bilimnur.files.wordpress.com › 2015 › 05 › d0b1d...  · web viewЖұмабеков...

11
Бастауышым балбұлағым Мен 2011-2012 оқу жылының бірінші қыркүйегі күні өзімнің кезекті жетінші бірінші сынып оқушыларын қабылдаппын. Әрине, әр сыныпты қабылдауда өзіндік бір ерекшеліктер болады. Бұл жолы да оқушыларым мені өздерінің сүйкімділігімен, алғырлығымен, бәрін білгісі келетін құмарлықтарымен баурап алды. Бірде Әліппені оқып бітірер кезде алфавитті оқушыларыма жатқа жазып беріңдер деп тапсырма бердім. Бәрі пысылдап жазып отыр. Тек Дильназ ғана жазбайды. Жақындап қасына барып, ары қарай жаза ғой десем: Бар жаттағаным осы болса, енді немді жазамын,- деп өзіме ренжігені. Ал Әлиханның асханадан маған тек қағаз ақша қайтарыңдар деп әлек салуы да есімізде қалыпты... Міне, бастауышпен қоштасатын кез де келді. Қалай тез?! Мен білімге алғаш қадам жасаған сәтімді есіме алдым. Ол менің мектепке бірінші рет келген күнім еді. Сол сәтте мен қорқыныш сезімде болған едім. Себебі қасымда бейтаныс балалар ғана болды. Ал екінші күні қорқыныш сезімім басылды, бейтаныс балалар достарыма айналды. Әрине, алғашқы сабақтарда қиналған кездерім көп болды. Бірақ Жұмагүл Балтабайқызы, біздің алғашқы ұстазымыз, сол сәтте қасымнан табылып, көмектесіп бәрін ұмыттырып жіберетін.Мен «4» пен «5»-тік бағалар алған күндері қатты қуанатынмын. Ал «2»-лік алсам, кімге ұнайды, мен де ашуланып, ренжитінмін. Бір қатты есімде қалғаны дене шынықтыру сабағына киініп алып жүгіріп бара жатсам, бәрі маған қарайды сөйтсем, бір аяғыма кеды, екінші аяғыма туфлиімді киіп алыппын. Нуритдинова Дильназ

Upload: others

Post on 23-Jun-2020

9 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: bilimnur.files.wordpress.com › 2015 › 05 › d0b1d...  · Web viewЖұмабеков Арсен. Мен алғаш рет мектепке барғанда қатты қуандым

Бастауышым – балбұлағым

Мен 2011-2012 оқу жылының бірінші қыркүйегі күні өзімнің кезекті жетінші бірінші сынып оқушыларын қабылдаппын. Әрине, әр сыныпты қабылдауда өзіндік бір ерекшеліктер болады. Бұл жолы да оқушыларым мені өздерінің сүйкімділігімен, алғырлығымен, бәрін білгісі келетін құмарлықтарымен баурап алды. Бірде Әліппені

оқып бітірер кезде алфавитті оқушыларыма жатқа жазып беріңдер деп тапсырма бердім. Бәрі пысылдап жазып отыр. Тек Дильназ ғана жазбайды. Жақындап қасына барып, ары қарай жаза ғой десем: Бар жаттағаным осы болса, енді немді жазамын,- деп өзіме ренжігені. Ал Әлиханның асханадан маған тек қағаз ақша қайтарыңдар деп әлек салуы да есімізде қалыпты...

Міне, бастауышпен қоштасатын кез де келді. Қалай тез?! Мен білімге алғаш қадам жасаған сәтімді есіме алдым. Ол менің мектепке бірінші рет келген күнім еді. Сол сәтте мен қорқыныш сезімде болған едім. Себебі қасымда бейтаныс балалар ғана болды. Ал екінші күні қорқыныш сезімім басылды, бейтаныс балалар достарыма айналды. Әрине, алғашқы сабақтарда қиналған

кездерім көп болды. Бірақ Жұмагүл Балтабайқызы, біздің алғашқы ұстазымыз, сол сәтте қасымнан табылып, көмектесіп бәрін ұмыттырып жіберетін.Мен «4» пен «5»-тік бағалар алған күндері қатты қуанатынмын. Ал «2»-лік алсам, кімге ұнайды, мен де ашуланып, ренжитінмін. Бір қатты есімде қалғаны дене шынықтыру сабағына киініп алып жүгіріп бара жатсам, бәрі маған қарайды сөйтсем, бір аяғыма кеды, екінші аяғыма туфлиімді киіп алыппын.

Нуритдинова Дильназ

Маған анам ертең мектепке барасың дегенде мен қатты қуандым. Ертеңгі күнді асыға күттім. Таңертең ерте тұрып алып, мектепке алған бар заттарымды сумкама салып алдым да қашан киініп мектепке барамын деп күтіп отырдым. Өйткені мектепке тезірек барғым келді. Алғашқы ұстазымды, сыныптас достарымды алғаш

рет көргенім әлі есімде. Диастың мамасынан қалмай жылағаны, Мәдидің менде бантик жоқ дегені қызық болды. Мен барлық пәндерді жақсы көремін, тек музыка сабағына барғым келмейді. Себебі менің өлең айтатын дауысым жоқ. Бесінші сыныпта жақсы оқимын деп ойлаймын.

Қуаныш Әзизә

Page 2: bilimnur.files.wordpress.com › 2015 › 05 › d0b1d...  · Web viewЖұмабеков Арсен. Мен алғаш рет мектепке барғанда қатты қуандым

Мен алғаш Әлкей Марғұлан атындағы №40 орта мектеп табалдырығын 2011 жылдың 1 қыркүйегінде аттадым. Өзім секілді балалармен Алғашқы қоңырауға қатыстым, ұстазым Жұмагүл Балтабайқызын көрдім. Әліппені тұңғыш рет қолыма ұстадым. Мұның бәрі маған өте қызық болды. Жақсы оқып, үлгілі оқушы болуға тырыстым. Сүйікті апайыма ішкі сырым: Ардақты менің ұстазым,

Өзіңнен үлгі аламын.Еңбегіңізге зор тағзым.Сізді мақтан тұтамын.Жақсылыққа үйреткен,Жамандықтан жиренткенЖұмагүл апай ұстазымҮлгі, өнеге әр сөзің.

Сағындық Перизат

Мен мектепке алғаш келерде қатты қуандым, бірес е қорықтым. Мектепке баратын күн жақындаған сайын уайымдадым. Неге екенін білмеймін. Менің алғашқы ұстазым - Жұмагүл Балтабайқызы. Ол кісі менің есімде мәңгі қалады. Алғашқы сабақ және өлең оқып бірінші рет «5» алған күнім есімде қалды. Сол күні үйге қатты қуанып барғанмын. Алғашқы ата-аналар жиналысына анам кеткенде мен ол үйге келгенше қатты уайымдап отырдым. Өзіме ұстазым, сыныптас достарым өзіме қатты ұнайды. Бесінші

сыныпта осы достарыммен бірге болсам. Есполова Сандуғаш

Менің алғашқы ұстазым Шария Сатыбаевна болды. Мен мектепке барғанда жақсы оқимын деп алдыма мақсат қойдым. Сол мақсатым орындалып келе жатыр. Сабақтарым жақсы. Маған математика пәні ұнайды, бірақ логикалық тапсырмаларды орындауда қиналамын. Келешекте осы бағытта жұмыс жасаймын.Үлкен жетістіктерге жетемін деп ойлаймын.

Ғилман Сырым

Мен бірінші сыныпты Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп гимназиясында оқыдым. Алғашқы ұстазым Гүлбақыт апай, екінші сыныпта Балжан апай, ал үшінші сыныптан бастап Жұмагүл Балтабайқызы болды. Мен қазіргі сыныптастарыммен жақсы достасып, сырласып үйренісіп кеттім. Маған бәрі ұнайды. Достарым да, ұстазым да, мектебім де. Осы мектепте, осы сыныпта оқитыныма қуанамын.

Сакенова Аружан

Page 3: bilimnur.files.wordpress.com › 2015 › 05 › d0b1d...  · Web viewЖұмабеков Арсен. Мен алғаш рет мектепке барғанда қатты қуандым

Әрбір бала үшін алғаш мектепке бару – үлкен қуаныш. Ол тек бала үшін ғана емес ата-ана үшін де. Мен бірінші сыныпқа барарда менде қорқыныш болды, бірақ қорқыныштан гөрі қуаныш басымырақ болды-ау деймін. Бірінші қыркүйек күні, алғашқы қоңырау, алғашқы сабақ әлі есімде. Ата-аналарым, туысқандарым мені қолдап мектепке бірге келген. Қолыма бір шоқ гүлін ұстатып, апайма ертіп жіберді. Міне ,сол күннен бастап апайыммен, сыныптастарыммен бірге оқып келемін.

Осы төрт жыл ішінде көп білім алдық, алды-артымызды танып, жақсы мен жаманды ажыратуға үйрендік. Білім нәрімен сусындатқан, екінші анамыздай болған Жұмагүл Балтабайқызына алғысымыз шексіз. Ол кісіден алғанымыз, үйренгеніміз көп болды. Әр сұрағымызға жауап беріп, қажымай-талмай бізбен бірге жұмыс жасады.

Абдрахманова Арайлым

Мен бірінші сыныпқа келгенде оқи да, жаза да, тіпті дұрыс сөйлей де білмедім. Көп әріптерді айта алмай қиналатынмын. Айтайын десем, тілім келмейді, өзімнің жылағым келетін. Жұмагүл Балтабайқызының және анамның көмегімен қазір жақсы оқимын. Кейде әлі де қиналамын. Енді орта буынға көшетін кез де келіп қалыпты. Бастауышты қимаймын. Орта буынға барсам, үлкен болып кететін сияқтымын. Мен апайымды қимаймын. Ол кісінің ақыл-кеңесін есімде сақтаймын. Атына кір келтірмеуге тырысамын.

Тулеубаев Алдияр

Менің алғашқы ұстазым – Ақмарал Қуанышқызы. Ол кісі маған оқуды, жазуды, ойлауды үйретті. Алғашқы бестік қойды. Ал төртінші сыныптың төртінші тоқсанында мен Әлкей Марғұлан атындығы №40 орта мектепке келдім. Жаңа достарым мен апайыма тез үйреніп кеттім. Жұмагүл Балтабайқызы өте мейірімді, сабырлы, инабатты жан екен. Аз ғана уақыт болса да ол кісіден білім алғаныма өте қуаныштымын. Аз уақытта көп нәрсеге үйренгендеймін. Мен қазақ тілі мен әдебиеттік оқу сабақтарын жақсы көретінмін. Бұл сыныпта бұл сабақтар ерекше

өтеді екен. Сабақта жақсы ойланып, өз пікірімді, ойымды қосып, оны дәлелдеу маған ұнады.

Қазымбек Зере

Мен бірінші рет бірінші сыныпқа келгенімде менде қорқыныш сезімі болды. Сол кезде маған анам демеу көрсетіп, қолдап алғашқы ұстазым Жұмагүл Балтабайқызына тапсырды. Жұмагүл апайдың күлімдей қарсы алып, қолымнан жетектеп, бүгін оқушы атандың ендігі анаң менмін,- дегені әлі көз алдымда. Сол күннен бастап білім нәрімен сусындап, енді міне, мәнерлеп оқуды, есептер шығаруды, әр тақырыпта ізденіп ой қозғауды, достарыммен пікір алмасуды үйрендім. Әр өткен сабақтарға ризамын. Қай сабақта болмасын бір жаңалық күтіп, өзімді

дайындап отыратын болдым. Исабек Камила

Page 4: bilimnur.files.wordpress.com › 2015 › 05 › d0b1d...  · Web viewЖұмабеков Арсен. Мен алғаш рет мектепке барғанда қатты қуандым

Мен.... ең бірінші рет жаңа мектеп формасын киіп, мектеп табалдырығын аттауға асықтым. Мектепке келіп, алғашқы қоңырау дауысын естіп, апайымның соңынан еріп сыныпқа бара жатқанымда енді мен ата-анамның ерке қызы емес, ақыл тоқтатқан қызы екенімді түсіндім. Сөйтіп келе жатып, сыныбымнан қалып қойыппын. Артымнан анам қарап тұрған екен, бір мұғалім апайдан сұрап, сыныбымды тауып алдық. Есік ашылып алдымнан Жұмагүл Балтабайқызы күлімдей қарсы алды. Маған сол кезде ол кісі ең сұлу, ең әдемі, ең керемет мұғалім

болып көрінді. Мені жетектеп алып бірінші партаға Арайлымның қасына отырғызды. Жан-жағыма қарасам, өзім секілді балалар көп екен. Өзім қатты қуанып кеттім. Апай алғашқы сабақ өткізді. Есімде қалғаны Қазақстан Республикасының рәміздері мен апайдың Әліппені әрқайсымызға күлімдей жүріп таратып бергені және бәріңді білім жолына шақырамын,-дегені. Бастауышпен қоштасқым келмейді. Апайымнан айрылғым келмейді. Қайтадан бірінші сыныптан бастасам ғой, шіркін! Бірақ...Келгенімде алдыңа Қызыл арай гүл алып,Жақын тарттың жаныңаШәкіртім деп қуаныпСипадың да басымнанӘліппені ұсындыңБақытымның осыданБасталғанын түсіндім,- деген өлең жолдары дәл менің сүйікті ұстазым, екінші анамдай болып кеткен аяулы ұстазыма арналғандай.

Бейсембаева Сабина

Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп мектеп табалдырығын аттаған кішкентай ғана ұл-қыздар едік. Сол күнгі алғашқы сабақтан кейін мектепке келгеннен соң есейгенімізді, енді оқушы екенімізді сезіндік. Яғни, сол кезде білім әлемінің есігі ашылған екен. Төрт жыл бойы бізді аялап, екінші анамыздай болып кеткен алғашқы ұстазымыз – Жұмагүл Балтабайқызы. Ол кісі бізді әрқашан қолдап, қанша қателіктер жіберсек те түсіне қарап, білім нәрімен сусындатты. Көп нәрсеге үйретті. Өткізілген

сабақтар қандай десеңізші! Әрқайсыңның ойың құнды, кәне өз ой, пікірімізді дәлелдей отырып қосайық дегенде бәріміз жанталаса жұмыс жасайтынбыз. Бастауышым - бастамам, білім жолын бастаған,- деп бастауышпен қоштасатын да кез келді. Өмір деген қызық екен.

Абишева Жансая

Мен бірінші рет мектепке келгенде біраз қобалжыдым. Бірақ қобалжуым тез сейілді. Осы кезде маған қолдау көрсеткен – өзімнің анам болды. Сен қорықпа, қолыңнан бәрі келеді, мен саған сенемін,- деп бетімнен сүйді. Анамның осы сөздерінен кейін менің қорқынышым жоқ болып кетті. Сол сәтте демегені үшін анама мың алғыс. Менің сыныптастарым бар. Олар өте мейірімді, ақылды әрі көңілді жандар. Біз бірге көп қызықты сәттер мен талай қиындықтарды

Page 5: bilimnur.files.wordpress.com › 2015 › 05 › d0b1d...  · Web viewЖұмабеков Арсен. Мен алғаш рет мектепке барғанда қатты қуандым

басымыздан өткіздік. Сондай-ақ менің алғашқы ұстазым бар. Ол кісіні мен осынау таңғажайып мектебіме бірінші рет келген күні көрдім. Маған мектебім де, ұстазым да бірден ұнады. Ұстазым бойындағы бар білімін, жақсы қасиетін бізге үйретті. Қысылған кезде жанымыздан табыла, көмектесе білді. Сол үшін Жұмагүл Балтабайқызына мың да бір рахмет.

Даулетбаева Аружан

Мен 4 «Ә» сыныбына биыл келіп қосылдым. Балалармен бірінші күннен-ақ тіл табысып кеттім. Өте жақсы сынып екен. Оқулары да, тәртіптері де жақсы. Мен алғашқы күндері олардың қандай тапсырманы болмасын тез орындап, өз ой-пікірлерін дайындап отыратындарына таң қалдым. Сабаққа да жақсы қатысады. Әдебиет сабағы өте қызықты өтеді. Ол сабақты бәріміз асыға күтеміз. Ал математика сабағында есепті тез, шапшаң шапалақ ұрып отырып шығарып жүрдік. Енді міне, соңғы апта

қалды. Біз бастауышпен қоштасуға дайындалып жатырмыз. Мен Зеремен біргі вальс билемекшімін.

Қайыргелді Сұлтан

Мен мектепке келетін күнді асыға күттім. Анама киімімді күнде дайындатып, қайта-қайта киіп көріп мазасын көп алдым. Ақыры ол күн де келді. Ерте оянып алсам, анамның асығатын түрі жоқ. Киініп, қолыма гүл алып мектепке келдік. Алғашқы қоңырауда болып, Жұмагүл Балтабайқызымен 318 кабинетке келдік. Сыныпта көп оқушы, көп гүлдер болды. Алғашқы сабақ өтті. Бәрі көз алдымда. Осы сыныпта өте қызықты сәттеріміз, қателіктер жіберген кездеріміз, жүгіргеніміз, «5» те, «2»-ліктер де алған кездеріміз болды. Жолдастарымның маған

көмектескен кездері, өзімнің оларға көмектескенім бәрі-бәрі көз алдымда. Қандай қызықты, тамаша сабақтар өтті. 5 сыныпта осылай жалғасады деп ойлаймын.

Баянды Азамат

Бүгін міне, жақсы күн жарқыраған.Көңілдер қуаныштан сарқыраған.Қоштасатын күн келді бастауышпенҚиындау болып тұр-ау, бүгін мағанКеше ғана алдыңа келген едім,Именіп ұлы ұяға енген едім.Төрт жыл бойы сусындап біліммененӨтетін орта буынға кезім келді.

Нескен Әйгерім

Page 6: bilimnur.files.wordpress.com › 2015 › 05 › d0b1d...  · Web viewЖұмабеков Арсен. Мен алғаш рет мектепке барғанда қатты қуандым

Менің алғашқы ұстазым - Жұмагүл Балтабайқызы. Ол кісі менің қолыма алғаш қалам ұстатып, Әліппені оқытты. Алғаш әріптерді танып, буындап сөз құрап жазуыма, 1-ден бастап санап, есеп шығарып үйренуіме үлкен еңбегі сіңген алғашқы ұстазыма айтар алғысым шексіз.

Сағындық Ақерке

Ең алғаш мектеп табалдырығын аттаған сәтім әлі есімде. Биыл мектепке баратынымды естігеннен кейін сол күнді асыға күттім. Мектебімді, балаларды, мұғалімді тезірек көргім келді, танысқым келді. Бірінші қыркүйек күні сыныбыма мені алғашқы мұғалімім Жұмагүл апай өзі қолымнан ұстап жетектеп кіргізді. Сол күннен бастап мен ол кісіні жақсы көрдім. Өте ақылды, төзімді, мейірімді жан. Бізді білім нәрімен сусындатып, үлгі

тәрбие беріп көп еңбек етті. Біздің білмей істеген қателіктеріміз көп болды, соның бәрін кешіре білді. Менің жазуым нашарлау болды, апайды қуантып қанша әдемі жазайын десем де, жазуым қисая береді, сол үшін апайымнан кешірім сұраймын. Орта буында жақсы оқуға тырысамын.

Жұмабеков Арсен

Мен алғаш рет мектепке барғанда қатты қуандым. Менің алғашқы қоңырауым 2011 жылы болды. Алғашқы ұстазым Алмагүл Шөптібайқызы болса, 3-4 сыныптарда Жұмагүл Балтабайқызы сабақ берді. Осы мсектепте, осы сыныпта оқыған маған ұнайды. Сыныптастарым да өте жақсы балалар. Бір-бірімізді жақсы түсінеміз, қиналған кезде бір-бірімізге көмектесеміз. Сабақта топтық жұмыс жасауды жақсы көреміз. Бәрі өз ойларын қосып, дәлелдегенді жақсы көреді. Топтық жұмысымызды сәтті қорғап, апайдың көңілінен

шығуға тырысамыз. Ал математика сабағында керісінше тез әрі дұрыс есептеп жақсы баға алуға тырысамыз. Жалпы қай сабақ болмасын көңілді, қызықты өтетін. Міне, енді бастауышпен қоштасатын күн де жетті. Апайымызды қимаймын.

Қахарманова Айдана

Мен алғашқы қоңырауымды есіме түсіре алмай көп отырдым. Бәрі естерінде қалғандарын айтып жатыр. Сөйтсем, мен дәл 31 тамыз күні оң қолымды сындырып алып, гипсте болғанмын. Сабаққа 1 айдан кейін ғана келдім. Әліппе сабағында апай менімен жеке жұмыс жасады. Үйге көп тапсырма беретін. Себебі мен басқа балалардан қалып қойдым ғой. Ауызша қлең шумақтарын жатқа айту маған ұнайтын. Кейін әр әріпті таңбалау, қатесіз жазу мен үшін қиын болды. Ақырын-ақырын үйрендім.

Дегенмен ата-анамның-әжемнің және апайымның арқасында балаларға ілесіп кеттім.

Куатпеков Мәди

Page 7: bilimnur.files.wordpress.com › 2015 › 05 › d0b1d...  · Web viewЖұмабеков Арсен. Мен алғаш рет мектепке барғанда қатты қуандым

Мен бірінші сыныпқа келген күнімді әлі ұмытқан жоқпын. Сол күні біздің үйге атам мен әжем келіп, менімен бірге мектепке келді. Әжем маған мектепке неге баратынымды, өзімді қалай ұстау керектігімді жол бойы айтып, үйретіп келді. Алғашқы қоңырауда мен тақпақ оқыдым. Сол тақпағымды сыныпта да айттым. Алғашқы кітабым Әліппені қолыма ұстағанда қатты қуандым. Бәрін тезірек үйреніп, білім алғым келді. Бірақ апай күнде бір ғана бетті оқытты.

Аблахимова Әсел

Біз, Әлкей Марғұлан атындағы №40 орта мектебінің 4 «Ә» сынып оқушылары, Қуырмаш журналын 1 сыныптан бастап сынып болып оқимыз. Жаңа келген әр басылымын оқып, талдап отырамыз. Қазыналы қарттар-ай бөлімінде жазылатын әңгімелер бізге ұнайды. Кейбірін біз топ болып сахналап көрсетіп жүрміз. Сондай-ақ өзіміз секілді

балалардың жұмыстары да өте жақсы. Бұл журналды оқып отырып, көп нәрсеге үйренуге болады.

Кулахметов Ерасыл

Мен 4 «Ә» сыныбында оқып жүрмін. Биыл біздің сыныпта сабақтар ерекше өтеді. Сабақтың басында топқа бөлінеміз де қандай тапсырма болмасын топта талдап, өзіміз ойымызды ортаға салып, оны қорғаймыз. Басында қорғауға шығуға қорқатынмын. Қазір үйреніп алдым.Топпен жұмыс істеген қызық. Бәріміз сөйлеуге тырысамыз. Ал ештеңе ойыңа келмей үндемей қалсаң, нашар баға

алып қаласың, өйткені топ басшысы бәрін есептеп отырады ғой. Сондықтан бәріміз жұмыс істеуге тырысамыз.

Жасланұлы Тамерлан

Бастауышта білім нәрімен сусындап, алды-артымызды танып, әжептәуір өсіп санаулы күннен кейін орта буынға 5- сыныпқа көшуге аз уақыт қалды. Мен бастауышта көп нәрсеге үйрендім. Оқуды, жазуды, есептеуді үйрендім. Биылғы жылы біз тест тапсырмаларын көп орындадық. Әр тесттен кейін бағаларымызды салыстырып, келесіде қате жібермеуге тырыстық.

Бір жағынан қызық, бір жағынан қиын болды. Соңғы кездері бәріміз жақсы баға алатын болдық.

Кошербай Алихан

Page 8: bilimnur.files.wordpress.com › 2015 › 05 › d0b1d...  · Web viewЖұмабеков Арсен. Мен алғаш рет мектепке барғанда қатты қуандым

Бастауышта қолымызға алғаш қалам ұстауды үйреткен, алғашқы әріппен таныстырған мұғалімді құрметтеу әркімнің парызы деп ойлаймын. Кім болмасын бәрі алғашқы мұғалімнің алдынан өтті. Ал біздің алғашқы ұстазымыз Жұмагүл апай. Ол кісі бізге әр сабағында оқытып қана қойған жоқ сонымен бірге бізбен сырлас дос болып кетті. Ойымызды, ренішімізді аяғына дейін тыңдап алып, артынан өзіміз қалай бір-бірімізге ақыл айтып, шешімін тауып достасып сабақтың жалғасып кеткенін

білмей қалатынбыз. Ұстатты бізге қаламдыОқуды да үйретті.Құрметтейік апайдыЖақсы оқып сабақты,- біздер осылай әр сабақтың соңында өз ойымызды

түйіндеуге үйрендік.Даужан Жан

Иә, мен бастауышпен қоштасқалы отырмын. Бойымды бір қорқыныш баурап алатын секілді. Басында мен есейемін, үлкен боламын деп ойлайтынмын. Соңғы кездері әр пән мұғалімдерін көргеннен кейін ойлана бастадым. Расында да бір сынып, бір ұстаз емес әр пәндерге әртүрлі мұғалімдердің сабағына барады екенмін. Мүмкін ол да жақсы шығар... Қалай да үйренуім керек қой.

Қасымда өзімнің сыныптастарым болады. Азамат досым бар. Бастауыштан алған білімімізбен оны да игереміз дп ойлаймын. Бір жағынан қызық.

Жанахметов Диас