gimnaziya6.kz · web viewБұл отырыста сынып жетекшілер 2012-2013 оқу...

32
2012-2013 оқу жылы бойынша №6 Хромтау гимназиясының тәрбие жұмысы бойынша жылдық есебі. Білім беру ұйымында тәрбие үдерісін құқықтық, әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету: Тәрбие жұмысы Білім және ғылым Министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 521 бұйрығымен бекітілген ҚР үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасын, ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 873 Қаулысымен бекітілген білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарды, Хромтау аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің № 437.15.09.2012ж бұйрығымен бекітілген 2013-2020 жылдарға арналған бағдарламасын негізге ала отырып жұмыс жасайды. Тәрбие ісі меңгерушісінің педагогикалық шеберханасында сынып жетекшісінің анықтамалылығы журналы , басқа да тәрбие жұмысына қатысты оқулықтар мен әдістемелік құралдармен, нормативтік құжаттармен қамтамасыз етіліп, аудио, бейне таспалары бар. Тәрбие жұмысының мазмұны, түрлері мен әдістері; Тәрбиенің мазмұны: Білім берудің жаңа моделіне өту жағдайында және тәрбиенің білім беру үдерісіндегі рөлінің өсуіне байланысты тәрбие мазмұнын қайта бағдарлау даму заңдылығы болып табылады. Қазір білім беру үдерісінде жеке тұлғаның рухани-адамгершілік дамуына үлкен мән беріліп отыруына орай, адамгершілікке тәрбиелеу мен рухани жағынан қалыптасуы барлық тәрбие үдерісінің өзегі болып отыр. Тәрбиенің мазмұны оның мақсаттары мен міндеттері арқылы анықталады және ол қоғамдық дамудың бағыты мен мазмұнына заңды тұрғыда тәуелді болады. Сонымен бірге, тәрбиеге әлеуметтік-рөлдік көзқарас тұрғысында адам көптеген әлеуметтік жүйенің компоненті болып саналады: отбасы, ұжым, кәсіби топ, этнос, қоғам және т.б. Сондықтан, тәрбие мазмұны құндылық қарым-қатынас жүйесімен: өзіне, өзінің отбасына, мектепке, қоршаған ортаға, Отанына, Жер әлеміне, сондай-ақ, әлеуметтік рөл жүйесімен де сәйкестенеді: адам, дос, ұл (қыз), құқық қорғаушы, аға (қарындас) патриот, немере (немере қыз), азамат, туыс, қорғаушы, оқушы, ұлттық мәдениетті қорғаушы және жасаушы, ұжым, топ мүшесі, көш басшы, еңбекші, иегер, әлем азаматы, қалалық (ауылдық), бейбітшілік орнықтырушы, көрші, эколог, бірлестіктің, топтың, этнос мүшесі. Гимназиядағы тәрбие беру жұмысының тақырыбы:

Upload: others

Post on 01-Jun-2020

29 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: gimnaziya6.kz · Web viewБұл отырыста сынып жетекшілер 2012-2013 оқу жылы бойынша мектептің тәрбие жұмысымен , сынып

2012-2013 оқу жылы бойынша №6 Хромтау гимназиясының тәрбие жұмысы бойынша жылдық есебі.

Білім беру ұйымында тәрбие үдерісін құқықтық, әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету:

Тәрбие жұмысы Білім және ғылым Министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 521 бұйрығымен бекітілген ҚР үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасын, ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 873 Қаулысымен бекітілген білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарды, Хромтау аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің № 437.15.09.2012ж бұйрығымен бекітілген 2013-2020 жылдарға арналған бағдарламасын негізге ала отырып жұмыс жасайды.

Тәрбие ісі меңгерушісінің педагогикалық шеберханасында сынып жетекшісінің анықтамалылығы журналы , басқа да тәрбие жұмысына қатысты оқулықтар мен әдістемелік құралдармен, нормативтік құжаттармен қамтамасыз етіліп, аудио, бейне таспалары бар.

Тәрбие жұмысының мазмұны, түрлері мен әдістері;Тәрбиенің мазмұны: Білім берудің жаңа моделіне өту жағдайында және тәрбиенің білім беру үдерісіндегі рөлінің өсуіне байланысты тәрбие мазмұнын қайта бағдарлау даму заңдылығы болып табылады. Қазір білім беру үдерісінде жеке тұлғаның рухани-адамгершілік дамуына үлкен мән беріліп отыруына орай, адамгершілікке тәрбиелеу мен рухани жағынан қалыптасуы барлық тәрбие үдерісінің өзегі болып отыр. Тәрбиенің мазмұны оның мақсаттары мен міндеттері арқылы анықталады және ол қоғамдық дамудың бағыты мен мазмұнына заңды тұрғыда тәуелді болады. Сонымен бірге, тәрбиеге әлеуметтік-рөлдік көзқарас тұрғысында адам көптеген әлеуметтік жүйенің компоненті болып саналады: отбасы, ұжым, кәсіби топ, этнос, қоғам және т.б. Сондықтан, тәрбие мазмұны құндылық қарым-қатынас жүйесімен: өзіне, өзінің отбасына, мектепке, қоршаған ортаға, Отанына, Жер әлеміне, сондай-ақ, әлеуметтік рөл жүйесімен де сәйкестенеді: адам, дос, ұл (қыз), құқық қорғаушы, аға (қарындас) патриот, немере (немере қыз), азамат, туыс, қорғаушы, оқушы, ұлттық мәдениетті қорғаушы және жасаушы, ұжым, топ мүшесі, көш басшы, еңбекші, иегер, әлем азаматы, қалалық (ауылдық), бейбітшілік орнықтырушы, көрші, эколог, бірлестіктің, топтың, этнос мүшесі. Гимназиядағы тәрбие беру жұмысының тақырыбы:Жеке тұлғаның ақпараттық- коммуникациялық құзырлылығы негізінде рухани- адамгершілік дамуын қалыптастыру.№6 Хромтау гимназиясының тәрбие жұмысының мақсаты:Бәсекеге қабілетті, өзін-өзі басқара білетін, қарым-қатынас мәдениеті, ақпараттық мәдениеті, зерттей білетін дағдылары, іс-әрекет жасай білу, интеллектуалдық жұмыс істей білу мәдениеті дамыған тұлға тәрбиелеу.Тәрбие жұмысының міндеттері:

денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеін тәрбие жүйесін құру және дамыту;

балаларды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу;

өзінің және қоғамның, болашақ ұрпақ алдында әлеуметтік, табиғи және мәдени ортадағы өз іс-әркетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде мәдени ортадағы өз іс-әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде гуманистік дүниетанымды қалыптастыру;

Page 2: gimnaziya6.kz · Web viewБұл отырыста сынып жетекшілер 2012-2013 оқу жылы бойынша мектептің тәрбие жұмысымен , сынып

мемлекеттік тілді және басқа тілдерді үйрену арқылы балалар мен жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне, Қазақстан халықтарының дәстүрлері мен мәдениетін зерттеуіне және қабылдауына жағдай жасау;

жеке тұлғаның өзін -өзі іс жүзінде көрсетуі мен ары қарай дамуына ықпал етуде білім беру ұйымдары жағдайында жастар мен балалардың танымдық қызығушылығын, олардың шығармашылық қабілеттерін, жалпы білімге икемділігін, өзін- өзі тану мен өздігінен білім алу дағдыларын, әлеуметтенуін барынша дамыту бейімділігін қалыптастыру;

қазіргі заманғы қоғамдық өмірге және тиімді кәсіби іс-әрекет пен жеке басының және әлеуметтік кәсіби тұрғыда үздіксіз пісіп жетілуіне қажетті маңызды тұлғалық және кәсіби сапаларын қалыптастыру;

қоғамда орнықты қалыптасқан дәстүрлер негізінде этникалық және діни толеранттылықты тәрбиелеу;

балалардың бойында Қазақстанға сырттан енуші этнодіни экстремизм мен түрлі радикалды ағымдарға қарсы әрекет ете алатын дағдылар қалыптастыру;

отбасылық тәрбие жүйесін қайта жандандыру және отбасын білім беру мекемелерінің тәрбие жүйесіне араластыру.

Тәрбие тұжырымдамасының негізгі 12 бағыттарына сәйкес жылдық жұмыс жоспары құрылып, гимназия директорымен бекітілген:

Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие Рухани-адамгершілік тәрбиесі Отбасы тәрбиесі Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру. Әлеуметтік-мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру Экологиялық тәрбие Эстетикалық тәрбие Дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын және денсаулық қорғаушы

орта қалыптастыру Еңбек және экономикалық тәрбие Кәсіби-шығармашылық тәрбие Интеллектуальді мәдениетті дамыту

Биылғы оқу жылында алға қойылған мақсат:Тәрбие тұжырымдамасының бағыттары бойынша ашық тәрбие сағаттарын өткізу,әдістемелік құралдар дайындау, өзара іс-тәжірибе алмасу.

Тәрбие жұмысы жөнінде кеңестерде қаралған мәселелер:10.09.2012 жылы кіші педагогикалық кеңесте «Жалпыға бірдей міндетті Білім Заңы аясында аз қамтылған отбасылар мәселелері және шешу жолдары.», 10.12.2012 жылы «Ыстық тамақпен қамту»,6.12.12 жылы ұжымдық кеңесте «Гимназия жанындағы асхана жұмысының ұйымдастырылуы.», «« Мектепке жол» акциясының орындалуы»,03.10.12 жылы гимназия директоры орынбасары жанындағы кеңесте «Жас ұлан» ұйымының ұйымдастырылуы: мәселелер мен шешу жолдары», 09.11.12 жылы «Класс журналдарын жүргізілу ережелерінің сақталуы», «Жолда жүру ережелері сабақтарының берілуі», 13.12.12 жылы әдістемелік кеңесте «Тәрбие жұмысының тұжырымдамасы бойынша жүргізілген жұмыстар», сәуір айында әдістемелік кеңесте «Оқушылардың қызығушылығы бойынша ұйымдастырылған үйірмелердің оқытылуы»қаралды.

Алдын алу кеңесінде қаралған мәселелер:№ 6 Хромтау кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесі құрылып, жылдық жұмыс жоспары жасалынды. 19 қыркүйек күні өткізілген алдын алу кеңесінің отырысында Хромтау аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің № 4008 хатына сәйкес № 6 Хромтау гимназиясында «Балалар түнгі қалада» акциясы аясында өткізілген іс-шаралар талқыланды. 17 қазан күнгі алдын алу кеңесінің отырысында білім алушылардың сабаққа қатысымы туралы мәселелер қаралып, талқыланды.

Page 3: gimnaziya6.kz · Web viewБұл отырыста сынып жетекшілер 2012-2013 оқу жылы бойынша мектептің тәрбие жұмысымен , сынып

15 қараша күні алдын алу кеңесінің кезекті отырысында «Зорлық-зомбылықсыз және қатыгездіксіз балалық шақ» ұранымен 2012 жылдың 1-19 қарашасында жұмыс жоспары құрылып, іс-шаралар өткізілді. Кеңесте акция аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар, жалпы мектепішілік тәртіп мәселесі қаралды. Яғни сабақтан қалатын, сабақтан кешігетін білім алушылардың есімдері анықталып, сол білім алушылармен жұмыс жүргізу туралы шешім қабылданды.Желтоқсан айында өткізілген алдын алу кеңесінің отырысында «Балалардың денсаулығы өз қолымызда» темекі шегу, ішімдік, токсикалық және есірткіге қарсы алдын алу жұмыстары- бойынша медбике Утебаева Жаннаның есебі тыңдалды.

16 қаңтар күні алдын алу кеңесінің кезекті отырысы болып, онда бір мәселе талқыланды. Яғни себепсіз сабақтан қалатын білім алушылардың ата-аналарымен жұмыс. Мәселе бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтылып, мектеп инспекторы Жұмабаева Гүлім ата-аналардың балаларды тәрбиелеу және оларға білім беру жөніндегі құқықтары мен міндеттеріне тоқталды. Кеңес отырысында сабақтан жиі қалатын білім алушыларды дер кезінде анықтап,ата-аналарымен жұмыс жүргізу туралы шешім қабылданды.

20 ақпан күні «Гимназия ережесін бұзған білім алушылармен жұмыс» тақырыбында алдын алу кеңесінің отырысы болып, тәртіп сақшылары жалпы мектептегі білім алушылардың тәртібіне тоқталды. Соның ішінде кейбір сабақтан кешігу, үзіліс кезінде жүгіру сияқты гимназия ережесін бұзған білім алушыларды атап, жүргізген жұмыстарға тоқталды. 21 ақпан күні « Ата-аналардың құқықтық сауаттылығы» тақырыбында семинар өткізіліп, «Кішкентай білім алушыларды зиянды әдеттерден сақтандыру» тақырыбында ата-аналарға кеңестер берілді.

Құқық мектебінің жетекшісі Нұртазина Мейрамгүл «Құқықбұзушылықтың қоғамда алатын орны» тақырыбында жоғары сынып білім алушыларына баяндама оқып, талқылады.

Наурыз айында өткізілген алдын алу кеңесінің отырысында «Тұлғаны ізгіліктендірудегі отбасының міндеті» туралы, білім алушылардың көктемгі каникул кезінде бос уақытын ұйымдастыру туралы мәселелер талқыланды. Ата-аналарға арналған сауаланамалар жүргізу керектігі айтылды.

17сәуірде «Мамандық таңдаудағы балалардың қызығушылығының қалыптастыруына отбасының ролі» тақырыбында алдын алу кеңесінің отырысы болып өтті. Отырыста білім алушылардың жұмыспен қамтылуы туралы айтылып, осы орайда отбасылармен жұмыс жүргізу мәселесі қаралды.

15 мамыр күні өткізілген кеңестің отырысында «Білім алушылардың жазғы демалыс-сауықтыру лагерлерін ұйымдастыру», кеңестің жұмысын қорытындылау мәселелері қаралып, талқыланды. Келесі оқу жылына жұмыс жоспары құрылды.

Сынып жетекшілер кеңесінде қаралған мәселелер:3 қыркүйек күні бірлестіктің семинар отырысы болып өтті. Бұл отырыста сынып жетекшілер 2012-2013 оқу жылы бойынша мектептің тәрбие жұмысымен , сынып жетекші жұмысының мазмұны,сынып жетекшісінің портфолиосымен таныстырылды. Сонымен қатар ашық тәрбие сағаттарын өткізу кестесін толтырылды. 8 қазанда «Жасөспірімдер арасында ұшырасатын суицид көріністерінің алдын алу»мәселелері талқыланды. 5 қарашада «Жасөспірімдер мінез-құлқындағы ауытқушылықтарды түзету проблемалары: құқықтық, педагогикалық және психикалық аспектілер» тақырыбында семинар отырысы болып өтті. 3 желтоқсанда өткен бірлестік отырысында «Білім алушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу жолдары» тақырыбында баяндама оқылды. 3қаңтар күні «Тәрбие жұмыстарының тиімділігі арттырудағы ата-аналар жиналысының ролі» тақырыбында семинар болып, онда «Мониторинг және бағалау»,«Қамқор» қамқорлық акциясы туралы айтылып талқыланды. 4ақпанда бірлестік отырысында «Білім алушылардың кәсіптік бағдарлануы», 25 наурызда «Білім беру

Page 4: gimnaziya6.kz · Web viewБұл отырыста сынып жетекшілер 2012-2013 оқу жылы бойынша мектептің тәрбие жұмысымен , сынып

ұйымдарында азаматтықты қалыптастыру және құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында семинар, 8 сәуірде «Сынып ұжымымен жүргізілетін тәрбие жұмысын талдау схемасы», 13мамыр «2012-13 оқу жылының тәрбие жұмысының жоспарын бекіту»мәселелер қаралап талқыланды.

Ата-аналар комитеті отырысында тәрбие жұмысының мәселелерін қарау:27 қыркүйек күні «Отбасы мен мектептің әріптестігі-тұлғаның табысты

әлеуметтенуінің кепілі» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналысқа барлығы -170 ата-ана қатысты. Күн тәртібі бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жасаганбергенова Баян «Отбасы мен мектептің әріптестігі-тұлғаның табысты әлеуметтенуінің кепілі»тақырыбында баяндама жасаса, өткен оқу жылы бойынша дарын балалармен жұмыстың нәтижесі бойынша Қозбағарова Назым таныстырды. Жаңа оқу жылы бойынша қосымша оқыту бағдарламасымен директордың ғылыми әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Жақсылықова Шолпан Жайылханқызы таныстырды. Гимназия директоры Муакшева Гүлмараш Орынбасарқызы мектеп білім алушыларын ыстық тамақпен қамту мәселесі туралы айтып, мектеп ережесімен , жаңа нормативтік құжаттармен таныстырды. Соңғы мәселе бойынша ата-аналар кеңесінің төрағасы болып Баймағамбетов Марат қамқоршылық кеңестің төрағасы болып Нұртазин Асқар көпшіліктің дауыс беруімен сайланды.

31 қазан күні «Ата-аналар және мұғалім: ынтымақтасып жұмыс жүргізуді үйренеміз» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстел басында мектептің отбасымен өзара қарым-қатынасы ата-ана беделіне құрмет көрсету, отбасының рухани кемелдене түсуіне көмектесу, үй-ішінің балаларға оңды ықпал жасауына жәрдем беру негізінде құрылуы тиіс тігі айтылды. Сынып жетекшілер «Нағыз ата-ана кодексі», «Ата-аналарға арналған тоғыз өсиетпен» таныс болып, өзара пікіралысты.

5 желтоқсан күні 11 сынып жетекшісі Тлеуова Майра «Діни қауіпсіздікті нығайтуға байланысты мектептің отбасымен жұмыс жүйесін қалыптастыру бойынша» ата-аналармен отырыс жасап, ұсыныстар жасады.

Қаңтар айында «Қамқор» қайырымдылық акциясы болып өтті. Осы айда дінтану пәні мұғалімі Тлеуова Майра Шамилқызы ата-аналарға «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларын ұйымдастыру» тақырыбында ұсыныстар берді.

Ақпан айында ата-аналармен «Ата-аналардың құқықтық сауаттылығы» тақырыбында семинар өткізіліп, «Кішкентай білім алушыларды зиянды әдеттерден сақтандыру» кеңестер берілді.

Наурыз айында балалардың адамгершілік тәрбиесі жөнінде ата-аналарға арналған жаднамалар таратылды.

Сәуір айында мектеп психологы «Өзара түсіністік негізі неде?» тақырыбында тренинг, әлеуметтік педагог «Балалар тәрбиесіндегі ата- ананың жауапкершілігі» тақырыбында аз қамтылған отбасылармен отырыс өткізді. Сонымен қатар «Көктемгі ізеттілік» акциясы аясында аз қамтылған отбастарына көмектер берілді.

18 мамыр күні жалпы ата-аналар жиналысы болып, жылдық қорытынды жұмыстар, «Балаларды жазғы демалысқа жіберудің жағдайларын қарастыру»,«Балалар қауіпсіздігін қадағалау»,«Алдымызда жаз» сияқты мәселелер талқыланды.

Мектептің өзін-өзі басқару жұмысының бар болуы және тиімділігі;Білім алушылар үшін өзін-өзі басқару – ол бос уақытын тиімді және үнемді пайдалану, құқығын және мүддесін қорғау, жаңа бастамаларына қолдау мен дамытудағы көмек. Білім алушылардың өзін-өзі басқаруын дамыту үнемі әлеуметтік жауаптылықты кеңейтуді, өмірінде кездесетін мәселелерді шешуге көмектеседі.  13 қыркүйек күні № 6 Хромтау гимназиясында «Ұланбасы» сайлауы болып өтті. Салтанатты сайлауға сынып жетекшілер, білім 220 білім алушы, 12 сынып жетекші қатысты. Сайлау ашық дауыс беру арқылы өткізілді. Алдымен «Ұланбасы» болуға білім алушылар өз кандидатураларын ұсынып, мәлімдемелер берді. Нәтижесінде:

Page 5: gimnaziya6.kz · Web viewБұл отырыста сынып жетекшілер 2012-2013 оқу жылы бойынша мектептің тәрбие жұмысымен , сынып

Ғани Арайлым /10 сынып/-«Ұланбасы» Құдайбергенова Әсемгүл /10 сынып/-омбудсмен Жалмағамбетова Жұлдыз /10 сынып/- мәдениет министрі Мажит Дәулет/10 сынып/-тәртіп министрі Адаева Меруерт/9а сынып/-білім министрі Алихан Дина/9әсынып/-денсаулық министрі Күзенбай Ернұр/10 сынып/-ақпарат министрі Бекен Ерлан, Өмірбекова Индира /9а сынып/спорт министрлері Мектепте «Жас Ұлан», «Жас қыран» балалар ұйымы жұмыс жасайды. «Жас Ұлан» балалар ұйымында барлығы-, «Жас қыран» ұйымында- бала бар. «Жас Ұлан» балалар ұйымының мүшелері қалалық, облыстық КВН ойындарында үздік өнер көрсетіп, республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы ұйымдастырған ойында Бас жүлдені жеңіп алды.

25 қыркүйек күні «Жас Ұлан» балалар ұйымының көшбасшыларының отырысы болып өтті. Отырыста қыркүйек айында жүргізілген жұмыстар талқыланып, қазан айында жүргізілетін жұмыстар талқыланып, министрлерге жұмыстарымен таныстырылды.

25 қыркүйек күні «Жас Ұлан» балалар ұйымының ұйымдастыруымен «Үздік сынып бұрышы» байқауы болып өтті.

Байқаудың нәтижесі бойынша бастауыш сыныптар арасында :І орынға- 2 «а»сынып, ІІ орынға – 4 «а», 2 «ә» сынып, ІІІ орынға –3 «а»сынып ие болды.5-11сыныптар арасында І орынға –7 « ә»сынып, ІІ орынға –6 «а»сынып, ІІІ орынға – 10, 9 «а» сыныптары ие болды. Жеңімпаз сыныптар грамоталармен марапатталды.29 қазан күні «Жас Ұлан» балалар ұйымының өзін-өзі басқару тобының отырысы болып өтті. Онда қазан айында жүргізілген жұмыстарға сараптама жасалынды. 29 қараша күні «Президент күні-халықтың күні» тақырыбында «Жас Ұлан» балалар ұйымының салтанатты жиыны болып, онда 25 білім алушы «Жас Ұлан» қатарына салтанатты түрде қабылдынды. Жиында топ басшылары рапорт тапсырып, тұңғыш президент күніне құттықтаулар айтылды. 14 желтоқсан күні «Жас Ұлан» балалар ұйымының салтанатты жиыны болып, барлық бастауыш сынып білім алушылары «Жас қыран» балалар ұйымына қабылданып, 7 білім алушы «Жас Ұлан» балалар ұйымына қабылданды. Сынып жетекшілер кеңесінің жұмысының бар болуы және тиімділігі; Биылғы оқу жылында №6 Хромтау гимназиясында 22 сынып жетекшісі жұмыс жасады.Оның үшеуі мектепалды даярлық тобы, сегізі бастауыш сынып жетекшілері, калган он бірі орта және жоғары буын сынып жетекшілері.Сынып жетекшілерінің ішінде жас мамандар да бар.Олар тәжірибелі сынып жетекшілерінен көмек ,ақыл-кеңес, бағыт-бағдар алып отырады. "Өнеге" сынып жетекшілер бірлестігінің жүргізілген жұмыстарына тоқтала кетсек, жоспар бойынша бірнеше бірлестік отырыстары және бірнеше семинар ұйымдастырылды. Оқу жылының басында бірлестік отырысынды тәрбие жұмысының меңгерушісі Жасғағанбергенова Баян Ідірісқызы "ҚР Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұловтың "Білім жүйесін жаңғырту-адами капиталдың сапалы өсуінің басты бағыты" атты білім беру қызметкерлерінің тамыз конференциясында сөйлеген сөзін таныстыра отырып,сынып жетекшілерімен талқылады.Сонымен бірге осы отырыста жаңа оқу жылының жылдық жұмыс жоспарымен, нормативтик құжаттармен таныстырды. Әлеуметтік педагог Карагулова Д. "Мектепке жол"қамқорлық акциясына шақырды. Қыркүйек айында жас мамандарға арналған бірлестік отырысында тәрбие жұмысының меңгерушісі Жасағанбергенова Б .І. "Сынып жетекшісі нені білу керек?"

Page 6: gimnaziya6.kz · Web viewБұл отырыста сынып жетекшілер 2012-2013 оқу жылы бойынша мектептің тәрбие жұмысымен , сынып

атты ақыл кеңестер мен көмекші нұсқаулар берді . ҚР сынып жетекшісі-сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып ,үйлестіріп келістіріп , өткізетін педагог.Сынып жетекшілерінің құқықтары :оқушылардың денсаулығы және психологиялық жағдайы туралы мағлұмат алыпоытру, сынып оқушыларының сабаққа қатысымы және ата-аналармен тығыз байланыста болу. Қыркүйек айының соңында семинар ұйымдастырылды.Бірінші мәселе бойынша бірлестік жетекшісі Жуминова Ж.Ж. "2012-2013 оқу жылы бойынша тәрбие жұмысын жоспарлау"тақырыбында баяндама оқыды. Екінші мәселеде бірнеше тақырыптар қамтылды.Жасағанбергенова Б.І. "Сынып жетекшісінің портфолиосы","Сынып жетекші жұмысының мазмұны " мазмұны тақырыптарын ортаға салып тиімді жақтарын айтып таныстырды. Қазан айында бірлестік отырысында сынып жетекшілерінің арасында "Жасөспірімдер арасында ұшырасатын суицид көріністерінің алдын алу "атты үлкен мәселе талқыланды.БЖ: Жуминова Ж.Ж. интерактивті тақтадан бірнеше слайдтар арқылы суицид тақырыбына байланысты жағдаяттарды көрсете отырып, сынып жетекшілеріне баланың ішкі жан дүниесіне тереңірек үңіле отырып, әркез баланың жанынан табыла білуге шақырды.Сонымен сынып жетекшісінің тәрбиелік жұмыстағы ұстанымы атты баяндаманы Айткулова А.Т.оқып шықты.Сынып жетекшілері өз ойларын ортаға салды. Қараша айында кезекті "Жасөспірімдер мінез-құлқындағы ауытқушылықты түзету проблемалары :педагогикалық- психикалық аспектілер" атты семинар ұйымдастырылды,бірлестік жетекшісі Жуминова Ж.Ж интерактивті тақта арқылы "Бала көңіліне шуағымызды аямайық"атты тақырыпта слайдтар көрсетті. Желтоқсан айында Керимова Г."Діни экстремизм дегеніміз не?" атты ашық тәрбие сағатын өткізді.Бастауыш сынып жетекшісі Абденова Г.З. "Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың түрлері мен әдістері " тақырыбында іс-тәжірибесін сынып жетекшілерімен бөлісе отырып, шығармашылық есеп берді.Бірлестік жетекшісі Жуминова Ж.Ж. "Адамгершілік -асыл қасиет " тақырыбында облыстық семинарда ашық тәрбие сағатын өткізді. Қаңтар айында "тәрбие жұмыстарының тиімділігі арттырудағы ата-аналар жиналысының ролі" тақырыбы аясында семинар болды.Бұл семинарда "Мониторинг және бағалау" және "Қамқор" қамқорлық акциясы тақырыптарына баяндамалар оқылды. Семинар барысында В.А. Сухомлинскийдің "Өз балаңызды сүйе отырып, оларды сізді де сүюге үйретіңіз, үйретпесеңіз - қартайған шағыңызда көз жасыңызды төгесіз" даналық сөзін ортаға салып, отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері мәселесінде сынып жетекшілері өз ойларын ортаға ортаға салды. Гимназия психологы бірнеше тренингтер өткізді. Ақпан айында 9-11 сынып жетекшілерінің арасында "Білім алушылардың кәсіптік бағдарлануы" тақырыбында бірлестік отырысы өткізілді. Жалпы білім беретін оқу бағдарламасы білім алушылардың бейіналды даярлығын қамтиды.Бұл тақырыптарда сынып жетекшілері Тлеуова М. және Райымбаева М өз іс-тәжірибелерін ортаға салды. Мектеп психологы Максимова Г бірнеше тренингтер ,пайдалы кеңестер ұсынды. Наурыз айында "Білім беру ұйымдарында азаматтықты қалыптастыру және құқықбұзушылықтың алдын алу "тақырыбында семинар өткізілді. Бұл тақырыпта тәрбие ісінің меңгерушісі Жасағанбергенова Б.І. баяндама оқыды. Қаламызда жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында прокуратура, ішкі істер , білім беру , денсаулық сақтау , еңбек және әлеуметтік қорғау орындары , қоғамдық ұйымдар мената-аналар қоғамы өкілдерінің қатысуымен "Түнгі қаладағы бала", "Жасөспірім","жазғы демалыс", "Бала және отбасы"бірлескен профилактикалық рейдтері жүргізілуде деп атап өтті. Сәуір айында "Сынып ұжымымен жүргізілетін тәрбие жұмысын тәрбие жұмысын талдау схемасы " тақырыбы аясында бірлестік отырысы өткізілді.Бірлестік жетекшісі тиімді ұсыныстарды ұсынды.1.Сынып ұжымы мен жеке оқушының қысқаша мінездемесі.

Page 7: gimnaziya6.kz · Web viewБұл отырыста сынып жетекшілер 2012-2013 оқу жылы бойынша мектептің тәрбие жұмысымен , сынып

2.Өткен оқу жылында қойылатын тәрбиелік мақсат-міндеттер.3.Тәрбие жұмысын ұйымдастырылу формасы 4.Тәрбие жұмыстарының негізгі бағыттары.(мазмұны).5.Қоғамдастық және ата - анамен жұмыс.6.Тәрбие барсында қолданылатын әдістер мен тәсілдер.7.Тәрбие жұмысының нәтижесі. Мамыр айында өткізілетін бірлестік отырысында "Педагогикалық диагностика әдістемесі" тақырыбында Жасағанбергенова Б.І. баяндамамен таныстырады. Сынып жетекшілерінің жұмыстарына қорытынды жасап, келесі оқу жылында қаралатын мәселерге тоқталады.

Оқушылардың өзіндік, зертханалық жұмыспен айналысу жағдайы және оның қорытындысы;

Жылдар «Зерде» шығармашылық

жұмыстар

КҒА Дарын ҒЖЖ

2012-2013 3 3 5

Оқушылардың оқу және оқудан тыс қызметінде өз мүмкіндіктерін іске асыру жағдайлары (факультатив жұмысы, үйірме жұмысы, спорттық секциялар, көркем

өнер үйірмесі, пікірталас клубтары, студиялар, басқа да салалар)

Тәрбие бағыты бойынша ақылы үйірмелер2012-13 оқу жылы

Мұғалімдер 1а 1ә 2а 2ә 3а 3ә 4а 4ә 5 6а 6ә 7а 7ә 8а 8ә 9а 9ә 10 11 Барлығы

Саудин НұрқасымТоғызқұмалақ

7 9 10 6 30

Алиев БекзатШахмат

3 5 6 5 5 2 2 2 30

Күнтаева ФаризатВолейбол

4 5 2 7 10 2 30

Абдуллина Самиға«Өркен» хор үйірмесі

2 3 5 5 5 5 25

Жасағанбергенова БаянКөркемөнерпаздар

үйірмесі

5 5 5 2 2 2 2 1 1 25

Мопықова Бексана«Сымбат» үйірмесі

10 5 5 3 2 25

Курманов Абзал«Шебер қолдар»

5 5 5 3 2 3 2 25

Барлығы 5 3 10 5 12 15 12 17 29 22 14 15 16 4 3 4 2 2 190

тоғызқұ

малақ

шахмат

волей

болхо

р

көрке

мөнерпазд

ар

сымбат

2224262830 30 30 30

25 25 25

Page 8: gimnaziya6.kz · Web viewБұл отырыста сынып жетекшілер 2012-2013 оқу жылы бойынша мектептің тәрбие жұмысымен , сынып

Үйірме атаулары

Өткізілген іс шаралар Жетістіктер

ТоғызқұмалақЖетекшісі:

Саудин Нұрқасым

4-11 сынып гимназия білім алушылары арасында қазан айының 15-24 күндері Дүниежүзілік дұрыс тамақтану күніне орай тоғызқұмалақтан жарыс өткізілді.

2012-13 жылдың бағдарламасына сай аудандық тоғызқұмалақ ойынынынан жарыс

Облыстық мектеп оқушыларының арасындағы тоғызқұмалақ жарысында /қараша айы/

16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай үйірмеге қатысатын гимназия білім алушылары арасында жекелей жарыс өткізілді. Жарыс I-топ 8-9 жастағылар және II-топ 10-11 жастағылар арасында бөлек өткізілді.

Ақпан айында облыстық жасөспірімдер арасындағы жекелей чемпионат

Наурыз-2013 жылы мерекесіне байланысты мектепішілік жекелей чемпионат

5-7 сыныптар арасында І – орынды 6а сынып Әбекен Нұрдәулет, Әміртай Махамбет, Құдайберген Айгерім,Қалымбет Нұргүл. II – орынды 5 сынып Жұбатқан Ержан, Әділхан Еркебұлан, Елдес Асылжан,Жұмабаева Лаула. ІІІ- орынды 7ә сынып Жұбандықов Жаслан,Өтеғазы Ислам,Утегалиева Римма,Бітіс Гүлнұр білім алушылары ие болып, мақтау қағаздарымен марапатталды.8-11 сыныптар арасында І – орынды 9а сынып Қазбаев Еламан,Бекенов Ерлан, Дербисбаева Нүрия,Черниязова Гүлназ. II – орынды 10 сынып Әділханов Темірлан,Дүйсен Рауан,Маннап Фаризат,Көңілқошыва Ару. ІІІ-орынды 9ә сынып Бақыткерей Ұлан, Барлыбаев Мағжан, Кадиржанова Гүлденай,Иссалиева Айнұр иеленді.

Мектеп оқушыларының арасындағы жарыста №6 ХГ білім алушылары I-орынға ие болды. Жарысқа қатысқан ойыншылар Барлыбаев, Мағжан, Дербисбаева Нүрия және Қазбай Гүлнұр.

Мектеп оқушылары командасы III-орын

Нәтижесінде қыздар арасында I-топ бойынша І- орын Әділбек Айжан, ІІ- орын Бощанова Ақмерей, ІІІ- орын Тойғанова Әсем ие болса, Ұлдар арасында І- орынға Мирас Нұрхат , ІІ- орын Балғынбай Ержан, ІІІ- орын Мамбеталин Райымбек ие болды. II-топ бойынша І- орын Батырханова Әсел, ІІ- орын Какимова Томирис, ІІІ- орын Сұлтанхамитова АнельҰлдар арасында І- орынға Мұханбет Арсен, ІІ- орын Баубек Жандос, ІІІ- орын Сәулебеков Диас ие болды

10жас-ІІІ орын Какимова Томирис12жас-ІІ орын Құдайбергенова Әйгерім

Қыздар арасында: І орын-Қалымбет НұргүлІІ орын-Қазбай ГүлнұрІІІ орын-Нұрпейісқызы ЗереЕр балдар арасында:І орын-Барлыбаев МағжанІІ орын-Әділхан ЕркебұланІІІ орын-Кадиржанов Ерасыл

Page 9: gimnaziya6.kz · Web viewБұл отырыста сынып жетекшілер 2012-2013 оқу жылы бойынша мектептің тәрбие жұмысымен , сынып

ШахматЖетекшісі: Алиев

Бекзат.

Дүниежүзілік дұрыс тамақтану күніне орай өткізілген 17-18 қазанда мектепішілік шахмат ойынынан жарыс ұйымдастырылды.

19-21 қазан аралығында Ақтөбе қаласында өтетін жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында Халықаралық гроссмейстер Д.Садуақасов кубогіне арналған VII республикалық шахмат турнирі

Дөң орта мектебінде өткен аудандық оқушылар арасындағы спартакиада

16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай үйірмеге қатысатын білім алушылар арасында тағы да жарыс өткізілді.

14.02.2013 жылы қала мектептері арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында шахматтан жарысқа қатысты

Дүниежүзілік денсаулық күніне орай мектепішілік шахматтан жарыс ұйымдастырылды

Ер балалар арасында: І орын-Төремұрат ӘділетІІ орын-Серғали Бердді ІІІ орын-Мажит НұржігітҚыз балалар арасында: I орынды Елдес Асылжан 5-сынып, II орынды Сайлаубаева Диана 8а-сынып, IIІ орынды Атабаева Нұрайым 5-сынып .

Облыстық іріктеу сынында өз өнерлерін көрсетіп, шеберліктерін шыңдап қайтты.

Командалық жүлделі ІІ орынға ие болды. Олар: Кәрібай Қасым 2ә-сынып, Балмұқаш Үмітбай 9а-сынып және Елдес Асылжан 5-сынып білім алушылары.

I орынды Кәрібай Қасым 2ә-сынып;II орынды Мажит Нұржігіт 6ә-сынып; III орынды Балмұқаш Үмітбай.

Жалпы команда ІІ орынға ие болды.

І орын- Балмұқаш ҮмітбайІІ орын-Елдес АсылжанІІІ орын-Сайлаубай Диана

ВолейболЖетекшісі: Күнтаева Фаризат

Ұстаздар күніне орай 8-11 сынып білім алушылары арасында жарыс.

«Руханиият» бірлестігінің онкүндігіне байланысты үйірмеге қатысушылар арасында волейболдан жарыс.

Тәуелсіздік күніне орай үйірмеге қатысушылар арасында волейболдан жарыс.

Ақпан айында «Салауатты өмір жасасын!» атты жарыс ұйымдастырылды.

8наурыз-Халықаралық әйелдер күніне орай №1орта мектеппен жолдастық кездесу ұйымдастырылды.

Сәуір айында денсаулық күніне орай 8-11сыныптар арасында жарыс ұйымдастырылды.

Нәтижесінде:І орын-9а сыныпІІ орын-10сынып,ІІІ орын-8а сынып иеленді.

І орын-«Ынтымақ» командасы,ІІ орын-«Алға» командасы, ІІІ орын-«Жастар» командасы ие болды.

І орын-«Қазақстан» командасы, ІІ орынға-«Қыран» командасы, ІІІ орынға-«Тәуелсіздік» командасы ие болды.

І орын-10сыныпІІорын-9а сыныпІІІ орын-11сынып

№6ХГқыздар командасы жеңіске жетті.

І орын- 9а сыныпІІ орын-11сыныпІІІ орын-10сынып

Page 10: gimnaziya6.kz · Web viewБұл отырыста сынып жетекшілер 2012-2013 оқу жылы бойынша мектептің тәрбие жұмысымен , сынып

Аудандық «Салауатты өмір салтын насихаттау» бағыты бойынша 4-5сыныптар арасында «Шағын волейбол» атты жарысқа қатысты.

Ер балалар арасында өткізілген аудандық спартакиадада

№6ХГ командасы ІІ орынға ие болды.

№6ХГ ІІІ орынға ие болды.

«Шебер қолдар» үйірмесі

Жетекшісі: Курманов Абзал.

16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай көрме ұйымдастырылды

Қаңтар айында мектепішілік «Қол өнер-зор өнер» байқауын өткізді.

Наурыз айында ұлттық бұйымдардан көрме ұйымдастырды.

Наурыз айында өткен аудандық «Қол өнер-зор өнер» байқауына білім алушылардың жұмыстары жіберілді.

Сәуір айында мектепішілік «Шебер қолдар» атты үйірмеге қатысатын білім алушылар арасында байқау өткізді.

Ұлы Жеңіс күніне арналған көрмеге білім алушылардың жұмыстары қойылды.

«Тәуелсіздік жолы – нұрлы жол» 25 білім алушының жеке жұмыстары қойылды.

Нәтижесінде: І орын-Тойған ӘлібиІІ орын-Қуаныш ӘнуарІІІ орын-Боранбай Әлішер

Үздік үш оқушының жұмысы көрмеге қойылды./сандықшалар/

Нәтижесінде :ІІ орын-Орынбасар Данияр /Бұғының мүсіні/Мақтау қағазы-Құдреттилаев Ислам /сандықша/

Нәтижесінде :І орын-Боккарин СаламатІІ орын-Мақсұт ӘмірханІІІ орын-Төремұрат Әділет

«Өркен» хор үйірмесі

Жетекшісі: Абдуллина Самиға

Президент күніне арналған «Елін сүйген, елі сүйген елбасы» атты акцияда

Президент күніне орай

«Руханият» бірлестігінің онкүндігіне байланысты «Әнші, биші балапан» байқауы

Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара өткізілді.

Халықаралық әйелдер күнінде

Наурыз мерекесінде

9мамыр мерекесіне орай «Отты жылдар әндері» атты әдеби –музкалық кеш ұйымдастырды

Облыстық «Айналайын-2013» байқауында

Аудандық «Әнші балапан-2013»

Үйірме мүшелері «Отаным-Қазақстан» әнін орындады.

«Елім менің-жерім менің» атты сыныптан тыс шара өткізді.

І орын- Байымбетова Дана 0сыныпІІ орын-Қорғанбекова Гүлшат 4а сыныпІІІ орын- Жайлаубай Нұрдәулет 1әсынып

Үйірме мүшелері «Желтоқсан желі», «Қазақстан» әндерін орындады.

«Ақ мама», «Ана»,»Апатайым-анашым» әндерін орындады.

«Наурызым-нақыл сөз», «Ата дәстүр, ақ тілеу» әндерін орындады.

Кеш барысында тақырыптық әндер , хор үйірмесі мүшелерінің орындауында «Жеңіс», «День победы», «Қайран боздақ ағалар», «Катюша», «Мәншүк туралы ән» т.б әндер орындалды.

Байымбетова Дана жүлделі І орынға ие болды.

Байымбетова Дана жүлделі І орынға ие болды.

Page 11: gimnaziya6.kz · Web viewБұл отырыста сынып жетекшілер 2012-2013 оқу жылы бойынша мектептің тәрбие жұмысымен , сынып

байқауындаКөркемөнерпаздар

үйірмесіЖетекшісі:

Жасағанбергенова Баян

Ұстаздар күніне арналған «Ұстаз ұлағатты есім» мерекелік сазды бағдарлама.

Мектепішілік «Екі жұлдыз» байқауы өткізілді

Президент күніне арналған «Елін сүйген, елі сүйген елбасы» атты акция

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған аудандық «Елім менің» атты патриоттық әндер байқауы

«Тәуелсіздік тұғырым» атты Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара өткізілді.

1ақпан күні көркемөнерпаздар үйірмесінің ұйымдастыруымен әнші-композитор, ҚР халық әртісі Алтынбек Қоразбаевтың туғанына 65 жыл толуына орай «Ән өнерінің бозжорғасы» тақырыбында музыкалық сағат ұйымдастырылды.

Үйірме мүшелері өнер көрсетті.

І орынға 10 сыныптан шыққан жұптар ие болды.

Үйірме мүшелері өнер көрсетті.

І орын 6 сынып білім алушысы Мұңсызбай Н;

Үйірме мүшелері өнер көрсетті.

Шара барысында композитордың шығармашылығы туралы айтылып, «Үшқоңыр» , «Сағындым Алматымды», «Жиырма бес», «Сырғалым», «Сағыныш саздары», «Кеш жарық!», «Әгугай домбыра», «Елге сәлем», «Сен мені сағындың ба?», «Сен болмасаң..»,»Қоштасудың қиын-ай» т.б әндері орындалды. «Әуенді тап?» ойыны ойнатылды. Аталған шараға білім алушылар, ұстаздар,ата-аналар қатысты.

«Сымбат» үйірмесі

Жетекшісі: Мопықова Бексана

«Руханиият» бірлестігінің онкүндігіне байланыстымектепішілік «Тапқыр достар» ойыны

Тәуелсіздік күні

Наурыз айында өткен аудандық «Қолөнер-зор өнер» байқауы көрмесі

Наурыз айында мектепішілік «Шебер ару» байқауы өткізілді.

Наурыз айында ұлттық бұйымдардан көрме ұйымдастырды.

Ұлы Жеңіс күніне арналған көрмеге білім алушылардың жұмыстары қойылды

Нәтижесінде:І орын-«Іскерлер» тобы ІІ орын-«Шеберлер» тобы

«Тәуелсіздік тұғырым» атты көрмеге, 10 білім алушының жұмысы қойылды.

Нәтижесінде:ІІІ орын -Файзуллина ШынарІІІ орын -Тлеуова Лунара, Жұмабекова Лаура.

Нәтижесінде:І орын –Тлеуова ЛунараІІ орын – Шайхина ГазимаІІІ орын- Акказиева Айдана

Үздік оқушылардың жұмысы көрмеге қойылды./көрпешелер, бисермен жасалған жұмыстар, былғарымен жасалған жұмыстар/

Дүйсенова Айнаш Аудандық «Қолөнер-зор өнер» байқауы көрмесі

Жалғас Наурызгүл ІІІ орын.

Page 12: gimnaziya6.kz · Web viewБұл отырыста сынып жетекшілер 2012-2013 оқу жылы бойынша мектептің тәрбие жұмысымен , сынып

Республикалық, жергілікті оқушылар ұйымдарының қызметіне оқушылардың қатысуы; олимпиадаларды, жобаларды, сайыстарды, акцияларды, фестивалдарды, спорттық

сайыстарды ұйымдастыру және оларға қатысу;Түрі Жергілікті Облыстық Республикалық Халықаралық

Олимпиада 112 16 12 23Жобалар 9 8 2 -

Сайыстар 391 150 192 49Фестиваль 15 12 9 7

Спорттық ойындар 24 49 29 11Байқаулар 22 7 2 -

олимпиада

жобалар

сайыста

р

фестива

льдар

спорттық о

йындар

байқау

лар

0

50

100

150

200

250

300

350

400

450

112

9

391

15 24 2216 8

150

1249

712 2

192

929

223

497 11

жергіліктіоблыстықреспубликалықХалықаралық

Оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастыру (оқушылардың денсаулығы және олардың әртүрлі спорттық- сауықтыру қызмет түрлерімен қамтылуы, валеологиялық

қызмет жұмысы);№6 Хромтау гимназиясында 2012-2013 оқу жылында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде іс-шаралар жоспары, 2012-2013 оқу жылында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің алдын алуға байланысты жүргізілетін іс-шаралар жоспары, 2012-2013 оқу жылында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде АҚТҚ/ЖҚТБ алдын алу іс-шаралар жоспары құрылып, бекітілген. Білім күніне арналған салтанатты жиыннан кейін 1- 4сыныптарда Қазақстан Республикасының Президентінің 2010жылдың 29 қарашасындағы № 1113 Жарлығымен бекітілген денсаулық сақтауды дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған « Саламатты Қазақстан » мемлекеттік бағдарламасын іске мақсатында 5-7сыныптарда « Денсаулық сабақтары » өткізілді. Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігі Жол полициясы комитетінің ақпараты бойынша жаңа 2012-2013 оқу жылында балалар мен жасөспірімдердің жолдар мен көшелерде жол қауіпсізігін болдырмау мақсатында № 6 Хромтау гимназиясында 3-8 қыркүйек аралығында өтетін «Абайлаңыз- балалар!» атты жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. 2012 жылдың 3-8 қыркүйек күндері Қазақстан

Page 13: gimnaziya6.kz · Web viewБұл отырыста сынып жетекшілер 2012-2013 оқу жылы бойынша мектептің тәрбие жұмысымен , сынып

Республикасы Президентінің 2011-2015 жылдарға арналған « Саламатты Қазақстан »   мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында № 6 Хромтау гимназиясында денсаулық апталығы болып өтті. 8 қыркүйек күні « Мен, сен және ол — біз саламатты ел!» атты ұранымен « Денсаулық фестивалі — 2012» өтті. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткен шараға ұстаздар,білім алушылар түгел қатысып, белсенділік танытты. Денсаулық фестивалінің ашылу салтанатында Мемлекеттік Гимн орындалып, ұлттық рух шарықтады. Гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жасаганбергенова Баян Ідірісқызы денсаулық фестиваліне қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі. Денсаулық фестивалінде гимнастикалық жаттығулар жасалынып, түрлі спорттық шаралар өткізіліп,жеңімпаздар диплом, мақтау қағаздарымен марапатталды. 5-7 сынып қыз балалар арасында өткізілген пионербол ойынында: Іорын- 6 “ә” сынып, ІІ орын- 7 “ә” сынып, ІІІ орын-7 “а” сынып иеленді. 5-7сынып ер балалар арасында өткен футбол ойынында І орын- 7 “ә” сынып, ІІ орын- 5 сынып,ІІІ орын-6 “ә” сынып иеленді. Аталған шараға ұжым 100% қатысты.

Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің алдын алуға байланысты жылдық жұмыс жоспары құрылып , жоспарға сәйкес осы апталық барысында балалар дәрігері Алтаев Абилқасым 9-11 сынып білім алушыларына «Нашақорлық және оның зардабы.», «Нашақорлық туралы сөйлесейік » тақырыбында әңгіме өткізді. Алдымен нашақорлық туралы бейне фильм көрсетті. Содан соң білім алушылардың пікірлерін тыңдап, көптеген кеңестер бере отырып, жаман әдеттен аулақ болуға шақырды.

Білім алушыларды салауаттылыққа шақыру мақсатында Дүниежүзілік дұрыс тамақтану күніне орай онкүндік ұйымдастырылды. 20 қазан күні айлықтың жұмыс жоспары құрылып, бекітілді. «Құбылнама» ақпараттық клубы салауаттылыққа шақыратын көптеген деректер бойынша ақпарат бұрышын дайындады.

1 қараша күні «Жаңа АИТВ-инфекциясы –нөл» тақырыбында ЖИТС-ке қарсы айлықтың ашылуына байланысты жұмыс жоспары ілініп, хабарлама жасалынды.

2 қараша күні денсаулық клубының мүшелері 5-11сынып білім алушыларымен «ЖИТС –ХХІ ғасыр індеті» тақырыбында ашық әңгіме өткізді. АҚТҚ/ЖҚТБ алдын алу байланысты мектеп медбикесі Утебаева Жанна 5-8 сынып білім алушыларынан сынақхат, 9-11 сынып білім алушыларынан сауалнамалар алды.16-17 қараша айларында 5-7 сынып білім алушылары арасында пионерболдан, 19-20 қараша аралығында 8-9 сынып білім алушылар арасында дойбыдан спорттық ойындар өткізілді. 21 қарашада өзін-өзі басқару ұйымы «Жоқ! Деп айта біл!»тақырыбында зиянды заттарға қарсы үгіт насихат жұмыстарын жүргізді.23 қарашада 9-11 сынып білім алушыларымен «Салауатты өмір салты» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Аталған шарада алдымен ЖҚТБ туралы бейне фильм көрсетілді. Содан соң тақырып бойынша дөңгелек үстелге қатысушылар өзара пікіралысты. 28 қараша күні ата-аналарға «Жат қылықтардың алдын алу» тақырыбында жаднамалар таратылды. 29 қараша айында «Есірткі және қоғам» тақырбында жоғары сынып білім алушыларымен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел басында «Социальный ролик о подросковый наркомании» тақырыбында бейне фильм көрсетіліп, осы бейне ролик бойынша ой қозғалды.Осы күні денсаулық клубының мүшелері үндеулер таратты. Айлық барысында тәрбие сағаттары өткізіліп, білім алушыларға АҚТҚ/ЖҚТБ туралы мәліметтер берілді. Айлық соңында «АҚТҚ/ЖҚТБ-ғасыр індеті» атты акция болып өтті. 19 қаңтар күні ұжым аудандық қысқы ойындар мерекесі қатысты. Мерекеде ән байқауы бойынша ІІ орын, көңілді эстафета сайысында жүлделі ІІІ орынға, сонымен қатар арқан тартысқа бастауыш сынып білім алушылары қатысып І орынға ие болды. Сонымен көпшілікке шай дастарханы ұйымдастырылды.

22 қаңтар күні мектеп медбикесі Утебаева Жанна білім алушыларға «Тұмау белгілері, емделу шаралары, алдын алу» тақырыбында кеңестер беріп, алдын алу шараларын жасау мақсатында 23 қаңтар күні санбюллетень шығарды.24 қаңтар күні 5-6сыныптар арасында «Көңілді эстафета» ойындары ұйымдастырылып, жеңімпаз

Page 14: gimnaziya6.kz · Web viewБұл отырыста сынып жетекшілер 2012-2013 оқу жылы бойынша мектептің тәрбие жұмысымен , сынып

сыныптар гимназия директорының мақтау қағаздарымен марапатталды. 26 қаңтар күні 1-4 сынып білім алушыларына мектеп дәрігері Алтаев Абилқасым «Желшешек аруы туралы», 31 қаңтар күні «Жұқпалы ауруларға қарсы дәріс» оқыды.

11-16наурыз аралығында тәрбие жұмысының дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын және денсаулық қорғаушы орта қалыптастыру бағыты бойынша апталық болып өтті. Медбике Утебаева Жанна ұстаздарға «Туберкулездің алдын алу шаралары-ахуалды жақсарту кепілі» тақырыбында дәріс оқыса, наркобекет тобының мүшелері «Біздің мақсат – туберкулёздің алдын алу!» тақырыбында жаднамалар ілді. 12 наурыз күні балалар дәрігері Алтаев Абилқасым білім алушыларға арналған туберкулез туралы лекция оқып, толық мағлұмат берді. Апта барысында спорттық ойындар өткізіліп, тәрбие сағаттары өтті. Туберкулез – қатерлі, жұқпалы ауру болып қалуда тұрғындардың еңбекке жарамдылығын жоғалтып, қайтыс болу жағдайларына апарып соғуына байланысты мемлекетке үлкен орны толмас зардабын тигізуде. 16 наурыз күні «Ұрпақ саулығы өз қолыңызда» атты дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстел басында балалар дәрігері Алтаев Абилқасым Қазақстан Республикасындағы туберкулезбен күрес стратегиясының негізін құрайтын құжаттар: АМСК жүйесінде туберкулезге қарсы қызметті күшейтуді қарастыратын Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы 13.09.2004 жыл №1438 «Қазақстан Республикасының 2005 -2010 жылдары денсаулық сақтауды реформалау және дамыту», ҚР Үкіметінің Қаулысы 21.12.2007жыл №1263 «Қазақстан Республикасында тұрғындарды туберкулезден қорғау шаралары», ҚР Үкіметінің денсаулықты қорғау Ұлттық Үйлестіру кеңесімен бекітілген «2008 – 2012 жылдарға арналған Туберкулезге қарсы шараларды жүзеге асырудың Салааралық Жұмыс Жоспары», және басқада нормативті – құқықтық актілердің бар екендігін айтып, балаларды туберкулез ошақтарынан бөлектеу үшін барлық облыстарда балалар-бақшасы, мектеп – интернаттар және балаларға арналған шипа – жайлар қарастырылғандығын айтып өтті.

3сәуір күні «Құбылнама» ақпараттық клубы «Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі» ақпараттық бұрыш шығарды.4сәуір күні 1-5сынып білім алушылары арасында «Денім сау болсын десең-спортпен шұғылдан!» тақырыбында сурет байқауы болып, үздік жұмыстар гимназия директорының мақтау қағазымен марапатталды. 6сәуір күні бастауыш сынып білім алушылары арасында «Көңілді мәре» ойыны өткізілді.

Патриоттық тәрбиелеу және білім беру ұйымының кеңістік-пәндік ортасын ұйымдастыру (мемлекеттік нышандар, тақырыптық стендтер, плакаттар т.б.);

№ 6 Хромтау гимназиясында Білім күніне байланысты «Білім әлеміне қош келдіңіздер!» атты салтанатты жиын болып өтті. Жиынға 340-ға жуық ата-ана, 448 білім алушы, қонақтар, ұстаздар қауымы қатысты. Салтанатты жиынның қонақтары аудан әкімінің орынбасары Шілманов Сейтмағамбет Қуандықұлы, Хромтау аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы Сейдоллаев Талғат Амангелдіұлы мектеп ұжымын, ата-аналарды жаңа оқу жылымен құттықтап, мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған 53 бүлдіршінге ақ жол тіледі. Салтанатты жиында Мемлекеттік Рәміздердің 20 жылдығы туралы айтылып, Лондан олимпиадасында Мемлекеттік туымыздың бірнеше мәрте көтеріліп, Мемлекеттік Гимніміздің 7 рет асқақтата шырқалғандығы айтылды.Гимназия директоры Мукашева Гүлмараш Орынбасарқызы мектеп ұжымын жаңа оқу жылымен құттықтап, былтырға оқу жылындаға жықсы жетістіктерге тоқталып, республикалық «Бастау» олимпиадасында Гран при жүлдесіне ие болған 3 білім алушыға 10000 теңгеден ақшалай сыйлық табыс етті. 1 сынып бүлдіршіндері тақпақтар оқып, 11сынып білім алушысы Байжанова Айымгүл барша гимназия білім алушылары мен ұстаздар қауымына жаңа оқу жылымен құттықтап, толағай табыс тіледі.Салатантты жиынның соңғы бөлімінде 2012-2013 оқу жылының Алғашқы қоңырауын «Ауылдың гүлденуі-Қазақстанның гүлденуі» жастар марафон эстафетасының жеңімпазы 11 сынып білім алушысы Сембай Мейіржан және 1 «а» сынып білім алушысы Самат Томирис соқса, № 6 Хромтау гимназиясының білім кілтін

Page 15: gimnaziya6.kz · Web viewБұл отырыста сынып жетекшілер 2012-2013 оқу жылы бойынша мектептің тәрбие жұмысымен , сынып

жасөспірімдер арасындағы кикбоксингтен Қазақстан чемпионы Аясхан Танат және 1 «а» сынып білім алушысы Қуандықов Нұрмухамед, «Бар кітапқа бас болған, «Әліппе-ғылым ағасы» демекші әліппе оқулығын 1сынып бүлдіршіні Өтеміс Махамбет, әлемнің құпия сырын бейнелейтін глобусты Қуандықова Ақнұр және Облыстық олимпиада жүлдегері 11сынып білім алушысы Азимова Динара алып шықты. Салтанатты жиыннан кейін 1- 4 сыныптарда ҚР Мемлекеттік рәміздері 20 жылдығына орай «Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтаныш» тақырыбында ашық сабақтар, Қазақстан Республикасының Президентінің 2010жылдың 29 қарашасындағы № 1113 Жарлығымен бекітілген денсаулық сақтауды дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске мақсатында 5-7сыныптарда «Денсаулық сабақтары», Ата Заңымыздың 17жылдығына арналған 8-11сыныптарда «Конституция –ұлттың ең маңызды құжаты» тақырыптарында тәрбие сағаттары өткізілді. «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты тілдер мерекесіне орай фестиваль болып, фестивальға 130 білім алушы, сынып жетекшілер қатысты. Аталған шарада өзге ұлт өкілдерінің билері орындалып, Абайдың қара сөздері , сонымен қатар бірқатар ақындардың өлеңдері оқылды. 29 қазан күні «Тәрбиелі тәртіптің құлы» тақырыбында «Ұлағат» ер балалар клубының отырысы болып, онда «Тәртіп деген не?, Б.Момышұлының «Тәрбиелі –тәртіптің құлы» деген сөзін қалай түсінесіңдер? Қоғамда тәртіп талаптарына қарамай өмір сүруге бола ма? Неге?» тақырыптар төңірегінде мәселелер талқыланды. 30 қазан күні «Мемлекеттік рәміздер- біздің мақтанышымыз» атты акция болып өтті. Аталған шараға ұстаздар, білім алушылар қатысты. 24 қараша күні «Ұлттық валюта-ұлт мақтанышы» тақырыбында 9-10 сынып білім алушыларымен дөңгелек үстел болып өтті. 20 қараша күні «Арман! Еңбек! Сенім!» атты флеш-моб акция болып өтті. Акцияға қала мектептерінің көшбасшыларымен бірге, аудан әкімі , «Нұр Отан» халықтық Демократиялық Партиясының Хромтау аудандық филиалының төрағасы Усманғалиев Аязбай Қайырғалиұлы, «Жас Отан» Жастар Қанатының II съезіне қатысқан делегаттар Буккарина Ақерке Бақыткерейқызы, Реимов Қуандық Есболсынұлы, Сатаев Кәкім, Жанкулова Азель Исатайқызы және Хромтау аудандық маслихатының хатшысы Молдашев Дәурен Хайреденұлы қатысты.

26 қараша күні Дүйсенова Айнаштың ұйымдастыруымен «Менің елім-Тәуелсіз Қазақстан» атты суреттер байқауын өткізіп, жеңімпаздарды мақтау қағаздарымен марапаттады.

27 қараша күні 10сынып білім алушыларымен «Сапалы біліммен, Қазақстанның көркеюі» атты дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелдің қонақтары Хромтау аудандық «Нұр Отан» ХДП атынан , аудандық кітапхана директоры Ермағамбетова Дайра алматқызы және директордың ғылыми әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Жақсылықова Шолпан Жайылханқызы. Дөңгелек үстел басында қазіргі замандағы беріліп жатқан білімнің сапасы, мүмкіндіктер туралы айтылып, кеңестік дәуірдегі білім беру сапасымен салсытырмалы түрде ой бөлісілді. Сонымен қатар елімізде болып жатқан жаңалықтар айтылып, білім алушылар өз ойларында ортаға салды.

30 қараша күні барлық сыныптарда тұңғыш президент күніне орай тәрбие сағаттары өткізіліп, «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты акция болып өтті. Акция барысында ұстаздар, білім алушылар еліміздің тұңғыш Президенті күніне құттықтаулар айтып, әндер шырқалды. Аталған шараға ұстаздар, білім алушылар қатысты.

3 желтоқсан күні сынып жетекшілер бірлестігінің жетекшісі Жуминова Жайнагүл «Білім алушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу жолдары», тарих пәні мұғалімі Сәрсембаева Айсәуле «Жасампаздық жолдауы –айқын мақсат, анық жол» тақырыбында баяндама оқып, 4 желтоқсан күні 6а сынып жетекшісі Конуспай Ару «Берік іргеміз елбасымен», 3а сыныбының жетекшісі Биржанова Гүлназ «Жолдау жасампаздықтың жарқын жолы» сыныптан тыс шаралар өткізді.

Page 16: gimnaziya6.kz · Web viewБұл отырыста сынып жетекшілер 2012-2013 оқу жылы бойынша мектептің тәрбие жұмысымен , сынып

6 желтоқсан күні мектеп кітапханашысы Елеусизова Әлия Құбылнама»ақпараттық клубының мүшелерімен «Тәуелсіздік жолы – нұрлы жол» атты көрме ұйымдастырды. 7 желтоқсан күні мектеп алды даярлық тобының бүлдіршіндері арасында «Тәуелсіздік негізін қалаған елбасы» тақырыбында мәнерлеп оқудан сайыс ұйымдастырылды. Әділ қазылар алқасының шешімі бойынша сайысқа қатысушылардың барлығына гимназия директорының мақтау қағаздары тапсырылды.

10 желтоқсан күні Тәуелсіздігіміздің 21 жылдығына орай қабырға газеттері шығарылып, құттықтаулар ілінді.Тұңғыш Президентіміздің күніне орай 10-11 желтоқсан күндері білім алушыларға онлайн режимінде ұлы мақсатқа бастар жолдағы Елбасының арманға толы бал балалығы мен жалынды жастық өмірі қамтылған «Балалық шағымның аспаны» атты ғұмырнамалық фильмі көрсетілді. Режиссері:  Рустем Абдрашов. Апта барысында «Тұғырың берік болсын, туған елім!» тақырыбында тәрбие сағаттары болып өтті.

2012 жылдың 11 желтоқсанында № 6 Хромтау гимназиясының жоғары сынып білім алушылары Хромтау ауданы Әділет басқармасының жетекші маманы Низарова Гүлмира Ерланқызымен кездесті. Кездесу барысында Гүлмира Ерланқызы «Тәуелсіздік-ел тұғыры» тақырыбында баяндама жасады.

12 желтоқсан күні «Тәуелсіз елімнің болашағы - жастар» тақырыбында 11 сынып білім алушыларымен өзін-өзі басқару ұйымының көшбасшыларымен кездесу болып өтті. Бұл кездесуде мектеп бітіруші түлектердің алға қойған мақсаттары тыңдалып, болашақта қандай мамандықты қалайтындығы туралы сұрақтар берілді.

Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік тұғырым» атты мерекелік сазды бағдарлама ұйымдастырылып, онда патриотизм тақырыбында әндер орындалды. Гимназия директоры білім алушылар мен ұстаздарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттауға байланысты жүргізілетін іс-шаралар жоспары бойынша кітапханашы Елеусизова Әлия жоғары сынып білім алушыларына 20 желтоқсан күні «Қазақстан -2050» – еліміздің индустриялық дамуының жаңа кезеңі» тақырыбында ақпараттық сағат өткізді.

24 желтоқсан күні 7-8сынып білім алушыларымен даңқты қолбасшы , қазақтың біртуар ұлы Бауыржан Момышұлын еске алу мақсатында «Ұлы қолбасшы Бауыржан Момышұлы» тақырыбында ерлік сағаты болып өтті. 10 қаңтар күні «Бұл біздің Гимн» атты патриоттық акция болып өтті. Бұл мереке мемлекеттік Гимн күніне орай өткізілді.Акцияға 5-11сынып білім алушыларымен қатар, ұстаздар қатысып, мемлекеттік Гимн орындалды. Аталған акцияның мақсаты жастарды қазақстандық патриотизмге, Қазақстан Республикасының рәміздеріне құрмет көрсетуге тәрбиелеу.

5ақпан күні «Ауған соғысы» тақырыбында «Құбылнама» ақпараттық клубының мүшелері ақпараттық бұрыш жабдықтады. Бұл шара 15 ақпан күніне орай жасалынды.

7 ақпан күні «Құбылнама» ақпараттық клубының мүшелері «Ауғанстан естеліктері» тақырыбында оқырмандармен кеш өткізді. Кештің мақсаты тұлғаны жоғары құлықтылық қасиеттерге, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Оқушылардығ бойынан адамгершілік, еңбек сүйгіштік, әдептілік, Отан қорғау әр азаматтың қасиетті борышы екендігін оқушылар түсінігіне жеткізу.

8 ақпан күні оқушыларды туған жерін, Отанын сүюге, халқына адал қызмет етуге, достық, адамгершілік қасиеттерін, патриоттық сезімдерін дамыту мақсатында Ұланбасы Ғани Арайлым 10 сынып білім алушыларымен «Ерлік –ұрпаққа мұра» атты ерлік сағатын өткізді.

9 ақпан күні өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен Ауған соғысы ардагері Кулбаев Ерлан Мұхтарұлымен «Ауғанның от-жалыны» тақырыбында кездесу болып өтті. Кездесу барысында Ерлан Мұхтарұлы өзінің Ауған соғысында болған кездерін баяндап

Page 17: gimnaziya6.kz · Web viewБұл отырыста сынып жетекшілер 2012-2013 оқу жылы бойынша мектептің тәрбие жұмысымен , сынып

берді. 16 ақпан күні «Ер есімі – ел есінде» тақырыбында патриоттық әдеби-музыкалық кеш болып, онда патриоттық әндер орындалып, тақырыптық өлеңдер оқылды.Ақпан айында өткен аудандық гір көтеру сайысында Сембай Мейіржан ІІ орынға ие болды.

8-13 сәуір аралығында тәрбие жұмысының азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие бағыты бойынша «Ғарыш күніне» арналған тәрбие сағаттары, мерекелік іс-шаралар өткізілді. 9сәуір күні «Құбылнама» ақпараттық клубының мүшелері «Ғарышкерлер көктемі» атты ақпараттық бұрыш жабдықтады.10 сәуір өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен 9 сынып білім алушылары арасында «Ғарышқа жол ашқан күн» тақырыбында сайыс болып өтті. Сайыстың нәтижесінде 9а сыныбының «Космос» командасы жеңіске жетті. 11 сәуір күні бастауыш сынып білім алушыларымен «Ғарышқа сапар» тақырбында кеш болып, кеш барысында балалар өлеңдер оқып, ғарышкерлер туралы айтты. 12 сәуір күні өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен 12 сәуір дүниежүзілік космонавтика және авиация күніне орай 7сынып білім алушыларымен «Ғарыш әлеміне сапар шеккен ағалар» тақырыбында танымдық кеш өткізді.

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында № 6 Хромтау гимназиясында «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының салтанатты жиыны болып өтті. Алдымен салтанатты жиында мемлекеттік Гимн орындалып, әр топтың топ басшылары жиынға дайындығы туралы мәлімет тапсырды. Салтанатты жиынның қонағы 90 жастағы соғыс ардагері Жұмағалиев Сәрсенбай ақсақал мен 16 білім алушы «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты түрде қабылданды.Сәрсенбай ақсақал балаларға дән ризашылығын білдіріп, батасын берді. Салтанатты жиынның соңында «Жас Ұлан» балалар ұйымының әнұраны орындалды.

30сәуір 1мамыр –Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай ақпараттық бұрыш шығарылды.Барлық сыныптарда мерекеге байланысты тәрбие сағаттары өтті.

Осы күні мектепішілік «Мақсаттар бірлігі – рух бірлігі» атты фестиваль болып өтті. Фестивальдің ережесі бойынша әр сынып берілген ұлтты таныстырып, өнерін, тағамдарын ұсыну керек болатын. Тапсырманы барлық сынып өте жақсы орындап шықты . нәтижесінде І орынға 6а сыныбы, ІІ орынға 7а, 6ә сыныбы , ІІІ орынға 7ә, 5 сынып ие болып , гимназия директорының алғыс хаттарымен марапатталды. 1мамыр күні гимназия ұжымы аудандық фестивальға қатысып қазақ ұлтының салт дәстүрін насихаттап, жоғары деңгейде үздік өнер көрсетті. Ереже бойынша қазақ халқымен таныстырылып, ерулік асқа шақыру дәстүрі көрсетілді. Сонымен қатар «Қазақ елі осындай» әні орындалып, ұлттық тағамдары ұсынылды. Ұжым Хромтау ауданы әкімінің дипломымен марапатталды.Осы күні ұстаздар арасында «Көңілді эстафета» өткізіліп, ұстаздар командасы жүлделі І орынға ие болып, Хромтау ауданы әкімінің грамоталарымен марапатталды.

2 мамыр күні күні «Сұңқар» патриоттық клубының сарбаздары арасында « Күрең берет» сайысы болып өтті. Сайыстың мақсаты- білім алушылар бойында отансүйгіштік, елжандылық, патриоттық рухтарын көтеру, әскерге деген қызығушылықтарын арттыру, сонымен қатар, алғашқы әскери дайындықтарын шыңдау. 4 кезеңнен тұратын сынақта мергендер сайысы, автоматты уақытқа шашып жинау, сондай-ақ газ тұмылдырығын уақытқа кию, гір тасын көтеру, турникке тартылу бойынша жарысты. Нәтижесінде «Күрең берет» иесі 10сынып білім алушысы Бітімбаев Айбат иеленді.

Осы күні 5-8сынып білім алушылары арасында «Сайыпқыран сарбаздар» атты саптық байқау болып өтті. Нәтижесінде І орынды 7ә сыныбы, ІІ орынды 6а сыныбы, ІІІ орынды 8ә сыныбы иеленді. Байқауға қатысушылар, сынып жетекшілер гимназия директорының алғыс хаттарымен марапатталды.6 мамыр күні Отан қорғаушылар күніне арналған «Тәуелсіздік тірегі-айбынды қазақ әскері» атты жиын болып өтті. Бұл жиында гимназия директоры Мукашева Гүлмараш Орынбасарқызы ұжымды,сонымен қатар «Сұңқар» патриоттық клубының сарбаздарын мерекемен құттықтап, аудандық байқауда жақсы жетістіктерге жетулеріне сәттілік тіледі. Күрең берет иегері марапатталды.

Page 18: gimnaziya6.kz · Web viewБұл отырыста сынып жетекшілер 2012-2013 оқу жылы бойынша мектептің тәрбие жұмысымен , сынып

6 мамыр күні өткізілген аудандық патриоттық клубтар арасындағы байқауда «Сұңқар» патриоттық клубы жүлделі І орынға ие болды.Тимуршылар тобы соғыс ардегрелері Жумагалиев Сәрсенбай мен Медеткалиев Габдулманды Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтап, мерекелік сыйлықтар табыстады. Мереке қарсаңында «Құбылнама» ақпараттық клубының мүшелері «9мамыр- Жеңіс күні» атты ақпараттық бұрышты жабдықтады. 9 мамыр күні мектеп ұжымы аудандық шараға қатысып, ескерткіш басына гүл шоқтарын қойды. «Сұңқар» патриоттық клубының сарбаздары құрметті күзетке тұрып, саптық шеруге қатысты.

Соңғы қоңырау салтанатты жиынына аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы Сейдоллаев Талғат Амангелдіұлы қатысты. Осы оқу жылының қорытындысы бойынша ұстаздар, білім алушылар мақтау қағаздарымен марапатталды. Әлеуметтік педагогтің жұмысы: Жалпы мектеп бойынша әлеуметтік көмекке мұқтаж оқушылардың құжаттары, ата-аналарының өтініштері бар. Көмекке мұқтаж оқушылар тізімін арнайы құрылған комиссия отырысында қаралып, бекітілген.

2012 – 2013 оқу жылдың басында №6 Хромтау гимназиясында әлеуметтік аз қамтылған оқушылардың тізіміне 26 оқушы тіркелді, оның ішінде 2 оқушы мүгедек, 3 оқушы ата-анасының қамқорлығынан айырылған, 13 оқушы көп балалы отбасынан шыққан. Қыркүйектегі «Жалпыға бірдей білім беру» айлығында «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты: мектеп жасындағы балаларды мектепке тарту, қараусыз, ата-ананың қадағалауынсыз қалған балаларды анықтау ішімдікке салынып,жалданып жұмыс жасау жағдайларының алдын алу болды. Мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері, ата-аналар құрамы және жасөспірім инспекторларымен бірлескен күн көріci төмен отбасылары үйлеріне, шаруашылықтарға, базарларға, автобекетке, түнгі ойын-сауық мекемелеріне кесте бойынша рейдтер жасалынып тұрды. 2011-2012 оқу жылында рейдтің нәтижесі бойынша 1-ші қыркүйектен бастап сабақтан қалыс қалған, қаңғып, бос жүрген жасөспірімдер анықталған жоқ. Шағын аудан бойынша барлық мектеп жасындағы бала мектепке тартылды. «Мектепке жол» акциясына арнайы стенд жабдықталып, жұмыс жоспары жасалынды. Гимназияда білім алатын аз қамтылған отбасынан 10 бала аудандық бюджеттен киім алуға 65 000 теңге қаражат бөлінді. Сонымен қатар акцияға ұстаздар , ата-аналар демеушілік жасауда. Алғаш болып ата-аналар арасынан Абдрахманова Шолпан Құдайбергенқызы «Аяжан» дүкенің иесі 2 оқушыны Қожабергенова Гүзель 4 кл және Күзенбай Гүлнұр 7 кл оқушыларын толық киімдерін алып берді. Демеушілік көрсеткен «Берік» дүкеннің иесі Ысқақ Гүлнар Орынбасарқызы 3 оқушыны 50000 теңге көлемінде киіндірді. Олар: Орысбек Ж. 8 кл, Утегалиева Р. 7 кл, Раисова А. 7 кл. Гимназия директоры Мукашева Г.О аз қамтылған 10 кл оқушысы Күзенбай Ернұрды 10000 теңгеге киіндірді. «Азамат-Аманат» дүкеннің иесі Баймукашева Самал Ерболатовна 3 оқушыны 50000 теңгеге киіндірді. Олар: Таубаев Е. 9 кл, Таубаев Ж. 8 кл, Бекен Е. 9 кл. «Айгерім» дүкенінің иесі Досумова Светлана Болатовна «Отбасы үлгісіндегі балалар үйінің тәрбиеленушісі» Бекен Ерланды жаңа оқу жылында 40 000 теңгеге киіндірді. «Алмас» құрылыс дүкенінің иесі Абдуалиев Алдан Сатыбалдыұлы мектептің үш оқушысын 30 000 теңгеге киіндірді. Олар: Қадырбай Гүлсезім 7 кл, Тыныштықбаева С 4 кл, Битимбаев А 10 кл.Барлығы 10 оқушы 205 000 теңгеге киіндірілді. №6 Хромтау гимназиясында 1-4 сынып оқушыларына және аз қамтылған оқушыларға тегін ыстық тамақ ұйымдастырылды. «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 19-тармағына сәйкес жергілікті өкілетті органдар Қазақстан Республикасы заңдылықтарымен қарастырылғандай жекелеген санаттағы оқитындар үшін жеңілдетілген және тегін тамақты ұйымдастырды. Қазіргі заманғы мектеп оқушыларының өсуіндегі жоғары жылдамдық пен ақпараттық, психоэмоционалдық және ақыл-ой жүктемесінің күн санап артуы, әсіресе белок, витаминдер мен микроэлементтер сияқты тағамдық заттектердің жеткілікті мөлшерінің

Page 19: gimnaziya6.kz · Web viewБұл отырыста сынып жетекшілер 2012-2013 оқу жылы бойынша мектептің тәрбие жұмысымен , сынып

тамақ арқылы тұрақты түсіп отыруын талап етеді. Осыған байланысты мектеп оқушыларының құнарлы тамақтануы– мектеп бағдарламаларын жақсы меңгеру сапасын анықтайтын, толыққанды дене бітімі мен ақыл-ой дамуына қажетті жағдай жасайтын және өскелең ұрпақтың денсаулығының негізін қалайтын білім беру үрдісінің міндетті элементі болып табылады. Сол себепті 1-4 сынып оқушылары 100 % тегін тамақтанады, оның ішінде 7 оқушы аз қамтылған, ал 5-11 кл арасында 19 оқушы тегін тамақтанады. Қазан айында «Мейірімді жүрек» атты қамқоршы және аз қамтылған ата-аналарға арналған дөңгелек үстел өтті.Мақсаты: қамқоршы ата-аналардың бойында мейірімділік қасиетін дамыту, балаларға деген сүйіспеншілікті арттыру, тиімді тәрбие стилін меңгерту, қайтымды жағымды байланыс алу. Қазіргі таңда өмір қарама-қайшылықтар мен өкініштерге толы, әр күн сайын біз адамдардың бір біріне деген салқын жүзділік танытуымен кездесеміз. Бірақ сіздерде отбасы бар, ол отбасыда сізбен не болса да әрдайым естерінде ұстайды, кешіреді, күтеді. Дәл отбасыда біздер махаббатқа, жауапкершілікке, қамқоршылыққа және құрметтеуге үйренеміз. Психолог Сарсенгалиева М.Т ата-аналарға «Мейірімді жүрек» тренингін өткізді. Ата-аналар тренингке белсене қатысты және балалардың әр түрлі мәселелері талқыланды.Қараша айында аз қамтылған оқушылардың оқу үлгерімі, сабаққа қатысымы, бос уақыты тексерілді. Барлық оқушының үлгерімі қанағаттанарлық, сабаққа қатысымы жақсы, спорттық, қолөнер, пәндік үйірмелерге қатысады. Желтоқсан айында Ақтөбеде өткен Президенттік шыршаға Утегалиева Римма 7 кл, Раисова Акмарал 7 кл және Тыныштықбаева Салиха 4 кл оқушылары қатысып, үшеуі де сыйлыққа ноутбук алды. Аз қамтылған, мүгедек, жетім балалар әкім шыршасына қатысты.

№ 6 Хромтау гимназиясының 2012-13 оқу жылы бойынша әлеуметтік төлқұжаты

Мәлімет І тоқсан ІІ тоқсан ІІІ тоқсан ІҮ тоқсан ЖылдықЖалпы оқушылар саны:

Оның ішінде:қыз балалар саны:

ұл балар саны:

448 / 461

242 / 273206 / 188

461

253208

453 453 453

Оралман оқушылар - - - - -Көп балалы жанұя 16 16 16 16 16

Аз қамтылған жанұя 26 26 24 24 24Сәтсіз жанұя - - - - -

Жұмыссыз жанұя 1 1 1 1 1Толық емес жанұя 36 36 36 36 36

Жетім балалар/қамқоршылық тәрбиеде/

3 3 3 3 3

«Қиын »оқушылар - - - - -Сыныптар 22 22 22 22 22

  Мектеп асханасында тегін ыстық тамақ ұйымдастыру№6 Хромтау гимназиясында білім алушылар саны -461. Оның ішінде аз қамтылған

отбасы балалары саны-26. Бастауыш сыныпта оқитын білім алушылар саны-206 толық ыстық тамақпен қамтылды. Асхананың кезекшілік кестесі құрылып, белгіленген уақыт бойынша білім алушылар уақытында тамақтанды. Қалған білім алушылар ата-аналар есебінен буфеттік түрде, немесе ыстық тамақ алып ішеді. Бастауыш сынып білім алушылары мен аз қамтылған отбасы балаларын тегін ыстық тамақпен қамтуға байланысты гимназия директорының бұйрығы шығарылған. Білім алушыларды ыстық тамақпен қамтуға байланысты жұмыс жоспары құрылған. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде іс-шаралар жоспары

Page 20: gimnaziya6.kz · Web viewБұл отырыста сынып жетекшілер 2012-2013 оқу жылы бойынша мектептің тәрбие жұмысымен , сынып

аясында, Денсаулық сақтау министрлігінің 2011 жылғы 1наурыздағы №106 бұйрығына сәйкес, халықтың дұрыс тамақтану туралы ақпараттану және білім алу деңгейін арттыру, дұрыс тамақтану дағдыларын үйрету мақсатында, 2012 жылдың 15-24 қазан аралығында Дүниежүзілік дұрыс тамақтану күніне орай онкүндік жұмыс жоспары құрылып, іс-шаралар өткізілді. Ұраны: Салауатты тамақтану – салауатты өмір салты негізі. Мақсаты: білім алушылардың салауатты, тиімді тамақтану, салауатты өмір салтын ұстану жайлы ақпараттануларын арттыру.

15 қазан күні жоғары сынып білім алушыларымен «Адам денсаулығының басты арқауы, салауатты өмiр сүрудiң басты шарты – дұрыс тамақтану» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстел басына 8-10 сынып білім алушыларымен балалар дәрігері, медбике, сынып жетекшілер жиналды. Балалар дәрігері Алтаев Абилқасым: «Тәжірибе бойынша, әрбір екі өлімнің біреуінің өмірін дұрыс тамақтануға байланысты сақтап қалуға болады. Бұл әсіресе, 50 жастан асқан адамдарға қатысты. Осы қауіптің алдын 40-тан 50 пайызға дейін тек тамақ арқылы алуға болады. Сондай-ақ, сүйек сынғыштық, қант диабеті аурулары, бәрі айналып келгенде, «ас - адамның арқауына» байланысты болып отыр.»-деді. Ал медбике Хасенова Ақтенге тамақтану - адамның тіршілік етуінің басты шарттарының бірі екендігіне тоқталды. Химия, биология пәні мұғалімі Райымбаева Мейрамгүл қан қысымының көтерілуіне бірден-бір себеп ас құрамындағы тұздың шамадан тыс көп болуынан екендігін түсіндірді. Өзін-өзі басқару ұйымының денсаулық министрі Алихан Дина тамақтану режимін сақтап, дәруменге бай азық-түліктерді мейлінше көбірек тұтынып, байытылған ұннан жасалған тағамдарды тұтынып, қимыл қозғалысты арттырып, жүйке жүйесін болмашы жағдайларға байланысты қоздырмай, дене шынықтырумен айналысып, зиянды әдеттерге әуестенбей, салауатты өмір салтын берік ұстануға шақырды. Ұланбасы ғани Арайлым соңғы деректерге сүйненіп Қазақстан ана мен бала өлімі санынан 87 орында тұрғандығын, осының барлығы түптен келгенде, ұтымды тамақтанбаудың кесірінен екендігін айтып өтті.

16 қазан күні 5-11 сынып білім алушыларынан «Дұрыс тамақтанып жүрміз бе?» атты ауызша сауалнама жүргізілді.

17 қазан күні 8-9 сынып білім алушыларымен «Энергетикалық сусындар: пайдасы мен зияны» тақырыбында балалар дәрігері Алтаев Абилқасым семинар өткізді. Семинардың мақсаты: жасөспірімдердің энергетикалық сусындардың ағзаға зиян дығы жайлы ақпараттануларын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау. Семинарда энергетикалық сусындарға түсінік берілді. Шараға барлығы 60 білім алушы қатысты.18 қазан күні 6-7-8 сыныптың ер балалары арасында «Шебер аспаз» сайысы өткізіліп , нәтижесінде І орын- Мақсұт Әмірхан;ІІ орын-Жұбандық Жасұлан; ІІІ орын-Ұзақбаев Асылхан иеленді. Сайысқа қатысушылар гимназия директорының грамотасымен марапатталды. 19 қазан күні бастауыш сынып білім алушылары үшін медбике Хасенова Ақтенге «Дұрыс тамақтанудың қағидалары»тақырыбында , 20 қазан күні ұстаздар үшін «Семірудің алдын алу» тақырыптарында дәріс сабақтар оқыды. 22 қазан күні 10-11 сынып білім алушыларымен «Айран ішкен сауығар…» тақырыбында пікіралысу өтті. Яғни айранның адам ағзасына пайдасының қаншалықты екендігі туралы айтылып, өзара пікір аламасты. Толығырақ айтқанда айран көздің көру қабілетін арттырады. Құрамындағы А дәрумені тері қабатының жұмсақ әрі әдемі болуын қамтамасыз етіп отырады.Айран құрамы мен қасиеттері бойынша сүтке ұқсас. Бірақ ұйытылғаннан кейін құрамы өзгеріп, пайдалы бактериялардың саны артады. Медицина тілімен айтқанда олар ағзаға пайдалы бактериялар. Ағзамызда қордаланған зиянды бактерияларды жойып, иммундық жүйемізді нығайтуда бұл бактериялардың пайдасы зор. 23 қазанда 5-7 сыныптар арасында «Дәмді тағамдар әлемінде»атты сайыс болып өтті. Сайыстың нәтижесінде І орын-7ә сыныбы, ІІ орын-6а сыныбы, ІІІ орынға -7а сыныбы ие болды. 5 сыныптар белсене қатысқаны үшін марапатталды.

24 қазан күні медбике Хасенова Ақтенге 5-7 сынып білім алушылары үшін «Дәрумендердің маңызы» ттақырыбында дәріс оқып, балаларға көптеген деректер берді.

Page 21: gimnaziya6.kz · Web viewБұл отырыста сынып жетекшілер 2012-2013 оқу жылы бойынша мектептің тәрбие жұмысымен , сынып

24 қазан күні бастауыш сынып білім алушылары арасында «Дәмді және тез» сайысы өткізіліп, нәтижесінде:І орын-1ә, 2а сыныптары;ІІ орын-3ә, 4а сыныптары; ІІІ орынға 2ә,6а, 4ә сыныптары иеленді. Сайысқа қатысушы сыныптар гимназия директорының грамотасымен марапатталды. Апта барысында білім алушыларды салауатты өмір сүруге бағыттау мақсатында тоғызқұмалақ, шахмат ойындары бойынша сайыстар өткізілді. Жеңіске жеткен білім алушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.Қараша айында 5-6сынып білім алушылары «Таңғы ас» атты фото альбомдар дайындады.

15 ақпан күні «Дұрыс тамақтану әдебі және салауатты өмір сүру» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстел басында диет медбике Хасенова «Дұрыс тамақтану әдебі» туралы өз ойын ортаға салды. Балалар дәрігері Алтаев Абилқасым қазіргі таңда адамдардың, оның ішінде балалардың да аурушаңдығы мен өлім-жітімінің негізгі себебі дұрыс тамақтанбау мен кем қимылдау тұрмыс салтында болып отырғандығына тоқталды.

Ақтөбе облысы білім басқармасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 2-1069, Хромтау аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің 29.03.13 жылғы №483 хатына сәйкес 1-10 сәуірде тамақтандыру ісін ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында онкүндік өткізілді. Онкүндік барысында «Денім сау болсын десең-спортпен шұғылдан!» тақырыбында 1-5сынып білім алушыларымен суреттер байқауы болып, үздік жұмыстар аталып, гимназия директорының мақтау қағаздарымен марапатталды. «Дені сау ұрпақ-еліміздің болашағы» ұранымын бастауыш сынып білім алушылары арасында «Көңілді мәре», 9-11сынып білім алушылары арасында гір көтеруден жарыстар ұйымдастырылды. Гір көтеруден оза шыққан білім алушылар аудандық гір көтеруден өткізілген жарысқа қатысып, команда бойынша жүлделі ІІ орынға ие болды. Онкүндік барысында 1сыныптарда «Дәрумендер-денсаулық кепілі», 2сыныптарда «Көкөністердің пайдасы», 3сыныптарда «Дұрыс тамақтану»,4сыныптарда «Дұрыс тамақтану   дәстүрі, аурудан қорғап, өміріңді ұзартады», 5сыныпта «Нені жеу керек?», 6сыныптарда «Тамақтану және менің денсаулығым», 7сыныптарда «Дұрыс тамақтану   дәстүрі» тәрбие сағаттары, 8сыныптар арасында «Шайдың пайдасы мен зияны» тақырыбында дебат, 9сыныптар «Денсаулық- терең бақыт» тақырыбында қойылым, 10сыныпта «Әдеттен дертке айналмасын» дөңгелек үстел, 11сыныпта «Денім сау болсын десең...» ток шоу өткізілді.

3сәуір күні «Құбылнама» ақпараттық клубы «Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі» ақпараттық бұрыш шығарды. Медбике Хасенова Ақтенге жоғары сынып білім алушыларына «ХХІ ғасырдағы тамақтану» тақырыбында дәріс оқып, дұрыс тамақтану жолдарын түсіндірді. Медбике Утебаева Жанна білім алушылар, ұстаздар, ата-аналардан «Дұрыс тамақтанып жүрміз бе?» деген сауалға сауалнама жүргізіп, нәтижесінде 63% -дұрыс тамақтанып жүрміз десе, 37%-дұрыс уақытылы тамақтанбайтындықтарын айтты.

Тәрбие жұмысы бойынша жетістіктер мен кемшіліктер:

Жетістіктер Кемшіліктер«Жас Ұлан» балалар ұйымының мүшелері қалалық, облыстық КВН ойындарында үздік өнер көрсетіп, республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы ұйымдастырған ойында Бас жүлдені жеңіп алды.

- Ең үздік тәрбие сағаттарын бейне материалдарын жинақтау;

-Тәрбие сағаттарды білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сай жоспарлап, өткізу;

-Қосымша білім беру сабақтарының күнделікті сабақ жоспарлары жинақтау;

-Ата-ана, мектеп, білім алушы арасындағы ынтымақтастықты нығайту

Дөң Кен байыту комбинатының жас мамандар кеңесінің ұйымдастыруымен өткізілген дебат турнирінде І орынға ие болды;Дөң Кен байыту комбинатының жас мамандар кеңесінің ұйымдастыруымен

Page 22: gimnaziya6.kz · Web viewБұл отырыста сынып жетекшілер 2012-2013 оқу жылы бойынша мектептің тәрбие жұмысымен , сынып

өткізілген «Дневной дозор» ойынында І орынға ие болды;Аудандық «Ұлттық сал-дәстүрі» байқауы І орын;1мамыр Қазақстан халықтары бірлігі күні-Үздік өнер көрсеткені үшін марапатталды1мамыр Қазақстан халықтары бірлігі күніне орай өткізілген «Көңілді мәре» І орынАудандық саптық байқау «Сұңқар» патриоттық клубы І орын;Аудандық қозғалыстың жас инспекторлар слеті жүлделі І орын;Облыстық қозғалыстың жас инспекторлар слеті жүлделі ІІ орын;Облыстық қозғалыстың жас инспекторлар слеті «Жас санитар» номинациясы Мұңсызбай Нұрай;Облыстық қозғалыстың жас инспекторлар слеті «Үздік саптық шеру» номинациясы;Аудан мектеп оқушылары арасында өткізілген КТК ойынында жүлделі – ІІІ орын.

Ұсыныс:1.ҚР үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы, білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспары, Хромтау аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2013-2020 жылдарға арналған бағдарламасын негізінде жүргізілген жұмыстарды қорытындылай отырып, гимназияның тәрбие жұмысының іс- тәжірибесін жинақтау, әдістемелік құрал даярлау және баспаға ұсыну.2.Аталған тәрбие жұмысы тақырыбы жалғастырылсын. Үздік класс жетекшілер гимназияішілік марапаттауға ұсынылсын.3.Тәрбие жұмысы бойынша 4 Ә сыныбын «Тәрбие және әлеуметтендіру » тақырыбындағы облыстық эксперименттік алаң ретінде алу.

Орындаған: Жасағанбергенова Б.И