Мерей Тўзды судан – тўщы су ТОЌСАН БЕСТІЅжыл...

18
№248 (28471) 20 ЖЕЛТОҚСАН СЕНБІ 2014 ЖЫЛ «Рауандап таң атады, күлімсі- реп күн шығады. Ел ұйқыдан ояна- ды. Дəл осы шақта əр үйдің тере- зесінен таза ауа, есігінен «Егемен Қазақстан» кіреді. Газет!.. Бас газеті- міз!.. Таңғы ауадай тап-таза, жап- жаңа!.. Таза ауа бойымызды сергіт- се, газет ойымызды өрбітеді. Күн көзінен үйімізге нұр тараса, газет бетінен санамызға сыр ұялайды». Академик Зейнолла Қабдолов осылай жазған еді. Қазақ дала- сында əр үйдің терезесінен енген таза ауамен бірге бас газетіміз кіре бастағалы тұп-тура 34 699 күн болыпты. 95 жылды 365 күнге көбейтіп, сол кезеңнің кібісе жылдарындағы 24 күнді қоссаңыз, осындай сан шығады. Газет қалай дайындалады? Тағы бір рет еске түсірелікші. Əуелі ой туады. Сосын сөз шығады. Жазылады. Жолданады. Оқылады. Бағаланады. Тексеріледі. Түзетіледі. Теріледі. Тазартылады. Оқылады. Тағы түзетіледі. Тағы оқылады. Қол қойылады. Бір мақала дайын болды. Бір бетке осындай қанша мақала керек! Бір нөмірге осындай қанша бет керек! Нөмір жоспарланады. Беттер макеттеледі. Мақалалар бетке түседі. Корректор оқиды. Кезекші редактор оқиды. Басшылық оқиды. Тағы түзетіледі. Қысқартылады. Толықтырылады. Безендіріледі. Қол қойылады. Баспаханаға жіберіледі. Реттеледі. Беттеледі. Басылады. Тасылады. Поштаға барады. Үйді-үйге жеткізіледі. Газет оқырманның қолына тиеді. Газеттің бір нөмірі! Ертеңіне бəрі басынан қайтадан басталады... Ал енді ала таңнан қолға алы- нып, келер таңға ұласатын осы шұбатылған шаруаның 1919 жыл- дың 17 желтоқсаны мен 2014 жылдың 17 желтоқсаны аралы- ғындағы 34 699 күннің ішінде 28 470 рет атқарылғанын ойша шама- лап көріңізші!.. Ғажайып жұмыс, ғаламат еңбек! Тоқсан бес жастың төріне көтеріліп отырған ел газеті «Егемен Қазақстанның» жүріп өткен жолы бұл. Ұлы жол. Жаңа өмірдің соны сүрлеуіне түскен халықтың соқтықпалы-соқпақты, тайғақ кешулі жолының, жетпіс жылдайғы социалистік дəуірдің, ширек ғасырдайғы тəуелсіздік кезеңінің шежіресі жарқырап жатыр бұл газеттің сарғайған беттерінде. Оның тігінділерінен ғасырға жуық уақыттың ішінде сөз алған жүз- жүз мыңдаған адамдардың дауы- сы күңгірлеп естіліп тұрғандай. Бас басылымды қазақтың Смағұл Сəдуақасов, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Əуезов, Бейімбет Майлин, Сəкен Сейфуллин, Тұрар Рысқұлов, Ораз Жандосов, Ғабит Мүсірепов, Шерхан Мұртаза, Əбіш Кекілбаев сынды титан тұлғалары басқар- ғанының өзі «Егемен Қазақстан- ның» қандайлық қасиет, киеге ие екенін даусыз дəлелдейді. Бұл газет – ұлттық рухтың ұлы ұстындарының бірі. Ұзақ жылдар бойы партиялық ба- сылым саналып, «Ұшқын», «Еңбек туы», «Еңбекшіл қазақ», «Еңбекші қазақ», «Социалды Қазақстан», «Социалистік Қазақстан» атанып келген бұл газет əр сөздің саңлауынан сығалайтын сол цензуралы за- манда да халықтық сипатын, елдік мінезін сақтай білді. Тəуелсіздік таңы атқаннан-ақ басылымның бағы жан- ды, ой шідері ағытылып, тіл тұсауы шешілді. «Егемен Қазақстан» ата- нып, шын мəнінде еркін елдің жалпы- ұлттық газетіне, нағыз халықтық мінберге айналды. Егемендіктің елең-алаңындағы елдің есін кетірген қиындықтар тұсында таралымы күрт түсіп кет- кен басылымның беделі соңғы он- он бес жылда ұдайы биіктеумен болды. 2000 жылғы 38 мыңдық та- ралымнан 2014 жылы 201 мыңдық таралымға жету, яғни бес есе- ден астам өсу əр мақаланың, əр сұхбаттың жолында жанын жеп, жылт еткен жақсылықты жұртқа жеткізгенше жанталасқан ре- дакция журналистерінің жүйелі жұмысының жемісі болумен қатар, бізге орнықты ойға құрылған, сал- мақты сөзбен өрілген материал- дарын жолдап отырған ардақ- ты авторларымыздың да арқасы екенін атап айтып, той тұсында ел газетінің деңгейін көтеруге атса- лысқан азаматтардың бəріне, газет- ке жазылуға жылда жұмылып, елдік қасиет, азаматтық белсенділік, мемлекеттік тілге жанашырлық та- нытудан танбаған қалың оқырман қауымға алғысымызды білдіреміз. Ерекше алғысымыз газет жұ- мысын əрдайым назарында ұстап, ұжымға нақты қамқорлық көрсе- тумен келе жатқан, тоқсанға толар тойымыздың тұсында редакцияға сегіз қабаттық сəнді ғимарат сал- дыртып, оны өзі келіп ашып бер- ген, журналистерді, ардагерлерді шын ықыласпен құттықтаған, басы- лымды «Отанымыздың бас газе- ті» деп атаған Елбасына – Қазақ- стан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевқа арналады. Елбасы сеніміне алдағы кезде де сай болу жолында егеменқазақстандықтар білімін де, білігін де, қажырын да, қайратын да аямайды деп ұжымды 2000 жылдан бері басқарып отырған тəжірибелі адам ретінде анық айта аламын. Қазақтың сөзін ұстаған небір жақсы мен жайсаңның қасиетті жолын жалғастыру бақыты бұйырған тағдырыма тəубе деймін, халқымыздың бас газетінің тізгінін тапсырған Елбасына шексіз разы- лығымды білдіремін. Елдіктің сөзін сөйлеу – біздің қасиетті парызымыз. Ел газеті атанған «Егемен Қазақ- стан» қай кезде де парызға адал- дығынан айнымайды. Ел газетінің тоқсан бестің төрі- не көтерілген тойы – елдің де тойы. Тойымыз құтты болсын, қадір- менді оқырман! Жазар жақсылық, жеткізер жаңалық көп болсын! Сауытбек АБДРАХМАНОВ, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының президенті. ––––––––––––––––––– «Егемен Қазақстан» газетінің 95 жылдығына арналған мақалалар топтамасын 9 – 18-беттерден оқисыздар. ТОЌСАН БЕСТІЅ ТҐРІНДЕ Елбасыныѕ апталыќ кестесі Президенттің баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қаты- суымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасы туралы хабарлады. 22 желтоқсанға Қазақстан Президентінің Украинаға жұмыс сапары жоспарланған, оның ба- рысында сол елдің басшылығымен келіссөздер жүргізіледі. 23 желтоқсанда Мəскеуде Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей жəне Тəжікстан президенттерінің қаты- суымен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессия- сы өтеді. Сондай-ақ, 2015 жылғы 1 қаңтарда іске қосылатын ЕАЭО- ның қарсаңында Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения жəне Қырғызстан президенттерінің қатысуымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мемлекет басшылары деңгейіндегі оты- рысы болады. 25 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстанды жаңаша индустрияландыру: 2014 жылдың жəне бірінші бесжылдықтың қорытындылары» атты жалпыұлттық телекөпір шарасына жəне «Алтын сапа» сыйлығының лауреаттарын салтанатты марапат- тау рəсіміне қатысады деп жоспарланып отыр. Мерейтой құтты болсын, «Егеменім», «Егемен» – ел ішінде көбегенім. Мен сенің əр сөзіңнен аңғарамын, Елімді Жаратқанның жебегенін. Айдай əлем таниды ажарыңнан, Шыққанын тəуелсіздік төбеге елім. Күн сайын күнмен бірге сен де шығып, Шуағын шындық сөздің себеледің. Мен сенен оқимын да, мерейленем Еліме Елбасының не дегенін. Он миллион қазақпен жаным бірге, Бəрімен тағдырлас бір кемедемін. Жалаудай желбіреген сені көрсем, Жарқ етіп шыққан сынды төбеге күн. Елімнің төлқұжаты сияқтысың, Ежелден еңсең биік «Егеменім». Қазыбек, Əйтекеге ақыл қосқан, Төрдегі төбе биім – Төлем едің. Сен барда елжіреген жүрек сезім, Еліме жетпеу керек неге менің?! Бабадан қалған рух, өнегенің, Дəнегін əр жүрекке мен егемін. Сенімен жарқылдаса сырым, жырым, Ол мені қолтығымнан демегенің. Ерім деп, еңбегімді елегенің, Мерейтой құтты болсын, «Егеменім!» Жүрсін ЕРМАН, Қазақстан Жазушылар одағының М.Мақатаев атындағы сыйлығының лауреаты. Өмір жəне өлең «Егеменге» хат Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен Ақмола облысының Калачи жəне Батыс Қазақстан облысының Бере- зовка ауылдарындағы қалыптасқан жағдай туралы мəселелер қаралған селекторлық кеңес болып өтті. Оған орталық жəне жергілікті атқа- рушы органдардың басшылары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Кеңес қорытындысы бойынша Б.Сапарбаев мемлекеттік органдарға 2015 жылдың 10 қаңтарына дейін аталған ауыл тұрғындарын түгелдей профилактикалық тек- серуден өткізуді жəне атқарылған жұмыстардың нəтижесі туралы толық ақпарат беруді тапсырды, деп хабар- лады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Кеше палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мəжіліс бюросы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тəртібі нақтыланды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Мəжіліс бюросы: кїн тəртібі белгіленді Депутаттар талқысына Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс, ең төменгі əлеуметтік стандарттар мен кепілдіктер, үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы жəне өтемақы шаралары туралы заң жобалары бірінші оқылымда ұсынылады. Сондай-ақ, күн тəртібі жобасында Қазақстан Үкіметі мен Катар Мемлекеті Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдыр- мау жəне салық салудан жалтаруға жол бер- меу, Қазақстан Үкіметі мен Өзбекстан Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы, Қазақстан Үкіметі мен Жануарлардың саулығы жөніндегі дүниежүзілік ұйым арасындағы Жануарлардың саулығы жөніндегі дүниежүзілік ұйымның Аусыл бой- ынша субөңірлік үйлестіру кеңсесін Астана қаласында құру туралы келісімдерді жəне шекарааралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау мен пайдалану туралы конвенцияның 25 жəне 26-баптарына түзетуді ратификациялауға қатысты құжаттар бар. Мəжілісмендер осы күні энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігін арттыруға, сондай-ақ, тұрғын үй қатынастары мəселелері бойынша Сенат енгізген өзгерістерді қарайды. Сонымен қатар, халық қалаулылары палатаға түскен бірқатар жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдайды. Нұрбол ƏЛДІБАЕВ, «Егемен Қазақстан». Өркениетті елдердегідей адам қажеттілігін өтеп, нарықтық экономиканың өркендеуіне жол ашып, дамыған 30 елдің қатарынан орын алу басты мақсатқа айналғаны мəлім. Осынау игі қадамға өзіндік үлесін қосуды па- рыз санаған жетісулықтар Қазақ- стан Республикасында ғана емес, əлемнің барлық елдерінде, əсіресе, Моңғолия мен Түрікменстан жерлерінде көптеп кездесетін сортаңның астындағы жер қабатынан шығатын тұзды суды тазартып, санитарлық талапқа сай ауыз суға айналдыруда. Рас, бұл тосын жаңалық емес. Бірақ Алматы облысындағы «Эй- кос» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жаңа жұмысы 1 литрінде 9 грамға дейін тұзы бар бұлыңғыр суды та- зартып, пайдалануға беруде. Қуанарлық жайт. Қуанарлығы сол, Алматы облысында жаса- лып, пайдаланылуға енгізілген күн нұрынан қуат алатын түрлі көлемдегі батареялар енді жаңа нарыққа тағы бір жол ашты. Нақтылай түссек, сол батаре- ялар арқылы жұмыс істейтін сүзгі іспетті шағын қондырғылар тұзды суды тазартып, адам қажет- тілігін өтейді. Бұл түрлі сала ма- мандарына, əсіресе, ауыл шаруа- шылығы саласы қызметкерлеріне қат дүние. Біріншіден, таза ауыз су ішіп адам денсаулығын сақ- таса, екіншіден, жер ыңғайына орай шаруасын тындырып, төрт түлігін алаңсыз баға береді. Тиімді де тəуелсіз əрекет осы емес пе?! Негізі сортаңдар жер асты- үсті су көздерімен байланыста болады. Жиі жоғары концен- трациялы (ТДS) тұзды бойында сақтағандықтан жануарлар ішіп жүре бергенімен, адамзаттың ішуіне жарамайды. Жер асты су қоймалары суының əр литрінде 4 грамға дейін тұз болады. Бұл – Еуропа елдерінде қалыпты деп саналатын мөлшерден 10- 12 есе жоғары. Борис Пилатов басқаратын «Эйкос» фирмасы заңнама талабына сай патент- ке ие болып, ұсынып отырған қондырғының құрамына тазартылған суды құятын ыдыс, қол сорғысы, қалдықтарды ұстап қалатын сүзгі, залалсызданды- румен қатар тұзсыздандыратын электродиализді аппарат, күн батареясы, жұмсақ шлангалар, судың тұздылығын тексеретін есептегіш кіреді. Қажеттілігі үшін сортаңдағы суды пайдаланушы сол ашық су көзінен суды алып, тұндырып, екінші ыдысқа құйған соң сорғының күшімен сүзгіден өткізеді. Артық сұйықтан ажы- ратылып тазартылған су биікке қойылып немесе ілінген ыдысы- нан шланга арқылы ағып (электр қуаты шығынынсыз) залалсыздан- дырумен қатар тұзсыздандыратын электродиализді аппаратқа құйылады. Осынау қарапайым əдіспен тазартылған ауыз суды пайдалануға болады. Бұл тəсілмен бұлтсыз ашық бір күнде 100 литрге дейін ауыз су алуға болады. Қосымша аккумулятор жалғағанда сол мөлшерді 1,2-1,3 есеге көбейту мүмкіндігі тағы бар. Қорыта айтқанда, қолда бар- ды ұқсатып, заман ағымына сай əрекет ете білу де уақыт тала- бы. Тек кəсіби тұрғыда зерде- леп, нарық заңына сай пайдалану қарастырылып, жаңа нарыққа соны жол ашылса құба-құп. Алматы облысы. Жасампаздық жемістері Тўзды судан – тўщы су Мерей Динара БІТІКОВА, «Егемен Қазақстан». Биылғы жыл Алматы үшін табысты жыл болды, яғни əлеу- меттік-экономикалық барлық көр- сеткіштер мен салалар бойынша қарқынды өсім байқалды. Негізгі көрсеткіштерге тоқталсақ, қаланың жалпы өңірлік өнімі алғаш рет 8 трлн. теңгеден асатын болады. Бұл тұрғыда өсім 6,3 пайызды құрап отыр, деді А.Есімов. Сонымен бірге, ол Алматыдағы инфляция деңгейі жыл қорытындысы бойынша 7 пай- ыздан аспайтынын атап көрсетіп, 11 айдың нəтижесі бойынша бұл көрсеткіш 6,4 пайыз болғанын жеткізді. Оған қоса, əкімнің мəліметінше, өңірде тұрақты экономикалық өсім байқалған. Атап айтқанда, 2014 жылы қалада 22,6 мың жаңа жұмыс орны құрылған. Қала еліміз ІЖӨ-сінің бестен бір бөлі- гін, салық түсімдерінің 27 пайы- зын, көтерме жəне бөлшек сау- да операцияларының 50 пайыз- ға жуығын, сыртқы сауда айна- лымының бестен бір бөлігін, екінші деңгейлі банктің несие қоржынының 60 пайызын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, 2014 жылдың 11 ай- ында алматылықтардың орташа жалақысы 16,5 мың теңгеге артып, 155 мың теңгені құраған. Одаќ таєы бір елмен толыєып отыр Сенат Еуразиялыќ экономикалыќ одаќ туралы шартќа Арменияныѕ ќосылуы туралы шартты ратификациялады Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының отырысы болды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Сенаторлар 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы шартты ратифи- кациялады. Құжат туралы баяндаған Ұлттық эконо- мика министрі Е.Досаев төрт еркіндікті: тауарлар, капитал, қызмет көрсетулер жəне жұмыс күшінің еркін қозғалысын қамтамасыз етуге жағдай жасауға бағытталған келісімдерге Арменияның қосылуы Шарттың негізі болып табылатынын атап өтті. Шарт күшіне енген күннен бастап Армения Республикасы Еуразиялық экономикалық одақтың мүшесі болады жəне Шартта көзделген міндеттерді өзіне қабылдайды. Бўл ауылдар Їкімет назарында Оѕтїстік мегаполисте оѕды істер кґп Кеше Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде Алматы қаласының əкімі Ахметжан Есімовтің қатысуымен бри- финг өтті. Ол оңтүстік мегаполистің əлеуметтік-экономикалық дамуы мен мемлекеттік жəне салалық бағдарламалардың жүзеге асырылуы туралы баяндап, тілшілердің сұрақтарына жауап берді. Бїгінгі нґмірде: Бірлігі берік елдіѕ болашаєы баянды 2-бет Ґмірге ќўштарлыќ 7-бет Елбасылымы 11-бет Сґредегі сарєайєан беттер сґйлесе... 12-бет (Соңы 5-бетте). (Соңы 5-бетте).

Upload: others

Post on 10-Feb-2020

21 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

№248 (28471)20 ЖЕЛТОҚСАН

СЕНБІ2014 ЖЫЛ

«Рауандап таң атады, күлім сі-реп күн шығады. Ел ұйқыдан ояна-ды. Дəл осы шақта əр үйдің тере-зе сінен таза ауа, есігінен «Егемен Қазақстан» кіреді. Газет!.. Бас газеті-міз!.. Таңғы ауадай тап-таза, жап-жаңа!.. Таза ауа бойымызды сергіт-се, газет ойымызды өрбітеді. Күн көзінен үйімізге нұр тараса, га зет бетінен санамызға сыр ұялайды».

Академик Зейнолла Қабдолов осылай жазған еді. Қазақ дала-сында əр үйдің терезесінен енген таза ауамен бірге бас газетіміз кіре бастағалы тұп-тура 34 699 күн болыпты. 95 жылды 365 күнге көбейтіп, сол кезеңнің кібісе жылдарындағы 24 күнді қоссаңыз, осындай сан шығады.

Газет қалай дайындалады? Тағы бір рет еске түсірелікші.

Əуелі ой туады. Сосын сөз шығады. Жазылады. Жолданады. Оқылады. Бағаланады. Тексеріледі. Түзетіледі. Теріледі. Тазартылады. Оқылады. Тағы түзетіледі. Тағы оқылады. Қол қойылады. Бір мақала дайын болды. Бір бетке осындай қанша мақала керек! Бір нөмірге осындай қанша бет керек! Нөмір жоспарланады. Беттер макеттеледі. Мақалалар бетке түседі. Корректор оқиды. Кезекші редактор оқиды. Басшылық оқиды. Тағы түзетіледі. Қысқартылады. Толықтырылады. Безендіріледі. Қол қойылады. Баспаханаға жіберіледі. Реттеледі. Беттеледі. Басылады. Тасылады. Поштаға барады. Үйді -үйге жеткізіледі. Газет оқырманның қолына тиеді. Газеттің бір нөмірі!

Ертеңіне бəрі басынан қайтадан басталады...

Ал енді ала таңнан қолға алы-нып, келер таңға ұласатын осы шұбатылған шаруаның 1919 жыл-дың 17 желтоқсаны мен 2014 жылдың 17 желтоқсаны аралы-ғындағы 34 699 күннің ішінде 28 470 рет атқарылғанын ойша шама-лап көріңізші!.. Ғажайып жұмыс, ғаламат еңбек!

Тоқсан бес жастың төріне көте ріліп отырған ел газеті «Еге мен Қазақстанның» жүріп өткен жолы бұл. Ұлы жол. Жаңа өмір дің соны сүрлеуіне түскен халықтың соқтықпалы-соқпақты, тайғақ кешулі жолының, жетпіс жылдайғы социалистік дəуірдің, ширек ғасырдайғы тəуелсіздік кезеңінің шежіресі жарқырап жатыр бұл газеттің сарғайған беттерінде. Оның тігінділерінен ғасырға жуық уақыттың ішінде сөз алған жүз-жүз мыңдаған адамдардың дауы-сы күңгірлеп естіліп тұрғандай. Бас басылымды қазақтың Смағұл Сəдуақасов, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Əуезов, Бейімбет Майлин, Сəкен Сейфуллин, Тұрар Рысқұлов, Ораз Жандосов, Ғабит Мүсірепов, Шерхан Мұртаза, Əбіш Кекілбаев сынды титан тұлғалары басқар-ғанының өзі «Егемен Қазақ стан-ның» қандайлық қасиет, киеге ие екенін даусыз дəлелдейді.

Бұл газет – ұлттық рухтың ұлы ұстындарының бірі.

Ұзақ жылдар бойы партиялық ба-сылым саналып, «Ұшқын», «Ең бек туы», «Еңбекшіл қазақ», «Еңбекші қазақ», «Социалды Қазақстан», «Социалистік Қазақ стан» атанып

келген бұл газет əр сөздің саңлауынан сығалайтын сол цензуралы за-манда да халықтық сипатын, елдік мінезін сақтай білді. Тəуелсіздік таңы атқаннан-ақ басылымның бағы жан-ды, ой шідері ағытылып, тіл тұсауы ше шілді. «Егемен Қазақстан» ата-нып, шын мəнінде еркін елдің жалпы-ұлттық газетіне, нағыз халықтық мінберге айналды.

Егемендіктің елең-алаңындағы елдің есін кетірген қиындықтар тұсында таралымы күрт түсіп кет-кен басылымның беделі соңғы он-он бес жылда ұдайы биіктеумен болды. 2000 жылғы 38 мыңдық та-ралымнан 2014 жылы 201 мыңдық таралымға жету, яғни бес есе-ден астам өсу əр мақаланың, əр сұх баттың жолында жанын жеп, жылт еткен жақсылықты жұртқа жеткізгенше жанталасқан ре-дакция журналистерінің жүйелі жұмысының жемісі болумен қатар, бізге орнықты ойға құрылған, сал-мақты сөзбен өрілген материал-дарын жолдап отырған ардақ-ты авторларымыздың да арқасы екенін атап айтып, той тұсында ел газетінің деңгейін көтеруге атса-лысқан азаматтардың бəріне, газет-ке жазылуға жылда жұмылып, елдік қасиет, азаматтық белсенділік, мем лекеттік тілге жанашырлық та-нытудан танбаған қалың оқырман қауымға алғысымызды білдіреміз.

Ерекше алғысымыз газет жұ-мысын əрдайым назарында ұс тап, ұжымға нақты қамқорлық көрсе-тумен келе жатқан, тоқсанға толар тойымыздың тұсында редакцияға сегіз қабаттық сəнді ғимарат сал-дыртып, оны өзі келіп ашып бер-ген, журналистерді, ардагерлерді шын ықыласпен құттықтаған, басы-лымды «Отанымыздың бас газе-ті» деп атаған Елбасына – Қазақ-стан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевқа арналады. Елбасы сеніміне алдағы кезде де сай болу жолында егеменқазақстандықтар білімін де, білігін де, қажырын да, қайратын да аямайды деп ұжымды 2000 жылдан бері басқарып отырған тəжірибелі адам ретінде анық айта аламын. Қазақ тың сөзін ұстаған небір жақсы мен жайсаңның қасиетті жолын жалғастыру бақыты бұйыр ған тағдырыма тəубе деймін, халқы мыздың бас газетінің тізгінін тап сырған Елбасына шексіз разы-лығымды білдіремін.

Елдіктің сөзін сөйлеу – біздің қасиетті парызымыз.

Ел газеті атанған «Егемен Қазақ-стан» қай кезде де парызға адал-дығынан айнымайды.

Ел газетінің тоқсан бестің төрі-не көтерілген тойы – елдің де тойы.

Тойымыз құтты болсын, қадір-менді оқырман!

Жазар жақсылық, жеткізер жаңалық көп болсын!

Сауытбек АБДРАХМАНОВ,«Егемен Қазақстан»

республикалық газеті» акционерлік қоғамының

президенті.–––––––––––––––––––«Егемен Қазақстан» газетінің 95 жылдығына арналған мақалалар топтамасын 9 – 18-беттерден оқисыздар.

ТОЌСАН БЕСТІЅ ТҐРІНДЕ

Елбасыныѕ апталыќ кестесі

П р е з и д е н т т і ң б а с п а с ө з қызметі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қаты-суымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасы туралы хабарлады.

22 желтоқсанға Қазақстан Пре зи дентінің Украинаға жұмыс сапары жоспарланған, оның ба-рысында сол елдің басшылығымен келіссөздер жүргізіледі.

23 желтоқсанда Мəскеуде Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей жəне Тəжікстан президенттерінің қаты-суымен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессия-сы өтеді.

Сондай-ақ, 2015 жылғы 1 қаңтарда іске қосылатын ЕАЭО-ның қарсаңында Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения жəне Қыр ғызстан президенттерінің қатысуымен Жоғары Еуразиялық эконо микалық кеңестің мемлекет басшылары деңгейіндегі оты-рысы болады.

25 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстанды жаңаша индустрияландыру: 2014 жылдың жəне бірінші бесжылдықтың қорытындылары» атты жалпыұлттық телекөпір шарасына жəне «Алтын сапа» сыйлығының лауреаттарын салтанатты марапат-тау рəсіміне қатысады деп жоспарланып отыр.

Мерейтой құтты болсын, «Егеменім»,«Егемен» – ел ішінде көбегенім.Мен сенің əр сөзіңнен аңғарамын,Елімді Жаратқанның жебегенін.Айдай əлем таниды ажарыңнан,Шыққанын тəуелсіздік төбеге елім.Күн сайын күнмен бірге сен де шығып,Шуағын шындық сөздің себеледің.Мен сенен оқимын да, мерейленемЕліме Елбасының не дегенін.Он миллион қазақпен жаным бірге,Бəрімен тағдырлас бір кемедемін.Жалаудай желбіреген сені көрсем,Жарқ етіп шыққан сынды төбеге күн.

Елімнің төлқұжаты сияқтысың,Ежелден еңсең биік «Егеменім».

Қазыбек, Əйтекеге ақыл қосқан,Төрдегі төбе биім – Төлем едің.Сен барда елжіреген жүрек сезім,Еліме жетпеу керек неге менің?!Бабадан қалған рух, өнегенің,Дəнегін əр жүрекке мен егемін.Сенімен жарқылдаса сырым, жырым,Ол мені қолтығымнан демегенің.Ерім деп, еңбегімді елегенің,Мерейтой құтты болсын, «Егеменім!»

Жүрсін ЕРМАН,Қазақстан Жазушылар одағының

М.Мақатаев атындағы сыйлығының лауреаты.

● Өмір жəне өлең

Мерейтой құтты болсын, «Егеменім», Қазыбек, Əйтекеге ақыл қосқан,

Өмір жəне өлең

«Егеменге» хат

Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың төра ға лығымен Ақмола облысы ның Калачи жəне Батыс Қазақстан облысының Бере-зовка ауылдарындағы қалып тасқан жағдай туралы мəселелер қарал ған селекторлық кеңес болып өтті.

Оған орталық жəне жергілікті атқа-рушы органдардың басшылары мен үкі меттік емес ұйымдардың өкілдері қа тысты.

Кеңес қорытындысы бойынша Б.Са парбаев мемлекеттік органдарға 2 0 1 5 ж ы л д ы ң 1 0 қ а ң т а р ы н а

дейін аталған ауыл тұрғындарын түгелдей профи лак тикалық тек-серуден өткізуді жəне атқарылған жұмыстардың нəтижесі туралы толық ақпарат беруді тапсырды, деп хабар-лады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Кеше палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мəжіліс бюросы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тəртібі нақтыланды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Мəжіліс бюросы: кїн тəртібі белгіленді

Депутаттар талқысына Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс, ең төменгі əлеуметтік стандарттар мен кепілдіктер, үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы жəне өтемақы шаралары туралы заң жобалары бірінші оқылымда ұсынылады.

Сондай-ақ, күн тəртібі жобасында Қазақстан Үкіметі мен Катар Мемлекеті Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдыр-мау жəне салық салудан жалтаруға жол бер-меу, Қазақстан Үкіметі мен Өзбекстан Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы, Қазақстан Үкіметі мен Жануарлардың саулығы жөніндегі дүниежүзілік ұйым арасындағы Жануарлардың саулығы жөніндегі дүниежүзілік ұйымның Аусыл бой-ынша субөңірлік үйлестіру кеңсесін Астана қаласында құру туралы келісімдерді жəне шекарааралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау мен пайдалану туралы конвенцияның 25 жəне 26-баптарына түзетуді ратификациялауға қатысты құжаттар бар.

Мəжілісмендер осы күні энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігін арттыруға, сондай-ақ, тұрғын үй қатынастары мəселелері бойынша Сенат енгізген өзгерістерді қарайды.

Сонымен қатар, халық қалаулылары палатаға түскен бірқатар жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдайды.

Нұрбол ƏЛДІБАЕВ,«Егемен Қазақстан».

Өркениетті елдердегідей адам қажеттілігін өтеп, нарықтық экономиканың өркендеуіне жол ашып, дамыған 30 елдің қатарынан орын алу басты мақсатқа айналғаны мəлім. Осынау игі қадамға өзіндік үлесін қосуды па-рыз санаған жетісулықтар Қазақ-стан Республикасында ғана емес, əлемнің барлық елдерінде, əсіресе, Моңғолия мен Түрікменстан жер лерінде көптеп кездесетін сортаңның астындағы жер қабаты нан шығатын тұзды суды тазар тып, санитарлық талапқа сай ауыз суға айналдыруда.

Рас, бұл тосын жаңалық емес. Бірақ Алматы облысындағы «Эй-кос» жауапкершілігі шектеулі серік тестігінің жаңа жұмысы 1 литрінде 9 грамға дейін тұзы бар бұлыңғыр суды та-зартып, пайдалануға беруде. Қуанарлық жайт. Қуанарлығы сол, Алматы облысында жаса-лып, пайдаланылуға енгізілген күн нұрынан қуат алатын түрлі көлемдегі батареялар енді жаңа нарыққа тағы бір жол ашты. Нақтылай түссек, сол батаре-ялар арқылы жұмыс істейтін сүзгі іспетті шағын қондырғылар тұзды суды тазартып, адам қажет-тілігін өтейді. Бұл түрлі сала ма-мандарына, əсіресе, ауыл шаруа-шылығы саласы қызметкерлеріне қат дүние. Біріншіден, таза ауыз су ішіп адам денсаулығын сақ-таса, екіншіден, жер ыңғайына орай шаруасын тындырып, төрт

түлі гін алаңсыз баға береді. Тиім ді де тəуелсіз əрекет осы емес пе?!

Негізі сортаңдар жер асты-үсті су көздерімен байланыс та болады. Жиі жоғары концен-трациялы (ТДS) тұзды бойында сақтағандықтан жануарлар ішіп жүре бергенімен, адамзаттың ішуіне жарамайды. Жер асты су қоймалары суының əр литрінде 4 грамға дейін тұз болады. Бұл – Еуропа елдерінде қалыпты деп саналатын мөлшерден 10-12 есе жоғары. Борис Пилатов басқаратын «Эйкос» фирмасы заңнама талабына сай патент-ке ие болып, ұсынып отырған қ о н д ы р ғ ы н ы ң қ ұ р а м ы н а тазартылған суды құятын ыдыс, қол сорғысы, қалдықтарды ұстап қалатын сүзгі, залалсызданды-румен қатар тұзсыздандыратын электродиализді аппарат, күн батареясы, жұмсақ шлангалар, судың тұздылығын тексеретін есептегіш кіреді. Қажеттілігі үшін сортаңдағы суды пайдаланушы сол ашық су көзінен суды алып, тұндырып, екінші ыдысқа құйған соң сорғының күшімен сүзгіден өткізеді. Артық сұйықтан ажы-ратылып тазартылған су биікке қойылып немесе ілінген ыдысы-нан шланга арқылы ағып (электр қуаты шығынынсыз) залалсыздан-дырумен қатар тұзсыздандыратын электродиализді аппаратқа құйылады. Осынау қарапайым əдіспен тазартылған ауыз суды пайдалануға болады. Бұл тəсілмен бұлтсыз ашық бір күнде 100 литрге дейін ауыз су алуға

болады. Қосымша аккумулятор жалғағанда сол мөлшерді 1,2-1,3 есеге көбейту мүмкіндігі тағы бар.

Қорыта айтқанда, қолда бар-ды ұқсатып, заман ағымына сай əрекет ете білу де уақыт тала-бы. Тек кəсіби тұрғыда зерде-леп, нарық заңына сай пайдалану қарастырылып, жаңа нарыққа соны жол ашылса құба-құп.

Алматы облысы.

● Жасампаздық жемістері

Тўзды судан – тўщы су● Мерей

Динара БІТІКОВА,«Егемен Қазақстан».

Биылғы жыл Алматы үшін табысты жыл болды, яғни əлеу-меттік-экономикалық барлық көр-сеткіштер мен салалар бойынша қарқынды өсім байқалды. Негізгі көрсеткіштерге тоқталсақ, қаланың жалпы өңірлік өнімі алғаш рет 8

трлн. теңгеден асатын болады. Бұл тұрғыда өсім 6,3 пайызды құрап отыр, деді А.Есімов. Сонымен бірге, ол Алматыдағы инфляция деңгейі жыл қорытындысы бойынша 7 пай-ыздан аспайтынын атап көрсетіп, 11 айдың нəтижесі бойынша бұл көрсеткіш 6,4 пайыз болғанын жеткізді.

Оған қоса, əкімнің мəліметінше,

өңірде тұрақты экономикалық өсім байқалған. Атап айтқанда, 2014 жылы қалада 22,6 мың жаңа жұмыс орны құрылған. Қала еліміз ІЖӨ-сінің бестен бір бөлі-гін, салық түсімдерінің 27 пайы-зын, көтерме жəне бөлшек сау-да операцияларының 50 пайыз-ға жуығын, сыртқы сауда айна-лымының бестен бір бөлігін, екінші деңгейлі банктің несие қоржынының 60 пайызын қам тамасыз етеді. Сондай-ақ, 2014 жылдың 11 ай-ында алма ты лықтардың орташа жалақысы 16,5 мың теңгеге артып, 155 мың теңгені құраған.

Одаќ таєы бір елмен толыєып отырСенат Еуразиялыќ экономикалыќ одаќ туралы шартќа Арменияныѕ ќосылуы туралы шартты ратификациялады

Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының отырысы болды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Сенаторлар 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы шартты ратифи-кациялады. Құжат туралы баяндаған Ұлттық эконо-мика министрі Е.Досаев төрт еркіндікті: тауарлар, капитал, қызмет көрсетулер жəне жұмыс күшінің еркін қозғалысын қамтамасыз етуге жағдай жасауға бағытталған келісімдерге Арменияның қосылуы Шарттың негізі болып табылатынын атап өтті. Шарт күшіне енген күннен бастап Армения Республикасы Еуразиялық экономикалық одақтың мүшесі болады жəне Шартта көзделген міндеттерді өзіне қабылдайды.

Бўл ауылдар Їкімет назарында

Оѕтїстік мегаполисте оѕды істер кґпКеше Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде

Алматы қаласының əкімі Ахметжан Есімовтің қатысуымен бри-финг өтті. Ол оңтүстік мегаполистің əлеуметтік-эконо микалық дамуы мен мемлекеттік жəне салалық бағдар ламалардың жүзеге асырылуы туралы баяндап, тілшілердің сұрақтарына жауап берді.

Бїгінгі нґмірде:Бірлігі берік елдіѕ болашаєы баянды

2-бетҐмірге ќўштарлыќ

7-бетЕлбасылымы

11-бетСґредегі сарєайєан беттер сґйлесе...

12-бет

(Соңы 5-бетте).

(Соңы 5-бетте).

20 желтоқсан 2014 жылwww.egemen.kz2

ТƏУЕЛСІЗДІК ТОЛЄАУЫ:

Дария НҮСІПОВА,мұғалім.

Тəуелсіздік алғанымызға да 23 жыл болды. Осы уақыт ішін-де мемлекетіміз əлемге таныл-ды. Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болу бақытына ие болдық. Арқа төсінен Астанамызды сал-дық. Бұл туралы Елбасы Нұр-сұлтан Назарбаев өзінің бір сөзінде: «Тəуелсіздіктің қайта оралғаны – біздің ата-баба ла-рымыздың санғасырлық азаттық күресінің заңды өтеуі. Жарат қан иенің жасаған əділдігі ата-баба-ларымыздың осыншама байтақ жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалғанының арқасы», деді.

Мемлекет басшысының осы сөзінен-ақ азаттығымыздың оңай келмегенін көруге болады. Біз мектепте оқыған кездегі тарих

пəні мен бүгінгі Тəуелсіз елдің тарих пəнін салыстырсаң, ара-сы жер мен көктей. Кеңестік кезеңдегі кейбір тамсанып оқыған деректеріміздің жалған екеніне қазір көз жеткендей. Мəселен, ол кезде қызыл империяның көсемдерін ұлы деп бағалап, солардың сөздеріне ұйып жүрсек, шындығы олай емес екен. Қазақ елінің нағыз ардақтыларын көзден таса қалдырып, өздерінің идеясын іске асыру үшін соның жаршы-ларын алға оздырып жіберіпті.

Осы күндері Қазақ елінің мемлекеттігін, тілін, рухани құндылықтарын, өткен ата та-рихын жазып, жеткізу жолында еңбек еткен арыстарымыз нағыз ұлттың ұлылары екен. Мысалы, тіліміздің негізін салып, жазуы-мызды қалыптастырған Ахмет Байтұрсынұлының ең бектері неге тұрады? Қазір соны оқып, үйреніп

жатырмыз. Ал тарихымызды түген де ген М.Тынышбаев пен Е.Бек ма хановтың еңбектерінен де алар тағылым аз емес.

Менің айтайын дегенім, біз-дер жастарға Тəуелсіздіктің тағы-лымын үйретуді балабақ ша дан, мектептен жүйелі жүргі зуі міз керек. Бұл игілікті істе Тəуел-сіз дік деген ұлы ұғымның өзін əр оқушының санасына сіңі-ріп отыруға тиістіміз. Өйткені, құндылығымыздың баға жет-пес бастысы Тəуелсіздік қой. Мəсе лен, біздің Ораз Жандо сов атын дағы мектеп ұжымы Тəуел-сіздіктің жақсылығын мереке тұсында ғана емес, жыл бойы ұрпақтарға жеткізіп отыруды дəстүрге айналдырған. Əр пəн, əсіресе, гуманитарлық сабақ үстінде Тəуелсіздіктің берген бақыты мен алдағы атқарылатын жұмыстарды айтып отыруды

үрдіске айналдырдық. Мысалы, «Тəуелсіздік маған не берді?» жəне «Тəуелсіздікке менің қосатын үлесім қандай?» де-ген тақырыптарда кеш өткізу, сол кеште оқушылардың пікір алысуын ұйымдастыру жағын алға оздырамыз. Мысалы, биыл Елбасының Ұлытау сұхбаты, ондағы елдік мəселелер, тарихты танып-білу, Қазақ хандығының 550 жылдығы секілді атаулы сəттерді ашық сабақтарымызға арқау етіп алдық.

Жалпы, азат елдің құнды лық-тарын мектептен бастап ұл мен қыздың көңіліне бұлжымастай етіп қондырсақ, олар өсе келе Ота -нының тірегіне айналып, ал дың ғы толқынның бастаған жолын ілгері жалғастыра берері анық.

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы.

Ќўндылыќты ќўрметтеу парыз

Жұмабек МҰХТАРҰЛЫ,Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы университеттің студенттік технопарк директоры.

Елбасы Астанада өткен жи-ында еліміздің Тəуелсіздігін ел діктің тұмары, ерліктің шы-нары деді. Бұл сөздер біздің орта буын өкілдеріне, əсіресе, жас тар ға үлкен сабақ. Мен ғалым ретін де шетелдерде жиі боламын. Ел басы «Қазақтарда «Елу жылда – ел жаңа» де-ген ұғым бар. Бұл сөз дер не ғылыми-техникалық про -гресс, не инновациялық техно-логиялар болмаған ерте кезең де айтылған...», деді. Сонда біздер-ден сұрап жатады, қай елден келдіңдер деп, «Қазақстаннан» деп мақтанышпен айтасың, қазақ тың жері жайлы, еліміз жайлы айтып береміз. Ғылым-білім саласы болғандықтан, шетелдерде ғалым достарымыз көп. Бізге келгенде кең даланы көріп, таңғалады, нағыз өмір осында екен ғой, дала, нағыз табиғат деп сүйсінеді олар.

Көк түріктер, Алтын Орда, Қазақ хандығы жайлы айтып береміз. Біздің елдігіміздің түп-тамыры қайдан шыққанын тү-сін діре міз. Мен өзім технология-лар, инновациялар саласында-ғы маман болсам да, тарих-ты өте көп оқимын. Елбасы айтқандай, мына ұлан-ғайыр жер, бабалар жазған ұлы та-рих – біздің ұрпақтарға ұлы мұра. Тəуелсіздікті сақтайтын, қорғайтын жастар үшін Елба-сы ның аманатты сөздерін санаға тоқулары қажет. Мен студент-теріме де осыны айтамын. Елбасы жазған «Тəуелсіздік толғауы» əр қазаққа осы-лай рух берді. Бата дарыған халқым деді. Бұдан артық бата бола ма?! Əлемдегі 30 елдің қатарына біздің елімізді қосатын сендерсіңдер деймін. Мəңгілік

Елдің іргетасын сақтайтын да осы жастар деп ойлаймын.

Екінші айтқаны – Ресеймен байланыс. Біздің универси тет студенттері көршілес Бар наул, Омбы, Том қаласының сту-дент терімен тығыз байланы-ста. Уни верситетте студенттік ассамблея жұмыс жасайды. Тəуелсіздік дегеніміз – жалпыға ортақ еңбек. Ғылым қуып, білім іздеген оқу шылар мен студенттердің еңбегі. Еліміздің ұ л т т ы қ б а й л ы ғ ы н е с е л е й түсетін барша мамандық ие-лерінің еңбегі. Əрбір жас буын-ның жүрегіне Отанға деген шек сіз сүйіспеншілік дары-татын қазақ стандықтардың еңбегі, деді. Көңіл ге тоқып-түйгендерге бұл қандай тама-ша сөздер.

Бізге осындай биік рухты оя-татын сөздер күн сайын қажет. Тəуелсіздік тұмары жүрегімізде тұр. Кім-кім де мойнындағы тұмарым түсіп қалмасын деп сақтап жүреді ғой, ал жүректегі тəуелсіздік тұмарын қорғау, əрине, одан мың есе қымбат. Қазақтың əр баласы сөзбен, əнмен, толғаумен өскен ғой. Елімізді Елбасы сүйгендей шы-найы жүрекпен сүйіп, қорғап, сақтауға əрқашан дайынбыз.

ПАВЛОДАР.

Тəуелсіздік тўмары

Əділбек ЖАҚСЫБЕКОВ,Астана қаласының əкімі.

«Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы бұл – Елбасының бүгінгі күн талап-тарын ескере отырып жасаған бұған дейінгі арнауларының лайықты жалғасы. Бір жыл бұрын жарияланған «2050 Стратегия-сы» бағдарламасы – XXI ғасыр -дың ғаламдық мəселелерін қамти отырып, Қазақстанның алдағы онжылдықтардағы жаңа саяси бағдарын анықтаса, осы жолғы Жолдау бүгінгі күннің сынақтарына арналған нақты жа-уап болды.

Мемлекет басшысының жаңа Жолдауы – дағдарыс кезеңіндегі жаһандық өзгерістер аясын-да ұлттық экономиканы ары қарай дамытуға, сыртқы фактор-лар алдында қоғамдық тұрақ-тылықты қамтамасыз етіп, əлеуметтік жетістіктерді сақтауға мүмкіндік беретін заманауи бағдарлама. Жаңа экономикалық бағдарламаның «Нұрлы Жол» аталуының өзі-ақ көп жағдайдан хабар берсе керек. Қазақстан өз тəуелсіздігі жылдарында бүкіл əлем «қазақстандық жол» деп таныған дамудың өзіндік бағытын қалыптастыра білді.

Біз тарихи кезеңді бастан өткерудеміз. Егер ғаламдық тұрғыдан қарайтын болсақ, ғасырлар бойы ұлан-ғайыр да-ламызды сақтау жолында баста-рын бəйгеге тіккен біздің ата-бабаларымыздың негізгі арман-мұраты да осы сара жол бола-тын. Мəңгілік Ел болу олардың басты мақсаты еді. Ал біз үшін бұл бүгінде арман емес, өмірлік ақиқатқа айналды. Бүгінде ол арман тəуелсіздіктің даңғыл жолындағы бағдар берер алауға айналған жалпыұлттық идея – «Нұрлы Жол».

Алда бізді ұйымшылдық пен толеранттылықты талап ететін үлкен де жауапты жұмыстар күтіп тұр. Нұрсұлтан Əбішұлы атап көрсеткендей бұл: «Қазақстанның кемел келешегінің кілті».

Тəуелсіздіктің 23 жылы ішінде еліміз Орталық Азия айма ғындағы көшбасшы əрі тірек мемлекетке айналып, əлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруді мақсат етіп қойды. Жетістігіміз мұнымен шектелмек емес. Біз жас елор-дамызды жаңадан салдық. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді халық даналығы. Толайым табыстарға бірліктің арқасында қол жетті. «Қазақстандық жол» мен жаңа Жолдаудың басты күші де, даналығы да осы шынайы бірлікте жатқандығы анық.

Біздің мемлекетіміз Елбасы Жолдауында көрсетілген ба-ғытпен сенімді түрде дамудың даңғыл жолына түсті. Ал жас елордамыз экономиканың ең басты қозғаушы күші болып саналады. Гүлденген тəуелсіз Қ а з а қ с т а н н ы ң с и м в о л ы н а айналған Астана əр жыл сай-ын əлемдік қауымдастықтың назарын өзіне аударып келеді. Бұл ретте, 1997 жылы елорда-ны Астанаға көшіру туралы шешімнің Президенттің халыққа арнаған тұңғыш Жолдауы-нан тура ек і ай өткеннен кейін қабылдануы да тарихи сабақтастық деп білеміз.

Осы уақыт аралығында аз жұмыс атқарылған жоқ. Астана бүгінде еліміздің ғана емес, бүкіл əлемдік деңгейдегі саяси

орталыққа айналды. Бұл жерде жаһандық ауқымдағы оқиғалар күн тəртібіне қойылып, тағдырлы шешімдер қабылданады. Жар-қын өзгерістер мен жемісті реформалардың нəтижесінде, мемлекетімізге деген əлемдік қауымдастықтың сенімі мен Мемлекет басшысының жеке беделінің арқасында елімізге ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу мəртебесі бұйыр-ды. Бұл біздің ортақ жеңісіміз. Астана бес миллионнан астам адамның келуі жос пар ланған Бүкілəлемдік көрме қонақтарын лайықты қабылдайды. Жаһан-дық көрме өтетін кезеңде Аста-на қаласы əлемдік орталыққа айналатындығы сөзсіз.

Халықаралық дəрежедегі іс-шараны өткізу алдындағы қаламыздың ерекше жауап-кершілігін сезіне отырып, біз елорданың инфрақұрылым-дық негізін қамтамасыз ету-ге міндеттіміз . Елбасы өз Жолдауында: «Біз Астанадан барлық жақтарға автомобиль, теміржол жəне əуе магистраль-дары тарайтындай көлік желісін құруға тиіспіз. Жүректен тарай-тын артериялар сияқты. Күннен тарайтын шұғыла сияқты», деп атап көрсетті. Осыған орай əрбір қазақстандықтың міндеті өзінің Отанға деген жанқиярлық еңбегі арқылы қантамырларды толты-рып, оған шұғылалы шуағын та-ратады деп сенемін.

Бүгінде елорда əуежайы Ас-тананың бас қақпасы іспетті. Оның əлеуетін арттыра түсу үшін жаңадан ұшып-қону алаңының терминалы салынатын болады. Бұл оның жыл сайынғы жолау-шылар өткізу қабілетін екі есе-ге дейін арттырып, 2017 жылға қарай 7,1 миллион жолаушы қабылдауға мүмкіндік береді. Жақын жылдары тұрғындары миллиондық көрсеткішке жете-тін қала үшін жаңа теміржол вокзалының қажеттілігі де ора-сан. Оның құрылысы бүгінде бас-талып та кетті.

Ежелгі көшпенділер дəуірінен бері жол салу – қуаттылық пен өсіп-өркендеудің кепілі бо-лып саналған. Ұшы-қиыры жоқ қазақ даласы үшін көлік инфрақұрылымының маңызы тіпті де ерекше. Автомобиль, теміржол жəне əуе магистраль-дары Астананы елдің барлық өңірлерімен байланыстырып тұруы қажет. Бұл өз кезегінде, экономиканы жаңғыртып, жаңа жұмыс орындарын ашып қана қоймайды, сонымен бірге, ол болашақ ұрпақтың игілігіне ай-налатын болады.

Көліктік инфрақұрылыммен қатар, энергетика, индустрия, əлеуметтік инфрақұрылымдар да

Қазақстанның «Нұрлы Жол» атты Жаңа Экономикалық Саясаты ның арқауына айналды. Біз аз уақыт ішінде үлкен де жауапты істерді атқаруымыз керек. Бірақ қалай болғанда да, жас елордамыздың даму қарқыны бəсеңдемейді, сондай-ақ, инвестициялық жо-баларды жүзеге асыру жалғаса беретін болады. Бұл мақсатқа, 2015 жылы мемлекеттік бюджет-тен 200-ден астам жобалар үшін 170 млрд.теңгеден астам қаржы бөлу қарастырылған.

Астана бүгінде өз ін-өз і қамтамасыз етудің жаңа дең-гейіне шықты. Біз Елбасы бел-гілеген жаңа экономикалық сая сат негізінде 2015 жылдың бюджетін бекіттік. Белгілі бір мөлшерде біздің кейбір мақсатты индикаторларымызға əсерін тигізетін əлемдік экономикадағы кейбір жағымсыз тенденцияларға қарамастан , 2014 жылдың қорытындысы бойынша, біз дамудың негізгі параметрлері бойынша жоғарғы экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізбекпіз.

Атап айтқанда, құрылыс жұмыстарының көлемі 31,5 пайызға артып, 903,6 мың шар-шы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2013 жылмен салыс-тырғанда, 4,5 пайызға артық. Жалпы ішкі өнімнің индексі бойынша 2011-2013 жылдар ішінде жыл сайын орта есеппен 11 пайыз тұрақты өсу динамика-сы байқалады. Бұл республика-лық көрсеткіштен айтарлық-тай жоғары жетістік. Негізгі капиталға 472,2 млрд. теңге құйылып, оның өсімі 12,7 пай-ызды құрады. Ал астаналықтар-дың орташа жалақы мөлшері 11,3 пайызға өсіп, 168,5 мың теңге ге жетті.

Келер жылы Қазақ ханды ғы-ның 550 жылдығын, Ата Заңы-мыз бен Қазақстан халқы Ассам-блеясының 20 жылдығын сал-танатты түрде атап өтетін бо-ламыз. Астана еліміздің басты орталығы ретінде мерекелік іс-шараларға тікелей қатысатын болады. Бұл атаулы даталық мерекелер қазақ мемлекеттілі-гі нің негізгі тұғыры санала-ды. Ал оның басты жетістігінің кілті – біздің халқымыз қа-лыптастырған этносаралық жəне конфессияаралық келісім, төзімділік, бейбітшілік пен бірлікте жатыр.

«Қазақстандық жолдың» жəне «қазақстандық арман ның» басты жетістігі – бүгінгі күннің дəулеті, келешектің мұрасы, өткен күннің естелігі мен сабақтастығында жа-тыр. Тек бірлігі күшті ел ғана осы-нау қиын кезеңнен Елбасының жетекшілігімен аман-есен өте алады.

Мемлекет басшысының Жолдауы – біздің дамуымыздың даңғыл жолының кезекті биік белесі екендігін түсінеміз. Бел-гіленген межелі міндеттердің орындалуы – уақыт еншісінде. Уақыт ешқашанда бір орнын-да тұрып қалмайды. Біз оның жаһандық сынақтарына лайықты жауап беруді меңгердік. Тəуелсіз əрі қуатты мемлекет құру жо-лындағы таңдауларымыз бен қабылдаған шешімдеріміз дің дұрыстығын біз қашанда іс-пен дəлелдеп келеміз. «Нұр лы Жол» бүгінде біздің алдымыз-ға дамудың жаңа бағытын көрсетіп отыр. Бұл жолда да біздің Елбасымен бірге жаңа жетістіктерге жете беретінімізге сенім зор.

Қазақстанның тəуелсіздік шежіресіне ширек ғасыр да толған жоқ. Дегенмен, өзінің саяси тəуелсіздігінің əрбір жылын еліміз өз егемендігін құруға, оны нығайтып одан əрі дамытуға арнады. Осының нəтижесінде мемлекетіміз əдетте ондаған, қала берді жүздеген жылдарда қол жететін, ерен жетістіктерге жетті. Қазақстан талай қиындықтарды бастан өткеріп, түрлі дағдарыстармен бетпе-бет келді, еліміз қандай жағдайда да тəуелсіздік, ұлттық тұрақтылық пен халықтар арасындағы келісім сынды ең басты құндылықтарды сақтап қала білді. Мемлекет өзінің басты ұстанымы мен бағдары ретінде, дамудың негізгі мақсаты мен бағытын айқындайтын стратегиялық құжаттарда бекітілген – өз азамат-тарына жан-жақты қамқорлық жасау міндеті екендігін айқындады. Олардың арасында ең негізгісі əрине, өтіп бара жатқан 2014 жылдың басты құжаты – Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауы.

Бірлігі берік елдіѕ болашаєы баянды

Шахбаз ЖАМАЛОВ, «Əзербайжандар ассоциа -циясы» республикалық қоғамдық бірлестігі Ақтөбе қалалық филиалы кеңесінің төрағасы.

Осы бір тарихи өлшеммен алғанда қысқа кезеңде еге-мен еліміз экономикалық еркін дамудың тізгінін ұстады, ертеңгі күнге қарышты қадам жаса-ды деу орынды болмақ. Күні кешегі Кеңестер Одағының боданынан босаған бостан елді бүгін бүкіл əлем мойын-д а д ы . Е л б а с ы Н ұ р с ұ л т а н Назарбаевтың сара саясаты, көш бас шылық көрегенді г і арқа сын да ілгерілеуге айқын із салған тəуелсіз Қазақстан əлем дік қоғам дастықта өз ор-нын ойып тұрып алды десек, артық айт қандық болмас. Уақыт ілгеріле ген сайын тəуелсіздіктің нəиже лері мен жемісті жолдары айқын аңғарылуда. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев күні кеше Тəуелсіз дік мерекесіне орай сөй леген сөзінде мұны айқын айтып өтті.

Шынында, уақыт көші ілгері-леген сайын тəуелсіздіктің қа-дір-қасиеті де арта түседі. Ел-басы айтқан бейбітшілік пен келісімнің, өзара сенімде өмір сүрудің бағасын біз білеміз. Əр жылдары тағдырдың жазмы-шымен Қазақстанда тұрақтаған ұлттар мен ұлыстар достық пен бірлікті айқын сезініп келеді. Менің өзім де қазақ жеріне та-мыр жайдым. Зайыбым Света қазақ қызы. Бала өсірдік, неме-ре сүйдік, өркен жайдық. Соның бəрінде қазақ халқының кең-қол тық қонақжайлылығын, өзге ұлттармен тіл табысқыш мей-ман достығын көріп жүрміз. Біз-дің ең басты байлығымыз да осы бірлігіміз бен бейбітшілігіміз дер едім.

Еліміздегі барлық ұлттар дың достық пен татулықта тұрып жатқаны əлемге аян. Бейбіт ші-лік пен тұрақтылықтың осынша-лықты тамыр тартуы мемлекет құраушы халық – қазақтар дың мейірбандығы мен қонақжай лы-лы ғына үйренген басқа ұлт тар-дың өзара татулығының нəтиже -сі деу орынды. Қазақстан достық пен ынтымақтың жер ұйы ғы де-уге əбден лайық. Тəуелсіздік алған 23 жылда ұлтаралық ке ліс-пеушіліктің ешқандай кө рінісі де аңғарылған емес. Бұл – Ел ба-сының осы бағыттағы сара сая-саты мен ұстанымының арқасы.

Статистикалық деректер бой-ынша, облыста 1 мыңнан астам əзербайжан тұрады. Шыны ке-рек, Елбасы Нұрсұлтан Назар-баевтың бастамасымен дүние-ге келген Қазақстан халқы Ассамблеясы ұлтаралық қатынас-ты дамытудың таптырмас құры-лымы, өзара бірлік пен татулық-ты қалып тастырудың бірегей тетігі екеніне көзіміз жетіп отыр. Ілгері жылжыған бақыт керуе-нінің көші көлікті, бірлігі мықты болатыны күнделікті өмірімізде айқын аңғарылуда.

Ақтөбе облысы.

Керуен кґші ілгерілеп келеді

20 желтоқсан 2014 жыл www.egemen.kz 3

ЕЛДІЅ ТОЛЫЌ ЌОЛДАУЫ

Жандарбек ДАЛАБАЕВ,Жамбыл ауданының əкімі.

Алатаудың баурайындағы тоғыз жолдың торабына орналас-қан Жамбыл ауданы – ынтыма-ғы ұйыған, ырысты абат өлке. Тəуелсіздіктің қазіргі кезеңінде уақыт атты төреші сыйлаған мол мүмкіндікті ұтымды пайдаланып, оны ел игілігіне жарату кезегі екінші рет маңдайыма жазылып-ты. Төл міндетімді адал атқару ба-рысында соңғы уақытта істелінген жұмыстың бірі – жыр алыбы Жамбылдың өзі «жырдың қара жорғасы» деп ерекше бағалаған Үмбетəлі Кəрібаевтың туғанына 125 жыл толуына орай туған ау-ылында ақынның кеуде мүсінін орнатып, саябақ жасап, орта мек-теп, стадион, мұражай, дəрігерлік қосын, ауыз су жүйесі жөнделіп, жолдарға асфальт төселді. Үш ау-ылда жаңадан дəрігерлік амбула-тория ашылды.

Əсілі, кімде-кімнің болсын істеген ісі жылжыған жылдар-мен уақыт атты төрешінің са-раптамасынан өтіп, халықтың əділ бағасын алары хақ. Бұл ретте Алматы облысы əкімінің бірінші орынбасары Махаббат Бигелдиевтің Жамбыл ауданын басқарып отырған кезінде істеген ісін ешкім сызып тастай алмайды. Өйткені, ел игілігі үшін жасалған игілікті іс халықтың жадында жазылып қалған. Бір ғана мысал ретінде Тəуелсіздік мерекесіне орай аудан тұрғындарының пай-даланылуына берілген 10 жалға берілетін, 10 коммуналдық тұрғын үйдің əр тұрғыны баспаналы болу бақытын қалай ұмытсын. Сол қос тұрғын үйдің негізін қалап, яғни белгіленген уақытында са-лынып, пайдалануға берілуіне басшылық жасап, ұйытқы болып, қуанышты сыйлаған жанды ел жоғары бағалады. Бұл – факт.

Бүгінде жалғасын тауып отырған тағы бір игі іс 17 елді мекенге газ желісі тартылаты-нын қоссақ, жақсылық еселенбей ме?! Алдағы жылдары Алматы – Талдықорған бағытында тар-тылатын газ құбыры бойынан 5 ауылға газ кіргізу мəселесі жос-парланып отыр. Елді мекендердің 77 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, 15 ауылдық округ Алматы агломерациясының құрамына енді. Онда өнеркəсіп саласына мамандандырылған өндірістік жəне сауда-саттық орталықтарының, ауыл шаруа-шылығы өнімдерін дайындай-тын, өңдейтін базалардың, өнім-дерді сақтау мен тасымалдау үшін қарас тырылған көлік-қойма қыз-меттерін ұсынатын логистикалық орталықтың құрылысы жүргізіледі.

Ел үшін аса маңызды құры-лыс тың қатарына жататын «Батыс Еуропа – Батыс Қытай»

авто магистралі, «Жетіген – Қазыбек бек бекеті» айналма теміржолы сияқты инфрақұрылымдық жо-балар да Жамбыл ауданының жағдайын жақсартуға айтарлықтай ықпал ететіні анық. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомагистралінің аудан аумағынан өтетін бөлігі 6 ауылдық округте 110 шақырымды құрайды. «Жетіген – Қазыбек бек бекеті» айналма теміржолының құрылысы негізінде Қазыбек бек ауылының аумағындағы 710 гек-тар жерде индустриялық аймақ құру жоспарланған. Оның ішінде «Жетісу» əлеуметтік кəсіпкерлік корпорациясы» АҚ-тың күн электр стансасын салу жобасына 250 гек-тар жер телімі берілді. Бүгінде аталған жоба бойынша «Промолис Қазақстан» ЖШС техникалық-экономикалық негіздеме əзірлеуде.

Жоғарыда аталған индус-трия лық аймақтың бас жоспа-рын дайындауға 18,6 млн.теңге, ТЭН-ін дайындауға 83 млн.теңге бөлінді. Біз алдағы уақытта іскер азаматтарға жолы, электр жарығы, суы, теміржол тұйығы тартылған, инфрақұрылымы толық жер телімдерін ұсынатын бола-мыз. Балқаш ЖЭС-і құрылысы да ауданның өнеркəсіп саласының дамуы мен инвестициялық ахуа-лының жақсаруына зор ықпалын тигізеді. Жоба құрылысының бі-рін ші кезеңінде жылына 1320 МегаВатт электр қуатын өндіретін станса іске қосылса, құрылыстың толық аяқталу кезеңінде өнді-рілетін электр қуатының көлемі 2640 МегаВаттқа ұлғаяды. Яғни, Балқаш ЖЭС-і еліміздің оңтүстік өңірін электр қуатымен толық қамтиды. Сонымен қатар, ау-данда 33 шақырымдық ауыз су құбырының құрылысын жүргізу, «Шу» газ тарату стансасы арқылы Үлкен ауылына табиғи газ желісін тарту жұмыстары жоспарланған. Сондықтан кəсіпкерлер мен биз-нес өкілдеріне Балқаш көлінің жағалауында демалыс орында-ры мен қонақ үйлер құрылысын жүргізуі үшін 150 гектар жер телімін береміз.

Жеке кəсіпкер Николай Ло-гинов басқаратын «Күрті» ЖШС гранит тас шығарып, өңдейтін

цехты іске қосып, құны 382 млн.теңгені құрайтын цехта жылы-на 80 мың шаршы метр гранит тақтатасын өндіреді. Сол сияқты «АХБК Қарғалы» ЖШС мата шығаратын цехы осы жылдың желтоқсан айында іске қосылса, жылына 4 млн.шаршы метр мата, 2 млн.шаршы метр медициналық бинт шығаруды жоспарлап отыр. «ОР-АЙ» ЖШС Қарғалы ау-ылында сағатына 5 мың құты алкоголсіз сусын шығаратын өндіріс орнын іске қосады. Қарасу ауылдық округінде 10 гектар жер-ге, Қарақыстақ ауылдық округінде 35 гектар жерге жылыжай са-лынады. Мыңбаев ауылындағы «Жақсылық» шаруа қожалығы 190 тонна таза ет өнімдерін экс-порттауды межеледі. Қазіргі уақытта осы шаруашылықта 550 бас ірі қара бордақылануда. Осы ауылдық округтегі «Сарыжай-лау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қымыз, шұбат, ірімшік өндіретін зауыт салуды 2015 жылға жоспарлап отыр. Қазірге дейін олар «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-тан 300 млн.теңге алды. Қарақыстақ ауылдық округінде орналасқан «Табыс» шаруа қожалығы 600 басқа арналған сүт өндіру кеше нін салу жұмыстарын аяқтап қалды. Үңгіртас ауылдық округі аума-ғындағы «Империя Фуд» жауап-кершілігі шектеулі серіктестігі 3 мың басқа арналған мал борда-қылау алаңын іске қосу мақсатында құрылыс жұмысын жүргізуде.

Мемлекеттік саясатқа сай ау-данымызда атқарылып жатқан жұмыстың бір парасы осындай. Сан-саланың қозғаушы күшіне айналған бағдарламалар бойынша жүріп жатқан жұмыс өз алдына. Елбасы бір сөзінде жастарға сенім артатынын, біздің болашағымыз сол жастар екендігін нақтылаған еді. Көңіл түкпірінен орын алған осынау ұлағатты ой елегінен өткізе отырып түйгенім – біз əуелгі ке-зекте бүгінгі күнмен өмір сүруіміз үшін жастарды тұрмыстық тəуелділіктен арылтқанымыз аб-зал. Бұл ретте, алғашқы қадамым Ұзынағаш ауылының бір көрнекті жерінен жастар аллеясын ашсақ деп отырмыз. Онда жайқала өскен жасыл желек пен гүлзарлар əлеміне енген жастардың тынығып, көңіл хошын көтеріп қайтқанын көрудің өзі бір ғанибет емес пе?!

Осындай əлеуеті зор аудан халқының ел газеті «Егемен Қа-зақстан» басылымына деген құрметі ерекше. Байырғы əдеті-мізден жаңылмай, қайта аға газеттің 95 жылдық мерейтойы-на деген бір тартуымыз – биыл Жамбыл ауданында газет таралы-мы еселеп артып отыр. Бұл аудан оқырмандарының басылымға де-ген зор құрметі болса керек.

Алматы облысы.

Дербестік берген мїмкіндіктерБўларды ынтымаєы ўйыєан ырысты ґлкеде барынша пайдалану басты парызымыз

Атлан ДОКАЕВ,серіктестіктер тобының құрылтайшысы.

Менің түйсік қабылдауымда Қазақстанның Тəуелс і зд і г і Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев-тың халқымызға арнаған Жол-дауларынан қуат алады. Мем-лекеттің алдына ұлан-ғайыр əрі орындалуы күмəнсіз міндеттер қ о й ы л а т ы н о с ы н а у қ ұ н д ы құжаттардың кез келгені елдегі тұрақтылық, халықтар достығы, көпұлтты қоғамның алаңсыз тіршілігі, ортақ болашақ идея-ларын əспеттеуден басталаты-ны ғанибет. Биылғы Жолдауда: «Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Мəңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусыл-мас қуат көзі», деп атап көрсетілді. Ойға қалдырды, жігер тасытты. Өйткені, мұндай міндеттерді алға қою – адамзаттың арманы. Ең бас-тысы, ұлы мақсатымыз бар.

Менің əкем Əли қазақ жеріне, өзімен мұңдас бауырларымен бірге 1944 жылдың 23 ақпанында күштеп қоныс аударылған екен. 1 май колхозында қарапайым ж ұ м ы с ш ы б о л д ы . О с ы н д а үйленіп, анамыз екеуі 12 бала тəрбиеледі. «Біз берік достықты, адал еңбекті бағалайтын елде өмір сүрудеміз. Осыны үнемі есте

сақтаңдар. Қазіргі еңбектерің – жақсы оқу», деп отыратын əкеміз. Əке аманатын орындағандаймыз, бəріміз жоғары білім алдық. Ел Тəуелсіздігінің куəсі болдық, оның тұғырлануына үлес қосуды мұрат санадық.

Тəуелсіздік ел азаматтарының қаб ілет ін ұштап , қарымын танытуға мүмкіндік жасады. Алдымен «Əли» деген дүкен аштық. Бірте-бірте қуаттанып, шаруашылық кооператив ін ұйымдастырдық. Ынтымақты еңбектің, мемлекеттің тілектестік ниеті мен көмегінің арқасында қазақтың ақ бас сиырларын өс ірет ін «Балқашын» асыл тұқымды мал зауыты» ЖШС аты елімізге кеңінен мəлім болды. Інім Шəріп басқаратын шаруашылықта 2000 бас ірі қара күтімге алы-нып, экспортқа «мəрмəр ет» шығарылуда. Биылғы жылы табы-нымыз 580 бас канадалық жоғары өнімділіктегі «Ангус» тұқымды малмен толықты. Шетелдік си-ырлардан төл алынып, Арқа

жағдайына жерсініп үлгерілді. Тəулігіне 1300 грамнан салмақ қосатын төлдерді 21 айдан кейін 750-800 келі салмақпен аукциондық саудаға қосудамыз.

Біздің компанияның қарау-ындағы «Сандықтау-Астық» ЖШС егіншілікпен қатар, өнімді көпсалалы өңдеумен айналыса-ды. Мұндағы жұмысқа өзім жа-уаптымын. Серіктестік диірмені тəулігіне 70 тонна астықты өңдеп, 50 тонна сапалы ұн ақтайды. Өнімдеріміз республикамыз-дан тысқары жерлерге де экс-портталуда. Қазіргі наубайхана-мыз тəулігіне 3000 бөлке нан-ды тұтынушыларға ұсынады. Енді өндірісті қуаттандыру мақсатымен жаңа наубайхана са-лудамыз. Оған 48 миллион теңге инвестиция құйылды. Сондай-ақ, Атбасар қаласында 850 миллион теңгеге бағаланған жобамен эле-ватор құрылысына кірісіп отыр-мыз.

Еңбектің өріс кеңейтетініне мысал ретінде інілерім Дога

Əлиұлының «Жабай», Гиланидің «Агрошанс» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерін, тағы бір бауырым Юнади автосервис жəне техникалық бақылау стан-сасын ұстап отырғанын, ұлым Бислан экспорттық жұмыстарды үйлестіретінін, əйелім Тоита Исақызы наубайхана ісімен айна-лысатынын айтуға болады.

Ауданымыздың чешен-ингуш этносында 1500-ге жуық адам бар. Біз кəсіпорындарымыз орналасқан ауылдар тұрғындарының шат-шадыман тұрмысына мүдделі-міз. Ол жыл сайын əлеуметтік салаға 100 миллион теңгеден астам қаржы бөлінетіндігінен де көрінеді.

Сөз соңында, еліміздің бас газеті арқылы барша отандаста-рымды Тəуелсіздік мерекесімен құттықтап, Мəңгілік Елге бірге жетейік, деген тілегімді білдіргім келеді.

Ақмола облысы,Сандықтау ауданы.

Амангелді ЖАЛҒАСОВ,«Ақ киік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, облыстық мəслихаттың депутаты.

Елбасы Нұрсұлтан Назар-баевтың Тəуелсіздік мерекесі күні сөйлеген сөзін мұқият тың-дағанмын. Еліміздің тыныш-ты ғын, еңсесінің жоғары, өзге-лермен тереземіздің тең болу-ын ойлаған əр қазақстандыққа Тəуелсіздік ұғымы тəңіріміздей сезілері хақ. Əсіресе, атала-ры, əкелері қызыл саясаттың қырғынын, құрсауын көрген біздің ұрпақ үшін Тəуелсіздіктің мəн-маңызы тіпті ерекше. Біздің жастығымыз да Коммунистік партия, Кеңес Одағы кезінде өтті. Əрине, білім алдық, қыз-мет істедік. Бірақ, адымымыз ашылған жоқ, ол уақытта ешкім-нен кем болмасақ та қызметте көтерілмейтінбіз. Соның бар-лығы да еркіндік, бостандық де-ген қасиетті ұғымдардың салта-нат құрмай, тұншығуынан екенін есейе келе білдік ғой.

Халқымыз үшін əр кезеңнің, əр заманның уақыт жүктеген міндеті болады. Толарсақтан қан кешкен аталарымызға за-ман Тəуелсіздік үшін күресуді жүктеді. ХХ ғасырдың аяғында біз Тəуелсіздіктің қолымызға тию бақытын сезіндік. Енді оның тұ ғырын бекіту, аялап, сақтау бүгінгі жəне келер ұрпақ тың қасиетті борышы мен мінде тіне жатады. Сол үшін ұрпақ тəр-биесіне мықты болуымыз керек.

Елбасы Жолдаулары мен мақалаларында, сөздерінде ең бек, қазақстандық патриотизм, яғни Мəңгілік Ел туралы айтып келеді.

Экономикалық іргемізді нықтау үшін елімізде ірі бағдарламалар жүзеге асуда. Тəуелсіздіктің шегесі – еліміздегі ұлттар мен ұлыстардың тас-түйін бірлігі екенін Нұрсұлтан Əбішұлы халықпен əр жүзде суінде айта-ды. Бірлік болмаса елдің лезде тоз-тозы шығатынын айнала-мыздан көріп отырмыз. Биыл Сарыкөлде астық жинау өте қиын болды. Толассыз жауған жаңбыр піскен мол егінді жинатпады. Бірақ, елдің ниеті де, көңілі де тоқ. Өйткені, еңбекпен өскен, еңбекпен піскен ауылдастарым мұның уақытша қиындық екенін түсінеді. Қазірдің өзінде диқандар келер жылдың егініне техника-ны дайындау ісіне кірісіп кетті. Қазір қыстың ортасы жақындады, орыс-қазағы соғымын сойып, қауқылдасып жатыр, дас тар-қан мол. Барлығының тілегі ел іргесінің амандығы, Тəуел-сіздіктің тұғырлы болуы. Оның рухы бəрімізді жебей берсін.

Қостанай облысы, Сарыкөл ауданы.

Сергей ПОГОДИН,орыс этномəдени бірлестігінің жетекшісі, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.

Тəуелсіздік – менің ұғымымда халқымыздың басты құндылығы. Өйткені, тəуелсіз ел болу – ата-ба бамыздың ғасырлар бойғы арма ны. Кең-байтақ жерін жау-дан білектің күшімен, найзаның ұшы мен қорғай білген қайсар қазақ елі ақыры өзінің тағдырына өзі қо жалық ететін, өз болашағын өзі ай қындайтын азат елге айнал-ды. Сон дықтан бұл күн – барша-мыз үшін ең қастерлі əрі ардақты күн.

Міне, биыл егемендігіміздің 23 жылдығын тойлап өттік. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Тəуелсіздік күніне арналған салтанатты ша-рада сөйлеген сөзін бастан-аяқ тыңдадым. Елбасының «Жер бетінде мыңдаған ұлттар мен ұлыстар бар. Біз – дербес мемле-кет құру бақытына ие болған 193 ұлттың біріміз. Басқа бақыттың қонуы бір бөлек, сол бақытты бағалай білу бір бөлек. Тəуелсіз елдерд ің барлығы б ірдей тұрақтылық пен татулыққа ұйып, дамудың даңғыл жолына түсе алған жоқ» деген шынайы сөзін терең ұғындым. Иə, шындығында да, Қазақстан осы жылдар ішінде жүздеген ұлт пен ұлыстардың ортақ үйіне айналды. Олардың басын б ір ікт ір іп отырған Қазақстан халқы Ассамблеясы Елбасының бейбітшілік пен

келісімге бағытталған саясатын жүзеге асырып келеді.

Бүгінде мен жетекшілік ететін бірлестіктің белсен-ді лері Елбасының биыл ғы Жол дауында алға қой ған мін-деттерді əрбір батыс қазақ-стандыққа жеткізуге атсалы-суда. «Нұрлы Жол» – еліміздің Жаңа Экономикалық Саясаты. Оны ойдағыдай жүзеге асырсақ, таяудағы жылдары əлем дегі дамыған отыз елдің қата ры-на қосылып, ата-бабалары-мыз армандаған Қазақ елі – Мəңгілік Ел болатыны сөзсіз. Сон дықтан біз басқа да этномə-дени бірлестіктермен бірге Ел басымыз айтқандай, қазақ-стандықтардың алтын жетістігі – бейбітшілік, келісім мен бір-лікті одан əрі дамыта отырып, Мəңгілік Ел орнатамыз деп нық сеніммен айта аламыз.

ОРАЛ.

Бўл – еѕ ќастерлі де ардаќты мереке

Əр жїрекке ўялаєан ќасиетті ўєым

Ќабілет пен ќарымєа ќашанда ґріс кеѕ

Нұрлыхан БЕКБОСЫНОВ,КСРО-ның құрметті мұнайшысы, «Парасат» орденінің иегері.

Елордада өткен Қазақ елінің ұлттық мейрамы – Тəуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шарада Елбасы Нұрсұлтан На-зарбаевтың Қазақстан халқына арнаған терең де мағыналы сөзі баршамызға ата-баба ама на-тының ауыр жүгін арқалау үшін ақыл-парасат пен күш-жіге-рімізді аямай жұмсау керектігіне үлкен ой тастап отырғаны рас.

Мемлекет басшысы дүйім елдің алдында барлық қазақ-стандықтардың негізгі міндеті мен болжалды бағытын нақ-тылап берді. Біздің аса қастер тұтатын басты құндылығымыз Тəуелсіздік екені қандай анық болса, елдің егемендігін сақ-тау жолында тыныштық пен тұрақтылық, татулық пен түсініст ікт ің соншалықты маңызды екендігіне баса на-зар аудартты. Халқымыздың үлкен-кішісін жұмылған бір жұдырықтай болып ел ертеңі үшін, келешек ұрпақтың кемел болашағы үшін бір кісідей еңбек

етуге шақырды. Əрине, бұл тек бізге жасалған үндеу ғана емес, бұл маңыздылығы аса салмақты жауапкершілік те.

Қоғам алдындағы, жас ұрпақ пен келер буын алдындағы үлкен жауапкершілікті терең сезіне отырып, əрқайсымыз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ү н і н е ү н қ о с ы п , к ү ш і н е күш біріктіруіміз керек деп есептеймін. Тату елдің түтіні де түзу, алар асуы да биік болмақ!

АЛМАТЫ.

Тату елдіѕ тїтіні тїзу

20 желтоқсан 2014 жылwww.egemen.kz4

Ертарғын АСТАЕВ,Парламент Сенатының депутаты.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осыдан екі жыл бұрынғы «Қазақ-стан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мемлекетіміздің келешектегі бағыт-бағдарын, атқаруға тиіс кемел істерді жан-жақты көрсеткен еді. Тіпті, ХХІ ғасырдың он жаһандық сын-қатерін тарата айтып, əлемдік экономиканың өрлеуі мен құлдырауларына да тоқта-лып, оған əзір тұру қажеттігін тайға таң-ба басқандай саралап берген бо ла тын. Одан кейінгі халыққа Жол даулардың негізгі арқауы сол стратегиядан бастау алатынын көріп отырмыз. Биылғы «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» деген жаңа Жолдауында Мемлекет басшысы алда айтқан Стратегияда нақтыланған міндет-мақсаттарды орын дау жайын көрсетіп, əлемдік қар-жы дағдарысы туралы батыл пікірін білдірді. «Мен өзімнің тəжірибемнен алдын ала сезіп отырғандай, таяудағы жылдар жаһандық сынақтардың уақыты болады. Əлемнің бүкіл архи-тек турасы өзгереді. Барлық елдер осы күрделі кезеңнен лайықты өте алмайды. Бұл шептен тек мықты мемлекеттер, жұдырықтай жұмылған халықтар ғана өтетін болады. Қазақстан, əлемдік экономиканың бір бөлшегі жəне геосаяси қысымның эпицентріне тікелей жақын орналасқан ел ретінде, барлық осы үдерістердің теріс ықпа-лына тап келеді. Нəтижесінде не болып жатқанын біз көріп отырмыз: əлемдік нарықтарда баға құлдырауда жəне тұтастай алғанда, экономикалық өсім баяулауда» деп нақты ақиқатты бүкпей алға тартты.

Иə, төрткүл дүние осындай дүрбе-лең ге бой алдырып тұрғанда тəуелсіз Қазақ мемлекетінің жүрер жол, атқа-рар міндетін тап басып айтқан Пре-зи денттің жаңа Жолдауы бүгінгі таң-да жағдай дереу əрекет етуді, көп-теген ұстанымдарды жылдам қайта қарастыруды талап етеді.

Əлемдік экономика ғаламдық қаржылық дағдарыс салдарынан оңала алмай отырғанда Президент Үкіметке Ұлттық қордан 500 миллиард теңге көлемінде екінші транш қаржысын алып, оны қайда жұмсау керектігін нақтылап берді. Оның біріншісі – шағын жəне орта бизнесті дамыту болса,

екіншісі – банк секторын сауықтыру, үшін шісі – жаңа инвестициялар тар-ту үшін тиісті жағдайларды жақсарту, төртіншісі – ЭКСПО-2017 кешені құры лысын несиелеу. Бесінші, ЭКСПО-2017 қарсаңында Астананың көлік инфрақұрылымын дамыту. Бұл тап сырмаларға бөлінетін қаржы көле мін де нақтылап берді. Жақын ара дағы жылдар ауқымды сынақтар уақы тына айналатынын да Жолдауда көрегендікпен көрсеткенін айта кет-сек дейміз.

Осының бəрі 2015 жылы біздің елі міздің даму стратегиясындағы ба-ғыт тар тізімін анықтау қажеттілігінен туындап отыр. Бірінші кезекте, бұл бюджет өзгерісіне қатысты, оның келіп жатқан бөлігі мұнай жəне газ баға-ларының төмендеуі салдарынан келе-сі жылы азайтылуы мүмкін. Алай да, Үкімет халық алдындағы бар лық əлеу-меттік жүктемелерін толық мөл шер де орындауға міндетті. Ал, бұл өте күрделі жəне шығынды мəселе.

Сыртқы нарықтағы жағдай қолайлы болған жылдарда Президент шикізат экспортынан түскен табыстарды Ұлт-тық қорға жіберу туралы шешім қа-былдады. Сол тұста əр алуан пікір-лердің болғанын білеміз. Бірақ қазір-гідей қысылтаяң шақта Қордағы ақ-ша еліміздің экономикасын дағ да-рыстан сақтап, халықтың əл-ауқа-ты ның төмендеуіне жол бермеуде. Біз мұны Мемлекет басшысының кү нделікті емес, елдің келешегін ке-мел дікпен ойластырған шешімі деп айту ға тиістіміз. Мұндай болашақты бол жай отырып, байлам жасау, сөз ба сында айтқан «Қазақстан-2050» Стра тегиясындағы қатерлердің алдын алу ға мол мүмкіндік жасады. Қазір төрт күл дүниедегі біраз мемлекеттер эко номикалық дағдарыстың зардабын

шегу де. Ал қазақ елінің экономикасы өсу қа лыбын сақтап, кейбір салалар бой-ын ша өрлеу бағыты айқын байқалуда.

Бұған төмендегідей дəлел-дəйек-тер ді алға тартсақ, сөзіміздің ақиқаты аңғарылады. 2015-2017 жылдарда экономикалық өсімді жəне жұртты жұмыспен қамтуды қолдау үшін жыл сайын 3 миллиард долларға дейін Ұлттық қордан қаржы бөлу туралы шешім қабылданды. Бұл алда айтқан көлік, энергетика, индустрияны жəне əлеу меттік инфрақұрылымды, шағын жəне орта бизнесті дамытуға жіберіледі.

Инфрақұрылымдық дамыту жос-пары Жаңа Экономикалық Саясат-тың өзегіне айналады. Жақын арадағы бес жылда барлық аймақтар темір-жол мен жəне автожолмен өзара бай-ла ныстырылуы қажет екені де Жол-дауда жан-жақты сараланып, көліктік-логистикалық инфрақұрылымды, макроаймақтарды дамытумен қатарлас жүріп отыратыны көрсетілді.

Жолдауда Президент қосымша жұмыс орындарын құру, 2015-2016 жылдар бойында тұрғын үй құрылысына 180 миллиард теңге қаражат бөлуді жіктеді. Тұрғындарды қымбат емес жалға берілетін тұрғын үйлермен қамтамасыз етуге бағытталған саясатты да айқындады. Осы арада Жолдауға үңілер болсақ, Мемлекет басшысы «Сондықтан, жалға берілетін тұрғын үй құрылысына көзқарасты қайта қараған жөн. Мемлекет əлеуметтік жалдамалы баспананы салып, оны тұрғындарға сатып алу құқығын бере отырып, ұзақ мерзімді жалға ұсынады. Баспананы тікелей делдалсыз жəне несиеге барынша төмен пайызбен ұсыну, оның сатып алу құнын арзандату-ға мүм кіндік береді. Бастапқы жар-на ның болмауы мен ипотека үшін төмен пайыздар баспананы қазақ-стан дықтардың көптеген жіктері үшін қолжетімді ете түседі», деуі биліктегі аза маттарды да, депутаттарды да əр іске жауапкершілікпен қарауды ұғындырса керек.

Елбасының осы Жолдауындағы мына түйін сөзге ден қояр болсақ, «Біз Жалпыұлттық идеямыз – Мəңгілік Елді басты бағдар етіп, тəуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айнал-дырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп аянбай тер төгуі-міз керек» деді. Ендеше, осындай ба ғыт-бағдарымыз айқындалып, жаһан дағы алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарынан табылу бағдары бүкіл қазақстандықтарды ұлы іске ұйытумен бірге, жауапкершілікті де талап етері сөзсіз. Бөлінген қаржыны тиімді пай-далану, іс басындағы азаматтардың парызы ғана емес, мойнындағы қарызы екені анық. Бұл тəуелсіздігіне қол жеткізгелі ширек ғасырға таянған Қазақ стан мемлекетін атажұртым деп біле тіндердің басты мақсат-міндеті болып саналады.

Депутаттар «Бəйтерек» ұлттық бас-қар у шы холдингі» АҚ-тың тұрғын үй құры лысы бағдарламаларын іске асыруы туралы» тақырыбын талқылады. Негізгі баяндаманы экономиканы дамытуға жəне əртараптандыруға жəрдемдесу, инвести-цияларды тарту мақсатында құрылған «Бəйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-тың басқарма төрағасы – Қуандық Бишімбаев жасады. «Тұрғын үй проблема-сын шешу мемлекеттік саясаттың басым-ды бағыттарының бірі болып табылады. Тұрғын үй құрылысы тақырыбы Мемлекет басшысы Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына ағымдағы жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауының аясында қаралуда.

Өзінің Жолдауында Мемлекет басшы-сы мемлекетті дамытудың стратегиялық бағыттарының бірі – тұрғын үй инфра-құры лымын нығайту екенін атап көрсетті. Сон дықтан қолжетімді тұрғын үй құры-лы сының көлемін арттыру мақсатында жалға берілетін тұрғын үй құрылысының тəсілдері қайта қаралды. Мемлекет жалға берілетін əлеуметтік тұрғын үйді салып, оны халыққа сатып алу құқығымен ұзақ мерзімге жалға береді. Үйді тікелей, дел-далсыз жəне барынша төмен пайызбен несиеге беру оның құнын төмендетуге мүмкіндік туғызады.

Осы үшін Мемлекет басшысы 2015-2016 жылдары ішінде жалға берілетін тұрғын үй құрылысын қаржыландыруды

қосымша 180 миллиард теңге сомасын-да ұлғайту туралы шешім қабылдады, оның 35 миллиард теңгесі инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салуға бөлінеді, 145 миллиард теңге жалға берілетін тұрғын үй құрылысы мен оны сатып алуға Холдингке бөлінеді.

Жалпы, 2020 жылға дейін 1,4 млн. шар шы метр немесе 29 мың пəтер пайда-лануға беріледі деп күтілуде», деген бас-қар ма төрағасы тұрғын үй құрылысы бағ-дарламасының қалай жүзеге асырылып жатқанына тоқталды.

Қосымша баяндамалармен – Ұлттық экономика вице-министрі Қ.А.Өскенбаев, «Қазақстан Ипотекалық компаниясы» ипо-текалық ұйымы» АҚ-тың басқарма төрағасы А.А.Ибадуллаев, «Тұрғын үй құрылыс жи нақ банкі» АҚ-тың басқарма төрағасы А.Н.Жұмағұлов, «Қазақстан ипотекалық не-сиелерге кепілдік беру қоры» АҚ-тың бас-қарма төрағасы А.О. Омарханов сөз алды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты халықара лық қатынастар, қорғаныс жəне қауіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков Мемлекет басшысы Н.Ə.Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы Жол – болашаққа бас-тар жол» Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру аясында Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы мекемелер қызметкерлерімен, мəслихат депутаттарымен, ардагерлер-мен жəне гуманитарлық-экономикалық колледждің еңбек ұжымымен, Түрген, Қаракемер, Евгенемаловодный ауылдық округтерінің, сондай-ақ, Шелек жəне Есік қалаларының тұрғындарымен кездесті.

Жүздесу барысында Жолдауды ықыласпен қарсы алған Алматы облысының тұрғындары оның негізгі ережелерін талқылай келіп, Қазақстанның «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясатының басым бағыттарын іске асыру жайында ойларын ортаға салды.

***Мемлекет басшысының «Нұрлы Жол – болашаққа бас-

тар жол» Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру аясын-да Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депу-таты, Қаржы жəне бюджет комитетінің төрағасы Рашит Ахметов Орал қаласының активімен жəне Батыс Қазақстан облысындағы Жаңақала ауданының тұрғындарымен кездесті.

Шараға атқарушы жəне өкілді биліктің, сондай-ақ, қоғамдық жастар ұйымының өкілдері қатысты.

Сенатор Р.Ахметов «Нұрлы Жол – болашаққа бас тар жол» Жаңа Экономикалық Саясаты елдің жəне əр адам-ның өмірін жақсартуды көздейтін нақты істерді шешуге бағытталғанын атап өтті. «Президент жолдарды қан тамыр-ларына теңей отырып, оларды дамытуға ерекше мəн береді, жолдар мемлекетті одан əрі өркендетуге тікелей байланыс-ты», деді сенатор.

Р.Ахметов, сондай-ақ, аудан орталығындағы жаңа ем-ханада болып, 600 орындық мектеп жəне 100 орындық ин-тернат құрылысының барысымен танысты.

***Парламент Сенатының депутаты Бірғаным Əйтімова

Батыс Қазақстан облысына сапары барысында Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына Жолдауын аймақ жұртшылығына түсіндіру мақсатында бірқатар кездесулер өткізді.

Облыс активінің отырысында Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында алға қойылған міндеттерді іске асы-ру мəселелері талқыға салынды. Кездесуге, сондай-ақ,

Парламент Мəжілісінің депутаты Нұрғали Əшім мен «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Серік Сүлеймен қатысты.

Аудан орталығы Қаратөбеде жəне Қалдығайты, Шөптікөл, Жусандыой ауылдарында тұрғындар алдында сөз алған сенатор Б. Əйтімова Жолдаудағы экономикалық ахуалды тұрақтандыру бағыттары туралы жұртшылыққа əңгімелеп, стратегиялық құжат міндеттерін іске асыруда əр қазақстандықтан ынтымақ, мақсаткерлік, бірлесе еңбек ету жəне тапсырылған істі жауапкершілікпен қарау талап етілетінін атап өтті.

Парламент депутаттары Б.Əйтімова мен Н.Əшім, соны-мен қатар, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында азаматтарды қабылдады жəне Қаратөбе ауданындағы білім беру ұйымдарымен танысты.

***Мемлекет басшысының «Нұрлы Жол – болашаққа

бастар жол» Жолдауын халыққа түсіндіру аясында Парламент Сенатының депутаты Аңсар Мұсаханов пен Парламент Мəжілісінің депутаты Николай Логутов Алматы облысындағы Қарасай ауданының активімен кездесті.

«Нұрлы Жол» Жолдауын түсіндіру барысында сена-тор А.Мұсаханов құжаттағы көлік-логистика, индустрия, энергетика, əлеуметтік инфрақұрылым секілді негізгі бағыттарды дамыту, сондай-ақ, шағын жəне орта бизнес пен кəсіпкерлікті қолдау мəселелеріне тоқталды.

Ақпараттық-насихат тобының мүшелері Қаскелең қаласындағы «Алматыгаз-сервис-Холдинг» ЖШС ұжымымен кездесіп, аймақтағы əлеуметтік маңызы бар нысандар жұмысымен танысты.

***Президент Н.Ə.Назарбаевтың «Нұрлы Жол – болашаққа

бастар жол» Жолдауын түсіндіру жөніндегі республикалық ақпараттық-насихат тобының аясында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ерболат Мұқаев Батыс Қазақстан облысындағы Сайхын ауылының тұрғындарымен кездесті.

Сенатор Е.Мұқаев Мемлекет басшысы Жолдауының ерекшеліктеріне тоқталды. «Геосаяси дағдарыс пен жетекші державалардың санкциялық саясаты əлемдік эко-номиканы қалпына келтіруде қосымша кедергілер туын-датуда», деген сенатор Елбасы Жолдауының ережелерін атап өте келіп, бұл жағдайдағы еліміздің банк жүйесінің жұмысы, несие мəселелерінің шешілуі туралы хабардар етті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Бізге кґркем аудармашылар ќажет

Мəжілістің жалпы отырысында депутат Алдан Смайыл Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың атына сауал жолдаған еді. Онда төмендегі мəселе көтеріліп, былай делінеді:

«Дүлдүл ақын Қадыр Мырзалиев: «Біздің тарих бұлдағы қалың тарих, оқулығы жұп-жұқа бірақ-тағы», де-ген еді күйінішпен. Сол секілді қазақ əдебиеті де бай əдебиет, тек əлемге еркін танылмай өз шеңберінде шыр айналуда. Шығармалары халықаралық беделді тілдерге аударылған қазақ қаламгерлері саусақпен санарлық. Оның өзінде сол туындылардың тəржімасы тамаша деп ешкім айта алмайды. Өйт-кені, бізде ағылшын, испан, француз, неміс, қытай секілді өтімді тілдерде көркем аударма жасайтын кəсіби ау-дармашылар болған емес, қазір де жоқ. Оларды даярлауға ынталы болып отыр ған мемлекеттік құрылымдарды да таба алмайсыз. Бұған осы мəселені Еуразия ұлттық университетіндегі немесе əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі филология фа культетінен көркем аударма бөлі мін ашу туралы Үкіметке жолдаған ұсыны-сымыздың əлі күнге орындалмай келе жатқаны дəлел.

Ал осы қиын шаруа ма? Поэзия мен прозаға табиғи қабілетті, сөз өнері не бейім жиырмашақты жас ты іріктеу, оларға шет тілдері мен көр-кем аударманың қыр-сырын үйрету қолдан келмейді дегенге кім сенеді? Бар гəп əдебиетке, ұлттың рухани құн ды-лықтарына, халықтың абырой-беделіне жанашырлықпен қарай білуде.

Мұнай мен темір кімде жоқ, талайлар-да бар. Ал Пушкин мен Абай, Бальзак пен Əуезов, Гейне мен Мырзалиев, Шекспир мен Махамбет бірен-саран ұлттың ғана еншісінде. Қазақ дарындары адамзатқа ортақ ой айта отырып, ұлттың даралығын сақтай алған. Олардың толғауы тоқсан еңбектерін əлемге таныту арқылы қазақ халқын, оның көркем ойын, кестелі сөзін, ізгілікпен нұрланған жан дүниесін та-нытамыз. Жаһан Еуразияның кіндігінде Азия мен Еуропаның жоғары талғамына сай көркем əдебиет жасаған аса талант-ты халық бар екенін білетін болады жəне құрметтейді.

Кəсіби көркем аудармашылар бізге осы үшін қажет. Сондықтан бұл мəсе-лені түрлі сылтаумен соза беруге бол-майды.

Сізден, құрметті Бердібек Машбек-ұлы, осы талабымызды, Еуразия ұлттық университетінің филоло-гия факультетінен көркем аударма бөлімін ашу жөніндегі ұсынысымызды қолдауды сұрай отырып, Қазақстан Республикасының шетелдердегі елшіліктерінің жанынан «Қазақ əдебиеті кітапханасын» ашуға ықпал етуіңізді өтінеміз. Осындай кітапханаларға бүгінге дейін шет тілдеріне аударылған көркем жəне ғылыми-көпшілік, та-рихи əдебиеттер жинақталып, ұдайы толықтырылып отырылса, ақын-жазушылар мен өнертанушылардың кештері мен түрлі тақырыптардағы конференциялар өткізіліп тұрса, қазақ руханиятының сырт мемлекеттердегі рухани шаңырақтарына айналар еді. Қазақ əдебиетіне көптеген елдер қаламгерлерінің назарын аударар едік.

Ұлт руханиятының халықаралық беделін көксеген ой-ұсыныстарымыз қолдау табады деп сенеміз».

Жақсыбай САМРАТ,«Егемен Қазақстан».

Сауалдың қысқаша мазмұнына тоқтала кететін болсақ, онда АҚШ секілді дамыған елдердің тəжірибесін айта отырып, мемле-кет қоғамның əлжуаз топтарына ауыл-шаруашылық өнімдерін (ет, сүт, жұмыртқа) са тып алуға атаулы көмек беруі керектігі айтыл ған. Ал көмек қаражатқа белгіленген супер-минимаркеттер нақ отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушісінің өнімін сатып алуға міндеттелсін деген. Со-нымен бірге, күнкөріс минимумын арттыру да сұралған.

Үкімет осындайды ұйымдастыра білсе: біріншіден, əлжуаз топтарды нақтылы қолдайды; екіншіден, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіні қолдайды. Олар өз тауарын өткізу үшін əуре-сарсаңға түспей, арнаулы супер-минимаркетке алып барып, өткізеді. Сөйтіп, Үкімет бір оқпен екі қоян атып алғандай болар еді. Əйтпесе, əл жуаз топтарға берілген көмектің қайда жұм салып жатқаны да белгісіз, ауыл шаруашылығы тауар өндірушісіне беріледі деген көмектің де сайда саны, құмда ізі жоқ. АҚШ сияқты дамыған мемлекеттер осылай нақты көмек жасайды, сонда ақша ешқайда кетпей, нақты адресатына барып, айналып жүреді делінген сауалда.

Айта кетерлігі, А.Қоңыровтың бұл са уалына Мəжілістегі «халықтық ком-мунистер» партиясы фракциясының мүшелері тегіс қол қойған.

Жуырда осы сауалға Премьр-Министр-дің қолы қойылған жауап келіпті. Онысы – шығарыпсалма жауап. Жауаптың алғашқы жартысында халықтың бəріне белгілі, ал депутаттар жатқа білетін жеңілдіктер туралы айтылыпты. Соның ішінде 2015 жылдың 1

шілдесінен бастап асыраушысынан айы-рылған жандарға жəне мүгедектерге бері летін жəрдемақының 25 пайызға, «Б» корпусына жататын мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысы 15 пайызға артатыны ескертіліпті. Қолданыстағы заңға сəйкес табысы кедейшілік деңгейінен төмен жандарға атаулы əлеуметтік көмек жəне т.б. берілетіні де көлденең тартылған. Осының бəрі күнкөріс минимумының тоқ-сан сайын өзгеруіне тікелей байланыс ты екен дігі де ескертіліпті. Сонымен қатар, «əлеу меттік нанның» бағасын тұрақты ұстау үшін аймақтар азықтық бидаймен (3 кластың бір тоннасының бағасы 28 мың теңге) қам-там асыз етілетіні де айтылған. Қазақстан Рес пуб ликасының 2030 жылға дейінгі Əлеу-меттік даму тұжырымдамасының шеңберінде мемлекеттің экономикалық мүмкіндігіне қарай 2017 жылы күнкөріс минимумын оның құрылымын өзгерту есебінен арттыру қарастырылған дегенді де қосыпты.

Қысқарта айтқанда, депутаттың атау лы əлеуметтік көмекті өзіміздің ауыл шаруа-шылығы тауарларын өндірушілердің ғана өнімін алуға ынталандыру арқылы екі жаққа да тиімді көмек ұйымдастыру мəсе-лесі туралы ұсынысына жауап бер мек түгіл, ауызға да алмаған. Əрине, депу-таттың сауалына жауапты Премьердің өзі дайындамайтындығы рас. Бірақ, Премьердің атынан баратын жауапты дайындайтын шенеуніктің өз жұмысына салғырт қарайтындығы көрініп тұр.

Бұл жауапқа қанағаттанбаған «халықтық коммунистер» партиясының Мəжілістегі фракциясы Премьерге жаңа сауал жолдайтындарын айтып отыр. Алайда, ұсыныс атаулыны нақтылы зерттеуге мойны жар бермейтін шенеуніктерден жөнді жауап күту де қиын-ау!

ПАРЛАМЕНТПАРЛАМЕНТ

Жолдау жүгі

Ел əлеуетін арттырудаєы айќын баєыт

Депутаттар сайлаушылар ортасында

Басымдыќтар тїсіндірілді

Талқылау тағылымы

Стратегиялыќ саясаттыѕ бірі – тўрєын їй инфраќўрылымын дамыту

Парламент Мəжілісі Төрағасының орынбасары – «Нұр Отан» партия-сы фракциясының жетекшісі Дариға Назарбаеваның төрайымдығымен Парламент Мəжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының басқосуы өтті, деп хабарлады Мəжілістің баспасөз қызметі.

Сауал салмағы

Сауалы мен жауабы Осыдан біраз бұрын Премьер-Министр Кəрім Мəсімовтің атына Мəжіліс депутаты Айқын Қоңыров қоғамның əлжуаз топтары мен ауыл шаруашылығы өнімдерін шығарушыларды нақты қолдаудың жолын көрсеткен ұсыныс-сауал жолдаған еді.

Сауалдар салиќалы жауап кїтеді

Фотокүнделік

Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.

20 желтоқсан 2014 жыл 5www.egemen.kz 5

Бақтияр ТАЙЖАН,«Егемен Қазақстан».

Жуырда Оңтүстік Қазақстан об-лысына жұмыс сапарымен келген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Шымкент қаласының шығыс жағында салы-нып жатқан жаңа Əкімшілік-іскерлік орталығында атқарылу үстіндегі жұмыстарға оң бағасын берген болатын. Ал Тəуелсіздік күні облыс əкімі Асқар Мырзахметов облыс ардагерлерін төрт автобусқа отырғызып, жаңадан салынған нысандарды аралатып, Шымкенттің бас жоспары бойынша қандай шаруалар атқарылып жатқанын тағы бір көрсетті. Өйткені, көрсетуге тұрарлық істер көп.

Мəселен, биылдың өзінде жаңа орталық жанынан 70 гектар жер бөлініп, тарихи-мəдени аймаққа айналды. Мұнда «Наурыз» алаңы, облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, Əдет-ғұрып жəне салт-дəстүр орталығы, бұрынғы «Тұлпар» көлі маңында демалыс орында-ры пайдалануға берілді. Қазақстандағы ең еңселі жерлердің біріне салынған Бəйдібек би ескерткішімен жалғасып жатқан жаңа кешенде халықаралық талаптарға сай салынған қонақүй есігі қала қонақтарына айқара ашыл-ды. Осылайша, Елбасының тапсыр-масы бойынша қаланың солтүстік-шығыс бағытында 1600 гектар аумақты алып жатқан жаңа Əкімшілік-іскерлік орталығында құрылыс дегеніңіз күн-түн дерлік қызу жүріп жатыр.

Құрылыстың бірінші кезеңінде 284 гектар аумақта «Түркістан» салтанат сарайы, Ж.Шанин атындағы облыстық драма театры, «Отырар» кітапханасы, Көрме орталығы, жаңа алаң мен гүлзар, көпқабатты тұрғын үйлер, қалалық ем-хана, Назарбаев зияткерлік мектебі, кешенді медицина жəне сауда орталығы салынды.

Шымкентке келген қонақтар таңдайын қағып, таңырқағаннан баста-рын шайқап, еріксіз «тамаша» дейді. Бұл орайда облыс тұрғындары да күні кеше ғана саманнан салынған үлкен ауылға айналып кете жаздаған Шымкенттің бүгінгі көркем келбетіне көңілдері өсіп жүр. Бірақ, осы аумаққа тікелей қатысы болмаса да Шымкенттің жаңадан салы-нып жатқан орталығына түбінде кесірі тиетін жер дауы жел соққан сайын екілене түсетін өрттей өршіп келеді.

Басынан бастайық. Жыл сайын үлкейіп келе жатқан Шымкенттің өз тұлыпына оранып, бұйығып жата бермейтіндігі белгілі. Көлемі ұлғайған қалаға құрылыс салатын жер керек. Ол – қаламен тонның ішкі бауындай сұғынып жатқан Сайрам ауданының жері.

Біз осы тақырыпқа аз-кем зерттеу жүргізгенімізде, біраз жайттың сырына қанықтық. 2004 жылдың 22 сəуірінде Қазақстан Үкіметінің қаулысымен Шымкенттің бас жоспары бекітіліп, Сайрам ауданының 4640 гектар жері қалаға беріледі. Сол кездегі бас жоспар бойынша бүгінгі Бəйдібек би ескерткіші орналасқан қапталға жаңа орталық салынуы керек екен. Бірақ билікте отырғандар оған асыға қоймайды. Əкімдікте кадрлық ауыс-түйіс болып, жер мəселесі кейінге қалады. Тек, 2006 жылы сəуірде қаулының алғашқы шарт-тары негізінде 4460 гектардың орнына Сайрам əкімдігі Шымкентке 200 гектар жер ғана бөледі. Ал бас жоспар бой-ынша Шымкент 4460 гектарға қандай құрылыстар жүргізетіндігін сайлап қойған еді...

Міне, осындай өліара шақта Сайрам аудандық əкімдігі алдындағы табақта қуырылып жатқан майлы жамбастан бас тарта алмай қалады.

Артынша ауада асылып тұрған жерді бөлшектеп, диқандар мен биз-несмендерге пышақ үстінен үлестіреді, сатып жібереді. Іс бітті, қу кетті. Қарға қарқ етті, ірімшік жерге салп етті, бір қақшыған түлкі миығынан күліп ол кетті. Осылайша, Шымкент пен Сайрамның ортасында жер дауы ғана қалды.

Ал анығында Үкімет қаулысы бар

Шымкенттің бас жоспарына кірген бұл жерлерді сатуға вето қойылуы керек-ті. Тіпті, 2006 жылы Сайрам əкім дігі мен мəслихатының Шымкент əкімді гіне берген ақпарында бұл жерлер ешқан-дай жекеменшікке берілмеген, құры-лыс жұмысы жүргізілмеген бос деп көр-сетілген.

2007 жылы, яғни үш жылдан кейін қалың ұйқысынан оянған Шымкент əкімдігі осы жерлерді аукционға қояды. Əрине, бизнесін өркендетудің жо-лын Шымкенттің ұлғаюымен бай-ланыстырып жүрген кəсіпкерлер көп. Қорытындысында 220 гектарды «Құрылыс Строй Маркет» құрылыс ком-паниясы» ЖШС бюджетке 4,035 млрд. теңге төлеп аукционда сатып алады. Меншік иесі көп күттірмей сатып алған жеріне биік қоршау орнатып, жұмыс бастау үшін қала əкімдігінің коммуни-кация жүйесін жүргізуін күтеді.

Жыл сайын жер салығын уақытында төлеп тұрады. Сөйтіп, жеті жылда қала бюджетіне 150 млн. теңге құйылады. 2013 жылы Мехти Мамедов деген азамат «Құрылыс Строй Маркет» серіктестігі меншігіндегі аталған жердің 10 гекта-ры өзіне тиесілі екендігін айтып, сотқа жүгінеді.

Даудың басы Дайрабайдың көк си-ыры демекші, осы 10 гектар жердің та-рихы қызық. 2005 жылдан 5 рет меншік иесін ауыстырып үлгеріпті. Əуелде, бюджетке төлем бағасы 2,154 млн. теңге ғана болған жер жыл сайын қымбаттап, теңге Мамедовтің қолына тигенде оған 330 млн. теңгеге түскен. Алтын жала-тып қойған ба дерсіз. Əрине мұндай жағдайда екі жақтың да жүгінері – сот. Əуелде Шымкентке өткен жердің құнын даулап сайрамдық біраз азамат сотқа шағымданған екен. Өнбес дау екендігін аңдағандар алғашқы соттан кейін-ақ жолдан шыға бастаған. Біздің анықтағанымыздай, əлі де бір-біріне жеңістік бермей текетіресіп тұрғандар жетерлік.

Жалпы, редакция қосынына түскен шағымда Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кəсіп-орынның ОҚО филиалы басшысы Ербол Зорбановтың қызметіне бай-ланысты бірталай жайттар айтылған. Яғни, Зорбанов кезінде зорлық қылып, мəселені біржақты «Құрылыс Строй Маркет» ЖШС-нің пайдасына шешіп бермекке талаптанады. Жерді пай-далану құқы бар 90 адамның база-дан шығарылуына нақ осы азаматтың қатысы бар екен. Қаржы полициясы тексеру жүргізгенде серіктестіктің аук-ционнан сатып алған жеріне мемлекеттік акт ала алмайтындығының себебі мұнда бірнеше адамның заңды жері барлығы анықталған. Бірақ, билігі бар Ербол Зорбанов қолдан келіп тұрған соң қонышынан басқан сыңайлы.

Осы сауалдарды біз Ербол Зорбановқа қойдық. Бір сөмке құжаттарын көтеріп келді. Таныстық. «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» РМК-ның жарғысында біреудің жерінің құжатын түзеп, екіншісінің пайдасына шешіп беретіндей бұл кəсіпорынның құзыретіне кірмейді дейді. Кəсіпорын қызметінің мəні мемлекеттік жер кадас-трын жүргізу болып табылады. Яғни, мемлекеттік тіркеу мақсаттары үшін жер санын, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларды, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерін есепке алады. Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу үшін жер учаскелері мен олардың субъектілері туралы деректер банкін, сондай-ақ, басқа да жер-кадастрлық ақпаратты қағаз жеткізгіште жəне электрондық түрде жинақтайды. Кəсіпорын осы жарғыда бекітілген оның қызметінің мəні мен мақсатына сай емес қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ, мəмілені жасауға құқылы емес көрінеді.

– Біздің мекеме ешкімге жер бере алмайды, бақылау да құзыретімізге

кірмейді, – дейді Ербол Зорбанов. – Ал Сайрам ауданынан жер алғандарды серіктестік пайдасы үшін базадан шығарып тастады деген айыптауға кел-сек, кəсіпорын біреуді жер кезегінен əдейі шығарып тастағысы келсе де шығарып тастай алмайды. Электрондық түрде жойды дегеннің өзінде қағаздағы құжаттар қатар сақталған. Сот анықтау керек болғанда электрондық түріне емес, қағаз құжаттағы дəлелдерге сүйенеді.

Маған, сондай-ақ, серіктестіктің пайдасына жұмыс жасайды деген айып тағылды. 2007 жылы серіктестік осы жерді 4 млрд. теңгеге облыстық аукци-оннан сатып алды. Жер салығын жыл-да төлеп келеді. Мемлекеттік кəсіп-орын ретінде, əрине, біздің мекемеге «Құрылыс Строй Маркеттің» құжат-тары мен жұмыс істеуге тура келді. Бірақ, кейін белгілі болғандай, Сай рам ауданы əкімдігінің бұл жерлердің біраз бөлігін жеке адамдарға бергені анық та-лып, қарама-қайшылықтар орын алды.

Кəсіпорынның бірінші немесе екінші жер иеленушіге қолдау көрсететіндей құқығы жоқ. Тексеру-бақылау құзыреті міндетімізге кірмейді. Солай бола тұра, біздің мекемеден кінə іздейтіндерге айтарым, істің ақ-қарасын соттан іздеңіздер. Бір жерде екі қожайын бол-майды. Анығында, бұл жерлер дауласу-шылардың қолына емес, мемлекет мен-шігіне өтеді. Ал мемлекет бір жер үшін бірнеше қожайынға қаржы төлемейді. Мен дауласып жүрген екі азаматқа сотқа жүгінуге кеңес қана бере аламын.

Міне, Ербол Зорбановтың бар айт-қаны осы. Аңдағанымыздай, бірі қоршап алып, екіншісі сыртынан доқ көрсетіп жүр се де бұл жерлер мемлекеттік мен-шікке өтеді.

Сонда қалтасы күйген кім? Əрине, мемлекет. Жер мемлекеттік меншікке өткен соң, шығынын санап көріңіз. «Құрылыс Строй Маркет» ЖШС-нің 220 гектар жерді аукционнан 4 млрд. теңгеге сатып алғанын айттық. Оған жеті жыл-да төлеген 150 млн. теңге жер салығын қосыңыз. Мехти Мамедов 10 гектар жер-ге 330 млн. теңге шығындапты. Басқа да қолында жерді пайдалану құжаты бар азаматтардың сатып алу құны мен жыл сайын төлеп келген жер салықтарын қоссаңыз, бас айналдыратындай орасан қаржының орны көрінеді.

Осының бəріне кінəлі кім?! Соттасушылардың уəждерін бақсаң,

жел диірменмен шайқасып жүретін Дон Кихотты еске түсіреді. «Айран ішкен құтылды, шелек жалаған тұтылдының» кері осында. Осындай дауға ұрындырған, жерді сатқан, өзге тұлғаға меншікке бер-ген əкімдердің, тиісті мекемелердің мойнында ешқандай жауапкершілік жоқ па?! Жəне бұл жағдай бірінші рет қайталанып тұрған жоқ. «Нұрсəт» шағын ауданының құрылысы жүріп жатқанда да меншік иесі жеке тұлғалар екені анықталып, екі жақ сотпен əзер бітіскен. Басшылардың ешқайсының дүниесі күймейді, мемлекеттің қалтасы терең, түбінде маржан бар.

Міне, Шымкенттегі жер дауының да төркіні осы.

Ал сот... Облыстық соттың хаттама-сымен танысқанбыз. Қызық. Екі жақ-тың да құқын шектемейді, меншік иесі деп таниды. Құдды, Қожанасырдың билік айтқанындай. Алдына даумен келген екеуіне де жеке-жеке дұрыс деп, онысын бетіне басқан əйеліне сенікі де дұрыс дегені сияқты сырғытпа жауап-пен шығарып салған. Бұл қалай?

Біз жерді аукционнан сатып алған серіктестікке де, онымен тең құқылы жерге иелік құжаттары бар азаматтарды да кінəлай алмаймыз. Арандап қалған азаматтар шығынын өтейтін кінəліні іздеп əлек болып жүр. Қалай болғанда да қай-қайсы да қаржысын қайтарып алуға құқылы. Бірақ, кімнен?! Құдай ақырын берсін, мемлекеттің есебінен кертіп жегісі келетіндер осылайша көбейіп тұр. Асқынған дауды əділ сот қана шеше алмақ. Ал ондай сот қайда?

Оңтүстік Қазақстан облысы.

Аќ-ќараны сот айтады ● Мəселенің мəнісі

Айгүл СЕЙІЛОВА,«Егемен Қазақстан».

Soyle.kz – Тұңғыш Президент – Елбасы қоры, «Самұрық-Қазына» АҚ жəне «Samsung Electronics» компаниясының қолдауымен ашылған қазақ тілін онлайн режімінде тегін үйрететін тұңғыш интернет портал. Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шəуеевтің айту-ынша, бүгінге дейін елімізден жəне шетелдерден 250 мыңнан аса адам портал қызметін қолданған жəне оның 16 мыңға жуығы тұрақты түрде тіркеліп, қазақ тілін үйренуде. Ендігі жерде қазақ тілін үйренуге талпы-ныс жасап жүрген əрбір адам осы порталдың мобильді қосымшасын пайдалана алады. Мобильді қосымша арқылы мемлекеттік тілді тегін, өздеріне қолайлы уақытта əрі жылдам үйренуге мүмкіндік бар.

«Ұялы байланыс немесе планшет арқылы пайдалану көзделген мобильді қосымшаға порталдағы барлық бөлімдер, оған қоса 3500-ге жуық сөз бен 700-ден аса тілдесу үлгілері толықтай дыбысталған «Тақырыптық сөздік» материалдары енгізіліп отыр. Жинақталған 50 тақырып күнделікті өмірдің негізгі салаларын қамтиды, бұл есте сақтауда қиындық туды-ратын сөздерді кезең-кезеңмен

меңгеруге мүмкіндік береді», – деді ол.Брифингте, сонымен қатар, Bala.

soyle.kz порталы таныстырылды. Бұл мектепке дейінгі бүлдіршіндер мен бастауыш сынып оқушыларына арналған дистанциялық оқытып-үйрету жүйесі. «Портал ойын-тəрбие құралы бола отырып балалардың ақыл-ойын дамытады, тілін ұстартады, сөздік қорын молайтады, өмірді тануға, сезімді байытуға тəрбиелейді. Сондықтан біз баланы ойната отырып сөйлетуге, суреттерді қарап, заттарды сипаттау, жұмбақ есептерді шешу, құрастыру, тақпақтар жаттату арқылы олардың қызығушылығын арттыруға тырыстық», – деді Мемлекеттік тілді дамы ту қорының директоры А.Шəуеев порталдың таныстырылымында. Со-нымен қатар, порталда балалар əліппе үйреніп, аудио-сөздіктер арқылы жаңа сөздермен танысып, санауды мең-гереді. «Ертегілер», «Сандықша», «Ойын дар» атты қосымша бөлімдерде олар қазақ тілінде мультфильмдер көріп, əн айтып, ертегі тыңдап, сана-мақтарды үйреніп, тағы да сан алуан қызықты сабақтарға қатыса алады.

«Google-аудармашы» жүйесіне қазақ тілінің енгізілгені туралы жиын-да «Wikibilim» қоғамдық қорының жетекшісі Рауан Кенжеханұлы мұның екі жылдық еңбектің нəтижесі екенін əрі қордың Тəуелсіздік күніне жасаған

сыйы екенін атап өтті. «Google-аудармашы жүйесіне қосылудың тиімділігі қазақ тілінен жүйеде бар 90 тілдің кез келгеніне немесе сол тілдерден қазақ тіліне аудар ма жасауға болатынында. Сөз тіркес-терін, мəтіндерді жəне тұтастай веб-парақ шаларды бір мезетте əрі тегін аударуға мүмкіндік мол. Бұл жүздеген ерік тілер мен шын патриоттардың екі жылдық жұмысының нəтижесі. Техно логиялық жағынан аса күрделі бұл лингвистикалық платформаға кіре алған небары 90 тіл бар, бұлар сол тілде сөйлейтін тегеурінді ортасы, іздеушісі мен жанашыры бар тілдер. Аталған платформа болашақтан үмітті тілдердің күрес алаңы», – деп атап өтті Р.Кенжеханұлы.

Қор жетекшісінің айтуынша, «Google-аудармашының» аударма жү йесі статистикалық алгоритмге негіз делген, яғни машинаның жадын-да əр сөз бен сөз тіркесінің аударма нұсқа лары неғұрлым көп болса, ау-дарма сапасы соғұрлым жақсы бола бер мек. Сондықтан, аударма жүйесі өзін-өзі жетілдіруге бапталған, ал қолда нушылар аудармалардың сапасын жақсартуға үлес қосу мүмкіндігіне ие.

«Аударма сапасын жақсартуға үлес қосуға ниетті кез келген адам қате-ні байқаса, қарындаш суретін басу арқылы түзету енгізіп, «аударманы жақсарту» деген батырманы баса ала-ды», – деп атап өтті қор жетекшісі.

Айта кетейік, қазақ тілін Google аударма жүйес іне қосу жоба-сын «Wikibilim» қоғамдық қоры «Beeline Қазақстан» компаниясының қолдауымен жүзеге асырды.

Мұның барлығына, бəрінен бұрын қаладағы бизнес-ахуалды одан əрі жақсартуға қажетті жағдай жасаудың арқасында қол жеткізілді, деп баса айтты Алматы əкімі. Оның сөзіне қарағанда, шаһардың нақты бюджет көлемі 356 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 50 млрд. теңгеге артқан.

Инфляция деңгейі 7 пайыздан аспайды. 11 айдың қоры тын дысы бойынша, оның деңгейі 6,4 пайызға теңесті, деді А.Есімов. Атап айтқанда, Алматы – респуб ликалық бюджеттің басты донор ларының бірі, яғни қала салық түсімінің 27 пайызын береді. Сонымен қатар, қала еліміз бойынша жалпы өңірлік өнімнің 20 пайызын қамтамасыз етеді.

А л м а т ы қ а л а с ы э к о н о м и -касының негізін шағын жəне орта бизнес құрайды. Мəселен, елімізде шығарылатын өнім мен көрсетілетін қызметтің үштен бір бөлігін шағын жəне орта бизнес атқарады. Қала бюджетіне түскен барлық салықтық түсімдердің 60 пайызын шағын жəне орта бизнес береді. Алматы сау-да көлемі бойынша республикада бірінші орында тұр. Қалада бөлшек сауда айналымы 2008-2013 жылдар аралығында 1,4 есеге өсіп, 1 407,5 млрд. теңгені құраған. Осы ретте Алматының республикалық тауар айналымындағы жалпы үлесі 30 пай-ыздан 40 пайызға өскен.

Əкім бұдан əрі қаланың əлеуметтік жағдайын, денсаулық сақтау сала-сында атқарылған жұмыстар жа-йын да əңгімеледі. Оның айтуынша, Алматыда үстіміздегі жылы бала өлім-жітімі төмендеген. Бала өлім-жітімі 25,3 пайызға азайды, бұл – еліміз бойынша ең жақсы көрсеткіш, ана өлім-жітімі 53 пайызға төмендеді», деп атап өтті қала басшысы өз сөзінде. Перинатология жəне балалар кар-диохирургиясы орталығында туа біткен жүрек ақауларының, оның ішінде жаңа туған 2 жəне 24 күндік нəрестелердің арасындағы ақаулардың түрлі формалары бойынша операция-лар спектрі кеңейіп келеді. Ағымдағы жылы 156 кардиохирургиялық опе-рация жасалған. Сонымен бірге, алматылықтардың қан айналымы жүйесі ауруларынан көз жұмуы азайған.

Халыққа кардиохирургиялық жəне интервенционалды көмек көрсетуді қарқынды дамытудың арқасында жақсы нəтижелерге қол жеткізілді. 4 нейроинсульттық орталық толық көлемде жұмыс жасайды, деді осы орайда қала əкімі. Сондай-ақ, қала басшысы биыл Алматыда 1 млн. 300 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілгенін атап өтті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 30 пайызға, кеңестік кезеңмен салыстырғанда екі есеге жоғары. Əкім алға тартқан дерек-терге қарағанда, қаладағы тұрғын үй

құрылысы қарқынды өсу үстінде. Тек соңғы 6 жылдың ішінде ғана 5,5 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Ал үстіміздегі жылдың ішінде 1,3 млн. шаршы метр неме-се 10 500 пəтер тапсырылған. Оның ішінде қалалық құрылыс басқармасы – 1 312, күрделі құрылыс кəсіпорны – 617, коммерциялық құрылыс – 4383, жеке тұрғын үй құрылысы 1889 пəтер салған. 2020 жылға дейін Алматыда апатты үйлер жойылады, деді А.Есімов. Бізде күрделі құрылыс деп аталатын кəсіпорын бар. Біз бастапқы кезеңде жарғылық капи-талына қаржы берген едік. Қазіргі уақытта олар құрылыс жүргізуде, ескі үйлерді сүруде. Адамдар жаңа үйлерге қоныстануда, деді қала бас-шысы. Алматы əкімінің айтуынша, қаладағы қамысты қаңқалы ескі екі қабатты үйлер сүріліп, оның орнына 5-6 қабатты заманауи үйлер салынуда. Ал баспанасы сүрілген азаматтардан артылған пəтерлер сатылуда.

Біз жақсы қор құрдық. Соның арқасында бюджет қаржысына жүгін-бестен біз 2020 жылға дейін Алматы-дағы ескі үйлер проблемасын шешуге бағытталған бағдарлама əзірледік. Бұл – өте үлкен бағдарлама жəне біз қазіргі уақытта оны қарқынды жүргізудеміз, деді Ахметжан Смағұлұлы. Оның атап өтуінше, бастапқы кезеңде 62 тұрғын үй салу жоспарланған. Бұл 3 мың отбасыға өздерінің тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні 33 тұрғын үй сүрілді, 417 отбасы қоныс аудар-ды. Жоғарыда атап өткенімдей, бұл жұмыстар жалғасатын болады, деді қала басшысы.

Тағы айта кетерлігі, Алматыда сүрілген базарлардың орнына сауда-көлік дəліздері салынбақ. Бұл туралы да А.Есімов мəлім етті. Оның айтуын-ша, 2009 жылдан бері қалада базарлар-ды жаңғырту жұмыстары жүргізіліп келеді. Үстіміздегі жылы біз 16 базарды

сүрдік. Қазіргі уақытта 14 базардың жерін алу жұмыстары жүргізіліп жа-тыр. Олардың орнына сауда-көлік дəлізінің құрылысы жүргізілуде, деді əкім. Қала басшысының айтуын-ша, базарларды сүрудің арқасында солтүстік айналма жолындағы көлік ағыны артып, көлік кептелісі біршама төмендеген. Еске салсақ, былтыр Алматының «Барахолка» базарында бірнеше мəрте өрт шығып, əкімдік тарапынан заңсыз базарларды бұзу жұмыстары жүргізілген еді.

Ахметжан Смағұлұлы, сонымен қатар, Алматы 2022 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарын өткізу үшін лайықты деңгейде жұмыстар жүргізуде екенін атап көрсетті. Біз Қысқы Олимпиаданы өткізуге өтінім бердік. Өздеріңіз де білетіндей, қазіргі уақытта 2 қала – Алматы мен Бейжің Қысқы Олимпиаданы өткізуге үміткер болып отыр. Ал мұның барлығы да əлемдік қоғамдастықтың қызығушылығын туғызатыны сөзсіз, деді А.Есімов. Осы ретте қала басшысы Қытайдың əлемдегі ірі мемлекеттердің бірі екендігін, ал Бейжіңнің əлемге таны-мал қала екендігін баса айтып өтті. Онымен бəсекеге түсу оңай емес. Біздерге келетін кез келген делегация əңгімені дəл осы мəселеден бастайды. Дегенмен, кімнің жеңіске жететінін уақыт көрсетеді. Қалай болғанда да, біз лайықты деңгейде жұмыс жүргізудеміз, деді ол.

Универсиада нысандары дер уақытында пайдалануға беріледі. Бүгінде 12 мың орынға арналған Мұз сарайының, 3 мың орындық екінші мұз айдыны мен 5 мың орынға арналған атлетикалық ауыл құрылысы жүргізіліп жатыр. А.Есімовтің сөзіне қарағанда, барлық құрылыс жұмыстары бекітілген кестеге сəйкес жүргізілуде. Сондықтан да бізде олардың дер уақытында пайдалануға берілетіндігіне еш күмəніміз жоқ, деді Алматы əкімі əңгімесінің соңында.

Оѕтїстік мегаполисте оѕды істер кґп

Мемлекеттік тілдіѕ Интернеттегі мїмкіндігі

Елордадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен екі брифинг те мемлекеттік тілдің интернет кеңістігіндегі жаңалықтарына арналды. Бірінші жиында Soyle.kz порталының мобильді қосымшасы мен Bala.soyle.kz порталы таныстырылса, екіншісінде күніне кемінде 200 миллион адам пайдаланатын «Google-аудармашы» жүйесіне қазақ тілінің де енгізілгені паш етілді.

Қосымша баяндама жасаған сена-тор Е.Сағындықов құжатты қабылдау Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге өздерінің халықтарының өмір сүру деңгейін арттыру мүддесінде экономикалық ықпалдасуды одан əрі дамыту үшін жағдай жасауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Сенаторлар Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов ұсынған Еуразиялық эконо-микалық қоғамдастықтың қызметін тоқ-тату туралы шартты да ратификациялады. Құжаттың мақсаты Еуразиялық эко но ми-калық қоғамдастықтың, сондай-ақ, оның органдарының қызметін 2015 жылғы 1 қаң тардан бастап тоқтату болып табы-лады.

Депутаттар «Қазақстан Респуб ли ка-сының кейбір заңнамалық актілеріне жер

қойнауын пайдалану мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу тура-лы» заң жобасын екі оқылымда қарағаннан кейін, регламентке сəйкес өзгерістер мен толықтыруларды Мəжіліске жіберді.

Палата «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кəсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екі оқылымда қарады. Заң жобасымен 12 кодекс пен 107 заңға кəсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жетілдіруге, оның ішінде кəсіпкерлерді жоспарлы тексеруді жоюға, шағын бизнес субъектілерін таратудың оңайлатылған тəртібін енгізуге бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді. Мəселен, қызметін тоқтататын салық төлеушінің салық органының тара-ту тексеруін жүргізуі не аудиторлық

ұйымның қорытынды жасауы жолымен таратылуды таңдау құқығы болады.

Одан басқа, Ұлттық кəсіпкерлер палатасының рөлін күшейту үшін заң жобасымен кəсіпкерлер құқықтарын қорғау жөніндегі уəкіл институтын енгізу жəне басқа да түзетулер ұсынылды. Жан-жақты талқылаудан кейін пала-та заңды қабылдады. Сөз алған сенатор Е.Нығматулин Парламентке берілген құжат тардың сапасына, сондай-ақ, кə-сіпкерлік қызметті жетілдіруге ба ғыт-талған заңдарға енгізілген түзетулердің жиілігіне заң жобасын əзірлеушілердің назарын аударды. «Кəсіпкерлік қызмет заңдар тұрақты болғанда қарқындай түседі», деді сенатор. Сенат Төрағасы депутатқа қолдау білдірді. «Сенатордың талдауға құрылған сөзінде айтылған ескертпелерді Үкімет ескереді деп сенемін», деп атап өтті Қ.Тоқаев.

Одаќ таєы бір елмен толыєып отыр(Соңы. Басы 1-бетте).

(Соңы. Басы 1-бетте).

20 желтоқсан 2014 жылwww.egemen.kz6

Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,«Егемен Қазақстан».

«Ембімұнайгаз» – Қазақ-стандағы көмірсутекті шикізатты барлау мен өндіру жөнінде жетекші, соның ішінде, Каспий аймағындағы мұнай-газ бизнесінің көшбасшысы қатарындағы кəсіпорын. Тəулігіне орташа есеппен 7 733 тонна мұнай өндіретін ембілік мұнайшылар биылғы межелі үдесінен шығуды көздеп отыр. Осы мақсат үшін əрине, жоспарланған геологиялық-техникалық шаралар шоғыры іске асырылып жатыр. Ал бұл мұнаймен бірге ілесе шығатын газды өндіруде белгіленген көрсеткіш деңгейінде болатындығы дау тудырмайды. Мұнайды мол өндіру үшін қабат қысымын тұрақты деңгейде ұстап тұруға оң ықпал ететін су айдаудың жоспарлы шаралары жүргізілуде. Ұңғымаларды жерасты жөндеу жұмыстарының да мұнай өндіру жоспарының мерзімін 264 тəулікке дейін қысқарды.

Ж ы л с а й ы н а т а л ғ а н к ə -сіпорында осы заманғы тех-нологиялар мен техникаларды өндіріске кеңінен енгізудің жос-парына сай жұмыстар қолға алы-нуда. Соның ішінде, электр энер-гиясы мен жанар-жағармайды үнемдеу арқылы өзіндік құнды азайту бағытындағы өнеркəсіптік-тəжірибелік сынақтардың, тауарлы мұнайды өзіндік мақсатқа пайдала-ну секілді жұмыстардың тиімділігі көріне бастады. Мəселен, 2012 жылы кен орындарында желілі-штангалы сораптар қондырылып, өнеркəсіптік-тəжірибелік сынақтар жасалды. Ал былтыр терең штан-галы сораптарды кеңінен қолдану басталды.

Ал биылғы жылы да өндіріске осындай бірнеше жаңа технология-лар енгізілді. Əсіресе, ілеспе газды дайындау жəне айдауға қатысты жаңа жобаның тиімділігін ерек-ше атауға болады. Бұл жобаның «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамында іске асырылуы 2013 жылдан бастау алады. Сол жылы алғаш рет «Доссормұнайгаз» басқармасына қарасты Шығыс Мақат кен орнында газды дайын-дау, айдау қондырғысы орнатылды. Мақсат – 40 миллион текше метр газды тазалау. Дəл осындай жаңа

қондырғы биыл «Жайықмұнайгаз» басқармасының С.Балғымбаев кен орнында орнатылып, жылына 20 миллион текше метр газды тазалау-ды бастады.

«Ембімұнайгаз» кен орын-дарында мұнаймен бірге ілесе шығатын газды дайындау жəне айдау қондырғылар орнатуға 3 миллиард теңге жұмсады. Осындай ауқымды қаржыға орнатылған қондырғыларда дайындалған ілеспе газды коммуналдық-тұрмыстық мақсаттарға қолданады. Аталған қондырғыларда дайындалған ілеспе газдың қызығын Мақат, Қызылқоға жəне Исатай ауданда-рының тұр ғындары да көре бас-тады. Қазіргі уақытта Прорва тобындағы кен орындарында ілеспе газды күкірттен тазалай тын қондырғының жобалау жұмыс-тары жүргізіліп жатыр. Бұл қон-дырғының жылдық қуаты – 150 миллион текше газ дайындау.

– Ілеспе газды дайындау жəне айдау қондырғыларын орнатудағы басты мақсат – қоршаған орта-ны қорғау, атмосфераға тарай-тын зиянды, соның ішінде газ шығарылымдарын азайтып, топырақтың бүліну деңгейін төмендету. Өйткені, бұрын кен орындарында ілеспе газ алау ретінде ауаға жағылатын болса, енді жаңа технология арқылы оны кəдеге жаратудың жолы табылды. Біздің басқарманың кен орында-рында ілеспе газ жағу толығымен тоқтатылды, – деп түсіндірді

«Жайықмұнайгаз» басқармасының бас инженері Гибатолла Шанаев.

Мұнай өндіретін отандық кəсіпорындағы тағы бір жаңа технологияның қатарында кен қабатына полимер айдау ды айтуға болады. Атырау облысындағы кен орындарында бұрын қолданылмаған тың тəсілдің қайтарымы 6 айдан соң байқалады деп түсіндіреді мамандар. Нақтылай айтқанда, «Жайықмұнайгаз» басқармасына қарасты Забурын кен орнындағы бір ұңғыманың кен қабатына 22 қарашадан бастап полимер ерітіндісін айдау бастау алыпты. «Алстрон» ЖШС өкілінің айтуын-ша, полимер ұнтағы алдымен ар-найы қондырғыда ерітінді түрінде дайындалады. Сонан соң ерітінді кен қабатына жіберіледі. Полимер ерітіндісі ұңғымалардың сулану-ын азайтады. Мəселен, қазір жарты ғасырға жуық мұнай беріп тұрған басқарма – «Жайықмұнайгаздың» бас инженері Ғибатолла Шанаевтың мəлім еткеніндей, Забурын кен орнындағы ұңғымалардың сулану деңгейі 90 пайызға жеткен. Енді полимер ерітіндісі сулану азаюына ықпал етіп, мұнай өндіру көлемінің ұлғаюына жол ашылмақ.

...Қазақ мұнайының қоры тау-сылмайды. Оған бір ғасырдан аса «қара алтын» селі тасыған мұнай лы өңірдің қарашаңырағы – «Ембімұнайгаздың» игілікті істері куə.

Атырау облысы.

«Ќара алтын» ґндірудіѕ кґшбасшысы«Ембімўнайгаз» АЌ кен орындарында осы заманєы озыќ технологияларды кеѕінен ќолдана бастады

Атырау жайлы əңгіме қозғала қалса, алдымен тіл ұшына мұнай мен газ оралады. Өйткені, қазақ мұнайының алғашқы бұрқағы 1899 жылы дəл осы өңірдегі Қарашүңгіл аталатын жер-де табылған. Содан бергі бір ғасырдан асатын мерзім бойы қазақ даласынан өндірілетін «қара алтынның» қайнарбұлағы əсте

толастаған емес. «Қара алтын» қоры таяу болашақта таусыла қояды деуге болмайды. Өйткені, еліміздің əр өңірінен табылып, ашылып жатқан жаңа кен орындары көп. Тіпті, ескі кеніштердің екінші тынысын ашуға бағытталған жобалар да жетерлік. Мұны еліміздегі ең ірі əрі байырғы кəсіпорындардың бірегейі – «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамына қарасты мұнай-газ өндіру басқармаларында енгізілген жаңа технологиялар мысалынан айқын аңғаруға болады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2014 жылғы 12 желтоқсан №1308 Астана, Үкімет Үйі

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік

төлемдердің мөлшерін 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап арттыру туралы

«Міндетті əлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-1-бабының 4) тармақшасына сəйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. 2015 жылғы 1 қаңтарға əлеуметтік төлемдерді алушы-лар болып табылатын адамдарға Мемлекеттік əлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу жəне асыраушысынан айырылу жағдайларына тағайындалған əлеуметтік төлемдердің мөлшерін 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап жеті пайызға арттыру жүргізілсін.

2. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі жəне ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан РеспубликасыныңПремьер-Министрі К.МƏСІМОВ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2014 жылғы 12 желтоқсан №1309 Астана, Үкімет Үйі

2015 жылғы 1 қаңтардан бастап уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін

арттыру туралы«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы»

2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 3-тармағына сəйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы төлемдерін алушыларға, оның ішінде əскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген, біліктілік сыныптары белгіленген қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу жəне нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушыларға 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған, уəкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін алатын зейнетақы төлемдерінің мөлшерінен тоғыз пайызға арттыру жүргізілсін.

2. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі жəне ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МƏСІМОВ.

Эльмира МƏТІБАЕВА,«Егемен Қазақстан».

Марапаттау рəсіміне «Еге мен Қазақстан» РГ» АҚ президенті Сауытбек Абдрах манов, Парла -мент Сенатының депутаты Жабал Ерғалиев, Еура зиялық Топтың коммуни кациялар бойынша ди-ректоры Надежда Шашкова қа-тысты. Марапаттау барысында сөз алған «Егемен Қазақстан» РГ» АҚ президенті Сауытбек Абдрах манов баршаны күні кеше аталып өткен ұлы мереке – Тəуел-сіздік күнімен құттықтай отырып, аталған байқаудың жай-жап сарын айтты:

– Соңғы жылдарда Еуразиялық Топ пен «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің арасын-да жақсы шығармашылық бай-ланыс орнықты. Біз Еуразиялық Топтың басшылығына қазақ журналистикасында өнеркəсіп тақырыбын жазу белгілі бір дəрежеде кенжелеп қалғандығын,

өндірістік терминологияның қалыптаса қоймағанын айтып, осыдан бес жыл бұрын ұсыныс білдірген болатынбыз. Міне, со-дан бері дəстүрге айналып бара жатқан байқау қатысушылар санымен де, ондағы материал-дар сапасымен де көз қуантып отыр. Осы газет пен компания арасындағы орнатылған тығыз қарым-қатынастың мəн-мағынасы да осында. Қазақ тілді баспасөзде өнеркəсіп мəселелерінің жазы-луына қозғау салу мақсатында бастама көтерген болатынбыз. Мақсатымыз ауыл өңірі, тарих, тіл, мəдениет секілді еркін, жеңіл тақырыптарға көсіле жа зып, қалам сілтеп үйренген қаламгерлерге ендігіде өндірістік саланың жа-зылуына жағдай жасау еді, – деді басылым басшысы.

Байқау қорытындысы бой-ынша, бірінші орын дипломы-на жəне 500 мың теңге ақшалай сыйлыққа Павлодар облыстық «Сарыарқа самалы» газет і

экономика бөлімінің меңгерушісі Нұрбол Жайықпаев ие болды. Журналист көп жылдар қатарынан Павлодар облысындағы ҮИИД бағдарламасының жүзеге асы-рылуы туралы, оның ішінде Еуразиялық Топ кəсіпорындары жайында сараптамалық мақа-лалар жазғаны үшін марапат-талды.

Ал екінші орын дипломы жəне əрқайсысы 400 мың теңге ақшалай сыйлықпен Ақтөбе облысындағы «Казхром» ТҰК жаңа ферроқорытпа зауытының жұмысы туралы тұрақты жа-зып жүрген «Егемен Қазақстан» газетінің Ақтөбе облысындағы тілшісі Сатыбалды Сəуірбай жəне Қарағанды облысындағы ҮИИД бағдарламасының жүзеге асы-рылуы туралы мақалалары үшін «Мысты өңір» газетінің тілшісі Əлібек Əбдіраш марапатталды.

Сондай-ақ, үшінші орын ди-пломдарына жəне əрқайсысы 300 мың теңге ақшалай сыйлыққа Еуразиялық Топ құрамына кіретін Павлодар облысындағы «Қазақстан Алюминийі» АҚ-тың өндірістік жетістіктері, зауыттың жұмысшылары мен əлеуметтік бастамалары туралы бағдарламалары үшін «Ирбис» телеарнасының журналисі Анар Құсайынова, Ақтөбе облы-сындағы «Казхром» ТҰК-ның

өндірістік жəне əлеуметтік бас-тамалары туралы, Ақтөбе фер-роқорытпа зауытының жұмыс-шыларының еңбегі жайын-да тұрақты мақалалар жаза-тын «Ақтөбе» газетінің тілшісі Арайлым Нұрбаева жəне тау-кен өнеркəсібі туралы сарап-тамалық мақалалар жазып, кадр тапшылығы, геологиялық зерттеулер мəселесі жөнінде өзекті тақырыптарды көтеріп жүрген «Қазақпарат» агенттігінің тілшісі Қанат Тоқабаев ие болды. Бірінші орынға ие болған Нұрбол Жайық паев өзінің қуанышын жасыра алмады: «Қазақ жур-налистерінің басым көпшілігі əлеуметтік тақырыптарды қам-тығанды жақсы көреді. Себебі, олардың оң жамбасына келетін мəдениет, əдебиет, өнер секілді тақырыптар аса қиындық ту-дырмайды. Ал осыдан келіп салалық журналистиканың артта қалуы белең алады. Сол себеп-тен, журналистиканың ақсаған бір тұсы – осы өнеркəсіп сала-сын жазу керек. Соңғы жылдар-да бұл тақырып кеңінен ашылып келе жатыр деп ойлаймын. Оған бүгінгі байқаудың ықпалы зор екендігін айтқым келеді. Бүгін, міне, мен діттеген мақсатыма қол жеткізіп, бірінші орынды иеленіп отырмын. Бұл – мен үшін үлкен қуаныш» деді.

«Алтын ќалам» жеѕімпаздары аныќталды

Кеше Еуразиялық Топтың 20 жылдығы мен «Егемен Қазақстан» газетінің 95 жылдық мерейтойына орай-лас Еуразиялық Топ (ERG) жəне «Егемен Қазақстан» газетімен бірлесіп өткізген V республикалық «Алтын қалам» шығармашылық байқауының қорытындысы жарияланды. Онда өнеркəсіп тақырыбына жазатын үздік журналистер марапатталып, оларға арнайы сыйлықтар табыс етілді.

Еліміздің елеулі мерекесі – Тəуелсіздік күніне орай «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компа-ниясы астаналықтар мен елор-да қонақтарына арнап жаппай мұзда сырғанау іс-шарасын ұйымдастырды. 17 желтоқсан күні астаналықтар мен қала қонақтары «Алау» мұз сарайында өткізілген қызықты байқауларға, жылдамдықты сынайтын спорт-тық жарыстарға жəне кəсіби хореографтың жетекшілігімен қойылған бұқаралық би шаралары-на қатысып, көңіл көтерді.

Спорттық мереке қызықты оқиғаларға толы болды жəне қатысушыларға жарқын көңіл-күй сыйлады. Олар «ЭКСПО-2017» жазуының алдында суретке түсіп,

«Көңілді хоккейшілер», «Пима киіп, арқан тарту», «Қаппен жүгіру» жəне тағы да басқа сайыстар мен эстафеталарға белсенді қатысты. Жарыстардың жеңімпаздары мен ең белсенді жанкүйерлері ЭКСПО-2017 бейнелемесі бар есте-лік сыйлықтармен марапатталды.

Конькимен жаппай сырғанауға ересектер де, балалар да қатысты, жалпы алғанда 2 мыңнан астам адам болды. Балаларға арналған ойын аймағында қуыршақтар, кəсіби аниматорлар мен аква-грим бойынша суретшілер балдырғандардың көңілін көтерді. Сонымен қатар, іші кішкентай шарларға толған бассейн жұмыс жасады.

Бағдарламаның соңында

мерекелік дастарқанда шай берілді – «ЭКСПО- 2017» жа-зуы бар үлкен торттан іс-шараға қатысушылардың бəрі дəм татты.

Мерекелер мен демалыс күндерді белсенді өткізу Қазақ-станда қазір жақсы дəстүрге ай-налып үлгерді, өйткені, саламатты өмір салты мен бұқаралық спорт қоғамда басымдық берілетін бағыт ретінде белгіленген. «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компания-сы осымен екінші жыл қатарынан мұз айдынында спорттық іс-шарасын ұйымдастырып отыр. Бұл бастама елорда тұрғындары мен қонақтары арасында үлкен қолдауға ие болуда.

«Егемен-ақпарат».

«Алаудаєы» жаппай жарыс

Өмір ЕСҚАЛИ,«Егемен Қазақстан».

Құрамында 30-ға жуық мүшесі бар жəне Парламент Сенаты мен Мəжілісінің депутаттарынан, ми-нистрліктер мен ведомстволардың лау-азымды тұлғаларынан құралған делега-ция мүшелері сапарларын өңір активімен кездесуден бастады. Онда бірінші бо-лып сөз алған топ жетекшісі В. Божко тарихи құжаттың негізгі қағидаттарын əңгімеледі. Кемел елдің жарқын келешегі үшін құрылған Ұлттық қордың мөлшері 100 миллиард доллардан аса-ды. Президент оған қомақты қаржы бөле отырып, Қазақстан халқын дағдарысқа ұрындырмаудың жолдарын біліктілікпен жүзеге асырып келеді, деді ол.

Одан əрі В.Божко инфра құры лымдық

реформаларға тоқталып , көл ік магистраліндегі қауіпсіздік шарала-рын қамтамасыз етуде атқарылған жұмыстарды баяндады. Оның айтуын-ша, ел аумағындағы автомобиль жол-дары бойында 40-жуық медициналық көмек көрсету қосындары құрылған. Олардағы медициналық брига-далар 4 мыңға жуық адамға көмек көрсеткен. Заманауи қондырғылармен жабдықталған қосындардың бірі Тайынша ауданындағы Келлеров ау-ылында жұмыс істейді. Сөзін аяқтай келіп, жиналғандарды Жолдау талапта-рын орындауға бір кісідей жұмыла еңбек етуге шақырды.

Парламент Мəжілісінің депутаты Абай Тасболатов ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен Тəуелсіздік идея-сын жүзеге асырудың алдыңғы шебінде

жүрген жалынды жастар, олардың асқақ мақсат-мүддесі жайлы тебірене төгіліп, қоғамдық істерге белсенді ара-ласу қажеттігіне ерекше екпін түсірді. Елбасы атап өткендей, Мəңгілік Ел–елдің біріктіруші күші, ешқашан тау-сылмас қуат көзі. Өзге де шешендер шағын жəне орта бизнеске қолдау көрсету, жолдардың сапасын жақсарту, баспананы барынша төмен пайызбен несиеге алу мəселелеріне қатысты ора-лымды ойлар айтты.

Ө ң і р б а с ш ы с ы Е . С ұ л т а н о в насихаттық-ақпарат тобы мүшелерінің назарын бірқатар өткір мəселелерге аударды. Əсіресе, жол жəне ауыз су мəселесі өткір күйінде тұр. Авто-жолдардың 51 пайызы тозған. Ауыр азабын ауылдықтар тартып отырған түйткілді жайтты 5 жыл ішінде шешу жоспарланғанын, бұл орай-да, озық инновациялық техноло-гиялар қолданылатынын жеткізді. Ал, инженерлік желілердің – 70, магистральді жылу жүйелерінің 80 пай-ызы жаңалауды қажет етеді. Бүгінде 25

миллиард теңгенің жобалық-сметалық құжаттары жасалған. 28 елді мекенді таза ауыз сумен қамтамасыз ету жолда-ры қарастырылған, деді өңір басшысы.

Насихаттық-ақпараттық топтың Аққайың ауданындағы жұмыс сапары «ИКЕА ТАСС групп» ЖШС жуырда іске қосқан элеватор кешенін аралау-дан басталды. Қуаттылығы 60 мың тоннаға тең кəсіпорынның болашағы зор. Келесі жылы диірмен кешенін са-лып, 200 адамды жұмыспен қамтуды белгілеген. Жекелеген азаматтарды қабылдау барысында да Қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев, Парламент Мəжілісінің депутаты Светлана Бычкова сауалдарға қанағаттанарлық жауап берді. Инвестиция жəне даму минис-трінің орынбасары Ерлан Сағадиев инвестициялық ахуал орнату дың қ а-лыптасқан тəжірибелерін ортаға салды.

Облыс орталығында, аудандарда өткен өзге кездесулерде де Жолдау та-лаптары жан-жақты түсіндірілді.

Солтүстік Қазақстан облысы.

Жан-жаќты тїсіндірілдіЕлбасының жуырда жарияланған «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауының басым бағыттарын облыс жұртшылығына жан-жақты түсіндіру мақсатымен кел-ген республикалық ақпараттық-насихат тобын Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко бастап жүрді.

20 желтоқсан 2014 жыл www.egemen.kz 7

Алматы қаласы мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті «Егемен Қазақстан» газетінің 2014 жылғы 13 желтоқсандағы № 245 (284687) санында жарияланған ақпараттық хабарламасындағы:

1. Фольксваген Поло Классик маркал ы автокөлігі, 1998 ж.ш., м.н. А020NS, Алматы қ., Байзақов к-сі, 275А. Баланс ұстаушы – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті. Бастапқы баға – 2 330 000 теңге, ең төменгі баға – 254 946 теңге, алғашқы баға – 368 000 теңге, кепілді жарна – 69 900 теңге.

2. Фольксваген Поло маркалы автокөлігі, 1998 ж.ш., м.н. А030NS, Алматы қ., Байзақов к-сі, 275А. Баланс ұстаушы – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті. Бастапқы баға – 2 330 000 теңге, ең төменгі баға – 254 946 теңге, алғашқы баға – 368 000 теңге, кепілді жарна – 69 900 теңге.

19. Зил-431410 маркалы автокөлігі, 1992 ж.ш., м.н. А1809АТН, Алматы қ., Байзақов к-сі, 275А. Баланс ұстаушы – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойын-ша департаменті. Бастапқы баға – 1 049 000 теңге, ең төменгі баға – 110 320 теңге, алғашқы баға – 209 804 теңге, кепілді жарна – 31 471 теңге деген мəтінін:

1. Фольксваген Поло Классик маркалы автокөлігі, 1998 ж.ш., м.н. А020NS, Алматы қ., Байзақов к-сі, 275А. Баланс ұстаушы – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті. Бастапқы баға – 1 840 000 теңге, ең төменгі баға – 254 946 теңге, алғашқы баға – 368 000 теңге, кепілді жарна – 69 900 теңге.

2. Фольксваген Поло маркалы автокөлігі, 1998 ж.ш., м.н. А030NS, Алматы қ., Байзақов к-сі, 275А. Баланс ұстаушы – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті. Бастапқы баға – 1 840 000 теңге, ең төменгі баға – 254 946 теңге, алғашқы баға – 368 000 теңге, кепілді жарна – 69 900 теңге.

19. Зил 431410 маркалы автокөлігі, 1992 ж.ш., м.н. А1809АТН, Алматы қ., Байзақов к-сі, 275А. Баланс ұстаушы – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойын-ша департаменті. Бастапқы баға – 1 049 000 теңге, ең төменгі баға – 110 320 теңге, алғашқы баға – 209 804 теңге, кепілді жарна – 31 471 теңге мəтінінде түзетіліп оқылуын сұрайды.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ 29.12.14 жылы сағат 11.00-де «АМТ» АҚ ІБ КПТУ, «Энергоуголь» ӨБ үшін 2015 жылға ведомстводан тыс күзет бойын-ша қызметтерді сатып алуға қайталама ашық тендер өткізу туралы хабарлайды.

Лот №1. «Энергоуголь» ӨБ жөнінде ведомстводан тыс күзет бойынша қызметтерді сатып алу. Нысандардың орналасқан жері – Қарағанды қ., Шахтинск қ., Абай қ., Саран қ., Абай ауданы. Бекеттердегі күзетшілер саны – 27 адам. Адам/сағат құны – 201,60 теңге. Қызметтерді ұсыну мерзімі – 31.12.2015 жылға дейін.

Лот №2. Автопатрульдеу. Күзетшілер саны – 2. Орналасқан жері – 2Д тораптан Б торабына қарай су құбыры желісі. Адам/сағат құны – 336 теңге. Қызметтерді ұсыну мерзімі – 31.12.2015 жылға дейін.

Лот №3. Сорғы стансаларындағы ведомстводан тыс күзет бойынша қызметтерді сатып алу. Нысандардың орналасқан жері – Бұқар жырау ауданы, Жоғарғы Соқыр, Шахтинск қ., Шахан қ., Саран қ., Абай ауданы. Күзетшілер саны – 20. Адам/сағат құны – 308 теңге. Қызметтерді ұсыну мерзімі – 31.12.2015 жылға дейін.

Лот №4. КПТУ үшін ведомстводан тыс күзет бойынша қызметтерді сатып алу: бекеттердің орналасқан жері – Қарағанды қ., күзетшілер саны – 21. Орналасқан жері – Абай ауданы (Қызыл кенті), күзетшілер саны – 13. Адам/сағат құны – 201,60 теңге. Қызметтерді ұсыну мерзімі – 31.12.2015 жылға дейін.

Лот №5. Автопатрульдеу. Бекеттің орналасқан жері – Қарағанды қ., – №1 мобильді топ, күзетшілер саны – 2 адам. Бекеттің орналасқан жері – Қарағанды қ., – №2 мобильді топ, күзетшілер саны – 2 адам. №3 мобильді топ – Придолинская ст. – ДМЗ, Придолинская ст. – Западная ст. – Шахтинск ст. теміржол жолдарындағы учаске – күзетшілер саны – 2 адам. Адам/сағат құны – 416,64 теңге. Қызметтерді ұсыну мерзімі – 31.12.2015 жылға дейін. Тендерлік құжаттама мына мекен-жайда беріледі: Теміртау қ., Республика д-лы, 1, зауыт басқармасы, 4-қабат. Əлеуетті жеткізушілер тендерге қатысуға тендерлік өтінімдерін жапсырылған конверттерге салып «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-қа мына мекенжай бойын-ша тапсырады: Теміртау қ., Республика д-лы, 1, зауыт басқармасы, 29.12.2014 ж. сағат 9.00-ге дейін. Тендерлік өтінімдер салынған конверттер 29.12.2014 ж. сағат 11.00-де ашылады.

Анықтама мен қосымша ақпарат алу телефондары: 8 72139 /6-52-25/, 87774872105.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ 30.12.14 ж. сағат 11.00-де «АрселорМиттал Теміртау» АҚ ІБ үшін 2014 жылға тауарларды сатып алу бойынша ашық тендерді өткізу туралы хабарлайды.

Лот №1 – ЛД-02 ГОСТ 305-82 жазғы дизель отыны – 194 тонна 28 516 479,04 теңге сомаға. Жеткізу мерзімі мен шарты – 2015 ж. қаңтар, СРТ – Қарағанды қ., «Энергоуголь» ӨБ. Лот №2 – А-80 бензині – 145 тонна 17 350 166,40 теңге сомаға. Жеткізу мерзімі мен шарты – 2015 ж. қаңтар, СРТ – Қарағанды қ., «Энергоуголь» ӨБ. Тендерлік құжаттама мына мекенжайда беріледі: Теміртау қ., Республика д-лы, 1, зауыт басқармасы, 4-қабат, жабдықтау қызметі. Əлеуетті жеткізушілер тендерге қатысуға тендерлік өтінімдерін жапсырылған конверттерге салып «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-тың мына мекенжай-ына тапсырады: Теміртау қ., Республика д-лы, 1, зауыт басқармасы, 4-қабат, жабдықтау қызметі, 30.12.2014 ж. сағат 9.00-ге дейін. Тендерлік өтінімдер салынған конверттер 30.12.2014 ж. сағат 11.00-де мына мекенжайда ашылады: Теміртау қ., Республика д-лы, 1, зауыт басқармасы, 4-қабат, жабдықтау қызметі.

Анықтама мен қосымша ақпарат алу телефондары: 8 72139 /6-52-25/, 8 777 487 21 05.

Атырау облысы денешынықтыру жəне спорт басқармасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 қарашадағы №1353 қаулысымен бекітілген мемлекеттік кəсіпорынның басшысын тағайындау жəне аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидалары негізінде «Мүгедектердің спорттық клу-бы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кəсіпорны директорының лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Кəсіпорынның мекенжайы: Атырау облысы, Атырау қаласы, Балықшы кенті, А.Байжігітова көшесі, 61.

Қызмет түрі: барлық санаттағы мүгедектерді спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту жəне мүгедектердің арасында спортты дамыту; спорт саласындағы қаржы-шаруашылық қызметті іске асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық (мамандығы – денешынықтыру жəне спорт), заңгерлік, экономикалық.

Бес жылдан кем емес басшылық қызметте болуы тиіс. Конкурсқа қатысушы Қазақстан Республикасының Конституциясын,

«Денешынықтыру жəне спорт туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік тіл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Бюджет, Еңбек, Салық кодекстерін жəне басқа да салаға байланысты нормативтік-құқықтық актілерді білуге тиіс.

Конкурсқа тапсыруға қажетті құжаттар: 1) Қоса берілген құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысушының

өтініші;2) Конкурсқа қатысушының жеке куəлігінің көшірмесі;3) Қазақ жəне орыс тілдерінде түйіндеме;4) Өмірбаян (еркін түрде жазылған);5) Білім туралы құжаттардың көшірмелері;6) Еңбек кітапшасының көшірмесі немесе еңбек өтілін растап куəландырылған

құжаттардың көшірмесі; 7) Алдын ала медициналық куəландырудан өткені туралы анықтама;8) Соттылығы бар немесе жоқтығы туралы анықтама;9) Мекенжайы туралы анықтама;10) Əскери есеп құжаттарының көшірмесі.Құжаттардың көшірмелері нотариалды куəландырылған болуы тиіс.Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар ресми республикалық бұқаралық

ақпарат құралдарының басылымдарында («Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттері) жəне Интернет ресурстарында жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекенжайға тапсырылуы тиіс: Атырау қаласы, Абай көшесі, 10 «а», 14-бөлме. Атырау облысы денешынықтыру жəне спорт басқармасы, анықтама телефоны: 8 (7122) 320522.

Құжаттарды тапсыру мерзімі аяқталғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде конкурстық комиссия конкурсқа жіберу туралы шешім қабылдап, үміткерлердің тізімін бекітеді жəне 10 күнтізбелік күн ішінде үміткерлермен əңгімелесуді өткізеді.

Гүлзейнеп СƏДІРҚЫЗЫ,«Егемен Қазақстан».

Зады, кез келген əдеби ту-ындыны алмаңыз оның негізгі көзі, байланар түп қазығы – өмірлік шындыққа келіп саяды. Сондықтан да қай қаламгер де өмір шындығынан алыстамайды. Ал сол өмір шындығы суреткердің өз шындығы. Біздің Айнаш та өз ақиқатын мына өмірде болып жатқан оқиғалармен салыстыра, айна қатесіз, боямасыз, беруге тырысады. Айтайын дегенін өз жүрегімен, өз көкірек көзімен қабылдап, қазақы ұғыммен астар-лайды. Əсіресе, жасандылықтан ада, нақты өмірді берудегі журналистік пайымдар, əрқайсысы бір-бір əңгімеге бергісіз оймақтай ойлары – қаламгердің биік өлшемін көрсетсе керек. Тақырыптары да əр алуан. Кез келген шығармасының шешімі шынайы философиялық ой, түйінмен аяқталады. Ал əдебиетте шындықтан, ақиқаттан, астарлы ойдан асқан көркемдік жоқ.

Айнаштың айтуынша, кітаптың атын қоюға келгенде көп ойланған.

Бастапқыда «Сүйкімсіз жігіттің суреті» деп атауға бел байлаған. Бірақ, Таласбек Əсемқұловтың «Махаббат – ақиқаттың екінші аты» дегеніндей, соңғы атауға тоқтағаны, автор бұл еңбегінде тек махаббатқа сенуге ғана емес, жан сырын ақтара отырып, пендешілігі көп мына өмірдегі – досқа, ағайынға, ізгілік пен имандылыққа, адамгершілікке, сүйіспеншілікке сенуіне, сендіруге көмектесуін үндеп сұрайтындай. Сөйтеді де бүгінгідей көк кептердің мойнын-дай қылтылдаған мына замандағы көп нəрселерге өзінше жауап іздейді. Негізінен тіршіліктің мəніне өзінше жауап табуға, өз түйсігінде дəлелдеуге тырыса-ды. Кейбірінің жауабын таба-ды, кейбірін оқырманның өзіне қалдырады.

Бір қуанарлық жайт, кітаптың тілі жатық, өте жеңіл оқылады. Қысқа, нұсқа, ширақ. Тақырыптары тартымды. Жинақтан ойсыз дүниені таба алмайсыз. Талғам биік. Ал бұл кім көрінгенге беріле бермейтіні анық.

Егер бүгінде ұзақ дүниелерді оқуға шыдамы жетпейтін, роман,

повестерден, тіпті кітап оқудан қашатын оқырман Айнаштың туындысын алып оқитын бол-са, оның иіріміне түсіп кеткенін байқамай қалар еді. Мəселен, кітаптың беташары «Құндыз бөрікті кісінің құпиясы» новелла-сы төрт аяғынан тік тұрған көркем дүние деп ойлаймын. Кейіпкердің құпиясын шығарманың соңына дейін қандай шеберлікпен əкелген. Оқырманының сол құпияны білгенше жанын тағат таптыр-май, мұрнын тесіп арбаға жеккен өгіздей жетелеп отырады. Ақыр соңында оқиғаның оң шешілгеніне кəдімгідей қуанасыз.

«Журналистің сыр сандығы» бөлімі де таза, шынайы өмір. Мұндағы жолжазбалар тартым-ды да қызықты. Онда тек баяндау емес, сол ел туралы мол мағлұмат аласыз. Ал қызықты эсселер мен нəзік мөлтек сырлар əр пенденің басында кездесетін өмірдің өзінен алынған оқиғалар, сезімді селт еткізер сəттерге құрылған. Кейбірі күнделік жанрында жазылып, өмірдің сонша ұсақ-түйегіне дейін қалдырмағаны несі деп ойласаң, артынша кесек ой жүреді.

Бір айта кетерлігі, бүгінгі жас қалам герлер ғаламтордың мүмкіндігін пайдалануда қуа-нарлық қадамдар жасау да . Жас шығармашылық иелерінің жақсы дүниелерін, тырнақалды т у ы н д ы л а р ы н ы ң т ұ с а у ы н əлеуметтік желілер жасап беріп жүр. Айнаштың да кітабын əлеуметт ік желідег і қалың оқырман жақсы қабылдады. Тақырыбын қызу талқылады. Əріптесіміздің алғашқы кітабы өз оқырмандарын осылай тап-ты. Оқылатын кітап болса, кітап оқитын əлеумет қашанда бола беретінін көрсетті. «Махаббатқа сенуге көмектесіңізші» кітабы еліміздің əр шалғайына кітап-қа қызығушылық танытқандарға интер неттің арқасында жарнама-ланып, пойыз-ұшақтармен жетіп жатыр. Бұл да кітап оқытудың жақсы мағынадағы түрі.

Қазақы ұғымда тұңғышқа аса көңіл бөліп, қатты назар аударған. Қолына қалам ұстап ізімізден ерген қыз-келін шектердің, руха-ни сіңлілеріміздің мұндай сəтті қадамдарына қашанда қуанамыз. Айнаш – бүгінде оқырман дарына

ерте танылған, ұтқыр да ұшқыр ойлы, жедел жазатын талант-ты жас журналистердің бірі. Тұңғыш к ітабын құшақтап келіп: «Гүлзейнеп тəте! Сіңліңіз «тұңғыш» перзентін осылай тау-ып тастады...» деп қолтаңба жа-зып əкеліпті. Жақсыға қуанатын журналист қауымы емеспіз бе. Неше жылғы жазған-сызғаныңды жинақтап, таспаға басып шығару бір б іткен іс қой. Кітапты қызыға оқып шыққаннан кейін қолтаңбадағы сөз есіме түсіп: «Мына сіңлім құдай қаласа көп балалы Батыр ана болайын деп тұр», деген ой келді. Лайым со-лай болсын.

АЛМАТЫ.

Кітап көкжиегі

«Махаббат – аќиќаттыѕ екінші аты»Талантты журналист Айнаш Есалидіѕ алєашќы кітабы туралы ой

Өткен демалыс күндері Алматы қаласындағы авиациялық базаға Қазақстан əскери-əуе күштері үшін төртінші С-295 ұшағы келіп қонды. Бұл ұшақ Қазақстан тарапы мен еуропалық «Airbus Military» авиациялық концернінің арасында бұған дейін жасалған келісімшартқа сəйкес келіп отыр.

Ұшақтың ұшып келуі Испания – Грекия – Əзербайжан – Қазақстан бағытымен үш кезеңде жүзеге асты. Оны əуе кемесінің командирі май-ор Дмитрий Гроц, командирдің көмекшісі майор Арман Жаникеев бастаған қазақстандық экипаж бен

испаниялық экипаж жүзеге асырды. Бұл тектес ұшақтар Қазақстанда

2012 жылғы желтоқсаннан бері пайдаланылып келеді. Бүгінде қазақстандық ұшқыштар мен тех-никтер оларды толықтай меңгерді. С-295 экипаждары Қазақстан аумағында жəне алыс шетелдерде өткен барлық оқу-жаттығуларға қатысып жүр. Пайдалануға берілген екі жыл ішінде С-295 біздің табиғи-климаттық жағдайда өзін сенімді жəне күй талғамайтын ұшақ ретінде көрсетті.

«Егемен-ақпарат».

Жаѕа əскери-кґліктік ўшаќ алды

Нүсіпбай ƏБДІРАХЫМ.

Соғыс бастала салысымен майданға аттанған əкесі Сейіт жау оғы қардай бораған Ленинград қоршауын бастан өткерді. Бірде Ладога көлінің үстіне салынған «Өмір жолымен» азық-түлік əкеле жатқанда төбелеріне жау ұшақтары шүйлігеді. Гүрс-гүрс жарылған бомба тегеурініне төтеп бере алмаған мұз жарылып, солдаттар суға қарық болады. «Қырық жыл қырғын болса да ажал-ды өледі» дегендей, көретін жарығы бар екен, бұл қырғыннан да аман қалады. Есін Саратов қаласындағы əскери госпитальда бір-ақ жинаған майдангерді дəрігерлік ко-миссия сапқа жарамайды деп тауып, елге қайтарады. Мұзды су іш құрылысына үлкен зақым келтірген екен. Сол себепті отбасының барлық ауыртпалығы балалардың үлкені бо-лып қалған Сейдеш пен анасы Мыңтеңгенің мойнына түседі. «Басқа түссе, бас пақшыл» дегендей, бұл қиын дықты қалақтай қара бала қайыспай көтерді. Төртінші сыныпты бітірген тұста ақыл беруге ғана жарайтын əкесі мен анасы үшеуі тана-торпақтарды жауапкершілігіне алып, Құрақсу дың

калың қамысының арасында бір қыс бойы бақташылық кəсіпті атқарғанда да сыр берген жоқ. Жақын жылдардағы тірлігін ғана ойла-са, жұмысын осылайша жалғастыра беруіне де болар еді. Бірақ оқудың қадірін біліп қалған бала сол кездің өзінде-ақ, болашағын басқаша құруды ойлады. Сол оймен он жа-стан жаңа асқан шағында Ақсу интернатына өзі келіп орналасты. Одан кейінгі кезеңде өмірі көрмеген Жаркент қаласына барып, педагогикалық училищеге түсті. Осылайша сұм соғыс оны ерте есейтіп жіберіп еді.

Аудандық газет баспасөздің ең тө менгі буыны саналғанымен онда білікті жур-налистердің шыңдалып шығатындығы ешқандай талас тудырмайды. Сеймұхамет аға да аудандық «Ленин жолы» газетінде Құдаш Мұқашев, Тұр сынзада Есімжанов, Қастек Баян баев, Нұрғали Омарқұлов тəрізді қарымды қаламгерлермен бірге қызмет етіп, журналистік қарым-қабілетін ұштай түсті. Басқа сөзбен айтқанда аудандық газетте қызмет істеген жылдар үлкен өмір мектебіне айналды. Қа шанда асыл пышақ қын түбін-де жатпайды. Сол айтқандай, Сейдағаңның аудандық газеттегі еңбегі еленіп, қоғамдық

өмірдегі белсенділігі басшылардың наза-рына ілікті. Сөйтіп, 1964 жылы облыстық партия комитетінің ұйғарымымен Алматы жоғары партия мектебіне оқуға жіберілді. Оған қосымша, ҚазМУ-дің журналистика факультетіне сырттай оқу мүмкіндігіне ие болды. Бұл оқуға түсуіне қазақ əдебиетінің классигі Ғабиден Мұстафиннің ықпалы болғандығын Сейдағаң күні бүгінге дейін мақтаныш етеді. «Жақсыдан – шарапат» деген осы шығар...

Жоғары партия мектебін бі тіргеннен кейінгі еңбек жолы, «Социалистік Қазақстан-мен» – бүгінгі «Егемен Қазақстанмен» тығыз байланысты болды. 1968 жылы Талды қорған өңірі Алматы облысынан екінші рет бөлінген кезде Сеймұхамет Мұхамет шин газеттің Талдықорған облысын дағы меншікті тілшісі қызметіне тағайындалды. Бұл үлкен жауап-кершілік еді. Аға газетте, рес публикадағы бірегей партиялық басылымда жаңадан құрылған облыстың тыныс-тіршілігін жүйелі жазып қана қоймай, іс шешімін табуға пайдасын тигізетін өзекті мəселелерін де білгірлікпен көтеріп отыру қажет болды. Сей дағаң бұл міндетті абыроймен орындады.

Əдетте, баспасөзді қоғам ай насы, дəуір шежірешісі деп жатамыз. «Егемен Қазақстан» тілшісінің осы жылдар ішінде Талдықорған облысы жайында жазғандарын тізбелейтін болсақ, облыстың сол жылдардағы жыл-намасын жазып шығуға болатындығын көреміз. Қаламы қарымды журналист көші жүре түзеліп келе жатқан облыстың жетістіктерін де жарқырата көрсетті, орын алған кейбір кемшіліктерді де сын тезіне сал-ды. Талдықорғандағы тігін фабрикасының, аккумулятор зауытының өзекті пробле-малары біліктілікпен көтерілгеннен кейін одақтық, республикалық дəрежедегі талқылауларға ұласып, тиісті шешімдерін тауып жатты. Басқа сөзбен айтқанда, бұл кезеңде оның қаламына ілікпеген оқиға аз. Талдықорғандық тілшінің бірнеше рет одақтық, республикалық сый лықтардың жеңімпазы болған дығы бұл тұжырымымызға жарқын дəлел бола алады.

Қызығы мен қиындығы аралас жүретін журналистік мамандық оның Елбасымыз Нұрсұлтан Назар баевпен де əлденеше рет жолы ғуына себеп болды. Бір көрген ада-мын ешқашан ұмытпайтын Нұрекең өндіріс

басында, жиналыстарда жолыққан сайын: «Полтара қазақ», аманбысың? Жақынырақ отырсаңшы», деп өзгеше ілтипат білдіретін. Талдықорғанға келген сапарларының бірінде өзіне сый лаған гүл шоқтарын: «Қызда рыңа апарып берші!» деп Сейдағаңа ұсынғаны бар.

Кеңес өкіметінің көзін көрген аға буын журналистер партия тарапынан баспасөзге қандай талаптар койылғандығын жақсы біледі. Мақтау мақала қазір де жазылады емес пе, ал сын жаза қалсаң əрбір сөйлемің ғана емес, əр сөзің дерлік қатаң сараптан өтеді, қылыштың жүзіндей қылпылдап тұрған саясаттың қия беткейінен тайып кетуің оп-оңай. Сын макалаң, фельетоның дəлелденіп жатса, кемшілік жіберген адам қызметімен қоштасады, тіпті қылмыстық жауапқа да тар-тылып кетуі мүмкін. Алда-жалда дəлелденбей қалатын болса, жазған адамның өзінің басы-на бұлт үйіріледі. Мұндай жағдайдың талай-ын Сеймұхамет аға да бастан кешірді. Бірақ не нəрсеге де байыппен, ең бастысы, үлкен принципшілдікпен қарайтын, мəселенің ақиқаттығына баса назар аударатын қаламгер қан дай даулы мəселені көтерсе де жеріне жеткізе жазып, тайға таңба басқандай

дəлелдей білетін. «Мен ылғи да принциптен таймай жұмыс істедім, ешқашан шындықтан ауытқыған жоқпын. Мəселенің ақиқаттығын дəлелдеу қажет болған кездері, басқа алқалы жиындарды былай қойғанда, обкомның бюро мəжілістерінде де сөйлеген кездерім болды. Ондай белсенділіктің, өткірліктің кейбір басшыларға ұнай қоймайтындығы да белгілі. Содан кейін де шығар, кейбір жора-жолдаста-рым: «Біреу лер үшін отқа түсе беріп қай тесің, басшылармен қарым-қатынасыңды бұзбай-ақ қойғаның жөн ғой...» дегендей ескерту-лер де айтып жүрді. Əрине, ондай жолмен де жүруге, «құда да тыныш, құдағи да ты-ныш» тірлікпен күн кешуге де болатын еді. Бірақ өйтуге ұятым, азаматтық ар-намысым жібермеді» дейді ардагер сол бір қызығынан қиындығы көп кездерді еске алып.

Əрине, даулы мəселені тексере барған жерінде қып-қызыл қылып сынап, жалпақ əлемге жария ету міндет емес. Өкінішке қарай, көп ретте солай етуге тура келіп те жатады. Бірақ реті келген жерде ағайынды орынды уəжге, аталы сөзге тоқтатып, татуластырып кеткенге не жетсін?! Сеймұхамет ағаның тəжірибесінде мұндай оқиғаларда талай рет

кездесті. Бірін-бірі атарға оғы жоқ болып отырған ағайынды жарастырып қайтқан кездері көп. Тиісті орындарға хабарла-су арқылы арыз айтып келген адамдардың мəселесін табан астында шешіп берген оқиғасы да аз емес. Ондайлар тіпті жылап келіп, рах-мет айтып жататын. Əр мамандықтың өзіндік қиындықтары, ерекшеліктері болады емес пе? Қарбалас тіршілігі мол жұмыстарды атқара жүріп Сейдағаң да талай тосын жайларға тап болды. Соның бірін ғана айтатын болсақ, Мəскеуден арнайы келген комиссиямен бірге Текелідегі рудникке түскенде шам сөніп қалып, үстеріне тау жынысының құлап кеткені бар. Зардап шеккендердің барлығы бірнеше күн ауруханада жатып, ем алып шықты. Журналистік тапсырмамен жүргенде екі рет жол апатына ұшырады. Ондай оқиғалардың да денсаулық үшін ізсіз кетпегендігі белгілі...

Тосыннан тап болатын қиын дық бір адамдарды жасытып, жүнжітіп жіберсе, енді біреулерді барған сайын шынықтырып, шыңдай түседі. Білгір ұстаның колына түсіп, суарылуы келіскен құрыш та осылайша шың-далып шығатын еді ғой. Сеймұхамет ағаны да өмір осылайша шыңдап келе жатқан секілді. Ол кісінің Николай Островскийдің «Құрыш қалай шынықты?» кітабы жайлы жиі сөз қозғайтындығы да бекер емес. Олай дейтініміз, қариялық жасқа жақындаған шағында денсаулығы сыр беріп, мүгедек қоларбасына таңылып қалды. Жер жəннаты Жетісу өлкесін ғана емес, бүкіл қазақ дала-сын талай шарлаған ардагер журналистің үй ішінде жүріп-тұруының өзі қиындады. Бірақ Сейдеш аға ендігі тағдырым со-лай болды екен деп қол қусырып отырып қалған жоқ. Көгілдір экран мен мерзімді баспасөзден төрткүл дүниеде, Қазақстанда болып жатқан барлық жаңалықтарды қалт жібермей қадағалап отырады. Ең бастысы, үйреншікті қаламын қолдан түсірмейді. Қадірлі əріптесіміздің жазғандары қалалық, облыстық, республикалық баспасөзде қазір де жиі жарияланып жатады. «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы саяси кеңесінің белсенді мүшесі ретінде де ой тербейтіні бар.

– Бұрын ел «полтара казақ» деуші еді, сөз өтті ме, көз етті ме, «пол қазақ» бо-лып қалдым, – деп сəл босаңсыған аға сол сəтте-ақ еңсесін қайта тіктеген. – Əйтсе де тағдырға бағынатын қазағың мен емес, Островскийден осал бола қоймаспын! Əлеуметтік камсыздандыру органдары протез жасатып берді, сəтін салса, жүріп те кететін шығармын.

Островскийден осал еместігіңіз кəміл, Сейдаға! Нар тұлғаңызды шалқақ ұстап жүріп кететініңізге де сенеміз. Жаратқан сол күнге тезірек жеткізсін деп тілейік.

ТАЛДЫҚОРҒАН.

Өмірге құштарлық

Ағынды Ақсу өңірінде, талай ұлылар дүниеге келген қасиетті өлкеде туған Сеймұхамет ағаның балалық шағы сұрапыл соғыс жылдарына тап келді. «Балалық шақ жармасып жүретұғын, өгіз жеккен соқаның құлағында» деп Мұқағали ақын жырлағандай, соғыс басталған жылы мектеп табалдырығын аттаған бала Сейдеш те колхоздың қауырт ша-руасына тым ерте араласты. Өзі айтқандай, диқандар жер жыртса,

соқаның басына мінді, шөп шабылса да осы тірлік. Қырманда бидай бастырса, атқа мініп, тас доңғалақты сүйретті. «Біздер, 1941 жылдың күзінде мектеп табалдырығын аттаған буындар, «бақытсыздар» сана-тына жататынбыз. Өйткені, соғысты біз əкелгендей сезінетінбіз. Сөйтіп, Құдай қарғаған қаралы жылдарда өмірдің ащы дəмін таттық», деп еске алады сол жылдарды Сеймұхамет аға.

Айбын

«Дəуір» баспасы... Осы жерден басылымның қаншама нөмірі республикамыздың түкпір-түкпіріне қанша жыл бойы тарап келеді десеңізші!

Редакцияның 60-70-ші жылдардағы мекенжайы Алматыдағы Совет көшесі, 50 (қазіргі Қазыбек би 50) деп аталатын мына ғимаратта орналасқан еді.

Өнеге

20 желтоқсан 2014 жылwww.egemen.kz8

Меншік иесі:“Егемен Қазақстан”

республикалық газеті”акционерлік қоғамы

ПрезидентСауытбек АБДРАХМАНОВ

Вице-президент – бас редакторЖанболат АУПБАЕВ

Вице-президентЕркін ҚЫДЫР

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А.

АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 341-08-12.БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kzАлматыда: факс (727) – 341-08-12, электронды пошта – [email protected]

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР:Астана – 8 (717-2) 37-61-21;Ақтау – 8 (701) 593-64-78;Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75;Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70;Атырау – 8 (712-2) 31-74-13;

Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91;Қарағанды – 8 (721-2) 43-94-72;Қостанай – 8 (714-2) 39-12-15;Қызылорда – 8 (701) 772-70-74;Орал – 8 (777) 496-21-38;

Өскемен – 8 (778) 454-86-11;Павлодар – 8 (718-2) 68-59-85;Тараз – 8 (726-2) 43-37-33;Шымкент – 8 (701) 362-63-76;Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ: Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, [email protected] Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 341-08-11, [email protected]

Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.А

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы

5 қаңтарда Қазақстан Республи касының Мəдениет жəне

ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қа зақ стан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009

Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы201 715 дана.

Нөмірдің кезекші редакторлары

Александр ТАСБОЛАТОВ,Эльмира МƏТІБАЕВА.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 9 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921

Газет мына қалалардағы:010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС,050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС,100008, Қарағанды қ., Ермеков к-сі, 33, «Қарағанды полиграфия» ЖШС,110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС,120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС,130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС,030010, Ақтөбе қ., Смағұлов к-сі, 9 К, «Хабар-Сервис» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС,160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС,140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС,150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ,080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС,090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС,040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы,070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №464 ek

Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА,«Егемен Қазақстан».

Қостанайда ақындардың ерек-ше жинағы жарық көрді. Зағип ақындардың «Сезім сəулелері» («Радуга чувств») атты жыр жи-нағы оқырмандар қолына тиді. Оны зағиптардың облыстық кітапханасы дайындап, Қостанай қаласындағы «Печатьный двор» баспаханасынан басып шығарды. Баспахана директоры, белгілі қаламгер Анатолий Тарасенко зағип ақындар жыр жинағының жарық көруіне қол ұшын берді.

Жинаққа көз жанарынан айы-рылған жəне нашар көретін тоғыз ақынның өлеңдері енген. Ондағы өлеңдердің барлығы да орыс тілінде жазылған.

– Хамит Есмұратов, Людмила Коломиец, Людмила Тупыцина, Татьяна Смышляева бұ рын-нан өлең жазады. Бас қосу ларда,

мерекелік шараларда олардың өлеңдерін зағип жандар ықы-ласпен тыңдайтын. Біз ақын-дар дың өлеңдерін жинақтап, кітап етіп бастыруды дұрыс деп шештік. Жыр жинағын зағип жандар қуана алды, – дейді облыстық зағиптарға арналған кітапхана директоры Мария Дəрменова. – Кітаптың басты ерек шелігі, ол үш форматта – ірі қаріптермен жəне Брайль алфавитімен – бедерлі-нүктелі əріптермен басылды. Сонымен

қатар, кітапқа осы жинақтағы авторлардың өз өлеңдерін оқыған дискісі қыстырылған. Мұның барлығы зағип оқырмандарға қолайлылық үшін жасалған.

Тұңғыш жарық көріп отырған зағип ақындар жинағына облысқа белгілі ақын, ұстаз Александра Суслова алғысөз жазған. «Бұл өлеңдердің əр жолынан дүниені жүрек көзімен көрген ақынның əлемін танығандай болдым. Сезімі əсем, жаны сұлу жанды зағип деп қалай айтарсың?!» деп толғанады ақын.

Əрине, жыр жинағы тек зағип жандардың оқып, тыңдауына қолайлы болуы ескеріліп, үш форматта басылғанымен, оны кез келген оқырман алып оқуына болады. Жүректен шыққан өлең жүректерге жетіп жатса, оның кімге жаттығы бар?

ҚОСТАНАЙ.

Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».

Тəуелсіздік күні мерекесіне

орай Атыраудағы Д.Нұрпейісова

атындағы қазақтың халық аспапта-ры академиялық оркестрі Франция қалаларында концерт берді. Бұған дейін Наурыз мерекесі қарсаңында аталған оркестр Түркия, Германия

мен Австрия елдеріне концерттік бағдарламамен барған еді. Енді бұл жолы Францияның өнерсүйер қауымы қазақтың халық аспап-т а р ы н ы ң с и қ ы р л ы ү н і н е

қа нық ты. Нақтылай айтқанда, 14 желтоқсанда Франция аста-насы – Парижден 60 шақырым қашықтағы Фонтенбло қаласында алғашқы концертін берді. Бұдан соң 15 желтоқсанда ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пəтерінде Тəуелсіздік мерекесіне арналған концерттік бағдарламасын ұсынды. Бұл концертке Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше елдердің білім, ғылым жəне мəдениет мəселелері жөніндегі өкілдері шақырылды, деп хабарлады облыс əкімінің баспасөз қызметі.

Ал 16 желтоқсанда Қазақ-станның Франциядағы елшілігінің Тəуелсіздік күніне арналған мерекелік бағдарламасы аясында өнер көрсетті.

Атырау облысы.

Оралхан ДƏУІТ,«Егемен Қазақстан».

Меркі ірімшік зауытының ай-ран-сүтін екі-үш күн, əрі кеткенде бір аптаның ішінде пайдаланбаса, ашып кететінін елдің бəрі біледі. «Біздің басты ерекшелігіміз осы. Өйткені, біздің өнімдерімізге ешқандай қоспалар қосылмайды. Əрине, əртүрлі қоспалардың арқасында біз де өнімімізді ұзақ сақтап, сауда сөресінен көпке дейін алмай қоюға болар еді. Бірақ, біз халыққа таза табиғи өнім бергіміз келеді. Таза, табиғи сүт-айран – бұл біздің брендіміз», дейді бұл жөнінде Меркі ірімшік зауытының директоры Достан Айтөленов.

Содан болар бүгінде бұл зауыт-тың өнімдері елімізге кеңінен танымал. Сексен жылдық тарихы бар зауыт қайбір жылдары талай қиын дықты бастан өткеріп, тіпті жұмысын тоқтатудың аз-ақ ал-дында қалған болатын. Сол кездері жылына 500-700 тонна ғана сүт қабылдап, бар-жоғы отыздан астам жұмысшы еңбек еткен екен. Енді міне, соңғы он жылдың көлемінде зауыт аяғынан нық тұрып, мем-лекеттік қолдаудың арқасында шаруасын дөңгелетіп отыр.

– Əрине, ең алдымен қолынан іс келетін жандарға қолдау көрсетіп, кəсіпкерлерге кең жол ашқан Тəуелсіздігімізге, Елбасының дұ-рыс саясатына мың алғыс, – дей ді Достан Айтөленов. – Осы шаруаның бəрі елімізде ша ғын кəсіпкерлікке деген оң көзқарастың арқасында алға басуда. Бүгінде біздің зауытта 170-тен астам жұмысшы бар. «Даму» қорынан несие алып, нəтижесінде құрал-жабдықтардың 80 пайызы жаңартылды. Жылына

8 мың тоннаға жуық сүт қабылдап, 40 түрлі өнім шығарамыз. Барлығы экологиялық тұрғыдан таза. Содан болар Қазақстанның үздік тауар лары байқауында жүлдегер атандық.

Дəл қазір сиырдың суалып, сүттің азайған шағы. Зауыт өнім шығару көлемін азайтып ал мау үшін көрші аудандардан сүт қабылдау орындарын ашқан. Тіпті, сонау Жуалы ауданындағы «Гамбург» шаруа қожалығы кешегі күнге дейін осы зауытқа сүт тасымалдап келіпті. Бизнесте достық жүрмейді, нағыз кəсіпкер көзі жеткен, сенген дүниесіне ғана қол артады. Яғни, жуалылық шаруалардың жер шалғай болса да тұрақты жұмыс істеп тұр-ған зауытқа сенгендері ғой. Əйт песе, Меркі қайда, Жуалы

қайда?.. Арасы 200 шақырымға жуықтайды. Биылдан бастап Жуалыдағы ірімшік зауыты іске қосылды да, бұлар «гамбургтік» неміс ағайындармен қимай-қимай қоштасыпты. Қазір 3 сүт қабылдау пункті жұмыс істеп тұр. Алдағы уақытта тағы бесеуі іске қосылады.

– Шынын айту керек, қазір елдің тұрмысы жақсы. Тіпті бір үйлер 7-8 сиыр ұстайды. Бірақ, соларды сауып, сүт өткізуге ерінеді. Өйткені, олар бұл істің бей неті көп деп есептейді. Өз-дерінің күнделікті қажеттілігі үшін бір-екеуін саууы мүмкін, қалғанын бұзауымен қосып өріске жібере салады. Осыдан кейін ел Зеңгі баба төлін базарға апарып сатып, қажетіне жарату үшін ғана ұстап отыр ма деген де ой келетіні рас. Сондықтан қысы-жазы сүттің

көлемін төмендетпеу үшін Меркі ауданының əкімдігімен келісіп, 520 гектар жер алып отырмыз. Əйтеуір, Меркі ауданының əкімі Бақтияр Көпбосынов бизнесіміздің өрістеуі үшін бар мүмкіндікті жасап отыр. Ең қуаныштысы, бұл жер «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дəлізінің бойында орналасқан. Бұл күрежол əрине, тірлігіміздің алға басуына көп септігін тигізетіні анық. Міне, сол жерден қора-қопсы соғып, келесі жылдан бастап 150-200 сиыр ұстауды жоспарлап отырмыз. Қаржы жағынан «ҚазАгроҚаржы» АҚ қолдау көрсетуде. Мықты маман, сапалы өнім, арзан баға, міне, біздің тұтынушыларымыздың көбеюіне осы үш нəрсе тікелей əсер етті. Қырық жылдан астам уақыттан бері жұмыс істеп келе жатқан өте тəжірибелі мамандар бар. Соңғы бір жылдан астам уа-қыттан бері өнімдеріміздің ба-ға сын өсіргеніміз жоқ. Есесіне жұмысшылардың жалақысын 10 пайызға көтердік, – дейді зауыт директоры.

Тағы бір жағымды жаңалық – бұл зауыт сүттен бөлінетін сарысудан құрт жасап, тұтынушыға ұсынып отыр. Бұрын бұл сарысуды керек қылмай, төгіп тастайды екен. Енді үнемі ізденіс үстінде жүретін меркілік технологтар бұл сұйықтықтан құрт жасап жəне ол өнімнің адам денсаулығына өте пайдалы екенін дəлелдеп, патент те алып үлгеріпті. Бұл өнімнің құрамында дəрумен жай құрттан 10-20 есе көп. Жақсы дүниені ел де қадірлей біледі. Меркінің құрты мен ірімшігін елдің күнделікті тұтынғаны былай тұрсын, соңғы кездері тойдың дастарқанында, тіпті, тойбастардың қоржынында жиі жүретіні жұрттың бұл өнімге берген жоғары бағасы болса керек.

Жамбыл облысы.––––––––––––––

Суретті түсірген Алтынбек ҚАРТАБАЙ.

Астана айшыќтары

Өңір өмірі

Мыќты маман, сапалы ґнім, арзан баєа

Жїрек кґзімен кґрген«Сезім сəулелері»

Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ.

Париж тґрінде ґнер кґрсетті «Егемен Қазақстан».

www.egemen.kz8

20 желтоқсан 2014 жыл 9www.egemen.kz 9

Ќўрметті Сауытбек Абдрахманўлы,«Егемен Ќазаќстан» газетініѕ ўжымы!

Еліміздің идеологиясы мен даму стратегиясын қоғам ішінде кеңінен насихаттап, ұлыстың ырысы мен ынтымағының артуы-на тікелей ықпал етіп келе жатқан мемлекетіміздің бас басылымы – «Егемен Қазақстан» газетінің қызметкерлері мен оқырмандарын газеттің 95 жылдық мерейтойымен құттықтаймын!

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Егемен Қазақстан» біз құрып жатқан жаңа ғасырдың жаршысы болуға тиіс», деп тарихы тереңнен тамыр тартқан басылымға зор үміт пен жауапкершілік артылаты-нын баса көрсетті. «Егемен Қазақстан» газеті Елбасы айқындаған міндеттерді орындау жолында сенім үдесінен көрініп келеді. Ел игілігіне орай жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар мен реформалардың маңызын қалың бұқараға жеткізу, халық ішіндегі өзекті мəселелерді жан-жақты талдап, билік назарын қоғам пікіріне аударту бағытында абыройлы қызмет атқаруда.

Бүгінде Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясынан жəне «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясатынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыруда еліміздің бас басылымы, шын мəнінде, қоғамдық пікірдің биік мінберіне айнала білді.

Елбасының салиқалы саясатын саналарға сіңіріп, мемлекетіміздің өркениетін өрге бастыруда өлшеусіз еңбек етіп келе жатқан, «халықтың көзі, құлағы һəм тіліне» айналған «Егемен Қазақстан» жалпыұлттық газет атанып отыр. Бұл, ең алдымен, басылымның қажырлы қаламгерлері мен жігерлі журналистерінің шынайы еңбегінің жəне ойлы оқырманының риясыз қолдауының арқасы екені сөзсіз.

Алдағы уақытта Мəңгілік Ел идеясын, Қазақстанның саяси, экономикалық, əлеуметтік жəне рухани жетістіктерін халық наза-рына жеткізудегі еңбектеріңізге шығармашылық табыстар тілеймін!

Ізгі ниетпен, Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ,

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы.

Ќадірлі «Егемен Ќазаќстан» газетініѕ ўжымы!Ќўрметті Сауытбек Абдрахманўлы!

Мемлекетіміздегі бас басылым, қазақ журналистикасының қарашаңырағы – «Егемен Қазақстан» газетінің 95 жылдық торқалы тойымен шын жүректен құттықтаймын!

Орынбордан «Ұшқын» деген атпен алғаш шыққан газет дəуірмен үндесіп «Еңбек туы», «Еңбекші қазақ», «Социалистік Қазақстан» аталып, небір замандарды, ел басына күн туған кезеңдерді халықпен бірге кешіп, тəуелсіз мемлекеттің басты баспасөзі – «Егемен Қазақстанға» айналды!

Осы газетте Халел Есенбаевтан бастап, Смағұл Сəдуақасов, Жүсіпбек Аймауытов, Сəкен Сейфуллин, Тұрар Рысқұлов, Ораз Жандосов, Ораз Исаев, Мұхтар Əуезов, Бейімбет Майлин, Ғабит Мүсірепов сынды халқымыздың біртуар ұлы тұлғалары басшылық жасап, еңбек етті.

Бұл редакцияда еліміздің көрнекті қаламгерлері қызмет жасады. «Егемен Қазақстанның» жылдар бойы қалыптасқан шығармашылық мектебінен мыңдаған журналистер шыңдалып шықты. Жақсылықтың жаршысы болған, мемлекеттің үніне, халықтың құлағы мен көзіне айналған басылымның беделі жыл сайын өсіп келеді.

Еліміздің экономикалық-əлеуметтік жəне мəдени дамуы жо-лында, халқымыздың рухани байлығын арттыруда сіздердің еңбектеріңіз орасан зор.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің депутатта-ры атынан ұжымның шығармашылық табыстарға жете беруіне тілектеспін! Оқырмандарыңыздың қатары жыл сайын молайып, басылымдарыңыздың беделі өсе берсін!

Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!

Құрметпен, Қабиболла ЖАҚЫПОВ, Қазақстан Республикасы

Парламенті Мəжілісінің Төрағасы.

Ќымбатты егеменќазаќстандыќтар! Ќўрметті Сауытбек Абдрахманўлы!

«Егемен Қазақстанның» ұжымын, бүкіл оқырман қауымын басылымның алғашқы нөмірі жарыққа шыққанына 95 жыл толған мерекесімен құттықтаймын!

Қазақ баспасөзінің қарашаңырағын Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың «Отанымыздың бас газеті» деп бағалауы басылымның мəні мен мазмұнын, ел тарихындағы орны мен төрін айқын дəлелдейді. Ғұмырнамасы шынайы шежіреге толы ұлтымыздың ұлағатты тарихы мен өнегелі өмірбаянын бедерлеуші «Егемен Қазақстан» газетінің 95 жылдық торқалы тойы – тəуелсіз еліміздің мəдениеті мен рухани өміріндегі елеулі мереке.

Əр кезеңде басылымды басқарған, атсалысқан Смағұл Сəдуақасовтың, Жүсіпбек Аймауытовтың, Бейімбет Майлиннің, Сəкен Сейфуллиннің, Тұрар Рысқұловтың, Ораз Жандосовтың, Ораз Исаевтың, Мұхтар Əуезовтің, Ғабит Мүсіреповтің, олардан кейінгі ардагер толқын өкілдерінің есімдерін əрқашан құрметпен атап өтеміз. Елін қадірлеген, елі қадірлеген «Егемен Қазақстанның» ертеңі бұдан да нұрлы боларына қазақ жұрты қапысыз сенеді.

Тəуелсіздік жылдарында еліміздің қол жеткізген елеулі жетістіктері, экономикалық-əлеуметтік дамуымыздың жарқын көрсеткіштері «Егемен Қазақстанда» жан-жақты көрінумен келеді. Жаңа елорда төрінде «Егемен Қазақстан» еліміздің жаңа ғасырдағы жарқын тарихын жазу үстінде. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев көшін бастаған жаңа тұрпатты тəуелсіз мемлекеттің қалыптасуынан бүгінгі қазыналы керуеніне дейінгі зор жетістіктерді, жалпыұлттық идеяға айналған «Мəңгілік Ел» мұратын халыққа жеткізуде орныққан дəстүрден айнымай, қайраткерлік пен ұшқырлық танытып келе жатқан баба жасындағы байырғы басылымның шығармашылық шыңы алда да биікте болады деп сенеміз.

Баршаңызға, бас газетіміздің барлық оқырмандарына отбасылық бақыт пен сəттілік, шығармашылық табыстар тілеймін.

Гүлшара ƏБДІҚАЛЫҚОВА, Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік хатшысы.

Ќадірлі «Егемен Ќазаќстан» газетініѕ ўжымы!Ќўрметті Сауытбек Абдрахманўлы!

Сіздерді ұлтымыздың ғасырға жуық жақсы істерін ұлықтаған, қазақ баспасөзінің қарашаңырағы атанған төл газетіміздің 95 жылдық салтанатты тойымен құттықтаймын!

«Егемен Қазақстан» – ХХ ғасырдың басынан Қазақ елімен бірге есейген əрі халқымызды жасампаз істерге үндей білген басылым. Ой-тұжырымы терең, талғамы биік, ұстанымы айқын басылымды мыңдаған оқырманға рухани байлық сыйлаған жолбасшы газет деп білемін.

Алғаш «Ұшқын» боп тарап, жаңа өмірдің жаршысы бола білген «Еңбекші қазақ», іргелі істерді жаңғыртқан «Социалистік Қазақстан» өз дəуірінің үніне, қоғамдық ойдың қозғаушысына айналды. Бұл – Алаштың арда туған азаматтары: Міржақып Дулатов, Сəкен Сейфуллин, Жүсіпбек Аймауытов, Тұрар Рысқұлов, Смағұл Сəдуақасов, Ораз Жандосов, Бейімбет Майлин, Мұхтар Əуезовтің маңдай тері сіңген, кемел ойы, киесі қонған қасиетті қарашаңырақ.

Ұзақ жылдан бері мемлекет мүддесі жолында мінсіз қызмет көрсетіп келе жатқан аға газеттің көпке берер тағылымы ұшан-теңіз. «Егемен Қазақстан» өзінің 95 жылдық ғұмырында еліміздің өсіп-өркендеуін, көркеюін, əдебиеті мен мəдениетінің, ғылымы мен білімінің даму-ын, өміршең істерді оқырман қауымға үлгі етіп келеді.

Құрметті «егеменқазақстандықтар, ұлы мерекеміз – Тəуелсіздік күніне орайлас келген мерейтойларыңыз құтты болсын! Еліміздің ұлан-ғайыр жетістіктерін, Елбасымыздың жасам-паз бастамаларын халыққа жеткізуде толайым табысқа кенеле беріңіздер.

Газет ұжымына зор денсаулық, шалқар шабыт, шығар ма шылық табыс, олардың от-бастарына құт-береке тілеймін. Қаламгерлер ортасында мерейлеріңіз əрдайым үстем болсын!

Қайрат МƏМИ, Қазақстан Республикасы

Жоғарғы Сотының Төрағасы.

«Егемен Ќазаќстан» республикалыќ газеті»акционерлік ќоєамыныѕ ўжымына

Құрметті егеменқазақстандықтар!Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшы

жəне жеке құрамы атынан мемлекетіміздің ғасырға жуық тарихы бар бас басылымы «Егемен Қазақстан» газеті редакциясының ұжымын 95 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын.

«Егемен Қазақстан» – ел тарихында бөлекше орны бар газет, қай кезде де республиканың басты саяси үні ретінде қоғамдық пікір қалыптастыруға ерекше еңбек еткен басылым. Тəуелсіздік жылдарында газеттің тың ты-нысы ашылды, шын мəнінде егемен елдің еркін дауысына айналды, оның беттерінде Елбасымыз – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ə.Назарбаевтың басшылығымен біздің мемлекетімізде атқарылған аса ауқымды жұмыс кемел көрсетіліп келеді. Халқымызды жасампаздық іске жігерлендіруде, жұмылдыруда, азаматтарымыздың бойында əлеуметтік оптимизм рухын орнықтыруда «Егемен Қазақстанның» еңбегі ересен.

Ел газетінің кең танымалдылығы оның 200 мыңдық таралымынан да көрініп тұр. Басылымның беделін биіктетуде Елбасы командасының сенімді мүшесі, өзіне тапсырылған қай жұмысты да абыроймен атқарып жүрген азамат, ұжымды ұзақ жылдардан бері басқарып келе жатқан Сауытбек Абдрахмановтың үлкен еңбегі бар екенін мерейтой тұсында атап айтуды орынды санаймын.

Мерейтой күні «Егемен Қазақстанның» барлық қызметкерлеріне зор денсаулық, береке-бірлік, бейбіт өмір, шығармашылық табыс тілеймін.

Нұртай ƏБІҚАЕВ,Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы.

Аќ тілектер аєыны

«Егемен Ќазаќстан» республикалыќ газеті» АЌ президенті С.Абдрахмановќа

Құрметті Сауытбек Абдрахманұлы!Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан сізді жəне өзіңіз басқарып

отырған ұжымды, барша оқырманды қазақ баспасөзінің қарашаңырағы «Егемен Қазақстан» жалпыұлттық республикалық газетінің 95 жылдық мерей-тойымен құттықтаймыз.

Іргесін Алаштың алыптары қалаған айтулы басылым елдің тарихымен бірге жасап, қаншама күрделі кезеңдерді басынан өткізді. Əрқашан еліміздің орталық баспа органы болған газет, құрылған сəтінен бастап, мемлекет пен халықтың күнделікті тыныс-тіршілігін тасқа жазып, тарихқа қалдырып отыр. Негізінен, «Егеменнің» тарихы – бұл қазақ елінің даму тарихы, қазақ халқының қалыптасу тарихы, тəуелсіздікке қол жеткізу жəне оны дəріптеу тарихы.

Бүгінде «Егемен Қазақстан» қоғамда өзіндік орны бар, сөзі салмақты, беделі биік, салиқалы басылым, Отанымыздың басты газеті.

Газет ұжымының кəсіби біліктілігі мен шығармашылық көпқырлылығының арқасында азаматтардың бойында қазақстандық патриотизм қасиетін қалыптастырып, қоғамдық келісім мен этносаралық толеранттылықты сақтау, ел бірлігін нығайту бағытында атқарып жатқан ауқымды жұмыстары ел аузында.

Осы орайда сіздерге мемлекеттік ұлттық саясат пен Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі туралы жарық көрген нақты, əділ пікірлеріңіз үшін алғыс айтамыз. Себебі, бұл елдіктің, ауызбіршіліктің, тұрақтылықтың насихаты, бірлікті берік, тəуелсіздікті тұғырлы етудің ерен еңбегі.

Сіздерге 95 жылдық торқалы тойларыңыздың тұсында шығармашылық ұшқыр ой, қаламның қайратын, алдағы барлық бастамаларыңызға сəттілік тілейміз! Мемлекет тарихының қайнаған ортасында жүріп, заманның толғандырар тақырыптарын көтеріп, оқырмандарды қуанта беріңіздер!

Егемен газетіміздің абыройы артып, егемен еліміздің Тəуелсіздігі мəңгі, келешегі жарқын болсын!

Жеріміз əрқашан бейбітшілік пен келісімнің киелі ортасы болсын! Ералы ТОҒЖАНОВ,

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі.

«Егемен Ќазаќстан» республикалыќ газеті»акционерлік ќоєамыныѕ ўжымына!

Ќўрметті Сауытбек Абдрахманўлы!Құрметті қаламгерлер, газет қызметкерлері!Баршаңызды ежелден еркін ойдың, елдіктің

үнжариясы болып келе жатқан «Егемен Қазақстан» газетінің жарыққа шыққанына 95 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын.

Қашанда елмен бірге жасап, мемлекеттіліктің нығаюына өлшеусіз үлес қосып келе жатқан ата басылымның ұлт руханиятындағы алар орны ерек-ше. Бүгінде «Егемен Қазақстан» бүтін бір дəуірдің шежіресін бойына бүккен, тəуелсіздіктің жылнама-сындай тарихтың алтын қазынасына айналды. Қазақ баспасөзінің қарашаңырағын алған бағыттан айнымай, Елбасымыз Н.Ə.Назарбаевтың сындарлы саясатын елге шынайы жеткізудегі рөлі көшілгері болатынына сенімдімін.

95 жылдық торқалы тойларыңыз құтты бол-сын! Оқырмандарыңыз еселей өсіп, əрдайым еңбектеріңіз жана берсін. Газет ұжымына зор денсаулық, шығармашылық шабыт, толайым та-быс тілеймін!

Ізгі ниетпен, Бердібек САПАРБАЕВ,Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары.

2009 жыл. 23 желтоқсан. Елбасымыз «Егемен Қазақстанның» 90 жылдығында.

20 желтоқсан 2014 жыл10 www.egemen.kz

АКАДЕМИК Өмірбек Жолдас-беков көшесіндегі айтылған үйдің үшінші қабатына көтерілгенімде

сəл аялдап, сырт киімімнің түймелерін ағыттым, пəтерге кіргенде тоңқаңдап жатпайын деп бəтеңкемнің бекіткішін төмен ысырып қойдым. Кірер есікті итеріп едім, ашық екен. Кішкене дəліздегі диванда Шерағаң отыр. «Үй-й, Ерекем екен ғой», деді де бастан-аяқ қарай бас-тады. Сырт киімнің де, костюмнің де түймесі ағытылғандығын, бəтеңкемнің бекіткіші көтерілмегенін көріп, мырс етті. Баяғыда кабинетіне шақырып алып: «Сені орынбасарлыққа қолай көріп отыр-мын, соған қалай қарайсың?» деп бастан-аяқ қарағанда да осы қалпымды көрген. «Бұл уақытқа дейін галстук тақпасаң, тақпай-ақ қой, соны мен де жарата бермеймін. Ал бəтеңкеңнің бауын бай-лап жүр, сүрініп кетерсің, орынбасардың сүрінбегені керек», деген.

– Жаңа қалтафонмен хабарласқалы осында күтіп отыр, – деп ас үйден шыққан Шерағаңның қызы Алма мəн-жайды түсіндіріп жатыр. – Əйтпесе, көбіне залдағы диванда отырып, теле-дидар қарайды.

Қолтығынан ұстайын деп едім, Шерағаң қолымен залдың есігін көрсетіп: «Өте ғой», деді. Өзін менің артым-нан қолтығынан демеп Алма кіргізді. «Екі-үш күн сəл сырқаттанып қалды, негізінен өзі жүріп-тұрады. Кейде далаға шығып кетеді. Аулада жүргенді, сондағы орындықта отырғанды ұнатады».

– Иə, қалың қалай, келін аман-есен бе? «Егеменнің» жағдайы қалай? – Шерағаң алдына диктофон қойып едім, сұрақтарды өзі қоя бастады. Жауаптарымды мұқият тыңдады. Газеттің таралымы 200 мыңнан асқанын, мұның сыртында қаншама мың адам интернеттегі сайт-тан оқитынын айтқанда «жөн екен, жөн екен» деп отырды да, редакция Үкіметтің қолдауымен тоғыз қабатты тұрғын үй, шағын отбасыларға арнап төрт қабатты жатақхана салғанын айтқанда «е-е, е-е» деп тіпті мəз болып қалды.

– Ал мынаны қойдың (диктофонды көрсетті), менен не сұрамақсың?

– Шераға, мен «Ағалар естен кет-пейді» деген кітап жазғым келеді...

– Е-е, аты жақсы екен. Бірақ біз кейінгі ағалармыз ғой. Соғысқа қатысқан ағаларың қайда, мектепте, университетте сабақ бергендер ше? Өз əкең мен анаң да сол ағалар қатарынан емес пе?

– Иə, олардың бəрі қамтылады. – Сонда менен не білгің келеді? Осы кезде қызы Алма бір табақ ет

əкелді. «Таңертең асып қойғанмын. Келетініңізді кеше айтқанмын», деді.

– Қарындасың сен келеді деп асқан ет қой. Тамақ жеп отырып əңгімелесейік.

– Шераға, сіздің замандастарыңыз, көзін көрген ағаларымыз өткен ға сыр-дың 60-шы, 70-ші, 80-ші жылдарын да еліміздің рухани бет-бейнесін айқын-даған тұлғалар болды. Соларды бір си-паттап өтесіз бе?

– Замандас дегенде Əбекеңді, Өзекең мен Кəкеңді, Қалекең мен Қарекеңді, Кəм кең мен Сапекеңді, Бəкең мен Жұме-кеңді, Сейдекеңді, тағы басқаларын ай-тып отырсың ғой, – деп бір тоқтады. Өзбек əлі Жəнібеков пен Кəкімжан Қазы баевты, Қалтай Мұхамеджанов пен Қаратай Тұрысовты, Камал Смайы-лов пен Сапар Байжановты, Балға бек Қыдырбекұлы мен Жұмағали Ысма-ғұловты, Сейдахмет Бердіқұловты еске алып отырғанын түсіндім. «Əбекең» дегенде кімді айтқанын тап баса алма-дым. – Бұлар руханият жүгін көтерген, оны халықтың санасына құйып кет-кен нар тұлғалар, ақылман ағалар еді ғой. Кейбіреулер қазір соларды совет заманының кадрлары деп елеусіз еткісі келеді. Тіпті де олай емес. Біз бəріміз мемлекетшіл болдық, мемлекетке қызмет еттік. «Өткеніңе топырақ шашсаң, болашағың саған тас атады» деген сөзді білетіндер бекер айтпаған.

– Жаңа Əбекең дегеніңіз кім еді? – Əбдісаттар Бөлдекбаев деген

«Лениншіл жастың» редакторы, кейін Қарағанды облыстық газетіне редак-тор болған. Бəрі əр қиырдан келіп, сол тұстағы жаңа өмірге құштарлық олар-ды тұлға дəрежесіне көтерді, – деді де үнсіз қалды. Сөзге ақырын ғана Алма араласты. «Жаңағы ағалармен өте жақсы қарым-қатынаста болды. Кейбірі папамнан сəл үлкен еді ғой. Мен ол кісілердің балаларын білемін. Бəріміз қарайластармыз. Көбінесе қызметте жүргенде араласады ғой. Кейде телефон-мен сөйлесіп қалғандағы қалжыңдары ғажап болатын. Қалтай ағамен, Камал ағамен сөйлескенде жадырап қалатын. Мамам барда, Мəрия тəтеңізді айтамын, үйде қонақта болып тұратын».

Тəтемнің қолынан мен де дəм татқанмын. Бірде «Жүр, біздің үйден түстенерсің. Тəтең күтіп отыр», деп Шерағаң үйіне ертіп барған. Мəрия тəтем ашық, ақжарқын кісі екен. Тəптіштеп жөн сұрады. Содан кейін де бір-екі рет үйде болғанмын. Кейде Шерағаңды іздегенде немесе «Егеменнің» жігіттерінің қуаныш тойларында кездескенде тəтем үйдегі келінін, біздің балаларды сұрап тұратын. Шерағаң көзінің астымен диктофонға

Шерхан Мўртазадан – Шераєаѕнансўхбат аламын деп барып, ґзімніѕ де сўхбат беруім

қарап қойды, сол арқылы келесі сұраққа əзір екенін аңғартқандай болды.

– Шераға, сіз алғаш «Егеменге» кел-генде... – дей беріп едім, «тұра тұр» деген дей қолын көтерді. – Ол кезде əлі «Социа листік» болатын. – Алма екеуміз де күліп жібердік.

– Алғаш емес, аға, бұрын да «Со циа-листік Қазақстанда» жұмыс істеген ғой.

ШЕРАҒАҢНЫҢ г азетт ің атын қалай өзгерткені ойға оралды. Оған біраз дайын-

далдық. Өзі бірқатар деректер айтып берді. «Революцияға дейін Батыс Қазақ-станда «Қазақстан» деген газет шығып тұрып, кейін жабылып қалған. «СҚ-ның» алғашқы ізашары – «Ұшқынды» шы-ғарарда, сол газеттің құрал-жабдықтарын, қаріптерін Орынборға жеткізген кө-рінеді. «Ұшқын» сол «Қазақстанның» техникалық негізінде шыққан. Демек, «Қазақстан» атауын қайта жаңғырту орынды болады». Солай ұйғарылып, Орталық Комитеттің Саяси бюросына хат дайындадық. Шерағаң бір түзетіп, қайта басылған нұсқасына қол қойып, Үлкен үйге аттанды. Суретші Владимир Черданцев əзірлеген «Қазақстан» деген фирма атауын ала кетті. Екі сағаттайдан соң көңілді оралды да, алдымен мені шақырды. «Ал, жігіттердің бəрін жина, ертеңнен бастап газетіміз «Қазақстан» боп шығады». Жігіттер жиналғанда дер-бес мемлекет болып жатқанда газеттің атауы сол ұлы іске сай болуы керек дегенді айтып болғанда үкімет телефоны соғылды. Трубканы көтерген Шерағаң басында «иə, иə» деп отырды да, соңынан «жарайды» деп көңілсіз қайырды. Жаңағы келген жерден əңгімені басқаша жалғастырды. «Еліміз егемендігін жа-риялап жатқанда газет атауы да соған сай болуы үшін «Егеменді Қазақстан» деген атау алды». Жігіттер мəз болып кетті. Артынан оңаша қалғанда Саяси бюроның мəжілісінде болмаған Өзбекəлі Жəнібековтің Нұрсұлтан Əбішұлына кіріп, шешімді өзгерткенін айтып берді. Суретші «Қазақстан» деген жазудың үстінен кіші əріптермен «егеменді» де-ген сөзді жазып, фирма дайындауға біраз уақыт кететінін ескеріп, уақытша осы-лай шыға тұрайық дегенде тоқтағанбыз. Кейін өзімізге ұнады да, сол қалпымен қала берді.

Алмаға айтып бергенімді тыңдап отырған Шерағаң: «Иə, солай болған», деп қосты. «Сексен жылдығына кел-геніңізде папам тың, жақсы еді ғой, – дейді Алма. – Соның алдында инсульт болып, соны емделмей өткерген ғой. Қасындағылар дəрігер шақыртпаған. Ал салдары өзін қатты қалжыратты. Қазір-қазір тəуір болғаны. Бірақ біраз əңгіме айтса, шаршап қалады».

– Шераға, сіз газетке бас редактор бо-лып келгеніңіздегі ұжымдағы үлкендер жағы есіңізде ме? Мыңбай Ілесов,

Мамадияр Жақыпов, Тəжібай Битаев, Нуриден Муфтахов, Кеңесхан Зəкенов, Қойшығара Салғарин, Əділ Дүйсенбек, Күлтəй, Нəзігүл, Сарагүл, Шолпан тəте-лер есіңізде ме?

– Егер ойланса, олардың ар жағын-дағы ларды да еске түсіруге болар. Баяғы да бала күнімізде масақ теретінбіз. Ол кездегі техника сондай болды да, əр жер-əр жерде масақ қалатын. Қазір комбайндар жақсарды. Сол секілді Үкіметтің жұмысы да ойдағының бəрін алып кетті ғой. Жаңа аттарын айтқанда бəрі еске түседі екен. Мамадиярды бөлім меңгерушісі жасадық. Ал Тəкең базардан мақалалар жазатын. Сол кезде сондай дүниелер керек еді. Муфтахов Асанбай Асқаровты түрмеден босатуға көп еңбектенді. Жазғыш жігіттер жарқырай көрінді. Қайнар Олжаев жазды, Басқар Битанов жазды, Рысбек Сəрсенбаев жазды, Тілекқабыл Боранғалиев жазды. Кейін оларға Аян мен Құлбек қосылды, Гүлзейнеп қыз қосылды. Облыстардағы меншікті тілшілер белсенді болды. Сен солардың бəрімен байланыста едің, қазір де хабарласып тұрасың ба?

– Бұрынғы меншікті тілшілерден Петро павлда Ожан Қалиев, Көкшетауда Баян Нұрпейісов, Талдықорғанда Сей дах-мет Мұхаметшин, Қызылордада Өтеген Жаппарханов, Таразда Елен Əлімжан бар. Маңғыстауда тілші болған Саламат Хайдаров пен Темірхан Медетбек қазір Алматыда. Он ағамыз қайтыс болды.

– Имандары серік болсын мар құм-дардың. Қазір облыстардағы тілшілердің бəрі дерлік жаңарып кетіпті.

– Қызылордадағы Ержан Байтілес де ген балаңызды білуіңіз керек, кезінде сіз ден сұхбат алған.

– Көрсем, танырмын. – Папам ауырғаннан кейін газет

оқуды қойған, бір көзі нашарлап кетті. Ұлжан Пəрмашқызы деген апай келіп, қасында отырып газет оқып беретін. Мұқият тыңдайды, кейде сұрақтар беріп, апайды мазалайтын. Содан ба, апай кел-мей кетті. Көрші үйде Майра апай бар, екеуі жақсы əңгімелеседі. Ол кісі болма-са, иегін таяғына сүйеп, ойланып отыра-ды, – деді Алма.

– Не ойлайды екен? – Оны өзінен сұрасаңызшы. – Шераға, замандастарыңызды сағы-

насыз ба, олар есіңізге түсе ме? – О дүниелік болғандарды сағынып

жүр мін деуім келіспес. Бірақ ойымда тұрады, айтқандары, əзілдері, түрлі оқи-ға лары ойға түседі. Олар туралы кім не демесін, олар нағыз азаматтар, қара нар-лар болатын. Бəрі еліміздің əр қиырынан келіп, қатардағы журналистік жұмыстан қандай дəрежеге дейін көтерілді. Оларды еске алып тұру керек.

– Мəрия апаммен қалай танысып едіңіздер, отбасылық ғұмырларыңыз қан-шаға созылды?

– Жамбылда танысқанбыз, – деп Шерағаң күлімсіреп қойды. Əрі қарай əңгімені Алма жалғастырды. – Папам Мəскеуден оқу бітіріп келген соң біраз уақыт Жамбылда Сүттібеков Төлен деген ағасының үйінде жүреді. Көрші үйде мамамның ағалары тұрыпты. Мамам бір-екі жас кіші ғой. Екі көрші жастарды таныстырайық деп келіскен. Содан отыз тоғыз жыл бірге тұрды. Папаның бар мінезін білетін. Демалып жатқанда, бірдеңе жазып отырғанда бізді аяғымыздың ұшымен жүргізетін. Мен мамамның кей мінездерін, іс-əрекетін папамның анасы Айша апаға ұқсатамын.

– Мен туралы менен гөрі Алма кө-бі рек біледі, – деп Шерағаң мəз болып отырды.

– Шераға, əлемнің талай елдерінде бол дыңыз, үлкен шаһарларды көрдіңіз. Бі рақ солардың бірде бірі түсіме кірмейді, ал Мыңбұлақ үнемі түсімнен шықпайды деп жазып едіңіз. Мыңбұлақ қазір де түсіңізге ене ме?

– Еще как. Мыңбұлақ – киелі мекен. Оның аурасы бөлек. Жəне Мыңбұлақ өз перзенттерін білетін болуы керек, жұрттың бəріне олай əсер етпейді.

– Биыл жазда облыстың мерейтойы-на қатысқанда Мыңбұлаққа соққанбыз. Суын ішіп, бір рақаттанып қалды. Та раз-да жоғары болған қан қысымы қалыпқа түсіп, үйге кірмей жүрді. Жылқыларды көрді, иттерді көрді.

– Облыс ауылына əдемі үй салып беріп еді ғой, сол үйді неге мұражайға айналдырмайсыздар?

– Бұл мəселені мен шеше алатын емеспін.

– Шераға, сіз бар болмысыңызбен қа-зақ сыз. Ал Мəскеуге барып, үлкен уни-верситетке оқуға түсіп, қалай орысша оқыдыңыз?

– Не, Мəскеуде, орысша оқуда білім аз деп ойлайсың ба, жоқ əлде ақшамен оқыды деп тұрсың ба? Оқимын, қазақ деген халықтың ұлымын, Қазақстаннан келдім деп намыс туын ұстайтындар орысша ғана емес, шетелше де оқып жүр ғой.

– Папам кітапханада аш, əлсіреп отыр-са, мəскеулік бір зиялы адам үйіне ертіп барып, тамақтандырып, жөн сұрасып, қоярда қоймай, үйінде тұрғызған. Қалған курстарын сол үйде жатып бітірген. Аты-жөні қалай еді? – деп Алма Шерағаңа қарады.

– Леонид Болотников еді ғой.– Ол кісілермен туысқан адамдар-

дай болып кеткен. Папам бір осетин досы екеуі теміржол стансасында балық түсіріп, ақша табады екен. Жаңағы кісілерге масыл болмайын деп, тапқанын беретін болған. Қазанда, Уфада, Ресейдің біраз қалаларында таныстары, курстас-тары тұратын. Бұрын ылғи хабарла-сып жататын. Татар, башқұрт достары: «Шəке, сенің əңгімелеріңді сағындық»,

деп қояды. Папам шынында да əңгімешіл ме? Бірге іссапарға шығып көрдіңіз бе?

– Баяғыда мені бірінші орынбаса-ры жасап, орынбасарлыққа Сабыржан Шүкіровті бекіткен соң «бірге іссапарға шығамыз, «Алты бет – арман» деп жаза бергенше, сол алты бетке жететін ақша табайық», деді.

– Шераға, баяғыда Сиез Бəсібековті, Аян Нысаналинді, мені ертіп, Талды-қорған облысына іссапарға барғанымыз есіңізде ме?

– Сен соны мына Алмаға айтып бер-ші. Қызым, бұлар сонда менің жүз мың сомымды бермей кеткен, – деді Шера ғаң.

– Папам айлығын айтып отыр ма? – дейді Алма.

ОСЫЛАЙША сұхбат берушіге мен айнал дым. Басқа республи-калар егемен дігін жариялап,

эко но микалық байланыстар үзіле баста ғанда, дүкен сөрелері қаңырап, «қалай күн көреміз?» деген сұрақ тұтас елдің ғана емес, редакция мыз секіл ді ұжымдардың да, тіпті, əр бір отба сының алдына көлденең тартыл-ғанда, бұрын материалдық-техникалық жабдықтау, жоғарғы жақ белгілейтін ретпен қаржыландыру Орталық Коми-тет тің баспасы арқылы жүргізілетін де, «Социалистік Қазақстанның» қыз-мет керлері ондай мəселелерді біле бер мейтін. Енді бір-ақ күннің ішінде шаруашылық есепке көшіп шыға келдік. Бухгалтериялық есеп-қисапты өзіміз жүргізетін болып, бір бухгалтер штатын ашқанбыз. Қаржыландыру əр редакцияда дербес болып, баспамен өзіміз есепте-суге көштік. Біртіндеп іссапарға шығу, редакцияны материалдық жабдықтау өз есебімізден дегенге көндіктік. Кеңестік кезеңде «СҚ-да» Мағзұм Көшеков де-ген майдангер ағамыз жабдықтаушы міндетін атқаратын. Сол кісі кейде: «Əй, бала, бері келші», деп шақырып алатын да ешкім естіп қоймасын де-гендей ақырын сөйлеп: «Мынаны саған сақтап жүр едім, ешкімге көрсетпе», деп шарикті қаламсап беретін. Біраздан кейін қарасақ, жұрттың бəрі сондай қаламсап ұстап жүретін. Қаламсапқа да, тіпті, бу-ма-бума болып жататын мəшіңкенің сары қағазына да зар болып қалдық.

Шерағаң сол тұстағы ақпарат министрі Қуаныш Сұлтанов арқылы газет шығару, жалақы, қаламақы төлеу мəселесін шешті. Ал ішкі мəселеде қолымыз байлана берді. Шерағаң бірде лездеменің үстінде: «Мына өзбектердің бір газеттерінде ақылы құттықтаулар береді. Қазанның кешкі газеті тұтас бет арнайды ондайға. Біз де солай ет-сек қайтеді?» деп ой салды. Сол күнгі нөмірге редакция қызметкерлерінің екі құттықтауын беріп шықтық. Ертесіне ақылы құттықтаулар, жеке адамдардың, ресми емес ұйымдардың көңіл айтуын берудің тəртібі жөнінде шешім əзірледік.

Бағасын белгілеуге келгенде талас туып кетті. Шерағаңа кірдім.

– «Алайық, алайық» деп жүрген дик-тофоның қанша тұрады? – деді.

– Төрт мың сом.– Суретті құттықтау – бір диктофон,

суре тсіз екеуі, көңіл айтудың екеуі – бір дик тофон. Ал қазанама – екі диктофон. Редакция қызметкерлеріне – жарты баға сы, – деп шешіп берді. Одан беріде қаншама өзгеріс болды. Ал «редакция қызметкерлеріне – жарты бағасы» деген Шерағаңның шешімі əлі күшінде. Сол кезеңдер есіне түсті ме, Шерағаң мəз болып отырды.

– Талдықорғанға іссапарларыңыз туралы айтпадыңыз ғой, – деп қалды Алма. – Сол кезде газеттеріңізді жұрт оқушы ма еді?

– Неге оқымасын! – деді Шерағаң.

ƏРИНЕ, оқылатын. Шерағаң га-зетке келген соң апталық лезде-меде газеттің басты мақсатын,

соған жету жолындағы басты міндетті түсіндірді.

– Мақсат – біреу ғана, ол қан ша-ма жылдар бойы сықиып келген «Со-циалистік Қазақстанды» халықтың газетіне айналдыру. Ол үшін жұрт ақпа ратқа шөліркеп тұрғанда, ақиқат-ты ашқарақтана күтіп отырғанда тақы-рып тар көтерудің желіскей атқа тəн жылдамдығы қажет. Кейін уақыт болады, кең толғап жазамыз, қопарып жазамыз. Ал қазір жұртты елең еткізетін тақы-рыптарды шолып отырайық, оқырман газетке ден қойсын, ниетін оятайық, – деген бас редакторымыз əр бөлімнің, əр қызметкердің тақырыптарын нақты-латты. Аппараттағылармен жеке-жеке өзі кездесті, облыстардағы тілшілермен күнделікті байланысқа мені отырғызды. Сол кезде-ақ газеттің көпті ұйыта білгені болуы керек, оқырман хаттары көбейді.

Шерағаң оқырманмен байланысқа айрықша мəн беретін. Облыстарға са-парлары кезінде кездесулер өткізу дəстүрге айналды. Талдықорған облысы-на іссапарға шыққанда жұртшылықтың Шерағаңа, газетке деген ықыласы ерекше болды. Жүгері өсіретін бай кеңшарларға барғанда Шерағаң алты бет болып шығу жайын түсіндірді. Оның бір бетін жарнамаға арнасақ, бір бетіне қосымша ақпарат беруге болады. Ал алты бетті шығаруға қаржы қажет, бастапқы ка-питал керек. Кеңшар директорлары Шерағаң демеушілік сұрап келіп тұрған соң елу мың, жүз мыңдап қаржы ауда-ратын болды. Мен бəріне редакцияның есепшотын тапсырдым. Сонда ғой, жеті жүз мың теңгедей қаржы таптық.

– Оның он бес пайызы қанша болар еді?

– Шерағаңның айтып отырғаны сон-дағы пайыздық есептесуге тиесілі жүз бес мың теңге ғой. Бірақ ол кезде он бес пайыздан төлеу деген шешім жоқ еді. Жəне Шерағаңды сөзге қалдырармыз деп қорықтық. Сол кезден бастап алты бет, сегіз бет болып шыға бастадық. Ше рағаңның айтуымен алғашында ар-зан қылып жарнама бердік. Бартерлік есептесуді де пайдаланып, бір КамАЗ, бір жеңіл автомəшине алдық. Бір «Рафик» сатып алдық. Əбекеңнің кезінде осындай жүйе сақталды, ал Нұрлан Оразалиннің тұсында арнайы коммер-ция бөлімін ашып, жалақы, қаламақы төлеу өз есебімізден жүрді. Оны бас-қар ған Рысбек Сəрсенбаевтың қыз-жігіт тері жақсы жұмыс істеп, Астанаға көш кенде қызметкерлер үшін жиырма бір үй сатып алғанбыз. Сол үлкен істің бастапқы қадамын Шерағаң жасатқан болатын. Сондықтан ұжымды бастап баруды да Шерағаңнан өтінгенбіз. Өзі қызметкерлердің үйлерін көріп, мəз бо-лып қайтқан.

– Папам «Егемендегі» шаралар ту-ралы көп айта бермейді. Бірақ алпыс жылдығына байланысты сіздер өткізген тойды Жамбыл облысының сол тұстағы басшысына айтқаны есімде.

– Қарындасыңа сол тойды да айтып берсеңші, – деп Шерағаң жымиды. – Барлық қызметкерлер бала-шағасымен барған. Бəкең де бар еді ол кезде.

Шерағаңның республикалық дең-гейде өткен алпыс, жетпіс, сексен жылдық тарында, «Егемен» өткізген та-лай-талай шараларда болдым. Алайда, ұжым тұрғысынан Шерағаңның сол тойын дай қызықты көрген емеспін. Бəріміз ге, бүкіл отбасымызға, балаларға есте қа ларлықтай шара болған.

Басылымның беделі өсіп, жұрт оны асыға күтетін еді. Тіпті, егемендіктің елең-алаңында басқа республикалардан қашып шыққан солдаттардың редак-цияны пана тұтып келуінің өзі халық үшін пайдалы іс атқара бастағанымызды танытқандай еді. Соның бəрінің аста-рында газеттің тəуелсіздік басылымы-на айналуының бастауында тұрған ұлы редакторымыз Шерхан Мұртазаға деген сенім мен құрмет, сүйіспеншілік бар бо-латын.

– Газеттің 95 жылдығы таяп қалды, шақырса барасыз ба?

– А как же! Шақырмаса да бару керек. – Мəз бола күлген Шерағаңа қосылып қызы Алма екеуміз де күлдік. Кетер кезде құшақтап, қолын сүйдім. Шəкірттік ықыласыма разы болғаны ма менің қолымды алып сүйді. Ақырын арқамнан қақты. Одан бері қаншама уақыт өтсе де қолымда ұстазымның ернінің табы қалғандай, арқамнан қаққан тұсы бүлкілдеп тұрғандай болады.

Ержұман СМАЙЫЛ,«Егемен Қазақстанның» зейнеткері.

20 желтоқсан 2014 жыл 11www.egemen.kz 11

Уəлихан ҚАЛИЖАНҰЛЫ,ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, «Егемен Қазақстанның» 1996-1998 жылдардағы бас редакторы:

– Елдің айнасына, халықтың сүйіп оқитын басылымына айналған «Егемен Қазақстан» газетіне бас редактор бо-лып келгенде толқығаным рас. Өйткені, аға газеттің тізгінін бір замандағы Сəкен Сейфуллин, Тұрар Рысқұлов, Мұхтар Əуезов, Ғабит Мүсірепов... академик-ұс таз Зейнолла Қабдолов «Шерхан Мұр таза – ұлттың ұяты», деп бағалаған, арамыздағы ардақтымыз Шерағаң, өзге де азаматтар ұстаған еді.

Мен жұмысқа келе салып, қо лыма қаламымды алып, не істеу ке ректігін алдын-ала жоспарлайтын едім. Себебі, бас газеттен ха лық заман үнін, уақыт лебін, тарих толқынын көрсін деймін. Рес миліктің жетегінде кетпей, жұрт оқитын материалдарды жариялау жо-лын қарастырдық. Бұл тəуелсіз басылымдар дəуірлеп тұрғанда, оқырманды тарту ниетінен туған еді. «Ауыл – алтын бесігіміз» дейміз, сол ауылдың жайын жүйелі жазып оты-ру мақсатында «Ел», əйелдер əлемінен сыр шертетін «Сырғалым», жастардың тірлік ты-нысын, отаншылдық рухын ояту ниетінде «Жас қанат» қосым шаларын шығарып отырдық. Бұл қосымшаларға қарымды қалам герлер Əділ Дүйсенбек, Жұ магүл Қуанышбекқызы, Ғабит Мүсіреп ұйытқы болды. Сол секілді қысқа да нұсқа, ойлы тақырыптарды қозғаған шағын дүниелерге лайықтап «Дат!», «Бір ауыз сөз», «Оймақтай ой», өзге де айдарлар пайда болды. Əдебиет пен мəдениетке, танымдық материалдарға ерекше мəн берілді. Ондай оқырманды тартатын қызық дүниелер көбінде сенбілік нөмірден орын алып жататын.

Тəуелсіздігімізді алып, мəрте бе міз биіктегенімен, елдің жайын қайтсек көтереміз, экономиканы ілгерілетудің жолы қайсы, жеріміздің асты-үстіндегі байлығын игілікке жарату үшін қандай жұ мыстарды атқару керек деген алуан түрлі сұрақтар алдан шыққанда, оған ұлт зиялылары өздерінің ұсыныс-пікірлерін, ой-толғамдарын тарата айтып жат-ты. Мен соның бірегейі деп білім-білігі мықты, Отанымыздың қыруар қазынасын жатқа айтып, оны əлемдік өркениет үлгілерімен ұштастырып, тарататын Камал Смайыловпен қазақ журналистерінің бүгінгі көш басын-да тұрған Шерхан Мұртазаның «Егемен Қазақстан» газетінде жазысқан əңгіме хатта-ры беріліп тұрды. Бұл оқырмандардың ерекше ілтипатына ие болды. Қолдаушылар елдік іске үн қосқан екі қаламгерге ақ тілектерін айту-мен бірге, ілти пат тарын да жеткізіп жатты. Əр əңгі ме-хатта тəуелсіздіктің даңғыл жолына қадам басқан Қазақ елінің бүгіні мен ертеңіне, келешегіне үлкен пайдалы ойлар ортаға са-лынды. Камал Смайылов «Дос Шер хан!» деп жетістігіміз бен олқы тұс тарымызды тілге тиек етсе, «Қа дірлі Камал!» деп Шерағаң тура жол-дан тайғандарды тізіп, «Əзəзілмен күрес оңай болған емес» деп «Адам құны арзандамасын, Камал. Біздің басты бақытымыз Тəуелсіздік – Адам құнымен өлшенеді. Осыны ұмытпаған ұтады», деп 1997 жыл дың 26 желтоқсанында нүкте қойған еді.

Ұлт руханиятының жаршысы болып отырған «Егемен Қазақстан» өткен ғасырдың басында өз алдына отау тіксе, жаңа ғасырдың басында 95 деген биік белеске шықты. Мен үшін бұл басылымның жөні де, жолы да бөлек. Мен ғана емес, бүкіл қазақ журналистерінің ұстаханасы ретінде де қадірі ерен екені сөзсіз.

Əбіш КЕКІЛБАЕВ,Қазақстанның Еңбек Ері, «Егемен Қазақстанның» 1992-1993 жылдардағы бас редакторы:

– Мен бұл газетке 1992 жыл дың 1 қазанында бас редактор болып келдім. Алғашында толқыдым. Те бірендім. Жариялылық заманындағы жарияланымның əлеуметтік бей пілдікке бір жақты ұрынып кетпей, əрі-сəрі қоғамдық аху-алды тезірек сауықтыруға шарапаты тиер жол-дарын іздей бастадым.

«Егеменге» жетекшілік еткен уа қытта жақсы бағыттағы жекелеген нышандар байқала бастағанмен, өз дегеніме жете алғаным жоқ. Бірін шіден, негізінен талантты қалам гер-лерден тұратын ұжымды өз мақ сатына түгел қанықтырып үлгере алмадым. Екіншіден, ол кезде өзім көздеген саяси мақсаттарға ұтым-ды үлес қосуға парламенттік сайыс тарды оңтайлырақ көрдім. Үшінші ден, енді қаз тұра бастаған тəуел сіз мемлекеттің ішкі, сыртқы саяса тының байыптамалық мəселелерін ойлас-тыруға қолғабыс етуге шақыр ған Елбасы сөзін жерге тастай алмадым.

Нұрлан ОРАЗАЛИН, сенатор, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы,«Егемен Қазақстанның» 1993-1996 жылдардағыбас редакторы.

«Ел» дейтін киелі де қасиетті сөз кез келген жер-де, кез келген тұста айты-ла бермейді. Ұлт биігіне көтеріліп, ұрпақ санасына бекіген ұғымдардың тұсында ғана қолданылады.

Елбасы...Елорда...Елтаңба...Осындай айырықша жағдайда

аса сирек айтылатын қос сөздің қоңсыласа қонуынан пайда болған, тəуелсіздік дəуірі өмірге əкелген жаңа мағыналы ұғымдардың бірі – Елбасылымы!

Бұл сөзді біз соңғы ширек ға-сырдан асып жығылар мер зім ішінде ұлтымыздың бас газеті «Егеменге» теліп айтуға дағды ландық.

Ел газеті – «Егемен Қазақ стан -ның» «Ұш қын» деген атпен сол тұстағы астанамыз Орынбор қала-сында жарық көріп, тұсауы кесіл-геніне 95 жыл толып отыр. 1919 жыл-дың желтоқсанында алғашқы саны жарық көр ген ұлт газетіне ұйтқы болған алашойлы арыс тар дың арма-ны мен мұратын арқалаған басылым, жиырмасыншы ғасырдың бедерлі күрес, бел деулі оқиғаларының қара қазанында қайнап жүріп, қабырғасы қатты, буыны бекіді, қазақ есімді халықтың рухани тəрбиешісіне ай-налды.

Бұл кезең ішіндегі ел өміріне қатысты ірілі-ұсақты оқиғалардың бірде-бірі басылым назарынан сырт қалып көрген емес. Қай кезде де, қандай тұста да нендей оқиғаға назар аударып, қайсыбір проблемаларға жалынан сипап, қамшы басарда да басылым өзіне тəн сөз айту, ой толғау мəнерінен жаңылған емес. Сабырға жүгініп, салмақты пікір айту, оқырманын ұстамдылық пен ұлтжандылықтың əркез ұстарадай өткір жүзінде ұстау «Егеменнің» абырой кеңістігінен көрінуіне мұрындық болып келеді.

Сөз – өткір алмас... Байқап сөй-лемесең, не біреуді жаралайсың, не өзің жараланасың.

Ал тасқа түсіп, таңбаланып, қа лың елге тарайтын сөзд ің салмағы тіптен ауыр. Орынсыз айтылған əдібі нашар, əдепсіз сөз əрі-беріден соң, берісі – адам тағдырына, əрісі ел өміріне өзінің көлеңкелі əсерін қалдырып, келесау салқынын тигізіп жатады. Мұндай жағдайда сөзді өз өмірінің ең басты өлшемі санап, ондаған ғасырлар бойы еларалық қатынастарды да сөзбен шешіп, сөзбен реттеуге қалыптасқан қазақ дейтін дана халық «Сөз – тас жарады, тас жармаса бас жарады» деп дəл айтқан. Менің ойымша, қазіргі алашұбар мінезді асығыс ойлар сеңдей соғылысқан заманда қолына қалам ұстаған, өзін сөз дейтін киелі де қасиетті əлемнің ыстық-суығын қатар көруге бағыштаған кез келген жұмыр бас пенде атам қазақтың осы бір дана сөзін жүрегінің тұсында тұмардай түйіп, сақтағаны лəзім.

Бұл – өзін де, өзгені де сыйлай білер, əсіресе, сөз дейтін киелі де қа сиет ті өнер алдындағы жауап-кершілікті ар тұтар кез келген қаламгердің ұста-нымы.

Бұл – кісілік пен кіші-ліктің, ерлік пен өрліктің, мəдениеттілік пен əдеп-тіліктің, беттілік пен тек-

ті ліктің өркенді нышаны.Өткен ғасырдың тоқсаныншы

жылдары ел өміріне қандай із қал-дырғанын өтпелі кезеңнің өрт-жалынын көзімен көріп, жан жүре-гімен сезінген аға буын ұрпақ жақсы біледі...

Осыдан 23 жыл бұрын желтоқсан айының 1 жұлдызында алғаш рет

жалпыхалықтық сайлаумен өз Елбасын анықтап, өз тағдыры мен өз ертеңін Нұрсұлтан Назарбаев есімді тарихи тұлғаның қолына тапсырған, араға он бес күн салып, Республика Парламенті қабылдаған Тəуелсіздік туралы Конституциялық Заңға сол халық сайлаған алғашқы Қазақ Президентінің пəрменімен құқықтық күш беріліп, қанатын қомдатқан тарихтың тауқыметі мен қуанышы қатар өрілген күрделі дəуірдің, аумалы-төкпелі, ағыны қатты кезеңнің əр күні, əр сəті жадымызда. Жайық бойында «үйренген» ескі əдетін жаңғыртып, казачествоның қолтығына су бүріккен империяшыл пиғылдың өкілдері бір жағынан, кешегі патшалық Ресейді сана төрінде сілкілеп оятуға тырысқан солтүстік аймақтағы «горькая линия» мен Ертістің екі жағасын екі жаққа тартып, бір бүтін қазақ жерін «оң жағалау», «сол жағалау» деген сылтаумен дырылдатып жыртуға

ұмтылғандар, екінші жағынан, жағаға жармасып жатқан кезді қалай ұмытуға болады?! Алматының үлкен алаңдары митингілер мен қиқулы жиындардан көз ашпай-тын сəт-сағаттар қаз-қалпы көңіл төрінде тұр...

Дойыр мінезді дəуірдің шапшып тұрған текетіресі тыным көрмей, өткен ғасырдың тоқсаныншы жыл-дары енді-енді көзін уқалап ашқан Тəуелсіз елге де, ел тізгінін қолға алған алғашқы Қазақ Президентіне д е , П р е з и д е н т а й н а л а с ы н а шоғырланған көзі ашық, көкірегі ояу ұлтжанды азаматтар мен ел бүтіндігін ойлаған өзге ұлт өкілдеріне де оңай соққан жоқ... «Былай тартсаң – арба сынар, былай тартсаң – өгіз өлер» салдар мен себептің

кебін киген кезеңнің қайсыбірін айтып, тауысарсың?! Айтқан күнде де, бүгінгі Тəуелсіздік дəуірінде бірінің тілашары атқарылып, бірінің тұсауы кесіліп, енді бірінің кіндігі қиылған еркін ойлы, ерік-жігері мол бүгінгі жеткіншек ұрпақ ол əңгімені алыс-алыс жылдар тасасын-да қалған ертедегідей көре ме, деп те ойлайсың?! Əрине, жастардың бойынан ерік-жігерді көргенде, ел ертеңіне деген сенімің құр аттай сілкінеді. Ал ертедегідей көре ме, деген күдік көңіліңді шарпып өтсе, қабаржып қалатынымыз рас...

Дегенмен...Ірілі-ұсақты мінбелердің апшы-

сын қуырып, кешегі Алаш даласы – бүгінгі Қазақстан мемлекетінің намысын қорғап жүрген жалыны мол жас буын өкілдерін көргенде Тəуелсіздік үшін күрестің жаңа жағдайда, жаңаша сипат ала бас та-ғанын іштей аңғарасың...

Аңғарасың да бəріне қанағат айтасың іштей...

Тəубе!«Егемен Қазақстан» газетінің

95 жылдығы тұсында бұл əңгіменің еске түсіп отырғаны бекер емес...

Ел тірлігі күрделеніп, дүние-жаһан сынаптай сырғанап, əлем-нің алтыншы бөлегі саналған алып империяның апай төсі қы-рық құбылған сол бір тұста қазақ халқының өз ішкі бірлігін қам-тамасыз еткен ойы мен парасатының тереңдігіне, кеңдігіне, сан рет сүйініп, ел тағдырын сүріндірмес тұғыры бекем тұлғалы басшысын таңдай білгеніне, таңдап қана қоймай сол басшысының соңынан жаппай ере білгеніне, үміт пен сенімді қанат етіп, тəуекел мен сабырдың ұлы биігінен көріне білгеніне іштей сан мəрте рет сүйсініп едік.

«Егемен» тарихына Шерхан Мұртазаның ереуілді кезеңі болып ен-ген тоқсаныншы жылдардың əу пірім басы мен қысқа болса да нұсқалы із тастаған Əбіш Кекіл бай дың уақыты, міне, осындай өрі сі мізді өрт шалып, тынысымызды өтпелі дəуірдің қара түтіні буған кез еді. Қазақ қауымына аса қадірлі қос суреткер өздеріне тəн мінез-машықпен қазақ оқырманының жүрегіне жол табуға күш салды... Орталықтың ордасы шайқалып, Мəскеу əлекедей жаланып жатқан тұс... Əуелі Жоғарғы Кеңестегі 362 депутаттың қолдауымен ел бас-қару үрдісіне Президенттік инсти-тут еніп, сонан соң Республика Парламентінде Президент болып сайланған Нұрсұлтан Əбішұлының да алдынан кедергілердің жиілей бастағаны жасырып-бүгер сыр емес. Қағілез ойлы, қайсар тұлға қысқа мерзім ішінде көп этнос өкілдері ме-кен еткен Қазақстанды жұдырықтай жұмылдырып, б ір ойға , б ір мақсатқа бағыттай білді... Қазақстан

басшысының «қиыннан қиялап жүріп, жол таба білер» алымды, ша-лымды, хоризмге бай тұлғалық си-патына əлем назар аудара бастады... Біреу қызыға қараса, енді біреулер қызғана қарады. Осы жай, осы мінез Мəскеудегі тамыз оқиғасының ал-ды-артында тіпті өршіп кетті. Ол ту-ралы жады ны жаңғыртып, тарихтың ащы сабақ тарына əлсін-əлсін оралып отыр ған ның еш артығы жоқ. Жуықта ғана жарық көрген Нұрсұлтан Назар-баевтың тоғыз кітаптан тұратын таңдамалы сөздерін қайыра оқып оты рып, өз басым осындай ойға келдім.

Елбасы мен Елбасылымы дейтін ұғымның егіз екеніне менің көзім «Егемен Қазақстан» газетіне бас редактор болған өткен ғасырдың тоқ саныншы жылдарында, дəлірек айтқанда, 1993 жылдың қаңтары мен 1996 жылдың мау сымы аралығында анық жетті.

Бұл екі ұғымның тамыры бекіп, тағдыры біте қайнасып кеткен бір-тұтас дүние екені еш шүбə тудыр-мауға тиіс. Елбасы мен Елбасы-лымы біртұтас болғанда ғана Ел бірлігі бекемденіп, Ел мұраты бір тұтастанып, халықшыл, қоғамшыл, мемлекетшіл, шын мағынасындағы ұлттық басылымның бейнесі, бе-дер лі сөзі оқырман аудитория-сына еркін жетпек. Ұлтқа тəн ру-хани құндылықтар адами сипат алып, өзге ұлт өкілдеріне түсінікті, құр мет ті, ардақты болар биікке көтері ле алса, өркениеттің де өрісі кеңейіп, өркені жайылмақ. Бүгінгі таң дағы Қазақстан көшбасшысы ұсы нып отырған өмір сүру, қоғам орнату, мемлекет құру қағидаттары осындай – ұлттық құндылықтарды қызғыштай қори отырып, жал-пы адамзатқа тəн, ортақ игіліктер кеңістігіне шығу.

Шағын сөзде шартарап ой мен өзім жетекші болған төрт жылға жуық мерзім ішіндегі аласа-пыран оқиғалардың ортасынан табылған қажетті жерінде маған ақыл-кеңестерін берген аға буын əріптестерімді, нарықпен бет пе-бет келген жылдарда қаламы мен де, қарымымен де аянбай тер төгіп, қасымнан табылған қатарлас тарым-ды, қанатыма қанат бітірген өкшелес інілерімді, менен кейін басылым тізгінін ұстаған, ұстап келе жатқан дарынды журналист бауырларым-ды тізбелеп жатпадым. Бірін айтсаң, бірі қалады...

Дегенмен...Уақыт деген ұлы сыншы ғой.

Осындай торқалы тойдың тұ сын-да «Нұрланжан, менің «Сəт Қа-зақстанды» он бір жыл басқар ға-нымды есіңнен шығарма!» деп əзіл-шынын араластыра əңгіме айтатын Сапар Байжановты, «Менің үйім де,

өмірім де – «Егемен»! «Егеменде менің 37 жылым өтті!» деп маңғаз керілетін Балғабек Қыдырбекұлын, биязы, сұлу қалпымен əріптестерінің жадында қалып қойған Ұзақ Бағаев сынды ағаларды айтпауға аузым бармады.

Иə...Там-тұмдап отырып, ана ға сыр-

дың 90-жылдарында қалған азды-кем əсерлерім осы.

«Егемен» маған адам тануды, за-ман тануды, қоғам тануды үйретті.

«Егеменде» болған жылдар мен үшін ыстық болатыны да сондықтан.

Өз басым «Егемен Қазақстан» газетін елдің рухани игілігін қалып-тастыру мен саяси, экономикалық бағыт-бағдарымызды анықтауға, ел мен ел тізгінін ұстаған азаматтар арасына, сондай-ақ, ұлттық құн-ды лықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтар арасына көпір болуға ықпалды жұмыс жүргізіп келе жат-қан сабырлы сөз бен салмақты ойдың басылымы санаймын.

ЕлбасылымыЖадымда жїрер сол жылдар

Із

Газеттің 70-80-ші жылдардағы бас редакторы Сапар Байжанов (ортада) кезінде осы басылымда жұмыс істеп кеткен аға ұрпақ өкілдері мен кейінгі буынды жиі-жиі жүздестіріп отыруға ерекше мəн беретін (1980 ж.).

Адамзаттың Айтматовы атанған Шықаң –Шыңғыс Төреқұлұлы қазақ баспасөзінің қара

шаңырағында қонақта (1993 ж.).

20 желтоқсан 2014 жылwww.egemen.kz12

Тілекқабыл БОРАНҒАЛИҰЛЫ.

«Егемен Қазақстанның» тарихына қатысты осынау шежіре-суреттің сы-рын ашуға жиырма жыл кетеді деп кім ойлаған? Газет тарихына тереңдеген сайын жолдан жөргем іліне беретіні бар. 1994 жылдың желтоқсанында осы суретке үңіле қарағандар тек бір адам-ның түсін түстеген еді. Он жылдан соң тоғызының қысқаша өмірдерегін баян-дай алдық. Араға енді он жыл салып тағы үшеуінің есімдерін күмəнсіз анықтаудың сəті түсті.

Екінші қатарда сол жақ тан екінші отырған Елжас Жү ніс -ұлы Бекенов. Сəкен мен Сəбит-тің серігі. 1925 жылдың қаң тары мен 1926 жылдың 15 қарашасына дейінгі аралықта «Еңбекші қазақта» тілші, пар тия-кəсіподақ бөлімінің мең герушісі болып

қызмет істеді. Ке йін нен «Ауыл коммунисі» журналы ре да к торының орынбасары, «Екпінді құры лыс» («Орал өңірі») газетінің редак торы болды. Жауапты қызметтер ат-қа рып, көркем шығармашылықпен ай-налысып жүрген кемелді шағында 1938 жыл дың құйынында кетті. Қатар жүрген заман дастарының қолға алуымен 1977 жылы «Жазушы» баспасынан қа лам гердің «Дала қоңырауы» атты əңгімелер жинағы жарық көрді.

Үшінші қатарда сол жақтан үшінші тұрған Əлкей Сыздықұлы Өтекин. Сəкеннің серігі, айнымас досы болған. Оның ықпалымен «Еңбекші қазаққа» келген. Əнші, сазгер де сері, Ақмола əндерінің асқан білгірі ретінде Затаевичке көп көмегі тиген өнерпаз. «Қазақ халқының 1000 əні» жинағына ол жаздырған он үш əн енгізілді. Сəбит Мұқановтың «Өмір мектебі» кітабының бір кейіпкері. Көрнекті ғалым Тұрсынбек Кəкішевтің Қаскей Өтекин (Əлкейдің інісі, «Еңбекші қазақтың» қызметкері) туралы жазбала-рында Əлкей туралы мəлімет кездеседі.

Он жыл бұрын «өмірбаянын анық-тай алмадық» деген Елжас пен Əл кей туралы бүгін бір-бір мақалаға жете-тіндей мəліметіміз бар! Ал 2004 жылғы мерекелік арнаулы нөмірдің қос бетін алып жарияланған «Иə, Смағұлдың жігіт тері. Жəне де қандай жігіттер!» де-ген көлемді мақалада бірінші қатардың сол жақ тан алғандағы екінші отырған адам ды Бейімбет болар деп болжап, бір шама «дəлелдер» ұсынғанымызға бүгін əлеуметтен кешірім сұраймыз. Сурет ке қатысты сараң деректе есімі мүл де көр сетілмегендіктен кеткен ағат ты ғымыз. Бұл азамат 1921 жыл-ғы «Ең бек шіл қазақтың» алғашқы редак ция лық алқасының мүшесі Тау-тан Арыстанбеков. 1917 жылы Омбы семинариясында оқып, жастар демо-кратиялық ұйымын құрғандардың бірі. Бірге оқыған, саяси күресте Сəкен мен жастайынан жақын адам ретінде 1937 жылы он жылға сотталды. 1948 жылы қайтадан Краснояр өл ке сіне жер ауда-рылды. 1957 жылы ақта лып шықты. С. Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу», С. Мұқановтың «Өсу жол дарымыз» кітаптарында есімі аталады.

Ендеше, газет тарихына осылай деп енген «Смағұлдың жігіттерін» қайтадан ата йық. Солдан оңға қарай: бірінші қа-

тарда Əбіл Ілияев, Таутан Арыс-танбеков, Ғабит Мүсірепов; екінші қат арда Аманғали Сегізбаев, Елжас Бекенов, Смағұл Сəдуақасов, Сə-бит Мұқанов; үшінші қатарда Зияш Ал д абергенов, Мерғали Еш мұ-х ан бетов, Əлкей Өтекин, Ілияс Ахметов.

Тамаша тағдырлы аяулы тұл ға-лармен тағы да таныс болыңыздар!

АСТАНА.

– Сағымбай Қабашұлы, Қазақ-станда бүгінде үш мыңға жуық бұқара-лық ақпарат құралдары болғанмен, соның ішінде «Егемен Қазақстан» газетінің тарихына дендеп, екі кітап жазғаныңызды білеміз. Ол қай жыл-дарды қамтиды?

– Алдымен егемен еліміздің байырғы басылымдарының бірі, бүгінде ең көп таралымы, ең көп оқырманы бар қай қазаққа болсын етене жақын «Егемен Қазақстанның» торқалы тойы құтты болсын! Бір айта кетерлігі, осы мерейлі жасқа ата басылым өзіне лайықты сөзін сөйлеп, жасына лайықты салиқалы, байыпты ойын жеткізіп, ұстамды ұс та-нымымен жетіп отыр. Əлі де биік бе лес-тер ден көріне беруіне тілектеспін.

Аға газет редакциясында қызмет істе ме сем де ұлтымыз үшін орны елеулі осы нау басылымның тарихына дендеп, сарғайған беттерін зерделеуді бұқаралық ақпарат құралдарын зерттеуші ғалым ретінде кəсіптік борышым деп санадым. Менің зерттеген жылдарым газеттің бірінші нөмірінен бастаған аумалы-төкпелі, қиын да ауыр зұлмат заманның еншісіне тиесілі. Оның біреуі газеттің 60, екіншісі 70 жылдық мерейтойына орай жарық көрді. Алғашқы орыс тіліндегі еңбегімде тақырып ауқымы идеологиялық ұстанымдар шеңберінде қарастырылған очерктік сипатта болды. Екінші еңбегім «Өмір айнасын» (Ж.Бекболатовпен бірігіп жазылған) басылымдағы Ұлы Отан соғысына дейінгі кезеңдерді қам-тиды. Газеттің бірқатар санының Ал-матыдағы мұрағат, кітапханаларда болмағаны, кей мақалалардың қиылып алынуы себепті 1989 жылы екі ай бойы

Мəскеудегі В.И.Ленин атындағы мем-лекеттік кі тап хананың Химка де ген қаласындағы газет-журналдар сақта-латын филиалына арнайы бардым. Ол кезде бүгінгідей көбейту-көшіру тех-никасы жоқ, көп нəрсені қолмен көшіруге тура келді. Өзіміз жинақтаған, сондай-ақ редакцияда сақталған деректер мен дəйектемеден құрастырылған 30 баспа табақ, яғни 500 беттен астам көлемді еңбек дайындалды. Оған редакция тарапынан бүгінде марқұм, сол кездегі газеттің жауапты хатшысы Мыңбай Ілесов ағамыз көп көмегін тигізді. Міне, осын шама тер төгіп, ізденіспен жазылған зерттеу еңбегіміз толық жарық көрмеді. Қаржының аздығын, тапсырыстың көп-тігін айтып «Қазақстан» баспасынан небəрі бес баспа табаққа да жетпей басы-л ып шықты. Сол кезде жинақталған дерек тер, əсіресе, 1919-1927 жылдары жа рық көрген тарихи жəне қоғамдық мəні

бар мақалалардың көшірмелері менің архивімде əлі сақтаулы. Зерделі зерт-теушілер табылып жатса, бөлісуге əзірмін.

– Онда сіз «Егеменнің» бастапқы негізі болған «Ұшқын» газетінің түпнұсқасын өз көзіңізбен көрген болдыңыз ғой...

– Əрине. Газеттің бірінші саны 1919 жылы 17 желтоқсанда Орынбор қаласында шыққаны баршаға аян. Кітапхана қызметкері екі беттік сары қағазға басылған газеттің алғашқы санын алдымызға қойғанда қалай тол-қы ғанымызды айтып жеткізу қиын. Уақыт табының əсерімен үгітіле бас-таған тұстарына жұқа түссіз папирос қағазы жапсырылып, арнайы қоспамен қатырылып тасталыпты. Көлемі қазіргі көп тиражды газеттердей. Алғашқы бетінде: «Қазақ жұртын билейтін өзгеріс һəм соғыс комитетінің атынан жетісіне екі рет шығарылатын саяси, əдеби һəм шаруашылық газеті», шығарушы жазушылар құрамасы, бастырып, таратушы қазақ жұртын билейтін өзгеріс һəм соғыс комитеті» деп жазылыпты. Редакторы көрсетілмеген. «Ұшқынның» бар болғаны 36 саны жарық көрген. Алғашқы санынан бастап ұлтым деп ұран тастап, елім деп еңіреген басылымның қай санын алмасаңыз да өткір азаматтық көзқарасты байқайсыз.

Газеттің бүгінгі басшысы, білгір жур-налист, білікті ғалым Сауытбек Абдрах-мановтың: «Газет қалайда елдің сөзін сөйлеуге ұдайы ұмтылатын ұлағатты үрдісінен таймады, нені болса да түпкі міндеттер тұрғысынан қарастыратын мемлекетшіл мінезінен танбады...» деген сөзін өз басым ең əуелі осы «Ұшқынға» қатысты айтылған пікір деп есептеймін.

– Сағымбай Қабашұлы, сіз жаңа газеттің редакторы көрсетілмеген дедіңіз. Оқырмандар біле отырсын, қол қойған алқа мүшелерінің кім екенін айта кетсеңіз. Дегенмен, олар-дың ішінде біреуі басшылық жасаған болуы əбден мүмкін ғой...

– «Өмір айнасы» кітабын дайындау барысында «Ұшқын» газетін редак ция-лық Алқа басқарған деп көрсеткенімізбен: «Басылымға идеялық-шығармашылық басшылық жасаған кім?» деген сауал

көкейімізден кетпеген еді. Кезінде «Егемен Қазақстанда» еңбек еткен белгілі журналист Тілекқабыл Боранғалиұлы 1997 жылғы 22 ақпан күнгі санында көп жылғы ізденуінің нəтижесінде бұл есімді жария етті. Ол – ағартушы, жур-налист Халел Есенбаев екен. Тілекқабыл Орал архивінен алынған құжаттарда Х.Есенбаевтың өз қолымен толтырылған анкета жауаптары мен 1919 жылдың қазан айында өткен Кирревком мəжілісінен хаттама бар екенін айтты. Автор жи-налыс қаулысынан үзінді келтіре оты-рып, «Ұшқын» газетін басқару үшін бес адамнан (Халел Есенбаев, Ешмұхамед Бегалиев, Тəмимдар Сафиев, Əмірғали Мең ешев, Бернияз Күлеев) алқа мүше-сі сайланғанын жазады. Ең басты дə-лел Х.Есенбаевтың 1923 жылы өзі толтырған анкета жауабында: «Работал чл.редколлегии орг. Букгубисполкома «Киргизская правда», «Дурустук жолы», журнала «Мугалим» («Учитель»), редактором органа Киркрайревкома «Ушкин» («Искра») – 1918 и 1919 годах, орг. Букгубкома «Энбек» («Труд»), пере-вел на киргизский язык Конституцию РСФСР и т.п » делінген.

Т.Боранғалиев деректерді дəйектей келіп, «Егеменнің» өткен ғасырдың 20-30-шы жылдардағы редакторлары Т.Сафиев, Ə.Байділдин, Т.Жүргенов, С.Сейфуллин, С,Сəдуақасов, Т.Рысқұлов, О.Исаев, Б.Майлин, Ғ.Тоғжанов, Ғ.Мүсі-р епов сынды белгілі азаматтардың қата-рына Халел Есенбаевты да қосқан жөн болар деп жазды. Бұл ұйғарым құпталды.

– Енді оқырманға беймəлім өткен ғасырдың 20-30-шы жылдарындағы газет, оны басқарған редакторлар жайында өзіңізді таңғалдырған жайт-тар жайында айта отырсаңыз...

– Бір айта кетерлігі, сол аумалы-төкпелі аласапыран заманда өте қиын кезеңдердің өткенін 1926 жылы, яғни тек бір жылда бес редактордың ауысқанынан байқауға болады. Сондықтан сол кездегі авторлар да, редакция қызметкерлері де көпшілігінде бүркеншік атпен жазуға мəжбүр болған. Зерттеу барысында оларды анықтау қиынға соқты. Мəселен, бір Əлихан Бөкейхановтың қырыққа жуық бүркеншік есімі болған. Сəкен Сейфуллин газетке «Манап Шамиль», Міржақып Дулатов «Мадияр», Бейімбет Майлин «Шаңқан», т.б. бүркеншік ат-пен жазып тұрған. Дей тұрғанмен ара-арасында өз есімдерін ашық жазып, батылдық көрсетіп те отырған. Мəселен, Сəкен Сейфуллин газеттің 1923 жылғы 64-санында «Ахмет Байтұрсынұлы елуге толды» деген мақала жазады. Онда: «...Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүр-генде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қазақтың ұлттық намысын жыртып, ұлттық арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді», деп түйіндейді. Ал бір таңғаларлығы, 1924-1925 жылдары Голощикиннің тұсын да «Еңбекші қазақ» газетінде екі жыл дың ішінде 1200 сын мақала жария ланады.

Сондай-ақ, 1924-1925 жылдары ре-дактор болған Молдағали Жолдыбаев 1934 жылы Қазақ журналистика инс ти-тутының директоры болып тағайын да-лады. Міне, сол институт 1941 жылы жа-былып, ҚазМУ-дің журналистика фа куль-теті болып қайта ашылады. Бір күйі нетін жайт, 1937-1938 жылдары ұжым қыз мет-керлерінің 30 пайызы ұста лып кеткен.

Газетті Сақтаған Бəйішевтен кейін соғыс кезінде Балтабек Асанов бас-қарады. 1943 жылы қаңтар айында 3,5 мил лион адам қол қойған «Майдандағы жауынгерлерге қазақ халқының хаты» атты үндеуі «Правда», «Социалистік Қазақстан» газеттерінде жарияланады. Орысша мəтінін Бүкілодақтық радио-дан күні бойы атақты Ю.Б.Левитан оқиды. Ал қазақшасын кім оқиды де-генде, таңдау «Социалистік Қазақстан» газетінің редакторы Балтабек Асановқа түседі. Үндеу брошюра етіп шығарылып, халыққа таратылады.

– Ал өзіңізге қатты əсер еткен мақалаларды атай аласыз ба?

– Ондай мақалалар көп. Бір-екеуін айтайын. «Ұшқынның» алғашқы санын-да «Оқушыларға» деген басқарманың үндеу мақаласы жарияланған. Сондай-ақ ұлт қайраткері Ерғали Алдоңғаровтың «Сиезге əзірленіңдер» атты мақаласы мен ақын Бернияз Күлеевтің «Ұшқынға» атты өлеңі берілген. Сол өлеңде мынан-дай шумақтар бар:

Алтын Алтай, Еділ, Жайық, Сарыарқа,

Сауыт киіп, садақ тартқан ер бар ма? Ару азып, ер үркек боп, жер азып, Жауға жаға жырттырмаған

ел бар ма?!, –дей келе ақын газет оқырмандарына:

Алты алаштың қызыл туын қолыңа ал!

Ертеде еркін өткен күніңді ойыңа ал! Елді жерден, елді еріктен айырған, Дұшпаныңды табан тіреп

жалыңа ал, – деп үндеу тастайды.

Сондай-ақ, 1925 жылы 5 мамырда «Еңбекші қазақта» Жүсіпбек Аймауытов былай деп жазады: «Ішкі сыртқы ха-бар, үкімет қаулысы, бұйрық-жарлығы, съездің протоколы елдің оқуына онша қызықты көрінбейді... Елге арналып шығатын газетті ел оқымаса, өйткені жанына жағымды, тілі батарлық сөздер басылмаса, ондай газет бағасын жоймақ, кім көрінгенге қолжаулық, майлық, шы-лым орауыш, тағы бірдеме болмақ. Жұрт жазбаса, ішіндегісін тауып жазатын газетші «тəуіп» те, «пайғамбар» да емес... «Ел: «жазбасам саған серт, баспасаң саған серт!» деген жолға түссе, сонда газет елдікі болады. Сонда жұрт газетті оқитын болады, газеттен пайдаланады».

Немесе Міржақып Дулатовтың 1925 жылғы 7 қыркүйектегі мына мақаласы мені таңғалдырды. Бұл айтқандары əлі де күшін жойған жоқ. «Қазақ тілі мемлекеттік тіл болды. Енді заң-закон, бұйрық-жарлық, кеңсе істерінің бəрін айналдырамыз деп талпынғанымызға талай жыл. Қазақ тілін жүргізу үшін орталықтан дербес комиссия да құрылды. Бірақ орталық комиссияның өзі болсын, я жер-жердегі бөлімдері болсын, қазақ тілі қалай жүріп жатқанын жете тексеріп отырғандығына шəгіміз бар», дейді.

– Сағымбай Қабашұлы, басылым-дағы тағдыры қиын, қиянат көрген редакторлар жайлы дерегіңіз бар ма ?

– 2003 жылға дейін республикалық «Егемен Қазақстан» газеті тарихын-да басылымды екі рет басқарған адам – қоғам қайраткері, көрнекті публи-цист Қасым Шəріпов. Алғаш рет 1949-1951, одан кейін 1955-1960 жылда-ры басшылық жасайды. Міне, сол екі рет басылым басшысы болғанда да ол кісіге нақақтан жала жауып, кетірген ғой. Ол былай болған. 1949 жылы Қазақстан КП(б) Орталық Комитетінің хатшысы Ж.Шаяхметовтың қолымен «Социалистік Қазақстан» газетінің редакторлығына тағайындалады. Бірақ, баршаға аян, 1951 жылы тарихшы Ермұхан Бекмахановтың атышулы Кенесары қозғалысы жайлы кітабынан кейін бірқатар зиялы қазақтардың ішіндегі көрнекті қайраткерлердің ба-сына бұлт үйіріледі. Сол жылы «Правда» газетінде «Қате ұстанымдар шылау-ында» атты мақала жарияланып, кең көлемде қудалау басталып, көптеген адамдардың тағдырына ор қазылады. Қате идеологиялық мəселелерді жария-лап, насихаттауға қатысушылардың арасынан Шəріпов те құтыла алмайды. Осылай жұмыстан кетіп, үшінші рет өзі бастапқыда қызмет атқарған Марксизм-ленинизм институтына қайта келеді. Алайда, онда екі жыл жұмыс істеген соң, Қазақстан КП ОК ғылым жəне мəдениет бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметіне ұсынылады. Ол баяғы аты-шулы əңгіменің аяғы тынышталған кез. Ал 1955 жылы 14 маусымда Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшы-сы Л.И.Брежнев қаулыға қол қойып, Қасым Шəріпов қайтадан «Социалистік

Қазақстан» газетінің редакторлығына тағайындалады. Бірақ 1960 жылы ол кісіні тағы да ауыр сынақ күтіп тұрады. Сол жылы «Социалистік Қазақстанда» журналист Рақымалы Байжасаровтың Тұрар Рысқұлов туралы жақсы мақаласы жарияланады. Шəріповті көре алмау-шылар, ол кісіні бəсекелестері аяқтан шалу үшін Р.Байжасаровтың мақаласын пайдаланып, ақыр соңында жұмыстан кетіріп тынады. Осы жағдайдың анық-қанығына жетейін деп, Қазақстан КП ОК бюросы архивінде болып, барлық жайтты түпнұсқадан оқуға мүмкіндік туғанда, құпияның сыры ашылып шыға келді (ҚР Президентінің архиві. Ф.708, оп.33, д. 153л.л. 4-8. Тұпнұсқа).

Онда 1960 жылы 2 қарашада шыға-рылған қаулыда Қазақстан КП ОК «Социалистік Қазақстан» газетінде Р.Байжасаровтың «Тұрар Рысқұлов» туралы мақаласын жариялай отырып, өте өрескел саяси қателік жібергенін, тарихқа ешқандай еңбегі сіңбеген адам-ды орынсыз мақтап, мадақтағанын, ал ол шындығында РСФСР мен Түркістан мемлекеттік органдарында жоғары лауазым қызметке ие бола тұра, ұзақ жылдар Коммунистік партияның сая-сатына қарсы шығып, ұлттық респуб-ликаларда редакциялық пантюркизм идеясының сойылын соққанын айта-ды. Тағы да басқа ойға сыймайтын жала жаба отырып, «осындай адам-ды «Социалистік Қазақстан» газетінің редакциясы біле тұра, əрі мақаланы республиканың қырық жылдық мерекесі қарсаңында əдейі басып, Рысқұловты – аса көрнекті революционер, қазақ халқының ұлттық батыры етіп көрсетпек болған. Сондықтан редакция газеті мен басылым редакторы жолдас Шəріпов принципсіздік жəне саяси болжамсыздық танытып, артта қалған, қоғамдық ой өрісі жоқ көрбілте тоғышар адамдардың ығына көнген», деген айып тағады. Міне, осындай заман болған. Бірақ Қасым Шəріпов еңбектегі қызметінің он үш жы-лында ҚазТАГ-ты басқарды, Қазақстан Журналистер одағының бірінші басқарма төрағасы, КСРО Журналистер одағы басқармасының хатшысы қызметін атқарып, бірнеше деректі еңбектер жа-зып қалдырды.

– Архивіңіздегі сарғайған суреттер не дейді..

– Əрине, архивімде жəдігер сурет-тер баршылық. Соның ішінде оқырман көрмеген, көп басылмаған фотолар бар. Мəселен, мына сурет (газетте басылып отыр) кешегі Ұлы Отан соғысының қиын-қыстау кезі 1942 жылы түсіріліпті. Ер-азаматтың дені майданға аттанған шақ. «Социалистік Қазақстан» газеті редак циясында сол кезде қызмет істей-тін дердің басым көпшілігі қыз-келін-шектер болатын. Осы суретте газеттің арнаулы бетінің макетін жиналып талқылап жатқан кезі бейнеленген. Бұл менде ғана бар сурет. Бірінші қатарда (солдан оңға қарай): редакцияның жауапты хатшысының бұрынғы орынба сары Зейнеп Сарыбаева, əдеби қызметкерлер Хадиша Қожахметова мен Қадиша Сарманова, секретариаттың əдеби қыз меткері Гүлсім Муфазалова, редак ция ның өнеркəсіп жəне транс-порт бөлімінің меңгерушісі Баймұхан Ордабаев, екінші қатарда (солдан оңға қарай): редакцияда бұрынғы бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы болған Зұфар Айтмағанбетов, əдебиет жəне өнер бөлімінің меңгерушісі, жазушы Мұқан Иманжанов, кітапханашы Галя Күдербекова, əдеби қызметкер Сəулет Дөнентаева, əдеби қызметкер Асылхан Қайсенова.

– Əңгімеңізге рахмет.

Əңгімелескен Гүлзейнеп СƏДІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».––––––––––––––––––

Суретте: «Социалистік Қазақстан» газетінің 1942 жылғы қызметкерлері кезекті макетті талқылау үстінде.

Сґредегі сарєайєан

беттер сґйлесе...

Таєы да «СМАЄЎЛДЫЅ ЖІГІТТЕРІ»

«Смағұлдың жігіттері», «ЕҚ» 1994, 17 желтоқсан.«Смағұлдың жігіттері» кімдер еді?», «ЕҚ» 1999, 17 желтоқсан.«Иə, «Смағұлдың жігіттері. Жəне де қандай жігіттер!, «ЕҚ» 2004,

22 желтоқсан.

Елжас БекеновƏлкей ӨтекинТаутан Арыстанбеков

Қазақстанда отандық баспасөз жəне дүниежүзі журналистикасының тарихын зерттеуде өзіндік үлес қосып жүрген зерттеуші ғалым, кəсіби журналист Сағымбай Қозыбаевтың есімі қашанда құрметпен аталады. Ол əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде журналистер дайындай-тын ұстаханада қырық жылдан астам уақыт дəріс беріп, мыңдаған шəкірт дайындаған ұлағатты да ұлтжанды ұстаз. «Егемен Қазақстанның» 95 жылдық мерейтойы алдында көрнекті көсемсөз шебері, Қазақстан Журналистика академиясының президенті, тарих ғылымдарының докторы, профессор Сағымбай ҚОЗЫБАЕВҚА жолығып, сұхбаттасқан едік.

Дерек

20 желтоқсан 2014 жыл www.egemen.kz 13

БАСТАУ

Иə, қандай баспасөз үшін де көп көңілінен шығып, «Ел газеті» ата-нудан асқан абырой жоқ.

Биыл еліміздің бас басылымы, елдігімізбен бірге есейіп, жұрт-ты ғы мызбен бірге жетіліп келе жатқан «Еге мен Қазақстанның» жарық көр геніне 95 жыл толды. 1919 жыл дан тасқа басылып, ке-ңес тік қазақ республикасының іргетасы қаланғаннан бергі саяси оқи ғалар мен қоғамдық құбылыс-тарының шежіресі болып келе жатқан ел газетінің мерейтойы-на құтты болсын айта отырып, өткен тарихына аз-кем тоқталуды жөн көрдік.

Л.Н.Гумилев атындағы Еура-зия ұлт тық университеті Жур-на лис тика мəселелерін зерттеу инс титутының ұжымы «Жиыр-ма сыншы жылдар журналистика-сы» деп аталатын іргелі жобаны əзірлеу барсында əртүрлі мұра ғат қорларында сақталған ескі га зет-журналдар тігінділерімен тіке-

лей жұмыс жасады. Сол тұста жарық көрген басылымдарды ау-дара қарап, ақтара тексергенде бір байқағанымыз: жиырмасыншы жылдардағы қазақ баспасөзінің бет-бейнесі, мазмұн-мағынасы біртекті кеңестік сипатта көрінгенмен, ұлттық мəселелерді өрбітіп жа-зуда, түйткіл тақырыпты тарқа-тып айтуда əрқайсысының өзіндік ерекшелігі, жеке ізденістері болды. Əр шығарушының немесе редак тор-дың түрлі «мінездері» де басылым бағытымен біте қайнасып кетіпті.

Бұл мақалада «Егемен Қазақ-стан ның» тарихын бүге-шігесіне дейін түгел талдап айтуды мақсат тұтпағандықтан (ол туралы «Жиырмасыншы жылдар жур-налистикасы» көптомдығының алғысөздерін қараңыз: «Ұшқын», «Еңбек туы», «Еңбекшіл қазақ» басылымдарындағы ұлттық мəселелер» (І том), «Тартысты жыл дар баспасөзі» (ІІ том) «Бұғау-ланған сана, ұрандатқан баспасөз» (ІІІ том), «Ұшқын» (1919), «Еңбек туы» (1920), «Еңбекшіл қазақ» (1921), «Еңбекші қазақ» (1925) кезе-ңіндегі кейбір мəселелерін қысқаша шолып өтпекпіз.

Большевиктер көсемі Ленин ке-ңес тік биліктің кезекті міндеттерін бел гілегенде баспасөзді социалистік құрылысты ұйымдастырудың не-гізгі құралы екендігін атап көрсет-ті. Сон дықтан 1917 жылдың жел-тоқ санын да арнайы бұйрық арқылы бур жуазиялық баспасөздерді жап-тыруға нұсқау берді. Осыдан соң идео логиялық майданда ұлттық-демократиялық бағыттың ұраны болып келген қазақ баспасөздерінің орнына кеңестік баспасөздерді құру міндеті тұрды. 1919 жылдың 10 жел-тоқ санында қабылданған қаулыға сай Қырғ ыз (қазақ) революциялық ко митеттің органы болып жарық көр ген «Ұшқын» газеті (тұңғыш нөмірі 17 желтоқсанда шықты) – осы нұсқаудың жемісі еді.

«Ұшқынның» ұстанған беті, не-гізгі мақсаты өзі атап көрсет ке нін-дей шаруа халқына бас-көз болу, түрлі хабарлар мен қажет ті істерді уақытымен жазып, халықты құ-лақтандыру, өзгеріс коми теті нің қаулы-декреттерін газет арқы лы жалпақ жұртқа жариялау мін дет-терінен көрінді. Басылым өзіне артылған бұл сенімді толық орындап қана қоймай, ұлттық мəселелерге де батыл араласты. Оның себебі «Ұш қын» кеңестік басылым бол-ғаны мен негізінен бұрынғы ескі оқығандардың ықпалында, тізгін-шылбыры солардың қолында еді. А.Байтұрсынов, М.Сералин, М.Тұр-ғанбай газет бетінде шаруа мүддесін ұлт мүддесімен, тап тілегін халық та-лабымен тығыз ұштастыра отырып, «Қазақ» пен «Айқапта» қозғалған өзекжарды мəселелерді мұнда да көтере бастады.

Қазақ жерінің бүтіндігі, ұлт мемлекетінің территория тұтастығы газет көтерген тақырыптардың ең өзектісі болды. «Қостанай үйезі» («Ұшқын». – 1920. – №19, № 24-25), «Қазақ жері туралы» («Ұшқын». – 1920. – №20), «Жер мəселесі туралы жоба» («Ұшқын». – 1920.– № 30-31), «Өткен күндер» («Ұшқын». – 1920. – 8 шілде), т.б. жарияланымдардан Челябі өкіметі Қостанайды қазақ мем лекетінен бөліп алуға ұмтылып жүр-гендерге қарсы үн көтереді. Газет

бетінде А.Байтұрсынұлы мен М.Се-ралин бастаған күрескер топтың Челябі хəкімдерімен келіссөздер жүргізгені, алайда құйқалы жерді қолынан шығарғысы келмеген Челябі басшыларының түрлі сыл-тау тауып, түлкі бұлаңға салғанын оқып білуге болады. Бұл туралы га-зет: «Екі жақтың айтысқан сөздері, келтірген дəлелдері протоколға жа-зылып, кіндік хүкіметтің қарауына жіберілген. Кіндік хүкіметтің алдын-да қазақ хүкіметінің сөзін сөйлеуге Ахмет жақын арада Мəскеуге жүр-мекші. Ахметпен бірге Мəскеуге баруға Қостанай үйезіне қараған қазақ болыстары һəм 5 орыс болы-сы сайлап жіберген Елдес Омаров та Орынборға келді»,– деп жазады. Байқағанымыздай, «əр ұлт өз ре-спубликасын құруға құқылы», «ша-руалар өз жеріне қожа болуы тиіс» ұрандары большевиктер тарапынан жиі айтылғанымен іс жүзінде орын-далуы оңай болмаған. «Челябіге Ахметпен бірге қазақ хүкіметі та-рапынан Мұхаметжан Сералин һəм Қостанай үйезінің қазағының

сайлап жіберген кісілері: Ысқақ Бекентаев, ... Байқозин, Құрманғали ... барған» деген нақты деректен осы ны ұғынуға болады. Осылайша, бір кездері «Қазақ» пен «Айқапта» қазақ жоғының зарын айтып, талауға түскен алаш жерін қорғаймыз деп отқа күйген қос жоқшы енді кеңес билігінде тағы да тізе қосып, дау басындағы төрелікте көрінеді. Қос-танай бітімінде табандылық пен көсемдік танытып, қазіргі алтын астығымыздың төрттен бірін беріп отырған Қостанай өңірі осылайша екі арыс тың ықпалымен қазақ-тың тер риториялық құрамында қалды.

«Ұшқынның» бір жылға таяу ғұ-мырында маңыз артқан тақырып тың тағы бірі – жалпы қазақ кеңестерінің бірінші жиналысы. Бұл туралы ба-сылым өзінің алғашқы нөмірінде-ақ «Жалпы қазақ съезіне əзірленіңдер» деп үндеу көтеріп, құрылтай барысы жəне съезде қаралатын мəселелер туралы оқырмандарды хабардар етті. Шақырылатын съезд жайы га-зет бетінде күн құрғатпай жазылды. Оның мəні мен маңызын ұғындырып, құрылтайдың қазаққа берер пайда-сы, игілігін тереңірек насихаттауға көңіл бөлінді. «Жалпы қазақ-қырғыз жиылысы» («Ұшқын».– 1920.– №23), «Қазақ істері туралы кеңес» («Ұшқын».– 1920.– №23), «Қамдан съезге» – («Ұшқын».– 1920.– №25), «Жал пы Қазақстан съезі туралы» («Ұш қын».– 1920.– №26), «Жалпы қазақ-қырғыз жиылысын шақыру жолбасшысы» («Ұшқын».– 1920.– №26-27), «Жалпы қазақ съезінде жер мəселесі» («Ұшқын».– 1920.– №28) сияқты материалдардың жарық көруі газеттің бұл тақырыпқа баса мəн бергендігін айғақтайды. Осындай тақырыптарды көтере отырып, газет пікір алуандылығына орын берді. Түрлі көзқарас қайшылықтарына қатысты əр тараптың да пікірін ескерді. Айталық, газеттің 1920 жылғы 20-нөмірінде жарық көрген «Қазақ жері туралы» деп аталатын мақаласында Танабұға: «Жалпы қазақ елінде бай-жарлы жоқ. Болса бас қа ұлттардағы сияқты бір-бірі нен жігі ашылмаған» де-ген ой түйіндейді. Газет радакциясы бұл жөнінде түрлі көзқарастардың айтылып жүргенін, бірақ қандай пікір болса да басатынын жеткізіп, баспасөзді тап құралы ретінде бағалайтын кеңестік танымға сый-майтын мінезін де көрсетіп отырды.

Бір жылдан кейін «Ұшқынның» орнына Қазақ автономиясының тілі болып «Еңбек туы» басылымы жарық көрді. Басылым «Ұшқынның» сүрлеуімен алғы кезекте тағы да жер мəселесін көтерді. Патшалық самодержавиенің озбыр саясаты кес і рінен шұрайлы ата қонысын ерік сіз келімсек қарашекпенділерге боса тып, өздері тастақ пен тақырға қудаланған қазақ үшін ол тұста одан үлкен тақсірет болған жоқ. Мұ нан бөлек, жеке автономия бо-лып, оңаша елдік құрғанда билігі Сібір үкіметінде қалып бара жат-қан Ақмола, Семей облыстары да ділгір тақырып ретінде күн тəртібінде тұрды. Осындай себеп-тер «Еңбек туы» басылымында жер тақырыбының өткір қойылуына алғышарт еді. Газеттің 5-нөмірінде «Автономия һəм екі облыс» деген мақалада Кəртай деген автор Сібір үкіметінің меншігінен шығарғысы келмей отырған Ақмола, Семей

облыстарын қазақ мемлекетіне қосу мəселесін қозғайды. Бұл екі облысты əлі де пайдалана тұрғысы келіп, сөзбұйдаға са-лып жүрген Сібір үкіметінің əрекетін кеңес сая сатын дұрыс ұғынбағандық жəне оны іс жүзінде орындамағандық деп қатты сын тезіне алады. Əсіре се, бұл іске С.Сəдуақасов батыл кіріс ті. Ол «Сібірдегі қазақтар туралы» [«Еңбек туы».–1920.–№3] мақа ласымен уақытша Сібір ревкомына қараған Ақмола мен Семей облыстарын Қазақстанға қайта қосу мəселесін талдап түсіндіреді. Бұған қарсылық танытып отырған Сібір ревкомының жолсыз əрекеттері мен дөкір істерін өткір айыптайды. «Сібір облыстары туралы» жарияланымда да автор Ақмола, Семей облыстарын Қазақ автономиясына қосылуы жайлы ой-тұжырымдарын ортаға салған. Талмай ізденіп, батыл талап ету ар қа сында С. Сəдуақасов бастаған ел аза маттары бұл екі облысты да Сі бір үкіметінен Қазақстанға қайтарып алды.

«Еңбек туында» жастар мəселесі жəне оқу-ағарту тақырыптары көп жазылды. Басылым бетінде арнайы «Жастар дүниесінде» деген ай-дар ашылып, жастарды тəрбиелеу, олардың большевиктік көзқарасын қалыптастыру бағытында жиі жəне тұрақты түрде жарияланымдар жа-рық көрді. Мұнымен қоса, жас-тар ды оқытуға да маңыз берілді. Басылымда оқыған азаматтарға сауын айтылған хат жарияланды. Қазақ оқығандарына бағытталған хатта елді ағартудың маңызы, оқу-білім қажеттілігі, оқу жұмысындағы негізгі құрал – кітаптың рөлі толық айқындалып, осы оқу кітаптарының жазылуы үшін көзі ашық азаматтарға ел арасынан қажетті материалдарды жинап, ұсынуға тілек білдірілген. Оқу мəселесінің қолға алынуына бір жағынан оқу комиссарлығына келген А. Байтұрсыновтың ықпалы да себеп болғанын пайымдау қиын емес. Газет дерегі растағандай, Ахмет Байтұрсыновтың өзі бас болып, баспасөз басқарушы ұйымның кеңесін шақырып, 1-ші, 2-ші мектептерге арнап қазақ тілінде оқу кітап тарын жазу, оқулықтарды ау дару мəселесін қараған. Кеңес нəти жесі қажетті пəндерді жазу бойын ша нақты кісілерге міндеттер жүктелген.

«Еңбек туы» «Ұшқынға» қара-ған да ав тор ларының көптігімен, газет материалдары мазмұнының əр түрлілігімен ерекшеленді. Басы-лым бетіндегі М.Тұрғанбай, Ж.Ай-мауытов, С.Сəдуақасов көсемсөздері басылымды мазмұн, түр жағынан байытып, газеттің сапасын арттыр-ды. Басылым өңі ажарланып, сөзі мəйекті, дəйекті бола түсті.

«Ұшқыннан» «Еңбек туына» өзгерген басылым 1921 жылдың қарашасында «Еңбекшіл қазақ» бо-лып қайта құрылды. КирЦИК-тің органы ретінде жарық көрген газет 1923 жылға дейін бауырын еркін жаза алмады. Баспасөз ісіне жетік, қаламы төселген жазушылардың кемдігі бір бүйірден қысса, баспа-ханада қаріп тізушілердің аздығы екінші жақтан тұсаулады. Əсіресе, шығарушы-редакторлардың басқа қызметке қатар жегілуі газет ісін ақсатты. Өңір ден келген хат-хабарлар да арыз-шағым аясы-нан ұзап шыға алм ай, газет пен елдің байланысы кем болды. Мұнан

тыс, 1921 жылғы мешін жұтына тап болып, елдің аш-жалаңаш, жоқ-жұтаң күйге түсуі, ақшаның тұрақсызданып, зат бағасының күрт қымбаттауы газетті тұралатқан тағы бір себеп еді. Осылайша жетісіне бір мəрте жарық көруі тиіс газет 1921 жылы əупірімдеп жүріп, 6 нөмірін əзер шығарды. Қара жат кемдігі бастапқыда ұйғарыл ған 8 қызметкердің санын қысқартуға мəжбүр етті. Айталық, сол тұста қыз мет атқарған Əбдірахман Бай ді л-дин бір өзі газеттің əрі шығарушысы, əрі жауапты хатшысы болып, тағы бір жағынан шаруашылық бөлімін де қоса басқарды. Төккен тер, шек-кен бейнет арқасында 3000 тара-лыммен бастап шыққан «Еңбекшіл қазақ» жыл толғанда 3500-ге жетіп жығылды.

Бір жыл тегін таратылғаннан кейін 1922 жылдың қарашасынан бастап, газет ақылы тарауға ауы-сты. Жер-жерге агенттер жіберіліп, жазылу ұйымдастырылғанымен мардымды нəтиже болмай, таралым саны артпады. Баспахана газетті несиеге басуға мəжбүр болды. «Еңбекшіл қазақ» шыққаннан басы-қасында жүрген газет қызметкері Əбдіраштың дерегіне сүйенсек, 1923-24 жылы газет үшін мемлекет қорынан бөлінген 18 мың сомның мезгілінде қолға тимеу салдарынан «госиздатқа» несиеге бастырған газеттің бір нөміріне 68 сом 25 тиын орнына, 98 сом төлеген.

Адым аштырмаған осындай қиын шылықтарға қарамай газет оқырманға жол тауып, хал-қадерінің келгенінше бұқара халыққа көмек қолын созды. Газеттің ең əуелгі көтер гені – аштықпен күрес еді. Қа зақ станның жер-жеріндегі бо-лып жат қан аштықтың салдарын үкіметке жеткізіп, оған қарсы ша-раларды ұйымдастыруға шақырды. Шаруасы күйзеліп, бар малынан айы рылған, аш тықтың шеңгелінде ыңы ранып жат қан елді құтқарып қалуға қам қылды.

Жер туралы да жеріне жеткізе жазды. Жерді шаруаларға беру, қазақ кедейін жерге ие ету мəселесі əр нөмір сайын газеттің басты мате-риалына айналды. Осы арқылы қара халықтың көзін ашуға тырысты.

Ел басқару түрі, оқу-білім жайы, кең се тілдерін қазақша жүргізу, жас буын ды тəрбиелеу де газет бетінен түскен жоқ. Мұны сол тұста (1921-1922 жылы) газеттің шығуына аян-бай жегіліп, көз майын сарқа қызмет ат қа р ған Əбдірахман Байділдəұлы, Аб долла Асылбекұлы, Мұхтар Əуез -ұлы, Темірболат Телжанұлы, Қасен Нұр мұхаметұлы, Темірбек Жүр-генұлы, Ерғали Алдоңғарұлы ең бек-терінен көруге болады. Сəкен редак-торлық еткен жылдары газеттің кей нөмір леріне уақытша шығарушы ретін де қол қойып жүрген Молдағали Жол ды байұлы 1924 жылдың сəуір айы нан бастап, жауапты шығарушы ретін де бекіді. Рақым Сүгірұлы (жа-уапты хатшы), Ілияс Темірбекұлы сияқ ты жаңа құрамның келуі газет-тің одан əрі дамуына серпін берді. Ке дер гілер мен қемшіліктерге қара-мас тан уақыт озған сайын газет тара-лымы да артты. 1923 жылдың шіл де айында жазылушылардан 882 сом түсім түсті. Бұл басылым шы ғы нын жаба алмаса да, оң бағытқа бет тү-зегенін көрсетті. 1924 жылдың қа-зан айында газеттің таралым саны 3700-ге жетіп, 1924-1925 жылдары

мем лекет қазынасынан бөлінетін ақ-ша 19810 сом 90 тиынға жетті. Дəл осы жылы жарнама есебінен 400 сом кі ріс кіргенін басылым бетінен кездестірдік.

Газет Қызылордаға көшкеннен кейін 1925 жылдың желтоқсан ай-ынан бастап, күнделікті шыға ба-стады. Редакция қызметкерлерінің саны да артты. 1926 жылы негізгі қызметте шығарушы, жауапты хат-шы, 7 əдеби қызметкер, 3 кеңсе қыз мет кері, 2 корректор болып, жиы ны 14 адам шығармашылық жұ мысқа қабылданды. Мұнан бас-қа іс жүргізуші, көшіруші, қа ғаз та-ситын, ат айдайтын, т.б. қосым ша жұмыстарға да бірден кісі жұмыл-дырылған. Осылайша ұзын саны 21 адам жұмысқа алынады. Газет қыз-мет керлерінің саны артқанмен, бас-ылым өз шығынын өзі жаба алма-ды. Бұл туралы 1926 жылы 15 май да (№102) жарық көр ген материалда га зеттің бір нөмі рін дайындауға жұм-са латын шы ғын былай сипатталады: терген үшін – 235 сом, қағазға (8000 дана) – 100 сом, адрес жапсыруға, бүк теуге – 20 сом, пошта арқылы та р а туға – 30 сом, қаламақыға (2 та-бақ) – 50 сом (сол кезде қаламақы тө леу ерлік қой) кеңсе шығыны – 5 сом, қызметкерлерге (бір нөмірге) 90 сом».

Автор жіліктеп көрсеткен бұл шығындарды қосып есептесек, 8000 данамен таралатын «Еңбекші қазақ» газетінің бір нөмірінің құны – 530 сомды құрайды екен. Бұл шығынды өтеу үшін газеттің жылдық жазы-лу бағасы 20 сомнан кем болма-уы тиіс еді. Ал, үкіметтің қолдауы арқасында газеттің жылдық жазылу құны – 5 сом 50 тиын тұрды. Яғни бір нөмірінен басылым 14 сом 50 тиын зиян көрді. Көп өтпей бұл шығынның да көлемі тағы ұлғаятыны мəлім бол-ды. Өйткені, қағаз құны қымбаттап кеткен көрінеді.

Мұнан кейінгі дерек-дəйектер басылымның күйі оңалып, қаржылық қуаты күшеюге бет алғанын көрсете-ді. Үкіметтен бөлінетін көмек көбей-ген үстіне таралымы да артып, 1927 жылы 12500-ге жеткенін газет редак-циясы сүйіншілей жазады [«Еңбекші қазақ». – 1926.– №102].

МАҒЖАН «ҰЛТШЫЛДЫҒЫНАН»

ПАРТИЯ ЖІКШІЛДІГІНЕ ДЕЙІН

Газет тігінділерін жіті тексеріп, жете танысқанда байқағанымыз жи-ырмасыншы жылдардағы «Еңбекшіл қазақта» Əбдірахман Байділдəұлы, Сəкен Сейфоллаұлы, Молдағали Жол дыбайұлы, Смағұл Сəдуақасұлы, Жү сіпбек Аймауытұлы, Міржақып Ду л атұлы, Телжан Шонанұлы, Ел-дес Омарұлы, Тұрар Рысқұлұлы, Ғаб бас Тоғжанұлы, Шəймерден Тоқ-жі гіт ұлы, т.б. авторлар жиі жазып, ұда йы қатысып отырған. Смағұл Сəдуа қасұлы редакторлық еткен кезеңде басылымның тынысы ашы лып, шығармашылық жа ғы -нан толықтай түлейді. Жауап ты хатшылыққа Бейімбет Май лы ұлы шақырылып, Əбдірахман Бе гіш -ұлы, Аманғали Сегізбайұлы, Əуеш Қош мағамбетұлы, Мерғали Еш мұ-хам бетұлдары бөлім меңге рушілері ретінде газетті көркейте түсті. Əдеби қызметкерлер: Ерғали Алдоңғарұлы, Сапа Жүсіпұлы, Əуелбектер де қалам құрғатпай, еркін сілтеді.

Смағұл жауапты шығарушы ре тінде газетте батыл ой қозғап, ба сы лымды мейлінше өткірлей түсті. Кейбір мəселелерде кеңес тік ұстанымнан гөрі ұлттық, мем ле-кетшілдік мүддені көбірек көздеді. Мағжан өлеңдерін де тайсалмай ба-сып, сол тұста көп сынға ілігіп жүрген М. Жұмабайұлына қатысты «бай-шыл ақын», «ұлтшыл ақын» деген сыншылардың «айыпта-рына» өзінің лайықты жауабын берген еді. «Сын – мидың жануы. Сын ойларды қосып, адамның пікірін қайрап отырады. Сынсыз жазылған сөз – қайралмаған пышақ сықылды. Сондықтан

Өз басым бұл за ман дасыммен осы дан жарты ғасыр бұрын, сонау 1957 жы лы, республи ка лық «Ле нин -шіл жас» (қа зіргі «Жас Алаш») га зе-т інің редакция сында таныс қан едім. Ол сол кезде мұнда кор рек тор лық жұ мыс істейді екен. Бір-бірі міз бен тез түсінісіп кеттік. Ол өте əң гі мешіл, ақкөңіл болып шықты. Жас тайынан жетім қалған, алты жа с ында əкеден (əкесі Əбікеш Ұлы Отан со ғысында қаза тауып ты), он екі жа сында шеше-ден айырылған жан екен.

Сиез өте еңбекқор, оның үстіне із денімпаз болды. Ол кор ректорлық жұ мысын мұқият атқара жүріп, «Лениншіл жас тың» сол кездегі бай ыр ғы қарт фототілшісі Петр Редь коның жанынан шықпаушы еді. Табиғатында өте қайырымды, жастарға қамқорлық жасаудан, оларға өз білгенін үйре туден тіпті де жалықпайтын жомарт жүректі Петр Яковлевич Сиезді фо то өнеріне ерінбей-жалықпай бау лыды. Оның көрсеткен көмегі мен айтқан аталық ақыл-кеңесі, қарап тұрсақ, болашақ кəсіби фотожур налист үшін өмірлік маңызы зор көмек болған екен. Сөй-тіп, ол осы кісінің арқасында қазақ жастары ның арасынан суырылып шыққан алғашқы көрнекті де кəсіби фото суретші болды. Оның осылай қа лып тасуында «Лениншіл жасты» сол кездегі жастарға керемет қам-қор лық жасау мектебіне айналдыра білген бас редактор Абай Бейсем-баевтың, редакцияның жауапты хатшысы Кəкімжан Қазыбаев тың, бөлім меңгерушілері Əбді саттар Бөлдекбаев пен Қайдолла Тілемісов жəне Тельман Жан ұзақовтың, бас-қа да абзал азамат тардың шына йы қамқорлығы мен аялы алақаны өш-пес із қалдырды. Қысқасы, Сиез ге жақсылардың шарапаты көп тиді.

Əріптесіммен сондағы бір жыл ішінде қалыптасқан таныс тығымыз достыққа ұласты. Со ның арқасында өзара қарым-қатынасымыз бен бай-ланысымыз 1958 жылы мен Шым-кентке қызметке ауысып кет кен нен кейін де үзілген жоқ.Содан 1973 жылы мен облыстық «Оң түстік Қазақстан» газетінен аға ба сылым «Социалистік Қазақ станға» жау-апты хатшы болып қызметке ауы-сып келгеннен соң тағдыр бізге осы газеттің ұжы мынан қашан зейнеткерлік демалысқа шыққанға дейін қоян-қолтық араласа жүріп бірге қызмет істеуге жазды.

Мен бұл жылдар ішінде Сиезді бұрынғысынан да көп танып, терең біле бастадым. Ол өз ісінің нағыз май талман кəсіби шеберіне ай-налған екен. Келе-келе байқаға-ным, қызметіне байланысты қандай қиын, қандай шұғыл тапсырма берілсе де, ол істі мейлінше мұқият əрі зор жауапкершілікпен, барлық ар-ожданымен адал атқаратын ма-ман еді. Бұл Сиездің адалдығына, табиғи таза болмысына тəн нəрсе-лер болатын. Ол əдетте бір фото-кадрды өзінің ойындағыдай сəтті етіп шығару үшін əсерлі, тіпті көр-кем дік дəрежесіне жеткізе шығару үшін, оларды болашақ ұрпаққа мұра болып қаларлық тарихи құжат деңгейіне дейін көтеруге барынша беріле тырысатын. Мұндайда ол 36 кадрдан тұратын тұтас пленканы бір көрініске түгел жұмсап жі беруге əрқашан əзір болатын.

Қазір кезінде Сиез Бəсібеков түсірген фотокадрлар галерея сынан ХХ ғасырдың екінші жартысын-дағы еліміз өмірінде орын алған аса маңызды елеулі оқиғалардың, хал қымыздың əрқашан мақтаныш тұтуына əбден лайық, тамаша ұл-дары мен қыздарының ерен еңбе-гін, өрелі өнерін көруге болады. Хал қымыздың ары мен абыройы бола білген, енді қайтып ешқашан объективке түсіріле алмайтын сол ғажайып бейнелер авторға деген шын ризашылық алғыс сезімін ту-дырмай қой майды.

Əлі есімде. Сиез Бəсібеков қай-тыс бол ған нан кейін оның қыр қын-да «Еге мен Қазақ стан ның» бе тінде ха лық ақыны Ке нен Əзір баев тың, хал қы мыз дың қаһарман перзенті Бауыр жан Момыш ұлы ның, арқалы əн ші Ғарифолла Құрманғалиевтің жəне басқа да бірне ше жам поз дар -дың бұ рын еш жерде жария лан ба-ған, əрқайсы сының өзіне тəн ерек ше қасиеті, сезімі, жан дүниесі ай қын бей не ленген суреттерін көр ген де

оқыр ман қауым ның ри за шы лы ғын-да шек болған жоқ. Мұ ның өзі біз-дің өтке німізге, тарихымызға де ген сүйіспеншіліктің бел гі сі болатын.

Осыны кезінде өзі де жете сезінгендей Сиез: «Шіркін-ай, қы-рық жыл бойы жина ған таңдаулы фото кадр ларымнан ең бол маса бір-екі фото аль бом жасап, шығарып кет сем», – деп арман даушы еді. Бірақ, ол бұл арманына жете ал-май кетті. Мыңдаған қымбат фото-кадрлар оның отбасында, мем ле кет-тік мұрағат сө релерінде сақтау лы күйінде қалды. Аң саған арма ны на жетуге денсаулығы мұрша бермеді. Соның салда рынан ол жаңа ғасыр-дың басында дүниеден озды.

Ол артына мыңда ған фотосу-рет тер ғана емес, біраз қолжаз ба-лар да қалдырған адам дер едім. Со лар дың бірінде былай делі неді: «Мен өзіммен өзім жеке отырып, га зет тегі істеген жыл дарыма ойша көз жү гіртіп, талдау жасадым. Та-лай жыл дар өзіме сенімді серік бол ған, тозығы жетіп, беттері сар-ғай ған блокноттарымды ақтарып, ұзақ отыр дым. Осы жылдар ішінде ту ған республикамның аумағында қыз мет бабымен жүріп өткен ба ғыт-та рымды есіме түсіріп, көз ал дыма елес тетіп, карта бетіне сызба лар жа-са дым. Ерсілі-қарсылы, кесе-көл де-нең сызық тардың есебі жоқ бо лып шық ты: Бетпақдала, «ақ алтын ды» Мыр зашөл, көмірлі Қа ра ғанды, энер гетика көзі Екібастұз, қой науы малға құт Қызылқұм мен Мо йын-құм, ұшы-қиыры жоқ Сары арқа, мұ най лы Маңғыстау, темір кені мол Сары бай, жезге бай Қоңырат, ба л ы -ғы тайдай тулаған Ақ Жайық, қыс қ-асы Ал тайдан Аты рауға дейінгі ара -лықты талай рет армансыз аралап-пын. Бірде басы ма темір қалпақ киіп, қолыма фонарь шам ұстап, кен шілермен бірге жер астындағы шы ңырау шахтаға түсіп, ондаған ша қырым жол жүріппін. Енді бірде үс ті ме ақ халат киіп, адам жанының ара ша шысы болған дəрігерлердің қалай опе рация жасағанының куəсі бо лып пын. Тағы бірде жай лаудағы кең далада қой өргізген шопанмен бірге арайлап атқан таң шапағын қар сы алыппын. Енді бірде тың кө-терген, алтын дəннен тау тұрғызған диқан-механизатор арасында бол-сам, тағы бірде су кешіп, ау тартып жүрген Атырау балықшыларымен бірге болыппын... Осының бəрі жай саяхат емес».

«Ал мен нені беріп үлгердім, не ні жеткізіп бере алмадым – оны кейінгі ұрпақтың төрелігіне қал-дыр дым», деп жазыпты Сиез бірде өзінің күнделігіне.

Иə, Сиез Бəсібековтің бұл жер де жеке бастың мүддесін көз деген мақ-саты болмағаны, қазіргі көп адам-ның өресі жете бермей тін жоға ры деңгейдегі қоғамдық маңы зы зор ой-пікір айтып кет кені кү мəн ту-дырмайды. Мар құм ның қал дыр ған асыл мұрасы – тарихымыз үшін баға жетпес қымбат қазына. Оның қыруар жұмыс бітіргеніне мол мұ-ра сы куə. Ал бұл істі қан ша лық ты бі ті ріп үлгергеніне төре лік айту үшін Сиездің пленкаға түсіріп кеткен, жартысынан көбі өзінің отбасында, жартысына жуы ғы орталық мұрағат сө релерінде сақталған фототас па -ларды мұ қият саралап, іріктеп, мə де-ни мұра мыз дың мол қазынасы ре тін-де фото аль бомдар шығару қажет-ақ.

Дайындаған Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

АЛМАТЫ.

«Егемен» – ел газеті

Сиез БƏСІБЕКОВ:

«Мен нені беріп їлгердім, не ні жеткізіп бере алмадым –ќалєанын кейінгі ўрпаќтыѕ тґрелігіне ќал дыр дым»

Көсем болдың, жұртшылықтың қазығы,Шөлде – сусын, қарын ашқанға азығы.

Қайратыңды, еңбегіңді бағалап,Сөзсіз тарих алтынменен жазуы.

(«Еңбекші қазақтың» 1927 ж. 27 ноябрінде 1000 нөмірінің жарық көруіне арналған өлеңнен)

(Соңы 14-бетте).

Байырғы басылым беттерінде қырық жыл бойы елдіктің фотоше жi ресiн жасаған жанның бірі – Сиез Бəсібеков. Бұл кісі түсірген ше жi ре суреттер сол газетте жұ мыс iс те гендердiң барлығының үй лерiн де болса керек?! Тек бiр өкi нiш тiсi – көбiне сол суреттi түсi ре тiн Сиез ағамыздың өз бейнесi си рек. Дегенмен, Бəсібеков туралы оның көзін көрген, қатар қызмет атқар ған газеттің кешегі белді қыз мет кері, Қазақстан Журналис тер одағы сыйлығының лауреаты, мар құм Мыңбай ІЛЕС төмендегідей естелік қалдырған екен.

20 желтоқсан 2014 жылwww.egemen.kz14бізге сын керек» – деп, сынның қажеттілігін негіздеп алады да Сəдуақасұлы əрі қарай, «Біз ж у ы р д а М а ғ ж а н н ы ң б і р а з өлеңдерін бастық. Мағжанның бұл өлеңдерінің ішінде бізге қосылмайтын да жері бар. Бірақ ішінде азырақ жанжал сөзі бар екен деп, біз Мағжанды тоқтатып тастауымыз керек пе, жоқ, ба-суымыз керек пе? Əрине, басу-ымыз керек» деп, қиямпұрыс сынға қылыштай өткір кесім жасайды [«Еңбекшіл қазақ». – 1925.-№407]. Смағұлдың бұл жа-уабы 1924 жылғы қарашаның 24-інде Мəскеудегі күншығыс университетінде жиылыс шақырып, «Кейбіреулер саясат пен əдебиетті араластыруға болмайды» – деп, Мағжан өлеңдерін басқан. Бұл қате... Мағжан кеңес топырағына отыратын адам емес... Маркс жо-лымен қарағанда Мағжанның өлеңінде қазақтың шаруасына, бітіміне жанасатын жері жоқ» – деп, Мағжан кіта бын баспадан шығарушы Сұл тан бек Қожанұлына тиісіп, баяндама жасағ ан Нəзір Төреқұлұлы пікіріне беріл ген той-тарыс еді. Со нымен бір мезетте «Мағжан қа зақ ақыны емес, сая-си бағыты те ріс, төңкеріске қарсы өлеңдер еңбек шіл дер əдебиетіне өң бермейді. Мағ жан өлеңдері қазақ-

тың еңбекші кедейлеріне зиянды. Бұдан былай Мағжан өлеңдері ба-сылып, елге таралудан тоқталсын» [«Еңбекшіл қазақ». – 1925.-№ 277] деп, күстаналаған мəскеулік қазақ жастарына қайырған лайықты жа-уап болды. Мағжанның «ұстаған беті, негізгі пікірі – түрік бағын көтеру, түркішілдік» екенін айтып, өзеуреген ондай пікірге Смағұлмен бірге Сұлтанбек те жауап қайырды. Ол өзінің «Менің жауабым» атты мақаласында мұның жай сын емес, үлкен əрекет, қатені көрсету ғана емес, бəле іздеген кампания екенін білдіріп, өз уəждерін ай-тады. Бірақ Мағжанға іштартқан Сəдуақасұлының жылы лебізі оны қорғап қала алмады. Бір мезеттік саябырсыған «сын» қайтадан өршіп, жалындай түсті.

Келесі кезекті Əбдірахман алды. Байділдəұлы «Көркем əдебиет тура-лы» деп аталатын «Еңбекшіл қа зақ -тың» үш нөміріне ілгерінді-кейін ді жарияланған мақаласында Жұма-байұлын: «Мағжан – ескі сарын-нан өзгермей келе жатқан ұлтшыл, байшыл ақын. Мағжан өлеңдерінен, көбінесе, қазақтың төңкеріске көн-дік пей, өткенін жоқтайтын байы, жуаны, ақсақалы, молдекесінің тілегі көрінеді... Бүгінгіні – «түнге», өткенді – «күнге» теңеп, «сəулет пен дəулетті» қандай ақын жоқтайды? Əрине, Мағжан секілді кертартпа, байшыл ақын ғана жоқтайды. Мағ-жан – тап ақыны, бай табының жоқ-шысы», – деп төпеледі. Дегенмен, мұндай байбалам сын, байыпсыз пікірге қосылмайтындар да бар еді. Қазақ сөзінің киесін ұғатын, Мағжан өлеңдерінің қадірін түсінетіндер бұл пəлеқорлықпен келіскен жоқ. Керісінше, «өткен тарихқа құлаш сермеп жазылған Мағжан поэма-лары – қазақ əдебиетінің төңкеріс дəуірінде қол жеткізген бірінші олжасы» деп жоғары бағалады. Əдебиет халін тексерген Жүсіпбек те өз жазбасында Мағжанды ұлт ақыны деп ұлықтады. «Əдебиет – өнер. ... Əдебиетке жалаң тап көзімен, не саясат көзімен қарап, сыңар жақ кетпей, Маркс көзімен диалектика əдісін қолданып сынау керек. ... Тап ақыны əзір қазақта жоқ. Əдебиет тарихын тексер-ген кісіге мəлім: ескі тұрмыстың шаңырағы ортасына түсіп, жаңа тұрмыс əлі орнықпаған көшпелі дəуірдің ақындарында мұң-зардың, торығудың сарыны туады. Ақын ескі тұрмыспен тəрбиеленіп қалады да, жаңаның жақсы болатынын білсе де, сол өмірге тосаңсып, түсіне алмай, жаңа заманның ада-мы бола алмай көп тайғақтайды. ... Міне, осындай көшпелі дəуірде, ескіге көзін сүзіп жабыққан за-манда əдебиет ақыны романтикке айналады, Мағжан да романтизмге беріліп отыр. Бұл жалғыз ақынның сезімі емес, елдің де арманы, көңілі. «Əттең, баяғы дəуіріміз болар ма еді?!» дейтін ел ішінде де аз емес. Қазақ əдебиеті күйректік (сенти-ментализм), сарындамалық (ро-мантизм) дəуірінде болуға тиіс» деп, əдебиет туралы терең та-нымын, объективті ұстанымын таратып келіп: Жұмабайұлына қатысты,– «Мағжан – көшпелі дəуірдің ақыны, ұлт ақыны. Ұлтты жалпағынан алып қарайды. Мағжан ұлтшыл, түрікшіл, жиһангерлікке қарсы күншығысшыл ақын» деп, аса жоғары бағалайды. Мағжанды

өзек етіп, таптық əде биеттің си-паты мен сынына байланысты өрбіген бұл айтыс болашақта ба-сталатын үлкен тартыстың басы, əдебиеттегі көрінісі еді. Мағжанға қарсы дайындалған саяси айыптау-лар оны екінші қайтып тұрмастай тұралатқаннан кейін, бірте-бірте сипатын өзгертіп, партия ішіндегі жікшілдікке, топшылдыққа ұлас-ты. Ол ретте сынның садағы Сма-ғұл Сəдуақасұлы, Сұлтанбек Қо-жанұлы, Сейітқали Меңдешев, т.б. ауысты. Ə.Байділдиндерден кейін О.Исаев, Е .Ерназаров, І.Құрамысовтар сахнаға шығып, іштен жау іздеу спектаклін одан əрі драмалық биікке көтерді. Сондай шабуылдың бірінде О. Исаев «Сұлтанбек Қожанұлы қателерін мойнына алды» деп жар салса, І. Құрамысов «Ұлтшыл жəне бай-шыл ұлтшылдар» туралы [«Еңбекші қазақ».–1928.–№46, 54, 55, 56] өздерінің айыптауларын негіздеп жатты. Cондай айыптауларының бірін де О.Исаев: «Неше жыл пар-тияда тұ рып, бетін оңға бұрмаған, партиядан үр кек аттай ығысып жоламай жүрген Сма ғұлды, біз енді түзей алмаймыз да, оған пар-тия жолын ұғындыра ал май мыз, біздің мақсатымыз Смағұл ды түзеу емес, Смағұлдың қылып отыр -ған қастығынан партияны қор ғау. Əң гіме Смағұлдың қара ба сын да емес, Сма ғұлшылдарда. Сма ғұл -

шылдардың бү гінгі өмірге көз-қарасының қалай екендігінде. Біз Смағұлшылдармен, ондай адам дар-дың партия қатарына іріткі салуы-мен ежелден күресіп те келе жатыр-мыз, келешекте де күреспекпіз», – деп, Сма ғұлға тағылған айыпты, енді Смағұл шылдыққа ұластырып, оларға қарсы күрес майданы ашы-латынын мəлімдеп жатты.

Осылайша, халқымыздың соры-на қойылған қойылымның соңы – ел жанашырларының жаппай қуғын-сүргінге ұшырау, зиялылардың тұт қындалу, атылу трагедиясымен аяқ талды... Бұл сол кездегі қазақ оқы ғандарын бір-біріне айдап салу сая саты салдарынан орын алған қасі рет екені даусыз. Ел басына төн-ген сол нəубеттен сабақ алсақ, біз-дің мақ сатымыздың орындалғаны.

МЕКЕМЕЛЕРДІ ҚАЗАҚЫЛАНДЫРУ ЖƏНЕ ТІЛ

МƏСЕЛЕСІ 1928 жылға дейін газетте үзбей

көтерілген өзекті тақырыптың бірі – қазақ тілінің мəртебесі жəне оны кеңсе ісінде жүзеге а с ы р у б о л ғ а н д ы ғ ы н б а й қ а у қиын емес. Басылымның бас-тау көзі – «Ұшқыннан» өрбіген бұл мəселе Сəкен редакторлық еткен мезгілде (1922 жылдың соңы мен 1924 жылдың сəуіріне дейін) газеттің əр санында айты-лар өзекжарды мазмұнға айнал-ды. «Қазақ тілін жүргізуде елден келген мағлұмат», «Қазақ тілін жүргізу жайында», «Кеңселерде істі қазақ тілінде жүргізу», т.б. айдарлар арқылы С.Сейфуллин қазақ тілін ұлықтаудың Сəкендік үлгісін көрсетті. 1921 жылы: «Республикадағы бүкіл кіндік

һəм гүбірнелік мекемелерінің кең-селеріндегі, үйезный мекеме лер дің кеңселеріндегі қатынас қағаздар орыс тілінде жүргізіледі» деп, Р.Зенькович қол қойып, бекітіп берген декретін («Еңбек туы». – 1921. – №6) ашық қолдай қоймады. Тіпті, «киргиз» атын «қазаққа» ауыстыруға да өл шеу сіз үлес қосты. Сəкеннің осы тура лы пікірі, тіл үшін жасалған жан пи да лық қайраткерлігі оның тұлғасын ас қақ-тата түсетіні анық.

Тіл тақырыбын Алаш зиялы-лары ның кеңестік буыны Смағұл, Сұлтан бектермен бірге, «тап-шыл тұлғалар» да сырт айналып өтпегенін айтпасақ қиянат болады. Не жазса да тап мүддесімен қарап, əсіре қызыл, «туа бітті» коммунистік мінезбен көрінетін Ғ.Тоғжанұлы да тіл дегенде бейтарап қала алмап-ты. Ол өзі редакторлық еткен 1926 жылы газеттің №253 (15 ноябрь) нөміріне (газеттің бірінші бетіне) «Қазақтарды қазақылау керек» атты мақала жариялайды. «Қай көз бен қарағанда да қазақ бола тұ рып, қазақшаны ұмыту ұят. Əсі ресе, бұл қазақ еңбекшілерінің көсе мі-мін, саяси басшысымын, қазақ-тың саяси тұрмысында, мəде-ниет жұмысында басшымын деп отырған қазақ коммунистеріне ұят. Қазақ еңбекшілерін орыс тілін де тəрбиелеп, орыс тілімен б а с т а у ғ а б о л м а й д ы . Ы л ғ и

көшір мемен (перевод) қазақ əдебиетін жасауға болмайды. Ылғи қазаққа түсініксіз кө шір-ме кітаптармен қазақ еңбек-шілерінің сана-саңлауын ашуға да болмайды. Ахмет пен Елдеске ғана мектеп кітаптарын жазды-рып отырып, қазақ мəдениетін де жасай алмаймыз. Мұны өзге оқығандарымыз ұқпаса да, қазақ еңбекшілеріне басшымын деп отырған қазақ коммунистері ұғу керек. Сондықтан қазақтарды қазақылау керек дегенде алды-мен қазақ коммунистері бас-шы болу керек. Алдымен өздері қазақыланып, сөйтіп, өзгені де қазақылау керек. Өзің «қазақ» болмай отырып, басқаларға «қазақылан» десең, ол сөзің бос сөз болады, ұғымсыз сөз бо-лады. Қазақыландыру жұмысы ой ла ғанымыздай болсын деген қазақ коммунисі əуелі өзін қа-зақыласын». Мақалада көтерілген бұл жанайқай өкінішке қарай əлі де тіл ұшында тұр.

Қазақ тілінің тағдырына алаң-да ған мақалалар жыл озған сай-ын басылым бетінен біртіндеп сирей бас тапты. Бұл, біріншіден, баспасөз ісінен бұрынғы оқы-ғандардың алас татылғанынан бол-са, екіншіден, пар тиялық билік пен коммунистік идеологияның ақпараттық кеңістікті шеңгелдеп ұстап, қалт еткенді бақылап отыр-ған «қырағылығынан» еді. Дей-тұрғанмен, арагідік болса да есті дауыстар естіліп қалып жат ты. Соның бірі – «Еңбекші қазақ-тың» 1928 жылғы 297-нөмі -рінде елдегі қазақыландыру ісі-нің дұрыс жүзеге аспай жат-қан дығын сынаған материалда

онсыз да мəз емес қазақылан дыру жұмысының ілгері басудың ор-нына кері кеткеніне күйініш та-нытады. Алматы округінде ау-дандардан бұрын мекемелерді қазақыландыру 33 пайыз болса, аудандалғаннан кейін 12 пайызға бір-ақ құлдырағанын, Оралдың да қазақылану жағдайы 34-тен 10 пайызға кемігенін сынайды. Жай сынап қана қоймай, «бұдан былай осылай қазақыландырсақ, əрине, ештеңе шықпайды. Бұл жұмысты тегінде партия орындарымыз бол-сын, бақылау орындарында болсын қолға алуы керек. Қазақыландыру жұмысы енді жалпы алмай, əр мекемені жеке-же ке алып тек-серу керек. Неге орын далмаған, қан дай бөгет болған, соны жеке-жеке алып, анықтау керек. Сөй-тіп, төрешілдікке салынған, бұл жұ мысқа немқұрайды қараған, не орыс шылдыққа берілгендер бол-сын, олардың тиісті сыбағасын беру керек. Партия жөнімен де, закон жөнімен де мұндайларды жауапқа тарту керек» – деп қат-қылдау талап қояды. Деген мен, қуғын-сүргіннің тұсында га зе ттің осындай тақырыпты тайсал май басуы, əрі жанкештілік, əрі пікір алуан дылығын қолдағандығы болу керек.

Сонымен, 90 жыл бұрын «Еңбек-ші қазақ» көтерген ол тақы рыптар бүгінгі күні «Егемен Қазақстан»

ар қылы жалғасын тауып жатса, шүкі ршілік дейміз. Ол ел газетінің саң лақтар салған сара соқпақтан ауыт қы ма ғандығы, халқына адал-ды ғы, ұлтының қамын жегені.

«ЕҢБЕКШІ ҚАЗАҚТЫҢ»ІЗБА САРЛАРЫ

Аға басылымның тарихы-на тоқталған бұл мақалада бірер сөзді өңірлік баспасөзге де арна-уды жөн санап отырмыз. Қазақ жерінде Кеңес үкіметі билікті өз қолына алуымен, бұрынғы ұлттық-демократиялық бағыттағы бей-ресми басылымдар жабылып, ор-нына кеңестік мазмұндағы жер-гілікті баспасөз құрыла бастады. Орынборда «Қазақ» газетінің ор-нына «Қазақ мұңы» деп аталатын большевиктік «Торғай» басылы-мы, Семейдегі «Сарыарқа» мен «Абайдың» орнына Семей губком мен губаткомның «Қазақ тілі» газеті, Ташкенттегі «Бірлік туының» ор нына Түркістан соғыс майданы сая си бөлімінің тілі – «Жаңа өріс» (1920 жылдың желтоқсанынан «Ақ жол» атанды), күнбатыс Қазақ стан-да «Ұранның» орнына «Дұрыс тық жолы» газеттері шықты. Боль-шевиктік бағытына қарамастан бұл басылымдардың шығарушылары мен редакторлары бұрынғы Алаш оқығандары сапынан еді. «Қазақ тілін» «Абай» мен «Сарыарқаның»

негізгі жазушыларының бірі – Мəн нан Тұрғанбай бастап шы-ғарса, «Жаңа өрісті» «Бірлік туы-ның» редакторы болған Сұлтан бек Қожанұлы қолға алды. «Ұран ға» тер төккен Ғұмар Қараш, Ғаб дол-ғазиз Мұсағалиев «Дұрыстық жо-лының» редакциялық алқасына енді. Осындай сабақтастықпен шық қан қазақ баспасөзі кеңестік рең кіне қарамастан жиырмасыншы жылдардың алғашқы жартысына дейін өздерінің объективтілігін, өткір лігін жоғалтпады.

Қазір ата жасына жетіп отырған басылым «Егемен Қазақстанмен» бірге осы жылдар аясында өңір лік баспасөздер де өздерінің мерей-тойлық мерекелерін атап өтуде. Былтыр «Орал өңірі» газеті 95 жы-лын мерекелесе («Орал өңірі» 1918 жылы жарық көрген «Дұрыстық жолынан» бастау алады), биыл Семей облыстық баспасөзі – «Семей таңы» да 95 жылдығын тойлады («Семей таңы» 1919 жылдың 4 желтоқсанынан жарық көрген «Қазақ тілінің» жалғасы). Үстіміздегі жылдың қазан айында «Оңтүстік Қазақстан» басылымы «Ақ жол» жəне алаш зиялылары» атты ғылыми-тəжірибелік конфе-ренциямен 90 жылдығына арналған іс-шараларды өткізді (газет бастау-ын 1924 жылғы «Ақ жол» газетінен алып отыр). Бұлард ан өзге тари-хын 1922 жылғы Əулиеата ояздық, қалалық партия комитетінің орга-ны «Вольная беднота» газетінің қосымшасы «Кедей еркінен» та-рататын Жамбыл облы сы ның «Ақ жол» басылымы екі жыл бұрын 90 жылдығын қарсы алды. Қызылорда облыстық «Сыр бойы» газеті де биыл 85 жылдық тойын дүр кі-ретіп атап өтті. Бұл облыстық баспа сөздердің өңірді дамытудағы жетістігі мен қол жеткізген табы-старын жоғары бағалай отырып, кейбір ойларымызбен бөліскенді оң көріп отырмыз.

Сонымен, Оңтүстік Қазақстан облысының газеті шыққан күнін 1924 жылдың 26 қарашасы десе, Қызылорданың облыстық «Сыр бойы» газеті 1929 жылдың 1 шілдесін алып отыр. Егер Түркістан автономиясы таратылғаннан кейін оның құрамында болған қазіргі Қызылорда, Шымкент, Жамбыл облыстарының барлығы біртұтас Сырдария атауында Қазақ авто-номиясына қосылғанын ескерсек, бұл облыстардың баспасөзінің түп тамыры ортақ, жарыққа шығуы да шамалас болуға тиісті еді. Ендеше, бүгінгі «Сыр бойы» газеті өз тари-хын 1929 жылдан бастауы «неге» деген орынды сұрақ тудырады. Сол сияқты «Оңтүстік Қазақстанның» түп негізін неге бір басылымды екіге бөліп, яғни 1924 жылғы «Ақ жолдан» бастауы да көңілге қона бермейді. Өйткені, ол газет 1920 жылдан шыға бастады ғой...

Бұдан шығатын қорытынды, қатар жатқан үш облыстық га-зет өздерінің тарихын белгілеуде ə р т ү р л і п р и н ц и п ұ с т а н ғ а н . Бірізділік жоқ. Біздіңше, əйтеуір сол өңірде жарық көріпті деген бір басылымның «туған» күніне, не-месе Түркістан ОК мен ОАК-ның органы болған «Ақ жолдың» тари-хына жармасудың да қажеті жоқ. Дұрысы – Сырдария губерниялық комитетінің басылымы ретінде сол жергілікті жерде жарық көрген баспасөздің шыққан күнін алған жөн болар еді.

Біздің топшылауымызша газет-тің 1925 жылғы 4 жылдық мере-келік санында (газет редакциясы ол кезде басылымның тамырын ревкомның тілі болған «Ұшқыннан» емес, өздерінің алғашқы нөмірінен, яғни 1921 жылдың 7 қарашасынан шыққан «Еңбекшіл қазақтан» алып отыр – автор) Сарықұлұлы басылымның үкімет тілі, жұрт ай-насы, ел мен елді байланыстырып отыратын елшісі, жұрттың жоғын іздейтін жоқшысы екенін айта келіп: «6 миллионға шамалаған қазақ жұртының орталық жалғыз газеті – «Еңбекші қазақ» 6 жасқа шыққанда тілшілері бес жүзге, тиражы 25 мыңға жетсін!», – деп тілек білдірген екен. Бүгінгі «Егемен Қазақстан» өзінің 95 жылдық торқалы тойын-да таралымын 201 мыңнан асырып, нағыз қоғамдық институт деңгейіне көтеріліп отыр. Əр өңірден үзбей ха-бар беріп тұратын кəсіпқой тілшілер қосынын былай қойғанда, шетел-де де арнаулы тілшілер ұстауға мұршасы бар. Республикамыздың əр түкпіріндегі баспаханалардан бір ме-зетте басылып, бірден оқырманына жол тартатын, ақ парат айдынындағы жолбасшы басы лымға біздің ендігі тілегіміз: 100 жылдығында оқырман саны миллионның ширегіне жетсін! Ел туралы, жұрт жайында қазіргі қалпынан, бүгінгі жүрісінен жаңыл -май, ұлттық мұрат пен елдік мə селе-лерді тереңнен толғап, батыл қозғай берсін демекпіз.

Намазалы ОМАШҰЛЫ,Л.Н.Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық университеті Журналистика мəселелерін

зерттеу институтының директоры.

Саламат Хайдарұлының есімі қазақ баспасөзінің тарихын да өзіндік орны бар десек, қате лес-пеген болар едік. Жазмыш тың өзі қолына қалам ұстатып, қоғам ның аумалы-төкпелі бұралаң тұсында жауапкершілігі мен машақаты бөлек журналистік со рапқа салған Саламат ағаның тағ дыры да қы зық əрі мағыналы. Асыл аға «Егемен-мен» түйдей құрдас, биыл 95 жа-сын атап өтті.

Саламат Хайдарұлының арғы аталары қажылық көрген, дінге берік тақуа кісілер болса, өз əкесі Хайдар да текті, дəулетті кісі болған екен. Заманның сызы ұрып «кəмпеске» деген жасанды қудалау шығып, əке басына қара бұлт үйірілгенде Саламат аға он жаста екен. Аштық пен жоқшылықтың азабына қарсы тұра білген əке со-нау 1937 жылғы нəубетті шақта жабысқан дерттен көз жұмады.

Алапат аштықта ол кісі небəрі жасы 13-тен енді асқан бала екен. «Ұзақ күндерде қар ны мыз ашады. Ауыл алыста. Əрекет сіз, жай жатып өлгіміз кел мейді. Топтанып базарға шы ға мыз. Онда кар топ, қияр, құмар шықтан істеген көже, палау сатады. Біз сияқты аш балалардың аңдитыны осы. Базардың ішінде, шет жақтарында əр жер де ісіп-кеуіп өліп қалған адамдарды көресің. Өлік тер өгіз арбамен жү ріп жинап алғанша жата береді. Иісі қолқа қауып жүргізбейді. Оған қарауға мұршамыз жоқ. Əң гі мелескен боп көзді алдап, қияр, картоп ұрлаймыз. Қара суға пісіріп жейміз. Сөйтіп, тамақ асы рағанбыз. Сондай да за-ман өт кен басымыздан. «Айтып істеген ұрлықтың айыбы жоқ» дейді ғой. Ел басына түскен ауыртпалық қаршадай бала кезімде осылайша менің де басыма түсті», деп еске алады Саламат аға.

Ертеректе Теңіз деп, қазір Құр-манғазы деп аталатын ауданның газетінде редакторлық қызмет атқарған Саламат Хайдарұлы сол кездің солақай саясатының пəр-меніне де ілігіп кеткен. «Ата лары қажы болған, өз əкесі бай болған, социалистік тапқа жат элемент» ретінде қызметінен босап, саяси бюроның талқысына да түседі.

Тағдырдың бұралаңы көп, бұ-рылысы шалт соқпағында не-лер қиын жағдайға мойымас тан Саламат Хайдарұлы қаламын қолы-нан тастамаған. Сол еңбек қорлығы мен журналистік қыз метке деген адалдығы ол кісі ні Сəбит Мұқанов, Мұхтар Əуезов, Ғабит Мүсірепов, Асқар Тоқ ма ғамбетов, Тайыр Жароков секілді əдебиеттің алып-тарымен дидарласуға, əдебиет майданында қатар жүріп қызмет етуге жетеледі. Гурьев облысында алғаш рет ұжымшар лар мен кең-шарларда, аудандар мен мұнай кə-сіп ші лік терінде ақындар айтысын ұйымдастыр ып, жас таланттарды əдебиетке баулудан шаршамайтын Саламат аға Тауман Амандосов, Берік Қорқытов, Жəмек Оспанов, Түсіп Бисекенов, Ізни Нұрқасынов секілді қазақ баспасөзіне келелі үлес қосқан белді шəкірттерді де тəрбиелеп шығарды. Ол кісінің жазған журналистік еңбектері мен сын мақалалары, фельетондары, айта берсе əрқайсысы бір мақалаға жүк боларлықтай.

Еліміздің бас газеті 90-жылдық мерейтойын атап өтіп жатқан тұста басылыммен бірге жасасып келе жатқан Саламат аға: «Өмір жаңарды. «Егемен Қа зақ станға» қуатты жаңа толқын келді. Газеттің таралымының өзі-ақ ұжымның шығармашылық əлеуетін, дəстүр сабақтасты ғын танытып тұр емес пе. Қазақстан баспасө зінің алғы шебінде тұрған қара шаңырақтағы қа лам иелерінің қарымы мол, ты-нысы кең. Тоқ сан жасап көпті көрген мендей кəріңіз осыған шын қуанады. Сүйікті “Егеменім” мың жасасын, халқымен бірге мəңгілік жасасын деймін» деп бата беріп, өзі еңбек еткен газетіне ақ тілеуін арнап еді. Міне, бүгінде тоқсан баске аяқ басқан абыз ақсақал əлі де қаламын қолынан тастамай, сүйікті басылымының əр санын қалт жіберместен, өткен өмірі мен келешек күндерге көңіл құсын ұшы рып, жақсы жасап келеді.

Қанат ЕСКЕНДІР,«Егемен Қазақстан».

АЛМАТЫ.

Сирек суреттер сөйлейді

Екі мəрте Социалистік Еңбек Ері Нұрмолда Алдабергенов редакцияда қонақта (1959 ж.).

Атақты «Қыз Жібек» фильмін түсіру басталған кезде газет ұжымы оған қатысушы кино артистерін редакцияға шақырып, кездесу өткізген еді. Мына сурет содан қалған бір белгі (1969 ж.).

«Егеменніѕ» ќўрдасы

(Соңы. Басы 13-бетте).

«Егемен» – ел газеті

Суреттерде: «Еңбекші қазақ» басылымына Ғаббас Тоғжанұлы ре дак тор лық еткен тұстағы редакциялық құрам. (фото газеттің 1927 ж. 272-нөмірінен алынып отыр); «Газет неше өткел ден өтеді?» тақыры бындағы газеттің жасалу үр ді сінен фото репортаж. «Еңбекші қазақ» басылымының 1927 жыл ғы нөмірінде жарияланған бұл материал фотосуреттер, диаграмма, схема сияқты ақпарат беру тəсілдерін ұтымды пай далануымен құнды (фото 1927 ж. 272-нөмірден алынып отыр).

20 желтоқсан 2014 жыл www.egemen.kz 15

Сарбас АҚТАЕВ: ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕ-

СУ. Бас редак тордың орын-басары, бірінші орынбасары болып қызмет атқарған он жеті жылдың ішінде «СҚ»-ның менің қолыммен шыққан нөмірлерін санаса, жарты мыңнан асып жығылатын шығар. Тіпті бірінші басшы ауырып қалып төрт-бес ай үздіксіз қол қойған уақытым да болды. Сондай бастығымның орнын уақытша басып жүрген кездерімнің бірінде кенеттен Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетіне, тікелей о н ы ң б і р і н ш і х а т ш ы с ы

Дінмұхамед Қонаевтың өзіне шақырылмасым бар ма! Жүрегім лүпілдеп, дүрс-дүрс соғып барған басым, қабылдау бөлмесінде «Казправда» мен астаналық облыстың екі газетінің жəне екі жа-стар басылымының бас редакторларын ұшыратқанда, өрекпіген көңілімді əрең бастым. Кабинетке кіргенімізде үлкен кісі төрдегі орындығынан тұрып, қарсы жүріп кеп алдымен орыс газетінің бас редакторы Федор Михайловқа қолын ұсынып:

– О, Федеке, əріптестеріңді бастап өзің келген екенсің ғой, – деп жымия күлді.

– Димаш Ахметович, мені Федеке дегеннен гөрі Жалайыр десеңіз дұрыс болар. Мен қазір Қаракесек емеспін, олардан іргемді бөлгенмін, – деп Михайлов қарқ-қарқ күлді.

– Ə, солай де. Қаракесектен де кеткен екенсің ғой, – деп үлкен кісі де рахаттана бір күліп алып, қалғандарымызбен қол алысып, жылы шыраймен ұзынша үстелдің басынан орын алыңдар де-ген ишарат жасады. Ол бізге бүгін аса көңілді көрінді. Бəріміз жайғасқан соң бас жақтағы орнына өзі отырды да:

– Сіздерге бүгін сүйінші сұрарлық сүйінішті хабар жеткізгелі отырмын, – деп сөз бастады. – Астық үшін айқасты қай басы-лым болсын жаман көрсетіп жатқан жоқ. Соның жемісін паш етуге жақынбыз. Қазақстан биыл Отан қамбасына миллиард пұт астық құймақ. Бірер күнде рапорт беріп қалармыз. Шынтуайтын айтқанда, бұл көзбояу қоспасы, көпіршіген көбігі жоқ нағыз шынайы миллиард. Жыл бойы тыным таппай, маңдайтерін төге жүріп тау төбе алтын дəн өсірген дала еңбеккерлерінің ерен ерлік еңбегін айшықтай көрсетсін деп сіздерді əдейі шақырып отырмын.

Дəл осы тұста төрдегі тікелей телефон безілдеп қоя берді. «Кешіріңіздер!» деп орнынан тұрған Димекең баяу басып барып телефон тұтқасын көтерді.

– Тыңдап тұрмын! Иə , Мəс імхан , хал қалай? Қостанайлықтардың астықты міндеттемеден артық тапсыра-мыз деген уəдесінде тұратын түрі бар ма? Жақсы, жақсы! Онда ерледі олар! – деді тап-таза қазақ тілінде сөйлесіп. – Оразалыға сəлемімді жеткіз. Анау Арқалықтағы Қозыбаевты айтамын. «Торғай тыңының» не тұратынын көрсетсін биыл!

Мəсімхан іссапармен Қостанайда жүрген Үкімет басшы-сы, Министрлер Кеңесінің төрағасы Бейсебаев екенін бірден түсіндік. Əлгінде ғана бəрі мізбен орысша сөйлесіп отырған ел бас шысының қазақ азаматымен өз ана тілінде сөйлескенін естіп, еңсеміз өсіп, төбеміз көкке жеткендей бір қуанып қалдық. Қазақ қазақпен дəйім осылай қазақша сөйлессе ғой.

Ұлы ағаның осыдан қырық жыл бұрынғы сол сөзі күні бүгінге дейін құлағымда тұрған сияқты. Оны өнеге десе де, өсиет десе де болғандай.

Уахап ҚЫДЫРХАНҰЛЫ: ҚАРА ШАҢЫРАҚ, АҚ

БАТА. Қазақ радиосының Əдебиет-драмалық бас ре-дакциясын басқаратын едім. «Никита Хрущевтің тыңдағы тұлғасы» деген əуезді-əдеби хабар эфирге шығып кетіпті. «Алтын қорды» қоқыстан та-зартатын мен болмасам да бала тілші етіп, басқа бір бөлімге қуып тықты. Осыған өкпелеп ж ү р г е н д е « С о ц и а л и с т і к Қазақстан» шақырды.

Келдім. Партия тұрмысы бөлімі. Бастығы Əзілхан Нұр -шайықов. Очерк, новелла, этюд сияқты елпілдеген дүниелерім

көріне бастады. Жаңа жылға тапсырмамен жазған «Балға дауы-сы» деген əңгімеме оң сөз естідім. Содан, Семей облыстық пар-тия конференциясынан жазған есебімді ұсындым. Оқи жөнелді. Қатардағы үстелден көз қиығын салып қоямын. Қызыл сия қара жолдардың астын қан-жоса етіп жосылтып барады.

– Ал, енді, – деп, мені өзіне қаратты. – Тəсіліңе таласым жоқ. Тек, мынау партиялық есептен гөрі, мерекелік репортаж сияқтанып кетіпті. Жетістіктерді желпілдетіп жібересің де, кемшіліктерді кекеп-мұқап өте шығасың. Сандық, пайыздық са-лыстырма жоқ. Ресми есеп те журналистік жанр. Онда партиялық принцип, сараптау, талдау, талап қою деген болады. Тілді талғамсыз төге беру – обал. Есептің өңі өз тілімен айтса кіреді...

Сезімді салқындатып, тілді тежей бастадым. «Социалистік Қазақстан» еркіндікке жібере бермейтін, бойыңдағы жел-құзды сығып, олпы-солпыңды отап-бұтап, жіптіктей ғып шығаратын, балғасы батпан ұстахана екен. Сезімді сөзге өлшеп бер, далбаса-ламай дəл айт, тіл беземей түйсік тап, қызыл жүйеден жаңылма, дейді. Сөйтіп, келген бөлімінің сипаты, ұстазымның ұстанымы аға басылымның арнасына тез түсірді.

Əзағамды «Қазақ Совет энциклопедиясын» құрысуға шақырып əкетті. Бөлімде мен қалдым. Жылдың жаңа айдары етіп газетте «Жас коммунистер оқуын» жүргізетін болдық. Оны Бауыржан Момышұлының батасымен ашқызу ұйғарылды. Редактор Кеңесбай Үсебаев телефонмен келісімін алды да, менің аты-жөнімді атады. Тек бет берілер тұста Баукең қалада бол-мады да, «Бауырмал бол, батыр бол!» деген беташар ол кісіге көрсетілмей басылды.

Үш-төрт күн өткенде редактор шақырды. Баукең келіпті. Қолымды кеудеме қойып, сəлем бердім.

– Молда бол! – деді. Жүзі жылы. Селк еткен сезімнен тез сергідім. Көз аясын кең ашып, бір сəт барлап алды да:

– Мынаны мен қашан жаздым? – деді сəл қатқыл үнмен. Мен араша күтіп редакторға қарадым. Екеуі де жымиды.

– Мə, мынаны ал да кет! – деп, өз сө зінің тұсына қолын қойған газетті берді.

Ертеңгі лездемеде редактордан естідік; «Институт

– студенттер аудиториясы. Ал, газет – миллиондар мектебі», – депті Баукең.

Осы «Миллиондар мектебінің оқуы» жылға жуық жүргізіліп, соңы Сəбеңнің (Сəбит Мұқановтың) сабағымен тəмамдалды. Сəбеңе студент кезімде сəлем бергем. «Лениншіл жаста» сұхбат алғам. 1964 жылы Сəкен Сейфуллиннің 70 жылдығында Алматыдан басталып Қарағанды, Жаңаарқа, Ақмола, Көкшетауда ұласқан таусылмас тойларда жарты ай бойы еріп жүріп, радионың «Алтын қорына» үш бөлімді əуезді-əдеби хабар жазып қалдырғам. Бұл жолғы əңгіме Алматы санаториясында жасалды (стенографиялық нұсқасы бар). Газет апардым. Оқыпты. Өзінің көңіл-күйін аңғартатын байырғы ырғағымен: «Дұр-р-ы-с-с!» – деді де, «Еңбекші қазақтың» ежелгі шежіресін шертіп тастады....

Басымызда байтақ қара шаңырақ,Өркенбіз біз өскен содан тамыр ап.Хақтан соң да тəңір болса табынар,Сол шаңырақ болар бізге Тəңір-ақ!Бұл менің аузыма ұжымның елу жылдығында түскен

мінəжат. Ел газетінің еңсесін көтерісіп, шырайын ашып, шуағын шашысуға балтыры жуан жиырма бір жыл қызмет еттім. Қара шаңырақтың шарапаты, ұлылардың Ақ батасы ғұмырымның ғибраты болып қала берді!

Бекболат ƏДЕТОВ: ӨТКЕН КҮНДЕ БЕЛГІ

КӨП. «Сықиған СҚ» деген сөзді кеудеміз желге толып жүрген кезде өзіміз де айтқанбыз, айтқандарды да талай естігенбіз жəне айтатындардың қазір де бар екенін білеміз. Ел газеті «Егеменнің» қазыналы қазанында бір күн де болса қайнап піспеген жандардың солай деуі, бəлкім, түсінікті де шығар. Əркім өзінің өресінен сөйлейді ғой.

Ал «ең бір есте қалған» дейтінге келетін болсақ, бір күн емес, бір жыл емес, өмірімнің ең мəнді де сəнді кезеңі осы

шаңырақтың астында өтті десем, оны ешбір көлгірсусіз, шын жүректен айтамын. Сондықтан, ондай күндер де, «ойдай» дерлік оқиғалар да көп болды ғой, несін айтасыз. Əрі солар жайында əредік-əредік жаздым да, небір алқалы жиындарда, жарасымды ортада үзбей айта жүретінім жəне бар.

Айтпай ше! Газеттің облыстардағы меншікті тілшілері жылына бір бас қосатын базарлы күндерді қалай ұмытарсың! «Қаламдастар, қадамдастар» дейтін естелігімді де жаздым: жыл сайынғы сондай жиынның бірінде арнайы автобусқа тиеліп, Алматыға жақындау бір елді мекенге сапарға шығатын жолы достарымның арасында «қарапатша» атанған Алтекең (Алтынбек Жолдасбеков) мен қайран да қайран Сабыржан Шүкірұлының жол бойы сөз жарыстырып, күлкінің туын тіккені сағынбайтын сəттер ме еді? Тəжібай Битаев пен Басқар Битановтың, Болат Шубаев пен Дəрібай Əлисұлтановтың, Совет Шиманбаев пен Кеңесхан Зəкеновтің қимас қылықтары қандай еді! Кеңшіліктің, Тоқтарбектің, Əнуар мен Əзиздің əдемі əзілдері ше? Бүгінде осы аты аталған асыл достардың, қаламдастар мен қадамдастардың бəрі о дүниелік болған. Дегенмен, «Бұлбұлым!.. мың бір күнге татиды өзіңмен өткен бір күнім» деп Тəкең (Тəжібай) марқұм сызылтатын əн сөзіндей боп, солармен жүрген күндердің əрбір сəті ұмытылмастай есте қалды ғой. Əндете жүріп, сəндете жүріп жұмыс істеуші едік. Əрі ортақ іске, шығармашылық парызға оның қылаудай көлеңкесін түсірмеуге адал болушы ек. Күндердің бір күнінде əдеттегіден көбірек «сілтеңкіреп» жіберіп, ертесі сүт қатқан қою шайға терлеп-тепшіп, құрыс-тұрысы жазылған Тəкең жарықтықтың жұмысқа шығып бара жатып: «Енді барып, «Арақ – арыңа дақ» деген айдар сөзбен мақала жазамыз!» дейтіні сондайда ғой. Ол да Тəжібай айтқан тапқыр сөздердің бірі болып есте қалды да өзіміздің, «...деген екендеріміздің» қатарын молайтты.

Əйтеуір, өткен күнде белгі көп. Сол үшін, Совет досым айтпақшы, атыңнан айналайын «Социалистік Қазақстанға» бел-шеден қарыздармыз.

Жазып алған Қорғанбек АМАНЖОЛ,

«Егемен Қазақстан».

Ханкелді ƏБЖАНОВ,Ш.Уəлиханов атындағы Тарих жəне этнология институтының директоры, ҰҒА корреспондент-мүшесі.

Большевиктік революция мен билік ұлтымызға жақсылық əкелмейті-нін Алаш зиялылары көрегендік пен болжай алған екен. Қазан төңкері-сін «найзаның ұшымен, айбалтаның жүзімен болған» зорлық актісі ретінде қабылдаған Ə.Бөкейханов, обалы нешік, əу бастан қазақ жұртын бірігуге, мақсатты əрекетке, бас амандығын қамтамасыз етуге шақырды. «Есік ал-дынан дауыл, үй артынан жау келді! – деп дабыл қақты ол. – Алаштың ба-ласы, Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламадан соң, 200 жылда, басыңа бір қиын іс келді! Ақсақал аға, азамат іні, отбасы араздық дауды қой; бірік, жұрт қызметіне кіріс! Алаштың басын қорғауға қам қыл!».

Шынында да, 1931-1933 жылдарғы ашаршылық қасіреті «Ақтабан шұбы-рындыдан» асып түспесе, бір мысқал кем емес.

Қазақ қынадай қырылған 30-шы жылдар басындағы Қазақстанда кеңестік тоталитарлық тəртіп толық орныққан еді. Саяси қуғын-сүргін, ұлт мəселесіне өктемдікпен қарау, адам құқығын тап-тау қалыпты ахуалға айналған-тын. Мұны М.Əуезов пен Ə.Ермековтің «қателіктерін» мойындаған 1932 жылғы хаттары жайлы мақаласында М. Шоқай жан-жақты дəлелдегені белгілі. Ал 1933 жылы Кеңес үстемдігінің 16 жылдығына орай ол былай деп жазған еді: «... шет аймақтардың орыс от-арына айналғанын, Түркістан мақтасы, Кавказ мұнайы өз елінің игілігіне жұмсалмай, Орталық Кеңес билігінің қажетіне пайдаланылып жатқанын ұлттық коммунистер ап-анық көріп отыр. ...Ең жаңа жүйедегі фабрика мен заводтардың жұмыс істеп жатқанына қарамастан, қажетті заттар тапшы жəне бағалары жоғары. Мемлекет қайыршылық жағдайында. Тұрғындар аштан қырылуда».

Ашаршылық халқының болашағына балта шапқанына жүрегі қан жылаған адал перзенттері үнсіз қала алма-ды. Олардың бір тобы билік тізгінін қолға алған И.Сталинге, оның айна-ласындағыларға хат жазса, екіншілері жағдайдың мей лінше күрделі екенін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, əсіресе, қазіргі «Егемен Қазақстан», сол жыл дарғы «Еңбекші қазақ», «Социалды Қазақ стан» беттерінде түсіндіруге ты-рысты. Мəселен, денсаулық сақтау нарко мы С.Асфендияров ауыл-село тұрғын дарына медициналық көмек көрсету мəселесін көтерген «Денсаулық сақтау майданын тез жетілту керек» атты мақаласын «Еңбекші қазақтың» 1931 жылғы 2 желтоқсанында жариялаған екен. Бүкіл Ресейде денсаулық жолына ұстасатын қаржы жан басына 7 сом 86 тиыннан келіп отырғанда Қазақстанда 3 сом 64 тиын болғандықтан аурухана-лар мен емханалардың материалдық-техникалық базасы əлсіз, дей келе, ав-тор қазақ ортасындағы көрсеткіш тіпті сын көтермейтінін баса айтты. «Бұрын, – делінген мақалада, – қазақ əлденеше километр көшіп жүргенде түрлі кінəрəт пен əлеумет ауруларының (теңге қотыр мен құрт) таралуы аз да болса, бəсеңдеу келуші еді. Мұндайда дəрігер жəрдемі, тазалық жағы сəл кем болса-ақ, əлгі ау-рулар бірден етек алып өршіп кетеді». Қазақтың 50 пайызына дейін теңге қотыр болуы мүмкін деген болжамын алға тартады.

Əрине, эзоп тілімен келтірілген осынау дерек пен дəйектің аржағында ашаршылық факторы тұрғанын көзіқарақты жан түсінді.

«Социалды Қазақстанның» 1932 жылғы 24-ші желтоқсан күнгі санында Қазақ өлкелік партия комитетінің бөлім меңгерушісі Ж.Сəдуақасұлы «Бастауыш мектептер туралы» мақаласын жарияла-ды. Оқу-материалдық мүмкіншіліктері шектеул і мектеп сапалы б іл ім бермейтінін айта келіп, ауылдардағы балаларды «аяқ киіммен, сыртқы киіммен жабдықтау жағы да нашар» деген қынжылысын жасырмайды. Бұл кездейсоқ айтылған сөз емес. Өйткені, қазақ ауылына келген апатты көзімен көргеніне қоса, Жаңаарқа, Сарысу ау-дандарына аштар үшін астық жеткізуді ұйымдастырғанын көнекөз қариялар күні кешеге дейін айтып жүрді. Мақала ашаршылық тақырыбын айналып өтпеген. Ұстаздар қауымы бірнеше ай бойы еңбекақысыз қалатынын тілге тиек етіп, оларға «кей жерде азық-түліктің тиісті мөлшерлерде берілмей жүретіні де бар» екенін жасырмайды. Фабрика-зауыт тауарларының тап-шылығын мойындайды.

Салыстыра қарасақ, елдегі жағ-дай дың, оның ішінде адамдарды ашар шылықтан құтқарудың асқынып тұрғанын, М.Шоқайдай ашына жазбаса да, Ж.Сəдуақасұлы эвфемистік тəсілмен жеткізе алғанын бекерлеуге болмайды.

Қазақстандағы бас басылым ашар-шылықтан күйзелген отандаста-рына араша түсудің басқа да амал-тəсілдерін қолдана білді. Аграрлық экономикадағы дағдарыстың бастау көзі Кремль билеушілерінің саяса-ты мен практикасындағы өрескел қателіктерде жатқанын айту мүмкін болмағандықтан жергілікті атқарушы билікті сынағансып, ашыққандарға жəрдем қолын ұсынды. Мəселен, 1932 жылғы 21 ақпан күні шыққан «Социалды Қазақстанда» Калинин ауданына қарасты «Үшқоңыр» сов-хозы жұмысшыларының ауыр халі суреттелген. «Нан орнына арпаның кебегі» тақырыпшасымен берілген ақпаратта мынадай жолдар бар: «Кейде жұмысшыларға арналған нан мезгілімен жеткізілмегендіктен нормасы 50% кемітіліп беріледі, немесе қалыпты ұн орнына сапасы өте нашар арпаның ұны берілді. Совхоздың асханасы жоқ. Тамақты үйге ішуге береді. Тамақты үйіне əкете алмаған жұмысшылар дала-да тұрып ішуге тура келеді. Мезгілі мен нан ала алмағандықтан жұмысшылар-дың жұмысқа шықпай қалған уақыттары да болған».

Пролетарлық интернационализм мен халықтар достығын ұлықтаумен қазақ еңбекшілерінің мүддесін қорғағаны да назар аударарлық құбылыс. 1932 жылғы 4 наурызда «Ымы рашылдық па, ұлтшылдық па?» тақы рыбымен басылған көлемді мақа-лада Қызылорда, Семей, Орал облыс-тарындағы, Пахтаарал, Қарқаралы аудандарындағы келеңсіз үдерістерді сынайды. Батыс Қазақстаннын Урбыжын астық совхозында ұлтты алалау кесірінен қазақ жұмысшылары киім-кешектен, тамақтан, жатын үйден қағылғаны, ауру-сырқауға ұшырағаны, ауырған 40 қазақтың 17-сі өлгені ашу-ызамен жазылған. Мақа ланың түйіні азық-түлік мəселесі ымыра-шылдық пен ұлтшылдықтан бұрын тұратынын астарлап жеткізеді: «Қазақ жұмысшыларының, – делінген онда, – тұрмысы жаман, оған көңіл бөлу керек деген қызметші ... қуғынға ұшыраған».

Газет беттерінде мал шаруашылығы мен жер шаруашылығын озат тəжірибе негізінде ұйымдастыру, көктемгі егіс пен күзгі жиын-терімді шығынсыз өткізу, колхоз жəне совхоз өндірістерін басқаруды жетілдіру жайлы үздіксіз жа-зылып жатты. Егіске зиянды жəндіктерді жою күн тəртібінен түспеді. Осының

бəрін дұрыс жолға қою азық-түлік мəселесін шешудің басты шарттарының бірі ретінде дəйектелді.

Қылмысты тұрмыс туындатады. 30-шы жылдар басындағы ашаршылық мыңдаған адамдарды ұрлыққа итер-меледі. Біреулері аштан өлмес үшін қылмысқа барса, екіншілері арзан-ды қымбатқа сатумен байлық жию-ды көздеді. Осының кешенді үлгісіне 1932 жылы Аралда орын алған оқиғаны жатқызуға болады. Ол жайында «Социал ды Қазақстан» 1933 жылдың орта сында былайша жазған екен: «1932 жылдың өзінде 2 миллионға жақын сомның балық аулауға арналған азық-түлік қоры балықшылар қолына тимеді. Жолда ұрланып, жеке сауда-герлер қолына түсіп, бастықтар басы-нан шіріп, өз пайдасына жаратып қол салды. Əрине, мұның салдары балық аулауға тиді. Бұл жөнінде балықшылар кооперативі қызметшілері жоғары сот алдында тергеліп, қоғам мүлкіне қол сұғып, төңкеріс дұшпандары болған-дығы мойындарына қойылып, 9 адам ату жазасына кесілді. Басқаларына 10 жылдан кесіліп, қатаң қамауға алынды».

Түркістан ауданына қарасты 6-ауылдағы колхоз егінінен Хантағы по селкесінің оншақты тұрғыны 2 га бидайдың басын келтектеп ұрлаған екен.

Соттың да, адвокаттың да, проку рор-дың да міндетін мойнымызға алғымыз келмейді. Дегенмен, екі күзетшінің біреуінің қолын сындырып, екіншісінің басын жарып, заңнан аттағандар тойып секіргендер санатынан еместігіне кəміл сенемін. Байлық қуғандар қу даладағы бидайды қайтсін. Ал 2 га жердің би-дайы бірнеше отбасын аштықтан сақтап қалатыны сөзсіз.

Қазақстандағы ашаршылыққа тікелей жауаптылар тобында өлке лік партия ұйымының басшысы Ф.И.Го-лощекин бар екенін бүгінде мек-теп оқушысына дейін біледі. Кеші-рілмейтін күнəға батқанын оның өзі де түсінді. Түсінгендіктен өзін-өзі ақтаудың небір айла-шарғысына бар-ды. Мəселен, қоғамдық пікірді мүлде басқа мəселеге бұрып жіберуге күш салуы осының айғақ-дəлелі. 1932 жылдың басында Алматы қалалық пар-тия белсенділерінің жиналысында ұзақ баяндама жасап, елдің халықаралық жағдайы соғыс қарсаңында тұрғанын алға тартыпты. «Капиталшылардың бізге қарсы соғыс ашатын уақыты жақындап келеді», – делінген баянда-масында. Сондағы ойы, біріншіден, соғыста өлгеннен елде аштан өлген жеңілірек деген «тұжырымсымағын» санаға сіңіре беру, екіншіден, соғысқа даярлық ашаршылық əкелмей тұрмайды дегенді ұғындыру ғой. Қалай болғанда да, «Социалды Қазақстан» баяндаманы бірнеше санында жариялауымен азық-түлік тапшылығын ушықтырмағаны ақиқат. Ал Голощекин өлкеден өзіне шаң жуытпастан кетті.

Голощекин биліктен тайған соң əміршіл-əкімшіл басқару əкелген сорақылықтарды əшкерелеуге газет айтарлықтай үлес қосты. Мал асырау, ет салығы, басқа да өнімдер дайындау-да орын алған бұрмалау мен асыра сілтеуді, өлкелік партия комитетінің сын, өзара сынды қыспаққа алғаны, Л.И.Мирзоян келгеннен кейін де жағдай оңалып кете қоймағаны батыл жазы-латын болды. 1933 жылғы 4 тамызда осының бəрін тиянақтаған мақаланың басылуы «Социалды Қазақстан» ұлт мүддесіне адал ұстанымынан таймағанын паш етті. «Алдағы күнде болған қате, кемшіліктерді түзеуге күш салуымыз керек. Кейбір аудан-дарда қазірдің өзінде-ақ үлкен-үлкен асыра сілтеушіліктер болып жатыр. Мал, ет дайындаудың 15 айлық жоспа-рын бірнеше аудандар 100, 150, 200 процент етіп асыра орындап қойды. Шынында, жоспардың асыра орындалу-ына мүмкіндік жоқ. Бұ да болса асыра сілтеушіліктің əлі де аудан, ауылдарда болып жатқандығын көрсетеді. Жоспар не артық, не кем орындалмай, тура ғана орындалатын болсын», делінген бола-тын мақалада.

Қазіргі «Егемен Қазақстан» кеңестік дəуірде компартияның газеті ретінде шығып тұрды. Бірақ ол идеологиялық қуыршаққа да, қолшоқпарға да айналған емес. Газет бетінде қоғам мен халықтың тағдырына қатысты пікірталастар, идеялық əралуандық орын алғанын ба-сылым беттеріне көз жүгірткен адам бірден аңғарады. Сонысымен, ұлттық тарихымыздың шежіресі мəртебесін алып жүруге əбден лайық.

АЛМАТЫ.

Ашаршылыќты астарлап айта алды

Жанєа шуаќ шашќан жарќын сəт

1931-1933 жылдары Қазақстанды, бірінші кезекте қазақ ауылын жай лаған алапат ашаршылық ақиқаты егемендіктің елең-алаңынан бастап қана айтыла бастады. Халқымыздың үштен екісін жалмаған, алыс-жақын елдерге тенті реткен зұлматты қисапсыз зардаптары бойынша гуманитарлық апатқа, шығу себептері жағынан адамзатқа қарсы жасалған қылмыс қатарына жатқызуға толық негіз бар.

Кезінде «Социалистік Қазақстан» газетінде ұзақ жылдар бойы бірі бас редактордың орынбасары, бірінші орынбаса-ры, қалған екеуі мүйізі қарағайдай бөлім меңгерушілері бо-лып жемісті еңбек еткен «Егеменнің» ардагерлері, сайдың тасындай сарабдал қалам иелері Сарбас Ақтаев, Уахап Қыдырханұлы мен Бекболат Əдетов ағаларымыздан өздерінің журналистік өмірдегі көкейге тоқыған, көңілді толқытқан ғанибет оқиға, жанға шуақ шашқан жарқын сəттер жайында айтып берулерін өтінген едік.

Суретте: газет редакциясының1987-1998 жылдардағы ғимараты.

20 желтоқсан 2014 жылwww.egemen.kz16

Əділ ДҮЙСЕНБЕК,Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,«Парасат» орденінің иегері.

Ай сайын болмаса да, анда-сан-да, онда да қобырап жатқан көп қағаздан құтылу үшін, кабинетімде қаттаулы тұрған папкаларды қайта ашып, қажетті-ау дегендерін қалдырып, басқаларын себетке сырғытатын əдетім бар. Соларды қанша сұрыптасам да, бір құжатты көзім қимай қайта-қайта алып қалам. Ол ‒ өткен ғасырдың ал-пысыншы жылдарының соңына таман сол кездегі «Социалистік Қазақстан» газеті редакторының орынбасары Сапаржан Хай-да ровтың басылымның жарты ғасырлық мерекесіне орай ұжым қызметкерлерін түрлі марапаттарға ұсыну жөніндегі хаттамасының жобасы еді.

Ақ қағазға (рас, қазір сарғыш тарта бастаған) көк қалам мен өз қолымен жазылған аға мыз дың қолтаңбасы жап-жақсы сақталған. Міне, бірінші беттің жоғары жағына «Атаққа» деп тақырып қойыпты да, одан əрі Қыдырбекұлы Б., Машақов М., Смағұлов О., Абдуллин Б., Мың жанов Қ., Нұрмағамбетов Ə., Хателов М., Оспанов Ж. деп жазы-лыпты. Екінші беттегі «Жоғарғы Советтің Құрмет грамоталарына» деген ұсыныстың төменгі жағына Егембердиев Ғ., Жолдасбеков А., Əбдіразақов Б., Қамбаров Қ., Көп-баев А., Батырбекова Б. есімдері енсе, Грамоталарға Жиенғалиев Б., Бəкенеев С., Алдабергенов С., Сағындықов Б., Қалмырзаев Ə., Əукебаев Е., Рысбекова З., Мырзабекова С., Əбдіқұлов Ж., Байқадамова Д., Тілекметов Б., Шəріпова Ғ. деп көрсетіліпті.

Бұл тізімнің ішінен, айтпақшы, қызметке алынғаныма бір жыл-дай болып қалған өзімнің де аты-жөнімді көріп мерейленіп қал ғаным бар. Бізді ‒ Битаев Т., Ты ныбаев Ғ., Батырханов Б., Қы дырханов У., Нұрғисаев Ө., Келімбетов Н., Қаллемов Ғ., Əли сұлтанов Д., Фатихов Ə., Жа қыпов М., Ырзабаев Б., Дəр мағамбетов Ш., Ебікенов Е. жəне мені Журналистер

одағының грамотасына ұсыныпты. Енді бұл жазбаның нұсқасын неге С.Хайдаров жасаған деген-ге келетін болсақ. Біріншіден, Сапаржан ағамыз басылымның редактордан кейінгі екінші басшы-сы ‒ яғни бірінші орынбасар еді. Екіншіден, редакторымыз Кеңесбай Үсебаевтың Қазтелерадиоға бастық боп ауысып, орнына Талдықорған облыстық газетінің редакторы Ұзақ Бағаевтың келіп жатқан кезі-тұғын. Сондықтан, редакция басшылығы мен қоғамдық ұйымдар (партбюро секретары О.Смағұлов, кəсіподақ төрағасы Б.Абдуллин) ұйғарымымен марапаттау комис-сиясының төрағалығына С.Хай-даров бекітілген болатын. Кейін осы нұсқа ішінара өзгерістер енгізілгеніне қарамастан тұтастай қабылданған еді.

Қазір бұл тізімге енген адам-дардың көбі ‒ жоқ, о дүниелік болып кеткен. Олардың бірде-біреуі ортақ мүдде ‒ газет шығаруға келгенде ая-нып қалған емес; бір жеңнен ‒ қол, бір жағадан бас шығарып дегендей, хал-қадерлерінше еңбек етті. Соған сай сый-құрметке ие болды; неше түрлі атақ та алды, лауреат та бол-ды. Кейінгі ұрпақ олардың есімін ардақ тұтып, мақтаныш етеді. Мақтаныш дегеннен шығады, сол жылы бөлім меңгерушісі Пернебек Бейсенов ағамыз «Құрмет Белгі-сі» орденін алып, күллі журналис-тер арасында айрықша құрмет пен беделге ие болып жүрген кезі еді. Кейін ол кісі Алматы облыстық «Жетісу» газетінің редакторы бо-лып өсіп кетті.

Бас басылымның бөлім мең-герушілері ‒ даяр тұрған маман-дар ретінде есептелетін. Рес пуб-ликалық деңгейдегі жоғарғы қыз-метке де, облыстық газеттер мен радио-телекомитеттерге де бас-шыларды осы біздің газеттен алып жататын. Ал ұжым өз кезегінде қызметкерлерін рет-ретімен өсіріп отыратын. Кор ректорлар арасы-нан тіл шілік ке, тілшіліктен бөлім меңге рушілігіне көтерілгендер көптеп саналады. Сондай-ақ, облыста меншікті тілші болып істейтіндер арасынан да аппаратқа ауысқан əріптестеріміз аз емес.

Біздің газетке сырттан адам алу деген өте сирек болатын. Себебі, ЦК-ның органы «СҚ»-ға бедел үшін, үй алу үшін үлкен жалақысы мен қызметін тəрк етіп кез кел-ген жұмысқа келуге құмар кісілер көп болушы еді. Ілгеріде көлік са-тып алу қиын кезде, жыл сайын бізге жоғары жақтан екі жеңіл мəшине бөлініп тұратын. Соның арқасында редакцияда қос-қостан көлік алғандар да болған. Ал бір жылдары тіпті жиырмаға тарта үй бөлініп «сен ал, мен ал» деп қарық болып қалған кезіміз де кездескен!

Осындай игіліктердің бəрі дау-дамайсыз ұжым мүшелерінің келісімімен алқалы түрде шешіліп жатушы еді. Əлі есімде, бірде

бөлім меңгерушісі Мамадияр Жақыповқа Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері атағын беру ту-ралы алқа мəжілісі өтіп, Мəкеңнің ол ұсыныстан бас тартып, ондай құрметке өзінің алдында тұрған Хамидолла Рахматуллин ағасын ұсынғаны бар. Сондағы Мəкеңнің уəжі: біріншіден, Хамаңның жасы үлкен ‒ ағаға жол беру керек, екіншіден, ол кісі ‒ келесі жылы зейнет жасына толады, демек, оған дейін еңбек сіңірген қызметкер атануы керек. Ал мұндай атақты иеленген кісілердің бəрі автоматты түрде республикалық дəрежедегі зейнетақыға ие болады. Мəкең соны ескерсе керек. Не деген ілтипат! Осындай бір-біріне деген

қамқорлық үй бөлісу мен сыйлық беру кездерінде де жиі кездесіп қалушы еді.

Қазақ баспасөзінің қара шаңы-рағы атанып, соған сай еңбек етіп, өзіндік мектебі мен дəстүрін қалыптастыра білген кешегі «Социа листік Қазақстан», бүгінгі «Егемен» əлі де сол бағыттан тайған жоқ. Халық оны сүйіп оқи ды. Оған газеттің қазіргі тара лымының екі жүз мыңнан асып кетуі нақты дəлел болса керек. Қазақ аман болса, қара шаңырағымыздың да жұлдызы жа-нып, жарқырай беретіні сөзсіз.

Енді өзім туралы бір-екі ауыз сөз. Мен «Социалистік Қазақ-станға» 1969 жылы алындым. Содан 2005 жылға дейін, яғни

еңбек демалысына шыққанша тапжылмай еңбек еттім. Бірнеше басшылармен (Кеңесбай Үсебаев, Ұзақ Бағаев, Сапар Байжанов, Балғабек Қыдырбекұлы, Көрік Дүйсеев, Шерхан Мұртаза, Əбіш Кекілбайұлы, Нұрлан Оразалин, Уəлихан Қалижан, Ержұман Смайыл, Сауытбек Абдрахманов) қызметтес болдым. Солар тура-лы жəне өзіммен бірге істеген əріптестерім жайлы «Егеменде» еңбек еткендер» деген естелік жа-зып келемін. Ал осылардың ара-сынан өзім айрықша құрмет тұтып «меншіктеп» алған Шерағам тура-лы ‒ «Шерағамның шеруі» атты 20 баспатабақтық романым жақында жарық көрмек.

Қызметтен де, шығармашы-лықтан да əлі қол үзген жоқпын. «Егеменнен» еңбек демалысы-на шыққан күннің ертеңінде Елбасының Баспасөз қызметіне жұмысқа шақырылдым. Қазір де сол жерде еңбек етіп келемін. Шүкір, абыройсыз емеспін. Егер 2009 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атанып, жақында тағы да марапатталып ‒ «Парасат» орденін алып жатсам, осы адал еңбегімнің арқасы ғой деп ойлаймын. Ал оның бəрін сол қара шаңырақта жүргенде қалыптасып, пісіп-жетілген тəжірибенің жемісі мен өтеуі деп білемін.

АСТАНА.

Мамадияр ЖАҚЫП,«Егемен Қазақстан».

Айтулы күндерде тарих, өткен өмір еріксіз ойға оралады. Газетіміздің шыққанына 95 жыл толса, соның біразына куə де болған екенбіз. 1959 жылы «СҚ»-ның («Социалистік Қазақстан» дегенді солай атау қалыптасып кеткендей еді) 40 жылдығы болды. Бірақ ол кезде, əлде жағдай жоқ па, əлде əдеп солай болды ма, онша думандата қоймаушы еді. Көбіне жиналыспен шектелетін. Сол жиналысқа Зейнолла Серікқалиев екеуміздің қатысқанымыз бар. Онда университеттің студенттеріміз. Осы газет-те өндірістік практикадан өткен соң бұл ұжымға тым жақын жүрдік, тіпті, өзімізді оның мүшесіндей сезіндік. Кейбір шара-ларына қатыса беретінбіз.

Сонда газеттің одан арғы тари-хы қырық-ақ жыл екен ғой. Бірақ ол өте ұзақтай көрінетін. Бəлкім, тарихи оқиғалардың молдығынан да шығар. Газет тарихының алғашқы он жылдығы жаңа дүниенің орныққанына, екінші он жылдығы 30-шы жылдардың ашаршылық нəубеті мен саяси репрессия сойқанына, үшінші он жылдығы Ұлы Отан соғысының қаһармандық кезеңіне, ал төртінші он жылдығы сталиндік дəуірдің аяқталуына сай келеді екен. Соңғы кезеңінің лебін жастық көңілмен өзіміз де сезіндік. Сөйтсе де алғашқы кезеңдердің ызғарын да аңғарғанбыз. Оған куə болғандардың, белсене қатысқандардың біразы арамызда

жүрді. Өзімізден бір мүшелден сəл аса үлкендердің барлығы да соғыстың от жалынының ортасында болғандар, əйтпесе тылдағы тауқыметті шеккендер. Олардан тарихтың иісі аңқып тұрғандай көрінетін. Солардың сөзін есітіп, қазақ баспасөзінің қара ша ңырағы болған газет ұжымының ты ныс-тіршілігін аңғарғандай болатынбыз.

Оның да жөні бар екен ғой. Қарап тұрсақ, газеттің сол 40 жылдығынан кейінгі тарихына онымен етене өмір кеш-кен өзіміз де куəлік ете алады екенбіз.

Жоғарыда айтқандай, Зейнолла екеуміз университетте оқып жүріп, 1958 жəне 1960 жылдарда өндірістік прак-тикадан өткенде бұл ұжымға бауыр ба-сып кеттік те, одан кейін ажыраған да жоқпыз-ау. Оқып жүргенде де, қол қалт еткенде, осында бір соғып, үлкендерге сəлем беріп кетуді парыздай санаушы едік. Азын-аулақ жазғандарымызға азын-аулақ қаламақы да тиер еді. Ұжымның үлкендері де, басшылары да бізге қамқор қабақпен қарайтын.

Университетті бітірген соң осында қалуды да ұсынды. Зейнолла ғы лымға кетіп, мен қалатын болғам. Редакторымыз Қасым Шəріпов, əлде бір себебі болды ма, басқа бір жаққа жолдама ала бер, кейін Орталық Комитетпен сөйлесіп, осында қалдырамыз деген соң, мен жолдаманы Семейге, Абай еліне ал-дым. Қасым ағамыз сөзінде тұрып, сол 1960 жылдың 8 тамызындағы №102 бұйрығымен мені жұмысқа қабылдады.

Бірақ бір күтпеген жағдай болды: сол Орталық Комитет менің жолдама алған жаққа бармағанымды біле қойып, дереу шақырып алып, шұғыл Семейге бару-ымды талап етті. Редакторымыз сырт-та іссапарда жүргендіктен бұл мəселеге араласа алмай, мен Семейге кете бардым.

Бірақ ұжыммен байланысымды үзгенім жоқ. Алматыға жол түскенде, редак цияға соғу парыз. Осы ортаға біржола келуді аңсап жүремін. Ақыры оған да қол жетті. Семей облысында меншік ті тілші басқа жаққа кеткенде, редакция бас шылығы мені тапты. Сөйтіп, газеттің ең жас тілшісі болып жұмысқа қабыл дан ғаныма да бүгін жарты ғасыр уақыт өтіпті.

Сол тұста «СҚ»-ға меншікті тілші болу үлкен жауапкершілік те, мəртебе де еді. Мұны жұрт беделді журналистер қатарына қосылғандық деп қабылдар еді. Байжігіт Əбдіразақов, Алтынбек Жолдасбеков, Еркеш Ебікенов, Боранғали Ырзабаев, Байтұрсын Ілиясовтар қандай еді! Журналистіктері өз алдына, азаматтықтарын айтсаңшы. Кілең сайдың тасындай мəрт жандар еді ғой. Солармен бірге қызмет істеген жылдарды ұмыту мүмкін емес, əр кезеңі көңілде сайрап тұр.

Мəскеуде Жоғары партия мектебінде оқыған екі жыл да маған «СҚ»-дан сонда іссапарға барғандай көрінеді де тұрады. Газеттен барып, сол оқуды бітірген соң, газеттің орталық ақпаратына оралып, редакцияның біраз бөлімдеріне бас шылық еттік, жауапты хатшы да болдық.

Б е р т і н і р е к « С о ц и а л и с т і к

Қазақ станнан» үш жылдай ажырауға тура келді. 1986 жылдың қаңтарында Алматы облыстық «Жетісу» газетіне ре-дактор болып тағайындалдым. Балғабек Қыдырбекұлының: «Айналайын Мама-дияр, «СҚ»-ның беделімен бара жатыр-сың, оны ешқашан ұмытпа» дегені бар.

Бұл атақты «Желтоқсан оқиғасының кезеңі болатын. Сонда билікке Г.Колбин келіп, қазақ ұлтына қиянат жасалып жатқан шақта Желтоқсан оқиғасының құрбандарына болған соттан материал берген кезде соларға бүйрегің бұрылды деген айыппен партиядан шығарылып, қызметтен қуылдық. Миллионнан астам халқы бар Алматы қаласынан жұмыс та-был май, Күрті аудандық газетінің кор рек-торы болып, күн сайын Қаскелең қала-сы на қатынап, жұмыс істеуге тура келді.

«Жер аудару» мерзімі біткен соң, қайта бауыр басқан ұжымға – «СҚ»-ға оралдық. Сонда «саяси сенімсіз» адам-ды мұндағылар, үлкені бар, кішісі бар, құшағын жайып, қарсы алды. Содан бері осындамыз. Бұрынғысын қосқанда, жар-ты ғасырдан асады. Аз мерзім емес, осы жылдарда талай қалам қайраткерлерімен бірге жұмыс істедік деп мақтанғанға да болғандай-ау. Мақтанбағанда да, қасиетті қара шаңырақтың қамқор құшағында жүрдік. Ойға небір жайсаңдар орала-ды. Балғабек ағамыздың «отыз жеті жыл ішінде жеті редактормен істес бол-дым» деп жазғаны бар. Ал біз осынау шаңырақта болған кезде 12 редактормен бірге қызмет істеппіз. Бір тізім ғой. Бірін атап, екіншісін тастап кеткен орынсыз көрінеді: Қасым Шəріпов, Кеңесбай Үсебаев, Ұзақ Бағаев, Сапар Байжанов, Балғабек Қыдырбекұлы, Көрік Дүйсеев, Шерхан Мұртаза, Əбіш Кекілбаев, Нұрлан Оразалин, Уəлихан Қалижан, Ержұман Смайыл, Сауытбек Абдрахманов. Жасы үлкендердің шапағатын көрдік, кішілеріне аға болдық.

Əрине, басшылардың орны бөлек. Олар көштің тізгінін ұстаушылары, ұжым ынтымағының қазығы ғой. Сөйтсе де, өткенді еске алғанда, ойға сол ұжымның берекесіндей болған та-лай ағалар мен апайлар да ойға оралады. Оралғанда, жеке дара емес-ау, бір-бірімен қолтықтасқандай, үлкен айдынның лек-лек толқынындай шоғырланып оралады. Олар бір-бірін толықтырып, тұтас бір бей-неге топтасқандай көрінеді.

Сол 50-60 жылдарда ұжымның алға тосар төрт ақсақалы болды – Қаби Мыңжанов, Əбдібек Нұрмахамбетов, Қайдар Баймұхамбетов жəне Қайролла Қасымжанов. Ұжымдағылардың бəріне ағадай еді. Ешкім бұлардың бетіне

келіп, сөз айтпайтын, сірə, бұл олардың өздерін аға ретінде ұстай білетінінен де шығар. Төртеуінде төрт түрлі мінез бар. Кейде бір-біріне тиісіп те қояр еді, соның өзі жарасқандай еді. Бəрі де газеттің 30-40 жылдардағы өміріне куə адамдар. Соны айтқызатынбыз. Бəлсінбес еді, өздері де соны айтқанға құмардай көрінетін. Əсіресе, Қаби ағамыз əскерге барғанын, ондағы өмірдің қалай болғанын қызуланып айтар еді. Біз елдің де, ұжымның да патриоты болдық, соны сендер жалғастыруларың керек деген ойды біздің жадымызға сіңіргісі келеді. Əбдібек ағамыз тым ашыла қоймайтын, өзіне құрметпен қарауды талап ету-ге бейімдеу жүретін. Қайдар ағамыз өз қатарларынан гөрі жастарға жақын. Ал Қайролла ағамыз ешкіммен ісі жоқтай, тек жұмысты ғана білетін, томаға тұйық отыратын. Бұл да өзінше өнеге.

Бір шоғыр қауым – соғыста болғандар, оның от-жалынын бастан кешкендер. Оны Жекен Жұмаханов, Сəуірбек Бақбергенов, Хамит Ерғалиев, Əзілхан Нұршайықов, Құрманғали Ұябаев, Қалмұхан Исабаев ағаларымыз бас тар еді. Бұлардың ерекшелігі, əрине, əскери тəртіптің адам-дары. Жұмысқа жауапкершіліктері де сон-дай. Бірақ олардан адами мейірім төгіліп тұратындай еді. Біз өлімді де көргенбіз, өмірді сыйлай біліңдер дейтіндей. Бұл ретте Жекен ағамыздың жұмыс соңында жұртты қасына жиып алып, жымиып қойып, айтатын əңгімелерінен бүкіл ұжымға бір жылылық тарап жататын-дай көрінетін. Сол бір қасиетті кейін Тəжібай Битаев ағамыз жалғастырғандай еді. Əйтпесе, Əзілхан ағамыздың аспай-саспай кез келген адаммен байыппен əңгімелесуінің өзі білгенге сабақ еді ғой. Əйтпесе Қал мұхан ағамыздың айтпас бұрын өзі мырс етіп күліп алатын жып-жылы əзіл əңгі мелері ше!

Сонда өзіміз көрмегенмен, осы-дан біраз бұрын осында қызмет істеп кеткен Мұқан Иманжанов, Мерғали Ешмұхамбетов, Бари Мазитов, Əбдуəлі Қарағұлов, Серік Қирабаев сияқты ағаларымыз жайлы əңгімелерді де көп естіп, олардың өздерімен кездескендей болар едік. Тіпті, бертінде белгілі қоғам қайраткері болған, соғыс жылдарында 6-сыныпта оқып жүрген кезінде осында хат тасушы, корректор көмекшісі болып істеген Оразай Батырбековтің естеліктері арқылы Ғайса Сармұрзин, Жүсіпбек Ал тайбаев, Ғұмар Аққұлов, Бəйдібек Əли мановтарды таныдық. Неткен адал да қайы рымды, өз жұмыстарына жан-тəні мен берілген адамдар деп еріксіз таңданасың.

Енді жұрттың бəріне белгілі, қазақ баспасөзінде айрықша орын алар бір шоғыр бар. Оларды газеттің сол тұстағы редакторы Қасым Шəріпов университетті əлі бітірмей тұрған кезінде алып келген. Редактордың көрегендігін айтсайшы! Олар – Балғабек Қыдырбекұлы, Төлеубай Ыдырысов, Бекділдə Абдуллин, Əбіраш Жəмішов, Əбілмəжін Жұмабаев, Пернебек Бейсенов, Орақбай Смағұловтар. Олар газетке жаңа леп алып келгені өз ал-дына, кейін қазақ баспасөзінің бір-бір тұлғаларына айналды. Өзіміз де солардың ағалық қамқорлығын сезініп өстік.

Сірə, бұл да редакторлардың өз-дері басқарған ұжымды жаңа биікке көтерудегі бір əдісі, ізденісі шығар. Осындай ізденісті одан кейінірек Сапар Байжанов ағамыз да жүзеге асырды. 70-ші жылдардың басында өзі жұмысқа кірісе салысымен республиканың жер-жерінен біраз белді журналистерді шақырды. Сарбас Ақтаев, Ақселеу Сейдімбеков, Қойшығара Салғарин, Нұриден Мұфтахов, Бекболат Əдетов, Кеңшілік Мырзабековтер газеттің жаңа бейнесін айқындады деп айтуға болар еді. Сол 70-ші жылдардағы екінші толқын өкілдері Ержұман Смайыл, Сауытбек Абдрахманов, Əбдімүтəл Əлібеков, Мақсат Тəжімұраттар да газетке жаңа леп алып келген-ді.

Қарап тұрсаң, газет қызметкерлерінің осылайша шоғырланып, лек-легімен келіп жатуы да басылымның болмыс-сипатын аңғартқандай екен-ау. Басқалар сол шоғырдың айналасына топтасып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарғандай ынтымақтаса еңбек етуі де береке қайнарындай көрінеді. Осы жерде осы-нау шоғырлардан бөлек келіп, ұжымнан өз орындарын тапқан Мағауия Машақов, Нұрғазы Шəкеев, Уақап Қыдырханов, Мыңбай Ілес, Əділ Дүйсенбек, Жанат Елшібек, Ербол Шаймерденов, Сабыржан Шүкіров сияқты белгілі қаламгерлерді де естен шығара алмайсың. Олар ұжымға сіңісіп, одан орындарын тапқан.

Өмір ғой, берекелі жерден өз орнын таба алмағандар да болды. Мұндайда олардың басқа жақтан орын іздейтіні де заңды. Бұл жерде, əрине, біз мерейі өсіп, мəртебесі артып, басқа жаққа жоғарылап кеткен əріптестерімізді оларға қоспаймыз. Олар да аз болмаған.

Əңгімеміздің арқауын 80-ші жылдарға əкеліп тіреп, кібіртіктеп қалғандай болып отырмыз-ау. Одан кейінгі буындардың еңбегі де орасан. Бірақ оны сол буындар өкілдерінің айтқаны жөн шығар.

АЛМАТЫ.

«Егеменмен» етене ґмір кештік

Естеліктер ешќашан ескірмейді

Бас редактор Балғабек Қыдырбекұлы мен Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы Кәкімжан Қазыбаев (ортада) және газет ұжымы (1984 ж.).

Алматы бөлімшесінің қызметкерлері (2009 ж.).

20 желтоқсан 2014 жыл www.egemen.kz 17Бастау кезінде «Еңбекші

қазақ» газетінің ұжымы үш, бес жылдық белестерінен есеп беріп, осы аралықта еңбек еткен аза-маттарды атап, арнайы нөмір шығаруды дəстүр етіпті. Бірақ ұлттық баспасөзді дəріптеу ұзаққа бармаған. Сол тоқтағаннан беріде, тек 1970 жылы ғана «Социалистік

Қазақстанның» елу жылдық тарихына арнаулы нөмір шығарылды. Бұл үзілген шежірені жалғаудың алғашқы қадамы еді. Ұжым төл басылымның жылнама-сын 1919 жылдың 17 желтоқсанында бірінші саны шыққан «Ұшқын» газе-тінен бастапты.

«Ұшқыннан» қалған жалғыз ардагер Мерғали Ешмұхамбетовтің естелігіндегі «қателеспесем, редколлегияның бас-тығы Тəмимдар Сафиев болып тағайын-далды» дегеннен басқа жарты ғасырдағы бірде-бір редактордың аты аталмады.

Содан аттай жиырма жылға «СҚ»-ның шежіресін жазу тағы тоқталды. Қайта құру лебімен 1989 жылы ғана редактор Көрік Дүйсеев қолға алып, жаңа келген басшы Шерхан Мұртаза мəресіне жеткізген 70 жылдық мерей-тойдан бастап газет тарихын нақтылауға бетбұрыс жасалды. Күні кеше сияқты еді, шығарушы сегіз қызметкердің бірі болып, осы мақала авторының да аты жазылған арнаулы нөмірден бері де ши-рек ғасыр өтіп кеткені ме?!

Əрине, атың жазылғаны абырой, бірақ парыздың түгел өтелмегені көңілде түйткіл болып қала берді. Тағы да ойласақ, парыз емес, арыстар алдын-да тіптен қарыз да екенбіз. Өйткені, га-зетте осынша уақыт қызмет істегендер тізімі көзбен бір шоларлықтай шолақ тұр. Газетті басқарған тұлғалардың өмірбаянында ақтаңдақтар аз емес. Атаулары қалай өзгергенін, кімдер қызмет істегенін анықтай түскен аб-зал. Не керек, редакциядан сырт кетіп, мемлекеттік қызметтің мойын бұр-ғызбас міндетімен жүрсек те, он екі айда бір келер өз еркіңдегі еңбек демалысының бірер жылын мұрағат қорлары мен газеттің көне тігінділерін ақтарумен өткізгенбіз.

Еңбек еш болмай, алыста қалған арыстар мен қатарда жүрген ардагер-лерге деген құрметі ерекше Ержұман Смайыл редактордың бастамасы-мен басылым шежіресін «Егемен Қазақстанның» 1999 жылғы желтоқсан айындағы бірнеше нөмірде айқындай жаздық. Соларды қорытындылай келе 80 жылдыққа шығарылған арнаулы нөмірдің айқарма бетіне басылымның осы уақытқа дейінгі 33 редакторы аты-жөнімен, суреттерімен қатар түзей ор-наласты. Осы қатарға алғаш қосылған жаңа есім – Əуезовтің жетекшілігін дəлелдейтін «Газетке Əуезов те редак-тор болған» атты мақаланы кемерлей орналасқан отыз үш тұлғаның келбеті қандай келісті еді!

Енді осы көрікті топқа Халел Есен-баев, Бернияз Күлеев, Мұхтар Əуезов, Жүсіпбек Аймауытов, Бейімбет Майлин есімдері қалай қосылғаны жөнінде қысқаша тоқталайық. Газет «Еңбекші қазақ» аталғаннан бергі редакторлардың өмірбаяны көп талас туғызбайтын. Олар газетті басқаратын құзырлы орган-дардың арнайы ұйғарымымен қойылған. Біз тек олардың қай кезде келіп, қандай жағдайда босатылғанын, талайының қуғын-сүргінге ұшырағанын, басшылық батылдығы мен сүрінген тұстарын естеліктерден екшеп, архивтерден ар-шып алуды мақсат еттік. Ал «Ұшқын» мен «Еңбек туы» кезеңінде редакция алқасына кімдер жетекшілік еткені белгісіз болатын.

Қазақстан Республикасы орталық мұрағатының 921-қорынан (1-тізбе, 13-іс) «Ұшқынның» бір нөмірі мен га-зет туралы біршама мəліметтер тапқан-быз. Соларды алға тартсақ, 1920 жыл-дың 7 мамыры күнгі тізімде редак-ция алқасының мүшелері Тəмимдар Сафиев, Хайретдин Болғанбаев, Ахметсафа Юсупов, Бернияз Күлеев жəне Мерғалидың аты-жөні жазылып-ты. Бернияздың қызметі тұсында «ре-дактор газеты» деп айқын көрсетілген. Орынборға жақындап қалған азамат соғысына аттанатындар тізімге іліккен газет қызметкерлерін қалдыруды өтініп жазған хаттарда да оның қолы тұр. Ол аз десеңіз, бұрын еш жерде кездес-пеген «Ұшқынның» дөңгелек мөрі мен төрткүл мөртабанын да Бернияз

осы құжаттарға алғаш басыпты. Сол жылдың қазан айында Қазақ автоно-миясы құрылып, ұшқындықтар «Еңбек туына» жол бергенге дейін газетке басшылық жасаған басқа адамның аты аталмайды. Газетті редакциялық алқа басқарған, алқаға Халық ағарту ко-миссариаты əдеби-баспа секциясының меңгерушісі Бернияз жетекшілік еткен. Бірде секция меңгерушісі, бірде редак-тор деп жазылуының сыры осында. Сөйтіп, Ерағаңмен – «Егеменнің» бас ре-дакторы Ержұман Смайылмен ақылдаса келе, арада сексен жыл өткенде Бернияз ақынды басылымның бір кездегі көшбасшысы деп мəртебеледік. Жоғары жақпен келісіп жатпай-ақ, редакцияның өзі алған ұйғарым. Ұйғарымға негіз: «Егемен Қазақстанның» 1999 жылғы 3 желтоқсан нөмірінде жарияланған «Бернияз жəне «Ұшқын» мақаласы.

Дəл сол күндері жаңа астанада аталған газеттің 80 жылдық тойының салтанатты шымылдығы берен ақын

Бернияз Күлеевтің «Ұшқынға» арналған өлеңімен ашылды:

Құтты болсын, жас «Ұшқыным» қадамың,

Алға бассын ақ ниетті талабың.Тілеуіңде үлкен-кіші азамат,Еркін үшін еңіреген қазағың.Сексен жылдан кейін де үнін

жоймаған арыстың ақ тілеуіне жиынға келген барша жұрт дүр көтеріле қоше-мет етті! «Ұшқынның» орнына – «Егеменді», «Еркін(дік)тің» орнына – «Тəуелсіздікті» қойсаңыз, бүгінгі күннің үндеуімен үйлесіп-ақ кетпес пе? Күлеев көшбасшылар қатарына қоюға осы үшін де лайық еді!

1922 жылдың тамызында Əбдірахман Байділдин басқа жұмысқа кетіп, жыл соңында келесі редактор Сəкен

Сейфуллин келгенге дейін «Еңбекші қазақ» капитансыз кемедей жүзгені ме деп, сол тұстың мұрағат құжаттарын біраз ақтарайық. Ақыры, мемлекеттік мұрағаттан бір қызық дерек табылды. 5-қордың 3-тізбесі, 82-ісі: «ВЫПИСКА из приказа по Секретариату КЦИК от 25 августа с/г номер 155. Обявляется структура Секретариата КЦИК и спи-сок сотрудников, согласно вновь ут-вержденному, 16-го сего августа шта-ту. ІІІ. Редакция газеты «Енбекшил ка-зах». Ответственный редактор Майлин, член редколлегии Сугуров, переводчик Ишмухамбетов...». Газетке редактор қол қоятын тəртіп əлі енгізіле қоймаған уақыт. Алайда бұл қызметті төрт ай бойы Бейімбет Майлин атқарғанына ешкімнің таласы жоқ.

1925 жылдың ақпанында «Еңбекші қазаққа» Смағұл Сəдуақасов қайтадан редактор болып келді. Қостанайдан Бейімбетті қайтадан шақырып, орын-басар етті. Екеуі газетті Орынбордан Қызылордаға көшіріп əкелді. Ағарту халкомы Сəдуақасовтың басқа да ша-руасы шаш-етектен. Ол жоқта газеттің

негізгі иелігі Майлинде. Бірақ енді га-зетке қол қою міндет. Орынбордағыдай «белгісіз» басшы болуға Бейімбеттің құқы жоқ! Смағұл іссапарға кеткен мамыр, тамыз, қыркүйек айларын-да «Уақытша шығарушы Майлыұлы Бейімбет» болды. Тұрар Рысқұлов, Ораз Жандосов, Ораз Исаев, Ғаббас Тоғжанов тұсында да айлап, апталап газет астын-да осы лауазым тұрды. Не керек, жоға-рыдағы бұйрықты айтпағанның өзінде Бейімбет Майлин бəрібір «Еңбекші қазақтың» тұрақты «уақытша редакто-ры» еді ғой! Сондықтан «Редактордың бірі – Бейімбет» («ЕҚ», 1999 жылғы,

8 желтоқсан) деп тұжырым жасауға тура келді. Газеттің сексен жылдығына арналған шежірелі нөмірде редакторлар сапына Бейімбет Майлин келіп тұрды.

Мұхтар Əуезовтің редакторлығы туралы көп ойландық. Кезінде га-зетке ұсынған мақала атының өзін «Бесеудің «Еңбекші қазағы» немесе га-зетке Əуезов те редактор болған» деген абаймен ұсынған едік. Бұл жаңалыққа қанаттанған редакциядағылар: «Газетке Əуезов те редактор болған немесе бе-сеу дің «Еңбекші қазағы» деп сүйінші сұрай өзгертіп жіберген екен! Дерекпен сөйлеуді қажет ететін тұжырым болған-дықтан, «Егемен Қазақстандағы» сол кездегі (1999 жылғы 17 желтоқсан) мақа ладан үзінді келтіргенді жөн са-наймыз:

«Тарихи деректi көздеген мақсатқа күштеп бұру қиянат. Ал оған əдейi мəн бермеу əдiлетсiздiк. Екi ортада ақиқат алыстайды. Мысалы, Мұхтардың «Еңбекшi қазақтың» алғашқы редакто-ры екенiн мойындауға бiзге не кедергi?

Ə.Байділдин тергеу кезінде берген мəліметінде газетті шығаруға орай бы-лай дейді: «Главным редактором в то время был Ауэзов. Когда я выпустил статью, меня вызвал к себе Ауэзов и поругал. Ауэзов мне заявил, что если

в дальнейшем буду ругать Алаш-орду, то он уйдет из редакции. После статьи я получил ругательное письмо и от Садвокасова из Москвы».

Голощекин 1930 жылдың 1 қаза-нындағы баяндамасында бiр кездегi «Қазақ», «Ақжол» газеттерiн айта келiп: «затем к этим прибавили «Енбекши», которой руководили Садвокасов, Байдилдин, Ауэзов» («Сов. Степь», 18 ақпан, 1930 ж.) деген.

Үшiншi деректi «Еңбекшi қазақтың» өзiнен табамыз. 1927 жылғы мыңыншы мерейтойлық нөмiрiнде ол алғашқы шығарушылар алқасы мүшесiнiң бiрi

– М.Əуезовтiң суретiн басты. Түсiнiктi себептермен алғашқы екi фактiге сенiмсiздiк туғанның өзiнде, мына дəлелдi жоққа шығара алмайсың».

Ұлы жазушыны «Егеменге» мен-шіктеу де, кезінде газет үшін тағдыр тəлкегіне түскенін елемей, ескермей кету де қалай болады екен деп біраз толғандық. Екінші пайымның салмағы арта түсіп, Əуезов есімінің газетпен ете-не байланысын дəлелдеп жаздық.

Жүсіпбек Аймауытовтың «Еңбек ту-ына» басшылық жасағанына Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатының 140-қоры, 1-тізбесі, 82-А-ісі арқылы көз жеткіздік: «Временное редактирование возложить на тов. Аймаутова». Басында уақытша делінгенімен, газет шығарудың салмағы Жүсіпбектің иығына ауыса беріпті. Қазпартбюро Төралқасының 1921 жылғы 24 мамырдағы отырысының хат тамасы: «Ответственным редак-тором «Еңбек туы» утвердить тов. Аймаутова». Жүсіпбектің жоғын іздеу үстінде тағы бір жаңалық – Смағұлдың газетте екі мəрте редакторлық еткені анықталды.

Бұдан басқа да күмəн туғызбайтын деректер мол еді. Сондықтан «Еңбек туын» кімдер көтерді?» деген мақаланы («ЕҚ», 1999 жылғы 4 желтоқсан): «Газетте 1920 жылдың 13 қарашасынан 1921 жылдың ақпанының аяғына дейiн – Смағұл Сəдуақасов, 21 ақпаннан 1 қарашаға дейiн – Жүсiпбек Аймауытов редактор болған. Аймауытов ұлтына қайта оралғалы он жылдан асып ба-рады. Ендi «Егемен Қазақстанына» оралғанына қарашаңырақ басылымның оқырманынан сүйiншi сұрарлықтай көңiл-күйдемiз. Жүсiпбек аруағы қа-ла мымызды демеп жүргей!» деп аяқ-таппыз.

Бəрінің суреттерін жинап жатыр-мыз. Есенбаев пен Сафиевтің суреті Бөкей ордасында Кеңес өкіметінің ор-науы туралы Зимановтың кітабынан алынды. Байділдин мен Жолдыбаевтың бейнелерін топпен түскен адамдар ара-сынан үлкейттік. Жолдыбаевтың басына бөрік киіп тұрғаны содан. Тек бір ғана адамның орны ашық қалды. Оның ор-нында «ХІІ. 1951 ж. – 1952 ж. бас редак-тор болған Қабыл Бекмұратовтың суреті табылмады» деген сөзтекше тұрды.

Мына қызықты көрмейсіз бе?! Дəл сол күндерi ол сурет қолымда жүріпті . Осының алдында ғана iссапармен Атырауда болғанымда, «Атырау» газетiнiң 75 жылдығына арналған «Есiмдерi – есiмiзде» атты

кiтапшаны ала келгенмiн. Ішінен Қабыл Бекмұратовтың суретi шыға келді! Өзгелерден кейiн қалғаны жөн бол-мас деп, рухы үшiн дереу ұсынуға асықтық. «Газет сардарлары қатарынан орныңызды алыңыз, Қабеке! Төрге өрлеңiз, ғасырдың бел ортасындағы бас редактор!» деп нөмірге шұғыл салғанымыз есте.

Газет шежіресінде бұрын-соңды есімі аталмаған Халел Есенбаевты «Егемен Қазақстанның» тұңғыш ре-дакторы деп тұғырға қойғанымыз бұдан ертеректе (Т. Боранғалиұлы, «Ұшқынның» редакторы болдым...», «ЕҚ» 1997 жылғы 22 ақпан).

Отыз үш демекші, енді отыз беске жеткен бас редакторлардың сол көмескі суреттері бүгінде құбыла жаңғырып, қарашаңырақта қайта қауышты. «Егемен Қазақстанның» президенті Сауытбек Абдрахмановтың идеясы-мен танымал суретшілер қаламынан шыққан, редакция холлына ілінген көлемді паннода кемел көшбасшылар көрікті топпен түгел тұр! Егемен елдің Елбасын алқалаған əлеумет шежіресі бір ғасырға аяқ басқан байырғы басы-лыммен бірге шерулеп келе жатқандай.

«Уақытша шығарушы: Майлыұлы Бейімбет» «Жауапты шығарушы:

Сəдіуақасұлы Ісмағұл»

«Шығарушы: С.Сейфуллин»

БАС РЕДАКТОРЛАРќатары осылай толыќќан еді

Тілекқабыл БОРАНҒАЛИҰЛЫ.

Құрметті Сауытбек Абдрахманұлы!

Сізді жəне сіз басшылық етіп отырған «Егемен Қазақстан» республикалық га-зет ұжымын айтулы оқиға – 95-жылдық мерейтоймен шын жүректен, шынайы пейілмен құттықтаймын!

95 жыл деген – едəуір мерзім. Осы жылдар ішінде «Егемен Қазақстан» еліміздің өміріндегі негізгі əлеуметтік-экономикалық жəне саяси оқиғаларды баяндауға, отандастарымыздың мəдени жəне рухани жетіліп артуына баға жет-пес үлес қосқан жəне қосып отырған еліміздің бас жаршысына айналды.

Осындай шығармашылық шың дарға жету газеттің ең жақсы дəстүрлерін жалғастырып отырған бекем кəсіби ұжымсыз мүмкін болмас еді.

Алдағы уақытта да «Егемен Қазақ-стан» өзінің озық позицияларын жоғалтпайтынына жəне қазақстандық патриотизмді қалыптастыруда басты рөл атқаратынына сенімім зор.

Сізге жəне газеттің бүкіл ұжымына жақсылық, денсаулық, кəсіби жетістік, бақыт, егемен Қазақстанның өркендеу

игілігіне ұзақ жасампаз қызмет тілеймін.

Гүлнар ЫҚСАНОВА, Қазақстан Республикасы Парламенті

Мəжілісі Əлеуметтік-мəдени комитетінің төрайымы.

Құрметті Сауытбек Абдрахманұлы!

Сізді жəне газет ұжымын жал-пыұлттық «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің 95 жыл дық тойымен шын жүректен құттық таймын.

Қазақстан ақпарат кеңістігінің көшбасшысындай «Егемен Қазақ-стан» ұлттық рух пен халықтық мұратымыздың жаршысына айналды. Газет еліміздегі барлық құбылыстар мен оқиғаларға өзіндік бағасын айқын позиция арқылы білдіріп келеді. Басылым, əсіресе, саясат жəне эконо-мика мəселелерін білгірлікпен тұрақты жəне сауатты жазып жүр. Осы тұрғыда еліміздің мұнай-газ секторы туралы да сараптамалық терең материалдардың газеттен əркез орын алатындығы бізді қуантады.

Ортадағы ой айту өнерін меңгерген беделді басылымның бүгінгі қуанышына ортақпын. Халыққа шынайы ақпарат тарату ісіндегі соны ізденістеріңізге қашанда табыс тілеймін.

Ізгі ниетпен,Сауат МЫҢБАЕВ,«ҚазМұнайГаз»

Ұлттық компаниясы» АҚБасқарма төрағасы.

Құрметті Сауытбек Абдрахманұлы!

Еліміздің бас газеті, қазақ бас-пасөзінің қара шаңырағы – «Егемен Қазақстан» газетінің 95 жылдық ме-рейтойымен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының атынан ізгі ниетті құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Ұлтын өрге бастауды мұрат тұтқан Алаш арыстарының ұйытқы болуы-мен өткен ғасырдың басында дүниеге келіп, содан бергі ғасырға жуық уақыт бойында халыққа кең тарап келе жатқан «Егемен Қазақстан» – отандық баспасөздің іргетасы, көшбасшысы, тəуелсіз мемлекетіміздің тасқа басылған құнды шежіресі деп бағалауға болатын ірі басылым.

Атына заты сай жалпыұлттық га-зет Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған сарабдал саясатының сенімді тірегіне айналып, мемлекеттік, елдік мүдделерді ұлықтауы арқылы қалың оқырманның асыға күтетін қадірлі досына айналды. Беделді ба-сылым Қазақстанның саяси, эконо-микалық, əлеуметтік-мəдени жəне руха ни өмірінің кешегісі мен бүгінгі кел бе тінің айнасы, жарқын келешегінің жаршысы рөлін атқаруда.

Аға газет еліміздегі тыңғылықты жүргізіліп келе жатқан құқық қор-ғау саласындағы реформаларды, мемлекетіміздің тыныштығы күзе-тіндегі ұландықтардың қызметін, олар-ға көрсетілген ерекше сенім мен құр-метті шынайы тұрғыда үздіксіз жазу-да. Сондықтан да «Егемен Қазақстан» – Ұлттық ұландықтар үшін орны бөлек басылым деп санаймын. Торқалы мерейтойды редакция ұжымы зор шығармашылық табыстармен қарсы алып, ақпарат майданында əрдайым жеңістер биігінен көріне берулеріңізге тілектеспін! Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық шабыт, толайым та-быс тілеймін!

Ізгі ниетпен, Қазақстан Республикасы Ұлттық

ұланының Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан ЖАҚСЫЛЫҚОВ.

Аќ тілектер аєыны

Біз өмірге келген кезеңде халықтың руха-ни байлыққа деген құлшынысы өте жоғары болды. Ата-аналарымыз көптеген газет-жур-налдарды үйге жаздыртып алатын-ды. Ол кездің адамдары басылымның барлық бетін түгел оқитын еді. Біз де бала кезімізден-ақ қазақ газет-журналдарымен таныс болдық. Оқып біле бастаған шағымызда газеттер мен журналдардың əуелі суреттерін тамашалап, кейін шағын мақалаларын оқып өстік. Қазақ баспасөзі біз үшін ұлттық тəрбиенің теориялық оқулығы еді. Сол кезде үйге тұрақты келіп тұратын басылымдардың ішінде «Социалистік Қазақстан», яғни, бүгінгі «Егемен Қазақстан» газеті де болатын.

Есейе келе газетпен байланыс жасау мүм-кіндігіне ие болдым. Əсіресе, студент кезімізде «Парасат» атты ұйым құрып, маңызды ұлттық мəселелерді көтеріп, газетке мақала жа-зып тұрдым. Ал кейін Оңтүстік Қазақстан өңірінде басшылық қызметтерде жүргенімде, «Егеменнен» қол үзген жоқпын. Сол кезде бұл газеттен өзіме, қызметіме қажетті дүниелерді табатын едім. Өмірге, қоғамға, саяси көзқарасқа байланысты мəселелерді оқып, ой түйетінмін. Жалпы, əрбір саналы адам кітапты, газетті оқып отырып, сырласады емес пе? Мен де «Егеменмен» ой бөлісетінмін.

«Егемен Қазақстан» газеті – менің өміріме жарқын жол ашқан басылым. Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі саясат департаментінде қызмет жасап жүрген кезімде, осы басылымда танымал жазушы, ел ағасы Мархабат Байғұт ағамыздың «Ұнасымды Ұласбек» деген мақаласы жарық көрді. Ол материалға халық пен мемлекеттік

қызметшінің арасындағы өзара түсіністікке құрылған байланыс арқау болған. Кейін ол мақала бойынша оқырмандардың көптеген пікірі жарық көрді.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған саясатын халыққа жеткізіп отырған басылымның бірегейі осы – «Егемен Қазақстан».

Бір ғасырдай тарихы бар басылым қазақ қаламгерлерінің шеберлік ұстаханасына ай-налды. Небір ақын-жазушылар еңбек етті! Бернияз Күлеев, Смағұл Сəдуақасов, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Əуезов, Бейімбет Майлин, Сəкен Сейфуллин, Тұрар Рысқұлов, Ораз Жандосов, Ғабит Мүсірепов, Шерхан Мұртаза, Əбіш Кекілбаев сияқты ұлт перзенттері, халықтың дара тұлғалары қызмет етті, жетекшілік жасады. Олар газет арқылы ондаған ұрпақты тəрбиелеп өсірді. Халықты рухани байлыққа кенелтті. Басшылық жасаған əр азамат газеттің дамуына

өзіндік үлесін қосты, басылымды жаңа белеске көтерді.

Соңғы жылдары еңбек еткен Ержұман Смайыл, ал бүгінгі таңда газетті басқарып келе жатқан Сауытбек Абдрахманов, Жан болат Аупбаев, Еркін Қыдыр ағаларымыз өзіндік қолтаңбасы бар азаматтар.

Бұқаралық ақпарат құралдары арасында осын-дай беделді басылымның болғанын біз мақтаныш санаймыз.

Бас басылымның 95 жылдығы құтты болсын! «Егемен Қазақстан» газетінің мерейтойы – барша оқырмандарының да қуанышы! Журналистердің қаламы үшкір, ойлары ұшқыр болып, халықтың көкейінен шығатын құнды дүниелерді жаза беруіне тілектеспін!

Ұласбек СƏДІБЕКОВ,Парламент Мəжілісінің депутаты,

«Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі.

Тілек

20 желтоқсан 2014 жылwww.egemen.kz18

Құттықтаймыз!

Айгүл СЕЙІЛОВА,«Егемен Қазақстан».

Əне-міне дегенше тəуел-сіздіктің 23 жылдық мейрамы да тарихтың қойнауына сүңгіп барады. Əр қазақтың, əрбір қазақстандықтың кеудесіндегі «біз тəуелсіз елдің азаматы-мыз» дейт ін асқақ рухтың өзі мерекенің қадір-қасиетін арттыруға жетіп жатыр. Оның ар жағында өнердегі дарыны мен даралығы, жемісті еңбегі мен зияткерлік қарым-қабілеті мемлекет тарапынан жоғары бағаланып, отбасы, туған-т у ы с , д о с - ж а р а н м е н б і р г е қуанышын бөліскен қаншама қазақстандықтың да тəуелсіздік тойына сəн-салтанат үстегені талассыз . Адам өмір індег і қуа ныштардың қоғамдағы ең маңызды, ең айтулы мерекемен тұспа-тұс келуі сол қуаныш иесін марқайтатыны, жаңа белестерді бағындыруға жігерлендіріп, ын таландыратыны ғаламат құбылыс қой. Осы орайда біздің ұжым қызметкерлерінің де бір емес, екі мерекеге қатар келген қуа ныштарымен бөлісіп, оларды газет атынан құттықтауды жөн көріп отырмыз.

Тəуелсіздік мерекесі қар-саңында «Егемен Қазақстан» газетінің де 95 жылдық торқалы тойы атап өтілуде. Бір ғасырға жуық тарихы бар, бір дəуірдің шежірешісі сынды көнекөз ба-сылымда ұрпақтар сабақтастығы

үзілген емес. Бұл газетте сонау алаш ардақтыларынан бас тап осы күнгі көзі тірі классиктер-ге дейінгі аралықта көптеген марғасқа зиялылардың еңбек еткені көкейге мақтаныш се-зімін ұялатады. Газетіміздің «ел газеті» атануына бір кісідей үлес қосқан сөз зергерлерінің əрқайсысы да «Егемен» мектебін» қалыптастырғаны, ақмылтық журналистердің бірнеше буы-нын тəрбиелеп шығарғаны сөзсіз. Əңгіме ауанын қалай бастасаң да, сөзді қалай ойнатсаң да бəрібір негізгі түйін мемлекеттің, сол мемлекетті құраушы халықтың мүддесіне тірелетіні – газет ұстанымының ең ұтымды тұсы болса керек. Міне, көптеген жылдардан бері ел мүддесі

үшін еңбек етіп келе жатқан газеттің торқалы тойы тұсында ұжым мүшелерінің, сондай-ақ, қазіргі күні құрметті демалысқа шыққан қарт қаламгерлердің бірқатарының қажырлы еңбегі елеулі түрде бағаланып, мемле-кет тарапынан сый-құрмет көрді. Атап айтқанда, бас басылым-да көп жыл еңбек еткен арда-гер журналист Əділ Дүйсенбек «Парасат» орденін иеленді. «Қа зақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағымен шолушы, қарымды қаламгер Қайсар Əлім, сондай-ақ, басылымның Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі қызметін атқарған, бүгінде сол өңірдегі «Ақ жол» газетінің бас редакторы Көсемəлі Сəттібайұлы марапатталды. Сондай-ақ, «Ерен

еңбегі үшін» медаліне «Егемен Қазақстан» газетінің шолушы-сы Əлисұлтан Құланбай мен газеттің Оңтүстік Қазақстан об-лысы бойынша меншікті тілшісі Бақтияр Тайжан ие болды. Ал, Қазақстан Журналистер одағы тағайындаған «Қазақстанның құрметті журналисі» атағы бас басылымға еңбегі сіңген қарт жур-налист, жазушы Сарбас Ақтаев пен Бекболат Əдетовке бұйырды. Айта кетейік, қос мерекенің қар саңында əріптестеріміздің бірқатары «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісін алды. Олар – «Егемен Қазақстан» газеті Алматы бөлімшесінің шолу-шысы Гүлзейнеп Сəдірқызы, басылымның Қостанай облы-сындағы меншікт і т ілшіс і Нəзира Жəрімбетова, Ақмола облысындағы меншікті тілші Бақберген Амалбек, газет кор-ректоры Базаркүл Ахмет жəне веб-сайт операторы Рысбала Əбдіқадырова сынды көп жылдан бері «Егеменде» еңбек етіп келе жатқан алдыңғы буын өкілдері.

Қара сөздің қаймағын қалқып, журналистикада белгілі бір қолтаңбасын қалдырған, қара нардай қажырлы еңбек етіп, «қара қазан, сары бала қамы үшін» дейтін халқымыздың мүддесін қастер тұтқан осынау қазақы сөздің хас шеберлерін қос мерекеге тұспа-тұс келген қуаныштарымен құттықтай оты-рып, алар асуларыңыз биіктей берсін дейміз.

Туған жерден шалғай ке-тіп, есейген шағыңда жер мен ел сағынышын тартарың шындық. Бала кезімде Бəйге төбеге шығып əңгіме айтатын аталарымыздың:

– Қайран Көктұма-ай! Тұн-баңнан сап таяқтап тартып ішер күн болар ма екен? – деп Мақаншыға қарап, ұзақ отыра-тындары əлі есімде.

Оқу бітіріп «Социалистік Қазақстан» газетінде істеп жүргенімде əйелім Қапиза бо-санып, ұлды болдым. Кіш-кентайлы болғ а нымды Үрімжі ауданында тұратын əке-ше-ше ме «жаяу жолаушыдан» хабарлағаным бар.

Бұл 1967 жыл, қызыл сы-зықтан ұшқан құстан басқа жан өтпейтін кез еді. «Жаяу хат» қолдан-қолға өтіп, үш айда əкеме зорға жетеді. Əкем менің ұлды болғаныма қуанып, немересіне: – «Сені бүкіл ауыл бо-лып жанымызбен сағынамыз. Сенің азамат болғаныңды көрсек арман болмас еді!? Нəресте атын Жансағын деп қойдық. Өзіңе серік болсын, қарағым!» – деп ақ жарыла жазыпты əкем!

Хатты мен алты айдан соң алып: «Ел болып сені жанымызбен сағынып жүрміз», – деген жол-дарын оқығанда жанымды елге деген от сезім лебі шарпи берді.

Əкем қойған ат жеткенше, баланы Қастер деп атадық. Əкем қойған Жансағын деген ат Қастерден соңғы ұлға бұйыра ма деп едік, Тəжібай Битаев бастаған «жалаңаяқтар» оған Қайсар деп ат қойып жіберді. Қайсар өсе келе үйленіп, бір ұл, бір қыз егіз нəресте көрді. Біз ұлдың атын Жансағын, қыздың атын – Айсағым деп қойдық.

Мен əкемнің жазған хатынан кейін тау, орман, ағынды су бойында көп жүретін бол-дым. Сенбі, жексенбі күндері туған жерді еске алып, таңғы бесте үйден шығып, Алма-Арасан өзенінде серуендейтін едім. Кейде үлкен терек түбіндегі қара бауыр топырақты қазып, күйіп тұрған жүрегімді бассам, біртүрлі одан əрі мұңайып қалатынмын. Арада осындай мұңы көп талай жылдар тəлкек еткендей өте берді. Жұдырықтай жүрегім екіге бөлініп, сағыныш сезімін арқалай берді.

Бірде жауапты хатшы Мыңбай Ілесовтің кабинетінде біраз отырып, бөлмеге оралсам, Жанұзақ Əбдіқұлов:

– Сені Қыдырбекұлы іздеп жүр. Дайын болса беттерді көрем дейді, деді.

Мен беттерді алып редактордың бірінші орынбасары Балғабек Қыдырбекұлына кірдім. Амандасып, беттерді көріп, дұрыстығын бекітіп, мойындап қол қоя бастады:

– Дұрыс! Беттей беріңдер. Мен сағат үштерде хабарласам, – деп маған ұстата берді де, бетіме тесіле қарап:

– Ғалым, сен ақын екенсің ғой! Мына өлеңдерің жақсы жазылған, – деп менің алдым-нан алған өлеңді оқып шыққанын айтты.

Мен қысылып жауап бере алмай қалдым. Бəкең қолымды қысып:

– Жаз, тартынбай жаз! Жазғаныңды маған көрсетіп тұр! – деп өз ойын күліп жалғастырған Бəкең тағы:

– Сенің осында туыстарың бар ма? – деп сұрады.

– Жоқ, – деп шынымды айттым. – Оқасы жоқ! Қазақстан деген Отаның

бар! Сол шаңырақ бəріміздің мақтанышымыз! Сондықтан, жасыма! – деп ойланып тұрды да:

– Үрімжідегі туыстарыңа жіберсем қорықпай барасың ба? – деп менің көптен көкейімде жүрген арманымды дəл басты. Бойымды бір демде қуаныш сезімі биледі.

– Барамын Бəке! Қорық-паймын! – деп толқи жауап бердім.

Төте сөйлесетін (вер туш-каға) телефонды қолға алған Бəкең мықтылардың бірімен мен туралы сөйлесіп жатты. Сөз соңында:

– Жарайды, рахмет! Солай көмектесейік, барып ел-жұртын

көріп қайтсын, – деп телефонды қойып, маған таяп келді де:

– Сені бір айдың ішінде Қытайға жіберетін болдық. Дайындал, – деп өз ойын кесіп айтты.

Жүрегімді қос сағыныш билеген мен Балғабек Қыдырбекұлының батылдығы мен шұғыл іскерлігіне ерекше таңдандым, ішім жылып, жаным жадырай берді... Айтқанындай, Бəкең бір айдың ішінде шақыр туы дайын шетелдік пас портты қолыма ұстатты.

Сөйтіп, мен 1984 жылдың 24 көкегінде Қорғасқа жетіп, Қытай шекарасынан өттім.

Мені қарсы алуға келген туыстарым асханаға бастады. Үлкен есік табалдырығын аттап ішке кіруім мұң екен, бір ғажап дəм иісі мұрнымды жарып, кеудемді керней жөнелді. Дəм иісін жұтқан сайын жаным жадырап, кеудем керіле түсті. Менің 30 жыл бойы сағынышым осы бір қасиетті дəм екенін кейін түсіндім!

Кең тыныстап, дəм иісін рахаттана жұтып тұрғанымда, жаныма келген інім Жамбыл Тыныбаев:

– Аға, жүріңіз, сізді ел күтіп отыр, – дегенде ғана есімді жиып, үстел басына келдім.

Шіркін, адам жанын жадыратып, көркін гөзелдендіретін осы дəм ғой! Оны қанша жыл сағынып, қанша жыл сен үшін көз жасымды төктім! Бəрі енді түсінікті болды. Сағындырған да, та бындырған да, қасиетті дəм, өзің екенсің ғой!..

Мен отыз жыл көрмеген туған ауылым Теректіге келіп, бір ай сайрандадым. Ауылда о дүниелік болып кеткен əке, шеше, аға-бауыр, іні-қарындастарға құран бағыштап, көп нəрселерді көкірегіме тоқып, мамыр айының соңында Алматыға қайта оралдым. Көппен бірге мені көріп, қуанған Балғабек аға:

– Қалай, ел-жұртыңды көріп, көзайым болдың ба? – деп сұрап жатты. Өңім түлежіп, ажарлана бастағанымды қуана айтып, мені кабинетіне бас тады.

Менің қиын жылдары осындай сапарға бару-ым тек «Социалистік Қазақстан» газетінің, оның редакторының бірінші орынбасары Балғабек Қыдырбекұлының қамқорлығы еді.

Мұндай батылдық пен адалдық адам есінде сап алтындай сақталары анық. Мен, жанымды түсінген аға газет шаңырағына басымды мəңгі иемін!..

Ғалым ТЫНЫБАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген мəдениет

қайраткері. АЛМАТЫ.

СаєынышЌос мерекедегі кґп ќуаныш

Нґмірдіѕ нїктесіМерекелік, мерейтойлық газеттің өз ерекшелігі болады. Егер

басылымның күнделікті санын шығару үшін редакцияның тұтас ұжымы жұмыс істесе, арнаулы нөмірге жеке комиссия құрылады. Сөйтіп, оның басы-қасында солар жүріп, солар шығарады. Төменде біз осындай жұмыс атқарған қызметкерлерді атай кеткенді жөн көрдік.

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТОП: Қорғанбек Аманжол, Мамадияр Жақып, Гүлзейнеп Сəдірқызы, Айнаш Есали, Шарафаддин Əміров, Қанат Ескендір.

СЕКРЕТАРИАТ: Сапарбай Парманқұлов, Амангелді Қияс, Қонысбай Шежімбаев, Айдарбек Ғазизұлы, Берсінбек Сəрсенов, Ерлан Омаров, Орынбай Балмұрат.

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТ: Лəззат Нұрпейісова, Мəншүк Шайғожанова.

БЕТТЕУШІЛЕР: Алмас Манап, Гүлмəрия Құдабаева, Назым Рақымбаева, Риза Абай, Əсел Түсіпбекова.

ТЕРІМШІЛЕР: Шынар Тұмсабаева, Сəлима Галимова, Перизат Смайылова, Айнұр Райымқұлова, Фариза Орманова.

КОРРЕКТОРЛАР: Нұршагүл Əшімбаева, Базаркүл Ахмет, Тұрсын Есілбаева, Зəкира Төлешова, Сапаргүл Бұхарзада, Ақбаян Сназарова.

Қайсар ƏЛІМ – «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері»

«Егемен Қазақстан» газетінің ұжымы. 2014 жыл. 6 қараша.