“Әлемге танылған – Ұлы Абай”

128
“ӘЛЕМГЕ ТАНЫЛҒАН – ҰЛЫ АБАЙ” “Ма қ сатым тіл ұ стартып, ө нер шашпа қ , Наданны ң к ө зін қ ойып, к өң ілін ашпа қ . Ү лгі алсын деймін ойлы жас жігіттер, Думан - сауы қ ойда жо қ , ә уел баста - а қ .

Upload: auyelbek-mombayev

Post on 12-Apr-2017

771 views

Category:

Education


14 download

TRANSCRIPT

Page 1: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

“ӘЛЕМГЕ ТАНЫЛҒАН – ҰЛЫ АБАЙ”

“Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ, Наданның көзін қойып, көңілін ашпақ.

Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер, Думан-сауық ойда жоқ, әуел баста-ақ.

Page 2: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл

(1845-1904)

Page 3: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

“Абайды білмек керек ойлы жасқа”

Ысмағұлов, Ж.

Абай: Даналық дәрістері/

Жұмағали Ысмағұлов. - Алматы:

Өнер, 2008. - 399, б.

Кітапта ұлы Абайдың бүкіл

шығармашылық мұрасы тұтастай

алынып, түгел қарастырылған. Кіріспе

тарауда абайтанудың ғасырлық

тарихының басты-басты кезеңдері сөз

болады.

Еңбек ғылыми-публицистикалық

тұрғыдан оқырман қауыммен

сырластық түріндегі зерделеу стилінде

жазылған.

Page 4: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Омаров, Д. Абайтану курсы: қаз. тілі мен

әдеб. тереңдете оқытатын мектеп,

гимназия шәкірттеріне, студенттер мен

мектеп мұғ. арн. оқу құралы / Досым

Омаров. - Алматы: Рауан, 1998. - 190 б.

Бұл оқу құралы ұлы Абайдың дүниетанымын,

рухани мұрасын, ойшылдығын тереңірек ашып

көрсетуді мақсат тұтқан. Біз бұрын Абайды

көбіне дарынды ақын ретінде танып келсек,

енді кемеңгер ойшыл, адамзатқа жол көрсеткен

ғұлама ғалым ретінде танимыз. Оның дүниеге,

болмысқа, дінге , Жоғары Жаратушыға деген

өзіндік көзқарасымен танысамыз. Ұлы

ойшылдың рухани мұрасын талдау оның

өмірімен, ортасымен, шыққан тегімен

сабақтастыра өріледі. Абайдың рухани

мұрасының адамдарды, әсіресе жас ұрпақты

имандылыққа, кісілікке, саналылыққа

тәрбиелеудегі баға жетпес маңыздылығына

айрықша мән берілген.

Page 5: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Омаров, Д.

Абайтану немесе ұлы ойшылдың рухани

кемелдену туралы ілімі: Жалпы білім беретін

мектептің 10-11 сыныптарына арн. оқу құралы .

Өңд., түзетілген 2-бас. - Алматы: Мектеп, 2002. -

216 б.

Бұл оқу құралында ұлы ойшылдың бүкіл болмысқа,

дінге, Жоғары Жаратушыға, әлемнің жалпы

заңдылықтарына деген өзіндік көзқарасы

зерделенеді. Абайдың рухани мұрасының адамдарды,

әсіресе жас ұрпақты имандылыққа, адамгершілікке,

саналылыққа, яғни салауатты өмір сүруге

тәрбиелеудегі баға жетпес маңыздылығына айрықша

көңіл аударылды. Кітап мектеп оқушыларына ,

студенттерге және жалпы көпшілікке арналған.

Page 6: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Әуезов, М.О.

Абайтану дәрістері (һашия,

баяндама, ой-пікір, сын-рецензия) / Мұхтар

Омарханұлы Әуезов. - Алматы: Рауан, 1994.

- 157, б.

Бұл дәріс ұлы Абайдың 150 жылдық ұланасыр

тойына шашу ретінде жеке кітап етіп, жоғары

оқу орындарының студенттері мен

оқытушыларына, мұғалімдерге, сондай-ақ

жоғары класс оқушыларына арнап

шығарылған.

Page 7: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”
Page 8: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Абай тағылымы: Әдеби-сын мақалалар мен

зерттеулер / [құраст. Н. Ғабдуллин]. - Алматы:

Жазушы, 1986. - 428, б.

Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы- заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр. Мұхтар Әуезов

Page 9: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

“Ер тарғын”, “Қобыландыны” оқып байқа, Абайды оқы, таңырқа, басыңды шайқа...

С.Торайғыров

Page 10: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

АБАЙ МӘҢГІ ҰЛЫЛЫҚ

Досжан, Д.

Абайдың рухы: ғұмырнамалық

ойтолғау / Дүкенбай Досжан. – Астана:

Фолиант, 2008. – 428, б.

“Абайдың рухы”- жаңа заман биігінен ақын

өміріндегі кезкеңді оқиғаларға, бәзбір жауһар

өлеңдерге табан тірей отырып ұстаздың рухани

жан әлеміне барлау жасаған пәлсапалық,

ғұмырнамалық ойтолғаныс десе де болады.

Қысқасы, Абай әлемі: жанның тамағы, жанның

жарығы, жүрек сауыты, ақыл қыры, жүрек

айнасы, адам саумақ, жан қуаты секілді танымын

ашу үшін - ақынның арқасы ұстаған шабытты

шағына дендей еніп, жан рухымен шүйіркелесер

ғұмырнамалық баян осы!

Page 11: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Абай тілі сөздігі/ ҚР білім және ғылым м-гі,

Ғылым ком., "Ахмет Байтұрсынұлы Тіл білімі

ин-ты" РМҚК; [ред. алқасы І. Кеңесбаев және

т.б.]. - Алматы: Өнер, 2011. – 616 б.

Сөздік қазақтың үлкен жазба әдебиеті мен ұлттық

әдеби тілінің берік негізін қалаған ұлы ақыны

Абай Құнанбаев шығармалары тілінің бүкіл сөз

байлығын түгел қамтиды.

Бұл кітап Абай өмір сүрген щақтағы, XIX

ғасырдың екінші жарымы тұсындағы,

қазақтардың мәдени дәрежесі жөнінде ғана

нақтылы түсінік беріп қоймайды, қазақ әдеби

тілін дамытудағы, оны бірынғай ізге түсіріп

қалыптыстырудағы Абайдың рөлін көрсетеді.

Сөздік нағыз оқырман көпшілігіне - ғылыми

қызметкерлерге, әдебиетшілерге, баспасөз бен

ағарту майданындағы қызметкерлерге,

аспиранттар мен студенттерге және де басқа да

жанкүйерлер мен әуесқойларға арналып

жасалынған.

Page 12: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

АДАМЗАТТЫҢ АБАЙЫ

ЖАРҚ ЕТПЕС ҚАРА КӨҢІЛІМ НЕ ҚЫЛСА ДА, АСПАНДА АЙ МЕНЕН КҮН ШАҒЫЛСА ДА.

ДҮНИЕДЕ СІРӘ, СЕНДЕЙ МАҒАН ЖАР ЖОҚ, САҒАН ЖАР МЕНЕН АРТЫҚ ТАБЫЛСА ДА.

Page 13: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Досжан, Д.

Абай айнасы: ғұмырнамалық зерттеу-эссе

/ Дүкенбай Досжан. – Алматы: Қазақстан, 1994. –

366 б.

Жанры – жаңа заман биігінен ақын өміріндегі

кезеңді оқиғаларға табан тірей отырып Абай

болмысын ғұмырнамалық, пәлсапалық зерттеу десек

болады.

Көпшілік оқырманға арналған.

Page 14: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Жұбанова, Ғ.А.

Партитура/ Ғазиза Ахметқызы

Жұбанова. – Алматы: Құс жолы, 2007. -

349, б. – (Мәдени мұра).

«Абай» операсы ұлттық музыка өнерінің

жауһар туындыларының бірі және бірегейі.

Оқырман қауыммен қауышқалы отырған

«Абай» операсының партитура түріндегі

басылымы тұңғыш рет жарыққа шығып отыр.

Page 15: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Абай-Шәкәрім: ұжымдық

монография / әл-Фараби атын. ҚазҰУ;

[жалпы ред. басқ. Қ. Әбдезұлы]. – Алматы:

Қазақ ун-ті, 2012. – 207, б.

Монографиялық жинақ абайтанудың,

шәкәрімтанудың жаңа зерттеу бағыттарында

атқарылған жұмыстың негізінде әзірленді.

Жеке монографиялық тарауларды белгілі

әдебиеттанушы мамандар жазған. Еңбек

әдебиеттанушыларға, жас зерттеушілерге

арналған.

Page 16: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Шаймерденова, К.

Абайдың ағартушылық ойларындағы

жаңашылдық және бүгінгі мектеп мәселелері/

К. Шаймерденова; К. Шаймерденова. –

Алматы: [б. ж.], 2002. – 159 б.

Бұл еңбекте Абайдың ағартушылық

ойларындағы жаңашыл идеяларына талдау

жасалған және оның бүгінгі оқу-тәрбие жұмысына

қолдануға аса қажет қазына екені дәлелдеп

көрсетілген.

Аталған еңбек мұғалімдерге, педагогикалық

жоғары және орта арнаулы оқу орындары

студенттеріне, ата-аналарға арналады.

Page 17: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Абай әуендері = Песнь Абая: альбом/ құраст.

Х. Тілемісов. – Алматы: Қайнар, 1995. – 304 б.

Абай шығармаларына құрылған бұл альбом

оқырманды жылдың әр мезгілінде түсірілген

Қазақстан табиғаты байлығымен таныстырады.

Көпшілік оқырманға арналған.

Page 18: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Абай, Қ.

Өлеңдер, поэмалар, аудармалар, қара

сөздер/ Құнанбайұлы Абай. – Алматы:

Мектеп, 2007. - 241, б. – (Жетінші сөз).

Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы - соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ.

Ахмет Байтұрсынов

Page 19: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Әуезов, М.О.

Абай Құанбаев/ Мұхтар Омарханұлы Әуезов.

- Алматы: Санат, 1995. – 320 б.

Жинаққа ұлы жазушы М. Әуезовтің

кемеңгер ақын, әрі ойшыл Абай Құнанбаев туралы

әр жылдарда жазған еңбектері енгізілді. Кітап

ақынның туғанына 150 жыл толу мерейтойына

байланысты шығарылып отыр.

Кітап студенттерге және көпшілік оқырмандарға

арналған.

Page 20: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Оразалинов, С.Ш.

Абай елі: Альбом-шежіре / Сұлтан

Шәріпұлы Оразалинов. – Алматы: Өнер,

1994. – 277 б. +16 жапсырма бет.

Бұл альбом-шежіре қазақ халқының ұлы

ақыны әрі ойшылы Абайдың шығармашылығы

мен өміріне қатысты оқиғалардан мол мағлұмат

беретін Шыңғыстау өңірі мен Семей

қаласындағы тарихи ескерткіштер, табиғат

көріністері, ежелгі өнерпаз елдің бүгінгі рухани,

мәдени тыныс-тіршілігі жайында шежірелі сыр

шертеді. Абай, Шәкәрім, Мұхтар сынды

халқымыздың бір туар перзенттерін дүниеге

келтірген осынау құнарлы топырақ, қасиетті

жермен жұртшылықты етене таныстырады.

Ұлы Абайдың 150 жылдық тойына арналған бұл

фото-шежіре ақын есімін жүрегінде сақтап,

оның әруағына бас июші барша қауымға

арналған.

Page 21: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Жұмалиев, Қ.Ж.

Қазақ әдебиеті тарихының

мәселелері және Абай поэзиясының тілі/

Қажым Жұмалиұлы Жұмалиев. – Алматы:

Қазмемкөркемәдеббас., 1960. – 363 б.

Page 22: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Абай және архив/ ҚР м-лер каб. жанындағы

архивтер мен құжаттама бас басқармасы; Құраст.

C. Байжанов І. – Алматы: Ғылым, 1995. – 216 б.

Кітапта Абайдың ресей сенатына хаты, 1885

жылы ұлы ақынның қатысуымен жазылып, Қарамолда

өткен съезд қабылдаған құқықтық Ереже, 1903 жылы

патша ұлықтары ақын үйіне жүргізген тінту сияқты

бұрын оқырман қауымға да, зерттеушілерге де

беймәлім болып келген құнды-құнды құжаттар қазақ-

орыс тілдерінде топтастырылып отыр. Сондай-ақ,

Абайға байланысты архив деректері негізінде

жазылған “Төбеби”, “Зар-Запыран” атты пьесалар да

осында.

Жинақ Абай өміріне ынта қоюшы қалың оқырманға

арналған.

Page 23: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Дәдебаев, Ж .

Абайдың антропологизмі/

Жанғара Дәдебаев; әл-Фараби атын. ҚазҰУ.

Алматы: Қазақ ун-ті, 2014. – 238 б.

Профессор Жанғара Дәдебаевтың

монографиялық зерттеуінде Абай

шығармашылығындағы адам болмысының

көркемдік, әлеуметтік- этикалық, эстетикалық

мәселелері қарастырылады. Абайдың Адам туралы

ілімінің негізі, құрамдас бөлімдері мен бастау

көздері, басты категориялары пайымдалады.

Монография гуманитарлық және қоғамдық ғылым

саласында ізденіп жүрген зерттеушілерге,

магистранттар мен докторанттарға, абайтанушы

жас мамандарға арналған.

Page 24: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Әуезов, М.О.

Абайтану дәрістерінің дерек көздері: оқу

құралы / Мұхтар Омарханұлы Әуезов; құраст.

Л. Әуезова, М. Мырзахметұлы. – Алматы:

Санат, 1997. - 448 б. - (100 жыл. М. Әуезов).

М. Әуезовтің Абай мұрасы туралы ғылыми-

зерттеу жұмыстары мен көркем туындылары,

олардың түрлі қолжазба нұсқалары, тезистері

шашпа пікірлері, хашиялары, баяндамалары мен

сөйлеген сөздері, хаттары бүгінде он бес томды

құрайтыны анықталып отыр.

Абайтану саласындағы жазушының ғұмыр бойы

ізденістері екі салада қатар жүргізілді: оның ұлы

ақын мұрасын ғылыми негізде тану бағытындағы

зерттеулері жиырма жылға жуық мерзімді

қамтыса, Абайдың көркем бейнесін әр түрлі

жанрда сомдауға он екі жыл өмірін арнады.

Кітап студенттерге, әдебиетшілерге, көпшілік

оқырманға арналған.

Page 25: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Абай.

Мақсатым - тіл ұстартып, өнер шашпақ: өлеңдер,

поэмалар, аудармалар, қара сөздер / Абай. -

Алматы: Білім, 2010. – 296, б.

Қазақ халқының ұлы ақыны Абайдың асыл

мұраларының бұл басылымы нарық талабынан емес,

халық талабынан туындап отырған нәрсе.

Еліміз егемендік алып, тәуелсіздігіне қол жеткізген

тұста ақын шығармаларына қайта көз жүгіртіп,

жаңаша көзқараспен қарау, бағалау қажеттігі туды.

Көзі қарақты , көкірегі ояу, сезімі сергек оқырманды

Абаймен қайта қауыштыру қасиетті де, қастерлі іс.

Басылым сөз қадірін білетін қалың оқырман қауымға,

оқушы - студенттерге арналады.

Page 26: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Абай (Ибрахим) Құнанбаев.

Шығармаларының екі томдық толық

жинағы/ Абай (Ибрахим) Құнанбаев. –

Алматы: Қазмемкөркемәдеббас., 1957.

Т. 2: Аудармалар мен қара сөздер. – 267 б.

Page 27: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Ысмағұлов, Ж.

Абай ақындық тағылымы: Өмір

шындығы-ақын көзімен / Жұмағали.

Ысмағұлов; ҚР ҰҒА, М. О. Әуезов атын. әдеб.

ж/е өнер ин-ты. – Алматы: Ғылым, 1994. – 277 б.

Бұл еңбекте Абайдың ақындық мұрасындағы өмір

шындығының реалист суреткер көзімен бейнелеу

тағылымы зерттеледі. Атап айтқанда, Абай

заманындағы қазақ қауымының әлеуметтік

жағдайы, орыс патшалығы тарапынан шұғыл

күшейтілген отарлау саясаты зардаптарының ақын

шығармаларындағы көріністер орын алады.

Кітап әдебиетшіліерге, ғылыми қызметкерлерге,

жоғары оқу орындарының оқытушылары мен

студенттеріне, жалпы оқырмандарға арналған

Page 28: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Абайдың ақындық әлемі/ Зәки Ахметов. -

Алматы: Ана тілі, 1995. – 271 б.

Бұл еңбек Абайдың ақындық тұлғасын,

адамгершілік мұраттарын бүгінгі заман ұғым-

түсініктері деңгейінде жан-жақты, толық

сипаттап, оның шығармашылық мұрасының

танымдық, эстетикалық, көркемдік, тағылымдық

мәнін жүйелі түрде ашып көрсетуді мақсат етеді.

Кітап Абай мұрасын тереңірек танып-білуге

құштар орта және жоғарғы оқу орындарының

студенттеріне, әдебиетшілерге, сонымен қатар

сөз өнерін, поэзияны қадірлейтін оқырман

қауымға арналған.

Page 29: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Оразалин, К.

Абайдан соң: Роман / Кәмен Оразалин.-

Алматы: Жазушы, 1989. – 446 б.

Белгілі қаламгер Кәмен Оразалин қалың

оқырманның осыдан біраз жылдар бұрын Әуезов

туралы эпикалық дуниесінің екі кітабымен

жүздестірген-ді, енді, міне, үшінші кітабы да

жарық көрді. Мұнда болашақ жазушының кең

әдебиет әлеміне қанат қаққан кезеңі; кемеңгер

Абай қайтқан соң қазақ даласындағы дүрбелең

қақтығыстар, саяси және әлеуметтік оқиғалар

өзек болған.

Роман кең тынысты оқиғалық кеңдігімен, сол

оқиғаны нәрлі көркем тілмен суреттей

алғандығымен құнды.

Page 30: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Омаров, Д.

Абайдың рухани мұрасы. – Алматы: Ел-

шежіре, 2007. – 264 б.

Кітапта Абай мұрасы оның өз өмір жолы

арқылы саралана отырып, оны салауатты өмір

салтына қолдану жаңаша көзқараспен беріледі.

Абай ілімі бойынша адамның өз болмысын

тануы, сана- сезімінің жетілу сатылары,

имандылық сырлары баяндалады. Кітап оқу

орындарында өзін –өзі тану, салауатты өмір

пәндеріне қолдану үшін мектеп оқушыларына,

студенттерге және өмірдің терең мағынасына

үңілетін көпшілікке арналады.

Page 31: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Оразалин, К.

Абайдан соң: Роман / Кәмен Оразалин. -

Алматы: Жазушы, 1972. – 264 б.

Жазушы бұл жаңа туындысында Абай мұрасын

жұртшылықтың қалай қабылдағандығын сөз етеді. XX

ғасыр бас кезіндегі қоғамдық жағдай, жаңа туындап

келе жатқан білім мен өнер көзі және жас Мұхтардың

өскен ортасы – романға негізгі желі болып тартылған.

Page 32: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Молдаханов, Ә.

Абай, Шәкәрім, Әуезов дәрістері: оқулық: ҚР

Білім және ғылым м-гі бекіткен / Әдебиет

Молдаханов; ҚР білім және ғылым м-гі. - Алматы:

ЖШС РПБК "Дәуір, 2011. – 190, б.

Оқулықта халқымыздың ұлы ғұламалары Абай

Құнанбайұлының, Шәкәрім Құдайбердіұлының,

Мұхтар Әуезовтің әдеби-ғылыми мұраларының

еліміздің Тәуелсіздікке қол жеткізген жиырма жылы

ішінде зерттелу нәтижелері қарастырылып, оларды

жаңа көзқараспен қайта тану тұрғысында

абайтанудың, шәкәрімтанудың, әуезовтанудың әлі

ашылмай жатқан өзекті беймәлім тұстары бойынша

тың деректер берілген.

Оқулық студенттерге, магистранттарға, ізденушілерге,

оқытушыларға және көпшілік оқырманға арналған.

Page 33: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Жанпейісов, Е.

М. Әуезовтың "Абай жолы" эпопеясының

тілі: (тарихи-этимологиялық байқаулар,

материалдар) / Ербол Жанпейісов; Қаз. ССР ҒА,

Тіл білімі ин-ты. – Алматы: Ғылым, 1976. – 167 б.

«Абай жолы » - аса бағалы тіл ескерткіші болып

табылады. Онда қазақ тілінің байлығы, сарқылмас

мүмкіншіліктері, ғасырлар бойына қалыптасқан сөздік

қорының арғы-бергі қат-қабаты барынша мол

қамтылған.

Кітап ғылыми қызметкерлерге, аспиранттарға,

филология факультетінің оқытушылары мен

студенттеріне, сондай-ақ қалың оқушы қауымға

арналған.

Page 34: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Есімов, Ғ.

Хакім Абай: даналық дүниетанымы /

Ғарифолла Есімов; Ғ. Есімов. – Алматы:

Атамұра, 1994. – 198 б.

«Хакім Абай» кітабы ұлы ақынның даналық

дүниетанымын саралауға арналған. Автор

ақынның жекелеген ғибратты ой түйіндеріне

түсінік беретін герменевтикалық тәсілді

қолданған. Кітапта Абайдың өлеңдері мен қара

сөздеріндегі философиялық тұжырымдары

нақтылы ұғымдар түрінде қарастырылады.

Page 35: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы.

Өлең сөздің патшасы: шығармаларының

бір томдық жинағы / Абай (Ибраһим)

Құнанбайұлы. – Жидебай: Халықаралық Абай

клубы, 2008. – 568 б.

Page 36: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Абай, Қ.

Хикмет кітабы = Книга мудрости /

Құнанбаев Абай. - Алматы; Жидебай: ИП

"RS", 2011. - 568, б.

Page 37: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Абай.

Дүниеде, сірә, сендей маған жар жоқ/ Абай. -

Алматы: Жалын, 1990. – 128 б.

Абайдың махаббат лирикалары осы жинақтың

бірінші бөлімінде тұңғыш рет жеке топтастырылды.

Сонымен бірге Пушкиннен, Лермонтовтан аударған

ғашықтық жырлары да бұл бөлімнің маңызын

мәндендіре түсетіндей. Екінші бөлімінде ұлы ақынның

жастарға тікелей арнаған үлгі-өнеге өлеңдері бар.

Page 38: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Нұрқатов, А.

Абайдың ақындық дәстүрі: моногр. / Айқын

Нұрқатов. - Алматы: Жазушы, 1966. – 345 б.

Ғалымның бұл еңбегі ұлы ақын Абай

творчествосы жайлы ғылыми монография болып

табылады. Бұл кітапта ақын мұрасын жан-жақты

талдап, оған барынша терең, ғылыми баға берген.

Page 39: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Тайшыбай, З.С.

Абай және баспасөз: 19 ғ. аяғы, 20 ғ. басындағы

қазақ баспасөзінің материалдары бойынша / Зарқын

Сыздықұлы Тайшыбай; З. С. Тайшыбай. –

Қарағанды: ҚарМУ, 1996. - 175, б.

Кітапта Абайдың шығармашылық өмірбаянына,

ақындық лабораториясына байланысты тың деректер

келтірілген. Кітап ұлы Абай мұраларына ден қойған

зерттеушілерге, мектептер мен орта, жоғары оқу

орындарының оқытушыларына, студенттерге, көпшілік

қауымға арналған.

Page 40: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Ақбай, Н.

Абай жолы энциклопедиясы/ Наурызбай Ақбай. -

Алматы: Арда, 2008. – 501, б.

Бұл энциклопедия қазақтың классик жазушысы,

драматург, абайтанушы, ойшыл, ғалым Мұхтар

Омарханұлы Әуезовтің төрт томдық «Абай жолы»

роман-эпопеясының негізінде жазылған. Аталмыш

энциклопедия көркем шығарма жөніндегі тұңғыш

ғылыми басылым болып табылады. Кітапқа үлкенді-

кішілі 1400-дей мақала енгізілген.

Page 41: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Абай

Өлеңдер. Алматы: Жазушы, 1976. – 240 бет.

Қайғы келсе, қарсы тұр,

құлай берме.

Абай

Page 42: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Абай.

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін/ Абай; құраст. М.

А. Балақаев. – Алматы: Қазбірмембас., 1945. – 62, б.

Бұл жинаққа Абайдың мазмұны, көркемдік жағынан

жастар үшін керекті, пайдалы деген өлеңдерінің көпшілігі

енді.

Page 43: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Сыздықова, Р.

Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы

/ Рәбиға Сыздықова; Қаз. ССР ҒА, Тіл білімі ин-

ты. – Алматы: Ғылым, 1970. – 175 б.

Бұл кітапта автор қазақ өлеңінің, оның

ішінде Абай өлеңдерінің , синтаксистік құрылысын

олырдың ұйқас суретіне, өлшем түрлеріне және

композициялық құрамына байланыстыра талдайды.

Сол арқылы Абайдың өзіне дейінгі әдеби дәстүрді

қалай пайдаланғанын, поэзия синтаксисіне енгізген

өзгеріс-жаңалықтарын көрсетеді.

Page 44: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Абай және қарақалпақ әдебиеті/ Іқұраст. Қ.

Жұмажанов, С. Исмайылов, Ш. АяповІ. –

Алматы: Рауан, 1995. – 77, I2I б. – (Абай 150, 1845 -

1904).

Бұл кітапта ұлы Абайдың туысқан қарақалпақ

әдебиетінде зерттелуі мен мектепте оқытылуының жайы

сөз болады. Жинақ қарақалпақ зерттеушілерінің

мақалалары мен ақындардың арнау өлеңдерінен

құрастырылған.

Page 45: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Оразалин Кәмен.

Абайдан соң: Роман. – Алматы:

Жазушы, 1987. – 424 бет.

Жазушының бұл жаңа шығармасы –

бұдан бірнеше жыл бұрын жарық көрген

“Абайдан соң” романының заңды жалғасы.

Автор өз туындысына Мұхтар Әуезов өскен

ортаны, оның жазушылық көзқарасы мен

дүниетанымы қалыптаса бастаған кезеңді

арқау етеді.

Page 46: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Әуезов, М.О.

Абайтанудан жарияланбаған

материалдар/ Мұхтар Омарханұлы Әуезов; Қаз.

ССР ҒА, М. О. Әуезов атын. әдеб. және өнер ин-

ты. – Алматы: Ғылым, 1988. – 367, б.

Бұл кітапта ғұлама ғалымның Абай мұрасы

жөнінде бұрын жарық көрмеген зерттеу

материалдары берілді.

Page 47: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Мырзахмет, М.

Абайтану тарихы/ Мекемтас Мырзахмет. –

Алматы: Ана тілі, 1994. – 191, б. – (Абай

тағылымы).

Бұл кітапта ұлы Абай мұрасы, оның зерттелуі

туралы жазылған құнды деректер мен архив

қазыналары егжей-тегжейлі екшеліп, Абайтану

тарихының қалыптасу жағдайы сала-салаға бөлініп

баяндалған.

Бұл кітап қазақтың ұлы ақыны, ойшылы,

данышпаны Абай Құнанбайұлының туғанына 150

жыл толуына орай жарияланып отыр.

Page 48: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Абай.

Қара сөз / Абай. – Алматы: Ел, 1993. – 269, б.

«ЕЛ» қорының («Ядролық сынақтар мен

экологиялық апаттардан зардап шеккен балалар

үшін») Қаз. және орыс тілінде.

Page 49: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Абай.

Таңдамалы өлеңдер/ Абай; ССРО ҒА, Қазақ

филиалы, Тіл және тарих ин-ты. – Алматы:

Қазбірмембас., 1943. – 29, б. – (Қызыл әскер

кітапханасы).

Page 50: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Сыздықова, Р.

Абайдың сөз өрнегі: (моногр.) / Рәбиға

Сыздықова. – Алматы: Санат, 1995. – 207, б.

Кітап Абайдай сөз алыбының «жүрекке

жылы тиетін» көрікті тіліне сүйсіне түскісі келетін

студенттер мен ұстаздарға, сондай-ақ поэтикалық тіл

дегенді танытушы ақын-жазушылар мен ғалым

мамандарға арналады.

Page 51: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Абай мұрасы - қазақтың ұлттық қазынасы:

(респ. ғылыми-теориялық конф.

материалдары) / ҚР білім және ғылым м-гі,

Ғылым ком., М. О. Әуезов атын. әдеб. және

өнер ин-ты; [құраст.-жауапты ред. Т. Әлібек]. –

Алматы: КИЕ, 2009. – 125, б.

Жинаққа 2009 жылдың 2 маусымында

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер

институты ұйымдастырған «Абай мұрасы –

қазақтың ұлттық қазынасы» атты республикалық

ғылыми-теориялық конференцияның

материалдары енгізілді.

Page 52: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Абай туралы сөз: (Ұлы Абайдың 150 ж. тойындағы

ой-толғаныстар) / ҚР мәдениет м-гі. – Алматы:

Журналист, 1996. – 134, б.

Ұлы Абайдың 150 жылдық тойындағы ой-толғаныстар

бұл жинақ баршамызды ойлануға, Абай шыққан

биікке ұмтылуға шақыруымен құнды.

Page 53: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Абай, Қ.

Шығармаларының толық жинағы/

Құнанбаев Абай. –Алматы: ҚР ҒА, 1954. Т. 1. - 321 б.

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар Еңбегің мен ақылың екі жақтап.

Абай

Page 54: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Абай, Қ.

Өлеңдер мен аудармалар. Поэмалар. Қара

сөздер. Ақын туралы естеліктер: [шығармалар

жинағы] / Құнанбаев Абай. – [2-бас.]. – Алматы:

Өлке баспасы, 2014. – 505, б.

Бұл басылымға мектеп бағдарламасы

бойынша оқылатын Абай Құнанбаевтың (1845-

1904) шығармалары – өлеңдері, поэмалары,

аудармалары, ғақлия (нақыл) сөздері және басқа де

қосымша әдеби және әдістемелік материалдар

енгізілді.

Кітап оқушылардың ғылыми жұмыспен

айналысуына да үлкен көмек, шығарма және

реферат жазу кезінде де көмекші құрал бола

алады.

Кітап жалпы орта білім беретін мектеп, гимназия,

лицейлердің жоғары сынып оқушыларына,

колледж студенттеріне, жоғары оқу орнына түсетін

талапкерлерге және жалпы көпшілік оқырманға

арналған.

Page 55: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Әуезов, М.О.

Абай Құанбаев: мақалалар мен зерттеулер /

Мұхтар Омарханұлы Әуезов; жалпы ред. басқ.Т.

Дүйсенбаев. – Алматы: Ғылым, 1967. – 391 б.

Жинаққа Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің Абай

творчествосын жан-жақты және терең қамтитын

ғылыми еңбектерінің ішінен ең басты дегендерін

енгізіп отыр.

Кітап ғылыми қызметкерлердің, жоғары оқу

орындарының филология факультеттері студенттері

мен аспиранттарының және көпшілік оқырмандардың

пайдалануына ұсынылып отыр.

Page 56: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Абай.

Қалың елім қазағым: Шығармалары / Абай. –

Алматы: Жалын, 1995.- 382, б. - (Әлем әдебиеті). –

(Абай 150).

«Қалың елім қазағым» аталатын бұл кітап барлық

шығарманың мәтіні әр жылғы қолжазбалар, жинақтар

бойынша салыстырылып, енгізілген елеулі түзетулер

түсініктемеде көрсетілді.

Page 57: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Абайдың ақын шәкірттері: Дайынд. К.

Мұхамедханұлы. – Алматы: РГЖИ "Дәуір",

1994. 2-ші кітап . – 336 б.

Бұл “Абайдың ақын шәкірттері” атты екінші

кітабына Кәкітай, Көкбай және Уайіс ақындары

еніп отыр.

Page 58: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

М. Әуезовтің "Абай жолы" романының жиілік

сөздігі/ Қаз. ССР ҒА, Тіл білімі ин-ты; [жауапты

ред. Ә. Т. Қайдаров]. – Алматы: Ғылым, 1979. –

334, б.

Сөздік алфавиттік-жиілік, жиілік және кері

алфавиттік-жиілік сөздік деп аталатын үш бөлімнен

тұрады. Мұның бәрі жеке автордың сөз қолдану

машығындағы ерекшеліктердің сыр-сипатын жете

ұғынуға мүмкіндік береді.

Кітап тіл мамандарына, аспиранттарға, филология

факультетінің студенттеріне, тіл пәні мұғалімдеріне,

орта мектептің жоғары сынып оқушыларына

арналған.

Page 59: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Абай (Ибраһим) Құнанбаев.

Шығармалар жинағы: 2 томдық / Абай

(Ибраһим) Құнанбаев. – Алматы: Жазушы,

1986. Т. 1: Өлеңдер мен поэмалар . – 250, б.

Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ- Бес дұшпанын білсеңіз Абай

Page 60: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Абай.

Қалың елім қазағым...: өлеңдер / Абай. – Алматы:

Атамұра, 2002. – 223, б.

Ұлымыздың ұлы перзенті – хакім Абайдың бұл

жинағына біршама өлеңдері іріктеп алынды.

Page 61: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы.

Шығармаларының екі томдық толық жинағы/

Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы; Абай; ҚР ҰҒА, М.

О. Әуезов атын. әдеб. және өнер ин-ты. – Алматы:

Ғылым, 1977. Т. 1: Өлеңдер мен поэмалар. – 454, б

Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым, ойлап қой, - Бес асыл іс, көнсеңіз. Абай Құнанбайұлы

Page 62: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Абай, Қ.

Айттым сәлем, қаламқас: әндер мен

күйлер / Құнанбаев Абай; Құраст. Б. Г.

Ерзакович. – Алматы: Өнер, 1986. – 91, б.

Ақындық, музыкалық талантына тәнті

қылған Абайдың (1845-1904) құлақтан кіріп,

бойды алған жақсы әндері мен тәтті күйлері

әншілерге, көркемөнерпаздар мен

профессионал хор коллективтеріне,

композиторлар мен музыкатанушыларға

арналған. Сондай-ақ жоғары және орта

музыкалық, педагогикалық оқу орындарында

қазақ музыкасының тарихы курсы бойынша

оқу құралы ретінде де пайдалы еңбек болары

сөзсіз.

Page 63: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Абай.

Таңдамалы өлеңдер/ Абай. – Алматы:

Жазушы, 1985. – 176 б.

Кітапта қазақ әдебиеті классигінің таңдамалы

өлеңдері берілген.

Page 64: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Абай, Қ.

Өлеңдер/ Құнанбаев Абай. – Алматы:

Жазушы, 1966. – 48 б.

Өмір, дүние дегенің Ағып жатқан су екен Абай

Page 65: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Абай.

Қара сөздер/ Абай. – Алматы: Арда, 2007. – 165, б.

Бұл кітапқа ұлы Абайдың қара сөздері мен бірқатар

елге танымал әндері енгізілген.

Page 66: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Абай.

Шығармалар/ Абай; [әзірлеп, шығ. жауапты

Р. Рустамова]. – Алматы: Мөр, 1994. – 414, б.

Шығармалар мен өлеңдер жинағы берілген.

Page 67: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Оразалин, К.

Абай ауылына саяхат: (орта мектеп

оқушыларына, мұғ. және көпшілік

оқырмандарға арн. көмекші құрал) / Кәмен

Оразалин. – Алматы: Мектеп, 1976. – 120 б.

Бұл кітапта Абай аулының өткені мен бүгінгісі

жайында, Абай мен Мұхтар есіміне байланысты

тарихи орындар жөнінде әңгімеленеді. Оқырман

бұл еңбектен бір ауылдан шыққан осы екі ұлы

адамның өмірі мен творчествосына қатысы бар

қызғылықты тың деректер де табады.

Кітап жоғары сынып оқушыларына, студенттер

мен мұғалімдерге, көпшілік оқырмандарға

арналған.

Page 68: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Өзбекұлы, С.

Абай және адам құқы/ Сәкен Өзбекұлы. –

Алматы: Жеті жарғы, 1995. – 109, б.

Қазақ елінің әдеттегі құқықтық жүйесіне

реформаторлық өзгеріс енгізген ғұлама Абайдың

заңгерлік қасиеттеріне зерттеушілік зейінін

аударған заң ғылымының кандидаты Өзбекұлы

Сәкен Созақбаевтың елең еткізер бұл ізденісі

кемеңгер ойшылдың – 150 жылдығына тамшыдай

болса да сый-тарту іспетті.

Page 69: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Абайды оқы, таңырқа.../ Ред. С. Бақтыгереев. –

Алматы: Ана тілі, 1993. – 156, б.

Кітап негізінен абайтануға елеулі үлес

қосқан, бірақ шығармалары ақтандаққа

айналған Ә. Бөкейхановтың,

А.Байтұрсыновтың, М.Дулатовтың,

Ғ.Сағдидың және басқаларының Абай

мұрасы жайында Қазан төңкерісіне дейінгі

жазылған туындыларынан құрастырылды.

Еңбек ұлы ақын мұрасының зерттелу

тарихымен қызығушы студент жастар мен

қалың оқырман қауымға арналады.

Page 70: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Абай.

Қара сөздері/ Абай. – Алматы:

Өнер, 2006. – 119, б.

Бұл кітап кең ауқымдағы оқырмандарға –

мектеп және колледж мұғалімдеріне, жоғары

оқу орындарының оқытушылары мен

студенттеріне, ғалымдарға, саясаткерлер мен

мемлекет қайраткерлеріне және де ұлы

ойшыл ақын Абай мұраларынан терең нәр

алғысы келетін баршамызға арналады.

Page 71: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Абай.

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін/

Абай; құраст. М. А. Балақаев. – Алматы:

Қазбірмембас., 1945. – 62, б.

Бұл жинаққа Абайдың мазмұн, көркемдік

жағынан жастар үшін керекті, пайдалы деген

өлеңдерінің көпшілігі енді.

Page 72: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Жиреншин, Ә.

Абай және орыстың ұлы революцияшыл

демократтары / Әбіш Жиреншин.- Алматы:

Қазмембас., 1959. –266 б.

Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас Абай

Page 73: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Мырзахметов, М.

Мұхтар Әуезов және Абайтану

проблемалары/ Мекемтас Мырзахметов; Қаз.

ССР ҒА, М. О. Әуезов атын. әдеб. және өнер ин-

ты.- Алматы: Ғылым, 1982. – 289, б.

М.Әуезовтің абайтану негізін қалаудағы күрделі

ғылыми зерттеулерінің проблемалық жақтары, яғни

Абайдың ғылыми өмірбаянын жазу текстологиялық

ізденістері мен ақын мұрасының шығысқа қатысы,

Абайдың әдеби ортасы сөз етіледі.

Кітап ғылыми қызметкерлер мен әдебиетшілерге,

оқытушылар мен аспирантарға, жалпы Абай,

Мұхтар мұрасына қызығушы қауымға арналып

отыр.

Page 74: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Абай.

Қара сөз/ Абай. – Алматы: Ел, 1993. – 269, б.

Қаз. және орыс тілінде.

Книга представляет читателю философские эссе-

размышления великого казахского поэта и мыслителя

Абая.

Page 75: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Мәдібай, Қ.Қ.

Хандық дәуір әдебиеті: Жыраулар

поэзиясы / Қанипаш Қайсақызы Мәдібай. –

Алматы: Мектеп, 1996. – 67, б.

Филология ғылымының кандидаты, әдебиет

сыншысы Қанипаш Қайсақызы Мәдібайдың

“Хандық дәуір әдебиетінің” негізгі өкілдері

жыраулар поэзиясының зерттелу жайы, жыраудың

қоғамдық әлеуметтік тұлғасы, жыраулық өнердің

көркемдік негіздері зерделенген бұл еңбегі филолог

студенттерге көмекші құрал есебінде ұсынылып

отыр.

Page 76: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Сүйіншәлиев, Х.Ж.

Абайдың қара сөздері / Ханғали

Жұмашұлы Сүйіншәлиев. – Алматы:

Қазмемкөркемәдеббас., 1956. – 150 б.

Сақалын сатқан кәріден, Еңбегін сатқан бала артық. Абай

Page 77: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Сыздықова, Р.

Абай шығармаларының тілі:

(лексикасы мен грамматикасы) / Рәбиға

Сыздықова; Қаз. ССР ҒА, Тіл білімі ин-ты.

– Алматы: Ғылым, 1968. – 334 б.

Кітапта Абай шығармалары тілінің сөздік

құрамы мен грамматикалық ерекшеліктері

талданады.

Page 78: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Абай тілі сөздігі: [алғы сөзін жазған және

ред. басқ. А. Ысқақов]. – Алматы: Ғылым,

1968. – 735 б.

Сөздік ұлы ақын Абай Құнанбаев

шығармалары тілінің бүкіл сөз байлығын

түгел қамтиды.

Сөздіктен қазақтың ұлттық әдеби тілінің сол

замандағы құрамы мен құрылымы, атап

айтқанда, сөздердің сол кездердегі жасалу

және өзгеру жүйесі, қолданылу және жұмсалу

үлгілері, әдеби нормалары, лексикалық және

грамматикалық амал-тәсілдері,

стилистикалық өрнектері кәміл аңғарылады.

Сөздік нағыз оқырмандар көпшілігіне –

ғылыми қызметкерлерге, әдебиетшілерге,

баспасөз бен ағарту майданындағы

қызметкерлерге, аспиранттар мен

студенттерге және де басқа жан күйерлер мен

әуесқойларға арналып жасалған.

Page 79: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Абай: сын-биогр. материалдар, өлеңдер

және биогр. / СССР ҒА Қазақстандағы

фил., әдеб. секторы. – Алма-Ата:

Қазмембас., 1940. – 47, б.

Кітап латын тілінде.

Page 80: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Абай (Ибраһим) Құнанбай.

Шығармаларының толық жинағы /

Абай (Ибраһим) Құнанбай. – Алматы:

Қазбірмембас., 1945. – 503 б.

Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетепс далаға. Абай Құнанбайұлы

Page 81: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Әуезов, М.О.

Шығармаларының елу томдық толық жинағы/

Мұхтар Омарханұлы Әуезов; М. О. Әуезов; ҚР білім

және ғылым м-гі, М. О. Әуезов атын. әдеб. және өнер

ин-ты, "Әуезов үйі" ғылыми-мәдени орталығы. -

Алматы: Жібек жолы, 2005.

Т. 22. [1-кітап: Абай жолы: роман-эпопея]. - 422, б.

Әуезов, М.О.

Шығармаларының елу томдық толық жинағы/

Мұхтар Омарханұлы Әуезов; М. О. Әуезов; ҚР білім

және ғылым м-гі, М. О. Әуезов атын. әдеб. және өнер

ин-ты, "Әуезов үйі" ғылыми-мәдени орталығы. -

Алматы: Жібек жолы, 2005.

Т. 23. [2-кітап: Абай жолы: роман-эпопея]. - 478, б.

Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы- заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр. Мұхтар Әуезов

Page 82: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Абай: сын-биогр. материалдар, өлеңдер және

биогр. / СССР ҒА Қазақстандағы фил., Әдеб.

секторы. – Алма-Ата: Қазмембас., 1940. – 47, б.

Кітап латын тілінде.

Page 83: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Абай, К.

Избранное/ Кунанбаев Абай. –

Алма-Ата: Казгосизд. худож. лит., 1951. –

140 с.

Орыстар үшін – Пушкин, ағылшындар үшін – Шекспир, грузиндер үшін - Руставели…. қандай ұлы құбылыс болса, Абай да қазақтар үшін сондай теңдессіз құбылыс. Қайсын Кулиев

Page 84: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Абай, К.

Избранное: пер. с каз. / Кунанбаев

Абай. – М.: Худож. лит., 1970. – 271 с.

Сөзіне қарай кісі

ал, Кісіге қарап сөз алма.

Абай

Page 85: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Абай мұрасы және Қазақстан халқының рухани

және ұлттық санасы концепциясының әдебиетте

көрсетілуі: Абайтану оқулары. – Алматы, 1997. –

225с.

В настоящий сборник вошли тексты выступлений на

семинаре “Абаевские чтения” проходившие 17

апреля 1997г. под научным руководством

профессора Г.Е.Есимова.

Стиль выступлений, орфография и пунктуация

сохранены без изменений.

Page 86: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Абайдың өмірі мен творчествосы. – Алматы: ҚР

ҒА, 1954. – 269 б.

В настоящей книге собраны статьи о жизни и

творчестве Абая Кунанбаева. Задача сборника –

возможно шире осветить многогранную

деятельность великого казахского поэта и

просветителя.в нем представлены статьи о жизни и

творчестве Абая, мастерстве поэта, его

общественно-политических6 философских,

психологических и педагогических взглядах, связи

творчества поэта с русской литературой, его

музыкальном наследии.

В целом сборник отражает состояние научной

разработки наследия Абая за последние годы, не

претендуя на полное разрешение выдвинутых в нем

проблем.

Page 87: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Абай, К.

Избранное: Пер. с каз. / Кунанбаев Абай;

[Сост. М. Магауин]. – М.: Худож. лит., 1981. – 223 с.

Человек – дитя своего времени. Если он плох, в

этом виноваты его современники.

Абай Кунанбаев

Page 88: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Булгаков, М.А.

Ханский огонь;Белая гвардия;Собачье

сердце;Записки юного врача/ Михаил

Афанасьевич Булгаков. – Ижевск: Удмуртия,

1988. – 479, с.

Page 89: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Гизатов, Б.

Абай и музыка/ Бисенгали Гизатов. –

Алматы: Гылым, 1995. – 122, c.

В книге члена Союза композиторов Казахстана,

кандидата исскусствоведения, заслуженного

работника культуры Республики Казахстан

Бисенгали Гизатова рассматривается музыкальное

наследие Абая, который предстает перед нами как

народный композитор, автор большого количества

песен, созданных на собственные стихи и

популярных в народе.

Для педагогов и учащихся учебных заведений,

музыкантов-исполнителей, композиторов,

музыковедов и широкого круга любителей музыки.

Page 90: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Каракузова, Ж.К.

Изучение эпопеи М.Ауэзова "Путь Абая" в

русской школе/ Женискуль Кумекбаевна

Каракузова. – Алма-Ата: Рауан, 1991. –68, с.

В книге рассматриваются вопросы целостного

восприятия художественного произведения

учащимися старших классов в целях более

глубокого понимания законов творчества на

материале романа-эпопеи М.Ауэзова «Путь Абая».

Книга адресована всем интересующимся вопросам

стиля художественного произведения, учителям

школ, факультетов педагогических вузов.

Page 91: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Бейбытова, К.Д.

Традиции Абая в казахской поэзии начала

ХХ века/ Кульпаш Дайрабаевна Бейбытова; К. Д.

Бейбытова. – Алматы: Рауан, 1997. – 224 с.

Данная монография издается в авторской редакции.

Page 92: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Мусинов, А.

Абай и киргизская литература /

Ахмет Мусинов. – Алматы: [Б.и.], 1995. – 25c.

Достоинство человека определяется его подходом к делу, а не завершением.

Абай

Page 93: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Болатова, Г.Ж.

Анализ поэтики эпопеи "Путь

Абая": учеб. пособие / Гульжан

Жамбыловна Болатова. – Алматы: Қазақ

ун-ті, 2014. – 316, с.

Настоящее пособие посвящено проблеме

анализа поэтики эпопеи «Путь Абая» М.

Ауэзова.

Рекомендуется для студентов,

магистрантов и преподавателей

филологических факультетов.

Page 94: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Абай.

Панднома = Книга слов / Абай. –

Душанбе: Истеъдод, 2010. – 164 с.

Page 95: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Габдуллин Б. Г.

Этические воззрения Абая. Алма-Ата,

«Казахстан», 1970. – 104 с.

Книга посвященная этическим воззрениям

Абая, исследованию его представлений о

сущности и назначении человека.

Page 96: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Ахметов, З.А.

Абай и Лермонтов: эссе / Заки Ахметович

Ахметов. - Алматы: Арда, 2008. – 156, с.

Книга посвящена исследованию поэтических

переводов великого казахского поэта Абая,

произведений выдающегося русского поэта

М.Ю.Лермонтова.

Издание рассчитано на студентов-филологов,

литературоведов, на самый широкий круг читателей.

Page 97: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Анастасьев, Н.А.

Абай. Тяжесть полета/ Николай Аркадьевич

Анастасьев. – М.; Астана: Фолиант, 2008.- 379, с. –

(Жизнь замечательных людей. Серия биографий.

вып. 1169).

Будь моя власть, я бы отрезал

язык любому, кто утверждает,

что человек неисправим

Абай

Page 98: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Ауэзов, М.О.

Путь Абая: Роман-эпопея / Мухтар

Омарханович Ауэзов.- Алматы: Ана тілі, 1997.

Т.1. - 335, с.

Ауэзов, М.О.

Путь Абая: Роман-эпопея / Мухтар

Омарханович Ауэзов.- Алматы: Ана тілі, 1997.

Т.2. - 350, с.

Ауэзов, М.О.

Путь Абая: Роман-эпопея / Мухтар

Омарханович Ауэзов.- Алматы: Ана тілі, 1997.

Т.3. - 318, с.

Ауэзов, М.О.

Путь Абая: Роман-эпопея / Мухтар

Омарханович Ауэзов.- Алматы: Ана тілі, 1997.

Т.4.- 365, с.

Page 99: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Путь Абая: роман-эпопея / Мухтар

Омарханович Ауэзов; пер. А. Кима. – Алматы:

Жибек Жолы, 2012. Кн. 1. - 567, с.

Page 100: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Абай: сын-биогр. материалдар, өлеңдер

және биогр. / СССР ҒА Қазақстандағы

фил., әдеб. секторы. – Алма-Ата:

Қазмембас., 1940. – 47, б.

Кітап латын тілінде.

Page 101: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Абай, К.

Безветренной ночью луна...: (Десять

стихотворений) / Кунанбаев Абай; Пер. с каз. М.

Султанбекова. – Семипалатинск: Б. и., 1992. –

28, с.

Самые прекрасные

мысли тускнеют,

пройдя через

человеческие уста

Абай

Page 102: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Жиренчин, А.

Абай и его русские друзья/ А.

Жиренчин; А. Жиренчин; [отв. ред. Е. Б.

Бекмаханов]; АН КазССР. – Алма-Ата: Изд-во

АН КазССР, 1949. – 126, с.

В предлагаемой монографии, написанной на

основе архивных, мемуарных и литературных

источников, мы пытаемся дополнить биографию

поэта, восстановить историю его связи с

представителями передовой общественной мысли

русского народа и дать характеристику

мировоззрению Абая в свете конкретной

исторической обстановки его времени.

Page 103: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Бейсембиев, К.Б.

Мировоззрение Абая Кунанбаева / Касым

Бейсембиевич Бейсембиев; АН КазССР. – Алма-

Ата: Изд-во АН КазССР, 1956. – 171 с.

Page 104: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Калмырзаев А. С.

Эстетическое в творчестве Абая. – Алма-

Ата : Казахстан, 1979. – 160 с.

В книге как составная часть общественно-

философских взглядов казахского поэта-

мыслителя Абая Кунанбаева рассматривают

его этические представления. Автором

исследуется творческое наследие поэта с

точки зрения его эстетической ценности,

выявляется как и каким образов эстетические

идеи и категории в соответствии с идейно-

политическими и философскими

воззрениями казахского просветителя

воплощаются в его поэзии и прозе.

Книга рассчитана на читателей,

интересующихся вопросами эстетики и

историей развития общественной мысли в

Казахстане.

Page 105: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Абай: сын-биогр. материалдар, өлеңдер

және биогр. / СССР ҒА Қазақстандағы

фил., Әдеб. секторы. – Алма-Ата:

Қазмембас., 1940. – 47, б.

Кітап латын тілінде.

Page 106: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Суюншалиев, Х. Ж.

Абай Кунанбаев и русская классическая

литература: (в помощь лекторам) / Х. Ж

Суюншалиев; гл. упр. по делам культурно-

просветительных учреждений М-ва культуры

КазССР, Респ. лекционное бюро. – Алма-Ата: [б.

и.], 1954. - 39 с.

Первый поэт казахов – Абай Кунанбаев. Ни в раннем, ни в позднем периоде истории казахов не известно имя поэта, превосходящего его по величию духа.

Ахмет Байтурсынов

Page 107: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Абай и его литературное наследие во

Франции: Французские авторы о

литературе в Казахстане / Отв. ред. Ш. К.

Сатпаева. – Алматы: Санат, 1995. – 171, с.

Сборник на русском и французском языках

рассказывает о том, как творчество Абая

Кунанбаева, Мухтара Ауэзова, Габита

Мусрепова, Абдижамала Нурпеисова, Мориса

Симашко, Олжаса Сулейменова стало

достоянием читательской аудитории во

Франции.

Книга рассчитана на литературоведов,

филологов, культурологов, историков и

широкий круг читателей.

Page 108: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Ахметов, З.А.

Поэтика эпопеи "Путь Абая" в свете истории

ее создания / Заки Ахметович Ахметов; АН КазССР,

Ин-т лит. и искусства им. М. О. Ауэзова. – Алма-

Ата: Наука, 1984. – 254, с.

В книге освещаются вопросы поэтики эпопеи Мухтара

Ауэзова в связи с проблемами ее творческой истории:

важнейшие идейно-художественные особенности

произведения, идейная проблематика, художественная

разработка образов героев, сюжетно-композиционное

построение. Рассматриваются также авторский

замысел и его воплощение, соответствие

художественной и исторической правды, трактовка

образа исторической личности, раскрытие роли народа

как движущей силы истории, роль художественного

вымысла в процессе реалистической типизации

персонажей и др.

Книга предназначена для литературоведов и критиков,

журналистов, научных работников и студентов, а так

же для всех, кто интересуется вопросами современной

литературы.

Page 109: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Карпык, А.

Абай;Наследники;На перепутье... / Аль-

Халел Карпык. – Алматы: Агентство Аль-Халел,

1995.- 301, с. – (Звезды Казахстана).

Книги серии предназначены для широкого круга

читателей; могут быть использованы в качестве

учебных пособий; подарков-сувениров.

Page 110: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Абай, К.

Избранное / Кунанбаев Абай. – Алма-Ата:

Казгосизд. худож. лит., 1951. – 140 с.

Page 111: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Абай, К.

Двадцать стихотворений Абая / Кунанбаев

Абай. – Алматы: [б. и.], 2005. – 286, с.

Page 112: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Абай, К.

Слова назидания/ Кунанбаев Абай. –

Алматы: Өнер, 2006. – 131, с.

Книга рекомендована учителям школ, колледжей.

Преподавателям и студентам вузов, ученым,

политикам и государственным деятелям и всем

тем, кому особенно дорого глубокое духовное

наследие великого поэта и мыслителя казахского

народа, а так же всего Востока.

Page 113: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Ауэзов, М.О.

Абай великий казахский поэт /

Мухтар Омарханович Ауэзов, Б.

Кенжебаев. – Алма-Ата: КазОГИЗ, 1945. –

32 с.

Page 114: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Орешникова И.

Абай в русской школе / Орешникова И. –

Алма-Ата: «Мектеп», 1968. – 78 с.

Page 115: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Абай, К.

Избранные стихи / Кунанбаев Абай. –

Алма-Ата: Жазушы, 1986. – 224 с.

На араб. яз.

Page 116: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Абай.

Книга слов / Абай. Записки забытого /

Шакарим / Абай; [Пер. с каз. К. Серикбаевой, Р.

Сейсенбаева]. - Алматы: Жазушы, 1992. - 120, с. -

(Детям-жертвам ядерных испытаний и экол.

катастроф.).

Page 117: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

М. С. Сильченко

Абай. Очерки жизни и творчества. –

Алма-Ата: КазОГИЗ, 1945. – 113 с.

Page 118: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Абай. Стихотворения и поэмы. – Москва-

Ленинград: советский писатель, 1966. – 291

с.

Page 119: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Абай (Ибрагим), Кунанбаев.

Избранное / Абай (Ибрагим), Кунанбаев;

Пер. с каз. А. Кодара. – Алматы: Ана тілі, 1996. –

222, с.

Перед вами новый перевод избранных

произведений Абая, осуществленный известным

поэтом-билингвистом Ауэзханом Кодаром.

В целом это герменевтический труд, рассчитанный

на элитарного читателя из среды гуманитариев,

студенческой молодежи и гимназистов.

Page 120: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Абай, К.

Слова назидания / Кунанбаев Абай.-

Алматы: Б-ка Олжаса, 2012. – 155, с. –(Классики

мировой лит.).

«Слова назидания» включают в себя сорок пять

философско-этических рассуждении Абая о

различных сторонах бытия, наставлении умудренного

жизненным опытом человека. Эта небольшая по

объему книга создавалась в течение почти десяти лет.

Несмотря на то, что данная книга написана более ста

лет тому назад, она до сих пор вызывает интерес у

современного читателя, так как содержит мудрые

мысли и наставления, не потерявшие актуальности и в

настоящее время.

Page 121: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Сильченко М. С.

Абай. Очерки жизни и творчества / Сильченко М. С.

– Алма-Ата: КазОГИЗ. – 113 с.

Page 122: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Ауэзов, М.О.

Путь Абая: Роман: [В 2 т.: Авториз. пер. с

каз.] / Мухтар Омарханович Ауэзов. – Алматы:

Жазушы, 1987.

Т.2.- 588, с

Page 123: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Ауэзов, М.О.

Путь Абая: роман-эпопея / Мухтар

Омарханович Ауэзов; пер. А. Кима. – Алматы:

Жибек Жолы, 2012.

Кн. 2. – 555, с.

Page 124: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Мырзахметулы, М.

Восхождение Мухтара Ауезова к Абаю /

Мекемтас Мырзахметулы. - Алматы: Санат, 1994.

– 317, с.

Данное исследование посвящено актуальным и

малоизученным аспектам абаеведения, а именно:

принципам составления творческой биографии Абая,

установлению реальных истоков его поэтического

творчества, методике текстологических

исследований, проблеме отношения произведений

поэта к классическому Востоку, литературному

окружению.

Книга предназначена студентам, преподавателям

вузов, а также для массового читателя.

Page 125: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Житников, С.А.

Поэтические вариации "Қара

сөздер" Абая / Сергей Анатольевич

Житников.- Караганда: Караганд.

полиграфия, 2009. – 166, с.

Page 126: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Ахметов, З.

Лермонтов и Абай: (о переводах Абая

Кунанбаева из произведений М. Ю. Лермонтова) /

Закий Ахметов. –Алма-Ата: Изд-во АН КазССР,

1954. – 64с.

Абай считал себя обязанным передать идейное содержание и эмоциональное совершенство Лермонтова в полной мере. Для этого он находил в казахском языке новые обороты, метафоры, сравнения, новые ритмы, что способствовало совершенствованию языка казахской поэзии. Казахстанская правда

Page 127: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Абай. Критико-библиографический очерк,

стихи и библиография. – Алма-Ата:

КазГосиздат, 1940. – 46 с.

Худший

человек из числа

людей - это человек

без стремлений.

Абай

Page 128: “Әлемге танылған – Ұлы Абай”

Abai.

Book of words/ Abai. – Semey: Abai

international club, 2005.- 181, p. – (Library Journal

"Amanat"; № 15).