ummet.kz · obdf?l [zkiz c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды...

241
"ХИКМЕТ" баспа үйі РАХМЕТ ПАЙҒАМБАРЫНАН РАХМЕТ САМАЛЫ Осман Нұри ТОПБАШ

Upload: others

Post on 22-Aug-2020

9 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йіРАХМЕТ ПАЙҒАМБАРЫНАН

РАХМЕТ САМАЛЫ

Осман Нұри ТОПБАШ

Page 2: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

ББК 86.38Т 59

Т 59 ТОПБАШ Осман Нұри.Рахмет Самалы: Рахмет пайғамбарынан.– Алматы, 2008. – 241 б.

ISBN 978-601-7094-03-4

Түрікшеден аударғандар: Кеңшілік Тышхан Хайреттин Өзтүрік

Редакция алқасы: Қайырғазы Алтыбаев Закия Махитжанқызы

ISBN 978-601-7094-03-4

© ТОПБАШ О. Н., 2008

Page 3: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

АЛҒЫ СӨЗ

Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ Тағалаға мадақ.

Адамзаттың қараңғылықтан шығып, нұрға бөленуіне дәнекер болған әлемнің мәңгі мақтанышы Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Мырзамызға сәлем болсын!

Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) әлемге үлгі-өнеге болған сәулетті өмірін кітап жолдарына сыйғызуға тырысқанымыздың негізгі себебі, адамзат дүние мүлікке беріліп, нәпсісіне құл болып өмір сүрген қазіргі заманда жалыққан, шаршаған бейшара көңілдерге Пайғамбарымыздың руханиетінен бір жарық ұсыну. Тағы бір себебі ағаштар мен тастар өзіне сәлем берген, әрі әлемнің ұлы жаратушысының сансыз періштелерімен бірге «сәлем айтып, дұға еткенімен» ерекшеленген ұлы пайғамбардың өзгешелігінен және кәмілдігінен нәсіп ала білуіміз үшін.

Әлемнің жаратылуына себеп болған «махаббаттағы» сырлардың бірі – сүйгеннің сүйгенінің хал-ахуалымен бірдей болу жолына түсуі. Сүйгеннің махаббаты қаншалықты күшсіз болса да сүйгенінің құрметіне қарай махаббатынан әсер алады.

Бүткіл адамзат Пайғамбарымыздың дәнекер-лігіне және шарапатына мұқтаж. Оның ұлы ақиқатын адамдық түсінікпен кәміл түрде аңғара білу және аңғарылғанның өзін сөздермен толық түсіндіру мүмкін емес. Негізінде Оның ұлы жаратылысының мазмұнына қарасты баяндама-ны шексіз үнсіздікте нүктелеуден басқа шара жоқ. Оның сәулетті өмірін түсіндіруде тіл тым әлсіз болып тұрғанда, көңілімізден тілімізге «түскен»

- 3 -

Page 4: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

баяндамалар мұхиттың бір тамшысындай ғана. Өйткені көңілдер және тілдер Оны түсіндіруде әлсіз. Сонда да Оны түсіндіретін және еске салатын барлық нәрсе, бөлек бір көрініс, бөлек бір руханиат, бөлек бір өлең және бөлек бір көркемдік. Құдайы құдіреттің мың бір түрлі өрнектері мен ағыстары Пайғамбардың нұрынан бір қуанышты хабаршы болып Оны еске салады.

Осы шығармамызда, екі дүниеде құтылуымызға дәнекер болатын және Әлемнің мақтанышы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Мырзамыздың һидаят (Ислам ұғымы

бойынша тура жол) шырағы болған Құранның қияметке дейін жалғасып көңілдерді нұрландыратын мұғжиза-ларының бір бөлігін түсінігіміздің, шамамыздың және қабілетіміздің мөлшерінше түсіндіруге тырыстық.

Өткен пайғамбарлардың мұғжизатынан және әкелген діндерінен қазіргі күнімізге дейін жалғасып келген ешбір нәрсе жоқ сияқты. Ал Құран мұғжизасы, Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бақытты үмбетіне Аллаһтан берілген өзгеше, айрықша сыйлық ретінде қияметке дейін жалғаса береді.

Осы құдайы сыйлық, біздерге құлшылығымыз-дың маңыздылығын және біз жеткен игіліктің ұлылығын ескертеді.

Құран Кәрімді биік жерлерде әрі қастерлі орындарда сақтағанымыздай Раббымыз да осы ұлы аманатын, сезудің ең үлкен орны болған жүрегімізге нақыш етіп рухымызға шипа бұлағы қылсын, дүние мен ақыретте құтылуымызға дәнекер қылсын.

Әрбір тұқым ерекшеліктері қандай болса да, өзі егілген топырақтың қабілетіне қарай нәтиже береді. Біздің көңілімізде де осы «Рахмет самалы» кішкене ғана бой көтеріп аласа қалған болса, кемшілік өзімізден деп білеміз. Бірақ қаншалықты кем болса да, қанша қате кетсе де «Аллаһтың Елшісінің махаббатына лайық болу

- 4 -

Page 5: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

арманымен» жазылған бұл шығарманы, Аллаһ Тағала көңілдеріміздің қуанышы және нұр бұлағы қылсын!

Қандай бақытты сол мүминдер, Аллаһқа және Пайғамбарына көңіл аударып жүрегінде махаббат тұтанады. Және сол мүминдердің махаббатты басқа махаббаттардан жоғарыда ұстауға шамалары жетеді!

Құрметті оқырман!Аллаһтың пайғамбары үшін көбірек дұға Оған

сәлем жіберейік. Аллаһпен арамыздағы байланысты Ол арқылы күшейтейік, Өйткені ең қорқынышты күнде, яғни махшарда Оның дәнекерлігіне және шапағатына мұқтажбыз.

Аллаһ Тағала «сиратул мустақим» деп аталатын тура жолдың жалғыз-ақ көрсетушісі – Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) терең мағыналы, кең руханиатынан көңілдерімізге сәулетті несібелер және нұрлы шықтар бұйырсын! Жүрегіміз Аллаһқа және Пайғамбарына деген махаббаттың мәңгілік орны болсын! Аллаһ Тағала барлығымызды Оның ұлы шапағатына жеткізсін!

Әмин!Дахиләк (есігіңді аш), Уа Расулаллаһ!Медет, Уа Расулаллаһ!Шапағат, Уа Расулаллаһ!

- 5 -

Page 6: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 6 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

ӘЛЕМДЕРДІҢ МАҚТАНЫШЫ

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

ЖЕР БЕТІНЕ ТҮСІП ДҮНИЕМІЗДІ ЕРЕКШЕ МӘРТЕБЕГЕ ЖЕТКІЗГЕНІ

Ол екі дүниенің мырзасы Мұхаммед Мұстафаға сала-уат!

Ол адамзаттың әрі жындардың пайғамбары Мұхаммед Мұстафаға салауат!

Ол қасиетті екі жердің имамы (О дүние мен бұл дүниенің

немесе Мекке мен Мәдинаның имамы), Мұхаммед Мұстафаға са-лауат!

Ол Хасан мен Хүсейннің атасы Мұхаммед Мұстафаға салауат!

Әлемді шексіз мейіріміне бөлеген құдіреті күшті Ал-лаh рахметі мен мейірімінің ең толық нәтижесі болған адамзатқа жаратылғандардың ішінде ең жоғарғы мәртебе беріп, оны сол дәрежеге лайық болатындай бір-неше ерекшеліктермен сипаттаған.

Ал осы таңдау адамның ақиқатқа жетуіне (Аллаh күткен дәрежеде) жеткіліксіз көрінгендігінен ақыл, түйсік және сезімнен құралған құдайы сыйларға қосымша жол көрсетуші пайғамбарлардың жіберілуімен адам баласына «Уасыл-ы Илаллаh»* жолында берілген көмектер толық дәрежесіне жеткізілген. Сыйлық ретін-де берілген бұл орнықты жәрдемнің шыңында – жара-тылуда тұңғыш, ал дүниемізге жіберілуде соңғы орында

** Уасыл-ы Илаллаh: Аллаhқа толық мағынада құлшылық етіп, ризалығын алуға талпынып Аллаһқа жету

Page 7: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 7 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

болған «Мұхаммеди Нұр» және сол нұрдың дүниеміздегі суреті – ақырзаман пайғамбары болған.

Жаратылғандар тізбегінің себепшісі және шыңы болған Хазіреті Пайғамбар (Саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)* Миләди** 571 жылғы 20-сәуірге кез-келген 12-Рәбиул Әууәлде***, дүйсенбі күнгі таң атар алдында дүниеге келіп, дүниемізді шексіз бір мәртебеге жеткізді.

Тұңғыш рет Оның нұрының жаратылғаны белгілі ақиқат. Бүткіл жаратылғандар сол нұрдың құрметіне жаратылғандықтан, бастауы сол нұр болып табылатын жаратылыс тізбегіне жалғана береді.

Оның дүниеге келуімен Аллаhтың мейірімі та-сып кетті. Таң мен кештің түсі өзгерді. Сана-сезімдер тереңдеді. Сөздер, сұхбаттар, ләззаттар жаңа бір сипатқа ие бола отырып, шетсіз де шексіз бір күйге түсті. Әрбір нәрсе жаңа, ерекше бір мағына мен әсемдікке бөленді. Пұттар**** өздігінен қозғалып құлады. Парсы мемле-кетіндегі Медайн қаласының сарайларында бағаналар мен мұнаралар құлады. Сауе көлі зұлымдық саздауыты сияқтанып құрып кетті.

Көңілдер нұрмен және берекемен тасып кетті.

Осы уақытта кейбір жерлерде болып өткен қызық оқиғалар, шарапатты пайғамбардың дүниеге келуінің ең алғашқы жақсы әсері еді.

Әкесі Шам қаласына сауда-саттықпен барып, қайтарда Мәдина қаласында ауырып, қасиетті де киелі бала туылатынынан екі ай бұрын қайтыс болған.

* Мағынасы: Аллаһ пайғамбарын жақсылыққа, мейіріміне бөлеп т.б. сәлеметте қылсын.

** Миләди: қазіргі кезде қолданылып келе жатқан күнтізбе

*** Рәбиул Әууәл: Хижра күнтізбегі бойынша.**** Пұт: қараңғы халық табынатын ағаш, тас мүсіндер; от,су

сияқты заттар

Page 8: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 8 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Сол құтты бала ауа-райына байланысты және араб халқының әдет-ғұрпы бойынша төрт жасына дейін сүт анасы* «бақытты әйел» Қалиманың қасында болды.

Алты жасқа толғанда шешесі Хазіреті Әмина әкесінің жәриесі (күң) Yммі Әймәнді қасына алып, «Жаратылыс Нұрын» әкесі Хазіреті Абдуллаһтың қабіріне зиярат ету үшін Мәдина қаласына алып барады. Сол сапар кезін-де Хазіреті Әмина ауырып қалады да, Әбуа ауылында қайтыс болып, сол жерде жерленеді. Бір ақын шешесінің ерекшелігін:

«Әй, Әбуада жатқан мәйіт,Бақшаңда ашты дүниеніңең шырайлы гүлі», - деп, өте жақсы суреттеген.

«Жаратылыс Нұры» шешесінен де айырылып жетім қалғаннан кейін Yммі Әймәнмен бірге Мекке қаласына қайтады.

Сегіз жасында атасы Әбдүлмүттәліп, одан кейін ол үшін өз жанын құрбан етуге әрқашан даяр болған қорғаны, әкесінің інісі Әбу Тәліп қайтыс болды. Осы себептермен бүткіл фәни (уақытша, жалған) және бұл дүниеден болатын көмек үзілді. Бұдан кейін Оның иесі, қорғаушысы және тәрбиешісі тек қана Аллаh болды. Өмірінің ең әлсіз кездерінде көрінген бұл жалғандағы уақытша көмектердің үзілуі Құдайдың қалауымен, Оның адамзатқа (азды-көпті еліктерліктей) көрсетілетін бір үлгі болуына байланысты еді.

Оның жетімдікпен өткен балалық және жастық шағы рухани тазалық және нұрлы келешекке лайықтылықты бейнелейтін «сәулетті өмірмен» өтіп жатты.

* Меккедегі ауа-райы ыстық, жас нәрестеге өте қолайсыз болғандықтан, ауқатты адамдар жайлауда тұратын әйелдерге (сүт аналарына) ақы төлеп балаларын асырап, емізіп бағуға беретін.

Page 9: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 9 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Ақыры 25 жасқа келгенде Құрайыш руының мәртебеліcі Хазіреті Хадишамен үйленіп, бас қосты. Таза текті әйел Хазіреті Хадиша өзімен және мал-мүлкімен Оған жаңа бір күш-қуат әкелді. Хазіреті Хадиша «Жа-ратылыс Нұры» болған пайғамбарымыздан он бес жас үлкен, балалы, жесір әйел еді. Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) онымен бүкіл адамзатқа үлгі боларлықтай тап-таза өмір сүрді.

Бір күні Хира тауынан ғажайып бір әсермен асығып үйіне қайтып келіп:

– Ей, Хадиша, маған кім сенеді, - деп айтқанда, мүбәрәк жолдасы «Жаратылыс Нұры» болған жұбайына:

«Аллаhтың сені ешбір уақыт ұмытпайтынына және ешқашан мақсатыңа жеткізбей бос жүргізіп, ұялтпайтынына ант етемін. Өйткені сен туысыңды қорғайсың. Өз ісін атқаруға күші жетпеген әлсіздердің ісін өз мойныңа аласың, жарлы-жақыбайларға садақа таратып, ешкімнің бере алмайтынын бересің. Қонақты сыйлайсың, әділдікті жоқтап ортаға шыққандарға көмек бересің…

Әй, Аллаhтың Елшісі, мен сені қабыл етіп мақұлдаймын! Осы Аллаh жолына ең алдымен мені шақыр»,-деп ең алғашқы сенген және ең алғаш сүйеніш болған адам болды.

Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оның рухани байлығын, нәзіктігін және асылдығын ешқашан ұмытпаған. Сондықтан Хазіреті Хадиша қайтыс болғаннан кейін де егер құрбан шалынатын бол-са, әрдайым бір бөлігін Хазіреті Хадишаның туыстары-на жіберетін. Хазіреті Хадиша барша дүниесімен «Жа-ратылыс Нұры» болған пайғамбардың ұмытылмастай «қымбат естелігі» болды.

Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жанұялық өмірінің жас және мықты шағындағы

Page 10: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 10 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

алғашқы жиырма төрт жылы тек қана Хазіреті Хади-шамен (радиаллаһу анһа)* бірге өткен. Ал бұдан кей-інгі некелері толығымен Ислами және саяси негізбен болған. Бұл әйелдердің көбі өзінен жасы үлкен және жесір болған ханымдар еді. Іштерінде беті ашылмаған жас қыз тек қана Хазіреті Айша болды. Бұның себе-бі шариғат бойынша әйелдерге қарасты мәселелердің тұрақтылығын және анық болуын қамтамасыз ету еді. Шынында да Ол ақылымен және парасаттылығымен әйелдерге қарасты шариғат мәселелерін толық түрде шешкен және Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қайтыс болғаннан кейін ұзақ жылдар өмір сүріп, мұсылман әйелдерге ұстаз болып, шариғат үкімдерінің бір бөлігінің негізін ұйымдастырған. Не-гізінде Пайғамбар: «Діндеріңіздің жартысын Айша-дан үйреніңіздер», - деп келешектегі бұл ақиқатқа ишарат еткен. Пайғамбарымыз (Саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Айшамен бас қосуының екінші бір себебі Сәур үңгіріндегі «екеудің екіншісі» деп аталған Хазі-реті Әбу Бәкір (радиаллаһу анһу) мен болған рухани жақындықты, оның қызы Айшамен некелесу арқылы туыстық жақындықпен күшейтуді армандағандықтан болды.

Бұл некелердің қандай сәулетті мақсаттары мен өзіндік сырлары болғанын, тек қана Иман түсінігі бар білімді және ұжданды адамдар түсіне алады.

Миссионерлер сияқты ниеті бұзық қауымның айтқанындай бұл некелердің себебі әйелжандылық бол-са, ол мүбәрәк адам өмірінің ең жас әрі қайратты шағын өзінен он бес жас үлкен, балалы, жесір әйелмен өткізбес еді.

«Бұл некелердің себебі тек қана әйелжандылық»,-деген көзқарастағы надан, қарапайым және таяз

* Аллаһ одан разы болсын

Page 11: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 11 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

түсініктілер бұл ақиқатты аңғара алмайды. Зейіні мен көңілдерін нәпсіге бейімділік жаулаған адамдардың ақиқатқа жатпайтын, ақымақтықпен берген үкімдері – қараңғы көңілдерінің көрінісі болса керек.

Әлемнің жаратылуының себепшісі болған бұл кісі пәк бір жастық және ұлы да сәулетті бір жанұялық өмір сүргеннен кейін қырық жасында пайғамбарлық дәрежесіне жетті. Қырық жасына алты ай жетпей Аллаhтың құдіретімен Оған Хира үңгірі рухани мектеп ретінде ашылып берілді.

Жасырын түрде болған бұл Құдайы дәріс алудың тәлімі мен рухани ләззат сыныбында фәнилік және мәңгілік турасында сабақ алады да, қырық жасқа кел-генде:

«Сені жаратқан Раббыңның атымен оқы» (Алақ сүресі

1-аят), - деген бұйрық арқылы дінді уағыздау билігі мен пайғамбарлық куәлігі беріледі.

Пайғамбарлықтың алғашқы алты айы ақылымыз жететін дәрежеде, түсі арқылы уахи алумен өтті. Не-гізінде Хира үңгірінде болған жағдай топырақ астында өніп келе жатқан тұқым жайына ұқсайды, бірақ онда не болып өткені адам баласына мәңгілік беймәлім бо-лып қалатын бір болмыс мекені. Хазіреті Пайғамбарды бұл жерге алып келген себеп халықтың жолдан шығып азғындауынан көңіліне түйген қам және бүткіл әлемді қорғайтын мейірімі еді. Адамзатқа мәңгі бір шырақ болатын Құран Кәрімді Аллаhтан Пайғамбардың пәк көңілі арқылы адамзат түсінігіне жеткізуге дайындық еді. Бұл жағдай, қуаты күшті тоқтың жерге таралуына ұқсас бір ұшқын көрінісі сияқты еді. Сондықтан Аллаh пен Оның хабибі (сүйген құлы) арасында бір сыр бо-лып қалуы көзделген және сол себепті алыс бір үңгірде

Page 12: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 12 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

болған еді. Жай адамдар үшін шыдауы мүмкін болмаған уахиға тыңдаушы болу міндетін мойындау жөнінде Пайғамбардың жаратылысындағы қабілетті ортаға шығару мезгілі еді. Дәл шикі темірдің ішкі күшпен құрышқа айналғаны сияқты. Бұл сырдың шегіне же-тетін ақыл және оны толық түсіндіруді көздеген бірақ «шамасыздығынан шашырамаған» сөз жоқ.

Бұл сыр әлеміне көңіл терезесін аша алмағандар Әбу Жаһіл мен Әбу Лаһаптың қарамайдай туының астына жиналған бақытсыздар тобынан болады.

Аллаhтың Елшісінің өмірі Оның алдында өмір сүрген пайғамбарларға да нәсіп болмаған, ойға да сыймай-тын құрмет пен атақ болмысына толы. Аллаh Хабибім (сүйіктім) деп тек қана Оны атаған. Миғраж (көкке көтерілу) пайғамбарлардың ішінде тек қана Оған нәсіп болған.

Ақса мешітінде, бүкіл пайғамбарларға имам болып, оларға намаз оқытқанымен артықшылығы белгілі болды. Мұсаға айтылған «Лән Тәрани»* сыры пайғамбарымызға «Қабе қаусейни әу әднә»** болып шықты. Аллаhпен қауышу нүктесі болған намаз да, Оның үмбетіне кіші миғраж ретінде сыйланды.

Мекке қаласында өткізілген он үш жылдық Ислам-ды насихаттау әрекетінен кейін өзіне екінші бір үңгір

* «Лән Тәрани» сыры: Мұса (аләйһиссәләм), Тури Сина тауында Аллаhпен сөйлесу үшін алдыменен отыз күн ораза тұтуы әмір етіліп, кейін тағы да он күн ораза қосылып қырық күнмен бекітілу арқылы дайындық мерзімінен өтті. Бұл нәпсі жаулаған өмірден тазарып, Аллаhпен сөйлесуге дайындық еді. Хақ Тағала Мұса (аләйһиссәләм)мен ауыз немесе дауыс сияқты табиғи құбылыс арқылы емес, келам(Аллаhтың сөйлесу сипаты) арқылы сөйлесті.Хазіреті Мұсаның (аләйһиссәләм) қасындағы куә деп әкелінген жетпіс кісі де, Жәбірейіл де бұл «Құдаймен сөйлесуді» естімеді және сезбеді де. Мұса (аләйһиссәләм) бұл Құдайы көріністің алдында есінен айырылып, дүниеде ме, әлде ақыретте ме, қайда болғанын

Page 13: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 13 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

көрсетілді. Бұл хижрет*** жолындағы Сәур үңгірі еді.

Бұл үңгір оқу үшін емес, (Пайғамбарды) Құдайдың сы-

рымен безендіру және көңілдің көзін ашу дәрісханасы

ретінде көрсетілді. Пайғамбар үңгірде үш күн, үш түн

шықпастан болды. Ол жалғыз емес еді. Қасында бүкіл

пайғамбарлардан кейін әлемдегілердің ең үстемі және

гауһары болған Хазіреті Әбу Бәкір бар еді. Хазіреті Әбу

Бәкір Онымен серіктес болу мерейіне, атағына және

қасиетіне ие болды әрі бұл серіктестіктің себебінен

Аллаһ тарапынан «екеудің екіншісі» деп аталды. «Жа-

ратылыс Нұры» осы қадірменді серігіне:

«Мұңайма, Аллаhтың бізбен бірге екені күмәнсіз»

(Тәубе сүресі 40-аят) - деп және «тіліңді тамағыңа жабы-стырып Аллаh, Аллаh деп зікір ет» - деп, Аллаhпен бірге

болу жағдайын, ерекшеліктерін түсіндірді. Осы жағдай,

ұмытып, мекен және уақыт өлшеулерінің сыртына шығып кетті. Күшті бір ғашықтық пен махаббат жүрегін жаулап, Аллаh Тағаланың өзін көргісі келді. Аллаh Тағала: «Лән Тәрани»(мені мүлдем көре алмайсың)-деп, қарсылығын білдіреді. Мұса (аләйһиссәләм) өз еркіне ие бола алмай, қайта-қайта табандылықпен сұрай береді. Сонда Хақ Тағала тауға қарауын әмір етіп, егер оны орнында көре алса өзін де көре алатынын білгізеді. Нақылдарда айтылғаны, сансыз рухани перделер арқылы Аллаh Тағаладан бір нұр тауға шағылысады да, тау сол кезде бірақ жарылып кетеді. Мұса (аләйһиссәләм) үрейден қатты қорқып қалады. Айыққанда, шектен шығып кеткенін түсініп, зікір (көңілмен ойлап және тілмен айтып Аллаһты еске алу) етіп Аллаh Тағаладан өзін кешіруді сұрайды.** «Қабә қаусәйни әу әднә» Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ешбір мақұлық (Жәбірейіл де) шекарасынан өте алмаған «сүдрә мүнтәһаның»(Аллаhтың маңайындағы ешбір мақұ-лық жақындай алмайтын аймақ) арғы жағына өткізіледі. Аятта адам баласы түсіну үшін: “Беттестірілген екі садақтан да жақынырақ”,-деп айтылған “жақындықтың” қандай болғаны пенделердің түсінігінен тыс және құпия түрдегі кездесу болды.Бұл толық түсінуге ақылы жете алмайтын біз-әлсіздерге ұсынылған Хазіреті Мұса (аләйһиссәләм) мен Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) салыстырылуы.*** Хижрет: Меккеден Мәдинаға көшу

Page 14: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 14 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

жасырын зікір тәлім-тәрбиесінің ең алғашқы бастауы және көңілдердің Аллаhқа ашылып жай табуы еді.

Яғни, Сәур үңгірі пендені сансыз сырлар әлемінен «Уасыл-ы Илаллаһ» ететін негізгі көңіл тәрбиесінің басталу мекені мен Илаһи сапардың* ең алғашқы сәті болған.

Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) нұр бұлағы болған көңіл әлеміндегі сырларды паш етіп, баяндауы ең әуелі Хазіреті Әбу Бәкір (радиаллаһу анһу) мен осы үңгірде басталып, қиямет-қайымға дейін үзілмей жалғаса беретін «алтын шежіренің»** бірінші парағы болған. Иманның күші пайғамбарға деген махаббатта. Барша қасиетті, ұлы сапарлардың қозғаушы күші Оған деген махаббат болған. Сонымен Ұлы Аллаhқа жетудің жолы тек қана пайғамбарға деген махаббатпен бекітіл-ген. Өйткені махаббаттың шарты, ғашықтық заңы – сүйген кісіге деген махаббат және ғашықтық себебімен ол кісінің сүйген, ұнатқан нәрселерін қолдан келгенін-ше дәлме-дәл ұнатып сүю. Осы Құдайға деген махаббат-ты шикі және таяз түсінігімізбен жүрегімізге қондыру мүмкін емес. Төмендегі әңгіме, әр адамның көңіліне өз түсінігінің мүмкіндігінше әсер береді деген ойдамыз.

Хазіреті Әбу Бәкір Сыдық, өмір бойы Мырзамыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мен әр сұхбаттасқанда, жаңадан өзгеше бір зауықтан және ләззаттан көңілі көтеріліп рахаттанатын еді. Пайғамбарлық сырларына ізгі ниетімен, ең жақсы сырлас болғандықтан, әр түрлі рухани көріністерге жетіп, қасында болса да Мырзамызды (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сағынып, аңсап тұратын.

* Құдайы сапар** Исламда рухани тәрбиені қолға алатын сопылық жолының

Пайғамбарымыздан (Саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бастап қиямет-қайымға дейін жалғасатын ұстаздар шежіресі

*** Мағынасы: Аллаһ оны сәлеметте қылсын

Page 15: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 15 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Шынында да Хазіреті Пайғамбар (аләйһиссәләм)***:

«Әбу Бәкірдің мал-мүлкін пайдаланғанымдай басқа ешбір жанның мал-мүлкін пайдаланбадым...», - деп айтқанда, Хазіреті Әбу Бәкір (радиаллаһу анһу) көзінің жасын төгіп:

«Мен де, мал-мүлкім де тек қана сенің құрметің үшін емес пе? Ей Аллаһтың Пайғамбары!» (Ибн Мажә, Фәдайлу

Асхабун-Нәби,11) -деп жауап қайтаруы өзінің барлық дүниеcімен бірге Хазіреті Пайғамбарға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) арналғанын және оның жолында фәни болғанын* көрсеткен еді (бұндай іс сопылық жолын-да «фәна фирр расул» мәртебесі деп аталады). Ол бүкіл дүние-байлығын Аллаhтың және Пайғамбарының жолы-на жұмсаған. Тіпті Хазіреті Пайғамбар (аләйһиссәләм):

«Әскерге көмек беріңіздер», - дегенде, түгел байлығын алып келеді. Аллаhтың Елшісінің:

«Бала-шағаңа не қалдырдың! Ей, Әбу Бәкір!» - деген сұрағына күшті бір Иман толқуымен:

«Аллаhты және Елшісін»,- деп жауап қайтарады. (Сәрраж, әл-Лума. б.169)

Хазіреті Муауие б. Әбу Суфян бұл кісі туралы:

«Дүние Әбу Бәкірді талап қылмайды... Оның да аңсары дүние емес», - деген.

Бірақ Хазіреті Әбу Бәкірдің (радиаллаһу анһу) бүкіл дүниесін садақа деп беруі және Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оның бұл ісіне қарсы келмеуі ерекше бір жағдай. Бұл жағдай Хазіреті Әбу Бәкірдің және оның жанұясының сабырлылығы мен тәуекелділігінің күштілігінен болуы мүмкін.

* Пайғамбардың көзқарасына сәйкес көзқарасы болу, Оның жақсы көрген істерін жақсы көру, Оның жолында құрбан болуға дайын болу.

Page 16: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 16 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Бұл екі қастерлі жолаушының сүйеніші, рухани ба-спанасы Хақ Тағала еді. Yңгірдің алдына дейін қуып келгендердің, өрмекшінің өрмегінен басқаны көре алмағандары туралы бір ақын:

«Өрмекші көкте емес,

суда емес, жерде де емес,

Хақты* көре алмаған көздегі елес»- деп айтқан.

Бұл екі қастерлі жолаушы Құдайдың қорғауымен Мәдина қаласының қасындағы Құба деген ауылға жет-кенде, ынтызарлықпен күтілген қадірлі қонақтардың құрметіне, Мәдинадағы қайнаған қалың жұрт мейрамға дайындалып жатыр еді.

«Талағал-бәдру аләйна»** деген, адамның көңіл күйін тербететін қара өлең дауысы төбелерден толқындап келе жатқанда тарих тағы да 12 Рәбиул Әууәлді көрсеткен еді және бұл күн кейін қолданылатын, қиямет-қайымға дейін созылатын оқиғаны мазмұндайтын Хижрет күнтізбегіне бастау болды.

Мәдина қаласы сол күннен бастап Ислам дінінің да-мып, өрлеген баспанасы және айнасы болды. Құдайға тіл тигізген қарабеттердің жүзі осы хижретпен солып қалды. Мәсжид сағадат (бақыт, береке мешіті) пен Мәсжид Куба (Құба мешіті) өте сәулетті бір мағынаға ие болып махшарға дейін, бұл мүбәрәк хижраттың қасиетті мекені және естелігі болып қалды.

Ансар*** мұхажирлерге**** өзінің дүниесін көрсетіп: «мінеки мал-мүлкім, алсаң жартысы сенікі»,- деп

* Хақ – Аллаh, Хақты көре алмаған – Аллаhқа сенбеген деген мағынада

** Мағынасы: Толған ай біздің үстімізде туды*** Сөздікте: көп жәрдем ететін делінген. Мұхажирлерге

көрсеткен жәрдемінің себебімен осылай аталған, Мәдина қаласының жергілікті, мұсылман тұрғындары

**** Меккедегі дүниелерін, үйлерін тастап дін үшін Мәдинаға көшіп келген мұсылмандар

Page 17: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 17 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

айтқан. Осыменен, діни бауырластық үшін аянбай шек-сіз берілу және сол бауырластық үшін әр түрлі пайда-дан немесе дүниеден бас тартудың тегі (негізі) қаланды. Мәдина қаласы Ислам тарихында мәңгілік құламайтын тақ пен жоғалмайтын сый құрметіне бөленді. Сондықтан Мәдинада азандар, оразалар, айттар, зекеттер, діни соғыстар бөлекше бір көрініс және ерекше бір сәулетпен пайғамбардың үмбетіне үлгі-өнеге және оған бару аңсаулы арман-тілек болды.

Бәдір соғысы Иманның кәпірлікке қарсы ең алғашқы табанды қарсылық көрсетуі болды және жеңіспен аяқталды. Діни бауырластық қан бауырластығын жойып тастады. Хазіреті Әбу Бәкір (радиаллаһу анһу) ұлымен, Әбу Ұбайда б. Жәрраһ (радиаллаһу анһу) әкесімен, Ха-зіреті Хамза (радиаллаһу анһу) інісімен соғысты. Хақ Тағала бұл үрейлі соғысқа періште әскерлерді де жібер-ді. Бұл «сәулетті толқуға» қатысқан періштелер басқа періштелерге қарағанда жоғарғы мәртебе алды. Бұл ора-сан зор жеңістен кейін Аллаh Тағала, мұсылмандардың дандайсып кетпеулері үшін Әнфал сүресінің он жетінші аятын түсірді:

«(Ей, Мұхаммед!) Cонда оларды сендер өлтірмедіңдер, тек қана Аллаh өлтірді. Атқан кезде де сен атпадың, тек қана Аллаh атты. Бұл мүминдерді жақсы бір сынақпен сынау үшін, расында Аллаh толық естуші, бәрін білу-ші».

Ал Бәдір соғысынан кейін болған Ұхуд соғысы Хазі-реті Хамзаның қанымен боялды. Онымен шейіттердің* саны жетпіс болды. Шейіттердің жаназа намазда-рын оқу үшін ішінде Хазіреті Хамза бар он шейіт әкелінді. Намаздан кейін тоғызы әкетіліп, ал Хазіреті Хамзаның сүйегі жерленбей, әр жолы қасына жаңадан

*Шейіт: дін жолындағы соғыста қаза тапқандар.

Page 18: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 18 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

әкелінген тоғыз шейітпен бірге жаназасы қайта-қайта шығарылды. Аллаһтың Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ағасы, жан жүрегі және «шейіттердің мырзасы» болған бұл мүбәрәк шейіттің жаназа намазын қаншама рет қайталап оқыды.

Міне, Бәдір соғысынан кейінгі Ұхуд соғысы осын-дай үрейлі, мұңды жағдайлармен өтіп жатты. Өмірдің барлық ащы да, тәтті кездері күшті бір құлшылықпен өткізіліп жатты және тәуекелдік, көңілмен беріліп мой-ын ию мен тағдырға ризашылық күшті түрде іске асы-рылды.

Бұлардан басқа жер мен көкті дірілдеткен оқиға: Аллаһтың Елшісінің әскери сауытының екі алқасы, мүбәрәк жүзіне батып бетін жырып, бір тісін сындырған еді. Сол кезде бүкіл сахабалар мен періштелер терең бір азаға түсті.

Мырзамыз Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мүбәрәк бетінен ағып, топыраққа тамып жатқан қанды азапқа себеп болмасын (Аллаhтың қаһарымен дүние жа-заланбасын) деген үреймен сүртіп, Хақ Тағалаға жалы-нып:

«Уа Раббым! Қауымым не істегендерін білмейтін на-дан халық. Сен оларды дұрыс жолға сал»,-деп дұға етті.

Бұл соғыстан кейінгі уақыттардың бірінде Нәби* (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Жәбірейіл Әминнен:

«Аспаннан жер жүзіне түскен сәттеріңде, іштей қобалжудан, толқыдың ба?»-деп сұрағанда, Жәбірейіл (аләйһиссәләм):

«Иә, төрт жерде осылай болды», - деп сол оқиғаларды баяндап:

* Өздеріне кітап түскен пайғамбарларды Расул және өзіне кітап түспеген, алдында келген пайғамбардың үкімдерін жайып таратқан пайғамбарларды Нәби деп атайды. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ақырзаман пайғамбары болғандықтан әрі Нәби, әрі Расул деп аталады.

Page 19: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 19 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

«Біріншісі Ибраһим (аләйһиссәләм) отқа лақтырылғанда,

екіншісі: Ибраһим (аләйһиссәләм) пышақты ұлы Исмаилдың (аләйһиссәләм) мойынына тақағанда, үшіншісі: Жүсіп (аләйһиссәләм) құдыққа лақтырылған шақта, толқуменен, қауіптеніп жер жүзіне түстім. Олар-ды құтқарып Құдайдың әмірін орындадым.

Ал төртінші рет: Ұхуд соғысы күні кәпірлерден саған зиян келіп, тісіңді сындырған сәтте Аллаh Тағала:

«Құлыма жет! Қаны жерге тамбасын, егер Хабибімнің (сүйіктімнің) қаны жерге тамса, Ұлылығымның хақы үшін жерде бірде-бір өсімдік, бірде-бір ағаш өсірмеймін», - деп бұйрық берді.

Міне, осы жерде қауіптеніп, дереу мүбәрәк жүзіңізден тамшылаған қанды алып ауаға жоғалтып жібердім»,- деген екен.

Міне, Ұхуд соғысында осындай назар аударатындай, ерекше бір жағдайлар да болған.

Пайғамбардың қадірменді достары Ұлы Сахабалар Бәдір соғысында Аллаhтың Елшісіне шексіз бағынып, тәуелді болған. Және оған:

«Ей Аллаhтың Елшісі! Біз саған сендік, Аллаh Тағаладан келген Құранның хақ болғандығына шын ықыласымызбен иман келтірдік. Және Саған бағынып тәуелді болуға уәде беріп серттескенбіз. Қалай қаласаң солай істе. Бізге де әмір ет, біз Сенімен біргеміз. Сені жі-берген Аллаh ақысы үшін теңізге кірсең де сенімен бір-ге кіреміз, ешбіреуіміз қалмаймыз», - деген сахабалар Құдайы толқудың шыңына шығып, Құдайға шын беріл-гендігін дәлелдеді.

Ал Ұхуд соғысында бір топ сахабаның Аллаhтың Елшісінің әмірін орындауды қас-қағым сәт кешіктіріп, ғапылдықпен дұшпанды аңдамай қалуы және соғыс ол-

Page 20: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 20 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

жасына көңілі ауып кетуі, соғыстың ағысын өзгертіп, Құдайдың ескертуі ретінде көрінген жеңістің кешігуіне себеп болған.

Ұхуд соғысы ерекше бір түрде Аллаһтың Елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) көңілінде үлкен орын алған. Өмір бойы Ұхуд тауы мен Ұхуд шейіттерінің қабірлеріне үзбей зиярат етіп тұрған. Анда-санда:

«Біз Ұхудты сүйеміз, Ұхуд та бізді сүйеді», - де-ген сөздерімен шейіттер мекеніне құрметін көрсеткен, қиямет-қайымға дейін, Аллаhтың Елшісінің махабба-тына бөленген мекен болғандығынан, үмбетіне құшағын аша қарсы алатын зияратхана болды.

Хәндек соғысында «Жаратылыс Нұры» ешбіреу-дің сындыруға шамасы келмейтін үлкен бір тасты сындырғанда, бірінші ұрғанында Кайсардың*, екінші-сінде Кисраның, үшінші рет Сана сарайларының құлап, жермен жексен болуын көргенін айтты. Сонымен осы мемлекеттердің барлығы «Илай-ы Кәлимәтуллаһпен»** қауышатынының қуанышты хабарын айтып және уәдесін беріп, үмітсіз көңілдерді келешектегі жеңістердің толқуымен үміттендірді. Аллаh Тағаланың жақын арада батыл*** деп аталатын бұрыс ағымның бәрін жоятынын сүйіншілеп, адам баласының ешқашан болмайды деп ойлаған бүкіл болымсыздықтарды біртіндеп іске асыра-тын түрде жалғаса беретін әлемдік hидаят картасын сы-зып жатты.

Хәндек соғысы азап, шаршау, аштық, суық және қараңғылыққа толы*, адам төзбейтін мың бір қиналыс

* Қайсар – Рим патшасы, Кисра – Парсы патшасы, Сана – Иемен патшасы

** Илай-ы Кәлимәтуллаһ Аллаh сөзін ең жоғарыға ұстап, Исламды үстем қылу.

*** қате, теріс мағынасында

Page 21: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 21 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

алаңы еді. Аллаhтың Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

«Аллаhым, нағыз өмір тек қана ақыреттегі өмір. Ансар мен мұхажирлерге жәрдем ет», -деп жалбарыну арқылы дүниедегі бүкіл азап пен қиындықтың ақырет мәңгілігінің алдында мәнсіз екенін айтып, ақыретті ны-сана ретінде көрсетеді.

Бірінен соң бірі туған жеңістерден соң Мекке қаласы Хұдәйбиәнің** куанышты нәтижесі болып өзара кеші-рім, бауырластық, қауіпсіздік және Құдайдың тура жо-лымен жүруін бәріне жеткізген рухани жеңістен кейін өзінің «асыл иелерін»*** құшақ жая қарсы алды. Азапқа, зұлымдыққа және машақатқа толы Мекке қасіреті аяқталды, ұзақ жылдар бойғы жабырқау шаттыққа ауысты. Бұл жеңістен кейінгі біраз күндерде, сүйінші ретінде тарихта маңызы үлкен кешірім көрсетілді. Соның нәтижесінде мұсылмандарды өлтірген бірталай қылмыскерлер де һидаят деген тура жолға түсіп, Құдайы сыйға ие болды.

Ең аяғында «қоштасу қажылығы» кезінде соңғы аят түсті. Діннің түсуінің соңы болғаны, толық дәрежеге жеткені белгілі болды. Бұл бір жағынан Ұлы кісінің Раббысына қайтар уақытының келгенін астарлы түрде білдіру еді. «Жаратылыс Нұры» дінді жайып таратуына қатысты:

«Сахабаларым дінді жайып тараттым ба?Тараттым ба?Тараттым ба?» - деп сұрап, сахабаларының

мақұлдығын алды. Одан кейін Аллаh Тағаладан куә бо-луын сұрады:

* Хәндек соғысы түнде болған** Хұдәйбиә: келісім-шарт болған жер аты, бұл жерде, сол

келісім-шарт ретінде айтылған*** Кезінде дін үшін кетіп қалған

Page 22: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 22 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

«Куә бол, ей, Раббым!Куә бол, ей, Раббым!Куә бол, ей, Раббым!»

Осымен, жиырма үш жылда келіп болған қасиетті аманат қиямет-қайымға дейінгі келешек үмбетіне бір рахмет белгісі болып тапсырылды.

Пайғамбар өзінің мемлекеті, отаны және туған жері болған Меккені қайтарып алған уақытта, Ансар:

«Аллаh Пайғамбарыға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Меккені ашып берді. Енді Ол Меккеде қалады, Мәдинаға қайтпайды»,- деп өз ара сыбырласып, қобалжи бастай-ды.

Ансар бұл әңгімені тек қана өз араларында айтқанымен, Аллаhтың Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) олардың ойларын өздеріне айтқанда олар ұялып, мойындайды. Бұған Аллаhтың Пайғамбары (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Ансарға:

«Бұлай істеуден (мені) Аллаh сақтасын. Өмірім де, өлімім де сендердің қастарыңда болады...»,- деп айтып, адам баласының түсінігінен де жоғары адалдық үлгісін көрсетті. Сөйтіп Мәдинаға оралды.

Бұрын да айтып кеткеніміздей Мұхаммедтің Пайғамбарлығы адамзаттың жаратылысынан бұрын, Құдайы бір көрініспен басталған. Яғни алғаш рет жарқыраған жаратылыс гауһары «Мұхаммеди Нұр» болған.

Хазіреті Пайғамбар нұрымен Хазіреті Адамнан бұрын, ал денесімен бүткіл Пайғамбарлардан кейін жіберіліп, «көрінуімен» пайғамбарлық күнтізбенің ең алғашқы және ең соңғы беті болды. Ол уақыт өлшемімен ең соңғы, ал жаратылыс жағынан ең ал-ғашқы Пайғамбар. Өйткені, пайғамбарлық күнтізбесі ең алғашқы жаратылған «Мұхаммеди Нұрмен» басталып, ең соңғы беті «Мұхаммеди денемен» аяқталған. Бұл

Page 23: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 23 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

көзқараспен пайғамбарлар тізбегі туралы төмендегілерді айтуға болады:

Періштелердің оған сәжде етуі мәжбүр қылынған Хазіреті Адам (аләйһиссәләм);

Жеті қат көктің құпияларына қаныққан Хазіреті Ыдырыс (аләйһиссәләм);

Топанымен кәпірлерді жер жүзінен сыпырып, тазалаған Хазіреті Нұх (аләйһиссәләм);

Аллаhқа сенбеген жұрттарды борандармен астан-кестен қылған Хазіреті Хұд (аләйһиссәләм);

Құтырынған және дандайсыған адамдар мекенін жер сілкінісімен іргесінен шайқалтқан Хазіреті Салих (аләйһиссәләм);

Намрұттың отын*, Аллаhқа тәуекелі және берілуі-мен гүлдер бақшасына айналдырған Хазіреті Ибраһим (аләйһиссәләм);

Ықылас, туралық, тәуекелділік және Аллаһқа шын көңілмен берілудің үлгісі болған, қияметке дейін созы-латын қажылық кезінде бүткіл мүминдерге қиссалары ескертілетін Исмайыл (аләйһиссәләм);

Ұрпағынан Бәни Исрайл (Еврейлер) пайғамбар-лары шыққан Хазіреті Ысқақ (аләйһиссәләм);

Ар-ұяттан айрылғандықтан жермен-жексен болып, «тарихтың қоқсығынан» орын алған «Содом-Гоморе» халқының жабырқау көңілді пайғамбары Хазіреті Лұт (аләйһиссәләм);

Аллаhты бірлеу туын шығыстан батысқа дейін жеткізген Зұлқарнайн (аләйһиссәләм);

Махаббат және қасіретпен «қуырылған» және сабырлылық үлгісі болған Жақып (аләйһиссәләм);

* Ибраһимді (аләйһиссәләм) өртеу үшін Намрұт патша жақтыртқан от.

Page 24: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 24 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Біраз уақыт құл болып, одан соң түрмеде жалғыз-дық, ғаріптік, азап, машақат, аштық және нәпсісімен күресу емтиханынан өткеннен кейін Мысыр мемлеке-тіне және адамдардың ілтипатына жетіп көңілдерге сұлтан болған және жарық айдай сұлулық иесі болған Жүсіп (аләйһиссәләм);

Сөйлегенде көңіл тебірентіп, «Хатибул - Әнбия»* деген лақабқа ие болған Хазіреті Шуғайб (аләйһиссәләм);

Құдайы сырларды Хазіреті Мұсаға үйреткен Қызыр (аләйһиссәләм);

Перғауын сұлтандығын астан-кестен қылып, Қызыл теңіз арқылы ғажайып асатаяғымен жол ашқан Мұса (аләйһиссәләм);

Әрқашан Мұсаның (аләйһиссәләм) жәрдемшісі болған адал інісі Хазіреті Харун (аләйһиссәләм);

Айтқан зікір-дұғасымен тау-тастың, жабайы хайуандардың көңіл-күйін қозғаған Хазіреті Дәуіт (аләйһиссәләм);

Күшті-құдіретті сұлтан бола тұра, онымен көңілін кірлетпеген Сүлеймен (аләйһиссәләм);

Өлгеннен соң, жүз жылдан кейін қайта тіріліп, қиямет-қайымда қайта тірілуге мысал болған Ұзайр (аләйһиссәләм);

Терең ойларымен сабырдың қайрақ тасы болған Әйюб (аләйһиссәләм);

Күшті бір толқумен, істиғпар (кешірім сұрау), дұға және зікірдің ақиқатына тереңдеп, қараңғылықтан өтіп келген* Жүнүс (аләйһиссәләм);

* Пайғамбарлардың шешені* Бұл жерде Жүнүсті (аләйһиссәләм) жұтып қойған балықтың

қарыны туралы айтылып тұр

Page 25: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 25 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Өлгеннен кейін «Ілиясқа сәлем болсын» деген Аллаh сөзі арқылы Аллаhтың ілтипаты мен ерекше назарына жеткен Хазіреті Ілияс (аләйһиссәләм);

Әлемдерге үстем етілген Хазіреті Илйяса (аләйһиссәләм);

Құдайдың рахметімен толық қамтамасыз етілген адал Пайғамбар Хазіреті Зүлкифіл (аләйһиссәләм);

Парасатты насихаттары арқылы дастан болған, адамның ішкі жан-дүниесі мен сыртқы физикалық дүниесінің дәрігерлерінің пірі болған Хазіреті Лұқпан Хаким (аләйһиссәләм);

Арамен екіге бөлініп жатқанда да үн шығармай, тәуекелділік пен тәсілімдігін (Аллаhқа берілу) сақтаған зұлымдық көрген Пайғамбар Зәкәрия (аләйһиссәләм);

Әкесі сияқты өлімді шейіттікпен қарсы алған Яхия (аләйһиссәләм);

Басқалардан ерекшелігі нәпсісін ағартуы болған, сиынумен және жалынумен ауруларға шипа беріп ем-деген, өліктерді тірілткен, көктегі Хазіреті Иса (аләйһиссәләм)

Сөздің түйіні жүз жиырма мың Пайғамбардың және олардың тағдыры мен Құдайы көріністің ағыстары бе-рекетті сәуір бұлттары секілді әбден тойып болғаннан кейін адамзаттың көңіл топырағына мәжбүрлікпен шашырап жауды. Және берекелі бір Һидаят (тура жолға салу) ұшқыны күйіндегі Пайғамбарлар тізбегі, қысқаша айтқанда әлемге рахмет болып жіберілген Хазіреті Мұхаммед Мұстафаның (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) келуінің, ықпалы және көктем қарлығашы болды.

Ибн Аббастан қалған нақылда* былай айтылады:

* Нақыл: риуаят

Page 26: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 26 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Аллаh Тағала, Хауа анамызды, Хазіреті Адамның сол жақтағы қабырғасынан жаратты. Адам (аләйһиссәләм) сол сәтте ұйықтап жатқан бола-тын. Оянғанда қасындағы көктемде жаңадан атқан бүршіктей Хауаны көргенде көңілі ауып, қолын соза-йын деп жатыр еді, періштелер:

-Ей, Адам, оған тиіспе! Әлі некелерің қиылмады - деп айқайлады.

Бұдан соң Хазіреті Адам мен Хазіреті Хауаның не-келері қиылды. Мәһірдің* шартын Хазіреті Мұхаммед Мұстафаға «салауат шарифа»** айтуымен орын-дады. Бұл Аллаhтың және Мұхаммеди ақиқаттың алдындағы ең алғашқы неке болды. Осыменен неке Ха-зіреті Мұхаммед Мұстафаға келтірілген салауат дұғасы арқылы сәулетті мәнге ие болды. Неке рахмет, береке және нұрмен тасып кетті.

Хазіреті Омардан (радиаллаһу анһу) қалған нақыл бойынша, Адам (аләйһиссәләм) біраз уақыттан кей-ін жәннәттан шығарылуына себеп болған зеллесін*** кешіру үшін Хазіреті Мұхаммед Мұстафаны дәнекер қылып Аллаh Тағалаға былай жалыныпты:

- Уа Раббым! Мұхаммед ақысы үшін мені кешіруіңді сұраймын!

Аллаh Тағала:

- Ей Адам! Әлі Мұхаммедті жаратқан жоқпын сен оны қалай танып, біліп қойдың, - деп сұрайды.

Адам (аләйһиссәләм):

- Уа Раббым! Сен мені құдіретті қолыңмен жаратып, жансыз денеме рухыңды үрлегенде басымды көтердім де

* Мәһір: Ислам дінінде келін болған қызға төленетін дүние, қалыңмал сияқты, бірақ, күйеуі әйеліне уәде береді және өзі орындайды

** Салауат шарифа: дұға*** Зелле: Пайғамбарларға қатысты еріксіз қате.

Page 27: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 27 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

ғарыш бағаналарында «Ла иләһә Иллаллаһ Мұхаммед Расулуллаһ» деген сөйлемді көрдім. Сен өз атыңа тек қана жаратылғандардың ең сүйіктісін қосатыныңды білдім ғой - деп жауап береді.

Аллаh Тағала да:

- Дұрыс айттың Адам! Расында да Ол маған жаратқандарымның ішіндегі ең сүйіктісі. Дұға ете-тін кезде «Оның құрметі үшін»,-деп айтып жал-барын! (Өйткені дәл қазір Оның құрметіне дұға қылғандығыңнан) Мен сені кешірдім. Егер Мұхаммед болмаса сені жаратпас едім. Осыны біл (Хәкім, Мустәдрәк,

11,672, Бәйхаки, Дәләил, V, 488-489) - деді.

Бұрынғы әдебиет көздеріндегі мәліметтер бойынша, Аллаhтың Елшісінің сүт аналарының біреуі бақытты әйел Сәубие болған. Бұл әйел, Пайғамбардың дұшпаны Әбу Ләһабтың жәриесі еді.

Сәубие ханым, Әбу Ләһабқа інісінің туғанын айтып сүйінші сұрағанда, өзінің елінен, руынан бір баланың туылғанының құрметіне (тек қана сол себепті) Әбу Ләһаб бұл құлын азат етті. Осы рушылдықтан туған қуанышы Әбу Ләһабтың тозақта тартқан азабының дүйсенбі кештерінде жеңілдетілуіне себеп болды.

Әбу Ләһаб өлгеннен кейін, оның жайы біреудің түсіне енеді:

- Әй, Әбу Ләһаб, қалың қалай? - деп сұрағанда, ол бы-лай жауап береді:

- Тозақтамын, азап көріп жатырмын. Тек қана дүйсенбі күнгі кештерде тартқан азабым жеңілдетіледі. Бұл кештерде саусақтарымның арасынан су сорғалайды да, сол суды ішіп салқындаймын. Өйткені, дүйсенбі күні Сәубие жүгіріп келіп сол таңда Аллаhтың Елшісінің дүниеге келуіне сүйінші сұраған еді, мен де оны азат ет-

Page 28: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 28 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

кенмін, Аллаh та бұл ісім үшін дүйсенбінің кештерінде азабымды жеңілдетіп, ілтипат жасайды.

Ибн Жәзәри:

- Әбу Ләһаб сияқты кәпір, Пайғамбардың туған күнінде тек қана рушылдықпен істеген ісі арқылы тозақтың ішінде де пайдасын көріп отырғанда, біз мүмин-мұсылмандар ол түнге құрмет көрсетіп әлемнің мәңгі мақтанышы болған Пайғамбарға деген көңіл ма-хаббатымызды ашсақ Хақ Тағала тарапынан қандай жақсы ілтипаттарға жетеміз. Мұсылман үшін лайық болғаны, Пайғамбардың туылған айында қайта-қайта (мұсылмандар бір-бірімен) сұхбаттар жасап көңіл нұрын тазалау, мүбәрәк айдың руханиатынан пайдала-ну үшін үмбетке той жасап, қонақ күту, пақыр, ғаріп, жетім, бейшара және ешкімі жоқ адамдарға әр түрлі жақсылық жасап жабырқаған көңілдерді көтеріп, шат-тандыру, оларды қайыр-садақалармен қуандыру және Құран оқу, - деп айтады.

Ол жетім және үммі (оқу-жазуы болмаған), басқалардан сабақ алмаған, бүкіл адамзатқа құтқарушы және ғайб әлемін әңгімелеуші және Хақ мектебінің ұстазы болды.

Хазіреті Мұса бірталай өкімдер алып келген. Хазіре-ті Дәуіт Аллаhқа дұға ету және жалбарынуды әндетіп, мақамдатып айтқанымен ерекшеленген. Хазіреті Иса адамзатқа жақсы мінез-құлықты және дүниеге көңіл аудармай өте аз, жеткілікті нәрселермен өмір сүруді үйрету үшін жіберілген. Ал Ислам Пайғамбары Хазі-реті Мұхаммед Мұстафа (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) осылардың бәрін алып келген. Өкімдер шығарған. Нәпсісін ағартып, тап-таза жүрекпен Аллаhқа дұға етуді үйреткен. Ең жақсы мінез-құлықты баяндап қана қоймай, өз өмірінде іске асырумен үлгі-өнеге болған. Дүниенің алдамшы сұлулығына сеніп қалмауды насихаттаған.

Page 29: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 29 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Қысқасы, бүкіл пайғамбардың билік және міндеттерінің баршасы өзінде және еңбектерінде жиналған. Ата тегін-дегі және тәрбиесіндегі асылдығы, жемаль(сыртқы кел-беті) мен кемаль (ішкі жан-дүниесінің кәмілдігі) бақыты барлығы соған тән еді.

Күмәнсіз, Оның қырқыншы жасы адамзат тарихы үшін айналым нүктелерінің бірі болды.

Қырық жыл надан, қараңғы қоғамның ішінде өмір сүрді. Кейін пайда болатын кәмілдіктерінің көбі, халқына әлі белгісіз еді. Не мемлекет адамы, не уағызшы, не сөйлеуші болатыны білінбеді. Ұлы бір қолбасшы бо-лып сөз айту былай тұрсын, жай әскер ретінде де білін-ген емес еді.

Өткен ұлттардың және пайғамбарлардың тари-хын, қиямет күнін, жәннәт пен тозақты мүбәрәк аузы-на алғаны көрінбеген. Тек қана өзінің жақсы мінезі-мен сәулетті бір өмір сүріп жатқан еді. Бірақ, Құдайы нұсқаумен Хира үңгірінен қайтқанда толығымен өзгерген еді.

Тәблиғ (дін таратып, жаю) басталғанда бүкіл Араб-стан қорқып, састы. Оның таңғажайып шешендігі және сөздері олардың басын айналдырды. Өлең, әдебиет, ше-шендік және айтыс жарыстары дереу тоқтап қалды. Енді ешбір адам жарыста ұтып алған өлеңін Қағбаның қабырғасына ілмейтін болды. Осыменен ғасырлар бойы келе жатқан бір әдет тарихтан жоғалып кетті. Атақты Имриүл-Қайыстың қызы Құран Кәрімнен қысқа бір мәтін тыңдайды да, таң қала тосылып, үрейлі түрде:

«-Бұл, Адам баласының сөзі бола алмайды. Дүниеде осындай сөз бола тұра, әкемнің өлеңі Қағбаның қабырғасында ілініп тұра алмайды. Барып оны алып, орнына бұл аяттарды іліп қойыңдар!» - деп айтуға мәжбүр болған.

Page 30: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 30 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Бүкіл Әлем Құранның сүрелеріне ұқсас бір сүре ой-лап табуға шақырылды. Бірақ Аллаhтан басқа күш-қуатына сенген кімі болса да жәрдемге шақырып, Құран сүрелеріне ұқсас бір сөзді ойлап шығару жөніндегі Құрани талап осы күнге дейін жауапсыз қалды.

Аллаh Тағала айтады:

«Егер, Құлымызға (Пайғамбар саллаллаһу аләйһи уә сәлләмға) түсіргенімізден күдіктенсең-дер, онда сендер де осыған ұқсас бір сүре келтірің-дер. Аллаhтан басқа көмекшілеріңді шақырың-дар, егер сөздерің рас болса». (Бақара сүресі 23-аят)

Мәдениеттен алыс, надан, қараңғы бір қоғамның ішінен шыққан бұл оқымаған адам, ортаға қойған ілі-мі мен даналығының мазмұнымен өз дәуірінің адамда-рын дәрменсіз бейшара халде қалдырған сияқты болып, қиямет-қайымға дейін өзгермейтін және ешкім жете ал-майтын бір мұғжиза дариясымен ортаға шықты. Құран Кәрім көне тарихи оқиғалардан бастап келешектегі жағдайларға дейінгі бірталай ғылыми және техникалық мәселелерді әңгіме етті және 1400 жылдан бері еш-бір ғылыми зерттеулер мен табыстардың оны өтірікке шығара алмағаны анық. Және де бүгінгі әлемнің ең атақты энциклопедиялары да жыл сайын қосымша том-дармен толықтырылып, түзетулер енгізіліп, өзгертілуге мәжбүр болғандықтары, Құран құдіретінің шындығын және қиямет-қайымға дейін өзгермейтін тұрақтылығын дәлелдейді.

Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бүкіл адамзатқа өзінің Хақ Тағаланың жер жүзіндегі өкілі екенін іс-әрекетімен дәлелдеп білдірді.

Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қоғамдық, мәдени және экономикалық ұйымдар, көпшілікті басқару және халықаралық қатынастардың ең толық, ең күшті қағидаларын келістіріп ортаға

Page 31: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 31 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

шығарған. Ең күшті оқымыстылар да өмір бойы жүргізген зерттеулерінен, адам және зат тұрғысында жасаған кең тәжірибелерінен кейін осы қағидалардың ақиқатқа сай даналығын түсіне білген. Әрине, адамзаттың теориялық білімі және практикалық тәжірибесі дами берсе, Мұхаммеди ақиқат одан да жақсы аңғарыла түседі.

Бұрын қылыш ұстамаған, әскери тәлім-тәрбие көрмеген, бір рет қана көрермен ретінде соғысқа қатысқан ұлы Пайғамбар бүкіл адамзатты қоршаған шексіз мейіріміне қарамастан, қоғамдық бейбітшілік үшін қажет болған теухид (Аллаhты бірлеу) күресінде де қаймықпай ауыр соғыстардың ортасында жүрді. Тоғыз жыл ішінде дұшпаннан саны аз болған әскери күшімен бүкіл Арабстанды алып алды. Сол уақыттағы бет-бе-тімен, жөн-жосықсыз жүрген тәртіпсіз адамдардың көңіліне құйған рухани күшпен және әскери тәлім-тәрбие беруімен мемлекеттерді Исламға бағындыруда ғаламат табысқа жетті де, ізінен жүрген сахабалары сол дәуірдің ең күшті екі мемлекеті болған Рим және Парсы империяларын ойсырата жеңді.

Осыменен, Оның бұрыннан:

«Лә иләһә иллаллаһ деп айтыңдар, Иран және Рим сендердікі болсын», - деген қуанышты хабары және уәдесі жүзеге асты.

Осы табыстарымен теріс шарттарға қарамастан адам-зат тарихындағы ең үлкен төңкерісті жасап, басқарған Аллаhтың Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) за-лымдарды құртып, зұлымдық көріп езілгендердің көз жасын тоқтатты. Оның мүбәрәк қолы жетімдерге мейірбандылық пен жылулыққа толы күннің шуағындай әсер етті. Оның көңіл көтеретін сөздерінің арқасында көңілдер қайғы-қасіреттен алыстады.

Мехмед Акиф мұны қандай әсем түрде баяндайды:

Page 32: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 32 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Қырқына жеткенде ол жетімБастарды езген қанды аяқтар суға түстіБір мезетте адамзатты құтқарды Ол күнәсіз,Бір шабуылда қайсарлар мен кисраларды жеңді.Ылғида езілген әлсіздер жанданды,Зауалды есіне алмаған зұлымдық мүлдем құрып

кеттіӘрине әлемге рахмет еді, алып келген шариғатыҚанатын әділет іздеген жұртына жайды.Дүниеде не болса, бәрі Оның салығыҚарызды Оған қоғам, қарызды Оған мүшесі...Уа Аллаh, бізді махшарда осы мойындаумен ті-

рілт!

Егер, бүкіл ерекшеліктер өз басынан табылатын Ха-зіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) дүниеге келмесе, адамзат қиямет-қайымға дейін залым және жабайы болып, әлсіздер күштілердің құлы болып қалар еді. Тұрақтылық (жақсы мен жаманның) бұзылып зұлымдық үстемдік құрар еді. Ақын бұны былайша әдемілеп баяндайды:

«Ей, Аллаhтың Елшісі, егер Сен әлемге келмесең, Гүлдер ашпай, бұлбұлдар сайрамай, Есімдер Адамға белгісіз болар еді,* Жаратылғандар мағынасыздықтан аза тұтар еді!»

Оның басшылығымен жиырма жеті соғыс, қырық төрт-елудей «серие» деп аталатын кішігірім әскери ша-буылдар жасалды. Мекке қаласының алынуымен тегі бекіген Исламият.

«Бүгін діндеріңді толықтырдым. Және сендерге де-ген сыйымды тамамдадым. Сондай-ақ сендер үшін дін қылып Ислам дінін таңдап, разы болдым!» (Мәйда, 3) ая-тымен кәмелетке жетті.

* Бұл жерде Аллаh Тағала Адам(Аләйһиссәләм)ды жаратқаннан

кейін оған барша затардың атын үйреткені меңзеліп тұр

Page 33: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 33 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Енді ең үлкен қоштасып-айырылысу (адамдармен) және қауышып- кездесу (Аллаhпен) уақыты келген еді.

Ауырып сырқаттанғанынан бір күн бұрын Мәдина қаласындағы Женнетул-Бақи деп аталатын қабірcтанға барып, өліктер үшін:

«-Уа, Ұлы Аллаhым! Осы жерде жатқандардан мейіріміңді аямай, кешіре көр!» - деп дұға оқыды.

Осыменен аруақтармен де қоштасқандай болды.

Қабірстаннан қайтқаннан кейін кезек сахабалармен қоштасуға келді. Оларға ең соңғы рет насихат айтты және:

«Атағы ұлы Аллаh бір құлына дүние мен оның зейне-ті және өзінің (Аллаhтың) қасындағы нығметтерінің арасында таңдауды бұйырды. Ол құл Аллаhтың қасындағыларды таңдап ұнатты!» - дегенде, бұл Хазі-реті Пайғамбардың қоштасу сөздері екенін cезімтал Ха-зіреті Әбу Бәкір (радиаллаһу анһу) сезіп қойды. Қатты қайғы жүрегін басып, мұңайып кетті. Көңілі түсіп, көздерінен жастар төгіле бастады. Өксіп-өксіп:

«-Әке-шешем саған құрбан болсын. Ей, Аллаhтың Елшісі, әкелерімізді, шешелерімізді, бала-шағамызды және мал-мүліктерімізді саған құрбан етеміз»- деп айт-ты.

Жамағаттың ішінде Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) терең сезімін одан басқа ешкім аңғарып, сезе алмаған. Өйткені, көркем аятта сөз етіл-ген Сәур үңгіріндегі «екеудің екіншісі» осы Әбу Бәкір еді. Аллаһтың Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ол туралы:

«Көңілімдегінің бәрін Әбу Бәкірге бердім», - деп айтқан.

Page 34: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 34 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Сахабалар Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қадірменді досының жылағанын көргенде, таң қалып бір-біріне:

«-Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Раббы-сына қауышып, кездесуді таңдаған салиқалы адам ту-ралы айтып жатқанда, осы қарияның жылауына таң қалмайсыз ба?» - деп айтып жатты.

Алайда, Хазіреті Әбу Бәкір (радиаллаһу анһу) ның сезімтал жүрегі, құдайы және үлкен қоштасуды сезіп, айырылысуға қайғырып, сыбызғыға ұқсап зарлаған.(М.

Асим. Көксал, Ислам Тарихы XІ 35-36)

Жәннәттағы ханымдардың мырзасы Фатима анамыз, мүбәрәк әкесі Рахмет Пайғамбарынан уақытша айыры-луынан өте қатты мұңайып кетті де:

«Әлемнің мақтанышы болған Пайғамбар-ымыздың о-дүниеге қайтуы маған ұшыраған сондай бір бәле бол-ды, егер осы бәле қараңғылықтың үстіне түссе оның түсін өзгертіп жіберер еді» - деп айтты.

Ол бізге Құран Кәрім мен сүннеттен құралған екі жол көрсетуші шырақ қалдырды.

Құран Кәрім мен сүннет осы дүние мен ақыреттің бақыт кілті, «Жаратылыс нұрының» мәңгі естелігі.

Мәдина қаласына қайтқанынан кейін он үш күндей қатты ауырады да 632 жылы Маусымның 8-і, Хижра күнтізбегінің 11-жылы 12-Рәбиул Әууәл, дүйсенбі күні жамал есігі ашылып, «Рефиқ-и ағласына» (Ұлы дос Ал-лаhпен) қауышады.

«Жаратылыс нұрының» екі жауырынының ортасын-да Пайғамбарлығының дәлелі ретінде Құдайы белгі бар еді. Бірталай сахаба сол белгіні сүюді армандап өмір сүрген. Имам Бейхақи айтады:

«Мырзамыз Хазіреті Пайғамбар мәңгі әлемге көшкен уақытта мүбәрәк жүзінде ешбір өзгеріс болмағандықтан

Page 35: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 35 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

сахабалар Оның ахиретке көшкенінен күмәнданды. Сондықтан Әсмә (радиаллаһу анһу) арқасындағы мүбәрәк пайғамбарлық мөрін іздеді. Жоғалып кеткенін көргенде, мәңгі әлемге қайтып кеткені айқын болды». (Тирмизи)

Дін толығып, сахабалардан тәблиғ болғанына ти-істі тіркеу алынып, Хақ Тағалаға да куәлігі үшін ұсынылғаннан кейін «Жаратылыс нұры» мәңгілік әлемге шақырылды.

Енді Ол махшарда, «қыл көпір» деп аталатын жерде және кәусәр суының басында үмбетін күтіп отыр,

Шапағат Уа, Расулаллаһ!Медет Уа, Расулаллаһ!Дахилек (есігіңді аш) Уа, Расулаллаһ!

12-Рәбиул Әууәл, дүйсенбі күні туып, дүниеге шапағат әкелген еді.

Тағы сол 12-Рәбиул Әууәл дүйсенбі күні Аллаhтан Пайғамбарлық міндетін алған еді. Хазіреті Әбу Катаде нақылында былай айтылған:

«(Хазіреті Пайғамбардан) дүйсенбі күні тұтылатын ораза туралы сұралды. Ол да:

«-Бұл менің туған күнім және пайғамбарлық мінде-ті берілген күн...» - деп жауап берді.» (Муслим)

Тағы бір 12-Рәбиул Әууәл айының дүйсенбі күні таңертең Мадинаға кіріп жаңа құрылған және қиямет-қайымға дейін құламайтын Ислам Дәулетінің негізін қалаған.

Ақыры, 12-Рәбиул Әууәл дүйсенбі күні ақырет әлеміне өтіп кетті.

Оның туылуы, пайғамбарлығы, хижраты және қайтыс болуы, жалғыз Аллаһқа ғана белгілі бір сыр бо-лып ылғи 12-Рәбиул Әууәл дүйсенбі күндеріне кез келуі,

Page 36: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 36 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

бұл айдың қасиеті мен маңызының белгісі. Сүйініштің тебіренуі мен жабырқаулы күйдің бір өмірде болып жатқаны жамал* мен жалалдың бір көрінісі. Көңілдің ауа-райында мейрам шаттығы мен қайтыс шері қарама-қайшы бір сезім бірлестігінің ішінде. Және Ол ақыретте мейірімділік пен шапағат ету үшін үмбетін күтуде.

Пайғамбардың дүниеден «бақыт әлеміне» қайтуымен Одан айрылып қалған дүниенің опасыздығын, Хазіреті Азйз Махмуд Һүдәиі өлең жолымен былай деп суреттей-ді:

«Кім күтеді сенен опаны

Жалған дүние емеспісің?

Мұхаммед Мұстафаны,

Алған дүние емеспісің?»

* Аллаһтың сипаттары. Жамал - мейірім, Жалал - ұлылық

Page 37: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 37 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

ӨНЕГЕ СИРЕТІ* ЖӘНЕ БАСҚА ПАЙҒАМБАРЛАР АРАСЫНДАҒЫ ОРНЫ

Аллаһтың Елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Сиреті, барлығымызға ұлағатты өнеге.

Діни көсемдігімен өнеге. Мемлекетті басқару ісімен өнеге. Құдайы махаббат бақшасына кіргендерге өнеге. Раббысының нығметтерімен толық қамтамасыз етілгендігіне қарамастан шүкіршілігі және қарапайым-дылығымен үлгі-өнеге.

Өте қиын кездердегі және жерлердегі сабырымен және жан тәсілім ететіндей болып көңілден Аллаhқа берілуімен өнеге. Соғыс олжасы жөнінде жомарттығы және қанағатшылдығымен өнеге. Жанұяларға деген мейірімімен өнеге. Әлсіз, ешкімі жоқ, құлдарға рақымдылығымен өнеге. Қылмыскерлерге кешірімділігі және кеңшілігімен өнеге.

Егер мал-мүлкің көп бай болсаң, бүкіл Арабстанға әкім болған, барша Араб ұлыларын өзіне сүйіспеншілікпен байлаған Ұлы Пайғамбардың қарапайымдылығы мен жомарттығын ойла!..

Егер күшсіз, әлсіздерден болсаң Меккедегі залымдар мен «тартып алушылардың» тәртібі мен басшылығында өмір сүруге мәжбүр болған Пайғамбардың өмірін өзіңе өнеге қыл!

Егер жеңістерге жеткен қолбасшы болсаң, Бәдір және Хүнейн соғыстарында дұшпандарын жеңген ерлік пен тәслімият Пайғамбарының өмірінен ғибрат ал!

* Жаратылысы

Page 38: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 38 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Аллаh көрсетпесін, бірақ, егер жеңіліп жатсаң, сол кезде Ұхуд соғысында шейіт болған немесе жараланып жерде жатқан сахабаларының арасында ерлікпен, батырлықпен аралап жүрген, тәуекелшіл Пайғамбар-ды есіңе ал!

Егер ұстаз болсаң нәзік, сергек және сезімтал көңілінің нұрын мешітте Суффа Асхабының* көңілдеріне құйып, құдайы әмірлерді үйреткен Пайғамбарды ойла!

Егер, шәкірт болсаң, өзіне уаhи алып келген Жәбірейілдің алдында тізерлеп отырған Пайғамбарды есіңе ал!

Егер, насихаттайтын үгітші болсаң, уағыз айтатын сенімді бір мүршид (жол көрсетуші әулие) болсаң, мешітінде сахабаларына парасатты үйреткен Пайғамбарды тыңда! Оның әдемі даусына құлақ салып, көңіл аудар!

Егер Хақ үшін күресем, Хақты жайып таратамын, Хақты ұстап көтеремін десең және бұл салада саған көмек беретін жәрдемшің болмаса, Меккеде ешқандай жәрдемсіз, сүйенішсіз жағдайларда да залымдарға Хақты жариялап оларды һидайетке (тура жол) шақырған Пайғамбардың өміріне қара!

Дұшпанды жеңіп, оның белін сындырсаң, алдыңдағының қырсығын қиратып оған үстем болсаң, теріс жолдағыны масқара етіп Хақты жариялаған болсаң, Меккенің алынуы күні қасиетті қалаға, жеңімпаз бір қолбасшы бола тұра, үлкен қарапайымдылықпен түйенің үстінде сәжде қылғандай күйде кірген, шүкіршілік жағдайындағы Пайғамбарды көз алдыңа елестет!

Егер ауыл шаруашылығының иесі болсаң және жұмыстарыңның оңға басқанын қаласаң, Бәни Надр,

* Суффа: Мешіттің ішіндегі кішірек бөлме, Суффа Асхабы: осы бөлмеде білім үйреніп, Аллаһқа құлшылық ететін сахабалар.

Page 39: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 39 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Хайбар және Федек деген ауылдың жеріне ие болғаннан кейін оларды түзетіп, жақсы жолмен басқара алатын кісілерге тапсырған Пайғамбардан өнеге ал!

Егер ешкімі жоқ, жалғыз адам болсаң, Абдуллаһ пен Әминаның жетімі, бауыр еті болған күнәсіз, Нұрдан пайда болған жетімді ойла!

Егер, ер жеткен біреу болсаң, Меккеде ағасы Әбу Тәліптің табыны мен отарында шопан болған, келешекте пайғамбар болатын жігіттің өміріне қара!

Егер, сауда керуендерімен жолға шыққан саудагер болсаң, Сириядан Бусраға (қала) баратын керуендердің ұлысы болған кісі жайына қара!

Егер, қазы не әкім болсаң, Меккенің ақсақалдары бір-бірімен ұрсысатын кезде Хәжәрул Әсуедті Қағбадағы орнына қоюда Оның әділ және ақылды әрекетін ойла!

Және көзіңді тарих беттеріне аударып Мәдинадағы Месжид Нәбәуйде отырып жоқшылық көрген кедей мен барлық иесі байды, өз алдында бір деңгейде ұстап, кісілер арасында ең әділетті түрде өкім айтқан Пайғамбарға қара!

Егер күйеу болсаң, Хазіреті Хадиша мен Хазіреті Айшаның күйеуі болған Ол мүбәрәк адамның таза сипатын, терең сезімталдығын және мейірімділігін байқа!

Егер әке болсаң, Фатиматүз Зеһраның әкесі және Хазіреті Хасан мен Хазіреті Хусейннің атасы болған бұл адамның соларға көрсеткен сүйкімді әрекеттерінен ғибрат ал!

Cенің сипатың қандай болса да, қандай жағдайда болсаң да, қай мезгілде не сәтте болмасын Хазіреті Мұхаммедті (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өзің үшін ең кәмелетті бір үйретуші және ең жақсы жол көрсетуші деп табасың…

Page 40: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 40 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Оның сүннеттері арқылы әрбір қатеңді түзетесің. Қате болған жұмыстарыңды қалпына келтіріп жақсартасың. Оның нұры мен жол көрсетуінің арқасында әр түрлі қиыншылықтардан құтылып, шын бақытты табасың!.. Ол осындай ұстаз.

Шын мәнінде де Оның сипаты сирек және әсем гүлдерден құралған гүл шоғырына ұқсайды.

Жер жүзіндегі адамзат арасында әділеттің үстем болғаны көзіңізге ілінсе, адамдардың жүрегін жақындастыратын мейірбандық және рақым бар болса немесе көпшілік ішінде байлар рақыммен кедейлердің қолынан ұстаса, күш-қуаты тасыған үстемдер езілгендерді қорғаса, дені саулар мүгедектерге медет етсе, тұрмысы жақсылар жетім-жесірлердің қарнын тойғызып жатса, шындығында бұл ерекшеліктердің тек қана Пайғамбарлар мен олардың ізінен жүргендерден қалғанын күмәнсіз білу керек. Бұл ақиқат Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өмірінен анық көрінеді. Өйткені Ол Пайғамбарлықтың кәміл нүктесі. Оның бұл кәмілдігін, мұсылман болмаған ынсаптылар да ұнатып, бекітуге мәжбүр болған. Ағылшын ғалымы және қазы (судья) болған Мр. Карлайл «Қаһармандар» атты кітап жазған. Бұл кітапта адамзат тарихындағы әр саланың ең үстемін, ең жақсысын көрсетіп, олардың өмірі мен еңбегін зерттеген. Мысалы ақындардың ішінде кім ең үздік, қолбасшылар ішінде кім ең үздік және т.б. Христиан дініне сенетінін осы шығармасында да мойындап отырған Мр. Карлайл, пайғамбарлар ішінде Хазіреті Пайғамбарымызды ең кәмілі деп танып, оны сипаттаған және зерттеген.

Жиырмасыншы ғасыр ортасында Голландияның Лахей қаласында жиналған ғалымдар мен ойшылдардың кеңесі дүниенің жүз ұлы (атақты) адамын белгілеген. Кеңестегі сайлаушылардың бәрі Христиан болғандарына

Page 41: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 41 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

қарамастан, бірінші орынға Хазіреті Пайғамбарды қоюға мәжбүр болған.

Негізінде адамның қасиеті, ерекшелігі - Оны дұшпандары да қабылдап, мойындауға мәжбүр болатындай болса керек. Міне Хазіреті Пайғамбардың ерекшелігі және ісі мен ой-пікірлеріндегі тұрақтылығы өзіне сенбегендер тарапынан да қабылданып отыр.

Өйткені, Хазіреті Мұхаммедтің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өзгеше сиреті әр түрлі істердің әрқайсысына бөлек-бөлек жауап беретін мінез-құлық кәмілдігін өзінде жинаған. Түрлі жағдайларға түскен адамдардың өмірінің барлық кезеңдерінде оларға жол көрсетуші және ұстаз болатын өмірбаян - жалғыз Оның сиреті. Ол жер жүзіндегі бүкіл адамдардың тәрбиесінің негізгі мәні. Ол нұр іздегендердің жолына нұр шашады. Оның hидайеті - тура жол іздеген әрбір адамға жарық беретін және адастырмайтын бір сәуле. Бүкіл адамзаттың тәрбиешісі, үйретушісі тек қана Ол.

Оның тәлім-тәрбие алқасы (сабағы) адамзат тарихындағы барлық кезеңдерінен әр тайпаны жинаған бір мектеп сияқты еді. Барлық ұлттар, тілдерінің, түстерінің, және даму дәрежесінің айырмашылығына қарамастан осы алқада қосылып жатыр еді. Ешбір адамды осы жерге алуға ешқандай тыйым салынған емес. Осы жер жалғыз-ақ бір қауымға тиесілі емес, адамзатты тек қана адамзат баласы болғандықтан қолға алып зерттейтін ғылым және парасат зертханасы (лаборатория) сияқты еді. Әлсіз бен күштінің бір-бірінен айырмашылығы жоқ еді ...

Хазіреті Пайғамбар Мырзамыздың ізінен жүріп, Оған бағынғандарға қарасаңыз іштерінде Хабешістан патшасы Нежаши, Меанның ұлысы Феруе, Хымиердің бастығы Зүлкилә, Фирузи Дейлеми, Иемен ұлыларының біреуі Меракебуд, Умман әкімдерінен Убейд және Жафар сияқты таңдаулы адамдардың болғанын көресіздер.

Page 42: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 42 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Тағы назар аударсаңыздар бұл патша және бастықтардың қасынан Біләл, Иасир, Сухейб, Хаббаб, Аммәр, Әбу Фукайха сияқты ешкімі жоқ құлдар мен әлсіздерді және Сумәйя, Лүбейне, Зиннире, Нехдиие, Yммү Әбіс сияқты жәриелер мен иесіз әйелдерді таба аласыздар.

Оның ұлы сахабаларының ішінде зерек адамдар, жарық пікірді және табанды көзқарастылар, сонымен қатар ең нәзік істерге лайықты, дүниенің сырларын білетін, мемлекеттерді тәжірибелікпен және лайықты түрде басқаратын кісілер де бар болған.

Хазіреті Пайғамбарға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бағынғандар қалаларды басқарды. Аймақтарға әкім болды. Адамдар олардың арқасында бақытты болды. Әділет ләззаттарының дәмін татып көрді. Халыққа сәлеметті және тыныштықты жайды. Адамдарды бір-бірімен бауырмалдықпен өмір сүргізді.

1789 жылғы Ұлы Француз төңкөрісінің негізгі пікірлерін дайындағандардың біреуі - философ Лафает, атақты «Адам хақтары баяндамасы» жарияланбай тұрып, бүкіл заң жүйелерін зерттеген, Ислам заңының өзгешелігін, үстемдігін көріп:

«Ей, Мұхаммед! Сенің әділетті орындау, іске асыру жөніндегі жеткен жетістіктеріңе әлі ешкім жете алмады» - деп тебірене айтқан екен.

Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сыртқы ортадағы берген тәрбиесі және ішкі жан дүниесінің әсері күшті бір дәрідей, жартылай жабайы, көбі адамгершіліктен хабарсыз надан бір қауымды, адамзат тарихының аңсаған - «cахаба» сипатымен елестетуге де мүмкін еместей мәртебеге жеткізді. Оларды бір діннің, бір тудың, бір заңның, бір мәдениеттің және бір басшылықтың астына біріктірді.

Page 43: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 43 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Надан, жабайы, қанышер адамдарды мәдениетті, қылмыскер және рухы кембағал мінезділерді мүттақи, яғни Аллаhқа деген махаббатпен және Одан қорқумен өмір сүрген өте таза адамдар дәрежесіне жеткізді.

Ғасырлар бойы назар аударарлықтай бір де бір адам шығара алмаған қауым, Оның тәрбиесі және нұрымен безенген өте көп адам шығарды. Және ол адамдар тасыған нұрларын бір-бір иман, ғылым және парасат шырағы етіп дүниенің төрт бұрышына алып барды. Шөлге түскен нұр мәңгілікті қанатына алып бүкіл адамзатқа таратылды. «Леуләке Леуләке»* сыры көрініс тапты. Әлемнің жаратылу мақсаты жүзеге асты.

Ол қысқа уақыттың ішінде дүниеде ешбір патша жете алмаған жетістіктерге жетіп, асқақ арманды тәрбиеші болып, адамдардың көңілін көтерген кезінде де, аяғының астына жайылған кең дүниенің нығметтерінің ешбіреуіне көңіл аудармай, бұрынғыдай қарапайымдылықпен, жарлы түрде кірпіштен қаланған кішкентай үйінде өмір сүре берді. Құрма жапырақтарымен толтырылған төсекте ұйықтады. Қарапайым киімдер киінді. Жарлы адамнан да төмен өмір сүрді. Кейде, жеп-ішетін ешнәрсе таба алмаған кезде де, Раббысына шүкір етіп, аштығын басу үшін қарнына тас байлаған күндері де болды. Істеген және істейтін бүткіл күнәлары кешірілген әлде де, шүкіршілікпен түндерін аяқтары ісігенге дейін намаз оқумен өткізіп, Аллаhқа жалынуын жалғастыра берді. Ғаріптерге медет(көмек) берді. Жетімдердің, жалғыздардың жұбатушысы болды. Ол ұлылығына қарамастан ең әлсіз адамдардың ісімен өзі айналысып, тіпті оларға кең рақымымен және мейірімімен өте көп көмектескен.

* «Ләуләкә ләуләкә ләмә халәқтул әфләк»: мағынасы, сен болмасаң

осы әлемді жаратпас едім

Page 44: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 44 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Адамдардың көзіне ең күшті, қуатты көрінген Меккенің алынуы күні қорқыныш пен толқудан өзінен-өзі дірілдеп, тісі тісіне тимей сақылдап:

- Ей, Аллаhтың Елшісі! Маған Исламды үйретіңіз - деген жерлесіне, өзінің өмірінің мүмкіншілігі нашар шақтарынан осы бір мысалды келтіріп, тынышталуын сұрайды:

- Тыныштал бауырым. Мен бір патша немесе сұлтан емеспін. (Құрметті анасының атын айтып) Құрайыш руынан шыққан, күнде кепкен ет жейтін сенің ескі көршіңнің жетімімін! - деп, адам түсінігі жете алмайтын қарапайымдылықтың тамаша үлгісін тарихқа сыйлаған.

Тағы да, сол күндері кәрі әкесін арқалап алдына алып келіп, оған иманды үйретуін сұраған «Yңгір жолдасы» Хазіреті Әбу Бәкірге:

- Ей, Әбу Бәкір! Қарт әкеңді неге осы жерге дейін әкеліп шаршаттың? Біз осы кісінің қасына бара алмас па едік? - деп сұрап, қарсылық беруімен өз ерекшелігін көрсеткен.

Бүкіл мемлекеттер өз қалауларымен Оның қамқорлығына кірді. Арабстанның о жағы мен бұ жағына әкім болды. Қалағанын істеуге мүмкіншілігі болды. Ол сонда да қарапайымдылығын тастамады. Өзінің ешбір нәрсенің иесі емес екенін, барлығының да Аллаhтың құдіретті қолында екенін айтатын. Кезі келгенде, қолында көп байлық болды. Қазыналар тиелген түйелер керуендерімен Мәдина Мунәууәраға (Нұрланған Мәдина) байлық, мүлік ағылды. Ол бұлардың бәрін қажет болғандарға таратып, бұрынғы жай қарапайым өмірін жалғастыра берді. Ол:

«Ұхуд тауындай алтыным болса (қарызымнан басқа) үш күннен көп ұстамас едім» (Бухари, Тәмәнна 2;

Муслим, Зәкәт 31) - деп айтқан еді.

Page 45: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 45 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Бірталай күндер өтіп, үйінде тамақ пісіру үшін от жағылмаған еді де Пайғамбар ұзақ уақыт аш жатып еді. Бір күні Хазіреті Омар, Хазіреті Пайғамбарымыздың қасиетті үйіне келеді. Бөлменің ішін көзбен шалып шығады. Yйдің ішінде көзге ілінетін ештеңе көрінбеді. Құрма жапырақтарынан өрілген бір көпшік бар екен. Хазіреті Пайғамбар (Саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) соған сүйенгеннен, кепкен жастық Оның мүбәрәк тәніне батып із қалдырған екен. Бұрышта бір уыстай арпа жатыр, оның қасында шегеге ілулі тұрған ескі су қабы бар. Міне, бары осы-ақ!.. Арабстан түбегіндегілердің барлығы Хазіреті Пайғамбарға мойынсұнған бұл кезде Оның дүние-мүлкі тек қана осы заттар еді. Хазіреті Омар бұларды көріп ішін тартады да, өзін ұстай алмай көздеріне жас келеді. Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

- Неге жылайсың, Ей, Омар? - деп сұрайды.

Ол да:

- Неге жыламайын, Ей, Аллаhтың Елшісі! Рим және Парсы патшалары дүние нығметтерінің ішінде жүзеді. Ал Аллаhтың Пайғамбары кепкен жамбасшаның үстінде өмір сүреді, - дейді.

Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Хазіреті Омардың көңілін аулап, көтереді де:

- Ей, Омар! Кисра және Кайсар қамсыз дүние нығметтерінен ләззат ала берсін! Бізге ақырет нығметтері жетеді! - деп айтады.

Тағы осы жағдайға ұқсас бір оқиғада:

«Дүние маған не керек! Мен және дүниенің мысалы, жаздың ыстық күнінде бір ағаштың астында ұйықтап алып, өз жолына кететін жолаушы адамдай» (Тирмизи,

Зуһд 44; Ибн Мәжә, Зуһд 3) - деп айтқаны, Аллаһтың Елшісінің жаратылысының кәмілдігін дәлелдейді.

Page 46: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 46 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Оның өмірі бай мен кедей, күшті және күшсіз үмбетінің барлығына үлгі-өнеге.

Қайтыс болған кезінде не бір дирхем, не бір динар ақшасы, не бір құлы немесе бір қойы болмаған. Одан тек қана бір қашар, бір қылыш және мұсылмандарға бағыштаған Фәдәк бақшасының топырағы қалған еді. Яғни, мұрагерлеріне ешбір нәрсе қалдырмаған. Әуелі, мұсылмандар бүкіл зекетін оларға беріп қояды деп қауіптеніп, өз ұрпағынан қалғандардың зекет алуына мүлдем тыйым салған.

Осы оқиғалардың бәрі, 1400 жыл бұрынғы жаһилиет делінген қараңғы кезеңде* дүниеге келген бұл умми адамның, бүгінгі және келешектегі кезеңдерде бір де бір адам баласының Оған еліктеп және Оған лайықты түрде әрекет жасай алмайтындай шын көсем болғандығының ең анық мысалы.

Байлық пен сәулетке, патшалық пен атаққа, рахат пен молшылыққа мүлдем мән берген емес. Тәухид** күресінің тебіренісі жанында, дүниенің бүкіл байлығы және салтанаты Оның көзіне бір шөп іспеттес болды.

Хазіреті Айшаның айтқан әңгімесі бойынша: өзін көруге келген Ансардан бір әйел Аллаһтың Елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) төсегінің бүктелген көрпеден құралғанын көргенде үйіне жүгіріп барып, іші жүнмен толтырылған төсек алып келеді. Бірақ, Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) төсегінің ауысқанын көріп, жақтырмай, Хазіреті Айшаға:

«Ей Айша! Төсекті қайтарып бер. Аллаh атымен ант етемін, егер сұрасам Аллаh алтын мен күміс тауларын менің қасыма үйіп, қызметіме берер еді...» (Ахмед ибн Ханбәл, Китабуз Зуһд 30) - деп айтады.

* Хазіреті Пайғамбар (Саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) пайғамбар болып жіберілуден бұрыңғы кезең жаһилие кезеңі деп аталады** Аллаһты бірлеу және оның дінін үстем қылу

Page 47: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 47 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Бұл оқиғадан Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) дүниеге мүлдем мән бермегенін көреміз.

Оның бұл ерекшелігімен қатар, ең жақсы сипаттарының біреуі - үмбетіне деген ғажайып махаббаты. Бұл мәселе көркем аятта қандай жақсы баяндалады:

«Расында сендерге іштеріңнен ардақты бір Пайғамбар келді. Оған сендердің қиналғандарың ауыр тиеді. Сендерге өте ынтық, мүминдер үшін жүрегі өте жұмсақ, ерекше мейірімді!..» (Тәубе сүресі 128-аят)

Аллаһтың Елшісінің мүбәрәк кісілігі, айсбергтің су үстіндегі бөлімі сияқты, тек қана адамдық түсінікпен сезіліп білінетін көріністермен адамдық мәмілелердің** ешбір адам жете алмайтын шоқысында тұрады. Өйткені, Аллаh Тағала Ол мүбәрәк құлын, бүкіл адамзатқа бір «Усуәи Һасәнә», яғни ең мүкәммел бір үлгі-өнеге қылып жаратқан. Сондықтан Оны қоғамдағы әлсіздер мен жарлы-жақыбайлардың ең төменгі сатысы болған «тұлдыр жетімдіктен» бастатып, өмірдің барлық кезеңдерінен өткізіп құдірет пен билік жағындағы ең жоғарғы саты, яғни Пайғамбарлық пен ел басшылығына дейін көтерген. Сондықтан, адамзаттық жүйенің әр түрлі деңгейінде болғандар өздері үшін ең мүкәммәл іс-әрекеттерді, Одан өнеге ала отырып, өзінің шама-шарқына қарап жүзеге асыруға тырысады. Бұл жағдайды өте жақсы аңғарған түрік ұлтында, Оның есімімен аталған адамдар бар. Бұл мүбәрәк адамның есімін ұлылыққа балағандықтан Түрік халқы әскерлерге берген «Мехмеджік» атымен әр мүмин* және муваххид** адамнан Оның кішкентай көрінісін

* Мұсылманның Аллаһқа сенімінің сипаты* Мұсылманның Аллаһты бірлегенінің сипаты

Page 48: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 48 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

көруді ойлаған. Немесе осындай бір сипаттармен өзінің жағдайының тұрғысынан кішкентай бір «Мехмед» болуға ынталандырған. Қазақ халқы да Дінмұхаммед, Мұхамеджан, Мұхамедқали сияқты есімдерді Хазіреті Пайғамбарымыздың құрметіне, сол адам кішкене болса да Хазіреті Пайғамбарымызға ұқсасын деген үмітпен қойған. Бұл үмітті Дінмұхаммед Ахмет ұлы Қонаев, Мұхамеджан Қаратаев сынды ағаларымыз ақтағандай.

Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Мырзамыз адамзатқа жол көрсетуші болу мақсатымен өмір сүрген философтар мен басқа да адамдар сияқты адам баласы ие болуға тиісті ерекшеліктерді бірте-бірте толықтырмай, өмірін бірден құдайы тағдыр және күшейтумен толықтырылған кәміл кісілікпен бастаған. Ол балалық кезінде де жүріс-тұрысындағы кәмілдіктерімен келешекте жүктелетін міндетке лайықтылығын көрсеткен.

Ал ақылдары уаhимен тәрбиеленбеген философтар, осындай жалпы бір міндеттері болмағандығынан олардың мінез-құлық, әлеуметтік татулық және тыныштық мәселелерін ортаға шығарған дұрыс немесе теріс пікірлері көбінде кітаптарда жазылған күйінде қалып қалған. Жүзеге асырылғандарының да өмірі өте қысқа болған. Басқаша айтқанда философтардың адамгершіліктегі кәмелет үшін айтқан ережелері не өз өмірлерінде, не басқа адамдардың өмірінде іске аспаған. Ал мінез-құлықтағы әрекет үшін, іс жүзіндегі өлшеу болған Пайғамбардың іс-әрекеттері адамзат үшін ең кәміл үлгі өнегелер тізбегі болып табылады. Мысалы: философ Нисе «Супер хуман» яғни кәміл адам ой-пікірлерімен талай беттік көзқарасын баяндаған. Бірақ, бұл кәміл адам түсінігін өмірдегі іс-әрекеттерімен күшейте алмаған. Ол тек қана бір ой, көзқарас болып қалған. Ал Ислам мінез-құлығында Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бүкіл адами іс-әрекеттерінде кәмелеттің

Page 49: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 49 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

шыңында болған әрекеттерімен, бүкіл адамзатқа осы күндерге дейін жол көрсетуші болған және қиямет-қайымға дейін де бола береді.

Ал Арестотель мінез-құлық философиясының бір топ заңдары мен ерекшеліктерінің тегін қалағанына қарамастан, құдайы уаhидан алыс болғандығынан оның философиясына сеніп, іске асырып, бақытты болған бір де бір адамды көре алмаймыз. Өйткені философтардың жүректері ағармаған, нәпсілерін жеңе алмаған, пікірі мен істері уаhидың айрықша жәрдеміменен пысырылмаған. Сол себептен жасаған жүйелері де ғылыми кеңестер кеңселерінен немесе кітап жолдарынан сыртқа шыға алмаған.

Ал Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Мырзамыз елшілік міндетін бастаудан бұрын өзін халыққа сүйдірген және адамгершілігімен халықтың өзін «Сен әл-Әмин және әс-Садықсың» (сенімді және адалсың) деп айтатындай бір кәмілдік ұсынған. Және Ол дінді таратып, жаюды бұл сипаттар берілгеннен кейін бастаған. Халық Оның жақсы мінез-құлығын, қайырымдылығын, адалдығын Пайғамбар болмай тұрып білген және Оны ұнатып, сүйген еді.

Оған «әл-Әмин» (сенімді) лақабын берген қауымы Қағба жөнделіп жатқанда «Хәжәр әсуәдті» (қара тас) орнына қою мәселесіне келісе алмаған кезде, Оның төрелігіне қарсылықсыз разы болған.

Рахмет пайғамбарының пиретінің мүшриктер тарапынан қабылдануы

Пайғамбарға бір сәт те тыныштық бермеген қатыгез дұшпаны Әбу Жаһилдің:

- Ей Мұхаммед! Мен саған сен өтірікшісің демеймін. Бірақ, осы алып келген (дінге) шақыруыңды

Page 50: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 50 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

қабылдамаймын…», - деп айтқаны Хазіреті Пайғамбар-дың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жаһилие (қараңғылық, надандық) Арабтарын да сондай бір дәрежеде өзіне сендіргенін көрсетеді.

Ең азғын деген дұшпандары да Хазіреті Пайғамбар-дың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) хақ болғанын түйсігімен қабылдағанымен, нәпсі-ниеттерінің бұзық-тығынан қабылдамаған.

Расында Көркем аятта былай деп айтылған:

«Шынында білеміз, күмәнсіз, олардың айтқандары сені кейітеді. Олар сені өтірікші санап отырған жоқ. Бірақ, ол залымдар ашықтан ашық Аллаhтың айтқанына қарсы келеді». (Әнғам сүресі 33-аят)

628 жылы Парсыларды жеңген Византия патшасы Хераклейс, соғыстан қайтып келе жатып Сирияға тоқтаған кезінде Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)ның өзін Исламға түсуге шақырған хаты келеді. Бұл хатқа ашуланбай, көңіл аударып, әсіресе бұл шақырудың мазмұнын білуді қалаған

Византия патшасы бұл мәселе жөнінде жақсырақ білу үшін, Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жерлестерінің біреуін қасына алып келуін бұйырады. Сол кезде Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ең қатыгез дұшпандарының біреуі болған Әбу Суфиян да меккелік саудагерлердің басшысы болып Сирияға келген еді. Бұл кез Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мен Құрайыш руының мүшриктері (Аллаhқа серік қосқандар) арасында келісім-шарт болған Хижраттың алтыншы жылы болатын. Хераклейстың адамдары олар-ды тауып, патшаның алдына апарады. Хераклейс өз адамдарымен Илияда яғни Бәйтул-Мақдисте* еді. Дәл сол кезде қасында болған Римдік сыйлы адамдармен

* Иерусалимдегі жер аты

Page 51: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 51 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

бірге Хераклус оларды қабылдап, тілмәш келтіртеді. Хераклус тілмаш арқылы:

«-Пайғамбар делінген адамға ең жақын туыс болып келетін қайсысың?»-деп сұрайды.

Әбу Суфян:

«-Ең жақыны менмін»-дейді.

Хераклус Оған қарап:

«-Оны жолдастарымен қасыма жақындатыңдар, онымен сөйлесіп жатқанда жолдастары да қасында тұрсын»,-деді, содан кейін тілмашқа былай деп бұйырды:

«-Мұның жолдастарына айт, мен хаттың иесі тура-лы бұл адамға сұрақ қоямын, өтірік айтып жатса олар «өтірік айтып жатыр» - деп айтсын.»

Шынында: «Құдай ұрсын, егер өтірік айтатынымды жолдастарым басқаларға өсек қылады деп ұялмасам, Ол туралы өтірік айтар едім», - деген Әбу Суфян, араларында болған сөзді былай әңгімелейді:

Бұдан кейін Хераклустің маған қойған бірінші сұрағы:

«- Іштеріңде оның ата-тегі қандай?»

Мен:

«- Оның ата-тегі өте жоғары!» - деп айттым, одан кейін арамыздағы сұрақ-жауап былай өрбіді:

- Сіздерде бұл сөздерді одан бұрын айтқан біреу болды ма?

- Жоқ болмады ...

- Жеті атасында сұлтан болғаны бар ма?

- Болмаған!

- Оған бағынғандар халықтың ішіндегі жоғарғы дәрежелілер ме, әлде астыңғы қабаттағы кедейлері ме?

Page 52: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 52 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

- Астыңғы қабатындағы кедейлері.

- Оған бағынып мойынсұнғандардың саны көбейіп бара ма, азайып бара ма?

- Көбейіп барады.

- Іштерінде Оның дініне кіріп алып артынан ұнатпай діннен безгендері бар ма?

- Жоқ!

- Осы пайымдауға дейін Оны өтірікші деп айыптап па едіңіздер ?

- Жоқ!

- Уәдесінде тұрмаған кезі болды ма?

- Жоқ! Ол берген уәдесінде тұрады, бірақ қазір біз Онымен біраз уақытқа келісім шарт жасадық. Бұл кезде не істейтінін білмейміз.

(Кейіннен Әбу Суфян: «Оны жамандау үшін араға қосатын осыдан басқа сөз таппадым!» - дейді.)

- Онымен соғыстыңдар ма?

- Ия.

- Бұл соғыстар қалай аяқталды?

- Кейде Ол бізді жеңетін, кей кездері біз Оны жеңетінбіз!

- Ол сендерге нені әмір етіп жатыр?

- Біздерге: «Тек қана Аллаhқа ғибадат етіңдер, еш-бір нәрсені Оған серік қоспаңдар, аталарың құлшылық етіп табынған бұттарды тастаңдар» - деп айтады. Намазды, дұрыс жолмен жүруді, пәк және намысты болуды, туысқандармен қарым-қатынасты үзбеуді әмір етіп жатыр.

Бұдан кейін Хераклус маған былай деді:

«Оның ата тегін сұрағанда, іштерінде өте текті адамдардың болғанын айттың. Пайғамбарлар да

Page 53: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 53 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

шынында осылай қауымның тектілерінің ішінен жібе-ріледі.

Іштеріңде Одан бұрын сондай пайымдауда болған басқалар болған-болмағанын сұрағанда, жоқ дедің. Одан бұрын бұл пайымдауда болған біреуі болса, онда «оны өзіне үлгі қылып алды» - дер едім.

Жеті атасында сұлтан болғаны бар ма екен дегенімде, жоқ екенін айттың. Егер аталарында сұлтан болған біреу болса, онда «атасының мүлкін қайтарып алуға тырысып жатыр», - дер едім.

Бұл пайымдаудан бұрын Оның өтірік айтқанын көрген-көрмегендеріңді сұрағанымда, жоқ дедің. Адам баласына өтірік айтпаған адамның, Аллаh туралы да өтірік айтпайтынын мен білемін.

Оған бағынғандар халықтың ішіндегі жоғарғы дәрежелілер ме, әлде астыңғы қабаттағы кедейлері ме екенін сұрағанда, төменгі дәрежелі кедейлері екенін айттың. Расында ең алғашында Пайғамбарларға бағынғандар осындай адамдар.

Оған бағынғандардың санының көбейіп не азайып бара жатқанын сұрағанда, көбейіп бара жатқанын айттың. Хақ діндердің ерекшелігі – тәблиғ кәмелетке жеткенше (қиямет-қайымға дейін) бағынғандар көбейе береді.

Іштерінде Оның дініне кіріп алып артынан ұнатпай діннен шығып кеткендері бар ма екенін сұрағанда, жоқ екенін айттың. Иман арқылы пайда болған көңіл ашылуы да жүрекке кіріп орнықса осылай болады.

Уәдесінде тұрмаған кезі болған-болмағанын сұрағанымда, ондай кезі болмағанын айттың. Пайғамбарлар да осылай уәделерінде тұрады.

Сендерге нені әмір етіп жатқанын сұрағанда, жалғыз-ақ Аллаhқа құлшылық етіп, Оған ешбір нәрсені серік

Page 54: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 54 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

қылып қоспауды әмір еткенін, бұттарға табынғаннан сақтандырғанын, одан басқа намазды, дұрыс жолмен жүруді, пәк және намысты болуды әмір еткенін айттың.

Егер осы айтқандарың рас болса, Ол адам осы аяғымның астындағы жерлерге де өте таяу уақытта ие болады. Шындығында мен бұл Пайғамбардың шығатынын білуші едім, бірақ, сендердің араларыңнан шығады деп ойламаппын. Шіркін оған бара алсам, өзімен кездесу үшін әр түрлі қиындықтарға шыдар едім. Қасында болсам аяқтарын жуар едім».

Бұдан соң Хераклуйс Дихия (елші) арқылы Бусра қаласының әкіміне жіберіліп өзіне келген Хазіреті Пайғамбардың хатын алдыртты. Хатты әкелген адам оны Хераклейске бергеннен кейін қайтадан оқыды.

Хатта былай деп жазылған екен:

« Бисмиллаhир-рахманир-рахим,

Аллаhтың Құлы және Елшісі Мұхаммедтен Римдік-тердің басшысы Хераклуске!

Тура жолға түскендерге сәлем болсын!

Мен сені Исламға кіруге шақырамын. Исламды қабылдасаң, сәлеметке жетесің әрі Аллаh та саған сауабыңды екі есе қылып береді! Егер қабылдамасаң, (елің болған) дихандардың кінәсі сенің мойныңда».

Хатының соңында төмендегі аят жазылған екен:

«Ей, кітап иесі болған қауым! Сіздер мен біздердің арамыздағы ортақ(бірдей) бір сөзге келіңдер. Жалғыз-ақ Аллаhқа табынайық. Оған ешбір нәрсені серік қоспайық. Және Аллаhты тастап бір-бірімізге тәңір деп табынбайық!

Егер Олар бет бұрса, дәл сол кезде: «Куә болыңдар, шексіз біз мұсылмандарданбыз,- деңдер!» (Әли Имран,64)

Әбу Суфян әңгімесін былай деп жалғастырады:

Page 55: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 55 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

«Хераклиус сөйлесіп болғаннан кейін және хатын оқып біткеннен кейін оның айналасындағы (Пайғамбардың Хераклейсті өз дініне шақырғанына намыстанған) поптар мен шонжарлардың арасында айқай-шу басталып, дауыстар көтерілді, мұның үстіне бізді сыртқа шығарды. Жолдастарыма:

«Ибн Әби Кебшенің* ісі әбден үлкейді. Қараңдаршы Бәни Асфар Мәлики (Хераклиус) де Одан қорқып жатыр!» - деп айттым. Міне сол күннен бері Оның жақында табысқа жететіндігіне деген сенімімді ешқашан жоғалтпадым. Ақырында Аллаh маған да Исламды нәсіп етті». (Бұхари, Китабул-жиһад, баб 102)

Рим патшасы Хераклейстің осы сұхпат кезінде сұрап білген Исламға ынсапты көзқарасы болуы, тек қана өзінің ерекшеліктерінен деп ойлаймыз.

Әрине, негізі хақ бір дін болған және уахданиет ережесіне сүйенетін сенім жүйесін қамтитын Християн-дықтағы бұзылу, ол кездерде енді бел алып келе жатыр еді. Шамамен екі ғасырға созылып келе жатқан, тарихта «иконалар ұрысы» деген атпен қалған талас-тартыстар енді ғана аяқталып, шіркеулер суреттермен және ескерткіштермен тола бастаған. Християндық уахданиеттен ұзақтап «еқанәм-и селасе» делінген үш тәңірі (Әке, ұл және әулие рух) жүйесіне шексіз бағынған. Бір хақ діннің осылай жоғалуының табиғи және дәстүрлі қажеттілігінен Ислам «хақ сенушіліктің» жаңартылуы үшін жіберілген еді. Бұл жағдайда әлі ескі уахданиет сенімін сақтап қалғандардың болғаны да тарихи ақиқат. Шынында да, кәпірлердің ауыр қысым көрсеткендеріне шыдай алмай Суданға хижрат еткен сахабалармен сөйлескен ел басшысы - Нәжаши патша да,

* Аллаһтың Елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) лақаптарының бірі

Page 56: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 56 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

осылай ынсапты бір мәміле көрсеткен. Тіпті қолындағы таяқпен жерді сызып:

«Сендердің бұл түсіндіргендеріңіз бен менің сенімім арасында осы сызықтай да айырмашылық жоқ» - деп айтқан.

Өйткені ол да, Христиандықтың уахданиет сенімін сақтап қалған «Ариос» мазхабынан еді.

Хераклейстың да осындай сенімі болуы мүмкін. Бірақ, иман келтіргеніне қарасты тарихи дәлел жоқ. Иманның бір нәсіп мәселесі болғаны осыменен тағы бір рет анықталады.

Басқа жағынан Хераклиуске қатысты бұл мәселе, Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Пайғамбарлығын қабылдамағандардың да Оның дұрыстығын және адамгершіліктегі кәмілдігін қабыл-дағанын көрсетеді. Ол Мәдинаға хижрат еткенде кәпірлердің өзіне аманат етіп қалдырған заттарын иелеріне тапсыру үшін Хазіреті Әлиді Меккеде уәкіл етіп қалдырған.

Ақын Кемал Едіп Күркчүоғлұ, мұнда саналған және саналмаған барлық жақсылықтарды өзінде жинаған Аллаhтың Елшісінің сүннетінен алыс қалған ғапыл мұсылмандарды мына өлең жолдарымен қандай жақсы ескертеді:

«Илтипатыңнан алыс калғандар әттең-ай;

Екі дүниеде жетеді ғапылға зиян көріп!..»

Раббымыз біздерді «Оған деген махаббатпен бай-ланған лайықты үмбет» қылсын. Өйткені Ол ешкім жете алмайтын бір мейірімділік пен рахымның шыңы !..

Шынында да Пайғамбар олардың hидаяты (тура жол) үшін бар күшімен талпынған, адамдардың оған тас лақтыруына және қорлауына қарамастан оларға қайыр-дұға еткен Хазіреті Пайғамбарға Зейд инб Харисенің:

Page 57: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 57 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

«Ей Аллаhтың Елшісі, олар осы ауыр зұлымды сізге лайық көреді. Сіз әлі олар үшін дұға етіп жатырсыз ба ?» - деген сұрағына, Оның:

«Басқа не істей аламын, мен азап үшін емес, рахмет болу үшін жіберілдім...» - деп, олардың тура жолға түсуіне дұға етуі, Оның жоғарғы дәрежедегі пидакерлік, опакерлік, ақ қөңілділік, рахым және мейірімнің көз жеткісіз шыңында екендігіне куә болмай ма?

Нәтижесінде, еш күдіксіз Кришна мен Будданы «Аллаh», Исаны (аләйһиссәләм) «Аллаhтың ұлы» деп сипаттағандар, еш қысылмай-ақ Перғауын мен Намрұт-ты тәңір деп қабылдағандар, хайуандар мен отқа, су мен ауа сияқты табиғат күштеріне де табынған кейбір бейшаралар, осындай ғажайып кісіні ұнатып, тәңір деп қабылдар еді.

Бірақ Ол өзін:

«Мен де сіздер сияқты бір адаммын... Маған тек қана уаhи келеді!..» (Кеhф сүресі 110-аят), - деп жариялаған.

Ол иман еткенде айтылатын куәлік сөйлеміндегі пайғамбарлықты қабылдап бекіту бөлімінің басына әрқашан «абдуһу», яғни Аллаhтың құлы сөзін қосып, үмбетінің өткен қауымдарда болған азғындыққа түсіп кетпеулерін қамтамасыз етуді қалаған.

Аллаhтың Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм), әрдайым Аллаhтың қасында дәрменсіз екендігін білетін еді. Бұл жайлы:

«Ешкім де (мен де) амалы және ғибадаты арқылы жәннәтқа кіре алмайды», -деп айтқанда, Оған таң қалып:

«Сен де ме Ей Аллаhтың Елшісі?», - дегендерге:

«Ия мен де! Егер Раббымның қайырымдылығы жәрдемге келмесе!.. (Өйткені Оның мейірімі, кешірім-ділігі, жақсылығы (фазлы) мені орамағанша, мен де

Page 58: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 58 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

жәннәтқа кіре алмаймын. Істеген амалым, мені де құтқара алмайды!)», - деп жауап қайтарады. (Бұхари,

Риқақ, 18; Мүслим, Мұнафиқун, 71-72; Ибн Мәжә, Зуһд 20; Дарими,

Риқақ 24; Ахмәд ибн Ханбәл, 2/235)

Бүкіл әлемдегі адамдар мен жындар ұқсасын шығара алмайтын бұл Құран - Аллаhтың құлдарына үлкен бір жақсылығы және сыйлығы.

Бұл тәблиғ қандай керемет және ғибратты, дұрыстық пен туралықты әкелген бір нәзіктік. Құран және сүннет ақиқатын аңғара білу, тек қана Хазіреті Мұхаммед (Саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)нің үлгі-өнегесіне, мінез-құлқына және көңіл тереңдігіне жақындаумен ғана мүмкін болады.

Оның негізгі сипатын түсіндіру ешбір адамның қолынан келмеді. Оның жоғары мінез-құлқы және жаратылысы толығымен аңғарыла алмады. Ғалымдар, ойшылдар, көңілдердің сұлтаны болған әулиелер және Жәбірейіл Оның жолында, ізінде жүруді атақ, есігінде қайыршы болудың өзін дәулет деп біледі.

Әлемнің Мырзасынан басқа бүкіл пайғамбарлардың міндеттері белгілі бір уақытпен және жерлермен шектелген. Осы себепті, бай, кәміл түрдегі әмірлер өлеңі олардан бізге дейін жетпеген. Ал Хазіреті Пайғамбар (Саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жіберілген кезден бастап қиямет-қайымға дейін барлық замандар мен бүткіл жер жүзін жақсартуға, тура жолға шақырып, салуға міндетті болғандықтан, Оның бүкіл мәмілесі кішігірім және жасырын мәселелерге дейін шын нақылдар арқылы бізге жетіп, қиямет-қайымға дейін үзілмейтін өміршең тізбекте болу бақытына ие болған. Бұның себебі, Оған арналған «ақырзаманның» бүкіл адамдарына Оның бір «үсуе-й һасене», яғни кәміл бір үлгі-өнеге болуын қамта-масыз ету туралы құдайы қалаудың болуы.

Page 59: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 59 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Сол себептен Хақ Тағала, Құран Кәрімде ешбір

Пайғамбардың үстіне ант етпесе де, Аллаhтың Елшісі

(Саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)нің өмірі үстіне «Ле

амруке» - деп ант етеді. Шейх Ғаліп бұл ерекшеліктерді

өлең жолдарымен қандай жақсы суреттейді:

Sultan-ı rusül şah-ı mümeccedsіn EfendіmBіçarelere devlet-і sermedsіn EfendіmDіvan-ı іlahіde ser-amedsіn EfendіmMenşür-і «le-amruk»le müeyyedsіn Efendіm

(Сұлтанысың пайғамбарлардың, атағың өте жоғары патшасың мырзам!

Бейшараларға мәңгі дәулет пен дәрменсің мырзам!Махшардың үрейлі күндерінде, үмбетіңнің қасын-

дағы қамқоршысысың мырзам!Аллаhтың «Сенің өміріңе ант болсын», - деп берген

антымен күшейтілген Пайғамбарсың мырзам!)Sen Ahmedü Mahmüd u Muhammed’sіn EfendіmHakk’dan bıze sultan-ı müeyyedsіn Efendіm(Сен Ахмед-и Махмұд-ү Мұхаммедсің мырзам.

Хақтың бізге берген Сұлтанысың мырзам.)

Расул-и Әкрам (Расул-Елші, пайғамбар; Әкрем-керемет;

Расул Екрем - пайғамбарлардың ішіндегі үстемі деген мағынада) (Саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мырзамыздың, басқа Пайғамбарларда болмаған ерекшеліктерінің біреуі: Құран Кәрімде олар: «Ей Адам, Ей Нұх, Ей Ибраһим, Ей Мұса, Ей Дәуіт, Ей Иса, Ей Зәкәрия, Ей Яхия» деген сияқты шақыру сөздерімен, яғни өз есімдерімен аталған ал Хазіреті Пайғамбар (Саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бірде-бір рет есімімен шақырылмай: «Ей Нәби, Ей Расул, Ей Мүземміл, Ей Мүддессір» деген сияқты ерекше сипаттармен аталған. Осымен, Аллаhтың Пайғамбарына көрсетілетін құрмет және сақталатын әдеп өлшемдері беріліп отыр.

Page 60: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 60 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Ол үшін дұға етіп, сәлеметте болуын тілеуді әсте ұмытпа! Ең қорқынышты күніңде Оның дәнекерлігіне және шапағатына мұқтаж боласың!

Page 61: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 61 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

РАХМЕТ ПАЙҒАМБАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕН МЫСАЛДАР

Әлемдегі барлық адамзаттың әрі пайғамбарлардың ішінде өмірі ұсақ-түйегіне дейін толығымен жазылып, белгіленіп қойылған теқ қана Хазіреті Мұхаммед Мұстафа (cаллаллаһу аләйһи уә сәлләм). Оның бүкіл істері, сөздері және сезімдері әрбір сәтіне дейін белгіленіп адамзат тарихына алтын әріптермен жазылған.

Өмірі қиямет-қайымға дейін дүниеге келетін адамзатқа үлгі-өнеге. Құран Кәрімнің Қалам сүресінде Ол туралы:

«Күмәнсіз Сен ұлы бір мінез-құлықтың иесісің!» - деп баяндалған.

Ол Құранды тек қана сөзімен үйреткен бір мұғалім емес, бір жағынан Құранды өміріне енгізген жанды өнеге еді.

Жәбірден (радиаллаһу анһу) қалған нақылда, Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

«Аллаh мені жақсы мінез-құлықты толықтыру үшін жіберді» ((Муатта, 904, Бейхаки, әс-Сүнәнул-Кубра, Х, 192) ) - деп айтады.

Еврей ғалымы Абдуллаh ибн Селам, Хазіреті Пайғамбарды (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ең алғаш рет көргенде, Оның бет-бейнесіндегі нұры және терең мағыналылығы өзін баурап алды. Таң қалып:

«Мұндай өңнің иесі өтірікші бола алмайды», - деп, иман келтірді.

Page 62: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 62 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Мейірімді Пайғамбарымыздың Тақуалығы және Нәпсісін Ағартуы

Бұрын баяндағанымыздай Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бүкіл адамзатқа Құдайдың бір сыйлығы ретіндегі кәміл бір үлгі. Әркімнің, өз бақыты үшін шама-шарқына қарай оған еліктеп, ізімен жүруге мәжбүр болғандығы анық. Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бүткіл өмірі Ислам дінін лайықты түрде жүзеге асыру үшін бірден бір үлгі. Бірақ шын мәніндегі Пайғамбармыздың ақиқат жолынан нәсіп ала білу үшін назар аударатын бірнеше мәселелер бар:

1. Кейбір іс-әрекеттерді пайғамбарлар ғана, Құдайдан берілген өзгеше бір күш-қуаттың арқасында орындайды. Басқа адамдар бұл істерді орындауға күш жеткізе алмайды. Негізінде, Пайғамбар (Саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) осындай ерекше жағдайлар туралы жан-жағындағыларға ескерткен. Мысалы, күн сайын аяқтары ісігенге дейін түндерді намаз оқумен өткізу, ауыз ашпай бірнеше күн ораза ұстау және т.б. сияқты.

2. Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) кейбір іс-әрекеттері өзіне ғана тән болған бірталай сырлар мен ерекшеліктер арқылы пайда болған. Мәселен, төрттен көп әйел алу (мәлімет алу үшін 12-13 беттерге қараңыз), өзі, жанұясы және ұрпағы үшін зекет, қайыр-садақа қабылдауды қияметке дейін тиып тастауы сияқты.

Оған еліктеушілер мен ізімен жүрушілердің осы істерді орындауы немесе орындауға ниет етуі қолайсыз болады! Өйткені, мұндай ерекшеліктер Оған ғана тән...

Хазіреті Пайғамбарға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) тән ерекшеліктерден пайда болған жағдайлар, осы айтылғандармен ғана шектелмейді. «Біз - Пайғамбарлар

Page 63: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 63 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

мирас қалдырмаймыз!» - деп, несі бар, несі жоқ барлық мүлкін тірі кезінде таратуы сияқты мирас мәселелеріндегі ісі де басқаларға үлгі болмауы керек. Сол сияқты Хазіреті Пайғамбардың (Саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) «Әл-Фақру Фахри» - деп, кедейлігімен мақтанғаны көпке мәлім бір ақиқат. Бұл Оның өзіндік ерекшелігіне байланысты жағдай, сондықтан бұл мәселені кедейлікті мақтап, қызықтыру емес, керісінше «берген қол алған қолдан үстем болады» деген Пайғамбардың сөздеріне сәйкес біреуге бере алатындай жағдайға адал жолмен жетуге қызықтыру деп түсінуге болады.

Сол себепті, кедейлік туралы өкімдер қызықтыру мақсатымен емес, Құдайдың басқа жазған тағдырына разы болу, тәуекелшілдік және мойынсынуды дәріптеу мақсатымен айтылған.

3. Зүhд (дүние-мүлікке қызықпау) және тақуалық жолымен өмір сүру рухани бай ерекшеліктермен және өзіндік қиындықтары болғанымен Хазіреті Пайғамбарға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жақындыққа жеткізеді. Қауымның әрбір мүшесіне «қайтсең де осындай өмір сүр» деген зорлық жоқ. Өйткені, бұл әр адамның күш-қуаты мен дарынына байланысты жағдай. Сол себепті, дүние нығметтеріне мән бермеуді насихаттайтын зүһд және тақуалық себебімен қоғамдық өмір күштеріне зиян келеді, ұлттар соның арқасында өз дұшпандарынан кейін қалып қалады және құрып кетеді деп қауіптенбеу керек. Шариғат шарттарының мазмұнындағы адамдарға әмір етілген динамизм мен өмірге деген ұмтылыс осындай бір қиын жағдайларға түсуден сақтайды. Бұдан басқа, шариғат өкімдері дамуды күнмен өлшеп, «кімнің екі күні бірдей болса ол зиянда» - деп қойған шарты мен дүние нығметтеріне ілтипат етпеу, тіпті мүлдем көңіл аудармаудың арасында қайшылық жоқ. Сондықтан дүниеге қарамау, мән бермеу негізінде іс-әрекет пен

Page 64: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 64 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

сыртқы жағдайдан емес, көңіл мен зейіннің арқасында болады.

Шынында Хазіреті Меулана (Құддисе Сирруһ) (Аллаһ

аруағын мүбәрәк қылсын) былай дейді:

«Дүниеге қызығу, Аллаhтан ғапыл болу! Дүние - ақша, әйел, киім-кешек емеc! Мұны біл!..»

Бұл көзқарас бойынша, көңіл дүниеқұмарлықпен жауланбаса, жұмсағанда ысырап қылмау шартымен, көп мал-мүліктің иесі болу зүhд және тақуалыққа қайшы емес. Ал дүниеқұмарлығы көңілін жаулаған және сол себепті бұт болу жолында болған өте аз мал-мүліктің зүhдке және тақуалыққа қарсы екені өте анық аңғарылатын ақиқат. Пайғамбар Сүлеймен (Аләйһиссәләм), Пайғамбар асхабынан Хазіреті Әбу Бәкір, Хазіреті Осман, Хазіреті Талха және Хазіреті Абдуррахман ибн Ауф (радиаллаһу анхум) сияқты бай болған адамдар бұған жақсы мысал болады.

Сонымен қатар кейбір зүhд және тақуалық көрініс-тері мән бермеуден емес, мүмкіншілік болмағаннан (кедейліктен) болуы мүмкін. Бұл жерде, жағдайының жоқтығы себебімен қарсы келмей, Аллаh Тағаланың берген тағдырына көңілден разы болу бұл мәселенің негізін құрағанымен, мұны тура мағынасында ғана түсінбей, бар болса да жоққа санап өмір сүру тақуа-лықтың дұрыс түсінілмегендігінен болады. Мысалы, Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) кейбір күндері, шарасы болмаған аштық кездерінде мүбәрәк қарнына тас байлағаны сияқты оқиғалар, бұл мәселенің жақсы түсінілуіне мүмкіндік береді. Тахдис-и нығметтің (Аллаhтың берген нығметтерін тілмен айту, сыртқа көрсетіп шүкір ету) әсіресе көп қайыр-садақа беру жолымен орындалуының зүhд және тақуалыққа өте сәйкес келетініне қарамастан, мүмкіндігі бола тұрып, оны жасыру және сараңдықты тақуалық деп көрсету

Page 65: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 65 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

сияқты адамның өзін немесе басқаларды алдауы мүлдем дұрыс емес!

Бұл өлшемдердің көзқарасымен зерттелген кезде, Оның адамзаттың ең мүттәқисі (Аллаһтан көп қорыққан және

Оған өте жақын болған құл) болғаны көрінеді. Ол тақуалығынан кедейлер сияқты өмір сүрген. Айша (радиаллаһу анһә):

«Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өмір бойы арпадан пісірілген нанның өзін екі күннің бірінде тоя жей алмаған»(Бұхари, Әйман, 22; Ибн Мәжә, Әтыме,

48) - деп айтқан.

Сонымен қатар Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) адал азық-түлікті, зүhд атына бола өзі үшін арам қылуға тиым салған. Ол адал болған азық-түлікті ішіп-жейтін. Бірақ ешқашан тамақты адал деп таппаса, қарыны ашып тұрса да жемейтін еді. Тіпті бір рет алдында кекірген бір адамға :

«Кекіргенді қой! Өйткені дүниеде көп тойғандар, қиямет күнінде ең ұзақ уақыт аш қалатындар болады!»(Тирмизи, Сифатул-Қымиаме, 37) - деп айтқан.

Ал басқа бір хадистерінде:

«Ешкім асқазанындай қауіпті қапты қатты толтырмаған. Алайда адамға аяқта тұруға жететіндей бірнеше жұтым жетеді. Сөзсіз көп жеуі керек болса, асқазандарының үштен біреуін жеуге, үштен біреуін ішуге, ал үштен біреуін дем алуға (ауамен) бөлуі керек...»(Тирмизи, Зүһд, 47; Ибн Мәже, Әтыме, 50) -деп бұйырып, тамақ жеудің орташа өлшемін көрсетіп кеткен.

Осының бәрі адам баласының ашкөздігін тізгіндеуге қарасты төтенше бір шаралар тізбегі.

Аллаhтың Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) зүhдті:

«Дүниеде заhидтік (дүние-мүлікке мән бермеушілік) адалды арам қылу, немесе мал-мүлікті тастап кету емес...

Page 66: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 66 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Керісінше дүниеде заhидтік, тек қана Аллаhтың қолында болғанға өз қолында болғанынан гөрі көп сенуің, басыңа бір пәле жолыққанда оның сауабынан және кейін болатын жақсылықтан шексіз үміткер болуың»

(Тирмизи, Зүһд, 29) - деп, қандай жақсы анықтаған.

Зүhд - дүниеге қатысты асыры талап және ашкөз-дікті кетіру, уақытша және алдамшы дүние ләззат-тарына алданбау, дүниені жүрекке кіргізбеу, Аллаh және Елшісінен басқаға мән бермеу, құлшылықтан алып қойған және ақыретте пайдасы тимейтін нәрсе-лерді тастау мағыналарына келіп, сәулетті бір өмірмен көңілдің әрі дененің тыныштығын қамтамасыз ететін жағдай. Керісінше дүние-байлыққа көп мән беру әрі жүректі, әрі тәнді қажытатын қайғы мен азап толы бір пәлекет. Шынында да Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

«Дүние-байлығына мән бермеу, жүрек пен денені (рух пен тән) рахатқа бөлейді, ал дүниеге қызығу қам мен қайғыны көбейтеді...»(Ахмед бин Хәнбәл, Китабуз-Зүһд, 24 бет) - деген.

Басқа бір Киелі Хадисінде:

«Дүниеде заhид бол, Аллаh сені сүйсін; басқаның мүлкіне қызықпа, адамдар сені сүйсін !..»(Ибн Мәжә,

Зүһд, 1) - деп айтқан.

Бұл Киелі Хадистерден дүниенің қауіп-қатерлеріне қарсы үгіттелген шаралардың басында зүhд тұраты-нын түсінуге болады. Расында Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) азық-түлік табылмаған кездерінде ораза тұтқан еді.

Киелі Хадисте:

«Не ақтың қараға, немесе бір ұлттың басқа бір ұлтқа үстемдігі жоқ. Yстемдік тек қана тақуада...»(Ахмет бин

Хәнбәл, V, 158 - деп айтып, әрдайым зүhд және тақуалықты үгіттеген.

Page 67: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 67 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Тағы Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай айтады:

«Маған мал-мүлік жинау немесе саудагер болу уаhи етілмеді. Маған: «Раббыңның даңқын жай; сәжде еткендермен бол және құлшылық істе!» - деп бұйырылды».

Басқа бір Киелі Хадисінде былай деп айтқан:

«Әрбір намазыңды ең соңғы намазың сияқты оқы! Ертең өзің өкініп қалатын сөздерді айтпа. Адамдар-дың (ғапыл бір түрде) армандағандарын армандауды қой!»(Ибн Мәжә, Зүһд, 15)

Бір күні өзінен:

«Ең кәміл адам кім деп есептеледі?»-деп сұралғанда:

«Пәк болғандар, күнә, шүбә, алдау, өтірік және қызғаныштан тазарғандар!..»(Әбу Дәуіт, Жиһад, 5) - деп жауап берген.

Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) адал мен арамға қатысты өте абай болған және де шүбәлі, күдікті нәрселерден де өте сақ болған. Әуелі бір жолы Хазіреті Хасан әлі кішкентай бала кезінде, мешітте атасының тізесінде отырып, зекетке беріл-ген құрмалардың таратылуын көріп отыр еді. Алдын-дағы құрмалардың біреуін ауызына лақтырған оған, Аллаhтың Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

«Таста, таста! Құрманы шығар! Біздің садақа жемейтінімізді білмейсің бе?» - деп ескертті және немересінің аузындағы құрманы жерге лақтыртты

(Мүслим, Зекет, 161)

Хазіреті Меулана (Құддисе Сиррұһ) адал тамақ жайында былай бұйырады:

«Жұтымдар тура тұқымдық дән сияқты, жемісі пікір, көзқарас және ниеттер болады.

Page 68: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 68 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Сен үшін ғибадат пен құлшылыққа қарай қалау, әуестік және тәбет қозғап, жанға нұр төккен жұтымдар адал, ғибадат және құлшылыққа қатысты жалқаулық тудыратын және жүректі ауырлық пен қараңғылықтың басуына себепші болатын жұтымдар арам деп есептеледі».

«Сен өміріңде адал тамақтарды көбейт! Шүбәлі және арам жұтымдардан қаш та, ғибадат пен құлшы-лықтың ләззатын татып, көңіл тыныштығына жет!»

Аллаhтың сүйікті құлдарынан болған бір әулие осылай бұйырады:

«Ғибадат және шын көңілмен берілуден ләззат алу - ең керемет құбылыс болып табылады.»

Аллаh Тағала көркем аятта:

«Сөзсіз, намаздарын көңіл тыныштығымен, шын ықыласпен оқыған мүминдер құтылды» (Мүминун,1-2),-деп бұйырған.

Аллаhтың адамзатқа адал қылған игіліктері сансыз көп болғанымен оларға қанағат етпей, арамға немесе шүбәлі нәрселерге қарай жөнелу, құлдыққа жарас-пайтын әрекет. Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) арам екені білінбеген, бірақ арам болуы мүмкін нәрселерді тастау жөнінде:

«Сені күдіктендірген нәрселерден аулақ бол, күдік-тендірмегендерге жақында!..» - деп бұйырады.

Сонымен қатар қолданылуы күмәнді нәрселерден қашамын деп адал игіліктерден алыстау немесе адал болған игіліктер туралы күдіктеніп, керексіз жерде әрі-сәрі болу да жөнсіз.

Ислам діні Аллаhтың құлдарының алаңсыздықты, сүйініш пен тыныштықты көңіл сарайларында іздеуін

Page 69: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 69 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

қалайды. Өйткені, бүкіл жақсылықтар, әсемдіктер жүрек гауhарында деп есептелінеді. Ал бұл Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) көңіл ерекшелігін, тереңдігін және нәзік тұстарын сезіп, біліп өмір сүру арқылы жүзеге асады.

Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ешбір күнәсі болмаса да кей кездері түндерді аяқтары ісігенге дейін намаз оқып, талай сағаттар шаршағанға дейін Құран оқумен өткізген. Ол Аллаhты ең қатты сүйген, ең көп зікір еткен және қорыққан адам еді.

Намаз - құлдардың Раббысымен кездесуі, Оның алдында тұруы. Хақты сүйгендер үшін тоймастай бір тебірену. Бұл «тойымсыздықты» жалғастыру үшін кейбіреулер нәпіл ғибадаттары жолына да түседі.

Намазда берілу бар, ол берілу нәпсіге ауыр тиеді. Жалғыз осы жағдайдың өзі Исламның хақ және намаз-дың шексіз ғибадат екенін көрсетеді.

Нәпсілеріне бағынып, соған құл болғандар намазға жақындамайды. Нәпсісінің бөгетінен аса алмағандар да намазды бейнелеуші ретінде қалып қалады.(Намазды

жүрегімен емес тек қана қимылымен орындау мағынасында) Шын намаз, өте аз адамға нәсіп болады. Аллаhтың Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бұл ақиқатты Киелі Хадистерінде былай баяндаған:

«Екі кісі, бір уақытта және бір жерде екі рәкәғат намаз оқиды. (Бірақ) араларындағы айырмашылық жер мен көктей».

Айша (Радиаллаһү анһә) былай деп айтқан:

«Кейде Аллаhтың Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) намазға тұрғанда, жүрегінен қазандағы судың қайнап жатқандағы дауысындай бір дауыс келетін. Азан шақырылған уақытта, Аллаhтың алдына шыға-тынынан жан-жағындағыларды танымайтын бір әлге түсетін еді!»(Әбу Дәуіт, Салат, 157; Нәсәй, Сәһу, 18)

Page 70: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 70 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Жаратылыс Нұрының оразасы да үмбетіне қандай жақсы үлгі.

Ол көбінесе сәресіге (Ораза кезінде таңертең күн шықпай тұрып

ішілетін тамақ) жейтін ешнәрсе таба алмаса да, аш күйінде ораза тұтатын. Кейбір күндері Саум Уисаль (ауыз ашпай бірнеше күн жалғастырылатын ораза) тұтатын еді. Сахабасы да осылай жасауға ниет еткенде:

«-Сендердің күштерің жетпейді!» - деп айтқан.

Ибн Аббас (радиаллаһу анһу) нақылында баян-дағанындай «Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бірнеше түн бойы аш күйінде таң атырып, үйінің іші де көбінде кешкісін жейтін бір нәрсе таба алмайтын еді. Негізінде нандары да арпадан пісірілген нан еді».(Ибн Сад, әт-Табақатул-Кубра, І, 400)

Әнес бин Мәлік (радиаллаһу анһу) мынадай оқиғаны баяндайды. Бірде Фатима анамыз Пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) пісірген нанынан бір-екі жапырақ әкеледі. Аллаhтың Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

«-Бұл не?»-деп сұрағанда:

«-Пісірген наным. Сізге әкелмей жаным тартпады»-деген, сонда Әлемдердің мақтанышы Фахр-и Әлем (Саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

«-Yш күннен бері әкеңнің аузына түскен алғашқы жұтым осы!» - деген екен.

Әбу Хурайраның нақылында баяндалғандай, Аллаhтың Елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) аштықтан қарнына тас байлаған кездері болған. (Ибн Сад,

әт-Табақатул-Кубра, І, 400)

Оразаның ең бірінші ерекшелігі және негізгі мақсаты, үздіксіз бір ғибадат сана-сезімінің ішінде нәпсімен күресіп, оны жеңу.

Page 71: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 71 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Ал Қажылық – Хазіреті Ибраһим (аләйһиссәләм) және Хазіреті Исмайлдың (аләйһиссәләм) тәуекелдігі-нен ғибрат ала білу, ішіміздегі нәпсі деп аталатын дұшпанға, сыртымыздағы шайтани бейімдерге (көңіл аударатын) тас лақтыра білу, ұлттық айырмашылықтан арылып кебінге оралғандай, бірдей болу жағдайына түсіп, Рабқа жалына білу, қиямет-қайымның үрейлі көрінісін әрдайым естен шығармай, содан қорқу, мұсылмандар арасындағы өзара алыс тұратын жұрт-шылықтың бір араға келіп, бір иман бауырластығын құру деп есептеледі.

Аллаhтың Елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қоштасу қажылығы және құтпасы (сөйлеуі), үмбетінің қиямет-қайымға дейін созылатын қажылығына қандай жақсы үлгі.

Сондай-ақ Қоштасу Қажылығында Аллаhтың Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) тарапынан махаббат негіздері белгіленіп, мұсылмандар арасындағы хұқықтың негізі осы махаббатпен қаланған.

Қажылық ғибадаты адамды көңіл дүниесіне бет бұрғызады. Өйткені бұл нәзік ғибадат аң ауламау, жайқалған өсімдіктерге тиіспеу, Аллаhтың мақұлық-тарын қинап-ренжітпеу сияқты рахым, мейірім және махаббат сияқты ерекшеліктерге толы.

Хазіреті Омар (радиаллаһу анһу), бір мұсылманды ренжітіп аламын ба, деп алаңдап Хажәр Әсуәдті* сүюден алыста тұрған.

Қажылықтағы бұл жәйттер мен мәмілелер, адам баласына өз нәпсісімен есептесуді үйретеді және келешектегі өмірін сәулелендіреді. Бүкіл ғибадаттар-дың жалғыз мақсаты, Аллаh Тағалаға жақын болу.

Қажылықтың орындалатын мүбәрәк мекені де, ұлы бір әлемнің рухани ауа-райы деп есептеледі.

Page 72: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 72 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Арафат ғапу мен сыйыну мекені.

Муздәлифа Құран Кәрімде ишарат етілген «әл-Мәшарул-Харамның»(қажылардың бір сәт те болса болулары

уәжіп болған Мүздәлифе деген жердегі қасиетті мекен) руханиетімен рахмет көріністеріне толы болған бір мекен.

Минә - Хазіреті Ибраһим, Хазіреті Исмаил және Хажер анамыздың шайтанға қарсы жеңіспен аяқталған бір құдайға берілу және тәуекел мекені деп есептеледі.

Қағба - Аллаh Тағаланың Құранда «Сәжде ет және жақында!» (Алақ, 19) бұйрығымен, оқылуы әмір етілген намаз ғибадатының нысанасы. Сондықтан бүкіл мұсылмандардың көңілдерімен бет бұрған нүктесі, яғни Ислам дүниесінің күре тамырының соққан жері.

Ал бұл қасиетті жерлерден кейін қажылар зиярат ететін Аллаhтың Елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) «мекен-жайы» Құдайы махаббат нақыштары-мен әшекейленіп, ұлылыққа жеткен жер. Өйткені, Аллаh Тағаланың «хабибім» (сүйіктім) деген ілтипаты-на тек қана Ол жеткен.

Хазіреті Имам Мәлік шарапатты қабір тұрған мекен Қағбадан да қасиетті деп айтады. Өйткені бүкіл әлем Ол үшін жаратылып, Оған арналған.

Бұл қасиетті жерлер Хазіреті Адамнан бері бүгінге дейін иманды жүректердің руханиетімен қаныққан, ғашықтық көз-жастарымен суарылған. Пайғамбар-лардың нұр бұлағы болған осы мекен Пайғамбарлар тарихының қадірлі естеліктеріне толы.

Қорыта айтсақ қажылық адамды діни өмірдің кәмілдігінің бағытына түсіретін бір ғибадат.

Қажылық адам өз рухының сәйкестігін, ауасын және бейнесін табатын, негізгі сипатына жететін, «рухани нұр» жаңбырымен тазаланып, пәк болатын, шын мәніндегі ақиқатына жететін рухани көріністерге толы бір ғибадат.

Page 73: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 73 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Зекет - бай адамдардың қолдарындағы мал-мүліктен бір бөлігін құдайы салық ретінде кедейлерге беріп, қалған малдарын адал қылуы. Әрі бұл мүлік саты-саты көпшілік қауымның әлсіздеріне, кедейлеріне өткізіледі. Мұнымен қоғамда теңдік, әділет және сәйкестік көріністері пайда болады.

Зекетте жылдық табыс емес, барлық мал-мүлік туралы сөз етіледі. Сол себептен әрекетсіз жатқан құндар азая-азая бітеді. Яғни Ислам бүкіл мүлік және материалдық құндардың белсенді жағдайға түсіп, қоғамның экономикасында әрекет етуін қамтамасыз етеді.

Зекет пен инфақтағы (мүлікті қайырға жұмсау) сырлардың біреуі - жекеменшік капиталдың өте көп болуына және өте жаман бір ісік күйіне келуіне қарсы шара болуы.

Зекет берген және алған кісінің арасында достық және сүйіспеншілік сезімдерінің күшеюіне дәнекер болады. Басқаша айтсақ зекет - жағдайы жақсылардың, мұқтаж адамдарға қарызы екені анық. Құран Кәрімде:

«Мұқтаж адамдардың және арланып сұрамайтын пақырлардың капиталда белгілі хақы бар» (Зарият,19) - делінген.

Зекет пен садақада әдептің маңызы өте зор. Бер-геннің алғанға рахмет айтуы бір сана-сезімде болуы керек. Өйткені оны парыз ғибадаттан босатып, сауапқа кіргізіп отыр. Бір жағынан берілген садақалар берген кісіні ауру мен жамандықтардан сақтайтын қорғаныс болады. Көркем аятта бұл ғибадаттың ерекшелігіне назар аудартып:

«Садақаларды Аллаh алады!» (Тәубе, 104) - деп айтылған. Киелі Хадисте де:

«Инфақ (қайыр) алдымен Аллаhтың қолына, содан кейін мұқтаждың қолына тиеді» - деп айтылған.

Page 74: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 74 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Инфақты берер кезде екіжүзділіктен, тәкаппар-лықтан, өркөкіректіктен, өзін және ісін жақсы көріп мақтанудан сақ болу керек. Әйтпесе берілген қайыр Аллаhтың қолына тимейді, адамдардың қолында жоғалып, ақыретке жететін бір бөлігі де қалмайды.

Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) адам таң қаларлықтай зүhд және инфакты өмір сүрген. Айша анамыз Ол туралы былай деген:

«Аллаhтың Елшісінің асқазанына бір күнде екі түрлі тамақ түспейтін. Ет жегенде басқа нәрсе жемейтіндей, құрма мен нан жегенде де оларға қосып басқа нәрсе жемейтін еді». (Ибн Сад, әт-Табақатул-Кубра, І,

405)

Әбу Нәдр айтады: Мен Айша анамыздың мынандай әңгімесін естідім:

«Бір күні Аллаhтың Пайғамбарымен бірге отыр едік, әкем Әбу Бәкір бізге бір қойдың санын берді. Түннің қараңғысында Аллаhтың Елшісімен оны бөлшектеп, бұзайық деп отыр едік, біреу:

«Шырақ не шам жоқ па?» - деп айтқанда, «Жағатын майымыз болса, біз оны жер едікң-дедім».(Ибн Сад, әт-

Табақатул-Кубра, І, 405)

Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қолдағыны қайырға жұмсауды өте жақсы көретін еді. Сондықтан Хазіреті Біләлға:

«Ей, Біләл! Қайырға жұмса, қайырға жұмсаумен «ғарыш иесінің» сенің малыңды азайтатынынан қорықпа!..»(әл-Лума 134; Әбу Дәуіт, Имарә 35) - деп айтқан.

Шынында да, Аллаhтың Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мал-мүлік жинауға мүлдем әуес болмаған. Өйткені, таңдауды «құл пайғамбарлық» жағына жасап қойған. Бұл ақиқатты баяндау үшін Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Құл пайғамбарлық пен

Page 75: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 75 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Сұлтан пайғамбарлықтың біреуін таңдау еркіндігін алдым. Жәбірейіл қарапайым болуымды ишарат етті. Мен де құл пайғамбар болуды қаладым. Және «бір күн тойсам, бір күн аш қалайын...» - деп айттым»(Хәйсами,

Мәжмауз-Зәуайд, IX, 192) - деген.

Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) үйін әшекейлеп жатқан қызы Фатима (радиаллаһу анһә)-нің үйіне кірмей:

«Осындай әшекейлі жерлерге кіру бізге жараспайды!» (Аср-ы Сағадат, ІІ, 90) - деп айтқан.

Бірақ Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) іске асырған бұл ұлы құлшылығымен ешқашан мақтанбаған. Аллаhтан өзіне берілген нығметтерді санап: «Лә фахра» (мақтаныш жоқ) деген сөздерімен жоғарғы дәрежелі қарапайымдылық көрсететін.

Тәкаппарлық басқалар тарапынан мақталу және ұнату арқылы пайда болады. Осы қылық - адамды құтыртатын белгілі мінездердің біреуі. Аллаhтың Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Аллаhтың мақтауына жетіп адамзаттың ең мәртебелісі болған жағдайда да, сахабаларына:

«Мені «Аллаhтың құлы және Елшісі» - деп атаңыздар» (Бухари, Муслим) -деп бұйырған.

Діннің мақсаты - жақсы, әсем және парасатты адам қалыптастыру. Бұл кәмілдікке жүректің қобалжуымен және лүпілдеуімен Аллаh Тағалаға құлшылық ету арқылы жетеді.

Аллаh Тағала:

«Сөзсіз, мүминдердің жүректері тек қана Аллаhты еске алған кезде ғана қобалжиды» (Әнфал сүресі 2-аят) - деп айтқан.

Page 76: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 76 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

«Адамзат» (инсан) сөзі «нисян»(ұмыту) және «үнспен» (жақындық) байланысты. Ұмытудан қорғайтын іс зікір болып табылады. Құран Кәрімде 250-дей жерде «зікір» сөзі кездеседі. Зікір гауhары жүректің ортасынан орын алса, ол жүректе Хаққа құлшылық ету мен Хақты тану басталады. Сүйгендер сүйіктілерін ешқашан ұмытпайды, аузынан тастамайды және ойларынан шығармайды. Иманды өмірді зауықпен және сапалы сүруді қалаған көңілдер зікірді жүректерінде жалғас-тыра береді. Жүргенде, отырғанда, жатқанда зікір етіп аспан мен жер жүзінің жаратылуындағы ерекше сырларға ой жібереді де:

«Уа Раббым! Бұларды бекерге және орынсыз жаратпадың; Бүкіл кемшіліктерден таза, пәксің. Біздерді тозақ азабынан сақтай көр Аллаhым!» (Әли

Имран,191) -дейді.

Бұл тереңдікке және оның нәзік тұстарына жете алмаған жүрек Аллаhтың (Жәллә Жәләлуһу (Мәртебесі

жоғары - құдіреті күшті)) ілтипатынан тыс қалады. Зүмәр сүресінің 22-аятында:

«Аллаhты дәріптеуден безген тасжүректерді қарғыс атсын!..» - делінген.

Аятта зікірден алыстағандардың адамдық қасиет-терін жоғалтатындықтары білдіріледі.

Адам баласында құл болу ерекшелігі бар. Адам баласы не затқа, не жеке мүддесіне, не Раббысына құл болады. Раббысына құл болу адамды жеке мүддесіне және дүниеге құл болудан сақтайды.

Фұрқан сүресінің 43-аятында Хақ Тағала:

«Аңсары мен ойын тәңір жасап алғанды көрдің бе?» - деп айтады.

Адам баласының келешек үшін бірталай аңсары мен армандары болуы және ол армандардың «ақырет

Page 77: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 77 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

бақытына» жетуге қарасты емес, тек қана дүние жөнінде болуы оны шер мен мұңға толы бір соңға ұшыратады. Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай бұйырады:

«Абайлаңыздар! Аңсарларыңыз бен дүниеге деген армандарыңыз сіздерге ажалдарыңды ұмытқызбасын! Әйтпесе жүректеріңіз қатаяды...

Абайлаңыздар! Шын мәніндегі (өлім, кейін қайта тірілу және ақыреттегі ақуал сияқты) келешек өте жақын». (Ибн Мәжә, Мұқаддиме, 7)

Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бұл ескертулерін толық түсінген, парсылық Салман:

«Yш нәрсе мені күлдіріп, үш нәрсе де жылатады»,- деп, осы үш жағдайдың біреуі: өлім өзін тосып тұрса да, адамның «тоймас арманға» түсуінің өзін күлдіретін және таң қалдыратын жағдай екенін айтады.

Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

«Қарт кісінің бүкіл күш қуаты кетсе де дүниеге деген махаббаты және «тойымсыз арманы» жайында көңілі әрдайым жас қалады!..» (Бұхари, Риқақ, 5; Муслим, Зекет, 114) - деген.

Бұл киелі хадис «дүние махаббаты» мен «тойымсыз арманның» ешқашан адам баласының көңілінен шық-пайтын екі жағдай екенін баяндайды. Дене күш-қуатын жоғалтып әлсіресе де, рухта өлмейтін сипат болған-дықтан адамзат мәңгі жас болып қалуды армандай-ды және жоғалтқандарының қасіреті мен өкінішінде болады. Сол себепті бітпейтін, тоймайтын бір ашкөз-діктің тұтқыны болып өмір сүреді.

Топырақ үстіне төгілген суды сіңіріп, ішіне тартып алатынындай, нәпсі де бүкіл дүние ләззаттарын өзіне жинауға тырысады. Бірақ, адам баласы нәпсісін ағарту мен көңілді тазарту арқылы өзіне келген нығметтер-

Page 78: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 78 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

ді топырақ секілді сыртқа лақтырып, жүрегін қатты-лықтан яғни жаман мінездерден және жеке басын күйіттеушіліктен құтқарады.

Жаман мінездер емтихан, сынау мақсатымен жаратылған. Сондықтан Аллаh Тағала көркем аятта:

«Нәпсіге және оның терең жүйесін жасаған және оған жамандықтармен қоса жақсылықтарды да шабыттандырғанмен (өзіммен) ант етемін, нәпсісін таза ұстаған кісі бақытты болады, ал ішін жамандықтармен былғаған кісі қайғы мен зиянға ұшырайды ...» (Шәмс, 7-

10) -деп айтқан.

Сана-сезіміне ешкім жете алмайтын және түпсіз тереңдіктердің үлгісі болып жаратылған адам бала-сының жоғарғы бағаға ие болуы, тек қана Аллаhқа құлшылық ету және көңілді дүниеге деген махаббатпен кірлетпей өмір сүруіне байланысты.

Тәбүк сапары, машақатқа толы сапар болды. Сахабалар мың шақырымдай жүріп қайтты. Мәдинаға жақындағанда түрлері адам танығысыз болып кеткен еді. Терілері сүйектеріне жабысқан, сақалы мен шашы бір-біріне шатасып, ұйысып қалған еді. Сол кезде Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

«Енді біз кіші жихадтан (дін үшін күрес) үлкен жихадқа қайтып барамыз!..» - деген екен.

Сонда сахабалар таңданып:

«Ей Аллаhтың Елшісі! Бұдан да үлкен жихад бар ма?»- деп сұрағанда, Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

«Енді үлкен жихадқа - нәпсімен күрес жихадына барамыз...»(Бәйхаки, Суюти) - деп айтқан екен.

Нәпсі жихады – жүрек тәлім-тәрбиесі деп есептеледі. Мақсат – мінез-құлықты жоғары дәрежеге жеткізу

Page 79: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 79 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

және адамды кәмілдікке жеткізіп, «кәміл адам» хәліне келтіру.

Хадис Құдсиде (Аллаһтан келген бірақ Пайғамбар өз сөздерімен

жеткізген хадис) Аллаh Тағала:

«Біз адамның сырымыз. Адам да біздің сырымыз!..» - деп айтқан.

Бұл сыр тек қана Мұхаммеди ақиқатпен сезіледі. Біз оның махаббатына, іс-әрекетіне қаншалықты берілсек, бұл ақиқат соншалықты айқындала түседі. Адам баласы, бұл әлемнің жаратылу мақсатын (ішкі сырын, құпиясын) таба алмаса, бұл әлем оны жұтып жібереді. Дүниеге келу себебін аңғарып біле алмаған кісі «адамның киелі құрылымынан» хабарсыз қалады. Жаратылыстағы Құдайы мақсатты аңғара алмайды. Халифатуллаh (Аллаhтың жер жүзіндегі халифасы) болғандығын түсіне алмайды. Ал Аллаhтың халифасы болуға тура келе жатқан құлдар Раббысының көрер көзі, еститін құлағы жағдайына жетеді. Адамның жаратылу мақсаты болған «Уасыл-ы Илаллаh» (Аллаhқа жету) жолына түседі.

Бұл әлемде барлық нәрсені адамның түсінігімен толық түрде анықтау мүмкін емес. Бір нәрсені түсіндіру үшін қолданылған сөздердің өзі басқа бір сөзбен анықталуы керек.

Бүкіл анықтай алмайтынымызды тағы да түсіндіре алмайтындарымызбен анықтауға тырысып жатқанда, толық түсіндіру және анықталуы мүмкін болмағандар-дың ең ұлысы мүтеал, яғни түсінігімізден тыс (ақылымыз толық жетпейтін) Аллаhтың болғанын ұмытпайық. Аллаh әлемнің сөзсіз түсінігі болып табылады.

Оны махаббат, берілу және білімнен қанша есе алсақ сонша есе түсіне аламыз.

Page 80: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 80 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Ақылдың шегі белгілі. Ақылдың шегі жетпейтін

сырлар әлеміне тек қана көңіл жолымен жетуге болады.

Расында Хазіреті Ибраһим бұл жайды Құран Кәрімде:

«Мен Әлемдердің Раббысына тізе бүгіп берілдім!» (Бақара,131) аятымен баяндайды.

Хазіреті Имам Ғазали, бұл жәйітке байланысты өз ақуалын былай баяндайды:

«Ақылды үзілетіндей дәрежеге кердім, сонда оның шегі барын және өз-өзімен ешбір шексіздікке жете алмайтынын көрдім. Есімді білмейтіндей бір есалаң жағдайға түстім. Аллаhтың Елшісінің рухани нұрына бөлендім. Әр нәрсе белгілі болды. Құпияны түсініп, құтылдым...»

Тағы да Ибраһим (аләйһиссәләм):

«Мен Раббыма кетіп бара жатырмын. Ол маған тура жолды көрсетеді» - деген. (Саффат сүресі 99-аят)

Хазіреті Мәулана да, ақыл күшінің шекті екенін былай баяндайды:

«Ауру ақылмен дәрігерге барады. Одан кейін дәрігердің айтқанын ойланбастан қабылдайды.»

Қорыта айтсақ Пайғамбарлардың сырларын толық түсінуге ақылдың күші жетпейді. Яғни ақыл оның жанында дәрменсіз.

Рахмет Пайғамбарыныңөмірінде нәзіктік, рахым және

қамқорлық

Бірталай сахабаның нақылдарында баяндалғанын-дай, Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) адамзаттың ең жақсы мінездісі және ең нәзік мәміле жасайтыны еді. Жүзінен әрдайым жарық пен нұр төгіліп, жайдары болып жүретін.

Page 81: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 81 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жүрегі өте жұмсақ, сезімтал еді. Бір күні жерге түкірген адамды көргенде, мүбәрәк жүзі дереу қызарып, сол жерде тұрып қалады. Сахабалар жүгіріп барып түкіріктің үстін жабады. Аллаhтың Елшісі содан соң ғана өзінің жүрісін жалғастырады.

Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) киім-кешектің таза болуы мұсылманның Аллаhтың берген жоғары дәрежесіне сай келетіндігін айтып, ақ түсті киім киюді және өліктерді де ақпен кебіндеуді үгіттеген. Өйткені, мұның өте таза, әдемі және қадірлі болатынын айтқан. Киімнің түзетіліп киілуін әмір еткен, киім-кешекте масқаралықты ұнатпаған. Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) шаш пен сақалдың үрпиіп, шаталасып тұрғанын да құптамайтын. Бір күні Аллаhтың Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мешітте болғанда, алдынан сақал-шашы үрпиіп, шаталасқан бір адам шыға келді. Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қолымен оған шашы мен сақалын түзетуін ишарат етті. Ол адам Пайғамбардың бұйрығын орындағаннан кейін, Аллаhтың Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

«Міне осы түріңіз, кейбіреулеріңіздің шайтанға ұқсаған үсті-басы кір түрінен әлдеқайда жақсы емес пе?»(Әлиул-Қари, Мирқат, VIII, 261) -деген.

Тағы бір күні Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) үсті басы кір адамды көргенде таң қалып:

«Неге бұл адам шашын жуып, тарамайды?»-деген.

Ол рухының нәзіктігі мен тереңдігінің себебінен салақтықты жек көретін.

Тағы бір жолы үсті-басы үрпиген бір адам алдына келгенде:

Page 82: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 82 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

«Мал-мүлкің бар ма? Қал-жағдайың қалай?»-деп сұраған. Ол кісі тұрмысының жақсы екенін айтқанда, оған:

«Олай болса, Аллаhтың саған берген мал-мүлкі үстіңнен көрінсін!»(Нәсай, Зинет, 54; Ахмет бин Хәнбал, IV, 137) -деп, ескерту жасаған.

Басқа бір хадистерінде:

«Аллаh берген игіліктерінің белгісін құлдарының үстінен көргенді ұнатады...»(Ахмет бин Хәнбал, ІІ, 182) -деп айтқан.

Бұл оқиғалар Исламда жүрек тазалығы мен сыртқы әсемдіктің бір-бірінің толықтырушысы екенін өте жақсы көрсетеді.

Жаңа әрі әдемі киім киген мұсылманның мақтанбай, дандайсымай, бұл игіліктердің Аллаhтан келгенін түсіне отырып, Хазіреті Пайғамбарға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ұқсап дұға етуі керек. Аллаhтың Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жаңа бір киім кигенде:

«Ешбір күш және қуатым болмаған әлімде де мұны маған кидірген Аллаhқа мадақ болсын! Раббым! Сенен бұл киімнің және ол қолданылатын қайырлы істің берекелі болуын сұраймын. Бұл киімнің және ол қолда-нылатын жаман істің зиянынан сақтау үшін саған сыйынамын!..»(Әбу Дәуіт, Либас, 1; Тирмизи, Либас, 29) - деп дұға етіп, әр нәрсенің Хақ Тағаланың ризашылығының жолында қолданылуын қалап, армандаған.

Сонымен бірге, Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) басқаларға мақтану мақсатымен, өркөкіректікпен, дандайсып киінгендердің қиямет күні масқаралық киімін киетінін айтып, үмбетіне тозақ отынан сақтануды ескерткен.

Абдуллаh Ибн Амрдан (радиаллаһу анһу) мынандай әңгіме қалған:

Page 83: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 83 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

«Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) әдет-ғұрыпта қалыптасып қалған бір де бір тұрпайы, жаман сөзді аузына алмайтын және былай деп айтатын:

«Бұл дүниеде өте қарапайым және маңызсыз сияқты көрінген сыпайылық, есеп күні өте маңызды болады».

Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) хабештік Біләлді «қара қатынның ұлы»,-деп, кекеткен Әбу Зәрр әл-Ғыфариге:

«-Ей, Әбу Зәрр! Шындығында сен әлі жаһилие (қараңғы кезең) әдетінен арыла алмаған адам екенсің!»

(Бұхари, Иман, 22) -деп айтқан еді.

Аллаhтың Елшісінің бұл ескертуінен кейін Әбу Зәрр (радиаллаһу анһу) басын табалдырыққа қойып:

«-Ей, Біләл! Аяғыңмен мойнымды басып өтпейінше басымды көтермеймін!..»-деп, әдепсіздігінің кешірілуі үшін осылай істеген.

Аллаhтың Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сыпайылығы сондай, қонақтарын өзі қызмет етіп күтетін.

Балалық шағында да сыпайылығына нұқсан келтіріп кемітетіндей ешбір адаммен талас-тартысы болмаған.

Пақыр, жетім, ешкімі жоқ адамдарға рахымы және жақындығымен танылатын.(Бұхари, Нафақат, 1; Мүслим, Зүһд,

41-42)

Енес (радиаллаһу анһу) былай айтады:

«Хазіреті Пайғамбарға он жыл кызмет еттім, іс-әрекетінен бір кемшілік көргенім жоқ, бір де бір рет маған: «Мынаны неге былай істемедің!ң- деп айтқан емес». (Әбу Дәуіт, Әдеп, 1)

Рахымы соғыс тұтқындарына дейін түсіп, оларға жақсы мәміле етілуін бұйырған.

Page 84: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 84 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) балаларды катты жақсы көріп, олармен ойнап, қалжыңдасатын. Хазіреті Айшадан (радиаллаһу анһә) қалған әңгімеде былай айтылады:

«Бір күні Хазіреті Пайғамбарға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір бәдәуи (ауылдық араб) келіп:

«Ей Аллаhтың Елшісі! Сіз балаларыңызды сүйесіз бе? Біз балаларымызды сүйіп, сипамаймызң-дегенде, Мырзамыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оған:

«Аллаh сенің көңіліңнен мейірім мен рахымды суырып алған болса, мен не істей аламын!»(Бухари, Әдеп,

22) -деп жауап қайтарды».

Бұл оқиға Исламдағы балаларға деген рахым мен мейірімді қандай жақсы көрсетеді.

Ол бір тізесіне Усаме бин Зәйдті, біреуіне неме-ресі Хасанды (радиаллаһу анһу) отырғызып, оларды бауырына басып:

«Аллаhым! Бұларға рахмет пен бақыт бер. Өйткені мен бұлардың қайырлы және бақытты болуын тілеймін...» (Бухари, Әдеп, 18; Муслим, Фәзәйл, 64) -деп айтуы және балаларды қарғауға тиым салғаны, Оның сүйіспеншілігінің, рахымының және мейірімінің өте жақсы бір белгісі.

Баласы жылағанда шешесінің қиналмауы және дереу оған қарауы үшін намазын қысқартуына рұқсат етуі, талай түндер көздерінен жас ағып үмбетіне дұға еткені, адам баласының тозаққа түсіп кетпеуі үшін бүткіл өмірін пида еткені, Оның рахымының ең терең және ең сезімді бір белгісі.

Page 85: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 85 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Рахмет Пайғамбарының кедейлерге деген сыпайылығы

«Мал-мүлік жағындағы кемшіліктері себебінен жабырқаулы» көңілдерін көтеру үшін кедейлерге өте мейірбан еді. Абдуллаһ ибн Амр былай нақыл еткен:

«Бір күні Аллаhтың Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мешітке кіргенде, пақырлар бір шетте отырған еді. Олардың көңілдерін көтеру үшін қастарына отырып сұхбаттасты да, былай айтты:

«Пақыр мұхажирлерге сүйінші! Олар жәннәт бақшаларына байлардан 40 жыл бұрын кіреді. Кедей-лердің мал-мүлкі болмағандықтан есептері тезірек бітеді». (Ұқсас нақылдарды қараңыз Тірмізи, Зүhд, 37, Дәрими, Риқақ,

118)

Қияметте дүние (мал-мүлік) жауапкершілігінен есеп берілетіні жөнінде Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жиі-жиі:

«Уа Раббым! Маған пақыр адам ретінде өмір сүргізе гөр, маған пақыр адамның өмірін нәсіп ете гөр, мені пақырлармен бірге тірілте гөр!» (Тирмизи, Зүһд, 37; Ибн

Мәжә, Зүһд, 7) деген сияқты дұға оқитын.

Пайғамбарлардың бәріне жәннәтқа кіретіндігіне қарасты Аллаh тарапынан кепілдік берілгенімен, олар да өздеріне сыйланған игіліктер үшін және дінді таратудағы істеген жұмыстары жөнінде есепке тартылады. Ағраф сүресінің 6-аятында пайғамбарларға да сұрақ қойылатыны былай білдіріледі:

«Әлбетте өздеріне пайғамбар жіберілгендерді де, жіберілген пайғамбарларды да міндетті түрде сұраққа тартамыз!»

Шынында да Сүлеймен (аләйһиссәләм) өзіне байлық пен сұлтандық берілгені үшін есеп беруі ұзақ уақытқа

Page 86: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 86 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

созылады және сол себепті жәннәтқа ең соңғы кіретін пайғамбар деп білінеді.

Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сахабаларының ішінде бай адамдар да болған. Олар мал-мүліктерін әрі жандарын Аллаh жолына жұмсауымен Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мадағына жеткен. Сонымен бірге оларды Хақ Тағала: «Аллаh мүминдердің малдары мен жандарын өздеріне берілетін жәннәтпен сатып алды...» (Тәубе сүресі 111-аят) - делінген аятымен қуантқан.

Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ең жақын досы болған, Құран Кәрімде «екеудің екіншісі» деп аталған және Құрайыш елінің ең күшті саудагері, әрі байларының біреуі болғанына қарамастан өте жай және қарапайым өмір сүрген Хазіреті Әбу Бәкір (радиаллаһу анһу) осылардың біреуі еді. Хазіреті Айшаның баяндауы бойынша: Ол қайтыс болғанда не бір тиын, не бір теңге қалдырмаған. Мирасы жалғыз түйе мен қылыш жасайтын бір құл ғана еді. Бұл құлдың өзін «өлгеннен кейін Хазіреті Омарға берілуін» қызына өсиет еткен еді. Ол дүниесі мен малын өте өнімді түрде қолданып, қолында барының бәрін Аллаhтың Елшісінің қызметіне дайын ұстаған, әсіресе Исламның жаңадан тарала бастаған ең алғашқы және ең қиын жылдарында азап көрген мұсылман құлдарды сатып алып оларға азаттық сыйлап, түрлі азаптардан құтқарған.

Оның байлық иесі болуы зүhдіне кедергі жасамаған. Керісінше, малын керекті жерде және орынымен жұмсап, байлықпен бірге зүhдтің өмірде қалай іске асырылатынын ең анық түрде көрсеткендердің біреуі болған. Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

«Әбу Бәкірден басқа әркімнің бір рет те болса жақсылығы тигенде қалай да болса жақсылығының

Page 87: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 87 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

қайырымын берген едік. Бірақ бізге берген оның сондай жақсылығы бар, мұның қарсылығын қиямет күні Аллаh Тағала береді. Ешкімнің малы Әбу Бәкірдің малындай маған пайдасы тиген емес. Біреумен дос болатындай болсам, қалайда болса Әбу Бәкірмен дос болар едім...»(Тирмизи, Мәнақиб, 15) -деп, оны және малын сыйлаған.

Шүкірлі, қарапайым, жомарт байлар мен сабырлы қастерлі пақырлар, адамдық абырой бойынша және Аллаhтың ризалығының алдында бір деңгейде. Жомарттық пен мейірімділік адам баласын дүние пәлелерінен қорғап, ақырет бақытына жеткізетініндей, сабырлық көрсетіп өмірдің жанға батқан ащысына шыдағандарды да ақыретте сүйіншілер күтуде.

Осы киелі хадис, өмірдің түрлі кезеңдерінде көңілдің кәмілдікке жетуі үшін біз орындауға мәжбүр болған, шүкірлік пен сабыр ерекшеліктерінің орындалуын қандай жақсы түсіндіреді:

«Мен, расында бүкіл ісі қайырдан құралған мүминге қайран қалам!.. Бұл жағдай мүминнен басқа ешкімде жоқ. Қолына бір нығмет түссе шүкір етеді, бұл ол үшін қайыр болады. Бір пәлеге ұшыраса сабыр етеді, бұл да ол үшін қайыр болады». (Мүслим, Зүһд, 64)

Бір күні, Аллаhтың Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Мырзамыз Мәдинада болған кезде аяқтарында киетін нәрселері жоқ, аштық пен ыстықтан терілері сүйектеріне жабысқан жарлы ел келеді. Мұны көрген Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қайғыға шомып, түсі өзгерді. Біләл (Радиаллаһу анһу)ға азан шақыртып қадірлі сахабаларын жинады. Содан кейін бұл пақырларға жәрдем беріліп, мол қайырымдылық көрсетілді. (Мүслим)

Қоғамның экономикалық құрылымында жағдайы төмендердің (пақырлар), орта жағдайлылардың және

Page 88: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 88 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

байлардың болуы қажет. Көркем аяттарда, Киелі Хадистерде және Хақ Тағаланың тура жол көрсетуші ретінде жіберген Пайғамбарлардың өмірінде бұл топтардың Ислами өлшеулер бойынша қалай өмір сүру керектігі көрсетілген. «Фуқара-и Сабирин уа ағниа-и шакирин» (сабырлы пақырлар және шүкірлі байлар) өте көп мақталған екі топ болып табылады.

Мақсат - Аллаhтың берген нығметтерін қайтадан Оның жолында жұмсау, берілмеген нығметтер қарсысында да «сабри жемил» яғни, күшті сабыр көрсету болса керек. Абдурахман бин Ауф, Хазіреті Әбу Бәкір және сол сияқтылар шүкір еткен байлардан, Әбу Зәрр әл-Ғыфари, Әбуд-Дерда мен сол сияқтылар сабыр еткен пақырлардан еді. Бұл екі топтың да өмірдегі тұрмыстары бір-біріне өте жақын, затқа деген көзқарастары «Мүлік Аллаhтыкі» ережесі еді.

Сондықтан Ислам, шариғатқа қарсы келмейтін, тура жолдан адастырмайтын пақырлық және байлықты қорламай, екі жағдайды да дұрыс орындағандарды жәннәтпен қызықтырып, қуантқан.

Аллаh Тағала адам баласына әлсіздердің құрметіне және олардың дұғасының берекесі арқылы жәрдем етіп, ырыздық береді. Шынында Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) да:

«Аллаh, бұл үмбетке әлсіздердің дұғаларының, намаздарының және ықыластарының себебімен жәрдем етеді» (Нәсай, Жиһад, 43) -деген.

Сондықтан, Аллаhтың Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) соғыстарды пақыр мұсылмандардың дұғасымен бастатып, берекесінен жеңіс күтетін. Суффе қауымының мұқтаждық көрген жайларына қарап:

«…Егер, Аллаhтың қасында сендер үшін дайындалған нығметтерді білсеңдер ғой, мұқтаждықтарыңның

Page 89: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 89 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

көбеюін қалар едіңдер!..» (Тирмизи, Зүһд, 39) -деп айтып, олардың хал-жағдайларын мақтап, пақырларға берген мәннің шексіздігін көрсететін.

Тағы да Оның бәлкім, мұсылмандардың сол кездегі экономикалық тұрмыстарын байқап:

«Баспана болар үй, жейтін бір нан, адамның ұятты жерлерін жабатын киім әрі ішетін судан басқаға адам баласының хақысы жоқ» (Тирмизи, Зүһд, 30; Ахмет бин Хәнбал,

І, 62) -деп айтуы, «hауз кәусардан» (жәннатта ішілетін кәусар суының көлшігі) ең алғаш ішетін адамдардың мұхажирлердің кедейлері болғанын айтуы (Қараңыз Тирмизи, Қиямет, 15) және Аллаhтың пәк, пақыр мүмин құлдарын сүйетінін айтуы да, пақырлық және мұқтаждық жағдайларындағы сабыр мен тәуекелдің қадірін білдіретін сөздер деп есептеледі.

Тағы да айтады:

«Іштеріңде сақал-шашы үрпиіп, алба-жұлба болып жүрген қаншама адам бар, олар қолдарын жайып Аллаhқа ант етсе, Аллаh олардың анттарын бос қалдырмайды және анттарында hанис қылмайды (яғни, осындай адамдар Аллаh Тағаланың алдында «Наз қауымы» деп білінеді. Аллаhтан бір нәрсенің пайда болуын, іске асуын, күшті бір жалбарыну және үмітпен сұраса және оны халықтың алдында антпен айтса, Аллаh Тағала оларды қарабет қылмайды (ұялтпайды), анттары нәтижесіз қалмайды.) Бера бин Мәлік те сондай адамның біреуі». (Тирмизи, Мәнақиб, 54)

Әнастың бауыры Бераның не бір жейтін заты, не бір жататын орны болмаған еді. Өлместей аз азықпен өмір сүретін еді. Міне, осындай адамдар, яғни пақырлықты сабырмен және тәуекелмен қарсы алғандар, ант етсе, Аллаhтың оларды өтірікші қылмайтынын Пайғамбар өз аузынан айтып кеткен. Шынында Бера (радиаллаһу

Page 90: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 90 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

анһу) Хазіреті Омар кезінде Ислами соғыстардың бірінде, мұсылмандардың саны өте аз болып қиналып қалғаны себепті қолбасшы жоғарыда келтірілген хадисті білетіндіктен табандылықпен ант етуін сұрағанда:

«Уаллаhи (Аллаh атына) ертең жеңіс нәсіп болады. Әрі Уаллаhи мен де шәйіт боламын!» - деп ант етті.

Шынында да келесі күні жеңіс нәсіп болды және Хазіреті Бера да әуестікпен армандаған шәйіттік мәртебесіне жетіп, сүйінішпен Рахманның (аса қамқор)

рахметіне қауышты. Осымен жаңа бір Мұхаммеди мұғжиза жүзеге асты.

Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өмірі керемет ғибратты, туралық, дұрыстық, әділдік, мейірімділік және әдептілік көріністеріне толы. Жұбайы Айшаға (радиаллаһү анһә):

«Ей, Айша! Пақырларды сүй! Оларды өзіңе жақын ұста. Аллаh Жәллә Желәлуhу да сені қиямет күні өзіне жақын қылсын!..»

«Ей, Айша! Ешқашан мұқтаж біреуді есігіңнен бос қайтарма, жарты құрмамен болса да өзіңді тозақ отынан сақта» (Тирмизи, Зүһд, 37) -деп ақыл айтқан.

Ислам дамушы бір жүйе, арна. Бірақ Ислам, бір мемлекеттік ұйымның өзінен бұрынғы тура және бо-лымды мәмілелерінен бас тартпайды, жақсы жерлерін дамытады, болымсыз теріс жақтарын жөндеп жақсар-туға тырысады. Ол дүниеге әкелген негізгі дәстүрлері-мен ертеден жалғасып келе жатқан болымды дәстүрлерді сақтап қалуды қиын мәселе деп көрмейді. Сол себепті жақсартылуға мұқтаж болған бір ұйымды жоюдың орнына тірілтуді артық көреді.

Ислам жаңадан келтірген дәстүрлерді өзіне және идеясына толық сенетін қоғам қайраткерлері де қабылдайтын тәсілмен қоғамдық тәртіпті шайқай-

Page 91: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 91 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

тын тым жылдам өзгерістер жасамай, ұзақ уақытқа жайып, көпшіліктің «жаңалықтарды сіңдіру қабілетін» қинамай, ықтимал болған кері әсер беретін амалдардың алдын алады. Бұл тәсілдің ең бейнелі мысалы - Исламның құлдық жүйесін жақсартуы. Ислам зұлым жүйе күйіне келген құлдықты тек қана аты қалатындай, бірте-бірте оның жойылуын қамтитын бірталай өкімдер шығарған. (Мысалы: «парыз оразаны (рамазан айында ұсталатын отыз күндік ораза) әдейі бұзған адам бір құл азат етуі керек»-деген сияқты)

Тек қана аты болғанына және уақытша қолда-нылуына қарап: «Ислам құлдықты қолдайды»- деген түсінік надандық немесе араздықтан басқа нәрсе емес. Өйткені құлдарға қарасты жаңа, Ислами ережелер оларды бүгінгі тәуелсіз деп саналатын «жаңа кезеңнің өндірісіндегі жұмысшылардан» да еркін деңгейге шығу бақытына жеткізген еді. Ислам түрлі қылмыс-қателердің кешірілуі үшін құл азат ету тәсілінің арқасында құлды иесі үшін пайдаланатын зат ретінде қолданылудан құтқарды. Осыменен құлдың еркін адамдардан көп айырмашылығы қалмайды. Шынында Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) құлға кигеніңнен кигізу, жегеніңнен жегізу сияқты жүктемелерге ең алғаш жауапкер болып, бұл діннің ең кәміл орындаушысы болған. Бір зұлым жүйе болған құлдық Ислами мейірімділік пен қайырымдылықтың берекесімен «хаққ ғибад» яғни «құл ақысы» қамымен бұл заманда маңыздылығын жоғалтқан.

Расында Ол (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) соғыс тұтқындарына тәлім-тәрбиесін бергізіп әрі оларды азат етіп, үйлендірулерін иелеріне насихаттайтын. Құлдарына жаман, тұрпайы мінез көрсеткендердің жәннәтқа кіре алмайтындықтарын айтатын.

Page 92: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 92 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Ислам негізгі көзқарасы бойынша ең әуелі қылмыстың шығу себебін біліп, осы қылмыстың екінші рет қайталанбауы үшін шаралар қолданып, қылмыс-керді түзетуге тырысады. Ислам заңында жаза - әке-шешесінің баласын жазалауы сияқты. Негізгі мақсат оны қоғамдық өмірден шеттету емес, қауымға жаңадан лайықты мүше болатындай жағдайға жеткізу.

Аббад ибн Шурахбил есімді пақыр адам аш болған соң біреудің құрма бағына кіреді де, бірнеше құрманы жеп, біразын қалтасына салып алады. Сол кезде бақшаның иесі оны ұстап алып, сабайды. Жанына батып кеткен соң Аббад Хазіреті Пайғамбарға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) барып, бақшаның иесіне деген наразылығын білдіреді. Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бақшаның иесін шақырып алып:

«Білмейсің бе, ол надан адам! Не істегенін білмеуі мүмкін. (Сен оны үгіттедің бе?) Және де ол аш болатын, сен оның қарнын тойғызуың керек еді!» (Нәсай, Әдәбул-

Қаза 21; Әбу Дәуіт, Жиһад 58) -деп ескерту жасағаннан кейін бақшаның иесі істеген ісіне өкініп Аббадқа біраз құрма және оған қосып бір қап бидай береді.

Пайғамбарымыздың бұл ісі, ұрыны қорғау емес, бұл қылмыстың пайда болуына себепші болған қоғамдағы кемшіліктердің орнын толтырып, түзету әрекеті. Негізінде Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) осындай бір қылмысты қызы Фатима істесе де қолын кесетінін айтып ескерткен.

Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) әсіресе құлдарға (соғыс құлдарына) өте мейірімді еді. Сахабаларына:

«Олар сендердің бауырларың, жегендеріңізден жегізіп, ішкендеріңізден ішкізіңіздер!» (Мүслим, Әйман, 36-38) - деп айтатын еді.

Page 93: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 93 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Құл азат етуді үгіттеп, мұның үлкен ғибадат екенін айтатын. Бір күні Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Әбу Зәррдің (радиаллаһу анһу) ойланбай, құлына қатал әрекет істеп қойғанын көріп мұңаяды да:

«Әй, Әбу Зәрр, сен әлі қараңғы кезеңнің әдет-ғұрпынан арыла алмағансың ба?»- дейді, одан соң сөзін былай деп жалғастырады:

«Аллаhтың жаратқанына жамандық көрсетпе! Мінезіне, ісіне сәйкес келмейтін болса оны азат ет, артық жүк жүктеме, жүктейтін болсаң оған жәрдемші бол!» (Мүслим, Әйман, 38)

Бір адам құлы мен күңін үйлендіреді. Кейін олар-ды ажырастырғысы келеді. Құл мәселені Хазіреті Пайғамбардың алдына дейін апарып, төрелігін беруді сұрайды. Бұған қарап Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) құлдың иесіне:

«Yйлену не ажырасуда сенің хақың жоқ, сен ара-ласпа» - деп айтады.

Аллаhтың Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сахабаларынан құлдардың кемшіліктерін, қателерін әрдайым кешірулерін сұрайтын.

Бір күң иелерінің ұн ал деп берген ақшасын жолда жоғалтып алады. Таяқ жеймін деп қорыққанынан, үйге де бара алмай, жолда жылап жүреді. Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бұл жағдайды көргенде дереу оған жоғалтқанындай ақша берді. Және де, иелеріне сенбегендіктен күңді иесіне дейін алып барды да, оларға мархамат пен мейірімділікті насихаттады. Сонымен иелері күңді кешірді.

Бұл арада мына жағдайды да айта кеткен жөн:

Исламда құлдыққа қатысты өкімдердің болғанының

тағы бір сыры - бәрібір болмай қоймайтын соғыстар

Page 94: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 94 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

әрі сол соғыстардың табиғи нәтижесі болып келе

жатқан соғыс тұтқындарының болуы. Ислам тәртібінің

өзгеше сипаты мейірімділік және мархамат болған-

дықтан соғыс тұтқындарының еркін адамдар деңгейін-

де болуын сұрайды. Расында Пайғамбар (саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм) құлы Зәйдті азат етсе де, ол әкесінің

табандылықпен шақыруына қарамастан мемлекетіне

қайтпай, өмір бойы Әлемдердің мақтанышы

Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қасында

болуды қалаған.

Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) айтады:

«Қол астыңда жүріп тамағыңды пісіргеннің есесін бер! Оны жаныңа отырғыз! Онымен бірге же! Мұны істемейтін болсаң, бір жапырақ нанды май жағып оның аузына қой, жақсылық істе!

Аллаh Тағала оларды сендерге қызметкер және құл қылған. Егер қаласа, сендерді оларға қызметкер қылар еді!»(Ғазали, Кимиа-йы Сағадет)

Сол себептен бірталай сахаба құл ақысынан қорқып, құлдарын өте қысқа мерзімде азат етіп жіберген.

Ислам бұл өзгешелігімен де адамзат тарихына ғажайып бір ерекшелік сыйлады.

Рахмет Пайғамбарыныңәйелдерге мәмілесі

Жаһилие делінген қараңғы кезеңде әйелдер ханымдық қасиетін төмендететін бір мәмілемен өмір сүретін. Сондықтан қыз балалар жезөкше болып кетеді деген күдікпен тірідей топыраққа көміліп, ұждансыздық пен қараңғылықтың әсерінен жамандықтан сақтану үшін одан сорақы кісі өлтіру іске асырылып жатқан еді.

Page 95: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 95 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Шынында Хақ Тағала, Құран Кәрімнің Нахл сүресінің 58-аятында олардың жағдайын былай көрсетеді:

«Әлгілердің әлдебірінен «Әйелің қыз таптың, -деп сүйінші сұрасаң, түстері қашып, жандары күйіп кетеді. (Қыз тапты дегеннен арланып, жұрттың жүзін көрмей жатып қалады)».

Күңдер ар-намысын түсіріп, жоғалтатын ойын-сауық құралы сияқты көрініп, қорланатын еді.

Аллаhтың Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)нің әмірі бойынша әйелдерге қатысты заңдар мен тәртіптер шығарылды. Әйел қоғамда пәктік және ерекшеліктің үлгісі болды. Аналар жүйесі өз мәртебесін тапты. «Жәннат аналардың аяғының астында!» (Ахмет бин

Хәнбал, ІІІ, 429) -деген хадисімен әйел лайықты бағасына Мұхаммеди ілтипаттың арқасында жетті.

Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) әйелдерге көрсеткен әдептілігіне, мына мысал қандай жақсы түседі:

Бір сапарда Әнжәшә есімді бір құл әндетіп түйелердің жүрісін тездетеді. (Түйелер дауыс пен әнге мәз-мейрам болады. Сондықтан түйе шопандары табындарын тез жүргізу

үшін әндетеді) Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) шапқан түйелердің үстіндегі әйелдердің нәзік денелерінің қиналып қалуы мүмкін екенін, көрікті теңеумен баяндап: «Әй, Әнжәшә! Абайла, әйнектер сынбасын!» (Бұхари, Әдеп 95) -деп бұйырған еді.

Расында Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) басқа бір хадисінде:

«Маған дүниеде әйел және әдемі иістер (иіс су, әтір) сүйдірілді, намаз да көзімнің нұры қылынды» (Нәсай,

Ишретун-Ниса 10; Ахмет бин Хәнбал, ІІІ 128, 189) -деген.

Әйел мен әдемі иістер дүние өмірінің маңызды игіліктері болып табылады.

Page 96: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 96 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Дүние өмірінің тыныш және бақытты болуында салиқалы (Аллаһтың бұйрығын ұстаған, сабырлы, адал, таза)

әйелдің маңызы зор. Мал-мүлікті қорғайды, үйді тәртіпке салып құрады әрі ұрпақты және намысты қорғайды. Жанұяны рухани шаттыққа бөлейді. Yйдегі әр түрлі қиыншылықтар олардың мейірімді назар-ларымен жойылады. Балаларға өмір мен бақыт әуендерін шағылыстырып жеткізетін ана жүрегінен аялы, терең әрі сезімтал орын бар ма?

Аналар жаратушының мархаматына ең көп бөленгендер деп есептеледі. Әйелдердің «бақыт сұлтандығы», ерекшелігі ана болуымен басталады. Әсіресе «Жәннат аналардың аяғының астында!..»-деген хадис, аналарға деген ең жоғарғы Мұхаммеди ілтипат.

Ал әдемі иістер, рухтарды аялай толқындататын кеңдіктер. Келбетті де сыпайы періштелердің де ұна-тып, талап еткендері нәзік талғамдарынан деп білінеді. Намаз да, құлдың Раббысымен сөйлесуі болып табы-латын Раббани, Құдайы бір қосылу. Рухтың миғражға көтерілуі.

Тағы бір хадисінде:

«Сендердің іштеріңдегі ең қайырымдыларың жанұясына ең жақсы мәміледе болғандарың!..»(Ибн Мәже,

Никаһ, 50; Дәрими, Никаһ, 55) -деп айтқан.

Басқа бір Киелі Хадисінде:

«Адамның өз басына, жанұясына күн көру үшін шығарған шығындары садақа деп есептеледі...» -деген.

Ол бұл хадистерімен бақытты жанұялардың тек қана махаббат негізінде құрылатынын көрсеткен.

Page 97: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 97 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Рахмет Пайғамбарының

хайуандарға қарасты мәмілесі

Жаһилие кезеңінің адамдары хайуандарға өте ынсапсыз және мархаматсыз еді. Жандары ашымай тірі күйінде хайуандардың етін және құйрығын кесіп жейтін, оларды төбелестіріп бәсекелесетін еді. Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бұндай ұжданды кірлететін көріністерді тоқтатты. Қазіргі кездегі әтештер төбелесі, түйе және бұқа төбелестері сияқты әдеттер, жаһилие кезеңінің қалдықтарының жалғасы.

Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір күні жолда беті таңбаланған бір есекті көріп, көңілі бұзылды да:

«Аллаhтың қарғысы оны таңбалағандарға бол-сын»(Бұхари, Зәбайх 25) -деді.

Ол белгі болу үшін салынатын таңбалардың хайуан-дардың жанын ауыртпайтын жерлеріне салынуын үгіттеген.

Құстың ұясынан жұмыртқаларын алып алған сахабаға: «Одан балапан шығады, сондықтан оны орнына қой!»- деп бұйырған.

Арықтығы сондай, сүйектері ырсиған түйенің иесіне: «Сөйлей алмайтын бұл хайуандар үшін Аллаhтан қорық! (Оларды аш тастама!)» - деп ескерткен.

Абдуллаh бин Жафер (радиаллаһу анһу) мынандай оқиғаны айтады:

«Аллаhтың Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір күні ансардан біреудің бақшасына барады. Сол жерде жүрген түйе Аллаhтың Елшісін көргенде ыңырсып, көздерінен жас тамшылай бастайды. Аллаhтың Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жанына барып басын сипағанда, түйенің көз-жасы тиылады. Бұдан кейін

Page 98: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 98 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бақшаның иесін іздеп тауып, ол адамға:

«-Саған осы хайуанды мүлік ретінде берген Аллаhтан қорықпайсың ба? Бұл маған сенің оны сабап, азап тарттыратыныңды айтып, наразылығын көрсетіп жатыр»,- деп айтты.»

Бір Киелі Хадисінде:

«Сендерге кімнің тозақтан және тозақтың да кімнен алыс болатынын айтайын ба?» - деп сұрағаннан кейін:

«Олар нәзік, рахымды, мархаматты, жанға жайлы және жұмсақ болғандар ...»(Ахмет бин Хәнбал, І, 145) -деген еді.

Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мархаматты және мархаматсыз адамдардың жағдайын Киелі Хадистерінде осылай анықтап отыр:

«Күнәкар бір әйел шөлде қаталап, тілімен құмды жалап жатқан бір итті көреді де оған жаны ашып аяқ киімімен құдықтан су шығарып иттің шөлін басады. Сондықтан Аллаh Тағала бұл әйелдің күнәларын кешір-ді. Басқа бір әйел мысығын бақпай аш қалдырған еді. (Тіпті құрт-құмырсқаны да жегізбеген). Аяғында мысық аштықтан өлді де, ол әйел мархаматсыз-дығынан тозақ жолаушысы болды!» (Бұхари, Әнбия, 54;

Мүслим, Сәлем, 151, 154; Бирр, Нәсай, 133; Нәсай, Кусуф, 14)

Бұл екі Киелі Хадисте жарияланған ақиқат бойынша ортаға қойған мағынасы - кәміл, толық бір мұсылман-ның мейірімі жыртқыш хайуандарға да түсетін дәрежеде кең және терең болуы керек. Өйткені, Исламда жылан және шаян сияқты қауіпті хайуандардың да көп азап көрмеуі үшін, бір рет ұрғанда өлтірілулері әмір етілген. «Екі ұрғанда өте аз, ал үш ұрғанда өлтірген одан да аз сауап алады!» (Кимиа-ы Сағадет) -деп айтылған. Қауіпті

Page 99: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 99 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

хайуандарды өлтіруде де мейірімділік ұсынылуы, шексіз қайырымдылықтың үлгісі емес пе?

Ол хайуандарға мейірімді болуды әмір етуімен бірге, оларды лағынеттеуді, қарғауды да ұнатпайтын. Расында Батнұбуат соғысына кетіп бара жатқанда ансардан бір адам, түйеге міну кезегі өзіне келгенде, ақырын жүрген түйені лағынеттейді, сонда Аллаhтың Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ол ансарды түйеден түсіріп былай дейді:

«Енді лағынеттелген түйемен бізге жолдас болма. Әсте өздеріңді қарғамаңдар, балаларыңыз бен мал-дарыңызды да қарғамаңыздар!» (Муслим, Зүһд, 74)

Бұл хадис, Исламдағы мархаматтың шексіздігін баяндайды.*

Аллаһтың Елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мінез-құлқымен мінезденіп, «Султанул Арифин» яғни Аллаhты білгендердің сұлтаны лақабымен даңқы шыққан Байезид Бистаминнің мына жағдайы, бұл оқиғаға сондай жақсы мысал болады:

Бір күні Байезид базардан өтіп бара жатып бір есектің өте аянышты түрде сабалғанын көреді. Қатты азаптан хайуанның артынан қан ағады. Бұны көрген Байезид те

* Еуропалық зерттеуші Клауд-Фарер мақұлиқатқа деген мейірімділік пен қайырымдылықты көрсетуді әмір еткен Ислам этикалық тәртібінің қоғамдағы рухани нәтижесін, былай көрсеткен:

«Ыстамбұлда жолымыз түскен бір ауданның мұсылмандардікі немесе мұсылман еместердің ауданы екенін, сол жердің мысықтары мен иттерінің сізге деген қимылдарынан түсініп қоясыз. Егер мысық пен иттер сіздермен ойнап, төңірегіңізде шыр айналып, ұнамды бір көрініс болса, сол жердің мұсылмандар тұратын көше екенін білесіз. Ал егер, сізге айбат шегіп, қорқытып өзіңізді қорғауға мәжбүр болсаңыз, сол жердің мұсылман болмағандардың көшесі екенін білесіздер».

Христиан саяхатшысы баяндаған бұл жағдай «Жаратушыдан себеп, жаратылғандарға мархамат, рахым және махаббат сезімінің өте анық, ашық көрінісі болса керек».

Page 100: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 100 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

бір ерекше сезімге түседі. Хайуанның азап тартқан әлін өзі де сезініп, мархаматының көптігінен Оның да аяғы қанай бастайды.

Мұсылманның өзгеше сипаты мархамат болып табылады. Әрқашан бір істі бастағанда оқыған бисмилламызда, Аллаh бізге өзінің мархамат иесі болғанын білдіреді. Мейірімділік мұсылманның кісі-лігінің (адамгершілігінің) ерекшелігі деп есептеледі.

Аллаhтың әулие құлдарының біреуі Фудайл ибн Иядтың мына жағдайы, мүминнің көңілі үшін сондай жақсы мысал.

Оның жылап жатқанын көргендер:

«-Не үшін жылайсың?»-деп сұрағанда:

«-Маған зұлымдық істеген бір бейшара мұсылманға жылаймын. Бүкіл қайғым, оның қиямет-қайымда масқара болатынында...»-деп жауап қайтарған.

Осы жағдайлардың бәрі, Мұхаммеди көңіл тәрбие-сінің қандай нәзік және қандай көркем көріністері болғанын көрсетеді.

Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

«Жер жүзіндегілерге мархамат көрсетіңдер, көктегілер (періштелер) де сендерге мархамат көрсет-сін!» (Тирмизи, Бирр 16) -деген.

Рахмет Пайғамбарының тұлдыр жетімдерге мәмілесі

Киелі Хадисте:

«Ең жақсы үй - ішінде жетім жақсы қаралған үй, және ең жаман үй - жетімді дұрыс қарамаған үй!»(Ибн

Мәже, Әдеп 6) -делінген.

Ал Құран Кәрімде жетімнің қорғалуына қарасты аяттар көп. Аллаh жетімдерге қарсы сезімді және абайлы болуды ұсынады.

Page 101: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 101 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

«Жетімді қайғыртпа! (Жетім жесірді қорлама)» (Дұха, 9)

Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қадірлі сахабаларынан әрдайым :

«Бүгін бір жетімнің басынан сипадыңдар ма? Бір аурудың көңілін сұрап бардыңдар ма? Бір жаназаны шығарып салдыңдар ма?» (Таберани, Сахибул-Жами, 80) -деп сұрайтын еді.

Қауымдағы «жабырқау көңілділерге» деген бұл маңызды қауымдық міндеттердің орындалуын ескер-тетін еді.

Басқа бір Киелі Хадисінде:

«Кім қолындағы жетімге жақсы қараса, ол және мен жәннатта бірге боламыз» (Бұхари, Әдеп, 24) -деп айтып, екі саусағын біріктіре көрсететін еді.

Хазіреті Пайғамбарға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір қатал жүректі адам туралы арыз айтылады. Аллаhтың Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) да сол кісіге (қаталдығына) ем болсын деп:

«Жетім-жесірдің басынан сипап, пақырларды тойғызсын!» (Ахмет бин Ханбәл, ІІ, 263) -деген хабар жібереді.

Хазіреті Пайғамбар(Саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) дүниеге жетім болып келуімен жетімдік (жетім болу) бұл дүниеде және ақыретте ұлылық пен мәртебеге ие болды. Ақын Мехмед Аслан өлең жолдарымен жетімнің жайын қандай жақсы суреттеген:

Жетімнің иесі Аллаh,Жетімді ренжіту күнә...Жетімді күшсіз деп ойлама,Жетімнің көз-жасы қару!

Page 102: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 102 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Рахмет Пайғамбарының көршіақысы туралы ұсыныстары

Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) көрші ақысына өте ұқыпты болуды қалайтын. Киелі Хадисте:

«Жәбірейіл маған әрдайым көрші ақысын ескертетін еді. Тіпті мен «өлгенде малымнан (көршілерім) мирас ала ма?ң-деп ойлаған едім!..» (Бұхари, Әдеп 28; Муслим, Бирр

140) -деп айтқан.

Басқа бір Киелі Хадисте:

«Кәпір көршінің бір ақысы, мұсылман көршінің екі ақысы бар. Ал мұсылман әрі туыс болған көршінің үш ақысы бар»(Сүюти, Жамиус-Сағир І, 146) -деп айтқан.

Көршінің терезесіне қарамау, тамақтың иісімен көршіні қинамау, көршіге ұнамайтын іс-әрекеттерді жасамау көршінің ақыларынан болып табылады.

Кедейлерден болған сахаба Әбу Зәрр әл-Ғыфари айтады:

«Маған Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) тамақ пісіретін кезде сорпасын көбірек қылып, одан біразын көршіме беруді бұйырған еді...»(Ибн Мәжә,

Әтыме 58)

Әбу Зәрр сахабалардың пақырларынан еді. Қолын-да өзінің қажетінен артық тамағы болмағандықтан, пісірген тамағына тек қана біраз су қосатын. Киелі Хадисте бұйырылғандай көрші ақысын орындауға, жоқтық сылтау болмауы керек.

Аллаhтың Елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мейірімі өліктерді де айналып өтпейтін еді.

Өлік үстіндегі ең алаңдатарлық мәселе оның артында қалдырған және төлей алмай кеткен құл ақысы.

Page 103: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 103 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Аллаhтың Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жаназа намазын оқытатын кезде, оның үстінде құл ақысы бар ма, жоқ па соны сұрап алатын да, төленбегенше намазын оқымайтын еді.

Өліктің құл ақысымен қабірге кіруі, Аллаһтың Пайғамбары (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)ді өте қатты алаңдататын. Өйткені Ол Ұлы мейірімділік әрі рахмет Пайғамбары еді.

Рахмет Пайғамбарының дұшпандарынажәне кәпірлерге қарсы мәмілесі

Әбу Басра әл-Ғыфари қалай мұсылман болғандығын былай түсіндіреді:

«Мәдина қаласына бардым. Хазіреті Пайғамбарға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қонақ болдым. Сол түні жеті ешкінің сүтін де мен іштім. Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) менің бұл дөрекілігіме қарсы бір сөз де айтқан жоқ. Пайғамбар сол түні аш жатса да наразылық не ренжу белгісін көрсетпеді. Мұндай керемет әдеп пен мінезді көрген соң мен де ынсапқа келіп мұсылман болдым...»

Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) әлемге Рахмет болып жіберілгендіктен Оның махаббаты мен мейірімі бүкіл жаны барларды қоршайды. Бір күні Одан қарғыс айтуы сұралғанда:

«Мен бұл дүниеге қарғау үшін жіберілген жоқпын, Мен рахмет Пайғамбарымын»(Муслим, Фәзәил 126, Тирмизи,

Дағауат 118) -деп айтты.

Мұсылмандықты тарату (тәблиғ) үшін Тайф қаласына барған кезде надан, пұтқа табынушы, менменшіл Тайф халқы Оған тас лақтырған. Хазіреті Жәбірейіл Хазіреті Пайғамбарға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

Page 104: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 104 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

«Осы екі тауды бір-біріне соғып, бұл қауымды жоқ қылып жіберейін бе?» -дегенде, Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) разы болмай, өзіне тас лақтырған сол қауымға:

«Аллаhым, бұл қауымды тура жолға сал. Мен бұлар-дың ұрпағынан мүмин бір нәсіл келуін тілеймін» - деп дұға еткен. Бұл дұғаның нәтижесінде Тайф халқы бірнеше жылдан кейін мұсылман болған еді.

Рахмет Пайғамбарының

кешірімшілдігі

Аллаh Тағала кешірімді болуды сүйіп, жақсы көреді. Аллаhтың құлы өзі істеген қателеріне шын жүректен өкініп, тәубаға келсе, Аллаh Тағала оның тәубесін қабыл ететініне уәде береді. Құран Кәрімде де өзі өте кешірімді болғандықтан, құлдарының да кешірімді болуын сұрайды.

Ғапудың шарты өкініш және Аллаhтың әмірлеріне мойынсұну әрі харам нәрселерден қашу. Ғапудың ең жақсы мысалдары Хазіреті Пайғамбарның (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өмірінде. Ұхуд соғысында әкесінің інісі болып келетін Хазіреті Хамзаның бауырын (денесіндегі) кектеніп тістеп алған және соған қуан-ғаннан айқайлаған Хиндті, иман етуі себепті, Меккенің алынуы күні кешірген.

Хинд Аллаhтың Елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) артына келіп тұрып:

«-Ей, Аллаhтың Пайғамбары! Мені таныдың ба?» - деп сұраған.

Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Ұхуд соғысынан соң сегіз жыл өткеніне қарамастан, Хиндтың қуанышты айқайын ұмытпағанын көрсетіп:

Page 105: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 105 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

«-Мен ол айқайды ұмытамын ба?» - деп жауап берген және келиме-и таухидтің (Аллаһты бірлеу) құрметіне Хиндті кешірген.

Бұған қосымша қайырымдылық Пайғамбары (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Меккені алғаннан кейін не істейтінін құмарланып күткен қала тұрғындарына:

«-Ей, Құрайыш қауымы! Енді мен сендерге не істейді деп ойлайсыңдар?» - деп сұрады.

Құрайыш халқы:

«-Біз сенің қайырымдылық пен жақсылық істеуіңді үміт ете отырып «Қайыр істейсіңң-дейміз. Сен ұлылық және жақсылық иесі бір бауырсың! Ұлылық пен жақсылық иесі бір бауырдың ұлысың ...»-деді.

Бұл сөздерге Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

«-Мен де Хазіреті Юсуфтың інілеріне айтқанын-дай: «Сіздерге бүгін ешбір қақпайлау және айыптау көрсетілмейді!» - деймін. Кәнеки, тараңдар, енді еркінсіңдер» - деп бұйырды.

Басқа бір сөйлеуінде:

«-Бүгін мейірім күні. Бүгін Аллаh Құрайыштарды Исламмен күшейтетін, үстем қылатын күн», - деген.

Әбу Жәhилдің ұлы Икриме белгілі Ислам дұшпаны еді. Меккенің алынуынан кейін Иеменге қашып кеткен. Мұсылман болған әйелі оны Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) алдына алып барады. Аллаhтың Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Икримені қуанышпен қарсы алып:

«Ей, көшпен (атқа мінер), қош келдің!» - деп, мұсылмандарға істеген зұлымдықты бетіне баспай-ақ оны кешірді.

Хабир ибн Әсед те Ислам дұшпандарының біреуі еді. Меккеден Мәдинаға хижрат кезінде Хазіреті

Page 106: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 106 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қызы Зейнепті (радиаллаһү анһә) әдейілеп түйеден құлатқан. Аяғы ауыр Зейнеп баласын түсіріп алып, өте қатты жараланған еді. Хабир бин Есед осы сияқты бірталай қылмыс істеген. Меккенің алынуынан кейін қашуға тырысады, бірақ жолын таба алмайды. Содан кейін иман етіп Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) алдына келеді. Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оны істеген зұлымдықтарына қарамастан кешіреді...

Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жиі-жиі:

«Аллаhым, үмбетімді кешіре гөр, өйткені олар білмей жатыр!» (Ибн Мәже, Мәнасик, 56; Ахмет бин Хәнбал, IV, 14) -деп дұға ететін.

Хамаме есімді бір адам мұсылман болады да, Меккелік кәпірлермен істейтін сауда-саттық байла-нысын үзеді. Бұдан сасып қалған Меккеліктер Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)ға өтініш жасайды. Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) да Хамамеге хат жазып саудасын жалғастыра беруін сұрайды. Алайда ол кәпірлер үш жыл бойы мұсылмандарды аштықпен қинап, азап шеккізген еді. Аллаhтың Елшісі оларды да кешірді. Кейіннен бұл ұлы ерекшелікті көрген Меккеліктердің бәрі мұсылман болды.

Тағы бір күні Аллаhтың Елшісін өлтіруге сексен адам келіп, бәрі де ұсталған. Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оларды да кешірген.

Хайбарда бір әйел Аллаhтың Елшісінің тамағына у қосқан еді. Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) тамақтан ауыз тиіп, мұны біліп қойғанда Еврей әйел у қосқанын мойындады. Бірақ Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) осы әйелді де кешірді. Өйткені Құран Кәрімде:

Page 107: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 107 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

«(Ей Пайғамбарым!) Сен кешірімділік жолын ұста; лайықты болғанды әмір ет; надандарға назар аударма!» (Ағраф, 199) - деп бұйырылған.

Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Құранда баяндалған мінез-құлықтың жанды үлгісі еді. Өзіне қарсы істелген қылмыс-қателердің бәрін ойламастан шын жүректен кешіретін. Бірақ, қоғамға қарсы істелген қылмыстарды хақты ұстап көтергенге дейін және хақ иесінің (Іс-әрекеті әділ бірақ ақысын жегізген адам) ақысын алғанға дейін Оны ешкім тоқтата алмайтын.

Ең сүйікті сахабаларының біреуі Yсәме (радиаллаһу анһу) бір атақты отбасының ұрлық жасаған қызы үшін дәнекер болып кешірім сұраған еді, Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қайғыдан түсі бұзылды да, қаттырақ:

«Бұл ұрлықты қызым Фатима істесе де, оның қолын шабар едім!..» (Бұхари, Хұдуд, 12) -деп айтты.

Рахмет Пайғамбарыныңжомарттығы

Ибн Аббас (радиаллаһу анһу), Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жомарттығы туралы былай айтады:

«Пайғамбар (Саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) адамдардың ең жомарты еді. Жомарттығы оразада тіпті арта түсетін. Өмір бойы Ол, бір нәрсе сұраған адамға жоқ деп айтқан емес!»(Бұхари, Бәдул уаһи, 5-6; Нәсай,

Сиям, 2)

Пайғамбардың мінезінің біреуі сұрағанда қайтар-мау, ешқандай мүмкіндік болмаса да жылы шыраймен, ыстық сөзімен көңілін аулауға тырысу еді. Аллаhтың Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) туралы мына мысал қандай керемет:

Page 108: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 108 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

«Кішкентай бір бала, пайғамбардың алдына кіріп, анасының бір көйлек сұрап жатқанын айтады. Сол кезде Пайғамбардың өз үстіндегі көйлегінен басқасы жоқ еді. Сондықтан ол баладан басқа бір уақытта келуін сұрады. Бала кетіп қалып, біраз уақыттан кейін қайта келді де, анасының Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) үстіндегі көйлегін сұрап жатқанын айтты. Сонда Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өз бөлмесіне кіріп, үстіндегі көйлегін шешіп, балаға берді.

Сол уақытта Біләл (радиаллаһу анһу) азан шақырып жатыр еді. Аллаhтың Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) үстіне киетін бір нәрсе таба алмағандықтан жамағатқа қатыса алмады. Бірнеше сахаба алаңдап Пайғамбардың бөлмесіне барды да, Оның көйлексіз отырғанының үстінен түсті». (Тәфсир Хазин, Хазіреті

Жәбирден)

Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өзін бір садақа таратушы қызметкер деп сипаттап, осы таратудың «Барлықтың Иесі» болған Аллаhтан екенін айтатын. Бірде Хазіреті Пайғамбарға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір адам келген еді. Аллаhтың Елшісіне қарасты ешкілерді көрді де, бір ешкі сұрады. Аллаhтың Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ешкілердің бәрін оған берді. Сол адам еліне қайтқанда таң қалғанын жа-сыра алмай:

«Мұхаммед пақырлықтан қорықпайтындай жомарт!» - деді.

Тағы біреуі келіп, Хазіреті Пайғамбардан (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір нәрсе сұрады. Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оған беретін еш нәрсесі жоқ болғандықтан сол адамға біреуден қарыз алуға кеңес берді және өзінің де сол қарызды төлейтініне уәде етті.

Page 109: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 109 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Атасы Ибраһим (аләйһиссәләм) сияқты ешбір тамақты қонақсыз, жалғыз өзі ішпейтін еді. Қайтыс болғандардың қарызын төлететін немесе өзі төлейтін, қарызы төленбей жаназа намазын оқымайтын еді. Бір Киелі Хадисте:

«Жомарт адам Аллаhқа, жәннәтқа және адамдарға жақын, тозақ отынан алыс болады... Ал сараң адам жәннәтқа және адамдарға алыс, тозақ отына жақын болады!» (Тирмизи, Бирр, 40) -деген.

Басқа бір Киелі Хадисте:

«Шын мүминде осы екі сипат мүлдем болмайды: сараңдық пен жаман мінез!..» (Тирмизи, Бирр, 41) -деген.

Өз есесіне түскен соғыс олжасын елге таратып болмайынша тынышталмайтын. Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қайтыс болғанда Айшаға (радиаллаһу анһә) арпадан пісірілген бір нан мирас болып қалған еді. Айша (радиаллаһу анһә) бұл нанның берекелігін баяндап:

«Сол нанмен ұзақ уақыт қажетімді көрдім!..» - деп айтқан.

Рахмет Пайғамбарындағы жақындық,

шындық және адалдық

Аллаhтың Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) күнә, сауап, әмір* және тыйымдарды** білмейтін адамдардың жағдайына өте қатты қайғыратын. Есіктен есікке барып Аллаhтың дінін таратып жеткізерде, кей кездері есіктер бетіне жабылатын. Сонда ол, өзіне істелген бұл тұрпайылыққа емес, олардың бейқамдығына және надандығына қайғыратын.

Сондай адамдарға:

Page 110: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 110 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

«Істеген ісім үшін сіздерден бір ақы сұрамаймын!» (Сад,

86) -деп айтып, тек қана Аллаhтың ризалығы, мақсаты болғанын айтатын.

Шындық пен адалдық жағынан ешкім Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) деңгейіне жете алмаған. Өзі жетім еді. Ағасы Әбу Тәліптің қасында саудамен айналыса бастаған. Дұрыстығы және сауда-саттықтағы әділеттілігімен талай адамдарға танылған, сыйлы және беделді болып «әл-Әмин» (сенімді) сипатына жеткен. Оны кедей де бай да «әмин» сипатымен еске алып айтатын еді. Меккенің абыройлы (атақты) адамдарының бірі болған Хазіреті Хадиша (радиаллаһу анһә) Оның адалдығына сүйсініп, өзімен үйленуді ұсынған. Хадиша анамыз Аллаhтың Елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өмір бойғы ең күшті сүйеніші болған. Уаhидың келуінің алғашқы реттерінде таңданған Хазіреті Пайғамбарға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) әрдайым күш берген, әрі қауіпті сәттерде жұбатқан.

Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) тап-таза өмір сүрген. Сондықтан Пайғамбарлығын нәпсісінен аса алмауы себебімен қабылдамағандар, Оны ұжданмен де болса қабылдауға мәжбүр болған.

Исламның дүниеге келуінен бүгінге дейін өткен 14 ғасырдан бері, Оның істерінің дұрыстығын ұжданымен де болса қабылдамаған ешкім жоқ. Ислам дұшпаны Еврейлер де араларында келісе алмаған кездерінде Оған келетін. Аллаhтың Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) да олардың даулы мәселелерін шешіп беретін еді. Пайғамбар еврейлер мен христиандарға қарсы да әділ мәміле жасаған.

Хазіреті Әлиге (радиаллаһу анһу) әділет жайлы:

«Келісе алмаған екі жақты тыңдамай шешім жасама! Тура шешімге тек қана екі жақты да

Page 111: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 111 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

тыңдағаннан кейін бара аласың!..» (Ахмет бин Хәнбал, І, 90) -деп ақыл айтқан.

Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Меккеден хижрат ететін кезінде, әшекейлік бұйым-дар мен асыл тастар сияқты қолындағы аманаттарды иелеріне қайтару үшін Хазіреті Әлиге тапсырып, оны өзіне уәкіл қылған. Дұшпандары да Оның адалдығына қайран қалатын.

Рахмет Пайғамбарыныңинабаттылығы

Сахабалардың айтуынша Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) орамал жамылған жас қыздан да инабатты еді. Ешқашан көтеріңкі дауыспен сөйлемеген еді. Адамдардың қасынан ақырын және күлімдеп өтетін еді. Бір адамнан ұнамсыз, тұрпайы сөз естісе де оның бетіне бір нәрсе айтпайтын. Беттегі өзгерістер ішкі жан-дүниенің көрінісі болғандықтан төңірегіндегілер, сөздерінде және әрекеттерінде өте абайлы болатын. Ар-ұяттың күштілігінен тарқылдап күлген емес еді, тек қана күлімдейтін. Киелі Хадистерінде:

«Ар-ұят Иманнан деп есептеледі. Және де инабатты адам жәннәтқа барады, ал арсыздық көңілдің қатты-лығынан, көңілі қатты адам тозақта болады!..»(Бұхари,

Имам, 16) -деп айтқан.

Басқа бір Киелі Хадисте:

«Инабат және иман бір жерде болады, біреуі жоғалса екіншісі де кетеді!»(Суюти, әл-Жамиус-Сағир, І, 53) -деп айтып, инабаттылықтың маңыздылығына назар аудартқан. Және:

«Тұрпайы сөз ұяттан басқа еш нәрсе әкелмейді! Инабаттылық пен әдеп кірген жерін әсемдетеді!..»(Мүслим, Бирр, 78, Әбу Дәуіт, Жиһад, І) -деген.

Page 112: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 112 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Шын инабатқа дүниеге деген махаббатты жүректен шығаруға дәнекер болған «өлімді еске алу арқылы» жетеді. Сондықтан Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сахабаларына әрдайым Аллаhтан шынайы түрде ұялып, инабатты болуларын әмір еткен. Бір ретінде олардың Раббыларына үздіксіз инабатпен хамд еткендері туралы сөздерін тыңдаған Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм), шынайы инабаттың денедегі бүкіл мүшелерді харамнан сақтау, өлімді естен шығармау екендігін баяндап берді. Одан кейін, ақыретті армандаған адамның дүние-мүлікке деген махаббатты тастауы керектігін де айтып, тек қана солай істегендердің Аллаhтан толығымен (дәл орынымен) ұяла білетіндерін айтты.(Тирмизи, Сифатул Қияма 24)

Рахмет Пайғамбарының адамдардың жақсылығын қалауындағы сергектігі

Хазіреті Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) адамдардың тартқан қайғыларына қам жеумен қоймай, олардың табысқа жетулері үшін де сергек еді. Құран Кәрімде Оның бұл ерекшелігі былай айтылады:

«Ант болсын! Сендерге іштеріңнен ардақты бір Пайғамбар келді де, қиналғандарың Оған ауыр тиеді. Сендерге өте ынтық, мүминдерге өте мейірімді, оларға хайыр тілейді». (Тәубе сүресі 128-аят)

Бұл аятта Аллаh Тағала Пайғамбарын өзіне (Аллаһқа) ғана тән «Рауф» (Өте мейірімді) және «Раhим» (Аллаһ Тағаланың

мұсылмандарға ақыретте көрсететін мейірімі) есімдерімен сыйлап таныстырып жатыр.

Ол әрдайым адамдардың табысқа жетуін тілейтін. Және егер олардың, өзінің ерекшеліктері мен жақсы-лықтары турасында амалдар істегенін көрсе, қуанып тынышталатын.

Page 113: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 113 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Аллаhтың Елшісінің бұл кәмелді мінез-құлқы қабілеті мен дәрежесіне қарай сахабаларға дарыған. Хазіреті Осман (радиаллаһу анһу) Хұдәйбияда Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) тарапынан елші болып Меккеге жіберілген еді. Хазіреті Осман кәпірлерге Пайғамбар және сахабалардың Қағбаны тауаф (Қажылардың Қағбаны жеті рет айналуы, қажылықта

орындалуға тиісті ғибадаттардың біреуі) ету ниетімен келгендерін айтқанда, олар тек қана Османға (радиаллаһу анһу) ғана рұқсат еткен. Бірақ Осман (радиаллаһу анһу):

«Аллаhтың Пайғамбары тауап етпейінше мен де етпеймін! Хазіреті Пайғамбар қабылданбаған жерде мен де жоқпын!»-деп бұл ұсыныстарынан бас тартқан.

Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сол кезде Хұдәйбияда сахабаларынан биат (ант, уәде) қабылдап жатыр еді. Хазіреті Осман сол жерде болма-ғандықтан Аллаhтың Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оның орнына екі қолын үсті-үстіне қойып:

«Аллаhым, бұл бейат. Осман үшін! Күмәнсіз Ол, сенің және Пайғамбарыңның қызметінде» - деп айтты.

Ол басқа басшылар сияқты тек қана бір жақсылық тілеушісі емес, үмбетіне бүкіл күшімен сүйеніш болған жол көрсетуші еді.

Бір сахаба Хазіреті Пайғамбардан (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ақуалының жақсы немесе жаман болғанын қалай білетінін сұрады. Аллаhтың Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оған:

«Ақыретке қарасты істердің біреуін қалағанда оны орындау саған оңайға түсіп жатса және дүниеге қарасты істердің біреуін қалағанда оны орындау саған қиынға соқса, шынында сен жақсы ақуалдасың. Егер ақырет істерінің біреуін қалағаныңда оны орындау саған қиын келіп жатса және дүние істерінің біреуін

Page 114: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 114 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

қалағаныңда оны орындау саған жеңіл болса жаман бір ақуалдасың»-деп айтты.

Ол ісімен, сөзімен және мінезді өмір сүруімен бүкіл адамзатты бөлеген бір рахмет еді, жол көрсетуші еді. Һидайет делінген тура жолда әр түрлі машақат пен азаптың ең ауыры оның мойнында еді. Ол өзіне жүктелген құдайы міндетті ең кәмелді бір түрде орындады. Бұл мәселеде өте сабырлы және қайратты болатын, бірақ кейде өзін күйретпеуі үшін құдайы ескертулер де болатын еді.

Адамдардың сәлеметі үшін Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) көрсеткен бұл ұлы ерекшелік Құран Кәрімде осы аятпен баяндалады:

«(Пайғамбарым!) Олар иман етпей жатыр деп өзіңді күйрете жаздайсың!» (Шұғара сүресі 3-аят)

Осы көркем аят Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) рахымы мен мейірімінің көрінісі ретінде «дүниеде өмір сүрген әрбір адамның Аллаhқа нануын және олардың тозақ отының азабынан құт-қарылуын» армандағанын дәлелдейді.

Әбу Жәһилдің Пайғамбарға тиіскенін естіген Хазі-реті Хамза рушыл бір оймен ашуланып Әбу Жәһилді садағымен ұрып жіберген еді. Кейін Пайғамбарға бұрылып алып:

«Мұхаммед тыныш бол! Өйткені Әбу Жәһилден өшіңді алдым!»-деген сөздеріне Аллаhтың Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

«Менің өш алумен ісім, байланысым жоқ, бірақ сен мұсылман болсаң, сонда тынышталамын!» - деді. Хазіреті Хамза бұл сөздердегі тереңдікті аңғарып, мұсылман болды.

Оның көрнекті қимыл-әрекеттері мен сәулетті мінезі, әдеттегі пенделік бір ой және өш алу сезімдерінен алыс болғанындай өз нәпсісі үшін де арманы жоқ еді.

Page 115: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 115 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Аллаhтың Елшісінің өмірінде ешқашан өзі үшін өш алмағанын көреміз.

Бір Киелі Хадисте былай айтылады:

«Мен сендердің қателеріңді беттеріңе баспай, үндемей-ақ тәрбиелеп жатырмын».

Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мырзамыз ешбір сахабаның қатесін бетіне тіке айтпаған.

«Маған не болып қалды, сендерді бұндай ғып көріп жатқаным не екен?»-деп, өзін қате көріп жатқан болып көрсететін. Насихаттап жатқан кезінде де сөйлесіп жатқан адамының мұңаймауы және ренжімеуі үшін қолынан келгенінше нәзік әрекет көрсеткен Ол – «даңқы ұлы Пайғамбар» бір мейірім ескерткіші еді.

Бұл ерекшеліктер Оның халі мен әрекеттерінде, сөйлеулерінде де көрінетін еді. Міне сәулетті мінез иесінің бір сөйлеуі:

«Ей, иман еткендер! Аллаh сендерді қауіпсіздік және амандықта болдырсын! Сендерді күзетсін! Сен-дерді жамандықтан сақтасын! Сендерді ұлы мәртебеге шығарсын! Сендерге жол көрсетсін! Сендерді өз қауіпсіздігінде ұстасын! Сендерді әр түрлі бақытсыз-дықтан және діндеріңді сендер үшін сақтап, қорға-сын!»

Әлемге рахмет болып жіберілген Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм), Аллаhтың «Ғафур» және «Раhим» сипаттарының көрінісіне жетіп, Исламды қабылдамағандар үшін де өте қатты қайғырып олардың тозаққа түспеуі үшін дұға ететін. Сол себепті тағы да құдайы ескерту болды:

«Демек бұл сөзге (Құранға) нанбаса (және сол себептен жойылып кетеді деп) олар үшін қайғырып өзіңді күйрете жаздайсың!..» (Кәhф сүресі 6-аят)

Page 116: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 116 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Пайғамбардың нұрынан барлық мұсылманнан көбірек нәсіп алған және мейірімділік шыңына жеткен Хазіреті Әбу Бәкір (Радиаллаһу анһу):

«Уа Раббым! Қиямет күні менің денемді тозақта менен басқасына жер қалмайтындай қылып үлкейт!» - деп, дұға еткен.

Оның гүл иісті сұхбаттарында болған қадірлі сахабалар махаббатпен және толқумен алған ілімді, нұрды, ерекшелікті және рухани өмірге қарасты мә-селелерді алыс жерлерге дейін жеткізіп, бүкіл дүниеге таратқаны Пайғамбар оларға үйреткен «Жаратушыдан себеп жаратылғандарға мархамат» түсінігінің ең анық мысалы болса керек.

Әркім Оның игілігі мен жомарттығынан есесіне тигенін алған. Оның жақсылығы мен махаббаты тасығанда барлық егіндіктерді суға тойдыратын бір өзен сияқты еді. Оның қасынан ешкім аш, сусыз және назардан тыс қайтпайтын еді.

Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бірталай мұғжизаларына қосымша адамзаттың кісілігін, адамгершілігін құрастырып мәдениетке көркемділік пен абырой беретін сипаттар сыйлаған еді. Осындай, мәдениеттің бай болуына дәнекер болатын көркем сөздер, әсем мәмілелер және үлгі болатын істерден тұратын сипаттардың бәрі Хазіреті Мұхаммедтің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) үлгі мәмілесі, сөздері және істерімен жүзеге асырылған.

Адамзаттың кісілігінде (мінезінде) пайда болған бұл керемет өзгеріс, Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) тәлім-тәрбиесінің арқасында болған теңдесі жоқ мұғжизасы болып табылады.

Оның тек қана Арабстан жарты аралымен шектелмей талай ғасырлар мен жерлерде бүкіл шекараны асқанын

Page 117: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 117 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

көреміз. Көзқарасы, сезуі материалдық дамудың алдында кетіп барады. Оның кәмілдігі ғасырларды тіпті мыңжылдықтарды да асып, бүкіл дамуларды, табыс-тарды және адамзат тарихын ішіне алады.

Өмірінің ащы және тәтті кезеңдері ешқандай қатесіз және кемшіліксіз өткен осындай адамның тарихта екінші бір мысалын табу мүмкін емес.

Адамзат тарихынан епті және үстем адамдарды қоғамдық өмірдің жекелеген салаларынан ғана көруге болады. Ал Хазіреті Пайғамбар - бүкіл үстемдіктер бір кісіде жиналған жалғыз үлгі болып табылады.

Құрметті оқырман,

Біз осы жерге дейін баяндап түсіндіргенімізбен адам түсінігінің биік шыңында болған бір кісі туралы не айтсақ та, Оның негізгі ақиқатынан өте алыста қалғанымызды білеміз. Оны толық түсіндіру талабынан әдеппен бас тартамыз. Бәлкім бұл мәселедегі әлсіздігімізді көрсететін сөздерімізбен біз, ниетті және қайратты болу абыройынан басқа нәрсені талап етпейміз. Ол өзіне көрсетілетін махаббаттағы күштілік пен шындық мөлшерінше түсініле білетін бір шексіз, мәңгі әлем.

Аллаh, сол әлемнің аспанында қанат қағуды бәрімізге нәсіп етсін !..

Әмин !

Page 118: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 118 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

ХИЛИЕ-И ШӘРИФЕ (киелі жаратылыс)Хілие сөздікте әшекей, келбет және рухтағы

әсемдік мағынасына келеді. Терминологияда болса Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Мырзамыздың, адамзат сөзінің мүмкіндігі жеткенше сөздермен сызылған суреті деп табылады.

Хазіреті Фатима (радиаллаһу анһә) Пайғамбар (Саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Мырзамыздың қайтыс болатынынан қысқа бір уақыт бұрын:

«-Ей, Аллаhтың Елшісі! Сенің келбетіңді бұдан кейін көре алмаймын!» - деп жылағанда, Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Хазіреті Әлиді шақырып:

«-Ей Әли, хілиемді жаз, сипатымды көру мені көру сияқты!» - деп бұйырған.

Наhифи былай айтады:

«Шынында бір адам, қасиетті хілиені көшіріп жазып алса және оған көп қараса, Аллаh Тағала оны аурулардан, қиыншылықтардан және мезгілсіз өлімнен сақтайды. Егер, бір сапарға алып барса ол сапарында Аллаhтың қорғауында болады».

Бірталай Ислам авторы қасиетті хілиенің сансыз ерекшеліктері туралы ойларын жазған еді. Әсіресе Хазі-реті Пайғамбарды (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) түсте көру үшін хілиені жаттау әдеті бірталай мұсылман мемлекеттерінде әлі күнге дейін жалғасып келе жатыр.

Сонымен қатар Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) «нурун ала нур» (нұр үстіне нұр) болған мүбәрәк келбетін сөзбен айтып жеткізуге сөздер жеткіліксіз болғанындай, Оның ақиқатын тамаша және толық

Page 119: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 119 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

аңғаруындағы адам баласының әлсіздігін де ойлап, есепке алу керек. Мұндай жағдайдың тарихта атақты мысалы бар.

Хазіреті Мәулананың шәкірті Гуржу Хатунның би болған күйеуі, Қайсери қаласына тағайындалады. Гуржу Хатун, Селжұқ қағанатының атақты суретшісі және оюшысы Айнуд Дәуләні жасырын түрде суретін сызып әкелу үшін Хазіреті Мәуләнаға жібереді. Суретші аңғалдықпен Хазіреттің алдына барып жағдайды түсіндіреді. Ол да күлімдеп:

«-Саған әмір етілгенді қалағаныңша орында!» - дейді.

Суретші Оның суретін сала бастайды. Бірақ нәтижесінде алдындағы бет-бейненің салған сурет-пен байланыссыз басқа бір нәрсеге айналғанын көріп қайтадан сала бастайды. Осыменен Хазіреті Мәуләна-ның суреті сызыларда 20 рет бет-бейнесінің өзгергеніне куә болады. Әлсіздігін біліп, өз мақсатынан айнуға мәжбүр болып, Хазіреті Мәуләнаның қолына жабысады. Өйткені өнері, өзі салған сызықтарының ішінде жоғалып кеткен. (Осы суреттер әлі күнге дейін Түркияның Коня қаласындағы

Мәулананың мавзолейінде сақтаулы тұр)

Бұл оқиға суретшіні оятады; таңдану мен үрейден төбе шашы тік тұрған ол терең ойларға батады да әнфүси (қиял-ғажайып, зауықтар) бір әлемнің саяхатшысы болады. Мұндай халде тұрған суретші өзіне-өзі:

«Бір діннің әулиесі осындай болса, кім біледі Пайғамбары қандай болады?» –дейді де, көңілдегі өзгеше бір терезеден Аллаhтың Елшісіның қиялына шомып кетеді.

Жазылған шемайл-и шерифелер (Пайғамбардың қасиетті келбеті, дене бітімі туралы жазылған сөздер) Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

Page 120: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 120 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

ақиқатының қанша пайызын баяндай алады? Шәмайл-и шәрифені әркім көңіліндегі махаббаттың қуатына қарай және сөздердің шекті мазмұны ішінде ғана суреттейтіні анық.

Біз де әлсіздігімізге қарамастан нақылдардан көңілімізге түскен шықтардың мөлшеріндей Хилие шәрифені әдеттегідей нақыл етуді қаладық…

Мүбәрәк шәмайл-и шәрифелері (Мүбәрәк киелі түрі) сыртқы бітімі

Бірталай нақылдарда қорытынды былай баяндалған:Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) орташа

бойлыдан сәл ұзындау еді. Жаратылысы төтенше тепе-тең болып өте лайықты денесі бар еді.

Кеудесі кең, екі иығының арасы ашық еді. Жауыры-нының ортасында Пайғамбарлық мөрі бар болатын.

Сүйектері мен буындары ірі еді.Тәні гүлдей қызғылт-ақ, нұрлы әрі жарқыраған

жібектен де жұмсақ еді. Мүбәрәк денесі әрдайым таза, исі көңілді шаттандыратын еді. Әтір жақса да жақпаса да тәні мен терінің, ең жұпар иісті әтірлерден де артық бір әсемдігі бар еді. Бір адам Онымен қол ұстасса, күні бойы Оның әсем исінен мәз-майрам болатын. Гүл иісін Одан алғандай еді. Мүбәрәк қолымен баланың басынан сипаса, сол бала жұпар иісімен басқа балалардан өзгеше болып тұратын.

Терлегенде тәні шық түскен гүл жапырақтарына ұқсайтын еді.

Сақалы қалың болатын, оны бір тұтамнан артық ұзартпайтын. Қайтыс болғанында шашында және сақалында жиырмадай ақ тал бар еді.

Қастары жаңа туған айдай болып, екі қасының арасы ашық, бір-бірінен алыстау еді.

Page 121: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 121 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Екі қасының арасында бір тамыр бар еді және ол тамыр Хақ үшін ашуланғанда білеуленіп шыға келетін.

Тістері маржандай болатын, және әрдайым мисуак (Құрамында тісті бұзылудан сақтайтын химиялық элементтер бар тіс

тазалауға арналған ағаш) қолданатын әрі басқаларға жиі қолданылуын ұсынатын.

Кірпіктері ұзын және қара еді. Көздері үлкенірек, қарашығы қап-қара, ағы аппақ еді. Көздерінде құдірет қолымен ежелден жағылғандай сүрме (Ұсақ қиыршық тастан тұратын әйелдердің көзіне жағатын бояуларға ұқсас зат, бірақ әсемдік

үшін жағылмайды, көздің көру қабілетін күшейтетін ерекшелігі бар) бар еді.

Рухының айрықша кәмілдігі сияқты дене құрылы-сының бітімі де теңдессіз еді.

Бет-бейнесі толған айдай жарқырайтын еді. Хазіреті Айша (радиаллаһу анһә) айтады:

«Пайғамбардың келбеті нұр шашатыны соншама, түнгі қараңғыда жіпті оның жарығында сабақтайтын едім».

Екі жауырынының ортасында Пайғамбарлығының белгісі ретінде құдайы бір нышан (мөр) бар еді. Көптеген сахабалар, осы нышанды сүюді армандап өмір сүрген. Қайтыс болғанда бұл мөрдің жоғалып кетуі, бұл әлемнен өткенін бекіткендей болды.(Тирмизи)

Дене құрылысы нұрдан болғандықтан қайтыс болғанда ешбір өзгеріске түспеген. Хазіреті Әбу Бәкір (радиаллаһу анһу) мұңды, қайғылы, көзі мен көңілі босаған бір түрде «Жаратылыс Нұрына» назар аударып:

«Өлімің өміріңдей көркем, Ей, Аллаhтың Елшісі !»- деп, мүбәрәк маңдайын сүйген.

Page 122: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 122 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Көркем мінезі және

мәмілесінің бірнешесі

Мүбәрәк жүзі, жүздердің ең келбеттісі және ең тазасы еді. Еврей ғалымы Абдуллаһ Ибн Сәләм хижрет кезінде қызығушылықпен Аллаhтың Елшісін көруді қалайды. Мүбәрәк жүзін көргенде:

«Бұл бет өтірік айтпайды!»-деп, мұсылман болады.

Әбу Рәмсенің ұлы да былай айтқан:

«Хазіреті Пайғамбар маған көрсетілді. Мен Ол нұрлы мүбәрәкті көргенде: «Бұл ұлы кісі, Аллаhтың Нәбиі және Хақ Пайғамбары», - дедім».

Өйткені Ондағы келбеттілік, айбын, нұр және әсемдіктің керемет дәрежеде болғаны сондай Аллаhекендігіне тиісті басқа бір мұғжизаның, дәлелдің және құжаттың қажеті болмаған.

Аллаhтың Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір нәрсені ұнатпаса ол дереу өңінен білінетін еді. Ал бір нәрсені ұнатса ол да білінетін.

Тұңғыш жаратылған нұр, Оның нұры. Таза денесін-де тыңдық және күшті ар мен табандылық бәрі бір жерде болатын. Беті ашылмаған қыздан да әдепті еді.

Көңіл дүниесінің тереңдігін тілмен айтып жеткізу мүмкін емес.

Жүзі аппақ нұрдай, әңгімесі тоқталмай аға беретін, әрекеттері әсем, тілінде қызылтілділік, сөздерінде шешендік, баяндауында төтенше бір көркемділік бар еді.

Артық сөз айтпайтын. Әр сөйлеуі даналық сөздері мен үгіт еді. Аузына ешқашан өсек не пайдасыз әңгіме алмаған. Әркіммен ақылы және түйсігіне қарай сөйлесетін.

Сыпайы және кішіпейіл еді. Тарқылдап күлмейтін, әрқашан жайдары болып жүретін.

Page 123: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 123 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Оны кенеттен көріп қалған адам «көңіл қорқынышынан» қалтырап қалар еді. Онымен сұхбаттасып дос болған адам Оған шын жүректен ғашық болып, сүйер еді.

Зиялы адамдарға да түсініктеріне қарап құрмет көрсететін. Әhли Бәйтіне (Пайғамбардың жанұясы) және сахабаларға жақсы мәміле көрсететіндей басқа адамдармен де нәзіктікпен және ілтипатпен қарым-қатынас жасайтын.

Қызметкерлерінің көңілін көтеріңкі қылып ұстайтын. Оларға өзінің кигенін кигізіп, жегенін жегізетін. Жомарт, жарылқаушы, мейірімді, қайырымды еді. Кезі келгенде батыл кезі келгенде жұмсақ мінезді болатын.

Берген уәдесіне берік және сөзінде шыншыл еді. Мінез-құлық, ақыл және парасат жағынан барлық адамзаттан үстем әрі барлық мақтауға лайық еді.

Қысқаша айтсақ суреті әдемі, сиреті (жаратылысы) кәміл, теңдесі жоқ адам еді.

Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қажет болған кезде ғана сөйлейтін, көбінесе тыныш, әрдайым мұңды, үздіксіз терең ойлармен жүретін. Бір сөзді бастағанда, толығымен, бірталай мағынаны бірнеше сөзге жинап айтатын еді. Сөздері керегінен көп те, аз да емес, анық еді. Мінез-құлқы өте жұмсақ болуымен қатар, өте берік және айбатты еді.

Ашуланғанда орнынан түрегелмейтін. Хаққа қарсы келу хақтың басылуынан басқа нәрселерге ашуланбайтын еді. Ешкім сезбейтіндей бір хақ басылғанда да ашуланып, хақты орнына келтіргенше ашуы басылмайтын. Тек қана хақты орнына келтіргеннен кейін ашуы тарқап, тынышталатын еді. Өзі үшін мүлдем ашуланған емес. Өзін қорғау үшін ешкіммен таласпайтын.

Ол ешкімнің үйіне иесі рұқсат бермейінше кірмейтін. Өзі үйіне келгенде үйде өткізетін уақытын Аллаhқа ғибадат етуге, жанұясына көңіл бөлуге және өзіне деп үшке айыратын еді. Өзі үшін деген уақытты да қарапайым, үстем адамдардың бәріне

Page 124: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 124 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

арнап, олардың ешқайсысын мақрұм қалдырмайтын. Барлығының көңілін көтеріп, өзіне баурап алатын.

Аллаhтың Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) әрбір әрекетін және қимылын зікір ете жүріп істеген. Белгілі бір жерде отырудың әдет болып қалыптасып қалуын болдырмау үшін әр келгенінде мешіттің әрбір жерінде отыратын. «Жерлер» және орындар (қызмет орындары) қасиетті деген көзқарас қалыптастыратын және мәжілістерде тәкәппарлыққа жол ашатын іс-әрекеттердің алдын алу үшін:

«Бір орынның абыройы, сол жердің өзінде емес, онда отырғанның абыройымен пайда болады» - деп айтқан.

Мәжіліске кіргенде бос болған жерге отырып, әркімнің де осылай істеуін қалайтын.

Кім де кім Одан бір қажетін көру үшін бір нәрсе сұраса, сұраған нәрсесі маңызды не маңызсыз болса да оны бермей тыныштық таба алмайтын еді. Сұраға-нын беру мүмкін болмаса, мұқтаж адамның көңілін жылы сөзбен көтеретін еді. Ол әркімнің қайғы-қамына ортақтасатын. Адамдар қандай дәреже және мәртебеде болса да, бай мен кедей, ғалым мен надан Оның қасында тек қана адам болғандықтан бірдей мәміле көретін еді. Бүкіл мәжілістері сыпайылық, ілім, ар-ұят, сабыр, тәуекелдік және аманат сияқты ерекшеліктер үстем болған жерлер еді.

Айыбы мен кемшіліктері үшін ешкімді кекетпейтін. Ескерту керек болған кездің өзінде де алдындағы кісіні ренжітпейтіндей нәзік ишаратпен орындайтын. Ешкімнің білінбеген айыбы және кемшіліктерінің артында жүріп бақыламайтын және осындай жағдай-лардың тексеріл-уіне де тиым салған. Негізінде, басқалар туралы жаман ой және тексеру Құдайы әмірлермен тиылған.

Page 125: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 125 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Істелгенде сауап болатын іс-әрекеттерден басқа мәселелер туралы сөйлемейтін. Сұхбат мәжілістері рухани рахат ішінде өтетін. Ол сөйлеп жатқанда төңірегіндегілер арбалғандай жан-тәнімен тыңдайтын еді. Хазіреті Омар (Радиаллаһу анһу)нің айтуы бойынша сондай кезде бастарына бір құс қонса, сағаттар бойы ұшпай отырар еді. Одан сахабасына дарыған әдеп және ардың күшті бір дәрежеде екені сондай, көбінесе Оған сұрақ қоюға батылдары жетпей, шөлден бір бәдеуй (ауылда өмір сүретін Араб) келіп Пайғамбарға сұрақ қойса, сұхбатқа дәнекер болса екен деп, Оның нұры мен рухани байлығынан пайдалансақ деп тілейтін.

Теңдессіз Батылдығы мен Ерлігі

Одан күшті, үлкен қаhарманды елестету мүмкін емес.

Қорқыныш және үрей Онда болмаған. Төтенше жағдайларда сабыр және табандылық көрсететін, қорқып, асығып ыңғайсыз әрекет жасамайтын.

Өзін өлтіргелі келген Мекке кәпірлерінің арасынан «Ясин» сүресінің төмендегі осы екі аятын оқып алып, қорықпай өтіп кеткен:

«Біз олардың мойындарына иектетіп отырып (Малдың

мойнына кигізіліп басын бұрдырпай ұстап тұратын құрал) байладық. Сондықтан олардың бастары иілмейді. (яғни бас иіп иманға келмейді) Олардың алдында да артында да бөгет (қалқан) қойдық, көздерін көлегейлеп тастадық. Сондықтан да олар ешнәрсе көре алмайды».

Хазіреті Әли (радиаллаһу анһу) айтады:

«Бәдір соғысының ең сұрапыл кезеңдерінде, кейбір сәттерде біздер Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) арт жағына өтіп алып қорғанатын едік.

Page 126: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 126 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Бәрімізден ең мықтысы, ең батылы Ол еді. Дұшпанға ең жақын жерде Ол соғысқан еді».

Ол Иғлайы кәлимәтуллаh (Аллаhтың сөзін үстем қылу) үшін әрдайым соғысқа сахабаларының ең алдында кірісетін еді. Хұнейн соғысында шайқастың алғашқы сәттерінде Ислам әскерлері бытырай қаша бастағанда, Ол табандылығынан таймай дұшпанның ортасына кіріп кеткен. Мінген атын алға айдап, сахабаларының намысын қамшылап, батылдықтарын күшейткен. Ақыры Аллаhтың жәрдемімен жеңіске жеткен.

Ол былай айтатын еді:

«Құдіреті және еркімен өмір сүргізген Аллаhқа ант етемін. Аллаh жолында шәйіт болып тірілу және тағы да шәйіт болып тірілуді армандаймын...»

Осы жерде қолданылған сөздердің шекті мүмкін-діктерімен баяндауға тырысқанымыз бұл ұлы жараты-лыстағы ерекшеліктер, Оның түйсігімізге түскен шықтары. Уасыл-ы Илаллаh бола білудің сыры - Аллаhтың кітабына және «Жаратылыс Нұрының» сүннет-и сәниесіне яғни, ұлы мінез-құлық және іс-әрекеттеріне ықыласпен жақындай білу, Аллаhтың және Елшісінің сүйгендеріне деген махаббат, оларға қарсы нәрселерді жек көру. Екеуінің айырмашылығы, а’ла-и ‘иллиийн мен әсфәл-и сәфилин (Жоғары шығушылар (жұмақ)

мен төменнің тұрғындары (тозақ)) арасындағы айырмашылықтай шексіз. Аллаhтың Елшісінің көзқарасына жақындаудың негізгі шарты, Оған деген махаббат және Оған қарама-

қайшыларды жек көру.

Page 127: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 127 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

ДАСТАНИ МАХАББАТТЫҢ КӨҢІЛДІ

КҮЙДІРЕТІН ӨЛЕҢДЕРІ

Мұхаммеди ақиқатқа жақындай білу, ақылмен емес, махаббат және ғашықтықпен мүмкін болады. Оған бағынудың мәртебесін, рахатын және ләззатын тату үшін Оған үмбет болуды тілеген пайғамбарлар да болған. Оның нұрлы жамалы, ғашықтарының назарында бүкіл жаратылғандарды көлеңкеде қалдырған, көңілдер Оның азғантай бір тілегіне:

«Әкем, шешем саған пида (құрбан) болсын, Ей Аллаhтың Пайғамбары» - деп жауап берген.

Ол туылған Рәбиул Әууәл айының аспаны, мүминдерге мейірім және кешірім күндері болып ашылған.

Аллаhтың Пайғамбары (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм), өзіне ғашық болатын адамдар қияметке дейін үздіксіз жалғаса беретінін киелі хадистерінде былай көрсетеді:

«Менен соң, үмбетімнен мені бір рет қана көру үшін үй ішін және мал-мүлкін пида етуге дайын болатындай қаншама адамдар келеді!..»

Раббымыз, біз - әлсіздерге бұл киелі хадистің мазмұнына сәйкес өмір берсін! Әмин!..

Тегі христиан болып, Мұхаммеди ақиқатты біліп, түсінудің рахатына жеткеннен кейін, көзінен жас парлап, көңілі күйгендей Пайғамбар ғашығы болған және Яман Дәдә атымен аталған бертін кездердің көңілшек ақыны төмендегі өлеңінде қандай әдемі айтады:

Сусыз қалсам, күйіп тұрған шөлдерде жан берсем қайғы шекпеймін.

Page 128: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 128 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Жанартаулар жанады көкірегімде, дарияларда тұрсам да сөнбеймін.

Алаулар жауса аспаннан, оларды ұстасам да сезбеймін.

Жамалыңмен көңілімді бас менің, жандым Уа Расулаллаh

Қандай бақыт саған деген махаббаттан көз жұмып, жолыңда жан беру!

Нәсіп болмай ма Сұлтаным үйіңнің табалдыры-ғында жан беру?

Жұмыларда көздерім жеңіл болар қайғырудан жан беру.

Жамалыңмен көңілімді бас менің, жандым Уа Расулаллаh

Мойын идім, байқұспын, бұл дерттің сенде шарасы.

Ернім күйді алаудан, аяғым жүреді ізіңмен.

Қашан тілесең ілтипатыңмен сыйла бұл КЫТМИРді (Көне тарих бойынша Аллаһқа иман келтіргендері үшін

мемлекет-терінен қуылған он шақты жас жігітке серік болғандықтан

жәннатқа кіреді деп білінетін иттің аты).

Жамалыңмен көңілімді бас менің, жандым Уа Расулаллаh

Аллаhтың Пайғамбары (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) тереңдігін тілмен жеткізу мүмкін болмайтындай бір дәрежеде өзін сахабаларына сүйдірген еді. Осындай махаббат тек қана құдайы махаббаттың арқасында және көңіл нұрымен пайда болады. Бұдан басқа жолмен пайда болуы мүмкін емес.

Күйеуін, інісін және әкесін Ұхуд соғысында жоғалт-қан, үш шәйіттің иесі болған Динарулдық (Ру аты) әйелдің Пайғамбарға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) деген махаббаты қандай керемет! Оны жұбату үшін барған сахабадан:

Page 129: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 129 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

«Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) тірі ме, сау ма?»- деп, қайталап сұрай берді. Содан кейін:

«Маған Оны көрсетіңдер!» - деді. Аллаhтың Пайғамбарын көргенде:

«-Саған, шүкір Уа Раббым!.. Егер, Оны тірі көре алмасам, өмірде ешбір нәрсе мені жұбата алмайтын еді»- деп айтты.

Бұл махаббат толқындарын киелі хадисте де өте анық көре аламыз. Қадірменді сахабалар Хазіреті Пайғамбардан (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір хадис нақыл етерде білмей, қате айтып қалып, ол қателікті Пайғамбарға телу үрейімен тізелері дірілдеп, беттері сарғаятын. Мысалы, Абдуллах Ибн Мәсғұдті «Қаале Расулуллаh»- «Аллаhтың Елшісі айтты» - деп хадисті бастағанда ғажайып бір түрге еніп, қалтырап кететін. Және бірталай сахаба адамның «ұмытып қалу» сияқты кемшіліктерін есінде ұстап, сөзді Аллаhтың Пайғамбарына жалғастырғанда (телігенде): «Осылай не осы сияқты, осыған жақын, осы түрде айтты» деген сияқты сөздерді көп айтатын.

Өйткені Ол - өте ұлы Пайғамбар, сондықтан үстінде құтпа оқыған (үгіт берген) құрма ағашының дөңбегі де Одан айырылудан қайғырып жылаған. Сусыз қалған үмбетіне құдайдың құдіретімен саусақтарынан су ағызған. Дәрет алған суынан артылғанды ішкен аурулар жазылған. Дастарханында болғандар тамақтарының зікірін естіген. Одан естелік болып қалған шашы мен сақалының мүбәрәк талдары, мешіттердің мінбелерінде сақталып, «киелі сақал» атымен ғасырлар бойы үмбетіне рахмет болды.

Қияметте махшардың имамы Ол,Күнәкарлардың шапағатшысы Ол,Yмбеті үшін «үмбетім, үмбетім» - деп жүрегі сыздаған

Ол (Саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)...

Page 130: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 130 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Лиуәүл-hамд (Шүкіршілік туы) туы Соның қолында...

Бүкіл Пайғамбарлар Соның көлеңкесінде ...

Жәннәттың есігін ашатын алғашқы қол, Соның қолы...

Шәйх Ғаліп бұл жағдайды қандай жақсы өлеңге қосады:

Құтпан оқылады мәңгілік әлемінің мінбелеріндеӨкімің орындалады жаза күндеріндегі соттаКелуің әнмен қарсы алынады Құдайдың ғарышындаКиелі есімдерің айтылады жер мен көктеСен Ахмед, Маhмұд және Мұхаммедсің мырзамАллаhтан бізге күшейтіліп жіберілген Сұлтансың

Мырзам.

Соңы қиямет-қайымға дейін жалғаса беретін ғашық болғандардың топтары, Оның махаббаты және толқуымен ағыла береді. Дүние мен ақырет бақыты әрі сәлеметі Оған деген махаббат байлығының арқасында ғана мүмкін болады.

Рухани даму махаббатпен болады. Бірақ биік бір тауға ұқсайтын бұл мәселенің ар жағында таудың биіктігі қандай болса тереңдігі сондай «шыңырау» бар. Ол жек көру. Екеуі де бір жерде. Бір нәрсені жек көріп, соған қарсы нәрселерді сүюдің орнына сүйгенімізге қарсы нәрселерді жек көру - біздің жауапкершілігіміз. Өйткені махаббат алғы орында және оң қанатты құрайды. Ал жек көру кейінгі орында әрі сол қанатта. Міне, мұсылманмын деген кісі осы екі қанатпен ұшу керек.

Сүйілген немесе жек көрілген адамдардың денесінің құрамында ешқандай айырмашылық жоқ. Бірақ біреуі нұрдан, біреуі қарамайдың қақ ортасынан болғандықтан айырмашылығы шексіз.

«Жаратылыс Нұрына» деген махаббатымыз және оған қарама-қарсы болғандарға деген жек көруіміз бұл мәселенің белгісі.

Page 131: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 131 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Бұрынғы замандарда мөрлерге қанатты сөз жаздыру (қақтыру) әдет болатын. Безм-й әлем Уалидә Сұлтан (бір патшаның шешесі) деген кісі, Аллаh Тағала бұл әлемді Мұхаммеди нұрға деген махаббатының арқасында жаратқанын баяндау үшін, мөріне төмендегі сөздерді жаздырған:

«Махаббаттан Мұхаммед болды пайда,Мұхаммедсіз махаббаттан не пайда ?Дүниеге келуімен ақиқатқа жетті Безм-и әлем...»

Бертін кездердің атақты ғұламасы Хазіреті М.Әсад Ербили, Пайғамбарға деген махаббатының көңіл күйдіретін жалынында жанғанын қандай әдемі баяндайды:

Tecellâ-yı cemâlіnden habîbіm nev-bahâr âteş!Gül âteş, bülbül âteş, sünbül âteş, hâk ü hâr âteş!

(Сүйіктім, сен әсемділігіңмен көрініп ортаға шыққандығыңнан саған ғашық болған көктем алау, гүл алау, бұлбұл алау, бәйшешек алау, топырақ та, тікен де алау!..)

Şuâ’-ı âfіtâbındır yakan bіl-cümle uşşâkı;Dіl âteş, sîne âteş, hem dü çeşm-і eşk-bâr âteş!

(Ғашықтардың бәрін күйдірген мүбәрәк жүзіңнің

күндей жарқыраған нұры. Сондықтан көңіл алау, жүрек

алау, махаббаттан жылаған осы екі көз алау.)

Ne mümkün bunca âteşle şehîd-і ışkı gasl etmek?

Cesed âteş, kefen âteş, hem âb-ı hoş-güvâr âteş

(Осынша алаумен махаббат шәйіттерін жуу мүмкін

бе? Сүйек алау, кебін алау, шәйітті жуатын «тәтті су» да

алау!..)

Ал Фузули ақын, атақты «Су арнауында» бұл күйді

былай өлеңге қосады:

Page 132: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 132 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Saçma ey göz eşkden gönlümdekі odlâre suKіm bu denlû dûtuşan odlâre kılmaz çâre su

(Ей көз, Аллаhтың ұлы Пайғамбарына деген махаббатпен көңілімде алаулаған отқа су төкпе! Өйткені күшті ғашықтық қызуымен алаулаған бұл отқа су төгу шара емес, сөнбейді.)

Âb-gûndur günbed-і devvâr rengі bіlmezemYâ muhît olmuş gözümden günbed-і devvâre su

(Бірақ сонда да көздерім, Оған деген сүйіспеншіліктен үздіксіз жылағаннан көк судың түсіндей болып кетті ме, Әлде көзімнен аққан су бүкіл аспанды қаптап алды ма білмеймін, алжасып тұрмын.)

Suya vіrsün bağbân gül-zârі zahmet çekmesünBіr gül açılmaz yüzün tek vіrse bіn gül-zâre su

(Бағбан гүл бақшасын суғарып бекер әуре болма-сын! Өйткені мыңдаған гүл бақшасын суғарса да, Ей Аллаhтың Пайғамбары ешқашан сенің жүзіңдей бір гүл ашылмайды!..)

Dest-bûsu ârzûsuyla ölürsem dûstlarKûze eylen toprağum sunun anunla yâre su

(Ей достар! Егер, Хазіреті Пайғамбардың қолын сүю арманымен өлетін болсам, жатқан жерімнің топырағынан бір шелек жасап сүйіктіге су апарып беріңдер. Мүмкін осылай қолын сүйіп, шапағатына жету нәсіп болады.)

Hâk-і pâyіne yetem dіr ömrlerdіr muttasılBaşını daşdan daşa urub gezer âvâre su

(Ол Рахмет Пайғамбарының аяғымен басқан, кезген мүбәрәк жерлерге жетемін деп сулар еш тоқтамай өмір бойы тастан тасқа соғылып, еркін ағуда...)

Ислам тарихының сахабалар кезеңінен кейінгі ең салтанатты дәуірін құраған Осман мемлекетінің

Page 133: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 133 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

сұлтанынан шопанына дейін бүкіл халқы Пайғамбарға деген махаббатпен ерекшеленген ел еді. Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) есімі аталған әр уақытта дұға (салауат) оқумен бірге «қолымен жүрегін ұстап» құрметпен басу, Оның өмірбаяны оқылғанда, туу сәті баяндалған сөздерді аяқта тік тұрып тыңдау сияқты құрмет көріністерінің ең толық үлгілерін бұл ұлы мемлекеттің басындағы патшалар, әдет-ғұрып ретінде қалыптастырған. «Мәдина-иі Мұнәуәрәдан» (нұрланған Мәдина) пошта келгенде дәрет алмай, келген хаттарды сүйіп, көзіне сүрмей және құрметпен аяқта тұрмай оқытқан бір де бір Осман патшасы жоқ.

Бұдан басқа Пайғамбар мешітін (Месжид Нәбәуи)

жөндеу кезінде әр тасты бой дәретін әрі ас дәретін алып,

бисмилламен орнына қойған Османдықтардың, бұл жөндеу

кезінде Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)нің рухын

қынжылтып алмас үшін балғасына киіз ораулары тарихта

теңдесі жоқ әдептілік пен құрмет көрсету үлгісі.

Тағы да Османдықтар дәуірінде Нұрлы Мәдина

қаласына баратын «сүрре алайы» (Османдықтар патшасының Мекке және Мәдина қалаларының жергілікті мұсылмандарына әрдайым

жіберетін сыйлықтарды жеткізетін тобы) қалаға кірмей тұрып

жақын бір жерге түнеп, өздерін Мәдинаның рухани

ауасына дайындап истихареден (Аллаhтан қайырлы

болатын істі сұрау) кейін рухани бір ишаратпен «Аллаhтың

Пайғамбарының алдына» баратын еді. Зияраттарын

орындап мемлекеттеріне қайтарда шипа әрі берекет болсын

деп Мәдинаның мүбәрәк топырағынан алып кететін еді.

Тағы да Нұрлы Мәдинаны қорғауға міндеттенген Осман

билері, пәуескелерін (ат арба) Пайғамбардың мешітінен

алыста тоқтатып, әдептілікпен Пайғамбардың (саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм) алдына жаяу баратын еді.

Page 134: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 134 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Осман Сұлтандарының салғызған суреттеріндегі сәлделердің ұшындағы шашақтары, сыпыртқының кішкентай бір үлгісі болғанын кім біледі? Бұл шашақ-пен Харамайниш Шәрифейннің (Мекке мен Мәдина қалалары) сыпырушысы болатындарының көзқарасына ие болып, Харемейнді сыпырып тазалайтын қызметкерлердің жалақыларын мемлекеттік қазынадан емес өз қалталарынан төлейтін.

Осындай шексіз әдептілікке тағы бір мысал:

Сұлтан І-Ахмед Хан Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мүбәрәк аяғының суретін сәлдесінің үстіне салдырып, оны еске алудан нұрлы табысқа жетуді тілегенін мынандай өлең жолдарымен көрсеткен:

N’ola tâcum gіbі başumda götürsem dâіm,Kadem-і pâk іnі ol Hazret-і Şah-ı rusülün..Gül-і gülzâr-ı nübüvvet o kadem sâhіbіdür,Ahmedâ durma yüzün sür kademіne ol gülün!..

(Шіркін-ай тәжімдей басымда тасысам әрдайым.

Пәк, мүбәрәк аяғын сол Хазіреті Пайғамбарлар Сұлтанының

Ол Пайғамбарлық бақшасының гүлінің нағыз иесі!..

Ей Ахмед, тұрма, бетіңді сүр ол гүлдің аяғына.)

Әлемнің патшасы деп аталған Явуз Сұлтан Селим Хан да, өзін Мұхаммеди ақиқатқа жеткізетін кез-келген бір әулиені дүниедегі бүкіл өлшеулерден артық көріп:

Pâdіşâh-ı âlem olmak bіr kuru kavgâ іmіş;Bіr velîye bende olmak cümleden a’lâ іmіş!..

(«Әлемге патша болу бекер талас екен,

Бір әулиеге шәкірт болу барлығынан үстем екен.») деген сөздерімен Аллаhқа және Пайғамбарына жақындай білудің маңыздылығын әрі қасіретін баяндаған.

Page 135: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 135 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Хазіреті Азиз Махмұд Һүдаий бұл махаббатты былай баяндайды:

Kudûmun rahmet ü zevk u safâdır yâ Rasûlallâh!Zuhûrun derd-і uşşâka devâdır yâ Rasûlallâh!

(Қадамың рахмет, құштарлық және шаттық әкеледі Ей Аллаhтың Пайғамбары. Ортаға шығуың ғашықтардың дертіне шипа болады Ей Аллаһтың Пайғамбары)

Hüdâyî’ye şefâat kıl eğer zâhіr eğer bâtın,Kapına іntіsâb etmış gedâdır yâ Rasыlallâh!

(Есігіңе келіп тұрған кедей Һүдаийге барлық жақтан (Ішкі (сезім) және сыртқы (амал, іс) дүниеде) шапағат қыл)

Хазіреті Айша (радиаллаһу анһә) Аллаhтың Елшісінің нұрлы бет-бейнесін былайша баяндайды:

«Зүләйханы кекетіп, Жүсіпті көргенде қолдарын кесіп алғандар, Оның мүбәрәк келбетін көрсе жүректерін кесер еді!..»

Хадис ғалымы, мүжтеhид Хазіреті Имам Нәбәуи Пайғамбарға еліктегені соншама, Ол қарбызды қолымен сындырып жеді ме, әлде пышақпен турап жеді ме анық білмегендігінен өмір бойы қарбыз жемеген.

Орта Азиядан Балқандарға дейін Исламның нұрын, ерекшелігін көңілдерге құйып, өсірген ұлы әулие Қожа Ахмед Яссауй бабамыз 63 жасқа келгенде өзіне кесене жасатып, жер астын қаздырып:

«Маған Пайғамбар жасынан асқаннан кейін жер үстінде өмір сүру керек емес!» - деп, ғибадат, дін үйретумен және таратумен толы өмірін Пайғамбарға еліктеп мазарда өткізген.

Имам Мәлік (радиаллаһу анһу): «Пайғамбардың аяғымен басқан топырағы», - деп құрметтеп, Нұрлы Мәдина қаласында хайуанға да мінбейтін, аяқ-киім де кимейтін. Өзінен Пайғамбардың хадистері туралы

Page 136: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 136 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

сұрап, үйрену үшін біреулер келгенде оларды дәретін алып, сәлдесін орап, иіс май жағып және биіктеу бір жерге отырғаннан кейін ғана қабылдайтын еді. Өзін Пайғамбардың «рухани ауасына» дайындап, Оның мүбәрәк сөздерін нақыл ететіндіктен өте әдепті болуға тырысатын еді. Пайғамбар мешітінде имам болған кезінде дауысын көтеріп сөйлемейтін еді. Сол кездің халифасы Әбу Жафар Мансұр дауысын көтеріп сөйлегенде:

«Ей Халифа! Бұл жерде дауысыңды басып сөйле! Аллаhтың «Пайғамбардың алдында дауыс көтеріп сөйлемеу» жөніндегі ескертуі, сөзсіз, сенен өте ерекше болған сахабаларға жасалған» - деген.

Тағы да Хазіреті Имам Мәлік, өзіне зұлымдық көрсеткен Мәдина әкімі туралы:

«Пайғамбардың немересі болған бұл кісіге қарсы махшарда дау көтеруге ұяламын», - деп, ақысын кешірген.

Бір қажылық сапарында, жолаушылар тобы Нұрлы Мәдина қаласына жақындағанда дем алу үшін аялдайды. Сол кезде билердің біреуі аңдамай, аяғын Рауза-й Мұтаһһара («Тазаланған бақша» мағынасында, Пайғамбарымыздың

қабірі тұрған мешітке айтылады) жаққа қарай созғанын көріп Ақын Нәби мұңайып кетеді. Қамығып төмендегі өлеңдерді жазып Аллаhтың Елшісіне деген құрметін баяндайды:

Sakın terk-і edebden kûy-і mahbûb-і Hudâ’dіr bu!Nazargâh-ı іlâhîdіr, makâm-ı Mustafâ’dır bu!

(Аллаh Тағаланың назар аударған жері әрі Оның сүйікті Пайғамбары Хазіреті Мұхаммед Мұстафаның мекені болған бұл жерде әдепсіздік көрсетуден сақ бол)

Murâât-ı edeb şartıyla gіr Nâbî bu dergâha;

Metâf-ı kudsіyândır, bûsegâh-ı enbіyâdır bu!

Page 137: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 137 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

(Әй Нәби! Бұл мекенге әдептіліктің шарттарына бағынып кір. Өйткені бұл жер, айналасында Періштелер шыр айналған және пайғамбарлар табалдырығын сүйген мүбәрәк мекен!)

Жүрек тебіренісімен, ізгі ниетпен айтылған бұл сөздердің қарсысында, Пайғамбардың ескертуімен (түске аян беру арқылы) Пайғамбар Мешітінің азан-шылары, таң намазы кезінде бұл өлеңді мұнаралардан оқиды. Пайғамбардың бұл ілтипатынан Нәби өте қатты әсерленеді де Раүзаға көзінен жас төгілген күйде кіреді.

Жансыз нәрселер де, Оған ғашық болып сүйген. Хазіреті Әли (радиаллаһу анһу) айтады:

«Мен Мекке қаласында Аллаhтың Пайғамбары-мен бірге жүретін едім. Бір күні Меккенің сыртына шықтық. Жолдағы тас пен ағаштар Оған:

«ес-Саләту уә-с-сәләму әләйкә уа Расулаллаh!»

(Жақсылық, тыныштық, сәлемет бәрі саған болсын, ей, Аллаhтың Пайғамбары!) деп сәлем бере бастады».

Сүлеймен Челеби де:

«Бір ажеп нүр кім гүнеш перуанесі!» - деп, күннің де оның айналасында айналған жынды көбелектей болғанын айтады.

Пайғамбардың, миғражға шығуынан аспандағы-лардың әуестенуін әрі шаттануын ақын Кемал Едіп Күркчүоғлұ өлеңінде қандай көркем түрде баяндайды:

Şeb-і mі’râcda sîmâsını seyrettі dіye,Kapanır yerlere gök secde-і şükrân olarak.

(Көк миғраж кешінде Пайғамбардың келбетін тамаша қылудан алған нұрдың зауқымен, Соның

Page 138: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 138 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

даңқын күшейту үшін, Пайғамбардың аяғы басқан жерге шүкүршілікпен сәжде етеді).

Can atar her gece Rûhu’l-Kudüs іhrâma gіrіp,Harem-і muhterem-і kûyuna mіhmân olarak..

(Хазіреті Жәбірейіл Хазіреті Пайғамбардың алдына кіре алу үшін түн сайын әуестікпен ихрамға (қажылық кезінде киілетін, тігіссіз ақ киім) кіреді).

Bіr gören bіr daha görsem dіye, Allâh AllâhŞaşırır aklını ruhsârına hayrân olarak.

(Хазіреті Пайғамбарды бір рет көрген Оның келбетіне қайран қалып, есін жоғалтады! «Аллаh, Аллаh!..» - деген айқайлармен тағы бір рет болса да көруді армандайды).

Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жаратылыстағы жасырын, астарлы махаббатты* дамытып құдайы махаббат ретіндегі ұлы мәртебеге жеткізген, және де сол махаббаттың ортаға шығу орталығы деп білінеді. Шынында да мұсылман адам Аллаһтың Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)нің алдында Құдайдан қорыққан және мәңгі әлемге қарасты сана-сезімі болған әрі рухын нәпсіден тазартқан кезде, Оған еліктеп, Оның махаббатынан бір есе алудың жолында болады. Хазіреті Меулана (Құддисе Сирруһ): «Екі дүние бір көңіл (Аллаһтың Пайғамбарға деген ілтипаты) үшін жаратылған! «Сен болмасаң, Сен болмасаң бұл әлемді жаратпас едім!» деген құдайы хадистің мағынасын ойла!»- дейді.

** Ислам ілімінде махаббат екіге бөлінеді. Астарлы махаббат - адамдар арасындағы махаббат (ананың балаға деген, бір жыныстының екінші жыныстыға деген махаббаты). Ақиқат махаббат - адамның Аллаһқа деген махаббаты (шексіз)

Page 139: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 139 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

ҚОРЫТЫНДЫ

Барлық айтқандарымыздан шыққан жалпы және соңғы нәтиже мынандай:

Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Мырзамызға немесе Оны аз да болса еске алуға дәнекер болатын әрбір нәрсеге қаншама құрмет көрсетілсе де аз деп ойлаймыз. Өйткені Ол ұлы Пайғамбар, «Мүтеал» болған, яғни түсінуге әрі қиялына да мүмкіндік болмаған Аллаh тарапынан «Хабибім» (сүйіктім) деп аталған. Әлемнің ұлы Жаратушысы: «Расында Аллаh және періштелері Пайғамбарға көп салауат келтіреді. Әй, мүминдер! Сендер де Оған салауат келтіріп, толық бір мойын июмен сәлем беріңдер!» (Аһзаб, 56) -деп айтып сансыз періштелерімен бірге «салауат және сәлем» бергенін Құрани ақиқатпен білдіріп отырғанда, бұл ұлы Пайғамбардың ерекшелігіне, кәмілдігіне жақындау, Оны түйсік пен сезімге сыйғызу, қолданылатын сөздердің мағыналарының шектілігіне байланысты мүмкін емес. Сондықтан бұл әңгімені «шексіз үнсіздікте» нүктелеуден басқа шара жоқ. Оны түсіндіруге тілдер мүлдем әлсіз, мүлдем шарасыз. Біздің баяндағанымыз да «мұхиттан иненің жүзегімен алған судай».

Пайғамбардан басқасына көңіл аудармай, жабайы бақшалардың жасанды (жалған) гүлдеріне алданбай, көңілдерін тек қана Пайғамбарға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) арнаған мұсылмандар қандай бақытты!..

Барлық молекуламызбен Оның рухани түйсігінен жанымызға дем алдырып Раббымызға оралайық...

Оның махаббаты арқылы Раббымызға жалынайық...

Ол, өткен замандағы, осы кездегі және болашақтағы барлық мақұлиқатқа:

Page 140: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 140 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Мүбәрәк болсын!

Берекет болсын!

Рахмет болсын!

Ol Seyyіdü’l-kevneyn Muhammed Mustafâ’ya salevât!

Ol Rasûlü’s-sekaleyn Muhammed Mustafâ’ya salevât!

Ol İmâmu’l- Harameyn Muhammed Mustafâ’ya salevât!

Ol Ceddü’l-Haseneyn Muhammed Mustafâ’ya salevât!

Ол екі дүниенің мырзасы,

Мұхаммед Мұстафаға салауат!

Ол адамзаттың әрі жындардың пайғамбары

Мұхаммед Мұстафаға салауат!

Ол қасиетті екі жердің имамы,

Мұхаммед Мұстафаға салауат!

Ол Хасан мен Хүсейннің атасы,

Мұхаммед Мұстафаға салауат!

Уа Раббым, біздерді махшарда осы мойындаумен тірілте гөр!

Оны еске алумен толсын күндер және кештер,

Қонсын тағы жиектерге (есік алдындағы)

Көгершіндер.

«Һу, Һу»дарға (Әрбір жаны бардың өз тілінде «Аллаһ, Аллаһ!» деп

зікір етуі мағынасында) аралассын

Әминдер!

Мүбәрәк кеш,

Келіңдер ей Фатихалар, Иәсиндер!

Page 141: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 141 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

РАХМЕТ ПАЙҒАМБАРЫНЫҢ

ҚҰРАНИ МҰҒЖИЗАЛАРЫАллаh Тағала, құлдарын hидаят делінген тура жолға

жеткізу үшін, оларға қайырымдылықпен берген ерекше сипаттарға қосымша, іштерінен өте ерекше әрі айрықша жаратылысты, салиқалы адамдарды жол көрсетуші қылып жіберген. Осындай салиқалы адамдардың уаhи-мен күшейтілгендері - Пайғамбар деп аталады. Yммет-терге үлгі болатын адамгершілікті көрсетіп, үйрететін бұл киелі елшілер, үш бөлек міндеттемелер алған:

а. Аллаhтың аяттарын оқып, тарату;

ә. Нәпсілерді ағартып тазалау;

б. Кітап және парасатты үйрету. (Жұма, 2)

Хақ Тағаланың адамзатқа айрықша жәрдемі болған Пайғамбарларды жіберу мәселесі бүкіл адамзатқа, яғни жалпы болу үшін Хазіреті Адамнан басталған. Сондықтан Хазіреті Адам атамыз тұңғыш адамзат әрі тұңғыш пайғамбар.

Пайғамбарлықпен міндеттелгендер мен оларға тыңдаушы болғандардың арасындағы заман ұзап кеткен-де түскен құдайы бұйрықтардың бұзылған мазмұнын, қоғамдық дамуға сәйкес бірнеше жаңа өкімдермен толықтырумен жаңадан түсіріп, пайғамбарлар арқылы елге тарату - Аллаhтың әдеті. Бұл жағдай Хазіре-ті Адам (Аләйһиссәләм)нан бастап соңғы Пайғамбар Мұхаммедке (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) дейін осы-лай жалғасқан. Құран Кәрімде үшеуінің пайғамбарлығы анық болмаған жиырма сегіз пайғамбар туралы айтыла-ды. Сонымен қатар нақылдарға қарағанда жүз жиырма мыңнан артық пайғамбар болғанын көреміз. Әр қауымға

Page 142: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 142 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

һидайетке шақыратын бір пайғамбар жіберілгені Исла-ми ақиқат. Әйтпесе қауымдарға тура жолдан шығып, теріс жол ұстанғандықтарынан айып салу, жазаға тарту әділетке жатпас еді.

Аллаhтың дінін таратудағы бұл даму, соңғы Пайғамбар Мұхаммед Мұстафамен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) аяқталды. Ал бұдан кейінгі бүткіл замандар мен мекендер Оған қарасты болғандықтан, өзіне түскен уаhидың кәміл, толық назымдарын (ұйқас) құраған Құран Кәрімнің мазмұнында дүние бар болғанша пай-да болатын әрбір жағдайға, әрбір мәселеге жауап бере-тін ережелердің болуы өте қажет. Міне Құран Кәрімнің мағына жағынан теңсіз иғжазы (әдебиет жағынан теңсіз, болашаққа қарасты шынайы мәліметтер турасында адамдарды әлсіз

қалдырып өзіне сендіретін, бас идіретін құрани күш) және парасат-ты назымдары осы жағдайдан пайда болған.

Әр Пайғамбарда дәуірінің қажеттіліктеріне сәйкес бірталай ерекшеліктердің пайда болуы тарихи шындық. Хазіреті Исаның кезінде ең назар аударта-тын ілім медицина және ең күшті ауруларды емдейтін дәрігерлер еді. Сол себепті Хазіреті Исаға дәрігерлерді де әлсіз қалдыратындай бір күш, яғни «өлгендерді қайта тірілтетін» бір мұғжиза берілді. Хазіреті Мұсаға сиқыршылардың ауызын жабатын бір мұғжиза берілуі де сол мақсаттан туған.

Ал Мұхаммед Мұстафаның (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) пайғамбарлығы қияметке дейінгі барлық уақыт пен мекендерді қамтығандықтан, Ол өзінен бұрын кел-ген пайғамбарлардың барлығындағы билік, күш және мұғжизаларға ие, әрі олардан да үстем. Сонда да жай, қарапайым адамдарға үлгі болу керек болғандықтан, іс-әрекеттерін көбінесе адамдық қажеттіліктерге қарап жүзеге асырған.

Page 143: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 143 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) кезінде шешендік, айтыс және әдебиет өте қатты назар аудартатын. Халықтың ұнатып бағалауы үшін адамның осы салада өзгеше болуы керек еді. Мұғжизалардың мақсаты көпшілікті арбап пайғам-барларға бағындыруды қамтамасыз ету. Сондықтан, қоғамда құдіретті, үстем болғандардың да мойын июін қамтамасыз ету мақсатымен Хазіреті Пайғамбарға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бүкіл мұғжизаларға қосымша әрі бәрінен де күшті Құран Кәрім мұғжизасы берілді. Мұғжизалар пайғамбарлардың тікелей өздерінен пайда болған төтенше оқиғалар болғанымен, мұғжизалардың көпшілікті арбауы себепті тәблиғда тек қана арна және дәнекер болған Хазіреті Пайғамбарға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) (тікелей өзінен пайда болмастан) берілген Құран Кәрім, иғжазының себебінен теңсіз бір мұғжиза деп аталса қате болмас. Сондықтан құдайы болған, бірақ мәңгі алау сияқты Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қолымен адамзатқа ұсынылған Құран Кәрімнің иғжазы, шешендік және әдебиетті жақсы түсінетін «аср сағадет» (Бақыттылық ғасыры) адамының Хазіреті Пайғамбарға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мойынсұнып бағынуын қамтамасыз еткен ең әсерлі мұғжиза. Пайғамбарды өлтіру мақса-тымен жолға шыққан Хазіреті Омар тыңдаған Құранның қысқа бір бөлімі, оны жердің ол шеті мен бұл шетіне көзді ашып жұмғанша жететін найзағайдың тездігіндей һидайетке жеткізуі Құранның бұл қасиетінің өте анық және тарихи мысалы.

Сондықтан, Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Мырзамыздың мүбәрәк саусақтарынан су ағуы, азғантай азық-түліктің берекелі болып бірталай адамға жетуі, ағаштардың өсіп тұрған жерлерінен топырақты жарып

Page 144: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 144 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

келіп Пайғамбардың алдына еңкейіп: «Сәлем саған Әй, Аллаhтың Пайғамбары» - деп Оны құрметтеулері, үстінде құтпа оқыған құрма дөңбегінің жаңа мінбе жа-салуынан, сүйіктіден айырылу қайғысына шыдай ал-май ыңырсуы сияқты шексіз мұғжизалары жанында қияметке дейін күшін жоғалтпайтын ең ұлы мұғжизасы Құран Кәрім.

Бұл жағдай аятпен де бекітіледі: «Кәпірлер, оған «Раббыңан басқа мұғжизалар неге түсірілмейді?» -дейді. Сен де оларға: «Мұғжизалар тек қана Аллаhтың жанында. Ал мен - өте белгілі ескертуші ғанамынң де». «Өздеріне оқылып жатқан Құранды саған түсіргеніміз оларға мұғжиза болмай ма? Әлбетте иман еткен қауым үшін Құранда игілік пен ғибрат бар» (Анкәбут сүресі 50-51 аяттар)

Бұл аяттар уаhиға алғаш рет тыңдаушы болған Арабтардың үрейленіп, сасқалақтап Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Мырзамыздан дәлел сұрағандықтарынан түсіп, Құранның ең күшті дәлел және мұғжиза болғанын көрсеткен.

Құран Кәрім Аллаh тарапынан жіберілген соңғы, және басынан аяғына дейін уаhи арқылы келген кітап.

Уаhи - Аллаh Тағаланың hидайет деген тура жол-ды көрсететін әмірлері мен тиымдарынан құралған бұйрықтарының Пайғамбарлары арқылы адамзатқа құпия түрде білдірілуі. Адамзат өзінің шекті болған ақылымен құдайы және ақыреттік ақиқаттарды түсінуге шамасы жетпегендіктен, Аллаh тарапынан пайғам-барларға уаhи жолымен жіберілген. Сондықтан Құран Кәрім құдайы және ақыреттік ақиқаттар ең толық түрде баяндалған мұғжизат кітабы.

Page 145: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 145 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) уаhидың түсуі кезінде адамзаттық жағдайынан шығып, періштелердің дәрежесіне көтерілгендіктен, өзінде бір-неше төтенше ерекшеліктер пайда болатын еді.

Мүбәрәк денесі өте қатты ауырлап кететін. Мысалы: түйесінің үстінде отырса, түйесі шөгіп қалуға мәжбүр болатын. Аяғында тұруға тырысса да көтере алмай аяқтары қисайып сынып кетердей, қарап тұрған адам қорқатындай еді.

Зәйд бин Сәбит (радиаллаһу анһу):

«Бір күні Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қасында болған едім. Жамағаттың көптігінен тізерлеп отырған едік. Әрі Оның тізесі менің тіземнің үстінде еді, сол кезде Оған уаhи түсті. Балтырым сы-натындай ауырлық болды. Аллаhқа ант етемін, егер қасымдағы Аллаhтың Пайғамбары болмаса, жаным ауырғаннан бақырып аяғымды тартып алар едім» (Бұхари, Тирмизи) дейді.

Уаhи түскен кей кездер Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) есін жоғалтпай талған сияқты бо-латын, ішінен дауыстар шығып, айналасында араның ызылындай дауыстар естілетін және күн суық болса да мүбәрәк маңдайынан тер ағатын еді.

Мүстешриктер (Ориенталисттер: Исламды ғылыми

негізде саралап қате, кем тұстарын іздейтін Христиан ғалымдар), шығыстанушы ғалымдар мен кәпірлер Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) басы-нан өткен бұл жағдайларды ұстама (эпилепсия) ауру-ына қатыстыру ойында болған. Бірақ уаhи түсу кезін-де көрінген бұл жағдайлардың ұстама ауруына ешбір қатысы жоқ. Өйткені:

1. Ұстама ауруы ұстаған кісі, ұстамадан кейін әлсіз қалып бүкіл денесі ауырады да, жүйке жүйесі бұзылады.

Page 146: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 146 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Алайда Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бұлай қиналып көрмеген әрі қайтадан уаһи келгенше, арадағы уақытты босқа өткен уақыт секілді қабылдап, уаhидың келуін сағына күтіп, уаhидың келуімен өте қатты қуанып кететін еді.

2. Уаhи келгенде болған бұл жағдайлар әр уаhи түскенде болған емес, кейде Хазіреті Пайғамбардың жай халы жалғаса беретін.

3. Ұстама ауруы кезінде адам ойлау және түсіну қабілеттерін толығымен жоғалтып алады да айнала-сында не болып өткенін біле алмайды. Осылайша ойлау қабілеті тоқтап қалатыны медицинада дәлелденген. Ал Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өзіне түскен уаhимен адамзатқа заң, мінез-құлық, ғибадат, қисса және әңгіме сияқты бірталай мәселенің ең кәміл үлгілерін қамтыған Құран аяттарын халыққа айтып, жеткізіп жатқан еді.

Былайша айтқанда жақсы, терең ойлау керек; тым болмаса ең қысқа сүресіне де ұқсас бір нәрсені ортаға шығара алмайтындай қылып адамзат баласы мен жын-дарды әлсіз қалдырған бір келам (сөз), ұстама ауруына шалдыққан біреудің шығармасы бола ала ма?

4. Ұстама ауруы ұстаған кезде адамның қатты селкіл-дегені білінеді. Бірақ уаhи кезінде Пайғамбарда осындай жағдайдың болмауы ориенталисттер мен кәпірлердің айтқандарының қандай өтірік, бос сөз екенін көрсетеді.

5. Сонымен қатар ұстамалы кісі ауырған кезінде сандырақтап қалай болса солай сөйлейді. Ал Хазіре-ті Пайғамбарда мұндай жағдайдың болмағаны және әкелген Құранның бүткіл адамзатты әлсіз қалдырғаны сенбей, қарсы келгендердің сөздерін теріске шығаратын дәлелдердің біреуі ғана.

Дүниеден ұстама ауруымен ауырған жүз мыңдаған адам өткен. Бұлардың арасында Пайғамбар (саллаллаһу

Page 147: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 147 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

аләйһи уә сәлләм) сияқты, осындай, қияметке дейін күші жоғалмайтын кәміл дін құрған ешкімнің болмағаны да анық.

Шынында да 1848 жылы, соттардағы анықтау дауы сияқты (Мысалы, соттарда жер-көлемін, оның иесін анықтау т.б.

сияқтыы), поптың біреуі Француз Ғалымдар Академия-сына Хазіреті Пайғамбарға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) келген уаhи емес жалпы бір түрлі ұстама ауру деген дәлел қағазын алайын деп барады. Бірақ Фра-цуз Ғалымдар Академиясының ғалымдары, ұзақ зерт-теулерден кейін, адалдықпен, Пайғамбардағы бұл жағдайлардың ұстама ауруына қатысы жоқтығын дәлелдеді. Барлығы 6666 болған Құран аяттарының түсуін қажет ететін ұстама ауруына ешбір дененің шы-дай алуы мүмкін еместігін ғылыми дәлелдермен бел-гілеп, берген есеп қағаздарымен, Француз попының көтерген дауын қабылдамады.

Уаhи - адамзат хал-жағдайынан тыс, толығымен құдайы оқиға. Ол жасандылығы мүлдем мүмкін емес құдайы болмыс.

Расында да Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) адамзатқа Құдайы сыйлық ретінде әкелген Құран Кәрім шексіз өлшеуде мүғжизалармен толы болғанын бір-талай жағдайларда білдіруде. Төменде біздер сырын түсінуден әлсіз қалған Келамұллаhтың (Аллаhтың сөзі) иғжазына қарасты бірнеше мысалдарды назарларыңызға ұсынамыз.

І) Шешендігі мен әдеби тәсіліҚұранның мұғжиза болуының ең маңызды жағын

шешендігі мен әдеби тәсілі құрастырады.

Шешендік - мазмұнға, мақсатқа, мәселеге және тыңдаушыға қарап яғни, жағдайдың қажеттілігіне

Page 148: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 148 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

қарап ең сәйкес түрде келетін сөздерді құрап сөйлеу деп табылады. Құран Кәрім қозғаған бүткіл мәселелерде мұны ең жақсы түрде жүзеге асырған.

Құран Кәрім жазылу мәнерінің көркемдігі жағынан да теңдесі жоқ кітап. Қолданылған сөздерінде, құрастырған сөйлемдерінде әрі бұлардың баяндаған мағыналарында ең ұсақ кемшілікті де табу мүмкін емес.

Құран Кәрім - тіл мұғжизасы. Міне осы салада өте үстем болған Арабтардан және қияметке дейін келетін адамзат баласынан әрі жындардан өзіне ұқсас бір сөз шығаруын сұрап оларды «сөз майданына» шақырған.

Бұл мәселе туралы Құран Кәрімде ең алғаш рет Тұр сүресінің 34-аятында былай айтылған:

«(Аллаhқа серік қосқандар, Құран Аллаhтың сөзі емес деген дауларында) тура (және ізгі ниетті) болса, кәне онда Құран сияқты бір сөз келтірсін!»

Бұл Құдайы сөздердің алдында әлсіз қалған мүш-риктердің (Аллаhқа серік қосқандар) бейшаралығын толық көрсету үшін Аллаh Тағала, Хұд сүресінің 13-ші ая-тында қосымша ұсыныстар жасады:

«Немесе Олар: Құранды өзі жасады дей ме? (Мұхаммед (Аләйһиссәләм)) Оларға айт: Олай болса сендер де Құранға ұқсас қылып жасанды он сүре келтіріңдер! Егер шыншыл болсаңдар Аллаhтан өзге көмекке шақыра алатындарыңды да шақырыңдар!»

Юнус сүресінің 38-аятында да осылай айтылады:

«Немесе олар: Құранды өзі жасады дей ме? (Мұхаммед Аләйһиссәләм) Оларға айт: Егер айтқандарың дұрыс бол-са кәнеки, соған ұқсас бір сүре келтіріңдер әрі Аллаhтан басқа (көмекке) шақыра алатындарыңды шақырыңдар!»

Аллаh Тағала бұл ұсынысты Бақара сүресінің 23-ая-тында да қайталайды.

Соңғы рет Исра сүресінің 88-аятында да:

Page 149: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 149 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

«Айт: Адамдар мен жындар бір-бірлеріне көмекші болып, осы Құранның ұқсасын ортаға шығару үшін жиналса да, жасай алмайтынына ант етемін...» - деп бұйырған.

Бұл жекпе-жекке шақыру, осы күндерге дейін бүкіл кәпірлердің әлсіреуімен және жеңілуімен нәтиже тапқан. Кәпірлер ешқашан Құранның сүрелеріне ұқсас бір де бір сүре келтіре алмаған.

Құран Кәрім сүрелеріне ұқсас қылып, жасанды шығарма жасаумен әуестенген Мүсәиләмәтүл Кәззап (Пайғамбар заманында өзін «мен пайғамбармын» деп жариялаған

өтірікшілердің біреуі) және басқалар істегендерімен елге күлкі, масқара болған. Жасағандары да әжуадан басқа ешнәрсе болмай, тек қана олардың ақымақтықтарының көрінісі болып қалған.

Бірнеше сүренің басында «Әліф, Ләм, Мим; Әліф, Лам, Ра; Һә, Мим; Иә, Син» сияқты, hуруфу мукаттаға (бөлінген әріптер) деп аталатын бірнеше әріптер бар. Бұлардың бір бөлігі сүренің бір аятын құрайды. Мүтешабіh деп те айтылатын осындай аяттардың мағынасын тек қана Аллаh Тағала біледі. Бұл мәселеде «сөздері дуалы» кейбір ғалымдар, hуруфу мукаттағаға қарасты төмендегі анықтаманы жасаған:

1. Аллаh Тағала, бұл әріптермен адамзат және жын әлемін:

«Міне, қолдарыңдағы Құранның сөздері осы әріптерден құрастырылған Мархабат, күштерің жетсе, сендер де бір ұқсасын шығарыңдар!» - деген мағынада жекпе-жекке шақырады.

2. Бұл әріптердің сүрелердің алдында келуі, өздерінен кейін келетін мәселелер мен тақырыптарға дайындық жасау үшін, назар аударуды қамтамасыз ету мақсатында

Page 150: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 150 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

қойылған. Өйткені, кей кездері сөзді құпия, астарлы түрде бастап, мәселені құпияларға толы ишараттан кей-ін баяндауға өте көп назар аударылады.

3. Осы әріптер, үйренудің әріптермен басталатынына ишарат етеді. Өйткені Арабтар Құран түсе бастағанға дейін әріптердің бұлай жеке өз басына оқылатынын біл-мейтін еді. Мұны ең алғаш Құран Кәрім үйреткен.

Қысқаша айтқанда hуруфу мукаттаға, сырлары Ал-лаh Тағалаға ғана мәлім болып, бүкіл адамзатты өзінің алдында әлсіз қалдырған Құранның иғжазы деп табыла-ды.

Құранның тәсіліндегі ерекшеліктер

Құран Кәрім өлең де емес, проза да емес, бірақ өлеңнің де прозаның да ерекшеліктерін жинаған, әрі оның ғажайып сәйкестікпен және ішкі мақаммен құрастырылған тәсілі бар. Адамзат баласы Құран оқыған кезде, осы ішкі мақам оның рухының тереңдіктеріне дейін әсер етеді.

Құранның жолдарында бір сөздің өзін алдыға не-месе артқа орын ауыстыру секілді өзгерістер жасау оның сәйкестігін дереу бұзады. Осы замандағы Ислам ғалымы, құрметті Мұхаммед Хамидуллаh, Құрандағы сәйкестікке қарасты бір естелігін былайша нақыл етеді:

«Мұсылман болған Француздың бір музыка зерт-теушісі бір кездескенімізде маған, Наср сүресіндегі бір аятты «фи динилләhи әфуажа. Фәсәббиh...» деп оқудың ән жағынан құлаққа жағымды еместігін айтты. Мен Оған, бұл аятта «әфуажа» деп тоқталмайтынын тек қана «әфуажан-фәсәббиh» («н» және «ф» әріптері бір-біріне қосылып оқылады. Бұл кезде «ф» әрпінен бұрын аздап «у» дауысы шығарылады) деп оқылатынын түсіндірдім.

Page 151: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 151 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Бұл музыка зерттеушісі бауырымыз дереу былай деді:

«-Иманымды қайталаймын. Бұл түсіндіргеніңізден кейін, енді ән жағынан да Құранға ешбір қарсылығым қалған жоқ. Құрандағы сәйкестік адамзат баласы сипаттауға шамасы келмейтін дәрежеде. Ол сәйкестік салтанатын көрсетуде. Осындай кәміл ұлы кітаптың орнына жай адамзаттық нәрсенің қойылуын кім ойлай алады?»

Құран Кәрім бұл ерекшелігімен адамзаттың көңіліне өте күшті дәрежеде әсер еткен. Арабтар оны Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мүбәрәк аузынан тыңдап топ-тобымен иман еткен, бүкіл мүшриктер де бір ұқсасын шығара алмай шарасыз қалғандықтарынан Құрандағы шешендікпен жазы-лу мәнерінің көркемдігін ұждандарымен қабылдаған. Мүшриктер, Құранды тек қана өздеріне бір жетімге мой-ын ию ауыр келгендіктен қарсы шығып, қабылдамаған.

Мүшриктердің атақтыларының бірі болған Уелид б.Мүғиренің Құранды тыңдағанда не істегенін Аллаh Тағала Құранда былайша түсіндіреді:

«Расында да ол (Уәлид ибн Муғире) бір ойлап өлшеді де, пішті... Құрып кеткір қалай өлшеп пішті? Содан кей-ін ашуланды да, қабағын түйді. Тәкәппарлықпен бет бұрды да: «Бұл баяғыдан бері үйретіліп келе жатқан сиқырдан басқа ешнәрсе емес. Бұл, тек қана бір адамзат сөзің-деді» (Мүддессир сүресі 18-25 аяттар).

Уелид, бүйтіп айтуына қарамастан ұжданының дау-сына құлақ түргенде сасқалақтап, үрейленген күйде:

«Ант етемін, Мұхамедтен жаңарақта бір сөз есті-дім, ол сөз адам баласыныкі де, жындыкі де емес. Бір тәттілігі, көркемділігі бар. Тамырын тереңге жайған

Page 152: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 152 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

жемісі мол ағаш секілді. Ол нақтылықпен үстем болады, одан ешкім аса алмайды» деп айтып, Құранның адам жеткісіз шешендігін қабылдауға мәжбүр болған.

Халықтың Құранды тыңдауына бөгет болған азғын мүшриктер бірнеше рет, түнде Қағбада Құран оқыған Хазіреті Пайғамбарды (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм), тек қана тыңдау ұнағаны үшін, өзгелерден жасырынып тыңдаған кездерде, кездейсоқ бір-бірлерін көріп қалса өз-өздерін айыптап:

«Yй! Ешкім көріп қоймасын! Ант етеміз, егер халық біздің осы жағдайымызды біліп қойса масқара боламыз да, бұдан кейін ешкім бізге құлақ аспайды!» -деп, екінші осылай істемейтіндіктері жөнінде келісіп, уәделесетін.

Құран тәсілі өте әсерлі болғандықтан, мүшриктер адамдардың Құранды естімеулері үшін у-шу шығаратын немесе Құранның оқылуына тиым салатын еді.

Құрандағы сәйкестік пен әуен - оқылғанда шыға-тын дауыстағы «тәртіптен», яғни сөздердің, әріптердің, «сүкүн» және «әрекелердің» (Құрандағы дауыс белгіле-рі) ұзын және қысқа буындарының ең сәйкес түрде тізілу тәсілінен пайда болады. Құран бітіп таусылмайтындай сәйкестіктерге толы. Көбінесе бір дауыстан кейінгісіне өтерде байқалатын сәйкестікпен әуен көңілді тебірен-теді. Мағынасын түсінбегендердің өзі бұл теңдессіз әуеннің алдында мәз-майрам болады.

Құран тәсілінде мағына мен сөздердің өз деңгейі бар. Ол түсіндіретін әрбір мағынаны ең жақсы әрі күшті түрде баяндай білетін сөзді, өзгертілмейтін бір құдіретпен қолданады. Осыменен сөз бен мағынаның арасындағы деңгейді «Кәләм» (сөйлеу) сипатының жалғыз иесі-не қарасты тәсілімен құрады. Бұл мәселеде ең күшті, атақты әдебиетшілер де шексіз әлсіздік ішінде болады.

Page 153: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 153 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Құран Кәрім қисса, әңгіме, тарих, заң шығару, диалектика, пікір-талас, ақырет, жәннәт пен тозақ сияқты мәселелерді, қорқытушы және сүйіншілеуші аяттарды мағыналарының күшіне қарап бөлек-бөлек әдіс бүтіндігімен шешендік және жазылу мәнерінің көркемділігін сәйкестікте ұстап баяндайды. Бұл да, Құранның Аллаhтың сөзі болғандығынан.

Құран Кәрім қай уақыт, қай кезеңде болмасын әр жерде өмір сүретін, білім дәрежелері бөлек-бөлек барлық адамзатқа түсініктеріне қарап бұйрық береді. Айрықша мәртебелі бірталай адамдар болған мәжілісте Құран аяттары оқылғанда, сол жерде отырғандардың әрбіріне Құранның сәйкестігі (көркемдігі) бұзылмастан өз түйсігіне қарай түсінік береді. Бұл құлдардың мүмкіншілігі мен күші жетпейтін жағдай.

Құран тәсіліндегі бірнеше қайталанулардың болғаны да әңгімеленген ақиқаттың зейіндерде әрі көңілдерде толық орнығуын қамтамасыз ету үшін.

Құран ақыл мен көңілге бір деңгейде айтылғандықтан оқыған адамды тыныштық пен шаттыққа бөлейді.

Құран тәсілінің Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) киелі хадистерінің тәсілінен айырмашылығы бар. Егер Құран Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сөзі болса, барлық жағынан Оның хади-стеріне ұқсар еді. Мұндай ұқсастық мүмкін емес те, болмаған да. Өйткені Аллаhтың сөзі мен құлдың сөзінің арасындағы айырмашылықтың, Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) тарапынан «Жаратушы мен жаратылғандардың арасындағы айырмашылықтай» екені айтылған. Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) киелі хадистері адамзат сөздерінің ең биігінде болғанымен, шешендігі және жазылу мәнерінің көркемдігі жағынан Құдайы сөзбен салыстырылуы мүмкін емес.

Page 154: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 154 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Бір ұқсасын ойлап табу, адамзаттың күш-құдіретінен тыс болғандықтан, Құран Кәрім өзін «ішінде ешбір күдік болмаған кітап»-деп адамзатқа ұсынады.

«Әліф. Ләм. Мим. Ол - кітап (Құран); онда мүлдем күмән жоқ. Ол Аллаhтан қорқатындар үшін жол көрсетуші.» (Бақара сүресі 1-2 аяттар)

Құранның аяттарында ешбір қарама-қарсылық, қайшылық, ақау немесе қисықтық жоқ. Расында көркем аяттарда былай айтылады:

«Олар әлі Құран туралы дұрыстап ойламады ма? Егер ол Аллаhтан басқаның тарапынан келген болса, оның ішінен көп қайшылықтар табар еді». (Ниса сүресі

82-аят)

«Ант болсын, Біз үгіт алсын деп, бұл Құранда адам-зат баласына әр түрлі мысалды келтірдік. Сақтансын деп, ақаусыз, арабша Құран түсірдік» (Зүмәр сүресі 27-28

аяттар).

Құранның қияметке дейін өзгертілмей сақталуы, әрі жалғасуы Аллаh тарапынан кепілдікке алынған. Ол, не-гізсіз нәрсенің араласуы мүлдем мүмкін емес, ұлы және терең мағыналы кітап болып табылады. Шынында да көркем аяттарда:

«Әлбетте Құранды біз түсірдік, қорғаушысы да әрине бізбіз!» (Хижр сүресі 9-аят)

«... Сөзсіз ол (Құран) теңдессіз кітап, оған алдынан да, артынан да негізсіз нәрсе кіре алмайды. Ол Хаким (Хаким - Әкім, Хамид - мақтауға лайық) және Хамид болған Ал-лаh тарапынан түсірілген» (Фүссиләт сүресі 41-42 аяттар) деп айтылған.

Құран Кәрім, сөз әрі мағына және өкім жағынан бүтіндік көрсетеді. Ал Адамзат баласының айтқан сөздері көркемдік және түзулік жағынан әрдайым бір-дей болуы мүмкін емес. Жазған және сөйлеген адамның жағдайына және сезіміне байланысты өзгереді.

Page 155: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 155 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Ал Құранның баяндауы, әрі тәсілі басынан аяғына дейін теңсіз бір көркемдік пен ұйқастықтың ішінде. Аяттардың мазмұнындағы мағына, өкім және хабар-лар жаратылыстың басынан бастап мәңгілікке барлық нәрсені қамтыған түрде кәміл сәйкестік, күштілік және ұйқастықты көрсетеді. Міне, тек қана осындай жағдайларды ойлап, белгілеу Құран Кәрімге адамзат та-рапынан бірде-бір өзгеріс енгізілмегенін, Аллаhтан кел-гендігін түсінуге жетеді.

Құран Кәрім осы ерекшелікті жер бетіне түскенінен осы заманға дейін жалғастырғандай, бұдан кейін де жалғастырады. Аллаh Тағала Оны әр түрлі өзгерістер енгі-зіп, кемітуден және арттырудан сақтайды, әрі қорғайды. Расында да жетпіс жылы атеизм және коммунизмнің табанының астында өткен Ислам мемлекеттерінде Құран оқуға, әрі оқытуға тиым салынғанымен, Аллаhтың ұлы сөзі, Құдайы қорғаумен кепілдікке алынғандықтан ең ұсақ өзгертілуге де ұшырамаған.

ІІ) Құран Кәрімнің адамзаттарапынан өзгерістер енгізуден

пәк болуы

Құран Кәрімге Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) тарапынан мүлдем килігу болмаған. Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өмірінде осы мәселені анықтайтын өте маңызды оқиғалар бар.

Уаhидың Кешігуі

Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оқиға болған кезде жауап беруге мәжбүр болғанымен, уаhидың кешігетін кездері болатын еді. Мысалы, Ифк оқиғасы секілді:

Бәни Мұсталық (ру аты) соғысынан қайтарда мұнафықтар (Сырттай мұсылман болып көрінгенімен, негізінде

Page 156: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 156 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Аллаһқа сенбеген адамдар), Хазіреті Айша анамыздың намы-сы туралы өсек-аяң таратқан. Бұл өсек селге ұқсап жай-ылып, мұсылмандардың жүректері аузына тығылған.

Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) да ұялшақ әрі мұқият түрде:

«Мен Айша жайлы жақсылықтан басқа бір нәрсеге де куә емеспін» деуден басқа нәрсе істей алмаған.

Мәселені тексеріп, сахабасымен ақылдасқаннан кей-ін Хазіреті Айшаға:

«Тыңда, Ей, Айша! Сен туралы бір сөз естідім. Егер күнәсіз болсаң Аллаh сені ақтайды. Ал егер күнәға батқан болсаң, Аллаhтан кешірім тіле!» - деп айтқан.

Бұл сөздер ғайыпты (Белгісіз, құпия әлем, келешек) білмей-тін адамның сөзі. Ол тек қана Аллаh Тағала білдірген кезде біледі. Ақыры бір айдан соң Нұр сүресі түсіп Хазі-реті Айша анамызды ақтады.

Егер Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Құран Кәрімге киліккен болса, еш күтпестен өзінің сөздерін уаhиға қосып, өзі сезіміне жүгініп әрекет етер еді.

Аллаhтың Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм), Құбыланың Қағбаға тура болуын армандаған еді. Бірақ, хижраттың он алтыншы айына дейін күтуге мәжбүр болған. Осы айда Құбыла Құдұстағы (Иерусалим) Бәйтул Мақдистен Қағбаға ауыстырылды. Аллаh Тағала төмендегі аятты түсіріп, Пайғамбарын арманына жет-кізді.

«(Ей, Пайғамбарым!) Біз сенің жүзіңнің көкке қарап тұрғанын (көктен хабар күткеніңді) көріп тұрмыз (Асықпа). Әлбетте сені разы болатындай, бір құбылаға айландырамыз. (Бұдан былай) бетіңді Харам Мешіті (Мекке) тарапына қарат. Қайда болсаңдар да беттеріңді сол жаққа қаратыңдар!..» (Бақара сүресі 144-аяттар).

Page 157: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 157 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Әлемде болып жатқан барлық оқиғалар мен әңгімелер, Аллаhтың еркіне мойынсұнып жалғаса бе-реді. Күзде ағаштан түсетін жапырақ та Құдайы ерікке байланған. Керісінше жағдай әлемде анархия (бейбере-кеттік) туғызады. Пайғамбарлардың бүкіл іс-әрекеттері де Аллаhтың еркімен болады. Аллаh Тағала бұл жайлы, аятта былай айтады:

«Ол (Пайғамбар) өз еркімен сөйлемейді! Онысы (Пайғамбардың сөйлегені өзіне) уаhи етілгеннен басқасы емес». (Нәжім сүресі 3-4 аяттар)

Пайғамбарлар өмір сүріп жатқан кездерде, өздері-не түскен кітаптарға адамдар тарапынан килігу болған емес, болуы мүмкін де емес еді. Таурат, Інжіл сияқты кітаптардағы килігулер, Пайғамбарлар қайтыс болған-нан кейін болған. Ал Құран Кәрім туралы Аллаh Тағала көркем аятында:

«Әлбетте Құранды біз түсірдік, қорғаушысы да әрине бізбіз!..» (Хижр сүресі 9-аят) - деп айтып, Құранды қияметке дейін қорғайтынына кепілдік беріп, адамдар тарапынан болатын килігулерден сақтаған.

Тәбүк сапарынан сылтаусыз қалып қалған үш кісінің жағдайы да назар аударатын әңгіме. Бұл үш кісі Қаб бин Мәлік, Мүрәре бин Ребі және Хіләл бин Yмеийе еді. Еткен тәубаларын Аллаh қабылдағанға шейін ел ішіне шығып араласуларына тиым салынған. Сахабалар да олармен қарым-қатынасты, әрі сәлемдесуді үзген. Осы үш кісі өздері туралы аят түскенге дейін күтуге мәжбүр болған. Бұл күту елу күнмен аяқталып тәубаларының қабылданғаны білдірілген аят түсті:

«Және (Аллаh, сапардан) кейін қалған үш кісінің де (тәубаларын қабылдады) жер жүзі кең болғанымен оларға тар келіп, ұждандары оларды қатты қысқан еді. Ақыры Аллаhтан (Оның азабынан) және Аллаhқа сый-

Page 158: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 158 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

ынудан басқа шаралары жоқ екенін түсінді. Содан кейін бұрынғы қалпына қайта келулері үшін Аллаh олардың тәубәсін қабылдады. Шынында да Аллаh тым көп тәуба кабыл етуші, өте мейірімді». (Тәубе, 118)

Егер Пайғамбар уаhиға киліккен болса, елу күн күтпей-ақ өз еркімен болымды немесе болымсыз үкім берер еді.

Аллаh Тағала, Құранға Адам тарапынан килігу болмағанын Хаққа сүресінің 44-47-аяттарында былай баяндайды.

«Егер Ол (Пайғамбар) кейбір сөздерді ұйқастырып бізге жалғаса, әлбетте одан оң қолын (күшін және қуатын) алар едік те, соның жан тамырын кесер едік. Сендерден де ешкім бұған бөгет бола алмас еді».

Уаhида Хазіреті Пайғамбарғаескерту жасалуы

Кейбір кездері уаhи, Аллаhтың Пайғамбары қала-маған түрде келетін. Сонда Құран Пайғамбардың ойының қате болғанын білдіретін. Кейде көңілі соқпаған нәрсесі де әмір етіліп, оны орындауды аз уақытқа болса да ке-шіктірсе, ескерту күштірек келетін. Бұндай ескерту өте маңызсыз мәселелерде де болатын еді.

Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм), Зәйд ибн Харисенің әйелі болған, тәтесінің қызы Зейнеп бинті Жахштің, кейінірек өзінің әйелі болатынын уаhи арқылы біліп тұрып, бұл жағдай туралы көпшіліктің жаман ойлап қалуынан тартыншақтап жасырған. Аллаһ Тағала да бұған қарап:

«(Пайғамбарым!) Кәне Аллаh нығмет берген, сенің өзің де жақсылық істеген пендеге «Әйеліңмен ажы-распа, Аллаhтан қорық!»-деп айтып жатқан едің. Ал-

Page 159: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 159 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

лаh жариялайтын нәрсені, кісілерден тартыншақтап жасырған едің. Алайда шын қорқуыңа лайық болған - Аллаh. Зейд сол әйелден ажырасқаннан кейін біз соны саған некеледік те (осыдан бастап мұсылмандардың) асырап алған балалары, әйелдерінен ажырасқаннан кейін (сол әйел-мен үйленуді қаласа) мұсылмандарға қиыншылық болмасын деп, Аллаhтың әмірі осылай ор-нына келтірілген» (Аhзаб сүресі 37-аят) деп, Құдайы қалауды жасырудың қате болғанын көрсетіп, бұл қалаудың елге білдірілуін әмір еткен.

Бала асырап алу жаhилие әдеті еді. Бұл көркем аят-пен Аллаhтың Пайғамбарына асырап алған баласы Зәйд ибн Харисенің қоя берген (ажырасқан) әйелін алуы әмір етіліп, Ислам заңында «тебенни» яғни, бала асырап алу мәселесі жойылған болды. Тағы Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қоштасу құтпасында:

«Бала кімнің төсегінде туған болса соныкі» - деп айтқан.

Бір күні, Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Зейнеп бинті Жахштың үйінде бал шербетін іш-кен. Сондықтан оның қасында біраз ұзақ уақыт болған. Бұл жағдайға ғажаптанған екі әйелі Айша мен Хаф-са өзара келісіп алып Хазіреті Пайғамбар қастарына келгенде үстінен мәғафир (Емен ағашының иісі) иісі кел-генін айтты. Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мәғафир* жемегенін айтты, бірақ «Демек, балды жасаған ара меғафир жеген екен!» - деп, бұдан кейін бал шербетін ішпеуге ант етті. Аллаh Тағала да Пайғамбардың бұл ісінің қате екенін білдіру үшін:

«Ей, Пайғамбар! Әйелдеріңнің ризалығын алу үшін Аллаhтың саған адал қылған нәрсені не үшін өзіңе арам етесің? Аллаh өте мейірімді, өте қайырымды» (Таhрим, 1)

- деп айтқан.

Page 160: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 160 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Егер Құранда адамзат тарапынан бір килігу болса, Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өз қалауына қарсы осы аятты өз сезіміне қарап келістірер еді.

Аллаhтың Пайғамбары (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм), жай немесе себепсіз сылтаулармен Тәбүк са-парына қатыспаған 80 кісінің сылтауларын қабылдап оларға рұқсат бергендіктен, төмендегі аятпен айып ре-тінде ескерту алған:

«Аллаh сені кешірді. Бірақ тура айтқандар әбден анық белгілі болып, өтірік айтқандарды білместен оларға неге рұқсат бердің?» (Тәубе сүресі 43-аят)

Аллаhтың Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) әкесінің інісі Әбу Тәліп үшін Аллаhтан кешірім сұрайын дегенде ескерту ретінде:

«Кәпір болып өлгендер тозақ тұрғыны болатындары оларға анық белгілі болғаннан кейін, туыс болсаң да (Аллаhқа) серік қосқандар үшін кешірім сұрау Пайғамбарға, мұсылмандарға жараспайды» (Тәубе сүресі

113-аят) аяты түскен.

Тағы Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм), мұнафықтардың басшысы Абдуллаh ибн Yбәй ибн Сәлулдің сүйегі шығарылар кезде, салиқалы және адал ұлы Абдуллаhтың қайтпастан өтінгеніне қарап жаназа намазын оқитын болғанда да ескерту ретінде төмендегі аят түскен:

«Олардан біреу өлсе әсте жаназа намазын оқыма, қабірінің қасында да тұрма! Өйткені олар Аллаhқа, Пайғамбарына қарсы келді. Сондай-ақ олар бұзық күйінде өлді». (Тәубе сүресі 84-аят)

Жоғарыдағы аяттар Құран Кәрімге адамдық килігу-дің ешқашан болмағандығын дәлелдейді.

Бәдір соғысында мұсылмандар 70 кәпірді ұстап алған. Пайғамбар тұтқындарға не істеу туралы сахаба-

Page 161: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 161 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

ларымен кеңесті. Хазіреті Омар тұтқындардың өлтірі-луін, ал басқалары бодау алынып босатылуларын ұсынды. Ақыры, бодау алынып босатылатын болды. Бұл жөнінде:

«Ешбір Пайғамбар жер жүзінде жауынан үстем болғанға дейін тұтқын ұстауға тиісті емес. Сендер дүниенің пайдасын ойлайсыңдар. Алайда Аллаh (сен-дер үшін) ақыретті қалайды. Аллаh өте күшті, әрі кемеңгер». (Әнфал сүресі 67-аят)

«Егер, Аллаh тарапынан бұрыннан беріліп қойған үкім болмаса, бодау алғандарыңыз үшін сөзсіз сендерді зор азап ұстар еді» (Әнфал сүресі 68-аят), - аяттары түсті.

Бұл ескерту аяттарының түсуінің себебі:

1. Мұсылмандар әлсіз болып тұрған шақта, тұтқын-дарға бостандық берілмеуімен кәпірлердің күшеюін бөгеу.

2. Исламда соғыстағы негізгі мақсат «иғлаи кәлиматуллаh», яғни Аллаhтың есімін ең жоғарыға шығару, әрі Исламның бірлеу сенімін жаю. Мақсат осы болғанда, бодау арқылы тұтқындарды босату сау-да сияқты көрініп, негізгі мақсаттан алыстап кететінін баяндау. Басқа аяттар сияқты бұл аяттарда да Құран Кәрімнің адамдық килігуден пәк екендігінің сөзсіз дәлелі.

Аяттың басқа бір астарлы мағынасы мынандай:

Оқиғаның басында аят түспегендіктен Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм), бір мужтәhид (өзі жағдайға

қарап, адалдықпен шешім беретін адам, 4 имам сияқты) күйінде еді. Аяттағы сын «тұтқындарды босату туралы» берілген үкімге болған. Күші ең қатты үкім (өлтірілу) тасталы-нып, күші жай үкімге (тұтқындарды босату) пейілде-ну бар бұл оқиғада. Аллаh Тағала тұтқындар жөніндегі берілген үкімде қате кеткендігін білдірумен қатар іске асырылуын қабылдайды. Бұл жағдай Пайғамбар мен

Page 162: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 162 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

сахабаларының көңілін тыныштандырады. Сондықтан бұл аятта ерекше ескерту әдісі барын көреміз.

Кейінгі аятта кеткен қатенің кешірілгені былай ба-яндалады:

«Онда тапқан олжаларыңды адал, таза қылып жеңдер, әрі Аллаhтан қорқыңдар. Расында Аллаh өте көп жарылқаушы, ерекше мейірімді». (Әнфал сүресі 69-аят)

Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм), Құрайыш руының иман етпеген кейбір беделді адамдарына Ис-ламды түсіндіріп жатқанда, қасына бұрыннан иман ет-кен соқыр Абдуллаh ибн Yмми Мәктум келіп, Исламды үйретуін сұрады. Бірақ Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) алдындағы кісілерді ренжітіп алмайын деп оған қарамады. Ол да сұрап қоймай, тұрып алғаннан кейін Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) азырақ қабағын шытты. Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) осы ісімен де құдайы ескертуге түсті:

«Байсынып (саған) мұқтаж болмағанға келгенде, сен оған көңіл бөлесің. Алайда оның тазарып ағаруына сен жауапты емессің. Бірақ Аллаһтан қорқып жүгіріп кел-генге теріс қарайсың!.. Қой (ендігәрі олай істеме); Осы Құран деген - үгіт. Кім қаласа сол ойлап үгіт алады».

(Абаса сүресі 5-12-аяттар)

Осы аяттардағы ескертулер мен сындар, Хазіре-ті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) істеген зелленің себебінен болған. Ал зәллә - Пайғамбарлардың өз еріктерімен істемейтін кішігірім қателері. Зәлләлар Пайғамбарларға құдайы қалаумен әрі бірнеше мақсатқа байланысты орындатылады.

Бірінші себеп: Пайғамбарлардың жәннәттық бола-тындары Аллаhтың кепілдемесінде болуымен бірге, өз әлсіздіктерін білуі, әрі өздерінің құдайы ілтипатқа бөленгендерін біліп, міндеттерін орындауда абай болу-лары үшін. Шынында да аятта былай айтылады:

Page 163: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 163 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

«Әлбетте өздеріне пайғамбар жіберілген қауымдарды да, жіберілген пайғамбарларды да сөзсіз сұраққа тар-тамыз. Және сөзсіз оларға болып өткен істерді толық мәліметпен айтып береміз. Біз олардан алыс емеспіз». (Ағраф сүресі 6-7-аят)

Екінші себеп: Таңдалған құлдардың осындай ес-кертулер нәтижесінде көңілдері ояу болып, қателерден сақ болып, Құранда түсіндірілген мінез-құлыққа жету-лері үшін.

Yшінші себеп: Yмметтердің Пайғамбарлар да адам баласы болғанын көріп, оларды құдай деп көрмеулері үшін.

Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ойының дәлме-дәл келмегенін білгенде, аяттардағы күшті әрі ащы ескертулер мен сындар ұжданынан ке-ліп, өкінішін білдіретін өз сөздері болса, онда өзі тура-лы осыншалықты нақты анықтамалар бермес еді. Яғни бұндай жағдайларда үндемей-ақ айыбын жаппас па еді?

Уаhидың мүжмәл келуі

Уаhи кей кездері Пайғамбарға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мүжмел болып келетін.

Мүжмел: мағынасы жабық, анықталмағанша мақсаты түсініксіз баяндар болып табылады.

Аллаh Тағала тарапынан анықтаушы мәлімет кел-генше Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мүжмәл мәселелерге өздігінен анықтама бермейтін еді. Төмендегі аят бұл мәселеге мысал бола алады.

«Көктегілердің және жердегілердің барлығы Аллаһтікі. Іштеріңдегіні жарияласаңдар да жасыр-саңдар да ол үшін Аллаһ бәрібір есеп алады…» (Бақара

сүресі 284-аят)

Page 164: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 164 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Осы аят түскенде, көңілдерінде еріктерінен тыс болып өтетін ойларға да жауапкер болатынын ойлап қалған сахабалар:

«-Ей, Аллаhтың Пайғамбары , енді не істейміз? Қайтып шыдаймыз?»-деп сұрады. Сонда Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оларға былай бұйырды:

«-Не болды? Кітап иесі болған қауым сияқты «есті-дік бірақ қарсы келдікң деп айтасыңдар ма? Сендер:

«Естідік, әрі бас идік. Ей, Раббымыз, біздерді жарылқауыңды сұраймыз. Қайтар жол саған қарай!ң- деп айтыңдар».

Түскен аяттың мағынасы мүжмел болғандықтан өз еркімен анықтама берген жоқ. Әлсіз халде, сахабалардан Аллаhқа мойынсұнып, тәуекел етулерін талап етті. Кей-інірек төмендегі аят түсті де мағынасы «жабық» болған аятқа анықтама берілді.

«Аллаһ ешкімге шамасы жетпейтінді жүктемейді, әркімнің істеген жақсылығы да, жамандығы да өзіне ба-рып тиеді. (Сендер былай дұға етіңдер:) Раббымыз егер ұмытсақ немесе жаңылсақ бізді жазаға тарта көрме! Раббымыз! Бізге бізден бұрынғыларға жүктегеніңдей ауыр жүк жүктеме! Раббымыз әліміз жетпейтін жүктерді жүктеме! Бізді кешір, бізді, жарылқа, бізге рақым жаса! Иеміз сенсің. Кәпірлерге қарсы біздерге көмектес». (Бақара сүресі 286-аят)

Сахабалар осы аятқа қарап көңілдерінен өткен ой ту-ралы «күштері жеткен мөлшерде» жауапты болатынын түсінді.

Аллаhтың Елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) аят мүжмәл болып тұрғанда анықтаушы бір аят кел-генше өздігінен түсініктеме бермеуі, Пайғамбарлық ақиқатының, әрі Құран Кәрімнің Аллаhтан келгенінің

Page 165: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 165 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

сөзсіз дәлелі. Керісінше жағдайда не осындай бір мәлімет берілмейді немесе берілген мәлімет негізсіз, бір адамның жеке өзінің көзқарасымен берген анықтамасы болар еді. Осындай жағдайдың болмауы Құран Кәрімнің иғжазының ерекше дәлелдерінің біреуі.

Хижраның 6-жылында, Хақ жолдың теріс жолға үстем бүкіл себептері ашылып, Қағбаның тауап етілуіне қарар берілген. Мұсылмандар осы мақсатпен Хұдейбиа жағына қарай бара жатқанда Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) «Қасуа» деген түйесі шөгіп қалады. Сахабалар түйені қанша Харем жағына айдайын десе де ештеңе істей алмай:

«-Қасуа шаршады, шөкті»-деп қойды.

Сонда Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

«Қасуа шаршамайды. Оның шөгетін мінезі жоқ, бірақ Әбрехенің пілдерін тоқтатқан, Қасуаны да тоқтатты» - деп айтты.

Бұл Хақ Тағаладан Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)ға келген ишарат еді. Яғни Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «-Әбрехенің пілін қалай Аллаh Тағала тоқтатқан болса, осы түйені де тоқтатқан Аллаh!» демекші болған. Мекке қаласына шабуыл мақсатымен немесе қорғау мақсатымен де соғысып кіру-ге Аллаh тарапынан рұқсат берілмегені Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) пәк көңіліне нақты түрде мәлім болған.

Сол сәтте мәселенің ақиқатын аңғара алмаған са-хабалар көңілдері түсіп, ашулана бастады. «Мекке-ге баруға болмайды» деген шешім, сырттай қарағанда мұсылмандар үшін жеңілгендей болып көрінген еді. Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сы-рын білмеген құдайы ишаратқа мойынсұнып, сахабасын Меккеге жүргізбеді.

Page 166: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 166 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Жеңілу сияқты көрінген бұл оқиғада Хазіреті Омардың Пайғамбардың бұйрығына қарамастан сапар-ды жалғастыру туралы айтқан ойына Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

«Мен Аллаhтың Елшісімін, Оған қарсы келе алмай-мын. Менің жәрдемшім Аллаh!» -деп жауап берген.

Тағы сол кезде мүшриктермен жасалған Хұдейбиа келісім-шартындағы қарарлар (шешімдер) да Фетих сүресі түскенге дейін сырттай көрінгенде мұсылмандарға қарсы еді. Бұл сүреде мәселенің сырлары әрі сүйіншілер білдірілді. Керісім шарт бойынша Меккеге кіре алмай, Мәдинаға қайтқан мұсылмандар үшін қайғыру, қиналу әрі жеңілу деп көрінген кері қайту кейіннен жеңіске апарар жолдың басы екені көрінді.

Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) басында анықтауға әлі жетпеген осы мүжмел оқиға екі жылдан кейін анық болды. Расында осы ке-лісім-шарттың арқасында пайда болған бейбітшілікте бірталай адам мұсылман болған. Екі жылдың ішін-де мұсылман болғандардың саны келісім-шартқа қол қойылғанға дейінгі мұсылмандардың санына жеткен.

Құран Кәрімде осындай мәселеге ұқсас мысалдар көп кездеседі. Құранның мұғжизасын жалпы баяндау-ға тырысқандықтан бұларға тоқтала алмай жатырмыз. Өйткені Құранның әр мұғжизасының баяндалуы бір кі-тап көлемінен асып кетеді.

Алғашында уаһи келген сайын Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) түскен аяттарды ұмытып қалмайын деп алаңдаумен асығып қайталап, еріндерін жыбырлататын еді.

Егер Құран Пайғамбардың өзінен шыққан болса, осындай әрекет істер ме еді? Аллаh Тағала Оны осындай әрекеттерден тиып, уаhиды қорғауды әрі сақтауды ке-пілдеген:

Page 167: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 167 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

«Соны (ұмытып қалмайын деп, әлі Жәбірейіл оқып бітірмей) қайталау үшін ерініңді жыбырлатпа! Соны (Құранды көңіліңе) жинау және саған оқыту біздің мін-детіміз…» (Қиямет сүресі 16-19 аяттар)

«Саған уаһи түскен сәтте келген Құран аятын дереу оқимын деп асықпа! «Раббым білімімді арттыр!ң-де!» (Таһә,114)

Осы аяттар Құранның Пайғамбардың шығармасы еместігін, құдайы болғанын дәлелдейді.

Осман бин Мазүн қайтыс болғанда Ансардан бір әйел:

«-Мен Аллаh Тағаланың сені шарапатты мәртебеге шығарғанына куәлік етемін», -деді.

Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бұл сөздерге қарап:

«Аллаhтың оны шарапатты мәртебеге шығарғанын қайдан білесің?»-деп айтып, қаза тапқандардың ар-тынан тек қана жақсы қайыр-дұға ету керек екендігін төмендегі сөздерімен баяндады:

«Әр пәни тәрізді ол да опат болды. Және ол үшін жақсы бір соң тілеймін...»

Тіпті осы мәселеде Аллаһтың Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Аллаһтың алдындағы өзінің әлсіздігін танытып:

«Мен Аллаhтың Елшісі бола тұрып соңымның, яғни ақыреттегі жағдайымның не болатынын білмеймін!..» - деп айтқан.

Міне Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) әлсіздікпен мойын игенін көреміз. Алайда өз сөзін күшейтуді қалаған адам нақты сөйлейді. Ал Хазіре-ті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) әлсіздікпен дұға етеді. Ғайыпты білмейтінін ашық әрі анық түрде біл-дірген Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

Page 168: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 168 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

сансыз ғайып хабарларын қамтыған Құран Кәрімді өзі жазды деген ой, түйсікпен қабылданбайтын ой.

ІІІ) Ғайыптан хабар беруі

Құран Кәрім ғайып туралы хабар беруде. Осы берген хабарлары да оның анық мұғжиза екендігін көрсетеді.

Құран Кәрім өткен замандарды қамтитын мәлімет-терді ақиқатқа сәйкес түрде баяндайды.

Осы мәліметтер турасында миләди жетінші ғасырда Меккеде білім саласында бір ұйым немесе жалпы мәдениеттерді білетін бірде-бір адам жоқ еді. Бүкіл та-рихи мәліметтер, саудагерлердің бір-бірлеріне қайшы түрде жеткізген аңыз түріндегі бірнеше Парсы ертек-терінен құрастырылатын. Ал Құран Кәрімдегі көне замандарға қарасты мәліметтер нақтылығы жағынан ешбір адамның ақылы мен парасаты арқылы жазыла-тын мәліметтер емес.

Ендеше ақылды адам ойлансын! Надан қауымның ішінен шыққан үмми, яғни оқу жазуды білмеген адам, құдайы сырлар бұлағынан бастау алмай, Құранның мағынасына бастау бола ала ма? Әрине бола алмай-ды. Бұл жағдай да Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) білдірген бүткіл хабарлардың, Аллаh тарапы-нан уаhи етілгенін көрсетеді. Бұл туралы аяттарда бы-лай бұйырылады:

«(Мұхаммед) Осы саған уаһи еткендеріміз ғайып ха-барларынан. Мәриямді қайсысы қолға алып тәрбиелейді деп жеребе жасалғанда, олардың қасында сен жоқ едің. Және олар осы мәселе туралы таласып жатқанда да сол жерде болған емес едің». (Әли Имран сүресі 44-аят)

«Міне осылай (Жүсіп пайғамбар қиссасы) саған уаһи еткендеріміз ғайыпқа қарасты хабарлардан. Олар

Page 169: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 169 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

(Жүсіптің бауырлары) бірлесіп қастық жасағанда қастарында болған жоқсың». (Юсуф сүресі 102-аят)

«Сен бұрын кітап оқи алмайтын едің және хат жаза да білмейтін едің. Егер бұрыннан оқу-жазуың болса, Аллаһты қабылдамағандар күмәнданар еді». (Анкәбут,48)

«Саған осы Құранды уаһи етумен қиссаларды ең жақсы түрде баяндап тұрмыз. Алайда сен бұдан бұрын хабарсыз едің…» (Юсуф сүресі 3-аят)

Шынында да сол кездері Ад және Сәмуд қауым-дарының жермен-жексен болулары және Нұh топаны туралы аздаған мәлімет, тек қана ертегі түрінде бар еді. Ал Құран Кәрім бұларды қазіргі кездегі тарих білімі әрі тарих философиясына сәйкес түрде, ең ғибратты күйде адамзатқа ұсынған.

Кітап иесі болған қауымның (христиандар және еврейлер) сенімі бойынша Асхабы Кәhф, яғни «үңгір тұрғындары» үңгірлерінде үш жүз «күн жылы» (Күн

санағы - қазір қолданылып жүрген күнтізбеге жақын шамамен 365

тәуліктен тұратын жыл, ай жылы - шамамен 355 тәуліктен тұрады (күн

жылынан 11 тәуліктей кем), сондықтан 33 жылда күн жылын бір рет озып

отырады) қалған. Құран Кәрім бұлардың үш жүз жылға қосымша тағы да тоғыз жыл қалғандарын баяндайды. Осы тоғыз жыл, үш жүз жыл ішіндегі «күн жылы» мен «ай жылы» арасындағы уақыттың айырмашылығынан. Көркем аятта:

«Олар үңгірлерінде үш жүз жыл және бұған қосымша тоғыз жыл қалды» (Кәhф сүресі 25-аят) - деп айтылған.

Жетінші ғасырда Меккеде әр түрлі ғылым сала-сында шексіз надандық көрінетін. Мысалы, матема-тикада қосу және алу деген амалдар жоқ еді. Сандар-ды асты-астына жазу, «нөл саны» деген түсініктер әлі жоқ еді. Сандар тек қана, сөздермен айтылып, жазыла-тын. Жоғарыдағы аят түскен кезде Мекке халқының

Page 170: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 170 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

әлеуметтік тұрмысында, сонымен қатар арифметикада да шексіз надандық болғанына қарасақ, жазуды және арифметиканы білмейтін қауым, әрі іштерінен шыққан үмми Пайғамбар «күн жылы» мен «ай жылы» арасын-да минуттық есепке келіп тірелетін айырмашылықты, есепті қайдан біле алады. Осы сияқты Құранда ақылмен іздеп табыла алмайтын тек қана нақыл мәліметтерінен тұратын баяндаулар көп кездеседі. Бұл мәліметтер на-дан қауымнан, әрі үмми бір адамнан қалай шығады?

Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)-нің мұғалімі Аллаh Тағаланың өзі еді. Сонымен қатар құдайы әмір бойынша әр-Рухул Әмин де (Жәбірейіл) Пайғамбарға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ұстаз болған. Жәбірейілдің міндеті Аллаh Тағаладан алған мәліметтерді, бұйрықтарды толығымен Пайғамбарға жеткізу еді.

Құран келешекке қарасты ғайыпты хабарлар бер-ген. Бұл хабарлар кезі келгенде Құранда білдірілгендей жүзеге асып жатыр әрі жүзеге аса береді.

Құран ешқашан жойылмайды. Ол әрдайым білімнің алдында. Көркем аятта айтылады:

«… Шын мәнінде ол - ардақты Кітап. Оның ал-дынан да артынан да бос сөз араласпайды. Ол сөзсіз дана, мақтауға өте лайықты болған Аллаһ тарапынан түсірілген» (Фуссиләт сүресі 41-42 аяттар)- деп айтады.

Құран өткенге және келешекке қарасты хабарларға толы. Бәрі шындықпен сәйкесуде.

Тарихта дүниеге келіп, бірақ жойылып кеткен мәдениеттер, өлтірілген Пайғамбарлар мен жоқ болып кеткен немесе килігу жасалып өзгертілген киелі кітап-тар қаншама. Бірақ Аллаh Тағала тек қана Құранның өзгертілмей, толығымен қорғалып, дәуірлер бойы жүретінін хабарлап:

Page 171: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 171 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

«Әлбетте Құранды біз түсірдік, қорғаушысы да әрине бізбіз!..» (Хижр сүресі 9-аят) - деп айтқан және Құранның ешбір кітапқа нәсіп болмаған құдайы қорғау-қолдаумен мәңгілік болатынын баяндаған.

Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өзіне уаhи түспестен бұрын Пайғамбар болатынын қиялдаған да емес еді. Бұл шындықты Аллаh Тағала бы-лай баяндайды:

«Сен өзіңе кітап түсірілетінін (пайғамбар болудан бұрын) ойлаған жан емес едің. Ол Раббыңның саған бір рақымы…» (Қасас сүресі 86-аят)

Дінді қорғау жөніндегі кепілдік тек қана Аллаh Тағалада.

«Әрине, егер қаласақ саған уаһи еткендері-мізді алып аламыз да кейін бізге қарсы сені қорғайтын ешбір күш таба алмайсың. Бірақ Раббыңның рақымы (арқылы Құран мәңгілік қалды). Өйткені Раббыңның саған деген ілтипаты тым зор». (Исра сүресі 86-87 аяттар)

Көркем аятта өте анық баяндалғанындай, Құранның килігу жасалынып бұзылмағанының жалғыз себебі - «құдайы жәрдем қолының оны қорғауы» болып табы-лады.

Римдіктер мен отқа табынатын мәжүсилер соғысып, мәжүсилер римдіктерді жеңген еді. Бұдан өздеріне пай-да келтіргісі келген мүшриктер мұсылмандарға:

«Қәне, кітап арқылы үстем болатындарыңды ойлап едіңдер. Міне мәжүсилер кітап иесі болған римдіктер-ді жеңді», - деп мұсылмандардың иманы мен бекімде-рін шайқалтуға тырысып жатқан еді. Аллаh Тағала бұл жағдайға қарай мүшриктерге қайғы, ал мұсылмандарға қуаныш әкелетін осы аяттарды түсірді:

«Әліф. Ләм. Мим. Римдіктер жеңілді. Ең жақын жерде олар жеңілгеннен кейін жедел жеңіске жетеді.

Page 172: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 172 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Бірнеше жылдың ішінде. (3 пен 9 жылдың арасында) Іс бұрын да, кейін де Аллаһтың еркінде. Сол күні мүминдер Аллаһтың жәрдемімен көңілдері көтеріліп, қош болады. Ол сөзсіз үстем, ерекше мейірімді». (Рум сүресі 1-5 аяттар)

Сол кезде Византия сондай әлсіз, күшсіз қалған мемлекет болғандықтан, ешбіреуі ойсырай жеңілген бір жеңілістен кейін қайтадан жеңіске жетуді болатын жағдай деп ойламайтын.

Бірақ Құран сөзді күшейтіп былай айтқан еді:

«Бұл Аллаһтың уәдесі. Аллаһ уәдесінен айнымайды, бірақ адамдардың көбі осыны түсінбейді». (Рум сүресі 6-аят)

Ақыры Аллаh уәдесін орындады. Тарихшылардың жазғандарына сәйкес түрде тоғыз жылға жетпейтін уақыттың ішінде римдіктер парсыларды жеңді.

Римдіктер осы жеңіске жеткен күні мұсылмандар да Бәдір соғысында мүшриктерге қарсы жеңіске жетіп қуанған еді.(Тирмизи)

Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Меккедегі мүшриктердің істеген зұлымдықтары көбейгенде Жүсіп жылдары (Жүсіп пайғамбар Мысыр

патшасының түсін жорып: «9 жыл берекелі жыл, артынан 9 жыл

ашаршылық болады» - деген) тәрізді ашаршылық болуын тілеп қарғады. Аллаh Тағала да:

«Ендеше аспаннан ашық түрде тұман әкелінетін күнді күт! Тұман барлық адамдарды орап алады. Бұл жан түршігерлік азап» (Дұхан сүресі 10-11 аяттар) деп бұйырды.

Бұхари хадис кітабында:

«Бір адам көкке қарағанда аштықтан жер мен көк арасын тұмандай көретін», - деп айтады.

Жоғарыдағы аят былай жалғасады:

«Шынында да азапты біраз азайтамыз да сендер де бұрынғы қалыптарыңа қайта түсесіңдер. Бірақ

Page 173: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 173 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

қаттырақ ұстап соққан күнде (қиямет күні) сөзсіз біз тиісті жазаны берушіміз». (Дұхан сүресі 15-16 аяттар)

Осы аяттарда ғайып туралы үш хабар беріледі:

1. Қиыншылықтардың жеңілдетілетіні;

Расында мүшриктер қуаңшылық кездерінде жаңбыр жаууы үшін Пайғамбарға келіп дұға етуін сұрағаннан кейін, Ол қол жайып:

«Ей, Раббымыз! Бізден азапты көтер. Шынында да енді біз сенеміз!» (Дұхан сүресі 12-аят) - деп жалбарын-ғанда Аллаh Тағала дұғаларын қабыл алып, жаңбыр жауғызған.

2. Мүшриктердің қайтадан айлаға көшіп, тұзақ дай-ындайтындары;

Расында мүшриктер иман келтіретіндеріне қарасты берген сөздерінен тайып, қайтадан бұрынғы күйлеріне түсіп, мұсылмандарды жеңу үшін Бәдір соғысын дайындаған еді.

3. Ақыры мүшриктерден өш алынатыны білдіріледі;

Расында Бәдір жеңісі күні құдайы азап мүшриктерді қатты қинап, масқара қылған. Сол күні мүшриктердің атақтыларынан жетпіс кісі өліп, тағы да жетпісі тұтқын болған.

Бұрыннан Уәлид ибн Мұғира туралы:

«Оған аяттарымыз оқылған сәтте: «Бұл бұрынғы заманның ертегісі ғой»-деді. Біз оның мұрынына таңба салып белгі қоямыз» (Қалам сүресі 15-16 аяттар) аяттары түскен еді.

Бәдір күні Уәлид мұрынынан жараланып, мүгедек болды да бетіне өмір бойғы құдайы таңба түсті.

Сол Бәдір күні Қамер сүресінің 45-аятында қосымша білдірілген төмендегі құдайы уәде де жүзеге асқан.

«Сол қауым жеңіліске ұшырап, арттарына бұрылып қарамастан қашады!»

Page 174: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 174 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Хазіреті Омар (радиаллаһу анһу) аяттағы ақиқатқа қатысты былай деп айтқан:

««Бұл аят түскенде, бұл қайсы қауым екен?» - деп ойладым. Бірақ бұл қауымның кімдер болатынын анықтап таба алмадым. Өйткені, біздер (мұсылмандар) күшіміз жағынан Бәдір күні өте аз едік. Бірақ кейіннен Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Бәдір күні осы аятты қайталап оқып жатқанын көрдік. Сол күні жап-жаңа Құран мұғжизасы көрініс тапты».

Мүминдер алғашында Пайғамбарды (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мүмкін болған қауіп-қатерден қорғау үшін, Оның жанында кезекпен күзетте тұратын. Бірақ Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

«... Аллаh сені адамдардан (адамдардан келетін зи-яндардан) қорғайды!» (Мәйда сүресі 67-аят) аяты түскенде, жанындағы күзетті алып тастаған: Әуестікпен әрі ма-хаббатпен өзін қорғау үшін таңға дейін ұйықтамаған, жанын пида ететін сахабаларына:

«Енді үйлеріңе барыңдар. Өйткені мені қорғауды Ал-лаh өз мойнына алды»,- деп айтты. (Тирмизи)

Затұрриқа соғысында Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір ағаштың түбіне дем алу үшін тоқтап, қылышын ағаштың бұтағына іліп қойған еді. Сол кезде, Аллаhтың Пайғамбары жападан жалғыз ұйықтап жатқанын көрген бір мүшрик дереу бұтақтағы қылышты алып Пайғамбардың алдына тұрды. Сол кез-де оянған және ешбір асығыстық белгісін көрсетпеген Пайғамбарға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

«Менен қорықпайсың ба ?!»- деді.

Ол да:

«Жоқ!» -деп жауап қайтарғанда, мүшрик:

«Қазір қолымнан сені кім құтқарады?»-деді.

Page 175: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 175 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) да, орнынан түрегеліп:

«Аллаh құтқарады, қылышты таста!» - деп айтты.

Пайғамбардың табандылығы мен айбатынан шошып кеткен әлгі адам, сасқалақтап, қылышты тастай салды. (Муслим)

Міне, Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) осындай ең қорқынышты кездерде де шексіз сенімді әрі тәуекелшіл еді.

Осыған ұқсас бір оқиға Хунәйн соғысында да болды. Сол күні мұсылмандар бытырай қашып кетіп, Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қалың жаудың ортасын-да жалғыз өзі қалған еді. Бірақ Ол, бұл қауіпті жағдайға қарамастан жылқысын дұшпандардың ішіне айдап, «Міне араларыңдамын, қолдарыңнан келгенді істеңдер» - дегендей жаудың дәл ортасына дейін кіріп кетеді де, күшті бір дауыспен былай айқайлады:

«Мен шын Пайғамбармын, бұл сөзім өтірік емес. Мен Әбдулмуттәліптің ұлы Абдұллаhтың баласымын»,

Оның осы шексіз ерлігі мен жаужүректігінің алдын-да сасқалақтап қалған дұшпандары ештеңе істей алма-ды да, зиян да келтіре алмады. Аллаh осы соғыста Ұлы Пайғамбарына көзге көрінбейтін әскерлерімен жәрдем жіберіп, дұшпанды өз қолымен қуған еді.

Хижраттан кейін ансар мұхажирлерді бауырына басқан еді. Сол себепті бүткіл мүшрик арабтар да дәл бір жұмылған жұдырықтай болып бір араға жиналған. Са-хабалар қарусыз жатып тұра алмайтын болған еді де өз араларында:

«Аллаhтан басқасынан қорықпайтындай күн туа ма?»- деп айта бастағанда төмендегі аяттар түсті:

Page 176: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 176 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

«Аллаһ сендерден иман келтіріп ізгі іс істегендерге, өздерінен бұрынғыларды жер жүзінде қалай үстем ет-кен болса, оларды да үстем ететініне және олар үшін таңдап, разы болған дінін бекемдеп беретініне және олардың қорқыныштарын жойып, бейбітшілікке жеткі-зетініне уәде берген». (Нұр сүресі 55-аят)

«Ант ішемін, Таураттан кейін Забурда да: «Әлемге менің жақсы құлдарым мұрагер боладың -деп жаздық». (Әнбия сүресі 105-аят)

Расында қысқа мерзімнен кейін Ислам әскерлері «иғлаи кәлиматуллаh», яғни Аллаhтың сөзін үстем қылу міндеттерін бүткіл әлемде орындау жолында ілгерілеп, сол дәуірдің ең күшті мемлекеттері болған Византияны тізерлетіп, Парсы империясын да «тарихқа көмген».

Қызыл теңіздің толқындарында тұншыққалы жат-қанда мәжбүрлікпен иман келтірейін деген Перғауынға Аллаh Тағала:

«Қазір иман етесің бе? Алайда сен бұдан бұрын (өмір бойы) қарсы келіп, әрдайым бұзғыншылардан болған едің! (Яғни бір пәлеге ұшырағанда есіңді жиып Аллаhқа мойын игенсің. Бірақ амандыққа жеткенде бұрынғы күйіңді қайта жалғастырғансың! Қазір де со-лай істейтіндігіңнен, енді сенің иманға бұрылуыңның ешқандай мәні, күші жоқ!)» (Жүніс, 91) түсініктемесімен, үмітсіздік күйінде келтірген иманын қабылдамай тағы осылай айтқан:

«(Ей Перғауын!) Сенен кейін келгендерге ғибрат бол-сын деп Біз бүгін сенің жансыз денеңді (құрлықта биік бір жерге лақтырып) қалдырамыз. Әлі де адамдардың бірталайы аяттарымыздан хабарсыз» (Юнус сүресі 92-аят)

Ғалым Замаhшари, осы аятқа былай түсініктеме бе-реді:

Page 177: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 177 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

«Cені теңіздің шетінде бір бұрышқа лақтырамыз да, сүйегіңді бүтін, бұзылмаған күйде әрі жалаңаш түрінде өзіңнен кейінгі ғасырларда келешекте келгендерге ғибрат (үлгі) үшін сақтаймыз».

Соңғы жылдарда жасалған зерттеулерде, Құранда әңгіме етілген осы Перғауынның сүйегі теңіздің жағасында сәждеге жығылғандай күйінде табылған. Қазір осы сүйек «Бритиш Музеюмда» халыққа ғибрат үшін көрсетілуде. Бұл ақиқат Аллаh Тағаланың Құран Кәрім қиямет-қайымға дейін жалғаса беретінін білдір-ген бір мұғжизасы болып табылады.

ІV) Ғылыми табыстар туралы хабар беруі

Құран Кәрімде ғылыми даму және табыстарға жарық беретін бірталай аят бар. Бұлар да Құранның келешекке қарасты бір иғжазы болып табылады.

Бірақ Құранның негізгі мақсаты - тәуһидті, яғни Аллаhты бірлеу жүйесін қабылдатып, адамзатқа тура жолды көрсетуші болу. Расында қарастырған бүткіл мәселелерді осы негізгі мақсатқа сәйкес ұсынады. Сонымен қатар, табиғи білімдер саласына кіретін мәселелер турасында адамзатқа ғибрат болу үшін берген мәліметтер де толығымен ақиқатпен сәйкес түрде. Бұл Құран Кәрімнің қияметке дейін бүткіл замандар мен ме-кендерде жалғасатын ерекше иғжазы болып табылады. Осы сәйкестіктер Құран Кәрімнің көркем салтанатын қайтадан белгілеп ортаға қоюға дәнекер болады. Шы-нында үнемі дамып бара жатқан ғылыми жаңалықтар Құран берген мәліметтерді растап бекітер күйде. Мысал ретінде келесі жағдайларды айта аламыз:

БиологияАдамның көбеюі мен эмбрионның құрастырылу

мәселесінде Құран, қазіргі кездегі білім жаңадан тапқан

Page 178: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 178 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

бірнеше нақты мәліметтер беруде. Бұлар Хаж сүресінің 5-ші және Мүминун сүресінің 11-13 - аяттарында егжей-тегжейлі түрде түсіндірілген:

«Әй Адам баласы! Егер өлгеннен кейін қайта тірілу-ден күдіктенсеңдер, әрине біз сендерді топырақтан содан соң жыныстық тамшыдан, кейін ұйыған қаннан, бейне-ленген, бейнеленбеген кесек еттен өздеріңе тектеріңді білдіру үшін жараттық. Сондай-ақ жатырларда қалаған мерзімге дейін қойып қоямыз. Соңында бөбек түрінде шығарамыз. Одан кейін ержетесіңдер. Кейбіреулерің қайтыс болып, кейбіреулерің әр нәрсені білгеннен кейін түк білмейтін өмірдің ең нашарына қайтарыласыңдар. Сен жердің қурап, қаңсығанын көресің. Бір жаңбыр жаудырсақ оған жан бітіп, көпсіп шыға келеді де, түрлі өсімдіктерді өсіреді». (Хаж сүресі 5-аят)

«Адамды Біз топырақтың ең асылынан жараттық. Одан соң оны ұрықтың тамшысына айналдырып, өте сенімді орынға (жатырға) орналастырдық. Одан әлгі ұрықты ұйыған қанға айналдырдық. Ұйыған қанды бір жапырақ етке айналдырдық. Бір жапырық етке сүйек бітірдік, одан соң сүйекке ет қондырдық, оған жан кір-гізіп басқадай жаратылысқа айналдырдық. Аса шебер Жаратқан ием (хикмет те, құдірет те) барынша ұлы». (Муминун сүресі 12-14 аяттар)

Адамның рухани құрылысы, Аллаh Тағалаға жете алатындай қабілетпен жаратылған. Сонымен бірге дене құрылысы да Ұлы Аллаhтың орасан әрі айбынды бір таңғажайып өнері. Аллаh Тағала бұл аяттарда осы үлкен өнеріне назар аудартады. Аяттағы басқа бір сыр адамзат баласының пішінсіздіктен ең жақсы бір пішінге кіруі.

Жаратылысқа байланысты аяттарды баяндау ретінде Аллаhтың Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай айтады:

Page 179: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 179 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

«Әрбіреулеріңіздің жаратылыс ашытқысы ана жа-тырында жыныстық тамшы (шәует) болып қырық күн теріліп жиналады. Одан соң (қырық күн ішінде) ұйыған қан күйіне келеді. Және сондай (бір қырық күн тағы бір жапырақ ет) күйінде. Бұдан кейін бір періште жіберіледі де (Аллаhтың бұйрығымен) оған рух (жан) үрлейді және ырыздығын, ажалын, амалын, тозақтық немесе жәннәттық болатынын жазады».

Ұрықтың ана жатырында өткізетін алғашқы қырық күні хадисте нутфе мерзімі деп баяндалған. Осы кез-ге дейін бірталай дене мүшелерінің алғашқы белгі-лері көріне бастағандықтан Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) айтқан «теріліп жинала-ды» баяндамасы ақиқатпен дәлме дәл сәйкеседі.

40 пен 80-інші күндер арасы алақа мерзімі, 80-ші мен 120-күндер арасы ұрықтың (жатырдағы бала) «кесек ет» мерзімі болады. 120-сыншы күнде, яғни ұрықтанғаннан кейінгі төртінші айдың басында, іште жатқан ұрыққа бір періште жіберіліп рух (жан) үрленеді*.

Құран Кәрімнің және хадистердің берген мәліметтері мен «жаңа» биологияның осы мәселелердегі табыстары салыстырылғанда, араларында ешбір айырмашылық болмай дәлме-дәл сәйкестік көрінеді. Алайда Құран бер-ген осы мәліметтер 19-ғасырдан бұрын жер жүзінің еш-бір жерінде білінген емес еді. Құран адамзат баласының

* Адамда екі рух болады. Жәнин - жатырда ең әуелі халқ (жаратылыс) әлемінен келген рухпен өсімдік тәрізді өмірін жалғастырады. Халқ әлемінен келген осы рух дене өлгенде жоғалады. Ал екінші рух әмір әлемінен болады. Аллаһ Тағала Құран Кәрімде: “Мен Оған (адамға) пішін берген және рух үрлеген уақыт...” (Хижр, 29) түрінде айтқан жағдай. Осы рухта мәңгілік сипат бар. Оған өлім жоқ. Қиямет күні оған қайтадан дене кидіріледі. Хадисте баяндалғанындай бір періште 120-күні осы рухты сүйекке үрлейді. 120 күнге дейін дамыған сүйек өсімдік тәрізді үлкею күйінде болады. 120-күні Аллаһтан келген рух үрленгеннен кейін адамдық және рухани сипаттар құралады.

Page 180: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 180 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

көбеюіне байланысты болған әрі ғасырлар бойғы зертте-улерден кейін ортаға шыққан ақиқаттарды он төрт ғасыр бұрын, нақты түрде баяндаған. Шынында да бірталай мұсылман емес эмбриология мамандары осы ақиқатты үйренгенде Құранды растап, бекіткен. Осы ғалымдардың біреуі канадалық профессор др. Кейтч Л.Мооре.

Канадалық профессор др. Кеитч Л. Мооре эмбрио-логия туралы жазған шығармасында, адам баласының жатырдағы даму мерзімдерін түсіндіргеннен кейін, осы мәліметтерді Құран аяттарымен салыстырады да білімнің Құран Кәріммен сәйкестікте екенін, тіпті Құран берген мысалдарымен және түсініктемелерімен медици-на ілімінен көш ілгері екендігін мойындайды.

Кеитч Құрандағы нутфе, алека және мұдға сөз-дерімен баяндалған мерзімдердің бәрінің де ғылыми ақиқаттармен сәйкестігіне қосымша медицина әлеміне үлкен бір «жарық» болғанын баяндайды. Нутфе күйі деп баяндалған мерзім ғылыми зерттеулердің бүкіл мазмұнын қамтиды. Алека мерзімі ілінген (ортада тұрған) және ұйыған қан сияқты көрінеді. Ұрықтың (жатырдағы бала) бүткіл өмір ерекшеліктері, осы қойылып қалған қанда жиналған. Ал мұдға шайналған ет деген. Түріне қарағанда үстінде тістің іздері бар-дай, шайналған бір жапырақ ет сияқты көрінеді. Бұл зерттеулердің нәтижесінде Кеитч Құран мен Хазіре-ті Пайғамбарға қайран қалып, Құранның 1400 жыл бұрынғы бұл мұғжизасын толық сеніммен қабылдайды.

Осындай «қабылдауларды» Құран Кәрім мұғжиза ретінде былайша білдіреді:

«Өздеріне білім берілгендердің, саған Раббыңнан түсірілгеннің хақ екендігіне және мақтаулы, үстем Аллаһтың жолына салатындығына көздері жетеді». (Сәбә сүресі 6-аят)

Кеитч бұл қабылдауына қосымша, өткізген бір кон-

Page 181: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 181 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

ференциясында Құран Кәрімнің эмбриологияға қатысты ақиқатын былайша мойындайды:

«-Құран мен сүннет келтірген мұғжизалар туралы сіз-дерге конференция ашқаным үшін өте қуаныштымын!

Қазіргі күніміздегі білім мен технологияның жаңа-дан тапқан шындықтардың, ақиқаттардың бұдан 14 ғасыр бұрын үмми адам тарапынан айтылуы мені сасқалақтатып, таң қалдырды. Жасаған зерттеулерімнің барлығы, бағалауымды сөзсіз Құранның уаhи туындысы болғаны жөніндегі нақты бір пікірге келтірді».

Жаратылысқа байланысты жоғарыда айтылған көркем аяттарға қосымша адамзат баласының жатыр-да өсуі кезіндегі мерзімдердің үш бөлек мекенде жүзеге асатыны Зүмәр сүресінің 6-аятында былай білдіріледі:

«...(Аллаh) сендерді де аналарыңыздың қарынында үш қабатты қараңғылық ішінде түрлі мерзімдерден өткізіп жаратады...».

Биологиялық тұрғыдан қарағанда осы үш қараңғы орынның, эмбрионның даму кезінде бірінен біріне өтетін үш орын болғаны баяндалуда.

Америкада анатомия кафедрасының бастығы болған профессор др. Маршал Жонсонды да Құранда баяндалған жаратылыс мерзімдері таң қалдырып, «мұдғаның» қамтыған ақиқаттары оның назарын ерекше тартқан.

Бір шайнамдық ет... Дәл тістердің түзілуі секілді терілген күйде. Шайналған бір жапырақ еттің үстінде қалған тіс іздерінің көрінісі. Түгелі бір сантиметр (дәл бір жұтымдай).

Мұдғада адамның бүткіл ерекшеліктері бар. Бірақ осы ерекшеліктердің кейбіреуі істей бастаған, кейбіреуі істемеген! Медицина осы жағдайды түсіндіретін сөз таба алмай жатыр. Мүшелер істеп жатыр дейін десе, істеме-гендері бар, істемейді десе, істеп жатқандары бар. Ал Құран мұны «белгілі белгісіз бір шайнам ет» деп сипат-

Page 182: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 182 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

тап бүткіл мәліметтерді қамтыған бір сөзбен 1400 жыл-дай бұрыннан «түйінді» шешіп қойған.

Міне Құран берген мәліметтерді алдымен қабыл-дамай, кейіннен толығымен қабылдауға мәжбүр болған, тіпті осы кезде бірталай жаңа ақиқаттарды да білген профессор др.Маршал, ақыры былай айтудан өзін өзі тоқтата алмады:

«-Ия, ғалымдар тобына жарық берген осы Құран Аллаh тарапынан түсірілген. Кезі келген сайын соның ақиқаттары осылайша бірте-бірте ашылып, ортаға шығады. Аллаh түсірген:

«(Құран білдірген шексіз ақиқаттар жарияланған) әр хабардың (және ұлы мәліметтердің) жүзеге асатын бір заманы бар. Жақында сендер де шындықты білесіңдер!» (Әнғам сүресі 67-аят) аяты жүзеге асады».

Білім 17-ғасырда әлі микроскоп табылмастан бұрын шәует (сперма) ана жатырына дәл бір адам түрінде кі-реді деп пайымдап, адамның жаратылысындағы мер-зімдерді білмейтін. Осы көзқарас 18-ғасырда да, тіпті 19-ғасырдың жартысына дейін жалғасып, ғалымдар адамның үш бөлек кезеңде жаратылатындығының шындығына жете алмаған. Бірақ соңғы кездердегі техникалық мүмкіндіктердің әбден күшеюінен осы мәселеде жеткілікті зерттеулер жасай алды да 1400 жыл бұрын Құран баяндаған ақиқаттың табалдырығына жете алды.

Осы тұрғыдан қарағанда бүткіл ғылыми зертеулер тура түрде нүктеленіп толығымен аяқталғанда ортаға шыққан шындықтың Құранды бекітуден басқа нәрсе емес екенін айта аламыз. Қалай бір кездері Құран «күн айналадың дегенде, күннің айналмағанын дәлелдеуге тырысқан ғылым, бүгін шындықты көріп, «Ия, күн айналады екен!ң деген дәрежеге жеткен болса, басқа

Page 183: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 183 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

да ақиқаттардың бәрі мүмкіндіктері ілгерілегенше сол дәрежеге келеді.

Бүткіл адамзат келешекте Құран Кәрімге мойын иіп, қабылдауға мәжбүр болады.

Мінеки, Құран Кәрім барған сайын дамыған био-логиялық мұғжиза сырымен біздерге жаңадан бел-гілі болған осы ғылыми ақиқаттарды және құдайы тәртіпке салуды биология саласында бір де бір жаңалық ашылмаған он төрт ғасыр бұрын хабар беріп, баяндаған. Бұл Құранның ұлылығы мен салтанатын көрсететін дәлелдердің біреуі ғана.

ДактилоскопияСаусақтардағы бедерлерді зерттейтін бұл білім са-

ласы саусақ ұштарындағы бедерлердің өмір бойы өзгермейтінін, бір адамның саусақ ұштарындағы бе-дерлері басқа адамдікіне ұқсамағанын ортаға қойған. Сондықтан қауіпсіздік, заң органдарында ең сенімді си-паттану (опознание) саусақтағы бедерлер арқылы жаса-луда. Осы ақиқат, 19-ғасырдың аяғына қарай табылып, пайдаға аса бастаған. Ал Құран Кәрім:

«Адам баласы біз сүйектерді жинай алмайды деп ойлай ма? Әрине жинаймыз, оны саусақтарының үшіне дейін әдемілеп, орын-орнына келтіріп қайта жасай аламыз» (Қиямет сүресі 3-4 аяттар) деп айтып, саусақ ұштарының осы ерекшелігіне талай ғасырлар бұрын на-зар аудартқан.

Ешбір адамның беті басқасына ұқсамағанындай саусақ ұштарындағы бедерлер де толығымен өзгеше өрнектер мен түрлерде салынған. Осыншама кішкене әрі тар жерде осындай қайталанбастай өзгеше әрі кере-мет өрнектердің салынуы шексіз бір құдірет пен ғылым иесі болған және ең үлкенінен кішісіне дейін әр нәрсені оңайлықпен жаратып бүткіл жаратылғандарды кәміл

Page 184: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 184 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

бір тәртіпке бағындырған және өнерін жүргізген ұлы Заттың туындысы.

ДерматологияТайланд Жайн-Майн Университетінің Медицина

Факультетінің деканы профессор др.Тажакет Тажасонға бір медицина конференциясында Құран Кәрімдегі ғылыми ақиқаттар туралы айтылғанда, алғашында мән бермей:

«Осыған ұқсас мәліметтер біздердегі кришна (Будда) дінінің киелі кітаптарында да бар», - деген.

Бірақ сөзінің дәлелденуі сұралғаннан кейін зерттей бастайды да бар деп айтқан мәліметтердің ешбіреуін таба алмайды. Бұдан кейін Құрандағы баяндамаларды зерт-тейді де бұрынғы істеріне өкінеді. Осы мәселе туралы таласқан мұсылман білім адамдарынан кешірім сұрауға мәжбүр болады.

Тажасон бұрыннан азапқа байланысты зерттеулер жасап мынандай нәтижелерге жеткен:

Тері отта жанып сезімі жоғалғанда, қайтадан сол сезімді жандандыратын бір жағдай керек. Яғни азап тері үстінде болғандықтан, тері жанып-жанып ішіндегі бұлшық ет бұзылады да істемей қалады. Осы жағдайда енді азап сезілмейді. Өйткені ми басқаратын сезу жұмысын тері арқылы жүргізеді. Басқаша айтқанда тері - бұлшықет өз міндетін атқаратын алаң деп есеп-теледі. Сондықтан тері жанып көмірдей қарайып кет-кенде бұлшықеттер міндетін атқара алмайды. Жаңа бір тері кидірілуі керек. Сонда ғана азапты сезетін жүйе қайтадан құрылады.

Осындай ғылыми табысқа жеткен Тажасонға төмендегі аят көрсетіледі:

«Негізінен ондай аяттарымызға қарсы шық-қандарды жедел тозаққа саламыз да, олардың тері-лері жанған сайын азапты татулары үшін, оны басқа

Page 185: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 185 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

терілерге ауыстырамыз. Шексіз Аллаһ тым үстем, аса кемеңгер». (Ниса сүресі 56-аят)

Тажасон аяттан өте қатты әсерленіп, Құранның адам сөзі болмағанын қабылдап, мойындады. Мемле-кетіне қайтқанда өткізген бірінші конференцияда оқушыларынан бес кісі иман келтіріп, мұсылман болды. Ақыры өзі де Риадта өткізілген сегізінші медицина кон-грессінде иман келтіріп, қуанышпен: «Мен де мұсылман болдым!» - деп айқайлады. Және бұдан кейінгі өмірін Құранға арнады.

Сүттің пайда болуы(Құрастырылуы)

Сүтті құраған элементтердің хайуан денесінде пай-да болатын жер туралы Құран Кәрімде берілген мәлімет қазіргі кездегі ғылыми табыстармен бірдей. Осы мәселеге байланысты аятта былай айтылады:

«Шын мәнінде сендер үшін малдар да ғибрат бар. Малдың қарнындағы қанымен жынның арасынан шыққан ішушілерге сүйкімді нағыз сүтті сендерге ішкі-земіз». (Нахыл,66)

Аяттағы жын мен қан сөздері химияның және сіңдіру физиологиясының жеткен табыстарының арқасында қазіргі кезде енді ғана түсініліп отыр. Хазі-реті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) кезінде-гі ғылымдар осы туралы мәліметтерді мүлдем білмейтін еді. Бұл мәліметтер жиырма бірінші ғасырдың алдын-да әрең табылды. Ал қан айналу жұмысын Құраннан он ғасырға жуық уақыттан кейін Харвей тапқан.

Осы жаңалықтарға ишарат еткен бір аяттың Құран Кәрімде болуы білдірілген заманның қаншылықты бұрын болғаны ойланса, ешбір түрде адамзаттық бір шығармамен түсіндіре алынбайды.

Page 186: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 186 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Ана СүтіБұл жерде ана сүтіне байланысты бір ақиқат туралы

сөз етілсе дұрыс болады. Құран Кәрімде:

«Емізуді тоқтатқысы келген кісі үшін, аналар бала-ларын толық екі жыл емізеді...» (Бақара сүресі 233-аят)

«Біз адамзат баласына ата-анасына қарайласуды ұсынамыз. Өйткені анасы қаншама қиын-шылықтарды көре тұрып оған жүкті болған. Омыраудан айыру да екі жылда болады» (Лұқман, 14) - деп айтылып, балалардың толық екі жыл емізілуі ұсынылады.

Қазіргі замандағы дамыған медицина білімі де, анасының баласын емізуі өзінің және баласының денсаулығына өте маңызды екендігін белгілеп қойған.

Ана сүті, құдайы құдірет ағыстарына толы бір кәмілдік көрсетеді. Онда баланың өмірлік қажеттері бо-лып табылатын витаминдер, гормондар, қорғаушы эле-менттер бар.

Ана сүтінде баланың өсуі үшін қажетті негізгі эле-менттер болған протейн, шекер, май, фосфор және витаминдердің барлығы нәрестенің денесіне сай келетін түрде өте сәйкес өлшемде кездеседі. Бұлар құдайы түрде тәртіпке келтірілген.

Ана сүтінде нәрестенің алғашқы алты айында барлық микробтық (жұқпалы) аурулардан қорғайтын имму-нитет заттары бар. Осындай және басқа да себептермен әсіресе баланың алғашқы алты айында тек қана ана сүтімен қоректенуі биологиялық қажеттілік.

Дамыған білім бойынша да емізу уақыты толық екі жыл болуы керек. Өйткені бауырдың қан жаса-уы себебімен жұмысы ауыр болып және мүшелер өсу күйінде болғандықтан ана сүтіне деген қажеттілік екі

Page 187: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 187 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

жыл жалғасады. Басқаша айтсақ, өсудің ең маңызды мерзімдерінде табиғи биологиялық заттарға деген қажетті уақыт екі жыл деп саналады. Өйткені медици-на нәрестенің алғашқы екі жылдағы өсуінің ең маңызды дәуірі екенін нақты түрде белгілеген.

Және де медицина нәрестені 1-2 жыл емізген анада биологиялық жаңару болатынын, емізудің нәтижесінде омырау рагының өте аз кездесетінін, ал нәрестесін еміз-беген аналардың денсаулығы қауіпті болғандарын баян-дауда.

Осы айтылған пайдалардың бәрі кәміл түрде пайда болуы үшін емізу мерзімі екі жылға созылуы керек. Бұл да бір Құран мұғжизасы.

Сонымен қатар Ниса сүресінің 23-аятында өзде-рімен үйленулеріне тиым салынған әйелдердің ішінде саналғанда сүт қарындастары, яғни басқаның баласы бо-лып тұрып, бір шешеден сүт емген қыздар да саналады.

Ислам заңы бойынша балалық шақтың алғашқы екі жылы ішінде болған емізулерде сүт бауырлығы пайда бо-лады. Екі жылдан кейінгі емізулерде осы бауырластық болмайды. Демек екі жылдан кейін ана сүті өзіндегі не-гізгі ерекшеліктердің көбін жоғалтады.

Ана сүті баланың жатырда ортаға шығуымен бірге пайда болады. Басқа бір бала екі жылдың ішінде осы сүттен азғантай болса да емсе сүт бауырлығы пайда болады. Бұл сүт баланың жаратылуымен бірге пайда болғандықтан соны емген басқа баланың мінез-құлығы, сипаты да сол жатырдан шыққан баламен бірдей бола-ды. Яғни ортақ сипатты иеленген бір бауырлық сипат пайда болады. Сол себептен Исламда әңгіме етілген аятпен сүт бауырлардың бір-бірлерімен үйленулері ха-рам қылынған, яғни тиым салынған. Бір анадан туған бауырлық сияқты, сүт бауырлығы да махремиет шарт-

Page 188: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 188 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

тарына (Үйленуге болатын не болмайтын кісілердің тізімін жинаған

шарттар) бағынады.

Осы тиымның өте көп және қазіргі уақыттарда әлі бі-лінбеген сырларды қамтығаны сөзсіз.

Астрономия

Әлемнің ең алғашқы затының не болғаны тура-лы көне замандардан бері бірталай ойлар, пікірлер айтылған. Бірақ бұл мәселе осы кезге дейін нақты түрде анықталмаған. Сонда да ортаға қойылған пікірлер арқылы Құран Кәрімнің бұл мәселеге қатысты ақиқатын және иғжазын өте жақсы түсінуге болады.

Көркем аяттарда:

«Әуелде көк пен жер бір тұтас еді ғой. Біз екеуінің арасын ажыраттық, жанды мақұлықтың барлығын су-дан жараттық. Кәпірлер осыны қалай білмейді? Оған неге сенбейді?» (Әнбия сүресі 30-аят)

«Сонан соң (Аллаһтың еркі) аспанға бет бұрды. Бұл кезде аспан бұлыңғыр түтін ғана еді» (Фүссиләт сүресі 11-аят) деп айтылады.

Қазіргі кездегі астро-физиктердің осы саладағы ой-пікірлері де жоғарыдағы аяттардың мазмұнына сәйкес.

Токио Ғылыми Зерттеулер Орталығының бастығы профессор Др. Иушили Козаина жердің пайда болуы ту-ралы Құрандағы мәліметтер ұсынылғанда:

«-Бұл кітап қашан түскен?» - деп сұрады.

«-1400 жыл бұрын», - деп жауап берілгенде өте қатты таң қалып, былай деді:

«Күмәнсіз бұл кітап әлемге төбесінен қарайды. Қарасаңдаршы не бар не жоқ әр нәрсені ұсақ-түйегіне шейін көрген әрі күш жеткісіз бір кәмілдікпен түсін-дірген! Оған құпия болатындай ешбір нәрсе жоқ!»

Page 189: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 189 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Профессор Иушили бір конференциясында жер-дегі және көктегі басқа заттардың пайда болуы ту-ралы қазіргі заманымыздағы білім дүниесінің өте нақты табыстарға жеткенін айтып және осы заттардың тұрақты газ тобы күйінде тұрған кезінде жарылуының нәтижесінде пайда болғанын түсіндіріп жатыр еді. Міне оған өзін таң қалдырған Құран мәліметтері осы кезде берілген еді. Құран осы жаратылу күйіндегі бол-мысты «дұхан» деп атаған еді де, осы сөз профессорға түйсігін ерітетіндей әсер етті. Өйткені сол кезге дейін, білім газ тобының жарылуының нәтижесінде белгілі бола бастаған жағдайды «тұман» сөзімен баяндаған еді. Алайда тұманда сұйықтық пен су сияқты ерекшеліктер болғандықтан «тұман» сөзі осы ақиқатты түсіндіре ал-майтын еді. Ал Құран «дұхан», яғни «түтін» деп айтуы-мен толық мағынада түсініктемесін беріп, реакционист ғалымдарға да жол көрсетіп, жарылудағы қызу туралы сөз еткен. Сондықтан Құран білімнің өте алмаған есігін 1400 жыл бұрын ашып, адамзатқа (олардың жаңадан біл-ген) кәміл бір ақиқат мәліметін берген. Расында көркем аят, осы мұғжизаны қандай анық түрде баяндайды:

«(Сүйіктім!) … Өздеріне білім берілгендердің, саған Раббыңнан түсірілгеннің хақ екендігіне және мақтаулы, үстем Аллаһтың жолына салатындығына көздері жете-ді». (Сәбә сүресі 6-аят)

Кім біледі осы көркем аят әлі келешекте түсініле ала-тын тағы да басқа ақиқаттардың ашылуы сүйіншілеріне толы шығар!

Профессор Др. Иушилиден білімнің бірнеше құпия-ның ұсақ-түйектерін әлі жаңадан белгілеп тапқанын, ал Құранның бұларды бұрыннан қалайша хабарлағаны ту-ралы сұралғанда, ол былай жауап берді:

«-Осы мәліметтер адамның сөзі болуы мүмкін емес! Өйткені біздер, яғни ғалымдар тек бір салада

Page 190: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 190 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

тереңдей аламыз. Ал Құран әлем туралы бүткіл түсіне алмағандарымызды да ең кәміл түрде баяндайды да бір түсіндіру әдісін ортаға қояды. Осындай көптеген саланы қамтыған ең тура, ең кәміл ғылыми құдіретті ешбір адамзат баласы түсіндіре алмайды! Бұдан кей-інгі ғылыми өмірімнің бағыты Құран Кәрім болады. Бұрынғы таяздығымды Құран арқылы жоямын!»

Құран Кәрімде жердің домалақ екеніне ишарат еткен бірталай көркем аят бар. Осылардың біреуінде:

«Аллаһ түнді күндізге, күндізді де түнге айналдыра-ды» (Зүмәр, 5)-деп айтылады.

Осы аятта айтылған «юкауиру» сөзі бас сияқты домалақ бір заттың айналасында бір нәрсені, мысалы сәлдені айналдырып орау сияқты, «орау» мағынасына келеді.

Осы «юкауиру» сөзі жер жүзінде көрінген бір шындықтың суретін көрсетеді: Өз осьінің айналасында айналған Жердің Күнге қарайтын бөлімі жарық, яғни күндіз болады. Бірақ, Жер айналғандықтан жарық болған бөлімі үнемі күндіз болып тұра бермейді. Жер айналған сайын жарық болған бөлімі қараңғы, ал қараңғы болған бөлімдері жарық болады. Яғни үнемі бір түрде түн күндізге, ал күндіз түнге айналады. Осы да жер жүзінің домалақ болғанын көрсетеді. Міне аят-та қолданылған «иұкеұұйру» сөзі жер жүзінің шеті жоқ шар тәрізді домалақ болғанын, әрі айналғанын баян-дайды.

Ғалымдар;

«Тауларды көріп, табжылмай тұр деп ойлайсың. Негізінде ол бұлт тәрізді жүреді. Бұл әр нәрсені берік жасаған Аллаһтың шеберлігі. Күдіксіз Ол жасаған нәрселеріңді толық біледі» (Нәміл сүресі 88-аят) аятын да, дүниенің айналғанына ишарат еткен аят деп санайды.

Page 191: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 191 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Ай мен Күннің жағдайларына қатысты Иәсин сүре-сінің 38, 39 және 40-аяттарында былай айтылады:

«Ал күн белгіленген жағына қарай жылжып кете ба-рады. Мұның өзі әрі үстем, әрі дана Аллаһтың алдын ала белгілеген ісі». «Айдың да тұрақтайтын орнын белгіле-дік. Кәрі құрманың қураған бұтағындай болғанға шейін ол да аспанды кезіп жүреді». «Күннің айды қуып жетуі, түннің күндізді басып озуы мүмкін емес, әрқайсысы өз орбитасында жүзеді де жүреді».

Миләди жетінші ғасырда Ай мен Күннің белгілі бір орбитада айналғандарын ойға сиғызу мүмкін емес еді. Олардың әрекеттері (қозғалысы) туралы негізсіз пікір-лер көптеген түрде кездесетін. Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ұлы Ибраһим қайтыс болғанда Күн тұтылған еді. Халық: «Хазіреті Пайғамбардың ұлы қайтыс болғандықтан Күн тұтылды» - деді. Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бұл сөздерге қарап:

«Ай мен Күн Аллаhтың бар екендігін көрсететін дәлелдер болып табылады. Ешбір адамның өлімінен де, өмірде болуынан да тұтылмайды. Осындай бір жағдай көрсеңдер, сол кезде Ай мен Күн ашылғанға дейін намаз оқыңдар,* дұға етіңдер!»(Бұхари, Кусуф, І, 15) -деп айтты.

Расында Аллаhтың күші мен құдіретіне дәлел болған аяттардан Ай мен Күннің сырлары білінбегендіктен Хижри 3-4 ғасырдың атақты мүфессирі (Құрандағы аяттардың

мағынасын шешіп беретін ғалым) Табери, Иәсин сүресінің 38, 39 және 40-аяттары туралы:

* Хусуф (Айдың тұтылуы) және Кусуф (Күннің тұтылуы) намаздары Пайғамбарымыздың Сүннет-и Сәниеесі болады. Өйткені, осындай оқиғалар Аллаһтың құдіретін көрсететін оқиғалар. Күннің және Айдың құдайы құдіретпен жаратылғанын көрсетеді. Ал оқылатын намаздар Аллаһ Тағалаға бір шүкірлік белгісі. Адамзат Ай мен Күн болмаса түндеріміз бен күндеріміздің қараңғылықта қалатынын ойланса керек!

Page 192: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 192 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

«Мазмұнын дәл біле алмайтын осы аяттардағы сияқты жағдайларда міндетіміз үндемеу!» - деген.

Осы үкім сол замандағы адамдардың Ай мен Күн үшін бар болған «орбита» ұғымын түсіне алудан қаншалықты ұзақ болғанын көрсетеді. Егер «фәлақ», яғни орбита сөзі Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) дәуірінде қабылданған бір астрономия ұғымын баян-даса, осы аяттардың тефсірі, яғни анықталуы осындай қиындық туғызбайтыны Күн тәрізді айқын. Жағдай осындай болғанымен қатар, Құран Кәрімде тек қана ғасырлардан кейін айқын болып білінетін орбита ұғымы мағынасы сақталған түрде айтылған еді.

Құран Кәрім бұдан басқа, Ай мен Күннің бір-бірлері-нен бөлек, басқа заттан тұратынын да білдіреді:

«Аллаһтың жеті қат аспанды бірінің үстіне бі-рін келтіріп, қалай жаратқанын неге көрмейсіңдер? Олардың ішінде айды нұр қылып, күнді де шам қылып жаратқан!» (Нұх сүресі 15-16 аяттар)

«Төбелеріңе күмбез етіп, жеті қат аспанды, жанып тұрған шырақ етіп күнді жараттық». (Нәбә сүресі 12-13 аят-

тар)

Көркем аятта Ай «мунир (жарық беретін) зат» деп сипатталған және де осы сөздің түбірі «нұр» сөзі болып табылады. Ал Күн бір шырақ немесе көз қаратпастай бо-лып жарқырап тұрған лампаға ұқсатылған.

Бұл жерде бір мәселеге назар аудару керек.

Негізі өзгертілген Таурат Күн мен Айды «жарықтар» деп атап, бірақ бұлардың біреуін «үлкен», екіншісін «кішкене» деп сипаттайды. Ал Құран Кәрім Күн мен Айдың бір-бірінен айырмашылығы болғанын білдіре-ді. Және де ерекшеліктері бір-бірінен бөлек жарықтар екендігін айқын түрде баяндайды.

Сонымен қатар Айдың қозғалысындағы мерзімдер

Page 193: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 193 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

уақыттардың белгіленуі үшін адамзаттың пайдасына ұсынылған:

«Нұр шашыратып күнді, жарығын жайғызып айды жаратты Аллаһ. Сонан соң сендердің жыл мен ай мер-зімдерін айыруларың үшін олардың орындарын белгі-леді. Аллаһ оны жайдан жай жасаған жоқ. Біле-білген-ге Аллаһ аяттарын осылайша айқын түсіндіреді». (Юнус

сүресі 5-аят)

Уақиға сүресінің 75-76 - аяттарында:

«Жұлдыздардың тұрған орындарымен ант етемін. Біле білсеңдер, мұның өзі үлкен серт екені даусыз»-деп айтылады.

Көркем аят күшті бір антпен жұлдыздардың орын-дарына назар аудартуда. Қазіргі кездегі физика және астрофизика мамандары «жұлдыздардың орындары-ның» жұлдыздар туатын «ақ тесіктер» және өліп, жоқ болатын «қара тесіктер» екенін баяндайды.

Ақ тесіктер - ақыл жетпейтіндей бір энергия қоймасы тәрізді. Іштерінде миллиардтаған жұлдыз шығаратын-дай энергия бар. Бұлар галлактиканың тұқымдары сияқты.

Ал қара тесіктер - құпия бір жұлдыздар қабірі. Бұл тесіктер төңірегінде болған бүкіл замандар мен заттарды өз «белгісіздігінде» жоқ қылады.

Көркем аят күшті бір антпен әңгіме еткен осы мәселені адамзат қазіргі кездегі мәліметтердің көмегі-мен тек қана осындай дәрежеде түсіне алған. Күмәнсіз осы аят, анықталуы керек болған әлі қаншама сырларды қамтиды.

Мүлік сүресінің 3-аятында былай айтылады:

«... Көзіңді (аспанға) қарат та бір қара, бір бұзықтық көре аласың ба?»

Page 194: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 194 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Жұлдыздардың көкке себілуінің бір себебі адамзатқа жол көрсетуші болулары:

«Ол құрлық және теңіздің қараңғылықтарында сол арқылы жол табуларың үшін жұлдыздарды жаратқан. Расында аяттарымызды білетін елге ашық түсіндірдік». (Әнғам сүресі 97-аят)

«(жол табу үшін пайда алынатын) белгілер де (жа-ратты). (Адамдар) жұлдыздармен де жол таба алады». (Нахл сүресі 16-аят)

Әлемдегі бүткіл заттарда құдайы бір өнер және ор-наластыру бар. Араларында жол апаты (авария) сияқты ешбір соғысу болмайды. Әрекеттерінде бір сәттік кеші-гу немесе артық кету мүмкін емес. Yнемі бір қалыпта, құдайы деңгейде жалғаса береді. Осы жағдай да көркем аятта ишарат етілген тағы бір ұлылық көрінісі.

Осы орасан зор, шексіз жүйенің жаратылуы, ең ұлы жаратушы болған Аллаh Тағала үшін тіпті де қиын емес.

«Көкті, жерді және олардың арасындағы нәрселердің барлығын Біздің алты күнде жаратқанымыз анық. Оған Біз ешқандай шаршап-шалдыққан жоқпыз». (Қаф сүресі

38-аят)

Құранға түсініктеме беретін кейбір мүфессирлер «алты күн» сөздерінің мағынасының: алты заманға бөлінген алты мерзім екенін айтуда. Қазіргі кездегі қабылданған білім де Құран Кәрімдегі осы баяндаманы растайды. Ал Таурат осы «алты күн» сөзін жиырма төрт сағаттық бір күнге балап, жетінші күн болған сенбі күні Аллаhтың демалғанын айтады. Таураттың мәселені осылай түсіндіруі (мағынасы адамдар тарапынан килігу жасалып) бұзылған Таураттың ғылыми ақиқаттардан қандай алыс болғанын, ал Құранның бүткіл аяттары-мен әр уақытта және әр жерде қандай үлкен мұғжиза болғанын көрсетеді.

Page 195: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 195 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Осы жерде әңгіме етілген күн - ерекше бір заман аралығы болып табылады. Адамзаттың түйсігі бойынша бір заман ұғымы деп түсінілмеуі керек. Мезгілі тек қана Аллаh тарапынан білінеді. Аллаh Тағала былай айтады;

«Аспаннан жерге дейінгі істердің бәрін Аллаһ меңгеріп тұрады. Кейін ол істер сендердің санауларың бойынша мың жылдай болатын бір күнде (қиямет күнінде) Аллаһтың алдына көтеріледі». (Сәжде сүресі 5-аят)

«Көкке (Аллаһқа) елу мың жылда жететін жолға (дүниедегі санаумен) періштелер мен Рух (Жәбірейіл) бір-ақ күнде ұшып барады». (Мағариж сүресі 4-аят)

Сәжде сүресінің бесінші аятында әлемнің айналуына қатысты бір уақыт, Мағариж сүресінің төртінші ая-тында да періштелер мен Жәбірейілге (аләйһиссәләм) қатысты бір аралықты қамтыған басқа бір уақыт туралы айтылады. Яғни екі уақыттың да мазмұны бөлек және араларында қайшылық жоқ.

Сондықтан былай айтуға болады: Аллаhтың қасын-дағы заман ұғымы адамзаттың түйсігінде қалыптасқан «заманнан» басқаша. Кейбір ғалымдар осы ұғым туралы былай деп түсініктеме береді: «Аллаhтың баяндағаны астарлы сөз ретінде келіп, мезгілдің ұзақтығын бел-гілеу үшін болған. Бірақ осы мезгіл жаратылғандар үшін жүретін мезгіл. Ал Аллаh Тағала үшін ешқандай заман ұғымы жүрмейді, мүмкін емес. Алайда Ол миллиардтаған замандарға сыймайтын бір миғражды сүйікті Пайғамбарына бір секундтан да аз уақытта көрсетіп, сыйлаған қиял мен түсініктер аңғара ал-майтындай құдірет. Әрі Ол бүкіл заман және мекенге қатысты нәрселерден пәк болған Субхан (бүкіл кемші-ліктерден пәк болу).

Бір темір электронының пайда болуы үшін күн энергиясынан төрт есе көп энергия қажет екендігі назар

Page 196: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 196 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

аудартатындай ақиқат. Сондықтан осы саланың маман-дары «темір көктен келген таңғажайып зат» деген пікір-де.

Бұған қатысты Құран Кәрімде былай айтылады:

«Расында елшілерімізді ашық мұғжиза-ларымызбен жібердік. Және елшілермен бірге адам баласының әділ өмір сүруі үшін кітапты, мизанды (әр нәрсенің өлшеуін) жібердік. Сондай-ақ темірді пайда қылдық. Онда мықты күш, әрі адамдар үшін қажеттер бар. (Соғыс құралдары, тағы басқа аспаптар темірден жасалады. Тіпті темірсіз өмір болмайды) Бұнымен Аллаһ елшілерін көрмей-ақ сеніп, дініне жәрдем еткен адамдарды ортаға шығарады. Сөзсіз Аллаһ өте күшті, тым үстем». (Хадид сүресі 25-аят)

Өткізген бір конференциясында осы аятты естіп, үйренген «НАСА Космостық Зерттеулер Орталығының» бастығы профессор Др. Армес Тhом таң қалады. Осы конференция кезінде оған:

«Атмосферада бір бостық бар ма?» - деген сұрақ қойылды.

Ол:

«Жоқ, атмосферада бостық болуы мүмкін емес. Егер осылай болса әлемнің деңгейі (тұрақтылығы) бұзылып, аспандағы өлшелген барлық нәрселер астан-кестен бо-лар еді де, космоста бірталай авариялар көрінер еді» - де-генде, оған төмендегі аят оқылды:

«Олар үстеріндегі аспанға қарамай ма? Оны қалай жасап, безедік. Оның ешбір сызаты жоқ». (Қаф сүресі 6-аят)

Адамдардың көңіл күйін ашу және ғибрат беру үшін түсірілген осы аят профессорды таң қалдырды да, сол кезде өзіне тағы бір сұрақ қойылады.

«Әлемнің шегіне жете алдыңыз ба?»

Ол да жалыққан (шаршаған) адамның әлімен:

Page 197: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 197 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

«Ұзақ жылдар бойы осы турада істеп жатырмыз. Қолымыздағы телескоптардың күші жеткіліксіз. Алдымызға үнемі тұман қабаттары күйіндегі түрлі перделер шығады. Сондықтан пультпен (алыстан басқарылатын) істейтін телескоптар жасап, космосқа жібердік. Бірақ нәтижесі бұрынғы көргендерімізбен бірдей. Мен әлемнің шегіне бара алатынымызды қабылдамаймын. Өйткені оның шексіз екендігіне сене-мін» - деп жауап бергенде осы жағдайдың да Құранда білдірілгені көркем аяттар арқылы өзіне көрсетіледі.

«Бірінің үстіне бірін көтеріп, Аллаһ жеті қат аспанды жаратты. Мейірімді Аллаһтың жаратуынан ешқандай ақау таба алмайсың. Сен аспанға қайта-қайта көз таста-шы – бір сызат көрер ме екенсің? Тағы екі рет қара, көзің талып, үмітің мүлде үзіледі (сызат таба алмайсың)». (Мүлік сүресі 3-4 аяттар)

Осы аяттар оқылғаннан кейін ынсапты білім адам-дары қарсылық білдіре алмайтын бұл ақиқаттардың алдында профессор Др. Армес Тhом тізе бүгуге мәжбүр болып, барлығына ұнаған бір сөз сөйлейді:

«Басынан бері ойлап жатырмын. Құран туралы баға беру өте қиын! Шынында да сасқалақтап тұрмын. Осыншама жылдар бұрын түскен бір кітап қалайша на-зар аудартатындай астраномия мәліметтерін ең кәміл түрде, тіпті адамзат баласын әлсіз қалдыратын дәрежеде ұсынады! 1400 жыл бұрынғы адам не істей алатын еді, толық мәліметім жоқ. Бірақ осы мәліметтер керемет мәліметтер».

Тағы біраз ойланғаннан кейін адамзат баласының бүкіл шығармаларының тәжірибе немесе қиялмен жазылғанын және кемшіліктері болғанын білген про-фессор сөздерін былайша аяқтады:

«Бұның адамдық тәжірибеден туған баяндама болуы әсте мүмкін емес.

Page 198: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 198 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Біздер білім мен дін татуласқан жаңа ғасырға аяқ бастық деп түсінсек қате болмас. Ендеше білімнің және діннің берген мәліметтері қауышқан бір заманда болғанымызды сезіп тұрмын...»

Әрине бұл білімнің, шын болған білім, діннің де Ал-лаh тарапынан келгені жөнінде ешбір күдік болмаған Ислам екендігі өте анық.

Ботаника

«Аллаһ - пәк. Барлық затты ол жұп етіп жаратты. Жерден өніп шығатынның бәрінің, олардың өздерінің (тіпті) өздері білмейтін жан иесінің бәрінің қосағы (жұбы) бар» (Иәсин, 36) аяты барлық жаратылғандардың жұп болып жаратылғандығын, осылардың біразының қазірге дейін білінгенін және де әлі білінбеген бірталай-ының бар екендігінен хабар береді.

Расында жанды әлем мен жансыз әлемде бір жағынан өте үлкен (макро), екінші жағынан өте кішкене (ми-кро) жүйелерде, «екілі құрамдардың» немесе «екілі функциялардың (қызмет, жұмыс)» бар екендігі қазіргі кезде ғана білініп отыр. Сондықтан Құранның білдірген ақиқаттары мен қазіргі кездегі білім арасында ешқандай қайшылық жоқ.

Қысқаша айтқанда бір болу, яғни жалғыздық тек қана Аллаh Тағаланың ерекше сипаты болғандықтан жаны жоқтар, көкөністер, хайуанат, жын және адамзаттың барлығы жұп болып жаратылған. Мысалы: оң заряд-ты (плюс) тоқтың теріс зарядты (минус) тоққа ағуымен жарық пайда болады. Оң зарядты бұлт теріс зарядты бұлтқа қосылады да жаңбыр жауады. Осы сүннәтуллаh, яғни Аллаhтың ісі, құдайы заң бүткіл жаратылғандарды қамтиды.

Көркем аят өсімдіктердің де жұп-жұбымен жаратыл-

Page 199: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 199 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

ғандарын білдіреді. «Аллаh, әр жеміс-жидектен және өздерінің ішінде екі-екіден жұп қылып жаратқан» (Рағд

сүресі 3-аят) аяты осы мәселені анықтайды. Сондықтан барлық өсімдіктердің гүлдерінде аталығы мен аналығы бар және аталығының аналығын егуімен жеміс-жидек-тер пайда болады. Осы ұрықтандыру және егу желдің арқасында болады. Білім осы кезде ғана жете алған осы ақиқат хабарын Құран Кәрім он төрт ғасыр бұрын білді-ріп қойған.

«Біз желдерді егуші қылып жібердік...»(Хижр сүресі 22-

аят)

Геология

Қазіргі замандағы геология ілімі таулардың жер үстіндегі бөлімінің көлеміндей жер астында да тегі (фун-дамент) барын тапқан.

«Жер жүзін төсек сияқты жасамадық па? Тауларды да қазықтар сияқты қағулы жасамадық па?» (Нәбә сүресі

6-7 аяттар) аяттарында таулар қазықтарға ұқсатылған.

Шатырдың қазықтарының біраз бөлігі жерге қағылатыны белгілі. Осы сияқты:

«Тауларды да Аллаh мықтылап қақты!» (Назиғат сүресі

32-аят) аяттарымен таулардың жерге қағулы екендігі біл-дірілген.

Қазіргі замандағы геология ілімінің баяндауы бой-ынша таулардың ішкі құрамы да қазық сияқты. Астын-да осы қазықтарды ұстап тұратын іргетасы сияқты бір қабат бар.

Тағы геологияда таулардың, атмосфера теңізінде айналған дүниенің тұрақты теңдігін қамтамасыз етуде маңызды бір мүше болғаны осы ғасырда ғана білінген. Ал Құран Кәрім осы шындықты он төрт ғасыр бұрын бір-

Page 200: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 200 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

талай аяттарында баяндап қойған. Осы аяттардың біреу-інде былай айтылады:

«...Сендерді бұлғақтатпасын деп жер жүзінде де тұрақты таулар қойды». (Лұқман сүресі 10-аят)

Гео-физикада «Ыстық нүктелер» делінген және дүние жүзінде 110-ға жуығы белгілі үлкен тау топта-ры бар. Осылар жердің сыртқы қабаттарының қатты қозғалып, әрекет етуіне кедергі болады және жердің терең қабаттарынан шығып, жердің бетінде қатайып, шеге іспеттес сыртқы қабаттарды тұрақты қылған және әлемдік деңгейді қамтамасыз еткен үлкен магма топта-ры деп білінеді. Аяттардағы келтірілген мәліметтер мен қазіргі замандағы ғылыми дамулар (жаңалықтар) ара-сында толық сәйкестік бары көрінуде.

Бірде геология конференциясында Профессор Др.Ко-унер Арабстан жарты аралының көне замандарда «жа-сыл аймақ» болғанын, келешекте қайталанатын мұз дәуірімен бірге келетін үлкен бір ауа-райы (климат) өзгерісімен қайтадан жасыл аймаққа айналатынын айтқанда, конференцияға қатысқан Др. Абдулмәжид Зиндәни, Пайғамбардың төмендегі киелі хадисін оқиды:

«Арабстан аймағы қайтадан «жасыл алаң» бол-майынша қиямет болмайды!» (Муслим)

Профессор Др. Коунер, біраз сасқалақтап тұрғаннан кейін:

«Бұл, Хазіреті Мұхамедке тек қана Аллаh тарапы-нан білдірілген мәлімет», -деді. Осыменен Хазіреті Пайғамбардың хақ болғанын қабылдап төмендегі баян-даманы береді:

«Барлық ғылыми мәселелерге шырақ болатын құдіретпен кездесіп отырмын деп ойлаймын. Мен осы мәліметтердің 1400 жыл бұрын Аллаhтан келгеніне се-

Page 201: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 201 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

немін. Өйткені осындай сөздерді, ілім мен технология жоқ дерліктей, бұлыңғыр болған ғасырда үмми, яғни оқуды білмеген, жаза алмайтын адамның өздігінен ай-туы мүмкін емес».

Ең соңғы археологиялық зерттеулер жасалғанда теңіздің деңгейінен төмен орналасқан бірталай жердің ішінде ең төменде болған жердің мына аятта баяндалған жер екені белгіленген:

«Әліф. Ләм. Мим.

Римдер (арабтар тұрған аймаққа) ең жақын әрі ең шұңғыл жерде жеңілді...». (Рұм сүресі 1-3 аяттар)

Бұл жер, жаман қылықтар (қызтекелік, гомосексу-ализм) көрсетуінен астан-кестен қылынған Содом-Го-море қаласы жер түбіне көшірілген жер болып, теңіз деңгейінен 400 метр төменде орналасқан.

Он төрт ғасыр бұрын әлі жер шарының географиясы толығымен белгіленбей тұрып, Құран Кәрімнің бұл ме-кенді «деңгейі ең төмен» деп айтуы, айрықша бір Құран иғжазы , яғни үстемдігі деп саналады. Геология мама-ны профессор Др. Балмар бір семинарында зерттеуші Абдүлмежид Зінданиден осы мәселеге қатысты аятты естігенде алғашында қарсы келген. Бірақ кейін жасаған ғылыми зерттеулерден соң былай айтқан:

«Ғажайып! Ғажайып! Бұл кітап өткен шақты да, осы кезді де, келешекті де түсіндіріп жатыр. Осыған еш-бір пенденің күші жете алмас!»

Кейінгі кездерде осы профессор Мысырда (Египет) «Геология саласында Құранның иғжазы-үстемдігі» деген тақырыпқа баяндама жасады. Баяндаманың соңында:

«Мен Хазіреті Пайғамбар өмір сүрген ғасырдың өмірлік ерекшеліктерін білмеймін! Бірақ Хазіреті Пайғамбардың жай, қарапайым бір өмір сүргенін біле-мін! Біріншіден осы жағдайға, екіншіден ішіндегі терең

Page 202: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 202 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

мағыналы мәліметтерге қарап түсінетінім - Құранның сол кезеңге қарасты бір мәдениет шығармасы бола ала-тынын ойлаудың өзі қате! Бұл кітап аспаннан түскен кі-тап!..» - деп айтқан.

Міне, дұрыс ақыл біліммен бірлескен уақытта «құдайы ақиқаттарды» қабылдаудан басқа шара-сы қалмайды. Сондықтан ақыл мен білімге Құрани шындықтарды шағылыстыратын жарық білім айнала-ры қажет. Әлбетте қияметке дейінгі барлық кезеңдерде жаңа табыстар болады да Құран мұғжизалары ілім адам-дарын таң қалдыра береді.

«(Сүйіктім!) ... Өздеріне білім берілгендердің, саған Раббыңнан түсірілгеннің хақ екендігіне және мақтаулы, үстем Аллаһтың жолына салатындығына көздері жете-ді». (Сәбә сүресі 6-аят)

ФизикаҚазіргі кезде білім жеткен табыстар мен өткізген

тәжірибелер бойынша жер бетінен көтерілген сайын ауадағы оттегі азайып ауаның қысымы әр 100 метр сайын 1 градусқа төмендеуінен дем алу, сөйлеу, көру мүмкіншіліктері қиындап, адам талатындай дәрежеге келетінін білеміз. Әсіресе 20000 метрден асқанда, ар-найы құрал-жабдықтар қолданылмаса, дем ала алмай, өліп кетуге дейін апаратын жағдайлардың болатыны анық. Сондықтан өте биікте өткізілетін ұшу сапарла-рында оттегі баллондары қолданылады. Адамзат өткен жылдарда ғана тапқан осы ақиқатқа Құран Кәрім он төрт ғасыр бұрын:

«Кімді дұрыс жолға салғысы келсе, Аллаһ оның көкірегін Ислам үшін кең ашады. Ал кімді аздырғысы келсе, оның көкірегін тарылтатыны сонша, (илану) олар үшін көкке шығудан да қиын сезіледі. Имансыз-дарды Аллаһ осылай қинайды» (Әнғам сүресі 125-аят) аяты-мен ишарат еткен.

Page 203: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 203 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Рахман Сүресінің 19 және 20-аяттарында:

«Аллаһ ащы және тұщы сулы екі теңізді бір біріне араласып қосылмайтындай ағызып қойды. Араларын-да бөгет бар сондықтан бір біріне қосылмайды» - деп айтылған.

Осы аяттарда білдірілген ақиқат осы ғасырда білі-ніп, түсінікті болған Құран мұғжизасы. Соңғы кезде-гі «жаңалықтарда» екі теңіз қосылған жерде судың бір-біріне араласуына кедергі болатын, білінбеген әрі көрінбейтін бір бөгеу, перде бары белгіленіп ортаға шықты. Мысалы Ақ теңіздің суы мен Атлант мұхитының суы бір-біріне араласпай екі жақ та негізгі ерекшелікте-рін жоғалтпай, сақтайды. Гибралтар бұғазында «құдайы перде» бар сияқты. Миссисипи және Янг-Че сияқты терең өзендер де сондай. Өзендердің тұщы суы мен теңіздің ащы суының араласуы кейбір кездері ғана теңіз жағасынан алыс жақтарда пайда болады. Бұл құдайы көрініс болып, қазіргі кездерде ғана табылып, білінген ұлы мұғжиза.

Yмми бір қауымның және сол қауымның ішінен шыққан үмми адамның сол кездерде осы ақиқатты өздігінен біліп айтулары мүмкін бе?

Америкалық теңіз зерттеуші, маман профессор Др. Хеий де ұзақ уақытқа созылған ғылыми зертеулерінің нәтижесінде осы ақиқаттарға жеткен:

Теңіз суларының арасында тартылған құдайы бір құдірет пердесі бар. Осы перде қатар жатқан екі теңіздің бір-бірімен араласуына бөгет болғанымен, екі теңіздің суының бір-біріне өтуіне бөгет болмай-ды. Бірақ бұл «ағуды» әр жақтың суын өтетін жақтың химиялық құрамына сай қылып келістіргеннен кей-ін жүзеге асырады. Яғни осы перде, ағып кетуі қажет болғанды өткізетін, қажет болмағанды өткізбейтін екі

Page 204: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 204 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

жақты сүзгіш сияқты. Өйткені бүкіл теңіз және мұхит суларының еркешеліктері әр түрлі. Температурасы мен тұздылығының мөлшеріне қарай іштерінде өмір сүретін жәндіктердің айырмашылығына дейін әрбіреуі басқа бір әлемді баяндайды.

Профессор Др. Хеийге осы мәселе жөніндегі Құрани мәліметтер көрсетілгенде, бірталай ынсапты білім адамдары сияқты қайран қалып, аузынан осы сөздер шықты:

«Расында мен осы мәліметтерді Құранда көргенімнен таң қалып, сасқалақтап отырмын! Бұның бір адамның сөзі бола алмайтынын ойлаймын. Бұл мәліметтер сөзсіз Аллаh тарапынан келуге тиісті!»

Бұдан кейінгі күндерде Профессор Др. Хеий Құранды және хадистерді күшті назар аудара отырып зерттеді. Құранның уаhи туындысы болғанымен бірге, бірталай мұғжизаларға толы болғанын көргенде төменде кел-тірілген хадистегі ақиқаттың да мұғжиза ретінде іске асқанын баяндады.

Аллаhтың Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ай-тады:

«Барлық Пайғамбарларға адамдардың өздеріне се-нуін қамтамасыз ететін бірталай мұғжизалар берілді. (Бірақ берілген мұғжизалар, қай Пайғамбарға берілген болса, сол Пайғамбардың бұл өмірден қайтуымен өкімін жоғалтып, осы әлемде көрінбейтін болды.) Ал маған Құран берілді. (Құран да қияметке дейін адамзат пен жындардың көздерінің алдында ең ұлы бір мұғжиза бола тұрып, Хақ Тағала тарапынан қорғалатындығы себеп-ті) Өзіне ең көп сенім білдірілген Пайғамбар болаты-нымды Аллаhтан үміт етемін!»

Бұған қоса Профессор Др. Хеий Беихаки нақыл ет-кен осы хадистен көп әсер алады:

Page 205: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 205 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

«Фухуш (яғни жұбайының көзіне шөп салып, басқаларға жыныстық пейілдену және нәпсіге бағыну) бір қауымда көзбен көрінетіндей айқын түрде істеле бастағанда, яғни ойнастық сияқты жаман қылықтар әбден көбейгенде ортаны оба ауруы сияқты жұқпалы және бейшара күйге түсіретін аурулар қаптайды. Және бұрын көрінбеген аурулар пайда болады».

Профессор Др. Хеии көп әсер алған осы хадис туралы ұзақ зерттеулер жүргізіп, төмендегі баяндаманы береді:

«Қазіргі кездегі ғылыми жетістіктер де ақыры осы нүктеге келіп жетті. Міне СПИД! Алдау мен жыныстық азудың нәтижесі. Шынында Европа ойнастық пен жыныстық еркіндікті жариялаған кезде, бірталай жұқпалы ауру жан-жақты қоршады және аты да білін-беген неше түрлі микробтар алаңды қаптап алды. Адам-дарды шарасыз қалдырған қаншама дерт пайда болды. Әрине осы жағдай ойнастық және жыныстық азу мен аурудың арасындағы байланыс - ғибрат алатын түрде білдірілген киелі хадистің күшті бір көрінісі.

Енді мен Хазіреті Пайғамбардың өзінен кейін-гі ғасырларда пайда болатын оқиғаларды өте дұрыс бағалап, хабар беруін әсте бір кездейсоқтықтың әсері деп қабылдай алмаймын! Бұған қоса Оның үммилігі де көзге алынса осы мәліметтерді, өздігінен беруі мүмкін емес! Мен де, досым, ұстаз Кеитч тәрізді ойлаймын да осы мәліметтердің құдайы текті болғанын қабыл-даймын!.. Осы терең ақиқаттар адамдық қайратпен жете алатындай шындықтар емес! Мінеки мен, осыншама жылдар бойы тырысып, зерттеп келе жатырмын, бірақ істей алғандарым бәріңізге белгілі... Осындай шынайы ақиқаттардың алдында түкке тұрғысыз бір іс!»

Page 206: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 206 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

ГенетикаКөркем аятта:

«(Мұхаммед А.С.) сол уақытта Раббың адам балаларының белдерінен нәсілдерін алады да өздеріне куә етіп: «Мен, сендердің Раббыларың емеспін бе?» (де-

генде), олар: «Әрине куәмізң деген. Қиямет күні: «Бұдан хабарымыз жоқң демеңдер» (Ағраф сүресі 172-аят) - деп айтылған.

Осы аят адамзат гендерінің ерекшеліктеріне назар аудартады. Расында қазіргі кездегі білім гендердің, яғни адамның барлық табиғи ерекшеліктерін ішіне алатын бір кесте күйінде болған, тұқымды көшіретін клеткалардың, бір тіркеу дәптері күйінде болғанын және адам баласы әлі жатыр ішінде жатқан жасуша (клетка) күйінде болған кезінде барлық ерекшеліктерінің сол ген-дерде мазмұндалғанын (ДНК-ны) білдіреді және үш мил-лиард адамның тіркеуін сақтаған және солардың бүткіл ерекшеліктерін қамтыған гендердің көлем жағынан бір сантиметр кубтан (1 см3) аспағанын, яғни оймақтай жер-ге сыятынын баяндайды.

Осындай ғылыми шындықты, яғни «құдайы компью-тер» болған ДНК-ны бұдан он төрт ғасыр бұрын үмми бір адам өздігінен айта алатынын қандай түйсік қабылдай алады?

ГигиенаҚұран Кәрімде басқа мәселелермен қатар гигиена

жағынан да маңызы зор киім-кешек кию, киім-кешектің тазалығы, жеткілікті дем алу, жақсы және өлшемді түрде тамақ ішу, жаман және шіріген жеміс-жидектерді жемеу сияқты мәселелерге назар аудартылған.

Желінетін өсімдіктер мен олардың пайдалары ерек-шелікпен айтылып, жақсы және жаман сусындар ту-

Page 207: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 207 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

ралы да мәлімет берілген және масайтатын сусындарға тиым салынған. Тамақ ішу тәртібі және ем мен жалпы денсаулық шарттарынан болып табылатын өліктердің көмілуі де Құранда ескертілген.

Көп те, аз да емес, орташа тамақтануды әмір ет-кен Құран (Ағраф сүресі 31-аят) медицинаның жарты-сын қоры-тындылаған. Зина, яғни ойнастыққа тиым салынуымен жыныстық аурулардың алдын бөгеп, ұрпақтың табиғи және рухани тазалық жағынан жақсы түрде қорғалуын қамтамасыз еткен. Дене және ауыз тазалығын сақтамаудың зияндылықтары меди-цина жағынан анықталып, қосымша анықтамаларды қажетсінбейтін өлік, қан және шошқаның етін жеуге де тиым салынған.

Дәрет, намаз және оразаның рухани пайдалары-мен бірге, денеге тигізетін пайдаларын да қабылдамау мүмкін емес.

Бұл мысал ретінде айтылған мәселелер ғана. Әйтпесе негізінде Құран Кәрімде қаншама құпия мазмұндарға «жарық көрсететін» жүздеген аяттар бар. Осы аяттардың мағыналары білім мен ғылым салалары дамыған сайын аз да болса білінуде. Сол себепті «Құранның ең үлкен мүфессирінің, яғни анықтаушысының уақыт екендігі» айтылады.

Осындай шексіз көркемділік және шешендік-пен құрастырылған әдеби тәсіл арқылы, ішінде ешбір қайшылық және күмән болмаған, қияметке дейін пайда болатын бірталай ақиқаттар туралы хабар берген, бүкіл адамзат пен жындар әлемін жекпе-жекке шақырса да тіпті ең қысқа сүресінің де ешбір түрде ұқсасы келтіре алынбаған және келтіре алынбайтын бір Кітаптың үмми қауымның ішінде өскен, үмми адамның сөзі болуы ақыл, түйсік немесе сезім қабыл ететіндей жағдай емес.

Page 208: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 208 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Құран және сүннет әр дәуірде білім мен ғылым сала-ларына жол көрсетуші болды. Құран мен сүннет нақты түрде шешімін беріп қойған кейбір мәселелерде білім, олардың дәрежесіне жете алмағандықтан «ықтимал» деген үкім беруде. Заман ілгерілеген сайын ғылымның «ықтимал» деген үкімдері ақиқатқа айналып, Құранның ұлылығын көрсетуде. Өткен беттерде көркем аяттардан мысал келтірдік, енді киелі хадистен бір екі мысал бе-рейік. Аллаhтың Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай айтады:

«Біреулеріңіздің табағына шыбын түсіп кетсе, ал-дымен оны батырып шығарсын! Өйткені шыбынның бір қанатында ауру, ал екіншісінде осы аурудың дәрісі және емі бар». (Бухари, Ахмет бин Хәнбал)

Шыбынның микроб таситын жәндік екені және денесінде осы микробтарды жоятын антимикробтық заттардың пайда болатыны ғылымға белгілі. Сондықтан шыбын тамағымызға түссе, істейтін ісіміз – микробтар-ды жоятын антимикробтық заттар ортаға шығу үшін шыбынды тамаққа бір батырып шығару болады.

Аллаhтың Пайғамбары (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қажет кезінде ыдыстағы тағамның немесе судың төгілмей, пайдаланылуын ұсынған. Бертін кезге дейін шыбынның толығымен микроб таситын жәндік екені білінгенмен, өзінде у қайтарғыш заттардың болғаны білінбеген еді. Бірақ бұл ақиқат қазіргі заман-да ғана Пайғамбардың мұғжизасының көрінісі болып, ғылымның табысы болды.

Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) басқа бір киелі хадисінде былай айтады:

«Егер де ит бір ыдысты жалап қойса, адамдар қолданудан бұрын жұқа, таза топырақпен бірге сумен жеті рет жуылып-шайылуы керек».

Page 209: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 209 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Осы киелі хадисте иттің аузының ластығы және осы ластықтың тазалануында жұқа, таза топырақтың маңыздылығы түсіндіріледі.

Білім жаңадан тапқан осы ақиқаттарды сүннет мың төрт жүз жыл бұрын хабарлаған.

Ғылыми жетістіктердің жинағы болған энцикло-педиялар жыл сайын қосымша нұсқалар шығаруымен өзгерген ғылыми шындықтарды жаңадан басып өз кем-шіліктерін түзетеді. Ал Құран, мың төрт жүз жылдан бері сөз түгілі бір әрпін де түзетуді қажетсінбей қияметке дейін жалғасады. Өйткені Аллаh Тағала кітабында:

«Расында өздеріне Құран келген кезде, қарсы болғандар бар. Шын мәнінде, ол - ардақты Кітап. Оның алдынан да артынан да бос сөз араласпайды. Ол сөзсіз дана, мақтауға өте лайықты болған Аллаһ тарапынан түсірілген» (Фуссиләт сүресі 41-42 аяттар) - деп айтады.

Американдық профессор Др. Жоли Сентонның Құранды мойындауы да қатты назар аудартатын әңгіме. Сентон Христиандықтың бұзылған кітабындағы сандырақтардың себебінен, дінге деген сенімсіздігі пайда болып, көңілі суып кеткен. Ол тек қана батыс әлеміндегі діннің масқаралығын білетіндіктен, басында Құранға да сол көзқараспен жақындаған, бірақ қарсы келе алмай-тындай нақты және айқын ақиқаттармен кездескенде, ғажайып түрде таң қалып, былай айтқан:

«-Бұл дін (Ислам) білімге жол көрсетуші болып, өте зор нәтижелерге жете алады! Ғылыми төңкерісті жүзеге асыра алады!»

Расында Құранның сарқылмайтын мұғжиза бұлағы болғанын және мағыналарының шексіздігін баяндау үшін көркем аяттарда осылай айтылады:

«Айт: Раббымның сөздері үшін мұхит сия болса және тағы да соншама қосылса, Раббымның сөздері бітпей, алдымен мұхит бітіп қалады». (Кәһф сүресі 109-аят)

Page 210: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 210 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

«Егер жер бетіндегі ағаштың барлығы қалам, ал теңіз сия болса, оған тағы жеті теңіздей сия қосыла, сон-да да Аллаһтың сөздері (жазумен) таусылмайды. Аллаһ шынында да үстем әрі данышпан». (Лұқман сүресі 27-аят)

Зия Паша да:

İdrâk-і meâlі bu küçük akla gerekmez

Zîrâ bu terâzî bu kadar sіkletі çekmez!

(Ұлы түсінік осы кішкентай ақыл жете алмайтын, Өйткені бұл таразы осындай ауырлықты тартпайды!)

- деп айтып, әлемдегі және Құрандағы құдайы өнер алдында сезген қайрандығын және сасқалақтағанын тілге тиек етеді. Және өз әлсіздігін көріп, Хақ Тағаланы бүткіл кемшіліктерден пәк санап, зікірін айтады:

«Күшті өнерінің алдында ақылдар қайран қалған Аллаhты бүткіл кемшіліктерден пәк деп санаймын!

Шексіз құдіретімен түйсіктерді әлсіз қалдырған Ал-лаhты бүткіл кемшіліктерден пәк деп санаймын!»

Осы білім мен электроника ғасырында түсініл-гендігінен Құранның жіберілу кезінің ең кәміл түрде дәл белгіленгені оның ең маңызды мұғжизаларының біреуі. Құран Кәрім мен Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жіберілу кезі бұрынырақ келгенде, түйсіктер Құранды мүлдем түсіне алмайтындай кезге келетін еді. Ал кейінгі уақыттарда келсе, мұғжизалар адам баласының бір шығармасынан алынды деген не-месе бір ғалымдар тобынан нақыл етілді деген түсінікке мүмкіндік беретін еді. Бірақ бұл олай емес, құдіреті күшті Аллаһ жалғыз өзіне ғана тән күшпен және білім-мен, нақты бір уақыт таңдаған. Шексіз білім иесі Аллаh Тағала Құранды ең ыңғайлы заманда адамзатқа сыйлық ретінде ұсынған.

Сондықтан Құран қияметке дейін жалғасатын мұғжиза.

Page 211: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 211 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Ол 1400 жыл бұрынғы ауылдық бір адамның із-деп, сұрағанына да жауап беретін. Бүгін де ең күшті оқымыстыларды да қайран қалдыратын мәліметтерді кезі келгенде паш етіп, әркімді қайран қалдырып, өзіне мойын игізуде! Өйткені ол қияметке дейін болған және болатын барлық ғылыми жаңалықтарға жол көрсетуші болатын ең кәміл мәліметтерге толы.

Негізінде Құрандағы «мұғжизауй» мәліметтерге одан да көп жақындай алудың ғылыми табыстар арқылы болатыны да аяттарда білдірілген айрықша бір мұғжиза ретіндегі Аллаh Тағаланың уәдесі. Құрандағы осы төтенше жағдайлар - ұлы ақиқаттардың құдайы уәде арқылы кезі келгенде жүзеге асуы деп есептеледі. Аллаh Тағала айтады:

«Құранның шын екендігі әбден белгілі болып, айқындалғанға дейін, көкжиектегі және өз нәпсілеріндегі белгілерімізді көрсетеміз. Расында Раббыңның әр нәрсеге куә екендігі саған жеткілікті емес пе?» (Фуссиләт

сүресі 53-аят)

Аяттағы «көкжиек» сөзінен адамды қоршаған сыртқы әлемді, «өз нәпсілері» сөзінен адамның табиғи және рухани құрамын түсінуге болады. Осы түсінікпен аяттың мағынасы былай шығады:

«Біз, адамға өзін қоршап жатқан сыртқы әлемдегі әрі өзінің табиғи және рухани құрамындағы, біздің бар екендігімізді және күшіміздің кәмілдігін білдіретін дәлелдерді кезі келген сайын көрсетеміз!»

Әсма-иы Илаhийенің, яғни Аллаhтың сипаттарының іске асырылған жері болған Әлемге «үлкен әлем» (әлем кубра), Аллаhтың есімдерінің көріністерін жинап, ең кәміл түрде жаратылған адамға «кіші әлем» (әлем-и сұғра) делінеді. Білімнің осы екі әлемге қатысты жет-кен ақыл мен түйсікті тоқтататын әлемдік және руха-ни табыстары адамға өз әлсіздігін білдіріп, «Мән арафа

Page 212: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 212 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

нәфсәһу, фақад арафа Раббаһу - Нәпсіні білген Раббы-сын біледі!» - деген хадистің көрінісін ортаға шығаруда. Осы жайлы Хаққа ғашық болған Юнус (Жүнүс) қандай жақсы айтады:

«Ілімнің басы да, соңы да өзін білу!»

Аллаhтың құдіреті мен салтанатының алдында адам өзінің әлсіздігін, ештігін және бейшаралығын сезе алуы сөзсіз оған мағрифатуллаhтан (Аллаһты тану) бір есік ашып уасыл-ы илаллаh болуға жөнелтеді.

Құранда білдірілген ақиқаттар кезі келген сайын адамзаттың көз алдында бірте-бірте ортаға шығып, ақылдарды қайран қалдырғаны тәрізді «өлгеннен кей-інгі өмірге» (бағсу бағдәл-мәутә) қатысты берілген мәліметтер де сөзсіз ортаға шығады. Әлбетте хашр (өлгеннен кейін қайта тірілу, махшар: сот күні, сырат: қыл көпір, есеп:

махшардағы сот, мизан: адамның күнәлары мен сауаптары өлшенетін

таразы), махшар, сырат, есеп, мизан, жәннәт, тозақ тура-лы және басқа да мәліметтер хақ болып, сөзсіз жүзеге асады.

Осы жалған әлемнен керегінше ғибрат алып, көңілін нұрмен және руханиетпен байытқан, сонысымен мәңгі өмірге адамзаттық ақыл және күшпен дайындалып, Аллаh Тағалаға кіршіксіз таза көңілмен (Қалб-и се-лим) барғандар қандай бақытты!

Page 213: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 213 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ЕВРЕЙЛІК ЖӘНЕ ХРИСТИАНДЫҚ

Еврейліктегі кітап ұғымыТаурат

Қазіргі кездегі Таурат адамдардың қолындағы киелі кітаптың Жаратылыстың басталуы (бытие), Шығу (исход), Левиліктер (левит), Сандар (числа) және Екізаңдылық (второзаконие) деп аталатын бес тарауы-нан тұрады. Бұл тараулар Еврейлердің киелі кітабының ең маңызды бөлімі деп саналады.

Екі заңдылық тарауында Хазіреті Мұсаның қайтыс болғаны, жерленуі және қауымының азасы туралы баяндалады. Алайда Таурат Мұса (аләйһиссәләм) өмірде болған кезде түсірілген. Сонда бір оқиға іске аспай тұрып қалайша болған сияқты нақыл етіледі? Еврейлер осы жағдайды: «Хазіреті Мұсаға Тәңір білдірген, содан Ол өлмей тұрып келешекте болатын жағдайларды Тауратқа жазып қойған»-деп жориды. Осы Екізаңдылық тарауында Хазіреті Мұсаның кебінделу және жерлену рәсімдерінің баяндалуы Тауратқа адамдар тарапынан килігу болғанының ап-анық дәлелі…

Еврейлікте «Аллаh» ұғымыАллаhтың есімі Еврейлікте Яхуе немесе Яхоуа деп

екі түрлі сөзбен аталады. Таурат мәтіндерінде (текст) адамдық сезімдермен безендірілген антропоморфтік (адам

сияқты) бір тәңір ұғымы ап-анық түрде көрінеді.

Яхоуа Еврейлерше ұлттық тәңір ретінде қабыл-данады. Құдай Еврей ұлтын таңдап, назары мен

Page 214: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 214 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

ілтипатын тек қана соларға ғана аударған. Өздерінен басқа жаратылғандарды және ұлттарды жаратқан, бірақ олардың еврейлер сияқты бағасы жоқ. Yстем қауым Еврейлер ғана, басқалары, яғни бүткіл мақұлиқат олардың қызметкерлері деп саналады. Сондықтан «Еврейлік әлем жүйесі» дүние жүзілік және барша адамзатқа ортақ болудан өте алыс.

Тауратта Рабб адамдық сипаттармен безендіріледі. Бұл жағдайды осы мысалдардан көруге болады:

Тәңір Нұх топанына қатысты бұйрық береді. Бірақ ұмытып кетеді де кейінірек, берген бұйрығы есіне түседі. Жер мен көктің су ішінде қалғанын көреді. Барлық мақұлиқат кемеге мінгеннен кейін кеменің есігін өз қолымен жабады...

Міне осылайша Құдайға ашық түрде ұмыту және өкіну сипаттары жалғанады.

Тағы осы сияқты Израил ұлдары (Еврейлер) Раббтарына қарсы келген кезде, Тәңір оларды түгел-дей жоюға жарлық береді. Бірақ араға пайғамбарлар кіріп: «жасама, істеме, кетіп қалма!» - деп, Тәңірді берген шешімінен айнытуға тырысады. Тәңір бұған қарап «жібиді.» Сол кезде Тәңір «жою» туралы жарлық бергеніне қатты өкінгені туралы айтылады. (ІІ. Самуил,

24/16)

Тіпті Иеремиа кітабында Тәңірдің Израил ұлдары-ның тоқтамайтын қарсыласуларына қарап:

«Енді өкіне-өкіне шаршадым!»-дегені де баяндалады. (Иеремиа,15/6)

Қазіргі кездегі Таурат Тәңірдің адам сияқты болғанын баяндайды. Осы жайлы бірталай мысалдар келтіруге де болады.

Тағы да Таураттағы:

Page 215: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 215 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

«Тәңір әлемді алты күнде жаратты. Жетінші күні дем алды» (Жаратылыстың басталуы 2/3) түріндегі баяндама Аллаhқа әлсіздік жалғастырғанның қызық мысалы.

Алайда дем алу - әлсіздік пен қуатсыздықтың белгісі ретіндегі, адамдарға және мақұлиқатқа ғана тән ерекшелік.

Бұдан да түсініксізі: уаhи туындысы болған кітапта болуы мүмкін емес әрі әдептілікке жатпайтын осы баяндамаларға да жол беріледі:

«Аллаhтың ұлдары Адам Атаның қыздарының әдемі болғанын көрді де, барлығы өз таңдағандарымен үйленді» (Жаратылыстың басталуы, 6/2)

Таурат Аллаh тарапынан түскеннен кейін ұдайы килігулерге душар болып: Аллаhқа шаршау, өкіну, дем алу және «кеменің есігін қолмен жабу» сияқты антропоморфтік ұғымдардың жалғастырылғаны көрінеді.

Тауратта әңгімеленген Жақып (аләйһиссәләм) туралы ақылға, түйсікке симайтын, қисынға келмейтін және таң қалдыратын мына сөздерге назар аударыңыз-дар:

«Yй-ішімен бірге Хазіреті Жақып нағашы ағасының қасынан Кенан аймағына қайтып келе жатып, шөлде бір адаммен кездеседі. Бір-бірлерімен таныспастан дереу күресе кетеді де, содан таң атқанға шейін күреседі... Жақып (аләйһиссәләм):

«Қойшы кетейін!» - десе де, күрескен адам оны қоя бермейді.

Сол адам бұдан кейін:

«Енді сен Жақып емес, Израил деп аталасың... Өйткені сен Аллаhпен және адамдармен күресіп жеңдің»- дейді.» (Жаратылыстың басталуы, 32/22-32)

Page 216: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 216 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Таураттың «Тәңір, адам сияқты бір бейнеге кіріп Жақыппен (аләйһиссәләм) күресті» деген осы баян-дамасы ашық түрде антропоморфтік сенімді көрсетеді. Ал осы сенім теухидтен (бір болудан) мүлдем алыс, кәміл сипаттардан мақрұм және кем сипаттарға ие «тәңір» ұғымының баяндамасы деп табылады…

Тауратта Аллаh ұғымына сәйкес келмейтін тағы бір оқиға баяндалады:

«Күн салқындағанда жәннәт бақшаларын аралаған Рабб (Құдай), Адам мен Хауаны іздейді. Олар ағаштың артына тығылған. Құдай оларды таба алмайды да: «қайдасыңң деп Хазіреті Адамға айқайлайды!» (Жаратылыстың басталуы, 3/8)

Осы мәселелердің барлығы қалай жорылса да адамдардың тарапынан килігудің нәтижесінде Таурат-тың негізгі нұсқасының бұзылып, өзгертілгенін жасыра алмайтыны өте анық.

Пайғамбар ұғымы

Еврейлерде Пайғамбарлардың екі сипаты бар екендігі айтылады:

1. Адамзатты Аллаhқа құлшылық етуге шақыруы керек және Аллаhқа серік қоспауы керек.

2. Болашаққа қатысты хабарлар беріп және айт-қандары қалайда жүзеге асуы керек. (Екізаңдылық, 18/

20-21)

Бұлардан басқа, Ислам дінінде пайғамбарлар үшін уәжіп болған, яғни болуға тиісті бес сипат (246-бетке қараңыз) жоқ. Сондықтан Еврейлердің дінінде: пайғамбарлар айла жасап, адамдарды алдай алады; ойнастық жасай алады; зұлымдық істей алады; өтірік айта алады; тек қана өзінің жеке мүддесін ойлайтындай мінез көрсете алады.

Page 217: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 217 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Тіпті Еврейлердің Пайғамбарлар туралы айтқан әңгімелері Таураттағы екі шартқа да қайшы келеді. Мысалы бұзылған Тауратта Харун (Аарон) Пайғамбар алтыннан бұзау жасап, соған табынуды әмір еткен деп кінәланады. (Шығу, 32/1-5, 24, 35) Еврейлер осы жағдай-ды: «Харун (аләйһиссәләм) бұзауды бұтқа табынатын қауымның қысымының нәтижесінде жасады»-деген түрде жорыса да, бұл пайғамбарлық міндетіне мүлдем сәйкеспейді... Өйткені пайғамбарлар «құдайы күшейтуге», яғни Аллаhтан көмек келуге жетерліктей дәрежеде жіберілген. Ал Құран Кәрім Еврейлердің Харун (аләйһиссәләм) туралы өсек-аяңдарын мүлдем қабылдамай, мәселенің турасын береді. Құранда келтірілген мәлімет бойынша Харұн (аләйһиссәләм) бұтты жасамаған, керісінше бұзау түріндегі бұттың жасалуына кедергі болуға тырысқан, тіпті сол себепті Израилұлдары тарапынан өлтірілу қаупы туған пайғамбар. (Ағраф,150; Тәһә,90-94 аяттарын қараңыз)

Пайғамбарларды оларға жат және әсте қабыл етілмейтін сипаттармен «безендіреді»:

а. Хазіреті Нұх (Ной) топаннан кейін жүзім өсіріп арақ өндірген және ішкен маскүнем біреу. Бір күні қатты ішкені сондай шатырында(күрке) мас болып ұйықтап қалады. Дәл осы кезде кіші ұлы Хам ішке кіреді де әкесінің жалаңаш жатқанын көреді. Бауыр-лары Сам (Сим, Шам) мен Иафеске (Иафет, Япши) айтып әкесінің үстін жапқызады. Нұх айыққанда кіші ұлының істегенін біледі...

Бірақ Нұх сол себепті ұлын емес, немересі Кенан-ды (Ханаан, Қанахан) қарғайды. Сондықтан Кенан есімі Еврейлердің ең жек көретін есімдеріне жатады. (Жаратылыстың басталуы, 9/20-29)

ә. Хазіреті Лұт (Лот) Таураттың баяндауы бойынша қыздарымен зина (ойнастық) жасаған болып шығады.

Page 218: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 218 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Содом және Гоморе қалалары құртылып, жойылғанда Лұт пен екі қызы құтылып бір үңгірге кіреді. Хазіреті Лұт ұйықтап қалғанда қыздары:

«-Мемлекетте нәсілдің жалғасуы үшін біз тие ала-тындай еркек қалған жоқ. Әкемізге арақ іштірейік!»-деп, (дегендерін істеп) әкесімен қосылады. (Жаратылыстың

басталуы,19/30-36)

б. Хазіреті Жақып(Иаков) әкесінің батасын аларда егізі Ыйсты(Исав,Есау) айла жасап алдайды. (Жаратылыс-

тың басталуы, 27-тарау)

в. Хазіреті Дәуіт (Давид) әйелі көп болған бір патша еді. Сонда да Ұряның (Урия) әйелін көргенде, оған пейілденеді де зина жасайды. Кейіннен Ұряны соғыс айласымен өлтіртеді. (ІІ.Самуил,11/2 - 12/22)

г. Хазіреті Сүлейменнің (Соломон) мың әйелі бар еді. Сүлеймен өмірінің соңғы кездерінде осы әйел-дерінің ішіндегі бұтқа табынатындарының соңына еріп, бұттарға табынып кетеді. Осымен Хазіреті Сүлейменнің де «Тәңірдің алдында жаман болған істерді» істегені айтылады. (І. Патшалар,11/1-7)

Еврейлер өз ішкі дүниелеріндегі нәпсі армандарын Тауратқа жалғап, үнемі өздеріне жеңілдік жасауға тырысқан еді.

Әлбетте осылардың бәрі Еврейлердің өз зұлымдық-тары мен сатқындықтарының нәтижесінде айтылған өсек-аяңдар. Осы «лағынеттелген қауым» үшін бұл оқиғалар жай, әдеттегі істер сияқты. Өйткені, олар өздерінің жеке мүдделеріне келіспеген жағдайларда өсек-аяң айтуы былай тұрсын, пайғамбарларын өлтіруден де тайынбаған. Хазіреті Зәкәрия мен ұлы Хазіреті Яхия осылай зұлымдық көріп өлтірілген екі пайғамбар. Еврейлердің осы жағдайын Құран қандай жақсы баяндайды:

Page 219: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 219 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

«Дегенмен олардың серттерін бұзулары, Аллаһтың аяттарына қарсы шығулары, пайғамбарларды жазықсыз өлтірулері және жүректеріміз перделі деулері себепті Аллаһ, әрине олардың қарсылықтары салдарынан, жүректерін мөрлеген. Сондықтан өте азы ғана иман келтіреді». (Ниса сүресі 155-аят)

Аллаһ Тағала Фатиха сүресінде де Еврейлер туралы:

«әл-мағдуб – ашуға ұшырағандар» - деп айтады.

Ақырет ұғымы

Таураттағы сенім бойынша Израилұлдары, яғни Еврейлер үнемі жәннәтта қалады. Ал күнәкар болған-дары тозақта тек қана он екі ай қалып, кейін олар да жәннәтқа барады.

Ал Еврей болмағандардың бәрі тозаққа кіріп мәңгі азап көреді. Өйткені «Еврейлік көзқараспен» қарағанда Еврей болмағандардың бәрі бұтқа табынатындар деп есептеледі.

Алайда олардың өз ұғымдары және сенімдері түгелімен Аллаһқа серік қосу және бұтқа табынудан басқа бір нәрсе емес!

Христиандықта кітап ұғымы Інжіл

Құран Кәрімде баяндалған мәлімет бойынша Хазіреті Исаға Інжіл атымен жалғыз-ақ кітап түскен. Қазіргі кездегі христиандардың қолындағы Інжілдер Иса (аләйһиссәләм) қайтыс болғаннан жарты ғасыр кейін жазылған.

325 жылы жиналған Изник консилінде (әлемнің түкпір-

түкпірінен білімді поптар жиналған жиналыс) саны жүзге тарта

Page 220: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 220 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Інжілден бір-біріне жақын төрт-ақ кітап қабылданған. Бұлар: Маркос (Марка, Марқа), Матта (Матфей, Матай), Юханна (Иоан, Жохан) және Лука (Лука, Лұқа) Інжілдері. Осы төрт Інжілдің түпнұсқа-лары да жоқ. Мұны христиандар да мойындайды. Төрт Інжілдің де Аллаһтың Хазіреті Исаға түсірген негізгі, шын Інжілге қатысы жоқ. Осы жайды растайтын дәлел-құжаттар өте көп.

Қазіргі қолданылып жүрген Інжілдердің Маттадан басқасының ең ескі нұсқалары Грек тілінде жазылған. Ал христиандардың өздері жазған көне кітаптарында Хазіреті Исаның Ибранише-Арамейше сөйлегені және үгітті осы тілде жүргізгені айтылған. Алайда Інжілдің тілі мен Исаның (аләйһиссәләм) сөздерінің мазмұны қолға алынғанда, тым құрыса түпнұсқаларының Хазіреті Исаның ана тілімен жазылуы және сақталуы керек екендігі көрінеді. Бірақ бүгінде не Інжілдердің тілі, не болмаса Исаның (аләйһиссәләм) өз сөздері Оның ана тілінде жазылмаған.

Төрт Інжіл туралы қорытындылап, төмендегідей баға бере аламыз:

1. Бұл кітаптар Хазіреті Иса тарапынан жаздырыл-маған және де осы Інжілдердің ешқайсысын Иса (аләйһиссәләм) көрмеген.

2. Осы Інжілдерді жазған адамдардың ғылыми қабілет жағынан бірталай-кемшіліктері болған және бірнешесінің кім болғандары да білінбеген адамдар. Тіпті жазған кітаптармен қатысы да білінбейді.

3. Осы жазушылар Інжілдерді төңірегіндегілердің талабы бойынша сұранысқа сәйкес жазған. Сонымен қатар, бұл сұранысты берген адам да, жамағат та белгісіз.

4. Төрт Інжілдің де түпнұсқалары жоқ және осыны христиандар да мойындайды. Інжілдерді бір-

Page 221: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 221 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

бірлерінен көшіргендердің және аударғандардың надандықтарынан және қастықтарынан бірталай қателер мен кемшіліктердің пайда болғанын христиан ғалымдары да мойындап отырғанда, негізгі нұсқа-ларының жоқ болып, ортада қолдан қолға өткен және аударылғаны айтылған Інжілдердің қаншалықты тура болғанын қайтып айта аласыз.

5. Сонымен қатар осы Інжілдердің жазылу тарих-тары меселесінде таласпай, бір шешімге келген екі ғалымды да таба алмайсыз.

Төрт Інжілдегі қайшылықтардың

мысалдары• Маркос және Юханна Інжілдері Хазіреті Исаның

ата тегі туралы мүлдем айтпайды. Ал Матта мен Лука Оның ата тегін жазады. Бірақ Матта Хазіреті Исадан Хазіреті Ибраһимге дейін 40 ата санағанымен, Лука 55 ата санайды. Бұдан басқа Лука Хазіреті Адамға дейін 20 кісіні тағы қосып тізбекті 75-ке жеткізген.

Исаның (аләйһиссәләм) ата тегін Ибраһимге (аләйһиссәләм) дейін Маттаның 40 деп санауы Лукада жазылған 15 кісіні ұмытып кеткеннен емес. Ата тегінің тізбегі зерттелгенде көбінің бір-бірлерінен бөлек болғаны және ұқсас есімдерінің өзі басқа орындарда тұрғаны көзге іліне кетеді.

• Матта Інжілінің 1-бабының 1-17 аяттары арасына жазылған тізбекте Хазіреті Исаның әкесі Жүсіп деген адам болғаны айтылғанымен дәл осы Інжілдің осы бабының 18-25 аяттары арасында Хазіреті Мәриямның Аллаһтан екіқабат болғаны баяндалады. Осы жағдай төрт Інжілдің арасындағы қайшылықтың бір Інжілдің бір бабындағы аяттары арасында да болғанын көрсетеді.

Page 222: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 222 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

• Матта Інжілінде Хазіреті Яхияның Ілия екендігі айтылады, бірақ Юханна Інжілінде керісінше Яхия Ілия емес делінген.

• Яхияның (аләйһиссәләм) Хазіреті Исаны танып-танымағаны жайындағы баяндамаларда айырма-шылықтар бар. Ал Яхияның (аләйһиссәләм) өлтірілуі Матта мен Маркоста ұзақ айтылғанымен Юханнада бұл мәселе мүлдем қозғалмаған.

• Исаға (аләйһиссәләм) Інжілдерде тәңірлік сипат жалғанғанымен бірге, бірталай жерде адам баласы деп айтылған. Адамның бір жағынан Аллаһтың ұлы, бір жағынан адам баласы болуы мүмкін бе? Мүлдем болмайтын жағдай! Әйтпесе адамзат Аллаһпен тең болар еді. Бірақ бұл ой туралы таласуға да болмайды. Өйткені Аллаһ - жаратушы, ал адамзат жаратылған.

Бірақ христиандар Інжілдерде жазылған «Аллаһтың ұлы» сөзімен Аллаһтың Исаның денесіне кіріп, сонда орналасып, Исаның денесінде адамзатқа көрінгендігін айтып, Исаның Тәңірдей болғанын надандықпен жарияласа да, бұны қабылдау Аллаһтың ұлылық және әр түрлі кемшіліктен пәк болу жағдайымен келіспейді.

Негізінде «Аллаһтың ұлы» деген сөз Исаның Тәңірлігін көрсетуден өте алыс. Өйткені бұл сөз басқа христиандарға да қолданылған. Мысалы Иса (аләйһиссәләм) шәкірттеріне былай айтады:

«Дұшпандарыңды жақсы көріп, сүйіңдер! Сендерге зұлымдық істегендер үшін дұға етіңдер! Егер осылай істесеңдер көктерде болған Әкенің ұлы боласыңдар!»

Сенімдегі осы бұзылу мен азуды, ақиқатпен ешқалай келістіріп, жарастырудың мүмкін еместігін ақылы дұрыс әрбір адам түсіне алады. Тіпті Юханна Інжілі сенімдегі бұзықтық мәселесінде тағы да ілгерілеп, Яхия (аләйһиссәләм) туралы айтыларда иман еткендер үшін осы сөздерді қолданады:

Page 223: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 223 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

«Олар қаннан да, дене сұранысынан да, Исаның талабынан да туған жоқ; керісінше Аллаhтан туды!..»

• Авторлар Інжілдерінде Исаны (аләйһиссәләм) өз армандарына сәйкес, қияли түрде сөйлестіріп, Оны бірталай сөз қайшылықтарының ішінде қалдырады. Иса (аләйһиссәләм): «-Егер мен өзім үшін куәлік ететін болсам, осы куәлігім тура болмас!»-деп айтады, бірақ басқа бір жерде: «-Менің өзім үшін берген куәлігім тура болады!»-дейді.

• Иса (аләйһиссәләм) крестке керілген кезде Матта және Маркос Інжілдері бойынша: «Құдайым, құдайым! Неге мені тастадың?» - деген. Бірақ осындай сөз бір пайғамбар айта алатындай сөз емес. Өйткені пайғамбарлар тәуекелділік және Аллаhқа берілу жағынан жай адамдар жете алмайтындай биік дәрежеде жаратылған.

Аллаhтың ашуын басу үшін ұлын бір жеміске бола өлтіру турасындағы сенім, бір алманың айыбын өліммен төлететіндей қандай қызық, қандай таң қаларлық сенім. Бұл есі ауысқандық! Христиандар бұл жағдайларына қарамастан адамдарды өз діндеріне шақырған кезде, Хазіреті Исаның жанын пида етіп, адамзаттың күнәла-рын мойнына алғанын аңғалдықпен және батылдықпен баяндап, негізі бүтінімен бұзылған діндерін, адамдарға тартымды қылып көрсетуге тырысады.

Христиандардың осы килігуі бір жағынан адамдарды тұрпайы және жаман істерді жасауға еліктіреді (ықпал етеді), екінші жағынан ұлы пайғамбарларға жабылған жаланы, үлкен қатені көрсетеді. Алайда пайғамбар адамзат ішіндегі ең таңдаулысы болған, Аллаhтың қасында да әрбір ой-әрекетімен қабылданған кісі деп саналады. Сондықтан Аллаhтың таңдаған және сүйген Елшісіне осындай азап көрсетуі, сенген былай тұрсын, ойға да сыймайтын, әрі Аллаhқа надандықпен зұлымдық

Page 224: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 224 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

секілді қасиет жалғау деп есептеледі. Ал шындығында, Аллаh, пайғамбарлары үшін қаншама мерейлі және ұлы дәрежелер, орындар, жақсылық және сыйлықтарды уәде еткен. Мәселенің негізі осылай болып тұрғанда өзіне «тәңірлік сипат» жалғанған Иса (аләйһиссәләм) христиандардың айтқанындай шынымен Аллаh болса, Аллаhтың креске керілетіндей әлсіз болуын ойлау, мақұлдау қалайша «дұрыс» түсініле алынады?

Христиандықтағы «Аллаh» ұғымы және Yш Тәңір (Теслис) сенімі

Исаның (аләйһиссәләм) ештеңе жазбағаны және қазіргі Інжілдердің де Оның көкке көтерілуінен бір-талай уақыт өткеннен кейін, адамдар тарапынан болған килігулер арқылы жазылғаны ескерілсе, негізі Тәуһидке (Аллаhты бірлеу жүйесі) тірелетін бір дінге, «үш тәңір» сенімі қалай кіріп, енгені де оп-оңай түсініледі.

Теслис (Yштеу) Христиандардың «Әке, ұл және қасиетті рух» үштігінен құралған Тәңір сенімдерін көрсететін бір сөз болып табылады. Негізінде Христиан-дық жалпы бір Тәңірге сенген діндерден деп есептеледі. Христиандық сүйенген «Ескі Сөз»-де қабылданып, қолға алынған теухид сенімі христиандардың орталығы болған Құдұста (Иерусалим) Yнді және Грек мәдениет-терінің арасында қалып, солардың әсерінен теухидке қарсы күйге түскен. Теслистің Христиандыққа енгі-зілуі біршама ұзақ уақыттан кейін болған. 325-жылы жиналған Изник консилінде әлі теслис ұғымы болмаған. Сол кезде тек қана әке мен ұлының Тәңір болғаны және олардың бөлек-бөлек гауhарлардан болғандары ай-тылған еді. 533-жылы жиналған Константинополис консилінде християндардың үш негіз, яғни теслис күйіндегі бір құдайға табынуы ұсынылған.

Page 225: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 225 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Хазіреті Иса екі мың жыл бұрын жоқ еді, кейінірек туды. Аллаhқа кейіннен жалғау дұрыс бола ма? Аллаh адамдар оны креске керетіндей әлсіз бе? Өйткені Інжілдерде Хазіреті Исаның креске өз ықтиярынсыз керілгенін баяндаған жерлер бар. Матта 27/46-да: «Аллаhым, Аллаhым мені неге тастадың?» - деп айқайлайды. Матта Інжілі бойынша Иса осы сөзді керілген күйде, жан тапсырарының алдында айтқан болуы керек. Маркос Інжілінде де (Маркос Інжілінің 15, 34 -

жерлерін қараңыз) Исаға жалғанған осындай сөздер әлсіздік пен қарсы келудің көрінісі болып, адамдық кемшіліктер деп саналады. Негізінде, бұл, пайғамбарлар айтатындай сөздер емес.

Інжілдер осындай жағдайда болып тұрғанда, Құран Кәрім Аллаh Тағаланың жалғыз Құдай екендігін (Бақара,

163); егер жерде және аспанда Аллаhтан басқа Тәңірлер болса, жер мен көктің деңгейі (тұрақтылығы) және тәртібі сөзсіз бұзылып кететіндігін (Әнбия сүресі 22-аят) білдіреді және Аллаhпен бірге басқа Тәңірлер болған жағдайда пайда болатын нәтиже туралы қосымша былай айтады:

«Аллаһ еш бала иемденбеді. Онымен бірге басқалай тәңір де жоқ. Ондай болғанда, әрине әр тәңір өз жаратқандарына ие болар еді де бір-біріне үстемдік қылар еді. Аллаһ олардың сипаттағанынан пәк». (Мүминун, 91)

Тәуһид мәселесінде осыншама сергек болған Құран, христиандардың не екені белгісіз, шым-шытырық және тиянақсыз болған теслистерін қабылдамайды, әрі мұның күпіршілік болатынын білдіреді:

««Аллаһ - үш тәңірдің біреуі ғана» деушілер мүлде кәпір болды. Тәңір-біреу, одан басқа Құдірет жоқ. Егер олар айтқандарынан қайтпаса, әлгі кәпір болғандар (екі дүниеде де) қатты азапқа ұшырайды». (Маидә сүресі 73-аят)

Page 226: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 226 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

ТАУРАТ, ІНЖІЛ ЖӘНЕ ҚҰРАН

1. Аллаh ұғымы

Кітабымызда жазылған талдаудан шыққан нәтиже мынандай: Еврейлікте тек қана Еврей ұлтына қарасты «Яhеу» немесе «Яхоуа» есімді бір Аллаh ұғымы бар. Сипаттары адамдық сипаттарға және адамдық іс-әрекеттерге өте жақын және ұқсас болғандықтан Еврейлер антропоморфтік ұғыммен өмір сүруде. Еврейлер «мүдде және үстем ұлт» философиясымен Аллаhты ұлттық қылып, оны жалғыз Еврей ұлтына қарасты деп қабылдаған және басқа ұлттар «Еврей-лерге қызмет етуші ретінде жаратылған» деген сеніміне «өздерін көндірген» еді. Нәтижесінде ұлт дін, ал дін ұлт күйіне келіп қалған.

Христиандықта болса, Аллаhтың біреу және үшеу болғаны сияқты бір-біріне қайшы және ақыл мен түсінікке жатпайтын бір ұғым бар. Хазіреті Иса пенде болып тұрғанда тәңірлестіріледі. Ол тек қана христиандарды кешіретін, басында адам сонан соң Рабб болған жаратушы деп саналады.

Ал Исламдағы ұғым бойынша Аллаh - кем сипат-тардан пәк, кәміл сипаттарға ие, «ұлы» яғни түсініктер де аңғара алмайтындай кәмілдіктерге ие. Аллаhты толығымен түсініп, аңғара алу адамзат түсінігінен тыс. Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

«Аллаhты қалай қиялдап ойласаңдар, Ол қиял-дарыңыздан да тыс» - деп айтады.

Ислам Аллаhқа жалғанған бүткіл адамдық сипат-тарды қабылдамай Ықылас сүресі арқылы бет бұрады.

Page 227: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 227 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Сөздің түйіні: Еврейлік пен Христиандықта адамға ұқсайтын Тәңір ұғымы және сенімі, ал Исламда адамзатқа ұқсамайтын, барлық кемшіліктерден пәк болған бір Аллаh ұғымы және сенімі бар.

2. Пайғамбар ұғымы

Еврейлікте пайғамбарлардың міндеті, Аллаhтан келген әмірлер мен тыйымдарды білдіру және болашақта жүзеге асатын оқиғалар туралы хабар беру деп саналады. Бұдан басқа адам баласындағы кемшіліктердің бәрі де пайғамбарларда бола береді. Күнә істей алады. Айла жасап адамдарды алдай алады да, артынан тәубе ете алады. Міне Еврейлер өз іс-әрекеттеріне сылтау табу үшін пайғамбарлық ұғымын осындай бір күйге келтіріп тастаған.

Ал Христиандықтағы жағдай шым-шытырық. Нақтылық жоқ. Хазіреті Иса соңғы кездеріне дейін тәуекелділік және Аллаһқа берілуден алыс бір көріністе. Матта мен Маркоста баяндалған бойынша креске керілуге апарыла жатқанда Раббысына:

«Аллаhым, Аллаhым! Не үшін мені тастадың?» -деп, айтуымен Аллаһқа берілуге қайшы күйде. Пайғамбар-ларда болуға тиісті жақсы мінез-құлықтан алыс көріністе.

Ал Исламда - пайғамбарлар сидық, аманат, фатанат, исмет және тәблиғ* деп аталатын бес сипатқа ие болу

* Сидық: Пайғамбарлар өте адал және шыншыл адамдар. Ешқашан жалған сөйлемейді. “Болды” дегендері болған, “болады” деген нәрселері де уақыты келген кезде міндетті түрде болады. Аманат: Пайғамбарлар - сенім артуға тұратын адамдар, аманатқа еш уақытта қиянат жасамайды. Фатанат: Пайғамбарлар - өте ақылды, көзі ашық, көңілі ояу. Исмет: Пайғамбарлар жасырын болсын, ашық болсын ешқандай күнә істемейді. Тәблиғ: Пайғамбарлар Аллаһтан алған діни үкімдерді айнытпай, ешқандай өзгертпестен адамдарға жеткізген.

Page 228: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 228 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

керек. Осы сипаттар пайғамбарларды басқа адамдардан айыратын белгілер болып табылады. Исламда пайғамбарлар өздері арасында болған қауымға «усвей һасәнә», яғни барлық жағынан үлгі, өнеге болған кісілер деп саналады. Пайғамбарлардың 120 не 220 мыңнан көп болып жіберілулері қауымға үлгі-өнеге болып өмір сүрулерімен және хал-ахуалдарымен жақсы мінез-құлықты және нәпсіні ағартуды үйретулері үшін.

3. Пайғамбарлардың мұғжизалары және кітап ұғымы

Пайғамбарлар жіберілген қауымдардың ішінде пайғамбарлықтарын белгілеу жөнінде адамзаттың күші жете алмайтын «мұғжиза» делінетін төтенше оқиғалар көрсетеді.

Хазіреті Мұса мен Хазіреті Иса және олардан бұрын келген барлық пайғамбарлардың көрсеткен мұғжизалары, өз кезеңдері және мекендерімен шектелген. Не Хазіреті Мұсаның аса-таяғынан не болмаса Хазіреті Исаның өліктерді тірілтуінен қазіргі кезде ешқандай бір ізге кезігу мүмкін емес.

Ал Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ең үлкен мұғжизасы болған Құран Кәрім бұрын да айтқанымыздай шешендігі және келер шаққа қарасты берген хабарларының оқиғаға сәйкес түрде шындыққа шығуы, Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қалауы мен армандарына сәйкес келмей, тіпті оның кейбір мәмілелерін айыптауы, яғни адамдардан әрқандай бір килігуден қорғалуы жағынан және дамыған ғылымның алдында барған сайын оларға шырақ болуы жағынан қияметке дейін күшін жоғалтпай, жалғаса беретін теңдесі жоқ мұғжиза.

Бақара сүресінің 2-аятында Құран Кәрім туралы «Ол ішінде мүлдем күдік болмаған бір кітап» - деп айтылған.

Page 229: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 229 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Және бұл жөнінде күдіктенгендерден соның бір ұқсасын келтірулері бірталай аятта қайта-қайта сұралған.

Ең соңында:

«(Ей Мұхаммед): Оларға айт: «Егер адамдар және жындар осы Құранның ұқсасын келтіруге жиналса, тіпті олар бір-біріне көмекші болса да келтіре алмайды»» (Исра

сүресі 88-аят) - деп айтылып бүткіл адамзат және жындар жекпе-жекке шақырылған.

Хазіреті Мұсаға түскен Таурат және Хазіреті Исаға түскен Інжіл, басында Аллаhтан түскен киелі кітаптар болғанымен, осы екі пайғамбар қайтыс болғаннан кейін адамдардың килігуіне ұшырап негізі бұзылып кеткен. Расында осы екі кітаптың тура жақтарын бекітіп, қателерін көрсеткен Құран Кәрім осы кітаптардың өзгертіліп, бұзылғанын анық түрде баяндайды.

Өткен беттерде берілген мысалдар осы екі кітаптың өзгертіліп, негізі бұзылғанын, сонымен «құдайы сөз болу ерекшеліктерін» де жоғалтқанын көрсетеді.

Ал Құран Кәрім: «Әлбетте Құранды біз түсірдік, қорғаушысы да әрине бізбіз!» (Хижр сүресі 9-аят) - деп айтуымен килігулерден қорғалуы Аллаhтың кепілде-месіне алынған және кітап беттерінде әрі көңілдерде сақталып бір әрпі де өзгертілмей бүгінге дейін келген және қияметке дейін жалғаса беретін Құдайы кітап.

Әлем қалай керемет жаратылған өнер болса, Құран да осындай дәрежеде. Өйткені әлем - Аллаhтың есімдері мен сипаттарының істегі, яғни жаратудағы көрінісі, ал Құран - Аллаhтың келам, яғни сөздегі көрінісі. Аллаhтың есімдері мен сипаттарының барлық кәміл көріністері Әлем мен Құранның сырларын шеше алатын қабілетте болуы үшін тек қана адамзатқа арналған.

Page 230: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 230 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

4. Жауапкершілік ұғымы

Таураттың тәфсірі, яғни анықтаушысы болған Талмұтта тек қана Еврей ұлтына қарасты «айып хұқықтары» (Қылмыс кезіндегі жаза, дау мәселелеріне берілген

шешімдер) үкімдері бар. Ал Еврей ұлтынан болмағандар Еврейлерге қызмет етушілер деп аталған. Еврей ұлтының жеке мүддесі үшін Еврей болмағандарға әр түрлі мәміле көрсетіле алынады.

Яхоуа Еврейлердің ұлттық тәңірі болғандықтан басқа жаратылғандарға көңіл бөлмейді. Ал Еврей күнәкарлары ақыретте жеңіл түрдегі бір жазамен, яғни бір жыл азап көрумен ақталады. Басқа ұлттар бұтқа табынғандары үшін мәңгілік азапқа ұшырайды.

Ал Христиандықта ең үлкен күнәнің Адам (Аләйһиссәләм) мен Хауадан бастап тізбек секілді келе жатқаны туралы сенімі бар, сондықтан әрбір адам күнәкәр болып туады. Тазалап ағарту ерекшелігі поптардың қолында. Яғни құлы мен Раббысының арасында басқалар бар. Хазіреті Иса адамзаттың осы тізбек қалпындағы күнәсін кешірту үшін креске керіледі де олардың Раббысы болады.

Христиандардың ұғымы бойынша:

«Шопан, отарын қорғайды, қасқырдан сақтайды. Иса да шопан болғандықтан сендерді қорғайды. Ақыретте сендерді сұраққа тартпайды!»-делінеді.

Христиан шоқынумен тізбек қалпындағы күнәдан тазаланады. Ал қайтыс болғанда, Раббысы болған Иса сұраққа тартпайтындықтан жауапкершіліктен құтылады.

Христиандықтағы осы көзқарас адамзаттың жаратылу мақсатына қарсы тұрады. Ал шындығында Аллаh адамзатты жаратылғандардың ішіндегі ең үстемі қылып жаратқан, әлемді қызметіне берген және өзіне

Page 231: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 231 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

бір нәпсі бөгетін беріп, құлшылық міндетімен істейтін амалдарға соны жауапты қылған. Көркем аятта былай айтылады:

«Адамзат өзін басы бос, еркін қоя беріледі деп ойлай ма?» (Қиямет сүресі 36-аят)

Ал «тізбек қалпындағы күнә» адамзат түйсігіне кіріп қабыл етілмейтін бір түсінік. Хақ Тағала, Бақара сүресінің 286-аятында:

«Аллаh ешбір адамға шамасы жетпейтін міндет жүктемейді» - деп айтылады.

Тағы Зилзал сүресінің 7-8 - аяттарында:

«Әркім тозаңның салмағындай қайыр (жақсылық) істеген болса соны көреді. Кім тозаңның салмағындай жамандық істеген болса да соны көреді» - деп айтылады.

Ал Исра сүресінің 16-аятында: «...ешбір күнәкар басқаның күнәсін жүктенбейді!» - деп айтып, күнә-нің тізбекке ұқсап жалғанбайтынын, жауапкершілік әркімге жеке-жеке болатынын көрсетеді.

Ағраф сүресінің 6-аятында да Аллаh Тағала:

«Әлбетте өздеріне пайғамбар жіберілгендерді де, жіберілген пайғамбарларды да сөзсіз есепке тартамыз!» - деп айтып, тек қана қарапайым адамдар ғана емес исмет, яғни «күнәсіз» сипатына ие болғанына қарамастан пайғамбарлардың да ауыр жауапкершіліктері болғанын баяндайды.

Бұлардың айрықша, жәннәттық болатындары турасында Аллаhтың кепілдігі бар болғанына қара-мастан, пайғамбарлар тәблиғ міндеттерін орындаудағы істері жөнінен есепке тартылады.

Құран Кәрімнің өзгертіліп, негізі бұзылған кітап-тардан басқа бір айырмашылығы да сыртқы дүние мен рухани дүниенің бүтіндігі жөнінде.

Page 232: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 232 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Негізі бұзылған кітаптарда руханиетте көбінесе болып біткен (шекті) оқиғаларға жер беріледі. Тауратта сыртқы дүние алға шығады. Ал Інжілде руханиет маңыздылықпен қолға алынады.

Ал Құран Кәрім шексіздікке, яғни құлды мәңгілік жолаушылығына (Уасыл-ы Илаллаһ болуға) жөнелтеді, рухани өмірді табиғи өмірдің ішіне негіз ретінде кіргізеді. Құранда ғибадаттардың мақсаты және негізі белгіленіп, қалай іске асырылатыны Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жүзеге асыруына, мужтәхид-тердің (Құран мен хадиске қарап үкім шығаратын ғалымдар) үкім берулеріне қалдырылған. Мысалы Құранда намаздың парыздары, уәжіптері және рәкәғаттардың саны жазылмағанымен, намаз-дағы хушу (Аллаhтың алдында тұрғанын біліп, қорқу), хузу (жанның тыныштыққа бөленіп, рақаттануы) және Аллаһтың алдында мойын иіп харамға қарамау, харамға қол созбау сияқты мағыналарға келетін қиямның күнделікті өмірге де әсер етіп, жалғасуының қажеттілігі туралы айтылады. Басқа ғибадаттарда да осындай ұсыныстар бар.

Пайғамбар қиссаларында да хронологиялық (Тарихи тізбектегі оқиғалар) оқиғаларға жер берілмей терең сырларынан ғибрат алу және қиссадан есе алу мәселесі қолға алынады.

Осы ғибадаттар мен түсінілдірілген қиссалардың барлығының мақсаты, құлдың рухани кірлерден тазарып ағарғаннан кейін құдайы сырларды қабылдай алатын күйге келуі және жаратылысындағы аһсен-и тәқуимға, яғни ең жақсы «тәртіпке» жете алуын қамтамасыз ету. Шынында да Жұма сүресінің 2-ші, Бақара сүресінің 129-аяттарында пайғамбарларға жүктелген үш міндеттің біреуі - «пенделердің нәпсісін ағартуы» екендігі белгіленуі осы ақиқатты күшейтіп, бекітеді. Төмендегі көркем аят осы жағдайды қандай жақсы баяндайды:

Page 233: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 233 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

«Сол күні мал-мүлік те бала-шаға да пайда бере алмайды!»

«Бірақ Аллаhқа қалб-и сәлиммен (таза бір көңілмен) келгендер тыс (бөлек)». (Шұғара сүресі 88-89 аяттар)

Жәннәт тұрғындарының бір бөлігі жететін айрықша бір сый, ілтипат тағы бар. «Руят-и жәмалуллаһ» (Жәннатта

Аллаһты көру) делінген осы ерекше ілтипатқа тек қана қалб-и селим арқылы жетуге болады.

Раббымыз көңілдерімізді Құрани ақиқаттар-мен және оның сырларымен толтырып қалб-и селимнен сәулетті бір нәсібе, сүйікті Мырзамыз Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) руханиетінен нұр табысты шықтар берсін!

Көңіліміз Аллаh пен Пайғамбар махаббатының бітіп таусылмайтын қазынасы болсын!

Әмин!

Page 234: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 234 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

СОҢҒЫ СӨЗИсламның бүкіл әлемдік бір діни көзқарасы

болғандығынан, оның пікір жүйесінде адамзаттың мәмілелерін тәртіпке салған заң, мінез-құлық, экономика т.б. сияқты барша білімдерге қарасты шарттардың болуы табиғи нәрсе. Осы шарттар ең жайынан ең кәміліне, ең шектісінен шексізіне дейін әр мәселені қамтитын дәрежеде болуы керек. Бұлардың бір бөлімі барша адамзатқа қатысты жай және әлемдік мәселелер болғанымен кейбір бөлімдері оқымысты, зиялы адамдарды да шаршатып әлсіз қалдыратын «терең мағыналар» және сыр әлеміне қарасты шын-дықтар деп саналады. Міне осындай мәселелерді әсіресе оқырмандары белгісіз болатын кітапта қолға алып зерттеудің әрі жинаудың қиын екені даусыз.

Осы мәселелерді зерттеу өрге шығып бара жатқанда шөлдеудей, әрі құзар шыңға өрмелегендей қиын. Сөзсіз осы қиын және шексіз шындықтарды ақыл, білім және тілдің мүмкіндіктеріне қарай ортаға қоюға тырысу бірталай адам бас тарта алмаған жұмыс болса да, мұнда кәміл табысқа жету мүмкін емес.

Сонымен қатар бұл мәселелерді толығымен анықтау-ға адам баласының дәрмені жетпегенімен «барлығына жете алынбағандықтан жеткенінен айнып бас тартпау» Ислами шарт. Сондықтан құрметті оқушыларымыз бізді де осы шартқа бағынған деп түсініп, анықтамаларымыз бен түсіндіргендеріміздегі кемшіліктерімізді кешіреді деп үміттенеміз.

Сондай-ақ адамдық түсінік және салыстыру осы әлемнен алған әсерлерімізбен іске асып жалғасады. Сондықтан көзбен көру мүмкін болмаған «шексіз» ақиқаттар турасында жаңылмау немесе соларды

Page 235: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 235 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

толығымен анықтау қалай мүмкін болмаса, жаратылыс кереметі болған әлемдердің мақтанышы Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ақиқаты және әсмаи илаhияның (Алланың есімдері мен сипаттары) кәміл түрдегі көрінісі болған Құран гауhарының адам баласының шамасымен аңғарылып түсіндірілуі де мүм-кін емес. Шынында жәннәт, тозақ және тағы басқа ұқсас суреттеулер негізі тек қана Аллаh Тағаланың ілімінде болған бір жағдайдың біздердің түсініктеріміз бойынша баяндалғанынан тұрады. Діннің бүткіл метафизикалық ақиқаттары турасында ақыл мен «қалб-и сәлим» арқылы жасалған бағалаулар тура, бірақ кем болады. Әрине тура, өйткені осы әлемнен алынған әсер бойынша анықталуы және түсінілуі осынша ғана болады. Әрине кем, өйткені осы әлемде болып жатқан құдайы істердің негізі мен соларға ұқсас болған жағдайларды салыстыру арқылы келген шешіміміздің арасындағы айырмашылық шетсіз де шексіз. Осындай шындықтарды толығымен аңғара білу үшін адам баласының ақылынан басқа ақыл, түйсік, мүмкіншілік және дәнекерлер қажет, бірақ осы дүниеде бұл да мүмкін емес. Мысалы «рүиет-и жемалуллаh...» (Аллаhты жәннәтта көру) Ақыретте мүминдер үшін болатын осы жағдайды «руят», яғни «көру» сөзінің мағынасына сыйғызу кем емес пе? Амал жоқ бәрі бір кем, бірақ осы мәселенің түсіндірілуі де қажет.

Сондықтан адамдардың мұхит тәрізді кең және терең деп көріп «ақиқатқа батырған ыдыстарының» көлемінен артық нәрсе алулары мүмкін емес! Бір мұхитты бір кесеге сыйғызу мүмкін болмағанындай... Тіл де бір «ыдыс», ми да бір «ыдыс», көру мәселесінде көз де бір «ыдыс» т.б. Бірақ барлығы әлсіздік!

Расында Хақ Тағала көркем аятта адам баласының түсінігімен аңғарылуы мүмкін болмаған ұлылығын былайша суреттейді:

Page 236: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 236 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

«Айт: Раббымның сөздері үшін мұхит сия болса және тағы да соншама қосылса, Раббымның сөздері бітпей, алдымен мұхит бітіп қалады». (Кәһф сүресі 109-аят)

Ойлану керек; шетсіз де шексіз құдайы салтанат пен ұлылықтың алдында адам баласының «ыдысының» көлемі қанша тұрады?

Әрине ақыл мен түсініктердің кемшіліктеріне бола ақиқат шектелмейді ғой!

Мәселенің негізі осылай болып тұрғанда, ақиқатты аңғару мәселесінде ең кең мүмкіншіліктерге ие болған үнсіздікке оралып сөзді осында тоқтатуға мәжбүрміз.

Әлемдердің мақтанышы Пайғамбарымыз дың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) руханиятымен жамылу-дан басқа амалымыз жоқ. Бүткіл бейшаралардың жал-ғыз шарасы Аллаh Тағала.

Әлсіздік мұхитында «медет, ей Раббым!»

Дахилек (есігіңді аш) ей, Аллаhтың Пайғамбары!

Page 237: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 237 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Құрметті оқырманға!

Біз Ұлы Пайғамбарымыз туралы кітапты мазмұны толық түсінікті болатындай қылып аударуға тырыстық сондықтан әдеби жағынан біраз кемшіліктер болды. Және де бәріміз қарапайым адам баласы болғандықтан басқа да кемшіліктеріміз болуы мүмкін. Сіздерге арнап шын ниетпен жазылған бұл кітаптағы кемшіліктеріміз кешіріледі деген үміттеміз!

Кітапта қолданылған кейбір ерекшеліктер:

Қасиетті Құран Кәрімнің аяттары қою әріптермен жазылды және кітап Ұлы Пайғамбарымыз туралы болғандықтан Ол кісі туралы айтылғанда есімдерін қою әріптермен, айтқан сөздерін қиғаш әріптермен жаздық.

Сіздерге түсінікті болу үшін өзіміз біраз (беттердің төменгі жағына) түсініктемелер бердік.

Кітаптың мазмұны діни бағытта болғандықтан кейбір сөздердің атауларын арапша бердік. Бұл бір жағынан қазіргі қолданылып жүрген қазақ тілінде толық баламасын таба алмағандықтан болды, екінші бір себеп Құдай бұйыртса, еліміздің мұсылман дініне деген көзқарасы жақсарып, өміріне ене берсе, осы сөздер күнделікті қолданыстағы қазақ тіліне енсе деген үміт...

Арапша діни терминологиялық сөздерді қолданғанда айтылуы дұрыс болса деген үмітіміз де болды. Мысалы «Алла» сөзі, сөздің негізі арапша болғандықтан және сол тілдегі айтылуы бойынша «Аллаһ» деп айту дұрыс шығар деген оймен кітапта осы сөзді қолдандық. Және арапша сөздердегі ерекшелікті ескере отырып сөздерде (апостроф) белгісін қолдандық, бұл әріп тамақтан, сәл қысылып шығарылады, дыбысталуы қазақ тіліндегі «ғ» әрпіне ұқсастау (сондықтан кейбір кітаптарда бұл әріптің орнына ғ әрпі қолданылып жүр, мысалы кейбір

Page 238: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 238 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

кітаптардағы Ғалейһіссәләм сөзін біз аләйһиссәләм деп алдық).

Таурат пен Інжілден мысалдар келтіргенде сол кітаптардағы баптарының аттары, пайғамбарлардың есімдері қазір миссионерлер қолданып жүрген кітаптарда әр-түрлі болғандықтан және сол діндердегі адасушылық туралы білгісі келіп, қызыққан адамдар болар деген оймен орыс тілінде жазылған кітаптардағы баламаларын да бердік.

Кітаптағы мәліметтер ойларыңыз бен сезімдеріңізге өз пайдасын тигізсін!

Табысқа жеткізуші тек қана Аллаһ!

Аудармашыдан

Page 239: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 239 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Мазмұны

АЛҒЫ СӨЗ ............................................................ 3ӘЛЕМДЕРДІҢ МАҚТАНЫШЫНЫҢ (с.а.у.)

Жер бетіне түсіп дүниеміздіерекше мәртебеге жеткізгені ............................ 6

ӨНЕГЕ СИРЕТІ ЖӘНЕ БАСҚА ПАЙҒАМБАРЛАР АРАСЫНДАҒЫ ОРНЫ ......................................... 37

Рахмет Пайғамбарының сиретінің мүшриктер тарапынан қабылдануы ................................ 49

РАХМЕТ ПАЙҒАМБАРЫНЫҢЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕН МЫСАЛДАР ...................... 61

Мейірімді пайғамбарымыздың тақуалығыжәне нәпсісін Ағартуы...................................62

Рахмет Пайғамбарының өміріндегі нәзіктік, разым және қамқорлық .................................................. 80Рахмет Пайғамбарыныңкедейлерге деген сыпайылығы ............................... 85Рахмет Пайғамбарының әйелдерге мәмілесі ............ 94Рахмет Пайғамбарыныңхайуандарға қарасты мәмілесі ............................... 97Рахмет Пайғамбарыныңтұлдыр жетімдерге мәмілесі .................................100Рахмет Пайғамбарыныңкөрші ақысы туралы ұсыныстары .........................102Рахмет Пайғамбарының дұшпандарына және кәпірлерге қарсы мәмілесі ...................................103Рахмет Пайғамбарының кешірімшілдігі ................104Рахмет Пайғамбарының жомарттығы ....................107Рахмет Пайғамбарындағы жақындық,шындық және адалдық ........................................109Рахмет Пайғамбарының инабаттылығы .................111Рахмет Пайғамбарының адамдардыңжақсылығын қалауындағы сергектігі ....................112

Page 240: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 240 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

ХИЛИЕ-И ШӘРИФЕ (киелі жаратылыс) ..............128Мүбәрәк шәмайл шәрифалары ............................120Көркем мінезі және мәмілесінің бірнешесі ...........122Теңдессіз батылдығы мен ерлігі ..........................125ДАСТАНИ МАХАББАТТЫҢКӨҢІЛДІ КҮЙДІРЕТІН ӨЛЕҢДЕРІ ....................127ҚОРЫТЫНДЫ .................................................139РАХМЕТ ПАЙҒАМБАРЫНЫҢ ҚҰРАНИ МҰҒЖИЗАЛАРЫ .............................................141I) Шешендігі мен әдеби тәсілі .............................147Құранның тәсіліндегі ерекшеліктер ....................150II) Құран Кәрімнің адамзат тарапынанөзгерістер енгізуден пәк болуы ............................155Уаһидің кешігуі ....................................................-Уаһида Хазіреті Пайғамбарғаескерту жасалуы ...............................................158Уаһидің мүжмәл келуі .......................................163III) Ғайыптан хабар беруі ...................................168IV) Ғылыми табыстар туралы хабар беруі .............177Биология .............................................................-Дактилоскопия .................................................183Дерматология ...................................................184Сүттің пайда болуы (құрастырылуы) ...................185Ана сүті ...........................................................186Астрономия .....................................................188Ботаника .........................................................198Геология ..........................................................199Физика ............................................................202Генетика ..........................................................206Гигиена ...............................................................-ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ЕВРЕЙЛІК ЖӘНЕ ХРИСТИАНДЫҚ ..............................................213Еврейліктегі кітап ұғымы. Таурат ...........................-Еврейліктегі «Аллаһ» ұғымы .................................-

Page 241: ummet.kz · OBDF?L [ZkiZ c АЛҒЫ СӨЗ Біздей әлсіз құлдарын, иманды болу бақытына жеткізген құдіреті күшті Аллаһ

- 241 -

"ХИКМЕТ"

баспа ү

йі

Пайғамбар ұғымы .............................................216Ақырет ұғымы .................................................219Христиандықта кітап ұғымы. Інжіл ........................-Төрт Інжілдегі қайшылықтардың мысалдары .......221Христиандықтағы «Аллаһ» ұғымы жәнеҮш Тәңір (Теслис) сенімі ....................................224ТАУРАТ, ІНЖІЛ ЖӘНЕ ҚҰРАН ........................226Аллаһ ұғымы .......................................................-Пайғамбар ұғымы .............................................227Пайғамбарлардың мұғжизалары жәнекітап ұғымы .....................................................228Жауапкершілік ұғымы ......................................230СОҢҒЫ СӨЗ .....................................................234ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАНҒА .................................347