Журнал №19 2015г

136

Upload: serik-yeleussizov

Post on 24-Dec-2015

509 views

Category:

Documents


0 download

DESCRIPTION

Тәуелсіздіктің ақ таңы

TRANSCRIPT

Page 1: Журнал №19 2015г
Page 2: Журнал №19 2015г

Абдолов Аманкелді Республикалық жеке сот орындаушылары палатасы төралқасының төрағасы, Атырау облыстық мәслихатының депутаты

Page 3: Журнал №19 2015г

РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ:

АСТАНА ҚАЛАСЫ, І.ЖАНСҮГІРОВ КӨШЕСІ 8, 43ТЕЛ.: 8 (7172) 78-02-06, 8 702 600 01 19

Е.МАІL: [email protected] www.tat-astana.kz

ТАРАЛЫМЫ 7 000

ЖУРНАЛ ЕКІ АЙДА 1 РЕТ ЖАРЫҚ КӨРЕДІ

ТАРАЛУ АЙМАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

АВТОРЛАРДЫҢ МАҚАЛАЛАРЫНА РЕДАКЦИЯ КӨЗҚАРАСЫН БІЛДІРМЕЙДІ

ЖУРНАЛ «PRIDE PRINT» БАСПАХАНАСЫНДА БАСЫЛДЫ.АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ, МИРЗОЯН КӨШЕСІ, 13-15

ТЕЛ.: 8 (727) 378-77-47, 378-80-06, 378-80-09

№19 (1) АҚПАН 2015 ЖЫЛ

ЖУРНАЛ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ

АҚПАРАТ ЖӘНЕ МҰРАҒАТ КОМИТЕТІНДЕТІРКЕЛІП, №12035-Ж (19.10.2011 Ж.) КУӘЛІГІ БЕРІЛГЕН.

Меншік иесі: «Серикжан - БЭСС» ЖШС

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:

Оразғали Қаршегенов Ақылдастар алқасының төрағасы«Атырау Жарық» АҚ директоралар кеңесінің Төрағасы, Облыстық мәслихаттың депутаты

Бақытжан ЕртаевӘскери қайраткер, генерал-лейтенат, Халық Қаһарманы,ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Мұрат Жұрынов ҚР ҰҒА Президенті, Академик

Әбдімұса ҚуатбековҚазақстан Халықтар ДостығыУниверситетінің Президенті, Академик

Марат Тоқашбаев«Президент және Халық» республикалық қоғамдық-саяси газетінің Бас редакторы, Академик

Ерсайын ИхсановАтырау облыстық маслихатының депутаты, Академик

Қуаныш Сұлтанов ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтарыжөніндегі комиссияның Төрағасы

Нұртай Сабильянов ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Надежда ПетуховаҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Нұрлан ОрманбетовҚР ҚК Әуе қорғаныс күштерінің бас қолбасшысы, авиация генерал-майоры

Жандарбек ЖанзақовҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы, контр-адмирал

Махмуд Нәлібаев«Марсель Петролеум» ЖШС-нің басшысы, «Алтын жүрек» және Халықаралық Сократ сыйлығының иегері

Аманкелді Абдолов Республикалық жеке сот орындаушылары палатасы төралқасының төрағасы, Атырау облыстық мәслихатының депутаты

Өмірзақ МелдехановОҚО Мәслихатының депутаты, «Нұр Отан» ХДП ШҚФ Төрағасы

Тілеуберген ШәутайҚызылорда облыстық Мәслихатының депутаты

Мағжан СадыханұлыЖурналистер Одағының Астана қалалық филиалының басшысы

Әлжан Шәмшідін”Асыл-түлік” РМШО АҚ-ның директоры

Гүлжамал Жапарова«Тұран-Астана» университетінің ректоры, профессор

Мұса ӨтепқалиевАтырау медициналық колледжінің директоры

Марите ӘбілпаттаЖамбыл қонақ уйінің директоры, кәсіпкер

Жүрсінбай Ергешов”Гидроспецстрой №5” ЖШС-і Бас директоры

Әуелхан ТұрғынбековОңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкімі

Нұрлан БекназаровШымкент қалалық мәслихатының хатшысы

Гүлнар ЖұмашеваҚызылорда қалалық мәслихатының депутаты, қалалық перзентхананың бас дәрігері

Гүлнар ҚұрманбековаШымкент қалалық мәслихатының депутаты, №2 қалалық емхананың бас дәрігері

Белбота Ардақ АлмасбекұлыФилолог

3

БАС РЕДАКТОР

БАС РЕДАКТОРДЫҢ КӨМЕКШІСІ

БАС РЕДАКТОРДЫҢОРЫНБАСАРЫ

ЖАУАПТЫ ХАТШЫ

ТІЛШІЛЕР АҚБӨПЕ АБДРАСУЛДИАНА АЛИЯКБАРОВААЙСҰЛУ САҒЫНТАЕВАРАЙХАН КЕНЖИБАЕВА

ДИЗАЙНЕР-БЕТТЕУШІ

ФОТОГРАФ

СТИЛИСТ

БАС ЕСЕПШІ ТЕЛ.:

Е.МАІL:

ЭЛЬМИРА ҮСЕНҚЫЗЫ

ПЕРИЗАТ БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ

МЕЙРАМБЕК ЗИАТҰЛЫ

АҚБӨПЕ ӘБДРАСУЛ

ЖАДЫРА МҰСАБАЙЛӘЙЛӘ НЫҒМАТУЛЛИНАСАЯ ЕСИМОВАМӨЛДІР ҚҰРМАН

АРМАНЖАН АРДАҚ

ДЖОН ЛАУ

АРАЙЛЫМ ЖУСИПОВА8 (702) 780 89 86

ГҮЛБАРШЫН ҚАБДУШЕВА8 (7172) [email protected]

Page 4: Журнал №19 2015г

4

Бас редактор бағаны

Қадірменді оқырман қауым!

Зымырай соққан желдей уақыт деген зуылдап шыға келіп, биылғы жаңа қой жылы да есік ашып, төрімізден орын алды. Осы жылы атқарар істеріміз бен күтер жақсылықтарымыз мол. Тағаттана тосып отырған «Тәуелсіздіктің ақ таңы» журналы күн мен түн теңескен киелі әз Наурыз айында өздеріңізге жол тартып отыр. Арнайы іс-сапар барысында мұнайлы Батыс өңірлерінің белгілі аудандарын аралап, ел азаматтарының жүргізіп отырған істері жайында хабардар болып қайттық. Ақтөбе облысындағы Мұғалжар, Қарғалы, Мәртөк аудандары мен Атырау облысына қарасты Исатай, Махамбет, Индер, Мақат аудандарының ішінен экономикалық-әлеуметтік тұрмыс деңгейі жоғары және атқарылып отырған жұмыстардың өзектілігіне орай, «Ең үздік аудан» және «Ең үздік әкім» номинациясына лайық деп Индер ауданы мен аталмыш ауданның әкімі Арыстан Серік Бисешұлы танылды. Сонымен қатар, елімізге өзіндік игілігін жұмсап жүрген үлгілі жандар біздің журналымыздың бетінен орын алды.

Алаш айбынын асқақтатқан Қазақ хандығына 550 жыл, Ұлы жеңіске 70 жыл, ҚР Конститутциялық Заңына 20 жыл, ҚР Халықтар Достығының Ассамблеясына да 20 жыл толып отыр. Биылғы жылы нағыз қазақтың ұлан-асыр тойы өткелі тұрған сәтке тұспа-тұс келіп отыр. Өзге де ұлт өкілдерімен бір шаңырақ астында тұрған Қазақ елі әр уақытта да тыныш болғай. Көк туымыз көк аспанда мәңгілік желбірей берсін. Арайлап атқан ақ таңдарыңыз, шуақты күндеріңіз нұрлы өтсін. Қыл өтпес татуылғымыз бұзылмасын!

Құрметпен, Эльмира Үсенқызы!

Page 5: Журнал №19 2015г

88

114

132

14

18

46

Мазмұны

5

«Әуе қорғанысы күштерінің әлеуеті жоғары»

Отанды қорғау-ер ісі

Соғыстың аты да, заты да жаман...

Ел алғысына бөленген халық қалаулысы

Заң саласының заңғар тұлғасы

Табыс кілті таза еңбектің еншісінде

Таңдандырған Түркия

Әйел – ана және қылмыс

Қазыналы қара алтын қойнауы – Атырау!

«Жол мәселесі кезеңімен шешілуде»

Әділет басқармасының әділ қызметі

«Спорт - өмірдің мәні»

Тарихы тереңнен түйін тартқан Индер ауданы

«Индер ауданы ертеңіне сеніммен қарайды»

Халық тыңдаушысы - депутат

Отандық өнім – ел қауіпсіздігінің кепілі

Байлық пен бақыттың мекені

Шежіреге тұнған Исатай өңірі

Әр ісіміз- халық игілігі үшін...

Хан ордасы – Сарайшық

Тарихы терең Махамбет ауданы

Халыққа қызмет – басты міңдет

Халық таңдауына айналған зауыт

Келешегі кемел Мақат мекені

Қойнауы кенге толған Мақат мекені

Халықтың қамын ойлау – депутат міндеті

Тоғыз жолдың торабы тоғысқан Мұғалжар

Мұғалжар тынысы

Халықтың қалаулысы ел игілігі үшін жұмыс жасау керек

«Кәсіпорын отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда»

Қарыштап дамыған Қарғалы

Абыройы асқақ аурухана

Көргені көп көшбасшы

Болашаққа бағдар түзген білім ордасы

Медицина саласының көшбасшысы

Мерейі үстем балабақша

«Бала тәрбиесінде балабақшаның рөлі айрықша»

Ұлттық тәрбие – тәрбиенің түп қазығы

Балабақша – тәрбие ошағы

«Балалар – біздің болашағымыз»

«Бақыт» - балғындардың бал мекені

«Менің мақсатым – бала жүрегінің дүрсілін сезіну»

Қазақтың ұлттық негізі қалыптасқан – хандық дәуір

7

10

12

14

19

22

24

26

30

32

36

40

44

46

52

54

56

58

64

66

68

72

74

76

78

84

86

90

92

94

96

102

106

110

114

119

122

124

126

128

130

132

134

Page 6: Журнал №19 2015г

6

НұрланОрманбетов

Page 7: Журнал №19 2015г

7

ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘЛЕУЕТІ ЖОҒАРЫ

Мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Назарбаев «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты халыққа Жолдауында Жаңа Қазақстандық патриотизмнің идеялық негізін нығайтудың маңыздылығы-на тоқталып өткен болатын. Мемлекет, қоғам және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі және ел тыныштығын сақтаудағы Қарулы Күштердің рөлі айрықша. Елдің сыртында ғана емес, сондай-ақ ішінде де тірек болуға тиісті күш-ті және әскери қабілетті, еліміздің болашаққа сенімді дамуы үшін жағдай жасай-тын әскердің маңыздылығы сөзсіз.

Осыдан 23 жыл бұрын, яғни 1992 жылы Елбасы «Қазақстанның Республика-сының Қарулы Күштерін құру» туралы Жарлыққа қол қойып, тәуелсіз еліміздің дербес әскері құрылған болатын. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың сали-қалы саясатының арқасында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құра-мына кіретін Құрлық әскерлері, Әуе қорғанысы күштері мен Әскери теңіз күште-рі аяғын нық басып, жыл сайын буыны бекіп, қуаты артып келеді. Қазақстан Республикасының әуе шебін қорғауды қамтамасыз ету, мемлекеттік, әкімшілік және әскери нысандарды әуе шабуылынан қорғау және ҚР ҚК басқа да түрлері мен тектерін авиациялық қолдау жөніндегі жауынгерлік міндеттерді орындауды ті-келей жауапкершілігіне жүктеген Әуе қорғаныс күштерінің сарбаздары өз тағды-рын ел тағдырымен байланыстырып, бейбіт өмірімізді қорғап жүр.

Назарларыңызға «Ел үшін аянбай – ерлігіңе сын, жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын» деген нақыл сөзді арқау еткен «Жауынгерлік ерлігі үшін» төсбелгісінің иеге-рі, авиация генерал-майоры, ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы Орманбетов Нұрлан Секенұлымен болған сұхбатты ұсынып отырмыз.

Нұрлан Секенұлы, ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің да-муы және бағындырған белесте-рі жайлы айтсаңыз. Алда қан-дай жоспарлар бар?

Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарында әскери қызмет атқару әрбір қазақ азаматының аса маңыз-ды әрі құрметті міндетінің бірі болғандықтан, Отанды қорғауды біздің елімізге шабуыл жасаған сыртқы жаулармен қарулы күрес деп қана түсінбеу керек. Біз Ота-нымыздың күш-қуатын нығайта отырып, бейбіт уақытта да қорғау-ға ат салысамыз.

Қазақстан Республикасы Пре-зидентінің «Қазақстан Республика-сының Қарулы Күштерін реформа-лау жөніндегі бұдан былайғы ша-

ралар туралы» 1997 жылғы 17 қа-рашадағы № 3761 Жарлығын жә-не Қазақстан Республикасы Қор-ғаныс министрінің 1998 жылғы 1 сәуірдегі директивасын орындау үшін, Қазақстан Республикасының қорғаныс қабілетін нығайту мақса-тымен 1998 жылғы 1 маусымда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күш-тері құрылды. Әуе қорғанысы күш-тері бүгінгі күні Қазақстан Респуб-ликасы Қарулы Күштердің ішінде-гі ең жылдам және техникамен жабдықталған әскер түрлерінің бірі болғандықтан, үнемі жауын-герлік ұшу жаттығуларын жасай-ды. Авиация – әуедегі қарсылас-тың соққыларынан маңызды ба-ғыттарды, аудандарды және ны-

сандарды қалқалауға арналған Әуе қорғанысы күштерінің негіз-гі маневрлік әскер түрі. Әуе ша-буылына қарсы қорғаныс зениттік зымырандар әскерлерінің атыс жаттығуларына қатысады, жауын-герлік кезекшіліктерді атқарады. Әуе қорғанысы күштерінің құра-мына аспандағы кез келген жыл-дамдықтағы және әртүрлі биіктік диапазонындағы әуе нысанасын жоятын жаңа кезеңнің ұшақтары – жойғыш-тосқауылшы МиГ-31, алдыңғы шепте ұрысқа салатын жойғыш МиГ-29, көп мақсатта-ғы жойғыш Су-27, сондай-ақ жауынгерлік тікұшақтар Ми-24, Ми-8, Ми-17В-5, «Еврокоптер» ЕС-145 және Ми-26 әскери-кө-ліктік тікұшақтары кіреді. Өткен

Page 8: Журнал №19 2015г

8

жылы әскери әуе күштері С-295 әскери-транспорттық ұшақпен толықты. Ал, әуе қорғанысына қарсы күштердің әскерлері әуе-дегі кез келген ұшу құралын, ұшақты, қанатты зымыранды жойып жіберетін С-300, С-200, С-125МК, С-75 сияқты әртүрлі нұсқадағы зениттік зымырандық кешендермен қаруланған. Радио-техникалық әскерлер аспандағы нысаналарды тауып, оларды бақылай отыра тапсырмаларды орындайды. Байланыс бөлімдерді сымдық, радиореле, серіктік және тропосфералық байланыс арқылы әскерлерді басқаруды қамтамасыз етеді.

Әуе қорғанысы күштері көр-шілес ТМД елдерімен бірігіп «Да-ла қыраны», «Бірлестік», «Ашық аспан», «Жауынгерлік достастық» атты дала жаттығуларына қаты-сып, үздік дайындық деңгейлерін көрсетті.

Сонымен қатар, осы жылы жойғыш ұшақтар саны Ресейдің Иркутск қаласынан жеткізілетін жаңа заманауи 4+ дәуірлік Су-30СМ ұшақтарымен және де Улан-Удэ қаласынан тартылатын Ми-171Ш тікұшағымен толық-тырылады.

Қазіргі заманда Әуе қорға-нысы күштерінің атқаратын рөлі қаншалықты маңызды?

Әуе қорғанысы күштерінің маңызы, әрине, бүгінгі таңда өте зор. Жергілікті соғыстардың тәжі-рибесіне қарасақ, елдің Қарулы күштерін құрту үшін қарсыласта-ры ең алдымен оның авиациясы мен Әуе қорғаныс күштерін жояды. Осындай қателікті болдырмас үшін әскердің бұл түрлерін техникамен

жабдықтап, толықтай жауынгерлік дайындықта ұстау керек. Авиация – бұл бейбітшілік кездерінде де жауынгерлік кезекшілікте тұратын әскердің ең күрделі саласы. Оның мүмкіндіктері де өте көп, сондық-тан Қазақстанда өткізілетін бірде-бір әскери жаттығулар авиациясыз өтпейді.

Әуе қорғанысы күштерінде мамандар қалай даярлануда? Қандай оқу орындарымен тығыз байланыстасыздар?

«Тәрбие басы – тал бесік» де-мекші, еліміздің тыныштығын күзететін ертеңгі еңселі азамат-тарды жастайынан сапалы білім беріп, әскери саланың қыр-сыры-на терең баулып өсіру мақсаты-мен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімдері елі-міз егемендік алғалы бері бірне-ше оқу орындарында дайындал-ған мамандармен толықтырылды. Атап өтсек, Ақтөбе қаласындағы Әуе қорғанысы күштерінің әске-ри институты, Алматы қаласын-дағы Радиоэлектроника және бай-ланыс әскери институты, Астана қаласындағы әскери академия, сонымен қатар Ресей Федерация-сы, Қытай, Түркия мемлекетте-рінде білім алып жатқан жас ма-мандарды жұмысқа тартудамыз. Осы оқу орындарымен тығыз бай-ланыс орнатып, мамандарға деген сұранысты арттыра отырып, бір жыл мерзімінде қызметтік мінез-деме жасап, оқу орындарына жі-берудеміз.

Алыс шептерде қызмет ете-тін әскерлерге баспана жағдайы

бойынша Үкіметтен қандай кө-мектер көрсетіліп жатыр?

Еңселі биік еліміздің тыныш-тығын күзететін бейбіт күндердің шұғылалы таңын атыруға үлкен жауапкершілік алған қайсар, ер-жүрек, аптал азаматтарымыздың ерен еңбектері елеусіз қалып жат-қан жоқ. Алыс шептерде қызмет ететін әскери қызметшілерді тұр-ғын үймен қамтамасыз ету мәсе-лесі соңғы жылдары оң шешімін табуда. Мысалы, Сайран, Шымкент, Боралдай, Жетіген гарнизонда-рында әскери қызметкерлерге пәтерлер, жатақханалар мен жаңа үйлерден берілді. Қалған әскери бөлімдерде мемлекет тарапынан тұрғын үй жалдағаны үшін әске-рилерге қомақты қаражат беру мен шығындарын өтеу арқылы көмектер көрсетілуде.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев-тың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты биылғы Жол-дауына азаматтық көзқарасы-ңыз қандай?

Елбасымыздың жыл сайын-ғы үндеуі барша қазақстандық-тар үшін жақсылықтың нышаны екеніне сенімдімін. Нұрсұлтан Әбішұлы тек қана Елбасы емес, еліміздің Бас Қолбасшысы бо-лып табылады. Сондықтан да, Елбасының әрбір сөзі әскери адам үшін бұлжытпай орындауға тиіс парыз екені анық. Отан қорғаушы ретінде, Елбасымыздың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» ат-ты жолдауын толық қолдап, Елба-сымыздың әрбір тапсырмасы іс жүзінде орындалса екен деймін. Ел тыныштығы - халықымыздың сенімді болашағы болғандықтан, еңселі еліміздің азаматы ретінде,

Page 9: Журнал №19 2015г

9

мен де Көшбасшымыз бастаған Нұрлы жолмен жүріп, мәңгілік Ел болғанын қалаймын.

Ата-бабамыздың өзімізге бер-ген аманатын келер ұрпаққа жет-кізуді парызым деп санап, қарама-ғымдағыларды ауызбіршілік пен достыққа шақырып, осындай ізгі бастамаларға өз үлесімді қоссам деймін.

Ұлы Жеңістің 70 жылдығы-на орай елімізде көптеген іс-ша-ралар басталып та кетті. Осы тұрғыда Әуе Қорғанысы Күш-тері өз ардагерлерін ардақтау мақсатында қандай жұмыстар атқаруда?

Жер дүниені дүр сілкіндірген соғыс өртінің сөнгеніне биыл 70 жыл толып отыр. Ажалға қасқайып қарсы тұрған қаһармандарды бас-қалар еріксіз мойындауға мәжбүр болды. Бауыржан мен Төлеген, Нұркен мен Талғат, Рақымжан мен Қасым, қазақтың қос жұлдызы Әлия мен Мәншүк сияқты ұл-қыз-дарымыз халқының батырлары екендігін дәлелдеді. Жыл өткен сайын соғыс ардагерлерінің саны азайғанымен, олардың жасаған ерлігі бүгінгі ұрпақ санасында мәңгі сақталмақ. Ал, біздің мақсат – ажал аузынан аман қалған батыр-ларымызды құрметтеп, қан май-данда көрсеткен үлгі ерліктерін жастарға дәріптеу. Осыған орай, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен аталмыш мерейлі шараларға қатысты кешен-ді жоспарлар жасалынды. Осы жоспарларға сәйкес, еліміздің бар-лық жетістіктері туралы жастарға мақтанышпен жариялайтын бола-мыз. Наурыз айынан бастап Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған

әскери парадқа дайындық баста-лады. Өткізілетін іс-шаралар ел мақтанышына айналар нағыз пат-риоттарды дайындауға өз ықпалын тигізері сөзсіз. Сондай-ақ, Әуе Қорғанысы Күштері әскери бөлім-дерінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері арнайы бекітілгендік-тен, өздері қамқорға алған арда-герлерге тек мейрам кезінде ғана емес, үнемі көмек көрсетіледі. Әр-бір атаулы іс-шараға құрметті қо-нақ ретінде шақырылып, жас ұр-паққа ерліктерін паш ету мақса-тында сұхбаттар ұйымдастыры-лады және де көптеген әлеуметтік және қаржылай көмектер көрсе-тілуде.

Жемісті жетістіктеріңіздің негізінде қалыптасқан еңбек жолыңыз туралы айтып берсе-ңіз. Қандай отбасында тәлім-тәрбие алдыңыз?

Мен Шығыс Қазақстан облы-сы, Зайсан ауданының Зайсан ауы-лында дүниеге келдім. Бастауыш мектепті бітіріп, Харьков жоғары әскери авиациялық ұшқыштар училищесіне оқуға түсіп, кейіннен Мәскеу қаласындағы Әскери ака-демияда, Гагарин Бас штаб акаде-миясында білім алдым.

Қатардағы әскери ұшқыш ла-уазымынан эскадрилья командирі, әскери бөлім командирі, Бас штаб бастығы сияқты қызметтерді абы-роймен атқардым. Еңбек жолым Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы лауазымына дейін қарапайым қатардағы офицер ре-тінде басталған болатын. Әскери тұлға ретінде өзіме тапсырылған жұмыстарға жауапкершілікпен қа-рап, тапсырманы адал әрі абырой-мен орындауға тырыстым. Еңбе-

гім елеусіз қалмағандықтан, бас-шылық құрам осы лауазымға та-ғайындады.

Сіз үшін «Тәуелсіздік» ұғы-мы қандай? Қадірі мен қасиеті неде деп ойлайсыз?

Еліміз Тәуелсіздігін алғалы іргелі мемлекет құру жолында Әлем қауымдастығына мүше бола отырып, алдыңғы қатарлы елге айналу мақсатында көш алдында келе жатқаны барлығымызға бел-гілі.

Әрбір қазақ баласы өз елін, қа-сиетті тілі мен туған жерін, мәдени құндылықтарын сондай-ақ тарихы мен салт-дәстүрін Абайша сүйе білсе, менің басты арманымның орындалғаны деп білемін. Ата-ба-баларымыз қасықтай қаны қалған-ша, найзаның ұшымен, білектің күшімен қасиетті қара жерімізді қорғап саясат сахнасында өзіндік орнымызды ойып тұрып иеленді. Осы тұста тәуелсіз елдің жастары - кез-келген жерде өзін қауіпсіз сезініп, еркін білім алып, биік шың-дарды адал еңбегімен бағындыра алатын бақытты ұрпақтар болса деймін.

Қаншама елдің арманына ай-налған Тәуелсіздігіміздің қадірі мен қасиетінің тереңіне бойлау арқылы еліміздің тыныштығын сақтау жолында аянбай еңбек ете білсек, байтақ еліміздің қасиетті туы мәңгілік желбіреп тұратынына сенімім мол.

Салиқалы сұхбатыңызға рахмет!

СұхбаттасқанАқбөпе Әбдрасул

Page 10: Журнал №19 2015г

10

ОТАНДЫ ҚОРҒАУ-ЕР ІСІ

Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес. Барды жоқ ететін, тауды жер ететін соғыс – күйретуші күш. Ол жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұ-татын тажал. Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе ұмытылған жоқ. Ұлы Отан соғысы сол кездегі халықтың ержүректілігі мен тө-зімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалған күн. Бұл соғыста қаншама жан елі үшін аянбай тер төгіп жанын қиды. Қайсар рухты, өр мінезді аға-апалары-мыздың арқасында Ұлан байтақ жеріміз сақталып қалды. Бүгінде сол бабалардан қалған асыл мұрамыз, халық игілігіне жарап келеді. Тәуелсіздік туының астында бірлігі жарасқан тату тәтті Қазақ елі Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерей тойын атап өткелі отыр. Ата-бабамыздың жанымен, қанымен, күшімен, ерлігімен, ата-ның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға тап-татпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын көтеріп, жеңістің таң-басын басқан күн. Бұл күннің толғағы ащы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл Ұлы мереке. Оққа ұшқан қарулас жолдастарының аманатын арқалап, аман оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап, қорған болып оралған арттағы қалың елдің қамығып жеткен Жеңіс күні, мәңгілікке ұмы-тылмайды.

Page 11: Журнал №19 2015г

11

Біз Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске еш-теңеге теңеспейтін ғажап күшпен жеттік. Ол күш - әрине, «бірлік». Қаншама халық бір тудың астына бі-рігіп күштерін бір арнаға салды. Ұлы Жеңіс он бес одақтас болған мемлекеттердің ортақ мерейтойы. Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне Қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық жауын-герлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін бар-ды. Олар Сталинград түбіндегі шайқаста, Днепр өт-келінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыс-тарда ерен ерліктер көрсетті. Қазақ елі басына күн туғанда толарсақтан саз кешетін жауынгер халық. Ұлы Отан соғысының қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ, қазақтардың қанды қырғынға қаймықпай соғысқанына ашық көзіміз жетеді.

Екінші дүниежүзілік соғыс 1939 жылы Германияның Польшаға шабуылымен басталды. КСРО-ны жеңгеннен кейін фашистер Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстан аумағында Гросс-Түркістан рейхкомиссариатын құру, ал Қазақстанның Орта-лық, Солтүстік, Солтүстік Шығыс аудандарында Қарағанды, Новосібір және Кузнецк «Индустриалды облыстарын құру жоспары болды». Соғыстың алғашқы күнінен бастап Қазақстан майдан арсенал-дарының (арсенал – күш-қуат, қару-жарақтар қой-масы) біріне айналды.

1941–1945 жылдары барлығы 480 зауыт, фабри-ка, кеніш, шахта және өндіріс орындары салынды. Республикада өнеркәсіп өндірісі соғыс жылдарын-да 37 пайызға өсті, бұл соғыстың алдындағы төрт жылдағы өнімнен 2 пайыз жоғары болды. 1941–1945 жылдары Қазақстанның ауыл-село еңбеккерлері майданға 5829 мың тонна астық, 734 мың тонна ет және басқа азық-түліктер, өнеркәсіп үшін шикізат берді.

Соғыс жылдарында Кеңес Армиясының қата-рына 1 млн 200 мыңнан аса қазақстандықтар ша-қырылды, 20-дан астам атқыштар дивизиясы мен басқа да әскери бөлімдер құрылды. Майданға 14,1 мың жүк және жеңіл автомобильдері, 1,5 мың шынжыр табанды трактор, 110,4 мың жылқы жіберілді.

Жүздеген мың қазақстандықтар ерлігі үшін ор-дендермен және медальдармен марапатталып, қа-зақстандық 500-ден астам жауынгер Кеңес Одағы-ның Батыры атағын алды, оның ішінде қыздардан – Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова бол-ды. Төрт қазақстандық Т.Бигельдинов, С.Луганский, И.Павлов, Л.Беда екі рет Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Рейхстагта Р.Қошқарбаев жеңіс туын тікті, соғыстан кейін Батыр жұлдызы көрнекті әскер басшысы Б.Момышұлына берілді. Сонымен қатар Халық қаһарманы атағын иемденеген батыр С.Нұрмағамбетов болатын.

1933 жылы Германияда фашистік партия сай-лауда жеңіске жетеді, оның жетекшісі Адольф

Гитлер елде қатал тәртіп орнатты. Гитлерлік Германия өзінің соғыс жоспарын 1939 жылы бас-таған еді. Осы жылдың 1 қыркүйегінде Германия Польша жеріне басып енуімен Екінші дүниежүзі-лік соғыс басталды. Германия 1941 жылы өзінің басты қарсыласы деп есептеген КСРО-ға аяқ тіреді. Біздің әдебиетімізде бұл Ұлы Отан соғысы деген атпен белгілі.

1941 жылы 22 қыркүйекте таңғы сағат 4 ша-масында Герман әскері КСРО-ның батыс шека-раларына ене бастады. Гитлердің соғыс жоспары «Барбаросса» деп аталды, ол жоспар бойынша КСРО-ны 3–4 айда жаулап алып, оны болашақ со-ғыс жорықтары кезіндегі шикізат, адам ресурсына айналдырмақшы болды.

Ұлы Отан соғысы жылдары КСРО бойынша 11600-ден астам адам ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағын алса, соның ішінде 497 қазақс-тандықтар, ал 97 қазақтар болды. Ұлы Отан соғысы жылдары ең алғаш Кеңес Одағының Батыры ата-ғын алған қазақстандық жауынгер К.А.Семеченко еді. Ұлы Отан соғысы жылдары Кеңес Одағының Батыры атағын алған ең жас қазақ жауынгері 18 жасар Ж.Елеусізов болды. 1941–1945 жылдары майдан шебінде соғысқа қазақтың 100-ге жуық ақын-жазушылары қатысты. Қасым Қайсенов, Әди Шәріпов сынды қаһарман партизандар жау тылын-да аянбай шайқасты. Ұлы Отан соғысы жылдары КСРО 27 млн азаматынан айырылды, оның шама-мен 4101 мыңы қазақстандықтар. 1710 қала типтес мекен, 70 мыңдай ауыл, елді мекендер қирады.

1945 жылы 9 мамырда Кеңес қызыл армиясы Германияның астанасы Берлин қаласының төбесіне Жеңіс туын тікті.

Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз – болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал пат-риоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Сол бір уақыт-тардағы жауға қарсы шайқастар алдыңғы шептегі ұрыстарда ғана емес, алыстағы ауыл мен кең байтақ далада да жүріп жатты. Ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің ерен ер-ліктері ұмытылмайды.

Торқалы тойдың қуанышы өзі сүйген халқы үшін ерекше болмақ. Найзағайдай жарқылдаған отты ойы бар қаһарлы сөйлесе де қайырымы мол, ұрпақ мүддесін ойлаған, қара қылды қақ жаратын әділдіктен жаралған ойы тұңғиық, қимылы қылыш Бауржан Момышұлы есімі, ерлігі жадымызда мәңгі қалып, өнегесі болашаққа күш, қайрат, рух береді. «Ер есімі – ел есінде»,- демекші, бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған аталар, апалар ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Солардың қасиетті рухы бүгінгі бейбіт тірлігімізге нұрлы шуағын мәң-гі шашпақ.

Жадыра Мұсабай

Page 12: Журнал №19 2015г

12

СОҒЫСТЫҢ АТЫ ДА, ЗАТЫ ДА ЖАМАН...«Соғыс» деген сұрапылдың аты да, заты да жаман. Оны бүгінгі ұрпақ білмеуі

де, көрмеуі де тиіс. Бүткіл әлем күлге оранған берекетсіз заманның оқиғалары аңыз болып қала берсе игі. Әке мен аға жолында зар жылаған отбасы, қара түтінге тұншыққан жер ана, шаңырағы қираған ғимараттар – бәрі өткеннің жағымсыз көрінісі болып қала бергей.

Иә, талқаны шыққан ғұмырлар, тағдырлар, бояуы қарайған өмір-ай! Келмеске кеткені жөн болар. Заманның шырайын құртқан қатыгез күндердің билігі осал тартқалы биыл 69 жыл болмақ. Соғыстың ащы уынан қаймықпай дәм татқан батыр ағаларымыз бен апаларымыздың қатары да жылдан жылға сиреп барады. Олардың есімі ардақталғаны да бар, елеусіз қалғандары да қаншама! Болашақтың ертеңі мен ұрпақ үшін, бейбіт күннің арайлы таңы үшін жан аямай күрескен бабаларымыздың ерлігін ұлықтап, рухына тағзым ету баршамыздың айнымас борышымыз. Тарих беттерінде алтын әріппен жазылатын батырлардың есімі мен намысшыл болмысы бүгінгі мен ертеңгінің жастарына үлгі болары сөзсіз. Ендеше, Отан үшін қан майданның отын басып, суын ішкен аптал азаматтардың бәрін болмаса да, біршамасымен таныстырып өткенді жөн санадық.

Бауыржан Момышұлы (1910-1982 ж.ж.) - Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, Халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері - Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені. Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Кейін қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота командирі болады.

1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен, Бауыржан даңқты генерал-майор И.В. Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанып, онда батальон, полк командирі

қызметтерін атқарды. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарған Бауыржан Момышұлы соғыс кезіндегі жеке басының қаһармандық ерлігімен және ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігімен ерекше көзге түсті. Бірнеше рет жау қоршауынан жауынгерлерін аман-сау алып шыққаны және Мәскеу түбіндегі шайқастағы ерлігі сол кездің өзінде Одақ көлеміне аңыз болып жайылған болатын.

Соғыстан кейін Бауыржан Кеңес Әскері Бас штабының Жоғары әскери академиясын бітіріп, Кеңес Әскері әскери академиясында сабақ береді. 1956 жылы полковник атағымен отставкаға шыққан Бауыржан біржола шығармашылық жұмыспен айналысады. Алғашқы кітабы «Офицер күнделігі» деген атпен жарық көрді. Одан кейін «Бір түннің тарихы», «Біздің семья», «Москва түбіндегі шайқас», «Майдан», «Генерал Панфилов», «Куба әскерлері», «Адам қайраты» тағы басқада әңгімелері мен повестер жинақтары оқырман назарына ұсынылды.

Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова (1922-1943 жж.) - қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры. Туған жері - Батыс Қазақстан облысы Орда ауданы. Азан шақырып қойған аты Мәнсия. Бес жасынан бастап оны әкесінің немере інісі Ахмет Мәметов және әйелі Әмина асырап алған. 1937 жылдың қуғын-сүргініне Мәметовтер әулеті де ұшырады. Ғылыми – зерттеу институтының директоры Ахмет Мәметов қамауға алынғандағы жұбайына айтқан соңғы сөзінде: «Менің Мәншүгімді ренжітпе, аман сақта» деген екен.

Мектепті бітіргеннен соң Мәншүк медицина институтына оқуға түседі.1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда Мәншүк небәрі 18 жаста болатын.

Ол соғысқа бару, Отанын қорғау туралы шешім қабылдап, «Фашистерді жою үшін

Page 13: Журнал №19 2015г

13

майданға жіберетін менің ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді жіберіңіз», - деп өтініш жазған. Бір жыл бойы Мәншүк әскери комиссариаттан өзін әскерге жіберу туралы рұқсат ала алмай, ақыры дегеніне жетіп 1942 жылдың 13-ші тамызында Алматыдан 100-ші атқыштар бригадасы майданға аттанды. Әскердің қиындығын Мәншүк ерлермен қатар көрді - жер жорғалап, судан жүзіп, қалың ну ормандардан өтті, пулемет атып үйренді. Нәтижесінде, 21-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының ең жақсы пулемет атқышы атағын иеленді. 1943 жылдың 15-ші қазанында Псков облысындағы Невель қаласын босату үшін Изоча станциясындағы 173,7 биіктігінде өте қатал шайқас орын алып, Мәншүк өзінің әскери бөлімінің шабуылын пулемет отымен қолдады. Бірақ, Мәншүктің басына оқ тиіп, ауыр жараланады. Соңғы күшін жинап үлгерген Мәншүк пулеметін ашық жерге алып шығып, жолдастарына жолды тазалап, фашистердің тікелей бетіне атқан. Өлі Мәншүк пулеметтің саптарын қолына тастай қатты қысып алған. Сол қан майданда Мәншүк Мәметова ерлікпен қаза тапты.

Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова (1925-1944 жж.) – Кеңес Одағының Батыры. Шын есімі Ілия, майдандас достары «Лия» деп атаған. Туған жері - Ақтөбе облысы Хобда ауданы Бұлақ ауылы. Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында дүниеге келген. 8 жасында анасынан айрылған Әлияға әжесі Тәжікен адамгершілікті, жақсылықты, еңбекқорлықты бойына терең сіңіріп өсіреді. 1933 жылы Молдағұловтар отбасы Шалқардан Жамбылға, ол кезде Әулиеата деген кішкентай станцияға, 1935 жылы Москваға, ал соғыстың алдында Ленинградқа көшіп барады. Отбасы жағдайына байланысты нағашысы Әлияны Красногвардейский ауданындағы Гурдин көшесіндегі №46-шы балалар үйіне тапсыруға мәжбүр болды. Әлия Ленинградты екінші отаны санап, шын жүрегімен жақсы көрді. Әлияның мұғалімдері, бірге оқыған дос қыздары оны өте ұстамды, терең ойлы, таза, ұқыпты деп естеріне алады. Батыр қыз 1942 жылы Жұмысшы-

Шаруа Қызыл Әскеріне майданға жіберу туралы өтініш жібереді. 1943 ж. Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтап, 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болады. Жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған Әлия 1944 жылдың 14 қаңтарында Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.

Хиуаз Қайырқызы Доспанова (1922-2008 жж.) – Екінші дүниежүзілік соғысының қазақтан шыққан жалғыз әйел-ұшқышы, жауынгер, батыр, Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы. Туған жері – Атырау облысы Бөкей гөбернесі Ганюшкино селосы. Әкесi - Қайыр балықшы, анасы - Меруерт мұғалiм болып еңбек еткен. Ұшқыштық өмір жолын Оралдың аэроклубында бастап, кейін әйгілі ұшқыш Марина Раскова басқарған 46-гвардиялық полкінің құрамында 300-ден астам әуе шайқастарына қатысқан Хиуаз Доспанова сол кездің өзінде теңдессіз ерлігі үшін «қанатты қыз» атанған еді. Мектеп қабырғасын үздік бағамен тәмамдаған талдырмаш жас қыз ұшқыш болуды армандайды. Алға қойған мақсатын қайтсе де орындауға дағдыланған ол, соғыс басталған жылдары Мәскеудегі Жуковский атындағы әскери-әуе Академиясына қабылданбай қалса да, медицина институтынан алған білімімен тылда еңбек етіп, кейін ұшқыштар дайындайтын

училищеге түседі. Өрімдей жас қыздың қайсарлығына тәнті болған атақты ұшқыш әйел Марина Раскова сол кезде-ақ оған зор үміт артқан екен. Есімдері кең тараған ұшқыш әйелдер Гризобудова, Осипенко, Расковаларға еліктеген Хиуаз Доспанова үмітті ақтайды.

Рақымжан Қошқарбаев (1924-1988 жж.) – Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақ азаматы, Халық Қаһарманы. Туған жері - Ақмола облысы, Тайтөбе ауылы. 1944 жылы қазан айынан бастап 1-Белорусь майданындағы 150-Идрицк атқыштар дивизиясы құрамында взвод басқарып, Польша және Германия жерлеріндегі ұрыстарға қатынасты. Лейтенант Қошқарбаев Берлин операциясы кезінде асқан ерлік көрсеткені де баршаға мәлім. 30 сәуірде ол жауынгер Григорий Булатов екеуі Кеңес әскерлері арасынан Рейхстагқа алдымен жетіп, жеңіс туын тікті. Соғыстан кейінгі жылдары Эльба бойындағы кеңестік оккупациялық әскер бөлімінде қызмет атқарғанын да айтуға болады.

Редакция

Page 14: Журнал №19 2015г

14

КамалБұрханов

Page 15: Журнал №19 2015г

15

ЕЛ АЛҒЫСЫНА БӨЛЕНГЕН ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ

Халқымыздың маңдайына елі үшін қам жейтін, әркез бүгіні мен болашағын назарда ұстай білетін нар азаматтарды үйіп бере салған секілді. Ықылым заманнан бері қай дәуірде, заманның қай ұшында болмасын, ұлт үшін жаратылған жандар табылып жатады. Бұл әрине көңіл қуантатын жағдай. Осындай арда азаматтарымыздың бірі ғалым, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бұрханов Камал Низамұлын ерекше айтуға болады. Тарих мамандығы бойынша тәлім алған ел ағасының ғылым-білім саласында да елге елеулі еңбегі сіңіп, талай шәкіртке тура жолды нұсқаған тағылымды тұлға. Сондай-ақ халық қалаулысы атанып, елдің мұңын мұқтап, жоғын жоқтап жүрген ұлт жанашырынан үлгі алатын тұстар көп-ақ. Ендеше, елдің күйін күйттеп, халықтың түйіткілді мәселелерінің шешімін табуға өз үлесін қосып жүрген ел ағасымен болған салиқалы сұхбатымызды оқи отырыңыз, қадірлі оқырман!

Камал Низамұлы, әңгіме-міздің басын Сіздің депутаттық қызметіңізден бастасақ деп отырмыз. Бүгінгі күні халық қалаулысы ретінде қандай мә-селелерді көтеріп жүрсіз?

Депутаттық қызметтің ма-ңызды тұстары қарапайым халық-қа байқала бермейді. Парламентте үнемі заңдар келіп, түсіп отырады. Әрбір заңның өзіндік ұғымы, тәр-тібі болатындықтан, ол заңды қайта-қайта қарап, жүйелі талқы-лануға түсіп, тіпті ұзақ мерзімді болсын қаралып жатады. Мәсе-лен, қандай да бір заңды қабыл-дау керек болған жағдайда, ар-найы жұмыс тобы құрылады, сол жұмыс тобына қабылданатын заң тақырыбы аясында тиісті мекеме-лік органдар, арнайы мамандар, сарапшылар, ғалымдар, мемле-кеттік емес ұйым өкілдері қаты-сады. Ол әр комитетте бөлек-бө-лек талқыға түседі. Мәжілістен өткен соң, Заң жобасы Сенатқа жіберіледі. Ол жерде де осындай сатылардан өтеді. Тек содан ке-йін Заң жобасы Елбасыға барып, қол қойылғаннан кейін жүзеге асырылады. Заң қабылданғаннан кейін ол өмірге еніп, ал өмір әр-бір заңға өз бағасын береді. Мы-

салы, жиырмасыншы ғасырдың ұлы реформаторы Дэн Сяо Пин мырза айтатын: «Шындықтың негізі – ол өмірлік тәжірибе...». Өкінішке орай, заң ішіндегі кейбір жағдайлар өмірдің қағидаларына келмейтін баптары кездесіп тұра-ды. Сонымен қатар, өмірдің даму барысы бүгінгі заманда сонша-лықты жылдам – ол өмірдің бол-мысына да, қазіргі жағдайына да өзгерістер енгізіп отыр. Сондық-тан, бірнеше жылдан кейін бұл заңдар Парламентке қайтып келе-ді. Сонымен қатар, бір заңға өзге-ріс жасау кезінде ол басқа заңдар-ға әсер етуі мүмкін. Ал заңның бәрі жүйелі болуы керек. Осы жайттар бойынша жүйелі, зерделі түрде жұмыс жасаймыз. Дәл қазір-гі таңда ауыл шаруашылығының кооперациясы бірқатар ратифика-циялық заңдар жөнінде археоло-гияға қатысты, жалпы бірқатар тақырыптар төңірегіндегі талқы-лануы тиіс заңдар аясында жұ-мыс жасаудамыз. Бұл біздің Пар-ламенттегі күнделікті негізгі заң-намалық жұмысымыз болып та-былады. Сонымен қатар, азамат-тардан келіп түсетін хаттармен жұмыс жасап, шешілмеген түйін-дері болса сол кісілермен хабар-ласа отырып, жұмыс жасаймыз.

Парламент мәжілісінің депу-таты ретінде «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының аймақ-тардағы орындалу барысы жө-нінде не айтасыз?

Бұл жөнінде экономикалық реформа және өңірлік даму коми-тетіміз бар. Арнайы ғалымдар, заң-герлер елдегі жұмыссыздар жүйе-сін бақылауда ұстайды. Осы бағ-дарлама аясында жергілікті жерге берілген тапсырмалар негізінде жүзеге асады. Елбасымыз «Еңбек қоғамына қарай жиырма қадам...» атты терең философиялық мағына-сы бар мақаласын сәтті жарияла-ды. Бүгінде бизнестің өзі нағыз еңбек. Жақсы аспаздың өзі шағын самса сататын кішкене жерден бастап, соңы үлкен кафеге дейін бастау алады. Мұның өзі еңбек жолындағы нағыз идеология. Осы төңіректе жастарға насихаттау ба-рысында біраз мәселелер бар. Мы-салы, біз жылына 25 мың заңгер даярлайды екенбіз. Ел аралап жүр-ген соң аудан әкімдерден неше заң-гер қажет болады деп сұрасақ, ор-та есеппен 20-25 заңгер керек дей-ді. Ол кімге керек? Сондықтан жастарға мұны түсіндіру қажет. Сұранысқа ие, елдің негізгі қаже-тіне жарайтын мамандықтар бо-йынша білім алса дұрыс, нәтижелі қадам жасаған болар еді.

Page 16: Журнал №19 2015г

16

ЖОО саласында қызмет ет-кен ғалым ретінде қазіргі жоға-ры білім мен ғылыми-зерттеу саласындағы ең өзекті мәселе не деп білесіз?

Ғылым үлкен ауқым, кең ке-ңістік. Кеңес Одағының кезінде ғылымды даму бағыттарын белгі-лейтін Үкіметтің жанында тиісті мекемелер болатын. Мысалы, Ке-ңес заманында біздің физиктер, химиктер, биологтар және т.б. көп-теген ғалымдар КСРО-ның Қарулы күштеріне еңбек еткен. Түрлі-түсті ядролық қарулар, зымырандар, за-манауи әскери ұшақтар, су астын-да жүзетін атом кемелері, т.б бү-гінгі танда Қазақстанға керек емес. Қазіргі уақытта біздің Қазақстаны-мызда ғылымның бағыт-бағдарла-малары мемлекетіміздің алдында тұрған, болашақ ұрпақтардың ал-дында тұрған мақсаттарға сәйкес болу керек. Сондықтан, ғылымға Үкіметтен бөлінген қаржыны тек біз қажет ететін салаларға жұмсау-ға тиістіміз. Ол біздің экономика-лық әлеуетімізді көтеретін, әлеу-меттік саланы дамыту, еліміздің рухани байлығын ұлғайту және т.б салаларға жұмсау керек. Өкінішке орай, біздің ғылыми зерттеу бағыт бағдарламаларымызды бүгінгі таң-да шетелдік сарапшылар белгілей-ді. Ол, меніңше, дұрыс емес. Бірін-шіден, көптеген ғылыми зерттеу-лер бәсекеге байланысты, құпия болу қажет. Екіншіден, қазақ мем-

лекетінің ғылыми салаларындағы проблемаларды қазақтың азамат-тарынан артық ешкім білмейді. Сондықтан, нақты бағдарламалар-ға үйлестік жасайтын ұйым керек сияқты. Қазір Білім және ғылым министірлігінің жанында Ғылым комитеті бар, алайда ол жоғары деңгейде болуы керек.

Қазақ хандығының 550 жыл-дығы, ҚР Конституциялық за-ңының 20 жылдығы, Ұлы Отан соғысына 70 жыл және ҚР Ха-лықтар Достығы ассамблеясы-ның 20 жылдық мерейтойына орай қандай іс-шаралар өткізу көзделуде?

Жалпы осы аталған мерейтой-ларға байланысты мемлекеттік деңгейде арнайы комиссия құрыл-ған, Парламентте өзіміздің бағдар-ламаларымыз бар. Аталмыш ме-рейтойларға байланысты жеке өзім бірқатар басылымдарға, сон-дай-ақ конференциялар мен үлкен жиындарда баяндамалар айтып, жазып жүрмін. Ұлы Отан соғысы-на байланысты Мәскеу қаласының басылымына материалдар жібер-дім. Бұл үлкен деңгейдегі мерей-тойларды атап өту тек сән-салта-натпен шектелмейді, халықтың тарихи санасын ояту, бабалары-мыз салған жолдың қадірін білу аясындағы кең ауқымды ұғымдағы дүбірлі той. Ұрпаққа үлкен ой са-латын тарихи той екенін аңғарту

ләзім. Қазақ хандығының 550 жыл-дық мерейтойы негізінен үлкен деңгейдегі той. Елбасымыз қолға алып, мұны тойлауды қажет деп тапқаны игі іс екені белгілі. Осы мәселе төңірегінде кейде шатасу байқалады. Хандық дәуірдің құ-рылғанына 550 жыл дегенді мем-лекеттіліктің құрылғаны деп білуі үлкен қате болып табылады. Хан-дық дәуірге дейінде біздің халқы-мызда түрлі-түсті мемлекеттердің бар болғаны баршаға аян емеспе?!

Ұлы Отан соғысының 70 жыл-дық мерейтойына келетін болсақ, біздің жалпы қазақ ұлтының тигіз-ген үлесі орасан зор. Бұл сұм со-ғыста ажал құшқан боздақтары-мыздың ерлігі әрқашан халқымыз-дың жүрегінде. Майданға кеткен батырлардың 600 мыңнан астамы қазақтар болғаны және олардың жартысынан көбі соғыстан қайтпа-ғаны бәрімізге белгілі. Сонымен қатар, қазақ халқы батыстан көшіп келген 150 зауыт пен фабриканы қабылдап, оларды іске қосылуына орасан зор үлес қосты. Мысалы, соғыс майданында атылған 10 оқ-тың 9-ы біздің елде жасалғанын ұмытпауымыз керек. Ал сонымен қатар, елімізге басқыншылықтан қашып келген мыңдаған кеңес азаматтары, көбінесе бала-шаға, әйелдер, шалдар, сонымен қатар репрессияға ұшыраған халықтар-дың барлығын қазақтар қабылдап және оларды тамақпен, баспана-

Page 17: Журнал №19 2015г

17

мен қамтамас еткенін ешкімде ес-тен шығармауы керек. Сондықтан маңыздылығы жағынан бұл мерей-тойдың ұғым-түсінігі ерекше.

Қазақстан Халық Ассамблея-сы 20 жылдық мерейтойының за-йырлы мемлекетіміз үшін алар ор-ны айрықша. Бір шаңырақ астын-да жүзден астам ұлттардың өкілде-рін тату-тәтті бірлікте, ынтымақты тірлікте өмір сүруіне жағдай жаса-ған ұйым. Сондықтан тәуелсіз мем-лекетіміздің баянды ғұмырында бұл ұйымның жұмыс жасауы, оған біздің қолдау көрсетуіміз әбден қажет. Еліміздің әр аумағында ор-наласқан диаспоралардың бетке тұтар азаматтары атқарып отырған жұмыстары ұшан-теңіз. Кез-келген кикілжіңдердің дер кезінде шеші-мін тауып, ел тыныштығын ойлау-да жасаған жұмыстары мақтауға тұрарлық.

Ата Заңымыздың ел тіршілі-гінде алар орны ерекше. Бүгінгі даму жолымызда елдің түзу жол-мен тура тірлік қылуына осы Конс-титуцияның тигізіп отырған пайда-сы көп және болашақта бұл Конс-титуцияның елімізге бергенінен берері көп.

Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолда-уының насихатталуы мен орын-далу барысы жайлы айтсаңыз?

Негізінен айтқанда, Елбасы-мыз қашанда, қандай жағдай бол-

масын екі ұстанымды үнемі қапер-де ұстайды. Бірінші, халқымыздың тұрмыс деңгейі төмендемеу керек. Екіншіден, Елбасының стратегия-сы қай уақытта болмасын мемлеке-тіміздің болашағына арналған. Бұл «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» идеясының негізі – елдің бо-лашағы, ертеңгі ғұмыры төңіре-гінде болмақ. Сондықтан бүгінгі ФИИР бағдарламасы аясында көп-теген зауыттар мен фабрикалар са-лынады. Одан әлемдік бәсекелес-тікке сәйкес келетін заманауи өнім-дер шығатын болады. Мұның бар-лығы келешекте халықтың игілігі-не жаратылмақ. Бүгінмен ғана өмір сүру деген емес, керісінше ертеңгі күн, болашақтың қамы төңірегін-дегі игі ой болғандықтан, Елбасы-мыздың бұл Жолдау бағдарламасы-ның маңызы зор.

Әңгімеміздің легін Сіздің өмір жолыңызға бұрсақ, отбасы-ңыз бен қызмет сатыңыз жөнінде баяндап берсеңіз.

Тарихшы-археолог маманды-ғы бойынша жоғары білім алған-мын. Әуелгі еңбек жолындағы жұ-мыстарым құрылыста жұмысшы, кейін археология саласында бол-ды. Тарих мамандығы бойынша кандидаттық қорғадым, ал саясат-танудан докторлық диссертация қорғадым. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде та-рих, философия және саясаттану,

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық университетінде заң факультеттерінде декан болып қызмет атқардым. Президент әкім-шілігінде 2 жылдай жұмыс жаса-дым. Шохан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтына директоры болдым. 2007 жылдан бері Елбасының таудай білдірген сенімінің арқасында депутат бо-лып келе жатырмын. Жанұяма ке-летін болсам, жұбайым медицина саласы бойынша жұмыс жасайды, жоғары дәрежелі дәрігер. Алматы-дағы Орталық клиникалық ауруха-насында бөлім меңгерушісі. Ұлым менің жолымды қуып, ҚазҰУ-ның тарих факультетін бітірді, магис-тратураны Париждегі Сорбонна университетінде саясаттану бо-йынша тәмамдады. Ал енді док-торлық диссертациясын Америка Құрама Штаттарында қорғады. Сол елде 2 жылдай университетте дәріс беріп, қазір Назарбаев уни-верситетінде профессор болып жұмыс жасайды. Ал, қызымыз Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де әлеуметтану бөлімін бітіріп, ма-гистратураны Париждегі Сорбонна университетінде тәмамдап, док-торлық диссертациясын қорғап, Әл-Фараби атындағы Ұлттық уни-верситетте дәріс беруде.

СұхбаттасқанМөлдір Бегімбет

Page 18: Журнал №19 2015г

18

СергейЛи

Page 19: Журнал №19 2015г

19

ЗАҢ САЛАСЫНЫҢ ЗАҢҒАР ТҰЛҒАСЫ

Заң саласы – еліміздегі басқа билік салаларынан дара, өз қызметінде тәуелсіз, әрi кесiмдi шешiм айтатын ерекше иірімі мол, тұңғиығы терең қызметтердің бірі. Мемлекет азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қабілетті ашық әрі әділ заң жүйесін қалыптастыру мақсатында бірқатар жұмыстар Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауында берілген басым тапсырмалар негізінде жүзеге асырылып келеді. Дегенмен де, бұл бағыттағы жұмыстардың толыққанды, сапалы жүзеге асуы осы саладағы мықты мамандарға байланысты. Кәсіп атаулының қатарында аса мұқияттылық пен төзімділікті, қаталдық пен жауапкершілікті, біліктілік пен іскерлікті талап ететін кәсіптің бірі заң саласы болғандықтан, бұл салада ұзақ жылдық тәжiрибесi барысында әдiлдiгiмен, кәсіби біліктілігімен танылған заңгерлер арамызда аз емес. Солардың бiрi – Ли Сергей Михаилович.

Сергей Михаилович қиындығы мен жауапкершілігі мол заң саласында табан аудармай ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келеді. Білікті басшы ретінде бүгiнде Қазақстан Республикасы жеке сот орындаушыларының республикалық алқасының төрағасы қызметін атқарып жүрген Ли Сергей Михаиловичпен жолығып, бірнеше сауал қойған едік. Ендеше, сұхбатымызға назар ауда-рыңыздар!

Сергей Михаилович, ҚР Жеке сот орындаушыларының республикалық алқасының құ-рылу тарихы мен қазіргі таң-дағы атқарып жатқан жұмыс нәтижелері жайында айтып өт-сеңіз.

Қазақстанға жеке сот орын-даушылар алқасын енгізу тура-лы мәселе 2004-2005 жылдар аралығында заңды қоғамдастық-тарда айтыла бастады. 2005 жылдың маусым айында өткен Қазақстан Республикасы сотта-рының IV Съездінде алғаш рет Қазақстанға жеке сот орындау-шылары алқасын енгізу мәселесі мемлекеттік деңгейде қозғалды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Съездің ашылуында сот актілерін дұрыс орындаудың түбегейлі шешімі –

жеке сот орындаушылар алқасын енгізу болып табылатындығын айтқан болатын.

Жеке сот орындаушылар ал-қасын ашу үшін Франция мен Балтық жағалауындағы елдердің тәжірибесі жіті зерттелді. 2010 жылдың 2 сәуірінде Елбасы «Сот орындаушыларының атқарушы-лық өндірісі мен мәртебесі» ту-ралы Заңына қол қойды. 2011 жыл-дың тамыз айында жеке сот орын-даушылар лауазымына тағайын-дау үшін байқау жарияланды. 2011 жылдың тамыз-қыркүйек айларында жеке сот орындаушы-ларының өңірлік алқасы ашылып, сол жылдың қараша айында Рес-публикалық коллегия құрылды.

Жеке сот орындаушылардың Қазақстандық үлгісінде жеке сот орындаушылары мемлекеттік

орындаушылармен тең түсіп, бірін бірі толықтырып отыру арқылы ерекшеленеді. Ал, біздің алқаның басты міндеті – Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасындағы талаптар мен нор-малардың жеке орындалу тәжіри-бесінің және атқарушылық іс жүр-гізу мәселелерін реттейтін ха-лықаралық құқық тәжірибесінің сәйкестігін зерделеу, атқарушы-лық іс жүргізу тараптарының мү-ліктік және мүліктік емес құқық-тарының және заңды мүдделері-нің сақталуын бақылау, жеке сот орындаушыларының құқық қол-дану тәжірибесінде бірізділікті сақтау, атқарушылық іс жүргізу саласында құқық бұзушылықтар-дың алдын алу және ескерту бо-лып табылады.

Page 20: Журнал №19 2015г

20

ҚР Жеке сот орындаушыла-рының республикалық алқасы қандай деңгейде қызмет етіп жатыр? Алға қойылған мақ-саттар мен жоспарлар орын-далуда ма?

Елбасы Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты биылғы Жолдауында сот билігінің абыройы атқарыл-маған сот шешімдерінің нәти-жесінен төмендеп жатқандығын атап көрсетті.

Атқару жүйесінің тиімді құ-рылымы – азаматтар мен ұйым-дардың құқықтық және заңдық тұрғыда Конституция негізінде қорғау болып табылады. ҚР Жеке сот орындаушыларының респуб-ликалық алқасы жоғары деңгей-де қызмет етіп жатыр деп айтуға толық негіз бар. Дегенмен де, Қазақстандағы жеке сот орын-даушыларының өзіндік кемшіл тұстары да жоқ емес. Айта кете-тін болсақ, жеке сот орындаушы-лары даму деңгейінің төмендігі мен кеңселерді үлкейту - күрмеуі

табылмай жүрген мәселелердің бірі. Жеке сот орындаушылар-дың орта есеппен алғанда бір-екі көмекшілері бар, ал басым көпшілігі көмекшісіз қызмет атқаруда. Осыған орай, қызмет жасау мүмкіндігі де шектеліп отыр. 2013 жылдық қорытынды бойынша, жеке бір сот орындау-шысына 287 атқарушылық құжат тең келді. Аймақтың көлеміне сәйкес, 100-ден 1500 құжатқа де-йін барады.

Ал, Франция елінде әрбір же-ке сот орындаушысының 10-15 көмекшісі бар. Осыған сәйкес, бір сот орындаушысының жыл сайын 5-8 мың атқарушылық құ-жаттарды қарауға қауқары жете-ді. Осы мәселе өз шешімін тап-пай, мемлекет тарапынан беріле-тін тапсырмалар ойдағыдай жә-не уақытылы орындалмау қиын-дықтары туындап отыр.

Сіз басқарып отырған алқа-ның құрамында қанша жеке сот орындаушысы бар?

2011 жылдың тамыз айында жеке сот орындаушыларының бос қызмет орындарына қызметкер-лер тағайындауға арналған бірін-ші конкурсы өткізілді. Тәжірибе-лік жүзеге асырылу мақсатында бұл бастама жеке сот орындау-шыларының, мемлекет қызмет-керлерінің өтініші бойынша енгі-зілді. Сот орындаушыларын таға-йындауға арналған конкурстың алғашқы айналымының қоры-тындысы бойынша, 95 жеке сот орындаушылары 577 атқарушы-лық құжаттарды қабылдады. Жыл-дан жылға жеке сот орындаушы-ларының санымен қоса, атқара-тын құжаттар көлемі де арта тү-суде. 2012 жылғы қорытынды бойынша, жеке сот орындаушы-ларының саны 217-ге артса, 2013 жылы бұл қорытынды 304, ал қа-зіргі уақытта республика бойын-ша 530-ға жетіп отыр. Міне, ха-лықаралық сарапшылардың осын-дай сандық деректері аталмыш институт тиімділігінің жоғары екендігін дәлелдеп отыр.

Page 21: Журнал №19 2015г

21

ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Нұр-лы жол – болашаққа бастар жол» атты халыққа жарияла-ған Жолдауына қатысты Сіздің пікіріңізді білсек?

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бас-тар жол» атты Жолдауы ел та-рихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Елбасы Жолдауын мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру жөнінде нақты шараларымен халықты таныстырған болатын. Қазақ елі 23 жылда қыруар іс атқарды. Елбасы еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария етіп, басты мақсатымыз – әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына ену екендігін атап кетті. Сондай-ақ, 2015 жы-лы экономиканы 6-7 пайызға ұл-ғайту тапсырмасы берілді және шағын және орта кәсіпті дамыту-ға улкен көңіл бөлінді. Себебі, экономикамызда шағын және ор-та кәсіптің үлесі артқан сайын

Қазақстанның дамуы да орнық-ты бола түсетінін ескерте кетті. Осыған орай, шағын және орта кәсіптің дамуына барынша қо-лайлы жағдайлар жасалу керек-тігін атап өтті.

Сонымен қатар, Елбасы атап өткендей, Еуразиялық экономика-лық одаққа және Дүниежүзілік сауда ұйымына кіре отырып, эко-номикамызға шетелдік инвести-циялар, технологиялар мен инно-вацияларды кеңінен тартатын боламыз. Барша қазақстандық-тарды Елбасының бастамаларын қолдап, жүзеге асыруға шақыра-мын.

Сергей Михаилович, әңгіме желісін өзіңізге қарай бұрсақ. Қай өңірдің тумасысыз?

Мен Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласында дүниеге келдім. Орта мектепті тәмамдаған соң, әскери училищеге оқуға түстім. Кейіннен Отан алдындағы азаматтық боры-шымды өтеу мақсатында әскерге барып қайттым. Анамның берген

өнегелі тәрбиесінің арқасында қандай да қиындыққа мойымай, көздеген мақсатыма жете білуді үйрендім. Көп білім мен мол тә-жірибенің арқасында осындай дәрежеге жетіп отырмын.

Сіз үшін «Тәуелсіздік» қан-дай ұғым? Оның қадірі мен қасиеті неде?

Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Ел ба-сына қиын-қыстау күн туғанда ерлері намыс отын жағып, туған топырағын қасық қаны қалған-ша қорғағанына өткен тарих куә, кешегі сұрапыл заман куә. Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Еліміздің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Байтақ ел, күн сәулетті Қазақстан бүгінде дамудың даң-ғыл жолына түсті.

СұхбаттасқанАқбөпе Әбдрасул

Page 22: Журнал №19 2015г

22

ТАБЫС КІЛТІ ТАЗА ЕҢБЕКТІҢ ЕНШІСІНДЕ

Өнертапқыштық - керектіні де, ке-реметті де жасап шығаруға алып келе-тін үлкен күшке ие болғандықтан, үнемі ізденісті іргелеп, тынымсыз еңбек етуді қажет етеді. Өз еліміз ішінде ғажапты жасау арқылы ғаламды өзгертіп, қажыр-лы еңбекке қайратын жұмсайтын кешенді жоба жүйелері жетерлік. Мемлекетіміз-дің қамбасы қазынаға толы батыс өңірі бірқатар кәсіп түрінің жиынтықтары-мен толыққан. Бұған дәлел ретінде ай-мақтың қақ төрінде орналасқан Орал қа-ласындағы «Гидроприбор» ғылыми-зерт-теу институтын айта аламыз. ТМД ауқымында баламасы жоқ су көліктерін жасаумен айналысатын аталмыш меке-ме жайлы кәсіпорынның жүйелі жұмы-сының тікелей тізгіншісі болып, өркенде-ген өндірістің өрісін кеңейтіп, сапалы қыз-мет атқарып келе жатқан Гнеломедов Александр Николаевич толығырақ әңгіме-лесін, оқи отырыңыз қадірлі оқырман!

Александр Николаевич, «Гидроприбор» ғылыми-зерт-теу институты» АҚ тарихы қа-лай бастау алды? Ұжымның жеткен жетістіктері туралы оқырмандармен бөлісе отыр-саңыз.

«Гидроприбор» ҒЗИ – 1972 жылдан бері Орал қаласында жұ-мыс жасап келе жатқан 40 жыл-дық тарихы бар кәсіпорын. Атал-мыш мекеме су асты техникасы-ның қолданылуы мен әдіс-тәсіл-дерін жетік меңгеру мақсатында құрылып, «Қазақстан инжини-ринг» АҚ құрамына кірді.

Алғашқы ұжым бұрынғы К.Е.Ворошилов атындағы машина құрылыс зауытының, қазіргі «Зенит» Орал зауыты» АҚ 50-ге жуық ең үздік мамандардан құралды. Ал, оны су асты құрылғыларының ал-ғашқы құрылымдаушысы Грибнев Александр Борисевич басқарды. Қысқа мерзім ішінде қажетті құ-рал-жабдықтармен қамтылған құ-рылыстық-әкімшілік және зертха-налық кешендер құрыла басталды. Бұл кәсіпорында ғылыми-зерттеу-лерді жобалау және олардың үлгі-сін құрау шаралары қарастырылып, 1993 жылы Елбасының қолдауы-

мен еліміздегі алғашқы кеме құрас-тыратын бағдарлама жобасына қол қойылып, жаңа жұмыс кешені пай-да болды. Басқарманы сол уақытта Гуль Валерий Ильич басқарды. Қа-зіргі таңда бұл институт 30-дан аса кеме және басқа да суда жүзуге арналған құрылғыларды шығаруда.

Аталмыш кәсіпорынның «Са-ғым» атты жоғарғы жылдамдықта-ғы кемесі таңдаулы құрылғылар-дың құрамына кіреді. Жаңартпа-лық өнім түрі болып табылатын бұл кеме сағатына 115-116 шақы-рым жылдамдықпен жүзіп, еліміз-дің су айдындарындағы шекарасын

Page 23: Журнал №19 2015г

23

күзетеді. Толықтай институт қол-дауымен құрылған кеменің көшір-месі ТМД-ға мүше еткен ешбір елде жоқ. Сондай-ақ, Омаров және Медуза атты құрылғылар көлдер мен теңіздер көп шоғырланған өңірлерде мұнай іздеп және оны өндіру мүмкіндігіне ие.

Институтымыз жүзден аса құ-ралдар әзірлеп, соның ішінде 100 авторлық куәлік және өнім өндіру үшін патентке ие болды. Көп жыл-дар бойы еткен еңбегіміз жемісті болып, ұжымымыз түрлі алғыс хат-тар мен мадақтамаларға ие болдық. Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысындағы ең мықты су үсті ке-шендерін әзірлейтін өнеркәсіп ре-тінде танылдық.

Бүгінгі таңда аталмыш кә-сіпорында қандай жұмыстар жүргізілуде?

«Гидроприбор» ғылыми-зерт-теу институты» ғылыми техника-лық даму бағытын ұстанғандық-тан, Елбасының Жолдауында ай-тылған ғылыми-техникалық қыз-меттерді орындауда өз шеберлікте-рін танытуда. Өнім өндіру көрсет-кіші 10 есеге көтеріліп, жұмыс са-пасы екі есеге, шығарылым алты есеге өсті. Қызметкерлердің жала-қысы мерзімінде беріліп, салық уақытылы төленуде. Отандық ке-ме және катер шығару өндірісінің дамуына біздің кәсіпорын өз үле-сін қосып, су көліктерін дайындау-да жаңа сапалық деңгейге көтерілу мақсатында институтымыз аянбай тер төгуде.

Осы тұрғыда қызметкерлер-дің біліктілік деңгейі жайлы сөз қозғасақ...

«Гидроприбор» ғылыми-зерт-теу институты мамандардың білік-тілік деңгейін арттырып, заман та-лабына тәжірибе алмасуларына көп көңіл бөледі. Институттағы басты мәселелердің бірі – кадр же-тіспеушілік, яғни техникалық ба-ғыттағы инженер мамандары. Ел-басымыз Н.Ә.Назарбаевтың Жол-дауында берілген тапсырмаларды

орындау барысында «Гидроприбор» ҒЗИ АҚ жоғарғы оқу орындарында инженерлік салада білім алып жат-қан студенттерді өндірістік тәжіри-белерге қабылдап, жақсы қырынан көрсете білген студенттерді ұжым-да қалдыруға тырысамыз.

«Гидроприбор» сөзі қандай мағына білдіреді?

Гидроприбор атауы суға бай-ланысты кәсіптерге тікелей бағыт-талған. Мекемеміз осы атаудың не-гізінде заманауи құрылғыларды шығаратын жоғары зияткерлік қа-сиеттерге ие құрастырушы екенін дәлелдеп келеді. Бұл атау мықты бренд ретінде қалыптасып, тек Қазақстанда ғана емес, ТМД елде-рі арасында да танылып үлгерді.

Әңгімеміздің орайы келгенде Сіздің еңбек жолыңызды сұрай отырсақ. Бүгінгі жетістіктеріңіз-дің өрлеу сатысы қандай болды?

Менің балалық шағым Батыс Қазақстан облысының Жәнібек деген ауылында өтті. Саратовтағы политехникалық институтты бітір-ген соң әскерде Отан алдындағы борышымды өтедім. 38 жыл бойы бір кәсіпорында, яғни «Гидропри-бор» ғылыми-зерттеу институтын-да еңбек еттім. Осы уақыт аралы-ғында барлық қызмет сатыларынан өтіп, көп тәжірибе арттырдым. Көп-теген ғылыми-техникалық жобалар жүргізіп, халықаралық деңгейдегі шараларға қатыстым. 2007 жылдан бері «Гидроприбор» ҒЗИ ғылыми басшысы қызметіндемін. Кәсіпо-рынның дамып, көркеюіне үлес қосқан қызметкерлеріміздің барлы-ғына алғысымды білдіргім келеді. Соның ішінде, Б.А.Сгибнев пен И.И.Гул секілді ұстаздарымды ерекше атап өткім келеді. Келе-шекте «Гидроприбор» ғылыми-зерттеу институтының жетістік-терге жетіп, биік шыңдардан кө-рінгенін қалаймын.

СұхбаттасқанАқбөпе Әбдрасул

Су асты құрылғы «Медуза»

Су асты құрылғы «Омар»

Page 24: Журнал №19 2015г

24

ТАҢДАНДЫРҒАН ТҮРКИЯ

Табиғи әсем, бірегей тарихы және өзінің дәстүрлі қонақжайлығымен ерекшеленетін жерді көргіңіз келсе, Түркияға саяхаттаңыз. Бұл мемлекет, өркениетінің бесігінен тербетіліп шыққан ашық ауадағы мұражай деп атауымызға болады. Түркияның тарихи мұрасы мен археологиялық байлықтары бір құрлыққа жетеді. Соңғы уақытта Түркияға деген қызығушылық денсаулық сақтау тарапынан артып келеді, Түркияның жер асты ыстық сулары шын мәнінде көптеген ауруларға медицина тарапынан шипалы суы мен балшықтары дертке дауа, ауруға шипа деп танылып отыр.

Табиғаты

Стамбул

Түркия және ел тұрғындары туралы ең қызықты мәліметтер:

Түркияның ауыспалы географиялық жағдайлары бір күнде 4 түрлі климатты бастан кешіруге мүмкіндік береді. Үш жағынан үш түрлі теңізбен қоршалған елдің жағалауын тік төртбұрыш түрінде жағажайлар, аралдар, бұғаздар, шығанақтар, түбектер, желкенді кеме тоқтайтын айлақтар, жарты аралдар мен қойнаулар қоршаған. Жергілікті жердегі туристік белсенділікпен, жазы сегіз айға созылатын (Бодрум, Анадолы және т.б.) жазғы және қысқы туризмнің барлық кезеңінде спорттың кез келген түрімен (рафтинг, тау шаңғысы, альпинизм және т.б.) айналысуға мүмкіндік ұсынатын елді барлық жағынан таулар, аңғарлар, өзендер, құламалы сулар мен үңгірлер безендіріп тұр.

Азия мен Еуропа құрлықтарында орналасқан тарихы тереңнен бастау алатын әсем табиғаты мен түрлі жан-жануарлар мекен ететін, ажары келіскен таулы мемлекет. Жер көлемі жағынан 37-ші орын алады. Аумағы-783,562 км² шаршыны құрайды. Халық саны - 72,600,000. Астанасы - Анкара. Ресми тілі – түрікше. Тәуелсіздік алған күні – 1923 жылы 29 қазанда Түркия Республи-касы құрылып, Түркия Республикасының тұңғыш Президенті Мұстафа Кемал Ататүрік сайланды. Құрғақшылыққа төзімді бұта мен ағаштар өседі. Түркияда 6 700 түрлі өсімдіктер бар. Қара теңіз жағасында қалың орманы бар. Осы жерде Армян емен, сәнді үйеңкі және шамшат өседі. Жерорта теңіз жағасында бұта көп және жерорта қарағайлары бар. Ал грек жанғақ, бадам және емен сирек кездеседі. Эгей теңізде көп мәңгі жасыл ағаштар өсіп тұр.

Түркия мемлекеті

Туристер ең көп келетін қаланың бірі – Стамбул. Көптеген демалушылар Түркияның қалала-рына барып, жағажайда күнге қыздырынып, демалады. Алайда Стамбулға барып, тарихи жерлерді аралаушылар көп болады. Тек тарихшылар ғана емес, жәй туристерде тарихи ескерткіштер мен түрлі таңғажайыптарды тамашалай алады. Тарихты жетік білмесеңіз де, суреттер мен мүсіндердің қандай шеберлікпен жасалғанын көріп таңданасыз. Өзіндік көркемдігімен ерекшеленетін Стамбул-дың әсем жерлерін тізгіндесек: Алтын мүйіз, Галата Мұнарасы, Флорьия, Сұлтанахмет мешіті, Қыз мұнарасы, Айя-София, Гелджук көлі, Балат, Өлі теңіз, Хайдарпаша, Галата көпірі, Босфор көпірі.

Түркия – мемлекет дін істеріне араласа алмайтын зайырлы ел. Әлемнің екі бірдей кереметі орна-ласқан. Олар Эфестегі Артемида храмы және Геликарнастағы кесене. Сонымен қатар қызғалдақ-тардың отаны. Қызғалдақтың баданасы 1554 жылы Стамбулдан Венаға алып келінген және Еуропа бойынша тез тарап кетті. Қазірде қызғалдақтар Голландияда өте танымал. Бұл мемлекет Еуропа елдеріне кофені ашты. Кофе Түркияда XV ғасырдың ортасында пайда болды. Екі ғасырдан кейін кофе дәндері Италияны, одан кейін бүкіл Еуропаны жаулады.

Алғашқы сиыр ұрпақтарын адамдар Түркияның аумағында қолға үйрете бастаған. Сиыр сүтін де сол уақытта қолдана бастады, ал осыған дейін олар тек ешкі сүтін қолданған.

Орман жаңғақтарының 70 пайызы осы өңірде өсіріледі. Шәй, су, нан, көкөніс және ірімшік басытқылары Түркияның әр мейрамханасында тегін берілуі тиіс. Ван тұзды көлінде судан қорық-

Page 25: Журнал №19 2015г

25

ТАҢДАНДЫРҒАН ТҮРКИЯ

Қазақстанмен қарым-қатынасы:

пайтын, жүзуді және балық аулап, қармен ойнағанды ұнататын мысықтар бар. Олардың тағы бір ерекшелігі: бір көздері көгілдір. Ал екіншісі ашық-сары түсті.

Әлемедегі ең қымбат жібек кілем Түркияның Конья қаласындағы Мелвана мұражайында сақ-талған. Ол кілемнің 1 шаршы сантиметрінде 144 түйіншек бар. Түрік әйелдері көбінесе бір-біріне шұлық, үй шәркесі (аяқ киім), шаш қыстырғыш сыйлайды және әр үйде міндетті түрде 10 жұп үй шәркесі болуы шарт.

Түркия мен Қазақстан арасындағы ресми байланыс 1990 жылдың желтоқсанында орнатылды. 1991 жылдың 31 қаңтарында Қазақ мемлекеттік мәдениет комитетінің басшысының Түркияға келуі және осы жылдың 14 ақпанында Денсаулық министрінің ынтымақтастық келісімге қол қоюы екі ел арасындағы мәдени қатынастарды нығайта түсті. Егемендік алған сәтімізде ең алғаш құттықтау хатын жіберген Түркия мемлекеті болатын. Бүгінде Қазақстанда мыңнан астам түрік компанияла-ры жұмыс істейді. 1991 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев пен Түркия Республикасының Премьер министрі С. Демирелдің екі жақты келісімінің арқасында Түркістан Университетінің кейінгі Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университеті болып өзгер-тіліп, қайта құрылды. Бұндағы мақсат күллі түркі әлемінің темірқазығы саналатын Түркістаннан университет ашу арқылы түркі халықтарының қарым-қатынасын арттыру болатын. Бүгінде атал-мыш оқу орнында 30-ға тарта түркі тектес елдердің ұл-қыздары білім алуда. 1992 жылдан бері елі-мізде қазақ-түрік лицейлері жұмыс жасап келеді. Бұл лицейлер орта оқу орындарына білім берудің соңғы жетілген технологиясымен жұмыс жасауы арқылы ерекшеленеді.

ҚР-ның Түркиядағы елшiсі: Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы

ҚР-ның Түркия Республикасындағы елшілігі:

Мекен-жайы: 066450 KilikAlisokak №6, Or-AnDiplomatikSitesiCankaya Анкара қ.Тел.: (+90312) 491-91-00, 419-82-66; факс: (+90312) 490-44-55e-mail: [email protected], [email protected]

Дайындаған Жадыра Мұсабай

Page 26: Журнал №19 2015г

26

ӘЙЕЛ-АНА ЖӘНЕ ҚЫЛМЫС

...Өмір емес өмірі, қораштанған,Байғұс ана тірліктен қалас қалған.

Келеді ана, қарабет қарақшыдай Ел мен жерден біржола аласталған...

Әйел затының табиғат-анамен үндескен нәзіктілігі мен пәктілігі талай батыр-дың ерлігіне, талай ақынның шабытына серпін бергені аян. Ертедегі Томиристай батыр анамыздың ерлігі тұтас бір елдің жеңісіне себепкер болса, Домалақ анамыз-дың даналығы алты алаш жерінің тұтастығын сақтап қалуға себепші болған емес пе?! Өткенге бай қазақ елінің тереңнен етек жайған тарихына көз жүгіртсек, әйел затының әр уақытта алып отырған орны мен сөзінің маңыздылығын көре аламыз. Жер-ананың әйел затына ерекше шапағатын бұйыртқаны аналардың бойындағы сәбиге деген махаббаттан, жардың өз сүйгеніне деген шынайы адалдығынан, жас бойжеткеннің пәктілігінен байқалады. Біз үшін бұл ұлы сый еді.

Бірақ, Жаратқанның ерекше шапағатынан шалыс басқан жандардың бары көкірекке шер болып қатты. Қазақ жерінде 6 әйел түрмесінің орын алғанына кім кінәлі?! Сәби мен ана арасында темір тордың тұрғанына кім себепкер?! Отбасының от анасы болып отырудың орнына темір төсек пен тар бөлмені паналайтын жандардың жан-азабы қандай?! Бізде мақсат айқын. Біреудің бетіне салық салу емес, нәзік жандылардың қатыгез жүректеріне жол тарту. Анасын сағынып жүрген жас баланың сауалына жауап беру. «Неге менің қасымда жоқсың, Ана?!»

Қазақ әдет-ғұрып заңы “Жеті жарғыда” һәм одан кейінгі ережелерде “қылмыс” термині кездеспейді. Ол сөздің баламасы ретінде “жаман қылық”, “жаман іс” деген сөздер пайдаланылған. “Қылмыс” сөзі термин ретінде кейін пайдалана бастаған. Ал

қылмыстыларды сақтайтын жерді шығыс тілдерінен ауысқан зындан сөзі білдіріп келген. Бірақ, Ресейдің империялық сотымен бірге осы ұғымды білдіретін жаңа терминдік ұғымдар түрме, абақты, қараңғы үй сөздері аталған мәнде жұмсала бастады. Тарих

Page 27: Журнал №19 2015г

27

парақтарынан алынған аталмыш мәліметтер біздің айтпақ ақиқатымыздың бір ұшын көрсету мақсатында ұсынылды. Осы жайттардан байқайтынымыз, қазақ тілінде «қылмыс» һәм «түрме» сөздерінің өзіндік тарихы да болған-тын. Бірақ, «әйелдер түрмесі» деген сұм дүниені естіп-көргеніміз жоқ еді. «Ана бір

қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деп әйел затына ойып берген орынның ұсақталып кеткеніне наз білдірер жайымыз да бар. Себебі, кең жазира қазақ жерінің алты нүктесінде орналасқан қапас түрмелерінде әйел затының отыруы ойға қонымсыз дүние болып табылады.

«Әйелдер – қоғамның бір мүшесі. Сол себепті, қоғамда туындаған мәселелер әйелдерге тікелей қатысты болып қана қоймай, әйелдердің нәзік жанына жүк болып табылады. Мысалы, ер азаматтар кішкене қиыншылық көрсе болды, қолдарын түсіріп, ештеңеге араласқылары келмейді. Ал әйелдер әр қиындықтан шығар жолды табуға тырысады. Себебі, ол - отбасының от анасы, балаларының қорғаны. Табиғатынан әйел заты отбасының жағдайын қамтамасыз етуге, балаларының қажеттіліктерін өтеуге міндеттіміз деп санайды ғой. Мүмкін, кей жағдайда олар осы қиындықтан шығу жолды наша сату арқылы, ұрлық арқылы заңсыз жолдардан іздейтін шығар. Өкінішке орай, әйел адамдарының қылмысы қазіргі таңда көбейіп кетті. Кейде сол қылмысқа барған әйелдердің ішінде аяғы ауыр не кішкентай сәбилі аналар да кездеседі. Міне, біздің қоғамда осындай үлкен бір мәселе бары рас. Негізі, бала кішкентайынан анасының ыстық ықыласы мен махаббатына бөленуі қажет. Түрме қабырғасында сәбиге ондай жағдайды қамтамасыз ету мүмкін емес. Себебі, шарана психологиясы деген бар. Ол дегеніміз шарана өзінің қандай ортада жүргенін, иісті, барлығын сезінеді. Бір сөзбен айтқанда, ол анасының өмірімен өмір сүреді. Әрине, қайғы мен қасіретке толы түрме қабырғасында сәби қалыпты жағдайда дамып, өсе алмайды. Бұл ғылыми дәлелденген дүние. Аяғы ауыр ана әсем әуен тыңдау керек, әр қашан көңілді жүру қажет. Ал, түрмеде бұл жағдай болмайды. Ол баланың шарана кезінде еститіні ұрыс-керіс, жаман сөздер, ашу мен ызаға толы әңгімелер. Бұл – біріншіден. Ал, екінші мәселеге келер болсақ, ана өз сәбиін 6 айға не бір жарым жасқа дейін өз сүтімен тамақтандыруы керек. Ал егер бір жағдаймен емізе алмаса, көп аналар қажетті езбелерді сатып алады. Қазіргі кезде ол езбелердің бағасы қымбат. Ал түрме қабырғасында бұл жағдайлар реттелмеген. Ол жерде сүтпен, не арзан езбелермен қамтамасыз етеді. Бала 2-3 жасқа келгенде, әр түрлі дәрумендер алуы қажет. Сыртқа шығып, таза ауамен жиі қамтамасыз етілу керек. Ал, түрме қабырғасында оның жүріп-тұруы шектеулі. Қазіргі таңы біз қылмыстық кодекске өзгерістер енгізуді қарастырып жатырмыз. Балалы әйелдердің жазасын жеңілдету мәселесі алға қойылды.

Негізі Елбасымыздың біздің қоғамға «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын енгізгені дұрыс та шығар. Себебі, біз тәуелсіздік алғаннан кейін экономикалық жағдайымызды қамтамасыз етеміз деп көп жұмыс істедік. Ал ұлттық құндылық екінші орынға түсіп қалды. Сол ұлттық құндылықты қазіргі уақытта жаңғырта алмай жүрміз. Мүмкін, ұлттық құндылық болмағандықтан, әйел адам белгілі бір ар-намыстық қасиетін жоғалтып алған шығар. Әйел психикасы ерлерге қарағанда тұрақсыз, эмоцияналды қозғыш келеді ғой. Бұл мәселенің шешімін табу үкіметтік заңдардан гөрі, қоғамдық қарым-қатынас жасау арқылы табылады деген ойдамын. Қауым арасында адамгершілік көбейсе, анаға, қарындасқа деген құрмет болса, шешімін таппас дүние жоқ қой. Бұл ретте ер азаматтарға да үлкен мәселе қойылады»

Надежда Михайловна,ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мә-дени даму және ғылым комитетінің мүшесі

Қоғам арасында көлеңкеде қалып қоятын мәселелердің бірі – әйел түрмелері жәйты екені өкінішті-ақ. Себебі, қазіргі қоғам таңдаулы жандар-ды ғана қабылдайтын сияқты. Бірақ, тар қапаста қамалған тағдырлар үшін бізде жауаптымыз. Сол себепті біздің ұжым бұл мәселенің ақ-қарасын анықтау мақсатында ізденіс жұмыстарын жүргізді.

ҚР Қылмыстық атқару жүйесі комитетінен алған мә-ліметімізге сәйкес, қазіргі таңы Қазақстан бойынша 6 әйелдер түрмесінде 2 994 әйел кісі өз жазаларын өтеп жатыр екен. Олардың дені ҚК 96-бабының 2-бөлігінде көрсетілген қасақана адам өлтіру бабымен өз жазасын өтеушілер. Тірі жанға жан беріп, ана болу бақытына ие болған әйел затының осыншалық қатыгездік

Page 28: Журнал №19 2015г

28

танытуының мәні неде?! Иа, кешегі ақын ағамыз «Әйелдер-ау! Әйелдер!»

деп тамсанып жазған жырының себепкері әйел затының ең көп баратын қылмыс түрі – адам өлтіру. Өкінерлік жәйт... Әсемдікке құмар әйел жанының осыншама ұсақталып кеткеніне не себеп?! Анасының аялы құшағынан айырылған сәбидің балалық шағы қандай болмақ?! Бұл сауалдың шешімін табу қажет. Себебі, қазіргі таңның өзінде түрме қабырғасында 18 сәбилі ана мен біршама аяғы ауыр жандар бар. Әрине, ана бауыр еті баласының қасында болуға құқығы

бар. Бірақ, түрмедегі ана бақытының мерзімі 3 жыл ғана. Сәби 3 жастан кейін анасынан ажырап, не туыс-туғандарын, не балалар үйін паналайды. Сондағы туатын ой, біз шалыс басқан бір жанды жазалаймыз деп, бейкүнә сәбиді тәтті балалығынан айырмаймыз ба?! Пәк бала жанының жараланғаны қалай?! Әрине, әр әйел өз сәбиінің тағдырына жауапты. Бірақ, бар ауыртпашылықты бір адамға итере салғанда, бұл мәселе шешілер ме екен. Түрме қабырғаларында орналасқан Балалар үйі біздің назарымыздан тыс қала алмады.

Салтанат Берденқызы, ҚР Президенті жанындағы әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жө-ніндегі комиссия мүшесі, Дүниежүзілік репродуктивті медицина Ассоциациясының мүшесі

«Ұрпақты дүниеге алып келетін әйел болғандықтан, ана өз баласы үшін жауапты. Әрине, түрме ішіндегі әйелдер де ана. Көбісінің сыртта балалары қалса, кейбіреулері сол жерде дүниеге әкеледі. Аяғы ауыр аналар да болып жатады. Ал бұл ретте сәбиге анасының психологиялық жағдайы қатты әсер етеді. Себебі, бала іште жатқаннан тәрбиеленеді. Мысалы, тар қапасқа қамалған анасының күйзелісі, жан қиналысы іштегі шаранаға кері әсер беретіні анық. Бір жағынан, әрине, балаға анасынан жақын адам жоқ. Сондықтан анасының қасында жүргенде, ол көп нәрсеге көңіл бөлмеуі мүмкін. Себебі, 3 жасқа дейінгі балалардың психикасы толық қалыптаспайды ғой. Дегенмен, сәби денсаулығы біраз шектеуліктерге тап болып, толық дәрумендер алмай, ауырпалықтарға тап болуы мүмкін. Бір сөзбен айтқанда, баланың қалыптасуы қалыпты жағдайда өтпейді. Себебі, әр нәрсенің өз әсері бар. Баланы қоршаған қиыншылық, таршылық, анасының қайғысы қалай әсер етпесін?! Бұл жайттарды есту де, көру де өте ауыр. Ал, осы жағдайға тап болған баланың жайты, тіпті, күрделі. Сондықтан, негізі, сәбилі, жүкті әйелдерге заң жағынан жеңілдіктер болса, жақсы болар еді. Енді әр істің өз жауапкершілігі бар. Бірақ, кешірім жасауға болады деген сотталған жандарға ерекше көңіл бөліп, қабылдай алсақ, бұл бір құптарлық дүние болар еді. Мысалы, Ресейде экономикалық алаяқтық жасаған жандарға түрме қабырғасындағы қапасты емес, басқа шара қолдану қажет деген заң баптары қарастырылып жатыр екен. Мысалы, ұрланған қаржыны екі есе не үш есе көбейтіп, қайтару керек деген сияқты. Осы мәселеде де, өз отбасы үшін ақшалай қылмыс жасаған әйелдер қауымына қарастырылса, жақсы болар еді. Себебі, анасыз отбасының берекесі қашатыны белгілі»

Табиғатынан әсемдікке жақын келетін әйел затын қылмысқа итеретін не жәйт?! Ендігі сауалымыз осы болмақ. Сөз басында көптеген жайттарды қамти отыра, қазіргі кездегі түрмедегі әйелдер мәселесінің бір ұшын анықтай білдік деген ойдамын. Бірақ, бастапқы сауалдың жауабы әлі табылмады. Түрме қабырғасында жұмыс атқаратын арнайы психолог-мамандардың пайымдауынша, көп жағдайда әйелдерді заңнан аттап өтуге мәжбүрлейтін отбасы жағдайы мен әйел азаматының табиғатынан сезімге берілгіштігі екен. Енді осы жайттарды қоя отырып, белгілі бір ретке келтіріп алсақ. Ең бірінші себеп – отбасы жағдайы. Түрме қабырғасындағы көп әйелдер

ҚК 96-бабының 2-бөлігінде көрсетілген қасақана адам өлтіру бабымен отырған азаматшалар екенін еске түсірсек, бұл жайт бізді біраз тығырыққа тірері анық. Бағзы заманнан ер адам сырт шаруасына бейім болып, әйел кісі от басында от анасы қызметін атқаратын еді. Қазіргі таңы осы екі жәйт орындарымен ауысып кеткен сияқты. Арқаларына қара дорбаларын асып алып, отбасы, бала-шағасының қамы үшін базар кезіп жүрген әйел кісілерді көрмей жүргеніміз жоқ. Міне, нәзік әйел психологиясына ауыр жүк болып табылатын осы мәселе. Әрине, біз ер азаматтарға кінә артып, масқараламақ ойда емеспіз. Тек қана басты сауалдың жауабын табу ниетте көп

Page 29: Журнал №19 2015г

29

жайттарды қазбалауға мәжбүрміз. Екінші бір мәселе, жас қыз әр қашан тәрбиені отбасынан алады. Ата-анасының жарыса отырып, ащы дүниені сіміретінін көрген жанның психологиялық дүниесі қалыпша болатыны арнайы мамандардың күмәнін тудырады. Осы кезекте бала тәрбиесінің ел болашағы үшін маңыздылығы анық байқалады. Келесі бір жәйт – бастапқы екі мәселеден туатын қорытынды. Швед зерттеушілерінің зерттеулеріне сүйенсек, әйелдің жүйке жүйесі ер азаматтарға қарағанда, тез ашулануға бейім және көңіл-күйдің құбылуынан тұрады екен.

Себебі, әйел затының ашушандығы генетикалық тұрғыда қалыптасқаны дәлелденіпті. Осы жәйттарға көптеген әйелдердің күнделікті күйбең шаруасы қосылып, барлығы әйел адамының ашушаңдығына алып келеді делінген. «Үндемегеннен үйдей бәле келеді» демекші, өз қайғысын кеудесіне сақтаған әйел затының бір уақытта еркінен айырылып қалуы табиғи дүние екен. Біз ешкімді қорғамаймыз. Тек қана аталмыш жәйттарды айта отырып, тар қапасқа қамалған тағдырлардың жан дүниесіне сәл де болса көңіл бөліп, ол кісілердің жан айқайын сезіне білу еді.

Эльмира Үсенқызы,«Тәуелсіздіктің ақ таңы» республикалық қоғам-дық-саяси журналының Бас редакторы

«Әйелдер қылмысы - қазақ халқының бетіне дақ түсіретін үлкен мәселе. Жалпы қазақ халқы бағзы замандардан бері әйел затын жоғары бағалап, ұрпақ жалғастырушы аяулы ана ретінде қадірлей білгені аян. Тарих парақтарын ақтаратын болсақ, ерлермен бірге атқа қонып, Отан үшін жан беруге даяр қыз-келіншектерімізді көре аламыз. Негізі әйел адам отбасының қорғанышы болмаса да, өзінің ар-намысының қорғанышы болуға тиіс деп ойлаймын. Редакциямыз осы түрме мәселесіне байланысты, көптеген мағлұматтарды қарастырған еді. Сондағы көптеген жайттар, соның ішінде Қазақстандағы 6 әйелдер түрмесінің, оның ішінде 18 сәбилі аналардың тағдыры біраз алаңдаушылық тудырды. Терең ойлап қарайтын болсақ қылмыс жасау әрекеті оңай емес. Еш уақытта адам себепсіз біреуді қасақана жазым етуді ойламаған. Әйелдер арасында осы қылмыс басым болса, оның өзінен шығып кетуіне ықпал болған ортасы бар. Сол ортадағы тәртіппен жауапкершілікті күшейту керек.

Негізі, Республикамызда әйелдерге психологиялық көмек көрсететін мекемелер барын білеміз. Бірақ, нақты іс жүзінде олар дұрыс жұмыс жасамайтын сияқты. Олардың әлсіз жұмыстарының арқасында көптеген қылмыстар орын алып жатыр деп ойлаймын. Неге әйелдер өздерінің күйеулерін жазықсызда өлтіріп қояды? Ең ауыр қылмыс түрі қасақана адам өлтіруге көп баратын да әйелдер екен. Осылардың барлығы әйелдердің өмірге шаршаңқы қарайтындығынан, отбасылық мәселелердің шешімі табылмағандықтан, сосын асыраушысының мықты, берік болмағандығынан келіп туындайтын мәселелер. Оған дер кезінде психолог мамандар, әлеуметтанушылар, жалпы қоғам болып ат салыспағанымыздан деген ойдамын.

Ал, түрме қабырғасында дүниеге келген сәбилердің 3 жасқа дейін ғана анасының құшағында болып, кейін Балалар үйіне тапсырылатыны жөні бөлек әңгіме. Балалар жайлы ойлағанда, санамызда бір-ақ ой туындайды. Тар қапаста дүниеге келген бейкүнә сәбилеріміздің тағдыры не болмақ? Біз бір адамды жазалаймыз деп, екі адамды қоса жазалап отырған жоқпыз ба? Сәбилі аналарға жеңілдеу жаза қолданса екен деп ойлаймын. Ал 18 баланың тағдырына келер болсақ, бұл біздің бетімізге келген үлкен таңба деп есептеймін. Жалпы түрмеде туылып, балалар үйінде тәрбие алған сәби жайлы қоғамда «ол бала жаман болып өседі» деген таптаурын қалыптасатыны өтірік емес. Ал мүмкін, ол баладан да жақсы ғалым, қоғам қайраткері шығатын шығар. Міне, мәселе қайда жатыр?! Ертенгі күні ол сәби туған жерім абақты деп қалай айтады?»

P.S: Тар қапаста қамалып отыр жалғыз жас әйел. Әсем жүзі жұқарып, нәзік ерні кезерген. Тәні емес қиналған, жүрегі тек сыздайды. Сәбиінің кешегі албырт жүзін өпсем деп, құшағына алсам деп ана жаны тулайды. Түрмедегі ананың жайты, міне осындай...

Ақнұр Серікбаева

Page 30: Журнал №19 2015г

30

ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРА АЛТЫН ҚОЙНАУЫ – АТЫРАУ!

...Еділ менен ЖайықтыңБірін жазға сайласаң,Бірін қыста қыстасаң,Ал, қолыңды маларсыңАлтын менен күміске, – деп бар ғұмырын жерұйықты іздеуге арнаған, елі, жері үшін оңтайлы жер іздеп,

жиһан кезген Асан қайғы қартайған шағында, Жәнібек хан Сарайшықты қазақ хандығының астанасы етіп мекен еткенде: «Қазақ елі үшін мен іздеген жерұйық осы еді ғой», – деп егілгені және Жәнібек хан қоныс аударып Сарайшықты тастап көшкен кезде жоғарыдағы өлең шумақтарын жырға қосып ханға: «Халқың үшін жерұйықты мекен осы, оны тастама», – деп зарлағаны баршамызға өткен ғасыр куәсі тарих беттерінен аян. Иә, Асан баба жырға қосып, тапқанда қуаныштан, көшкенде қайғыдан еңіреген мекен осы батыс өңірі еді. Жеті ханның сүйегі жерленген, Махамбет пен Исатай, Құрманғазы орын тепкен өңірде 1662 жылы Гурьев қалашығы құрылып, 1938 жылы облыс орталығына айналады. Кейін, 1992 жылы Атырау болып өзгертілген оңтүстігінде Ресеймен шектесіп, Еуропа мен Азияны бөліп жатқан облыстың қазіргі таңда 570 мыңнан аса жұрты бар. Облысты Қазақстандағы ірі өзендердің бірі Жайық өзені сондай-ақ, жарты бөлігін Каспий теңізі және Жем, Ойыл, Сағыз өзендері, Индер көлі алып жатыр.

Атырау облысының жері шөлейтті, өсімдіктері шөлге төзімді болып келеді. Шөлейтті болуының, себебі, облыс аймағының көп бөлігін ащы және сортаңды тұзды жерлер алып жатыр. Облыс қойнауы мұнай, газ, калий мен натрий тұздарына, борат және басқа да бай кен орындарына толы. Қара алтынның отанына айналған облыста халықтың басым көпшілігі ірі мұнай өндіру өнеркәсіптерінде жұмыс жасайды. Облыста «Ембімұнайгаз», «Облтрансгаз», «Қазмұнайгаз», «ПрикаспийбурнефтьҚазақстан», «Теңізшевройл», «АМӨЗ», «Атырауоблгаз» сияқты ірі өнеркәсіптер шет елдік компаниялармен бірігіп, әлемдік деңгейде жұмыс жасауда. Бірақ, бір әттең-ай дейтін сәті облысқа жылына жүз мың тоннадан аса ластанушы заттар шығып, 85 пайызы ауаға тарайды.

Сонымен қоса, облыс орталығында созылмалы аурулар мен аллергиялық аурудан бастап әртүрлі ауруларға шипа беретін «Атырау» шипажайы халыққа қызмет етуде. Ал, қалаға көрік беріп, өткен тарихтан сыр шертіп тұрған Ұлы Отан соғысының ардагері, «Халық қаһарманы» Хиуаз Доспанованың, жастайыннан құлдыққа сатылып, Египет сұлтаны болған Сұлтан Бейбарыстың, он саусағынан өнер тамған, күй өнерінің хас шебері Құрманғазы Сағырбайұлы мен шәкірті Дина Нүрпейісованың және «Еділ үшін егесіп, Жайық үшін жандасқан» батыр бабаларымыз Исатай мен Махамбет ескерткіштері әдемі архитектуралық үлгіде жасалынған. Және Атырау облысында Бекет ата мен шәкірті Құлшан жасатқан «Ақмешіт» және «Құлшан» мешіті деп аталатын

Page 31: Журнал №19 2015г

31

жер асты мешіті орналасқан. Ал, қазіргі таңда облыс орталығында «Иманғали» мешіті ниет еткен барша жұртқа қызмет етуде.

Бүгінгі таңда облыс орталығы Атырау қаласы болып және жеті ауданға бөлінген Олар: Индер, Жылыой, Махамбет, Исатай, Құрманғазы, Қызылқоға, Мақат аудандары. Атырау облысының табиғаты ауыл шаруашылығына қолайсыз болып келеді. Себебі, жазы – қатты ыстық, жауын-шашынсыз ұзаққа созылады, ал, қысы – жылы, қар аз түседі. Бірақта, облыс халқы салт-дәстүр, әдет-ғұрпты ұстанған өте ақкөңіл, кеңпейіл. Қазақстанның көп өңірлерінде сақталмай қалған «Көрісу» мерекесі осы өңірде айтулы мерекелердің қатарында. «Көрісу» – жерге көк шығып аққа аузы тиіп, сүр етпен қоштасар сәт туған кезде үй-үйді аралып қонақ болып, қол алысып, төс қағысып, жаңа күннің келгеніне, қыстан аман-сау шықанына қуанып, жастар үлкендері арнайы барып құттықтап, қуаныш тойын жасайды. Сондай-ақ Атырау халқының 95 пайызы қазақтар және 100 пайыз қазақ тілінде сөйлейді.

Атырау қаласы – 1964 жылы қаланып Патша жарлығымен Гурьев атанып, кейін тәуелсіздіктің ақ таңы атқан шақта қала атауы Атырау болып өзгертіледі. Қала өнеркәсібінің басты саласы мұнай, химия өндірісі болып табылады. Атырау өңірінде мұнай өндіру тарихы 1899 жылдан бастау алады. Мұнай айыру, полиэтилен, машина жасау, металл өңдеу, кеме жөндеу, балық құтылау, басқа да тамақ, жеңіл өнеркәсіпорындары кеңінен дамыған.

Индер ауданы – Жайық өзені екіге бөліп өтетін Атырау облысындағы ірі аудандардың бірі болып табылады. 1933 құрылған ауданның орталығы – Индербор кенті. Ауданда борат, калий, магний, астұзының аса күшті арпа тұздығы, гипс, қиыршықтас, ұлутас және т.б. шығаратын пайдалы қазба орындары бар. Тек қана гипстің жалпы қоры 1015 миллард тоннаны құрайды. Ауданда Индер тауы және облыстағы ірі көл – Индер көлі бар. Индер тауында қарыстық опрылымдар мен үйінділер көп таралса, Индер көлінің жағасындағы төбешіктердің асты күмбез пішінді тұздардан және әртүрлі шикізат қорынан тұрады. Бірақ, ауданның басым бөлігі құмды, шөлді дала болып келеді. Индер ауданында Махамбет Өтемісұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Малайсары бидің мазарлары бар.

Жылыой ауданы – 1928 құрылған, жер аумағы 29,4 мың шаршы шақырымды алып жатқан Атырау облысының шығысында орналасқан аудан. Аудан орталығы – Құлсары қаласы. Оңтүстік жағында Желтау тауы мен Қарақұм құмы, ал, солтүстігін түгелдей сорлар алып жатыр. Және аудан Қазақстандағы ең ірі мұнай өндіретін кен орны болып табылады. 1899 жылы Қазақстанда тұңғыш рет мұнай атқыланған Қарашұңғыл ұңғымасы осы ауданда орналасқан. Республика бойынша 1-ші орында тұрған 40-қа жуық көмірсутектің жалпы қоры орналасқан ауданда Теңіз, Қаратон, Каспий теңізіндегі Шығыс Қашаған, Құлсары кен орындары еліміз үшін нәтижелі жұмыс жасауда.

Махамбет ауданы – тарихта ерекше есіммен сақталған Хан Ордалы Сарайшық орналасқан, сан ғасырлар қазақ хандығының астанасы болған, 12 әулие мен 7 ханның денесі, 1 ханның басы жерленген киелі мекен. Махамбет ауданының жері құмды, шөлді және Жайық өзенінің жағасында орналасқан. Жайық өзенінің екі жағасын бойлай аудан арқылы республикалық маңызы бар Атырау-Орал автомобиль тас жолы өтеді.

Исатай ауданы – 1997 жылы облыстың Құрманғазы және Махамбет аудандары жерлерін қосу негізінде құрылған, жер аумағы 14,7 мың шаршы шақырымды құрайды. Каспий теңізінің жағалауында орналасқан аудан жері құмды және сортаң болып келеді. Исатай ауданының оңтүстік шығысында Сазанқұрақ, Забурунье, Батыс және оңтүстік-шығыс Новобогат сияқты т.б көптеген кен орындары табылып, қазіргі таңда ауданның тұрғындары мұнай барлау жұмыстарын кәсіп етуде.

Құрманғазы ауданы – Ресейдің Астрахан облысымен және Бөкей ордасымен шектесіп жатқан аудан. Ауданның жер көлемі 20,8 мың шаршы шақырымды құрайды. 1928 жылы қаланған ауданның басым көпшілігін Нарын құмдарының бөліктері алып жатыр. Ауданда көптеген «Ақжонас», «Жаңажол», «ДельтаКаспий», «Қызылтаң» т.б. секілді мұнай өндіру кәсіпорындары мен балық зауыттары орналасқан. Аудан халқы мұнай, балықпен қоса төрт түлік мал өсірумен, суармалы егін егумен айналысады. Құрманғазы ауданы арқылы өтетін Атырау-Астрахан тас жолы бар.

Қызылқоға ауданы – аумағы құмды, сор, сортанды болып келетін, Атырау облысының басқа аудандарына қарағанда қысы суық болатын аудан. Тамыры темір илеуге пайдаланылатын кермек және лак жасауға қолданылатын қызылмия өсімдіктері өседі. Ойыл мен Сағыз өзенінің жағасында орналасқан Қызылқоға ауданының ерекшелігі Аққұдық, Белқұдық, Тақырқұдық, Қарағанқазғанқұдық атты көптеген құдықтар мен шағын көлдер алып жатыр.

Мақат ауданы – Жер аумағы 4,9 мың шаршы шақырымды құрайтын ауданда 1911 жылы алғаш мұнай бұрғыланып, қазіргі таңда ірі мұнай, газ өнеркәсібімен айналысатын Бекбике, Сағыз, Доссор, Комсомол, Қошқар сынды ірі кен орындары шоғырланған. Тұзды күмбезде калий тұзы және гипс кен орындары кездеседі. Ауданның шығыс бөлігін минералдылығы жоғары, суы тұзды Сағыз өзені алып жатыр.

Сая Есимова

Page 32: Журнал №19 2015г

32

Аманжан Такешев

Page 33: Журнал №19 2015г

33

«ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ КЕЗЕҢІМЕН ШЕШІЛУДЕ»Президент Н.Назарбаев «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты барлық

саланы қамтыған биылғы Жолдауында көтерер жүгі ауыр, қайнаған тіршілік көзі – жол мәселесі екенін баса айтты. Барлық уақытта да экономиканың өрлеуі жолға тікелей қатысты екені сөзсіз. Шетелдік инвесторлар да қаржысын құятын нысанды іздегенде, ең бірінші кезекте, жол мәселесін ескереді. Соңғы он жыл көле-мінде Атырау облысындағы тас жолдар біршама жақсарып қалды. Атап айтқан-да, «Атырау-Орал», «Атырау-Бейнеу» жолдарына асфальт төселіп, аудан орта-лықтары мен елді мекендерге жолдар жаңадан салынып, «Атырау-Индер» тас жолындағы күрделі жөндеу жұмыстары да аяқталды. Сондай-ақ, Махамбет ауданының тұсынан көпір салу да шешілу үстінде. Ал, осындай игі істердің орындалу барысын өз басшылығына алып, халқы үшін аянбай тер төгіп жүрген аптал азаматтың еңбегі еленіп, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 және 20 жылдық медальдарымен, Атырау облысы мәслихатының Құрмет грамо-тасымен, Атырау облысы әкімінің, ҚР Білім және ғылым минстрлігінің, ҚР Мем-лекеттік қызмет жөніндегі агенттігінің, ҚР Ресей Федерациясындағы Төтен-ше және өкілетті елшісінің алғыс хаттарымен және 2010 жылы желтоқсанда ҚР «Құрмет» орденімен марапатталды. Ендеше, Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Такешев Аманжан Әділханұлымен іс-сапар барысында болған сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз!

Аманжан Әділханұлы, өзі-ңізге белгілі мемлекетіміз әлеуметтік-экономикалық жағдайы дамып келе жатқан елдердің қатарында. Бүгінгі таңда Атырау облысындағы жол мәселелерінің жағдайы қалай? Күрделі жөндеуден өтіп, жаңадан салынып жат-қан жолдар бар ма?

Атырау облысында 2061,6 шақырым жалпы пайдаланым-дағы жолдар орналасқан. Соның ішінде облыстық – 973 шақырым, 1088,6 шақырым аудандық маңы-зы бар жолдарға тиесілі. «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» ат-ты биылғы Жолдау барысында Президент өзі айтқан инфрақұ-рылымдық даму жоспарына иек арта отырып, ел экономикасына қан жүгіртетін – жол мәселесіне де мейлінше назар аударған бола-тын. «Елдің өркенін білгің келсе,

жолына қара» демекші, жолды жөндеу, қайта қалпына келтіру, жаңадан салу жұмыстары көп қаржыны қажет ететіні белгілі. Еліміздің дамыған елдер қатары-на қосылуы барысында Үкіметтен жеткілікті қаржы бөлініп, Атырау облысындағы жолдар қалпына келтірілуде. Жол жөндеу мәселе-сін шешу мақсатында 2012 жылы 155,9 шақырым, 2013 жылы 140,7 шақырым жолдарға жөндеу жұ-мыстары жүргізілді. 2014 жылы 202,4 шақырым жолды қалпына келтірдік. Соның ішінде, 133,4 шақырым жолға асфальт төселіп, 61,1 шақырымының негізгі қаба-ты салынған. Облыстық маңызы бар жолдардың 124,3 шақырымы жөнделді. Яғни, Атырау-Индер бағытындағы жолдың 71,3 шақы-рымы, Қарабау-Миялы бағытын-дағы 35 шақырымы, Приморье-Утера-Котяевка – 18 шақырымы

қалпына келтірілді. Аудандық маңызы бар жолдардың 47,9 ша-қырымына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, яғни Махамбет ауда-нындағы 23,9 шақырымдық 10 көше, Исатай ауданындағы 10,7 шақырымдық 18 көше, Жылой ауданынының 7,3 шақырымдық және Мақат ауданындағы 6 ша-қырымдық жолдары түзетілді. Сондай-ақ, Атырау қаласындағы әуежай бағытындағы, орташа және күрделі көшелерге жөндеу жұмыстары жүргізіліп, халық игілігіне қолданылуға берілді.

Атырау облысы Жолаушы-лар көлігі және автомобиль жолдары қандай мәселелерді қолға алуда?

Махамбет және Исатай аудан-дарына қарасты елді мекендердің жолдарын жөндеу жұмыстарына кірісіп те кеттік. Сондай-ақ, Об-

Атырау облысы

Page 34: Журнал №19 2015г

34

лыс әкімі Мақат ауданына қарас-ты Доссор елді мекенінде өткізген кешенді шарада ауыл жағдайын жақсарту мәселесін қолға алып, 36 шақырым жолды жөндеуге тап-сырма берген болатын. Берілген тапсырмаларды іске асыру бо-йынша құжаттамалар жинақтауда-мыз. Елбасымыздың жариялаған биылғы Жолдауында берілген тап-сырма бойынша, облысымыздан өтетін Астрахан-Атырау және Атырау-Ақтөбе тас жолдарын жөндеудеміз. 2012 жылы Атырау облысының әкімі Бақтықожа Салахатдинұлы Елбасының қа-былдауында болып, Президент ұсынысымен Жайық өзенінің Махамбет ауданындағы бөлігіне көпір салу ісі жоспарланып, 2013-2014 жылдары аталмыш жобаны іске асыру мақсатында құрылыс-ты бастап та кеттік.

Салынып жатқан жолдар-дың сапасы жайлы сөз қозғасақ. Қазіргі таңда облыста жаңадан төселіп жатқан асфальттар мен жөнделіп жатқан жолдардың сапасына қаншалықты мән бе-ріледі?

Сұрағыңыз орынды. Жол жөн-деуге үлкен көлемдегі қаржылар бөлініп жатқандықтан, олардың сапасы да сәйкесінше лайықты болуы тиіс. Салынып жатқан әр-бір жолды қатаң түрде бақылауға алып, зертханалық талдаудан өт-кізіледі. Атырау қаласындағы алып жолдарды 1999 жылдан бері Оразбаев Серік Есіркепұлы басқарып отырған «АИС» ЖШС

сапалы салып келеді. Республи-калық жол сапасын қадағалау ко-митеті жыл сайын жетілдірілген аспаптармен жолдардың сапа-сын тексеріп тұрады. Сондай-ақ, «Атыраукөлік» ЖШС айтып өткім келеді. Мақат ауданындағы алты шақырым жолды жөндеуге өз үлесін қосуда. Міне, осындай мекемелердің бәсекеге қабілетті-лігінің арқасында жол мәселесі өз шешімін табуда.

Іс-сапар барысында жолдар-дың енінің кеңдігі, сапалылығы және әр бір автобекеттер қорша-лып, халыққа ыңғайлы жасал-ғанын байқадық. Осындай са-палы жолдар барлық өңірде бар деуге келмейді...

Салынып жатқан жолдардың ені сегіз метрге дейін жетеді. Сон-дай-ақ, облыстық маңызы бар жол-дардан бөлек, облысымыз арқы-лы 990 шақырым республикалық маңызы бар жолдар кесіп өтеді. Соның ішінде, 500 шақырымы Атыраудан Оралға баратын жол алып жатыр. Доссор мен Құлсары арқылы өтетін «Төртінші халықаралық дәліз» деп атала-тын Түрікменстан еліне шыға-тын жол салынуда. Сағыздан Астрахан шекарасына дейінгі жол айтып өткенімдей, «Төртін-ші халықаралық дәлізге», яғни Түрікменстанға шығатын жол-дың құрамына кіреді.

Облыстағы автобекеттердің барлығы тіркеуге алынады. Ал, облыс құрамына кіретін аудан-дарда автобекет емес, автостан-

салар бар. Қазіргі таңда Жылой мен Махамбет аудандарында автостанса салуды көздеп отыр-мыз.

Әңгіме легін жол бағытына бұрсақ. Халықаралық, облыс және аудан аралық жол қарым-қатынасын жасайтын тасымал-даушылар туралы айтып өтсе-ңіз... Республикалық орталық-тарға баратын автобустар бар ма?

Жүк және жолаушылар тасы-малы - басқарма өкілеттігіндегі жұмыстар. Біз осы халықаралық, облыс және ауданаралық бағыт-тарды ұйымдастырушы болып есептелеміз. Қазіргі таңда 3 ба-ғыт бойынша тасымал жүргізілуде. Аудан аралық бағытқа Құлсары-Атырау, облыс аралыққа Атырау-Орал кірсе, халықаралық бағытта Атырау-Астрахан бағдарлары жа-тады. Ал, еліміздің ірі қалалары облысымыздан алшақ орналасқан-дықтан, автобустар жүрмейді. Ха-лықаралық Атырау-Астрахан ба-ғыты жеңіл көліктердің көбеюіне байланысты өз шығынын жетер-лік дәрежеде ақтап тұрған жоқ. Сондай-ақ, жеңіл көлікпен тасы-малдаушылардың көбеюі салда-рынан аудан аралық бағыттарды ұйымдастыра алмай отырмыз. Әрине, осы арқылы күнелтіп жүр-ген жеңіл көлік жүргізушілеріне кінә тағудың қажеті жоқ. Статис-тикалық деректерге сүйене оты-рып, жеңіл көлікпен салыстыр-ғанда, автобуспен жүру қауіпсіз деп айтуға толық негіз бар.

Page 35: Журнал №19 2015г

35

Жол салуға қажетті сапа-лы материалдарды қайдан алу-дасыздар?

Атырау облысы жолдарын жөндеуге көп қаржының қажет ететіндігі – өңірдегі құрылысқа қажетті өнімдердің тапшылығы себеп бола алады. Барлық қажет-ті өнімдерді тасымалдау арқылы алдыртамыз. Негізінен, Ақтөбе облысы, Ақтау қалаларынан та-сымалдаймыз. Индер ауданында-ғы құрылысқа пайдаланылатын құмдарды қолданамыз. Былтырғы жылға дейін сертификаттарының болмауына байланысты пайдала-на алмай келдік. 2014 жылға де-йін құрылысқа қажетті бетон секілді материалдарды Ресей, Башқұртстан елдерінен алдырт-тық. Ақтау қаласындағы кәсіби бетон шығаратын зауыт ашылып, қазіргі уақытта отандық өнімді тұтынудамыз. Ал, асфальтты «АИС» құрамына кіретін үш асфальт дайындайтын зауыттан алудамыз. Жолдың сапалы бо-луы – отандық өнімдерді пай-далануымыздың бір себебі деп ойлаймын.

Сондай-ақ, жолдар құрамы-ның бұзылып немесе өзгеруіне мердігер мекемелер келісім шарт негізінде 5 жыл уақыт аралығын-да өз қаржыларынан өтеп, жөндеу жұмыстарына кепілдік береді.

Осы орайда әңгімемізді өзі-ңізге қарай бұрсақ. Сіз қандай отбасында туып-өстіңіз? Еңбек жолыңыз қалай өрбіді?

Мен 1955 жылдың 15 желтоқ-санында қазіргі Атырау облысы-ның Теңіз ауданындағы Телячье ауылдық кеңесінде қарапайым малшы отбасында дүниеге кел-дім. Әкем Тәкешев Әділхан мен анам Тәкешева Дәметкен колхоз-дың малын бағып, күнелтіс кө-зін тапқан. 1973 жылы Дәшін ауылында орналасқан Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепке бітіріп, жоғары оқу орнына түсуге тал-пынған тілегімнің орындалмауына байланысты Ақтөбе қаласындағы №7 техникалық училищеге оқу-ға түсіп, 1974 жылдың маусым айында «байланыс монтері» деген мамандық алып шықтым. 1974-1976 жылдар аралығында Кеңес әскері қатарында борышымды өтедім. 1977 жылы №28 арнаулы механикаландырылған жылжыма-лы коллонасында (СПМК-28), газбен және электрмен темір пі-сіруші мамандығы бойынша жұ-мыс жасадым. 1980-1994 жылда-ры осы мекемеде механикалық шеберхана меңгерушісі, бас ме-ханик, бас инженер және меке-ме бастығы қызметін атқардым.

1988 жылы өндірістен қол үзбей жүріп, қазіргі Тараз қаласындағы Жамбыл гидромелиоративтік құрлыс институтын инженер-гидротехник мамандығы бойын-ша бітірдім. 1994-2000 жылдар аралығында Құрманғазы ауданы әкімі аппаратында аудан әкімінің төтенше жағдайлар жөніндегі орынбасары, кейін аудан әкімінің орынбасары лауазымдарын абы-роймен атқардым. 2000 жылы аудан орталығындағы жаңадан құрылған «Құрманғазы жолдары» МКК директоры болып тағайын-далып, күні бүгінге дейін сол «Құрманғазы жолдары ЖШС ди-ректоры ретінде қызмет атқарып келемін. 2008 жылы Құрманғазы ауданының әкімі болып тағайын-далып, 2012 жылдан бері Атырау облысы Жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бас-қарма басшысы қызметіндемін. Отбасында зайыбым Мәншүк екеуміз төрт бала тәбиелеудеміз.

СұхбаттасқанСая Есимова

Page 36: Журнал №19 2015г

36

Сағынбай Тұрғарин

Page 37: Журнал №19 2015г

37

ӘДІЛЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ӘДІЛ ҚЫЗМЕТІ...

«Тура биде - туған жоқ» деген аталы сөзде әділдіктің нышаны деп айтуға толық негіз бар. Өзінің құзіретті шегінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін Әділет басқармасы болып табылады. «Әділ істің арты игі» демекші, әділдік жолында бойындағы бар күш-қайратын және білімі мен біліктілігін өзіне ғана емес, елінің әділ жолда дамуына жұмсап жүрген азаматтар жоқ емес. Сондай азаматтың бірі - Атырау облысы, Әділет департаментінің басшысы Тұрғарин Сағынбай Бейбітұлымен болған терең астары бар сұхбатымызды назарларыңызға ұсынамыз.

Сағынбай Бейбітұлы, Атырау облысы Әділет де-партаментінің қысқаша та-рихына тоқталып өтсеңіз?

Отандық әділеттің құрыл-ғанына 90 жылдан астам уақыт болды. Кеңестік дәуір аумағын-дағы әділет органдарының қа-лыптасуы сонау 1917 жылдың күреске толы қазан айынан бас-тау алады. 1970 жылы желтоқ-сан айында Гурьев облысында Гурьев облыстық атқару коми-тетінің бөлімі болып, Әділет бөлімі құрылды. Әділет бөлімі өз шеңберінде құқықты наси-хаттау, соттар жұмысын ұйым-дастыру, нотариат бағыттарында жұмыстар атқарды. 1988 жылы Әділет басқармасы болып қайта құрылғаннан кейін жұмыстың бағыттары кеңейіп, атқаратын міндеттер мен талаптар өсті. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2004 жылғы то-ғыз санды бұйрығымен сегізін-ші қаңтарда Әділет басқармасы Әділет департаменті болып өз-гертілді.

Департаменттің атқарып жатқан жұмыстары жайлы оқырмандармен бөліссеніз?

Әділет департаменті ҚР «Әділет органдары» туралы за-ңына сәйкес Әділет министрлі-гінің аумақтық органы болып табылады. Негізгі атқаратын жұ-мысы мемлекеттік қызметтерді тіркеп, бекіту болып табылады. Тарқатып айтсам, мәслихаттар, әкімдердің нормативтік құқық-тық актілерін тіркеу, заңды тұл-ғаларды, жылжымайтын мүлік-ке құқықтарды мемлекеттік тір-кеу, филиалдар мен өкілдіктер-ді есептік тіркеу, азаматтық халактілерін мемлекеттік тіркеу мә-селелері бойынша жергілікті ат-қарушы органдардың қызметте-рін нормативтік-әдістемелік қам-тамасыз ету. Яғни ҚР зияткерлік меншік саласындағы заңнамасы-ның сақталуы тұрғысында жеке және заңды тұлғаларға тексеру-лерді жүзеге асырады. Тағы бір маңызды қызметіміз - заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру болып саналады. ҚР Үкіметінің

2014 жылғы 14 тамыздағы №933 қаулысымен «ҚР орталық атқару-шы органдарының ведомоствола-ры туралы» және 2014 жылғы 1 қазандағы №1009 «ҚР ӘМ кейбір мәселелері туралы» қаулысы не-гізінде бұрынғы сот актілерін орындау департаменті Әділет органына қосылып, біртұтас Әді-лет департаменті болды. Ендігі жерде атқарушылық іс-құжатта-рын орындау, атқарушылық іс жүргізу бойынша шағымдар мен өзге де өтініштерді қарау, борыш-керлердің тыйым салынған мүл-кімен жұмыс және жеке сот орын-даушыларын есептік тіркеуді жүр-гізу біздің құзырымызда.

Құқықтық түсіндіру және халыққа көмек көрсету шара-лары қандай деңгейде жүзеге асуда?

Бәрімізге белгілі 2013 жылы «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» заңы қабылданып, бұл бойынша құқықтық кеңесті барлық мемлекеттік органдар, заңгерлер, нотариустар, жеке

Page 38: Журнал №19 2015г

38

сот орындаушылары көрсетуі тиіс еді. Алайда, шыны керек, азаматтардың барлығы бірдей өз құқықтары мен үкімет қол-дап отырған мүмкіндіктерін то-лыққанды өз деңгейінде пайда-ланбайды. Сол Заң талаптарын насихаттау, тұрғындар назарына жеткізу департаменттің құқықты түсіндіру және халыққа заңгерлік көмек көрсету бөлімінің тікелей міндеті болғандықтан, тегін заң көмегін алу заңдылығын тұрғын-дар арасында түсіндіру бағытын-да тұрақты түрде жергілікті ат-қарушы органдар, мемлекеттік мекемелер және ҚР ӘМ құры-лымдық бөлімшелерінің өкілде-рімен бірлесе тоқсанына екі рет «Әділет кеңес береді» акциясы ауылдық аймақ тұрғындарымен ұйымдастырылып, тегін құқық-тық кеңестер, қажетті құжатта-рын рәсімдеу бойынша көмек-тер беріледі. Аталған бағытта-ғы шаралар қарттар үйі мен мү-гедектердің мекен-жайларына барып та, жазасын өтеуші аза-маттар арасында да ұйымдасты-рылуда.

Зияткерлік меншік құқық-тары мен жеке сот орындаушы-лар қызметін ұйымдастыру қыз-метіне тоқталып өтсеңіз?

Атырау облысында 2011 жыл-дың қыркүйек айында жеке сот орындаушыларының өңірлік алқа-сы құрылып, қызмет ете бастады. Қазіргі кезде 26 жеке сот орын-

даушысы қызмет атқаруда. Бұқа-ралық ақпарат құралдарында Атырау облысы бойынша жеке сот орындаушылар өңірлік алқа-сымен жеке сот орындаушылар институтының маңызы мен атқа-ратын қызметін тұрақты түрде жарнамалаудың нәтижесінде, тұрғындардың жеке сот орындау-шыларына деген сенімі артты. Соның ішінде, Атырау облысы бойынша жеке сот орындаушы-лары «Қазақтелеком», «Облтранс-газ», «Теплоэлектроцентраль» акционерлік қоғамдарымен, «АТФ Банк», «АзияКредит Банк», «ЦеснаБанк», «Альянс Банк», «Сбербанк России», «Банк Центр-Кредит», «Казкоммерцбанк» сияқты екінші дәрежедегі банк-термен, «Астана Финанс Ипоте-ка» қаржылық ұйымымен, «НСК» сақтандыру компаниясы АҚ-мен және пәтер иелері кооперативте-рімен келісім-шартқа отырып, орындау қызметі тұрақты түрде жүзеге асырылуда. Сонымен қа-тар, алқа әкімшілік айыппұлдар өндіру туралы қаулыларды орын-дау мақсатында Атырау облысы бойынша экология департамен-тімен, «Жайық Каспий облыс аралық бассейндік балық шаруа-шылығы инспекциясы» Респуб-ликалық ММ-мен, Атырау облы-сы бойынша салық департамен-тімен, Атырау облысы бойынша аумақтық жер инспекциясымен, Атырау облысының Ішкі істер департаменті ММ-нің әкімшілік

полиция басқармасымен келісім шарттарға отырып, әкімшілік айыппұлдар өндіру туралы атқа-рушылық құжаттары жеке сот орындаушыларымен орындалуда. Есепті мерзімде Атырау облысы жеке сот орындаушыларымен жалақы өндіруге қатысты 2014 жылы 301 атқару құжаттары орындалып, нәтижесінде нақты-лы 95 592 863 теңге өндірілді және еңбекке қатысты 301 аза-маттың конституциялық құқық-тары қалпына келтірілді.

Қазіргі уақытта, облыс көле-мінде әрбір жеке сот орындаушы-ның ай сайынғы жүктеме норма-тиві 46 құжатты құрап отыр. 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап кү-шіне енген «Атқарушылық іс жүр-гізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» ҚР Заңына ен-гізілген өзгерістер мен толықтыру-ларға сәйкес Жеке сот орындаушы-ларының респуликалық алқасы Республикалық палата болып 2015 жылдың 18 ақпанында құрылды.

Ал зияткерлік меншік құқық-тары саласына тоқсалсам, ҚР ха-лықаралық шарттарымен, Прези-дент актілерімен, ҚР Үкіметінің тағы басқа нормативтік-құқық актілеріне сәйкес авторлық және сабақтас құқықтарын қорғау об-лысындағы халықаралық келі-сімдерін орындау және де шы-ғарма пайдаланушылардың құ-қықтар нормаларын сақтауына байланысты, мемлекеттік реттеу қарым-қатынасты жүзеге асыра-

Page 39: Журнал №19 2015г

39

ды. Бұл шаралардың барлығы қаржы полициясы, ішкі істер ор-гандары өкілдерімен бірлесе ат-қарылып келеді. 2014 жылы бар-лығы 11 тексеріс ұйымдастыры-лып, 6 әкімшілік құқық бұзушы-лық анықталды, тексеріс нәти-жесінде жалпы 1386 810 теңге құрайтын 3417 дана контрафак-тілік өнім алынып, сот қаулысы-мен 666720 теңге айыппұл салы-нып, 3417 дана контрафактілік өнім тәркіленді. Насихаттау жұ-мыстары бойынша Атырау облы-сы көлемінде жалпы 44 семинар, 26 дөңгелек үстел өткізіліп, газет бетіне 18 мақала жарияланып, радио және теледидар арқылы жалпы 5 сұхбат беріліп, 112 дәріс оқылды.

Елбасының «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Жолдауына қатысты азаматтық ой-пікіріңізді білдірсеңіз?

Бұл Жолдау нақты басымдық берілген дүниелерге ерекше тоқ-талды. Нұрлы жол деп аталған саясатының басты міндеті - қазір-гі әлемдік экономикалық жағдай сын қатерде тұрған кезеңде көлік-тік-логистика саласына бұруы жай емес. Қазақстанның Кеден Одағына енуімен байланысты халықаралық танымалдылықты, Қазақстан нарығына шетелдік инвестиция тартуды және логис-тикалық жағдайды қалыптасты-руда көліктік күре жолдарды

жаңғыртудың маңыздылығы өте зор. Соның ішінде өңіріміз үшін қуанарлық жағдай - Атырау-Астрахань жолының жаңғыртыл-уы. Жалпы тек осы Жолдауда емес, Елбасы барлық Жолдауында бизнеске қолдау көрсету, соның ішінде шағын және орта кәсіпкер-лікті дамыту бағытына аса ден қойды. Бұрын соңды болмаған шарт жасала отырып бизнесті он жылға бар-жоғы алты пайызбен несиелеу, 2050 жылға қарай ішкі жалпы өнімнің 50 пайызына ұл-ғайту бойынша жұмыс жалғасты-ру көзделген. Көпшіліктің талқы-лауына біріншіден жаңа тұрғын үй бағдарламасы түседі. Тұрғын үй инфрақұрылымдарын нығайту мәселесі, жалға берілетін тұрғын үй құрылысын қайта қарап, бас-пананы тікелей, делдалдарсыз және несиеге барынша төмен пайызбен халыққа, әсіресе жас отбасыларға мемлекет тарапы-нан көрсетілетін үлкен көмек деп ойлаймын.

Сағынбай Бейбітұлы, ендігі әңгіме легін еңбек жолыңыз бен жеткен жетістіктеріңізге бұрсақ?

2002 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде заңгер маманды-ғы бойынша жоғарғы білім алып, еңбек жолым сол әділет саласынан басталды. Кейін басқарма Әділет департаменті болып өзгертіліп, оның діни бірлестіктермен бай-

ланыс бойынша бөлімінің басты-ғы лауазымын атқарып, 2007-2010 жылдары Махамбет аудандық Әділет басқармасы бастығы, 2010-2013 жылдары Атырау қалалық Әділет басқармасы басшысы қыз-меттерінде болып, 2013 жылдан бастап Атырау облысы Әділет де-партаменті басшысы лауазымын атқарып келемін.

Журналымыздың дәстүрлі сұрағына келіп жеттік. Тәуел-сіздік Сіз үшін қандай ұғым? Қазақ елінің кешегісі мен бү-гінгісіне көз жүгіртсек...

Елбасы өзінің көрегенді сая-сатының арқасында елін әлеумет-тік-экономикалық дағдарысқа ұшыратпай, дамудың өркендеу жолына үндеді. Ұлтаралық тату-лыққа селкеу түсірмеді. Қазақстан алпауыт мемлекеттермен достас-тық қарым-қатынас орнатып, әлемдік дүбірге қосылды. Соның негізінде, дамыған елдермен иық тіресетін жағдайға жеттік. Міне, осы жетістіктің бәрі ең алдымен тәуелсіздігіміздің арқасы және Елбасымыздың сарабдал саясаты екені даусыз. Осы құндылықтар-ды көре отырып, біле отырып мен әрине, елімнің, сол елде өр-біп отырған ұрпағымның бола-шағының жарқын боларына се-німдімін.

СұхбаттасқанМөлдір Құрман

Page 40: Журнал №19 2015г

40

НұржанЕрмұханов

Page 41: Журнал №19 2015г

41

«СПОРТ - ӨМІРДІҢ МӘНІ»

«Спорт - игілікті іс. Спортта мінез-құлық қалыптасады. Жастайынан спортпен айналысқандар

бүкіл ғұмыр бойы табысқа жетуге талпынады. Мен мұны өз тәжірибемнен білемін».

Н.Назарбаев

Соңғы жылдары мұнайлы өлкенің спортшылары байрақты бәйгелерде топ жарып, мерейімізді асқақтатып жүр. Ерен еңбегімен облыс спортына қолдау көрсетіп отырған жергілікті спорт жанкүйерлері екені даусыз. Елбасымыз: «Салауатты өмір салты мен адамның өз денсаулығы үшін жауапкершілігі қағидаты – денсаулық саласындағы және күнделікті тұрмысындағы мемлекеттік саясаттың ең басты мәселесі болуы тиіс» деген қанатты сөзін ұран еткен спорт жанашырларының бірі - Ермұханов Нұржан Мақсотұлын айта аламыз. Спортқа қосқан игі ісін жастарға үлгі ете отырып, «Елім деген азаматты елі білсін» деген ниетпен жақында Атырау облысындағы арнайы іс-сапар барысында жүздескен болатынбыз. Ендеше облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасына басшылық етіп жүрген қадамы нық азаметпен болған сұхбатымызды назарларыңызға ұсынамыз!

Облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасындағы атқарылып отырған істер жа-йында айтып өтсеңіз?

Облыстық спорт кешендері спорт мектептерінің қарамағында болғандықтан, спорт түрлері бо-йынша секциялар мектеп жасын-дағы балалар мен студенттерге тегін қызмет атқаруда. Дене шы-нықтырумен және спортпен жап-пай айналасу мақсатында, егде жастағы адамдарға дене шынық-тыру және спортпен жүйелі түр-де айналысу үшін, спорт кешен-дерінің залдары және суда жү-зу бассейніне кешкі уақытта кә-сіпорындар мен мекемелерге кес-те бойынша белгіленіп жеңілдік-тер қарастырылып жаппай спорт-пен айналысуда.

2014 жылы шілде айында бас-қарма басшысы болып тағайын-далғаннан кейін, жарты жыл ішін-де Атырау қаласында алғаш рет жоғары спорттық шеберлік мекте-бін (ЖСШМ) аштық. Мектеп 18-ге толған спортшыларға спортты тастамай, өз шеберліктерін әрі қарай шыңдай беруге және оған қоса жалақы алуға мүмкіндік ту-дырып отыр. Мұны ашуға облыс әкімдігі үлкен көмегін тигізді. Мұз сарайының базасында Қыс-қы спорт түрлері академиясын аштық. Бұл жерде балалар мәнер-леп сырғанаумен, шорт-трек жә-не хоккеймен тегін шұғылдану-ға мүмкіндік алды. Спортшылар үшін тегін киім-кешек алынады, жарыстар мен оқу-жаттығу жиын-дары өтеді.

Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімділігі тұрғысынан «Мүгедектер спорт клубы» мемле-кеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны бағынысына спорт кешені пайдалануға берілген спорт кешенінде тірек қозғалыс жүйелері бұзылған мүгедек жан-дар, есту қабілеті төмен жандар, зағип барлық санаттағы мүгедек спортшылар спортпен шұғылда-нуда. Спорт түрлері отырып ой-нау волейболы, үстел теннисі, пауэрлифтинг, мылтық ату, жеңіл атлетика, грек-рим күресі, тоғыз-құмалақ, шахмат, арбада билеу, дойбымен айналысуы үшін ерек-ше назар аударып, спорт түрлері бойынша секциялар жұмыс жа-сауда.

Page 42: Журнал №19 2015г

42

Азаматтардың аз қамтылған санаттары үшін спорттық ғима-раттарға жеңілдікпен және тегін кіру мақсатында Мұз кешеніне аз қамтылған жанұялардың 100 баласы және жетім балалар үйі мен №1 облыстық жетім балалар-ға және ата-аналарының қамқор-лығынсыз қалған балаларға ар-налған мектеп интернаттың 200 баласы және суда жүзу бассейні-не 600 балаға жаңа бағдарлама қабылданып, тегін қызмет көрсе-тілуде.

2014 жылға облыс бойынша 850 спорттық бұқаралық ісша-ралар жоспарланып толықтай ұйымдастырылып өткізілді, мем-лекеттік қызметшілер, медицина қызметкерлері, құқық қорғау ор-гандары және т.б спартакиадалар өткізілуде.

Суда жүзуден тоқсан сайын жас ерекшеліктері бойынша 400-ден астам мектеп оқушылары ара-сында жарыстар ұйымдастыры-лып отырады.

Волейбол, баскетбол, футбол спорты бойынша мектеп оқушы-лары арасында лигалар өткізіліп отырады. Кіші аяқ добынан 50 ас-там кәсіпорындар мен мекемелер

командалары арасында спорт ке-шендерінде әр аптаның сенбі жек-сенбі күндері турнирлер ұйымдас-тырылуда.

2014 жылдың 28-30 маусым күндері Атырау қаласының «Атырау» спорт кешенінде қазақ күресінен жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында «Атырау барысы» облыстық турнирі ұйым-дастырылып, жоғары деңгейде өт-кізілді.

Жастар мен жасөспірімдер арасындағы волейболдан, баскет-болдан облыс чемпионаттары, дзюдодан, қазақ күресінен рес-публикалық турнирлер және ұлт-тық ойын тоғызқұмалақтан ау-дандық, облыстық біріншіліктер ұйымдастырылып, облыс мықты-лары іріктеліп, олар республика көлеміндегі жарыстарда облыс намысын және әлемдік ареналар-да ел намысын қорғауда.

Қазір самбо, дзюдо үйірме-лері бөлек дене шынықтыру са-уықтыру кешені ауысты, футбол командасы мен кикбоксинг үйір-месі жаттығу жұмыстарын жақ-сы өткізіп келеді. Кикбоксингтан шамамен ай сайын шәкірттеріміз жарысқа барып, бапкер Данияр

Юсуповтың арқасында жақсы жүлделермен оралып Атырау хал-қына қуаныштарын сыйлап жүр. 2015 жылдың сәуір айында кик-боксингтың әр жылдығына орай Атырау қаласында Қазақстан мен Ресей Федерациясының мықты спортшыларының өнерін көрсе-туді жоспарлап отырмыз.

Жас болсаңызда қоғамға пайдалы істер атқарыпсыз. Жет-кен жетістігіңіз жайында сөз қоз-ғсаңыз...

«Жалғыздың аты шықпас, жа-яудың шаңы шықпас» дегендей бұл ниет тірліктеріміздің ішінде қаншама бауырларымның еңбегі бар, сол себептен, егер бір адам алғыс айтса сауабы ниеттес бар-шаға тиеді деп ойлаймын. Аллаға шүкір, атқарған істердің есесіне үлкен жігер беріп одан әрі қанат-тандырған мараппаттаулар бар. 1999 жылы 23 жасымда алған Атырау облыс әкімі Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетовтың алғыс хаты, 2001 жылы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арнайы медалі, 2002 жылы қа-ла әкімі Дүйсенбай Нұрбайұлы Тұрғановтың алғыс хаты, 2008

Page 43: Журнал №19 2015г

43

жылы спорт министірі Темірхан Мыңайдарұлы Досмұхамедовтың және тағы басқа қоғамдық ұйым-дардың алғыс хаттары менің ең-бегіме берілген баға деп білемін.

Қазіргі таңда биік тұғырдан көрініп жүрген шәкірттерінізді атап өтсеңіз?

Кезінде менен азды-көпті тә-лім-тарбие алған жігіттер қазір әр салада жақсы қызметтер атқарып жүр. Сонымен бірге спорт саласы-нанда аз емес, атап айтсам облы-сымызда самбо күресінің аға жат-тықтырушысы Қайрат Досқалиев, кикбокстан аға жаттықтырушысы Данияр Юсупов, еліміздің дзюдо-дан бірнеше дүркін чемпионы, жаз-ғы олимпиада ойындарына екі дүр-кін қатысушы Ринат Ибрагимов, дзюдо күресінің бапкері, спорт шебері Болат Жұбамаев, «Сұлтан Бейбарыс» футбол командасының бапкері Ануар Дощанов. Барлығы-мен бүгінге дейін жақсы араласа-мын. Жетістіктеріне қуанып, аға-лық құрметімді көрсетіп, қолдан келгенше қолдап жүремін.

2014 жылғы Атырау облысы бойынша командалық жетістікте-

ріміз отырып ойнау волейболынан төртінші рет Қазақстан Республи-касының Чемпионы атандық. Бас-кетболдан Жастар арасындағы Қазақстан Республикасының Чем-пионы, Ватерполдан Қазақстан Республикасының Чемпионы бол-дық. Дзюдодан Маңғышылақ облы-сында өткен халқаралық турнирда 1 орын жүлдегері, Тараз қаласын-да өткен ауыл жастары ойындары Қазақша күрестен командалык есепте 1 орынды, Жекпе Жектен ересектер арасында Қазақстан Рес-публикасының Чемпионы атан-дық. Кикбоксингтан Башкирия елінде өткен жастар арасындағы халқаралық турнирде 8 алтын ме-дальді спортшыларымыз жеңіп алып тағыда командалық есепте 1 орынды иемдендік. 2014 жыл-дың Астана қаласында Параолим-пиадалық ойындардың қортынды жиналысында Қазақстан Респуб-ликасының 4 дүркін чемпионы, АҚШ елінде өткен халқаралық турнирдың жеңімпазы, Иран елін-де өткен халықаралық турнирдің күміс жүлдегері, Германияда өт-кен халқаралық турнирдің қола жүлдегері Атырау облысының

отырып ойнау волейболынан ко-мандасы Қазақстан Республикасы-ның ең үздік командасы атанды және бас бапкер Бауыржан Тахауов Қайсар тұлға номинациясының иегері атанды. Осы нәтижелер біз-дің ол үлкен жетістігіміз деп есеп-тейміз.

Тәуелсіздік сіз үшін қандай ұғым?

«Біз тәуелсіздікке аңсап, зары-ғып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қа-дірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әр-бір азамат Қазақстанның туын, ел-таңбасын, әнұранын тұмардай қа-сиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сы-налатын бір тұсы осы» - деген бо-латын Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев. Адамдардан ешкімнен тәуелсіз болғанынан тәуелсіз демейді, олар-дың бірлігі мен ынтымақтастығы тәуелсіз болып саналады. Әр от-басы берік болса ол тәуелсіздіктің күші болып саналады. Отбасы елі-міздің бір тамшысы, жанашыры. Татулығымыз мәңгі болғай!

Сұхбаттасқан

Жадыра Мұсабай

Page 44: Журнал №19 2015г

44

ТАРИХЫ ТЕРЕҢНЕН ТҮЙІН ТАРТҚАН ИНДЕР АУДАНЫ

Атырау облысы Индер ауданы

Отызыншы жылдардың ортасына таман құрылған Атырау облысындағы Индер ауданы бүгінде облыстағы дамыған айтмақтардың бірі саналып отыр. Олай дейтін себебіміз, тау-кен өнеркәсібі саласы, ауыл шаруашылық өндірісі мен индустриясының өркендеуі, орта және шағын кәсіптерлік санының жыл сайын арта түсуі өңірдің одан әрі дамуына серпін беруде.

Президентіміз Н.Назарбаев: «Тарих - өткеннің сабағы, алдағының кейінгіге өнегесі», - демекші, Индер ауданының тарихына тоқталып кетер болсақ, 1933 жы-лы Гурьев өз алдына облыс болып жариялануына байланысты сол жылғы 26 тамыздағы округтік комитеттің шешімімен Есбол ауданы құрылып, орталығы Кулагино елді мекені болып бекітілді. Оның құрамына 28 ауылдық, елді мекендік кеңес кірген. Хрущевтың аласапыран саясатының кесірінен аудан 1963 жылы Бақсай ауданымен біріктіріліп, 1965 жылы қайта бөлінді. Кейіннен Индер ауданы атанып, орталығына Индербор кенті таңдалынды. Бүгінде ауданда Индербор, Бөдене, Жарсуат, Елтай, Есбол, Өрлік, Көктоғай ауылдық округтері, жиырмадан астам елді мекен бар.

Жазық далада орналасқан Индер ауданы Атырау облысының солтүстігінде, Каспий маңы ойпатының орта тұсында, Жайық өзенінің екі жағалауын бойлай орналасқан. Шығысы мен түстігінде облыстың Қызылқоға, Махамбет аудандарымен, батысы мен терістігінде Батыс Қазақстан облысының Жаңақала, Ақжайық аудандарымен шектеседі. Ауданның жер көлемі – 11,1 мың шаршы шақырым. Ауданның аймағы шөлейт аймаққа жатады, қысы аязды, жазы құрғақ та ыстық болады. Ауданда 32 145 тұрғын бар

Құрманғазы өткен, жергілікті халықтың ауызекі әңгімелерінде осы жердің тау-тасын өзенге төсеттіріп, Асан қайғы салғызған өткел – Таскешу аудан орталығы Индербордың өкпе тұсында. Сырым батыр «хан шапқан» кең жазық та таяқ тастам жерде. Дауылпаз ақын, ақберен батыр Махамбет Өтемісұлы мен жампоз жырау Мұрат Мөңкеұлының мәңгілік мекеніне айналған Индер топырағында бұлардан басқа да айтулы тұлғалардың мәңгі өшпейтін іздері жатыр. Аудан түлектері Боран Нысанбаевтың, Иван Махориннің, Иван Березиннің Отан соғысында Батыр атануы, Гавриил Шаминнің «Даңқ орденінің» иегері болуы және 16 адамның «Еңбек Ері», «Алтын жұлдызын» кеудеге тағынуы, басқасын айтпағанда Ленин орденділердің саны жиырмадан асуы ержүректіліктің де, еңбекқорлықтың да мысалы бола алады. Өңірде кіндік қаны тамып, ауыл мектептерінде дәріс алып өмірдің сан тарау жолына түскендердің қатарында он бес ғылым докторлары бар. Аудандағы «Передовик» ұжымшарын

Page 45: Журнал №19 2015г

45

басқарып жүріп, облатком төрағалығына сайланған Сағидолла Құбашев Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Семей облыстарын басқарып, Республикалық министрлер кеңесі төрағасының орынбасары болды және Қазақстан Компартиясы ОК 2-хатшылығынан зейнеткерлікке шықты. Тума ауылында дүниеге келген Өтешқали Атамбаев бұрынғы одақ деңгейіндегі мемлекет қайраткері дәрежесіне дейін көтеріліп, республикадағы Қаржы министрі, Министрлер кеңесі төрағасының орынбасары, ұзақ жылдар бойы Қазақстан Республикасының Ресейдегі өкілі болды. Міне, Индер ауданы осындай азаматтарын мақтаныш тұтып, үлгі етеді.

Мамандардың айтуынша, Индер ауданы бүкіл облыс жерлері сияқты су қорына өте тапшы аймақтардың қатарына жатқызылады. Аудан жерінде Индер көлі, Жайық, Бағырлай, Алғабас, Құрайлы өзенінің екі жағындағы өзен аңғарлары арқылы салынған Ақсай суару-суландыру жүйелері бар. Қызметінің нәтижесінде қоршаған ортаға зиянды әсер етуі мүмкін үш жүзден астам кәсіпорын, қожалықтар тіркелген. Олардың жұмысы аудандық қоршаған ортаны қорғау инспекторы арқылы үнемі бақыланады.

Аудан жерінде 1935 жылы ашылған Индер борат кеніші, Сатимолла кен орны, сондай-ақ күні бүгінде калий-магнийлі тұзы, галит, гипс, бор, гравий, құмды қоспа, тас, тастық балшық, тағы басқа түрлі өндірістік шикізаттар қоры зерттелініп, пайдалануға жол ашылды. Мәтенқожа, Шүгіл, Лебяжье, Круглый, Қыз, Алдаберген, Жабағы және тағы басқа ұңғымаларында борлы тұз бен элювиалды борат барлығы байқалады.

Аудан экономикасының басым бағыттары тау-кен өнеркәсібі саласы бойынша Дендер тауы шикізаттары негізінде борат, құрылысқа қажетті материалдар мен ас және техникалық тұздар өндіру, ауыл шаруашылығы саласы бойынша табиғи жайылымдар, шабындықтар, су көздері мен су каналдары мал және егін шаруашылығын дамытуға қолайлы жағдай туғызады.

Мемлекет тарапынан жүргізілген үлкен қолдаудың нәтижесінде ауданда шағын кәсіпкерлік саласы да қарқынды дамуда. Өткен жылғы мәліметтерге сүйенсек, аудандағы шағын кәсіп иелерінің саны 1773 болса, онда жұмыс жасайтын адам саны 2257-ге жетті, бұл аудандағы экономикалық белсенді халық санының 10,2 пайызын құрайды. Бюджетке кәсіпкерлік саласы бойынша 172 млн. 989 мың теңге кіріс түсті.

Өндірісі өркендеген өңірде денсаулық сақтау саласына да баса назар аударуда. Ауданда 28 емдеу-сауықтыру мекемесінде 53 дәрігер, 211 орта буын медицина қызметкерлері жұмыс жасайды. Сондай-ақ, бүгінгі күні ауданда жалпы білім беретін 15 орта мектеп бар.

Эльмира Үсенқызы

Page 46: Журнал №19 2015г

46

СерікАрыстан

Page 47: Журнал №19 2015г

47

«Индер ауданы табиғат байлығын игеру мақсатында іскер инвесторларды күтуде»

«ИНДЕР АУДАНЫ ЕРТЕҢІНЕ СЕНІММЕН ҚАРАЙДЫ»

Атырау өңірі туралы әңгіме қозғалса, алдымен жер астындағы табиғи байлық-тың бірі – мұнай-газ өнеркәсібінің өркен жаюы тіл ұшына оралады. Өйткені, қазақ жеріндегі «қара алтын» қойнауының алғашқы тамшысы дәл осы өңірде алынған. Ал, осы өңірдің дамып, көркеюіне үлес қосып жүрген 33 мыңға жуық тұрғыны бар Индер ауданы әңгімемізге арқау болып отыр. Жазира даласы да, тұңғиық өзен-көлі де терең тарихтың куәсі болып келе жатқан киелі мекен барша қазақтың маңда-йына біткен асыл мұра.

Индер ауданының экономикалық әлеуеті көп салалы тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы мен шағын және орта кәсіпкерлік салаларынан тұрады. Өңірдің бүгінгі таңдағы әлеуметтік және экономикалық дамуынан хабардар болу мақ-сатында арнайы іс-сапар барысында журналымызға Индер ауданының әкімі Арыстан Серік Бисешұлы кеңінен сұхбат берген еді. Оқи отырыңыздар, құрметті оқырман қауым!

Серік Бисешұлы, Индер ауданының әлеуметтік-эконо-микалық жағдайы мен бүгінгі тыныс-тіршілігіне тоқталып өтсеңіз.

Халқымыздың ұлттық қадір-қасиетін айшықтаған, елдің мәде-ни-рухани құндылықтарын ұлық-таған, экономика мен саяси-әлеу-меттік хал-ахуалды жақсартуға жол салған жаңа экономикалық саясатқа негізделген «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауымен сабақтаса үндестік табуы – еліміздің, оның ішінде барлық өңірлердің дамуы үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Осыған орай, Индер ауданының әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы үш бағытта, яғни өнер-кәсіп, ауыл шаруашылығы, ша-

ғын және орта кәсіпкерлік сала-ларымен сипатталады. 2014 жылы ауданда 32145 адам тұрса, оның экономикалық белсенді бөлігі 17 401. Құрамында 1 кенттік, 6 ауылдық округі және оларға қарасты 21 ауылы бар Индер ау-данының орталығы - Индербор кенті.

«Жер топырағымен, ел азама-тымен киелі» демекші, бұл өңір – шын мәнінде тектілер мекені. «Сағыз бенен Жемдерден, Еділ менен Дендерден, одан да талып өткен ер» десе Махамбет, онан әрі ХҮІІ ғасырда Жиембет жырау-дың «Қиялдан жолды көрсеткен, Төбеңе шығар күн бар ма, Жотасы биік Дендерім» деуі бұл өңірдің бағзы заманнан белгілі, қадірлер қасиетті екендігінің айғағы.

Тау-кен өнеркәсібі саласы Дендер тауы шикізаттары негі-зінде борат, құрылысқа қажетті материалдар мен ас және тех-никалық тұздар арқылы дамып, 2416,0 млн.теңгенің өнімі өнді-рілді. «Жайықгазтасымалдау» басқармасы, геологиялык «Бор» ЖШС, «Индертұз» кәсіпорны, «Индер» мұнай айдау стансасы, емдік бишофит пен тұз өндіретін «Геохим» кәсіпорны, «Индергипс» бірлескен кәсіпорны аудан эко-номикасын нарық тұйығынан шы-ғару үшін жұмыс істеуде. Өнеркә-сібі түгелдей дерлік «Индерборат» және «Индертұз» акционерлік қо-ғамына қарасты борат карьерлері мен байыту фабрикасынан, нан мен сүт зауыттарынан тұрады. Мұндағы өнеркәсіп орталығы Индербор кенті.

Page 48: Журнал №19 2015г

48

Ауыл шаруашылығы табиғи жайылымдар, шабындықтар, су көздері мен су каналдары мал жә-не егін шаруашылығын дамытуға қолайлы жағдай туғызады. Мал шаруашылығын дамыту мақса-тында ірі қара малы, қой, ешкі, жылқы, түйе өсіру қолға алынған. Аудан шаруагерлері «Сыбаға», «Алтын Асық» және «Құлан» бағдарламаларына сәйкес, асыл тұқымды мал сатып алу жұмыс-тарына белсенді қатысуда. Аграр-лық сектордың даму деңгейі бар-лық уақытта біздің қоғамның әлеу-меттік-экономикалық әл-ауқатын анықтаушы ықпалы болғандық-тан, ауданда жылыжай салынып, егін егу мәселесі де қолға алын-ған. Бүгінде 425 шаршы метрлік 4 жылыжай жұмыс істеуде.

Мемлекет тарапынан жүргі-зілген үлкен қолдаудың нәтиже-сінде ауданда шағын кәсіпкерлік саласы да қарқынды дамуда. Ау-дандағы шағын кәсіп иелерінің саны 1773 болса, онда жұмыс жа-сайтын адам саны 2257-ге жетті. «Алға-1» шаруа қожалығының сүт өнімдерін өндіру кешені жоба-сын жүзеге асыруға «Агробизнес - 2020» бағдарламасы аясында «Атырау ӘКК» арқылы 110 млн. теңге несиеге қол жеткізіп, 142 бас жылқы және 76 бас түйе са-тып алып өсіруде және қымыз, шұбат құюға қажетті қондырғы-ларды іске қосылып, жұмыс атқа-

руда. Сонымен қатар, жүзеге асы-рылған тағы бір жоба – Индербор кентіндегі «Алға» ЖШС-нің ет-сүт павильоны аудан тауар өнді-рушілерінің өз өнімдерін делдал-сыз өткізуге мүмкіндік берді.

Мемлекет басшысының Жол-дауындағы тұрғындарды жұмыс-пен қамту саясатын қамтамасыз етуге, мүгедектерді қорғауға, аза-маттардың тұрмыс-тіршілігін арт-тыруға бағытталған әлеуметтік бағдарламалар ауданда табысты жүзеге асуда. «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы бойынша 2014 жылы барлығы 9 нысанға 418 млн. 1 910 мың теңге қаражат бөлініп, 5 білім нысаны, 3 мәдениет үйі жә-не Индербор кентіндегі аудандық орталықтандырылған кітапхана-лар жүйесі ғимараттарына күрде-лі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Осы бағдарлама аясында кәсіп-керлік нысандарын инженерлік инфрақұрылымдармен қамтамасыз етуге 8,0 млн теңге қаржыға 3 жел генераторлары алынып орнатыл-ды. «Жұмыспен қамту – 2020 Жол картасы» бағдарламасының бір бағыты негізінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген 9 нысан-да 214 жұмыссыз азамат жұмысқа тартылды.

Білім беру саласы бойынша бүгінгі күні ауданның жалпы білім беретін 15 орта мектептерінде 5199 оқушы білім алуда. 15 мектептің жанындағы 34 мектепалды даяр-

лық сыныбына 565 бала қамтыл-ды. Өткен оқу жылын 5140 оқушы аяқтап, білім сапасы 51,3 пайызды көрсетті. ҰБТ-ға 11 сыныпты бі-тіруші 279 түлектің 230-ы қаты-сып, орта балл 62 болды. Сондай-ақ, ауданның 28 емдеу-сауықтыру мекемесінде 53 дәрігер, 211 орта буын медицина қызметкерлері жұмыс жасайды. Қазіргі таңда денсаулық сақтау саласындағы басты мәселе мамандардың жетіс-пеуі болып отырғандықтан, біздің ауданға 10 маман қажет.

Өнеркәсіп орталығына ай-налған Индербор кентінің өсу қарқыны жайлы айтсаңыз.

Өте орынды сұрақ. Жалпы кенттің даму, өсу қарқынына қа-тысты бір-екі дерек келтірсем тү-сінікті болар деп ойлаймын. Ха-лық 2007 жылдары бастап қоныс-тана бастаған Индербор кентінде-гі «Шығыс», «Болашақ» ықшам аудандарынан 400-ден астам жер телімі берілсе, күні бүгінде 200-ден астам тұрғын үй бой көтеріп үлгерді.

Бұған қосымша күні бүгінде Индербор кентінен жер телімін сұраған 3 мыңнан астам адам ке-зекте тұр. Ал, кент басында бұл сұранысты қанағаттандыру мүм-кіндігі жоқ. Сондықтан жағдайды ескере отырып, 2014 жылы Елтай ауылдық округіне қарасты Аққала ауылының аумағын Индербор кен-

Page 49: Журнал №19 2015г

49

тіне қосу үшін аудандық әкімдік пен мәслихаттың біріккен қаулы-шешімі алынып, осы аумаққа ег-жей-тегжейлі жоспарлау жобасы жасақталынды. Бірінші кезекте барлығы 964 тұрғын үйлер мен мектеп, балабақша, емхана ғима-раттарын жарық, газ, су желілері-мен қамтамасыз ету үшін инже-нерлік–коммуникациялық инфра-құрылымның құрылысына жоба-лау сметалық құжаттарын жасақ-тау қажет деп есептеп отырмыз. Сондықтан кенттің болашақ даму бағыты Жайықтың Еуропа беті болмақ.

Сонымен қатар, өткен жыл-дың соңында кентіміздің көркіне айналатын жалпы алаңы 1,4 гек-тар болатын 65 млн. 192 мың тең-генің мәдени қоғамдық демалыс орталығының құрылысы бастал-ды. Бұл саябақ үстіміздегі жылы тұрғындардың игілігіне берілетін болады. Келешекте тағы бір 60 пәтерлік үй және жас отбасыларға арналған 36 пәтерлік жатақхана құрылысы жүргізіледі деп жос-парлануда. Сондай-ақ 2012 жылы құрылысы басталған кәріз сула-рын тазарту стансасының құры-лыс жұмыстарын биылғы жылы толықтай аяқтау жоспарлануда. «Көктем» мөлтек ауданындағы бір мезетте сыйымдылығы 100 емделушіге арналып салынып жатқан емхананың құрылысы жүруде. Үстіміздегі жылы жоспар

бойынша пайдалануға берілетін болады.

Шалғай ауылды жерлерге ба-ратын жол және су, электр мәселе-лері өз шешімін тапқан ба?

Жайықтың бойын жайлаған аудан елді-мекендерінің орнала-суы барыс-келіске, қатынасқа ың-ғайлы салынған. Жол дегенде ең алдымен, 1970 жылдары салын-ғаннан бері жөндеу жұмыстарын көрмеген Атырау-Индер тас жо-лының күрделі жөндеуден өтуі аудан халқының басым бөлігі ор-наласқан Жайықтың Бұхар бетін-дегі ауылдардың тұрғындарына зор серпіліс алып келгеніне тоқ-талып өткім келеді. Жалпы аудан бойынша 384 шақырымды құрай-тын автомобиль жолдары бар болса, оның 77 шақырымы ас-фальтталған, 307 шақырымы асфальтсіз жолдар. Соңғы 3 жыл ішінде Индербор кенті бойынша барлығы 27 көшелер күрделі жөн-деуден өтті. Күрделі жөндеуден өткен кентішілік автомобиль жол-дарының жалпы ұзындығы 25,5 шақырымды құрайды. Бұған қо-сымша биылғы жылы 300 млн. теңге қаржыға 3,6 шақырым жолға асфальт төсеу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, «Железнодорожник-2007» ЖШС-нің демеушілігімен 2107 шаршы метрге кентішілік жаяу жүргіншілер жолы төселіп, қоқыс урналары орнатылды. Бұл жұмыстар осы жылы да өз жалға-

сын табатын болады. Атырау-Индер тас жолы

бойындағы Құрылыс, Жарсуат, Бөдене ауылдарының кірме жолы мен негізгі көшелерінің жөндеу жұмыстары басталып, жұмыстар биылғы жылы аяқталатын бола-ды. Барлық ауылдар электр қуа-тымен, табиғи газбен, телефон байланысымен қамтылған. Аудан тұрғындарын тұрақты ауыз су-мен қамтуда түйінді мәселе жоқ. 2014 жылы ауданға қарасты Көктоғай, Өрлік, Есбол, Елтай, Бөдене, Жарсуат, Индербор, Бұқар елді-мекендерінің су тазарту қон-дырғылары қайта жаңғыртудан кейін іске қосылып, тұрғындар ауыз сумен қамтамасыз етілді. Аққала, Құрылыс, Ынтымақ елді-мекендеріне су желілері тарты-лып, қазіргі уақытта су тазарту қондырғылары қайта жаңғырту-дан кейін іске қосылып, тұрғын-дар ауыз сумен қамтамасыз етілді.

Қазақ хандығының 550 жыл-дығы, ҚР Коституциясының 20 жылдығы және ҚР халықтар достығы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойына орай қан-дай іс-шаралар көзделуде?

Аудан бойынша Қазақ ханды-ғының 550 жылдығы, ҚР Консти-туциясының 20 жылдығы және Қазақстан халқы Ассамблеясы-ның рөлі мен жетістіктері жайлы бұқаралық ақпарат құралдарында

Page 50: Журнал №19 2015г

50

спикерлердің сөз сөйлеуі көздел-ген. Сондай-ақ аталған мерейтой-ларды өткізу жөнінде аудан бо-йынша іс-шаралар жоспары жа-сақталып, жүзеге асырылуда. Он-да ауданның әртүрлі мәдени-көп-шілік шаралар өткізу, дөңгелек үстелдер, көркем өнерпаздар фес-тивалі т.б. қарастырылған. Қазақ хандығының 550 жылдығына ар-налған тарихымызды зерттеу, зер-делеу мақсатында Атырау қала-сындағы Х.Досмұхамбетов атын-дағы университеттің профессор-ларымен бірлесіп, облыстық ғы-лыми конференция өткізу жоспар-ланды.

Аудан халқынның 96,6 пайы-зы қазақтар, 3,4 пайызы орыстар және өзге ұлт өкілдері. Оның ішінде татар, украин, беларусь, болгар, неміс, өзбек, шешен, мол-даван, кәріс, армиян, т.б. ұлт өкіл-дері бар. Осыған қарамастан, бас-қа ұлт өкілдері мемлекеттік тілде сөйлейді және жергілікті халық-пен сіңісіп, тату-тәтті өмір сүру-де. Аудан көлемінде ұлтаралық татулық пен этносаралық келісім-ді нығайту мақсатында қоғамдық шараларға өзге ұлт өкілдерін тар-та отырып, белсенді түрде саяси, мәдени-көпшілік шаралар тұрақты ұйымдастырылып келеді. Ауданда 3 мектеп (Жамбыл, Ш.Уәлиханов, М.Әуезов атындағы орта мектеп-тер) аралас сыныптармен қамтыл-ған. Ондағы 33 орыс сыныбында 534 оқушы дәріс алады.

Ауданның 15 белсенді азамат-тары облыс орталығында өткізіл-ген Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының ашылу салтанатына қатысты. Қазақ хандығының 550 жылдығы, ҚР Конститутциясы-ның 20 жылдығы және Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойларын кеңінен насихаттау мақсатында баспасөз бетінде үздік мақала, эсселерге байқау жарияланды.

Елбасының «Үдемелі индус-триялық-инновациялық даму» бағдарламасы аясында қандай жұмыстар жүргізілуде?

Геологиялық және гидроло-гиялық сипаты жағынан, пайдалы

қазбалары жөнінен Индер ауда-ны өте күрделі жер қойнауымен ерекшеленеді. Пайдалы қазбала-рынан – құрылыстық материалдар бағытындағы және борат, гипс, ангидрит, бор, цементтік шикізат-тарға аса бай. Дендер күмбезі – ғалымдардың пайымдауы бойын-ша, Д.Менделеевтің кестесіндегі барлық элементтер жүйесін табу-ға болатын ерекше жер. Әр түрлі минералды шикізаттар цемент за-уытын, бор қышқылын өндіретін цехын, силикатты және күйдіріл-ген қызыл кірпіш цехтары өндіріс саласында үлкен мүмкіншілік бе-реді. Бір сөзбен айтқанда, Индер ауданы табиғат байлығын игеру мақсатында іскер инвесторларды күтуде. Сондай-ақ, бұл ақпарат Сіздердің журналдарыңыз арқы-лы әлеуетті инвесторларды қы-зықтырады және Индер ауданы-ның кәсіпорындарымен өзара тиімді байланыс орнатуға себеп болады деп үміттенеміз.

Қазақстанды индустриялан-дырудың 2010-2014 жылдарға арналған картасы Қазақстан Республикасының Үдемелі индус-триялдық-инновациялық дамуы-ның мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың негізгі құралы болып табылады. Аудан Үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарла-масын іске асырудың алғашқы жылын табысты аяқтады. 2010 жылы инвестицияның жалпы соммасы 4 млрд. 194 млн. теңге-ге «BIAS TECH» ЖШС құрғақ құрылыс қоспаларын шығаратын зауыт іске қосылды. 2014 жыл-дың қорытындысымен 23 796 тонна құрғақ қоспаларын 128,603 млн. теңгеге шығарды. Алайда зауыттың жылдық өнім өндіру қуаты 125 000 тонна екенін ескер-сек, қазіргі өндірілген өнім зауыт-тың жалпы жылдық қуатының 19 пайызын құрап отыр. Болашақта өндірісті арттыру бағытында жұ-мыстар атқару - басты міндетіміз болмақ.

Сонымен қатар, «ТҰЗ» жауап-кершілігі шектеулі серіктестігінің

гипохлорит натрий өндіру жобасы 2011 жылғы 17 ақпанда Өңірлік үйлестіру кеңесіне ұсынылып, жоба «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде қаржыландыруға мақұлданып, «АзияКредитБанк» арқылы 290 млн. 300 мың теңгеге қаржылан-дырылды. 2013 жылдың желтоқ-сан айында гипохлорит натрий өндіру зауытының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Алайда зауыт өзіндік қиыншы-лықтарға байланысты 2014 жы-лы өнім шығара алмады. Қазіргі уақытта өнім түрлеріне лицензия алып, 2015 жылдан бастап өнім шығаруды қолға алуда.

Ұлы Жеңістің мерейтойы қарсаңында көптеген іс-шаралар басталып кетті. Осы тұста Индер ауданы өз ардагерлерін ардақтау мақсатында қандай жұмыстар атқаруда?

Бұл бағытта «1941-1945 жыл-дардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын Индер ауданында мерекелеуге дайын-дық және оны өткізу туралы» іс-шаралар жоспары бекітілді. Өт-кен жылдан бастау алған іс-ша-ралар Индер ауданына қарасты алты ауылдағы «Мәңгілік алау-лар» ескерткішін күрделі жөн-деуден өткізіліп, үлкен зерделеу жұмыстарының нәтижесінде со-ғыстан оралмаған боздақтардың саны қайта нақтыланды. Соғыс-тан оралмаған боздақтар саны осы кезге дейін 1 890 адам есеп-теліп келсе, күні бүгінгі мәлімет бойынша 2242 адам деген дерек-ке қол жеткіздік. Ендігі жоспары-мыз, осы азаматтарға арналған «Боздақтар» кітабын, сонымен қатар майдан даласынан аман оралып, қызмет еткен майдан-герлерге арнап, Кеңес Одағының батыры Б.Нысанбаевқа жеке кі-тап шығару үшін барлық дерек-тер жинақталып, баспаға дайын-далуда. Сондай-ақ, Кеңес Одағы-ның Батырлары Б.Нысанбаевты, И.Махоринді, және Даңқ ордені-нің толық иегері Г.И.Шаминді

Page 51: Журнал №19 2015г

51

еске алуға арналған айлық іс-ша-ралары жасақталып, жүзеге асы-рылуда. Аталған жоспарларға сәйкес биылғы жылдың қаңтар-ақпан айларының өзінде Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай аудандық, облыстық деңгейде әртүрлі спорттық-мәдени шара-лар ұйымдастырылды. Ардагер ұстаз Ғ.Ғабдуллиннің «Отанға жеңіспен оралғандар» атты кіта-бына арналған оқырмандар кон-ференциясы ұйымдастырылды. Аудан мектептерінде, мәдениет үйлері мен кітапханаларда жос-парлы жұмыстар өз жалғасын табуда. Сонымен қатар аудандық мекемелер мен кәсіпорындар арасында «Ерлік жыры - елдік-тің ескерткіші» тақырыбында көркем өнерпаздар байқауы ұйымдастырылуы жайлы тоқта-лып өткім келеді.

Кеңес Одағының Батыры И.Березинге қатысты тың дерек-терді нақтылау, батырларды келер ұрпақ есінде қалдыру мақсатында көше атауларын беру, Көктоғай ауылындағы Б.Нысанбаевтың атын иеленген мектептің алдын-дағы батырдың ескерткішін абат-тандыру сияқты жұмыстар да биылғы жылдың еншісіндегі шаруалар болмақ.

Аудандық «Дендер» қоғам-дық-саяси газетінде «Ұлы Жеңіс-ке 70 жыл!» тақырыбында арнайы айдар ашылып, үнемі материалдар берілуде. «Атам туралы бір үзік әңгіме» тақырыбында жастар арасында шығармалар байқауы жарияланды.

Биылғы жылы жоспарланған шаралар аясында ҰОС ардагер-леріне 1 100 мың теңгеден, 379 ардагерлерге, оның ішінде 363-ы тыл еңбеккерлері, 16-ы мемлекет-тік наградалары бар батырларға 25 мың теңгеден Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай біржолғы жәрдемақы беру қарастырылған. Ардагерлерді республикалық, облыстық, аудандық газеттерге тегін жазу жүзеге асырылды.

Тәуелсіздік сіз үшін қандай

ұғым? Қазақ елінің кешегісі мен бүгініне көз жүгіртіп өтсек...

Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту жөніндегі идеясы – өткен жылдың басты оқиғаларының бі-рі болды және бұл бастама барша қазақстандықтардың көңілінен шықты деп ойлаймын. Кешегі күннің бәрі тарих дейтін болсақ, қазақ елінің тарихын өскелең ұр-паққа таныту, оны болашаққа аманат етіп жеткізу – әрбіріміз-

дің азаматтық парызымыз. Қазақ елінің кешегісі мен бүгіні деген-де, мен Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Еліміз аумалы-төкпелі кезеңде тәуелсіз-дік алып, қиын-қыстау сәттерден, дағдарыстардан өтті. Енді жағда-йымыз түзелгеннен кейін тарихы-мызға, рухани жағымызға көңіл аударуымыз керек деп есептей-мін. Сондықтан, хандықтың 550 жылдығы біз үшін өте қажет. Біз-дің кеше ғана аспаннан салбырап түскен халық еместігіміз, төл тарихымыздың бар екенін жас-тарға түсіндіруіміз қажет. Ол та-рих бүкіл Қазақстанның жерінде - Жайықтың бойында, Ұлытаудың төңірегінде қаншама хандар-дың жерленген орындары мен Түркістанда қаншама батыр ба-баларымыз бен хандарымыз жат-қандығы өздігінен сайрап тұр. Кеңес Одағының құрмауында болғандықтан, өз тарихымызды зерттеп, ізденуге мүмкіндігіміз болмады. Енді ес жиып, осыған көңіл бөлетін кез жетті. Қазақ хандығының 550 жылдығынан бастаймыз» деген сөзімен ойым-ды түйіндегім келеді.

СұхбаттасқанАқбөпе Әбдрасул

Page 52: Журнал №19 2015г

52

ХАЛЫҚ ТЫҢДАУШЫСЫ – ДЕПУТАТ

Халықтың еркін білдіретін жергі-лікті өкілді органдар, яғни мәслихат-тар қауымы ел ішіндегі атқарылған қыруар шаруалар нәтижесінің көріні-сі іспетті. Тәуелсіздіктің төл перзен-ті болған мәслихаттар қазіргі уақыт-қа дейін мемлекеттің басқару ісінде бірге жасасып келеді. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі аудандардың даму қарқы-нының өлшемі халық қалаулыларының жемісті еңбектерінің жеңісі негізінде қалыптасты десек артық айтқандық бола қоймас.

Өңір дамуының қарқын алуына бір-ден-бір себепші болып, нақты жұ-мыстарды орындап, аймақтың жал-пы өмір сүру құрылысындағы шаруа-лардың жүруіне ұйытқы бола білген, Индер аудандық мәслихаты және оның хатшысы Сапаров Бағдат Шамұратұлымен жүргізген кезекті сұхбатымызды назарларыңызға ұсы-намыз!

Бағдат Шамұратұлы, Индер аудандық мәсли-хатының хатшысы ретінде аудандық мәслихат-тың қазіргі уақытта атқарып отырған жұмыста-ры туралы айтып өтсеңіз...

Жалпы, Индер аудандық мәслихаты өз қызметін ұйымдастыруда Қазақстан Республикасының Конс-титуциясында, сонымен қатар «Қазақстан Республи-касындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және өзге де заң актілерінде белгіленген өкілеттіктерді, құқықтар мен міндеттерін сессия шешімімен бекітілген жұмыс тәртібін бас-шылыққа ала отырып, атқарып келеді. Сессия –

мәслихат жұмысының негізгі нысаны екені бел-гілі. Сессияда аудан үшін маңызды мәселелер тал-қыланып, шешімдер алынады. Сессиялар мен тұ-рақты комиссиялардың талқылауына жоспарлы түр-де дайындалатын мәселелер, яғни аудан өмірінің әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, т.б. маңызды мәселелер ұсынылады. Жергілікті өкілді орган ре-тінде мәслихаттың заңдылықпен айқындалған құзы-реттерінің ең бастысы ауданды дамыту жоспарла-рын, экономикалық және әлеуметтік сондай-ақ бюд-жеттік бағдарламаларды және олардың атқарылуы туралы есептерді бекіту болғандықтан, ол мәселелер

Page 53: Журнал №19 2015г

53

жүйелі түрде қаралып тұрады. Бүгінгі таңда аудан-дық мәслихатта екі тұрақты комиссия экономика-лық даму, бюджет, қаржы, шағын және орта кә-сіпкерлік, ауыл шаруашылығы, экология мәселелері жөніндегі және әлеуметтік саясат, білім беру, мәде-ниет, денсаулық сақтау, жастар ісі, құқық қорғау, депутат этикасы мәселелері жөніндегі комиссиялар қызмет жасап келеді. Тұрақты комиссиялардың бірік-кен отырыстары мейлінше маңызды және қоғамдық мәні бар мәселелерге арналып, оған депутаттар мен қоса атқарушы органдардың жауапты тұлғалары қа-тысады.

Жалпы ауданның тыныс-тіршілігінде маңыз-ды рөл атқаратын негізгі мәселелерге тоқталса-ңыз.

Халық қалаулыларының өз сайлаушыларының мүдделерін орындау мақсатында көтерген мәселе-лері аз емес. Мысалы, аудан жұртшылығының көптен бергі арманы қос құрлықты жалғайтын көпір және Атырау-Индер тас жолының салынуын мәслихат депутаттары талай рет мінберлерде айтып та, жазып та жүрген еді. Біріншісі ақиқатқа айналса, екіншісінің құрылысы жуық арада аяқталып, ел игілігіне қызмет етер күн де алыс емес.

Депутаттық қабылдауларда негізінен тазалық, жаңадан салынып жатырған мөлтек аудандардың инфрақұрылымын жасақтау, елді мекендерді ауыз сумен қамту, кент және ауылішілік тас жолдарды жаңарту-жөндеу, сонымен қатар тұрғын үйге мұқ-таж жанұяларға баспанамен көмектесу, жастарды жұмыспен қамту, т.б. мәселелер айтылды. Кент ба-сындағы барлаушылар бөлігінде орналасқан қауым-ды қоршау және Қаройдағы Махамбет мазарын жөн-деу жұмыстарын жүргізу мақсатына қаржы көзін қарастыру мәселесі де көтерілді. Елтайдағы емхана-ның жөнделіп, жабдықталуы, Индерборда мешіт пен кенттегі Көктем қазақ орта мектебінің тұрғызылуы, сонымен қатар Аққалада бос тұрған ғимараттың клубқа айналдырылуы, ауданда бірінші болып газ-дендірілген Елтай мен Аққалада әлі күнге газ барма-ған үйлерге газ желісін тарту үшін қаржы бөлінуі, ауылішілік кірме жолдардың жөнделуі, тағы басқасы жайттардың барлығы дерлік депутаттар көтерген-араласқан шаруалар болып табылады. Жалпы қа-былдауда айтылған ұсыныс-пікірлер, тұрғындардың талап-тілектері зерделеніп, тиісті аумақ әкімдеріне, бөлім, мекеме басшыларына жолданып, орындалу барысы аудандық мәслихат аппаратының тұрақты бақылауында болады. Халық қалаулылары аудан әкімдігі жанынан құрылған әртүрлі комиссиялар-дың мүшелері ретінде олардың жұмысына қатысып отырады.

Мәслихат депутаттарының өз қызметіне адал-дығы мен біліктілігі жөнінде не айтасыз? Халық сұранысын қанағаттандыруда ма?

Аудандағы әлеуметтік саясат, білім беру, мәде-ниет, денсаулық сақтау, жастар ісі, құқық қорғау, депутат этикасы жөніндегі мәселелер бойынша де-путат А.Доспаева басшылық жасайтын депутаттар тобы, аталған тақырып аясындағы мәселелер бо-йынша түйіткілдерді шешу мақсатында жұмыс жасап, мұның барлығын мәслихат сессиясына ұсынып отырады. Ал, экономикалық даму, бюджет, қаржы, шағын және орта кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, экология мәселелері жөнінде А.Үмітқалиев төраға-лық ететін депутаттар қауымы анық та дәл, белсенді қызмет атқарып келеді. Индер аудандық мәслихаты-ның депутаттары құрамы негізінен мектеп, ауруха-на, редакция мен қоғамдық бірлестіктің басшылары және шаруа қожалығының басшысы секілді түрлі саладағы қызмет иелері болғандықтан, ауданның ай-тулы мәселелерін дөп басып, мәслихаттың жалпы жұмысына оң ықпалын тигізуде.

Бүгінде «Нұр Отан» партиясының фракциясын-да мәслихаттан он бір депутатымыз мүше. Депутат-тарымыз атқарушы органдармен бірлесіп, ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламасының орындалуына қол жеткізу, жұмыспен қамтуды жетілдіру, денсау-лық сақтау, білім беру, қоғамдық тәртіп, ауыз су, жол құрылысы, экология және тағы да басқа мәселелер-дің шешілуіне нақты түрде жәрдемдесіп келеді. Сон-дай-ақ депутаттар тұрақты комиссиялар мен партия-лық фракцияның қызметі аясында аудандағы салы-нып жатқан құрылыс нысандарына барып, жұмыс-тың жүру барысымен танысып, байқалған кем-ке-тіктерге назар аудартып келеді. Жалпы осы бағытта-ғы жұмыстар алдағы уақытта да жүргізіле бермек.

Жемісті жетістіктеріңіздің негізінде қалып-

тасқан еңбек жолыңыз туралы айтып берсеңіз. Қандай отбасында тәлім-тәрбие алып өстіңіз?

Еңбек жолымда Индер орман шаруашылығында орман бөлімшесі бастығының көмекшісі, орман ше-бері, бөлімшенің басшысы, бас орманшы, директор-дың орынбасары және аталмыш мекеменің басшысы лауазымдарын абыроймен атқардым.

Индер аудандық мәслихаттың екінші, үшінші, төртінші және бесінші шақырылымының депутаты болып сайланып, оның экономикалық даму, бюд-жет, қаржы, шағын және орта кәсіпкерлік, ауыл ша-руашылығы, экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы қызметін атқардым. 2012 жылдың 25 қаңтарынан бастап Индер аудандық мәс-лихатының хатшысы болып сайланып, күні бүгін осы қызметті атқарып келемін. Жанұяма келетін болсам, үйде ақ жаулықлы анаммен бірге тұрамын. Жұбайым екеуміз перзентімізден немере сүйіп отырған жайы-мыз бар.

СұхбаттасқанМөлдір Бегімбет

Page 54: Журнал №19 2015г

54

ОТАНДЫҚ ӨНІМ – ЕЛ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ КЕПІЛІ

Ел экономикасының дамуына салмақты үлесін қосып отырған Атырау өңіріне қарасты Индер ауданының алар орны ерекше. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында отандық өндірушілерді қолдауға шақырып, «Қазақстанда жасалған» жалпыұлттық акциясын өткі-зуді тапсырғаны белгілі. Бүгінде еліміздің үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында тұтас еліміз үшін пайдасы зор жобалардың дені облыс орталығында жүзеге асырылса, аймаққа қарасты аудандарда да Елбасы Жолдауында міндеттелген тапсырмалар серпінді атқарылып отыр. Солардың бірі ретінде «ИСИ Гипс Индер» ЖШС айта аламыз. Бүгінде жергілікті ши-кізаттардан гипсокартон, сондай-ақ құрылыс кірпіштерін, бордюрлік жиек-тастар, тротуар плиталарын, кальциленген гипс сияқты құрылыс мате-риалдарын дайындайтын «ИСИ Гипс Индер» ЖШС-ның құрылыс тауарлары жергілікті жерде кеңінен пайдалануда.

Page 55: Журнал №19 2015г

55

Қазақстандағы алдыңғы қатардағы зауыт «ИСИ Гипс Индер» ЖШС-нің негізгі қызметі – гипскартон шығару. Зауыт неміс фирмасының «KNUF» жоғарғы технологиясынан шығатын гипскартонның беттері дым-қыл жібермейтін, төбеге арналған қалыңдығы 9,5 мм және 8 мм, қабырғаға арналған гипскартонның қалың-дығы 12,5 мм және 11 мм өнімін шығарады. Гипскартон беттерін гипстің жоғарғы сападағы 96 пайыз қоспасыз әзірлейді. Орналасқан жері Индербор кенті. Қазіргі таңда «ИСИ Гипс Индер» ЖШС басқарып отырған дирек-торы Давид Давидович Меркель.

Жабық акционерлік қоғам «ИндерСтройТндустрия» мекемесі болып 1999 жылдың маусым айында тір-келіп, 2001 жылы «ИСИ Гипс Индер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып қайта құрылды. 2001 жыл-дың мамыр айында зауыт эксплуатациясына гипскартон 4 млн. м² өндірісін өндіруге кірісті. «ИСИ Гипс Индер» ЖШС 2004 жылдың 4 наурызынан бастап іске қосыла бастады. Құрылтайшылары «КАУФ Интернациональ Гмб/Х компаниясы мен «ДЭТ-Дойче Инвестиционс-унд Энтвинглунсгезельшафт» фирмасы. Зауыт неміс фирмасының «HESS» және «ВАВСОК» гипскартон шығару жабдықтарымен жұмыс жасайды. Шығарыла-тын гипскартонның көлемдері: ені-600-1200 мм, ұзындығы-2500-6000 мм, қалыңдығы-6-25 мм. 2014 жылдың шілде 1-шілде айына өнім деңгейі 2 821 510 шаршы метр. Құндылық мөлшері – 744,4 млн. теңге. Іске асырыл-ған тауар өнімдері-2 301 365 шаршы метр.

Зауыт жылына 4,5 млн. м² өндірістік өнім өндіруге күші жетеді. Зауыт жергілікті шикізаттан гипскартон-мен қатар құрылыс кірпішін, бордюр, тротуар плитасын, кальцилік гипс шығарады. Гипскартон бетінің сапа-лығы Код ТН ВЭД 680911000. Аталған зауыттың өніміне Қазақстанда және ТМД елдері нарығында сұраныс артып келеді. Қосымша желі іске қосылған кезде зауыттың жылдық өнім шығару қуаты 6,0 миллион текше метрді құрайтын болады.

Зауыт бүгінгі күні гипстен 5 түрлі өнім шығарып, Қазақстаннан басқа да алыс жақын шет мемлекет-терге бағдарламаға сәйкес таратуда. Зауытта жергілікті 137 адам жұмыспен қамтылып отыр.

Өнеркәсіп 2000 жылдан ғылыми-зерттеу және құрылыс материал жоба институтымен тығыз байланыста. Аталмыш зауыт 2001 жылы Халықаралық ІІ Қазақстандық көрме «Қараөткел-2001» дипломымен, 2002 жылы Атырауда өткен аймақтық конкурс «Үздік өнім Атырау» «Өндірістік тауар» атауы дипломдарымен бастап 20-дан аса ірі Халықаралық Бизнес-Форумдармен көрмелерге қатысып алғыс хат, дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталған.

Жадыра Мұсабай

Page 56: Журнал №19 2015г

56

БАЙЛЫҚ ПЕН БАҚЫТТЫҢ МЕКЕНІҚойнауы байлыққа кенелген, мұнай мен газдың отаны саналатын, ауыл ша-

руашылығын кәсіп көзіне айналдырып отырған өңір Исатай ауданы. Тәуелсіздік – тарихтың бас әріппен басталатын тармағы, ол – Исатайдың кегі боп, Махамбет-тің шері боп, Ақтабандардың тері боп келген қасиетті Таңымыз мәңгілікке апа-рар арқадағы жүгіміз деп ұранға айналдырған батыр баба Исатай ұрпақтарының жарқын болашағы ұзаққа сермейтіндей.

Атырау облысы Исатай ауданы

Бүгінде қазақ елінің батыстағы бір бөлшегі Исатай батыр есімімен аталатын аудан 1928 жылы облыстың Құрманғазы және Махамбет аудандары жерлерін қосу негізінде құрылды. Аудан орталығы – Аққыстау ауылы Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданымен, батысында Атырау облысының Құрманғазы, солтүсті-гінде Индер, шығысында Махамбет аудандарымен, оңтүстігінде Каспий теңізімен шектеседі. Исатай ауданы-ның жері түгелімен Каспий маңы ойпатының орталық бөлігінде, шөлдік белдемде орналасқан.

Өңір болашағы-мұнай өндірісі. Ауданда мұнайы игеріле бастағанына 40 жылдан асқан «Жайықмұнай» басқармасының өңірдің дамуында алатын орны зор. Тәуелсіздік жылдарында аудан аумағында кен орында-рынан өнім өндіру және геологиялық барлау-бұрғылау жұмыстарын жүргізу үшін бірнеше мұнай компа-ниялары өз алдына шаңырақ көтерді. Олар – «Сазанқұрақ», «Прикаспиан Петролеум Компании», «НБК», «ПотенциалОйл» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері. Жылына орта есеппен аудан бойынша 1 млн. тонна көлемінде «қара алтын өндіріледі.

Ауыл щаруашылығы өтпелі кезеңде қиындықтарды бастан кешсе, қазір даму жолында. Адамдар бойында жердің шынайы қожайыны сезімі қалыптасып, жеке шаруа қожалықтары түрінде мал өсірумен айналысуда. Об-лыс бойынша түйе малының үштен бірі Исатай ауданының үлесіне тиеді. Мал тұқымын асылдандыруға қадам-дар жасалды. Бір кезде ен жайлау мен қатқыл бойында жылқы мен түйе болған. Қазір де қалың мал баршылық.

Халықтың «көгілдір отын» мен таза суға қолы жетті. Аудан орталығы табиғи газ желісіне қосылса, қысқа мерзімде елді-мекендер толық газдандырылады. Халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету бағдарламасына сәйкес 3 ауылға жаңадан су тазарту қондырғысы салынып, барлық елді-мекендерге жалпы ұзындығы 83 шақырым болатын елді мекен ішілік су желісі тартылды. «Қиғаш – Маңғышылақ» магистралды су құбырынан арнайы су жүйесі жүргізілді.

Әр ауылда тұрғындардың демалып, серуендейтін орындарын жасау, тал-теректер отырғызу, көшелерді түн-де жарықпен қамтамасыз ету мақсатында орталықтарды абаттандыру, көркейту жұмыстары қолға алынды.

Ауылды көркейту мақсатында тұрғындары Елбасының бастамасымен өмірге келген «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы аясында ауылда тұрып жұмыс істеуге жас мамандар көптеп келуде. Соңғы 3 жылда ауданымызға еліміздің әртүрлі қалаларындағы жоғарғы және орта оқу орындарын бітіріп, денсаулық сақтау саласына 17 маман, білім беру саласына 75 маман келді. Олар тұрғын үймен, біржолғы жәрдемақымен қаматамсыз етілді.

Исатай ауданы өнеркәсіпті және мал шаруашылықты аудан. Өнеркәсібі 1968 жылы Мартыши мұнай-газ кен орнын игеру негізінде мұнай кәсіпшілігін құруға байланысты дамыды. Бұдан кейін пайдалануға Забурунье, Октябрь, Ровное мұнай-газ кен орындары берілді, ұзындығы 85,6 шақырым Атырау – Мартыши мұнай құбыры іске қосылды. Ауданның оңтүстік жағымен Атырау –Астрахан темір жол мен автомобиль жолы, Қиғаш – Атырау өзен су құбыры өтеді.

Аймақ жері - жазық, Каспий жағалауына орналасқан, шөлейтті, жазық, қысы салқын, жазы ұзақ та ыстық болып келеді.

Аудан тұтыну кооперациясының қалыптасуы 1930-шы жылдардан басталып, «Заготживсырье» мекемесі болды, ол мал шаруашылығы өнімдері шикізатын – аң мен мал терілерін, жүн, т.б қабылдады. 1939 жылы аудан құрылғанда Манаш балықшылар кооперативінің әр жерде дүкендері жұмыс жасады.

Қазіргі таңда Елбасының байсалды саясатының нәтижесінде ауылдық жерлерде оң өзгерістер болып, мек-теп, аурухана, жол, су жүйелері салынып, халық қамқорлықты сезінуде.

Жадыра Мұсабай

Page 57: Журнал №19 2015г

57

Page 58: Журнал №19 2015г

58

ТұрарбекСұлтанбеков

Page 59: Журнал №19 2015г

59

ШЕЖІРЕГЕ ТҰНҒАН ИСАТАЙ ӨҢІРІ

Еділ-Жайық аралығында алғаш мұнай бұрқағының атқылағанына жарты ғасырға жуық уақыт болған, шөбі шүйгін, өзен-көлі тасыған маңайда орналасқандықтан, ауылшаруашылығы дамыған аймақтың бірі деп Исатай ауданын да айта аламыз. Тарихы көнеден бастау алған бұл өңір қасиетті мекендер қатарынан орын алуының дәйегі Исатай сынды батырдан кешегі ақын Хамит, Нұралылар секілді даралар шыққандығында. Киелі де құт мекен жайын толық қанды білу үшін Исатай ауданының әкімі Сұлтанбеков Тұрарбек Ғайнеденұлымен болған сұхбатымызға назар аудара отырыңыздар!

Тұрарбек Ғайнеденұлы, алдымен Сіз басқарып отырған Исатай ауданының тарихы мен бүгінгі тыныс-тіршілігіне тоқ-талып өтсеңіз...

Исатай ауданы Каспий теңізі-нің солтүстік жағалауын жиектеп, Нарын құмының қойнауына сұ-ғына енген, солтүстігінде Батыс Қазақстан облысымен, шығысын-да Махамбет ауданымен, батысын-да Құрманғазы ауданымен шекте-седі. Аудан аумағы 1748 шаршы шақырым, халқының саны 27 мың-нан астам. 7 ауылдық аймақ, 16 елді мекен бар.

Ауданның алғаш құрылуы – 1928 жылы қыркүйек айы. Бірақ кешегі әкімшілдік – әміршілдік жүйе үстемдік еткен уақытта со-лақай шешімдердің кесірінен ау-дан 3 рет тарап, 4-ші рет қайта құрылған. Соңғы рет 1990 жылы 20 қыркүйекте Исатай ауданы болып шаңырақ көтерді. Оған дейін аудан Новобогат ауданы болып аталып келген еді.

Еділ-Жайық қос өзеннің ара-лығында орналасқан аудан аума-ғында «Ағайынды Новельдер» серіктестігі Новобогаттан 1915 жылы мұнай көзін тауып, 1917 жылғы Қазан революциясына де-

йін мұнай алған. Ал 1963 жылы Мартыши кен орнында мұнай фантаны атқылап, өндірістік не-гізінде мұнай өндіріле бастады. Қазір ауданда «Жайықмұнайгаз» басқармасы және бірнеше шағын мұнай компаниялары жұмыс іс-теп, ел игілігіне жылына орташа есеппен 1 млн тоннадан астам «қара алтын» құйып тұр.

Өңір экономикасының басты саласы мұнай өндірумен қатар ауыл шаруашылығы. Күні бүгін ресми тіркелген 184 шаруа қожа-лықтары бар. Қазіргі таңда аудан бойынша 15 025 бас мүйізді ірі қара, 11 813 бас жылқы, 816 бас түйе, 32 898 бас қой-ешкі өсіріліп отыр. Мал негізінен Нарын құмы бойын жайлайды.

Аудан тоғыз жолдың торабын-да орналасқан. Аудан аумағынан «Атырау-Астрахань» темір жолы мен тас жолы, «Қиғаш – Маңғыш-лақ» магистралды су құбыры, «Солтүстік Кавказ – Мақат» газ құбыры өтеді.

Аудан бойынша 2014 жылы өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 165,4 млрд. теңгені, нақты көлем индексі 101,2 пайызды құрады. Ал негізгі қорға жұмсалған инвестициялар көлемі 29 279 млн. теңгені құрады,

бұл көреткіш 2013 жылмен салыс-тырғанда 108,9 пайыз болады.

1957 жылға дейін ауданда ба-лықшы колхоздары болып, теңіз-ден балық аулау тоқтатылуына байланысты Жайық өзені бойына көшірілген еді. Соңғы 5-6 жылда Каспий теңізі жағалауынан балық аулау қайта жаңғыртыла басталды. «Жамбыл», «Ракуша», «Амангелді», «Тілекші», «Восток», «Каспий ба-лық Евразия» «СевКаспийФиш» өндірістік кооперативтері мен се-ріктестіктері берілген лимит көле-мінде көктемгі – күзгі маусымдық балық аулауды ұйымдастыруда. 2014 жылы 1438 тонна балық ау-ланды.

Ауданға табиғи газ 2000 жыл-дан бастап келді. Өйткені жылы шалғайдағы Томан елді мекеніне газ желісі тартылып, тұрғындар қуанышқа бөленді. «Ақбұлақ» бағ-дарламасын іске асыру бағытында тазартылған ауыз сумен қамту көр-сеткіші 98 пайызды құраса, су же-лілері арқылы қамту 75 пайызға жетіп отыр.

Ауданда мемлекет қаражаты-мен тұрғын үй құрылысы соңғы 10 жылда салынған жоқ. Өткен жылы Аққыстау елді мекенінен көпқатарлы 60 пәтерлік 1 тұрғын

Page 60: Журнал №19 2015г

60

үйдің құрылысы басталып, бір пә-терлік 10 үй салынып, қабылдан-ды. Бұл жұмыс жалғасады.

3 ауылға кірме жол, өткен жы-лы 16 шақырым селоішілік жол күрделі жөнделді. Биыл 8 шақы-рым елді мекенге жол жөндеуге қаржы бөлінді. Тарихы бай өлке-міз. Халқымыздың азаттығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен Исатай мен Махамбеттің тұлпарларының тұяғы тиген, Исатай старшын бол-ғанда ол басқарған елдің қонысы болған, батырдың әкесі Тайманның сүйегі жатқан киелі жерді мекен еткенімізді мақтаныш етеміз.

Исатай ауданы – өнер қонған мекен. Алты алашқа аты шыққан ақындар Хамит Ерғалиев, Фариза Оңғарсынова, Мақсұт Неталиев, Нұралы Әжіғалиев, жазушы Нәбиден Әбуталиев, күйші- домбырашылар Әзидолла Есқалиев, Рысбай Ғабдиев, Сағын

Жалмышев және басқалар осы өңірдің перзенттері.

Ауданда 15 мектеп, 9 балабақ-ша, 1 спорт мектебі, 9 клуб, 1 ау-рухана, 1 емхана, 6 елді мекенде амбулатория, 18 кітапхана, 1 мұра-жай қызмет көрсетеді.

Исатай ауданының тарихы мен өсіп өркендеуін баяндайтын энциклопедиялық үлгіде 2 шежіре кітабы жарық көрді. Тәуелсіздіктің 10 жылдығына «Ертеңге беттеген ел», Тәуелсіздіктің 20 жылдығына «Жаңарған өңір» атты кітаптар баспадан шықты.

Қазіргі таңда аталмыш өңір-де орта және кіші кәсіпкерлікті дамыту мақсатында қандай ша-ралар жолға қойылуда?

Ауылдағы шағын кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жұмыстарға келетін болсақ, кәсіпкерлік сала-сында ауданда 1518 шағын және

орта кәсіпкерлік субьектісі тіркел-ген, оларда 2004 адам жұмыс жа-сайды. Соңғы жылдары тұрмыстық және техникалық сервистік қыз-мет көрсету аясы кеңейді. Құры-лыс материалдарымен қамтитын сауда нүктелері, наубайханалар көбейді. Ауылдық кәсіпкерлерді қолдау және шағын несиелендіру мақсатында «Ауыл шаруашылы-ғын қолдау қоры» АҚ Атырау фи-лиалы арқылы 2014 жылы 6 жоба қаржыландырылды. Оның ішінде сүт цехы, жүнді алғашқы өңдеу, көркемсурет шеберханасы, наубай-хана, ұлттық бұйымдар дайындау жобалары бар. Ал 2015 жылға 13 кәсіпкерлік жобалар іріктеліп, не-сиелеуге ұсынылып отыр.

Ауданымызда шағын кәсіпкер-лікті дамытуда атқарушы органдар-дың атқаруға тиісті жұмыстары көп. Осы бағытта жылыжай, мал бордақылау алаңдары жобаларын іске асыру кезегін күтуде. Балық аулау құрылымдарымен жергілікті жерде балық өңдеу цехтарын ашу, тұрғындарға тұрақты балық сату-ды ұйымдастыру жөнінде келісім-дер жасалуда. Аудан аумағының Каспий теңізінің жағасында және Нарын құмының етегінде орнала-суы және «Атырау-Астрахан» трас-сасының өтуі ішкі туризмді дамы-туға мүмкіндік беретінін ескеріп, осы бағытта жергілікті кәсіпкер-лермен бірлескен жұмыстарды қолға алу ойластырылуда.

Жалпы 2014 жылдың өзінде ауыл кәсіпкерлерін қолдау мақса-тында несие құрылымдары арқы-лы 500 млн. теңгеге жуық шағын несиелер берілді.

Шаруа қожалықтарына асыл тұқымды мүйізді ірі қара сатып алу және селекциялық жұмыстар үшін 441 млн. теңге субсидия төленді. Ресейден, Батыс Қазақстан облы-сынан 123 бас асыл тұқымды мү-йізді ірі қара малдары сатып алын-ды.

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша 658 бас қой, «Құлан» бағдарламасы бойынша 121 бас жылқы, «Сыбаға» бағдарламасы-мен 216 бас мүйізді ірі қара малы

Page 61: Журнал №19 2015г

61

алынып, осы мақсаттарға 1 420 млн. теңге несие беріліп, игерілді.

Өткен жылы «Даму» кәсіп-керлікті дамыту қоры» АҚ-ның кәсіпкерлікті қолдау орталығы ашылды. Үстіміздегі жылдан бас-тап кәсіпкерлердің құқығын қор-ғау мақсатында Ұлттық Кәсіпкер-лік палатасының аудандық филиа-лы жұмысын бастайды деп күті-луде.

Жергілікті кәсіпкерлермен ме-морандумдарға қол қойылып, олар азық – түлік қауіпсіздігі және ба-ғаны негізсіз өсірмеуге үлестерін қосып келеді. Өткен жылы 58 рет ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Тұрарбек Ғайнеденұлы, өзі-

ңіз басшылық етіп отырған өңір-де қандай Отандық өнімдер шы-ғарылады?

Жалпы, аудан мұнайлы аудан болып есептеледі. «Жайықмұнай-газ» мұнай-газ өндіру басқармасы «Ембімұнайгаз» АҚ бойынша өн-дірілетін мұнайдың 34 пайызын береді. Бұдан бөлек, Қазақ-Ресей-мен, Қытаймен бірлескен кәсіпо-рындары мұнай өндірумен айна-лысады.

«Сазанқұрақ» ЖШС өткен жылдың қорытындысымен респуб-ликалық «Парыз-2014» конкур-сында «Еңбекті қорғау саласында-ғы үздік кәсіпорын» номинация-сының Алтын жүлдегері атанды.

Болашақта ауылшаруашылы-ғы өнімдерін – шұбат, сүт, көкөніс өнімдерін өңдеп шығару жобалары ойластырылуда.

Қазақ хандығының 550 жыл-дығы, ҚР Конституциялық заңының 20 жылдығы және Қазақстан Халқы Ассамблеясы-ның 20 жылдық мерейтойына орай қандай іс-шаралар өткізу көзделуде?

Расында да 2015 жылы тарихи даталарға толы.

Қазақ хандығының 550 жыл-дығын атап өтуге байланысты көр-шілес Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданымен мәдени-

тарихи байланыс орнату мақсатын-да екі жақты келісім жасалуда. «Өткенімізді білмей, болашақты болжамас» - дегендей, біздің ау-данның арғы тарихының қайнар көзі Жәңгір хан тұрған Орда же-рінде жатыр.

Өткен жылы өз қаражатымыз-бен Ақтөбе облысы Қобда ауда-нындағы Шейітсай қорымында халық батыры Исатай Тайманұлы-ның кесенесін тұрғызып, үлкен шаруа тындырдық.

Аталған даталарға арналып «Ынтымақ пен бірлік – Мәңгілік ел тұғыры» атты Атырау облысы қала, аудандары Мәдениет күнде-рі фестивалі ұйымдастырылғалы отыр. Исатай ауданы 27 наурызда Мәдениет күнін өткізуге дайын-дық үстінде.

Ауданда «халықтық атағын ие-ленген 3 ұжым, «Үлгілі» атағы бар

3 өнер тобы мәдени қызмет көрсе-тіп келеді. Ақтөбе облысының Қобда ауданы және Құрманғазы, Махамбет аудандарына аудан өнерпаздары концерттік бағдар-ламамен барып, өнер көрсетті. «Көңіл күйі» фольклорлық ансам-блі, «Айгөлек» вокалды аспапты ансамблі облыстық байқауларда жүлдегер атанды.

Қазақстан халқы Ассамблея-сы Жылы облыс бойынша ресми түрде 6 ақпан күні жалауын кө-терді. Енді аудан бойынша жос-пар жасақталып, жүйелі жұмыс-тар жүргізілетін болады. Қазір әр ауылдық аймақта баннерлер орнатылуда.

Мерекелерге дайындық шең-берінде мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту үшін 36,5 млн теңге бө-лініп, музыкалық аппараттар мен

Page 62: Журнал №19 2015г

62

құрал-жабдықтар, концерттік кос-тюмдер, үлкен экран құрылғысы, жазғы құрастырмалы сахна сатып алынып, орнатылды.

Бүгінгі күні ауылдық ай-мақтарда кадр жетіспеушілігі мәселесі туындап отыр. Осыған орай «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы аясында қандай жұмыстар жүргізілуде?

ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы №183 қаулысы не-гізінде ауылдық жерлерде тұрып, жұмыс істеуге келген жас маман-дарға 2014 жылы 34,8 млн теңге көлемінде әлеуметтік қолдаулар көрсетілді. Оның ішінде 25 мұға-лімге, 7 денсаулық сақтау қызмет-керіне, 1 ветеринария маманына біржолғы жәрдемақы, 6 мұғалім, 4 денсаулық сақтау қызметкері және 1 ветеринария саласы ма-манына пәтер сатып алуға жеңіл-детілген бюджеттік несие беріл-ді. Ал 2013 жылы 18,5 млн теңге әлеуметтік қолдаулар көрсетілген болатын, оны 32 маман біржолғы жәрдемақыға, 6 маман пәтер са-тып алуға пайдаланды.

Білім беру саласы 14 жас ма-манмен, денсаулық сақтау саласы 3 маманмен толықтырылды. Ау-дандағы мектептерде педагогтар жеткілікті, ал емдеу мекемелеріне 8 дәрігер қажет.

Күні бүгін еліміздің жоғары медициналық оқу орындарында 20-дан астам жергілікті жастар білім алуда. Олармен іскерлік бай-ланыс жасап, ауылға келуі үшін жұмыстар жүргізілуде. Ең басты-сы пәтер мәселесі шешіліп отыр.

Ұлы жеңістің мерейтойы қарсаңында көптеген іс шара-лар да басталып кетті. Осы тұс-та Исатай ауданы өз ардагерле-рін ардақтау мақсатында қан-дай жұмыстар атқаруда?

Ұлы Отан соғысы жылдарын-да Новобогат ауданы еңбеккерлері мал өсіру және өнімін өндіру жө-ніндегі жоспарларын орындаудағы табыстары үшін Мемлекеттік Қор-ғаныс Комитетінің Қызыл туын бірнеше рет жеңіп алып, ақыры мәңгілік ескерткішке сақтап қал-ған. Ол Қызыл ту тылдағы ерлік еңбектің куәсіндей бүгінде об-лыстық тарихи – өлкетану мұра-жайында тұр. Сұрапыл жылдарда үздік көрсеткішке жеткені үшін ауданымыздан 8 азамат Социа-листік Еңбек Ері атанған.

Сондықтан біз соғыстағы ер-лікпен тылдағы еңбекті насихат-тау арқылы жас ұрпақтың бойын-да патриоттық сезімді қалыптас-тыруды назарда ұстаудамыз.

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына әзірлік және мерекелеу жөнінде

іс-шаралар жоспары бойынша жұ-мыстар өткен жылы бастау алған еді. Оның бірі Жанбай, Х.Ерғалиев және Тұщықұдық ауылдарында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан-дар рухына арналған монумент қайта жаңғартылды. Аққыстау елді мекенінде Ардагерлер саябағынан «Мәңгілік алау» кешені салынады. Онда соғыстан оралмаған 1600-ден астам боздақтардың есімдері жазылған қабырғалық тақта ор-натылады. Бұдан бөлек ауылдық аймақтарда, мекемелер арасында көркемөнерпаздар байқауын ұйым-дастыру, мәдени-спорттық шара-лар өткізу жоспарлануда.

Жеңістің 70 жылдығына әзір-лік және өткізу жөніндегі аудан-дық ұйымдастыру комитеті жұмыс жүргізуде. Мектептерде еске түсіру сағаттары, «Ерлік сабақтары» өт-кізілуде. Жастар арасында Жеңіс-тің 70 жылдығына әртүрлі спорт-тық шаралар ұйымдастыру қолға алынды.

Аудандағы көзі тірі жалғыз майдангер, Зинеден ауылында тұ-ратын Ережеп Ғұбашев ақсақалға бюджет қаражаты есебінен жайлы пәтер салып беріп, жаңа жылда кілтін табыс еттік. Облыс әкімінің қолдауымен аудандық ардагерлер кеңесіне «Нива» автокөлігі берілді.

«Қайран ерлер, Қаһарман ар-дагерлер!» атты ардагерлер ұйым-

Page 63: Журнал №19 2015г

63

дарының республикалық фестива-лі шеңберінде өткен «Ардагерлер әуені» облыстық байқауында Исатай ауданының ардагер көр-кемөнерпаздары 1-ші орынды ие-ленді.

Жеңістің 70 жылдығына жер-лес майдангерлер және соғыс жыл-дарындағы тылдағы ерен еңбек үлгіері жайлы шежіре кітап шыға-ру жоспарланып, материалдар жи-нақталуда.

Елбасының «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Жолдауына қатысты азаматтық ой-пікіріңізді білдірсеңіз.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстанның жаңа экономикалық саясатына арнаған «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты ха-лыққа Жолдауы қазіргі кездегі әлемдік геосаяси жағдайында, еліміздің экономикалық дағда-рыстың кезекті бір толқыны қар-саңында болашақтағы ел дамуы-ның бағыт-бағдарын айқындап берді.

Алда тағы да әлемдік дағда-рыс орын алуы мүмкін. Елбасы бүгінгі таңдағы қалыптасқан жағ-дайда Ұлттық қорда жинақталған қаржының бір бөлігін халықтың игілігіне пайдалануға қажеттілік туындағанын ашық айтып, тығы-рықтан шығар жолды меңзеген

тиісті шешім қабылдап отыр. Мұ-ны біз, әрбір исатайлықтар жете түсініп, тапсырмаларды іске асы-руға күш саламыз.

Елбасы Жолдауында жолдың қайнаған тіршіліктің негізі екенін, аймақтардың өзара байланысын жақсарту елдің әлеуетін арттыра-тынын баса айта келе, Атырау-Астрахань тас жолының жөнде-летінін жария етті. Шын мәнінде бұл көп жылдардан бері атырау-лықтардың күткені еді. Ресеймен батыс қақпада орналасқан бізге сауда-саттық, байланыс орнататын күре жол дұрысталатын болды.

Әсіресе, Жолдауда кең көрі-ніс тапқан мәселе – тұрғын үй ин-фрақұрылымдарын нығайту бағы-ты жұртшылықты ризашылыққа бөлейді. Ауылдар да қолжетімді үйлер салынатын болды. Оның бастамасы жоғарыда айтқанымдай, біздің ауданда да көрініс табуда.

Жолдау жарияланған күннен бастап әр мекеме, кәсіпорындарда, елді мекендер мен шалғай елді ме-кендерде ақпараттық топтар арқы-лы және жергілікті баспасөз құрал-дарында халыққа кеңінен наси-хатталып, түсіндірілуде.

Басты құндылығымыз – елдегі бірлік пен татулық. Отбасындағы береке, ауылдың көркеюі, адам-дардың қауіпсіздігі, еңбекпен қам-тамасыз етілуі тұрақтылыққа тә-

уелді екені сөзсіз. Сондықтан оны қадірлей білуіміз керек.

Тәуелсіздік Сіз үшін қандай ұғым? Қазақ елінің кешегісі мен бүгінгісіне көз жүгіртіп өтсек...

Қазақстан Тәуелсіздігі – ұлты-мыздың ежелден бостандыққа ұм-тылған арман-мұратының жемісі. Тәуелсіздіктің біз үшін орны әрқа-шан да бөлек болуы тиіс. «Толар-сақтан саз кешкен» батыр бабала-рымыздың, ұлт мұраты жолында құрбан болған асыл азаматтары-мыздың асқақ армандары ұштас-қан, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясаты арқасында хал-қымыздың ырысы кеңейіп, елдік мұратқа жете білген табысты жыл-дарымыздың арқасында тәуелсіз-дігіміз бекіп келеді.

Еуразия жүрегінде, өркениет-тің ұштасқан орталығында талай ұлттар мен ұлыстың ортақ мекені-не айналған Ұлы далада азат елдің азаматы атанғаннан артық бақыт жоқ деп білемін. Тәуелсіздікті біз әрқашан мақтан тұтып, қастерлей білуге тиіспіз. Біле білгенге, бұл азаматтық парыз, адамдық борыш. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бейбіт заман болсын!

Сұхбаттасқан:Айсұлу Сағынтаева

Page 64: Журнал №19 2015г

64

ӘР ІСІМІЗ - ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН...

Ата-баба аңсаған тәуелсіздік бізге оңай жетпеді. Қаншама қан төгіліп, елі үшін құрбан болған жандар саны жетерлік. Азаттық жолындағы кү-ресте аянып қалмаған Исатай батыр атындағы ауданға арнайы ат басын бұрған болатынбыз. Ат дүбірі ойнаған осы бір мекеннің мерейін асқақтатып, абыройын көтеруге үлес қосып жүр-ген Исатай ауданы мәслихат хат-шысы Жұмажан Қадимовпен болған сұхбатымыздан сусындай отырыңыз-дар!

Жұмажан аға, Аудандық мәслихатының хатшысы ретінде аудандық мәслихаттың осы жылдар аралығында атқарып өткен жұмыстарына тоқталып өтсеңіз...

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еліміздің қол жеткізген жасампаз жетістіктерін саралаумен қа-тар бірлігі мен ынтымағы жарасқан қазақстандық-тарды жаңа межені бағындырып, тың мақсаттарды орындауға жігерлендіргенін білесіздер.

Аудандық мәслихатпен қабылданған шешімдер-дің барлығы да ауданның әлеуметтік-экономикалық жан-жақты дамуына, тұрғындардың әлеуметтік-тұр-мыстық мәселелерінің кезең-кезеңмен ойдағыдай шешімдерін табуына, атап айтқанда елді-мекендерді газдандырудың, таза сумен, тұрғын үймен, электр энергиясымен қамтудың, кедейшілікке қамқорлық көрсетудің, жұмыссыздықпен күрестің, білім, жастар тәрбиесі, денсаулық, мәдениет, азық-түлікпен қамту салаларының талапқа сай жұмысын қамтамасыз ету-дің, ауылдардың инфрақұрылымдарын жетілдірудің, жаяу, автокөлік жолдарын күрделі жөндеу мен кө-шелерді, алаңдарды абаттандырудың, т.б. адамдар игі-лігіне қажетті істердің жүзеге асуына қызмет етті.

Тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық ең өзекті қажеттіліктерін кезең-кезеңімен көтеріп, әрқайсысы

өзінің сайлау алды бағдарламасына арқау еткен әр-бір шақырылымдағы аудандық мәслихат депутатта-ры Мәслихат құзыретіндегі әрбір мәселелерді зерт-теп, тексеріп, тиісінше мәселе көтеріп, кемшіліктерді жоюға, жемқорлыққа тосқауыл қойып, заңдылықты нығайтуға бағытталған белсенді әрекеттері мен көзге түскен Қ.Сапаров, А.Қаражанов (марқұм), А.Есекеш, А.Қапаров, С.Қапизов, Ғ.Есмағамбетов, М.Жамалова, С.Қабделов, сынды депутаттарды атауға болады.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өзі-нің депутаттық белсенділігі мен еңбек етіп, ел есін-де қалған Нәбидолла Салахов, Балажан Нығыметов, Жолдасқали Сүндетқалиев, Рыспай Құрасов, Меңдібай Харесов, Аманбай Қаражанов сынды азаматтар бүгін-де арамызда жоқ болғанымен, олардың есімдері еске алынып, отбасыларына құрмет көрсетілуде.

Ауданның күні бүгінгі тыныс-тіршілігінен ха-бардар етер болсақ, ауданның әлеуметтік-экономика-лық ахуалы жылдан-жылға өсуімен байланысты ха-лықтың да әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы жақсару үстінде.

Осы жылдың қорытындысы бойынша ауданда өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 165.4 млрд теңгені құ-рап, 1 млн 225 мың тонна мұнай, 30 млн текше метр ілеспе газ өндірілді.

Page 65: Журнал №19 2015г

65

Ауылшаруашылығында 5470.6 тонна ет, 4395 тонна сүт, мал басының өсімі барлық түлік түрінен де қамтамасыз етілді. Мал тұқымын асылдандыру, селекциялық жұмыстарды жақсарту бағытындағы жұмыстар жалғасын тауып келеді.

Исатай ауданы тұрғындарының әл-ауқатын көтеру мақсатында мемлекеттік бағдарламалар қаншалықты жүзеге асуда?

Кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы ауданның 1518 шағын кәсіпкерлік субъектісінде 2004 адам жұ-мыс істейді. 2014 жылдың қорытындысымен бұл са-ладан 217.9 млн теңге әртүрлі алымдар мен салықтар бюджетке түсті.

Ауданның білім беру саласында алдағы жылда-ры оқушылардың білім сапасын көтеруді жолға қою, білім ошақтарының қазіргі талапқа сай болуын қамтамасыз ету бағытында, осы жылы, ауданның Абай, Ғ.Мәсәлімов, Ж.Мырзағалиев орта мектептері мен Томан бастауыш мектебі күрделі жөндеуден өт-кізілді.

Дәрігерлік қамту саласында да денсаулық сақ-тауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы аурушылық пен сәби өлімінің алдын алу, туберкулез ауруының дейгейін төмендету, тұр-ғындарды жастарына қарай жоспарлы скренингтік тексеруге тартудың пайыздық көрсеткіштерін артты-ру бағытындағы шаралар кешенді түрде жүзеге асуда.

Мәденит пен спорт саласында қол жеткен же-тістіктерімізге қосымша, биыл ауданда «Теңізшев-ройл» ЖШС қаржыландыруымен, көптен күткен 400 орындық Мәдениет үйінің, 60 пәтерлік бір ғимарат пен бір пәтерлік он үйдің құрылыс жұмыстары осы жылы пайдалануға беріледі деп күтілсе, аудан

орталығындағы 150 орындық балабақшаның құры-лыс жұмыстары басталып кетті. Бұған қоса аудан орталығында кәсіптік техникалық мектеп пен Қы-зыл үй ауылында жаңа типтегі мектеп салынуы жоспарлануда.

Қарапайым халық алдында аудандық мәсли-хаттың депутаттары үлкен жауапкершілік алып, мәслихат депутаттарының өз қызметін атқаруы жайында не айтар едіңіз?

Елімізде 2000 жылдан бастап елдің өзін-өзі бас-қару концепсиясы біртіндеп өмірге ене бастады. Оның да бастауында халық тікелей сайланған де-путаттары арқылы олардың берген өкілдігімен жұ-мыс жасау құзыретіне ие - Мәслихаттар тұрды. Ел-басы әр жыл сайынғы халыққа Жолдауында Мәс-лихаттарға қосымша құзыреттер беру, биліктің негіз-гі салмағын жергілікті жерде шешуге беру мәселесін айтумен келеді. Бұл тұжырымдар әдейі концепсияда көрініс тауып, соның нәтижесінде өзгерістермен то-лықтырылған «Қазақстан Республикасындағы Мем-лекеттік басқару және өзін-өзі басқару» туралы заң өмірге келді. Соның нәтижесінде бүгінде Мәслихат-тар барлық сайлау комиссияларын қалыптастыра-ды, жанама сайлау құқығымен ауыл(кент) әкімдерін сайлайды, олардың қауымдастық мүшелерінің нор-малық мөлшерін белгілейді, аудан, ауыл әкімдерінің есептерін тыңдайды. Демек бүгінгі күні Мәслихат-тарға халық билігін жүзеге асырып, олардың мә-селелерін шешуге заңды құзырет шеңбері жеткілікті деп айтуға болады.

СұхбаттасқанЛәйлә Нығматуллина

Page 66: Журнал №19 2015г

66

ХАН ОРДАСЫ – САРАЙШЫҚ

Атырау облысы Махамбет ауданы

Сарайшық қаласы – қазақ даласындағы ең көне жерлердің бірі. Тарихшы ғалымдардың айтуына қарағанда, пайда болуын ХІІІ ғасырда, яғни Шыңғыс хан мен Батудың жасаған шапқыншылығымен байланыстырады. Белгілі болған деректерге сүйенсек, бұл орын туралы жазба мәліметтер ХІV ғасырдың алғашқы жартысынан басталады да, оларда Сарайшық гүлденген қолөнері мен сауда қаласы болғандығы негізделген.

Қаланың іргетасы және тұрғызылуы X-XI ғ.ғ. Кейбір деректерге қарағанда, қала XIV ғасырда құрылған. XIV ғасырдың ортасында Еуропаны Хорезммен, Соғдымен және Қытаймен байланыстыратын үлкен сауда орталығына айналды. Құлаған кезеңі-XV-XVI ғ.ғ.

Сарай-Джук - қала орталығы. Алтын Ордадағы бірден-бір үлкен қала және қала халқы көп шоғырланған. Археологиялық тексерулерге қарап, Сарайшық- мәдениеті дамыған қала екенін білуге болады. Қалада өте сирек кездесетін су құбырлары және керамикалық құбырлар жасалынды. Көне қала тұрғындары қолөнермен, балық, бақша және егін шаруашылығымен айналысты. Стратегиялық жағдайы, Шығыс Батыспен байланысып қаланы үлкен сауда орталығына жеткізді. Қала төңірегінде қаланың өзіне тән курортты орталығы болды, бұл жерге Орданың барлық атақты адамдары аң аулауға және балық аулауға келіп жүрді. 1395 жылы Темірлан әскерлері қаланы талқандады.

Қала XV ғасырдың 30-40 жылдары құрылды, XV ғасырдың екінші жартысында (1490-шы жылы) Ноғай Ордасының саяси орталығы болды. Бұл жерде Ноғай Ордасының, кейіннен алғашқы қазақ ханының «Хан Ордасы» орналасты. Сарайшықта Алтын Орданың жеті ханы Сартақ, Берке, Тоқтақия, Жәнібек (кейбір деректерде Меңгі Темір), қазақ ханы- Қасым, ноғай ханы- Измаил мен Ораз жерленген делінеді. 1580 жылы казактардың қолдарынан қала талқандалды.

Арабтың атақты саяхатшысы Ибн Баттут өзінің «Дешті-Қыпшаққа саяхат» атты еңбегінде: «XIII ғасырда Жайық өзенінің жағасында, Батыс пен Шығысты байланыстыратын керуен жолында Сарайшық қаласы орналасты»,-дейді. Ол Алтын Орданың сауда орталығы және ірі қалаларының бірі болған, ол арқылы Еуропадан Орта Азия мен Қытайға баратын қысқа жол жатқан. Тарихшылардың пайымдауынша, 1395 жылы Сарайшық көптеген Алтын Орда қалаларының тағдырына душар болып, Темір әскерлерінің талқандауына ұшыраған. Бірақ та XV ғасырда қайта құрылды және Ноғай Ордасы хан резиденциясы болды. XVI ғасырдың соңына дейін хан резиденциясы болып келген ол 1580 жылы орыс казактарынан талқандалып, түбегейлі жойылды.

Сарайшық туралы алғашқы жазба дерек қалдырған арабтың белгілі географ-ғалымы, саяхатшысы Ибн-Батута. Ол өзінің саяхаттарының бірінде, 1334 жылы «Үлкен Сарай» қаласынан шығып, Азияға жасаған сапарында Сарайшық қаласында болған. Бұл жөнінде ол: «Біз Сарайшық қаласынан ат жеккен арбамен он күн жол жүріп, Сарайжук қаласына жеттік. Бұл Ұлысу деп аталатын үлкен, терең, ағысы қатты өзеннің жағасындағы гүлденген әсем қала және дүние жүзіндегі Бағдаттан кейінгі екінші жүзбелі көпір осында екен»,- деп жазған. Ол кезде Алтын Орда үлкен Сарай, Сарайшықты кіші Сарай деп атаған. Осыған байланысты қаланың атының да Сарайшық аталуы (қала-қалашық, сарай-сарайшық, кішкентай деген мағынада). Сарайшық қаласы Қасым ханның кезінде Қазақ Хандығының тұңғыш астанасы болған. Қала 1580 жылы орыс патшасы Иван Грозныйдың әдейі жіберген казактардың қолынан қиратылған.

Көп жылғы ғалымдардың зерттеулері, қала орнына жүргізілген қазба қорытындылары, әсіресе 1996-2000 жылдары Батыс Қазақстан археологиялық экспедициясының Сарайшық қаласының орнына жүргізген зерттеулеріне сүйенеді.

Көп жылдардан жинақталған жәдігерлерді толықтырып, 1999 жылы 3 қыркүйекте Көне Сарайшық қаласының тарихын, жалпы ХІ-ХVІІ ғасырдағы қазақ халқының тарихына арналған «Хан Ордалы Сарайшық» мұражай қорығы ашылды. Музей Атырау қаласынан 50 км қашықтықта, Махамбет ауданында орналасқан. Кешен үш құрамнан тұрады.

І.Хандар Пантеоны.Авторы сол кездегі облыс әкімі Иманғали Тасмағамбетов. Биіктігі 17 метрді құрап, 8 қабырғадан тұрады.

Қабырғалар арасына Сарайшықта жерленген жеті ханға арнап құлпытастар қойылған. Бұл құлпытастарға қара мраморға жазылған хандардың аттары мен хандық құрған мезгілдері жазылған.

Page 67: Журнал №19 2015г

67

Бұл хандар:1. Мөңке-Темір (1266-1282 жж)2. Тоқтағу (Тоқты) (1291-1312 жж)3. Жәнібек (1343-1353 жж)4. Әмір – Оқас (1440-1447 жж)5. Қасым хан (1511-1518 жж)6. Ших Мамай (1542-1549 жж)7. Жүсіп (1549-1554 жж).ІІ. Мұражай.Мұражай ішіне Сарайшық қазбасынан шыққан тарихи жәдігерлер қойылған, ХІV ғасырдағы Сарайшық

қаласының макеті жасақталған. Мұражайдың естелік кітабынан осында әр мезгілде болған қоғам қайраткерлерінің, ғалымдардың, өнер шеберлерінің шет елдік қонақтар мен көрермендердің ой-пікір, тілектерін оқуға болады.

ІІІ. Қазба орны.Күншығысқа қарай 1,5 шақырым жерде Жайық өзенінің иінінде орналасқан жалпы көлемі 600х600 метр

алаңқайды алып жатқан қазба орнында жаз айларында Ә.Марғұлан атындағы Қазақ археология институтының Батыс филиалының экспедициясы жұмыс істейді.

Жадыра Мұсабай

Page 68: Журнал №19 2015г

68

ЕрланЖаңабаев

Page 69: Журнал №19 2015г

69

ТАРИХЫ ТЕРЕҢ МАХАМБЕТ АУДАНЫ

Әр халықтың өзіне тән тарихи-әлеуметтік даму ерекшеліктері мен тұрмыс-салтына, дәстүрлеріне байланысты дүние танымдық мәдени құндылықтары қалыптасады. Міне, ауыл шаруашалығына баса назар аударған Махамбет ауданын-да бүгінде 34 мыңға жуық халық бар. Алып батыр, дауылпаз ақын Махамбет сын-ды даралар шыққан өңір. Сондай-ақ, Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауындағы жолдардың шын мәнінде, өмірдің өзегі, бақуат-ты тірліктің қайнар көзі екенін, қайнаған тіршіліктің бәрі өңірдегі күре жолға қатысты екенін басты назарға алған Махамбет ауданы алысты жақын ететін тас жолға үлкен мән беріп, халықтың қолайлы көлік жүргізуіне жағдай жасаған. 10 ауылдық округ, 23 елді мекені бар аймақтың тыныс-тіршілігі жайында арнайы іс-сапар барысында Махамбет ауданының әкімі Ерлан Мақсотұлы Жаңабаевпен сұхбаттасқан едік. Оқи отырыңыздар!

Ерлан Мақсотұлы, алдымен Сіз басқарып отырған Махамбет ауданының тарихы мен бүгінгі тыныс-тіршілігіне тоқталып өт-сеңіз.

Талай ғасырлардың тасасында қалған, Алтын Ордаға бағынышты қазақ хандарының астанасына ай-налған Сарайшықтың тұсынан әлемге әйгілі Жібек жолы өткен. Осының өзі ғана ғасырлар шежіре-сінен сыр шертіп, ауданымыздың мәртебесін биіктете түскендей. 1920 жылдың 21 шілдесінде Орал революциялық комитеті Прези-диумының шешімімен Гурьев уе-зі болыстарының тізімі бекітілді. Осы бекітілген шешімдегі 20 бо-лыстың бірі болып, Жаманқала болысы да Гурьев уезі құрамына енгізілді. 1920 жылдың 4 қаңта-рында Жаманқалада Кеңес үкіме-ті орнады. Қазақ КСР-і атқару комитетінің 1928 жылғы 17 қаң-тардағы VI шақырылған ІІ-сес-сиясының қаулысымен Гурьев округі құрылып, оның құрамына алты аудан енгізілді. Жалпы біз-дің Махамбет ауданының тарихы

1928 жылдан басталады. 1963 жыл-дың 2 қаңтарында Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен ауданға қазақтың батыры, дауылпаз ақын, күйші Махамбет Өтемісұлының есімі берілді. Өңіріміздің негізгі сала-сы - ауыл шаруашылығы. Біздің ауданымыз Атырау облысы халқын етпен, сүтпен, көкөніс және бақша, картоп өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған іргелі аудан. Облыс орталығына жақын, жері егін егу-ге, мал бағуға қолайлы. Дегенмен егін егуге жердің тез сортаңданып кетуі де кереғар әсер ететіні бар. Сондықтан соңғы жылдары егінде тамшылатып суару әдісін кеңінен қолдануға бетбұрыс жасалып, тұр-ғындар оның игілігін көруде. Со-нымен қатар Махамбет жері тари-хи жерлерімен де, дамыған өне-рімен, мәдениетімен белгілі өңір. Сонау бір ғасырларда Алтын Орда хандары мекен еткен, қазақ жұр-тының астанасы болған көне Сарайшық қаласының орны осы біздің ауданда орналасқан. Қазір-гі Сарайшық ауылында хандар

пантеоны, мұражай, мешіт бар. Хан Ордалы Сарайшық мемориалдық кешені ашылғалы бері бұл орын алыс-жақын туристердің көптеп келетін жеріне айналды. Аудан хал-қын арзан нанмен қамту мақсатын-да наубайханаларға 120 тонна 1-ші сұрыпты ұн жеткізіліп, жоспар то-лықтай орындалды. Азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатын-да әрбір округта операторлар та-ғайындалып, «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы тұрғындарға арзан бағамен 65 тон-на егін өнімдері жеткізілді. Бұл жұмыстар қазір де жалғасуда.

Ауданда индустриялық инфра-құрылымды дамыту бағытында бірнеше жобалар іске асырылуда. Олардың қатарында «Первомайский БК» жауапкершілігі шектеулі се-ріктестігінің 500 бас асыл тұқым-ды мүйізді ірі қара малына арнал-ған сүт-тауарлы фермасы мен тәу-лігіне 16 текше метр биогумус пен жылына 3600 тонна мал азығын дайындау кешені, «Сарайшық» жауапкершілігі шектеулі серіктес-тігінің 600 бас асыл тұқымды ешкі

Page 70: Журнал №19 2015г

70

фермасы мен тәулігіне 2 тонна сүт өңдеу кешені бар.

Бүгінгі таңда ауданда 1351 бел-сенді шағын кәсіпкерлік субъекті-лері тіркеліп, алдыңғы жылмен салыстырғанда 8 пайызға артты. 4 апатты жағдайдағы мектеп бол-ды. Олардың орнына 2 жаңа мек-теп салынса, біреуі салынуда. Төр-тіншісі биыл басталады.

Ел мерейін үстем ететін ау-даннан шыққан талантты аза-маттар жайлы оқырманмен бө-ліссеңіз.

Махамбет ауданы топырағы-нан күллі қазақ елі мақтан тұта-тын азаматтар түлеп ұшқан. Мем-лекет және қоғам қайраткер-лері Иманғали Тасмағамбетов, Бақтықожа Ізмұхамбетов сынды ардақты азаматтар біздің мақта-нышымыз.

Ал ауданымыздан қандай өнер адамдары шықты дегенге келсек, алдымен ауызға әйгілі актер Нұрмұхан Жантөрин ора-лады. Нұрмұхан ағамыз осы Жайық бойында туып өскен. Ата-ғы елге мәлім опера әншісі Ғафиз Есімов осы Махамбетте туып-өскен азамат. Қазақ күйін күллі әлемге танытқан күйші Қаршыға Ахмедияров та, оның ізбасары болған дәулеткер күйші Айгүл Үлкенбаева да осы махамбеттік-тер. Атыраулықтар күй қағаны атап кеткен марқұм Рысбай Ғабдиев те осы Жайық бойы-ның перзенті болып табылады. Жерлесіміз, өзінен кейінгі ұрпақ-қа мол өнеге қалдырған Зәмзәм Есжанова апайымыздан талайлар

тәлім алса, қазір ол кісінің атын-дағы аудандық саз мектебі жұмыс жасайды. Қазір ауданымыздың мәдениет саласы облыстық мәде-ниет басқармасы тағайындаған ауыспалы «Бәйтерек» жүлдесін соңғы екі жыл бойына қолда ұс-тап келеді. Аудандағы Алға ха-лық театры, Жайлашевтардың отбасылы ансамблі секілді көпте-ген өнер ұжымдары біздің әркез мақтанышымыз.

Махамбет ауданының шал-ғай ауылды жерлерінде су және электр мәселелері өз шешімін тапқан ба?

Иә, ауданның шалғай аумақ-тарындағы энергетикалық инфра-құрылыммен қамтылмаған жер-лерге газ, электр желісін тарту жұмыстарын кезең-кезеңмен ше-шудеміз. Күні бүгінге аудан хал-қының 98 пайызы табиғи газ оты-нын пайдаланып отыр. Әлеумет-тік нысандар түгелдей табиғи газге қосылған. Өткен жылы Алмалы, Махамбет ауылдарында 11 трансформатор орнатылып, 225 үй электр жарығымен қамтылды. Махамбет ауылында 11 көшеге 13 шақырым түнгі жарық желісі жүргізілді. Жалпы бұл бағытта жүйелі жұмыстар жүргізілгені-мен, қол жеткізе алмай отырған тұстарымыз да бар. Оны шешу үшін алдын ала есептеулеріміз бойынша 105 шақырым электр желісін, 133 шақырым газ, 102 шақырым су желілерін тартуымыз керек. Бұл ауқымды қаржыны жә-не уақытты қажет етуіне байла-нысты, бұл мәселелерді кезең-ке-

зеңмен шешуді жоспарлап отыр-мыз. Қазір Махамбет ауылындағы «Шаттық», «Игілік» мөлтек ау-дандары мен Береке, Жалғансай, Талдыкөл ауылдарының жаңа тұрғын үйлеріне барлығы 30 км табиғи газ желісін тарту жұмыс-тарының жобалау-сметалық құ-жаттамалары жасақталып, құры-лысқа қажетті қаражатқа сұраныс берілді. Сондай ақ, Махамбет ауылындағы «Шаттық» ықшам ауданы мен Жалғансай, Талдыкөл, Береке, Алға, Сарайшық ауылда-рына барлығы 48 шақырым электр желілерін тарту жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттары жасақталуда. Көптеген жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан жол мәселесі ауданда іске асырыла бастады. Ақжайық, Ортақшыл, Есбол, Алға ауылдарының кіре беріс қара жолдары асфальтталып, ауылішілік жолдары мен жаяу жүргіншілер жолының құрылысы жүргізілуде. Бұл, әсіресе, бұрын соңды асфальтты тас жолы болма-ған Ортақшыл, Есбол ауылдары үшін үлкен қуаныш болды. Аума-ғы 60 гектарды құрайтын «Жасыл белдеу» түгелдей қоршалып, су жіберілді. Біздің мақсатымыз - осы белдеуді бұрынғы қалпына келтіру.

Қазақ хандығының 550 жыл-дығы, ҚР Конституциялық за-ңының 20 жылдығы және ҚР Ха-лықтар достығы ассамблеясы-ның 20 жылдық мерейтойына орай қандай іс-шаралар өткізу көзделуде?

Үстіміздегі жылы тойланатын Қазақ Хандығының 550 жылдығы,

Page 71: Журнал №19 2015г

71

Қазақстан Республикасы Консти-туциясының 20 жылдығы және Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойларына орай арнайы жоспарлар жасақталып бе-кітілген болатын. Мәселен Қазақ хандығының 550 жылдығына ау-дан көлемінде болатын жазба ақын-дар айтысын айта аламыз. Соны-мен қатар ат бәйгесі, шілде айын-да аудан мұражайларында көрме, ал қазан айында Ғылыми-тәжіри-белік конференция, оқырмандар-мен дөңгелек үстел ұйымдастыру жоспарлануда. «Ата Заңым-Айбы-ным» ақындар айтысы, «Ата Заңы-мыз - абырой, дәстүр, арымыз» ат-ты салтанатты жиын, концерттік бағдарлама өткізу Конституция-мыздың 20 жылдығына арналмақ. Сондай-ақ Азат Елдің ар-намысы-Ата заң» аудандық жазба ақындар мүшәйрасы, «Менің Қазақстаным» атты аудандық жас суретшілер бай-қауын Конституцияның 20 жылды-ғына орай аудан жастарының қа-тысуымен флеш-моб акциясы жоспарланды. «Өнеріміз саған-Қазақстан!» аудан көлеміндегі түрлі этнос өкілдерінің қатысуы-мен өнер фестивалі, «Мемлекет-тік тіл-менің тілім» атты өзге ұлт жастары арасында көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы, «Елім ме-нің» аудандық патриоттық әндер конкурсы, «Отаны бірдің-тілегі бір» тақырыбында аудандағы өз-ге ұлт өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастыру мұ-ның барлығы Халықтар достығы ассамблеясының 20 жылдығына арналуда.

Аудан көлеміндегі барлық «Боз-дақтар ескерткіштеріне» жөндеу жұмыстары жүргізілді. Күні бүгін ауданда 7 Ұлы Отан соғысының ардагері, 236 Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалис-тік Республикалар Одағының ор-дендерімен және медальдарімен наградталғандар, 38 Ұлы Отан Со-ғысында қаза тапқан жауынгерлер-дің жесірлері бар.

Кәсіпкерлерге «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарлама-сы аясында қандай қолдаулар көрсетілуде?

Негізінен алғанда, аталмыш бағдарламаның негізгі мақсаты бар жұмыс орындарын сақтау жә-не тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады. Бұл ретте біздің аудан аумағында атқарылып жатқан бір-қатар шаруалар бар. Мәселен, жас-тар саясатын назарда ұстаудамыз. Өткен жылы ауданда «Жастар ре-сурстық орталығы» құрылып, штат-тық бірліктермен толықтырылды. Арнайы орын бөлініп, көлікпен қамтамасыз етілді. Аудан жаста-рының базасы жасақталып, жыл соңында «Жастар мұраты – Мәңгі-лік Ел» атты аудандық жастар фо-румы өткізілді. «Дипломмен ауыл-ға» жобасы аясында 5 жас маман тұрғын үймен қамтылып, 13 ма-манға көтерме жәрдемақы төлен-ді. Ауданымызда «Бибі Саз», «Махамбет» жастар қоғамдық бірлестіктері жұмыс жасауда. Өт-

кен жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде бюджеттен 720 мың теңге қаржы бөлінсе, биыл көлемін 3 есеге ұлғайтуды көздеп отырмыз. 2014 жылы ау-данда 182 қылмыс тіркеліп, 21 пайызға төмендеді Оның ішінде ауыр қылмыс 20 пайызға, мал ұр-лығы 46 пайызға азайып отыр.

Тәуелсіздік сіз үшін қандай ұғым? Қазақ елінің кешегісі мен бүгінгісіне көз жүгіртіп өтсек...

Елбасымыз өткен дәуірдегі қа-һармандық оқиғалардың тізбегін Махамбет Өтемісұлының 200 жыл-дығына арнаған сөзінде: «Ұлы да-лада бірінен соң бірі толас таппай жүріп жатқан 200-ге тарта көтері-лістер эстафетасы, біздің бүгінгі тәуелсіздігіміздің бастау көздері» деп бағалаған болатын. Елдің бір-тұтастығы мен тыныштығын сақ-тауға бар өмірін сарп еткен ел ар-дақтыларының тарихқа өлшеусіз үлес қосқан ірі тұлғалар ретінде құрметтеп, олардың өлмес рухын ұлт мақтанышы ретінде күні бүгін-ге дейін жеткізді. Бұл қасиетті ше-жіре – бүгінгі буын арқылы келер ұрпақтың бойына жастайынан сі-ңірілетін баға жетпес игілік. Осы өнегені, елжандылық, отансүйгіш-тік дәстүрді жастардың бойына да-рыту, патриоттық рухта тәрбиелеу – бүгінгі таңда әрбір қазақстандық-тың қасиетті борышы болып табы-лады.

Сұхбаттасқан Жадыра Мұсабай

Page 72: Журнал №19 2015г

72

ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ - БАСТЫ МІНДЕТ

Асқар Рақымұлы, Махамбет аудандық мәс-лихатының хатшысы ретінде аудандық мәс-лихаттың осы жылдар аралығында атқарып өт-кен жұмыстарына тоқтала кетсеңіз. Жалпы алғанда, мәслихат қандай мәселелердің басы-қасында жүр?

Қазақстан Республикасының мәслихаттары ат-қарушы билік органдарымен бірлесе жүріп, 20 жыл аралығында қоғамды демократияландыру, өңірлік ынтымақтастықты дамыту, әрі кәсіби мемлекетті құруға бағытталған іргелі мәселелерді шешуде үл-кен жұмыстар атқарды. Сонымен қатар, Қазақстан мәслихаттары елімізде құқықтық мемлекетті орна-туда, орталық және жергілікті органдар арасында өкілеттілікті бөлуде, ішкі саясаттың тұрақтылығын нығайтуда және жергілікті өкілетті билік органдар қызметінің тиімділігін арттыруда да іргелі шаралар жүргізді.

Тәуелсіз Қазақстанда, тоқсан төртте өткен әр деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының бірінші сайлауы ХХ ғасырда алғашқы рет бәсекелес немесе баламалы негізде өтуімен ерекшеленді. Сол тұстар-да да депутаттар корпусының құрамы айтарлықтай кең, әрі сан-қилы болды. Махамбет ауданында да Мәслихат-Депутаттар жиналысының депутаттарын сайлайтын 15 сайлау округі құрылып, 15 халық қа-

лаулысы таңдалған болатын. Сол тоқсан төрттен бері аудандық мәслихаттың депутаты болып 49 азамат сайланған. Олардың арасында кәсіпорын, көлік жә-не байланыс, шаруашылық, денсаулық сақтау, білім, мәдениет салаларындағы қызметкерлер, шағын және орта бизнес өкілдері, сондай-ақ қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдардан азаматтар болды. Олардың көбі мемлекеттің экономикасы мен әлеуметтік, мәдени саласының табысты дамуына үлестерін қосты.

Бірнеше әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді. Елді мекендерде ауыз су, газ құбырлары тартылуда, ал Махамбет ауданы тұрғындарының 98,8 пайызы көгілдір отынмен қамтамасыз етіліп болды. Жолдар жөнделіп, көшелер абаттандырылуда. Кәсіпкерлік көкжиегі кеңейіп, жұмыссыздық дең-гейі төмендеді. Міне, өкілеттіктері мен бірліктері артқан мәслихаттағы депутаттар корпусы – қоғамды одан әрі демократияландыруға, халық пен билік арасындағы байланысты нығайтуға, облыс, қала, аудан тұғындарының әл әуқатын, тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыру барысында атқарылып жатқан жұмыстарда өз белсендіктерін танытуда.

Бесінші сайланған Махамбет аудандық мәслиха-ты 29 сессия өткізіп, онда ауданымыздың дамуына байланысты 200-ге тарта мәселе бойынша тиісті

Атырау облысына жасаған сапарымыз ба-рысында өз қызметін-де жемісті еңбек етіп жүрген біраз азамат-тармен жолықтық. Со-лардың бірі мемлекет саясатын қолдай оты-рып, оны жүзеге асы-руда халық игілігін өз ісінің парызы деп сана-ған Махамбет ауданы мәслихатының хатшы-сы Құрманбаев Асқар Рақымұлымен болған сұхбатымызды назарла-рыңызға ұсынып отыр-мыз.

Page 73: Журнал №19 2015г

73

шешімдер қабылдады. Аудандық мәслихат өз өкі-леттілігі шеңберінде өңірдегі өркенді істердің одан әрі өрістеуіне лайықты үлес қосып келеді. Аудан-дық мәслихаттың 3 тұрақты комиссиясы 20 отырыс өткізіп, 39 тақырыптық мәселе бойынша қаулы қа-былдаса, осы мәселелердің үштен екісі тұрақты ко-миссиялардың ұсынысымен сессияларда қайта қа-ралып, тиісті шешімдер алынып, оның орындалуы кезінде бақылауға алынды.

Өзін сайлаған қарапайым халық алдында аудандық мәслихаттың депутаттары үлкен жа-уапкершілік алып, оны мүлтіксіз орындауға тиіс. Осы тұрғыда, мәслихат депутаттарының өз қызметіне адалдығы мен біліктілігі жөнінде не айтар едіңіз? Халық сұранысын ойдағыдай қанағаттандыра ма?

Депутаттардың сайлаушылар аманаттарын орын-даудағы жұмыс әдістері мен түрлерін жетілдіруде бірқатар шаралар жүзеге асырылуда. Күні бүгінге де-йін депутаттар 238 түрлі мәселелермен қабылдау-да болған 119 сайлаушының өтініштерін қарап, түсініктерін берсе, осылардың шешілуі барысынан «НұрОтан» партиясының аудандық филиалы арқы-лы облысқа ай сайын мәліметтері беріліп отырыл-ды. Осы тұста өз сайлаушыларымен, жергілікті атқарушы органдармен жиі іскерлік байланыста болған депутаттар, Есбол орта мектебінің директо-ры М.Бисенованың, «Дастан» шаруа қожалығының жетекшісі А.Ермановтың, «Атырау-Жарық» АҚ Махамбет аудандық бөлімшесінің директоры Р.Үмбеталиевтің, ардагер Т.Есенғазиевтің, «Қазсу-шар» РМК Атырау филиалының Төменгі Жайық өндірістік учаскесінің басшысы Б.Бисалиевтің, «ЦЕСНАБАНК» Махамбет аудандық бөлімшесі-нің басшысы Ш.Торбаеваның, Н.Ерғалиевтың, А.Қабеновтың игілікті істері көптің көңілінен шы-ғып жүр.

Қазақстан Республикасының мәслихаттары ат-қарушы билік органдарымен бірлесе жүріп, 20 жыл аралығында қоғамды демократияландыру, өңірлік ынтымақтастықты дамыту, әрі кәсіби мемлекетті құруға бағытталған іргелі мәселелерді шешуде үлкен жұмыстар атқарды. Сонымен қатар, Қазақстан мәслихаттары елімізде құқықтық мемлекетті ор-натуда, орталық және жергілікті органдар арасында өкілеттілікті бөлуде, ішкі саясаттың тұрақтылы-ғын нығайтуда және жергілікті өкілетті билік ор-гандар қызметінің тиімділігін арттыруда да іргелі шаралар жүргізді

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты биылғы Жолдауы жайында депутаттық көзқарасыңызды білдірсеңіз...

Иә, Президентіміз Н.Ә.Назарбаев өз жолдауын-да «алдымызда тұрған сын-қатерлерге жауап бере отырып, мен Қазақстанның «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты туралы жариялаймын. Мен 2015 жылға арналған халыққа жаңа Жолдауымды осыған арнаймын. Ол контрциклды сипатқа ие бо-лады және біздің экономикамыздағы құрылымдық реформаларды жалғастыруға бағытталады.»,- деген болатын. Биылғы жолдауында белгіленген жоспарды, нықтап тұрып жүктеп, бекітті. Бұл жайында берілген тапсырмалар міндетті түрде орындалады. Тәуелсіздік алғанымызға биыл міне 23 жыл да болып қалды. Со-ған қарамастан жүзеге асып отырған істер ауыз толтырып айтарлықтай. Елбасымыздың «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы да патриоттық сенімді одан әрі ұштастырып, елге деген шексіз сүйіспеншілікті арт-тырғандай болды.

СұхбаттасқанСая Есимова

Page 74: Журнал №19 2015г

74

ХАЛЫҚ ТАҢДАУЫНА АЙНАЛҒАН ЗАУЫТ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Қазақстан - 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауында болашақта елде дамытуды қажет етіп тұрған он басым бағытты айқындап берген болатын. Соның екінші бағыты – агроөнеркәсіп кешенін дамыту. Бұл тапсырма мұнайлы өлке – Атырауда айрықша орындалып отыр. Соңғы жылдары облыста даму қарқыны баяулаған ауыл шаруашылығы саласында ауыз толтырып айтарлықтай өсім бар. Атыраулық шаруалар күзгі жиын-терім маусымын табысты аяқтап, мол өнімге қол жеткізуде. Мұнің дәлелі ретінде Атырау облысы, Махамбет ауданындағы халық ризашылығына бөленіп, елді ақпен қамтамасыз етіп отырған «БК Первомайский» ЖШС. Бүгінде заманауи озық үлгіде жабдықталған Атырау облысындағы үздік зауыттардың қатарында.

Page 75: Журнал №19 2015г

75

«БК Первомайский» ЖШС 2013 жылдың 19 наурызында құрылды. Құрылтайшысы АҚ НК БКК «Атырау» және Первомайский ЖШС. Қолға алған басты бағыты сүт өндіру және сүттен жасалған өнімдерді өткізу. ЖШС Атыраудан 45 км қашықтық-та орыналасқан. Айта кетерлік жәйт қысқа мерзімде облыс әкімдігінің қолдауымен 500 саумалы сиырға арналған малшаруашылық кешені салынды. Кешен құрамына 500 бас сиырға арналған мал қора, 300 бұзау қора, 140 жаңа туған төлге арналған бастырма, сүт сауатын 2/16 блок параллель галереясымен, мал соятын орын, емдеу-санитарлық пункт және басқа да негізгі өндіріс нысандары бар. Қосалқы өндіріске азық қоймасы, сүрленген азық сақтайтын орындар, инженерлік жүйелер (су, газ, электр қуаты), әкімшілік -тұрмыстық ғимараттар және тағы басқалар кіреді.

Елбасымыз «БК Первомайский» ЖШС аралау барысында облыстың агроөнеркәсіп кешеніндегі кәсіпорындардың басшыларымен әңгімелесіп, эко-номиканы дамытуда ауыл шаруашылығы басым-дығы бар сала болып саналатынын атап өткен бо-латын.

Еліміздегі халықтың жартысына жуығы ауыл-дық жерде тұрады. Сол себепті біз ауыл шаруа-шылығын дамытуға айрықша көңіл бөлуге тиіспіз. Қазақстаннан басқа еш жерде мемлекет ауыл ша-руашылығына осынша қаражат бөлмейді. Облыста ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісі үшін барлық жағдай жасалған, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

«Первомайский» БК» ЖШС-ның тауарлы-сүт фермасы мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарлама аясында салынған ке-шендер қатарында. Кешеннің бірінші бөлігі 2013 жылдың желтоқсан айының соңында тапсырылды. АҚШ-тан 182 асыл тұқымды голштино-фризскі тұқымды құнажын әкелінді. Барлығы бұзаулап, сүт

беріп отыр. 2014 жылдың екінші жарты жылдығын-да әкелінген 303 бас құнажындар да сауылуда. Сиырларды кепілді қамтамасыз ету мақсатында жыл бойы гидропонды жем өсіру модулі құрылды. Күн сайын бұл модуль 10 т арпа тұқымынан алын-ған көк азық береді, яғни 8 күнде 1 кг арпадан 6 кг көк шөп алады.

Бұл шаруашылық күн сайын «Дина» базарына 2,5 тоннаға дейін сүт жібереді және төмендетілген бағамен сатылады. Махамбет ауданында өткен жы-лы салынған ешкі фермасы 2013 жылдың наурызы-нан бастап өнім бере бастады.

Мұнда мал шаруашылығы қалдықтарын қайта өңдеуге бағытталған Биокомплекс модулі жасалып, енгізілді. Ауылшаруашылық мәдениеті, көкөністер, жеміс-жидектер, жеміс ағаштары мәдениетіне ен-гізу үшін жоғары сапалы, залалсыздандырылған органикалық тыңайтқыш тәулік бойы жедел ком-постерлеу жолымен өндіріледі.

Кешен күнделікті 10-12 тонна сүт өндіруге есеп-телінген. Осы жерден табиғи жоғары сапалы сүт, айран, майлы айран, қаймақ, кілегей, сүзбе, йогуртты шырындар және тағы басқа өнімдер алынады. Бар-лық өндірілген өнімдер Атырау қаласы және кейбір аудан орталықтарында сатылады. Кешен және сүт зауыт жабдықтары Голландиялық, Италяндық, Испандық және басқа да Еуропа елдерінен әкелін-ген. Кешенде 50-ден астам адам жұмыс жасайды.

Қазіргі таңда тұрғындарды тоқтаусыз жоғары сапалы өніммен қамтамасыз ету үшін, сауын сиыр басын 1 000-ға жеткізу мақсатында кешеннің екінші бөлігінің құрылысы жүргізіліп отыр. Бұл зауыттың өнімдері жоғары сапалы болғандықтан көпшілік толассыз алу үстінде.

Жадыра Мұсабай

Гидропонды жем өсіру модулі

Page 76: Журнал №19 2015г

76

КЕЛЕШЕГІ КЕМЕЛ МАҚАТ МЕКЕНІ

Атырау облысы Мақат ауданы

«ХХІ ғасыр Қазақстан мұнайының ғасыры бола-ды» деп Елбасымыз айт-қандай, мұнайлы өлкенің қазіргі таңда әлеумет-тік – экономикалық жағ-дайы жақсы деп ауыз толтырып айтуға бола-ды. Атырау – қойнауы кенге бай, жайлауы мал-ға толы өлке. Ғасырдан астам тарихы бар қазақ мұнайының шежіресін ал-тын әріппен өрнектеген қайнар бұлақ, мол бай-лықтың көзін ашқан қа-сиетті қара шаңырақ. Даңқы шартарапқа та-раған Каспий маңы ой-патының орталық бөлі-гінде орналасқан Мақат ауданы қарыштап дамып келе жатқан еліміздің мұ-най-газ саласында өзіндік қолтаңбасы бар және мұ-най өндірісінің даму жо-лындағы барлық сатыла-рын бастан кешірген бірден-бір аймақ.

Тарихы мұнай өндіру кәсібімен тікелей байланысты болып, 1924 жылы құрылған Мақат ауданы Атырау облысының оңтүстік шығысына таман орналасқан. Бұл ауданның орталығы 1924 жылдан Доссор жұмысшы қалашығы атанып, 1979 жылы Мақат қалашығы болып көшірілді. 30 мыңға жуық халқы бар бұл ауданның құрамына Доссор, Мақат қалашықтары, сондай-ақ Байгетөбе ауылдық аумағы енеді. Мақат ауданы Каспий маңы ойпатының орталық бөлігінде орналасқан, сондай-ақ Жылыой, Қызылқоға аудандарының және Атырау қаласы-ның аумағымен шектесіп жатыр.

Мақат ауданының климаты тым құрғақ, қысы біршама суық болып келеді. Десек те, жері құнарлы болғандықтан, аудан халқының ауыл шаруашылығымен айналысуына нағыз қолайлы. Жер беті суларынан тек ауданның шығыс бөлігі бойымен ағып өтетін суы тұзды Сағыз өзені ғана бар. Тереңде жатқан жер асты суларының минералдығы жоғары болып келеді. Егіншілікке жарамсыз сор, сортаңды, бозғылт және сұр топырақ қабаттарында, көбінесе, боз жусан, көкпек және бұйырғын өседі. Жануарлар дүниесін шөлге бейім кемірушілер мен бауырымен жорғалаушылар құрайды.

Сондай-ақ, бүгінгі күні әлуметтік сала бойынша ауданда тоғыз мектеп, бір музыкалық мектеп, тоғыз балабақша жұмыс атқаруда. Ауданда 750 педагог жұмыс істейді.

Денсаулық саласында да халықтың қамын жеп, қол ұшын беріп қызмет етіп жатқан мекемелер де баршылық. Ауданда үш аурухана, екі емхана, он бес дәріхана, екі жедел жәрдем бекеті және бес фельдшерлік пункт, туберкулез-ге қарсы диспансер, санитарлық эпидемиялық станциялары тұрғындарға қызмет көрсетеді. Аудандағы Мақат елді мекенінде жеке меншік «Шипагер» емханасы жұмыс істейді. Аудан бо-йынша қырыққа жуық дәрігер және 199 орта медициналық қызметкерлер жұмыс жасайды.

Ауданда негізінен, мұнай мен газ өнеркәсібі жақсы дамыған. Электрмен жабдықтау, жылу, су

саласын «КазТрансГазАймақ» ЖШС, «Атырау Жарық» ЖШС, «Атырау Су Арнасы» ЖШС және «Доссор Су Арнасы»

Page 77: Журнал №19 2015г

77

ЖШС сияқты мекемелер құрады. Қазақстанның мақтанышына айналған ірі «ҚазМұнайГаз» компаниясы халықтың экономика-лық жағдайын жоғары деңгейге көтеруде өз үлесін қосуда. Сон-дай-ақ, мұнай тасымалдауда алғашқы салынған темір жол сала-сы қарқынды дамып, қазіргі күнде болашағынан үміт күттіретін тоғыз жолдың торабына айналған халықаралық деңгейге жеткен жүк және жолаушылар тасымалдайтын бірден-бір Қазақстанның маңызды темір жолдарының бірі және бірегейі де осында. Осы аудан арқылы Мақат-Бейнеу-Қоңырат, Мақат-Индербор темір жолы және Атырау-Мақат-Қандыағаш-Ақтөбе, Доссор-Құлсары, Доссор-Байшонас, Мақат-Сағыз автокөлік жолдары өтеді. Жеке кәсіпкерлікті қолдау аясында біршама жұмыстар атқарылып келеді. Жаңа жоғарғы технологиялық өндірісті құруға ұмтылған шағын және орта жүйені қалыптастыруға бағытталып отыр. Экономиканың негізгі бағыты кен өнеркәсібі болып табылып, ауданның экономикасы бірнеше бағыттарды қамтиды. Олар кен өнеркәсібі, өңдеу өнеркәсібі және жабдықтау өнеркәсібі. Ауданның өнеркәсіп өнімінің негізгі бөлімін кен өнеркәсібі құраса, жалпы өнеркәсіп өнімінің өңдеу өнеркәсібі және сумен жабдықтау салалары құрайды. Ауданда өндіріліп жатқан өнеркәсіптің негізгі өнім түрлері мұнай және газ өнімдерімен қатар тамақ өнеркәсіп саласының тауарларын да жатқызады. Еліміздегі дамыған мұнайлы қара шаңырағымыз болашағынан зор үміт күттіретін аймақ.

Ләйлә Нығматуллина

Page 78: Журнал №19 2015г

78

ЕрболатУмаров

Page 79: Журнал №19 2015г

79

ҚОЙНАУЫ КЕНГЕ ТОЛҒАН МАҚАТ МЕКЕНІ

Қазақстанда қай саланы алатын болсақ та дамуы жағынан жаңылыспай-тынымыз хақ. Себебі, түрлі мемлекеттік бағдарламалар, Елбасы Жолдаулары, ірі жобалар, мұнай және газ саласын дамыту мәселелері басты назарда тұр. Еліміздің алдағы экономикасының ұдайы дамуының арқасында белгілі бір же-тістіктерге жетудің басты міндеттері анықталған. Сондай мақсаттарды арқау еткен Мақат өңірі бүгінде мұнай саласын өркендету үшін бітқатар ауқымды жұмыстар атқаруда. Тоғыз жолдың торабында орналасып, өндіріс саласы қарқынды дамыған индустриялық аймақтың бірі - Мақат ауданы. Өн-діріс саласында өнімге деген қажеттілікті жоғарғы деңгейде қанағаттанды-рып, өнеркәсіптің дамуына үлес қосып келе жатқан ауданның бірі деп айтуы-мызға толық негіз бар. «Доссормұнайгаз», «ГазТрансГазАймақ» ЖШС, «МЭР» ЖШС, «Мақат мұнай айдау» сияқты өндіріс нысандарымен белгілі болған ау-дан жайлы Мақат ауданының әкімі Умаров Ерболат Болатжанұлымен болған сұхбаттан біле аласыздар.

Ерболат Болатжанұлы, ал-дымен, Сіз басқарып отырған ауданның әлеуметтік-экономи-калық жағдайы туралы айтып өтсеңіз.

Қазақ елі қазба байлықтарға бай болғандықтан, біздің ауда-нымыз да шикізат қорынан кен-де емес. Біздегі мұнай, газ өнді-ру, теміржол саласы аудан эконо-микасы дамуының басты көзде-рі болып табылады. 2014 жылы 673 мың тонна мұнай өндірілсе, 2013 жылы 760 мың тоннай мұ-най өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 88,5 пайызды құрап отыр. Аталмыш жылы газ өндіру көлемі 32 млн. текше метр болса, 2013 жылы 59,6 млн. текше метр болып, өткен жылмен салыстырғанда 54,4 пайызды құ-рап отыр. Мақат ауданында 12 мұнай кен орны орналасқан. Олар: Комсомолское, Байшонас, Есекене, Ботақа, Оңтүстік таңатар, Доссор,

Сағыз, Оңтүстік Қошқар, Қарсақ, Мақат, Шығыс Мақат, Солтүстік Жолдыбай. Егер ауданның гео-логиялық құрылымына қарайтын болсақ ол негізінен Кембрий уа-қытында құрылған кристалдардан тұратынын көреміз. Бұл әсіресе шығыс еуропалық платформаға тән қасиет. Ал пайдалы қазбала-ры ауданның геологиялық құры-лымына тікелей байланысты. 100-200 метр тереңдікте тұз күм-бездердің астында тасты тұздар орналасқан. Кен орындарындағы табиғи байлықтарға мұнай, гипс, калийді жатқызамыз. Осы күнге дейін әлі анықталмаған немесе толық ақпарат жоқ көмір сутек қорлары орналасқан құрылым-дар да бар. Сонымен бірге аудан аумағында қоңыр көмірдің қор-лары бар екені анықталып, олар-ды зерттеу жұмыстары жүргізі-ліп жатыр. Алайда бұл қорлар бүгінгі күнге дейін толық зерт-

телмеген және өндірістік бағытта қолданысқа енбей тұр. Өнеркә-сіп өнімінің төмен болу себебі, «Доссормұнайгаз» мұнай өнді-ру басқармасына қатысты кен өндіру орындарынан өндірілетін мұнайдың жылдан жылға азаю салдарынан орын алып отыр.

Теміржол бойымен тасымал-дау көлемі жылдың 12 айында 13 млрд. 510 млн.тн.км. брутто құрады. Мұнда теміржол сала-сындағы көрсеткіштердің төмен-деу себебі жылдан жылға темір-жол тасымалының төмендеуіне байланысты.

Ауданда жаңадан бой көте-ріп жатқан нысандар жайында айтып өтсеңіз.

Құрылыс нысандарын салу негізінен мұнай компаниясының тапсыры бойынша жүзеге асуда. Бұның ішінде тұрғылықты тұр-ғын үйлер, сауықтыру орталық-

Page 80: Журнал №19 2015г

80

тары, мәдениет нысандары және сауда орындары жатады. Алғаш бой көтерген НГДУ «Доссормұ-найгаз» компаниясының әкім-шілік ғимараты ленинградтық архитекторлардың жобалары бойынша сызылған құрылыстың үлгісі болып табылады. Соны-мен қатар, Мақат және Доссор жерінде жүздеген үйлер әкімші-лік ғимараттар салумен ең мықты құрылыс орны болып табылды. Мақат-Манғышлақ теміржолы құрылысы кезінде Мақатта №99 құрылыс басқармасы соның ішінде №137-ші құрылыс мон-таж поезді өз қызметін бастады. Бойшонас жұмысшы елді меке-

нінде 25 екі бөлмелік пәтерлер салынуда. Доссордың 90 жылды-ғына орай мешіт, дене шынықты-ру кешендері, мейрамханалар салынып, мәдениет үйі толықтай жөндеуден өткізілді. Ауданда тұрғын үйлер құрылысы, ал сол-түстік Жолдыбай мен шығыс Мақатта тұрмыстық және шы-нықтыру орталықтары салынды.

2005 жылы Мақат пен Доссор жерлерінде табиғат апатына бай-ланысты 10 шақты үйлер зардап шекті. Осыған орай, табиғат зар-дабын азайту мақсатында Үкімет тарапынан көмек көрсетіліп, 210 үй бой көтеріп, қазақ теміржолы бойынша 68 екі бөлмелі пәтерлі

үйлер салынды. Осы құрылыс нысанының негізінде Доссорда «Шапағат» ықшам ауданы құрыл-ды. Соңғы жылдары жаңа өнім-дердің жасалуына байланысты құрылыс технологиясының шең-бері кеңейіп, құрылыс материал-дарының сапасы жақсара түсуде.

2013 жылдан бастап, Ескене бекетінде «Үдемелі индустрия-лық-инновациялық даму» жоба-сы аясында 70 млн долларды құрайтын Ескене қызмет көр-сету орталығының құрылысы жүргізілуде. Аталған жобаны биыл аяқтауды жоспарлап отыр-мыз.

Page 81: Журнал №19 2015г

81

Ауданда «Жұмыспен қамту - 2020» мемлекеттік бағдарлама-сы аясында қандай жұмыстар жүргізілуде?

Ауданымызда 1086 адам жұ-мыс іздеушілер болып тіркелсе, оның 782-і қоғамдық жұмыстар-ға жіберілді. 503 адам түрлі ме-кемелерге тұрақты жұмысқа орналастырылды. Ауданның көптеген мекемелерінде 113 мүмкіндігі шектеулі жандар әр түрлі мамандықпен тұрақты жұ-мыс істеуде. Мүгедектерді жұ-мыспен қамту мақсатында ауданда «Мейірім» және «Шапағат нұры» тігін цехтарында 14 мүмкіндігі шектеулі адам тұрақты жұмыс-пен қамтылып және жеке оңалту

бағдарламасына сәйкес 15 адам қоғамдық жұмысқа, ал 26 адам тұрақты жұмысқа орналасты. «Жұмыспен қамту - 2020» бағдар-ламасы бойынша тоғыз мүгедек оқып, білім алуда. Сонын ішінде 2014 жылы Алматы қаласындағы протез-ортапедиялық орталығына сегіз мүмкіндігі шектеулі жандар жіберіліп, қажетті протездік бұ-йымдармен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ 135 мүгедек ақшалай көмекпен қамтылса, Атырау, Ақтөбе, Алматы қалаларындағы оңалту орталығында 130 мүгедек жолдамамен емделіп келді.

Халықтың кедейшілік деңге-йін төмендету мақсатында 18 жас-

қа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақыны 130 отбасының 353 баласына 4 млн 168 мың теңге және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 10 отбасының 40 адамына 899 мың теңге төлен-ді. Жыл басынан бері аз қамтыл-ған 27 отбасының 70 адамына 313 мың теңге тұрғын үй көмегінің жәрдемақысы төленді. Ауданда-ғы мекемелерден 2805 адамға 21 млн. 387 мың көлемінде қа-йырымдылық көмек көрсетілді. Дегенмен, жұмыссыздық мәсе-лесі оңтайлы шешімін табарына сенімдімін. Себебі тиімді бағдар-ламалар аясындағы алға үлкен мақсаттар қойылып отыр.

Page 82: Журнал №19 2015г

82

Ерболат Болатжанұлы, ау-дандағы білім беру жүйесінің деңгейі жайлы айтып өтсеңіз?

Елбасымыз жастарға үлкен сенім артып, олардың дамуына барлық жағдай жасап отыр. Осы тұста біріншіден, мектепке де-йін оқумен 100 пайыз қамту ке-рек деп атап көрсеткендей, бү-гінгі таңда ауданда жалпы білім беретін тоғыз мектеп және то-ғыз балабақша бар. Онда 1243 тәрбиеленуші, 5011 оқушы білім алуда. Бәйгетөбе елді мекенінде орналасқан 424 орындық мек-тепте 217 оқушы білім алып, жартылай бос болғандықтан, қалған орындарды тиімді пайда-лану мақсатында ауылдық ок-ругте балабақша болмауына байланысты, мектепті «мектеп-балабақша кешеніне» айналды-ру арқылы 100 бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылды. Қазіргі уақытта Бәйгетөбе елді мекенінде балабақша мәселесі толықтай шешілді.

Аудан бойынша барлығы 750 педагог болса, оның ішінде 595 мұғалім мектепте жұмыс

істейді. Жоғарғы және бірінші санатты мұғалім 37,5 пайызды құрайды. Білім беруді дамыту-дың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес, ауданның 97 мұғалімі жаңа үлгідегі білім жетілдірудің үш айлық курсынан өтіп білімдерін одан ары қарай жетілдіру үстінде.

Алда ел экономикасына ти-

гізетін жаңашыл бастамалары-ңыз жайлы айтсаңыз?

Алдағы уақытта Елбасы жол-дауының бірінші бағытында көр-сетілгендей елімізде көлік-логис-тикалық инфрақұрылымдарды дамыту соның ішінде бірінші кезекте авто жолдар жобасын жүзеге асыру жоспарлануда. Осыған сәйкес, ауданымызда авто жолдарға күрделі жөндеу жүргізіп жатқан жұмыстарды сапалы және уақытында аяқтау жұмыстары жүргізілуде. Индустриялық ин-фрақұрылымдарды дамытуға байланысты ауданымыздағы бұ-рынғы Комсомол, Бек-бике, елді мекендерінің теміржол маңынан «Бәйтерек» бекетінің құрылысын

және «Ресурс Петролеум» компа-ниясы мұнай қалдықтарын жинап қайта өңдеу зауытының құрылыс жұмыстарын бастап, осы өңірді индустриялық аймақтарға айнал-дыру жөнінде жұмыстар жүргі-зу жоспарлануда. Сонымен қа-тар, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық су және жылумен қамтамасыз ету желілерінің инфрақұрылымдарын жаңар-ту басты назарда тұр. Доссор қалашығында жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін берілген жерлерге ток және газ желілері құрылыстарына толықтай жөн-деу жұмыстары жүргізілуде.

Кәсіпкерлерді «Бизнес жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша қолдау қандай ба-ғыттар бойынша жүзеге асы-рылып жатыр? Аталмыш жо-баның тиімділігі жайлы айта кетсеңіз.

«Бизнестің жол картасы-2020» бүгінде шағын және орта кәсіп-керлікті мемлекеттік қолдаудың ең маңызды және тиімді бағдар-ламасы болып табылады. Не-

Page 83: Журнал №19 2015г

83

сиелер бойынша пайыздарды төлеуге кететін шығындарды субсидиялау, кепілдік беру, өнді-рістік инфрақұрылымды дамыту бойынша мемлекет тарапынан қолдау берілуде. 2014 жылы 1 мың 503 шағын бизнес субъек-тілері тіркелді. Оның ішінде 102 шағын кәсіпорындар, 12 шаруа қожалығы, 1389 жеке кәсіпкерлер жұмыс жасайды. Осы кәсіпкерлік құрылымдарда барлығы 892 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Шағын және орта бизнес бо-йынша көрсетілген қызмет 5 млрд 970 млн. 587 мың теңгені құрап, бұл алдыңғы жылмен салыстыр-ғанда 120,1 пайызға артты. Сон-дай-ақ, 2014 жылы 9 жаңа шағын бизнес нысандары ашылды. Яғни, жаңадан бір сауда үйі, бес азық-түлік дүкен, бір жазғы асхана, бір монша, бір көлік жөндеу орталы-ғының ғимаратымен, техникалық қызмет көрсету орталығы іске қо-сылды. Осы кәсіпкерлік нысан-дарды іске қосу арқылы 16 адам тұрақты жұмысқа қабылданды. Мемлекеттік бағдарламалар ар-қылы республикалық және об-

лыстық бюджеттен кәсіпкерлер-дің сұрауы бойынша жалпы со-масы 90 млн. 400 мың теңге қа-ражат бөлініп, 29 кәсіпкерге же-ңілдетілген несие берілді.

Елбасының «Нұрлы жол -

болашаққа бастар жол» атты Жолдауындағы тапсырмалар-дың орындалу барысы қандай?

Ия, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылдың 11 қара-шасында «Нұрлы жол - болашақ-қа бастар жол» атты жаңа эконо-микалық саясатын жүзеге асыра-тын Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын жариялады. Ауданы-мыздың әлеуметтік инфрақұры-лымы жақсарып, жаңа және за-манауи мектептер мен аурухана-лар жоғарғы сапалы қызметтер көрсетуде. Сонымен қатар, алда атап өтілетін Қазақстан Респуб-ликасы Конституциясының, Қазақстан халқы Ассамблеясы-ның 20 жылдығы, Қазақстан мемлекеттілігінің түпқазығы Қазақ хандығының 550 жылдығы сияқты мерекелерді қазақстан-дық патриотизмді қалыптастыру

бағытында ұйымдастыру туралы ойлары да ұтымды. Бүгінгі күр-делі заманда аса бір батылдық-пен жасалған қадам деп білемін.

Сіз үшін «Тәуелсіздік» ұғы-мы қандай? Оның қадірі мен қасиеті неде деп ойлайсыз?

Тәуелсіздік еліміздің тарихи жолындағы аса маңызды әрі қас-терлі құндылығы болып санала-ды. Еліміздің рухани жаңғыруы мен өрлеуі жарқын жетістіктердің іргетасы. Мен үшін бұл сөздің қа-дірі мен қасиеті биік деп есептей-мін. Қанатын еркіндікке қарай сермеген бейбіт құстай, достық пен татулықтың, бейбітшіліктің киелі шаңырағында мекен етіп жатқан біздер үшін бұдан асқан бақ, бұдан ерекше береке жоқ деп ойлаймын. 22 жылдан асып бара жатқан тәуелсіздігімізге дақ түсірмей, ертеңгі ұрпаққа табыстауға борыштармыз.

СұхбаттасқанСая Есимова

Page 84: Журнал №19 2015г

84

ХАЛЫҚТЫҢ ҚАМЫН ОЙЛАУ – ДЕПУТАТ МІНДЕТІ

Жергілікті өзін-өзі басқару жүйе-сі, яғни мәслихат депутаттарының қызметі үлкен жауапкершілікті қа-жет ететін маңызды да беделді іс. Ел тұрғындарының сұранысындағы бар-лық талап-тілектерді орындаумен айналысатын халықтың биліктегі өкілінің жұмыстары шын мәнінде айрықша. Еліміздің батысы, Атырау өңіріндегі Мақат аудандық мәслихат аппараты да ел игілігі үшін жұмыс жасап келе жатқан мемлекеттік ме-кеме. Халық үшін қызмет етуден аян-байтын аталмыш мәслихаттың хат-шысы, 12 жылдан бері осы салаға ең-бегі сіңіп, жүйелі жұмыстың жүгін арқалап келе жатқан Жолмағамбетов Табылды Демешұлымен болған сұхба-тымызды назарларыңызға ұсынамыз!

Табылды Демешұлы, жалпы мәслихат хат-шысы ретінде, әрбір аудандық мәслихаттың ат-қарған жұмыстарының нәтижесі қаншалықты маңызға ие деп ойлайсыз? Сонымен қатар Мақат аудандық мәслихатының қазіргі уақытта атқа-рып отырған жұмыстары туралы айтып өт-сеңіз...

Мәслихат біріншіден мемлекеттің жергілікті өкілетті органдары-халықтың еркін білдіреді. Жас мемлекетіміз үшін қысқа мерзімде Заң шығару са-ласы жұмысының дамығандығы көңіл қуантатын жайт екендігі белгілі. 2009 жылдың ақпан айында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан Респуб-ликасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына қол қойды. Осы Заңға сәйкес, жергілікті өзін-өзі басқару жергілікті қоғамдастық мүшелерімен тікелей, сондай-ақ мәс-

лихаттармен басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылатын болды. Жер-гілікті өзін-өзі басқарудың негізгі тетігі мәслихат-тар екені белгілі. Олар жергілікті өкілетті орган мәртебесін сақтай отырып, атқарушы органдармен бірлесіп, мемлекеттік міндеттерді жүзеге асыруда. Бүгінде мәслихаттарға облыстың, ауданның ғана емес, бүкіл республиканың тағдыры байланысты болып отырған мәселелерді шешу өкілеттілігі жүк-телген. Мәслихаттардың ролі артып келеді, демек депутаттардың да өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға деген жауапкершілігі күшейе түсуге тиіс.

Мақат аудандық мәслихаттың аппараты өз жұ-мысын тиісті заңдылықтарға және мәслихаттың уа-қыт тәртібіне сай атқарып келуде. Аппарат қыз-меткерлері депутаттарға өздерінің өкілеттігін жүзе-ге асыруға, сессиялар мен комиссия отырыстарын

Page 85: Журнал №19 2015г

85

дайындауға, сайлаушылармен кездесулерін өткі-зуге жан-жақты әдістемелік, ұйымдастырушылық, құқықтық және өзге де көмек көрсетіп келеді. Осы аталған жұмыстардың негізінде мәслихаттағы де-путаттарымыздың жұмыс тәртібі жүзеге асырыл-мақ.

Мәслихат депуттарының өз қызметіне адал-дығы мен біліктілігі жөнінде не айтасыз?

Депутаттарымыз әр аумақта халық арасында біте қайнасып жұмыстарын жүргізіп келеді. Әрбір шақырылымдағы депутаттар өз құзыретінде тиіс-ті мәселелерді көтеріп, ауданның әлеуметтік-эко-номикалық мәселелерін және бюджеттік саясатқа, заңдылық пен құқық тәртібінің нығаюына ай-тарлықтай көбірек көңіл бөле бастады. Солардың қатарында Д.Алтаева, А.Ищанов, Қ.Алдияров, Т.Тасқынбаев, І.Таспаев, Г.Медыева, Б.Оңдасынов сынды депутаттарымыздың есімдерін атауға бола-ды. Сессияларда депутаттардың ұсыныстары мен ескертпелерін, депутаттық сауалдарының қаралуын және мәслихаттың өз шешімдерінің заңдылығын қадағалау елеулі түрде күшейді.

Аудандық мәслихаттың аппараты өз жұмысын тиісті заңдылықтарға және мәслихаттың регламен-тіне сай атқаруда. Аппарат қызметкерлері депу-таттарға өздерінің өкілеттігін жүзеге асыруға, сес-сиялар мен комиссия отырыстарын дайындауға, сайлаушылар мен кездесулерін өткізуге жан-жақты әдістемелік, ұйымдастырушылық, құқықтық және өзге де көмек көрсетіп келеді.

Халықтың еркін білдіретін мәслихаттың өкі-леттігін арттыру елімізде демократияның одан әрі дамуының кепілі болатыны сөзсіз. Сондықтан де-путаттар белсенділігі бұрынғыдан да арта беруі үшін ұйымдастыру жұмыстарын жандандыра беру басты мақсат болып отыр.

Ауданның тыныс-тіршілігінде маңызды рөл атқаратын қандай кәсіп немесе жоба түрлері бар?

Жалпы айтатын болсақ, ауданның тарихы мұнай шығару кәсібімен тікелей байланысты. Мұнай бар-

лау жұмыстары сонау 1911 жылдардан бастау алады. Ауданның негізгі байлықтары мұнай, газ қорлары болып табылады. Мақат ауданы Ембі Мұнай бас-сейніне қарайды және бұл бассейн ең ескілердің бірі болып табылады. Біздің ауданда 12 мұнай кен орны орналасқан. Олар: Комсомолское, Байшонас, Есекене, Ботақа, Оңтүстік таңатар, Доссор, Сағыз, Оңтүстік Қошқар, Қарсақ, Мақат, Шығыс Мақат, Солтүстік Жолдыбай. Пайдалы қазбаларға келетін болсақ, олар ауданның геологиялық құрылымына тікелей байланысты болмақ. 100-200 м тереңдікте тұз күмбездердің астында тасты тұздар орналасқан. Мұнай, Гипс, Калий, және т.б табиғи байлықтар кен орындары осы тұз күмбездеріне тікелей бай-ланысты. Біздегі өндірістік және азаматтық ны-сандардың құрылысы осыған дейін негізінен мұ-най компанияларының тапсырысы бойынша салын-ған болатын. Оларға тұрғылықты тұрғын үйлер, сауықтыру және мәдениет нысандары және сауда орындары жатқан болатын. Яғни ауданымыздың тұрғындары үшін аса маңызға ие сондай-ақ негізгі жұмыс көзі, жердің басты байлығы осы мұнай бо-лып отыр.

Журналымыздың дәстүрлі сұрағын қоя кет-сем, Сіз үшін тәуелсіздік қандай ұғым?

Тәуелсіздік дәл біздің қазақ халқының асыл ар-маны, басты мұратына айналған негізгі құндылығы болатын. Тәубе, таңнан-таңға зарыға тілеп шыққан, білектің күші, найзаның ұшымен байтақ даланы қорғаған қуатымыз текке кетпеді. Сол Тәуелсіздік-тің ақ таңы атқан сәттен бастап, еңсеміз көтеріліп, жүзі жарқын, тірлігі мығым елге айналдық. Яғни, тәуелсіздіктің өзі орындалған арман, оның мән-мағынасы бәрінен де тереңде, қадірі мен қасиеті биікте. Сондықтан егемен еліміздің әрбір мүшесі, тату тірлікте шаңырағы биік мемлекетіміздің ая-сында өмір сүріп, ел өркендеуіне тамшыдай бол-сын үлес қосуы ләзім.

СұхбаттасқанМөлдір Бегімбет

Page 86: Журнал №19 2015г

86

СерікШаңғұтов

Page 87: Журнал №19 2015г

87

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы

«...Мұғалжарда мүлгіп жатқан байлық бар, ал ол – Қазақстандағы оңтүстік Орал тауларының

қазыналы жалғасы»Қаныш Сәтбаев

ТОҒЫЗ ЖОЛДЫҢ ТОРАБЫ ТОҒЫСҚАН МҰҒАЛЖАР

Қойнауы елдік пен ерліктің жәдігеріне айналған Мұғалжар жерінің пайдалы қазбаларын айтпағанда, қазақ даласында төселген алғашқы теміржол телімдері-нің бірі саналған сол кездегі Орынбор-Ташкент трансқазақстандық магистралы, қазіргі таңда «Қандыағаш» деп аталатын теміржол торабы Орта Азиядағы көр-ші елдерді Ресеймен байланыстырып қана қоймай, кең байтақ қазақ жерінің ба-тысы мен шығысын, оңтүстігі мен солтүстігін түйістірген қасиетті Мұғалжар өлкесі екенін бірі білсе, бірі білмес. Мұғалжарлықтар Кіші жүздің ұлы ханы Әбілқайыр, қазақтың атақты үш биінің бірі – Әйтеке, әрі батыр әрі би болған Сырым, ел қорғаған Көтібар мен Есет, ұлы ойшыл Мөңке би, Шернияз, Ақтан сияқты ақын-жырауларды, Жем бойынан шыққан әйгілі лингвист, түркітанушы ғалым Құдайберген мен академик-сазгер Ахмет Жұбановтар әулетін мақтаныш етеді. Ақтөбе өңіріне жасаған арнайы іс-сапар барысында Мұғалжар ауданының әкімі қызметін атқарып отырған Шаңғұтов Серік Тілеулесұлымен сұхбаттасқан едік.

Еңбек жолын ұстаздық етуден бастаған ел ағасы тұғырлы Тәуелсіздікке қол жеткізген қысылтаяң жылдары «Жұрын» АҚ Президенті, «Құмжарған» ЖШС директоры лауазымдарын абыроймен атқарып, шаруашылықта мал тұқымын асылдандыру жұмыстарын Ақтөбе облысында алғашқы болып қолға алған. Ен-деше, Мұғалжар төрінде игі жақсымен болған ұлағатты сұхбатқа назар аудара отырыңыздар!

Серік Тілеулесұлы, Сіз бас-қарып отырған Мұғалжар ауда-ны жайында кеңірек айтып өт-сеңіз...

Белгілі экономист-географ, та-рихшы, философ, ақын П.Савицкий:«...Қазақстанның інжу-маржаны – Ұлытау қандай керемет! Мұғалжар қандай ғажап! Бұлардың бәрі бай-тақ даладағы қорықтар, жай ғана дамудың орталықтары емес, этнос-тардың даму орталықтары, «киелі

орындардың ең бір құдіреттілері», - деп баға берген Мұғалжар ауданы бұрынғы Октябрь және Мұғалжар аудандарының ізінен құрылды. Ақтөбе облысындағы ең ірі аудан болып саналатын Мұғалжар өңірі-нің аумағында Қандыағаш, Жем, Ембі атты үш бірдей шағын қала-лар, 12 ауылдық округте 42 ауыл-дық мекен бар. 70 мыңға жуық халқы бар Мұғалжар ауданы - әлеу-меттік-экономикасы жоғары, өнді-

рісі мен өнеркәсібі қатар дамыған, әлі де болса зерттеліп, зерделеніп бола қоймаған өзіндік тарихы бар аграрлық-өнеркәсіптік аудан болып табылады. Ауданның жиырмадан астам тұрғыны Социалистік Еңбек Ері атағына ие болып, омырауына Алтын жұлдыз қадады.

Аудан аумағымен «Бұқара-Орал», «Жаңажол-Ақтөбе» газ құ-бырлары өтуде. Алыс және жақын шетелдердің 10-ға жуық ірі компа-

Page 88: Журнал №19 2015г

88

нияларының жұмыс істеуі аудан-ның сауда-экономикалық қызметі-нің қанат жаюына мүмкіндік беру-де. Кәсіпорындардың өнім өндіру көлемі артып, шетелдік өнімдерді алмастыратын өндірістер даму үс-тінде. Соның нәтижесінде өнеркә-сіп саласында өнім өндіру көлемі 287,4 миллиард теңгені құрады. Ау-данда 400-ге жуық кәсіпорындар жұмыс істейді. Олардың 40-қа жуы-ғы орта кәсіпорындар болса, 6-ы ірі компаниялар. Мұғалжардың мұнай қорының қомақтылығы мен құндылығы жоғары. Облыс бойын-ша ашылған жиырмаға тарта мұнай кенінің өнеркәсіп үшін қоры 360 млн.теңге болса, сол байлықтың «Жаңажол», «Әлібекмола», «Қожа-сай», «Өріктау», «Оңтүстіктегі Әлібек», «Синельников» аталынған көздері осы Мұғалжар аймағында орналасқан.

Ауыл шаруашылығындағы ха-лықтың басты тіршілік көзі – мал шаруашылығы. Ауыл шаруашылы-ғы өндірісінің барынша қарқынды дамуына жағдай жасау мәселесін Мемлекет басшысы біздің әрқай-сымыздың алдымызға міндеттеп отыр. Мемлекет басшысының тап-сырмаларын жүзеге асыру мақса-тында ауданымызда кешенді шара-лар жүргізілуде. Атқарылған жұмыс-тардың нәтижесінде, ауыл шаруа-шылығы өнімдерін өндіруде бірқа-тар өсім бар. Мұғалжар ауданы об-лыстағы ірі ауыл шаруашылық ай-мақтарының бірі болғандықтан, мал шаруашылығының негізгі ба-ғыты – етті сиыр, қой және асыл тұқымды жылқы. Мал басы жыл-дан-жылға өз төлі есебінен көбе-йіп, осыған орай ет, сүт, жұмыртқа, жүн өндіру де жыл сайын едәуір

артуда. Сондай-ақ, егін шаруашы-лығы да қатар дамып, агротехни-калық талаптардың сақталуына көңіл бөлінуде.

Мемлекет байлығы – халық-тың денсаулығы болғандықтан, денсаулық сақтау саласын назар-дан тыс қалдырған емеспіз. Ауда-нымыздағы 3 аурухана, 1 емхана, 13 ауылдық дәрігерлік амбулато-рия және 24 медициналық пункт тұрғындарға қызмет етуде. Меди-циналық мекемелердің материал-дық-техникалық негіздерін жақ-сартуда, оларды жаңа құрал-жаб-дықтармен қамтамасыз етуде бір-шама жұмыстар жасалуда.

Бүгінгі күні ауылдық аймақ-

тарда кадр жетіспеушілігі мәсе-лесі туындап отыр. Осыған орай, «Дипломмен ауылға» бағдарла-масы аясында қандай жұмыстар жүргізілуде?

Кадр мәселесі төңірегіндегі Елбасы тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында аудан әкімі бо-лып тағайындалғаннан бері жергі-лікті кадрлар санын көбейту мақ-сатында кадр қорын жасақтадым. 2013 жылы екі орынбасарым аудан-дарға әкім болып кетті, сонымен қатар бірнеше маман басқа аудан-дарға, облыстық басқармаларға жоғарылап, бүгінде абыроймен еңбек етіп жүр. Биылғы жылы да «А» корпусына жарияланған бай-қауға екі орынбасарым және аудан-дық білім бөлімінің басшысы тес-тілеуден өтіп, екеуі кадр резервіне қойылды. Олар алдағы күндері ла-уазымды қызметтерге орналасады деген үміттеміз.

Ал, «Дипломмен ауылға» бағ-дарламасы аясында ауданға келген жас мамандар бір реттік көтерме жәрдемақыларын, тілектері бойын-ша тұрғын үй сатып алуға пайыз-сыз несиелерді ешқандай кедергі-сіз алуда. Сонымен қатар, жоғары-да атап өткенімдей, аталмыш бағ-дарламамен келген мамандарды мүмкіндігіне қарай коммуналдық тұрғын үйлермен қамтамасыз ету-деміз.

Page 89: Журнал №19 2015г

89

Қазіргі таңда аталмыш өңір-де орта және кіші кәсіпкерлікті дамыту мақсатында қандай ша-ралар жолға қойылуда?

Шынын айту керек, алғаш мем-лекеттік қолдауды сезінген кәсіп-керлер бірден тұрмыстық қажетті-ліктерге, соның ішінде мейрамха-на, дүкен, шаштараз нысандарын көптеп ашты. Алайда, бүгін жергі-лікті халық өз өнімін өндіруге құл-шыныс білдіріп отырғандығы қуан-тады. Олар мемлекет айқындаған кәсіпкерлікті дамытудың алғышарт-тарын дұрыс ұғынғандай жеңілде-тілген несие мен гранттарды алуға ынталы және олардың бизнес жос-парларын сарапқа салар болсақ, арасында құрылыс материалдарын, көкөніс, бақша өнімдерін тіпті кон-дитерлік тағамдардарды өндіруге ниетті болып отырғандардың көп екенін аңғарасыз. Атап айтар бол-сақ, өткен жылы «Даму» кәсіпкер-лікті қолдау қоры арқылы 3 000 000 теңге грантқа қол жеткізген талды-сайлық Мирлан Құрманалин керам-зит кірпішін шығаратын цех жұмы-сына кірісіп те кетті. Ал, Қандыағашқаласының тұрғыны кәсіпкер Сұңғатова Зиба жеңілдетілген не-сие алып, жылыжай кешенін салу-ды бастады. Бұл жергілікті базар нарығынан сапасы төмен сырттың өнімдерін ысырып шығарып, сапа-сы мен бағасы көңілге қонымды болатын өз өнімдерімізбен қамтуға мүмкіндік береді деп сенеміз.

Сондай-ақ, республикаға танылып үлгерген «Көктас» АҚ, «Силикат-А», «Базальт-А» ЖШС, 1969 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан 48 млн.тонна шикізат қоры бар «Юбилейный» ЖШС алтын өндіру кеніштері аудан эко-номикасының дамуына өз үлесте-рін қосуда.

Ауданда жаңадан бой көтеріп жатқан нысандар бар ма?

Ауданда үстіміздегі жылы 20278шаршы метр тұрғын үй іске қосы-лып, пайдалануға берілді. Оның ішінде, «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы аясында ауыл-дық округтерде 6 арендалық-ком-муналдық тұрғын үйлер салынып, мемлекеттік және бюджеттік ұйым

қызметкерлеріне, аудандық мемле-кеттік тұрғын үй қорынан пәтерге мұқтаж жандар кезегіне тіркелген азаматтарға пайдалануға берілді.

2013 жылы аудан әкімідігінің әкімшілік ғимараты бой көтерген болатын. 2014 жылы тағы бір әкім-шілік ғимарат пайдалануға берілді. Ол құқық қорғау органдарының жұмысын жетілдіруді және құқық-тық жүйені жаңғыртуды, аудан тұрғындарының құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету-ге жағдай туғызатын аудандық про-куратура мен сот ғимараты. Сондай-ақ, аудан орталығы – Қандыағаш қаласындағы «Самал» мөлтек ау-данында 320 орындық балабақша құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген және осы көлемдегі бала-бақша ауданымыздың екінші қала-сы болып саналатын Ембі қаласын-да салынбақ.

Ауданның әлеуметтік-экономи-калық дамуының жағдайы тұрақты. Осыған байланысты, аудан орта-лығына еліміздің көптеген елді мекендерінен қоныс аударушылар өте көп. Қазіргі уақытта «Самал», «Болашақ» мөлтек аудандарында-ғы тұрғындар санының артуына байланысты, қаланың сол бөлі-гінен мектеп салу жоспарда бар. Сонымен қатар, ағымдағы жылы Қандыағаш қаласының ескі бөлі-гінде де 600 орындық мектеп са-луға кірісіп те кеттік. Өткен жылы «Жұмыспен қамтудың жол карта-сы - 2020» бағдарламасы аясында ауданға қарасты Еңбек ауылдық округінің орталығы - Сағашилі ауылында жаңадан дәрігерлік ам-булатория ғимараты салынды.

СұхбаттасқанАқбөпе Әбдрасул

Page 90: Журнал №19 2015г

90

МҰҒАЛЖАР ТЫНЫСЫЖиырма төрт жылдың ішінде атқарылған игі істердің арқасында әрбір өңіріміз

өзгеріп, өміріміз жақсарып келеді. «Тәуелсіздіктің ақ таңы» журналы осындай өр-кенді өзгерістерді бейнелеу мақсатында еліміздің түкпір-түкпірін іс-сапар бары-сында аралап, халықтың қазіргі жай-күйімен танысып, көрген-түйгендерін оқыр-манмен бөлісу мақсатында әртүрлі мақалаларды тұрақты жариялап тұрады. Бұрынғы екі үлкен ауданның ізінен құрылған Мұғалжар ауданының тізгінін ұс-таған Серік Шаңғұтов елді мекендердің әлеуметтік мәселелерін шешуде іскерлік танытуда. Ал, шын мәнінде аудан құрамындағы қалашықтар мен түрлі салалар-дың даму деңгейі қалай? Бұл туралы төмендегі материалдан біле аласыздар!

Қандыағаш қаласының әкімі Әліқұлов Жақсылық:Қала болғанына қырық бес жылға аяқ басқан Қандыағаш халықаралық,

республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль және темір жолдар тоғысында орналасқандықтан негізінен теміржолшылар, мұнайшылар және басқа да өнеркәсіп саласының кәсіпорындары қызметкерлері шоғырланып, тұрғындар саны көбейіп келеді. Соңғы жылдары жұмыс орындары көптеп ашылып, шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау көрсетіліп, жеке тұрғын үйлер құрылысына жер учаскелері бөлініп, барлық көп қабатты және жеке тұрғын үйлерге қажетті коммуникациялар тартылып, жабылып қалған ба-лабақшалар қайта ашылып, тұрғындарға барлық жағдайлар жасалу нә-тижесінде халықтың қаланың болашағына деген сенімі мол. Қазіргі таңда Қандыағаш қаласында тіркеуде тұрған азаматтар саны 32 000-ды құрайды. Бұдан басқа өзге елді мекендерде тіркеліп, Қандыағаш қаласында тұрып, жұмыс жасап жатқан 7 000-ға жуық адам бар. Қаламызда 5 мектеп, 2 экономикалық колледж, 4 балабақша, 4 зауыт бар. Міне, қанатын кеңге жайып келе жатқан Қандыағаштың бүгіні мен ертеңі осындай.

Ембі қаласының әкімі Қорғанбай Әлімжан: Іргетасы 1904 жылы қаланған Ембі қаласы бүгінгі таңда 12821 тұрғы-

ны бар шағын қала. 1997 жылға дейін Мұғалжар ауданының орталығы болған қаламызда Жем Локомотив депосы, Жем стансасы, Вагон тексеру пункті, Теміржол бөлімшесі секілді ірі кәсіпорындар бар. Сонымен қатар, қала аумағында 24 шаруа қожалықтары, 26 ЖШС жұмыс жасайды. Халық-қа тұрмыстық қызмет көрсету бағытында 121 жеке кәсіпкер жұмыс істеуде. 5 орта мектеп, колледж, саз мектебі, аула клубы, оқу жасындағы балаларға арналған шығармашылық орталығы, мектеп жасына дейінгі балаларға 2 балабақша, спортпен шұғылдануына спорт мектебі, орталық алаң, аудандық аурухана қызмет көрсетеді. Қала тұрғындарының рухани қажеттілігіне жә-не мәдени іс- шараларға арналған мәдениет орталығы, орталық кітапхана, ағайынды Жұбановтар мұражайы жұмыс жасайды.

Жем қаласының әкімі Нұртаев Берік:Қазіргі таңда Жем қаласы бойынша бір орта мектеп, бір балабақша,

«Аула клубы», дәрігерлік амбулатория, мәдениет үйі, АТС, пошта, бір электр жүйесі бөлімі, «Жемжылу» КМК, №51809«К» әскери бөлімі, ҚР Ұлттық гвардиясының әскери бөлімдері, 25 жеке кәсіпкер және мұнай өнімдерін өңдейтін «Эн джин продакшн» ЖШС жұмыс істеуде. 2015 жылы қала тұрғындарының жалпы саны - 1836 адам. Оған қоса, ҚАЖ 168/5 жабық мекемесінде бас бостандығынан айырылған 900адам бар. 2012 жылы Жем қаласы толық газдандырылды және 2014 жылы ауыз су сапасын жақсарту мақсатында ауыз су жүйесіне қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Қаланың коммуналдық шаруашылық жұмыстарымен «Жемжылу» КМК айналысады. Сондай-ақ, қала маңында «Қазақ Ойл –Ақтөбе», «Сандрилинг», «Халлибуртон» және т.б. ірілі-ұсақты мұнай компаниялары жұмыс жа-сайды.

Page 91: Журнал №19 2015г

91

Мұғалжар аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Салықбаев Алмас Сағнадинұлы:

Кәсіпкерлік - ауданымыздағы қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі. Облыс бойынша, кәсіпкерлік саласының даму қарқынынан екінші орынды біздің аудан иеленіп келеді. 2014 жылдың көрсеткіші бойынша, жалпы аудандағы шағын және орта кәсіпкерлер саны 3292-ні құрап отыр. Республикаға танылып үлгерген «Көктас» АҚ, «Силикат-А», «Базальт-А» ЖШС, 1969 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан 48 млн.тонна шикізат қоры бар «Юбилейный» ЖШС алтын өндіру кеніштері аудан экономикасының дамуына өз үлестерін қосуда. Ендігі бір мәселе – Мұғалжар мал шаруашылығын дамытуға басымдық берген аудан ретінде, одан алынатын өнімдерді өңдеуге де кәсіпкерлер көңіл бөлсе екен дейміз. Осы мақсатта ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлермен нақты жұмыстар жүргізудеміз. Болашақта сүт және оның өнімдерін өңдейтін цех ашуға жұмыс жасау жоспарда бар.

Мұғалжар аудандық білім бөлімінің басшысы Жүсіпов Нұрлыбек Мейірханұлы:

Қазіргі таңда аудан бойынша 53 мемлекеттік мектепке дейінгі ұйым бар. Оның 22-сі балабақша, 31-і мектеп жанындағы шағын орталықтар. Балалардың мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарымен қамтылуы 87 пайызды және 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндер 97 пайыздық көрсеткішті құ-райды. Елбасының «Балапан» бағдарламасын 2020 жылға дейін ұзарту тап-сырмасы негізінде «Қадамдық жоспар» жасалынды. Сондай-ақ, аудандық білім бөліміне қарасты 23 орта, 15 негізгі және 5 бастауыш білім беретін мектептердегі оқушылар саны 10179. Жоғарыда келтірілген көрсеткіштер-ге сай, аудандағы білім саласы заман ағымымен ілесе жоғары деңгейде өсу үстінде.

Мұғалжар аудандық орталық ауруханысының бас дәрігері Әбішев Қыдырбек Смағұлұлы:

Бүгінгі күні Мұғалжар аудандық орталық ауруханасы типтік ғимарат-та орналасқан ірі емдеу орындарының бірі. Ауруханамыз 98 кереуетке есептелген және де хирургия, терапия, жұқпалы аурулар, травмотология, екінші деңгейлі перзентхана бөлімдері жұмыс жасайды. Аурухана іргетасы 1991 жылы құрылып, екі рет күрделі жөндеу жұмыстарынан өткен. Туу көрсеткішіне тоқталатын болсам, өткен жылы 860 нәресте дүние есігін ашса, биылғы жылы бұл көрсеткіш 900-ді құрап отыр. Мұғалжар ауданында ана мен бала өлімі 2005 жылдан бері тіркелмеген. Дәрігерлеріміз Балтық жағалауы елдеріне барып, тәжірибе алмасуда. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы дәрігерлердің біліктілігін арттыруға барлық жағдайларды ту-дыруда. 2014 жылдың желтоқсан айынан бастап, ауданымызда алғаш рет «травмотология» бөлімі ашылып, күрделі оталарды өзіміз жүргізудеміз.

Мұғалжар аудандық «Коммуналшы» МКК директоры Жұқашев Әбілбай Мамадинұлы:

Қаладағы барлық мекемелер мен тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз ететін «Коммуналшы» МКК 2000 жылы өз жұмысын бастады. 1986 жылдан бері ауданымыз толықтай газбен қамтамасыз етілген. Ал, халықты жылумен қамтамасыз етуде 206 маман аянбай еңбек етуде. Қандыағаш, Ембі, Жем қалалары мен ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер 46 жылу қазандығы арқылы жылумен қамтамасыз етіледі, оның 20 қазандығы газбен, 18 қазандық қатты отынмен және 8 қазандық сұйық отынмен жылу береді. Қандыағаш қаласында 106 көп қабатты тұрғын үй, 19 әлеуметтік нысан орналасқан. Барлық әлеуметтік нысандар мен 75 көп қабатты тұрғын үй жылу қазандықтары арқылы жылу алады, ал қалған 31 көп қабатты тұрғын үй дербес жылытылады. Бұл үйлерге 8 тұрғын үй кооперативі мен 13 кондоминимум қызмет көрсетеді. Қандыағаш қаласында орналасқан көне «Финляндия» аумағындағы тұрғын үйлерді қамтып отыр-ған жылу құбырларын ауыстыруға 27 594 276 теңге қаражат бөлініп, халық игілігіне жұмсалуда.

Ақбөпе Әбдрасул

Page 92: Журнал №19 2015г

92

ХАЛЫҚТЫҢ ҚАЛАУЛЫСЫ ЕЛ ИГІЛІГІ ҮШІН ЖҰМЫС ЖАСАУ КЕРЕК!

«Жұмысы жемістінің - өмірі келісті» деген аталы сөз кімді де болмасын еңбекті сүйе білуге, өз ісін ыждаһаттылықпен орындауға шақыратыны анық. Зейнетке жол салатын бейнеттің сапалы, мәнді-мағыналы болғаны керек-ақ. Осы сөзге нағыз үлгі болатын тұлға, біздің кезекті кейіпкеріміз «Тыңға 50 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» сондай-ақ, ел Тәуелсіздігінің 10 және 20 жылдығында мерекелік арнайы медальдармен марапатталған іскер жан. Тындырымды тірлігі, елеулі еңбегі биікке көтерген, бірқатар басшылық қызметтерді абыроймен атқа-рып, бүгінде сегіз жылдан бері Мұғалжар ауданының мәслихат хатшысы болып, сапалы да саналы іс атқара білетін Салықбаев Сағнадин Сағададинұлымен жүр-гізген сұхбатымызды назарларыңызға ұсынамыз, қадірлі оқырман!

Сағнадин Сағададинұлы, Мұғалжар аудандық мәслихатының хатшысы ретінде аудандық мәс-лихаттың қазіргі уақытта атқарып отырған жұ-мыстары туралы айтып өтсеңіз...

Мұғалжар аудандық мәслихаты жылма жыл жа-салған жылдық жоспарға сәйкес өз жұмысын жүр-гізіп келеді. Жоспарға ең басты мәселе ауданның экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламалары, жергілікті бюджеттің орындалуы, тұрақты комис-сиялардың отырысында тоқсан сайын қаралатын мә-селелер енгізіледі. Тұрақты комиссияның отырысын-да ауданымыздың күнде туындап отыратын әр түрлі салаларының жағдайы және әлеуметтік ахуалы са-рапталып, талқылап отырамыз. Қазіргі күні сессияға жылына 7-8 мәселе жоспарлап, оны толық сараптап, шешім қабылдауға мүмкіндік болып отыр. Ал тұрақ-ты комиссиялар күн тәртібіне жылына 8 сұрақ жос-

парлап, шешім қабылдауға қабілетті болып отыр. Күн тәртібіне мәселелер қаралу үшін, аудандық мәслихат хатшысының өкімімен уақытша комиссия құрылып, құрамына сол сұраққа қатысты мамандар, депутаттар тартылады. Қаралатын мәселе бойынша сұрақтар тіз-бегі жасалып, керек болған жағдайда ұжымдар және тұрғындар арасында пікір-талас туғызылады, сұраққа байланысты керекті құжаттар тексеріледі. Осыдан кейін комиссия аталмыш мәселе бойынша мәслихат-қа анықтама немесе өзінің ұсынысын береді. Аудан-дық мәслихат хатшысы мен депутаттары аудандағы 14 сайлау аумақтарында, елді мекендерде болып сай-лаушылармен кездесті. Бұл жұмыс жыл сайын дәстүрге айналған. Кездесуге депутаттармен бірге аудан әкімі, дербес бөлім басшылары, халыққа қызмет көрсететін кәсіпорындар мен мекемелер басшылары қатысты.

Page 93: Журнал №19 2015г

93

Ауданның тыныс-тіршілігінде маңызды рөл атқаратын негізгі мәселелерге тоқталсаңыз.

Қазіргі уақытта жергілікті мәслихат өңірдің қо-ғамдық-саяси, экономикалық және әлеуметтік сала-сында болып жатқан оңды істерге өз үлесін қосып отыр. Мемлекет басшысының өкілді органдардың мәртебесін арттыруға бағытталған саясаты жер-жер-де тиімді жүзеге асырылуда. Депутаттар қоғамдағы проблемаларды мұқият зерттеп, олардың түйінін ше-шу үшін сайлау округтеріндегі тұрғындармен, өкілетті және атқарушы органдар қызметкерлерімен тұрақты түрде кездесулер өткізіп тұрады. Мұғалжар ауданы-ның депутаттық корпусы бұл қызметтің жетілдірі-луіне бағытталған бастамалар да көтеріп келеді. Біріншіден, аймақтардағы депутаттық корпусты ны-ғайту қажет. Мысалы, қазіргі уақытта біздің ауданда аудандық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша 14 сайлау округі болса, оның әрқайсысында 4-5 мың сайлаушы бар. Ауылдық жерлердегі сайлау округте-рінің аумағы жүздеген шақырымға дейін созылып жатыр. Сондықтан сайлаушылардың көптігінен жә-не аумақтың үлкендігінен депутаттардың барлық ок-ругті қамтуға тұрғындармен, яғни сайлаушылармен жеке мәселелері бойынша тұрақты түрде әрі жиірек кездесулер өткізулеріне мүмкіндігі бола бермейді. Сондықтан депутат санын арттыру олардың алыс ел-ді мекендерде өз өкілдерін ұстауына және жергілікті жердегі проблемаларды тиімді шешуге көмектесер еді. Мысалы, 2013 жылы ауылдық округтердің әкім-дерін сайлау өткізілді, осы сайлауда негізгі сайлау-шылар аудандық мәслихат депутаттары болды. Міне, осындай шараларды өткізу кезінде өкілді органдар-дың жауапкершілігін арттыру үшін де мәслихаттарды нығайту керек деп есептеймін.

Мәслихат депуттарының өз қызметіне адал-дығы мен біліктілігі жөнінде не айтасыз?

Мәслихат өз жұмысында, депутаттардың тек қана өз міндетін атқарып қана қоймай, әлеуметтік мәселелерге ат салысуын, қайырымдылық акцияла-рына қатысуын ұйымдастырып келеді. Біздің де-путаттар жыл сайын «Мектепке жол» акциясына белсене ат салысып келеді. «Мектепке жол» акциясы бойынша жыл сайын аз қамтылған отбасыларына киім-кешекпен, мектеп құралдары және қаржылай да көмек көрсетіп тұрады. «Көркейе бер, Туған жер!» ак-циясы шеңберінде депутаттар тарапынан демеушілік көмектер көрсетіліп, бірқатар жұмыстар атқарылды.

Халық қалаулылары өз құқықтарын пайдалана отырып, сайлауалды бағдарламаларының орында-луына баса көңіл бөліп келеді. Жастардың бос уа-қыттарын ұйымдастырып, мәселелерін шешу, сала-уатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында дене шынықтыру кешендері сондай-ақ, аула клубтарымен толық қамтамасыз ету арқылы қаланың әр аймағында жастарға арналған орталықтардың жұмысын нығай-туға ықпал етеді.

Жемісті жетістіктеріңіздің негізінде қалып-тасқан еңбек жолыңыз туралы айтып берсеңіз

1966 жылы Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтына түсіп, 1974 жылы ғалым зоотехник мамандығы бойынша бітіріп шықтым. Еңбек жолым 1974 жылы Мұғалжар ауданының Темір кеңшарында бөлімше зоотехник маманы болып басталды. Осы кеңшарда бас зоотехник, бөлімше меңгерушісі және партия комитетінің хатшысы болып 1985 жылға дейін қызмет атқардым. 2007 жылдан осы күнге дейін Мұғалжар аудандық мәслихатының хатшысы қызметіндемін. Жанұямда үш баланың әкесімін. Бұл күнде төрт немерем бар.

СұхбаттасқанМөлдір Бегімбет

Page 94: Журнал №19 2015г

94

«КӘСІПОРЫН ОТАНДЫҚ ӨНІМНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДА»Орал тауларының оңтүстік баурайын-

да орналасқан Мұғалжар жерінде өңір-дің әлеуметтік және экономикалық дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген жандар баршылық. Көптің бірі болып, со-лардың арасында Бақытжан Қуанышбек Бақытжанұлы да бар. Бірнеше жылдар бойы ауданның көркеюіне ат салысқан апталдай азаматтың жасаған жұмыс-тарына ел куә, халық разы. Аудан эконо-микасын дамытуда шағын және орта кәсіпкерлік саласында, сондай-ақ, әлеумет-тік мәселелерді шешуде жасаған тірлік-теріне қарап, оның ауылдың гүлденуіне

Қуанышбек Бақытжанұлы, өзіңіз басқарып отырған Қандыағаш өндіріс торабына қарасты «Базальт-А» және «Силикат-А» ЖШС тарихы жайлы ақпарат беріп өтсеңіз.

Қандыағаш өндіріс торабына қарасты «Ба-зальт-А» және «Силикат-А» ЖШС Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласында 2006 жылы құрылды. Қазіргі таңда Қандыағаш өндіріс торабына қарайтын үш за-уыт жұмыс жасайды. Зауытта силикат кірпіші, минералды мақта, базальтты қиыршық тас, газ-бе-тонды блоктар шығарылады. Бүгінде құрылыс мате-риалдарын шығаруда соңғы үлгідегі технологиялар енгізілуде. Дымқыл сіңірмейтін, жылу сақтау және дыбыс өткізбеу қабілеті жоғары минералды мақта отқа да өте төзімді, 650 градус ыстықта да ерімейді. Теміржол және автомобиль жолдары құрылысына қолданылатын базальтты қиыршық тас сапасы жөні-нен аса жоғары М 1100-М1300 маркасына жатады.

Зауыт өнімдері республиканың барлық аймақ-тарына таратылады. Айта кететін болсақ, Астана, Қызылорда, Атырау, Ақтау өңірлеріне және алыс-жақын көрші елдерге жеткізілуде.

Қандай бағдарламаға сүйене отырып жұмыс жасаудасыздар? Мемлекет тарапынан қаржылай көмектер көрсетіледі ме?

Біздің зауыт негізінен тартылған инвесторлар-дың қаржысына сүйене отырып өз жұмысын жал-ғастыруда. Яғни, инвесторлар біздің зауытқа өз қаржыларын сала отырып, құрылыс материалдары шығарылған уақытта екі еселеп қайтарып алу мүмкіншілігіне ие. Сондай-ақ, Мұғалжар аудандық әкімшілігі де қолдау көрсетуде. Үкіметке қолдау көрсету туралы ұсыныс тастаған болатынбыз. Қазір-гі таңда осы ұсынысымыз қаралу үстінде.

Қанша адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отырсыз?

Зауыт өз жұмысын бастаған жылдары 400-ге жуық адамды жұмыспен қамтыдық. Ал, қазіргі таңда қарамағымыздағы цехтарда жұмыс жасай-тын қызметкерлермен қоса есептегенде, барлығы 1000-ға жуық маман қызмет атқарады. Зауыт жұ-мысшыларының дені жергілікті жердің тұрғындары. Үкіметтің «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында қажетті мамандықты игерген жастар да осында еңбек етуде.

Мамандарды жұмысқа ынталандыру мақса-тында қандай жұмыстар атқарылуда?

Елбасымыздың тапсырмасын басшылыққа ала отырып, жас мамандарды тарту мақсатында жеңіл-діктер жасаудамыз. Үш жас маманымызды мекеме қаржысы есебінен оқыттық және де олар қазіргі

сіңірген еңбегін айтпай кетпеске болмас. Қуанышбек Бақытжанұлы ауданның дамуы жолында әлеуметтік-экономикалық өрлеуді әркез жадыдан шығармайды.

Іс-сапардың кезегі Қандыағаш өндіріс торабына қарасты «Базальт-А» және «Силикат-А» ЖШС директоры Бақытжан Қуанышбек Бақытжанұлымен сұх-баттасу болатын. Ендеше, құрметті оқырман қауым, оқи отырыңыздар!

Page 95: Журнал №19 2015г

95

таңда мекемеміздегі алдыңғы қатарлы маман ре-тінде қызмет атқаруда. Әрбір мекеменің мақсаты шығынын өтеп, пайда табу болғандықтан біздің мекемеде де белгіленген ай сайынғы жоспарлар бар. Жоспарланған тапсырмаларды мезгілінен бұ-рын өтеген жұмыскерлерге жалақысына қосымша ынталандыру сыйақылары беріледі. Еңбек тәртібінің қатаң сақталғандығы – жұмыскерлердің маманды-ғына деген жауапкершілігінің сезінуі деп білемін. Сонымен қатар, зауыттан шығарылып жатқан ма-териалдармен мекемеде жұмыс жасайтын мамандар-ды қолымыздан келгенше қамтамасыз етудеміз.

Мекемеңіз өнім шығарудан бөлек, қандай қайырымдылық шараларына қатысып тұрады?

Қазақ халқы жетімі мен жесірін жылатпаған-дықтан, біздің мекеме де ауданда өткізіліп жатқан барлық қайырымдылық шараларына белсене қа-тысып, әлеуметтік және қаржылай көмектерді аяған емеспіз. Зауытымызда жұмыс жасайтын мамандар-дың соғыс ардагерлері атанған ата-әжелерін де ескерусіз қалдырмаймыз. Тарихқа үңіліп қарасақ, биыл Қазақ хандығына 550 жыл, ҚР Халықтар достығы Ассамблеясының 20 жылдығы секілді айтулы мерекелерді тойлау бақыты бұйырып тұр. Осыған орай, көптеген іс-шаралар жоспарланып, жүзеге асырырылуда.

Сіз үшін «Тәуелсіздік» ұғымы қандай? Оның қадірі мен қасиеті неде деп ойлайсыз?

«Тәуелсіздік» деген атауының өзі біздің қазақ екендігімізді танытып тұр. Тәуелсіздігімізді алғалы биыл 24 жылдың жүзі болғалы тұр. Халық сайлаған Президентіміз, өз Парламентіміз бен Сенатымыздың болуы мен үшін үлкен бақыт.

Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік және қыруар істер атқарылды. Елімізге тән өз құндылықтарымыз, яғни мемлекеттік рәміздеріміз, Ата заңымыз, ұлттық валютамыз және Сарыарқа-ның кең жазық даласында барша елдің өзінің тез көркейіп өсуімен таң қалдырған жаңа Астанамыз бар. Әлемдік қауымдастық алдында «Қазақстан Республикасы» деген асқақ рухты ел екенін мойын-даттық. Бұл Президентіміздің жүргізіп отырған па-расатты көреген саясатының нәтижесі – еліміздің ты-ныштығы мен қауіпсіздігінің, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығының ар-қасында болып отыр.

СұхбаттасқанЭльмира Үсенқызы

Page 96: Журнал №19 2015г

96

РахатСыдықов

Page 97: Журнал №19 2015г

97

ҚАРЫШТАП ДАМЫҒАН ҚАРҒАЛЫ

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы

Еліміздің күн сайын өркендеп келе жатқан аймақтарының бірі деп Ақтөбе облысындағы Қарғалы ауданын айта аламыз. 17 мыңнан астам халқы бар аудан күннен күнге қарқынды дамып келеді. Байлық тұнып, ырыс қонған Қарғалы Ақтөбе облысындағы ең ірі ауыл шаруашылығы ісімен белгілі. Тарихы тереңде жатқан бұл мекеннің бүгінгі өндірістік, әлеу-меттік-экономикалық әл-ауқаты еліміздің дамуына өз үлесін қосып келеді. Мың түрлі саланы сабақтастыра білген өндірісті өңір темір кені, тау кен өндірісі мен егін кәсібі есебінде мемлекет мерейін үстем етіп отыр. Бүгінгі таңда Қарғалы ауданында ел нарығына танымал кәсіпорындардың біраз бөлігі орын тепкен. Мәселен, кен қазу ісімен айналысатын «Ақтөбе Темір ВС ЕК» ЖШС, қиыршық тас өндіретін «КТП» ЖШС, асыл тұқымды мал басын ұлғайтумен айналысатын «Қайрақты» ЖШС және тағы басқа орта және шағын кәсіппен айналысатын кәсіпорындардың аудан экономика-сына қосып жатқан үлесі зор. Ендеше, Қарғалы ауданының әлеуметтік дамуы мен экономикалық жаңғыруы жайлы аудан әкімі Сыдықов Рахат Мәжитұлымен болған сұхбат барысында біле аласыздар.

Рахат Мәжитұлы, алдымен Сіз басқарып отырған Қарғалы ауданының тарихы мен бүгінгі тыныс-тіршілігіне тоқталып өтсеңіз.

Ақтөбе облысының солтүс-тігінде орналасқан біздің аудан 1966 жылы Ленин ауданы атауы-мен құрылған. Қарғалы ауданы-ның орталығы Бадамшы ауылы болып табылады. Ауданның ба-тысында Мәртөк, оңтүстігінде Ақтөбе қаласының әкімшілік аумағы мен Хромтау ауданы, сол-түстігінде Ресейдің Орынбор об-

лысы шектесіп жатыр. 1997 жы-лы 17 маусымда Президенттің жарлығымен Қарғалы ауданы болып өзгертілді. Қарғалы ауда-нындағы 23 елді мекен 8 ауыл-дық аймақта біріктірілген. Ірі елді мекендеріміз Ащылысай, Әлімбет, Жосалы, Степной, Петропавловка, Қосестек, Ш.Қалдаяқов ауылдары болып саналады. Ауданда тұщы жер асты сулары мен минералды сулардың үлкен қорлары бар. 1937-1947 жылдары аудан өңірін-де 100-ден астам ұжымшар бо-

лып, егін және мал шаруашылы-ғы бағытында 2 кеңшар 9 ұжым-шар ұйымдасқан. Оның бірі 1981 жылы XVIII партсъезд атындағы «Авангард» ұжымшары. Қарғалы ауданы облыстағы ірі ауыл ша-руашылық аймақтарының бірі болғандықтан, мал шаруашылы-ғының негізгі бағыты - етті сиыр, қой және асыл тұқымды жылқы болып табылады. Ал, ауыл ша-руашылығы саласында керекті автомашиналар, комбайндар жә-не де тракторлар жеткілікті. Ауда-нымызда Ю.В.Труба, Ф.Е.Майоров,

Page 98: Журнал №19 2015г

98

П.Р.Зайкин, Л.Д.Клименко сын-ды Социолистік Еңбек Ерлері, В.П.Синчук, С.В.Вавилов сияқты Кеңес Одағының батырлары бар.

Қарғалы ауданының шалғай ауылды жерлерінде су және электр мәселелері өз шешімін тапқан ба?

Қарғалы ауданының ауыз сумен қамтамасыз ету мөлшері 63 пайызды құрайды. Қарабұтақ, Әлімбет, Бадамша, Ақжайық, Ашылсай, Мамыт және Қайрақты ауылдарының су құбырларына қайта жаңғырту жұмыстары жүр-гізіліп, ауыз су мәселесі толықтай шешімін тапты деп айта аламыз. Қалған ауылды мекендерге қайта жаңғырту жұмыстарын алдағы уақытқа жоспарлап отырмыз. 2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы ая-

сында Жосалы-Ақкөл ауылдары бойынша «Ақпан» ЖШС тара-пынан, жер асты су қорларына зерттеу жүргізіп, толықтай тек-серуден өткізілді. Бүгінгі күні Ақкөл ауылы бойынша 5,118 млн. теңге жобасында сметалық құжат және 249,2 млн. теңгеге құрылыстық монтаждық құжат-тар дайындалды.

Ендігі кезекте Жосалы ауылы бойынша су құбырын толықтай тексеруден өткізіп, оларды жөндеу мақсатында жобалық сметалық құжаттар 3,999 млн теңге көле-мінде жасалды. Сондай-ақ, 2015 жылы Қос-Естек ауылының жер асты су қорларына қайта барлау, 2015 жылы Бозтөбе елді-мекені-нің жер асты қорларына, 2016 жы-лы Сарыбұлақ, Первомай елді-мекенінің жер асты су қорларына зерттеу жұмыстарын жүргізу жос-парлануда.

Қарғалы ауданы бойынша шалғай ауылдарда электр мәселе-сі өз шешімін тапқан және олар тұрақты жұмыс істеуде.

Аудан өнеркәсібі мен ауыл шаруашылық салалары қандай деңгейде дамуда?

Ауданымызда әр түрлі мен-шік түріндегі 179 шаруашылық субъектілері бар. Олардың 168-і шаруа қожалықтар болса, 11-і ЖШС болып табылады. Есепті кезеңде ауыл шаруашылығында-ғы жалпы өнімнің көлемі 8261,6 млн. теңгені құрайды. 2013 жыл-ғы деңгеймен салыстырғанда 95 пайызды көрсетіп, ары қарай дамып жатқанын дәлелдеуде. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, ауданымыз бойын-ша гектарынан 5 центнер астық алынып, 41230 тонна дәнді-дақыл

Page 99: Журнал №19 2015г

99

жинау қамтамасыз етілді. Мұның барлығы жаңа ылғал ресурста-рын сақтайтын технологияларды қолданудың арқасында іске асуда. Сондай-ақ, «Сыбаға» несиелеу бағдарламасы бойынша барлығы 190 бас аналық және 10 бас асыл тұқымды ірі қара сатып алынып, алынған жоспар толықтай орын-далды. Бұған қоса биыл аудан бо-йынша мал басын асылдандыру жұмыстарын іске асыру үшін 134 бас асыл тұқымды етті бағыттағы ірі қара және сүтті-етті бағытта-ғы 160 бас қашар сатып алынды. Ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдарымен 60550 тонна қысқы мал азығы дайындалып, аудан бойынша екі айлық шөп дайындау тапсырмасы толықтай орындалды.

Ал, өнеркәсіп саласына келе-тін болсақ, өнеркәсіп өнімдері-

нің көлемі 2014 жылы 1739,9 млн. теңгені құрайды. Аталмыш жыл-дың басынан бастап «Ақтөбе - Темір ВС ЕК» ЖШС Велихов темір руда кеніші кен қазу, жүктеу жұмыстарын жүргізуде. Мұнда 180 мың тонна темір рудасы өн-діріліп, шикізат көлемін арттыру-да. Кәсіпорын Соколов-Сарыбай тау-кен өндіріс бірлестігіне жә-не Ресей Федерациясының Маг-нитогор металлургиялық комби-натына 280 мың тоннадан астам темір рудасын жүктеп, тасымал-ға жөнелтуде.

2014 жылдың шілде айынан бастап Қос-Естек селолық округі аумағында «КТП» ЖШС қиыр-шық тас өндірісі басталды. Бүгін-гі күнге дейін кәсіпорын 86 мың тоннадан астам өнім өндіріп, он-дағы қиыршық тастар Ақтөбе об-лысының тас жолдарының құры-

лысына пайдаланылып, сапалы жолдар тұрғындардың игілігіне қолданылуда.

Кәсіпкерлерді «Бизнестің

жол картасы - 2020» бағдарла-масы негізінде қолдау қандай бағыттар бойынша жүзеге асы-рылып жатыр? Аталмыш жо-баның тиімділігі жайлы айта кетсеңіз.

Аталмыш бағдарлама Қазақстанның 2020 жылға дейін-гі стратегиялық даму жоспарын жүзеге асыру үшін әзірленгені белгілі. «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарлама-сын жүзеге асыру басталған сәттен бастап аудан бойынша 14 жоба мемлекеттік қолдауды алды. Жетіспейтін өндірістік инфрақұрылымды дамыту мақ-сатында аз пайыздық мөлшер-

Page 100: Журнал №19 2015г

100

мен субсидия алуға Үкімет та-рапынан қолдау көрсетіліп, өз жұмысының нәтижесін бере бас-тады. Үкімет тарапынан көрсе-тілетін жеңілдіктер алу үшін 3 жобаны құрап, сол бойынша жұмыс жасалынуда. «Тұзды үң-гіт» яғни тыныс-алу мүшелерін емдейтін гала-камера ашу, «Қаз өсіру, қаз етін және балық етін өңдеу» жобасын дамыту және бө-дене фермасын салу жоспарла-нып отыр.

Биылғы жылы Қос-Естек ауылына сүт өнімдерін шығара-тын зауыт ашу жоспарлануда. Бұл жобаның толықтай құны 30 млн. теңгені құрайды. Қарғалы су қоймасы аумағында 18 млн. теңге тұратын демалыс орнын салу жұмыстары басталып кетті. Сондай-ақ, мал шаруашылығын дамыту үшін «Богдан» шаруа қо-жалығына жетіспейтін өндіріс-тік инфрақұрылымды қосу жұ-мыстары жүргізілуде. «Рибвест»

ЖШС-і Петропавловка ауылына құрылыс материалдарын шыға-ратын цех салуға Үкіметтен жер алып, сол бойынша жұмыс жасалынып жатыр. Аталған жо-балар «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы шеңберінде жүзе-ге асырылып, шешімін табуда.

Елімізде жүргізіліп жат-қан «Үдемелі индустриялық - инновациялық даму» бағдар-ламасы аясында аудандағы ат-қарылып жатқан жұмыстар жайлы не айтасыз?

Аудан өнеркәсібі негізінен тау кен өндірісі саласымен, оның ішінде Велихов темір өндіру кен орны, никель-кобальт кен өндіру қорымен айналысуда. Осы жылдан бастап ірі индустриялдық жобалар жүзеге асырылып, жұмыс аталған бағытта жандандырыла бастады.

Сәуір айынан бастап «Жеті Қазына» тау кен компаниясы ни-кель қайта өңдеу зауытының жо-

басын жүзеге асыруды жоспарлап, қайта жандандыруды көздеп отыр. 300 жұмыс орны бар бұл жобаның құны 10 млрд теңгені құрайды.

Сондай-ақ, осы жылы Желтау селолық округінде құс фабрика-сының құрылысын бастау жос-парлануда. 5000 бас құсқа арнал-ған инвестицияның көлемі 10 млн. долларды құрайды. Қазіргі уақыт-та тиісті құжаттарды рәсімдеу жұ-мыстары жүргізілуде.

Келешекте, құны 600 млн. теңгеден астам жарылғыш зат-тарды өндіру жөніндегі «Интер-рин» ЖШС-нің зауытының құ-рылысы басты назарда тұр. Атал-ған жобаны жүзеге асыруға жер телімінің бөлінуі жөніндегі жоба-лық-сметалық құжаттамалардың барлығы дайындалып, ары қарай өз жұмыстарын жалғастыруда. Бұл жоба өңірлік индустриализация картасына енгізіліп, 2017 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Page 101: Журнал №19 2015г

101

2017 жылдан бастап «Ақтөбе Темір ВС» ЕК» ЖШС Велихов темір рудасын өндіру орнында тау кен байыту фабрикасының құрылысына кірісуді басты ны-сан ретінде алып отыр. Құны 200 млн. доллар тұратын бұл жобаның негізінде 200 жаңа жұмыс орны құрылып, өңірлік индустриализация картасына енгізу жоспарлануда.

Елбасының «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауына қатысты азаматтық ой-пікіріңізді білдірсеңіз.

Елбасымыздың даналығы-мен халыққа жасалған Жолдауы баршамызды, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей бірлікке шақырады. Бұл Жолдауда нақты іс-әрекет жасауға баса назар ау-дарылған, яғни, «Нұрлы жол» бүкіл әлемдік дағдарыстың әсері-нен болатын зардаптарға төтеп беруге бағытталған іс-шаралар

кешенінің қамтитын жалпыұлт-тық даму жоспарына айналып отыр. Мұнда Қазақстандағы өзек-ті проблемалар да өзінің шешімін табатыны айтылған. Яғни, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, мектеп, балабақша, оқу орындарын салу және шағын жә-не орта бизнесті дамытуға айқын басымдық беріп отыр. Осы тұста еңбегімізді сапалы, дұрыс істей білсек жемісті, жеңісті күндеріміз арта түсетініне сенімім мол.

Рахат Мәжитұлы, ендігі әң-

гіме легін еңбек жолыңыз бен жеткен жетістіктеріңізге бұрсақ.

1986 жылы Алматы сәулет-құрылыс инстутында инженер-құрылысшы мамандығы бойын-ша және 2004 жылы С.Бәйішов атындағы Ақтөбе университетін-де экономист-менеджер маман-дықтары бойынша білім алдым. Алғашқы еңбек жолымды Ақтөбе облысындағы Шалқар аудандық

коммуналдық мекемесінде құры-лысшы болып бастадым. 2013 жылдан бастап осы Қарғалы ау-данында қызмет етіп келемін.

Журналымыздың дәстүрлі

сұрағын қоя кетсем, Сіз үшін тәуелсіздік қандай ұғым? Тәуел-сіздігіміздің қасиеті неде?

Тәуелсіздік дегеніміз - мен үшін қасиетті ұғым. 1991 жылы еліміз Тәуелсіздігін жариялаған-нан бастап, мемлекет өзінің бағыт-бағдарын, өз бетінше айқындады. Осының барлығы еліміздің жемісі деп білемін. Ел Тәуелсіздігі үшін жасалып отырған ісіміз алға қа-рай жылжып, тек дамуды ғана көз-деп, мемлекетіміздің күш-қуаты әлсіремесе екен деймін. Болашақ-та да тәуелсіздігіміз елдігіміздің алтын діңгегі болып қала бермек.

СұхбаттасқанМөлдір Құрман

Page 102: Журнал №19 2015г

102

ӘділханБахонов

Page 103: Журнал №19 2015г

103

АБЫРОЙЫ АСҚАҚ АУРУХАНА

Арман мен мақсаттың орындалуы жолында тынбай еңбек етіп жүргені-міз деніміздің сау болуының арқасында деп білгеніміз жөн. Соңғы жылдары егемен еліміздің медицинасы алға жылжып, даму сатысында көш бастап келе жатқандығы - аурухана ықпалының мол екендігінің тағы бір дәлелі. Олай бол-са, осы жолда медицина саласының ілгері жүруіне барынша атсалысып жүр-ген 2009 жылғы «Шапағат» байқауының, 2010 жылғы «Алғашқы медицина-лық – санитарлық көмек салауатты өмір салты үшін» бәйгесінің, сондай-ақ, 2014 жылдың Ақтөбе облысындағы ең үздік емханасы атағына ие болған Қарғалы орталық аудандық ауруханасы деп толықтай айта аламыз. Осы төңіректе аурухананың жай-күйімен толық таныс болу үшін кісілігінен кіші-лігі басым тұратын аурухана басшысы Әділхан Кенжетайұлы Бахоновпен болған сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.

Әділхан Кенжетайұлы, алдымен, өзіңіз бас-қарып отырған Қарғалы орталық аудандық ауруханасының құрылуы мен бүгіні жайлы айтып өтсеңіз.

Бұл аурухананың тарихи бастауы өте тереңде жатыр деп айта аламын. ШЖҚ «Қарғалы орталық аудандық ауруханасы» МКК 1955 жылы салынды. Аудандық аурухана құрамына емхана, алты дә-рігерлік амбулатория және он екі медициналық пунктер кіреді.

Аурухананың материалдық-техникалық база-сына келсек, соңғы жылдары аурухана зама-науи құрылғылармен толықтай жабдықталған. Сандық рентген диагностикалық кешендер, сан-дық флюороаппараттар, қан сақтайтын салқын-датқыштар, науқас мониторы, фетальды мони-тор, нәрестелер инкубаторлары, лапороскоп, УДЗ аппараттары, ИВЛ аппараттары, электрокардио-графтар сияқты құрылғылармен қамтылды. Лапа-роскопиялық отаның көптеген түрлері осы өзі-міздің ауруханамызда жасалады.

Рентгенодиагностикалық қондырғы мен мам-мограф аппараты сүт безінің обыры мен оның ал-дындағы белгілерді анықтай отырып, томография мен маммографияны дамытуға септігін тигізеді. Бұрындары осы тексерулер үшін тұрғындар об-лыстық медициналық мекемелерге жіберілетін еді.

Сіз басшылық етіп отырған емхананың жедел медициналық көмек көрсету қызметі жайлы айтсаңыз.

Біздегі жұмыс барысында әрбір шақыртуға жеделділік санатына сәйкес қызмет көрсетіледі. Бүгінгі күнде жедел медициналық көмек көрсе-туге қажетті құрал-жабдықтар, дәрі-дәрмектер, санитарлы автокөліктер сондай-ақ телефон және интернет байланыстары жұмыс істеуде.

Тұрғындарға жедел медициналық көмек көр-сететін жедел жәрдем қызметінде 4 фельдшер бригадасы және 4 санитарлы автокөліктер бар. Онда барлық қажетті медициналық құрылғылар мен дәрілік заттар қамтылған.

Жылына екі рет аудан тұрғындарына ке-ңес диагностикалық көмек беру мақсатында ау-дандық емхана қызметкерлерінен құрылған ме-дициналық бригадамыз елді мекендерге барып көмек көрсетуде. «Жылжымалы флюорография» автокөлігімен туберкулез ауруын алдын алу үшін флюорографияға түсірсе, «Жылжымалы стоматология» қондырғысымен стоматолог дәрі-герлер, тұрғындардың тіс ауруларын алдын алу мен емдеу мақсатында әр елді мекендерді аралап, көмек көрсетуде.

Page 104: Журнал №19 2015г

104

Әділхан Кенжетайұлы, Қарғалы аудандық емхана мамандарының біліктілігі жайлы не айтасыз?

Біздің емханада еңбек ететін жоғарғы және орта буын қызметкерлерінің барлығы да өз саласының нағыз мамандары деп сенімді түрде айта аламын. Атап айтсам, бізде тәжірибелі, өз мамандығын жақсы меңгерген, жоғарғы санатты 7, бірінші санатты12, екінші санатты 3 дәрігер бар. Орта буын медицина қызметкерлеріне келсек, жоғары санатты 15, бірінші санатты 3, екінші санатты 16 медбике қызмет атқарады. 2009 жы-лы Қарғалы орталық аудандық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Қонақбаев Игілік Ахметжанұлы денсаулық сақтау саласының үздігі атанды. Сондай-ақ, білікті дәрігер Мирошниченко Валентина Ивановна облыстық «2009 жылдың үздік ауыл дәрігері» сайысында жеңіске жетті. Емханамыздың үздік хирургі, дәрігер Канкельды Алия Хаймоллақызы 2010 жылы ең үздік ауыл дәрігері атағын жеңіп алды.

Бірақ, біз мұнымен тоқтай қалмай маман-дарымыздың біліктілігін одан әрі арттыру мақ-сатында өзге елдерге тәжірибе алмасуға, білім алып, шыңдалуына мүмкіндіктер жасап отырамыз. Жас мамандарды жұмысқа бейімдеу үшін емха-нада арнайы оқу-жаттықтыру шаралары өткізіліп тұрады. Ал, жұмыс барысында жас мамандарға тәжірибе жинақтау және олардың жұмыстарын бақылау үшін жетекшілікке білікті дәрігерлерді бекітіп, білімдерін арттырып, адам өмірін үлкен сеніммен тапсыра алатын маман даярлауға өз септігімізді тигізіп келеміз.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында қандай жұ-мыстар атқарылып келеді?

Ауыл денсаулық сақтау саласының дамуына «Дипломмен ауылға» бағдарламасы үлкен сеп-тігін тигізді. Ауданымызға акушер-гинеколог, те-рапевт, жалпы тәжірибедегі дәрігерлер, хирург,

Page 105: Журнал №19 2015г

105

бала дәрігерлері және орта буындағы медицина қызметкерлері келді. Жас мамандарға аудан әкім-дігі мен аурухана тарапынан көптеген көмек көрсетіліп, барлық жағдайлар жасалды. Жас мамандарды жұмысқа ынталандыру мақсатында қаржылай көмектер көрсетіліп, аудан әкімшілігі тарапынан тұрғын үйлермен қамтамасыз етіл-ді. Жалақыларына келсек, халыққа көрсетілген көмектің көлеміне, сапасына байланысты меди-цина қызметкерлеріне сараланған еңбекақы тө-леу жүйесіне байланысты төлейді. Амбулатория-лық қызмет көрсететін медицина қызметкерлері өз аумақ тұрғындарының денсаулығына, негізгі ин-дикаторларының көрсеткіштеріне қарайтын бол-ғандықтан қосымша еңбекақы беріледі. 2014 жы-лы аудандық аурухана негізінде медицина қыз-меткерлеріне сараланған еңбекақы төлеу жүйесі 7939 мың теңге, ал кешенді жан басына шаққан-дағы нормативтің ынталандырушы компоненті бойынша 25696 мың теңге еңбекақы төленді.

Сіз үшін «Тәуелсіздіктің» ұғымы қандай? Оның қадірі мен қасиеті неде деп ойлайсыз?

«Тәуелсіздік» – біртұтас елдіктің, ынтымақ-тастық пен татулықтың, сонымен қатар өткенге деген тағзымды салауат пен болашаққа деген сенімнің кепілі. Осы кең ұғымның салмағын ша-шып-төкпей, келешек ұрпаққа аманат ету - бізге парыз. Тәуелсіздігіміз баянды болуы жолында жас ұрпақ еңбек ету керек. Елімізді сыртқы күштер-ден қорғау керек. Өз еркіндігін қадірлей білген ел ғана өзге елмен санаса алады деп ойлаймын. Осы жолдағы жұмысымыз өркендей берсе екен деп тілеймін. Әрқашан еліміз аман, еңсеміз биік болсын.

СұхбаттасқанСая Есимова

Page 106: Журнал №19 2015г

106

ЖанкелдіҚалқаман

Page 107: Журнал №19 2015г

107

КӨРГЕНІ КӨП КӨШБАСШЫ

«Адам адамнан тек білімі мен ақыл-ойы арқылы ғана озады», - деп Абай атамыз айтқандай, кез-келген білім беру жүйесінің басты мақсаты бәсекеге қабілетті, оң мен солын ажырата алатын шәкірт дайындау екені белгілі. Қызметін заман талабына сай ұйымдастырып, өркенді істерімен, жемісті жұмыстарымен, тізгінді нық ұстаған басшы Облыстың білім беру саласының көшбасшылары қатарында тынымсыз еңбегінің нәтижесін көрсетіп жүр. Ұжымды соңына ерте білетін біздің келесі кейіпкеріміз кәсіптік білім беру кеңістігінде болашақ ұрпақтың саналы әрі білімді болып өсулеріне септігін тигізуде. Білім ордасын 25 жылдан астам уақыт басқарып келе жатқан Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжінің директоры Қалқаман Жанкелді Мырзағараұлы «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен, «Қазақ педагогика институтына 50 жыл» медалімен, «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгі-сімен марапатталғаны - адал еңбегінің жемісі емес пе?! Ендеше, ізгі бас-тамаларға жол салып жүрген білікті басшымен болған сұхбатымызға назар аудара отырыңыздар!

Жанкелді Мырзағараұлы, сөз басын өзіңіз басшылық етіп отырған Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжінің сонау тарихынан бастасаңыз....

Ақтөбе өңіріндегі кәсіптік білім берудің күре тамырына ай-налған, кәсіпқой құрылысшы даярлаудың «қара шаңырағы», «құрылысшылар ұстаханасы» атанған Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжі облыстағы жас жұмысшы мамандар даярлауда көш басында келеді. Оқу орны Ұлы Отан соғысы кезінде Мәскеу қаласынан көшіріліп, жеңісті жа-қындатуда маңызды рөл атқарған. Ақтөбе ферроқорытпа зауыты не-гізінде 1947 жылы №33 фабрика-зауыт мектебі болып іргетасы қа-ланды.

2012 жылдан бастап «Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжі»

МКҚКболып қайта құрылды. 25 мыңнан астам түлектерге білім беріп шығарған оқу орнының ашы-луы мен одан әрі дамуына ықпал жасап, колледж тарихынан ойып алар өз орны бар тұлғалардың бі-рі деп үздіксіз 35 жыл бойы бас-қарған колледжіміздің алғаш-қы директоры Кенбаев Мұқаш Кенбайұлын айта кетпеске болмас. Кәсіптік білім беру кеңістігіндегі тынымсыз еңбегіне халық өз баға-сын беріп, құрыш қолды құрылыс-шылар үздіксіз қанат қаққан оқу орнын «Кенбаев академиясы» деп атаған. Колледж ардагері Ұлы Отан соғысында ерен ерлігімен көзге түсіп, оқу орнының тұғыр-лы тарихында өнегелі істерінің белесімен, қалтқысыз қызметімен кәсіби маман даярлаудың сара жо-лын қалдырып, 2014 жылы өмір-ден озды. 2012 жылы колледждің

65 жылдық мерейтойын атап өту барысында абыз ақсақалдың ақ батасын алу бақытына ие болдым. Мен аталмыш оқу орнын 2008 жылдан бері басқарып келемін, ал бұл 25 жыл директорлық қыз-метімдегі төртінші оқу орным. Аталмыш оқу орнында жастар-дың сапалы білім алып, бәсекеге қабілетті маман болуына барлық жағдай жасалған, сондай-ақ, ендігі бетбұрысымыз – заман талабына сай озық заманауи колледж атану.

Жалпы, бүгінгі таңда қанша шәкірт тәрбиелеп отырсыздар? Колледждегі шәкірттер қандай мамандықтарды игеріп шыға-ды?

Біздің мақсатымыз – жастарға лайықты кәсіби білім беру. 700-ге жуық білім алушылар мемлекет-тік тапсырыс бойынша бюджеттік

Page 108: Журнал №19 2015г

108

негізде тегін оқиды, оқу озаттары шәкіртақымен, бір мезгіл тегін та-мақпен, тегін оқулықпен қамтама-сыз етілген. Олар алты мамандық, жеті біліктілік бойынша даярла-нумен қатар 72 пайыз мемлекеттік тілде білім алуда. Осы көрсеткіш-теріміз ата-анасының қамқорлы-ғынсыз қалған ауылдан шыққан мектеп бітірушілері үшін білім алуға қол жетімді.

Колледждегі студенттер аспаз, электрлік және электрмеханика-лық жабдықтар, жарық беру және жарықтандыру желілері бойын-ша электромонтаждаушы, электр машиналарының электромонтаж-даушысы, дәнекерлеу ісі, автомо-

биль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану, электрондық есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз-дандыру, ғимараттар мен құрылыс-тарды салу және пайдалану, тас қалаушы, болат және темір бетон құрылымдарын құрастырушы, іш-кі санитарлық-техникалық құрыл-ғыларды монтаждау және пайда-лану, газ электрмен пісіруші ма-мандықтарын игеруде. Барлық аталған мамандықтар еңбек нары-ғында сұранысқа ие.

Жастардың тек қана маман-дық иесі болып шықпай, рухани бай болуына 54000 дана кітап қо-ры бар кітапханамыз көмегін ти-гізуде. Міне, осындай жағымды істер педагогикалық ұйымның

жүйелі жұмысының нәтижесі, тә-жірибелі ұстаздар мен өндірістік оқыту шеберлерінің шығармашыл ортасының қалыптасқандығы, әлеуметтік серіктестіктер, топ же-текшілері, ата–аналардың ынты-мағының жемісі болып табылады.

Елбасы «Елдің келешегі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры - ұс-таздың қолында» деп атап көр-сеткен болатын. Осы тұрғыда, ұстаздардың біліктілік деңгейі жайлы сөз қозғасақ.

Біздің ұстаздарымыздың мін-деттері еліміздің жарқын болаша-ғын жасайтын білімді, білікті, тәр-

биелі жастарды дербес өмірге да-ярлау. Аталмыш оқу орнының пе-дагогтары мен өндірістік оқыту шеберлерінің жетістіктері жайлы айтатын болсақ колледж педагог-тары педагогикалық және кәсіп-тік шеберлік байқауларына қаты-сып білімдерін шыңдауда. Педаго-гикалық жетістіктердің конкурс-марафонында «Техникалық және кәсіптік оқу орнының үздік оқы-тушысы» номинациясы бойын-ша 2010 жылы Ж.К.Бурибаева, Т.В.Небогаткина, Р.С.Сейтова, 2011 жылы-Е.Н.Газизулина облыс әкімінің грантының иегерлері атанды. 2012 жылы оқытушы А.Ж.Аленова «Ең үздік арнаулы пән оқытушысы» облыстық бай-қауында 2-ші дәрежелі диплом

иегері, 2011 жылы оқытушы У.Ш.Тюлюкбаева осы байқаудың жүлдегері атанды. 2012 жылы «Үздік топ жетекшісі» облыстық байқауында бас жүлдеге оқыту-шы К.Х. Бекбашева және «Үздік өндірістік оқыту шебері» байқа-уында бас жүлдеге Р.С.Сейтова ие болды. 2013 жылы оқытушы Б.Д.Абдуллина «Үздік математик» 3-дәрежелі дипломын, «Үздік өн-дірістік оқыту шебері» 3-ші дә-режелі дипломмен өндірістік оқы-ту шебері А.О.Казмуханбетова атанды. «Үздік педагог» респуб-ликалық байқауына қатысқандары үшін оқытушылар А.Ж.Аленова мен Р.С.Сейтова республикалық

және облыстық грамоталармен марапатталды.

Оқыту және дамыту орталы-ғы ұйымдастырған «Менің педа-гогикалық мамандығым» атты І Халықаралық педагогикалық шеберлік конкурсында ІІІ-орынға ие болған Р.А.Даримова, аталмыш номинациямен «Ұлағатты ұстаз» атты республикалық оқытушы-лар байқауында «Сабақтан тыс іс-шаралар» номинациясында І орынға ие болған тарих, құқық-тану, өзін-өзі тану пәндері оқыту-шысы К.Қ. Балкенова марапаттал-ды. Сондай-ақ 2014 жылы өткізіл-ген «Үздік тарихшы-2014» облыс-тық байқауына қатысқан тарих пә-нінің оқытушысы З.А.Асанханова 1-орынды жеңіп алды.

Page 109: Журнал №19 2015г

109

Өнегелі басшы ретінде ірге-лі істеріңіздің жетістіктеріне тоқ-талып өтсеңіз.

Жалпы колледжіміз көптеген белестерді бағындырумен алдың-ғы қатарлы оқу орындарының са-натында деп айта аламын. Сонын біразына тоқтала кетсем, колледж 2011 жылы Облыстық педагоги-калық жетістіктер байқауында «Облыстың үздік кәсіптік лицейі» атағымен марапатталды. Сондай-ақ, 2001 жылы «Ауылдың гүлде-нуі-Қазақстанның гүлденуі» жас-тар марафон-эстафетасында «Үз-дік білім беру ұйымы» атанып, жеңіл автокөлік жеңіп алған жа-йымыз бар. 2012 жылы бітіруші

түлектердің біліктілігін тәуелсіз бағалау көрсеткіші бойынша об-лыс лицейлері арасында «Ең үз-дік оқу орны» атағын иеленумен қатар, 2014 жылы ҚР БҒМ «ТжКБ-ні жаңғырту» жобасы бойынша ИДЖ қаржыландырылған респуб-ликалық байқаудың екінші кезеңі-нің облыс бойынша дара жеңім-пазы атанып, екінші рет Грант иегері атандық.

Тағылымды тарихы бар қа-зақ елінде биыл үлкен той. Қазақ хандығының 550 жылдығы, ҚР Конституциялық Заңына 20 жыл және ҚР Халықтар достығы ас-самблеясының 20 жыл толуына орай қандай шаралар көзделуде?

Ақтөбе облысынан 120 мың-нан астам ардагерлеріміз Ұлы

Отан соғысына қатысып, жеңіске үлес қосқан. Соның ішінде оқу орнының алғашқы директоры М.К.Кенбаевты үлгі етеміз.

Тамыры тереңде жатқан Қа-зақ хандығының 550 жылдығын, ерліктері үлгі болған келер ұрпақ-тың бейбіт өмірі үшін бақытты болашағы үшін жанын қиған со-ғыс ардагерлерінің құрметіне, ТМД елдерінде Ардагерлер жы-лы деп аталған Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Шоқтығы биік туған ел» конференция, «Бабалар-дан қалған сара жол», «Ер есімі – ел есінде» ашық тәрбие сағаттары, «Тарих қойнауында», «Шежіре сыр шертеді» тақырыптарында

дөңгелек үстел, салт-дәстүрімізді насихаттауда «Бабадан қалған асыл мұра», «Бабалар өсиеті» театрландырылған көрініс бай-қаулары, білім алушылардың патриоттық сезімдерін жігерлен-діру, Отанға, елге деген сүйіспен-шіліктерін арттыру мақсатында «Қазақ сарбазы» сайысы, Совет Одағының батыры Ә.Молдағұлова-ның, Мәңгілік алау ескерткіште-ріне гүл шоқтарын қойып, тағзым ету, «Ұлы бабалар тағылымы» та-қырыбында соғыс, тыл ардагерле-рімен кездесу және басқа да іс – шаралар қолға алынып, жоспар-лануда.

Ендігі әңгіме басын өзіңізге бұрсақ. Ұстаздық жолды таң-дауыңызға не түрткі болды?

Қандай отбасында тәлім-тәрбие алдыңыз?

Ұстаздық жолды таңдауыма түрткі болған әкемнің нұсқауы, ұстаздарымның үлгісі деп білемін. 40 жылдан астам осы салада қыз-мет атқара отырып, оның ішінде 25 жыл ұстаздардың ұстазы болу жауапкершілігімді шыңдай түсті. Ақырын жүріп, анық басып, ең-бегім бағаланып, тарыдай болып бірінші курсқа түскендерге тау-дай болып бітіргенде көңілің өсе түседі.

Ұстаздық жолды отбасымнан қызым, ұлым, келінім, ағам да таңдап, білім саласын дамытуға өз үлестерін қосуда. Нарықтағы

қиын-қыстау кезеңінде талай та-ныстарым ұстаздықпен біржола қош айтысты. Мен екінші эконо-микалық мамандығым бола тұра, қиындыққа төзіп, осы қиын да қызық ұстаздық жолынан тайма-дым.

Ауылдың қарапайым от-басында тәрбиелендім. Әкем Мырзағара - прокурорлық қыз-мет атқарды, анам Маржангүл отбасы шаруасымен айналысып, жеті баланы өсіріп тәрбиеледі. Алған тәлім-тәрбием адалдық, турашылдық, еңбекқорлық, өзгеге қамқор болу.

Сұхбаттасқан Айсұлу Сағынтаева

Page 110: Журнал №19 2015г

110

БОЛАШАҚҚА БАҒДАР ТҮЗГЕН БІЛІМ ОРДАСЫ

Білім қашанда әрбір жанның тынысын кеңейтіп, бүгінгідей жағадан алған жаһандану заманында жаңашылдыққа жол бастайтыны белгілі. Таным көкжие-гіңді кеңейтіп, көзіңді ашып, жүзіңді нұрландыратыны ақиқат. Тап қазіргі уақыт керуені білім алудың сан мүмкіндігін қарастыра білген озық өркениетті қоғамның табанын басып тұрған жайы бар. «Оқудың инемен құдық қазғандай» екені қай-қайсымызға болсын таныс та ұғынықты, ал оқу барда оны тоқи алу тағы бар. Зейінді ашып, зердеге маржан ілімді құюда сапалы білім ордалары мен алтын ұс-таздардың орны әрине маңызды деуге тұрарлық.

10 жылдан аса уақыттан бері екі мыңнан астам шәкірттердің білім алуына жол ашып, бағдарлы бағытын беріп, заман талабына сай кәсіп түрлерін де мең-ғеріп шығуына жағдай жасап келе жатқан Ақтөбе техникалық колледжі жай-лы айтпау мүмкін емес. Аталмыш білім ордасының білгір де білікті басшысы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Ким Людмила Ивановнамен бол-ған сұхбатты оқи отырыңыз!

Page 111: Журнал №19 2015г

111

Людмила Ивановна, Сіз бас-шылық етіп отырған Ақтөбе тех-никалық колледжінің тарихи құ-рылымы туралы не айтасыз?

Ақтөбе техникалық колледжі-нің іргесі 2004 жылы қаланды. Ең алғаш білім ордасында тек бес ма-мандық бойынша студенттер білім алса, қазіргі таңда ауқымы кеңейіп 14 мамандық бойынша білім алу-да. 10 жыл ішінде колледжіміз 2000-ға жуық шәкірттерді білім нәрімен сусындатып шығарып, қа-зіргі таңда олардың 90 пайызға жуығы өз мамандығы бойынша қызмет атқаруда. Біздің колледжі-мізден түлеп ұшқан шәкірттер техника саласының кәсіби маман-дары ретінде елімізге еңбек етуде. Еліміздің жастары жан-жақты кә-сіби, техникалық біліммен қару-ланып, кез-келген бәсекелестікке төтеп бере алатын маман, тұлға болуы қажет. Біздің ұжым, біздің колледж алдағы уақытта техника-лық білім беру ұйымдары арасы-нан өзіндік орнын ойып тұрып алатынына шүбәсіз сенемін. Кол-ледждің екі ғимаратында 25 ау-дитория, компьютер сыныптары және тоғыз оқу-зертханалық ка-бинеттері бар. Зертханалық іс-тә-жірибелік сабақтар және іс-тәжі-рибелер өндірістік-техникалық базаның цехтерінде өткізіледі. Оларға автомобильдерге техни-калық қызмет көрсету цехі, элек-тротехникалық дәнекерлеу, диаг-ностикалау жүйелерін жатқыза-мыз. Бүгінгі таңда колледжде 992 студент күндізгі және сырттай бөлімде оқуда. Сондай-ақ, жұмыс-шы мамандықтарына оқыту және қайта даярлау курстары ұйымдас-тырылған.

Студенттерді кәсіби бағытта дамыту жолында қандай шара-лар атқарылып жатыр? Басқа оқу орындарымен, мекемелер-мен қарым-қатынастарыңыз қандай?

Студент колледжде теориялық білім алатын болса, оны іс жүзін-де бекіту және қалыптастыру тех-никалық тәжірибеге байланысты. Осындай мамандарды дайындау-

да тәжірибеміздің молдығының себебі әлеуметтік серіктестермен бірлесе жұмыс атқаруымыздың арқасында. Колледж студенттерге кәсіпорындар мен қалалық ұйым-дармен тұрақты қарым-қатынас-та болуға барлық мамандықтар бойынша іс-тәжірибе ұйымдас-тыруға мүмкіндік береді. Оларға электрші, техник-технолог, техник-механик сияқты мамандықтарды жатқызамыз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен елі-міздің кәсіптік-техникалық білім беру саласына жаңа жүйе - дуал-ды оқыту әдісі енгізіліп жатыр. Қазіргі таңда осы дуалды жүйені пайдалана отырып кадр дайындау жұмыстарының нақты тетіктері құрылып, жолға қойылған. Дуал-ды оқыту әдісіндегі ерекшеліктер-дің бірі оқу орындары өздеріне әлеуметтік серіктестік табуы ке-рек, яғни оқушылар тәжірибе са-бақтарын өткізу үшін өздерінде даярланатын мамандықтарға сай келетін кәсіпорындармен келісім-шартқа отыру керек. Қаланың та-нымал және табысты кәсіпорын-дары «АЗХС» Акционерлік қоға-мы, «Анвар» ЖШС, «Ақтөбенан» ЖШС, «Сервис К» ЖШС, «Жарық» ЖШС колледждің әлеуметтік се-ріктестігі болып табылады.

Болашақ маман иелеріне дә-ріс беруші мұғалімдер жайлы айтсаңыз.

Колледжде жоғарғы деңгейде-гі педагогика мамандары қызмет етеді. Олардың арасында ғылым кандидаттары, жоғарғы және бі-рінші, екінші санаттағы оқыту-шылар бар. Білім беру саласында 48 оқытушы, ал 25 оқытушы өн-діріс саласындағы пәндерден дә-ріс береді. Оның ішінде 40 пайы-зы жоғарғы санатты оқытушылар болып табылады. Колледж ұжы-мы ұйымшыл, жаңашыл, өз істе-ріне жауапты күш жігері мықты оқытушылардан құралған. Кол-леджімізде А.Е.Жансүйгенова, Г.П.Болтенко, С.Н.Елеусізов, А.Н.Тілеужан, Р.Ж.Төлеуова, М.К.Қабылова және Ш.К.Жетпісова сияқты білікті мамандар қызмет атқаруда.

Page 112: Журнал №19 2015г

112

Тағылымды тарихы бар қа-зақ елінде биыл үлкен той. Қазақ хандығының 550 жылдығы, ҚР Конституциялық Заңына 20 жыл және ҚР Халықтар досты-ғы ассамблеясының 20 жыл то-луына орай қандай шаралар көзделуде?

Биыл ҚР Халықтар достығы ассамблеясының 20 жылдығын атап өту біздің татулығымыздың көрінісін айғақтап берсе, ал Ата Заңның 20 жылдығын тойлау, ол біздің құқықтық тұрақтылығы-мыздың кепілін көрсетеді. Соны-мен қатар, Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту, ол елі-міздегі бірліктің көрінісі. Осы тұста, Ұлы Жеңістің 70 жылды-ғы да ауқымды түрде аталып, қамтылмақ. Бұл шаралар әрине, қазақ елінің халықаралық дең-гейдегі рөлін нығайта түсетіні анық. Колледжімізде осы мерей-тойларды атап өту мақсатында Қазақ хандығының 550 жылды-ғына орай Наурыз айынан бастап облыстық пікір-талас турнирі, студенттермен облыстық ғылыми-конференция және «Тарихты білу – ұрпақ парызы» атты мерекелік-театрландырылған кеш өткізілмек. Қазақстан халық ассамблеясының 20 жылдығына колледж студент-терімен мектеп оқушылары ара-

сында пікір-талас ойындары, «Бір шаңырақтың астында» ұлттар фестивалі және дөңгелек үстел «ТМД елдеріндегі этнос аралық қатынастар мәселесінің өзектілігі» тақырыбында жоспарланды. Ата Заңымыздың 20 жылдығы қарса-ңында «Тәуелсіздіктің тірегі - Ата Заң» тақырыбында эссе байқауы танымдық және зияткерлік викто-рина түрінде өткізіледі. Ұлы Же-ңістің 70 жылдығына орай «Ер-лікпен жеткен жеңіске тағзым» жобасы аясында «Соғыспен шоқ-талған балалық шақ» соғыс бала-лары туралы презентациялар бай-қауы, «Сарғайса да тарихтың ақ парағы, ол күндер мәңгі есте сақ-талады» тарихи еске алу кеші жә-не осыған ұқсас тағы да басқа па-триоттық, халқымыздың Отанына сүйіспеншілігін дәріптейтін іс-ша-ралар өткізу жоспарлануда.

Людмила Ивановна, Сіздің еңбек жолыңызға тоқталсақ. Бүгінгі жетістіктеріңіздің баста-уы жайлы айтып өтсеңіз.

Алғашқы еңбек жолымды 1977 жылы Ауыл шаруашылық колледжінде мұғалімдік қызметі-нен бастадым. «Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институты-ның» педагогика факультетін тәмамдадым. Сонымен қатар,

Скрябин атындағы Мәскеу мал дәрігерлік академиясының педа-гогикалық факультетінде алған білімім, жастардың педагогикалық шеберлігін дамытуға үлес қосуыма мол мүмкіндік берді. 2004 жылдан қазіргі уақытқа дейін аталмыш білім ордасын басқарып келемін. Өмірлік ұстанымым: «Кімде-кім алға ұмтылмаса, кері кетеді».

«Тәуелсіздік» Сіз үшін қан-дай ұғым? Оның қадірі мен қа-сиеті неде деп ойлайсыз?

Тәуелсіз Қазақстанның даму мәртебесі биік болғай. Мемлекет-тік басқару жүйесі өзінің өмір-шеңдігін әбден дәлелдеген, аза-маттары болашағына сеніммен қарайтын, жүздеген емханалар мен ауруханалар, білім ошақтары мен заманауи өндіріс зауыттары салынып жатқан, бәсекеге барын-ша қабілетті Қазақ мемлекеті көз алдымызда өсіп өркендеп келе жатыр. Дәл осы мол табыс пен жетістіктер Тәуелсіздігіміздің арқасы деп есептеген жөн. Ал болашақ жастардың қолында. Жастарымыз осы Тәуелсіздіктің құндылығын түсініп, соның игі-лігіне еңбек етсе деймін.

СұхбаттасқанЛәйлә Нығматуллина

Page 113: Журнал №19 2015г

113

Page 114: Журнал №19 2015г

114

СерікШаймерденов

Page 115: Журнал №19 2015г

115

МЕДИЦИНА САЛАСЫНЫҢ КӨШБАСШЫСЫ

Ел саясатында басты назарда тұратын саланың бірі – денсаулық сақтау болып табылады. Себебі, мемлекеттің дамуы халықтың ел экономикасына қосып жатқан үлесінің басты көрсеткішіне айналатыны белгілі. Осы ретте Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев биылғы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты халыққа Жолдауында сапалы медициналық көмек көрсетудің маңыздылығын қазықтай қадап көрсетіп, денсаулық сақтау саласының ма-мандарына бағыт-бағдар берді.

Біздің сұхбатымыздың келесі кейіпкері басшылық етіп отырған 2008 жы-лы ғана іргесі қаланған №4 қалалық емхана аталмыш бағытта қарқынды жұмыс жасай отырып, көптеген жетістіктерге жетіп жүр. 2014 жылы Швейцарияның Женева қаласында өткен «Grand Prix Europeen de Qualite» ат-ты сапа үшін Еуропалық бас жүлде халықаралық байқауының қорытындысы бойынша «Медицина саласының көшбасшысы» атағына ие болған Шаймерденов Серік Әменұлы ақжарқын мінезі мен ақкөңілділігінің арқасында көптеген науқастардың жүрегіне жол таба білгені тасқа таңба басқандай көрініп тұрады. Отбасында ардақты әке, асыл ер болып отырған біздің кейіпкеріміз-ді кісілігінен кішілігі басым, тарихы терең қазақ елінің гүлденуіне үлес қосып жүрген қайратты азаматтарымыздың бірі деп айтуға толық негіз бар. Сана-лы ғұмырын денсаулық сақтау саласына арнаған бас дәрігердің мақтанарлық жетістіктері жеткілікті. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жыл-дығына орай, Қазақстан Республикасы халқының денсаулығын сақтау ісіне сіңірген айрықша еңбегі үшін медалімен, 2007 жылы «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі», 2012 жылы «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», 2013 жылы «Қазақстан даңқы» медалімен, сондай-ақ 2011 жылы «Кезексіз емхана» республикалық конкурсының жеңімпазы, 2012 жылы емдеу мекемелерінің көрсеткіші нәтижесінде республиканың «Үздік емханасы» номинациясының иегері, 2013 жылы Қазақстан және ТМД елдері экономика-сының кәсіпорын көшбасшыларының Ұлттық бизнес-рейтингі нәтижесі бойынша Қазақстанның денсаулық сақтау мен экономика салалары дамуына қосқан үлесі мен өндірістік қызметтің жоғарғы талаптары және алдыңғы қатарлы технологияларды енгізгені үшін «Қазақстан көшбасшысы – 2013» премиясының жүлдегері, 2014 жылдың қорытындысы бойынша республика-дағы «Ең үздік емхана» номинацияларымен марапатталып, көптеген алғыс хаттар мен мадақтамалардың иегері атанды. Аталмыш емдеу орнының бү-гінгі таңдағы елеулі еңбегі жайында №4 қалалық емхананың бас дәрігері Серік Әменұлымен болған сұхбат барысында біле аласыздар!

Page 116: Журнал №19 2015г

116

Серік Әменұлы, өзіңіз бас-шылық етіп отырған ШЖҚ «№4 қалалық емханасы» МКК Астана қаласының алдыңғы қатарлы емханаларының бірі. Бүгінгі таңда қанша адамға қызмет көрсетудесіздер?

Мемлекеттік денсаулық сақ-тау саласы адам өмірінің басты ықпалы деп қарастырып отыр. Тұр-ғындардың күнделікті өміріне әсер ететін негізгі ықпалдар салауатты өмір салтын ұстану мен денсаулық-қа деген аса үлкен жауапкершілік болып табылады. Өйткені, әрбір адам – өз өмірінің иесі. Сондықтан да, салауатты өмір салтын ұстану – әрбір адамның міндеті. Біздің мақсатымыз – осы азаматтардың өміріне араша түсіп, денсаулығын сақтау. Халықтың денсаулығы жақсарғаны – денсаулық сақтау жүйесінің деңгейі дамып келе жат-қанын көрсетеді. 2008 жылы алғаш

іргесі енді қаланған уақытта емха-намыз 60 мың адамға есептеліп салынған болатын. Елордамыз күн санап көркейіп келе жатқандықтан, тұрғындар саны да артуда. Бүгінгі күні 140 мыңға жуық қала тұрғын-дарына сапалы медициналық қыз-мет көрсетеміз. Біздің басты мін-детіміз - емделушілерге амбулато-риялық бағыт-бағдар бере отырып, оларға сапалы, қолжетімді, ыңғай-лы, сондай-ақ қауіпсіз медицина-лық көмек көрсету болып табыла-ды. ШЖҚ «№4 қалалық емхана» МКК - денсаулық сақтау саласын-да инновациялық бағдарламаның жүзеге асуына негізделген, бәсе-кеге қабілетті, үдемелі дамып келе жатқан, сапалы және қолжетімді медициналық жәрдем көрсететін ұйым. Біздің қызметіміздің бас-тапқы қадамы - алғашқы медици-налық санитарлық жәрдемнің әлеу-меттік бағдарлау қалпы, сондай-ақ,

салауатты өмір салтын насихат-тау мен қалыптастыру, халықтың өз денсаулығына деген жауапкер-шілігін арттыру.

Медициналық қызмет көр-сетудің қолжетімділігі қандай?

Елордамыздың барлық азамат-тары мен азаматшаларына медици-налық көмек көрсету қолжетімді деуге толық негіз бар. Басты мін-детіміз – аурудың алдын алу. Біз-дің емхана екі бөлімнен тұрады. Біріншісі, жергілікті тұрғындар үшін қызмет көрсету болып та-былса, екіншісі, диагностикалық кеңес беру орталығы. Осы тұрғы-да халықпен қоян-қолтық жұмыс жасау мақсатында скринингтік тексеруден өткіземіз. Яғни, ха-лықтың өз денсаулықтарына ас-қан жауапкершілікпен қарауына жағдай жасау. Бұл мәселе тұрғы-сында тұрғындар арасында аздап

Page 117: Журнал №19 2015г

117

түсінбеушілік болғандықтан, ха-лыққа өзіміз ескертіп айтып оты-руымызға тура келеді. Тұрғындар-дың сапалы медициналық көмекке қолжетімділігі қамтамасыз етілуі, кадрлық ресурстарды дамыту, де-мографиялық көрсеткіштерінің жоғарылауына ықпалын тигізіп, елдің әл-ауқатының жақсаруына мүмкіндік туғызуда. Мысалы, қан қысымымен келген адамның қы-сымын өлшеп, дәрі жазып қана қоймай, аурудың себебін анықтау үшін психологтың көмегіне жүгі-неді. Сондықтан, психологтар ба-лалар мен қарт кісілерге көп көңіл бөледі. Біздің емханада осы бағыт-та жұмыс істейтін екі клубымыз бар. Оның бірі қарт кісілерге ар-налған «Алтын жылдар» клубы болса, екіншісі жасөспірімдерге арналған «Рауан» жастардың ден-саулық орталығы. Мұнда науқас-тар талғамдары бойынша бірігеді,

бір-бірімен танысып, қарым-қаты-нас жасайды. Бір сөзбен айтқанда, өздеріне өздері мереке ұйымдас-тырады.

Серік Әменұлы, ұжымыңыз-дың жеткен жетістіктеріне тоқ-талып өтсеңіз.

Емханамыз еліміздің алдыңғы қатарлы үздік емдеу орындарының бірі болып табылады. 2013 жылдың қараша айында ШЖҚ «№4 қала-лық емхана» МКК ИСО 9001:2008 халықаралық үлгісіне сәйкес сер-тификациялық тексеруден жоғары деңгейде өтті. 2014 жылдың 28 қаңтар күні аталмыш емхананың салтанатты марапаттау рәсімі ұйымдастырылып, ISO9001:2008 халықаралық үлгіге сай сертифи-каттар табысталды. 2014 жылы «Астана қаласының АМСК үздік ұйымы» дәрежесіне ие болдық.

Қазақстан Республикасының

бекітілген Заңнамасына сәйкес, 2014 жылдың қазан айында жап-пай аккредиттеудің нәтижесінде тексеруден өтті. Тексеру қорытын-дысы бойынша, біздің №4 қалалық емханамыз 94 ұпай жинап, барлық талаптарға сай келетіндігін тағы бір рет дәлелдеді. 2014 жылдың желтоқсан айында Швейцарияның Женева қаласында өткен «Grand Prix Europeen de Qualite» атты са-па үшін Еуропалық бас жүлде ха-лықаралық байқауының қорытын-дысы бойынша «Денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін» ата-ғын жеңіп алдым.

Сіздің қарамағыңызда қыз-мет ететін мамандардың білік-тілік деңгейі жөнінде не айта-сыз?

Менің ойымша ең бірінші тә-жірибелі, екіншіден кәсіби маман болу керек. Егер Сіз кәсіби ма-

Page 118: Журнал №19 2015г

118

ман болсаңыз, науқастарға жоға-ры деңгейде дәрігерлік көмек бе-руге ұмтыласыз. Кез келген дәрі-гер маманы өз жұмысында кәсіби мықты болса, әрине оның қызме-ті сапалы болады. Ал, біздің ем-ханада қызмет жасайтын маман-дардың барлығы жоғары дәрежелі білікті де білімді медицина қыз-меткерлері. Сондай-ақ, біздің ем-ханада «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен марапатталған 16 ма-ман қызмет атқаратынын мақта-нышпен айта аламыз. Маманда-рымыздың біліктілігін арттыру мақсатында 2012 жылы 7 дәрігер-ді Сингапур, Литва Ресей елдеріне, 2013 жылы 8 дәрігерді Финляндия, Ресей, Белорус, Литва елдеріне, 2014 жылы 11 дәрігерді Германия, Швеция, Жапония, АҚШ, Англия, Испания секілді мемлекеттерге жіберіп, тәжірибе алмасу мақса-тында түрлі семинарларға қаты-сып қайтты.

Қазақстандағы денсаулық сақтау саласы бүгін қандай дең-гейге көтерілді деп ойлайсыз?

Еліміздің денсаулық сақтау саласы күн сайын дамып келеді, айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп жатыр. Салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған мемлекеттік бағдарламалар жұ-мыс істейді. Медицинаға жоғары технологиялар енгізіліп жатыр.

Қазір байқасаңыз, әлемдік техно-логияларды пайдалануда дамыған елдермен тереземіз тең болып отыр. Сапалы медициналық кө-мек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының саны артып келеді. Ел тұрғындары денсаулығының жыл сайын жақсарып келе жатқа-нын нақты көрсеткіштерден бай-қауға болады. Бір сөзбен, еліміз-дің денсаулық сақтау саласының дамуына оң баға беремін.

Осы тұста әңгіме басын өзі-ңізге қарай бұрсақ. Бүгінгі жетіс-тіктеріңізге жету үшін жүріп өт-кен еңбек жолыңыз туралы ай-тып берсеңіз.

Мен 1995 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институты-ның стомотология мамандығы бо-йынша және 2007 жылы Еуразия гуманитарлық институтының заң-гер мамандығын бітіріп шықтым. Денсаулық сақтау ұйымы бойын-ша жоғары біліктілік санатым бар.

Ең алғаш еңбек жолымды 1995 жылы дәрігер-стоматолог ма-маны ретінде 40244 әскери бөлі-мінде бастадым. 1999- 2008 жыл-дар аралығында ҚР ҰҚК емхана-сында офицер ретінде бастап, ҚР ҰҚК Республикалық емхана бастығының орынбасары лауазым-дарын атқардым. 2009 жылдан қа-зіргі таңға дейін Елордамыздағы алдыңғы қатарлы ШЖҚ «№4 қа-лалық емхана» МКК бас дәрігері

қызметін абыроймен атқарып келе-мін. Менің басшылығыммен емха-на базасында зертханалық техноло-гиялар орталығы, қарт кісілерге арналған тіркеу орны және гепато-логия орталығы ұйымдастырылды.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жол – бола-шаққа бастар жол» атты Жолда-уына қатысты азаматтық пікі-ріңізді білсек.

Елбасы үндеуі қашанда ел кө-ңілінен шығып жатса, онда елі үшін қызмет етіп отырғандығы-ның белгісі. Осы ретте әдеттегідей, биыл да Елбасымыз жұртшылық-қа арналған Жолдауын жария етті. Онда елдің денсаулық сақтау сала-сы, білім беру мен әлеуметтік сала-сына айрықша көңіл бөлгендігін көреміз. 2050 жылға жоспарланған қыруар межені аз ғана уақытта ең-серуіміз – біздің еліміздің даму ек-піні мен білім-білігін, қажыр-қай-ратын көрсетеді. Өйткені, Елбасы Н.Назарбаевтың биылғы Жолдауы көңілімізді көтеріп, болашаққа де-ген сенімімізді бекіте түсті. Еліміз-ге, жерімізге амандық, бақыт және даму нәсіп етсін. Келешегіміз баян-ды, ұрпақтарымыз несібелі болсын дегім келеді.

СұхбаттасқанАқбөпе Әбдрасул

Page 119: Журнал №19 2015г

119

МЕРЕЙІ ҮСТЕМ БАЛАБАҚШАҚазақ халқы қай уақытта бол-

масын, ұрпақ тәрбиесін ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы деп білген. Сондықтан тәрбие мәселе-сіне көңіл бөліп, оған тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып, қарастыру әрбір ұжымның тапқырлығы мен іскерлігін, ізденімпаздығы мен шығармашылығын талап етеді. «Адамға ең бірінші білім емес, тәр-бие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, тәр-биесіз берілген білім адамзатқа апат әкеледі» деген ғұлама ғалым Әбу Насыр Әл-Фарабидың ойын ұстанып жүрген №27 «Балауса» балабақшасы Елордадағы алдың-ғы қатарлы, тарихы терең меке-мелердің бірі. Әңгімемізге арқау болған біздің келесі кейіпкеріміз жаңа заманның жаңашыл ұстазы ретінде оқу мен тәрбиені бірдей теңестіріп алып жүру шеберлі-гі мен іскерлігін көрсетіп, Солтүстік Қазақстан облысы, Білім департаментінің мадақтамасы, Астана қаласы Білім басқармасының алғыс хаты, Астана қаласы Балалар құқығын қорғау департаментінің алғыс хаты, «Колледж серіктесі» 70 жылдық мерейтойы төс белгісімен марапатталғандығы – ерен еңбегінің жемісі.

Ендеше, «бұлақ көрсең көзін аш» демекші, қаншама жас бүлдіршіндердің тілін тауып, бағыт-бағдар беріп, алға жетелеп жүрген №27 «Балауса» балабақшасы МКҚК-ы меңгерушісі Әбілдина Назира Біләлқызының өнегеге толы сыр-сұхбатын оқи отырыңыздар!

Назира Біләлқызы, Астана қаласындағы №27 «Балауса» ба-лабақшасының құрылу тарихын айтып берсеңіз. Балабақшаның негізі қай жылы қаланды?

№27 «Балауса» балабақшасы – ежелден сақталған бақшалар-дың бірі. Балабақша 1982 жылы «ЦелинСельМаш» зауытының ве-домстволық мекемесі ретінде са-лынған. 90-шы жылдары еліміз үшін қиын кезеңде өндіріс алпа-уыты «ЦелинСельМаш» зауыты ұсақ құрамды мекемелерге ыды-рап, темір жол телімдері, цехтар, тұйықтар бір сәтте «жаңа қожа-йынның» иелігіне өтіп жатқан сә-

тінде балабақша ұжымы мемле-кеттік мекеме ретінде осы бала-бақшаны күшпен сақтап қалған. Өйткені, зауыт әкімшілігінің бала-бақша, мәдениет сарайы сияқты әлеуметтік нысандардың жұмы-сын жалғастыруына мүмкіндігі болмады, тіпті қызметкерлердің жалақысын бере алмады. Бала-бақша қызметкерлері өз еңбегінің ақысы ретінде цех бұйымдарын (күрек, кетпен және т.б) алды.

Балабақшаның тағдыры гол-ландиялық әдіспен ұйымдастырыл-ған сауда «балғаның ұрысына» тәуелді болды. Тек МДМ-ның сол кездегі басшысы Милушева

Галина Павловнаның және оның бірінші көмекшісі, сонымен қатар жақын досы Каркарина Людмила Николаевнаның жігерлігі мен та-бындылығының арқасында 1996 жылы Білім министрлігінің құзы-рына тапсырылды. Қаржылық-материалдық қиындықтарға қара-мастан балабақша жұмысын жал-ғастыра отырып, өз қызметкерле-рінің негізгі құрамын сақтап қал-ды.

Баланың талантын шың-дап, талабын ұштайтын кез - нағыз балабақшадан тәлім ала-тын уақыты екені анық. Шы-

Page 120: Журнал №19 2015г

120

ғармашылық бейімі бар бүлдір-шіндерге қандай жағдайлар жа-салған?

Балабақша бүгінгі күннің та-лаптарына сай толық жаңартыл-ған: жиһаз, техникалық құрал-жабдықтар, әдістемелік оқу-құ-ралдары мен ойыншықтар, дәліз-дің көркем безендірілуі, кабинет-тердің, залдың, топтардың қолда-нысқа тиімді және тартымды жаб-дықталуы, білім беру ортасының құрылуы т.б. қажетті мәселелер жан-жақты қарастырылып, ұтым-ды шешімін тапты деп айтуға то-лық негіз бар.

Балабақша гуманитарлық-эс-тетикалық бағыттағы мәртебеге ие. Осыған орай, бейнелеу өнері-не басымдық беріліп, балаларды өнерге баулу, жеке қабілітен ашу жұмысы негізгі мақсатқа айналған. Біздің балабақша Астана қаласы Білім басқармасы ұйымдастырып отыратын түрлі байқаулар мен жа-рыстарға белсене қатысады. Мәсе-лен, педагогтардың маманданды-рылған шеберліктері, балалардың шығармашылық жетістіктері бо-йынша ән және музыка, хореогра-фия және бейнелеу өнері, денсау-лық сақтау және театрланған қыз-мет сияқты бірқатар интелектуал-дық байқаулар. Ұжымымыз баста-машыл, шығармашыл топтардан тұратындықтан, мектепке дейінгі

мекемелерді қамтитын республи-калық және халықаралық байқау-ларды назардан тыс қалдырған емес. Қол жеткен табыстарды мақ-танышпен айта аламыз. Балалар-дың жеке жеңіс дипломдары, қа-тысушының сертификаттары, шы-ғармашыл топтардың алғыс хатта-ры және т.б. Балалардың үздік жұ-мыстары халықаралық «Әлем ба-лалар көзімен» альманах-альбо-мында жарияланды.

Назира Біләлқызы, балабақ-шаңызда қанша маман қызмет

етеді? Олардың біліктілігі жөнін-де не айта аласыз?

Біздің ұжым бәсекеге қабілет-ті, жан-жақты ізденуші, шығарма-шыл, өзара тату, бірлік пен ынты-мақты басты ұстанымға айналдыр-ған біртұтас ұйымшыл ортаны құ-райды. Ұжымда үлкен құрметке ие еңбек ардагерлері бар. Олар: Людмила Николаевна Каркарина, Анна Николаевна Костина. Олар-мен әрқашан кеңесіп, өз ойлары-мызбен бөлісуге болады. Сонымен қатар, ұжымда өз ісінің шеберлері, жастардың тәлімгерлері: Паукова Людмила Геннадиевна, Гриценко Надежда Ивановна, Рябинина Татьяна Михайловна, Семенищева Ольга Николаевна, Алма Қайыргелдіқызы Хамзина,

Шрайбер Галина Петровна, Гүлжан Шайкестанқызы Аділбекова, Елсукова Валентина Васильевна жұмыс жасайды. Ал, Алтын Қабдешқызы Құсаинова мен Гаухар Жакенқызы Құлжабаева сынды әріптестер – аса белсенді, бастамаға әзір, шешім қабылдауға икемді ерекше құрметке ие жандар.

Мамандардың арасында жі-герлі, жаңашыл, тапқыр да талап-ты, ата-аналардың ризашылығына бөленіп жүрген Эльвира Каримова, Татьяна Милушева, Наталья Вихренко, Людмила Сурхай, Гуля Жумакаева, Баян Жақсылықова, Бони Сейдахмет, Балбөпе Тенбаева сынды педагогтар мен мамандарды ерекше атауға болады.

Page 121: Журнал №19 2015г

121

Қандай мемлекеттік бағдар-ламаларға сүйеніп жұмыс атқа-расыздар? Атқарылған жұмыс-тардың нәтижесі мен алдағы жоспарларыңыз туралы айтып өтсеңіз.

Балабақшада 1994 жылдан бастап изостудия жұмыс жасайды. Онда 17 жылдан бері біліктілігі жоғары, жоғары санатты маман Каримова Эльвира Сапарбаевна қызмет атқарып келеді. Балаларды сурет өнерімен таныстыру арқылы ерте жастан бастап эстетикалық талғамдарының, әдемілік және көркемділікке деген сезімдерін қалыптастыруда үлкен жұмыс жа-сауда. Жұмыс барысында қабілетті балаларға ерекше көңіл бөліп, олар-дың қабілетін одан әрі дамыту мә-

селесі бойынша еңбек етуде. Сабақ-тарында сурет салудың дәстүрлі емес түрлерін кеңінен қолданады.

Жұмыс Астана қаласының за-манауи мұражайымен тығыз қарым-қатынаста жүргізіледі. Балабақша-да аталған мұражайдың қорынан тоқсан сайын жылжымалы көрме ұйымдастырылып отырады. Бала-лар қалалық, республикалық және халықаралық дәрежедегі байқау-ларға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда. Атап айтсақ, 2014 жылы Беларусияда өткен «Туған өлкеде» атты ІХ халықаралық байқауында Замаладинов Руслан, «Жердегі бала-

лар тату-тәтті» атты IV халықаралық байқауында Куценко Анна, «Бала-лар сурет салуда. 2013-2014 Орталық Азия» байқауында Спиридонова Анастасия, Кузовкина Аня, Айзере Ермекқызы дипломмен марапат-талды.

Педагогтардың шығармашы-лық жұмыстары Астана қаласын-дағы озат тәжірибелі мамандар қа-тарында қолданысқа ие болып отыр. Осы жетістіктердің барлығын бала-бақша ұжымының ерен еңбегі деп бағалаймын.

2010-2011 оқу жылының оқу-тәрбие үрдсінің қорытындысы бойынша балабақшамыз «Үздік балабақша - 2011» атағына және Астана қаласы әкімінің Грантына ие болды.

Назира Біләлқызы, сұхбаты-мыздың легін өзіңізге қарай бұр-сақ. Өмір жолыңыз жайында әң-гімелеп берсеңіз. Сіз қай сала-ның маманысыз?

Алғашқы еңбек жолымды 1993 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Новосел орта мектебінде бастауыш мектеп мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ретінде бастадым. 2002 жылы Бостандық орта мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, 2004 жы-лы Елордамыздағы №37 мектепте бастауыш мектеп мұғалімі қызмет-

терін атқардым. 2005 жылы Астана қаласындағы «Кәмелетке толмаған балаларға арналған пана» мемле-кеттік мекемесінде әдіскер, 2011 жылы Астана қаласының «Бала-лар үйі» мемлекеттік мекемесінде директордың орынбасары, 2013-2014 жылдар аралығында Астана қаласы «Отбасы үлгісіндегі бала-лар үйі» мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына тағайын-далып, 2014 жылдың ақпан айынан бастап №27 «Балауса» балабақша-сының меңгерушісі қызметін абы-роймен атқарып келемін. Педаго-гикалық жұмыс өтілімім 21 жылға таяп қалды.

СұхбаттасқанСая Есимова

Page 122: Журнал №19 2015г

122

«БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕ БАЛАБАҚШАНЫҢ РӨЛІ АЙРЫҚША»

Қазақстан Республикасының Президен-ті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты биылғы Жолдауында ХХІ ғасырдағы Қазақстанды индустриялық және әлеумет-тік жаңғыртудың басты құралы – шағын және орта бизнесті дамыту деген болатын. Еліміздің өркендеуіне, сапалы әрі тиімді өнімді халыққа жеткізуге бірден бір себеп-кер – кәсіпкерлер болмақ. Кәсіпкерлер үшін халыққа бір табан жақын болудағы басты шарт, әрине, адалдық пен жемісті еңбек болып табылады. Өмірінің өнегесін халқы-

Елена Семеновна, «Гулливер» балабақшасының қалыптасу ке-зеңі жайлы аз-кем баяндап бер-сеңіз.

«Гулливер» балабақшасының негізі 2012 жылдың 1 қыркүйегін-де қаланды. Педагогикалық ұжым үшін ең басты міндеттердің бірі – баланың денсаулығын жақсартып, шынықтыру. Мен балалардың ден-саулығына қатты көңіл бөлемін.

Сол себепті мамандарымыз ар-найы сауықтыру бағдарламала-рын әзірлеп, түрлі жаттығулар ойлап тауып, медициналық ба-қылауға алуда. Балалардың дұ-рыс тамақтануы үшін арнайы дәруменді тағамдар дайындап, оның құнарлылық мөлшерін бас-ты назарда ұстаймыз. Сондай-ақ, балабақшамызда күзет нысаны күшейтіліп, мекеменің барлық

мен өріп келе жатқан, адал еңбек, маңдай тердің арқасында үлгілі тұлға болып қалыптасып, жұртының сүйіктісіне айналған нәзік жанды азаматша бүгінде жеке кәсібінің арқасында елінің жағдайын жасап, көпшіліктің құрметіне бөленген, түрлі мейрамханалар мен сұлулық салондарының, сондай-ақ Елордадағы алдыңғы қатар-лы «Гулливер» балабақшасының басшысы Ким Елена Семеновнамен сұхбаттасып едік. Ендеше, ерекше әсер қалдырар балабақша жайлы Сіздерде біле отырыңыздар!

аумағында бейне бақылаулар ор-натылған.

Ұжымыңызда қанша маман бала тәрбиелеу жұмысымен ай-налысуда?

Біздің ұжым 15 маманнан тұ-рады. Барлығы жоғары білімді, бі-лікті әрі жоғары санатты педагог мамандар. Мен өз ұжымымда кадрлар іріктеу ісіне өте қатал қарап, үлкен талаптар қоямын. Педагогтар өздеріне сеніп тап-сырылған істің жауапкершілігін сезінуі керек деп ойлаймын. Ал, балаларға деген сүйіспеншілік қа-сиеті педагогтардың бойындағы басқа қасиеттерге негіз болуы тиіс. Тәрбиешілердің көмекшіле-рі де мектепке дейінгі орта білі-мі бар мамандар. Педагогикалық ұжымымызды жоғары санат-ты әдіскеріміз Ищанова Роза Телманқызы басқарып келеді.

Page 123: Журнал №19 2015г

123

Елена Семеновна, балабақшада қанша бүл-діршін тәрбиеленуде? Оларға қандай жағдайлар жасалынған?

Биылғы оқу жылында балабақшадағы балалар-дың саны 74-ке жетті. Біз «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стан-дарты» және «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламасымен жұмыс істеп келеміз. Ересек орыс тобында жоғары санатты, іс-тәжірибесі мол пе-дагог Ш.Т.Наурызалина жұмыс істейді. Педагогтың «Мектепке дейінгі балалардың тілін дамытуға арнал-ған ойын және ойын жаттығулары» атты әдістемелік құралы қала балабақшаларында кеңінен қолданылу-да. Өйткені, қазіргі заман талабына сай балалардың тілін, танымдық қабілетін дамытуда өте жоғары рөл атқаратын қажетті құрал болмақ. Ересек қазақ тобын-да жоғары білімді тәрбиеші, балалармен жақсы қарым-қатынас орнатып, тез тіл табыса білетін Г.У.Ұзақбаева жұмыс істейді. Жоғары білімді, тәжірибелі маман А.А.Шаяхметова музыка жетекшісі болғандықтан, балаларға фортепиано, вокал сыныптарын оқытып, актерлік шеберліктерін шыңдау, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында қосымша үйірме жұмысын жүргізеді. Сондай-ақ, ағылшын тілі, қазақ тілі, бейнелеу өнері мұғалімдері, психолог, логопед, хореограф, каратэ мамандары қызмет атқарады. Жал-пы, бүлдіршіндердің ұсақ саусақ бұлшық еттерін да-мыту балабақшаның басты міндеті болып саналады, өйткені бала неғұрлым көп қимыл-қозғалыс жасаса, соғұрлым оның ойлау қабілеті жақсы дамиды. Мектеп-ке дейінгі балалардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыту үшін балабақшада барлық жағдай жасалған, қосымша екі сынып, музыка залы бар. Тәрбиешілер оқу іс-әрекетінде әртүрлі жаңа технологияларды, муль-тимедиялық тақта, дидактикалық материалдар, әдіс-темелік құралдар, қосымша баланың ойлау қабілетін арттыруға арналған дамыту тапсырмалары бар дәп-терлер, «Кюизенер таяқшаларын», және т.б. қолдана-ды.

Әңгіме желісін өзіңізге бұрсақ. Қай өңірдің ту-масысыз?

Мен Өзбекстан Республикасында туылып, бі-лім алдым. Мамандығым инженер-құрылысшы бол-ғандықтан, 1993 жылдан бастап кәсібім бойынша Ақмолада жұмыс жасадым. 1998 жылы Астана қа-ласында «Астория» мейрамханасын, 2000 жылы «Ма-гия» сұлулық салонын және 2012 жылы «Гулливер» балалар бақшасын салып, жұмысын жүргізіп келемін. Менің ойымша, әрбір адам алға қойған мақсатына жету үшін бар күш-жігерін салуы керек. Өмір жолымда-ғы жол көрсетіп, ақылын айтып отыратын ұстазым - анам болды. Оның еңбекқорлығы мен өмірге деген құштарлығы - алға қойған мақсатыма жетуге өз септі-гін тигізді.

СұхбаттасқанМөлдір Құрман

Page 124: Журнал №19 2015г

124

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ – ТӘРБИЕНІҢ ТҮП ҚАЗЫҒЫ

Бүгінгі ұрпақ Егеменді еліміздің болашағы екенін ескерсек, осы балалардан қоғамның тұлғасы болар білімді, тәрбиелі, мәдениетті азаматтар шығады де-ген оймен жас ұрпақтың тәрбиесіне балабақшаның үлесі зор екенін айтпасқа болмайды. Өйткені, әрбір халық ұрпағымен көктеп өркен жаяды, әрбір мемле-кет рухы таза, санасы биік, білімді, білікті ұрпағы-нан қуат алады. Ал, бүгінгі қоғам алдында тұрған жауапты міндет - еңселі еліміздің кірпіші болып қаланатын жас ұрпақты адамгершілік қасиетке оқыту және тәрбиелеу, үлкенді сыйлау, қайырымды қасиеттерін мектепке дейінгі жастағы балалардың

Роза Рақымжанқызы, «Ер-Төстік» балабақша-сының ашылу тарихы туралы оқырмандарымызға таныстыра кетсеңіз.

1991 жылы Ақмола қаласындағы зиялы ұлт өкілде-рінің бастамасымен «Ер-Төстік» тұнғыш балабақшасы өмірге келген болатын. Ұлттық балабақшасының ұжы-мы оқыту тәрбиелеу жұмыстарын сол кезде кеңестік типтік бағдарлама мен әдістемелік нұсқаулар негізінде жүргізе отырып, ұлттық тәрбиеге баса көңіл аударды. Балабақшамызда өткізілетін тақырыптық шаралар мен арнайы оқыту-тәрбиелеу іс-әрекеттері барысында қазіргі мемлекеттік талаптар мен бағдарламалық мазмұнды заман талабына сай игерумен қатар, салт-дәстүрлер, халық ауыз әдебиеттері, халық әндері, аңыз-ертегілері, ұлттық ойындарды пайдалану арқылы балалар бойында халқына деген сүйіспеншілігін оятамыз. Өзінің туған жеріне, өз халқы өмір сүретін ортаға деген сезімдері

тәрбиеленеді, өнерге, іскерлікке бейімделеді, ана тілінде сөйлеу қабілеті қалыптасады.

Қандай мемлекеттік бағдарламаларға сүйеніп

жұмыс атқарасыздар? Атқарылған жұмыстардың нәтижесі мен алдағы жоспарларыңыз туралы айтып өтсеңіз.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Болашағымызды тәр-биелегенде, оларға жастайынан имандылық пен ұлттық қасиеттерді сіңіре білсек, сонда ғана біз ұлттық рухы дамыған, Отанының гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз», - деген болатын. Сондықтан, жас ұрпақты нағыз толыққанды тұлғаға айналдыру үшін ұлттық мәдениеттің бай мұрасы арқылы тәрбие берудің маңызы зор болғандықтан, балабақшада арнайы ұлттық құндылықтарымызды балалардың өз көздерімен көріп, қолдарымен ұстап, шынайы түсініктері қалыптасып,

бойына ұялату болып табылады. Осыған орай, бүлдіршіндердің бойына осындай ізгі қа-сиеттерді сіңіре білу педагог мамандардың білгірлігіне байланысты. Өз міндетін сонау 1991 жылдан бері абыроймен атқарып, күні бүгінге дейін тәуелсіз елімізбен қатарласа көркейіп, тынымсыз еңбек етіп келе жатқан Астана қаласындағы «Ер-Төстік» балабақшасы көпке үлгі бола алады. Абыройлы міндеттерді қалтқысыз атқарып келе жатқан аяулы ұстаз, ұтқыр басшы Рақымжанова Роза Рақымжанқызымен болған сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.

Page 125: Журнал №19 2015г

125

қызығушылықтарының арта түсуі мақсатында шағын мұражай ұйымдастырдық. «Ұлттық құндылықтар негі-зінде баланың жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптас-тыру» тақырыбында 2014-2017 жылдары тәжірибелік алаң ашылып, оны мен және инновация әдіскері Н.Р.Абильдинова басшылыққа алып, балаларды жан-жақты дамыту мәселесіне көңіл аударып келеміз. Осы алаң жұмысына шығармашылық топтың да қосар үлесі мол.

Роза Рақымжанқызы, өзіңіз басшылық етіп отырған балабақшада қанша маман қызмет етеді? Олардың біліктілігі жөнінде не айта аласыз?

Бейнелеу жетекшісі Н.Р.Абильдинова халық өнері-мен таныстыру, сол негізде балаларды бейнелеу өнеріне баулу жұмысында өзінің іскерлігі мен шығармашылығын көрсетіп жүрген мамандардың бірі. «Музыка бейнелеу кешенділігінде тіл түзету әдістемесі» әдістемелік құра-лының авторы. Балабақшаның іргесі қаланғаннан бері жалпы тіл кемістігі бар балаларға арналған логопед топ-тарында логопед маманы Г.С.Байтокова оқыту-тәрбие-леу, түзету жұмыстарын өткізеді. Г.С.Байтокова 2003 жылы «Әсем сөйлеп үйренейік», 2007 жылы «Тіл түзету жұмыстарының дидактикалық материалдары», 2013 жылы «Ғажайып дыбыстар әлемінде» атты әдістемелік құралдардың авторы. Сонымен қатар, сөйлеу тілі кеміс балалармен түзету жұмыстарын логопед Қ.Е.Түсіп жүр-гізеді. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде тиімді инновациялық технологиялық әдістемелерді қолданады. Арнайы мамандардың жұмыстарының арқасында бала-лардың тіл кемістігі түзеліп, жоғары көрсеткіштер көр-сетуде.

Балабақша балаларын жан-жақты дамыту және оқыту-тәрбиелеу жұмыстары мен жүргізіліп жатқан іс-шаралардың өз деңгейінде ұйымдастырылуына бала-

бақша әдіскері М.Б.Бегленбетова ерекше көңіл бөледі. Психолог Ш.А.Сейдакбарова балаларға психологиялық ахуал туғызып, сонымен қатар балабақша қызметкерлері мен ата-аналарға арасында жаттығулар, кеңестер жүр-гізеді.

«Тәрбие - тал бесіктен басталады» деп қазақ атамыз бекер айтпаса керек. Бүлдіршіндердің тәрбие алуына қандай жағдайлар жасалған?

Менің басшылығыммен балабақшамыздың іші-сырты күрделі жөндеуден өтіп, қазіргі заман талабына сай әсемделді. Сыртқы ауладағы ойын алаңдары бала-лардың жас ерекшелігіне сай құрал-жабдықтармен қам-тамасыздандырылып, бассейн қайта жандандырылып, іске қосылды. Оның ішін әсемдеп, талапқа сай болуына шаруашылық меңгерушіміз А.Ж.Тастанбекова өз үле-сін қосты. Балалар мен ата-аналарды жақсы көңіл-күймен келуіне және балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасалды. Үстіміздегі оқу жылында барлық топтарда тақырыптық шаралар мен ойын-сауық кештері ұйымдастырылды. Тәрбиешілерден Ә.С.Сағатбекова «Бүгінгі ұрпақ – ертеңгі ел болашағы», Р.Т.Тлеубергенова «Ана тілім - байлығым», К.Н.Калиакпар «Ана тілім - ғұмырым», З.Төлеубай «Ел ертеңі – бүгіннен басталады» атты тақырыптық шаралар өткізді. Дене тәрбие жетекшілері Ж.Есенғұлова мен Д.Амантайдың «Дені саудың - жаны сау» денсаулық аптасында ата-аналар мен балалар белсенділік танытып, өз үлестерін қосты. Би өнерінің жетекшісі Г.М.Оспанова ұлттық және басқа ұлт өкілдері билерін үйрету арқылы балаларды өнерге бейімдеудегі еңбегін атауға болады.

СұхбаттасқанАқбөпе Әбдрасул

Page 126: Журнал №19 2015г

126

БАЛАБАҚША – ТӘРБИЕ ОШАҒЫТәуелсіз мемлекетіміздің басшысы

Н.Назарбаев: «Өз Отанымыздың па-триоты болу – Қазақстанды жан жүре-гімен сүйе білу», - деген еді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту - үздіксіз білім беру жүйесінің негізі болып табылады, сондай-ақ балалардың күн сайын жа-ңарып отырған заман ағымына ілесе отырып тұлға ретінде қалыптасуы мен дамуына зор ықпал етеді. Ғалымдардың жүргізген көптеген психологиялық-пе-дагогикалық зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша, мектепке де-йінгі жас шамасында балалардың ин-теллектуалдық, тұлғалық, әлеуметтік және эмоциялық жетілуі жақсы да-миды екен. Мектепке дейінгі білімнің уақытылы берілуі әр бала үшін, соны-мен қатар мемлекет үшін де өмірлік маңызы зор. Шынында да, Отан деген ұлы ұғымды ардақтап, егемен елдің ер-

Алтынай Нұрмағамбетқызы, «Көктем» бала-бақшасына осы жылы 77 жыл толады екен. Осы-ған орай, балабақшаның ашылу тарихы мен қалыптасу кезеңі жайлы оқырмандармен бө-ліссеңіз.

Иә, биыл «Көктем» бөбектер бақшасына 77 жыл толуына орай, тарихы мен қазіргі таңда жүргізіліп отырған жұмыстарға тоқтала кетейін. Біздің №6 «Көктем» бөбектер бақшасы Астана қаласындағы Қарасай батыр көшесінде орналасқан. 1937 жылдың қыркүйек айында Темір жол вокзалы ауданында – Омбы темір жол ведомствасында балалар бақшасы пайдалануға берілді. Сол жылдың 23 тамыз күні №39 Целиноград бекеті деп аталып, 2000 жылы 7 шілде күні «Қазақ темір жолы» РМК №39 «Веснянка» бөбектер бақшасы Астана қаласы Білім департаментінің қа-рамағына берілді. Астана қаласы әкімінің 15.09.2008

жылғы № 22 – 1072 бұйрығымен №39 «Веснянка» бөбектер бақшасы №6 «Көктем» бөбектер бақшасы ГКҚК болып өзгертілді.

Балабақшаңызда қанша маман қызмет етеді?

Олардың біліктілігі жөнінде не айта аласыз?Біздің ұжым тұрақты, жұмысқа қабілетті, ынталы

14 педагогтан тұрады, соның ішінде 4 маман жоғары санатты. Бұл мамандардың мектепке дейінгі заманауи білім беруіне барлық жағдайлар жасалынған. Бала-бақша «Біз мектепке барамыз» атты мектепке дейінгі жастан жоғары балаларды тәрбиелеуге және оқытуға арналған бағдарлама бойынша жұмыс жасайды. Ал, мектепке дейінгі жастан кіші балаларға арналған «Зерек бала», «Алғашқы қадам» атты бағдарламалар жүргізілуде. Әрине, әрбір балабақшаның жұмысы тә-жірибелі тәрбиелеушілерге тікелей байланысты. Осы

теңіне ие болатын - бүлдіршіндеріміз. Ал, осы балдырғандарға білім беріп, тәрбие беру тәрбиешілер қауымына жүктелген. Осыған орай, жас ұрпақ бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп, Отанға деген сүйіспеншілікті дарытып қана қоймай, ерен еңбегінің арқасында бүлдіршіндерге өмірдің қыр-сырын танытып, ұзақ жылдар бойы «Көктем» балабақшасына жетекшіліп етіп келе жатқан Құсаинова Алтынай Нұрмағамбетқызымен сұхбаттасқан болатынбыз. Ендеше, балабақша-ның бүгінгі жай-күйімен таныса отырыңыздар!

Page 127: Журнал №19 2015г

127

орайда, 20-30 жылдық жұмыс өтілі бар мамандарды айта кетпесек болмас. Балалардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып жүрген тәрбиелеушілері-міз: Жамалиева Кенжетай Сағындыққызы, Ысқақова Қымбат Нұрмұқанқызы, Горемычкина Светлана Николаевна, Лапина Марина Ивановна, Стрелец Анна Васильевна, Кирилюк Валентина Алексеевна, Козятинская Марина Николаевна. Мемлекеттік тілде оқытатын топ ашылып, Жұмабаева Бибінұр Жүсіпалиқызы, Шаукерова Эльмира Әсетқызы, Таласпаева Ильмира Қыпшабекқызы, Тойжанова Маржан Нұрмұқанқызы сынды жас мамандарымыз кәсіби деңгейлерін көтеруде.

Алтынай Нұрмағамбетқызы, атқарылған жұ-мыстардың нәтижесі мен алдағы жоспарлары-ңызбен бөлісе отырсаңыз.

Балабақшамыздың тәрбиелеушілері мен тәр-биеленушілері қалалық іс-шараларға белсене ат са-лысып жүр. Біздің балабақшамыздың тәрбиеленушісі Аджатян Эмилия «Сиқырлы күз» байқауына қатысып екінші орынды иеленді – тәрбиелеушісі Лапина Марина Ивановна, Филимова Виктория үшінші орын алды – тәрбиелеушісі Кирилюк Валентина Алексеев-на, тәрбиелеушісі Рамазан Салтанат Теміртасқызы мен Шаукерова Эльмира Әсетқызы болған Көшербай Еркебұлан ерекше өнер көрсеткені үшін мақтау қа-ғазымен марапатталды.

Еліміздің ертеңіне айналар жастардың тәлім-тәрбиесіне қаншалықты көңіл бөлінуде?

2014 жылдың 26 қараша күні балабақшаның әдістеме негізінде педагогтарды тексеруден өткізу бойынша әдістеме күні ұйымдастырылған болатын. «Өрлеу» Біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» акционерлік қоғамынан» Боранбаева Лейла Қайырбекқызы, Білім басқармасының мектепке де-йінгі бөлімінің бас маманы Жылхайдарова Әсел Қайратқызы, Білім басқармасының әдіскері Ахметжанова Гүлнара Ғабдушқызы арнайы шақы-

рылды. Ұйымдастырылған іс-шарада жоғары санатты тәрбиеші Жамалиева Кенжетай Сағындыққызы «Еліміздің ертеңі - бүгінгі жас ұрпақ» атты тақырып-та оқыту қызметін кәсіби түрде жүргізіп шықты. Бірінші санатты маманымыз Ысқақова Қымбат Нұрмұқанқызы «Сиқырлы күз» сабағын жоғары дә-режеде өткізіп, бөбектердің шығармашылық ынтасын оята білді. Таласпаева Ильмира Қыпшабекқызы жа-ңадан бастап жүрген спорт нұсқаушысы болса да, өз ісінің шебер маманы екенін дәлелдеп жүр. «Қазақстан Республикасының Тілдер туралы» Заңын іске асыру аясында балабақшадағы орыс тілді топтарда мем-лекеттік тілді үйрету мақсатында балалармен қа-тар, ата-аналардың да тілдік қорын арттыру үшін ақпараттық мұқаба даярланған. Барлық мерекелік жиындарда балалар үш тілде өлеңдер айтып, ән шырқайды, қуыршақтармен театрлық қойылымдар қояды. Рамазан Салтанат Теміртасқызы үздік педагог-психолог мамандардың бірі болғандықтан, әр бала-ның жан-дүниесін жіті зерттеп, тілін таба біледі.

Ендігі кезекте сұхбатымыздың желісін өзіңізге қарай бұрсақ. Еңбек жолыңыздың қалыптасу кезеңдері қандай болды?

Қарағанды мемлекеттік университетін филология факультеті бойынша тәмамдадым. Жалпы жұмыс өтілімім 22 жыл болса, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандарты-ның аясында жаңа бағдарламалар мен үдемелі технологиялар негізінде еңбек етіп келемін. Еңбек жолымда барлық іске жауапкершілікпен қарап, өз мамандығыма деген сүйіспеншілікті арттыра білген үлгі тұтар тұлғам деп Айжан Уахитқызын айтар едім.

Балалардың өміріне қызығушылық танытып, көптеген мерекелік іс-шараларымызға қатысып, қол-дау көрсетіп жүрген азаматтарға алғысымыз шексіз!

СұхбаттасқанСая Есимова

Page 128: Журнал №19 2015г

128

«БАЛАЛАР – БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ»Егеменді еліміздің қарқынды даму сая-

сатының негізінде қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізіліп, жаңа талаптар қойылып отыр. Соның ішінде болашақ ұрпаққа әлемдік негіздегі сапалы білім беру мақсатына орай ҚР білім беру жүйесіне жаңаша көзқараспен қарау міндет болып табылады. Нарық за-маны білім саласына білім мекемелері мен ұстаздарға үлкен міндеттер қоюда. Бүгінгі таңдағы ұстаздардың міндеті – сапалы бі-лім мен саналы білім беру. Заман талабы-на сай білімді де білікті бүлдіршіндерді тәрбиелеп келе жатқан Астана қаласын-дағы «Ақ көгершін» балабақшасы бүгінгі әңгімемізге арқау болып отыр. Жас ұр-пақтың бойына білім мен ізгілік нұрын сеуіп, тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын өркендету жолында аянбай еңбек етіп ке-ле жатқан Сабиева Ұлжан Әбенқызымен біздің редакция ұжымы да сұхбаттасқан болатын. Ендеше, балабақша өмірі жайлы оқып, ой түйе отырыңыздар!

Ұлжан Әбенқызы, өзіңіз бас-шылық етіп отырған «Ақ көгер-шін» балабақшасы қашан бой көтерді?

Астана қаласы, Алматы ауда-нында 2010 жылы бой көтерген 175 орындық «Ақ көгершін» бала-бақшасы бүгінде бақытты бүлдір-шіндердің алаңсыз ойнап, тәрбие білім алатын сүйікті мекеніне ай-налды. Мұнда балалардың жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалған. Балабақшамызда жүргі-зілетін оқу-тәрбие жұмысының бағыты «Балбөбек», «Үш тұғырлы білім беру» бағдарламасы бойын-ша жұмыс жасауда. Тәрбие меке-месінде 1 бөбектер, 1 сабилер, 2 естияр, 1 ересектер, 2 даярлық то-бы бар. Сондай-ақ балабақша жа-нында шағын орталық жұмыс жа-сайды.Онда 4 білікті тәрбиеші қыз-

мет атқаруда. Шағын орталықта 2 ересек және 2 даярлық топ жұмыс жасайды.

Ұлжан Әбенқызы, мекеме-ңізде қанша маман қызмет етеді? Олардың біліктілігі жөнінде не айта аласыз?

Балабақшада 14 тәрбиеші жә-не өзін-өзі тану, бейнелеу, дене тәр-биесі, ағылшын тілі пәндерінің мұ-ғалімдері, психолог, ән саз жетек-шісі қызмет етеді. Жеке тұлғаның рухани адамгершілігінің дамыту бағытында жүргізіліп отырған жұ-мысымыздағы басты мақсатымыз - балаларға адамгершілік, рухани тәрбие беру арқылы құнды қасиет-терге баулу, білімді, тәрбиелі, жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу. Ол үшін алдымызға мынандай мін-деттер қойып отырмыз:

1. Баланың өзін-өзі ұстау дағ-дылары мен қарым-қатынас мәде-ниетінің тұрақтылығын қалыптас-тыру.

2. Баланың бойына инабатты-лық, ізгілік, қайырымдылық, мейі-рімділік, адалдық, әдептілік, иман-дылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне деген сенімділікті арттыру.

3. Жеке тұлғаны қалыптасты-руда өз халқының мәдениетін, әде-биетін, тілін, салт-дәстүрін біліп, оны қастерлеуге тәрбиелеу.

«Ақ көгершін» балабақшасы құрылғанына көп болмаса да, көптеген шыңдарды бағынды-рып үлгеріпсіздер. Жеткен жетіс-тіктеріңізге тоқтала кетсеңіз.

2013-2014 оқу жылында бақ-шамыздан 60 баланы, ал шағын

Page 129: Журнал №19 2015г

129

орталығымыздан 70 баланы мек-тепке шығарып салдық. Балабақ-шамыз аудан, қалалық, республи-калық көлемінде өткізілетін бай-қаулараға белсене қатысады. Атап айтар болсақ балабақшамыз 2010 жылы VI ашық қалалық «Балбөбек» балалар шығармашылық қалалық байқауының диплом иегері, 2011 жылы Қазақстан Республикасы-ның Тәуелсіздігінің 20 жылдығы-на орай балабақшалар арасында өткен «Мемлекеттік тілде іс жүргі-зуші үздік мекеме» атты қалалық байқауда III дәрежелі дипломды иеленді. 2011 жылы жол ережесін насихаттауға бағытталған қалалық «Брейн ринг» сайысында I орын-мен марапатталды, 2012 жылы VI қалалық «Жұлдызды жол» олим-пиадасының II дәрежелі диплом иегері, 2013 жылы жоғары санат-

ты білікті тәрбиешіміз Тасқараева Ләззат Сәрсенбайқызы қалалық деңгейде өткен «Дидактика ойын-дары арқылы балалардың тілін дамыту» атты шығармашылық тақырыбын қорғауда I орынды иеленді және 2013 жылы қалалық тамыз конференциясында екінші санатты тәрбиешіміз Хамитова Шұға Темірғалиқызы «Алғыс хат» иегері атанды. Балабақшамызда-ғы жетістіктер мектепке дейінгі бі-лім беру саласындағы тәжірибелі мамандардың еңбегінің жемісі деп білеміз.

Ұлжан Әбенқызы, бүлдір-шіндерге қандай жағдайлар жа-салынған?

Балабақшамыз ата-аналармен бірлесе жұмыс жасауды әрдайым басты назарда ұстайды. Балалар-

дың мезгілімен тамақтану жүйе-сі талапқа сай жүргізіледі және балалар денсаулығын медбике Оразалина Салтанат Теміртайқы-зы үнемі бақылап отырады. Білім мен тәрбие саласына жұмсалатын қаржы мемлекет тарапынан қарас-тырылған. Бала тәрбиесіне сай әдістемелік көрнекіліктер алына-ды және өзін-өзі тану, психология кабинеттері жабдықталған. Тәжі-рибиелі әдіскерлер бастаған ұжым және білімді тәрбиешілер қызмет ететін балабақшамыз болашақ ұрпағымызға білімді, тәрбиелі болып өсуі жолында бар мүмкін-діктерін аямайтынына толық се-німдімін.

СұхбаттасқанЛәйлә Нығматуллина

Page 130: Журнал №19 2015г

130

«БАҚЫТ» - БАЛҒЫНДАРДЫҢ БАЛ МЕКЕНІ

Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріліп, адамгершіліктің алғашқы сатыларын қалыптастырудың қайнар көзі - мектепке дейінгі кезең екендігі ақиқат. Осыған орай, бүгінгі біздің кейіпкеріміз Омарова Дина Смайылқызы басқарып отырған Астана қаласындағы «Бақыт» бөбекжай-балабақшасы қашанда ата-ана көңілінен шығып, қазақстандық ұрпақ тәрбиелеуде үздік балабақшалар қатарынан көрініп жүргендіктен, сұхбат алуды жөн сана-дық. Балабақшадағы ұйымдастырылған жұмыстардың сапалы әpi жоғары талап-талғаммен жүргізілетіні - білікті басшының білгірлігінің дәлелі.

Білім жүйесіндегі сауатты әрі ұзақ жылғы адал еңбегі үшін «Шапағат», «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл», ЮНЕСКО «The Torch Bear-er Award» медалдарымен, «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі», «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгілерімен, сондай-ақ «Білім саласындағы ерекше еңбегі үшін» ҚР Білім және ғылым министрлігінің мақтау қағаздарымен марапатталған ардақты ұстаз «Нұр Болашақ» мектепке дейінгі ұйымдар одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің құрылтайшысы, «Бақыт» ЖШС балалар бақшасының құрылтай-шысы лауазымдарын атқарып келеді. Ендеше, Дина Смайылқызымен болған сұх-батты назарларыңызға ұсынамыз, оқи отырыңыздар!

Page 131: Журнал №19 2015г

131

Дина Смайылқызы, «Бақыт» балалар бақша-сының шығу тарихына тоқтала кетсеңіз.

«Бақыт» ЖШС балалар бақшасы 2008 жылдың сәуір айында құрылып, қазіргі таңда бүлдіршіндерге өнегелі тәрбие беріп келеді. Мемлекеттік маңызды «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқыту-мен қамтамасыз ету» жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасының міндеттерін жүзеге асыруға қомақты үлесімізді қосудамыз. Астана қаласындағы жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар желісі – «Бақыт» балабақшасында қазіргі уақытта 420 бүлдіршінді мектепке дейінгі тәрбие-мен қамтамасыз етуге жағдай жасап отырмыз. 2013-2014 оқу жылдарында балабақшамыздағы балалар 8 топқа бөлініп, қазақ және орыс тілдерінде тәрбиеленуде.

Қандай мемлекеттік бағдарламаларға сүйеніп жұмыс атқарасыздар?

Балабақшамыз «Зерек бала», «Балбөбек», «Біз мектепке барамыз», «Алғашқы қадам» деген бағдарламалар бойынша жұмыс жасауда. Балабақ-шада бүгінде барлық жағдай жасалған. Тазалық пен тамақ мәзіріне мән беріліп, балалардың сау-саламат-ты болуын қырағы қадағалаймыз. Ұлттық тәрбие беру де шет қалмаған. Арнайы этно-педагогикалық кабинет жабдықталып, онда балалар қазақтың салт-дәстүрлері, құрал-саймандары, ас-ауқаттары туралы мағлұмат aлады. Рухани тәрбиемен сусындайды. Тәрбиешілігінің біліктілігі үнемі жетілдіріп, түрлі шараларға белсенді қатыстырылады. Сондай-ақ, ва-леологиялық білім негізінде балалардың салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулығын басты назарға алуын қадағалаймыз. Бүлдіршіндердің экологиялық мәдениетін арттырып, өлі және тірі табиғатқа де-ген сүйіспеншілігін арттырып, Отансүйгіштік және патриоттық сезімін ояту – басты міндетіміз.

Балабақшада қызмет атқаратын мамандар туралы айта кетсеңіз.

Балабақша табалдырығын аттаған бүлдіршінге мектепке қанат қаққанға дейінгі аралықта білім, тәр-бие беру жұмысы балабақша тәрбиешілеріне үлкен жауапкершіліктер жүктейді. Осы міндетті орындау үшін өзіміз еңбек етіп жүрген балабақшаның әрда-йым биіктен көрініп, тәрбие мен білім саласында жетістікке жетуі үшін алдымен тәрбиешілеріміз бел-сенді, жан-жақты, иман жүзді, мейірімді болуы ке-ректігі күн тәртібінен түскен емес. Балабақшамызда қызмет атқаратын мамандарымыздың барлығы дер-лік жоғары білімді, білікті педагогтар. Айта кететін болсақ, тәрбиешілер, әдіскер, музыкалық жетекші, логопед, жүзу үйрететін маман, психолог, хореограф, ағылшын және қазақ тілі мамандары жұмыс атқа-рады.

Қай өңірдің тумасысыз? Еңбек жолыңыз қа-лай өрбіді?

Мен 1952 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Леңгір қаласында дүниеге келдім. Шымкент мем-лекеттік педагогикалық институтын «Математика» мамандығы бойынша тәмамдадым. Білім беру жүйесіндегі 40 жылдық жұмыс өтілімім ең алғаш рет бұрынғы Жамбыл қаласындағы №27 орта мек-тепте математика пәнінің мұғалімі ретінде бас-талған болатын. Финляндия, Белорусия, Жапония, Кипр Республикасының мектепке дейінгі тәрбие саласындағы жұмыс бағыттарымен танысып, бала-ны ерте шақтан тәрбиелеу мәселелері бойынша Рига, Мәскеу қалаларында өткізілген халықаралық конференция жұмыстарына қатысып келіп, көрген-түйгендерім жайлы әріптестеріммен бөлісіп отыр-дым. Мамандығыма деген сүйіспеншілігімнің арқа-сында Жамбыл, Санкт-Петербор, Алматы, Астана қалаларында балабақша меңгерушісі болып қызмет атқардым.

СұхбаттасқанАқбөпе Әбдрасул

Page 132: Журнал №19 2015г

132

«МЕНІҢ МАҚСАТЫМ – БАЛА ЖҮРЕГІНІҢ ДҮРСІЛІН СЕЗІНУ»

Мағжан Жұмабаев өзінің ұлағатты бір сөзінде былай деген болатын: «Ба-ланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығармай, келешек заман ағымына лайық қылып шығару керек». Ел болашағы жастардың қолында дейтін болсақ, оларды кемелді келешекке же-телеу жолында бар мүмкіндіктерді пайдаланып, ұстаздар қауымының, со-ның ішінде балабақша тәрбиешілерінің қосып отырған үлесі елеулі. Бүгінгі таңда өз міндетін абыроймен атқарып, әр бүлдіршіннің бос уақытын тиімді

Балауса Төлеуғалиқызы, «Самал» санаторлық балабақ-шасының бүгінгі таңдағы жұ-мыс нәтижесі туралы айта отыр-саңыз.

Балабақшамыз туралы тоқ-талып өтсем, №46 «Самал» сана-торлық балабақшасы балалардың белгілі диагнозымен келетіндік-тен, санаторлық деп аталады. Осы тақырыптың негізі ретінде 2013 жылдың маусым айында бел-сенді ұжымнын ұйымдасуымен, санаторлық балабақша үшін өте қажет қылқан жапырақты ағаштар отырғызылған «Астана самалы» саябағы ашылды. Саябақта жасан-ды бассейн, асфальтті жол, массаж-ды құмды жол салынып, шырша, қарағай, қара ағаштар отырғы-зылды. Сондай-ақ балабақшамыз қымыз терапиясымен де жұмыс жасайды. Қазіргі кезде қымыз бен шұбаттың көптеген ауруларды ем-

деп иммунитетті күшейтетіні анық-талған. Баланың жақсы болуы, біздің айтқан сөзімізде ғана емес, көрсеткен көркем үлгімізде екені белгілі. Біздің балабақшамызда «Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған компьютерлік ойындар» жасалынып, жұмыс нұсқасындағы дискілер жарық көріп, бүгінгі таңда қолданыс үстінде.

Жеткен жетістіктеріңіз жай-лы оқырмандармен бөліссеңіз.

Балабақша өмірінде айтулы іс-шаралар ғана емес, түрлі дең-гейдегі үздіксіз бірлескен жұ-мыстар да атқарылып отырады. Атап айтсақ: «Нұр Отан» халық-тық демократиялық партиясының жұмысының орындалуына үлесін қосқаны үшін 2014 жылдың 18 желтоқсанында балабақшамыз «Алғыс хатпен» марапатталды. «Ауған соғысы ардагерлері және

өткізуін қамтамасыз етіп, олардың қабілеттерін шыңдай түсуде зор үлесін қосып жүрген жандардың бірі деп Қайырғалиева Балауса Төлеуғалиқызын айта аламыз. Өз мамандығының жанашыры ретінде №46 «Самал» санаторлық балабақшасы-ның көркейіп, өсіп-өнуіне қосып отырған үлесімен қатар, бүгінгі күннің талабы бойынша сапалы білім деңгейін де көтеріп жүргендіктен Балауса Төлеуғалиқызы-мен сұхбаттасуды жөн санадық. Ендеше, ерекше әсер қалдырар балабақша жайлы Сіздерде біле отырыңыздар!

Page 133: Журнал №19 2015г

133

мүгедектері» қоғамдастығы, жас ұрпақтың бойында Отанға деген патриоттық сезiмдi қалыптастыруда үлкен рөлге ие. Осы қоғаммен тығыз қарым-қатынас жасай отырып, жыл сайын 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік шеру ұйымдастырылады. Ауған соғысы ардагерлерінің бірі Бағлан Солтанұлының біздің балабақшамызда мемлекеттік қызметкер ретінде, иық тіресіп қатар жұмыс жасайтынын мақтанышпен айта аламын.

Балауса Төлеуғалиқызы, өзіңіз басшылық етіп отырған балабақша мамандарының біліктілігі жө-нінде не айта аласыз?

Біздің міндетіміз – баланың дарыны мен қабілетін ашып, оның дамуына көмектесу. Біздің балабақшада қызмет атқаратын мамандарымыздың барлығы дерлік жоғары білімді және білікті ұстаздар. Түрлі деңгейдегі іс-шараларға қатысып, мақтанышымызға айналып отыр. Айта кететін болсақ, әдіскеріміз Ә.М. Мұхаметжанова «Ең зияткер педагог-2014» атты халықаралық конкурс-қа қатысып, екінші дәрежелі дипломмен марапаталды. Сондай-ақ балабақшамыз, ҚР Тәуелсіздік күніне ар-налып «Жас ұрпақ» орталығының ұйымдастыруымен өткен «Ең үздік балабақша - 2014» атты конкурсы-на қатысып, ІІ орынды иелендік. «Бүлдіршіндерге мұра» байқауына қатысқаны үшін А.Сапиева ерекше дипломмен марапатталды. Астана қаласындағы «Тәлімі мол тәрбиеші ұстаз» атты республикалық сайысында І орынға ие болған Т.Тоғызбаева, Б.Демеубаева, ІІІ орынға ие болған тәрбиешілер Г.Алиева, А.Қожабекова, М.Амиргазина дипломмен марапатталып, ұстаз деген ұлы атқа лайық екендерін дәлелдеп жүр.

Тұғырлы Тәуелсіздігімізді жас ұрпаққа наси-хаттау барысында қандай іс-шаралар өткізілуде?

Балалардың патриоттық сезімін ояту мақсатында «Тәуелсіздік - тірегім» атты мерекелік іс-шара өткізіп, қонақ ретінде танымал ақын, «Шабыт» фестивалінің лауреаты, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері Қалқаман Сарин қатысты. Ақынның қай тақы-рыпта жазған өлеңі болмасын, оқырман жүрегіне жылу беретін, ерекше күйге бөлейтін тамаша туындылар екені бәріне мәлім. Осындай шабытпен «Тәуелсіздік» атты өлең жолдарын көрермендер мен тәрбиешілерге тарту етті. Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы Алматы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Төлешов, ҚР Тәуелсіздік күнімен құттықтап, Елордамыздың көр-кеюіне және партия жұмысының орындалуына үлес қосқанымыз үшін, ұжым басшысы ретінде өзіме және әдіскеріміз Әсел Мүбаракқызына, тәрбиеші Жадыра Қауатайқызына Нұр Отан партиясының атынан «Алғыс хат» табысталып, еліміздің дамуына әрі қарай үлес қосу үшін күш-қуат тілеп, ыстық ықыласын білдірген болатын.

СұхбаттасқанСая Есимова

Page 134: Журнал №19 2015г

134

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ НЕГІЗІ ҚАЛЫПТАСҚАН – ХАНДЫҚ ДӘУІР

Ұлттық аталымы қазақ деп аталатын халқымыздың жүріп өткен жолында бұрқасындай борандатқан ызғарлы күндер мен сабырсыз сары аяздай халқымыздың басына төніп, өңменіңнен өтердей болған қатерлі күндер де өте шықты. Бастысы түп түгел тамырымызбен жойылып кеткен жоқпыз, ұлтты жалғайтын ұрпақтың көзі аман. Ғасыр көшіне амандықпен жетіп, адалдықпен тіршілікті жалғап, қазақ есімінің дін аман жер дүниеде жүргеніне шүкіршіліктен басқа айтарым жоқ. Жалпы қазақ дейтін халықтың ұлттық сипаттағы мемлекеттік негізде қалыптасуы хандық дәуірден бастау алғаны баршамызға аян. Хандық дәуірдің құрылғанына биыл аттай 550 жыл толады екен. Тәуелсіздікке қол жеткізе алған бүгінгі күнгі уақыт шеңберіне ұлтымыздың хандық кезеңінің тигізген жалпы үлес салмағы орасан зор. Қазақ хандығының негізін қалаған Керей мен Жәнібек хандардан бастап барлық хандардың есімі тарих беттерінде алтын әріппен жазылып қалғаны ақиқат. Ұлттың жалпы егеменді елдік негізін қалау бұл нағыз ерлікке пара-пар дүние. Бұл атаулы мерейтой баршамызға ортақ той болмақ. Халықтың патриоттық сезімін оятуда ерекше әсер беретін аталмыш мерейтойдың аталып өтілуінен бастап, ұғымының тереңділігі шын мәнінде айрықша. Рухани өмірімізге жаңаша серпін беретін қазақ ұлтының өмір жолындағы айрықша кезеңі болған дүбірлі тойды лайықты тойлау бәрімізге міндет.

Жалпы айтқанда, жер бетіндегі қандай да бір халықтың тілегі мемлекетінің дербестігі екендігі белгілі. Ата-бабаларымыз бүгінгі ұрпағына мирас етіп, аманатқа беріп кеткен, «найзаның ұшы, білектің күшімен» қорғаған байтақ даланы одан әрі өркендетіп, мемлекеттіліктің негізін сақтап, «Мәңгілік ел» болуға жазсын деп тілеймін. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауында ерекше атап өткеніндей, мемлекетіміздің әрбір мүшесі тәуелсіз еліміздің баянды ғұмыр кешуіне ат салысуы қажет. Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толған мерейтойымен қазақ елін шын жүрегіммен құттықтаймын! Керей мен Жәнібек негізін салған еліміздің әл-ауқаты жоғары, өзге елдермен терезесі тең, іргелі мемлекет болып қала берсін демекпін.

Белбота Ардақ АлмасбекұлыФилолог, Редакция алқасының мүшесі

Page 135: Журнал №19 2015г

1983 жылы 30 сәуірде дүниеге келген. Майор, ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің әскери-әуе күштері 21140-К әскери бөлімінің байланыс торабы бастығының орынбасары Қызығушылығы - бассейнде жүзу, футбол.

Мендекеев Ринат Сейтжанұлы

Page 136: Журнал №19 2015г

Аға лейтенант, ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің энергетикамен қамтамасыз ету бөлімшесінің бастығы.Респуликалық Жас Ұлан мектебінің 2006 жылғы түлегі.Ресей Федерациясының Әуе Ғарыштық Әскери Академиясының 2011 жылғы түлегі.19 қазанда 1988 жылы туған.Хоббиі - спорт, кітап оқуЖеңіл атлетикамен айналысады.

Жакеев Жаслан Маратұлы