шілдесі мен 2020 жылдың тамы-зы арасында 11 қызметкер қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Жауапты хатшы аталған комитет

төрағасының міндетін атқарушы Н.Жүні-совке, комитет қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті кү-шей ту жайлы тапсырма берді. Сонымен қатар кеңесте комитеттердің, аумақтық бөлімше басшыларының Сыбайлас жем-қорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жəне «Адалдық алаңы» жобасы кеңсесімен бірлесіп, сыртқы талдау барысында анық-талған сыбайлас жемқорлық тəуекелдерін жою жайлы жоспарының орындалу

бары сы, министрліктің жəне оның аумақтық бөлімшелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыру, ашық тықты қамтамасыз ету мəселелері талқыланды.

Кеңес қорытындысы бойынша С.Нұр-лыбай сыбайлас жемқорлық тəуекелдерін жою жайлы жоспарының орындалуын қамтамасыз етуді жəне оның орындалуы-на немқұрайды қарамауды, сонымен қатар «Адалдық алаңы» кеңсесінің жəне оның аумақтық филиалдарымен өзара əрекеттесу ісін күшейтуді тапсырды.

Жиында қызметкерлер тарапынан сы-байлас жемқорлық қылмыстары жасалған жағ дайда, комитет жəне аумақтық құры-лым дық бөлімшелер басшыларының жауап-кер шілігі қаралып, оларды қызметтен босату жайлы шешім қабылданатыны айтылды.

«Егемен-ақпарат»

Жемқорлыққа қарсы күрес өз деңгейінде жүргізілуі тиіс

Ресми сайттарға қашан көңіл толады?

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––«Egemen Qazaqstan» газетінің 2017 жылғы 8 желтоқсандағы н�мірінде «Мемлекеттік сайттар атауы неге мемлекеттік тілде емес?» деген мақала жариялаған едік. Аталған мақалада еліміздегі мемлекеттік мекемелердің сайтындағы олқылықтарды тізіп шыққан болатын-быз. Үш жыл бұрын жазылған мақаладан кейін не �згерді? Айтылған сыннан қорытынды шықты ма? Осыны білу мақсатында мемлекеттік мекемелердің веб-ресурстарын тағы бір шолып шықтық.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,«Egemen Qazaqstan»

Үш жыл бұрын Үкімет құра мын-дағы 16 министрліктің төртеуі өз сайт-тарын орысша атағанын хабарлаған едік. Сол мақалада сөз болған Ден-саулық сақтау министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі жəне Мəдениет жəне спорт министрлігі сайттарының до-мендік атауын өзгерткен екен. Бүгін-де алғашқы екеуі қазақ тіліндегі нұс-қаны таңдаса (dsm, qriim) кейінгілері ағылшын тіліндегі атауды қолдануды дұрыс көрген (moa, mcs).

Домендік атауын қазақ тілінде жазған министрліктер қатарында Əділет министрлігі – adilet.gov.kz, Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігі – enbek.gov.kz, сондай-ақ Ақпарат жəне қоғамдық даму министрлігі – qogam.gov.kz. Қалғаны түгелдей ағылшын тілінде.

Осы орайда, мына мəселені айта кеткен жөн. Үкімет құрамындағы министрліктер мен облыс əкім-дік терінің сайттары қазіргі таңда бір домендік атауға (gov.kz) бірік-тірілген. Яғни бүкіл веб-ресурс бір шаңырақ астына жиналғандықтан, министрліктердің сайттарында біріз-ділік бар.

Үш жыл бұрынғы мақалада ай-тыл ған облыс əкімдіктерінің интер-нет-ресурстарының домендік атауы өзгермеген, сол қалпы. Мəсе лен, Шығыс Қазақстан облысы – akimvko, Қарағанды облысы – karaganda домендік атауын қолданған.

Сондай-ақ жоғарыда айтылған мақалада Жоғарғы соттың (sud.gov.kz), Ұлттық қауіпсіздік коми-те тінің (knb.kz), Қазақстан Респуб-ликасы Президентінің Іс Басқар-масының (udp-rk.kz – Управление Делами Президента РК), Қазақстан Республикасы Кəсіподақтар феде-ра циясының (fprk.kz – Федерация профсоюзов РК) мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (enpf.kz – Единый накопительный пенсионный фонд) домендік атау-лары орыс тілінде жазылғанын ха-бар лаған едік. Содан бері үш жыл өтсе де, «баяғы жартас бір жартас-тың» кері келіп тұр.

Министрліктің домендік атау-лар ындағы жағдай біршама түзелге-німен, оларға қарасты комитеттер əлі күнге орыс тілді доменге шең-гелдеп жабысып алған сыңайлы. Мəсе лен, Қаржы министрлігінің Қар жы мониторингі комитеті (kfm.gov.kz – Комитет по финансово-му мони торингу), Тауарлар мен көрсеті летін қызметтердің сапасы мен қауіп сіздігін бақылау комитеті (kkkbtu – Комитет контроля ка-чества и безо пасности товаров и услуг), Ин дустриялық даму жəне

өнеркəсіптік қауіпсіздік комитеті (comprom – Комитет индустриаль-ного развития и промышленной без-опасности), Құрылыс жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті (kds – Комитет по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства) секілді бірқатар комитет бар. Терроризмге қарсы орталықтың сайты да орысша атауды таңдауды жөн көрген екен (antiterrosticheskiy-centr).

Бүкіл министрліктер мен əкім-дік тер сайты бір шаңырақ асты-на жиыл ғанымен, əлі күнге кей бөлімдерде ақпарат толық емес. Мəсе лен, Павлодар облысы əкімдігі-нің интернет-ресурсындағы «Жалпы ақпа рат» бөлімінде əкімдік туралы орысша жазылған. Ал «Өнеркə сіп жəне бизнес» бөлімінде мүл дем ақпарат жоқ. Павлодар ел экономи-ка сындағы жетекші облыстарының бірі саналады. Өңірде өнеркəсіп те, бизнес те қызу жүріп жатқаны түсінікті. Бірақ облыс əкімдігінің сайтында бұл жөнінде ақпарат бол-мауы таңғалдырады.

Сондай-ақ бүкіл министрліктер мен əкімдіктердің сайттарын аш-қанда интернет-ресурстар негізінен орысшаға бейімделгенін аңғару қиын емес. Мəселен, «жалпы ақ-парат» бөлімін ашқанда шекесінде «Общая информация» деп тұруы, тілді қазақшаға ауыстырғанда «ска-чивание языков» деп шығуы бүкіл сайтқа тəн кемшілік бар екенін анық аңғартады.

Облыс сайттарының жайы түсі-нік ті болған соң, аудан əкімдіктерінің сайтын шолып шыққан едік. Бір неше веб-ресурсты ақтарғаннан кейін қалғанын ашуға жүрек дауала-мады. Мəселен, Жамбыл облысы-ның Байзақ жəне Мойынқұм аудан-дары сайттарының атауы орысша жазылған. «Акимат Байзакского рай-она» деген жазу қазақ тіліне ауыс-тырсақ та, орыс тіліне ауыстырсақ та өзгермеді. Оның үстіне, интернет-ресурстардың қалай болса солай жасалғаны көзге анық көрініп тұр.

Негізі біз айтқан мəселелерді шешу оңай шаруа. Домендік атау мен оны бір жылға создырту құны қымбат емес. Қазақ тіліндегі бөлім-дер дегі ақпаратты толтыру да көп қаражат пен уақыт талап етпейтіні де түсінікті.

Мемлекеттік мекемелердің қыз-меті интернеттегі веб-ресурс та-рын дағы кемшіліктермен бағалан-байтыны түсінікті. Тілдің мəселесі де домендік атауды қазақшалаумен шешілмейтіні белгілі. Бірақ Қа зақ-станның мемлекеттік тілі қазақ тілі екенін ескерсек, жо ғарыда айтылған министрліктер мен əкімдіктер ана тілімізге құрметпен қараса, оң қадам болар еді.

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Экология, геология және табиғат ресурстары министрлігінің жауапты хатшы-сы Сәбит Нұрлыбайдың т�рағалығымен Экологиялық реттеу және бақылау, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі, Геология және су ресурстары комитеттерінің, сонымен қатар комитеттердің аумақтық департаменттері мен инспекция басшыларының қатысуымен онлайн режімде министрліктің және оған бағынысты аумақтық ведомстволар қызметкерлері арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша кеңес �ткізілді.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

ЖАЗЫЛҒАН ЖАЙДЫҢ ЖАЛҒАСЫ

Page 4: Миллионда ан бонуса кім лайы?2020/08/26  · станның инвестициялық сенімділігі ВВВ, яғни тұрақты деп бағаланды

4 26 ТАМЫЗ 2020 ЖЫЛƏЛЕМ ЖƏНЕ ҚАЗАҚСТАН

Өткен аптада Ирлан диядағы гольф клубтардың бірі 50 жылдық ме-рейтойын тойлап, салтанатты рəсімге лауазымды қонақтарды шақырған-ды. Олардың қата рында «Үлкен Фил» атымен танылған Хоган мырза да бар. Кейінірек мерейтойлық жиынға 80-нен астам адам қатысқаны белгілі болды. Ирландия билігі эпидемияны таратпау мақсатында көпшілік орын-дарда 50-ден артық адам жиылмауы тиіс деп шешім шығарған еді. Бірақ даулы іс-шарадан бір күн бұрын ғана індеттің өршуіне байланысты бұл шектеуді 6 адамға дейін қыс қартқан.

Мерейтойға көп адамның жина-луы мен карантиндік шектеудің сақ-талмауы Ир лан дияда қызу талқыға түсті. Нараз ылар Фил Хоган баста-ған шенеуніктерді қыз меті нен алуды талап етіп отыр. Өйткені лауазым-ды тұл ғалар пандемия кезінде ара-қа шықтық сақтап, себеп сіз далаға шықпауға шақы рып, өздері той той-лап жүруі қызуқанды ирлан дия лық-тарға ұнаған жоқ.

The Irish Examiner газеті іс-шара туралы жариялағаннан кейін əлеуметтік желілерде мерейтойға қатысқандарды сынаған жазбалар көбейді. Оған қоса, тыңдармандар радиоға қоңырау шалып, шенеу-ніктерге өкпесін жет кізді. Осы оқи-ғадан кейін мере келік жиын ға қатыс-қан Ирландия ауыл шаруа шы лығы министрі Дара Гал леари жəне бір-қатар лауазымды тұлға қыз меті нен кетті. Ал Хоганның «тағ дыры» Еу-ро палық одақтың қолында.

Ирландия парламентіндегі Жа сыл-дар партиясы Ф.Хо ганнан өз кінə сін ашық мойындауды талап етіп отыр. Əлеуметтік теңдік жөнін дегі министр, Жасылдар пар тиясының мүшесі Роде-рик О’Горманның айтуынша, Хоган қоғамның пікі ріне құлақ асуы тиіс. «Біз ше шім қабылдап, халықтан күнделікті тіршілігінен бас тартып, үйден шықпауды сұрап отырмыз. Бұл қадамның қарапайым тұрғындар өміріне қалай əсер еткенін нақты айта алмаймыз. Сондықтан Дара Галлеаридің қызметінен кеткені дұрыс шешім. Ол қателік жасады», деді ол.

Сенатор Регина Доерти, Ф.Хоган-ның өзін ақтаудың орнына кешірім сұраға ны дұрыс деп есептейді. «Ф.Хоган өзінің қателескенін ай тып,

мұндайды қайтала мау ға уəде беруі керек еді. Ол кешірім сұрауы тиіс», деді сенатор. Оппозициялық пар тия жетекшісі Мару Лоу Мак до нальд туиттердегі па рақ ша сында Ирландия пар ла менті жазғы демалысынан ша қы-рылып, оқиғаны май шам мен қараудың қа жетін жазды.

Хоганның өзі іс-шараның каран-тиндік талаптарға сай келме генін білмейтінін айтып, ақталып əлек. Оның сөзіне сенсек, ұйымдастыру-шылар мерекелік салтанат карантиндік шектеуге сай жасалғанына сендірген.

«Мен Оиреахтас (Парла мент – А.А.) гольф қоғамы ның жиынына ұйым дасты ру шылар мен қонақ үй бас шылығы Ирландия қонақ үй фе-дерациясымен ке лісіліп, мемлекеттің шек теу шараларына сай жасалға-нына сендіргендіктен ғана қа тыс-тым», деп жазды Ф.Хоган туиттердегі парақшасына.

Дегенмен, Ирландия қонақ үй феде рациясы 50 адам нан артық жина-латын бүкіл шараларға шектеу са-лын ғанын айтады. Премьер-министр Микал Мартин жер гілікті телеар-наларға бер ген сұхбатында Хоган-ның ха лықтан кешірім сұрауы тиіс-тігіне тоқталып, оны əр сөзіне мұқият болуға шақырды.

«Халықтың ашулану себебін жақсы түсінемін. Бірақ Хоган Еуро-па лық ко мис сияның мүшесі. Сон-дық тан ол Ирландия билігінің юри с дикциясына кірмейді», деді М.Мартин.

The Irish Times газетінің хабар-лауынша, салтанатты рəсімге қатыс-ты полиция іс қозғаған. Жалпы, Ир-ландияда карантиндік талаптарды сақтамай, мұндай жиынға қатысу қылмысқа жатпайды. Əйтсе де, ұйымдастырушы тарапқа қарсы қылмыстық іс қозғалуы əбден мүмкін.

Жалпы, бұған дейін Хоган бір-неше рет дауға қалған болатын. 2011-2014 жылдары Ирландияда қор-шаған орта, қоғам жəне жергілікті үкімет министрі кезінде жергілікті салыққа реформа жасауға талпынған. Оның бұл ұсыны сы тұрғындар ара-сында сын ға ұшырады. Сондай-ақ оның Дүниежүзілік сауда ұйы мының директорлығына өз кандидатурасын ұсынуы Еуропалық одаққа мүше мем-лекеттерге ұнаған жоқ.

Фил Хоганның «гольфгейт» оқиға-сына қатысты басы дауға қалғаны-мен, оның қызметінен кетуі екіталай. Бірін шіден, Еуропалық одақ тың кез келген мүшесі ұйым дағы өз елінің лауа зымды азаматын қызметінен алып тастауға құқылы емес.

Екіншіден, лауазымды тұлғаны қызметінен кетіру үшін ЕО-ға мүше мемлекет оның өз еліне қастандық не опасыздық жасағанына ша ғым дануы тиіс. Сонда ғана комиссар орынтағын босатады.

Үшіншіден, Фил Хоган ның қазіргі тағдыры Еуропалық комиссияның президенті Урсула вон дер Ляйеннің қолында тұр. Алайда Урсула ханым сауда-саттық жөнінде бір қатар келіссөздер жүргізіп жатқан ЕО-дағы беделді ше неунікті орнынан алып тас тайды дегенге сену қиын.

Бұған дейін Еуропалық комис-сия тарихында бір ғана комиссар қызметінен кетірілген. 2012 жылы Мальтаның өкілі Джон Даллиға темекі өнді рісіне қатысты заң жобасына түзету енгізу үшін бірқатар компания-дан пара алды деп айып тағылған еді.

Жоғарыда айтылғандарды ескер-сек, Фил Хоганды ко мис сарлық лауазы мынан айы ру екіталай. Ол гольф ұйы мы ның мерекелік кешкі асына қатысу үшін пара ал ған жоқ. Қызме тін жеке басына пайдаланбады. Тек карантиндік шектеу шараларына мəн бермеді.

Еуропалық комиссияның өкілі Дана Спинант ұйымның оқиғаны жіті бақылап отыр ғанын жеткізді. Оның ай туын ша, комиссардың қан ша лықты

кінəлі екенін анық тау үшін жан-жақты зерттеу қажет.

«Президент Урсула вон дер Ляйен комиссар Хоган нан нақты есеп беруді талап етіп отыр. Ол қосымша мəлі-меттерді сұратты, өйткені оқиғаны егжей-тегжейлі білу қажет», деді Д.Спинант.

Қазіргі таңда Еуропа лық одақ АҚШ жəне Ұлы бри таниямен сау-да-эконо микалық байланыс жөнінде келіссөздер өткізіп жатыр. 2018 жылы Вашингтон билігі «қарт құрлықтан» келетін бірқатар тауарға салықты ұлғайтқан еді. Бұған жауап ретінде ЕО мұхиттың арғы бетінен келетін өнімдерге салықты күшейтті.

Оның үстіне, Ұлы брита ния биыл-ғы қазанда Еуро палық одақтан толық -қан ды шығады. Яғни сол кезге дейін бүкіл құжат, туындаған мəселелер шешілуі тиіс. «Тұманды Альбион» мен ЕО арасында бұған дейінгі жасалған келісімдерді қайта қарау қажет.

Осындай қиын-қыстау кезеңде Еуропалық комиссия сауда-саттық жөніндегі комиссарын ауысты-ру оңай ға соқпайды. Өйткені Фил Хоган қызметінен кетсе, ұйым да ауыс-түйіс басталады. Мұның бəрі Еуропалық комиссияның абырой-ына нұқсан келтіріп, АҚШ жəне Ұлыбританиямен жүргізіліп жатқан келіссөздерді тоқта тады. Сондай-ақ пандемия мен арпалысып жатқан «қарт құрлықтың» елдері не кедергі келтіреді. Енде ше, Еуропалық комис-сия Ирлан диядағы саяси жағдайды тұрақтандырудан бұрын өз ішінде қиындық тумауын ойлайтыны анық.

Сарапшылар газ қоры-ның көлемі 320 млрд тек ше метрді құрай тынын бол-жап отыр. Бірақ Түркия президенті Қара теңіздің қойнауында қазба-байлық бұдан да көп деп есеп тейді. «Бұл – мол қордың бір бө лігі ғана. Алланың қалауымен оны да табамыз», деді ол. Сондай-ақ Р .Т.Ердоған энергетикалық ресурс тарды шетелден сатып алуды доға-рып, керісінше экспорттау-ға көш кенге дейін тиісті жұмыстар тоқта май ты нын жеткізді. Жоспар бойынша,

газды өндіру 2023 жылдан басталмақ.

Анадолыға тиесілі теңіз бөлі гі нен газ табылуы Түр-кия үшін аса ма ңызды. Бұл қадам бауырлас мем лекеттің Ресейдің, Иранның жəне Əзер байжанның көгілдір отынына мұқтаждығынан құтқарады. Мəселен, был-тыр Түркия газ импорттауға 41 млрд доллар жұмсаған. Ел эко но микасының əлеу еті мен лира ның құны арзан-даға нын ес керсек, бұл – өте көп сома. Ал да-жалда газ өндіру жұ мы сы сəтті

а я қ т а л ы п ж а т с а , А н а -долының шығыны да азая түсетіні айтпаса да түсінікті.

Дегенмен, елдегі газды игеру Түркияны біржола шетелдік импорт қа тəуелді-ліктен құтқарады дегенге сену қиын. Өйткені Қара теңізден табылған көгілдір отынның қоры аса көп емес. Сондықтан шығар, өткен ап-тада Р.Ердо ған газ табылғаны туралы хабар лағанда лира-ның құны өсіп, оның көлемі 320 млрд текше метрді құрай-тыны ай тыл ғанда ұлт тық валютаның баға сы қайта төмендеді.

Оның үстіне, сарапшылар газды өндірудің қиындығын, оны жүзеге асыруға 10 жыл кететінін айтып отыр. Ал кен орны ның құрылысын

жүр гізуге мил лиардтаған қара-жат қажет екені айтпаса да түсінікті.

«Фатих» бұрғылау кемесі көгілдір отынды 2,1 шақы-рым тереңдіктен тапқан. Түркияның энергетика ми-нистрі нің сөзіне сүйенсек, газды өндіру үшін тағы 1,4 шақырым қазуға тура келеді.

Түркия тарапы талай жылдан бері Қара теңіздің өзіне тиесілі бөлі гінен де, Жерорта теңізінен де жер асты байлығын іздеп келеді. Бірақ Анадолының Жерорта теңізін игерсем деген арманына грек-тер мен кипр ліктер қарсы. 10 тамызда түрік тердің бұрғылау кемесі Грекия мен Кипр арасындағы суларда барлау жасап жүргені анықталып, екі тараптың арасында дау

тағы қызған. Осыған байла-нысты Франция Элладалар еліне көмекке бірнеше фрегат жіберді.

Бірқатар елдің басшы-лары Түр кияны қазба-бай-лыққа кезік кені үшін құттық-тап үлгерді. Палес тинаның президенті Махмуд Аббас оқиғаға байланысты Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанға телефон ша лып, арнайы құттықтаған. Ол Түр кия ның жетістігі Палес-тинаның жетістігі деп есеп-тейтінін жеткізсе, Р.Ер до-ған Анкара билігі əрда йым Палестина халқын қолдай-тынын айтқан. Сонымен қатар екі елдің басшысы қарым-қатынасты нығайтып, аймақтық ынты мақ тастықты дамыту ға уағдаласқан.

Украина президент і Вла димир Зе ленский де Р.Ердоғанды телефон ар қылы құттықтады. Украина прези-денті əкімшілігі баспасөз қызметінің ха бар лауынша, Зеленский мен Ердо ған аймақ-тық даму жөнінде əңгі ме қоз-ғап, екіжақты қарым-қаты-насты ны ғайтудың ма ңызды екенін атап өткен.

Əзербайжан президенті Ильхам Əлиев те бауырлас Түркияны жерасты байлығын тапқанымен құт тықтап, бұл қор елдің өнеркəсіп əлеуе ті мен əл-қуатын арттыраты-нына екпін берген, сондай-ақ энергетика импортына тəуелділігін азайтатынына сенім білдірген. Бұдан бөлек, түріктерді бірқатар Араб елдері де құттықтады.

Сирияда газ құбыры жарылды

Сирияда газ құ-б ы р ы ж а р ы л ы п , бүкіл аймақ жарық-

сыз қалды. Ел билігі жарылыстың қолдан жасалғанын, оны ұйымдастырған ДАИШ террористік ұйымы болуы мүмкін екенін мəлімдеді.

«Энергетика министрі Зухаир Харботлидің сөзіне сүйенсек, Дамаск маңындағы жарылыс сал-дарынан бүкіл ел аймағында электр қуаты сөніп қалған. Ал мұнай министрі Əли Ганем жарылған газ құбыры үш электр стансасын көгілдір отынмен қамтамасыз етіп отырғанын хабарлады.

Билік өкілдері жарық жүйесі қайта қалпына келтірілгенін айтып отыр. Жарылыс Араб газ құбыры желісінің бойында, Ад-Думаир жəне Адра қаласының ортасында болған», деп хабар-лайды Reuters агенттігі.

АҚШ-тың Сириядағы арнайы өкілі Джеймс Джефрей кейінгі уақытта ДАИШ содырлары қайтадан күшейе бастағанын айтып, дабыл қағып отыр. Оның сөзіне қарағанда, қазіргі таңда терро-ристер елдің оңтүстік-шығыс аймағында көбейіп барады.

«Жарылыстың салдарын зерттеп жатыр-мыз. Бірақ шабуылды ДАИШ терроршылары ұйымдастырғаны анық», дейді Д.Джефрей.

Жарылыс болған Араб газ құбыры Египеттен басталып, Иордания мен Сирия аумағынан өтеді. Оқиғадан кейін жергілікті арналар отқа оранған газ құбырының видеосын жариялаған. Reuters агенттігінің мəліметінше, Дамаскіде жарық көп ұзамай қайта жанған. Жалпы, Сирия бірінші рет жарықсыз қалып отырған жоқ. Бұған дейін 2013 жылы содырлар газ құбырын зақымдап, біраз уа-қыт тұрғындар электр энергиясынсыз қалған еді.

Майкрософт Apple-ға қарсы

Майкрософт ком-паниясы Apple мен Epic Games арасын-дағы дауға араласып,

кейінгісін қолдайтынын мəлімдеді. Дау былай басталды. Танымал Fortnite ойы-

ны бағдарламасын жасаған Epic Games компа-ниясы Google жəне Apple-дің төлем жүйесіндегі комиссиялық ақының қымбат екеніне наразылық танытып жүрген. Қазіргі таңда бұл үстемеақы 30 пайызды құрайды. Кейіннен компания өзінің төлем жүйесін жасап шығарды. Сөйтіп, Epic Games екі компанияны тақырға отырғызып кетті. Бұған қарсы қадам ретінде Apple өзінің дүкенінен Fortnite ойынын мүлдем өшіріп тастады.

The Guardian басылымының хабарлауынша, Microsoft-тың басшылық қызметіндегі Кевин Гаммил арнайы мəлімдеме жасап, Epic Games-ді қолдайтынын жеткізген.

«Epic Games-тің Unreal Engine технология-сы көптеген ойын жасаушылар үшін маңызды. Олардың қатарында Майкрософт та бар. Apple-дің компаниямен келісімді бұзуы жəне техноло-гияны қолдамауы келешекте ойын жасаушыларға да, ойнайтын тұрғындарға да кері əсерін тигізеді», деп жазды К.Гаммил.

Apple-дің ашуы қатты. Компания 28 тамыздан бастап Epic Games-дің App Store-дағы аккаунтын жойып тастауды жоспарлап отыр. Бірақ екіжақты келіссөз жүргізіп, мəмілеге келсе, Apple басшы-лары ұстанымдарын өзгертуі мүмкін.

Жалпы, Microsoft-тың ресми түрде Apple-ға қарсы шығуы бекер емес. Таяуда «Эппл» бас шылығы «Майкросфотқа» тиесілі xCloud стрим дік қызметін бұғаттап тастаған еді. Бұл əрине, Билл Гейтстің компаниясына ұнаған жоқ. Қысқасы, IT саласындағы алпауыт екі компа-нияның арасынан қара мысық жүгіріп өтті.

Қытайда коронавирус вакцинасы қолданылады

Қ ы т а й к о р о н а -вирусқа қарсы вакци-наны шілдеден бас-тап алдыңғы шепте

жүрген дəрігерлер мен шекаралық бақылау қызметкерлеріне салып келеді. Бұл ту-ралы Білім жəне технологияны дамыту орталығының директоры Чжэн Чжунвэй мəлімдеді.

«Чжен CCTV-2 арнасының «Пікірталас» бағдарламасында вируспен күресте алдыңғы шепте жүргендер вакцина салдыруға құқылы екенін хабарлады. Қытай билігі коронавирусқа қарсы екпені егуге 22 шілдеде рұқсат еткен. Вакцинаны Sinopharm компаниясы жасап шығарған. Клиникалық тестілеудің үшінші кезеңі Біріккен Араб Əмірліктерінде, Перуде, Мароккода жəне Аргентинада өткізілді», дейді CNN агенттігі.

Чженнің айтуынша, Қытай заңында денсаулық сақтау саласында төтенше жағдай вакцинаны жедел түрде қолдануға рұқсат етілген. Əйтсе де, екпе алдыңғы шептегі адам-дарға ғана салынады. Қытай қазір осы кезеңде тұр. Келесі сатыда бүкіл ел халқына вакци-на жеткізу мəселесі қаралады. Яғни, күз жəне қыс мезгілінде вирустың қайта өршіп кетпеуін ауыздықтауға күш жұмсалмақ.

Бетті дайындағанАбай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,

«Egemen Qazaqstan»

БАСҚА БАСЫЛЫМДАРДАН«Гольфгейт» Үлкен Филдің соңына жете ме?

Қара теңізден газ қоры табылды–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Қара теңізден газ қоры табылғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, «Фатих» бұрғылау кемесі теңіздің Анадолыға тиесілі б�лігінде к�гілдір отынның мол қоры бар екенін анықтаған. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Еуропалық одақтың сауда ж�ніндегі комиссары Фил Хоганның басы дауға қалды. Ирландиялық саясаткердің карантиндік шектеу шаралары-на қарамастан гольф клубының жиынына қатысуы қызу талқыға түсті. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Page 5: Миллионда ан бонуса кім лайы?2020/08/26  · станның инвестициялық сенімділігі ВВВ, яғни тұрақты деп бағаланды

26 ТАМЫЗ 2020 ЖЫЛ 5

КӨНЕ ТАРИХ КӨМБЕСІ

ҚОҒАМ

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ,«Egemen Qazaqstan»

Осы ретте Тəуке хан бұрыннан қалыптасқан дəстүрлі əдеп-ғұрып заңдары мен өзінен бұрынғы хандар қабылдаған «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» заңдарын одан əрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жасауға тырысты. Жарғыны жасауға қазақтың игі жақсылары мен билері қатысты.

Жеті жарғыға сүйенген қазақ билері ел ішіндегі дау-жан-жалдар мен саяси маңызы бар мəсе лелерді тиімді шеше алды. Жаңа заң жүйесі қазақ халқы-ның өмірлік мəселелерін бар лық жағынан қамтыды, соның нəти-жесінде Тəуке ханның билік ет-кен тұсы – Қазақ хандығының ба рынша күшейіп, дəуірлеген кезі болды.

Жеті жарғының толық нұс-қасы сақталмаған. Алғаш рет орыс ғалымы Г.Спасский жаппас руының старшыны Көбек Шүкір-əлиевтен 1804 жылы жазып алған 11 бап-нұсқасы 1820 жылы «Сибирский вестник» журна-лында жарияланды. Осында жарияланған нұсқаларға назар аударсақ: жарғыда жер дауы, отбасы, неке, құн төлеу, ұрлық-қарлық, тонаушылық, куəлік ету, ант ішу сияқты қазақтың ұлттық əдеп-ғұрпы көрініс тапқан.

Сол сияқты, орыс зерттеушісі Алексей Ираклиевич Левшин (1798-1879) жазып қалдырған нұсқада өз-өзіне қол салған адамды көпшілік зиратына қоспай, бөлек жерлейтіні айты-лады. Сондай-ақ қыран бүркітті өлтірген адам бір құл немесе

бір күң беріп құн төлейтіні жай-лы дерек бар (Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей. Петербург, 1832. стр. 170-178).

Жарғыда: кісі өлтіру, мертік-тіру, əйелді зорлау, соққыға жығу, қорлау, ұрлық істеу үлкен қылмыс деп есептелген. Кінəлі-лер жасаған қылмыс деңгейіне сай əртүрлі жазаға кесілген. Бұл жарғыда «қанға қан» заңы сақталған. Бірақ билер сотының екі жақтың келісуі бойынша жа-заны құн төлеумен алмастыруға мүм кіншілігі болған. Ал төмен-дегі жағ дайлар орын алса, қыл-мыс кер өлім жазасына кесілген.

1. Көтеріліс, бүлік шығарған кісі лер ге өлім жазасы бұйы-рылсын;

2. Ел мүддесін сатып, опасыз-дық еткендер өлім жазасына бұйырылсын;

3. Жазықсыз кісі өлтіргендер өлім жазасына бұйырылсын;

4. Өзге біреудің əйелімен зи на қорлық жасап, ақ некені бұ зу шылар өлім жазасы бұйы-рылсын;

5. Соғыста мінетін, өреде тұрған, тұсаулы атты ұрлаған кісіге өлім жазасы бұйырылсын;

6. Құдайға тіл тигізгені анық-талған жағдайда өлім жазасы бұйырылсын!

Бұдан басқа «Жеті жарғыда» тағы мынадай нұсқа-баптар да бізге жетіп отыр:

1. Төбелесте мертік түріне қарай төмендегіше мүліктей құн төленсін:

а. көзін шығарған кісі айыпқа қызын береді, ал қызы жоқ болса, қыздың қалыңмалын береді.

ə . т ө р т м ү ш е н і ң б і р і н

мертіктірген кісі айыпқа ат береді.

2. Əкесіне қол жұмсаған ұл баланы қара сиырға теріс отырғызып масқаралаған;

3. Ата-анасына дауысын көтер ген қыз баланың жазасын шешесі шешкен;

4. Христиан дінін қабылдаған адамның мал-мүлкі тəркіленген.

Сондай-ақ жарғының же-келенген нұсқалары: орыс ғалымдары Я.Гавердовский, А.Левшин, Н.Гродеков, Л.А.Сло-вохотов, А.П.Чуло шников тің зерттеулерінде кездеседі. Əсі-ресе А.И.Левшиннің 1832 жылы жа рық көрген «Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қазақ ордалары мен даласының сипаттамасы» еңбегінде, қазақтар Пайғамбарды (с.ғ.с) құрметтемеген адамды «кəпір» дейді, оны азаптауға, қару қолдануға болатыны жайлы

деректі келтіре отырып, өзі ел ау-зынан жинаған 34 нұсқа-үзіндіні береді:

«...Бұл заңда ең басты болып құн төлеу тұр, қанға – қан, жанға – жан.

Ұрлық, тонау, зорлық, зина жасау – барлығының жазасы өлім.

Қаулыға сəйкес өлтірілген адамның туыстары қылмыскер-дің өзін өлтіруге немесе дене мүшесінің жарақат алған дəл сол мүшесін шауып тастауға құқы бар. Дегенмен, екі жақтың келі суі бойынша немесе билер-дің шешімі негізінде жаза жеңіл детілуі мүмкін. Сол кез-де қылмыскер тек белгіленген мөлшерде құн төлеп құтыла ала-ды. Өлтірілген бір кісінің құны: ер кісі үшін 1000 қой, əйел кісі үшін 500 қой. Дене жарақаты үшін де өз құн мөлшері бар.

Мысалы, бас бармақ 100 қой, ал шынашақ 10 қой.

Сұлтан немесе қожаны өлтірсе, туыстарына 7 еселенген құн төленеді. Оларға ауыр сөз ай-тылса – 9 қой, ұрып-соқса 27 қой.

Əйелі өз күйеуін өлтіріп, туыс тары кешірмесе – өлім жаза-сы. Тек аяғы ауыр əйелдерге ғана бұл үкім қолданылмайды. Ал кү-йеуі өз əйелін өлтірсе, құн төлеу арқылы жазадан құтыла алады.

Егер əйел заңсыз некеден туған нəрестесін өлтірсе, жаза-сы тек өлім.

Өз-өзін өлтіргендердің жер-леу орны бөлек.

Зорлаудың үкімі өлім, тек туыстарына құн төлеу арқылы ғана құтыла алады. Егер зор-лаушының өзі жəбірлеген əйелге (қызға) үйленіп, қалыңмалын төлесе, өлім жазасынан жəне құн өтеуінен босатылады.

Əйелді ренжіткен адам одан кешірім сұрауы міндетті. Кеші-рім берілмесе, зорлық көр сету мөл шерімен құн төлейді.

Құдайға тіл тигізуші адамның айыбын жеті куəгер растаса, тас атып өлтіріледі.

Өзге дінге өтсе, сол адам туыс-тары ның барлық мүлкі алынады.

Əке-шешесіне қатты сөз айт-са не ұрып-соқса, ұл баланы қара сиырға теріс қаратып отырғызып, ауыл аралатып жүріп, қамшының астына алады. Ал қыз баланы ұстап-байлап шешесінің қолына тапсырып, өз еркіне береді...» (А. Левшин. «Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ далаларының си-паттамасы». 367-369-б).

Ал жазушы Аян Нысаналы құрастырған «Үш пайғамбар» жинағында:

өзіне-өзі қол салғандар бөлек жерленсін!

Құдайға тіл тигізген адам (жеті адам куəлік етсе) таспен атып өлтірілсін!

Ата-анаға тіл тигізген ұлды мой нына құрым киіз байлап, қара сиырға теріс мінгізіп, ауылды ай-нала шапқылатып масқаралайды!

Молданың қатысуынсыз өсиет-мұрагерлік қабылдан бай-ды деген баптар бар («Дəуір» баспасы, 1992 ж.154-б).

Жоғарыда айтқанымыздай, қазақ қоғамына отарлаушы-лар тарапынан телінген жаңа заң-закон нормалары түгелдей «Жеті жарғыда» көрсетілген үкімдермен қайшы келіп жатты. Тіпті, кейбір тұстарда халық ара-сында болуы мүмкін зинақорлық мəселесін жаңа низам соты қалып-ты жағдай ретінде қарап, айып са-лумен шектелу немесе құн төлеу мəселесін заңды деп тапты.

Жеті жарғы үкімдеріне отар-лаушылар тарапынан шектеу қойылған соң байырғы қазақ билерінің дау шешу əдебі мен мəдениеті келмеске кетіп, пара-қорлық пен əділетсіздікке кең жол ашылды.

Қазақтың байырғы ғұрыптық заңы – «Жеті жарғы»

Ысырапшылдықты доғаратын кез келді

––––––––––––––––––––––––––––––––––Қазақ елі қай кезде де той тойлағанды, тойға барғанды жақсы к�рген ғой. Бүгінге дейін «бар тапқанымызды тойға шашып» келдік. Енді бұрынғыдай шашылуды қазіргі пандемия жағдайы кешірмейді. ­лемді жаулаған індет жағадан алып тұрғанда, ел азаматтары вирусқа да қарамай той тойлап, арты қайғылы оқиғамен аяқталып жатқанын к�зіміз к�рді, құлағымыз естіді. ––––––––––––––––––––––––––––––––––

Иə, əрине той – ағайынның басын қосатын, бауырмалдықты нығайтатын, əр отбасының қуанышын паш ететін салтанат. Бірақ той-жиынды, жөн-жосықсыз шашылуды, ысырапшылдықты доғаратын кез келді деп есептеймін. Қазіргі қалыптасқан жағдайда жиған-тергенімізді тойға емес, білімге, жаңалыққа жаны құмар жастардың ғылым жолына түсуге, соларды ынталандыруға не-месе баспаналы болуына жұмсағанымыз абзал.

Дей тұрғанмен, той тойлауға түбегейлі қарсы емеспін. Тек тойдың форматын өзгерту керек. Əйтпесе, əлемде той өткізуден жарысқа түспей-ақ бас бəйгені алатын халқымыз тойға заңмен тыйым салынса да, тойлайтындар та-былады. Сондықтан той иелері бұрынғыдай 500-600 адам емес, тек ең жақын деген ет-жақындарын ғана шақырып, зəулім-зəулім той-ханаларда емес, үй жағдайында өткізсе деймін. Əйтпесе тойға келетін 500-600 қонақтың жар-тысын кейде өзіміз де танымай жатамыз.

Кейінгі жылдары елімізде тойды қуаныш үшін емес, бір-бірімен жарысу үшін өткізетіндер көбейді. Бұл жағдайы бар, қалталы азаматтарға түк қиын шаруа емес. Ал жұрттан қалмайын деп тыраштанып, қорасындағы соңғы малын сатып, ол жетпесе банктен кредит алып той жасай-тындар қаншама. Той тойлау арқылы дамитын болсақ, Қазақстан əлдеқашан алпауыт елдерді шаң қаптырып кететін еді. Дамыған елдердің қатарына той-жиын арқылы емес, білімді ұрпақ тəрбиелеу арқылы ғана қосылатынымызды түсінсек дейміз.

Жуырда Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының өзі де: «Той қуалайтын емес, ой қуалайтын кезеңмен бетпе-бет келдік. Бұл дəуір – ақыл-ойдың, ғылым мен білімнің, еңбектің дəуірі!» деп айтқан болатын. Мен де Президенттің айтқанын толық қолдаймын.

Бақтияр АРТАЕВ, Афина Олимпиадасының чемпионы

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Бұл құжат Тәуке ханның (1678-1718) тұсында қабылданған. Себебі ХVІІ ғасырда Қазақ хандығының ыдырау қаупі тууына байланысты Тәуке хан елдің ауызбірлігін арттырып, хандық билікті нығайтуға күш салды әрі осы тұста қазақ қоғамы мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар жүйесін қажет етті. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––Мәскеу қаласында Армия халықаралық ойындары мен «Армия-2020» форумының сал-танатты ашылу рәсімі �тті. Оған Қазақстан Ресбликасы Қорғаныс ми нистрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бас тығы, генерал-лейтенант Мұрат Бектанов қатысты.––––––––––––––––––––––––––

Ресей Президенті Владимир Путин ойындар мен форумның қонақтары жəне қатысушыларына арнаған бейне-үн деуінде осы іс-шаралардың маңыз-ды лығы мен танымалдылығын атап өтті.

Ресей Федерациясының Премьер-министрі Михаил Мишустин өз сөзін-де форумның ауқымын жəне иннова-циялар мен цифрлы технологияларды қолдануды ескере отырып өндірілген

өнімнің едəуір өсуін атап өтті.«Армия халықаралық ойында-

ры-2020» форумын жоғары лауазым-ды қонақтардың қатысуымен Ресейдің Қорғаныс министрі, армия генералы Сергей Шойгу ашты. Ресми нышан – Армия халықаралық ойындарының туы көтерілді, ал ұлттық ту астындағы

жарысқа қатысу шылар көрермендер алдында салтанатты маршпен өтті.

32 ел қатысатын 2020 жылғы Армия халықаралық ойындары 30 бай қаудан тұратын сайыста ең мық-тыларды анықтайды.

Санитарлық-эпидемиялық жағ -дайға жəне елде қабылданған

ша ра ларға байланысты Қазақстан биыл ғы жылы тек бір ғана байқауға «Танк биатлонына» қатысады, бұл – ең көр некті, ауқымды əрі мəртебелі жарыс болып саналады. Ойын 5 қыр-күйекте аяқталады.

«Егемен-ақпарат»

Армия халықаралық ойындарының ашылу рәсімі өтті

Думан АНАШ,«Egemen Qazaqstan»

Сауда жəне интеграция министр-лігінің Тұтынушылардың құ қын қорғау комитеті мен оның аумақ-тық департаменттеріне алғашқы жартыжылдықта 5682 өтініш түскен екен. Ал былтыр бұл көрсеткіш 6 мыңнан астам болған. Биылғы өтініштердің ішінде жазбаша – 1874, жедел желіге – 2393, Telegram-бот арқылы – 670, министрдің блогына 64 тұтынушы өтініш жазса, аталған комитет төрағасының блогына – 180, ал жеке қабылдауларда 501 өтініш қаралған.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің басқарма басшы-сы Əлихан Шəкеновтің ай туын ша, өтініштердің басым бөлігі бөлшек саудаға байланысты – 1637 өтініш,

авиатасымалдар – 1568 шағым, көлік қызметі – 597, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы – 350 өтініш, тұрмыстық қызмет көрсету – 318, туристік қызметтер – 275, электрондық сауда – 156, қаржылық қызметтер – 78, қоғамдық тамақтану – 58, медициналық қызметтер – 48, бай-ланыс қызметі – 45, басқалары – 552.

Азаматтардың өтініш беруінің негізгі себептеріне тоқталар болсақ, сауда орындарының тауар сатып алынған күннен бастап 14 күн ішінде оны айырбастаудан немесе қайтарудан бас тартуы, тауардың сапасыздығы, қызметтердің/жұмыстардың сапасыз орындалуы (автокөлікті, техниканы жөндеу, жиһаз жасау бойынша сапа-сыз қызметтер), таңдаудың шектелуі (белгілі бір провайдердің интернетіне қосылуға мəжбүрлеу), алаяқтық.

2 0 2 0 ж ы л д ы ң б і р і н ш і

жартыжыл дығында Тұтынушылардың құқық тарын қорғау комитетінің аумақтық департаменттері жалпы сомасы 25 229 252 теңгені құрайтын (24 659 802 теңге – шетелде дема-лу үшін, 569 450 теңге ел ішінде дема луға) көрсетілмеген туристік тур лардың қаржысын қайтару бойын ша келіп түскен 93 өтінішті қарады, оның ішінде 10 966 581 теңге тұтынушыларға қайтарылды. Сондай-ақ кейбір өтініштер бойынша тарап-тар сапар күнін ауыстыру туралы келісімге келді. Ең көп сұранысқа ие туристік бағыттар: Түркия, Мысыр, Еуроодақ елдері, ішкі туризм бойын-ша – Алматы жəне Түркістан облысы.

2020 жылдың 6 айында өткі-зілмеген іс-шараларға байланыс-ты жалпы сомасы 709 620 теңгені құрай тын 23 шағым келіп түсті, оның ішінде 449 620 теңге қайтарылды. Билеттер Нұр-Сұлтан қаласындағы «Руки вверх» тобының, Л.Успенская-ның концерттеріне, Белгородтағы « Х а л ы қ ш ы ғ а р м а ш ы л ы ғ ы »

фестивалі не, «Астана Опера» театры-ның қойылымдарына жəне тағы да басқа іс-шараларға ticketon.kz сайты, Яндекс поштасы арқылы жəне кон-церт залдарының кассаларында саты-лып алынған.

Мейрамханаларда, дəмхана лар да жəне тағы да басқа тамақ тану орында-рында əртүрлі отбасы лық мерекелердің өткізілмеуіне байланысты 9 304 000 теңгеден астам қаражатты қайтару мəселесі бо йынша 50 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 7 895 000 теңге қайтарылды, қалған өтініштер бойын-ша жұмыс жүргізілуде.

Айта кету керек, 2020 жылдың 6 айында əртүрлі сала бойынша тұтыну-шыларға жалпы 85 млн тең геден астам қаражатты қайтаруға көмек көрсетілді, оның ішінде жаз баша өтініштер бойынша – 42 820 370 теңге, жеке қабылдаулар қоры тындысы бойынша – 18 710 994 теңге, жедел желіге түскен өтініштер бойынша 24 427 332 теңге тұтынушыларға қайтарылды.

ДЕРЕК

Тұтынушылардың құқы қаншалықты қорғалды?––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Биыл жаһанды жайлаған пандемия жағдайында еліміздегі тұтынушы-лардың құқықтары қалай қорғалуда? ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Кол

лаж

ды ж

асағ

ан Қ

оны

сбай

ШЕ

ЖІМ

БА

Й, «

ЕQ

»

Page 6: Миллионда ан бонуса кім лайы?2020/08/26  · станның инвестициялық сенімділігі ВВВ, яғни тұрақты деп бағаланды

6 26 ТАМЫЗ 2020 ЖЫЛ

САРАПТАМА

ТАҒЗЫМ

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––«Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі «Возвращение имени» халық-аралық жобасының аясында «Славута» концлагерінде тұтқында қаза болған қазақстандық 2000 жауынгердің туыстарына іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Жолдыбай БАЗАР,«Egemen Qazaqstan»

Аталған қоғамдық бірлестік «Возвращение имени» халықаралық жобасының қатысушысы. Жылдың басында «Возвращение имени» ха лық-аралық жобаның тобы Г.Скворцовтың жетекшілігімен жүргізілген жұмыстар нəтижесінде 20 000 тұтқынның аттары жазылған тізім табылып, жария етілді. «Славута» əскери тұтқындар концлагері соғыс жылдары Украина аумағында орналасқан. Тұтқындағы дəрігерлер мен жертөледе жұмыс істегендер на-цисттерден жасырып лазаретте қайтыс болғандардың аттарын тізімге жа-зып отырған. Со ның арқасында біраз жауынгердің өмір леріне қатысты де-ректер сақталып қалған.

Абхазиялық əскери курсанттар көптеген жылдар бойы із-түссіз кет-кен жауынгерлердің тізімімен жұмыс істеп келеді. Атқарылған ауқым ды жұмыстың нəтижесінде Абха зия Рес-публикасы Қорғаныс министр лігінің мұрағатында «Славу та» концлагерінде

қаза болған қазақ стан дық 2000 жауын-гер туралы мəліметтер табылған.

Қазіргі таңда «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігінің өкілдеріне 150 жауынгердің мəліметтері берілді. Қалған 1850 жауынгерге қатысты ақпа-рат «Возвращение имени» жобасының тобымен реттестіріліп, жақын арада жіберілуі тиіс.

«Возвращение имени» халық-аралық жоба аясындағы жұмыс бары-сында отандастарымыздың туыста-рын табамыз деген үміттеміз. Соғыс жылдары «Славута» концлагерінде тұтқында болған жауынгерлердің ат-тары мен өмірбаяндары тарихта жəне халықтың есінде мəңгі қалуы керек. Барлық облыстар мен мегаполистердің жергілікті атқарушы органдарын тұт-қында қаза болған жауынгерлердің туыстарын іздеу жұмыстарына жəр-дем көрсетуге шақырамыз», дейді «AtamnynAmanaty» қоғамдық бірлес-ті гінің басқарма төрағасы Мұрат Мол-дағалиев.

«Лагердің тарихы қайғылы бол-ған дықтан, бұл тізім бізге оңай

келген жоқ. Сондықтан БАҚ өкілдері, жауын герлер шыққан облыстар мен қала лардағы мешіттер мен правосла-вие шіркеулері, сонымен қатар Қазақ-станның əскери комиссариаттары тұтқында болған солдаттардың туыс-тарын іздеу акциясына қолдау көр-сетеді деген үміттеміз», дейді «Возвра-щение имени» халықаралық жо басы-ның жетекшісі Григорий Ск ворцов.

Барлық жиналған ақпарат www.pamyat-naroda.ru сайтына енгізіледі. Қазіргі таңда бұл бірегей ресурс-та бұрынғы КСРО-ның құрамында болған республикалардан шыққан

майдангерлер туралы ақпарат жи нал-ған.

Еске сала кетейік, осыған дейін «Возвращение имени» халықаралық жобасының қатысушылары Бішкек қала сындағы политехникалық универ-ситеттің студенттерімен бірлесе оты-рып Қазақстан, Өзбекстан жəне Қыр-ғызстан бойынша тізімдерді дайын-даған.

Соғыста із-түссіз кеткен жақын-дарыңыз болса, мына байланыс теле-фондарына хабарлассаңыз болады: ( +7 776 828 45 35, +7 776 828 45 34). Сайт: www.ata-amanaty.kz

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ,«Egemen Qazaqstan»

«Тайың туып, тайлағың боталасын!»

Жақында бір ақсақал жаңадан шаңырақ көтерген екі жасқа ықылас-батасын берді. Əдеттегідей шұбыртпалы ұйқасқа құрылып, желе-жортып жөңкіле жөнелген ұзын-сонар тілектің арасынан «Тайың туып, тайлағың боталасын!» де-ген сөз көкейге қона кеткені.

Бір қызығы тай тумайды, тайлақ боталауға тиіс емес. Яғни тай да, тайлақ та биологиялық тұрғыдан іштенуге əлі ерте. Десе де, атақты жырау Қазтуған «жатып қалған бір тоқты, жайылып мың қой болған жер» дегеніндей, заман толысып, қоғам кемелденіп, қаймана жұрттың береке-бірлігі тасып, жау-жар жоқ бейбітшілік белең алған тұста, яғни қазақтың ежелгі танымымен айтқанда, «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» заманды бабала-рымыз тыныштықтың кепіліндей: тай туып, тайлақ боталағанға балап келген.

«Береке-бірлігі нығыздалып, салт-санасы кемелденіп, ынтымағы жарасқан, бірін-бірі жат жанынан түңілердей сыйлайтын, ауызындағы түйір асын ағайынына жы-рып беретін, жақсылығы жарасқан қауымға Тəңірдің өзі назарын салып, несібесін тасы-тады» деп үлкен қаламгер Əбіш Кекілбаев марқұм айтқандай, расында біздің тіршілік тынысымыз бейбітшілікке байланысты.

Қоғам қаншалықты береке мен бірлікті, əділдік пен əділеттілікті сақтай алады, соншалықты кемелденеді. Жоғарыда жазу-шы ағамыз пайымдағандай, ондай қауымға Тəңірдің назары түседі. Сөйтіп қоғамда айны-мастай тынышықтық орнаған шақта ол елдің «тайы туып, тайлағы боталайды».

Бұл ұғымды ары қарай тəпсірлейтін болсақ, кемел тыныштық орнаған бейбіт қоғамды жануар екеш малдың өзі сезінеді. Сөйтіп, хайуан малдың да ұрпақ өрбіту түйсігі оянып, биологиялық тұрғыдан ерте жетіледі. Нəтижесінде, тай туады, тайлақ боталайды.

Осы орайда біздің айтпағымыз, ел кемелденуі үшін ең басты қажеттілік – бейбіт өмір мен тыныш ынтымағы берік қоғам. Соның ішінде, біз сияқты ұзақ жыл отарлық дəуірді бастан кешірген, əділетсіздікті көп көрген, сан қырғынды бастан кешірген халық үшін қазіргі таңда тыныштықтан асқан бақыт жоқ.

Өйткені бейбітшілік, тыныштық болмаған жерде бəрі де бекер. Жау жағадан алып, бөрі етектен тартып тұрса, көсегең де көгермейді, ұрпағың да өспейді. Мысалы, жау-жардың салдарынан дүниені шыр айнала көшіп, ақыры Түркиядан тұрақ тапқан Халифа Алтай атамыз, өзінің 2000 жылы Алматыда жарық көрген «Алтайдан ауған ел» атты естелігінде: «1941 жылдың күзінде босып жүріп Үндістанның Мұзапар-Абат қаласына зорға жеттік. Қаланың айналасын қалың қарағайлы тау қоршаған. Біз өзеннің бергі шетіне шатыр тігіп орналастық. Күнде жаңбыр. Су тамшылары баспанамыздан өтіп, көрпе-жастық, киім-кешек түгел көгеріп кетті. Алды иістеніп шіри бастады. «Жұт жеті ағайынды» дегендей, ұзақ жауған жаңбырдың салдары ма, жаппай ауру-дертке ұшырадық. Аурудың сырын ешкім білмейді. Көп адам-дар есі ауысып жынданып кетті. Біреулердің бет-аузы ісіп, тұлабойына жара қаптап, тіпті тірідей тістері шіріп кеткендер қаншама. Күн сайын оншақты адам ажал құшады. Өлген адамдарымызды қалалық зиратқа не-месе қоныс сыртына жерлетпейді, рұқсат жоқ. Шатырдың сыртында қарулы əскери күзет. Амалсыз өлген адамдарды шатыр-лар арасындағы бос жерлерге көміп, өзіміз олардың зиратын жастанып, өлгендермен бірге өмір сүрдік. Бітіретін жұмысымыз күні бойы тек зират қазу. Мүлде түтіні өшіп қалған отбасылар да болды... Осылай Үндістан мен Пəкістанда 12 жыл тұрдық. Ешкім бізді азаматтыққа қабылдамады. Жанымызды жалдап күн көрдік. Ел бөтен, жер бөтен, салт бөтен елде өмір сүрудің қиынын бас-тан өткердік. Алғаш барған жылдары əйел затының жатыры шошынып, бірде-бір нəресте дүниеге келмеді. Егер бір жаққа көшпегенде сол күйі тұқым-тұяғымыз құрып жоғалар еді...» десе, қоғам қайраткері белгілі ғалым Мырзатай Жолдасбек ағамыз бір сұхбатында, 1993 жылы қараша айында Иранға елші бо-лып бардым, – дейді. Орныққан соң ирандық қазақтарды шақырып мəжіліс құрған екен. Сол тұста жасы тоқсаннан асқан Нұришат деген қария: «Бала кезімде шекара асып осы қызылбас еліне келдік. Жолай ұшыраған қырғыннан шошынған əйелдердің бірде-бірі бала көтермеді. Осылай тұқымымыз тұздай құритын болды-ау деп уайымдап жүргенде, тыныштық орнап, қатындарымыз бала тап-ты. Осындай да сұмдықты да көрдік» дегенін айтыпты.

Бұларды неге айтып отырмыз. Өздеріңіз естігендей, тыныштығын жоғалтқан қауым-ның жатыры шошиды да, ұрпағы құриды. Ешқашан тайы туып, тайлағы ботала майды. Бүгінгі қазақ қоғамы үшін тыныш тықтан қымбат ештеңе жоқ.

(Соңы. Басы 1-бетте)

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ құрамында 2019 жыл дың 1 қаңтарынан бастап, 31 жел тоқсанға дейінгі аралықта болған атқарушы орган мүшелерінің жиынтық сыйақысы 267 350 302 теңгені құрады», делінген банктің Қазақстан қор бир-жасында (KASE) жарияланған хабар-ламасында.

Əлеуметтік желі қолданушылары басқарма өкілдерінің мұндай көлемдегі сыйақыны не үшін алғанын түсінбей дал болуда.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ бан кі-нің» жеті мүшесіне 2019 жылы сыйақы ретінде шамамен 300 млн-дай теңге төленді. Бұл нөлдерді иелену үшін басқарма мүшелері соншалықты қандай іс атқарды?» деген пікірлерін білдіріп жатты ғаламтор қолданушылары.

Көп ұзамай банк басшылығы түрлі мессенджерлерде тарап жатқан əңгі-ме лердің бос дақпырт екенін алға тар-тып, ақшалай сыйақының тағайын далу тəртібін түсіндірді. «Қазақ станның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасы Лəззат Ибра ги-мованың айтуынша, банк жыл сайын басқарма мүшелеріне тиісті сыйақының жиынтық мөлшері жөнінде ақпаратты жариялап отырады. Соған сəйкес, сыйақы есептік кезеңде орындалған барлық төлемнен құралады. Оның ішіне жалақының жалпы сомасы, сондай-ақ ақшалай сыйақының барлық түрлері кірсе керек.

«267,3 млн теңге мөлшеріндегі жиын тық сыйақы еңбекақыдан, жылдық бонустардан, сол секілді емделуге арналған жəрдемақыдан, еңбек демалы-сы, іссапар жəне еңбекке жарамсыздық парағынан құралады. Осылайша кейбір блогерлер таратқандай, басқарма мүшелеріне 267 млн теңге көлемінде жыл дық сыйақы төленгені туралы ақпа рат шындыққа жанаспайды», деп жауап берді əлеуметтік желідегі парақ-шасында Л.Ибрагимова.

Банктің төрағасы тиісті заңнамадан хабарсыз болу жауапкершіліктен босат-пайтынын ескертті. Бірақ бұл жауапқа қанағаттанбаған əлеуметтік желінің белсенділері қаржы ұйымын өздерін ақы мақ деп санамауға шақырды.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі-нің» төрағасы Лəззат Ибрагимова кей-бір блогерлерді «өтірікші» деп атады. Себебі банк басқармасындағы жеті мүшеге тиесілі сыйақы туралы ақ-паратты бұрмалап таратты деп есеп-тейді. Кешіріңіз, алайда айтылған со-маны негізге алып, əр мүшеге қаншадан берілетінін есептеп көруді шештім. Алдымен жетіге, сосын он екі айға бөлдім. Шамамен ай сайын 3,2 млн теңгеден келеді екен. Біз болсақ, депутат-тарды млн теңге үшін кінəлаймыз», деді өз парақшасында блогер Ғалым Байтұқ.

Квазимемлекеттік ұйымдарды

жекешелендіру қажетАл мамандар не дейді? Экономика

ғылымдарының кандидаты Сапарбай Жобаевтың айтуынша, ұлттық əл-ауқат қорлары мен холдинг басшыларының

ақшалай сыйақыны орташа айлық нор-мадан артық алуы сыбайлас жемқорлық белгілері бар екенін байқатады. Сон дық -тан да осы мəселені реттеудің ам а лы ретінде – квазимемлекеттік ұйым дар-ды жекешелендіру керек деп есеп тейді.

«Қазақстандағы квазимемлекеттік компаниялардың, сондай-ақ мемле кет-тік қаржы ұйымдарының басшылары-на орташа айлық жалақымен салыс-тырғанда ірі көлемдегі еңбекақының тағай ындалуын сыбайлас жемқор лық-тың заңды түрі деп есептесек те бола-ды. Өйткені мемлекеттік акционерлік қоғам болғандықтан Үкімет оларға жа ла қыны белгілеу еркіндігін өздеріне берді. Сол себепті медициналық сақ-тан дыру қоры немесе ұлттық ком па-ния лардың басқарма мүшелері қала-ған жалақының мөлшерін өздері бел-гілейді. Ал қатардағы қызметкерлер төмен айлыққа жұмысын жалғастыра береді. Мұны шешудің жалғыз жолы – жекешелендіру. Неге десеңіз, бұл компаниялар мемлекеттің қарамағында болған соң, тамыр-таныстыққа жол беріліп, басшылық орындарға жақын туыстарын қою себептері содан бол-са керек. Осылайша мемлекеттік деңгейде сыбайлас жемқорлықтың бір көрінісі байқалғанын жоққа шығара алмаймыз. Жекешелендіру саясаты жүзеге асырылса, менеджерлер жақ сы айлықтан қағылып қалады деп түсін-сеңіз, қателесесіз. Керісінше, лайықты еңбекақыны өз қарым-қабілетіне бай-ланысты алатын болады. Қалыптасқан ахуал өзгермесе, салық төлеушілердің ақшасы жөн-жосықсыз жұмсала бер-мек», деді С.Жобаев.

Жемқорлық деректері азаймай тұр

Сарапшының сөзінің жаны бар. Мəселен, осыдан бір ай бұрын Əлеу-меттік медициналық сақтандыру қорының топ-менеджерлері 92 млн теңге көлеміндегі қаражатты сыйақы жəне бонус ретінде алғаны айтылған еді. Бұл туралы фейсбуктегі парақшасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы арнайы мони торингтік топтың өкілі Мəлік Жұма ғалиев жазған-ды.

Ол 2018 жылдың қорытындысына сəйкес, атқарушы органның белгісіз бес мүшесі жалпы сомасы 92 млн теңгеден

асатын қаражатты сыйақы жəне бонус түрінде алғанын жеткізді.

«Сыйақыны алғандар оны Əлеу мет-тік медициналық сақтандыру қорына қайтарып, өз жалақыларын төмендетеді деп үміттенудің қажеті шамалы», деді М.Жұмағалиев.

Тамыздағы мəліметке сəйкес, ƏМСҚ орталық аппаратында 230 қыз-меткер жəне облыстық филиалдарында 620 қызметкер жұмыс істейді.

«Штаттық кесте бойынша басқарма мүшелерінің, оның ішінде басқарма төрағасының жалақысы салық шегерімдерін есептемегенде 850 мың теңгеден басталады», делінген Қордың хабарламасында.

Шілденің басында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «СК-Фарма-ция» жəне Медициналық сақтандыру қоры ның басшыларына қатысты тер-геу жұмыстарын бастауды тапсыр-ған еді. Арада көп уақыт өтпей квази-мем лекеттік ұйымның басшылары қызметімен қош айтысты.

Ал осы айдың басында «СК-Фар-ма цияның» бұрынғы басшысын сыбай-лас жемқорлыққа қарсы қызмет ұстап, уақытша тергеу изоляторына қамады. Анықталғандай, экс-басшыға төтенше жағдай кезінде қызмет бабын асыра пайдалану айыбы тағылып отыр.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «СК-Фармация» ЖШС басқар-масының бұрынғы төрағасын ТЖ режі мінде медициналық өнімдердің сатып алу кезінде ауыр зардаптарға əкел ген қызметтік өкілеттікті асыра пайда лану фактісі бойынша ұстап, 14 тамызда соттың санкциясымен күдікті Нұр-Сұлтан қаласындағы полиция департаментінің уақытша ұстау изоля-торына қамалды. Қорытынды шешімді сот шығарады», деген еді Сыбай-лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Ұлттық экономиканың дамуына кедергі

GSB UIB директорының орынба-сары, экономист Мақсат Халықтың пікі ріне сүйенсек, отандық квазимем-ле кеттік сектор экономиканың ірі теже гіш күшіне айналып отыр. Демек, бұл бағытта еңбек өнімділігі төмен

бол ғандықтан ішкі жəне сыртқы бəсе-келестіктің қабілетсіздігі байқалуда.

«Ішкі нарықта кəсіпкерлер өз са-лаларын дамытуға күш салып жатқан кезде, квазимемлекеттік ұйымдардың еншілес компаниялары мемлекеттік қаражат есебінен бəсекелестерін «тұншықтырып» жатыр. Өкінішке қарай, осының салдарынан экономи-камыз дамымай келеді. Пандемияның салдарынан мемлекеттік бюджет біраз қаржылық тапшылыққа ұшырағаны рас. Халық та Үкіметтен əлеуметтік кө мек ті көптеп сұрай бастады. Көпші-ліктің талабы күшейгеніне байла-нысты бюджет қаражатының қайда жұмсалып жатқаны, сондай-ақ қай жер-де дұрыс игерілмей жатқаны туралы біле бастады. Оның жарқын мысалы «СК-Фармацияға» қатысты жағдай, сол секілді футбол клубтарының бюд-жет есебінен қаншалықты қаржы лан-дырылып келе жатқаны əшкереленді. Енді «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» басқарма мүшелеріне берілген ақшалай сыйақыға таңырқап отырмыз. Бұл таңғалатындай құбылыс емес. Өйткені бұрыннан бар үрдіс. Өкініштісі сол, оған енді ғана көзіміз жетіп отыр», деді М.Халық.

Сарапшының айтуынша, мемле-кеттік шығыстар мен кірістердің орын-далуын қадағалайтын талаптың болғаны маңызды. Сонымен қоса халықтық ба-қы лауды күшейтіп, үкіметтік емес ұйым дардың белсенділігін арттыру қажет.

«Ұлттық компанияларда мұндай фактілердің орын алуы өкінішті-ақ, əрине. Десе де аталған көлемдегі қара-жат тек қана басшыларға беріліп отыр-ған жоқ. Айталық, қазір «Самұрық-Қазынада» кімдердің жұмыс істеп жатқаны белгілі. Ел ішінде оларды «па рашютшілер» деп атайтынын бар-лығы біледі. Яғни бір қоңыраумен жоға ры жалақылы қызметке отыра қала ды. Ал іс жүзінде атқарып жүрген жұ мыс тары мардымсыз», дейді эко-номист.

Ер басшылардың табысы жоғары

Salary Explorer порталындағы мəлі-метке сенсек, отандық топ-менеджерлер арасында жүргізілген сауалдаманың нəтижесінде респонденттердің 23%-ы былтыр бірде-бір бонус алмағандарын жеткізсе керек. Сауалдамаға қатыс-қан дардың қалған 77%-ы кем дегенде бір мəрте ақшалай сыйақы алғандарын жасырмаған.

Қазақстанда жеке секторға қара-ғанда, мемлекеттік сектордағы қызмет-кер лердің табысы орташа есеппен 11%-ға көп. Елімізде топ-менеджерлердің орташа сағаттық жалақысы – 3880 теңге. Енді осы санды орташа 8 сағат тық жұмыс уақытына көбейтіп, нəтижесін бағамдай берсеңіз болады. Рес публикада бір жыл ішінде жалақы-ның орташа өсімі 5%-ға жеткен.

Сонымен бірге қызметтік мансапқа жыныстық ерекшеліктер де əсер етеді. Мəселен, еліміздегі ер басшылар əйел əріптестеріне қарағанда жалақыны шамамен 7%-ға көп алатыны мəлім болып отыр.

Тұтқында қаза тапқандар туралы жаңа деректер

Миллиондаған бонусқа кім лайық?

ҚОҒАМ

Page 7: Миллионда ан бонуса кім лайы?2020/08/26  · станның инвестициялық сенімділігі ВВВ, яғни тұрақты деп бағаланды

26 ТАМЫЗ 2020 ЖЫЛ 7ƏЛЕУМЕТ

Экономика саласы бойын-ша ХХІ ғасырдың ең бастапқы жылында Нобель сыйлығымен марапатталған америкалық ғұлама ғалым Джозеф Юджин Стиглицтің (Joseph Eugene Stiglitz) «Алапат сызат» («The Great Divide») атты ғылыми-сараптамалық туынды-сы 2015 жылы алдымен АҚШ-та одан соң, іле-шала халықаралық «Penguin» баспалар жүйесі арқылы Ұлыбритания, Канада, Ирландия, Аустралия, Жаңа Зеландия жəне Оңтүстік Африка мемлекеттерінде қатар жарық көріп, күллі əлемнің назарына бірден іліккен болатын. Себебі бұл ауқымды да тағылы-мы терең зерттеудің дəл сондай биік мəртебеге ие болатын құн-дылықтары жетіп артылады. Алайда бұл тақырыпты қозғамас бұрын, ғұлама Джозеф Стиглицтің жеке ба-сына қатысты тұшымды мəліметті дəл осы тұста айта кетейік.

Біріншіден, Д.Стиглиц – АҚШ-тың айтулы Массачусетс техноло-гиялық институтының түлегі əрі докторлық ғылыми атағына да сол институтта қол жеткізген. Екін-шіден, ол – экономикалық теория-ның негізін қалаған əлемге əйгілі британдық ғалым Джон Мейнард Кейнстің (John Maynard Keynes) ізбасары. Үшіншіден, ол – 1988 жылдан бастап, АҚШ-тың Ұлттық ғылым академиясының академигі, 1993 жылдан бері Британия акаде-миясының корреспондент–мүшесі жəне 2003 жылдан бастап Ресей Ғылым Академиясының шетел дік мүшесі. Төртіншіден, атақты ғалым 1997-2000 жылдар аралығында Дүниежүзілік банктің бас экономисі лауазымын иеленген. Бесіншіден, 1995-1997 жылдар аралығында АҚШ президенті Билл Клинтонның экономикалық мəселелер жөнін-дегі кеңесшілер тобын басқарған. Алтыншыдан, Д.Стиглиц шек-сіз нарықты, монетаризмді, нео-клас си калық экономикалық мек-тепті, сондай-ақ жаһандану үдері-сіне қатысты неолибералдық көз-қарасты, Халықаралық Валюта Қоры ның дамушы елдерде жүргіз-ген жымысқы саясатын жəне Ресей-дегі жекешелендіруге қатысты жүргізілген либералды реформалар-ды қатаң сынға алған тұлға ретінде де кеңінен танымал. Жетінші-ден, ғалым-ұстаз Джозеф Стиглиц Кембридж, Иель, Дьюк, Стэнфорд жəне Оксфорд сынды əлемнің əйгілі университеттерінде дəріс оқиды жəне бүгінгі таңдағы жұмыс орны – АҚШ-тың Нобель сыйлығының 104 жүлдегерін түлетіп ұшырған Колум-бия ғылыми-зерттеу университеті.

Осы деректерді ескере отырып, Д.Стиглицтің «Алапат сызат» атты ғылыми монографиясы на қайта оралсақ, тілге тиек болып отырған бұл туындыны автордың 2012 жылы жарық көрген «Теңсіздіктің құны» («The Price of Inequality») атты ғажап туындысының жалғасы деуге бола-ды. Өйткені екі туындының да зерт-теу объектісі – АҚШ. Ал автордың өзі болса, жоғарыда атап өткендей, экономика саласының аса білікті кəсіби маманы ғана емес, АҚШ сынды алпауыт мемлекеттің саяси, экономикалық, əлеуметтік, бизнес, банк жəне қаржы жүйелеріндегі күллі жетістіктерімен қатар əлгі мемлекеттің етегінен тартатын кем шіліктерін де терең білетін сая-саткер тұлға екеніне көз жеткізе-міз. Сондықтан да болар, «ауруын жасырған өледі» демекші, ғұлама ғалым тек Батыс əлемінде ғана емес, шексіз экономикалық пəрмені мен əскери қуаты жағынан бүгінгі таңда жер бетіндегі ең қауқарлы мем-лекет саналатын АҚШ-тың өзегін кемірген əлеуметтік теңсіздік пен əділетсіздіктің күннен-күнге өрши түсіп, бұрынғыдан бетер тереңдеп бара жатқанын бұлтартпайтын шы-найы деректермен айшықтайды. Сондай-ақ əлгі əлеуметтік дерттің түпкі себептерін жан-жақты тал-дап, оның кеселді салдарының болашақта əлгі мемлекетті қандай сын-қатерлерге ұшыратуы мүмкін екендігін де таразылап береді. Бұл біріншіден.

Екіншіден, жоғарыда аталған қос туындының тереңде жатқан негізгі зерттеу объектілері – АҚШ халқының 1 пайызын құрайтын «алтын миллиард» деп аталатын ат төбеліндей бай-бақуаттылар тобы

мен сол мемлекет халқының басым көпшілігін, яғни қалған 99 пайызын құрайтын екінші топ тың арасын қақ жарып тұрған ала пат сызаттың бүгінгі таңда үңірейе кеңейіп, тұңғиық құзға айнала бастағанын, сондай-ақ əлгі құздың, емі жоқ індет секілді, қоғам ағзасы мен санасын күн санап кеулеп бара жатқанын да сан тұрғыдан зерделеп, нағыз ащы шындықты ешбір бүкпесіз əрі ешбір жан жоққа шығара алмай-тын дəйекті де дəлелді уəждермен түйіндейді.

Үшіншіден, Д.Стиглиц «Тең-сіздіктің құны» атты моногра-фия сында бастаған терең сарап-тамалық зерттеу жұмыстарының арнасын «Алапат сызатта» одан бетер кеңейте түседі. Сосын көзге оттай басылатын əрі көкейге қона қалатын автордың батыл да өткір тұжырымдары «Алапат сызат-та» көтерілген көкейкесті мəсе-лелердің тақырыптарынан ғана емес, олардың ішкі қатпарынан да өте айқын сезіледі. Əлгі еңбегінде Д.Стиглиц: «Əлеуметтік теңсіздік Батыс əлемін неге жайлап барады жəне мұндай жағдайда біздер не істей аламыз?» деген риторикалық сауалды көлденең тартады да, өзінің ашық та əділетті болмысы-на тəн көрегендігімен əлеуметтік теңсіздіктердің түп тамырының саяси билік тізгінін ұстаған тұлға-лардың «алтын миллиардтың» ығына жығылып, тек солардың мүд делерін ғана көздейтін əділетсіз салық заңдары мен сыңаржақ сая-си шешімдерге жол беруінде жəне сол солақайлықтың салдарынан басымдықтар таңдауда билік тара-пынан жіберіліп жататын өрескел қателіктерде жатқанын сан алуан сындарлы деректермен дəлелдейді жəне оларды болдырмаудың тиімді жолдарын да қоса ұсынады.

Осы пайымның дəлеліндей, «Алапат сызат» туындысындағы «Қылмысты өлімнің анатомиясы: Америка экономикасының қазаға тап болуына кім кінəлі?» деген та-рауында автор сырт көзге шалына бермейтін жəне бір ащы шындықтың бетін ашады. Д. Стиглиц мұнда 2008 жылы АҚШ-тан басталып, күллі əлемді шарпыған алапат экономикалық дағдарыстың түпкі себептерін түбегейлі саралай келіп, əлгі риторикалық сұрақтың жа-уабы тым күрделі екендігіне на-зар аударады. Сөйтіп, сұңғыла ғалым əлгі алапат дағдарысқа ұшы-ратқан кінəлі топтың қатарына АҚШ-тың күллі қаржы институт-тарын, сондай-ақ 1981-2009-жыл-дар аралығында 30 жыл мемлекет билігін уысында ұстаған жəне сол жылдары АҚШ-тың жоғарыда аталған қаржы секторына ат төбе-лін дей «алтын миллиардтың», яғни «бір проценттің» ғана мүддесін қорғай тын сыңаржақ реформа-ларды енгізіп, оларды белсенді жүзеге асырған АҚШ президенттері Рональд Рейган, Джордж Г.У.Буш, Билл Клинтон жəне кіші Джордж У.Буш əкімшіліктерін де жатқызады.

Аталған еңбегінде жаһандық нарық экономикасы мен саясат əле-мінде орын алып отырған өрес кел теңсіздік дертіне сын көзбен қарай отырып, Д.Стиглиц айтпақшы, майлы жіліктің басын ұстаған жалғыз процентті құрайтын бай-бақуаттылар мен əл-ауқаты олар-дан əлде қайда төмен 99 пайызды құрайтын екінші топтың бастары қосыла бермейтіні шындықтан тіпті де алыс емес. Өйткені əлгі екі топтың мазасын қашыратын түйткілді мəселелері ғана емес, олардың мақсат-мұраттары да, күнделікті өмір сүру салты да, тіпті көретін түстері де бір-біріне ұқса-майтыны. Бір сөзбен айтқанда, бұл жерде «аш бала тоқ баламен ойна-майды, тоқ бала аш болам деп ой-ламайды» деген дана халқымыздың қанатты сөзінің қисыны дөп келіп тұрғаны анық байқалады.

Сосын Джозеф Стиглиц айтып отырғандай, қатардағы амери-калық тарды, əдетте, колледждегі бала-шағаларының төлемақысын қалай өтейтіні немесе отбасындағы жақындарының бірі науқастана қалса, оны қайтіп емдейтіні, сондай-ақ зейнетке шыға қалса, ары қарай қалай күн көретіні секілді отбасы мен ошақ қасындағы əлеуметтік түйткілдер көбірек алаңдатады.

Оның үстіне, автор айтпақшы, 1930-жылдары АҚШ-ты тұралатқан Ұлы депрессия кезінде ондаған миллион қатардағы қарапайым америкалықтардың баспаналары-нан айырылып, көшеде қалғаны жадынан əлі шыға қоймағаны анық. Ал мұндай «ұсақ-түйектер» болса, əлгі бір проценттегілердің өңдері тұрмақ, түстеріне де кірмейді. Өйткені «малы көптің мұңы көп» демекші, олигархтардың жүйкесін тоздыратын түйткілдердің сипаты сіңірі шыққан «99 пайыздың» са-майын ағартатын ұсақ-түйектерден мүлде бөлек. Өйткені шіріген бай-ларды көбінесе дыбыстан жүйрік ұшақтардың қай түрін сатып алу, не болмаса өздеріне ешбір тер төкпей келген көл-көсір табыс-тарын салықтан қалай жасырып қалу секілді «мазасыздық» көбірек алаңдатады.

Джозеф Стиглицтің пікірінше, күллі əлемдегі тұрмысы шалқыған 1 пайыз өз тағдырларының, түптеп келгенде, қалған 99 пайызға тікелей тəуелді екенін сезе бермейді. Алайда «кемедегінің жаны бір» демекші, экономикалық əлеуеті мықты кейбір мемлекеттерде 1 па-йыздың да, 99 пайыздың да мүм-кіндіктері тең. Өкінішке қарай, автор айтпақшы, əлемнің ең алпа-уыт еліндегі бай-бақуаттылардың санасына əлгі шындық кіріп те шықпайды. Сондықтан да болар, Д.Стиглиц, «егер əлгіндей əділет-сіздік дерті осылайша жалғаса бере-тін болса, ондай мемлекеттерде экономикалық тұрақтылық ұзаққа бара қоймайды» деген түйінді тұжырымға табан тірейді. Сосын ғұлама экономистің бұлай топ-шылауына негіз болатын дерек-тер «Алапат сызатта» жыртылып айы рылады. Ендеше, ендігі əңгіме желісін де солай қарай бұралық.

Біріншіден, автор өз еліндегі 1% бен 99%-тың арасындағы күннен-күнге ұлғайып бара жатқан əлеуметтік теңсіздік сызатының, ең алдымен, соңғылардың мүмкін-діктерінің шектелуіне себеп бо-лып отырғанын да, сонымен қатар бұл дерттің мемлекеттің ең басты құндылығы болып табылатын халықтың басым көпшілігінің құқын бұзып қана қоймай, олардың өз əлеуеттерін толық пайдалану мүмкіндігінен де қоса айырып отырғанын бүкпесіз ашып береді.

Екіншіден, əлеуметтік теңсіздік-ке жол беріп отырған кеселдің енді бірі, автор айтпақшы, жең ұшынан жалғасқан олигархтарға шексіз монополиялық билік беріп, олардың салық жеңілдіктеріне қол жеткізу мүмкіндіктерін мо-лайтып отырған əділетсіз заңдар екенін жəне бұл əділетсіздіктің, өз кезегінде, əлгі бұрмалаушылықты одан бетер күшейтіп, ұлттық эко-номиканың кері кетуіне тікелей ық пал етететіндігін негіздейді жəне АҚШ-та орын алып отырған əлгі дағдарыстардың басым бөлігі ел үкіметінің қаржы секторында жүргізіп отырған сыңаржақ сая-сатының нəтижесі екенін өте на-нымды дəйектермен тиянақтайды. Əсіресе қаржыны жоғарыдан тө-мен ге немесе, керісінше, төменнен жоғарыға бағыттауға келгенде саяси биліктің салықтық, монополистік,

құқықтық жəне лицензиялық жеңілдіктерді ең алдымен «ал-тын миллиард» тобына беріп, сол топтың күллі халықтың есебінен шексіз байлыққа кенелетінін үлкен батылдықпен сынға алады.

Үшіншіден, Джозеф Стиглиц өркендеу мен тұрақты дамуды көз-дейтін кез келген мемлекет, ең ал-дымен, əділетті ұжымдық ықпал-дастыққа басымдық беру керек тігін ескертеді. Өз кезегінде бұл ық пал-дастықтың, мемлекетті бірін ші кезекте инфрақұрылымды қалып-тас т ыруға, ғылым-білім мен тех-но ло гияға басымдық беруге жəне адами капиталдың сапасын арт-тыруға көбірек инвестиция тартуға міндеттейтінін де ескертеді. Ал бұл басымдықтар мен талаптар дұрыс жолға қойылмайтын болса, ондай мемлекетте экономиканың жап-пай алға басу динамикасы мүлде шабандайтынын да ғұлама ғалым еске салады.

Төртіншіден, туынды авторы-ның пікірінше, экономика мен саяси-əлеуметтік қарым-қатынас-тардағы теңсіздіктердің шынайы себептерін экономистердің өз-дері де дөп басып айта алмайды. Өйткені олардың басым көпшілігі нарық экономикасындағы барлық түйткілді мəселелерді тек қана «сұ-ра ныс пен ұсыныс реттейді» деген əбден сүр болып, догмаға ай на-лып кеткен əлжуаз қағиданың ық-палынан шыға алмай жүр.

Бесіншіден, автордың пайымда-уынша, бүгінгі заманауи техноло-гиялардың жаппай қолда нысқа енуі білікті мамандарға да, орта білімді мамандарға да сұранысты тым азай-тып жіберді. Сондықтан да бүгінгі жаһандану үдерісі əлемдік нарыққа кең жол ашып, ел ішіндегі кəсіби жұ мыс шылардан гөрі шетелдік ар-зан жұмыс қолын өндіріске көбі-рек тар туға шексіз мүмкіндік беріп отыр.

Алтыншыдан, қоғамда орын алып отырған саяси-əлеуметтік өзгерістер, оның ішінде жұмыс-шы лардың мүддесін қорғай тын бұрынғы кəсіподақ ұйымдары ның тым қысқарып кетуі де экономика-ның өрістеуіне айтарлықтай кері ықпалын тигізіп отырғанын туын-ды авторы өз назарынан тыс қал-дырмайды.

Жетіншіден, нарық экономи-ка сындағы саяси-əлеуметтік тең-сіз діктің ең басты себебі – «ал-тын миллиард» тобындағылардың қоғам дық жəне əлеуметтік қаты-нас тарда қалыптасып қалған өз үстем діктерінің ешбір өзгеріссіз жалғаса беруін қалайтынында жатыр. Мұның айқын дəлелін Д.Стиглиц ел ішіндегі бүгінгі əді-летсіз салық жүйесінен байқап отырғанын жасырмайды. Өйткені ірі капиталдарға салынатын са-лық мөлшерінің тым төмендігі көш басындағы бай-бақуаттыларға шаш-етектен пайда əкелетін табыс көзіне айналғанын жəне мұндай жеңілдіктерді өткен ғасырдың ба-сында Джон Рокфеллер секілді банкирлер тобы пайдаланған бол-са, үстіміздегі ғасырда Билл Гейтс сияқты олигархтар да қоса пайдала-нып отырғанын автор ашық айтады.

Сегізіншіден, бүгінгі əлеу мет-тік теңсіздіктің тағы бір себебін

автор қаржы жүйесінде қалып-тасып отырған «бармақ басты, көз қыстылықпен» байланыс тырады. Атап айтқанда, көпшіліктің құқын аяқасты етіп, бай-бақуаттылардың көздеген мүдделерін қанағаттан-дыру үшін, қаржы жүйесінде қалып-тасқан бұрынғы əділетті ере желер мен қағидаларды қаржы инсти тут-тарының өздері бұзып, жасан ды да жымысқы мүмкіндіктерді сатып алуға жол ашып отырғанын бүк-пе сіз жайып салады жəне мұның нақты дəлелін де келтіреді. Ол дəлел мынау: үкімет қаржы институт-тарына қарызға нөл пайыздың өсім мен жеңіл ақша береді де, орта дан қайсыбіреулер өз пайда-сын қағып алады. Мұндайда заң бұзу шы лықты бақылайтын инсти-тут тар көре тұрса да көздерін жұ-мып, үндемей қоя салады. Бір сөз-бен айтқанда, байлық билікке бас шұл ғып, көзін қысса, билік те жіби кетіп, бай лыққа қол бұлғайды. Тоқ-сан ауыз сөздің тобықтай түйіні осы ғана.

Түптеп келгенде, Нобель сый-лы ғының лауреаты Д.Стиг лицтің «Алапат сызатпен» айтпақ бол ғаны əлемдегі ат төбеліндей бай-бақ-уатты топтың уысына жинақталған ұшан-теңіз байлықтың қоғамды қақ бөліп, əлеуметтік теңсіздіктің отын лаулатып, тек жекелеген миллиардерлердің ғана қалтасын томпайтпай, иманды мүдделерге бағытталып, қалың бұқараның мүддесін ескере отырып, əділетті бөлініп, мемлекет игілігіне тиімді жұмсалғанын көздейді. Ал олигарх-тар болса, автор айтпақшы, өзіне қажеттінің бəрін де сатып алуға мүмкіндігі жетіп артылатындық-тан, үкіметке шекеден қарайды. Сондықтан да «бай байыған са-йын қалтырауық болады» демекші, олардың басым көпшілігі ұлан- ғайыр байлықтарын астына басып, қызғыштай қорғай ды немесе Кариб теңізіндегі «Алтын миллиардтың» жұмағына айналған Кайман арал-дарына жасырады. Сондықтан да ғұлама ғалымның аталған туын-дысынан «байлық пен адам са-насы қатар жүрмесе, əлеуметтік теңсіздіктер тізгінделмейді жəне билік пен қоғамның болмыс-бітімі де иманды арнаға түспейді» деген мөлдір де тұнық ниет бой көрсетеді.

«Алапат сызатта» Джозеф Стиг лиц сонымен қатар жоғарыда аталған 1% бен 99%-дың арасында орын алып отырған күллі əлеуметтік теңсіздіктердің алдын алуға да, тіпті оларды мүлде болдырмауға да болатынына өте сенімді екенін жа-сырмайды жəне өз сенімінің негізсіз емес екендігін дəлелдеу үшін, зерделі ғалым АҚШ-тың бүгінгі таңдағы əлеуметтік болмысын өзге капиталистік мемлекеттердің əлеуметтік секторларымен салысты-ра зерттеп, сол терең ізденістердің нəтижесінде өз елінің əлемдегі ең қуатты экономиканың иесі бола тұрып, жастарының жоғары білім алу мүмкіндігі жағынан да, хал қы-ның медициналық көмекпен қам-тылуы жағынан да, əділ сот шеші-міне қол жеткізу мүмкіндігі жағы-нан да, баспанамен қамтылу жағы-нан да, жоғары жалақымен қамтылу мүмкіндігі жағынан да, өмір сүру ұзақтығы жағынан да Батыс Еуропа мен Скандинавия елдері немесе Жапония, Сингапур, т.с.с. тұрақты дамып келе жатқан мемлекеттерге қарағанда едəуір төмен тұрғанын мынадай нақты статистикалық мəліметтермен түйіндейді:

АҚШ халқы əлем жұртының 5%-ы ғана болғанымен, олар-дың арасынан сотталып, жаппай түрмеге жабылғандардың саны əлем дік көрсеткіштің төрттен біріне жуықтады. Соның салдарынан «əділет» деген ұғым бұл күнде қолы ұзын санаулы топтың ғана қол-жетімді тауарына айналып отыр;

Осыдан біраз жылдар бұрын Үнді мұхитында орналасқан кіш-кентай ғана Маврикийде бүгінгі таңда медицина да тегін, колледжде білім алу да тегін. Сонымен қатар тек қарттар ғана емес, жастарға да транс портпен тегін пайдалану құқы берілген. Ал АҚШ-та мұндай жеңіл-діктер қарастырылмаған, өйткені бюджет ондай салмақты көтере алмайды-мыс. Есесіне, дағдарыс кезінде банктер аман қалса, эконо-мика да аман қалады жəне бұндай қадамнан күллі халық та ұтады деп, мемлекет банк секторына 700 мил-лиард доллар қаражатты оп-оңай тауып бере салады. Алайда бұдан пайда тапқан халық емес, керісінше, тек байлар мен бақуаттылардың ғана мұрттары майланды;

1969 жылы Малайзиядан бө-лініп шыққан Сингапур да өте ке-дей мемлекет болатын əрі ондағы

жұмыссыздық деңгейі 25%-ға жет-кен еді. Алайда абыз көшбасшы Ли Куан Юдің арқасында бұл күнде сингапурлықтардың жан басы-на шаққандағы табыстары 55000 долларды құрайды, əрі ол елде əлеуметтік теңсіздік атаулы түп та-мырымен келмеске кеткен;

Мемлекеттің сындарлы сая -саты ның арқасында сингапур лық-тардың 90%-ы баспаналы болса, АҚШ-та бұл көрсеткіш 65%-ы тең;

БҰҰ қабылдаған жеке адам-ның даму индексі бойынша, атап айтқанда, азаматтардың табысы, білімі жəне денсаулық деңгейі тұр-ғысынан Швеция, Дания, Финлян-дия жəне Норвегия сынды мем-лекеттер 3-орында тұрса, АҚШ 16-орында тұр. Сондай-ақ жас ба-лалар арасындағы кедейлік көрсет-кіші Швецияда – 7.3% болса, АҚШ-та бұл көрсеткіш 23.1%-ға тең;

Осыдан ширек ғасыр бұрын экономикасы шарықтап тұрған Жапония да үлкен дағдарысқа тап болып, сол қырсықтың құр-сауына ұзақ уақыт шырмалған болатын. Тіпті кейінгі 25 жыл ішінде «жапон сырқаты» деген сөз тіркесі де халықаралық тер-минге айнала бастаған-ды. Алайда осы қиындықтарға қарамастан, Жапония мемлекеті жұмыссыздық деңгейін 5%-дан асырған жоқ. Ал бұл көрсеткіш АҚШ-та екі есе көп. Сонымен қатар Жапонияда əлеуметтік теңсіздік деңгейі де АҚШ-пен салыстырғанда едəуір төмен. Мұның басты себебі, 2012 жылдың соңында Жапония премьер-министрі болып тағайындалған Синдзо Абэнің абэномика атанып кеткен монетарлық жəне фис-калдық реформаға негізделген за-манауи саяси-экономикалық сая-сатымен тікелей байланысты.

Бұл орайда, Ли Куан Ю мен Синдзо Абэнің ұстанымдарын толық қолдай отырып, Джозеф Стиглицтің 2002 жылы жария ет-кен мына бір пікірінің мəні өте терең: «Мен əлеуметтік теңсіздік түйткілдерін нарық реттейді де-генге сене салатын соншалықты ақымақ емеспін. Өйткені əлеуметтік теңсіздік, жұмыссыздық, қоршаған ортаның ластануы мемлекеттің белсенді араласуынсыз орын алуы, тіпті де мүмкін емес».

Бұл ұрымтал пікірдің нағыз шындық екені ешбір күмəн тудыр-майды. Сосын Джозеф Стиглиц-тің жоғарыдағы қос туынды-сында синтезделген дерек көздері əлеуметтік теңсіздіктердің түп-тамыры тек экономикада ғана емес, мемлекет басқару жүйесіндегі саяси-экономикалық билік тізгі нін ұстаған көшбасшылардың ұста-ным дарының сапасында екені не толық көз жеткізеді. Бұл пайым-ның негізсіз емес екенін дəлелдеу үшін Джозеф Стиглицтің əлгінде ғана келтірілген түйінді пікірі-нен бұрын сингапурлық «ғажап экономиканың» атасы атанған Ли Куан Юдің: «Менің алдымда екі мүмкіндік тұрды. Бірі – байлыққа кенелу, екіншісі – мемлекетке адал қызмет ету. Мен екінші жол-ды таңдадым» деуі немесе ғұлама абыздың: «Мемлекеттің ұлылығы тек жер көлемімен ғана өлшенбесе керек. Ұлылықты жұдырықтай жұмылған халықтың жігері мен бірлігі, табандылығы мен темірдей тəртібі жəне сол мемлекетті өз хал қы ның құтты мекеніне айнал-дыруға ұмтылған ұлтжанды көш-бас шылары мен көсемдерінің са-пасы ғана сомдайды. Сондықтан да мені билік тізгінін өзіме сеніп тапсырған халқымның түптің түбінде маған қандай баға беретіні көбірек ойландырады» деуі өмірде ұзақ жасап, көпті көрген, артына өшпес із бен қайталанбас үлгі-өнеге қалдырған Ли Куан Юдің тек өз халқының ғана емес, күллі адамзат жадында да сөзі мен ісі үнемі бір жерден шыққан нағыз ұлы көсем əрі нағыз ұлы меритократ тұлға бей несінде қала беретіні сөзсіз. Тек «ақылдыдан шыққан сөз та лап тыға болсын кез» деп абыз Абай айт-пақшы, Ли Куан Ю мен Джозеф Стиглиц секілді əлем ғұлама-лары ның заманауи пайымдарын санаға сіңіріп, Скандинавия мемле-кеттері мен Шығыс Азия мемле кет-терінің озық саяси-экономикалық жəне əлеуметтік құндылықтарын мемлекеттік саясатымыздың өзегіне өре алатын тұлғалар көбейсе, нұр үстіне нұр болар еді ғой деген үмітті тілекпен мақалаға нүкте қоямыз.

�діл АХМЕТОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген

қайраткері, Халықаралық жоғары мектеп ғылым

академиясының академигі

Таразыға түскен теңсіздіктің түп-тамыры–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Т�менде с�з болатын ғажап туындыда қамтылған к�кейкесті мәселелер тек АҚШ бастаған Батыс әлеміне ғана тиесілі емес. �йткені онда әлемдік қоғамдастықтық пен жаһандық нарық экономикасының белсенді мүшелерінің бірі әрі мәңгілік ел болуды к�ксейтін �з мемлекетіміздің – Қазақстанның тұрақты дамуы үшін де ауадай қажет инновациялық идеялар топтастырылған. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Кол

лаж

ды ж

асағ

ан Қ

оны

сбай

ШЕ

ЖІМ

БА

Й, «

ЕQ

»

Page 8: Миллионда ан бонуса кім лайы?2020/08/26  · станның инвестициялық сенімділігі ВВВ, яғни тұрақты деп бағаланды

8 26 ТАМЫЗ 2020 ЖЫЛЭКОНОМИКА

––––––––––––––––––––––––––Балығы тайдай тулаған сулы, нулы �лке – Қорғалжында фо-рель балығын �сіретін ауқымды кешеннің құрылысы басталмақ. ––––––––––––––––––––––––––

Байқал БАЙ�ДІЛ,«Egemen Qazaqstan»

Жоба АҚШ-тың «AGSO Corpo -ration» компаниясының инвес ти-циясы есебінен жүзеге асы рыл мақ. Жабық типтегі болашақ кеше н нің құрылысын жүргізу үшін 100 гектар жер телімі бөлінген. Топо графиялық түсірілімі мен əр түрлі сараптау жұмыстары жүр гізіл ген. Жоба жүзеге асырыл ған нан ке йін баға лы форель балы ғы ның жы лына 500 тоннасы өндірі летін болады.

– А л ғ а ш қ ы т р а н ш б ө л і н д і . Бүгінгі таңда нысанның құры лыс жұмыстарының барысы келісіліп, электр желісі тартылуда. Жоба 2021 жылдың екінші тоқ санында толықтай жүзеге асы рылады, – дейді «Taga Group»

жауапкершілігі шектеулі серіктес тігінің директоры Серік Тəнкиев.

Қорғалжын – фауна мен флораға бай өңір. Балықты көлдері де көп. Енді өздерінде өсірілетін форель балығымен де мақтана алады. Айтпақшы, бағалы

балық өсірумен қатар, облыстың бірнеше елді мекен дерінде балық сата-тын сауда нүктелері де ашылмақ.

Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы

Думан АНАШ,«Egemen Qazaqstan»

Қазіргі уақытта жобалық-сме талық құжаттама əзірленуде, жақын арада қоғамдық тыңдаулар өткізу жоспарла-нып отыр. Инвес торлардың айтуынша, жалпы құны 100 млн доллар болатын кəсіп орынды 2023 жылға қарай толы-ғымен пайдалануға беру жоспарла-нып отыр. Бірінші кезеңде жылына 35 мың тоннаға дейін техникалық кремний өндірілетін болады, екінші кезең өндіріс көлемін жылына 70 мың тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа кəсіпорынды 105 мың тоннаға дейін кеңейту перспек-тивасы бар.

«Қазіргі уақытта бұл жобаны қан-дай факторлар басқа зауыт тар дан ерекшелендіретіні бел гілі. Тех ни ка-лық кремнийді өнді ру ке зін де бұрын Қазақстанда қол да ныл маған қоршаған ортаны қор ғау дың озық технология-лары пайдаланылады. Компанияның негізгі ерек шелігі – жоғары деңгейдегі шикі затты пайдалану. Бұл жоғары тех -но логия тұтынушылардың та лап тарына сəй кес жоғары сапа лы да йын өнімге əке леді. Бұл өнім то лық экспорт қа бағдар ла на ды. Сондай-ақ зауыт өзінің

рек реа ция лық аймағы мен, жасыл же -лек термен, тоған мен жаб дық тала ды. Қыз мет кер лер үшін йога ор та лығы жə-не емдеу-сауық тыру ке ше ні са лынады», деді компа ния ның бас ди рект оры Паниграхи Бхакта.

Жаңа зауыттың құрылысы аймақтағы ТМК саласын дамытуға үлкен серпін береді. Өндіріс салық базасын кеңейтеді, экспорттық əлеуетті арттырады жəне экономи каны əртараптандыруға оң əсер етеді. Дайын өнім Қазақстан үшін жаңа тауашаларды игеруге технологиялық мүмкіндіктер аша ды. Күн панельдерін, элект рони каның жаңа түрлерін, қорыт-паларды жəне т.б. өндіру мүм кіндігі пайда болады.

«Бастапқы кезеңде компания 377 адамды жұмыспен қам та ма сыз етеді. Жергілікті тұрғын дар ды ғана емес, сонымен қатар елі міздің басқа өңірлерінен ма ман дарды да тарту жос-парланып отыр. Өн дірістің дамуымен жұ мыс орын дарының саны да артады. Ин ве с торлар алғашқы пайданы өн-діріс іске қосылғаннан кейін бір неше жылдан кейін ғана алады. Зауыт əлі салынбағанына қарамас тан, ком пания инвестиция лау са ты сын да тұрса да, «ANSA Silicon» ЖШС қала өміріне бел сенді қатысуда», деп хабарлады

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Пав лодар облысы бойынша ай мақ тық ди рек торы Мəдияр Данияров.

Ұлттық компанияның өңірлік дирек -торы ның айтуынша, осы жыл дың ақпан айында компания «Екі бастұз қала-сындағы аутист бала лар дың ата-ана-лары ның бір лес тігі» қоғамдық бірлестігі-мен жəне «Ерек ше үй» балаларды оңал ту ор та лығымен келісімшарт жасасқан.

«Біздің ұйымның қызметін қолдауға шетелдік демеушілер 19 млн теңгеден астам қаражат бөлді. Енді орталық 2020 жылы 120 баланы тегін оңалтумен қамтамасыз ете алады, сондай-ақ сенсорлық ын та ландыру үшін аппа-раттар са тып ала алады. Инвесторлар əкім дік пен бірлесіп, ерекше қажет тілік-тері бар балалардың дамуы үшін барлық жағдайдың болуына күш-жігерін са-лады. Сондай-ақ мамыр айында Ansa Silicon қол дауы мен ғимараттың шаты-ры жөн деу жұ мыстарынан өтті», деді «Ерекше үй» балаларды оңалту ор та-лы ғының жетекшісі Адина Сейітова.

«Ansa Silicon» ЖШС COVID-19 пан-демиясына байланысты көмек қорына 1 млн теңге көле мін де үлес қосты. Сонымен қатар компа ния өкілдері екі апта лық үй каран тинінде болған паци-енттерге 150 килодан астам ет тарат-ты. Бола шақта зауыт қаланы əлеу мет-т ік қамтамасыз етуге қомақты қаражат салуды жоспарлап отыр. Ден саулық сақтау, білім беру, сани тария жəне т.б. салаларын дамы туға ар налған шығыс-тар жоспарланған.

Думан АНАШ,«Egemen Qazaqstan»

Сауда жəне интеграция министрі Бақыт Сұлтанов экс порт тық акселера-ция бағдарла масының алғашқы оқыту веби нарында аталған компания лардың арасында экспорт саласына жаңадан келгендер де барлығын (2 компания өз өнім дерін бұрын шетелге сатпаған), сондай-ақ бұрын бірреттік (санаулы) жеткізуді жүзеге асырған компаниялар да бар екенін, олар шетелдік нарықтарда ұзақ мерзімге орналасуды көздейтінін жеткізді.

Биыл акселерация бағдар ламасының аясында қытайлық сатып алушылармен экспорттық келісімшарттар жасау үшін басты назарды тамақ өнеркəсібіне ауда-ру туралы шешім қабылданды.

«Қытай сияқты ірі нарықты иге-ру – біздің басты мақ сат тарымыздың бірі. Қытай нары ғының ауқымына қарамастан, оған қолжетімділік деңгейі шек теу лі. Бұған себеп – экспорт-тық процедураның ұзақтығы (ша-мамен 90 күн) жəне нарықтың ерекшелігі. Шығарылған өнім қандай керемет жəне пайдалы болса да, тиісті

жарнамасыз жəне орамасыз сату қиынға түседі. Акселератордың міндеті – кəсіпорындарды бастапқы кезеңдерден бастап өз өндірісін сыртқы нарықтарға бағыттауға үйрету. Мысалы, Қытайға экс порт тауға ниеттенсеңіз, алдымен Қытай техникалық регла мент терінің барлық талаптары мен маркетингтік ерекшелік тері не сəйкес келетін өнімді өнді руі ңіз керек. Аталған жəне басқа да мəселелерді біз бағдар ламаны жүзеге асыру аясында қарас тыратын боламыз», деді Б.Сұлтанов.

«QazTrade» сауда саясатын да-мыту орталығының бас директоры Арман Абеновтің айтуынша, отандық өнімдер жоғары сапалы болғандықтан сұранысқа ие. Дегенмен бірқатар се-бептерге байланысты қазақстандық тауарлар Қытай дүкендерінің сөре-леріне жеткілікті түрде ұсы нылмаған. Акселератордың мін деті – отандық өнімдердің Қытай нарығында ұзақ мерзімді болуын қамтамасыз ету.

Бағдарламаның екінші кезе ңі ая-сында (қыркүйек-қа раша) QazTradе сарапшылары Pricewaterhouse Coopers ком пания сының халықаралық сарап-шы ларымен бірлесіп əрбір қатысушы

үшін егжей-тегжей лі профиль жасай-ды. Онда экс порт таушы компанияның күшті жəне əлсіз жақтарына тал дау жүргізіледі, əлеует дең гейі (экспорттық нарық үшін бəсекелестік ерекшеліктері, өнім сипаттамасы, Қытайға экспорт-тың дайындық дəрежесі жəне т.б.) айқындалады. Сондай-ақ қатысушы к о м п а н и я н ы ң п р о ф и л і ш е т е л нарығында қазақстандық өнім үшін техникалық регламент талаптары сияқты ақпаратты да қамтитын бола-ды. Мақсатты нарыққа шығудың одан əрі қадамдары бойынша ұсыныстар да қатысушы компаниялардың профилінде көрсетілетін болады.

Бағдарламаның соңғы кезең дерінің бірі – іріктелген 35 ком панияның Шанхайдағы 3-ші Дүниежүзілік CIIE-2020 импорт тық көрмесіне қаты суы. Көрме соңғы жылдары кəсіп орындар арасында мəмілелер жасаудың негізгі əлемдік ала ңына айналды.

«QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығының бас директоры Арман Абеновтің айтуынша, бағдарламаға қатысуға өтінім берген, бірақ іріктеуден өте алмаған компаниялар келе сі жыл-дары бағдарламаға қатысу шылардың резервін толықты рады. Яғни бірде-бір кəсіпорын көмексіз қалмайды – ағым-дағы жұмыс шеңберінде барлық компа-ниялардың экспорттық мүмкіндіктерін бағалау жəне олардың өнімдерін шетел-дік нарықтарға жеткізуге арналған келісімшарттарды ұйымдастыру бойын-ша жұмыс жүргізіледі.

ӨНДІРІС ӨРІСІ

ИНВЕСТИЦИЯ – ИГЕРГЕНГЕ ИГІЛІК

ІЛКІМДІЛІК – ІЛГЕРІЛЕУ КЕПІЛІӨЗГЕРІС ӨЛШЕМІ – ӨНДІРІС

Қорғалжында форель өсіреді

Екібастұзда кремний зауыты салынады

Қытай нарығына шығу мүмкіндіктері қарастырылуда

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Павлодар облысында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен кремний зауытын құру жобасы жүзеге асырылуда. Кәсіпорынды «ANSA Silicon» ЖШС (Canarax Trading LLC еншілес компаниясы) компаниясының араб инвесторлары іске асырып жатыр. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––2020 жылға арналған «Экспорттық акселератор» бағдар ламасына қатысушы қазақстандық компаниялардың іріктеу қоры тындылары шығарылды. Бағдарламаға қатысуға 97 ком пания �тінім берді (олардың 74-і экспорттық тәжірибесі бар кәсіп орындар). Халықаралық сарапшылардың бағалауы нәтижесінде бағдарламаның келесі кезеңдеріне қатысуға 35 компания іріктелді. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қазақстанның жері табиғи байлыққа, соның ішінде мұнай мен газ қорына бай. Бұл мұнай мен газ химия �неркәсібін �ркендетудің шикізаттық к�зі екені даусыз. Демек, еліміздегі дамуы кенжелеп қалған химия �неркәсібін �ркендетуге шикізаттық негіз бар деуге болады. Осы орайда Атырауда ерек-ше жобаға баланған біріктірілген газ-химиялық кешенінің құрылысы қолға алынды. Бұл кешен екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңі – полипропилен �ндірісін құру. Екіншісі – полиэтилен �ндірісі. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Жолдасбек К�ШЕРБАЙҰЛЫ,«Egemen Qazaqstan»

Кешеннің бірінші кезеңінің, яғни полипропилен өндірісінің құрылысын бастау 2017 жылдың желтоқсанында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен «Елді жаңа индус-трияландыру: Қазақстан барысының серпіні» жалпыұлттық телекөпір бары-сында жарияланды.

Зауыттың құрылысын жүзеге асы-рып жатқан «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС «Самұрық-Қазына» Ұлттық əл-ауқат қорындағы» компания-лар тобының құрамына кіреді. 2018 жылғы 28 маусымда «Самұрық-Қазына» қоры компанияны «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-на сенімгерлік басқаруға тапсырды.

Жобаның бірінші кезеңінде жылына 500 мың тонна полипропилен өндіру жоспарланған. Құрылыс жұмыстарын 2021 жылы аяқтау көзделіп отыр.

Қазір бұл кешеннің құрылысын «КРІ» ЖШС жүргізіп жатыр. Серіктестіктің басқарма төрағасының орынбасары Денис Козыревтің мəліметінше, ке-шенге технологиялық қондырғыларды орнату үшін полимер өндірісіне лицен-зия беретін «Lummus Technology Inc» компаниясымен (АҚШ) келісімшартқа қол қойылған. Бұл – əлемдік жетекші компания. Қазір мұнда орнатылып жатқан «CATOFIN» технологиясына негізделген пропанды дегидрациялау қондырғысымен (PDH) жылына 503 мың тонна пропилен шығаруға болады. Ал «Novolen» технологиясының поли-мерлеу қондырғысымен (PP) жылына 500 мың тонна полипропилен алынады.

– Біздің серіктестік жыл сайын жергілікті бюджетке қомақты салық пен міндетті төлемдерді аударып келеді. Мəселен, былтыр 515 млн теңге ауда-рылды. Ал биылғы төрт айда мұндай төлем 327 млн теңгені құрады, – дейді Денис Козырев.

Оның айтуынша, еліміздегі ең ірі кешеннің құрылысын жүргізуге қытай лық CNCEC (China National Chemical Engineering Co.) компаниясы таңдалыпты. Кешен жобасында жұмыс істейтін мамандардың ішінде əлемнің ең озық оқу орындарында білім алған, отандық, шетелдік компанияларда тəжірибе жинаған қазақстандық жастар жетерлік. Олар қазір жобалау, жаңа технологияларды орнату бағытында жұмыс істеп жатыр. Сондай маманның бірі – жобалау жөніндегі басқарушы директор Дамир Əшімов.

Оның айтуынша, Қазақстан Респуб-ли касының Тұңғыш Президенті 2007 жылғы желтоқсанда «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағын құру ту-ралы Жарлыққа қол қойды. Мұндай ар-найы экономикалық аймақ көмірсутек шикізатының басым бөлігі өндірілетін өңірде технопарк құруға негіз қалады. Ал бұл елімізді шикізат тəуелділігінен арылуға, сондай-ақ химия өнеркəсібін өркендететін бəсекеге қабілетті өнім шығарудың маңызын айқындап берді. Міне, осы мақсатты іске асыру үшін 2008 жылы «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС құрылды.

– Полипропилен – химия өнеркəсібі үшін ең қажетті өнім. Одан плен-ка (əсіресе буып-тиюге арналған), құбырлар, үй тұрмысындағы заттар, тоқыма емес бұйымдар, автокөлікке қажетті бөлшектер жəне басқа ларын жасауға болады. Оны тіпті түрлі химиялық жəне қауіпті заттарды

тасы мал дауға, сақтауға пайдаланыла-тын пакет терді, үрленген бөтелкелерді, бөш келер мен канистраларды, сондай-ақ құбырлар, қақпақтар, шампунь, косметика, тазалағыш өнімдердің лоя бөтелкелерін жасап шығаруға, лами-натталған, көпқабатты пленкалар-ды, түрлі қаптама материалдарын, мұздатылған тағам мен ыстық азық-түлік үшін қолданылатын сөмкелерді жасауға болады, – дейді жобалау жөніндегі басқарушы директор Дамир Əшімов.

Оның мəліметіне сүйенсек, кешенде шығарылатын полипропилен отандық нарықта да сатылғалы отыр. Бəлкім, бұл өнімнің оннан бір бөлігін құрауы мүмкін. Экспортқа да шығарылады. Өнімнің 90 пайыздайы Түркия, Қытай, Шығыс жəне Орталық Еуропа, ТМД елдеріне халықаралық трейдермен off take-сату кестесімен эспортталмақ. Осы жоба толық іске асырылғанда мұнай-химиясы өнімін сату көлемі жылына 230 млрд теңгеге жеткізуге септігін тигізеді деп күтілуде.

Қазір кешен құрылысы үшін су жо-лымен Оңтүстік Кореядан 17 техноло-гиялық жабдық əкелінді. Оның ішінде төрт пропан сақтайтын резервуар бар. Оның əрқайсысының салмағы – 532,7 тонна. Ал үш жоғары қысымды ыдыстың біреуінің салмағы 115 тоннаға жетеді. Сондай-ақ 177,5 тонналық екі жылу алмастырғыш, пропанды дегидрлеу-ге арналған сегіз реактор да əкелінген. Оның əрқайсысының салмағы 145 тонна-дан кем емес. Бұған қоса жалпы салмағы 80 тонна болатын реакторларға арналған аксессуарлардың 8 жиынтығы (кактус-тар) да сапалы өнім шығару үшін орна-тылады. Міне, осындай габаритті емес, ауыр салмағы бар жүктердің биіктігі ша-мамен 12,5 метрді, ал жиынтық салмағы 3 893,3 тоннаны құрады. Осыдан-ақ аталған кешен аумағы алып құрылыс алаңына айналғанын аңғарасыз. Кешен құрылысын жүргізуге жалпы ауданы 193,55 гектар учаске бөлінген. Бұған қосымша көлік байланысына арнал-ған темір жол, станса, сұйытылған пропанның темір жол құю эстакадасы, автомобильдік кірме жолы бар. Ал 71,29 гектарда сумен қамту, электрмен қамту жəне газбен қамту желілері орналасқан.

«КРІ» ЖШС-ның құрылыс жөнін-дегі басқарушы директоры Талғат Кука-тов тың мəліметіне сүйенсек, осы кезге де йін газ-химия кешенінің құрылысына қа жет жабдықтың 715-і жеткізілді. Оның 87-сі монтаждалды. Жобалау 99 пайыз ға орындалып, жабдықтау үлесі 85,5 па йызды құрап отыр. Ал құрылыс жұ мыс тарына қажетті 146 мың текше бетон алынды. Кешенде 15 мың тонна металл құрастырылды. Қазіргі уақытта 65 мың дюйм құбырлар құрастырылып тұр. Ал жобалау жөніндегі басқарушы дирек тор Дамир Əшімовтің айту-ынша, қазақ стан дық 43 компания мердігерлікке тартылыпты.

– Полипропилен өнімін шығаруға қа жет ті шикізат – пропан. Оны «Теңіз-шевройл» «Теңіз» кен орнынан жеткізіп тұрады. Кешен іске қосылғаннан кейін мұнда 586 отандық маман жұмыс істейді. Жұмысқа шетел мамандары тартыл-майды, – дейді Дамир Əшімов. – Жоба аясында «Цифрлы KPI» бағдарламасы жасалды. Соның нəтижесінде газ-химия кешеніндегі технологиялық жұмыстар цифрлы жүйемен жүзеге асырылады. Мəселен, қоймада адам күші пайдала-нылмайды. Онда робот қолданылады.

Атырау облысы

Келешегі кемел кешен

Page 9: Миллионда ан бонуса кім лайы?2020/08/26  · станның инвестициялық сенімділігі ВВВ, яғни тұрақты деп бағаланды

26 ТАМЫЗ 2020 ЖЫЛ 9ЖАҚЫНЫҢА ЖАНАШЫР БОЛ!

Үндістандағы індеттің таралу қар-қыны күшейіп тұр. Айналдырған екі аптаның ішінде COVID-19 жұқтыр-ғандар саны 1 миллионға өскен.

Онсыз да кедейі көп түбек тұрғындары індет қырсығынан арылар емес. 23 тамыз-да Үндістанның денсаулық сақтау жəне отбасы əл-ауқаты министрлігі бір тəулікте 912 адам ажал құшып, жалпы қайтыс болғандардың саны 56 706-ға жеткенін мəлімдеді.

Елде күнделікті 65-70 мың шама-сында вирус жұқтырғандардың тіркелуі эпи демиялық ахуал бойынша алдыңғы қатардағы АҚШ пен Бразилияның көр-сет кішін қосқанмен бірдей болып тұр. Бұл қарқын бəсеңдемесе, Үндістан жалпы ін деттің таралуы жөнінен көш бастауы мүмкін.

* * *Германиядағы федералды аймақ –

Солтүстік Рейн-Вестфалия үкіметінің премьер-министрі Армин Лашет жыл сайын өткізілетін дəстүрлі карнавалдың биыл болмағанын дұрыс деп есептейді.

«Карнавалдық ассоциациялармен бірге осындай ұйғарымға келіп отыр-мыз. Себебі 11 қарашада дəстүр бойын-ша халық ойын-сауық қуып, далаға лап

қойса, COVID-19-дың қармағына ел болып түсіп, салдарынан ес жия алмай қалуымыз мүмкін», дейді А.Лашет WDR телеарнасы-на берген сұхбатында.

Аталған мəселе бойынша нақты шешім 2-3 аптаның ішінде қабылданбақ. Бұған дейін Германияда жаздың күні тойланатын дəстүрлі «Мергендер мерекесіне» тыйым салынды.

* * *АҚШ-тың Денсаулық сақтау ми-

нистрлігіне қарасты дəрі-дəрмек са па-сын қадағалау басқармасы (FDA) індет жұқтырып, жазылғандардың қан плаз-масын COVID-19-ға қарсы емге пай-далану жөнінде шұғыл рұқсат берді.

CNN агенттігінің хабарлауынша, Ақ үй басшысы Дональд Трамп плазманың ықтимал қаупінен емдік артықшылығы əлдеқайда басым екенін атап өткен. «Мен бүгін коронавируспен күрес бойынша та-рихи мəлімдеме жасап, қуанып тұрмын. Бұл – сансыз адамды ажал тырнағынан құтқаратын шара», дейді Д.Трамп.

Дəрі-дəрмектің сапасын қадағалау басқармасы плазмаға қатысты клиникалық зерттеулердің толық аяқталмағанына қарамастан, оның 70 мың пациентті емде-уде қолданылып, оң нəтиже көрсеткеніне қарай шешім қабылданғанын мəлімдеген.

* * *АҚШ-та кейбір теңіз сүтқоректілері

мен жойылып кету қаупі бар примат-тардың COVID-19-ға шалдығуы жайын-дағы зерттеулер жарық көрді.

Калифорниялық ғалымдар Proceedings of the National Academy of Sciences басы-лымында адамдар мен түрлі жануарлардың геномдық талдамалар арқылы вирустың жасушалық рецепторларына жасаған зерттеулері бойынша мақала жариялаған. Онда адамдардың мұрын жəне ауыз қуыс-тары мен өкпеде жəне көптеген жасу-шаларында болатын ACE2 ангиотензин конверсиясындағы 25 аминқышқылының араласуымен ағзаға өтетін вирустың жа н-уар ларға да əсер ететіні жайлы жазылған.

Ғалымдар COVID-19 енді ағзасында осындай тізбек түзетін жануарлар өміріне де қауіп төніп тұр деп есептейді.

ДайындағанАнар Т�ЛЕУХАНҚЫЗЫ,

«Egemen Qazaqstan»

Айнаш ЕСАЛЫ,«Egemen Qazaqstan»

Бірінші кезекте екпені вакцина-лаудың бастапқы кезеңіндегі жоспар-лы екпені алмаған 1 жасқа дейінгі ба-лалар алады. Вакциналауды барлық міндетті санитарлық шараларды сақ-тай отырып, емханада алу керек.

«Иммундау жұмыстары күнтізбеге сəйкес жалғасуда. Емханаға тек ал-дын-ала жазылу арқылы бару керек. Келетін пациент жайлы медициналық мекеме қызметкерлерін алдын-ала ха-бардар етеді. Вакциналау тек адамның сау фонында жүргізіледі. 30 минут ішінде медицина қызметкерлері баланың немесе ересек адамның жағ дайын мұқият бақылауы керек. Қазіргі уақытта адамдарды вакци-налауға ешқандай медициналық қар сы көрсетілімдер байқалған жоқ. COVID-19 вирусымен ауырып жа-зылған жəне олармен байланыста болған, бірақ клиникалық белгілері жоқ адамдар əдеттегі дейвакцина-циялануы мүмкін», дейді Алматы қаласы №4 емхананың бас дəрігері ЗухраУмарова.

Профилактикалық егулердің ұлт тық күнтізбесіне ұсынылатын вакциналардың түрі, жасы, қашан жəне кімді вакциналау қажет, сондай-ақ қолдану схемасы көрсетілген жоспарлы егулердің тізбесі кі реді. Қазақстанның Ұлттық егу күн-тіз бесінде 21 инфекцияның ал-дын алу жəне таралу мүмкіндігі

қарас ты рылған. Олар тегін беріледі. Яғ ни инфекциялық жəне паразиттік ауруларға қарсы жоспарлы егу – жасы келген адамдарға, жұқпалы ауру -лардың (көктемгі-жазғы кене энце-фалиті) табиғи ошақтарында тұратын жəне жұмыс істейтіндерге, өзінің кəсіби қызметі бойынша қауіпті топқа жататын медицина қызметкерлеріне («В» вирус гепатиті, тұмау), кəріз жə не тазарту құрылыстарының қыз-меткерлері (іш сүзегі), қан құю про-цедурасынан өткендерге («В» ви-рус гепатиті), медициналық ұйымда диспансерлік есепте тұрған балаларға (тұмау), балалар үйінің, сəбилер үйінің балалары, қарттар үйінің контингенті (тұмау), кез келген жануар тістеген, сілекейленген адамдарға (құтыру), жарақатталып, тері жəне шырышты қабаттары бұзылғандарға (сіреспе), инфекцияға шалдығу деңгейі жоғары өңірлерде тұратындарға жүргізіледі.

Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер-дің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің деректеріне сəйкес, əлі де елімізде эпидемиялық жағдай тұрақты емес. Күзде COVID-19 вирусымен сырқаттанудың екінші толқыны болуы мүмкін, бұл ретте негізгі қауіп тобы – созылмалы аурулары бар адамдар, оның ішінде 65 жастан асқан адамдар

(жүрек-қантамыр жүйесі аурулары, қант диабеті жəне өкпенің созылмалы обструктивті ауруы бар) жəне меди-цина қызметкерлері болмақ. Осыған байланысты қыркүйек айының басын-да тұмауға қарсы вакциналау баста-лады. Қазіргі уақытта 130 мың доза күтіліп отыр. «СК-Фармация» ЖШС бірыңғай дистрибьюторына қосымша тұмауға қарсы вакцинаның 300 мың дозасына өтінім берілді, бұл 2020 жылдың қазан айында жеткізіледі деп жоспарлануда.

Ал тұмауға қарсы вакцинация: медицина қызметкерлеріне, медици-налық ұйымдарда медициналық ба-қылауда жататын балаларға, алты айдан асқан жиі ауыратын бала лар-ға, жетім балалар мен ата-ана сы-ның қамқорлығынсыз қалған бала-ларға, арналған білім беру ұйым-дарының, балалар үйлерінің бала-ларына, медициналық-əлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) қызмет алушыларына, жүктіліктің екінші немесе үшінші триместрінде жүкті əйелдерге, жүрек-тамыр жүйесі мен тыныс алу органдарының созылма-лы аурулары бар адамдарға жəне эпидемиялық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.

АЛМАТЫ

Індет абдыратқан алмағайып әлем

Тегін екпе кімдерге жасалады?Иммундау бағдарламасы биыл 430 мыңалматылықты қамтиды

––––––––––––––––––––––––Елімізде пандемияға байланы-сты биыл 22 наурыздан бас-тап профилак тикалық егулер тоқтатылып,11 мамырда қайта басталғаны белгілі. Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес бұл іс қай-та қолға алынды. Биыл жылдың соңына дейін диспансерлік есеп-те тұрған 405 мың алматылықты қамту жоспарланған. Ал тегін екпе 25 мың жүкті әйелге жа-салады.––––––––––––––––––––––––

Нұршат Т�КЕН,«Egemen Qazaqstan»

Өргебас ауылында алғашқылардың бірі болып жаңа мектеп формасын алған Жа нар Мамрежепова. Ол сы-ныптастарымен бірге еліміздің барлық балалары білім алуды армандайтын Назарбаев зияткерлік мектептері жүйе-сінің қолдауын мақтан тұтатынын жет-кізіп, ұстаздары мен ата-аналардың алдында бала арманымен бөлісті, келе-шекте педагог болғысы келетінін айтты.

Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан кейін На-зарбаев зияткерлік мектептері жүйе сі-нің ұжымы зардап шеккендерге көмек көрсету қорына қаражат аударған бо-латын. Қайырымдылық науқанына бар-лық зияткерлік мектептердің ұстаздары мен қызметкерлері, төрт бірдей орта лық

– педагогикалық шеберлік, педаго-гикалық өлшеулер, ақпараттық техно-логиялар, сондай-ақ орталық аппарат үлес қосты. Екі ауылға атаулы көмек көрсету туралы шешім қабылданып, Өргебас ауылындағы Қ.Аманжолов атын дағы орта мектептің жəне Жеңіс ауы лындағы Қ.Мүсірепов атындағы орта мектептің оқушыларына қол ұшын созды. Су тасқынынан кейін екі мек-тептің де ғимараттары қатты зар дап шеккен еді. Қазір Өргебас ауы лын-да күрделі жөндеу жұмыстары əлі де жалғасуда, ал Жеңіс ауылының оқу-шылары қашықтан оқыту жүйесі аяқ-талған соң жаңа ғимаратта білім алмақ.

Санитарлық-эпидемиялық жағдайға байланысты сыйлықтарды табыстау бірнеше ұстаздар мен оқушының, сон-дай-ақ ата-аналар комитетінің өкіл-дерінің қатысуымен шағын ортада өтті.

Мақтаарал ауданының əкімі Ба қыт Асанов Назарбаев зияткерлік мектеп-терінің жүйесі балаларға атаулы қолдау көрсету арқылы қуанышқа бөлегенін айтты:

– Мектеп формасы, компьютерлік тех ника жиынтығы, көркем жəне əдіс-те мелік əдебиеттер – білім беру сала-сында жаңа оқу жылы қарсаңындағы ең маңызды көмек, – деді аудан бас-шысы.

Ал Шымкент қаласы химия-био -ло гия бағытындағы Назарбаев зият-керлік мектебінің директоры Балқан Қасымовтың айтуынша, шалбарлар, пенжактар, жейделер, жəкеттер, кеу-дешелер – барлық мектеп формасы отан дық тауарөндірушілерді қолдау мақ сатында шымкенттік «SABTEX» ЖШС-да тапсырыспен тігілді. Өргебас ауылындағы орта мектептің дирек-торы Дəуренбек Əбдіғали балаларға арналған ноутбуктар мен мұғалімдерге арналған əдістемелік əдебиеттерге риза шылығын білдіріп, мамырдағы су тас қыны өңір үшін сынақ болғанымен тұрғындар елмен бірге екенін жете түсіне түскенін жеткізді.

Айта кетелік, кездесуге келген Өр-ге бас ауылындағы орта меткепте алты баласы білім алатын көпбалалы ана

Айман Батырбекованың тұң ғышы жаңа оқу жылында мектепті тəмамдағалы отырса, кенжесі бірінші сыныпқа ба-рады екен.

– Еліміздің түкпір-түкпірінен сан мың даған бейтаныс адам біз үшін қам жеп, балаларымыз бен немерелеріміздің оқуына ең қажет сыйлықтар дайында-ды. Қуанышымда шек жоқ, – дейді Қ.Мүсірепов атындағы орта мектептің оқушысы Рүстем Жандостың əжесі Сəрсенкүл Ақтөреева.

Жиында «Назарбаев зияткерлік мек тептері» дербес білім беру ұйы-мы ның басқарма төрайымы Кү лəш Шəмшидинова осыншама қиын дық-тыр ға қарамастан еліміз білім беру са-ласына қолдау көрсетіп жатқан кезде өмірдің өз арнасымен жалғасатынын айрықша атап өтті.

– Біз балалардың оқуға шабытта-нып, мектепке асыққандарына, ата-аналардың балалары мен немерелерінің бі лім алуын бағалайтындарына куə болып қайттық. Өргебас жəне Же ңіс ауылдарындағы мектептермен ын-тымақтастықты қолдауды жал ғас ты-ратын боламыз, – деді Күлəш Ноға-тайқызы.

Түркістан облысы

Қарттарға өтініш толтыруға көмектеседі

–––––––––––––––––––––––––––––––Бүгінде еріктілер қарт адамдарға әлеу-меттік к�мек алу үшін �тініш толтыруға к�мектеседі. Бұл туралы елорда әкім-дігінің баспас�з қызметі хабарлады. «Астана жастары» жастар ресурстық орта лығының еріктілерінің тұрақты қам-қорлығында 150 зейнеткер бар. Алай да карантин кезінде к�мекке мұқтаж қарт-тардың саны артты.–––––––––––––––––––––––––––––––

«Төтенше жағдай кезінде біздің еріктілер барлық зейнеткерлерге, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, тыл ардагерлеріне көмек көр-сетті. Оларға азық-түлік себеттері жеткі-зіліп, медициналық маскалар тегін таратыл-ды. Көп қарт адамдар дəрі-дəрмек сатып алу үшін үйлерінен шыға алмайды. Оларға дəрі-дəрмектерді табуға жəне сатып алуға көмек көрсетілді. Қаланың 53 нүктесінде зейнетақыларды рəсімдеу кезінде біздің еріктілер кезектерді реттеп, тегін медициналық маскалар мен қол орамалдарын таратумен айналысқан. Себебі зейнеткерлер көп жағдайда зейнетақыларын ескіше əдіспен картада емес, қолма-қол алады», деді «Астана жастары» бас-шысы Шыңғыс Тілеулин.

«Астана жастары» көмек көрсететін зейнет-керлердің тізімі ардагерлер кеңесінде немесе əкімдіктер жанындағы облыстық əлеуметтік қорғау басқармаларында беріледі. Бүгінгі таңда еріктілер қарт адамдарға əлеуметтік көмек алуға өтініш толтыруға көмектесуде.

«Көптеген зейнеткер физикалық мүмкін-діктеріне байланысты өтініш бере алмай-ды. Мəселен, Байқоңыр ауданында көмекке мұқтаж зейнеткерлер көп. Біздің еріктілер ұйым ұсынған тізімге сəйкес мекенжайға келіп, зейнеткерлермен бірігіп өтініш толты-рады. Осыдан кейін өтініш жұмыспен қамту бөлімімен жұмыс істейтін ұйымдарға беріледі», деді Ш.Тілеулин.

«Астана жастары» жастар ресурстық орталы ғының еріктілер бөлімі 2014 жылы ашылған. Қазіргі уақытта мəлі меттер базасында еріктілер мектебінде арнайы дайындықтан өтіп жатқан 2 мың ерікті жұмыс істейді.

ДайындағанАйым Д�УІТ,

«Egemen Qazaqstan»

Су тасқынынан зардап шеккен оқушыларға сыйлады

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Жаңа оқу жылы қарсаңында «Назарбаев зияткерлік мектептері» дер-бес білім беру ұйымының �кілдері NIS ұжымының атынан Түркістан облысындағы су тасқынынан зардап шеккен екі ауылдың оқушыларына сыйлықтар табыстады. Оның ішінде 719 мектеп формасының жиынтығы, 36 ноутбук, балаларға арналған к�ркем әдебиеттер мен педагогтерге арналған әдістемелік әдебиеттер бар.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Page 10: Миллионда ан бонуса кім лайы?2020/08/26  · станның инвестициялық сенімділігі ВВВ, яғни тұрақты деп бағаланды

10 26 ТАМЫЗ 2020 ЖЫЛАЙМАҚ

Жақсыбай САМРАТ,«Egemen Qazaqstan»

– Барлық өтініш білдір ген 405 адамның 173-і əйел, со-ның ішінде жетеуі көпбала-лы ана, – деді Ə.Рахметова. – Кан дидаттардың жаста ры-на келетін болсақ, 35-тен 50 жасқа дейінгі канди дат тар дың үлесі – 46 пайыз, ал 35-ке де-йін гілер – 24 пайыз. Қызмет ету салаларын алатын болсақ, 49 па йыздық ең үлкен үлесті білім саласының қызметкерлері алып отыр. Одан кейінгі орында ШОБ өкілдері. Олар 12 пайыздық

үлесті иеленген. Сонымен бірге ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, спорт, мəдениет сала-сының өкілдері де бар.

Еске сала кететін бол сақ, прай меризге қатысу шы лардың үгіт-насихат жұ мыс тары 7 қыр-күйектен бас та лып, 3 қазанда аяқталады. Оны кандидаттар өздерінің же ке қаржыларының есебінен жүргізеді. Шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтары-ның қаржыландыруына ты йым салынған. Сондай-ақ мем ле-кет тік органдардың қар жы лан-дыруына да болмайды.

Ə.Рахметова өзінің сө зін де

кандидаттардың де бат тар ға қатысып, өз де рі нің бағ дар ла-ма сын айтуы мін дет телетінін ес кертті.

– Оларға кез келген қа ты-су шы сұрақтар қоя алады. Де-баттың ұзақтығы 90 ми нут тан аспайды. Қа ла лық жəне аудандық мəсли хаттарға қа тысушылар кем

дегенде бір де батқа, об лыстық мəслихатқа өтуден үміт керлер екі дебатқа жəне Мə жіліс депутаты болуды қа лайтындар үш дебатқа қа тысуы керек, – деді ол.

Үміткерлерге дауыс беру 1-3 қазан аралығында өтеді.

Солтүстік Қазақстан облысы

Солтүстікқазақстандықтар белсенді––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Nur Otan партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы т�рағасының бірінші орынбасары �сем Рахметова журна-листерге арналған брифингте праймериз басталған алғашқы 4 күнде солтүстікқазақстандық 400-ден астам адам оған қатысуға ниет білдіргенін жеткізді.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Жүгерісі жасыл,дәні асыл

Қазір «инені тебенге, тебенді бізге жал ғайтын», əркімге де он ойланып, бір қадам жасайтын кез болып тұр. Ауыл ша-руа шылығын өркендету, халықтың тұр-мыс тіршілігін жақсартуға жасалған игі қа дам екенін өмірдің өзі дəлелдеп бергені баршамызға аян.

Бұрынғы «Көктал» кеңшарының мың-даған гектар егістік пен жайылымдық же рі нің көбі бірнеше жыл игерілмей бос жат қан-ды. Егістік жерлерді игеру жөнін-дегі сол кездегі заңда игерілмеген жерлер игеретін ұжымдарға берілетіні анық жа-зылған еді. Осы байлығымыздың бос жат -пай, халық игілігіне жарауы үшін үл кен ұжымдар екі мыңыншы жылдардан іске кіріскен еді. Компания басшылары жер игеруге кірісуден бұрын өздерінің жұ мыс кеңсесі мен техникалық базасын құру, оған техникалық қызмет көрсету үшін Пан-филов ауданындағы Көктал ауылының жо ғарғы жағындағы қирап қалған көне жүгері зауытының орнын тиісті құжаттар не гізінде заңдастырды. Енді міне, бұл тас-талқаны шыққан жүгері зауытының ор-нында тұрақты жұмыс істейтін сапалы кə-сіпорын бой көтерді. Айқындап айтқанда, серік тестіктің берік өндірістік техникалық базасы құрылды. Егістіктерінде жүгерінің өнімді тұқымдарын өндіруге батыл кірісті.

Алғашқы жылдары 200 гектардай ғана егістік жер болса, бүгінде егістік көлемі 1269 гектарға жетті. Осынша ал-қапта өсірілген өнімнің негізгі сатып алу шысы Шамалғандағы крахмал жəне сироп өндіретін ірі зауыт. Жүгері ісі «Азия-агрофут» зауытына тапсырыла-ды. Зауыт жүгеріні бірінші өңдегенде крах мал шығарады. Крахмалдан сироп жасайды. Ал сироптан конфет, тоқаш, басқа да кондитерлік өнімдердің түр-тү-рін шығарады. Өткен жылы серіктестік Ша малғандағы зауытқа 800 тонна сапалы жүгері өткізді.

Кондитерлік өнімге деген халықтың сұ-ранысы күн санап арта түсуде. Оның үстіне

ол отандық өнім болса тұтынушылар оны іздеп жүріп сатып алуға көшті. Сол үшін де «Азия-агрофуд» зауыты кондитерлік өнім нің санын да, сапасын да арттыруда.

Қазір серіктестік 273 гектар жүгері ал-қа бын тамшылату əдісімен суаруда. Ком-пания директоры Жəнібек Охановтың айтуын ша, келешекте 1062 гектар егістік жер тамшылатып суарылатын болады. Бұл жос пардың өз мерзімінде іске асырылаты-нына сенім зор.

Сүті қаймақты,қамтыды аймақты

Аудандағы маңызды мəселе – ха лық-ты таза да дəмді, майлылығы жоғары сүт-пен қам тамасыз ету. Сапалы да мол сүт алу үшін ғылыми ізденіс, өзіміздегі жə не ше телдік озат тəжірибелер, мол қар жы жəне білімді де білікті кадр керек екенін ой елегінен өткізген Жəнібек Мұхатайұлы ма ңызды шешім қабылдады. Бірінші əр сиыры бір миллион тұратын «швид» тұқымды сиыр сатып алу керек болды. Екіншіден оны азықтандыратын, сауа-тын заманауи орын дайындау қажет еді. Үшіншіден, осы бағалы мал басын күтіп-бағатын мал шы мамандар мен сауыншы-лар керек. Асыл тұқымды малды алып келу үшін Нидерландта Ж.Оханов арнайы оқып, олардың озық тəжірибесін үйренді. «Швид» сиырын күтіп-баптау жеңіл-желпі жұмыс емес екен. Желінін, бауырын, үсті-басын, төрт аяғын арнайы щеткамен тазалаудың өзі шебер атқаратын жұмыс. Сауын сиыр лардың жемшөп жейтін ақы-рын тазалау, малдың астын қырып, сы-пырып шығу жұ мыстары ұқыптылықты қажет етеді. Ал жемшөптің құрамы əртүрлі. Барлық жемшөп зоотехникалық талаптарға сай болып, белгіленген уақытта сауын сиырларға беріледі. Осы талаптардың бəрі бекітілген ережеге сай атқарылып келеді. Тазалық та мол сүт алуға əсер етеді. Сонымен бірге сиырлар əрлі-берлі қоз-ғалыста болып тұрады.

Қазірдің өзінде Аустралиядан «швид» сүтті тұқымды сиырлардан 284 бас сатып

əкелінген. Əр сиыр күніне үш рет сауылып, 30 литрден майлы сүт береді. Денсаулыққа дауа десе болғандай. Келешекте сүтті сиыр дың санын серіктестік 480 басқа жет-кізуді межелеп отыр. Ұжымның тағы бір жоспары – сүттен кілегей, сарымай, қа-тық, құрт, сықпа өнімдерін өндіру. Оған да йындық жұмыстарын бастап та кетті.

Бұл үлкен ұжымдағы жұмыстардың басым көпшілігі əртүрлі техника күшімен атқарылуда. Атап айтқанда, мамандардың кəсіби білі мін жетілдіріп отыру да се-ріктестік бас шысының назарында. Ме-ха низаторлары трактор моторының кіл-типанын таба алады. Дəнекерлеуді де үйреніп алған. Техника тілін білетін тəжі-рибелі механизатор керек. Бұл – уақыт талабы. Шаруашылықта «JONH DEERE» комбайыны, «JONH DEERE» тракторы, бір «JCB» телескопиялық тиегіш, 6 «Беларусь» тракторы, 2 «21-21» тракторы», 7 «МТЗ» тракторы бар.

Серіктестікте өздерінің ізденімпазды-ғымен көзге түсіп, нəтижеге жетіп жүрген еңбеккерлер аз емес. Атап айтсақ, бас ин-женер Павел Мамзаркин, механик Ербол Əріпжанов, агроном Бақдəулет Қожаха-нов, бригадир Қайрат Асылбеков, зоотех-ник Ра уан Исақұлов, мал дəрігері Олжас Ыс қа баев, механизаторлар Жолдасбек Сəр сенбаев, Серік Тұрағалдиев сияқты уақыт пен санаспай еңбек етіп, өздеріне бекітілген техникаларын талапқа сай кү-тіп, əрқашан да еңбек өнімділігіне жетіп жүрген азаматтар.

«Көктал-Агро» ЖШС-ның Көктал ай-мағындағы жəне мың адам тұратын Көк-тал ауылындағы тұрғындарға жасаған қам қорлығы да аз емес. Айталық, былтыр өсір ген 800 гектар жүгері пісіп жетілгенде арнайы комбайнмен жинады. Сонда 800 гектар жүгерінің собығы егістікте қала берді. Осы 800 гектар жүгері алқабының орнын Көктал ауылы мен Көктал ауы лы-ның жанындағы тұрғындарға жайы лым ретінде берді. Сонымен қатар Көк тал ауы лындағы тұрмыстық жағдайы тө мен отбасыларға, жергілікті мешіттің жылу жүйесін тартуға, нəзірхана салуға қар жы-лай көмек көрсетті.

Садық ЖҰМАБАЙ,Қазақстан Журналистер одағының

мүшесі, Балғабек Қыдырбекұлы атындағы сыйлықтың лауреаты

Алматы облысы

Жер – қазына, жер – ырыс, жер – береке!

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Президент Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында сараланып айтылған маңызды мәселелердің бірі – халықтың әл-ауқатын к�теру, тұрмыс-тіршілігін барынша жақсарту. Президент әсіресе, халықты отандық �німмен қамтамасыз етуге ерекше назар аударып, бұл туралы тиісті орындарға шұғыл тапсырмалар берді. Отандық �нім �ндіру жолында 13 жылдан бері талмай ізденіп, қажырлы еңбек етіп келе жатқан үлкен ұжымның бірі Панфилов ауданындағы «К�ктал-Агро» ЖШС.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

«Батыс Қазақстан облысында-ғы қылмыстық іс алқабилердің қа-ты суымен қаралды. Заңға сəйкес іс жабық сот отырысында өтті. Сон дықтан сот оқиғаның қалай орын алғанын жариялай алмай-ды. Аса ауыр қылмыс бойынша айыпталған адамның істі алқа би-лердің қарауымен шешілуін сұрауға құқығы бар жəне осы істе айыпталу-шы Марченко сондай құқықты пай-даланды. Сот үкімі заңды кү шіне ен-ген жоқ, сол себептен алқа билердің шешіміне баға беруге құқығым жоқ. Заңға сəйкес мұны апелляциялық сатыдағы сот қана жасауға құқылы. Алқабилердің істі қарау тəртібіне тоқталсам, алқабилер ретінде жасы 25-ке тол ған, сол іс қаралып жатқан облыс аумағында тұратын Қазақстан Рес публикасының азаматтары қа-тысады. Олар бұрын сотталмаған, нар кологиялық, психикалық дис-пансерлік есепте тұрмаған адам-дар болуы керек. Судьялар, ад-вокаттар, полиция немесе басқа құқық қорғау органдарының қыз-меткерлері алқаби бола алмайды. Заңға сəйкес істі 10 алқаби жəне 1 судья қарайды. Олар процесті, ұсынылған дəлелдерді толығымен өздері көріп, тыңдап зерттейді. Сотталушыны, жəбірленушінің жауабын, куəгерлердің жауап-тарын тындайды. Содан соң сұрақ-тар бойынша дауыс беру жасы-рын жəне жазбаша жүргiзiледi. Шешім қабылдаған кезде судья мен алқабилердiң дауыстары тең. Алқабилер мен судьяның жауап-тары бар бюллетендер қылмыстық iсте сақталатын конвертке салынып, желiмделедi. Дауыс берушiлердiң көпшiлiгi дауыс берсе, айыптау үкімі қабылданған болып есеп теледi», деді Н.Рахметуллина.

Оның айтуынша, судья жаза-ны өз бастамасымен тағайындай алмайды. Əрбір қылмыс бойынша жаза мөлшері Қылмыстық кодекс-те нақты көрсетілген. Мысалы, Кодексте белгілі бір бап бойынша жаза 5 жылдан бастап 10 жылға дейін деп көрсетілсе, судья жазаны 10 жылдан артық бере алмайды. Заң талабымен аса ауыр қылмыс жасағандарға шартты түрде жаза тағайындауға тыйым салынған.

Жалпы, кəмелетке толмаған жə не жас балаларға қатысты қыл-мыстар негізінен 4 бап бойынша қаралады. Қылмыстық кодекстің 120-бабы – зорлау, яғни əйел адамға күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп не жəбірленушінің дəрменсіз күйін пайдаланып, табиғи түрде жыныстық қатынас жасау. Осы бап бойынша жəбірленуші ретінде тек əйел адам болу мүмкін. 121-бап – күш қолданып немесе жəбірленушінің дəрменсіз күйін пайдаланып, зорлық-зомбылыққа ұласқан сексуалдық сипаттағы əрекеттер. Бұл еркек пен еркектің, əйел мен əйелдің жыныстық қа-тынасы немесе (табиғи нысандағы жыныстық қатынастан тыс) сек-суалдық сипаттағы өзге де əрекет-тер. 124-бап – жас балаларды азғын-дық жолға түсіру. Ал 122-бап бо-йынша 16 жасқа толмаған адаммен көрінеу жыныстық қатынас жа-салған қылмыстың жазасы бел-гіленген.

Қалай дегенмен Оралдағы оқи-ғаға байланысты шығарылған үкім қоғамда үлкен дау тудырып, онсыз да солқылдақ деп жиі бағаланатын сотқа сенімді əлсіретіп жіберген сияқты. Əлеуметтік желілерде қоғам белсенділері азғындардың осылайша қатаң жазадан құтылып кетуіне жол беретін 122-бапты мүлдем алып тастау керек еке-нін, жалпы Қылмыстық кодекс ке түбегейлі өзгерістер қажет еке-нін мəселе етіп көтере бастады. Со лардың бірі – «НеМолчи.kz» қоғамдық ұйымының директоры Алмат Мұхамеджанов.

«Оралдағы кəмелеттік жас-қа толмаған қызға қатысты қыл-мыстық істің шешімімен мүлдем келіспейміз. Он екіде бір гүлі ашыл-маған қыз өз еркімен жыныстық қатынасқа түскен, сотталушының кішкентай баласы бар, бұрын сотталмаған деген сияқты уəж-дер мен жазаны жеңілдету ақылға қонымсыз. Ондай жастағы бала

əлі оң-солын танымайды, не істеп, не қойғанына жауап бере алмай-ды. Ал қаскөй жеткіншектің жас-тығын пайдаланып, алдап-арбап дегеніне көндіруі мүмкін. Кə-мелетке толмаған баланың өмірін осындай лас іспен лайлау – қай жағынан қараса да ауыр қылмыс. Сот осылай солқылдақ болса, та-лай азғын жазадан құтылып ке-теді. Сондықтан заңды қанша кү-шейткенмен, тіпті өлім жазасын енгізсе де тергеуші, прокурор, сот істі сауатты жүргізбесе, бəрі бекер», деді А.Мұхамеджанов.

Сондай-ақ қоғам белсендісі мұн дай азғындыққа жол бермеу үшін қоғамдық жауапкершілікті де күшейту керек деген пікірін алға тартты. Яғни айналамызда болып жатқан осындай жантүршігерлік қорлыққа жұрт сергек қарап, дер кезінде көмек қолын созуға дайын болуы керек. Бұл мəселеге келген-де «НеМолчи.kz» қоғамдық ұйымы көпшілікті зорлық-зомбылыққа бейжай қарамауға шақырып, ар-найы сенім телефонын іске қосқан. Осында күніне шамамен 15-20 адам көмек сұрап хабарласады. Соның ішінде бес-алтауы балалардың құ-қығын таптау, зорлық көрсету мə-селесіне қатысты екен. Аталған қоғамдық ұйым азғындыққа қарсы ұдайы күрес жүргізіп, 2016 жылдан бері 15 педофилді түрмеге тоғытуға септігін тигізіпті. Бұл ретте ұйым директоры зорлық-зомбылықтың барынша алдын алу үшін азаматтар да белсенді болуға шақырды.

Жоғарғы Сот өкілі Назгүл Рах-метуллина да осы ойды қуаттап, балалардың қауіпсіздігіне үлкен жауапкершілікпен қарауымыз керек екенін атап өтті. «Қазақ халқында «Əке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген нақыл сөз бар. Барлық нəрсе отбасындағы тəрбиеге байланысты. Ажырасқан, ішімдікке салынған немесе қылмысқа бой алдырған адамдардың кейбірі өз балаларының немен айналысып жүргенін білмейді. Екіншіден, ата-анасы толыққанды отбасында өскен балалардың өзін қадағалау қажет. Сабақтан тыс уақытта бала немен айналысады, бос уақытын тиімді пайдалана ма, соған мəн беруіміз керек. Қазіргі адамдар үшін интернет – тек пайдалы құрал емес, сонымен қатар зияны көп тех нологияның бірі. Əсіресе жас-тар мен психикасы қалыптаспа-ған ба лаларға интернеттегі зиян-ды контентті қолдануға тыйым сал ған жөн. Өкінішке қарай, қо-ғамда отбасылық-тұрмыстық жан-жалдар көбейіп, отбасылық құн-дылықтардың əлсіреп, қыз баланы құрметтеу кемшін түсіп отыр. Осы олқылықты жоюға əрқайсымыз өз үлесімізді қоссақ, мұндай сорақы қылмыстар да азаяды деп ойлай-мын», деді ол.

Жақында Ішкі істер министрлігі «Балаларға қамқорлық жасаңыз» атты бейнематериал дайындап, онда кəмелетке толмағандарға қарсы зорлық-зомбылық тақырыбын кө-терді. ІІМ-нің ресми дерегі бо-йынша 2020 жылдың қаңтар-та-мыз аралығында кəмелетке тол ма-ғандарға жыныстық сипатта 550 қылмыс жасалған. Оның ішінде 250 факті – күш қолдану, бопса-лау, қорқыту немесе баланың дəрменсіздігін пайдалану арқылы жасалған зорлық-зомбылық. Бұл қылмыстардың жартысынан көбін баланың жақын ортасындағы адам-дар жасайды. Жəбірленуші, əдет-те, 14 жастан аспайды. Аталған бейнематериалда құқық қорғау органдарының мамандары осы қылмыстардың салдарымен күресіп жатқанын жəне полицияның күш-жігерімен, жазаны қатаңдатумен ғана мəселе шешілмейтінін атап көрсетеді. Фильмде зорлаушының жалпы портреті, азаматтардың қай санаттары мұндай қылмыстарды жиі жасайтыны суреттелген. По-лиция қызметкерлері қоғамда жы-ныстық тəрбие тақырыбының жа-бық екенін, яғни ересектер бала-ларға қарсы жасалған қылмыс фак-тілерін жасыратыны туралы мəсе-лені ашып көрсеткен. Осы ретте ІІМ қазақстандықтарға үндеу тастап, балалардың өміріне балта шабатын мұндай бассыздықпен қоғам болып күресуге шақырады.

Азғындықты ауыздықтауқоғамдық жауапкершіліктіталап етеді

(Соңы. Басы 1-бетте)

АЛАҢДАТАРЛЫҚ АХУАЛ

Кол

лаж

ды ж

асағ

ан З

әуре

ш С

МА

ҒҰЛ

, «E

Page 11: Миллионда ан бонуса кім лайы?2020/08/26  · станның инвестициялық сенімділігі ВВВ, яғни тұрақты деп бағаланды

26 ТАМЫЗ 2020 ЖЫЛ 11РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

Жолдасбек К�ШЕРБАЙҰЛЫ,«Egemen Qazaqstan»

Археологиялық топқа жетек-

шілік еткен облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Рашида Харипованың айту-ынша, үш жыл бұрын Миялы қорғандарына жүргізілген ал-ғашқы қазба жұмысы кезінде «Ал тын əйел» табылған еді. Оның сарматтар дəуіріне жата-тыны дəлелденді. Қазір оған то-лық зерттеу жүргізіліп, рекон -струк ция жасалуда. Ал жа қын да Мəдениет жəне спорт минис-трлігінің өткен жылы бекіткен жоспарына сəйкес Миялы қор-ған дарындағы үш қорғанға қазба жұмысы жүргізілді.

– Үш қорғанға жүргізілген қаз ба жұмыстары кезінде 560 жə-дігер табылып отыр. Оның ішінде 96 дана пирамида, дөңгелек, дө-ңес пішіндес сары түсті металл (алтын) жапсырмалары бар. Бұ-ған ат əбзелдеріне, адам бел-беуіне жапсырылатын 182 кү-місті қосыңыз. Сондай-ақ сыр ға,

білезік, əшекей, қола айна, же бе ұштары, патера түріндегі 254 қола да табылыпты. Төрт ке-рамика құмыра, бес ыдыстың сынған бөлігі, темір қайшы мен пышақ, бір қорғасын амулет, матаның алты қалдығы, өңделген сүйектердің 6 бөлшегі, 2 моншақ та бар. Бұл жəдігерлердің бір бөлігі Қызылқоға аудандық му-зей қорына тапсырылады, – дейді Рашида Харипова.

Көптен бері қазба жұмыс-та рына қатысып жүрген тарих ғылымдарының кандидаты, ар-хеолог Марат Қасеновтің айту-ынша, бірінші қорғанды қазу барысында үш адамның қабірі шығыпты. Бірінші қабірдегі то-лық сақталған əйел адамның бас жағына жылқының бас сүйегі, бел мен аяқ тұсына жіліктері мен тұяқтары қойылыпты. Жыл-қының бас сүйегінде əбзел дері-мен, мыс пен күміс материалда-рынан жапырақ, сүйір, сопақша, төртбұрышты жапсырмалар бар. Темір ауыздығы да, темір үзеңгісі де сақталыпты.

Тағы бір адам қаңқасының

бел тұсында күмістен, қоладан соғылған əртүрлі əшекей заттар, аяқ жағында бірнеше дөңгелек, түйме, шеге тəрізді жапсырма-лар шығыпты. Ал кеуде тұсында қорғасыннан жасалған бұйым, темір пышақ, темір қайшы шық-ты. Бұл қабірдегі адам шама-мен X-XI ғасырларда Солтүстік Каспий маңын мекен еткен көш-пелі печенек тайпаларына тиесілі болуы мүмкін. Екінші қабірден шыққан ер адамның сүйегінің бас жағына да жылқының бас сүйегі, белінің тұсына темір семсер қойылыпты. Ұзындығы 80 сантиметр болатын мұндай семсер ХІ ғасырға тəн. Ал 3 метр тереңдіктен толық тоналған бір қабірден адам киіміне жапсы-рылған алтын əшекейлер табы-лыпты. Бұл қабір сармат тайпа-ларына жатады.

– Екінші қорғаннан 3,5 метр тереңдіктен жақсы сақталған, те-мір сауытты адам қабірі кездесті. Қабірде ағаштан жасалған бұ-йым дар, жақсы сақталған қола ожау бар. Мұны біз қабірдің бетін жартылай ашқанда байқадық.

Оны облыстық музейде арнайы мамандар ашады. Бұл қабір то-нал маған. Одан əлі құнды жə-ді герлер шығатыны сөзсіз. Қы-зылқоға өңіріндегі Ойыл өзенінің бойында да зерттеуді қажет ете тін 100-ге жуық оба бар. Ке-зінде Сарайшық пен көне Үр-генішті жалғастырған Ұлы Жі-бек жолы бойында орналасқан ортағасырлық Таскешу керуен сарайы да осы ауданның аума-ғында орналасқан. Көпестер

мен дəулетті саяхатшыларға қо нақүй ретінде салынған бұл са рай – əлемдегі түгелдей қыш кірпіштен қаланған жалғыз ны-сан. Ал Миялы қорғандарынан табылған жəдігерлер Қызылқоға өңірін əлемге танытады деген ойдамын, – дейді археолог Марат Қасенов.

Миялы қорғандарындағы қаз ба жұмыстарына Л.Н.Гуми-лев атындағы Еуразия ұлттық уни верситетінің доктаранты,

ар хеолог Амангелді Зайнов, то-пограф Дидар Төлеуов, археоло-гия ғылыми-зерттеу секторының меңгерушісі Айдос Қалшабаев, тарих ғылымының магистрі Ерлан Тілекқабылов, музей ма-маны Баубек Жұмабай мен Ернар Жақсылықов қатысты. Сондай-ақ қазба жұмыстарына Миялы мен Жангелдин елді мекендерінің жас тары да атсалысты.

Атырау облысы

Мұрат ЖЕТПІСБАЙ,«Egemen Qazaqstan»

Қазір аудандық тарихи-өлкетану музейінде тұрған дүниенің Сыр өңіріне қалай жеткені туралы нақты дерек аз. Көбіне тек долбармен ға-на айтылады. Солардың бі-ріне сенсек, заманында қа-зақ тың заңғар жазушысы М.Əуезовтің аталарына еріп То бықты ішіне Сыр елінен діни білімі бар бірнеше жас еріп барыпты. Солардың бі-рі бүгінгі Сырдария ауда-ны на қарасты Ақжарма ел-ді мекеніндегі Азат деген жер ден Дəрібай есімді жігіт бол ған деседі. Арқаға жет-кен сырбойылық діндар жі-гіт Құнанбай əулетіне қа ты-сы бар Тұрған есімді қыз-бен тіл табысады. Алайда қыздың туыстары жалғыз жі гітке қыздарын бермейтін болғандықтан жастарға жа-нашыр азаматтар екі ат тауып беріп, оларды Сырға аттан-дырыпты.

Бірақ біздің ойымызша бұл оқиға беріректе, Құ нан-бай қажылыққа барар тұста Сыр бойына соғып, Қалжан ахуннан бата алатын кезеңде болса керек. Өйткені ұлы жа зушы аталарының Арқаға қоныс аударатын тұсы əріде, 1830 жылдардың шамасында жатыр. Арғы атасы Бердіқожа кейіннен найман арасынан тобықты жеріне келеді. Ол туралы Мұхаңның өзі жас кезінде «Тобықты ішіне ме-нің үшінші атам Бердіқожа бірталай туысқандарын ер-тіп, найман ішінен келген. Ол – Құнанбай заманы. Құ-нанбайдың шақыруымен кел генге ұқсайды. Ең əуелгі шық қан жерлері ол кезде Ал маты жағы болса керек. Бер діқожа тобықты ішіне кел ген соң, бірталай заман өмір сүрді. Артынан бір қы-зын Құнанбай тоқалдыққа алған. Сонымен бұл елмен құдандалы, жақын болып, тобықты ішінен қоныс алып, мекен етіп, тұрып қалған.

Бердіқожа өзге қожаларша қо жалық етіп, үгіт айтып, дін-ге үйретіп жүрді ме, жүрмеді ме, оны білмеймін. «Солай қылды» деген сөзді естігенім жоқ», – деп жазған.

Сонымен Дəрібай мен Тұр ған Сырға жетеді. Олар-дың Құлжан, Тасжан, Қосжан ат ты ұлдары, Патыма, Зейнеп, Зе ре, Гүлсім есімді қыздары бо лады. Кейін Арқаға төр-кін деп барған Тұрған өзі-мен бірге ұлдарының бірі Тас жанды ала кетеді. Елге қайтар шақта нағашылары Тасжанға жиен сыбаға деп Абайдың кітап сөресін сый-лапты. Ұлы ақын тұтынған дүниенің Сырға келу тарихы осындай.

Дəрібай мен Тұрғанның үл кен ұлы Құлжанның ұр пақ-тары белгісіз. Ал Қос жаннан белгілі ақын Балаш бек

Ш а ғ ы р о в , П а т ы м а д а н Маутай, одан Жеңіс, Зей-нептен Палкүл, Гүлсімнен Гүлдерай тарайды. Ал құнды дүниені Асқар Тоқмағамбе-тов ауылына əкелген есімі Абайдың əжесінің құрметіне қойылған Зере. Ол Ақжарма топырағында туған Бабай ишанға тұрмысқа шығыпты. Сол кезде анасы нағашы жұрт тан жеткен жəдігерді қыз жасауына қосып беріп жі берген екен.

ХХ ғасыр дың басында Бабай ишан қазір гі А.Тоқ-мағамбетов ауылы ма ңайына қоныс тебеді. Сол жерге ха-лық күшімен мешіт салы нып, ишан сабақ береді. Рахымбаба мен Зереден Иман, Əбдіəли, Қалымбет, Абдулла есімді ұлдар, Қалжан, Əсия, Балжан, Қадиша, Үмбіш есім ді қыздар тарайды.

Кешегі Кеңестік кезеңнің зардабы бұл əулетті де шар-пыпты. 1929 жылы Бабай ишан əулеті бұл жерден Тə жікстанға көшуге мəж-бүр болады. Көшер кезде тек алып жүруге ыңғайлы

дү ние-мүлікті жиыстырып, қалғанын осындағы аза-маттарға аманаттап кеткен деседі. Сол кезде кітап сө-ре сін ауыл азаматы Тумыш алып қалған көрінеді.

Рахымбаба мен Зереге то пырақ Тəжікстаннан бұ-йы рыпты. Ұлдары Иман Өз-бекстанды паналаған, одан кейінгі Қалымбеті мен Əбді-əлиі «халық жауы» деген жа-ламен ұсталып, хабар-ошар-сыз кеткен. Абдулла соғыстан оралмаған. Ал қыздарының үлкені Қалжан тəжік елінде өмірден өтеді. Балжанның ұрпақтары Түркістан облы-сын мекен етсе, Хадишаның ұрпақтары Жетісайда. Үм-біш ұрпақтары Сырдария ауданындағы Шіркейлі ауы-лында тұрады.

1942 жылы Əсия ұлдары Ахметбек, Мамадияр, Əб-діраманмен Асқар Тоқ ма ғам-бетов ауылына қайта көшіп келіп, əке-шешесінің жұртқа аманаттап кеткен дүниесін қайтарып алады. Ғасырлық тарихы бар бұл дүниені 2006 жылы Ұлы Отан соғысының ардагері, Зеренің немересі Ахметбек Іскендіров музей қорына тапсырыпты.

Музейде тұрған жəдігер төменгі жағы топсалы екі есікті шкаф түрінде жасал-са, жоғарғы бөлігі беті ашық кітап сөресі. Заманында орыс шеберлері жасаған деседі.

– Біз бұл жəдігер тари хын жекелеген адамдар айтқан дерекке негіздеп айтып отыр-мыз. Осы кітап сөресін ха-кім Абай тұтынғандығын анық тауға абайтанушылар, тарихшылар назар аудар -ғаны жөн. Қазіргідей за-ма науи технологияның да мыған кезеңінде шкаф аға шын ғылыми зертхана-ларда тексертіп, ақын өмір сүрген уақытқа сай келе-тініне көз жеткізу аса қиын шаруа емес шығар. Егер де осы дəлелденіп, жо-ғарыда біз айтқандай бо-лып жатса, «Қазақтың бас ақыны Абайдың кітап сө-ресі бізде тұр» дегенді ерек ше мақтанышпен, нық сеніммен айтар едік, – дей-ді өлкетанушы Жəнібек Ма-ханбетов.

ҚЫЗЫЛОРДА

Бабаларымыздың нанымдары -на сəйкес, «Қыдыр» мəңгілік өмір -дің құпиясын меңгерген ерекше пай-ғамбар бейнесінде қабылданған. Жə-не оның жоқ-жітіктерге жəрдем ете-ріне құлай иланған. Осыдан барып сол көктен келер берекені көп бо-лып жинала бөліскенді құп көрген. Күнкөрісі төмендерге ас-ауқат тара-ту мемлекеттің мойнындағы бо рыш-қа саналған. Орхон жазба ескерт-кіштерінде Көктүрік қағанның: «Аш халықтың қарнын тойдырдым, сыр-тын да тон-киімсіз қалдырмадым» деп, тұжырымдауы байырғы бұл қағи-даттың көрінісі. Міне, осындай мем-лекет пен халықтың бірлік-тірлігінің алтын арқауына айналған аманаттық міндеттің, саф салтымыздың мəн-маңызын қазіргідей кетіріп алған-ды ғымыз – ең алдымен билік ба сын-дағылар мен зиялы қауымға сын. Бұ-лақ – басынан тұнбай тұр! Ұлт тық құндылықтар жайына қалды. Ысы-рапшылдық пен бақталастық, дара-қылық пен астамшылдық, жем қорлық дегендеріңіз, тіпті мына өлім шашқан пандемия тұсында да пəр мендеп, тайраңдай басымызға шығып кетті емес пе?! Бұл енді бүгіндікке тау -сылмас əңгіме.

Іргелі мекемелерде басшылық ет-кен, қуаныш-тойлардың үнемі тө рінен табылар, дəулеті де сəулеті бір басы-на жетерлік Болат есімді аза матпен көршілеспіз. Қазір зейнет кер. Бұдан он шақты жыл бұрын ұлын үйлендірді. Əмісе той құрметіне бө леніп жүрген ағамыз кемінде үш жүз адамның басын құраған шы ғар-ау деп барғанбыз ғой. Сізге өті рік, бізге шын, бар-жоғы жүз-ақ адам! Құдалары, туыс-жекжаттары, көр ші-көлең мен жастар. Тіпті өзінің бе делді қызмет орнынан да ешкімді ұшыратпадық. Əбден іріктелген, əри-не. Бəріміз аң-таңбыз, кафенің өзі

көнетоз – «Қарагөз». Ың-шың жоқ. Абай хакім айтпақшы, бірін-бірі тосып сөйлеген қонақтар. Мұндайда көңілің де көтеріңкі, асың да жұғымды. Ойың да ұшқыр. Толғана сөйлеп, шырқата əн сап, арқа-жарқа болдық та қалдық күтпеген жерден. Отағасының өзі де бəйбішесін қолтығына қысып алып ай-нала отырғандармен бас түйістіре сыр-ласып, тойдың сəнін келтірді. Сондағы бір құрдасының: «Əй, Бөке, не деген əулие адамсың! Біз той жасасақ қой, бір ай бұрын əкімдер мен басшыларды шақырамыз да, соншама уақыт келе ме, келмей ме деп қарадай басымыз ша-радай болады. Əгəрəки, əлгілер тойға, құдай оңдап келе қалса, той бітпей кетіп қала ма деп, есік торуылдап, жүрегіміз ауырып, есіміз шығады! Ал сен болсаң, бұл қазақта той жасаған бір өзің секілді, құдалармен қалжыңдасып, құдашалармен би билеп, алдымен өзің тойлап жүрсің. Сен шақырсаң мың адам келер еді-ау. Жарадың ен ді, оздың бізден, əбден оздың!» – деп арқасынан қаққаны əлі есімнен кет пейді.

Бұл дəуірде «Той – Тəңірдің қазы-насы» дегенімізде, той үстіндегі сый-сыяпаттан бұрын ізгі тілек, ақ бата, отбасы арқылы желіс тартар ел дікке тəн береке-бірлікті айт сақ керек. Аға-йындықты арттырар ықшам түрдегі тағылымды той ға ел ішінде бетбұрыс та жасалып жатыр. Бұған ішің жылиды. Құр мақтан, даңғазылықпен жеткен же-ріміз белгілі. Асылы, ақыл деге німіз – ақылсыз қадамдардың көмбесі. Ақылға келелік. Есжияр тіршілікке көшіп, бəрінен бұрын Отанымыздың рухтық һəм ұлттық ұстынын арттыралық! Тойымыз да, көш-көркімен осы шептен табылып жатса, қанеки!

�міре �РІН,Алматы облыстық «Жетісу»

газетінің бас редакторы

МИРАС

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Осыдан біраз жыл бұрын «Облыс орталығына жақын Сырдария ауданынан ұлы Абайдың кітап с�ресі болған құнды зат табылды» деген хабарды құлағымыз шалған. Кейіннен жергілікті �лкетанушы Жәнібек Маханбетов бұл жәдігер туралы тарата айтып беріп еді. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Құнды жәдігердің сырынкім ашады?

КӨНЕ ТАРИХ КӨМБЕСІ

Құпиясы көп қорғандар–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қазақ жерінің әр қиыры да, әр т�бесі де шежірелі сырын әлі толық ашқан жоқ. Тарихы жете зерттелмей, құпиясы ашылмай жатқан к�мбенің бірі – Қызылқоға ауданындағы Миялы қорғандар тобы.

Бұл аудан орталығы – Миялы ауылынан солтүстік-шығысқа қарай – 6, Жангелдин елді мекенінен 2 шақырым қашықта орналасқан. Онда әртүрлі 18 қорған бар.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

ТОЛҒАУЫ ТОҚСАН ТІРШІЛІК

Бұлақ басынантұнса егер

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Адамзат атаулы бір ғана вирустың қауызында ауа қармап қалған мына заманда тойшылдыққа ойшылдықпен қараудың ж�ні бар. «Қырықтың бірі Қыдыр» деп түйсінген к�не түріктерден тамыр тартқан ақ дастарқаннан дәм татқызу, алқа-қотан отыра қуанышты б�лісу – берік дәстүріміз. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Page 12: Миллионда ан бонуса кім лайы?2020/08/26  · станның инвестициялық сенімділігі ВВВ, яғни тұрақты деп бағаланды

12 26 ТАМЫЗ 2020 ЖЫЛКЕЛБЕТ

Алаштық, кеңестік кезеңнің өліара түйілісінде ұлы дəстүрдің туын Мағ-жан, Ілияс секілді жампоздар аспанға кө-тергенімен, олардың үнін бодандықтың қара құйыны тұншықтырды. Əрине ке-ңестік кезеңде ауызға қақпақ, басқа тоқ пақ салынғанымен қазақ поэзиясы зау биік-терді бағындырды, халықтың арман-мұ-ратының жоқшысы болды. «Өткізу үшін шындықты, өтірік қостым ішіне» деп Қадыр ақын айтқандай бодандықтың тақсіретін тартқан тұлпар – жыр тұғырдың кейпіне түсіп, тұрасы тозып тасырқаған, сұңқар өлең жапалақтай жалбақтаған тұстар да болды. Қазақтың Ебінің желіндей ескен есіл жыры əсіресе тарихи тақырыптарға келгенде текіректеп, тобанаяқ күй кеше-тін. Бұл салада, шындығын айтқанда, ақ мыл тық ұшқыр поэзия емес, керісінше са-бырлы проза жанры атойлап алға шығып, тарихи тақырыптарды игеруде классик жазушы Ілияс Есенберлин көшбасшы бо-лып, мұзжарғыш кемедей алға ұмтылып, əдебиет əлемінде ірі бетбұрыс жасағаны айқын. Қазақ поэзиясындағы орны үңіре-йіп тұрған осы бір кетік еліміз тəуелсіз-дік алғаннан кейін енді ғана бү тінде ліп, есеміз түгенделіп, еншіміз де еселене бастағандай. Əлбетте, бұл күр меуі қиын, күрделі тақырыпқа қалам қуа тын арнаған майталман шайырлар бар болғанымен, солардың ішінен шашасына шаң жұқпай суырылып алға шыққан марқасқа, осы қазыналы салада олжа салып, топжарған кең құлашты эпик ақын ортамызда бар. Ол – тəуелсіздік пен елдік мұратты тамылжы-тып саңқылдап жырлаған, əдебиетсүйер қауым бүгіндері «Бостандық жырының бозжорғасы», «Ілиястың ізбасары» атап кеткен, Мемлекеттік сыйлықтың лауреа ты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат», «Барыс» ордендерінің иегері, көрнекті ақын Несіпбек Айтұлы.

Ол шын мəнісінде азаттықтың бо-зала таңы атысымен тұсауы шешілген тұлпардай кең көсіліп жүйткіген, өтпелі кезең өткелегінде тосырқап қалмай толас-сыз жыр нөсерін селдеткен қазыналы қалам иесі. Төкпе ақын кең тынысты эпикалық поэмалар шоғыры, шымыр толғаулары мен нəзік лирикалық өлеңдері арқылы Қазақстан тəуелсіздігінің күміскөмей жыр-шысына, жампоз жаршысына айналды. Оның тəуелсіз еліміздің көк аспанында желбіреген көк байрақтың киесінен ша-быт алып жазған поэмалары халқымыздың басынан кешкен қаһармандық тарихы мен бүгінгі өмір-тіршілігімізді жымдас-тыра жырлауымен айрықша маңызға ие. Мазмұндық тұрғыдан бір-бірімен тығыз сабақтасқан салалас поэмалар циклы дəуір мен уақыт жөнінен де ішкі бірлік үйлесімін сақтап, жалпы тұтастықта қарағанда эпо-пея секілді əсер қалдырады. Бұл байтақ дастандарда алаш жұртының қаһармандық тарихы мен азаттық рухының қадау-қадау кезеңдері, халқымыздың басынан кеш кен түрлі нəубат, қилы зобалаңдардың тұтас панорамасы шеберлікпен сомдалған. Ақынның «Жалаңтөс», «Төлегетай», «Сар-дар», «Ту», «Наурызбай», «Бердіқожа», «Ша қантай», «Баймұрат батыр» «Мұ қа-ғали-Желтоқсан» секілді поэмаларында арғы-бергі тарихымыздағы халқымыздың азаттығы үшін жанын пида еткен ханда-рымыз бен билеріміздің, жаужүрек ба-тырларымыз бен абыз ақындарымыздың жауһар галереясы жасалған. Ұлы даланың қасиетті топырағы үшін азулы империя-мен айқасқан хан Кене бастаған, Тай-жан, Сейтендер қостаған ерлер туралы «Ақмола шайқасы» поэмасында су-реттелсе, осы тақырыпқа үндес ту ған ке ңестік отаршыл өктем жүйеге арыс -тандай арпалысқан мемлекет жəне қо-ғам қайраткері Жұмабек Тəшеновтің

та бан ды күресі «Жер – жаннан қымбат» дастанына арқау болады. Халқымыздың басынан кешкен нақақ қуғын-сүргін, аштық нəубат «Көкала үйрек», «Танабай», «Кəмей ұшқан», «Сары қыз» секілді поэ-маларында көрініс тапқан. Ақынның поэ-малар шоғыры – өткен тарихтың жалаң оқиғаларының тізбегі емес, отанымыздың азаттығы жолында жанталасқан бұрынғы бабалар басынан кешкен қым-қуыт өмір-тіршіліктің жанды суреті, ғибратты дəрісі, көркем шежіресі. Ақын бүгінгі ұрпақ тың тарихи жадын жаңғыртумен бірге ке-йіпкерлердің шиеленіскен драмалық тар-тысы арқылы оқырманның ар-намысын қамшылап, ыстық сезімнің шарпысына бөлеп, өткеннен ащы сабақ алып, бүгінгі күні қапы қалып өкінбеуге, болашаққа адаспай айқын қарауға үйретеді. Ұлы даланы уысында ұстаған қаһарман дана бабаларымыздың ерлігі мен осал тұстарын ақындық аңқылдаған пəк жүрекпен бүкпесіз ашық жырлап, өтірікті бетің-жүзің демей əшкере етіп, тəуелсіз елімізге көлеңкесін түсіріп отырған келеңсіз құбылыстардың себеп-салдарына сын жебесін аяусыз қадайды. Осылайша сұлу поэзия арқылы өткен тарихты мақтан тұтатын даңғаза мен дақпырттың қоймасы емес, бүгінгі күнімізге сəуле түсіріп, бо-лашақ мұратымызды шыңдайтын, ұлттық бет-бейнемізді жаңғыртып түлететін құнды құрал ете білуі – ақынның өнернамалық темірқазығы.

Ақын қазақ мемлекетінің дəстүрлі бас рəмізінің бірі байраққа арнап «Ту» атты поэ ма жазды. Бұл қазақ əдебиеті тарихында болмаған тың құбылыс, азаттық кезеңінде қол жеткізген поэзиядағы сүбелі табыс деу ге болады. Бұрынғы қазақ ақындарында туға, байраққа, жалауға арнаған жекелеген өлеңдер, жыр шумақтары болғанымен бұл тақырыпта тұтас поэма əлі туған жоқ еді. Ақын Н.Айтұлының көлемді «Ту» поэмасы қазақ хандығының хан Абылай, қаракерей Қабанбай, қанжығалы Бөгенбайлар көтерген қасиетті байрағын бүгінгі азат отанымыздың аспан түстес көк туымен сабақтастықта екенін жырмен кестелеп, майдан даласында өзі шəйіт болғанымен қолындағы туды жықпаған сарбаздың ерлік образын негіз етіп, айшықты сомда-уымен патриоттық тағылымы зор болған. Қазақ елінің қасиетті байрағын қанды шайқаста қас қақпай күзетіп, өзі құрбан болғанымен төмен түсіріп құлатпай, үзеңгілес нөкерлеріне табыстай алған Қазымбеттің қайсарлығы – адамзат тари-хында да кездесе бермейтін сирек ерліктің үлгісі. Əлбетте, осыған ұқсас оқиғаны арқау еткен поэма да, жыр еткен ақын да, меніңше, əлем əдебиетінде жоқ секілді. Поэма желісі өмірде болған оқиға мен халық аңызының асыл арқауына сүйенген.

Жырда хан Абылай, Бұқар жырау, қаракерей Қабанбай, қанжығалы Бөгенбай, көкжал Барақ секілді Абылай заманының бас батырларының тұлғасы эпизод-штрихтармен сомдалғанымен поэманың бас кейіпкері – Қазақ ордасының туы, оны көтерген тубегі сарбаз Қазымбет, сол қасиетті байрақтың қайта жаңғырған бүгінгі жалғасы – Көк байрақ. Ақын өткен тарихпен бүгінгі күнгі құбылысты сабақтастыра жырлап, намысты найзамен қорғаған бабалар ерлігін қазіргі ұрпаққа аманаттап, азаттықтың көк байрағын қастерлеуді, қадірлеуді, биікке көтеріп, ал-тын тұғырын бекітіп, айбарын асқақтатуды жас буынға өнеге етеді. Бұл поэманың ерекшелігі сол, мұнда оқиғаның шарықтау шегінде бас кейіпкер – Ту мен ту ұстаушы Қазымбеттің күрделі тағдыры бетпе-бет түйіліседі, тартыс ұлғайтылып, кəнігі эпик ақынның машықты шеберлігі оқырманды тағы да тəнті етеді. Жыр арқауына бас

нысан болған – Ту жығылмаған, ал бас кейіпкер – ту ұстаушы Қазымбеттің шəйіт болуы көрініс тауып, жеңістің шаттық қуанышы мен трагедиялық хал қатар өрі-ліп, бір арнаға тоғыстырылады:

Жалғыз тұр ту ұстаушыдөң басында,

Көргендер аң-таң қалды алғашында. Байрағы қолындағы желбірейді, Өзінің көрінбейді жан қасында. Болмастан ойларында ешбір қауіп, Батырлар сатырлатып

келді шауып. Күйінде ту ұстаған қатып қапты, Өлсе де құламаған аттан ауып. Жыр трагедиямен аяқталғанымен

қасиетті шəйіт арқылы жеңістің ру-хын асқақтатып, бүгінгі бейбіт өмірдің, қасиетті көк байрақтың құнын бағалауға ұр паққа ұлағатты үндеу тасталады. Жыр соңында ту ұстап қатып қалған Қазымбет пен қасиетті Ту тұтас тұлғаға, ерлік үшін тұрғызылған алып монумент – мүсінге айналғандай əсер етеді.

Ақынның лирикалық өлеңдері мен толғаулары шынайылығымен, ыстық сезіммен суарылған ой семсері секілді лыпылдаған өткірлігімен оқырманын таңдандырып келеді. Оның өлеңдерінде бүгінгі өмір-тіршілігіміздің бүлкілдеген қан тамыры, замандастарымыздың кескін-келбеті, мінез-құлықтардың алуан түрлі пішіні сомдалады. Қазіргі тəуелсіз елімізге, ұлтымыздың мүддесіне кесірін тигізетін тоғышарлық пен тоңмойындық, мəңгүрттік пен самарқаулықты қатаң айыптаған ақынның шерлі өлеңдері зарлы толғауларға ұласады.

Өмір өтті арпалыспен, тартыспен,Кездерім көп артық кеткен,

кем түскен.Бабалардан маған дейін ұласқан,Қайғым ұзақ ұзын аққан Ертістен. Қасіреттен қаны қайнап қарайған,Күн астында күңіренген талай жан.Бізден асып болашаққа жалғасар,Қалған қайғы Əлішерден, Абайдан.Ақын жырының соңында «Ұлы қай-

ғы жанымды жеп жегідей, жеті түнде ұлиды кеп бөрідей» дегеніне шүбəсіз сенесің. Өйткені бүгіндері аймаңдай ақын – өлең-өмірі арқылы бүкіл болмы-сымен əз халқымен тұтасып, қабысып, оның сыңарына, баламасына айналған лирикалық тұлға. Сондықтан да ол «Бірдің мұңы ұласар мыңға барып, өзімді ай-тып, халқымды бейнеледім» дейді нық сеніммен. «Несібеме бұйырған соң, қайғы – менің қазынам» дейтіні де содан. Бозбала кезінде албырттықпен «Ей, өлең барасың сен, қай жаққа алып? Сескенем, түбі терең иірімбісің, бет жағы жататұғын қаймақтанып» деп қаймығып бастаған ақынның қазір алаштың сөзін сөйлейтін абыз ақынға айналған шағында:

Жырым менің – мұңдасым,сырласым да,

Көз жасым бар мөп-мөлдіртұнбасында.

Бір басында ол тұрса таразының, Ал, тағдырым тұрады бір басында! –

деп жырлауға толық хақысы бар екеніне иланасың.

Ақын табиғаттың тылсым сырын түй -сігімен барлап, байқап жырлай тын таң-ғажайып сезімталдыққа ие. Жараты лыс-тың құпия құбылыстарын, жыл мезгіл де-рінің өзгерістерін адамның көңіл күйі мен, ішкі əлемімен астастыра жырлау – оның шығармашылық машығына тəн бедер.

Мына күннің алды – жаңбыр,арты – қар,

Тоңған жаным торғайдайынқалтырар.

Ғұмыр, сірə, қызылшақа құралай, Туа сала сан жығылып, сан тұрар... Қорғансызға жер бетінде жоқ пана, Жемтік болар жыртқышқа да,

оққа да. Құлдыраған сəби жүрек тобықтай, Құстай ұшып жанын сақтар

тек қана...Ақын «Құралай-ғұмыр» атты осы

өлеңінде құралайдың салқынында төл-деген киіктің лағын ұшы-қиыры жоқ шетсіз, далада шексіз қауіп-қатер күтіп тұрғанын, оның сəби жүрегіне əлдекімдер сұғын қадап үлгергенін айтып, дабыл қағады. Құралайдың салқыны да өліара құбылыс, киіктің лағының аяқтануы да өткелек мезет, сол секілді адам баласының ғұмыры да келте, өткінші екенін ақын ұшқыр түйсігімен аңғарымпаздықпен жырға қосып, сезіміңді селт еткізеді. «Ғұ мыр – бейне жезкиіктің лағы... Ор-та сында өмір менен өлімнің, Күндіз-түні елеңдейді құлағы» деп тосын түйін жа-сайды. Осылайша қу медиен дала тө -сіндегі құралайға оқ жұмсап, сəби жү -регіне пышақ шаншығалы тұр ған қара пиғыл қатыгез адамның өзінің де шын мəнісінде өмірі шолақ екенін ұғынбай, мейірбандықтан жұрдай болып өте ті-ніне бұл өлеңді оқыған жан көз жет кі-зеді. Бетпақдаладағы құлдыраңдаған құралайға, желдей ескен жезкиікке оқ жұмсайтын пенденің өзіне де қадалатын ажалдың жүйрік оғы дайын екенін бір мезет пенденің түсінбейтініне қайран қаласың. Ақын бұл жырында табиғатты қорғау туралы құрғақ уағыз айтпай-ақ қалт-құлт етіп өмірге қадам басқан иен даладағы құралайдың мамыражай өмі-рін ойрандайтын «құдіреттің көк иті» жауыздың қарау ниетін бейнелеу арқылы оқырманның жанашырлық сезімін оя-тып, ізгіліктің дəнін себеді. Бəлкім соңғы жылдарда қарақшылықпен киік аулауға шығып, тападай талтүсте аң орнына адам атып, қорықшыларды қорғасын оққа бай-лай салатын қанышерлік қоғам алдында əдебиетіміздің абыройы əлсіреуден, поэ-зияны бағалап оқымаудан туған сырқат сананың жемісі шығар?!

Ақын Н.Айтұлының поэзиясының ал-тын арқауы, бас тақырыбы – тəуелсіздік, бостандық, теңдік. Тəуелсіздік жолында қаншама сұрапыл шайқастар болғанын, ата-бабаларымыз елі мен жерінің тұтастығын қасық қаны қалғанша қаһармандықпен қорғап, бізге аманат еткенін ақынның эпопеялық өріске көтерілген поэмалар

шоғырына өзек болған тарихи оқиғалар шеруі растайды.

Басынан көне тарих төмен құлдап, Тағдырын туған елдің келем жырлап. Өзегім талып жеткен, Тəуелсіздік, Өмірде не бар екен сенен қымбат!? Құбылып соққан желдей заман неше, Қан кешті толарсақтан бабам кеше. Күн емес бодандықта көрген күнім, Төбемнен алтын құйсын маған десе. Жоңғар мен құба қалмақ, отаршыл

Ресей, кешегі кеңестік империя, кейбір көршілес халықтар қазақ халқының байтақ атажұртына сұғанақтық жасап, елдің мамыражай тыныштығын бұзып, ашкөздікпен шабуыл жасағанымен, ойсырай жеңілгені ақынның жыр-дастанына тамызық болған. Ол қазіргі қазақ поэзиясын тəуелсіздік үшін күресте шаһид болған батырлардың айбынды бейнесімен толықтырды. Түптеп келгенде, басқыншы империялардың отарлау сая-сатына түбегейлі қарсы шығып, елім деп еңіреген ерлердің азаттық жолында құрбан болғанын, бүгінгі қол жеткізген тəуелсіздік пен бостандық ата-бабаның қызыл қаны, ақ жаулықты аналардың адал терінің өтеуіне келгенін аса көрнекті сөз зергері Н.Айтұлының бүкіл шығармашылық болмысы мен ақындық келбеті қалың оқырманға түйсіндіріп, түсіндіріп тұр де-уге толық негіз бар.

Ақын – аударма өнері саласында өнімді еңбек еткен тəржіма тарланы. Ол аударған əйгілі Əлішер Науаидың «Ескендір қор-ғаны», «Лəйлі-Мəжнүн» дастандары мен «Ғазалдары», орыс халқының ежелгі қып-шақтармен арақатынасынан тамыр тартқан көне эпосы «Игорь жорығы туралы жыр» ежелгі əдебиеттің күмбірі мен дүбірін бүгінге жалғастырған алтын көпірге ай-налды.

Ақын Н.Айтұлының аударған шы-ғыстың жеті жұлдызының бірі – Əлішер Науаидың «Ескендір қорғаны» мен «Лəй-лі-Мəжнүн» дастаны «Хамса» (2019) де ген атпен Халықаралық Түркі акаде-миясы тарапынан жарық көріп, əдеби мұрамызды ежелгі түркі поэзиясының нəзік нақысымен байыта түсті.

Бұл кітапқа алғы сөз жазған Президент Қ.Тоқаев: «Əлішер Науаидың «Хамса» шы ғармасының қазақ тіліндегі көрнекті ақын Несіпбек Айтұлы аударған қос даста-ны руханиятқа қосылған бағалы олжа бо-лары анық. Лайым, ұлы шайырдың жауһар жырлары жас ұрпақты отансүйгіштік пен достыққа, адалдық пен парасатқа баули берсін!», деп жоғары баға берді.

Бүгіндері ақындық лапылдаған отты сезімі парасаттың тұңғиық иірімімен ұш тасып, лирикалық тұлғасы ұлтының болмыс-бітімі, арда қадір-қасиетімен етене қабысып кеткен ол алдыңғы абыз ағаларының ізін басып, отаны мен мем-лекетінің мүддесін қорғап ой толғайтын қайраткерлік белеске көтерілді. Н.Айтұлы – қазіргі қазақ қоғамында қалыптасқан өзекті мəселелер, ұлтымыздың болашағы мен бүгінгі күніне əсер ететін көкейкесті оқиғалар туралы сергек пікір білдіріп, шұғыл ойларын жариялап, халқының ар-намысын жоқтайтын еркін ойлы санаткер. Ана тілі, ата ділі, ұлттық құндылықтар, əсіресе рухани өмірімізде толғағы жет-кен түйткілді дүниелер ақынның назары-нан ешқашан тыс қалған емес. Оның осы бағыттағы мақалалары мен сұхбаттары «Сарайымнан шыққан сөз» (2014) деген атпен көлемді жеке том болып жарыққа шығып, оқырманның құмартып оқитын кітабына айналуы – соның бір дəлелі. Тұлпар – қалам иесінің қатарластары мен əріптестері, əдебиеттанушы ғалымдар мен қоғам қайраткерлері оны «Бостандық жырының боз жорғасы» (2017) деп ата-уы, ақын туралы зерттеулердің осы аттас кітапта топтастырылып оқырманға жетуі азаттықтың елең-алаңынан бері Алаш жұртының терең тарихын толқыта толғап, тəуелсіз еліміздің бүгінгі тыныс-тіршілігін шабыттанып жырлаған жемісті туынды иесі болуына берілген шынайы баға деуге əбден болады.

Ақеділ ТОЙШАНҰЛЫ, ақын, фольклортанушы ғалым

Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ,«Egemen Qazaqstan»

Ұлы ойшылдың бізге мəлім де беймəлім болмысын жан-жақты ашу арқылы оқушыларға қосымша білім беруді көздейтін орталық бірнеше бөлімнен тұрады. Бұған

Əл-Фараби атындағы оқушылар сарайының директоры Ербол Ислам ұлы тоқталды.

– Орталығымыз бірнеше ба-ғытта жұмыс істейді. Соның ал ғаш қысы – «Əл-Фараби жəне грек ойшылдары». Əл-Фараби Арис тотель мен Платон секілді

грек ойшылдарының еңбекте-рін талдап, түсініктеме жаз-ды. XVIII ғасырдағы француз, ағыл шын, итальян ғалымдары өз зерт теулерінде əл-Фарабидің осы түсініктемелері мен талдау-ларын негізге алған. Біз өскелең ұрпаққа осыны түсіндіруіміз ке-рек. Екінші бағыт «Əл-Фараби жəне ғылым» деп аталады. Əлем-нің екінші ұс тазы астрономия, математика, гео метрия, медици-на, логика, фи лософия ғылымын зерттеген. Оның осы ғылымдағы орасан зор еңбектері балалардың ғылымға деген қызығушылығын арттыруға септігін тигізеді.

«Əл-Фараби жəне өнер» атты бөлім ғұламаның «Музыканың үлкен кітабы» деген еңбегі негі-зінде музыкалық жағынан өзін дамытып, жетіл діруді қалайтын балалар мен жас өспірімдерді өнерге баулуға бағытталған, – дей ді Е.Исламұлы.

Бұдан бөлек жаңадан ашылған оқу-тəрбие орталығында өлең-ге жақын балаларды əл-Фа ра-бидің қазіргі таңда қазақ ті лі-не аударылып жатқан өлең де-рімен тереңірек таныстыруды көз дейтін «Əл-Фа раби жəне поэ зия» бөлімі бар. Ал «Əл-Фа раби жəне шешендік өнер»

бө лі мінде оқушылар сарайы-ның ке лушілерін «Риторика» атты ғұ ла маның еңбегі негізінде пікір талас турниріне дайындай-ды. Ұйым дастырушылардың айтуынша, осылардың ішіндегі ең соңғы əрі маңызды бөлім «Əл-Фараби жəне тəрбие» де-ген атау ды иеленіпті. Бұл бағыт əл-Фарабидің атақты «Тəрбиесіз бе рілген білім – адамзаттың қас жауы» деген ұстанымына сай оқушыларды ізгілікке, ру-хани бай, қайырымды болуға тəрбиелеуді мақсат етеді.

Отырарда туып, əлем ге та-ныл ған тұлғаның шығар ма шы лық

мұрасы мен өмірлік өнеге сін зер-делеп, ұрпақ санасына сі ңіруге құрылған орталықтың тұсау кесері аясында ғалымның бюсті ашылды. Ғұламаның мү сінін Суретшілер одағының мү шесі, Нұр-Сұлтан қаласының суретшілер одағы басқарма төрағасының орынба-сары, график, мүсінші Бақытжан Жарылқасынұлы жасады.

Орталықтың тұсаукесері Əл-Фараби атындағы оқушылар са-райының аспаптық музыка бө-лімі оқытушыларының белгілі ком позитор К.Күмісбеков тің «Фа раби сазы» шығармасын орын дауы мен аяқталды.

ЕСІМІ ЕЛГЕ ЕЛЕУЛІ

Елдік пен ерлік жыршысы––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қазақ поэзиясының ежелгі бастау арналары ел мен жердің, мемлекет пен Отанның тамырлы тарихынан шежіре шертетін сымбат-бітімі ерекше бекзат жыраулық �нер болып қалыптасты. Тонык�к, Йолығтегіндер тасқа бәдіздеген тарлан жырлар – соның жарқын айғағы. Бұл ұлы сарын Кетбұқа, Сыпыра жы-рау дәуірімен сабақтаса ұласып, Бұқар жырау, Ақтанбердіге дейін жалғасып, Абай арқылы даналық парасатпен суарылған алтын түйінге айналып, лиризм-ге қадам басты.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

БӘРЕКЕЛДІ!

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Елордадағы әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында «�л-Фараби әлемі» атты оқу-тәрбие орталығы ашылды. Орталық «�лемнің екінші ұстазы» атанған ғұламаның 1150 жылдығы аясында �тті. Шараға Еуразия ұлттық университетінің про-ректоры, алаштанушы, академик Дихан Қамзабекұлы, жазу-шы, драматург, фарабитанушы, «Ғұлама-ғұмыр» драмасының авторы Жолтай �лмашұлы қатысты.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

«Әл-Фараби әлемі» ашылды

Page 13: Миллионда ан бонуса кім лайы?2020/08/26  · станның инвестициялық сенімділігі ВВВ, яғни тұрақты деп бағаланды

26 ТАМЫЗ 2020 ЖЫЛ 13ЗЕРДЕ

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Egemen Qazaqstan»

Қазан төңкерісі1914 жылы басталған дүние-

жүз іл ік соғыстың салдары-нан Ре сей империясы: бірінші – эко номикалық, екінші – сая-си дағдарысқа ұшырады. Елдің шаруашылығы қирады, өн діріс орындары тоқтады, сауда-эко-номикалық қатынас бұзылды, ауыл шаруашылығы құлдырап, жұмысшылар мен шаруалардың өкіметке деген наразылығын туғы-зады. Сөйтіп осы дағдарыс себепті, 1917 жылы ақпан айында патшалық билік құлады. Бұл оқиғаны тарихта «Ақпан төңкерісі» деп атап жүрміз. Осы төңкерістің нəтижесінде бур-жуазиялық Уақытша үкімет пайда болды. Бірақ бұл билік халықты экономикалық дағдарыстан алып шыға алмады.

Осы орайлы сəтті пайдаланған Жұмысшылар мен шаруалар кеңесін қолдаушы больше вик-тердің ықпалы артты. Нəтижесінде, 1917 жылы 24 қазанда (6 қарашада) Петерборда қарулы көтеріліс ба-сталып, 25 қа занда (7 қарашада) Əскери-ре волюциялық комитет Уақытша үкі меттің билігі жойыл-ғанын жария лады. Осылайша Қазан төңкерісі жеңіске жетті.

1917 жылы 25 қазанда Кеңес-тер дің ІІ Бүкілресейлік съезі ашыл ды. Осы жиында төңкеріс көсемі В.И.Ле ниннің бастауымен үндеу қа былданып, бүкіл билік Кеңестердің (Советтердің) қолына көшетіндігі жарияланды.

Ресейдің қол астында болып келген орыс емес басқа халық тар Қазан төңкерісінен кейін отар-шылдықтың бұғауынан босанып, тəуелсіздік алатын шығармыз деп үміттенді.

Соның бірі қазақтар еді. Осы тұста қазақ зиялылары күллі Орта Азия аумағына көшбасшылық жа-сайтындай деңгейге көтерілген бо-латын. Мысалы, аз ғана уақыт өмір сүрген Уақытша үкімет Торғай облысына Əлихан Бөкейхановты, Жетісу облысына Мұхамеджан Ты-ныш баевты, Түркістан губерния-сына Мұстафа Шоқайды басшылық қызметке тағайындаған болатын.

Қазақстан және Түркістан өлкесінде

Кеңес өкіметінің орнауы

Кеңес өкіметінің Қазақстанда орнауына большевиктердің халыққа бейбітшілік, жұмысшыларға за-уыт пен фабрика, шаруаларға жер, ұлттар мен ұлыстарға теңдік пен бостандық беру жөніндегі уəдесі өз септігін тигізгені сөзсіз. Кеңес би лігі ең алдымен:

Сырдария, Ақмола облыстары жəне Бөкей ордасында бейбіт жол-мен орнады.

Торғай, Орал, Орынбор, Семей жəне Жетісу облыстарында Кеңес өкіметін орнату үшін қиян-кескі күрес болды.

Перовск (Қызылорда) жұмыс-шылары мен солдаттары өкімет

билігін 1917 жылы 30 қазанда (12 қараша) өз қолына алды.

1917 жылдың қараша айының орта кезінде Кеңес билігі Черняев (Шымкент) қаласында орнады.

Қараша-желтоқсан айларында Кеңес билігі Əулиеата, Түркістан, Қазалы, Арал кентінде жəне облыс-тың басқа да ірі елді мекен дерінде бейбіт жолмен орнады.

Көкшетау, Павлодар, Атбасар, Өскемен уездерінде орыс-казак əскер лерінің басым болуынан Ке ңес өкіметі үшін күрес біраз қиындыққа тап болды.

1918 жылы наурыз айында Жар -кентте, Сергиопольде (Аягөз), Тал-дықорғанда, сəуірдің бас кезінде Лепсіде Кеңес билігі орнады.

Кеңес өкіметі ең соңғы ор наған аумақ Орал қаласы болды.

Сөйтіп, 1917 жылдың қазан айы-нан бастап 1918 жылдың наурыз айына дейін Кеңес өкіметі Қазақ-станның көп жерінде жеңіске жетті. Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату ісіне Ə.Жангелдин, С.Сейфуллин, К.Сүтішев, А.Асылбеков, Ə.Май кө -тов, И.Дубынин, К.Шугаев, Я.Уша-нов, А.Иманов, С.Цвиллинг, Т.Рыс-құлов, Т.Бокин, П.Виноградов, Л.Еме лев, Т.Өтепов, А.Розыбакиев, т.б. не ғұрлым белсене қатысты.

Ал 1917 жылы 15-22 қарашада Ташкентте болған өлкелік съезде жаңа өкімет «Түркістан Халық комиссарлары кеңесі» орнады. Ке ңе стің 14 адамдық құрамында мұсыл ман өкілі болмады. Кеңес-тің төрағасы Ф.Колесов: «Мұсыл-мандарды жоғарғы өкімет орган-дарына өткізу мүмкін емес, өйт-кені жергілікті халықтың бізге көзқарасы белгісіз жəне олардың ешқандай пролетарлық ұйымы жоқ», деп мəлімдеді.

1917 жылы 22 қарашада Қоқан қаласында болған Бүкіл Түркіс-тандық IV съезде Түркістан авто-номиясы, яғни Түркістан үкіметі құрылғаны туралы жарияланды. Бұл үкімет кейбір деректерде «Қоқан автономиясы» деп те атала-ды. Алғашқы басшысы М.Тыныш-баев, одан кейінгі басшы қызметін Мұстафа Шоқай атқарды.

1918 жылы 20 сəуірде Ташкентте Түркістан Кеңестерінің V съезі бол-ды. Бұл съезде құрамында Жетісу облысы бар Түркістан автономия-лы Кеңестік Социалистік республи-касы жарияланды. Оның құрамына Қазақстанның оңтүстігіндегі Жеті-су, Сырдария облыстары кірсе, Ақмола, Семей облыстары орталы-ғы Омбы қаласы болған Батыс Сібір өлкесіне; Торғай, Орал облыс тары Орынбор губерниясына; Бөкей Орда сы Астрахань қарамағына қа-рас ты жағдай қалыптасты.

Алаштықтар һәм Кеңес өкіметі

Осы тұста өзін өзі билеу құқы-ғын талап етуді заңды процесс ретінде түсінген Алаш арыстары Кеңес өкіме тімен келіссөз жүргізіп, ұлттық автономия мəселесін шешу ді қолға алды. Осы мақсатта 1918 жылы наурызда Алашорда үкіме тінің тапсыруымен Халел жəне Жаһанша Досмұхамедовтер

Орал дан Мəскеуге барып, Халық Ко миссарлары кеңесінің төрағасы В.И.Ленин жəне Ұлт істері жө нін-дегі халық комиссары И.В.Ста-линмен кездесіп, оларға 1917 жылы желтоқсанда өткен ІІ Қазақ съезінің қаулысын табыс етті.

Сталин қаулымен танысқаннан кейін 19-20 наурызда Семейдегі Ə.Бө кейханов жəне Х. Ғаббасовпен телефон арқылы сөйлесті. Сөз Алашорда автономиясының мəр-тебесі туралы болды. Телефон ар-қылы сұхбаттасқан И.Сталиннің сөзі «Сарыарқа» газетінің бетінде қазақ тіліне аударылып жариялан-ды. Онда: «Ресейдегі халықтардың құқықтары туралы халық комис-сарлары шығарған белгілі ережесі бұл күнге ұлт мəселесі тақырыбын Кеңес өкіметінің негізгі қызмет жо-басы етіп келеді. Үшінші советтер съезі осы ережені жалғастыруға қаулы қылды. Өзіңіз бізге тапсы-рып отырған жалпықазақ съезінің қаулысы түгелімен жоғарғы жо-баға сай келеді. Бірақ жалғыз-ақ шарт қоямыз: егер сіздің съездің қаулысы өкілдеріңіздің совет өкіметін тануға қарсы болмаса болғаны. Үшінші советтер съезі советтік федерация жобасын жа-сап, бұл жоба Советтер съезінің бекітуіне салынсын деп қаулы қылынды. Бұған қарағанда енді сөзді қойып, іске кірісу керек, яғни тұрмысы бір, салты басқа халықтар жергілікті советтермен қосылып, автономия, федерациялау, тегінде басыбайлы бөлініп кету секілді ұлт ниеттерін жарыққа шығаруға съез шақыратын комиссия құруға тырысу керек. Біз ойлаймыз, жал-пы қазақ-қырғыздың өкілдері тез қамданып, ыңғайлы уақытты өткізбей, жергілікті Советтермен бірігіп, əлгідей комиссияны құрар. Сізден өтінетініміз, біздің осы жо-бамызды Алашорданың Кеңесіне салып жауап қайтарсаңыздар екен» деген мазмұнда болды.

Өкінішке қарай, Ұлт істері жө-ніндегі халық комиссары алаш-тық тардың қойған талап-шартта-рына ресми түрде жауап бермеді. Себебі алашордалықтардың авто-номия құру жөніндегі талаптары Кеңес өкіметінің мүддесіне қайшы келетін еді.

Сондықтан да Х.Ғаббасов 1918 жылдың 1 сəуірінде РКФСР Ха-лық комиссарлары мен Ұлт істері жөніндегі комиссариатқа жеделхат жолдап, қазақ халқының ұлттық тұтастық мүддесін көздейтін Алаш-орда өкіметін тез арада ресми түрде мойындауын тағы да талап етті. Кеңес өкіметі мұндай талаптарды жауапсыз қалдырды.

Осылайша, алаштықтардың Кеңес өкіметі шеңберінде біртұтас ұлттық мемлекет құруға талпы-нысы нəтижесіз аяқталды. Боль-шевиктер Алаш партиясына ұлттық буржуазия мен феодалдық топ-тардың таптық мүддесін қор ғай-тын, пролетарлық революция жо-лындағы кедергі есебінде қарады.

Алаш басшыларының Кеңес өкіметімен жүргізген келіссөздері нəтижесіз аяқталуына 1917 жыл-дың күзінде құрылған, жетекшісі

Көл бай Тоғысов болған, өздерін «Қыр ғыз (қазақ) социалистік пар-тия сы» деп атаған «Үш жүз» пар-тия сы да ықпал жасады. 1918 жыл-дың бас кезінен-ақ «үшжүзшілер» большевиктермен одақтасып, Алаш ордаға қарсы күресті.

Осы аралықта қазақ жеріндегі Кеңес билігі күшейе түсті. Олар да 1918 жылы 21 наурызда Орынборда Кеңестердің бірінші Торғай облыс-тық съезін ашты. Осы жиында қазақ жеріндегі жергілікті басқару жүйесі, əлеуметтік мəселелер жа-йын да қаулы қабылданып, соны-мен қатар Алаш қозғалысының үнқағазы, «Қазақ» газетін жабу туралы шешім қоса шықты.

Кешікпей, 1920 жылы 9 нау-рызда Казревком «Алашорда» буржуазиялық үкіметін жою тура-лы бұйрық шығарды. Сөйтіп, қазақ тарихында тұңғыш рет ұлттық мемлекет құруға талпынған қазақ зиялыларының əрекеті сəтсіздікке ұшырап, осы іске бастамашы бол ған тұлғалардың бəрі қуғын-сүргінге тап болды, кешікпей бар-лығы дерлік атылды.

Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік

Республикасының құрылуы

Алаш қозғалысына тұсау са-лынғаннан кейін қазақ даласында Кеңес билігі күшейді. 1919 жылы 19 қыркүйекте Қазақ əскери ревкомы өзінің басқару орталығын Орынбор ету жөнінде шешім қабылдады. Кирвоенревком (Қазақ əскери революциялық комитеті) алғашқы төрағасы С.С.Пестковскийдің есте-лігінде: «Болашақ социалистік мем-лекет астанасы пролетариаты бар қала болу керек. Осы есептен мен Кеңес үкіметі алдында Орын борды Қазақ АКСР құрамына қосу ды сұрадым» деген жолдар бар (Қал-мұқан Исабаев. Патшадан шен алған қазақтар. «Өлке», 2007 ж. 7-б).

Сөйтіп, 1920 жылғы тамыздың 26-ында Бүкілодақтық Орталық Ат-қару Комитеті мен РСФСР Халық Комиссарлары Советінің «Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социа листік Республикасын құру туралы» Декретіне қол қойды. Осы құ жаттық негіз бойынша 1920 жылы 2-12 қазанда Орынборда өт-кен Қа зақ стан Кеңестерінің Құ рыл-тай съезі РСФСР құрамында Қазақ Ав тоно миялық Кеңестік Социа -листік Республикасы құрыл ғанын жария лады.

Сонымен қатар аталмыш съез-де Қазақ Автономиялық Кеңестік Социа листік Республикасы еңбек-шілері құқықтарының Деклара-циясы қабылданды. Осындағы құқық тық құжаттар кейін тəуел сіз Қазақстан Республикасы атануы-мызға негіз болғаны анық.

Сол кездегі Қырғыз (Қазақ) Ав-тономиялы Кеңестік Социалистік Республикасының əкімшілік-терри ториялық құрамы мынадай болды. Семей облысына – Павло-дар, Семей, Зайсан, Өскемен, Қара-қаралы уездері, Торғай облысы-на – Атбасар, Ақмола, Көкшетау, Петропавл, Ырғыз уездері, Орал облысына – Орал, Ілбішін, Темір, Гурьев уездері қарасты болды. Оның сыртында, Маңғышлақ уезі, Закаспий болысы, Красноводск уе зінің Адай болыстары, Бөкей ордасының территориясы енді.

1 9 2 1 ж ы л ы 2 5 с ə у і р д е КАЗЦИК-тің төтенше өкілетті комис сиясының шешімімен Ақмо-ла губерниясы құрылып, орталы ғы Петропавл қала сы болды. Құра-мына бұрынғы Атбасар уезі (51 болыс), Ақмола уезі (75 болыс), Көкшетау уезі (63 бо лыс), Петро-павл уезі (44 болыс) енді.

1924 жылы Түркістан АССР-інің Сырдария, Жетісу облыс-тарындағы қазақ ауылдары ҚазАССР-інің құра мына бірікті. Орынбор губерниясы ҚазАССР-інің құрамынан шы ғып, РСФСР құрамына енгізілді. Осы лай қазіргі тəуелсіз Қазақстан Рес публи-касының территориясы қалып-тасты.

СУРЕТТЕ: Қырғыз (Қазақ) АКСР Кеңестік халық комиссариа-т ы ж ә н е о р т а л ы қ а т қ а р у коми теті 1920-1925 жылдары орналасқан ғимарат. Орынбор қ. Фото 1980 жылы түсірілген.

Түркістанда өткен «Түр-кілер төрі – Түркістан» атты онлайн-конференцияда осын-дай пікір айтылды. Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының қолдауымен, Қазақстан Журналистер ода-ғы жəне Жазушылар ода-ғының Түркістан облыстық филиалдарының бірлесе ұйым дастыруымен өткен шараға еліміздің түкпір-түк пі-рінен 300-ден астам адам он-лайн жүйе сі арқылы қатысты.

Түркістан өңіріндегі та-рихи маңызы бар қасиетті жерлерді насихаттаудағы əде би шығармалардың рөлі, мүмкіндіктері мен əлеуетін жан-жақты талқылау, қастерлі құндылықтарымызды көп-шілік аудиторияға əдеби, та-рихи жəне публицистикалық тұрғыда жеткізудің тың жол-дарын қарастыру мақса тын-дағы конференция аясын-да биыл 75 жылдық мерей-тойы тойланып жатқан жа-зушы, «Алаш» сыйлығының иегері Мархабат Байғұттың «Түркілер төрі – Түркістан» кіта бының таныстырылы мы өтті. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жазу-шы Мархабат Байғұтқа жол-даған құттықтау хатын об-лыс əкімінің орынбасары Сəкен Қалқаманов оқып бер-ді. Конференцияның моде-раторы, Қазақстан Журна-листер одағы Түркістан об-лыстық филиалының төр-ағасы, «Egemen Qazaqstan» газетінің меншікті тілшісі Ғалымжан Елшібайдың ай-туынша, еліміздің сакралды географиясындағы тарихи жəдігерлердің дені оңтүстікте шоғырланған. Осыдан 3 жыл бұрын əзірленген Қазақ-станның киелі 100 нысаны-ның 23-і Оңтүстік өңірде орналасқан. Ал енді осы қасиетті орындардың əде-биет тегі көрінісі қандай? Бү гінгі əдебиетте қастерлі ме кендеріміз қаншалықты дəріптеліп, қамтылып жүр? Осы қастерлі орындарды на-сихаттауда, əсіресе жастарға танытуда əдеби саланың мүмкіндіктерін қаншалықты пайдаланудамыз? Осындай сауалдар сананы мазалай-тыны рас. Ел аузында киелі орындар көп айтылып жүр-генімен, көпшілік нақты де-рек терді біле бермейді. Бұл олқылықтың орнын толтыруға да қаламгерлер қауымы сүбелі үлес қосары анық. Маңызды тарихи деректерді əдеби көр-кем тілмен əспеттей оты-рып көпшілік аудиторияға жеткізудің орасан пайдасы бо латыны сөзсіз.

Конференцияға қаты сқан елімізге белгілі ғалымдар, қаламгерлер, Сенат, Мəжіліс, жергілікті мəслихат депу-таттары, сондай-ақ Түркия, Əзербайжан, Өзбекс тан ел-дерінің жазушылары, əде-биеттанушылары Түр кіс-танның тарихына, оның мəн-маңызына қатысты құн-ды пікірлерін ортаға салды. Мы салы, сенатор Əлімжан Құртаев биыл 1150 жылдығы аталып өтіп жатқан əл-Фараби бабамыздың мұрасын зерт-теудегі атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Се-натор өз сө зінде əл-Фара-бидің жүзден астам шығар-масын қазақ тіліне аудару, өмір жо лы туралы деректі, көркем фильм дер түсіру, Нұр-Сұлтан мен Түркістан қалаларында ескерткіш ор-нату туралы ұсыныстарын да айтты. Белгілі ғалым Мұх тар Қожа Түркістандағы Əзірет Сұлтан кесенесі Орта лық Азиядағы ең үлкен сəу лет ескерткіші екенін атап өтті. «Бұл кесененің бір ерек ше лігі

тайқазаны, қабір жап қышы сияқты көптеген жəдігері сақ талып қалған. Алтынмен жазылғаны Құран кітабы қазір Алматыда тұр. Мұн-дай жəдігерлер Ор талық Азиядағы бірде-бір ескерт-кіште сақталмаған», деді ға-лым. Соңғы жылдары Түр-кістанда археологтердің жұ-мысы еселене түскені мə -лім. Қожа Ахмет Ясауи кесе-несі аумағынан табылған ма ңызды тарихи нысандар археологтердің назарын өзіне аударды. Ескі Түркістан қаласының көне шахрис-тан жəне ортағасырлық ма-гис тралды көше бойынан табылған тарихи нысан-дар тек Қазақстан үшін ғана емес, əлемдік тұрғыда архео-логиялық қызығушылық туды-ратын сенсациялық жаңа-лық болып табылады. XIX ғасырдың 1843-1849 жыл дары Қоқан иелігі кезінде сыр тынан қоршалған Тəкия қақпа сының түбінде қаланың Керуенсарай орналасқан. Төрт қақпаның барлығының түбінде керуен-сарай болған. Сонымен бірге моншасы, кішігірім мүричə де-ген моншасы болған. Қазбадан та былған олжаны ғалымдар «Тəкия керуенсарайы» деп атап отыр.

Ал Түркі академиясының президенті, «Egemen Qazaq-stan» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырəлі «Түркістан идея-сы – ұлы идея» деген пікір айтты. «Түркістан осы дан екі жыл бұрын облыс ор-талығы мəртебесін ал ған кез-де бүкіл түркі əлемі қуан-ды. Түркістанның дамуы-на Президентіміз де ерекше мəн беріп отыр. Ер түрік-тің бесігі жалпы түркі əле-мінің бесігі», деді ол. Айта кетелік, Халықаралық Түркі ака демиясының қолдауымен жарық көрген Мархабат Бай-ғұттың «Түркілер төрі – Түр-кістан» кітабының алғысөзін Дархан Қыдырəлі жазған. Əл-Фараби, Ясауи сынды адамзат ауқымындағы алыптардың табаны тиіп, ірі рухания т пен мəдениеттің бесігі болған киелі өңірдің тарихы мен та ғы лымын арқау еткен қа-ламгердің бұл шығармасы түгел түркінің төріне айналған киелі Түркістанға тағылымды тарту болмақ. Конференцияда кітаптың құндылығы, елдің, жердің, Түркістанның қасие-тін танытудағы маңызын Қ.А.Ясауи атындағы Ха лық-аралық қазақ-түрік универ-ситетінің президенті Болатбек Əбдірəсілов, Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып та атап өтті. Ал Парламент Мə жілісінің депутаты Дархан Мыңбай «Түркілер төрі – Түр кістан» еңбегі арқылы Мар хабат Байғұт туған ел ал-дындағы парызын абыроймен орын дағанын айта келе, бұл еңбек түркі тілдеріне ауда-рылуы тиіс деген ұсынысын білдірді. Жиында сондай-ақ өзбекстандық жазушы, аудар-машы, «Алаш» сыйлығының иегері Мехманқул Ислам-құлов, Қазақбай Юлдашев, Əзербайжандағы Халық-аралық жас жазушылар ода -ғының төр ағасы, ақын Əкбар Қошалы, түр кия лық əде-биеттанушы Бю лент Бай рам Киркарели, Шым кент тегі «Ерлік» мұра жайы ның мең-ге рушісі Ақ марал Құдай бер-генова Мар хабат Бай ғұттың шығар машы лығы на қатысты ой-пікірлерін білдірді.

Еркін ДОСЫМБАЙ,журналист

Түркістан облысы

ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК АТАМЕКЕН

Қазақ тарихының бір кезеңі

Түркістанның түлеуі – рухымыздың қайта оянуы

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Түркістанның қайта түлеуі – ұлттық болмысымыздың, рухымыздың қайта оянуы. Түркістанның жаңғыруы тек құрылыс жұмыстары, сәулет �нерімен ғана шектелмеуі тиіс, ол тарихи, әдеби және публицистикалық жаңа туындылармен, шығармалармен де қуатталуы тиіс.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Page 14: Миллионда ан бонуса кім лайы?2020/08/26  · станның инвестициялық сенімділігі ВВВ, яғни тұрақты деп бағаланды

14 26 ТАМЫЗ 2020 ЖЫЛТАЛБЕСІК

Темір ҚҰСАЙЫН,«Egemen Qazaqstan»

Құйқалы өңірдің баға жетпес қазынасын сақтау мен қорғау, қам қорлық жасау үшін 1986 жы-лы халықаралық маңызы бар респуб ликалық дəрежедегі кіші қорық жасақталды. Қорық аумағы аңы мен құсы жыртылып айыры-латын, балығы шы пырлаған 378 мың гектарды қамтыды. Ал арада жиырма бір жыл өткен соң, яғни 2007 жылдың 14 ақпаны күні кіші қорықты қалпына келтіру мен ауқымын өсіру үшін Үкімет қау-лысына сəйкес «Ырғыз-Тор ғай» мемлекеттік табиғи резерваты» респуб ликалық мемлекеттік ме-ке месі құрылған.

Ата Заңымызда табиғат қой-науының байлығы мемлекет мен-шігі екені айқын көрсетілген. Осы орайда резерват өз қызметін республика Конституциясына жəне өзге де тиісті нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ атал ған мекеме туралы ереже ге сəйкес жүзеге асырады. Оның өз төлқұжаты мен рə міз дері жə не басқару жоспа ры бекі тіл-ген. Табиғи резерват тың құ-рылтайшысы – Үкімет. Сон-дық тан да бұл мекеме негізінен рес пуб ликалық бюджеттен, сон-дай-ақ белгіленген заңнама шең-берінде басқа да қаражат көзде-рінен қаржыландырылады.

Резерват ұғымы екінің біріне бірдей мəлім, түсінікті бола бер-меуі де мүмкін. Осы орайда бұл жө нінде қосымша дерек бере кеткеннің артығы жоқ. Бір сөзбен айтқанда, мұның өзі табиғи ке-шендердің биологиялық сан-алуандығын əрі олармен байла-нысы бар табиғи нысандарды қорғауға, қалпына келтіруге жə-не сақтауға арналған біртұтас экологиялық жүйе десе де бо-лады. Бұл ретте Ырғыз-Торғай та биғи резерватында ерекше қор ғалатын табиғи аумақ көлемі жө нінен тек елімізде ғана емес, əлем бойынша алдыңғы қатарда тұ ратыны атап айтуға тұрарлық мəселе.

Аталған ауқымды құрылым елі міз дің Ақтөбе, Қостанай, Қа-ра ғанды жəне Қызылорда секілді төрт бірдей облысының шалғай шекараларымен шек теседі. Оның бас əкімшілік кең сесі Ақтөбе облы сындағы Ыр ғыз ауданының орталығында орналасқан. Осы-нау теңдесі жоқ далалық эко-жүйенің басты ерекшелігі – өр-кениет құ ры лымдарынан, соның ішінде өн ді ріс ошақтары мен автокөлік дəліздерінен жəне темір жол бойымен елді мекен-дерден тыс қары, қашық орнала-суында. Мұн дай тылсым, тұмса табиғат өсім діктер мен жануар-лар дүниесінің табиғи жағдайда емін-еркін өсіп-өнуіне қолайлы

жағ дай туғызады. Биоло гиялық алуантүрлілік ұғымының бір тар мағы осы арадан туындай-ды. Резерват аумағында ережеге сəйкес шаруашылық қызметтерді жүргізуге рұқсат етілмейді.

Флора мен фаунаның тіршілік етуіне ең қажетті фактордың бірі – құлазыған қу дала емес, сыл-ды раған су, айнадай жарқыраған өзен дер мен көлдер. Бұл бағытта Ырғыз-Торғай резерваты аумағы Мұ ғалжар тауы мен Ұлытау ара-лығындағы 200 млн-нан астам шар шы шақырым аумақта млрд-таған текше метр еріген қар суын жинайтын Ырғыз, Торғай, Өлкиек жəне Телғара өзендері аумағында көлбей орналасқан. Сексеннен астам көл бар. Осы өзен-көлдер жүйесі бір арнаға тоғысып, ел-жұрт арасында Құрдым деп ата-лып кеткен Шалқар теңізі алабы-на бет түзейді. Бұл табиғаттың бейнебір артық су жинайтын ала пат қоймасы тəрізді. Сулы-бат пақты осынау таңғажайып таби ғат кеңістігі дүниежүзілік орни тологиялық маңызға ие.

Кейінгі кезде Торғай мемле-кеттік табиғи зоологиялық қау-ма лының (Заказник) 296 мың гек-тар жері резерваттың басқаруына бекі тіліп берілді. Сөйтіп, оның аумағы бұдан үш жыл бұрын тағы да 410 мың гектарға ұлғай-тылды. Қазір резерватқа қарас ты ЕҚТА-ның барлық жер көлемі – 1 млн 643 мың гектар. Бұл рес публикадағы алты резер ват-тың ең ауқымдысы екен. Сон-дай-ақ бұл дерек резер ваттың алатын жері Ырғыз ауданы аума ғының 39,6 жəне тұтастай

облыс аумағының 5,5 пайызын құрайтынын көрсетеді.

Бүгінде Ырғыз-Торғай ре зер -ва тында штаттық кестеге сəй кес 120 адам жұмыс істейді. Бақы-лау қызметінің басты арнала-ры – табиғи кешенді қорғауға, ғылыми-ақпараттық тұрғыда мо ни торингтік зерттеулер жүргі-зуге, өсімдіктер мен жануарлар дү ниесін қалпына келтіруге, жə-не экологиялық ағарту мен ту-ризм ісін ұйымдастыруға бағыт-талған.

Осы орайда резерват жұмысын жедел жүргізу үшін мемлекет қазы насынан 321 млн теңгеге қа-зіргі заманғы қондырғылармен жабдықталған əкімшілік ғима-раты кешені салынған. Оған орна ластырылған DAVIS ауа рай-ын бақылау бекеті қондырғысы резер ват аумағындағы ауа райы жө нінде толық мəлімет жинақтай алады. Сонымен бірге жануар-лар мен өсімдіктер дүниесінің есебін алуға арналған ареалдар да бар. Оны картаға түсіруде GARMIN жəне MARINFOW бағдарламалары қолданылады. Соның ішінде киіктердің Бет-пақдала таралымындағы əуе са-на ғына резерват инспекторлары қаты сып келеді. Бұл істе жеке-леген киік үйірлеріне спутниктік бақылау қарғылары орнатылған.

Жер бетінде жойылып кету қау пі бар, ерекше қорғауға алын-ған жануарлардың бірі – ақбөкен. Бетпақ дала таралы мындағы бұлар дың басты мекендеу ор-тасы мен миграциялық жолы – Ырғыз-Тор ғай резерваты аумағы. Бұл мекеме құрылған кезден бері

киіктер саны он еседей өсіп, 220 мыңға жуықтады.

Ырғыз-Торғай мемлекеттік та биғи резерваты қызметінің тиім ділігін көтеру ісінде толық-тай ше шімін таппаған мəселелер де бар. 1,5 млн гектардан асып түсетін ауқымды аумақты күзету мен қорғау шараларын қамту үшін қосымша штаттар мен тех-никалар қажет. Сайып келгенде оның қаржыландыру мə се лесіне тірелетіні түсінікті. Бұл тұрғыда қосымша қаржы көздерін қарас-тыру керек. Резер ваттағы елді мекендердің бір бірінен 120-140 шақырым шал ғайда орналасқаны, ауа райы ның қолайсыздығы күзет-бақы лау жұмыстарын жан-жақты жүргізуге кедергі келтіреді. 65 мем лекеттік инспектордың қыз-мет етуіне лайықталған бір ғана үй дің аздық ететіні де рас. Оның салын ғанына он жылға таяп қалды. Ал ғылыми-техникалық негіз демеге сəйкес, кем деген-де ай далада арнайы салынған қызметтік үйлердің үшеуі бо-луы қа жет көрінеді. Бұған тиісті қар жы қарастырылмағаны қын-жылтады.

Резерват қызметінің басты бір арнасын ғылыми жұмыс-тар құрайтындықтан, мекеме бас шы лығы өңірдегі жəне Нұр-Сұл тан мен Алматы қалала рын-дағы жоғары оқу орындары-мен жəне ғылыми мекемелер-мен байланыс орнатқан. Соның нəтижесінде Білім жəне ғылым министрлігінде тіркелген ғы-лыми тақырыптық зерттеу жұ-мыс та рын жүргізуге мүмкіндік жа салды. Осы тəртіппен бес

жыл дық мониторингтік зерттеу нəтижелері хатталып, «Табиғат жылнамасы» топтамасына енгі-зілген. Алматы қаласындағы «Ұлт тық ғылыми-техникалық» ақпа рат орталығындағы біртекті элек тронды базаға тіркелген. Десе де далалық ғылыми жұмыстарды тереңірек жүргізуге қажетті за-манауи құрал-жабдықтар – дрон, GPS,бейнетұзақ пен бейнекаме-ралар жетіспейді.

Бекітілген аумақта өрт жəне басқа да төтенше жағдайлар бол-масына ешкім кепілдік бере ал-майды. Осы орайда өрт сөндіру техникаларының да жетіспейтіні, ал қыс кезінде қар қалың түскен жағдайда, қар шаналардың бол-мауы да қолды байлайды. Ең бас ты қайшылықты қараңыз: бра коньерлердің астында жел-дей жүйткіген шетелдік жол талғамайтын авто көліктері. Мем-лекеттік инспекторлар оларды «УАЗ»-бен қуып жетіп ауыз-дықтай ала ма? Ырғыз-Торғай мемле кеттік табиғи резерваты бас директорының мін детін ат-қарушы Мейірхан Дуан беков-тың айтуына қарағанда, мем-лекеттік инспекторлардың бəрі бірдей қызмет қаруларымен жəне кеудеқаптар (броньжилет) қамтамасыз етілмеген. Сондай-ақ инспекторлардың жалақысы небəрі жетпіс мың теңгенің төңі-ре гінде. Бұл көрініс тек Ырғыз-Тор ғай емес, еліміздегі барлық ре зер ват тар инспекторларына тəн көрініс.

Ақт�бе облысы,Ырғыз ауданы

(Соңы. Басы 1-бетте)

Мəселен, «Жайық-Атырау» зауыты-ның директоры Ғилман Сəрсемалиевтің түсіндіруінше, бекіре шабақтары 12 тоған да өсіріледі. Əрине, шабақтарды өсірудің өзіндік талабы бар. Əуелі атал-ған зауыт пен «Амангелді» өндіріс тік кооперативінің балықшылары бекіре тұқымдас балықтың 157 данасын ау-лапты. Наурыздың басында ауланған сондай бекіренің бірінің салмағы – 148 кило. Зауыт мамандары жасанды жол-мен алынған қарауылдырық «Осетр» ап-паратында, кейін бассейінде, сонан соң тоғанда жетілді. Сөйтіп, биыл бұл зауыт Жайық өзеніне екі рет шабақ жіберді. Алғашында су айдынына бекіре, қортпа, сүйріктің 1 млн 240 мыңнан астам, кейін шоқырдың 2,8 млн шабағы жол тартты. Шабақтардың салмағы 1,5 грамнан 3-3,5 грамды құрады.

Ал «Атырау бекіре шабағын өсіру» за уытының мамандары жасанды тоған-дарда шоқырдың 3 млн 658 мың шаба-ғын өсірді. Зауыт директоры Раши-дин Қалидуллиннің мəліметінше, би-ыл ғы көктемде зауыт пен өндірістік кооперативтердің балық шылары бағалы бекіре тұқымдас балықтар тобына жа-татын шоқырдың 103 данасын аулаған. Оның ішінде 42 аналық, 61 аталық балық болған.

– Біздің мақсатымыз – Жайық-Кас-пий су бассейніне бекіре тұқымдас балық тардың шабағын жіберіп, табиғи қорын көбейту. Сол себептен, шоқыр

балығынан жасанды жолмен 60 кило қарауылдырық алынды. Осы мақсатта ауланған шоқырдың бəрін Каспий те-ңізіне жібердік. Ал Жайық өзеніне жіберілген салмағы 5-14 грамм аралығын құраған шабақтар Каспий теңізіне жетеді, – дейді Рашидин Қалидуллин.

Облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сəдібек-ұлының айтуына қарағанда, аталған бекіре тұқымдас бағалы балықтардың шабағын өсіретін екі зауытты біріктіру көзделіп отыр. Зауыттарды қайта құрылымдап, қуат ты лығын арттыру мақсаты көзделген бұл жоба арқылы жы-лына 12 млн шабақ өсіру жоспарлануда. Осыған орай тоғанда бұрын бол маған балық өсіру жобасы бас талды. Бұл рет-те «Восток» жəне «Тілек ші» ЖШС-тері мен «Абдулов» шаруа қожалығы тау-арлы бекіре мен тұқы тұ қымдас балық түрлерін өсіруге ден қойды.

Соңғы жылдары атыраулық ба лық-шы ларды толғантып жүрген Жайық пен Қиғаш өзендерінің түбін те рең-дету қолға алынды. Өйткені, бұл су мар жандарының қолайлы тіршілігі үшін ауадай қажет. Сондықтан Атырау қала сындағы Яицкий, Құрманғазы ауданының Ганюшкин жəне Жарқосы каналдарының түбін тереңдету жұмыс-тары жүргізілуде. Нақтысын айт қанда, осы кезге дейін Жайық өзені түбінің 40 шақырымын тереңдету бас талды. Қазір оның 33 шақырымының жұмысы атқарылды. Ал Қиғаш өзенінің 127 ша-қырымын тереңдету жоспарланыпты.

Осы кезге дейін оның 80 шақырымы тереңдетілді.

Дегенмен, судан маржан сүзген ба-лық шылардың қадамына көлеңкесін түсірген бұлттай кедергі жасайтын кейбір мəсе ленің түйіні толық тарқатылған жоқ. Рас, мемлекет тарапынан қолдау жоқ емес, бар. Алайда балықшылардың көңілін көншітеді дей алмаймыз. Мұның бірнеше себебі бар. Тағы да облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сəдібекұлының пікіріне жүгінсек, мұның біріншісі – аулана-тын балыққа төленетін қаржы мəселесі. Мəселен, сазан, жайын, көксерке, шортан секілді ірі балықтың бір килосы үшін ша-мамен 19 теңге 114 тиын төленуі керек. Ал бір кило ұсақ қара балық үшін 11 теңге 112 тиын төлеуге міндетті болып отыр.

Алайда балық саласындағы құры-лым дар бұл қаржыны көктемгі маусым басталардан бұрын ауланатын балықтың жалпы көлемі үшін алдын ала төлеуі керек. Бірақ, бөлінген лимит орындал-маса, төлен ген қаржы кері қай та рыл-майды. Осыған байланысты ба лық-шылар бұл қаржы тек ауланған балық тың көлеміне қарай төленетіндей мүмкіндік жасалғанын қалайды. Сонда бұл ба-лықшылар үшін қолдау боларына сенеді.

Екіншісі – балық өсіретін шаруашы-лық тарға берілетін субсидия. Қазір субсидия балық жеміне жұмсалған шығын ның 30 пайызына ғана беріледі. Балық түрлерін бассейндер мен жасан-ды тоғандарда өсірушілер жемді қайдан алады? Мəселен, «Сaspian Royal Fish»

ЖШС-нің бас балық өсірушісі Ахат Ниматовтың айтуына қарағанда, балық жемі Қазақстанда да шығарылады. Көршілес Ресейден де табылады. Десек те, аталған серіктестік ұжымы балыққа қажетті жемді Польшадан алдыруға мəжбүр болып отыр. Себебі, бассейн-дердегі тұйық суда өсірілетін балық үшін сапасы жоғары жем қажет. Де мек, балық жемінің шығынына бері летін 30 пайыздық субсидия тым аз емес пе?

Үшінші мəселе – Жайық өзеніне көр-шілес елден келетін судың тым аздығы. Қазір өзен арнасы тарылып барады. Бұл əрине, мемлекетаралық деңгейде шешімін табуы тиіс. Өйткені, Батыс Қа зақстан мен Атырау облыстарының аумағымен ағатын өзеннің бастауы Ресейде жатыр. Көршілес ел жыл сайын шөміштен қысып, суды аз жіберетін болды.

– Көктемде балық ағысқа қарсы жүзеді. Ал Жайық өзенінде су азайған сайын ағыс та баяулайды. Осының сал-дарынан Жайыққа балық та аз шы ғады, – дейді Артур Сəдібекұлы.

Атырау балықшыларының толғауы тоқсан тіршілігіне қан жүгіртер осын-дай қадау-қадау мəселелер алаңда та-ды. Ал оның түйінін тезірек тарқа тар шешім Экология, геология жəне табиғи ресурстар ми нистрлігі ұсынатын балық шаруа шылығын дамыту тұжырым-дамасына байланысты болып отыр. Тұжырымдамада балықшылар базына-сы ескеріліп, Үкімет тің назары саланы дамытуға ауады деген үміт бар. Сонда ғана балықшылардың басы нан бұлт сейілер еді.

Атырау облысы

ТОЛҒАНДЫРАР ТАҚЫРЫП

Ырғыз-Торғай резерваты қамқорлыққа зәру

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Елімізде �сімдіктер мен жануарлар дүниесіне аса бай �ңірлердің бірі – Ырғыздың ұшы-қиыры жоқ кең даласы. Ырғызда �сімдіктердің 423, құстың 250 және аңның 42 түрі бар. Қызыл кітапқа енгендері де едәуір. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

КӨКЕЙКЕСТІ

Балықшылардың басынан бұлт сейілсе игі

Page 15: Миллионда ан бонуса кім лайы?2020/08/26  · станның инвестициялық сенімділігі ВВВ, яғни тұрақты деп бағаланды

26 ТАМЫЗ 2020 ЖЫЛ 15ЖАРНАМА

М.Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті кафедралардағы профессор-оқытушылар құрамының

бос орындарына конкурс жариялайды:«Стандарттау жəне сертификаттау» кафедрасы: – кафедра меңгерушісі –

1 бірл., – оқытушы – 2 бірл.«Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасы: – профессор – 1 бірл., – аға оқытушы – 1 бірл.«Химия жəне химиялық технология негіздері» кафедрасы: – профессор – 1 бірл.«Экология» кафедрасы: – доцент – 1 бірл., – аға оқытушы – 1 бірл., – оқытушы

– 2 бірл.«Биотехнология» кафедрасы: – доцент – 1 бірл.«Металлургия» кафедрасы: – доцент – 1 бірл.«Тамақ инженериясы» кафедрасы: – аға оқытушы – 1 бірл., – оқытушы – 1 бірл.«Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі жəне технологиясы» кафедрасы: –

оқытушы – 1 бірл.«Информатика» кафедрасы: – доцент – 1 бірл., – оқытушы – 1 бірл.«Математика» кафедрасы: – доцент – 2 бірл., – аға оқытушы – 1 бірл., –

оқытушы – 1 бірл.«Менеджмент жəне маркетинг» кафедрасы: – доцент – 1 бірл.«Су ресурстары, жерді пайдалану жəне агротехника» кафедрасы: – доцент

– 1 бірл., – аға оқытушы – 2 бірл., – оқытушы – 2 бірл.«Өсімдік шаруашылығы жəне мал шаруашылығы» кафедрасы: – аға оқытушы

– 4 бірл., – оқытушы – 2 бірл.«Көлік, тасымалдауды жəне қозғалысты ұйымдастыру» кафедрасы: – до-

цент – 1 бірл.«Өнеркəсіптік, азаматтық жəне жол құрылысы» кафедрасы: – доцент – 2 бірл.«Тіршілік қауіпсіздігі жəне қоршаған ортаны қорғау» кафедрасы: – доцент

– 1 бірл.«Техникалық мамандықтар үшін практикалық орыс тілі» кафедрасы: – до-

цент – 1 бірл., – аға оқытушы – 2 бірл.«Механика жəне машина жасау» кафедрасы: – доцент – 1 бірл. «Халықаралық қатынастар жəне кеден ісі» кафедрасы: – аға оқытушы – 4 бірл.«Жалпы психология» кафедрасы: – доцент – 1 бірл., – аға оқытушы – 1 бірл.,

– оқытушы – 1 бірл.«Психология жəне арнайы педагогика» кафедрасы: – доцент – 2 бірл., – аға

оқытушы – 2 бірл., – оқытушы – 1 бірл.«Жалпы тарих жəне мұражай ісі» кафедрасы: – доцент – 2 бірл., – оқытушы

– 2 бірл.«Мектепке дейінгі жəне бастауыш оқыту теориясы мен əдістемесі» кафе-

драсы: – доцент – 1 бірл., – аға оқытушы – 1 бірл., – оқытушы – 1 бірл.«Жалпы педагогика жəне музыкалық білім» кафедрасы: – аға оқытушы – 2

бірл., – оқытушы – 2 бірл.«Спорт пəндері жəне жекпе-жектер» кафедрасы: – аға оқытушы – 2 бірл.«Дене тəрбиесі жəне бастапқы əскери дайындықтың теориясы мен

əдістемесі» кафедрасы: – профессор – 1 бірл., – аға оқытушы – 2 бірл., – оқытушы – 1 бірл.Өтініш беру мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен бастап 2 1 күнтізбелік

күннен кешіктірілмеуі тиіс. Мекенжайымыз: Шымкент қаласы, Тəуке хан даңғылы, 5, 2 1 5 бөлме (№3 оқу

ғимараты), Конкурстық комиссия хатшысы тел. 8 (7252 ) 21-01-45, www.ukgu.kz Ескерту: 1 . Конкурстық құжаттар тізімі М.Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан

университетінің ресми сайтында орналастырылады. (www.ukgu.kz );2 . Конкурстық құжаттарды сканерленген нұсқада электрондық поштаға ұсынуға

болады ([email protected])

«Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» коммер-циялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі Басқарма мүшелерінің бос лаузымына орналасуға конкурс жариялайды: стратегиялық даму жөніндегі проректор; ғылыми жұмыс жөніндегі проректор; əлеуметтік-мəдени даму жөніндегі проректор «Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мекенжайы: Қарағанды қаласы, Университетская көшесі, 28.

Қызметтің негізгі мəні – жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі жəне қосымша білім беру саласында білім беру қызметтерін ұсыну болып табылады.

Қызметтің мақсаты – ұлттық жəне жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға жəне кəсіби қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу, оқыту жəне білім беру үшін, сондай-ақ ғылыми əлеуетті дамыту жəне əзірлемелерді коммер-цияландыру үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім, білім беру ұйымдарында жəне (немесе) тиісті салалардағы уəкілетті органдарда басшылық лауазымдарда жұмыс өтілі кемінде 3 жыл болуы керек.

Конкурсқа төменді тұлғалар қатыса алмайды:1) жиырма бес жасқа толмаған;2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;3) өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;4) медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрғандар;5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де

жағдайлар.Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:1) белгіленген нысандағы өтініш;2) конкурсқа қатысушының жеке басын куəландыратын құжаттың

көшірмесі;3) 3х4 үлгідегі түрлі-түсті фотосуреті бар конкурсқа қатысушының

қызметтік тізімі;4) Білімі туралы құжаттардың жəне оларға қосымшалардың салыстырып

тексеру үшін түпнұсқаларын ұсына отырып, көшірмелері;5) жұмыс орны (қазіргі немесе соңғы) бойынша кадр қызметімен

куəландырылған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;6) № 086/у нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық

анықтама (дəрігерлік кəсіби-консультациялық қорытынды);7) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сəйкес

құжаттарды ұсыну күніне дейін бір жылдан аспайтын уақыт бұрын берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сəйкес құжаттарды ұсыну күніне дейін бір жылдан аспайтын уақыт бұрын берілген наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) қылмыстық заңнамаға сəйкес лауазымды атқаруға тыйым салынбағанын растайтын құжат.

Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, əлеуметтік, табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда көрсетілетін қызметті алу-шылар Конкурсқа қатысушылар 6, 7 жəне 8-тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсынбайды.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.

Конкурсты өткізу күні мен орны қосымша хабарланады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде «Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КеАҚ корпоративтік хатшысы-на ұсыну қажет, Қарағанды қ., Университетская к-сі, 28, кабинет, 221, тел.: +77022758762.

Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджет-тен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі бірыңғай операторды айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 мамырдағы № 301 қаулысының 7-тармағына сəйкес дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі бірыңғай операторды айқындау жөніндегі конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі – 2020 жылғы 9 қыркүйек.

Құжаттарды қабылдау мына мекенжай бойынша жүргізіледі: Нұр-Сұлтан қ., Мəңгілік ел даңғылы, 8, 15-ші кіреберіс, каб. 634.

Ұсынылған құжаттардың толықтығын бағалау жəне конкурстық ұсыныстар пакетін ашу 2020 жылғы 11 қыркүйек сағат 11.00-де мына мекенжай бойынша жүргізіледі: Нұр-Сұлтан қ., Мəңгілік ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 15-кіреберіс.

Конкурстың қорытындысы конверттер ашылған күннен бастап екі жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша шығарылады.

Анықтама үшін телефон 8 (7172) 74 12 47, 74 12 34, 8-701-266-04-76.

Утерян сертификат ЕНТ на имя Ибраһима Абылайхана Елдосұлы, номер BG 4766463. Считать недействительным.

Салман Нұртілеудің атына 2020 жылғы қаңтар айында берілген ҰБТ №BG 4743027 сертификаты жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылады.

ТОО «Big Invoice» БИН 191140027827 сообщает о своей ликвидации. Претензии принимаются в течение двух месяцев со дня публикации объ-явление по адресу г.Нур-Султан, ЖМ Мичурино, ул. Баканас 19 а. Тел: 87477578998

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Қазақстан Республикасы Қаржы минис-трлігінің Мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында бағаны жоғары-латуға электрондық аукцион өткізу арқылы 9 (тоғыз) тұрақ орнын (гараж) сату туралы хабарлайды.

Тұрақ орындар (гараж) Нұр-Сұлтан қ., Қабанбай батыр д-лы, 11 ме-кенжайы бойынша «Триумф Астаны» тұрғын үй кешенінде орналасқан:

Электрондық аукцион 2020 жылғы 9 қыркүйекте сағат 11.00-де өтеді. Электрондық аукцион өткізу шарттары жəне сатылатын объектілер туралы gosreestr.kz веб-порталында танысуға болады.

Сатылатын объектілер бойынша ақпарат алу үшін 8 (7172) 78-63-81, 8 777 574 49 36 телефондары бойынша хабарласу керек.

Республикалық меншік объекті лерін сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысымен бекітілген Жеке-шелендіру объектілерін сату қағи дасына сəйкес жүзеге асырылады.

Аукционның өткізілу күні мен уақы ты: 2020 жылғы 18 қыркүйекте

Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 10.00-ден 17.00-дейін.

Қарағанды мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті

(Қарағанды қ., Костенко көшесі, 6, 8-кабинет) бойынша

Сауда-саттықтың бағасын төмендету əдісімен ең төменгі бағасы белгіленбей аукционға қойы-лады:

Теңгерім ұстаушы – «ҚР ҚМ ММЖК Қарағанды мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру депар-таменті» ММ, мекенжайы: Қарағанды қ., Қазыбек би атындағы аудан, Костенко к-сі, 6-үй, тел. 8 (7212) 42-57-51.

1. «ПАЗ-3205» маркалы автокөлік, м/н 287АZ09, 1990 ж.ш. Бастапқы (алғашқы) бағасы – 893 772 теңге. Кепілдік жарнасы – 134 066 теңге.

2. «ЗИЛ-131» маркалы автокөлік, м/н 268ВЕ09, 1989 ж.ш. Бастапқы (алғашқы) бағасы – 1 093 622 тенге. Кепілдік жарнасы – 164 044 теңге.

3. «Урал 4320» маркалы автокөлік, м/н 306AZ09, 1987 ж.ш. Бастапқы (алғашқы) бағасы – 1 612 600 теңге. Кепілдік жарнасы – 241 890 теңге.

4. «Урал 4320» маркалы автокөлік, м/н 304AZ09, 1985 ж.ш. Бастапқы (алғашқы) бағасы – 3 351 040 теңге. Кепілдік жарнасы – 502 656 теңге.

Теңгерім ұстаушы – ҚР ДСМ ТКҚСҚБК «Қара-ғанды облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті» РММ, мекенжайы: Қарағанды об-лысы, Қарағанды қ., Қазыбек би атындағы аудан, Əлиханов к-сі, 2, тел.: 8(7212) 50-21-47, ұялы тел.:8-747-703-79-73.

5. «УАЗ-396294-016» маркалы автокөлік, м/н 718ВС09, 2007 ж.ш. Бастапқы (алғашқы) бағасы –756 000 теңге. Кепілдік жарнасы – 113 400 теңге.

6. «ВАЗ-21213» маркалы автомобиль, м/н 759ВС09, 2002 ж.ш. Бастапқы (алғашқы) бағасы – 536 000 теңге. Кепілдік жарнасы – 80 400 теңге.

7. «ВАЗ-21213» маркалы автомобиль, м/н 768ВС09, 2002 ж.ш. Бастапқы (алғашқы) бағасы – 536 000 теңге. Кепілдік жарнасы – 80 400 теңге.

8. «ВАЗ-21213» маркалы автомобиль, м/н 715ВС09, 2001 ж.ш. Бастапқы (алғашқы) бағасы – 510 000 теңге. Кепілдік жарнасы – 76 500 теңге.

9. «ГАЗ-3110-101» маркалы автомобиль, м/н 719ВС09, 2003 ж.ш. Бастапқы (алғашқы) бағасы – 510 000 теңге. Кепілдік жарнасы – 76 500 теңге.

Анықтама үшін телефондар: 8 (7212) 42-57-51, 42-57-81Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу ха-

барлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады, содан соң қатысушылар берген өтінімдерін кері қайтара алмайды.

Сауда-саттыққа қатысу үшін кепілдік жар налар мемлекеттік мүлікті есепке алу сала сындағы бірыңғай оператордың шо-тына төленеді: кепілдік жарнаны алушы – «Ақпа раттық-есептеу орталығы» АҚ; БСН: 050540004455; КНП: 171; Кбе:16;

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ есеп-айыры-су шоты (IBAN/ИИК): КZ946017111000000330; БСК: HSBKKZKX

Назар аударыңыз! Қатысушының хабарлама-да көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шо-тына сауда-саттықты өткізу туралы хабарлама-да көрсетілген кепілдік жарнаның сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Аукционға қатысу үшін мыналарды:1) жеке тұлғалар үшін: жеке сəйкестендіру нөмі-

рін (бұдан əрі – ЖСН), тегін, атын, əкесінің атын (бар болса);

2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сəйкестендіру нөмірін (бұдан əрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, əкесінің атын (бар болса);

3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші дең-гейдегі банктегі есеп айырысу шотының дерек-темелерін;

4) байланыс деректерін (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail) көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет.

Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.

Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін объект бойынша қатысушының ЭЦҚ қойылған сауда-саттыққа қатысуға өтінімді тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.

Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нəтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электронды мекенжайы-на өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.

Аукционға жіберілген қатысушыға тізілімнің веб-порталы беретін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат етіледі.

Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін

пайдалана отырып, аукцион залына кіреді. Аукцион жекешелендіру объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орна-ластыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша басталады.

Аукционды өткiзу кезiнде жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы бағасы жекешелендіру объектісінің алғашқы бағасына тең болады.

Бағаны төмендету əдісін қолдана отырып аукционды өткізу тəртібі:

1) егер аукцион басталған кезден бастап екі минут ішінде қатысушылардың бірде-бірі аукци-онда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы қағидаға сəйкес белгіленген қадамға азаяды;

2) егер баға азайғаннан кейін екі минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің соңғы жарияланған бағасы белгіленген қадаммен азаяды.

Жарияланған баға бойынша жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін бірінші болып рас-таған қатысушы бағаны төмендету аукцио нының жеңімпазы болып танылады жəне осы жеке-шелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады;

3) егер жекешелендіру объектісінің бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе жəне қаты сушылардың бірде-бірі жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамаса, онда аук-цион өткізілмеген болып танылады.

Əрбір сатылған жекешелендіру объектісі бойын-ша аукцион нəтижелері сауда-саттық нəтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы жəне жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып сауда-саттық өткiзiлген күнi тізілімнің веб-порталында қол қояды.

Сауда-саттық нəтижелері туралы хатта-ма аукцион нəтижелерін жəне жеңімпаз бен сатушының жекешелендіру объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемесін белгілейтін құжат болып табылады. Сатып алу-сату шарты электрондық форматта тізілімнің веб-порталында жасалады жəне сатушы мен сатып алушы ЭЦҚ-ны пай-далана отырып сауда-саттық нəтижелері ту-ралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде оған қол қояды. Бұл ретте сатушы сатып алушыға сауда-саттық нəтижелері туралы хаттамаға қол қойған күннен бастап күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде қол қоюға сатып алу-сату шартының жобасын ұсынады.

Егер сіз «Egemen Qazaqstan»

газетіне жарнама бергіңіз келсе,

мына телефондарға хабарласыңыз:

Нұр-Сұлтан 37-64-48, 37-60-49.

Электронды пошта: [email protected], [email protected]

Алматы 273-74-39, ф. 341-08-11.

Электронды пошта: [email protected]

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМАҚазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитеті аумақтық департаменттерінің республикалық меншік объектілерін сату бойынша www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында аукцион

өткізетіндігін хабарлайды

ОҚИҒА

Жүк пойызын жел шайқаса...

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Аяг�з ауданындағы Жақсыбұлақ стансасында ұйытқи соққан қатты желдің салдарынан жүк вагондары жылжып, қарама-қарсы келе жатқан пойызға соқтығысқан.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

«25 тамыз күні таңғы сағат 8:15-те темір жол стансасын-да тұрған жүк вагондары қатты желдің салдарынан №3471 жүк пойызына қарама-қарсы қозғалған. Жойқын соққының əсерінен 1525 шақырымда ло-комотив пен 23 вагон рельстен шығып кеткен. Локомотивтен өрт шыққан. Опат болғандар мен зардап шеккендер жоқ» деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Оқиға орын алған жерге Балқаш, Ақтоғай стансаларынан жағдайды қалпына келтіру жəне өрт сөндіру пойыздары жөнелтілді. Апаттың себеп-салдарын толық тексеру үшін арнайы жасақталған комиссия да жолға шыққан.

Шойын жолдың бойында болған апат «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Достық» қатынасындағы №54 пойыздың бағытына бөгет болды. Алайда пойыз жолаушы-лары жол жүру билеттерінде көрсетілген межелі жерлеріне ұйымдастырылған автобустар-мен жөнелтілді.

«Түйені жел шайқаса, ешкіні көктен ізде» демей ме?! Тонна-тонна вагондарды жылжытқан жел өзге нысандарға бəлендей кесірін тигізе қойған жоқ бо-лар...

Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ,журналист

Шығыс Қазақстан облысы

Думан АНАШ,«Egemen Qazaqstan»

«QAZAQSTAN KONSTI-TÝ SIA SYNA 25 JYL» моне-таларының сипаттамасына тоқ талсақ, монеталардың бет жа ғының (аверсінде) орта-лық бөлігінде Қазақстан Рес-публикасының Мемлекеттік Ел таңбасы бейнеленген. Сол жəне оң жағында – ұлттық ою-өрнек элементтері. Моне-талардың төменгі бөлігінде «100 TEŃ GE» жазуы бар. Айналдыра «QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI • NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазбалар бар. Моне та-л а р д ы ң с ы р т қ ы ж а ғ ы н д а (реверсінде) елдің негізгі заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясын бейнелейтін ашылған кітаптың айшықты бейнесі жəне Қазақстан Рес-публикасының Мемлекеттік Ел таңбасы бар. Жоғары жа-ғында соғылған жылын біл-діретін «2020» деген жазба бар. Айналдыра «QAZAQSTAN KONSTITÝSIASYNA» жəне «25 JYL» деген жазбалар бедерленген.

Техникалық өлшемдеріне назар аударсақ, «Рroof-like» са-палы монеталары МН 25 мель-хиор қоспасынан, массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, номина-лы 200 теңгелік болатын 3 мың дана таралыммен дайын дал ды. Ал «Uncirculated» сапалы мо-неталары МНЦ 15-20 МНЦ 15-20 қоспасынан, массасы 11,17 грамм, диаметрі 31 мм, номина-лы 100 теңгелік болатын 50 мың дана таралыммен дайындалды.

Монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. Номиналы 200 теңгелік жəне 100 теңгелік коллекциялық мо-неталар төлемдердің барлық түрі бойынша еліміздің аума-ғында белгіленген құнымен қа был дануға, сондай-ақ банк шоттарына есепке алынуға жə-не аударылуға міндетті, Қа зақ-станның барлық банкінде шек-теусіз ұсақталады жəне айырбас-талады.

Мельхиор қоспасынан да-йындалған монеталар кəде-сыйлық орамда шыға рылады. Коллекциялық монеталар Қа-зақстан теңге сарайында со-ғылған.

ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ

Мерейтойлық монеталар

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қазақстан Республикасы Конституциясының және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығын ұйымдастыру және �ткізу ж�ніндегі Ұлттық іс-шаралар жоспары аясында Ұлттық банк 2020 жылғы 25 тамызда мельхиор қоспасынан номиналы 200 теңгелік және нейзильбер қоспасынан номиналы 100 теңгелік «QAZAQSTAN KONSTITÝSIASYNA 25 JYL» коллекциялық монеталарын айналысқа шығарды. Конституциялық Кеңестің баспас�з қызметінің хабарлауынша, аталған монеталар-ды шығару Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына орайластырылған.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Мельхиордан жасалған монеталардың бейнесі

Нейзильберден жасалған монеталардың бейнесі

Page 16: Миллионда ан бонуса кім лайы?2020/08/26  · станның инвестициялық сенімділігі ВВВ, яғни тұрақты деп бағаланды

16 26 ТАМЫЗ 2020 ЖЫЛДИДАР

Жалпыұлттық республикалық газет. 1919 жылғы 17 желтоқсаннан шыға бастады

Басқарма төрағасыДархан ҚЫДЫРƏЛІ

Басқарма төрағасының орынбасары – бас редакторАйбын ШАҒАЛАҚ

Басқарма төрағасының орынбасарыЕрболат ҚАМЕН

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады.«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 8 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2018 жылғы 23 сəуірдеҚазақстан Республи касының Ақпарат жəне коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитеті берген. «Egemen Qazaqstan» жалпыұлттық республикалық газеті ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар талаптарына сəйкес сертификатталған.

Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.Газеттің жеткізілуіне қатысты сұрақтар үшін байланыс телефоны: 1499 («Қазпошта» АҚ)ТАРАЛЫМЫ 185 720 дана

Нөмірдің кезекші редакторыМайгүл СҰЛТАН

MЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 Нұр-Сұлтан, «Егемен Қазақстан» газеті» көшесі, 5/13 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58аАНЫҚТАМА ҮШІН:Нұр-Сұлтан: АТС 37-65-27, факс 8 (7172) 37-19-87; Электронды пошта: [email protected] Интернет-редакция: [email protected] Алматыда: 8 (727) 273-07-87, факс 8 (727) 273-07-87; Электронды пошта: [email protected] МАРКЕТИНГ БӨЛІМІ: Нұр-Сұлтанда – 8 (7172) 37-60-49, 37-64-48, [email protected], [email protected]Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-07-26, [email protected]

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР:Нұр-Сұлтан – [email protected] Ақтау – [email protected]Ақтөбе – [email protected]Талдықорған – [email protected]Атырау – [email protected]Көкшетау – [email protected]Қарағанды – [email protected]Қызылорда – [email protected]Қостанай – [email protected]Орал – [email protected]Өскемен – [email protected]Павлодар – [email protected]Тараз – [email protected]Шымкент – [email protected]Петропавл – [email protected]

Бас редактордың орынбасарларыҒабит ІСКЕНДЕРҰЛЫДуман АНАШТалғат БАТЫРХАН

Жауапты хатшы Самат МҰСА

Саясат жəне құқық бөліміЖолдыбай БАЗАР

Экономика бөліміАрнұр АСҚАР

Əлеумет жəне білім бөліміОрынбек ӨТЕМҰРАТ

Мəдениет жəне руханият бөлімі Мирас АСАН

Əдебиет жəне өнер бөліміЕрлан ЖҮНІС

Интернет-редакция бөлімі Уəлихан ҚОСАНБАЙ

МЕНШІК ИЕСІ:«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамы

Айнаш ЕСАЛЫ,«Egemen Qazaqstan»

Кездесуді Мəдениет жəне спорт вице-министрі Өркен Бисақаев ашып, бірінші ке-зекте биылғыдай күрделі жағ-дайда нарықты нығайта оты-ра бизнес пен мемлекет ара-сында сындарлы диалог құру қажеттілігін алға тартты.

Бұл басқосудың басты тақы рыбы таудағы 2020-2021 қысқы маусымға дайындық жəне ұлт тық парктерде

эко туризмді дамыту болды.Шымбұлақтағы жыл бойғы

тау курорты тұсаукесерлері бары сында компанияның бас директоры Ринат Əбдірахманов туроператорлармен бірге пакет-тік ұсыныстарды қалыптас-тыруға ерекше назар аударып, туристік қауымдастықтар бас-шыларымен курортты одан əрі дамытуды талқылады.

«Тау шаңғысы демалы-сын ұйымдастыру Қазақстанда келешегі бар бизнес, өйт кені шетелдік туристердің біз дің

тауларымызға деген қызы ғу -шылығы жəне біздің турис-теріміздің Еуропаның неме-се Орталық Азия елдерінің шетелдік тау шаңғы курортта-рына деген сұранысы да бар», – дейді Turan Asia LLP дирек-торы Гүлғайша Қасенханқызы.

Айта кету керек, статис-ти каға сəйкес, тау шаңғысы турисі өз демалысы үшін күні-не орташа есеппен 250 доллар жұм сайды, ал салыстырмалы түрде жағажайға баратын ту-рист тек 50 доллар жұмсайды.

Кездесудің екінші бөлімі то лығымен экотуризм жəне ту-рис тердің экологиялық сауат-ты лығын арттыру мəселе леріне арналды.

«Тамыр» жабайы табиғатта

болу мектебінің идеялық жетек-шісі Əсел Исанова туристерді қор шаған ортаға ұқыпты қарау-ға үйрету жоспарлары туралы айтып берді.

«Біз жұртшылыққа таудағы жүріс-тұрыс ережелерін қоғам-дық дəрістер, ақпараттық тур-лар, білім беру жəне шабыттан-дыратын медиа контент арқылы таныстыратын боламыз. Біздің басты мақсатымыз – адамның табиғатта қауіпсіз болуын, сон дай-ақ табиғатты адамның зиян ды əрекеттерінен қорғауды қам тамасыз ету», деді Əсел Иса нова.

Əрі қарай спикер мектеп жанынан эко-волонтерлік қоз ғалыс құрылатынын, оған бір айда 600-ден астам

адам тіркелгенін хабарлады. Қозғалысқа қатысушылар ара-сында мектеп оқушылары мен студенттерден басқа, кəсіби еріктілер, шығармашылық адам дары, экологтар, биолог-тар, ақ параттық технологиялар саласындағы мамандар жəне басқа да мамандандырылған тұлғалар бар.

«Мен бірлескен іс-əрекет-тердің нəтижесінде парктің лас тануы, флора мен фаунаның жойылуы, туристік ағындарды реттеу жəне тағы басқа маңыз-ды мəселелерді шешуге үлкен үлес қоса алатынымызға сенім-дімін», деді Əсел Исанова.

АЛМАТЫ

ЕЛІМ МЕНІҢ ЕРТЕГІ

Биылғы Шымбұлақ...Туристік сала өкілдері теңіз деңгейінен 3200 метр биіктікте бас қосты

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Шымбұлақ тау курортында туризм саласындағы қоғамдық және мемлекеттік ұйымдар басшыларының кездесуі �тті. Айта кету керек, мұндай кездесу алғаш рет осындай шырқау биіктікте �тіп отыр (теңіз деңгейінен 3200 м).––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

1981 жылдың күз айын-да Өз бек станның Бұхара облы-сы Тамды ауданына Алматыдан М.Əуе зов атындағы драма теа тры-ның əртістері келді. Ішінде əйгілі сахна саңлақтары Сəбира Май-қанова, Хабиба Елебекова, Нүкетай Мышбаева, Егемберген Əбуев, Құман Тастанбеков бар.

Сол жылы мен Қазақтың ауыл ша руашылығы институтын тəмамдап, елге келген едім. Жо ғары оқу орнын бітірген соң, Талды-қорған маңында 3 айлық əске ри жиында болып, əлі қызметке тұра қой маған едім. Келген қонақтар бізд ің үйімізге түсіп, мерейіміз өсіп-ақ қалды.

Ол кезде əкеміз шаруашылық кəсіподақ комитетінің төрағасы болып істейтін. Кешке театр тар-ландары атақты «Ана – Жер-ананы» көрсетті. Спектакльді кө-руге ауылдың тайлы-таяғы қал-май келіп, қойылым біткеннен соң

ха лық əртістерді сахнадан жібер-мей тұрып алды.

Содан қонақтар үйге келіп, шай үстіндегі көңілді отырыста халықтың өнерге деген ықыласына риза болып отырысты. Дастарқан басында отырғандардың өтінішіне сай Сəбира апай көп сөзге келме-стен ана образына кіріп, көз жасын төгіп жіберіп өнерін көрсеткенде отырғандар ықы ласпен қошемет көрсетісті.

Ал менің анам Құман ағаға қарап: – Меруертті де ала келме-ген екен сіз, өз көзімізбен көрер едік – дегенде, Құман аға күліп: – Айт паңыз апай, өзім де сағынып жүр мін Меруертті, – деп жұртты ду күл дірген еді.

Міне, сол кездесуден қалған белгі ретінде осы суретті əлі сақтап келе мін.

Сапар ІЗТІЛЕУОВ

Қостанай облысы

Нұрқанат ҚҰЛАБАЙ,«Egemen Qazaqstan»

Алайда ұлттық терминологияның негізін қалаған Ахмет Байтұрсынұлы біз «жиырмасыншы» деп əдіптеп жүрген реттік сан есімді «жиырманшы» деп жазған екен. Ахаң неге бұлай қате жазды екен? – деген оймен білікті ғалымдарға жүгініп көруді жөн көрдік. Алматыдағы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі инс-титуты грамматика бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы Орнай Жұбаеваға хабарласып едік, ғалым:

– Байтұрсынұлы «жиырмасын-шы» демейді, «жиырманшы» дейді.

Шындығында, сол дұрыс. Қазіргі қисынға салсақ, «екінші», «жетінші» деген сөздер «жиыр масыншы» сияқты «екісінші», «жеті-сінші» болып жазылуы керек қой. Мұны Ахмет Байтұрсынұлы да, Елдес Ома ров та, Мəулен Балақаев та «жиырманшы» деп қолданған. Кейінгі орфография лар да қате беріліп жүр. Ол дұрыс емес, – деді.

Енді қайтпек керек? Ештен кеш жақсы деп емлені түзейміз бе, əлде Байтұр-сынұлыныкін қате санап, көзжұмбайға салып жүре береміз бе? Айтпақшы, Өз-бекстан қазақтары да Ахаңша, жиырман-шы деп сөйлейді.

Қостанай облысы

Жолдасбек К�ШЕРБАЙҰЛЫ,«Egemen Qazaqstan»

Дана Абайдың ғибратты қара сөзін жатқа айтатындар көп. Со-ның бірі – Асылым Ізғали. Аты-рау қаласындағы №40 орта мек-тептің 5-сыныбына баратын ол сабақтан тыс уақытта қа зақ ақын-жазушы ларының шы ғармаларын оқығанды ұнатады. Жақында ақынның қара сөздерінен үзінді оқып, сыныптастарына челлендж ретінде жолдады.

Ұлы ойшылдың өлеңдері мен қара сөздерін түгелге дерлік жатқа айтады. Қазақ ертегілерін де біледі. Би үйірмесіне қатысады. «Жайық қызы» би ансамблінің құрамында «Қазақстан таланттары»

І республикалық рухани-патриоттық байқауына қаты-сып, бірінші дəрежелі диплом-мен марапатталған.

– Абайдың шығармалары – мəңгілік мұрамыз. Алғаш рет ақын шығармаларымен та-ныстырып, көркем сөз оқу ға баулыған ұстаздарым Айнұр Исағалиева мен Зоя Мең діға-лиева болатын. Қызылқоға

ауданының Қарабау орта мектебінде та-рих пəнінен дəріс беретін Ізғали атам ел тарихымен, əдеби шығармалармен кеңірек танысқанымызды қалайды. Əсіресе ұлы ақын Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін жатқа айтып жүрмін, – дейді Асылым Ізғали.

Атырау облысы

БІР СУРЕТТІҢ СЫРЫ

«Меруертті өзім де сағынып жүрмін»

НЕ БАЙҚАДЫҢЫЗ?

Байтұрсынұлының «қатесі»––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Мектеп баласы дәптеріне «Жиырманшы қыр күйек» деп жазса, ұстазынан с�гіс еститіні анық. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

ЕРКІН ЕЛДІҢ ЕРТЕҢІ

Абайды жаттаған Асылым

АҚШ-та жолымыз болмады

–––––––––––––––––––––––––––––Бұл күндері әлемнің бірқатар елінде теннистен халықаралық турнирлер �туде. Сол жарыстарда Қазақстанның �рендері де �нер к�рсетуде. –––––––––––––––––––––––––––––

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында жалауы желбіреген WTA додасы жерлестеріміз үшін сəтсіз аяқталды. Еліміздің бірінші ракетка-сы Елена Рыбакина тұсаукесер кездесуінде ойда-жоқта 25 жастағы ресейлік Екатерина Александроваға есе жіберді – 5:7, 6:7. Юлия Путинцева алғашқы айналымда қытайлық Чжан Шуайды шаң қаптырды – 6:4, 6:3. Келесі кезеңде оның жолы жоғарыда есімі аталған Ресей теннисшісімен қиысты. Бұл бəсекеде де Александрованың асығы ал-шысынан түсті – 7:5, 7:6. Нью-Йорктегі турнирдің ерлер сайысында Александр Бублик Карен Хача новтың осал тұсын таба алмады – 4:6, 4:6.

Ал Прагада өтіп жатқан жарыста Дмитрий Попко үшінші кезеңге шықты. Кеше ол неміс ойыншысы Оскар Оттеден 7:5, 6:3 есебімен басым түсті. Енді отандасымыз германиялық Янник Маден мен чехиялық Михаэль Врбенски арасындағы кездесудің жеңімпазымен шеберлік байқасады.

Зайнутдинов ЦСКА намысын қорғайды

–––––––––––––––––––––––––––––Ресейдің «Ростов» клубында �нер к�р-сететін жерлесіміз Бахтиер Зайнут-динов енді ЦСКА командасының на-мысын қорғайды.–––––––––––––––––––––––––––––

Қазақстан құрамасының ойыншысы Бахтиер Зайнутдиновты сатып алу үшін ЦСКА мен «Ростов» келіссөздер жүргізіп, тараптар өзара келісімге келді. Зайнутдинов ЦСКА-мен 2024/2025 маусымға дейін келісімшарт жасасты.

Зайнутдинов «Ростовта» барлық турнир-де 35 матч өткізіп, төрт голдың авторы атан-ды. Жартылай қорғаушының «Ростовпен» келісімшарты 2020 жылдың соңына дейін жасалған еді, ал оның трансферлік құны екі миллион еуроға бағаланады.

«Тур де Франс» басталады

–––––––––––––––––––––––––––––29 тамызда велошабандоздар арасын-дағы ең белді жарыс – «Тур де Франс» бас талады. 20 қыркүйекке дейін созы ла-тын к�пкүндікте «Астана Про Тим» клу-бының да спортшылары бақ сынайды.–––––––––––––––––––––––––––––

Сонау 1903 жылы тұсауы кесілген дүбірлі додада Қазақстанда іргетасы қаланған айтулы команданың мүшелері табысты өнер көрсеткені жанкүйерлердің жадында. Атап айтсақ, 2009 жылы испаниялық Альберто Контадор жəне 2014 жылы италиялық Винченцо Нибалидің осы жарыстың бас жүлдесін олжа-лап, «Астананың» абыройын асқақтатқан еді. 2009 жылы біздің ұжым командалық сайыста теңдессіз танылды. Жекелеген кезеңдерде басқа да велошабандоздарымыз шашаларына шаң жұқтырмады. Ал былтыр өткен бəсекеде 22 жастағы колумбиялық спортшы Эган Бернальға тең келер ешкім табылмады.

Биылғы жарыста «Астана Про Тим» клу бы ның намысын мына спортшылар қорғайды: Алек сей Луценко, Мигель Анхель Лопес, Луис Леон Санчес, Йон Исагирре, Горка Исагирре, Уго Уль, Омар Фраиле жəне Харольд Техада.

ДайындағанҒалым СҮЛЕЙМЕН,«Egemen Qazaqstan»

ТЕННИС

ФУТБОЛ

ВЕЛОСПОРТ