bilimnur.files.wordpress.com  · web view2015-10-08 · Біздің досымыз әріпті...

17
Сабақ тақырыбы: Ә ә дыбысы мен әрпі. Сабақтың мақсаты: а) Ә ә дыбысы мен әрпін таныту, дыбыстарды ажырату. Сауатты оқуға, жазуға дағдыландыру. Ауызша, жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйрету. ә) Ана тілін дамыту. Сөздік қорын молайту, көркем жазуға машықтандыру. б) Сыйластыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Көрнекілігі: Сурет, интерактивті тақта Сабақтың әдісі: Дамыта оқыту, іздену, сұрақ-жауап. Сабақтың түрі: Дәстүрлі Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту. Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру 1. Психологиялық дайындық Мұғалім: Көз не үшін керек? Оқушылар: Жақсы көру үшін. Мұғалім: Екі құлақ не үшін керек? Оқушылар: Ақыл-кеңес тыңдау үшін керек. Мұғалім: Екі қол не үшін керек? Оқушылар: Елге көмек беру үшін. Мұғалім: Екі аяқ не үшін керек? Оқушылар: Шетте жүрсең туған жерге әкету үшін. Мұғалім: Дұрыс балалар отыра қойыңдар. Олай болса мен сендердің құлақтарыңа, көздеріңе, қолдарың мен аяқтарыңа саулық тілеймін. Ой ашар 1. Қандай дыбыспен таныстық? 2. І і дыбысына талдау жаса. 3. І і дыбыс сөздердің қай жерлерінде кездеседі? Үй тапсырмасы: мәтінді оқу. II. Негізгі бөлім.

Upload: others

Post on 27-Dec-2019

2 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: bilimnur.files.wordpress.com  · Web view2015-10-08 · Біздің досымыз әріпті үйрететін, сауатымызды ашатын оқулық әліппе

Сабақ тақырыбы: Ә ә дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:

а) Ә ә дыбысы мен әрпін таныту, дыбыстарды ажырату. Сауатты оқуға, жазуға дағдыландыру. Ауызша, жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйрету.

ә) Ана тілін дамыту. Сөздік қорын молайту, көркем жазуға машықтандыру.

б) Сыйластыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Сурет, интерактивті тақта

Сабақтың әдісі: Дамыта оқыту, іздену, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру

1. Психологиялық дайындық

Мұғалім: Көз не үшін керек?

Оқушылар: Жақсы көру үшін.

Мұғалім: Екі құлақ не үшін керек?

Оқушылар: Ақыл-кеңес тыңдау үшін керек.

Мұғалім: Екі қол не үшін керек?

Оқушылар: Елге көмек беру үшін.

Мұғалім: Екі аяқ не үшін керек?

Оқушылар: Шетте жүрсең туған жерге әкету үшін.

Мұғалім: Дұрыс балалар отыра қойыңдар.

Олай болса мен сендердің құлақтарыңа, көздеріңе, қолдарың мен аяқтарыңа саулық тілеймін.

Ой ашар

1. Қандай дыбыспен таныстық?2. І і дыбысына талдау жаса.3. І і дыбыс сөздердің қай жерлерінде кездеседі?

Үй тапсырмасы: мәтінді оқу.

II. Негізгі бөлім.

Оқушылар, мен сендерге жұмбақ жасырамын:

1. Таныстырар әріппенМынау кітап- әліппең«Әліппе» деген аты оныңБасталған қай әріптен (Ә)

Page 2: bilimnur.files.wordpress.com  · Web view2015-10-08 · Біздің досымыз әріпті үйрететін, сауатымызды ашатын оқулық әліппе

Біздің досымыз әріпті үйрететін, сауатымызды ашатын оқулық әліппе. Оқушылар, бұл сиқырлы әліппе. Қазір біз алақанымызды соқ-соқ деп үш рет соғайық, сонда әліппе бізге ертегі көрсетеді.

Ертегі әтеш туралы.

Балалар, ертегі ұнады ма? Ертегі не туралы болды? Кейіпкер не?

Әтеш. Әтеш әліппе дегенде ең алдымен қандай әріп естілді?

2. Ә ә дыбысы. Олай болса біз бүгін Ә ә дыбысымен танысамыз. Ә ә дыбысының баспа және жазба түрімен таныстыру.Ә ә дыбысы дауысты жіңішке айтылады. Ә дыбысы сөз басында, ортасында кездеседі.

3. Әнші ,әтеш , әліппе сөздеріне сөйлем құрау. 4. «Шараларды ұшыру» ойыны. Буынды жылдам оқып, шарды ұшыру.5. Ә ә дыбысының жазылу үлгісін көрсету.

Ауада жазу. Дәптермен жұмыс. Сергіту сәті.

III. Топтастыру Жүргізуші

Құрылысшы Заңгер

Мұғалім Дәрігер Әнші

Сұрақ: Сендер өскенде қандай мамандықты таңдайсыздар? Оқушылардан жауап алу. Ән айтатын адамды кім дейміз?

Әнші.

Әнші аға-апаларды білеміз бе?

1. «Әнші» мәтінді оқу, мазмұнын айту.2. Тапқышбектің тапсырмасы

Кім болам?

Page 3: bilimnur.files.wordpress.com  · Web view2015-10-08 · Біздің досымыз әріпті үйрететін, сауатымызды ашатын оқулық әліппе

3. «Кім зейінді?» Ой сергіту ойынын өткізу. Суретке қарап атын атау. Алғашқы әріптің дауысты, дауыссыз екенін айыру. Оқушылар ауырғанда бізді емдейтін кім?

4. «Әшір мен дәрігер». Суретке қарап сөйлем құрау. Сөйлем схемасына қарап құрау.

Тілашардағы үй тапсырмасы.

5. Шығармашылық тапсырма. «Дәуір» мәтінді оқу.

III. Қорытынды.

1. «Жасырын әріпті тап».

т ғ а а л а ш а ғ а а

Page 4: bilimnur.files.wordpress.com  · Web view2015-10-08 · Біздің досымыз әріпті үйрететін, сауатымызды ашатын оқулық әліппе

2. Тапқышбектің тапсырмасы Дыбыстық талдау жаса

Ш а ғ а л а Ж а ғ а Н а н А л м а

3. Сұрақ

- Қандай дыбыспен таныстық?

- Ә ә дыбысын талда.

4. «Әліппе» әнін айту.

ІV. Үйге : «Әнші» мәтінін оқу. Ә ә дыбысы мен әрпі.

V. Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Зат есім.Сабақтың мақсаты:Білімділігі: Зат есім туралы білімдерін тереңдете түсу. Зат есім туралы алған білімдерін тиянақтауға, қорытынды жасауға жағдай туғызу. Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, сол арқылы сөз байлығын арттыру, сөйлеу дағдыларын жетілдіру. Шығармашылығын дамытуға ықпал ету. Тәрбиелігі: Зеректікке, ұқыптылыққа, адалдыққа баулу. Көркем жазу арқылы әсемдікті сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Тірек сызба, суреттер, деңгейлік тапсырмалар.Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, өзіндік жұмыс, топтастыру.Сабақтың түрі: Аралас сабақ, топпен жұмыс.

Сабақтың барысы. I. Ұйымдастыру кезеңі.1. Үй тапсырмасын сұрау. 303-жаттығу. Ой шақырту стратегиясы. - Сөз таптарын ата.- Зат есім дегеніміз не?- Зат есімнің сұрақтарын ата.- Адамға қандай сұрақ қойылады?- Жануарлар мен заттарға қандай сұрақ қойылады?2. Тірек сызбамен жұмыс.

Page 5: bilimnur.files.wordpress.com  · Web view2015-10-08 · Біздің досымыз әріпті үйрететін, сауатымызды ашатын оқулық әліппе

кім? Қала, жер аты не?

Жануар кісі аты

Кімдер? Нелер? Мамандық

3. Оқушылармен жұмыс. Өздері жекелеген заттарына талдау жүргізу.ә) Топтастыру стратегиясы.I топ .Кімдер? сұрағына жауап беретін сөздер.

II топ. Нелер? сұрағына жауап беретін сөздер.

III топ. Кім? Не? Сұрағына жауап беретін сөздер.

II. мағынаны тану.

б) Сабаққа келген қонақтарды қарсы алу. Олардың тапсырмаларын орындау. Қонаққа аңдар келеді.

1. Тапсырма: Шығармашылық диктант. (Кім?) балаларды оқытады. (Не?) жапалақтап жауды. (Кім?) сурет салады. (Не?) мөңіреді. Үйді (кімдер?) салады. (Кім?) балаларды емдейді. Сұрақ. Қай сөз табының сұрақтары аталды?

Зат есім

кімдер

Кім? Не?

нелер

Page 6: bilimnur.files.wordpress.com  · Web view2015-10-08 · Біздің досымыз әріпті үйрететін, сауатымызды ашатын оқулық әліппе

в) Оқулықпен жұмыс. 304 – жаттығу. Сөздерді көшіріп жазу. Оларға сұрақ қою. Кім? кімдер? деген сұрақ қойылатын сөздерді, не? нелер? деген сұрақтар қойылатын сөздермен салыстыру. Ұсталар, арыстандар, зергер, қарға.Айырмашылығы: сұрақтарында. Ұқсастығы: зат есім.г) Аңдардың деңгейлік тапсырмаларын орындау. Қоян I деңгей: 305 – жаттығу. Жаңылтпашты оқу. Зат есімдерді тауып, көшіріп жазу. Сұрақтар қою. Аю II деңгей: 307 – жаттығу. Мақалды жатқа жазу. Зат есімнің астын сызу. Мағынасын түсіндіру. Түлкі III деңгей: 306 – жаттығу. Алдымен мал аттарын, содан соң құс аттарын көшіріп жазу. Оларға сұрақ қою. Осы сөздерді құрастырып 2-3 сөйлем құрау.Тиін IV деңгей: «Дәрігер» тақырыбына әңгіме жазу. Деңгейлік тапсырмаларды топтап бағалау.

Тапсырма ОқушыI деңгейII деңгей III деңгейIVдеңгей

д) Тапсырма. Шығармашылық жұмыс.Аңдарға сұрақ қойып, оларды сипаттау.Жұмбақ жасыру. Орманнан жалпақ даладан,

Бал іздеп бірақ жортады. Кіп-кішкене арадан Үп-үлкен боп қорқады. (аю)

Тірек сөздерді пайдалынып, өлең шығару. досымыз. сүйеміз.

жасаймыз.

қорғаймыз.

ж) Сергіту сәті. «Бұл не?» ойынын ойнату. Әр топ өздері әкелген заттарын жасырады.

III. Ой толғаныс. а) Кубизм стратегиясы. 1. Зат есім дегеніміз не? 2. Сиыр мен ұста сөздерін салыстыр. 3. Сурет бұл сөзге –ші жұрнағын жалғап, талда.

сиыр ұста

Page 7: bilimnur.files.wordpress.com  · Web view2015-10-08 · Біздің досымыз әріпті үйрететін, сауатымызды ашатын оқулық әліппе

4. Кім? Сұрағына жауап беретін сөз ойла. 5. Мақал - мәтелдерді жалғастыр.

«Қына тасқа бітеді, .»

6. Жұмбақ. «Өзі жуас, момын Бірақ шешпейді тонын.» (қой)

ә) Бекіту. Тест сұрақтары. Тірек сигнралмен жұмыс. 1. Кім? Сқрағына жауап беретін сөзді тап. а) дән ә) ақын б) сұлу

2. Не? сұрағына жауап беретін сөз тап. а) күн ә) күнге б) күннің

IV. Үйге: 308 – жаттығу.

V. Бағалау. Оқушылар өз көршілерін бағалайды.

Сабақтың тақырыбы: Топырақты қорғау.

Сабақтың мақсаты: Ертегі арқылы оқушыларлың қызығушылығын оятып, топырақты қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың міндеті:

1. Топырақ және оның құрамы туралы түсінігін пысықтау, топырақтың маңызын ұғындыру.

2. Қоршаған орта туралы түсінігін кеңейту. Өзбетілік жұмыс арқылы теориялық ойлау және сөйлеу қабілетін дамыту.

3. Оқушыларға экологиялық тәрбие беру. Табиғат –анаға деген сүйіспеншілік сезімін ояту.

Сабақтың түрі: ертегі сабақ

Сабақтың типі: іскерлік дағдыны қалыптастыру.

Оқытудың әдіс- тәсілдері: қызығушылықты ояту, сұрақ- жауап, көрнекілік, талдау, ажырату, жинақтау.

Сабақтың формасы: жалпы сыныптық.

Пәнаралық байланыс: биология, экология, музыка, география

Сабақтың көрнекі құралы: интерактивті тақта, житондар, үнтаспа.

Page 8: bilimnur.files.wordpress.com  · Web view2015-10-08 · Біздің досымыз әріпті үйрететін, сауатымызды ашатын оқулық әліппе

Сабақтың барысы: Психологиялық дайындық

Танысу «Мен кіммін?»

І. Бағдарлау- мотивациялық кезең.

-Балалар, ертеде бір оқымысты болыпты. Ол барлық халықтың, жан- жануарлардың, жәндіктердің, өсімдіктердің тілін түгел біледі екен.

Бір күні ғұлама бақ ішінде келе жатып, құмырсқаның илеуіне тап болады. Әлгі адам бір құмырсқаны ұстап алады да:

-Адамның басқа тіршілік иелерінен ерекшелігі неде?

-Саналылығы мен терең ойлайтындығымен ерекшеленеді.

-Олай болса, біз де ақылымыздың көптігін, саналылығымызды байқатып көрейік.

А) Топтастыру

(жасаған тәржірибелерді еске түсіру)

ә) Топырақ түрлерін атау.

Page 9: bilimnur.files.wordpress.com  · Web view2015-10-08 · Біздің досымыз әріпті үйрететін, сауатымызды ашатын оқулық әліппе

2. Ойқозғау.

Қазақстанның топырақ картасымен, топырақтың шартты белгілерімен танысу.

Оқушыларға картадан топырақ түрлерін табуға үйрету.

Page 10: bilimnur.files.wordpress.com  · Web view2015-10-08 · Біздің досымыз әріпті үйрететін, сауатымызды ашатын оқулық әліппе

Оқымысты құмырсқаға

- Ал, енді балалар, сендер де өздеріңнің қайраттарың, білімдерің көп екенін дәлелдеңдер. Білімімізге білім қосайық.

ІІ. Операциялық – орындаушылық кезең.

Топырақты қорғау.

Page 11: bilimnur.files.wordpress.com  · Web view2015-10-08 · Біздің досымыз әріпті үйрететін, сауатымызды ашатын оқулық әліппе

а) мәтінді түсіндіру.

ә) дәптермен жұмыс

б) оқулықпен жұмыс (тізбектей оқыту)

в) сарамандық жұмыс

«Жас топырақтанушы»

1. Судың еріткіштік қасиетін анықтау.

2. Жай топырақ пен құнарлы топырақты салыстыру.

Page 12: bilimnur.files.wordpress.com  · Web view2015-10-08 · Біздің досымыз әріпті үйрететін, сауатымызды ашатын оқулық әліппе

- Біз, қанағатшыл болуымыз керек екен.

«Шалқар» көлінің экологиялық жағдайы.

Оқушыларға таратылған ағаштарды отырғызып, өз елінің «Жасыл елге» айналуына үлес қосу.

ІІІ. Рефлексиялық- бағалау кезең.

Житондар арқылы бағалау.

Үйге тапсырма:

1. Мәтінді түсініп оқу, мазмұндау.2. Өзің қалаған бір топырақты сипаттау.3. «Жер асты патшалығында» ертегі жазу. (Бунақденелілер туралы)

Page 13: bilimnur.files.wordpress.com  · Web view2015-10-08 · Біздің досымыз әріпті үйрететін, сауатымызды ашатын оқулық әліппе

Сабақтың тақырыбы: «Жақсылардың жақсысы»

Сабақтың мақсаты: Болгар жазушысы Р. Босилектің «Жақсылардың жақсысы» ертегісімен таныстыру, қазақ халқының тұрмыс- салтын білдіру.

1. Оқушыларға ертегідегі негізгі ойды анықтай білуге, түсінгенін жүйелі баяндауға үйрету.

2. Оқу дағдыларын жетілдіру, дұрыс оқуға машықтандыру, сссөздік қорын молайту, ақыл- ойын дамыту.

3. Өмірдегі керекті нәрселерді тани білуге, оларды өмірде қолдана білуге, дүниедегі мүліктің барлығ еңбекпен, біліммен табылатындығын түсіндіріп, ата-ана кеңесін, ақылын тыңдауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Эвристикалық, зерттеу, проблемалық.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, ұршық, өрмек, кітап.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, технология.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

Б. Ысқақов. Кім жүйрік?

а) Өлеңді тізбектей оқыту.

ә) Көліктер туралы не білетінін, пайдасын айту. (пойыз, ұшақ, автобус)

III. Ой толғау

Сонымен, балалар көліктердің пайдасын білдік, енді зиянын ше? Болашақта адамға да, табиғатқа да зияны жоқ қандай жақсы нәрселерді ойлап табар едіңдер?

IV. Жаңа сабақ

а) Болгар жазушысы Р. Босилектің «Жақсылардың жақсысы» ертегісін нсқышына келтіріп оқу, түсіндіру.

ә) Сөздікпен жұмыс

Page 14: bilimnur.files.wordpress.com  · Web view2015-10-08 · Біздің досымыз әріпті үйрететін, сауатымызды ашатын оқулық әліппе

Ылғи- үнемі.

Жарық дүниеде- тіршілікте.

Мұра- ата-бабадан, әкек- шешеден қалған дүние- мүлік.

Өрмек- алаша тоқитын құрал.

Ұршық- жүн иіретін құрал.

б) Рөлге бөліп оқу.

в) Мәтінді бөліктерге бөліп, ат қою.

V. Бекіту

Сұрақ- жауап.

1. Мәтін неліктен ертегіге жатады?2. Ертегілердің ерекшелігі неде?3. Қызы әкесінен не туралы сұрады?4. Әкесі оған не деп жауап берді?5. Қыыыз неге жылады?6. Әкесі оған не деп жауап берді?7. Әкесі қызына қандай ақыл айтты?

Тапсырмалар:

Мәтінге сүйеніп, әкесі мен қызы тұратын үйді сипаттау. Әкесінің қызына ұршық, өрмек, кітапты мұра етіп қалдыру себебін түсіндіріп көр.

VI. Қорытындылау.

Ата- бабамыз бала тәрбиесіне көп көңіл бөлген. Жастайынан еңбекке баулыған. Қыз балаларды киіз басуға, алаша тоқуға үйреткен. Сендердің ата- аналарың еңбекқор, білімді болып өскендеріңді қалайды. ХХI ғасыр- білім ғасыры.

Ұлы Абай: Адамның адамнан артықшылығы- білімі мен мәдениетінде» ,- деген екен.

VII Үйге тапсырма: 1. Ертегіні түсініп оқу.

2. «Еңбек» тақырыбына ертегі жазып келу.

VIII Бағалау.