Білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында педагогикалық ...

32
Дайындаған: І санатты тарих пәнінің оқытушысы Далеуова Зауреш Асауовна Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Ақкөл ауылы Абай атындағы орта мектеп

Upload: serina-stephenson

Post on 04-Jan-2016

334 views

Category:

Documents


0 download

DESCRIPTION

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Ақкөл ауылы Абай атындағы орта мектеп. Білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында педагогикалық инновациялық технологияларды пайдалану. Дайындаған: І санатты тарих пәнінің оқытушысы Далеуова Зауреш Асауовна. - PowerPoint PPT Presentation

TRANSCRIPT

Page 1: Білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында педагогикалық  инновациялық технологияларды пайдалану

Дайындаған: І санатты тарих пәнінің оқытушысы Далеуова Зауреш Асауовна

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіАқтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Ақкөл ауылы

Абай атындағы орта мектеп

Page 2: Білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында педагогикалық  инновациялық технологияларды пайдалану

Педагогикалық технология – оқу – тәрбие процесінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігі оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі (компонент).

Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін – өзі дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға және өзін – өзі дамытуына қолайлы жағдай жасауға  қажетті  объективті  әдістемелік мүмкіндіктерін қамтиды.

Page 3: Білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында педагогикалық  инновациялық технологияларды пайдалану

1 – 11 сынып аралығында жүргізілетін педагогикалық технология мен әдістемелерді (мұғалімнің қалауы бойынша) төмендегідей етіп

жоспарлауды ұсынуға болады.

Бастауыш мектеп:

• дамыта отырып оқыту әдістемесі (Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, В.В.Репкин, В.А.Левин);• дидактикалық бірліктердің ірілендірілуі (П.М.Эрдниев);• түсініктерді қабылдау (С.Н.Лысенкова);• нәтижелі әдістемелеу және оны қабылдау;• іс-әрекетті бағалау (Ш.А.Амонашвили, И.П.Волков);• оқулықсыз оқыту (В.В.Агеев);• ойын әдістемесі және оны қабылдау;• М.Монтессори, Р.Штейнердің жүйесін қабылдау.

Орта буын:

• проблемалық оқыту;• іздену, зерттеу әдістері;• топпен оқыту тәсілі (И.Б.Первин);• оқытудың ұжымдық тәсілі (В.К.Дьяченко);• нәтижелі технологиялар;• тірек және тірек конспектісінің көмегі арқылы оқыту (В.Ф.Шаталов);• өзіндік жұмыс әдістері;• бағдарлы оқыту (машинасыз және компьютерсіз);• оқытудьщ коммуникативті әдісі (қарым-қатынастық);• дискуссиялық әдіс;• дидактикалық ойындар.

Жоғары сыныптар:

• оқытудың   вариативті   элементтерін өз еркімен таңдау;• өзіндік жұмыстың әдістемесі;• іздену, зерттеу әдістері;• нәтижелі технология, жобалау әдісі;• даралап (жекеше) оқыту, "мектеп-парк" моделін қабылдау (М.А.Балабан);• оқушының іс-әрекеті бойынша ұйымдастырылған ойындар;• "өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы" адістемесі (ТРИЗ) (Г.С.Альтшулер);• бағдарламалы оқыту;• әлеуметтік – педагогикалық сынау, әлеуметтік мәні бар ойындар;• профильді және кәсіптік  бағдар  бере  отырып оқыту;• тірек конспектісін қолдану;• диалогтік әдістеме, дискуссияның негізінде оқыту;• модульдік технология;• семинар-сынақ түрлері;• өз бетімен білім алу (компьютерлік варианттар).

Page 4: Білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында педагогикалық  инновациялық технологияларды пайдалану

Жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мәні пассивті оқыту түрінен активті оқытуға көшу оқу танымын ұйымдастырудағы бастамашылдығына жағдай туғызу, субьективтік позицияны қалыптастыру. Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан – жақты, білімі қажет.

Қазіргі мұғалім: - Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын; - Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін; - Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын; - Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын; - Білімді, іскер, шебер болу керек.

Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан –жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.

Қазіргі оқушы: - Дүниетаным қабілеті жоғары; - Дарынды, өнерпаз; - Іздемпаз, талапты; - Өз алдына мақсат қоя білу керек.

Page 5: Білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында педагогикалық  инновациялық технологияларды пайдалану

Қазіргі таңда Қазақстанның мыңдаған мектептері педогогика ғылымының докторы Ж.А.Қараевтың «Үшөлшемді әдістемелік жүйе» технологиясын жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу барысында қолданып келеді. Ж.А.Қараевтың педагогикалық технологиясының басты ерекшелігі: Алдымен мұғалім емес, оқушының әсерлену жүйесін қалыптастырады.

Технологияның ерекшеліктерін атап кететін болсақ:• білім, стандартына сай толық нәтиже береді;• мақсатты диагностикаға қарай ден қоюға және оқу нәтижесін шынайы дәл бағалауға қол жеткізеді;• дидактикалық үрдістің тұтастығы;• оқушының оқу-танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу үрдісі жобасының болуы.

Page 6: Білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында педагогикалық  инновациялық технологияларды пайдалану

«Саралап деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясы (СДО)»авторы Қараев Ж.А., п.ғ.д., профессор

Кобдикова Ж.У., п.ғ.к., ББЖ КБАРИ директорының ғылыми ісі

жөніндегі орынбасары

Page 7: Білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында педагогикалық  инновациялық технологияларды пайдалану
Page 8: Білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында педагогикалық  инновациялық технологияларды пайдалану

Саралап деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясы

Тәжірибеде нәтиже беретін педагогикалық жүйенің жобасы

педагогикалық жүйе

Әдістемелік жүйе Дидактикалық процесс

Мақсат – өз бетінше оқу.Әдістері – зерттемелі. Ұйымдастыру түрі – көбіне топтық жұптық.Мазмұны – оқулықтардың жаңа теориясы.Оқыту құралы – электрондық оқулыќтар.

Қызығушылық;Оқушылардың танымдылық іс – әрекеті;Болашақта оқушының өзін-өзі оқытуы.

Page 9: Білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында педагогикалық  инновациялық технологияларды пайдалану

«Үшөлшемді әдістемелік жүйе» технологиясын (профессор Ж.А.Қараев) жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс – әрекеттерін меңгертуге талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады, өз бетімен оқуына, ешкімнің көмегінсіз өз бетінше білім алудағы белсенділігіне баса назар аударылады. Осы технология әдісінің ерекшелігі – сабақ барысында оқушы бірнеше деңгейде жұмыс жасай алады. Бұл технологияның басты мақсаты оқушыларды жікке бөлуді болдырмау. Сабақта барлық оқушы оқу қабілетіне қарамастан жұмысты бірінші деңгейден бастайды және оны орындауға міндетті, одан жоғары деңгейдегі тапсырмаларды орындауға құқылы. Егер нашар оқитын оқушы берілген деңгейлік тапсырмаларды сабақта орындай алмай жатса, үйден орындауға беруге болады.

Page 10: Білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында педагогикалық  инновациялық технологияларды пайдалану

«Үшөлшемді әдістемелік жүйе» оқыту әдісінің құндылығы:

-жоғары деңгейлі тапсырмаларды орындау арқылы дарынды баланы таңдауға мүмкіндік береді;

-оқушыларды дүниежүзілік білім жүйесін де қолданылатын рейтинг ұпай жинау әдісіне баулиды;

Деңгейлік тапсырмалардың ұпай жинау әдісімен бағалануы, оқушының деңгейлік сабақ өткеннен кейін де сол тапсырмаларда жіберілген қателіктеріне, тапсырмаларын орындауда қолданған тәсілдеріне талдау жасай алады. Оқушы келесі сабақтарда көбірек ұпай жинау мақсатында ізденіп, қосымша материалдардан білім жинайды. Оқушы төмен баға аламын деп қорықпайды, керісінше тапсырманың жауабына қарай жоғары ұпай жинау арқылы ынтасы артады.

Page 11: Білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында педагогикалық  инновациялық технологияларды пайдалану

«Үшөлшемді әдістемелік жүйе» оқыту әдісі пайдалану төмендегідей нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді:

• оқушы оқу іс – әрекетін жоспарлауға, нәтижелерін өз беттерімен бағалауға белсене қатысады;• оқыту процесінде кері байланыс процесі жүзеге асырылады;• оқушы қабілеті мен бейімділігіне қарай білімін деңгейлеп көтеруге мүмкіндік алады;• оқу процесінде оқушының белсенділігі, өз бетімен танымдық қызмет атқаруы үшін ынталандыру процесі жүреді;• оқыту оқушылардың өзіндік іс – әрекеті мен тәжірибесі әркім үшін дара өткізіледі өйткені деңгейлік тапсырмаларды орындау жеке дара жүреді;• оқушылардың білімін бақылау тұрақты және жүйелі түрде әр түрлі диагностика түрлерін қолдану арқылы жүзеге асады.

Page 12: Білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында педагогикалық  инновациялық технологияларды пайдалану

«Үшөлшемді әдістемелік жүйе» оқыту әдісі дәстүрлі оқытудағы кейбір олқылықтарды жоюға мүмкіндік береді.

Дәстүрлі оқыту әдісінде:1. Жаңа тақырыпты өткенде мұғалім әрбір оқушының үй тапсырмасын

орындағанда, оқу материалын қаншалықты дұрыс деңгейде түсініп, меңгергендігін байқамайды.

2. Әрбір оқушыны жеке тексере алмайды.3. Сабақ барысында кері байланыс процесі болса да, мұғалім барлық

оқушымен жұмыс жасап, қателерін түзетуге мүмкіндігі болмайды.4. Қабілетті оқушылардың шығармашылық потенциалын одан әрі ашып

дамытуға мүмкіндігі аз.5. Оқушылар біліміндегі кейбір олқылықтарды жоюға уақыт жетпейді.6. Барлық оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға, білім алуға, білімін

текскругем үйрете алмайды.7. Оқушы оқу іс – әрекетінде қабілетіне қарай танымдық жұмыс жасай

алмайды.Ал «Үшөлшемді әдістемелік жүйе» оқыту әдісінде

осы олқылықтарды жоюға көп көңіл бөлінген. Бұл технологияда белсенді роль оқушыға беріледі. Оқыту процесінің белсенділігі артады және оқушы өзінің қажеттілігін қанағаттандыруға мол мүмкіндік алады.

Page 13: Білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында педагогикалық  инновациялық технологияларды пайдалану

«Үшөлшемді әдістемелік жүйенің» оқушыға тигізетін маңызы өте зор.

• оқушының білім сапасының көтерілуіне• шығармашылықпен жұмыс жасауына• өз қабілетіне, болашағына сенуіне,• ынталандыруға• оқушы мен оқытушының қарым-қатынас достығына• өз білімін өзі бағалай білуіне, баға әділдігіне• білім көтерудің әділ сайысына түсуіне мүмкіндік береді.

Page 14: Білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында педагогикалық  инновациялық технологияларды пайдалану

Сабақтың жоспары 45 минутқа құрылады

1) тақырыпты меңгеру кезеңі

2) әр кезеңдегі мақсаттары

3) мазмұны

4) әдіс - тәсілдер

5) ұйымдастыру түрлері

6) құралдар

7) оқушының іс - әрекеті

8) мұғалімнің іс - әрекеті

9) нәтижені бағалау

Сабақ жоспары 9 бөлімнен тұрады

Page 15: Білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында педагогикалық  инновациялық технологияларды пайдалану

Сабақ 3 кезеңнен тұрады

І кезең – үй тапсырмасын тексеру (5-10 минут)

І кезең тапсырмалары қайталауға арналады. Оқушылар бірін - бірітексереді, үздік оқушы мен мұғалім тапсырмаларды + Белгісімен белгілейді, жұмыс дәптерін қолданады, үйде және сыныпта жиған ұпайларын мұғалімге хабарлайды, оны Мониторинге түсіреді, бағасын журналға қояды, оқушы тиістібағасын алады, тек ауызша марапатталады, ескерту жасалады.

ІІ кезең - мұғалімнің басшылығымен жаңа тақырыпты өздігінен меңгерту алгоритмі - (5 - 10 минут)1. А) Жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеруге мүмкіндік туғызу (5 - 7 минут)Ә/ мұғалімнің және үздік оқушылардың Көмегімен тапсырмаларды орындап, қорытынды шығару.Б) алған қорытындыны қарапайым мысалдармен бекіту.2. Оқушылар өздері топ-топқа бөлініп, сұрақтар құрастырады.3. СТО және басқа да стратегияларды Қолдануға болады. (диалог, пікірталас, әңгімелесу)4. Ең нашар оқушыға дейін осы тақырып бойынша минимум білім алуын қамтамасыз етеді.

ІІІ кезең - кері байланыс – Деңгейлік тапсырмалар(Сабақтың соңына дейін қалған 12 минутта әр оқушы І деңгейден бастап үлгергенше орындайды, қалғанын үйге алады. Сабақтың соңғы 3 минутында жинаған ұпайлары саналады, бағаланады.

Page 16: Білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында педагогикалық  инновациялық технологияларды пайдалану

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж.А.Қараев оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін 4 түрге бөледі:

• Міндетті деңгей. Репродуктивтік деңгейӨзіндік жұмыстарды қиналып орындайды. Ойлау дағдысы қалыптаспаған. Бағдарлама көлемін дұрыс игермеген. Бұл оқушылар тарихи факті, дата, тұлғаларды жаттап алады. Бұл тапсырманы кез –келген оқушы орындай алуы тиіс.

• Алгоритмдік деңгейӨзіндік жұмыстарды өз бетінше орындауға тырысады. Мұғалімнің түсіндіргені бойынша айтып бере алады. Бағдарлама көлемін игерген. Ойлау дағдысы қалыптасқан. Мұнда оқушы мұғалімінің түсіндіріуімен қабылданған жаңа ақпаратты пайдалана отырып, тапсырманы орындайды.

• Эвристикалық деңгейОқушы өзі ойланып, ізденіп, өзі қосымша әдебиеттерді пайдаланып жауап береді. Бұл тапсырмаларды орындағанда оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды. Оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана отырып, жауап береді.Бұл тапсырмаларды орындауда оқушының ой белсенділігі негізгі қызмет атқарады.

• Шығармашылық деңгейОқушы таза өзіндік шығармашылығын байқатады. Жаңа тақырыпты балалар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгеруі қажет.

Page 17: Білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында педагогикалық  инновациялық технологияларды пайдалану

Оқытудың үш сатылы әдістемелік жүйесінің педагогикалық технологиясы

1 - деңгей

2 - деңгей

І -кезең (Ә.б.н .-жаңа тақырыпқа негіз болатын өткен материалдардан қайталау тапсырмалары. Үйден орындап келеді)

ІІ –кезең; а) (жаңа тақырыпты өз бетімен меңгертуге мүмкіндік жасау), б) мұғалімнің көмегімен талдау, в)жаңа тақырыпты бекіту

ІІІ

–кез

ең(к

ері б

айл

аны

с:те

ксе

ру, б

ақы

лау

, Бағ

аЛау

)

Ста

нда

ртты

ң

мін

детт

і дең

гей

іС

тан

дарт

тың

м

үмк

інді

к

дең

гей

і

4-деңгей

3 - деңгей

Page 18: Білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында педагогикалық  инновациялық технологияларды пайдалану

І деңгей -“Танып - білу” мақсаты бойынша – ережелерді білу, үлгі бойынша тапсырма орынау.А) барлық оқушы орындауға міндетті, үздік оқушылар автомат - зачет алуға құқылы. Мұғалімнің өзі тексереді, түзету енгізеді, ең нашар осы деңгейді орындауға міндетті.Нәтижесі “есептелді”, ”есептелмеді” бағалау арқылы екіліксіз оқуға кепілдік беріледі. Зачет алған келесі деңгейге көшеді.

ІІ деңгей -“Түсініп, пайдалану,талдау”мақсаты бойынша – өзгертілген жағдайда берілген тапсырмалар. Яғни санның сапаға ауысу қағидасы сақталады. Оқушылар бірін - бірі тексеріп + пен белгілейді, бір - біріне көмектеседі, әр оқушы өз ұпайын өзі санайды.

ІІІ деңгей - “Қорытындылау, түйсіну, бағалау” мақсаттары көзделеді.1 тапсырма беріліп, ішінары іздену,зерттеу, анализ, синтез, салыстыру.Көрнекіліктер, компьютер қолдануғаболады. Үздік оқушы айналасындағыларға көмектеседі. Өзін-өзі тексеріп, бақылап, басқаруға үйрене бастайды. Әр тақырыптың бағалары қорытынды ұпай санына сәйкес келесі сабақтың басында журналға қойылып отырады. Үйде жалғастырып орындағаннан кейін барлық 12 ұпай жинаса, журналға “5” қойылады. Келесі шығармашылық Деңгейдің нәтижесі “5”-тен жоғары деп есептеледі.

Page 19: Білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында педагогикалық  инновациялық технологияларды пайдалану

Деңгейлік саралау оқушы мен мұғалімнің белсенді шығармашылық қызметін дамытумен қатар, оқушыларға өз білімін жаңа әдіспен бағалауға мүмкіндік береді.

Сонымен, әр деңгейлік оқыту жүйесінің тарих пәнінің сапасын арттырумен бірқатар тиімді жақтар бар.

Біріншіден, сыныптағы барлық оқушыларды жұмыспен қамтамасыз етеді, әрбір оқушының белсенді түрде қатысуын қадағалайды, белсенділігін оятуға түрткі болады.

Екіншіден, әр оқушы өзіне тән қарқынмен, өз білімінің деңгейінде жұмыс жүргізеді, қойылған мақсатқа жету үшін қажетті төзімділікті қалыптастырады.

Үшіншіден, оқушылар өз еңбектерінің нәтижесін көріп, өзін – өзі бағалайды. Өз бетімен жұмыс істеу оқушылардың біліміне ғана әсер етпей, сонымен қатар тәртібі мен мінез – құлқына да тигізер ықпалы зор. Оқушыларды тиянақтылыққа, бастаған ісін жемісті аяқтауға, төзімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелейді. Сонымен бірге, өздік жұмыс оқушы бойындағы жауапкершілікті оятады.

Жауапкершілікті сезіне отырып, оқушының іздемпаздылығы, шығармашылығы дамиды.

Page 20: Білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында педагогикалық  инновациялық технологияларды пайдалану

Үлгі:Қазақстан тарихы 7 – сынып

Модуль №1Тақырыбы: Түркеш қағанатының құрылуы

І – деңгей1.Түркеш қағанаты ________________________________________________2.Түркеш қағанатының орталығы ____________________________________3.Түркештер туралы алғашқа дерек ___________________________________4.Түркеш тайпалары VІ ғ қай аймақта мекендеген ______________________5.Түркештердің 2 түрін ата __________________________________________

ІІ – деңгей Тарихи ұғымдардың мәнін ашуКүнгіт – Үшлік – Соғдылар – Рубасы –Семсер –

ІІІ – деңгейІ-тапсырма “Блиц турнир”ойыны

•715 – 738 ж•704 – 766 ж•603 ж•630 ж•704 ж

Page 21: Білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында педагогикалық  инновациялық технологияларды пайдалану

ІІ-тапсырма “ Қас қағым сәт”•Түркеш қағанатының үлкен ордасы А) Суяб В) Сығанақ С) Сарай Берке•Түркештің кіші ордасы А) Жент В) Күнгіт С) Саудакент•Қағанат неше әкімшілік аймаққа бөлінген А) 8 В) 10 С) 20•Аймақтар қанша әскер жинады А) 5 мың В) 7 мың С) 9 мың•Сұлу қағанның көшірген ордасы А) Самарқан В) Мерке С) Тараз/Талас/

ІV – деңгей

І – тапсырма Тарихи сынақхатТүркештер және мал өсірумен,

жартылай отырықшы егін салумен ________________________ ХІ –____ ғ өмір сүрген ғұлама ғалым_______________________ “соғдылардың ішінде _______________сөйлейтіндері жоқ“ деп жазды.

ІІ – тапсырма Түркештер туралы деректер жазу____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Page 22: Білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында педагогикалық  инновациялық технологияларды пайдалану

Оқушының даму мониторингі ____________________ сыныбы ___

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

12

11

10

9

8

7

6

5

4

3

2

1

3 - деңгей «5»

2 - деңгей «4»

1 – деңгей «3»

«сынақ»

Page 23: Білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында педагогикалық  инновациялық технологияларды пайдалану

Тақырыптың аты

І деңгей (5 ұпай)

ІІ деңгей (4 ұпай)

ІІІ деңгей(3 ұпай) Ж

иған

ұпайы

Үй тапсырмасының ұпайы

Барлық

ұпай

Бағасы

1 2 3 4 5 Ұпай Бағасы

1 2 3 4 Ұпай Баға

сы

1 2 3 Ұпай Бағасы

Қазақстан тарихы пәні бойынша VІІ сыныптың ашық журналы

Page 24: Білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында педагогикалық  инновациялық технологияларды пайдалану

8

5

8

10

5

6

8

10 10 10 10

5 5

1010

5

11 11

5 5

12

11 11 11 11

6

5

11

9

5

9

10

6 6

10

12

10 10 10

6 6

99

6

10 10

5

6

10

11

9 9 9

6 6

9

10

8

10

12

7

5

11

12

11 11 11

7

6

10

12

9

10

12

7

5

12 12

10 10 10

6

7

12

10

12

5

4

12 12 12 12

4

5

12

0

2

4

6

8

10

12

14

2009 - 2010 оқу жылы

Абай атындағы орта мектептің 8 - сынып оқушыларының Қазақстан тарихы пәні бойынша Деңгейлік тапсырмаларының мониторингісі

№1

№2

№3

№4

№5

№6

№7

Page 25: Білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында педагогикалық  инновациялық технологияларды пайдалану

«Үшөлшемді әдістемелік жүйе» технологиясын сабақта пайдалану:

Сыныбы: 7Сабақтың тақырыбы: Ақсақ Темірдің басқыншылық жорықтарыСабақтың мақсаты:• Білімділік: Оқушыларға Ақсақ Темірдің Азияға жасаған басқыншылық соғыстарын жан – жақты түсіндіру.• Дамытушылық: Ақсақ Темірдің қанды жорықтарын баяндаумен қоса А.Йасауиге кесене соқтыру арасындағы байланыстардың сырына үңілу.• Тәрбиелік: Ақсақ Темірдің басындағы қаныпезер көзқарастарынан түңілу. Батырлығы мен қайсарлығынан, тапқырлығынан үлгі алуға тәрбиелеу.Сабақтың түрі: аралас сабақПәнаралық байланыс: география, қазақ әдебиетіСабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі2.Үй тапсырмасы 3.Жаңа сабақты меңгеру кезеңі4.Жаңа сабақты бекіту5.Үйге тапсырма

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.Сұрақтар қою:•Моғолстандағы Тоғылық Темірдің хандығы•Әмір Темірдің Мауараннахрға шабуыл жасауы•Моғол мемлекетінің әлсіреуіне қандай жағдай себеп болды?

Page 26: Білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында педагогикалық  инновациялық технологияларды пайдалану

Жылдар Оқиғалар1336-1405 Әмір Темір өмір сүрген уақыты1374 Тоқтамыс Сауран түбінде жеңіліске ұшырады1375 Ақ Орда ханы Әмір Темірге елші жібереді1376 Ұрыс хан дүние салды1377 Темір Мәлік Тоқтамыс әскерін тағы да талқандады1380 Тоқтамыс Ақ Орданың билеушісі болады1395 Әмір Тоқтамысқа шешуші соққы береді1380 Ақ Орда мен Моғолстанның одақ болуы жүзеге аспай қалады

ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру кезеңі1. «Жылдар, оқиғалар» (таблица жүйесі арқылы түсіндіру)

2. Цифрлар сөйлейді (қас – қағым сәт)І – қатарға:

1. Шағатай ұрпағы Тоғылық Темір қашан Моғолстанның ханы болды? (1348ж)2. Неше жасында хан болды? (16 жасында)3. Тоғылық Темірдің баласы Ілияс Қожа Мауараннахрға хан болып қашан сайланды?

(1360-1361жж)4. Тоғылық Темір қашан қаза болды? (1361ж)5. Әмір Темір мен Ілияс Қожа арасындағы «Батпақ шайқасы» қашан болды? (1372 ж.

22 маусым)6. Әмір Темір Моғолстанға алғашқы жорығын қашан жасады? (1371-1372жж)7. Ұрыс ханның ұлы Темір Мәлік Тоқтамысқа қашан шабуыл жасады? (1377)8. Әмір Темір Тоқтамысты әскерін алғаш рет қай жылы талқандады? (1391ж. 18

маусым)

Page 27: Білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында педагогикалық  инновациялық технологияларды пайдалану

ІІ – қатарға: 1. Тоқтамыс қашан өзін Ақ Орданың билеушісімін деп жариялады? (1380ж)2. Әмір Темірдің Тоқтамысқа қарсы соңғы жорығы қашан болды? (1395ж)3. Әмір Темір Моғолстанға алғашқы әскерін қашан аттандырды? (1371 –

1372жж)4. Әмір Темір Моғолстанға қанша рет шабуыл жасады? (10 рет /1371 – 1390

жж/)5. Әмір Темір Моғолстанды талқандау үшін қолбасшы Сасы Бұғаны қашан

жіберді? (1376ж)6. Есенбұға қай жылдары Моғолстанның ханы болды? (1433 – 1462жж)7. Жүніс Моғолстанның ханы болып қашан сайланды? (1462ж)8. Әмір Темірдің өмір сүрген жылдары? (1336 – 1405жж)

ІІІ – қатарға: 9. Әмір Темір Мауараннахрды қанша жыл басқарды? (1370 – 1375жж)10. Әмір Темір Тоқтамысқа әскер беріп, Ақ Ордаға қашан аттандырды? (1374

– 1375жж)11. Тоқтамысқа неше рет әскер берді? (3 рет)12. Ақ Орданың ханы Ұрыс хан қашан дүние салды? (1376ж)13. Ұрыс ханның үлкен ұлы Тоқтамыс қашан қаза болды? (1397ж)14. Әмір Темір Моғолстанды қашан біржола талқандады? (1380 ж)15. Әмір Темір осы соғысқа қанша әскермен шықты? (120 мың) 16. Әмір Темір Отырар қаласында қашан қайтыс болды? (1405ж)

Page 28: Білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында педагогикалық  инновациялық технологияларды пайдалану

3. Топтастыру. (Кейіпкерлерге сипаттама беру)

Page 29: Білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында педагогикалық  инновациялық технологияларды пайдалану
Page 30: Білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында педагогикалық  инновациялық технологияларды пайдалану

4. Венн диаграммасы

А.Йасауи (даралығы) Ұқсастығы Әмір Темір (даралығы)Шығыстың ғұлама ғалымы

Сопы киімін таратушы«Даналық кітабы»

шығармасының авторы

Әлемге танылған тұлғалар

Батырлығы мен қатыгездігі бірдей

Мауараннахрдың әміршісіОрты Азияны түгел

бағындырған

Бес жолды өлең (Ахмет Йасауи)1. Ахмет Йасауи2. Ғұлама, білімді3. Ойланады, толғанады, болжайды4. Ұстазы бар ел озар5. Кемеңгер ойшыл

Бес жолды өлең (Әмір Темір)1. Әмір Темір2. Батыр, қатыгез3. Орындатады, қорытады, табындырады4. Батырға оқ дарымайды5. Қолбасшы

Бес жолды өлең (Тоқтамыс)1. Тоқтамыс2. Мансапқор, атаққұмар3. Алдайды, арбайды, жалынады4. Екіжүзділікті екі дүниеде кешірмейді5. Шыңғыс ұрпағы

Сабақты қорыту.Оқушыларды бағалау.Үйге тапсырма беру.

Page 31: Білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында педагогикалық  инновациялық технологияларды пайдалану

Сонымен, инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Кейінгі кезеңде ғалымдар өз зерттеулерінде оқу-тәрбие ісіне жаңалықтарды енгізіп, тарату мәселесін қарастырады.

Бүгінгі таңда білім берудің ұлттық жүйесі өте маңызды, қарқынды өзгерістердің сатысында тұр. Қазіргі кезде   қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді. Сондықтан да қазіргі уақытта мамандық атаулының барлығы дерлік бейімділікті, ептілікті, ерекше ой қызметін ғана емес, мектеп ұжымынан үлкен жауапкершілікті, қызу белсенділікті талап етеді.

Инновацияның қажеттілігі сыртқы себептермен де анықталады, мынадай бірқатар себептерге байланысты: адамдардың мұқтаждылығын қамтамасыз ету қажеттілігі, мектеп оқушыларының білімге, дағдыға шеберлікке деген ұмтылысы, жоғары сапалы білім алудағы жеке түлғаның дамуы. Технологияны, ұйымдастыруды үнемі жаңғырту жағдайында ұстап тұрып қана мектеп өз бағытын нығайта алады. Жаңалық енгізу кез келген білім беру мекемесінің дамуы мен жоғары жетістікке жетуінің негізгі факторы болып табылады.

Page 32: Білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында педагогикалық  инновациялық технологияларды пайдалану