ШАРИҒАТТАҒЫ ҰЛЫ НЕГІЗДЕР (УСУЛЬ немесе ФОРМУЛАЛАР)

14
Ш Ш А А Р Р И И Ғ Ғ А А Т Т Т Т А А Ғ Ғ Ы Ы Ұ Ұ Л Л Ы Ы Н Н Е Е Г Г І І З З Д Д Е Е Р Р (УСУЛЬ немесе ФОРМУЛАЛАР)

Upload: -

Post on 13-Aug-2015

73 views

Category:

Education


6 download

TRANSCRIPT

Page 1: ШАРИҒАТТАҒЫ ҰЛЫ НЕГІЗДЕР (УСУЛЬ немесе ФОРМУЛАЛАР)

ШШААРРИИҒҒААТТТТААҒҒЫЫ

ҰҰЛЛЫЫ ННЕЕГГІІЗЗДДЕЕРР (УСУЛЬ немесе ФОРМУЛАЛАР)

Page 2: ШАРИҒАТТАҒЫ ҰЛЫ НЕГІЗДЕР (УСУЛЬ немесе ФОРМУЛАЛАР)

2

Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен!

Біз Өзін ғана мадақтайтын және Өзінен ғана көмек пен кешірім тілейтін

Аллаһқа мақтаулар болсын! Біз Аллаһтан өзіміздің нәпсіміздің және

амалдарымыздың жамандығынан пана іздейміз. Кімді Аллаһ тура жолмен

жүргізсе, оны ешкім адастыра алмайды. Ал кімді Аллаһ тастап қойса, оны

ешкім тура жолға сала алмайды. Жалғыз Аллаһтан басқа құлшылыққа

лайықты ешкім жоқтығына куәлік береміз және Мұхаммад – Аллаһтың құлы

және Оның Елшісі екеніне куәлік береміз.

ШАРИҒАТТАҒЫ ҰЛЫ НЕГІЗДЕР!

(УСУЛЬ немесе ПАЙДАЛЫ ФОРМУЛАЛАР)

Бүгін Аллаһ Субхана Тағаланың жәрдемімен осы жағдайды пайдалана

отырып, шариғаттағы усуль, негіз [әрі қарай тік жақша іші редактордан]«усуль»

аудармасы – «негіз»] немесе шартты түрде формула [әрбірімізге өте пайдалы

ҮШ формула] жайлы әңгімелейміз. Мысалы, барлығымыз мектепте оқыдық.

Естеріңде болар, тік төртбұрыштың ауданын қалай есептеу керек екендігі. Бізге

(мұғалім) айтатын, мына қабырғаға мен, келесі қабырғаның ұзындығын бір-

біріне көбейтсең сол тік төртбұрыштың ауданы шығады. Міне, сол кезде біз бұл

формуланы білдік. Енді үстел немесе бес қабатты үй болса да, осы арқылы кез-

келген қалаған затымыздың ауданын есептей аламыз.

Бауырлар! Шариғатта да осыған ұқсаған формула бар, оны тек «усуль-

негіз» деп атайды. Осы формуланы білсек, Аллаһ Субһана Тағаланың

көмегімен көп сұрақтарды оңай шешуге болады.

ФОРМУЛА №1

Формула №1. Бұл формула арқылы Ислам үмметіндегі бөлінулерді түсінеміз.

Бауырлар! Ислам үмметіндегі қандай жамағат болмасын, қандай секта

болмасын барлығы Құран және Сүннеттен дәлел келтіреді. Бірақ, неге онда

арамызда қарама-қайшылық, түсініспестік бар? Бұдан шығу үшін формуланы

білуіміз тиіс. Ол формуланы Аллаһ Субхана Тағала Құранда айтты: «Сонда

олар (яғни Кітап иелері және қияметке дейінгі мұсылмандар) сендер сенген

сияқты иман келтірсе (Құран уахи болған кездегі «сендер»-сөзі сахабаларға

тиіс) онда рас тура жол табар еді. Ал егер олар бет бұрса, сонда олар

мүлде жолдан шыққан болады...» (Бақара – 137)

Неге біздің кезімізде Ислам үмметінің болінуі, мешіттердегі бір топ пен

екінші топтың қарама-қайшылығы, үлкендер мен жастардың бір-бірімен

Page 3: ШАРИҒАТТАҒЫ ҰЛЫ НЕГІЗДЕР (УСУЛЬ немесе ФОРМУЛАЛАР)

3

келіспеуін, осы аят тура әрі анық көрсетіп тұр. Сырттай қарасаң барлығы

Құран, Сүннетті басшылыққа алғандай. Олардың бөліну себебі бұл аятта тура

және нақты жауап бар. «Сонда олар, сендер сияқты иман келтірсе, (яғни

сахабалар сияқты) онда рас тура жол табар еді. Ал егер бет бұрса, сонда

олар мүлде жолдан шыққан (яғни бөлінген) болады».

Аллаһ Субхана Тағала Тәубе сүресінің 100-аятында: «Муһажір, ансарлардан

алғашқы иман келтіргендер, және жақсылықта оларға ергендерден Аллаһ

разы болды. Әрі оларда Аллаһқа разы болды. Сондай-ақ Аллаһ, олар үшін

мәңгі қалатын астарынан өзендер ағатын жәннәттар әзірледі. Осы ірі

мұра.»

Бұл аяттан түсінетініміз, Аллаһ тек 3 топ адамдарға ғана разы.

Олар: 1) Муһажірлер,

2) Ансарлар

3) және оларға жақсылықта ергендер.

Көріп тұрғанымыздай Аллаһ разы болғандардың біріншісі Муһажірлер.

Бұлар Меккеден Мадинаға хиджра (қоныс аудару) қылғандар. Біз «Мухажір»

бола аламыз ба? Жауабы – жоқ. Неге? Өйткені Пайғамабар (оған Аллаһтың

игілігі мен сәлемі болсын) «Меккені ашқаннан кейін хиджра жоқ» - деген (Бұл

жерде жалпы хиджра емес, Меккеден Мадинаға ғана). Яғни бұл мүмкіндікті

жоғалтқан екенбіз.

Енді «Ансар» бола аламыз ба? Тағы да жоқ. Өйткені Пайғамбар (оған

Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қайтыс болған.

Бізде тек соңғы мүмкіндік бар. Біз білеміз, бауырлар, адам суға батып бара

жатқанда кішкене сабаншаға болса да жармасады. Сондықтан адам

құтқарылуға қалған соңғы мүмкіндігін біле тұра, одан айырылып қалуы

ақымақтық болар еді. Бізге қалған соңғы мүмкіндік Аллаһ бізге айтқандай

«жақсылықта оларға ергендер» - яғни Муһажірлер мен Ансарларға еру Аллаһ

оларға разы болсын.

Аллаһ Тағала тағы да Ниса сүресінің 115-аятында «Ал біреу өзіне тура жол

айқындалғаннан кейін Пайғамбарға қарсы шықса, сондай-ақ мүміндердің

жолынан басқа жол іздесе, оны бұрылған жағына бұрамыз да тозаққа

саламыз Ол нендей жаман орын». Дәл осылай, Пайғамбарға (оған Аллаһтың

игілігі мен сәлемі болсын) және иман келтіргендердің (яғни сахабалар) жолына

ермегендерді Аллаһ тозақ отына салады.

Жоғарыдағы аятта Аллах Тағала «Пайғамбарға қарсы шықса» - деп шектеп

қойса да болар еді, бірақ онымен шектелмей, аятты ары жалғастырып

«Сондай-ақ мүміндердің жолынан басқа жол іздесе» - оларда тозақы

болады. Бұдан шығатын қорытынды Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен

сәлемі болсын) ілесуді тастап қою және иман келтіргендердің жолын тастап

қою үлкен күнә. Құран нәзіл (уахи) болып жатқан кездегі иман келтіргендер

кім еді? Әрине олар Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

Page 4: ШАРИҒАТТАҒЫ ҰЛЫ НЕГІЗДЕР (УСУЛЬ немесе ФОРМУЛАЛАР)

4

болсын) сахабалары. Бұл аятқа қосымша дәлел ретінде Пайғамбарымыздың

(оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хадисі: «Иудейлер 71 топқа (ағым),

християндар 72 топқа бөлінді, ал менің үмметім 73 топқа бөлінеді. Оның

барлығы тозақта, біреуінен басқа» - деді. Сахабалар ол «Біреуі қайсы?» - деді.

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ол - Жамағат» - деді.

Сахабалар «Ол қандай жамағат?» - деп сұрады. Оған Пайғамбар (оған Аллаһтың

игілігі мен сәлемі болсын): «Бұл мен және менің сахабаларымның жолын

ұстанушылар» - деді. Ахмад 4\102 Абу Дауд 2\503 ат-Термизи 3\367, ибн

Маджа, ад-Дарими т.б.

Көрдіңіздер ме, бауырлар, жоғарыдағы хадисте Пайғамбар (оған Аллаһтың

игілігі мен сәлемі болсын) бізге келіспеушілік, бөліну сол сахабалардың кезінен

айтып жатыр «Менің Сүннетіме және тура жолда болған шыншыл

халифтердің сүннетін ұстаныңдар, оларға азу тістеріңмен жабысыңдар» -

деп. (Аль-Ирбад ибн Сарийа хадисінен үзінді. Абу Дауд 4607, ат-Термизи 2676,

ибн Маджа 42-сахих). Ғалымдар бұл хадистегі «ұстаныңдар» дегенді

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және олардың жолы

дейді. Сондықтан барлық бөліну, қарама-қайшылық, келіспеушіліктің болу

себебі сол 73 топтың біреуі ғана сахабалардың түсінігімен (жолымен) жүреді.

Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) заманында

сахабалардың арасында жамағатқа бөліну топқа бөліну болмады. Олардың

арасындағы кейбір келіспеушіліктер, бөлініске алып бармады. Бірде сахабалар

келіспей бір – бірімен бөліспекші болғанда, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі

мен сәлемі болсын) оларға ұрысты. Бұл бөліну Аллаһ және Пайғамбары (оған

Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жақсы көрген аттарымен аталса да.........

Аллаһ Тағала Муһажір, Ансар деген атауларды жақсы көреді дедік. Бірақ та

осы атауларды атап, сахабалар бөліспекші болғанда Пайғамбар (оған

Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз наразылығын білдірді. Әңгіме хадистегі

екі жас сахаба жайлы, бірі Ансарлардан, екіншісі Муһажірлерден. Екеуі

бірімен – бірі ерегісіп, бірі «Ей, Ансарлар», ал екіншісі «Ей, Муһажірлер» - деп

айқайлап шақырды. Олар пәленше жамағат, түгенше жамағат демеді.

Қолданғандары Аллаһ жақсы көретін атаулар. Сонда да бұны естіген

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оларға: «Мен сендердің

араларында бола тұра, бір-біріңді Джахилиет дәуіріндегі шақырумен

шақырып жатырсыңдар ма?» - деді.

Сондықтан сахабалардың арасында ешқашан бөлінісу болмаған. Біздер

Аллаһтың Дінін Құран-Сүнетті сахабалар түсінгендей түсінер болсақ, онда

арамызда ешқашан бөлінісу, қарама – қайшылық болмайды.

Аллаһ айтады «Сонда егер бір нәрсеге талассаңдар, оны Аллаһқа және

Пайғамбарына қайтарыңдар, егер сендер Аллаһқа және ахырет күніне

иман келтірген болсаңдар. Міне, осы хайырлы да нәтиже де жақсы.» (Ниса

- 59)

Page 5: ШАРИҒАТТАҒЫ ҰЛЫ НЕГІЗДЕР (УСУЛЬ немесе ФОРМУЛАЛАР)

5

Араларыңда болған қарама-қайшылықта Құран Сүннетте, басқа аяттарда

айтылғандай Құран мен Сүнетті сахабалардың түсінгіне қайтару арқылы

өздеріңе иман бар екенін дәлелдеңдер. Осылай Құран және Сүннеттен дәлел

келтірдік, енді сахабалардың сөзінен дәлел келтірейік. Абдуллаһ ибн Масғуд

(оған Аллаһ разы болсын) бірде мешітте дөңгеленіп топ-топ болып жиналып

отырған адамдарды көрді. Олардың әрқайсысының ортасында бір адамнан

отыр. Ол өзінің айналасындағыларға:....... «Осынша рет Субхан-Аллаһ»-деп

айтыңдар, «Әлхамдулиллаһ»-деп осынша рет айтыңдар, «Аллаһу Акбар»- деп

осынша рет айтыңдар» деп отыр. Әрбір отырған адамның алдында ол тасбих

[«Субхан-Аллаһ»], такбир [«Аллаһу Акбар»]және тахлид [«Әлхамдулиллаһ»]

сөздерін айтқанда шертіліп отыратын майда тастары бар. Абдуллаһ ибн

Масғуд оларды көргенде дауыстап: «Сендерге қасірет! Не істеп отырсыңдар

өздерің?!» Мен Абдуллаһ ибн Масғуд Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі

мен сәлемі болсын) сахабасымын. Ал сендер немен айналысып отырсыңдар?» - деді.

Олар: «О, Абу Абдурахман, бұл біз айтып жатқан тасбих, тахлид және

такбирлерімізді санайтын тастар ғой» - деді. Ибн Масғуд «Өздеріңнің

күнәларыңды санағандарың дұрыс болар еді! Ал мен сендердің игі амалдарыңыздың

ашқайсысы есептелмей қалмайтынына кепілдік беремін. Қасірет сендерге! Сендерді

бұдан артық не жойып құртушы бола алады?! Аллаһтың елшісі киген киімі әлі

тозып үлгермеді, ол тамақтанған ыдыстары сау қалпында тұр және жаным Оның

қолында болғанмен (Аллаһпен) ант етемін, не сендер Мұхаммад (оған Аллаһтың

игілігі мен сәлемі болсын) үмметіне қарағанда туралау жолмен жүресіңдер, не опат

етуші адасушылыққа түстіңдер!»-деді. Басқа жол жоқ, яғни сендер Пайғамбар

(оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мен оның сахабаларынан да артық

тура жол тауып алдыңдар, өйткені олар істемеген нәрсені істеп жатырсыңдар.

Енді қараңдар, бұлар Құранға сүйеніп дәлел клтірсе болар еді ғой. «Біз бұл

жерде арақ ішіп отырған жоқпыз, Аллаһты зікір қылып отырмыз. Аллаһ

Құранда айтты «Олар тіке тұрып, отырып, жамбасынан жатып (әр халде)

Аллаһты еске алады» (Аль-Имран 191) Басқа аятта «Ей, келтіргендер,

Аллаһты жиі еске алыңдар» (Ахзаб - 41), «Мені еске алыңдар менде

сендерді еске аламын» (Бақара - 152), «Аллаһты жиі еске алу аса ірі нәрсе»

(Анкабут - 45). «Біз осымен айналысып жатырмыз ғой»-десе болар еді. Яғни

Құраннан дәлел келтірді ғой, дұрыс па?

Олар Сүннеттен де дәлел келтіре алады, мысалы Пайғамбарымыздың (оған

Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бір сахабаға «Сенің тілің ардайым

Аллаһты еске алудан [құрғамасын] сулансын» (Абдуллаһ ибн Бусрдан (р.а.),

Тирмизи 3385, ибн Маджа 2\1246, ибн Абу Шейба 10\103,13\457)

Көргеніңіздей олар Құран Сүннеттен де дәлел келтірсе болар еді. Бірақ

Абдуллаһ ибн Масғуд: «Сендер Мухаммадтың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсын) сахабаларына қарағанда тура жолмен жүресіңдер не опат етуші

адасушылыққа түстіңдер»-деді. Өйткені оның сахабалары бұлай зікір істемеген.

Page 6: ШАРИҒАТТАҒЫ ҰЛЫ НЕГІЗДЕР (УСУЛЬ немесе ФОРМУЛАЛАР)

6

Бұл жағдайда олар «сахабаларға қарағанда тура жолдамыз» десе, онда кәпір

болады. Абдуллаһ оларға екінші жолды айтты «не опат етуші адасушылыққа

түстіңдер». Ол адамдар, оған не жауап қайтарады? «О, Абу Абдурахман, біз

игіліктен басқа ешнәрсе қаламадық», «Біз Аллаһ разылығы үшін істеп

жатырмыз» - деген, [және бұл сөздер] қазіргі кездегі адасушы топтардың сөзіне

[нендей] ұқсас. Абдуллаһ ибн Масғуд оларға былай деді: «Ал игілікті

қалағандардың көбісі оған жете алмайды!» , яғни тек игілік қалау жеткіліксіз.

Аллаһ Тағала Құранда «Бүгін діндеріңді толықтастырдым және

нығметімді тамамдадым. Сондай-ақ сендерге ислам дінін қоштап

ұнаттым» - деді. (Маида-3)

Мысалы көз алдарыңда елестетіп көріңдер, (немесе тәжірибе жасап көр) 2

стақан сұйықтық алып, біреусіне қара түсті сұйықтық құйып толтырып, оны

Ислам деп атаңыз, екінші стакандағы қоңыр сұйықтықты біріншісіне құямыз,

10-20 секунттан кейін қара түс өзгере бастайды. Сол сияқты дінде де, Аллаһ

Тағала «Бүгін діндеріңді толықтастырдым» деді. Яғни бауырлар! Дін толық

жабық, егер біреу оған бір нәрсені қоспақ болса, онда Исламнан бір нәрсені

алып лақтырып тастауға тура келеді. Сондықтан саляфтар айтқан: «Қандай бір

адам дінге бидғат енгізсе, ол міндетті түрде Сүннеттен бір нәрсені өлтіреді». (Бұл

Мұхаммад ибн Сириннің сөзі. Ад-Дарими 208). Яғни формула №1 немесе негіз

№1 – Құран мен Сүннет және сахабалардың түсінігіне негізделуі тиіс. Өйткені

сахабалар Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)

медрессесін бітірген деп айтсақ та болады. Олар Құран аяттарының қалай

Пайғамбарымызға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) уахи болғанын

және оны қалай ісімен істегенін көрді. Білмегендерін сұрады. Егер олар дұрыс

айтса, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оларды мақтады.

Бірде Убай ибн Кабтан (оған Аллаһ разы болсын) Пайғамбар (оған Аллаһтың

игілігі мен сәлемі болсын) «Құрандағы ең ұлы аят қайсы?» - деп сұрағанда,

Убай ибн Каб (оған Аллаһ разы болсын) «Ол Аятул-Курси» -деді. Пайғамбар

(оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оны мақтады. (Муслим 1885).

Егер сахабалар қателескен болса, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсын) олардың қателігін түзеді. Мысалы: бір сахабаның аятты түсінуіндегі

қателігі «және таңнан, қара жіптен ақ жіп (қараңғылықтан сәуле)

айрылғанға дейін ішіңдер, жеңдер де сонан соң оразаны кешке дейін

толық орындаңдар». (Бақара-182) Ол кісі аяғына қара және ақ жіпті байлап

алып, түсін ажыратқанша ішіп жеуін жалғастырған. Пайғамбар (оған

Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) «Бұл жердегі таң атар кездегі, қараңғы

аспандағы жарыққа ұқсас сәуле» - деп түсіндірді. (Бұхари, Муслим, Сахл ибн

Сад). Тағы бір аятта «Сондай иман келтіріп, сенімдерін зұлымдықпен

былғамағандар, міне соларда қауіпсіздік бар және олар тура жолға

түсірілгендер» (Анғам-82). Бұл аятты естіген сахабалар шошынған күйде «О

Аллаһтың Елшісі біз иман келтірдік, оны зұлымдықтан қалай қорғай аламыз?» -

Page 7: ШАРИҒАТТАҒЫ ҰЛЫ НЕГІЗДЕР (УСУЛЬ немесе ФОРМУЛАЛАР)

7

деді. Өйткені ешқандай адам жоқ, өз дініне, айналасындағыларға бір зияны

тимей қоймайтын және күнә жасамайтын. Сахабалар оны түсінді. Бұл аяттан

шығатын қорытынды «кім зұлымдық істесе, ол тура жолдан да, қауіпсіздіктен

де айрылды» деген мағына шығады. Бірақ Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі

мен сәлемі болсын) олардың қате түсінігін айтып түсіндірді: «Сендер солих

құлдардан болған Лұқманның сөзін естімедіңдерме «Әй ұлым, Аллаһқа серік

қоспа! Күдіксіз ортақ қосу зор зұлымдық» - дегенін» (Бұхари, Абдулла ибн

Масғудтан). Жоғарыдағы аяттағы «зұлымдық» сөзін Пайғамбар (оған Аллаһтың

игілігі мен сәлемі болсын) екінші аятпен тафсирлеп, бұл жерде зұлымдық –

деген сөз ширк келтіру мағынасында екенін түсіндірді. Басқа хадисте

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) «Қиямет күні Аллаһ,

сөйлескен және толық есеп сұраған кісі құрдымға кетеді» - деді. Сонда Айша

(оған Аллаһ разы болсын): «О Аллаһтың Елшісі Аллаһ Құранда «Ал енді кімнің

дәптері оңынан берілсе, сонда ол дереу жеңіл есеппен есептелінеді»

(Иншиқақ-7,8) демедіме, ал сен айтасың есеп болған адам құрдымға кетті деп».

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Айшаға: «Мұсылман

кісіге күнәлары көрсетіледі, есепке алынбайды, есепке алынса ол құрдымға

кетеді» - деді. (Хадис Айшадан. Ахмад, Бухари, Муслим, ат-Термези, Абу Дауд

және т.б.)

Бұл жерде Айшадада (оған Аллаһ разы болсын) аят пен хадисте қарама-

қайшылық болғандай болды. Бірақ Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен

сәлемі болсын) оны айтып түсіндірді. Бұндай мысалдар өте көп. Аллаһ Тағала

«Ей Пайғамбар! Раббың тарапынан түсірілгенді жалғастыр. Егер оны

істемесең елшілік міндетіңді жалғастырмаған боласың» (Маида-67)

Бұл кезде дін сахабаларға толық жетпеген кезі. Дін толықтастырылғаннан

кейін, жеті-қабат көктің ар жағынан Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен

сәлемі болсын) сахабаларға дінді толығымен түсініксіз ешқандай сұрақ

қалдырмай жеткізгеніне куәлік ретінде Аллаһ «Бүгін діндеріңді

толықтастырдым» (Маида-3) аятын түсірді. Сондықтан Пайғамбар (оған

Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) соңғы қажылықта «Мен сендерге

жеткіздім бе?» - дегенде Сахабалар «жеткіздің» - деді. Пайғамбар (оған

Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) «Ей, Аллаһ куә бол! Ей, Аллаһ куә бол! Ей,

Аллаһ куә бол!» - деді. Бұның бәрін кейінгі имамдарда түсінді.

Бірде имам Абу Ханифадан (Аллаһ оны рахымына алсын) бір кісі «Егер сенің

сөзің Құранға қарама-қайшы келсе не істейміз? Ол: «Менің сөзімді тастаңдар да

Құранды алыңдар» Олар тағы да «Ал егер Пайғамбардың (оған Аллаһтың

игілігі мен сәлемі болсын) сөзіне немесе ісіне қайшы (қарсы) келсе ше?» Ол

айтты: Менің сөзімді тастаңдарда Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен

сәлемі болсын) сөзін алыңдар» деді. Олар тағы да «Ал егер сахабалардың сөзіне

қарсы келсе ше?» имам Абу Ханифа: (Аллаһ оны рахымына алсын) «Менің

сөзімді тастаңдарда, сахабалардың сөзін алыңдар» деді. Ал сенің сөзің олардан

Page 8: ШАРИҒАТТАҒЫ ҰЛЫ НЕГІЗДЕР (УСУЛЬ немесе ФОРМУЛАЛАР)

8

кейінгілердің сөзіне қайшы келсе ше? Сонда ол: «Оларда еркек, бізде еркекпіз»

- деді. («ал-Хидая» «ал-Мадхал ила-ссунаниль-кубра 203-204 бет және Фатхул

Мәджид» 241). Яғни негізге қайтарамыз. Кімнің жағында Құран Сүннет және

сахабалардың түсінігі болса, соныкі дұрыс!

Имам Малик былай деген: «Кім исламға жаңалық енгізіп, соны игілік десе, Аллаһ

«Бүгін діндеріңді толықтастырдым және нығметімді тамамдадым.

Сондай-ақ сендерге Ислам дінін қоштап ұнаттым» (Маида-3) дегеніне

қарамастан, Мұхаммад (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сенімді

ақтамады және жолдауды жеткізбеді деп мәлімдеген болады. Сол кезде дін болмаған

нәрсе – бүгінде дін болып табылмайды» - деген. (Тахзиб ал-фурук 4\255. «әл

Итисам» 1\63 - Шатиби). Сондықтан тек Құран мен Сүннетпен шектеліп,

сахабалардың түсінігін тастап қойсақ, бұл діннен емес.

Имам Ахмад ибн Ханбал «Сүннет негіздері» кітабында былай деп басталады.

«Біздің түсінігіміздегі сүннет негіздері: Пайғамбарымыздың сахабалары ұстанған

нәрселерге шынайы берілу әрі оларға еру». Көрдіңіздерме ол Құран және Сүннет

демей «сахабалар ұстанған нәрсеге шынайы берілу, әрі оларға еру» деп

соңынан бастады. Сондықтан бауырлар, формула №1- егер сендер қандай бір

келіспеушілік, қарама-қайшылық көрсеткендер, олар Құран мен Сүннеттен

дәлел келтіріп жатса, олардан сұраңдар «Сахабалар осылай түсінген бе, осылай

сөйледіме немесе амал қылған ба?» - деп.

ФОРМУЛА №2.

Біз Аллаһтың діні жайлы сөйлескенімізде, бізге білуі тиіс екі нәрсе бар.

Біріншісі: тұрмысымызға қатысты нәрселер, мысалы ішіп-жеу, жүріп-тұру,

көлікке, үйге, киінуге қатысты. Аллаһ Тағала Құранда «Ол сондай Аллаһ жер

жүзіндегі барлық нәрсені сендер үшін жаратты» (Бақара-39) Келесі аятта:

«Аллаһтың құлдарына көркем етіп шығарған нәрсені (киім) және берген

жақсы несібелерін кім арам етті»- де. (Ағраф-32) Яғни Аллаһ бұлай

сөйлеуден қайтарып жатыр. Яғни негіз тұрмыстық дүниелік қажетімізде

барлығы халал. Ішіп-же, киін, қайда тұрғың келсе сонда тұр, қалаған жерге,

қалаған көлігіңді мініп бар, тек Аллаһтың харам еткенінен басқа, бұған

Аллаһтың мұқтаждығы болғандығынан емес, оның бізге зияны болғандықтан

харам етті. Мысалы дастарханда тұрған картошка, көк пияз, қызанақ сияқты

өнімдерімен тамақтанар алдында, бұл халал ма әлде харам ба? Бұны жеуге

дәлел бар ма, деген ой болдыма? Бұл әрине күлкілі нәрсе. Дұрыс па? Яғни

тұрмысымыздағы барлық халал, оның харам екеніне дәлел алып келмейінше.

Сондықтан, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Меккеден

Мединаға қоныс аударып келген кезде, Мадиналықтардың құрма ағашын

Page 9: ШАРИҒАТТАҒЫ ҰЛЫ НЕГІЗДЕР (УСУЛЬ немесе ФОРМУЛАЛАР)

9

тозаңдандырып жатқанын көреді. Оларға: «Не істеп жатырсыңдар, істемей-ақ

қойсаңдар қайтеді» - дейді Сахабалар оны тыңдады. Бірақ келесі жылы сол

ағаштар аз өнім берді. Олар келіп Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен

сәлемі болсын) «Біз сені тыңдап едік, міне нәтижесі» - деді. Сонда Пайғамбар

(оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) таңданып, «Субхан Аллаһ, сендер өз

тұрмыстарыңды жақсы білесіңдер. Бұл жай ғана менім ойым болатын» -

деді. Яғни тұрмыста барлық нәрсе рұқсат, Аллаһ харам еткеннен басқа.

Енді екенші жағы, бұл біздің дініміз. Дінде бауырлар, тұрмысқа қарағанда

барлығы керісінше! Дін дегеніміз – біздің намаз, ораза, қажылық, зікір қылу т.б.

құлшылықтар. Дінде барлығы харам, тек Аллаһтың шариғатында

заңдастырылғанынан басқа. Сондықтан Аллаһ Құранда «немесе дін

тұрғысынан Аллаһ бұйырмаған нәрсені оларға шариғат қылатын

ортақтары барма?» (Шура – 21). Көрдіңдерме Аллаһ заңдастырылмаған

нәрсені шариғатқа енгізген адамды Аллаһ «шурака» серіктес деп атап жатыр.

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) «Кім бұл дінде біз

бұйырмаған амалды істесе, ол өзіне қайтарылады» - деді. (Айшадан, Муслим

1618)

Сондықтан дінде барлығы керісінше. Негізі кез-келген жамағат бұл

қағидалармен келіседі. Бірақ, кейбір жекелеген сұрақтар келгенде тартысады.

Мысалы, олардың кез-келгені Таң намазының 2-ракағатының орнына 8-ракағат

оқимыз, күн шыққанға дейін уақыт жеткілікті десең, олар саған «Есіңнен

адасқан шығарсың?» - дейді. Сен оларға: «Мұнда тұрған не бар?» десең, олар:

«Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұлай істемеген»-дейді.

Сен оған: «Ал сенің айтып жатқан зікірің, істеп жатқан құлшылығыңды

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігімен сәлемі болсын) істеген бе?»- десең, «Енді

бұл біздің ата – бабаларымыз өмір бойы істеп келе жатқан нәрсесі, сонда сен,

олардан артық білесің бе?» -деп өздерінің ойын айтып шығады.

Сондықтан бауырлар, біз формула №2 білуіміз керек. Тұрмыста

қалағаныңды істе, оның харам екеніне дәлел келмейінше, ал дінде керісінше,

қозғалмада қимылдама, дін жайлы еш нәрсе айтпа, еш ақиданы ұстанба –

шариғатта Аллаһ Тағала оны заңдастырып қойғанын білмейінше. Білмей

әрекет істей берсең, ертеңгі жағдайың қиын болмақ.

Өйткені:

Біріншіден Аллаһ Тағала: «немесе дін тұрғысынан Аллаһ бұйырмаған

нәрсені оларға шариғат қылатын ортақтары барма?» (Шура – 21) - деген.

Екіншіден оның істеген амалын Аллаһ қабыл етпейді, өзіне қайтарады.

Үшіншіден Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігімен сәлемі болсын) «Бидағат

істеуші, бидағаттын тастамайынша, Аллаһ оның амалдарын қабыл

етпейді» -дейді. (Абу аш-Шейх 259. Ибн Аби Асым 37. Хифиз ибн Мунзири,

Әлбани сахих деген.)

Page 10: ШАРИҒАТТАҒЫ ҰЛЫ НЕГІЗДЕР (УСУЛЬ немесе ФОРМУЛАЛАР)

10

Аллаһ Тағаланың: «Бүгін діндеріңді толықтастырдым» дегеніне

қарамастан, бидағат істеуші Аллаһты жанама түрде «дін толық емес» деп

айыптап жатқандай. Кімнің сөзіне қарсы келіп отырғанын білсе ғой.

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әр құтбасында «Дінге

енгізілген барлық бидағат адасу, ал әр-бір адасудың соңы тозақта» - дейтін.

Қазірге кезде кейбір адамдар: «Барлық бидағат емес, жақсы бидағат жаман

бидағат болады»- деген әңгіме айтады. Естіген боларсыңдар. Пайғамбар (оған

Аллаһтың игілігімен сәлемі болсын) «барлық бидағат» - дейді. Олар болса,

«жоқ барлығы емес» - дейді.

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болысын) «Сендерді жаннатқа

жақындататын амалдардан мен сендерге атамай қалдырып кеткен ешбір

нәрсем жоқ, және сенідерді тозаққа жақындататын амалдардан мен сендерге

атамай қалдырып кеткен ешбір нәрсе жоқ, және сендерді тозаққа

жақындататын амалдардан мен сендерге тыйым салмай қалдырып кеткен

ешбір нәрсе жоқ» -деген. (ат-Табарани, сахих.) Бірақ, адамдар «Барлығы емес»

дейді. Сөйтіп өзінің көңіліне ұнағанын қосады. Бұлай Аллаһтың шариғатына

өзгерту – толықтыру енгізу ауыр күнәдан. Мемлекеттің Конституциясына

өзгертулер – толықтырулар енгізіліп жататыны бізге үйреншікті жағдай.

Себебі, оны адамдар ойластырған және олар көп жағдайды ескермейді.

Маңыздысы, олар тек бұл дүниенің жағдайын ойлайды. Арғы өмірді ойлаған

ешкім жоқ. Ешқандай Конституцияда келесі өмірімізге қатысты нәрсе

жазылмаған. Бүкіл әлемнің Раббысы болған Аллаһтың заңы – Өзі кітабында

айтқандай. «Адамдарға ненің пайда, ненің зиян екенін Жаратушы Иесі

білмейдіме». Яғни Аллаһ діні өзгерту мен толықтырылуға мұқтаж емес.

Жағарыдағы айтылып өткен қағидадан көргеніміздей [қорытынды]

Аллаһтың діні екі бөліктен тұрады:

1. ТҰРМЫC. Мұнда барлығы рұқсат, Аллаһ харам еткенінен басқасы.

2. ҚҰЛШЫЛЫҚ. Мұнда барлығы харам, Аллаһ заңдастырғанынан басқасы.

ФОРМУЛА №3

Бидағат істеушілер: «Сендер өздеріңде бидағат істеп жүрсіңдер»-деп айтады.

«Сендер микрофонмен азан шақырасыңдар, Пайғамбардың (оған Аллаһтың

игілігі мен сәлемі болсын) көзінде ол болмаған. Яғни сенде бидағат істеп

жүрсің» деп. Үлкен күмен ба, енді олармен қалай сөйлесуге болады? Біліңдер

бауырлар, егер №3 формуланы білсек жеңіл, әрі оңай.

Формула №3. Естеріңде болсын бауырлар, Аллаһтың дінінде мына нәрсе бар.

Бейне бұны манхадж деп атауға болады, және оны орындау құралы немесе

Page 11: ШАРИҒАТТАҒЫ ҰЛЫ НЕГІЗДЕР (УСУЛЬ немесе ФОРМУЛАЛАР)

11

уасиля - деп атайды.

Бейнеге келер болсақ – бұл біздің құлшылығымыз және бұл Пайғамбардың

(оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құлшылығына 100 пайыз сәйкес

келуі керек. Ал бұл құлшылықты орындау кезінде қолданатын құрал (уасиля),

онда еш проблема жоқ. Өйткені, бұған шариғатта жалпы нұсқау бар, және оған

бейне сұрағы қойылмайды. Жалпы мысалда түсінікті болады. Мысалы:

Азаншының – азан айтатын кездегі сөзі: Аллаһу Акбар 4 рет, Ашһаду алла

илаһа иллаллоһ 2 рет және соңына дейін Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі

мен сәлемі болсын) кезіндегі азанның бейнесі осы. Енді Субһан Аллаһ,

Әлхамдулиллаһ сөзінде проблема бар ма? Жоқ па? Жоқ болса, ертеңнен бастап

азанда: Аллаһу Акбар, Субхан Аллаһ, Субхан Аллаһу Акбар, Әлхамдулиллаһ,

Әлхимдулиллаһ деп шақырайық. Міне, бұл проблема, себебі бұл сөздер өз

орнында қолданылып оқылған жоқ, және Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі

мен сәлемі болсын) кезіндегі азанның бейнесіне сәйкес емес. Яғни азанның

бейнесі Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кезіндегі

азанның бейнесіне ұқсауы тиіс.

Бейне – бұл Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мүмкіндігі

болса істейтін, бірақ істемеген, істеседе ешкім кедергі келтірмейтін нәрсе.

Енді микрофонға келейік. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсын) өз заманында микрофон қолдануға мүмкіндігі болды ма? Жоқ. Себебі

микрофон жоқ еді. Яғни бейне Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсын) істеуге мүмкіндігі болған, бірақ істемеген нәрсесі. Ал құрал –

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қолдана алмаған нәрсесі.

Біз, микрофонды не үшін қолданамыз? Азан айтқанда даусымызды көтеру

үшін қолданамыз? Азан айтқанда даусымызды көтеру үшін, бұған шариғатта

жалпы нұсқау бар. Өйткені, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсын) Билялға азанды биік жерге шығып айтуды бұйырды. Бұл микрофон

бейнені жеткізу құралы екеніне дәлел болады. Және оған қосымша дәлел

ретінде хадисте келгендей, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсын) аурып намаз оқып тұрғанда «Аллаһу Акбар»-ды жай айтқан. Жанында

тұрған Абу Бакр даусытап (Аллаһу Акбар дейтін) артындағылар есту үшін

«Аллаһу Акбар» деп қайталайтын. Кейінгі ғалым, имамдардың кезінде қалай

болды? Мысалы, имам Бухаридың сабақтарына 100 мыңдаған адамдар

қатысатын. Олардың барлығына білім жеткізу үшін қандай дауыс болу керек?

Олар қандай жолды қолданады? Олардың арасында мустамли болатын, яғни

дауысты жеткізіп тұрушы. Имам өз орнында отырып дағуат айтады, одан 50

метр жерде бір адам, одан 50 метр арыбір адам, солай соңына дейін, бір-біріне

тізбектеп жеткізіп отырған. Сол кездің адамдары, білім алуда осындай

тәжірибе қолданған. Сонда олардың әрекеті бидағат па? Жоқ. Өйткені

шариғатта дауысты көтеруге жалпы нұсқау бар дедік. Имам Бухаридың сахих

кітабында «Білім беру үшін даус көтеру» деген бабы бар. Оған дәлел ретінде

Page 12: ШАРИҒАТТАҒЫ ҰЛЫ НЕГІЗДЕР (УСУЛЬ немесе ФОРМУЛАЛАР)

12

Абдуллаһ ибн Амрден келген хадисті айтады. Хадисте: «Пайғамбар (оған

Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) «От аяқтарға қасірет!» - деп екі немесе

үш рет қатты дауыстап айқайлады» - деп келеді. (Бухари 60) Яғни микрофон

бидағат емес, жай ғана жеткізу құралы болып табылады.

Енді 3, 7, 40 – күндік дағуатқа шығушыларға оралайық. Олардың ісі бейне ме,

алде құрал ма? Біріншіден Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсын) осылай істесе, ешкім жерге, Османды (оған Аллаһ разы болсын) басқа

жерге жіберсе, болар еді. Яғни бидағат иелерінің әрекеті «бейне» болып

табылады. Олар бізге «Сендердің диск, mp3-мен сабақ тыңдауларың ше?» дейді.

Біз оларға: «Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)

кезінде білімді жазу бар ма, жоқ па?»-дейміз. Пайғамбар (оған Аллаһтың

игілігі мен сәлемі болсын) «Білімді жазу арқылы ұстап қалыңдар» -деген.

(Әлбани сахих деген.)

Пайғамбар (оған Аллаһытң игілігі мен сәлемі болсын) Римнің, Персияның

императорларына дағуатын хат күйінде жазды. Егер сол кезде, дискіге жазу

мүмкіншілігі болғанда, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)

одан бас тартпаған болар ма еді. Сондықтан бұл бейне емес, жеткізу құралы

болып табылады.

Енді біреу «жиһидты танкі, ұшақпен жүргізу бидағат, өйткені Пайғамбардың

(оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кезінде бұлар болған жоқ» дейді.

Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кезіне

оралайық, сол кездегі найза, қылыш, садақ бейне ме, әлде құрал ма? Бұлар

құрал. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Таиф қаласын

алған кезде, оған «манджинит» тас ататын құрал бар дегенде, Ол (оған

Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оны қолданды.

Аллаһ Тағала Құранда айтқандай: «Сендерге шамаларың келгенше әр-

түрлі күш әрі ат байлаумен әзірлік көріңдер»- деген. (Әнфал- 20) Бұл

аяттағы «күш» сөзінің тәфсирін Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсын): «Бұл ату» деген. Біздің кезімізде бұл садақпен ату емес, ол тек «садақ

ату» жарысында ғана болады. Біздің уақыттағы ату, ракетамен тағы соған

ұқсаған нәрселерді қолдану. Енді бұл жерде біз ненің құрал, ненің бейне екенін

ажырата білуіміз керек.

ЖОҒАРЫДА АЙТЫЛҒАНДАРДАН БІЗДІҢ ЕСКЕРУІМІЗ КЕРЕК БОЛҒАН НӘРСЕ:

1. Құран және Сүннеті түсінуде, сахабалардың түсінігіне қайту.

2. Біздің өміріміз 2-бөліктен тұрады.

- Тұрмыс. Онда барлығы рұқсат, Аллаһ харам еткеннен басқа.

- Дін. Мұнда барлығы харам, Аллаһ рұқсат бергеннен басқасы.

3. Бейне және құрал.

Page 13: ШАРИҒАТТАҒЫ ҰЛЫ НЕГІЗДЕР (УСУЛЬ немесе ФОРМУЛАЛАР)

13

Енді Абдуллаһ ибн Масғудтың (оған Аллаһ разы болсын) хадисіне ораламыз.

Абдуллаһ (оған Аллаһ разы болсын) тастар арқылы амалдарын санап отырған

адамдардың әрекетін құптамады. Не үшін? Ол адамдар «Біз бұл тастарды

құрал ретінде пайдаланып отырмыз» деп айтса болар еді. Енді оларды не үшін

ұрысып, құптамады? Себебі ол құрал емес, [ол] бейне. Пайғамбар (оған

Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тастарды қолданса болар еді, бірақ

қолданбады. Яғни олардың тастарды қолдануы, құралды бейнеге айналдырып

алуында. Осыдан біз маңызды үш қағида және маңызды пайда аламыз.

Егер бір адам дінге жаналық енгізсе, оған үш сөзден тұратын аз әңгіме

айтамыз:

1. Жақсылық

2. Біліу.

3. Шақыру

Бір адам дінге жаңалық енгізді дейік. Мысалы: МашаЛлаһ, өткенде ғана

сондай той тойладық. «Пайғамбарға құрмет» деген атпен Пайғамбардың (оған

Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) туылған күнін, 8-наурызды тойлағандай.

Көп адамдар әйелдерін жылына бір рет есіне алады. «Осындай бір «әйел» деген

адам бар екен ғой» деп. Ал қалған 365-күн сол үйде әйел тектес хайуан

жүргендей. Солай емес пе? Әйелдеріне деген ешқандай құрмет, сыйлау деген

жоқ. Жылына бір рет есіне алып, сол 8-наурыз күні азанда гүл силап, кешке

араққа тойып алып бір сабап алады. Біздің әйелдеріміз үшін 8-ші наурыз

жылына 365-күн Мухаммад ибн Абдуллаһ (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсын) деген пайғамбар барын ұмытқан. Сол кейбір молдаларға Пайғамбар

(оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтты десең, олар саған: «Біздің

имам айтты немесе молда айтты және аталарымыз айтты» - дейді. Жылына бір

рет Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бар екені естеріне

түседі.

Сол мәулітті тойлап жатқандарға біз бірінші сұрағымызды қоямыз:

«Сендердің істерің жақсылық па, әледе жамандық па?» Ол сұраққа, екі

жауаптың бірі болуы мүмкін. Біріншісі «Жақсылық емес», бірақ олар бұлай

жауап бермейді. Себебі, жақсылық болмаса, олар мәулітті тойламас еді.

Екіншісі «Жақсылық емес, мұны істеуге мәжбүрледі» десе, онда ол басқа әңгіме.

Олардың жауабы «жақсылық» болады.

Содан кейін екінші сұрақты қоямыз: «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен

сәлемі болсын) бұл жақсылық жайлы білді ме, әлде білмеді ме?» Ол сұраққа екі

жауаптың бірі болады. Егер «білмеді» десе, онда ол діннен шығып кетеді. Яғни

ол Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) білмеген жақсылықты

білген болады. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын):

«Сендерді жаннатқа жақындататын амалдардан мен сендерге атамай

қалдырып кеткен ешбір нәрсе жоқ және сендерді тозаққа жақындататын

амалдардан тиым салмай қалдырып кеткен ешбір нәрсе жоқ» - деп айтқан.

Page 14: ШАРИҒАТТАҒЫ ҰЛЫ НЕГІЗДЕР (УСУЛЬ немесе ФОРМУЛАЛАР)

14

(Табарани сахих) Қауіпті жағдайға түсіп қалудан қорыққандықтан, олар саған

«Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) білген» дейді.

Енді үшінші сұрақ: «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)

бұл жақсылыққа шақырдыма, әлде шақырмады ма?»

Оған жауап, екеудің біреуі: «Шақырмады» - деуі мүмкін. Онда ол,

«Пайғамбар өзіне жүктелген міндетті орындамай, жақсылықты айтпай

жасырып қалды» деп айыптаған болады. Ол, бұл сөзімен Аллаһқа қарсы

келеді. Аллаһ Құранда: «Бүгін діндеріңді толықтырдым...» - деді.

Немесе олар «шақырды» дейді. Сол кезде одан сұраймыз: «Құранда немесе

Сүннеттің қай жерінде Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)

мәулітті тойлауға шақырды?» жауабы екеудің біреуі болуы мүмкін. Ол саған

ойдан құрастырылған өтірік хадисті айта бастайды: «Пайғамбарымыз (оған

Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) туылған да Абу Лаһаб өзінің қол

астындағы күң әйелді азат еткен. Сондықтан Аллаһ Пайғамбардың әр туылған

күні оның азабын жеңілдетеді» деп. Біз оған «Ия, бауырым сен бұл хадистің

басын айтпай кеттің. Басы былай басталады: «Проктэр энд Гембл ұсынады»

міне, бұл хадистің шыққан тегі». Бұл Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың

игілігі мен сәлемі болсын) сүннетінен емес, бізге бұл сияқты хадистер керек

емес.

Енді бұл хадисті сахих хадис деген күннің өзінде, мұны бейнеге және құралға

қайтарамыз. Біз айтамыз: «Жақсы, Пайғамбарымыздың (оған Аллаһытың

игілігі мен сәлемі болсын) және сахабалары мәулітті тойлады дегенге дәлел

жоқ. Әлде Абу Бакр (оған Аллаһ разы болсын), Омар (оған Аллаһ разы болсын)

мәулітті тойлады ма? Жоқ. Біздің елде Абу Ханифаның мазхабы бекітілген. Енді

Абу Ханифаның мәулітті тойлауға шақырған бір сөзін келтіріңдерші.

Сондықтан кез-келген адам дінге жаңалық енгізсе, жоғарыдағы үш сұрақты

қойыңдар. Міне, бұл менің бүгін айтқым келген нәрсе. Аллаһтың қалауымен

осыменен шектелеміз.»

Барлық мақтау әлемдердің Раббысы Аллаһқа болсын. Пайғамбарымыз Мұхаммедке,

оның от басына, оның сахабаларына оларға Қияметке дейін игілікпен ерушілерге

Аллаһтың тыныштық сәлемі болсын.

Дерек көзі: Әл-Ханифия форумы

Тақырып бша пайдалы сілтеме:

◊ Бидғат (дінге жаңалық енгізу) деген не?

◊ Мәуліт – дінге енгізілген ең қауіпті бидғаттардың бірі және не үшін ханафилер оны

атап өткізбейді