Аңыз бойынша (3).docx

7
Аңыз бойынша, анасы Қорқытты құрсағында үш жыл бойы көтеріп жүріпті. Жылына бір рет толғақ қысып отырады екен. Қорқыт дүниеге келер алдында әлемді үш күн, үш түн бойы көзге түртсе көргісіз қараңғылық басады. Сұрапыл қара дауыл соғып, ел-жұртты қорқыныш сезімі билеген. Осыған орай баланың атын “Қорқыт” деп қойған дейді. “Қорқыт” сөзінің этимол-сын Ә.Қоңыратбаев “құтты адам, құт әкелетін адам” деп көрсетсе, С.Қасқабасов “өмір сарқылды, адам өлді” деген мағынаны білдіреді деп санайды. Е.Тұрсынов түркі халықтарының фольклорына сүйене отырып, “дада, деде” деген сөздерді “насихат айтушы жырау” деп түсіндіреді. В.Жирмунский Қорқыт Атаны магиялық аспап – қобыздың иесі, шаман, абыз ретінде қарастырады. Қорқыт атаның тарихи тұлға екенін растайтын жазба ескерткіш – “Қорқыт Ата кітабы” (“Китаби дәдәм Корқуд”). Онда Қорқыт Ата жырау, ақылгөй, данышпан, көсем, бақсы,күйші ретінде көрінеді. Кітаптың басында Қорқыт атаның нақыл сөздері келтіріледі. Ол “өмір барда өлім бар, өзгеру бар, өлмес өмір жоқ, сынбас темір жоқ, бәрі де өледі, өзгереді, ұмыт болады, тек мәңгі-бақи өлмейтін, ұмытылмайтын нәрсе – адамның өмірінде істеген игілікті ісінің нәтижесі” дейді. Қорқыт Ата жөніндегі аңыздарда түркі халықтарының өмір мен өлім мәселесі туралы көзқарастары көрініс тапқан. Аңыз бойынша, Қорқыт Ата ұйықтап кетіп, “егер өлімді есіңе алмасаң, мәңгі өмір сүресің” деген аян естиді. Біраз уақыт өткен соң бір баспақты қуып жүріп, жете алмағасын, “Өлсем де, жетемін!” дейді. Соны айтуы мұң екен, Әзірейіл келіп, “Сен өлімді еске алдың, енді өлесің!” дейді. Аңызда Қорқыт Ата өзінің жүйрік желмаясына мініп, халқы бақытты өмір сүретін жерұйықты іздеуші, ғұмыр бойы өлімге қарсы күресуші жан ретінде суреттеледі. Ел-жұртты өзінің жырымен де, күйімен де аузына қаратқан, ғұмырының соңында бірлігі ыдырай бастаған жұртының алауыздығына күйінген Қорқыт Ата мәңгілік өмір сырын іздеп дүниенің төрт бұрышын кезіп кетеді. Бірақ қайда барса да, алдынан көр қазып жатқан адамдарды жолықтырады. “Кімнің көрі?” деген сауалына “Қорқыттың көрі” деген жауап естиді. “Қайда барсаң да Қорқыттың көрі” деген сөз осыдан қалған. Ақыр аяғында жер кіндігін тапсаң, тірі қаласың деген аян естіп, туған жері Сыр өңіріне оралады. Содан мәңгі өмір тек өнерде деген ойға келіп, қобыз аспабын ойлап шығарады. Тағы бір аңыз бойынша, өзен ортасына кілем жайып, үстінде отырып қобыз тартқанда, күй күшімен суға батпайды екен. Қорқыт Ата қобыз тартқан жылдары өлім болмаған, тек бақытты тіршілік болған дейді. Бірақ Қорқыт Ата шаршап, ұйықтап кеткен сәтінде судан кішкентай қайрақ жылан шығып, оны шағып өлтіріпті дейді. Аңызда ажал ашық келмей, жылан кейпінде келеді. Бұдан халықтың өлімге деген көзқарасын, “ажал айтып келмейді” деген филос. тұжырымның негізін көреміз. Қорқыт Ата туралы аңыздарда кездесетін үлкен философиялық мәселе – уақыт пен кеңістік мәселесі. Бұл аңыздарда Қорқыт Ата өлімнен қашып, бүкіл ғарышты аралайды. Түсінен шошынған ол ажалдан құтылу үшін ертеңіне дүниенің екінші шетіне көшіп кетеді. Мұнда ол баяғы түсті тағы көреді. Таң атысымен тағы да жолға шығады. Не істерін білмей, жердің ортасына бармақ болады. Жер ортасы Сырдың жағасы, қазіргі Қорқыт моласы тұрған тұс екен. М.Әуезов: “ажалды тоқтату мүмкін еместігін мойындағысы келмеген Қорқыт Ата жұрттан безіп, айдалаға, табиғат аясына кетеді, бірақ таулар да, жазықтар да, ормандар да оған өлім күтіп тұрғанын айтады. Содан қорқып, шырғайдан алғашқы қобызды жасап, жер бетінде бірінші болып күй тартады. Сөйтіп өлмеудің амалын өнерден табады”, – деп жазады. Қазақ аңызындағы Қорқыт Ата бейнесі енді өлімнен қашқан шаман емес, керісінше, өмір үшін күрескен, өлімнен құтылуды қандай бір құдіретті күштен емес, өнерден іздеген, ажалмен айқасқан алып рухани тұлға болып

Upload: rebecca-lee

Post on 29-Dec-2015

173 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: Аңыз бойынша (3).docx

Аңыз бойынша, анасы Қорқытты құрсағында үш жыл бойы көтеріп жүріпті. Жылына бір рет толғақ қысып отырады

екен. Қорқыт дүниеге келер алдында әлемді үш күн, үш түн бойы көзге түртсе көргісіз қараңғылық басады. Сұрапыл

қара дауыл соғып, ел-жұртты қорқыныш сезімі билеген. Осыған орай баланың атын “Қорқыт” деп қойған дейді.

“Қорқыт” сөзінің этимол-сын Ә.Қоңыратбаев “құтты адам, құт әкелетін адам” деп көрсетсе, С.Қасқабасов “өмір

сарқылды, адам өлді” деген мағынаны білдіреді деп санайды. Е.Тұрсынов түркі халықтарының фольклорына

сүйене отырып, “дада, деде” деген сөздерді “насихат айтушы жырау” деп түсіндіреді. В.Жирмунский Қорқыт Атаны

магиялық аспап – қобыздың иесі, шаман, абыз ретінде қарастырады. Қорқыт атаның тарихи тұлға екенін растайтын

жазба ескерткіш – “Қорқыт Ата кітабы” (“Китаби дәдәм Корқуд”). Онда Қорқыт

Ата жырау, ақылгөй, данышпан, көсем, бақсы,күйші ретінде көрінеді. Кітаптың басында Қорқыт атаның нақыл

сөздері келтіріледі. Ол “өмір барда өлім бар, өзгеру бар, өлмес өмір жоқ, сынбас темір жоқ, бәрі де өледі, өзгереді,

ұмыт болады, тек мәңгі-бақи өлмейтін, ұмытылмайтын нәрсе – адамның өмірінде істеген игілікті ісінің нәтижесі”

дейді. Қорқыт Ата жөніндегі аңыздарда түркі халықтарының өмір мен өлім мәселесі туралы көзқарастары көрініс

тапқан. Аңыз бойынша, Қорқыт Ата ұйықтап кетіп, “егер өлімді есіңе алмасаң, мәңгі өмір сүресің” деген аян естиді.

Біраз уақыт өткен соң бір баспақты қуып жүріп, жете алмағасын, “Өлсем де, жетемін!” дейді. Соны айтуы мұң

екен, Әзірейіл келіп, “Сен өлімді еске алдың, енді өлесің!” дейді. Аңызда Қорқыт Ата өзінің жүйрік желмаясына

мініп, халқы бақытты өмір сүретін жерұйықты іздеуші, ғұмыр бойы өлімге қарсы күресуші жан ретінде суреттеледі.

Ел-жұртты өзінің жырымен де, күйімен де аузына қаратқан, ғұмырының соңында бірлігі ыдырай бастаған

жұртының алауыздығына күйінген Қорқыт Ата мәңгілік өмір сырын іздеп дүниенің төрт бұрышын кезіп кетеді. Бірақ

қайда барса да, алдынан көр қазып жатқан адамдарды жолықтырады. “Кімнің көрі?” деген сауалына “Қорқыттың

көрі” деген жауап естиді. “Қайда барсаң да Қорқыттың көрі” деген сөз осыдан қалған. Ақыр аяғында жер кіндігін

тапсаң, тірі қаласың деген аян естіп, туған жері – Сыр өңіріне оралады. Содан мәңгі өмір тек өнерде деген ойға

келіп, қобыз аспабын ойлап шығарады. Тағы бір аңыз бойынша, өзен ортасына кілем жайып, үстінде отырып қобыз

тартқанда, күй күшімен суға батпайды екен. Қорқыт Ата қобыз тартқан жылдары өлім болмаған, тек бақытты

тіршілік болған дейді. Бірақ Қорқыт Ата шаршап, ұйықтап кеткен сәтінде судан кішкентай қайрақ жылан шығып,

оны шағып өлтіріпті дейді. Аңызда ажал ашық келмей, жылан кейпінде келеді. Бұдан халықтың өлімге деген

көзқарасын, “ажал айтып келмейді” деген филос. тұжырымның негізін көреміз. Қорқыт Ата туралы аңыздарда

кездесетін үлкен философиялық мәселе – уақыт пен кеңістік мәселесі.

Бұл аңыздарда Қорқыт Ата өлімнен қашып, бүкіл ғарышты аралайды. Түсінен шошынған ол ажалдан құтылу үшін

ертеңіне дүниенің екінші шетіне көшіп кетеді. Мұнда ол баяғы түсті тағы көреді. Таң атысымен тағы да жолға

шығады. Не істерін білмей, жердің ортасына бармақ болады. Жер ортасы Сырдың жағасы, қазіргі Қорқыт моласы

тұрған тұс екен. М.Әуезов: “ажалды тоқтату мүмкін еместігін мойындағысы келмеген Қорқыт Ата жұрттан безіп,

айдалаға, табиғат аясына кетеді, бірақ таулар да, жазықтар да, ормандар да оған өлім күтіп тұрғанын айтады.

Содан қорқып, шырғайдан алғашқы қобызды жасап, жер бетінде бірінші болып күй тартады. Сөйтіп өлмеудің

амалын өнерден табады”, – деп жазады. Қазақ аңызындағы Қорқыт Ата бейнесі енді өлімнен қашқан шаман емес,

керісінше, өмір үшін күрескен, өлімнен құтылуды қандай бір құдіретті күштен емес, өнерден іздеген, ажалмен

айқасқан алып рухани тұлға болып көрінеді. Зерттеушілер өлімнен қашқан Қорқыт Ата философиясын әйгілі шумер

эпосы “Гильгамеш туралы жырдағы” Гильгамеш әрекетімен салыстырады. М.Әуезов Қорқыт аңызын адамзатқа от

ұрлап әкеліп сыйлаған Прометей туралы грек аңызымен теңестіреді. Тарихи деректер мен ғылыми пайымдауларды

түйіндей келе, Қорқыт Атаны исламды әлі толық қабылдамаған түркі тайпаларының мәдени рәмізі деп қарастыруға

болады. Аңыз әңгімелерде Қорқыт Ата өзінің желмаясына мініп, халыққа мәңгілік бақыт әкелетін жерұйықты

іздеген данагөй ойшыл. Зерттеуші Е.Тұрсыновтың түсіндіруі бойынша, бұл жердегі желмая қобыздың рәміздік

бейнесі болып табылады. Өйткені ол мәңгілік өмірді қобыздың сарынынан табады. Ең ақырында қобыз күйімен көз

жұмып, артындағы ұрпақтарына өлмес күйлерін қалдырады. Қорқыт Ата жырларының философиялық мән-

мағынасының алтын діңгегі – әлемді, табиғат заңдарын көркемдік таным тұрғысынан игеру. Оның өмір сүйгіштік

дүниетанымы күнделікті күйкі тірліктің шеңберінен шыға білу және адамзат үшін әрбір тіршілік сәтінің құнды екенін

ескерту, қайталанбас уақытты қадірлеуге шақыру, сол арқылы өмірді мәңгілік ету идеясы Қорқыт философиясының

іргетасын құрайды.

Page 2: Аңыз бойынша (3).docx

Қорқыт ата кітабының жырлары оғыз тайпасының туған жерін,елін сыртқы жаулардан қорғау үшін қан майданға

шыққан алып батырлары- ның ерлігі туралы толғайды.Дастанда ерлік,әділдік,адамгершілік,ата-ананы құрмет

тұту,уәдеде тұру сияқты ізгі қасиеттер айтылады. Оның қаһармандары қорқақтық пен опасыздыққа,әдіпсіздік пен

сарандыққа қарсы күреседі. Қорқыт ата кітабының қаһармандары мен олардың бастан кешкен оқиғалары осы

идеыларды аша түседі.Жырлардың тең жартысынан астамы Қазан бектің ел қорғаған ерлігін,ел-жұртқа жасаған

ізгілікті істерін жырлауға арналған.Ерлерше қару асынып,жаумен тайсалмай соғысқан Қазан бектің әйелі Бөрілі сұлу

және оның ұлы Ораз ел басқарған Баяндыр хан,Дерсе хан,оның баласы Бұқаш, т.б. кейіпкер- лер ерлікпен бірге

ізгілік те танытады.Қорыта айтқанда, Қорқыт ата кітабы-әр түрлі жырлардың жинағы болса да,ерлік жасау мен

ізгілік көрсетуді біртұтас өріп отырады. Қорқыт ата кітабында тәрбиелік құнары мол қанатты сөздер көптеп

ұшырасады.Мысалы:Жер қадірін ел біледі,ел қадірін ер біледі;Құлан құдыққа құласа,құрбақа құлағында

ойнайды;Ат қиналмай жол шалмас; Көңілі пасық ерде дәулет болмас; Қар қаншама қалың жауғанмен-жазға

бармас; Анадан өнеге көрмеген қыз; Ата даңқын шығарып,өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді, т.б. Қолына

қобыз ұстаған ұзан (абыз,жырау) елден елге жетеді -деп

Қорқыт атаның өзі айтқандай, өнер-мәңгілік,ол елден елге, ұрпақтан ұрпаққа тарайды.

Қобыз атасы, композитор, жыршы, ақын, музыкант, бақсылардың қамқоршысы. «Қорқыт ата кітабы» әдеби

ескерткіштерінен ІХ-Х ғасырларда билік құрған оғыз тайпасынан шыққандығын білуге болады. Оны Ш.Ш.Уәлиханов

қазақтың алғашқы шаманы, алғашқы ақыны деп атайды. Қорқыт жайындағы аңыз әңгімелер Ә.Науаи арқылы

белгілі болып, түркі халықтары, әсіресе қазақтар арасында кең тарады.

Аңыздарда Қорқыт Қырмаш пен «жарық жүзді сұлудан» туылған делінеді. Оның есімінің өзінде магиялық мән бар.

Уәлихановтық-потаниндік түсіндірме «қорқыт» сөзі — адамзат тұрмысының жағдайын көрсететін «қорқыту»

сөзінен шыққан деп түсіндіреді. Өлімнен қорқу мен одан қашу — шаман халық аңыздарының жемісі.

Аңыздарда Қорқыт қобыз жасаған. Ол қобыздың музыкалық дыбысталуынан үшкіру, ауа, сиқыр өткізген.

Қорқыттың пайымдауынша, адамдар адамилық қасиеттерін сақтап қалу керек. Адам үшін ең қауіптісі —

адамилықты жоғалту. «Қонақ келмес үйдің қирағаны жақсы, жылқы жемес шөртің шықпағаны жақсы, адам ішпес

ащы судың ағысты жылғаларды кумағаны жақсы, атаның атын былғайтын ақылсыз ұлдың тумағаны жақсы». «Адам

қанша қажетсінгенмен, ол өз үлесінен артық жей алмайды». Сол аңыздарда Қорқыт жер-жаһанды кезіп, «басқа

елден әркімге өз елінде жақсы» деген ой түйіндегенін байқауға болады. Оның айнымас досы сиқырлы Желмаясы

болды.

«Қорқыт ата кітабы» — кейіннен түркі халқының құрамына қосылған оғыз тайпасының эпикалық жазба ескерткіші,

Кітап оғыздардың өмірі жайында баяндайды. Оғыз — қыпшақ тайпаларына ортақ тілде жазылған. Кітаптың араб

әрпімен жазылған екі нұсқасы саққалған (Дрезден, Ватикан). Әр жырдың өзіндік сюжеті бар. Олардың әрбіріңде

көріпкел, тайпа көсемі, ақылгөй Қорқыт ата бейнесі берілген. Әрбір жырдың соңы Қорқыт атаны мақтаумен

аяқталады. Кітап ақыл-өсиет, мақал-мәтел, нақыл, шешеңцік сөздерге толы.

Ондағы оқиғалар Сыр бойында, Орта Азия, Кавказ жерлеріңде өтеді. Одан кең даланы мекендеген рулардың

кұралу, ыдырау тарихы аңғарылады. Бамсы-Байрақ жыры Алпамыспен ұқсас болса, Үсүн қожа — қазақтың үйсін

тайпасының атасы. Қорқыт ата жайындағы аңыздар қазақ, қырғыз және т.б. түркі халықтарының арасында

сақталған.

Кітапта қазіргі қазақ тілінде кездесетін географиялық атаулар көптеп кездеседі. Бұл кітаптың қазақ этносына енген

әртүрлі түркі тайпалары мекен еткен қазіргі Қазақстан жерімен тығыз байланысты екенін дәлелдейді. «Қорқыт ата

кітабы» түркі халықтарының тарихи ескерткіші больш табылады.

Page 3: Аңыз бойынша (3).docx

Мұраның орыс тіліне толық аудармасын В.В.Бартольд 1922 жылы жасады, ол 1962 ж. жарық көрді. Ал қазақ тіліне

аудармасын Ә.Марғұлан, Н.Келімбетов, Ә.Қоңыратбаев сынды қазақ ғұламалары 1986 ж. басып шығарды.

Қорқыт атаға арналып 1980 жылы Қызылорда облысының Жосалы стансасынан 18 км жерде, Қорқыт разъезінің

түбінде архитектуралық ескерткіш орнатылды. Авторлары — архитектор Б.А.Ыбыраев, физик С.И.Исатаев.

Ескерткіш темір бетоннан жасалған 4 тік көктастан (стеладан) тұрады, биіктігі 8 м. Жоғарғы жағында аузы кең

түтіктер орнатылған. Аузы кең орталық тесікке түйісетін 40 металл түтік жел соққан кезде қобыз сарынымен үндес

дыбыс шағарады.

Қорқыт (Дада Қорқыт) және оның нақыл сөздері

Қорқыт (Дада Қорқыт) – 8- ғасырда Сырдария бойында мекендеген қыпшақ-оғыз тайпаларынан шыққан атақты

жырау, дарынды күйші және ойшыл философ болған.Қорқыт ата — халық қамқоршысы, ақын, күйші дарынды

данышпан. Ол қазақ жерінде (Қызылорда обылысында) УІІ-УІІІ ғасырда өмір сүрген, көптеген жырлар мен күйлер

шығарып, тәлім-тәрбиелік мәні зор өсиет қалдырған. Ұлы данышпанның қалдырған мұрасы «Қорқыт ата кітабы”

аталып, дүние жүзіне тараған. «Қорқыт ата кітабының” бір қолжазбасы Германиядағы Дрезден қаласында, екіншісі

Ватикандағы (Италия) Аростолика кітапханасында сақталып келеді. Бұл қолжазба 6 жырдан құралған (жалпы толық

қолжазба 12 жырдан тұрады). Қазақ арасында Қорқыт туралы жыр дастандары мен аңыз-ертегілері бар. Қорқыт

туралы Ватикан архивінде мынандай дерек сақталған: «Расул Пайғамбар (Мұхамет пайғамбар) заманына жақын

кезде (8-ғасыр) Баят (Сырдария) бойында Қорқытты атты бір ер болыпты. Оғыз ішінде барлық уәләйатты өзіне

қаратып, неше түрлі ғажайып сөздер сөйлеуші еді. Қорқыт оғыз қауымының мүшкіл халі туралы сөйлер еді. Әрине,

іс болса, бәрі алдына келіп, кеңес сұрап, ол нені бұйырса соны қабыл етер еді”. («Дада Қорқыт кітабы”, Стамбул,

1980.)Қорқыт өз өмірінде Алтай, Ертіс, Ұлытау, Кішітау, Есіл, Нұра, Сарысу, Талас, Сайрам, Сыр, Қаратау, Жетісу

өлкелерін билеген үш ханға — Инал, Құл еркін, Қаңлы қожа сияқты хандарға ақылгөй уәзір болған. Осы кезде ата-

баба жасаған мекенді жаудан қорғау, жер-суды белгілі тәртіппен пайдалану, дау-жанжалдарды ақылмен шешу,

қылмысты адамдарды жазалау, әскери күштерді оң және сол деп екі қанатқа бөлу, халық жиналыстарында

тәртіппен отыру, ас-той өткізу тәртіптерді қатарлы заң-жораларды белгілеп, әлеуметтік жора (заң-тәртіп) жасаған

екен. (Қазақ ауыз әдебиеті туралы пайымдаулар”, 80-82 беттер Шинжаң халық баспасы. 1984.)

Қорқыт атадан қалған бір сөз мынандай: ”Тәңірге сиынбаған адамның тілегі қабыл болмайды. Тәңірісі құрамаса,

ешкімнің бәрі екеу болмайды. Тәңірі пендесінің маңдайына не жазса, сол болады. Оның жазуынсыз адам

жамандық көрмейді, ажал келіп, өлмейді. Өлген тірілмейді, кеудеңнен жаның кетсе, ол қайтып келмейді. Жігіт

тірісінде қаратаудай қылып, бір күн тыным көрмей дүние жияды, байды. Бірақ соның ішінен ол өзіне тиісті үлесін

ғана жейді. Су тарам-тарам болып қаншама тасып аққанымен, теңіздерді толтыра алмайды. Менмен, тәкаппар

адамды тәңірі сүймейді. Басқалардан өзін жоғары ұстаған адамға тәңірі бақ бермейді. Өзіңнен тумаса ұл өгей:

қаншама бағып, қаққанмен ол саған ұл болмайды. Ер жетіп, ат жалын тартып мінген соң өз жөніне кетеді, бәлки ол

тәрбиеленген адамға көрдім-білдім деген сөзді де айтпас. Баланы балғын шағынан бастап оқытып, жақсылап

тәрбиелеу, яғни кішкентайынан тіл алғызу, үлкендерді сыйлауға, ата-ананы қастерлеуге үйрету. Қорқыт атаның

асыл сөздерінің көбінде тәлімдік идеялар ұшырасады. Өскелең ұрпаққа ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесін беруге

ерекше көңіл бөледі.

Ажал уақыты жетпейінше, ешкім де өлмес. Өлген адам тірілмес. Ер жігітке қара таудай мал бітсе, жияр, көбейтер,

талап етер, бірақ несібесінен артығын жемес. Көңілі пасық ерде дәулет болмас. Жат баланы қанша сақтасаң да ұл

болмас. Ол ішіп-жер, киер де кетер, бірақ көрдім демес. Мыңғырған мал жиғанмен адам жомарт атанбас. Анадан

өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман. Ондай бала ел басын құрап, үйінен дәм беруге де

жарамайды.

Жол қиындығын көрмеген, жабы мінген жігітке Қап тауының арғымағын мінгізуден пайда жоқ. Адам ішпес ащы

судың жылға қуып ақпағаны жақсы. Атаның атын былғаған ақылсыз баланың әке омыртқасынан жаралып, ана

Page 4: Аңыз бойынша (3).docx

құрсағында шырланып, тумағаны жақсы. Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді. Өтірік сөз

өрге баспайды.

Қорқыт, Қорқыт ата – (8 ғ., т. ө. ж. белгісіз, қазіргі Қызылорда обл., Қармақшы ауд.) – ақын, асқан күйші, аңыз

кейіпкері. Тарихи деректер мен халық шежіресі бойынша, Қ – тың анасы қыпшақ тайпасынан, ал әкесі Қарақожа

оғыздардың Қамы (Қайыспас) деген атасынан шыққан. Сондықтан Қ. оғыз бен қыпшақтар арасында бірдей

кемеңгер ел ағасы болып өткен. Ватикан архивінде Қ. туралы «Расул пайғамбар заманына жақын кезде (7 – 8 ғ.)

Баят (Сырдария) бойында Қорқыт ата атты бір ер болыпты. Оғыз ішінде барлық уәлаятты ол өзіне қаратып, неше

түрлі ғажайып сөздер сөйлеуші еді. Қорқыт ата оғыз қауымының мүшкіл халін сөйлер еді. Әрине ісі болса, бәрі

оның алдына келіп кеңес сұрап, ол не бұйырса соны қабыл етер еді» деген дерек бар. Жазба ескерткіштердегі

деректер бойынша Қ. 95 (кей деректер 195) жыл жасаған қарт данышпан. Қ. өз өмірінде үш хан тұсында уәзірлік

қызмет атқарған. Тарихта Қ. ықпалында болған Инал, Көл – Еркен, Қаңылқожа деген хан аттары аталады. Ал бұл

хандардың Жетісу (Алмалық, Ыстықкөл), Талас, Сайрам, Қазығұрт, Қаратау, Сыр бойы, Орт. Қазақстан (Ұлытау,

Кішітау, Есіл, Нұра, Сарысу), Торғай өлкесі, Ертіс бойы мен Алтайда әкімш. құрғандығы тарихтан белгілі. Қ. осы тұста

әлеуметтік жора (заң) негізін жасап, оны: ата–баба жасаған мекенді ұйық деп білу, оны сыртқы жау шабуылынан

қорғау, жер–суды белгілі тәртіппенен пайдалану, дау–жанжалды ақылмен шешу, кіналы болған адамды жазалау

сияқты салаларға бөледі. Сондай–ақ халық әскерді сапқа тұрғызғанда ортасына алқа– қотан етіп, екі қанатын оң

қол, сол қолға бөлу, халық жиналыстарында тәртіппен отыру, ас–той үстінде мүше беріп, шүлен таратқандағы

тәртіптердің бәрі де Қ. жасаған аталық заңға (жораларға) жатқызады. Ел аузында «Қ. айтты» деген мәтелдер жиі

кездеседі. Мыс., «Ескі мамық бөз болмас, Кәрі дұшпан дос болмас. Өлген кісі тірілмес, Өткен қайтып келмес»,

«Шөлді жердің отын киік білер, Сулы жердің қадірін құлан білер, Ұзақ жолдың сырын түйе білер, Шытырманды тау

қойнауын түркі білер» т. б. Ел аузындағы аңыздарға қарағанда, Қ. асқан күйші ғана емес, қазақ музыкасының, ән –

күй өнерінің атасы. Оның шын мәніндегі күйші – композитор болғандығын ел ішінде сақталған «Қорқыт күйі»,

«Қорқыт сарыны» атты муз. шығармалары дәлелдейді. Қойлыбай бақсы, Нысан абыз, Мекеш бақсы, Найман бала

жырларында Қ. аты олардың ұстаз-пірі ретінде жиі аталады. Мыс., «Жыраудың үлкен пірі Қорқыт ата, Бата алған

барлық бақсы ата. Таң қалып жұрттың бәрі тұрады екен, Қобызбен Қорқыт ата күй тартқанда»,-деген жыр

тармақтары мұра қалдырған Қ-тың әдеби–муз. мұрасы тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі тектес халықтарға

ортақ асыл қазына (Қ. «Китаби дәдәм Қорқыт»). Оның мазары соңғы кезге дейін Сырдария өзенінің жағасында

сақталып келеді (қ. Қорқыт мазары). Қ. ел аузында таралған аңыздарда білмейтін, мәңгі жасайтын өмір іздеуші

ретінде суреттеледі. Аңызда Қ. желмаяға мініп алып, өлмейтін жер іздеу үшін дүниенің төрт бұрышын түгел

аралайды. Бірақ оның алдынан шыққан көк майса «қуарып солдым» деп, аспанмен тілдескен асқар тау «Бұрын

сәулетті едік, мыжырайып біттік» деп мұңаяды. Жапырағы сарғайған қара орман қайғымен басын шайқайды. Ол

қайда барса да, көр қазып жатқандарға кездеседі. Қ. өлімге қарсы ем іздеуге әрекеттенеді, бірақ ол еңбегінен де

ештеме шықпайды. Соңында «Өлмейтін нәрсе жоқ екен» деген қорытынды жасап, өмірінің кейінгі кезін қобыз

тартумен өткізеді. Өлмеуді, мәңгі өмірді қобыз үнін іздейді. Негізінде, өлімге қарсы күрес ислам дінінің

жораларымен сыйыспайды. Сондықтан аңыз Қ. атына байланысты айтылғанымен оның шығу, таралу тарихы түркі

халықтарына ислам діні тарамай тұрған кезге саяды. Сол сияқты шумер халқының атақты дастаны «Ғылғамыш»

(«Гильгамеш») пен Сібір түркі халықтары арасында кең тараған «Ерлікхан» әңгімесінде де Қ. туралы аңыздағыдай

өлімге қарсы күрес суреттеледі.

Қорқыт ата (VІІІ-ІХ)

Қорқыт ата — халық қамқоршысы, ақын, күйші, дарынды данышпан. Ол қазақ жерінде (Қызылорда облысында)

ҮІІІ-ІХ ғасырда өмір сүріп, көптеген жырлар мен күйлер шығарып, тәлім-тәрбиелік мәні зор өсиет қалдырған. Ал,

Қорқыт ата туралы ұзақ жылдар бойы зерттеген ғалым Ә.Марғұлан төмендегідей пікір айтады: «Қорқыт тарихи

дәуірлерде Сырдария өлкесін қоныс еткен оғыз-қыпшақ тайпаларының ортасынан шыққан данышпан қария,

ақылшы батагөй, асқан ақын (ұзан), болашақты болжап сөйлеген сәуегей кісі болған. Ол кісі туралы айтылатын

Page 5: Аңыз бойынша (3).docx

қария сөз Азиядағы түрік тілдес елдердің көбінде бар. Бірақ қазақ халқы ескі оғыз-қыпшақ тайпаларының тарихи

қонысына мирас болған, олардың түбегейлі ұрпағы болғандықтан, Қорқыт туралы айтылатын тарихи жырлар,

аңыз-легендалар, ән-күйлер қазақ пен түркімендерде көбірек жолығады».

Тарихи деректер мен халық шежіресі бойынша, Қорқыт — сегізінші ғасырда Сыр бойында өмір сүрген батыр,

атақты ақын, асқан күйші, аңыз кейіпкері. Қорқыттың анасы қыпшақ тайпасынан, әкесі Қарақожа оғыздарынан

екені мәлім. Міне, сондық-тан да Қорқыт қыпшақтар мен сол кезде Сырдария бойын жайлаған оғыздар арасында

екі жаққа бірдей ел ағасы атанған. Данышпан қарттың үзақ жылдар бойы ел басқарған көсем болғанын, өз

өмірінде үш хан тұсында уәзірлік қызмет атқарғанын дәлелдейтін тарихи деректер бар. Ал, оның теңдесі жоқ

күйші-композитор болғандығын халық жадында сақталған «Қорқыт ата күйі», «Қорқыт сарыны», т.б. музыкалық

шығармалары дәлелдейді. Қазақ арасынан шыққан атақты күйші-бақсылар, ақын-жыраулар өздеріне Қорқыт

атаны пір-ұстаз тұтқан. Олар өздерінің өлең жырларын бастар алдында, алдымен Қорқыт атаның есімін ауызға

алуды шарт деп білген:

Жыраудың үлкен пірі Қорқыт ата,

Бата алған барлық бақсы асқан ата.

Таң қалып жұрттың бәрі тұрады екен,

Қобызбен Қорқыт ата күй тартқанда.

Ел аузындағы аңыздардан Қорқыт ата өзінің жүйрік желмаясына мініп алып, халқына мәңгі жасайтын жерұйық

іздеуші, ғұмыр бойы өлімге қарсы күресуші, өлім дегенді білмейтін ғажайып қайсар жан ретінде суреттеледі. Әйтсе

де ол өмірінің соңында «өлмейтін нәрсе жоқ екен» деген пікірге келеді. Енді Қорқыт ата мәңгілік өмірді қобыз

сарынынан іздейді. Ұлы күйші, кемеңгер жырау өзі іздеген мәңгілік өмірді шынында да тапқан секілді. Қорқыт

атаның жан тебірентерлік сиқырлы күйлері, ұлағатты ғибрат сөздері, әрбір жолы мақал-мәтелге айналып кеткен

өлең-жырлары ұрпақтан-ұрпаққа асыл мүра, мәңгілік қазына ретінде ауысып, мың жылдан астам уақыттан бері

өмір сүріп келе жатыр.

Қорқытты асқан күйші, ақылгөй, данышпан, атақты жырау деп, мазар-күмбезіне (қорым, пантеон) бас ию сонау

оғыз-қыпшақ заманынан басталады. Қорқыттың мазарын (қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында)

халық сан ғасырлар бойы қадірлеп, оны Қорқыт атаның күй тартатын жері деп басына күзетші, шырақ жағушы адам

қойып жүрді. Қоркыт ата күмбезі шамамен ІХ-ХІ ғасырларда салынған.

Қорқыт — жыр мен күйдің атасы, ерте кезде оғыз, қыпшақ және қаңлы тайпаларын басқарған данышпан кісі

бейнесінде VIII-IX ғасырларда-ақ аңыз кейіпкері болған жан. Қорқыт ата жөніндегі жыр-дастан алғашта қыпшақ

даласы мен Сыр бойында туып, халық эпосының дәстүрі бойынша сан ғасырлар бойы ауызша айтылып келген. Тек

XVI ғасырда ғана Қорқыт есімімен байланысты бұл дастан қағазға түсірілген.

«Қорқыт ата кітабы» — түркі тектес халықтардың ежелгі тарихын, байырғы тұрмысын, әдет-ғұрпын, салт-санасын,

ақындық дәстүрін танытатын эпикалық, әрі тарихи мұра. «Қорқыт ата кітабының» бір қолжазбасы Германиядағы

Дрезден қаласында, екінші қолжазбасы Ватикандағы (Италия) Аростолика кітапханасында сақталып келеді. Бұл

қолжазба 6 жырдан құралган (жалпы толық қолжазба 12 жырдан түрады).