Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5...

78

Upload: others

Post on 21-May-2020

3 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат
Page 2: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат

Кітаптан есімде қалғаны – ақша бала сияқты, оны қорғап, аялау керек. Ең дұры-сы – ақшаның банкте сақталғаны. Өйткені ол жерде ақша өседі. Ата-анамның айтуынша, мен енді ақшаға басқаша қараймын, оны жинап, ұсақ-түйекке жаратпаймын. Сонымен қатар, біз қарындасым екеуміз өз ақшамызды банкке салдық. Енді пайыздардың арқасында мен қалаған нәрсені ала аламын.

Даня, 12 жас

Менің есімде қалғаны – балаға қаншама заттың қажет екенін көрсететін мысал. Бала өскен сайын оның талаптары да көбейеді. Ал адам үлкен болғанда оған анағұрлым көп нәрсе керек болады. Мен инфляция жайлы көп нәрсе білдім және ақшаны банкте сақтаған ең тиімді екенін үйрендім. Ақша үйде бостан-босқа жатса, оны зиянды ауру жеп қояды, ол ауру бағаны өсіреді. Ол ауруды ауыздықтамаса, жүз жылдан кейін нанның бағасы миллион теңге болады.

Мен өз ақшамды анам жұмыс істейтін банкке салдым. Ол жерде маған пайыздар береді. Басында менде 2 700 теңге болған, сосын ол ақша 3 000 теңгеге дейін өсті. Ол ақшаға мен кішігірім планшет сатып алдым.

Маған ақша бұрынғыдан да қатты ұнайтын болды. Қалағанымның бәрін бір мезетте алғым келеді. Компьютер, телефон, электронды кітап. Бірақ мен барлық нәрсені бірден алу мүмкін емес екенін білемін. Кітапты оқып шыққалы мен ақшаға ұқыпты қарайтын болдым. Енді мен ақшаны жинаймын. Тіпті ата-анам осына байқады.

Варя, 9 жас

Қаржылық сауаттылық – бүгінгі күннің талабы, қазіргі қоғамда толық қамды өмір сүрудің ажырамас нышаны...

Қаржы ілімін оңай, әрі түсінікті тілмен жеткізетін кітаптар тек ересек адамдарға ғана емес, сонымен қатар балаларға да керек.

Қол жетімді, ерекше көркемделген «Қаржы әлеміне саяхат» кітабы, ондағы өмірден алынған заманауи, әрі нақты мысалдар күрделі қаржы терминологиясын ұғынуды жеңілдетеді.

Р. ЕлемисовЭ. ғ. д., Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ХҚ және ХЭ кафедрасының профессоры

Бұл кітап оқулық іспеттес. Оны қоршаған әлем («Қоғам» бөлімі) және математика арасындағы пәнаралық модуль аясындағы оқулық ретінде қарастыруға болады. Оның мақсаты – балаларға ең алдымен әр түрлі ақпарат көздерімен жұмыс ітсеуді үйрету, осыған байланысты әмбебап оқу қабілеттерін дамыту. Ең маңыздысы – көптеген тапсырмаларды орындау барысында бала ата-анасымен, немесе басқа отбасы мүшелерімен қарым-қатынасқа түседі, олармен қойылған тапсырмаларды талқылайды, арманға жету жолын бірге іздейді.

Елена Жук,Оқу ісінің меңгерушісі, тарих және қоғамтану пәндерінің мұғалімі

АОУ «Гимназия №40», Калининград қ.

Page 3: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат
Page 4: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат

Евгения Блискавка

Каражатлемiне саяхат

Балаларға арналған отбасылық қаржы туралы өзін-өзі оқыту құралы

«Издательский дом «Lem» баспасыАлматы, 2014

е

Page 5: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат

УОК 087.5ББК 65.26Б69

Блискавка, Е.Қаражат әлеміне саяхат. Балаларға арналған отбасылық қаржы туралы өзін-өзі оқыту құралы / Евгения Блискавка. – А.: «Издательский дом «LEM»» ЖШС, 2014. – 80 б.

ISBN 978-601-239-310-1

Бұл кітап балалардың қаражат туралы сауатын ашуға арналған оқулық болып табылады. Оның мақсаты – балаңызға ақшаның мәнін және оның құндылығын жетімді тілмен жеткізу, еңбекті бағалауды үйрету, неліктен қалағанның бәрін алу мүмкін емес екендігін түсіндіру және басқа да күрделі сұрақтарға жауап беру. Ең бастысы – осы кітаптың көмегімен сіз балаңызбен бірге өз ақшаңызды басқаруды үйрене аласыз. Соның арқасында ерте ме, кеш пе, барлық армандарыңызға қол жеткізесіз!

УОК 087.5ББК 65.26

Page 6: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат

Мазмұны

Алғы сөз. 6Кіріспе. Арманыңның орындалуы 7Құпия 1. Ақша қалай пайда болды? 11Құпия 2. Ақшаны қалай санап, қалай тексеру керек? 17Құпия 3. Ақшаны пайдалы жаратудың жолдары 23

Құпия 4. Арманыңа апарар жол 31Құпия 5. Ақшаны қалай «бағындыру» қажет? 37Құпия 6. Ақшаны «тұзақтардан» қалай сақтауға болады? 41Құпия 7. Ақшаны қалай «өсіруге» болады? 45

Құпия 8. «Жүгіретін» ақша! 51Құпия 9. «Жұмыс істейтін» ақша! 57Құпия 10. Жайсыздықтан қорғанудың құны қанша? 61Құпия 11. Адам өз болашағын қалай қамтамасыз ете алады? 65Құпия 12. Қарызға алу жолдары 69

Page 7: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат

6

Алғы сөз

Әрбір ата-ана өз балаласы үшін еш нәрсені де аямайды. Бұл – ақиқат. Біз балаларымызға өз білгенімізді үйретіп, олармен тәжірибемізбен бөлісеміз, олардың өмірде үлкен жетістікке жеткенін тілейміз. Жақсы мектеп пен мұғалімдерді таңдап, жоғарғы оқу орнына түсуге көмектесіп, еңбек жолында бағыт-бағдар беріп, алғашқы табысына балаша қуанатын да біз, ата-ана.

Осыған қарамастан, әдетте, біздің назарымыздан тыс қалып жататын бір жайт бар. Ол – балаға ақшаны ұқыпты пайдалану жолын үйрету. Негізінде, қолдағы қаражаттың үлкен-кішілігіне қарамастан, біз оның мүмкіндіктерін толық пайдалана бермейміз. Алайда, бұл қабілеттің тұрмыстағы маңыздылығы зор. Себебі, салым-дар мен несиелерді дұрыс пайдалана отырып, ақшаны үнемдеуге, ал оңтайлы инвестиция жасай отырып, оны көбейтуге болады. Ал егер бюджетімізді ұдайы жоспарлап, одан ауытқымай отырсақ, біз көздеген мақсатымызға тезірек жете ала-мыз. Осыған орай балаға жастайынан қаражат туралы дұрыс тәлім-тәрбие беру қажеттілігі туындайды.

Бұл оқулық балаға ақшаны санауды, үнемдеуді және сақтауды үйретеді, жеке бюджетті дұрыс жоспарлау арқылы аз ақшадан көп ақшаны қалай жасауға бо-латынын көрсетеді. Және де осының барлығы қарапайым мысалдар арқылы түсіндіріледі. Себебі, жетістікке апарар жол әрдайым қарапайым әрекеттер мен әдеттерден басталады. Тіпті, азулы қаржыгерлердің өздері карьераларын санамақ таяқшаларынан бастаған.

Бұл оқулық тегін таратылады. Біздің мақсатымыз – өз білгенімізді қызығушылық танытқан әр адаммен бөлісу. Сондықтан да кітаптың авторлары жеке қаржылық жоспарлау саласындағы үздік мамандар болып табылады. Біздің ойымызша, кітап әдемі, заманауи және ыңғайлы болып шықты. Берілген тапсырмаларды оқулықтың өзінде орындауға болатындығы балаларға ұнайды, ал ата-аналар өз балаларымен өткізген көңілді, әрі пайдалы уақытын бағалайды деген ойдамыз!

Банк Хоум Кредит

Page 8: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат

7

КіріспеАрманыңның орындалуы...Сәлем! Қолыңда ұстап тұрған кітап саған ақшаға байланысты көптеген мәселелердің басын ашуға көмектеседі. Біз саған ақшаның қандай түрлері болаты-нын, олар қалай пайда болғанын және де не үшін керек екендігін түсіндіріп береміз. Нәтижесінде, сен ақшаны дұрыс басқарудың қаншалықты маңызды екендігін білетін боласың. Ал кітаптың кейіпкерлері саған осының бәрін түсінуге көмектеседі. Сонымен – Оспановтар әулеті: Руслан, Диана, олардың әкесі мен анасы.

Сәлем, мен Русланмын. Менің жа-сым 12-де. Мен Алматыда тұрамын. Мен математикалық мектептің 5-сы-ныбында оқимын. Мен достарымды жақсы көремін, ал жазда саяжайда тұрғанды ұнатамын!

Менің ең үлкен арманым – мопед. Жазда достарыммен бірге айдап жүрсем ғой, шіркін!

Менің атым Диана, мен сегіздемін. Мен де Алматыда тұрамын. Мен екінші сыныпта оқимын. Сонымен қатар, мен би мектебі мен сурет салу үйірмесіне қатысамын. Менің көптеген құрбыларым бар!

Мен Винкс қуыршақтарының бүкіл топтамасын жинасам деймін ! Сыйлыққа PlayStation ойын құралын алғым келеді! Бұған қоса, мен биге арналған жаңа қызғылт көйлек тура-лы армандап жүрмін!

Танысайық! Біз – Оспановтар әулетіміз! Біз Алматыда тұрамыз. Біздің әрқайсымыздың өз арманымыз бар. Сондықтан, біз өз табысымызды басқаруды үйреніп, қойған мақсатымызға қалай жетуді білеміз.

Page 9: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат

8

Ал сенің арманың не?

Анамыз Әсел мектепте мұғалім бо-лып жұмыс істейді. Оның ең үлкен арманы – жанұямызбен Европаға саяхат жасау.

Ал әкеміз Мараттың жеке көлік жөндеу шеберханасы бар. Ол көліктерді керемет жөндейді. Бәрі әкеміздің қолы алтын деп айтады.

Сонымен қатар, ол гитара-да шебер ойнап, әлемдегі ең дәмді кәуап даярлайды.

Әкеміздің ең аяулы арманы – қала сыртында үлкен үй салып,

сол үйде әр мереке сайын туыста-рымыз бен достарымыздың басын қосу.

Б і з А л м ат ы д а т ұ р а м ы з . Б і зд і ң әрқайсымыздың асыл арманымыз бар. Сондықтан, біз өз табысымызды басқаруды үйреніп, қойған мақсатқа қалай жетуді білеміз.

Барлығымыз бірге – Оспановтар әулетіміз!

Ал мына кісілер – біздің ата-анамыз!

Page 10: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат

9

Ал сен не туралы армандайсың?

үй жануары компьютер саяхат велосипед сә нді көйлек

Сен де жаңа ойын, кітап, велосипед, компьютер, сәнді көйлек немесе әшекейлер туралы армандайтын шығарсың. Бәлкім, сенің арманың – үй жануары болар. Әлемде қызықты да, пайдалы заттар көп қой. Тек, солардың біреуін ғана таңдау – қиын шығар, сірә?

Осының бә рі менікі болса ғой, шіркін!Бірақ, ата-анамыз біз қалағанның бәрін алып бере бермейді... Неге? Осының бәрі қажетті, әрі пайдалы ғой! Әдетте, ата-анамыздың бізге айтатыны: «Осының тек біреуін ғана таңдап, басқаларынан бас тарту керек. Себебі, мұның бәрі не тым қымбат тұрады, не әзірге жоспарда жоқ». Осындай жағдай сенің басыңнан өтіп пе еді? Сен бір нәрсені өте қалап тұрғаныңда, ата-анаң осындай сөздер айтатын ба еді:

• Сенің миллион қуыршағың бар, бәрібір олармен ойнамайсың ғой!Тағы біреуін не қыласың?• Бүгін біз тек тізімдегі тамақты ала аламыз,ал ойыншыққа ақша жоқ.• Мектеп сөмкесін біз саған бір жыл бұрын ғана алып бергенбіз,әлі де жап-жаңа сияқты!

Біз де бұрын осындай жағдайға жиі тап болатынбыз. Бірақ, біз бір амалын таптық!

Page 11: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат

10

Сиқырлы жұмбақ ә леміне қош келдіңіз!

Ата-анамыз осындай шешімнің барына қуанып, бізге де ақшаны пайдалану құпияларын ашты. Енді біз ақшаны қалай үнемдеп, оны сақтауды, жинауды, қалай жаратуды, оны «тұзақтардан» қалай қорғауды, сонымен қатар ақшаны «өсіріп», оны «аялауды» білеміз. Осы құпиялар арманымызға қол жеткізуге көмектесті!Қалай екенін білгің келе ме? Біз өз білгенімізді сенімен қуана-қуана бөлісеміз.

Ақша және ақшаға байланысты ұғымдар әзірше сен үшін қиын да күрделі көрінетін шығар. Бірақ, осы кітаптың әр тарауын өткен сайын, біз ақша әлемінің құпияларын аша бастаймыз – яғни, ақшаны қалай пайдалану керек екендігін айтып береміз. Бірте-бірте, сен ақша туралы көптеген нәрселерді білетін боласың. Ақша әлемі сен үшін түсінікті, әрі жақын бола түседі. Бұл саяхатымызда көптеген тосын сыйлар, қызықты жаңалықтар, жұмбақтар және ребустар кездеседі – сен олардың бәрін оп-оңай шеше аласың. Біздің оған күмәніміз жоқ! Бізбен бірге болсаң, біз сенің арманыңа апартын ең қысқа, әрі даңғыл жол табамыз!

Бастайық па?

Ақшаны дұрыс пайдалану қажет!

Page 12: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат

Құпия 1. Ақша қалай пайда болды?

Мысалы: жапсырма, қалам, өшіргіш, қыстырғыш, ойыншықтар... Сол айырбастау бартерлік келісім болып табылады.

Сол кезде адамдарға бір ой келді:

Сен мектептегі достарыңмен ә ртүрлі заттарды айырбастайсың ба?

Кездердің бір кезінде, миллиондаған жыл бұрын,

адамзат өркениеті жаңадан басталып келе жатқан кезде...

...ер адамдар мамонт аулауға шығатын, ал әйелдер оларды үңгірде, ошақ басын-да күтіп отыратын. Ол заманда ақша деген атымен болмаған. Бірте-бірте адам-дар жер өңдеп, әртүрлі азыққа жарамды түп-тамыр өсіруді, ыдыс-аяқ пен тұрмыс бұйымдарын жасауды және киім тігуді үйренді. Алайда, бір адам ыдыс-аяқты ке-ремет жасағанмен, қоян аулау қолынан келмейтін болып шықты. Ал басқа адам-да – керісінше...

өз қолымызбен жасаған заттарды алмастыруға болады ғой. Мен саған қоян, ал сен маған ботқа пісіретін үлкен ыдыс бер. Осылай айырбас, яғни қазіргі ақшаның алғашқы көрінісі пайда болды.

Бартер – тауарларды немесе қызметтерді айырбастау

11

Page 13: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат

12

Бартер деген жақсы-ау, бірақ кейде оның көмегі шамалыМысалы, аңшыға кепкен жидектің бір қабы керек болды делік. Бірақ, сол жидекті жинаушыға аңшының қояны керек емес. Сонда қалай...? Бұл жағдайда олар тауар алмаса алмайды. Міне, осын-дай жағдайлар үшін адамдар ақшаны ойлап тапты. Басында, ақша ретінде әр түрлі бұйымдар қолданылатын – тастар, бақалшықтар, аң терілері, бидай немесе тұз. Кейінірек монеталар, ал сосын қағаз ақша пайда болды.

ойыншықты қарындашқа болсын, немесе ақшаны мектеп асханасындағы бәлішке болсын – әр алмасудың негізінде еңбек жататынын есте сақтаған аб-зал. Әр адамның өз еңбегі, сол еңбегінің нәтижесі болады. Мысалы, ауланған қоян, өсірілген өнім, адамды емдеу қабілеті немесе ұшақты басқару – мұның бәрі еңбек нәтижесі. Адамдар сол нәтижелерімен бір-бірімен алмаса алады. Ал ақша сол алмасуды неғұрлым тез, әрі ыңғайлы ету үшін қажет.

Сен нені айырбастасаң да –

Ақша – алмасу кезінде қолданылатын ерекше, ә мбебап тауар

Page 14: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат

13

Осылайша, біз дүкенге барғанда,

Алайда, бізге тек тауарлар ғана емес,

өз еңбегіміздің нәтижесін әр түрлі тауарға айырбастай аламыз. Себебі, тауар – басқа адамдардың еңбегінің нәтижесі. Жеміс-жидектерді агрономдар мен ауыл шаруашылығының басқа да жұмысшылары өсіреді, сүт өнімдері мен етті фермерлік шаруашылықтар өндіреді, жиһазды жиһаз фабрикасында жи-найды, киімді тігін және трикотаж фабрикаларында тігеді. Ал ойыншықтар ше? Әрине, ойыншықтар фабрикасында жасайды!

қызмет түрлері де керек, мысалы – мектепте оқыту немесе медициналық қызмет түрлері. Олар да адам еңбегінің нәтижесі. Біздің саяхаттағымыз келсе, пойызға не ұшаққа билет аламыз. Сол сияқты, киноға, театрға, мұражайға, көрмеге билет ала ала-мыз.

Олардың өз еңбектері үшін алатын ақшасы еңбекақы немесе жалақы деп аталады. Әдетте, жалақыны айына бір рет береді.

Аналары мектепте дәріс береді. Ол да еңбегі үшін ақша алады.

Ақша арқылы адамдар өз еңбектерімен қалай алмасады?

Руслан мен Диананың әкесі авто-слесарь – ол басқа адамдардың көліктерін жөндейді. Сол үшін ақша алады.

Page 15: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат

14

Еңбек ақысы ә ртүрлі болады.

Мамандықтар жә не жалақы көлемі

Тәтті тоқаш өндірісінің құны сәнді тон өндірісінің құнынан өзгеше болады. Ал қиярдың бір килограмының бағасы автобус билетінің бағасындай емес. Себебі, әр жұмыс түрі өзіндік білім, қабілет және тәжірибе түрлерін қажет етеді. Әр жұмыстың жауапкершілігі де әртүрлі. Демек, жалақы да әртүрлі болады.

Сен кім болғың келеді?Осы кестеге қарап, өскенде кім болғың келетінін айтшы. Сосын сол мамандыққа қатысты жалақыны тап. Егер жа-уапты кестеден таппасаң, ата-анаңнан сұра, немесе мағлұматты Интернеттен ізде.

Ойлан...

Кестеде әртүрлі мамандықтардың жалақылары көрсетілген*.

Дәрігер айына 150 000 тг.

Менеджер айына 125 000 тг. Өрт сөндіруші

айына 100 000 тг.

Журналист айына 100 000 тг. Мұғалім айына 85 000 тг. Шаштараз айына 75 000 тг. Жүргізуші айына 75 000 тг. Сатушы айына 60 000 тг.

* Шамамен алғанда.

Page 16: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат

15

Армандарымыз үшін қанша еңбек етуіміз қажет?

Русланның армандаған мопеді

Дианаға РlауStation және Русланға мо-пед алып беру үшін, олардың ата-анасы 132 сағат жұмыс істеуі керек. Әкесі мен анасы екеуі бірге айына 375 000 теңге табады. Олар айына 21 күн, ал күніне 8 сағат жұмыс істейді. Яғни, олар айы-на жалпы 336 сағат жұмыс істейді. Егер олардың ортақ жалақысын (375 000 теңгені) олардың айлық жұмыс уақытына (336 сағат) бөлсек, ата-ананың 1 сағат жұмыс уақыты 1117 теңгеге пара-пар бо-лып шығады. Диананың ойын құралы 22 500 теңге тұрады – ол үшін әкесі мен анасы 20 сағат жұмыс істеуі керек.

126 500 теңге тұрады – яғни, оны сатып алу үшін ата-анасы 112 сағат, немесе бірігіп 14 күн жұмыс істеуі қажет. Бұл дегені- міз – олардың бір айлық жұмыс уақытының үштен бір бөлігі емес пе?! Дәл осы уақытты ата-ана-сы ақшаға айырбастайды. Ал сол ақшаға тек біздің қалағанымызды ғана емес, сонымен қатар тамақ, ки ім-кешек, жанармай сатып алу қажет, ұялы байланыс үшін төлеу керек, біздің үйірмелеріміз, кітаптарымыз, ойын-сауығымыз үшін де ақша қажет.

Page 17: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат

16

Сенің ата-анаң кім болып істейді?

Сенің арманыңды орындау үшін ата-анаң қанша уақыт жұмыс істеу керек?

Енді біз ақшаның қайдан келетінін, арманымызды орындау үшін қанша ақша қажет екенін білеміз.

1. Ата-анаңнан олардың мамандықтары, еңбек нәтижерелі туралы сұра.

2. Бірге есептейік.

Алайда, ақша деген ғажайып әлемнің басқа да құпиялары бар. Енді біз ақшаны қалай оңтайлы қолданып, шын ақшаны жалған ақшадан қалай ажырату керек екенін үйренеміз.

Әрі қарай кеттік пе?

Талқыға сал

Сана...!

Page 18: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат

17

Құпия 2. Ақшаны қалай санап, қалай тексеру керек?

Басқа елдердегі қызықты ақша атауларын білгің келе ме?

Біз енді ата-анамыздың ақшаны өз еңбегі үшін алатынын білеміз.

Сонымен, Қазақстанның ресми ақшасы теңге деп аталады. Басқа елдердің өз ақша бірліктері бар. Төмендегі тізімде солардың кейбіреулері көрсетілген.

• Лев (Болгария)• Тугрик (Моңғолия)• Крузейро (Бразилия)• Форинт (Венгрия)

• Крона (Чехия)• Еуро (Еуроаймақ)• Донг (Вьетнам)

Теңге – Қазақстан Республикасының ақша бірлігі

Ақшаны дұрыс пайдалану үшін (тауар сатып алу үшін, үлкен арманға жинау үшін), оларды ажыратып, санай білу қажет! Қазақстанда ақшаны теңге деп атайды. Теңге қағаз ақша (купюра не-месе банкнот деп аталады) және моне-та түрінде болады.

Ақша өзі қандай болады?

Page 19: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат

18

Қазақстанда ақшаның қандай түрлері (купюра-лар жә не монеталар) бар екенін анықтап көрейік!

оны номинал деп атайды. Ол купюраның құнын білдіреді. Мысалы, номиналы 1, 2, 5, 10, 20, 50, 100 теңге болатын монеталар және номиналы 200, 500, 1 000, 2 000, 5 000 және 10 000 теңге болатын купюралар бар. Қолдануға ыңғайлы болу үшін но-миналдар әртүрлі болады. Егер тауар бағасы жоғары болса, ірі купюрамен төлеген жөн. Ал егер тауар арзан болса, монеталарды қолдануға болады. Әртүрлі монета-лар мен купюралардан әртүрлі төлем нұсқалары шығады.

біз «Лего» кубиктері сияқты әр түрлі баға көрсеткіштерін төлей аламыз. Бұл өте ыңғайлы. Енді осыны мысал ретінде қарастырайық.

Әр монета мен купюрада сан көрсетіледі –

Әртүрлі монеталар мен купюраларды пайдалану арқылы

Page 20: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат

19

Ақшаны дұрыс санай білу – өте маңызды қабілет. Ол әр адамның бойында болуы тиіс.

Бір торкөз дәптер 20 теңге тұрады.Осы бағаны төлеу үшін біз әртүрлі номинал-ды ақшаны пайдалана аламыз:

Кеңсе заттарына арналған пенал-дың құны 1 000 теңге. Осы пе-налды сатып алу үшін біз қандай купюралар мен монеталарды пай-далана аламыз?

Кез келген нәрсені сатып аларда, қолыңда (яғни, әмиянда) қандай ақша түрлері бар екенін және сол ақшадан керек соманы қалай жинау керектігін білгенің жөн. Егер сатушыға тауар немесе қызмет бағасынан көп соманы беріп тұрсаң, артылатын көлемді санау керек (яғни, саған қанша ақша қайтаратынын білу керек).

• номиналы 20 теңгелік бір монета;• номиналы 5 теңгелік төрт монета;• номиналы 10 теңгелік екі монета.Немесе, сатушыға ірі номиналды купюра, мысалы 200 немесе 500 теңге бе-руге болады. Ал сатушы артылған ақшаны қайтарып береді.

• 200 теңгелік бес купюра;• 500 теңгелік екі купюра;• 200 теңгелік екі купюра және 500 теңгелік бір купюра және 100 теңгелік бір монета;• 100 теңгелік үш монета, 500 теңгелік бір купюра және 200 теңгелік бір купюра.Сондай-ақ, біз сатушыға 2 000 теңгелік купюраны бере аламыз. Онда, сату-шы қанша теңге қайтарады?

Төлеу үшін әртүрлі ақшаны қалай пайдалануға болады?

Page 21: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат

3. Саған бағасы 615 теңге болатын кітап сатып алу керек. Сенің қолыңда 500 теңгелік купюра және 200 теңгелік купюра бар.

• Осы ақша саған жете ме? Санап көрші.• Сатушы саған қанша ақша қайтару керек?• Ол артылған ақшаны қандай монеталармен, не купюралармен бере алады?

Ақша санаудан жаттығу орындағың келе ме?

1. Кестеде берілген тауарлар құнын қандай монеталармен және купюралармен төлеуге болады?

4. Ата-анаңа дүкенде сауда жасауға көмектес. Әмияннан керекті соманы алып, сатушының саған артылған ақшаны дұрыс бергенін тексеріп көр. Төменде не са-тып алғаныңды, қандай купюраларды және монеталарды қолданғаныңды, және де сатушының саған артылған ақшаны бергенін, не бермегенін жаз.

20

Қалам,150 теңге

Өшіргіш,50 теңге

Балмұздақ,130 теңге

Журнал,560 теңге

Киноға билет, 1150 теңге

Тоқаш,85 теңге

Ойланып көр...Жаттығуды орындап, жауаптарыңды бос

жолдарға немесе ұяшықтарға жаз. Сосын, ата-анаңмен бірге тексер.

2. Әртүрлі купюралар мен монеталар көмегімен 1 185 теңге жинап көр. Қандай ку-пюралар мен монеталарды қолдануға болады?

Page 22: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат

21

Ақшаның өзіндік қорғаныс жүйесі болады. Бұл – ақшаны әркім қалауынша басып шығармас үшін жасалған шара. Шынайы ақшаны тек Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығара алады. Жалған ақша шығарған үшін жаза қарастырылған. Шынайы ақшаны жалған ақшадан ажырату үшін арнайы белгілер бар. Қолыңдағы ақшаны тексеріп көрші.

Әртүрлі номиналды купюраларды қолыңа алып, оларды төмендегі белгілер бойынша тексеріп көр. Осылай өз купюраларыңның шы-найы не жалған екенін анықта.

Қолыңа жалған купюра түскен жағдайда не істеу керек? Ондай ақшамен ешқашан сауда жасауға болмайды. Оны арнайы детектор арқылы немесе өз күшіңмен тексе-ру қажет. Ақша тексеретін детекторлар әр банкте, не валюта айырбастау пунктінде, ломбардта, және көптеген ірі сауда орындарында болады. Сонымен қатар, егер купюра күдік тудырса, оны банкте сараптамадан өткізуге болады. Жалған ақша жойылуы тиіс. Ал оның құны өтелмейді. Сондықтан, ақшаны қолданған кезде өте абай болған жөн!

Ақшаның шынайы не жалған екенін қалай тексеруге болады?

Өзің тергеу жүргізіп көр

Әрине, ақша жақсы қорғалған. Алайда, сақтық сақтаған артық етпес!

Page 23: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат

22

Шынайы ақша белгілері

Ал енді ақшаны оңтайлы жарату жолдары туралы ә ңгімелесейік

Бұл бөлімде біз ақшаның қандай болатынын, оның шынайылығын қалай тексеру керектігін білдік, ақшаны санап, онымен есептесуді үйрендік.

Page 24: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат

23

Диананың анасымен болған әңгімесін тыңдайық:

неге анасы Дианаға жаңа сөмкені сатып алу ақшаны жөнсіз жарату деп айтты? Бұл нені білдіреді? Бұрын қажетті заттар мен қалаған зат-тар туралы естіп пе едің? Олардың айырмашылығы неде?

Құпия 3. Ақшаны пайдалы жаратудың жолдары

Сен қалай ойлайсың,

Анашым, мен мектепке жаңа рюкзак алғым келеді

Шіркін, солай болса ғой!

Жоқ, бұның жарамайды...

Иә, рас. Бірақ ол сәннен шығып кетті.

Неге? Менде қалағанымның бәрі болушы еді!

Әрине, бірақ, бұл ретте өзімізге қажетті нәрсені сатып алуға мүмкіндігіміз болмас еді. Қажетті нәрсе мен қалаған нәрсенің айырмашылығы болады

Бола берсін. Біз саған алты ай сайын жаңа сөмке алып бере алмаймыз. Бұл бекер ақша шашу.

Қазіргі сөмкең де жарап тұр. Оны алғанымызға бір жыл да болған жоқ қой.

Page 25: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат

Қажетті жә не қалаған заттар

Біз сатып алатын заттардың барлығын екі түрге бөлуге болады: қажетті және қалаған заттар. Қажетті заттар – адамның өмірі үшін маңызды заттар: су, тамақ, үй және т.б. Қалаған заттар – көздің жауын алып тұрғанымен, он-сыз өмір сүруге әбден болатын заттар.

Мысалы, Диананың жақсы мектеп сөмкесі бар. Алайда Диана дүкендегі бір рюкзакты қатты қалап тұр. Сол рюкзак Диананың қалаған заты болып табылады. Бірақ, Диананың қазіргі мектеп сөмкесі жыртылып қалса, сол рюкзакты сатып алу қажеттілік болар еді. Әрине, біз қалап тұрған заттар бізге ерекше қуаныш сыйлайды. Дегенмен, қолымыздағы ақша аз болып тұрса, олардың кейбірін алмасақ та болады.

24

Қажетті заттар – адамның өмірі үшін маңызды заттар.

Қалаған заттар – көздің жауын алып тұрғанымен, онсыз өмір сүруге ә бден болатын заттар.

Page 26: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат

25

Тамақ. Әр адамға толық қамды тамақтану қажет. Алайда, тамақ әртүрлі болады. Тез өсіп, жетілу үшін бала ет, көкөніс, жеміс, ірімшік, балық және жаңғақ жеу керек. Шо-колад, тәттілер, печенье және бәлішті де жеуге болады, бірақ көп емес. Яғни, қажетті тағам түрлерімен қоса маңыздылығы шама-лы тағамдар да болады екен. Ет, көкөніс, сүт тағамдары – бізге қажетті тамақ түрлері. Ал киндер-сюрприз – сенің қалаған тәтті тағамың.

Тұрмыстық қызмет. Ай сайын біз үйді, ауланы, ал қыста шатырды қардан тазалаған үшін белгілі бір соманы төлеп тұрамыз. Біз электр қуатын, газды және суды қолдана- мыз – ол үшін де ақша төлеу қажет. Осы қызметтің барлығы біздің үйде тұруымыз үшін қажет. Сонымен қатар, басқа да қызмет түрлері бар. Мысалы, интернет немесе кабельді те-ледидар. Дәл осы қызмет түрлері үшін ақша төлемесек те, біз бәрібір жылы, әрі жарық үйде тұра береміз. Яғни, олар – қалаған заттар.

Байланыс. Үйдегі телефон мен әрбір от-басы мүшесінің ұялы телефоны байланыс құралдарына жатады. Телефон арқылы біз бір-бірімізбен хабар алмасып тұрамыз, туыстары-мыз бен достарымыздың қайда екенін біле аламыз. Сонымен қатар, телефонды ойын ой-нау үшін де пайдалануға болады. Сондықтан, байланыс үшін төленетін ақша – қажеттілік, ал қалғаны – біздің қалауымыз болып саналады.

Енді қажетті жә не қалаған заттардың айырмашылығын қарастырайық

Page 27: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат

26

Көлік. Әдетте, жұмысқа, мектепке, спорт секция-сына, үйірмеге т.б. жету үшін бізге көлік қажет (авто-бус, метро, трамвай немесе машина). Бұл – қажеттілік. Ал егер біз келесі көшеде тұратын досымызға маши-намен барсақ, ол біздің қалауымыз болады.

Киім-кешек. Егер ескі аяқ-киім жарамсыз, не тар болып қалса, жаңасын сатып алу қажет болады. Ал егер сенің екі аяқ-киімің бола тұра тағы біреуін алғың келіп тұрсаң, ол сенің қалауың болар еді.

Тұрмыстық техника. Теледидар, тоңазытқыш, кір жуғыш машина – қажетті заттар. Олар біздің тұрмысымызды жеңілдетеді. Егер ескі тоңазытқыш бұзылып қалса, жаңасын сатып алу – қажеттілік.

Үйірмелер, секциялар, сабақтар. Жақсы білім, әрдайым спортпен шұғылдану немесе пайдалы үйірмеге қатысу өте маңызды. Ата-анаң сенің өсіп, дамығаныңды, үнемі жаңа нәрселерді үйреніп, бір нәрсемен әуестенгеніңді қалайды. Сондықтан да,сенің біліміңе жұмсалған ақшаны қажеттілік деп есептеуге болады.

Page 28: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат

27

• Үйдегі электр қуаты мен су• Журнал, киноға билет• Ет, балық, көкөніс және жеміс-жидек• Торт, печенье, газдалған сусын, кәмпиттер• Телефон мен интернет ақысы• Жылы аяқ-киім және қысқы күртеше• Автобустың айлық билеті• Лотерея билеті• Мектепке арналған кітаптар

Тапсырманың жауабын ата-анаңа көрсет. Олар сен таңдаған қажетті және қалаған заттар тізімімен келісер ме екен?

Ақшаны жұмсамас бұрын қажетті және қалаған заттар туралы еске түсірген жөн. Біз үй мен тұрмыстық қызмет, интернет пен телефон ақысын төледік, автобус пен метроның айлық билетін сатып алдық, бір айлық азығымызға ақшаны бөліп қойдық. Осыдан кейін отбасымызда ақша қалды ма? Қалса, киноға бару жайлы немесе жаңа компьютерлік ойын алу жайлы ойлануға болады. Ал қалмаса, қалауымызды кейінге шегіндіре тұруға тура келеді.

Иә, дәл солай. Әдетте, ата-анаңның ай сайын алатын ақшасы белгілі бір сомадан аспайды. Ол ақшаға тек шектеулі көлемдегі қызметтер мен тауарлар алуға болады.

Тізім ішінен қажетті жә не қалаған заттарды тап

Алдымен қажетті, сосын қалаған заттар

... бә рін бірдей алу мүмкін бола бермейді

Ойланып көр...

Page 29: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат

Ата-анасы Руслан мен Дианаға отбасы бюджетін құруды тапсырды

Отбасыңа қажетті жә не қалаған заттардың бағасын жаз

Достармен кафеге бару (15 000 теңге)Кино, театр, концерттер(20 000 теңге)Ойындар (10 000 теңге)Демалысқа ақша жинау (20 000 теңге)

Барлығы: 245 000 теңге Барлығы: 65 000 теңге

Барлығы: Барлығы:

Қажетті заттар Қалаған заттар

Қажетті шығындар Қалаулы шығындар

Отбасының жейтін тамағы (125 000 теңге)Тұрмыстық қызмет төлемдері (40 000 теңге)Көлік: айлық жол жүру билеті, бензин (25 000 теңге)Байланыс пен интернет (15 000 теңге)Киім-кешек (40 000 теңге)

28

Санап көр...

Page 30: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат

Әр адамның өз арманы бар. Біз басында Руслан мен Диананың арма-ны туралы айтқан едік. Енді олардың ата-анасының арманы туралы әңгімелесейік. Мысалы, олардың анасы Мадина бұрыннан бері бүкіл отба-сымен Еуропаға саяхат жасауды армандап жүр екен. Ал әкелері Марат қала сыртында үлкен үй салғысы келеді.

Отбасының айлық табысы 375 000 теңге. Қажетті заттарға отбасы ай сайын 245 000 теңге, ал қалайтын заттарға 65 000 теңге жұмсайды. Яғни, ай сай-ын барлық төлемдерден кейін Оспановтарда 65 000 теңге қалады екен. Осы ақшаны олар өз армандарын іске асыру үшін жинап тұра алар еді.

Қалған ақшаны қалай жұмсаған дұрыс? Оспановтар әулеті мынадай келісімге келді – ата-анасының арманы, яғни Еуропада демалу және үлкен үй тұрғызу өте маңызды істер, себебі олардың бүкіл отбасына қатысы бар. Сондықтан, қалған ақшаның үлкен бөлігі (57 500 теңге) осы мақсатта сақталуы тиіс. Ал қалған 7 500 теңгені Руслан мен Дианаға өз арманда-рына жинау үшін беріп тұруға болады. Ай сайын Руслан 5 000 теңге, ал Диана – 2 500 теңге алып тұрады.

Отбасы ақшасы

Ал егер ә р отбасы мүшесінің өз арманы бар болса, өзара келісімге келген жөн болар еді...

29

Page 31: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат

30

Сұрап көр...

Ал сенің жақындарың нені армандап жүргенін білесің бе?

Енді біз...

1. Туыстарыңмен ақылдасып, олардан армандары туралы сұрап көр. Олардың армандарын кестеге жаз:

2. Жауаптарды ата-анаңмен талқылап көр. Қаржы нысаналарының қайсысы саған ұнайды, қайсысы ұнамайды? Оның қайсысы бүкіл отбасына, ал қайсысы тек бір адамға қатысты?

қажетті және қалаған заттарды ажырата аламыз, отбасымызға ай сайынғы төлемдерді төлеу үшін қанша ақша керек екенін санай аламыз, тіпті қанша ақша артылып қалатынын да білеміз. Ал сол артылған ақшамен арманымызға жету үшін не істеу керек? Бұл – келесі құпия.

3. Бірігіп отырып, ең басты отбасылық қаржы нысанасын таңдаңыздар.

Мен

Әке

Ана

Аға

Әпке

Ата

Әже

Отбасы мүшелері

Армандар

• Ол қандай нысана?• Сол нысанаға жету үшін қанша ақша қажет? • Отбасыңыз осы мақсатқа қанша ақша бөліп тұруға дайын?

Арманымызға қалай қол жеткізуге болады?

Page 32: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат

31

Суретке қарап, алда тағы қандай армандардың болуы мүмкін екендігін жаз.

Біздің өміріміз жол іспеттес.

Құпия 4. Арманыңа апарар жол.

Ең басты армандар әдетте келешекпен байланысты, және оларға көп ақша қажет. Мысалы, Руслан мен Диананың мынадай қаржы нысаналары бар екен:

• Диана ақ және қызыл гүлдермен безендірілген кең сарайда өзінің үйлену тойын өткізіп, барлық достары мен туыстарын шақырғысы келеді екен.

• Руслан 2 жылдан кейін мопед сатып алып, ал 7 жылдан кейін университетке түсуді жоспарлап жүр екен. Ал алғашқы темір тұлпарын Руслан 19-20 жасында сатып алғысы келеді.

Сол жолды бірнеше кезеңдерге бөлуге болады. Біз өсеміз, мектепте, инсту-титутта оқып, мамандық иесі атана-мыз, жұмыс істейміз, кәсіби шеберлікке жетеміз, ал соңында зейнетке шығамыз. Әр кезеңде біздің белгілі бір арманымыз бен қажеттілігіміз болады.

Тапсырма...

Page 33: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат

32

Қаржы нысаналарына жету жолын қалай бастау керек?

Қаржы нысаналарының құнын табу

Сенің қаржы нысаналарыңқанша тұрады екен?

Нысанаға жету жолын таңдау

Мысалы, Руслан мен Диана интернетті ашып, өздерінің қысқа мерзімді қаржы нысаналарының бағаларын тауып алды: Русланның мопеді 126 000 теңге, ал Диананың ойын құралы – 22 500 теңге тұрады екен.

Осыдан бұрын талқылағандай, біз көптеген нәрсені қалауымыз мүмкін. Сондықтан, сол қаржы нысаналары-на жетудің оңтайлы жолын табу қажет.

Ең алдымен ойыңды жүзеге асыру үшін қанша ақша керек екеніндігін, яғни нысананың құнын анықтап алу керек. Ол үшін біз дүкенге ба-рып, немесе интернет пен анықтама кітабынан мағлұмат іздей аламыз.

Өзіңнің ең жақын қаржы нысанаңды таңда. Дүкенге бар, интернеттен қара немесе әке-шешеңнен оның құнын біл.

Санап көр...

Нысанаға жету жолын қалай таңдау керек?

2

1

Page 34: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат

33

• Егер жинаған ақшамыз жетіп жатса, тауарды немесе қызметті бірден алуға бо-лады. Алайда, мұндай жағдай жиі кездесе бермейді. Ата-анаң: «Оған әлі ақша жоқ!» – десе, не істеуге болады? Онда, басқа әдіске көшеміз …

• Арманыңа жету үшін бірте-бірте ақша жинауды бастау керек. Мысалы, апта сайын, не болмаса ай сайын белгілі бір соманы бөліп отырсаң, сен өз арманыңа кештеу болса да жетесің.

Мақсатқа жету жолдары да осындай. Нәтижесі бірдей болады – біз міндетті түрде қойған мақсатымызға жетеміз. Бар мәселе уақытта ғана. Есесіне, поезбен жасаған саяхат әдетте қызығырақ өтеді – тере-зеден қандай әсем көріністер көруге болады, адамдармен танысамыз, жаңалықтар естиміз!

Нысанаға жету жолын қалай таңдау керек?

Бұл – сапарға ұшақпен немесе пойыбен шыққандай

Егер ақшамыз болса, біз ұшақпен ұшып, ойлаған жерімізге бірнеше сағатта жете аламыз. Алайда, ақшамыз шамалы болып, ұшаққа жетпесе, не істейміз? Ондай жағдайда біз поезға билет алып, керек жерге бір-екі күн ішінде жете аламыз.

Page 35: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат

34

Нысанаға жету жылдамдығын есептеу

Егер нақты бір мақсатқа жетеміз деп шешім қабылдасақ, сол мақсатқа жету жылдамдығын есептеу қажет. Біз өз мүмкіндігімізге орай мақсатымызға қаншалықты тез жете алатынымызды және қанша ақша бөліп тұру керектігін санай аламыз.

біз қаржы нысанасы құнын сатып алуға дейінгі уақытқа бөлуіміз керек. Басқаша айтқанда, қаржы нысанасының құнын сатып алғанға дейінгі жылдар санына бөлсек, біз әр жылда қанша ақша бөліп тұру керек екенін білеміз. Шыққан нәтижені 12-ге бөлсек, ай сайынғы, ал 365-ке бөлсек, күн сайынғы бөлінетін ақша сомасын білетін боламыз.

Мысалдар қарастырып көрейік

3

Ай сайын қанша ақша бөліп тұру керек екенін білу үшін

Page 36: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат

35

РlaуStation-ға жетер жылдамдық

Ал егер Диана PlayStation-ды 6 айдан кейін алғысы келсе ше?

Диананың қаржы нысанасы 22 500 теңге тұрады. Егер Диана РlауStation алу үшін ай сайын 2 500 теңге бөліп тұрса, қажетті сома-ны ол 9 ай ішінде жинайды. Яғни, Диананың мақсатқа жету жылдамдығы айына 2 500 теңге.

Егер Диана тек 2 000 теңге бөліп тұрса, ал 500 теңгені тәттілер мен журналдарға жарататын болса, Диана ойын құралына тек он бір жарым айдан кейін қол жеткізе алады.

Ай сайын қанша ақша бөлу керектігін қалай санауға болады? Ол үшін ойыншықтың бағасын – 22 500 теңгені – 6 айға бөлеміз. Себебі, осы алты ай ішінде керек соманы жинап үлгеруіміз керек: нәтижесінде, Диана ай сайын 3 750 теңге бөліп тұру керек.

22 500 теңге : 6 ай = айына 3 750 теңге 3 750 теңге: 30 күн = күніне 125 теңге

Сонымен, нені түсіндік?

Мысалы, әсем сарайдағы тойды өткізу үшін 1 500 000 теңге қажет делік. Тойға дейін бізде әлі 10 жыл немесе 120 ай бар. Яғни, бізге ай сайын 12 500 теңге бөліп тұру қажет. Ал егер ақша жинауға бізде тек бір жыл ғана уақыт болса, бізге ай сайын 125 000 теңге бөліп тұру қажет болар еді!

Ал енді Диананың ұзақ мерзімді мақсатына көз салайық...

1 500 000 теңге: 120 ай = 12 500 теңге айына12 500 теңге айына: 30 күн = шамамен 417 теңге күніне (416,6)

Page 37: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат

36

Сатып алғанға дейінгі уақыт неғұрлым көп болса, ай сайынғы бөлініп тұратын ақша сомасы соғұрлым аз болады!Осы қарапайым формула арқылы әркім өзіне ыңғайлы қозғалыс жылдамдығын ор-ната алады, яғни сатып алғанға дейін қанша уақыт күту керек екенін және ай сайын қанша ақша бөліп тұру керек екенін біле алады.

қаржылық мақсатқа бағытталған қозғалысты неғұрлым ерте бастасақ, соғұрлым оған жету оңай болатынын білеміз. Алайда, осы жолда әртүрлі қауіп-қатер мен санамызды қызықтырып, мақсатымызға жетуге бөгет болатын тосқауылдар көп.

1. Досыңның туған күніне ойын алып бергің келеді делік. Ойынның бағасы 4 000 теңге, ал мереке 6 айдан кейін өтеді Сол ойынды сатып алу үшін ай сайын қанша ақша жинау керек?

2. Егер күніне 100 теңгеден жинайтын болсаң, бағасы 125 000 теңге тұратын компьютерді сатып алу үшін қанша жыл керектігін есептеп көрші.

3. Өзіңнің қаржылық мақсаттарыңа жету үшін қанша ақша бөліп тұру керек? Немесе, қалтаңдағы ақшаның бір бөлігін жинап тұрсаң, сол мақсат етіп қойған заттарыңды сатып алу үшін керек соманы жинауға қанша уақыт қажет? Өзіңе ыңғайлы қозғалыс жылдамдығын тап!

Қаржы нысанасына жету жолын есептеу

Енді біз

Ойланып көр...

Солармен қалай күресуге болатынын білгің келеді ме?

Page 38: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат

37

Құпия 5. Ақшаны қалай «бағындыру» қажет? Отбасымызда қанша

ақша бар екенін қалай анықтауға болады?

Бюджетті кім қолданады?

Бюджеттің негізгі мақсаты –

Бюджеттің кіріс жақ бөлігі

Бюджеттің шығыс жақ бөлігі

Біз әдетте ақшаға не аламыз – осыны қалай анықтауға болады? Ай сайын қанша ақша жинай ала-тынымызды қалай санауға бола-ды? Осы сұрақтарға жауап табу үшін бюджет құрастыру керек.

Бюджетті жеке адам, жанұя, мемлекет қолданады. Бюджет бір апталық, бір айлық, бір жылдық болуы мүмкін. Әр бюджеттің кіріс және шығыс бөліктері болады. Кіріс бөлігі – ақшаның келуі. Шығыс бөлігі – ақшаның жаратылуы. Енді сенің немесе достарыңның бюджеті, оның кіріс және шығыс бөліктері неден тұратынын көрейік.

ақша қозғалысын бақылап, оны басқару! Егер тапқан ақшадан жұмсағаның көп болса, бюджет дефициті пайда болады. Егер табыс жұмсалған ақшадан көп болса, бюджет профициті орын алады. Қалай ойлайсың, табысыңа қарағанда ақшаның шығысы көп болса, жақсы ма?

• Саған күнделікті керек-жараққа,сыйлыққа берілетін ақша

• Жоспарланған төлемдер (тамақ, ойын-сауық, ойындар, журналдар және басқалар)• Кездейсоқ сатып алынатын заттар

Бюджет деген – барлық табыстар мен шығындардың толық сипаттамасы

+ -

Page 39: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат

Ал сенің ақшаң саған бағынады ма? Сенің басыңнан мынадай жағдай өтіп пе еді – сен әмияныңа, не жинағышыңа қараған кезде ондағы ақша сен ойлағаныңнан азырақ екен? Немесе, керісінше – ондағы ақша сен күткеннен көбірек екен?

Бюждет қанша ақшаны жинағышқа салғаныңды және қанша ақшаны және не үшін жаратқаныңды нақты көрсетіп тұрады. Бюджет арқасында сен дәл қазір қанша ақшаң бар екенін біліп тұрасың, жоспардан ауытқымас үшін өз шығындарыңды басқара аласың, ай сайын бөлінуге тиіс соманың қандай бөлігі жиналғандығын біле аласың. Ол қалай жұмыс істейді? Бар жоғы – апта немесе ай басында жоспарланған бюджетті сол апта немесе ай соңындағы бюджет нәтижесімен салыстыру қажет.

Көріп тұрғанымыздай, бұл айда Диананың бюджетінде үлкен профицит (2 850 теңге) пайда болды, себебі осы айда оның туған күні өтіп, оған туыстары сыйлықты ақшалай берді. Ондай сыйлық бюджетке енбеген болатын.Керемет нәтиже! Профицитпен не істейтінін ол әлі шешкен жоқ: бұл ақшаны РlауStation-ға жинаған ақшаға қосып, ойын қондырғысын тезірек алуға болады. Немесе, оны келешекте болатын тосын жағдайларға да сақтауға болады – тәттілер, журналдар және ойын-сауыққа.

Диананың бюджетін қарастырып көрейік

38

Тосын жағдайларғатап болмас үшін бюджет қажет

Ойланып көр...

Ай басында жоспарланған бюджет

Ай соңында (нәтижесінде) шыққан бюджет

Табыс, теңге Шығыс, теңге Табыс, теңге Шығыс, теңгеКүнделікті берілетін ақша

2500 Журнал сатып алу

400 Күнделікті берілетін ақша

2 500 Журнал сатып алу

600

Үйдегі жұмыс үшінберілетін ақша

750 Ойын құрылғысына ақша бөлу

2000 Үй ішіндегі жұмыс

750 Ойын құрылғысына ақша бөлу

2000

Сыйлықтар 0 Тәттілер алу 0 Сыйлықтар 3 000 Тәттілер алу 800

Барлығы: 3250 Барлығы: 2400 Барлығы: 6250 Барлығы: 3400

Page 40: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат

39

Өзіңнің жеке бюджетіңді құрастыр

Ойланып көр...

1. Өз бюджетіңнің кіріс және шығыс бөліктерінің негізгі баптарын атап берші.

2. Дүкенде жасаған әр саудадан кейін сатушы бізге чек береді. Сол чекте саудамыздың сомасы көрсетіледі. Сол соманы бюджеттің қай бөлігіне енгізу ке-рек – кіріс бөлігіне ме, жоқ әлде шығыс бөлігіне ме?

4. Бюджетті апта басында және соңында құрастырып көр. Сол бюджеттің аясында қала алдың ба?

Табысың шығыстан көбірек болып шықты ма? Керемет! Енді сен арманыңа ақша жинауды бастай аласың. Табысқа қарағанда шығыс бөлігі көбірек болып шықты ма? Онда, ақшаны азырақ жаратудың жолын іздеу керек. Дереу бюджет «тұзақтарын» тауып, оларды жою қажет. Егер сондай тұзақтарға түсіп қалсаң, бюджеттің шығыс бөлігі күрт өсуі мүмкін. Ондай жағдайда сен ақша жинай алмайсың. Тіпті, керек-жарағыңды ала алмауың да мүмкін!

3. Ата-анаңа айтып берші – неге өз табысың мен шығысыңды басқарған жөн? Сенің отбасыңда бюджетті кім және қалай басқаратынын сұра.

Page 41: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат

40

Бюджет «тұзақтары» Жоспарланбаған, кездейсоқ, кейде пайдасыз сауда-саттықты бюджет тұзақтары деп атайды. Олардың әсерінен біздің шығындарымыз өседі, жоспарлаған бюджетіміз іс жүзінде өзгеше болады, дефицит пайда болады – яғни, табысымыз шығысымыздан кем болады. Нәтижесінде, ақша жинауға мүмкіндігіміз жоғалып, арманымызға жете алмаймыз. Алайда, бұл құбылыспен күресуге болады! Зиянды «тұзақтармен» күресудің кейбір әсерлі әдістері туралы келесі бөлімде айтып береміз.

Күнделікті берілетін ақша

Үйдегі жұмыс үшін ақша

Туыстардың мерекеге берген сыйлығы

Басқасы

Барлығы:

Күнделікті берілетін ақшаҮйдегі жұмыс үшін ақша

Туыстардың мерекеге берген сыйлығы

Барлығы:

Сауда-саттық

Сауда-саттық

Қаржы нысанасына бөлінген ақша

Басқасы

Барлығы:

Сауда-саттық

Сауда-саттық

Қаржы нысанасына бөлінген ақша

Барлығы:

Олар туралы білгің келе ме?

ЖОСПАР. Бюджетімнің кіріс жақ бөлігі

ЖОСПАР. Бюджетімнің шығыс жақ бөлігі

ФАКТ. Бюджетімнің кіріс жақ бөлігі

ФАКТ. Бюджетімнің шығыс жақ бөлігі

Page 42: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат

41

Құпия 6. Ақшаны «тұзақтардан» қалай сақтауға болады?

Алдыңғы бөлімде ақшаны қалай бақылау керек екенін айтқан бо-

латынбыз. Егер бюджетке сай әрекет етіп, қолымызда профи-цит болса, біз ақша жинай ала-мыз!

Түрлі-түсті бояулар мен уәде беру арқылы жарнама бізді керек емес заттарды да сатып алуға итермелейді. Мысалы – жаңа ойыншық, тағы бір журнал, тағы бір кәмпит қорабы... Жарнамаға сенсек, сен тек жаңа телефонмен ғана достарыңмен қуана-қуана хабар алыса аласың. Осындай «тұзаққа» қалай төтеп беруге болады?Оп-оңай: сол зат саған шынымен де соншалықты керек пе? Әрине, жарнама-ны көрген, не естіген кезде, сол затты бірден алғың келеді. Бірақ, асықпа, ой-лан. Алдымен, мысалы, өз ұялы телефоныңа қарап ал. Оның несі кем екен? Еш кемшілігі жоқ-ау, сірә. Сол кезде қажетті және қалаған заттар туралы ойды есіңе ал – осы алғалы тұрған зат қайсысына жатады? Ойланып көрші, жаңа телефонға бола өзіңнің қаржылық мақсаттарыңнан бас тартуға дайынсың ба?

Есіңе түсірші – қаншама рет бөлмедегі жарықты сөндіруді ұмытып, не суды ағызып кетесің? Отбасыңның қанша ақшасы сол сумен бірге ағып кететінін білесің бе?Үйдегі су мен жарық көздеріне ұқыпты бол: бөлмеде ешкім болмаса, жарықты сөндір; ата-анаға энергия үнемдейтін шам қолданайық деп айт; әкеңмен бірге ағып тұрған кранды жөндеңдер; суды жауып кетуді ұмытпаңдар; есептеуіш құралды қолданыңдар. Осындай әрекеттер жылына 15 000 теңгеден 50 000 теңгеге дейінгі соманы су мен жарықтың мөлшерден тыс шығындалу «тұзағынан» сақтай алады.

Су мен электр қуатының шығыны

«Жарнама» тұзағы

Руслан мен Диана сіздер үшін ең жиі кездесетін және оларға

ең қызықты көрінген «тұзақтар» тізімін жасап, оларға қарсы күресудің әдістерін айтып берді.

Алайда ақша «тұзаққа» түсіп

қалуы мүмкін

Page 43: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат

42

Аяқасты саудаСупермаркеттер мен гипермаркеттер – нағыз «тұзақтар» шоғырланған жер. Біз осы бір сиқырлы әлемге түсіп, жарқын, көздің жауын алатын қораптарға, супер-жеңілдіктерге және супер-ұсыныстарға елігіп кетеміз. «3-ін 1-нің бағасымен ал» деген кезде, бір мезетте бәрін де алғың келеді! Осының бәрін бізге алдырту үшін көптеген әдістер қолданылады: ең қымбат тауарлар ең қолайлы сөрелерде тұрады, ал арзандары алыстау орналасады. Ал кассада кезек күтіп тұрған кезде қолымыз өзінен-өзі кәмпиттер мен сағызға созы-лады. Себебі, олар дәл қасыңда тұр ғой. Осының бәрі не үшін керек? Пиғыл біреу – бізді мүмкіндігінше көп ақша жаратуға итермелеу! Мұны жеңер жол бар ма? Әрине: дүкенге барарда керек-жарақтың тізімін жасап, оған жұмсалатын ақшаны түгендеп, одан артығын алмау керек.

Әдетте, саудалайтын кез жақындаған сайын, тауарлардың бағасы өсе бастайды. Басқаша айтқанда, егер сен вело-сипед алуды жоспарлап жүрсең, оның көктемдегі бағасы 20-30%-ға қымбатырақ болады. Ал дәл сол велосипедті күзде алатын болсаң, қомақты ақша үнемдер едің. Мысалы, велосипедтің бағасы 25 000 теңге болса, сен 7 500 теңге үнемдей аласың! Сондай-ақ, осы ережені киім, аяқ-киім, киноға, не концертке билет алғанда есіңде ұста. Көптеген заттар жылдың әр кезеңінде әртүрлі бағамен сатылатынын байқаған шығарсың. Бұл дегеніміз, заттарды маусымы таяп қалған кезде сатып алатын болсақ, олардың ең жоғарғы бағасына тап боламыз. Бұл да ақшаны арбап түсіруге арналған тағы бір «тұзақ» – артық төлеу.

Артық төлеу

Page 44: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат

43

Нәтижесінде, келешекте Оспановтар әулеті 32 500 теңге сақтай алады Үнемделген ақшаны Оспановтар қаржылық мақсаттарына арналған жинақтарына қоса алады.

Анасы интернет үшін 5 000 теңге артық төлеген болып шықты, себебі бұл айда Руслан тоқсандық бақылау жұмыстарына дайындаламын деп торапты жиі қолданды. Сондықтан Руслан әкесімен бірге тарифтік ұсыныстарды зерделеп, ең тиімдісін тау-ып алды. Осылай интернет төлемінің өзгеруі Оспановтар әулетіне 5 000 теңге қайтарады.

Тағы 2 500 теңгені анасы су мен жарықтың артық шығындалғаны үшін төледі. Сондықтан, Руслан өзін жарық бақылаушысымын деп тағайындады, ал Диана судың жайын ойлайтын болды – «тұзақтар» жойылды! Оспановтар бюджеті ай сайын қаржылық мақсаттарға арналған қосымша 2 500 теңге сақтайтын болды.

Ал киім-кешекке 25 000 теңге артық жұмсалған болып шықты. Анасы қысқа дайындаламын деп жаңа киім алған екен: Дианаға күртеше мен бас киім, Руслан мен әкесіне жаңа аяқ-киім, өзіне жемпір. Анасы бұл мәселені ертерек ойластырмағандықтан, осы сауданың салдарынан 25 000 теңге «тұзаққа» түсті (жоспарлы соманың 30%). Осындай жағдайларға тап болмас үшін отбасы керек заттар тізімін ерте жасап, ендігі киім-кешекті мүмкіндігінше маусымдық жаппай сату кезінде алуды ұйғарды.

Руслан мен Диана Оспановтар ә улетінің бюджетіндегі «тұзақтарды» қалай тапты?

Отбасы бюджетін құрғалы бері, балалар оның орындалуын қадағалайтын болды. Анасы мен әкесі оларға күнделікті жаратқан ақшасы туралы есеп беріп, ал олар бір сөзін қалдырмай бәрін де дәптерге жазып отырды.

Айдың аяғында Оспановтар жоспардан ауытқып, 35 000 теңге артық жұмсағаны белгілі болды. Бұл жайдың анық-қанығын білу үшін Диана мен Руслан істі тергеуге кірісті. Олардың мақсаты отбасылық бюджеттегі «тұзақтарды» тауып, оларды жою болатын. Осы ойларынан не шыққанын көрейік.

Page 45: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат

44

Өз бюджетіңдегі «тұзақтарды» тап

Енді сен,

Есептеп көр...

1. Үйіңнің жанындағы дүкенге кіріп, өзіңнің сүйікті шоколадыңның, минералды судың, нанның бағасын үлкен гипермаркеттегі бағалармен салыстырып көрші. Айырмашылық бар ма екен? Қаншалықты? Енді сен тамақты қайда сатып алған тиімдірек екенін білесің!

«тұзақтарды» тауып, оларды жою отбасы бюджеті үшін қаншалықты маңызды екенін білесің. Яғни, сенің және отбасыңның бюджетіне төнер қауіп-қатер жоқ!Дегенмен, ақшаны тек сақтап қана қоймай, оны «өсіруге» де болады.

2. Ата-анаңмен басқа да ақша «тұзақтары» туралы әңгімелесіп көр

3. Отбасыңа осындай ақша «тұзақтарын» тауып, оларды жоюға көмектес. Біз ұсынып отырған әдістердің арасынан ең тиімдісін таңдап, оны отбасыңда енгізуге жәрдемдес. Ал айдың соңында бюджетке тигізген әсерін сарала.

Қалай екенін білгің келеді ме?

Page 46: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат

45

Тағы бір құпияның басын ашатын кез келді – ақшаны қалай көбейтуге бола-ды. Қаражатты «өсіруді» үйренейік!

Банка деген не? Қызық сұрақ, солай емес пе?

Банкадағы ақшаға қауіп төніп тұрады. Қандай?

Инфляция –

Банка деген – құты. Онда әр түрлі варенье мен тұздықтар сақтайды. Бірақ банканы ақша жинау үшін де қолдануға болады емес пе? Бұл жақсы ой: банка шыныдан жасалады, оның ақшаға қаншалықты толып келе жатқанын анық көруге болады. Банкада ақша жинап жатқаныңды елестетіп көрші. Апта сайын 250 теңге салып тұрсаң, бір жылдың ішінде қанша ақша жинай алар едің? Ал 2 жылда ше? Алайда, өкінішке орай, саған айтар жағымсыз хабарымыз бар:

• Біріншіден, ақша жиналған банканы ұрылар ұрлап кетуі мүмкін.• Екіншіден, кейде банкадағы ақшаны ала салып, бір нәрсені сатып алғың келіп-

ақ тұрады... Сонда қалай: өз жинақтарыңа қауіп келтіретін өзің болдың ба? Иә, дәл солай.

• Үшіншіден, банкадағы ақша инфляцияға ұшырайды.

ақшаның сатып алу қабілетінің төмендеуі. Оны ақшаның ауруы деп те атауға болады. Егер ақшаға қарамасаң, оны тек жинақтағышқа сала берсең, ол ауруға шалдығады. Ауру кезінде ақша әлсіреп, аза бастайды.

Қалай? Міне былай: жыл басында минералды судың бір бөтелкесі 115 теңге тұрды делік, ал жыл соңында оның бағасы 135 теңге болады. Егер қалтаңда 115 теңге болса, сен жыл ба-сында бір бөтелке су ала аласың. Алайда, жыл соңында сол ақшаң су алуға жетпей қалады. Ақшаның сомасы өзгермесе де, ол әлсіреп, оған сатып алатын затың азая түседі. Осы процесс инфляция деп аталады..

Құпия 7. Ақшанықалай «өсіруге» болады?

Page 47: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат

46

Инфляция қанша кино билетін «жеп қойғанын» санап көр?

Жинаған ақшаны қалай қорғауға болады?

Ақшаны жинау ә дістерін салыстырып көрейік

Яғни,

Сен бір жыл ішінде 10 000 теңге жинадың делік. Жыл басында осы ақшаға сен 8 рет киноға бара аласың. Ол кезде билет бағасы 1 250 теңге тұрады. Жыл соңына дейін ақша 8% инфляция әсерінен зардап шегеді. Енді осы ақшаға қанша рет киноға баруға болады?

Ол үшін арнайы қаржы ұйымдары бар – банктер. Банктер адамдардан ақшаны сақтау үшін алып, оларға пайыз төлейді. Сен ақшаңды банкке салған кезде, саған салымыңның бір жылдан кейін қанша пайызға өсетінін айтады. Мысалы, салым пай-ызы жылына 10% делік. Сен банкке 5 000 теңге салдың. Онда, жыл соңында сенде: 5 000 х 1, 1 = 5 500 теңге болады. Басқаша айтқанда, 500 теңгеге артық болады.

бірінші нұсқада біз ақшаның бір бөлігін жоғалтамыз, ал екінші нұсқада ақшаны көбейтеміз. Бәрі де сыйқырлы пайыздар арқасында. Әрине, әр түрлі банкте пайыз да әр түрлі болатынын есте сақтаған жөн. Кейбір бан-ктерде пайыз инфляцияға тең, не одан да аз болуы мүмкін.

2-нұсқа. Біз жинаған ақшаны банк-ке жылына 10% үстемемен салдық делік. Бір жыл ішінде инфляция 8% «жеп қояды». Бірақ, бізге банк берген 10% инфляцияның «жеп қойған» 8% көбірек болғандықтан, б і з ұтамыз . Яғни , жинаған ақшамыз 2% көбейеді де, жыл соңында бізде 5 060 теңге бола-ды (инфляцияны ескергенде). Бұл бірінші нұсқамен салыстырғанда 460 теңгеге артық.

1-нұсқа. Ақшаны – 5 000 теңгені – жинақтаушы

ба н к а ғ а с а л д ы қ дел і к . Б ір жыл ішінде инфляция 8% «жеп қойды». Нәтижесінде, жыл

соңында бізде, шын мәнінде (инфляцияны

ескерсек), тек 4 600 теңге қалды.

Ойланып көр...

10 000 : 1 250 = жыл басында киноға 8 рет бара аласың10 000 х 8% = 800 теңгені инфляция бір жыл ішінде «жеп қойды»(10 000 - 800) / 1 250 = жыл соңында киноға 7 рет бара аласың

Page 48: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат

Балалар енді ақшаны банкте жылына 10% үстемемен жинаймыз деп шешті.Енді олардың қаржы нысаналарына жету жылдамдығы қалай өзгеретінін көрейік.

Диана РlауStation құралына ақша жинауда. Оның бағасы 22 500 теңге. Ай сайын Диана 2 000 теңгесін бөліп отырады. Енді салысты-рып көрейік – осы ақшаны Диана ақша жинай-тын банкада сақтаса не болады, банкке салса не болады?

Кестеде айлар мен ақша сомалары көрсетілген. Ай сайын сома өсіп келеді. Алайда, оң жақ бағанада ақша өсімі жылдамырақ. Неге? Себебі Диананың ай сайын банкке салатын ақшасына банктің беретін ақшасы қосылып тұрады – яғни, әлгі сиқырлы пайыз.

Яғни: егер Диана ойынға ақшаны банкте жинайтын болса, оны не бір ай ерте сатып ала алады, не бір жыл ішінде 1341 теңгеге артық ақша жинай алады.

Біздің кейіпкерлеріміз өздерінің қаржы нысаналары үшін ақша жинау мәселесіне жаңаша кірісуді ұйғарды

банкада

айлар

банкте

47

123456789

101112

2 0004 0006 0008 000

10 00012 00014 00016 00018 00020 00022 00024 000

2 0174 0506 1018 168

10 25312 35514 47516 61218 76720 94023 13125 341

Page 49: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат

48

банкадаайлар банкада

Ал Русланның жағдайы қалай екен?Есімізде болар, Руслан мопедті армандап жүрген еді. Мопедтің бағасы 126 000 теңге тұрады. Ай сайын Руслан оған 7 000 теңгеден бөліп отыруда. Яғни, егер Руслан қаражатын ақша жинайтын бан-када емес, банкте сақтайтын болса, ол мопедін не 2 ай бұрын сатып ала алады, не сол уақыт аралығында дәл сол соманы құя отырып, 10 462 теңгеге артық ақша жинай алады.

123456789

101112131415161718

7 00014 000

21 00028 00035 00042 00049 00056 00063 00070 00077 00084 00091 00098 000

105 000112 000119 000

126 000

7 05814 17521 35228 58835 88543 24250 66158 14165 68473 29080 95988 69296 489

104 352112 280 120 274128 334 136 462

Page 50: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат

Депозитте ақша жинау

Санап көр...

1. Күн сайын 50 теңге жинап отырсаң, ай соңында (30 күннен кейін) қанша ақша жи-налатынын санап көрші. Сосын, күн сайын 50 теңгеге не алуға болатынын, ал бір айдан кейін жиналған сомаға не алуға болатыны жайлы ойланып көр.

2. Қаржылық нысанаға арналған қаражатты ақша жинайтын банкада сақтаса не бо-латынын және банкте 10% үстемемен жинаса не болатынын санап көр. 47-беттегі үлгіні пайдалан. Ақшаны қаншалықты көп жинай аласың? Немесе, өзіңнің қаржылық мақсатыңа қаншалықты тез жете аласың? Көрші беттегі кестені қолдан.

3. Банктер салған салымға қандай пайыз ұсынатынын біліп ал (интернетті қолдан немесе ата-анаңмен бірге банкке барып қайт). Жинаған ақшаңды банкке салсаң, жыл аяғында қанша ақша алатыныңды есептеп көр. Ал 2 жылдан кейін ше? 5 жылдан кейін?

49

Page 51: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат

50

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

банкадаайлар

Енді сен,

Есептеу үлгісі

қойылған қаржылық мақсаттарға жылдамырақ жетуге болатынын, жинаған ақшаңды ұрылардан, инфляциядан, тіпті өзіңнен қалай қорғау керектігін білесің. Енді саған өз мақсаттарыңды орындауға еш нәрсе де бөгет бола алмайды!

Шын жүректен саған сә ттілік тілейміз!

банкте

Page 52: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат

51

Құпия 8«Жүгіретін» ақша!

Мысалы, жазда теңіз жағасында дема-лу үшін қонақ үйдегі бөлмеге тапсырыс беріп, ақшасын алдын ала төлеп қою ке-рек. Ал қонақүй басқа қалада, басқа елде орналасқан болса ше? Ұшаққа билет алып, ақшаны сөмкеге салып, басқа қалаға сапар жасау керек болғаны ма, сонда?

Ал дүкенде жоқ, бірақ интернет-дүкенде са-тылатын кітапты қалай сатып алуға бола- ды – интернетте төлемдерді қалай жүргізеді? Немесе, тұрмыстық қызмет үшін ақша төлеген кезде банкте ұзын кезек болса ше? Өзара төлемдерді ыңғайлы ету үшін адам-дар бірнеше әдіс ойлап тапты. Сол әдістерді талқыға салайық.

Қазіргі заманда төлемдердің сан алуан түрі бар. Біз солардың кейбірін ғана, яғни ең ыңғайлы және ең сенімді түрлерін қарастырамыз. Мысалы: банк картасы, интернет-банкинг және төлем термина-лы арқылы төлеу әдістері.

Қандай ыңғайлы төлем түрлері бар?

Бір нәрсені сатып алу үшін бізге ақша керек – ақша қолға тиген кез-де біз дүкенге барып, әр түрлі тауар мен қызметтерді сатып ала аламыз. Алайда, кейде, ақшаның өзінің сатушыға «жүгіріп барғаны» немесе бізден бұрын «жеткені» ке-рек.

Page 53: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат

Банк картасы арқылы төлеу

Банк картасы – банк шотымен байланысы бар пластикалық кар-та. Ол карта иесіне тауарлар мен қызметтер үшін ақша төлеуге және банктен, не банкоматтан (банк авто-маттарынан) қолма-қол ақша алуға мүмкіндік береді.

52

Картаға қандай ақша түседі? Картаға түсетін ақша – карта иесінің өз шотына салған ақшасы немесе жасаған жұмысы үшін аударылған ақша (дебеттік кар-та). Немесе, банктің уақытша қарызға берген ақшасы (кредиттік карта). Ондай қарызды уақытында қайтарып, сол ақшаны қолданған үшін пайыз төлеу қажет. Көріп тұрғаныңдай, пластикті карталар әртүрлі болады. Әдетте, жалақы бір картаға, ал банк несиесі басқа картаға түседі. Сәйкесінше, карталарды қолдану ережелері де әр түрлі болады.

Ақша картаға қалай түседі?

Карта арқылы төлеуӘдетте, тауар немесе қызмет үшін кар-тамен тегін төлеуге болады. Яғни, кар-та көмегімен төлеген үшін банк қосымша ақы алмайды. Алайда, кейбір карталар-мен жасалатын операция түрлері ақылы болып келеді: мысалы, өзге банктің бан-коматынан ақша алған кезде. Ал карта иелену үшін банкпен келісім-шартқа оты-рып, картаны қолданған үшін комиссия төлеу қажет.

Page 54: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат

53

дүкенде, мейрамханада, интернетте төлеу

ұшақ билетіне, қонақ үйге, көлікке тапсырыс беру

банкоматтан қолма-қол ақша алу

тауар сатып алған кезде қосымша жеңілдіктер мен сыйлықтар алу

• Картаны барлық жерде қабылдай бермейді. Кішігірім дүкендер картаны қабылдамауы мүмкін.

• Картамен ақша жарату оп-оңай, сондықтан жоспарланған бюджет аясынан асып кету қауіпі бар, әсіресе несие картасымен.

• Егер ақшаны басқа банктің банкоматынан алатын болсаң, комиссия төлеуге тура келеді.

Ата-анаң дүкенде картамен есеп айырысқан кезде, немесе банкоматтан ақша алған кез-де зейін қойып қарап ал. Ата-анаңа картаны қолдану ұнайтынын не ұнамайтынын талқыға сал. Қандай тауар сатып алған кезде олар картаны жиі пайдаланады екен?

Тіпті мемлекеттің ақшасын да сақтауға болады. Уақыт өткен сайын ақша жарамсыз күйге ұшырайды: жыртылады, жуылады, кірленеді. Олардың орнын ауыстыру үшін жаңа купюраларды басып шығару керек. Ол үшін қағаз, бояу, құрал-жабдық жұмсап, купюра жасайтын адамдарға еңбекақы төлеу қажет. Картамен төлеу арқылы біз мемлекеттің ақшасын үнемдейміз. Ал мемлекет үнемделген ақшаны әр түрлі игі шараларға жұмсай алады – ата-анасы жоқ балаларға көмек беріп, жаңа спорт алаңдарын сала алады.

өз бюджетіңді бақылау

картада жатқан ақшаға үстеме пайыз алу

картадағы ақшаны ұрылардан құпия сөзбен қорғау

несие алу

Банк картасы арқылы не істеуге болады?

Бірақ, есіңде болсын...

Картамен есептесу

Талқылап көр...

Page 55: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат

Есеп айырысу үшін

Бірақ,

Интернет-банкинг арқылы есеп айырысу

Интернет-банкинг не істей алады?

Интернет-банкинг басқаша дистан-циялық банк қызметі деп аталады. Ол ақшаны кез-келген уақытта, кез-келген жағдайда алу үшін жасалған. Егер адамның банкте шоты болса, ол ақшасын алыстан басқара алады, яғни, операция өткізу үшін банкке барудың қажеті жоқ.

интернет арқылы өзіңнің жеке кабинетіңе кіріп, тапсырыс жазу жеткілікті (яғни, ақшаны кімге, не үшін және қайда аудару керек екендігін жазу). Ақша сол мезетте алушыға аударылады.

төлемдерді кез келген уақытта интернет арқылы жібереді

банктің қызмет ақысы арқасында ақшаны үнемдейді, себебі төлемдердің көбі интернет-банкинг арқылы жүргізіледі.

интернет-банкингтің көмегімен дүкенде есеп айырыса алмайсың. Егер сен дүкенде тауар сатып алғың келсе, оны тек карта арқылы алуыңа болады, ал интернет-банкингтің көмегі шамалы.

Егер ата-анаң интернет-банкингт і қолданатын болса, олардың қалай төлем жасайтынын көріп ал. Ата-анаңа осындай төлемнің қаншалықты ұнағаны жайлы әңгімелесіңдер.

54

Интернет-банкинг арқылы есеп айырысу

Талқылау...

+

+

-

Page 56: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат

55

Есеп айырысудың тағы бір әдісі – төлем терминалы. Бұл арнайы машинаға купюра енгізіп, төлем жүргізуге бо-лады. Ондай терминалдарды дүкендер, емханалар, метро, кафелер, мейрамханалар және ойын-сауық кешендердің жанынан көруге болады.

Осы автоматтардың көмегімен ұялы телефон, байланыс, тұрмыстық қызметтер үшін немесе айыппұл төлеуге болады.

банкке барудың немесе қосылған онлайн-банкингтің болуы міндетті емес. Алайда, терминал қызметінің құны банк кар-

тасы мен онлайн-банкинг қызметтерінен қымбатырақ.

Егер ата-анаң төлем терминалын қолданатын болса, олардың осы әдіспен төлем жасағанын көріп ал.

Ата-анаңмен төлем терминалының қаншалықты ыңғайлы екенін талқыға сал. Ата-анаң төлем терминалы арқылы қандай тауарлар мен қызметтер үшін төлейді екен?

ай сайын ұялы байланыс үшін 7500 теңге төлеп тұрады. Осыны білген Руслан тәжірибе өткізбек оймен байланыс үшін ақшаны әлгі үш әдіспен төлеуді ұйғарды. Осы ойынан не шыққанын көрейік.

Төлем терминалы

Төлем терминалы арқылы төлем жасау үшін

Төлем терминалы арқылы есеп айырысу

Мысалы, Оспановтар

Талқылап көр...

Page 57: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат

Ең тиімді есеп айырысу ә дісін тап

• Бірінші айда Руслан әкесі екеуі төлемді интер-нет-банкинг арқылы жүргізді. Бар-жоғы 5 ми-нут уақыт жұмсалды, комиссия алынған жоқ (0 теңге), себебі банк өз клиенттеріне ұялы байла-ныс үшін төлемді комиссиясыз төлеуге рұқсат береді.

• Екінші айда Руслан анасы екеуі төлемді анасының картасы арқылы банкоматта төледі. Жұмсалған уақыт 45 минутқа созылды (себебі Оспановтарға банкке жаяу баруға тура келді), комиссия алынған жоқ – бұл банктің көрсететін қызметі. Алайда, басқа банкте ондай комиссияның болуы әбден мүмкін еді.

• Үшінші айда Руслан төлемді мектепке ба-рар жолдағы терминал арқылы жасады. Бұл операцияға 15 минут уақыт кетті (егер бұл күні Руслан мектепке бармағанда, төлем жасау үшін дәл осынша уақыт кетер еді), комиссия 75 теңге болды.

56

Ойланып көр

• Оспановтар үшін интернет пен байланыс ақысын қай әдіс арқылы төлеген тиімдірек екен? Қай әдіс уақыт пен ақшаны үнемдейді екен?

• Ата-анаңмен бірге қызмет пен тауарды қандай әдіспен сатып алған қолайлы екенін талқыға сал.

Енді біз заманауи, ә рі ыңғайлы есеп айырысу ә дістерін білеміз

Page 58: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат

Ондай ә діс бар! Ол – инвестиция

Есте сақтаған жөн...

Бастапқыда айтқанымыздай, ақшаны банкада емес, банкіде сақтай отырып, біз пайыз көлеміндегі қосымша табыс ала ала-мыз. Алайда, банк пайыздары инфляциядан асып түсе бермейді. Кейбір жағдайда оған тең, тіпті төмен болуы мүмкін. Осы орай-да ақшаны бұдан артық жұмыс істеткізетін амал бар ма екен?

Инвестиция ұғымы әрдайым тәуекел ұғымымен етене жүреді. Сенің ақшаң сақталып, көбейеді деп ешкім кепілдік бере алмайды. Ал банк жинақтарыңның толықтай қайтарылатынына кепілдік береді.

Әдетте, тәуекел артқан сайын, сол тәуекел үшін инвесторға – яғни, салым жасай-тын адамға төленетін сыйақы да жоғарылай түседі. Егер инвестицияңыз сәтті бол-са, келер табыс банк депозитінің табысынан 2-3 есе артық болуы мүмкін. Сонымен қатар, тәуекел де депозит тәуекеліне қарағанда әлде қайда жоғары болады.

Инвестиция – табыс табу мақсатында жасалатын салым

57

Ақшаны қандай салаға салуға болады?

Құпия 9«Жұмыс істейтін» ақша!

Page 59: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат

Мысалы, Microsoft компаниясының технологиялары жаңа бағдарлама өнімдерін құрастыруға мүмкіндік береді. Сол өнімдер дүниежүзі бой-ынша өте жақсы сатылуда. Немесе, тартылған инвестиция көмегімен зертхана мамандары қатерлі ауруды жеңетін жаңа, бірегей дәрі ойлап табуы мүмкін. Сол пайдалы жаңалықтар сан түрлі компани-ялар мен кәсіпорындарда қолданылып, табыс әкелуі мүмкін. Сол табыстың бір бөлігі инвесторға тиесілі.

Металдарды қайда пайдаланады? Металдан ұшақ, көлік, зы-мыран, медициналық құрал, ыдыс, телефон, тіпті компьютер жасайды. Осының бәрі металсыз болмас еді. Металл жер қойнауынан алынады. Сондықтан, оның қоры шектеулі. Яғни, ме-талл өндірісіне инвестициялау арқылы табысқа жетуге болады.

Үй әркімге де, әрқашан да керек болады. Ол – адамның негізгі қажеттілігінің бірі. Үй салу қымбат: көп материал-дар, техника, мамандар қажет. Қазіргі заманда тұрғын үйлер шамамен 3 жыл бойы салынады. Егер сондай үйде пәтерді құрылыстың бастапқы кезінде сатып алсаң, оның құны бірнеше есе көтерілуі мүмкін,

Ол үшін миллиондаған, миллиардтаған теңге қажет. Сондықтан, адамдар құнды қағаздар ойлап тапты. Ол қағаздар аз ақшаны инвестициялауға мүмкіндік береді. Яғни, зауыттың, үйдің, немесе технологияның кішкентай бөлігін сатып алуға болады.

58

Құнды металдарға...

Ғылым мен технологияның дамуына...

Құрылысқа...

Зауыт, үй, жер немесе зертхана сатып алу өте қымбат

Бизнеске...Өз ақшаңды уақытша зауыттарға, фабрикаларға бере тұруға болады. Олар осындай әдіспен тартылған инвести-ция арқасында дамиды: жаңа құрылғы модельдерін жа-сайды, сапалы тауар шығарады, немесе өндіріс көлемін ұлғайтады – яғни, табысын көбейтеді. Сол табыстың бір бөлігін олар қарызға ақша берген адамдармен бөлісуге тиіс.

Page 60: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат

Құнды қағаздар ә р түрлі болады

Мысалы,

Әр қағаздың өз ерекшеліктері бар. Бірақ, олардың жұмыс істеу негізі бір. Құнды қағаз сатып алу арқылы инвестор өз ақшасын компанияға тапсырады. Ал осының нәтижесінде дамыған компания табысының бір бөлігін инвесторға қайтарады.

бір зауыт 1000 құнды қағаз шығарды делік. Әр қағазды инвесторларға 500 теңгеден сатты. Яғни, ол 500 000 теңге көлемінде қаражат тартты. Осы ақшаға зауыт дами отырып, табысын ұлғайтады.

Зауыттың құнды қағаздарын сатып алған адам табыстың бір бөлігін, яғни дивидендтерді алуға құқылы. Сонымен қатар, құнды қағаздың өзі қымбаттауы мүмкін. Мысалы, инвестор оны 500 теңгеге сатып алып, бір жылдан кейін 600 теңгеге сатуы мүмкін.

Басқаша айтқанда, егер инвестор 20 құнды қағазды 10 000 теңгеге сатып алып, оларды бір жылдан кейін сатып жіберсе, оның табысы 20%, немесе 2 000 теңгені құрайды.

59

Құнды қағаз – инвестордыңинвестициядан түскен табыстың бір бөлігіне құқылы екенін жә не қайтарым шарттарын растайтын құжат

20 қағаз X 500 теңге = 10 000 теңге – сатып алу20 қағаз X 600 теңге = 12 000 теңге – сату12 000 – 10 000 теңге = 2 000 теңге – табыс

Page 61: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат

Құнды қағаздардың негізгі түрлері және айырмашылықтары

60

Акция – инвестордың компания капиталының бір бөлігіне құқылы екенін дәлелдейтін құжат. Акция компанияны басқару ісіне қатысуға және табысын бөлісуге құқық береді. Ол тәуекел деңгейі ең жоғарғы құнды қағаз болып саналады. Себебі, инвестицияланған қаражаттың қайтарымы мен табыстылығы компания жұмысының нәтижесіне тікелей байланысты. Егер компания оңтайлы жұмыс істеп,

дамыса – жақсы. Себебі, компания табысын ин-вестормен бөліседі. Нәтиже болмаса – табыс та болмайды, инвестор да ештеңе алмайды. Ең сорақысы – инвестицияланған ақшаның өзі жоғалуы мүмкін.

Облигация – компанияның инвестордан белгілі-бір соманы қарызға алғанын растайтын қағаз. Облигацияны сатып алушы компанияның

басқару ісіне қатыса алмайды. Бірақ, акциядан айырмашылығы – компания инвесторға жүйелі түрде табыс төлеп тұруы тиіс. Осы себептен, облигацияның тәуекел деңгейі мен табыс деңгейі акцияға қарағанда төменірек.

Вексель – бұл қағаз компанияның инвестордан белгілі бір соманы қарызға алғанын растайды және сол соманың қайтарылу мерзімі мен кепілдендірілген үстеме пайызын бекітеді. Вексельдердің табыстылығы, тәуекелдің жоғары болма-уына байланысты, шамамен депозиттердің табыстылығымен бірдей немесе одан аздап асады.

Мүмкіндік болған жағдайда сен инвестицияны қандай салаға салар едің? Неге? Қандай құнды қағаз арқылы

инвестиция жасар едің? Осыны ата-анаңмен талқыға сал, өз таңдауыңды түсіндір.

Мен инвестор болсам...

Талқылау...

Page 62: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат

Құпия10. Жайсыздықтан қорғанудың құны қанша?

Күнделікті өмірде әртүрлі күтпеген жағымсыз жағдайларға тап болу

ғажап емес. Сондай жағдайға тап болу мүмкіндігі тәуекел деп аталады. Кейде өрт, апат, су тасқыны, жер қозғалысы орын алып жатады. Оның үстіне, бәріміз де адамбыз – кейде ауырамыз (ол да тәуекелдің бір түрі). Алайда, осындай

тәуекелдердің жайсыздығынан сақтануға бола ма? Осы

жайлы ойлап па едің?

Сақтандырудың түп негізін түсіну үшін оны қолшатырмен салыстыруға болады. Қолшатыр ауа-райы жайсыз күні жаңбырдан қорғайды (әсіресе, үстіңе жаңа киім киіп шыққан күні, немесе шаштараздан жаңа шыққан кезде, немесе достарыңмен кездесуге асығып тұрғанда жаңбыр бар жоспарыңды бұзуы мүмкін).

Ол әр түрлі жайсыздықтардан, сен үшін құнды бір затты жоғалтып алу мүмкінділігінен қорғайды. Әрине, біз ертең, немесе бір айдан кейін не болаты-нын біле алмаймыз. Бірақ, біз дәл бүгін тәуекелдерден сақтала аламыз. Ол үшін сақтандыру деген қызметті қолдану қажет.

61

Жайсыздықтардан сақтану үшін адамдар сақтандыру әдісін ойлап тапқан

Сақтандыру да қолшатыр сияқты

Page 63: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат

Мысалы, отбасы қала сыртында ағаш үй салды делік. Өрт болған жағдайда сол үйдің зақымдану қауіпі бар.

Егер көлік сатып алсаңыз, оның ұрлану немесе апатқа ұшырау қауіпі бар.

Әрине... Ал осының барлығы сақтандырылған болса, мұншалықты өкінішті болмас еді.

Қала сыртындағы үй иесіне өрттен сақтану полисін сатып алуға болады. Яғни, ол сақтандыру компаниясына белгілі бір соманы береді, көп емес. Сақтандыру ком-паниясы оған сақтандыру полисін тапсырады. Өрт болған жағдайда сақтандыру компаниясы үй иесіне сол үйдің толық не жартылай құнын төлейді. Төленетін сома сақтандыру шарттарына байланысты. Дәл осылай көліктің ұрлануына, үйдің то-налуына, өте құнды мүліктің, мысалы сурет, не жауһар алқаның ұрлануына қарсы сақтануға болады.

Сақтандырудың негізгі мақсаты – біздің мүлкімізді, тыныштығымызды жә не денсаулығымызды сақтау.

Өкінішті болар еді, солай ма?

62

Page 64: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат

Сақтандыру қалай жұмыс істейді?

Нені сақтандыруға болады?

Сақтандыру полисін сатып алғаннан кейін

Сақтандыру полисі сақтандыру компаниясында сатып алынады.Сақтандыру полисі – заңды құжат. Онда сенің қандай жайсыздықтан сақтанатындығың, яғни сол жайсыздық орын алған кезде кепілді түрде өтемақы алатындығың жазылады. Сондай-ақ, полисте сақтану мерзімі, сақтану шарттары және сақтанудың бағасы көрсетіледі.

Егер жайсыздық орын алса – өтемақы аламыз.Егер жайсыздық орын алмаса – өтемақы алмаймыз

Теориялық тұрғыда – кез келген нәрсені . Адамдардың айтуы бойынша, бір әйел өзін басқа планеталықтармен кездесуден сақтандырыпты. Мамандар осындай жағдайдың орын алуының ықтималдылығын өте төмен деп бағалапты.

Сондықтан, сол сақтандырудың құны бар болғаны 5 теңге болыпты.

Әншілер дауыс желбезегін, бишілер аяқтарын, сазгерлер қолдарын, ал ғалымдар бастарын сақтандырады.

Бұдан ертерек біз саяжайды немесе үйді өрттен, көлікті ұрланудан немесе апаттан, ал құнды зат-тарды тоналудан сақтандыру керек деп айтқан бола-тынбыз. Әрине, сақтандырудың бұл түрлері толықтай еркін жасалады. Бірақ, міндетті сақтандыру түрлері де бар.

Сонымен қатар, әр адам ерікті медициналық сақтандыру полисін (немесе ЕМС) сатып алып, ақылы денсаулық сақтау мекемелерінде емделе алады.

63

Page 65: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат

Сен басқа елге сапарға аттанар кезде саяхатшының медициналық сақтандыруын ала аласың. Оны алу

міндетті емес. Әр саяхатшы оны сатып алу жай-лы шешімді өзі қабылдайды. Әрине, ешкімнің қызықты саяхат кезінде ауырғысы келмейді. Бірақ, әртүрлі жағдай болу мүмкін ғой, солай емес пе? Сақтандыруың болмаса, саған тек ақылы медициналық көмек көрсетеді. Ал дәрігерлердің

қызметі қымбат. Ал егер саяхатшы сақтандырылған болса, емге кеткен шығынды сақтандыру полисін

сатқан сақтандыру компаниясы өтейді.

Мысалы, сен жаз ғы демалысыңды Еуропадағы лагерде өткізгелі жүрсің. Бірінші нұсқада сен шетелге шығушыларға арналған сақтандыруды алдың делік. Оның бағасы күніне 200 теңге. Сенің жолдамаң 21 күнге арналған. Яғни, сен 4 200 теңге төлейсің. Егер жайсыздық орын алса (аяғыңды ауыртып алсаң, күн өтіп кетсе), сен дәрігерге барасың. Бірақ оған ештеңе төлемейсің, себебі дәрігердің қызметін сақтандыру компаниясы төлейді. Екінші нұсқасында сен сақтандыруды алмадың делік. Сөйтіп, жайсыздыққа ұшыраған кезде дәрігерге қаралып, оның қызметі үшін ақша төлеуге тура келді. Дәрігер кеңесі 15 000 теңге тұрады, ауруханада орналасу – күніне 60 000-нан 120 000 теңге. Енді қалай ойлайсың, сақтандыруды алу керек пе екен?

Сен қандай жайсыздықтардан сақтанар едің? Сенің отбасың үшін қандай жайсыздықтардан сақтанған жөн болар еді? Сенің отбасыңда сақтандырудың қандай түрлері бар? Сенде қандай сақтандырудың болғанын қалар едің?

Сақтандыру керек пе?

64

Ойланып көр...

Санап көр...

Page 66: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат

65

Құпия 11. Адам өз болашағын қалай қамтамасыз ете алады?

З е й н е т к е р л і к к е з е ң д і қамтамасыз ету – ең ұзақ мерзімді және аса маңызды қаржы мақсаттарының бірі! Зейнеткерлікті жиі біздің өміріміздің асыл кезеңі деп атайды! Неге екенін білесің

бе? Өйткені бұл кезде мектеп-ке не жұмысқа барудың қажеті

жоқ, уақытты өзің жақсы көретін нәрселерге арнауға болады!

барлығы жұмысқа асығып бара жатқан кезде ұйықтап жатасың, басқалар сабақта немесе офистерде отырған кезде, саябақта қыдырып жүресің, сен жер шарын айна-ла саяхатқа шыға аласың, өйткені сенің бос уақытың көп болады. Және де, өзіңнің әуесті ісіңмен айналысасың, балалар мен немерелеріңді күтіп-бағып жүресің, сая-жайда дәмді көкөністер өсіресің және көптеген басқа да істермен айналысасың!

Бұл кезде сен жұмыс істемейсің, ал азық-түлікті, киімді, автобусқа немесе саяхатқа билеттерді сатып алу керек болады, сондықтан зейнет кезінде ыңғайлы өмір сүру үшін саған алдын-ала ақша жинау керек. Зейнетке шыққан кезде табыстар бірнеше көзден қалыптасуы мүмкін. Біріншіден, қазіргі таңда Қазақстанның әрбір жұмыс істейтін азаматы келешек зейнетақысын өзі жинайды. Ай сайын әр қазақстандықтың жалақысынан белгілі-бір пайыз ұсталып отырады. Ол ақша Ортақ мемлекеттік зейнетақы қорына жіберіледі. Жиналған сома азамат зейнетке шыққан кезде төленеді. Екіншіден, банктер мен инвестициялық қорлар ұсынатын осыдан бұрын айтылған құралдар арқылы жеке өзің қосымша ақша жинай аласың.

Зейнетке шыққан кезде сен

Зейнетке шыққан кезде ыңғайлы өмір сүрудің қажетті талабы – жиналған ақша

Page 67: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат

66

Егер зейнеткер жасына келген кезде мемлекет төлейтін ақша адамға

Қосымша жинақтар

жайлы өмір сүру үшін жеткіліксіз болса, болашақ зейнет-кер жетіспейтін ақшаны өзі жинай алады. Қосымша

ақшаны банктер, инвестициялық қорлар және зейнетақы қорлары арқылы жинауға болады.

Біз зейнетақы қалай қалыптасатыны туралы айтып бердік. Бірақ еңбекақы мен табыстың басқа да түрлерін

алып тұратын әр адам зейнетақысына қосымша үстемені өзі қамтамасыз ете алады. Және бұл жөнінде алдын ала, жас кезіңнен-ақ ойлану керек.

белгілі бір жақса жеткен кезде төленеді. Бұл жас зейнеткер жасы деп аталады. Қазақстан Республикасында зейнеткер жасы әйелдер үшін 58 жас, бірақ алдағы он жыл ішінде бұл көрсеткіш 63 жасқа дейін көтеріледі. Еркектер үшін зейнеткер жасы 63 жасты құрайды. Зейнеткер жасына жеткен кезде адам зейнетақы алуға құқылы болады. Зейнетақы – адамның еңбек өтіліне байланысты тағайындалатын ай сайын берілетін жәрдемақы. Сонымен қатар, зейнеткер еңбек өтілі барысында жинаған қаражат есебінен қосымша зейнетақы алады.

Зейнетақы

Page 68: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат

67

Құпия 12. Қарызға алу жолдары

Яғни, ақшаның жиналғанын күтуге уақыт болмайды. Мысалы, сенің компьютерің сынып қалды делік, ал ол саған оқу үшін қажет. Оны жақын арада сатып алмасаң, оқу үлгерімің төмендеуі мүмкін. Бірақ компьютер қымбат тұрады, ал сенде ақша жоқ. Не істеу керек?

Несиеге не сатып алуға болады?

Несие деген – банктен уақытша қарызға алуға болатын ақша. Банк саған ақша бергені үшін сен оған қосымша ақша төлейсің. Оны несие бойынша пайыз деп атайды.

Қандай жағдайларда несиені пайдалануға болады?

Өмірде қалағаныңды дәл қазір орындау керек болатын жағдайлар болады.

Барлығы 90 000 теңге

18 500 теңге. Несие жарты

жылға

Page 69: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат

Қолма-қол ақша несиесі – қолма-қол ақшамен беріледі, оны кез кел-ген мақсатта жұмсауға болады. Бірақ банкте пәтер не машина сияқты ешқандай кепілзат болмайды, сондықтан бұл жағдайда банктің тәуекелдері жоғары болады. Осы себептен банк несиені жоғары пайыздармен береді.

өйткені оларда кепілзат, яғни қарыздың қайтарылуын кепілдендіретін еш нәрсе болмайды. Егер біз, мы-

салы, пәтерді банк беретін ақшаға сатып алатын болсақ, банк, біз несиені қайтармаған жағдайда, біздің пәтерімізді сатып, бізге қарызға берген ақшаны қайтарып алатынын біледі, машина-мен де солай істей алады. Ал егер біз банктен ақшаны демалысқа бару немесе телефон са-тып алу үшін қарызға алып, оны қайтармасақ,

ол ешнәрсе сата алмайды, сондықтан мұндай несиенің тәуекелі жоғары болады.

Біз тауарды бүгін сатып алу мүмкіндігін аламыз, бірақ бұл үшін банкке пайыз төлеуіміз керек. Несиелер бойынша пайыздар банк пен несие түріне бай-ланысты өзгешеленеді. Не болса да, несиеге сатып алған зат үшін біз көбірек төлейміз, өйткені оның құнына қоса, біз банкке сауда жасау үшін алған қарыздың үстемақысын төлейміз.

68

Тұтынушылық жә не қолма-қол ақшамен берілетін несиелер – ең қымбат несиелер,

Несие тегін берілмейді

Ипотекалық несие – пәтер, үй, жер сатып алуға арналған арнайы несие. Мұндай мүліктердің бағасы жоғары болады, сондықтан несие өте ұзақ мерзімге (10-20 жылға) беріледі. Ол бөліп қайтарылады, көбінесе несиенің бір бөлігі айы-на 1 рет несие бергені үшін банктің пайыздарымен бірге төленеді. Несие толық өтелгенше пәтер банк үшін кепілзат болып қалады.

Несиелер ә ртүрлі болады

Автонесие – автокөлікті сатып алуға арналған арнайы несие. Бұл ретте автокөлік несиенің қайтарылу кепілі болып табылады.

Page 70: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат

69

Мысалы, Руслан мопедті несиеге сатып алу мүмкіндігін қарастырып жүр делік

Мопедтің құны 126 000 теңге. Руслан мопедті несиеге 19,5%-бен алса (несие мерзімі екі жыл), онда ол 27 200 теңге артық төлейді. Мұндай есептеуді ол банктің сайтындағы несиелік калькулятор көмегімен жасады.

Есімізде болса, Руслан ай сайын банкке жылдық 10%-бен 75 000 теңге-ден салып отырса, ол мопедті 17 айдан кейін сатып алады.

Руслан мопед үшін126 000 теңге төлейді Руслан оны сатып алу үшін 17 ай бойы ақша жинайды

Егер Руслан мопедті ертең несиеге сатып алатын болса, ол 27 200 теңге артық төлейді.

Руслан мопед үшін153 200 теңге төлейдіНесиенің құны 27 200 теңге болады

ЖинауБағасы = 115 000 теңге

Несиеге сатып алуБағасы = 143 000 теңге

Қолымыздағы ақша шамалы екені есімізде. Демек, 27 200 теңгені не-сие бойынша пайыздарды төлеуге

жіберсек, Руслан ол ақшаны өзінің басқа бір маңызды

қаржылық мақсатына жұмсай алмады.

Page 71: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат

70

Несиені есептеп көр

Саған алғыс айтамыз

Есептеп көр...

1. Несие алу қажет болатын жағдайларға мысал келтір.

2. Ата-анаңмен бірге банктен бір жылға жылдық 23%-бен 50 000 теңгені қарызға алған жағдайда, сол несиені пайдалану үшін шамамен қандай соманы төлеу керек екенін есептеп көр. Интернеттегі несиелік калькуляторды пайдалан.

3. Ипотекалық, автонесие, тұтынушылық және қолма-қол ақшамен берілетін неси-елер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді тап. Олардың қайсысы қымбатырақ екенін анықтап көр?

Біздің кітап сен үшін қызықты болды және сен уақытты пайдалы өткіздің деген ойдамыз. Енді сен ақшаны қалай дұрыс жұмсау керек екендігін білесің. Бұл жерде ашылған құпиялар саған армандарыңды орындауға міндетті түрде көмектеседі!

Page 72: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат

71

Кітапты ә зірлегендер:Автор:Блискавка Е.А., Қаржылық жоспарлау институтының директоры, Несие брокерлері және қаржы кеңесшілерінің ұлттық ассоциация директорлары кеңесінің мүшесі және Financial Planning Association (АҚШ) мүшесі. «Жеке қаржыны тиімді бақылау» тақырыбы бойынша бірқатар оқыту бағдарламаларының, кітаптар мен 50-ден аса мақалалардың авторы.

Басқа да қатысушылар:Тәуелсіз қаржы кеңесшілері:Юрий Губкин (С.-Петербург), Дмитрий Малышев (Мәскеу), Анна Воробьева (Подольск), Ирина Иванова (Тюмень), Анатолий Земцов (Томск), Наталья Холченко (Ростов-на-Дону), Светлана Ильина (Волгоград), Елена Аграновская (Екатеринбург), Андрей Киреев (Самара), Алексей Фёдоров (Рязань), Татьяна Лаэф (Красноярск), Елена Самаркина (Хабаровск), Вячеслав Картамышев (Владивосток), Алексей Охильков (Чебоксары), Игорь Подымов (Брянск), Сергей Яворский (Киров), Алексей Кудрявцев (Ярославль), Наталья Соболева (Мәскеу)., Светлана Есентаева (Алматы), Альмира Рембекова (Алматы).

Сарапшылар:Анна Зеленцова, педагогика ғылымдарының кандидаты, РФ Қаржы министрлігінің «Ресей Федерациясында халықтың қаржы сауаттылығы деңгейін көтеруге және қаржы білімінің дамуына қолдау салу» жобасының координаторы, Жиырма тобының қаржылық қол жетімділігі жөніндегі жаһандық серіктестігінің көмекші төрағасы.

Ольга Курышева, психология ғылымдарының кандидаты, доцент, мектептегі білім және балалардың даму мәселелері саласындағы сарапшы, 20 жылдан аса еңбек өтілі бар тәжірибелі психолог, РФ Қаржы министрлігінің «Ресей Федерациясын-да халықтың қаржы сауаттылығы деңгейін көтеруге және қаржы білімінің дамуына қолдау салу» жобасының жетекші кеңесшісі. Екі монография және әр жастағы психо-логия мәселелері бойынша 50-ден аса баспа жұмыстарының авторы.

Банк нарығының сарапшылары: Станислав Дужинский, Надежда Куликова, Наталья Калиниченко, Антон Сергунов, Алсу Тинчурина, Ирэн Шкаровская.

Дизайнерлер: Дмитрий Сазонов, Кристина Иванова, Сергей Задорнов.

Page 73: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат

Нұсқаулар үшін

Page 74: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат

Нұсқаулар үшін

Page 75: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат

Нұсқаулар үшін

Page 76: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат

Нұсқаулар үшін

Page 77: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат

Блискавка Евгения

Қаражат әлеміне саяхатБалаларға отбасы қаржысын үйрететін құрал

Парақтау: Вячеслав ЛукьяненкоОрыс тілінен аударған: Мынбаев Данияр

Редактор: Татьяна ЭмБеттеу: Екатерина Пеликиди

Басуға қол қойылған күн: 15.05.2014.Пішімі 60x90 1/8. Гарнитура ArialОфсеттік қағаз. Офсеттік басу.

Басу шарт. 10 б.Тираж 1000 дана. Тапсырыс № 778

«Издательский дом «LEM»» ЖШС,050008 ҚР, Алматы, Әуезов көш, 82 үй

тел: +7 (727) 390 21 75, +7 (727) 375 51 33 / ішкі 508/[email protected], http://lem.kz

Тапсырылған материалдарғасәйкес басылап шығарылды

Page 78: Даня, 12 жас - homecredit.kzºнига дети и деньги каз в... · УОК 087.5 ББК 65.26 Б69 Блискавка, Е. Қаражат әлеміне саяхат