45minutkz.files.wordpress.com  · web view2015-11-11 · Қандай істерден аулақ...

37
Қабдолова Жемісгүл, Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ақкөл жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 6 «а» сыныбына арналған қазақ әдебиетінен қысқа мерзімді сабақ жоспары. Күні: 21.10.15 Сабақ тақырыбы Шәкерім Құдайбердіұлы «Адамдық борышың» өлеңі Сабақ мақсаты Оқушылардың Шәкәрім шығармашылығы бойынша білімдерін кеңейту. «Борыш» ұғымына талдау арқылы жете түсінік беру. Өлеңнің негізгі тақырыбы мен идеясын ашу. Өлең мазмұны мен құрылысын талдау Сілтеме К.Ісләмжанұлы,С.Тілешова,Б.Әрінова,Р,Баттал Алматы «Атамұра» 2011. Ресурстар Күтілетін нәтижелер Жазушы мен оның өмір шығармашылығынан хабардар болады. . Өлеңнің идеясы мен негізгі тақырыбын аша біледі «Борыш» ұғымына жете түсініктерін қалыптастырады. Тапсырмалар. Білу 1-тапсырма 1.Жазушы мен оның өмір шығармашылығы туралы деректер. (Видеоролик) 2. «Борыш» сөзіне түсінік беру. «Топтастыру» әдісі. Қолдану . 3-тапсырма «Шығармашылық тапсырма» 1.Адамның жақсы және жаман қасиеттері 1-топ: «Менің борышым» 2-топ: ««Бақыт» Бақытты» адам «Сұхбат алу» әдісі. Түсіну 2-тапсырма 1.Өлең мағынасын ашу. Талдау. 4-тапсырма 1.Өлең құрылысын талдау

Upload: others

Post on 04-Feb-2020

3 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2015-11-11 · Қандай істерден аулақ болу керек?3.»Тұл»сөзінің ... Шәкәрімді ата-анасы

Қабдолова Жемісгүл,

Атырау облысы

Құрманғазы ауданы

Ақкөл жалпы орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

6 «а» сыныбына арналған қазақ әдебиетінен қысқа мерзімді сабақ жоспары.

Күні: 21.10.15

Сабақ тақырыбы Шәкерім Құдайбердіұлы «Адамдық борышың» өлеңі

Сабақ мақсаты Оқушылардың  Шәкәрім  шығармашылығы  бойыншабілімдерін кеңейту.

«Борыш» ұғымына  талдау арқылы  жете  түсінік беру. Өлеңнің негізгі тақырыбы мен идеясын ашу. Өлең мазмұны мен құрылысын талдау

Сілтеме К.Ісләмжанұлы,С.Тілешова,Б.Әрінова,Р,Баттал

Алматы «Атамұра» 2011.

Ресурстар

Күтілетін нәтижелер Жазушы мен оның өмір шығармашылығынан хабардар болады. . Өлеңнің идеясы мен негізгі тақырыбын аша біледі «Борыш» ұғымына жете түсініктерін қалыптастырады.

Тапсырмалар. Білу 1-тапсырма 1.Жазушы мен оның өмір шығармашылығы туралы деректер.(Видеоролик)2. «Борыш» сөзіне түсінік беру.«Топтастыру» әдісі.

Қолдану . 3-тапсырма«Шығармашылық тапсырма» 1.Адамның жақсы және жаман қасиеттері1-топ: «Менің борышым»2-топ: ««Бақыт»Бақытты» адам «Сұхбат алу» әдісі.

Түсіну 2-тапсырма1.Өлең мағынасын ашу.Өлеңдің мәнерлеп оқу.«Ортадағы қаламсап» әдісі2.Жаңа сөздермен танысу.

Талдау. 4-тапсырма 1.Өлең құрылысын талдау2.кестеменжұмыс.«Салыстыру» әдісі3.

Жинақтау 4 –тапсырма 1. Өлең мазмұны бойынша алған білімдерін жинақтау.«Ақылдының алты қалпағы» әдісі

Бағалау 5-тапсырма.Табыс критерий Бағдаршам арқылыӨзара бағалауҚол шапалақтауСмайликтер арқылы

Page 2: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2015-11-11 · Қандай істерден аулақ болу керек?3.»Тұл»сөзінің ... Шәкәрімді ата-анасы

Мұғалім және оқушы немен айналысады Сабақ бойынша мұғалім жазбалары

Мұғалім іс-әрекеті. Оқушының іс-әрекеті.

Бағалау

I .Ұйымдастыру. Флеш-тренингтің өтуіне ықпал жасайды.Мақсаты: сыныпта жылы,мейірімді ықпал жасау Топқа бөлу

Топ ережесі.

Сергіту сәтін ұйымдастыру.

Тренинг

– Әрбір еркелетіп айтатын есім гүлге ұқсайды. Гүлдердің бәрі әдемі: раушан да, қызғалдақ та, бәйшешек те – бәрі де өзінше керемет, бәрі де адамға қуаныш сыйлайды. Біздің есіміміз де осындай керемет!

Оқушылар ортаға дөңгеленіп тұрып,сағат тілінің бағытымен бір-бірінеСын есім бағытында өз есімдерін атайды.

II.Өткен сабақ.Үй тапсырмасы.

Үйге берілген тапсырманы еске түсіру

Абайдың қара сөздері

Оқушылар өздері дайындап әкелген Абай қарасөздерін талдап оқиды.

Бағдаршам

арқылы

3 III.Жаңа тақырып.

1. «Топтастыру» әдісіЖазушы мен оның өмір шығармашылығынан хабардар болады.

(видеоролик) 2. «Борыш» сөзін қалай түсінесіңдер? Негізгі тақырыбы -

Оқушыларға Шәкәрім туралы видеоролик көрсетіледі.

Сол видеоролик бойынша өз түсінгендерін постерге жазып толықтырады.

Постер қорғау

смайлик

арқылы бағалау

Page 3: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2015-11-11 · Қандай істерден аулақ болу керек?3.»Тұл»сөзінің ... Шәкәрімді ата-анасы

адамзат міндеті. Идеясы - артына үлгі аларлықтай іс қалдыру. Адамның борышы - халыққа адал еңбек ету, білім мен өнер үйрену, келешекке жол көрсету, үлгі алатындай із қалдыру. Жаман қылықтардан аулақ болу - мансап үшін мақтанға салынбау, бақ үшін арсыз қылықтардан аулақ болу.

.

2-тапсырма 1.Шәкәрімнің «Адамдық борышың» өлеңі.Өлең мағынасы ашу.Адамдық борышың-Халқыңа еңбек қыл.Ақ жолдан айнымай,Ар сақта,оны білТалаптан да,білім мен өнер үйрен,Білімсіз,өнерсіз,болады ақыл тұл.Мақтанға салынба Мансаптың тағы үшін,Нәпсіңе билетпе басыңның бағы үшін.Өміріңді сарп қыл өлгеніңше,Жоба тап,жол көрсет,келешек қамы үшін.«Ортадағы қаламсап» әдісі2. Жаңа сөздермен танысу.Мансап-атақНәпсі-жаман ісТұл-ешнәрсесі жоқҒибрат-үлгіҚауым-халық,ел

Оқушылар қаламсапты бір-біріне бере отырып өлеңді мәнерлеп оқиды.Өлең мағынасын ашып талдайды.

Оқушылар дәптерлеріне жазады

Шығармашылық тапсырма

1.Адамның жақсы және жаман қасиеттеріБілімді --- мақтаншақарлы ----- білімсізеңбекқор -----мансапқоршыншыл -----айлакерөнерлі ----- жалқаужомарт ----өсекші

Постер қорғау Смайликтер арқылы

Page 4: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2015-11-11 · Қандай істерден аулақ болу керек?3.»Тұл»сөзінің ... Шәкәрімді ата-анасы

ата ананы сыйлайды -----өтірікші

1) 1-топ: «Менің борышым» 2-топ: ««Бақыт»Бақытты» адам «Сұхбат алу» әдісі.

2-топ өздері дайындаған сұрақтар арқылы сұхбаттасу жүргізеді

1.Өлең құрылысын талдау2. Абай мен Шәкәрім«Венн диаграммасы»

Өлең құрылысын талдайды.

Абай мен Шәкәрімді салыстыру

Қол шапалақтау

1. Өлең мазмұны бойынша алған білімдерін жинақтау.«Ақылдының алты қалпағы» әдісі

-қажетті ақпарат.Бізге білім не үшін керек?

-жағымды жақты зерделеу

-жаңа идея.Сыныптастарыңа қандай жағымды идея айтар едің?

-сезім,болжам,ішкі түйсік.

-«әзәзілдің қорғаушысы" кейбір тетіктер дұрыс емес

-бақылаушы

2.Тірек сөздер«Кір жаятын жіп» әдісі

Оқушылар қалпақ киіп өз білімдерін толықтырады

Смайлик арқылы

Page 5: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2015-11-11 · Қандай істерден аулақ болу керек?3.»Тұл»сөзінің ... Шәкәрімді ата-анасы

5. БағалауТабыс критерийБағдаршам арқылыБірін-бірі бағалауҚол шапалақтауСмайликтер арқылы

Оқушыларды бағалау

Дерек көздер және жабдықтар.

Фличарт,маркер,қағаздар,стикер,смайликтер

Кейінгі тапсырмалар

«Менің борышым» ой толғау жазып келу

Page 6: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2015-11-11 · Қандай істерден аулақ болу керек?3.»Тұл»сөзінің ... Шәкәрімді ата-анасы
Page 7: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2015-11-11 · Қандай істерден аулақ болу керек?3.»Тұл»сөзінің ... Шәкәрімді ата-анасы
Page 8: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2015-11-11 · Қандай істерден аулақ болу керек?3.»Тұл»сөзінің ... Шәкәрімді ата-анасы

ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ «АДАМДЫҚ БОРЫШЫҢ»ADMIN · АПР 4TH, 2014 · 0 COMMENT

Тасымгалиева Арайлым Сарсенбаевна

БҚО, Бөрлі ауданы

Тихонов НОМ

Сабақтың тақырыбы:  Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамдық борышың»Мақсаты:Білімділік: Оқушылардың  Шәкәрім  шығармашылығы  бойыншабілімдерін кеңейту. «Борыш» ұғымына  талдау арқылы  жете  түсінік беру. Өлеңнің негізгі  тақырыбы мен идеясын ашу.Дамытушылық: Балалардың өз ойын нақты, көркем сөздерді  қолданып жеткізе білу дағдыларын  қалыптастыру.  Есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік. Нағыз адамға тән міндеттерді дәріптей отырып,оқушылардың  бойына сіңіру. Өз елінің, жерінің қамын ойлайтын ,өз ісіне жауап бере

Page 9: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2015-11-11 · Қандай істерден аулақ болу керек?3.»Тұл»сөзінің ... Шәкәрімді ата-анасы

алатын,адал қызмет атқаратын бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу.Сабақ түрі: Ашық ойлар.Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер: Ойтолғау, салыстыру, әңгімелесу, сұрақ-жауап, оқыту.Сабақтың көрнекілігі: Шәкәрім портреті, хронологиялық карта, ҚР картасы, көрме, техникалық құрал, қима қағаздар.Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, тарих, география, орыс әдебиеті пәндерімен, өмірмен байланыс.Сабақ барысы.Ұйымдастыру кезеңі.1.Оқушылармен сәлемдесемін.2.Кезекшімен сұхбат. (Оқушыларды түгендеу,күнді анықтау)3.Сабақ барысымен,мақсатымен таныстырамын.Үй тапсырмасын сұрау.Оқушылар алдын-ала бөлінген сала бойынша Шәкәрім Құдайбердұлы туралы деректер жайында ой толғайды.Тарихшылар. Шәкәрім Құдайбердіұлына байланысты даталар мен оқиғалар туралы жазады..Географ. География пәні бойынша картамен жұмыс.

Мәдениет саласы.

Әдебиетшілер. Шәкәрім кім? сұрағы бойынша Шәкәрім Құдайбердіұлын жан-жақты таныта отырып дәлелдейді.(Шәкәрім — Абайдың немере інісі. Ұлы Абайдың жеті ағайынды болғаны белгілі. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді сол жетеудің үлкені. Шәкәрімнің жеті жасында әкесі қайтыс болады. Бұдан соңғы жерде ерекше зеректігін аңғарған Абай Шәкәрімді өз қамқорлығына алады.Шәкәрім-ақын.Шәкәрімнің ақын жүрегі өзінің айналасындағы құбылыстарды сырттаай ғана саралап құрғақ беәнелеуші болып қалған жоқ. Ол құбылыстар мен заттардың әрқайсысына терең мән берді. Жақсылығына қуанып,кемшілігіне езілді. Осыдан келіп Шәкәрімнің ақындық болмыс бітімі, азаматтық үні қалыптасты. Халық тағдыры — Шәкәрімнің жырындағы көкейтесті тақырып. Өз өлеңдерінде ол әрдайым халық басындағы жағдайларды баяндады.Шәкәрім батыс әдебиетінен көп мағұлмат алған.Шәкәрім шығармашылығы туралы көрмемен танысу (кітапханашы).Жаңа сабақ . Шәкәрім шығармаларының тақырыбы — адамгершілік. «Борыш» сөзіне түсінік (міндет, парыз, қарыз). Әрбір адамның Отан алдында, халық алдында, ата-ана алдындағы борышы туралы түсінік.«Адамдық борышың» өлеңі мәнерлеп оқылады.«Адамдық борышың»

Page 10: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2015-11-11 · Қандай істерден аулақ болу керек?3.»Тұл»сөзінің ... Шәкәрімді ата-анасы

Адамдық борышың-Халқыңа еңбек қыл.Ақ жолдан айнымайАр сақта оны біл.Талаптан да білім мен өнер үйрен,Білімсіз, өнерсіз,Болады ақын –тұл.Мақтанға салынбаМансаптың тағы үшін,Нәпсіңе билетпеБасыңның бағы үшін.Өміріңді сарп қыл

Өлгеніңше,Жоба тап ,

Жол көрсет,Келешек қамы үшін.Қайтадан қайырылып ,Қауымға келмейсің,Барыңды,

НәріңдіТірлікте бергейсің.Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң,Шын бақыт-осыны ұқ,Мәңгілік өлмейсің!Негізгі тақырыбы-адамзат міндеті.

Идеясы-артына үлгі аларлықтай іс қалдыру.Түсіндірме сөздік.Мансап-атақНәпсі-жаман ісТұл-ешнәрсесі жоқҒибрат-үлгіӨлең мазмұнын түсіндіремін. Адамның борышы-халыққа адал еңбек ету, білім мен өнер үйрену, келешекке жол көрсету, үлгі алатындай із қалдыру. Жаман қылықтардан аулақ болу-мансап үшін мақтанға салынбау, бақ үшін арсыз қылықтарданаулақ болу.Өлеңді тізбекпен оқимыз.

Өлеңді құрылысына талдау.

Авторы- Ш. Құдайбердіұлы

Page 11: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2015-11-11 · Қандай істерден аулақ болу керек?3.»Тұл»сөзінің ... Шәкәрімді ата-анасы

Негізгі тақырыбы— адамзат міндеті

Идеясы-артына үлгі аларлықтай іс қалдыру.

Жанрлық түрі-поэзия

Шумақ-6 шумақ

Тармақ-24

Бунақ-63

Буын-1 шумақ-6 буыннанДәптермен жұмыс.

Адамдық борыштарды жазамыз.1.адал еңбек ету2.білім мен өнер үйрену3.келешекке жол көрсету4.үлгі болатын іс қалдыру

Тақтада сөздер берілген. Білімді, мақтаншақ, арлы, білімсіз, еңбекқор, мансапқор, айлакер, жалқау, өсекші, шыншыл, өнерлі, өтірікші, жомарт, сараң, қайырымсыз, ата-ананы сыйлайды.

Балалар, адамға тән жақсы қасиеттер мен жаман қасиеттерді бөліп жазайықшы.

Адамның жақсы қасиеттері / Адамның жаман қасиеттеріБілімді                                                         мақтаншақарлы                                                             білімсізеңбекқор                                                      мансапқоршыншыл                                                      айлакерөнерлі                                                           жалқаужомарт                                                         өсекшіата ананы сыйлайды                                  өтірікшісараң

 

Қазақтың өлеңінің пірі болған,

Халқының сөзін айтар ұлы болған.

Абайдың аманат қып беріп кеткен.

Шәкәрім түсірмеген туын қолдан

(С. Мәуленов)

Page 12: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2015-11-11 · Қандай істерден аулақ болу керек?3.»Тұл»сөзінің ... Шәкәрімді ата-анасы

Бойында табиғи таланты, ақындық дарыны бар Шәкәрімнің өмірдегі ұстазы, мектебі, университеті – Абай болды. Ұстазының «Ғылым таппай мақтанба, пайда ойлама, ар ойла, талап қыл артық білуге, артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» – деген өсиетін бойына сіңіріп, санасына тоқып өскен Шәкәрім ғылым-білім жолында бар өмірін сарп етті.

Ақындық өнер жолына түскенде он тоғыз жасында жазған өлеңі көбінесе жастарға арналған.Кел жастар, біз бір түрлі жол табалық,Арам айда, зорлықсыз мал табалық,Өтпес өмір, таусылмас мал берелік,Бір білімді данышпан жан табалық… деп, жастарды Абайдан үлгі-өнеге алып, тәлім алуға шақырады

—  Тақырыбы  жағынан, идеясы  жағынан  Шәкәрімнің «Адамдық  борышың»  өлеңі  Абайдың  сендер  білетін  қай  өлеңдеріне

ұқсайды?

—  «Әсемпаз  болма  әрнеге», «Ғылым  таппай  мақтанба?»  өлеңдеріне.

Өлеңді  білетін  оқушыларға  жатқа  оқытып,өлең  сөздеріне  талдау  жасату.

-Осы  өлеңдері  арқылы  Абай  мен  Шәкәрім  жұртты  қандай  қасиеттерге

үндейді?

—  Адамгершілікке  , халыққа  қызмет  етуге,  өнер -білім  үйренуге,  арлы  болуға,т.б.

—  Адам  бойындағы  қандай  қасиеттерді  бағалайсыңдар?

                                                 Кестемен  жұмыс

Абай Шәкәрім

«Әсемпаз болма әрнеге» «Адамдық борышың»

Пайда көрсең бас ұрып,

Мақтанды іздеп қайғы алма.

Мақтанға салынба,

Мансаптың тағы үшін.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан.

Жоба тап, жол көрсет,

Келешек қамы үшін.

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ғибрат алар артыңа із

қалдырсаң,

Шын бақыт-осыны ұқ,

Мәңгілік өлмейсің!

Page 13: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2015-11-11 · Қандай істерден аулақ болу керек?3.»Тұл»сөзінің ... Шәкәрімді ата-анасы

Өзіңде бармен көзге ұрып,

Артылам деме өзгеден.

Ақ жолдан айнымай,

Ар сақта, оны біл.

Мініңді ұрлап жасырып,

Майданға түспей бәйге алма.

Білімсіз, өнерсіз,

Болады ақын –тұл.

Сабақты бекіту

Деңгейлік сұрақтар

Жоғары деңгей сұрақтары1. «Адамдық борышың » өлеңі туралы өз пікірің?2. «Менің борышым» өлең жазу

Орта деңгей сұрақтары1. «Ақ жолдан айныма»сөз тіркесінің мағынасы қандай?

2.Ақын «шын бақыт» деп нені көрсетті?Төмен деңгейдің сұрақтары1.Адамдық борыштарды ата.2.Қандай істерден аулақ болу керек?Қорытындылау.

1.Үйге тапсырма. «Адамдық борышың» өлеңін жаттау.«Менің борышым»тақырыбына шығарма жазу.

Калпакка сурактар

VII. Сабақты бекіту.Деңгейлік сұрақтарЖоғары деңгей сұрақтары1.»Адамдық борышың «өлеңі туралы өз пікірің?2. Өлеңнен Абай өнегесі қалай байқалады?3. «Қайтадан қайырылып қауымға келмейсің»деген өлең жолында ақын нені айтпақ болды?Орта деңгей сұрақтары1. «Ақ жолдан айныма»сөз тіркесінің мағынасы қандай?2. «Барыңды, нәріңді тірлікте бергейсің»деген өлең жолында ақын нені айтпақ болды?3. Ақын «шын бақыт» деп нені көрсетті?Төмен деңгейдің сұрақтары1. Адамдық борыштарды ата.2. Қандай істерден аулақ болу керек?3.»Тұл»сөзінің мағынасы?

VIII. Үйге тапсырма.«Адамдық борышың» өлеңін жаттау.

Page 14: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2015-11-11 · Қандай істерден аулақ болу керек?3.»Тұл»сөзінің ... Шәкәрімді ата-анасы

«Менің борышым»тақырыбына шығарма жазу.IX. Оқушыларды бағалау

Маңғыстау облысыСабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылы

Ш.Құдайбердіұлының өмірі мен шығармаылығыСабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылы

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы білімдерін тексеру,дамыту; ақын өлеңдерінің идеясын ашу, рухани-адамгершілік қағидаларымен танысу,өлеңдерін

нақышына келтіре оқи отырып,негізгі түйінді таба білуге дағдыландыру; Шәкәрім лирикасы мен Абай өлеңдерінің үндестігін тануда оқушыларды өзіндік ой қорытуға

бағыттау.Тәрбиелік: Шәкәрімнің өлеңдері арқылы оқушылардың рухани байлығын , адамгершілік

қасиеттерін қалыптастырып, жаман мінезден аулақ болу,адами сезімді қастерлеу, сүйіспеншілік,ішкі рухани тазалыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ету, өз ойларын еркін,нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын шыңдау, өзін-өзі

дамыту,коммуникативтік,оқу-танымдық құзіреттіліктерін дамыту.Сабақтың түрі : Іздену-зерттеу сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Интерактивті (сұрақ-жауап, пікірлесу, талқылау,зерттеу), СТО (Венн диаграммасы, топтастыру ).

Көрнекіліктер: «Дана сөздің дарасы» кітап көрмесі, «Шәкәрім шыңы» - тау суреті салынған плакат,жапсырма қағаздар,слайд.

Сабақтың барысы :1.Ұйымдастыру кезеңі :

а)Оқушылармен сәлемдесу,түгендеу;ә)Сабақ мақсатымен, барысымен таныстыру.

Мұғалім сөзі: Балалар, біз бүгін Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі мен шығарма-

шылығы бойынша оқып білгендерімізді ортаға салып, жинақтап,қорытындылауға тырысамыз.

Жарты ғасырдан астам еріксіз үзілістен соң халық алдына қайта шыққан тұлғаларымыздың бірі- Шәкәрімнің қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихында

алатын орны ерекше. Шәкәрім-қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген , қазақ халқының көркемдік ойының үздік үлгілерін туғызған, қазақ өлеңін түрлендіре түскен кемеңгер

ақын еді.Қытымыр, қилы заманда оққа ұшқан ақын есімі халық санасынан аласталмақ болды.

Бірақ...өзі өлсе де аты өшпейді. Осы ретте Абай атамыздың «Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»,-деген өлең жолдары ойымызға оралады. Ұлы ақын өлсе де ,ұрпағына ғибрат етіп қалдырған мұрасы бар.Ол мұраны сақтау, одан тәрбие алу

Page 15: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2015-11-11 · Қандай істерден аулақ болу керек?3.»Тұл»сөзінің ... Шәкәрімді ата-анасы

біздің міндетіміз.2. «Ой қозғау». «Шәкәрім кім?

Шәкәрім – қазақ мәдениеті тарихында орны зор, еңсесі биік ерекше тұлға. Ол – заманның озық ойлы демократы, ірі ағартушысы,терең ойшылы, қоғам қайраткері. Жарты ғасырдан

астам еріксіз үзілістен соң халық алдына қайта шыққан ұлы тұлғаларымыздың бірі Шәкәрімнің қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихында алатын орны ерекше. Шәкәрім әрі ақын, әрі тарихшы, философ, өз заманының үлкен ойшылы еді, қазақ

әдебиетін жаңа белеске көтерген, қазақ халқының көркемдік ойының үздік үлгілерін туғызған, қазақ өлеңдерін түрлендіре түскен, қазақ тілінің мол мүмкіндіктерін бұрынғыдан әрмен танытқан бірегей қаламгер еді. Ол жаңа қазақ әдебиетінің

көшбасшысы Абайдың үлкен ағадан туған ізбасар інісі. Туыстық жөнінен ғана емес, ұстанған жолы тұрғысынан алып қарағанда да Абайға ең жақын адам еді. Қилы заманда

оққа ұшқан ақынның есімі де жұртшылық санасынан аласталмақ болған еді. Бірақ «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» демекші өзі өлсе де аты өшпеген

Шәкәрім атамыздың шығармалары әлі де жас ұрпақтың білім нәрін сусындатып келеді.«Адам болып тудым, адам атымды ақтайын, көп үшін, халық үшін, келешек ұрпақ үшін

еңбек етейін. Кейінгіге үлгі аларлық із-белгі қалдырайын, адам атым өшпесін, тарихқа аз да болса үлес қосайын деген ойда болдым.Келешектің ойын ашайын деп жаздым.

.....Өз заманым үшін жазғам жоқ. Келер дәуірдің адамы үшін жаздым.»Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі

Шәкәрім 1858 жылы, ескіше 11 шілде де Семей облысы, Шыңғыстауда дүниеге келген. Әкесі Құдайберді 1868 жылы 67 жасында дүниеден өтті. Жетім қалды деген аты болмаса ,

Шәкәрім жетімдікті көрмеген десе де болады.Құнанбайдың ерке немересі болып өскен. Абай Құнанбаев тәрбиесінде өскен.

Абай сынды тұлғаны тәрбиелеген Құнанбай бидің ақылымен сусындап өскен Шәкәрім, қазақтың ертеңгі атар таңы үшін жарық жұлдыз болып жарқырап шығыа келеді.

Шәкәрімді ата-анасы бес жасында ауыл молдасына оқуға береді. Шәкәрім 10 жасқа келгенде мылтық атып, домбыра,гармон үйреніп, сурет те салады.

Он беске толғанда қаршыға, бүркіт ұстап,құс салып серуенге шығады.Осы тұста ағасы Абайдың өлеңдерінен тыңдап өнерге бет қояды.

Жиырма жасынан былай қарай,аз да болса ғылым жолына түседі.Жиырмадан өткенде,

Аз ғана ғылым оқыдым.Алғызып кітап шеттенде,

Көңілгебірізтоқыдым- депжазады.Жиырмаменқырықарасы

Жасөмірдіңсарасы,Босөткенінқарашы,-депжиырмажылөміріболысболған.

1905-1906 жылдарыМеккеге 2 ретсапаршекті. 1911 жылыОрынбар, 1912 жылы Семей, лирикалықөлеңдері, дастандары, кітапболыпжарықкөрді.

ЕлуденасқаншағындаеліненелсізжергесалғанСаятқарадегенқыстауғакетіп, жиған-тергенматериялдарын ой қортып, бес жылкөзмойынтауысып ой-толғансытарынжазады.

1930 жылдарышаруаларбаскөтеріп, көтерілістіұйымдастырушыШәкәрімдепжалажабады. 1931 жылы 2 қазанкүніШәкәрімҚұдайбердіұлы 73 жасындажазықсызоққаұшып,

қазатабады.Жендеттерақындыатыпөлтіргенненкейін, оныңсүйегінессіздаладағыескібірқұдыққаапарыпкөміптастаған. Ақынға «халықжауы»

дегеннегізсізсаясижалажабылды.2. Ресми ақталуы, ұрпақтары

Асылдың сынығы Шәкәрім Құдайбердіұлының еңбектерін қанша түбірімен жоқ қылуға тырысқан әрекеттерге қарамастан «Алмас қылыш жатпайды қын түбінде» демекші қара

күшті қақ жарып, ақиқаттың сәулесі мен нұры жарқ етті. Шәкәрімді ақтау, оның мол мұрасын қалың елі қазағына жариялау туралы 1958 жылы

Page 16: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2015-11-11 · Қандай істерден аулақ болу керек?3.»Тұл»сөзінің ... Шәкәрімді ата-анасы

шешім қабылданды.Тек осы шешімді тағатсыз күткен ақынның баласы Ахат 1961 жылы әкесінің сүйегін құр

құдықтан қазып алып, Жидебайдағы Абай зиратының жанына жерледі.1988 жылы ғана Шәкәрім екінші рет толық ақталып, асыл мұраларынан тұңғыш жинағы

баспадан жарық көрді.Шәкәрімнің Қытай асып кеткен Зият атты баласынан туған

Мереке – Нұрлан, Меруерт, Сәуле, Гәуһар деген ұл-қыздарымен Алматыда тұрады. Шәкәрім қызы Гүлнәрдың балалары Фатих пен Бәтен, олардың ұрпақтары Алматы

қаласында қызмет етеді. Гүлнәр (1914-1970) – Шәкәрімнің Айғаншадан туған кенже қызы. Ақындық қабілеті бар

Гүлнәр әкесі оққа ұшқанда: Сарыарқаның жонында, Хақиқат ардың соңында. Отырған әкем тамында,

Серігі-қалам қолында, - деп басталатын ұзақ жоқтау өлеңін шығарған. 3. Шығармалары

“Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық!” өлеңінде талапты жастарды ұлы Абайдан үлгі-өнеге алуға,содан уйренуге шақырса,”Жастық туралы”,”Кәрілік туралы” өлеңдері Абай

үлгісінде жазылып, адамның өмір жасын жыр етеді. “Өмір”,”Сәнқойлар”,”Ызақорлар”,”Құмарлық”,”Жолама қулар маңайға”,”Адамдық

борышың”сияқты дидактикалық өлең-жырларында боямалы ажарды,жасанды мінез бен жағымсыз қылықты сынға алады.

Болашақтың кілті білімде екенін жақсы түсінген ақын “Насихат”деген өлеңінде білім алуды,білімді болуды насихаттайды,даналық тұжырым жасайды.

Шәкәрім эпикалық жанрда көлемді шығармалар жазған.Олардың қатарына ақынның “Қалқаман-Мамыр”,”Еңлік-Кебек”,”Ләйлі-Мәжнүн” дастандары жатады.

4. ӘндеріШәкәрім Құдайбердіұлының музыкалық мұрасы 15 ән, 2 күй, 8 әуенмен орындалатын 4

эпикалық шығармадан құралады.Шәкәрім әндерін алғаш нотаға түсірген голландық Альвин Бимбоэс.«Музыкалық этнография» жинағына Шәкәрім Құдайбердиевтің орыс тілінде 2 әні жарық көрді.

Затаеевичтің 1925 жылы шыққан «Қазақ халқының 1000 әні» жинағына «Тілек – бата» деген атпен енген.

1931 жылы «Қазақ халқының 500 әні мен күйі» деген жинағына «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек»,«Жиырма үш жасымда», «Жылым – қой, жұлдызым – июль», «Қорқыттың сарыны», «Қорқыт, Хожа Хафиз түсіме енді де», «Сұраған жанға сәлем айт», «Сен

ғылымға ынтық болсаң», «Байғазы» әндері бар. Шәкәрімнің әншілік мұрасын жиналып зерттелуіне көп еңбек сіңірген өз баласы Ахат Құдайбердиев еді.

Шәкәрім –сазгер. Сегіз қырлы, бір сырлы Шәкәрім ойлы өлеңдеріне ән де жазған өнерлі сазгер болды. Бұл ақынның керемет өзгешелігі, талант дәрежесінің биіктігі.

«Анадан алғаш туғанда» әнінде адам өмірінің бар болмысын айқындап, қысқа ғұмырдағы пендешіліктің бет-болмысын әшкерелей отырып, кісілікке, парасаттылыққа шақырады. «Кәрілік туралы», «Жапанда жалғыз жаттым елден безіп», «Сұраған жанға сәлім айт» атты әндері адам өміріндегі мың алуан құбылыстарын, мінез-құлықтарын, кісілікке

үндейтін жастық, махаббат сезімдерін дәріптейді. Семейлік сазгер, журналист Арғынбек Ахметжанов ширек ғасыр Шәкәрімұлы Ахатпен

дос бола жүріп қажы әндерінің шығу тарихы туралы жазған еңбектері бар. Ол Шәкәрімнің көптеген әндерін өз аузынан естіп, магнитафон таспасына түсіріп алды. Нотаға түсірген.

Арғынбек Ахметжановтың айтуынша ақынның 30-ға жуық әні бар көрінеді. Ақын өмірінің соңғы жылдары «Қош жұртым» деген өлеңін жазған.

Шәкәрім әндерін лекция-концерт арқылы бүкіл Қазақстанға насихаттаған әнші, домбырашы Мәдениет қайраткері Келденбай Өлмесековтің еңбегі өлшеусіз.

Page 17: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2015-11-11 · Қандай істерден аулақ болу керек?3.»Тұл»сөзінің ... Шәкәрімді ата-анасы

5. Шәкәрім және Абай Қазақтың өлеңінің пірі болған,

Халқының сөзін айтар ұлы болған.Абайдың аманат қып беріп кеткен.Шәкәрім түсірмеген туын қолдан

(С. Мәуленов)Бойында табиғи таланты, ақындық дарыны бар Шәкәрімнің өмірдегі ұстазы, мектебі,

университеті – Абай болды. Ұстазының «Ғылым таппай мақтанба, пайда ойлама, ар ойла, талап қыл артық білуге, артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» – деген өсиетін

бойына сіңіріп, санасына тоқып өскен Шәкәрім ғылым-білім жолында бар өмірін сарп етті.

Ақындық өнер жолына түскенде он тоғыз жасында жазған өлеңі көбінесе жастарға арналған.

Кел жастар, біз бір түрлі жол табалық, Арам айда, зорлықсыз мал табалық, Өтпес өмір, таусылмас мал берелік,

Бір білімді данышпан жан табалық… деп, жастарды Абайдан үлгі-өнеге алып, тәлім алуға шақырады.

6.Шәкәрім және әлем әдебиеті Шәкәрім- аудармашы. «Жасымнан жетік білдім түрік тілін» деген Шаһкәрім араб, парсы,

түрік, шағатай, орыс тілін жетік білгеннің арқасында шығыс және орыс классиктерінің шығармаларын түпнұсқасы бойынша қазақ тіліне еркін аударған. Әзірбайжанның ұлы ақыны Мұхаммед Физулидің «Ләйлі-Мәжнүн» поэмасы (1907 ж.), орыстың ұлы ақыны

А.С.Пушкиннің «Дубровский» атты повесін «Дубровский әңгімесі» (1908 ж.) деген атпен, «Метель» әңгімесін «Боран» деген атпен (1936ж.) өлең түрінде аударды.

Орыс жазушысы Лев Толстойды ерекше бағалап, құрмет тұтқан. Оның бірнеше шығармаларын аударды: «Асархадон патша», «Үш сауал» әңгімелерін аударды. Оны да өзіне ұстаз санап, хат жазысып, өзіне ақыл кеңес сұрағанын ақынның баласы Ақат та,

өлеңдері де айғақтайды. Аударма мәселесі туралы ақынның өзі былай дейді:

«Ақын, жазушы өзінің төл тумасына жауаптылықпен қарайтыны сөзсіз. Ал біреудің шығармасын аудару – одан да жауапты нәрсе. Бұған өте шеберлік керек».

3. «Ассоциациялық аймақ» кестесі. Оқушылар тақтадағы кестеге ақын туралы білетіндерін жазады.

4.«Шәкәрім -Абайдың талантты шәкірті ».Шәкәрім мен Абайдың ұстанған жолдарындағы ұқсастық пен айырмашылықты байқайық. (Венн диаграммасын жасату )

Абай ұқсастығы Шәкәрім5. Абай мен Шәкәрім шығармаларын салыстыру.

-Қазақ поэзиясының асқар шыңы Абай қалдырған шығармашылық дәстүрді жалғастыра отырып, өз жаңалықтарымен байытып өрнектеген Шәкәрім Құдайбердіұлының көркем

мұрасы-әдебиетіміздің асыл қазынасы. «Ғылымды іздеп, дүниені көздеп, екі жаққа үңілдім» деген Абай мектебінен тағылым алып, оның жолын жалғастырған Шәкәрім

өлеңдері ақын өлеңдерімен үндесіп жатады.Оқушылар ақындардың өлеңдеріндегі ұқсастыққа тоқталады. Мысалы:

Шәкәрім: Адам үшін еңбегім,Өмірден барлық тергенім.

Қалағанын қарап ал,Мұрам сол ,жастар бергенім.

Абай: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,Жоқ-барды ертегіні термек үшін,

Көкірегі сезімді,тілі орамды,

Page 18: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2015-11-11 · Қандай істерден аулақ болу керек?3.»Тұл»сөзінің ... Шәкәрімді ата-анасы

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.

Шәкәрім: Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек Бұған ұйқасты өлең сөз керек,

Өзіне орайлы,Ән-өлшеуішӨлең – күміс

Қоспаңыз мыс аралас.Абай: Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы. 6. Сергіту сәті.

Мұғалім сөзі: Шәкәрім Абайдың сазгерлік дәстүрін ары қарай жалғастырушы.Шәкәрім жастайынан домбыра тарту, гармонда ойнау,ән айту сияқты өнер түрлеріне ден қойған.

Оның әсем сазға толы «Жастық» , «Шын сырым», «Анамнан алғаш туғанымда», «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» т.б. әндері бар.

«Құлақтан кіріп бойды алар,Жақсы ән мен тәтті күй.Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй»,-деп ұлы Абай атамыз жыр еткендей, ендігі кезекті әсем әнге берейік. ( Шәкәрімнің «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» әні тыңдалады).

7.Мағынаны ашу «Ойлан,тап».Мұғалім сөзі: Шәкәрім өлеңдерінің тақырып ауқымы өте кең.Соның ішінде ойып орын алар тақырып-рухани –адамгершілік мәселесіне қатысты ойлары.Шәкәрім ар-ұятты жоғары қояды.Тақтаға назар аударыңдар.Санда жасырынған

сұрақтарға жауап беріңдер . Сұрақтары:

Қазақ халқы- қонақжай , бауырмал халық.Айналаңды дос тұту,бауырыңа тарту-бұл да адамгершітіктің жоғары түрі.Бұл мәселе Шәкәрім өлеңдерінде қалай көрініс тапқан?

Адам өмірінің мәні неде? Адам баласының борышы не?Шәкәрімнің уағыз,ақыл-кеңес,насихат түрінде жазған қандай өлеңдері бар?

Мәнерлеп ,жатқа айтыңдар.Шәкәрім лирикасының көркемдік тіл ерекшелігі. Ақын өлеңдерін

қуаттандырып ,нұрландырып тұрған қандай көркемдегіш құралдардың түрлері кездеседі?Өзгеге жақсылық жасау, мейірімді болу идеясы Шәкәрім поэзиясында қалайша орын

алған?Ынсап,рахым,ар-ұят.сабыр,сақтық туралы ақын не дейді?

8.Оқушылар сұрақтарға жауап бергеннен кейін тақтамен жұмыс басталады. Интерактивті тақтада ақынның өлеңдерінен бір шумақтан шығады,әр топтан оқушы шығып,өлеңді

құрылысына,тіліне қарай талдайды. І топ

Кел,жастар,біз бір түрлі жол табалық ,Арам айла,зорлықсыз мал табалық .

Өшпес өмір,таусылмас мал берерлік ,Бір білімді данышпан жан табалық.

( «Жастарға»)

ІІ топБіреу жүр алдап алып қайта малын,

Жалындай тысқа жаққан күнде шалқып.Көпке пайда тигізіп біреу жүрсе

Ғылым іздеп жап-жатық майдай балқып.

Page 19: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2015-11-11 · Қандай істерден аулақ болу керек?3.»Тұл»сөзінің ... Шәкәрімді ата-анасы

( «Насихат»)ІІІ топ

Жібектей қап-қара таралған шашың бар,Бұлдырсыз тап-таза жаралған басың бар.

Қардай аппақ әжімсіз маңдайың кең,Қынаптан суырған қанжардай қасың бар.

( «Шын сырым»)9. «Шәкәрім шыңы». Сұрақтарға жауап беру арқылы сабақты қорытындылап,бекіту.

А) Шәкәрім-лирик. (өлеңдерінің тақырыбы)Ә) Шәкәрім-аудармашы (кімнің қандай шығармаларын аударған?)

Б) Шәкәрім-эпик (поэмалары)В) Шәкәрім –сазгер (әндері)

Г) Шәкәрім –жазушы (әңгімелері.романы)Д) Шәкәрім-тарихшы,ойшыл (зерттеулері,философиялық

Жазбалары).Үйге тапсырма: Шәкәрім дастандарының тақырыбы мен идеясын зерттеу. «Дана сөздің

дарасы» ой толғау .Оқушыларды бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылық жолы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі мен шығармашылығы,ақын өлеңдерінің идеясын ашу, рухани-адамгершілік қағидаларымен танысу,өлеңдерін нақышына келтіре оқи отырып,негізгі түйінді таба білуге дағдыландыру; Шәкәрім лирикасы мен Абай өлеңдерінің үндестігін тануда оқушыларды өзіндік ой қорытуға бағыттау.

Тәрбиелік: Шәкәрімнің өлеңдері арқылы оқушылардың рухани байлығын , адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, жаман мінезден аулақ болу,адами сезімді қастерлеу, сүйіспеншілік,ішкі рухани тазалыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ету, өз ойларын еркін,нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын шыңдау, өзін-өзі дамыту,коммуникативтік,оқу-танымдық құзіреттіліктерін дамыту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, зерттеу, талдау, СТО (Венн диаграммасы, топтастыру ), аниматциялық әдіс

Көрнекіліктер: ақын суреті, шығармалар жинағы, храналогиялық кесте, интерактивті тақта.

Page 20: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2015-11-11 · Қандай істерден аулақ болу керек?3.»Тұл»сөзінің ... Шәкәрімді ата-анасы

Сабақтың барысы :

І.Ұйымдастыру кезеңі :

а) Оқушылармен сәлемдесу;

ә) Оқушылардың сабаққа қатысуларын тексеріп, сынып тазалығына назар аудару;

б) Оқушылар назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Балалар, біз бүгін Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі мен шығармашылығы бойынша оқып,

осыған дейін ақын жайлы не білетінімізді ортаға салып жаңа сабағымызды әрі қарай жалғастырамыз.

Жарты ғасырдан астам еріксіз үзілістен соң халық алдына қайта шыққан тұлғаларымыздың бірі- Шәкәрімнің қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихында алатын орны ерекше. Шәкәрім-қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген , қазақ халқының көркемдік ойының үздік үлгілерін туғызған, қазақ өлеңін түрлендіре түскен кемеңгер ақын еді.

Қытымыр, қилы заманда оққа ұшқан ақын есімі халық санасынан аласталмақ болды. Бірақ…өзі өлсе де аты өшпейді. Осы ретте Абай атамыздың «Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»,-деген өлең жолдары ойымызға оралады. Ұлы ақын өлсе де, ұрпағына ғибрат етіп қалдырған мұрасы бар.Ол мұраны сақтау, одан тәрбие алу біздің міндетіміз.

Өмір жолына шолу

1858 жыл Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданындағы Шыңғыстау өңірінде дүниеге келген.

1866 жылы Әкесі Құдайберді дүние салған соң, Шәкәрім атасы Құнанбайдың тәрбиесінде және Абайдың қамқорлығында болады.

1905-1906 жылдары

Меккеге барып, бұл сапарынан олжалы қайтады.

1909-1910 жылдары

Шыңғыстау өңіріндегі Шақпақ деген жерден сая табады.

1917 жылы Аталған дүбірлі кезеңді ақын әділет жолы деп ұғып, ел ішіне оралып халқымен бірге болуға бекінеді.

1931 жылы Мемлекеттік саяси басқарманың өкілдері ақынды оңаша, үйінен ауданға

Page 21: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2015-11-11 · Қандай істерден аулақ болу керек?3.»Тұл»сөзінің ... Шәкәрімді ата-анасы

бара жатқан жерінде, жол үстінде атып өлтіреді.

ІV. Шәкәрімнің қандай шығармалары бар? (Кесте бойынша түсіреміз)

Поэзия Проза

Өлеңдері: Сатиралық лирика, азаматтық лирика, философиялық лирика, махаббат лирикасы, көңіл-күй лирикасы

Поэмалары: «Еңілік-Кебек», «Қалқаман-Мамыр», «Айсұлу-Нартай», «Ләйлі-Мәжнүн»

«Әділ — Мария», «Бәйшешек бақшасы», «Мәнді сөздер», «Шын бақыттың айнасы», «Мен жетпіс екі жасқа келгенше», т.б.

V.«Шәкәрім -Абайдың талантты шәкірті ». Шәкәрім мен Абайдың ұстанған жолдарындағы ұқсастық пен айырмашылықты байқайық. (Венн диаграммасын жасату) Абай ұқсастығы Шәкәрім

Ғаруз дегеніміз – Шумақтың үш тармағы бірыңғай ұйқасып келеді де, әр шумақтың төртінші тармағы бірыңғай басқаша ұйқасады.

VІ. Абай мен Шәкәрім шығармаларын салыстыру.

Қазақ поэзиясының асқар шыңы Абай қалдырған шығармашылық дәстүрді жалғастыра отырып, өз жаңалықтарымен байытып өрнектеген Шәкәрім Құдайбердіұлының көркем мұрасы-әдебиетіміздің асыл қазынасы. «Ғылымды іздеп, дүниені көздеп, екі жаққа үңілдім» деген Абай мектебінен тағылым алып, оның жолын жалғастырған Шәкәрім өлеңдері ақын өлеңдерімен үндесіп жатады.

Оқушылар ақындардың өлеңдеріндегі ұқсастыққа тоқталады. Мысалы:

Шәкәрім: Адам үшін еңбегім,

Өмірден барлық тергенім.

Қалағанын қарап ал,

Мұрам сол ,жастар бергенім.

Абай: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ-барды ертегіні термек үшін,

Көкірегі сезімді,тілі орамды,

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.

VІІ. Оқушылар сұрақтарға жауап бергеннен кейін тақтамен жұмыс басталады. Тақтада ақынның өлеңдерінен бір шумақтан шығады,үш оқушы шығып өлеңді құрылысына қарай талдайды.

Кел,жастар,біз бір түрлі жол табалық ,

Page 22: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2015-11-11 · Қандай істерден аулақ болу керек?3.»Тұл»сөзінің ... Шәкәрімді ата-анасы

Арам айла,зорлықсыз мал табалық .

Өшпес өмір,таусылмас мал берерлік ,

Бір білімді данышпан жан табалық. ( «Жастарға»)

Адаспайсың ақылды, арлыға ерсең,

Жолай көрме жылмайы сопы көрсең.

Тапқыр, адал, ақ ниет адамдардың

Алданбайсың артынан ере берсең.

“Жасымнан жетік білдім түрік тілін”

Шәкәрімнің нақыл сөздері:

Еріншектен – салақтық,

Салақтықтан – надандық…

Бірінен-бірі туады,

Жоғалар сөйтіп адамдақ.

Еңбекке шыда,ебін тап та,

“Сабырдың түбі – сары алтын”.

Өзімшіл болма,көпті ардақта,

Адамның бәрі — өз халқың.

Ынсап пен мейірім,әділетті,

Жанындай көріп,жан сақта.

Ол жолда өлсек неміз кетті,

Мақсұтқа жетпей қалсақ та

VІІІ. Қорытынды.

Сергіту сәті.

«Отнқдыбса уыт ақапрыржқ» — «Бостандық туы жарқырап»

«Екшшәйбе шақыбса» — «Бәйшешек бақшасы»

«Енм нңааымд пйманатпы ініенөрлс» – «Мен адамның таппаймын өнерлісін»

Page 23: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2015-11-11 · Қандай істерден аулақ болу керек?3.»Тұл»сөзінің ... Шәкәрімді ата-анасы

«Йбітсее арб ұсул жра» – «Бейісте бар сұлу жар»

ІХ. Үйге тапсырма:

1. Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы төңірегінде қосымша зерттеулер жасау.

2. “Жастарға” өлеңін жаттау

Омирбаева Дана Муратовна

Қарағанды қаласы №39 гимназия,қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі.

6-сынып

Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамдық борышың » өлеңі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірімен танысып, өлеңдерінің идеясын ашу, рухани- адамгершілік қағидаларымен танысу,өлеңді нақышына келтіре оқи отырып,негізі түйінді таба білуге дағдыландыру.

Дамытушылық:Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарастарының қалыптасуына ықпал ету, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын дамыту, өз бетімен  ізденуге, ой қорытуға дағдыландыру.

Тәрбиелік:Ақынның өлеңдері арқылы оқушылардың рухани байлығын, адамгершілігік қасиеттерін қалыптастырып, жаман мінезден аулақ болу, адами сезімді қастерлеу, сүйіспеншілік ішкі рухани тазалыққа үйрету.

Сабақтың түрі:Жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақ типі:Іздендіру сабағы

Әдіс-тәсіл:Түсіндіру, іздендіру, ой қорыту,БжС технологиясы ( сөздік қор, матрица )

Пәнаралық байланыс:әдеп, өзін-өзі тану,тарих,музыка

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Шәкәрім «Иманым», «Арыс», баспасы-2000

2.Шәкәрімнің мұраларының тағылымдық мәні. Семей-2008

Page 24: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2015-11-11 · Қандай істерден аулақ болу керек?3.»Тұл»сөзінің ... Шәкәрімді ата-анасы

3.«Шәкәрімнің дүниетанымы»  Б.Рақымжанов. Қарағанды 2009

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

а) сәлемдесу

ә) түгендеу

2.Жаңа сабақты түсіндіру:

Мұғалімнің кіріспе сөзі:Шәкәрім – қазақ мәдениеті тарихында орны зор, еңсесі биік ерекше тұлға. Ол – заманның озық ойлы демократы, ірі ағартушысы,терең ойшылы, қоғам қайраткері. Жарты ғасырдан астам еріксіз үзілістен соң халық алдына қайта шыққан ұлы тұлғаларымыздың бірі Шәкәрімнің қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихында алатын орны ерекше. Шәкәрім әрі ақын, әрі тарихшы, философ, өз заманының үлкен ойшылы еді, қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген, қазақ халқының көркемдік ойының үздік үлгілерін туғызған, қазақ өлеңдерін түрлендіре түскен, қазақ тілінің мол мүмкіндіктерін бұрынғыдан әрмен танытқан бірегей қаламгер еді. Ол жаңа қазақ әдебиетінің көшбасшысы Абайдың үлкен ағадан туған ізбасар інісі. Туыстық жөнінен ғана емес, ұстанған жолы тұрғысынан алып қарағанда да Абайға ең жақын адам еді. Қилы заманда оққа ұшқан ақынның есімі де жұртшылық санасынан аласталмақ болған еді. Бірақ «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» демекші өзі өлсе де аты өшпеген Шәкәрім атамыздың шығармалары әлі де жас ұрпақтың білім нәрін сусындатып келеді.

«Адам болып тудым, адам атымды ақтайын, көп үшін, халық үшін, келешек ұрпақ үшін еңбек етейін. Кейінгіге үлгі аларлық із-белгі қалдырайын, адам атым өшпесін, тарихқа аз да болса үлес қосайын деген ойда болдым.Келешектің ойын ашайын деп жаздым.

           .....Өз заманым үшін жазғам жоқ. Келер дәуірдің адамы үшін жаздым.»

                                                                                                                               Ш.Құдайбердіұлы

Сабақтың құрылымы:

1. Халқым деп өткен ел данасы

2. Өшпес мұратқа қызмет етер өлмес мұра

3. Шәкәрім мұрасы – мәңгілік шежіре

Шәкәрім Құдайбердиев-қазақ мәдениеті

 мен ғылымының көгінде өзінің жарқын

 жұлдызын қалдырған биік тұлға.                                                        

Page 25: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2015-11-11 · Қандай істерден аулақ болу керек?3.»Тұл»сөзінің ... Шәкәрімді ата-анасы

                                         Ә.Тәжібаев

1. Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі   (Сахитжанова Жұлдыз)

Шәкәрім 1858 жылы, ескіше 11 шілде де Семей облысы, Шыңғыстауда дүниеге келген. Әкесі Құдайберді 1868 жылы 67 жасында дүниеден өтті. Жетім қалды деген аты болмаса , Шәкәрім жетімдікті көрмеген десе де болады.Құнанбайдың ерке немересі болып өскен. Абай Құнанбаев тәрбиесінде өскен.

Абай сынды тұлғаны тәрбиелеген Құнанбай бидің ақылымен сусындап өскен Шәкәрім, қазақтың ертеңгі атар таңы үшін жарық жұлдыз болып жарқырап шығыа келеді. Шәкәрімді ата-анасы бес жасында ауыл молдасына оқуға береді. Шәкәрім  10 жасқа келгенде мылтық атып, домбыра,гармон үйреніп, сурет те салады.

Он беске толғанда қаршыға, бүркіт ұстап,құс салып серуенге шығады.Осы тұста ағасы Абайдың өлеңдерінен тыңдап өнерге бет қояды.

Жиырма жасынан былай қарай,аз да болса ғылым жолына түседі.

Жиырмадан өткенде,

Аз ғана ғылым оқыдым.

Алғызып кітап шеттенде,

Көңілгебірізтоқыдым- депжазады.

Жиырмаменқырықарасы

Жасөмірдіңсарасы,

Босөткенінқарашы,-депжиырмажылөміріболысболған.

1905-1906 жылдарыМеккеге 2 ретсапаршекті. 1911 жылыОрынбар, 1912 жылы Семей, лирикалықөлеңдері, дастандары, кітапболыпжарықкөрді.

ЕлуденасқаншағындаеліненелсізжергесалғанСаятқарадегенқыстауғакетіп, жиған-тергенматериялдарын ой қортып, бес жылкөзмойынтауысып ой-толғансытарынжазады.

1930 жылдарышаруаларбаскөтеріп, көтерілістіұйымдастырушыШәкәрімдепжалажабады. 1931 жылы 2 қазанкүніШәкәрімҚұдайбердіұлы 73 жасындажазықсызоққаұшып, қазатабады.Жендеттерақындыатыпөлтіргенненкейін, оныңсүйегінессіздаладағыескібірқұдыққаапарыпкөміптастаған. Ақынға «халықжауы» дегеннегізсізсаясижалажабылды.

2. Ресми ақталуы, ұрпақтары   ( Мұсылманбек Алихан)

Page 26: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2015-11-11 · Қандай істерден аулақ болу керек?3.»Тұл»сөзінің ... Шәкәрімді ата-анасы

Асылдың сынығы Шәкәрім Құдайбердіұлының еңбектерін қанша түбірімен жоқ қылуға тырысқан әрекеттерге қарамастан     «Алмас қылыш жатпайды қын түбінде» демекші қара күшті қақ жарып, ақиқаттың сәулесі мен нұры жарқ етті. 

      Шәкәрімді ақтау,  оның мол мұрасын қалың елі қазағына жариялау туралы 1958 жылы шешім қабылданды.

      Тек осы шешімді тағатсыз күткен ақынның баласы Ахат 1961 жылы әкесінің сүйегін құр құдықтан қазып алып, Жидебайдағы Абай зиратының жанына жерледі.

     1988 жылы ғана Шәкәрім екінші рет толық ақталып, асыл мұраларынан тұңғыш жинағы баспадан жарық көрді.

Шәкәрімнің Қытай асып кеткен Зият атты баласынан туған

Мереке – Нұрлан, Меруерт, Сәуле, Гәуһар деген ұл-қыздарымен Алматыда тұрады.         Шәкәрім қызы Гүлнәрдың балалары Фатих пен Бәтен, олардың ұрпақтары Алматы қаласында қызмет етеді.          Гүлнәр (1914-1970) – Шәкәрімнің Айғаншадан туған кенже қызы. Ақындық қабілеті бар Гүлнәр әкесі оққа ұшқанда:         Сарыарқаның жонында,         Хақиқат ардың соңында.         Отырған әкем тамында,         Серігі-қалам қолында, - деп басталатын ұзақ жоқтау өлеңін шығарған. 

3.       Шығармалары  ( Қожахметова Фариза)

     “Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық!” өлеңінде талапты жастарды ұлы Абайдан үлгі-өнеге алуға,содан уйренуге шақырса,”Жастық туралы”,”Кәрілік туралы” өлеңдері  Абай үлгісінде жазылып, адамның өмір жасын жыр етеді. “Өмір”,”Сәнқойлар”,”Ызақорлар”,”Құмарлық”,”Жолама қулар маңайға”,”Адамдық борышың”сияқты дидактикалық өлең-жырларында   боямалы ажарды,жасанды мінез бен жағымсыз қылықты сынға алады.

    Болашақтың кілті білімде екенін жақсы түсінген ақын “Насихат”деген өлеңінде білім алуды,білімді болуды насихаттайды,даналық тұжырым жасайды.

   Шәкәрім эпикалық жанрда көлемді шығармалар жазған.Олардың қатарына  ақынның “Қалқаман-Мамыр”,”Еңлік-Кебек”,”Ләйлі-Мәжнүн” дастандары жатады.

4.  Әндері  (Кабенов Темірлан)

Шәкәрім Құдайбердіұлының музыкалық мұрасы 15 ән, 2 күй, 8 әуенмен орындалатын  4 эпикалық шығармадан құралады.

     Шәкәрім әндерін алғаш нотаға түсірген голландық Альвин Бимбоэс.«Музыкалық этнография» жинағына Шәкәрім Құдайбердиевтің орыс тілінде 2 әні жарық көрді. Затаеевичтің 1925 жылы шыққан «Қазақ халқының 1000 әні» жинағына «Тілек – бата» деген атпен енген.

Page 27: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2015-11-11 · Қандай істерден аулақ болу керек?3.»Тұл»сөзінің ... Шәкәрімді ата-анасы

     1931 жылы «Қазақ халқының 500 әні мен күйі» деген жинағына «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек»,«Жиырма үш жасымда», «Жылым – қой, жұлдызым – июль», «Қорқыттың сарыны», «Қорқыт, Хожа Хафиз түсіме енді де», «Сұраған жанға сәлем айт», «Сен ғылымға ынтық болсаң», «Байғазы» әндері бар. Шәкәрімнің әншілік мұрасын жиналып зерттелуіне көп еңбек сіңірген өз баласы Ахат Құдайбердиев еді.

Шәкәрім –сазгер. Сегіз қырлы, бір сырлы Шәкәрім ойлы өлеңдеріне ән де жазған өнерлі сазгер болды. Бұл ақынның керемет өзгешелігі, талант дәрежесінің биіктігі.     «Анадан алғаш туғанда» әнінде адам өмірінің бар болмысын айқындап, қысқа ғұмырдағы пендешіліктің бет-болмысын әшкерелей отырып, кісілікке, парасаттылыққа шақырады.      «Кәрілік туралы», «Жапанда жалғыз жаттым елден безіп», «Сұраған жанға сәлім айт» атты әндері адам өміріндегі мың алуан құбылыстарын, мінез-құлықтарын, кісілікке үндейтін жастық, махаббат сезімдерін дәріптейді.      Семейлік сазгер, журналист Арғынбек Ахметжанов ширек ғасыр Шәкәрімұлы Ахатпен дос бола жүріп қажы әндерінің шығу тарихы туралы жазған еңбектері бар. Ол Шәкәрімнің көптеген әндерін өз аузынан естіп, магнитафон таспасына түсіріп алды. Нотаға түсірген. Арғынбек Ахметжановтың айтуынша ақынның 30-ға жуық әні бар көрінеді.      Ақын өмірінің соңғы жылдары «Қош жұртым» деген өлеңін жазған.      Шәкәрім әндерін лекция-концерт арқылы бүкіл Қазақстанға насихаттаған әнші, домбырашы Мәдениет қайраткері Келденбай Өлмесековтің еңбегі өлшеусіз. 

5. Шәкәрім және Абай  ( Жасұланова Зейнеп)

Қазақтың өлеңінің пірі болған,

Халқының сөзін айтар ұлы болған.

Абайдың аманат қып беріп кеткен.

Шәкәрім түсірмеген туын қолдан

(С. Мәуленов)

Бойында табиғи таланты, ақындық дарыны бар Шәкәрімнің өмірдегі ұстазы, мектебі, университеті – Абай болды. Ұстазының «Ғылым таппай мақтанба, пайда ойлама, ар ойла, талап қыл артық білуге, артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» – деген өсиетін бойына сіңіріп, санасына тоқып өскен Шәкәрім ғылым-білім жолында бар өмірін сарп етті.

     Ақындық өнер жолына түскенде он тоғыз жасында жазған өлеңі көбінесе жастарға арналған. Кел жастар, біз бір түрлі жол табалық,      Арам айда, зорлықсыз мал табалық,      Өтпес өмір, таусылмас мал берелік,      Бір білімді данышпан жан табалық… деп, жастарды Абайдан үлгі-өнеге алып, тәлім алуға шақырады. 

6.Шәкәрім және әлем әдебиеті  ( Жекебатыров Тілек)

Page 28: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2015-11-11 · Қандай істерден аулақ болу керек?3.»Тұл»сөзінің ... Шәкәрімді ата-анасы

Шәкәрім- аудармашы. «Жасымнан жетік білдім түрік тілін» деген Шаһкәрім араб, парсы, түрік, шағатай, орыс тілін жетік білгеннің арқасында шығыс және орыс классиктерінің шығармаларын түпнұсқасы бойынша қазақ тіліне еркін аударған. Әзірбайжанның ұлы ақыны Мұхаммед Физулидің «Ләйлі-Мәжнүн» поэмасы (1907 ж.), орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкиннің  «Дубровский» атты повесін «Дубровский әңгімесі» (1908 ж.) деген атпен, «Метель» әңгімесін «Боран» деген атпен (1936ж.) өлең түрінде аударды.      Орыс жазушысы Лев Толстойды ерекше бағалап, құрмет тұтқан. Оның бірнеше шығармаларын аударды: «Асархадон патша», «Үш сауал» әңгімелерін аударды. Оны да өзіне ұстаз санап, хат жазысып, өзіне ақыл кеңес сұрағанын ақынның баласы Ақат та, өлеңдері де айғақтайды.   Аударма мәселесі туралы ақынның өзі былай дейді:  «Ақын, жазушы өзінің төл тумасына жауаптылықпен қарайтыны сөзсіз. Ал біреудің шығармасын аудару – одан да жауапты нәрсе. Бұған өте шеберлік керек».  

6.     Шәкәрімді кім деп танимыз?(мұғалім сөзі)

Шәкәрім-қазақтың кең байтақ даласынан шығып болмыстың терең сырларын айқара ашып түсіндіргенфилософ;

табиғаттың ғажайып құпияларын көркем сөзбен жеткізе білген ақын;

нәзік музыкамен адам көкірегінаша білгенкомпозитор;

шыққан халқының адамзат қоғамындағы алған орнын анықтағантарихшы

1.  «Адамдық борышың» жатқа оқу  (Мукушев Амирхан)

 2.Тақырыбы, идеясын ашу

3. Өлең мазмұнына жоспар

4. «Адамдық борыш» сөзжасамдық ұя

5.Мақал-мәтелдермен байланыстыру

Еңбек туралыӨнерлінің қолы алтын,

Өлеңшінің сөзі алтын.

Білім туралыЖақсымын деп мақтанба, халық айтпай,

Батырмын деп баптанба,барып қайтпай.

Ар-намыс туралыБілімдіден ақыл шығар,

Ақылды қарттан нақыл шығар.

Өнер туралыЕңбек ерлікке жеткізер,

Ерлік елдікке жеткізер. Мақтаншақтық туралы Жігітке абыройдан айырылғанша,

Page 29: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2015-11-11 · Қандай істерден аулақ болу керек?3.»Тұл»сөзінің ... Шәкәрімді ата-анасы

Жанынан айырылғаны артық

 

№41 мектеп( 5 минут)

1.  Өлең құрылысына талдау

2.  Абай мен Шәкәрім өлеңдеріне талдау

Бекіту

Қорыта келгенде, адам баласы өмір сүрген ортасында рухани-адамгершілік қасиеттерімен, адал еңбегімен, жақсы мінезқылығымен бағалы екен. Күнделікті өмірде кездесіп қалатын мейрімсіздіктен, қатігездіктен, дөрекіліктен құтқаратын киелі кітап Шәкәрім жырлары болмақ. Аталардың асыл сөзін аяқасты етпей,ардақтай біліп,өмір ұстанымы етсек,толыққанды азамат боларымызға ешбір күмәнім жоқ.Олай болса қайтіп адам болмақпыз?

Сөздік қор ( 5 минут )

Қорытынды

Шәкәрімнің ақындық кредосы туған елінің өсуі, өрлеуі, көркеюіне қызмет етуге «мен жетелеп өлемін өрге қарай қазақты» деген ірі мақсатқа,мүддеге сәйкес келеді.Сөз өнерінің құдіретті күші арқылы ақын қазақ қоғамының жақсаруына, адамдардың жеке басының жетілуіне әсер етуді көздеген. «Бостандық таңы атты» өлеңін

Бостандық таңы атты өлең шумағымен қорытындылау.

Бостандық таңы атты, қазағым, көріңдер,

Арға ие адамның соңынан еріңдер.

Таң артынан хақиқат күн шығады,

Еріншек, жалқаулық әдеттен  безіңдер.

Арамдық, аразды түбімен жойыңдар,

Өтірік өсекті бір жола қойыңдар.

Намыс, жігер бойыңа жиып қайрат,

Қажымай адалдық жағында болыңдар.

Өнерлі елдерден өнеге алыңдар.

Елбасы үндеуі         Қазіргі кезеңде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан бәсекеге қабілетті әлемнің 50 озық елінің қатарына қосылуды

Page 30: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2015-11-11 · Қандай істерден аулақ болу керек?3.»Тұл»сөзінің ... Шәкәрімді ата-анасы

стратегиялық міндет ретінде таңдап отыр.Ол үшін экономикалық өрендеумен қатар бізге әлемдік жаһандану үрдісінің тасқынына төтеп бере алатындай асқақ рух қажет.Осы асқақ рух Шәкәрім шығармалары арқылы бойымызға дарытамыз.

Автор: КГУ "Гимназия №39 им.М.Жумабаева"

Отдел образованиягорода Караганды © 2015 Электронная почта:[email protected] ТОО Компания «ФИНИСТ»,CreativeGroup © 2015 гг.