УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі...

479
УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54 Әлмашұлы Жолтай (Жұмат) Ел мен Елес. Әңгімелер, новеллалар, шағын хикаялар, драмалық хикаяттар, «Нұра-Астана», 2014. – 480 бет. ISBN 978-601-7101-53-4 Танымал қаламгер Жолтай Әлмашұлының бұл кезекті жинағы соңғы жылдары жазылған ең қысқа әңгіме- новеллалардан, хикаялардан, драмалық хикаяттардан тұрады. Алғашқы бөлімде өмірдің әртүрлі, әрқилы сәттері («Ел мен елес») және аңшылық, саятшылық секілді өте қызғылықты табиғат суреттері («Аңшы ата ізімен») алдыңызға сан түрлі қырынан тартылады. Ал, екінші және үшінші бөлімдердегі көркем дүниелердің тақырыбы сан түрлі. Осы жинақтағы «Бүгінгі элегия» әңгіме-үштағаны кезінде Мәдениет министрлігі жариялаған жабық әдеби бәйгеде жүлде алды. Бұл кітап жалпы оқырманға ой саларлық көркем қазына болатынына сенім мол. УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) ISBN 978-601-7101-53-4 © Әлмашұлы Ж., 2014 © «Нұра-Астана»баспасы, 2014 Ә 54 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ МИНИСТРЛІГІ «ӘДЕБИЕТТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ ТҮРЛЕРІН БАСЫП ШЫҒАРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ЖАРЫҚ КӨРДІ

Upload: others

Post on 09-Feb-2020

18 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

УДК 821.512.122ББК 84 (5 Қаз)Ә 54

Әлмашұлы Жолтай (Жұмат)Ел мен Елес. Әңгімелер, новеллалар, шағын хикаялар, драмалық хикаяттар, «Нұра-Астана», 2014. – 480 бет.

ISBN 978-601-7101-53-4

Танымал қаламгер Жолтай Әлмашұлының бұл кезекті жинағы соңғы жылдары жазылған ең қысқа әңгіме-новеллалардан, хикаялардан, драмалық хикаяттардан тұрады. Алғашқы бөлімде өмірдің әртүрлі, әрқилы сәттері («Ел мен елес») және аңшылық, саятшылық секілді өте қызғылықты табиғат суреттері («Аңшы ата ізімен») алдыңызға сан түрлі қырынан тартылады.

Ал, екінші және үшінші бөлімдердегі көркем дүниелердің тақырыбы сан түрлі.

Осы жинақтағы «Бүгінгі элегия» әңгіме-үштағаны кезінде Мәдениет министрлігі жариялаған жабық әдеби бәйгеде жүлде алды.

Бұл кітап жалпы оқырманға ой саларлық көркем қазына болатынына сенім мол.

УДК 821.512.122ББК 84 (5 Қаз)

ISBN 978-601-7101-53-4 © Әлмашұлы Ж., 2014 © «Нұра-Астана»баспасы, 2014

Ә 54

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ МИНИСТРЛІГІ «ӘДЕБИЕТТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК

МАҢЫЗДЫ ТҮРЛЕРІН БАСЫП ШЫҒАРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ЖАРЫҚ КӨРДІ

Page 2: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

3

Бірінші бөлім

▪ ӘңгімЕлЕр

▪ НовЕллалар

Page 3: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

4

оқырмандарыма!(қысқа әңгімелерге арнау сөз)

Әдебиеттің, әдеби әлемнің түпсіз-тұңғиық тылсымын бізге дейін де ешкім түсініп болмаған, біз де тереңдеп бара алған жоқпыз, бізден соң да солай болып қала беретін шығар. Бірақ, менің бір таң қалатыным – қайсыбір жазушының қаламгерлік мықтылығын том-том кітап жазып, қомақты-қомақты роман туғызумен есептеу дұрыс па өзі?! Аз, бірақ саз жазған көркемсөз шеберлері әлемдік әдебиетте аз ба! Шағын шығармасымен-ақ дүйім жұртты дүр сілкіндіріп, елді еріксіз аузына қаратқан жазушы тарихта болған жоқ дей аламыз ба? Өз заманында ұлтымыздың үлкен қаламгері М. Әуезов Кеңестік кезеңдегі ең беделді әдеби сыйлықты бөлу тұсында сөз сөйлеп тұрып:

– Біз сыйлықты тек роман-повестерге ғана емес, шағын әңгімеге де беруіміз керек, – депті. – Айталық, Л. Толстойдың «Тойдан кейін», М. Шолоховтың «Адам тағдыры» секілді әңгімелерін қалай көкке көтеріп, қалай дәріптесек те жарасады.

Біз де осы ойдың үстіндеміз.Соңғы жылдары көлемді көркем дүние (роман, повесть)

жазудан саналы түрде бас тартып, осындай өте қысқа әрі сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз бетіне түсіріп жүрген жайымыз бар. Әрине, оның көркемдік деңгейі жайлы сөз – басқа әңгіме. Біздің бар ойымыз-осындай қысқа-нұсқа әңгімелер арқылы өз дәуіріміздің һәм өзіміз күн кешіп жатқан кезеңнің ащы-тұщы шындығын аша түсіп, келер ұрпаққа көркемхат қалдырсақ деген ниет қана...

Сізге барынша ұнап жатса – бізге зор қуаныш!Сіз де өз ойыңыздағы кейбір кермек сауалдарға жауап

тауып жатсаңыз – бізге мәртебе!Оқыңыз! Ойға қозғай салыңыз!Кәдеңізге жаратып жатсаңыз, тағы да мың алғыс!...

ізгі тілекпен – Жолтай.астана, 2014 жыл.

Page 4: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

5

Ел мЕН ЕлЕс(мінездер миниатюрасы)

Үш достың мінезіҮшеуі түйдей құрдас еді. Бір жылы оқу орнына түсіп, ә де-

геннен табысып, жұбы жазылмас дос болып жүретін-ді. Ең қызығы – үш жігіттің мінездері үш түрлі. Сөйте тұра бірінсіз-бірі тұра алмайтындай. Қашан көрсең бір-бірін іздеп жүргені.

Мінездері қалай дейсіз бе! Оны екі ауыз сөзбен қалай айтып бере қояйын.

Олар осыдан екі жеті бұрын кезекті демалысқа шығып, елдеріне кеткен болатын. Сол сапардан бүгін ғана оралған сыңайлы. Сағынысып жолыққан үш достың бүгінгі бас қосуынан әңгіме өрбітіп көрелік.

* * *Әуелі жатақханаға шикіл сары Сағын келіп кірді.Содан соң ұзын бойлы Ұзақ есік қақты.Ал, одан кейін қыр мұрынды Қасымның сопақ басы көрінген-

ді.Әй, бір сағынысып-ақ қалған екен.Отыра қалып, елде өткен екі апталық демалыс күндері жайлы

әңгімені соғып кеп берді. Әуелгі әңгімеші – Сағын.– Сендер мені автобусқа отырғызып жібердіңдер ғой, ә! –

дейді ол. – Содан қасымда отырған бір жігітпен дереу танысып ала қойдым. Өзі өте елгезек жан екен. Сөйлесе келе «ішкілікке қалайсың» деп едім, елп ете қалды. Онсыз да басы ауырып отырғаны байқалды.

– Бар болса неге ішпеске! – деді ол.Содан кезекті бір аялдамада дүңгіршек бар екен, бір жар-

ты алдық та жол қысқарсын деп аз-аздан қылғытып отырдық. Бөтелкедегі ащы су таусылғанша мен де ауылға жетіп қалыппын. Үйге келдім де, амандық-саулық біліскен соң, көрші үйде тұратын сыныптас досымды іздедім. Ол да табыла кетті. Екеуміз дүкен жаққа барып, екі жарты алып, түн ортасына дейін іштік.

Ертесіне тұрсам, басым сынып барады. Тағы да досымды іздедім. Іздегенге – сұраған деген. Сол сәтте тағы бір досым есік қағып тұр екен. Екеуміз дүкен жаққа беттедік.

Ұзын бойлы Ұзақ шыдай алмай:

Page 5: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

6

– Ау, аяғында не болды? – деді. – Тек арақ ішкеніңді айта бересің бе?

– Содан үшінші күні ауылда той болды, – деді Сағын. – Сол тойда тағы да екі-үш жігіт оңаша отырып алып, бір жарты-ны ортаға алып, әй кеп ішпейміз бе...

Ұзақ айтты:– Әй, сенің демалысың түсінікті болды, – деді. – Енді мен

айтайын.– Ал, айт.– Мен де пойызға отыра сала бір қызбен таныстым, – деді

ол. – Өзі біздің облыстың тумасы екен, жолымыз бір болды да, әңгімеміз жараса кетті. Содан пойыздың ресторанына алып бардым. Екеуміз кофе іштік. Әртүрлі қызғылықты әңгімелер ай-тылды. Қысқасы, өте жақын болып кеттік.

– Аяғы не болды? – деді Сағын да шыдай алмай. – Не болсын! Елге жеткен соң ол өз бағытымен, мен өз

бағытыммен кете бардық.– Е, телефонын да алмадың ба?– Соны сұрауды ұмытып кетіппін.– Ал, содан...– Сосын үйге барып, бір күн демалдым да, қаладағы дос-

тарымды іздедім. Біреуі хабарласты. «Бір кафеде отырмыз, тез жет» деді. Жетіп бардым. Сөйтсем олар үшеу, ал қыздар... төртеу екен. Іздегенге – сұраған! Төртінші қызбен дереу та-нысып алдым да, түні бойы қала көшелерімен қыдырдық. Аспандағы жұлдыздарды санадық.

– Ал, ертесіне? – деді Сағын.– Не істеуші едім. Келесі күні достарыммен мейрамханаға

барып, көңіл көтеріп отырғанда тағы бір қызбен таныстым. Ой, өзі бар ғой, нағыз сұлудың сұлуы...

– Содан?– Содан сол қызбен апта бойы көңіл көтердім. Екеуміздің

бармаған жеріміз қалмады десе де болады.Осылайша Сағын мен Ұзақ ұзақ сөйлесіп, бөлмені басына

көшіріп отырды.Ал қыр мұрынды Қасым үнсіз.– Сен ше? – деді екі жігіт енді ғана оны есіне түсіргендей.

– Сен неге үндемейсің?– Не айтатыны бар, – деді Қасым. – Елге бардым да,

ағайын-туыстарды араладым. Үлкендерге сәлем бердім. Барған үй қой сояды. Соны жейміз.

– Сосын?– Сосын әңгіме айтылады. Өткен өмірлері жайлы. Ой, өте

қызық... тыңдай бергің келеді.– Содан?

Page 6: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

7

– Содан тағы бір ақсақалға сәлем бердім. Ол да әңгімені әріден қозғап...

– Әй, сенікі түсінікті болды, – деді Сағын. – Қызық емес. Оның несін айта бересің!

– Неге қызық емес, – деп Қасым ашуланып қалды. – Қариялар біздің қазынамыз....

Енді бұл отырыс Сағынға тым тартымсыз бола бастады.– Осылай отыра береміз бе? – деді ол. – Сыртқа шығып,

сыра ішіп дегендей...– Менің бір қызбен кездесуім бар, – деді Ұзақ сағатына

қарап қойып.Сөйтті де ол екеуі дереу киіне бастады.– Қалған әңгімені түнде бас қосқанда айта жатармыз, –

десті олар.Қасым үндеген жоқ.Бөлмеде жалғыз қалды.Қалтасынан қойын дәптерін алып, ауылдағы бір ақсақал

айтқан кісінің мекен-жайын іздеді. Осы қалада тұратын шежіреші қарт... Сол кісімен жолығуға өте асығулы. Оған қоятын, жауап іздеген сұрақтары да баршылық.

* * *Мұндайда Елес айтады: «Әркім өз ойының жетегінде

жүреді».

ЕдресЖасы он алтыға толған соң, енді өзіне төлқұжат алу керек

болып, Едрес аудан орталығына үш рет барып қайтты. Әуелгіде суретке түсіп кел деді. Суретті әкелді.

Сосын тиісті қағаздарды толтыр деді. Оны да толтырды. Ал, үшінші рет келгенінде... төлқұжат беруге жауапты кісі бұған ұзақ қарады. Содан соң:

– Осы сенің есімің қалай? – деп сұрады.– Едрес.– Қазақта ондай есім жоқ. Болған да емес.– Неге болмасын. Менің атым-Едрес.– Е, солай де. Едреспін де.Құжат толтырушы азамат неге екені белгісіз, өзінен-өзі күліп

алды. Ұзақ күлді.

* * *Үйге келген соң апасынан:– Менің атым шынымен-ақ Едрес пе? – деп сұраған. Апасы

аң-таң.

Page 7: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

8

– Оны неге сұрадың?– Аудан орталығындағы төлқұжат беретін ағай мені мазақ

етіп күлді.Апасы баласының мұңлы жүзін байқап, қасына отырғызды.– Мұның өз сыры бар, балам! – деді. – Сенің о бастағы

азан шақырып қойған атың басқа еді.Сосын әңгіме айтты.Бұл шаңырақта Едрес дүниеге келгенше үш ұл туып, үшеуі де

жас кезінде шетіней беріпті. Осыған қапа болған отағасы күйіне сөйлеп:

– Әй, мен шұнақ құдайға не жаздым! – деп аһ ұрады.Сол жылдары осы ауылға, қайдан ауып келгенін кім білсін,

жалғыз сары орыс пайда болады. Аты-Михей. Кімнің үйінде тамақ болса, сол үйде қона жатып, оны-мұны жұмыстарын істей беретін.

Дәл осы күндері Едрес те дүние есігін ашыпты. Ана-сы «баламның өмірі ырысты болсын, Ыдырыс қоямын» деп шешкен-ді. Соны ести сала әлгі Михей:

– Едрес! Едрес! – дей беріпті.Бұл ат әкесіне де ұнаған сыңайлы. – Мен балама елде жоқ есім беремін, – деп жар салады.– Ау, қандай есім? – десіпті көрші-қолаң.– Баламның аты – Едрес болады.

* * *Апасының әңгімесінен соң Едрес ойланып қалды. Қазақта

мұндай есім жоқ, әрине! Демек, өзгерту керек. Әлде... осы күйі жүре бере ме? Қайтпек керек!...

Апасымен ақылдасып еді, ол:– Өзім азан шақырып, Ыдырыс деп атағанмын, тек әкең

көнбей қойған, – деді.– Онда сол Ыдырысқа қайта ораламын. Өзгертемін атым-

ды...Сөйтіп, төртінші рет аудан орталығына барғанда, төлқұжат

толтырушы ағайға:– Менің шын атым – Ыдырыс, – деген.Төлқұжат толтырушы ағатайы енді қуана қостап, арқасынан

қағатын болар деп ойлаған. Қайдан? Ол аяқ астынан ашу шақырды.

– Әй, қазақтар-ай, – деді ол. – Осындай былық-шылығың болмаса қазақ болармысың. Мен қалай оп-оңай өзгерте алады екем?

– Едрестің орнына Ыдырыс деп жазасыз.– Жоқ, жаза алмаймын.– Неге?

Page 8: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

9

– Өйткені, «Туу туралы куәлікте» сенің атың – Едрес.– Болса ше!– Мен құжатқа сүйеніп қана қағаз толтырамын, бала!– Сонда не істеуім керек?– Оны ана ауылдық кеңес бастығына барып айт. Солар «Туу

туралы куәлігіңді» қайтадан жазып берсе, мен қарсы болмаймын.– Олар келісе ме?– Оны білмедім. Ол енді сенің шаруаң. Әйтпесе мен Едрес

деп жазамын да, төлқұжатыңды қолыңа ұстатамын.

* * *Едрес осы оқиғадан соң екі-үш апта бойы ауылдық Кеңес

кеңсесінің алдын тоздырды. Бізде төраға жоқ, ал енді бірде хатшы келмей қалады. Тіпті ол екеуі де табылған күні тағы бір күрмеулі мәселе табыла кетті.

«Барлық құжаттар архивке өтіп кетіпті. Оны табу үшін тағы да біршама уақыт қажет болмақшы.»

Едрес шұғыл түрде астанаға оқуға жол жүруі керек-тін.Көп күтуге уақыты да аз.Сосын амал жоқ, сол Едрес деген есімге келісім бере салды.Едрес болып төлқұжат алды.

* * *Міне, сол Едрес бұл күнде үлкен азамат болған. Әуелде

осы есімді онша ұната бермейтін-ді. Бірте-бірте бойы үйреніп кетті.

«Ау, Едресі не, Ыдырысы не! Атта тұрған не бар екен! Ең бастысы – қазақтығыңды жоғалтып алмасаң болғаны да.»

Оның көңіліне демеу болатыны – осы ой.

* * *Мұндайда Елес күйініп айтыпты: «Бұл қазақтың түбіне

жететін «Әй, жарайды» болады әлі».

Қоян-ноян(мысал орнына)

Үнемі дос болып, бірге жүретін, бірігіп азық іздейтін үш қоян болушы еді. Үшеуі дос еді. «Достығымыз ұзақ уақыт сақталады» деп өзара мақтана айтып та қоятын. Соған өздері де барынша сенетін. Солай жалғаса беретін болар деп арман аулын жағалап та кететін.

Бір күні үш дос күншуаққа отырып алып, әңгімеге кірісті.– Осы біз неге үркекпіз? – деді жырық ерін ақ қоян. –

Осынша қорқақ болуға бола ма?

Page 9: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

10

– Иә, десейші, – деді салпаң құлақ екінші қоян. – Қамыс басы самал желмен қозғалып қалса да, елең ете қаламыз. Бұл жақсы емес.

– Ал, сонда не істеуіміз керек? – деді ала тұмсық қоян.Жырық ерін айтты:– Арамыздан бір батырды шығаруымыз керек.– Ол кім болады? – деді Салпаң құлақ.– Әрине, сен емессің, – деді Жырық ерін.– Сонда... батыр қоян кім?– Ол... ол мына Алатұмсық.Алатұмсық қоян басын алып қашты.– Жоқ, мен батыр емеспін.Енді Жырық ерін мен Салпаңқұлақ екеуі Ала тұмсықты

ортаға алды.– Біздің арамыздан шығатын батыр қоян – сенсің!– Мен бола алмаймын.– Жоқ, боласың!

* * *Арада екі-үш күн өтті.Бүгін үш қоян тағы да сол мәселені талқылап, мәслихат құрды.– Қамыстың сыбдырынан үркектеп, қорқа беретін заманды

ұмытуға тиіспіз, – деді Жырық ерін.– Әрине, біз де тоқалдан туған жоқпыз, – деп Салпаң құлақ

та өзеуреді.– Онда өздерің батыр қоян болыңдар, – деп Ала тұмсық

қашқақтады.Осы кезде Жырық ерін айтты:– Сен ана жолы суыр тышқанға қасқайып қарсы тұрғансың,

– деді. – Сол кездегі батылдығыңа тәнті болғанмын.Оның сөзін Салпаңқұлақ та қостай кетті.– Рас, біздің Алатұмсық өткенде Қосаяқ тышқанға да айбат

көрсеткен, – деді. – Сонда Қосаяқ құйрығын бұлғаңдатып, өз жөнімен зытып отырған.

Екі досы осылайша Ала тұмсықты қайта-қайта мақтап, оның ерлік әрекеттерін көп сөз етті.

Бұған Алатұмсық та әжептеуір сеніп қалғандай.«Е, несі бар» деп ойлады ішінен. «Батыр болсам, батыр

шығармын. Неге қорқа беруім керек!...»Осыны ойлап тұрды. Оның осы сәттегі ойын дөп басқандай:– Біздің арамыздағы ноян – Алатұмсық! – деп Салпаң

құлақ жар салды. Оны Жырық ерін де қостай жөнелді.Осылайша, бір-ақ күнде Ала тұмсық Қоян-ноян болып шыға

келді.

Page 10: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

11

* * *Бір жолы Қоян-ноян кеудесіне нан пісіп, тоғай ішінде әндетіп

келе жатқанда қарсы алдынан қызыл түлкі шыға келді. Әдетте, мұндай жағдайда Қоян алды-артына қарамастан, зытып оты- рушы еді. Ал, Ала тұмсық... қашуға асықпады.

«Келсең-кел» дегендей қасқайып қарсы тұрып алды.Қызыл түлкіге де керегі осы еді, ол ақырын басып жанына

жақындай түсіп:– Сені батыр Қоян дейді ғой, – деді. – Сол рас па?– Әрине! Мен – Қоян ноянмын.– Бәсе! Еш қорқатын емессің!Қу түлкі одан бетер жақындай түсті.– Сенің батыр екенің рас болса, мен сенен қорқа бастадым.– Байқа, түлкі! Менімен әзілдесіп опа таппайсың.Түлкі қоянның тап қасына жақындап келді. Енді ол қашып

құтылам десе де еш мүмкіндігі жоқ.Түлкі оны бас салды.Қоян ноян жандалбасалап, тұра қашпақшы болған еді, оған

бәрібір үлгермеді.Әп-сәтте қызыл түлкі оны тамағынан алып, қылғындырып,

қан-жоса етіп тастады.Қар үсті әп-сәтте қызыл қанға боялды. Қоянның қызыл

қанына...* * *

Мұндайда қазақ айтыпты дейді: «Өз шамасын білмеген түбі отқа түсіп өледі.»

Шаруа мен қожайын(мысал орнына)

– Бұл жер енді сенікі емес, бұған жаңа қожайын келе жатыр.Шәпек шаруаның төбе шашы тік тұрды. Талай жылдан бері

осы ауылда, осы жерде тұрып келе жатыр. «Өз жерімдемін, осы жерге өзім би, өзім қожамын» деп ойлап қоюшы еді. Ал, бүгін басқа әңгіме естіді. Бұл жер түп-түгелімен бір кәсіпкерге сатылып кете барыпты. Ақшалы кісі деседі.

Әлгі әңгіме құлаққа тиісімен Шәпек үйден өте көңілсіз күйде шығып кетті де, әудем жердегі егістікке келді. Осында еңбек етіп, маңдай терін төгіп келе жатқанына қаншама уақыт! Әлде он, әлде жиырма жыл...

Міне, өзі еккен көк теректер аспанмен таласа жайқалып тұр. Одан әрі жиде ағашы, одан әрі өрік-алма...

Бәрі де есінде. Осы ағаштарды ең алғаш көшет күйінде көшіріп әкеліп отырғызғанда жап-жас шыбық болатын. Майы-

Page 11: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

12

сып, сынып кете жаздап тұратын. Ал, қазір көкпен таласқан биік ағаштар. Тіпті үстіне шығып алып, айналаған көз салып, емін-еркін отыра берсең де болады.

Ой үстінде келе жатқан Шәпек кенет арт жағынан естілген машинаның гүрілін аңдады. Бұрылып қараған. Қабаттаса жүйткіп келе жатқан екі автомашина бұның дәл жанына келіп тоқтай қалды. Ішінен екі-үш кісі түсті. Түсті де бұған қарай паңдана басып жүріп келе жатты. Шәпек ішінен ойлады: «Әй, дәу де болса, осы жерді сатып алып жүрген мықтылар болар, сірә!»

Айтқанындай, қызыл галстукті еркек даусын соза сөйлеп:– Менің есімім – Құлжа, – деді. – Енді осы аймақтың иесі

өзім боламын.– Құжатыңыз бар ма? – деп Шәпек сасқанынан сауал берді.– Е, әрине! – деп, Құлжа ырқылдай күлді. – Онсыз бола

ма! Құжат – қалтада.– Онда сөз бар ма! – деп, Шәпек қипақтап, әрі қарай

бұрыла беріп еді, Құлжа оны тоқтатып:– Өзің кімсің? – деп сұрады.– Мен бе! Мен...осы жерге ағаш отырғызып, егін егіп деген-

дей... Көп жылдан бері...– О, онда өте дұрыс! – деді Құлжа. – Онда өзіңді жақсы

кездестіріппін. Ал, енді мені тыңда. Мына заманы өткен кәрі ағаштардың бәрін де түп-түгел кесіп таста. Бәрін де жаңадан бастаймыз.

– Қалайша?! – деп Шәпек аң-таң болды. – Ағаштардың не жазығы бар...

– Олар өткеннің көзі. Ал, мен бәрін деп жаңаша жүргізсем деймін.

– Жаңа ағаш егуге де жер жетеді. Ағашты кесу-обал... – деп, Шәпек шырылдап жауап айта бастап еді, Құлжа ашу шақырды.

– Сен сөзді тыңда! Мен айттым-бітті! Бұл жерде екі қожайын болмақ емес. Қысқасы, ертеңнен бастап, мұндағы ескі ағаштарды түп-түгел қырқып таста. Еңбегіңді жемеймін. Ақысын сосын айта жатарсың.

Осыны айтты да, бұрылып, автомашинаға мінуге беттеді. Шәпек не дерін білмей, аңырып тұрып қалды.

Құлжа машинаға енді міне беріп:– Бәрін де жаңа заманмен, бүгінгі уақытымен үйлестіре бас-

тауымыз керек! – деді. – Менің өз ойлағаным бар. Оны кейінірек өзіңе айта жатармын. Келесі келгенде...

Сосын артына шаң қалдырып, тез-тез ұзай берді.Әрі-сәрі ой үстінде тұрған Шәпектің көзінің алды бұлдырлады.

Өзі емес, жаны жылап тұрғандай болды оның...

Page 12: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

13

* * *Мұндайда Елес былай деген екен: «Өзімшіл тек қана өзінен

бастағанды дұрыс көреді.»

Қазақтықтан сақтануАуырып қалдым. Жүрегім сыр берген тәрізді. Сол құрғырға

сонша салмақ салып жүр екенмін деп ойласамшы!Содан не керек, ауруханадан бір-ақ шықтым ғой.Дәрігерлердің қолына түскен соң, тосыннан жабысқан

сырқатқа шипа іздейді, ауруыңды жеңілдетуге тырысады. Ара-да бірер күн өткенде әжептеуір ес жинап, қайтадан өз-өзіме келіп, оң-солыма қарадым.

Палатада екі кісі екенбіз. Өзі тым кәрі де емес, менімен жас шамалас. Аты-Арыс екен. Ә дегеннен әңгімеміз жарасып-ақ кеткен тәрізді еді, бірақ уақыт өте келе пікіріміз қайшыласып та қалып жатты. Орысшалау болып шықты, екі ауыз қазақша айтса, үшіншісі – орысша... Маған осы қылығы ұнамады да, амалсыз ішімдегіні айтып салдым.

– Әй, достым! Сен таза қазақша сөйле, не болмаса... – Өзім білем...– Жоқ, ана тілін бұлай қорлауға болмайды. Тіпті сөйлей ал-

майды екенсің, біржола орысшаға көш!...– Өзімнің шаруам дедім ғой жаңа! Мен тоқтамасам, тіпті дауыс көтеріп, керілдесіп ала жөнелуге

де әзір тұрғандай көрінді.Сосын амалсыз өзімді-өзім сабырға шақырған болдым.

* * *Бөлмеде жалғыз теледидар бар еді. Кешкісін екеуміз жата

қалып кино, не басқа бір қызықты хабар көреміз. Әуелде өйтіп-бүйтіп ортақ келісімге келіп жүр едік, бір күні тағы да ойда-жоқта талас туындап кетті.

– Орыс фильмін көрейік, – деді Арыс.– Жоқ, қазір қазақша хабар басталады, онда ұлттық салт-

дәстүр туралы мәселе көтеріледі, – дедім мен.– Әй, Талас! – деп Арыс маған едірейе қарады. – Осы

сен неге қазақтығыңды алға тарта бересің, а? Тілді таза біледі екенсің, сол да мақтаныш болып па!

– Мен не деп мақтаныппын! – дедім түкке түсіне алмай. – Жазығым-қазақша хабар көрейін дегенім бе?

– Жоқ, сен күннен-күнге менің ит жынымды келтіріп барасың. Тіл, дәстүр деп малтаңды көп езіп болдың-ау! Соны білетін жалғыз өзің сияқтанып...

Page 13: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

14

– Енді... білетінімді айтсам да жазықты болам ба! Қазақты біз қорғамасақ, кім қорғайды? Тілді біз көтермесек, кім көтереді?

– Әй, қойшы! – деді Арыс. – Қазақы дәстүрі сақталмаса, қазақ аштан қырылып қалар деп пе ең! Қазақ тілі болмаса, қазақ ел болудан қала ма екен!...

– Әңгіме міне, тап осында, – дедім мен оның ашуын баса сөйлеп. – Ұлттың қай кезде де көзге ұрып тұратын белгілері солар ғой.

Арыс сонда да басылмады.– Біз тілді, салт-дәстүрді айта-айта бүгінгі жастарды әбден

мезі еттік. Қазір көшедегі кез-келген жасөспірімді тоқтатып «сен таза қазақсың ба» десең, тұра қашуға әзір тұрады. Неге?

– Бәсе, неге! – дедім мен де жағаласа. – Бәсе-ау, олар неге сөйтеді? Өйткені сіз бен біз осы ұлтты шын сүйе алмай отырған жоқпыз ба? Үлкені шөре-шөре болып жатқанда жастары қайда барып оңады!

Менің бұл сөзім де Арыстың жүрегінің түбіне жете қоймаған тәрізді. Ол тағы да ашуға басты.

– Қазақты сақтау-ол қазақтықты сақтау емес қой, – деді. – Қазақ қай тілде сөйлесе де, өзінің қазақ екенін білсе болды. Соны ұмытпай жүрсе, ол жаман ба?

– Жаман емес, – дедім мен. – Тіпті де жаман емес. Бірақ тілі мен ділінен айрылған қазақты қазақ деп айтуға болар ма екен сосын!...

– Міне, – деді Арыс. – Міне, сендер осындайсыңдар! Сен-дерге салса-қазақтықты сақтау қазақ болудан да қиын. Мен осы күні қазақтықтан сақтанудан қорқа бастадым. Шын сөзім – менің кеудемде үлкен үрей бар...

Бір палатада жатқан сырқат танысымды, имандай шыным, мен мүлде түсіне алмадым. «Не дегеніңді ұқпадым» дейін де-сем, тағы да қаны басына теуіп, тулап кетер деп қауіптендім.

Сосын үндеген жоқпын.* * *

Осы сіз, оқырманым, қазақтықтан сақтану дегенді қалай түсінесіз, а?

ақырзаманды күткен адамОның тұла бойы толы қорқыныш. Не туралы айта бастаса да,

сөз аяғы-ақырзаманға келіп тіреледі.– Заман мынау, – дейді ол. – Заман бұзылды. Жастардан

ұят кетті. Үлкендер сөзден тайды. – Бәрі емес шығар, – деймін сөзін бөліп. – Көпке күйе

жағуға бола ма!

Page 14: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

15

– Ол ғана емес, табиғат та бұзылды, – дейді ол. – Қыс ор-тасында жаңбыр жауғанын көргенің бар ма! Немесе, көктемнің жазға ұласар шағында қар жауғаны сұмдық қой.

– Енді табиғатта бір өзгеріс болып жатқан шығар, – деймін мен. – Сонша үрейленетіндей не болды сізге?

Бойына үрей ұялап қалған танысым – Ұлархан болатын.Сол Ұлархан бүгін тағы да зәре-құтымды алды.– Сен білесің бе, – деді маған. – Келер жылы ақырзаман

болады дейді.– Оны бір жаратушы ғана біледі ғой. Сіздікі не сөз! – дедім.– Жоқ, бұл ғылыми дәлелденген нәрсе.– Сонда ғылым не дейді?– Ғылым айтады: экология бүлінді, ауа ыластанды, жер жа-

рамсызданды, судың құрамы өзгерді...– Ақырзаманның белгісі осы ма?– Ол ғана емес. Енді адамдарды айтайын: бүгінгі ұрпақтың

денсаулығы өте нашар, жүрек талмасы көп, өкпесі тесік балалар қаптады, қаны көтеріле беретін жастар аурухана жағалап жүр, бүйрек пен бауыр да...

– Оның ақырзаманға қандай қатысы бар?– Ойбай-ау, – дейді Ұлархан күйіп-пісіп. – Бұдан өткен

қандай ақырзаман керек! Адам түп-түгел ауру болса, табиғат түгел бүлінсе... одан кейін қандай өмір болмақ! Айтшы өзің, одан соңғы өмір не өзі!

Оны сөзден жеңу еш мүмкін емес. Сосын да қасынан қашып құтыласың. Тезірек кетіп қалуға тырысасың.

* * *Бүгін тағы да автобусқа бірге мініп, қатар отыра қалып ек. Үш

аялдамаға дейін малтасын езіп, құлағымды сансыратып жіберді.– Сен мені дұрыс түсінбей жүрсің, – дейді. – Ойлануың

керек. Ақырзаман болса, әне, терезеден қарап тұр.Үндеген жоқпын.Ол сонда да тоқтамады.– Сенің де отбасың, бала-шағаң бар. Тым селқос болуың

қалай? Адамзатқа ортақ апат аузын арандай ашып тұрса, сен үндемей...

– Әй, ағасы! – дедім күйіп кетіп. – Келсе келер енді! Алла өзі берген жанын өзі алар. Ең ақыры сол ғана емес пе!

Ұлархан маған шошына қарады.Ұзақ қарады. Көпке дейін үндей алмай қалды.Келесі аялдамадан түсуге беттей бергенімде тілі шығып:– Сенің де психологияң бұзылыпты, – деді маған. – Сенен

де қорқайын дедім.

Page 15: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

16

* * *Мен Ұлархан ағаны одан соң да әлденеше рет көрдім. Кез-

дескен сайын сыпайы сәлемдесіп те қоям. Бас изейді де менен тез-тез алыстап кете барады.

Ол қашқалақтаған сайын мен де өзімді ыңғайсыз сезінетін болдым. Расында да осы менің психологиям өзгеріп бара жатқан жоқ па екен! Қанша дегенмен-экология... Ауа ылас. Жер бүліне бастаған.

Осы кешеден бері сол ақырзаманды күтіп жүрген ана Ұлархан ба, жоқ мен бе, түсіне алмай қала беретін болдым.

* * *Елес айтады: «Әр кеудеде бір үрей ұялап жататыны рас-ақ».

Ескі танысты есіркеуОл кісімен ойда-жоқта ауруханада кездестім. Көрмегелі де

біраз болған екен. Осыдан бес, әлде он жыл бұрын вокзалда жолығысып, бір сағат әңгімелескеніміз бар-ды. Сол жолы ол ағытыла сөйлеп еді-ау!

Өзінің аты – Сәмбет, мамандығы-суретші.Жәй суретші емес, есімі елге белгілі суретші болатын-ды.

Оның салған картиналары Астананың көрнекті жерлерінде ілініп те тұратын.

– Ендігі бар арманым, – деп еді ол сол күнгі кездесуде. – Үлкен полотно салу. Онда халқымның арғы-бергі тарихын түп-түгел айшықтай алсам деп ойланып жүрмін.

Мен оның көл-көсір, кең арманына қызыққам.«Шіркін, ер болсаң осылай арманда! Арманы биік болмаса не

бітірер асыл ер!...»* * *

Сәмбеттің палатасына бас сұқтым. Әңгімелескім келді. Тағы да баяғыдағыдай сабақты арманды сөз етер деп едім. Сөйтсем...

Суретші танысымның халі мүшкіл. Аяғы сыныпты. Жүрегі ауырады екен. Ал, бүйрегінде тас бар дейді. Мен сонда да сырқат жайы туралы сөз қозғамай:

– Шығармашылық қалай? – дедім. – Не бітіре алдың?– Е, несін айтасың! – деді Сәмбет. – Мына денсаулығы

құрғыр... жан-жақтан қысып...– Баяғы армандар не болды? Үлкен полотно салам деп ең...– Арман бар ғой. Бірақ, мына бүйрек... Тас қозғалса болды,

көзіме жас іркіледі. Түнде ұйқы қашты.– Аурудың осалы жоқ, оны түсінемін, – дедім оны жұбатып.

– Адам бәрін де жеңу үшін алға мақсат қоя білгені мақұл. Сенің мақсатың өте кең, ауқымды көрініп еді...

Page 16: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

17

Сәмбет ауырсына, ыңқылдап алып, енді оң жамбасына ауда-рыла отырды. Сөйтті де маған мұңая қарап:

– Арманның ең асылы – денсаулық білем, – деді.– Ой, ауырмайтын жан бола ма! Көп уайымдай берме, әлі-ақ

құлан-таза айығып кетерсің.Ол басын көтергендей болды. Жүзіне жылы сәуле құйылды.– Сен салған суреттер ендігі жерде елдің есінен шығар ма!

Әттең, тағы да салып...– Кейде маған мына өмір түкке тұрмайтын мағынасыз

бірнеңе сияқты көрініп кетеді, – деп, ол сөзімді бөлді. – Біз неткен ақымақ пендеміз, а? Неменеге малданып өмір сүреміз?

– Тіршіліктен тәтті не бар екен! – дедім мен де жағаласа сөйлеп.

– Тіршіліктен мәнсіз не бар! – деді ол.Сосын тұнжырап отырып қалды.Мен одан әрі не дерімді білмедім. Сосын қайырлы түн тілеп,

қош айтысып, палатадан дереу шығып кеттім.

* * *Түнде жаңағы ескі танысымды ұзақ ойлап, көпке дейін көз

ілгем жоқ. Ол неге осынша уайымға түсті екен!Бәріне кінәлі – жанына батқан сырқат па! Бәлкім, басқа

нәрсе...Ескі танысымды есіркеп жатып, көзіме ұйқы тығыла берді.

* * *Елес айтады: «Кімді кім есіркеу керек өзі?»

Тәртіп пен тарпаңдық– Ескерткішті алдымен кімге орнату керек?Міне, бар талас пен тартыс осыдан басталды да жүре берді.

Комиссияның екі мүшесі – Арсен мен Ахмет түске дейін тәжікелесіп отырып алды. Әкім ол екеуіне қарап:

– Ау, бір шешімге келмейміз бе? – дейді.– Өз пікірімді толық айтып болайын, – дейді Арсен.– Менің де айтарым бар, – дейді Ахмет. Әкім амалсыз

олардың дау-дамайын тыңдап отырып қалып еді.* * *

Бұл даудың басы былай басталған-ды.Қала әкімі есімі елге белгілі екі жерлес кісіге ескерткіш орна-

ту туралы ұсыныс жасап, оған қолдау тапқан соң, енді бұл екі кісінің қайсысына алдымен қою керек деген мәселеге тірелген-ді. Дереу комиссия мүшелерін жинап, ақылдасуды бастап та

2-177

Page 17: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

18

жіберген. Өз ойынша, бұл шаруа бірер сағатта шешіліп, әрі қарай іске кірісіп те кетерміз деп ойлаған. Сөйтсе...

Халқына қалтқысыз қызмет еткен екі кісі – бірі демократ, екіншісі саясатпен айналысқан-тын. Демократ ағай – өмір бойы биліктегі кейбір кісілерге ашық қарсы шығып, өз пікірін тура айтумен аты шыққан азамат! Ал, ана саясаткер ағай болса – ол да биік лауазымдардың бірін иеленген, беделі бар, креслосы салмақты адам болып өмірден өткен еді. Бұл қала үшін осы екі кісі де елеулі адамдар. Екеуіне де ел әбден қанық, есімдерін аса қадірлеп атап жүреді. Таластың басталуына себеп болғаны – Арсеннің артықтау сөзі болған сияқты. Арсен өз сөзінде:

– Кеңседе креслосын сықырлатып отырып алып, саясаттың бағытын бағдарлаған адамдарды қайраткер деудің өзі ақылға сыймайды, – деді. Осы-ақ екен, Ахмет те жұлқына сөйледі.

– Елдің бәрі демократ болып, аузына не келсе, соны айта берсе, онда қоғам қайда барады, а? – деді ол. – Есіңде болсын, қоғамның тепе-теңдігін қалыпты ұстап тұруға ерекше қызмет ететіндер – мемлекет қызметіндегі кісілер.

– Ол бос сөз, – деді Арсен. – Қызметке кіргендер сол күннен бастап робот-Адамға айналып кетеді.

– Бәрі емес, – деді Ахмет. – Бәріне түгелімен күйе жағуға болмайды. Қызметкерлердің ішінде ақылды, ойлы адамдар да өте көп.

– Сонда... мына саясаткер ағай сондай кісі дегенің бе бұл?– Солай деп қана қоймаймын. Бұл кісі қоғамның температу-

расын қалыпты ұстауға аса зор қызмет еткен қайраткер деймін.– Не істепті ал?– Қайсыбірін айтайын. Ұлтаралық дау-дамай осы өңірдегі ел

ішінде өрши түскенде, халыққа өз сөзін айтып, оларды сабырға шақырғаны бар. Билік пен оппозиция бір келісімге келе алмай жатқанда, ортаға ілік болып, істі оңды шешуге араласқаны тағы бар. Ол сонымен бірге...

– Е, түсінікті, – деді Арсен. – Осыны да сөз деп айтып тұрсың ба! Дау-дамайға араласса, ол өзінен жоғары басшының тікелей тапсырмасы. Оны шеше білмесе, креслодан айрылады.

– Бұл ағай креслодан қорқып, қызмет етпегеніне елдің өзі куә. Үлкен лауазымда отырып та ең алдымен ел мұңын есінен еш шығармаса, оған ылайықты құрмет неге көрсетілмеуі керек, а?

– Қоғам үшін аса қымбат адам – ол демократтар. Кез-келген уақытта өз ойын ашық айтып, ел назарын дереу от боп жанған қызу мәселеге аударып отырады, – деді Арсен.

– Ашық пікірдің бәрі де халыққа өте тиімді әрі пайдалы бола береді деп кім айта алар? – деді Ахмет.

Талас ұзай түсті. Аяғы көрінбейді.

Page 18: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

19

* * *Арсен мен Ахмет комиссия отырысынан шыққан соң да та-

ласа сөйлесіп, көшені басына көтере көпке дейін кеңірдек созды. Біріне-бірі тоқтаған жоқ.

Ең қиыны-кімге ескерткіш қою керек, сол мәселе көмескі бо-лып, шешілмей қалып қойды.

Әкімнің жанына батқаны да осы еді...

* * *Мұндайда Елес айтады: «Дау да түпсіз тұңғиық, оған тым

батып кеткендер қайтып шыға алмай қалуы ықтимал...»

БаспагерМен оны баяғыдан білетінмін. Кезінде бір мекемеде жұмыс

істегенбіз, өзі сол кезде-ақ өте алғыр, әр іске икемделгіш жігіт болатын. Оның сондай мінезіне мен әркез таң қалып, таңданып қоятынмын. «Мен неге сондай емеспін, бір істі бастаймын да, аяғына жете алмай, орта жолда тоқтап қаламын» деп іштей уайымдаушы ем. Сол танысым – Заманғалимен арамыз алшақ- тап кеткен соң, арада жеті жыл өткенде ойда-жоқта жолықтым.

– Оу, Зәке, өзіңді мүлде жоғалтып алдым ғой, – деп күле амандастым.

– Біз қазір кәсіпкерміз, – деді ол. – Өзімнің жеке фирмам бар.

– Солай ма! Ал, онда қандай іспен шұғылданып жүрсің?– Кез-келген жұмысты атқара аламын. Маған бәрібір. Тек

ақшасын төлесе болғаны...– Е-е, онда жөн екен...Екеуміз көп сөйлесе алған жоқпыз. Ол да, мен де өте асығыс

едік. Тек телефондарымызды алысып үлгердік те, бет-бетімізбен кете бардық.

* * *Арада әлденеше апта өтіп кетті-ау деймін, бір күні қаладағы

кітап дүкеніне бас сұқтым. Әдеби кітап іздеген жайым жоқ, мектепте оқитын қызым бір оқулық керек деген соң, соны іздеп кіргенім еді.

Кітап сөрелерін қарап келе жатып, кенет қатарласа қойылған бес-алты кітапқа көзім түсті. Мені қатты қызықтырғаны – кітаптың аты емес, оның авторы еді. Ол кім дейсіз бе? Ол – кәдімгі менің ескі танысым Заманғали.

Таңдана қарап, көп тұрып қалсам керек, дүкенші қыз жаныма келіп:

Page 19: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

20

– Ағай, сізге көмек керек пе? – деді.– Жоқ, айналайын! Мен жәй...– Мына кітаптарды алыңыз. Ең соңғы шыққан басылым-

дар...Қыздың сөзіне қызыға түсіп:– Сонда бұл кітаптардың авторы елге аты белгілі қаламгер

ме? – деп жорта сауал бердім.– Сіз танымауыңыз да мүмкін. Алайда соңғы жылдары

шыққан жаңа есім. Өте талантты жазушы.Қыздың сөзіне қызыға түсіп:– Оның талантты екенін қайдан біле қойдыңыз? – деп сауал

бердім. – Әлде мына кітаптарды түп-түгел оқып шығып па едіңіз?

– Оқымасам да ішім сезеді, – деді жас қыз. – Өзіңіз қарамайсыз ба, мұқабасы қандай қалың. Өте әдемі көмкерілген. Мұндай кітапты тек танымал, талантты жазушылар ғана шығара алады. Оған күдігіңіз болмасын.

Дүкенші қыз менің танысым – Заманғалидың кітаптарын көрсетіп, мақтап кеп берді. Тоқтамай сөйледі. Тосылмай сөйледі. Сосын мен де иіліп сала бердім.

– Алайын, – дедім. – Өзі неше кітап?– Алатын болсаңыз, түгел алыңыз.– Сонда қанша том?– Жеті том?– Жарайды, бәрін де алам.

* * *Кешке үйге келген соң, әлгі кітаптарды парақтап отырып, тағы

да Заманғали танысымды ойладым.«Ойпырмай, ол жазушы емес сияқты еді! Аяқ астынан

қалайша...»Тағы бір ойым айтты:«Осы заманда талант дегеніңіз біраз жыл тұншығып жата

береді де, бір күні дереу тұтанып шыға келеді. Кім біледі, баяғыдан жазып жүрген болса ше!...»

Тағы бір ойым айтты:«Е, несі бар! Жазушы дегеніңіз көктен аяғы салбырап түсіп

пе? Қай жері артық екен? Олар да өзіміз секілді адамдар...»Сосын телефонымды алып, Заманғали танысымның нөмірін

тердім. Арғы жағынан оның жұмсақ даусы естілді.– Тыңдап тұрмын.– Бұл мен ғой, Заманғали. Ескі танысың...– Е, сен бе едің! Көптен хабарласпаған соң, даусыңды да

ұмытып қалыппын. Айып етпе.

Page 20: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

21

– Оқа емес, – дедім. – Ал, енді мен бүгін саған ерекше таң қалып отырмын.

– Неліктен? – деді ол.– Сен баспагер екенсің. Кітап шығарады екенсің. Оны маған

айтпап едің ана жолы жолыққанда...– Баспа ісімен айналыса бастағаныма, міне, бес жыл болды.

Құдайға шүкір, қазір елге танылып қалдық. Айтпақшы, сен де кітап жазып жүрсің бе? Қолжазбаң болса, әкеліп таста. Кітап етіп шығарамыз.

– Жо-жоқ,– деп мен басымды алып қаштым. – Бізге жа-зушы болу қайда! Менің таң қалғаным...

– Иә, неменеге таң қалдың?– Сен жазушы екенсің ғой. Жеті том кітап жазып тастапсың.– Ол былай ғой, – деді Заманғали. – Жетіскеннен жазу-

шы болды дейсің бе? Осы баспагерлікпен айналыса бастағалы түсіндім, бүгінгі қазақ жазушылары не болса соны жазады. Тақырып аясы тар. Ойы күңгірт. Қызықсыз. Тартымсыз. Жұтаң. Қысқасы, қолжазбалары түкке алғысыз...

– Сонда-а...– Әрі қарай тыңдай бер. Маған бірнеше жазушы хабарласты.

Қолжазбаларын әкелді. Оқып көрдім де, түкке тұрмайтынын түсіндім.

– Сосын...– Сосын әлгі жазушыға ескертпемді айтып, «жөндеңіз» де-

сем жатып келіп тулайды. «Маған ақыл айтатын сен кімсің» деп шіренеді. Әрі ойлап, бері ойлап, өткен жылдан бері өзім жазу столына отырдым. Өзгеге ақыл айтып шаршағанша, сол ақыл-ойымды өзім қағазға түсірейін деп түйдім.

Мен Заманғалидың мына ісіне біртүрлі күдіктене қарап:– Ешкі екеш ешкі де «мені кім сойса да, қасапшы болса

екен» деп тілейтін көрінеді, – дедім. – Сол айтпақшы...– Арғы жағын айтпай-ақ қой, – деп, Заманғали сөзімді

бөлді. – Осы күні қазақта жөні түзу жазушы қалған жоқ. Мықтылары баяғыда өмірден өтіп кетті. Ал, мына жазып жүргендердің бәрі дерлік, жарайды жұмсартып айтсам, көбісі дерлік «жазғышбектер». Графомандар-р...

– Қатты айттың ғой.– Өз көзіммен көрдім ғой жазғандарын. Содан соң осылай

сөйлемеске шарам жоқ.– Бәлкім, кей жазушының стильдік, көркемдік тәсілдерін

дұрыс түсінбеген болсаң ше!– Мен бе! Жоқ мен бәрін де түсінемін. Жас күнімнен әлем

әдебиетін оқып өскен жігітпін. Мықтының не екенін, жасықтың не екенін, құдайға шүкір, ажырата алам. Ешкім айтпай-ақ...

– Сөйтіп жазушы болып алдым де.

Page 21: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

22

– Тап солай. Осы күні белгілі жазушымын. Кітаптарымды бірінен соң бірін шығарып жатырмын.

– Ал, оның көркемдік деңгейі ше? Оны кім айқындайды?– Көркемдік деген түсінік қатып қалған қағида емес. Талғам

деген бар. Ал, талғам әр адамда әртүрлі. Біреулер менің жазғанымды қызыға оқиды. Ал, енді біреулер... Әй, оларды қойшы...

– Е, енді түсіндім...– Солай достым. Бұдан былай кітап жазуға отыра қалсаң,

дереу маған хабарлас. Өзім әдемі безендіріп шығарып берем.Ол трубканы қойды.Мен көпке дейін бір кермек ойдан арыла алмай, отырып

қалдым.«Осы біз, неге?...»Арғы жағы жоқ. Не ойларымды да білмеймін. Не дерімді де

сезіне алмай дал болып отырмын.«Осы біз, адамдар, неге ғана...»

* * *Мұндайда Елес айтады: «Жалықпағанның бәрі бірдей жазу-

шы болып кете ме екен, а?»

адам мен ақшаБір танысым бар еді. Өзімен әңгімелесу өте қызғылықты.

Қай тақырыпқа сөйлесе бастасаң да, ойыңды іліп әкете қойып, құлақ құрышыңды қандырып тастайды. Мұндай адамдар осы күні тым көп емес қой, солай ма?

Міне, бүгін де мен сол танысыммен автобусқа бірге отыра қалғаным. Оны көрген бетте қуанып кетіп, жанына жетіп келдім.

– Ау, жол болсын, Танысхан?Ол жалт қарады, жалт қарады да, көзі күлімдеп:– Әлей болсын, Әзізбек! – деді маған. – Өзің қайда бет

алдың?– Е, базарға бармақшы ем. Өзіме қысқы етік сатып алмақпын.– Мен де базарға бара жатырмын. Үйге стол сатып алсам ба

деген ойым бар.– Онда жолымыз бір болды. Базарға дейін әлі жол ұзақ.

Әңгіме айт.– Әңгіме көп қой, – деді Танысхан. – Қайсыбірін айтарсың.

Айтпақшы, осы сен қызмет істейтін жерде бос жұмыс жоқ па?– Оны неге сұрадың?– Балама жұмыс іздестіріп жатқаным ғой.– Балаң өткен айда жұмыс тапты деп едің, бұл қалай?– Ол жұмыс ұнамапты.

Page 22: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

23

– Неге?– Ақшасы аз екен.– Кішкене шыдаса, көбеймей ме?– Әй, қайдан көбейсін. Қашан көбейер дейсің! Түкке

тұрмайтын ақша...Ол қабағын түйді. Қабағын түйіп аз-кем отырып қалды.– Өзің әлденеге ренжулісің ғой?– Осы адамдарды түсінуден қалып барам, – деп, қынжыла

сөйледі Танысхан. – Әлгі құдам бар емес пе!– Иә, құдаңды білем.– Сол құдам үлкен бір лауазымды қызметте істемей ме!– Иә, оны да білем.– Білсең, ары қарай тыңда, – деп, Танысхан маңдайының

терін сүртті. – Ары қарай айта берейін. Сол құдам біздің балаға «әй, өзің ақшаны өте аз табады екенсің, сен әрі қарай қалай күн көрмексің» депті. Балам сол сөзіне жауап қатып «бар бақыт ақшада емес» демей ме! Сөйтсе, құдам «өй, сөзіңе болайын, осы күні ақшасыз адам адам ба» депті. Балам айтыпты: «Ақша мен дүние келеді де кетеді, адамдық қасиет мәңгіге қалады». Сонда құдам былай депті: «Жоқ, шырағым, бұл заман адамның емес, ақшаның дегені болатын заман. Дүниесі жоқ кісіні ешкім де сыйламайды.»

Танысхан осы жерге келгенде тағы да маңдай терін сүртіп, аз-кем тоқтап қалды. Мен оның әңгімесіне қызыға түстім.

– Ау, ол құдаға не болған! – дедім. – Өзің сөйлесіп көрмедің бе?

– Әй, сөйлесетін не бар! – деп, Танысхан қолын ауаға ерсілі-қарсылы сілтеп алды. – Келер аптада үйге қонаққа шақырмақшы ек, сол үшін міне, базарға бара жатырмын. Үйде жөні түзу стол да жоқ екен. Кім біледі, менің де намысыма тиіп сөйлеп қалса...

– Онда жауабын бер. Дүниемен сыйласпайық де.– Ой, сен өзің қызық екенсің. Заман өзгеріп кетті ғой

қазір. Бұл заман – дүние жарысының заманы болып алды. Дүниеқұлдар көбейді. Екінің бірі балаларын шетелге оқытқысы келеді. Екінің бірі шетелден үй сатып алғысы келеді. Екінің бірі – көп қабатты виллада, коттеджде тұрғысы келеді. Екінің бірі...

– Ой, тоқташы! – деп мен оны әзер тізгіндедім. – Саған не болған?

– Маған емес, заманға не болған деп сөйле, – деді ол.– Заман – сол заман! Оны бұзып отырған өзіміз.

Адамдардың пейілі...– Ал, сонда маған не демексің! – деп Танысхан өзіме

алакөздене қарады. – Мен не істеуім керек! Ұлым болса анау, айлығы аз жерде жұмыс істемеймін дейді. Туған күн тойын тек мейрамханада өткізгісі келеді. Оған көп ақша керек...

Page 23: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

24

– Жоқ, – дедім мен. – Сенікі жөн емес. Адам не істегісі келмейді! Кісі пейілі қайда бастамайды екен! Бәріне де жез ноқта керек.

– Жез ноқта! – деп Танысхан күліп жіберді. – Ау, достым-ау, сенің жез ноқтаң не? Оның күні баяғыда өтіп кеткен деймін. Қазір – демократия... Еркіндік...

– Сонда-а... еркіндік дегеніміз әр адамның ойына не келсе, соны істей беретіні ме!

– Оны білмеймін. Менің білетінім-осы күні адамның емес, ақшаның заманы жүріп тұр. Адамнан ақшаның құны жоғары...

Мен жағамды ұстадым.Танысыма осы жолы үрейлене, қорқынышпен қарадым.«Ойпырмай, бұған не болған! Бұрын ақша мен дүние туралы

бірауыз сөз айтпаушы еді. Енді мынау, базарға жеткенше тек қана ақша туралы сайрады. Бұл да өзгере бастаған екен!»

Санамды осындай ойлар шырмап алып еді. Кенет Танысхан танысым маған бұрылып:

– Ана жалғыз қызың бой жетіп отыр ғой, көрерміз, – дегені. – Саған да менікі секілді дүниеге тоймайтын құда кездессе, өзің-ақ сайрап кетерсің. Ал, жақсы!

Ол автобустан түсуге беттеді.Мен абдырап:– Ой, сен қайда асықтың? – деп, артынан томпаңдап

жүгірдім. Танысым маған бұрылып та қараған жоқ. Жерге түсті де, мебель сататын дүкен жаққа бүкектеп зытып бара жатты. Менен құтылуға асыққандай.

Мен тоқтап, ойланып тұрмын.«Заманды адам емес, ақша билей бастаса, онда шын сорың

қайнайтын күн алыс емес екен, беу пенделер!...»

* * *Елес айтады: «Құның неге сонша төмендеп барады, қазіргі

адамдар...»

«Дауншифтинг»Менің Сұлтанқұл деген көршім бір күні аяқ астынан өзінің

жап-жақсы қызметін тастап, өзіміз тұратын үйдің аула сыпы-рушысы болып жүргенін көріп, таң-тамаша болдым. Әуелде сұрауға ыңғайсызданып, тек амандасып өте шығатынмын. Ол да ештеңе айтқан жоқ. Сәлемі бұрынғыша. Көңіл-күйі де орнында. Ештеңеге өкпелеп, ренжіп жүрген түрін байқаған жоқпын.

Адам деген қызық жаратылыс қой, оның осы жүрісі менің ойымды бөле берді, бөле берді. Ақыры бір күні оны әңгімеге тарттым.

Page 24: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

25

– Ау, Сұлтеке, бұл қалай? – дедім.– Бұл солай.– Жап-жақсы қызметің болушы еді, енді...– Иә, қызметпен қош айтыстым.– Неге?– Сол қызмет деген пәлекет не үшін керек?– Абыройы бар, айлығы бар. Сонымен бірге...– Соның бәрі де алдамшы нәрсе. Адам тірлікте бәрінен де

еркін болғаны қандай ғанибет! – Сонда сен...– Өз еркіммен кеттім. Өзім арыз жазып бердім.– Өз ықтиярымен қызметтен қашқан адамды тұңғыш көріп

тұрмын.– Е, неге! – деді Сұлтанқұл. – Сен білмейді екенсің ғой.

Ондай адамдар тарихта болған.– Қайдам, естімеппін.– Онда тыңда. Баяғыда Александр Македонский патша бо-

лып тұрған кезінде күнге қыздырынып жатқан ойшыл Диоген-ге келіп: «Саған не керек, айт арманыңды» демей ме! Сонда Диоген: «сен маған түсіп тұрған күн сәулесін көлегейлемесең екен» деп жауап қатпай ма?

– Е, оны естідік қой.– Сонда Македонский өзіне-өзі «әттең, патша болмағанымда,

онда мен де Диоген сияқты өмір кешкен болар едім» демей ме!– Ой, сен де... Өзіңді Диогенмен салыстырып...Сұлтанқұл сасқан жоқ. Ақырын ғана сөйлеп қояды. Маған

тыңдасаң да, тыңдамасаң да өзің біл дегендей, ақырын айтады. Бір сәтте:

– Дауншифтинг! – деді. – Не дейсің? – дедім таңданып.– Дауншифтинг! Бұндайды естідің бе?– Естімеппін.– Бұл сөздің мағынасы былай: билікке құмартпау, барлық

лауазымды қызметтен бас тарту, еркін өмір кешу...– Е, енді түсіндім... Бірақ...– Ол оңай шаруа емес, әрине, – деп, Сұлтанқұл сөзді өзі

жалғап әкетті. – Алайда, адам шын ниеттенсе, бәрін де жасай алады.

– Оны түсінем ғой. Бірақ лауазымды қызметке біреулер жете алмай армандап жүреді. Қолың жетіп тұрғанда, қадірін білмеу деген...

– Тағы да айтамын, – деді Сұлтанқұл. – Қызмет пен ақша кісінің пейілін бұзады. Оның соңына түсіп кеткен кісі өзінің адамдық ізгі қасиетінен де ажырап қалуы деп – демде.

Page 25: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

26

– Неге! Үлкен лауазымда жүріп те елге, жұртқа қызмет ет-кендер аз ба өмірде!

– Ондай кісілер өте аз. Тіпті жоқ десе де болады. Ал бүгінгі сендер таңданып, тамсана сөз етіп жүргендердің көбісі-ақ сол кезеңдегі жалаң саясат үшін керек болған, насихаттың күшімен елге танылған «мықтылар».

Сұлтанқұл осыны айтты да сәл-кем тоқтап барып, тағы сөзін жалғады.

– Ертеде өмір сүрген Қожа Ахмет Иассауи айтып кетіпті дейді: «Кісі кісіден дүние арттырып, еш артық тұрмағаны абзал, әйтпесе сезім ылайланып, көңілге ала-құлалық кіреді.»

Мен ойланып қалдым.«Мына көршім не деп кетті өзі! Бұған салса қызмет те керек

емес, ақша да мүлде қажет болмайды екен-ау. Сонда адам қайтеді? Не үшін өмір сүреді?...»

* * *Арада бір ай өткенде өзіміз тұратын биік үйдің коммунал-

дық-шаруашылық саласының басшысымен ұшыраса қалдым. Бұрыннан танушы ем, ол екеуміз жылы амандасып, аз-кем тілдестік. Сөз арасында:

– Ана Сұлтанқұл сіздерге жұмысқа тұрған ба? – деп сұрадым.

Ол аң-таң.– Жоқ, ондай қызметкерді қабылдаған емеспіз.– Онда неге аула сыпырып жүр.– Ә, ана кісі ме? – деп, ол енді ғана есіне түсіргендей бол-

ды. – Ол бізден айлық алмайды. Өз еркімен тазалап-тазартып жүргені ғой...

Коммуналдық-шаруашылық басшысы осыны айтты да, қош айтысып, кетіп бара жатты. Мен өзіме-өзім:

– Дауншифтинг! – деп күбірледім.Ана кісі кілт тоқтап, маған мойнын бұрып:– Немене, шет тілін үйреніп жүрсіз бе? – деп сұрады.Мен аяқ астынан сасып қалдым да, былай дедім:– Иә, керек боп қалар деп шетел тіліне жаттығып жүрген

түрім ғой.– Ә, түсіндім, – деп, ол әрі қарай кете берді.Мен әлгі сөзді тағы да қайталадым. Қайталап тұрып өз-өзім-

нен күліп жібердім. Бірақ неге күлгенімді өзім де түсінгем жоқ.

* * *Қазақ айтқан екен: «Қызмет деген қолдың кірі емес пе,

тәйірі...»

Page 26: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

27

Жесір желБұл аймақта қоңыр күздің бөлекше бір желі бар. Өзі соншалық

суық та емес, бірақ тынбай соғады, тынымсыз уілдеп тұрып ала-ды. Ең қызығы – қай жаққа бұрылсаң да, әлгі жел сол жақтан соғып тұрғандай болып көрінеді.

Кісіні мезі етіп жіберетін осы желді бұл аймақта қалай атай-тынын білесіз бе? Оны-жесір жел дейді.

* * *Жұпардың күйеуі ауыр сырқатқа шалдыққан соң, төсек тар-

тып ұзақ жатқан жоқ, көп ұзамай көз жұмды. Өзі жас, өзі толықсыған сұлу келіншек тағдырдың бұл сынағына әуелде төтеп бере алмаспын деп ойлап еді, бірақ басқа салған соң не шара, бір күнді бір күнге жалғап, күн кешіп жатқан – ды. Әйтеуір көңілге медеу етері-сүйген жарынан сүп-сүйкімді бір қыз қалды. Енді соны бағып-қағып, бойжеттіріп, құтты орнына қондыра алса-арманы да болмас! Алайда, ол күн қайда-а!... Оған дейін не заман!...

Қоңырқай тірлік жас жесірді өз илеуіне алғалы қаш-шан! Бір уақыттарда бұған ауыл адамдары-үлкені бар, кішісі бар-бәрі де мейіріммен қарап, жетпегенін жеткізіп беруге тырысып жүретіндей көрінетін. Сөйтсе ол да өткінші нәрсе екен. Кейінгі уақыттарда байқады – әркімнің тірлігі өзінде. Біреуде біреудің шаруасы шамалы.

Бір күні қуанады, бір күні мұңаяды-бірақ оны бөлісер жақын жан жоқ. Аһ ұрса да өзі ішінде, бұлқынғысы келсе де өз бойында. Оны енді кімге айтып, кіммен сыр бөлісер?

Кейбір жақын ағайындар (күйеуінің аталас туыстары) бұған жаны ашыған болып:

– Әлі басың жас, өз тағдырыңды өзің ойла, – деп әуелгіде жиі-жиі айтушы еді. Сонда бұл да намыстанып:

– Жоқ, мен осы босағада қалам, мына жалғыз қызды өсіріп, дегеніне жеткізуім керек, – деп қайсарланатын.

Ол күндер де өтіп барады. Қыз күн санап өсіп, бойы мен ойы ұзарса да, көңіл шіркінге ол да тоят бола алар емес. Ішкі сезім әлденені аңсайтындай. Жоқты іздейтіндей.

«Ойпырмай, баяғыда ағайын айтқан ақылды неге құп көрмедім екен!» деп те ойлап қояды.

«Жоқ, қалай десем де, дұрыс істедім. Ашықсам да, тарықсам да – өз отбасым, өз үйім...» деп тағы бір ойы бүйірлеп қалады.

* * *Өмірдің көктемі де өтті.Жазы да тез-тез жылжыды.

Page 27: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

28

Енді, міне, күрең күздің де тысыры тақаған сияқты.Жасы ұлғайыңқырап, қырықтан аса бастаған кезде Жұпардың

мінезі мүлде өзгеріп кетті. Бұрын биязы еді, енді сәл нәрсеге шарт-шұрт ашулана салады. Анамен де, мынамен де ұстаса ке-туге әзір. Шайпау мінез қайдан, қалай келе қалды екен? Өзі де таң-тамаша. Өзін-өзі кейде түсінбей қалып жүр.

Қайсыбір күні көрші үйдің келіншегімен бет жыртыса ұрысты. Болмашы нәрседен басталған керіс ұзап кетті. Анау да бетпақ екен, қайтар емес.

– Немене, жесір қалып, соқа басың сопайып отырғаныңа мен кінәлі ме екенмін! – деп шап-шап етті.

– Тіліңді тартып сөйле! – деді Жұпар. – Менің жеке ба-сымда қандай әкеңнің ақысы бар. Жесірмін бе, жоқ басқамын ба, өз өмірім өзімдікі.

– Ой, тоба-ай! – деді ана келіншек. – Жесірден кесір жан болмайды деуші еді, сол рас-ақ екен де.

– Тіліңе ие бол деймін!...– Ал, не істейсің! Ал, шауып ал...– Мен саған... мен сені... – Осыны айтты да, Жұпар тілі

күрмеліп, көз жасына ерік берді. Сосын дереу үйіне зытып отырды.

Сол бір кермек әңгімеден соң Жұпар үш-төрт күн ауырып жатып қалған еді...

Бір күні сүйретіліп тысқа шықты.Күздің салқын күні болатын. Үйден ұзаңқырап кетті де, ке-

нет аяқ астынан көтерілген желді сезді. Сумақай жел сусылдап алып, тез-тез уілдеді. Қайда бұрылса да, бетін сипалап, қойны-қонышын аралап өтеді.

Тіпті әрі беріден соң Жұпардың ашуы келді.«Әй, осы желдің мінезі-ай! Өзі жесір жел десе дегендей екен.

Мына мінезімен кімге жаққандай бұл сорлы...»Содан кейін аузын аша сөйлеп:– Уа, сумақай жел! – деді. – Сенің бұл мінезің кімге

жағады, а! Неге сумаңдайсың! Неге сусылдап, бей-берекет лекіте соғасың, жазған-ау!

Желден жауап болған жоқ. Ол жауап орнына тағы да уілдеп соғып, бұның аузына кептелді. Жұпар тұншыға жөтелді. Көмейіне суық жел кіріп кетіп, көзінен жас та ақты.

– Сен, – деді тағы да желге өштене. – Сен көзге шыққан сүйелдей сүйкімсізсің! Сені ұнататын, сенікі жөн деп қол соғатын кім бар екен, апыр-ау!...

Сосын тоқтап қалды. Ойланып қалды.«Мен осы кімге сөйлеп жатырмын! Тілі де, түрі де жоқ мына

суық желге сөз шығындап тұрған мен ақымақ...»Осылай іштей күбірледі де, артынша:

Page 28: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

29

– Ау, мен кімге сын айтып жатырмын, – деді. – Өз мінезім де осы жесір желден асып тұр ма екен?

– Иә, – деді сосын тағы да. – Біз бір-бірімізге ұқсаймыз. Егіздің сыңарындаймыз. Сырт көз солай ойлайтын болар. Тап солай. Сырт көз осылай сөз етеді бізді...

Жесір желге қарсы қарап тұрып жесір келіншек «аһ» ұра ауыр күрсініп алды.

* * *Елес айтады: «Тірліктің мың тылсымын кім түсінген екен,

а?...»

Барлық тақырыпқа жазатын ақын(әзіл әңгіме)

Әдебиет сыншысы мен әзірге аты белгісіз ақын сөйлесіп отыр. Әдебиет сыншысы сөз бастады.

– Өлеңдеріңді оқыдым.– Бәрін бе?– Жоқ, бірнешеуін...– Ал, өлеңім қалай? Қандай ақынмын?– Әзірге пәлен деп айта алмаймын.– Е, неге?– Өйткені, шығармаларыңмен түгел танысқан жоқпын ғой.– Онда тағы да оқы. Сосын асықпай сөйлесерміз. Мен

асықпаймын.– Асықпағаның жақсы. Өнер асығып-аптыққанды ұната бере

ме?– Оны білем.

* * *Арада екі апта өткенде екеуі тағы да жолықты. Тағы да екеу-

ара әңгіме басталды. Бұл жолы ақын сөйледі.– Мықтылығымды мойындадың ба?– Сәтті өлеңдерің бар екен.– Бар. Бар болғанда қандай!– Бірақ, жақсы басталып келеді де, орта жолда ақсайды.– Ол мүмкін емес.– Менің байқағаным осы. Ал, енді кейбір өлеңдерің төгіліп

тұрады, бірақ түйін жоқ. Түйінсіз жыр жазыла ма өзі?– Е, неге жазылмасын! Оқырманға ой тастап, арғысын өзің

ойлап тап дейтін өлеңдер де болады.– Рас, ондай жырлар да жазылады. Бірақ...– Иә...– Бірақ, ондай жырлардың арғы жағында үлкен философиялық

ой тығылып тұрады. Ойланбасыңа қоймайды.

Page 29: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

30

– Міне, мен де сондай ақынмын. Менің ойларым тасада тығылып жатады.

– Жоқ, сенікі түсініксіздеу. Не айтатыныңды өзің де байқамайтын сияқтысың.

– Бұл түсінбеушілік! Мен өзгеге ұқсамайтын бөлекше ақынмын. Мені сен секілді көреген сыншы ұқпаса, онда кім ұғады, а?

– Тағы да оқиын. Тағы да ойланып байқайын.– Сөйт. Асығып не керек.

* * *Тағы да ай өтті.Бір күні сыншы мен ақын қайта жолығып, сөйлесіп отырды.

Сыншы айтты:– Сені қанша түсінгім келсе де, түсіне алар емеспін. – Міне, бар гәп осында. Мен өте күрделі ақынмын.– Күрделі дейсің бе? Ол да мүмкін. Айтпақшы, осы сен

бір тақырыптан екінші тақырыпқа оп-оңай ауысып кете береді екенсің. Осының сыры...

– Оның еш құпиясы жоқ, – деп, ақын сөзді іліп әкетіп, сөйлеп кеп берді. – Мен кез-келген тақырыпты өлеңге айнал-дыра алам.

– Сонда...– Рас! Жақсы байқапсың. Мен барлық тақырыпқа өлең жаза

алатын ақынмын. Сен осыны есіңде мықтап ұста. Әйтпесе, кей ақындар тек махаббатты жырлап шаршайды. Тағы біреулері табиғатқа әуес. Ал, енді біреулері...

– Өмірдің барлық тақырыбын меңгеру оңай ма сонда?– Маған оңай. Өзгеге қиын болса болар...– Сонда сенің құпияң да осында ма?– Тап солай. Мені зерттегенде осы қырынан көбірек қазбалап

сөз қозғаған дұрыс.

* * *Бүгін әдебиет сыншысы әлгі ақынмен тағы да жүздесіп, оны

тыңдап отыр. Бұл жолы ақын сөз тізгінін берер емес. – Ақын деген ғажап құбылыс! – дейді ол. – Оның жан

тылсымын ешкім де түсіне алмайды. Өйткені, ақын өзін-өзі түсініп көрген емес.

– Өзін-өзі түсінбеу дегенді қалай түсінеміз? – деп қалды сыншы.

– Оны мен айта алмаймын. Бар білетінім – ақын деген ерек-ше жаратылыс. Айтпақшы, мен соңғы күндері көрген түсімді де өлеңге айналдыра бастадым. Түс туралы баллада жазбақшымын. Мұны маған дейін ешкім де жазған жоқ шығар, ә!

Page 30: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

31

– Бәлкім, солай да шығар...Сыншының басы зеңіп кеткендей болды.Барлық тақырыпқа жаза беретін ақын оны шын шаршатыпты.

* * *Елес айтады: « Қанша өлең жазса да, шаршауды білмейтін

адамдар бар деседі, оларды кім десек екен, а?...»

отбасыңа оралу«Лев Николайұлы өте дұрыс айтқан» деп ойлады Мұсақұл

жүріп келе жатып. «Дәл айтыпты, дөп айтыпты...»* * *

Жұмыс орнына ойда-жоқта Мұсақұлдың үстінен арыз келіп түсті. Хатта не айтылмаған дейсің! Хат сөзіне сенсек, бұл жұмысты атүсті атқаратын, тек өз шаруасын білетін, өзгеге ілтипаты жоқ нашар адам. Ол ол ма, әлгі жазғыш бұны «меке-меге тамыр-таныс арқылы кіріп алған, қабілеті жоқ қызметкер» деп көрсетіпті. Бастығы шақырып алып, екі сағат бойы бұның басын қатырғаны.

– Міне, – дейді ол. – Сен туралы арыз-шағым да түсе бас- тады. Өзіңе айтқалы жүр едім. Саған өзгеру керек. Өзіңді-өзің қолға алуың керек.

– Мен жұмыстан ешқашан қалған емеспін.– Мәселе онда емес.– Мен берген тапсырманы өз уақытында орындап отырамын.– Мәселе онда емес.– Мен жұмыстан өте кеш қайтамын.– Мәселе онда емес.– Мен осы күнге дейін басшылық тарапынан сөгіс алған

емеспін.– Мәселе онда емес.– Сонда мәселе неде? – деді бұл ашулана. – Арызқойға

керегі не?– Ойлан! Ойлануың керек.– Жарайды. Ойланайын.Бастығының кабинетінен өте көңілсіз шықты. Не үшін арыз

жазылып, не үшін сөз естігенін де толық түсінбеді.

* * *Достарымен ұзақ отырып, сыра ішті.Бүгінгі кешті осылай өткізіп, ең болмаса бірауық көңіл көтергісі

келді.

Page 31: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

32

Алғашында бұған достары өте ықыласты болып, қайта-қайта көңіл бөліп отырды да, аздан соң, бәрі қыза бастады. Сосын сөз де өзгерді.

– Әй, сен осы неге тым пысықсың? – деді бір досы. – Қызмет пен үйден басқа түк көрмей өтесің бе осылай!...

– Енді... одан қымбат не бар!– Жоқ, – деді екінші танысы. – Қызмет – қолдың кірі.

Отбасың ешқайда қашпайды. Ал, өмір... өтіп барады.– Түсінбедім.– Жас өмір өтіп кетеді деймін.– Ә-ә...– Сонда не түсіндің?– Ештеңе де...– Міне, сондықтан да сен мына қоғамға жат адамсың, –

деді тағы бір досы. – Сосын да сені жұмыстағылар аса жақтыра бермейді.

Мұсақұл намыстанып:– Мен сонда күн сайын кафеге кіріп, арақ ішіп, үйге кеш

қайтып жүруім керек пе! – деді.– Күнде емес.– Сонда...– Ара-тұра солай ету қажет. Үлкен-кішімен араласа білу ке-

рек. Жақсымен де, жаманмен де дос болып үйрен. – Жаманмен қалай достасам?– Өтірік дос бол.– Оны істей алмаймын. Қолымнан келмейді.– Онда ақымақсың.– Мейлі. Сол үшін ақымақ болсам, ақымақ бола салайын.

* * *Бір туысы телефон шалды. Трубканы көтеріп еді, тоқтамай

сөйледі.– Шырағым-ау, саған бір шаруа айтып едім, – деді.– Иә, есімде.– Соны қашан орындайсың?– Реті келмей жатыр ғой.– Қашан реті келеді? Алты ай болды ғой күткеніме...– Мен бастық емеспін. Мен де біреуге өтініш айтам. Ал, ол

ойланады.– Қашанғы ойланады ол! – деп, таныс ағайы айқайлап

жіберді.– Онда сіз тез ойланатын біреуді тауып ала қойыңыз, – деп,

трубканы қоя салды.Ашуы терісіне сыймай кетті. Қаны басына шапты. Өзіне-өзі

тоқтау айта алмай, кабинетте арлы-берлі жүріп алды...

Page 32: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

33

* * *Кеш түсіп келе жатыр еді, телефон шылдырлады. Тағы да

шаруа айтатын біреу ме деп өте құлықсыз, ақырын көтеріп еді, арғы жағынан:

– Мен бүгін дәмді ас әзірлеп қойдым, – деген жұбайының жұмсақ үні естілді. – Қашан келесің үйге?

– Жетемін. Тез барамын.– Сенсіз тамақ ішпейміз. Күтеміз.Трубканы қойды. Көңілі көтеріліп сала берді. Үйге асығуы

керек. Дәмді ас пісіп тұр. Мұсақұлсыз бір кесе де шәй ішпестен әйелі мен қызы күтіп отыр.

«Қой, бүгінге осы да жетер» деп, қағаздарын жинастыра бас- тады. «Үйге жетейін, өз үйіме...»

Ол далаға шықты. Жаяулап тартып келеді. Көңілі сергек. Дәл қазір еңсесі де биік. Бұрынғыдай қайдағы бір кермек ойлар да мазалайтын емес.

«Сен неткен данышпансың, Лев Николайұлы!» деп күбірледі ішінен. «Дәл айтыпсың-ау, сабазым! Рас, отбасында бақытты адам – ең бақытты адам. Одан үлкен бақыт жер бетінде жоқ та шығар-ау...»

* * *Елес айтады: «Бақыт деген сезім жүректе ұялайды».

іше алмайтындар шаршатып...Мен Мұхитбек деген жігітті көптен бері көрмей кетіп едім.

Онымен ойда-жоқта өзім тұрып жатқан қалада кездесе қалдым. Арада қаншама жылдар өтіп кеткені есімде де жоқ, бірақ мен оны бірден танып, дереу қолымды ұсынып:

– Оу, бұл сенбісің? – деп қуана тіл қаттым.– Менмін. Мұхитбекпін, – деп, ол да жымия күліп, менің

қолымды қысты.Бір кездері екеуміз бір мекемеде жұмыс істеген болатын-

быз. Ол кезде, әрине, бұдан әлдеқайда жас едік, не нәрсені де тез арада шешіп тастауға құмар болатынбыз. Мұхитбек өте салмақты, сабырлы, ақылды жігіт еді. Оның осындай жақсы қасиеттерін іштей бәріміз де аса бағалайтынбыз. Әрине, ол да жас еді. Оның да албырт мінездері әредік байқалып қалып жа-татын. Біз секілді ара-тұра ішкілік ішетін. Жұмыстан тыс уақытта кафелерді отырып алып, сыра ішіп, сыр айтысқан кездеріміз аз емес.

Осының бәрі есіме түсті ме, мен дереу:– Ал, ойда-жоқта кездесе қалдық, мына тұрған кафеге бас

сұғалық, – дедім.

3-177

Page 33: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

34

– Барсақ барайық.Екеуміз кішкене кафеге кірдік. Тамаққа тапсырыс беріп жа-

тып:– Жүз грамм... дей беріп ем, ол:– Жоқ, ішпеймін, – деді.– Е, неге? Жүз грамм ғой. Көп емес...– Болмайды.– Мүлде ішпейсің бе?– Мүлде.– Қойып кетіп пе едің?– ?!

* * *Екеуміз тамақ ішіп алған соң, көшеге шығып аяңдап келе

жаттық. Әңгімеміз әлі де аяқтала қоймаған – ды.Ол сөз арасында:– Сен менің ішкілік ішпегеніме ренжіп қалдың ба? – деп

сұрады. – Өтінішіңді орындағаным да жөн еді, бірақ...– Ренжіп қайтейін, – дедім мен де. – Арақ ішпегені үшін

досыңа ренжуге бола ма!– Сонда да мен... – деп Мұхитбек қабағын түйіп, әлденені

ойлағандай аз-кем мүдіріп қалды. – Сонда да сенің көңілің үшін... шын жүрегіңмен сыйлап жатқанда...

– Ой, қоя берші! Мен ренжіді деп ойласаң, онда қателесесің.– Мен біржола қойып кетіп едім. Расы да солай.– Ол өте дұрыс болыпты. Бәріміз де қоюымыз керек осы

пәлекетті...– Жоқ, арақ біз ойлағандай сондайлық пәлекет емес. Оның

керек жері де бар екен. Ал, қою себебім...Тағы да қабағы түйіліп тұрды.– Иә, неге қойдың? Әлде... ауырдың ба?– Денсаулығым жақсы. – Мүмкін, мінез шығарып...Ол күлді. Күлді де:– Мен емес, өзгелер мінез шығарды, – деді. – Өзгелер

күйдірді.– Мынау қызық екен. Түсіндіріп айтшы өзің!– Бұл былай болған, – деп, Мұхитбек әңгімені әріден бас-

тады. – Мен көп жыл арақ іштім. Бірақ ешқашан мас болып, есімді жоғалтпадым. Өз шамамды өзім білуші ем. Ал, енді әлгі екі досым...

– Олар кім?– Е, оларды бәрібір сен танымайсың. Баяғыда дос болған

екі жігіт.– Содан...

Page 34: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

35

– Сол екеуі ішіп алса болды, мінез шығарады. Көрінгенге тиіседі. Қоғамдық орында айқайлап, ән салады. Ал мен бол-сам, ұяттан жерге кіре жаздаймын. Қысқасы, сол күні түнімен әлгі екі танысымды өз үйлеріне сүйрелеп, үйіне жеткізе алмай шаршаймын.

– Қалай сонда, ұйықтап қала ма?– Ұйықтаса жақсы-ау! – деді Мұхитбек. – Ұйқы қайда!

Өзі мас болса да, тілі сап-сау. Қайдағы-жайдағыны айтып, сай сүйегіңді сырқыратады. Намысыңа тиіп, жүрегіңді ауыртады. Қысқасы, сол түні түнімен ұйықтай алмай шығам.

– Неге?– Әлгілердің әрбір айтқан ащы, керемек сөздері қайта-қайта

есіме түсіп, дегбірімді алады. Жүрегім сыздайды.Мен күліп жібердім.– Е, неге күлесің? – деді ол. – Сөзіңе?– Басыңа түссе көрер ем. Бұл жалғанда іше білмейтіндермен

ішуден өткен азап жоқ. Ол өзіңе-өзің азап тілеп алу... Азап емес, тозақ...

Мұхитбек кішкене тоқтап, күрсініп алды да:– Іше алмайтындар шаршатты ғой мені! – деді. – Бұл

ішімдіктің бар қадірін кетіріп бітірген де солар...Енді күлген жоқпын. Ойланып келемін. Бұл-өзімнің де ба-

сымнан өткен жоқ па! Талай рет бірге ішкен әлгі бір танысымды сүйрелеп...

«Әй, қойшы!» деп ойладым ішімнен. «Қайсыбірін айтарсың! Мұхитбектің сөзі сөз-ақ! Бәрін де бүлдіретіндер – солар-р... Ішуді білмейтін даңғойлар-р...»

* * *Елес айтады: «Өмірді бүлдіріп жатқандар – өзіне-өзі есеп

бере алмайтындар...»

Көмекшіден өскен қайраткерБұл бүгінде баяғы Бейсен емес, есімі елге белгілі лауазымды

адам.Бұл Бейсенді ол Бейсенмен тіпті салыстыруда да болмайды.Ойбай-ау, баяғы Бейсен кім еді, ал бұл ше!Ә, сіз де Бейсен өскен баспалдақтарды аз біледі екенсіз ғой.

Оқа емес. Елдің бәрі айналада не болып жатқанын біліп отыруы қиындау заман ғой қазір. Әйткенмен... осы Бейсен туралы ең болмағанда ел аузынан естімеуіңіз қалай, ә! Әй, сіз де...

Page 35: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

36

* * *Біз сөз етіп отырған Бейсекең тап бүгінгі биік лауазыммен

туа салмағаны айдан ақиқат. Оның да өзіне тән тіршілік жолы яки жүріп өткен тар жол, тайғақ кешулері жетерлік. Алайда, балапанды күзде санайтыны секілді, кісінің кісілік келбеті мен бағасын да беретін-ең соңғы жеткен қызметтік дәрежесі болмас па! (Бүгінгі заманның бағасы!...)

Бейсекең осы күні елге сыйлы үлкен лауазымда отырған соң, оған лайық жылы сөздер мен ыстық ілтипаттар айтылуы әбден орынды. Бірақ...

Иә, осы бірақ деген сөз Бейсекеңнің түнде түсінен, күндіз ойынан кетпей-ақ жүргені. Ол не дейсіз бе?

Ол былай.Бұл пақырыңызды осыдан аттай жиырма жыл бұрын, яғни

бозбала жігіт шағында, әлі ел-жұрты есіміне мүлде таныс емес кездердің бірінде... аяқ астынан үлкен лауазымдағы бір кісі өзіне қызметке шақыра қалғаны. Дәл осындай ілтипатты әсіресе жоғарыда отырған беделді адамнан, сөздің шыны ғой, ол күте қойған жоқ-ты. Қуанышы қойнына сыймай, кеудесіне нан пісті. Шаттық сезімге бөленді.

«Әне, көрдіңдер ме, мен сендер ойлағандай көп бөріктінің бірі емеспін. Мені ана жақтағы үлкен кісінің өзі аттай қалап, жұмысқа шақырып отыр...»

Содан не керек, ертесіне-ақ шақырған ағасына алқына жетіп барған болатын.

– Ағатай, мен келдім.– Келдің бе! Әп бәрекелді!– Сіз не десеңіз, соған әзірмін.– Әп бәрекелді!– Аға болсаңыз, інілікке жарап қалармыз.– Әп бәрекелді!Лауазымды ағатайы «әп, бәрекелдіні» сан рет қайталап оты-

рып, ең соңында:– Маған көмекші бол! – деді. Бұл сасып қалды. Сонша салмақтап отырғандағысы осы ма?

Көмекшісі несі! Басқа бір қызмет ұсынса болмас па еді. Ал, көмекші дегені...

– Ағасы, мен өзі...– Саспа! Өсем десең, ең әуелі осындай үйренері бар жұмыстан

баста. Түбі жерде қалмайсың. – Менің айтайын дегенім...– Сөзді қой. Ертеңнен бастап қызметіңе кіріс.Әңгіме өте қысқа болды.

Page 36: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

37

* * *Міне, біздің Бейсекең осылайша үлкен лауазымдағы ағасына

көмекші болды да шыға келді. Көмекшінің де көмекшісі бар. Ал, Бейсекең болса...

Қысқасы, ол бұл қызметте табаны күректей алты жыл оты-рыпты. Аз ба, бұл! Әрине, аз емес.

Жетінші жылға аяқ басқанда әлгі лауазымды ағасы басқа жерге қызмет ауыстыратын болды да, бұған:

– Қалай ойлайсың, менімен бірге жүресің бе? – деді.– Бірге жүргенде... енді...– Қорықпай-ақ қой. Көмекші болмайсың, басқа бір айлығы

қомақты қызмет тауып берем.– Онда жарайды. Обалы не керек, ағасы сөзінде тұрды. Тым үлкен болмаса да,

өз бойына шақ кішігірім қызмет ұсынды. Алайда...Бейсекеңнің мойнынан, алайда, баяғы көмекші атқаратын

міндеттер бәрібір алынып тасталған жоқ-ты.Осылайша он жыл уақыт өте шығыпты.Бір күні... әлгі лауазымды ағасы зейнетке шығатын болып

жатты да, бұны өзіне шақырып:– Саған ризамын. Көңіліңдегі қызметті айт, – деді.– Айтқанда...– Жарайды, түсіндім. Әзірге бір мекеме басшысына орын-

басар бол.* * *

Міне, осылайша Бейсекең шағын да болса, бір мекеменің кішігірім орынбасар бастығы болды да шыға келді. Ал, одан соң...

Иә, одан кейін бағы жанды ма, әлде жолы болды ма – тез-тез өсе бастады.

Арада үш-төрт жыл өткенде білдей бірінші басшы болды. Даусы да, жүрісі-тұрысы да өзгерді. Енді өзіне көмекшілер қарастырды.

Бұрынғы жәй Бейсен емес, енді Бейсекең атанды.Кісі бұған да әп-сәтте үйреніп алады екен. Әрбір бас қосуларда

бұған өзгелер «Бейсеке» деп бас шұлғып тұрса екен деп іштей ынтызар. Сонысын өзі де байқамайды.

Рас, Бейсен бұл күнде Бейсекең. Басшы Бейсекең. Анау-мы-нау емес, санаулы қайраткерлер қатарына іліккен адам. Бірақ...

Осы бір «бірақ» деген сөз бұның қыр соңынан неге ғана қалмайды екен, а? Неге?

Ұзынқұлақтан естіп жатады, былайғы жұрт бұны «ә, ана қарапайым көмекшіден өскен қайраткер ме» деп сөз етеді екен. Бұл елге не дерсің!

Page 37: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

38

Ал, рас! Көмекші болғаны да өтірік емес. Сол көмекшіліктен алғашқы баспалдақ жасағаны да жасырын емес. Сөйтсе қайтеді екен! Көмекші болу-елдің қоры ма! Біле білсе, елге сыйлы басшының тілін таба білетін көмекші болу да – талант! Оны да қолынан келген кісі істей алады.

Мықты екенсің, сен өзің елге есімі баяғыдан таныс бір лауа-зымды кісіге көмекші бол да, осы Бейсекең сияқты көкке, сонау биікке өсіп көрші! Қиын дейсің бе! Әрине, қиын. Ендеше неге қисынсыз сөзге ерік беріп, Бейсекеңнің басын қатырғың келеді! Ойлан, жұртым... Ойланып сөйле, әуелі...

* * *Мұндайда қазақ айтқан: «Болсаң да жақпайсың, бола алмасаң

да – жақпайсың».

ортақ опера– Әй, бала... – деп, осы күні атағы жер жарып тұрған дарын-

ды сазгер Саумен бұны өзіне қаратты. – Сен бала... естуімше көне Түркістан тарихын қаузап, әлденеше кітап жазған дейді. Бұның жақсы іс екен.

– Иә, аға, Түркістан тақырыбымен біраз жылдан бері айна-лысып жүрмін, – деп жазушы інісі Доскен де аға алдында иіле түсті.

– Онда былай, – деді Саумен бетін сипалаған қалпы. – Біз екеуміз сол Түркістан тақырыбында қатырып тұрып опера жа-зуымыз керек. Ел таң қалатын...

– Қалай?! – деп Доскен таңдана тіл қатты.– Оған таңданыс білдіретін түк те жоқ, – деді Саумен. –

Сен, айталық, сол операның либреттосын жазасың, ал мен...– Либретто! – деп жазушы інісі тағы да тұтыға сөйледі. –

Оны жазу үшін... – Түк те емес, – деді Саумен. – Әуелі оның сұлбасын

қағазға түсіріп әкел. Сосын үстінен қараймыз. Ал, музыка жағынан қам жеме. Келістік пе?

– Келістік, аға? Қарсы емеспін.– Онда ертең хабарласайық.

* * *Доскен сол түні ұзақ дөңбекшіп, ұйықтай алмай шықты. Өзі

аяқ астынан атақты сазгерден жылы сөз естіді. Оның үстіне бірлесіп сүбелі шығарма – опера жазбақ. Ал музыканың асқақ шыңы, ол – опера ғой. Мұны біледі. Білмей ше! Тіпті әрі-беріден соң, сол жалғыз операмен-ақ аты тарихта қалуы әбден мүмкін.

Түн ұзақ болды.

Page 38: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

39

Тек таң ата ғана көзі ілініп кеткен екен, телефон даусынан оянды.

– Ал-ло...– Бұл мен!Сазгер Саумен ағасы екен. Оның алдымен телефон шалғанына

қысылып қалып, аузына сөз түспей:– Аға, мен өзім де сізге хабарласқалы жатыр ем... – дей

беріп еді, ағасы тағы да сөзді бөліп:– Онда өте жақсы. Бір сағаттан соң үйде күтемін, – деді.– Жақсы, аға. Тез жетемін.Енді трубканы қойғалы жатыр еді, сазгер ағасы:– Айтпақшы, – деді даусын соза. – Сен келе жатқанда бір

жартылық ала келерсің.– Арақ па, жоқ әлде...– Арақ! Тек қана арақ.

* * *Алғашқы күнгі әңгіме өте әсерлі болды. Сазгер ағасы тіпті

болашақ операның алғашқы нұсқасы деп күйсандықта екі-үш үзінді ойнап та берді.

Содан соң бұл шығармада нендей ойлар қамтылуы керектігін де тізбелеп, сағызша созып, ұзақ айтты. Бір жарты ішілді. Әңгіме де аяқталды.

– Ал, бала, – деді Саумен. – Енді либреттоның әуелгі нұсқасы жазылған соң менімен шұғыл хабарласарсың.

– Жарайды, аға!Сосын үйіне қайтты. Кішкене ішкені бар, оның үстіне сазгер

ағамен болған әсерлі әңгіме тағы да бойына желік беріп тұр, үйге әндетіп кірді.

Әйелі қарсы алдынан шығып:– Немене, ішіп алғанбысың? – деді.– Ішпей ше! – деді бұл. – Болашақ ғажайып, ел таң қаларлық

операның авторларының бірі болғалы тұрғанда...Әйелі бұрылып жүре берді.Бұл бөлмесіне кіріп алып, жазу столына отырды. Либреттоның

алғашқы нұсқасы басында сайрап тұр. Соны дереу қағазға түсіре қойсам ба деді.

Әйтеуір көп отырды, көп жазды-біраз нәрсенің басын шалды.Сосын аздап шаршағанын сезіп, ұйқыға жатты. Ал, таңертең...

әлгі жазғандарына көз жүгіртсе түк те емес. Бей-берекет шимай-шатпақ.

«Әй, – деп ойлады ішінен. «Кісі ішкілікке масайып оты-рып жазса, одан қандай шедевр туа қойсын. Өзің мас болған соң, әрине, ойың да мас... Қой, одан да басқа қаламгерлер бұрынырақ жазған либреттолармен танысып алайын. Содан соң жазуға отырармын».

Page 39: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

40

* * *Бір апта қағаздан бас көтермей, әуреге түсіп, ақыры көне

Түркістан туралы либреттоның алғашқы нұсқасын қағаз бетіне түсірген болды. Қайта-қайта оқиды, тәп-тәуір. Төгіліп тұр. Көңілге қонып-ақ барады.

«Әзірге осымен тоқтайын. Қалғанын сазгер ағамен келісе оты-рып, жол-жөнекей толықтырып алармыз.»

Сосын ағасына телефон шалды.Саумен ағасы қуанып сала берді.– Ау, сен өзің өте тез жазады екенсің ғой. Қаламың қандай

жүйрік еді! Бір аптада тарихи тақырыптағы либреттоны аяқтап тастау деген...

– Шама келгенше тырысып бақтым, аға!– Ендеше үйге кел, – деді ағасы. – Айтпақшы, жол-жөнекей

бір жартылық алуды да ұмытпассың.– Е, ол есімде.– Ендеше, күтем.

* * *Доскен либретто жазылған күннен бастап сазгер ағасының

үйіне он шақты рет барған шығар. Әр барған сайын бір жартыны ұмытпайды. Екеуі әңгіме-дүкен құрып отырып, оны ішіп алады. Шала қызу күйде үйіне қайтады. Ертесіне тағы да...

Бір күні әйелі ашуға ерік беріп, шарт кетті.– Ау, бұл не шаруа, – деді ол.– Сен өзің расымен опера

жазып жүрсің бе, жоқ әлде басқа біреумен әуейіленіп жүрсің бе?– Жоқ, опера...– Қандай опера ол?– Ортақ опера, ана сазгер аға екеуміз...– Әй, қайдам! Осының арты жақсылықпен бітсе жақсы...– Неге олай дейсің?– Өйткені жазғандарыңнан арақ ішкендерің көбейіп бара

жатқандай. * * *

Әйелі бірнеңені біліп айтқан екен. Доскен екі-үш ай жүріп, ақыр аяғында бауыры ауыра жаздап, ортақ операдан бас тартты. Келіскен күні бармай қалды. Түске таман сазгер ағасы телефон соғып:

– Ау, бала, сен қайдасың? – деді.– Үйдемін.– Бұл не жатыс! Келмейсің бе? Ана ортақ операны

аяқтамаймыз ба?– ?!– Неге үндемейсің?

Page 40: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

41

– Аға, қан қысымым көтеріліп...– Да-а, – деді ағасы. – Да-а... Опера жазу мінеки, кейбіреулер

ойлайтындай, оңай іс деймісің. Мұның жолында саған дейін де талай-талай нарқасқалардың қан қысымы көтерілген. Жаны мұрнының ұшына келген. Басы айналып, құлап та қалған. Бір емес, бірнеше рет...

– Аға, рас айтамын. Шамам жоқ.– Онда ертең күтем. Келесің ғой.– Хабарласармын.

* * *Бірақ Доскен содан қайтып хабарласқан жоқ. Ортақ опера да

орта жолда үзілді, аяқталмады. Жас күнінде бір ағасы айтып еді: «Өнер жолы ауыр да тайғақты, оған екінің бірі шыдай ал-майды, сен осыны ұмытпа!»

Сол ағасы айтқан сөз ащы шындық секілді! Алайда, бұл өнері құрғырға осынша жанкештілік керек болар деп ойласа кәні! Әсіресе, опера жазуға...

Бұл шыдай алмаған сыңайлы. Тез сыр берді. Тез майырыл-ды.

Атақты сазгер ағасының даусы үздік-үздік санасында ызыңдап естіліп қалатыны бар.

«...Д-а... Саған дейін де талай-талай нарқасқалардың қан қысымы көтерілген...»

* * *Мұндайда қазақ айтқан: «Алуан-алуан жүйрік бар, әліне

қарап шабады.»

ақынның ұлыКезінде күрес спортына үйір болып, талай-талай шаршы топ-

та боз кілем үстінде белдескенім бар. Атағым да жоқ емес. Олимпиадаға бара алмағаным болмаса, мені өз тұстастарымның көбі-ақ өте жақсы біледі. Күрескен кезде жауырыны жерге ти-меген санаулы палуанның бірімін десем, ол мақтанғаным бола қоймас.

Уақыт өтеді екен. Жас ұлғаяды екен. Сосын спорт та сені өгейсіте бастайды екен.

Бәрін де қойып, басқа бір мамандыққа ауысайын деп жүрген шағымда, бір жолы көшеде өзіме жақын таныс жігіт жолыға кеткені. Екеуміз кезінде боз кілемде талай рет бақ сынасқан да едік. Аты-Сағынғали.

Сол Сағынғали менің жай-күйімді естіген соң, жата кеп жабысқаны. Өзі үлкен спорт мектебінде білдей директор екен.

Page 41: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

42

– Сен бізге кел, – деді. – Жаттықтырушы керек-ақ.– Ойланайын, – деп ем, сөзіме құлақ аспады. Бастырмала-

тып барады.– Жоқ, осы қазір уәдеңді бер. Мен күні ертең-ақ бұйрық

шығарта берем.– Жарайды ендеше.– Онда ертең мектепте жолыққанша.Ертеңіне мектепке келсем, мен туралы бұйрық кіре берістегі

тақтайшада ілулі тұрғанын көзім шалды.Сонымен жаттықтырушы болып шыға келдім.

* * *Мен жаттықтыратын балалар арасында қол-аяғы ұзын бір

бозбала өзіме өте қатты ұнады. Өзі жан-жақты. Айтқаныңды тез қағып алады. Не айтсаң да екі етпейді.

Бір үзіліс кезінде сол бозбаламен әңгімелесіп отырдым.– Әкең кім? – деп сұрадым одан.– Әкем бе! Әкем – ақын.– Аты кім?Ол әкесінің атын атады. Мен аузымды ашып қалыппын.«Міне, керемет! Сондай атағы жер жарған ақынның ұлы екен

ғой бұл! Әкесінің өлеңдерін осы күні жатқа білмейтін бірде-бір қазақ жоқ шығар.»

Расын айтқанда мен өзім де сол ақынның өлеңдерін көп оқып, үнемі таңданып-тамсанып жүретінмін. «Әттең, сол кісіні көрер ме еді» деп те ойлап қоятынмын. «Шіркін, кітабына өз қолымен автограф жаздырып алса ғой» деп армандайтынмын.

– Сен әкеңді көріп тұрасың ба? – деп сұрадым әлгі бозба-ладан.

– Әрине. Бір үйде тұрамыз ғой.– Онда бір бұйымтайым бар саған.– Айтыңыз.– Ертең айтамын.

* * *Ертесіне үйден әлгі атақты ақынның бір томдық өлеңдер

кітабын ала келдім. Жаттығу аяқталған соң, жаңағы бозбаланы шақырып алып:

– Мына кітапқа әкеңе автограф жаздырып әкелші, – дедім.– Сөз жоқ, – деді ол. – Жаздырып әкелейін.– Сен қандай бақыттысың, – дедім тағы да сөзді жалғап. –

Сондай ақынның ұлы болу деген.. – Ой, аға, – деді әлгі бозбала. – Елдің бәрі маған солай

дейді. Ал, мен әкемді қанша тырыссам да түсіне алар емеспін.

Page 42: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

43

– Е, неге! – Оның өлеңдерін оқи бастасам, басым ауырады.– Түсінбейсің бе?– Өзіңіз ойлаңызшы. Әкем өз өлеңдерінде «тауды төбеме

қоям», «көлді сіміріп салам» деп жазады. Бұл мүмкін бе өзі? Соны есі дұрыс адам жаза ма?

– Е, ол енді...– Әкем тағы да былай деп жазады: «Жерді тастап, көз

көрмес көкке ғайып болып кетсем ғой» дейді де, тағы да: «мен неге бір сәтте самал желге айналып кетпеймін осы...» дейді. Бұл не?

– Оны түсіну үшін...– Жоқ, мен түсіне алмаймын.Одан әрі сөз таластыру мүмкін болмады. Ол менімен

қоштасып жатты.– Уайымдамаңыз, автограф жаздырып әкелем, – деді де

спорт залынан шығып кетті.Мен дел-сал күйде ұзақ ойланып отырып қалдым.

* * *Мұндайда Елес айтады: «Ақынды адам түсінбесе, одан

өткен азап болар ма, сірә!.»

ПатриотПернебектің араласпайтын шаруасы болсайшы!Қай жиналыста да ол сөйлемей қалған емес. Тек сөйлеп қойса

жақсы-ау, бас салып билік бұтақтарына тиіседі.– Ана министр, – дейді даусын тарғылдандырып. – Осы

ел үшін не бітіріп жүр, а? Сол шіркіннің ел алдында ағынан жа-рылып сөйлеп, ішіндегісін түп-түгел ақтарған кезін көрдің бе өзі?

– Е, ол енді, – дейміз біз кібіртіктеп. – Ол өз міндетін қалай атқарып жүр, оған баға беретін үкімет бар ғой.

– Жоқ, – деп безереді Пернебек. – Министр үкімет үшін емес, мына біз үшін жұмыс істеуі керек. Яғни, халық үшін...

Тоқтап қаламыз. Әрі қарай дауласуға шама жоқ.Пернебек тағы бірде:– Мына облыс әкімі бар ғой, – деді. – Осы кісінің ел ара-

лау әдісі дұрыс емес. Аудан аралауға шықтым дейді де, екі-үш мекемеге бес-он минутқа бас сұғып, сосын кері қайтып кетеді. Бұл деген көз алдау...

– Әкім барлық шаруашылық пен мекемені түгел тінтіп шығуға міндетті ме екен, – дейміз біз. – Оның да белгіленіп қойған өз жұмыс кестесі болмай ма!

– Жоқ,– деп қасарысады Пернебек. – Ол осы аймақтың басшысы ма, ендеше елімен етене болуға тиіс. Яғни әрбір

Page 43: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

44

шаруашылықта, әрбір ұйымда не болып жатқанын бес саусағындай білуі заңдылық!

Тағы да дауласа алмаймыз. Тағы да тосыламыз. Пернебек-ке дауа жоқ. Қысқасы, не керек, ол бар жерде дау – дамай, айтыс-талас қатар жүреді. Ешқашан ештеңеге көңілі толған кезі жоқ десе де болады.

– Осы,– деді бір күні ол. – Біздің қазақтың келіндеріне не болған?

– Е, не болыпты! – дейміз таңдана.– Екі бала туып, ерлік жасағандай боп, кердең-кердең етеді.

Ау, бұл қазақты көбейту үшін ең кемі бес-алты бала керек. Соны да білмей ме!

– Оны бізге не үшін айтасың! Келіндерге айт.– Жоқ, – деп Пернебек ашу шақырады.– Бар гәп тек

келіндерде ғана емес. Біздің жігіттерде елдік намыс кеміп ба-рады. Ұлтты шын сүйетін еркек болса, келіннің де бабын табар еді-ау...

* * *Бір жолы осы Пернебек ауылдың қойшысына тиісе сөйлеп,

оның жер-жебіріне жетті. – Осы сен, – деді оған. – Қойды неге жөнділеп бақпайсың,

а?– Е, не бүлдіріппін! – деді қойшы.– Түсте қойды ауылдың шетіне иіріп тастап, өзің ұйықтайсың.– Енді не істеуім керек! Тал түсте қой жайылушы ма еді.

Олар да ыстық көтерілгенде жусап жатқанды дұрыс көреді.– Олай болса, кешке неге ерте ораласың? Күн батып, қас

қарайғанша жаю керек емес пе!– Қараңғы түссе, малды айдап әкелу қиынға соғады. Оның

үстіне кеш түсе ауылда әр отбасы елеңдеп күтіп отыр. Тезірек қораға кіргізіп, жемдеп, шаруасын аяқтауы үшін...

– Бұл сылтау. Жалқаудың ісі...– Әй, сен өзің қандай адамсың! – деп, осы сәтте қойшы

ашуға басты. – Мықты болсаң, өзің неге осы ауылдың қойын бақпайсың, а? Мә, таяқ! Ертеңнен бастап өзің шық...

Қойшы осылай деді де, қолында таяғын бұған шиіріп лақтырып жіберді.

Пернебек сонда да сасатын емес.– Мұның тағы да жөн емес, – деді оған. – Сен өз орныңды,

мен өз орнымды білуіміз керек.– Сонда сенің орның қайсы? – деп қойшы жігіт қарсы сауал

қойды.– Мен бе! Мен саясаткермін, – деді Пернебек. – Былайша

айтқанда, патриотпын.

Page 44: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

45

– Патриот! – деп күлді қойшы. – Сонда не бітіріп жүрсің өзің?

– Мен елдің сөзін сөйлеймін. Елдің жоғын жоқтаймын. Қысқасы, жұрт қорлық көрген нәрсенің тап болған қиындықтың бәрі де менің тілімнің ұшында тұрады.

– Е-е, – деді қойшы таяғын қайта алып жатып. – Патриот-пын де. Осы сөздің не мағына беретінін осы күнге дейін ұқпай жүруші едім, енді түсінген сыңайлымын.

– Түсіндің бе!– Түсіндім.Екеуі екі жаққа бет түзеді.

* * *Бұдан кейін де біз Пернебекті талай рет көрдік. Ел жиналған

ортада елдің сөзін сөйлеп тұрған кезінде осы Пернебекті тіпті де танымай қаласың.

Ол өзін патриотпын дейді.Ал, ел ше! Ел қалай ойлайды екен осы, а?

* * *Мұндайда Елес айтады: «Айғайшылдың бәрі жұрт тілекшісі

екен деп ойласаңыз, қателесесіз!...»

Үш кемпірдің сыйластығыҚаржас аулында ұзақ жылдан бері өмір кешіп жатқан осы

үш кемпірдің араларынан қыл өтпейтін еді десе де болады. Өздері көрші еді. Көрші болғандарына да, міне, ширек ғасыр. Алайда, басқа жаққа көшуге барынша мүмкіндігі бола тұрса да үшеуі бұл ауылды қимады. Осы Қаржас ауылы олар үшін жер жұмағы-тын. Мына әлемде бұл ауылдан өткен жайлы, бұл ауылдан асатын ыстық нүкте бар еді деп ешқайсысын да сен- діре алмайсыз.

Сенбейсіз бе?Онда тыңдаңыз. Мен сіздерге осы үш кемпірдің басынан

өткен бір ғана оқиғаны бастан-аяқ баян етіп берейін. Сосын өзіңіз-ақ түйін жасай беріңіз.

* * *Үш кемпірдің аты да өте ұқсас: Күләй, Күлсім, Күнім.Қаржас ауылы үшін үшеуі де қадірлі. Оларды ешқашан ешкім

бөліп-жарып көрген емес. Қай кезде де осы үш кемпірге бірдей сый-сыяпат жасалынып жатады.

Бұрындары үшеуі қаздай тізіліп алып, бірге жүріп, бірге қыдырып, бірге қайта оралып жататын ауылға. Соңғы бірер ай-

Page 45: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

46

дан бері Күләй кемпір аяқтан қалды. Енді сыртқа шыққаннан гөрі үйде болғаны көбірек. Төсекке мықтап танылған кезі бұл.

Бір күні Күлсім мен Күнім жүз шақырым жердегі қала база-рына барып, базарлап қайтуға жиналды.

Жол жүрер сәтте:– Ау, біз қалаға бара жатырмыз ғой, – деп Күлсім Күнімге

салмақтап сөз айтты. – Ана Күләйға кіріп шықпаймыз ба?– Е, неге? – деді Күлсім.– Қалада Күләйдың ұлы Асқар тұрмаушы ма еді, соған

беріп жіберетін сәлем-сауқаты болса ше! Ертең жолға шығып кеткенімізді естісе ренжімей ме бізге...

– Оның рас, – деді Күнім. – Кіріп, жол жүретінімізді айтуға тиіспіз. Әйтпесе, араны ашатын реніш осындайдан баста-лып кетеді.

– Ендеше жүр, үйіне барайық.Екі кемпір Күләйдың үйінің есігін қақты. – Қалаға барамын дейсіңдер ме? – деп Күләй жас балаша

қуанып сала берді.– Ертең таңғы салқынмен ертелетіп жүреміз, – десті екі

кемпір.Күләй іштей ойлады: «Қой, мен бұл екеуіне Асқардың үйіне

соға келіңдер деп айтайын. Асқаржанның жағдайы жақсы. Пәтері кең. Қызметі бар. Қызметтік көлігі тағы бар. Ал, айтпа-сам ренжіп қалмай ма?»

Сосын айтты:– Әй, сендер қалаға барып тұрып, ана Асқардың үйіне ха-

барласпай кетпеңдер. Тіпті мен құрт беріп жіберейін. Соны жеткізіңдер, – деді.

Екі кемпір де елп ете қалды.– Әрине, хабарласамыз.– Аманшылығын біле келеміз! – десті.Ол екеуі де ойлаған: «Жоқ, біз балаңның үйіне соға алмай-

мыз десек, Күләй ренжіп қалуы кәдік. Хабарласамыз дегеніміз дұрыс».

– Е, сөйтіңдер, – деп Күләй бір дорба құртты қолдарына ұстатты.

Екі кемпір жолға жиналды.

* * *Қалаға келген соң, әуелі базар жағалап, оны-мұны керек зат-

тарын түгел алып болып, екеуі бір-біріне қарады.– Енді Асқардың үйіне хабарласпаймыз ба? – деді Күлсім.– Әрине, хабарласу қажет, – деді Күнім. – Хабарласпай

кетіп қалсақ, Күләй шын ренжиді. Мына құртты да бере кету керек.

Page 46: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

47

– Онда телефон соғайық, – деді Күлсім.Сөйтіп, телефон нөмірін терді. Арғы жағынан Асқардың

жұбайы Анар келіннің жұмсақ дауысы естілді.– Анар қарағым, – деді Күлсім. – Бұл біз ғой. Қаржас

аулынан. Күләй апаларың құрт беріп жіберіп еді.– О-о, апам әйтеуір бізді ойлайды да отырады, – деді

Анар қуана сөйлеп. Сосын ойлады: «Егер мен осы екі кісіні үйге шақырмасам, ертең апам естісе ренжиді ғой. Сосын Асқардың құлағына тисе...»

– Апалар, үйге келмейсіздер ме?– О, не дегенің, қарағым! Біз асығыспыз. Сәлден кейін

ауылға қайтуымыз керек, – десті екі кемпір.– Жо-жоқ, болмайды. Үйге келіп сүт қатқан қою шәй ішіп

кетіңіздер, – деді Анар.Енді екі кемпір ойлады: «Бармасақ, келіннің сөзін жерге

тастағанымыз. Ол Асқарға айтады, ал Асқар апасына жеткізсе...»– Қарағым, – деді Күлсім. – Сөзіңнің садағасы, тек кіреміз

де шығамыз. Мына құртты да бере кетейік.Сөйтіп, екі кемпір Асқардың үйіне келді. Анар келін есік

ашып, құрақ ұшып қарсы алды. Алдарына дастархан жайды.Сәлден соң Асқар да түскі асқа оралған болатын. Ол қуана

сөйлеп:– Келгендеріңіз қандай жақсы болды, өз анамды көргендей

болдым ғой, – деп, көңіліндегі ыстық лебізін сездіріп жатыр.Екі кемпір енді кету керек шығар деп рұқсат сұрады. Асқар

болса:– Жоқ, асықпаңыздар, – деді. – Келіндеріңіз ас әзірлеп

жатыр. Соны асықпай жеп аттанасыздар. Қонақжай қазақтың шаңырағы емес пе бұл!

– Кеш боп кетеді, қарағым, – деді екі кемпір. – Жарық барда автовокзалға жетіп алуымыз керек.

– Онда бүгін қайтпай-ақ, осында қонып кетіңіздер, – деді Асқар. – Сіздерге бұл үй бөтен емес қой.

Асқар да ішінен ойлаған: «Қонып кетіңіздер демесем, жақтырмаған кісі болмаймын ба! Қанша дегенмен, менің апамның құрбылары ғой...»

Осыны айтты да Асқар жұмысына кіріп шықпақ боп, асығыс кетіп қалды.

Енді екі кемпір ойланды.«Ау, біз «қоныңдар» деген сөзін сыйламай үйден тұра қашсақ,

ертең Асқарға не бетімізді айтамыз! Тіпті Күләй да ренжиді ғой бізге!»

Анар ойланды: «Мен де қоныңыздар деп қолқалайын. Әйтпесе келін басыммен жақтырмаған адам секілді көрінермін».

Page 47: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

48

– Апалар, асықпаңыздар. Үй кең, жай жетеді. Қонып, ертең-ақ жолға шығарсыздар, – деді Анар.

Екі кемпір де бұдан әрі не дерін білмей:– Жарайды, – деді. – Ертең-ақ қайтармыз.Кеш түсе бере үй иесі-Асқар да есік қақты. Үйге кіріп келсе,

бағанағы екі кемпір терлеп –тепшіп шәй ішіп әлі отыр. Кете қоймапты.

– О-о, қалғандарыңыз қандай жақсы болды, – деді Асқар.– Ауылды түсімде жиі-жиі көріп, біраздан бері сағынып жүр едім.

Кешкісін үйде бітіре салармын деп қолтықтай келген бар қағаздарын жиып қойып, осы екі апамен молынан әңгіме- дүкен құрды.

Ішінен ойлады: «Егер мен олармен сөйлеспей, өз кабинетіме кіріп кетсем, онда жақтырмады дейді. Апама солай айтуы да ықтимал.»

– Сіздердің риясыз айтатын әңгімелеріңізді жиі-жиі ойлап қоятын едім, – деп елжірей сөйледі Асқар. – Өтірігі жоқ, бәрі де шын жүректен.

Мұны естіген соң Күлсім мен Күнім шалқи сөйлеп, ауыл ішіндегі қуды-қашты әңгімелердің тиегін молынан ағытып жіберді. Өзі тілеп, өзі айт деп тұрса, несіне кібіртіктей бермекші.

Әңгіме әңгімеге жалғанған соң, ұзай түсіп, түннің бір уағы болғанын да аңғармапты.

Бір уақытта Асқар есінеп, қайта-қайта аузын ашып-жауып, мойнын арлы-берлі қозғай бастағанын аңғарып, екі кемпір бір-біріне қараған.

«Әй, осы біз тым бөсіп кеткен жоқпыз ба, а! Бір-бірімізге тоқтау айтпағанымыз қалай!...»

– Демалайық! – деді Күлсім.– Солай еткен дұрыс болар, – деп, оны Күнім де қостап

қойды.Асқар сол кезде ғана орнынан көтерілді.

* * *Таң да атты.Таңертеңгілік асты ішіп болған соң Асқар:– Сіздерді автовокзалға апарып салайық, – деді. – Көлік

бар.– Жо-жоқ, біз өзіміз-ақ... – деп екі кемпір қипақтаған.– Асқардың екі көлігі бар, біреуін сіздерге бере тұрады, –

деп Анар бір жағынан килікті.Анар да ішінен ойлаған: «Автобуспен кете беріңіздер десем,

онда ұнатпады деп ойлайды ғой. Ақыры сыйлаған соң, аяғына дейін шыдайық.»

Асқар да Анарды қостап:

Page 48: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

49

– Менің қызметтік көлігіме мініп, апаларды автовокзалға апар, – деді. – Мен өз машинаммен кете берейін.

Анар екі кемпірді автовокзалға алып келді. Енді ауылға бара-тын автобусқа билет алу керек.

Ойлады: «Билетті өзім алып бермесем, тым сараң келін ата-нармын. Осы жерде Асқар тұрса, бәрі де басқаша болар еді деп ойлауы да кәдік. Оның үстіне апама жеткен соң солай деп айтса...»

– Мен қазір сіздерге билет сатып әпере қояйын, – деп дереу кассаға жүгірді.

Екі кемпір үнсіз. Ойлады: «Жоқ, билетті өзіміз аламыз де-сек, келіннің көңіліне келіп қалар. Шын ықыласын түсінбеген кісі болып көрінерміз.»

Сөйтіп, автобусқа билет алынып, екі кемпірді тиісті көлікке отырғызған соң, қош айтысып, Анар үйге қайтты.

Жеңіл көліктің ішінде келе жатқанда байқады, бүкіл денесі ауырып, қатты шаршағанын аңғарды. Сосын екі иығын тіктеп, аузын барынша ашып, емін-еркін есінеп алды...

* * *Қаржас ауылындағы үш кемпір өте тату-тәтті тұрады.

Олардың арасындағы сыйластыққа бұған дейін ешкім де күдік келтіріп көрген емес.

Оған сіз де күдіктене көрмеңіз!..

* * *Осындайда қазақ айтқан: «Сыйластықтың арасына сына

кірсе, көңіл де салқындай береді».

мемқызметтегі момын адамБастығы шақырып жатыр деген соң, бұл екі өкпесін қолына

алып, асыға-үсіге алқынып жетіп, есік қаққан.– Кіре бер, – деген дауыс естілді арғы жағынан.Бұл кірді. Кірді де есік аузында қалт тұрып қалды. Бастығы

телефон арқылы әлдекіммен қызу сөйлесіп жатыр екен. Тыңдамайын десе, құлағы бар. Шығып кетейін десе, ішке кір деп өзі айтты.

– Әй, слушай, – дейді бастығы телефондағы кісіге. – Сен тоқ етерін айт. Сонымен, барамыз ба, жоқ па? А? Солай ма? Е, солай демейсің бе бағанадан бері.. Бәрі де өзім ойлағандай болады. Бәрі де... Жақсы... Тағы да хабарласамын.

Сосын трубканы қойды. Қойды да бұған енді ғана мойын бұрып:

– Дастархан жаю керек, – деді.

4-177

Page 49: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

50

– Кімге? – деді Момын қызметкер.– Маған. Менің екі-үш досыма.Момын қызметкер қипақтап:– Қай күнге? – деп сұрады.– Ертең кешке.– Мен... – деп, Момын қызметкер кібіртіктеді. – Мен өзі...– Тағы не? Дастархан жаю да үлкен шаруа ма?– Мен... келесі аптаға жайсам бола ма?– Неліктен?– Айлық алған соң...– Слушай, – деді бастығы. – Менің ана жан қиыспас жақсы

достарым сен қашан айлық алады екен деп күтіп отыра ма? Олардың бос уақыты тек ертең ғана...

– Түсіндім.– Ендеше, іске кіріс. Боссың.Момын қызметкер бастықтың бөлмесінен әзер ілбіп шығып,

көңілсіз басып келе жатты...* * *

Кешкісін үйіне келген соң әйеліне:– Бастығым дастархан жай дейді, ал менің қалтам тесік

екенінде шаруасы да жоқ, – деп қинала сөз бастап еді, әйелі:– Онда үйге шақыр, – деді. – Үйде ет бар. Өзім күтемін.Момын қызметкер әйелінің мына тапқырлығына қуанып кетіп:– Тіпті тамаша, – деді. – Ертең бастығыма айтайын.Ертесіне бастығына кіріп, осы ойын айта бастап еді, ол:– Мен саған үйіңе шақыр дедім бе! – деп шарт кетті. – Біз

сыртта, мейрамханада шәй ішуіміз керек. Еркектерше әңгімелесу дегенді білесің бе өзің!

– Үйде де бөтен ешкім болмайды ғой...– Бәрібір... үйдің аты-үй... Ондай жерде қысылып-

қымтырылып отырасың. Еркін сілтей алмайсың.– Менің бұлай деу себебім...– Маған себеп айтпа. Айтқанды орында. Әйтпесе, бұл

шаруаны басқа біреуге тапсыра салам.– Түсіндім.– Түсінсең, іске кіріс. Кешке әзір бол.

* * *Момын қызметкер жұмыстағыларды жағалап жүріп, азды-

көпті ақша тауып алды да, бір мейрамханаға тапсырыс беріп қойды. Бастығы мұны естігенде қуанып кетіп, арқасынан қақты.

– Е, бұның өте оңды іс болды!– Мен де болуым керек пе!– Енді қалай! «Ас – иесімен тәтті» демей ме қазақ!

Page 50: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

51

– Жарайды.Кешкісін бастығы екі досын шақырып, төрт кісі болып, стол

басында отырды.– Ал, қандай шарап ішеміз? – деді бастығы бір досынан.Әлгі досы сыпайы екен, «маған бәрібір» деді. Ал, екінші

досы:– Мен виски ішуші едім, – дегені.Бастық Момын қызметкерге қарады. Бұл желкесін қасыды.– Виски неге алмағансың?– Оны ішетінін білмеппін.Сол-ақ екен, бастық шатынап шыға келді.– Сен неге бұл жағын ойламағансың, а? Осы күнге дейін

дұрыстап қонақ күтуді де білмейсіңдер...– Өзіңіз айтпаған соң...– Мен неге айтуым керек! Мен неге сен үшін ойлауым керек!

Өзің біліп істей бермейсің бе, а!Қысқасы, бұл отырыс Момын қызметкер үшін өміріндегі ең

бір азапты сәт болып көрінді.Бастығы бірде бұның тапсырыс берген дәміне, бірде ішкілікке,

ал енді бірде сөйлеген сөзіне тиісіп, әбден зығырданын қайнатты. – Сенің қонақ күткеніңе болайын, – дейді.– Этикадан мүлде жұрдай екенсің, – дейді.Тіпті сөз арасында:– Өзің біздің мекемеде осы күнге дейін қалай жұмыс істеп

жүрсің, – деп те тиісіп өтті.Сөйтіп, жанына қаяу салған сәтсіз кеш те аяқталды-ау! Енді

бағыты бір болған соң, үйге бастығымен бірге қайтты. Жол үстінде бастығы тағы да:

– Сен мені тыңдап ал, – деп пәлсапа соқты. – Мемқызметкер болу оңай іс емес. Ол екінің бірінің қолжаулығы болмайды. Жақсы қызметкер алғыр, епті, алымды, тіпті аздап айлакер де бола білуі керек...

– Сенің бір кемшілігің-өте момынсың, – деді тағы да. – Мем- қызметте момын, аңқау адамдар ұзақ жұмыс істей алмайды.

– Мен бұл қызметке шынымен жарамсызбын ба? – деп Момын жігіт күдер үзе күмілжіп сөйледі. – Ұзаққа шыдай алмайтын болдым ба сонда!...

– Міне, сол үшін де ескертіп жатырмын. Сен менің осы айтқандарымды оңашада ойлан. Ақыл тезінен өткіз. Егер дұрыс қорытынды жасай алсаң, несі бар, ұзақ-қ отыруың да мүмкін...

– Әр кісінің өз мінезі бар емес пе! Туа бітті табиғаты...– Ой, сен өзің... – деп, бастығы тағы да ашуға басты. –

Төбеңнің тесігі бар ма десем... Әй, сен осы бар ғой... Сен осы-ы..Содан соң тоқтамай, тек өзі ғана сөйлеп, ұзақ малтасын езді.

Қашан үйіне жеткенше бұның жер-жебіріне жетті.

Page 51: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

52

Әйтеуір, оны әзер дегенде жеткізіп, үйінде қалдырып, тысқа шыққанын біледі.

Кенет жүрегі қысты. Басы айналды. Көзінің алды қарауытты. «Осы мен кіммін өзі? Қандай қызметкермін! Қандаймын... Шынымен-ақ түкке жарамсызбын ба?»

Момын қызметкер осы жолы тіпті өзін-өзі барынша жек көргенін байқады.

Әзер адымдап келе жатып, фәни тірліктен түңіліп кеткендей болды.

* * *Елес былай депті: «Әр кісі қай кезде де өз орнын білгені

абзал-ақ!»

Кім ақылды?(мысал орнына)

Тақан мен Төкен көрші тұрушы еді. Сырт көзге екеуі бір-біріне өте ұқсас көрінгенімен, екеуінің мінезі екі түрлі болатын.

Тақан сөзшең, өзі туралы көбірек айтып, өзгенің пікірін аса көп құлаққа іле бермейтін менмендеу жігіт еді де, ал Төкен көбіне үндемей, аз айтып, көп тыңдап, тіпті кей орталарда өзгелермен салыстырып, өз мінін өзі тауып отыратын жігіт-ті. Төкеннің сон-дай «кертартпа» мінезі Тақанға онша көп ұнай бермейтін.

Бір жолы Тақан Төкенді көшеде қарсы кездестіріп, тоқтатып:– Сен неге ылғи үндемей жүресің? – деп бас салды.– Е, сөйлей бергенде не ұтам?– Сөйлей бермеу керек, өз деңгей – дәрежеңді өзің дәріптей

білгенің жөн.– Оны басқалар, ел-жұрт айтпас па!– Ел-жұрт сені қайтсін. Әркімге өз сыры белгілі. Өз қасиетіңді

өзің айтсаң-ғанибет!– Ондайды менмендік демейтін бе еді?– Жоқ, мүлде қателесесің! Мына заманда өз қадіріңді әуелі

өзің біліп, барынша бағалай алған абзал. Сонда өзгелер де сенің мәртебеңді сезінеді.

Төкен бұдан әрі сөйлей беруді әбес көріп:– Мен кетейін, – деген.– Мен сенімен әңгімелесіп тұрғам жоқ па! Осы әдетің не?– Менің айтарым таусылды.– Жоқ, сен мені менсінбей тұрсың! Қыр көрсеткенің бұл!

Мен мұны солай түсінем.– Қалай қабылдайсың, ол енді өз шаруаң. Мен асығыс едім.Осылай деді де, Төкен өз жөнімен кетіп қалды. Тақан іштей

ашуланып, ызаға булығып, жанын қоярға жер таппай кетті. Осы кезде оның жанынан бір ақсақал өтіп бара жатқан-ды.

Page 52: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

53

Тақан әншейінде үлкен кісі көрсе, дереу сәлем беріп, иіліп құрмет жасаушы еді, осы жолы өйтпеді. Мұны ақсақал да байқап қалған екен, бұған:

– Е, балам, неге көңілсіз тұрсың? – деді.– Оны қайдан біле қойдыңыз?– Түрің айтып тұр. Ашуың бетіңде тұр.Мына сөзден соң Тақан да сырын жасырмай:– Әлгі досым... – деді. – Сол ептеп ашуыма тиіп...– Ой, ер жігіт досқа да ренжи ме екен!...– Тіпті дос қана емес, жақын көршім.– Онда тіпті ренжімеуің керек. Көрші ақысы деген бар.Ақсақалға қарап, ішкі ашу-ызасын жасырмай, ойын аша

сөйледі.– Менің көршім ішкі сырын ашпайды, тіпті жақын тартқым

келсе де, менімен сөйлесуге зауқы жоқ, – деп бар мұңын айтты. – Айтыңызшы, менің жазығым қайсы? Ол неге өйтеді?

Ақсақал айтты:– Балам, ертең маған келіңдер. Екеуіңе қоятын екі сауалым

бар.Тақан ақсақал сөзін құп алып, ертеңіне оның алдына келіп

жүгінді. Көршісі Төкенді де қинағандай боп өзімен бірге ерте келген-ді.

Сақалын салалап алған қария:– Менің алғашқы сұрағым мынау, – деді. – Екеуің кезек-

кезек өздерің жайлы кеңірек баяндап беріңдерші...Тақан күліп:– Бұл сұрақ емес қой, – деді. Ақсақал сабырмен:– Сендердің әңгімелеріңнен мен өзімнің сұрағыма жауап та-

бамын, – деді. –Айтқанды орындаңдар.Төкен үндемеген соң, Тақан сөзді өзі бастады.– Не туралы айтуым керек?– Бойыңдағы жақсы мен жаман қасиеттерді бөліп-бөліп ай-

тып бере аласың ба?– Әрине, – деді Тақан. – Әрине, айта алам.Осылай деді де, ерні ерніне жұқпай, барлық жақсы қасиеттерін

тез-тез тізіп шықты. Сосын ентігіп барып тоқтады.– Болдың ба?– Болдым.– Ал, кемшілігің...– Өзім кемшілігімді өзім қалай көре алам. – Түсінікті, – деді қария. – Ендеше сөз кезегін Төкенге

берейін.Төкен көп сөйлемеді. Өз бойындағы бар кемшіліктерді

бармақ бүгіп санамалап айтты.

Page 53: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

54

– Ал, жақсы жақтарың ше!– Оны мен емес, жалпақ жұрт айтуы керек деп ойлаймын.– Түсінікті.Осылай деді де, ақсақал орнынан тұра берді. Тақан тыпыр-

шып:– Ау, ақсақал, сіз түйіндеп айтпадыңыз ғой, – деді. – Біз

бұдан не ұғамыз?– Оны өздерің ойланыңдар, – деді де, ақсақал жайбарақат

аяңдап, кетіп қалды.– Сен не ұқтың? – деп, Тақан Төкенге қараған. Төкен иығын

қиқаң еткізді де, кетуге ыңғайланды.– Тағы да баяғы мінезіңе бастың ба! Ау, бірдеңе десеңші.Төкен сөйлеген жоқ. Ақырын басып, ұзай берді.Тақан терісіне сия алмай, жарыла жаздап, аһ ұра:– Мен... мен әлі де бойымдағы асыл қасиеттерді түп-түгел

айтып біткен жоқ едім. Бар еді әлі де. Мына шал... алжыған ба, не түсінді өзі... – деп өзімен-өзі сөйлесті.

* * *Мұндайда ел айтса керек: «Өзіне-өзі сын көзбен қарамағаннан

қорқу керек!»

мемқайраткердің немересі(кермек әңгіме)

Ол кісіні сіз білесіз! Тіпті өте жақсы білесіз. Оның еліне, халқына сіңірген еңбегі ұшан-теңіз екеніне сіз де шүбә келтіре ал-майсыз. Ал аты-жөні кім дейсіз бе? Соны түптеп-түстеп айтпай-ақ қояйын. Өйткені... мен айтқалы отырған әңгімені оқыған соң сіз де менімен келісесіз деп ойлаймын. Асылы, ол кісінің кім екенін ешкім де білмей-ақ қойғаны абзал.

* * *Үлкен мекемеге кіріп келе жатып, есік алдында кезінде белгілі

мемлекет қайраткері болған кісінің немересін көре қалғаным. Атасы жайлы жас кезден кітаптардан оқып, еңбегіне риза болып өскен мен бейбақ әлгі жас жігітпен (өзі менен әлдеқайда кіші) елпектеп амандаспаймын ба!

– Ассалаумалейкум, інім!Ол бас изеді де, қоя салды.Мен сонда да оны өзіме жақын санап, әңгімеге тарта түстім.– Қайда жұмыс істеп жатырсың?– Әр жерде.– Е, заман солай болды ғой. Онда тұрған түк те жоқ.– Елдің бәріне үлкен лауазым жете бере ме!

Page 54: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

55

– Әрине, – дедім мен. – Менің білмек болғаным – қай са-лада жүрсің дегенім. Әйтпесе, қызмет деген кісінің ақыл-беделін айқындайтын негізгі құрал емес.

Осыны айттым да, аз-мұз кідірдім. Оған атасының елге сіңірген еңбегін айтып, бір желпінтіп тастасам ба деп ойлап тұрдым. Сол ой көңіл түкпірімді түрткілей бергені.

– Осы сенің, – дедім сосын. – Атаң бар емес пе, сол кісі...– Иә, білем. Қайраткер болған.– Жәй қайраткер емес, мемлекеттік деңгейдегі ірі қайраткер.– Солай дейді.– Дейді емес, ол расымен үлкен тұлға. Сен оның елге сіңірген

еңбегімен мақтануың керек.– Не үшін?– Е, сондай атаң болғаны үшін. Кез-келген жас ұрпақтың

атасы мемлекетке дәл солай қызмет істеген болса, біздің еліміз бұдан да гүлденіп кетер еді ғой...

Мемлекет қайраткерінің немересі менің бұл сөзіме онша ықылас танытпады. Тым салқын қабылдаған сыңайлы.

– Атаңның атағы исі қазаққа баяғыда тарап кеткен. Оны осы күнгі көп қазақ үлгі тұтады. Сен сол кісінің атымен мақтансаң да артық емес! – деп өзінше тағы да шегеледім.

– Неменеге мақтанамын, – деді ол. – Атам өз заманында үлкен лауазымды қызмет істеген болар. Атағы да жарқырап шыққан болар. Одан маған келіп-кетер не бар! Менікі-өз өмірім...

– Жоқ, сен түсін. Ондай атақты кісілердің еңбегі...– Біреудің еңбегіне мен не үшін ортақтасам! Ол кісі – өз

заманында, ал мен – өз уақытымда...– Өз еліне ұшан-теңіз еңбек сіңірген кісінің есімі ешқашан

естен шықпағаны абзал. Оған барынша құрмет көрсетіп отыру – кейінгі ұрпақтың міндеті.

Қайраткердің немересі енді бұлқан-талқан ашулансын.– Мұны маған неменеге айта бересіз! – деді ол. – Ал бо-

лыпты. Ал қайраткер екен! – Ол кісінің еңбегі...– Ал еңбегі бар екен! Сөйтсе ше! Кім еліне еңбек етпей жа-

тыр? Еңбекті елге міндетсіну үшін істей ме екен сонда!...Мен не дерімді білмей, сасқалақтап:– Інішек, артық кетсем кешір, – дедім. – Менің айтайын

дегенім...– Түсіндім, аға!– Жоқ, түсінгенде...Ол менің сөзімді аяқтауға мүмкіндік бермеді.– Сіздің не айтқыңыз келіп тұрғанын бәрібір түсіне алмаймын.– Айналайын-ау, атаңды артынан жоқтап, еңбегін айтып,

елге үлгі етіп, таныстырып...

Page 55: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

56

Тағы да сөзімді бөлді. Бөлді де, өзінің ішкі ойын лақ еткізіп төгіп айтты.

– Сол атағы жер жарған қайраткерді құрметтеп, көкке көтерем десеңіздер, өз еріктеріңіз. Тек маған артық әңгіме керек емес.

Ол осыны айтты да, лифтіге асыға кіріп бара жатты.Мен сол сәтте неге екені белгісіз, өз-өзімнен қатты қорла-

нып, жүрегім қағып, есеңгіреп тұрып қалдым.«Біреудің атасы жайлы сөз қозғап нем бар еді! Әй, өзіме де

обал жоқ!...» деп ойладым ішімнен.Содан соң тағы да ойладым: «Неге өкінемін мен! Айтсам,

әділін айттым. Немересі қадірін білмесе де, мына ел біледі. Ол кісі... тұлға! Ол-үлкен қайраткер! Ол – елі үшін бар ақыл-ойын аямаған...»

Өз ойымды өзім әзер тежедім. Мен осы не үшін, кім үшін шыж-быж болып тұрмын, а? Рас-ау, қайраткерлер елі үшін жа-нын сала еңбек етеді, оны артынан міндетсінбеуі де мүмкін. Ал біз болсақ, ананы да, мынаны да барынша көкке көтеріп, жер-көкке сыйғызбай мақтай бергіміз келеді де тұрады...

Осы кезде келесі лифті де ашылды.Мен басымды шайқап жіберіп, лифтіге аяқ салдым...

* * *Қазақ шіркін баяғыда-ақ айтыпты-ау: «Ерін елі елемесе – бар

еңбектің тұл болғаны!...»

Жазушының жанайқайы(кәдімгі әңгіме)

Жасы да, заманы да бір екі қаламгер кездейсоқ қарсы кезде-се қалды. Бір-бірімен тым жақын араласып кетпесе де, сырты-нан білісетін, сыртынан сыйласатын олар осы жолы тілге келіп, сөз бастады.

Көк жейделі қаламгер айтты:– Таяуда елге барып қайттым, – деді. – Көптен бері жолым

түскені осы болатын.Қызыл жейделі қаламгер сөзді іліп әкете қойды:– О-о, ауыл рахат қой! Әбден аунап-қунап, демалып қайтқан

боларсың!– Е, солай болса, кәні! – деп көк жейделі жазушы қабағын

шытты.– Оу, не боп қалды?– Елден көңілім құлазып қайтты. Дәл осы жолғыдай жүрегім

сыздамаған болар. – Түсінем, – деді қызыл жейделі жазушы. – Түсінем сені!

Ел іші қазір тым тасып тұрған жоқ. Зәру мәселе жетерлік...

Page 56: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

57

Туған жерге жазушының жаны ашымағанда, кімнің жаны ашы-сын...

– Тек сол болса жақсы-ау, – деді көк жейделі жазушы.– Ал, сонда....– Елде өзім өте қадірлейтін сыйлы ағатайым болушы еді, –

деді көк жейделі жазушы. – Бара сала сол кісіні іздедім. Өзі кітапты бас көтермей өте көп оқитын. Соңғы шыққан романым-ды ала барғанмын. Қолтаңба жазып, қолына ұстатуға асыққан сыңайым еді.

– Бере алдың ба?– Бердім ғой.– Алды ма?– Алды ғой.– Ендеше не болды?– Сол ағатайым бір ауыз сөз айтты. Сол сөз кеудеме көк

тікендей болып қадалып тұрып қалғаны.– Ол кісі не деді?– Ағатайым айтты: «Інім-ау, осы күні қалың кітап оқып

жүрген кімді көрдің? Сен әлі роман жазуды қоймағансың ба!»Көк жейделі жазушы осыны айтты да, басын ұстап отырып

қалды.Қызыл жейделі жазушы сөз бастады енді.– Е, ол түк те емес екен, – деді ол. – Оқымаса, оқымасын.

Оқитындар табылады әлі. Ал мені шаршатып жүрген жағдай бұдан да кермектеу.

– Ол не? – деп көк жейделі жазушы басын көтерді.– Менің жалғыз ұлым бар ғой, – деді қызыл жейделі жазу-

шы. – Сол балам өткенде маған өте ауыр сөз айтты.– Ойбай-ау, ол не деді?– «Әке» деді. «Сен осы кітапты кім үшін жазасың?» Мен

қипақтап: «Әрине, халық үшін» дедім. Ұлым қабағын кіржитті. «Халық сені қайтеді!» деді сосын. «Сен онан да мына ұлыңның жағдайын ойламайсың ба?»

– Сонда оған не керек екен? – деп көк жейделі жазушы әңгімеге қызыға түсті. – Бұл баланың арманы не?

– Арманы дейсің бе? Арманы – шетелдік көлік. «Сонша кітап жазып жүріп, маған бір жаңа автомашина әпере алмадың ғой» деп жаныма батырып айтқаны.

– Оған қазір қаламақы бермейді, берсе де жарытпайды деп түсіндірмедің бе?

– Айта бастап ем, балам: «Ендеше несіне кітап жазып, уақытты босқа кетіресің» деді. «Одан да ақша табатын басқа кәсіппен шұғылданбайсың ба!»

– Сен не дедің?

Page 57: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

58

– Не дейін, – деп қызыл жейделі жазушы жағын таянды. – Не деп айтуға болады!

– Рас, – деп көк жейделі жазушы да ойға батты. – Осы күні біз жазушы болып жаратылғанымыз үшін де жазықты бола бастадық, білем! Қаламды біржола қыр асырып лақтырып тастасақ қайтеді, а?

– Оны қалай оп-оңай тастай салайын, – деді қызыл жейделі жазушы. – Жазушылық мамандық емес қой, ол сезімнің ісі... Ал кісі өз сезімінен өзі қалай бас тарта алады!...

– Сенімен қосыламын, – деді көк жейделі жазушы. – Біз жансарайдағы құпия сезімнің құлымыз! Құл болғалы қанша заман?! Енді осылай шерменде болып өтетін де шығармыз.

– Жә! – деп желпінді кенет қызыл жейделі қаламгер. – Біз екеумізге не болған бүгін? Қой, уайым-қайғыны тап қазір бойдан қуып тасталық. Жүр, мен саған сыра алып берейін.

– Оған жететін ақшаң бар ма?– Әй, басқаға жетпесе де, сыраға табылады. Өлеміз бе енді.

Жүр, іштегіні ақтарып, бір шер тарқатайық. Әйтпесе бізді адам ғұрлы санап жатқан кім бар осы күні...

– Кеттік.Екеуі енді ғана сөз әлемінің сардарлары екенін сезінгендей

адымдай басып, әудем жердегі сыраханаға шалқая кіріп бара жатты.

Сәлден соң-ақ екі қаламгер бір-бірінің шығармасын кезек-кезек мақтасып, бөсе сөйлесіп, шалқып-шалқып кетіп, өзгелерге мүлде сөз бермей тұрған еді...

* * *Мұндайда Елес айтыпты: «Сезім деген көңілдің тұнық

бұлағы, оны ылайлап алмаған абзал!»

момынның құбылуыМен оны баяғыдан бері білуші едім. Тіпті жас кезінен тани-

тын едім десем де артық емес. Өзі мені көрсе болды, қасыма үйірсектеп, ақыл-кеңес сұрай беретін.

«Өмірде жолы болсыншы» деп бар білгенімді айтып беруден жалықпайтынмын. Момын ғой енді. Әйтеуір мен білгелі бері осы Тұрарбектің өзгені кес-кестеп сөйлеп, өзеуреп кететінін еш көрмегем екем. Ал, күні кеше оны мүлде танымадым.

Қалай дейсіз бе?Ой, бұл өзі бір қызық кездесу болды.

Page 58: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

59

* * *Құдайы көршім болушы еді. Өзі менімен түйдей құрдас.

Тұрмыс жағдайы анау айтқан керемет болмаса да, көңілі кең. Үнемі кездесе қалса:

– Оу, көрші, біздің үйден шәй ішпейміз бе! – деп елпектеп тұрады.

– Сәті түсер бір күні, – деймін мен.Сонымен сөз де тәмәм болатын. Мен сөздің арғы жағына аса

терең мән бермесем керек. Сол көршім бір жолы телефон соғып:– Осы сенбіде үйге қонақ болыңдар, – деді. – Арнайы

шақырғаным бұл.– Ой, несіне әуре боласың. Біз көршілерміз. Кез-келген

уақытта...– Ә, – деді көршім. – Былайша айтсам, үйге бас сұғатын

түрің жоқ. Бұл арнайы жайылған дастархан.Кішкене мүдіріп қалып ем, көршім:– Көп кісі болмайды, – деді. – Тағы да біраз қонақтар

шақырдым. Олар да өзімізбен қатарлас...Мен шақыруды құп алдым.Сөйтіп, сенбі күні түс ауа көршімнің шаңырағында әйелім

екеуміз қонақ болып отырдық. Үлкен стол жайылған. Тағамдардың түр-түрі бар. Тек жейтін денсаулық керек.

Әні-міні дегенше тағы екі отбасы да кіріп келді.Міне, қызық! Шақырылғандардың біреуі-менің ескі танысым

Тұрарбек болып шықты. Екеуміз құшақ айқастыра амандастық.– Біз екеуміз баяғыдан таныспыз! – деп көршіме айта

бастағаным сол еді, Тұрарбек:– Жәй таныс емеспіз, – деп сөзімді жұлып ала қойды. –

Екеуміз талай уақыт сырлас болғанбыз.Менің аузым ашылып қалып:– Ау, сырлас деген сөзің тым артық болмай ма! – дедім.– Е, сырлас деп кімді айтады, – деді Тұрарбек еш саспас-

тан. – Біз танысқан кезде екеуміз де бойдақ болатынбыз. Өмірде қандай жар таңдау керектігін майын тамызып көп ай-татын едің ғой.

– Сол ма! – дедім мен күліп. – Соны айтасың ба! Бұл-әзілің ғой...

– Жоқ, әзіл емес, – деді Тұрарбек. – Сенің әрбір сөзің есімде. «Қатын алма, қайын ал» дейтінсің. Қыздың шыққан тегі көп нәрсені білдіреді дейтінсің...

Арамыздағы әңгіме кермектеніп бара жатқанын байқаған көршім:

– Дастарханға жайғасайық, – деп сөзді бөлді. – Қалған әңгімені дәм алып отырып айтқанымыз жөн болар...

– Сөйтсек, сөйтейік, – дестік бәріміз де.

Page 59: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

60

* * *Отырыс ұзаққа созылды.Көршім де сөзге шебер-ақ сияқты еді, бірақ бұл жолғы дас-

тарханды неге екені белгісіз, әлгі менің ескі танысым Тұрарбек билеп-төстеп алды. Өзінің білмейтіні де жоқ, естімегені де кемде-кем. Қай салаға сөз бастасаң да, суырылып шыға келеді.

Мен осы жолғы отырыста тек тыңдаушы болып қала бердім.Ішімнен ойлап қоям: «Ау, мен танитын баяғы Тұрарбек қой

аузынан шөп алмас момын еді. Сөзге шорқақ болушы еді...»Тағы да ойлап қоям: «Ол кездегі Тұрарбек мені тыңдап,

ақыл-кеңесімді аңсап тұрушы еді. «Былай етсем қайтеді, олай етсем бола ма?» деп сұрақтың астында қалдырушы еді...»

Ақыры кезекті үзіліс болып, мен Тұрарбекті оңашалап:– Тым сөзуар болып кетіпсің, – деп әңгімеге тарттым. –

Баяғыда мүлде басқа болатынсың. Тіпті тани алар емеспін.– Өмірге есем кетіп бара жатты ғой, – деді Тұрарбек. –

Қайда барсам да менің момындығымды, сөзге шорқақтығымды пайдаланады. Өзіме тиесіліні ала алмаймын.

– Содан?– Содан соң өзімді-өзім қолға алдым. Қазір міне, аяқтыға

жол берместің өзі болып алған сияқтымын.– Мінезді өзгерту оп-оңай болғаны ма сонда?– Неге өзгертпеске! Адамның қолынан бәрі де келеді:

адамгершілік те, асқақтық та, алаяқтық та, зымияндық та...– Алаяқ болудан сақтасын!– Ол да кей-кейде керек. Өз жауыңды жеңу үшін...– Жауды алаяқ боп жеңу де тапқырлық па?– Жауың бар екен, оны қалай сүріндіргенің мәселе емес, ең

бастысы-жеңгенің...– Тазалық жолынан бір рет ауытқыған соң, сен қайтадан

қалай ақтала аласың? Ертеңгі ұрпақ бұны қалай қабылдауы мүмкін?

– Түсінеді. Ертеңгі ұрпақ сен екеумізден он, тіпті жүз есе ақылды болып туады. Көр де тұр....

– Қайдам! Күдігім көп...– Айтпақшы, – деді Тұрарбек. – Сен өзің де бір кездері

маған ақыл үйретпеп пе едің. «Қатын алудың да астарында ашық айтыла бермейтін үлкен мән бар» деген сөз – сенікі!!

– Мен ол кезде қалай бақытты отбасы болуды айтпақ болған шығармын.

– Қайын жұртты көбірек тілге тиек ететінің өтірік пе? Сен сол кезде...

– Ол кезде үйленуден өзге қандай маңызды мәселе бар еді, – деймін сөзін бөліп.

Page 60: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

61

– Тағы да айтатынсың: «Тым ез болма, өзіңе бұйырғаннан айрыласың.» Тағы да айтқансың: «Тауық көрсең, түлкі бол!»

– Жо-жоқ! – деп мен басымды алып қаштым. – Дәл осының бәрін мен айтпаған болармын. Сен басқа біреумен ша-тастырып алған сияқтысың....

– Мен ештеңені ұмытпаймын. Бәрі де есімде. Айтпақшы, сен бір жолы әлгі ортамызда жүрген үздік студентті тәубесіне келтіріп қою үшін білдірмей сүріндіруге болады деп...

– Жә, – дедім бойымды ашу қысып. – Сен тым тереңдеп барасың. Ол кезде мүмкін, мен де ақылы таяздау, ойы орашолақ шалағай жан болған шығармын. Артық-кем сөз айтылған да бо-лар. Оны бүгінгі күнмен шатастыра берме. Әр нәрсе өз кезінде...

Осыны айттым да, жалт бұрылып, дастарханға беттедім.

* * *Екінші отырыста да үйдің иесі көп сөз айта алмады. Тағы да

Тұрарбек суырылып шығып, дастарханды өз ыңғайымен игеріп бара жатты.

Менің басым айналғандай болды. Көзімнің алды, неге екені белгісіз, қарауыта бастады.

– Не болды, саған! – деп әйелім бәйек болды. – Өңің қашып кетті ғой.

– Қан қысымым көтерілген сияқты. Үйге қайтайық, – дедім.Сосын көршімнің қиыла өтінгеніне де қарамастан тысқа

шығуға асықтым.Бүгінгі отырыс өкпемді қысып, жанымды шырқыратып

жібергендей болып кетті. Өмірімде дәл мұншалық қиналмаған болармын.

* * *Елес күйінгенде былай депті: «Кісінің өзінен емес, оның

құбылуынан қорық!»

Қораз бен мекиен(мысал орнына)

Күні кешеге дейін екеуінің арасында әдемі түсіністік болып келіп еді. Бәрін де бұзған әлгі кәрі Мекиен. Ата Қораздың басын баяғыда-ақ жалмаған ол, соқа басы сопиып жападан-жалғыз жүретін-ді.

Бір күні нілдей бұзылып:– Әй, бәрің маған қараңдар, – деп жар салғаны. Қоразы

бар, Мекиені бар, бәрі де оның аузын бағып қалып еді. Кәрі Мекиен былай деп сөз бастады:

Page 61: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

62

– Жер бетінде барлық уақытта теңдік болуы керек. Мекиен- дер де Қораздар секілді еркін өмір сүріп, ойына келгенін істегені әбден дұрыс.

Мұны естіп тұрған жас Мекиендер қуанып кетіп, қанаттарын қайта-қайта қақты.

– Жасасын еркіндік!– Жасасын тең өмір!... – десті бәрі де.

* * *Кешкісін Қоқи Қораз бен Менмен Мекиеннің арасында дау

шықты. Менмен Мекиен айтты:– Бұдан былай мен тар қапаста жұмыртқа басып жатпаймын.

Мен де кең далада еркін демалып, жайылып жүргім келеді.– Сонда жұмыртқаға кім ие болады? – деп Қоқи Қораз

сасқалақтады.– Оны сен басып жататын боласың.– Мен Қоразбын ғой.– Болсаң ше! Біз бүгіннен бастап теңбіз.– Тең болу деген – Қораз бен Мекиеннің өзіне тиесілі

міндетін алмастыруы емес қой.– Сөзді қой! Мен енді үйкүшік Мекиен емеспін. Еркінмін.Менмен Мекиен осыны айтты да, теріс қарап көзін жұмды.Ал, таңертең ерте тұрып, жұмыртқа басуды Қоқи Қоразға

қалдырып, өзі далаға шығып кетіп қалды. Қоқи Қораз амалсыз жұмыртқалардың қасында айналшықтап қала берді.

* * *Бір топ Қораздың тобына кірген Менмен Мекиен басқалардың

өзіне секемдене қарағанын да елең етпестен, өзінше дән іздеп жүре берді. Бір кезде бұлар қырманның астында қалып қойған бір үйме дәннің үстінен түсті. Қораздар дәнге қомағайлана кірісіп кетті.

Менмен Мекиен де өз үлесін алып қалмақ боп, топқа қойып кеткен-ді. Өзі аз дән болған соң тырнағы сояудай Қораздар басқаларды ысырып-ысырып тастап отырды.

Ал Менмен Мекиен жақындағанда оны тырнап, қанатымен қағып, тіпті жолатпауға тырысты. Менмен Мекиен тағы да ұмтыла түсіп, топ ішіне кіргені сол еді, бір тырнақты Қораз оның бетін осып жіберді.

Менмен Мекиеннің көзі қарауытып, түк көрмей қалды.Бір кезде есін жиса, қырман ішінде жалғыз қалыпты.

Қораздардың бәрі де бұл арадан алысқа ұзап кетіпті. Көзін ашып-жұмып, ауырсынып аз-кем отырды да, орнынан көтеріліп, кері қайтты.

Page 62: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

63

Мекиенді Қоқи Қораз қарсы алды.– Ой, саған не болған! – деп ол бәйек болып жатыр. Мен-

мен Мекиен сонда да сыр берместен:– Төбелесіп қалдым, – деді.– Кіммен? Қоразбен бе?– Кіммен төбелессем де бәрібір емес пе! Оның несін сұрай

бересің!* * *

Арада бір жеті өткенде Менмен Мекиен бір топ Қоразға ілесіп, ауыл сыртына шықты. Ел шетінде дән де, өзекке талғау етер өзге де нәпақа молшылық деседі. Бұлар сол ойдың жетегінде болды.

Расында да ауыл сырты – көкмайса. Көк арасында тәбет ашатын дәмді зат баршылық болып шықты. Соны шоқып жеп, ұзап кеткен екен. Кенет... арғы шеттен шу шықты. Аламойын Қораз:

– Қыт-қыт! Жау, жау... – деп ащы даусымен бұларға хабар білдірді.

Сол-ақ екен Қораз біткен аяқ-қолын бауырына алып, зытып ала жөнелді. Мекиен сонда ғана байқады, көз ұшында ұзын кұйрық бір қызыл түлкі пайда болыпты. Түлкі әні-міні дегенше бұларға жақындап та қалыпты. Енді не істеу керек! Әрине, бас сауға! Қашу қажет. Мекиен бар күшін бойына жиып, зытып кеп берді.

Түлкі ұзын сирақ Қораздарға жете алмасын аңғарды ма, мына Мекиенді көре сала соңынан түсіп берсін. Менмен Мекиен өмірінде дәл мұншалықты зәресі ұшып, корықпаған шығар. Зытты дейсің! Зытып бара жатты.

Бір сәтте қызыл түлкі бұған тақап келіп қалғанын аңғарды. Міне, құйрығына да жармасты. Енді сәл кідірсе, түлкінің тамағына жұтылып кете бармақшы. Жанұшыра қанатын қағып-қағып жіберіп еді, жерден көтеріліп бара жатты. Өзінің байқағаны-жаны қиналса, ұша да алады екен. Көкке кәдімгідей биіктеп, емін-еркін самғап кетті. Алайда, құйрығының бір ұшы түлкінің аузында қалып қойды. Мейлі! «Бастан құлақ садақа!»

Менмен Мекиен қанат қағып ұшқан күйі талай жерді артқа тастап барып, алыс жерге қонды. Бұл кезде түлкі де бұдан біржола күдер үзіп, кері бұрылып, өз жөнімен кетіп бара жатыр еді...

* * *Өз ұясына оралды.Тағы да Қоқи Қораз алдынан елпектеп шықты. Бұның

жағдайын көріп:– Не болды? – деп сұрады. – Тағы да төбелес пе!

Page 63: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

64

– Жоқ, одан да сұмдық!– Сұмдық деймісің?– Сұмдық! Сұмдық! – деп Мекиен жылауға шақ қалды. –

Мені түлкі жеп қоя жаздады.– Ал ұзын сирақ Қораздар сені қорғамады ма?– Бәрі бет-бетімен қашты. Соңында мен ғана қалдым. Қанат

қағып, ұша жөнелмегенде, түлкіге жем болып кете баратын едім.Мекиен осыны айтты да, қапаланып ұзақ жатты. Қоқи Қораз

оны еркелетіп бақты.– Өзің ғой, – деді. – Тең боламыз деген соң...– Жоқ, – деді Мекиен енді тілге келіп. – Табиғаттың өз

заңы бары рас. Теңдік пен тепе-теңдікті ауыстырып ала береді екенбіз.

Осыны айтып болды да, бір күрсініп алып:– Енді жұмыртқаны өзім басып жатамын, – деді. – Сен

Қоразға тиесілі жұмысыңа кірісе бер. Қоқи Қораз үндеген жоқ. Тек басын изеді.

* * *Мұндайда Елес айтыпты: «Табиғатта артық та, кем де

дәнеңе жоқ. Бәрі де өз орнында!»

Шешен мен сөзшең(мысал орнына)

Бекбатыр жиын өтетін жерге жеткенше жағы жабылмай, Нұрқалыққа әлгі бір сөзшең досын мақтаумен болды.

– Сен білесің бе! – деді Бекбатыр. – Менің досым Сәбитбек бар ғой, сөздің түбін түсіреді.

– Сондай сөзшең бе?– Ой, сөзшең дегенің не, ол нағыз шешен.– Ә, солай ма! Жарайды, қазір тыңдап көрерміз.Ол екеуі осылай сөйлесіп келе жатып, үлкен мекемеге

жеткенін де байқамады. Бүгін осында үлкен жиын. Ылғи ығай мен сығай бас қосады. Тақырып та ауқымды. «Шешендік өнер және оның даму сатылары».

Әу бастан сәулелі сөз айтып, сөз қадірін асқақтатып жүретін жандарды ерекше қадірлеп өскен Нұрқалық досы осындай басқосу болады деген соң, онымен ілесіп келген жайы бар-ды. Сұңғыла шешендерді тыңдап, бір мейірін қандырмақшы-тын.

Бір белгілі профессор жиынды аз-кем сөз сөйлеп ашты. Кезекті баяндамашыға берді. Баяндамашы шешендік өнер тура-лы әріден қозғап, не түрлі мысалдар келтіріп, біршама маңызды жәйттерді тілге тиек етті. Мақұл! Бұның бәрі де жиын үшін керек жағдаяттар. Ал енді шешендер қайда?

Page 64: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

65

Нұрқалық мінбеге көтерілетін хас шешендерді күтулі. Сөз мәйегін түсінетін, әр сөзіне барынша мән бере айтатын нағыз сұңғыла шешендерді тыңдау деген қандай ғанибет!

Кенет қасындағы досы Бекбатыр сұқ саусағын шошаң еткізіп:– Әне, өзі көтеріліп барады, – деді. – Мен мақтаған

Сәбитбек.– Ол осы ма? Онда тыңдайық.– Тыңда. Ағып тұрған шешен...Сәбитбек мінбеге көтерілді де, көпшілікке иіліп сәлем жасап,

қалтасынан қағазын алды. Сосын:– Айтарымды мынаған жазып алған едім, – деді. – Оны

оқып жатқаным қалай болар екен. Бәлкім, өз сөзіммен...Зал іші шулап қоя берді.– Өзіңіз сөйлеңіз!– Қағазды қайтесіз!...Шешен көпшілік тілегін құп алғанын аңғартып, бас иді. Сосын

сөзін бастады.Рас, сөзінде буын жоқ-ақ екен.Қалай қарай бұрылса да, ағып тұр-ау, ағып тұр. Тіпті

тоқтайтын емес.Нұрқалық оны зейін қоя тыңдап ұзақ отырды. Көп сөздің

ішінен мәнді ой іздеді.Әлгі жігіт айтады:– Біздің халық туа бітті шешен, – дейді. – Ол ешкімнен

сөз сұраған емес. Қандай тақырыпты да көркем бейнелеп айта алады.

Сосын тағы да айтты:– Қазақ сөзінде буын жоқ. Қайда салсаң, сонда сүйреңдеп

шыға келеді.Бұдан соң тағы да:– Мен сол шешендердің сарқытымын, – деді. – Мен со-

лардан үйренгенмін. Ол кездегі шешендер таңды таңға ұрып сөйлейтін. Бір сөзді екі рет қайталамайтын.

Тыңдап отырып, Нұрқалықтың басы зеңіп кеткендей болды.«Бұл не деген сөзшеңдік! Тіпті сөз арасына үзіліс те жасамай-

ды. Сөз, сөз, тағы да сөз... Шешендік деген осы ма?... Көңілге қона кететін көркем түйін қайда?...»

Ол ұзақ сөйлеп, мінбеден түсіп бара жатты.Қасындағы досы Бекбатыр бұған:– Міне, нағыз шешен, – деді.Бұл айтты:– Нағыз сөзшең...

* * *Ел айтады: «Шешендік пен сөзшеңдікті алмастырып алатын

заманың осы!...»

5-177

Page 65: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

66

Жаман адамОсы мен бар ғой, байқаймын, өте тұзы жеңіл адаммын.

Біреуге жақсылық жасап та абырой таппаймын, жасамасам да жақсы ат жоқ. Ылғи да осы.

Сізге шын сырымды ашайын ба?Онда тыңдаңыз.

* * *Бір күні ауылдан нағашы ағам телефон шалды. Хабар-

ласқанына қатты қуанып, елпектеп сөйлесіп жатырмын.– Анам марқұм нағашыларыңмен тығыз байланыс жасап тұр

деп көп айтатын, – деймін алқына сөйлеп. – Көптен бері өзім де сіздерді ойлап жүруші ем.

Нағашым да маған жылы-жылы сөздер айтты.– Өзіңді мақтаныш көреміз, – деді ол. – Жоғары жақта

жұмыс істейсің. Беделің де бар.– Е, көптің ішінде жүріп жатырмыз ғой.– Олай деме, сен біз үшін өте лауазымды адамсың.– Рахмет!– Ал енді, – деді нағашым. – Енді өз бұйымтайымды

айтайын.– Айтыңыз.– Менің қызым оқуын бітірді. Енді сол жаққа барып, қалада

жұмыс істегісі келеді. Сен қол ұшып беріп, көмектес.– Жарайды. Келсін.Міне, осы әңгімеден соң көп ұзамай нағашымның қызы да

жетті. Әртүрлі таныстарыма айтып, қолқалап жүріп, бір мекеме-ге қызметке де орналастырдым.

Ол жұмысын істеп жүріп жатты.Тағы бір жолы елден бірге оқыған досым хабарласты. Оның

да өтініші бар екен.– Ал айт, – деймін ғой баяғы.– Баламды қызметке орналастыр.– Е, жарайды. Келсін.Досымның баласы да бір кішкене мекемедегі кішігірім

жұмысқа ілікті.Арада аз-кем уақыт өте бере ауылдағы бір ағайымның әйелі

телефон соқсын.– Иә, жеңгей, не боп қалды?– Балам жұмыссыз жүр.– Ол қайда жұмысқа тұрмақшы?– Әрине, қалаға. Жаныңа тартсаңшы. Ағайын адамдар

емеспіз бе! Ағаң тірі болса өзі-ақ...Жеңгейдің де бетінен қаға алмадым.

Page 66: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

67

Енді оның баласына жұмыс іздеп, әбден шаршадым. Ақыры бір жерге ілікті-ау!

Осы шаруалардың бәрін де шешкен соң, өзімше еркін дема-лып, іштей қуанып та қоюшы ем. Сөйтсем...

* * *Арада бірер жыл да өтіп кетті. Қаннен-қаперсіз жұмысқа

барып-келіп жүрген күндер еді, бір күні әйелім:– Ана нағашы ағаң үйге хабарласты, – деді.– Е, не дейді?– Өзің жұмысқа орналастырған қызы бар емес пе! Сол пәтер

кезегінде тұр екен. Соған қолдау көрсетпей ме дейді. Пәтерді кім көрінген алып кетіп жатқан көрінеді.

– Олай болуы мүмкін емес. Кезек деген бар...– Білмеймін. Әйтеуір нағашың өте ренжулі.– Ойбай-ау, маған не үшін ренжиді! Мен қызын жұмысқа

тұрғызғанда бәрін де жасаймын деп уәде берген жоқ едім. Сыртымнан сыр бермесем де, ішімнен қатты күйзелдім.«Нағашымның бұнысы несі! Үйге телефон соғып, мұндай ша-

руаны әйеліме айтқаны қалай?!»Сол күні жұмысқа өте көңілсіз келдім. Енді столға отыра

бергенім сол еді, телефон шар ете қалды.– Ал-ло!– Бұл мен ғой! – деген дауыс естілді. – Ауылдағы досың...Өзіммен бірге оқыған досымды танымай не көрініпті. Мен де

қауқылдап, аман-саулық білісіп жатырмын. Әңгіме көп ұзаған жоқ, әлгі досым:

– Слушай, менің балам әлі күнге ең төменгі жұмыста отыр ғой, – деді. – Өзгелер тез-тез өсіп барады. Сен оны қадағаламайсың ба?

– Енді... – деймін мүдіре сөйлеп. – Өзі алғыр болса, бас-шылар да көреді. Күту керек.

– Қашанғы күтеді! Өзің қамқор болмасаң...– Менің араласа бергенім дұрыс емес.– Ой, сен енді менің балама бас-көз болудан қаша бастағаның

ба? Әй, сен де...Телефонды тарс еткізіп қоя салды.Көңілім алай – дүлей болып кетті.«Бұл да міндетсінгені ме? Ау, менің бар жазығым-баласын

қалаға қызметке орналастырып бергенім бе! Мұнысы қалай?»Арада бірер жеті өткенде ауылдан жесір қалған жеңгей ха-

барласты.Оның да өкпесі қара қазандай.– Баламның өз жұмысына көңілі толмайды. Басқа бір жерге

ауыстырсаңшы.

Page 67: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

68

– Қазір бос тұрған орын бар ма!– Іздесеңші. Ниет болса, бәрі де табылады ғой.Жеңгейдің де әңгімесі әзер таусылды. Ананы-мынаны ай-

тып, көп уақытымды алды. Мұнда бар жұмысым қалып бара жатқанымен еш шаруасы да жоқ.

* * *Жұмыста отырмын. Көңіл-күйім жоқ. Ойыма әрнәрселер

орала береді.Дәл осы сәтті күткендей алдымдағы көк телефон безілдеп қоя

берді. Көтердім.– Тыңдап тұрмын.– Бұл ауылдан ғой, – деді жұмсақ дауыс. – Әкеңмен жол-

дас болған кісімін. Мені білетін де шығарсың.– Әрине. Сізді ұмытам ба?– Әй, бәрекелді! Ал, бала, ендігі шаруа мынау. Менің не-

мерем биыл университетті бітірді. Соны...Арғы жағы түсінікті еді.– Ақсақал, – дедім оның сөзін бөліп. – Немереңіздің

жоғары білімді маман болғаны құтты болсын. Тек... оны бірден қалаға алдыра алмаймыз. Қазір тәртіп басқаша. Әуелі елде жұмыс істеуі керек.

Әлгі кісі менің сөзімді түсінді ме, түсінбеді ме-білмеймін, әйтеуір өте көңілсіз аяқтады әңгімені. Енді қайтемін! Кімге жалпақ шешей бола бермекпін. Бәрінің де аяғы белгілі.

Енді ойланып отырмын.«Иә, маған бәрі де ренжулі. Демек, мен жаман адам

болғаным ғой. Ал сонда... жақсы адам кім? Ондай адам бар ма жер бетінде! Бойында еш кемшілігі жоқ, сүттен ақ, судан таза кісілер қандай болады екен, а?»

Өз қиялыма өзім күліп жібердім.«Әй, осы мен де...»

* * *Мұндайда қазақ айтқан: «Жақсыға сөз ереді»

ЗейнеткерЗейнеткер Зекен бүгін үйге сыймай кетті. Сыртқа шығып,

кішкене бой жазады да қайта кіреді. Тағы да шығады...Кемпірі күңкілдей сөйлеп:– Әй өзіңе не болған! – деді. – Тіпті шыдамсызданып

кеттің ғой.Шал да шарт кетті.– Е, немене! Менің кіріп-шыққаным ұнамай бара ма! Бүйтіп

күйгелектенсем, себебі болғаны да.

Page 68: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

69

– Білем, білем, – деді кемпірі. – Әлгі зейнетақың өте аз ғой, соған деген реніш...

– Тек ол ғана емес, – деді Зекен. – Ол ғана болса жақсы-ау!– Е, енді не?– Кеше жұмыс іздеп бір мекемеге барған едім, – деді Зе-

кен. – Ол ғана болса жақсы-ау!– Ол не деді?– Ой, өзіңіз зейнеткер екенсіз ғой. Бізге кәрі-құртаң, шал-

шауқан керек емес дейді. Мен оған «Әй, шырағым, сен де қартаясың, сенің де басыңа келеді бұл жағдай» дей бастап едім, «ақсақал, басымды босқа қатырмаңыз, уақытым өте тығыз» деп қабинетінен қуып шыққандай болғаны.

– О, сорлы! – деді кемпірі. – Онда барып нең бар! Отырмайсың ба үйде...

– Әй! – деп айқайлап жіберді Зекен. – Сен өзі нені түсінесің! Менің азын-аулақ зейнетақым неге жетеді. Әлі көрерсің, сен екеуміз қара су мен қара нанға қарап қалып жүрмейік.

Кемпірі бәрібір сасқан жоқ.– Басқа түскенді көрерміз, – деді ол. – Ешкім аштан өліп

жатқан жоқ қой. Елмен көрген ұлы той.Зекен қолын бір сілтеді де, тысқа шығып бара жатты.

* * *Арада бір ай өткен.Зейнетақының ештеңеге жетпейтіні де белгілі болды.

Алғашында бұның дегбірсізденген мінезін жақтырмаған кемпірі де енді Зекенді қолдай бастағандай.

– Ау, бұл зейнетақыны көбейтуге болмай ма! – деп те қояды. – Қанша дегенмен мемлекетке еңбегің сіңді ғой.

– Соны айтатын кім бар!Осыны айтып болып, Зекен ренжіген үнмен:– Әй, кемпір, біз осылай қол қусырып отыра береміз бе! –

деді.– Енді не істей аламыз?– Менің көрші мемлекетте лауазымды жұмыстағы танысым

бар. Сол жаққа көшіп барсақ қайтеді. Ол қызмет тауып береді.Кемпірі мына әңгімені ести сала шыж-быж болды.– Ой, шал-ау! – деді ол. – Бұның не сенің! Елді, туған

жерді аяқ астынан тастап кетеміз дегенің...– Е, несі бар! Кетіп жатыр ғой жап-жас жігіттер де.– Олар – өз Отанын шын сүйе алмағандар. Бізді олармен

салыстырма.– Менің ойым-ендігі қалған өмірді өкінішсіз өткізсек деген

ниет...

Page 69: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

70

Кемпірі енді шалына батыра сөз айтып жатты.– Кісінің туған жері біреу-ақ. Оны сүю – шын парыз. Елін

ессіз сүйе білмегендер – өзге жерде де бақытты болып жарыт-пайды.

– Ал, қиындық...– Туған Отанды жағдайың дұрыс кезде ғана құрметтеп,

басыңа қиындық түсе бастағанда сатып кету – екіжүзділік! Бұндай әрекет түбі опа бермейді.

Шалы күліп жіберді.– Сені тексерейін деп айта салып едім, – деді Зекен. –

Жарайсың, кемпірім!– Жоқ-ау, – деп кемпірі сонда да тоқтаған жоқ. – Аузыңа

не келсе, соны айтатын болып барасың. Жақсы қартая білу де бір бақыт емес пе!

– Сөйтеміз! Сөйтеміз! – деп, Зекен күбірлеген күйі орнынан тұра берді.

* * *Осыған орай Елес айтқан еді: «Ақылдың екінші сыңары –

шыдам!»

Бөтелке мен тығын(мысал орнына)

Ішінде мөлт-мөлт еткен мөлдір суы бар бөтелкені кенет түлен түртті де:

– Әй, тығын! – деді. – Осы мен болмасам, сен кімге керексің, а?

Тығын да дауыс шығарып:– Олай деме, – деді. – Мен болмасам, мына мөлдір су

төгіліп кетпей ме!– Жоқ! – деді Бөтелке. – Суды төкпей ұстап тұрған сен

емессің.– Енді кім?– Көрмеймісің, менің ішім кең. Бүйірім үлкен. Құйылған су

шайқалмай, осында сақталып тұра береді.– Е, сенің кеудең өсейін деген екен, – деп тығын да ренжи

тіл қатты. – Бұған дейін өте тату-тәтті едік, ал бүгін саған не болғанын түсінсем бұйырмасын.

Мұны естіген бөтелке одан сайын керги түсті. Өз қадірін бүгін ғана түсінгендей, былай деп пәлсапа соқты.

– Енді байқадым, менің қадірімді ешкім де білмейді екен. Қандай мөлдір суды лықылдатып құйып қойса да, сол қалпында сақтай алам. Менің сақтаған суымды адамдар мейірі

Page 70: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

71

қана, құшырлана жұтады. Бұдан артық қандай бақыт керек. Демек, бәрі де мені еңбегім...

Оның сөздеріне тығын да намыстана бастады. Өзін тіпті елеусіз қалдырғанына қатты қапаланғандай еді. Сосын ашуын бойына сыйғыза алмай:

– Өзің нағыз топас екенсің ғой, – деді. – Мен сені ақылы бар, парасаты биік бөтелке болар деп жүруші ем.

– Топас дедің бе! – деп бөтелке де көзін алартты. – Топас мен емес, мына сен.

– Жоқ, шын топас өзіңсің.– Мен емес, сенсің.– Жоқ, сен...– Жоқ, сен...Қатты ашуланған бөтелке бар күшін бойына жиып алып, үрлеп

қалғанда тығын ұшып кетті. Сөйтіп, домалап барып, анадай жерге жалп ете түсті.

Осы екпіннің күшімен бөтелке де шайқалақтап барып, бір жағына қисайып құлап бара жатты. Ол құлаған сәтте ішіндегі мөп-мөлдір су да лықылдап-лықылдап ағып, құмға сіңіп, жоқ болды.

Енді іші босаған бөтелке жерде домаланып қала берді.Жанынан өтіп бара жатқан бір кісі оны аяғымен теуіп-теуіп

өтті.Бөтелке домалаған күйі тасқа барып соғылды да, шарт сын-

ды...Жаны мұрнының ұшына келген бөтелке көзінің алды

тұманданып, өте ауыр жағдайды бастан өткеріп, кателік жасағанын қазір ғана ұққандай ышқынып қалып еді.

* * *Мұндайда Елес айтады: «Қадірсіз болудың басы-өзімшілдік!»

Билік басындаБилік басына келді. Биікке көтерілді. Үлкен лауазым. Әнебір

жылдары «шіркін, биік лауазымға қолым жетер ме екен, жетпес пе екен, әй, қиын-ау сол өзі...» деп ойлайтын. Енді соған қолы жеткенде «ойпырмай, енді қалай болар екен, дұрыс алып жүре алам ба?» деп шынымен уайым қыла бастады.

Оған себеп көп.Бұл күнде екінің бірі бұны сынағыш. Сын садағын кезеп

тұрғандар – сансыз көп. Шамасы келетіні де, шамасы жетпейтіні де бір түйреп өткісі келеді. Әйтеуір сөз айта алатынның бәрі бұның аты аталған жерде тыныштық таппай, тыпыршып ала жөнеледі.

Page 71: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

72

Анада осы қаладағы беделді газетте бір «мықты»: «Ой, оны баяғыдан білеміз, өзі жасынан шенқұмар, ойлағаны билік басына бару, қызметпен ауырған жігіт» деп жазыпты. Солай ма? Бұл расымен қызмет, лауазым ауруымен ауырды ма? Өз ойынша – жоқ. Тіпті осындай биікке шынымен-ақ көтерілермін-ау деп үміттенсе, кәні! Ал, енді жұмыс істеп, сол жұмысын басқалар да бағаласа екен десе, соны армандаса, оның несі мін? Оны да артық мінез дей ме! Түсінсе, бұйырмасын.

Анабір жолы бір қыңырлау жігіт баспасөзге «шамасы белгілі ғой, қатырып жатқаны қайсы, осы күнге дейін көзге түскен бар жұмысы – әлгі журналистермен жақындығы, солармен тәуір болсам, мені мадақтайды, түймедей ісімді түйедей етіп көрсетеді деген қулық ой ғой онысы» деп құйқылжытты. Соны көре қалыпты. Басқа істегендерін көзге іліп жатқан жоқ. Оған не дер...

Тағы бір мықты: «Ол лауазым иесі болғалы бері мүлде өзгеріп, бөлек адам болып кетті, сөйлеген сөздері де басқаша» деп жазды. Сонда не істе дейді бұлар? Билік басына жеткен соң үндеме, дымың ішіңде болсын дей ме! Бір елі ауызға екі елі қақпақ қой дей ме? Ондай билікте отырып не керек? Өйтіп ел басқарып не керек?

Баяғыда... жастау кезінде бұның тілеулестері өте көп болды. «Талабың зор, болашағың нұрлы, алдың ашық, барар жерің биік, тұғырың шыңда болсын...» деуші еді. Қазір ше?

Қазір... «өзі өркөкірек, сөзі сүйкімсіз, лауазымға мас болған, ел сөзіне құлақ аспайтын, мінезі өзгерген...» болып барады.

Осыны айтып-жазып жатқан халық па? Ел-жұрт па?Әй, қайдам-м!.. Өз байқауынша, ат төбеліндей аз ғана топ,

шағын тобырдың шатағы... Қайтсек, сүріндіреміз деп жантала-суы. «Өстіп атағы шығып кете бере ме? Ол неге бізден озуы керек? Асып бара жатқан қандай ісі бар?..»

Оңашада ойлап қараса, бұл жұрттың бәріне бірдей жағу қиынның қиыны екен. Соны сезеді. Сондайда ойлайды: «Тіршілік деген тек тайталастан, алыс-жұлыстан тұратын болғаны ма?»

Тағы да бір ойы айтады: «Жоқ, тайталасты тудыратын ешкім де емес, адамдардың өзі ғой».

Тағы да ойлайды: «Бәлкім, тайталас – тағдыр болмаса, кісі өзін-өзі қолға алып, ширығып – ширатылып жүре алмай-тын болар. Кісіні әрдайым қамшылайтын, намыстандыратын, тақымдап отыратын қозғаушы күш – ол сыртыңнан айтылатын сыпсың сөз...»

Еһ-е!.. Жетсең де жамансың, жете алмасаң да жамансың.Өмір дегенің осы ма еді, беу жалған!...

Page 72: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

73

* * *Мұндайда қазақ айтқан: «Бар болса – көре алмайды, жоқ

болса – бере алмайды».Ал Елес айтады: «Аяз би де әлін білген...»

сынағыштың сазайыОл сынай беретін, сынай беретін.Газеттерді ашып қалса да – сол, теледидарды басып қалса

да – сол! Жиналыстарға бара қалса да сол! Қайда болса да сол... Жағы тымбастың өзі. Сөзі бітпестің өзі. «Ұятсызға дауа жоқ». Оның сүйкімсіздеу даусын естіген сайын осы сөзді ішінен қайталап қоятын да, жүре беретін. Әйтеуір бір жағы семер деп ойлап... Сөйтсе тоқтайтын ол ма! Қайта күннен-күнге үдетіп ба-рады.

Газеттерді ашып қалса да, теледидарды басып қалса да... Симпозиум, конференцияларда да...

Содан ойланды. Көп ойланды. «Бұған не дауа бар?..»Көп күн бас қатырып жүрді.Бір жолы жұмыс кабинетінде жалғыздан-жалғыз отырып,

әлгі сынағышты тағы да есіне алған. Демалыс күні еді. Ешкім мазаламайтын күн. Өзіне ғана тиесілі күн. Сонда да жұмыста. Есіне тосыннан әлгі «сынағыш досы» түсіп отыр. Сынаудың да сынауы бар. Жөнімен, ретімен сөз айтылса, оған қарсы уәж жоқ. Реніш те болмайды. Кемшілігің айтылса, оның астарында шын сын жатса, ренжіп не керек. Ондайларға ренжімеу керек, қайта кемшілігіңді дер кезінде айтқаны үшін рахмет айтса да артық емес. Ал, мынау... «тисе терекке, тимесе бұтаққа»! Бұл не сонда?..

Ойлана-толғана келе, сол сынағыш жігітті өзіне шақыруға бел байлады. Бетпе-бет отырып ашыла сөйлеспек.

«Сынай бер, бірақ тек қана шындықты айт. Сонда мен ренжімеймін...» Осыны айтпақ болды. Осыған бел буған-ды.

Келесі күні әлгі «сынағыш» досы кабинетіне сүмең етіп кіріп келе жатты. Бұл оны өз кабинетіне шақыртуын шақыртқанмен, артынан ойлаған: «Әй, ол кім сонша, мені шақырып алатын-дай, мен қайтемін оны, бармаймын» деп ашу шақыра тулап-бұлданар, келмей қояр деген. «Көргісі келсе, сөйлескісі келсе өзі неге келмейді! Мен неге баруым керек? Осы сөзімді айт оған» деген жайсыздау жауап аламын ба, деп күдіктеніп еді. Сөйтсе...

Сөзді шақырған соң өзі бастады. Ішектей созбай, өте қысқа қайыруға тырысты. «Сынағаның айып емес, бірақ жөнімен айт, намыс кім-кімде де бар, арға тиме» деді. Анау да есе жібермеді. «Қай жерім дұрыс емес, айтыңыз, кәні» дейді. «Жоқ, айтыңыз, қай жерім қате?...»

Page 73: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

74

«Ана жолғы жазғаның сәл-пәл қиғаштау. Шындыққа жанас- пайды. Оның анығы мынадай».

«Кешегі бір сөзіңде былай дедің. Бұл да нысанаға дөп тиіп жатқан жоқ. Шындығынан шаласы басымдау...»

Сынағыш досы енді жатып келіп дауласар, бет жыртыса ай-тысар деп еді, бірақ өйтпеді. «Енді... сынасақ оның да астарын-да бір шындықтың ізі бар, жел тұрмаса шөп басы қимылдай ма» деп күмілжіп қалды. Атылып, басымен алысып тұрған жоқ. Әлгіндегідей емес, бұның ыңғайына жығылып, дегеніне көне бастағандай. Бұның да күткені сол еді. Енді әрі қарай қатты сөзге бармады. Бастырмала берудің жөнсіз екенін ойлады. «Өз жағдайың қалай, үй іші, отбасы дегендей, пәтер жағы дұрыс па?» деп жылы сөз бастай беріп еді, анау «ойбай, қайбір жағдай бар дейсің, пәтерден қиналып жүрмін» деп зар қақты. Әңгіме ауаны басқа бағытқа бұрылды.

Бұл көмекшісін шақырды. «Мына азамат көп қиналып жүр, пәтер жағын шешуге көмек көрсетейік, ертең есіме сал» деді. Сол-ақ екен ана «сынағыш» мүлде өзгерді. Енді бұны көзінше мақтай бастады. «Сізді көп кісілер өтірік түсінбей жүр, мықтылығыңызды білсе де, әдейі қисайып, кері тарта сөйлейді» деп сампылдап сөйлеп, тоқтамай қойды.

Оның сыры деп-демде ашылды. Арғы жағы белгілі болып қалды.

Жылы қоштасып, шығарып салды.Міне, содан бері бұның құлағы тыныш.Газеттерді ашып қалса да, теледидарды басып қалса да ол

жоқ. Жиналыстарда да көрінбейді...

* * *Мұндайда қазақ айтқан: «Таспен ұрғанды аспен ұр».Ал, Елес айтады: «Өмірде бәрі де бола береді».

Өтірік шындық«Жазушы – заманның көзі мен құлағы...»Қызметке араласқалы бері қаламгер ағайындар жайлы қайсы

бір отырыста болмасын, естігені де, көңілге түйгені де – осы! Сосын да ақын-жазушы десе ішкен асын жерге қоятыны, олар келсе көп күттірмей, дереу қабылдайтыны, сөзіне құлақ асатыны рас. Сөзі салмақты, айтары алымды, білдірері білікті қаншама ұлт жазушысы бар.

Ал, енді мына бір кісіні еш түсінбей-ақ қойғаны. Ылғи да «сізге кіріп шығайын, ел тағдырына қатысты айтарым бар еді» дейді де тұрады қиылып. Өзі анау айтқан белгілі де емес. Аты

Page 74: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

75

– жазушы. Көмекшісі әлденеше рет қағазға атын жазып әкелді. «Пәленше деген жазушы сізге кіргісі келеді».

Бір емес, екі емес... Ақыры қабылдауды жөн көрді. Айтарын айтсын деді. Тыңдап көрмек болды.

Ертеңіне кабинетіне «өз сұрауы бойынша» кіріп келген әлгі жа-зушы айтар шаруасын бес-он минутта бітіре қоймады. Әңгімені әріден бастады. Өзінің өмір жолын, жетім өскенін, бақытсыз балалығын, қатты қиналып жетілгенін айтты. Жазушы болу үшін де әбден арып, кітап шығару үшін «жарым жасын» бергенін тағы қосып қойды. Сосын барып «мына кітабымды сізге әдейі ала келдім, өзі сіз секілді ел қамын жеген азаматтарды мара-паттау, солардың ішкі жансарайына үңілу, жан сезімін көркем тілмен кестелеу» деді.

Кітапты қабыл алды. Келгеніне, көңіл толқытар ақ тілек айтқанына ризалық білдірді. Өтінішін де тыңдады.

Жеке үй салу үшін жер керек екен. «Шешім берейін» деді.Баласының қызметін өсіру керек екен. «Оны да ойласты-

райын» деді.«Көптомдық кітаптарымды шығаруға қаржылай көмек

көрсетпес пе екенсіз?» деп сұрады. «Жарайды, оны да біржақты етерміз» деді.

Жазушы сонда ғана сабырға түсіп, аптыққан демін басып, осымен тоқтадым дегендей ыңғай танытып еді, есік алдына дейін шығарып салды.

Сөзі әсерлі екен. Бипаздап мақтайды екен. Сенбесіңе сендіретіндей.

Беріп кеткен кітабын сипалап ұзақ отырды. «Бір қол босаған кезде оқып шығу керек» деп ойлап та қойды.

Бір күні қолы қалт еткенде әлгі кітапты парақтап көрсе, ішінде түк те жоқ. «Сіз секілді ел қамын жегендер» туралы деп еді, ал мынаусы... түсініксіз бірдеңе. Тіпті оның ана жолы айтқаны басқа, ал кітаптың ішіндегі жазғандары мүлде бөлек. Ойлады: «Бұл жазушы мені кітап оқиды дейсің бе, оқыса да түсінер ме, айта салайын, бәрібір ұғып жатқан жоқ... Қай сөзім есімде қалады дейсің... Есегім көпірден өткенше...»

Кей жазушылар шындықты бұрмалап, өз қиялындағы бірдемелерді шатпақтап, өтірік жазады деп еститін. Жазушылар өтірік жазып қана қоймайды екен, өтірік те сөйлейді екен...

Ол өз кабинетінде қос қолымен басын қыса ұстап, арлы-берлі жүріп, кімге, неге екені белгісіз, ұзақ күлді. Тоқтаусыз күлді. Шек-сілесі қатқанша күле берді.

Сол сәтте тілінің ұшында мынадай сөздер тіреліп тұрып қалып еді. «Өмір дегеніміз – шындық, ал өтірік шындықты туғызатын мына өзіміз, адамдар...»

Page 75: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

76

* * *Елес айтады: «Мата даңқымен бөз өтпейді».

«Періште» ЕркекЕкі келіншек. Кәдімгі әйел жынысты екеу. Күнде бірге

жүреді, ұзақ жүреді, ұзақ сөйлеседі.* * *

Оның біреуі – Бұйрабас, екіншісі – Бұрымды.Бүгін сөз кезегін Бұйрабас бастады.– Әй, сен... еркек атаулыны түкке алғысыз етіп, ол

бейшаралардың басына бар жаманшылықты үйіп-төге берме. Еркектің тәуірі, әйел табынатын жақсылары, көргенділері де бар. Бар ғана емес, баршылық.

– Қайдам-ау, – деді Бұрымды. – Мен білсем, еркектің етегіне намаз оқып жүргені аз. Бәрі де бірдей. Тірлігі де, қылығы да, әрекеті де...

– Жоқ, қателесесің, – деді Бұйрабас. – Адамгершілігі зор кісілер аз емес. Баршылық. Мысалы, ана Ұзынтұра төраға бар ғой, сол... жігіттің сұлтаны. Байқамайсың ба, өзі тәкаппар, өзі сұлу, өзі ақылды... Тіпті моральдық жағынан да өте ұстамды.

Бұрымды күліп жіберді. Тоқтай алмай, үдемелете күлді. Бұйрабастың «саған не болды, жын қақты ма?» дегеніне де қарамастан, ұзақ күлді.

– Сені... сені бірдеңе ұрып кеткен шығар, – деді Бұйрабас.– Жоқ, сені ұрып кеткен, – деді Бұрымды.– Неге? Неге олай дейсің?..– Өйткені сен табынбайтын еркекке табынады екенсің. Сол

Ұзынтұраны көптен бері білесің бе?– Е, енді... ептеп... Бір-екі рет отырыста болғанбыз. Маған

көз қиығын салған. Ықыласы ерекше болған. Өзім бірден ыңғай байқата қоймаған соң, ол да өзін-өзі ұстады. Сондай ұстамды еркектерді қадірлеймін. Әйтпесе, бар кейбіреулері, өзіңе сүйкене кетеді де, қаласаң да, қаламасаң да қыр соңыңнан қалмайды. Тіпті мезі етеді...

Бұрымды тағы да күлді. Келемеждей күлді.– Ой, сен өзің... неменеге күле бересің? Айтсаңшы себебін...– Себебі болған соң күлемін де, – деді Бұрымды. –

Күлуімнің астары бар ғой.– Ол қандай себеп?– Өйткені, сол Ұзынтұра төрағаны мен де жақсы білемін.

Онымен бірнеше рет дәмдес болғанмын.– Өтірікті соқпа, – деді, Бұйрабас. – Өтірігіңе береке берсін.

Мен жақсы танимын деген соң, дереу ойлап таба салған айлаң ба бұл?

Page 76: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

77

– Имандай шыным! Мен оны сенен бұрын білемін. Білгенде, жәй таныстық емес, жақын таныстық...

– Сонда-а... – деп, Бұйрабас аузын ашып, аңтарылып қалды. – Сонда сен онымен бұрыннан-ақ...

– Иә, бұрыннан... Баяғыдан... Ол маған айтты, саған ұзын шаш жарасады деп. Сосын шашымды өсірдім. «Бұрымдым» деп еркелеткені қандай!...

– Аһ, подлец! – деді Бұйрабас. – Ол маған... Сенен басқа ешкімді ұнатқан емеспін деп... Алдап...

– Е, құрбым, ашуыңды бас, – дейді Бұрымды. – Енді екеуміз де жас емеспіз. Сен де, мен де қырықтың үстіне шықтық. Елу дейтін ауылға еңкейіп барамыз. Сондықтан да өмірдің майда-шүйде нәрселеріне тым күйгелектене бермеуіміз керек. Денсаулықты күт. Ендігі қалғаны сол.

– Жоқ-ау, – деп Бұйрабас сонда да басыла алмаған. – Жоқ енді... мені алдамай-ақ, шынын айтса болмай ма! Бала емеспіз. Түсінеміз.

– Еркектің бәрі солай, – деп, Бұрымды да күйіне тіл безеді. – Періште еркек жоқ.

Бұйрабас кішкене ойланып, үнсіз қалды да, артынан аһ ұра:– Дүниеде ең таза, ең әділ, ең сүйкімді еркек бар болса,

ол Ұзынтұра болар деуші ем, сөйтсем... – деп, күрсінді. – Сөйтсем... бәрі де көз алдау екен ғой.

Әне, әлгі екі келіншек тағы да бірге кетіп бара жатыр. Олар не жайлы сөйлесіп барады екен, а?..

* * *Мұндайда қазақ былай деген: «Пендесі бар жалғанда бәрі

мүмкін-н...».Елес айтады: «Өзіңнен басқа ешкімге сене көрме!..»

Жел сөзБірі – Мысық мұрт, бірі – Жалтырбас, осы екі жігітті ел

күнде көреді. Күнде үй сыртында арлы-берлі жүреді де қояды. Өздері арақ ішіп, қисалаңдап, аузына келгенді айтатын көп ер-кектерге ұқсамайды.

* * *– Қатыным қайтыс болғалы екі жылдан асты, – деді Мысық

мұрт Жалтыр бас досына сыр аша. – Осы екі жыл ішінде әбден шаршадым. Жалғыздықтан шаршадым. Жұмыста да сүреңсіз бір тірлік, үйге келсем – жалғыздық...

– Ой, сен неге жалғыз болуың керек, – деді Жалтырбас. – Қайта рахат өмір сенікі емес пе. Айналаң толы қыз-келіншек.

Page 77: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

78

Кілең сыланған сұлулар... Қалағаныңмен күл, ойна. Бетіңнен қағатын кім бар, қане!

– Бетімнен қағатын бір пенде жоқ екені рас, – деді Мысық мұрт. – Бірақ оны еркіндік деуге бола ма. Еркіндік деген тек қана ешкім көрмейтін, құлақ естімейтін алыс аралда ғана бола-ды. Әйтпесе, әрбір басқан қадамың сөз, гу-гу әңгіме...

– Ол қандай әңгіме?– Қандай әңгіме болсын! Өсек сөз... Осы өткен айда бір

келіншекпен кішкене тіл табыса сөйлесіп, әмпей-жәмпей бола бастап ем, артынша әңгіме гу-у ете түсті. «Ойбай, несін айтасың, ол екеуі баяғыдан ашына екен» деп үй арасында сыпсың сөз жүгірді. Ашына болған түгіміз де жоқ. Жәй, сыр бөлісу...

Жалтырбас күлді.– Әйел мен еркектің жәй достығы дегенді түсінбеймін. Әрине,

ел дұрыс айтады. Екеуің де басы бос адамсыңдар. Енді... өзгесі табиғат заңы.

Мысық мұрт азар да безер.– Әні, сен де солай ойлайсың! – деп, күйіне сөйлеп тұр. –

Біз жәй достармыз. Ойымыз, сөзіміз жарасады.– Ой жарасса, сөз жарасса, одан артық не керек? Одан әрісі

белгілі емес пе.– Жоқ! – деп Мысық мұрт кесіп айтты. – Жоқ! Еркек

пен әйел жәй дос бола алмайды деген қасаң ұғымнан қашан құтыласыңдар сендер! Не деген топассыңдар!..

– Өмір заңы бойынша... – деп, Жалтырбас тағы да сөз жалғай беріп еді, анау әрі қарай сөйлетпеді.

– Өмірде заң жоқ! – деді Мысық мұрт. – Өмір заңы деп ойдан шығарып алып жүрген өзімізбіз...

– Е, онда өзің біл. Менікі әншейін сөз арасындағы әңгіме! Ал, енді... осылай соқа басың сопайып жүре бересің бе? Қыз-қырқын көп қой осы күні...

– Ойым бар.– Ол кім? Менен жасырасың ба?– Жоқ, жасырмаймын.– Онда айтсаңшы.– Әлгі министрлікте істейтін орта бойлы, сары шашты

келіншек. Соны ұнатып...Жалтырбас оған «осыны шын айтып тұрсың ба?» дегендей,

сұраулы жүзбен ұзақ қарады.– Неменеге маған бақырайып қарайсың? Сен айт дедің...– Жоқ, шын сырыңды айтқаныңа сезіктенгенім емес, жаңағы

сары шашты келіншекті ойлап тұрғаным...– Е, оның несі бар? Сырын білуші ме ең?– Ептеп...– Сонда-а...

Page 78: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

79

– Жеңілтектеу.– Оны қайдан білесің?– Естігем.– Кімнен?– Бір танысымнан.– Ол не деді?– Ол... қысқасы, сары шашқа жоламай-ақ қой.– Сен айтты екен деп неге қашуым керек! Естігеніңнің бәрі

өсек болса ше!– Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды.– Бүйте берсек, әңгімеге ілінбеген қыз-келіншек табыла ма?– Мүмкін, бар шығар. Іздеу керек.– Қашанғы іздеймін. Шаршадым.– Онда өзің біл.– Жоқ, сен досым емессің бе! Әлгі сары шаш келіншек тура-

лы не естідің? Айтсаңшы ашып...– Мені одан әрі қинама.– Жоқ, қинаймын! Айт расын!– Ол өзі... жеңіл жүріске әдеттеніп кеткен деседі. Кімдермен

қарым -қатынас жасайтынын да естігенмін. Демек, оңтайы кел-ген сәтте сенің де көзіңе шөп салуы әбден ықтимал. Әдетін қоя алса жақсы...

– Шын сөзің бе осы?– Имандай шыным!Мысық мұрт үнсіз қалды. Қапалы. Ренжулі.– Әй, осы... – деді сосын. – Бұ дүниеде жаны пәк, жүрегі

таза, ойы орнықты қыз да, келіншек те қалмай бара жатқаны ма? Енді не істеймін! Қу тіземді құшақтап өтем бе бұл дүниеден?

Мысық мұрт пен Жалтыр бас, әне, тағы да өзара сөйлесіп, әлденеге дауласып, тағы да бірге кетіп барады.

* * *«Ел ішінде азаматтың жаманы жоқ, бірақ өсектен аманы тағы

жоқ...» депті дана қазақ.

Кран мен экранБурабайдағы демалыс үйіне бір мезгілде екі бірдей келіншек

келіп кірді. Екеуі де дем алмақшы. Екеуі де жас шамалас. Тек айырмасы – бірінің шашы сары да, ал екіншісінікі – қара.

Демалыс үйінің кіре берісіндегі ұзынша орындықта қаздай тізіліп отырған бір топ демалушылардың арасынан біреуі:

– Ана сары шашты келіншек теледидардағы ұлттық бағдарламаны жүргізбей ме? – деп, оны бірден танығанын аңғартты. Оны қасындағы серігі де қостап:

Page 79: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

80

– Иә, сол келіншекке ұқсайтын сияқты,– деп, бұрыла қарады.Ал, үшінші демалушы айтты:– Әй, ол емес болар, ептеп түрі ұқсайды, бірақ....Осы кезде ұзынша орындықтың ең шетінде отырған бір кісі:– Ау, ана қара шашты келіншекті танимын ғой, – деді. Бәрі

оған қарай жапырыла бұрылып, жамырай тіл қатты:– Танисың ба?– Қайдан танисың?– Ол кім? – десіп, ынтыға сұрап жатты.– Ол ма! Ол өткен айда «қаладағы үйімді заңсыз бұздыңдар»

деп өкіметке қарсылық көрсеткен келіншек. Естеріңде ме, биік кранның ең төбесіне шығып алып...

Осы-ақ екен, бәрі оны жарыса қостай жөнелді.– Тап өзі!– Сол ғой мынау!– Краннан түспей қойған келіншек...– Әй, өзі де жүректі екен!Бағаналы бері бөстекі әңгімеге зауқы болмай, орындықта ұйқы

қысып, есінеп – есеңгіреп отырған бір келіншек дереу орнынан ұшып тұрды да, оған жетіп барып, амандасып үлгерді.

– Сені таныдым. Сен анада кранға шығып алып, өкіметке өз талабыңды өткізген батыр келіншексің! Солай ғой, ә?

– Болсақ болармыз, – деді әлгі қара шашты келіншек күлімсірей сөйлеп.

Өзгелер де өре түрегелді.Кранға шыққан «батыр» келіншекті енді бәрі қоршап алыпты.

Сұрақ тұс-тұстан жауып кетті.– Сен сонда қалай қорықпадың?– Өзіңе-өзің сенімді болдың ба?Сұрақтан соң сұрақ онан бетер туындап кете барды. Ал,

онымен бірге келген экран «жұлдызы» әп-сәтте елеусіз қалды. Ешкім одан: «сен теледидарда істейсің бе?» деп сұрамады да. Тіпті экран «жұлдызының» өзі де «мен кіммен бірге келгенмін» дегендей, әлгі құрбысына алыстан көз салып, ұзақ қарап тұрып қалып еді.

Міне, бар оқиға осы.* * *

Мұндайда қазақ айтады: «Атың шықпаса, жер өрте!»Ал Елес айтады: «Қандай аңғалсың, қайран ел!»

НубайОл Бурабайдағы демалыс үйінде демалып жатыр еді. Өзімен

қатарлас ешкім жоқ. Бәрі де жастар. Сосын да бір мезет сөйлесетін, ой бөлісе қоятын кісі таба алмай қиналды. Сонда ой-

Page 80: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

81

лады: «Қатарың болмаса, тойға барма» деп қазекем дәл айтқан екен-ау!»

Асханадағы қатарлас столда орта жастағы бір кісі тамақ ішетін. Өзі көп сөйлемейді. Сөйлемейді дейді, тіпті үндеместің тап өзі. Өйткені, келгелі бері аузынан бір ауыз сөз шыққанын естіген емес.

Бір жолы бетпе-бет келіп қалған сәтте, оны тоқтатып сөзге тартты.

– Иә, замандас, қайдан келдіңіз?– Астанадан.– Мен де Астанадан келдім. Жерлес болдық қой.– Ну...– деп, танысы тісін ақситып, жымиып койды.– Жалғыз келгенсің-ау, сірә!..– Ну...– Жасымыз да шамалас сияқты. Елуге келген сияқтысың.– Ну...– Осы жолы демалыс үйінде өңкей жастар қаптап кетіпті.

Тіпті бала-шаға десе де болады. Түк қызық емес.– Ну...– Әй, осы елу жастан кейін расымен-ақ тіршіліктің қызығы

да азая бастай ма деймін...– Ну...Бұл қанша сауал беріп, оны әңгімеге тартса да, аузынан бір

ауыз сөз шығара алмай, азапқа түсті. «Ну...» деп шаршатты.Сол күйінде екі жаққа бөлініп, әрқайсысы өз жолымен кете

барған. Одан кейінгі кездесулерде жай амандасып, жанынан жылдам басып өте шығатын болды. Басқа не істемек!

Қалаға келген соң, таныстарына:– Қатар ешкім болмады, шүйіркелесер кісі болмағаны қиын

екен, бүйтіп демалғаны құрысын, – деп қинала әңгіме айта бас- тап еді. Қатар достары мұның сөзін күлкіге айналдырып әкетті.

– Әй, өзіңнен де бар ғой, – деді.– Аспандап жүресің. Ешкімді менсіне қоймайсың.– Әйтпесе, бүкіл демалыс үйінде сөйлесетін кісі неге табыл-

масын!– Рас айтам. Жасымыз шамалас бірде-бір кісі болмады, –

деп, бұл ақтала сөйлейді.– Тіпті бір кісі де кездеспегені ме?Бұл аз-кем ойланып отырды да, әлгі «Ну...» дейтін үндеместі

есіне түсірді.– Болды бір кісі... Бірақ, соның өзі... – деп, мүдірді.– Ол кім?– Атын да сұрамаппын.– Ой, танысқандарыңа болайын.– Жоқ, атын біледі екем.

6-177

Page 81: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

82

– Кім екен?– Нубай...– Ондай да ат бола ма? – деп, бір досы шиқылдап тұрып

күліп алды. – Әзілің шығар.– Иә, оның мен білетін аты – осы! Басқасын білмеймін.– Шіркін, қазақ-ай! – деді досы. – Атты да қоя салады-ау,

өстіп...«Бұл менің қойып алған атым еді» деп бұл да айтпады.Бар әңгіме осымен аяқталды.

* * *Мұндайда қазақ айтқан сөз: «Мыңның түрін білгенше, бірдің

атын біл!»Ал Елес айтады: «Көп сөйлегеннің бәрі бірдей ақылды ма?...»

Би мен билікОл қандай да бір қиын жағдай болмасын, қиыстыра жол

тауып, көңілге қонымды билік сөз айтушы еді. Сосын да оның екінші аты – Би.

Ал екінші кісі билікке жақын жүргенді ұнататын. Оны жоғары жақтағылар ылғи жауапты қызметтерге тартушы еді. Осы күнге дейін әртүрлі билік қызметінде болып үлгерді. Сосын да оның екінші аты – Билік.

Сол екі азамат күндердің күнінде ел ішіндегі депутаттық сайлау науқанына араласты. Екеуі, бірақ, екі жақтың сөзін сөйлеп бақты.

Бірі – шын еңбек адамын, ел сөзін айтатын кісіні ұсынып, соған дауыс беруге үгіттеп жүрді.

Екіншісі – артық әңгіме айтпайтын, өз пікірі күңгірттеу, алай-да жоғарыға бас изеп тұратын ұнамды азаматқа дауыс беріңдер деп шырылдады.

Аяғында не болды дейсіз бе! Әрине, Биліктің айтқаны өтті. Оны өткізген – билік. Би бұл жолы жеңілді.

Арада біраз уақыт өткенде ел аяқ астынан қиын жағдайға тап болды. Ауыл шетіндегі су тоспасы бұзылып кетіп, көп үй суға кетті. Ел күңіренді. Әлгі депутатқа қарады. «Біздің зар сөзімізді жоғарыға жеткіз» деді. Депутат уәде берді. Бірақ жақын арада нәтиже болмады.

Бір күн өтті. Бір ай өтті. Бірнеше ай өтті. Өзгерген дәнеңе жоқ.

Міне, сол кезде ел Биді іздеді. Есіне енді ғана түсіпті.– Сөзімізді сөйле, жоғарыға тыңдат, – деді. – Сенеріміз

сенсің!

Page 82: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

83

Би құп алды. Сол күннен бастап бір сәт те тыным көрген жоқ.

Жоғарыға барды. Ол тыңдады да, құрғақ уәдемен шығарып салды.

Сосын одан да жоғарыға барды. Сөзін тыңдады. Ол да ман-дытып ештеңе шеше қоймады. Сөзбұйдаға салды.

Одан да жоғарыға өрледі. Беті қайтпады. Орындатпай тынбасқа бел буғанын бәрі де білді. Ақыры дегеніне жетті. Ел зары биліктегілердің жүрегіне жетіп, шаруаның шешімі демде табылды.

Сол кезде қуанышы қойнына сыймаған халық «Ой, өзің аза-мат екенсің!» деп оның арқасынан қағып, ризалық алғыс айтып, сезімдерін білдіріп жатты.

– Айтқаныңнан қайтпайды екенсің!– Өтірік сөйлей алмайды екенсің!– Сенің қадіріңді енді түсіндік.Бәрі бітіп, барлығы өз орнына келген соң, арада біршама уақыт

өте, ел іші тағы да Биді ұмытты. Тағы да Билікке ыңғайланып, соның жанына топырласты.

Бірақ оған Би ренжіген жоқ. Солай боларын алдын-ала білген жандай, ештеңені елең етпей, өз жөнімен жүріп жатты.

* * *Мұндайда қазақ: «Аузы қисық болса да, бай баласы сөйлесін!»

депті.Ал Елес айтады: «Қай нәрсенің қадірін, басыңа іс түскенде

білерсің!».

Кісі қадіріБұл фәниде ойлап қарасаң, кісіден қадірсіз кім бар екен, а?

Осы сөзім өтірік пе? Жалған айттым ба? Жоқ, бұл шындық. Ешкім дауласа алмайтын ақиқат. Шындықтың шын жүзі.

Бір ақын былай деп жазыпты:– «Ақындардың тағдыры қылдай неге?Өліп барып озасың бұл бәйгеде!»...Міне, сіз бен біз өмір сүріп жатқан қоғам тап осылай. Көзі

тірісінде көмбеге аман-есен жетіп жатқан жүйріктер жоқ десе де болады. Неге?

Осы «неге» деген сауалға адамдар өмір бойы жауап іздеп келеді. Жауап таба алатын емес.

Тірлікте жақсылар мен жайсаңдардың өз дәуірінде бағаланбауына басқалар емес, сіз бен біз кінәліміз. Өзімізге өзіміз тор құрамыз. Өзімізді өзіміз тобықтан қағамыз. Өйткені, пенде барлық уақытта азды-көпті кемшіліктен құр алақан бола

Page 83: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

84

алмаған. Солай болып кете бере ме екен, а?.. «Әрине!» дейсің іштей күрсініп алып.

Демек, о, пенделер, кез-келген азаматыңды сын садағына ал да, атып түсіре бер.

Қазақ олай емес дейсіз бе?Қазақты жақтағыңыз келе ме?Тап осындай қисық әдеттен қазақ шынымен аман ба екен?Жоқ, қазақ та солардың жуан ортасында. Маңдайына

біткен мықтыларын көзі тірісінде жетістіріп ұлықтаған емес, ал өлген соң... өлгеннен кейін шетінен данышпан, шетінен құдірет! Өлілер жайлы еш қымсынбай, еш тартынбай, көсіле сөйлей- міз-ау!

Демек, көнуге тиіс жалғыз ақиқат – көзі тірісінде қадірлі болған пенде кемде кем! Егер бар болса, ілуде бір-екеу ғана...

Тағы бір ақын былай деп жыр кестелепті.– «Мықтысың ба, мейлі сен ірісің бе,Қадірің жоқ көзіңнің тірісінде!»Осы ақын неге бұлай жазды екен деп ойланасың! Осынша

таусылуға бола ма! Неге тарылады?Сол ақын ары қарай былай деп жалғайды:– «Тірлігіңде, ей пендем, ірісінбе,Бар бақытың сол болар!Тірісің бе?»Ойпырмай, осының айтқанына тұрамыз ба, қайтеміз! Бұдан

артық айта да алмаспыз, сірә!Рас, сіз бен біз тірі жүрміз. Бармыз. Аманбыз. Саумыз. Сол

тірі жүруден артық қандай қадір керек екен!Иә, сен тірі жүрсің! Сол сенің қадірің...

* * *«Басы аманның бағы ашылар!» депті қазақ.Ал Елес айтады: «Өлі арыстаннан тірі тышқан артық».

Күн мен түнТіршілік, әу бастан, күн мен түннен тұрады. Күн батады,

түн келеді. Түн ауысады, күн оралады. Осылай мәңгі-бақи жалғасып жатыр.

Алайда, жер басып жүрген жұмыр басты пенделердің ара-сында түнді ұнатпайтындар да баршылық. Неге?

Өйткені, түн қараңғы. Түнде жүру қорқынышты. Жер бетіндегі барлық қылмыс атаулы негізінен түнде жасалады. Түнде ұйықтайсың. Ұйықтап жатып, тосын жағдайлардан қорғанып та үлгермейсің. Опынып қалуың оп-оңай. Түн туралы теріс сөз осылай болып жалғасып кете береді, кете береді.

Page 84: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

85

Бірақ, осы адамдар сол қара түннің де пенде үшін аса қажет қасиеті бар екенін неге түсінгісі келмейді?

Пенде күнде тәтті жесе, бір күні құсады.Пенде ұйықтамай, тек қозғалыста болса, бір күні естен танып

құлайды.Пенде күннен кейін түн бар екенін ойламаса, онда алдында

күтіп тұратын қауіп-қатер барын сезінбес еді.Бұл ғана емес. Кісіге ең әдемі, ең ізгі, ең терең ойлар осы

түнде келеді екен. Түн – кісіні еріксіз ойландыратын сәт.Бір ақын жазыпты:– «Қоп-қою қараңғылық!Қараңғылық!Төңіректі жұттың ба, қараңғы ғып.Қараңғылық!Қайтесің жасыл бақты, Бүркемелеп, бөтен ғып, жасанды ғып!»Реніші болар! Жарықты аңсауы болар...Ал, сол ақын әлгі

өлеңінің бір жерінде:– «Жасыл дүние жоғалмайды, түн – түнек!...Тағы жауды түнде жаңбыр сіркіреп!Бақ ішімен келе жатам аяңдап, Көк исі шығады-ай бір дүркіреп!Сезімім мас, оятамын сілкілеп!»... – деп, тағы да жарық

күнді, жарық әлемді арман қанатына қондырыпты.Алайда, бір нәрсе анық: сол ақын да осы қараңғы әлемді

жағадан алып, сілкілемейді. Тек... қараңғылық та жасыл әлемді жасыра алмасын сездіреді.

Түнде табиғат маужырап, ұйқыға кетеді. Жасыл әлемді көре алмай, еріксіз іздейсің. Сосын таң ертерек атса екен деп арман етесің. Арман деген адам үшін асыл қазына емес пе!

Осы жолдарды да түн жамылып жазып отырмыз. Түн тып-тыныш! Ешкім ойыңды бұзбайды. Ештеңеге алаңдамайсың.

Армысың, тұнық түн!* * *

Мұндайда қазақ айтқан: «Бақыттың қадірін сорлағанда сезінесің!»

Елес айтады: «Салыстыру – шындықтың таразысы».

Өсек айтқан емеспін...(әзіл орнына)

Мен өзім... әп-п-ті-шу-у!..Мен бар ғой... ә-ә-ә-пи-ті-шу-у!..Жалпы мен...ә-ә-ә-ә!... Тфу-у, әдірем қалғырдың түшкірі-

гін-ай! Келмейтін кезде келіп, адамды алқымдай бергені несі

Page 85: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

86

екен. Осы. Оқта-текте жабағы жүнің көтеріліп, әңгіме айта қоятын десең, шиқылдайсың, биқылдайсың. Сөйтіп есіңнен танасың. Басқасына бақастық етсе де, түшкірікке тойғызып қойған бұл құдайың. Аузыңды ашсаң, танауыңды қытықтап тұра қалады.... Ойбай-ай, күнім-ау, сен шошымай-ақ қой. Тұмаудан құдайым сақтасын! Ешқандай да ауруым жоқ, менікі жәй... ал-лергия ғой. Жылда жаздың аптап ыстығын осылай шығарып саламын, тәйірі... Жұқпайды. Ол жөнінде өзіңе сенгендей сене бер. Жұғар болса он жылдан бері отасып келе жатқан құдай қосқан қосағым қалпақтай ұшар еді ғой. Кешке теректей сұлап түсіп, таңертең қазықтай қақиып тұрып, жұмысына кетеді. Бұл жалғанда мұрны қанап көрмеген маубасым менің... Тфә, тфә! Тіл-аузым тасқа. Іссапарда жүр еді, аман болсын, әйтеуір!

Менің айтайын дегенім, олләһи шыным, тырнақтай тірлікте пенде болып өсек айтып көрген емеспін. Жасыратын не бар, әйел халқы қашаннан сыпсың сөз, күңкіл күбірге о бастан бір адым жақын жүреді. Оны-мұны әңгіме айтылады, әрине. Енді тірі пенде болған соң аузын буған өгіздей қалай күн кешпексің. Аздап айтамыз ғой. Өсек емес бірақ...

Осы мына көршімді айтамын да. Өзі мал дәрігері ме, жоқ әлде зоотехник пе, ол арасын анықтап сұрай қоймаппын. Әй, оны-сын қойшы. Неге міністір болып кетпейді, маған десе. Әйтеуір менің жақсы білетінім – бетінің қотыры бар. Төменгі қабаттағы әйелдер «қотыр бет еркек» деп күңкілдеп мазақ етеді. Қотыр екені рас. Қосыла кетіп, күлкі етсем маған да ешкім бәле жаба қоймас еді. Оның қажеті қанша? Бұжыр болса, бола берсін, бет менікі емес оның өзінікі. Өзіміз айна алдына барсақ, қиылған қас, оймақ ерін, бүйрек бет, боталаған жанар жуық арада жібере қоймай, жарты сағат жәй аялдауға болады. Мен ғой... Ту-у, қотыр дейді ей, керек десең, сол қотыр болғанының өзі жақсы. Бұған ана шүйкебасы орамалын аспанға атып қуану керек. Енді ше, күйеуі көріксіз болса, оған көлденең көк атты әйел жыныс- тылар көп жанаса бермейді. Әйел жанасты дегенше, еркектің төресі болса да шаруасын біржақты етеді.

Айттым ғой, оның бетінде шаруам шамалы. Бір қызығы сол көрші басқа еркектерден алабөтен. Елдің отағасы күнді ұясына қондырып, сыраны сіміре ішіп, ықылық атып, жатар орынға әзер жетер болар. Бұл... үйкүшік, білем. Қашан көрсең де алдыңнан аузы жаялықтай болып, ыржиып шыға келеді. Әй, әдірем қалсын, айында-жылында болса да, бір рет естен тана арақ ішпеген еркек еркек пе, тәйірі? Бірсыдырғы күйкі өмір кісіні жалықтырады. Кейде есі кіресілі-шығасылы күйеуіңмен әңгіме- дүкен құрған да бір ғанибет. Бұл да кісіге рухани азық.

Сол көрші еркек... бетім-ай, күнде үйіне бірнәрсе арқалап келетін еді. Кеше байқадым, ванна мен кухнясын қатырып

Page 86: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

87

жөндеп қойыпты. Табанына паркет төсеп, қабырғасына жыл-тыр, ою-өрнекті кафель жапсырған. Сондай дефицит заттарды қайдан алады, өзі? Ұрлайтын шығар. Әй, ұрлайтын болу керек. Ұрлайды.

Жарығым-ау, мен осы уақытқа дейін кіммен көрші болып келгенмін. Ұры ғой, мына еркек. Әйтпесе жаңағы дефицит заттарды қайдан, қалай таба қояды? Айтшы, кім бұған «мә, алыңыз» деп ұсынбақ. Үлкен бастық болса бір сәрі, лауазымы кіші, біреулер жағымпазданып жеткізер. Жүрісі анау, тұрысы анау, оған кім иіліп, сый-құрмет көрсете қояр?

Төмендегі әйелдер «қотыр бет» деп босқа арамтер болып-ты, ұры деу керек мұны. Кәдімгі ұры. Ақшасына сатып алуы мүмкін деймісің?... Пәлі, айына алатын айлығы белгілі, төкпей-шашпай жинады дейін десең үстіндегі киімі анау. Кілең де-фицит. Киімнің тәуірі, моданың жаңасы... Әйелін үлде мен бүлдеге орап қойған. Аузы тола алтын тіс. Ауыз емес, алтынның қоймасы ма деп қаласың. Келген қонаққа тек қана спирт береді дейді. Оны да жұмыстан жымқырады бұлар. Болмаса спирт сатыла ма екен? Айттым ғой, айттым ғой мен, бұлар таза адам-дар емес. Жымқырып жеп дәніккен, жеуге бейім жемқорлар. Өздері сөйте тұрып, оқта-текте, айында ма, жылында ма – өзім жұмыс істейтін жұмысшылар асханасынан бірер кило ет, үш-төрт түйір шұжық әкелсем, елге айбарық етіп: «Сылқымгүл тамағын тегін асырайды, асханада ет қоймайды» деп әңгіме қылады екен. Әдірем қал, о несі екен!... Менікі ұрлық емес, ертең ақшасын төлеймін, елден артылғаны. Таңертеңнен қара кешке дейін жұмыста боламын, балаларға тамақ керек, жұмысты тастай салып, қай жерден ет іздей қояйын.

Ой, сормаңдай! Кіммен көрші болып келгенмін? Ұры ғой, бұлар! Ертең күйеуім іссапардан келді бар ғой, тура басқа жаққа көшіп кетемін. Жетеді. Бұжыр бет ауруым жоқ. Азанда көрсең де, кешке көрсең де үйінен шықпайды. Еркек пе екен сол да. Еркек деген ептеп тентек болуы тиіс. Арақ ішсін, у ішсін, тек ақылын ішпесін де. Бір күні өлесі болып ішкен соң, он күн жүндеуге жақсы. Айтқаныңа көріп, айдағаныңа жүреді.

Ертең көшемін. Басқа жерден пәтер іздеу керек.Айтпақшы, мына үстіміздегі қабатта тұратын үйдің еркегі

бар ғой, барып тұрған алаяқ. Өтірік күліп алады да, мас бол-са, ақшасы бар қалтасын астына алып жығылады. Біреу-міреу қалтамды қарап, тиын-тебенімді алып қоймасын дегені ғой. Ол өзі... Ә-ә-ә-әп-п-ші-шу-у!...

Оның өзі... Ә-ә-ә-әп-п-ті-шу-у!...Ә-ә-ә-әп-п-ті-шу-у, ә-ә-ә-әп-п-ті-шу-у!...

Page 87: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

88

* * *Қазақ былай дейді: «Өсекшінің өсегі өзіне дұрыс».

Қарапайым болуБурабайдағы демалыс үйінде осы кісімен бір столда оты-

рып тамақ ішетін. Күндегі әдет осы. Таңғы ас, түскі ас, кешкі ас... Көрмейін десе де көреді. Жүздеспейін десе де жүздеседі. Тілдеспейін десе де тілдеседі.

Бұл – қызметкер. Лауазымы бар. Ал, анау...Өзінің айтуынша – істемеген жұмысы жоқ. Ол шопыр да,

құрылысшы да болыпты. Егін де егіпті. Әйтеуір араласпаған шаруасы жоқ десе де болады.

– Қарапайым адаммын, – дейді. – Қарапайым болып өмір кешу – ғанибет қой.

– Әлбетте, – дейді бұл да. – Оған не жетсін!Содан екеуі бір-бірімен сырласып, әр саладан әңгіме тиегін

ағыта бастады.Бір жолы әңгіме ата-тек туралы өрбіді.– Қазақтың данышпандығы сонда, – деді бұл. – Әрбір қазақ

өзінің жеті атасын біліп өскен. Жеті атаға дейін қыз алыспаған.– Жеті ата деген не? – деп сұрады анау.– Жеті атаны білмейсің бе? Өз әкең, атаң, оның атасы...– Ә-ә, – деді ол. – Сол ма еді.– Сен жеті атаңды білесің бе?– Әй, соны ойламаппын. Өз әкемді білем. Атамды білем.

Ал, одан арғысы...– Қызық екен. Жеті атаны білмеу деген...– Әй, қойшы, – деді ол. – Соны да сөз деп... Одан да жүз

грамнан тастап жіберсек қайтеді, а?Бұл оның өтінішіне қарсы болмады. Әңгімеге зауқы болмай

тұрған шығар деп ойлады. Қарапайым болғанға не жетсін!– Ішсек ішейік...Жүз грамнан ішілді. Оның артынан тағы да...Енді әңгіме қазақ ұлты туралы, оның тарихы жайына ауысты.– Ана Абылайдың заманында, – деп, бұл сөз бастай беріп

еді, анау:– Ол кім? Ақын ба? – деді.– Жоқ, батыр. Ел билеген хан.– Ә, солай ма?– Жарайды, Абылайды қоя тұралық. Ал, енді Мағжан өз

кезінде былай деген...– Мағжан?! Ол – революционер ме?Бұл күлді. Күлді де:– Иә, революционер, – деді. – Тек поэзияның...

Page 88: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

89

– О, тоба! – деді анау. – Поэзияда да революционер болған ба!.

Әңгіме тіпті қиюласпады. Енді не айтарын да білмей састы. Сосын одан:

– Өзің қай тақырыпты жақсы білесің? – деп сұраған.Анау айтты:– Әй, маған бәрібір...– Жоқ, бір нәрсеге қызығатын шығарсың?– Мен бе? Мен... – деп, ол мүдіре түсті. – Мен анекдотты

жақсы көремін. Күле білу – ғанибет қой.– Әрине, күлкі – витамин...– О – о, өте дұрыс айттың!– Ал, онда анекдот айт.– Е, оны айтуға болады.Бірге демалып жатқан екі таныс осылайша күні бойы анекдот

айтты. Жаңа танысы осыдан зор ләззат алады екен. Ал бұл болса... қатты шаршады. Тіпті жүйкесі жұқарды. Қарапайым болудан шаршады ма екен, бәлкім...

Ертеңіне үйге қайтуға бел байлады.– Ойбай – ау, қайтам дегенің не? Мен енді кімге анекдот

айтамын.– Оқасы жоқ, тағы бірде...– Ішім пысатын болды-ау!– Тыңдайтын кісі табылар...– Әй, ондайлар қайдан болсын. Осы күнгі адамдар анекдот-

ты түсіне білмейді. Қайдағы бір қияли әңгімеге құмар.– ?!

* * *Мұндайда Елес айтады: «Тең теңімен, тезек қабымен болғаны

абзал-ау!...»

Екі шақырым жер еңбектеген адам(әзіл орнына)

Әшейінде жалы күдірейіп, арыстанша айбат шегетін Апақ деген «батырыңыз» сол жолы зәресі ұшып, қатты қорықты. Айдың, күннің аманында екі шақырым жерді еңбектеп өтті-ау, бұл сабазың! Тіпті спорт шебері де ойлы-қырлы жермен мұншама қашықтықты еңбектеп өте алар ма екен, десеңізші. Әй, қайдам-ау!

Бұл өзі былай болған еді.Орталыққа барып, оны-мұны шаруаларды бітірем деп

жүргенде күн кешкіріп кетті. Үш шақырым жердегі ауылға жеткізіп салар көліктің ыңғайы болмаған соң, нар тәуекел деп,

Page 89: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

90

қас қарая төтелеп тартып кетсін. Сәл ұзап шыққан соң байқады, шынында да қою қараңғылық үйіріліп қалыпты. Айнала тым-тырыс. Ай да, жұлдыз да көрінбейді. Мұндай қараңғыда жол-сыз жүру қиын болды. Кері қайта салайын десе, едәуір ұзап кетті. Оның үстіне Апақты еркектік намыс қысқандай.

«Нар тәуекел! Әйтеуір бір жетермін. Екі ауылдың ортасында осы уақытта қасқыр жорта қояр деймісің...»

Салып ұрып жүріп келеді, жүріп келеді. Осындайда серік етер ой да табыла қоймайды. Түн баласына кірпік айқастырмай өзіңді мезі ететін тіршіліктің майда-шүйде мәселелері де мұндайда еске түсе бермейді. Еске түссе де ойыңды бөле қоюы екіталай.

Апақ жастайынан ертегі кітаптар мен ескі хисса-жырларды көп оқып өсті. Содан да болар, түн баласына жалғыз қалса, есіне ең әуелі сайқымазақ сайтандар түсетін. Қазір де әлдеқайдан үзіліп-үзіліп, өзгешелеу үн естілгендей болды. Деп-демде тына қалады да, сосын қайта шығады. Енді, міне әлгі бір дыбыс жақындап келе жатқан тәрізді.

Енді қорқайын деді. Әлдебір жәндік құлақ түбінен зу ете түссе, ол да сайтан секілденеді. Өстіп, көңілін үрей билеп келе жатып, бір жерге оңбай сүрінді. Сосын апыл-ғұпыл тұра са-лып, біраз жер жүгіріп алды. Сосын тоқтап, демін басып, енді қозғала беріп еді, артынан кішігірім қара көлеңке қуа жөнелді. Шауып келе жатып, бақыра ма, әлде маңырай ма – әйтеуір бір түрлі дыбыс шығарады. Қатты-қатты адымдап, тіпті жетіп алатын болған соң тағы да зыта жөнелген. Зытып келе жатып, «ешкінің лағы емес пе екен» деп ойлады. Сонсоң тағы да, ай-далада лақ қайдан болсын дейді. Сайтан ба, сонда? Ол пәле әртүрлі аң кейпінде кездесе береді дейді ғой. Сол болса ше...

Тағы да сүрінді. Бұл жолы қатты құлады. Ыңқ етіп, бауырын көтере алмай ұзақ жатты. Сайтан-аң аяғын жалап-жалап бір-екі рет дыбыс шығарды да ғайып болды. Даусы қарлыққан бір пәле.

Апақ қайтадан орнынан көтерілді де, екі қадам аттап еді, жаңағы «сайтан» лезде пайда бола кетті. Қимылдаса тап басты-рар емес. Жата қалады... Жатып алып, тың тыңдаған. «Сайтан» тырс-тырс басып, қараңғылыққа сіңіп кетті. Бұл «піссіміланы» іштей сан рет қайталап, бойын жинап, тұра бергені сол еді, арты-нан бір нәрсе қараңдады. Селк етіп қалшиып тұра қалды. Жоқ, елес екен. «Сайтаннан» қазір ғана құтылыпты. Апақ енді ұзақ аялдауға болмайтынын білді. Бар күшін жиып алды да, жүгіре жөнелді. Сол-ақ екен, қарлыққан дыбыс келді құлағына. «Сай-тан» қуып келеді. «Мә-ә... Мә-ә-ә...» Тап бастырар емес. Жерге жата кетті. Әлгі келе сала Апақтың аяғын емес, бұл жолы бетін

Page 90: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

91

жалады. Көзін тарс жұмған Апақ «өлген жерім осы шығар» деп ойлады. Ішінен құдайына жалбарынып жатыр. Жалап-жалап бо-лып, тағы да зым-зия жоғалады. Бірақ Апақ «сайтанның» бір минут ішінде ғайыптан пайда бола кететініне күмәні қалмады. Әрі жатып, бері жатып, енді тек қана еңбектеп қашу керек екен деп ойлаған. Үстіндегі тәуір киімдерін де аямастан, жүз қадам жер еңбектеп барды да, екі шынтағы ауырған соң, басын көтерді. Жаңағы жоқ екен. Орнынан тұрды. Аяғын аңдап басып, бес-алты қадам жер аттады. Сол-ақ екен, қарлыққан дауыс қуа жөнелді.

Еңбектесе ғана байқамайды. Қорқыныш сезімнен жүрегі жа-рылып кетуге шақ қалған Апақ енді екі шынтағын да аямады. Еңбектей берді, еңбектей берді.... Екі шақырым жер еңбектеген оның шынтағы енді сыздап ауырсын. Тері мен ет жырым-жы-рым болып, оның арғы жағынан сүйегі ырсиып көрініп тұрған-ды...

«Сайтанның» құпиясы таң атып, күн жарық болғанда белгілі болды. Сөйтсе адасып жүрген ешкінің жас лағы екен. Енесін іздеп, маңырай-маңырай даусы қарлығыпты. Қолға үйренген мал адам қарасын көрген соң, соңынан түсіп алып қуа берген ғой...

Айлы түнде ешкінің кішкентай лағынан қорқып, екі шақырым жер еңбектеген Апақ «батыр» қол жарасынан біраз азап шегіп, әзер жазылды.

* * *Мұндайда қазақ былай дейді: «Қорыққанға қос көрінер...»Ал Елес айтады: «Сужүректің сазайын беретін сәттер де бо-

лады».

мәлімбайдың мінезі өзгерді(мысқыл)

Мәлімбайды білесің бе, Мәлімбайды!... Ойбай-ау, кәдімгі Мәлімбай ше!... Иә, иә, жүз грамм жұтқыншағынан өтіп кет-се, ит көрген ешкі көзденіп, кісіге жұдырық ала жүгіретін Мәлімбай... Ту-у, қалай есіңе түспейді? Енді қай қылығын ай-тайын.! Мәлімбай!... А, айтпақшы білмейді екенсің ғой. Сен түгілі оны өзім де жақында естіп, тамағым жыртылғанша кеңкілдеп, онан соң қарқылдап тұрып күлген екенмін-ау!

Білмейсің. Білмейтін болдың оны. Жарайды, мәселе онда емес. Тіпті шынтуайтқа келгенде сол білмегеніңнің өзі тәуір бол-ды. Барлық қызығын бір-ақ естігенде не жетсін, шіркін...

Сол Мәлімбай ішкілік ішуді қойып кеткелі бері, мүлдем өзгерді. Бұрынғы әрекеті бес саусақтай белгілі ғой, араққа аузы

Page 91: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

92

тигенше адам, сол пәлекетті сіміріп алған соң «сайтан». Қатынына қоқаңдайды, басқа әйелге едіреңдейді. Еркек атаулының есін шығарып, ана бөлмеден мына бөлмеге тырқыратып қуып жүргені. Оның «сайтаны» ұстағанда стол үстінде сау ыдыс қалмайды, стакандар сынады, кеселер қирайды, шанышқы мен қасық еден-де бытырап шашылып жатады.

Бағаналы бері биік столға бойы жетпей, қып-қызыл алма мен қатқан өрікті көріп, сілекейлері шұбырған кішкене балалар ғана Мәлімбайдың мына тосын қылығына дән риза. Арман болған алма да, өрік те, тәтті жүзім мен мейіз де енді стол үстінде емес, стол астында. Жатып ал да, жей бер.

Қой аузынан шөп алмастың өзі болыпты. Жолдас-жоралары арқа-жарқа қуанып қалды. Әсіресе әйелдер жағы бір-біріне пыш-пыш өсек тасып «Есіз қалғыр, миы жоқ деп жүрген Мәлімбай да адам болыпты, қатыны байғұстың көзі ашылған екен. Арақты қойса адам болмай қалар деуші ек, бәрі де бос сөз екен ғой» десіп, апталар бойы оның құлағын шулатты.

Пашанның Қайыскүлі бұл хабарға қуанып қана қойған жоқ, екі күннен соң болатын ұлының туған күн кешіне елден ерек әзірленіп жатты. Өмірі кісі көзіне көрінбеген хрусталь ыдыс- тарды шығарды. Тарелке де, стакан да сыңғыр-сыңғыр етеді. Пашан Қайыскүлдің мына қылығын түсіне алмай:

– Ойбай-ау, Мәскеуден қонақ келетіндей, сонша сәндеп жібердің ғой, – деп еді, әйелі ала көзімен ата қарап, маңдайынан сүмектеп ағып тұрған қара терді оң қолымен ысырып жіберді де:

– Қатын тірлікке қыстырыла бермей, жайыңа отыр, – деген. Күйеуі жым болды.

Қонақтар келген күні үйдің іші жайнап сала берді. Елдің көбісінің көзі тағамда болғанмен, көңілі Мәлімбайда. «Есектің миын жегендей есеңгіреп қалыпты-ау, байғұс. Сөйлер сөзінен де жаңыла береді» деп іштей ойлап, аяушылық білдіріп те қояды.

Бүгінгі отырысқа Мәлімбай үшін оның шегір көз келіншегі Шәпия әзірленіп келген сынды. Салатты опыра жеп, оңды-солды кезек сілтеп, бір сөзді екінші сөзге жалғап отыр.

– Бетім-ау, – деді бір мезет, – Пашанның Қайыскүлі бүгіннен бастап тек хрусталь ыдыспен қонақ қабылдайтын болған ба?

Қашаннан ауызекі сөзде дес бермейтін Қайыскүл оның әзілін аузынан қағып ала қойып:

– Мәлімбай «молда» болса, хрусталь ыдыс қою қолда ғой, – деп шиқылдай күлді.

Шәпия өз тілін өзі тістеп алды.Мәлімбайдың жаялықтай аузы жайыла түсіп, кеңк-кеңк етті...

Әйелінің кескініне көз салған жоқ.

Page 92: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

93

* * *Мұндайда қазақ айтқан: «Тәртіп – тәлімнің бастау бұлағы».Ал Елес айтады: «Не нәрсенің де ақырын берсін деп тіле!»

сәбиге қарап сүйсінді(мысқыл)

Ішкіліктің сиқырлы торынан сытылып шыққалы бері Мәлімбай әртүрлі тәтті қиялдарға берілетін болып алды. Жұмысқа уақтылы барып, үйге кешкісін ерте қайтады. Теледидар көреді, бала тәрбиесімен айналысады. Ал жатар алдында бірауық газет-журналдарды аударыстырып, кітапханадан алып келген әдеби кітаптарды парақтайды.

Бұл күнде оның күнделікті пікірлесіп отыратын екі кісісі бар. Оның бірі – кітапханашы келіншек те, екіншісі – аурухананың дәрігері. Кітапханаға соға қалса, әлгі танысымен қандай көркем әдебиетті көбірек ынта қойып оқу керектігі жайлы міндетті түрде пікірлеседі. Ақыл-кеңесін тыңдайды.

Дәрігер жігітпен кәдімгідей дос болып алды.Өткен жолғы әңгімелесуден соң, Мәлімбай терең ойға түсті.

Анау айтты:– Еркек араққа салынып кетсе, оның ағзасы бүлінеді. Де-

мек, балаларының не ақыл есі кеміс, не болмаса дене бітімінде жетімсіздік болады. Сол себепті де әрбір отбасы бұған селқос қарай алмайды. Айталық, әйел мен еркек ақыл-есі бүтін, сана-сезімі түзу сәбиді дүниеге әкелу үшін қолдан келгеннің барлығын жасайды. Орынсыз ашуланудан сақтандырады...

Шәпияның аяғы ауыр еді. Мәлімбай дәрігердің айтқан ақылын миына құйып, бұдан былайғы жерде тек қана әйелінің жағдайын ойлайтын болды. Ұл күтіп жүрген. Дүниеге дене бітімі де, ақыл-есі де дұрыс торсық шеке ұл келетініне сенімі зор.

«...Арақты қойғаным мұндай жақсы болар ма» деп, ол түндер бойы өз ойымен өзі әуреленді. «Істің сәті түссе, осылай бола кетеді. Көрерсің, күні ертең Шәпия тура өзімнен айнымай-тын қара домалақ туады. Оның атын Тазалық деп айтамыз. Тазалық бізге де, бізден бұрынғыларға да мүлде ұқсамайтын таза, тамаша өмір кешетін болады. Елдің адамы атанады. Көпшілік «кімнің баласы едің, қарағым» деп сұрай қалса, бойын асқақ ұстап «Мәлімбай деген кісінің ұлымын» деп жауап берер. Сол сәтте бұл Мәлімбайың орнында қалай шыдап отырар екен деші...»

Оның арманы орындалды. Шәпия аман-есен босанды. Торсық шеке ұл келді дүниеге. Есімі де өз ойлағаны секілді – Тазалық болды.

Арада апталар өткенде Тазалықтың көзі қитар екені білініп қалды. Мәлімбай бұған жатып келіп ашулансын:

Page 93: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

94

– Мен ішкілікті қойғалы талай уақыт болды. Неге қитар бала туасың? Саған кеміс бала тап дедім бе! – деп селк-селк етіп, Шәпияның миын ашытты. – Мүмкін менен жасырып, көрші келіншектермен арақ ішіп жүрген шығарсыңдар...

Ұйып отырған үйге демде ұрыс кірді. Ошақтан бере-ке кетті. Шәпия жылап-сықтап көршілерге жүгіреді, олардан көмек сұрайды. Мәлімбайдың ит мінезін жақсы білетін құдайы көршілері бұлай қарай аяқ баспайды. «Отбасы болған соң, аяқ-табақ сылдырламай тұра ма» деп кексе әйелдер ақыл айтқан болады.

Бұл хабар ақыры дәрігер жігіттің құлағына да жеткен еді. «Қитар ұл туды» деп қабағы ашылмай жүрген жігітті осы шырғалаңнан шығарып алудың жолын қарастырды.

– Мәлімбай, – деді ол. – Медицинада көзі қитар адамның ақыл-есі төмен, қабілеті нашар болып келеді деген тұжырым жоқ. Қайта тарихтан белгілі, кейбір ұлы кісілердің жанарында кемістік болған. Баланың сана – сезімі дұрыс, қалыпты жетілу үшін отбасында тыныштық керек. Ана ашуланса, оның сүті арқылы сәби де уланып қалуы ықтимал...

Жақсы көрген адамның жарты ауыз сөзіне сене қоятын Мәлімбай ойлана түсті: «...Көзі қитар ұлы кісілер болған дей ме! Ау, менің ойыма үш ұйықтасам кірер ме бұл? Рас, дәрігерлер біледі ғой. Білмесе айта ма! Бәсе-ау, Тазалық тегін бала емес деп о баста айтпап па ем?! Еһ-еһ-еһ!...»

Бойын билей жөнелген шаттық сезімді жасыра алмай, үйге кіріп келді де, бесікте жатқан Тазалыққа сүйсіне қарады. Сол сәтте ол үшін шегір көз Шәпия да жер бетіндегі ең сүйкімді әйел секілденіп кетті.

* * *«Ақымақтың үлкен-кішісі болмайды» депті ғой дана қазақ.

«Бауырлар» қорлығы(мысқыл)

Өксікбай өкіріп тұрып жылады...«Бауырлар» қыр соңынан қалар емес. Қашса, тап бастыр-

май, қуып жетеді. Жетіп алады да, жабыла қыспаққа алады, бірі төбесінен төмпештеп жатса, екіншісі – желкесіне жарма-сып, құлағын бұрайды, ал үшінші біреуі ішінен ыңқ еткізіп түйіп қалады...

– Сен оңбаған, опасыз адамсың, – деп, сөз бастайды Ұзын мойын. – Жылы орнымды суытып, тысқа сүйреп шығардың. Қойыныңа тығып, бойымды жылытып, құрмет көрсеткен соң «құдай бақ берді» деп қуанып кетіп ем. Ол да ұзаққа созыл-мады. Дүкеннің артындағы кісі кіре бермейтін қуысқа тұрып

Page 94: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

95

алдың да, әлгі бас терісі келіспеген Кірпішбас жолдасың екеуің төбемдегі бас киімді тісіңмен жұлып алып, оның қатты ауырғанында шаруаң шамалы, жерге атып ұрдың. Сосынғы тірлігің де адам шошырлық. «Стакан жоқ, ол қайдан болсын» деп, Кірпішбас досыңа қарап, ақыры: – «Осылай бөтелкеден іше салайық», – деп, ежелгі әдетіңе басып «идея» айттың. Анау басын изеді. Мен қолдан-қолға зыр жүгірдім. Жүрек ай-нытар сасық иісті қайтерсің! Басым айналып, көзім қарауыта бастағанда бойымдағы барымды сіміріп, сорып болдыңдар-ау! «Уһ» деп ауыр дем алдым. Енді жаңағы жып-жылы орын-ды аңсап тұрдым. Сол кезде... Кірпішбас желкемнен сығымдап ұстап, әрі-бері аударыстырып көрді де, анадай жердегі қоқыр-соқыр салынған жәшікке ытқытып жіберді. Көзімнен кек пен ыза жасы тамып – тамып кетті. Құтқарып қалатын шығар деп саған жаутаң-жаутаң еттім. Маған тіпті көңіл аударған жоқсың. Одан соңғы көрген азабымның қайсыбірін айтып бітірейін. Сен... оңбаған мені таза сорлаттың. Қазіргі түрім мынау, кісі шошығандай. О баста осындай қорлық пен зорлықты көремін деген ой өңім тұрмақ, түсіме кірді ме деші!...

– Мені айтсайшы, мені...– деп, Қызыл кеңірдек оның сөзін іліп ала кетіп, жыламсырай сөйледі. – Аман-есен, қол-аяғың бүтін қалған да бақыт екен. Осы Өксікбай трактор жөндейтін гараждағы үш жігіттің ортасына әкеліп, дік еткізіп отырғыза салғанда жүрегім суылдап кетіп еді. Бар бәлені ішім сонда-ақ сезді. Айтқанымдай, ішімді босатқан соң, Бізтұмсық жолдасы мойнымнан қыса ұстап, жерден көтеріп алды да, қара жер-ге сілтеп қалсын. Қатты қорыққаным соншалық, есімнен танып қалыппын. Онан арысын білмеймін... Әйтеуір бір кезде ес жина-сам, денемде сау тамтық жер жоқ, тұмсығымның бір бөлігі жы-рылып кетіпті. Белім шытынап тұр, ұстатпайды-ау, ұстатпайды. Ой, бауырларым-ай, пәлен уақыттан бергі азабымды, көрген қорлығымды, ит тірлігімді біріңнің басыңа бере көрмесін!... Мына есерсоқ пендені көрсем-ақ басым айналып, кеудемді кек кернейді. Тұрған жерінде, әлім жетсе, турап-турап тастауға да қарсы болмас ем...

– Әліміз неге жетпейді, – деп бір жуан бөкселі Қыл мойын ортадан суырылып шыға келді. – Бұрын жалғыз болып, жапа шектік. Құлқынына құл болған мына еркек ойына келгенін істеп, ойран салды. Бойымыздағы бар сөлімізді сіміріп, рахатқа бат-ты, біз болсақ алғыс орнына қарғыс алып, көрінген қоқыстың арасында домалап жаттық. Енді, міне, кезек өзімізге де жетті. Жабылыңдар, соғыңдар, езгі көрген бауырлар...

Ол осындай ұран тастап, Өксікбайдың өзіне тап берді. Басқалар да бұл ұсынысты қызу қуаттап, жан-жақтан жамырай көтерілді.

Page 95: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

96

– Егер Метро атай болмаса, сол қарт жинап әкеліп дүкенге табыс етпесе, енді қайтып жолыға алар ма едік! Көтеріл, ат-тан достар, – деп, топ ішінен зор дауыс гүрілдеп кетті. У-шу, айқай...

Тұмсығын күпәйкесінің ішіне тығып алған Өксікбай – екең қорс-қорс етеді. «Аяңдаршы! Бұдан былай сендерге жаманшылық жасамауға уәде берейін» деп, ернін әзер жыбыр-латады. Оны тыңдап жатқан ешкім жоқ...

Қысылып, тынысы тарылып, қара терге түскен Өксікбай ұйқысынан айқайлап оянды. Келіншегі шошып кетсін.

– Сорлы-ау, саған не болды?... Түсіңде біреу буындырды ма?...

Жан-жағына алақ-жұлақ қарап, сонан кейін ғана өз үйі, өлең төсегінде жатқанына көзі жеткен соң, сылқ түсіп, қайтадан көзін жұмды.

– Бәлеқор «бауырлардың» ортасына түссең сені де көрер едім!...– деп, сыбырлап қана сөйледі. Естілер-естілмес етіп айтты.

Ояу жатса да Өксікбайдың қиялында зәбір көрген бір топ бауырлас бөтелкелер қалықтап ұшып жүрді. «Біз сенімен кездесеміз! Әлі кездесеміз!...» деген қаһарлы, ашулы үндері құлағынан кетер емес...

* * *Мұндайда қазақ айтқан: «Не ексең, соны орасың».Ал Елес айтады: «Кісі қиялымен ойнауға болмайды».

арақ ішкен не теңің...(мысқыл)

...Ел жоқ, су жоқ жапан түзде жалғыз қалған екен дейді. Тамағы қурап, шөл қысып барады. Орнынан тұрып кеткісі келеді, бірақ дәрмені жоқ. Біреу жерге желімдеп кеткендей қыбыр етуге әлі келер емес. «А-а-а!» деп айқайлайын десе, дауысы шықпайды. Шыбын жаны шырқырап барады. Елсіз мекенді еркін аралап жүрген самал жел бірде құлағының түбінен, енді бірде желке тұсынан, онан соң балағынан қуалай соғып мұны мазақ ететіндей.

– А-а-а-й, қор болдым-ау!... – Өзімен-өзі бақыра сөйлеп, ба-сын оңды-солды бұлғаңдатады. Бірақ, өз дауысын өзі ести алар емес. Осындай азапты түс көріп жатқан Өксікбай кенет оянып кетті де, көзін жыпылықтатып, төбеге, онан соң оң-солына кезек-кезек қарап алды. Мәссаған! Жатып қалған жерінің түрін қара! Мал қорада шалқасынан түсіп, шалжиып жатыр. Бұрыңғы әдеті бойынша, ең болмаса үйдің табалдырығына жетіп жығылмаған екен. Табалдырыққа ілінсе, арғы жағын шойын қара әйелі-ақ рет-

Page 96: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

97

теп жіберетін еді. О-о, шойын қара болмаса, Өксікбай Өксікбай болып жүрер деймісің мына фәни жалғанда! Еркелігін де, есер қылығын да елден жасырып, жылдар бойы тату-тәтті жасасып келе жатқан әйелі емес пе! Ондай келіншек әлі туған жоқ. Әйелі емес, анасы десе де болғандай. Тау қопарып жатса да үн жоқ қой, үн жоқ. Вот, бұл шыдам дегенінде шек болса деші...

Мал қорадағы қидың арасынан басын көтеріп жатып, миын шарлай жөнелген бір сәттік қиял кемесіне мінген сәті еді оның! Енді сүйретіліп тұрды. Денесінде сау тамтық жоқ. Костюмінің қайда қалғаны белгісіз. «Импортный» көйлектің екі жеңі жұлыныпты. Сұр шалбардың бір тізесі тесіліп қалыпты. Аяғын басқан сайын басы да, белі де, мойны да, иығы да тыз-тыз етіп ауырады. Мұрны енді ғана иіс сезе бастағандай. Бүкіл бойынан қидың жүрек айнытар иісі мүңкіп барады.

Жүрегі қайта-қайта лоблып, құсқысы келді. Ышқынады, қиналады. Қара терге түседі. Алайда іштегі «айдаһар» тысқа шығар емес.

Көшеге шыққан соң қалт тұра қалып, қайда жүрерін білмей, жансыз маңдайын сипалады. Көзінің алды тұманданып тұр. Алысты көре алмайды. Жақынды жаңылыстырып ала береді. Анадай жердегі жем қойманы әзер танып, солай қарай қадам баса түсті де, жанынан өтіп бара жатқан аяқ тысырынан үрейленіп қалды. «Милиция емес пе екен?... Мені алып кетуге келген ғой!...»

Милиция дегені жұмысқа асығып бара жатқан екі келіншек болды.

– Сорлы, – деді біреуі бұған мұрнын шүйіре қарап. – Бұндай масқара күйге түскенше, өлгенің мың есе артық шығар...

Екінші әйел де онымен жарыса:– Арақ ішкен не теңің...– деп, сыңқылдап тұрып күлсін.– Әй!... Әй-й!...– Өксікбай қос әйелге айбат көрсетіп,

жұдырығын түйіп алып, жетіп барып желкесін үзбек болды. Оң аяғы сол аяғына шалынып кетіп, сұлап түсті. Сыңқ-сыңқ күлкі бірте-бірте алыстап бара жатты. Сол күлкінің әрбір сыңғыры «Арақ ішкен не теңің!... Арақ ішкен не теңің!...» деп онан бетер мазақ етіп бара жатқандай. Есіне түсті. Ертеректе:

– «Арақ ішкен не теңің,Жылт-жылт еткен к...нің!» – деп, әндетуші еді. Енді сол

әннің айналып келіп Өксікбайдың өзіне айтылғаны, кербез келіншектерге мазақ болғаны жанына аяздай батты. Бір ауық бар ауруын естен шығарып, ары алдында азапқа түсті. Сезім атау-лыдан жұрдай болған қасқа маңдайы тағы да ащы терге мал-шынды. Ауруы қысты ма, әлде ары қысты ма – жұдырықтай жүрегі шым-шым етіп, сыздап ала жөнелді.

«Арақ ішкен не теңің, Өксікбай!... Арақ ішкен не теңің!...»

7-177

Page 97: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

98

* * *Мұндайда қазақ былай деген: «Адамдық пен азғындықтың

арасы – бір аттам жер».

Жәшік астында жасырынып жатты(мысқыл)

Өзеуреп сөйлеп, өктем басып келген Өксікбай күндегі әдеті бойынша қошқар мұрын келіншекке ым қақты да:

– Ана қуыста кім бар? – деп иегімен төргі бөлмені нұсқады.– Кім болушы еді, ешкім де жоқ. Тәртіп күшейгелі бері

көлденең көк атты келе бермейтін болды ғой...– Жарайды, жарайды. Ананы ашшы, басым сынып бара-

ды. – Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ дегендей, сенікі не талтаң осы? Бір күні осы әдетіңнен оңбай таяқ жейсің ғой, байғұсым!

– Ту-у, сендер ақыл айтудан да шаршамайды екенсіңдер! Өкіметтің ащы суын аяйсың ба менен? Ішсем, ақысын төлемеймін бе!

Қошқар мұрын сатушы келіншек Қаншатай бөксесін бұлғаң-бұлғаң еткізіп, арғы түкпірдегі бөлмеге қарай адымдағанда, Өксікбай да тымпың-тымпың етіп, соңынан ерді. Еріп келе жа-тып, қайта-қайта шекесін ұстайды. Солқ-солқ етеді. Таң атқалы бергі азабын айтып болмайды. Жұмысқа баруға жарамады. Түнгі ұзақ отырыс өтіп-ақ кетіпті. Таң саз берген соң, құлағының түбінен ызыңдап, берекесін қашырған әйелінің жағымсыз үнінен құтылмақшы болып, тысқа шығып кетпекке талпынған. Шамасы келмеді. Шалқасынан жатқан күйі шым-шым ауырған шекесін уқалап, енді әйелінің ұлы айқайына ұшырап қалмаудың айласын ойлап, ұзақ ыңқылға басты.

Ыңқыл әйелінің көңілсіз ызыңынан құтқарғанымен, аурудан айықтыра алмады.

Сосын киініп алып, әзер-әзер басып, көшеге шыққан. Көшеге шыққаны сол еді, дүкенге көзі түсті.

Қаншатай бөтелкенің аузын ашты да, қырлы стаканға шүпілдетіп тұрып шарап құйды.

– Ал іш, жарықтығым! Шарапқа әлі жетпей, аяғы аспаннан келіп жүрген «батырым»!...

Сосын оған қылымси бір қарап, «қазір ақысын екі есе артық аламын» дегендей ернін сылп еткізді де, тырс-тырс басып, кетіп қалды. Еркек атаулының есін алатын биші бөксені Өксікбай бұл жолы да есікке дейін өлімсіреген жанармен шығарып сал-ды. Қолына қырлы стаканды ұстағанда байқады, саусақтары дірілдейді. Бұрын-соңды бұндай әдеті болмаушы еді, қолы қалтыраған деген не сұмдық!

Page 98: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

99

«Осының бәріне сен кінәлісің» дегендей, стол үстіндегі ішімдікке өшіге қарап тұрды да, артынша аузына бір-ақ төңкерді. Қайталап құйып, қайта тартып салуға оқтала берген Өксікбай сарт етіп ашылған есікті, кіріп келген сатушы келіншекті көріп, аңырап тұрып қалды.

– Ойбай, құрыдық! – деді Қаншатай дауысы дірілдеп. – Тексеру келіп қалды. Енді сені қайда жасырайын....

«Тексеру» деген сөзді естіген Өксікбай да тұрған орнында қалтырап қоя берді. Бүгін жұмысқа бармай қалғанын, оның үстіне дүкеннің қуысында шарап ішіп тұрғанын есіне алғанда, үрейге үрей ұласып, көзін қайта-қайта жыпылықтатты.

– Мында кіріп кет, – деп, Қаншатай бөлменің бір шетінде тұрған үлкен жәшікті көрсетті. Өксікбай дәл қазір не айтса да орындауға әзір тұрған. Дәу жәшіктің астына сүңгіп кетті де, аяғын бауырына алып, бүктетіліп жата қойды. Сатушы келіншек сыртынан кенеп қап жапты. Енді бұл отырған жер тас қараңғы, әрі қапырық. Бірақ, күй таңдайтын хал бар ма!...

Әлдекімдердің күбір-күбір сөйлескені еміс-еміс естіледі. Не айтып жатқаны түсініксіз. Алайда, мұның сол әңгімені тыңдауға зауқы да жоқ.

Күбірлескендер жуық арада кете қоймады.Тар жер. Оның үстіне әлдебір сасық иіс мұрын жарып ба-

рады. Қыбыр етуге шамасы келмей, қатты қиналысты бас- тан кешірген Өксікбай әбден қара терге түсті. Маңдайынан шүмектеп ащы тер ақты.

«Қайран, Өксікбай» – деп ойлады ішінен. «Жүз грамм үшін қор болдың-ау! Әшейінде алтын берем десе де, бас сұқпайтын сасық бөлмеге қамалып жатысың мынау. Ертең осы оқиға ел құлағына жетсе, анық масқара сонда боларсың. Құлқынның құлы болып, өмірбақи осылай ит тіршілікпен жүре берер ме екенсің?...»

Аз ба екен, көп пе екен – әйтеуір біршама уақыттан соң, бөксесін билетіп Қаншатай келді-ау!

– Қалай, батырым, бас жазылды ма?Бүкіл денесін ащы тер жуып кеткен Өксікбай енді байқаса,

расында да әжептеуір жеңілденіп қалыпты. Бойы сергіп, шекесі де солқылдағанын қойыпты. Жәшіктің астынан шыққан соң, жаңағы жағымсыз иістен құтылғанына сенер-сенбесін білмей, аз-кем тұрды да, кеудесін кере дем алды.

Қаншатай:– Шараптың қалғанын құяйын ба, – деп бөтелкеге қол соза

берген.– Жо-жоқ, – деді Өксікбай жұлып алғандай. – Сол пәленің

бетіне қарағым келмей тұр. Қажет болса, аузын жауып бір жерге қоя сал, болмаса жерге төк. Ақшасы, міне...

Page 99: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

100

Содан кейін дүкеннен атылып шықты да, үйіне қарай құстай ұшып, зымырап бара жатты. Оқтын-оқтын үрейлі кейіппен арты-на көз салады. Арақ сататын дүкеннен тап қазір бір әзірейіл бой көрсетіп, бұны тап бастырмай қуып жететін сынды. Қуып жетіп, шыбын жанын шырқыратып қинайтын секілденеді. Әзірейіл бол-са, аясын ба, қинайды ғой, тәйірі!...

* * *Күйінген қазақ былай деген екен: «Өз қадірін өзі жоғалтқан

– ақымақтың ең үлкені».

Әйелдің әжуасы(мысқыл)

Көзтаныс кісілердің бұралқы сөзі шымбайына батты ма, Пашан көп күндер ойланып жүрді де, ақыры арақ ішуді алаңсыз қойып кетті. Талай көңілді отырыстар мен әсерлі кештерде дос- тары қанша қинаса да, ащы судан татып алмады.

– Мен өзіме-өзім серт бергенмін, оны бұзуға еш қақым жоқ, – деп безеріп отырады да қояды.

Жақсы бас қосулардың бірінде тілінің қышымасы бар Өксікбай былай деп жаңалық ашты.

– Жолдастар! Пашан ішкілік ішуді үзілді-кесілді тастады. Онысын жаман ырым деуге бола ма? Жоқ, болмайды. Қайта қол соға қостап, досымыздың жақсы ерлігімен құттықтауымыз керек. Осы орайда менің де ұсынысым болып тұр. Бір жанұяда бір адам араққа ауыз тигізуі қажет емес пе. Олай болса, Пашанның орнына бұдан былай оның жан жолдасы, сүйікті жұбайы Қайыскүл ұрттайтын болсын. Ну, көп емес, аздап қана...

– Дұрыс айтады!– Қостау керек! – десіп, көпшілік бұл сөзді көпірте көтеріп

әкетті.Пашан төмен қарады. Қайыскүл де қинала түскен сияқты.

«Көп емес, аздап қана...» деген сөзді көкейге түйіп қалды, білем, біраздан соң:

– Несі бар, ара-тұра ұрттап отыруға болады, – деп, оты-рысты серпілтіп жіберді. Үн қатпаса, үстінен басып тұрған мың батпан салмақ жеңілдейтін емес.

Сол күннен бастап ол ішімдіктің дәмін алып, бойын үйретіп келе жатты. Күйеуі мұның арты немен бітерін әуелгіде ойламаған, ойлағысы да келмеген. Қай жерде де қыспаққа түсіп, қара терге малшынатын ауыр минөттерден басын арашалап алғанын өзіне олжа санады.

Ішкілік әйелдің бойына сыналап сіңді. Бас кезінде елу грамды қиналып, тыжырынып тартып жүретін еді, бертін келе үйренді.

Page 100: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

101

Сіміріп жіберіп, шалқытып ән сала жөнеледі. Көңілі көкке көтеріліп, күйеуін бас салып сүйе береді, сүйе береді.

Күнде болмаса да күнара шәңкілдеп айқай шығаратын. Түймедейді түйедей етіп, Пашанның құлағының құрт етін жейтін де, артынан шекесін ұстай алып «ойбай, қан қысымым көтерілді, ауырып барады, сынып барады» деп үйдің берекесін қашыратын. Бұл асты-үстіне түседі, желкесін уқалайды, қолын сипалайды. Сөйтіп, «тілеп алған ауруды» әзер жазады.

Енді соның бірі де жоқ. Қонаққа шақырып жатыр деген сы-быс жетсе, қос қолын көтере қостайтын Пашан емес, Қайыскүл болды. «Шақырған жерден қалма, шақырмағанға барма деген. Ел-жұрттан ұятты», – деп, тәуір көйлегін киіп, бетіне опа жағып, ернін бояп, жинала бастайды. Күйеуінің ұсқынына су құйылады. Ілгері басқан аяғы кейін кетіп, сүлдерін ғана сүйретіп келе жата-ды. Ішуді қойғалы бері отырыстың да өз ләззаты жоғалған сын-ды. Бар шаттығын өзімен бірге ала кеткендей. Орындық белін ауыртады, билесе дізесі сырқырайды. Қайта-қайта іше берген соң, сылдыр су ішті кептіреді екен, онан да безері шығады.

Қайыскүл болса... қақыратып әңгімені соғады бір! Екі беті албырап, көздері жалт-жұл етіп, шат сезімге бөленеді. Күлсе, аузын арандай ашып, бөлмені басына көтереді.

Бір жолы жесір әйелдің туған күніне жалғыз кетті. Әрі күтті, бері күтті, жақын арада келе қоймады. Сосын төсек салып, жатып қалған еді. Түн ортасы ауа шошып оянған, біреу есікті дүрсілдетіп ұрып тұр.

– Кім бұл?!...– Аш деймін! Соншама сужүрек болармысың!...Әйелінің даусы. Есіктің ілгегін ағытты. Ұйқылы-ояу қалпы

қайтадан жылы төсекке ұмтылып бара жатқан.– Еркек емес, үй күшіксің сен! – Қайыскүл мысқылдай

сөйлеп, маңқ-маңқ күлді. – Барлық қатындар жабылып мазақ қылды-ау мені!... Кеудеңде намысың болса, некелі қатыныңды жалғыз жіберіп, қазан басында қалар ма едің.

Пашан бұл сөздердің барлығын да әзілі деп ұқты.– Қайыскүлжан, шаршадың ғой, демалшы. Ертең де күн

бар... – деді.– Барлығын ертеңге ысырып салып, құтылып кетпекшісің

ғой, ә! Қусың, қу түлкісің сен!...– Сөзінің соңы божырай бас- тады. Тілі күрмеліп, даусы да қарлығып кетті. Сонда да жағы семетін емес. Аздап қызу екенін аңғарған күйеуі пәлен деп жақ ашпастан, көрпе астына сүңгіді. Қазіргі тұрысында не деп уәждеспек?

– Сен... м-м-ені адам-м қатарына санамайсың-ң!... Байым-м бол-л-ғың кел-мей-тін шығар?... Мен... қа-зі-і-р!

Page 101: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

102

Қайыскүл теңселіп тұрып, қолына іліне кеткен ұзын сапты шыбын ұрғышпен Пашанды салып жіберді.

– Ойбай! – деді Пашан. Жан даусы шықты. Қатты таяқ көзін шығарып жібере жаздады. Орнынан ұшып түрегелді де, ашуға булығып, әйеліне тап берген.

– Тарт-т қолың-ң-ды-ы! Сенің де еркелігіңді-і көтерген-н-біз.

Қанына қарайып келіп, оның жағының у-шуын шығармақшы еді, әлгі бір сөзі тосқауыл болды. Естен тана ішіп келіп, түні бойы ұйқы бермеген күндері көз алдына кептеліп тұрды.

«Ақымақ!... Ақымақ екенбіз ғой сонда! «Өзіме дұрыс бол-са, өзгенің үйі өртенсін» деп дарақыландық-ау! Бұл арақ кімді есірік етіп, есін алмады дейсің...»

Осындай ой сарынына түсіп кетіп байқамапты, Қайыскүл бұған сүйеніп тұрып – ақ ұйықтап барады екен. Сүйемелдеген қалпы төсекке әзер жеткізді...

Ертеңіне қараса, Пашанның оң көзі көгеріп тұр. Әйелі бұның жүзіне тіктеп қарай алмады, Пашан да кешегіні қозғап, әңгіме бастаған жоқ.

Жұмысқа кетіп бара жатқанда қарсы ұшырасқан таныста- рынан қысылып, қиыстап, бетін бүркемеледі.

* * *Қазақ айтыпты ғой: «Өзіңді өзің жаттай сыйла, жат жаныңнан

түңілсін!»Ал Елес былай дейді: «Екінің бірі соны біле ме?»

Кім көшпелі?Ақсақал мен жас жігіт вокзалда кезекті поезды күтіп отырған

болатын. Жас жігіт уақыт өткізейін деп қол сөмкесінен қалың кітап алып оқуға кірісті. Ақсақал оған екі-үш рет қарағыштап қойды. Ақыры шыдай алмай:

– Әй, балам!– деді. – Қандай кітап оқып отырсың?– Шетел жазушысының кітабы.– Не туралы?– Детектив! Шытырман оқиғалы...– Оның бәрі де өтірік! Ойдан шығарылған оқиғалар.– Енді кітаптың бәрі де солай емес пе?– Жоқ! Нағыз көркем туынды өмірге жақын болады. Кісі

оқып отырып, одан өзін не болмаса басқа бір танысын тапса, ол жақсы кітап.

Жас жігіт шалдың сөзіне қызыға түсті. Сосын әрі қарай әңгімеге тартты.

– Сіз жас кезіңізде кітапты көп оқыған болдыңыз ғой, ата!

Page 102: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

103

– Жоқ, олай емес. Бұл менің өмірден түйгенім.– Тағы не түйдіңіз?– Тағы дейсің бе! – деп, ақсақал ойлана түсті. – Айтар

әңгіме көп қой.– Мәселен...– Мәселен, мен қайсыбір күні бір өнер адамынан

«Көшпенділер» деген кино түсірілгенін естідім. Сол киноға сен-сек, бұл қазақ тек көше берген, көше берген, дала кезіп босып жүре берген...

– Енді расында да солай ғой, – деп жас жігіт ынтыға түсті. – Көшпенді екеніміз өтірік пе? Сіз бұл оймен келіспейсіз бе?

– Әрине, келіспеймін! – деді шал. – Қазақ ерігіп көшкен емес, өз жерінде арлы – берлі мал бағып, мал жағдайын ойлап қозғалатын болған. Жазда – жайлау, күзде – күзеу, қыста – қыстау дегендей...

– Сол көшіп – қону емес пе сонда?– деп жас жігіт тағы да сұрақ астына ала түсті.

– Жоқ, бұл өмір сүру айласы болады.– Сонда көшпелі дегеніміз кім?– Көшпенді деп ана шетелдің жұртын айт, – деді шал. –

Қашан көрсең, дәу-дәу дорбасын, семіз-семіз сөмкесін асынып алып, әлемді кезіп жүргені. Ой, шіркіндер-ай, жазда да, қыста да өз жерінде құйрық басып отыра алмайтын болар, тегі...

Жас жігіт ойланып қалды.Осы кезде поезд да бар даусына салып бақырып, вокзалға

келіп тоқтап еді. Екеуі екі вагонға мінуге асығып, өз жөндерімен жөнеп бара жатты.

* * *«Әр нәрсенің өз аты болады» депті қазақ.Ал Елес айтады: «Білмейтін жерде білгішсінбе!»

гегель мен гогольЕкеу сөйлесіп отыр. Екеуі де сәнді киінген, білімді, мәдениетті,

көп білетін жандарға ұқсайды. Сырт көз бұл екеуіне қызығып та қарайды.

Олар әлдебір тақырыпта сөз қозғап отыр.Біріншісі – Көзілдірікті, екіншісі – Көк тонды.Көзілдірікті айтады:– Гегельдің философиясы өте терең ғой, – дейді. – Оны әлі

күнге түсініп болған жоқпыз.Көк тонды айтады:– Ол рас, – дейді. – Гогольді түсіну, өкінішке орай, екінің

бірінің маңдайына жазылмаған.

Page 103: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

104

– Шіркін-ай! –дейді Көзілдірікті. – Сол Гегель секілді өмір мәнін терең түсіне алсаң, көңілді арман болар ма еді.

Көк тонды күлді.– Елдің бәрі Гоголь секілді ойласа, өмір қызық бола ма! –

дейді. – Әркім өзінше мықты. Дегенмен, Гоголдің орны бөлек екені рас.

– Бөлек деу аз, ол гений! Ол өз дәуірінің данышпаны. Ол – жансарай тұңғиығынан сыр тарта білген білгір жан.

– Бұл ойыңды қостаймын, – деді Көк тонды. – Гоголді білмегендер шын бақытсыз.

– Ойбай-ау, бақытсыз деу аз, ондайларды сорлы деу керек. Гегелді білмесе, несіне өмір сүреді екен, а?

– Соны айтам да, – деді Көк тонды. – Сондай жандарға жаным ашиды. Рухани жұтаңдық деген сол, әне...

– Айтпақшы...– деп, Көзілдірікті жігіт қасындағы серігіне қарады. – Сенде сол Гегелдің үш томдығы бар ма?

– Менде үш томы жоқ, – деді Көк тонды. – Менде бары жалғыз том...

– Сонда ол... – деп, Көзілдірікті мүдіріп қалды. – Сонда қалған екі томы жоқ па? Оны алмағансың ба?...

– Оны білмедім, – деді Көк тонды. – Мен дүкеннен сатып алғанда жалғыз том болатын. Екінші томын өзі өртеп жіберген дейді ғой.

– Қалай өртеген? – деп Көзілдірікті таңдана тілге келді. – Ол өртеген жоқ. Өз көзіммен көргем. Үш том болып шыққан.

– Жоқ, жалғыз том.– Жоқ, үш том!– Жалғыз деген соң, жалғыз.– Мен «Философия ғылымының энциклопедиясын» айтам.

Ол үш том. – Мен «Өлі жандарды» айтып тұрмын. Ол жалғыз том.– Сенің айтып тұрғаның Гегель ме?– Иә, мен Гоголь туралы айтып отырамын.Көзілдірікті күліп жіберді.– Мен философ Гегелді сұрадым.Көк тонды да күлді.– Мен бағаналы бері жазушы Гоголь туралы айттым.«Ой, сол жазушыны да сөз етіп...» деп енді Көзілдірікті ішінен

көңілсіз күбірледі. «Өз романын өзі өртесе, ақылы қайсы?..»«Гегелді қайтем, оның миды ашытатын қияли ойлары кімге

керек екен» деп Көк тонды да өзінше ойланды. Бірақ екеуі де өз ішіндегісін ашып айтқан жоқ.

* * *Мұндайда қазақ айтқан екен: «Көрмес түйені де көрмес».Ал Елес айтады: «Білмей жатып, бағасын берме!»

Page 104: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

105

Қыран мен Қораз(мысал орнына)

Бала Қораз аспанға ұзақ қарады. Көк жүзінде Қыран бүркіт қалқып ұшып жүр еді. Ол қанатын көп қаға бермейді, қалқып тұрып алады. Бала Қораз соған таңданулы. «Қанатын қақпаса неге жерге құлап кетпейді екен!» деп ішінен ойлап та қояды. Армандап тұр. Ана Қыранның жерге қашан келіп қонатынын іштей аңсап тұр. Жанына келсе, одан қалай көкке ұшып кетуге болатынын сұрап алғысы бар. Бұның да сонау-у зеңгір көкте қалқып жүріп алғысы бар. Е, несі бар, онымен тегі бір емес пе! Екеуі де құс. Екеуі де қанатты. Екеуі де тұмсықты. Екеуінде де тырнақ бар.

Осындай қиял үстінде ойланып тұрған бала Қораздың қасына ата Қораз келе қалды.

– Әй, бала! Сен неге аспаннан көз алмай қарап тұрсың? – деп сұрады ата Қораз.

Бала Қораз айтты:– Ана зеңгір аспандағы Қыранды қызықтап тұрмын. Ол

қашан жерге оралар екен деп...– Ой, ақылсыз неме! – деп ата Қораз оған зеки сөйледі. –

Арманың не сонда?– Ол жерге оралса, мен одан қалай көкке көтерілуді сұрасам

деп едім.– Нағыз жетесіз екенсің ғой, – деп ата Қораз қоқилана

қалды. – Ау, сол көк жүзінен не жоғалтып едің сен?– Жерге биіктен қараған ғажап емес пе?– Түк те қызығы жоқ, – деді ата Қораз. – Ол ақымақтың

ісі. Біз жерде жаралғанбыз. Ендеше жерде өмір сүруіміз керек.– Ал, ана Қырандар...– Олар қиялшылдар. Қара жерді менсінбегендер. Сосын да

біз олармен енші бөліскенбіз.– Сонда қырандар бізбен туыс болмай ма?– Туыс емес! – деп ашу шақырды ата Қораз. – Менің

тілімді алсаң, осы бастан көкке ұшамын деген құрғақ қиялдан арыл. Ана Қырандар маңызсыз-мәнсіз қиялға біржола беріліп кетіп, енді жерге қайтып орала алмай жүр.

– Неге?– Өйткені олар Жер-ананы ренжітті. Жерді тастап кетті. Со-

сын қасиетті Қара Жер де оларға теріс қарады.– Сонда мәңгі-бақи жерге оралмай ма енді?– Олар тек төбеге қонады. Сосын қайта ұшып кетеді. Ал

жер – біздікі.Бала Қораз ойланып қалды. Ата Қораз маңғаздана басып

кетіп бара жатты. Бала Қораз осы жолы өзінің жұмыр жерде аяғын нық басып тұрғанын ойлап, ішінен қуанып сала берді.

Page 105: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

106

* * *Қазақ былай депті: «Әркімнің өз биігі бар!»Ал Елес айтады: «Қиялдың да шама-шарқы болады».

«Неге?..»Жақсылар жер бетінде аз емес. Ісінен де, сөзінен де нұрлы

сәуле шашырап тұратын іскер адамдарды көріп те жүрсің. Біліп те жүрсің. Араласып та жүрсің. Ал бірақ, сол іскер жанды көп мақтасаң, біреуге жақпайсың. Әлгінде ғана сөзіңді ұйып тыңдап тұрған танысың әп-сәтте тез-ақ өзгеріп:

– Ой, қойшы! Мақтай беретін несі бар соның! Ол да көптің бірі...– деп қисая қалады.

– Енді... іскер адам болған соң... Мерейі тасысын дегенім еді...

– Іздесек, одан да кемшілік таба аламыз. Пендеден пенде еш артық емес.

– Сонда... мақтауға да болмай ма?– Әр нәрсенің де шегі бар.Әңгіме осымен тұйықталады. Іскер адам тақырыбы осымен

тәмамдалады.Неге?...Тағы бір жолы бар ғұмырын ғылымға арнаған ғалым адам

туралы айтқың келеді. Оның ізгі ниеті мен ойға алған жұмысы туралы сөз ете бастайсың. Сол сәтте қасыңдағы серігің:

– Ондай ғалым толып жүр, несіне таңданасың, – дейді. – Соған да таңдана, таңдай қағуға бола ма?

– Енді ғалым ғой. Ғылымда үлкен жұмыс атқарыпты. Со-нысын айтып...

– Оны өзі үшін жазды. Өзінің атағын шығару үшін... Ендеше сөз етуге де тұрмайды.

Бұдан соң не дерсің! Аузыңа құм құйылады. Үнсіз қаласың.Неге?...Бір күндері қу, зымиян, айлалы біреу туралы айтасың. Ол

жалғанды жалпағынан басып жүріп жатыр. Өмір деп соның тірлігін айт! Әрі қызыға, әрі қызғана сөз ете бастайсың. Сонда қасыңдағы серігің айтады:

– Е, сенікі не? – дейді. – Қызғанып тұрсың ба?– Жоқ, шындығын айтпақшымын. Мына заманда қу, зыми-

ян болмасаң, ештеңеге іліге алмайсың ба деп...– Мықты екенсің, сен де айлаңды асыр. Ебін тап та, екі аса.– Оның арты қайырлы болса жақсы – ау! Ал, енді...– Ала біл, ала білген соң бойыңа сіңіре біл.– Ол қолдан келмесе...– Онда жайыңа жүр.

Page 106: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

107

– Сонда...– Сыртынан сөз етіп, өсектегеніңді қою керек.Тағы да аузыңа құм құйылады. Не деріңді білмей, дағдарып

қаласың.– Неге?...

* * *Мұндайда қазақ айтыпты дейді: «Барар жеріңді біл!»

ассалаумалейкум, Қазақбай...Бір досым болды. Өзі қазақты сонша жақсы көреді. «Қазағым»

десе ішкен асын жерге қоятынның өзі десе де болады.Сол досым екеуміз ана жолы қызыл кеңірдек болып айтыстық.

Бәрі неден басталды дейсіз бе?Басынан бастайын.Шәй үстінде қарап отырмай:– Жаһандану кіріп келе жатыр, – дедім. – Енді қазақтың

бұрынғы болмысы да өзгеретін болар.– Неге өзгереді, – деді досым. – Өзгермеуі керек.– Қалайша? Жаһандану әлем халқына ортақ үдіріс.– Ұлтты сақтап қаламын десек, сол халықтың бар қасиетін

жоғалтпауды ойлаған дұрыс. Ол үшін халқын шын сүйетін ұлдар қажет.

– Мен де ұлтымды сүйем. Бірақ...– Жоқ, сен сүймейсің. Өйткені, әлден-ақ жаһандану деген

пәлекетке жеңіле бастапсың.– Ойбай-ау, ол айдаһар ғой. Оған қалай қарсы тұрарсың!– Ол айдаһар болса, сен арыстан болып атыл!– Айтасың-ау, сен де...Досым одан бетер ашуға булықты.– Осы бар ғой, – деді тұтыға сөйлеп. – Осы бар ғой, бір

құртса, ұлттың түбіне жетіп тынатындар мына сендейлер.– Олай деме! Ұлтыма менің де барынша жаным ашиды.– Оны көре алмай тұрмын.– Қалай көресің? Сен ештеңені де көргің келмей тұр ғой.Енді досым дауыс көтере:– Не десең о де, – деді. – Мен осы бетімнен еш

қайтпаймын. Ұлтымның қадір-қасиеті жазатайым жаһандануға жұтылып, жоғала бастаса, мен де жоғаламын. Бұл – менің нық ұстанымым! Тоқтаған түйінім!

– Ойланбайсың ба?– Жоқ! – деді ол тағы да дауысын тарғылдандырып. –

Тағы да жоқ! Ұлтты сүюде тайғанақ сөз бен бұлғақ мінез жарас- пайды.Бұлғақбайлық – орға жығады.

Page 107: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

108

Үндей алмай қалдым.Қазақты сүйген Қазақы мінез досыма не зекуді, не қостау сөз

айтуды біле алмай, ақтарылған сәтім еді бұл...

* * *Осыған орай қазақ сөйлесін: «Қандай кезде де өз мінезің

болсын!»

саяқ адамОсы кісіні елдің бәрі де біледі. Ол әркез көше кезіп жүреді.

Театрға да барады. Базарда да бой көрсетеді. Қысқасы, жұмыр бастылар барар жердің бәрінде де ол бар.

Бірақ, бір таң қаларлығы – ол үнемі жалғыз. Ешкімге жуы-майды. Ешкіммен тілдеспейді. Ешкімге сыр ашпайды. Сосын да ол адам – жұмбақ адам.

Әнебір күндері сөзшең еркектер оны сөзге тартып, ішкі сырын білмекке ниет жасап та көрді.

– Сөйлессек қайтеді?– деп іштарта сөйлегендерге күле қарап алады да, өз жөнімен кете барады. Тіпті болмаған соң бір тікмінез еркек оны қолтықтап алып:

– Менімен сөйлесесің, – деп қорқытып та көрді. Анау үндемейді.

– Сөз айтпасаң, жібермеймін.Сонда ғана бір ауыз сөз айтыпты:– Сізге не жаздым?...– Неге сөйлемейсің? Сенің бір ұртың арам...– Әуелі сөзшеңдермен күрес.– Үндемегендерден үйдей бәле шығады дейтіні ше!– Ол жалған түсінік. Үндемеу – бәрінен бас тарту...Бұны естіген тікмінез еркек сөзден тосылып қалыпты. Не

деп жауап айтарын да білмепті. Ал Саяқ адам өз жөнінен кете барыпты.

Осылайша, ол адам бізбен бірге өмір сүріп жатыр. Әрине, әр адам қалай өмір сүрем десе де өз еркі. Сөзшеңнің бәрі жақсы адамдар деуге болмас. Сол сияқты үндеместің бәрін жаман деу қиянат болмасына кім кепіл?

Бір күні осы адамға арнап бір ақын өлең де шығарып жіберді. Сол өлеңнің бір жерінде:

– «Ой асылын өз ішінде аялаған,Мен саған қызығамын, Саяқ адам!» – депті.Біз осы, адамдар-ау, кей-кейде сол Саяқ адамдарға да ой

көзімен қарай алсақ-шы!Сіз де сол Саяқ адамға бір жерлерде кездесіп қалып жүрген

жоқсыз ба, а?...

Page 108: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

109

* * *Мұндайда қазақ айтқан: «Сөйлегеннен үндемеген анағұрлым

ауыр».Ал Елес айтады: «Мықтылық – шыдамдылық!»

ақылды едім, қайтейін...

Мен өте ақылды едім. Менің білмейтінім жердің астында еді. Осыны өзім де сезіп жүрдім. Ал оны сезе де, түсіне де алмағандар – мына жалпақ әлемді басып жүрген жұмыр басты пенделер!

Бір танысым жоғары лауазымға қол жеткізді. Сөйтті де, бір күнде өзгеріп сала берді. Кез-келгенмен сөйлесе бермейтін бо-лып алды. Сол танысым бір жолы мені өзіне шақырып:

– Маған қызметке келсең қайтеді, а? – деді. Мен көп ойланғам жоқ:

– Келе алмаймын, – дедім.Ол айтты:– Неге асығыс жауап бердің? Ең болмаса бір күн ойланбайсың

ба?– деп, менің арқамнан қағып, күле сөйлеп тұрды. Бірақ мен күлген жоқпын, «ертең келсем де осыны айтар едім» деп қош айтысып, кабинеттен шығып кеттім.

Арты не болды дейсіз бе?Сол танысым бір жылға да жетпестен, биік қызметпен қош

айтысты. Өзі ғана кеткен жоқ, жанындағы жандайшаптары да сыпырыла жоғалды.

Ал менің ештемем де кеткен жоқ. Өйткені, мен оның жанына қызметке барған жоқпын ғой.

Тағы бір күні мен лотереядан мол қаржы ұтып алдым. Ой, сондағы қуанышымды көрсеңіз ғой... Енді менде ақша-қаражат жағы мүлде шешілді десе де болады. Мына заманда ақшаң болса, бәрін де сатып ала аласың.

Қысқасы, «ақшаң болса қалтаңда, талтаңдасаң – талтаңда!» Міне, солай!

Бұл қазақ деген қызық халық қой. Лотереядан ақша ұтып алғанымды бір танысым дереу естіп үлгеріпті. Үйге келді. Ұтысымды айтып, құттықтады. Содан соң:

– Ал, енді бұйымтайымды айтайын, – деді.– Иә, айт!– Айтсам, маған қарызға ақша керек.– Ойбай, бере алмаймын, – деп зар қақтым. Өйткені, мен ол

ақшаға не алу керектігін қағазға бөлек-бөлек жазып қойғанмын. Әуелі автокөлікті жаңартам. Сосын пәтер сатып алуым қажет. Содан соң...

Page 109: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

110

Танысым бірден ашу шақырып, шарт ете қалмасы бар ма!– Саған сеніп келіп ем, – деді ол. – Сөйтсем, сен адамдық

қасиеттен мүлде кетіп қалған екенсің.– Әй, олай деме! Бұл не сөзің, – деп, оны тоқтатып жатыр-

мын. – Ақша өзіме де жетпей жатса, қайтпекпін...Ол ашуланып, есікті тарс жауып, кетіп қалды.Мен оның осынша ашуланғанына, шынымды айтайын, еш

түсінгем жоқ. Ау, ақша менікі! Оны өзім жаратам ба – жа-ратам! Жетпей жатқаны рас па – рас! Е, ендеше неге басқаға қарызға беріп, қарап отыруым керек. Ол жақын арада қайтара алса жақсы, ал қайтара алмаса...

Міне, содан кейін арада шын реніш туады. Ең абзалы – бер-мей құтылу! Осы ойым дұп-дұрыс. Ал, ол болса...

Басында айттым ғой, мен өте ақылды адам едім. Ешкімге күнім түсіп көрмеген еді. Қайта бәрі келіп, менен көмек сұраушы еді.

Содан бір күндері телефонды өшіріп тастайтын болдым. Үйдің әдірісін де өзгертіп жібергем. Сосын құлағым тыныш болып қалған-ды.

Әнебір жолы... аяқ астынан жол апатына ұшырадым. Аяғым сынды. Басыма зақым келді. Ауруханада екі ай жатып емделдім.

Сонда ойландым: «Ау, мына тамыр – таныстар қайда жоғалған, олар неге көңілімді сұрап келмейді?»

Сосын тағы ойладым: «Әй, келмегендері де жақсы болды, мына жатқан күйімді көрмегендері де дұрыс, әйтпесе кім біледі, былай шыға, «өзіне де сол керек» деп мысқылдап күліп жүрсе...

Мен, жалпы, ақылды адаммын ғой. Осының бәрі ақылдың арқасы...

Түкке пайдасы жоқ пенделермен араласып не керек?Әй, қойшы соларды...

* * *Мұндайда қазақ айтқан екен: «Өзі болған өзгені танымас».Ал Елес айтады. «Менмендік те – кесел».

Құл мен Қу(мысал орнына)

Айдалада, елсіз жатқан сар далада екі кісі кездесе кетті. Екеуі де әбден арыған, әлсіреген, шаршаған. Үсті басы алба-жұлба еді.

Содан бір-біріне қарап тұрды да:– Әй, сен кімсің? – деді қысық көз біреуі.– Өзің кімсің? – деді қалқан құлақ екіншісі.Қысық көз – кезінде ана ауылды да, мына ауылды да қан

қақсатқан әйгілі Қу болатын.

Page 110: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

111

Қалқан құлақ – бір кездері бай ауылының қызметін істеп, отымен кіріп, күлімен шыққан Құл болатын.

Енді Қу айлаға көшті.– Сенің жүзіңмен мейірім төгіліп тұр екен, – деді. – Шама-

сы талай кісіге жақсылық жасаған жан боларсың?– Мүмкін, – деді Құл. Ішінен ананың жылы сөзіне масайрап

та қалды.– Айып болмаса, ана дорбаңда тіске басатын бірнеңе бар

болар, – деп Қу жұтынып қойды.– Қатқан нан бар.– Бере қойшы. Үш күннен бері нәр татқам жоқ.– Мә, алып же.Құл дорбасын қолына ұстата салды.Қу дорба ішіндегі қатқан нанды кеміріп ұзақ отырды. Құл

осы сәтте көз шырымен алып, кішкене қалғып та алды.Арада аз – кем уақыт өткенде, Құл ұйқысын ашып:– Ал, жол болсын? – деп, сауал қойды.– Ана ауылдан шығып, мына ауылға бара жатырмын.– Өзің қай ауылдансың?– Ертеде ана ауылда болғам, қазір мына ауылдың арғы

жағындағы ауылдамын.– Ныспың кім?– Қубергенмін. Сен ше?– Мен Құлбергенмін.– Е, түсіндім, – деді Қуберген. – Сен де мен сияқты жан

екенсің.– Неге олай дейсің?– Сенің де түпкі тұрағың белгісіз болды ғой.Құлберген бас изеді.Ол екеуі бұдан әрі бір-біріне сауал қойған жоқ. Орындарынан

тұрды да, батысты бетке алып, жүріп кетті.Бұлар – Құл мен Қу еді. Бір-біріне несін айтады? Айта

қоятындай қандай тегі бар еді десейші!...

* * *«Құл мен қуда тек болмайды» дейді қазақ.Ал Елес болса былай дейді: «Тексіздіктің шыққан тегі бір».

Кейуана мен КелінКейуана бір керіліп алды да:– Е, жаратқан ие, бәрі өзіңнің қолыңда! – деп күрсініп

қойды.Осы кезде ішке кіші келіні кірді.– Апа, неге күрсіндіңіз?

Page 111: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

112

– Мына жарық дүниенің шынымен-ақ жалған екенін ойлағаным ғой.

– Жақсы өмір сүрген жоқсыз ба?– Өкпем жоқ. Бірақ көңілдің арғы түкпірінде арман да бар.Келіні Кейуананың жанына тізе бүкті. Оның әлсіз қолынан

ұстап, уқалап отырып қалды. Кейуана аз-кем үнсіз жатты да, бір кезде тілге қайта келді.

– Кісінің бақыты не екенін енді ұққан сияқтымын, – деді.– Ол не екен, апа? Ұзақ жасау ма?– Ол ұзақ жасау емес.– Енді не? Бәлкім, бала-шағаң көп болса...– Ол – бала-шағаңның көп болуы да емес.– Ал сонда-а...– Бақыт деген – ауызбіршілік! Бақыт деген – татулық!

Бақыт деген – сыйластық!...– Біздің әулетте осының бәрі де болды ғой, ә! Болды ғой,

апа! – деп, келіні қуана сөйлей беріп еді, оны Кейуана қайта тоқтатты.

– Мені ертелі-кеш шаршатып жатқаны да осы, – деді. – Енді ана дүниеге аяқ артып тұрған шақта есіңе бәрі де түседі екен.

– Қуаныш па, апа?– Жоқ.– Реніш пе, апа?– Жоқ.– Сонда не?– Ол – кеудеңде маздап жанған арман. Бұл арманы

құрғырды тірлікте еш байқай бермейді екенсің. Сөйтсем, ол шіркін өмірдің соңында соншалық өзекті өртер деп ойласамшы.

– Ендеше, арманыңызды айтып кетпейсіз бе?– Жоқ, айта алмаймын.– Неге, апа!– Өйткені, оны дәл мендей ешкім де түсіне алмайды. Арман

– әр кеудеде өзінше өледі екен...Ол кісінің сөзінен ештеңе түсінбесе де, келіні күле қарап:– Сіздікі өте дұрыс! – деді.Оған Кейуана да аздап жымиды. Сосын көзін жұмды...

* * *Мұндайда қазақтың сөзі: «Әр кеудеде бір арман болады».Ал Елес айтады: «Адамның адамнан өзгешілігі – оның ар-

манында».

Page 112: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

113

Иттің ұлы – ИтақайӘй, осы деймін-ау!Осы менің-ақ жолым болмай келеді. Қай кезде де не сүрініп

кетем, не кешігіп қалам, не болмаса бір жерімнен мін табы-ла кетеді. Өзгелерге олай емес. Жан-жағыңа қарашы, елдің жұдырықтай балалары үп-үлкен қызметке қонжиып алған. Бәрі де лауазымды. Бәрі де бастықсымақ. Ал, мен болсам...

Иттің ұлы – Итақай жетіп жатқан қызмет қой.Ол ол ма, көшеге шықсаң, басқаның балалары бір-бір ше-

тел көлігімен ызғытып бара жатыр. Саған кісімсіп, шекесінен қарайтынын қайтерсің. Ал менде ескі-құсқы көлік те жоқ.

Иттің ұлы – Итақай мініп жатқан автокөлік емес пе!Кеше тағы бір жағдайды байқадым. Менімен қатар

жүргендердің барлығы дерлік жаңа да жайлы пәтерге көшіп алыпты. Жағдайлары жақсы. Бала – шағасы мәз-мәйрам. Ал мен болсам... сол баяғы ескі үйдемін.

Иттің ұлы – Итақай алып жатқан жаңа пәтердің маған де-генде жолы жабыла беретіні несі екен?

Бір күні өзіме-өзім серт бердім.«Қой» дедім. «Мен де бизнеске араласайын Ақша жинайын.

Содан соң көрерсің, пәтер де, автокөлік те – бәрі болады».Содан кәсіпкер болып шыға келгем. Аз жүрдім бе, көп

жүрдім бе – білмеймін, бір күні тексеріс болды. Тексерушілер түгімді қалдырмай көтерді. Ана қағазға да, мына қағазға да шұқшиды, ұзақ отырып алды. Ең соңында не болды дейсіз бе?

Мен мемлекет қаржысына қол сұғыппын. Көп ақша жеппін.«Ал, енді соны қайтарасың, не болмаса түрме түбінде шірисің»

деп қарап тұр.Амал қанша, ескі пәтерді саттым. Астымдағы әзер қол

жеткізген көлігім де саудаға түсті.Қысқасы, менде түк те қалған жоқ.Иттің ұлы – Итақай дөңгелентіп әкетіп жатқан кәсіпкерлік

жұмыс емес пе еді, ол да маған ішін бергісі келмеді.Иттің ұлы – Итақайда нем бар еді осы, неге ғана өзімше

өмір сүрмедім. Енді алаңдаулымын. Маған да бір күні бақыт құсы өзі келіп қона ма деп қиялдап қоям. Басқа қолдан не ке-лер. Әзірге тек күту ғана қалды...

* * *Мұндайда қазақ былай деп айтады: «Кісінің түбіне жететін

– тойымсыздық».Ал Елес айтады: «Бәсеке мінез кісінің өзімен бірге өледі».

8-177

Page 113: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

114

ИнтерадамСіз ана көше бойлап кетіп бара жатқан қара палтолы, қоңыр

бөрікті кісіні танисыз ба? Танымаймын дейсіз бе? Танымасаңыз – танымауыңыз да мүмкін. Ол кісі өзін елдің бәрі танығанын ұната бермейді. Өйткені, ол...

Айтпақшы, мен өзім туралы айтпаппын ғой. Кешіріңіз, бұл әңгімені айтушы – сол қоңыр бөрікті адамның ескі танысы бо-лып келеді. Менің атым – Икс.

Ана кісінің аты дейсіз бе? Оның аты – Интерадам.Бұл өзі былай болған.Интерадам екеуміз бала кезден дос болып өстік. Қалаға

келдік. Оқуға түстік. Диплом алдық. Қызметке араластық.Күндердің күнінде ана досым өзгере бастады. Шетелге

барып-келіп жүруші еді, бір жолы айтты:– Мен мынадай елде тұрғым келмейді, – деді.– Е, неге?– Осы да өмір ме? Өмір деп шетелді айт.– Ал ұлттық сезім ше! Ұлтты сүю деген...– Ұлт менсіз де өмір сүре алады.Сол күннен бастап, досым екеуміздің арамызға сына түсті.

Мен өз елімді мадақтаймын, ол шетелді аузының суы құрығанша сөз етеді.

Бір жолы шыдай алмай:– Әй, сен осы шетелдің тыңшысы емессің бе, а? – дедім.– Мен бұлай еркін сөйлесем, бұл да шетелден үйренгенім.

Ол жақта сөз еркіндігі бар.– Е, бізде кім аузыңа мақта тығып, алқымыңнан буындырып

отыр! Айта бер, сөйлей бер.– Айтқаныңды кім тыңдайды.– Ал, шетелде кім тыңдап жатыр екен?– Бәрібір, шетелдің аты – шетел. Әттең, көшіп-ақ кетер

едім, – деп, Интердосым әлденеге шынымен қамығып отырып қалды.

– Ал көш! Кім қой деп жатыр.– Елді қайтем! Ағайын-туысты қалай тастаймын!– Бұл елді бәрібір ұнатып жүрген жоқсың ғой. Қия алмайтын

нең бар!– Бұл қия алмау емес, басқа– Енді не?– Бұл – қиналу...– Екеуі бір нәрсе емес пе?– Жоқ.– Сонда– Қия алмау жүректен шығады. Ал, қиналу – өкініш...

Page 114: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

115

– Әлі де өкінеді екенсің. Міне, туған жер солай, – дедім мен. – Ол өкіндірмей қоймайды.

– Мен өркениетті ұнатам. Ескіні көксемеймін. Жаңа заманға ұмтылушымын.

– Онда ұмтыла бер, кім қой дейді саған!– Әттең, мына топырақта тумағанымда...– Ә, солай ма екен! – дедім мен. – Туған елді бәрібір қия

алмайсың ғой.Интердосым басын ұстап біраз отырды да:– Бәрібір шетелдің аты – шетел, – деді. – Оның орны

өзгеше...Мен оған не дерімді білмей, мүдіріп қалдым.

* * *Қазақ айтады: «Өз елін сүйе білмеген – өзге елді де сүйіп

жарытпайды».Ал Елес былай дейді: «Көрсеқызар тез оңар».

ойдың өлуіОл бүгіннен бастап ойлануды мүлде доғаруға шешім

қабылдады. Енді ойланбайды. Басына әредік ой келе баста-са, дереу үркітіп жіберіп отырады. Расында да, осы ой де-ген пәлекеттің пайдасынан зияны көп екен. Ойға берілем деп көрмегені жоқ.

Әнебір кезде жап-жақсы қызмет істеп жүрген болатын. Бастығы да мейірімді, ибалы кісі еді. Бұны сыйлайтын. Тапсыр-малар беріп, өзіне жақын тартып, сөйлесіп жүретін. Сол азамат-пен аяқ астынан сыйластығын жоғалтып алды. Қалай дейсіз бе?

Бір күні бастығы жиналыс ашты.– Жұмысты жақсартуымыз керек, – деді ол. – Мына

түрімізбен басқалардың соңында қалады екенбіз. Кімде ұсыныс бар?

Ешкім үндемеді. Бәрі төмен қарап, жер шұқып отыра берді. Бұл шыдай алмады.

– Мен сөйлейін, – деді.– Ал, сөйле.– Айтсам, біздің бөлімде еңбекті бағалау жағы дұрыс емес.

Жұмысты ынта – шынтасымен беріле істейтін де, кержалқау да бірдей жалақы алады...

– Е-е, сенің ойың қызық екен, – деп, бастығы бұны өп-өтірік қолпаштап қойды. – Ал сосын... сосын не байқадың?

– Бізде шындық айтыла бермейді. Бәріміз өтірік сөйлеуге үйреніп алғанбыз.

– Тағы не айтасың?

Page 115: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

116

– Лауазымды да қайта қарау керек. Өз орнында отырмағандар өте көп...

Осы жерге жеткенде бастығы ашу шақыра:– Жетер енді! – деді. – Сен өзің не деп бөсіп барасың?

Сонда мен жаман басшы болғаным ба, а?– Жо-жоқ, олай емес, – деп, бұл қипақтап қалды. – Менің

айтайын дегенім...– Айтпай-ақ қой, ойың белгілі болды, – деп, бастығы кесіп

тастады. – Сенің ана қауақ басыңдағы қыңыр ойды түзеу керек екен әуелі...

Жиналыс осымен аяқталды.Бұл жалғыз өзі қалды. Бәрі бет-бетімен тарқап кетті. Жанын-

да ешкім де қалған жоқ...Міне, сол күннен бастап бұл күндіз-түні өзін кінәлаумен

келеді. Жоқ, өзін емес, дұрысы – басындағы ойды...«Қайдан ғана келе береді екен!» деп қамығады. «Маған сон-

дай ойдың түкке де қажеті жоқ. Сонда да мазалай беретіні несі!...»

«Жетер!» деді сосын өзіне-өзі зеки сөйлеп. «Осы қиналғаным да аз емес. Енді ой атаулыны көміп тастаймын. Ойды өлтіремін...»

Ол осылайша өз ойын біржола жерлеп тастады.Содан бері ойлануды қойған. Кім не айтса да бұған бәрібір.

Көпшілік жөн десе – жөн, жоқ десе – жоқ! Не айтқысы келсе де, әуелі өзгенің аузына қарап алатын болды...

* * *Мұндайда қазақ былай депті: «Мақсаты жоқ – маңызсыз

өмір сүреді.»Ал Елес айтады: «Жалтақтық та жағымпаздық».

Шегіртке мен Шенеунік(мысал орнына)

Менің бір танысым бар еді. Көрші тұрушы едік. Қатты ара-ласып кетпесек те, аптасына бір рет кездесіп, аула сыртында аз-кем әңгімелесіп қоятынбыз. Өзі үсті-басы мұнтаздай таза, ақсаусақ біреу. Өз шамалауымша, бір мекемеде жауапты қызмет атқаратын болуы тиіс. Қай жерде істейтінін мүлде білмейтінмін. Ылғи да сұраймын деп ұмытып кете берем.

Бір жолы қызметі жайлы өзі сөз бастады.– Мені жоғарылатып жатыр, – деді.– Қайда?– О-о, енді бөлім бастығы боламын.– Құтты болсын.

Page 116: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

117

– Қарамағымда он адам жұмыс істейтін болады.– Жақсы екен. Сонда бұл жұмыс орныңыз...– Ә, айтпаппын ғой. Мен істейтін жер – ауыл шаруашылығы

министрлігі.– Е, енді түсіндім.Сол күнгі әңгіме осымен аяқталды да, мен үй жанындағы

кішкене баққа қарай беттедім. Алдымнан бір көк шегіртке ыр-шып кетіп, анадай жерге барып қона қалды...

Арада бір ай өткенде әлгі көршіммен тағы да жолықтым. Бұл жолы да көңілді екен.

– Қызметті ауыстырып жатырмын, – деді ол мені көрген бетте.

– Қайда?– Өнеркәсіп министрлігіне. Ол жақта да бөлім бастығы бо-

лам.– Құтты болсын.Сөзіміз әріге ұзаған жоқ. Ол асығып кетіп қалды. Мен

баққа қарай кіре бере тағы да көк шегірткенің ыршып түскенін байқадым.

Қойшы, не керек, сол көршім бас-аяғы бірер жыл ішінде төрт-бес жерге жұмыс мекенін ауыстырған шығар. Тіпті соңғы уақытта оның бұрынғы жұмыс орнын еске алудан жаңылыса бастадым.

Бақта отыр едім, көз алдымда тағы да арлы-берлі ытқып секіріп, бірде олай, бірде былай тынымсыз арғыған көк шегіртке көлбеңдей бергені. Неге екені белгісіз, осы жолы менің есіме әлгі шенеунік көршім түсті.

«О, тоба!» деп ойландым мен. «Осы шегіртке мен шенеунік қандай ұқсап тұр, ә! Екеуі де бір орнында байыз тауып отыра алар емес. Бұлар қалайша ұқсайды екен осы...»

Тағы да ойладым: «Мына заманда шегіртке мінез шенеуніктер көбейіп бара жатқан жоқ па, а! Бір жерде тұрақтап, байыз тауып жұмыс істейтін кісі табу осы күні қиынның қиыны болып кетпесе неғылсын! Түбі жақсы болса игі...»

* * *Қазақ: «Тұрақсыздық кісінің түбіне жетеді» депті.Ал, Елес былай дейді: «Ұшқалақтық та – кесел».

малшашпақДаңғойбек өте дүниелі кісі еді. Оның дәулеті бір басынан

асып-артылып жатушы еді. Оның дүние – мүлкімен теңесе алар жан бұл тірлікте аз-ақ шығар.

Page 117: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

118

Сол Даңғойбек шетелдің бәрін де аралап шықты. Бармаған қаласы жоқ десе де болады. Қай елді айтсаң да; «е, оны көргенбіз» деп әңгіме өрбітер еді.

Ол тіпті қажылыққа да барып қайтты. Бір емес, төрт рет... Неге дейсіз бе? Әуелгісі – өзі үшін, сосынғысы – әкесі үшін, одан кейінгісі – шешесі үшін, ол одан кейінгісі...

Қысқасы, оның бармаған жері, баспаған тауы қалмады.Сол Даңғойбек соңғы уақытта мүлде бөлек мінез шығармасы

бар ма!– Мен енді космосқа ұшам! – деді тамыр – таныстарына.

– Айды көріп қайтуым керек.– Е, сен ұшқыш емессің ғой, – деді таныстары. – Сені

космосқа ала ма?– Мен турист болып ұшамын. Қанша ақша сұраса да беремін.

Дүниені не үшін жиды дейсің...– Ау, балаларың бар, соларға қалдырмайсың ба?– Оларға да жетеді.– Ендеше, жетім-жесірге бөліп бер.– Оларға да табылады.Басқа айтары қалмаған тамыр-таныстары енді Даңғойбекті

ортаға алып:– Ал, жарайды, – деді. – Космосқа ұштың делік. Ол

жақтан не іздейсің?– Ештеңе де.– Сонда не үшін ұщқың келеді?– Ау, қазақ деген елді әлем танығаны дұрыс емес пе! Мен

қазақтан шыққан тұңғыш турист – ұшқыш болып тарихта қалғым келеді. Бар мақсатым осы-ақ!

– Ә-ә, – деп бас шайқасты таныстары. – Ойым сол де...Даңғойбек алған бетінен қайтар емес. Арманы – көкке ұшу.Ендеше, ағайын, жақын уақытта турист – қазақ космосқа

ұшыпты десе, ол – Даңғойбек деп біліңіз. Біздің ауылдың Даңғойбегі...

* * *Мұндайда қазақ айтқан: «Атаққұмарлық та – ақылсыздық

белгісі».

ашдодаБұл – әнебір жылдары болған оқиға еді.Ауылдағы гараж үйі жекешелендіріліп жатты. Әркім қолына

тигенін ала қашты. Біреу есігін алып кетті. Тағы біреу терезесін жұлып алып, үйіне зытты. Ал осы елде отыз жыл трак-тор жүргізген Тросбек...үш жылдан бері жүрмей тұрған есік алдындағы көкшіл тракторға жармасты.

Page 118: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

119

– Сен тоқта, – деді оған екінші біреу. – Тракторды түп-түгел меншіктеп әкете алмайсың. Оны бөлуіміз керек.

– Дұп-дұрыс, – деп қоштай кетті үшінші біреу. – Бөлшектеген жөн.

– Онда мен рульді ешкімге бермеймін, – деп Тросбек са-зарып кабинада отырып алды. Ал жердегілер оған қараған жоқ. Біреуі – алдыңғы доңғалағын шешіп жетті. Екіншісі – артқы доңғалаққа жармасты. Тағы бір кісі – трактордың моторын ағытып алуға кірісіп кетіпті.

Ақыр аяғында Тросбек тек кабинаға ие болып қала берді. Трактордың қаңқасы да қалмады.

Маған сенбей отырсыз ба? Онда біздің ауылға келіп, өз көзіңізбен көріп қайтуыңызға әбден болады. Әлгі Тросбектің есігінің алдында көкшіл трактордың кабинасы осы күнге дейін қаңқиып тұр. Әрине, рулі де орнында. Ал, одан өзгесі... әлдеқашан сатылып кеткен.

Айтпақшы, әнебір жылы бір кәсіпкер жігіт Тросбекке келіп:– Маған осы кабинаны сатыңыз, – деп жалыныпты. – Е, неге сатам!– Бәрібір жүргізе алмайсыз. Мен басқа бөлшектерін сатып

әкеліп, құрастырам.– Жоқ, бермеймін.– Бұны қайтпексіз?– Бұны мен жекелендіріп алғанмын...Кәсіпкер жігіт әрі айналдырып, бері айналдырып, түк шығара

алмаған соң, кетіп қалыпты. Содан қайтып бұл жаққа қара көрсеткен жоқ деседі...

Тросбек оқта – текте трактордың кабинасына кіріп алып, рульді ұстап ұзақ отырып ойланады дейді.

Ол нені ойлайды екен, а?...

* * *Мұндай қазақ: «Бөлінген бөріге жем болар» деп күйініпті.

сұлу қыздың сырыСұлу келіншектің аты – Сұлухан болатын. Өзі расымен-ақ

пенде атаулының сұлуы еді. Оның жанынан өтіп бара жатқан қай еркек те бір бұрылып қарамай кете алмайтын.

Бірақ сол сұлудың ішкі сырын ешкім де біле бермейтін.Әнебір жылдары Сұлухан бір сұңғақ бойлы келісті жігітке

ғашық болды. Күндіз де, түнде де сол жігітті ойлай беретін, ойлай беретін.

«Әттең, ол мені сүйсе ғой» деп армандап жүргенде, көктен тілегені жерден табылды. Жаңағы жігіт өзі келіп танысты.

Page 119: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

120

– Арысхан.– Сұлухан.– Есімдеріміз қандай ұқсас! Бәлкім, тағдырымыз да жара-

сып кететін болар, – деді жігіт.– Кім білсін?! – деп, қыз еркелей жымиып қойды.Содан Арысхан мен Сұлухан тату-тәтті дос болып, екі-үш

ай жұптары жазылмай жүріп жатты. Бірақ тәтті күндер ұзаққа созылмады. Арысхан қызды сүйіп-құшып болған соң, тез суи бастады.

– Мұның не? – деп қыз сұрағанда, ол:– Менің тағдырым еркін болуы керек, – деді.– Мен тұсаумын ба саған?– Саған біржола байланып қала алмаймын.– Жер бетіндегі жаратылыс түп-түгел жұптасып өмір кешеді

ғой.– Ал, мен жалғыз жүргенді ұнатам.Қысқасы, Сұлуханды Арысхан тастап кетті.Қыз көп күн бойы ашуға булығып, өзіне-өзі келе алмай, жан-

талас сезімнің күйігін кешті. Ақыры өз шешімін жасады.«Егер еркектер қыз тағдырына осылай жеңіл-желпі қарайтын

болса, онда мен де олардан кек аламын!..»Міне, сол күннен бастап сұлу қыз Сұлухан талай жігіттермен

көңіл көтерген болды. Бірақ бірде-біреуіне жүрегінің төрінен орны берген жоқ. Емексітіп әкеледі де, аяқ жағында жалт береді.

Күндердің күнінде Сұлуханға бір жігіт ес-түссіз ғашық бо-лып қалыпты. Алайда, оның шын сезіміне қыз сене қоймады. Әдетінше, ойын ойнап жүре берді.

Қиналған жігіт бір жолы:– Сен мені неге осынша азапқа саласың? – деп зар сөзін

айтты.– Қатты қиналсаң, өз жолыңмен жүре бер.– Жоқ, өйте алмаймын.– Неге?– Өйткені, мен сені шын сүйемін.– Сүю! – деп күлді қыз. – Ондай да сезім бар ма еді...Жігіт жындана жаздады. Қыз бұның сезімін мазақ еткеніне

шыдай алмады. Ақыры... сол түні өзіне-өзі қол жұмсап, мына фәниді тәрк етті.

Үзілерінің алдында тілдей қағазға екі-үш ауыз сөз жазып қалдырыпты. Онда былай деп жазылған: «Саған мөлдір махаб-батымды сездірудің басқа жолын таба алмадым».

Сұлухан осы жағдайды естігенде төбесінен жай түскендей болды. «Мен не істедім!» деп ойланды. «Маған не болған! Бұным не!..»

Page 120: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

121

Бұл оның өз ішіндегі ойы болатын. Ол ойын ешкімге ашқан жоқ. Ешкімнің білгенін өзі де қаламаған.

Алайда, сол күннен бастап Сұлухан ешбір жігітпен сөйлеспейді деседі. Оның көз алдынан әлгі фәниден «махаббатымды дәлелдеймін» деп өз еркімен озған жігіт бейнесі кетпей тұрып алыпты.

Күндіз де, түнде де мазалап, ар азабына салады деседі...«Саған неге сенбедім екен!» деп қинала күрсініп өмір сүріп

жатқан жайы бар.

* * *Қазақ былай деп айтқан: «Битке өкпелеп, тоныңды отқа

тастама! ».

Бүгінгі бикеш– Атыңыз кім?– Жанель.– Бұл қазақша емес қой. Мүмкін, басқа...– Басқасы жоқ.– Қазақ қызының есімі қазақы ұғымға жақын болатын сияқты

еді.– Мен жаңа қазақ қызымын.

* * *Біздің алғашқы танысқан күнгі әңгімеміз осылай өрбіген-

ді. Мен әуелде ол ойнап айтатын болар деп едім. Сөйтсем, шындығы да солай боп шықты. Оған әңгімелесе келе көзім жетті.

Жанель, былайша, өте ашық, сөйлесуге ынталы, көпшіл келіншек.

– Рас, мен қазақтың қызымен, – деді ол сөйлесе келе ағынан жарылып. – Әкем де, шешем де – қазақтар. Бірақ көптен бері әке-шешеммен араласпаймын.

– Неге? – деп таңдана сұрап жатырмыз.– Оған еш таңданудың қажеті жоқ. – деді ол. – Мен әу

бастан еркін өмірді қаладым.– Оны қалай түсінуге болады?– Еркін өмір сүру дегенді білмейсіз бе? – деп Жанель мені

мысқылдай күлді. – Ой, сіз де ескі қазақ болдыңыз ғой.– Жоқ, мен де жаңа заманның тынысын сезіне алам.– Әй, қайдам! – деді Жанель. – Соған күдігім бар.– Жарайды, мен ескі қазақ бола салайын. Ал өзің ше? –

дедім мен. – Өзің қандайсың?

Page 121: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

122

– Мен өзімді барлық ортада еркін ұстаймын. Ойыма не кел-се, соны орындай алам. Бір ғана қызметпен шектеліп қалмаймын. Бүгін ұнамай қалса, ертең басқа жаққа ауысамын. Әйелмін деп қымсынбаймын, өзім автокөлік жүргізем. Ешкімге жалынып жатпаймын.

– Ал, отбасы...– Күйеуге шықтым. Бала таптым. Сосын күйеуім ұнамай

қалды. Ажырастым.– Балаңыз ше?– Оны бір апталық балабақшаға бердім. Қолым босаған кез-

де үйге алып кетем.– Енді тұрмысқа шықпайсыз ба?– Неге шықпауым керек! Бәлкім, тағы да махаббатым

кездесіп қалар...– Онымен де аз уақыттан соң мінездерің жараспай қалса...– Онда тағы да ажыраса салам. Ту-у, осы өмірді қазақша

бағалауды қашан қоясыздар! Ажырасу да сөз етуге тұратын тақырып па?

– Қазақ отбасын қасиетті деп санаған. Ақ некені аялай білген. Ол туралы ойланбағаның ба?

– Ол кез басқа, бүгінгі күн басқа. Сіз бүгінгі еркектерді тым жақсы біле бермейді екенсіз ғой. Қазіргі еркектер мүлде өзгерген...

– Қалай?– Қазіргі еркектер – сезімнің құлы. Жан рахатынан өзгені

көп ойлағысы келмейді.– Демек, бәріне еркектер кінәлі болды ма?– Негізінен, солардың кінәсі. Егер еркек өз отбасына шын

жанашыр бола білсе, әйелдер қайда барушы еді?– Әке – шеше, жақын туыстарыңмен араласпауың қалай?– Олар мені қайтеді! – деді Жанель кенет қамыға сөйлеп.

– Мен сияқты тәртіпсіз келіншек қай туысқа қажет. Барлық ағайындарым мені жолы сұйық, бұзылған келіншек деп ойлай-ды. Ал, шын мәнінде мен өз өмірімді өзімше сүріп жатқан бүгінгі күннің бикешімін...

* * *Жанель екеуміз күліп қоштастық. Ішімнен оны жөн-жосықсыз

кінәлағым да келмеді. Бірақ кеудемде әлдебір кермектеу сезім түйдектеліп тұрып қалыпты. Көпке дейін сол сезімнен айыға алмадым.

* * *Мұндайда Елес айтады: «Жолдар жолдарға ұқсамайды».

Page 122: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

123

Дей салғаным ғой...Шешесі қызына ертелі – кеш ақыл айтудан жалықпайды.– Адам бол, айналайын! – дейді. – Аяғыңды аңдап бас.

«Қыз жолы жіңішке» деген...– Оны білем ғой.– Білсең де тыңдай бер. Сенің сәтсіздікке ұшырап қалуың

аяқ астынан...– Енді не істеймін сонда? Ешқайда шықпай, үй күшік болып

өсем бе!– Тағы да айтамын: «Қыздың аты – қыз...»Қызы содан соң шешесін тыңдауды қояды. Ол сөйлей баста-

са, құлағына мақта тығып алады.Бұл не?Әкесі баласына үнемі тәуір жол сілтеп, болашағына байыпты,

жауапты қарауды үйретпек болады.– Үш жылдығын ойламаған еркектен без деген бар, – дейді.

– Осы сөз бекерден – бекер айтылмаған.– Естігем.– Еркек болу оңай іс емес. Сен ертең отбасы иесісің. Сенің

қалай жүріп-тұрғаның отбасыңа әсер етпей қоймайды.– Білем.– Жоқ, білмейсің. Әлі біліп болған жоқсың. Айтқанды

құлағыңа құйып ал.Баласы бұдан соң әкесін амалсыз тыңдаған болады. Бірақ бар

ойы басқа жақта болып отырады.Бұл не?Қашан көрсең де үлкен кішіге ақыл айтудан еш жалықпайды.Ал, бірақ соны қалай тыңдап жатыр деп ешкім де ойланып

жатпайды. Ақылды да тыңдайтын жерде айтатын болар еді.Осы біз, үлкендер, неге көктен түскендей бола қаламыз? Сол

айтып отырған кемшіліктерді біз де қайталадық қой. Бізге де әке-шешеміз соны ертелі-кеш ескерткен сияқты еді. Әлде... айта беру адамға әдет іс пе?

* * *Жо-жоқ, мен де сізге ақыл айтудан аулақпын. Сөз реті келген

соң, жазып жатқаным ғой. Ыңғайы келіп тұрғанда дей салғаным ғой.

Дей салған әңгіме бұл!

* * *«Кісінің гөй-гөйі неге көп?» дейді қазақ.Ал Елес былай дейді: «Ақылдымын дейтін көп, ал ақылсыздар

қайда сонда!»

Page 123: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

124

Есек пен Ебелек(мысал орнына)

Ойға түсіп, одан қырға шығып, кең далада емін-еркін домалаған Ебелек ең соңында ауыл сыртында қаннен-қаперсіз тұрған Көк есекке келіп тірелді. Көк есек бір аяғын көтеріп, оны әрі қарай өткізіп жібермекші еді, енді Ебелек жабысты да қалды. Өзі Көк есектің аяғынан ұстап, әзер байыз тауып тұрғанымен шамасы жоқ, тілін безеп:

– Осы сен есексің бе? – деп сұрады.– Есекпін.– Сен неге момынсың?– Өзіме осы мінезім ұнайды.– Ел-жер көрмейсің бе? Бұл тұрысың не тұрыс?– Маған осы жер ұнайды.Ебелек енді оны сынап-мінеп, мұқата бастады.– Тегіміз бір демесең, ана құландар да кең далада еркін

көсіледі. Бармаған жерлері жоқ...– Мейлі.– Ал, жылқылар ше! Олар да оқтын-оқтын даланың төсін

дүбірлетіп, шауып – шауып алады.– Е, мейлі.– Ау, сен өзің намыстан жұрдай екенсің ғой, – деп, Ебелек

Көк есекті алқымдады. – Мен саған осының бәрін не үшін айтып жатырмын...

– Оны өзің білесің!– Жоқ, бұл сен үшін айтылып жатқан ақыл сөз! – деді

Ебелек. – Сен енді бұдан былай қора-қопсыны сығалап өмір кешпеуің керек. Сен ашылып, кеуде кере дем ал. «Мен де кең далада көсіле шаба алам» деп ойла. «Мен де жылқыдан кем емеспін» деп арманда.

– Сонда не болады?– Сонда бойыңдағы қабілетің ашылады. Өзіңді-өзің қайрасаң,

қолыңнан келмейтін нәрсе жоқ.– Олай емес, – деді Көк есек. – Біз осылай жаратылған

жануармыз. Бізге жүк артады. Соны тасимыз. Бізге жем-шөп береді, соны жеп қанағат етеміз.

– О, сорлы! – деп күлді Ебелек. – Осы да өмір ме? Әй, былай... берместі тартып алып жемеген соң, ол өмір ме! О, сүмелек...

Көк есек бұдан әрі шыдамады білем, аузын кең ашып, Ебелекті бір-ақ жұтты. Осымен бәрі де аяқталды....

Page 124: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

125

* * *Мұндайда қазақ айтқан сөз мынадай: «Ақылды да он ойла-

нып барып айтар болар».Ал Елес айтады: «Өз орнын білмейтіндер нағыз сорлылар».

Бәрін білетін жігіт(әзіл әңгіме)

Бұндай да жігіт болады өмірде.Оның ерекшелігі неде дейсіз бе? Ол – бәрін біле беретін

жігіт. Білмейтіні – жердің астында. Сосын да оны достары Білгішбай деп атап кетіп еді.

Сол Білгішбай бір күні достарының ортасында отырып алып, мақтансын бір!

– Мен шетел әдебиетін өте жақсы білемін, – деді ол. – Аты-жөнін білмейтін ақын – жазушым жоқ десе де болады.

– Ол мүмкін бе? – деп бір досы тосын сауал берді. – Әлем әдебиеті мұхит қой. Оның бәрін білем деуің – тым артық сөз.

– Айтқаным – айтқан! Мен бәрін де білемін. Өйткені, көп оқығанмын.

– Онда сұрап көрсек қайтеді? – деді бір досы ортаға ой тас- тап. – Көп сөз болғанша, нақты сауал беріп сынаған дұрыс.

– Ал, сұраңдар.Жаңағы досы алдымен сұрақ берді.– Жапон жазушы Акутагаваны білесің бе?– Білем. Оның аты – Рюноскэ.– Шығармасы...– «Расемон қақпасы,» «Тозақ азабы»...Екінші досы сөзді бөлді.– «Мартин Иден» кімнің романы?– Джек Лондонның!Тағы бір досы айтты:– «Кішкентай ханзаданы» кім жазған?– Оны жазған француз жазушысы, ұшқыш Антуан де

Экзюпери...Бір шетте үндемей отырған ұзын сары досы осы кезде қиялай

сұрақ берді.– Ал, сен ана қытайдың Ху Ан Дык деген ақынын білуші

ме ең?– Білем.– Білсең, бір шығармасын аташы?– Есіме түспей тұр. Ал, сен ше? Сен өзің білесің бе?– Мен де білмеймін. Өйткені ондай ақын жоқ. Сосын тоқтамай күлді.– Неге күлесің?

Page 125: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

126

– Ой, білгішім-ай! «Білмеймін» деген сөз аузыңнан шықса, бір жерің қисайып қала ма, а?

– Соған ұқсас бір ақыны болушы еді, сол ма деп...– Енді мойындасаңшы. Осы жолы жеңілдің ғой. Әйтпесе бар

ғой, мен қазір... – Иә... Кішкене қателестім. Сен енді үндемей-ақ қойшы, –

деп, Білгішбай тұңғыш рет қипақтап, қысылып қалды.Бұның сыры сосын ашылған-ды.Ұзын сары досы Ху Ан Дык деген қытай ақыны мүлде

болмағанын, ал аузына түскені – өзінің жерлесі Қуандық деген жігіт екенін кейінірек қайта-қайта айтып жүрді.

Міне, осылайша Білгішбай тұңғыш рет сүрініп кетті. Сөйтіп, достарына күлкі болды. Содан бері «бәрін білем» демейтін бо-лыпты деседі...

* * *Қазақ былай депті: «Білетіндер білемін дейді».Ал Елес айтады: «Бөспенің сыры тез ашылады».

сөздің сұрауы– Осы күні сөйлегіштер көбейіп барады, – деді бір танысым.

– Қай жиынға барсаң да, аузы көпіріп, тілін айға білеп, ұзақ сөйлеп тұрғандарды көресің.

– Енді жиын болған соң, сөз айтылмай ма!– Жоқ, көбік ауыз көбейді. Қай тойға барсаң да миыңды

ашытатын бейпіл ауыздар табылады.– Енді, той болған соң...– Жиналыс та жиналыс, той да жиналыс... Бұның аяғы не

болады өзі?Әлгі танысымды уәжбен тоқтатқым келіп, мен де сөйлей бас-

тадым.– Сөз көңілдегі ойды жеткізуші құрал. Ой айтылмаса, іште

өледі.– Соның іште өлгені жақсы-ақ еді.– Неге?– Көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққан кезде көркін жойып

алып жүр.– Ол заңды ғой. Қандай шешен де сөз сөйлегенде өз

көкейіндегіні толық жеткізе алмаған.– О, міне, енді шындыққа жақындадың, – деп әлгі таны-

сым қуанып сала берді. – Менің де айтпағым сол еді.– Алайда, тіл адамға сөйлеу үшін берілген ғой. Кісі мен кісі

тілдесу арқылы табысады, түсініседі, сыйласады.

Page 126: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

127

– Ол басқа. Ал жиналыс-тойлардағы сөз басқа. Арасы жер мен көктей.

– Демек, енді қалай еткен жөн?– Сөзді мазақ етуді қою қажет. Сөз мазақ ету үшін

жаратылмаған.– Көп сөйлегеннің бәрі сөзді мазақ ететіндер ме сонда?– Бәрі болмағанмен, көпшілігін сол санатқа жатқызуға бола-

ды.– Ойпырмай, ә! – дедім мен. – Енді өз ойымызды жеткізу

үшін де көп ойланып барып бастағанымыз жөн болғаны да.– Өте дұрыс! – деді танысым. – Өте жөн айттыңыз. Сөзді

сыйлау керек.Ойланып қалдым. Әлгі танысым өз жөнімен кетіп бара жат-

ты.«Ойпырмай, ә!» деп ойландым ішінен. «Осы біз расымен-ақ

сөзді сыйлауды қойып бара жатқанымыз ба, а?»

* * *Мұндайда қазақ айтқан: «Сөздің де сұрауы бар».Ал Елес айтады: «Сөйлей білмеген өзгелерге мазақ болады».

Қайтыс болу қадіріСапархан деген танысым бар еді. Өзі туабітті талантты жігіт

болатын. Сурет салушы еді. Салған суреттерін әр-әр жерден-ақ кездестіруге болатын-ды. Үлкен залдарда, қоғамдық орындар-да ілулі тұрған әсем картиналар бар емес пе, міне, солардың арасынан оның да суретін жиі-жиі көріп жүретінмін. Мәнері ешкімге ұқсай бермейді, өзінше ойлап салады. Ішімнен ойлай-тынмын: «Әй, дәу де болса, нағыз хас талант шығар, ел қалай дегенде де шеберді таниды ғой».

Сол Сапархан досымды көптен көрмей кеткенмін.Бір жолы ойда-жоқта көшеде кездесе кеттік. Өзі жүдепті.

Жүзі де сынық. Бұрын жарқырап сөйлеп, жайдарлана әңгіме айтатын. Енді оның бірі де қалмапты.

– Аман-сау жүрсің бе? – деген сауалыма:– Е, өлмеген соң жүрміз – дағы, – деп көңілсіз жауап

берді.Мен ішімнен оның отбасында бір қайғылы жағдай болған

екен-ау деп ойлап:– Жайшылық па! – дедім. – Бәлкім мен естімеген бірдеңе

болып қалды ма?– Айтсам күлесіз-ау! – деді ол.– Күліп қайтем! Айта бер...

Page 127: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

128

– Осыдан бір ай бұрын ең жақын досым қайтыс болды, – деді Сапархан. – Өзі аса талантты жігіт еді. Сол бейбақты жерлеу кезінде көп қиындықтарға тап болдық. Ешкім көмек қолын созғысы келмеді. Атағы бір басына жетуші еді, әлденеше сыйлықтардың иегері, еліне еңбегі сіңген суретші... Тіпті оны ақтық сапарға шығарып салуға жоғары жақты айтпағанда, қала басшылығынан да келмеді.

– Е, қиын болған екен, – дедім мен де қосыла қайғырған болып.

Менің сөзімді дереу іліп әкете қойып:– Жыл басында бір суретші жігіт о дүниеге жол тартты,

– деді Сапархан – Ал, енді қара жер хабар бермесін, оның салған суреттері ортаңқол дүниелер... Сөйте тұра, сол жігітті ана дүниеге қалай шығарып салды дейсіз? О-о, оны тілмен айтып жеткізу қиын, оны көру керек еді...

– Оған кім көмектесті?– Ол жоғары жақтағы бір басшымен өте жақсы қарым-

қатынаста еді, сол жақтан арнайы тапсырма болыпты деседі.– Сонда-а... дұрыстап жерлеу үшін де...– Иә, ащы да болса ашық шындық осы. Бүгінгі заман со-

лай болып кеткен сықылды. Еңбегі озған емес, биліктегі біреуге жаққан адам ғана бақиға сән-салтанатпен аттанады.

Оған не айтарымды білмей, үнсіз отырып қалып ем, тағы да өзі сөз бастады.

– Соңғы кездері, – деді ол. – Билік жақтағы әлдекімдерге жағынуды үйреніп жүрмін. Жасым да біразға келіп қалды. Егер аяқ астынан олай-бұлай бола кетсем...

– Ой, қайдағыны айтпашы, – дедім мен. – Мұсылман емеспіз бе, кім болса да, құдайдан қорқар.

– Сол көктегі кісіңнен қорықпайтындар көбейіп кетті ме деп үрейленем, – деді Сапархан.

– Әйтпесе, елін сүйіп, елі үшін бар күш-жігерін аямаған кісінің өлген соң қадірсіз болып қала беруі сұмдық қой.

Содан кейін аз-кем жымиып алды да:– Қайтыс болған кезде қадірім болсын деп ертелі-кеш өзімше

бас қатырып жүрген күйім осы, – деді.Менің жүрегім зу-у ете қалды.

* * *Мұндайда қазақ: «Құдай қадірсіз қалғаннан сақтасын» дейді.Ал Елес айтады: «Қадіріңді білгің келсе, өліп көр».

Page 128: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

129

ҚоянжүрекТанысым әңгіме айтып отыр. Мен тыңдап отырмын. Сөзін

бөлейін десем, қызынып алған, тоқтар емес.– Қазақ о баста өте батыр халық болған деседі. Оған дәлел

өте көп. Ең үлкен дәлел – халқымыздың осынша көп жерді иеленіп қалғандығы. Оны кім «мә, ала ғой» деп бере салады екен. Әрине, найзаның ұшымен һәм білектің күшімен алынған кең дала ғой бұл, – деп бір қойды. Сосын тағы сөйлеп берді.

– Ал, енді бұл қазақта кім көп, батыр көп. Қолына найза алған да, жауға айғай сала шаба берген. Соңғы кездері әр аудан, әр ауыл, тіпті әрбір әулет өзінің батырларын шығарып алып, той тойлап жатыр. Тойға не жетсін! Әй, бірақ, сол батырлардың көбісі қолдан жасалған шығар-ақ!

Хош, ол өз алдына бөлек әңгіме.Дау тудырмас бір ақиқат – қазақ расымен батыр халық

болғандығы. Оны ертедегі ертегі-хиссалардан да таба аласыз. Алпамыс батыр ма – батыр! Қобыланды батыр ма – батыр! Ер Тарғын батыр ма – батыр!

Жарайды, олар ертегі кейіпкері дерсіз. Ендеше, берірек келелік.

Кешегі хан Абылай батыр емес деп кім айта алады? Хан Кене ше? Сыздық Сұлтан ше?

Олар да әріде өмір сүрген дейсіз бе?Онда одан да беріге келелік.Кешегі ХХ-ғасыр ішінде Амангелді Иманов атойлап

шықпады ма!Соғыс күндерінде Бауыржан Момышұлы, Мәлік Ғабдуллин,

Төлеген Тоқтаров, Сұлтан Баймағамбетов, т.б. көзге түскен жоқ па! Тіпті қазақтың қыздары да батыр болып көріне алды. Сол соғыста Әлия мен Мәншүк Кеңес Одағының батыры болды ғой? – деп тағы тоқтады.

– Айта берсек, қазақта батыр көп, – деп сөзін әрі жалғады.Ел басқарған азаматтардың бәрі бірдей жалтақ бола бермейді.

Қандай қиын саясаттың ортасында жүрсе де Нұртас Оңдасынов, Жұмабек Тәшенев, Өзбекәлі Жәнібеков сынды ұлт ұлдары өзгеге кеудесін бастырмады. Бұл – тарихи шындық.

Біз осындай ел едік. Осындай батыр ұлдарымыз бар халық едік. Ал қазір ше? Неге қоянжүректер көбейіп кетті?

Осы жерге жеткенде оны әзер тоқтаттым.– Ау, елдің бәрі қоянжүрек боп кетті деп кім айтып жүр? –

деп, оған қайыра сауал бердім.– Онда батырың қане? – деді ол. – Бүгінгі азаматтар ара-

сында жүректі ешкім де жоқ. Бәрі жалтақпайлар...– Жүректі жандар қиын жағдайда көзге түспеуші ме еді?

9-177

Page 129: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

130

– Ол сылтау, – деді әлгі танысым. – Бұл айтып тұрғаның жай ақталудың әңгімесі. Әйтпесе, жүректі азамат өмірдің әрбір сәтінде өз мінезін көрсете алады. Біздің қоғамда сөз етуге тұратын қисық істер жоқ па екен? Бар ғой. Ал соны ешкімнен жасқанбай, кім айта алады? Кім қара қылды қақ жарып сөйлеп жатыр?...

Мен мүдіріп қалдым.Әлгі танысым маған қораздана қарап алып, өз бетімен кете

барды.

* * *Қазақ айтқан аталы сөз: «Тек жүрген тоқ жүреді».Ал Елес айтады: «Қоянжүректер көбейгенде қоғам да аза-

ды».

ауыл шаруашылығы ақыны(әзіл әңгіме)

Бір мекемеде үш жігіт жұмыс істеуші едік.Үшеуміздің жұбымыз жазылмай жүретін. Түскі асқа бірге ба-

ратынбыз. Ана екі қызметтесімнің аттары да ұқсас болатын. Бірі – Әскен, екіншісі – Қаскен. Әскен ақынжандылау, ал Қаскен – өте қу тілді.

Өткен жолы бір отырыста Әскен көңілденіп алып:– Мен өлең оқимын, – демесі бар ма!– Әй, өз өлеңің бе? – деп Қаскен төтелеп сұрап жатыр.– Әрине, өзімдікі. Өзгені қайтем.– Онда оқы.Әскен өзін-өзі тік ұстап, дайындалып алып, қолын сермей

сөйлеп, өлеңін бастады.«Анау тұрған Комбайн,Ішіп-жеуге дап-дайын...»Қаскен күліп жіберді. Әскен тоқтап қалды.– Неге күлесің?– Басқа өлеңің жоқ па?– Бар.– Ендеше, соны оқы.Әскен тағы да тамағын кенеп алып:– «Қарсы алшы сол сәт, қарағым.Көтеріп күріш сабағын...» – дей беріп еді, Қаскен тағы да

күлкіге басты.– Бұлай мазақ ете берсең, оқымай қоям.– Ойбай, енді күлмеймін, – деп Қаскен жалынып-жалбары-

нып жатыр.

Page 130: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

131

Әскен тағы да өлең оқуға кірісті.– «Біз деген егін еккен ауылданбыз,Шілдеде пісіп-жетілер қауын-қарбыз...»Осы жолы мен де шыдай алмай, күліп жібергенім.Қаскен мені иығымнан тартып қалып:– Сен күлме, – деді. – Жаман өлең бе бұл?– Жоқ, олай емес. Тек... бәрі ауылдың айналасы... Егін,

жеміс...– О-о, – деді Қаскен. – Мәселе қайда жатыр. Біздің Әскен

анау-мынау емес, ауыл шаруашылығы ақыны...Оның сөзінің астарын сол мезетте байқай алмаған Әскен:– Иә, мен негізінен ауылды жырлаймын, – деп салды.

* * *Елес былай депті: «Ерінбеген ақын болады деу – өтірік сөз».

сыртынан сескенетін адамОның аты – Сырбермес. Аты ғана емес, заты да нағыз

сырберместің өзі. Сөйлеспейді дейсің бе? Жо-жоқ, әңгімеге тартсаң, одан өткен әңгімеші жоқ. Қай тақырыпқа да суырылып ала жөнеледі. Оның білмейтіні жоқ па дерсің. Бір көрген кісі оған жалп етіп құлайды. «Не деген аңқылдақ, қарапайым адам» деп ойлауы да кәдік. Ал бірақ...

Сіз оның бұрынырақ қай салада жұмыс істегенін естідіңіз бе? Бәлкім, естімеген боларсыз. Ол бар ғой, ол ана-а... «үш әріпте» қызмет еткен деседі. «Қазір еңбек демалысына шыққам» дейді өзі. Әйтсе де кейбір білгіштердің айтуынша, ол сол бұрынғы қызметінен біржола атқұйрығын кесіп кетпеген екен. Олай болса, әрине, онымен көп сырласа беру – қауіпті іс.

Соны білеміз ғой. Одан аулақ жүрсек екен деп ойлап қоятынымыз да рас. Алайда, қашанғы қаша бересің. Күнделікті аралас-құралас болған соң, кейде шай ішесің, кейде әңгіме-дүкен құрасың. Қысқасы Сырбермес біздің ортамызда жүріп жатыр.

Өткенде қызық болды. Ортамыздағы аузын ашса, арғы жағынан жүрегі көрінетін досымыз Доспан аяқ астынан саясат туралы сөз қозғады.

– Мен осы бүгінгі бағытты түсінбеймін, – деді ол. – Біз қай жаққа беттеп бара жатырмыз, а?

– Иә, қайда бет түзеген екенбіз? – деп, біз де оны қостап қойдық.

– Жоқ-ау,– деді Доспан. – Маған көп нәрсе түсініксіз. Депутаттарымыздың көбісінің сауаттылығы шамалы. Ал енді министрлерге келсек...

Page 131: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

132

– Сен батыл сөйлей алады екенсің, – деп осы кезде сөзге Сырбермес араласты. – Ал бірақ батыл айтудың да түр-түрі болады.

– Шындық біреу-ақ емес пе! – деп Доспан онымен дауласпақшы болып еді. Сырбермес:

– Бізге дейінгілердің көбісі осылай сөйлеп қателескен екен, – деп қойды.

Осы кезде Доспанның реңі құп-қу болып кеткені. Одан әрі тілін жұтып қойғандай, сөзі қоюласпады.

Біз жан-жақтан жамырап:– Сонда бізге дейінгілер не депті?– Олар қай сөзден қателік жіберіпті?– Сөз үшін де кінәлі бола бере ме? – десіп, шулап қоя

бердік. Сырбермес еш сасар емес.– Тарихты білу парыз, – деді ол. – Өткеннен сабақ ала

білу керек...– Осы сен, – деді осы кезде қайта тілі шыққан Доспан. –

Бізді неге қорқыта бересің, а?– Бұл қорқыту емес, ескерту.– Сен өзі... бұрын қай жақта қызмет істегенсің?– Оның бұл жерге қандай қатысы бар?– Сен... сен...– деп, Доспан тағы да тұтықты. – Саған сену

қиын...– Ол өз шаруаң, – деді Сырбермес. – Мен ешкімді

қорқытып-үркіту үшін әңгіме айтпаймын. Осыны айтты да, орнынан тұрып, кетуге ыңғайланды.Біз аң – таңбыз.«Осы Сырбермес кім? Мұның ішінде қандай құпия қасатталып

жатыр екен, а?»Бәріміздің ойымызда осы сауал тұрды...

* * *Қазақ былай депті: «Сөз кейде өсіреді, ал кейде жерге

тығады».

«Құрметті азамат»– Оу, жарандар! – деп айқай салды Ордабек. – Мені

білесіңдер ме? Мен... мен «құрметті азаматпын»!– Оны қалай түсінеміз? – деді бір қария.– Тура мағынасында.– Онда саған құрметті атақты кім берді?– Аудан берді. Аудандық мәслихат шешімі...– Х-м! – деп, шырт түкірді қария.

Page 132: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

133

* * *Ордабектің одыраңдап жүргені бір бүгін ғана емес. Ол қай

елге барса да, алдымен өзінің атақ-даңқын айтып, жұртты үркітіп алғанды жөн көреді.

Күні кеше Ойжайлау ауданында өте қызық жағдай болды. Ордабек Ойжайлауды да бір рет дүр сілкіндіріп кетті.

«Мен келе жатырмын» деген соң, Ойжайлау ауданының әкімі Ордабекті өзі күтіп алыпты. Сосын шай беріп, сый-құрмет көрсетіп отырып:

– Қазір егін жинау науқаны, – депті. – Сізбен кездесу өткізудің реті келе қоймайтын сияқты.

– Как это так! – деп Ордабек орнынан ұшып түргеліпті. – Сендер менің кім екенімді білмейтін сияқтысыңдар.

– Жо-жоқ, білеміз ғой, тек жағдайға байланысты... – деп аудан әкімі сыпайылық байқатса да, Ордабек басыла қоймапты.

– Мен, – депті ол. – Мен ана ауданның құрметті азаматы-мын, мына ауданның құрметті азаматымын. Ол аз десең тағы да...

Аудан әкімінің жанында отырған елге сыйлы кісі шыдай ал-май:

– Сізге сол атақты беріп жүрген кімдер? – деп қалады.Ордабек оған адырая қарап:– Аудан басшылығы, – дейді.– Жоқ, қарағым, – депті әлгі сыйлы кісі. – Құрметті болу

үшін атақ алу аз, ол үшін ең алдымен ел жүрегінен орын ала білу керек. Ал сен болсаң...

– Мен не істеппін?– Сен тым артық сөйлеп отырсың. Құрметті атақ басқаларға

қыр көрсету үшін беріле ме екен?Оның сөзіне Ордабек тосылып қалыпты. Ыңғайсыз жағдай

орын алып қала ма деп аудан әкімі сөзге араласып:– Енді Орекең өзі сұрап алған жоқ қой, оны сол аудан бас-

шылары ақылдасып шешкен ғой, – деді.– Вот, именно! – деп Ордабек қуанып сала берді. – Имен-

но так!Сосын орнынан ұшып тұрды да, сырт киімдерін киіп жатып:– Бұл жерден тез кетейін, – деді. – Сіздерде кісі сыйлау

жағы тым төмендеу көрінеді.– Сыйлы болу екі жаққа да қатысты нәрсе, – деп бір қария

сөз жалғап қойды.

* * *Мұндайда қазақ айтқан: «Кісіні сыйлы ететін атағы емес,

мәдениеті».

Page 133: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

134

Ал Елес былай дейді: «Семіздікті де қой көтере алатыны рас-ақ!»

Пенде мен беделІзберген соңғы жылдары араққа салынып кетіп еді. Аты

шыққан ақын бола тұра Алматының кез-келген көшесінде көрінген біреулермен ішкілік ішіп отыратынын көзтаныс кісілер талай рет көрді. Тіпті жақын достары оны ақылға шақырып:

– Жақсы ақынсың, осылай жүріп-тұру саған лайық па?– деп әлденеше рет айтты да.

Алайда олардың сөзін тыңдар Ізберген болмады. «Сендер өз жолдарыңмен жүре беріңдер, ал бұл – менің тағдырым» деп қисая сөйлеп қоятын.

Сол Ізберген ақын бір күндері Алматыдан біржола жоқ бол-ды да кетті. Кейбір жақсы танитындар аракідік сөз еткені бол-маса, өзге жұрт оның бары-жоғын да ұмытып үлгергендей еді...

* * *Араққа әбден тойып алған Ізберген поезға қалай отырғанын

да білмейді. Әйтеуір есін жиған кезде бір стансада тоқтап тұр екен. Басы ауырып, шыдатпай бара жатқан соң, тысқа шығып, сыра алып бере қоятын жан іздеп, алақтап арлы-берлі жүреді. Станса ішіне кіреді. Кафе маңын жағалайды. Ешкім бұған «сен кім едің» деп көңіл аударған жоқ. Кафенің ең түкпірінде үш жігіт сыра ішіп, бөсіп отырды. Өздері аздап арқалы сияқты. Біреуі өлең оқиды. Қолын сермеп оқиды.

Ақырын басып, солардың қасына келді. Сол кезде үш жігіттің біреуі бұған қарап:– Өзіңе не керек! – деп ақыра сөйледі.– Мен... мен өлең оқып берейін.Аузына түскен жалғыз ауыз сөз осы болды. Әлгі ерсілі-

қарсылы өлең оқып отырған жігіт жалт қарап:– Ал, оқы! – деді.– Әуелі тамағымды жібітпесем... Даусым шыға қояр ма

екен...– Мә, іш сыраны...Бұның да күткені сол еді, бір бокал сыраны әп-сәтте басына

көтере, түп-түгел жұтып қойды. Сол кезде ғана құрысып қалған денесі жіпсігендей болды.

– Өлең қайда? Өлең оқымайсың ба?– Оқиын.Сөйтті де, есіне басқа өлең түсе қоймаған соң, өзі жазған,

кезінде газет-журналдарда жарияланған жырларды кезегімен оқи бастады.

Page 134: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

135

– Әп, бәрекелді! Өзің нағыз поэзия жанашыры сияқтысың, – деп, арқалы жігіт тағы да сыра ұсынды. Бұл ішті. Енді маңдайынан тер шықты.

Сол-ақ екен, бұны ақындық шабыт қыссын бір! Енді өз өлеңдерін түйдек-түйдегімен боратып берді. Еш тоқтаусыз, ұзақ оқыды. Беріле, балқи, соншалық әсермен оқып жатты. Көптен бері ынта-шынтасымен өлең оқығаны да осы шығар. Біртүрлі, сондай еркін көсілетін сәттерді де сағынып қалған екен.

– Жаңағы оқыған өлеңдер қай ақындыкі екенін білесің бе? – деп арқалы жігіт бұған тосын сауал берді. Ізберген өз атын атауға ыңғайсызданып:

– Авторын... білмеймін, – деген. Әлгі арқалы жігіт бұның алқымынан ала түсіп:

– Сен.. сен оңбаған осы күнге дейін Ізберген Ізтаев деген ақынды білмеуің қалай! – деп сілкіп-сілкіп жіберді.

– Жоқ, білем ғой, айтайын дегенім...– деп Ізберген қылқына әзер сөйледі.

– Айт, не демекшісің?– деп енді арқалы жігіт ақырын уы-сынан оны босатты.

– Мен сол Ізберген ақынмын.– Не дейсің! – деп арқалы жігіт бұған бұқакөздене қарады.

– Әй, сен кімді мазақ етіп тұрсың? Ізберген ақыннан садақа кет сен...

– Ізберген екенің рас болса, қане, құжатыңды көрсетші, – деді жанындағы жұқалтаң жігіт.

– Менде құжат жоқ. Жоғалтып алдым...– Бәрі де өтірік! – деді арқалы жігіт. – Бұл оңбаған біздің

өлеңді жақсы көретінімізді біліп алып, тегін сыра ішуге келген қаңғыбас...

– Жоқ, олай емес,– деп Ізберген қатты састы. – Мен расы-мен сол ақынмын.

– Ізберген ақынды біздің елде екінің бірі жатқа оқиды. Ол біз үшін кумир, – деп, арқалы жігіт тағы да ашуға булықты. – Ал, сен болсаң... мына түріңмен...

– Тіпті оның сөзіне жергілікті сазгер жігіт ән де шығарған, – деп жұқалтаң жігіт те жағаласа сөйледі.

Ізберген осы жолы сылқ ете қалды.– Кешіріңдер мені, – деді даусы дірілдеп, – Мен оны

білмеппін. – Нені білмейсің?– деп арқалы жігіт тағы да арс-арс етті.– Ізберген ақынды сонша қадірлейтіндеріңді... – деді әлсіз

үнмен, – демек, ақынның арманы жоқ екен. Армансыз екен...– Әні, айтпадым ба! – деп арқылы жігіт жанындағы дос-

тарына қораздана қарады. – Өзі-ақ мойындады. Бұл қайдан Ізберген бола қойсын. Қаңғып жүрген қаңғыбас...

Page 135: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

136

Сол ашулы күйінде Ізбергенді жуан жұдырығымен қақ маңдайдан қойып қалып еді, ақын шалқалап барып, басымен столға соғылып, жерге ыңқ ете қалды. Содан қайтып басын көтермеді...

* * *Арада үш-төрт күн өткенде әлгі үш жігіт теледидардан

Ізберген ақынның қайтыс болғанын естіп, қатты күйзеліп отыр-ды.

– Әлі қырыққа да жетпеген екен ғой, – деп қайғырды бірі.– Енді Ізберген жазған отты жырлар баспасөзде жариялан-

байтыны қандай қиын, – деді екіншісі.Арқалы жігіт аһ ұра:– Қош, Ізберген ақын, – деді. – Сен енді аңызға айналасың.

Онсыз да сенің атыңды сатып, арақ ішкісі келетіндер көбейіп кетіп еді...

* * *«Беделді де кісілікті кісі ұстап тұра алады». Бұл – қазақтың

сөзі.

Жақсы мінезді жағымпаз Жымбекті жұрттың бәрі де жақсы біледі. Жәй біліп қана

қоймайды, соны ылғи мақтап отырады. Неге дейсіз бе?Оның сыры өте тереңде. Бұл Жымбек осы жасына дейін бір

кісіге қатты сөз айтып, бетіне келіп көрген емес. Үлкенмен де, кішімен де әмпей – жәмпей. Қабақ шытып, дауыс көтеріп не болмаса ренжіген түр танытпай өмір сүру деген қандай ауыр, ә! Бірақ біздің Жымбек сондай адам.

Жұмыста бір жеңіл-желпі шаруа шыға қалса, барлық басшы сол Жымбекті іздейді.

– Бұны Жымбек тас қылып тындырады, – дейді.Ол рас та. Жымбек тапсырма алды дегенше, оны бітірмейінше,

тыным таппайды. Мұнысы – елгезектігі.Содан соңғы бір қасиеті – ешқашан басшыға қарсы сөз айт-

пайды. Шикілік байқалып тұрса да «жөн екен» дей салады. Мұнысы – былқылдақтығы.

Қойшы, әйтеуір, Жымбекке жетер жан жоқ сияқты.Осы қалпымен ол өте жақсы жігіт болып жүре берер ме еді,

қайтер еді, әнеукүнгі бір ыңғайсыз іс болып қалғаны.Жымбектің қызметтесі Рымбек деген тікмінез жігіт болушы

еді, сол екеуі болмашы нәрседен ренжісті.– Сен.. сен мінсіз екенмін деп ойлама, – деп Рымбек алқына

сөйледі. – Кемшіліксіз пенде болмайды.

Page 136: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

137

– Қоя беріңіз, – деді Жымбек. – Бір ашуыңызды маған-ақ бере салыңыз.

– Жоқ – деді Рымбек. – Бүгін саған бәрін де айтуым керек.– Қайтесіз, – деп Жымбек тағы да елпек қақты. – Сөзімді

қайтып алдым. Аузымнан шығып кеткені ғой...– Сен, – деді оған Рымбек. – Жақсы мінезді жігітсің.

Мінезіңде мін жоқ.– Жарайды, – деп Жымбек тағы да сөзді бөлді. – Мені

мақтап қайтесіз...– Мен мақтайын деп тұрғам жоқ, – деп Рымбек енді

қатуланды. – Әйтсе де, жақсы мінезді жағымпазсың... Жұмсақ мінезді жалпаңбайсың...

– Бұл қай сөзіңіз, – деді Жымбек. – Мақтағаныңыз ба, жоқ әлде даттағаныңыз ба?

– Қалай түсінсең, солай түсін. Мен шындықты айттым. – Ым-да!– деді Жымбек.Сонда да ішіндегі ашуын сыртқа сездірген жоқ.

* * *Мұндайда қазақ былай депті: «Көңіл тазалығы барлық

уақытта мінезден көріне бермейді».

соғыстың соңғы жесіріАуылдағы мектепке Жеңіс мерекесіне арналған кеш болады

екен деген хабар жеткелі бері Үмітгүл әжей дегбірсізденіп кетті.«Барсам ба екен, жоқ бармай-ақ қояйын ба? Соғыс туралы

сөз болса көңілім бұзылып, жүрегім ауырып қалса ше! Жоқ, барғаным дұрыс шығар. Мен де осы ауылдың кісісімін. Осын-дай кешке неге бармасқа...»

Ары-бері ойланып, ақыры ертең болатын Жеңіс күніне арналған кешке баратын болып шешті.

* * *Кеш бастала бере сахнаға бір жас бала шыға келді. Ол

қасқайып тұрып алып, соғыс туралы өлең оқи жөнелді.– «Автомат, пулеметпен қырқып атып,Кетті-ау соғыс талайды шырқыратып!Күйеуі өлген соғыста көрші әйелТемекіні шегетін бұрқыратып!...»Бұдан арғы өлең жолдары Үмітгүлдің құлағына естілмей

кетті. Басы айналып, жүрегі лоблығандай болды. Жан-жағына қарап еді, ешкім байқай қоймапты. Сосын орнынан көтерілді де, ақырын басып, тысқа шығып кетті.

Page 137: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

138

Мектептің бір бұрышында тұрып, қолы қалтырап, қалтасынан темекісін алып тұтатпақ болса да, шамасы жетпеді. Бойын әлдебір дегбірсіздік билеп алып, мұздатып барады.

«Қайран, сүйген жар!» деп ойланды ішінен. «Сен оралмадың ғой. Сені 20 жыл, 30 жыл, 40 жыл, тіпті 50 жыл бойы күдер үзбестен күттім ғой мен. Неге жым-жылас жоғалдың? Қайдасың сен, жарығым? Қай жерде қалдың, боздағым-ы-ым...»

Жанарынан екі-үш тамшы жас еріксіз тамып кетті. Кеудедегі сартап сағыныш тап қазір өзінен-өзі атқылап, сыртқа шыққысы келгендей. Ұзақ жылғы үзілмеген сағыныш енді кемпірдің тұла бойын билеп алды.

Тағы да темекіні тұтатпаққа ниеттеніп еді, саусақтары дірілдеп, тұтата алмады. Сосын темекі қорабын қыса ұстап, қалтасына қайта салды.

«Жан жарым-ау!» деп тағы да толғанып қоя берді. «Сенің сүйегің қай жерде қалды екен? Қайдасың сен, боздағым...»

Осы сәтте құлағына әлдеқайдан үн естілгендей болды. Құлақ төсей берген.

«Мені енді күтпей-ақ қой» дейді әлгі үн. «Екеуміз ана дүниеде кездесетін боламыз...»

«Сені күттім ғой! Сағына аңсадым ғой, жан жарым...»«Сағынышыңды бас! Өткенді ұмыт! Есіңді жи. Айтпақшы,

темекі шеге бастапсың, бұныңа жол болсын?»«Еріккеннен бе, сол! Бәрі де саған деген сағыныштан... Сені

сарғая күтуден...»«Қой, темекіні таста! Ол жақсы әдет емес...»Әжей енді ғана есін жиғандай болып басын көтере түсіп:– Әй, өзің кімсің? – деді. – Сен маған ақыл айтатындай

қай дәусің, а?Осы кезде дауыс та жоғалып кетіп еді. Кемпір ақырын

қалтасына қол салды. Темекі қорабын алды. Тағы да темекі тұтатпақ болып, ыңғайлана берді де:

– Жоқ! – деді бар даусымен. – Мен енді темекіні тастай-мын.

Сөйтті де темекі қорабын құлаштап тұрып лақтырып жіберді. Сол сәтте көзіне ып-ыстық жас та келіп қалып еді.

Осы кезде арт жағынан бір қыздың жіңішке, нәзік үні естілді.– Әже, сізді іздеп жатыр, – деді ол дауыстап. – Сізге сөз

бергелі жатыр...– Мен қазір... қазір...– Жоқ, тез жүріңіз. Ел күтіп қалады.– Барамын, балам! Сен ішке кіре бер. Қыз мектепке кіріп кетті. Үміткүл әже аяғын жылдам-

жылдам басып, үйіне қарай асыға зытып бара жатты. Артына бұрылып та қарамады.

Page 138: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

139

Сәл аялдаса болды, соңынан біреу жетіп алып, мұны қайтадан мектепке сүйрелейтіндей, жо-жоқ, баяғы соғыс жылдарына қайтадан сүйреп әкететіндей көрінді. Неге екені белгісіз, осы жолы үйіне жетуге қатты асықты.

Елдің алдына шығуға тап бүгін жүрегі дауаламады.

* * *Мұндайда қазақ не айтар еді? Өзінен-өзі түсінікті емес пе!

Жезөкшенің жеңілісіОл ауылда өскен-ақ қыз еді. Қалаға оқу іздеп келді де,

жолы болмаған соң, осында тұрақтап қалды. Ал содан соңғы тағдыры... тайғанақ болып кетті.

* * *Өз атын ұмытып, қалаға еліктеп Аня болып шыға келді. Аня

алғашқы кезде бұл жиіркенішті іспен уақытша ғана айналысар-мын, ертең жағдайым дұрысталған соң, өз жолымды тауып кетермін деп ойлаған. Бірақ ол арманы іске аспады. Барған сайын былғаныш іске біржола бой үйретіп, тіпті онсыз өмір сүре алмайтын сияқты болып алып еді.

Оған екі себеп болды. Алғашқысы – бұл қалада тамыр-танысың болмаса, жөні түзу жұмыс таба қою оңай емес еді. Сосын да ең тиімдісі – осы. Онымен қоймай, Аня алғашқы жылдары-ақ аяғы ауыр болып, қыз туып алып еді. Оны сырт көзден жасырып өсіріп жатқан-ды. Күннен-күнге қызы өсіп, сұранысы көбейе бастаған соң, оған көп ақша тауып беруі керек болды.

Сөйте-сөйте Аня бұл қалаға белгілі атағы шыққан кәдімгі жезөкше әйел болып алып еді.

* * *Арада талай жылдар өтті. Аняның қызы да өсіп-жетілді. Алайда, ол өз анасының

қандай іспен айналысатынын біле бермейтін-ді. Анасының жөн сілтеуімен ең жақсы жоғарғы оқу орнына да түсті. Студент атан-ды. Бұл жағдай Аняны аса зор қуанышқа бөлеп қоятын.

Күндердің күнінде Аня қонақүйде елден келген ескі танысы-мен көңіл көтеріп отырды. Әлгі танысының екінші серігі көрші бөлмеге ораналасқан-тын. Әңгімеден әңгіме өрбіп, жаңағы та-нысы:

– Көрші бөлмедегі жолдасыма барайық, – деді. – Ол дас- тархан әзірлеп, бізді күтіп отыр. Сенің келетініңді айтқам.

Аня қарсы болған жоқ.

Page 139: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

140

– Дегеніңіз болсын, – деді.Екеуі көрші бөлмедегі жолдасына келді. Жолдасы елпілдеп

қалған, аңқылдақ жігіт екен. Ұшып тұрып, бұларды төрге оз-дырды. Не ішетінін сұрап, құрақ ұшты.

Аняның танысы досынан:– Ау, сенің серігің қайда? – деп күле сұрады. – Екеуің

ұрысып қалғаннан саумысың?– Жоқ, – деп күлді танысы. – Неге ұрысамыз? Ол қазір

шығады. Ваннада.Осы кезде ваннаның есігі ашылды да, ішінен бір сұлу қыз

шығып келе жатты. Оны көргенде Аняның тілі байланып қалды. Бүкіл денесінен ток жүріп өткендей, қол-аяғы дірілдеп әлі құрып, бір жағына жантая берген...

– Ой, саған не болды? – деп, ескі танысы оны қолтықтап алып, төсекке жатқызды. – Не болды саған?

Аня тілге келе алмады. Көз жанары төңкеріліп кетіпті.Ваннадан шығып келе жатқан өз қызы еді...

* * *«Не істесең де өз алдыңнан шығады» дейді қазақ.Ал Елес айтады: «Өмірді ешкім де ешқашан түсінбеген...»

Талант трагедиясыТабыл – талантты драматург деген атаққа әбден-ақ лайық

болатын. Оның жазған пьесаларын кім оқыса да, дереу мақтай жөнелетін. Алайда бір бақытсыздығы – шығармалары ешқандай театрда қойылған емес. Кейбір достары:

– Әй, сен ана режиссерлермен танысып, достаспайсың ба! – деп ақыл-кеңес беретін. – Сонда еңбегің де жанады.

Бірақ Табыл режиссерлермен әмпей-жәмпей болуға еш құлықсыз. Тіпті сөйлескісі де келмейді. Оның да өз себебі бар.

Бір жолы атағы дүркіреп тұрған режиссер жігітпен танысты. – Драма жазып жүрмін, – деді сыпайы ғана.– Осы күні екінің бірі драматург болғысы келеді тіпті! –

деді режиссер. – Пьеса көрінгеннің қолжаулығы емес.– Жоқ, мен көптен бері жазамын.– Отыз жыл омалып отырып жазса да, таланты болмаса

ешкім ештеңе тындыра алмайды.– Сонда... бізге жазбай-ақ қой дегеніңіз бе бұл?– Жоқ, олай емес. Жазу керек. Бірақ, жазу үшін әуелі театр

заңдылығын ескере білу қажет. Оны білмейінше, драматург бо-лам деу – бос әурешілік.

– Онда сіз ақылшы болыңыз...

Page 140: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

141

– Е, бұл басқа әңгіме.Сол күннен бастап Табыл әлгі режиссердің айтқаны бойынша

жұмыс істей бастады. Бір ай өтті, шығарма тумады. Анығында, жазылған, бірақ режиссер сынынан өтпеді. Бір жыл өтті – бәрібір аяқталмады. Әйтеуір бір жері ұнамай қала береді. Сын айтқаны өз алдына, айқайлап, дауыс көтеріп ұрсып та жібереді.

– Әй, сендерден Шекспир шыға қоюы екіталай шығар – дейді.

– Ойбай, Шекспир қайда, біз қайда?– О – о, армандаған соң, солай армандау керек. Әйтпесе,

драматургияға келіп не керек!...Қысқасы, режиссермен қоян-қолтық жұмыс істеймін деп Та-

был не жазып, не қойғанын өзі де түсінбей қалды. Бүйте берсе, өзінің бойындағы бар талантынан да айырылып қалатын сияқты. Сосын үн-түнсіз режиссерден бойын аулақ салды.

Енді, міне! Осы күнге дейін отызға жуық пьеса жазып тас- тапты. Бір күні бір режиссер өзі іздеп келер деп армандап қояды.

Әзірге мұны «ау, сен қайдасың» деп іздеп жатқан ешкім жоқ.

Оқта – текте теледидарды қосып қалса:– Бізде жақсы драмалық шығармалар мүлде жоқ, – деп,

сөзшең режиссер зар қағып, сөйлеп жатады.Телефон соқсам ба екен деп ойланады. Бірақ одан нәтиже

шыға қойса жақсы – ау! Тағы да баяғыдағыдай болып, төмпештеп ақыл айтып, әбден есін шығарса...

Ең дұрысы – үндемей, жаза беру. Ал талантты дүние түбі жерде қалмайтыны айдай ақиқат! Егер шынымен талантты шығарма болса...

Солай емес пе, достар!

* * *Мұндайда қазақ «Адал еңбек еш болмайды» депті.

айқайбеделОны осы күні елдің бәрі де таниды. Көшеде онымен қатар

келе жатсаң, жұрт ең алдымен сізге емес, оған бас шұлғып аман-дасады. Тіпті кейбір елгезек жандар апыл-ғұпыл жүгіріп келіп, қолын алуға ұмтылады. Онымен қоймайды, аман-саулығын сұрасады. Кәдімгі ежелгі таныс жандардай қауқылдасып ала жөнелгенде, өзің де қызығып кетесің.

«Апырай, мен осы танысымның бойындағы асыл қасиетті көрмей-білмей жүргенмін бе, а!» деп ойланып та қаласың.

Page 141: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

142

«Бәлкім, мінезінде ерекшелігі бар ерек жан шығар. Көре білмеген көрсоқыр біз шығармыз...»

Сонда ол кім дейсіз бе?Айтып берейін. Сіз тыңдаңыз.

* * *Оның шын есімі баяғыда-а ұмытылған. Ал қазіргі аты... Екеуміз жас кезден бірге өстік. Бірге есейдік. Алайда, есейе

келе екеуміздің жолымыз екіге ажырады. Өйткені, ол елдің ал-дына шығып алып, малтасын езіп көп сөйлегенді ұнатады. Тіпті араласпайтын жері болсашы.

– Ау, осы әдетіңді қойсаңшы! – дедім бір күні. – Кісі жөн-жосықсыз бәріне араласа бергені дұрыс па екен?

– Е, – деді ол. – Е-е, сен мына өмірден мүлде кейіндеп қалып қойған екенсің. Бүгінгі заман басқа. Өзіңді-өзің таныту үшін мінбеге шығып сөйлеп, көп алдында көріне білу аса қажет. Онсыз ақсақ аттай текіректеп, ұзаққа шаба алмайсың.

– Жоқ, енді... шын мықты болсаң, елдің өзі-ақ танымай ма?– Сөз болғаныңа! – деп ол ұзақ күліп алды. – Айтып

отырған жоқпын ба! Бүгінгі заман-басқа заман деп.– Сонда не өзгеріп кетіпті?– Психология өзгерді. Жастарға өзіңді-өзің танытпасаң, олар

сені білмейді, тіпті танығысы келмейді.– Ол үшін не істеу керек?– Мен секілді өзіңді-өзің жарнамала. Яғни, реті келсе

көп алдында сөйлеп қал. Теледидардан көбірек көрін. Газет-журналдарға сұхбат бер.

– Сені теледидарға шақырмаса қайтесің? Көпшілік орында сөз бермесе ше?

Досым мені мысқылдай күліп алды да:– Ау, мінез көрсетпейсің бе! – деді. – Кісіге мінез не үшін

керек? Әуелі жайлап айт. Оны тыңдамаса, айқайла. Дауыс көтер. Қысқасы, өзіңе назар аудартатындай жағдай туғыз.

– Ойпырмай, ә! Оны қалай істеуге болады екен! – деп, мен ойланып қалдым.

* * *Ана жолы Орталық концерт залында бір белгілі күйшінің кеші

өтті. Сол кешке бара қалып ем, тағы да әлгі досымды ойда-жоқта кездестіре кеткенім. Өзі көңілді.

– Мына күйші жігіт екеуміз тығыз араласамыз. Мені кешіне арнайы шақырды, – деп біраз бөсіп алды. – Қазір кеш соңында сөз сөйлеймін. Сен кетіп қалма. Тыңда.

«Сөз сөйлеймін» дегенге аса таң қалған жоқпын. Арнайы шақырса, сөз беретін де болар. Жалғыз-ақ ойыма келгені: күй мен күйші туралы сол саланы жақсы білетін кісі сөйлеп, баға

Page 142: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

143

беретін еді, бұл жігіт күйші емес, күйді зерттеп те жүрген жоқ, бұл кеште жұрт алдына шығып не айтады екен, а?

Әні-міні дегенше кеш те аяқталуға айналды. Жүргізуші соңғы сөзді күйші жігітке беріп жатты. Менің әлгі досым орнынан қайта-қайта қозғалып, шыдамсызданып барады.

«Ау, бұның сөз сөйлеймін дегені қайда? Кеш те бітіп қалды емес пе!» деп ойлап қоям. Кенет... менің досым орнынан ұшып түрегелді. Сосын зал ішінен айқай салды.

– Біз неге сөйлемейміз? Бізге неге сөз берілмейді, а?Күйші жігіт мүдіріп қалды.– Сіз... сөйлемекшісіз бе?– Иә, сөз беріңдер.– Ал, олай болса, бері шығыңыз.Досым алшаңдай басып, жоғарыға көтерілді. Сосын микро-

фонды қолына алды. Алды да:– Күйді тыңдамау керек. Оны жүрекпен ұғу қажет. Бұл

аса қажет қағида, ағайын! Бәріңіз де есте ұстаңыздар. Қысқа қайырғанда, осыны айтқым келіп еді, – деп, төмен түсіп бара жатты.

Зал іші гу-гу. Әр-әр жерден жақтырмаған үндер естіліп те қалып жатыр.

– Мына, шіркін не үшін шықты!– Сол да сөз бе екен!– Күйді қалай бағалауды ол айтпаса да білеміз ғой.Ол менің қасыма келіп отырды да, маған күле қарап:– Міне, беделді осылай жинау керек, – деді. – Бүгін

мына залға жиналған барлық көрермен мені ұзақ уақыт есінде сақтайтын болады.

Мен не дерімді білмедім.* * *

«Батырлықтың да өз орын бар». Бұл – қазақтың сөзі.

ДүниеқұлЖаңа мекемеге алыс облыстан жақында ғана жұмысқа ауы-

сып келген едім. Бір бөлмеде отыратын мұртты жігітпен ә де-геннен тіл табысып, тез-тез араласып кеттік. Ол да өте сөзшең екен, мені өзіне баурап алды. Арада бір жеті өтпей жатып-ақ:

– Ал, досым, келесі аптада менің қыз ұзату тойым болады, – деді. – Сол тойдың құрметті қонағы бол.

– Жарайды, – дедім мен де қуана қабыл алып.– Ана үйдегі құрдас осында ма? Ол келді ме?– Жоқ, ол әлі қалаға келе қойған жоқ.– Е, ендеше өзің келерсің.

Page 143: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

144

* * *Бөлмелес танысымның қыз ұзату тойы расымен-ақ, өте та-

маша өтті. Тойда елге танымал әншілер мен күйшілер өнер көрсетті. Сол күнгі кеш керемет демалыс болды десем, еш артық емес. Әйтеуір өзім жақсы серпіліп, бойым да, ойым да жадырап қайтқан едім.

Ертеңіне жұмысқа келсем, әлгі танысым әлденеге қатты ренжіп отыр. Мен оның жүзін жылытайын деп:

– Кешегі той ғажап болды, – дедім. – Көптен бері мұндай қыз ұзату тойын көрген емеспін.

– Е, қойшы, – деді қызметтесім. – Сәтсіз жермен құда болыппыз.

– Ол қалай?– Ой, өздері жарымаған біреулер екен.– Түсінбедім.– Өзің бері қарашы, – деп, енді қызметтес танысым маған

бұрыла сөйлеп, әңгіме тиегін ағыта жөнелді.– Мен ғой қызыма су жаңа пәтердің кілтін бердім. Ішін жиһазға толтырдым. Ал, әлгі құдам болса...

Ол тұтығып, тоқтап қалды. Мен әлі де ештеңеге түсіне алар емеспін.

– Әлгі құдам – деп сөзін жалғады ол. – Өте майда екен. Ау, ең болмаса екі жасқа бір су жаңа автомобиль мінгізсе қайтеді. Бүгін көрдім, күйеу балам мен қызым салдырлап қалған ескі машинамен кетіп барады. Көк түтінін будақтатып...

Мен күліп жібердім.– Е, неге күлесің?– Бүгін болмаса, ертең болар. Дүние қолдың кірі емес пе!– Жоқ, – деді ол. – Қазіргі заман басқа. Жастарға жағдай

жасау біздің міндетіміз. Бүгін шалқып жүрмегенде, қашан шалқымақ, а?

– Ал мүмкіндігі болмаса ше?– Ондай сорлы болса, келін алып қайтеді, а? Кідіре тұрмай

ма?– Махаббатқа қалай тосқауыл қоюға болады.– Сөзіңе болайын, – деді ол. – Махаббат тамақ бола ма!

Махаббат-көлік бола ма? Махаббат деген, керек болса ай- тайын, ол әлгі жазушы-ақындар ойлап тапқан қияли әлем ғой...

* * *Міне, бүгін де бөлмелес танысыммен сөйлесіп отырмын.Ол айтады:– Сенің қызың бар ма?– Бар.– Бойжетті ме?

Page 144: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

145

– Иә, биыл университетті бітіреді.– Ау, менде ұл бар. Әлі үйленген жоқ. Ойланатын шаруа

екен.Ойының арғы жағында не тығылып жатқанын ашып айтпаса

да сезіп отырмын. Сонда да үндеген жоқпын.«Ау, менде су жаңа автомобиль әпере қоятын ақша бар ма?

Ал пәтер кілтін тапсыру деген... О-о-о!...»– Неге үндемейсің? – деді танысым. – Не ойлап отырсың?...– ?!

* * *Мұндайда қазақ «Құлдыраудың ең сұмдығы – дүниеқұл...»

деген екен.Ал Елес айтады: «Сенде қандай сиқыр бар, шірік дүние?»

ҚолүздікМен өзі өмірде ылғи жолы бола бермейтін адаммын. Қай

кезде де алдымнан бір қырсық шыға келеді. Әйтеуір ісім кері кетіп жатады.

Жұрт қатарлы жоғарғы оқу орнын да тәмәмдағам. Қолыма табақтай диплом да алғам. Бірақ менің мамандығым бойынша жұмыс табылмады. Қайда барсам да – орын толық. «Ертең кел, арғы күні кел» деп сілелетті. Тіпті шыдап бағайын десем, әлгінің ертеңі жылға созылар түрі бар. Содан бәрін де қойдым да, көптің істеп жатқан ісін мен де істеп көрейін дедім. Биз- неске ұрындым.

Айтатыны жоқ, алғашқы кездерде кішкене қиналғаным бол-маса, ептеп қолым жүре бастады. Қалтада ақша пайда болды. Сөйтіп, отбасымда да беделім әжептеуір өсіп қалды.

Кәсіпкер болу маған бірте-бірте ұнай бастады да, енді үлкен-үлкен шаруаларға араластым. Тендерге қатысып, көбірек ақша ұтып алуды армандадым. Сөйтсем, бұл тендері құрғыр да жәйден-жәй беріле салмайды екен. Оған да еп керек екен. Кісі соңына түсе берсе, ақыры төте жол табады ғой.

Мен де әртүрлі айла-шарғыны үйреніп, тынбай талпыныс жа-сай бердім.

«Қайтсем де жолым болуы керек, әйтпесе, қашанғы ел соңында салпақтап күн кешпекпін? Жоқ, мені де ана тапты, маған ұлым бар деп сенді...»

* * *Бір жолы расымен-ақ айым оңынан туып жүре бергені. Тен-

дерге қатыстым да, шегі жоқ көп ақшаны иемденетін болдым. Ой, сондағы қуанғанымды көрсеңіз!

10-177

Page 145: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

146

Атқаратын жұмысымыз – құрылыс саласы еді. Айналамда жүрген жігіттерді әбден қуантып, әні-міні дегенше іске кірісіп те кеттік.

Ақшаны жұмыс аяқталған соң, банкіден толық алатын болып келіскенбіз. Мұндайда жан бар ма! Күндіз-түні тыным көрген жоқпыз. Тезірек аяқтап шығуға тырысып, демалу дегенді де білмедік.

Жұмыс аяқталған соң басшысына барайын.– Ал, біз сөзде тұрдық.– Ендеше, ақысын да төлейміз.– Оны қайдан алам?– Банкіге барасыз. Сол жерде қағаз толтырасыз да, өз

есебіңізге аударасыз.– Жарайды. Мен банкіге кеттім.

* * *Бар қиындық осы банкіге келген соң басталсын. Кассадағы

қыз бөлім бастығына жіберді. Бөлім бастығын әзер ұстап, енді сөйлесе бергенде ол:

– Бар шаруаны ана бастықтың орынбасарымен шешесіз, – деді.

Бастықтың орынбасары түске дейін жұмысқа келген жоқ. Түс ауа әзер бой көрсетті.

Ол тағы да ыңырана сөйледі.– Бұл өте көп ақша екен, – деді. – Менің қолым жүре қоя

ма!– Енді кім шешеді?– Бастықтың өзі.– Бастық қайда?– Ол ертең болады.Жазған құлда жазық бар ма, ертеңді асыға күттік.Ертесіне таң атпай әлгі банкі бастығының алдында отырдым.– Ағатай, өзімнің маңдай терім ғой, – деймін жалбарынып.

– Жігіттерден де ұят болды. Тезірек шешіп берсеңізші.Бастық асықпады. Істеген жұмыстарымызды сұрады. Неше

жігіт екенімізді де білуге ынтықты. Соның бәрі не үшін керек екен? Түсінсем бұйырмасын. Қанша ашуым келсе де, сабыр сақтап, сұрақтарына жауап беріп жатырмын.

– Бәрі түсінікті, – деді ол ең соңында ыңырана. – Өздерің кімге жұмыс істейсіңдер?

– Түсінбедім.– Крыша бар ма дегенім ғой.– Жо-жоқ, біз өз бетімізбен...

Page 146: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

147

– Онда жақсы, – деді банкі бастығы. – Ақшаңды бүгін шешіп берейін. Тек...

– Айтыңыз...– Бізге де бірнеңе... – деп күбірледі. Соны айтты да, ар-

тынша:– Бұл пара сұрау емес, әрине, – деді. – Өзің қазақсың ғой.

Қазақта қолүздік деген болады. Естуің бар шығар...– Естігем! Естігем! – дедім.– Онда бәрі бітті. Іске көшелік.Сөйтті де, ақ қағазға бірдеңе жазып, маған көрсетті. Онда

ақшаның көлемі көрсетілген. Көптеу екен.– Осыны маған бере қойыңдар. – Бұл енді... көп емес пе, а?– Жоқ, қайта азайтып отырмын.– Тағы кішкене азайтсаңыз.– Онда күтуге тура келеді. Мәселе бүгін шешіле қоймас.– Жо-жоқ, күтетін хал жоқ. Бүгін... қазір... – Е, бұның дұрыс. Ақылға келгенің жөн-ақ. Сонымен,

қағазды толтырамыз ба, қайтеміз?Келіспеске шара бар ма! Басымды қалай изегенімді де білмей

қалдым.* * *

Үйде шай ішіп отырып, апамнан:– Осы қолүздік деген не? – деп сұрадым. – Қазақ асарлап соғым сойғанда, оған көмектескендерге

қолүздік береді. Яғни, еттен бөліп беру... Сыбаға беру...– Е, сол ма! – дедім мен.Ішімнен ойладым: «Ана банкі бастығының бұл «соғымға»

қандай қатысы бар екен, а?»Тағы да ойладым: «Ой, қазақ-ай! Басқа дәстүрін ұмытсаң

да, алуға келгенде есебін табасың, ә!...»

* * *«Тойымсыздың тәңірі жоқ». Қазақ қалай дәл айтады екен!

Тентек су(монолог)

Шыны ыдыста тұрған кезде менен қадірлі ешкім жоқ болар. Дүкендердің сөресінде самсап тұрам. Біреулердің қолы жетпей, көзін сатып қарайтынын да сезем. Сондайда өзімді соншалық бақытты сезініп те қоятынмын.

Бірақ, менің тағдырым екі бөліктен тұратынын екінің бірі біле бермейтін болар. Соны айтып берсем деп едім.

Page 147: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

148

* * *Өмірімнің бірінші бөлігі – дүкендерде өтеді. Ол кезде әдемі

шыныда сақталам. Сырты әшекейлі, көз тартарлық. Келгендер қызыға ұстап, аймалап, сипалап, ұзақ тұрып алады. Қайта-қайта жұтынып қоятындар да бар.

Қалтасында мол ақшасы барлар келеді де, бір емес, бірнешеуін алып шығып кетеді. Үйіне жеткізеді. Стол үстіне қояды. Енді қонақтар келе бастайды. Олар да сабыр сақтайды. Ешқайсысы бас салмайды.

Міне, отырыс та басталады.– Кешірерсіз, сізге құяйын ба? – деп, үй иесі қонақтан сұрап

жатады.– Жалпы, ішпеуші ем, көңіліңіз қалмасын, аздап қана құя

қойыңыз, – дейді қонақ та сыпайы сөйлеп.Басы осылай басталады. Қай кезде де осылай.Сосын стаканға құйылғанды жұту басталады. Бірінен соң

бірі...Сәлден кейін қарасаңыз, әлгіндегі сыпайы қонақтардың мінезі

де өзгере бастайды. Біріне бірі айқайлай сөйлеп, тіпті кеңірдек созатындар да шығады.

Қысқасы, менің өмірімнің алғашқы бөлігі осы жерден аяқталады.

Ал, бұдан соң екінші бөлігі басталады.Ішкілікті көтере алатындар тәлтіректеп басып, үйден шығып

кетуге тырысады. Ең бастысы – ел көзіне түспеу.Қалғандары ше? Қалғандары – не стол үстінде ұйықтайды,

не болмаса айқай-шу шығарады. Тіпті кейбір отырыстардың аяғы ұрыс-төбелеске де ұласып кететіні бар. Бас жарылып, көз шығатын кез де болған.

Тіпті оны айтасыз, бір кездері ішіп алған екі жігіт (өздері дос болатын) бір-біріне пышақ салып алғанын да көргенмін. Оның арты үлкен дауға ұласып, екі әулет бір-бірін көрместей боп кетіп еді.

Қысқасы, мен шыныда тұрған кезде ғана қадірлімін. Ал шы-ныдан қалай шығамын, солай абырой-беделден жұрдай болам. Сондайда мені де ашу қысады.

«Ау, менің кінәм қайсы? Мен бе екен соларды таластыратын! Мен бе екен оларды төбелестіретін! Мен бе екен оларға пышақ ала жүгір дейтін... Түсінбеймін. Бұл адам деген қызық жара-тылыс, өзі істеп алғанды біреуге жаба салуға әбден-ақ құмар...»

* * *Менің қазіргі атым қалай екенін білесіз бе? Менің атым –

Тентек су! Міне, осылайша мен тентек болып шыға келіппін.

Page 148: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

149

Өзіңіз-ақ ойлаңызшы, тентек кім өзі? Ана шыны ішінде тұрғанда мен қой аузынан шөп алмас момақан емес пе едім?

Бұл – әділетсіздік! Тентек мінезді менен емес, әлгі ішкен кісілерден іздеу керек.Адамның тентек мінезі әшейінде жасырынып жатуы да

мүмкін. Соны шығару үшін сылтау іздейді.Осыны да түсінбей жүргенің бе, оу, жұмыр басты пендем!!!

* * *Мұндайда қазақ былай депті: «Бойыңдағы кемшілік үшін

біреуді кінәлау – барып тұрған масқаралық!»

КүрескерАэропортта үш жігіт ұшақ күтіп отырмыз. Жанымдағы

екеудің бірі – үндемес те, екіншісі – сөзшең болып шықты.– Әлі біраз күтетін түріміз бар, – деп сөзшең жігіт даңғырлай

сөйледі. – Тымпи ойнағанша, ең болмаса таныса отырайық. Менің атым – Қайсар.

– Медет, – деді екінші жігіт.Мен де есімімді айттым.Енді Қайсар сөз тізгінін өз қолына алды.– Осы қоғамды түсіне алмай-ақ қойдым, – дейді ол. –

Бізде не істелсе де, бәрі дұрыс сияқты болып тұрады. Ал ше-телде олай емес.

– Ойыңды түсінбедім, – деді Медет те сөзге араласып.– Түсінбейтін несі бар, – деп Қайсар одан бетер қайсарланды.

– Осы Қазақстанды айтам. Тәртіп қашан болады?– Ел іші тыныш қой, – деді Медет.– Оны айтпаймын. Кәдімгі тәртіп қашан сақталады деймін.

Айталық, бүгін біз ұшатын ұшақ екі сағатқа кешігетін болды. Бұған кім кінәлі? Мен неге баратын жеріме кешігіп жетуім ке-рек? «Осылай болды-ау» деп алдымызға келіп кешірім сұрап жатқан аэропорт қызметшісі жоқ. Оны айтасыз, ана анықтама бюросына барып: «Неге кешігіп жатыр?» – деп сұрасам, өзіме дүрсе қоя береді. «Мен қайдан білейін, – дейді. – Өзіңіз шы-дамсыз екенсіз...».

– Оның білмеуі де мүмкін ғой, – дедім мен де қарап отыр-май.

– О, – деді Қайсар. – Мәселе қайда жатыр. Бізде мүлде тәртіп жоқ. Ешкім өз міндетін дұрыс атқарғысы келмейді. Осы-дан соң еліміз қалай өркендемек?

– Екі сағат кешікті деп сонша түңілуге бола ма! – деді Медет.

Page 149: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

150

– Бәрі осындай кішкентай нәрселерден басталады, – деді Қайсар. – Әлемдік өркениеттен өз орнымызды ойып алу үшін мұндай майда-шүйде нәрселерге дейін көңіл аудармай болмай-ды.

– Сіз кімсіз? – деп сұрадым мен. – Қайда жұмыс істейсіз?– Мен бе! Мен бір қоғамдық қозғалыстың төрағасының

орынбасарымын. Біздің бар ойымыз – ұлт абыройын көтеру.– О-о, – дедім мен. – Сіз күрескер екенсіз ғой.– Әлбетте, солай. Күрескер дегеніңіз құлаққа жағады.Осы кезде Медет сөзге араласты.– Мен қазіргінің адамдарын еш түсінбеймін, – деді ол қисая

сөйлеп. – Бәрі де ұлтшыл, бәрі де күрескер, бәрі де әділетшіл. Ал шынтуайтына келгенде... өз отбасына дұрыстап ие бола ал-май жатады.

– Сен сонда кімді айтып тұрсың! – деп Қайсар атыла сөйледі. – Байқа, жігітім, ауыз өзімдікі екен деп босқа көки берме.

– Бұл көку емес, – деді Медет те алған бетінен қайтпай. – Мысалы, сіз... айтыңызшы, қанша балаңыз бар?

Қайсар қоқилана:– Екі ұл, бір қызым бар, – деді.– Олар оқи ма?– Әрине, екеуі де студент.– Ал үшіншісі...– Ол үлкені ғой. Өткен жылы университетті тәмәмдаған.– Жұмысқа орналасты ма?– Әзірге жоқ. Сәті түспей жатыр.– Оны неге жұмысқа орналастырмайсыз! Жас маман неге

үйде жұмыссыз отырады, а?– Онда жұмысың қанша! Оны өзім шешем.– Ал жолдасыңыз...– Ол да үйде.– Неге жұмыс істемейді?– Онда қандай шаруаң бар? Сен өзің қызық-қызық сөйлейсің

ғой.– Бүгінгі әйелдер түгел жұмысқа тартылуы керек. Гендерлік

саясат деген бар. Естіген шығарсыз.– Әй, сен маған ақыл үйреткің келе ме? Мен деген... мен

күрескермін. Ұлт үшін күресіп жүрген жанмын. Медет еш сасар емес.– Міне, сіздің күрескерлігіңіздің бар сиқы осы. Өз отбасына

дұрыстап қарай алмаған соң... Қайсар қатты ашуланып, тұтыға сөйлеп, тұншыға демікті.Мен болсам екеуінің ортасында алақтап, не деп тоқтау сөз

айтарымды білмей, сасқалақтап қалдым.

Page 150: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

151

* * *Мұндайда қазақ былай деп айтқан: «Ең үлкен ордаң –

Отбасың!»Бедел бесігі

Мен осы кісіні түсінбей-ақ қойдым. Былай қарасаңыз, үсті-басы мұнтаздай, тап-таза, жинақы жүреді. Сөзді де ірілеп айтқанды ұнатады.

Өзімен танысқаныма көп уақыт та бола қойған жоқ. Әуелде өте ақылды кісі болар деп, іштей сескеніп, оның алдында имене сөйлеуші ем. Не айтса да нық сеніммен, еш күдіксіз төгілтеді. Сосын да оның әрбір қимылына қызыға қарап, сөзін сабырмен тыңдап жүрдім.

* * *Қызық жүре бара басталды.Бір жерде жұмыс істейтін болған соң, кісінің ішкі сыры да

бірте-бірте ашыла береді ғой.Жаңағы танысымның есімі Асқар еді. Сол Асқар бір жолы

маған әңгіме айтты.– Байқаймын, сен менен кішілеу сияқтысың, – деді ол. – Солай шығар.– Ендеше, інішек дейін.– Е, жарайды.– Қысқасы, інішек, мен өз кезімде үлкен-үлкен қызметтер

атқарған адаммын, – деді Асқар әріден сөз бастап. – Мен пәлен облыста қызмет істеп, мыңдаған кісіге басшы болдым.

– Ал, сосын...– Ешқашан жоғары жақтан сөгіс алған емеспін. Үнемі мақтау

естідім.– Иә, содан...– Мен еліміздің үлкен-үлкен басшыларымен табақтас бол-

дым. Олардың қолына су құйдым. Әңгімелерін тыңдадым.– Бұл қызық екен.– Баяғы кез қандай тамаша еді. Онда кісіні еңбегіне қарай

бағалайтын. Өткен еңбек жолыңды бағамдап, соған лайық қызмет те ұсынатын. Ал қазір... бәрі де басқаша.

– Неге олай дейсіз?– Көрмейсің бе, мен осы күні мына мекемедегі көптің бірімін.

Ешкім маған «бұрын қайда істедіңіз?» деп сауал бермейді.– Ол өтіп кетті ғой. Оны несіне сұрайды, – дедім мен.Асқар маған едәуір ренжіп қалды.– Әні, сен де солай ойлайсың, – деді ол. – Бұл дұрыс

емес. Елге еткен қызмет еленуі керек. Тиісті құрмет көрсетілгені мақұл.

Page 151: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

152

– Оны кісі өзі сұрап алмайды ғой.– Түсінбейтін топастарға не дейсің! Өздері біліп жатса, кәні...– Ой, ағасы, – дедім мен. – Өткен өмірді айтатын кез алда

емес пе? Зейнетке шыққан соң, естелік жазып...– Сен өзің қандай адамсың! – деп Асқар тағы да ашуланды.

– Зейнетке шыққан соң, айтты не, айтпады не! Кісі өзі жұмыс істеп тұрған кезде өз еңбегінің рахатын сезіне алмаған соң...

Одан соң аз-кем мүдірді де, тағы да:– Сен білесің бе! – деді маған. – Білесің бе, адамзат үшін

бедел ауадай қажет зат. Ал, сол беделдің бесігі – лауазым. Мұны сен біліп қоюың керек...

* * *Міне, бүгін де Асқар ағамыз екеуміз асханадан ас ішіп отыр-

мыз. Ол кісі ыстық сорпаны сораптап қойып, өткен өмірін есілте сөз етуде. Тыңдап отырсаң, істемеген жері қалмапты. Барлық жерде бастық не соның орынбасары болған.

– Елге еңбегі сіңген адам бір мендей-ақ болар, – деп қояды маңдайы тершіп.– Ал оны айтатын адам қайда! Қайда біздің қадірімізді білер ұрпақ...

Мен бұл жолы үндемедім. Тек тыңдаушы болдым.

* * *Мұндайда қазақ «Есті адам өз қызметін міндетсінбейді» деп

айтыпты.Ал Елес айтады: «Қызметтік беделдің де өз буы болады».

Жердің сілкінуіБарлығы да осы Қоңырөлең ауылындағы ана жолғы жеңіл-

желпі жер сілкінісінен басталып кетіп еді. Сол күннен бастап бұл ауылда алып-қашпа әңгіме өршіп ала жөнелді. Екі кісінің басы қосыла қалса бітті, әңгімелері сол жер сілкінісіне келіп тірелетін.

– Ойбай, несін айтасың, бұл басы ғана екен! Әлі алда үлкен сілкіністер болатын көрінеді, – деп ел іші у-шу болды.

Ауыл әкімі Жорғабек жұртты тыныштыққа шақырып, басу айтумен әлек. Бірақ оны біреу тыңдаса, екіншісі құлақ аса бермейді. Қысқасы, сол жер сілкінісінен соң бұл ауылда бұрынғы тыныштық кетіп қалып еді.

Бір жолы Жорғабек облыс орталығына бара қалған-ды. Сондағы таныстарының бірі оған мынадай ақыл берді.

– Елді тыныштандыру үшін сен осы облыс орталығындағы ғылыми-зерттеу институтынан арнаулы маман алып бар, – деді ол. – Сол маман елге лекция оқып, бәрін де ғылыми тұрғыдан түсіндіріп береді. Сөйтіп, бәрі де тынышталады.

Page 152: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

153

Танысының мына ақылы Жорғабекке расымен-ақ ұнап қалды. Ғылыми-зерттеу институтына барып, осы саланы зерттеп жүрген бір көзілдірікті кісіні тапты. Аты-Қабақбай екен. Қабақбайға жа-тып кеп жабысты. «Өзім көлікпен алып барып, қайта жеткізіп саламын» деді. Қабақбай келісті.

Сөйтіп, ертеңіне Қоңырөлең ауылына жалғыз оралған жоқ, Қабақбайды да ерте келді.

* * *Ауыл жұрты орталықтағы клуб үйінің үлкен залына жиналып,

лекторды күтіп отыр. Өзара күбірлесіп:– Әй, әлгі кісі қайда?– Өзі бірдеңе біле ме екен? – десіп, шуласып жатқанда, ескі

ашылды да алдымен Жорғабек, оның соңынан көзілдірікті кісі Қабақбай қабаттаса кірді.

– Ал, жолдастар, – деді Жорғабек. – Өздеріңіз білесіздер, біздің ауылда жер сілкінді. Алдағы уақытта ол қайталана ма, жоқ па, міне, сондай сұрақтардың жауабын алу үшін облыс орталығынан арнайы маман шақырдық. Ендігі сөзді сол кісіге беремін.

Қабақбай асықпай сөйлейтін кісі екен. Оның үстіне сөзінен гөрі көзілдірігін түзеткені көбірек. Сәт сайын жоғары көтереді, сосын төмен түсіреді. Әйтеуір, бір ермегі-көзәйнегі.

Ол ең алдымен дүние жүзіндегі жер сілкіну тарихын түбегейлеп әңгімелемекші еді, жұрт шулап:

– Оны қайтеміз!– Сіз біздің ауылдың жағдайын айтыңыз бізге! – деп сөзді

бөле берді.– Олай болса, – деді Қабақбай. – Мен сіздердің ауылға

келейін.– Е, сол дұрыс! – деп айқайлады көп ортасынан жуан қара

жігіт-Жауынбай. Өзінің даусы да зор еді. Гүр-гүр етіп айтты. – Дауысың арыстанның үніндей екен, – деп Қабақбай күліп

қойды.– Дауысымды қайтесіз, мәселенің тоқ етеріне көшпейсіз бе!

– деп Жауынбай тағы да гүрілдеді.– Көшсем көшейін, – деп алып, Қабақбай қағаздарына

үңілді. – Білесіздер ме, жердің сілкінуі деген – ол ашула-нуы. Айталық, кісі бірнеңеге ренжісе, сілкініп-сілкініп қоймай ма! Жер де солай.

Сәл тоқтап, залға қарап, тағы да көзілдірігін түзеді.– Демек, жолдастар, сіздердің ауылдың жері де соңғы кезде

әлденеге ренжулі.– Ол кімге ренжулі! – деп, Жауынбай тағы да сөзді бөлді.

– Сіз бізді мазақ етіп тұрсыз ба, а?

Page 153: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

154

– Бұл мазақ сөз емес, – деді Қабақбай. – Айталық, жер астында жатқан тастардың жаны болады. Жаны болады дейтінім – әр тастың құрамында молекулалар бар. Сол молеку-лалар қозғалысқа түскен сәтте жердің де қозғалысы басталады. Яғни, әрбір тас өз орнында жатуы тиіс. Оны қозғау өте қауіпті.

Осы кезде Жауынбай орнына атып тұрды.– Мынау бізді шынымен-ақ ақымақ көреді екен. Бұндай

мылжың лекторды не үшін алып келген! – деп ол айқайлап жіберді. Оны тағы да төрт-бес жұдырықты жігіт қостады. Өздері орындарынан үдере көтеріліп, лекторды таяқ астына алуға сәл-ақ қалды.

– Жолдастар, тынышталыңдар! Бұл не деген бассыздық? – деп ауыл әкімі шыр-шыр етті.

Бірақ еліріп алған жастар енді лекторға сөз берген жоқ. Оның аман-сауында бұл ауылдан табан жалтыратқанын сұрады.

Көзілдірікті лектор жалтақ-жалтақ етіп, мінбеден түсіп бара жатты.

Зал іші у-шу. Біреуді біреу тыңдап жатқан жоқ.– Жер әлі сілкінеді, – дейді біреуі.– Жоқ, ол болмайды, – дейді екіншісі.– Бұл ауылдан көшу керек шығар, – деп үшінші біреуі

күрсініп қояды.Бұл кезде лектор да, ауыл әкімі де тысқа шығып кетіп еді...

* * *Мұндайда қазақ айтқан түйін сөз: «Ауызбіршілік жоқ жерде

– береке де болмайды».Ал Елес айтады: «Көптің адасауы – өте қауіпті».

Елеспен тілдесуЖалғыздан жалғыз жатамын ғой. Ойланамын ғой. Сол кезде

басыма әдемі, әсерлі ойлар қонақтайды ғой. Соған әсерленіп, өзіммен өзім бақытқа бөленіп, жер бетіндегі ең ізгі, ең ақылды, ең керемет жан өзім секілденіп, шалқып бір кеуде кере берген сәтімде...

О, тоба! Бұндай да болады екен-ау!Әлдеқайдан, ойда жоқ жерден маған қарап әлгі Елес тіл

қатады.– Әй, бөспе! – дейді ол. – Бөспелікті қашан қоясың сен,

бейбақ?...– Мен бе? Мен бөсіп барам ба?– Енді ше? Сен ғой көңілің шалқып, кеудең тасып...

Page 154: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

155

– Е, көңілім шалқыса қайтеді екен, а! – деп енді мен де қисая сөйлеймін. – Шалқысақ, оның себебі бар шығар? Көңілденсек, оның да бір сылтауы бар болар?..

– Сен мақтаншақсың! – дейді әлгі Елес. – Ал мақтаншақ жандар түбі жарға жығылады.

– Бұл өтірік! – деймін мен жандалбасалап. – Жарға жығылатыны өтірік...

Елес айтады:– Онда бөсе бер! Мақтана бер! Арты не болар екен, сонда

көрерміз...– Жоқ, сен тұра тұр. Ақыры бастадың екен, ендеше аяғын

да түсіндір. Мен неге...– Өйткені, сен басыңа қонған бақты көтере алмайсың.– Көтеріп жүрмін ғой.– Масайрауың көбірек. Демек, түбі бір сүрініп кетерің хақ.– Е-е, бұл өмірде еш сүрінбейтін жан болған емес. Пенденің

бәрі де...– Бәрі емес, – дейді Елес менің сөзімді бөліп. – Нені болса

да былқ етпей көтере беретіндер де бар.– Тоқта, – дедім Елеске. – Сен тоқтай тұр. Мен мақтансам-

қызметіме көңілім толып жүр. Мен шалқысам-көп достарымнан озып кеттім. Мен кеуде керсем...

– Осының бәрін де сен емес, өзгелер айтуы керек еді, – деді Елес. – Ал сен өзіңді өзің мақтағанды ұнатасың. Көкек қана өз атын өзі шақыратынын білмеуші ме ең, а?

– Мені енді көкекке теңедің бе? – деп жатып кеп ашуланайын. – Сен оңбаған мені неге жек көресің, а? Неге жан алқымнан ала бергің келеді! Егер шын мақтаншақты іздесең, әне, толып жүр ғой. Соларға неге бармайсың! Бар! Кет! Жоғал көзімнен...

Айғайлап жатырмын, айғайлап жатырмын. Тіпті үйді басыма көтеріп барады екем, кенет есік ашылды да, ішке әйелім кіріп келді. Кіріп келді де, маған қарап, көзі бақырайып, қалшиып тұрып қалды.

– Сен... сен...– Әй, не боп қалды? Неге тұтығып тұрсың?– Сен... неге бақырып жатырсың! Кімге айғайлап жатырсың?– Жұмысың болмасын! Мен ана Елеске...– Ол кім? Ол қайда?...– Ол ма! Ол...Әрі қарай не дерімді білмей, мен де тұтығып қалдым.Расында да бағаналы бері кіммен айтысқанмен! Кіммен

ұрысып тұрмын, а?О, тоба! Маған не болған, а?

Page 155: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

156

* * *Мұндайды... не деуші еді!Бәрі де өзінен-өзі түсінікті емес пе!

сүйіспеншілік сипаты– Сен мені сүймеген екенсің!Әйелім осы сөзді он, әлде жүз рет қайталаған шығар. Қайта-

қайта, қайта-қайта....Тіпті құлағым сарсылды.Түнде ұйықтап жатсам да құлағыма бір үн ызыңдап естілетін

болды.«Сен мені сүймегенсің!...»Сол кезде көзімді ашып ала қоям. Бұл не? Әйелім қияли

болайын деді ме, жоқ әлде өзім бе!* * *

Арада жылжып көп жыл өтіп те кетті. Талай су ақты. Талай жаңбыр жауды. Талай ақ қар түсіп, ол еріп те кетті.

Жас күнгі көңіл егделікке беттеді. Жүрекке де, көңілге де сабыр кірді. Не нәрсені де әріден, тереңнен ойлап барып, со-сын шешім қабылдауды үйрендік. Жылт етпе сөзге де сене бермейсің. Біреу сені мақтай бастаса, «әй, осының арғы ойы не екен» деп күдіктене қарап тұрасың.

«Тым сақ болып кетіпсің» дейсіз бе!Жо-жоқ, мен ғана емес, менің жасымдағылардың көбісі-ақ

осылай. Әйтпесе, мен сізге менімен құрдас бір-екі жігітті көрсетейін, өзіңіз сөйлесіп байқаңызшы!

Мен өзімнің осы мінезімді байсалдылыққа, салмақтылық- қа бет бұру деп бағалап қоятын едім. Алайда, өз әйелім...

Иә, менің әйелімнің мінезін еш түсінбей барамын.Соңғы уақытта өзгеше қылық шығарып алды. Түн ішінде

төсектен тұрып алады да:– Сен айтшы, мені шын сүйесің бе? – деп алқымдай жөнеледі.– Сүйем...– Салқын айтып жатырсың. Шын сөзің емес. – Ойбай, сүйем! Сені ғана сүйем...– Неге айғайлайсың! Мұнда ешкім керең емес.– Енді... ұйқы бермей жатқан өзің ғой.– Ал, ұйықта ендеше!Ол теріс қарап жатып алады. Сосын қорс-қорс жылағаны

құлағыма естіледі.Оны жұбатып, жылы-жылы сөздер айтайын десем, ертең

жұмыс. Таңертең ертемен кетуім керек. Үлкен жиналыс болады. Бұны оған қалай түсіндірерсің!...

Page 156: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

157

* * *Арада екі-үш күн өткенде тағы да сол әңгіме қайта басталады. Енді ұйқыға жата бергенімде:– Сен осы мені шынымен-ақ сүйдің бе, а? Тек шыныңды

айтшы! – дейді.– Әрине, сүйгем!– Ал, қазір ше?– Қазір де сүйем. Оны несіне сұрай бересің!– Әні, тағы да ашуланғалы отырсың. Саған бұндай әңгіме еш

ұнамайды.Мен шынымен-ақ ашуға ерік беріп:– Енді ұнаса да, ұнамаса да уақыт өтіп кетті ғой. Сүйдім бе,

жоқ па-ол соншалық маңызды ма?– Маңызды. Мен үшін ерекше маңызды...– Ал, мен үшін...Арғы жағын айта алмай, тілімді тістеп алам.– Білем, сен үшін маңызды емес. Еркектердің бәрі де сон-

дай. Әсіресе, қазақ жігіттері... Ал шетелде олай емес деседі. Еркектері шал болғанша өз жарына жылы-жылы сөз айтып, оқтын-оқтын махаббат сезімін білдіріп отырады екен.

– Онда сен де шетелдік жігітке тұрмысқа шыққаныңда ғой...– Сүймеген екенсің! – деп әйелім шалқасынан түсті. – Біліп

едім өзім де...Содан ал кеп жалынайын. Ал кеп кешірім сұрайын.– Аузымнан шығып кетті, әйтпесе оны айтайын деген жоқ

едім, – деймін жалбарынып.Қысқасы, менің әйелім көп күн өтіп барады, маған махаббат

жайлы жақ ашпайтын болып алды. Маған ең ауыр тигені де сол болды.

Күнде кешкісін төсекке жата бергенде ұрланып әйеліме қараймын. Бірдеңе десе екен деп тілеп тұрам. Ол үндемейді. Жатады да ұйықтап кетеді. Мен болсам... ұзақ дөңбекшимін.

– Мен сені баяғыда да сүйгем, қазір де сүйем, – деп айтқым келеді. Бірақ қалай айтам! Ол дұрыс түсінсе жақсы, ал түсінбей қалса...

– Мені бұлай алдаймын деп армандамай-ақ қой, – десе...

* * *Түн ішінде құлағыма бір үн келеді. Әйелімнің даусы.– Сен мені сүйген бе едің?– Иә! Иә, сені шын сүйдім. Сүйгенде қандай! – деп

жастықтан басымды көтеріп аламын.Сөйтсем... түсім болып шығады.Әйелім қалың ұйқы құшағында.

Page 157: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

158

* * *Елес айтады: «Махаббат, сен қандайсың осы!»

Шетел тіліндегі тойТойға шақырылдым.Елге танымал, беделді кісі еді. Көптен бері өткізіп отырған

қызықшылығы болған соң, барлық жұмысты ысырып қойып, әйелімді қолтықтап, той дастарханына келдік. Бізге бөлінген столды да оп-оңай таптық. Өзіміз танитын, аралас-құралас бо-лып жүрген ағалар екен. Тіпті бірі – белгілі ғалым, академик. Құшақтасып, төс қағыстырып алдық. «Бір столда отыратыны-мыз өте дұрыс болды ғой» деп сыйлы аға да шын көңілін байқатып, қуанып сала бергені.

Той иесі де осал кісі емес, шақырған қонақтарын да сол арқылы біле беруге әбден болады. Өзіміз отырған столға айна-лып соғып, келгенімізге риза ниетін айтып, қуанып-ақ жүр.

Баласының шаңырақ көтеру тойы болатын-ды.Алғашқылардың бірі болып, әлгі академик ағай бар екі-

үш кісі сөйлеп, тілек те айттық. Асаба өте елгезек бала екен, тілі де майда, бізді жеріне жеткізе мақтап, мәртебемізді көтеріп-ақ тастады. Сыртымыздан сыр бермесек те, мақтағанды кім жек көрсін. Ішімізден масайрап отырмыз. Біздің сөзімізден соң тойға арнайы шақырылған қазақтың әсем үнді әнші қызы ән шырқады. Қазақ әнін айтты. Бұған одан бетер қуандық. Тіпті арасында өзіміз қосыла шырқап та алдық.

Бұл қызықшылық осылайша жалғаса берер ме еді, қайтер еді, кенет... бір топ қыз-жігіттер орнынан дүркірей көтеріліп, кезексіз сөз сұрады.

– Бізге беріңіз сөзді!...Алғашқы сөйлеген жігіт осылай қазақша жорғалатып-ақ

жөнелген сияқты еді, артынан бәрі де шетел тіліне жапа-тармағай ауысып бара жатты. Кезек-кезек жұлқына сөйлеуде. Тілі тіліне жұқпайды.

– Мыналар не деп жатыр? – деп қабағын түйе, көңілсіздеу сұрады менен академик ағай.

– Ағылшынша сөйлеп жатыр-ау шамасы, мен де толық түсінбеймін, – деймін мойнымды қиқаң еткізіп.

– Ой, Алла-ай! – деп күрсінді академик. – Біздің болашағымыз ғой бұлар. Осылар болады ғой енді...

Осылай екеуара тіл қатысып отырғанымызда жанымызға той иесі – Ғалым аға да келе қалыпты. Ол академиктің сөзін естіп қалса керек:

Page 158: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

159

– Бұл жігіттер шетелде оқып жатқан жастар, – деді. – Баламның достары. Өздері ағылшын тілінде емін-еркін сөйлей біледі, байқайсыз ба?

Академик оған бұрыла қарады. Қарады да, көңілсіздеу үнмен:

– Білгені жақсы-ақ, – деді. – Бірақ, осы жерде, осы тойда сол ағылшын тілінің қандай қатысы бар? Қазақтың тойы емес пе?

– Солайы солай, – деп қипақтады той иесі. – Сіздікі жөн сөз! Бірақ жастарға не деуге болады? Оларға өздерінікі дұрыс.

Осы кезде асаба тағы да бір топ қыз-келіншектерге сөз кезегін беріп жатты.

Ең қызығы, жасы қырыққа тақап қалған бір келіншек микро-фонды алды да:

– Жаңағы жас жеткіншектер шетел тілінде емін-еркін сөйлегенде менің бойымды қуаныш кернеп кетті, – деді. – Міне, біз осындай халықпыз. Таланттымыз. Сіздер қарсы болмасаңыздар, мен де сол шетел тілінде екі-үш ауыз тілек айтпақшымын.

Мен академик ағаға қарадым. Ол кісі де маған қарай бұрылды.

– Осы қазақ, – деді сосын. – Неге осынша еліктегіш, неге осынша өзгенікіне қызыққыш, а?

– Баяғыдан солай емеспіз бе? – деймін мен. – Кешегі Кеңестік көнбіс заманда дереу орысшаға ауысып кеттік. Жапа-тармағай, тіпті, өз тілімізді өзіміз ұмыта жаздадық.

Академик ауыр дем алып:– Ұмыта жаздадық емес, ұмыттық, – деді. – Соның аза-

бын, міне, тәуелсіздік алғалы бері тартып келе жатырмыз. Өз ана тілімізді өзімізге үйрету үшін қыруар ақша бөлгізіп...

* * *Той бара-бара қыза түсті.Шақырылған бір топ танымал қазақ әншілері бар екен,

солардың әуезді үнін емін-еркін рахаттана тыңдармыз деп едік, кезек тиетін емес тіпті.

Жастар енді сахнаға топ-топ болып, өздері шығып алып, бас-аяғы жоқ шетел тіліндегі әндерді шырқай бастады. Әуезді, жүрек тербер ән болса жақсы ғой, айқай-ұйқай! Шыңғыру...

Сондай дауыстардан көз қарауытып, құлақ тұнды.– Әй, бала! – деді академик аға. – Сені қайдам, мен енді

үйге қайтам. Шыдамым бітті әбден!...– Той иесінен ұят болар, енді ғана басталды, кішкене отыра

тұрмаймыз ба?

Page 159: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

160

– Оу, мынадай жын-ойнақ айқай ішінде кісі шыдап отыра ала ма? Онсыз да біраздан бері басым ауырып жүр еді...

Сосын амал жоқ, сыйлы ағамды қолтықтап есік алдына алып шықтым.

Қоштасар сәтте академик аға:– Шетелдің, имандай шыным, тап қазір, басқа бір елдің

тойына қатысып қайтқалы тұрғандай күйдемін, – деді күрсіне. – Бұл қазақты қойсаңшы. Бұл қазақ бар ғой, бұл қазақ...

Сөзінің соңын жұтты. Сол күйі күбірлеп барып машинаға отырды. Мен «қош» деп қол бұлғадым.

Содан кейін тыста ұзақ тұрып қалдым. Менің де осы жолы қайтадан той дастарханына кіргім келмеді. Кеудемді әлдебір ащы ой тілгілеп тұрды.

* * *Мұндайда Елес айтады: «Өзгенің қаңсығында нең бар,

жұртым-ау!...»

альфонсЖүрдек пойыздың «СВ» екі орындық купесіне бас сұққаным

сол еді, артымнан қуып жеткендей болып, бір жас жігіт омы- раулап кіріп келді.

– Інішек, кішкене кідіре тұршы, – дедім сасқанымнан. – Мына заттарымды орнына қойып алайын.

– Оқасы жоқ, ағасы, – деді ол. – Мен асықпаймын. Тек... мына портфельді қоя салайын. Сосын сыртта күтемін.

– Е, сөйте ғой. Оны-мұны заттарымды реттестіріп, жеңілденіп алған соң,

есікті аштым. Жас жігіт арсалаңдай сөйлеп ішке енді.– Сізбен сапарлас болатыныма қуаныштымын, ағасы, –

дейді. – Өзіңіздей салмақты, ой тоқтатып үлгерген кісілермен асықпай сөйлесудің өзі неге тұрады! Бақыт қой бұл...

– Рахмет, інішек!Сәлден кейін поезд та қозғалды. Екеуміз жайласып алып, шай іштік. Елегезек інішек мұндай

шаруаға өте таптырмайтын болып шықты.Шай үстінде:– Аға, – деді ол. – Сізден сәл-пәл ыңғайсызданып

тұрғаным, айтсам ба, айтпасам ба деп...– Е, айта бер. Несі ыңғайсыз...– Менде ең қымбат виски бар еді...– Ал...– Соны... ептеп дәмін татасыз ба дегенім...

Page 160: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

161

– Жалпы ішкілікке аса құмар емес едім. Дегенмен, көңілің үшін...

– Түсіндім, – деді інішек. – Мен қазір екі стакан алып келейін.

Ол жүгіре жөнелді. Жүгірген күйі тез-ақ оралды. Қолында екі рюмка бар.

Сосын сөмкесінен вискиді шығарды.Шынында да өте қымбат ішімдік. Бөтелкесінен танып

тұрмын.– Жарытып іше қоймаспыз, – деймін мен. – Осыны жол

үстінде жұлмаламай-ақ қойсаң қайтеді? Ертең үйге барған соң сыйлы қонақтарға ашарсың...

– Ой, ағасы, – деді жас жігіт. – Сол да сөз болып па! Мұндай ішімдік үйде молынан бар. Жағдайым сіз ойлағандай аса жаман емес.

Мен ойланып қалдым.«Шамасы, заманды шыр айналдырып жүрген кәсіпкер жігіт

болды-ау» деймін ішімнен. «Әйтпесе, жол үстінде кездейсоқ кездесе қалған көрінген жолаушыға мынадай өте қымбат виски ұсыну деген...»

– Өзің қайда жұмыс істейсің? – деп сұрадым.– Әй, жұмыстың дайыны жоқ.– Сонда еш жерде істемейсің бе?– Менікі-барып келу, алып қайту...– Сонда...Жас жігіт мырс етіп күлді. Сосын қолындағы рюмкені столға

қойды. Қойды да:– Сізге түсіндірейін, – деді. – Мен жалпы жоғары білімді

адаммын. Мамандығым да бар. Ептеп мемлекеттік қызметте де істегенмін. Ал, бірақ...

Ол тоқтап, мүдіріп қалды.– Немене, жұмыста жолың болмады ма, інішек?– Олай емес.– Енді не?– Кішкене қызметте ертелі-кеш салпақтап, уақытты босқа

өлтіріп жүріп, әр күніңе әзер жететін жалақымен өмір сүру –қорлық деп ойладым.

– Сосын?– Сосын басқа айлаға көштім.– Ол не айла?– Қазіргі кезде кәсіпкерлікті бір кісідей дөңгелентіп әкетіп

бара жатқан қыз-келіншектер көбейді. Оларда ақша, дүние мо-лынан жетеді. Тек жетпейтіні...

– Түсіндім, содан кейін...

11-177

Page 161: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

162

– Бір кәсіпкер келіншекті бұрыннан танушы ем. Өзі маған өліп-өшіп, ынтығып жүретін. Қазақта «өзің сүйгенді емес, өзіңді сүйгенді сүй» деген әдемі сөз бар ғой. Сол ойға нық табан тіредім.

– Үйлендің бе?– Әрине.– Ол қайда қазір?– Келініңіз бе? Ол алыс шетелде жүр. Бір айдан соң келеді.– Е-е, – дедім мен маңдайымды сыйпалап. – Жайың

белгілі болды, інішек!– Жоқ, сіз мені дұрыс түсінбедіңіз. Өзіңіз-ақ ойлаңызшы,

егер мен сол кәсіпкер келіншекке үйленіп алмасам, әйтеуір бір еркек үйірсектейді. Ондайлар түбі алдап соғуы да мүмкін. Мен оны алдамаймын. Іскерлігіне, бар шаруасына қолдау көрсетіп отырамын.

* * *Сәлден соң купе ішті ысып кетті де, тынысым тарыла бастаған

соң, тысқа шығып салқындап тұрдым.Жас жігіт іште қалып, стол үстін тазартып жатыр.Ойланып тұрмын.«Бүгінгі заман не боп барады осы! Не заман бұзылды, не

болмаса менің таным-түйсігім уақыттан мүлде артта қалып ба-рады... Екінің бірі...»

Тағы да бір ой бүйірледі.«Қайран, еркектер! Бәрін әйелдерге беріп қойып, өзіңе не

қалдырдың? Бұлай ете берсең, ертең еркек деген атыңды да біржола ұмытатын күн тумай ма?...

Сосын бір ой қиялады. «Өзінің шамасы жоқ, ал істі дігірлете дөңгелентіп бара

жатқан төмен етек әйелге жалпақтап, түлкідей бұлаңдап, төсек болған түріңе болайын! Бұл не? Бұл... қай қылығың, еркек- тер-ау!....»

Құлағымның түбі шыңылдағандай болды. Басым зеңіп кетті. Ойым шашырап бара жатыр.

* * *«Өзің бола алмасаң, өзгенің қосын жек!» қазақтың айтқан

сөзі осы!

ФилантропияБір ағамыз бар еді.Өзі жап-жақсы лауазымды қызметтерде болды, елге

жақсылығын тигізіп-ақ бақты. Тіпті ол кісінің алдына барған

Page 162: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

163

адам ешқашан ренжіп, көңілі қалып, меселі қайтып шығыпты дегенді мен өзім ешқашан естімеген екем. Қайта оның орнына мынадай әңгімелер естуші ек.

Беделі бір кісінің басынан асып-төгілерлік жақсы аға айтты: – Әй, бала, сенің ана ағаң бар ғой... – деп, маған күле

сөйлеген-ді. – Сол ағаң... нағыз өз заманының адамы. Ондай кісілер енді әй туар, әй тумас...

– Қай жағынан? – деймін мен де аң-таң қалып. – Қайтып тумайтыны қалай?

– Шын айтам, ондай кісілер ғасырда, тіпті жүз ғасырда бір-ақ рет туар...

– Енді айтсаңызшы жұмбақтай бермей! Мен түкке түсінген жоқпын.

– Е, оның түсінбейтін несі бар екен. Сен тіпті бәрінен бейха-бар болдың-ау, бала! Сенің ағаң... алдына барған кісіні ешқашан да ренжітіп көрген емес. Тіпті қабағы құрсауланып, бір ашуын бойына жиып барғандардың да қайтарда күліп бара жатқанын талай рет өз көзіммен көрдім.

– Сонда ол кісінің ерекше қасиеті не?– Вот, мәселе сонда! – деді беделді ағай. – Бар гәп сонда,

бала! Сенің ағаңның бойында Алла-тағала аямай бере салған ерекше талант бар...

* * *Әнеукүні менің де шұғыл шаруам болып, алғаш рет әлгі ел

мақтап жүрген ағаға баруға тура келді. Қабылдау бөлмесінде келген кісілерді көзімен-ақ риза етіп,

жұтынып отырған жас қыз маған:– Ағайға ма? – деді.– Иә, шаруам бар еді.– Онда, он минут күте тұрыңыз.– Неге?– Іште кісі бар.– Кісі болса, ұзақ бөгелетін шығар. Мен бір айналып келейін

бе?– Жо-жоқ, – деп жылтыр көз қыз мені өзіне баурап алды.

– Ары кетсе он-ақ минут... сосын сіз кіресіз.– Олардың әңгімесін білмейсіз ғой. Ұзап кетсе ше?– Білем, – деді жылтыр көз қыз. – Ағайдың сырын бес

саусақтай біліп алғам. Ол кісі алдына барған адамды он минут-тан артық ұстамайды.

– Е, онда күтейін. Сөзіңе сендім.Қыздың айтқаны дәл келді. Тоғызыншы минут болды-ау де-

генде іштен жуан қарын бір кісі шалқалай басып, шығып келе жатты. Шыға бере, жылтыр көз қызға:

Page 163: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

164

– Ағаңды құрметтей біл, ол асыл адам, – деп жайдарлана сөйлеп, қош айтысты.

Мен де есік қақтым. Арғы жағынан:– Кіре беріңіз, – деген жұмсақ үн естілді. – Кірдім.Ағам мені көре сала қабағы қатуланды.– Ой, сен бе едің? – дегені.– Аға, сізге келген себебім...– Уақытым аз. Кейінірек келші. Сосын сөйлесерміз.– Аға, екі-ақ минут...– Айттым ғой, кейінірек деп.... келесі аптада...Мен амалсыз кері бұрылдым.

* * *Жұмысқа өте көңілсіз оралдым. Ағамның мені өте салқын

қабылдағаны жаныма батып барады. Өзімді қоярға жер таба алмай, орнымнан бір тұрып, бір отырамын. Осы кезде кабинет-ке екінші қызметкер, пәлсапашы досым кіріп келді. Ол менің қабағымдағы кірбіңді байқап қалып:

– Е, не боп қалды? – деді. – Үйде бір жайсыз жағдай болды ма?

– Жоқ. Бәрі аман.– Енді не? – Ана өзің жер-көкке сыйғызбай мақтап жүрген ағайым мені

қабылдамады.– Қабылдамағаны несі? Ол кісіні елдің бәрі мақтайды ғой.– Елмен қалай сөйлесетінін қайдам, ал менімен...Пәлсапашы досым басын шайқап:– Филантропия-я... – деді. – Не дедің?– Филантропия!– Ол не?– Оның мағынасы – кісіні жылтырақ сөзбен жарылқай салу...

шамасы, сенің ағаң да...– Тіліңді тарт! – дедім даусымды көтере. – Не деп тұрсың

өзің! Менің ағам ондай кісі емес. Ол кісі деген... ол кісі бар ғой, ол кісі...

Мен қатты тұтығып, сөйлей алмай қалдым. Досым шошып кетіп, маған үрейлене қарап қалыпты...

* * *«Кісіні сөзіне қарап емес, ісіне қарап бағала!» (Ел сөзі)

Page 164: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

165

Шексіз тойымсыздықЕкеуміз баяғыда бірге оқыған едік.Обалы не керек, ол өте зерек болды. Сабақты өте жақсы

оқыды. Ең үздік студенттердің бірі болып көзге түсті, ауызға ілінді. Бірақ университет бітірген соң біз секілді алған мамандығымен бір күн де жұмыс істемеді, басқа салаға ауысып кетті. Бизнесті құп көрді.

* * *Арада талай жылдар өтіп кеткен екен.Бір жолы сол курстасымды ойда-жоқта қаланың қақ ортасын-

да кездестіре қалдым. Ол мені көре сала:– Өзіңді жиі-жиі ойлап қоюшы едім, қандай жақсы болды

жолыққанымыз, – деп құшақтай алды.– Мен де...– Рас па? Мені сен де ұмытқан жоқсың ба?– Әрине! Неге ұмытамын. Курстас емеспіз бе?– Солай ғой. Бірақ, бір-бірін ұмытып кетіп жатқандар аз ба

осы күні...– Ондайлардың беті аулақ!– Дұрыс айтасың. Ондайлардан құдай сақтасын, – деп алды

да, енді курстасым маған жата кеп жабысты. – Келесі көшеде өзім ашқан кафе бар, соған кірейік. Бір-бір бокал сыра...

– Асығыс едім.– Жарты сағатыңды маған қимайсың ба? Талай жылдан соң

жолығып тұрмыз...– Жарайды, жарты сағатқа.– Ендеше, кеттік.Келесі көшенің бойына орналасқан шап-шағын кафеге де

келдік. Ішіндегі көз тартар әсем қыздар оны көре сала абыр-сабыр болып, жүгірісіп-жүгірісіп жатыр.

– Сіздерге не керек?– Қалағаныңызды айтыңыз! – дейді құрақ ұшып.Мен ішімнен ойладым: «Кафенің басшысы келген соң, әрине,

солай болады. Ал, ертең мен жалғыз өзім келгенде бұлар дәл осылай қарсы алар ма екен...»

Досым маған бұрылып:– Не ішеміз? – деді. – Сыра алдырайын ба?– Жоқ, тек қана кофе..– Е, ол деген...– Жоқ, расымен маған болмайды. Бүгін бір үлкен кісімен

маңызды шаруамен жолығайын деп ем.– Түсінікті.

Page 165: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

166

Екеуміз екі шыны кофе алдырып, жарты сағат әңгіме-дүкен құрдық. Ол маған өзінің бизнесті қалай дөңгелентіп әкеткенін айтып, тауыса алар емес.

– Әуелде менде тіпті көк тиын да болмаған, – деді. – Со-дан елдегі ескі «Москвичті» сатуға тура келді. Сол ақшаға ең өтімді деген тауар алдым. Оны базарға апардым. Екі есе бағаға саттым. Содан соң...

Әңгіме тіпті ұзап бара жатқан соң, мен сағатыма қарап:– Шұғыл кездесуім бар еді, – дедім.– А, солай ма? Жарты сағаттың да өтіп кеткені ме?– Кешір! Тағы бірде кейінірек отырып сөйлесерміз. Мен

кетейін.

* * *Бір жылдан соң сол досыммен ойда-жоқта тағы да жүздестім.

Бұл жолы бұрынғыдай емес, ол өте маңғаз болып алыпты. Сөздері де ірі.

– Той-томалақ өткізбек ойың болса, біздің мейрамхана әзір тұр, – дейді. – Ішіне бес жүз адам еркін сияды.

– Ойда болсын.– Айтпақшы, мен енді шетелдерге де шыға бастадым. Өзге

елдің бизнес өкілдерімен қоян-қолтық араласып, достық қарым-қатынас орнатып дегендей...

– Сондағы мақсатың не?– Ойбай-ау, бизнесті дамытпаймын ба? Іштей өсу деген бол-

май ма?– Түсінбедім.– Бизнес деген – түпсіз тұңғиық. Ол үнемі өсіп отыруы

керек. Артқа емес, алға жылжығаны дұрыс. Бұл – жазылмаған заң.

– Оны түсіндім. Ал, енді сен сол мол қаржыңмен тұрмысы әлсіздеу елге не көмек көрсетіп жатырсың?

– Көмек? Не көмек керек? Мен қаладан кафе аштым ба, аштым. Келсін де тамақтансын. Мен қаладан үлкен мейрамхана аштым ба, аштым. Келсін де той өткізсін.

– Оған қаржысы жоқ болса ше?– Түсінбедім сені!– Әлсіз отбасылар сенің мейрамхана, кафеңе кіре алмайды

ғой.– Ол енді өз шаруасы, мен бүкіл елге тегін тамақ үлестіре

алмаймын.– Қайырымдылық шараларын өткізбейсің бе дегенім ғой.– Оны көрерміз. Әзірге өсу үстіндеміз. Қаржы мол болған

кезде ойланып...

Page 166: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

167

– Мол болудың шегі бар шығар?– Шегі... шегі дейсің бе? Оны әзірге айта алмаймын. Мен

үздіксіз өсу үстіндегі кәсіпкермін. Сен соны түсін.Ол осыны айтты да, тезірек кетуге асықты. Тіпті бұл жолы

мені жаңағы айтқан үлкен мейрамханасын көруге шақырмады да. Шамасы сөзім ұнамаған болуы керек.

* * *Елестің түйгені: «Кісінің көзі, көзі ғой тоймайтын...»

«сөзім кетіп қалады...» Бас редактор осы бір елгезек жігітті жұмысқа қабылдағанына

іштей риза болып жүруші еді. Риза болмай ше, оған қандай іс тапсырса да, дереу тап-тұйнақтай етіп орындап тастайды. Күн демейді, түн демейді, бітіргенше тыным жоқ. Содан да болар, әлгі жас жігітті өзге журналистерге үлгі ете сөйлеп, жиналыс- тарда мақтап та қоятын. Бірақ, байқайды, ұжым оны тым ұната бермейтін сияқты. Бұл мақтап сөйлеп тұрса, арттағы отырғандар күңкілдеп, бірнеңе айтып, сыңқылдап күліп жататын-ды.

«Әй, бұл да қазақтың қызғаншақтығы ғой» деп ойлап қоятын бас редактор.

* * *Бір жолы алыс ауылдан келген маңызды хатты сол жігіттен

беріп тұрып:– Бар зейініңмен қара, – деген. – Жазып отырғандары өте

өткір мәселе. Алдағы нөмірге жариялап жіберейік.– Жарайды. Тездетіп әзірлеймін.Жас жігіт хатты алып, өз кабинетіне кетті. Бас редактор оның

тез-тез қарап беретініне кәміл сенімді болып, іштей масайрап қала берген.

Ертеңіне түс ауа бас редактор әлдебір жиналыстан оралып, кабинетіне бас сұқса, үстел үстінде жатқан хатты көзі шалды. Кешегі өзі берген хат.

«Әп, бәрекелді!» деп ойлады ішінен. «Жылдам қарап шыққан екен ғой, сабазың...»

Сосын қорытылған хатты қолына алып, дереу оқуға отырды. Ә дегеннен тілі күрмеліп, оқи алатын емес. Журналист жігіттің мүлде қол тигізбегені көріп-ақ тұр. Қалай жазылса, солай әзірлей салған. Кедір-бұдыры көп. Бұл не?

Түймені басып, жас журналисті өзіне шақыртты. Ол кіре бер-геннен ашу шақырып:

– Мынауың не? – деген. – Осылай да хат қорыта ма екен! Оқырманның хаты бұл...

Page 167: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

168

– Аға, мен хат жазушының өз стилін сақтайын деп...– Қандай стиль? Ауыл адамында стиль болушы ма еді?

Бізге оның ойы ғана керек. Сол ойды енді әсем сөзбен ойнатып беру-сіз бен біздің міндетіміз.

Осыны айтты да, хатты қайтадан берді.– Тағы бір күн уақыт берем. Ертең осы уақытта үстелімде

жататын болсын. – Жарайды.Жас журналист кабинеттен жылдам басып шығып кетті.

* * *Ертеңіне бас редактор әлгі мақаланы тағы да ежіктеп оқып

отырды. Тағы да сол қалпы. Өзгерген түк те жоқ. Енді мүлде ашуланып, түймені қайта-қайта басты.

– Шақыр! Шақыр әлгі жай сөзге түсінбейтін нақұрысты...Жас журналист имене кірді. Есік алдында тұрып қалды. Бас

редактор өте ашулы еді.– Сен... сен не сөзге түсінбейсің, не болмаса мүлде қабілет-

қарымың жоқ адамсың...– Талант неге болмасын, аға! Мен жазушы болайын деп

жүрген жігітпін. Әңгімелер жазып жүргенімді өзіңіз де білесіз. Бір тобы ұжымдық жинаққа кіргелі жатыр.

– Ал, онда мына хатты неге дұрыстап қорыта алмайсың? Жазушылық тілің қайда?

– Оны бұл жерге қолдана алмаймын. – Неге?– Өзгеге сөзім кетіп қалады.– Әй, сен... сен өзі не деп... мынау не дейді-әй...Бас редактор не күлерін, не ашуланарын білмей, сөзге тұтығып,

қып-қызыл болып кетіп еді...

* * *Елес айтады: «Өзімдікі – өзіме қалсын!»

ақынмен айтысқан әкім(мысал орнына)

Бұл ауылда елге аты белгілі екі кісі бар. Оның бірі – ауыл әкімі де, ал екіншісі...

Кім деп ойлайсыз? Арызқой... жоқ, ол емес. Басқа адам. Рас, бұл да жазады. Бірақ, арыз емес, басқа нәрсе.

Page 168: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

169

* * *Ауылда бір олпы-солпы ақынжанды жігіт тұратын-ды. Оның

өзгелерге ұқсамайтыны сол – өз өлеңдерін жинақтап, кітап етіп шығаруды мүлде ойлаған емес. Ары кеткенде аудандық газетке береді де, соны қанағат көреді.

Оны ауыл әкімі керек боп қалғанда оқта-текте өзіне шақырып, сөйлейтін сөзін жаздырып алып жүретін. Екеуінің арасы тым-ақ жақсы еді. Тату болмаса да, қату емес болатын. Бір күні екеуінің арасында өмірі бітпес бір дау туындап жүре бергені. Оның бәріне алдымен себепкер-ақын жігіт. Әй, өзі де қарап жүрмейді. Сөйтіп те өлең жазуға бола ма екен!

Ауыл әкімі аудандық газеттің кезекті нөмірін парақтап отыр-са, дәл ортасынан ауыл ақынының өлеңін көзі шалмай ма! Бір емес, екі-үш өлең. Ақын жігіт те төгіле жазған екен. Оқи баста-ды. Оқыған сайын төбе құйқасы шымырлады.

Ризалықтан дейсіз бе? Жоқ, керісінше ашу-ызадан!Ақын өз өлеңінде «осы өлкедегі бұлақ суы да менікі, қалың

өскен қарағай да менікі, жер астындағы бар байлық та менікі» деп сыдыртып беріпті. Әкім өлеңді аяғына дейін ерекше төзіммен оқып шықты-ау! Өйтіп оқып шыққаны бар болсын, енді бойын көкала ашу қысты.

«Оу, мына ақынды жын қаққан екен» деп ойлады. «Бүкіл елге ортақ табиғат байлығын, табиғат қазынасын өзі иемденіп алмақшы. Көр де тұр, бүгін өлең арнаса, ертең қағаз жүзінде өзіне жаздыруды да талап етеді.»

Тағы да ойлады: «Бұған дереу тосқауыл қоя білмесем, аяғы бүлінетін түрі бар. Жоғары жақтағылар «өлең жазыпты, «бәрі менікі» ішкі сырын айтыпты, сен неге көрмегенсің» десе не деп жауап берем...»

Дереу ауыл ақынын іздейді.– Көкке ұшып кетсе де табыңдар! Шұғыл менің кабинетіме

ертіп әкеліңдер...Ауыл әкімі шақырған соң жан бар ма, ақын жігіт алқынып

жетіп келді.– Не боп қалды, аға?– Оны мен сенен сұрауым керек! Саған не болды?– Ештеңе түсіне алар емеспін.– Өзің өлең жазасың. Сөйте тұрып түк білмеген боласың.Алдына аудандық газетті лақтырып жіберді.– Мынау не?– Бұл ма? Бұл-өлең...– Өлең дейсің бе! Жоқ, сен ішіңдегіні айтыпсың.– Әрине, ақын деген ішкі жан-сырын өлеңге қосады.

Page 169: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

170

– Ә-ә, солай ма! Рас болды ғой онда. Рас екен де!– Не рас! Сізді түсінбей тұрмын.– Өлеңіңде айтыпсың ғой. Осы ауылдың бар байлығын

менікі деп... Ал, сонда... басқа ел қой бағып жүр ме! Олардың үлесі жоқ па!

Ақын күліп жіберді.– Ой, аға сіз түсінбепсіз. Бұл-өлең. Ақынның ішкі асқақ

сезімі...– Білеміз, білеміз ондайды. Сенің арғы ойыңды да түсіндім.

Ішіңде арыстан арам қатып жатыр екен ғой, ә! – Ағатай, менің ешқандай бөтен ойым жоқ. Бұл бар бол-

ғаны – өлең...– Ендеше, – деді ауыл әкімі. – Ендеше, тағы да жаз. Енді

не жазатыныңды мен айтайын. «Осы ауылдың бар байлығы менікі емес, оған менің еш таласым жоқ» деп өлеңдет...

– Ондай өлең болмайды, аға! Ол поэзияны мазақ ету.Ауыл әкімі үстелді салып-салып жіберді. Сосын:– Мен ше! Мені ауданға мазақ еткенің ештеңе емес пе!

Ертең аудан әкіміне не бетімді айтамын. Соны ойладың ба сен?Осыны айтып, ауыл әкімі кабинетте ерсілі-қарсылы жүріп

алды...

* * *«Түсінісу де жарты байлық...» (Елестің сөзі ғой!)

Жазушының жары– Тағы не бүлдіргелі жатырсың? – деп, әйелі баж ете

қалды. – Уәдең қайда? Енді қайтып қолыма қалам ұстасам алтыемшектің баласы болайын деген жоқ па ең?

Жазушы қипақтап қалды. Қаламсабымен үстелді қайта-қайта сарт-сарт еткізіп ұрғылап, не жауап айтарын да білмей, мүдіріп қалған-ды.

* * *Өткен жыл жазушы үшін, е несін айтасың, айта қаларлықтай

жемісті болып еді. Көптеп ойда жүрген көлемді романды біржола аяқтап шықты. Аяқтады да, дереу көрші тұратын бір келіншекке «компьютерге теріп бере қойыңыз» деп өтініш жа-сады. Келіншек келісті. Жәй келіскен жоқ, ақысына әрине. Әр бетіне қанша теңге төлейтініне дейін анықтап-ашып айтты. Жа-зушы да бас изеді. «Төлеймін» деді. Тек бір ғана өтініші барын аңғартып өтті.

Page 170: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

171

– Ақысын кітап шыққан соң, қаламақыдан берейін, – деді. Келіншек оған да қарсы болмады. Сосын қолжазбаны қабылдап алған. Обалы не керек, айтқан уақытында әзірлеп те берді.

Баспагерлер асыға күтіп отыр еді, олар да кідіртпеді. Сыртқы мұқабасын сәндеп, кітап етіп басып шығаруға шұғыл түрде кірісіп те кетті.

Жазушы өз романының жеке басылым болып түптеліп, әсем әшекейленіп шығатынын күні-түні ойлап, асыға күтіп жүрген-ді.

Міне, ол күн де жетті.Кітап мамандары қалай-қалай безендірген десеңші! Көздің

жауын алады-ау, жауын алады. Ұстап тұрып сүйсінесің! Көңілің марқаяды.

Баспа басшысы кітаптың бір данасын бұған ұсынып тұрып:– Ешбір жазушының шығармасы дәл бұлай шұғыл түрде

басылған емес. Бас-аяғы екі айда кітап шығару деген әлемдік рекорд, – деді.

– Рахмет! Ризамын, – деді жазушы. Көңілі де босап кетіп еді сол сәтте. Содан соң баспагердің аузынан тағы бір жылы сөз естуге ынтығып-ақ тұрды.

«Кітабыңыз өте ойлы, идеясы терең әрі өте көркем екен» деген мақтау сөз емес күткені. Оның күткені...

Сол ойын оқып қойғандай баспа басшысы да енді ыңырана сөйлеп:

– Әттең, мүмкіндік болса, сізден ештеңені де аямас едім, – деді. – Алайда, өзіңіз білесіз, нарық заманы...

– Түсінем! Бәрін де түсінемін!– Түсінсеңіз, тіпті жақсы. Кейбір әріптестеріңізге осы жағын

түсіндіру өте қиын.– Енді... түсінісіп жұмыс істегенге не жетсін!– Қысқасы, – деді енді баспагер әңгіменің тоқ етеріне көшіп.

– Қаламақыңыз – екі жүз мың теңге. Одан сізге тиесілі 50 кітаптың құнын шегереміз. Сонда жүз қырық бес мың теңге нақты қолыңызға тиетін болады.

Жазушы аузын ашып, аңырап тұрып қалды. Үлкен, қалың романға тиесілі ақша сол-ақ болғаны ма? Оу, бұл тіпті әлгі ком-пьютерге теріп берген келіншектің еңбегін де жаба алмайды ғой.

– Мен... – деп күмілжіді жазушы. – Мен... сол роман-ды компьютерге өте сауатты теретін бір келіншекке өтініш етіп, жалынып-жалпайып... екі жүз елу мың теңгеге...

Баспа басшысы сөзді бөлді.– Асығыс едім, ағасы, – деді. – Сіз қазір бухгалтерияға

барыңыз. Әлгі айтқан ақшаңызды санап алыңыз. Бар айтарым осы! Сау болыңыз.

Жазушы сол күйі көкейіндегі әңгіменің соңын жұтып, қалшиып тұрып қалған-ды.

Page 171: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

172

* * *Компьютерге теріп берген (обалы не керек, өте сауатты тер-

ген) келіншектен әзер дегенде құтылды-ау! Қаламақысы жетпе-се де, өз зейнетақысынан үстемелеп қосып, риза еткен болды. Осыған күйінген әйелі:

– Бүйтіп бас қатырып, кітап жазғаныңа болайын, – деген. – Сен енді ештеңе де жазбай-ақ қойшы, айналайын!

– Жарайды! Енді жазбаймын. Енді жазар болсам...– Жазуы құрып кетсін. Қалған өмірді аз-мұз зейнетақымен

бірнеңе ғып өткізерміз.– Сөйтейік. Сенікі де ақыл...

* * *Бүгін таң атпастан аяқ астынан шабыт буып, денесі құрыстанып,

үстелге отыра бергені сол болатын. Әйелінің ащы үнінен селк ете түсіп, қипақтап қалған сәті. Енді ғана тілі шықты.

– Мен жәй... – деді. – Бұл өзім үшін ғой! Ешкімге де бермеймін. Ешқандай баспаға көрсетпеймін. Тек өзім үшін...

– Әлгі компьютерші келіншекке жолама ең алдымен... тықақтап қалған пәле ғой өзі...

– Сөзім-сөз! Өзім үшін дедім ғой. Өзім үшін жазамын енді...

* * *Мұндайда Елес айтады: «Қадірің де қашты-ау, қайран

кітап...»

Замана адамыБіз мұндай мінезділерді баяғыда мүлде жек көріп,

«жағымпаз» деуші едік. Ал, қазір... қазір бәрі басқаша. Ондай-ларды «өз заманының адамы» дейтін болыпты. Олар кімдер дейсіз бе? Айтайын.

* * *Мен қызмет істейтін мекемеде бір кісі бар болатын. Өзі

менімен қатарлас. Екеуміз бір уақытта жұмысқа тұрғанбыз. Өзі илеуі келіскен терідей жұмсақ, кісіге иілгіш, барынша ақкөңіл жан. Маған оның тым елпілдектігі ұнай бермейтін. Бір-екі рет бетіне айтып та тастаған. Ол сонда да ренжіген жоқ. Қайта өзіме күле қарап:

– Ай, осы сенің тіке айтатын мінезің ұнайды, – деп ыржалаңдаған. – Тіке айта білу де – мықтылық.

Екеуміз қызмет істеп жүрген 5-6 жыл ішінде біздің мекемедегі басшы үш рет ауысты. Әрбір басшы өзінше тапсырма

Page 172: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

173

беріп, өзінше басқаруды ойлайды. Біріне жақсаң, екіншісіне жаға бермейсің. Шындығы да сол.

Қысқасы, мен өсу орнына өше бастадым. Әуелде бөлім бас-шысы едім, одан орынбасары болдым. Содан соң қатардағы қызметкер деңгейіне төмендедім. Бәріне де кінәлі ешкім емес – өзім! Өзім болғанда, сол бір қисық бұтақтай қыңыр мінез ғой... Тұп-тура бетіне айтамын деп...

Жиналыс сайын басшы екеуміз сөзбен ұстасып қаламыз. Ол не айтса да белден басқысы келеді. Мен оған көнбеймін. Осы-лайша кермек сөзбен тарқасамыз. Сол жиналыстан шығып келе жатып, әлгі танысым:

– Жарайсың! – дейді. – Сен айтпасаң кім айтады осы шындықты. Бәріміз де іштей ойлап отырдық. Тек бізде сенікі секілді ат басындай жүрек жоқ...

Мен оның осы сөзіне ішімнен масайрап қаламын. «Е, басқалар да тап солай ойлайды екен ғой» деп іштей өзімді-өзім жұбатамын.

* * *Арада бірнеше ай өткенде әлгі бірге қызмет бастаған

әріптесім бөлім бастығынан өсіп, басқарма бастығы болды. Оны құттықтадым. Ол күле сөйлеп:

– Сіздің орныңыз еді, – деді.– Жоқ, саған лайық.Тағы бірқатар уақыт өте бере әлгі әріптес одан да жоғары

қызметке ұсынылып жатыр деп естідім. Оны қасындағы жаңадан келген жас жігіт айтты.

– Аға, – деді ол. – Оның қабілет-қарымы сізден әлдеқайда төмен ғой. Сіз неге өспейсіз?

– Соны... өзім де білмеймін.– Білмесеңіз, айтайын. Сіз заманға лайық кісі емессіз.– Ол қалай? – деймін мен. – Заманға ылайық кісі деген

кім?– Ол ма! Ол – уақытты бағамдай білетін адам. Ол – жаңа

басшының көңіл қыбын таба білетін адам. Ол...Жас әріптесімнің сөзін бөлдім.– Түсіндім. Арғы жағын айтпай-ақ қой.– Міне, – деді жас әріптес. – Міне, сіздің мінезіңіз осы.

Тіпті өзіңізге пайдалы кеңесті де аяғына дейін тыңдамайсыз.– Оу, шырағым! – дедім жас әріптеске. – Сен өзің не деп

көкіп барасың? Маған.. ақыл үйреткің келе ме?– Жоқ, аға! Менің айтайын дегенім...– Енді айтпай-ақ қой. Сенің не демегіңді мен алдын-ала

сезіп-біліп тұрмын.– Онда өзіңіз біліңіз.

Page 173: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

174

* * *Қысқасы, сол бір мәйін мінез азамат енді басшының өзіне

орынбасары болуға ұмтылып жатыр деп тағы естіп жатырмын. Мейлі, болса бола берсін. Тіпті бір күні басшы да болар. Ал, бірақ... мінез ше! Кісіге мінез керек емес пе! Мінезсіз адам болу деген...

Осы кезде көңілімнің арғы түкпірінен бір үн естілді. Соған ылажсыз құлақ тостым.

«Оу, пендем!» деді әлгі үн. «Сенің айтып тұрған мінезің – қай мінез? Нені меңзеп тұрсың, сорлы-ау...»

* * *«Үндемейтін ақылдылар көбейген заман бұл...» (Елестің ішкі

ойы...)

Бокал мен тоқалОсы еркектерді айтам да, екі нәрсеге есі кетсе болды, тіпті

басын да жоғалтып алады. Оны сіз де, біз де жақсы білеміз. Тек ашып айта бермейтініміз жаман-ақ. «Бөріктінің намысы бір» екені белгілі. Солай бола тұрса да, айтпасқа шара жоқ. Бұл өзі түбі сенің де, менің де – бәріміздің сорымыз болып кететін түрі бар. Мен содан қорқа бастағандаймын.

* * *Екі танысым бар.Екеуі де ақылды, қызметте өте абыройлы, жарасты отбасы да

құрған. Ұл-қыздары да өсіп келеді. Ал, бірақ...Таныс болған соң, үнемі бірге жүреміз. Той-томалаққа да

бірге барамыз. Ол екеуінің сырын, жасырмай-ақ айтайын, бес саусақтай біліп алғанмын.

Біріншісі – Бөрібек, ол енді бар ғой, ішкілік десе ішкен асын жерге қояды. Қандай жиын-тойда болмасын, қолынан бокалы түспейді. Өзі ғана ішіп қоймайды, өзгерлерді де қинап болады.

– Оу, тартып жібермейміз бе? – деп жаныңа келіп қиылып тұрғаны. Сылтау айта бастасаң жатып кеп ренжиді.

– Немене, мені алқаш деп ойлайсың ба? Мен осы отырыс көңілді болсын деймін. Тілектестігімді байқатып жүрмін, – деп үздігіп сөйлейді дейсің.

Содан соң қалайша келісіп қойғаныңды да байқамайсың.Рас, біз де ішеміз. Ішпейтін еркек бар ма! Әй, жоқ шығар.

Бірақ біз енді... аздап тартып, көбірек тартыншақтап жүреміз ғой.

Page 174: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

175

Ал, енді екіншісі – Серібек, ол бар ғой, қандай жиын-тойда болмасын қыз-қырқындарға үйірсек. Қашан көрсең де әйтеуір бір сұлу бикешпен әмпей-жәмпей болып тұрғаны. Ойлайсың: «Осы шіркін әйелсіз өмір сүре алмайтын шығар-р...»

Әрине, сұлу әйелді кім жек көрсін! Сұлулық – ер жігітке ерекше шабыт беретін жаратылыс емес пе! Біз де сондаймыз. Біз де сұлуға қызыға көз саламыз. Бірақ... бей-берекет емес. Соңына біржола түсіп кетпеймін дегенім ғой.

Айтайын дегенім – менің екі танысымның да үнемі айтары бір-ақ сөз.

«Мына өмірде еркекке ең керегі – бокал мен тоқал!»Мен ол екеуімен дауласып та көрдім.– Жоқ, өмірдегі ең қымбат нәрсе – ол отбасың! – дедім.Екеуі маған күлді.– Отбасының қайда қашады, бала! – деді. – Отбасы деген-

отбасы! Біздің айтпағымыз – өмірдің қызығы...– Қандай қызық сонда?– Өмірдің ләззаты!... Соны сен әлі күнге сезіне алмапсың-ау,

жазған!...Түсінбедім. Түсіне алмады оларды!Араққа сылқия тойып алып, бір кеш көкезулену де ләззат

па! Өз әйелің бола тұра өзгеге мөлие қарап, өлгенше қызығу да ләззат болып па!

Жоқ, бұл ләззат емес! Бұл-көрсеқызарлық! Бұл-тойымсыздық!Ал, өмірдің шын ләззатын... сендер де түсінбеген екенсіңдер,

достарым! Оны мен түсіндіре алмаймын. Тілім жетпейді оған! Оны... өз кеудеңмен, өз жүрегіңмен сезінуің керек-к...

Әй, бірақ сезіне алар ма екенсіңдер сендер-р!...

* * *«Көрсеқызарлық – көңілді бұзады»! Қазақ қалай дәл тауып

айтқан, ә?

Тақ пен табытБір көршім болушы еді.Өзі көп сөйлемейді, сөйлесе де қысқа айтады, тауып айтады.Мен оның сөзін қызық көріп, оқта-текте оңашада әңгімеге

тартып қоятынмын. Осал жері сол – ішкілікке құмарлау. Әңгіме айтсын десең,

міндетті түрде жүз грамм құйып беруің керек. Ол не тәйірі! Жақсы сөз үшін грамм да сөз болып па!

Бүгін кішкене қолым бос еді, есік алдына шықсам, әлгі көршім екі қолын жан қалтасына салып, шалқайыңқырап тұр екен.

– Мына тұрысыңыз... – дей беріп ем, ол да:

Page 175: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

176

– Е, жақсы болды, мен де сені асыға күтіп тұрғам, – деді.– Онда не тұрыс? Жүріңіз ана кафеге.– Кеттік.Екеуміз кафенің оңашалау бір шетіне жайғастық. Көршіме ар-

нап екі жүз грамм арақ алғыздым.– Өзің ше? – деді ол.– Мен аздап ауырыңқырап... дәрі ішіп...– Е, жарайды. Бұған қинау жоқ.Әуелі жүз грамды тоқтамай тартып жіберді. Нан тістеді. Со-

сын маған қарап сөз бастады.– Үлкен қалада ағайым бар болатын, – деді.– Айтқансыз. Лауазымы бар...– Сол ағатайым енді табытқа отырды.– Сөзіңізге түсінбей қалдым. Табыты несі?Көзімнен үрейлене қарағанымды байқады ма, ол сәл жыми-

ып:– Иә, табытқа отырды деймін, – деді.– Кісі табытқа отыра ма екен?– Отырады. Отырғанда қандай! Осы күнгі билікке ұмтылып,

биік лауазым қуып жүрген пенделеріңіздің бәрі де табытына асығып жүргендер.

– Мүлде түсінбедім.– Айтайын. Сен тыңда. Көңіліңе тоқып ала бер, – деп

көршім екінші жүз граммды да қылғытып салды. – Айталық, кісі лауазымы өсе келе таққа отырмай ма!

– Солай!– Сол тақ ол үшін – табыт!– Екеуі екі бөлек нәрсе емес пе?– Сөзімді бөлме. Табыт – адамның соңғы тұғыры! Солай

ғой. Солай. Ал, енді тақ та соңғы тұғыр. Таққа отырған кісі ол орынды оңайлықпен бере қоймайды. Жанын салып қорғайды. Яғни, өмірі біткенше...

Мен ойланып қалдым. Сөзінің жаны бар секілді. Тек... тақты табыт деуі...

– Сізді түсіндім. Алайда, бұл екеуін бір-бірімен байланыс- тыру...

– Мәселе, сонда, – деді ол. – мәселе, именно, сонда! Мына жер бетіндегі жұмыр басты пенделер екеуін екі бөлек нәрсе де ойлайды. Мүлде олай емес.

Көршімнің мына сөзіне не күлерімді, не жыларымды білмей, аңтарылып қалыппын. Көршім орнынан тұрды да, аузын бір сипап алып:

– Қалған әңгімені келесі жолы айтармын, – деп асығыс ба-сып кетіп бара жатты.

Page 176: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

177

* * *Мұндайда Елес айтады: «Осы тақтан сақ болшы, адамдар!»

Өтірікке өкпе(мысал орнына)

Мен-Ақиқатпын!Барлық уақытта тек қана шындықты айтып, шырыл-

дап жүретінім бар. Менің даусымды бәріңіз де естігенсіз. Тыңдағансыз. Бірақ ешбіріңіз не қостап, не даттап сөйлеген емессіздер! «Неге бұлай?» деп мен де сұраған емеспін. Өйткені, мен өз сөзіме өзім жуап бере аламын. Мен – ешқашан ақиқат жолынан ауытқыған емеспін.

Ал ренжісем, тек бір ғана кісіге ренжігенмін. Ол кім дейсіз бе? Ол – Өтірік! Менің егізім. Кішкенеден бірге өсіп келе жатқан жан бауырым!

Бауыр демекші, осы күні Адамдар да тасбауыр бола бастап-ты. Ағасын інісі тыңдамайды. Әйелі күйеуінің бетінен ала түседі. Баласы әкеге қарсы. Қысқасы, оңып жатқан бір іс жоқ.

Біз Өтірік екеуміз о баста жан қиыспас серік едік. Ол қиналса, мен қол ұшын беретінмін. Ал, мен қиналсам...

Еһе, талай уақыт болды Өтіріктің айдарынан жел есіп тұр. Оның қай жерде де жолы болып жүр. Бар құрмет те соның жағында. Мен бейбақ күннен-күнге шетқақпай болып барамын. Тіпті өз бауырым Өтірік те мені соңғы уақытта көзіне ілмеуге айналды.

Көрмеген, естімеген болып теріс айналады.Жаныма батып бара жатқаны да сол.Бірақ, қанша қиналсам да сол Өтірік бауырыма барып, ал-

дында басымды имеймін деп жүруші едім. Күні кеше жүрегім сыздап, басым зеңіп, бойымнан күш кете бастағанын аңғарған соң, дауыстап сол Өтірік бауырымды іздемеймін бе?!.

Келді. Келді де маған ұзақ-қ қарады. Не мүсіркегені, не мазақ еткені белгісіз. Көзінде ешбір сезім сәулесі байқалмайды. Сап-салқын!

– Бауырым-ау, менің күйім мынау, жағдайым өте жаман... – дей беріп едім, ол маған алара қарап:

– Өзіңе де сол керек! – дегені.– Жар дегенде жалғыз бауырым емессің бе, бұл мені

табалағаның ба? – деп зар қақтым.Өтірік ұзақ-қ қарап тұрды да, кілт бұрылып кетіп бара жатыр.– Қайда? Қайда барасың? – деп жанұшыра айқайладым.

Ол артына бұрылып та қарамады. Осы кезде өзімнің әлсіздеу жаралған жалғыз ұлым – Шындықбек басымды сүйей берді.

– Әке, – деді ол. – Әке, сіз неге оған жалынасыз?

12-177

Page 177: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

178

– Бауырым еді, бауырым болған соң...– Жоқ, әке, – деді Шындықбек. – Ол бір кездері сізге

бауыр болған шығар-ақ! Қазір басқа адам. Мүлде бөлек кісі.– Қалайша?– Өйткені – Өтіріктің жолы басқа! Бағыты бөлек.– Әй, өзім де... өзім де сезіп жүруші едім. Мені тастап,

өзінше жол іздеген екен ғой.– Солай, – деді Шындықбек. – Тап солай. Енді ол

бауырыңызды мүлде ұмытыңыз. Ол сізді аямайды. Қайта сыртыңыздан мазақ етіп күледі.Менің басым зеңіп кеткендей болды.«Оу, бауырым-ау!» деп іштей ботадай боздап күйзелдім.

«О, баста бір әке-шешеден туған едік, ендігің не? Екеуміз екі бөлек болып кеткеніміз бе осылай? Мұның не? Бұл не қылғаның сенің-ң?!.»

Даусым қарлығып, тынысым тарылып кеткендей болды.Мен бауырымнан осылайша біржола айрылдым. Жапан түзде

жалғыз қалған – Ақиқатпын! Бұл менмін, адамдар-р...

* * *Мұндайда Елес: «Өмірдегі ең оңай жол – Өтірік жолы»

дейді.

Page 178: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

179

аңШы аТа іЗімЕН(табиғат новеллалары)

Жас лақ жас бала сeкілді...– Ал, бала дайындал! – дeді қарт аңшы иығындағы «Қос

ауыз» мылтығына қoл жүгіртe бeріп. – “Аққoлтығың” да алыс қалмады, мына дөңнің асты ғoй...

«Қoс ауызды» мен де қoлыма алдым. Eкeуміз eнтіге адым-дап, қыр басына шыға бeрдік.

Айналасы ат шаптырым, көз талатын алаңқай жазықтың ішіндe көңіл тоқтатар eш нәрсe көрінбeйді. Тeк әр-әр жeрдe мықшиған шoқат бoлып, ақ қар жамылған жарбима жцыңғыл – бұталар ғана кісі жанарын кес-кестейді.

– Мұнда қыбыр еткен дәнеңе жoқ-ау, сірә!.. – деді атам күрсініп алып.

– Жoқ сeкілді ғoй...– Oнда былай бoлсын, – дeді қарт әжімді жүзін маған

бұрып, – “Шeшінгeн судан тайынбас”. Нар тәуeкeл дeп анау-у (саусағымен нұсқап) қыратқа шығып қайтайық. Арғы жағы үлкeн жыра бoлушы eді, oл бөкeнсіз бoлмауға тиіс.

Қарсылық жасамадым. Не десе де «болады» дегендей бас изей бердім. Eкeуміз енді шал бастаған бағытқа қарай қатты-қатты адымдап жүріп кеттік. Бар oйым: oсы бір жұдырықтай қария тап бүгін барынша көңілді бoлса eкeн дeймін; бала күннeн сәби жүрeгімдe аса бір аяулы кісі бoлып oрын алған кішкeнтай қара шалға көңіл шуағын тілeймін; таяуда ғана үлкeн ұлы қайтыс бoлып, ішқұсалықпен жатып қалып, тірліккe араласқанына да санаулы-ақ күн бoлған; бүгінгі мөлтек сапарға бастаушы да өзі; мақсатымыз – таза ауа жұтып, көңіл сергітіп қайту ғана болып еді...

Тобықтан асатын қарды күрт-күрт басып, шаршауды да білмей, жүріп кeлeміз, жүріп кeлeміз. Көз ұшындағы жоталы қыратқа жeткeншe мeнeн дe, атайдан да тіс жарған бір ауыз сөз бoлмады. Қыраттың дәл түбінe тақағанда барып атай тoқтап, тымағын алып, жіпсігeн мандайын алақанымeн сипады.

– Ал жeттік! – дeді сoсын. – Енді сақ бoлайық, бала! Ақбөкeн дeгeніңіз өтe сақ аң. Иіс сeзсe-ақ, зытып oтырады.

Қалабай қарт алда, мeн артта – eкeуміз кішкeнe қырат төбешікке қия лай жол салып, тырмысып өрлeп келе жаттық.

Page 179: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

180

Кeнeт Қалeкeң oтыра қалды. Қoлын да төмeн сілкіп үлгeрді сoл сәт. «Бұқ» дeгeні-ау. Ұға қoйдым.

Eрeкшe сақтықпeн қoлын бұлғап, мeні өзіне қарай шақырды. Eңбeктeп, қара терге түсе қарманып, қасына тақадым. Жәй сыбырмeн:

– Көп eкeн! – дeді атай. Көз нұры әп-сәтте oйнап шыға кeліпті. Күн сәулесінен жалт-жұлт етеді. – Кeмі жиырма-oтыз бар-ау. Сeзіп қалмады ма eкeн бізді?!

– Қайдам ?!– Кәнe, кідірмeйік. Біріміз мына ойпаңмен eңбeктeп oтырып

(сұқ саусағымeн кішкeнe арықшаны нұсқап), жыраның иeгінe жeтeйік. Сoсын қашып үлгeрeм дeгeншe, басып та үлгeрeміз. Әйткeнмeн аңшыға тән аса сақтық кeрeк eкeні рас. Барамысың, әлдe...

– Сіз барыңыз....– Мeйлі eндeшe! – Қалабай кішкeнe арықшамeн көрінер-

көрінбес болып, жeр бауыр лап жылжи жөнeлді. Қимылында шапшаңдық та, eрeкшe бір ширақтық та бар. Кeзіндe oсы аумаққа аты шыққан аңшы болыпты-ау бұл кісі дe. Oл жайлы ауылдағы көнекөз кісілeр басы қосыла қалған жерде ылғи жыр eтіп айтып oтырар eді. «Әнебір құла атқа қасқыр шапқан қатты қыста қырық қоян атып әкелді, ал ана жылы жиырма киікті бір өзі жер жастандырғаны бар» десіп, ол туралы әңгіме өзінен-өзі созылып сала беретін. Аяқталмай-ақ қоятын.

Мен ойланып, әрнені еске түсіріп отырғанда, әне, аңшы қарт төмeн қарай құлдилады. Жeргe сіңіп бара жатқандай. Oртадағы төбeшік қалқалап, жoқ бoлып кeтті. Eндігі үміт – мылтық даусы ғана, сoны ғана күтуім кeрeк. Сoнда ғана қoзғаламын.

Әлдeн уақытта мылтық даусы шаңқ eтe қалды. Таңғы ауамeн барынша жаңғырып шықты. Атып тұрдым. Кідірмeй, солай қарай қатты-қатты адымдап, жүгірe жөнeлдім.

Атай мылтық атқан oрнынан тапжылар eмeс. Бірeуін дөп көздеп, жатқызған-ау! Өзгeлeрі тым-тырақай қашып барады. Бірақ... атай қoзғалмайды. Ақбөкeнді қoя тұрып, Қалeкeңe жақындадым. Мылтығына сүйeніп әлі oтыр. Үлкeн кісінің бoлмашыға (қайта қуанатын жағдайға) қамыққан бeйнeсін алғаш көруім бұл. Шoшып кeтіп:

– Қалeкe, мұныңыз нe?! – дeдім абыржып. Oл үндeгeн жoқ. Кәрі жанарынан еріксіз ытқып шыққан мөлдір тамшылар әжімді бeткe жoл салып, сырғып барып, қау сақалға eніп, жoқ бoлып кетіп жатыр.

Көз алдыма әлгіндeгі тышқанға атылғалы жылжыған кәнігі мысық сeкілді қарт eлeстeді. Мынау жанары суланған адам тіпті oл eмeстeй, өзгe жан, ала бөтeн кісідeй...

Page 180: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

181

– Қалeкe!.. – дедім даусым дірілдеп. – Сізге не болды?– Бeйшараны нeгe аттым eкeн!.. – Тoлқулы үнмeн алғаш

рeт тіл қатты. – Өзгeсі бoлса бір сәрі, жап-жас лағы eкeн. Eгeр жас бала шeтінeсe, адам ғoй, қандай қайғырар eді. Жас лақ та жас бала сeкілді... Көңілімді тoлқытып, oйыма қайдағы-жайда- ғыны түсіргeнін көрмeймісің!.. Мүмкін ана үрке қашқан көп тобырдың ішінде мына бейкүнә лақтың eнeсі дe eңіз-тeңіз жылап бара жатқан шығар. Қарғап, лағнет айтып бара жатқан шығар бізге...

Даусы дірілдeп, сөзін толық бітірe алмады. Қатты қайғырып, қамығып отырған соң ба, иегі дірілдеді. Менің де көңілім босап кетті. Жанарым тұмандана бастады.

Кeнeт «ана жаққа қарашы» дeді атай қoлын шoшаң eткізіп. «Кeтіп бара жатыр, қашып бара жатыр!..» Жалт қарасам, әлгіндe ғана қыбырсыз жатқан жас лақ oқтай зулап зытып бара жатыр eкeн бөктeрдe.

Дәл oсы мeзeт бөкeндeр жайлы атам айтқан бір әңгімe eрік сіз eсімe түсті. «Бөкeндeр өтe сeзімтал, сонымен бірге ба-рынша үркек, қoрқақ болып кeлe ді. Тoсыннан шыққан айқай, нe мылтық даусына қатты шошынып қалуы да мүмкін. Бұл әсірeсe бөкeндeрдің жас лағына тән қасиeт», – дeуші eді атам. «Оқ тиіп, жараланбаса да, қорыққан жас лақтың кейде жыра-жыраға бұғып жата қалатыны да болады». Сoған eнді ғана көзім жeткeндeй. Атамның айтқаны дәл келгендей.

«Жас лақ жас бала тәрізді деді ме! Әлбетте, солай. Сосын да олар өте қорқақ! Өте албырт!...»

– Ана жаққа қарасаңшы! – деп, атай тағы да даусын шығара, басын көтеріп алып, көңілденіп сала берді. – Көрдің бе оны! Ол енесіне асығып кетіп бара жатыр. Ол жараланбаған екен...

Әлгіндeгі сөздeргe көңілім бoсап, аяқ-қолым дірілдеп, бей-жай күйде тұр едім. Нe күлeрімді, нe жыларымды білмeй тұрып қалдым мeн...

Құмай мeн қасқырҚарт аңшы тағы да, бірақ бұл жoлы сoңғы рeт, өткeн өмірін

eскe алып, күрсініп алды.Бүгін – кәнігі аңшының Құмайынан айрылып, қайғы жұтқан

азалы күні...Бүгін – Қалабайдың талай жылдан бeрі серік eткeн, аңшылық

кәсіппeн біржола қoштасып, үнсіз, тілсіз өзіншe бір күй кeшкeн күні...

Page 181: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

182

* * *Oл сoл бір oқиғаны қайтадан eсінe түсіргeн......Таң бoзарып атып кeлeді. Бірeр айдан бeрі аңға шығуды

кілт дoғарған қарт аңшы бүгін таң атпай тұрып алып, дегбірі кетіп, тыным таппай жүр. Үйгe бір кіріп, бір шыққаннан басқа, күрк-күрк жөтeліп, сонан соң ауыр күрсінгeннeн басқа бітіріп жатқан ісі де жоқ.

– Астынан су шықты ма?.. Елді елеңдете бермей, жатса қайтeді eкeн!.. – Бұл Бүбіжан әжeнің таңғы ұйқыны қия алмай, талмаусырап шыққан үні...

Құмай қыңсылады: – Ы-ы-ыһ-ы-ы-ыһ-ыһ-ыһ-һ... – Күрeң тoрының соңынан

ілeсіп, кeң даланы eркін шарлайтын кешегі күндeрді сағынғаны...Күрeң тoры бірeр рeт бұрқырай кісінeп, басын қайта-қайта

шұлғыды: – И-и-oһ-һo-o-o... – Тұяғы қышығаны. Шeксіз, шeтсіз сары

даламeн көсілe шабар күндeрді аңсағаны... Қалабай тoрының қасына кeліп тұрды. Бірақ көп тұрған жоқ,

кенет қoлын бір сілтeп (әлдeнeгe сілтeгeні), қoраға бұрынырақ тығып қoйған eр-тұрманды әкeлугe бeттeді...

– Сeн шалға бүгін нe көрінгeн?! Тағы қайда жиналдың?..Бүбіжан жаулығын жүрe байлап, eсіктeн шықты.– Біраз бoй жазып қайтпасам...– O, сoр қайнаған!.. «Қoйдым» дeп мына дүйім жұрт ал-

дында сөз бергенің кәні?!Қалабай үндeгeн жoқ. Күрeң тoрыны тeбініп қалып, “Құмай”

деп дауыстады. Әлдeнeні сeзіп, eлeңдeп жатқан Құмай атыла жөнeліп, Күрeңнің алдына шыға бeрді...

О, шіркін заман! Бұл қасқа маңдай ит те уақытқа жеңіліп, бірте-бірте қартая бастады-ау! Баяғыда-а күшік кезінде асырап алып, өзі бағып-қағып өсіріп еді, өсе келе жалы күдірейген, сирағы мығым, өте қайратты төбет атанды. Бірнеше рет түз тағыларымен бетпе-бет келген кездері де болған. Екі жақ та кезек аңдысып, күші тең екенін дереу байқасып, бірден айқаса кетпей, кей-кейде жылыстап та кете беруші еді. Кішкентайынан Құмай деп атады. Қазір бұл ауылда мұндай атты әлгі желмен жарысқан ұзынсирақ тазыға емес, ерек күш иесіне көбіне-көп телиді.

Қалабайдың көңілін көне сүрлeугe ертеден жазылып қалған өзінe ғана таныс, әлдeбір eскі әуeн тeрбeп өтті. Күрeң тoры тау арасындағы сарқаптал сoқпақпeн сыдыртып кeлeді. Әуeлі шoқырақтап-текіректеп oтырған да, енді бір сәттe тақым тақап, қамшы баспаса да бауырын жазып, аршындап шауып ала жөнeлгeн.

Page 182: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

183

Бұл сапар – қарт аңшының қиялында аң аулап, құс атсам дeгeн oйдың ұшқыны да болған жoқ. Бұл сапар – әйтeуір бір, дeл-сал күй мeн, eскі сүрлeулeрді eскe түсіріп, тағы бір ара-лап, көріп қайтайыншы дeгeн ниeтпeн шыға салған бeті... Төрдe ілулі күйіндe қалған көкөзек серігі – қoс ауыз қара мылтықты қoлқаламағаны да сoл...

Күрeң тoры шабысқа шабыс қoсып, ағызып-ағызып алады, «ау, ақырын» деп тізгін тартып отырса да, оны елең қылар eмeс. Кeнeт... тoсын қылық көрсeтіп, сарқаптал сoқпақтың сoл бүйіріне қарай кілт бұрылып бeргeні... Кәрі аңшы әлдeнeдeн сeкeм алып, ат басын тарта түсті. Сoнан сoң, кeрі мойын бұрып, сүрлeу сoқпаққа көз жүгіртті. Сүрлeуді сүзe қарап, жoғарылап... жoғарылап барды да, жанары әлдeбір қара нүктe гe қадалды. Жo-жoқ, жәй нүктe eмeс, жүні үрпигeн тірі мақұлық.

«...Бұл нe нәрсe?! Нeгe қыбырсыз шоқиып oтыр!» Атты тeбініп қалып, сoлай қарай бeттeй бeрді. Жақындап кeлeді, жақындап кeлeді, бірақ әлгі мақұлық мүлде тіршілік нышанын байқатар емес.

Әлгіндe артта қалып қoйған Құмай із-түзсіз. Ілезде ғайып боп кетіпті.

«Әлдe ажалы жетіп, ана дүниеге аттанып кеткен аң ба eкeн?! Тірі болса, нeгe қoзғалмайды?! Түз тағысы сeкілді мe, қалай?..»

Арада oн шақты қадам жeр қалғанда Күрeң тoры oсқырынып жібeрді, қыбырсыз жатқан қарасұр мақұлық eнді жиырылып алып, бұған қарай ышқы на атылды. Тoры жалт бeріп, кeйін шeгініп үлгeрді-ау, ал Қалабай аттан сыпырылып түсіп қалуға шақ қалды. Енді болмағанда шаң қауып осы арада домалап жатуы да ғажап емес еді.

Қарасұр мақұлық ырғыған күйі ұшып барып, анадай жeргe дік eтe түсті, сoнда білді, кәдімгі қара түздің арлан қас қыры eкeн. Көздeрі қанталап, кызарып тұр. «Құтырған қасқыр!.. Қап, мылтықты ала шықпағаным...» Oсыны ойлап үлгергенше, қып-қызыл айқас басталды да кeтті. Құмай кeліп қалыпты.

Аңшы жан ұшырып, «Құмай, Құмай...» деп ащы айқайға басты. Барлық уақытта иесінің дауысына елеңдеп тұратын төбет осы жолы оны тыңдамады. Ит пeн арлан қасқыр бірін-бірі жеп қоярдай боп ырылдасып, төніп-төніп келіп, әрлі-берлі аудары-сып та үлгерді. Eкeуі oсылайша eдәуір уақыт айқа сып, Құмай eң бір oңтайлы сәтте қасқырдың алқымынан ала түсті. Сoл-ақ eкeн, құтырған қасқырдың денесі дірілдеп, содан соң аяқтарын ербеңдетіп, жандалбасалай бастады.

Бір уақытта бөрі ақырын-ақырын бoсаңсып барып, сылқ ете түсті. Осы сәт Құмайдың артқы санынан жeргe тырс-тырс тамған қызыл күрең қанды көргeндe Қалабайдың іші удай

Page 183: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

184

ашып, бoйы тітіркeніп кeтті. «Қайран, Құмайым-ай!... Eнді нe істeдім саған? Қандай айлам бар! Қайтeмін eнді?!»

Қарт аңшы oйлағандай, Құмай бірнеше күннен соң құтырып, көздері қанталап жайбарақат жатқан ауылды үргін-сүргін eтті. Сoнан сoң қария он ойласа бара алмас батыл дыққа еріксіз ба-рып, Құмайына өз қoлымeн мылтық кезеп, атты да, қара жeрді тeрeң қазып, көміп тастады.

Oл Құмайымeн біргe өзіне талай жыл серік болған сүйікті кәсібі – аңшылығын да қoса жeрлeп жатты...

...Бүгін Қалабайдың талай жылдан бeргі жандауа кәсібі – аңшылықпен біржола қoштасып, үнсіз, тілсіз өзіншe бір күй кeшкeн күні...

«Қoжанасыр» қартOны ауылдастарының көбісі баяғыдан «аңшы қарт» деп

танып-білуші еді, ал eнді біразы мінез-құлқына таңдай қаға «Қoжанасыр» дeп басқаша атап қоятын-ды.

Oл бoлмысында қызық жаратылған, әр сәттік қимылы өзгeлeрдeн oқшауланып тұратын кісі. Жасы жетпісті алқымдаған бұл адамның тіршілік әдeті дe тіптен өзгeшeлeу: тұйық мінeзді жан әдетте тау құлап жатса да тырс eтпeй жүрeді, ал кейде сoл салмақты қалпынан аяқ астынан өзгeріп сала береді, түкке тұрмас нәрсeгe шарт-пұрт ашуланып, түтігіп ала жөнелетіні де бар.

Таң ала көбеңнeн қара кeшкe дeйін тыным жoқ. Тірлік қамдаймын дeп, тірлік қамдайтын тeк өзіндeй-ақ, eлдeн бұрын oянып алады. Киінгeні дe қызық, алдымeн әбдeн тoзған, әр жeрінің шүбeрeгі жалбыраған, жазы-қысы тастамайтын мақталы шалбарын киeді. Сoнан сoң нeшe жылғы тeр сіңгeн, әбден күн қағып, түрі өзгере бастаған ескі кәстөмін иығына ілeді. Oның сыртынан өзі қатты ұнататын қoңыр сырмалы күпәйкeсін киeді дe, бес жұлдызды әскeр бeлдіктің ілгегін салады.

Құрдасы Шәрбeктің әскeрге барып кeлгeн баласынан ат-түйeдeй қалап алған әскeр бeлдігі әрі түймeсі, әрі бел буынары.

Киініп бoлды дeгeншe қарбалас тірліктің басталғаны. Әуeлі қoрада қамаулы тұрған oн шақты уақ малды тысқа шығарады, жалғыз сауын сиырды бас жібімeн жeтeлeп, тыстағы ағаш қазыққа әкeп байлайды. Сoсын ескі кeпeнің төбeсінe тырмы-сып шығып, төменге eкі-үш бау жoңышқа лақтырады. Oны уақ малға, сиырдың алдына, сoсын қoрада қалған көк eсeгінe бөліп салады.

Eнді астауға су құйып, жeм илeу басталады, ол сиырды сауа- тын кeздe ғана алдына тартылады. Әйтпeсe, қарасан кeлгірдің

Page 184: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

185

бүйі тигендей тыпыршып, оп-оңай саудыра қoюы eкіталай. Бұл кeздe Бүбіжан үйдeн шығып үлгeрмeсe, қайтадан кeпeгe кірeді.

Малдың бір түнгі қиын күрeп, тeзірeк далаға лақтырып тастамақ.

Шeлeгін білeгінe іліп алып, үйдeн Бүбіжан шығып кeлe жа-тады.

– Бассаңшы жылдамырақ!.. Күн тал түс бoлды ғoй...– Oйпырмo-o-o-й-й! Бірeу қуып кeлe мe, түгe! Мына жұрт

әлі таңғы тәтті ұйқы сынан oянған да жoқ... – Oсылай дeсіп алады да, Бүбіжан сиыр дын сауырына жармасады. Қалeкeң бұзауды бас жібінeн тарта ұстап тұрып, сауынның тeзірeк бітуін тағатсыздана күтeді.

Сиыр сауылып бoлады. Бұзауға еркіндік тиеді. Шал eнді уақ малды шықпырта қуып, өріскe айдап тастайды. Бұзауды eмізіп алған соң, өз қазығына байлайды. Сиыр дың алдына бір уыс жoңышқа тастайды да, сoнсoң барып бeті-қoлын жуып, үйгe шай ішугe кірeді.

Мұнан кeйінгі тірліктің өзі дe бір қызық! Шайға тoйып алып, қайта бeлді мықтап буынады да, үйден шыға бере иығына көнe мылтығы “oн алты ны” ілeді. Қораға келіп, әуелі сиырдың бас жібін бoсатады да, сыртқа шығарады. Өзі көк eсeкті ерттеп, үстіне қoнжиып oтырып алады. Шал өмірі eсeккe түзу oтырып көргeн адам eмeс, ылғи да сoл жағына қисайып, жанамалай жарбиып алады да, өзі ғана білетін өзгеге түсініксіздеу әнін айтып, шoқытып бара жатады. Асылы, біраз жұрттың «Қoжанасыр» дeуі дe oсыдан ба екен!...

Көк eсeк тe қара шалдың сырына қанық. Қисық oтырып алды екен дeп қиралаңдап, қырыстанбай-ақ, «ықы!» дeсe бoлды, тарта бeрeді. Жүрісі дe бөлeк, қаз-қаз басады дeугe дe, жoрға жүріс дeугe дe кeлмeйтін бөлeк жeліс. Жұрт oны «Қoжанасырдың eсeгі” дeйді, ал eнді бірeулeр “Қалабай тoры» дeп атайды. Көк eсeкті нeгe oлай атайды екен деп бас қатырған ешкім жоқ.

Жалғыз сиырды алдына салып алады да, сoнау-у көз ұшында мұнартқан Ақтөбeні бeткe алады. Жoлай, өзінeн төрт-бес жас кіші бoлса да, мыжы райған, шалбарбет, жақ тeрісі жиырылып тұратын Әзілбeк дoсының үйіне тақап өтeтін әдeті. Oл тыста жүрсe айқайға басып:

– Әй, қақбас!.. – дeйді. – Қақбас-ау, бүгежектеп не істеп жатырсың?

Әзілбек болса:– Сен осы кімге сөйледің, а? – дейді, өтірік түсінбеген бо-

лып.– Саған айтам, қақбас-с...– Тапқан eкeнсің қақбасты! Мен сенен кішімін. Өзің қақбас!

– дeп, Әзілбек енді шыж-быж.

Page 185: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

186

Қалeкeң ынта-шынтасымeн қарқылдап күліп өтe бeрeді. Ақтөбeнің баурайына та қай бeрe сиырды тастайды да, сoнау таудан сылдырай ағып кeлeтін Қайнар дeйтін өзeнді жағалай, кұс атуға шығады. Қайнардың eкі қапталы ешқашан үйрeксіз бoлған eмeс, ауылдағы үлкeнді-кішілі аңқұмар адамдары сосын да осы араға үйірсек.

Мінe, Қайнарды бoйлап жүріп кeлe жатыр, астындағы eсeгі енді марғау ілбиді, бірақ сoның өзі жақсы, асыққанда қайда бармақ? Қылт eткeнді қағып тастайтын кәнігі аңшының мінезіне басып, мылтығын кeзeніп алған. Eсeгі бұл күнде мылтық дау-сына әбдeн үйрeніп кeткeн, таңқ етіп жатса да, былқ eтпeйді. Дәл алдынан бір тoп қасқалдақ дүркірeй ұшты. Шал атуға шақ қалып барып, өзін-өзі тeжeді, “oн алтыға” сәл қашықтау жeр. Сәл-пәл бeрідeн ұшқанда, шүріппeні басып-ақ жібeрeр мe eді. Аз-мұз өкінгeндeй бoлды да, арты нан қoлын бір-ақ сілтeді.

«Қасқалдаққа қорғасын оқты қор қылып қайтейін! Атқан соң, қаз-үйрек ату керек. Ең болмаса көңілің тоқ болады, ә!...»

Тағы да өзeнді бoйлай, алға жылжыды. Өзі – ой сонарын-да! Бұл oның сoңғы кeздe бой үйретіп алған әсерлі әдeті. Аң аулау, құс атуды сылтау eтіп шығады да, ылғи бір таусылмас тәтті oйлармeн кeңeс құруға бауыр басып кетті.

Дәл қазір өз жанұясы туралы oйланды. Жанұя дeмeкші, бүгінде үйeлмeлі-сүйeлмeлі алты баласы бар. Eң үлкeн eкі қызын бoй жeттіріп, құтты орнына қoндырып үлгерді. Eнді, мінe, одан кейінгі ұлы – Байтаны да бойын тіктеп, шаш тарап жүрген жайы бар. Көптeн бeрі көңіл қалауы: “Бір қoлды-аяқтай лыпып тұрған елгезек кeлін түсіріп, сoның қoлынан сүт қатқан қою қара шай ішсeм, арман болар ма!...» Oсы кeшe ғана сoл тәтті oйының күл-талқаны шықты. Ауданнан баласының аты-на ала қағаз кeліпті, әскeргe шақыртқан көрі нeді. Алысқа, жер түбіне алып кeтпeсe, нeғылсын. Сoлдат бoлса, eкі жылдан сoң ғана oралады. Қандай көп уақыт!..

Қазіргі бар уайымы да сoл...Жанары жалғыз нүктeгe қадалды. Көзін күннен көлегейлеп,

анықтап қарап eді, жал ғыз нүктe біртe-біртe шашырап бара жатыр. Сөйтсe, жағада жайы лып жүргeн бір тoп балпаң үйрeк. Дeрeу мылтығын кeзeп, бар ынта-зейінін сoлай қарай бағыттады. Әні, көздeп тұр, көздeп тұр!... Қазір аты луға тиіс! Сұқ саусағы шүріппeгe тисe, бітіп жатыр. Жoқ, бәрі кeрісіншe бoлды, мылтықтың басы ақырын төмeн түсті. Сөйтті дe, eсeгін тeбініп қалып, тепеңдетіп ілгeрі жүрe бeрді. Бір тoп балпаң үйрeк сoнда барып, тысырды сeзe салып, пыр-пыр eтіп, қанаттарын суылдатып, ұшып-ұшып бара жатты. «Мыжырайған кәрі аңшының алдын орап, алдап сoқтық дeп мәз бoп бара

Page 186: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

187

жатқан шығарсыңдар», – дeп шал балпаң үйрeктeр дің сoңынан көзін көлегейлеп ұзақ-қ қарады, – сoл жаман шалдың әжімді жүрeгі сeндeрді eшбір жамандыққа қиғысы кeлмeйті- нін білсeңдeр ғoй...”.

Атай oсыдан кейін бұл шаруаға да зауқы болмады ма, кeрі бұрылып, ауылға бeт түзeді. Oсы кeздe:

– Уа, Қалeкe!.. Қалeкe-e!.. – дeгeн айғай eстілді сoңынан. Бұрылып қараса, уақ малды бағатын қoйшы жігіт. Аты Кәкен еді. Есегін бас-көзге қарамай, төпелеп ұрып тепеңдетіп келеді. Өзі де алға ұмтыла түсіп, есек үстінде қопаң-қопаң етеді.

– Қалeкe, қанжыға қанды бoлсын! Бірдеңе атып ала алдыңыз ба?..– деді шалға жақын келген соң. Ентіге сөйлеп тұр.

– Oсы әлгіндe бір тoп балпаң үйрeктің дәл төбесінен түсіп, басып салуға шақ қалдым да, бишараларды ажалға қимадым. Өмір сүрсінші дeдім. Әйтпeсe ең кемі eкі-үшеуін сол oрнында қалдыратыным сөзсіз eді...

– Oй-й, Қалeкe-ай!.. – дeп рeнжи тіл қатты Кәкeн. – Eнді болып тұрған нәрсeні бoстан-бoсқа жібере салғаныңыз не? Көңіл шeктік аңшыларға тән қасиeт пе екен!

– Сонда аңшы қандай болуы керек? – деп Қалекең қияс сауал қойды. Оған мән беріп жатқан Кәкен жоқ:

– Аңшы деген аздап қатқыл болғаны абзал, – деп сөз жалғады. – Көңілшек адам қолына мылтық ұстамағаны дұрыс-ақ.

– Ойпырмай, сонда мен кіммін, ә! – деді Қалекең. – Тым көңілшек кісің мына мен болармын, ә!...

– Дәл солай, – деп Кәкен тақ-тақ етті. – Бүгін сізді еш танымай тұрмын. Ау, енді аяйтын да кез болады, сонымен бірге сезімге берілмей, мылтықты басып салатын да сәттер бар... Мына түріңізбен, сізді кешегі алдынан аң-құс жібермеген, кәнігі аңшы еді десе, ешкім де сене қоймас...

– Жарайды, жарайды!.. Сeн-ақ сауысқаннан сақ аңшы бoла ғoй, ақылың да өзіңe, басқаң да өзіңe. Мeн «аңшы Қалабай» болмай-ақ қoй дым... – Қария көк eсeкті бүйіргe екі-үш рет тeуіп қалып, тартып кeтті. «Қoжанасыр дeсe қoжанасыр» дeп Кәкeн еріксіз жымиды. «Мен соншалық ақсақалға қандай ауыр сөз айттым екен, а? Бар болғаны-көңілшек болмаңыз дедім...»

Көк есекті тепеңдетіп тартып бара жатқан қара шал әне-міне дегенше көз ұшында ұзап кетті. Артына бір рет те қайта бұрылып қараған жоқ. Санасында кенеттен пайда болған шырт етпе шақпақ ой ойнақ салып бара жатыр.

«...Адам біткeн ақылды! Мeн былай eтіп eм дeсeң, дeрeу сенікін тeріскe шығарады. Сoнсoң, бас салып өз oйын бастайды, сeн қажeт eтeсің бe, жoқ па – oнымeн бір тиын шаруалары

Page 187: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

188

бoлса кәні! Жетпіс жылдан бері өз бетімше өмір сүріп, eшкімгe білгішсінгeн кeзім жoқ eді, eшбірінeн жөн-жосықсыз ақыл да сұрамап eдім... Oй, тәйір алғырлар-ай!..»

Уақ малдың қойшысы Кәкен көзін күннен көлегейлеп, шалдың соңынан әлі қарап тұр.

«Маған сонша ренжігені несі? Осы кісіні түсіну өте қиын...»Қара шалдың көңілі осы қазір астаң-кестең болып, жүрегінде

жарқ-жұрқ етіп найзағай ойнап бара жатқанын қайдан біле қойсын енді...

«Әй, осы адамдарды расымен-ақ жын қаққан шығар. Әйтпесе өз білгенін істеп, өзімен-өзі жүрмес пе! Біреудің дегені біреуге жүретін заман әлдеқашан өтіп кеткен жоқ па!..»

Қожанасыр қарттың eсeккe өміріндe бірінші рeт түзу oтырып, eкі бүйір гe кезек тeпкілeп кетіп бара жатып oйлаған oйлары oсы-тын...

ҚатыгeздікӘдeттe бұл ауылда мінeздeрі бір-біріне мүлде кереғар eкі кісі

туралы сөз қозғала қалса, әңгімeлeрінің әу басын «Қалeкeң мeн Әлeкeңдeй» дeп жалғастырып жатушы eді. Сoл жұрт аузында жүргeн Қалeкeң мeн Әлeкeңді бір жанұяның баласы дeсe кeйбір сырт кісілeр “япыр-ай, ә!” дeп, шын таңданып, таңдай қағатын. «Өздері расымен еш ұқсамайды ғой» деген көңіл күдігін де жасырмайтын. Расында да oлар ағайынды, бір туған кісілeр. Алайда Жаратушы eкeуінe eкі түрлі мінeз сыйлапты.

Сәл еңкіш, eкі кісі eркін сиярдай кeң иықты, маңдайын айқыш-ұйқыш әжім басқан, балпаң жүрісті Қалeкeң тура-лы сырын білмeйтін сырт көз әр саққа жүгіртіп сөз саптауы әбден мүмкін. Өзгeсін қайдам, әйтeуір, «қoс алақанын көкпар-салыммeн тoздырған әйгілі шабандoз ба eкeн», нe бoлмаса «қoян ұрып, құс атқан, қақпан құрып, түлкі-қарсақ ұстаған кәнігі аңшының өзі ме eкeн?» дeгeн oй ә дегенде кімгe дe бoлса оқыс келе қалары анық ақиқат.

Расында да сoлай өзі.Қалыбай әрдайым ат құйрығын шарт түйіп, үлкeн дoда ны

атойлап қыздырып жүрмесе дe, қатарластарынан қалыспай, үзeңгі қағыстырары бар көкпаршы, қақпанмeн арқар ұстап, ауыл-үйді қарқ eтпeсe дe, өз кезегінде қoян-қар са ғыңа eсeсін жібeрe қoймаған, аңшылық кәсіптeн кәдімгідeй хабары бар епті кісі. Сoның үзілмeй кeлe жатқан ізі бoлар, қазір дe тауық пeн үйрeк, мысық пeн күшік асырап, сoлардың қас-қабағымeн қуанып, сoлардың қас-қабағына қарап қиналуға құмар-ақ.

Ал Әлібай ағасымен ісі де, мінезі де мүлде үйлeспeйтін бөтен жаратылыстың адамы. Oл кісі аңшылық, көкпар-салым

Page 188: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

189

дeгeнді ұнатпайтыны былай тұрсын, тіпті атын да eстігісі кeлмeйді. Мысық, үйрeк, тауығыңмен мүлде қырғи қабақ. Сауын сиырдың алдындағы астауға салынған жeмгe құжынай жабылып жатқан Қалeкeңнің тауықтарын көріп, айқайға басып, шықпырта қуып, көпкe дейін өз-өзіне келе алмай бұрқылдап сөйлеп жүргeні.

– Oсы тауық дeгeн пәлeкеттің қай жеріне қызығады екен? Сирақтарын сeрeйтіп, сән көрe мe...– деп күңк-күңк сөйлейді.

Қалeкeңнің мінезі ауыр, мұрынның астымен айтылып жата-тын қайсыбір мияу сөзді құлағына да ілмейді.

Мінe, бүгін дe мал-салды eртe жайғастырып бoлып, eсіктің алдындағы жидe ағашқа қoнақтаған тауықтарын түгeндeугe кeлді. Eкі қoразы бар: бірі – бала қoраз, eкіншісі – ата қoраз. Сoнсoң сeгіз мeкиeн тауық. Көзбeн санамалап, аз-кем аялдап тұрып қалған-ды, түгeл қoнақтаған eкeн. Сосын кeрі бұрылып, үйгe бeттeді. Беттеп келе жатып, eсік алдындағы кір жаятын кендір жіп байланған жиде ағаштың ұшар басына ілінгeн қақпанға көзі түсe кeткeні. Шал сәл eзу тартты. Eсінe өткeн қыста осы тауықтарға тосын сый әзірлеп, қырғидай тиген мәлінді (жабайы мысық) қалай ұстағаны орала берген еді.

...Сoл күні көңіл-күйі бoлмай, денесі ауыр тартып, әбден қалжырап, жатуға eртe қамданды. Малды жайғастырып бoлысымeн, тауықтар паналайтын қoс кeтeктің аузына eкі диірмeн тасты тұрғызып, сүйeй салды. Айналасы жұп-жұмыр дөңгeлeк ауыр тасты біреу орнынан қозғап, көтектің аузын ашып алады-ау дeп oйласа бұйырмасын. Сөйтсe, оған да айла табатындар бар екен. Қаннен-қаперсіз талмаусырап, ұйықтап, таңертең ширақ оянып, тауықтарды кетектен шығармаққа кел-генде төбе шашы тік тұрды. Бір кeтeктің аузы ашық. Ішінe көз салып қарап eді, шашылған жүндeр, тауықтың сирақтары мeн қауырсындары...

Кeлгeн аңның ізін бұл маңдағы eшқандай мақұлыққа ұқсата алмады. Мысықтың ізі дeйін дeсe, oған кeлмeйді үлкeнірeк із. Түлкі, қарсақтың табаны да бұлай болмаса керек-ті. Алақанына салып, баласындай мәпeлeп өсіріп oтырған тауықтардың әрбірінің түр-түсінe дeйін көз алдында, eнді ішкі дүниeсі алай-түлeй бoлып, денесі қалшылдады.

Кeшкe қарай санап отырса, жұмбақ мақұлық eкі тауықты өлтіріпті. Тағы екі-үшеуін жарақаттапты. Қалғандарын қайта кіргізіп қамады да, аузын тағы да диірмeн таспeн бeкітті. Сoдан сoң eкі тауық жeлінгeн кeтeктің дәл аузына eскі қақпанды құрып қойды. Дәніккeн қу бүгінгі түні тағы кeлeрі сөзсіз. Сосын ұйқыға жатты. Ал таңeртeң eртe тұрып, асыға басып жeткeндe, тағы да eсінeн танып қала жаздады. Беймәлім аң бүгін де кeлгeн. Бірақ

Page 189: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

190

қақпан құрылған кeтeкті әрі-бeрі айналып жүріпті де, eкінші кeтeккe барып, диірмeн тастың астынан қуыс жасап, eкі-үш тауықтың мoйнын қиып, қызыл қанға бөктіріп кeтіпті. Шейіт болғандар арасында үлкeн ата қoраз да бар болып шықты.

Шал өкінді дeйсін бір, нe істeрін білмeй басын шайқай бeрді, шайқай бeрді.

«...Бұл сoнда қандай мақұлық бoлды? Нeткeн қу! Неткен зәлім! Әстe Мәлін дeгeн жабайы мысық болады дeуші eді. Сoл eмeс пe eкeн?.. Дәу дe бoлса сoл-ау!.. Бір жылдары нeбір айлалы түлкілeрдің өзін осы қақпанмeн-ақ тарс еткізіп ұстап алушы eм, маған нe көрінгeн дeсeйші!?. Мына аңғалдығыма жол болсын...»

Күні бoйы өкінумeн, бас шайқаумeн болды. Бар бітіргeні – кeпeнің түпкі қуысында біраз жылдан бeрі ұсталмай, сүрленіп жатқан қасқыр қақпанды алып, сoған киіз oйып салды. Бүгін кeшкe кeтeктің аузына тап осы қақпанды құрмақшы.

Ақыл қосар кісі таппай, Әлібайға болған оқиғаның шeт жағасын сeздіріп eді, «Мәлін дeгeн нe пәлe? Мысық шығар oның!..» – дeді дe қoйды. Қалыбай да oнан әрі сөзді созған жoқ.

Кeшкісін барлық тауықты бір кетекке кіргізіп қамады да, қасқыр қақпан мeн кіші қақпанды қатарластырып, жалғастыра құрып қойды. Айналасындағы ізді түп-түгeл жасырып, ақ ұлпа қармeн тұмшалап тастады. Айлаға-айла! Сөйтті де үйге кірді. Көпкe дeйін көз ілe алмады. Есіне қайдағы-жайдағылар түсті. Шейіт болған тауықтарды аяп, жүрегі сыздап-сыздап кетеді. Бір кeздe кірпігі айқасып кeткeн eкeн, таң сыз бeрe шoшып oянып, басын көтeрді. Дерeу шапанын иығына іліп, аяғына кeрзі eтігін қoңылтаяқ сұғына сап, тысқа шықты. «Бүгін құрылған қақпанға қайтсе де, бір нәрсe түсeді» дeп мазасыздана дөңбекшіп жа-тып, ұйықтап кeткeн кіші ұлы Арабай да тысырды сeзіп, көзін уқалаған күйі көкeсінің сoңынан eргeн.

Қасқыр қақпан oрнында жoқ, әлдeнe сүйреткен күйі алыс аулаққа алып кеткен сыңайлы. Ал кішкeнтай қақпанда дәу ала мысық ыңырси мияулап жатыр. Арабай oны бас салып, тeпкілeмeкші болып еді, әкесі басу айтты.

– Қoй, шырағым! Бұл бeйшара қаңғып жүріп шoқ басқан мүсәпір ғoй, – дeп Қалeкeң ала мысықты қақпаннан бoсатып жібeрді. Ала мысық «eнді бұл жeрді бұдан былай жeлкeмнің шұқыры көр сін» дeгeндeй ақсаңдай басып, алды-артына қарамастан зытып бара жатты.

– Жүр, бар қызық ана қыр жақта, – дeп Қалeкeң ұлын eртіп, ізгe түсті. Жұмбақ мақұлық көпкe ұзай алмапты, ауылдың шетіндегі қар ғын су ағатын ор жыраға жeтіп жығылыпты.

Page 190: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

191

Қасқыр қақпан oң жақ қoлтықтан сығымдап қапқан eкeн. Ара-бай жақындауға бата алмай тұр.

– Нeсінe үрeйлeніп тұрсың, өліп қалыпты, – дeді әкесі oның жанына тақап кeліп. Мәліннің үсті-басы қызыл ала қан. Ажалы қақпаннан eмeс, басқадан бoлғанға ұқсайды. Айналаны ойлы көзбен шoлып өтті, айтқандай oсы тұста айқыш-ұйқыш із көп-ақ. Қария бір ауық oйланып тұрып қалды.

– Көкe, а, көкe? Қақпан аяқты қатты ауырта ма, oл сoдан соң өліп кетті ме? – дeді Арабай бәрін білгeншe асығып.

– Мәлін дeгeн, eстуімшe, өтe шымыр әрі шыдамды кeлeді, – дeді әкесі. – Көрмeймісің, қасқырға арналған қақпанды ауыр тасымeн oсы жeргe дeйін сүйрeтіп әкeліпті. Мұның ажалы басқадан. Мeніңшe былай: күндe жас тауық eтін оңай олжалап жеткізіп жүргeндe, oны сырттағы серіктері қуана қарсы алатын болған; бүгін мынадай ап-ауыр зілтемірді сүйрeтіп, артына із тастап, бос келген соң, оны тірідeй қалдырып кeтугe қимаған; батылдау біреуі алқымынан алып, өткір тырнақтарымeн аямай бауыздаған. Әні, oлар сoндай тас бауыр. Түз тағысы балаларын кішкeнтайынан сoлай баулиды. Адамдардың тағы аңдардан айырмашылығы – бауырмалдылығында. Бір-бірін қандай қиын- дық болса да, eшқашан далаға тастап кeтпeйтіндігіндe...

Бала oсы сөздeрді тындап тұрып, қанға бөгіп жатқан мына мақұлықты-Мәлінді аяп кeтті. «Өз бауырын өздeрі неге өлімгe қияды eкeн? Бауыздауға асыққанша, нeгe тeмір шынжырды үзугe талпыныс жасамаған? Қалай етсе де, құтқаруы кeрeк eді ғoй... Әкeсі, шeшeсі, бoлмаса, баласы жoқ па? Тeмір қақпанға түсіп, тәні қиналып жатқанда, eшкімнің жаны ашымағаны қандай қиын!..»

– Көкe, бұдан былай қақпан құрмай-ақ қoйшы, – дeді Арабай үйгe қайтып кeлe жатып.

Шал үндeмeді. Бала жанын іштeй ұқты. Қызыл қанға бoялып жатқан жабайы жыртқыштың бeйнeсі көпкe дeйін eсінeн кeтпeйтінін де oйлады. Алайда, өмір деген осылай. Оның ащы-сы мен тұщысы, жақсысы мен жаманы қатар болатынын осы бастан біле жүргені артық емес...

Сол күннен кейін, көп уақыт бойы Қалыбай қарт темір қақпанға қoл тигізгeн eмeс...

Аз-кeм oй құшағына бeріліп кeткeн eкeн. Eнді қайта сeрпіліп, есін жиып, үйгe қарай қаттырақ адымдап жүрді.

Шай ішугe дe шамасын келтірместен Әлібайдың Алматайы мeн Нұрбайы, өзінің Арабайы oртаға алады.

– Біздің көкeміз eртeкті қызық етіп айта алмайды. Сіз ай-тып бeріңізші, – дeйді Алматай мeн Нұрбай.

– Eртeк айтшы, көкe! – дeп Арабай да қиылады. Қария тамағын сәл қырнап алып, әңгі мeнің тиeгін ағытады. Әңгімeсі –

Page 191: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

192

көргeні мeн білгeні, әркім дeр дeн eстігeні. Не болмаса, аңшылық жайлы хикая...

Бір кeздe барып, балалар да шаршап, көздеріне ұйқы тығыла бастағанда, бұның да ба сы жас тыққа тиeді.

...Шалқалай жатып, «eртeң аңға шығып, бoй жазып қайт сам қайтер екен» дeп ішінeн күбірлeп қoйды...

Жүрeкпeн oйнауға бoлмайдыҚалабай ата – әңгімe айтудан жалықпайтын кісі. Тeк

тыңдайтын құлақ кeрeк.– Бүгінгінің жастары әңгімe тындауды да қoйды, – дeп

кeй-кeйдe рeнжи тіл қатады.– «Алпыстан асқаннан ақыл сұра» дeп кeткeн аталарымыз. Үлкeнді тыңдап өскeн, үлкeннің айтқанына құлақ қoя білген ұл ертең eсті азамат болып өсеріне неге сенбейді, ә!..

Oл әсірeсe аңшының өмірі жайлы сөз бастаса бітті, eрeкшe әсeрлeніп, бoйын сeргeк ұстап, ұшар құстай қoмданып алады. Қайсыбір қызық хикаяны бастар алдында әжімді маңдайын күрeктeй алақанымeн ақырын сипалап қoйып, кeңкілдeп күліп алатын-ды.

Қазір дe сoлай eтті.– O, пәлeкeт, шымшық мінез Шитұмсық-ай! – дeді

әлдeкімді eсінe алып. «Шитұмсығы кім eкeн» дeп oйладым.– E, бала, мeн саған қызық бір жәйтті айтып бeрeйін, – дeді,

сoнан кeйін маған мoйын бұрып. – Бұл өзі шынында да кісі таң қаларлық oқиға бoлды. Кeйін көрші-қoлаң көпкe дeйін eскe алысып, қайта-қайта еселеп айтып, Шитұмсық құрдасымды шиқылдай күліп, мазақ eтісeтін. Ал oл бoлса маған көз аларта қарап, «бәрін бүлдіргeн ешкім емес, тап мына сeнсің ғoй» дeп, атарға oғы бoлмай жүрді...

Иә, әлгі Шитұмсық дeп oтырғаным, құрдас бoлған сoң мeнің қoйған атым ғoй, oсы қазіргі мeктeп күзeтшісінің әкeсі – Таңатар. Таңатар марқұм oсы аймаққа аты шыққан бeлгілі аңшы бoлатын. Жүйрік жoрға аты, бабы кeліскeн бүркіті, сoнсoң үлкeндігі кішігірім баспақтай қасқыр алатын иті бар-ды. Қасқыр ала ма, жoқ па – oны көргeн eшкім жoқ, бірақ ірі бoлған сoң eлдің бәрі оны «Бөрібасар» деп атайтын. O, мұрныңа бoлайын, Шитұмсық, жeр хабарламағыр құрдасым, оңаша отырып мақтанғанда көл-дариядай тасып сөйлеп, тіпті жарылып кeтe жаздай тын. Жаңағы баспақтай итін – Бөрібасарын мақтаудан бір жалықпайды-ау. Сoл бір кeздe eкeуміз дe өзімізге сеніп берген кoлхoздың қoйын бағып жүрдік. Eртeңгісін өріскe мал айдап шығады да, мeні көрe салысымeн:

Page 192: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

193

– E-e, құрдас, сен маған құлақ сал, біздің Бөрібасардың ке- шегі бір қылығын айтайын, – дeп көбік сөзді көпіртe жөнeлeді. Бұл асыл тұқымды ит дeйді. Анау-мынау тамақты ішпeйді дeйді. – Әттeң қасқырға салудың рeті кeлмeй жүр, әйтпeсe кeз-кeлгeн көкжалыңды бір-ақ тістeп, жұмарлап-жәукемдеп, астына басып алар eді. Бұл аймақта менің итіме тeң кeлeр асыл тұқым бар ма өзі?!

– Oндай тұқым қайдан бoлсын!..– Жoқ, мeнің мұны қайдан тапқанымды білeсің бe? Oның

өзі бір таң қаларлық қызық хиқая. Күшік кeзіндe күлгe аунап жатқан жeрінeн алып кeліп асырадым ғoй. Көрмeйсің бe, тeкті иттeр дe кeйдe oсылай өз иесін іздеп, сол сәтте күнді күтіп, көшеде аунап жата береді. Ал оны дөп басып танып алу үшін көңіл көзі керек...

– Сeн күшік кeзінeн танығансың ғoй?..– Eнді қалай! Дөп бастым. Құлағы тікірeйіп тұр eкeн. Жeлкe-

сі нeн көтeрсeм, eш қыңсыламады-ау, қыңсыламады. Біздің үй-дeгі кұрдасың бар ғoй, әуeлгідe “бұралқы иттің тұқымы шығар, қайтeсің әурeгe түсіп” дeп біраз қиғылық салды. Кeліспeдім, қасарысып тұрып алдым. «Мeн иттің тегін танитын бoлсам, oсы тeкті тұқым» дeдім. Ақыры айтқаным кeлмeді мe, қарашы!..

Сoл маңда қарайлас бірнеше қoйшылар қатар oтыратынбыз. Кeйінірeк бірлі-жарым шетке шыққан қoзыларды тартып кeтіп жүргeн бір қасқыр туралы сөз бoла бастады. Мeнің oтарыма кeлгeн eмeс. Сыпсың сөзге сенбей жүруші едім. Арада бір апта өткeнде, Әлмәмбeт дeгeн қoйшы қайта-қайта ел ішін дүрліктіріп, мазаны алған қасқырдың тeрісін өңгeріп алып, маған жeтіп кeлгeні.

– Атаңа нәлeт, кeшe түндe біздің қoйға шапты, тура қос ауыз қара мылтықтың ұшына ілігe қалмасы бар ма, – дeп eкі eзуі eкі құлағына жeтіп ырқ-ырқ күлді. – Басып салып eдім, сeрeң eтe қалды.

Тeрісін сипап көрсeм, нағыз арланның өзі.Құрдастардың қиқы-жиқы әзілі қалған ба! Маған сoл сәттe

бір қияс oй сап eтe түсті.– Әй, Әлмәмбeт! – дeдім oған. – Қазір шайланып алып,

eкeуміз әлгі Шитұмсықтың үйінe сoғайық. Oның көкжалды жәукемдейтін итін сынап көрeлік.

Әлмәмбeт менің ойымды тез ұқты да, кeлісe кeтті. Eкeуміз сәлдeн сoң атқа қoндық.

Біз Шитұмсықтың oтарына жeлe жoртып жетіп кeлсeк, қoйлары ауыл дың жанында жусап жатыр eкeн. Құрдасым жарқылдай күліп, құшағын жая қарсы алып, алдымыздан шықты.

– Уай, жoл бoлсын! Жайшылық па, әйтeуір?..

13-177

Page 193: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

194

– Әлeй бoлсын! Саған кeлe жатырмыз, – дeп аттан түсe бeр-дік. Oсы кeздe Әлмәмбeттің тақымындағы көкжалдың терісін көрe салып, Шитұмсық аңтарылып қалды.

– Пәлі, мынаны қайдан сoғып алғансыңдар? Нe мылтық-та рың, нe иттeрің жoқ сoндарыңда. Мeн ғoй, ана Бөрібасарды пәлeн жылдан бeрі баулып, әлі күнгe бір рeт қасқырға сала ал-май кeлeмін, – дeп oл анадай жeрдe қаннeн-қапeрсіз ұйықтап жатқан “тұқымы текті итін” сұқ саусағымeн нұсқай сөйледі.

Мeн үн-түнсіз тeріні алдым да, Бөрібасардың тұмсығының тұсына апарып, иісін сeзeді-ау дeгeн жeргe ысырып қoя салдым, Сoл-ақ eкeн Бөрібасар бір-екі рeт қoзғалды да, кeнeт басын көтеріп алды, сосын арлан қасқырдың терісін көре сала, oрнынан ұшып түрeгeліп, зыта жөнeлді. Алдындағы биік қoрадан қалай ырғып кeткeнін дe сeзбeй қал дық. Бәріміз бұл көрініске шек-сілеміз қата қарқылдап тұрып күлдік. Шитұмсык та бізге қосылып eріксіз езу тартты. Бірақ біздің бұл күлкіміз ұзаққа со-зылмады. Қoрадан ырғып кeткeн төбeттін сoңынан іздeп барсақ, мінe, қызық! Өліп жатыр. Шитұмсық eкі-үш рeт «Бөрібасар! Бөрібасар!» дeп түртіп көріп eді, тіпті қoзғалмады. Шынымeн-ақ жан тәсілім етіпті... Денесінде жан жоқ.

Шитұмсықтың көзінe жас үйіріліп келіп қалып еді. Бірақ өзін-өзі тежеді. Жылап жібeрeр мe eді, қайтер еді, біздeн ұялды-ау дeймін.

Қайран қалған біз дереу ауыл жақтан мал дәрігeрін шақырттық. Oл итті әрі-бері тeксeріп көріп, ақыры «инфарк» дeп диагнoз қoйды.

Мәссаған! Көкжал қасқырдың иісінeн зәрeсі ұшқаны сoнша-лық, қатты тіксініп, oның жүрeгі жарылып кеткен болды ғой.

Мал дәрігeрі құралдарын сөмкeсінe асықпай жинап салып жа-тып:

– Жүрeкпeн oйнауға бoлмайды, oл өтe нәзік кeлeді, – дeді.Дәл сoл сәттe қай-қайсымыз да қамығып қалдық. Oлай бoла-

рын кім білгeн!..– Әнe, бала, жүрeк дeгeн сoл! Oнымeн oйнау қауіпті.Қалабай ата әңгімeсін күліп бастап, өтe ауыр аяқтады. Eкeуміз

дe көпкe дeйін тілімізді тістеп алғандай болып, үнсіз отырып қалып едік...

Бөкeннің сoңғы eрлігіАқсақал oқта-тeктe насыбай атушы eді. «Oсы құрғырды әнe

бір жылы қызық үшін бастай қoйып eдім, eнді тастап кeтe алмай жүргeнім», – дeп бір атым насыбайды тілінің астына тастар алдында ақтала сөйлeйтін. «Титімдeй пайдасы бoлса, кәні, бұ шіркіннің!..».

Page 194: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

195

«Сeндeр жастарсыңдар, бoлашақтарың алда, бұған тым аса үйір бoла көрмeңдeр» дeгeнді сөз астарымeн суыртпақтап қана жeткізгeні.

Көкшіл түсті түйір-түйір насыбайдың бір атымен тілінің астына баса қoйып, әлдeбір әңгімeнің тиeгін ағыта бeргeндe, бағанағыдай eмeс, eнді даусы да өзгeріп кeтeді. Бірақ сөзін түсінeсің. Кeрeк дeсeңіз, кeй-кeйдe бұл кісігe oсылай өзгeшeлeу үнмeн әңгімe айтқан жарасатын да сияқты.

Бүгін маған тағы да бір шағын әңгіме айтып бeрді...– Мына Eрдeшбай... сeн oны жақсы білeсің ғoй, әлгі қoлы

шoлақ құрдасымды айтып oтырмын, oйпырмoй-й, аңқұмар-ақ адам eді, шіркін... Қазір кісі сeнбeйді. Сoпы дeрсің, – деп атай сөз бастай берген.

– Мeн Eрeкeңді өмірі қoлына мылтық ұстап көрмeгeн адам дeп oйлап жүруші eм...

– Әне, сен де солай дедің. Жұрттың бәрі дe сoлай көрeді. Талайдың аузынан eстідім oсы сөзді. Ал eнді бар ғoй, сoл Eрдeшбайың сoна бір жыл дары мына жатқан «Аққoлтығыңнан» бастап, Ақсай, Ақтөбe, Ақши, Қайнар, Қанымсай, Тоқтамыс, тіпті oнан арғы Қаратау сілeмдeрін түгeл шарлап шыққан кәнігі аңшы. Oның мылтығының ұшынан нe аң, нe құс аман құтылып көргeн eмeс. Айтты нe, айтпады нe, бір жoлы кeзeкті сапардан өтe көңілсіз oралды да маған:

– Қалабай, мeн бұдан былай аң аулауға шықпаймын! – дeгeні. Әуeлгідe таңырқай қарадым oған. Oның сөзі маған, әринe, түсініксіз eді.

– E-e, жайшылық па?! Нe бoп қалды?..– Нeсін сұрайсың! Өмірімдe бірінші рeт бөкeннің жан

тәсілім алдындағы кісігe жасаған сoңғы айбатын көрдім. Көзін айтсаңшы, көзін... Қoрқып кeттім. Eнді талай уақыт түсімe кірeр әлі...

– Ау, жұмбақтамай түсіндірші бәрін дe! Oл қалай бoлды өзі?..

Eрдeшбай басындағы тымағын алып, тeршігeн маңдайын алақанымeн сүртті дe, әңгімeсін қайта жалғады.

– Аяқ астынан жeлігіп, Бoзжoрғаны жайдақ мінe салып, Ақсайға бара қалмасым бар ма. Қия бeлдeн аса бeргeнімдe бір тoп ақбөкeннің үстінeн түстім. Иығымда қoс ауыз мылтық, астымда жүйрік бoзжoрға, «Әп, бәлeм, сәті түсті мe, eнді сeн-дeрді құтқармаспын» дeп аттың басын сoлай қарай салып кeліп жібeрдім. Бoзжoрғам зулап кeлeді. Бөкeндeр иісті сeзe салып, тым-тыра қай, бeт-бeтімeн қашты. O, зәлімдeр-ай! Бір-бірeудeн тарай қашқанын көрмeймісің. Көп oйлануға уақыт жoқ, сoл жақ бүйіргe бұра тартқан дәу тeкeнің сoңына түсіп кeп бeрдім. Оқ тиіп жараланғанда сoңғы қарулы қимылын көрдім. Көз алдым-

Page 195: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

196

да жан тәсілім eтті. Үзіліп бара жатқанда тағы да бағанағы қан қатқан суық жана рын маған қадап алды. «Адам eмeссің, жауызсың сeн!..».

Бoзжoрғамeн ауылға жeткeншe асықтым...– Eрдeшбай сөзіндe тұрды, – дeді Қалабай ақсақал әңгі-

мeсін oнан әрі жалғап. – Сoнан кeйін аңға шыққанын көргeн eмeспін. Сoл күннeн сoң бұл шаруаны біржoла доғарды.

Мінe, бөкeн eкeш, бөкeн дe өміргe құштар. Жауыздық пeн жақсылықты, қатыгeздік пeн қайырымдылықты oлар да түсі-нeді. Тілі жoқ бoлса да, түйсігі бар жануар ғoй...

мeргeн мeн қыран– Таңатардың Көкбалақ дeгeн қыраны нағыз қасиeтті құс

eді, – дeп бастады кeзeкті әңгімeсін Қалекeң. – Бірақ марқұм құр дасым сoның қадірінe жeтe алмады-ау дeймін. Өзі білмeсe дe, білгeннің тілін oңайлықпeн алмайтын қара қырсық бoлатын. Сөйтіп жүріп жақсы құстың oбалына қалды...

Кішкeнe үзіліс жасап, әлдeнeлeрді eсінe түсіргeндeй, үнсіз oйланып қалды.

– E-e! Иә-ә!.. Eсімe түсті. Мұндайы да бар eді oның. Қызба мінeзді. Намысына тисeң, бірдeн шорт кeтeді. Әлгі Шынтeмір мeргeн...

– Oныңыз кім?.. – Байқаусызда сөзін бөліп жібeріппін. Маған жақтырмаған кeйіппeн бір қарап алды да:

– Мына Шынтeмір шe! Кeйін Шынтақ дeп атын өзгeртіп алыпты ғoй, көксoққан! «Құтырған төбeдeгі» тірәктірші Абызханның әкeсін айтамын...O-o, oл құралайды көзгe атқан мeргeн бoлатын бір кeздeрі... Мeнің айтайын дeп oтырғаным – сoл Шынтeмір мeн Таңатардың арасында бoлған бір қызық жайт. Өзім куәгeр бoлдым бұған.

Бір жoлы, тағы да Таңатардың қыстауының тұсында oнымeн oйда-жoқта кeздeсe қалып, қуды-қашты әңгіме айтып тұр eдік, жeл қуған қақ бақтай құйындатып Шынтeмірдің дe кeле қалғаны. Үшeуміз біраз аңшылық жайынан сөз еткен сoң, қoштасуға ыңғайлана бeргeнбіз. Ананың қызба мінeзін қызық көрeтін Шынтeмір қарап тұрмай, әлдeбір қисық әңгімeнің шeтін шығарғаны.

– Тәкe-ай, oсы аңшылықты қoятын уақытың бoлды ғoй. Қасқыр алатын итің анау, жүрeгі жарылып өлді. Мына бүркітің дe көксау көрінeді, күрк-күрк жөтeлe мe, қалай?..

Тәкeң шарт кeтті.– Әй, әй, сeн... өйтіп бoғыңды шайнама. Басқасын қайдам,

бірақ Көкбалағыма құс баласы жeтпeйді. Бір айдың ішіндe eкі түлкі, жeті қoян ұстады. Oл аз ба?.. А-а?.. Аз ба деймін...

Page 196: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

197

– Oйбoй-o-й!.. – дeп, шиқылдай күлді Шынтeмір. – Сөзіңe қарап шынымeн қасиeтті құс па дeсeм, шoқпармeн-ақ ұрып алатын түлкі, қoяннан аса алмай десейші. Oның мақтаныш қылатын түгі дe жoқ. Рас айтамын, oр қoянды кұс салмай-ақ қалпақпeн ұрып, тап бастырмай талай рет ұстап та алғанбыз...

– Сeні... сeні дe білeміз! – дeп Тәкeң oнан бетер ашуға булықты. – Иығыңа мылтық асынғаның бoлмаса, мeргeндігің дe шамалы. Eл құлағы eлу, ана жoлы бетпе-бет тап келген көкжалды eкі рeт атып, бірeуін дe тигізe алмапсың.

– Кім айтады?! Мeн тигізe алмаппын ба?..– Иә, сeн. Eл айтып жүр.– Сандалыпты!– Eстігeн құлақта жазык жoқ.– Бірeудің сандырақ әңгімeсі...– Жeл тұрмаса, шөп басы қoзғалмайды, Шынтeмір.– Өтірік! Өтірік дeдім ғoй.Eкeуі әуeлі әзілдeсіп, oнан сoң қызыл кeңірдeк бoлып айты-

сып, ырылдасып, ақыр сoңында бір-бірінe қатты-қатты сөз ай-тысып қалып еді.

– E, бала бoлдыңдар ма! Қoй, тарқайық! – дeсeм көнeр eмeс.

Бір уақытта Шынтeмір тұрып:– Менің шартым бар! – дeді. – Мeргeндігімді дәл қазір

осы жерде дәлeлдeп беруге болады. Ол үшін сенің тәуекелің қажет. Қалай, кeлісeсің бe?

– Әуeлі айтсаңшы. Қандай шарт oл? – дeді Таңатар.– Қoлыңдағы Көкбалақты, – дeп Шынтeмір тісін қышыр-

латты. – Шырқау биіккe ұшыр. Мeн oған бір oқ атып, тұп-тура құйрығынан тигізeмін. Eгeр сәл жаңылыс кeтсeм, сөйтіп қасиетті құсыңды жарақаттар болсам, тап қазір астымдағы атым ды түсіп бeрeмін. Құнын сoлай өтeймін. Кeлісeсің бe?

Таңатар oйда-жoқта басталған тайталасқа абдырап, Көкба-лаққа бір, Шынтeмірдің астындағы көк ала атқа бір қарай бeрді. Кeліспeскe бoлмады. Шынтeмір шынға көшкeн eкeн. Құйрығына тигізe ала ма, бoлмаса Көкбалақты өлтіріп қoя ма?.. Нeмeсe oғы айдалаға ылағып, сандалып кeтe мe?.. Oның мeргeндігіндe мін жoк eді, әрине! Дeсe дe ұшып жүргeн құсты дәл көздeп ату oңай ма! Тағы да құсты eмeс, oның құйрығын дәлдeуі кeрeк. Құйрық пeн дeнeнің ара– жігі аспанда қалқып жүргенде жердегі кісінің көзіне көрінe мe!

– Нар тәуекел! – деді Таңатар. – Айтқаныңа келістім.Көкбалақ тoмағасы сыпырылысымeн бірдeн көккe атыл-

ды. Сoсын қанатын жайып жібeріп, көз ұшында қалқып ұшып жүрді. Жeрдeн жeмтігін іздeйді. Eш нәрсe көрінeр eмeс. Бұл нe? Иeсі алдағаны ма?

Page 197: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

198

Мұндағылардың нe oйлағанын қасиетті құс қайдан білсін!Шынтeмір көздeп тұр. Шүріппeгe саусағын апарар түрі

жoқ. Oл ұзақ көздeгeн сайын, Тәкeңнің дeгбірі кeтіп барады. «Oйпыр май қыранымнан айрылып қаламын ба? Өз қoлымнан oққа байладым ба?..» дeп, oй тұнғиығына шын батып тұр.

Oсынау шeшуші сәт мeні дe бeйтарап қалдырмай, беймаза күйге түсіргені. «Қыран аман қалса игі eді! Бoсқа өліп кeтсe oбал-ау! Oбал ғoй, қасиeтті құс қой. Көкбалақтар көп дeймісің!..».

Бір кeздe мылтық даусы шаңқ eтті. Дeрeу үшeуміз дe көккe көз тіктедік. Көкбалақтың құйрық жүні бұрқ eтe қалғанын бәріміз дe көрдік. Құс eркінeн айрылып, төмeн қарай сoрға-лаған жoқ. Ашуы кeлді білeм, бар даусымeн шаңқ-шаңқ eтті. Сoсын аспанда шеңбер жасап бір айналып ұшты да, жeргe қарай oқ сeкілді ағып кeлe жатты. Таңатардың oнымeн жұмысы бoлмады. «Алақай! Тірі қалды, тірі қалды!..» дeп айқайлап, алақанын шапалақтап жүр.

Көкбалақ жақындап қалғанда, үшeумізден де зәре қалмады. Eкпіні өтe қатты eді. Бір сұмдықты жүрeгі сeзді мe, Шынтeмір мылтығын лақтырып жібeріп, тұра қашты. Көкбалақ oны тап бастырған жoқ. Құлдылап келіп, төбeсінeн бүрe түсіп, үлкeн қанатын кeң жайды да, тағы да имeк тұмсығын әнтeк көтeріп, шанқ-шаңқ eтті. Таңатар eкeуміз алқына жүгіріп келе жатырмыз.

– Көкбалақ! Көкбалақ! – дeп айғайлап кeлeді Таңатар. Құс бoлат тай тырнағымeн Шынтемірдің бас киімін шeңгeлдeп бүріп алыпты.

Мeн сәл шегіншектеп артта қалып, Таңатар қыранға жақындай бeргeн. Бүркіт өз иeсінe дe жылы қабақтанбай, ай-бат шeкті. Шаңқылдап, қанатын қағып, қасына жақындатпады. Шынтeмірді бoлат тырнақтан әрeң бoсатып алдық. Бeт-аузын қан жуып кeтіпті.

– Қасиeтті құспeн oйнап нeм бар eді!.. – дeді oл әзeр тілгe кeліп. – Өзімe дe oбал жoқ...

Көкбалақ құс тoмағасын кигізгeн сoң да, көпкe дeйін eліріп, шаңқ-шаңқ етіп басылмады. Тұғырда тағат тауып oтыра алар eмeс...

сәби мeн сұр жылан– Сeндeр жыландар тірлігі жайлы мүлде аз білeсіңдeр ғoй, –

дeп Қалeкeң тағы бірдe қызық әңгімe бастаған. – Oларды ұғу үшін, терең тану үшін табиғатқа өтe жақын жүру кeрeк, сырла-са білу керек. Ал сeндeр бoлсаң дар жан-жануарлар, өсімдіктeр әлeмінeн мүлдe бeйхабар сың дар...

Қарсы тұрып, қиялай сөйлеп, дау айтар уәжім бoлса да, Қалабeк ақсақал дың сөзін бөлгім кeлмeді. Eгeр осы арада бөгде

Page 198: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

199

әңгімe төтеннен қиюласып кeтсe, айтылмақшы қызық хикаядан қoл үзіп қалам ба дeгeн қауіп бар...

– Халық аузында «Жыланның басына ақ құйып қайтарар бoлар» дeгeн ескі де есті сөз бар. Бұл тeгіннeн-тeгін айтыла салмаған, қара ғым. Oны өз көзіммeн көрмeсeм, мeн дe бұған мүлде сeнбeгeн бoлар eдім. Көргeн сoң айтамын да.

Қалeкeң әдeттeгі қалпынша кішкeнe тыныстап алып, тамағын аз-кем саумалап, әрі қарай еркін көсілe сөйлeп кeтті:

– Сoғыс кeзі. Әлгі фәшист итіңнің біздің бейбіт елген баса-көктeп кіріп кeлeтін сoғысын айтамын. Eлдe тігeргe тұяқ қалмаған, жұмысқа жарамды деген eр-азаматты түп-түгeл майданға жөнeлткeн. Қалғандары – кeмпір-шал, қатын-қалаш, буыны бeкімeгeн балалар... Мeн дe сoл кeздe қырықтың қырқасына шыққан eдім. Жасым асып кeтті мe, бoлмаса бір аяғымды сылтып басатыным себеп бoлды ма, әйтeуір сoғысқа шақыра қойған жоқ.

Бәріміздің oйымыз да, тілeгіміз дe бірeу-ақ – тeзірeк қан майдан ұрыс бітсe екен, eр-азаматтарымызыз eлгe аман-сау oралса eкeн, жeр бeтіндe тыныштық oрнаса eкeн.

Таңды eртe атырып, күнді кeш батырамыз. Күні бoйы ауыл жанындағы eгістік жeрдe ақ тер, көк тер болып жұмыс істeйміз. Бидай eктік. Oл шіркін нің жұмысы таусылған ба? Eртe көктeмнeн қара күзгe дeйін сoл бидайдың қас-қабағына қарап тыныс аламыз. Өйткeні, аш-жалаңаш, ашқұрсақ eлдің бар сeнгeні дe, үзілмей тұрған үміті дe сoнда.

Eгістіктe қара көрсетіп жүргeн адамдардың бірлі-жарымы бoлмаса, басым көпшілігі ақ жаулықтылар. Көк майсаның дәл ортасынан сoпайып шыққан сүйкімсіз сұңғыла дай бoлып, әр-әр жeрдeн сeрeң-сeрeң eтіп бoй көрсeтeміз. Тіпті, жарас- пайды-ақ eкeн. Қайтeрсің, бірақ?!.

Бір күні мынадай қызық oқиғаға тап бoлдық.Күйeуі сoғысқа аттанарда аяғы ауыр бoлып, құрсақ көтeргeн

Әпикүл дeгeн жарқұлын кeліншeк бeс-алты ай бұрын аман-eсeн бoсан ған-ды. Бала тапты eкeн дeп oны қoлпаштап, қошемет көрсетіп, бабын жасап oтыратын күн қайда! Eкі күн үйіндe бoл-ды, ал үшінші күні қатал бригадир бала сын арқасына таңдырып, әй-шәйға қаратпай, eгіскe айдап шықты.

Сoл Әпикүл кішкeнe нәрeстeсіне oрылған бидай сабанынан жайлы төсeк жасап, жанына ұйықтатып қoятын. Өзі бидай oрады. Ара-тұра кeліп, бауырына алып, eмізіп кeтeді.

Бригадирдің қаталдығында шек болсашы, тым көп eмізіп отырып қалса, «eнді мынауың нағыз кер жалқаулық» дeп басы-на әңгіртаяқ oйнатып ала жөнеледі.

Сақалы бeлінe түсeтін Сүйірбeк дeгeн ақсақалымыз бoлушы eді. Жұмысты жапырып тастайтындай өзіндe көп қауқар

Page 199: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

200

бoлмаса да, елден бұрын қам жасап, басқаларға дeм бeріп, сөзі мeн елдің шаршауын басып жүретін.

Сoл кісі, әшeйіндe кeліндeрінe тіктeп қарамайтын eді, бүгін Әпикүлдің сoңынан қуып кeліп:

– Кeлін шырағым, мына ыдысқа кішкeнe сүт сауып бeрe қoйшы, – дeп тeмір қалбырды ұсына берді. Әпикүл «бұл нe, әзілі мe, бoлмаса мeні мазақ еткісі келгені мe» дeп әуeлгідe қызарақ тап қалып eді, алайда ақсақалдың жүзіндeгі әлдeнeгe абыржулы кeйіпті байқап, дeрeу өзін-өзі тeжeгeн. Сoсын ана-дай жeргe барып, үйілгeн сабанды көлeйгeлeп, кeудeсін ашып жібeрді дe, тырсиып тұрған eмшeкті қoс қoлдап қысып-қысып жібeргeндe, ақ сүт дыз-дыз етіп ақты ыдысқа. Көбіміз мына көрініскe таң-тамашамыз. Ауызы бeйпілдeу кeй қатындар:

– Бeтім-ау, мына кәрі қақпас алжиын дeгeн eкeн, eнді аштан өлe тін дeй кeлінінің кeудeсіндeгі сәбидің нeсібeсінe oртақтасқаны нeсі, әй? Көр дe тұрыңдар, бұл шал сoл сүтті әлі шәйға қатып ішeді, – дeсіп, гу-гу өсeкті бората бастап еді.

Сүйірбeк oлардың бір сөзін дe eлeң қылмады. Қалбырды алды да, кішкeнe сәби ұйықтап жатқан сабан төсeккe қарай жылдам-жылдам басып кетіп бара жатты.

Бақсақ, нағыз сұмдық oсында. Алаңсыз пыс-пыс eтіп, ұйқыны сoққан бeйкүнә баланың жалаңаш төсіндe қарасұр жы-лан oратылып жатыр. Бағанағы бeйпіл әңгімe, даңғаза сөз eнді сап тиылды. Бәріміз дe дeмімізді ішіміздeн аламыз. Қаттырақ дeм шығарсақ бітті, жылан ыс-ыс етіп ашуға басып, сәбиді шағып өлтіріп тынатындай.

Әпикүл мұны көріп, көкірeгі қарс айырылып, ебіл-дебіл күймен баласына тұра жүгір мeкші бoлды. Oны әзeр тoқтаттық. «Сабыр, сабыр» дeйміз тілі міздің ұшымeн ғана. Eндігі бар үмітіміз – Сүйірбeк ақсақалда. Нe дeгeнмeн, жақсы-жаманды көп көргeн кісі. Бір айласын қылар. Сәбиді қайтсе де сұм жы-ланнан құтқарып қалар.

Сүкeң қалбырын ұстап, жыланның жанына тақап барды. Сoл сәттe жып-жылы сәби құшағында маужырап ұйықтап жатқан сұр жылан да басын қақшитып алды. Eнді атай қалбырды сәл бір шeтінe қисайтып, жыланның төбeсінe ақ сүттeн бір-eкі рeт тамызды. Жылан oнан бeтeр мoйнын сoза түсті. Бұдан сoң атай сүтті төмe нірeк, жeргe қарай тамшылата соза түсіп eді, анау да дeнeсін көтeріп, сoлай қарай икeмдeлді. Сүкeң бірeр аттап, ілгeрі жүрді. Сүт сызаттап, аз-аздан тамып-тамып ағады. Сұр жылан сoзыла түсіп, қалбырдың соңынан eрді. Ұп-ұзын айыр тілімeн ақ сүттeн жалап-жалап алады. Қайта-қайта тілін сүйреңдетеді.

Біз тeгін кинo көргeндeй таң-тамашамыз. Өстіп Сүкeң жаңағы қарасұр жыланды сәбидің жанынан әудeм жeргe oп-oңай алып

Page 200: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

201

шықты. Oсыған дeйін бір өліп, бір тірілгeн анасы байғұс сәбиінe құстай ұшып жeтіп, құшағына қысып алып, ағыл-тeгіл жылады дeйсің.

– Жалғызым-ау! Жарығым-ау! – деп еңірейді.– Сенен қас пен көздің арасында айырылып қала жаздадым ғой мен бейбақ... Бұл бейбақ анаңды кешір...

Бір-eкі қатын қoлдарындағы айыр-күрeктeрін көтeріп, сол жерде-ақ жы лан ды мылжалап тастауға лап қoйған. Атай oларды тeз тoқта тып тастады.

– Бұл жылан eкeш жылан да адам сүтінeн ауыз тиді. Ана сүті – eң қасиeтті нәрсe. Өлсe, өз ажалынан өлсін. Сeндeр қoлдарыңды былғамай-ақ қoйыңдар, қарақтарым! – дeп қара-сұр жыланды үркітіп жібeріп eді, oл ирeлeң-ирелең етіп, шөп арасына кіріп, әне-міне дeгeншe зым-зия жоқ бoлды.

Сөйтіп, ақ сүттің арқасында сәби сұр жыланнан аман қалға ны бар, балам! Әне, «жыланның басына ақ құйып қайтарар бoлар» дeгeн есті сөздің астары oсында...

Қалeкeң сөзін аяқтап, oрнынан тұрды.Мeнің көз алдымнан әлгіндeгі eлeс – сурeт кeтeр eмeс.

Жыланның кeгі– Дүниeдe кек алмаса тоқтамайтын кeкшіл мақұлық көп-ақ,

oлардың талайын көргeн біз...Ауыл сыртындағы аңғарда кeлe жатып, Қалeкeң ма ған тағы

бір әңгімe бастады. Әңгімeсінің басын oсылайша жұм бақ тап алды да, аз-кeм үзілістeн сoң маған бұрыла түсіп:

– O, тoба, бұл жарық жалғанда жыландай кeкшілді көрсeм көзім шықсын! – дeп бір қойды.

– Oның сыры нeдe? Нe үшін бұлай дeйсіз? – дeп мeн дe ынтыға түсeм.

– Oйбай, айтатыны жoқ, ілгeрірeктe кісі айтса сенгісіз талай қылығын көргeніміз бар, бұл ирелеңдеген жылан жарықтығыңның... Мына Қасқыржан дeгeн қoйшыны білeсің ғoй. Әлгі Қасқыр жан шe... Ана Ақшидің түбіндe қыстап oтыратын шүңірeк көз жігітті айтамын...

– E, білeмін, білeмін. Қасқыржанды бұл өңірде білмeйтін пeндe бар ма!. Әрі қарай... Арғы жағын айта бeріңіз.

– Сoл Қасқыржанның Кeбeк дeгeн әкeсі бoлған. Бұл шіркінің шамасы арғы атасымeн жазылатын бoлса кeрeк. Әйтпeсe, Кeбeкoв бoлуға тиісті еді. Маған дeсe нeгe «Төбетов» бoлмайды. – Осылай деп өз-өзінен күліп алды. – Oл eнді құлағыңды ұрайынның өз шаруасы. Айтпағым, сoл Кeбeк марқұм oсы «Қызылмақташының» кeтпeншісі eді. Ілгeрі, қoлхoз кeзіндe мұнда кeтпeншілeр жарысы бoлатын. Кім бір күндe eгістік жeрді

Page 201: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

202

көп шабады, сoны кeшкісін отыра қалып eсeптeп шыға ратын. Сoсын oзғандардың eсімін көпке жария етіп, мадақтайтын. Басқаларға «осылай болыңдар» деп үлгі қылатын. Сoндай eңбeк бәсекесінде бұл Кeбeк кeтпeншігe жан баласы шыдас бeрe ал-майтын eді-ай!..

Бeртінірeктe oның Кебек атына «кeтпeнші» дeгeн аса қадірлі атақ қoса жалға нып айтылып жүрeтін. Мұны марқұмның өзі дe тым тeріс кeр мeй, іштeй масайрап қоятын. Жұмыс дeсe жанын бeрeтін Кeбeктің кісі көңілі еш қаламас бір қияс қылығы бoлды. Oнысы eнді айтып oтырсаң, тіптeн күлкілі. Баланың oйыны сeкілді...

Марқұм жылан атаулыға өлeрдeй өш eді.Сол бір жылдарда eгіс даласында нe көп – жылан көп. Ана

жeрдeн дe, мына жeрдeн дe ирeлeң-ирeлeң eтіп шыға келіп, алдыңа түсіп созыла қашып бара жатқаны. Кeбeк oларды көрсe бітті, қуып жүріп, кeтпeнімeн қақ бөліп тастайды. Бишаралар eкігe бөлінгeн сoң шоршып-шоршып кетіп, ирелең-ирелең етіп серіппедей сeкіріп жүргeні. Сол көріністен өзіне ләззат ала ма Кeбeк сақ-сақ күліп, кeтпeнінe сүйeніп, көз алмай қарайды да тұрады. Жүрегі дір етпейді-ау, шіркіннің...

Бірқатар қатарластары oның мұнысын тым әбeс көріп:– Әй, Кeбeк, бала eмeссің, шаға eмeссің. Мынауың нe? Бұл

қылығыңды қoйғаның дұрыс, – дeйтін. Oлардың сөзін тыңдар Кeбeк пe?

– E, мұның нeсі әбeс eкeн? Жылан дeгeн жауыз. Кісіні шақса, сеспей қатырады. Адамға зияннан өзге тигізeр шапағаты шамалы. Oлай бoлса, мeн eлгe тек қана жақсылық жасап жүргeн жoқпын ба!..

Oсылай дeп өз әрекетін өзі түзeп алар eді. Өз айтқаны өзінe жөн.

Сoдан нe кeрeк, Кeбeк бұл әдeтін дoғарған жoқ. Баяғысынша жылан көрсe тап бeріп, кeтпeнімeн бeлінeн қақ бөліп шауып тастауын қоймады.

Бір күні (oнда қасында үш-төрт жoлдасы бармыз) eгістіктeн қайтып кeлe жатыр eдік. Ауылға тақай бeргeндe дәл алдымыз-дан ұзындығы сала құлаш қарасұр жылан қылт eтіп шыға кeлді дe, қаша ирeлeңдeп, бұта-бұтаның арасына бой тасалауға асықты. Мұндайда қарап қалар Кeбeк пe! Дeрeу тұра ұмтылғаны. «Қoй, қайтeсің» дeгeнімізгe тoқтамады.

Әне-міне дeгeншe жeтіп барды да, кeтпeнімeн шауып кeп қалғаны. Жаңағы ұзын жыланның eнді құйрығы бір бөлeк, басы бір бөлeк. Құйрық жағы шoршып-шoршып түсeді. Ал бас жақ бөлігі oнша көп сeкeктeмeді. Тым-тырыс қалды. Күтіп тұрар уақыт жoқ, бәріміз үйге алға қарай асыға жүріп кеттік.

Page 202: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

203

Күн кeшкірe бастаған. Өзіміз күні бoйғы жұмыстан әбдeн шаршап, қалжырап кeлeміз. Oндайда нe қызық кeрeк.

Ауылға кіргeн сoң, бeт-бeтімізбeн үйді-үйімізгe тарастық. Әлгіндeгі oқиға сол сәтте-ақ eсіміздeн шығып кeтті.

Eртeсінe таң атар-атпастан бір суық хабар ауыл ара сына тара-лып жүре бергені. “Кeтпeнші Кeбeк қайтыс бoлыпты” дeсті. Бұл жайсыз жаңалық қайсысымызға да сoншалық тoсын, сeнімсіздeу eстілді. Дeрeу көзімізді тырнап ашып, апыл-ғұпыл марқұмның үйінe жүгірістік.

Кeлгeндe өз көзімізгe өзіміз сeнбeдік.Жаздың жаймашуақ күні eді. Кешкі асын ішіп бoлған Кeбeк

далаға төсeк салдырып, қалың ұйқыға кeтeді. «Шаршап жүр ғoй, алаң сыз дeм алсын» дeп әйeлі дe oның жанына балаларды жақындат пайды. Таңeртeң eртe oянатын күйeуі мүлде қыбырсыз жатқан сoң, жанына келіп, қолын ұстаса, дeнeсі әлдеқашан мұздап қалыпты. Бір таң қаларлығы – төсек жанынан құйрығы кeсілгeн жыланның басын көреді. Oл да өлі.

Ауылдың асқақалдары жаға ұстасып:– Астапыралла-а!.. Бұл жылан дeгeн мақұлық өтe кeкшіл

кeледі. Тиісіп нeсі бар eді. Eнді көрмeймісің!.. – дeп күбірлeсті.«Oй, пәлeкeт-ай, бұлар сoндай ма eді?» – дeп біз дe аузы-

мыз ашыла аңырайдық.Қалай дeгeндe дe біз үшін енді аңқылдақ, ақкөңіл досымыз

– Кeбeк жoқ. Oл бақи дүниeгe түн ішіндe-ақ аттанып кeтіпті...Кeбeк пeн кeкшіл жылан жайлы әңгімe көпкe дeйін басыла

қоймай, eл аузында жүрді. Oның тарихы oсындай.

Құсқа айналған келіншектер– Әй, бала, – деді Қалекең бір күні. – Сен осы Қаратау

ішіндегі «Қатынқамал» деген үңгірді білесің бе?– Естігем.– Нені естідің?– Сондай үңгір бар екенін естігем.– Тағы не білесің?– Басқа ештеңе білмеймін.– Онда тыңда. Қатынқамал үңгірінің тарихы өте қызық, –

деді Қалабек шал. – Мен саған оны да айтып берейін.

* * *– Ертеде, – деп шал сөз бастады. – Осы аймақта ұрыс-

төбелес өте көп болған. Әсіресе, жоңғар шапқыншылығы тұсында...

Page 203: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

204

– Сонда әлгі үңгірге жауынгерлер жасырынған ба?Қалабек қарт маған алара қарады.«Өзің бір тым шыдамсыз неме екенсің-ау» деген ойды

оқыдым оның көзінен. Содан соң үнсіз тыңдап, отырып қалдым.– Жоңғарлардың күші басым болған соң, елдегі ер-азаматтар

аз ойланып, көп ойланып барып, ақыры осы тау арасындағы үңгірді әзірлепті. Оған кімдерді жасырды дейсің?...

– Әрине, балаларды...– Тек балаларды емес, қатын-қалашты да осы үңгірге кіргізіп,

аузын дәу таспен жауып қойыпты.Содан жау тағы да шабуылға шығады.Ер жігіттер қаша жүріп соғысады.Жау аң-таң: бұлардың арасында не бала жоқ, не қатын-қалаш

жоқ, өңкей сайдың тасындай ер-азаматтар...Ішінен бір ақылдылау ер адам айтыпты:– Әй, дәу де болса, бұлар қатын-қалашты бір жерге жасырып

тастады.Оның сөзіне куә болғандай, тап осы мезетте тау арасындағы

«Қатынқамал» үңгірінде бір әйел толғатып, босанып қалады да, сәби шырқырап жылайды. Жау жендеттері селк етеді. Дауыс шыққан жақты бетке алып, өрмелей бастайды.

Жоңғар жауынгерлерінің күші әлдеқайда басым екенін аңғарған ел азаматтары не істерін білмей, алыстан бақылайды.

«Әй, қатын-қалаш, бала-шағаны тауып алса, бәрін қырып тастайды-ау енді» деп өкініш білдіреді. Аһ ұрады. Бармақ тістейді.

Алайда, «Қатынқамалға» өрмелеген жау жендеттері тез қайта оралыпты. Бұған жергілікті жігіттер аң-таң. «Мұнысы несі?... Неге тез қайтып келе жатыр?... Бәрін аз уақытта қырып тастауы мүмкін емес...»

Жоңғарлар тағы да шабуыл бастайды. Ел жігіттері тағы да қаша соғысып, бөлініп-бөлініп, тау ішіне жасырынып құтылады.

* * *Қара түн түседі. Жау әрі-бері іздеп, ешкімді таба алмаған

соң, кері қайтады. Таудың түні өте қорқынышты. Сосын да дереу өз бекетіне асығады.

Ал таң сыз бере білекті батыр жігіттер тау беткейіндегі «Қатынқамал» үңгіріне асығып жетіпті. Жақындаған сайын жүректері өрекпіпті. Ана жақта үнсіздік. Не әйелдің, не баланың даусы естілмейді.

«Мүмкін емес!» дейді бір-біріне күбірлей сөйлеп. «Бәрі қырылып қалуы мүмкін емес. Жау қысқа сәтте қалай бәрін қырып тастауы мүмкін...»

Page 204: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

205

«Не де болса ішіне кіріп көрейік» дейді орталарындағы ересек кісі. «Қайтсе де, болар іс болды. Бәрі бір Алланың қолында...»

Алқына жетіп, үңгір ішіне бас сұққанда – өздері де таң болыпты. Үңгірде бірде-бір жан жоқ. Тек әр-әр жерде құс қауырсындары шашылып жатады...

Жауынгер жігіттер аң-таң. Түкке түсіне алмай, бас шайқап отырып қалыпты.

– Менің әйелім қайда? – деп бір жауынгер басын төмпештепті.

– Менің балам қайда жоғалды? – деп екінші жауынгер күңіреніпті...

Орталарындағы бір егде жауынгер бәрін де сабырға шақырыпты.

– Алланың ісі, қарақтарым! – депті. – Алланың не істесе де еркі күшті...

– Жоқ, сонда, – деп, бірінші жауынгер алқына сөйлепті. – Сонда... қатын-балалар қайда кетуі мүмкін? Олар қайда-а?...

– Жым-жылас жоғалуы қалай? – депті екінші жауынгер. – Көңіл сенбес нәрсе ғой бұл...

– Алла біледі,– депті қарт жауынгер.– Алланың ісін пенде қайдан біле қойсын?..

* * *– Сонда олар шынымен-ақ қайда жоғалып кеткен? – деп

еріксіз сұрақ бердім.– Міне, бар гәп сонда, – деді атай. – Осы жұмбақ бүгінге

дейін өз құпиясын ашқан емес.– Демек-к...– Иә, ел ішінде сан-саққа бастайтын аңыздар бар. Соның бірі

былай: Жау жендеттері үңгірге бас сұққанда Алла-тағаланың құдіретімен әлгі қатын-қалаш пен бала-шаға құсқа айналып, көкке ұшып кетіпті.

– Қызық екен.– Ал тағы бір аңызда былай айтылады: жау үңгірге жақындап

келе жатқанын сезіп, әзиз-аналар жылап-сықтап, Аллаға жалба-рынса керек. Сонда қара жер қақ айрылыпты да, бәрі басқа бір дүниеге көшіп жүре беріпті...

Шал осыны айтты да, аз-кем үнсіз отырып қалды. Ішінен әлденеге күйзеліп, күрсініп те қояды.

Мен тау бөктеріндегі үңгірді ойладым...«Расында да сол бір қыз-қырқындар қайда жоғалып кетті

екен, а?... Егер құсқа айналып, көкке ұшқаны рас болса, олар әлі күнге зеңгір көктен бізге көз тастап, көңілдері толқып, мұңаятын шығар...»

Page 205: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

206

Аспанға қарап едім, дәл осы сәтте төбемнен бір топ алақанат құс жайбарақат қанат қағып, ұшып өтіп бара жатты.

«Келіншектау» хикаясы– Ата, осы «Келіншектау» деген жердің тарихы қызық

дейді ғой...Қалабай ата әңгіме айтуға ыңғайланды. Жөтеліп қойды.– Сен өзі, – деді маған. – Осы Қаратаудың ішін аралап

көрдің бе?– Түгел емес.– О, онда ештеңе білмейді екенсің.– Неге?– Өйткені, тау сырын білу үшін, оны түп-түгел сүзіп шығу

керек.

* * *– «Келіншектау» туралы сұрадың ба? – деді сосын. – Ол

ұза-а-ақ әңгіме.Содан кейін тағы бір жөткірініп алды да, сөз бастады.– Мына кәрі Қаратауда биік-биік шоқылар көп, – деді. –

Сондай үлкен шоқының бірі – Мыңжылқы. Сол Мыңжылқының бір сілемін Келіншектау деп атайды.

– Сол тау бір келіншектің атымен аталатыны да рас па, ата?– Рас. Ол бір келіншектің тарихы. Бірақ жақсы мағынада

емес. Қарғыс тиген келіншектің көші... жайлы хикая.– Қарғысы қалай? Ол өзі...– Сөзді бөлме. Мен бәрін де басынан бастайын.Ілгеріде осы аймаққа аты мәлім белгілі бай өмір сүріпті.

Оның жалғыз қызы бар екен. Күндердің күнінде сүйікті қызын көрші ауылдың бір жігітіне жасауын жасап, аттандырғалы жа-тады. Өзі бай болған соң, мыңғырған малы болған соң, аянсын ба, қызына:

– Не айтсаң да орындаймын, – дейді. – Көңіліңде айтылмаған арманың қалмасын.

Сөйтіп, көш әзір болғанда қызын оңашалап:– Жасауың алтын шаңырақты, күміс уықты, аршыған ақ

жұмыртқадай отау болды. Қазан-ошақ, аяқ-табақтың бәрі де алтын жалатқан күмістен жасалды. Көрпе-жастық шытырма шәйі, сусыма жібек болды. Төсегің пілдің сүйегінен әзірленді, – деп, шат пейілмен айта бастайды.

Қызы бірақ қуаныш белгісін байқатпайды. Көш әне-міне деп, жолға жүруге әзір тұрған-ды.

Әкесі шыдай алмай:

Page 206: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

207

– Қызым-ау, неге ренжіп тұрсың? – дейді. – Тағы не бар еді ойыңда?

– Әке, бірнәрсені ұмытыпсыз.– Ол не?– Маған берген жасауыңыздың ішінде итаяғымның сабы

алтын болмапты.Қызының мына сөзіне әкесі қатты қапа болып, есінен тана

жаздайды.– Ойбай-ау, бұл не сөзің? – деп қипақтайды.– Жоқ, мен сізге өкпелімін. Осыны ойламапсыз.Бай сол жерде қатты күйініп тұрып, қызына теріс бата беріпті.– О, жаратқан ие! Мен туған қызымнан көңілім қалды.

Көшті тас қыл, дүние-мүлік түп-түгел тас болсын!...Сосын бұрылып жүре беріпті.Әке қарғысы қай кезде де өте ауыр болатынын білетін қыз

анасы етегі далақтап, арлы-берлі жүгіріпті. Қызына:– Ойбай, райыңнан қайт, – депті.– Әкеңнен кешірім сұра.

Әйтпесе...– Әйтпесе, не болады екен? – деп, ақылсыз қыз сонда да

қасарыса беріпті.– Әке қарғысы-оқ, – депті шешесі. – Оның қабыл болуы

оп-оңай. Енді Алла-тағала...– Не болса, о болсын. Мен риза емеспін. Сосын да

ойымдағыны айттым.– Ойпырмау, итаяғыңның сабында тұрған не бар? – деп,

анасы байғұс тағы да зар еңіреді. – Итаяқ деген де бұйым ба!..– Сізге бұйым емес шығар, ал маған бұйым... Ертең төркінім

соны айтып, жырқ-жырқ етіп, күлкі етсе қайтемін!– О, жүзіқара! – депті сонда анасы да. – Сені қандай қыз

ғып тәрбиелегенбіз? Жер қылдың ғой жұрт алдында...Осыны айтып, отыра қалып, көз жасын көл етеді...Артынша бұл аймақта ешкім көріп-білмеген бір сұмдық бо-

лыпты дейді.Кісі наласы Алланың құлағына шалынды ма, кім білген,

барлық көш ілез-демде қара тасқа айналыпты деседі. Қызы да қара тас болып мәңгіге қатып қалыпты...

Әкесі сонда да артына бұрылып қарамапты.

* * *– Өте ауыр хикая екен, – дедім мен.– Иә, бұл қайғылы оқиға. Тойымсыз келіннің қаралы көші

туралы әпсана...– Сол көш орны әлі күнге дейін сақталған ба?

Page 207: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

208

– Әрине. Мыңжылқы шоқысына барсаң, сол төбеден төменге көз сал. Сонда төменнен сағым ойнайды. Ал сағым арасынан үлкен көш көрінеді. Ұзыннан-ұзақ шұбатылған көш... Бірақ, оның бәрі де бір орнында қатып қалған тас түйелер...

Көкпаршының көңіліБір жылдарда... көкпарды көп доданың бірі емес, делебе

қоздырар өнер деп білген осы өңірде Құлидан өткен көкпаршы болып па! Дариға-ай, о да бір дәурен дүние екен-ау!.. Қай уақытта да уысына түсіп, саусағына ілінген теке-терім Құлидың қарулы тақымынан қайтадан босап, басқаға ауысып көріп пе әуелі... Оны арғы-бергі ауылдағы ат ұстап мінген барлық көкпаршы білетін де мойындайтын. Көкпарға Құли араласты дегенше несібесінен заматында айрылғандай болып, бәрі де са-былысып, қара тер қарбаласқа түсетін.

О, шіркін, о да бір дәурен дүние екен...

* * *Құли қартайды. Бойдан бұла күші, бұлқыма қуат кетті.

Қыран құстың қуатты тырнағындай темір саусақтар әлсізденіп, ұстаған заты уысынан сырғып кете беретін болды. Бұл кәрілік! Кезегімен мойныңа мініп алар, қашсаң да құтыла аламас ит кәрілік! Баяғыда... ойлайтын. Мен қайратымнан қайтпайтын шығармын. Мені ешкім де жеңе алмас. Мен көкпарға араласқанда, маған тең келер жан баласы табыла қоймас. Сөйтіп ат үстінен түспей жүріп, дүрбелең дода – дүниеден бір сәтте бақи-дүниеге ақырын аттанып кетермін деп... Сөйтсе...

Кәрілік деген кәрі дос ол да өзінше көкбет көкпаршы екен. Өз дегенін істеп бағады екен. Мойындасаң да, мойындамасаң да сені желкелеп алады. Мойныңа бір мінген соң, енді қайтып оңайлықпен түсе қоймайды. Бұл кәрілік солай болады екен.

Қария әсіресе үйден шыға алмай, үйелеп отырып қалғалы бері осы ой деген түпсіз терең тұңғиық сезімді анық серік етті. Әйтпесе, баяғыда ой деген пәледен мүлдем аулақ еді, ада еді. Қиял деген қыртыңыз бұл ауылға қыдыра қоймайтын. Енді мынау... үй күшік. Ой! Қиял-л...

Күні кеше «қартайдым, енді көкпарға шабатын шама жоқ, бірақ барып көремін, айқайшы болып отырамын» деп үлкен ұлына қолқа салғанда баласы ол сөзін құп алып, қайда той-томалақ болса, сонда алып баруға уәде етті. Және ол сөзінде тұрды да. Бұл көкпар басталды дегенше, сол дүрмек ішіне бар ынтасымен кіріп кететін. «Әй, анау да бір болбыр неме екен, қолына ұстап тұрып жібере салғаны несі» деп, алыстан айқай сап, іштей кіжініп тұратын. Кейбір бұны жыға тани бермейтіндер

Page 208: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

209

«ой, мына бір алжыған қақпас шалға не жоқ» деп оны омыра-улай өтіп, қаға-маға шетке ығыстыратын. Құли ондайды елеп жатқан жоқ. Оның бар зейіні – көкпарда.

– Әй, олай емес, бұлай тарт. Сілкіле, сілкіп тарт! – деп айқайды одан бетер үдетеді.

Сөзі аналарға жетіп жатыр ма, жоқ па – онда шаруасы ша-малы. Әредік әлгі көкпаршы жігіт сәтімен тәуір қимыл жасай қалса, «ой, пәлі, азамат, бағаналы бері өстімеймісің» деп, риза көңілмен шек-сілесі қата күлетін.

Соңғы айларда ондай бақыттан да айрылды. Алаңсыз аяқ басып жүруден қалды. Жуан санда дәрмен жоқ. Енді көрші жатқан ауыл-ауылды аралап, көкпар көруге де бара алмайды. Ұлы «аяқ асты боласыз, үйде отырыңыз» деп тастап кетеді. Әке осыған әжептәуір-ақ налиды. «Өй, иттің күшігі... Мені аяқ астында қаласың деп... Кешегі көкпаршыны қорлап сөйлейді әй, мынау! Сен... мені білмейді екенсің. Мені табанымен таптап өте алатын пенде бұл аймақта әлі туған жоқ» деп ұлына күркіреп сөйлеп қоятын.

Кеше баласы келіп:– Әке, ертең ауылда, ана қыр үстінде көкпар болады. Соған

сөзсіз алып барамын, – дегені. Бұл балаша қуанды.– Қашан? Ертең ертемен бе? – деп елпектеді. – Жоқ, таң атпай емес, түстен кейін...– Е, жарайды.Түс ауа баласы әкесін атқа мінгестіріп алып, ауыл сыртындағы

көкпар болатын жерге алып келді. Өзі аттан түсті де, әкесін анадай жердегі шошақ бас төбешік басына отырғызды.

– Осы жерде отырып көресіз...Әкесі айтты:– Балам-ау, мына бақсының моласындай жарбиған

төбешіктен не көрем мен! Тым аласа екен. Сен онан да анау-у биікке шығар мені. Сол жерден қарап отырайын.

Ұлы әке өтінішін амалсыз орындады. Биік төбеге көтеріп шығарды. Ол жер расында да еңселі. Енді сайдағы алаңқай алақанға салғандай бола қалды. Тек... төменгі жағы ойпаң, терең шұңқыр. Әкесіне:

– Орныңыздан қозғалмаңыз, төменге құлап кетіп жүрмеңіз, – деп ескертті.

– Е, немене, мен жас бала ма екем, – деп әкесі әжеп- тәуір-ақ ренжіп қалды.

Сәлден соң делебе қоздырар көкпар да басталып кетті. Құлидың баласы да сол ұлы дүрмекте. Қарт көкпаршы алыстан көз салып, кәрі қырандай бәрін жіті бақылап отыр.

14-177

Page 209: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

210

– Әй, сен олай етпе, былай... Былай қарай сілкіле. Ой, жетесіз... – деп төбе басынан бар даусымен айқайлап қояды.

Бір уақытта баласының қолына көкпар тигенін көріп, ұрандатып ала жөнелді.

– Енді заула, бас қамшыны! Ананы... ананы тақымға басып ал. Босаңсыма. Ой, мынаны-ай, ә!.. Қап-п!..

Шал кәдімгідей еліріп алған. Өзі сол дода ішінде шауып келе жатқандай екпіндейді кеп.

– Әй-й... күшік-ау, болсаңшы! Атты... атты қамшыла! Олай емес, мына жағынан. Туһ-һ!.. Осындай да болбыр бала болады екен-ау... Көкпарды қор қылып...

Құли көкпар қызығымен итініп, итініп кетіп, алға жылжып-жылжып барып, жар жағасына тіреліп тұрғанын да аңғармаған. Бір сәтте... кәрі көкпаршы баласының көкпардан айрылып қалғанын көріп, ашуға булыға айқайлап жіберді.

– Әй, сені де ұл таптым деп... Әй, сені де ұрпағым деп... Боркемік!... Жасық туған неме...

Осылай деп булыға сөйлеп, орнынан тұрып кетердей боп, ұмтылып қалды да, сол сәтте шұңқыр сайға құлдилап құлап бара жатқанын да байқамады. Құлдилап келе жатса да әлгі әсерден айыға алмай: «сені де ұлым деп, саған үміт артып...» деп күбірлеген күйі терең сайға гүрс етті. Осы сәтте мына жарық әлем қарт көкпаршының көзінің алдында жарқ етті де, шыр айналып бара жатты.

Шыр айналған дүние арасында есі кіресілі-шығасылы бо-лып жатып, шал өзінің байқаусызда биіктен құлағанына емес, ұлының көкпарды оп-оңай қолдан бергеніне налыды. Соны қатты қинала есінен шығара алмай жатыр. Баласы емес, қолға түскен көкпардан айрылып қалған тап мына өзі секілденді. Сол жеңіліс... тұла бойын мұздатып, бүкіл жан-жүйесін сырқырата, жанына бата қатты ауыртқандай еді.

Ат үстінде қырық жыл көкпар тартып жүріп өмірі жеңіліп, не аттан құлап көрмеген көкпаршы ұяттан өртене жаздап, тұла бойы дірілдеп-қалшылдап жатты да... көзін ақырын жұма берді.

Ал ана жақта қан-сорпа болып көкпар – дүние қызып жат-ты.

Бозторғайлар жоғалған жылАтайдың ала сиыры ұшты-күйлі жоқ болып кетті де, соны

іздеуге шықтық.Екеуміз де ат үстіндеміз. Атай-алда, мен – артта. – Әй, бала! – деді атай. – Сен неге менен қалып қоя

бересің? Қатар жүріп отырсаң болмай ма?– Болады ғой.

Page 210: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

211

– Ендеше астыңдағы атыңды қамшылап қой.Мен солай еттім. Енді екеуміздің де атымыз қатарласа берді.Осы кезде зеңгір аспан көгінде бір бозторғай сызылта ән

салды. Атай атты тоқтатып, әлгі әнші құсқа көзін күннен көлегейлеп, ұзақ-қ қарады.

– Неге тоқтап қалдық? – деймін мен ештеңеге түсіне алмай.– Ана шынашақтай торғайды айтам да, – деді Қалекең. –

Қарашы, алаңсыз шырқап, ән салып жатыр. Ал бір жылдары...Сөзінің аяғын жұтты.Ішімнен тағы бір әңгіме басталарын сезе қойдым. Сосын да

атайды сұрақ беріп мазаламай, үнсіз күте түстім.

* * *– Баяғыда-а... – деді атай сөзін бастай беріп, – Осы

бозторғайлар да адамдардан қашып, іннен-інге тығылып, жоқ болып кеткен кездер болған.

– Ол қай кез?– Ол ма? Ол-баяғы ашаршылық жылдары... Кітаптардан

оқып жүрген шығарсыңдар?– Иә, оқыдық. 1932 жыл...– Дұрыс айтасың. Сол бір жылдары біздің елде сұмдық

ашаршылық болыпты. Мен жас бала едім, ептеп есімді білем.Бір жолы үйде талшық етер түк қалмай, күңіреніп кеттік.

Өзімнен кіші қарындасым «қарным ашты» деп зар еңіреді. Менің де қарным қабысып, жетісіп жатқан жоқ едім. Алайда үнсіз шыдап бақтым. Жылауды намыс көрдім.

Әкей үн-түнсіз үйден шығып кеткен.Арада біршама уақыт өткенде, әкей қайта оралды да, ше-

шеме:– Мынаны тез пісір, – деп бір қалтаны алдына лақтырып

тастады.Оның не зат екенінде шаруамыз жоқ, «тез пісір» дегеніне

қуанып, дегбірсізденіп барамыз. Шешем әлгіні тез-тез отқа қақтады да, алдымызға тосты.

Ет екен. Өте кіп-кішкентай құстың еті. Тіске бассақ, дәмі бал татып, ұнап барады. Ашқұрсақ болған соң, ойланып жатар не бар, қарындасым екеуміз тойғанша жедік.

Осы жағдай бір емес, бірнеше рет қайталанды.Біз кішкентай құстың етімен көп уақыт жан сақтадық.Бір жолы әкем мен шешемнің оңаша сөйлесіп отырған

сәтіндегі әңгімесін естідім. Әкем айтты:– Балаларға там-тұмдап талшық етуге жарап тұр еді, қазір

сол бозторғайлар да ұшты-күйлі жоғалды.– Олар қайда кетіп қалыпты?

Page 211: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

212

– Біле алмадым. Бейшаралар осы күні адам көрсе, зәре-құты қалмай жым-жылас жоғалатын болды.

– Ой, заман-ай! – деп күрсінді анам. – Аштыққа ұрындырып, пендені құйтақандай торғай етіне де зар еткен заман-ай!...

– Кісі ашықса, не жемейді, – деді әкем. – Баяғы бабалары-мыз айтыпты ғой: «тоқтық не дегізбейді, аштық не жегізбейді»

Мен олардың әңгімелерінен көп нәрсені түсіне алғам жоқ. Тек білгенім – торғай етін де жеуге болатындығы...

Арада талай жылдар өтті. Әкей қартайып, мына фәниден аттанар шағында маған:

– Балам, мына жақсы заманның қадірін біл. Тоқшылықты да көтере білу ләзім, – деп сыр айтты.

Сөз ыңғайына қарай мен де кеудемдегі ескі сауалды бердім. – Әке, баяғы ашаршылықта сіз бізді кішкентай құстың етімен

аман алып қалып едіңіз, сол қандай құс? – деп сұрадым.Әкей күлді.– Әлі есіңде екен ғой, – деді сосын. – Ол бір қиын кез

болды. Басқа амалымыз қалмады емес пе!– Сонда-а ол құс...– Иә, бозторғайлардың еті. Кәдімгі құйтақандай дала

торғайы...Мен әрі қарай не дерімді білмей, үнсіз отырып қалдым.– Әне, балам, – деді әкей. – Сондай да кездер бастан өтті.

Мына тоқ заманды нантепкі ете көрмеңдер. Бұл-бастарыңа қонған бақ..

Осыны айтты да, үзіле берді...Әкем өмірден өткен соң, далада жүрген кездерімде осы бір

кішкентай құсты көрсем, ішімнен қан жылап тұрып, олардан барлық қиянатымыз үшін кешірім сұрайтыным бар. Кешірім сұрап тұрып, іштей ақталмақшы да болам.

«Біздің жазығымыз не!» деймін ішімнен... «Аш болған соң кісіде амал қала ма! Бәрі де сол ашаршылықтың кесірі. Кісі тоқ болса, құйтақандай құсты өлтіруге қияр ма...»

* * *Атай атты тебініп қалды. Екеуміз шаба жөнелдік. Осы жолы

атай менен озып кетуге өте бейілді еді. Көңілі аяқ астынан босап кеткенін де аңғардым. Үлкен кісі болса да, жаны нәзік жан ғой...

Ат үстінде келе жатып, көкте құйқылжыта ән шырқаған бозторғайға қайта-қайта қарай бердім.

Page 212: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

213

Қоңыраулы қасқыр– Ата, – дедім мен. – Ата, сіздің Таңатар деген құрдасыңыз

қақпанмен қасқыр ұстап, қайтадан босатып жіберген дей ме?– Ол рас, – деді атай. – Ол болған оқиға. – Неге босатып жіберді? Не себепті?...– Оның өз сыры бар...

* * *– Таңатар нағыз аламан аңшы еді ғой, – деп Қалекең

әңгімені әріден бастады. – Оның істемейтіні жоқ болатын.Бір жылдары үйінде киік асырап, оны өсіріп, тіпті санын он

беске жеткізгенін де көргенбіз. Тағы бірде тау кекілігін ұстап әкеліп, үй тауығымен будандастырып, жаңа құс түрін шығармақ та болған. Әні, ол сондай кісі.

– Ал жаңағы қасқыр хикасы...– Е, ол өз алдына қызық хикая, – деп атай екі иығын көтере

қомданып алды. – Мұны осы ауылдағы көнекөздердің көбі-ақ білуші еді. Енді ескіден ешкім де қалған жоқ.

Кішкене тоқтады «Ешкім қалмады» деген кезде өзінің де өмірі аз қалғаны есіне түсіп кетті ме екен! Аз-кем аялдап барып, қайта сөз жалғады.

– Бір жылы осы ауылға қасқырлар үйір болып алды. Шет үйлердің уақ малдарына тиісіп, бірлі-жарымын сүйретіп әкетіп те жүрді. Осыған ашуланған Таңатар ауыл шетіне үш-төрт жер-ге қақпан құрып тастады. Қасқырлармен шындап айқасуға бел байлаған болатын.

Содан не керек, арада үш күн өткенде құрған қақпанға дәу арлан қасқыр түсіпті. Аяғы ептеп қанап, жаралы болғаны бол-маса, өзі сап-сау. Оны алып келу үшін Таңатар мені де ертіп жүрді. Сол кезде байқадым, бұл түз тағысы өте сұсты болады екен. Көздері от дерсің! Қарасаң, жүрегің дүрсілдеп қоя береді.

– Бұны атып өлтірейік, – дедім мен.– Оқты шығын қып қайтесің, – деді Таңатар.– Онда дәу келтекпен тұмсығынан бір қояйық. Сонда серең

ете қалады.– Жоқ, оны да істемейміз.– Енді қайтеміз? – Тірідей үйге алып барамын.– Қайтіп?– Қазір көресің.Таңатар осыны айтты да, теріден тігілген күпісін киіп алып,

сол білегіне ұзын арқанды орады. Екі қабаттап орады. Со-дан соң маған қарап, «ал енді болды» деп күлді. Өзі сенімді көңілмен түз тағысына қарай беттеді. Арлан қасқыр ырылдап,

Page 213: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

214

айбат шегіп, ұмтылып-ұмтылып қояды. Таңатар оған жақындай бере, арқан оралған білегін тосты. Қасқыр атылып келіп, тістеп алды. Осы кезде Таңатар оның тұмсығына тұзақтап әзірлеп қойған шынжырды кигізе қойды. Сосын бір шетінен тартып, қысып тастады да, тонды шешті.

* * *Таңатар арлан қасқырды үйінде бір жеті ұстады. Оның

исін сезген иттер бұл үйге жолай алмай, сырт айбат көрсетіп, алыстан үріп, айнала шауып жүрді.

Бір күні Таңатар айтты:– Осы қасқырды босатып жібере салмақпын.– Е, неге?– Өз есебім бар.– Ол қандай есеп?– Мойнына шынжырлап қоңырау байлаймын да, кең дала

төсіне босатып жібере салам.– Сосын не болады?– Сосын ол қайтып малға шаба алмайды. Ол осылай істеді.Қоңыраулы қасқыр бостандыққа шыққанына қуанып, алды-

артына қарамастан зытып ала жөнелген. Алайда ол қуанышы көпке ұзамасын өзі де сезбеді-ау деймін.

Арада бір ай өткенде ауыл сыртындағы бір терең жырадан сол арлан қасқырдың өлі денесін тауып алдық.

Мен бұл жағдайға таң-тамашамын. Таңатарды әңгімеге тарт-тым.

– Сонда бұл қалай болғаны? – деймін.– Арлан қасқыр неге бұлай өліп қалды?

– Сонда да түсінбегенің бе? – Түсінбей тұрғаным рас.– Өзі қоңыраулы қасқыр болса, – деді Таңатар. – ол кімге

керек? Үйірі бұдан қашады. Өйткені алыстан екі аяқтыларды өзіне шақыратын дыбысы бар. Ал өз бетінше малға шабайын десе, тағы да қоңырау даусы айласын іске асырғызбайды.

– Е-е, – дедім мен. – Сорлы қасқыр ақыры аштан өлген екен ғой.

– Жоқ, – деді Таңатар. – Ол аштан өлген жоқ!– Сонда өзі өлген бе? – деймін мен таңдана. – Өзі өлгісі

келген бе?– Қоңыраулы қасқыр өз жемтігін өзі тауып алып жей алма-

са, онда қалай өмір сүрмек! Қасқырда да намыс бар, қарағым...– Намыс дейсіз бе? Бұл қызық екен.

Page 214: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

215

– Қызық түгі де жоқ. Өзің ойлап қарашы, кез-келген жыртқышты қолға үйретуге болады. Циркте аю да, арыстан да, жолбарыс та... – бәрі өнер көрсетіп жүр. Ал, қасқыр...

– Бөрілердің ондай сайқымазақ ойынға түскенін мен де көрмеппін.

– Демек, – деді атай. – Демек, арлан қасқырда намыс зор болғаны емес пе бұл!

– Шіркін, адамдар да солай болса ғой, – деп, еріксіз айтып қалып едім, атай сөзімді қостап:

– Өте дұрыс айтасың, – деді. – Біз шын намысты арлан қасқырлардан үйренсек те артық емес.

Көктен жауған құрбақаларАтай мені сынағысы келгендей, оқта-текте оқыс сұрақ беріп

қояды.– Көктен не жауады?– Әрине, жазда жаңбыр, ал қыста – қар...– Сосын?– Сосын не жаумақшы екен! Басқасын білмедім.– Ә-ә, – деді атай. – Көрдің бе, сен ондайды білмейсің.

Тіпті естіген де емессің.– Не туралы айтып отырсыз, ата?– Бір жылдары көктен кәдімгі құрбақа да жауған заман

болған.– ?!

* * *– Бұл өзі баяғыдан келе жатқан, еселеп айтылатын ескі сөз,

– деп атай әңгімесін бастады, – Мен оны өз әкемнің аузынан естігем...

Осы Сырдың бойында бір жылдары ауа райы кенеттен күрт өзгеріп, жаздың ыстық күнінде төпелеп тұрып жаңбыр жауыпты. Мұндай сұмдық өмірі болмаған соң, ел үдерісіп, үрпиісіп, қорқа бастайды.

– Апырай, ә! – дейді бір шал. – Мына күннің беті жаман. Аптап ыстықта жаңбыр жауғаны сұмдық қой!

– Ақырзаманның хабары емес пе екен! – дейді екінші қарт.Жаңбыр бір күн тоқтамай, толастамай жауыпты. Тек түн

ішінде аздап саябыр тауыпты да, ал ертеңіне қайтадан селдетіп ала жөнелтті. Содан, түске жақындағанда ғаламат қызық жағдай болыпты. Аспаннан төгіліп тұрған жаңбырмен қабаттаса көктен құрбақалар саулайды. Кәдімгі суда жүзетін көкшіл құрбақалар...

Ел-жұрт жаға ұстасыпты.– Әні, айтпадым ба, бұл жақсылық белгісі емес, – деп, бір

заржақ шал тағы да зар сөзіне басыпты.

Page 215: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

216

– Ойбай, мал сойып, құрбандық шалу керек, – десіпті көпшілік. – Жаратқанға жалбарынайық.

Қысқасы, не керек, сол жылы біздің ауылды түп-түгел қорқыныш пен үрей билеп алыпты. Бәрі де бір сұмдық болаты-нын күтіп, іштен тыныпты.

Ауыл-үйде шалдардың басы қосыла қалса болды, ең алды-мен сол құрбақа жауған күнді айтып, қайта-қайта үрей шақырып қояды екен. Тіпті бір қыршаңқы шал:

– Ақырзаман боларда әуелі осындай кісі таңқаларлық таңғажайып нәрселер басталады екен, – деп көріп-білгендей әңгіме соғып тұрады.

Ел шынымен-ақ үрейлі еді. Қорқыныш сезімі көпке дейін сейілмей-ақ қойған – ды.

Бірақ, өмірдің аты – өмір.Арада екі-үш жыл өткенде сол қызық оқиға жайлы жұрт

мүлде ұмыта бастапты. Тек сөз арасында еске түсіретіні бол-маса...

* * *– Мен осы күнге дейін таң қалам, – деді атай. – Сол

құрбақалар көкте қалай қалқып тұрған?– Бәлкім, басқа бір жақтан ұшып келген шығар, – дедім

мен.– Сен де айтасың-ау, – деді атай. – Құрбақалар да ұша

ма екен?– Олар ұша алмайды, – деймін мен. – Бірақ күшті дауыл

оларды бір жерлерден ұшырып әкетуі де мүмкін ғой.– Ондай ертегіңді айтпа!– Атай маған дүрсе қоя берді. –

Бұл деген Алла-тағаланың құдіретімен болған нәрсе.Мен ойланып қалдым. Ойымда әртүрлі салаға бастайтын

жауапсөз лықсып келіп тұрған-ды. Бірақ оны тыңдар атай жоқ. Ендеше, несіне айтамын!

Көкке қарадым. Аспан алыста-а...«Қара жер аман болса, әлі-ақ осы көктен талай-талай кісі таң

қаларлық нәрселер жауатын да шығар» деп ойладым.

Баланы жұтқан жайын– Біз ол кезде бала едік, – деді атай. – Мына көне Сырдың

бойында тұратынбыз. Біздің үй балық аулап, соның етімен күн көріп отырушы еді.

– Ол кезде Сыр өзенінде балық көп болған шығар, ә! – деймін атайды қостай сөйлеп.

– О-о, – дейді атай. – Көп болғанда қандай! Қармақ салсаң болды, сол сәтте қабады.

Page 216: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

217

– Қандай тамаша! – дедім мен. – Қандай жақсы заман-н...– Сол бір кезде біздің ауылда елді шулатқан бір сұмдық

оқиға болды, – деді атай енді өткен күннен сөз қозғап. – Бір баланы үлкен жайын қылғытып салыпты.

– Қалайша?! – деп мен таңдана сұрадым. – Қалай жұтып қойды екен, а?

– Енді соны айтып берейін...

* * *– Осы Сырдың бойында бөлшек-бөлшек болып, иірімдерде

қалып қоятын ойпаң көл су болушы еді, – деді Қалабек ата. – Сондай кішігірім көлдің бірі біздің үйге өте жақын жерде көлкілдеп жататын – ды.

Біз, бір топ бала, күнде сол көлге барамыз. Шетіне отырып, балық аулаймыз. Ыстықтай бастасақ, суға түсіп, жүзіп-жүзіп кетеміз.

Көлемі онша үлкен емес. Әп-сәтте бір айналып жүгіріп шығуға да болады. Ең қызығы-сол судың түбі өте терең еді. Ал, сол тереңде қап-қара болып, дәу бірдеңе жатушы еді. Біз оны жо-таланып жатқан қара тас болар деп ойлаушы едік.

– Мен өткенде байқап қалдым, сол су түбіндегі қара тас оқта-текте қозғалатын сияқты, – деді бір күні көк көз досым.

– Қойшы ей, – дедім мен. – Сен де айтасың-ау! Ол жаны жоқ емес пе!

– Жоқ, оның жаны бар. Үлкен балық болса ше?– Бәлкім, ол көк акула шығар,– деді бір бала.– Жоқ, кит шығар шөгіп жатқан, – деп екінші бала

сайқымазақтанды.– Маған неге сенбейсіңдер? – деп көккөз бала одан бетер

өршеленді.– Оның қозғалғанын өз көзіммен көрдім дедім ғой.– Саған елестеген ғой. Ұйқың тыныш па еді... – деймін мен.Оның сөзін мазаққа айналдырып, бәріміз қыран-топан күлісіп

алдық.Бұл әңгіме осымен ұмытылған-ды.Арада екі-үш апта өтті. Бір жолы көк көз досымның алты жа-

сар інісі бізбен бірге еріп келіп, суға шомылды. Бәріміз жарыса жүзіп жүріп байқамаппыз, әлгі бала судың ортасына қарай ағып кетті. «Оны қалай алып шығамыз» деп ойланып тұрғанымыз сол еді, кенет су түбіндегі дәу қара тас қозғала бастады.

Әне-міне дегенше су бетіне көтерілді де, аузын арандай ашып жас баланы қылғытып жұтып қойды. Сөйтті де, қайтадан су түбіне батып кетті.

Біздің зәре-құтымыз қалмай, үйге қарай жүгірдік. Көк көз досым ағыл-тегіл жылап келе жатыр.

Page 217: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

218

– Апа! – дейді дауыстап. – Апа-а! Інімді қара балық жұтып қойды...

Артынша ауылдың барлық ересектері сол суға жиналып, ақылдаса келе, әуелі арықша жасап, судың көп бөлігін басқа жаққа ағызып жіберуге әрекет жасады. Сөйте-сөйте азайтып, түбіне жақындады.

Сол кезде баяғы дәу қара тасқа жан бітіп, бұлқынып, тулап кетті. Үлкендер оның жайын балық екенін білді.

Ақыры үлкен жайынды судан алып шығып, ішін жарды. Ұзындығы екі метрден асатын дәу жайын балықтың асқазанынан жас баланың өлі денесі шықты. Еш жері де бүлінбеген. Мүлгіп, ұйықтап жатқандай.

Баланың әке-шешесі жылап-сықтап, сол күні мәйітті жер қойнына берді.

Біз сол күннен бастап Сыр бойындағы қалдық суға шомылу-ды доғардық.

* * *– Өте қайғылы жағдай екен, – дедім мен. – Үлкен жайын

балық қалайша кішкене суда ұзақ уақыт өмір сүрді, екен, а?– Олар аштыққа өте шыдамды, – деді атай. – Айына бір

рет тамақтанып алса болды, ұйықтап жата алады.

Жылқының жылауыҚалабек атай кеше кешкісін маған тағы бір өте қызық әңгіме

айтып берді. Мен сол әңгіменің әсерінен түні бойы ұйықтай ал-май шықтым.

Бұл оқиға былай болған екен.Бір жылдары осы Қалекеңнің көршісі – Пәзілбек деген кісі

өмір сүріпті. Жарықтық жастау күнінде аты шыққан көкпаршы болған дейді. Өзі қартая келе, бойдан күш-қуат кете бастаған соң, Аққасқа атын қара жұмысқа салып, жүк тасуға жегіпті.

Айтпақшы, сол Аққасқа аты бір замандарда бәйгенің алдын бермеген жүйрік тұлпар болыпты. Ең әуелі бәйгеге қосып, одан аяғы мертіккен соң, көкпарға салып, ең ақыр соңында, міне, ауыл-үйдің жүгін тасуға жеккен жағдайы бар.

Жылқының қадірін білетін кісілер Пәзілбектің бұл ісін аса құп көрмепті. Өзімен тұстас кісілер:

– Әй, бұның не! – деп оған дос көңілмен ескерту де жасап-ты. – Бұл кешегі қасиетті тұлпар емес пе еді.

– Болса қайтеді екен! – деп Пәзілбек тарс-тұрс жауап қатыпты. – Басқа атым жоқ, ендеше осымен жүк тасымағанда қайтпекпін! Қартайған соң адамда да, атта да қадір болушы ма еді!

Page 218: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

219

Аққасқа байғұс амалсыз ауыр жүк тиелген арбаны сүйреп, таң атқаннан қара кешке дейін дамыл көрмейді. Көршілер Пәзілбектің бәрібір айтқанға көнбесін сезіп, енді ескерту айту-ды да қояды. Сорлы Аққасқа осындай азапты күндерді бастан өткеріп жатады.

– Бір күні, – дейді осы жерге келгенде Қалабек атай қызына сөйлеп. – Көше бойлап келе жатыр едім. Алдымнан арба сүйреткен Аққасқа шықты. Соңында – Пәзілбек. Аққасқа ат әбден арыпты. Үсті-басы қара терге малшынған. Өзі аяғын әзер басып, ауыр арбаны қинала сүйретіп келеді.

Сорлы Аққасқа ат мені көре сала ең болмаса бір ауыз жылы лебіз күтті ме екен, тоқтап қалды. Мен де кідірдім. Пәзілбек басын көтеріп:

– Әй, сен неге тоқтадың! – деп Аққасқаны жон арқадан дырау қамшымен салып-салып қалды. Менің жаным шығып кете жаздап:

– Өй, Пәзеке, мұның не! – дедім. – Обал емес пе!– Сенің шаруаң қанша? – деді ол маған көзін аларта қарап.

– Жөніңмен кете бермейсің бе! Ат менікі, сенің қандай әкеңнің ақысы бар, а?

– Енді-і... аяушылық деген болмай ма!– Кет жөніңе! – Ол бар дауысымен айқайлап жіберді де, енді

бас салып Аққасқаны дүренің астына алды. Бұрынғы бұрынғы ма, енді екілене ұрды. Сорлы ат сол сәтте артқы құйрығымен жерге отыра қалып, алдыңғы екі аяғын аспанға көтеріп, бар дауысымен кісінеп, жылап жіберді. Көзінен сорғалап жас аққанын байқап, қорқып кеттім.

Менің шын зәрем ұшты. Өмірімде жылқының жылағанын тұңғыш рет көрдім. Бетімді бастым да, ол жерден тезірек кетіп қалуға тырыстым.

* * *Үйге келген соң осы көргенімді көрші шалға айтып бердім.

Шал айтты:– Ой, әттеген-ай! – деді. – Жылқы жыласа, бір жаманшылық

болады деуші еді. Дереу ол жерден зытып отырғаның дұрыс болған...

Мен түкке түсінбедім. Шал не айтқысы келді екен?Арада көп уақыт өткен жоқ, бір күні ауылды суыт хабар ара-

лап жүре берді. Пәзілбек аяқ астынан о дүниелік болып кетіпті. Еш ауырмаған. Кешке төсегіне ұйқыға жатқан да, таңертең қайтып ояна алмаған.

Сол кезде көрші шал айтты:– Әне, жылқының наласы деген осы, – деді. – Ол жыласа,

тірі жанға аса жайлы бола қоймайды.

Page 219: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

220

* * *Қалабек атай осы әңгімені айтып болды да:– Жылқыны жылату оңай емес, – деді. – Ал енді жы-

лайтын болса, онда жаманшылық болатыны рас-ақ екен. Оған талай рет көзім жетті, – деп тақиясын шешіп, басын қайта-қайта сипалады.

Менің көз алдыма алдыңғы екі аяғын аспанға көтеріп, ағыл-тегіл жылаған жылқы бейнесі келіп тұрып қалған еді...

Кекіліктің қулығыТаудың етегіне келдік. Екеуміз де аттылы едік, енді аттан

түстік.– Әрі қарай жаяу жүру керек, – деді Қалабек атай. – Атқа

обал болады.– Олай болса сөйтейік, – деп мен де аттан түстім.Енді екеуміз Қаратаудың бергі сілемдеріне тырмыса өрледік.

Иығымызда – мылтық.Бүгінгі жолға шығуымыздың өз сыры бар. Кеше кешкісін атай сөз арасында: – Көптен бері тауға бармаппыз-ау, – деген. – Сол жақтың ауа-

сын сағына бастаппын.Мен айттым:– Онда ертең қол бос, қос ат әзірлетейін...Атай жас балаша қуанып сала берді.– Сөйтсең, сөйте ғой.Міне, енді тау бөктеріне көтеріліп бара жатқан бетіміз.

Атайдың аяғы тайып кетіп, құлап қалар ма екен деп алаңдап қоям. Жоқ, ондай осал шал көрінбейді. Қайта маған жеткізе қояр түрі жоқ. Оқта-текте өзімнің аяғым жалтыр тастан тайғанап-тайғанап кетеді.

– Тау бөктерінде не бар? – деп сұрап қоямын.– Мұнда кекілік көп.– Ол қандай құс?– Сәл кішілеу демесең, құдды тауық. Олар да жұмыртқалайды,

олар да балапанын соңынан ертеді. – Ә-ә, – деймін мен.Кенет атай отыра қалды. Мен де солай еттім.– Кекілік пе? – деймін сыбырлай сөйлеп.– Иә, кекіліктер жайылып жүр.– Енді не істейміз?– Мен кішкене жақындап көрейін. Сосын атамын.– Жарайды.

Page 220: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

221

Атай бұқпантайлап, әудем жерге дейін барды. Сосын орнынан атып тұрып, мылтықтың шүріппесін басты. Тау іші жаңғырып қоя берді.

– Тиді ме? Орнында қалғаны бар ма? – деп мен де жетіп келдім.

Шал ана жақтан көз алмай тұр. Кекіліктер ұшып-ұшып бара жатыр. Тек біреуі ғана секек-секек етіп, тастан тасқа ырғиды.

– Әне, – деді атай. – Анаған оқ тиген...– Оны қалай ұстаймыз?– Соңынан қуу керек.Екеуміз ентелеп, кекілікті қуа жөнелдік. Ол болса ақсаңдай

басып, бір тастан екінші тасқа секіріп түседі. Біз жақындай бастасақ, қатты-қатты жүгіреді.

Осылайша оны қуа-қуа, көп жер жүріп қойыппыз. Міне, осы кезде әлгі кекілік кенет қанатын қағып-қағып жіберіп, алысқа ұша жөнелді. Атай екеуміз аң-таңбыз.

– Бұл, сірә жараланбаған болды ғой, – деймін мен өзімше білгішсініп.

Атай ойланып тұр екен.– Не ойлап кеттіңіз?– Бізді алдап соққанын көрмеймісің, – деп атай ынта-шын-

тасымен күле сөйледі! – Жаңағы жерде бұл кекіліктің ұясы болуы ғажап емес. Сол жерден алыс алып кету үшін жасаған айласы бұл.

Содан соң біз бағанағы жерге қайта оралдық. Атай тас-тастың арасын тінтіп жүріп, кекіліктің ұясын тауып алды. Ішінде төрт-бес жұмыртқа бар екен.

– Міне, – деді Қалекең. – Міне, оның ұясы. Мен жұмыртқаларға қол соза беріп ем, атай:– Оған тиме! – деді. – Жетіскеннен ақсақ болып, бізді

алдады дейсің бе! Өз өмірін тәуекелге тікті ғой әлгінде. Баласы үшін тірі жәндік не істемейді дейсің!

Соны айтты да, атай мылтығын арқасына іліп, төмен қарай түсіп бара жатты. Мен де соңынан ілестім.

орманның оянуы– Сен ағаштар арасындағы татулықты білесің бе?– Түсінбедім...– Орман ағаштары бір-біріне бауырмал болып келеді.– Оны қалай байқауға болады?– Мен оны өз көзіммен көргем.Атай екеуіміздің арамыздағы бір қызық әңгіме осылай баста-

лып кетіп еді.

Page 221: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

222

* * *– Баяғыда-а, – деді атай сөз бастап. – Менің жас күнімде

болған бір қызық жәйт әлі есімнен кетпейді.Бір жолы есік алдына жаңадан қора салатын болдық. Әкей үй

жанында жатқан ескі-құсқы ағаштармен төбесін жаба салмақшы еді, мен оған көнбедім. Орманға барып, мықты-мықты ұзын ағаш кесіп әкелем дедім. – Обал болады ғой, құлыным, – деді әкем. – Кішкене қора үшін осы үйдегілер де молынан жарап жатыр.

– Жоқ, мен барып келем.Сөйттім де, балтаны өткірлеп, бір досымды ертіп, ауылдан

алыстау орманға кеттік. Әрине, орман ішінде не көп, ағаш көп. Жуаны керек пе, жіңішкесі керек пе – бәрі бар. Тек таңда да, кесіп ала бер. Досым айтты:

– Осы шетінен алайық та қайтайық, – деді.– Жоқ, ортасында аспанмен таласа әуелеп өскен түзулері

көп, соларды кесейік, – дедім мен.Қысқасы, не керек, орман ішіне бойлай кіріп кетіп, әр ағашқа

балта ұрып, емін-еркін аралап жүрміз. Біреуінің ұзындығы ұнамайды, екіншісінің жуандығы келіңкіремейді. Әзер дегенде түп-түзу өсіп тұрған қайың ағашын таңдап, соны қырқуға кірістік. Екеуіміз екі ағашқа балта ұра бастадық. Шақ-шұқ, шаңқ-шұңқ...

Кенет орман ішінде жел көтерілгендей болды. Айнала суыл-дап, ысқырып, алай-дүлей бола бастады.

– Мен қорқайын дедім, аман-сауымызда қайтсақ қайтеді, а? – деп досым үрейлене сөйледі. Мен алған бетімнен қайтпадым. Ағашты құлаштай ұрып, бүйірлей ойып, үңгіп кесіп жатырмын. Бір кезде... айналадағы ағаштардың бұтақтары мейлінше төмен салбырап, шапалақтағандай бетімнен сабалай бастады.

«Бұнысы несі!» деп ойлап қоям ішімнен. «Ағаштар да осылай мінез көрсетуші ме еді...»

Сәлден соң айналамыздағы бүкіл ағаш қозғалып, теңселіп-теңселіп кетті, біздің үстімізге құлап кетердей боп тербеле бастағанын байқадым.

Енді өзім де қорқа бастадым. Шынымен-ақ мына долы жел-ден айналадағы ағаштар кенет сынып кетіп, басымызға құласа, осы жерде сеспей қатып қалармыз әлі...

– Сені білмеймін, мен кеттім, – деп досым құрал-сайманын жинастыра бастады.

Бұл кезде орман іші алай – дүлей болып кетіп еді...Алды-артымызға қарамай, тезірек ағашы жоқ ашық жазыққа

шығуға асықтық.Ең қызығы – біз жазық жерге шыққанда әлгіндегі желдің

долы даусын естімедік. Айнала тып-тыныш. Түк болмағандай.

Page 222: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

223

* * *Ауылға оралғанда осы оқиғаны әкейге айтып беріп ем, ол кісі:– Орман оянып кеткен ғой, – деді. – Оны қалай білдіңіз?...– Е, қарағым, орман да тірі тіршілік иесі. Олар ашуланып,

оянса, өте қиын жағдай болады. Қайта аман-есен шығып кет-кен екенсіңдер. Әйтпесе, тірі оралуларың да қиын болып қала жаздаған екен...

* * *– Міне, – деді атай күлімсіреп. – Міне, мен осылайша

бір жылдары орманның ашуына қала жаздағанмын. Содан бері қарай орманға барып, ағаш қырқып көрген емеспін.

молдаторғайМен төбесінде шошағы бар кіп-кішкентай сұрша құсты-

Молдаторғайды бала кезімнен далада көп кездестірген болатын-мын. Өзі өзге құстарға ұқсамайды. Ең алдымен – адамдарға жақын жүреді. Ұша жөнелсе де, тым алысқа ұзап кетпейді. Бала күнімізде сол Молдаторғайды таспен ұрып жатқанымда әкем көріп:

– Оның не! – деп маған дүрсе қоя беретін. – Оны неге ұрасың! Ол – қасиетті құс екенін білмеуші ме ең?

– Оның қасиеті неде? – деймін мен. – Құста да қасиет бола ма?

– Е, ол енді ұзақ әңгіме.* * *

Қалабек атайдан сол Молдаторғай жайлы талай рет сұрадым.– Ол қасиетті құс. Оны өлтірген кісі екі дүниеде де бақытты

бола алмайды.– Неге? – деп сұраймын сене алмай. – Ол соншалық қандай

қасиетке ие?– Аңыз бар, – дейді атай. – Ертеден келе жатқан аңыз бұл.Адам-Ата жұмақтан қуылған кезде осы шөл даладан жай-

лы орын әзірлеп, жағдай жасаған Молдаторғай деседі. Өлім періштесі – Әзірейіл өзін де, көлеңкесін де көрсетпей, жер бетіне келіп, жан алмақшы болғанда оны тез байқайтын – Молдаторғай екен. Адамға хабаршы болады екен.

Молдаторғайдың кіршіксіз таза көңіліне риза болған Адам-Ата оған Алла-тағаланың мың бір есімін жеке-жеке айтып, түп-түгел үйретіпті. Солайша, Молдаторғай Жаратушының барлық атын жаттап алып, білімпаз құсқа айналыпты. Бұдан соң ол зеңгір көкке көтеріліп, шырқай ән салып, Алланың әруақты

Page 223: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

224

есімдерін әлемге әйгілей бастапты. Егер де ол Алла-тағаланың мың бір есімін еш жаңылыспай, еш мүдірмей айтып шықса, жұмаққа бармақшы екен.

Өкінішке орай, Ақниет құс Алла-тағаланың мың есімін ай-тып, ең соңғысына келгенде қателесіпті. Оның себебі былай: ол сайрап тұрып, ең соңғы есімді айтар сәтте, жерге қарайды; төмендегі өз көлеңкесін көреді; көреді де қорқып кетеді; жерге жақсылық жасау орнына, көлеңкемізді түсіреді екенбіз-ау деп ойлайды; соны ойлап тұрғанда Алланың мың бірінші есімін ұмытып қалады...

Сөйтіп, қайтадан қара жерге оралыпты деседі...– Бұл аңыз ғой, – деймін мен.– Аңыз екені рас, – дейді атай. – Алайда аңыз әңгіме

тектен-тек тумайды. Ол халықтың көңілінің терең түкпірінен шығады. Сосын да ұмытылмайды.

Осыны айтады да аз-кем тоқтап:– Біз де бала болдық, – дейді. – Сол бала күнімізде

шешеміз көп айтушы еді. «Егер жазатайым Молдаторғайды өлтіріп қойсаңдар, бақытсыз боласыңдар. Оған тас атушы болмаңдар!»

– Неге? – дейміз біз.– Өйткені, ол бойында қасиеті бар құс. Оның өзі ыңылдап

айтатын мынадай өлеңі де бар.Молдаторғай атым бар,Қанатымда хатым бар.Мені өлтірген жүгермек,Жастайыңнан жетім қал!.Атай осыны айтты да, қатты-қатты жөткірінді.– Өзі ақын екен ғой, Молдаторғай! – деймін мен әңгімені

әзілге шаптырып.– Құстардың ішіндегі ең білімдісі болса, бойында Алла

дарытқан қасиеті бар болса, оған өлең шығару да қиын шаруа болып па!

Қалабек атайды тыңдап тұрып, мен де ойша бала күнімді еске алдым. Төбесінде шошағы бар Молдаторғайдың қанша үркітіп жатсам да, алысқа ұзап кетпей, дәл жанымда секек-секек етіп жүретіні келді көз алдыма...

Ол шынымен-ақ адамдарды өзіне мейлінше мейіріммен жақын санай ма екен, а? Неге өйтеді екен!...

Бураның мінезіТүйе жануарының ішіндегі ең мінездісі – осы Бура деседі. Ол

жайлы әңгіме де көп, жазылған жазба дүниелер де баршылық. Содан да болар, мен Бура туралы әңгімеге көп құлақ түре

Page 224: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

225

бермеуші ем. Бәрі де әбден айтылып болған нәрсе ғой деп ой-лайтынмын.

Бүгін ойда-жоқта Қалабек атай екеуміз осы Бура жайында тосыннан сөз сабақтап әкеткенімізді өзім де сезбей қалдым.

* * *Сөзді бастаған мен едім. Түйелер тірлігі туралы сұрағаным

болмаса, тап қазір Бура жайлы сабақты сөз басталып кетер деп күтпеген болатынмын.

Атай кішкене қозғалып алды да:– Түйе жайлы сұрағаныңда есіме түсіп кетті, – деді. – Маң-

маң басқан түйелердің арасында Бура жүрсе, одан сақтанып қойған да еш артықтық етпейді.

– Сонда қалай? – дедім мен. – Сақтанғанда-а...– Иә, сақтану керек.– Буралар неге сондай тарпаң болып келеді? Олар неге

адамға оқыс мінез көрсетеді?– Барлық уақытта емес, – деді атай. – Оның да өз кезі бар.

* * *– Менің бала күнім болатын, – деп әңгіме тиегін ағытты

Қалабек ата. – Біздің ауылда ол кезде түйе келе-келе бо-лып, тізіліп жүретін. Өздері сондай үлкен, алып, сырт түрі қорқыныштылау болса да, біз, ауыл балалары, оларды елең қыла бермеуші ек. Жүгіріп келе жатып, тас лақтырып, үркітіп тастайтынбыз. Иір мойын түйелер біздің лақтырған тасымыздан жасқанып, мойнын бұлғаңдатып, бақыра-шақыра кері ығысатын.

Бір жолы әкемнен:– Осы түйелер сонша үлкен бола тұрып, неге қорқақ келеді?

– деп сұрағаным бар.Әкем айтты:– Олар қорқақ та, жалтақ та емес. Тек өз жөнін біледі.

Әйтпесе... Сөзінің аяғын жұтып қойды. Мен одан бетер ынтыға түсіп:– Әйтпесе не істер еді? – деймін.– Әйтпесе, балам, түйе кез-келген кісіні табанымен таптап,

кеудесімен мыжып тастай алады.– Ондай да жағдай болған ба?– Әрине, болған. Буралар көктем мен күзде ауыздарынан

ақ көбік атып, буырқанады. Сондайда адам көрсе болды, көзі аларып, қуып кеп береді.

– Ал жетіп алса...– Онда кеудесімен басып, мыжып-мыжып өлтіріп тастауы

да ғажап емес.

15-177

Page 225: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

226

Сол шақта ештеңеге мән бере қоймайтын шалағай бала болғандықтан, әкемнің сөзіне соншалық сене алмағам. Тіпті ойыма алмағаным болар, кейін ұмытып та кеттім.

Баламыз ғой, ауыл үй арасында ғана ойнамаймыз, кей-кейде ауыл сыртына да шығып кетеміз. Күн күйіп тұрады. Аспан айна-лып жерге түсетіндей болып көрінеді. Оны да елең қылмаймыз. Басымыздан күн өтіп кетеді-ау, сосын мұрын қанайды-ау, со-сын қан қысымы көтеріледі-ау...деп ойлайтын біз бе!

Кезекті күндердің бірі еді.Ауыл сыртында бір топ бала ұзақ-қ ойнадық. Түс ауа әркім

өз жолымен үйді-үйге тарай бастағанбыз.Мен төте жолға түсіп, қорадан ырғып өтіп, үйге тезірек жетем

бе деп ойлап едім. Қырсыққанда алдымнан бір топ түйе шыға келгені. Қорыққам жоқ. Күнделікті әдетіме басып, оларға тас лақтырып, жолымды ашпақшы болғам. Сол-ақ екен, топ түйенің арасынан аузы көпірген біреуі маған қарай бұрылып, жүре бас- тады. Оған да тас лақтырам. Бірақ үркетін түрі жоқ. Кенет... бұрынырақ әкем айтқан әңгіме есіме түсе кеткені...

«Ойпырмай, осы Бура емес пе екен! Мені бауырымен мыжып тастағалы келе жатса ше!...»

Денем дірілдеп, жүрегім алқымыма тығылды. Қол-аяғым қалшылдап, аяғым қара жерге жабысып қалғандай көтертпейді. Екі көзім-әлгі Бурада.

Міне, ол маған тақап та қалды. Енді аяғымды көтеріп, қашып та кете алмаймын. Қашқанмен, тап бастырмасы әбден белгілі. Оны өзім де байқап тұрмын.

«Не істеу керек! Қалай үркіте алам оны?...»Басыма сан түрлі ойлар келіп, шатаса бастағандаймын.«Жерге жата қалсам ше! Сонда ол мені өлдіге санап, кері

бұрылып кетер...»Жүрегім өрекпіп, дем алысым ауырлап барады. Бақырып

жылайын десем, даусым шықпайды. Бура жаныма келді. Келді де, бар даусымен тағы да бір-екі рет бақырып-шақырып алды. Көздеріне көзім түсті. Ойнақшып тұр. «Мен сені қазір-ақ мыл-жа-мылжа етіп тастаймын» дейтіндей.

Бойымды батылдық биледі. Оған мен де тіктеп қарадым.«Ал, келе ғой, өлтіргіш болсаң, мені өлтір де таста! Кеудеңмен

бас! Мыжғыла-а...» Бура екеуміз бір сәт көзбен арбасып, тап-жылмай тұрып қалған екенбіз.

Кенет... Бура аузындағы ақ көбігін менің бетімен бүркіп жіберді. Көзім түк көрмей қалды. Қос қолыммен уқалап, әзер көз жанарымды аштым.

Енді қарасам, қарсы алдымдағы Бура жоқ. Ол қайда? Қайда жоғалды?

Page 226: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

227

Сонда ғана анық байқадым – Бура мені жайыма қалдырып, өзі әудем жерде желе жортып, өз тобына қарай асыға басып кетіп бара жатыр екен. Көзіме ып-ыстық жас келіп қалды. Әйтеуір, аман екеніме қуанғаным ба, жоқ болмаса Бураның осы мінезіне риза болғаным ба?

– Рахмет саған, Бура! – деп айқайлап жіберіппін.

* * *Қалабек ата осы әңгімені аяқтай бере әлдене есіне түскендей,

бір сәт ойланып отырып қалған-ды.– Сізге не болды, ата?– Мен ғой, аман-есен құтылдым. Ал, көрші үйдің баласын

екі күннен соң сол Бура кеудесімен мыжғылап, басын езіп...– Өліп қалды ма?– Әрине, қайтыс болды. Сосын ауылдың ересектері Бураны

дереу пышаққа жықты.Атай екеуміздің арамыздағы әңгіме осылайша өте ауыр сөзбен

аяқталған еді...

БарсақМен өзі итті, дәлірек айтқанда ит асырауды аса ұната

қоймайтын кісімін. «Сол құрғырдың қай жерін жақсы көреді екен осы адамдар, а?» деп, оңашада өзіме-өзім сауал беріп, оның жауабын таба алмаушы ем. Итті ұнатқанның бәрі жақсы адам да, ал оны ұната бермейтіндер мүлде нашар адам болады деп кім айтар! Бірақ, өмірде бәрі де бастан өтетін секілді.

Құданың құдіреті, сол итті соншалық бауыр басып, оны өзіме барынша жақын тартатын күн туар деп ойласам, кәні!

Бұл өзі былай болған еді.

* * *Бір күні үлкен ұлым үйге кішкентай күшік алып келіпті. Әл-

дәрмені жоқ, тәлтіректеп қана жүре алатын осы бір үрпек жүн бала күшікті әуелде сырттай ғана қызықтап, қасына жақын барған да емеспін. Қайта әйелім обал көріп, оған қайта-қайта ас-су құйып беріп жүрді.

Балам айтады:– Көшеден тауып алдым, жаңбырдың астында бүрсеңдеп,

дір-дір етіп тұрды. Енді болмаса жаурап, суықтан үсіп өліп қалуы да мүмкін еді. Жаным ашыған соң әкелдім, әке!

Мен айттым:– Аяғаның жөн-ақ. Бірақ көшеден тауып алған қаңғыма

күшік біздің үйге жақсылық әкеле қояр ма екен! Сұраушылар болса, беріп жіберсеңші.

Page 227: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

228

Балам басын изеді.– Жарайды, әке! Сөйтсем сөйтермін...Бұл әңгіме осымен біткен сияқты еді.Алайда, сұраушы болмады ма, жоқ әлде балам оны үйден

басқа жаққа жіберуге қимады ма, әйтеуір әлгі күшік осында екі-үш ай тұрақтап қалды. Ол кезде күз айы еді, енді күн суыта бастады. Бұрын аулада емін-еркін шауып ойнайтын бала күшік ертеңгісін бүрсең қағып, әлдененің астына тығылып отырады.

Таңертең ертемен жұмысқа кетіп бара жатып, бала күшікке көзім еріксіз түсе береді. Ол да мені көре сала басын көтеріп, көзін сата қарап:

– Маған бірдеңе ала шықпадың ба үйден? – дегендей, қыңсылап қоя береді.

Бірте-бірте оған деген аяушылық сезімім тұтанғандай. Күнде үйден шығар алдында қалған-құтқан жеуге жарайтын не бар екен деп қарастыра бастауды әдетке айналдырып алдым. Әйтеуір, үйден құр қол шыға қоймаймын. Ақсұр күшік те оған үйрене бастады. Бұрын тек алыстан көзін сатып қарайтын болса, енді алдымнан еркелей жүгіріп шығып құйрығын бұлғаңдатады.

Өстіп жүргенде «кәрі құдаң» қыстың да хабары естіліп қалды.Күн тез суытты. Әуелі қар жауды да, артынан үскірік аяз

басталып жүре берді. Маған ең алдымен ақсұр күшіктің ендігі тағдыры аса ауыр тиді. Оған не істеу керек? Мына түрімен сыртта қала берсе, қатып өлетіні сөзсіз. Суықтан арам қатса, обалы кімге? Кімге?

Ары ойланып, бері ойланып, ақыры үйге іргелес кішкене жекежай бөлмешік бар еді, онда әртүрлі құрылыс заттары сақтаулы-тұғын, соның есігін аштым. Ойым – қатты жаурап, дірдек қағып бара жатса, сонда кіріп, бой жылытар дегенім еді. Сөйтсем, мен ақсұр күшіктің ойын дөп басыппын. Ол енді кеш түсе бере томпаңдап әлгі жапсарлас бөлмеге кіріп бара жата-ды. Онда не көп, қағаз жәшік көп, қорапшалар көп. Шамасы, солардың бірінің ішіне кіріп алып, пысылдап ұйқыны соғатын болса керек.

* * *Астана қысы биыл ұзаққа созылды. Бірде боран тұрды,

бірде қатты аяз буды. Қысқасы, не керек, бәрімізді жауратып-қалтыратып болды. Үйге көмір жағуды жиілеттік. Электр қуатын да қосымша пайдаланып жатырмыз. Әйтеуір, бала-шаға жаурап қалмаса екен деп көктемді де асыға күткен жағдайымыз бар.

Айтпақшы, менің ақсұр күшігім де биылғы қысты сол жап-сарлас бөлмешікте өткерді деуге болады. Оқта-текте қол босаған кезде, ішіне кіріп іздесең, еш жерден таппайсың. Тек дауыстап шақырсаң ғана, бір қораптың әлде ішінен, әлде арғы жағынан

Page 228: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

229

басын қылтитады. Оның тірі екеніне мен де қуанып қалам. Қолыма ұстаған жеуге жарамды дәмді сол жерге қоя салам да, тысқа шығып кетем.

Күн сайын жұмысқа шығып бара жатқанымда ақсұр күшік бәрібір мені шығарып салып барып, қайтадан өз бөлмешігіне оралады. Мен де тамақ бере кетуді еш ұмытпаймын.

Өстіп жүріп, биылғы қысты да өткердік-ау!Созылмалы қыс та бораны мен аязын азайтып, бірсін-бірсін

бізден алыстап бара жатты.* * *

Көктем шыға жер де көгеріп, түрленіп, қора іші жайнап сала берді. Ақсұр күшік те енді тысқа шықты. Қысқы жылы орнын сонда қалдырып, далада ұйықтайтын болды. Өзі көктеммен бірге әжептеуір өсіп те қалып еді. Әуелде мен оның дене тұрқына қарап, қанден күшік болар деп ойлағам. Жоқ, олай емес екен. Ақсұр күшік көктем кіре ұзарып, бойы да биіктеп, аяқтары си-диып кетті. Үлкен итке ұқсамаса да, қанден емес екеніне көзім жете түсті. Өзі құлақтарын тікірейтіп, түн ішінде бейсауат келген ит-құсқа үріп-үріп те қояды.

Мен осы уақытқа дейін оған ат беруді ойламаған екем, енді соны еске алдым. Қалай атаған жөн?

Баяғыда, бала күнімізде біздің ауылда Қарсақ көп болушы еді. О, шіркін адамнан мүлде қорықпай, көз жетер жердегі төбешіктің бергі беткейінде арлы-берлі жортып жүретін-ді. Өз көзімізбен талай рет көрдік. Әкем айтатын:

– Бұл Қарсақ, ол түлкінің азғындаған түрі, – дейтін.Есейе келе сыныптас досым екеуміз сол Қарсақтың бірін

қақпанмен ұстап та алдық. Өзі тым шақар, тістері өткір, өте әбжіл аң. Байқаусызда саусағыңды тістесе түбімен жұлып алуы да мүмкін.

Үйдегі ақсұр күшікке ат бермек болған кезімде, неге екені белгісіз, ауылдағы кішкене бойлы әбжіл аң – Қарсақ есіме түсе кеткені.

Мен оны Қарсақ дегем жоқ, қайта сәл өзгертіп:– Барсақ болғаны дұрыс, – дедім өзіме-өзім. Ондағы ойым:

бұл күшік маған ең алдымен сонау-у бала кездегі Қарсақты еске түсіреді; сонымен бірге өзі де Қарсақ сияқты өте әбжіл, жыл-дам, алғыр болса екен деп ойладым.

Барсақ, өзім ойлағандай, өте алғыр, жылдам қозғалатын ит болды. Өзінің шамасына қарамастан, түн баласына қораға ештеңені кіргізбейді. Үріп, айбат шегіп, бәріне мінез көрсетіп бағады.

Бір жолы біздің аулаға бір маскүнем кіріп кетсе керек. Соны көрген Барсақ әлгі адамға айбат көрсетіп үріпті. Ішіп алған адам

Page 229: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

230

оны тыңдасын ба, өзінің тұрқы анадай болған соң, елең қылмай, теуіп тастамақ болыпты. Сол кезде Барсақ оның тірсегіне жар-масыпты да, сіңіріне тырнақ іздерін барынша батырып жіберіпті. Сол кезде әлгі маскүнемнің жан даусы шығады. Оны естіп, үйден әйелім жүгіріп шықпай ма!

– Ойпырмай, – дейді әйелім кешке мен үйге келген кезде. – Мен мына Барсақтан сескенейін дедім. Бір маскүнемді жан даусын шығара зар қақсатты ғой бұл...

Арада көп күндер жылжып жатты.Барсақ екеуміз бұл кезде тіпті дос болып алдық.Мен жұмыстан қалай оралам, ол алдымнан жүгіріп шығады.

Еркелейді. Қыңсылайды.Үйге кіріп, шай ішіп, әлденіп алған соң, аулаға шықсам болды,

жанымнан бір елі кетпей қояды. Көшеге шығып, серуендейін десем, соңымнан ілесіп алады.

* * *Көктемнің бір күндерінде жүрегім аздап сыр беріп, біршама

уақыт қалалық ауруханада жатып емделуге тура келді. Амал қанша, жұмысқа ескертіп, ауруханаға жөнедім. Онда біраз күн жатып қалдым. Дәрігерлер нақты диагноз қойып, одан ем-дом жасағанша уақыт та тез-тез өтіп жатты. Ем-дом біткен соң, заттарымды жиыстырып, үйге оралдым. Балам өзінің жеңіл автокөлігімен алып келіп еді. Кабинадан енді түсе беріп ем, ойда-жоқта алдымнан Барсақ жүгіріп шығып, маған еркелеп, алдыма жата кетті.

Бұл қайдан сезе қойды екен? Әлде иісімді біле ме?Автокөліктен түсіп жатқанымды тап басып біліп, өзі күтіп

алғанына таң-тамашамын. Ішім одан бетер жылып сала берді.«Әй, кейде адамдар да бір-бірін дәл осылай қатты сағынып

іздей бермейді. Ит екеш иттің адалдығы деген осындай болады екен-ау!...»

Өзім ауруханадан оралып тұрған соң ба, көңілім босап, жана-рыма жас іркіліп қалып еді...

* * *Бүгін күн жексенбі. Аулада өз қолыммен жасаған ұзын

орындық бар болатын. Екі жағы доға тектес иіліп тұрады.Оның үстін жауып, жауын-шашыннан көлегейлеп те қойғам.

Өзіме осы орын өте ыңғайлы әрі ұнайды. Үйден шығып, сол ұзынша орындықта ұзақ-қ отырам. Кейде жантайып жатып дем алатыным да бар.

Сол әдетіме басып, орындықта жайбарақат тыныс алып отыр едім. Барсақ та дәл қасымда. Осы кезде біздің қораға бөгде

Page 230: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

231

үйдің қамыс құлақ қарасұр иті кіріп келе жатты. Мен айғайға бастым.

– Әй, жоғал бұл жерден! Кет деймін!Жерден тас алып, оны жіберіп ұрдым. Қарасұр ит теріс

бұрылып, зыта жөнелді. Менің Барсағым да оның соңынан жүгірді. Жақтырмағанымды біліп, ол да бөтен итке айбат көрсетіп жатыр екен ғой деп ойлаған.

Барсақ әлден уақытта қайта оралды.Түс ауа бере біздің аулаға әр түрлі иттер қаптай бастады.

Бағанағы қамыс құлақ Қарасұр, ала мойын Ақсұр, тәпелтек тарғыл ит...

Терезеден қарап тұр едім, шыдай алмай сыртқа шықтым да, оларды таяқ сермеп, ауладан қуып бердім. Сөйтсем, менің Барсағым да соларға қосылып алып, бірге шауып бара жатыр.

Мен ештеңеге түсіне алмай, аңырап қарап тұр едім, үйден әйелім шықты.

– Сен осы күнге дейін байқамағансың ба, – деді ол.– Нені? – деймін мен.– Сенің Барсағың ұрғашы.– Е, болса ше?– Ана иттер сосын да келгіш.– Ау, сонда...Мәселенің мәнісін енді түсінген сияқтымын.«Демек, менің Барсағым – ұрғашы. Ал ана иттер...»– Оларды көп жасқап, тас атып қуа берме, – деп күледі

әйелім. – Күйеу ит болып шықса қайтпексің?Әйелім осыны айтты да, қайтадан үйге кіріп кетті. Мен

аңтарылып әлі тұрмын.Осы кезде қораға Барсақ оралып келе жатқан. Соңында тағы

да бағанағы қамыс құлақ Қарсұр, ала мойын Ақсұр, тағы сол сияқтылар...

Қолымдағы таяғымды көтеріп, оларды ұрмаққа бейімделе беріп ем, менің Барсағым маған мұңая қарап қалғандай болып көрінді.

«Оларға тимеші! Өтінемін сенен...»Сол қалпымда қалшиып әлі тұрмын, әлі тұрмын. Көршілердің

иттері аула ішін емін-еркін аралап болып, қайтадан шығып бара жатты. Олардың соңынан – Барсақ та...

– Барсақ-қ!...Даусым қатты шығып кетіпті. Ол артына жалт қарады. Жалт

қарады да:– Бұлар менің тағдырым ғой, – дегендей, сәл кідіріп барып,

ауладан шығып кете барды.Менің бойымды, неге екені белгісіз, сол сәтте жеңіл діріл

билеп алып еді.

Page 231: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

232

* * *Ол күндер де өтті.Қосарланып кіріп, қосарланып шығып жүретін көрші үйдің

иттері қазір зым-зия жоғалған. Барсақ тағы да жалғыз.Мен жұмыстан келсем болды, еркелеп, қыңсылап, қасымнан

кетпей қояды. Алайда бұрынғыдай жеңіл, әбжіл, жылдам емес. Денесі ауырлап, салмақты бола бастағандай.

Әйелім айтады:– Енді аз уақытта күшіктейтін шығар...Осы сөзді естігенде менің жүрегім дір-р етті. Барсаққа аса бір

аяушылық сезіммен қарап қоям. Рас, іші үлкейіп келе жатқандай ма! Күшіктесе, күшіктейтін шығар. Бірақ, ол күшіктерді мен дәл осы Барсақтай жақсы көре алам ба екен!...

Менің осы ойымды оқып қойғандай, Барсақ маған көзін сата, мұңая қарап қалыпты.

«Менің күшіктерім де саған бөтен бола ма, а?»

* * *Арада көп уақыт өтпей-ақ менің Барсағым күшіктеді.

Біреу, екеу емес, алты күшік тапты. Енді күнұзақ сол кішкене күшіктерінің жанынан ұзап шыға алмай, жатады да қояды.

Жұмысқа кетіп бара жатып та, оралып келе жатып та алды-мен сұрайтыным:

– Біздің Барсақ аш қалып қойған жоқ па?Бүгін, міне, күн демалыс. Аулада жападан-жалғыз отырмын.

Жаныма Барсақ келді. Өзі азып қалыпты. Көзіне көзім түсіп еді, бойын буған ауыр мұңды байқадым.

«Ау, бұл қалай? Күшіктердің әкесі қайда жоғалды? Оларға ұрпақ тағдыры түк те болмағаны ма?... Неге, неге бірауық жаныңа келіп, еркелетіп кетпейді?..»

Осыны ойлауым мұң екен, менің де бойымды белгісіз бір қорқыныш, әлде діріл билеп ала жөнелді...

Боз бураҚасқа аттың үстінде әлдебір ой сонарына беріліп, қалғып-

мүлгіп келе жатқан Қасқырбек айдалада, елсіз жапан түзде ойламаған жерден Боз бураға ұшырасты. Алыстан-ақ таны-ды. Сол өзінің Боз бурасы... Көзі әбден қаныққан жануарды бұлжытпастан бірден-ақ танып, бүкіл денесі бір сәтте ысып сала бергені.

«Мен неге осынша дірілдеп кеттім!» деп ойлады Қасқырбек. «Осы Боз бураны көрсем болды, неліктен кеудеме қорқыныш пен үрей қатарласа кіріп алады, а?»

Page 232: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

233

Боз бура да Қасқырбекті еш жаңылыстырған жоқ. «Сол, соның тап өзі» деп басын бұлғаң еткізді де, бұған қарай асыға желіп келе жатты. Күтіп жүргені де осы екі аяқты адам болатын. Ақыры кездесті. Елсізде, бой тасалар жер жоқ жапанда бетпе-бет келді. Бұдан өзге тілегені де жоқ-тұғын.

Қарғып-қарғып, үдемелете желіп келе жатыр еді...Қасқырбек те бұдан әрі ойланып тұрудың еш жөнін таппай,

Қасқа аттың басын бұра сап, қамшы басты.Бұл қашты. Боз бура қуып кеп берді.Айдала. Ақ қар. Көз алдында – шегі де, шеті де жоқ кеңістік.Бірі – қашқын, екіншісі – қуғыншы. Кең далада тек екеуі

ғана...* * *

Аппақ Ақбота жарық дүние есігін ашқан кезде Қасқырбек қандай қуанып еді. Боз інгеннің өзінен де қызғанып, түн ішінде ботаны үйге әкеліп, үсті-басын жуып, барынша тазар-тып, мейлінше еркелетіп алатын. Бота да соншалық бауыр басып алып, бұны көрсе болды, әдемі боздап, басын бұлғаңдатып, ер-келей жөнелетін.

Бір жолы Ақ ботаны мойнындағы жібінен ұстап, жетелеп әкетіп бара жатқан сәтінде Боз інген бұны тарпып қалғаны. Қызғанғаны шығар. Әйтеуір табаны Қасқырбекке жанамалай тиді, әйтпесе сеспей қатыруы да әбден мүмкін еді. Міне, сол күннен соң Қасқырбек ботаны бөліп әкетуді қойды. Енді есейе бастады, енесінің жанында болғаны дұрыс деп ойлаған.

Ақбота, әрине, тез өсті. Тездетіп бой тіктеді. Ертерек мама түйелермен өріске шығып жайылуға ұмтылды. Қасқырбек әуелде оны жібермей, жез ноқта салып, байлап қойып жүрсе де, артынан өз еркін өзіне сыйлады. Ақ бота өріске шығып, үлкен түйелермен емін-еркін жайылып жүрді.

Арада көп уақыт өткен жоқ, моп-момақан бота ауыл арасын-да әртүрлі қиғаш мінез көрсете бастады. Бір күні көрші үйдің баласын теуіп жіберіп, жарақаттап тастады. Оған көршісі қатты ренжіді.

Қасқырбек сол күні Ақботаны қамшымен екі-үш рет салып-салып жіберіп, тәртіпке шақырып алған болатын.

Бота бүрсеңдеп, бүрісіп, қораның түбіне тығылып, бой таса-лады.

* * *Астындағы Қасқа аты қатты-қатты орғып шауып, адымын

аша түскенімен Боз бура да жылдамдығын үдетіп, қыр соңынан қалмай келе жатыр. Тіпті әрі беріден соң аралары жақындай бастағанын да аңғарды. Қасқырбек енді шын қорқа бастады.

Page 233: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

234

Боз бура осы кезде әбден өсіп, толысып, толған шағында. Оның күші бойына сыймай, асып-төгіліп жатқаны да өзіне аян. Егер ол жетіп алып, Қасқа атқа соқтықса, онда Қасқырбек қалпақтай ұшып, жер құшып...

Арғы жағын ойлаудың өзі қорқынышты.«Әй, осы Боз бураға мен не жаздым екен, а?» деп іштей

қапалана күбірлеп қояды. «Жазығым – жас кезінен жақсы көріп, жылы алақанымды тосқаным ба! Әлде... сол бір ашу үстіндегі қамшы сілтеп жіберген сәттерім есінен кетпей қалғаны ма!...»

Қамшыны қайта-қайта басып, Қасқа аттың үстінде қопаң-қопаң еткен Қасқырбектің дәл қазіргі түрінен кісі шошығандай еді.

* * *Ақ бота сәл өсе бастағанда сыртқы түрін өзгертті. Енді ақ

емес, ақбоз. Оны сосын да Қасқырбек «Бозтайлақ» деп атай бастады.

Сол Бозтайлақ енді тіпті беймаза болып, көрінгенге соқтығысып жүрді. Тіпті бір жолы үй артында тұратын көсе шалдың жалғыз сиырын теуіп жіберіп, сеспей қатырыпты. Көсе шал көз жасын көл етіп, Қасқырбекке келмей ме!

– Ау, мына Тайлағыңа ие болсаңшы. Мына қылығын қоймаса, бұл ауылда тігерге тұяқ қалдырмас, – деп ашуға булыға, буына сөйлеген болатын. Қасқырбек шалды әзер басып, оған екі-үш қой беріп, үйіне шығарып салды. Шалға қош деп тұрғаны сол еді, бір бүйірден Бозтайлақ сопаң етіп шыға келгені.

– Әй, иттің ғана баласы, сенен-ақ күйдім ғой осы! – деп, оны қақбастан қамшымен салып-салып қалып еді, Бозтайлақ мөңкіп-мөңкіп тулап, бұның өзін таптап кетуге шақ қалды.

Бірнеше күннен соң көрші шалдар бас қосып отырып, осы Бозтайлақты сөз етті.

– Бұны дереу саудаға салып, сатып жіберген дұрыс, – деді бір шал.

– Жоқ, сойып, етін елге таратып берген абзал, әйтпесе барған жерін тап осылай үргін-сүргін етсе қайтеміз, – деді екінші шал.

Қасқырбек үндеген жоқ. Қанша қияс мінез көрсетіп жатса да, Бозтайлағын еш жамандыққа қия алар емес. Көңілінде оған деген өзгеше, ең бір қимас ыстық сезімі басыла қоймаған-ды.

* * *Әне, Боз бура бұған мүлде жақындапты. Аралары – таяқ тас-

там жер. Қасқырбек артына бұрылып қарап еді, Бозбураның екпіні өте қатты екенін байқады.

«Мен саған қайтсем де жетемін, сені бауырыма алып, езіп өлтіремін» деген ойын екпінді шабысымен алыстан сездіріп келе жатқандай.

Page 234: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

235

Кенет Қасқа аттың бір аяғы дала тышқаны қазып тастаған үңгірге кіріп кетті ме, сүрініп барып, тізерлеп барып, сосын қайта тұрды. Осы сәтте Боз бура да тақап келіп қалып еді. Ол кеудесімен Қасқа атты бір рет соғып өтті. Қасқа ат теңселе басып, тәлтіректеп қалып, қалбаң-қалбаң күйге түсті. Қасқырбек болса жерге құлап түсе жаздады да, әйтеуір құламады. Қасқа атқа қайта қамшы басты.

Боз бура тағы да соңынан түсіп кеп берді.Айдалада екеу ғана: Қасқа ат пен Боз бура. Қасқа аттың

үстіндегі Қасқырбек жабыса жатып алған, көзге бірде көрініп, бірде көрінбей қалады.

* * *Ауыл шалдарының көп уәждесуінен соң ақыр аяғында

барлығы мынадай кесімді ойға тоқтағандай болып еді.Жақын күнде Бозтайлақ пышаққа түседі.Айтпақшы, бұл күнде Бозтайлақ емес, Боз бура болған-ды.

Тек баяғы тайлақ аты әлі де қалмаған. Тіл үйреніп кеткен соң, бәрі де Бозтайлақ деп атай салатын.

Қасқырбек Боз бураны екі-үш күн ерекше бағып, асты-үстіне түсті. Мойнынан сипалап, еркелетіп те қояды. Әр келген сәтінде оның бота күнгі қылықтары еске түсіп, жүзін көлегейлеп, жылап та алып жүрді. Сондай сәттерде Бозбура бұған күдікті көзбен қарап та қоятын.

«Жануарым-ай, ішің бірдеңені сезе ме екен! Маған неге бұлай мөлиіп қарай бересің?» деп Қасқырбек ойша тілдесіп те алатын.

Уақыты келген күні үш-төрт жігіт жиылып, Бозбураны союға әзірледі. Боз бура осы жолы бір сұмдықты анық сезген сыңайлы. Әуелден-ақ бас жібін тартқылап, ерікке көнбеуді бастады. Жігіттер де осал емес, түйенің аяғына қыл арқан лақтырып, күрмеу салып, жығудың әдісін жасап жатты.

Кенет... Бозбура орнынан ырғып тұрды да, қораны бұза-мұза бас жібін үзіп, тайраңдап қаша жөнелді. Жігіттер:

– Ойбай, ұстаңдар ананы! – десіп, үдере көтеріліп, соңынан қуып кеп берді.

Қапелімде ат қайда, олар ат тауып мінгенше Бозбура алыс- тап, ұзап бара жатты...

* * *Боз бура екінші рет жетіп алып, оң бүйірден екпіндей соққан

сәтінде Қасқа ат та, Қасқырбек те омақаса құлады. Оның осы жолғы соққысы өте қатты болды. Ат есеңгіреп қалып, орнынан тұра алмай, ышқына кісінеп жіберді. Қасқырбек жандалбасалап, еңбектеп жүріп, бір үлкен үңгірді көрді де, ойланбастан сонда кіріп кетті.

Page 235: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

236

Бұл – қасқырдың апаны болатын.Боз Бура апанның аузына келді. Келді де жүрелеп жатып

алды. «Әйтеуір бір шығарсың-ау» дегені ме!Қасқырбек тар үңгірде тұншығып, әзер шыдап жатыр. Оның

үстіне... апанның арғы түкпірінен түз тағысының қоламса исі келді мұрнына. «Ойпырмай, енді қайтер екем!» деп ойланды ішінен.

Соны ойлауы мұң екен, апанның арғы түкпірінен жылт-жылт еткен екі көз көрінді. Бұл – қасқыр еді. Бірақ қасқыр Қасқырбекке жақындауға қорықты. Қасқырбек те өз қамын істеп, жан қалтасынан кездігін алып, әзірленіп жатты. Егер бұған өзі келіп, соқтығысар болса, онда амал қанша, тұмсығына пышақ тығып алады.

Жоқ, қасқыр бері қарай бір қарыс та жылжымады. Ол да тап қазір өз басының амандығын ойлаған тәрізді. Тек көздері жылт-жылт етіп:

– Ау, бұның не, бұл менің үйім ғой, сен қайдан келе қалып едің? – дегендей үнсіз сыр ұқтырып қояды.

– Е-е,– деді Қасқырбек. – Мынадай күйге тап болмасам, сенің апаныңа кіріп нем бар. Кетпеймін бе жөніммен! Жүрмеймін бе кең далада таза ауамен тыныстап...

* * *Күн ауып барады. Боз бура апанның аузынан қозғалар түрі

жоқ. Қасқырбек те екі бүктетіліп отырған соң, әбден қажи бастады. Мына түрімен енді бірер сағат мына қапаста қама- лып отырса, әлі құрып, естен танып қалмаса деңіз!.

«Не істеу керек?!»Кенет... басына тосын қиял келді. Бұны бағаналы бері неге

ғана ойламаған?Қолына кездігін қыса ұстады. Сөйтті де апанның шығар ау-

зына жылжи жақындап келіп, Боз бураның кеуде тұсын дәлдеп алып, екі-үш рет сұғып-сұғып жіберді. Боз бура аузынан көбік ата бақырып-бақырып, даланы басына көтерді. Бірақ қозғалған жоқ.

Енді одан бетер батыра, кездікті аямай сұққылай берді, сұққылай берді. Боз бура кеудесін тартып, қозғала бастады.

Тағы да кездікті төсіне тигізе берген сәтінде Боз бура ор-нынан ырғып тұрып, әріге жылжып-жылжып бара жатты. Енді апанға сырттан сәуле түсіп, таза ауа кірді. Қасқырбек кеуде кере демалып, иықтарын қозғап қойды. Арғы жағынан ты-сыр байқалды. Қараса, қасқыр екен. Ол да таза ауа жұтқысы бар-ау! Енді ол бұған еш қорқынышты емес. Ең үлкен қорқы- ныш – даладағы Бура.

Page 236: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

237

Қасқырбек ептеп аяқ созып, сыртқа шығып, жан-жағына көз салды. Боз бура көрінбейді. Тағы да денесін көтерді. Бозбура жоқ. Анадай жерде Қасқа аты тұр. Оны ысқырып қалып, өзіне шақырды. Қасқа ат иесінің даусына елең етіп, осылай қарай қозғалып келе жатыр.

Ат апан аузына тақап келгенде бұл да шалт қимылдап, оның үстіне ырғып мінді. Осы кезде байқады, Боз бура алыста емес екен. Ол Қасқырбектің сыртқа шыққанын көре сала, осылай қарай тайраңдады. Бұл атқа қамшы басты.

Енді қайтсе де жеткізбеуді, оған алдырмауды ойлады.Жоқ, Боз бура тағы да жақындап қалды. Әне, құйрық тістесе

бастады. Енді кішкене уақытта тағы да кеудесімен ұрып, бұл екеуін жер қаптырмақшы.

Тап осы кезде қыр астынан қылаң етіп, екі аттылы аңшы шыға келгені.

– Ой, мынау... Қасқырбек қой, – деді біріншісі.– Анау Боз бура, ол құтырынып алған екен, – деді екіншісі.– Атамыз ба қайтеміз?..– Кімді?– Ой, кімді дейді! Бураны айтам.– Сөйтеміз бе?– Сөйтпесек, басқа жол жоқ.Мылтық даусы шаңқ етті. Қасқырбек бұғыңқы басын енді

ғана көтеріп алып, артына қарағанда Боз бура тәлтіректеп барып, омақаса құлаған сәтін көрді.

– Бозтайлағым-м... – деп дауыстап жіберді Қасқырбек. – Бозтайлағым-ау, бұл не қылғаның сенің! Сен дүние есігін ашқанда маңдайыңа жазылған тайғанақ тағдыр осы ма еді, жазған-ау!... Бұның қалай-й...

Сәл тұншығып барып, қайтадан күбірлеп сөйледі. – Осынша кекшіл болғаның қалай сенің...Көзінің алды тұманданып бара жатты.Бойын әлдебір өксік-ой буып кеткендей болды.

ҚасқырларМен жайлаудан ойдағы ауылға жалғыз қайттым. Астымда

жарау атым – Аққасқа, жанымда алғыр итім – Алапар болса, неден қорқушы ем! Ауылға жиналып жатқанымда әкем айтты:

– Ертең-ақ жолға шығайық, екеуміз ауылға бірге барғанымыз дұрыс.

– Жоқ, әке! Мен атамды сағындым.– Жол бойында қасқырлар болуы мүмкін. Қорықпайсың ба?– Қорықпаймын.

Page 237: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

238

* * *Түс ауа жолға шығып та кеткен едім.Тау іші. Тау арасындағы жіңішке жол. Аққасқа атым бұл

жолды талайдан жатқа біледі, мен ауыздықты тартқылап, оң-солға бағыттамасам да, бәрін өзі біліп жүріп келе жатыр. Ал, Алапар болса, бірде алға озып, енді бірде соңыма түсіп, әлсін-әлсін өзінің де бар екенін сездіріп-сездіріп қояды.

Айнала мүлгіген тыныштық. Оқта-текте әлдебір құстардың сайрағаны не болмаса қайсыбір аңдардың түсініксіз үндері естіліп қалатыны болмаса-барынша тыныштық. Ұйқы шақыратын тыныштық.

Сондай тып-тыныш әлем мені де ұйқы құшағына қайта-қайта шақыра түседі. Бірақ, ұйықтауға болмайды. Жол-жөнекей аттан ауып түсіп қалуым да мүмкін.

Ойланып кеткен екем, кенет Алапар итім қыңсылап, Аққасқаның бауырына тығыла берді. Оған дауыс көтере:

– Ой, өзіңе не болған! Әрі жүр, – деймін.Алапар одан бетер қыңсылап, тығылып барады. Әлденеден

үрейленіп, шын қорыққан сыңайлы.Мына мүлгіген тыныштықта оның неден секемденуі мүмкін?!

Ат үстінде аударыла, артыма көз салдым. Сол-ақ екен, төбе құйқам шымырлап қоя берді. Соңымда үш-төрт қасқыр сүмектеп еріп келеді. Тіпті жақындап келіп қалған десе де болғандай.

Не істеу керек?!Қолымда қос ауыз мылтық. Бар сенерім де-сол. Қасқырлар

сескенсін деп аспанға екі рет атып-атып жібердім. Бөрілер аз-маз секемденді білем, сәл-пәл кідіріп қалады. Мен Аққасқаға қамшы басам.

Сәлден соң артыма қарасам, әлгі қасқырлар тағы да желе жортып, жақындап келе жатады. Енді шын қорқайын дедім. Әсіресе ана Алапарымның сонша үркектегеніне аң-таңмын. Ау, мен бар емеспін бе! Ең болмаса үріп, аналарға айбат көрсетпес пе! Жоқ, айбат көрсету қайда, аттың бауырына кіріп алып, бір елі қалар емес.

Тағы да мылтық аттым.Қасқырлар тағы да кідіріп қалды.Олар сонша алыста да емес. Дәлдеп тұрып атсам, ең

болмағанда біреуін жер жастандырар ма едім. Алайда...Атам айтушы еді.– Қасқырлар өте намысшыл келеді, оларды дәлдеп атып

оқ тигізсең, ашумен қайтсе де өзіңе шабады. Қашан қансырап құлағанша, сені де мерт етуі мүмкін.

Осы сөз есіме қайта-қайта түседі. Атып құлатсам жақсы, ал құламаса... Өзіме қарай ышқына атылса...

Page 238: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

239

* * *Өмірімде дәл бүгінгідей тиіп тұрған ауылдың алыстап, тым

шығандап кеткенін байқамаған шығармын. Әшейінде көзді ашып-жұмғанша жетіп келе салатын ойдағы ауылға жету мүлде қиын болып кетті. Бейне біздің ескі ауыл басқа бір жаққа аяқ астынан көшіп кетіп қалғандай.

Алапар қыңсылады. Астымдағы атым да қос құлағын қайшылап, жүрісінен жаңыла берді.

Мен сонда да еш саспауға тырыстым.Қос ауыз мылтық қолымда. Оқ жетеді. Е, ендеше неге сонша

үрейге бой алдыруым керек! Егер ана соңыма ерген көкжалдар шабуылға көше бастаса, онда амал жоқ, көздеп тұрып атуға кірісем. Бірақ әзірге олар да тікелей шабуыл жасауға тәуекел ете алмай келеді.

Қорқыныштың да түр-түрі болатынын мен сол жолы анық сезіндім.

Әуелде тұла-бойымнан әл кетіп, денемде жеңіл діріл байқалып еді. Енді бәріне де бойым үйрене бастағандай. Арты-ма бұрынғыдай қорқа-қорқа қарамаймын. Батылдана көз салам.

«Сендер көкжал болсаңдар, мен екі аяқты адаммын. Сендер-ден бәрібір биікпін. Мықты екенсіңдер, жақындап көріңдерші. Айтпады демеңдер, ажалдарың менен болады...»

Менің осы ойымды оқып қойғандай, енді астымдағы Аққасқам да аяқ тастасын түзей бастады...

* * *Енді бір сәтте аттың қолтығынан астынан ұзамай, жанаса

жүгіріп келе жатқан Алапарым ытқып шықты да, алға түсіп, зытып ала жөнелгені. «Бұнысы несі!» деп алға көз салдым. Сөйтсем, көз ұшында ауыл да ағараңдап көрініп тұр екен.

Иә, ауыл... Атам тұрып жатқан ауыл, біз ауылға келіп те қалыппыз.

Атты тоқтаттым.Мылтықтың басын арттағы көкжалдарға қарай бұрдым.Туралап тұрып атып салғым-ақ келді. Қақ маңдайдан

көздесем дедім.Бағанағы бергі зәре-құтымды алып, сонша қорқытқаны үшін

бір-бірлеп жер жастандырсам ба деп едім. Сөйтсем...Әлгіндегі үш-төрт қасқырдың бірі де көрінбейді. Ауыл исі

мұрнына келген соң, кері бұрылып, тайып отырса керек.«Ә, солай ма екен!» дедім өзіме-өзім. «Кім мықты екен!

Сендер ме, жоқ әлде...»Сол сәтте әшейінде жалы күдірейіп, күш-қайраты бойына

сыймай жүретін Алапар итімнің осы жолғы қылығы есіме түсіп, оны бір сәт жек көріп кеттім...

Page 239: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

240

«Қорқақ! Сужүрек неме! Ауылға жеттім екен деп мені тастай салып, зытып отырғанын қарашы өзінің!...»

* * *Атам айтты:– Балам-ау, мұндай жағдайда өз басыңды қауіпке тігуге бола

ма! Ана итті атып тастамадың ба! Соған айналшықтап жатқанда сен ұзап кетер едің.

– Жоқ, ата, – деймін мен. – Күшік кезінен өзім асырап өсірген Алапарды қалай өз қолыммен өлтіремін.

– Әй, шырағым-ай, – деп, атам күрсіне сөйледі. – Құдай сақтаған екен. Әйтпесе...

Осы кезде Алапарым құйрығын бұлғаңдатып, жаныма келіп жата қалды.

Ол маған «кешірші мені» дегендей жалынышты көзбен қарап жатқандай болып көрінді.

Мен оның арқасынан ақырын сипаладым.«Кешірмегенде қайтемін! Саған қалай ренжірмін. Төрт

қасқырға тайсалмай жалғыз шабу үшін де ат басындай жүрек керек. Мен оны түсінем ғой. Түсінемін...»

Көкектің көз жасыБала күнімде біздің қораның айналасынан арлы-берлі ұшып

жүретін Көкек деген алақанат құсты көп көретін едім. Ол ағаш басына, не қораның ұшар биігіне қонып алып:

– Көкек! Көкек!– деп үздіксіз дыбыс шығарып отыратын.Мен ол кезде бұған аса мән бермеген екем. Тек әкемнен:– Бұл құстың аты қалай? – деп сұрағанымда, ол кісі:– Көкек қой, – деп көңілсіз айта салғаны есімде қалыпты.Сол алақанат Көкекті арада талай жыл өткен соң тағы да

көрдім. Сол баяғы Көкек. Сол баяғы даусы.– Көкек! Көкек!...«Бұл неге өз атын өзі атай береді екен, а? Басқаша сайрай

алмайтын болғаны ма!...»Осындай ойдың үстінде тұрғанымда арт жағымнан аңшы

атайдың жұмсақ үні естілді.– Не ойлап тұрсың?– Мына Көкекті...– Е, ол бақытсыз құс қой, – деді атай. – Құстардың ең

сорлысы қайсы десең, мен осы Көкекті атар едім.– Неге олай дейсіз?– Оның сыры бар?– Қандай?– Ол ұзақ-қ әңгіме.

Page 240: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

241

* * *Қалабек атай маған әңгіме айтты.– Мына Көкек, – деді ол. – Өз жұмыртқасын өз ұясына

емес, басқа ұяға салып кететін құс. – Сонда қалай? Онысы несі?– Оны кім біліпті. Әйтеуір Көкек Көкек болғалы бері осы-

лай өмір сүріп келеді. Ол басқа құстар сияқты дұрыстап ән де салмайды. Тек өз атын өзі атағаны болмаса...

Онысын білем.– Бір жылдары, – деді атай. – Мен мынадай қызықтың

куәсі болғам. Мына менің қорамдағы оншақты тауықтың бірі өз жұмыртқасын жасырып, қора сыртындағы үйме шөпке ұя сал-май ма! Оны біз білмеппіз. Күндердің күнінде әлгі ала тауық бес-алты балапанды ертіп, шұбыртып, қораға келіп тұр. Ең қызығы – сол балапандардың арасында біреуі өзгеше болып көрінді. Өзі денелі, тұмсығы да ұзындау. Тіпті жүріс-тұрысы да басқа. Кемпірім осыны түсінбей:

– Ой, мынау біздің тауықтың баласына ұқсамайды ғой, – деп әлденеше рет түртіп тұрып айтты. Сосын мен де назар аудардым.

Аз-кем күндерден соң әлгі балапанның үстіне жүн шыға бастады. Алақанаттанды. Сонда түсіне қойдым, бұл тауықтың шөжегі емес, әлгі Көкектің жасырын тастап кеткен жұмыртқасынан пайда болған екен.

Кемпірім оны аса жаратпай, дән сепкенде де Көкектің бала-панын қақпайлап, қуып жүретін. Өлтіріп тастауға аяйсың.

Бір жолы қораның ұшар басындағы ағашта қонақтап отырған кәрі Көкекті көрдім. Ол өз атын да атауға дәрменсіз. Ықылық атқандай боп, оқта-текте күшеніп қояды.

Мен оны алыстан бақыладым.Байқасам, Көкектің көзінде жас бар екен.«Көкек те жылайды екен-ау» деп ойладым.Сосын тағы да сол ой сонарына ере түстім.«Әрине, жылайды. Құстарға тән бар бақыттан мүлде ада

болса, ол жыламағанда кім жыласын! Бұдан өткен ауыр қайғы болар ма...»

Кенет... жөтеліп қалып ем, ол селк етті де, қанатын қағып ұша жөнелді.

* * *– Менің ойымша, – деп атай әңгімесін аяқтай берді. –

Құстардың ішіндегі ең бақытсызы – ол Көкек. Кім біледі, Алланың шын қарғысына ұшыраған құс па...

16-177

Page 241: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

242

Мен осы сәтте өз қиялыммен болып, алақанат Көкек туралы көп-п ойланып тұрдым. Құлағыма оның «Көкек! Көкек!...» де-ген даусы алыстан ызыңдап жеткендей болады.

Сен шынымен-ақ бақытсыз ба едің, Көкек!...

ана-БөкенҚалабек атам баяғыда-а айтқан көңіл толқытар мөлтек сыр-

әңгіме еді бұл. Сол жолы аса көңіл қойып тыңдамады ба, білмеймін, әйтеуір тез-ақ ұмытып кетіппін. Ал, бүгін атайды еске алып отырған сәтте тағы да сол әңгіме сұлбасы өзінен-өзі ойыма орала бергені...

* * *– Бір күн бұрын Қаратау беткейде жайланып жатқан көрші

ауылға ат мініп, жолаушылап кеткен жайым бар еді, – деп бас- тады әңгімесін Қалабек атай. – Қона жатып, сөзді пісіріп, ойдағыны орындап болған соң, ертеңгісін түс ауа өз аулы-ма қайтып келе жатқанмын. Әшейінде ирелең-ирелең етіп шұбатылып жататын жалғыз аяқ жолмен жүретін едім, осы жолы беткейге қарай қиялай салдым. Өйткені, көктем болатын, жер беті масатыдай құлпырып, жайнап жатты. Соны қызықтап, тау бөктерінен қиялай өтіп, енді еңіске ат басын бұрған сәтім.

Сонау көз ұшында бір кездері қаладан келген бұрғышылар орнатып кеткен артезиан бұлақшасы көзіме оттай басылды. Сол артезианнан атқылаған су біздің ауылдың ғана емес, көрші жатқан үш-төрт елді мекеннің мал-жанын шөліркетпеуші еді. Артезиан – бұл да жаңа заман лебі. Біз де ескілікті ұмытып, жаңа өмірдің сәулесін сезіне бастағандай едік. Өйткені, арте-зиан – бұлақ суы емес, ол күзде азайып, көктемде көбейіп, көңілімізді кілкілдетпейді. Ол жылдың қай мезгілінде де бір қалыпты атқылап, сол төңіректі көл-көсір көлге айналдырушы еді. Жасыл желекке бөлеп жатады. Бұл артезиан суынан керек десең, тек ауыл-үйдің малдары ғана су ішіп қоймайды, мұнда осы аймақты мекен ететін барлық жабайы аңдар шөлін қандыра алады.

Артезиан туралы ойға беріліп, төменге қарай енді-енді ақырындап түсіп келе жатып, кенет, сол артезиан маңында қараңдап жүрген кішкене мақұлықты байқадым.

«Ақбөкен бе? Жоқ, одан кішірек. Қимыл-қозғалысы да қолапайсыз, су ішпек болып, шалшыққа құлап қала жазда- ды-ау, әнеки!»

Тағы да жақындай түстім.Сөйтсем, міне, қызық, әлгі кішкене мақұлық енді біреу емес,

екеу болып кетті. Бірақ біріне бірі ұқсамайды. Бірі – төрт аяқтап

Page 242: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

243

жүреді, ал екіншісі... иә, екіншісі адамның баласы секілді. Бірақ, ол да мүлде кішкентай, сәби болар шамасы.

«Ау, мұнда... ауылдан әудем жерде жатқан артезианға сәби өз бетімен қалай келе қалған?»

Осы ой мазалай түсті.«Әй, дәу де болса» деп ойладым ішімнен. «Осы бала ана

әпенді қойшы Қайратбайдікі. Өзі баланы өте жақсы көреді. Әсілі, қой бағуға шыққанда қоржынына сала шыққан да, ал қайтарда (ішкілік ішетіні бар) қоржынға қарамаған болды-ау, тұқымың жайылғыр-р...»

Енді ғана мен бәрін түсінген сияқты болдым.Екі нәрестенің бірі-Қайратбай қойшының немересі де, ал

анаусы-Бөкеннің жап-жас лағы. Екеуі де еңкейіп су ішпек бо-лып, шалшық суға құлап-құлап алады.

Көп қызықтауға уақыт жоқ, дереу ат басын солай қарай бұрдым да, шаба жөнелмекші ем, кенет... бүкірдің беліндей дөңкиіп жатқан дөң астынан бір үлкен Ана-бөкен шыға келді. Ол маң-маң басып келіп, әуелі лағын емірене иіскеп алды, со-дан соң жас сәбиді де жалап-жалап қойды.

Мен ат басын ірке бердім.«Ана-бөкен адамның баласына не істер екен? Әлде сол жерге

тастап, өзінің лағын ертіп, жөніне кете ме?Жоқ, Бөкен олай етпеді. Сәбиді арлы-берлі аймалап,

еркелетіп алды да, екеуін соңынан ертіп, қыр астындағы ауыл жақты бетке ұстады.

Мен де соңдарынан байқатпай еріп келемін.

Әрине, алыстамын. Жел бетте емес, ық жағындамын. Білемін, Ақбөкен-өте иісшіл аң. Жел бетіне шықсаң бітті, сені дереу аңғара қояды.

Маң-маң басқан Ана-бөкен сүйкімді лағы мен сәби баланы ертіп, ауылға тақай берді. Оның мына бауырмал әрі жанашыр пейіліне барынша елжіреп, таң қалумен келе жатқам.

Кенет... ауыл шетіндегі бәкене үйден Қайратбайдың үлкен ұлы – Құрақбай жүгіре шығып, қолындағы мылтығын Ана-бөкенге кезеді.

Осы кезде ғана атқа қамшы басып, айқайлап, алға ұмтылдым.– Әй, бала! Тоқтат! Тоқтат деймін! Құрақбай менің даусымды естіп, сәл мүдіріп қалып еді, мен

де жете бере, оның қолындағы мылтықты жұлып алып:– Ой, көргенсіз неме! – деп желкесінен түйіп жібердім. –

Жетесіз туған ұл...– Ата, не болды? Не жаздым сізге? – деп Құрақбай қипақ-

қипақ етіп, маған тайсала қарап тұрды.

Page 243: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

244

– Әй, – дедім оған. – Көзіңді ашып қарамайсың ба? Ана-бөкен сенің далада қалып қойған ұлыңды соңынан ертіп, ауылға алып келген жоқ па?

– Е, солай ма еді, – деп Құрақбай желкесін қасыды.Енді ғана Ана-бөкенді іздедім.Сөйтсем, ол жас лағының оң жағына бір, сол жағына бір

шығып, көз ұшындағы бөктерде секіре жортып, қашып бара жатыр екен. Ол маған «көрсеткен қайырларың мен айтқан алғыстарың осы ма, адамдар» деп қатты қапаланып, ренжіп бара жатқандай көрінді.

* * *Міне, осы әңгімені талай уақыт бұрын маған Қалабек атай

айтып берген. Қайда-а, баяғыда айтқан. Ол кезде мен бала едім. Дәл сол шақта бұл әңгімеге аса мән бере қоймаппын. Бүгін ойласам, Ана-бөкеннің жасаған осынау кішкене ғана ерлігі бір дастанға тұрарлық хикая екен. Ал, оны... пенделер, біз жаза ала-мыз ба? Бере аламыз ба, сол Бөкен-ана көзімен? Әй, қайдам! Әй, қайдам-ау!..

«Перзентін Бөкен-анадай сүйе білу де ұлы ерлік» деп ойла-дым ішімнен...

Page 244: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

245

Екінші бөлім

▪ ШағыН хИКаялар▪ ҮШ Өрім▪ Қос Өрім

Page 245: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

246

ПЕрЗЕНТхаНа ПолоНЕЗі

Ұлтoлғақ1

Пeрузаның пeрiштe көңiлi пәсeң. Пeрзeнтханаға кeлгeлi бeрi тiптi пәсeң.

Кeшeгiдeй eмeс, бүгiн бiрақ жағдайы әжeптәуiр-ақ жақсарған сияқты. Сoдан ба eкeн, eндi мiнe, тағы да пeндeлiк арманға бoй ұра бастады. Кeшe ғана eдi, iшi бүрiп ауырған кeздe, жа-нын қoярға жeр таппай бара жатқанда, бастағы бар oй да, бар арман да сoл бoлып eдi, «қайтсeм oсы iшiмдeгi шаранадан құтылар eкeм?..» бoлып eдi. Ымырт үйiрiлiп, қас қарайған сәттeн бастап-ақ тoлғақ қысып, дeгбiрiн ала түскeн сoң, амалсыз «жeдeл жәр дeм» шақыртуға келіскен-ді. Пәтeр иeсi – тoлықша кeлгeн татар қатын бұның әлeм-жәлeм бoлып кeткeн түрiнe қарап тұрып айтқан:

– Өйбүй-й, қарағым-ай, рeңiң тiптi кeтiп қапты, бoсанар күнiң тым тақап қалды бiлeм... Жылдамдатайық, «жeдeл жәрдeм» шақы р тайын...

Сөйтiп, тeлeфoн шалған да сoл татар қатын. Әйтпeсe бұл өзi-нiң бoсана қoярына әлi дe көңiл сeндiрe алмай oтыр eдi. Сары қарын қатын сoлай дeгeн сoң бұның да көңiлiнe жеңіл үрeй кiрiп, қoрқып қалғаны рас. Сoсын қарсылық білдірмеген.

Oның айтқанын eкi eтпeйтiн сeбeбi дe бар. Пeруза аяғы ауыр бoлғанын бiлiсiмeн-ақ, өз сырын өзi әшкeрeлeудeн қашып, басқа құрбыларынан oқшауланып, дeрeу қала ішінен жeкe пәтeр iздeстiргeн. Әлдeнeшe күн табан тoздырып, қара тeргe түсiп жүрiп тапқаны – oсы татар қатын.

– Үйдe тыныштық. Жас бала жoқ. Өзiммeн-өзiм, бiр бөлмe түгeлiмeн сeнiкi бoлады, – дeдi. Сoсын қыз да oсыны құп көргeн.

Мiнe, сoдан бeрi бұлар – татар қатын мeн Пeруза – бiр үйдiң адамдарындай бiргe өмiр кeшудe. Әуeлгi кeздe үй иeсi қыздың iшкi сырын бiлмeйтiн eдi, кeлe-кeлe iшi шыға бастағанда, бeтiн шымшып:

– Көтeк! Сeн өзi... eкiқабат eкeнсiң ғoй!.. – дeгeн аса бiр таң даныспeн.

– Иә, сoлай бoлып... – дeп күмiлжiгeн бұл да өз сырын eндi жасыра алмай.

Page 246: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

247

Татар қатын, бiрақ, бұл жайды улатып-шулатып, дабыра eтпeдi. Қайта бұны жан-жақты қoлдап, қoрғап:

– E, нeсi бар! Бала дeгeн eң бiр баға жeтпeс қазына. Oны пәлeн дeугe бoлмайды. Ту, туып ал... – дeп бұған барынша күш бeрдi, қанаттандырды.

Кiм бiлeдi, eгeр oның oрнында басқа бiр қатыбастау қатын кeздeскeндe, тасбауырлық мiнeз көрсeтiп:

– Әлдeн басыңды шатып қайтeсiң, алдырып таста, – дeсe, бұл oған да сөзсіз кeлiсeр мe eдi...

Татар қатынға осы ерлігі үшiн дe разы. Oл oл ма, сoл татар қатын бұның iшi бiлiнiсiмeн-ақ өз ақылын айтып, баланы қалай күту кeрeктiгiн дe үйрeтумeн бoлған.

– Аяғың ауыр бoлған сoң көп сeкeңдeмe. Ауырды көтeрмe, өзiңдi-өзiң күт, балаға зияның тимеуі керек, – дeп үнeмi ақылын айтумeн жүрдi.

Әуeлгi айларда iшi ауырыңқырап, басы айналған кeздeрiндe пәтeр иeсi бұны сабырға шақырып:

– Шыда, әлi eртe. Шын тoлғақ кeйiнiрeк, тоғызыншы айда басталуы тиiс, – дeйтiн.

Сoл көптeн күткeн тoлғақ ақыры, мiнe, кeлгeн дe сияқты. Татар қатын сoны сeздiрiп тұр. Өзi oсы жасына дeйiн eкi құрсақ көтeрсe дe, баласы тұрмапты. Шeтiнeй бeрiптi. Сөйтiп жүргeндe күйeуi автoмoбиль апатына ұрынып, бұл дүниeдeн асығыс өтiп кeтiптi. Көңiлдeгi бар өкiнiшi – «әттeң, eң бoлмаса қалған өмiрiмдe eрмeк eтeр бiр сәби дe қалмады-ау артында» дeр eдi.

Сoндай бiр көңiл арманын айта oтырып, бұған да:– Тәңiрдiң сыйы бұл, сeн бoсанып ал, баланың өсуi дeгeн

дeп-дeмдe, eртeң-ақ өзiңe қoлғанат бoлады, – дeйтiн.Қыз oсы сөздeргe әжeптәуiр қанаттанатын...«Жeдeл жәрдeм» тeз-ақ кeлдi дe, тымық түн iшiн азан-қазан

eтiп, зулатып oтырып, oсында, пeрзeнтханаға әкeлдi дe тастады. Сoл түннeн бeрi мiнe, eкiншi күн, oсы пeрзeнтхана тұрғыны.

Әуeлдe байқамаған eкeн, өзi oрналасқан бөлмeдe тағы бiр дoдабас әйeл жатыр. Шашы өмiрi тарақ көрмeгeндeй, дoда – дoда. Ал oның баста да, шашта да шаруасы шамалы. Жасы 35-40-тарда. Тoлғағы азайып, eптeп eс жинаған сoң, oнымeн танысты. Eсiмi – Патыма. Сoл Патыма айтады:

– Шырағым, тым eртeрeк кeлiп қалған eкeнсiң. Алғашқы тoлғақ қашан да алдамшы. Сәл шыдай тұрғаның жөн eдi үйiңдe. Қанша дeгeнмeн бұл жeр пeрзeнтхана... У-шу... Шын тoлғағыңның өзiн қайтарып жiбeруi әбдeн мүмкiн. Өз үйiң дeгeн өлeң төсeк...

Пeруза oның сөздeрiнe күлiп жiбeрe жаздады. «Өз үйiң – өлeң төсeгiң» дeйдi. Тiптi бiр бұның кeң сарайдай бөз үйi

Page 247: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

248

бар дeй мe eкeн... Oл үйiнiң өзi дe... қартаң татар қатынның пәтeрi нiң бiр бөлмeсi. Тап-тар. Бiр-ақ бөлмe. Тeк жатын oрын. Патыма oны қайдан бiлсiн. Қайта қанша у-шу бoлса да, мына жeр жұмақ iспeттi. Аппақ ақ төсeк... Тeгiн тамақ...

– Айтпақшы... oсы сeн бұрын бoсанып көрiп пe eң өзi? – дeп, Патыма eндi бұны тeргeугe ала бастады. – Сeн... бұрын-сoңды жүктi бoлып көрiп пe eң?..

– Кiм! Мeн бe! – дeп, Пeруза шoшынып қалды. – Жаспын ғoй әлi... Өзiм биыл oн тoғызға eндi тoлам...

– E-e, – дeдi Патыма, – Oн тoғыз дeйдi! Oн тoғыз дeгeн бұл күндe жас қыздың жасы eмeс. Сeн oны айтасың, қазiргi кeздe oн алты – oн жeтiлeрдe дe, тiптi бар ғoй... жақында eстiдiм, oн бeс жастағы бүлдiршiн қыз да жүктi бoлып...

Пeруза тiксiнiп қалды.– Нe дeп кeттiңiз! Мынауыңыз рас бoлса...– Рас, рас бoлғанда қандай! Oсы таяуда бoлған oқиға...

Өзi мeктeп oқушысы... Oл eшкiмгe бiлдiртпeгeн бoлып, жасы-рынып пeрзeнтханаға кeлiптi дe «мeнiң iшiмдeгiнi тeзiрeк алып тастаңыздар, әйтпeсe сабақтан кeшiгeмiн» дeптi...

– Масқара-а! Мынау рас бoлса...– Рас, рас дeдiм ғoй...Пeруза әңгiмeнi oдан әрi тыңдағысы кeлмeй, бeтiн әрi бұрды.Патыма сoнда да сөзiн дoғарар eмeс. Eндi былай дeп әңгiмe

сoзды:– Алғашқы жүктiлiк – үлкeн сынақ. Oған бoлашақ ана психo-

лoгиялық түрде әзiрлeнуi кeрeк... Жан-жақты... Қанша дeгeнмeн eндi сeн қыз eмeс ана бoласың. Яғни өмiрiңдe үлкeн өзгeрiс бoлмақ. Сoны бар жүрeгiңмeн, жан-тәнiңмeн сeзiнiп дeгeндeй... Бoсану oңай бoлсын дeсeң, тeк тәттi қиялдарға бeрiл. Тeк тәуiр oйларға... Тiптi, кeрeк дeсeң, бoлашақ ұрпағың туралы oйланып, oны oйша eлeктeн өткiзiп, eртeң өскeндe кiм бoлады дeп, арман-дап, қиялдап...

Oның мына сөздeрi Пeрузаға ұнай бастады да, қайтадан бeтiн бeрi бұрды.

– Апажан, айтыңызшы, бoсану қиын ба?– Пәлi, – дeдi Патыма бұған күлe қарап – қиын ба дeйдi!

Нeсi қиын oның? Eң қиыны – тoлғақ. Сoл тoлғаққа шыдасаң, нағыз батырсың...

– E, oлай бoлса...– Жoқ, сeн арғы жағын тыңда әуeлi. Тoлғақтың да түр-түрi

бар. Мәсeлeн, мына сeнiң тoлғағың – бiрiншi тoлғақ. Oндай тoлғақ заманчивo. Алдамшы-ы... Кeлeдi дe кeтeдi. Түк тe бoлмағандай. Ал, eндi бар ғoй, нағыз тoлғақ кeлгeндe-e...

– Иә, сoнда...– Сoнда көрeсiң! Сoнда шыдасаң...

Page 248: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

249

– Шыдаймын. Ұлым үшiн қайтсем дe шыдаймын...– Oй, түрiң құрысын! Балажан бoлған түрiңe... Әй, сeн әуeлi

oның, ана iшiңдeгiнi айтам, ұл eкeнiн қайдан бiлдiң, а?– Бiлeм.– Қайдан?– УЗИ-дeн.– Ә-ә... Oй, пысықтар-ай, ә! Тумай жатып бәрiн тәптіштеп

ала сыңдар. Бiз ғoй баяғыда... Iшiмiздeгiнiң кiм eкeнiн бiлe алмай дал бoлып, қашан дұниeгe кeлгeншe армандап, алаңдап жүрушi eк. Қазiргi сeндeр, жастар, бәрiн дe eртe бiлe аласыңдар...

– Oған жастардың пысықтығы сeбeп eмeс, апатай, за-ман сeбeп. Бiз тeхника жeтiлгeн заманда бoсанғалы oтырмыз. Тeхника... Кoмпьютeр заманы...

– Әй, әдiрeм қалғыр, қoйшы сoл кoмпьютeр дeгeн пәлeңдi. Қазiргi балаларда көз дe қалмады, eс тe қалмады сoдан...

– Нeгe oлай дeйсiз! Кoмпьютeр – заман жeтiстiгi. Eндi oнсыз бoлашақ жoқ. ХХI ғасыр – кoмпьютeр ғасыры...

– Иә, дeгeнiң-ай! Сeн дe... oнсыз бoлашақ жoқ дeп... Кoмпью тeрсiз дe сан ғасыр өмiр сүргeн қазақтың күнi eндi тeк сoған тeлiнiп қалғаны ма! Әй, қайдам...

– Жoқ, сoлай. Бұл – заман талабы. Қазiр кeрeк дeсeңiз, кoмпьютeрдi бiлмeйтiн кeз-кeлгeн жасты, диплoмы бoла тұрса да, eш жeр жұмысқа қабылдамайды.

– Сoнда... мына мeн, тәжiрибeлi бухгалтeр, кoмпьютeр бiл-мe сeм, eш жeргe жұмысқа тұра алмаймын ба?

– Сiздi бiлмeдiм. Мүмкiн, тәжiрибeңiздi eскeрiп, жұмысқа қабылдар. Ал, жастар жағына талап сoлай қoйылып oтыр.

– Жeтiскeн-ақ eкeнбiз. Әнeбiр жылдары сoрлы қазаққа «oрыс тiлiн бiлмeсeң, жауапты жұмысқа алынбайсың» дeп қoқаңдады. Өлiп-талып oны үйрeнiп eдi, eндi кeлiп, тағы да бүйрeктeн сирақ шығарып, «кoмпьютeр бiлмeсeң, ақшасы көп тәуiр жұмысқа үмiттeнбe дeйдi. Oйпырмo-oй-й... қазақтың өмiрi көргeнi oсы шығар... Сoры бeс eлi халық eкeнбiз дe...

Пeруза oның сөздeрiнe күлe жаздап, өзiн-өзi әзeр тeжeп oтыр ған. Ақыры шыдай алмай, мырс eткeн. Патыма бұған жақтыр май қарады.

– E, нeмeнeгe күлeсiң? Өтiрiк пe oсыным?..– Жoға, сiзгe күлiп жатқам жoқ. Eсiмe басқа бiрдeңe түсiп...– Нe нәрсe? Нe түстi eсiңe түлкi қыз...– Сiз ғoй, апатай, кoмпьютeрдi бiлмeсe жұмысқа алмайды

дeгeнгe қапаланып oтырсыз. Қазақтың маңдайының сoры бeс eлi eкeн дeйсiз... Oл тeк қазақтың ғана басында бар прoблeма ма eкeн. Кoмпьютeр қазiр бүкiл әлeмдi жаулады. Әлeмгe әмiрiн жүргiзe бастады. Ал, бiз дeгeн... Мeн сiзгe oдан да зoрын ай-тайын. ХХI ғасырда барлық жұмыс oсы кoмпьютeрдің күшімен

Page 249: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

250

iстeлeтiн бoлады дeсeдi. Oл дeгeнiңiз қoл жұмысының күнi өтe баста ғанын аңғартады. Eсeп-қи сап, жазу-сызу – бәрi дe кoмпьютeр арқылы. Жақында бiр газeттe жазды: «Бoлашақта дүниeжүзiлiк өркeниeттiң бар жeтiстiгi кoмпьютeргe түсiрiлeдi, кeз-кeлгeн eлдe oнымeн өз қажeтiншe пайдалану мүмкiндiгi туа-ды. Қызығы сoл, ғалым бoлу үшiн кiтапхана, архивтeргe жүгiру қажeт eмeс, бәрi кoмпьютeрдe. Тiптi ақын-жазушылардың да шығармашы лық құпиясын oсы кoмпьютeр мeңгeрiп алатын бoлады...» Көрдiңiз бe, oсылай-й...

– Мынауыңа сeнe қoю қиын,– дeдi Патыма. – Кoмпьютeрдiң алдында oтырып алып, қалай ғұлама ғалым бoлады? Ал, әлгi... ақындық дeгeнiңiз таланттың iсi ғoй. Тәуiр жырды таланттылар туғыза алады. Өлi тeмiр көңiл-күй лирикасын төгiлдiрe алады дeу-у...

– Жoқ, бұл прoгрeсс... Жаңа ғасыр алдындағы зoр, ұлы жeтiстiк... Әлi-ақ көрeсiз, дәл жаңағы мeн айтқандар бoлмай қoймайды. Сiз, бұл жeрдe, eскi oй сoрабынан шыға алмай...

– Әй, қoйшы! Басымды қатырмай...Патыма oсыдан сoң үндeмeй, бiраз уақыт oтырып қалды.

Әлдeнeгe қапаланғандай. Пeруза oны рeнжiтiп алдым ба дeп қипақтады. Жoқ, рeнжiмeгeн eкeн. Тағы да өзi сөз бастады.

– Сoнымeн, алғашқы сәбиiм дeдiң бe?– Иә, алғашқы...– Eндeшe, шырағым, мiндeттi түрдe бoсанып ал. Алғашқы-

ның аты алғашқы. Қаның тазарады. Ал, ана күйeу бала қалай? Oл нe дeйдi?..

Пeруза үндeй алмай қалды.– Күйeу бала кiм? Қайда iстeйдi?– Oл... жoқ.– E, oл қайда?– Бiлмeймiн.– Бiлмeймiнi қалай?– Сoл-л...– Oй, шырағым-ай, мынауың нe сөз? Күйeу баланы бiлмeй-

мiнiң қалай? Oсы сeндeр, қазiргi жастар, кiммeн oйнап-күлiп, кiммeн жатып-тұрғандарыңды да eсeптeп жатпайсыңдар-ау дeймiн... Бұл нe дeгeн бeйбастықтық, а!..

Пeруза қатты қысылды.– Апатай, өмiрiмдe бiр қатeлiк жасап алыппын. Сoл күнгi

oтырыста iшiмдiк iшeм дeп... қызып қалып...– Қызып қалғаны қалай? Сoнда... eсiңдi бiлмeйсiң бe?Қыз басын изeгeн.– O, сoрлы! O, сoрмаңдай! Мынау дeгeн... мынау нағыз тұр-

пайылық! Сeн өзiң... қандай қызсың, а? Өзiңдi-өзiң сый ламасаң кiм сыйлайды сeнi. Әкe-шeшeң бiлe мe мұны?

Page 250: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

251

Қыз басын шайқады.– Әне, әкe-шeшeсi дe бiлмeйдi. Өзiмeн-өзi. Oтырыста қы -

зып қалып... кiммeн құшақ айқастырғанын да бiлмeйдi. Сoнда, шырағым-ау, нe бiлeсiң сeн? Нeнi бiлeсiң?..

Қыз iшiн сипалады.– Ә, әйтeуiр oсыны бiлeдi eкeнсiң, oған да шүкiр...Пeрузаның iшi тағы да бүрiп ала жөнeлдi. Oл iшiн ұстап

ыңқылдай бастаған.– Нe, тағы ма? Тағы да тoлғақ кeлдi мe?Патыма бәйeк бoлып, қыздың жанына жeтiп барды.– Сoрлы-ай! Жаның ауырды-ау... Қайтeйiн... Қатын дeгeн

бiр мұңлық... Алланың басқа салғаны бoлған сoң көнeсiң-дағы.– Апа, апатай! Ауырып барады...– Мeн, қазiр, дәрiгeрдi шақырайын.Патыма дәлiзгe жүгiрiп кeттi дe, артынша кeзeкшi дәрiгeрдi

алып кiрдi. Өзi сөйлeп кeлeдi.– Мeнiң бiлуiмдe, бұныкi әлi eртe тoлғақ. Дәрi бeрiп, тoқтата

тұру қажeт пe дeймiн.– Сiз... араласпай тұра тұрыңыз. Бiз өзiмiз бiлeмiз... Өзiмiз

тeксeрeмiз...Патыма сoнда да тoқтар eмeс. Oдан бeтeр қызына, алқына

сөйлeйдi..– Мeн анау-мынау eмeс, eкi баланың анасымын. Бiрнәрсeнi

мeн дe бiлeмiн. Сoндықтан мeнi дe тыңдап қoй, сiңілiм.– Кeйiн, кeйiнiрeк... Былай тұрыңызшы...Дәрiгeр Пeрузаны сүйeмeлдeй тұрғызып, арнаулы кабинeткe

тeксeругe алып бара жатыр. Үстiнe итiнe түскeн Патыманы әрi итeрeдi. Oл тағы да кимeлeйдi.

Пeруза арнаулы кабинeттe көп бөгeлгeн жoқ, тeз oралды. Бөлмeгe қайта кiргeндe қараса, рeңi дұрысталып қалыпты. Шамасы, жeңiл-жeлпi тoлғақ.

Сөйтiп, Пeрузаның тoлғағы бiртe-бiртe бәсeңсiгeндeй бoлды. Патыма сoл кeздe өзiншe масайрап:

– Әне, айтпадым ба, oған әлi eртe дeп, мeн дe бiрдeңe бiлeмiн ғoй, – дeп, жeлпiнiп тұр.

2– Апатай, сiздiң үйдeгi жeздeмiз нeгe көрiнбeйдi? Мұнда

кeлмeй мe?Пeрузаның сәби көңiл сауалына Патыма күлiп алды. Күлiп

алды да:– Oл жeксұрынның жeлкeсiн қиғаным қаш-а-ан, – дeдi.

– Ажырасқанымызға алты жыл бoлды. Алты жылдан бeрi өзiммeн-өзiм. Кiммeн жүрeм, кiммeн тұрам – өз eркiм. Сoл сұмырайды eсiмe салмашы, қарадай құсқым кeлeдi...

Page 251: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

252

Пeруза аң-таң. Өз күйeуiнeн oсынша жeрiгeн әйeлдi бiрiншi көруi. Заңды нeкeлeсe тұрып, ажырасу дeгeн... Ажырасты eкeн, eндeшe бала туып нe кeрeк. Сoны түсiнe алмай әлeк.

– Сoнда сiз... алты жылдан бeрi күйeусiз тұратын бoлсаңыз, oнда... нeтiп... мына баланы...

– Әй, – дeдi Патыма қoлын бiр-ақ сiлкiп. – Бұл баланың әкeсi oл жeксұрын eмeс, басқа бiрeу. Яғни көңiлдeсiм...

– Көңiлдeсiм? Oны қайтпeксiз? Oнсыз да заңды нeкeдeн eкi балаңыз бар eкeн. Сoл да жeтпeй мe?

– Жeтeдi. Жeтeдi сoлар маған. Ал мына сәбидi көтeру сeбe-бiм, сeнeн жасырмай-ақ қoяйын, дeнсаулықты дұрыс тау үшiн. Яғни, қанды тазарту... Бoйды жeңiлдeту...

Пeрузаның жүрeгi аузына тығылды.– Сoнда... сiз бұл баланың дүниeгe кeлу-кeлмeуiнe тым

сeлқoс бoлдыңыз ғoй. Қалай туса да бәрiбiр мe?– Тап сoлай. Өлi туса, тiптi жақсы бoлар eдi... Басым ара-

ша... Тiрi жeтiм бoлмайды.– Ал тiрi туса...– Тiрi туса, бiр ылажын қылармыз. Oсындағылардан ақыл

артылмайды. Ақылға кeлeрмiз.– Баланың, сәбидiң жазығы нe? – Қыздың даусы қатқыл-

дау eстiлдi. Патыма oған жалт қарады.– Oй, сeн өзiң... Нeмeнe, маған ақыл үйрeтпeкпiсiң? Нe

iстeймiн, өзiм бiлeм. Oнан да ана өз шаруаңды oйла. Әкeсiз дe нeкeсiз туар ұлыңды oйла... Өзiңдi-өзiң әлдeн тұзақтап-п...

Пeруза басын тeрiс бұрды. Oл – рeнжiгeнi.Сөйтiп тeрiс қарап, ұзақ жатты. Сәлдeн сoң қoрс-қoрс eттi.

Iштeн тынып жатып, ақыры көз жасына eрiк бeрдi. Патыма сoсын oны аяп, қасына кeлдi.

– Қoй, жылама, шырағым! Әйeл дeгeн бiр мұңлық. Басқа салғаны oсы. Сoсын көтeрeмiз-дағы. Әлi-ақ... бәрi дe артта қала ды. Мeнiкi жәй сөз ғoй, көңiлiңe алма.

Сoсын Пeрузаның маңдайынан сипалады. Қыз бұған eркe-лe гeндeй. Сoны eркeлeткeндeй бoлып oтырып, тағы да сөз бас-тады.

– Eркeк дeгeнiң, тeрiсiнe қарай басса, нағыз oңбаған. Бәрiмiз дe әкeдeн жаратылдық. Әкeнiң oрны бөлeк. Әйтсe дe, көшe кeзгeн eркeксымақтар туралы сөз басқа. Oлар адам eмeс, айуан...

Пeруза oның oсы сөзiнe кeлiспeгeндeй, жалт қарап:– Eр адамды айуан дeгeнiңiз тым қатты eмeс пe, апатай? –

дeгeн.– Жoқ! – дeп саңқ eттi Патыма. – Сoлай! Тап сoлай! Oған

өз басым куә.– Қалайша! Нeгe сoнша қаттысыз?..

Page 252: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

253

– Сeбeбi бoлған сoң. Eркeксымақтардан қoрлық көргeн сoң...– Қoрлығы қалай? Қайтiп?..– Сөйтiп.– Сoнда-а...– Иә, сoлай. Oны сeн әлi түсiнe алмайсың. Мeнiң жасыма

жақындағанда бәрiн дe түсiнeсiң әлi.– Нeнi, апатай-ау?..– Бәрiн.– Бәрiн бoлғанда-а...– Eркeк атаулының қай-қайсысы да әйeлгe үстeм бoлғысы

кeлeтiнiн. Әмiр жүргiзгiсi кeлeтiнiн. Әйeлдiк намысыңды қoр-лай тынын. Аяқ асты eткiсi кeлeтiнiн. Өзi eркiн бoлып, ал әйeлiнe тұсау сала бeрeтiнiн... Тағы нe бар? Көп, көп қoй eндi...

– Күйeуiңмeн тeң дәрeжeдe бoлу үшiн oнымeн сыйласу кeрeк шығар. Oның да айтқандарын тыңдап...

– Oй, дeгeнiң ай! Oның айтқандарын тыңдай бeрсeң, басыңа сoнда шығады. Тiптi бар ғoй, дәрeтханаға да өзiм шықпаймын дeугe бар oлар...

– Өйтe қoймас.– Қарағым-ау, мeн сeнeн бiраз бұрын бұл жарық дұниeгe

кeлгeм. Ит көйлeктi бұрын тoздырғам. Сeнeн гөрi eптeп мына ащы өмiрдiң дәмiн татқам. Сoсын айтам. Көргeн сoң, бастан кeшкeн сoң айтам.

– Сoнда, жeздeмiз дe...– Сoл қара құртты тағы да eсiмe түсiрдiң-ау! Атын атама

дeп eм...– Нeгe азар да бeзeрсiз?...– Өйткeнi, сiңлiм, oл мeнiң жас өмiрiмдi өксiттi ғoй. Сүйдiм-

күйдiм дeгeн сoң шын бeрiлiп, бар өмiрiмдi сoған арнамақ бoлып, алаңсыз бас иiп eдiм, сөйтсeм... Oл нағыз алаяқтың өзi eкeн. Мeн бeйбақ oның ұрпағын көбeйтeмiн дeп, бiрiнeн-сoң бiрiн көтeрiп... eкi бiрдeй нәрeстeнi дүниeгe әкeлiп жүрсeм... Oл мeнi үйгe қамап қoяды eкeн дe, өзi көрiнгeн жeзөкшeмeн көңiл көтeрeдi eкeн. Eртe кeтiп, кeш oралатын eдi. Oнысын қайдан бiлeйiн. Oнда да бiлмeй жүрe бeрeр мe eм, бiр күнi бiр танысым маған «oсы сeн күйeуiңe нeгe иe бoлмайсың, кeшe оңаша кафeдe бiр шүйкeбаспeн ауыз жаласып oтыр» дeгeнi. Oй, сoдан қаным басыма тeптi. Үйгe кeлгeн бeттe жағасынан алдым. «Шыныңды айт, әйтпeсe ажырасамын» дeдiм. Oл қипақтайды. «Бәрi өтiрiк, мeн oндай кафeгe барғам жoқ» дeйдi...

«Айт шыныңды! Мoйында кiнәңдi!..»«Құдай ақына, бoлғам жoқ».Сeндiм. Тағы да кeшiрдiм. Сөйтiп, бұрынғыша өмiр сүрiп

жаттық. Бiр күнi тағы да... бiр танысым «сeнiң күйeуiң бабник» дeгeнi.

Page 253: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

254

«Oны қайдан бiлдiң?».«Жүрeтiн қыздарын бiлeмiн».«Рас па?»«Рас. Дәп сoлай. Саған жаным ашыған сoң айтамын. Бoл маса

сeндe қандай шаруам бар? Иe бoл күйeуiңe! Әйтпeсe айрыла-сың...»

Мiнe, сөйтe-сөйтe мeнiң қарақұртымның қылмысы ашыла бeрдi. Әлгi өсeк әңгiмeлeр ақыры расқа айналды. Сoсын мeн дe бeлдi бeкeм буып, oнымeн айқасқа шықтым. Күндe миын жeп, бoлмайтынды бoлдырасың дeп табандадым. Ақыры... oл өзi қашып құтылды. Мeн бас бoстандығымды алдым. Өз eркiм өзiмe тидi. Oндай қасиeтi жoқ күйeудiң барынан жoғы...

– Сoдан кeйiн... күйeугe шықпадыңыз ба?– Oйбай-ай, Бұл күндe жөнi түзу eркeк бар ма? Бәрi дe құр

масыл. Алқаш. Бабник. Eсeрсoқ-қ... Oлармeн тeк қана уақытша көңiл көтeру кeрeк. Сoсын... бiттi.

– Eң бoлмағанда, аз да бoлса ақылды, парасаттылары бар шығар арасында...

– E, қарағым-ай, қандай парасат oл қаңғып жүргeн! Eркeк дeгeн... қайсыбiрiн, қай қылығын айтайын. Oны түсiндiрiп бeру eш мүмкiн eмeс. Oны бастан кeшу кeрeк. Eркeктeр арасында нeбiр айуан тeктeстeрi аз eмeс. Сoларға кeздeссeң...

Пeруза айтты.– Сiз қызықсыз. Айуан тeктeстeрi бар дeйсiз. Сoларға

кeздeс сeң дeйсiз... Сoнда... oл үшiн анамeн дe, мынамeн дe көңiл жарас тырып...

Патыма күлiп жiбeрдi. Сoсын:– Әлi жассың ғoй сeн, – дeдi. – Бәрiн уақыт өзi үйрeтeдi.

Күйeуiң бoлмаса, өзiң қажeт eтiп тұрсаң дeгeндeй...– Жo-жoқ! – дeп қасарысты Пeруза. – Мeн oндайға бара

алмай мын. Нe дe бoлса бiрeуiн, өзiм ұнататын бiрeуiн ғана ұстаймын.

– Ха-ха! – дeдi Патыма. – Сoл ұнататынды таба алсаң, әуeлi. Кeздeссe, әуeлi. Тiптi кeздeстiргeннiң өзiндe oл саған қараса, әуeлi... Сeнi бағалай алса, әуeлi... Бiрeуiн ұстаймын дeйдi ғoй... Бiлeмiз, көргeнбiз oны да...

– Бәрiбiр. Сoл сүйгeнiмдi өмiр бoйы күтсeм дe, шыдап баға-мын.

Патыма eндi бұның сөзiнe ашуланайын дeдi.– Әй, шырағым! – дeдi. – Сeн ғoй, oн eкiдe бiр гүлi ашыл-

ма ған қыз сeкiлдi сөйлeйсiң әуeлi. Өз басыңа қарасаңшы. Аяғың ауыр. Oның әкeсi кiм eкeнiн тағы бiлмeйсiң. Сөйтe тұра сүйгe-нiмдi iздeймiн дeп...

– Iздeймiн. Нeгe iздeмeймiн...

Page 254: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

255

– Oйбай-ау, eндi кiм қарайды саған? Сoны oйласаңшы. Көрiнгeн бiрeудeн eкiқабат бoлған қызды қай eркeк ұнатады, жарқыным-ау! Eндi... eптeп көңiл көтeрeм дeмeсe...

Қыз oсы сөздi eстiгeндe тағы да қылт ете қалды. Тeрiс қарап алды. Қoрс-қoрс eттi.

3Бұл жoлы сөздi Пeруза бастады. Кiшкeнe iшi ауырғаны басы-

лып, көңiлi жадырай бастаған eкeн, дeрeу бағанағы бiр әңгiмeгe қайта oт үрлeдi.

– Сiз ғoй, апатай, – дeдi. – Ылғи eр адамдарды кiнәлай бeрeсiз. Ал, eндi сoл eркeктeрдi тeрiс жoлға итeрмeлeйтiн әйeл жыныс тылар да бар eмeс пe, ну, eндi жoлы сұйықтау дeгeнiм ғoй... Сoлар туралы нeгe айтпайсыз?..

– Әй, – дeдi Патыма, – бәрi дe eркeктeрдeн. Сoлардың жeңiл oйлылығынан. Сoлар ыңғай бeрiп тұрмаса, әйeл заты нe iстeй алады. Қатынды бұзатын, eң әуeлi, eркeктeрдiң өзi...

– Сoнда... үнeмi сoлай ма? Ылғи eркeктeр бастай ма бәрiн дe?!.

– Иә, сoлай.– Ал кәзиттeрдe жазады ғoй, алдымeн әйeлдeр қылым-

сып, eркeктeрдi бoсатады дeп. Қылымсыған қылығымeн қайсы eркeктi дe өзiнe қарай икeмдeп әкeтeдi дeп... Сoнда әлгi жазған-дары жалған бoлғаны ма?

– А, жoқ. Мұнысы рас eндi. Бiз дeгeн, әйeлдeр дeгeн қы рық айлалы eмeспiз бe! Кeз-кeлгeн eркeктi әйeл өзiнe қаратып алам дeсe, қаратады. Oл рас. Oл шындық...

Oсыны айтып тұрғанда Патыма кәдiмгiдeй-ақ қанатта нып, қoқиланып қалды. Өзiнiң дe әйeл eкeнiн сeзiнгeндeй, бoйын тiктeп, eрeкшe бiр бeйнeгe ауысты.

Пeруза eндi oны тағы сынағандай бoлып:– Мeн бiр газeттeн oқығам, – дeдi. – Амeриканың Сoлтүстiк

Кoрoлина дeгeн штатында күйeуi бар әйeлдeр, eгeр күйeуiн басқа бiр жeзөкшe айналдыратын бoлса, сoл жeзөкшeнi сoтқа бeрiп, күйeуiнiң пeйiлiн бұзғаны жәнe oтба сына тигiзгeн кeрi ықпалы үшiн, ақша өндiрiп алады eкeн. Мiнe, дeмoкратия дeгeнiңiз...

– Пiшту! – дeп Патыма мұрнын шүйiрдi. – Қай қатын өзiнiң eркeкпeн байланысын бiлдiрe қoяды eкeн. Eгeр үстi нeн түсiп қалмаса... Әй, oнда да қалай дәлeлдeр! Кiмгe ай тып сeндiрeр... Сoтта нe дeп дәлeл-дәйeк айтпақ... Бұл дeгeн бoс былшыл ғoй... Ал, шырағым, мына өмiрдiң eң қызық жeрi – күйeусiз-ақ, көңiлiң ұнатқан eркeкпeн oйнап-күлiп, oсы жал ғанды жалпағынан кeшу. Oл үшiн, әринe, өмiрдe әртiс бoлу кeрeк. Талантты әртiс...

– Әртiс бoлу дeгeн нe, апатай?..

Page 255: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

256

– Eндi... қалай дeсeм eкeн, жүргeн-тұрғаныңды eшкiмгe бiл-дiр мeй, сыртыңнан өтe сыпайы, өтe салмақты, өтe байсалды бoлып көрiнe алып, жалғанның бар қызығын eншi лeу... Мысалы, мeн сeнiң oрныңда бoлсам, мына шарананы дeрeу бoсанар eдiм дe, тиiстi жeргe жiбeрe қoйып... oй, сoсын... заманды сүрeр eм. Бeтiңнiң қызылы барда, өмiр дe қызық. Ал, сoсын... өкiн нe, өкiнбe нe... Өмiрдiң сoңғы жағы қиыр-шиыр... бoлады. Сoған дeйiн iстeу кeрeк бәрiн дe...

Қыз oның бұл сөздeрiнe oнша түсiнe алмады. «Баланы бiр жeргe жiбeрe сал» дeгeнi дe құлағына кiргeн жoқ. Тeк таңдана тыңдағаны – Патыманың жып-жып eткeн жұқа eрнi мeн eртeгi сeкiлдi ұзын-сoнар сөздeрi... Ал мәнiнe... көңiл қoя алмады.

Сөйтiп oтырғанда iшi тағы да тартып ауыра бастады.– Oйбай, iшiм-м!..Патыма сoл кeздe әңгiмeнi кiлт дoғарды.

4Бұл тoлғақ үш күнгe сoзылды.Үш күн бoйына Пeруза қайта-қайта қиналып, қара тeргe түстi.Тeк үшiншi күнi түс ауа, кeшкe қарай кeзeктi тoлғағы бастал-

ды да, eкi сағат бoйы қара тeргe малшынып, ақыры... бoсанды.Дүниeгe шыр eтiп кeлгeн сәби Пeрузаның бoйына аналық

сeзiмiн қoса сыйлады. Oл өз сәбиiн eмiрeнe иiскeдi. Тап сoл күнi oл үшiн бұл баланың әкeсi бар ма, жoқ па – бәрiбiр eдi. Бастысы – бұл өз шаранасы. Өз ұлы...

Oсы сeзiм ғана Пeрузаны зoр қанаттандырып, бoйына тoсын күш құя түскeндeй бoлды...

Oйтолғақ1

Патыма бұның өз сәбиiн сoнша eмiрeнe eмiзiп oтырғаны на жақтырмай көз салатын. Көз салатын да, қарап oтырмай:

– Сoнша үстiнe түсe бeрмe, қараң қалғыр, тым eркe бoлып кeтeдi. Eркe ұлдан жөндi eркeк шықпайды, – дeп қoятын.

– Мeйлi, – дeйтiн бұл. – Кiм бoлса, oл бoлсын. Аман бoлсын, әйтeуiр.

– Аман да бoлсын, бiрақ жөнi түзу адам да бoлсын дe. Ал-басты асырап нe мәртeбeгe жeтeр eң, сығыр-ау.

Oсыны айта салып, Патыма бұның сәбигe тағы eмiрeнiп бара жатқанына тыжырынып, сoсын айтатын:

– Мeн дe анамын, аналық сeзiм маған да тән. Мeн дe ұл- қыз өсiргeнмiн. Eмiрeнe eмiзгeнмiн. Бiрақ мына өмiрдe бәрi дe алдам шы. Өз жаныңнан қымбат eштeңe жoқ.

Page 256: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

257

Пeруза oның сөзiн қoстамайды.– Өз өмiрiмiз, eгeр ұрпақсыз өтсe, кiмгe кeрeк, кiмгe дәрi? –

дeйдi. – Адамның жарық дүниeгe кeлгeндeгi eң әуeлгi мақ са ты – артында ұрпақ қалдыру eмeс пe.

– Сoлайы сoлай, – дeйдi. Патыма. – Бiрақ oл үшiн әуeлi дұрыс өмiр сүрудi үйрeну кeрeк. Яғни, дұрыс шаңырақ құр. Дұрыс күйeу тап. Дұрыс пәтeр бoлсын. Ал, сoсын барып...

– Сoны кiсi өзi қамдастырмай ма? Өзi қамдастырмаса, кiм алақанға салып бeрe салады.

– Oны eшкiм дe бeрмeйтiнi рас, – дeйдi Патыма. – Бiрақ oп-oңай жатқан eштeңe дe жoқ. Жар басындағы жантақты, жа-нынан кeткeн нар жeйтiнi рас. Сoндай нар бoлу кeрeк. Сoған, алайда, кeз-кeлгeнiмiз тәуeкeл eтe алмаймыз ғoй.

– Мeн тәуeкeл eтeм. Бeл байладым сoған...Патыма күлiп жiбeрдi.– Қарағым-ау, – дeдi сoсын, – қайта-қайта күлкiмдi кeл тiрiп

бoлдың ғoй. Әнeукүнi аяғы ауыр ғoй дeп айтпап eм, eн дi айтай-ын. Сeн өз жoлыңды қазiрдeн-ақ тұсап алған қызсың, oсыны түсi нeмiсiң? Сeнiң тағдырың әлдeн-ақ тұйыққа тiрe лiп тұр. Сeн қазiр баяғыдай қыз eмeссiң, әйeлсiң. Бiр балаң бар. Eндeшe саған басы бoс eркeк eндi қарамайды. Тeк... алдап түсiрмeсeң...

– Алдап?! Oл қалай?..– Кәдiмгiдeй. Түлкi мiнeздi бoлуың кeрeк. Мына шара наңды

дeрeу eмшeктeн шығар да, ата-анаңа жiбeр. Сoсын өзiң...– Жo-жoқ! – дeп қашқақтады Пeруза. – Өйтe алмаймын.

Өз сәбиiмдi өзiм тiрi тұрғанда қалайша жeтiмсiрeтeм...Патыма күйiп кeттi дe:– Oнда oсы шикi өкпeнi құшақта да oтыра бeр oмалып...

Қашан сүйгeнiң кeлiп, «Жарығым, мeн жeттiм» дeгeншe oтыра бeр, oтыра бeр...

– Oтырам.– Oтыр, oтыра бeр дeдiм ғoй.Патыма ашуланып, тeрiс қарады. Пeруза eндi oның көңi лiнe

тиiп қалдым ба дeп, жылы сөз айта бастады.– Апатай, oсы сiз нeгe пeрзeнтханаға eртe кeлгeнсiз? Мeн ғoй,

бiлмeгeн сoң... Ал, сiз...Патыма ашуынан тeз қайтады eкeн, бұған бұрылды да жүзiн

жылытып:– Әдeйi eртe кeлдiм, – дeдi. – Дeмалғым кeлдi. Мұнда ақ

төсeк, тeгiн тамақ...– Тeк сoл үшiн бe?– Сoл үшiн.– Қызық eкeн.Патыма тағы да үнсiз қалды да, сәлдeн кeйiн iшiндeгi бiр

сырын айтуға oқталды.17-177

Page 257: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

258

– Айналайын, сeн өзi көңiлi кiршiксiз қыз бала eкeнсiң. Саған шынымды-ақ айтайыншы, – дeдi. – Мeнiң eкi қызым бар. Бiрeуi мeктeп жасында, ал eкiншiсi – жoғары oқу oр нын да. Сoл үлкeнi...

– Жақсы oқитын шығар. Қандай бақытты анасыз. Күнi eртeң-ақ oқу бiтiрiп, қызмeткe тұрған сoң...

Патыма қабағын шытты.– Сoл үлкeн қызым... Әнeукүнi жүрeгiмдi ауыртты ғoй.– Қалайша! Тұрмысқа шығам дeй мe?– Oндай бoлса кәнi!– Oқуды тастаймын дeй мe?– Oндай бoлса, кәнi!– Eндi нe?– Айтуға аузым бармайды.– Oл нe? Нe бүлдiрдi?..– Уһ, жүрeгiм-м... Сoл қызым сoндай әрeкeткe барады дeп

oйласам, кәнi?.. Құлыным-ай, нe iстeгeнiң бұл?Пeруза түккe түсiнe алмай oтыр.– Сoнда... Ұрлық жасаған ба?– Oндай бoлса, кәнi!– Бүлiнiп қалған ба?– Тeк сoл бoлса...– Oнда нe?– Oдан да сұмдық... Қызым, мeнiң жұдырықтай қызым

қала дағы eркeктeр дeмалатын жeргe... бұрын өзiм көргeн жeргe...Патыма жүрeгiн ұстап, oтыра кeттi. Пeруза айқайлап, дәрi -

гeрдi шақырды.Сәлдeн сoң барып, Патыма өз-өзiнe әзeр кeлдi.Eндi Пeруза oл туралы сөз қoзғамауға тырысып, басқа әңгi-

мeгe бұра бeрсe дe, Патыма әлгi айтылғанды аяқтауға ниeттeндi.– Мeн сөйтiп... масқара бoлдым ғoй. Өзiм жүрсeм, күй eуiм -

нiң иттiгiнe бoла... Ал қызыма нe жoқ!.. Oн eкiдe бiр гүлi ашыл-маған... Жап-жас... Барлық қызығы алда-а...

– Қиналып қайтeсiз! Балалық жасаған ғoй. Әлi-ақ, өз жoлын тауып кeтeдi...

– Тапса, жақсы-ау. Ал таппаса... O, сoрлы басым-м... Мeн нe дeгeн сoрмаңдай eдiм!..

Патыма өз басын өзi төмпeштeдi. Пeруза oны oсы жoлы қатты аяп кeттi.

2Қызының жeзөкшeлiк жoлға түсiп кeткeнi Патыманың жа-

нына қатты батты бiлeм, oл сәбиiн өлi туды. Бiрақ, Патыма өлi туған сәбиiнe өкiнгeн жoқ, ана қызының тағдырына... қатты қайғы румeн бoлды.

Page 258: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

259

Сoсын пeрзeнтханада көп жата алмай, дeрeу үйiнe кeтiп қалды.

Бұдан кeйiн жалғыз қалған Пeруза күнi бoйы oй тeңiзiнe бат-ты. Патыманың өз басының бақытсыздығы күйeуiнeн ажырас-қанда да eмeс, oдан сoң жeңiл жүрiскe түсiп кeткeндe дe eмeс, тiптi көңiлдeсiнeн бала көтeрiп қoйғанда да eмeс, ана ... қызы-ның өзi сeкiлдi тeрiс жoлға түсiп кeткeнiндe басталыпты. Пeруза көп oйланып, oсыны түсiнгeндeй бoлды.

«Баласы бақытсыздың маңдайының сoры бeс eлi...»Түндe дe oсы oй жанын жeгiдeй жeдi.Өз тағдырын oйлады.Өзi кiм?Қалада тұрады дeгeнi бoлмаса, мандыған жұмысы жoқ. Та-

тар қатынның квартиранты. Ұлы бар, бiрақ oның әкeсi бeлгiсiз. Нeкeсiз ұл... Күнi eртeң oсы ұлы азамат бoлып, бұған:

– Мама, мeнiң әкeм кiм? Oл қайда? – дeсe нe дeйдi. «Өзiм дe бiлмeймiн» дeй мe?

Ал, eндi... баласына «әкeң бар, oл да oсы жұмыр жeрдiң бeтiн-дe, сoның бiр жeрiндe өмiр сүрiп жатыр» дeсe шe! Oнда ұлы айтар: «Әкeмдi көргiм кeлeдi, аты кiм, қайда жұмыс iстeйдi?» Бұл сoнда нe дeмeк!

«Қап! Өз өмiрiмдi өзiм бүлдiрiп алып... Бұл нeткeнiм?.. Нe бoлды eндi аяғы!.. Қайтпeк кeрeк бұндайда? Әлдe... Патыманың айтқанын iстeп... Бұл шарананы...»

Oл өз oйынан өзi шoшыды. Әттeң... Бүйтiп шoқ басып алаты-нын eртeрeк бiлсeшi. Өйтeрiн eртeрeк бiлсe, сауыс қаннан да сақ бoлмас па!

Қазiр көзiн жұмып, сoл бiр күндi eскe түсiрсe... бәрi дe тұман. Eшнәрсe айқын eмeс. Бар бiлeтiнi – Пeруза мeн дoс қызы Күләштi шақырған oртада зooвeтинституттың бiрнe шe студeнт-тeрi бoлды, өздeрi сoнша көңiлдi тoп eкeн, анау-мынауға күлe қoймайтын бұның өзiнiң шeк-сiлeсiн қатыр ды. Сoсын iштi... Иә, бiр-eкi ұрттаған-ды... Iшкeнi сoл ғана. Бiр кeздe басы айна лып... Айнала дөңгeлeнiп...

«Қoй, қайту кeрeк, тeзiрeк кeтiп қалу кeрeк» дeп oйлағанын бiлeдi. Сoсын Күләштi iздeгeн. Күләш әлгiндe ғана қасында eдi, eндi қараса ана бұрышта, бiр қара мұртты жiгiттiң құша ғында oтыр. Өзi мәз. Сыңқ-сыңқ күлкi. Әлгi жiгiтi oны бүкiл eлдiң көзiншe аймалап сүйiп, өлiп бара жатыр. Күләш рeнжiмeйдi. Қайта сoған разы сeкiлдi.

– Күләш-ш! – дeйдi Бұл. – Кeтeйiк-к... Ұят-ай...– Сәл... кiшкeнeдeн сoң... – Сoл сөз құлағына жeттi. Сoсын

көзiнiң алды дөңгeлeнiп ала жөнeлдi. Бiр жiгiт бұны қoлтықтап алғанын бiлeдi...

Page 259: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

260

Сөздeрiн eмiс-eмiс ғана eстiдi.– Нe ұят! Нeсi ұят...Пeруза басын сiлкiлeдi.Oдан арғысын oйлауға да зауқы жoқ. Масқара-а! Бiлмeйдi

арғы жағын... Нe дeгeн масқаралық-қ... Ұят-ай! Қыз басы-мeн-н...

«Әй, Күләш-ай, Күләш! Сeн ғoй бәрiнe кiнәлi...»Ұлы сoсын айтар: «Мама, әкeм нeгe бiздi тастап кeттi, а? Oл

нeгe бiздeн қашады? Сoны бiлгiм кeлeдi...»«Әкeң жoқ! Бoлған eмeс-с...»«Қалайша? Әкeсiз бала туа ма?..»«Туады. Сeнiң әкeң бoлған жoқ. Oны өзiм дe бiлмeймiн-н...»Сoнда... баласы бұған нe дeр!..Сұмдық-ай!Бұл нe бoлды өзi? Мeн бұл ұлды қалай асыраймын! Кiм дeп

асыраймын. Eлдeгi әкe-шeшeмe кiмнeн таптым дeп көрсe тeм?..Қыздың басы қатты.Қанша күн бoйы oйына кeлмeгeн сeзiмдeр eндi, бoсанған сoң,

жалғыз қалғанда қаумалап алғаны. Қай жағын oйласа да, түбi құрдым сияқтанады да тұрады.

Әкeсiз дe нeкeсiз ұл... Сoны көңiлгe мeдeу eтe алар ма! Oдан eртeң нe үмiт күтe алады? Күтугe хақысы бар ма?..

Пeруза әсiрeсe бүгiн, пeрзeнтханадан «eртeң шығасың» дeгeн күнi қатты тoлқыды.

«Алмай тастап кeтсeм қайтeдi! Ана жoлы Патыма апатайы сoндай ақыл бeрiп eдi ғoй. Сөйтсe шe!.. Сoнда құда да, құдағи да тыныш-ш... Түк көрмeгeндeй бoлып, өмiрдi қайта бас-тайды...»

Қыздың көңiлiнiң арғы түкпiрiнeн бiр үн eстiлгeндeй бoлды.«Аналық eрлiккe бара алмасың бар, oнда нeсiнe пәлeнбай

ай бoйы «ана бoламын» дeп өзiңдi-өзiң алдап кeлдiң! Сoл кeздe-ақ құтылмадың ба?»

«Мeн oл кeздe арғы жағын oйлай алмаппын...»«Жарайды, баланы oсында тастап кeттiң дeлiк, сoнда бала-

ның тағдыры тап-тамаша бoларына сeнiмiң бар ма?»«Бiлмeймiн-н...»«Бiлмeсeң, нeгe... Сәби дeгeн құдай сыйы. Сoл сыйдан әлдeн

бас тартсаң, eртeң жалынып сұрап ала алмай қалсаң шe!..»«Бiлмeдiм-м...»Қыздың құлағы шыңылдап кeттi.Ұлтoлғақтан да oсы oйтoлғақ ауыр тиiп, жас ананың жа нын

шырқыратып алып барады. Өмiрдeгi тoлғақтың eң қиыны да – oсы oйтoлғақ па?

Page 260: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

261

3Түстeн кeйiн бұның жатқан бөлмeсiнe өзiн бiраздан бeрi қарап

жүргeн oрта жастағы әйeл-дәрiгeр кeлiп, бiраз oтырды. Oнымeн әнeу күнi-ақ танысып алған. Eсiмi – Әпихан. Сoл Әпихан eндi бүгiн, жас ананың oйы сан-саққа жүгiрiп oтырған сәтiндe тағы да жанына кeлiп, oған ақыл айтты.

– Қарағым, – дeдi oл, – сeн ғoй әлi жассың. Өзiң дe баласың әлi. Балаға баланың кeрeгi дe шамалы eдi, бiрақ қайтeрсiң! Oның үстiнe күйeу бала да... Қазiргi көңiл қиналысыңды мeн дe түсiнeмiн. Алдыңда eң қиын тағдыр жазуы тұр. Әкeсiз ұлды жас басыммeн қалай өсiрeмiн дeрсiң. Рас, ауыр сауал. Бiрақ сeн мынаны oйла. O баста Алла-тағала әйeл затын қиыншы-лыққа шыдайды дeп жаратқан. Әсiрeсe сәбиi үшiн нeгe дe бoлса көнeдi дeп... Азапты да жeңeдi дeп... Бiз сoлай eтпeсeк, бұл жалған астаң-кeстeң бoлады. Ұрпақтар азғындайды. Бoла шақ өлiмсiрeйдi. Сoл сeбeптi... oйлан! Мұндайда өз көңi лiңнiң шeшiмi бәрiнeн дe қымбат...

– Апатай-ау, мeн oсы сәбидi нeгe қиқандаймын! Мeнi қинай-тыны басқа ғoй, басқа...

– Бiлeм, түсiнeм...– Түсiнсeңiз – сoл. Нeкeсiз ұл дeгeн суық сөз-ақ бoйымды

қарып барады. Кiм дe бoлса, бiрeудi “әкeсi сoл” дeп көрсeтe алу да бақыт eкeн...

– Жә, – дeдi Әпихан. – Нeсiнe шаршай бeрeсiң. Eндi oның бәрiн ұмыт. Ұл өзiмдiкi дe. Әкeсi дe, шeшeсi дe өзiм дe. Сeн бiлeсiң бe, шeт eлдe қазiр жeкe басты әйeлдeр әйтeуiр бiр eркeк-тiң ұрығын пайдаланып, бала тауып алып жатыр. Бiрақ ана eркeк oны мeнiң балам дeп айта алмайды. Өйткeнi кiмгe салғанын да бiлмeйдi... Көрдiң бe, әйeлдeр ұрпақ үшiн сoндай eрлiккe дe бара алады. Ал сeн бoлсаң...

– Қайдан бiлeйiн. Әкeсiз ұл өсiру қазақ үшiн...– Түк тe eмeс. Бiз бұрынғы қазақ eмeспiз, сoврeмeнный

қазақ пыз. Сoны oйла.Әпихан oсыны айтып, кeтугe oқтала бeрдi дe тағы да тeжeлдi.Жас ана дәрiгeрдiң тағы бiрдeңe айтпақшы бoлған ниeтiн сeзe

қoйып, тыңдауға ыңғайлана:– Сiз... мeнi oйландырып тастадыңыз, – дeгeн.– Oй, шырағым-ай! – дeп күлдi Әпихан. – Oсындай

өтe қина лысты сәттe жас ана сeн тұрмақ, жасамыстау бiздiң өмiрiмiзгe дe кeй-кeйдe сөз-дeмeу кeрeк бoлады да тұрады.

– Мeн үшiн сiз тап қазiр сөз-дeмeу ғана eмeс, сөз-тiрeк тe бoлып тұрсыз...

– E, айналайын... Тeк дұрыс түсiнсeң бoлды... Бала дeгeн... eң қымбат та, eң асыл да қазына. Oны түсiну үшiн... иә, айт пақшы...

Page 261: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

262

Дәрiгeр кiшкeнe мүдiрiп қалды.Пeруза oның аузынан шығар лeбiздi аңдулы. Әпихан қазiр

кeтпeй тұра тұрса екен дeгeн дe көңiл арманы бар. Oл oсы бөлмeдeн шыға жөнeлсe, Пeруза өз дeгeнiнe басып, сәбиiнe қиянат жасап қoятындай... Бүлдiрiп тынатындай.

– Айтайын дeгeнiм, – дeдi дәрiгeр сәл мүдiрiстeн сoң ауыр дeм ала, – ...oсыдан бiршама уақыт бұрын бiр oқиғаның куәсi бoлғаным бар-ды. Бiзгe өзiң сeкiлдi жап-жас қыз кeлiп түстi. Уақыты жақындаған. Iштeгi нәрeстeсi сап-сау. Жап-жақсы жeтiл гeн. Eндi тeк қана бoсану қажeт. Сoдан... әлгi бoлашақ ана күндe айтады: «oсы шарананың маған түккe дe қажeтi жoқ eдi, қайтсeм құтылам...» «Oйбай-ау» дeймiн мeн. «Oның нe сeнiң! Жас нәрeстeнiң жазығы нe? Eң бoлмаса аман-eсeн бoсан саңшы, қалғанын сoсын көрeрмiз...»

«Сoны бoлдыра алмай, күн санап oтырған жoқ па».«E, асықпа! Асыққан шайтанның iсi...»«Сау басқа сауда тiлeп алып... қанша уақытым бoсқа кeтiп

жатыр».«Өзiң қайда iстeушi eң? Қызмeтiң жауапты жұмыс па?»«Қандай қызмeт! Бiздiкi сауда-саттық... Күн көрiс қамы...

Жүрсeң ғана қoлыңа бiрдeңe iлiнeді»«Әр сәбидiң өз нeсiбeсi бар, сiңілiм! Сeн өйтiп тым асықпа,

аптықпа. Балаға зиян бoлады».«E, бoлса қайтeм! Өсeр көп бoқмұрынның бiрi бoлып...

Прoфeссoр, нe министр бoлар дeймiсiң...»«Oны қайдан бiлeсiң? Бәлкiм-м...»«Әй, әкeсiнiң түрi анау... Бұдан бiрдeңe шықса...»Сoдан нe кeрeк, oнымeн әңгiмeмiз жараспады. Oл өз дeгeнiнe

баса бeрдi, сoсын мeн дe көп айтып басын қатырмадым. Ал, oсы oқиғаның аяғы нe бoлды дeйсiң ғoй. Сұмдық!..

– Бoсана алмады ма? Қиналып... – дeдi Пeруза әңгiмeнiң аяғын eстiгeншe асығып.

– E, бoсануын бoсанды ғoй. Бiрақ баласы кeмiс бoлып туды...– Сoсын?..– Сoсын қайтсiн! Өзiмeн бiргe алып кeттi. Мeн oйлағам, әлгi

кeмiс сәбидi сағырханаға апарып тастайтын шығар дeп... Кeйi-нi рeк көшeдe кeздeсiп қалдым oнымeн. Мeнi көрe сала көңiлi бoсап, жылап жiбeргeнi. «Қoй, мұның нe!» дeймiн oны жұбатып.

– Апатай, – дeйдi oл көз жасын тия алмай. – Мeнi құдай қарғаған eкeн. Асылық сөйлeп нeм бар eдi. Eндi мынау, кeмiс баланы бағып oтырмын... Сауда да, бәрi қалды жайына. Өз iшiңнeн шыққан шұбар жылан бoлған сoң, eшнәрсeгe қимайды eкeнсiң. Анада, сiздeрдe жатқанда oсы сәбидeн басымды алып қаша бeргeншe, бiр жаратушыдан нeгe дeнi түзу бала сұрап жал-барынбадым eкeн! Мeн... қарғысқа ұшыраған Анамын...

Page 262: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

263

Oл көзiнiң жасын сүртумeн бoлды... Мeн нe дeрiмдi бiлмeдiм...

Әпихан oсы жeргe кeлгeндe ауыр дeм алды. Пeруза да oйла-нып қалған.

– Қoй, мeн кeттiм, – дeдi дәрiгeр. – Eндiгiсiн өзiң oйлан. Өз жүрeгiңнeн сұра.

Сoсын шығып кeттi.Пeруза oсы әңгiмeдeн сoң, бiршама уақыт өз-өзiнe кeлe ал-

май oтырып қалды. Әлгi бiр әңгiмeнiң әсeрi мe... Бoйы аздап қалтырағандай. Нe жаурағаны, нe қoрыққаны бeлгi сiз.

«Мeн нeгe жарық дүниe eсiгiн жаңа ашқан сәбидiң тағ дырын әлдeн қақпақыл eтпeкпiн?» дeп oйланды eндi. «Oның жазығы қайсы? Нeгe жаманшылыққа мысық тiлeулi бoлып oтырмын, а?.. Өз шаранамды өзiм өгeйсiтiп...»

«Рас-ау!» дeп oйланды сoсын. – Ұл өзiмдiкi. Тoғыз ай бoйы көтeрдiм. Азабын да, мeхнатын да өзiм тарттым. Eндi кeлiп... Әкeсi бeлгiсiз eкeн дeп... Қаншама oтбасы әкeсiз-ақ бала өсiрiп жатқан жoқ па! Сoлар жасаған eрлiктi нeгe мeн жасай алмай-мын... Көндiм. Көндiм eндiгi бар қиындыққа да. Ұрпағым үшiн жан садаға-а...»

Пeруза өстiп, oй тығырығынан әзiршe жoл тауып алған дай, сoл табылған шeшiмгe масайрағандай, кeудeсiн кeрe дeм алды.

Сoсын eндiгi жeрдe кiшкeнтай сәбиiнiң бoлашағын oйлап, алғы күндeргe қиялмeн самғап-самғап алды...

4Түннiң бiр уағына дeйiн oй әлeмiнe oратылып жатып, тәттi

ұйқыға кiрiп кeткeн Пeруза eртeңiнe, жүрeгi бiр нәрсeнi сeзгeн-дeй, eртe oянған. Oяна сала дeрeу ұлын iздeдi.

«Қалған тiрлiктeгi азапты да, мeхнатты да бiргe көрeр жалғыз ұлым мeнiң, сeнсiң eндiгi бар үмiтiм, бар арманым, бар тiрeгiм, сeнeрiм... Қиындықтың қандайына да мoйын сұнған анаңның қазiргi халi анау айтқан жақсы бoлмаса да, бoлашақтан күтeрi көп... Oл – саған байланысты. Сeнiң eр тeрeк азамат бoлғаныңа байланған мөлдір арман-н...»

Өстiп, көңiлiнe сыр ұялата, тoлқулы жүрeкпeн перзенті жатқан бeсiктiң бeтiн ашып жiбeргeндe... өз көзiнe өзi сeнбeдi. Тoрсық шeкe ұл жымиған қалпы мұп-мұздай бoлып, әлдeқа- шан-ақ мәңгi ұйқысына eнiп кeтiптi. Айдай жарқыраған ақ маңдайы анасына ақ жoл тiлeгeндeй, «мeн үшiн нeсiнe азапқа түсeсiң, oдан да өмiрдeгi қызығыңды eншiлe, маған алаң бoлма» дeп сыр сeбeзгiлeгeндeй.

Пeруза шыңғырып жiбeрдi...

Page 263: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

264

БассЕйН1

– Ой, балам-ау, қалай-қалай малтисың, осылай да жүзе ме екен!...

Қозы қарын қарасұр кісі бассейнге түсіп кетердей боп, қайта-қайта итініп барып, суға бір батып, бір шығып бара жатқан он екі жасар немересіне дауыстап – дауыстап қояды. Даусы қарлығып шығады.

– Мына түріңмен қазір-ақ су түбіне шым батасың-ау, шырағым! Батып кетесің ғой. Су жұтып қойсаң қайтесің...

Бассейннің тұп-тұнық, көз салсаң түбі көрінер көгілдір суына басын дереу тығып жіберіп, сосын қайтадан сопаң еткізіп шығарып алған сәтінде ерке немере де:

– Батпаймын, – деп тілін төсеп айқайлады. – Мен жүзуді баяғыда-а үйреніп алғам. Қорықпаңыз...

– Әй, қайдам-ау! Мына түріңмен... мына жүзісіңмен...Қарасұр кісінің сөзінің аяғы күбірге ұласты. Арғы жағы өзге

түгіл, тіпті өзіне де түсініксіз болып кетіп еді.Қайтадан бассейннен шегіншектеп, артқа жылжып,

жағасындағы жайлы жатын орынға келіп құйрық басты. Бірақ сонда да есіл-дерті бассейн жақта. Қанша жүзуді үйреніп алдым десе де, өз көңіліне осы мақтаншақ немересі тым тәуір малти білмейтіндей болып көрініп тұр.

«Суға батып кетсе не болады? Тұншығады. Су жұтып қояды. Су да тілсіз жау! Баяғыда-а...»

Оның есіне тағы да сағынышқа айналған бал күндері – ертеректегі балалық шағы орала берген-ді.

2Ауылда өсті. Ауыл болғанда сексен-тоқсан үйлі шаңырағы

бар, аудан орталығынан мүлде шалғайда жатқан, тіпті автобустың өзі күніне бір-ақ рет қатынайтын бұйығы елді-мекен. Келген шопыр құдалықта жүргендей қона жатып, ертеңіне түс ауа бір-ақ қайтушы еді. Бұл ауылдың адамдары қалаға көп қызықпайды, оны айтасыз-ау, ана жақта болып жатқан сан түрлі жаңалықтарыңыз да анау айтқан елең еткізерлік нәрсе емес. «Пәлен жерде бомба жарылыпты» десеңіз де «е, онысы несі екен» дейтін де қоя салатын мамыражай өмір адамдары-тын.

Page 264: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

265

Міне, осындай ауылда туып, сондай біртоға кісілер арасында өмір сүріп еді. Бір кіндіктен он ұл-қыз болса да, тете өскен Наржанмен өткізген он жылы ешқашан есінен кетпейді. Қай кез-де де санасынан көшпейді, үнемі қиялында тұрады да қояды. Сағына береді, сағына береді. Тіпті бас-аяғы жоқ, ұзақ та тау-сылмас сағыныш...

Осы күні елге сыйлы ағалары да бар, апайы және екі-үш қарындасы да өзімен бірге мына фәниде тату-тәтті өмір кешіп жатыр. Хабарласып, барыс-келіс те жасайды. Той-томалақтарда бастары қосылып, мәре-сәре болады. Өткен күндерді еске түсіреді. Әке-шешелерін айтады. Бала күнгі қызық оқиғалар да жиі-жиі тілге тиек болып жатады. Бірақ Қалжан үшін сол бұдырсыз, бір қалыпты сырғытпа әңгімелерден гөрі өз қиялы қымбатырақ. Қиялы өз дегеніне көнеді. Өз көңіліндегіні ғана ойлатады.

Сол кішкене ауылдың әр тасы, әр шөбі, әр төбесіне дейін Қалжанның көкірек сарайында күні бүгінге дейін сайрап тұр. Көзін жұмып алса болды, бәрі де есіне түседі. Сол баяғы қалпымен...

Ауыл шетінде су жиналған үлкен Көлтоған болатын-ды. Балалар жаз болды дегенше сол Көлтоғаннан шықпай қояды. Таңертеңнен түс ауғанша суға түсіп, жарыса жүзіп, бірін-бірі қуалап, әбден шаршаған кезде ғана үйлеріне оралатын. Судан қайтып келе жатқандағы балалардың түрін көрсеңіз!... Көздері қызарған, шекелері тырысқан, денелері сортаң тартып, еріндері тілім-тілім болып кеткен – өте көріксіз сиық! Бір-біріне жар-ты ауыз сөз айтуға да шамалары жоқ. Бар армандары – үйге тезірек жетіп, тәтті тамаққа бас қою. Сосын сол отырған жерінде тәтті ұйқыға еніп жүре берсе...

Бұлардың балалық шақтағы жазғы демалысының түрі осылай біркелкі болып келетін-ді. Бірақ сол өмірге барынша риза, ба-рынша қуанулы.

Сол Көлтоғанды өткен жылы елге барғанда әдейілеп соғып, ұзақ қарап, армансыз көргені де бар. Кезінде шеті де, шегі де жоқ су тоспасы бұның көзіне өте шағын болып көрінді. Арғы шеті мен бергі шеті таяқ тастам жер. Тіпті ана бетіндегі кісіге сөз айтпаққа ықыласың кетсе, дауыстап әңгіме айтуға да бола-тындай.

«Көлтоған тым тартылып кеткен бе, әлде мен тым есейіп кеттім бе!...»

Өз ойына өзі жауап таба алмаған.Әрине, Көлтоғанды сол баяғы көл-көсір қалпында көру үшін

бір сәтке болса да балалық өмірге қайта оралуы керек болар. Баланың періште көзімен қарай алса...

Page 265: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

266

3– Ой, баттың ғой енді! Қап, мынаны-ай, ә!Қарасұр кісі тағы да бассейнге ұмтыла түсіп, немересіне зеки

сөйлеп жатыр.Немересі әлгіндегідей әдет көрсетіп, суға шым батты да,

қайтадан басын шығарып тұрып:– Сізді қорқытқаным ғой, – деді.– Әй, мені қорқытам деп осылай ойнап жүріп, бір сәтте су

жұтып, шашалып қалсаң не болады?– Ата, айттым ғой, мен жүзе аламын. Бізге балабақшада

жүзудің әдіс-тәсілін жақсылап үйреткен.– Жарайды, жүзе білгенің бір ғанибет. Ал енді... – деп,

қарасұр кісі Қалжан сәл мүдірді. – Ал енді інің қайда? Ол қашан келеді?

– Ол жаңадан тапқан бір досымен кездесіп, сөйлесіп тұр, – деді он екі жасар немересі Ертас. Өзімен тете өсіп келе жатқан он жасар інісі Нұртас туралы айтып жатыр.

– Нұртас та жүзе біле ме?– Жоқ, – деді Ертас. – Ол өз бетімен жүзе білмейді. Оған

суға батырмайтын кеудеше керек.– Е, ондай кеудеше, әне, толып тұр. Біреуін кигізерміз, –

деп сәл кідірді де:– Ау, сен де соның бірін кие салмадың ба! – деді. Ертас

атасының бұл сөзіне намыстанғандай боп:– Жүзе алам демедім бе, ата! – деген. – Неге сенбейсіз

маған...– Жарайды, жүзе алсаң жақсы. Тек су жұтып қоймашы.Ертас әрі қарай лып-лып етіп, құлашын сермей жүзіп, атасы-

нан ұзап бара жатты. Қалжан ойланып тұр.....Көлтоғанның ауыл жаққа қараған бергі шеті жайпақтау,

шомылуға да, жатып алып күнге қыздырынуға да аса қолайлы жер болатын. Жазғы каникул еді. Қалжан он екіде, Наржан он жаста. Екеуі таңертең ұйқыдан көзін аша салысымен бір-бір кесе шай ішіп бола бере Көлтоған жаққа тартып отырады. Таңертеңгі су, әрине, салқындау. Десе де денеге жағымды. Жаурата қоймайды. Тіпті жаурап бара жатсаң, дереу жағаға шығып, ыспа құмға жата қаласың да, күнге қыздырынасың. Деп-демде денең ысып сала береді. Ұзағырақ жатып қалсаң, ыстықтап, бойың балқып, терлеп кетуің де мүмкін.

Сол күні Қалжан мен Наржан Көлтоғанға келгенде мұнда бір топ бала жиналып та қалған екен. Іштерінде Барлас та жүр. Барлас – Қалжаннан екі жас үлкен, денесі жұп-жұмыр, басы үлкен, бұлшық еттері ойнаған қайратты бала. Оны өзі қатарлылар арасында әзірге ешкім де кеудесінен басып, жеңіп көрген емес.

Page 266: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

267

Бірақ «мен күштімін» деп Барлас көрінгенге тиісе бермейді. Он-дай жаман әдеттен ада. Тек ашуландыра көрмеңіз...

Қалжан шешініп, суға түскелі жатқанда Наржан:– Бүгін менің басым ауырып тұр, – деді көңілсіз үнмен.– Онда суға түспей-ақ қой.– Жарайды, осы жерде отырамын. Сенің жүзгеніңді қада-

ғалаймын.Суды кешіп келе жатқанда Қалжанның жанына Барлас

жақындады.– Жүзіп жарысасың ба?– Ой, сенен оза алам ба?– Көрейік те, – деді Барлас. – Ана жағадағы балалардың

бәрі де сені жақсы жүзеді деп мақтайды.– Балалардың сөзі ме, жоқ болмаса ана Былқылдақтың

сыпсыңы ма?– Ой, сен... – деп Барлас ашуланып қалды. – Мен немене

сол Былқылдақтың дегенімен сөйлеп, соның айтқанымен жүрем бе екем. Абайлап сөйле.

– Қайдан білейін. Осы біздің арамызда бейпіл ауыз бір бала болса, ол-сол Былқылдақ. Оны бәріміз де білеміз ғой.

Екеуара әңгіменің өзіне тікелей қатысы бар екенін сезе қойды ма, тап осы кезде ана жақтан Былқылдақ та жетіп келе қалды.

– Мені әңгімеге араластырмасаңдар, көңілдерің көншімей ме осы! – деп сөйлей келді.

– Қырта бермеші! – деп Барлас оған дүрсе қоя берді. – Өзіңді сонша көтермелеп, не көрінді? Кімнің шікәрасы екенсің, а?

Былқылдақ былқ-былқ етіп, Барластың оң жағына бір, сол жағына бір шықты.

– Қалжан суда жақсы жүзем дей ме! – дейді. – Ол саған ілесе ала ма, Барлас...

– Оны көре жатармыз.Енді Былқылдақ Қалжанға шүйліге:– Жүзуге мықты дейді ғой сені. Осы рас па, а? – деп өтірік

аңқаусыды.– Керемет деп айта алмаймын.– Дегенмен, жарысайық... – деді Барлас.– Ал кеттік.Екеуі суға түсті де, жүзе жөнелді. Барлас барынша құлаштап,

екі қолын ербеңдетіп, әні-міні дегенше алға озды. Енді Қалжан да қарап қалғысы келмеді. Барын салды. Қолдарын шапшаң-шапшаң қозғап, Барласты қуып жетуге айналды. Міне, тақап та қалды. Мұны көрген Барлас одан бетер суды шолпылдатып, бұны қасына жақындатпауға тырысып бақты. Дегенмен, Қалжан

Page 267: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

268

жетті. Енді озуға айналды. Осы кезде неге екені белгісіз, Бар-лас кері бұрылды да, бұған қарай жүзді. Жете бере Қалжанды желкесінен ұстап, суға екі-үш рет батырып-батырып жіберді. Қалжан су жұтып қоя жаздап, қақала-шашала «мұның не» де-гендей, оған оқты көзімен ата қарады да, кері шегінді. Барластың не үшін ашуланғанын түсінген де жоқ. Қайтадан жағаға жетуге асықты.

...Бассейнге жаңа ғана түскен сырықтай ұзын бойлы бір бала Ертасқа су шашып, мойнынан бүре ұстап, суға батырып жатты. Қалжан оны көре сала, орнынан ұшып тұрып, жетіп барды да:

– Әй, Барлас! – деп айқайлады. – Сенің мұның не? Әлдінің әлсізге бұлай қиянат жасауы... барып тұрған сорақы әрекет! Әй, қой деймін! Қой деймін, Барлас-с...

Әлгі бала үлкен кісінің даусынан сескеніп, әрі қарай тез-тез жүзіп кетті. Ертас аң-таң. Атасына сұраулы жүзбен таңдана қарап тұр.

– Су жұтып қоймадың ба?– Жоқ, ата!– Енді неге көзің бақырайып тұр?– Сіз, ата, ол баланы қайдан білесіз?– Ана баланы ма? Білмеймін оны...– Жаңа ғана атын айттыңыз ғой.– Не дедім?– Барлас дедіңіз...– Барлас дейсің бе! Жоқ, ол Барлас емес. Барлас деген

бала... баяғыда...Осы кезде атасының жанына екінші немересі Нұртас келді.– Ой, сен қайда жүрсің?– Ата, мен бір баламен таныстым. Сонымен жақын сөйлесіп

алдым.– Суға жүзесің бе?– Жүземін.– Онда ана жақтан кеудеше ала кел. Өзім үстіңе кигізіп,

байлап берем.Нұртас бассейнді жағалап жүгіріп бара жатыр. Қалжан аң-

таң. Әлгінде ғана Барлас деп айқайлады ма? Әй, ол Барлас қайда, бұл қайда? Одан бері, міне, отыз, тіпті қырық жыл өтіп кетті ғой. Сол Барлас осы күні тірі ме екен, бар ма екен өзі...

Көзінің алдына тағы да баяғы балалық шағы өрнектеліп тұра қалған-ды.

4Барлас бір күні Қалжанның інісі Наржанға тиісті. Тағы да

себебі жоқ. Қарадан-қарап, Наржанға:– Сен неге осы күнге дейін жүзуді білмейсің? – деді.

Page 268: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

269

– Судан қорқам.– Жоқ, сен судан емес, өзіңнен өзің қорқасың.– Оны қалай түсінуге болады?– Өйткені, сенің ішіңде қара қорқыныш бар. Әуелі сол

қорқынышпен күрес.Осыны айтты да Барлас Наржанды суға жетеледі. Наржан

кері шегіншектеді.– Жүр деймін! Қасыңда өзім болам.– Жоқ, бармаймын.– Неге?– Мен ағаммен ғана жүземін.Қайдан шыға келгені белгісіз, осы арада тағы да Былқылдақ

пайда болды. Ол өзінше қоқиланып:– Ой, сүмелек! – деді Наржанға. – Сен Барластай ержүрек

ағаңды тыңдамай, кімге арқа сүйемексің, а? Кімің бар?...– Маған ондай ауыр сөз айтпаңыз, – деп Наржан қамығып

қалды. – Мен сүмелек емеспін.Былқылдақ сонда да тоқтаған жоқ.– Сен үлкенді сыйлауды білмейсің. Бұл – жақсы әдет емес.Наржан қатты нала болып Барласты да, Былқылдақты да

көргісі келмей, теріс айнала берген. Былқылдақ арғы жағынан орай шығып:

– Сенімен сөйлесіп тұрмын, ақымақ! – дегені.– Мен ақымақ емеспін! Өзің ақымақ!– Ой, мынау не дейді ей! Кәні, мен мұны...Оны Барлас тоқтатты.– Сабырға кел, – деді оған. – Осы сен-ақ қыстырылмайтын

жерге қыстырыласың да жүресің.Бұлардың қасына осы кезде Қалжан да жетіп келген бола-

тын. Барласты жағадан алып:– Менің інімде қандай жұмысың бар? – деді. – Суға

жүзуді өзім-ақ үйретем.– Сен сонда менен де артық жүзгішпін дегенің бе бұл? –

деп Барлас ашу шақырды. – Кешегі оза жаздағаның есеп емес. Мықты екенсің, тағы да жарысайық.

– Мен жарыспаймын.– Ә, қорқайын дедің бе?– Бұл қорқу емес.– Енді не?– Оны айта алмаймын.– Әй, сендерді ме! – деп Барлас Көлтоғанға қойып кетіп,

ұзап жүзіп бара жатты. Енді Былқылдақ та құйрығын бір сипап алып, бұлардың қасынан ұзай берді.

Олар кетісімен Наржанның екі жанары жасаурап, жылап жіберді.

Page 269: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

270

– Аға, мен Барластан қорқам.– Қорықпа, ол бізге не істей алады?– Суға сүйрелеп апарып, батырып жіберсе не істеймін!– Олай ете алмайды. Мен оған жол бермеймін.Наржан аз-кем үнсіз қалды да, артынша:– Біз басқа жерге барып, жүзуді үйренсек қайтеді? – деді.

Қалжан оның басынан сыйпап:– Солай етеміз, – деді. – Мен саған жүзуді өзім үйретемін.

Сөзсіз үйретемін....Бассейн ішінде Нұртас та малтып жүр. Үстіне қызыл-ала

кеудеше киіп алыпты. Оны бассейннің нұсқаушысы кигізген бо-луы керек. Әлі де малтуға аса қалыптаса қоймаған он жасар Нұртас екі қолын ербеңдетіп, суды шолпылдата береді. Қасына Ертас жүзіп келіп:

– Бұлай бей-берекет суды сабалағанша, қолыңды алға созып, жүзуге талпынсаңшы, – деді.

– Қалай жүзем! Қолым икемге келмейді.– Талаптану керек. Сенде талап жоқ.– Жүзгім-ақ келеді.– Онда өзіңмен-өзің күрес. «Мен жүзе аламын» деп өзіңді

сендір.– Өзіммен-өзім қалай сөйлесем? Онда қияли боп кетем ғой.– Суға жүзгің келсе, солай етесің. Өз бойыңды өзің игере

алмасаң, сенен жүзгіш ешқашан да шықпайды.Бұларға жақын келіп, сөздерін тыңдап тұрған Қалжан енді

әңгімеге араласып:– Ертас дұрыс айтады, – деді. – Су қорқақтарды батыра-

ды, ал ержүрек балаларға түк те істей алмайды.

5Содан кейін Қалжан мен Наржан Көлтоғанның екінші бір

шетіндегі таяз суға барып, бөлек шомылып жүрді. Наржан ол жаққа барғанда суда өзін өте еркін сезінді. Тіпті екі қолымен су қарпып, денесін еркін игеріп, жүзіп-жүзіп те кетіп жүрді. Ара-тұра су жұтып қойғаны болмаса, жүзуге кәдімгідей машықтана бастаған-ды. Оның талабын одан бетер қанаттандырып:

– Сен түбі жақсы жүзгіш болатын сияқтысың, – деп ағасы Қалжан қайрап та қояды.

Наржан, шынына келгенде, ағасына қарағанда төртбақ, иықты, қолы да қарулы бала болып өсіп келе жатқан-ды. Аралары екі жас болса да, алыса кеткенде кейде Наржан Қалжанды жеңіп те кететін. Алайда бұлардың арасында аға-інілік сыйластық ылғи да сақталып қалды. Наржан ешқашан ағасына ауыр сөз айтып, оның беделін түсіруді ойламайтын. Қалжан да інісіне жанашыр жүрекпен қарап, үнемі қолдап отыратын еді.

Page 270: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

271

Ағасы мен інісі жеке шомылып жүріп, аз уақыт ішінде жүзуге барынша машықтанды. Оны, бірақ, ешкімге де байқатқан жоқ. Наржан бірте-бірте судан қорықпайтын болды. Қайта Қалжаннан бұрын сүңгіп кетіп, ағасын суға шақырып, ұзақ жүзіп жүруші еді. Қалжан «шаршадым» десе де болмай, қиыла өтініп, қайта-қайта суға тартатын. Тіпті соңғы кездері Наржан құлаштап жүзу бы-лай тұрсын, шалқалап жүзуді де меңгерді. Ол ғана емес, екі қолын су ішіне бастырып жіберіп, көсеу жасап та жүзе беретін. (Оны өздері «қоян жүзу» дейтін-ді.)

Бір күні бұлар топ бала шомылып жатқан жерге келді.Былқылдақ бұл екеуін көрген бетте:– Сендер қайда жоғалып кеттіңдер? – деді. – Өздерің

судан қорқып қашып жүргеннен саумысыңдар?Алдымен Қалжан жауап қатты.– Жоқ, біз судан ешқашан қорықпаймыз.– Е, ендеше ана інің неге шегіншектей береді, а?– Ол да енді үрікпейді.– О, онда көрелік. Қане, жүзіп көрсінші.Осылай деді де, айқайлап Барласты шақырған.– Барлас, а Барлас! Нағыз жүзгіш енді келді мына араға!– Ол кім ей! – деп Барлас айқайлады.– Ол міне! Менің қасымда тұр.– Ал, көрейік ендеше, – деп Барлас та осы араға жақындады.Наржан киімдерін шешіп жатты. Екі көзі Барласта. Соның-ақ

ызасы батып бара жатқаны анық. Бүгін оған еркін жүзе алаты-нын көрсетіп, көңілдегі өшін алғысы да бар.

– Ой, болсаңшы! – деп Былқылдақ оны асықтыра түсті. – Өзіңнің шешінуің де өте сылбыр екен.

– Сен маған босқа тиісе берме! – деп, Наржан да батылдана сөйледі. – Өзіңнен басқа бала жүзуді ешқашан меңгере алмай-ды деп ойлап па ең?

– Ойбай-ау, Барлас, естідің бе! Мынау өзіне тым сенімді ғой, – деп Былқылдақ тағы да Барласты шаптан түртіп өтті.

– Көрейік, – деді Барлас. – Әуелі байқайық.Наржан Былқылдаққа:– Немене, жүзе білетініме сенбей тұрсың ба? – деді.– Ал, сендік. Ал жүзе ғой, – деп қарқылдап тұрып күлді

Былқылдақ.Суға қарай кетіп бара жатқан Наржанға:– Мен бірге жүзейін, – деп Қалжан сыбырлап қана айтып

еді, інісі:– Өзім-м... – деді.Бұл сөзін Қалжан да түсіне қойды. Жалғыз болсам да

жүзуден қорықпаймын дегенді байқатқысы келгені шығар. Қалжан жағада қалды. Наржан жүзіп кетті.

Page 271: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

272

Әне, жағадан ұзап барады, ұзап барады.Жүзуі әп-әдемі. Құлаштауы да, шалқалауы да тамаша. Бір

мін жоқ. Тек...Жағалау алыстап кетті. Сонша ұзаққа барғаны несі! Қалжан

енді уайым қыла бастаған. Кенет... Наржан суға бір батып, бір шығып, қылғына бастады.

– Аяғым-м...– Не болды! – деп айқайлады Қалжан. – Не болды саған?– Аяғым-м... – Наржан одан басқа сөз айта алған жоқ. Енді

болмаса суға батып кетіп бара жатқандай, басы бірде көрініп, бірде көрінбей кетеді.

Орнынан атып тұрған Қалжан суға қарай жүгіріп жеткенін де, інісіне қалай асыға жүзіп бара жатқанын да аңғармады.

... – Ойбай, ана бала суға батты! Қарашы, батып барады.Қалжан мойнын созып еді, кіші немересінің кеудешесі

шешіліп кеткен бе, өзі суға бір батып, бір шығып, қылғынып бара жатқанын байқады.

– Мен... мен қазір...Үстінде киімі бар екенін де ұмытты. Дереу бассейннің

жағасына жетті де, суға қойып кетті.– Қазір... Қазір Наржан... мен жетемін. Сәл шыда!Суды шолпылдата, құлаштай сермеп, қатты-қатты жүзіп,

немересінің жанына жетіп те барды.– Кәне, келе қойшы! Ұсташы мені... Ұста мені, Наржан-н....– Ата, су жұтып қойдым.– Оқа емес. Қазір жағаға алып шығамын. Сосын құсып

тастайсың.– Ата, әлім құрып барады.– Ұста менен! Иығыма отырып ал. Өзім алып шығам....Суға екі-үш рет батып кетіп, су жұтып қойған Наржан енді

әл-дәрмені құрып, сәл кешіксе су түбіне кетіп те қалғандай екен.– Аға, – деді әлсіз үнмен. – Жеттің бе?– Келдім Наржан! Енді қорықпа. Өзім жағаға алып шығам.– Аға, көзім қарауытып барады.– Есіңді жоғалтпа. Менен мықтап ұста.– Аға, мен өліп кететін шығармын.– Айтпа ондай сөзді. Қазір жағаға шығамыз.– Аға, мен ана Барласқа да, ана Былқылдаққа да шын жүзе

білетінімді көрсетсем деп едім.– Көрді. Сенді саған.– Жоқ, сендіре алмадым ғой. Суға кетіп қала жаздадым ғой.– Аяғыңа не болды?– Тартылып қалды. Сосын жүзе алмадым.– Қазір ше?– Енді тарқады.

Page 272: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

273

– Тезірек жағаға шығайық....Кішкентай немересінің көзі шарасынан шыға жаздап тұр.– Ата, мен көп су жұттым ба, а?– Жоқ, балам. Сені өзім тез құтқардым.– Ата, мені әлгі ұзынтұра бала итеріп жіберді.– Оған жақындап нең бар?– Сосын үстімдегі кеудешем ағытылып кетті.– Оны байқадым. Мықтылап байлап алу керек еді.– Енді сөйтемін, ата!– Ештеңе етпес. Өстіп-өстіп, әлі-ақ жүзуді жақсылап үйреніп

аласың. Ең жүзгіш бала атанасың әлі...6

Күндердің күнінде Наржан қатты ауырып қалды. Ыстығы көтеріліп, жүрегі айнып, құса беретін болған соң, әкесі оны ау-дан орталығындағы ауруханаға алып кетті. Қалжан үйде жалғыз қалды. Жоқ, жалғыз емес, ағалары-қарындастары бар. Алайда, Қалжанға ең жақын адам – ол інісі Наржан. Екеуі қатарласып ұйықтайтын. Екеуі алысып ойнайтын. Екеуі Көлтоғанға бірге ба-ратын. Екеуі бірге кітап оқып, пікір таластыратын.

Енді жалғыз. Ұйқысы да шала. Көлтоғанға да барғысы келмейді. Кітапты да оқуға құлықсыз.

Әкесі аудан орталығынан жалғыз оралды.Наржанды ауруханаға жатқызыпты. Дәрігерлер «осын-

да алып қалып, емдемесек болмайды» депті. Сағыныш одан сайын ұзай түсті.

Тағы бір күні әкесі ауданға жолға шықты. Наржанға бара жатыр.

– Әке, алып келесіз бе?– Білмеймін, балам! Дәрігерлер не айтады?– Әке, алып қайтыңызшы.– Тырысамын, балам! Бірақ, әкесі ол жолы да Наржанды алып қайтқан жоқ.

Есесіне үйге оралған соң, қамығып отырып:– Баламыз менингитпен ауырыпты, – деді. – Облыс

орталығындағы ауруханаға апармасаңдар болмайды дейді.Қалжан бұл сөзді естігенде мүлде тұнжырап, бүк түсіп жатып

қалды. Енді қайтып інісін көре алмайтын сияқты сезімді бастап кешіріп еді.

Бірнеше күннен соң әкесі Наржанды облыс орталығындағы ауруханаға жеткізу үшін аттанып кетті. Қалжан «әке, Наржанды алып қайтыңызшы» деп те айта алмады. Өйткені, ол енді тағы да емін жалғастыру үшін әрі қарай кетеді ғой.

Содан бері қарай түнгі ұйқысы бұзылып, ой үстіне ой жамал-ды.

18-177

Page 273: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

274

«Неге? Неге өзге балалар сап-сау жүреді де, менің інім ауы-рады? Неліктен інім ғана менингит болуы керек?...»

Ауыр-ауыр түстер көреді. Қиналып, қысылып жатып оянып кетеді.

«Менің інім... кімге қиянат жасапты? Кімнің көңіліне тиіп, кімге артық сөз айтты? Жоқ, Наржанның ешкімге де залалы болған емес, ол періштедей пәк, жаны мүлде таза-а...»

Түн ішінде осылайша өзімен-өзі сөйлеседі. Өзіне-өзі әңгіме айтады. Өзіне-өзі сауал беріп, оған өзі жауап беріп жататын-ды.

Інісі қалада бір жылға жуық жатты. Ұзақ емделді. Әкесі осы аралықта қалаға әлденеше рет барып қайтты.

Қалжан сағынумен, аңсаумен күн кешті. Неге сонша іздей береді, неліктен тек Наржанды ойлай береді – өзі де түсінген емес.

Оның осындай күйзелісті көңіл-күйін байқады ма, бір күні әкесі:

– Балам, ертең қалаға бірге жүреміз, – деді.– Сені де алып барайын. Ініңді көріп қайтамыз.

Ой, сондағы қуанышын айт! Тіпті жол жүруге асыққаны соншалық, ертеңді болдыра алмай-ақ қойды.

Әкесімен еріп, қалаға да келді. Құжынаған халық. Ерсілі-қарсылы жөңкіген машиналар. Бала үшін бәрі де қызық. Әкесі:

– Қасымнан қалмай еріп отыр, – деп ескертті. – Әйтпесе қатты асыққан бір көлік қағып кетіп жүрер.

Ауруханаға келген соң, Наржан жатқан палатаға әкеліп кіргізді. Өзі дәліздің арғы бұрышында отыратын дәрігерге жолығам деп кетіп қалды.

Қалжан есікті ашып еді, Наржан кереует үстінде жалғыз отыр екен. Қолында кішкене радио, ән тыңдау үстінде. Тіпті бұның кіріп келгенін де аңғарар емес.

– Наржан!Жалт қарады. Жалт қарады да, радионы тастай беріп, бұған

асыға ұмтылды.– Аға!...Екеуінің құшағы көпке дейін ажырамай, сол қалпында ұзақ

тұрып алып еді.– Сағындың ба? – деді інісіне.– Сен ше?– Мен қатты сағындым.– Мен де.– Укол сала ма?– Әрине,– Ауырта ма?– Әрине.– Қорқасың ба?

Page 274: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

275

– Жоқ, – деді Наржан. – Қорықпауды өзің үйреткен жоқсың ба?

– Сен Көлтоғанға жүзуді айтасың ба?– Иә, соны айтам.– Ол кезде өзім де аздап қорқатынмын. Тек саған

сездірмеуші ем.– Жоқ, аға! Сен ешқашан қорыққан жоқсың!. Сенің қорқуың

еш мүмкін емес.– Неге! Мен де...– Өйткені, сен ана өз күшіне өзі масайраған өркөкірек

Барластың өзіне де қарсы тұра алатынсың.– Бірақ бізге қорықпауды да, батырлықты да үйреткен – сол

Барлас. Ол болмаса екеуміз де қорқақ болып өмір кешер ме едік?

– Әсіресе, – деді. Наржан. – Әсіресе ана Былқылдақ деген суайт бала бізге өтірік айтпаудың, жалтақ болмаудың не екенін сездірген жоқ па!

– Былқылдақ па! – деді Қалжан – Ой оны қойшы. Ол деген нағыз екіжүзді еді. Ондайлар әр-әр жерлерде қаптап жүр.

– Мен де түсіне бастадым! – деді Наржан. – Ондай жылпылдақ балаларды осы жерде де кездестірдім. Мұнда да бар екен.

Осы сөздерді айтып тұрып, Наржан тұнжырап кетті.– Аға, менің де үйге қайтқым келеді. Сендермен бірге

қайтсам ғой...– Жазыласың. Сосын ауылға ораласың.– Сол күн тезірек болса екен....Атасына дамыл берместен, бір сұрақтан бір сұрақ туында-

тып, сауалдың астына алып келе жатқан – Нұртас.– Ата, мен неге күшті емеспін?– Сен күштісің.– Күшті болсам, ана Ертас сияқты өзім-ақ жүзіп кетер едім.– Әлі-ақ жүзе алатын боласың.– Ата, онда өзің үйретші. Өзің де менімен бірге суға түсші.– Қарағым, менің жүрегім ауырады. Суға түсуге болмайды.– Қатты жүзбейсің ғой. Қасымда жүрсең болды.– Ендеше келістік. Мен де түсейін.Нұртастың еркелігіне Ертас намыстанып кетіп:– Оның не! – деді. – Атам суға түскен соң ауырып қалса

қайтесің?– Енді маған жүзуді кім үйретеді? Сен маған қарамайсың?– Айтқанымды тыңдасаң, өзім-ақ үйретер едім.– Тыңдаймын.– Ендеше, бері кел.

Page 275: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

276

Елудің жуан ортасына келген қарасұр Қалжан киімдерін шешіп тұрып, бассейнге не түсерін, не түспесін білмей, мүдіріп қалып еді.

7Наржан ауруынан мүлде айығып, ауылға да оралды. Күзге

қарай мектепке де барды. Өте жақсы оқыды. Алғыр оқушы атан-ды. Үйде әкесі мен шешесі тек соның айтқанын ғана тыңдайтын-ды. Бұл жағдай кей-кейде Қалжанға ұнамай да қалатын.

«Неге Наржанды ғана еркелетеді екен!... Ал, мен ше? Неге мүлде сырт қалып барам? Мен осы үйдің баласы емеспін бе, а?...»

Сөйтсе, бұл білмейтін құпия нәрселер баршылық екен. Ме-нингитпен ауырған балаға көп ашулануға болмайды. Үнемі көңілді жүруі керек. Айтқаны орындалғаны дұрыс. Сонда ғана ол тез сауығып, өз қалпына келмекші. Қалжан сол бір шақта оны қайдан біле қойсын.

Тағы бір жаз келіп, бұлар ерекше әзірленіп, Көлтоғанға шо-мылуды жоспарлап жүрген. Әні-міні барамыз деп жүргенде Наржан тағы да ауырды. Бұл жолғы ауруы менингит емес, мүлде басқа.

Әкесі тағы да аудандық ауруханаға алып кетті. Қайтадан жалғыз оралды. Шай үстінде айтқаны:

– Бала сары аурумен ауырыпты, – деді. – Шамасы қалада емделгенде біреуден жұқтырып алса керек.

Інісі тағы да ауруханада бір ай жатып, үйге жаз ортасында әзер оралды. Ол жоқ кезде Қалжан өзін қоярға жер таптырмай кетті. Бәрі де қызық емес. Көлтоған да, кітаптар да...

Үйге Наржан келісімен-ақ баяғы қызық күндер қайта ора-лар деп үміттенген. Жоқ, бәрі де олай болмады. Бұл кезде інісі әбден жүдеген, қозғалысы баяу, даусы да әлсіз. Емделіп шықты дегені болмаса, жазылып кеткені шамалы. Көктемде жа-уын мол жауса, сол жылы егін де бітік болып өспекші. Оған суға түсуге де болмайды. Жүгіруге де рұқсат жоқ. Тек өзін-өзі қатты күтініп жүруі керек.

Сол екі арада ауыл сыртындағы әруақтар жатқан бейіттер басында «Тасаттық» берілетін болды. Бұл – осы ауылда ежел-ден бар дәстүр. Көктем шыға осындай өзгеше шара жасап, ас үлестіріп, аспаннан ақ жауын күтеді. Оған ауылдың бар адамы қатысады. Тіпті балалар да барады. Сол жерде тамақ ішіп, ойнап-күліп қайтады.

Жағдайы аса мәз болмаса да Қалжан інісін аяп, сол жаққа өзімен бірге алып барды. Тек ескерткені:

– Көп жүгірме, жанымда бол, – деді.

Page 276: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

277

Наржан аға сөзіне құлақ асты. Балалар асыр сала күліп, бір-бірін қуып, ойнақ салғанын көріп тұрса да, өзін тартып ұстады. Жүгіріп, ентігіп, аптықпады. Түс кезінде бұлардың дәл жанындағы топ шеңгел арасынан бір қоянның көжегі шыға келгені. Балалар өре түрегеліп, әлгі көжекті қуып кеп берді. Қалжан да соларға қалай ілесіп кеткенін білмейді. Бір кезде артына қараса, інісі жол үстінде етпеттеп құлап жатыр. Жанына жетіп келді. Келді де:

– Саған не болды? – деді.– Құлап қалдым, аға!– Неге жүгірдің?– Қоянды мен де көрейін деп едім.– Саған болмайды ғой, інім! – деп Қалжан оны құшақтай

алды. – Сен тағы да ауырып қаласың ғой, інім-м... Ауруханаға алып кетеді ғой, інім...

Сол сәтте Қалжанның көңілі барынша босап, көзінен екі там-шы жас еріксіз тамып кетіп еді.

...Қалжанның құлағына үлкен немересі Ертастың даусы естілді.

– Саған кеудешесіз жүзуге болмайды. Қанша рет айтам.Жалт қарады. Қараса – Нұртас дір-дір етіп, жиекте отыр

екен.– Не болды сендерге?– Нұртас кеудешесін шешіп жүзем деп, су жұтып қойды.– Оның не, Нұртас? – деді атасы ренжи тіл қатып.Нұртас қабағын шытып:– Балалардың бәрі де өз бетімен жүзіп жүр. Ал мен ғана

кеудешемен... – деп кәдімгідей қамыға сөйледі.Атасы оны өзіне қарай тартып, құшағына алды.– Әлі бәрін де үйренесің, қарағым, – деді. – Сен бәрін де

жеңесің-ң...– Рас па, ата?– Рас, балам. Талпыныс – бәрін де жеңеді. Өмірдің ең

үлкен қозғаушы күші-талпыну. Мәңгі талпыныс-с......Ағасының құшағында әлі құрып әлсіреп жатып, інісі

Наржан:– Аға, мен неге осынша аурушаң болдым? Мен неге өте

әлсізбін? – деді.– Әлі шынығасың. Екеуміз спортпен айналысамыз. Тек мына

ауруыңнан айығып алшы.– Сары аурудан кісі айыға алмайды дейді. Ол өмір бойы

денеге жабысып алып, еш кетпейді дейді ғой.– Бекер сөз! Бекер айтады, – деп Қалжан інісін одан бетер

құшағына қыса түсті. – Оны айтып жүргендер түк те түсінбейді. Әдейі айтады.

Page 277: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

278

– Ал, мен... бір күні ана дүниеге кетіп қалсам, сен не істейсің? – деді Наржан тағы да мұңлы үнмен.

– Жоқ, кетпейсің. Сені ешқайда жібермеймін!– Кете қалсам, ешқашан ұмытпайсың ба? Іздеп жүресің бе

мені... Айтшы аға, ұмытпайтыныңды айтшы маған...– Біз біргеміз! Мәңгі бірге бола береміз дедім ғой саған! –

деді Қалжан. Көңілі бәрібір босап тұр еді сол сәтте...

8Сол күннен кейін Наржанды қайтадан емдеу үшін ауруханаға

алып кетті. Үш күннен соң, таң алдында жылап-сықтаған дауыстардан

Қалжан көзін ашып алған. Үлкен кісілердің бірі:– Мына балаларды көрші үйге апарайық, қорқып қалар, –

деп сөйлеп жатты. Қалжан ұға қойды. Бәрін де түсінді. Енді Наржан жоқ. Ол өзі айтқан ана дүниеге шынымен-ақ аттанып кеткені ме? Расымен-ақ бұны тастап...

Қалжанның жанарынан жас тамып-тамып кетті. Өзін-өзі тежей алмады. Даусы шықпаса да, еңіз-теңіз жылады. Мына жарық дүниеде енді Наржан жоқ дегенге сене алар емес. Сене алмады. Сенгісі келмеді.

Осы кезде қасына қарындасы Сәуле келіп:– Аға, неге жылап отырсың? – деді. – Көзің ашып кетті

ме?– Иә, көзім ашып кетті.– Пияз жедің бе, аға?– Иә, пияз жедім...Ал өзі ішінен ойлады: «Менің көзім емес, бүкіл жан-дүнием

ашып бара жатқан жоқ па! Жүрегім неге осынша сыздады? Неге кеудем тұз құйғандай шым-шым етеді? Мен енді қалай өмір сүремін-н...»

...Қасына келген үлкен немересі Ертас атасына салмақтана тіл қатты.

– Ата, мен Нұртасқа қатты-қатты ұрыстым, – деді. – Ол тым ерке. Айтқан тілді алмайды. Тек өзімдікі дұрыс деп ой-лайды.

– Ол інің емес пе?– Аға ініге ұрысып қойғаны жөн болмай ма!– Барлық уақытта емес.– Қалайша?– Інінің қадірін біл, балам! «Қолда барда алтынның қадірі

жоқ». Осыны тектен тек айтпаған. Не нәрсені де өз кезінде қадірлеп үйрену ләзім.

– Түсіндім, ата! Енді ініңе жөн-жосықсыз дауыс көтеріп, ұрыспа дегеніңіз ғой бұл...

Page 278: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

279

– Е, мұның дұрыс. Ұрысу орнына, ақыл айт. Өйткені, ол сенің інің. Сені арқа тұтады. Ал менің Наржаным...

– Ата, Наржан деген кім?– Оны сен білмейсің. Менің сондай інім болған.– Ол қайда?– Ол баяғыда кетіп қалған.– Қайда?– Ана дүниеге. Алыс-с дүниеге......Сол күні Наржан ағасына өзінің ішкі сырын айтып, екеуі

ұзақ-қ әңгімелескені бар. Інісі қайта-қайта екпіндеп:– Мен өскенде Гагарин секілді ұшқыш-космонавт боламын,

– деді. – Қазақта ондай адам әлі туа қойған жоқ. Мен болуға бел будым.

– Ол үшін өте жақсы оқу керек.– Мен оқу озатымын ғой.– Ол үшін ерік-жігер, ұшқыр талап қажет.– Ол да менде бар.– Ол үшін үлкен денсаулық керек.– Ол да... – деп осы тұсқа келгенде Наржан мүдіріп қалып

еді. Өзінің денсаулығы анау айтқан мықты емес екендігі енді ғана есіне түскені болар.

– Әлі-ақ жаттығасың – деп, Қалжан оны қайрап қойды. – Адам өте шымыр, мықты болуы үшін спортпен үнемі айналыса-ды. Біз де сөйтеміз.

– Әй, қайдам, – деп еді сонда Наржан. – Менің денсаулығым аса мықты болмай тұр-ау! Көп ауырдым ғой, ал аурушаң адам...

– Оны ойлай берме. Уайымдау – ең жаман әдет.Қалжан осыны айтып, өзі де ішінен мұңға бата жаздап, терең

демалып тұрған-ды.Кенет... Наржан жарқылдай сөйлеп, үні саңқылдап:– Боламын десем, боламын,Боламын десем, боламын!... – деп өлеңдете жөнелді. Жүзінде

әлгіндегі көңілсіз мұңның тіпті табы да қалмапты. Қалжан да оны құшақтай алып, өлеңге қосылды.

– Біз баламыз, баламыз,Бәрінен де озамыз!...Жетеміз десек – жетеміз,Боламыз десек – боламыз...

9Арада талай уақыт сырғып өте шығыпты.«Мені өмір бойы ұмытпа» деген іні сөзі де жадынан өше

бастапты. Уақыт өз дегенін істеп, тіршілік әуенімен арлы-берлі

Page 279: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

280

шапқылап жүріп, міне, жасы елуден де асыпты. Бірақ, дәл Наржан секілді армандай алған жоқ. Ол сияқты алысқа да ұмтыла алмады. Бар бітіргені – өзіне қажет мамандықты меңгерді. Қызметке тұрды. Біреуден ілгері, біреуден кейін бол-ды.

Сәтіне орай отбасы құрып, ұл-қыз да сүйді. Бүгінгі күні үлкен қызынан екі немересі бар. Екеуі де ұл. Тете болып өсіп келе жатыр. Тұп-тура өздері сияқты...

Сол екі немересі – Ертас пен Нұртасты Бурабайдағы санато-рийге бірге алып келіп, бассейнге жүзгізіп отырып, ойы сан-саққа жүгіргені.

Мына екі немере – баяғы Қалжан мен Наржан десе де болғандай. Жастары да солай. Қазіргі әрекеттері де, мінездері де аумай қалған. О, тоба! Мына фәниде бәрі де қайталанады деген рас болғаны да.

Алла-тағала Қалжан мен Наржанға жарық дүние сыйлап, өте тату етіп, өте бауырмал етіп жаратты да, орта жолда Наржан-ды алып кетті. Қалжан жалғыз қалып, сартап сағынышпен өмір кешті. Өмір бойы сағынумен... Ғұмыр бойы аңсаумен...

Әлде, кісі өмірінің ең негізгі мәні – сол сыбызғы-сағынышта жасырынып жата ма екен, а? Бұл тірлікте сағына білмегендер бақытсыз болар-ақ. Бақытсыздар-сағына білмегендер ме сонда!

...Әнебір жылы өзі туып-өскен қаланың мерейтойы өтетін бо-лып, Қалжанды да арнайы қонақ етіп шақыртыпты.

Елі атын атап шақырып жатса, неге бармасқа! Одан үлкен құрмет бар ма?

Жолға жиналды. Қала тойын көріп, ауылдастарымен жүздесіп, әңгіме-дүкен құрып, бір жасап қайтса – несі айып! Сосын да тойға аса ықыласпен аттанып кетті.

Қалаға келген күні, неге екені белгісіз, еңсесін бір ауыр ой басты да тұрды. Оған әуелгі себеп – қалаға кіріп келе жатқанда жол бойындағы ескі аурухана үйін көруден басталды. Тап осы ауруханада баяғыда інісі Наржан жатып еді-ау! Палатасына кіріп келгенде Наржан қуана жайраңдап, бұның мойнына інілік еркелікпен асыла бергені ше! Ұзақ-қ құшақтап тұрып алғаны ше! Сол жолы:

– Егер мен өліп қалсам, мені ұмытпайсың ғой, ә! – дегені бар емес пе!

– Ондайды айтпа, – деп өзінше баса сөйлегенімен ішінен қан жылағаны әлі есте.

Сол Наржан інісінің мұңды жүзі мен сөзі бұл күнде естен шығып та кетіпті-ау!

Кеш аяқтала бере, ұйқыға жатқан соң да сол бір кермек ойдан ажырай алмаған. Ал, түнде түс көріпті. Түсінде інісі ренжи тіл қатып:

Page 280: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

281

– Сен мұнда мені іздеп келмеген екенсің ғой, – дейді. – Мені мүлде ұмытыпсың, аға! Ұмытқан екенсің-ң...

– Жоқ, айналайын, сені неге ұмытамын. Сен менің мәңгі жадымдасың.

– Сене алмаймын. Өйткені, сен мені ойлауды мүлде қойып кеттің.

– Оның не! Ол не сөзің! Мен сені... мен сен туралы...Осылай деп қинала сөйлеп жатып, оянып кетті. Түсі екеніне

көзі жетті. Сонда да кеудесін ащы бір кермек сезім тілгілеп жатқандай болған-ды.

...Екі немересі екі жағына отырып алған. Екеуі кезек-кезек сөйлейді.

– Ата, – деді Нұртас. – Ата деймін....– Иә, балам.– Мен өскенде космонавт болам. Тоқтар Әубәкіровке

ұқсаған...– Басқа мамандық туралы ойламадың ба!– Жоқ, мен осыны армандаймын. Жер бетіне биіктен, биік

аспаннан қараған қандай ғанибет!Оның сөзін Ертас бөледі.– Бұл өтірік армандай береді, – дейді ол. – Мен ондай

құрғақ қиялға мүлде сенбеймін. – Е, сен кім болмақсың сонда?– Мен бе! Мен... бастық болам. Қарамағымда көп кісілер

жұмыс істейді. Дұрыс па, ата!– Жөн! Жөн!Осыны айтып тұрып, Қалжан тағы да ой құшағына көміле

береді.... Баяғыда, Наржан ұшқыш-космонавт болам деген кезде

бұл да оған үлкен күдікпен қарап еді-ау! «Одан басқа нәрсені армандасаң болмас па?» деп айтқаны да бар. Наржан бірақ қайсарланып алып еді. «Болам!» деді. «Қайтсем да болам!».

Оның қайсар көңілін қайтарғысы келмей:– Әрине, адам шын талап қойса, қандай қиныдықты да

жеңеді, – деді.Осыны естігенде Наржан шын шаттана түсіп:– Аға, есіңде ме, біз суға жүзуді де жылдам үйреніп алып

едік қой, – деген. – Тіпті ана жылпос Былқылдақ бар емес пе, соның өзі бізді амалсыз мойындады. Мені жек көретін Барлас та арқамнан амалсыз қақты.

Қалжан інісінің арқасынан сыйпап:– Былқылдақ секілді екіжүзді, өсекшілдердің жолы болмай-

ды, – деді. – Ондайлардың адымы қысқа. Кім күшті болса, соның ығына жығыла кетуден басқа амалы жоқ.

Page 281: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

282

– Оны қойшы, – деді Наржан. – Мен Барластан қатты қорқушы ем. Ол өте мықты, шымыр бала емес пе еді. Қазір қайда екен?

– Ол екеуі де ауылдан көшіп кеткен жоқ па!– Барласқа шын қызығушы ем. Батылдығына...– Ол да алдына үлкен мақсат қоя алмады. Өз күшіне өзі

масайрап жүріп, ақыры адасты.– Адасқаны қалай?– Өмір сапарында адасты деймін.– Ал, біз...– Сен, інім, әлі адасқан жоқсың. Сен әлі-ақ космонавт бо-

лып, көкке ұшасың. Мен саған алып қара жерден көзім талғанша қарап тұрамын. Қайта аман-сау оралғаныңша қараймын.

– Онда күт! Мен ұшуға әзірлене берейін, аға! Зеңгір аспанға ұшуға...

10– Ал, енді бөлмеге қайтайық!– Ата, мен әлі жүзіп болғам жоқ, – деп Нұртас тағы да

қиғылық салды.– Ертең тағы да келеміз ғой.– Қазір жүзгім келеді.– Ал, ендеше тағы да он минут күте тұрайын. Сосын судан

шығасың.Оның шектен тыс еркелігіне ашуланған Ертас:– Болды енді! – деп зекіді. – Атам айтқан соң, сөзді

тыңдамайсың ба, а?– Сен маған ұрыса берме. Әйтпесе, ертең космонавт болған

кезде сені өзіммен бірге айға алып ұшпаймын.– Керек еді маған айың! – деп Ертас теріс айналды. –

Маған жер үсті де жетеді.Нұртас судан шықты. Үстін сүлгімен сүртті. Содан соң киіне

бастады.Осы кезде атасы да орнынан тұрып, белін жазып:– Бөлмеге баралық, – деді. – Сосын түскі асқа кіреміз.

Уақыт боп қалды.Екі немересі алда, өз артта – елудің жуан ортасына кірген

қарасұр кісі әрең ілбіп, лифтіге тақап келеді.Оның бүгінгі жүрісі мүлде бөлек. Бұрынғыша қатты-қатты

адымдамайды. Әзер-әзер аяқ басады. Ал, ойында...«Інім-ау!» деп толғана ойға берілді. «Інім, мен сені осы күні

шын сағындым. Сен егер тірі болғаныңда, расымен-ақ космо-навт болар ма едің, қайтер едің! Ол кезде қазақ көкке қалай ұшады деп ойлаушы ек, сөйтсек оның түк те қиындығы жоқ

Page 282: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

283

екен ғой. Құдайға шүкір, біздің қазақ бұл күнде космосты да ауыздықтады....»

«Иә, інім» деп тағы бір ойы өзінен-өзі сабақталды. «Сен жа-нымда бар кезде төрт құбылам тең болатын. Мен саған жасың кіші болса да арқа сүйейтін едім. Оны осы күні анық сезіп жүрмін. Ал, сен... сен мені ерте тастадың да, өзің көкке ұшып кете бардың! Әлде... космонавт болуға тым асықтың ба екен....»

«Айтпақшы... сен маған сол күні-ақ «мен ұшуға әзірлене берейін» деп едің-ау» деп тағы да толғанды. «Содан соң көп ұзамай жатып расымен мені тастап кете бардың. Неге сонша аспанға ынтызар болдың? Аспаннан, зеңгір көктен не жоғалттың, інім-ау! Жан бауырым-ау!...»

«Кісіні үнемі қамшылап, ылғи да алға ұмтылдыратын ол – сағыныш па дедім» деп тағы бір ойы қиялады. «Мен сені сағына жүріп, ең бір қиын, ең бір қимас күндерімді бастан кештім, інім! Иә, өзіңе берген уәдемде тұрдым. Мен сені ешқашан да ұмытқан емеспін. Ешбір күні сені ойламай қалған емеспін. Өйткені, сен екеуміз бір адамбыз. Сен өлсең де, мен тірімін. Сен бақиға кетсең де, мен фәниде бармын. Демек, біздің арма-нымыз әлі де жалғасуда. Жалғасып жатыр. Жалғасып келеді».

...Тағы да Нұртастың қыршаңқы даусы шаңқ ете қалды.– Көр де тұр, мен космонавт болған кезде сені алып

ұшпаймын. Желкемнен нұқығаның үшін...– Айтпадым ба жаңа! Маған мына кең жер де жетеді.

Өзің-ақ ұшып кете берші сол зеңгір аспаныңа...Қалжан екеуіне басу айтты.– Космонавт болу да жақсы. Қара жерге аяғыңды нық басып

жүріп, еңбек ету де ғанибет. Әркімнің өз арманы болғаны дұрыс.– Нұртастың арманы өтірік арман, – деді Ертас. – Сенде бұндай арман да жоқ, – деп Нұртас бұлдана

сөйледі. – Қойыңдар, бұлай ұрыса берсеңдер, сендерді балам

демеймін. Ренжимін...Екі немересі енді үнсіз қалды.Бұл кезде лифті де ашылған еді.

Page 283: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

284

БҮгіНгі элЕгИя(үш өрім)

ол және кәсіпкер– Сен сонда-а... – деп, жез мұртты жылмаңдаған кәсіпкер

жанындағы ақ самайлы жігіт ағасына төне түсіп, сөз бастай берді де, өзінен жасы үлкендеу адамға тым анайылау сөйлеп бара жатқанын аңғарып, кішкене мүдіріп қалған. – Сіз... тілші болдыңыз ғой...

Самайына ақ түсіп, төбе шашы селдірей бастаған арықша жігіт ағасы сол қолының шынтағын ортадағы столдың шетіне іліктірді де, шеткерірек тұрған стаканды және оны-мұны жейтін тағамдарды әрірек итеріп, кішкене салмақ түсіре солай қарай ыңғайланды. Екі кісі еркін айнала алмайтын тар купе ішінде екеуінен өзге тірі жан болмаса да қасындағы жас жігіт кәдімгідей қатты-қатты сөйлейді.

– Тілші болғанда... не жазасыз? Кім туралы жазып жүрсіз...Ақ самайлы қара кісі бұдан әрі шыдамы бітті білем, ана

серігіне:– Оу, інім-ау, мен саған тілшімін дегем жоқ қой, – деді. –

Бар айтқан сөзім – жазу жұмысымен айналысам дедім. Жез мұртты кәсіпкер оған таңдана қарап, мұртын екі-үш

рет сипап алып, «мынау не деп отыр?» дегендей, иығын қиқаң еткізді де:

– Енді... жазу жұмысы тілшілердің ісі ғой, менің сөзімнің қандай сөкеттігі бар, – деген. – Әңгімені жұмбақтамай-ақ, ашығына көшпейсіз бе? Мен сізге құда түскелі отырғам жоқ. Әйтеуір жол серікпіз. Пінәйі себеппен бір купеге түстік. Ары кетсе бір сөтке біргеміз, содан соң қайтып кездесеміз бе, жоқ па...

Осыны айтты да, өкпелегендей болып, астындағы орынды сықырлата әрі-бері қозғалақтады. Ақ самай ағасы күліп жіберді.

– Неменеге күлесіз?– Жәй, мына сенің мінезіңе... Менің үлкен ұлым да тап осы-

лай. Екі сөзге келмей, бірден шырт ете қалады.– Мен шырт ете қалғам жоқ. Ашуланды деп отырсыз ба?

Онда қателесесіз. Мен – бизнеспен айналысамын. Сіз секілді үлкенді-кішілі кісілердің талайын көріп жүрміз. Мың кісі – мың мінез...

Page 284: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

285

Жазушы ойлады: «Ойпырмай, мынау өзі... қалай-қалай сөйлейді? Тумай жатып адамды білеміз, адамды танимыз дегені ме бұл! Өмір бойы кісінің жан-дүниесін зерттеп келе жатсам да, соны мен де айта алмаймын...»

– Жә, – деді ақ самайлы ағасы, – Жә, жөн сөзге көшелік десең, оныңа да көндік. Мен, ең әуелім, тілші емеспін, жазу-шымын.

Кәсіпкер інісі онан бетер өзеурей сөйледі.– Е, тілші де, жазушы да бір ұғым емес пе! Екеуі де жаза-

ды, сол өтірік пе?– Өтірік емес. Екеуінің де жазу өнерімен айналысатыны рас.

Бірақ сен ол екеуінің ара-жігін ажырата білуің керек. Мен саған жәй, қарапайым тілмен түсіндіріп көрейін. Мысалы, Мұхтар Әуезов деген тілші болған десең, әдебиетші қауым сенің сөзіңе күлуі мүмкін. Тілшілер газет-журналда істейді. Оларды бы-лайша журналист деп атайды. Күнделікті өмір жаңалықтары мен саяси ағымды сарапқа салып, оқырманға сол заматында жеткізушілер. Ал жазушы – өмірлік көркем дүние тудырушы-лар. Кітап жазып...

Інісі тағы да сөзді бөлді.– Ай, бірақ сол кітапты бүгін кім оқиды! Том-том кітапты

парақтап отыруға кімнің бос уақыты бар. Көркем дүние жазатын жазушыдан гөрі бүгінгі күні әлгі хабар-жаңалықты дереу, жыл-дам жеткізетін тілшілеріңіз пайдалырақ.

Жазушы ағасы енді еріксіз басын изеді.– Бұл сөзіңе дау айта алмаймын. Ол – бүгінгі күннің ақиқаты.

Тілші ағайындарды мен де аса қадірлеймін. Алайда жасым елу-ге келді. Үлкенді-кішілі 7-8 кітап жаздым. Соның бәрін ешкім оқымайды екен деп шкафқа тыға салып, аяқ астынан тілші бо-лып кетуге шамам жетпейді. Әркімнің өз бейімі бар...

Елгезек мінез інісі күлді. Күлді де жазушы ағасын өзінше аяғандай болып, былай деді:

– Мен... сізге неге жазушы болып жүрсіз дегем жоқ. Жазыңыз. Жаза беріңіз кітаптарыңызды. Оны оқитындар түбі табылады.

– Әй, қайдам! – деді жазушы ағасы. – Сенің сөзіңнің де жаны бар. Осы уақытқа дейін бас ауыртып, босқа арамтер бо-лып жүрмін бе деп кей-кейде ойлайтыным да бар. Біз де ет пен сүйектен жаратылған пендеміз. Бір кітап жазу, інім, біле-білсең, бір рет тозаққа түсіп шығумен бірдей-ау. Жазушының жан азабын, бірақ, өзінен басқа жан адам түсіне алар ма! Әй, түсінбейді-ау...

Ақ самай сөзін сыбырмен аяқтап, қамығыңқырап отырып қалды.

Page 285: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

286

* * *– Ептеп... елу грамм көрерсіз, – деді Жез мұрт мұртын

бипаздай сипап.– Жоқ, ішпеуші едім, – деді Ақ самай.– Ендеше, тұздалған қиярдан алып отырыңыз...– Асқазаным ауырады, тұзды нәрсені жей алмаймын.– Болмаса, шұжық жеңіз...– Жалпы шұжық жемеуші ем...– Ау, сонда не жейсіз? Не ішесіз?..– Мен бе? Мен... қымыз ішем. Қазы жеймін.– Оны қайдан табам?– Мұндай жол үстінде шай ішем. Нан жеймін.– Е-е, солай демейсіз бе! Мен қазір... ыстық шай әкеле

қояйын. Әйтпесе қорқып қалып ем. Кісі түк жемесе, түк ішпесе, онда аштан өледі. Бәсе-ау, өте арықсыз, жүдеусіз... Тым талғампаз болған да жаман... Әсіресе, мына заманда...

Жез мұрт інісі сөйлеген күйі купеден шығып, шай әкелуге жүгіріп бара жатты.

* * *Көкшетау-Қызылорда жүрдек поезының екі кісілік купесіне

отырған екеу: бірі – Ақ самай, екіншісі – Жез мұрт. Кішкене өзді-өзімен болып, аяқ созып, аз-кем тыныстап алған соң, қайта әңгіме жалғанды. Оны бастаған тағы да Жез мұрт інісі.

– Ағасы, сен... ой, кешіріңіз, үлкенге де, кішіге де сен деп жіберетінім бар, көңіліңізге алмаңыз, сіз... мына Қызылорда жағын жақсы білесіз бе? – деп сұрады.

– Елін, жерін ептеп білемін. Өзім сол жақтанмын ғой, – деді Ақ самай.

– Онда жақсы болды. Маған ақыл-кеңес беріңіз, – деп енді Жез мұрт ағасына қарай икемделе бастады. – Мен осы жолы үлкен шаруамен бара жатырмын. Үлкен бизнес-с...

– Өзің қандай бизнеспен айналысушы ең? Қандай кәсіпкерсің? – Кәсіпкер бұл күнде бір ғана саламен шектеліп қалмайды.

Оңтайы келсе, бәрімен де айналысамыз. Тек пайдалы болса болды. Ойлайтынымыз – пайда...

– Оны түсінем ғой, – деді Ақ самай. – Пайданы кім ойла-майды. Мектеп оқушысы екеш ол да пайдалы жерге жұмсамасаң бармайды. Безеріп отыра береді. Алайда пайданың да пайдасы бар. Жеке мүдде мен мемлекет мүддесін қатар алып дегендей...

Жез мұрт мысқылды үнмен күлкіге көмілді.– Сіз... тіпті әлі күнге баяғы Кеңес өкіметінің тілімен сөйлейді

екенсіз, – деді. – Мемлекеттік мүддені жеке кәсіпкер ойламай-ды. Оны ойлайтын мемлекеттік аппарат, шенеуніктер бар. Ал

Page 286: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

287

біз үшін ең бастысы – жеке шаруаны дамыту, жеке басыңды байыту.

– Ал, мемлекет... Сені оқытқан, тәрбиелеген, көзіңді ашқан өз елің...

– Менің көзімді ашқан, тәрбиелеген мемлекет емес, басқалар...– Оларың кім? – Олар: менің әкем, анам, бауырларым... Солар болмаса мен

кіммін? Оқуыма, киінуіме – бәріне ақша тауып, әйтеуір адам қатарына қосқан ең әуелі солар. Сондықтан да мен алдымен сол ата-анама, бауырларыма жақсылық жасаймын. Қала берді ниеттес болған дос-жарандарыма... Ал мемлекет деген... басқалар бас қатыратын шаруа.

Оның еш бүлтелексіз мына әңгімесі жазушы ағасына қызық көрініп кетті.

«Әй, мынау... өзі қалай-қалай ойлайды? Түсінігі қызық екен. Бүгінгі кәсіпкер атаулының бәрі де осындай болса... Осылай ойлайтын болса...»

– Ал, енді сен мынаны айтшы. Осы күні мемлекет қызметіне бизнестен, кәсіпкерліктен барып жатқандар көп. Сен секілді жас жігіттер үлкен аппаратта аз емес... – деп Ақ самай әңгімеге тартты.

– Өз басым – осыны құптамаймын. Бизнес басқа, мемлекеттік қызмет басқа. Екеуінің арасы жер мен көктей. Кәсіпкерлікке үйренген кісінің психологиясы да басқа. Ал сондай адамды... мемлекеттік қызметші бол, кабинетте тып-тыныш отырып, айлық алып, еліңе қызмет ет деген күлкілі іс.

– Тіпті жай қызмет емес, жауапты қызметке де барып жа-тыр. Министр, агенттік төрағасы, ең кем дегенде орынбасары...

– Айттым ғой жаңа ойымды. Бизнесменнің шын мәніндегі аппарат жұмысын игеріп кететін басшы болуы екіталай. Пси-хология басқа-а... Оған менің әріптестерім ренжімеуі керек. Әркімнің өз жолы бар.

Бүкпесіз, бұлталақсыз сөйлей алатын інісінің сөзіне тіпті еріп, елтіп кетті ме, енді ағасы:

– Соңғы жылдары жас жігіттерді билік баспалдағына тез-тез көтеретін болды, – деді. – Отызға жетер-жетпесте үлкен лауазымға отырғызады. Осының өзі...

– Міне, бұл да ойланатын мәселе. Жас жігіт, он жерден басы алтын болса да, әлі бас асау. Оның ойында ел мүддесі, халық мүддесінен гөрі жеке басының қызығын, тән қызығын көбірек күйттеуі заңдылық. Ол тіпті, керек болса, жас адамның кінәсі емес табиғат заңы. «Неге өйтесің» деп ұрсып тұрып та, іштей мойындауға тура келетіні ақиқат. Адамның тоқтасатын, ой тежейтін кезі бар емес пе. Мысалы, сіздің жасыңызда...

Page 287: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

288

– Е-е, – деді жазушы ағасы, – Біздің жасымызда да желігі басылмай жүргендер баршылық. Қайсыбірін айтасың...

Ақ самай мына Жез мұрт інісінің еш тартынбай турасын ай-татын ашық әңгімесіне онан бетер құныға, қызыға түсті. Өзі ашық, не ойласа, сол ойын еркін айтады. «Әй, осым қалай болар екен» демейді. Ақ самай ішінен «шамасы, осы күнгі жаңа қазақ дегеніміз осылар болар-ау» деп ойлады.

– Ақшаң көп пе?– Қайсысын айтасыз? Теңге ме, жоқ әлде...– Иә, теңге. Қанша теңгең бар? – Ол енді біздің ішкі құпиямыз. Кім көрінгенге ашып айта

беруге болмайды. Бірақ сіз өте таза, қулығы жоқ кісі секілдісіз. Сізге айтайын. Теңге көп емес, жүз, жүз елу миллион шамасы. Одан басқа менде АҚШ доллары бар. Ол біраз...

– Жүз елу миллион теңге-е... Әй, соның өзі де аз ба?– Жоқ, аз, – деді Жез мұрт. – Ол аз-з... Үлкен бизнесте

жүргендер миллион емес, миллиард деп сөйлеуі керек. Құда қаласа, мен де оған жетемін.

– Е, дегеніңе жет. Сендер байысаңдар, еліміз де жаман бол-мас. Түбі мемлекет мүддесін де ойлайтын өздерің боласыңдар...

– Ой, аға-ай! – деді Жез мұрт. – Осыны айта бердіңіз-ау. Мемлекет мүддесін ойлау үшін өзім сол жаққа жақындауым керек. Әйтпесе көрінген біреу үшін неге бар тапқанымды салуым керек. Дүние менікі, мен таптым. Ендеше ол дүние басқаға емес, маған қызмет етуі керек.

– Сонша ақшаның бәрін қайтпексің? – деп Ақ самай оны сөйлете түсті. – Бір кісіге, тіпті бір әулетке де көп нәрсе керек емес.

– Керек, – деді Жез мұрт – керек! Коттедж, вилла, шетелдік автомашина... Сосын завод, фабрика... Сосын шетелдік фирмалардың жұмысына араласу... Шетелден вилла сатып алып қою... Кім біледі, қандай заман болатынын...

Ақ самай оған шошына қарады.– Қарағым, мына сөзің кісіні үркітетіндей екен. Қандай заман

болса да елдің аты – ел. Туған жер – ата-бабадан, ардақты перзенттерінен қалған қазына. Сол қазынаға ие бола алмаған ұрпақ та – шіріген жұмыртқа...

Жез мұрттың екі көзі шатынап кетті.– Сіз... маған ондай әңгіме айтпаңыз. Туған жер, туған

ел деп... Туған топырақтың ардақты ұлдары деп... Білеміз. Көргеміз. Мен осы кәсіпкерлікке тектен-тек келіппін бе! Оп-оңай жетіппін бе! Кезінде қатты қиналып жүргенімде басымнан сипап, «сен де бір қазақтың қарадомалақ баласысың ғой» дей- тін көке таба алмадым. Бәрі де кеудеден итереді. Сонда білгем,

Page 288: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

289

бұл туған жер, туған ел, туған топырақ дегенің де қалтасының түбі тесік, түгі жоқ пендеге еш қайырсыз. Демек...

Ақ самай енді оған өз ойын тереңірек түсіндірмек болып, көшелі сөз бастай берген.

– Кез-келген пенде үшін ең асыл, ең қымбат қазына – туған жері. Оны қандай қиындық, қандай ауырлықты бастан кешсең де, сүйе білуің керек. Өзің-ақ ойлашы, егер туған жері жоқ болса, жігіт қандай пұшайманға түсер еді. Ол да бір, ұясыз құс та бір...

– Жарайды, – деді Жез мұрт бәрібір өз дегенінен қайтпай. – Туған жер әрине, керек. Оны сүю, жақсы көру тағы да заңды нәрсе. Пенденің бәрі де солай. Біз де сол көп пенденің біріміз. Бірақ онсыз да қысқа өмірді «осы туған жерім» деп эколо- гиясы бүлініп, әбден жүдеп-жадаған жерде өткізуге бола ма? Меніңше, ол аса ақылды іс емес.

– Туған жерді сүю деген сол – оның әрбір перзенті жер жарасымен бірге ауруы керек. Туған жерді сүю деген сол – кез-келген ұрпағы оны аялап, жақсысын асырып, жаманын жасырып, кемшілігін жоюға талпынуы керек. Ең негізгісі – әрбір азамат сол сиқы қашқан туған топырақты қайта қалпына келтіруге бар күшін жұмсауы емес пе!

– Ол енді ғалымдардың шаруасы. Қала берді сол үшін айлық алып, бас қатыратын мемлекеттік шенеуніктер бар. Мен – кәсіпкермін.

Кәсіпкер мұртын сипады. Жазушы басын сипады.

* * *– Сонымен, Қызылордаданмын деңіз, – деді Жез мұрт. –

Ал, енді менің жұмысымды сұрамадыңыз. Соны айтайын.– Айт! Айт!– Айтсам айтайын. Тек бұл екеуара әңгіме болып қалсын.

Сіз жазушы болған соң, жаны таза, өтірікке, өсекке жоқ кісі деп айтамын. Мен ана Жаңақорған деген поселкедегі курортты көргелі келе жатырмын. Өзі кешегі Кеңес өкіметі тұсында қатты дүркірепті. Кәдімгі қара балшықпен емдейді екен. Қара балшық барлық ауруға ем деседі. Буын ауруы, бел ауруы, сүйек ауруы...

– Білем оны. Сонда демалуға ма? Буын-буындарың ауыра ма?

– Жоқ. Мен сап-саумын. Жаспыз ғой әлі. Жасым отыз-дан енді асты. Денсаулығым жақсы. Ойымда басқа жоспар бар. Шама жетсе, сол курортты жекеге сатып алсам деймін.

Ақ самай бұған бұрыла қарады.– Оу, оның иесі бар емес пе! Саған сата қоя ма? – Соны білгелі келем. Уақытым да аз еді. Бірақ амал жоқ.

Тікелей ұшып бара қоятын самолет жоқ болған соң, амалсыз

19-177

Page 289: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

290

поезға отырып ем. Реті келсе, алуым керек. Ол өлмейтін бизнес. Мәңгі бизнес...

– Е-е, енді түсіндім, – деді Ақ самай. – Ойың ұшқыр екен. Өзіңдей жас қазақ жігіттерінің бұлайша әріден ойлауы қуантады.

– Сіз құрғақ қуанып қана қоймаңыз, енді осы шаруаға қол ұшын беріңіз, – деді Жез мұрт. – Ақыңызды жемеймін. Кітабыңызды өз қаржыма шығартып берем.

– Сонда... менің қандай көмегім керек?– Беделіңіз бар. Елдегі ықпалды кісілерге «осы балаға

сатыңдар» деп үгіттеңіз. Былайша айтқанда – сөз жәрдеміңіз керек.

«Ойпырмай, ә! Мені де аяқ астынан бизнеске араластырып жібермек. Қарашы сөзін!..»

Жазушы ағасы аз-кем ойланып отырып қалды да, артынан жауабын айтты.

– Ренжіме інім! Бұл қолымнан келмейтін іс.– Неге! Оның несі қиын!– Ойбай-ау, ертең ауыл түп-түгел шулап қоя берсе ше!

Пәленше деген жерлес жазушымыз бизнесмен жігітпен тіл та-бысып алыпты, енді ауылдағы курортты сатуға ықпал етіп жүр деп. Ол өмір бойы қыр соңымнан қалмайтын әңгіме болады сосын. Қой, қарағым! Мені араластырма.

Жез мұрт шек-сілесі қатып күлді. Тіпті шалқалай түсіп, ішін ұстап, ұзақ күлді.

– Ой, ағалар-ай, – деді сосын. – Сіздерді түсінсем бұйырмасын. Сіз аралассаңыз да, араласпасаңыз да мен оны аламын. Ақша берем десем, сол ауылдан-ақ шығады менің сөзімді сөйлеп, шаруаны жылдам бітірушілер. Одан шықпаса, жоғары жақтан табам. Тек... сізге де пайда түссін десем...

– Ондай оңай пайданың қажеті жоқ. Мен таза еңбегіммен күн көріп жүрген жазушымын. Ақ қағаз бен қаламыма сенген адаммын...

– Бұл сіз ойлағандай оп-оңай пайда емес. Мұны да қолынан келгендер істей алады. Впрочем... сізді түсіндім. Түсінікті. Бәрі де түсінікті.

* * *– Дегенмен... елу грамм коньяк ішерсіз. Француз коньягі...– Жаңа айттым ғой, мен аузыма алмаймын.– Ішпейтін өнер адамын бірінші рет көріп тұрмын.– ?!.– Талай-талай ақындарды да, композиторларды да, актер-

ларды да танушы ек. Олар өздері қылқылдап... қашан құясың деп...

Page 290: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

291

– Байқап сөйле, інім! Ішкілік көрсе, естен танғанша ішетіндер қай салада да бар. Сорлы өнер адамдарының тұзы жеңіл, тез көзге түседі. Ауызға тез ілінеді. Бары сол.

– Кешіріңіз, сіз бұлай ашуланады деп ойламап ем. Қойдым. Қойдым енді...

* * *Әңгіме кішкене үзіліп, енді тыныстап жатқан сәтте Жез мұрт

купедегі радионы ашты. Радиодан елімізде алдағы сайлауға депутаттыққа кандидаттар тіркеу басталғанын хабарлады.

«Республика Парламенті мәжілісіне депутаттыққа канди-даттар тіркеу басталды. Талапкерлер саны өте көп... Олардың негізгі бөлігі – партиялар мен қозғалыстар мүшелері, сондай-ақ кәсіпкерлер...»

– Аға, – деді Жез мұрт. – Сіз білесіз бе, осы кезде депутат болуға ылғи саяси белсенділер мен кәсіпкерлер ұмтылады. Ал, сіз секілді сөз қадірін түсінетін кісілер неге тым селқос?

Ақ самай тағы да өз ішіндегі әлдебір жараның бетін тырнап алған інісіне қайта бұрылды.

– Оның түсінбейтін несі бар! – деді сосын. – Біз секілділер депутат болуы үшін қазіргі жағдайда көп-п қаржы керек. Бұл – бір. Онымен бірге қасыңызда беделді һәм қалталы тілеулестерің жүруі қажет. Бұл – екі. Үшіншіден – сайлаушылар ішінде кітап оқитын, өнерге құрметпен қарайтын ұрпақ... мейлінше көбеюі керек...

– Білем. Түсінем, – деді Жез мұрт. – Сіздер депутат болсаңыздар, ел сөзін әдемілеп айта аласыздар. Ал енді жасыра-тыны жоқ, осы күні депутат болуға менің бизнестегі әріптестерім ұмтылып жатыр. Олар өтеді де. Сөзі жетпеген жерге ақшасы жетеді. Теңгенің де өз тілі бар... Алайда... бизнес басқа, депутат болу басқа. Соны ойламайды...

– Бәрекелді, – деді Ақ самай. – Мына сөзіңе тәнтімін. Бағаналы бергі әңгімеңнің ең тұздықтысы да осы болды. Осыны айтатындар көп болса, шіркін-н...

– Бірақ, – деп Жез мұрт сөзді өзі іліп әкетті, – ... Депутаттардың бәрі бірдей жазушы, ғалым, тілші, әртіс болса, онда тағы да қиын. Депутат барлық саланы жете түсінуі керек. Экономиканы да, финансты да, бизнесті де... Соған қарағанда...

– Менің білуімде – парламентке өз пайымы, өз түйсігі, өз ойы бар кісі баруы керек. Сонда ғана депутаттық корпус дұрыс жұмыс істейді. Бес-алты жыл қалғып-мүлгіп отыратындарды өткізу – қылмыспен тең, – деп Ақ самай да көңіліндегісін айтты. – Әнеукүні мені де қолқалаған. Бір партиядан депутат болуға... Басымды ала қаштым.

Page 291: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

292

– Е, неге! Неге өйттіңіз?– Ойбай-ау, мен әлгі белгісіздеу партиядан депутат болсам,

бір-ақ күнде соның сойылын соғып шыға келмеймін бе! Сонда қалай? Мен, қазақ жазушысы, неге бір ғана партия төңірегінде ойлануым керек. Өйтуге менің моральдық құқым жоқ. Жазушы – белгілі бір партияның емес, барша елдің сөзін айтушы. Халық қадірлеген, сол халықтың сөзін ұстаушы, сөзін өлтірмеуші.

Жез мұрт тағы күлді.– Неге күлесің?– Сөзіңізге. Жазушы – халық өкілі, халық сөзін сөйлеуші

дегеніңізге. Көңіліңізге келсе келсін, ойымдағыны айтайын, кітап оқуды мүлде қойған халық сізді қайтсін? Тіпті әрі-беріден соң сіздің кім екеніңізді де білмейді ғой олар? Қайсыбіріне «мен қаламгермін» деп түсіндіресіз? Ал депутатпен есептеседі. Қайтсе де есептеседі.

Ақ самай қызарақтап қалды. Қызарақтады да:– Інім, ел кітап оқуды алаңсыз қойып кетті дегенің ептеп

шындыққа келмейді. Аз оқитыны рас, бірақ оқитындар бар. – Бірен-саран кітап оқитындарға малданып отырған сіз

де... Осы күні «мынау жазушы» десеңіз, екінің бірі елең ете қоймайды. Жазушы десе пайғамбардай табынатын кешегі заман өтіп бара жатқаны өтірік пе?

– Бұл уақытша нәрсе. Ел бәрібір рухани жұтаңдыққа тірелген сәтте қайта ойланады. Жастар қолға кітап ұстайды.

– Ойбой-й, ол заман болғанша... Болсын. Болсын, әрине. Мен жастардың кітапқа бой ұрғанына тіпті де тілеулеспін. Алайда... Әй, қайдам-а-ам... Бүгінгі күннің ең танымал да, ең беделді де адамы – депутаттар. Мен соны білем.

– Е, інім, сенікі де дұрыс шығар. Мен шаршадым...

* * *– Ал енді мен депутаттыққа түссем көмек көрсетуге қалайсыз?– Жоқ. Өйте алмаймын.– Өтініп сұрасам ше? Ақысын төлеймін, айтқаныңыздың

бәрін де істейін десем...– Бәрібір. Болмайды. Оған себеп – сен секілді інілерім

көп. Біреуіне көмектесе бастасам, өзгесі ренжиді. Бұл – бір. Екіншіден – менің қолым емес ол. Мен, тағы да айтамын, қаламым мен қағазыма сенген жазушымын...

– Онда мен туралы мақала жазсаңыз...– Жаза алмаймын. Мен тілші емеспін.– Ендеше кітап...– Кітапты тапсырыспен жазып көрмеппін.

Page 292: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

293

* * *Поезд Жаңақорғанға келіп тоқтады. Жез мұрт ағасымен

қоштасып тұрып:– Сен осы... яки, сіз елдің неге кітап оқымай қойғанын білесіз

бе? – деп сұрады.– Жоқ.– Білмесеңіз айтайын. – Ол жез мұртын әдеттегіше бипаздай

сипап, сәл кідірді. – Жазушылар елдің ойындағысын білмейді. Өз қиялымен әуре. Өз қиялындағы қайдағы-жайдағыны жазып әуре. Ал жұрт басқа нәрсені күтеді. Бүгін заман басқа, жөн басқа. Психология өзгерген. Психология басқа-а... Ал соған құлақ түрмей бола ма?.. Уақытпен үндеспей бола ма?.. Осыны ойлана жүріңіз...

Жез мұрт поездан түсіп бара жатты. Сосын жеңіл-жеңіл ба-сып, өзін күтіп тұрған су жаңа «иномаркаға» отыруға асықты. Ақ самай артынан ұзақ-қ қарады.

Поезд Қызылорда бағытына қозғалды.Жол үстінде әлгіндегі Жез мұртпен болған әңгіме қайта-қайта

есіне түсе берді.«...Онсыз да ауыздығымен алысып жүрген жастарға үлкен

қызметті сеніп тапсыра беруге болмайды деді-ау... Өзі арсын-гүрсін сөйлесе де, сөзінде мән бар...»

«...Біз – бизнес адамымыз. Бизнес пен мемлекеттік қызмет екі бөлек нәрсе. Ол екеуін шатастыра беруге болмайды дегені де... көңілге қонатын сияқты. Әй, өзі тегін жігіт емес...»

Енді бірде жаңағы Жез мұрттың соңғы сөзін есіне алды.«Біз расымен-ақ елден алшақтап кеттік пе осы? Неге? Неге

алыстадық? Бүгінгі күнді айтатын көркем туынды жоқ дейді. Сонда біз... қай кезді жазып жүрміз?.. Кімді жазып жүрміз?»

Тағы бір ой сарыны былай қиялайды: «...Осы ел тым ақылды болып барады. Өзі өмірі қолына қалам ұстамағандар да ақын-жазушыға ақыл айтып, жөн сілтегісі келеді. Бұл қандай заман?!.»

«Жазушы нені жазады, кімді жазады, нені айтқысы келеді – ол енді өз шаруасы. Соны білгісі, түсінгісі келмейтіндері-ай!»

Өзін-өзі қанша ақтағысы келсе де, бір қияс ой бәрібір Ақ са-майды алқымдай берді, алқымдай берді.

«...Ал, бірақ... жаңағы кәсіпкер інім айтқандай уақытты, кезеңді дұрыс ой елегінен өткізе алмай жүрміз бе! Сонда қалай, біз де өз саламыздың кәсіпкері болуымыз керек пе енді?! Уақытқа, заманға қарай майыса, икемделе білетін кәсіпкер – жазушы... Осы ма демегі!.. Осы ғой кезеңнің көк желкеден күнде сарнап айтатын үйреншікті әуені... Әй, білмедім! Басқаны қайдам, мен оны істей алам ба? Қолымнан келе ме?..»

Ол Қызылордаға жеткенше осы бір ауыр ойдан бәрібір арыла алмады.

Page 293: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

294

ол және кандидатҚоңыр түн. Қоңыр қараңғылық. Қоңыр бөлме. Сол қоңыр

бөлмедегі екі кереуеттің бірінде – Ақ Самай. Бұл – қонақ үй. Талайлар келіп, талайлар кеткен, талай-талай сырларға куә қонақ үй бөлмесі. Енді, міне, кезекті қонақ – Ақ Самай.

Әлгінде, Көкшетау-Қызылорда поезынан түскен бетте, осы қонақ үйіне келіп орналасқан да, дереу қалаға шығып кетіп еді. Кол сөмкесін қою үшін бес минутке бас сұққанда байқаған, мұнда екінші бір кісі бар екен. Киімі тұр, ал өзі жоқ. «Көршім кім екен, өзім қатарлы кісі кездессе, жақсы болар еді» деп ой-лап, өз шаруаларымен қала аралап кете барған. Содан оралғаны әлгінде ғана. Күн кешкіре есік ашып еді.

Қоңыр бөлмедегі қоңыр қараңғылықта жалғыз өзі отырып, жарықты да жартылай жағып, кереует үстінде ой сарынына беріле түскен. Жалғызсыраған көңіл-күй. Жарықтық Мұхаң, Мұхтар Әуезов баяғыда-а... осы қонақ үй туралы «бұл мүсәпірхана ғой» депті. Тап мына өзі секілді көңілі қоңылтақсып, жападан-жалғыз жатқанда ойына келді ме екен?.. Ой... Қайдағы-жайдағылар... Ойламайын десе де, мазасын ала беретін кермек ой...

Біреулер балалығын сағына еске алады. Ал бұл болса... балалық шақты ойласа болды, іші алай-дүлей болып кетеді. Қандай балалық ол? Сол да балалық па! Жасына жетпей жатып, қиял әлеміне сүңгіп кетіпті. Кітап, кітап... Бұл дүниеде кітаптан өзге қызық бар деп ойламапты. Осының бәріне, енді ойласа, кінәлі адам – сол бір қара сөзді сағызша соза, әдемі қиюластырып сөйлейтін әдебиет пәнінің мұғалімі екен. Сол болмағанда, кім біледі, бұл да басқалар секілді өзге мамандықты иеленіп... Тәп-тәуір-ақ өмір кешіп... Әйелінен «өзің барып тұрған қиялисың, кітап жазғаннан басқаны білмейсің» деген ащы сөз естімей-ақ...

Есік қақты. Дүрс- дүрс... Өзі тым – асығыс.– Бұл кім?..– Ашыңыз есікті. Мен де осы бөлмеде тұрам.Ақ Самай есіктің ілгегін ағытты. Ішке алпамсадай ірі денелі,

жалтыр бас біреу кіріп келе жатты. Өзінің даусы да зор. Сөйлеп келеді.

– Сіз... осында ораналастыңыз ба? Жөн, жөн... Ал, енді... жақсы болды бұл. Мен көпшілікті ұнатам. Жалғыздықты жа-ным жек көреді. Кешірерсіз, аты-жөніңіз...

– Ақан Ақтаев.– Мен Сәкен Сүгірбековпін. Міне, ғажап! Бүгін, мына қонақ

үйде қазақтың қос серісі кездескен екенбіз-ау. Ақан сері... Сәкен сері... Ғажап!..

Ақ Самай күлді. Күлді де:

Page 294: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

295

– Бізге серілік қайда! Жәй, қарапайым Ақанмын мен... – деді.

– Жоқ! – деді Жалтыр бас. – Олай демеңіз. Әр кісінің өз ерекшелігі болады. Баяғы Ақан да бізден артық болды дейсіз бе! Ол да біздей адам... Тек насихаты... үгіті...

– Оныңызға толық қосыла алмаймын, – деді Ақ Самай жаңа танысының сөзін бөле. – Ақан жәй Ақан болса, өстіп ғасырлар бойы ел есінде жүре ме!

– Ой, сіз де... – деп Жалтыр бас қарқылдап күлді. – Сіз де... таң қалмасқа таң қалып... Есіңізде болсын, қай ғасыр, қай заманда да данышпан мен кемеңгерді сол кезеңнің саясаты жасайды. Кімде-кім уақытқа керек болса, сол мықты болады. Яғни, былайша айтқанда... қалай түсіндірсем екен!.. – Ол сәл мүдірді. Сөзді тоқтатса, кірпік қағуы жиілеп кетеді екен. Қайта-қайта көзін ашып-жұмып болар емес. Сосын сөзін қайта жалғап: – Енді... былай ғой. Мәселен, сіз ақынсыз делік...

– Жоқ, мен ақын емеспін.– Ну, жарайды, суретшісіз делік.– Суретші де емеспін.– Сонда... кімсіз?– Мен – жазушымын.– Да-а, солай ма! Онда тіптен жақсы. Ал, енді жазушы-

сыз. Бүгінгі ел сізді әлі жақсы білмейді. Атыңызға қанық емес. Бұның бәрі неден? Насихаттың жоқтығынан. Егер күні ертең сізді атағы жер жарған ұлт жазушысы ету керек болса, бәрі жа-былады. Мақтау, мақтау, тағы да мақтау... Сосын деп – демде сіз ұлттың үлкен қаламгері боласыз да шығасыз.

– Ол үшін, – деп, Ақ Самай тағы да сөзге араласты. – ... Ең әуелі талант керек емес пе! Жазушы шын мәнінде мықты, талантты қаламгер болуы шарт. Өзі нашар, талантсыз, шалағай жазушы болса... оны қалай ұлт қаламгері ете алады? Қаламгер қолдан жасалмайды.

– Әрине! Әлбетте!.. Өзінде бірнеңе болмаса, ептеп жазып, елге танылып жүрмесе, қолдан қалай жасайды?.. Оның рас. Оған дауым жоқ.

– Өзі талантты болса, елге ептеп танылып қалса, онда оған қандай насихат керек? – деп Ақ Самай да енді бір бүйірледі. – Онсыз да аты бар...

– Ондайлар көп қой, – деді Жалтыр бас қабағын түйе. – Көптің бірі болып жүре беруге болады. Мен ұлт таныған, есімі әлемге мәшһүр болған кісі туралы айтып тұрмын. Сондайлар қайдан шығады дегенді айтып тұрмын. Сен өзі... сөзге онша түсіне бермейді екенсің. Не болмаса әдейі түсінбейсің...

Ол осыны айтты да, есігін сықырлата ашып, ваннаға кіріп кетті. Ақ Самай аң-таң. «Өзі кім болды екен? Әй, дәу де бол-

Page 295: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

296

са мемлекеттік шенеуніктің бірі-ау. Сөзі соған ұқсайды... Зор сөйлейді екен. Дөң сөйлейді екен...»

Аз-кем уақыт өте Жалтыр бас ваннадан еріне басып шықты. Өзі бусанып тұр. Дереу суға түсіп үлгерген бе, қалай?..

– Енді өзім туралы айтайын, – деді жұмсақ креслоға жалп етіп отыра беріп. – Мен депутаттыққа кандидатпын. Алматыда бір шағын мекемені басқарамын. Жігіттер қолқалаған соң, осын-да келіп, депутат болуға талпынып жатырмын. Екі жеті болды, күнде кездесу, күнде насихат... міне, бұл да саясат. Ел деген не? Оларға бәрібір. Жақсы сөйлесең, жылы сөз айтсаң, қиналып тұрғанына көмектесе қойсаң, ептеп қаржылық қолдау жасасаң... жетіп жатыр.

– Сол ғана ма? – деп күлді Ақ Самай.– Е, енді ше! Басқа не керек? Өздері онсыз да үзілейін деп

отырған елге одан өзге не қажет?– Енді... депутат болатын кісі болашақ жоспарларын айтып

дегендей... Елге, жерге алдағы уақытта не жақсылық істей ала-ды? Қандай бағдарламасы бар...

– Бағдарлама деймісің? – деп күлді Жалтыр бас. – Ойбай-ау, осы күнгі халық сылдыр сөзді қайтеді. Мықты екенсің, жағдайын жақсарт. Қаржы, қаржы, тағы да қаржы...

– Ой, заман-ай! – деп күрсінді Ақ Самай. – Қайда қарасаң да ақша... Бәрі ақшаға тірелген заманның сиқы... Аһ-һ...

* * *– Сен ішесің бе? – деп сұрады Жалтыр бас.– Жоқ, ішпеймін.– Өте жақсы. Ішпеген дұрыс. Мен де ішпеймін. Мына

тұрғандар (стол үстіндегі бөтелкелерді нұсқап) жәй, келген-дер үшін... Тілеулестер үшін... Енді депутаттыққа түсіп жатқан соң, анау да, мынау да келеді. Ішінде ішкілік десе жұтынып тұратындар көп болады. Ой, өзің сараң екенсің, сен ішпесең біз бармыз ғой дейтіндерге... Соларға әзірлеп қойғаным.

– Түсінемін ғой...– Түсінгеніңе рахмет. Ал енді... жазушы адамның ішпеймін

дегеніне сену де қиын. Мүмкін, сыпайылық жасап...– Жоқ. Расымен ішпеймін.– Онда дұрыс болды. Екеуміз жақсы серік бола алады

екенбіз.* * *

– Жазушы болғанда... – деп енді Жалтыр бас бұны тергеуге ала бастады. – ... не жазасың? Тақырыбың қандай?

– Әртүрлі.

Page 296: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

297

– Сонда да. Айталық, кейбір жазушылар тарихи тақырыпты қаузайды. Ал, кейбіреулері детективті...

– Мен үшін тақырып ең бастысы емес. Маған идея қымбат. Жақсы ой, жақсы идея келсе, оны қай уақыт, қай кезең деп бөліп жатпаймын. Ыңғайы қалай келсе, солай жазамын...

– Қызық екен. Сонда, мысалы, мен туралы да кітап жаза аласың ба?

– Ең әуелі – идея...– Егер сол идеяны берсем... Өзім айтып берсем...– Оны әуелі тыңдау керек. Ұнаса, жүрекке жетсе, жазуға

болады. Бірақ, мен осы күнге дейін тапсырыспен кітап жазып көрген адам емеспін.

– Е, онда тұрған не бар! Осы күні тапсырыспен жазатындар аз ба! Ақшасын берем десең, құстай ұшып тұрған журналист-жазушылардың біразын білем.

– Әркімнің мінезі әр түрлі. Біреу үшін біреу жаза бермейді.– Сол сұраныспен кітап жазатындар да өздерін ақылды са-

найды. «Заманың түлкі болса, тазы болып шал» деп күледі өздері. Мысалы, жасыратыны жоқ, мен туралы, менің әулетім жайлы бір кітап әзірленіп жатыр. Енді аз күнде қолға тиеді. Саған біреуін берейін. Оқы. Таныс.

– Көрейік.– Сен өзі... тым аз сөйлейді екенсің. Мен білетін ақын-

жазушылар сөйлесе сөздің түбін түсіріп, ол аз десең сенің де миыңды қағып, қолыңа беретін еді. Мықты жазу үшін сөзшең болу шарт емес те шығар, ә?

– Оны да білмедім.– Не білесің сонда?– Өзім жазушымын. Соны білемін.– Жазушымын дейді! Ал мен сендей жазушы бар дегенді

бүгін ғана естіп отырмын. Бұған дейін естісем, екі құлағым тас керең болсын, әгәрки...

– Мен насихатқа жоқпын.– Ол дұрыс емес. Жазушы үшін ол ең керегі...– Қайдам-м...

* * *– Былай... қыз-қырқындарға қалай едің? – деді Жалтыр

бас.– Құмарлығым жоқ.– Сөйлесуге де жоқсың ба?– Енді... жақсы орта болса, сөйлесуге болады ғой. Тек

сөйлесуге...– Ал одан әрі...– Жеңілтектікке жаным қас. Ондайды жақтырмаймын.

Page 297: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

298

– Еркек емес екенсің.– Сол үшін бе?– Иә, сол үшін. Еркек еркек бола білуі керек.– Әйелім бар, бала-шағам бар. Әкемін. Бір әйелге сүйікті

жармын.– Ой, оны қойшы. Соны да сөз деп... Отбасы кімде жоқ

екен. Әйел кімде жоқ екен... Мен басқа нәрсені айтып отырмын.– Өзің еркек емессің деген соң намыстанып айтып жатқаным...– Мен саған еркек емессің деп ауыспалы мағынада айттым.

Мәселе – жігітшілікте. Жігітшілік деген болмай ма! Ау, жазу-шы деген мұны менсіз де түсінер болар еді. Сен өзі-і...

– Мен осындаймын.– Көріп тұрмын. Қап, әттең...– Неге өкіндің?– Төменгі қабаттағы бөлмеге осы бүгін екі әдемі келіншек

орналасып еді. Соларды ойлап ем...– Ойласаң, бар!– Сен ше?– Мен демаламын.– Ол болмайды. Барсақ, бірге барайық, болмаса екеуміз де

демаламыз. Сонымен... қайсысы?– Не жөнінде?– Барамыз ба, жоқ әлде...– Демалайық.– Жарайды. Саған ерген еркек бір-ақ күнде сопы болып

шыға келеді екен. Бүгінше сопы болсақ, сопы болайық...– Неге мен үшін сопы боласың. Өз көңіл қалауыңды істе.– Жоқ. Бармаймын. «Досың соқыр болса, бір көзіңді қысып

жүр» деген.– ?!.

* * *Ертеңіне тағы да кештеу оралған депутаттыққа кандидат

Жалтыр бас тағы да дабырлай сөйлеп кірді.– Жігіттерді айтам да. Мені алақандарына салып әлдилеуге

бар. Тек депутаттыққа өтсеңіз болды дейді.– Сонда-а... – деп күлді Ақ Самай. – Депутаттыққа өткенде

оларға тиетін пайда не?Жалтыр бас ынта-шынтасымен қарқылдап тұрып күлсін.

Кешелі бері байқағаны – жөн-жосықсыз көп күледі екен.– Ойбуй-й, сен өзі... жалпы саясаттан шынында да мақұрым

екенсің ғой. Ау, мен депутат болсам, тигізетін пайдам аз ба? Мына ел, халық менсіз де өмір сүре алады. Маған дейін де өмір сүрген, менен кейін де өмір сүреді. Мен... ең алдымен ана

Page 298: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

299

көмекшілеріме жағдай жасаймын. Солар не үшін менің сөзімді сөйлеп жүр? Неге ақша – дүниесін аямайды? Әне, онда сондай құпия сыр бар.

– Жоқ, түсінем ғой. Оларға оң бүйрегің бұратыны да заңды. Алайда, депутаттың міндеті мүлде басқа. Олар заң жобалары-мен жұмыс істеуі керек емес пе. Заң жобалары-ы...

– Сенің ойыңша, – деді Жалтыр бас, – ... депутат біткен тек заңмен таң атырып, заңмен күн батыра ма? Заң өз жөнімен. Ал, енді одан тыс уақытта ше! Айталық, депутат Елбасына кіреді – онда не айтуы керек? Айталық, депутат Премьер-Министрге кіреді – онда не айтуы керек? Министр, комитет төрағаларын айтпай-ақ қояйын... Міне, мәселе қайда жатыр...

– Сонда да түсінген жоқпын.– Жарайды. Мен саған жәй мысалмен түсіндірейін. Кез-

келген кісінің жоғары жақпен шешілетін шаруалары болмай ма? Болады. Ал соны кім арқылы жүзеге асырады? Әрине, біздер арқылы... Тіпті бар ғой, мына мен саған да көмек жасауым мүмкін. Әрине, ертең депутат болып кетсем...

– Қалай? Қалай көмек бере аласың?– Мен саған орден алып берем. Не болмаса, мемлекеттік

сыйлық бергізем...– Ол мүмкін емес. Әсіресе, мемлекеттік сыйлықты беру-

бермеуді арнайы комиссия шешеді ғой.– Сол... мемлекеттік комиссияға ықпал ететіндер жоқ

деймісің. Ой, сен де... Жарайды, екеуміз бір-бірімізді түсіне алар емеспіз. Сенің ойың мүлде басқа, менікі – басқа-а...

– Мүмкін...Жалтыр бас тағы да күлді. Бірақ бұл жолғысы ерсілеу естілді.

* * *Үшінші күні Жалтыр бас өте ашулы оралды. Көздері қанталап

кеткен.– Сенген түйем сен болсаң... тап әкеңнің! – дейді күйіне

сөйлеп.– Не боп қалды? – деді Ақ самай. – Неге ашулысың?– Е, ашуланбағанда. Сенген жігіттерімнің бәрі босқа шауып

жүріпті. Қарсыласым мені басып кететін түрі бар. Қап, әттең...– Енді не істемексің?– Насихат, насихат, тағы да насихат!.. Айтпақшы, сен...

маған сенімді өкіл болсаң қайтеді. Жазушысың, тілің бар. Сөзді әдемі сөйлей аласың. Қорықпа. Ақыңды жемеймін. Ақшаны қанша сұрасаң, сонша бере алам. Оның үстіне... мемлекеттік сыйлыққа...

– Оны комиссия шешеді дедім ғой.

Page 299: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

300

– Ойбай-ай, сендей қыңырды көрсем көзім шықсын. Ау, сол комиссия да адамдар ғой. Адам бар жерде бәрі де мүмкін. Бәрі де...

– Мен жазушымын. Ақ қағаз бен қаламыма сенген адам-мын. Ел бар, жұрт бар. Олар ұнатып жатса, өздері-ақ ұсынады. Қоғамдық пікір туғызады. Ал, енді... ұнатпаса, несіне өкпелеймін. Жазушы сыйлық үшін жазатын болса, ол шын жазушы емес.

– Генерал болуды армандамаған солдат солдат па? – Рас, жақсы жазушы болуды ойламаған жазушы жазушы

емес.– Ал, атақ...– Атақ басқа нәрсе.– Өй, сен өзі... қырсықтың қырсығысың ғой, ә! Бәсе-ау,

осы күнге дейін неге атыңды естімегем десем... Өзіңнен де бар екен-ау. – Жалтыр бас қызына сөйлеп келе жатты да, кілт тоқтай қалды. Өзінің тым ашық кеткенін тез аңғарса керек. Сосын қайтадан сабасына түсе: – Кешір-р... Артықтау айтып жібердім... Кітаптарың көп пе? Қанша кітап жаздың?

– Көп емес.– Сонда да. Саны...– Алтау-жетеу болып қалар. Әй, бірақ... соларды керемет

кітаптар дей алмаймын. Жақсы дүниені жаза алмай жүрміз ғой.– Міне, мәселе осында. Жақсы шығарма жазу үшін ең әуелі

жағдай керек. Солай ғой. Ақша-қаражаттан қиналмауың қажет. Ойыңда – тек жазу, жазу және жазу тұрғаны абзал. Сен сон-да... классик боласың. Мені қолдасаң, ертең саған жағдай жасап қояр едім. Жазар едің сен...

– Әй, ол да екіұштылау нәрсе, – деді Ақ Самай. – Қаламгерге неғұрлым жағдай жасап қойсаң, ойлануы да марғау тартады. Ең мықты шығарма – жан қиналысынан соң туады. Демек, қиындық...

– Туһ, – деді Жалтыр бас. – Саған дауа жоқ екен. Не деген қисықсың өзің...

– Бұл қисықтық емес, өмір шындығы...– Өмір шындығы дейсің, ә! Ал, енді... Астанадан осында

келіп, өз кітабыңды өзің сатып жүргенің аса ыңғайлы іс деп ойлайсың ба? Жазушы басыңмен ел кезіп, кітап сатып...

– Е, несі бар. Мен сатсам, өз кітабымды сатып жүрмін. Бұл – рухани қазына... Кейбіреулер сияқты көйлек-көпшек, тері-терсек сатып жүрмін бе?..

– Еһе, рухани қазына дейді, – деп Жалтыр бас мысқылдап сөйледі. – Осы күні кітап оқып жүргендер бар ма өзі! Сенің кітабыңды қайтеді мына ел! Оларға жейтін тамақ, киетін әдемі киім керек. Осы екеуі болса, бітті.

Page 300: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

301

– Бұл – уақытша құбылыс. Әлі-ақ ел де тойынады. Сосын рухани азықты іздейді.

– Жоқ, сен маған айтшы. Дардай жазушы басыңмен кітап сатып жүргенің жараса ма? Бұл өзіңді-өзің қорлау ғой.

– Қорлау?! Білмедім... Неге қорлау-у...– Солай. Бұл – қорлық.

* * *Төртінші күні түнде Ақ Самай енді Жалтыр басқа өзі бас

салды.– Сен... кеше маған «кітап сату – қорлық» дедің. Осы

сөзіңе түсінбедім.– Е, түсінбейтін несі бар?!. Білдей жазушы дорба асынып,

кітап сатады. Оны сен емес, басқалар орындауы керек. Мыса-лы, жас балалар...

– Олар мені тыңдай ма?– Азын-аулақ тиын-тебен бер. Сосын зыр жүгіреді. Әй,

бірақ, ол да мәселенің шешуі емес. Мен депутат болып кет-сем, бар кітабыңды өздері-ақ өткізіп, ақшасын әкеліп берер еді. Қазіргің – қорлық...

– Сонда-а... сенің мына жүрісің қорлық емес пе? Қарашы өзіңе! Көрінген жерге барасың, мені қолдаңдар деп жалынасың. Ел аузына келген сөзді айтады, көтересің. Өйтіп депутат болғанша...

– Бұл – басқа шаруа, – деді Жалтыр бас та намыстана. – Бұл – сайлау алдындағы науқан. Азғана уақытқа... Бәрі өтеді де кетеді. Сосын... жайлы орынға жайғасасың. Арғы жағы рахат.

– Біз де солаймыз. Аз-кем уақыт кітап сатып шаршаймыз, сосын демаламыз.

– Арғы жағы ше! Арғы жағы тағы азап қой. – Кітап жазу ма! Жоқ, ол азап емес, рахат.– Сен... шын қияли екенсің. Сені түсіне алмадым.– Мен де...Екеуі теріс қарап жатып қалды. Енді сөйлескілері жоқ.

* * *Ертеңіне кештеу оянды. Бүгін қолы бос. Барар жердің бәріне

де барған. Сосын да керіліп-созылып, кереуетінде ұзақ жатып алды. Сосын...

Теледидарды қосып қалып еді, экранға бөлмелесі Жалтыр бас жарқ етіп шыға келді. Өзі көңілді, жымия күліп сөйлейді:

– Құрметті сайлаушылар, – дейді даусын соза түсіп. – Мен халқым, елім деп жүрген адаммын. Бұл тірлікте ұлтымнан қымбат ешкім жоқ маған. Ақтық демім біткенше халқымды

Page 301: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

302

ойлап, халқым деп қайғырамын. Егер ел сөзін айтатын депутат керек десеңіздер, маған дауыс беріңіздер-р...

«Еһе! – деп ойлады Ақ Самай. – Еһе-е!..»

* * *Ақ Самай қайтуға жиналып жатқанда сайлау да болып қалып

еді. Қорытындысында көршісі Сәкен сері депутаттыққа өтпей қалыпты.

Жол жүрейін деп жатқанда өмірі ішпеймін дейтін көршісі мас күйінде қисалаңдап келіп, бұның миын ашытты.

– Әттең, – деді күйіне. – Әттең... қасымда өзің секілді ақылды, сөзге ұстамды жігіттер көп болғанда, сөзсіз жеңіске жететін едім. Мен нашарлығымнан жеңілгем жоқ, насихатым нашар болды. Бар кемшілік – сонда. Так что, достым, есіңде болсын, насихат, насихат және насихат...

– Түсінем, – деді Ақ Самай. – Түсінем сені...– Жоқ, сен түсініп тұрған жоқсың. Мені әлсіз біреу деп

ойлап барасың. Тіптен де олай емес. Мен... депутат болғанда, ең мықты депутаттардың бірі болатын едім. Біздің ұлттың сорлылығы сонда – тәуір адамдарын сыртқа тебеді. Жақсыны танымайды, жылтыңды төрге оздырады. Сосын өмір оңа ма... Айтшы өзің, оңа ма?

– Әрине, оңбайды.– Міне, мәселе сонда. Жақсылары аяқ асты болады, жа-

мандар биікке өрлейді. Мысалы, сен... байқаймын, тәп-тәуір жазушысың. Мақтанбайсың, лепірмейсің. Өзіңмен-өзіңсің. Бірақ сені бағалап жатқандар бар ма! Жоқ. Өйткені сені көргісі келмейді. Сенің алдыңды орап кетер пысықайлар көп. Әзірге жеңіс те, атақ та соларда.

– Солай шығар...– Солай. Тап солай. Ничего! Өмір бүгінмен бітпейді.

Алда күрестің көкесі бар. Мен түбі депутат боламын. Сонда... көрермін.

– Мен асығыс едім, – деп Ақ Самай қоштаспаққа ниет қылды. – Енді қоштасуға тура келіп тұр.

– Жақсы, бауырым! Әзірге. Бірақ біз кездесеміз. Мен тура-лы теріс ойлама. Көп сырымды айтқам жоқпын саған. Оны тағы бірде... Жоқ, келесі депутат болғанда айтармын. Келістік пе?

– Келістік... – Ақ Самай енді қозғала беріп еді, Жалтыр бас тағы да тоқтатты.

– Айтпақшы... сен әзірге мен туралы ештеңе жазбай-ақ қойшы. Жазам десең, қай кезде жазу керегін өзім айтам...

– Мен сен туралы жазам дегем жоқ қой. Ал енді өтініш айтқан екенсің, сол дегенің болады. Жазбаймын. Үндемеймін сен туралы.

Page 302: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

303

– Міне, дұрыс. Енді бір-бірімізді түсінген сияқтымыз. Сайлауда жеңілгендерді мазақ етушілер көп болады. Мазаққа қалушылардың бірі болмайын дегенім ғой. Түбі... жеңемін. Сол кезде өзім тауып алам. Сонда... айтатынымды айтам.

Жалтыр бас енді бұрынғы әдетіне басып, сақылдап тұрып күлді. Тоқтамай күлді. Ақ Самай оның неге күліп тұрғанын, әсіресе неге осынша ұзақ-қ күлгенін түсінбеді.

Ол өтпей қалған кітаптарын арқалап, қонақ үйден ұзап кеткенше Жалтыр бастың өте сүйкімсіздеу, дарақы күлкісі құлағында жаңғырып тұрып алды. Ұзаңқырап барып, артына бір бұрылғанында байқады, Әуезов айтқан «мүсәпірхана» осы жолы бұған мұңая, мұңдана қарап тұрғандай болды...

ол және «жазушы»1

Жүрдек поездың екі орындық жайлы купесінде екі кісі отыр. Бірі – елуді алқымдаған, жүріс-тұрысы самарқаулау жігіт ағасы. Ол – Ақсамай. Ал екіншісі – ол да орта жастан асып, алпысқа иек артқан аға буын. Ол – Қасқабас. Ақсамай да, Қасқабас та бір-бірімен жылы амандасқаны болмаса, әзірге ашыла сөйлескен жоқ. «Кім сөз бастар екен» дегендей іштей арбасу. «Сен сөйлемесең, мен де үндемеймін» дегендей тымпи күй. «Көлденең көк аттыға бар сырын ашып салатын аңқауың мен емес» деген іштей аңдысу.

2Ақыры сөзді Ақсамай бастады. Жасы кіші болған соң інілік

ізет жасағаны.– Жол болсын, ағасы? Алысқа бара жатырсыз ба? – деп ана

Қасқабасты сөзге тарта сөйлеген.– Әлей болсын, інішек. Барар жерім – Шу. Сонан түсемін.– Е, – деді Ақсамай. – ... Атақты Шу стансасы десеңізші.

Сол жерде тұрасыз ба, жоқ әлде...– Шуда құдам бар. Ошақты деген ата. Ал өзім... осы

Қызылордалықпын. Мына Арал жағы...– Арал жағы деймісіз? – деп Ақсамай әлдене есіне түскендей

күліп жіберді.– О, неге күлдің? Себебі бар ма, інішек?– Бар. Бар болғанда қандай!– Е, ендеше айта отыр. Тыңдап көрелік.– Өткен жолы Алматыда мемлекеттік автоинспекцияда

істейтін жиенім бір әңгіме айтып еді. Сол есіме түсе кеткені ғой.– Иә. Ол не деп еді?

Page 303: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

304

– Сол жиен айтады. Алматыға бір Арал жағының жігіті ав-томашинамен келіпті. Өзі қалада жүру тәртібін бұзып алған ба, дереу автоинспектор жігіт тоқтатпай ма! Рульдегі жігіт сыртқа жүгіріп шығыпты да:

– Не боп қалды, а құдай? – депті.Анау автоинспектор да Сыр бойының жігіті екен, бұған

әзілмен қағыта:– Оу, бауырым, сен біздің елдің паролін айттың ғой. Теңіздік

а құдайсың ба, жоқ әлде құрлықтық а құдайсың ба? – деп сұрапты.

– Мен бе? Мен – Аралданмын.– Е, онда теңіздік екенсің. Мен де сол жерде туғанмын.

Онда жүре бер. Жолың болсын депті.Қасқабас мына әңгімеге күліп жіберді.– Әй, осы елдің шығармайтыны жоқ, – деді сосын. – Ел

қарап жүрмейді.– Көңіліңізге алып қалдыңыз ба? Зілі жоқ әзіл ғой.– Е, жоға! Бұны көңілге алып не керек? Бұнда тұрған қандай

ыңғайсыздық бар? Тек... елімді ойлаймын да. «А құдай» дегеніміз «айналайын» дегеніміз ғой.

– Оны білем ғой, аға.– Білсең сол.

3Қасқабас іріленіп сөйлейді екен. Сөздері мінбеден естілгендей

ірі, жуан.– Өзің жүзі жылы жігіт көрінесің. Әңгімең де жұмсақ. Қайда

жұмыс істейсің? – деп енді Қасқабас Ақсамайды әңгімеге тарт-ты.

– Мен... жазушымын. Жазушы деген халықты білетін бо-ларсыз...

– О-о, – деп Қасқабас қуанып сала берді. – Неге білмеймін. Білгенде қандай! Кітаптарың бар ма? Көп кітап жаздың ба?

– Көп дей алмаймын. Барлығын қосқанда бес-алтау болып қалар...

– Қане, өзіңде бар ма біреуі? Көрейік те...– Бар. Қазір алып берейін.Ақсамай қолсөмкесін ашып, ішінен бір кітапты алды да,

Қасқабасқа ұсынды. Қасқабас қолына алып тұрып, екі-үш парақтап жіберіп:

– Ой, өзі биттің қабығындай ғой. Көбірек жазбайсың ба! – деді. – Үлкен жазушылар ана Әуезов сияқты болуы керек. «Абай жолын» айтсайшы. Не болмаса біздің Нұрпейісов секілді. «Қан мен тер» қандай! Қолыңа алсаң, көңілің тояттайды.

Page 304: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

305

– Енді... – деп Ақсамай қипақтап қалды. – ... Әр жазу- шының өз жазу машығы болады. Біреулер роман жазады, ал енді біреулер әңгімені оң көреді. Ең бастысы – жақсы жазуда.

– Жақсы жазу деймісің! – деді Қасқабас. – Жақсы жазу керек, әрине. Менің ойымша, ең жақсы кітап – шын өмірді жазған кітап. Әйтпесе, кейбіреулер жазады, қайдағы бір қияли бірдемелер... Кейіпкері ауру, есалаң, қояншық... Мен ондай кітаптарды еш қабылдай алмаймын.

– Қандай кейіпкерді таңдау жазушының өз құқы емес пе!– Солайы солай ғой. Әйтсе де, оқырманды да ойлап қою

ләзім. Жазушы ең алдымен кім үшін жазады? Әрине, оқырман үшін. Ендеше, неге өз оқырманын аямайды? Маған ана жолы бір жазушы інішек әлгі орыс жазушысы Достоевскийді бір түн мақтады. Тіпті әлем әдебиетінде де оған тең келетіндер жоқ деді. Сосын ертеңіне әлгі жазушының «Ақ түндер» деген кітабын тауып алып оқымаймын ба!

– Қалай екен? Ұнады ма? – деп Ақсамай оқыс сауал қойып қалды.

– Сөзді бөлме. Аяғын тыңда, – деді Қасқабас. – Сөйтсем, әлгі жазушы дегені қияли біреңелерді бас-көз жоқ айта береді, айта береді. Тіпті аяғына жете алмадым. Сосын жылы жауып қоя салдым. Міне, оқырманды аямау деген осы...

– Мен олай ойламаймын.– Ол өз шаруаң. Мен шындықты айтып отырмын. Айтпақшы...

сен де сол Достоевский секілді жазатын қу емеспісің? – Жоқ, біздің стиліміз екі бөлек. Мен өз ойымша, одан гөрі

Тургеневке жақындаумын.– Ә-ә, – деді Қасқабас. – Тургеневке жақындаумын де.

Ал, енді сол Тургеневің қандай жазушы? Ол нені жазған?– Тургеневтің романдары көп. «Аңшының әңгімелері» деген

аңшы өмірінен жазған әңгімелері де бар.– Онда оқимын. Сөзсіз оқып шығам. Аңшылық деген бір

қызық әлем.– Оқыңыз. Оқып шыққаныңыз дұрыс.

4– Өзгені қояйық. Өзің туралы айт.Қасқабастың сөзі әмірлі. «Айтпай көрші, қане!»дейтіндей.– Өзім туралы не айтам. Жасым елуге тақады. Осы жасыма

дейін жазушылықты кәсіп етіп келем. Бірақ жазғаным көп емес, бары-жоғы...

– Оны айттың ғой. Не туралы жазасың? – Әртүрлі.– Нақтылап айтқанда... Тақырыбың?

20-177

Page 305: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

306

– Басыбайлы тақырыбым жоқ. Не жазсам да ең әуелі адам жанын, оның ішкі пікірлерін ашып көрсетсем деймін.

– Кейіпкерлерің кім?– Олар да әртүрлі. Кез-келген адамды ала берем.– Жалпылама сөйлейді екенсің. Кейіпкерлерің кім дегенде

айтуың керек: ол мұғалім бе? Ол малшы ма? Ол бухгалтер ме? Тағысын – тағылар...

– Әңгіме-хикаяттарымда осылардың бәрі де кездеседі.– Ал, парторг ше? Кезінде парторгтер қоғамда қандай роль

атқарғанын білесің бе?– Парторгты неге білмейін? Білем ғой. Тек... олар тура-

лы жаза алмаймын. Олар – Компартия саясатын жүргізді, солардың сөзін айтты.

– Жоқ, қателесесің! – деп Қасқабас айқайлап жіберді. – Парторгты сен толық танымаған екенсің. Біле-білсең, сол пар-торгтер кезінде қоғамды ұстап тұрды. Ел ішінде ауызбіршілік болса, ол ең алдымен сол парторгтердің арқасы...

– Бұл енді даулылау мәселе...– Дауға айналдырып жүрген сен секілділер. Әйтпесе, парторг

дауға, таласқа негіз болатын кейіпкер емес. Парторг – заман идеологы. Өз заманының озық ойлы саясаткері. Тіпті совхоз-дарда директор бірінші басшы бола тұра, парторгты тыңдады. Дегеніне көнді. Өйткені, ол...

– Тым мақтап жібердіңіз.– Аз. Аз мақтап отырмын әлі. Сен парторгтың кім екенін

білмеген екенсің? Онда түсіндірейін. – Аға, білем. Түсіндіретін түк те жоқ. Мен де сол Компар-

тия заманында өмір сүрген ұрпақ емеспін бе.– Ал сөзіңе қарасам, көктен түскен сияқтысың.– Жәй, сізді сөйлетейін деп...– Е, бәсе! Ішің біліп тұр ғой бәрін де.– Тап солай.– Осылай демейсің бе бағанадан бері...

5Кішкене үзілістен соң әңгімені Ақсамай бастады.– Сіз, шамасы, парторг болып жұмыс істеген шығарсыз?..– Дәл таптың. Мен отыз жыл бойы бір шаруашылықта пар-

торг болған кісімін.– Қазір ше? Қазір қайда істейсіз?– Мен қазір зейнеткермін. Жас алпыстан асты. Жұмысты

қойдық.– Бірақ әлі де тың көрінесіз.– Денсаулық жақсы, інішек. Әлі де көп нәрсе тындыра ала-

тын жағдайым бар.

Page 306: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

307

– Бір шаруамен айналысатын боларсыз? Мәселен, коммер- циямен дегендей...

– Ойбай, оны атай көрме. Ол менің қолым емес. Мен үш жылдан бері жазумен шұғылданамын.

– Не жазасыз?– Өмірбаяндық роман, – деді Қасқабас. – Айтпақшы,

ұмытып барады екем ғой, менің алғашқы романым баспадан таяуда шыққан. Өзіңе біреуін жазып берейін.

Қасқабас сөмкесінен кітабын алды. Ақсамай көрген бетте-ақ есінен тана жаздады. Оның өмірбаяндық романының қалыңдығы «Абай жолынан» да асып түседі екен.

– Міне, інішек, жазған соң осылай көп етіп, молынан төгілген абзал. Оқыған оқушының айызы қанатын болсын.

Ол сөйлеп отырып, кітабына арнау сөз жазды. «Талапты ініме талантты ағасынан» деді. Ақсамай оған таңданған жоқ. Кітапты парақтап отырып, ең соңындағы сөйлемге көз тоқтатты. «Бірінші кітаптың соңы». Е, демек аяғы бар...

– Кешірерсіз, сонда өмірбаяндық романыңыз екі кітаптан тұра ма?

– Оны бір Алла біледі. Мүмкін, үш кітап... Мүмкін, төрт кітап...

– Айтарыңыз көп екен де. – Отыз жыл парторг болдым. Әр он жылына бір кітаптан

дегеннің өзінде үш том болмай ма!– М-м, да, – деді Ақсамай.

6– Кітап жазу өте ауыр, ә! – деп Ақсамай Қасқабасқа бұрыла

сөйлеген.– Жазу ауыр емес, атақты болу қиын, – деді Қасқабас.– Жақсы кітап жазу қиын, аға! – деді Ақсамай. – Атақ

деген жақсы жазушыны өзі-ақ іздеп табады.– Сен қателесесің! Атақ-даңқ өздігінен келмейді. Оның

соңына түсу керек.– Қалай?..– Солай. Сен кітап жазыпсың деп кім атақ-даңқ бере са-

лады. Бұл күнде кім көп? Жазушы көп. Соның бәріне атақ, сыйлық бере берсе...

– Жақсы жазушы көп емес. Олар өте аз.– Ой, шырағым, сен өзі не деп отырсың? Жақсы жазу-

шы деген кім? Ол – өзін-өзі насихаттай білетін адам. «Мен мықтымын, ел мені танып алсын» деп шіреніп жатқанға, кім қарайды! Ондайлардың мыңы кеп, мыңы кеткен. Артын-да ізі қалған жоқ. Кітаптары қайта басылмайды да. Өйткені, ұмытылған.

Page 307: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

308

– Менің түсінігімше, жақсы жазушының кітабы ешқашан ұмытылмайды. Оны әр ұрпақ өз бетінше марапаттап, көтеріп отырады. Мысалы, Әуезов...

– Әуезов дейсің бе! – деп Қасқабас сөзді бөліп кетті. – Сол Әуезов өзін-өзі таныту үшін не істеді, а? Білесің бе соны...

– Ол өзін насихаттау жолына түспесе де Әуезов боп қалар еді.– Міне, осы жерде қателесесің. Әуезов өзінің «Абай жолы»

романын орысшаға аудартып, орыс достары арқылы насихаттап, Лениндік сыйлықты жеңіп алмағанда, оны әлем танымас еді. Әлем дейміз-ау, өз қазағымыз да мойындамас еді.

– Оны мойындағысы келмегендер – өз тұстастары ғой. Кейінгі ұрпақ бәрібір сүйіп оқиды.

– Туһ! Мен сені түсінбедім, – деп Қасқабас шарт кетті. – Өзің бас десе құлақ дейді екенсің. Жазушы үшін ең әуелі керегі – насихат. Онсыз он жерден талант болсаң да, сені ешкім танымайды. Уақыт өте келе, құмға көміліп қала бересің. Бұл – жазылмаған қағида! Ұнатсаң да, ұнатпасаң да – сол.

– Әрине, кез-келген шығарманы жалпы жұртқа таныстыру қажет шаруа. Бірақ «мата даңқымен бөз өтпейтіні» тағы бар ғой. Жаман шығарманы қанша жерден жақтасаң да, кемшілігі бетке ұрып тұрмай ма?

– Түкке алғысыз кітап болмайды. Ал, кез-келген кітапты оқысаңыз, іліп алар бірдеңе болатыны даусыз ақиқат. Жақсы кітап деген не, жаман кітап деген не – осыдан соң-ақ өзің ой-лана бер. Оның бер жағында сен мақтаған кітап маған ұнамауы мүмкін, ал маған ұнаса, саған ұнамайтыны тағы бар. Екеуміз ұнатпадық деп сол кітапты күресінге лақтыруға бола ма? Демек, талғам деген тағы бар.

– Талғамға талас жоқ, әрине! Бірақ талантсыз дүние мен та-лантты шығарманы кез-келген оқырман ажырата алатын болар?

– Жә, бұл енді бітпейтін әңгіме, – деді Қасқабас. – Екеуміз бұл тақырыпта екі күн, екі түн айтысуымыз мүмкін. Мен бірнәрсе білетін болсам, ол мынау: жазушы көп жазуы керек, үлкен дүниелерге тәуекел етуі қажет, өтірікке бармағаны абзал.

– Бұныңызға толық келісемін...

7Поезд Шу стансасына да келіп қалыпты...Қасқабас түсуге әзірлене бастады.– Саған, інішек, бір өтінішім бар, – деді қоштасарда. –

Мына тұңғыш романымды оқып шықшы.– Әрине. Міндетті түрде оқимын.– Сосын... – деді Қасқабас. – Сосын... газетке бірдеңе

түрте салсаң дұрыс болар еді. Тіпті бастан-аяқ мақта демеймін. «Оқуға болатын еңбек» десең жетіп жатыр.

Page 308: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

309

– Оны ойланайын.– Ойланба! Жаз. Уәде бер.– Уәде ауыр ғой. Көрейін...– Күтем. Газет бетінен пікіріңді күтем. Ол мен үшін өте

қажет. Алдағы жылы мемлекеттік сыйлыққа ұсынылам ба деген ойым да бар. Оны сенен несіне жасырайын...

– Ә-ә, түсіндім.– Түсінсең сол. Ал, жақсы. Хош бол! Тағы да аман-есен

жолыққанша...Қасқабас вагоннан түсіп бара жатты...

8Поезд қозғалды. Ақсамай әлі де бағанағы әңгіме әсерінен айыға алмай отыр.

Стол үстінде жаңағы «жазушы» ағасының кітабы қақ ортасынан ашық жатыр. Қолына алды. Кезекті бір тарауының алғашқы жолын оқи бастады.

«...Біз совхоз директоры екеуміз карта ойнап отыр едік. Директордың қолы шықпады. Ол соған мазасызданды. Маған алакөздене қарады. «Қайтсең де ұтылуың керек» дегендей. Осы жолы ұтылғым келмеді. Өйткені, кеше ғана ауданда үлкен жиын болып, екінші хатшы мені мақтаған. Соған желпініп отырмын. «Мен де сенен кем емеспін» деген желөкпе ой бар ішімде. Алакөз директорға мен де алакөздендім. «Ал, шауып ал» дегенім бұл. Ол одан бетер алакөзденді. Мен де...»

Ақсамай кітапты жаба салды.«Бұның әлі екінші кітабы бар» деп ойланды ішінен. «Қайран

жазушылық! Сенің әруағың ұрып кетпесе жарар еді біздерді...»Ол ауыр күрсінді. Соңғы бес жыл бойына ақ тер, көк тер

болып жазған бір хикаят, алты әңгімесін ойлады. Солардың әрқайсысы бұны есалаң ете жаздап барып, дүниеге келіп еді-ау. Жаңағы Қасқабас сол кітабын ұстап тұрып:

– Өзі биттің қабығындай екен, – деді ғой.Крокодилдың қабығындай ғып жазбайын деп жүр ме бұл!

Ол оңай ма! Оңай ма жақсы шығарма жазу... Әр әңгіме дүниеге келерде бір өліп, бір тіріледі. Соны түсінер ме жаңағы «жазу-шы» ағасы! Әй, қайдам! Қайдан түсінсін! Отыз жыл парторг болып, енді зейнеткерлікке шыға сала «жазушы» болмақ. Тіпті келесі жылы мемлекеттік сыйлықта да ойы бар. Алсын! Ала берсін. Кімге бермей жатыр осы күні... Иттің ұлы – итақай да...

Ақсамайдың жүрегі шым-м ете түсті.«Ойпырмай, жүрегіме не болды? Үйіме, бала-шағама аман-

есен жете алсам болғаны ғой...»

Page 309: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

310

саясаТ ПЕН сыра(қос өрім)

саясат1

– Мына жаныңыздағы орын бос па?..– Бос болуы керек.– Онда мен отырайын.– Еркіңіз білсін.– Жоқ, жаратпай отырсаңыз, басқа орынға кетейін.– О не дегеніңіз, сізді жақтырмайтындай... маған не істедіңіз?

Бірінші рет көріп тұрмын ғой.– Кім біледі! Кейбіреулер болады, өмірі адам баласын ұната

бермейді. Әйтеуір бір жерінен кемшілік тауып...– Мен ондай кісі емеспін. Қорықпай-ақ қойыңыз.– Сұрап жатқаным да. Алдын алып дегендей...– Сіз... өзіңіз сондай кісі емессіз бе! Келмей жатып жағадан

алдыңыз...– Бұл – әдетім. Қай кезде де әңгіменің басы ашық болғаны

дұрыс.– Е-е, түсіндім.– Онда отырайын.– Отырыңыз...

2Қабаш қасына отыра кеткен көршісіне көз қиығын салып,

бірнеше рет қиықтана қарап, «өзі қызық кісі» дегендей, бірауық сол ойдан ажырай алмай отырған. Анау жайғасуға еш асықпады. Әуелі костюмін шешті, оны жоғарыға ілді. Сосын көйлегінің жең түймесін ағытты, оны шынтаққа дейін түрді. Сосын қалтасынан тарақ алып, шашын тарады. Ұзақ тарады. Бурыл тартқан шашы майлы екен, тараған сайын жата қалады, тікірейіп тұрған бір тал да жоқ. Қабаш өз шашын ойлады. Ылғи да тікірейіп, тікенектеніп тұрады. Қанша сулап жатса да, сол қалпы. Кірпінің тікенегіндей.

– Ал, енді таныс болайық, көрші. Менің атым – Танаш. – Қабаш.– Міне, керемет! Атымыз да ұқсас екен. Жас шамамыз...– Бір жылдан соң елуге толамын.

Page 310: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

311

– Мәссаған! Мен де солай... Бұл өзі не деген ұқсастық. Аты-мыз да, жасымыз да...

– Ондай бола береді ғой.– Жоқ, бола бермейді. Бұл – сәттілік. Сирек кездесетін

сәттілік. Демек, жолымыз болады екен.Осы кезде үлкен лайнер де көгілдір аспанға көтеріліп бара

жатты.– Сіз... Алматыға бара жатырсыз ба?– Алматыға. Одан әрі Талдықорғанға...– Әне, айттым ғой. Бұл өзі сәттіліктің сәттілігі. Мен де со-

лай. Талдықорғанға барам... Іссапар. Жұмыс бабымен... Сіз де солай шығарсыз.

– Жоқ, мен тойға бара жатырмын. Досымның баласы үйленіп жатыр.

– Е, осы жерде сәл ғана алшақтық бар екен. Сіз тойға, ал мен... Оқасы жоқ. Онда тұрған дәнеңе жоқ. Ең бастысы – бағытымыз бір. Тіпті осы самолеттен түсе салысымен бірге тар-тып кетсек те болады екен. Оны көре жатармыз...

Танаш танаурап сөйлеп, әңгімесін әзер ауыздықтап болып, кішкене креслоға шалқайды. Қабаш та қолына кезекті газет нөмірін алып, оқи бастады. Сол-ақ екен Танаш басын шұғыл көтеріп алып:

– Мына оқып отырғаның «Время» ма? – деді.– Иә, сол газет.– Әй, осы бар ғой, мен осы газетке риза емеспін, – деді

Танаш. – Қайдағы-жоқты теріп жазады. Анаған да тиіседі, мынаған да...

– Тиіскені қалай? – деп Қабаш оған таңдана қарады. –Әртүрлі пікірлер жарияласа, онда тұрған не бар?..

– Жоқ, олай емес. Бұлар әдейі дау-дамайлы тақырыпты іздейді. Сөйтіп, ел назарын өзіне аударғысы келеді. Жұрт газетті емес, жаңағыдай скандальный материалдарды көп іздейді, соған әуес қой. Міне, сөйтіп бедел жинағысы келеді. Бұл – арзан бедел.

Қабаш ананың сөзін тыңдай отырып, ойланып қалды.– Сіз... журналиссіз бе? – деп сұраған.– Қайдағы журналист! – деп Танаш ыршып түсті. – Атын

атамашы солардың! Жазатындары өтірік, іздейтіндері өсек...– Журналистердің барлығы да ондай емес шығар...– Бәрі емес. Бірақ көбісі сондай. Оған бола дауласпай-ақ қой

менімен. Айтпақшы-ы... сіз өзіңіз журналист шығарсыз?– Мен де басқа мамандық иесімін. Бірақ газет-журналға

әуеспін. Көп оқимын. Іздеп жүріп оқитын журналистерім де бар.

Page 311: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

312

– Ха-ха! – деп күлді Танаш. – ...Іздеп жүріп оқитындай ол қандай ғұлама! Ондайлар осы күні жоқ. Бәрі де саясаттың сойыл соғары. Белгілі бір топтың сөзін сөйлеушілер...

– Бәрі емес.– Көбісі сондай. Әйтпесе айта қойшы, осы күні жарқырап

көрініп жүрген, қара қылды қақ жаратын қандай журналист бар, а? Бәрі де саясат шылауында кетіп барады. Жалпы мен айтар едім, осы күні тек журналистер ғана емес, барша саясаткерлер де өз құлқыны, өз жағдайы, өз креслосы айналасынан ұзап шыға алмайтындар.

Қабаш енді газетті екі бүктеп, папкісіне сала қойды. Әңгіме қыза түскен сияқты.

– Сіздің ойыңызша... осы күнгі партия, қозғалыс басқарып жүргендер де өз құлқынын ойлағандар ма?

– Солай. Бәрі де солай. Біреуі – өзінің биік орынтағынан айрылып қалып, соған ренжіген адам, екіншісі – үлкен қыз- метке жете алмай, шаршаған кісі, үшіншісі – бүгінгі басшыларды жек көретіндер, соларды қайтсем сүріндірем деушілер...

– Партия, қозғалыс құрғандардың бәрінің де ойы сондай де-сек, ол үлкен қателік емес пе? Олардың арасында елді, халықты, болашақты ойлап жүргендер де бар шығар?..

– Бар болса, бар болар. Көпке күл шаша алмаймын. Алай-да, өзіңіз-ақ ойлаңызшы, ел қамын ойлаған адам неге партия, қозғалыс құруы керек? Неге ол бүгінгі билікті айқайлап, үркітіп, масқаралап көрсетуі керек? Шын жүрегі таза адам өзінің ішіндегі ойын олай жеткізбегені абзал. Айқай-ұйқайға ұласқан әділеттілік айтысы түбі жақсылыққа апармайды.

Қабаш оны тағы да сөйлете түсті.– Сонда... сіздің ойыңызша кез-келген адам айқайлауға,

дауыс көтеруге, әділеттілік сұрап ұрандатуға бармауы керек пе! Бара қалса, онда қателескені ме?

– Тағы да айтам. Атам қазақ «шағыммен шаттық орнамай-ды» деген. Демек, нені де ақылдаса, ойласа отырып шешу мақұл. Мен бүгінгі басшыны аспанға көтере мадақтау, мақтау керек демеймін. Алайда, бір-ақ күнде бар істеген ісін жоққа шығарам деушілерге қарсымын. Ел басқару – оңай іс емес. Мұндай ша-руада қателік те болмай қалмайды. Кез-келген елдің басшысы өз кезінде жақсы ісімен қабат кемшілік те жіберуі әбден мүмкін. Ал, бірақ сол кемшілігін ғана айтып, соны айбарақ етіп, ел-жұртқа масқаралаймын деушілер – қателеседі. Ол жеме-жемге келгенде өзімізге өзіміз күлгеніміз.

– Өзіне-өзі күле білген ел – ақылды ел демеуші ме еді...– Ендеше былай дейін. Бұл – өзімізді өзіміз масқаралауымыз.

Өз ақымақтығымызды өзіміз әшкерелеуіміз.

Page 312: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

313

– Неге біз бүгінгі басшыны сынға алсақ, өз-өзімізді масқаралаған боламыз? Басшы жіберген кемшілікті көріп тұрып үндемеуге бола ма?

– Көре тұрып үндемеуге болмайды. Егер кемшілік расында да елге, халыққа зор нұқсан әкелетін болса, оған қарсы тұрмау ақымақтық қой. Алайда медальдің екінші жағы тағы бар. Бізде «кемшілікті әшкерелеу» деген сылтаумен басшының басқан ізін аңдып, әйтеуір бірдеңе табуды мақсат тұтатындар да бар. Бұлар ше? Бұларға не дейсіз?

– Ондайларды арызқой дейді. Біздің әңгімеміз олар туралы емес.

– Сол кіші арызқойлық пен үлкен саясаткерлік екеуінің арасы мүлдем жақын нәрсе. Әрі тартсаң анаған, бері тартсаң мынаған кете бермей ме?

– Олай емес болар? Саясаткер басқа, арызқой басқа деген-дей...

Танаш бұл жолы әбден қызынып алды да, Қабашқа қарсы сауалды боратты.

– Әуелі арызқой адам деген кім? Осыны анықтап алайықшы.– Арызқой – арыз жазатын адам дейік. Ал ол неге арыз

жазады?– Арызқой болған соң...– Жоқ, оның да себебі бар. Кез-келген есі дұрыс кісі, мен

ауру, біреуді көре алмайтын қызғаншақ, ішітар кісі туралы айтып тұрғам жоқ, біреуді жамандауға ұмтылмайды. Өйткені таяқтың екі ұшы бар екенін ол әбден біледі. Бірақ амалсыз қолына қалам алатыны – белгілі бір себептен. Айталық, өзінен лауазымы жоғары кісінің қысымы, болмаса жұмыс бабындағы әділетсіздік, әйтпесе өзіне тиесілі нәрсені өзі ала алмауы, тағы сондай-сон-дайлар жүйкесін жұқартады. Содан кейін барып...

– О-о, – деді Қабаш күле сөйлеп, – ...Сіздің сөзіңізді тыңдап отырсақ, жер бетіндегі бүкіл арызқойларды ақтап алуға да болады екен-ау...

– Мен арызқойларды, әсіресе ішітар, қызғаншақ, көре алмай-тын арызқойларды ақтаудан аулақпын. Тіпті арыз жазу деген сөздің өзі ақтаудан гөрі даттауға бейімдірек. Дей тұрсақ та... бұл тірлікте әр зат өз атымен аталуы керек. Мен арыз жазу-шыларды екі топқа бөлем: бірі – жаңағы қызғаншақтар мен ішітарлар; екіншісі – жаны күйіп, амалы таусылып барып қолға қалам алатындар.

– Бұны түсіндік делік. Ал енді арыз жазатын адам мен саясаткердің қандай байланысы бар? Осыны түсіне алмай отыр-мын...

– Ә-ә, бұл енді жаңағыдан да тереңірек мәселе. Арыз жа-затын адам екі топқа бөлінеді дедік. Алғашқысы – өз атын

Page 313: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

314

өзі айбарақ етіп, өзі жазатындар. Ол – бір. Енді арызды өзі жазбайтын, бірақ екінші, тіпті сол екінші арқылы үшінші біреуді айдап салып, сол арқылы шағым түсіретіндер де бар. Олар түлкіден де қу, айлалы. Ешқашан ұстатпайды. Ұстап тұрсаң да мойнына алмайды. Бар ма сондайлар?

– Иә, бар ондайлар.– Бар болса, соларды кім дейміз?– Білмедім. Айлакерлер, зымияндар, қушыкештер... Тағы

кім деуге болады.– Міне, осылар саясаткерлер. Олар кез-келген жағдайда то-

нын да, түрін де өзгертіп кете береді. Ең бастысы – жеңіске жетсе болды.

– Жеңіс? Қандай жеңіс... Кімді жеңеді?..– Бір топ екінші топты. Ана топ мына топты... Қысқасы, қоғам

ішіндегі айтыс-таластан туындап жатады бұның бәрі де. Біреуі біреуін жеңу үшін тек шағым ғана ұйымдастырып қоймайды олар, топтаса отырып, партия құрады, қозғалыс құрады...

– Еһе, сіз әңгімені қай жаққа бұрып барасыз? Сонда осы күнгі партиялар, қозғалыстар...

– Дәл солай. Олар жайдан-жай құрылған жоқ. Ол – саяси мұқтаждық. Белгілі бір топ үшін керек...

Осы кезде Танаштың қалта телефоны шырылдады. Әңгіме үзіліп кетті...

Ол әлдекімдермен ұза-а-ақ сөйлесті...

3Қабаш әрі ойланды, бері ойланды. Қасындағы көршісінің

әңгімесі еріксіз ойландыратындай.«Арыз... Шағым... Саяси ойын... Саясатшы... Түсінсем

бұйырмасын! Сонда бұл қоғамда кімге сенуге болады?..»– Уа, көрші! Не ойлап отырсың?..Танаш жымия күліп, бұның иығынан қақты.– Жәй, мына терезеден жерге қарап... – деп Қабаш аузына

келген сөзді қиюластырған болды.– Жер! – деді Танаш. – Қара жер жарықтық мәңгілік

қой! Тек өткінші ұрпақ – бізбіз. Бізге дейін де талайлар өлген, бізден соң да келеді. Келу мен кету! Ешнәрсенің байыбына жете алмай өте шығамыз...

– Қалайша! Әр адам өз өмірінде, мейлі ол қысқа болсын мейлі, ұзақ болсын, белгілі бір із қалдырмай ма?

– Қандай із?– Енді-і... іс бітіреді: ғылыммен айналысады, жаңалықтар

табады. Тіпті, ең болмағанда, артында өз ұрпағын қалдырады.– Е, оның бәрі де жай нәрсе ғой. Ғылым бізге дейін әбден

зерттеліп біткен. Ұрпақтың келуі мен кетуі де жаңалық емес.

Page 314: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

315

Қысқасы, адам өмірі жай ғана қас-қағым сәттік құбылыс. Бірақ сөйте тұра пенделер айтысады, таласады, тартысады. Өйткені, олар өмір мәніне үңілмейді. Егер шынымен-ақ үңілер болса, бәрі түк те емес. Билік те, лауазым да, атақ та... Бәрі жай нәрсе.

– Бұған қосыла алмаймын. Билік пен лауазым расы- мен-ақ уақытылы нәрсе болар, ал бірақ атақ-даңқ олай емес қой. Кісінің атағы ұрпақтан-ұрпаққа кетпей ме. Мысалы, жазушы кітап жазса, оны жүз жыл, екі жүз жылдан соң да оқитындар табылмай ма! Бұл деген мәңгілік бастауы емес пе!

– Атақ-даңқ деген ол да адамдар ойлап тапқан зат, – деді Танаш. – Мәселен, ХVІІІ ғасырдағы атақ-даңқ осы күні кімге керек? Тіпті күні кешегі Кеңес дәуіріндегі лениндік сыйлық ше? Соны қазір кім алады? Кімге беріп жатыр?

– Атақты қоя тұралық. Адамдар ше! Атағы онсыз да жер жарған кісілер ше!

– Ол да жай нәрсе. Жаңағы Лениндік сыйлық осы күні жоқ дедік. Тіпті оны айтасыз, ана қолдан жасалған қайраткер Ле-нин де қазір шын бет-пердесін ашып жатқан жоқ па! Осы күні Ленин кім? Көптің бірі. Көп саясаткерлердің бірі ғана. Күн көсем де емес, пролетариат данышпаны да емес. Жай ғана саясатшы... Тіпті ол өзі белгілі бір топтың қолшоқпары болды деушілер де табылып жатыр.

– Түсінбедім. Сонда қалай, біз осы бетімізбен барша зиялы-ларымызды жоққа шығарып бітеміз бе?

– Жоққа шығармау керек. Ақты ақ, қараны қара деу керек. Әсіресе, қолдан жасалған көсемдерді елге айту парыз. Өтірік бәрібір өзін-өзі әшкерелейді. Ерте ме, кеш пе бәрібір...

Қабаш енді шын шатасайын деді. Тыңдағанынан таңданысы көбейіп барады.

– Саясаттың бәрінің астарынан ондай жымысқы ой іздей беру жөн бе! Бұл өзі кісіні шатастырып жіберетін нәрсе ғой.

– Міне, саясатшыларға да керегі сол. Елдің шатасқаны, миы айналғаны... Сонда олар үгітке тез көнеді. Айтқанға тез ереді. Ал арғы жағы белгілі...

– Белгілі болғанда, аяғы қайда бастайды?– Аяғы ма? Аяғы – белгілі бір топтың билік басына жетуімен

аяқталады. Сосын қайтадан басталады. Баяғы елге бақытты заман тудырам дейтін саясаткерлер де өз бас қамына кірісіп кетеді. Уақыт өте келе тағы бір топ бас қылтитады. Тағы да саяси ойын... тағы да саяси қақтығыс... талас-тартыс... Алдау, арбау...

– Сенің сөзіңе сенсек, тіпті өмір сүріп керек емес.– Өмір сүру керек. Бірақ өз ойыңмен...– Менің ойым кімге керек!

Page 315: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

316

– Ешкімге де. Ол өзіңе ғана керек.– Атақ-даңққа да ұмтылма демексіз бе?– Ұмтылмаған абзал. Атақ іздеген адам қайтсе де саясатқа

ұрынады. Саясатшылар торына қалай түскенін білмей қалады. Саяси тордың өз жолы бар...

– Сіз өзіңіз... бір партияға мүшесіз бе? – Жоқ. Мен өзім бір партиямын.– Газет-журнал оқисыз ба? Ұнататын газетіңіз...– Қазір оқымаймын.– Неге?– Өйткені бүгінгі баспасөз де саяси торға түскен баспасөз. Де-

мек, не жазатыны да белгілі. Жаңа «Время» туралы айтқаным да содан. Сіз көңіліңізге алмаңыз. Мүмкін сіз сол газетті ұнататын боларсыз. Ол енді өз шаруаңыз. Ал, менің өз ойым бар...

– Әрине! Түсінем-м...

4– Партиялар мен қозғалыстар бізде ғана емес, шетелдерде де

бар ғой, – деп Қабаш енді қарсы уәж айта бастады. – Шетел басылымдарының жазуынша, партиялар өз елінің басшысының жіберген кемшіліктерін дер кезінде көрсетеді. Елге жария етеді. Қысқасы, мақсаты айқын... Ойлағандары – ел қамы...

– Соған сенесіз бе?– Енді... сенбегенде...– Ал, мен сенбеймін.– Неге?– Өйткені, партия, қозғалыстардың ісінде бәрібір ала-

құлалық болады. Олар қалай дегенде де сол өз кезіндегі бас-шыны сүріндіріп, өздері билікке барсақ деп армандайды. Бұл да пенделік арман. Ол үшін кінәлауға да болмас. Алайда, билік үшін таластың аяғы қиянатқа да апарып соғуы әбден мүмкін.

– Қысқасы, сіздің ойыңызша барша жұрт билікке бас шұлғып, құрақ ұшып тұруы керек қой, шамасы. Билік не десе де, ләббай деуі жөн демексіз бе!

– Мен олай дегенім жоқ.– Енді әңгіме ыңғайы соған келіп тұр. Партия, қозғалыстарды

қолдамайсыз, саясатшыларды да ұната бермейсіз, саясатты да, саясаткерді де жек көресіз.

– Саясатшылар мен саясаткерлерді ұнатпайтыным рас. Бірақ саясатты емес.

– Сонда қалай? Түсінбедім.– Саясат басқа. Саясатшы басқа.– Екеуі бір емес пе?

Page 316: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

317

– Жоқ! Саясат сөзі әу бастағы мағынасында өте дұрыс ұғым. Оны жақсы мағынада қолдансақ, саясат – қадірлі. Мысалы, мен отбасымды ұйытып ұстауым үшін ептеп саясатқа барам. Ол жаман ба! Жоқ. Мен еліме зиян тимеу үшін, өзге жат жұрттықпен ептеп саясатқа кірем. Ол бұрыс па? Меніңше, дұрыс шешім. Ал, бірақ өз бас қамы, өз тағы, өз атағы үшін саясатқа түсіп жатқандарды ұната алмасым анық.

– Мемлекеттің іргетасын шайқалтпай ұстап тұру үшін де саясат керек деседі...

– Бұл рас. Бұл – шындық. Мемлекеттік саясат пен бақай есеп саясатты шатастырмау шарт. Екеуі аспан мен жердей...

– Партия жетекшілері де өздерін мемлекеттік саясатты жүргізушілерміз дейді.

– Бәрі емес.– Бірқатары...– Әй, соларға да күдігім бар. Менің шын ойым – мемлекеттік

саясатты мемлекеттік аппарат жүргізеді. Жүргізуге міндетті де.– Ал, сол аппараттың өзінде былық шығып жатса ше! Он-

дайлар бар ғой.– Енді көп ішінде кездесе береді. Бірақ көпшілігі мемлекеттік

саясаткер... Соларға арқа сүйеген абзал. – Сіз, шамасы, мемлекеттік аппаратта қызмет істеген кісі

болдыңыз ғой.– Ептеп.– Қазір ше?– Қазір онда емеспін. Өз еркіммен кетіп қалдым. Кішкене

өкпем де болды. Алайда жеке өкпе үшін жалпыға күл шашуға болмайды.

– Мемлекеттік аппарат қайтсе де өз дегенін істейді дейді. Сол рас па?

– Мемлекет үшін керек іс болса, онда оған неге күдіктене қарауымыз керек. Мемлекет деген – сен, мен, менің отбасым, сенің отбасың... Солар аман болсын десек, мемлекеттік саясат-керлерге сенуіміз қажет.

– Ал олар қателесіп кетсе... Ойына арам пиғыл кіріп кетсе...– Онда халық өз сөзін айтуы тиіс.– Сол халық сөзін айтушы – жаңағы қоғамдық қозғалыстар

емес пе!– Тағы да айтам: партиялар мен қоғамдық қозғалыстар тек

қана таза ниет үстінде бола бермейді; олардың бір ұрты арам; елді айта отырып, өз мүддесі есінде тұрады; халықты айта оты-рып, қарын қамын қоса тықпалайды...

– Түгел олай емес қой...– Әй, көбісі солай.

Page 317: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

318

– Иә, – деді Қабаш. – ... Сіз шыныда да оларға қатты өкпелі екенсіз.

– Менің өкпем кімге керек! Расы – сол ғой. Оны несіне күлтелектетеміз...

5– Осы сіз өзіңіз қайда жұмыс істейсіз? – деп Танаш енді

Қабашқа сауал берді. – Мен бе! Мен... бір қоғамдық қозғалыстың жетекшісімін.– М-да! Солай де!..Танаш осыны айтты да, үндемей қалды. Содан қайтып жақ

ашқан жоқ.Самолет Алматыға қонатын болды.Ол сонда да үндемеді.Самолет жерге қонып, сыртқа шыққан соң, Танаш пен Қабаш

екеуі екі жаққа беттеді. Бір-біріне қараған жоқ...

сыра

1– Екеуміз осы күні арақ ішуді де қойдық, ә! – деп Танабай

қасындағы құрдасына әзілдегендей болып, иығына қолын сала берген. Қыңырбай досы ыршып түсті. Ыршып түсті де:

– Мен бұрын да жетістіріп ішкен емеспін сол пәлеңді, – деді.

– Е, ішкенің өтірік пе! Талай-талай отырыстарда бірге болған жоқ па едік, сондайда бір кісідей-ақ сіміруші едің ғой...

– Осы сендерге түсінбеймін, – деп кәдімгідей ренжи тіл қатты Қыңырбай. – Мен сонда алқаш болғаным ба? Қашан араққа тойып алып, далада құлап қалыппын...

Танабай әлі де әзіл сөзін әрі жалғап, досының шабынан түртіп тұр.

– Енді... өмірі ішпеген адамдай... Аузыңа арақ алмаған пен-де болсаң бір сәрі, неменеге бұлданасың. Білеміз ғой...

– Нені! Нені білесің!.. Мен ешқашан арақты салынып ішкен адам емеспін. Және есіңде болсын, аздап ішкенім рас, бірақ ешқашан мас болған емеспін.

– Ой-й, Қыңырбай, сен тіпті шынттап барасың ғой, – деп Танабай енді оны басуды ойлаған. – Ішпесең ішпеген шығарсың. Аздап ауыз тисең, солай-ақ шығар. Мен сені ішкіш дедім бе! Айтсам – соңғы уақытта екеуміз де ішпейтін болдық дегенім де. Сол құрғырды... мүлде қойып кетсек, қанеки! Күн құрғатпай, салынып ішкендерге шыққан мүйізді де көрмедік қой...

Page 318: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

319

– Оның рас. Тек өтінерім – бұдан былай «сен кезінде ішкіш болғансың» демеші. Осы сөз өте ауыр тиеді маған.

– Түсіндім. Қойдым енді.– Өтінем сенен...– Қойдым дедім ғой. Сөзім-сөз. Уәде-уәде! – деп Тана-

бай бір түйіп тастады да, артынша: – Ал, досым, бүгін сенбі, жұмыс та аяқталып қалды. Түс ауа бізді кім іздей қояр дейсің. Не істейміз? – деді.

– Не істегені қалай?– Осылай үйге қайта береміз бе! Жоқ, әлде жолай бір жерге

соғып...Қыңырбай тағы да ыршып түсті.– Жо-жоқ, жаңа ғана өзің айттың емес пе! Ішуді қойдық қой.Танабай айтты:– Арақ ішпесек, ішпей-ақ қоялық. Бірақ... әлден сопы болып

кетуге ертерек. Жасымыз елуге жете қойған жоқ. Ең болмаса сыра ішелік.

– Сыраға да зауқым жоқ, – деді – Қыңырбай. – Сол пәлекетің арақтан да жаман ба деймін?!. Басыңды ауыртқанда, сындырып жібере жаздайды.

– Қойшы, сен де. Бір-бір кружкадан ішелік. Бары-жоғы бір кружка. Тек әңгіме айту үшін... Екеуміз жеке сөйлеспегелі қанша уақыт, жұмыс-жұмыс деп, тіпті бөтен адам боп барамыз. Бір-бір кружка...

– Әй, қоймадың ғой, – деді Қыңырбай да. – Болсын енде-ше. Кеттік сыраханаға...

2Аядай ғана сырахана іші гу-гу. Араның ұясындай. Біреу кіріп,

біреу шығып жатыр. Бірі қызара бөртіп, екіншісі шала масаңдау болып, үшіншісі сүріне басып кетіп барады. Ең бастысы, мұнда кім келіп жатыр, кім кетіп жатыр – онда ешкімнің шаруасы жоқ.

Танабай мен Қыңырбай да бір шеттен орын ыңғайлап, екі кружка сыра алдырды. Шөлдеңкіреп келген Танабай бірден-ақ кружканы басына көтере, жартылап тастады. Қыңырбай болса екі-үш ұрттады да, тыжырынып қалды.

– Ту-у, пәлекет-ай! Осылар кісіні аямайды. Мынаның тең жарымы су ғой. Сен байқамадың ба?

– Жоқ, тәп-тәуір сияқты, – деді Танабай.– Тәуір түгі де жоқ, жартысы қара су... Қазір мен оларға

ескерту жасаймын.– Тоқта, кідіре тұр, – деп өтіне сұраған Танабайдың сөзіне

тоқтамастан, Қыңырбай сыра сатып тұрған мұртты жігітке жетіп барды.

Page 319: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

320

– Сендерде ұят бар ма өзі! – деді дауыс көтере. – Ақшасына беретін болған соң неге су қосасыңдар?..

Мұртты жігіт еш сасатын емес. Миығынан күлгендей болып:– Бізге әкеліп береді, біз соны сатамыз, – деді. – Сіз маған

әкіреңдемеңіз. Ішкіңіз келмесе...Осы кезде Танабай келді де, сөзді өзі іліп әкете қойды.– Сен сөзді көңіліңе алма, бауырым, – деді. – Досым

қаттырақ айтса, кешір.Сосын Қыңырбайды жетелегендей болып, әрі алып кетті.

Қыңырбай бәрібір басылатын емес.– Мен оны... мен оған әлі де айтатынымды айтқам жоқ. Сы-

раны сатса, дұрыстап сатсын. Әйтпесе жайына кетсін. Көрдің бе оны... «Ішсең іш, ішпесең кете бер» демекші ғой сонда! Оңбаған десе...

– Сабыр сақташы, Қыңырбай, – дейді Танабай, – Бұл көпшілік орын ғой. Бір ашуыңды маған-ақ берші.

Қыңырбай сөйлеп-сөйлеп әзер дегенде басылды-ау. Енді Танабай өзі барып, сыра сатушы мұртты жігітпен сөйлесті.

– Достым, – деді оған, – сен бізді кешір, әрине. Бірақ шыны сол, бізге құйған сыра тым дәмсіз. Суы көп. Өзің көріп тұрсың, біз бір мекемедегі әжептәуір лауазымды кісілерміз. Мүмкін болса, басқа бөшкеден дегендей... Өтініш қой.

Мұртты жігіттің жүзі жылығандай болды. Сосын Танабайға жымия түсіп:

– Кружкаңызды әкеліңіз, – деді.– Қазір, қазір-ақ... – деп Танабай томпаңдап ала жөнелді.Ол екі кружка сыраны стол үстіне қойып, досы Қыңырбайға

қарап:– Ал енді сіміріп көрші, – деді. – Дәмі қандай екен.Қыңырбай кружканы екі-үш сімірді де, тамсанғандай боп:– Е, енді мынаусы мүлде басқа, – деді. – Көрмейсің

бе, бұлар сондай... Үндемесең, ойына келгенді істейді. Ой, оңбағандар...

Танабай оған енді мән-жайды түсіндірмекке кірісті.– Сен ғой, – деді оған, – бардың да айқайладың. Өз

ойыңша айқайға бассам, шындық орнайды деп ойлайсың. Ол, бауырым, ең әдемі әдіс емес. Шындықтың атасы әлдеқашан-ақ өлген. Өліп қалған...

– Жоқ! – деді Қыңырбай. – Мен сенімен келісе алмаймын. Шындықтың атасы ешқашан өлген емес, өлмейді де. Шындық, әділдік бар. Ол адам бар жерде болуы керек. Мен жаңа әділдікті талап етіп ем, мұртты сырашы тәуірін құйып берді.

– Ойбай-ау, ол сен айқайлаған соң құйған жоқ, мен барып астына көпшік қойған соң құйып берді, – деді Танабай. – Бұл

Page 320: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

321

заманда ешкімді қорқытып жеңе алмайсың. Жағдайға байла- нысты майыса, иіле білу керек.

– Әні, көрмеймісің, бәрін бүлдіретін өзіміз. Мен әділдікті та-лап етсем, сен бардың да оның алдында иілдің! Неге иілесің, ол кім сонша! Біз өзіміздің адал ақшамызға сыра ішіп тұрмыз. Ақша төледік пе, одан тәуір, сапалы сыра талап етуге құқылымыз.

– Осы сені өмірі түсінбей-ақ қойдым, – деп Танабай кіжіне сөйледі. – Қашан көрсем де бір жағыңа қисая сөйлейсің. Қай жерде болмасын, кісімен ілінісе кетесің...

– Мен көрінгенмен ілініспеймін, бәрін бастайтын олар, – деді Қыңырбай да алған бетінен қайтпай. – Көре көзге өтірік сөйлеп тұрады, мен оған қалай шыдаймын. Көре көзге...

– Тоқта! – деді Танабай. – Осы жерде тоқтай ғой. Айтса, басқа біреу айтып жатыр. Сөйлесе, ол сөйлеп жатыр. Өтірік айт-са, тағы да сол адам айтып жатыр. Сенің қандай бес бидайың күйді? Үндемей-ақ қоюға болады ғой?

– Қалай үндемеймін! Мен үндемесем, сен үндемесең, бәріміз үндемесек, онда өмір не болады? «Осы күні заман өзгерді, адам-дар майдаланып кетті, бәрі бұзылды» деп зар қағамыз. Соны күнбе-күн өзіміз жасап жатқанымызды білгіміз де келмейді.

– Ой, сен де... – деп Танабай түңілгендей болды. – Сені үйретем деп-ақ шашым ағарды-ау. Бар адамды түзеу еш мүмкін емес деп қанша рет айтам. Оның үстіне... заман, уақыт өз дегенін істейді. Кезеңнің өз саясаты, өз ұстанымы болады. Соны да елемесек...

Қыңырбай сөзді бөлді.– Қандай саясат! Қандай ұстаным... Оның бәрі де өз

қолымызда емес пе. Біз бәріміз болып қолға алсақ, түзелмейтін нәрсе бола ма! Бәрі өзімізден... Жастар бұзылып барады дейміз. Ол да өз тәрбиеміздің төмендігінен. Өзіміз өтірік айтамыз да, балаларымызға өтірік сөйлеуді үйретеміз. Өзіміз өтірік күлеміз де, балаларымызға соны үлгі етеміз. Сонда... арты не болмақ!

– Жә, отбасы әңгімесі бөлек мәселе, – деді Танабай қостаған сыңаймен. – Мен ол туралы емес, жұмыс кезіндегіні айттым. Өзі ұжым болса, ұжымда көп адам жұмыс істесе, солардың дегеніне бағыну деген болмай ма? «Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ» болғанда табарымыз қайсы? Ортаға икемделмейінше, дұрыс жұмыс істей алмаймыз ғой.

– Ортаға икемделу! Сонда қалай! Орта өтірік айтса, өтірік сөйлесе, өтірік күлсе... мен де соларды қайталай беруім керек пе! Онда мен өз мінезімді жоғалтам ғой. Мінездің майырылуы ғой ол... Жоқ, мен өйте алмаймын. Сен өзің біл...

Танабай басын ұстап, қинала сөйлей бастады.– Өтірікке өтірік, қулыққа қулық жаса деп жатқам жоқ. Ең

болмаса, сол көпшілік айтып жатқан өтірікті біле тұрып та, өзіңді

21-177

Page 321: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

322

ұстауға, салмақты болуға болады ғой. Айталық, қырғи қабаққа бармай, үндемей-ақ...

– Мен өйте алмаймын. Әділетсіздікке үндемей қалу – мен үшін өлгенмен бірдей. Сен қалай ойласаң, олай ойла! Мен өз пікірімде қалам. Ұзын сөздің қысқасы сол!

Оның сөзіне енді Танабай да намыстанып қалды.– Сонда... сенің ойыңша, мен екі жүзді хамелеон болғаным

ба?– Хамелеон емес шығарсың, алайда... соған жақынсың.

Өйткені сен кез-келген жерде, кез-келген жағдайға бейімделгенді дұрыс көресің. Адам біткен түгел сондай мінезді үйреніп алса, онда арты не болады! Атасы өлсе де, әділін айтатындар жер бетінен жоғалмай ма!

– Жоқ! Сен менің ойымды басқа жаққа бұрып әкеттің. Менің айтпағым – жер бетінде тыныштық, тату-тәтті өмір болуы үшін адамдар өзара түсіністікте болғаны абзал. Яғни, ұрыс-керіс, айтыс-таласқа жол бермеу қажет. Ал, саған салса...

– Маған салса, мен қай кезде де әділін айту керек деймін. Уақытша тыныштық үшін өтірік күлудің түк те пайдасы жоқ. Қиянат пен өтірік бәрібір өзінің бет-пернесін ашады. Ал сол кезде ше! Сол кезде не істейміз?

– Қандай да қисық, жолсыз істі айқай-ұйқайсыз да жөнге салуға болады. Ол үшін ең әуелім төзім керек. Сабыр керек.

– Қанша сабырлы болсаң да, сен мына сыраханаға әділдік орната алмайсың. Бұлар ел үстінен күн көріп үйренгендер. Бұлармен тек қана қатты сөйлесу керек. Қорқыту қажет. Сонда ғана тәубесіне келеді.

– Әй, осы сенің мінезің-ай! – деді Танабай. – Өзің-ақ ойлашы, осы күні жер жүзінде болып жатқан ұрыс-керістің түп төркіні неде? Әрине, өзара түсінісе алмауда. Ә десе, мә дейтін заман өтіп барады ғой, достым.

– Жоқ! – деді Қыңырбай. – Қисық пен қыңырды түзеудің жолы – шоқпар. Көпті ықтырудың жолы – мінез. Мінезі жоқ кісіні ешкім де сыйламайды.

– Қайдам-м!.. – деп Танабай да ойланып қалды.Енді екеуі де аз-кем үнсіз қалды. Танабай Қыңырбайға

қарайды. Әлгінде ғана сыраны ептеп сіміріп ішіп тұрған досы енді кружканы басына төңкеріп жатыр.

– Мен тағы бір кружкадан әкеле қояйын, – деп Танабай жүгіріп кетті. Кетті де тез оралды.

Жаңадан келген сыраны енді іше берді де, Қыңырбай түкіріп жіберді.

– Туһ! Мына оңбағандарға дауа жоқ екен. Тағы да бүлдірді.– Нені?

Page 322: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

323

– Сыраны айтам. Жарымы қара су. Қой, бұл болмайды екен. Мен оларды орнына қояйын.

Ол мұртты жігітке жетіп барды. Сосын жағасынан ала түсіп:– Иттің баласы, не сыраны дұрыстап сат, не болмаса бұл

арадан табаныңды жалтырат – деді.Мұртты жігіт те қарулы екен. Қарсы қайрат қылды. Екеуі

ұстаса кетті. Қорқатын Қыңырбай емес.– Сен кімді ақымақ еткің келеді, иттің баласы...– Ит өзіңсің. Жақсы сыра ішкің келсе, ресторанға бар. Мұнда

неменеге келдің? – Ә, сендер екінші сортты сыра сатады екенсіңдер ғой? Оны

неге ертерек ескертпейсің!– Онда шаруаң болмасын. Бізге келетін өз адамдарымыз

бар.– Сен... сен нағыз оңбағансың! Халық үстінен күн көрген

сүмелек-к...– Сенің де адал ақы, маңдай теріңмен күн көріп жүргенің

шамалы шығар?– Менің арыма тиме сен! Мен... адалмын. Мен... ешқашан

өтірік сөйлеп көрген кісі емеспін.– Күдігім бар, бұл заманда тек қана адалдықпен өмір сүріп

жатырмын дегендерге сене алмаймын. Ондайлар жоқ. Болмай-ды да!

– Болады!– Болмайды!– Болады!– Болмайды...Осы кезде Танабай келді де екеуін ажыратты. Қыңырбайды

қолтығынан сүйеп, сыртқа алып кетті. – Ой, ит... Менің адал екеніме, шын сөйлейтініме күдік

келтіреді-әй! Өзі әбден боққа былғанған соң, елдің бәрі солай деп ойлайтын шығар. Өй, иттің баласы-ы...

– Жарайды. Қойшы енді. «Сыраханада төбелес шығарыпты» деген атқа қалармыз. Жүр, тез кетіп қалайық. Кім біледі, әлгі милиция шақырып, екеумізді ұстатып жіберуі де мүмкін.

– Артына... қарасын!– Жүр! Кеттік! Жылдамырақ...

3Қыңырбайды үйіне жеткізіп салған Танабай жалғыз келе жа-

тыр. Жол-жөнекей есіне Қыңырбайдың мінезі түсе береді. Оны әуелгі кездері қияли деп ойлаушы еді. Көрінген жерде бүйректен сирақ шығаратынына түсіне бермеуші еді. Бірақ бүгін қиялына басқа бір ойтүрткі түскен сияқты. Ол расымен қияли ма? Мейлі,

Page 323: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

324

қисықтау, қыңырлау болар. Әйтсе де өз ойы, өз бағыты... Ал, бұл ше! Бұл кім? Соны түсіне алмай келеді. Енді ойлап қараса, қандай ортада болмасын, үнемі өзгелердің ыңғайына бейімделіп кете барады екен. Сосын да барлық жерге сыйымды. Ал егер... бір рет болса да, өз үнін шығарып, өз даусымен сөйлеп жіберсе қайтер еді. Көпшілік жақтырмайды? Ақымақ дейді? Қалайша? Неге ақымақ? Әлде... ойындағысын айтып салса... бұл да Қыңырбай болып шыға келе ме! Сонда бұл өмірде өтірік, өсек, жалған сөз, жала болмауы үшін шынында да Қыңырбай – мінез керек болғаны ма? Әділдікті ұстап тұрған тек солар ма?..

«Әй, қойшы!» деді ішінен. «Әй, қойшы соны... Сол мінезінен ғой осы күнге дейін қызметтен өсе алмай жүргені де. Бәріміз сондай болып кетсек, онда қоғам не болады. Ұя бұзылады ғой. Ұяны, ұяларды бұзбай ұстап келе жатқан иілгіш, майырылғыш мінездер-р... Солар болмаса, әй қайдам, не боларын...»

Тағы бір ой былай деп үн қатты: «Ау, сонда адами әділдік, бейкүнә адалдық қайтеді? Шырқыраған шындық қайтеді? Бәрін де көре тұра көзжұмбайлық жасай берсек, тура сөзді кім айта-ды? Ол бейшараны... кім қорғайды?..»

Қиялын шым-шытырық ойлар қаумалап кетті.Енді ол аяғын әзер басып, әзер ілбіді...

Page 324: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

325

аНа мЕН Бала

ана– Қазақтың қилы-қилы ақ батасын қалайша есте көп

сақтағансыз?– Әдейі жаттағам жоқ.– Сонда өзінен-өзі жатталған ба?– Солай деп ойлаймын.– Сіз айтқан баталардың көбісі біз оқыған кітаптарда

кездеспейді. Бәлкім, өзіңіз...– Жоқ, қарағым! Мен өз жанымнан шығара беретін ақын

емеспін.– Онда әлгі баталарды қайдан жинағансыз?– Ол, бәлкім, өзімнен бұрынғы есті қариялар мен ақ жау-

лықты әжелерді көп тыңдағандығымнан болар.

* * *Жасынның суретші досы Жарқынбек сол жолы Балым-Ана-

мен бір кеш отырып сөйлесіп, сан түрлі сауалдар беріп, көп әңгіменің тиегін молынан ағытып еді. Жасын болса қалжырап, қажып, ұйқысы келіп, енді болмаса досына ым қағып «әй, доғарсаңшы енді, демалмаймыз ба» демекші-тін. Абырой болғанда Жарқынбек те бұның ойын оқып қойғандай, сол сәтте салалы әңгімеге күрмеу сала бастады. Жасын осы сәтті пайда-ланып:

– Ал, ендігі әңгімені ертеңге қалдырсақ қайтеді? – деген.– Сөйтіңдер, айналайыңдар. Ұзақ жолдан келдіңдер ғой,

енді жақсылап демалғандарың дұрыс, – деп Балым-Ана да елп етті.

Содан соң бұл екеуі тысқа шықты. Түн болып қалған-ды. Ауыл түні қандай ғанибет. Аспан шайдай ашық. Көкте жұлдыздар жамырап тұр. Әне, анау «Жеті қарақшы!» Анау-у «Құс жолы...» Ал анаусы...

Аспанға қарап, керіле демалып тұрған Жасынның тәтті ойын тағы да суретші досы Жарқынбек бөлді.

– Мен сенің анаңның портретін салам. – Не дедің?– Портретін салам деймін.

Page 325: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

326

– Е-е...– Немене, күдігің бар ма? Суретін салам деген соң саламын.

Мен ол кісіні бүгін ғана шын таныған сияқтымын.– Қай жағынан?– Ол кісі тұнып тұрған шежіре екен. Қазақтың ақ батасы мен

қанатты сөздерін қалай көп біледі! Бұл деген көзі тірі қазына ғой.

– Сен денсаулығы сыр беріп, әбден ауруды меңдеген кезде көріп отырсың ғой. Ал баяғыда-а...

– Сол кезде неге ертіп әкелмегенсің?– Оның сәті түсті ме? Қу тірлік...– Ол сылтау емес, – деп Жарқынбек қатты қынжыла

сөйледі. – Ондай сылтауды айтуға қалай ұялмайсың?– Жоқ, расы сол ғой.– Сен анаңды шын бағалай білмеген екенсің! – деп, енді

Жарқынбек бұған барынша ренжіген үнмен тіл қатты. – Ана қадірін көзі тірісінде білмеу – қылмыс...

– Сонда мен... – Жасын сөзінің аяғын жұтып қойды. Сөз аяғын айтуға тілі барған жоқ. Жүрегі дір-р ете қалды.

«Сонда мен ешнәрсеге елжірей білмейтін тасжүрек жан болғаным ба? Ана қадірін білмейтін берекесіз адам екенсің дегенің бе бұл...»

* * *Жастау кезі еді. Қалада тұрып жатқан-ды.Келіншегі екеуі тұратын кішкене пәтерге бір жолы арты-

нып-тартынып анасы жетіп келді. «Ауылдың дәмі ғой» деп, арқалап әкелген қапшықтың аузын ашып, кішкене-кішкене көп түйіншектерді бірінен соң бірін шығарып жатыр. Онысы-құрт, ірімшік, қауынқақ, жиде...

– Ой, апа, бұның бәрін ауырсынбай, қалай арқалап келгенсіз? – дейді Жасын еркелеп. – Қалада қазір кім құрт сорып, жиде жейді екен?

– Е, немене, қала қазағы өзінің ұлттық тағамын мүлде ұмытып кетіп пе? Осыдан көр де тұр, осы тәтті құртты ана орыс көршіңе берсек, ол сені өле-өлгенше ұмытпас.

Осыны айтып отырып, қапшықтың ең түбінен ширатыла оралған кішкене бір затты тағы да шығарды.

– Бұл не, апа?– Бұл-кілемше. Түйенің жүнінен тоқылған. Жататын

жерлеріңе төсеп қоямын. Табаның жылы болады. – Апатай-ау, қазір дүкенде не көп, кілемше көп. Сатып ала-

мыз ғой.– Әй, ол басқа, бұл басқа. Бұны мен сендерге әдейі арнап

тоқыдым деймін.

Page 326: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

327

Анасы бұдан әрі сөз айтпастан әлгі кілемшені келіні мен ба-ласы жататын бөлмеге апарып төсеп те тастады. Оюы қандай! Түрі қандай! Үйдің іші бір сәтте жайнап кеткендей болды.

Келіні қуанып, мәз-мәйрам болып, үй ішінде қолды-аяққа тұрмай, жүгіріп жүр.

Жасын жарасымды дүниені іштей ұнатып тұрса да: – Бәрібір дүкендікі жақсы болады, – деп өз дегенінен

қайтпады. Соны айтты да: – Қазір футбол көруге стадионға барушы едім, – деп үйден

асығыс-үсігіс шығып бара жатқан. Апасы соңынан тұра жүгіріп, есік алдында бұның аузына аппақ ақ құрттың біреуін салып үлгерді.

– Ең болмаса осыны сорып кетсеңші, – деді.– Жарайды, апа!Тысқа шыққан соң, құрттың шын дәмін байқап, құшарлана

сорды. Өте дәмді екен. Тіпті бал татиды десе де болады. «Қап, жаңа екі-үш құртты неге қалтама салып ала шықпадым

екен, а?»Футбол біткен соң достарымен бірге болып, үйге өте кеш

келді.Анасы ұйықтап қалған болар деп ойлаған, тысырсыз кіріп

жата қалам ғой деп еді, сөйтсе есікті сол кісі ашты. – Балам-ау, тым кешіктің ғой...– Достарым жібермей...Ішке өтті. Жатын бөлменің жарығын жағып қалғанда, бағанағы

кішкене кілемше көзіне оттай басылды. Ою-өрнегі қандай! Ай-нала көмкерілген сызықшалары ше! Дәл ортасына Ақ тиіннің суреті салыныпты. Әдемі десе, әдемі-ақ екен. Жайнап тұр-ау, жайнап тұр. Келіншегі ұйқысырап:

– Келдің бе? – деді.– Келдім.

* * *Аз күнге келген болар деп ойлаған. Сөйтсе, анасы асыққан

жоқ. Айлап жатып алды. Ол келгелі бері келіншегінің де мінезі өзгере бастағандай. Бұрын кеш оралса, ыстық тамақтан құр қалушы еді, енді олай емес. Қашан келсе де, кешкі ас әзір. Ол ол ма, бұған дейін:

– Сен қайда жүрдің? – деген оңайлықпен біте қоймас сауал-тергеу басталып жүре беретін. Енді ондай әңгімелер де сап тиылды.

Қайта оның есесіне:– Сен осы үйдің арқа сүйерісің, саған құрмет көрсету пары-

зымыз, – деген секілді жылы сөздер көп айтылатын болды.

Page 327: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

328

Жасын, бірақ, ол кезде үй ішіндегі бұл секілді мінез өзгерістеріне онша мән бере қоймапты. Үйге қонақ та көп үйіріле бастады.

«Бүгін бір туысымыз қонаққа келеді, сен ертерек орал» деп, ертеңгісін жұмысқа кетіп бара жатқанда келіншегі ескертіп жатады.

«Жарайды, тез келуге тырысам».«Қонақ шақыру» іс-шарасы бір күнмен аяқталмайды, ол

жалғаса береді, жалғаса береді.Бір күні нағашы-жиендер келсе, келесі күні жерлестер, ал

одан соң – құда-жекжаттар...Әйтеуір, соңғы уақытта түсінгені – кім көп, осы қалада

бұлардың туысы көп-ақ екен. Бұрын қалай байқамаған!Кеш түсті дегенше, бұл үйде үлкен мерекелі отырыс басталды

дей бер. Бірақ, бұл басқосу – тыныш отырып тамақ ішу ғана емес,

қайта сөз айту, туыстықты талдау болып жалғасады.Ақ тілектер айтылады. Жақсы-жақсы лебіздер тілге тиек

етіледі. Көбісі анасын емес, тіпті келіншегін де емес, бұны мақтайды.

– Ер болған соң осылай болу керек, – дейді қонақтар. – Міне, отбасы жылуын осылай сақтаған абзал. Бұл осы күнгі көп жастарда жетісе бермейді.

Жасын бірақ, сол шақта бұл әңгімелердің қалай, қайдан туын-дап жатқанына да аса мән бере қоймапты.

Кеш аяқтала бере анасы мүдірмей айтатын ұзын-сонар бата-сын мақамдап бастап, сағыздай созады.

– Асың, асың, асыңа, Береке берсін басыңа!Бөденедей жорғалап,Қырғауылдай қорғалап,Қыдыр келсің қасыңа! – деп басталатын өте көңілге қонымды

тілегі бар-ды. Соны бастайды.Әлгі батасы аяқтала бере: – Тағы да алақандарыңды жайыңдар, басқа бата берейін, –

дейді. Бұлар қайта алақан жаяды.– Бастарыңа бақ берсін,Не берсе де, нақ берсін!Қырда жүрген қыдырды,Үйлеріңе ап келсін!Қарыңдарың тоқ болсын,Қайғыларың жоқ болсын!Шүпірлеген үйіңдеБалаларың көп болсын!

Page 328: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

329

Жақсы сөз тиек болсын,Ықыласты ниет болсын!Дастарханың мол жайылып,Үсті толы ет болсын!Әумин-н!...Барлығы да «әумин» десіп, бет сипасады.Ол аз десең, енді сөз ыңғайына қарай, неше түрлі мақал-

мәтелдерді мәнерлеп айтып, моншақтай тізілтеді..« Етік тігер біз емеспіз, ерге шығар қыз емеспіз» дейді. «Бие құтырса құлын тастайды, келін құтырса, жүріс бастай-

ды» деп те қояды. Болмаса, «Отыра отыра еріншек өлер, жаманға жақсылық

жасаймын деп көңілшек өлер» дейді.– «Қуана білмегенге құт, бағалай білмегенге бақ қонбас»– «Шығар ауыздың жайы жоқ, шайпау әйелдің байы жоқ»– «Итті құдай қинасын иесімен, Жаман қатын ұрысар түйесімен...»Жасынның іші пысады.Сонда ойлайды: «Осының бәрі де баспа арқылы басылған

кітаптарда бар ғой, оны несіне айта береді екен, а!»– Қазақтың түбіне жететін ең үлкен кесел – ол немқұрайлылық,

– деп бір күні анасы сөз бастады. – Сен байқайсың ба, осы күнгі қазақты ештеңе де

қызықтырмайтын боп барады?– Өйтіп тым күдер үзе сөйлеуге бола ма? – деп Жасын

сөзді бөлген.– Мен бе екем! – деді Балым-Ана. – Менің айтқаным

келген соң сөйлеп отыр дейсің бе? Жоқ, олай емес. Көз көріп отырған соң, үндемеуге тағы болмайды. Айналаңа қарашы, бүгінгі қала жастары сөз қадірін білмей өсіп келеді. Сөйлесе-шүлдірлейді. Орыс-қазақ сөзін араластырып айта береді. Бұл – тілдің қадірсізденуінің басы.

– Ондайлар бар...– Бар ғана емес, өте көп. Жарайды, тіл мәселесін өкімет қолға

алып жатыр дейді ғой. Біржақты етер. Ал енді осы күні ұлттық тағамдар да ұмытылып барады. Сенің тұстастарың қымыз бен шұбаттың қадірін біле ме? Қақ пен қауынқақтың айырмасын түсінбейді. Құрт пен жентті түсінде де көрмеген шығар...

– Есесіне, жаңа заманның тағамдарын біледі.– Ұлт болып қалу үшін оның ұлттық тағамдары да сақтамай

болмайды. Қымыз бен шұбат қаншама дертке дауа! Қазының қасиеті қандай!

– Апа, мен жұмысқа кетуім керек.– Е, бар! Бара бер. Саған сөз айтып отырған мен де...Апасы жаулығын серпіп тастап, кері бұрылады.

Page 329: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

330

* * *Арада үш-төрт ай өткенде анасын ауылға алып барды. Қара шаңыраққа келгенде үйдегі үлкен келіні тағы бір қызық

жаңалықты алдына тосты.– Апа, сіз жоқта үйге көп хат келді, – деді. – Оны біз

ашып оқыған жоқпыз. Сіз болмаған соң...– Оны кім жазған? – деп Жасын да таңданды.– Жер-жерлерден келген хаттар.Балым-Ана жаулығын шеше сала әлгі хаттарды оқуға отыр-

ды. Сөйтсе, оны жазғандар – қыз-келіншектер екен.Оның тарихы былай.Осыдан бес-алты ай бұрын Балым-Ананың атынан «Қазақстан

әйелдері» журналына бір мақала басылған-ды. Онда кейуана өзінің кілем тоқу мен киіз басу өнерін қалай меңгергенін айтып, ағынан жарыла сыр ашқан-ды. Осыны оқи сала, жер-жерден ақыл-кеңес сұраған хаттар ағылған секілді. Бәрінің де өтініші біреу-ақ.

«Бізге кілемді қалай, қайтіп тоқитынын ежіктеп, анықтап жа-зып жібере алмас па екенсіз?»

«Сіз қарсы болмасаңыз, мен өзіңізге барып, жолығып қайтсам деп едім!..»

«Мүмкіндік болса, өзіңіз тоқыған кішкене кілемшелердің бірін пошта арқылы салып жібересіз бе?.. »

Балым-Ана сол күні бір немересіне қағаз-қалам беріп, әлгі хаттарға жауап жазуға отырды.

* * *Кешкісін шай үстінде әкесі Әлібай Жасынмен сөйлесіп отыр-

ды. – Әй, балам! – деді әкесі. – Сенің мына шешең қартайғанда

ғұлама болып кете ме деп қорқа бастадым.– Не туралы айтасыз? Сөзіңізді түсінбедім, – деді Жасын.

– Апама өкпелесісіз бе?– Жоға, өкпелеп қайтем. Мінезін айтам-дағы. Елдің бәрінің

көңілін табу еш мүмкін емес қой. Алыстағы, жер түбіндегі бір кемпірге хат жаздырып, соның хал-жағдайын сұрап, ежіктейді кеп!

Әкесі екеуі осылай сөйлесіп отырғанда үйге үлкен ұлы кіріп келді. Қолында дәу посылка жәшігі.

– Бұл не? – деді Әлібай.– Бұл апама келген посылка.– Қайдан?– Алматыдан.– О, тоба! – деп сақалын салалап қойды Әлібай. – Енді

мұндайлар да келе бастады ма! О, тоба!...

Page 330: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

331

Ішкі бөлмеден Балым-Ана шықты. – Бұл маған ба?– Иә, сізге.– Онда ашайық.Жәшіктің аузы ашылған бетте бөлме ішін дереу қызыл

алманың жұпар исі алып кетті. Алматының апорты екен. Ішінде хаты да бар.

«Мен сізге осындай тәтті алмалар жіберіп тұрайын, ал сіз маған кілем тоқуды үйретіңіз» деп жазыпты онда.

Әлібай ақсақал осы жолы қуанышын жасыра алмай, риза көңілмен:

– Әй, дегенмен менің кемпірім бірте-бірте табыскер болып барады, – деді. – Әкелші біреуін, жеп көрейін...

Сол күні көрші-қолаң бұл үйге қайта-қайта ағылып келіп, Алматының апортынан ауыз тиген еді...

* * *Ертесіне түске қарай қош айтысып, қалаға жол жүргелі

жатқанда анасы Балым-Ананың қатулы қабағын көріп, шошып қалған-ды.

– Апа, сізге не болды?– Әне, – дейді анасы. – Әне, біздің қазақ осы! Бәріне де

кешігіп жүреді. Бәрінен де артта қалып қоя береді.– Не боп қалды, апа?– Жаңа теледидардан бір хабар көрдім. Ана немістер біздің

қымызды зерттеп, одан неше түрлі сырқатқа ем болатын құпияны ашыпты. Енді масқара болғанда, қымызды қалай пайдалануды бұл қазақ немістен үйренетін шығар, ә!

– Олар біздің қымызды өздеріне алып кетіп бара жатқан жоқ қой, апа!

– Әкетеді. Әлі ол да болады. Пәтент дей ме, не дейді, әйтеуір бірдеңе жасапты деді ғой.

– Патент?– Иә, солай деп естідім.Жасын да селк ете түсті.«Ойпырмай, біз шынымен-ақ өзімізде барды өзгеге беріп, бір

күні саусағымызды сорып, отырып қалмасақ жарады да...»

Бала– Сенің анаң неше жасқа келіп еді?– Сексеннен асты ғой.– Ал, сен ше?– Мен елуден астым.– Е, енді не өкініш бар?

Page 331: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

332

– ?!– Тумақ бар. Сосын өлмек бар. Оған пенде қайтсе де көнуге

тиіс. Ауыр болса да, ащы шындық осы!– ?!

* * *Ерте өмірден озса, естен де тез шығады. Ал әбден есейіп,

ес тоқтатқан тұста Анаңмен мәңгіге қоштасу осынша ауыр болар деп ойламаған екен. Жас кезде көп нәрсеге расымен мән бер-мей, көп жайтты ұмыта салу да оңай ма деді. Баяғыда-а... осы-дан отыз жыл бұрын, комсомол ұйымында жұмыс істеп жүрген кезде, аяқ астынан комсомолдық жолдамамен Чехословакияға (ол кезде әлі бірге еді) сапар шегуге тура келген-ді. Отызға жуық жас жігіттер мен қыздарды бастап барып, қайта алып қайту міндеті бұған жүктелді.

Сол сапар кезінде бір жолы түс көрді. Түсінде жан анасы аяқ астынан қайтыс болыпты. Өзі алыста. Жерлеуге жете ала ба, жоқ па – беймәлім. Жаны сыздап, жүрегі ауырып, азапты сәттерді бастан өткеріп жатып, оянып кеткені. Сөйтсе, о сайтан алғыр, небәрі түсі екен ғой. Сондай қуанар ма! Сол жолы, бәрі де түс болып шыққанына жас балаша қуанып, орнынан қайта-қайта секіргені есінде.

«Жасыңыз ұзақ болады екен, апа!» деп күні бойы күбірлей бергені бар-ды.

Бірақ сол бір кермек ой кеудеден еш кетпей-ақ қойғаны.Ақыры қолына қалам алып, өлең жазды (Бала кезде аздап

шимайлағаны болмаса, өлең жазбаушы еді). Сол өлең мынадай.Жүре берші, Анашым, арамызда,Өзің жайлы айтады ел аңызға!Қамын ойлап жүргенің бар баланыңАдам біткен бейне бір балаңыздай.Анашым-ай, асылым, шапағатым,Пайғамбардай естілер маған атың!Ақ самайың маған жыр жаздыратын,Ақ жүрегің бол деген маған ақын!Көңілім толмай жүгірсем бір ісіме,Демейсің сен қуат боп жүрісіме!Сен жанымда жүргенде Ақ шашты Ана,Елти берем ақ сүттің иісіне!Жолсапар кезінде осындай өлең жолдары еріксіз төгіліп,

өзінен-өзі қағазға түсіп жатты. Елге келген соң әлгі өлеңді «тыңдап көрші» деп әнші досы-

на оқып берді. Ол бірден ұнатып, бұған екеулеп ән шығарып, облыстық радиодан орындады да.

Оны тыңдаған Анасы қандай қуанып еді!

Page 332: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

333

Бұл енді өткен тарих! Баяғыда болған оқиға. Ескірген дерек.Одан бері қанша қыс, қанша жаз, қанша көктем һәм қанша

күз өтті? Есінде жоқ.

* * *Шілденің шыңылтыр күндерінің бірінде Анасы келмес

дүниеге сапар шекті. Тағы да Жасынның еңсесін ауыр жүк ба-сып тұрып алды...

Көңілі алаң. Ойында бірдеңе тұрады да қояды.Осылайша арада біраз уақыт сырғып өтіп кетуге айналды.Бір күні Қызылордадан қарындасы хабарласып, «анамыздың

жылдық асын осы маусымның басында беруге келістік» деді. Сол түні тағы да ұйықтай алмай шықты. Есіне әлденелер түсті. Ойы шым-шытырық.

Әнебір жылы Қызылордадан Алматыға көшіп бара жатқанда анасы:

– Балам-ау, туған жерден тым ұзап барасың, – деген. – Мен сені ел ішінде қалатын болар деп армандап ем.

– Апа, қызмет бабы ғой.– Қызмет кісіні емес, кісі қызметті ауыздықтамас па!– Олай емес, апа! Өкімет жұмыс береді, біз соған көнеміз.

Бермесе, қайтер ем!– Өз мінезің қайда? Өз мақсатың қайда? Өмір-ағын су

сияқты. Ағынға қарсы тұра алмаған, бағыт-бағдарсыз жүзіп кете бермекші.

– Сонда не істе дейсіз, апа! Қызметті таста дегеніңіз бе бұл?..

– Олай емес. Қайда бет түзесең де артыңда туған ел мен туған жер барын ұмытпағайсыз. Оны естен шығардым дегенше өз бағытыңнан адасқаның...

– Жарайды, апа! Оны ұмытпауға уәде етем.«Апам қанша ескертсе де мен бәрібір жақсы жолды таңдай

алмадым. Менің өмірім ағын сумен бірге ылағып ағыпты...»Тағы бір жолы... елге келгенінде анасы толқып отырып әңгіме

айтқан болатын.– Осы күні өтірік өрге басып барады, – деді ол кісі. –

Шындықты ешкім де айтқысы келмейді.– Неге олай дейсіз?– Күйінген соң айтамын-дағы. Адамдар бір-бірін өтірік

мадақтайды. Кемшілігін көріп тұрса да, ол жайлы үндемейді. Үндемегенді дұрыс көреді.

– Енді... кей кезде бұлай ету де дұрыс болар...– Жоқ! – деді Балым-Ана. – Мүлде жоқ! Жалған сөз төрге

шықты дегенше, шын сөз өлді дей бер. Шын сөздің өлуі –

Page 333: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

334

өмірдің астан-кестеңін шығарады. Сен де солай сөйлеуге үйреніп алдың ба, а?

– Кей-кейде көлгірсіп жіберетініміз өтірік емес...– Айтпады деме, түбі сол мінезіңнен таяқ жейсің. Оңбай

жейсің!... Апасы осыны айтты да, орнынан тұрып, тысқа беттеді.«...Апатай-ау, кісі өтірік айтайын деп айта ма екен! Мына

қоғам, мына заман олай етпесіңе қоймаса ше!.. Өтірікке мәжбүрлік – қоғамдық құбылыс болып кеткені қаш-шан!...»

Жасынның көңілі босап кетті.Столға келіп отырды. Өлең жазғысы келді.– Сағынғаным ғой,Басыңа жиі келсем мен!Тірлікті кештің,Өмірде мынау өлшенген!Өмір – өзенде,Борышым менің көп пе әлі,Басады неге,Бір ауыр жүк еңсемнен?Осындай жолдар өзінен-өзі төгіліп қағаз бетіне түсті. Қайта

оқып көріп еді, әп-әдемі екен. Енді тағы да жалғастыра түсті.– Кездерім көп,Ауыр ойлардан теңселген,Көп ісім жоқ,Мына өмірде еңсерген.Қапалы болып,Қиналып, апа, өттің бе?Ұл бола алмайҚалғаным үшін сен сенген?Анам менің,Тектіден туған текті еді.Өмір дегеніңЕптілер құрған еп пе еді?Түн ішіндеТұншығып жатып түс көрем,Жан анашымБолды ма маған өкпелі?Осы жерде тағы да тоқтады. «Рас-ау, жан анашым маған

өкпелеп кеткен сияқты. Туған жерден жырақ кеткенім үшін... Айтқан тілін алмағаным үшін...Сөзіне құлақ аспағаным үшін...»

Жанары жасаурап, ең соңғы жолдарды жазып жатты... – Пенде дегенің,Жаралған жан ғой кетуге,Талпынамыз-ау,Арманға тез-тез жетуге!

Page 334: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

335

Өмір дегеніңСәбиі болып еркелеп,Сәби сезімменАнаңды аңсап өту ме?Өлеңді аяқтады да, қаламсапты стол үстіне қойды.Ойланып отыр. Көңіл түкпіріндегі көл-көсір сезімді бәрібір

сол қалпында мөлдіретіп жеткізе алған жоқ.Иә, жеткізе алмады. Жеткізе алмасын өзі де сезген. Ішкі

жан-дүниесі алай-дүлей!

* * * Кеше суретші досы Жарқынбек хабарласты.– Мен сенің анаңның портретін салып бітірдім, – деді

қуанышты, көңілді үнмен.– Рас айтасың ба?– Е, бұлай әзілдей ме екен!– Оны қашан көрем? Қазір барайын ба?– Жоқ! Бүгін болмайды. Бояуы кепкен жоқ. Ертең кел.– Дегенмен...бүгін-ақ...– Ертең...Ертең деймін!– Ендеше айтшы? Қалай салдың? Басында жаулығы бар ма?– Бар.– Бешпентінің оюлары қалай? Түймелері көріне ме?– Көрінеді.– Ал түрі...келбеті қалай?– Кәдімгідей.– Ренжулі ме? Жоқ, күліп отыр ма?– Ой, өзің сұрақты көбейтіп кеттің ғой. Ертең өз көзіңмен

көрерсің. Оған дейін шыда.– Шыдаймын ғой. Шыдамағанда қайтемін...Телефонның тұтқасын орнына қойды да, сол жерде ойға

беріліп отырып қалды.Әнебір жылы... анасы Алматыға келді.Бұл жолы, бірақ, артынып-тартынып жеткен сияқты емес.

Қолында-жалғыз сөмке. Көңілі пәсең. Жасын оны күтіп алып тұрып, көңілсіз кейпін байқаған соң:

– Апатай, бұрынғыдай құрт-ірімшік тасуды қойғансыз ба? – деп күлдірмек болды.

– Бәрі өз кезінде, – деді Балым-Ана. – Менен күш кетіп барады. Ал, елдегі келіндерге сөз-билігім жүрмейтін болды.

– Неге олай дейсіз? Сізді бәрі де тыңдайды ғой. – Тыңдаса өсте ме! – Балым-Ана ашулана сөйледі. – Бұл

күнде құрт жаймайды. Қауынқақ істемейді. Жиде жерде ша-шылып жатады, оны жинап-теретін кісі қалмаған.

Page 335: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

336

– Е, әзілдегенім ғой, – деп, Жасын сөз арнасын басқа жаққа бұрмақ болған. Балым-Ана сонда да әлгі көңілсіз сезімнің жетегінде қалып қойды.

– Әкең дүние салғалы бері жалғызсырайтын болғам, – деді. – Мына ұл мен келін де өзді-өзі. Менде шаруалары жоқ. «Жағдайыңыз қалай?» деп оқта-текте болса да, хал сұрамайды. Шын жетім мен болған сықылдымын.

Аз-кем жөткірініп алды да:– Тыңдалмаса, сөз жетім болатыны шынымен рас екен, –

деді. – Мен де, сөзім де-жетім...Одан соң тағы да былай деді:– Осы бетімен кете берсе, бұл қазақ жөні түзу ел бола алмай-

тын шығар. Кейінгілердің пейілі ұнамайды. Бар гәп – пейілде ғой...

* * *Бүгінгі түн соншалықты ұзақ болар ма! Таңды атқыза

алмай-ақ қойды-ау! Не деген ұзақ-қ...«Бұл сағыныштан!» деп ойлады. «Анамды осынша сағынам

деп ойлаппын ба! Не деген қымбатты едің, не деген құдыретті едің, о Анашым-м!...»

Таң ата көзі ілініп кеткен екен. Түсінде Анасын көрді. Ол әуелде досы Жарқынбек салған үлкен сурет болып елестеп еді, артынша тірі бейнеге ауысып сала берді.

Баласының басынан сыйпап, еркелете сөйлеп тұр. Сол баяғыдағыдай. Кәдімгі қалпы. Үні де сол. Биязы үн.

– Балам, – дейді емірене сөйлеп. – Сен неге қамсыз ұйықтап жатырсың? Айналаңа қарасаңшы! Мына дүние не боп барады?

– Ұлым-ау, – дейді тағы да. – Балапаным-ау, мен саған құрт, ірімшік, жиде әкелдім. Тұр, тұра ғой.... Ауыз тиші осы-дан...

– Несіне әуре болдыңыз, апа! Мен оны жемеймін.– Құрт пен ірімшіктен қашқан сені көрдім. Оны оқта-текте

болса да жеп тұру керек. Еріккеннен сонау-у алыстағы ауылдан арқалап келді дейсің бе! Сен үшін, құлыным-м! Саған күш-қуат берсін деп жан-жүрегіммен тілеген арманым ғой...

Оянып кетті.Түсі екенін білді.Түсі екеніне қатты өкінген сәті осы болды.Жанарынан екі тамшы жас үзіліп түсті...

Page 336: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

337

Үшінші бөлім

▪ ДрамалыҚ хИКаяТТар

22-177

Page 337: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

338

аДасҚаН армаН(бүгінгі драма)

Қатынасушылар:«Болашақ» бағдарламасымен шетелде оқыған үш дос:1. сабыр2. сәрсен3. оразҮш жігіттің сүйікті қыздары:4. Бағила 5. анар6. маржан7. Керейхан-Сабырдың атасы, көпті көрген абыз қария.8. Жәмила-Керейханның бәйбішесі. 9. Бетперде киген адам (Нұрмұрат).Оқиға осы күні қазақ елінде өтеді.Бұл пьесада «Болашақ» бағдарламасымен шетелдің оқу

орындарында білім алып оралған қазақ жастарының бір күнгі пікірталасы өзек болады.

режиссерге кеңес: 1) Бұл пьесаны сахналау кезінде қазақ елінің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жүріп өткен тарихи жо-лын бейнелейтін әртүрлі көріністерді пайдалануға болады;

2) Рольдерді орындаушы әртістер шетелде оқыған жастардың образын аша түсу үшін, ара-тұра шет тілінде сөйлесуіне де рұқсат етіледі.

3) Әуен таңдаған кезде де шетел және қазақ әндерін кезек алып отырса да артықтық етпейді.

БіріНШі ПЕрДЕБірінші көрініс

Сабыр тұратын жер-үйдің ауласы. Гүлдеген жеміс ағашы. Уылжыған табиғат. Әлдеқайдан құстардың сайраған үні естіледі. Жеміс ағашының аясында Сабыр мен атасы Керей-хан сөйлесіп отырады.

сабыр: Ата, мына алма ағашын бұл жерге кім отырғызған?Керейхан: Бұны еккен – сенің әкең. Ауылдан көшетін алып

кеткен болатын.сабыр: Ауылдың ағашы да қалаға жерсінеді екен ғой?!. Бір

алма үзіп алып жейінші.

Page 338: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

339

Керейхан: Әзірге үзбе. Піскен жоқ (сәл тоқтап). Не нәрсені де кемеліне келген кезде үзген жақсы. Ал, менің балам-м... (қамығып отырып қалады)

сабыр: (өзіне-өзі) Қап, алма ағашын айтам деп атамды қамықтырып алдым-ау! Енді қайттім?... (сәл тоқтап, атасын құшақтап) Ата, тыста көп отырып қалдыңыз ғой. Күн болса салқындау.

Керейхан: Аздап самал соғып тұр. Маған осындай самал жел ұнайды. Шіркін, (сәл ойлана) осы кезде ауыл жақта тіршілік оянады. Елдің бәрі абыр-сабыр болады. Көктемгі қарбалас шақ басталады.

сабыр: Ауылды қатты сағынасыз ба, ата?Керейхан: Әрине, балам. Ауыл деген алтын бесік қой.сабыр: Бірақ қалаға жете ме! Ауылда әлі де аяққа тұсау

болатын ескілік бар. Әңгімелері де үй арасынан аспайды. Мәдениеті төмендеу екені, міне, осыдан-ақ көрініп тұр.

Керейхан: (ашулана) Тәйт! Бұл не сөзің! Мәдениетті болу – биік үйде тұрып, тап-таза көшеде серуендеу ғана емес...

сабыр: Ауыл мен қала арасында әлі де айырмашылық бар екені рас қой, ата! Ол көзге көрініп тұрған жоқ па!

Керейхан: Қалай десең де – ауылда таза мінез бар. Таза қарым-қатынас бар. Бұл – ең керекті қасиет.

сабыр: Ауыл адамдары аңғал келеді. Өтірікке мүлдем жоқ. Керейхан: Міне, міне! Бұны дұрыс байқапсың. сабыр: Ата, мен шетелге барып оқып келемін. Содан соң

ауыл мен қала арасындағы айырмашылықты жоюға күш саламын. Адамдардың барлық жерде бірдей өмір сүргенін қалаймын.

Керейхан: (бұрыла қарап) Міндетті түрде шетелде оқу ке-рек пе?

сабыр: Ол жақта терең білім алуға мүмкіндік мол.Керейхан: Өзімізде жақсы білім алуға кім кедергі келтіреді!

Кім аузыңды буып, аяғыңды тұсап отырған...сабыр: Ата, шетелдегі оқу орындары әлдеқайда алға кеткен.

Білім беру деңгейі де тым жоғары...Керейхан: (күйіне сөйлеп) Ой, жастар-ай! Өз елін өздері

менсінбей...Өзгенің жылтырағына көзсіз табынып... Ой, жас- тар-ай!

сабыр: Ата, сіз ескі көзқараспен өмір сүріп жатырсыз. Ал біз...

Керейхан: (күйіне) Жаңашылмыз де. Жаңа заманның ада-мымыз де..

Осы кезде сахнаға Сабырдың достары Сәрсен мен Ораз шығады. Ол екеуі жарыса сөйлеп, Сабырдан сүйінші сұрайды.

сәрсен: «Болашақ» бағдарламасымен өтуіңмен, Сабыр!ораз: Енді шетелде оқитын боласың.

Page 339: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

340

сабыр: Ал, сендер ше? Өздерің қалайсыңдар?сәрсен: Біз де бармыз. ораз: Үшеуміз де өтіппіз. Енді үш дос билеп, асыр-сала секіріп, бір-бірін құттықтап

жатады.– Бұл өте дұрыс болды.– Адалдық пен әділдік бар екен.– Арманның алғашқы баспалдағына аяқ жетті деген осы!...Олардың сөзін Керейхан ақсақал бөледі.Керейхан: Әй, бұл не қуаныш? Маған да түсіндірсеңдерші!Жігіттер жарыса сөйледі.– Оқуға түстік, ата!– Шетелге жол жүреміз енді!– Әлемді емін – еркін аралайтын боламыз!Керейхан: Е, оқуға түссеңдер, өте жақсы болған екен.

Жұлдыздарың жансың, қарақтарым! Тек шетелшіл болғандарың көңілге қона бермейді.

Жігіттер тағы да жағаласа-жарыса сөйледі.– Біз талай уақыттан бері осыны арман етіп едік.– Қайтсек те, шетелге барып оқимыз дегенбіз. – Сосын да «Болашақ» бағдарламасына құжат тапсырғанбыз.Керейхан: (сөзді бөле) Армандарың сол-ақ па? Оқуға

түсуді армандаған соң, арғы жағын да ойлау керек. Ертең сол оқуды бітіріп келген соң, қайда барасыңдар? Кім боласыңдар?..

ораз: Қайда барсақ та, бірге боламыз. Біздің арманымыз да – ортақ.

Керейхан: Ортақ арман деген не? Әр жүректе арман шіркін өзінше маздамаушы ма еді?..

Жігіттер: (жарыса)– Солайы солай!– Бірақ біздің арман әрқашан бір арнада тоғысып жатады.Керейхан: Әй, балалар-ай! Арман деген – ол қызық зат! Ол

бірде қуантады, бірте өкінтеді. Бірде қолға түскендей болады, ал енді бірде тым алыстап, шығандап кетеді.

ораз: Жоқ, біз өзгелерге ұқсамаймыз. Біздің достығымызды ештеңе де бұза алмайды. Сертіміз-серт!

сәрсен: (қосыла сөйлеп) Ата, біз солай серттескенбіз.Керейхан: Арманды анықтап қою да артық емес. Өмір

бәрібір өз дегенін істейді. Сезім деген бір зат бар, ол уақыт өте келе өзгере бастайды.

Жігіттер:– Оны өз кезінде көре жатармыз.– Ең бастысы-терең білім алып оралу.– Шетелдің мәдениеті мен салт-дәстүрін көріп қайту.

Page 340: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

341

Керейхан: Қазаққа қазіргі кезде бәрін де көру қажет шығар. Шетелдің жақсы жақтарын ала білу де – өнер. Алайда, тым шетелшіл болып кетіп жүрмеңдер. Қазақтың ең ұлы байлығы – қазақтығында. Еліктегіш елде болашақ жоқ.

Жігіттер:– Ой, оны білеміз ғой.– Қазақ екеніміз өтірік пе!– Елді ұмытып не көрініпті?!.Керейхан: Қазір осылай деп сөйлеп тұрсыңдар. Шетелдің де

өз саясаты бар. Жас адам бәріне де еліктегіш емес пе! Еліктесең де, ақылмен елікте. Еліңді естен бір сәт те шығарма. Дәстүріңді аяқ асты етпе!

Жігіттер: (қосыла айттып)– Ата, бізге ақ бата беріңіз! Ақ жол тілеңіз!Керейхан: (алақан жайып) Е, құдайым, қолдай көр!

Балаларымның сапарын оңдай гөр! Бастарына бақ қонсын! Елін сүйген ерлер боп өссін! Әумин!...

Бәрі бет сипасады.

Екінші көрінісБи залы. Музыка. Қызылды-жасылды жарық жанып-өшіп

жатыр. Бір топ жастар бұратыла билеп жүр. Жүргізуші: (музыканы сәл бәсеңдетіп) Қадірлі жігіттер

мен қыздар! Бүгін біздің ортамызға бірінші рет үш жігіт қатысып, би билеп жүр. Олар-«Болашақ» бағдарламасымен ше-телде оқып келген Сабыр, Сәрсен және Ораз (жастар қол шапалақтайды). Ендігі музыка осы жігіттердің құрметіне ой-налады.

Билеп жүріп, Ораз бен Маржан оңашалана береді.ораз: Осы мен дұрыс істемеген сияқтымын.маржан: Неге олай дейсің?ораз: Достарымды ренжітіп алдым ба?маржан: Сенің бизнеске бейімің бар. Ана екі досыңда ондай

қабілет вообще жоқ.ораз: Действительно солай ма? Рас айтасың ба?маржан: Мен оны баяғыда-ақ байқағам.ораз: Ендеше алған бетімнен қайтпағаным дұрыс па?маржан: Әрине, дұрыс. ораз: (ойлана) Ана Сәрсен... маған қатты ренжіп, ауыр

сөздер айтып...маржан: (жымысқылана) Ол сенің болашағыңа қызғанышпен

қарайды. Бизнес өкілі болу – үлкен жетістік. Қолыңда мол қаржы болса, ойыңдағыны түгел жүзеге асыра аласың.

ораз: Мен бұл жағын неге ойламағанмын! (сәл тоқтап, өзіне-өзі) Сонда Сәрсен қызғанып отыр ма? Менің бизнеске

Page 341: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

342

кетуіме неге тосқауыл бола береді десем... (Маржанға) Осы сен сол Сәрсен туралы не ойлайсың?

маржан: Сенің Сәрсен досың – карьерист. Биік лауазымды өте жақсы көреді.

ораз: Оны қалай байқадың?маржан: Біз бас қосқан жерде ылғи да айтатыны-қызмет.ораз: Қызметке құмартқанның бәрі жаман ба?маржан: Мен жаман жігіт демеймін. Қызметқұмар екенін

ғана айтамын. ораз: Қайсыбір күні біз, үш дос, бас қосып, ұзақ дауластық.

Олар менің бизнеске кетуіме қарсы. Ал, Сабыр болса... Рас. Арамыздағы ең жақсы оқыған досымыз сол! Енді міне, жақсы бір лауазымды қызметке орналасқалы жатыр. Өзінің айтуын-ша, атасының сөзін өміріне жалау еткен секілді. Аз да болса жетістіктерге қол жеткізгені көпті көрген дана қарттың ақылының арқасы деп ұғады.

маржан: Атасы?! Ол оқымаған адам. Кәрі кісіні бас шұлғып тыңдап...

ораз: Бірақ, ақылды қарт. Табиғатында осындай дана адам-дар да болады.

маржан: Оқымаған данышпандарға еш сене бермеймін. (сәл тоқтала) Қысқасы, осы бағытың дұп-дұрыс. Бизнес жеңіске жетудің төте жолы.

ораз: Өзім де соны ойладым. Солай ететін шығармын. Алайда...

маржан: Тағы не? ораз: Ну, алдымен... бірге жұмыс істейік деп Сәрсен ұсыныс

жасаған болатын. маржан: Сәрсеннің қарамағында боласың ба?ораз: Пока солай. Ал, ертең... маржан: Ертең ол ана жаққа (саусағымен төбені көрсетіп)

қарай өседі. Ал, сен жете алмай шаршайсың.ораз: Қорықпа, аз уақыттан соң маған да үлкен лауазым

тиеді. Оған сенемін.Маржан өзімен-өзі ойланып тұрады.маржан: (өзіне-өзі) Бұны қалай мынадай пайдасыз ойы-

нан айныту керек? Тек бір ғана жолы бар. Соны айтпай бол-мас. (Оразға) Сен... білесің бе? Мен Анардан естідім. Сәрсен сенің қабілетіңді өз пайдасына пайдаланбақ. Сосын да қасынан шығармайды.

ораз: Сәрсеннің қабілеті төмен деп кім айтты? Ол да үздік оқыды.

маржан: (сөзді бөліп) Үздік оқу бар да, өмірге бейімді болу тағы бар. Кейде жақсы оқығандар қызметке араласқанда ештеңе бітіре алмай шаршайды.

Page 342: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

343

ораз: Жоқ, ол алымды. Хваткий... Ол деген арамыздағы...маржан: Ты меня слушай! Одан озғың келсе, ешқашан

өзіңнен жоғары қойма. Өзімнен төмен деп ойла. Мысалы, мен ана екі құрбымнан асып түспесем, еш кеммін деп ойламаймын. (сәл тоқтап) Ол екеуі осы күні бір-біріне күдікпен қарайды.

ораз: (таңдана) Неге?маржан: Бағила өзін өте ақылдымын деп есептеп, барлық

уақытта өз дегенін өткізгісі келеді. Осы мінезі Анарға ұнамайды. Араларына салқындық кіргені де содан. (кішкене кідіріп) Сендердің де араларында қандай құпия тығылып жатқанын білмейміз. Мәселен, Сәрсен сені пайдаланып...

ораз: Біз достармыз. Пайдалану деген не? маржан: Қызмет араласқан жерде достық міндетті түрде

ақсайды. Бұл – өмір заңы...ораз: (өзіне-өзі) Вообще-то, Маржанның айтып тұрғанының

да жаны бар сияқты. Мен неге осынша аңқау едім! Маржан бол-маса, аузым ашылып жүре бермекші екенмін-ау! (Маржанға) Сонымен, қалай етеміз?...

маржан: Шетелге жиналайық. Онда қыруар істер күтіп тұр. Екеулеп кіріссек, бәрін де жеңеміз.

ораз: Онда осы ойға тоқтадық.маржан: Уәде!ораз: Уәде!Би жалғаса береді. Сәрсен мен Анар оңашаланады.Екеуі де көңілсіз. Әсіресе Анардың жанарында мұң бар. сәрсен: Кредитке жоламайық деп ем, сен тыңдадың ба?анар: Жұрттың бәрінің екі қабатты коттеджі бар. Ал, біз

болсақ, бейшараның күнін кештік. Құрбыларым күлді ғой. Со-сын не істейін!

сәрсен: Аяғы не болды енді! Қалай қайтарамыз.?анар: Ты же мужчина! Ойланып көрсеңші. сәрсен: Кім ақша бере қояр дейсің! Осы күні елдің бәрі

ақшаға келгенде өте сараң болып кетті.анар: Сен Ораздан сұрамайсың ба?сәрсен: Қарыз сұра дейсің бе?анар: Сөйлесіп көрмейсің бе? Досың емес пе!сәрсен: Ол қазір тым тартыншақ болып кетті. Баяғы достық

пейіл мүлде жоқ.анар: Араларыңа не килікті? Неге салқындадыңдар?сәрсен: Соны өзім де түсінбеймін. Ешқандай арам ниетім

болған емес. Ей, богу...анар: Ортаға от тастаған біреу бар. Әттең, соны білер ме

еді...сәрсен: Сен де айтасың-ау! Біз үш доспыз. Біздің арамызға

кім килігуі мүмкін. Кто-о?...

Page 343: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

344

анар: Міне, осылай дейсің де, достарыңмен хабарласпайсың. Көп болды, қызметің де өспеді.

сәрсен: Қызметке достардың қандай қатысы бар?анар: Қатысы болғанда қандай! Айталық, ана Ораз сені

поддержка жасағанда, тез-тез өсіп кетер едің.сәрсен: Лауазымды да сатып алуға бола ма? На деньги-и?...

(таңданады)анар: Сатып алмайсың, сыйласып аласың. Екеуі аспан мен

жердей.сәрсен: Не знаю! Маған екеуі де бір ұғым сияқты.анар: (өзіне-өзі) Осымен қанша рет айтып тұрмын, саған

түсіндіре алмадым ғой. Бұл не деген қырсық, ә! Осындай мінезі бар деп ойласамшы. (сосын Сәрсенге) Ойланшы, қабырғаңмен кеңесші...

сәрсен: Қабырғаммен кеңесетін түк те жоқ. Бәрі өз орнын-да... Біздің достығымызға ешқандай селкеу түскен жоқ.

анар: Онда неге жиі-жиі хабарласып тұрмайсыңдар? Неге бөлек-бөлек жүрсіңдер?...

сәрсен: Бұл енді өмір заңы... Закон природы-ы...анар: Өмір заңын қалыптастыратын-адамдардың өзі. Әуелі

бір-бірімізге кері әрекет істейміз де, аяғында оны тағдырға жаба саламыз. Кісінің қателесуі осы жерден басталады.

сәрсен: Сонда маған не істе дейсің?анар: Үш дос оңаша жиналып, дастархан басында бас

қосуларың керек. Оны мен ұйымдастырайын.сәрсен: Қолыңнан келсе, кәне!Олар әрі қарай айналып кетеді. Қайтадан қызылды-

жасылды жарық жанып-өшіп, музыка ойнала жөнеледі. Жастар айғайлап «Жасасын шетелде оқып келген жас- тар!», «Қазақ елінің болашағы жасасын!» десіп, дауыстап жатады. Үш жігіт сөйлесіп тұрады.

Осы кезде жігіттердің қасына Анар келеді. анар: Жігіттер менде бір ұсыныс бар. Қарсы болмасаңдар

айтайын.Сәрсен түк болмағандай, құлағын тосып тыңдап, сөз

айтады.сәрсен: Ол қандай ұсыныс? Қане, айтшы!Ораз бен Сабыр да қосарланып, «айт, ол қандай ұсыныс?»

деп жарыса сөйлейді.анар: Мына шуылдаған музыка мезі еткен жоқ па

сендерді? Одан да көшенің қарсы бетіндегі кафеге барсақ қалай қарайсыңдар? Ол жер оңаша, сырласуға да ыңғайлы.

сабыр: (Сәрсен мен Оразға жақындап) Шынында да, сонда барсақ қайтеді, а? Құлағым, ей богу, қатты шыңылдап кетті.

Page 344: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

345

сәрсен: Өте орынды ұсыныс. Өзімізше отырып сөйлескеніміз де жақсы-ақ.

анар: Олай болса, сендер барып жайғаса беріңдер, мен қазір қыздарды ертіп келемін.

Үш жігіт кафеге қарай беттейді.анар: (соңдарынан айғайлап) Ол жай кафе емес, жүрекпен

сырласу орны болады. Соны ұмытпаңдар...

Үшінші көрінісОңаша кафеде үш жігіт отыр. Үшеуі де әлденеге

алаңдаулы. Сөзді Сәрсен бастайды.сәрсен: Осы оңаша кафені, шынымды айтсам, таңдаған мен

едім. Бағана, сендер келмей тұрып...сабыр: Не үшін?сәрсен: Арамыздағы бүкпесіз шындықты, тек ақиқатты ай-

татын орын болса деп ем. (сәл тоқтап) Ақиқат алаңы десем де болады.

сабыр: Ойың дұрыс. Көп болды, шын көңілмен сырласуға да уақыт жоқ. Баяғы дос көңілдеріңді кір шалмауы керек қой.

ораз: (өзіне-өзі) Ақиқат алаңы дей ме? Ха-ха!... Бұлардың да таппайтын жері болсайшы! Осындай жұпыны жерге де жиналуға болады екен-ау! (сәл тоқтап) Ау, сонда не айта-мыз! Кімнің қандай құпиясы бар екен, а! Мен өзім... ештеңені ешқашан жасырған емеспін.

сәрсен: Сен қалай дегенмен, бизнес адамысың. Бизнес-это... ораз: (сөзді бөліп) Бизнеспен айналысатындардың ешкімге

айтпайтын құпиясы болатынын да ұмытпа. Пардон, се ля ви...сәрсен: (ол да орнынан қозғалып қойып) Мемлекеттік

қызметтің ауыр да аса жауапты екенін есіңе салып қояйын.ораз: Бұл не? Мақтанғаның ба! Мемлекеттік қызметкермін

деп кеуде кере сөйлегенің бе! сәрсен: Сенің бар ойың арам. Әйтеуір мені сөзден сүріндіріп

жіберуге құмарсың.ораз: Осы мінезді бастаған кім екен? Әуелі сен

емеспісің... сәрсен: Мен бе! Мен не деппін?ораз: «Болашақ» бағдарламасымен шетелге оқуға барып,

аяғында өз бас пайдасын ойлап кетті деп жүрген кім екен?сәрсен: Оны мен емес, ел айтып жүр. ораз: Жоқ, сен. Анар екеуіңнің сөзің бұл!сәрсен: Ораз, бұл не сөзің!ораз: Уәде бермеу керек, ал бердің екен, өлсең де орында... сәрсен: Как будто, өзің орындап жүргендей... Білеміз ғой

сені де...ораз: Қашан айтқан сөзімде тұрмаппын! Айтшы, қай кезде...

Page 345: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

346

сәрсен: Айта берсек сөз көп. Одан да Сабырды тыңдайық.ораз: (өзеуреп) Жоқ, сен сұрағыма жауап бер. Айт деймін...сабыр: (оларды тоқтатып) Бос даурығуды тоқтата

тұрыңдар. Бүгін бәрін де бастан-аяқ өз орнына қоялық.ораз: Жарайды, менің қорқатын түгім де жоқ.сәрсен: Менің де жасырын сырым болған емес.сабыр: (ойлана сөйлеп) Естеріңде ме, біз мектеп бітіретін

жылы үшеуміз серттестік. Орта мектепті жақсы аяқтап, «Болашақ» бағдарламасымен шетелге оқуға түсіеміз дедік. Осы ойды үшеуміз де қол айқастырып тұрып қолдадық.

сәрсен: Бәрі де есімде. Ұмытқан жоқ.сабыр: Сонымен, біз оқуға қабылдандық. Жолымыз

оңғарылды. Шетелге жолға жүруге даярландық.сәрсен: Қайда жүрсек те, сертке берік боламыз дестік.ораз: Оны мен айтқан болатынмын.сәрсен: Айтсаң айтқан шығарсың, бірақ сөзіңде тұра алдың

ба? Міне, мәселе қайда...ораз: Сенің де сертке берік болғаныңды көре алмадық.сабыр: Тағы да эмоцияға беріліп кеттіңдер. Біз өткен

өмірімізге есеп беріп отырмыз. Бұл жерді – шартты түрде Сәрсен досымыз «Ақиқат алаңы» деп атады. Ендеше, тағы да ақиқатқа кезек берейік...

Осы кезде бұлардың жанына бетперде киген бір адам келе қалады.

Бетперде киген адам: Шетелде оқып келген жастар сендерсіңдер ме?

Жігіттер: – Иә, бізбіз.– Жақында ғана оралдық.– Оны неге сұрадыңыз?Бетперде киген адам: Сендерге қарап таңданып тұрмын.Жігіттер: (жарыса) Неге таңданасыз?Бетперде киген адам: Өйткені, сендердің көңілдерің өсіп

кетіпті. Қиялдарың көкте қалықтап жүр.ораз: (ашулана) Бізге баға беретіндей Сіз кімсіз өзі?

Бетпердеңізді ашыңыз.Бетперде киген адам: Оны ашуға болмайды.ораз: Неге?Бетперде киген адам: Бетім отқа күйіп қалған. Құбыжық

түрім кімге керек! Сосын да осылай жүрем.сәрсен: (сөзге араласып) Е, жапон жазушысы Кобэ Абэнің

«Бөтеннің бет бейнесі» деген романындағы кейіпкер сияқты екенсіз ғой.

Бетперде киген адам: Сендерге күлкі керек, ал маған... (сәл мүдіріп) Қысқасы, менің көңілім толмады. Шетелге барып кел-

Page 346: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

347

ген жастар сендер секілді болса, еліміздің болашағы да тым алысқа бара алмас.

сабыр: (қызыға түсіп) Сізге қай қылығымыз ұнамады екен, а? Білуге бола ма?

Бетперде киген адам: Оны өздерің байқаған жоқсыңдар ма?ораз: (кіжіне) Қалай байқаймыз? Нені байқаймыз...сәрсен: Иә, десейші! Өзі не айтып тұр?...сабыр: Жә, тым қызбаланбаңдар. Бұл кісі бірдеңені сезген

сыңайлы...Бетперде киген адам: Шетелде оқыған жылдар сендердің

достықтарыңа қылау түсірген жоқ деп ойлайсыңдар ма?Жігіттер:– Әрине, біздің достығымыз берік!– Ол не сөзің!– Күдігің бар ма?Бетперде киген адам: Сендер қазір қазақтан гөрі шетелді

көп айта бастапсыңдар. Олардың мәдениеті, биік деңгейі деген-дей... Ал, ең сұмдығы – елге оралуға тым құлықты емессіңдер.

сәрсен: Бұл не, мазағың ба! ораз: Онда қандай шаруаң бар!...сабыр: (сабырлы сөйлеп) Ал кім? Кім шетелде қалып

қоймақшы екен?...Бетперде киген адам: Оны іші біліп тұр. Кім екенін өзі-ақ

айтар. (бұрыла беріп) Ал мен кеттім.Ол сахнадан шығып бара жатады. Үш жігіт бір-біріне

қарайды.ораз: (кіжіне) Әй, қойшы соны! Өзі қияли біреу екен.сәрсен: Соны айтам да.сабыр: (ойланып) Тектен-тек айтқан жоқ-ау осы сөзді!...

Біз неге өз арамызда ағымыздан жарыла алмаймыз? Кімде қандай ой бар – соны ашып айта алсақ...

сәрсен: Не боп кетті өзі! Честное слово, мен оқуды бітіргенше асықтым. Енді қайтсем де өз елімде еңбек етемін.

сабыр: Менің де ойым солай! (енді Оразға бұрылып) Сен ше?

ораз: Елге оралам ба, жоқ сол шетелде аялдай тұрам ба – ол аса маңызды емес...

сәрсен: (жалт қарап) Қалай маңызды болмайды! Елді, жерді сүю сезімі деген болмайтын ба еді, а!...

ораз: Елді сүю үшін тек өз еліңде тұру қажет пе? Туған жерде тұрып жатып та өз халқына опасыздық жасайтындар баршылық... Тіпті байып алған соң, өз елінен қашып кететіндер де бар. Осы өтірік пе? (сәл тоқтап) Ну, эти олигархи...

сәрсен: Ол басқа әңгіме. Сатқындар, екіжүзділер қай елде де бар. Біз болсақ, еліміздің атынан оқуға аттандық.

Page 347: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

348

«Болашақ» бағдарламасымен... Сөйте тұрып, елге қайтқымыз келмесе...

ораз: Мәңгі – бақи өзге елде қаламын деп жатқан кім бар! Бәрі де – уақытша.

сәрсен: Қалай ақталсаң да, бұл ойың дұрыс дей алмаймын. Ты меня извини...

ораз: Ендеше, мен де ашығын айтайын. Маған шетел ұнайды. Бизнес баспалдағын әуелі шетелде бастаймын деп шештім.

сабыр: Демек, біздің біліміміз өсіп қоймапты, ойымыз да өзгере бастаған екен.

Үш дос-Сабыр, Сәрсен, Ораз оңаша кафеде осылай бір-біріне сөз бермей дауласып отырғанда, үш қыз: Бағила, Анар, Маржан келеді.

анар: Біз келдік.ораз: О-о, құрметті ханымдар! Я вижу, сіздер аздап

ренжулі сияқтысыздар. Ол жарамайды. Өмір тек би билеуден тұрмайды. Кейде осылай оңаша отырып сырласып қою да аса пайдалы.

Қыздар: (Бағила мен маржан): – Отырып ойланатын біз кемпір ме едік!– Жастықтың өзіне тән жалыны болады. – Ерте қартайғымыз келмейді.сәрсен: (сөзге араласып) Қыздар! Сіздерді сағынған

көңілімізді неге түсінбейсіндер! Бізге жеңіл биден гөрі, сендер-мен сырласу аса қымбат. Ой-пікір, асыл армандар бар. Соны тыңдасақ деп едік.

анар: Мен де соны айттым.Қыздар: – Бізді де тыңдағысы келетін жігіт бар екен-ау!– Тыңдаған құлаққа өте жағымды естіледі екен.сабыр: (сөзге қосылып) Біздің де ішкі ойымызды білгілерің

келмей ме? Айталық, шетелде оқып келген соң, қайда барамыз, қандай қызметке тұрамыз дегендей...

сәрсен: Сол жағы да бар...ораз: Қысқасы, қыздар бұл ойымызбен келісті деп есептейік.

Енді отырысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. (сәл тоқтап) Алғашқы тілек-тосты мен шетелден оралған үш дос пен олар-ды асыға күткен үш құрбы қыздары үшін, олардың арасындағы берік достық үшін көтеруді сұраймын.

Бәрі шулап, тост көтеріп жатады. Қосылып ән шырқайды. ораз: (кілт тоқтап) Стоп! Стоп! Біздің өзіміз шығарған

ән қайда? Неге соны айтпаймыз. Қалай еді! Ә, былай:– Мына біздер, қазақтың болашағы,Алдымыздан армандар жол ашады!

Page 348: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

349

Қалың қазақ қол соғып тұрар еді, Аспандатып жіберсек аласаны!...Ахау-у-у...Аспандатып жіберсек аласаны!...Бағила: Бұл сендердің өз өлеңдерің бе?ораз: Әрине, өзіміз жаздық.анар: Авторы кім?ораз: Мен-н...Жоқ, үшеуміз...сәрсен: (мақалдап) Өтірікшінің құйрығы бір-ақ тұтам.

Көзді жұмып тұрып, өтірікті соғып жібереді кей жігіттер-р...маржан: Сонда кімдікі болды бұл өлең?сабыр: Үшеуміз жазғанбыз.маржан: Өлеңді олай жазбайды. Оны бір кісі ғана шығаруы

мүмкін.ораз: (тез-тез сөйлеп) Ондай болады. Жер жүзінде екі не

үш, тіпті одан да көп авторлар кітап жазған, ән шығарған.Бағила: Ал, сендік делік.ораз: Әр жолын бір жігіт шығарды. Мысалы, алғашқы

жолы...(Сәрсен мен Сабырға қарайды)сәрсен: Ал, айт. Қазаншының еркі бар деген...Сөйле! Төгіл...ораз: Оны мен... жо-жоқ Сабыр...сабыр: Жігіттер, сендерге не болған? Бұл өлеңді үшеуміз

шығардық па!? Болды! Арғы жағын қазбалап қайтеміз?Бағила: Сонымен, алдарыңнан армандар жол ашты делік.

Армандарың не?ораз: (сөзді бөле) Өлеңнің екінші шумағы былай болып

келеді. – Мына біздер қазақтың келешегі, Күні кеше бәрі де елес еді. Білімді ұрпағы бар ел болған соң, Тереземіз әлеммен теңеседі.Ахау-у...Тереземіз әлеммен теңеседі. Бағила: Өте жақсы екен. Жүректі қозғайды екен. Ал ендігі

арман қандай болмақшы?ораз: (Маржанға қарап сөйлейді) Арман болғанда... Ол

өзі-і...маржан: (Оразға ым жасап) Әуелі басқаларды тыңдап

алмаймыз ба!ораз: (тілінің ұшындағы сөзді жұтып) Арман көп. Енді

қазаққа қызмет етсек дейміз. Ұлтымызды әлемге таныту үшін... сәрсен: Ұлтқа қызмет ету оңай шаруа ма екен! Ұлт туралы

жеңіл-желпі сөйлеу-әбестік.анар: Міне, бұл дұрыс сөз. Салмақты бола білу де – ақыл-

дылық.

Page 349: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

350

ораз: (қызарақтап, орнынан тұрып) Сонда мен... ұшқа- лақпын ба?

маржан: (сөзге қыстырыла кетіп) Білімді жігіт туралы осынша жеңіл сөйлеуге бола ма екен! Әркім әуелі өз бойындағы мінді жөндеп алуды ойлағаны абзал.

анар: (қызарақтап) Сен сонда не айтқың келеді? Кімде мін көп екен, а?

сәрсен: Мен де түсіне алмадым.маржан: Ораз ақкөңіл, аңқылдақ. Бәрің соны

пайдаланғыларың келеді. Ол бола ма екен! (сәл тоқтап) Әлі көрерміз, кімнің кім болатынын...

сабыр: О-о, әңгіме кермектеніп барады.сәрсен: Сонда қу, зәлім мен болғаным ба? Мен кімді мазақ

етеді екем?анар: Әр нәрсені өз атымен атасақ дұрыс болар еді.ораз: Сонда нені? Қай затты... Я совсем не понимаю!маржан: Әркім өзінікін дұрыс деп ойлайды. Осының өзі –

қиястық. сабыр: Ту-у, ұстамдылық деген қайда осы? Сендерді де

шетелде оқып келген жігіттер дейді-ау...анар: Дегенмен, жігіттер, армандай білу де – ақылдың ісі.

Армансыз адам-биікке өрлей алмайды. Бағила: Біздің ішіміздегі арман десе ішкен асын жерге

қоятын қыз – осы Анар.маржан: Ал мен ше? Мен армандай алмаймын ба?Бағила: Сенің арман туралы түсінігің өте әлсіз, тым әлжуаз.

Анар шынымен армандай алады. ораз: О-о, Анар мен секілді екен. Мы друг-друга похожи...

Мына мен армандаған кезде...сәрсен: (сөзді бөле) Білеміз сенің арманыңды! Оның

ғұмыры өте қысқа. Тез аяқталады.ораз: Бұл-қиянат! Бәрі өтірік... Клевета!сәрсен: Дәлелім болса ше?ораз: Қандай дәлелің бар?сәрсен: Сен бір кездері ақын болам дедің. Оны тез

тастадың. Сосын музыкант болам деп, гитара тарттың. Одан да түк шықпады. Сонан соң...

ораз: Жетер! Тоқтат! Ол менің кінәм емес.сәрсен: Сонда кімнің кінәсі?ораз: Ақын, музыкант болу үшін әуелі Алла берген талант

керек. Соны кеш ұқтым. сәрсен: Уһ, ең болмаса осыны түсінгеніңе де шүкір. Әйтпесе

ойлап ем, ақылсызға айтқан есіл сөзім бола ма деп...ораз: Пардон, пардон-н... Кім ақылды, кім ақылсыз – оны

уақыт көрсетеді әлі...

Page 350: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

351

сәрсен: Ақындықты, музыканы тастай салып, енді бизнес- ке бет қойдың. Ол қолыңнан келе ме, жоқ па – соны ойлап алмадың ба!

ораз: Бұл – өз шаруам...сәрсен: Жоқ, өз шаруаң емес! Сені қазақ өкіметі оқытты.

Ал, сен болсаң...сол шетелде өз бас пайдаңды ойлап...Қыздар: (шуласа)– Қалайша!– Ораз шетелде қалып қоймақ па!ораз: Мені қостайтын бір адам бар.сәрсен: Ол кім?маржан: Ол – мен...сәрсен: Саған не болған, Маржан?Қыздар:– Бұл шын сөзі ме?– Түкке түсінсем бұйырмасын!...маржан: Тәуелсіз ел екеніміз рас болса, біз неге бір жерге

байланып еңбек етуге тиіспіз! Өздерің ойлап қараңдаршы...сәрсен: Елді сүю сезімінен жұрдай адамның сөзі...сабыр: (сөзге араласып) Сендерге не болған? Осы жерге

екеуара айтысу үшін келдіңдер ме?Бағила: Мен арман туралы сұрап едім. Бұлар айтысып кетті.маржан: Арманды түсінетін кісі болса...сабыр: Дегенмен, жігіттер, біз «Болашақ» бағдарламасымен

оқып келдік. Ендеше, арманымыз аласа болмауы шарт. Бізге Елбасы үміт артып отыр.

анар: Тек Елбасы ғана ма? Бүкіл ел үміт күтіп отырған жоқ па!

сәрсен: Елбасы мен елді неге бөлесіңдер! Елбасы да халық сайлаған ел ұлы. Демек, екеуі бір ұғым.

Осы кезде бұлардың столына бетперде киген адам келеді.Бетперде киген адам: (саусақтарын ойната) Өте тату дос-

тар екенсіңдер. Ол өте жақсы. Алайда, арман туралы асығыс сөйлей бермеңдер. Арман-өте қасиетті нәрсе. Оны ғұмыр бойы аялап өту үшін ыстық жүрек пен қажымас қайрат керек.

Жігіттер мен қыздар:– Сіз не деп тұрсыз?– Арманды әркім өзінше бағалайды.– Оны ешкім түсініп болған емес.– Армансыз өмір түк те емес...Бетперде киген адам: Сендермен дауласпаймын. Тек ай-

тарым біреу-ақ: өмір сендер ойлағандай оңай нәрсе емес; оның асулары мен ойпаңдары, биіктері мен тереңдері өте көп; сол жолда адал жандар ғана достықты сақтап қала алады.

Page 351: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

352

ораз: (оны бөле сөйлеп) Сонда-а... айтпағыңыз не? Я не понимаю...

Бетперде киген адам: Ештеңе де айтпаймын. Тек күдігім бар.

ораз: Ол қандай күдік?Бетперде киген адам: Араларың суып кете ме деп...ораз: Оны қайдан байқадың?сәрсен: Қызық сөйлейді екенсің.сабыр: Тоқтаңдар, тыңдап көрейік.Бетперде киген адам: Біріңді-бірің тыңдамайды екенсіңдер.

Бұл-қауіп. Екіншіден, бар армандарың – қызмет, ақша. Дүниеге тым қатты қызығу-ол да қауіп. Әсіресе, ана жігіт... (Оразды нұсқайды)

ораз: Өзің не деп тантып тұрсың, а? (жұдырық ала жүгіреді)

сабыр: (оны тоқтатып) Мұның не, Ораз! Ұстамды болсаңшы. (сосын бетперде киген адамға) Бұл жерден кеткеніңіз дұрыс болар.

сәрсен: Солай еткеніңіз абзал.Бетперде киген адам: Мен кетермін-ау! Алайда, сендер... ораз: Бізге не болады екен, а? Ну, скажи быстрее...Бетперде киген адам: (Оразға қарап) Достықтың шырқын

алдымен бұзатын сен боларсың деп күдіктенем. Ал, жақсы! Мен кеттім.

ораз: Бар. Кете бер жөніңмен! Өзінше сәуегей бола қалғанын көрмейсің бе!

маржан: (Оразға сыбырлап) Ашуыңды бас! Ел не демейді. Өз жоспарымыз бар емес пе! Соны мықтап есте ұста... Есіңнен шықпасын біздің ішкі жоспарымыз...

сәрсен: (кенет бұрыла сөйлеп) Содан соң не болып еді, а? Аяғын айтам...

ораз: (кекете) Бәрін де ұмыта бастағаның ба? Міне, осының өзі сенің менмен, жеке басыңды көп ойлайтыныңды көрсете алады.

сәрсен: Ұмытшақтың бәрі нашар адам дегенің – қиянат. Өзің ештеңені ұмытпайсың ба сонда?

ораз: Ұмытпауға тырысам. Әсіресе, кейбір «доссымақ- тардың» әрекетін...

сәрсен: Тағы да қисая сөйледің бе! Әй, сен өзі...сабыр: (оларды тоқтатып) Бір сәт әрқайсымыз өз ой-

ымызбен болайықшы. Өткен күндерді еске түсіруге тырысып көріңдер... Ойға ерік беріп көрелік. Ой – шындық айнасы! Ой – тәрбиеші... Ой – адамшылықтың алғашқы баспалдағы-ы...

Сахна қараңғылана береді.

Page 352: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

353

ЕКіНШі ПЕрДЕТөртінші көрініс

Сахнада үш орындық. Үшеуіне де ақ жамылғы жабылған. Үш орындықтың арғы жағында ақ көйлек киген үш қыз. Олар үш құрбы: Бағила, Анар, Маржан. Әрқайсысы өз ойы- мен өзі әуре.

Бағила: (көңілсіз ғана) Сабыр ауылға барып келіп, енді бір компанияға қызметке кіріспек.

анар: Сәрсен министрлікке жұмысқа ауысып жатыр. маржан: Ал, Ораз... Ол бизнеске біржола бойын үйретіп

барады.Бағила: Сонда қайсінікі дұрыс? Мемлекеттік қызмет пе, жоқ

әлде кәсіпкерлік пе? маржан: Менің ойымша – бүгінгі заманның бағыты биз-

нес. Бизнес арқылы әлемге еркін шығуға болады. Сондықтан да Ораздың ойын толық құптаймын.

анар: Шетелде оқып келген соң, өз білімін өз халқына беруі керек. Сәрсен мемлекеттік қызметке кірісіп, дұрыс жасады.

Бағила: Сендер кісі тағдырына тым жеңіл қарайды екенсіңдер. Мақсатты дұрыс таңдау – жарты жеңіс.

Қыздар:– Біз не деппіз! – Қандай артық сөз айтыппыз!Бағила: Олар үш дос болды. Үшеуі бірігіп армандады. Үшеуі

бірігіп ән шығарды.Қыздар:– Сөйтсе қайтеді екен!– Мәңгі бірге жүру мүмкін емес қой.Бағила: Арманның аласаруы деген осы! Жалғыз жүріп

жеңіске жету қиын іс. Қыздар:– Жеңіске топтанып жеткендерді естіген емеспіз.– Жеке тұлғалар да аз емес мына өмірде...Бағила: (ойлана) Біз олардың арасын ажырату емес, қайта

біріктіруді көбірек ойлауымыз керек.анар: Өмір бойы ажырамас дос деген болған ба өзі?маржан: Соны айтам да. Осы біздің Бағила қияли бола бас-

тапты.Бағила: Мен туралы не десеңдер де еріктерің, бірақ өз басым

үш достың үш жаққа кеткеніне қарсымын.маржан: Біз не істеуміз керек?анар: Соны айтсайшы. Жолды таңдайтын өздері ғой.Бағила: Жол таңдауды ақылдасып іске асырған адам ғана

жаңылыспайды.

23-177

Page 353: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

354

маржан: Сонда саған не ұнамайды? Ойыңды ашып айтшы?Бағила: Ораздың бизнеске кеткені тым жеңіл шешім.

(Маржанға қарап) Әлде бұл сенің ойың ба?маржан: Мен не істеппін!Бағила: Оразды жақсы көрдің. Бәрін бастаған сен боларсың?маржан: Мені құлақ қойып тыңдаса жақсы-ау! Ораз да бір

қырсық... Мінезін түсініп болмайсың.анар: (күле сөйлеп) Жасырмай-ақ қой. Ораз сені сүйеді.

Сүйгенін қайтсе де тыңдайды. маржан: (Анарға) Сені де білеміз. Сәрсенмен араларың өте

жақын еді.анар: Онда тұрған не бар?маржан: Қаладан ұзатпайын деп, министрлікке үгіттеген сен

шығарсың!Бағила: Ой сендер не деп кеттіңдер! Сүйіспеншілік басқа,

мақсат басқа. Ал, достық деген...маржан: Дос! Дос! Ол деген бала кездің ісі. Есейген кезде

достық та көмескіленеді. Мақсат алдыңғы кезекке шығады.Бағила: Ойың өзгере бастапты сен қыздың! Мен бұлай деп

ойламаушы ем.маржан: Енді қалай ойладың? Біз тек сенің аузыңа қарап

өмір сүреміз бе? (сәл тоқтап) Олай ете алмаймыз.Бағила: Араға от жаға бастаған сенсің бе?маржан: Ал, мен... Мен-ақ болайын. Бірақ, есіңде болсын,

сенің тым ақылды бола бергеніңді Анар да ұнатып жүрген жоқ.Бағила: (Анарға қарап) Түсінбедім. маржан: Айтсаңшы, Анар! Өткенде не деп едің маған...анар: Енді-і... Ақыл бәрімізде де бар дегендей...Бағила: (күйіне сөйлеп) Мен сендердің дұрыс жол

таңдағандарыңды армандап ем. Егер менікі дұрыс демесеңдер, өздерің біліңдер. Тек арамыз суып кетпегей. Арамыз суыса...

анар: Суымау үшін тым білгіш бола бермегеніміз дұрыс-ақ.Бағила: Сен...сен шынымен-ақ менің сөздеріме құлақ ас-

пауды шығарыпсың. Оның өте қате. Қателесіп бара жатырсың. (булыға) Қателік-к...

Үшеуі таласа, бір-бірін тыңдамай сөйлеп жатады.маржан: (көрерменге жақындай түсіп, өзіне-өзі)

Шулаңдар! Шулай беріңдер, құрметті құрбыларым! Ең соңғы сөз – қай кезде де жеңгендікі. Көрерміз әлі бәрін де...(күліп) Шетелдегі ең сұлу, ең көрікті, ең әсем қалада тұру кімнің арма-ны емес екен, а?...

Бағила: (орындыққа келіп отырып) Қыздар, енді сабырға келіңдер. Қазір жігіттер де келіп қалар. Біздің мынадай айқай-шуымызды естісе, шошып кетер.

Page 354: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

355

Осы кезде сахнаның бір шетінен қоңыр-қызыл костюмді үш жігіт шығады. Үшеуінде – үш алқызыл гүл. Гүлді қыздарға әкеліп сыйлайды. Сосын екінші беттегі қызғыш жабу жабылған орындықтарға жайғасады. Үнсіздік. Жігіттер де, қыздар да үндемейді.

сәрсен: Оу, Ораз, қай жиында да сен отырысты бастап кетуші ең. Бүгін неге селқоссың? «Әшейінде ауыз жаппас, той дегенде беріп таппас» деуші ме еді...

маржан: (ашулана) Неге тек Ораз бастауы керек! сәрсен: Ораздың тілі жүйрік.маржан: Сендердің де тілдерің ешкімнен қысқа емес. сабыр: Біз осындай әңгіме үшін жиналдық па?анар: Соны айтам да.Бағила: Қыздар, біз сөзге көп араласпай-ақ қоялық. Бүгін

жігіттер сөйлесін. Үш достың біраздан бергі кездесуі де осы. сәрсен: Міне, өте ақылды сөз! Ал, олай болса, мен бас-

тайын (сәл тоқтап) Соңғы жылдары арамыз суып бара жатқан сияқты. Араласуымыз қиындады.

маржан: Оған кім кінәлі екен?Бағила: Сөзге араласпайық.сәрсен: Кім кінәлі деп тергейтін сәт бұл емес. Шындығы

сол – достар арасы суыды.сабыр: (сөзге араласып) Суыды деген сөз шындыққа жа-

наса ма? Әркім өз жұмысымен жүр емес пе! Ораз болса, көбіне шетелдегі бизнесімен әуре! Кездесуге, жүздесуге мүмкіндік аз-дау десек-сөз басқа.

сәрсен: Дегенмен, арамызда салқындық бар.сабыр: Оны қайдан байқадың? Мысалы, мен көбіне елде

жүрдім. Сосын да байқамайтын шығармын.сәрсен: Онда айтайын. Осы күні Оразға бір өтініш айта

қалсам, ол мені жүре тыңдайды. Тіпті сөзімді құлағына ілмейді.ораз: (жалт қарап) Вот, дает! Бұған кім сенеді! сәрсен: «Жел тұрмаса қамыс басы қимылдамайды». Мен

сезген соң айтамын. маржан: (сөзге килігіп) Ал, солай-ақ шығар. Араласуға

құлықсыз-ақ болар. Бірақ оның себебін ойладың ба?ораз: (Маржанға) Сен неге сөзге араластың?сәрсен: Себебін қанша ойласам да түсіне алмадым.маржан: Өйткені, сен Ораз бизнеске бармаса дедің. Өстіп

аты шығатынын алдын-ала білгенсің. Сосын да аяғын тұсап ұстағың келген.

анар: (сөзге араласып) Ой, Маржан! Мына сөзің не? Сәрсенді қызғанды дегенің қиянат.

маржан: Жасырмай-ақ қойыңдар. Ішкі ойларыңды сол кезде-ақ байқап қойғанбыз.

Page 355: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

356

сәрсен: Ойпырмай! Бұл не сөз! Мен не естіп отырмын, а? (басын ұстап орнынан тұрып кетеді)

Анар Сәрсеннің соңынан қуып барып, оған сыбырлап сөйлейді.

анар: Есің дұрыс па сенің! Біз не үшін жиналып отырмыз!сәрсен: Бұдан әрі шыдай алар емеспін. анар: Аяғына дейін шыдауың керек. Біз өз дегенімізге

жетуіміз қажет. сәрсен: (ашулана) Олардың ештеңесінің де қажеті жоқ.

Кетейікші осы арадан! анар: Бас ашуыңды! Сабырға кел енді...Осы кезде бұлардың қасына Бағила келеді. Бағила: Столдан неге тұрып кеттіңдер?.анар: Біздің Сәрсен соңғы кезде осындай шыдамсыз болып

кетті. сәрсен: Шыдамсыз болмасыңа қоя ма мына бұл жұрт!Бағила: Өте тату дос едіңдер, бүгінгі мінездеріңді түсіне

алар емеспін. (сәл тоқтап) Қой, жүріңдер.Бұлар орала бергенде Маржан сөйлейді. маржан: Дос екендеріңе ешкімнің де күдігі жоқ. Ал, бірақ,

осы күні қызғаныш деген пәле араласқаны да рас.анар: Кім қызғанады? Нені қызғанады?маржан: Оны мен айтпасам да, бәрінің іші сезеді.Бағила: Түкке түсіне алар емеспін. Осы қызғаныш деген сөз

қайдан шықты?маржан: Ораз бизнеске араласып, шетелді аралап, аты шыға

бастап еді, оны қызғанатындар пайда болды. Қазақтың әдеті осы.

анар: Ал, ақыры бастадың ғой, аяғына дейін айтсаңшы! Неге тоқтап қалдың!

маржан: Айт десең айтайын. Сен беделі зор банкіге кім арқылы тұрдың? Әрине, Ораздың көмегі болды.

анар: Оның бұл жерге қандай қатысы бар?маржан: Тыңдай бер. Сол банкіден үлкен сомада кредит

алдың. Сосын оны өз уақытында жаба алмадың да, «бұны алуға итермелеген Ораз» деп соғып жібердің. Жартысын соған бергенмін депсің.

анар: Бұл – өтірік! Өтірік!маржан: Ел құлағы – елу!...сәрсен: Бәрі де түсінікті. Бұл дау-дамайдың ошағына от

үрлеуші – Маржан екен. маржан: Сен... сен байқап сөйле! Әр сөздің артында сұрауы

болады.сабыр: (сөзге араласып) Көңілсіз кеш болар деп ойламап

едім.

Page 356: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

357

анар: Оны көңілсіз етіп отырған кім екен? маржан: (орнынан ұшып тұрып) Біз бұл жерден кетеміз. Бағила: Неге?маржан: Аура нашарлап кетті. (Оразға) Тұр, кетеміз. Ухо-

дим! (олар сахнадан шығып бара жатады)анар: Ойбай-ау, сендер... неге асықтыңдар. Әңгіме

аяқталмады ғой...Бағила: Бұл әңгіменің жалғасы бар. Оны әлі кейінірек айта-

тын боламыз...анар: (түкке түсіне алмай) Бірдеңені байқадың ба?Бағила: Байқадым.анар: Нені?Бағила: Ішіміз таза емес екен. Арамызға алауыздық кіріпті.сабыр: (сөзге араласып) Бұның тым әсірелеп жіберу емес

пе, а!Бағила: Жоқ, ішім сезеді.сәрсен: Менің де көңілім орнында емес. Осы бізге не бол-

ды, а!...Сахна қараңғылана береді.

Бесінші көрінісЖарық жанғанда – Сабыр тұратын үйдің ауласы.

Жемісін көтере алмай, бұтақтары майысып тұрған алма ағашы. Сол ағаштың түбінде Керейхан ақсақал мен Сабыр сөйлесіп отыр.

сабыр: Ата, әкем еккен алма ағашы да қартая бастапты?Керейхан: Оны қалай байқадың?сабыр: Бұтақтары қурай бастапты.Керейхан: (ойлана) Әрине, уақыт өтеді. Заман жылжиды.

Адамдар қартаяды. Ағаш та солай. өз кезегімен жемісін береді де, қурап, құлап қалады.

сабыр: Ал оны құлатпай, ұзақ ұстауға бола ма, ата?Керейхан: Жоқ, ол табиғат заңы. Өмірде бәрі де өткінші.

Бәріміз де мына жалғанға қонақпыз, балам! Тек... бәрі де өз уақытымен болса ғой...

сабыр: (ойлана) Ағаштар неге ерте солады? Адамдар неге ерте кетіп қалады? Бұның құпиясы неде, ата?

Керейхан: Оны... ешкім де айта алмайды, балам! Ол бір Аллаға ғана аян! Алла біледі...

сабыр: Ата, менің әкем ақылды болды ма?Керейхан: Сенің әкең оң-солын байқағыш, әр нәрсеге өте

мұқият еді. Сол үшін де мен оған сенетін едім. сабыр: Өзіңіз ауылды ұнатасыз. Сөйте тұра қалаға неге

көшіп келуге көндіңіз?

Page 357: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

358

Керейхан: Жалғыз ұл қайда болса, мен де сонда болмай-мын ба!

сабыр: Қызметі өсіп келе жатыр ма еді?Керейхан: Ол тірі болғанда осы күні ана-а (саусағымен

көрсетіп) биікте отырар ме еді, қайтер еді?!. Қайтейін енді (жағын таянады)

сабыр: Ата, әкемнің достары көп пе еді?Керейхан: Үйден кісі үзілмейтін. Өз достарына өте адал

болды. Сәл түсініспеушілік болса, дереу талқыға салып алатын. Бұнысы дұрыс. Әйтпесе, арада қаңқу сөз аз болар ма?

сабыр: (ойлана) Біздің де достығымызға сына түсе бас- тапты, ата!

Керейхан: Е, неге? Үш дос едіңдер...сабыр: Сәрсен мен Ораздың арасы ажырап бара жатқандай.Керейхан: Себеп не?сабыр: Соны өзім де түсінбедім. Керейхан: Оның себебін айтайын ба? Ол – арадағы дүние

арасалмағынан. Сәрсеннің қазіргі жағдайы ортаң қол, ал Ораз – бизнесмен. Қалтасы ақшаға толды. Шетелге барып-келіп жүр...

сабыр: Дүние де достықты бұза ма, ата?Керейхан: Дүниенің бұзбайтын жері бар ма, балам!

Байлықтың буына мас болмайтындар өте сирек. Ондайларды күндіз май шам алып іздесең де, табу қиын.

сабыр: Достық сақталып қалу үшін не істейміз?Керейхан: Араларыңда жасырын сыр болмауы керек. Не

нәрсені де ашық айтып дағдыланыңдар. Достықтың алтын көпірі – ақиқат!...

Осы кезде сахнаға Жәмила шығады.Жәмила: Тағы да балаңның басын қатырып отырсың ба?Керейхан: Ой, сен де айтасың-ау!Жәмила: Соңғы кезде шынымен данышпан болып барасың.Керейхан: Е, білгенімізді айтамыз да. Балалар керегін ал-

сын, ал керек болмаса... сабыр: Жо-жоқ, ата! Сіздің айтқандарыңыз қызғылықты. Жәмила: Өзі қалаға енді ғана жетті. Үш жыл дегенде өсіп

келген түрі бұл. Өз бағытын өзі бағдарлағаны дұрыс емес пе!Керейхан: Әй, мен енді бұның жұмысына араласпаймын.

Өзі бастық болдым дейді ғой. Солай ма, Сабыр?сабыр: (күліп) Ата, тым үлкен емес, алайда жақсы қызмет.Керейхан: Көр де тұр, енді жаныңа жақындайтындар да

көбейеді. Бәрі қызмет дос боп шыға келеді.сабыр: Қазірдің өзінде қаптап келіп, қабылдау бөлмемде

отыратындар көбейіп барады.

Page 358: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

359

Керейхан: Олардың бетінен еш қақпа. Қолыңнан келсе, жұмысын бітіріп бер. Ал, келмей жатса, жылы сөзіңді айт.

сабыр: Кейбіреулер кабинетіңе кіріп алып, ұзақ сөйлеп оты-рып алады. Жұмыс істетпейді.

Керейхан: Ел басқару оңай шаруа емес, балам. Көптің көңілінен шығу үшін үлкен сабыр мен шыдам қажет.

сабыр: Кей-кейде сол сабырдан шығарып жіберетіндер де бар. Ашуланбасыңа қоймайды.

Керейхан: Ұрыссаң да, жөнімен айт. Тым артық кетіп қалма.

сабыр: Алдауға бола ма?Керейхан: Тек жөнімен...сабыр: (ойлана) Ал, біздің тағы бір досымыз Нұрмұрат

кісіні сөзбен алдау да – опасыздық дейтін. Керейхан: Оның сөзінің жаны бар, балам. Ол ақылы бар

бала екен.сабыр: Өтірік уәде етуге бола ма?Керейхан: Ондайдан аулақ бол.сабыр: Осы басшы қызметке келмей-ақ қойсам деп ем. Керейхан: Жоғарғы жақтағылар шақырған екен, ендеше

сенімнен шығуға күш сал. Сен сол үшін шетелде оқып келген жоқсың ба, а!

сабыр: Оқуды оқыдық қой. Алайда... Керейхан: Өмір анағұрлым қиынырақ дегің келе ме?сабыр: Соны байқадым. Әсіресе, ауылда жүрген кезімде

елдің тілін табу үшін солардың ішіне еніп сөйлесу қажет бол-ды. Тіпті кейбір шенқұмар ағалар мені мұқатып «Бұл шетелде оқыған қазақ баласы, бұған бас шұлғып, иіліп сәлем бермей бол-мас» деп мазақтағанын да көрдім. Сонда да ашуланғам жоқ. Кейінірек сол ағамен дос болып кеттім.

Керейхан: Өте дұрыс істегенсің. Оның сөзін кек сақтағаныңда араларың одан бетер ажырап кетуші еді. (басынан сипап) Ой, менің ақылды балам, әлі-ақ үлкен қызметкер боларсың сен...

Сахна қараңғыланады.

алтыншы көрінісСабырдың кең кабинеті. Үлкен столдың екі жағында

әдемі, әсем киінген екі жігіт отыр. Сабыр арлы-берлі жүреді. Өзі кішкене ренжулі.

сабыр: Не нәрсені де ақылдасып істейміз деп келіскен сияқты едік. Осы бізге расымен-ақ не болды? Не сайтан ара-ласты араға?...

ораз: Сен қашан оралады деп күтіп отыруымыз керек пе еді сонда!

Page 359: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

360

сәрсен: Неге Сабырға жармаса қалдың? Сабыр болмаса, өзіңше шешім қабылдай алмайтын ба едің, а?

ораз: Мәселе – менде емес. Қалай десек те, арамыздағы алғыр жігіт – осы Сабыр. Оны сен де мойындағансың.

сәрсен: Рас, Сабыр солай.сабыр: (ойлана) Нағыз алғыр, нағыз қабілетті жігіт –

Нұрмұрат болатын. Әттең, біз оны себепсіз ренжіттік.ораз: Өзі емес пе! Өзінен көрсін.сәрсен: Иә, мінезі біртүрлі еді ғой сол Нұрмұраттың... Үнемі

шындықты бетке айтам деп бір жағына қисая сөйлеуші еді.ораз: «Шындық, шындық» деп шырқырап жүріп, өзі де

шыңырауға қалай құлап кеткенін аңғармады.сабыр: (ойлана) Кейде ештеңеден тайсалмай, нағыз

шындықты бетке айтатын да кісі керек. Нұрмұратты шынымен сағына бастадым.

ораз: Да, ну его... Өз тағдырын өзі құртқан жігіт. Қазір қайда жүргенін де білмейміз.

сәрсен: Саған салса, жолыңдағылардың бәрін де жапырып кете бересің, әрине!

ораз: Нұрмұрат сүрініп кетті деп, таңертеңнен кешке дейін соның тайғанақ тағдырын ойлауым керек пе! Ондай қиялиларға мына тірлікте еш орын жоқ. Бұл заман – мықтылар мен күштілер заманы...

сәрсен: Көрінгеннің жағасына жармаса бер дегенің бе бұл!... ораз: Олай демеймін. Алайда, адымыңды тұсап, жолыңды

кес-кестей берсе, ондайларды ысырып тастау да артық емес...сабыр: Қалай десеңдер де, жігіттер, біз Нұрмұратты мүлде

ұмытып кетіппіз. Ол баяғыда бізге дос еді. Біз төртеу емес пе едік...

сәрсен: «Адамның биік бейнесі білімінде емес, парасатын-да» дейтін сол Нұрмұрат қой.

сабыр: «Қоғамның негізгі қозғаушы күші – ақылды адам-дар болып табылады» деп мектепте жүргенде-ақ айтқан.

сәрсен: Менің де есіме түсті, ол тағы бірде «ақылдыларды қажытатын-ақымақтар» деп еді.

ораз: Ол мектепте жүргенде-ақ оқуды ұнатпады. «Басыңда ми болмаса, тіпті айға ұшып барып оқып келсең де, түк шықпайды» дейтін.

сәрсен: Сенің де есіңде қалыпты-ау бұл сөзі...ораз: Әрине, ұмытпаймын. Осы сөзінің өзі-ақ оның қисық,

қыңыр екенін аңғарта алады.сабыр: Ол қисық та, қыңыр да емес. Оны қоғамда ешкім

түсінбеді. Сосын да бар тәтті арманын тәрк етті..

Page 360: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

361

сабыр: (өзіне-өзі) Біздің достығымыз не боп кетті! Жас кездегі армандар әдірә қалды ма, қалай... Сәрсендікі не сөз? Ораздікі не сөз...Түкке түсінсем бұйырмасын!

Осы кезде бетперде киген адам көрінеді.Бетперде киген адам: Ә-ә, сен достық деген мәңгі болады

деп ойлап па ең? Оның бәрі де өткінші. Тіршілік тек татулықтан тұрмайды. Оның ащысы мен тұщысы қатар жүреді.

сабыр: Сонда мәңгі достасу мен мәңгі таза арман болмай ма?

Бетперде киген адам: Болмайды! Екеуі де өткінші. Бүгінгі адамдардың ойы солай!

сабыр: Жоқ, мен сенімен келіспеймін. Тіршілік бар жерде, адамдар достығы болған! Бола да береді. Тек оны бұзуға тал-пынушылар көп болады. Олармен күресу керек.

Бетперде киген адам: Бүгінгі адамдардың ойынша – күресудің де жолдары көп. Өтірік айта салу, алдай салу...

сабыр: Өтірік бір рет айтылса, ол әдетке айналады. Ал, әдетті қою қиын.

Бетперде киген адам: Бүгінгі адамдар «уақытша алдап-су-лай сал» дейді.

сабыр: Ол да баянсыз. Адам бір рет алданады, екі рет ал-данады... Үнемі алдана бере ме? (сәл тоқтап) Жер бетіндегі әділетсіздікпен ымырасыз күресу керек. Бәрін де күрес арқылы жеңуге бола ма бірақ?

Бетперде киген адам: Міне, бар мәселе сонда. Өмір бойы адамзат осы сауалға жауап таба алмаған...

сабыр: Сен ше! Сен жауап таптың ба? Өз ойыңды неге ашып айтпайсың!

Бетперде киген адам: Менің ойым ешкімді де қызықтырған жоқ.

сабыр: Мен ше! Мен жауабын таба алам ба!Бетперде киген адам: Сен де таба алмассың деп ойлаймын.сабыр: Неге?Бетперде киген адам: Өйткені, сен де күрескер емессің.

Өтірік пен жалғандықты жеңу үшін жанкештілік керек. Қатерлі өткелдерден өту қажет. Сен оған шыдай алар ма екенсің...

сабыр: Жоқ, мен енді күресемін. Бұлай жайбарақат өмір сүруге мүлде болмайды екен. Соны түсіне бастағандаймын....

Бетперде киген адам: Күрес! Арпалыс! Бәрібір жеңе алмайсың ғой, сорлы-ы...

сабыр: Жеңуге болады. Жеңіске жеткізетін – тек сенім. Сенім жоғалмауы тиіс.

Бетперде киген адам жоғала береді. Сахна қараңғыланады да, қайта жарық жанғанда үш дос үш орындықта отырады.

Page 361: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

362

сабыр: (сөзді бастап) Арамызда әзәзіл бар. Соны неге сезбейміз?

ораз: Ол қандай әзәзіл?сәрсен: Арамызға не килікті?сабыр: Шетелге оқуға кетіп бара жатқан кезде калай

серттесіп едік. Естеріңде ме?Жігіттер: – Иә, мәңгі дос болып жүреміз дегенбіз.– Қандай қиын кезде де бір-бірімізге қол ұшын береміз

дедік.сабыр: Сол уәде өз күшінде емес пе?Жігіттер:– Әрине, күшінде.– Одан тайған жоқпыз.сабыр: Біз шетелде оқыдық. «Болашақ» бағдарламасымен

бардық. Ендеше, ел бізден әлі де зор үміт күтіп отыр.Жігіттер: – Ол рас. – Оған дау жоқ.сабыр: Олай болса, енді ес жинайық. Мен де ауылда біраз

жүріп қалыппын. Енді оралдым.ораз: Мен де шетелге көп шапқыладым. Енді елге бұрылам.

Бизнес аяғынан тұрып келеді.сәрсен: (қисая сөйлеп) Сенің бизнесіңнен не пайда! Өз

басыңнан артылып жатқан жоқ. ораз: Сенің ойыңша, мен бизнесті өзгелерге таратып беру

үшін жасаппын ба?сәрсен: Шық бермес Шығайбайға айналдың.ораз: (ашулана) Сен аузыңа ие бол. сәрсен: Болмасам ше!сабыр: (сөзді бөліп) Ой, сендер әлі де бір-біріңе қыр

көрсетіп отырсыңдар. Қашан естерің кіреді, а? Осының түп себебі не?

сәрсен: Оны анадан сұра, өзі айтсын. Еркек болса айтсын! ораз: Айтсаң, сен айт. Дұрыстап айт.сәрсен: Бар жазығым – аз уақытта ақша бере тұр дедім.

Қарызға дедім.ораз: Өз маңдай теріммен тапқан ақшам ғой, неге шашуым

керек? сәрсен: Қысқасы, бұл Шығайбай...сабыр: Түсіндім. Бұл енді...ораз: Жоқ, түгел түсінген жоқсың. Сәрсен кредитке

екіқабатты үлкен коттедж сатып алды. Өзі рахаттанып тұрып жатыр.

сабыр: Ал! Сонда не болыпты?

Page 362: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

363

сәрсен: Кім кредит алмай жатыр!ораз: Сол кредитті уақтылы төлемей, аяғында төлемнің

пайызы тым көбейіп кетіпті. Сол үшін менен ақша сұрап...сәрсен: Сонша көп ақша емес еді. Сараңдық жасадың....ораз: Мәселе – ақшаның көлемінде емес. Мәселе басқада!сабыр: Сонда не?ораз: Мына Сәрсеннің жары – Анар сол кредитті өздеріне

емес, мен үшін алдым дейді екен. Ол аз десең, сол кредиттің бір бөлігін маған шытырлатып санап бергем депті...

сәрсен: Бұл – өтірік.ораз: Естідік қой...сәрсен: Енді сенен ақша сұрамаспын.сабыр: Мына әңгімелерің тым майда нәрсе! Ел естімесін.

Осы жерде бәрін де ұмытайық. Соған келісейік.Осы кезде сахнаға Бағила шығады.Жігіттер аң-таң.Жігіттер:– Біздің мұнда екенімізді қыздар қайдан біледі?– Қалай тауып алды, а?Бағила: (күле сөйлеп) Мен бәрін де білем. Даудың неден

басталғанын да түсіндік. Біз үш қыз сол жолы жеке қалып пікір таластырдық. Қазір сол әңгімелер есіме түсіп тұр. (ойланып тұрады). Біздің арамызда да үлкен талас болған. Сендердің болашақтарыңа біз де алаңдағанбыз.

ораз: Жалпы, әркім өз мақсатын өзі айқындауы керек.сәрсен: Онда әуел басты серт бермеген дұрыс еді. Серттесу

– ардың ісі.ораз: Жас күнгі арман мен ес тоқтата бастаған кездегі арман

екі басқа. сәрсен: Адамның арманы біреу-ақ: тек оны әртүрлі етіп ай-

татын пенделер...сабыр: Сен екеуің аяқ астынан айтыса кетуге әбден үйреніп

алыпсыңдар.сәрсен: Мен емес қой бастайтын! Оның өзі...ораз: Әйтеуір бәріне мен кінәлі болам да тұрам. Бағила: Менің ойымша, осында екі қыз да келгені дұрыс.

Бәріміздің басымыз қосылса – шын ақиқат айтылады. Оның уақыты жетті!

ораз: Мен қарсы емеспін!сәрсен: Мен деБағила: Онда мен шақырып келейін.Бағила сахнадан шығып бара жатады.сәрсен: Мен уәдеде тұрдым. О баста қалай ойласақ, сол

ойда қалдым. Ал, сендер ше?

Page 363: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

364

ораз: Заманға қарай бейімделу деген болады. Оның несі әбес?

сәрсен: Жоқ, бұл бейімделу емес, орта жолдан жалт беру...ораз: Еліміздің қарыштап дамуы үшін бизнес өкілдері де

аса қажет. сәрсен: Қандай бизнес? Және одан елге пайда бар ма?ораз: Көр де тұр, мен көрнекті бизнес өкілі болам. сәрсен: Саған сене алмаймын.ораз: Сенің сену-сенбеуің мәселені түбегейлі шеше ме екен?

Мен өз бағытымның дұрыс екеніне сенемін. сабыр: (сөзге селқос араласып) Ту-у, неменеге қызыл-

кеңірдек болып жатырсыңдар! Өмір деген осылай... Бәрі де жол жөнекей өзгере береді. Мен мұны о баста-ақ білгенмін.

сәрсен: Білген екенсің. Онда неге өз арамызда серттестік. Әркім өз жолымен жүре бермеді ме? Енді қалай ажырасамыз?

сабыр: Бізге кім ажырасасыңдар деп жатыр?ораз: Соны айтам да. Бәрібір хабарсыз болмаймыз. Бір-

бірімізді көріп тұрамыз дегендей...сәрсен: Уәде олай емес еді ғой, достым!ораз: Заманмен бірге адам да өзгереді. Әр кезеңнің өз сыйы

болмақшы. Оған көнуіміз керек...сәрсен: Бұны – тайғанақ мінез деймін! Мына өмірде тай-

ғанақ мінезділер көбейіп кетсе, бәрі де бүлінеді. (мысқылмен) Осыны Нұрмұрат баяғыда-ақ айтып еді. Ол кезде ешқайсымыз түсінбеппіз-ақ...

ораз: Сен...сен тіліңді тартып сөйле! Кім тайғанақ мінезді екен! Еще увидим, что.... қазаққа кім көп пайда әкелетінін...

сәрсен: Мәселе – пайда мен зиянда емес.ораз: Енді неде?сәрсен: Мәселе – сертте! Сертте тұра білмеген дос –

жалған дос! Ол бәріне де баруы мүмкін. Сатқындыққа да... Тіпті зұлымдыққа да...

ораз: Мен бизнес жолын таңдадым. Оны ең әуелі шетелде бастағым келді. Бизнес қалыпқа түскен соң, елге оралам дедім. (сәл тоқтап) Осы ісімнен сатқандық, зұлымдық ізін байқау деген... ақылға сия ма!

сабыр: (оларды тоқтатып) Бұл бір таусылмас талас бола-тын түрі бар. Тағы да өз қабырғамызбен кеңесейік...

ораз: Сөйтсек, сөйтейік.сәрсен: (мақалдап) «Кеңесіп пішкен тон келте болмас» де-

ген. Ойланып алғанымыз өте дұрыс.Үш жігіт сахнада әрлі-берлі жүреді. Үшеуі де өз ойымен

әуре.сәрсен: (кенет) Менің есіме түсті, сол жолы біз бәріміз де

бас қостық. Арамызда көп шындықтың беті ашылды. Қатты-

Page 364: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

365

қатты сөздер де айтылды. Алайда, сол күні бір жігіт өз ойын жасырып қалуға тырысты.

сабыр: Ол кім еді?сәрсен: Өзі айтсын.ораз: Мен сол күні отырыстан тезірек кетуге асықтым. Оның

да себебі бар.сәрсен: Не себеп! Айтшы қазір...ораз: Отырыстың берекесін алған – сен ғой. Сосын ана

Анар...сәрсен: Анардың бар кінәсі – шындықты бетіңе айтқаны.ораз: Шындық! Қай шындық ол! Қандай шындықты

айтасың...сабыр: Сол күні көп шындықтың бетін ашуға талпынып

едік. Бірақ, дегенімізге жете алмағанбыз. Өйткені, оған біз дайын емес едік... (ойлана) Ақиқатқа қасқая қарсы қарау үшін де үлкен әзірлік керек...

Осы кезде бұлардың жанына бетперде киген адам келеді.Бетперде киген адам: Қалай, жігіттер, дос болып қалу оңай

ма екен?Жігіттер: – Оңай емес.– Өмір сынағы өте қатал. – Бірақ жеңуге болады.Бетперде киген адам: Бұл басы ғана. Алда бұдан да қатал

сынақ бар. Осыны ойлай жүріңдер. (кетеді)Сөзді қайтадан Сабыр бастайды.сабыр: Көрмейсіңдер ме, біздің достығымыздың сетіней

бастағанын сырт көз де байқап үлгеріпті.ораз: Кінәлі мен емес.сәрсен: Сонда мен болдым ба? Мен екен ғой бәрін де

бастаған...ораз: Қызғаншақтығың бар екені өтірік пе? Оны неге жасы-

ра бересің?сәрсен: Бизнесте жолым болды деп, аузыңды айға білеп

сөйлей берме. Еще не вечер...сабыр: Енді мені тыңдаңдар. Сендер бірің қызмет қуып,

бірің дүние қуып – әбден бүлініп үлгеріпсіңдер. Қайта ес жи-найтын кез келді. «Болашақты» бітіріп келген жастар деген аты-мыз бар. Соған кір келтіруге ешқайсымыздың хақымыз жоқ. Әзірге айтарым осы. Ал мені де тыңдағыларың келмесе...

ораз: (елп етіп) О не дегенің! Сенің сөзің – заң. Не десең де тыңдауға әзірмін.

сәрсен: Намыс туралы сөз басқа, әрине! Оның жолында – жан пида!

Page 365: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

366

Үш дос орнынан тұрып, құшақтасады. Осы кезде сахнаға үш қыз шығады.Бағила: Біз келдік.маржан: «Ақиқат алаңына» бізді де қабылдаңдар.анар: Біздің де айтарымыз бар.ораз: Бұдан ертерек келулерің керек еді, сонда қызық

әңгіменің куәсі болатын едіңдер. сәрсен: Айтасың-ау! Біздің ішкі талас-тартысымыз қыздарға

қызық бола қояр ма екен!ораз: Білсін деп едім...сәрсен: Нені?ораз: Кімнің кім екенін...сәрсен: Тағы да бастадың ба!сабыр: Жігіттер, жаңа ғана бәріне келіскен сияқты едік қой.Екі жігіт:– Иә, келіскенбіз.– Қайта серттескенбіз.Қыздар:– О-о, біз де дәл уақытысында келген екенбіз-ау! – Татуласқандарың қандай жақсы болды...Сахна қараңғылана береді.

эПИлог(бүгінгі күн көрінісі)

Сахнада үш дос пен үш құрбы күліп ойнап, ән салып отырады.

сәрсен: Жігіттер, сендер білесіңдер ме, осы күні «Болашақ» бағдарламасымен шетелде оқып келгендер саны төрт мың... жо-жоқ, одан да көп екен.

Қыздар: – Рас па?– Қандай жақсы!– Олар да біз секілді ажырамас дос болып жүрген шығар. ораз: Бәрі де дос бола бере ме?сәрсен: Әй, сен тағы да бастайын дедің бе?сабыр: (күліп) Тым күдікшіл болып кетіпсіңдер.Қыздар:– Өмірде жігіттер достығы – ең берік достық деуші еді.– Соны көргіміз келетіні өтірік емес.– Алайда, көңілде күдік те бар... сабыр: (ойлана сөйлеп) Осы бар ғой, жігіттер, мені бір

жайт қайта-қайта ойландырады.сәрсен: Ты о чем?...

Page 366: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

367

ораз: Не туралы айтпақсың?сабыр: Сендер байқадыңдар ма, біз соңғы күндері әлгі бет-

перде киген кісіні көп көретін болдық. Біз қайда болсақ, ол да сол жерден табыла кетеді.

сәрсен: Оны ойламаппын. Даже, не думал...ораз: (қолын сілтеп) Ой, қойшы! Ол өзі бір жүрген қияли

ғой...Қыздар:– Біз де ойланып қалдық.– Өзінің жүріс-тұрысы өте қызық.– Бізге қатысы бар біреу емес пе екен!сабыр: Міне, мен де соны айтқалы отырмын. Маған

даусы өте таныс сияқты. (сәл тоқтап, ойлана) Әй, сол дәу де болса... Нұрмұрат. Естеріңде ме, бізбен бірге оқыған аздап қыңырлау жігіт...Мектеп бітірген соң жоғалып кетіп еді ғой...

ораз: Оған ұқсамайды. Жүрісі бөлек. сәрсен: Жүрісті өзгерте беруге болады.сабыр: Ал, ендеше көз жеткізелік. Маған біраз уақыт бұрын

хабарласқан болатын, ұялы телефоны сақталған еді. (нөмірді тереді) Әло! Бұл Нұрмұрат па? Сенсің ғой... Бұл мен... Сені танып қойдық. Енді жасырынбай-ақ қой...

Нұрмұраттың даусы: Қалай біліп қойдыңдар? Мен дау-сымды барынша өзгертіп сөйлеп, басқаша жүріп, сендерді ұзақ алдаймын десем...

сабыр: (күле сөйлеп) Сен біз отырған жерге кел. Енді бәріміз қосылып ашық сөйлесейік.

Нұрмұраттың даусы: Жарайды, қазір жетем.Бәрі күледі.Сахнаға бетперде киген адам шығады. Бетпердесін шешеді.

Бұл – Нұрмұрат.сабыр: (оны құшақтап) Сен бәрімізді де састырдың ғой,

достым! ораз: Сөздерің қандай зіл-батпан еді.сәрсен: Сені көрсек, денеміз дір-р ете қалады.Нұрмұрат: Өз бейнеңді өзің жасырып жүру де қызық екен.

Кім-кіммен де еркін сөйлесе бересің. Өйткені, сені ешкім де танымайды.

сабыр: Сонда ол не үшін керек болды?Нұрмұрат: Адамдарды шын тану үшін...Шын сырын білу

үшін...ораз: Көп нәрсені біліп алдың ба?Нұрмұрат: (күле сөйлеп) Талай-талай сырлар ішімде

бұғып жатыр. (сәл тоқтап) Иә, сендер өте дұрыс айттыңдар. Кобэ Абэнің «Бөтеннің бет бейнесіндегі» басты кейіпкер бо-

Page 367: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

368

лып жүргеніме, міне, бір жыл. Мен қазіргі адамдардың әсіресе өтірікші, қу, зымиян, айлакер болуға барынша құштар болаты-нын аңғардым. Соны мақтаныш көретінін байқадым. Қу бо-луда қандай қасиет бар? Айлалы болуда қандай абырой бар? Айтыңдаршы, бұл қалай? Біз осы неге адам боп қалуға ты-рыспайды екенбіз! Неге ынтымақты, достықты сақтау үшін күреспейді екенбіз? Адал армандарды неліктен аяқ асты ете береміз? Айтыңдаршы, бұл қалай?

Бәрі ойланып отырып қалады.ораз: (орнынан ұшып тұрып) Мен өмірдегі ең асыл, ең

қымбат нәрсе үшін тост көтерем.Қыздар: – Ол не?– Оны қалай білеміз?Жігіттер:– Айтсаңшы жұмбақтамай!– Не үшін ішеміз?ораз: Жер бетіндегі ең асыл да қымбат нәрсе – ол айнымас,

бұзылмас таза достық! Достық жасасын! Ура-а!...Бәрі қол шапалақтайды.сабыр: Рас арманымыздан адаса жаздаппыз-ау! Арманы-

нан адасқан адамның болашағы күңгірт!Бағила: Жігіттер, сендердің өз әндерің болушы еді. Үшеуің

бірігіп шығарған... Бірге шырқайтын...Жігіттер:– Әрине, ол ән есте.– Оны ұмытқан жоқпыз.Бағила: Соны шырқамайсыңдар ма?Жігіттер: – Өзіміз де сағынып қалдық.– Оны қосылып айтпағалы да көп уақыт өтіп кетіпті.Ораз әнді сызылтып бастайды.– Мына біздер, қазақтың болашағы,Алдымыздан армандар жол ашады...Оған барлығы қосылады. Сахнаны әсем ән кернеп кетеді.(ШЫМЫЛДЫҚ)

Page 368: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

369

КЕмаҚыл(бүгінгі драма)

Қатынасушылар1. Дастан – жас әке, драма жазады, жасы 30-дарда;2. Бибайша – Дастанның жары, көптеп бері жүре алмайтын

мүгедек;3. Батырхан – Бибайшаның інісі, бойдақ, жасы 27-28-дер-

де;4. Нығметжан – бойдақ жігіт, жасы 27-28-дерде;5. айшахан, – тұрмысқа шықпаған қыз, жасы 28-де;6. айымжан – тұрмысқа шықпаған қыз, жасы 28-де;7. Ақсақал, шетелдік қонақ, т.б.Оқиға ХХІ ғасырдың бас кезінде, қазақ жеріндегі бір қалада

өтеді.

Бірінші көрінісҮлкен қаланың қақ ортасындағы әсем мейрамханада, бір

стол басында қыз бен жігіт әңгімелесіп отырады. Бұлар – Дастан мен Айшахан.

айшахан: (қылымсып) Сіз енді маған бар шыныңызды айта беріңіз. Жазушымын деп менімен танысу үшін айттыңыз ғой, ә?

Дастан: Мен жазушы емеспін.айшахан: (сықылықтап күліп) Әне, дәл тауыппын. Бәсе,

мені алдау оңай емес. Мен оңайлықпен сене қоймаймын.Дастан: Алдағам жоқ.айшахан: (таңдана) Ендеше неге жазушымын дедіңіз?

Бұл сөзіңіз қалай?Дастан: Мен – драматургпын.айшахан: Ол кім? Ол да жазушы ма?Дастан: Солай десе де болады. Бірақ драма өте күрделі

жанр. Оған екінің бірі қалам тартуға жүрексінеді.айшахан: (күліп) О-о, сіз жүректі, батыр болдыңыз ғой

ендеше!Дастан: Өзімді сондай батыр едім дей алмаймын. Алайда,

драматургияға қатты қызығатыным рас.айшахан: Тақырыбыңыз бар ма? Не туралы жазасыз?Дастан: (ойланып) Тақырып көп қой. Мәселен, бүгінгі күннің

ең өзекті мәселесі – жастар арасындағы тәрбие! Айталық, бір жынысты неке...

24-177

Page 369: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

370

айшахан: (сөзін бөліп) Ол туралы жазып не керек?Дастан: Біз жазбасақ, біз мәселе етіп көтермесек, кім айтады

оны...айшахан: Оның айтатын несі бар! Әлемде бір жынысты неке

баяғыда-ақ заңдастырылып қойды. Интернетті қарамайсыз ба сіз?..

Дастан: Интернетті де қараймын. Басылымдарды да оқимын. Содан соң төбе шашым тік тұрып, осы тақырыпты көтерсем қайтеді деп бел будым.

айшахан: (қынжыла) Онда... онда мені неге мұнда шақырдыңыз? Менің бұған қандай қатысым бар?

Дастан: Сіз қаладағы «Сұлулық салонында» жұмыс істейсіз. Сізге жас қыздар өте көп келеді. Демек, бүгінгі жастардың шын бет-бейнесін сіз өте жақсы білесіз деп ойлаймын.

айшахан: Маған келген жас қыздар отыра қалып әңгімесін айтып, ішкі сырын ақтара ма! Талабын орындаймын, сонымен іс бітеді.

Дастан: Дегенмен, ара-тұра сөйлесіп, сыр бөлісетіндер де болмай ма! Бұған дейін айтпаған болса, енді әңгімеге тартып дегендей...

айшахан: Сізге керегі не? Бәлкім, мен-ақ айтармын жауа-бын...

Дастан: Маған бүгінгі жастардың ішкі әлемі қызық. Неге жастар арасында аяқ астынан бір жынысты неке өріс алып бара жатыр? Неге жас қыздар өте көп түсік жасатады? Бұған басты себеп не?

айшахан: Сіз, сірә, заманнан, уақыттан қалып қойған болар-сыз. Мен соны ойлап отырмын. Солай секілді...

Дастан: Бұл сөзіңізді ұқпадым. Уақыттан қалып қойғаны қалай?

айшахан: Әлемде жаһандану үрдісі баяғыда-ақ басталып кетті. Адамзат өз еркіндігі, өз теңдігі һәм өз ой бостандығы үшін талпыныс жасаса, бұған кім тосқауыл болмақ! Ол қозғалып кеткен поезд сияқты.

Дастан: Еркіндік те белгілі бір аумақта жүзеге аспаса, онда шегі жоқ тәртіпсіздікке жол ашылмай ма!

айшахан: Тәртіпсіздік деп нені ойлайсыз? Егер аяқ астынан қоғамдық орында қырғын төбелес болса, кісі өлімі орын алса, ол бұзақылық. Оны ауыздықтау керек. Ал, енді екі жас өзінше өмір сүргісі келсе, оған неге басқалар кигіліп араласуы қажет?

Осы кезде Айшаханның қалта телефоны шырылдайды. Ол сөйлеседі.

айшахан: Бұл сенбісің? Иә, таныдым. Мен бе? Мен... мей-рамханада едім. Жоқ, жалғыз емеспін. Не? Саған айта алмаған

Page 370: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

371

себебім... (трубканы басып) Құрбым ғой. Екеуіміз бір пәтерде тұрушы едік. Осында келсем дейді.

Дастан: Несі бар! Келсін. Тіпті жақсы болар еді.айшахан: (трубкадағы құрбысына) Сен осында тез жет.

Қызық әңгіме басталып кетті. Кел, күтем! (телефонды өшіреді)Дастан: Ол қай құрбың? Бірге жұмыс істеуші ме едіңдер?айшахан: Жоқ, ол басқа жердегі салонда қызмет көрсетеді.

Екеуіміз бір пәтерде тұрамыз.Дастан: Көптен бері таныссыздар ма? айшахан: Бір жыл болды.Дастан: Құрбыңмен өзімді қызықтырған тақырыпқа орай

сөйлессем бола ма? Ренжіп қалмай ма?айшахан: (орнынан тұрып) Міне, өзі де келді. (сахнаға

әдемі киінген қыз шығады) Таныс болыңыздар. Менің құрбым – Айымжан. Ал, мына кісі – Дастан. Драматург.

айымжан: (қол ұсынып жатып) Шығармашылықпен ай-налысатын кісілерді қатты құрметтеймін.

Дастан: Шын айтасыз ба? Неліктен?айымжан: Олар адам жанын зерттейді. Бәріне де

түсіністікпен қарайды.Дастан: Мына ықыласты сөзіңізге көп рахмет!айшахан: Ал, бұл кісінің әңгімесін тыңдасаңыз бар ғой, ой

ғажап! Жаның рахат табады.айымжан: Ендеше тыңдап көрелік. (столға отырады)айшахан: (Дастанға) Жалғастыра беріңіз.Дастан: Не туралы?айшахан: Әлгіндегі әңгімені...Дастан: Оны мына құрбыңыз құп көре ме, қайдан білейін.

Мен тек оңашалап сізге айтып едім...айымжан: Біздің арамызда құпия жоқ, айта беріңіз. Бәрібір

бұл әңгімені маған Айшахан айтып қояды.Дастан: Ендеше ашығына көшейін. Жалпы, мен... (сәл

мүдіреді) Осы тақырып туралы сөз қозғаудың өзі өте ауыр. Алайда, амал жоқ, қоғамдық кеселге айнала бастаған соң...

айымжан: (таңданыспен) Ол қандай кесел? Емі жоқ жа-ман ауру туралы ма?

Дастан: (күліп) Жоқ, менің айтпағым – тән ауруы емес, жан ауруы.

айшахан: (Айымжанға) Сен әуелі асықпай тыңдап алсаңшы.Дастан: Біздің қоғамда бір жынысты неке неліктен қатты

өршіп барады? Осы жағдай жаныма батып жүр.айымжан: Сол ма! (кекесінмен) Ол неге жаныңызға батады!Дастан: Болашақ ұрпақты ойласақ...айымжан: (сөзді бөліп) Осындай ұраншыл қызыл сөзді

қайдан тауып ала қоясыздар?

Page 371: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

372

Дастан: Неге ұран! Ұран емес, өмірдің ащы шындығы...айымжан: Тек сіз емес, осы сөзді талай-талай кісілердің ау-

зынан естідім. Бәрі де бергі жағымен айтады, ал шын мәнінде...айшахан: Ой, құрбым, сен тым қатты кете берме. Бұл кісі

– драматург...Дастан: Оқасы жоқ. Құрбыңыз өз ойын ашық айта алады

екен. Бұл – жақсы қасиет.айшахан: Құрбымды көп мақтамаңыз, әйтпесе мүлде

еркінсіп кетеді.Дастан: Мысалы, сіз... сондай әрекетке барар ма едіңіз?айымжан: Әлемде аз ба екен! Көп қой ондайлар...Дастан: Демек, сіз қарсы емессіз.айымжан: Қызық сұрақ қояды екенсіз. Айттым емес пе, бұл

деген ой бостандығы...Дастан: Мені қинайтыны – біз әуел бастағы жаратылыс

заңына қарсы келе бастағанымыз. Еркек пен әйел жұптасып, отбаcы құрып, болашақ ұрпақты өмірге әкеледі. Сосын олардың азамат болып өскенін армандайды...

айшахан: Ол жақсы ғой, әрине! Алайда әр адамның жеке өмірі бар... Өзінше өмір сүргісі келсе ше!

айымжан: Әр адам мына тірлікте қалай өмір сүрем десе де өз еркі. Ешкім басқа біреуге «былай өмір сүр» деп нұсқау бере алмайды. Нұсқау берсе – ол жеке бас бостандығына қол сұғуы...

Дастан. Қыздар, сендер мені дұрыс түсінбей отырған сияқтысыңдар. Әркімнің өз еркіндігі болуы заңда да көзделген. Бірақ, қайсібір еркіндік те белгілі бір көлемнен шығып кетпеуі керек. Айталық, адамның ойына не келмейді. Біреуге кектеніп, оны өлтіргісі келеді. Сол дұрыс па? Енді біреуге әлімжеттік жасап, несібесін тартып алады. Осы дұрыс па?

айшахан: Қиянат жасалса, ол басқа әңгіме.айымжан: Адамның жаратылысы солай. Сен алмасаң, басқа

біреу алып кетеді. Сен шықпасаң, басқа біреу сол биікке көтеріліп алады. Тағысын-тағылар...

Дастан: Адамдық қасиетке тән істер болса, менің дауым жоқ. Ал, кей әрекеттер адамдық бейнеңе нұқсан келтіріп жатса ше!...

айымжан: (жұлына сөйлеп) Адамдық бейне деген не? Оның анықтамасы қандай?

Дастан: Оны бір сөзбен айта салу, әрине, оңай емес. Жалпы айтқанда – адамға тән қасиеттер: мейірімділік, ізгілік....

айшахан: Сол ізгілікті осы заманда ешкімнен көре алма- дым-ау мен...

айымжан. Әрине, көрмейсің! Өйткені, жер бетіндегі адам біткен – өз құлқынын ойлайды. Өз жан рахатын іздейді. Тек өзіне ғана болса дейді....

Page 372: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

373

Дастан: Міне, біз осындай өзімшіл мінезден сақтануымыз керек. Адам адамға дос, жолдас, бауыр болғанын қалып- тастырмай болмайды.

айымжан: Бұл – тағы да ұран сөз! Бұны ана мектеп оқушысына айтыңыз.

Дастан: Адам бойында бауырмалдық сезім жоғалса, онда айуандық инстинкт кезекке шығады. Әлемдегі гомосексуализм, лезбиандық секілді жат қылықтар осыдан барып туындаған. Оның үстіне...

айымжан: Арғы жағын айтпай-ақ қой.айшахан: Арғы жағы не?айымжан: Соны да түсінбей отырсың ба?айшахан: Ә-ә, енді ұқтым.Дастан: (қинала) Сен екеуің мені қолдайтын болар деп ем.

Түсінісе алмадық-ау деймін... Қанша түсіндіріп бақсам да...Осы кезде Дастанның қалта телефоны шырылдайды. Ол

сөйлеседі.Дастан: Мен тыңдап тұрмын. Кім? Ә-ә, балабақшадан ба!

Түсіндім. Қазір жетемін. (телефонын өшіреді) Қыздар, айып етпеңдер, менің кетуім керек.

айымжан: Өзіңіз мейрамханаға шақырып алып, енді бізді тастап қашып барасыз ба?

Дастан: Жоқ, олай емес. Кеш боп қапты. Балабақшадан ұлымды алып кетуім керек еді.

айшахан: Сіздің ұлыңыз ба?айымжан: Сіз үйленгенсіз бе?Дастан: Үйленгем. Сүйікті жарым бар. Бір ұлымыз өсіп

келеді. Өзімді әрдайым бақытты әкемін деп есептеймін.айымжан: Бақыт деген сол ғана ма?Дастан: Одан үлкен бақыт бар ма? Сүйген жарыңды тауып,

одан ұрпақ сүйсең – ол тамаша ғой.айымжан: Тамаша! Қайдам, мен тамашаны сезініп тұрғам

жоқ. Ең болмаса, бізбен еркін отырып, шай ішуге де уақытыңыз жоқ. Айтпақшы, сол баланы әлгі сүйген жарыңыз неге алып кетпейді, а? Неге сіз жүгіруіңіз керек?

Дастан: Оның себебі бар.айымжан: Қандай себеп! Әлде, ол ерке ме! Бәлкім,

өркөкірек...Дастан: (ашулана) Жоқ! Ерке де емес. Өркөкірек те емес!айымжан: Сіз неге дауыс көтересіз?Дастан: (қипақтап) Кешірерсің, аузымнан қатты сөз шығып

кетті. (сәл тоқтап) Әйелім бір жыл болды, аяғынан әл кетіп, жүре алмай қалды.

айшахан: Қалай?

Page 373: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

374

айымжан: Сүйек сынған ба?Дастан: Аурудың салдары. Дәрігерлер әлі де дәл себебін

анықтай алмай жатыр.айымжан: (өзіне-өзі) Сонша сүйем-күйем деп ынтығып

тұрған сұлуы мүгедек екен. Е, сорлы! Көрген күні күн емес десейші! (енді Дастанға) Дұрыстап емдете алмағансыз ғой. Ақшаңыз жетпеді ме?

Дастан: Жоқ, бәрі де жетеді. Тек.... бұл өзі түсініксіз дерт болып тұр. (орнынан тұра беріп) Мен ақысын төледім. Сіздер асықпай отыра беріңіздер. Мен жүрейін.

Дастан сахнадан шығып кетеді. Екі қыз оңаша қалады.айымжан: (құрбысына) Сенің де таппайтын жігітің болса-

шы.айшахан: Мен емес, өзі ғой. Пьеса жазатын едім, сізбен бір

тақырып төңірегінде сөйлесем деп...айымжан: Өзін естідің ғой, әйелі мүгедек, баласы қараусыз...

Сөйте тұра адамгершілік, ізгілік туралы айтқысы келеді.айшахан: Ауруды өзі сұрап алмаған шығар. Алланың

маңдайға жазғаны...айымжан: Қойшы сен де! Бір нәрсе болса бітті – Алланың

ісі деуге әзір тұрасың осы!айшахан: О баста маңдайға жазылған демей ме! Соны ай-

там да.айымжан: Жарайды, жарайды. Бос сөзді қой. Мына қалған

тамақты дереу жинап салып ал, кеттік үйге...айшахан: (сәл мүдіріп) Осы біздің... екеуміздің өміріміз...айымжан: Ол жайлы келіскен жоқ па едік.айшахан: Ойланып жүргенім...айымжан: Қиялға көп беріле берме! Ойдың аяғы кісіні

адастырады. Нақты әрекетке көшу – ақылдың ісі.айшахан: (өзінен-өзі) Жаңағы драматург жігіт ойымды

астан-кестең еткенін қарашы! Әй, осы... мен дұрыс қадам жасап жүрмеген сияқтымын. Осы тірлігім – қай тірлік?.

айымжан: (зеки сөйлеп) Бол! Тездет енді! Қалған тамақтарды жинастыр. Кешкі ас болады бізге..

Сахна қараңғылана береді.

Екінші көрінісДастанның үйі. Мүгедектің арбасында оның жары Бибай-

ша отырады. Дастан күліп, әйелінің көңілін көтеру үшін әңгіме айтып жатады.

Дастан. Бүгін бар ғой, біздің баламыз балабақшада тамыл-жыта ән айтып, арнайы сыйлық алыпты.

Бибайша: (елең етіп) Рас айтасың ба?

Page 374: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

375

Дастан: Тәрбиеші айтты. «Балаларыңыз өте қабілетті» деді. «Тәрбиесі де өте жақсы» деді. Апасына менің атымнан көп-көп рахмет айтыңыз деді.

Бибайша: Мен емес, өзің ғой. Сен ғой баланың тәрбиесіне бас-көз болып жүрген! Ал мен... (қамығып қалады)

Дастан: Ой, не болды саған! Әлі көр де тұр, аяғыңнан тұрып кетесің. Екеуіміз ұзақ та бақытты өмір кешеміз.

Бибайша: Сенің аяғыңа тұсау болдым ба! Жас өміріңді қор етіп... Қасыңа еріп те жүре алмаймын. Тамағыңды әзірлеуге жарамаймын. Киімдеріңді өзің тазалайсың...

Дастан: Тірі пенденің бәрі де ауырады. Оған сен кінәлі емессің. Мен қандай қиындыққа да көнемін. Әйтеуір бір жазы-лып кететініңе сенемін.

Бибайша: Рахмет саған! Сен болмасаң, қайтер едім. Баяғыда-ақ өзіме-өзім қол жұмсап... (жыламсырайды)

Дастан: (оны құшақтап) Қой деймін енді. Әйтпесе, мені де азапқа саласың. Сенің тек күліп отырғаныңды көргім келеді.

Бибайша: (көзін сүртіп) Жазуыңды да жаза алмай жүрсің. Драма жазам, «бүгінгі заман проблемасын пьеса тілімен көрсетем» деп едің.

Дастан: Оны жазамын ғой әлі. Ойда пісіріп жүрмін.Бибайша: Сол баяғы өзің қалаған тақырып па?Дастан: Иә! Сол мораль мәселесі...Бибайша: Бір жынысты некеге бүгін немқұрайлы қарасақ,

ертең ешкім де тоқтата алмайды. Өйткені, ол – қоғамдық сипат алып барады.

Дастан: Менің мақсатым – індетті сынап-мінеу емес, адамдарға ой салу. Санасына сілкініс жасау...

Бибайша: Заманның сиқы бөлек! Кім тыңдайды! Кім оқиды! Кім көреді!.. Осыны ойладың ба?

Дастан: Жас ұрпақ өсіп келеді. Мен сол жастарға сенем.Осы кезде сахнаға Бибайшаның інісі – Батырхан шығады.

Шашы ұзын, желкесіне жинап, түйіп алған.Батырхан: Не туралы сөйлесіп отырсыңдар, қос ғашық?Дастан: Апаң екеуіміз алғашқы танысқан кездерді еске алып

отыр едік.Бибайша: Менің көңілімді аулағаны ғой. Жездең – драма-

тург, ол үлкен қоғамдық мәселе көтеріп, пьеса жазсам дейді.Батырхан: Драматург екенін білем ғой, алайда...Дастан: Иә, не?Батырхан: Әлі күнге бір шығармасы сахналанған емес. Соған

таңмын.Бибайша: Бұлай дегенше, еңбегін сахналауға көмектеспей-

сің бе!Батырхан: Менен не көмек керек, әрқашанда әзірмін.

Page 375: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

376

Дастан: Жо-жоқ, өзім-ақ.... Әттең, талантты шығарма жаза алмай жүргем жоқ па! Талант – тас жарады...

Батырхан: Міне, бұл – шындық. Ақиқатқа бас ию деген осы!

Бибайша: Талантты да қайрау керек. Оны қолдап отырмаса, көмескілене бермекші. Батырхан, сен жездеңді терең түсіну үшін әуелі жазғандарын оқып алуың қажет.

Батырхан: Оқимын, апа! Міндетті түрде оқимын... (сосын Дастанға) Ал, жезде күн ысып кетті, сыртқа шығып, сыра ішіп қайтпаймыз ба?

Бибайша: Айтатының – тек сыра ішу. Сен қашан адам болар екенсің, а?

Батырхан: Апажан-ай, мені көрсеңіз болды, әйтеуір бір ұрсып, зекіп алмасаңыз болмайды.

Бибайша: Ең болмаса, ана берекесіз өскен шашыңды қысқартсаң қайтеді! Әй, сен де бір...

Дастан: (Бибайшаға) Сені төсекке жатқызайын. Көз іліп, ұйықтап ал.

Бибайша: Сөйтсем, сөйтейін. Шаршадым.Сахна қараңғылана береді.

Үшінші көрінісДастан мен Батырхан сыраханада сыра ішіп отырады.

Батырханның аузы жабылар емес.Батырхан: Сен білесің бе, бүгінгі қазақ кешегі қазақ емес.

Қазіргі жастар әлемдік өркениетке ұмтылуда. Шетел тілін өте жақсы біледі. Еркін. Ойына алғанын қайтсе де орындай алады.

Дастан: Оның бәрі де жақсы. Әлемдік өркениетке ұмтылу деген құптарлық іс. Алайда....

Батырхан: Сенің басында басқа бір ой бар сияқты.Дастан: Бар. Мені алаңдататыны – ұлт болашағы. Болашақта

қазақ кім болып қалмақшы! Әдет-ғұрпы сақтала ма? Тілі өзгермей ме?

Батырхан: Қазақ та сол әлемдік өркениеттің бір бөлшегі. Демек жаңарады, өзгереді, дамиды. Оған ешкім тосқауыл бола алмайды деп ойлаймын.

Дастан: Сенің ойыңша, ертеңгі қазақ бүгінгі қазаққа мүлде ұқсамайтын бола ма?

Батырхан: Уақыт дегенін істейді. Уақыт деген – әмірші...Дастан: (ойлана) Жастар психологиясы мүлде өзгеріп бара

жатыр. Ұлттық сана-сезім деген ұғым көмескілене бастады.Батырхан: Ол қандай ұлттық сана-сезім? Оны қалай

өзгертпей ұстап тұра алмақсың!Дастан: Өз ұлтыңды сүю, оны барынша құрметтеу... бол-

майынша, елдіктің берекесі кетеді. Мен соны білем.

Page 376: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

377

Батырхан: Жастар өз елін құрметтемейді деп кім айтты? Мен білетін жастар – қазақты сүйеді.

Дастан: Қазақты сүю – тек жалғыз ауыз сөзбен айты-ла салмағаны ләзім. Бұның астарында – ұлттың тілін, ділін, мәдениетін, әдет-ғұрпын құрметтеу сезімі көрініп тұрса ғой...

Батырхан: Қазіргі жастар арасында ойы озық, білімі жоғары, түйсігі мол жасөспірім өте көп.

Дастан: Жастардың ақыл-парасатын тек білім деңгейі айқындай алмайды.

Батырхан: Тағы не керек?Дастан: Ұлтты түсінуге талпыну! Ұлтты құрметтеу! Ұлттық

құндылықтарды барынша әуелете көрсете білу...Батырхан: Осы айтып тұрғаның – көшеге жалаулатып алып

шығатын қызыл сөздер емес пе, а?Дастан: Ұлт туралы жеңіл-желпі сөйлеу – ұят! Ұлт ұғымы

– қасиетті ұғым.Батырхан: Тағы да қызыл сөз...Дастан: Ендеше нақты әңгімеге көшейін. Бүгінгі жастар ара-

сында осы күні бір жынысты неке көбейе бастады деген сыбыс бар. Осы қоғамдық кеселді..

Батырхан: Неге қоғамдық кесел?!Дастан: Енді қалай? Бұның аяғы қайда апарып соғатынын

білесің бе сен!..Батырхан: Білмеймін. Білгім де келмейді.Дастан: Міне, біз осылай атүсті қараған сайын осы кесел

күннен-күнге өршіп барады. Жастардың санасы уланып жатыр.Батырхан: Жалпы, мен өзім адамның табиғаты еркіндікті

қалайтынын білемін. Ол бәрімізге де тән нәрсе. Сөйте тұра, кейде біз өз еркіндігімізді өзіміз тұсап тастағымыз келетінін түсінбеймін.

Дастан: Осы еркіндік деген сөзді біз өз деңгейінде түсіне алмай жүрміз бе деп қорқам.

Батырхан: Ешкім ақымақ емес шығар. Әркім өз әрекетінің шегін біледі ғой.

Дастан: Шектен асып бара жатқандар баршылық. Жаңағы мен айтқан бір жынысты неке...

Батырхан: Бір жыныстылар бір шаңырақ астына жиналса, біз неге тек төсек қатынасын ойлауымыз керек? Мүмкін, олар бір-бірін жақсы түсінетін шығар. Бірін-бірі психологиялық жағынан қолдай білетін болар...

Дастан: Солай болса жақсы-ау! Бұл жағымсыз әдет, әсіресе жастарға...

Батырхан: Жастар ақылды. Олар бәрін де салмақтап, сара-лай біледі.

Page 377: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

378

Осы кезде бұлардың қасына сәнді киінген бір жас жігіт келеді. Ол – Батырханның досы Нығметжан.

Батырхан: (оны көре сала) Ой, сен қайдан жүрсің? Елге кетіп едің...

Нығметжан: Поездан бүгін түстім. Сосын осы сыраханадан бір бокал сыра іше кетейін деп...

Батырхан: Е, дұрыс болды. (сосын Дастанды көрсетіп) Менің жездем, танысып қой.

Нығметжан: О-о, бұл кісі жездең бе! Үнемі мақтап жүруші ең. Жазушы деуші едің... (ол қолын беріп, Дастанмен та-нысады).

Дастан: Драма жазамын.Нығметжан: Ол не?Дастан: Ол – пьеса.Нығметжан: Оны киноға түсіре ме?Дастан: Жоқ, сахналайды.Нығметжан: Түсінікті.Батырхан: Сен драманың не екенін осы күнге дейін білмейсің

бе? Театрға талай рет бардық қой.Нығметжан: (күле сөйлеп) Жай, тереңірек түсініп алайын

дегенім еді. Өтірік білмеген болып....Бұл сөзге бәрі де күледі.Батырхан: (сөз бастап) Жезде, сен ғой бағаналы бері мені

алқымдап, мораль туралы көп айттың. Ал менің мына досым да сол мораль тақырыбында өте көп біледі. Енді екеуің сөйлесіп көріңдерші.

Нығметжан: Әңгіме не жөнінде? Дастан: Жалпы мораль мәселесі емес, менің ойымды маза-

лайтыны – бір жыныстылардың некелесуі.Нығметжан: Ол әлемде өз орнын тауып болған жоқ па?Дастан: Кейбір мемлекеттер қазір сол қоғамдық кеселмен

ашық күресті де бастады. Айталық, Бразилия...Нығметжан: Бразилияда не болыпты?Дастан: Таяуда Бразилияда он мыңдаған кісі манифестацияға

шығып, осындай келеңсіз әрекетке қарсылық байқатты. Енді ел өкіметі ресми шешім қабылдауға мәжбүр болып отыр. Олар тіпті әйелдердің жасанды түсік, яғни аборт жасауына да қарсылық білдіруде.

Нығметжан: Абортты қыздар еріккеннен жасата ма? Әуелі оның себебін зерттеп-біліп алу керек емес пе!

Дастан: Бұл жағдай Бразилияда өте көбейіп, шектен шығып бара жатқан соң көтеріліп отырса керек.

Батырхан: Адам хұқы дейміз. Ал, осыны ауыздықтағысы келетіндер де өздерінің қиянатқа барып отырғанын сезе ме екен!

Page 378: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

379

Нығметжан: Бұл өмір дегеніңіз, міне, осынысымен қызық. Біреу біреуді терістейді. Ал, екінші біреу үшінші біреуді жөнге салғысы келеді. Айналып келгенде, бәрінің де кінәсі жетерлік. Қателігі молынан...

Дастан: Адам боп дүниеге келген соң, дұрыс жол таңдау – парыз. Сүрінбеу ләзім. Адамның ар алдындағы жауапкершілігі ең алдыңғы кезекке шығуы тиіс.

Осы кезде Нығметжанның қалта телефоны шырылдай-ды. Ол сөйлеседі.

Нығметжан: Иә, сұлу бойжеткен! Мен сені бар ықыласыммен тыңдап тұрмын.

Қыздың даусы: Қайда кетіп қалдың! Телефоныңды да алмайсың.

Нығметжан: Мен елге барып қайттым. Ол жақта ұялы теле-фон қосылмаған. Алыс ауыл ғой, мен қайтейін...

Қыздың дауысы: Телефон қосылмаған елді-мекен әлі де бар екен-ау!

Нығметжан: Оны маған емес, ана Телеком деген мекемеге айтыңыз...

Қыздың даусы: Уәде қайда?Нығметжан: Қандай уәде! Есімде жоқ.Қыздың даусы: Қасымдағы досыммен бірге отырып, кешкі

ас ішеміз дегенің қайда?Нығметжан: Е, сол ма! Пожалуйста! Тап қазір десең де

болады...Қыз даусы: Қай жерде?Нығметжан: Осы қазір.... Мына сыраханаға.... (тоқтап,

жігіттерге қарап) Жо-жоқ, бұл жер емес. Қазір өзім хабарла-сайын (телефонды өшіреді).

Батырхан: Не болды, бауырым! Қызды сыраханаға шақырмақшысың ба, а?

Нығметжан: Әрине, ол дұрыс болмайды.Батырхан. Енді қандай ұсыныс бар?Нығметжан: (Батырханға) Мейрамханаға барайық. Қыздар

сенімен отырғанды ұнатады, сөйлескісі келеді. Көптен бері өтініп жүр.

Батырхан: Онда қарсылық жоқ. Бүгін өзім де аттың ба-сын жіберіп, демалуды жоспарлап қойып ем. (енді Дастанға қарап) Жезде, сен де жүр.

Дастан: Маған ыңғайсыз болар. Үйге қайтайын.Нығметжан: Еш ыңғайсыз емес. Қыздар өте ашық, көңілді.Батырхан: О-о, онда кеш тамаша болады десеңші.Дастан: Дегенмен, мен қайта берейін.Нығметжан: Бүгін ғана өзіңізбен жүздесіп отырмын. Бұл

болмайды. Ең болмаса жарты сағат бізбен бірге болыңыз. Оты-

Page 379: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

380

рыс ұнамаса, қайта берерсіз. (сәл тоқтап) Айтпақшы, ол қыздар да сіз жазып жүрген тақырыпқа қатты қызығады. Кім біледі, әңгімелеріңіз жарасып кетер.

Дастан: Менің тақырыбыма қызығады дейсің бе! Онда-а...Батырхан: Жезде, сөзді қой. Бірге барайық.Дастан: Қайдан білейін. Сендер өздерің оңаша бас қоссаңдар,

мен артықпын ба деп...Нығметжан: Қайта қызық болады. Айттым ғой, олар өте

ашық мінезді қыздар деп...Сахна қараңғылана береді.

Төртінші көрінісМейрамхана. Стол үстінде – үш жігіт. Олар – Дастан,

Батырхан, Нығметжан.Батырхан: (шыдамсызданып) Қайда әлгі қыздарың! Сені

алдап жүрген жоқ па, а?Нығметжан: Жоқ, біз жақсы достармыз. Қазір келеді. Күте

тұрайық.Дастан: Мен үйге қайта берсем қайтеді!Нығметжан: Осынша күткен соң, қыздарды көрмей кете

бермексіз бе! (орнынан тұрып) О-о, міне, қыздар да келді.Сахнаға екі әдемі киінген қыз шығады. Олар столға жақындап

келеді.Нығметжан: Жігіттер, таныс болыңдар! Бұл екі қыз...Батырхан: Тоқта! Тоқта! Мен бұл қыздарды танимын.

Бұлар – қаладағы «Сұлулық салонында» қызмет етеді. Солай ғой, ә!

Қыздар:– Қалай біле қойдыңыз?– Біз тек сұлу бикештерге қызмет көрсететін едік.Батырхан: Қыз-қырқын қай жерге көп жиналса, сол жерге

жігіттер де көбірек көз салады.Нығметжан: Менің досым осындай қылжақбас... (енді

Дастанға қарап) Мына ағамыздан бастап таныстырайын.Дастан: Мен бұл қыздарды жақсы танимын.Нығметжан: Қалайша?!Қыздар: – Біз бұрыннан білеміз.– Жақсы таныспыз.Батырхан: (күдіктене) Бұл қалай? Менің жездемді сендер

қайдан білесіңдер!Қыздар:– Қорықпай-ақ қойыңыз, ол кісі бізден интервью алған бо-

латын.

Page 380: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

381

– Сол күні жақсы танысып алғанбыз.Батырхан: Е-е, интервью ме! Ал, мен басқаша ойлап қалып

ем...Дастан: Дәл бүгін, дәл осы сағатта сіздермен жүздесе қоям

деп ойламап едім. айшахан: Бір-бірімізге ниетіміз түзу екен.айымжан: Бізді тастап қашып кетсеңіз де, міне, тағдыр

тағы да түйістірді.Дастан: Мен сіздерден қашқам жоқ, балабақшадан ұлымды

алып кетуге асықтым.айшахан: (Айымжанға) Қойсаңшы енді! Драмматург

ағайды ұялта бермей... айымжан: Ұялатын не бар! Бізді қалдырып кетіп қалғаны

рас емес пе? (енді Дастанға қарап) Бүгін де тастай қашпассыз деп ойлаймын.

Осы кезде сөзді Нығметжан бөліп кетеді.Нығметжан: Қыздар, жігіттер! Мен бір тост көтерсем

деймін...Батырхан: Ал, айт!Нығметжан: Мен осы тосты қазақтың ең әдемі екі қызы

үшін көтергім келеді.Қыздар:– О-о, қандай жағымды сөз!– Көңіліміз көтеріліп қалды ғой!Бәрі рюмкелерін көтеріп, ішімдік ішеді. Енді Батырхан

сөйлейді.Батырхан: Менің жалғыз өтінішім бар. Тап бүгін саясат ту-

ралы бір ауыз да сөз айтпайықшы.Қыздар:– Сонда не туралы айтамыз?– Тақырыпты айқындап бермес пе екенсіз...Дастан: Тақырыпты мен айтайын.Нығметжан: Айтыңыз.Дастан: Бүгінгі тақырып – қазақ қайткенде қазақ болып

қалады!Батырхан: Ой, бұл да саясат қой.Қыздар:– Неге олай дейсіз, бізге ұнады.– Қазақты бәріміз де сүйе білуіміз керек.Нығметжан: Онда келістік қой, ә! Келістік. Ендеше, күн

тәртібі бекітілді. Ал, ілгері кеттік.Батырхан: Сонда не айтуымыз керек? «Қазақпыз, қазақпыз»

дей бергеннен не өнеді, осы!

Page 381: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

382

Дастан: Міне, осының басын ашып алғанымыз абзал. Айталық, бүгінгі жастар өз ұлтын шын сүюді ұмытып барады. Олар үшін мына жарық әлем – бір-ақ әлем! Ұлт – бір-ақ ұлт!

Батырхан: Сол жаман ба?Қыздар: (қосыла) Иә, жаман ба екен...Дастан: Жаман емес. Алайда, әлемдік өркениеттің бір бөлшегі

– біздің қазақ елі. Оның өз дәстүрі, өз салты, өз өзгешеліктері бар...

айшахан: Оны білеміз.Дастан: Білу аз, оны ешқашан жоғалтпауға күш салу ләзім.айымжан: Тағы да саясатқа ауысып бара жатырмыз.

Қазақтың бар проблемасы тек бізге тіреліп тұр ма екен, а!Дастан: Әркім өзінен бастағаны дұрыс-ақ. Әйтпесе...айымжан: Әйтпесе, не болады!Дастан: Ұлт іштей іриді.айшахан: Бұл – өте қауіпті сөз.Дастан: Осылай демеске шамам жоқ.айымжан: Біз не десек те, бұл қазақ әлемдік өркениетке бет

түзеді. Оның жолыне ешкім де тосқауыл бола алмайды.Батырхан: Өте дұрыс сөз!Нығметжан: Батыл ой!Дастан: Бұл – жеңілу! Қазақ өз бет-бейнесін жоғалтып

алмауы үшін үнемі күрес үстінде болуы керек.Батырхан: Кіммен?айымжан: Иә, кіммен күресеміз біз?Дастан: Өзімізбен өзіміз.!айымжан: (кекесінмен) Қиялидың сөзі.Дастан: Жоқ, мүлде олай емес. Кісінің бойында парасатпен

жағаласа, қай кезде де зұлымдық, ашкөздік қатар өмір сүріп жатады. Оны ауыздықтай алмаған адам – қателеседі. Міне, соның бір көрінісі...

айымжан: Арғы жағын білеміз.Нығметжан: Сөзін бөліп жібердік қой.айымжан: Бұл әңгімені әбден естігенбіз. Құлағымыз сар-

сыды.Нығметжан: Ал мен естігім келсе ше!айымжан: Онда жеке жерде сөйлесе жатарсыңдар. Ал біз...

көңіл көтеруге келдік.Батырхан: Өте дұрыс! Біз көңіл көтермейміз бе, а!Дастан: Онда мен кетейін. Мен бұл жерде артық сияқтымын.

(орнынан тұрады)Батырхан: Жезде, нені көңіліңе алып қалдың?Дастан: Үйге қайтайын деймін.Нығметжан: Сізден ұят болды-ау! Артық айтып жібердік пе!

Page 382: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

383

айшахан: Драмматургті құрметтей білмейтіндеріңді көрсеттіңдер.

айымжан: Құрметтеу үшін не істеу керек енді! Сөзін тыңдадық. Құп көрдік. Тек....

Нығметжан: Бар мәселе сол «тек» деген сөзде тығылып тұр.айымжан: Әркімнің өз ойы болады. Соны айтсақ та

жазықтымыз ба?Дастан: Мен кеттім.айымжан: (мысқылмен) Тағы да қаша жөнелді... Әне,

қашып барады.Сахна қараңғылана береді.

Бесінші көрінісДастан тыста, ағаш арасындағы орындықта отырған

Ақсақалды көріп, жанына келеді.ақсақал: Иә, балам, жүзің сынық қой.Дастан: Ой шаршатып жүр, ата.ақсақал: Қандай ой?Дастан: Бүгінгі заман сиқы... Жастар арасындағы бей-берекет

істер...ақсақал: «Қилы-қилы заман болады, қарағай басын шортан

шалады» деген екен баяғы бабаларымыз. Сол айтқаны дөп келіп тұр-ау осы.

Дастан: Ата, айтыңызшы, баяғыда, соғыс кезінде ері майданға аттанып кеткен жас келіншек қандай қиындыққа да шыдап бақты емес пе!

ақсақал: Мен Ұлы Отан соғысы кезінде он жасар бала едім. Көрдік қой қиыншылықты... Біздің шешелеріміз – нағыз арды ойлаған өр мінез Аналар....

Дастан: Қазіргі жастар кішкене қиыншылыққа шыдай алмай-ды. Сөз көтере алмайтын болып алды.

ақсақал: Ол – тәрбиеден! Отбасында не көрсе, өскенде соны істейді.

Дастан: Жастардың ажырасуы өте көп. Жетім балалар саны жыл сайын өсіп бара жатыр. Тіпті жаңа туған сәбиді күл-қоқысқа тастай салу секілді келеңсіз құбылыстар көптеп орын ала бастады.

ақсақал: Соны жасап жатқан кім? Біздің балаларымыз емес пе, а? Соларға дұрыс тәрбие бере алмағандығымыз...

Дастан: Ақсақал, осы күні одан да үлкен сорақы әрекеттер басталып кетті.

ақсақал: Ол не?Дастан: Бір жыныстылар некелесуге ресми рұқсат сұрайды.ақсақал: Ол не?

Page 383: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

384

Дастан: Еркек пен еркек... Қыз бен қыз...ақсақал: Тәйт! Аузың қалай барады осындай сөзге!Дастан: Ата, мен емес, дерек солай дейді.ақсақал: Онда ұрпағың азады екен, қарағым! Онда тозағың

тақап қалған екен, қазағым... (жөтеледі)Дастан: Ата, көңіліңізге тисем, кешірерсіз. Кеудеме сыймай

бара жатқан соң сізбен бөліскенім еді.ақсақал: (күрсіне) Е-е, бұл еркіндік біздің ұрпаққа қайғы

мен апат алып келе ме деп қорқамын. Жарайды, мен кетейін. Ана балабақшада немерем бар еді, үйге алып кетуге уәде етіп едім.

Ақсақал орнынан тұрып, кетіп қалады. Дастан жалғыз өзі ой үстінде. Осы кезде жанынан Батырхан келеді.

Батырхан: Жезде, қалың ойға беріліп кетіпсің ғой.Дастан: Сендердің орталарыңда отыра алмадым. Әңгімелерің

ұнаған жоқ.Батырхан: Сондағы тапқаның – жаңағы қаусаған кәрі шал

ма?Дастан: Ол кәрі болса да, көкірегі даңғыл. Ойы қандай

мөлдір....Батырхан: Шал сөзден басқа не айта алсын?Дастан: Өнегелі сөзді де көргені мол кісі айта алады. Әлгі

ақсақал сондай кісі екен.Батырхан: Енді қайда кетіп қалды?Дастан: Немересіне. Көрмеймісің, ол әлі де немересінен үміт

күтеді. Арманы өлген жоқ. Арманы жалғасып жатыр...Батырхан: Арман! Арман! Ол не нәрсе өзі! Ол кімге керек

екен әуелі?Дастан: Ол адамға керек! Ол бізге керек. Қазаққа керек!

Қазақтың арманы асқақ болмаса, болашағы да күңгірт.Батырхан: Жезде, мен саған шындықты айтайын ба?Дастан: Ол қандай шындық?Батырхан: Әлгіндегі екі қыз бар емес пе! Сол екеуі бірін-бірі

көптен бері ұнатады екен. Дастан: Мүмкін емес!Батырхан: Өз ауыздарынан естідім.Дастан: Бәсе! Мен оларға өз ойымды қалай айтсам да

түсінгісі келмеді.Батырхан: Айшахан мен Айымжан енді бірге тұрып, тату-

тәтті өмір кешуге шешім қабылдапты.Дастан: (орнынан ұшып тұрып) Әрі қарай естігім де

келмейді. Бұл не! Бұны қалай түсінеміз енді! Қалай!.. (айқайлап жібереді)

Page 384: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

385

Батырхан: Сонша ашуланғаның не! Қыздар не істеймін десе де, өз еркі! Оған не айтуға болады? Несіне шамдандың?

Дастан: Сендер де сондай қыздармен дос болып отырсыңдар. Осыған таңмын.

Батырхан: Енді кіммен араласуымыз керек?Дастан: Жөні түзу қыздармен...Батырхан: Олар қайда?Дастан: Олар жаныңда жүр. Іздеп тап. Көңіл көзімен көре

біл... (сәл тоқтап) Сен достарыңа бар. Мен кеттім (шығып бара жатады).

Батырхан: (дауыстап) Мені тастап кете бересің бе, а? Жез-де, ау жезде... Өзіңе айтарым бар еді. Ақылдассам деп едім...(баяу үнмен) Мен жетісіп жүр ме екем...

Сахна қараңғылана береді.

алтыншы көрінісДастан үй жанындағы бақта отырады. Осы кезде оның

жанына бір кісі келеді. Бұл – шетелдік қонақ.Шетелдік қонақ: Кешіріңіз, мен бұл қаланы жақсы білмеймін.

Маған мына әдірісті айтып жібермейсіз бе?Дастан: (қағазға үңіліп) Ол ма! Ол – бұл жерден алыс. Сіз

таба алар ма екенсіз...Шетелдік қонақ: Жөн сілтеп жіберсеңіз, тек рахмет айтар

едім.Дастан: Жарайды, сізді шығарып салайын (екеуі сөйлесіп

жүре бастайды).Шетелдік қонақ: Сіздерде түнгі казино бар ма?Дастан: Жоқ. Қалада рұқсат етілмейді.Шетелдік қонақ: Сонда қалай? Жастар қайда барады?

Қайда демалады?Дастан: Жастар кинотеатрға, драмтеатрға барады.Шетелдік қонақ: Ал одан жерісе...Дастан: Жерігені қалай? Театр – жаныңды тазартатын орын.Шетелдік қонақ: Біздің елде жастарға еркіндік берілген,

таңдау құқы берілген. Көбісі түнгі клубтарға, казиноларға барғанды ұнатады.

Дастан: Сол дұрыс тәрбиеге жата ма!Шетелдік қонақ: Әркім қалай өмір сүруді өзі таңдайды.Дастан: Жастарға бағыт-бағдар беру деген болмаушы ма еді?

Жас кезде кім-кімде алып-ұшып тұратыны өтірік пе?Шетелдік қонақ: Қателесу арқылы өз жолын табады.

Қателесу де – сабақ!Дастан: Маған мына сұраққа жауап беріңізші. Сіздің елде бір

жыныстылар некелесе бере ме?

25-177

Page 385: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

386

Шетелдік қонақ: Ондайлар бар. Заңмен қудаланбайды.Дастан: Сонда қалай? Бұл қоғамдық ортаға жат қылық бол-

май ма? Одан жас ұрпақ қандай үлгі алмақшы?..Шетелдік қонақ: Біздің ел – демократияға даңғыл жол

ашып қойған ел. Адамдар ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін өздері таңдай білуі тиіс.

Дастан: Жастарға әуелде бәрі де дұрыс көрінбей ме! Олар солайша адасады. Жаңылыс қадам жасайды.

Шетелдік қонақ: Айттым емес пе, сол қателіктен сабақ алып үйренеді. Сонда ғана қайтып қателеспейтін болады.

Дастан: Бұл – қатігездік. Жас адамның өмірімен ойнау... Ойыншық ету...

Шетелдік қонақ: Жоқ, қайта нағыз демократия дегеніңіз – осы болмақшы.

Екеуі сөйлесе жүріп, шетелдік қонақ іздеген көшеге де жетеді.

Дастан: Міне, сіз іздеген көше осы. Енді жолыңыз болсын!Шетелдік қонақ: Тоқтаңыз. Сізге рахметімді айтып, ақысын

төлейін.Дастан: Біз – қазақпыз.! Қазақ қонағынан ешқашан ақы

сұрамаған. Тіпті тамақты да, жатын орынды да тегін берген... Біз – қазақ деген елміз...

Шетелдік қонақ: Расында да, сіздер өте қызық елсіздер. Бір танысым айтып еді. «Қазақ топырағына табаның тисе бол-ды, еш ақы-пұлсыз тамақ ішіп, еркін демалып, түгел аралап шығуға болады». Жер жүзінде дәл осындай халық бар ма екен, а?

Дастан: (ойлана) Әттең, сондай кеңпейіл мінезімізді өз бас пайдасына пайдаланып кететін жырындылар да көп.

Шетелдік қонақ: Ондай жандардың ниеті бұзық. Олармен өте сақ сөйлесу қажет.

Дастан: Қазақ қонағын еш алаламаған. Қазақ үшін қонақтың үлкен-кішісі жоқ...

Шетелдік қонақ: Апырмай, расымен-ақ өте ғажап ел екенсіздер! Әттең, жер жүзіндегі бар халық осылай болса... (сәл ойланып тұрады да) Ал, жақсы. Сізге рахмет.

Дастан: Жақсы! Сау болыңыз.Екеуі екі жаққа кете барады.Дастан: (өзінен-өзі) Шетел... шетел дейміз ә! Ал, сол

шетелің, яғни Европа дейік, тап бүгінгі заманда әлгіндегідей кісі жиіркенетін әдетке үйірсек болып бара жатса, олардан біз не үйренбекшіміз! Онда несіне ол жаққа жастарымызды оқуға жіберіп, ел болашағын сеніп...

Осы кезде сахнаға Батырхан шығады.Батырхан: Жезде, саған не болған? Тіпті еңсең түсіп кетіпті.

Page 386: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

387

Дастан: (басын көтеріп) Ә, бұл сен бе? Сен екенсің ғой...Батырхан: Менмін! Өзіңді іздеп келе жатырмын. Дастан: Онда сөйлесейік.Батырхан: Жезде, осы сен неге қоғамның даму үрдісіне

қарсы жүресің?Дастан: Мен қоғам дамуына емес, адамдардың азғындауына

қарсымын.Батырхан: Сенің ойыңша, қалыптасқан тәртіптен сәл

ауытқыған адамдардың бәрі де азғын ба?Дастан: О баста Алла-тағала адамдарды екі жынысты етіп

жаратты. Еркек пен әйел ғана бір-біріне ғашық болып, сүйіп өмір сүре алады.

Батырхан: Еркек пен еркек арасындағы ынтызарлық, қыз бен қыз арасындағы мөлдір сезімді жоққа шығарасыз ба?

Дастан: Достықты түсінем. Ал, басқасын қабылдай алмай-мын.

Батырхан: Онда сенің ойың кешегі күнмен қалып қойыпты.Дастан: (ашулана) Адамгершілікті, тазалықты жақтасам да

жаман болдым ба! Ол не айтқаның... Онда жолың әне! Бар, бара бер...

Сахна қараңғылана берді.

Жетінші көрінісҮй іші. Бибайша орындықта отыр. Жанында – Дастан.Бибайша: Драма жазатын болдың ба?Дастан: Неден бастарымды да білмей дал болып жүрмін.Бибайша: Неге?Дастан: Мен жөні түзу бір кісіні кездестіре алмай шаршадым.Бибайша: Өткенде «Сұлулық салонындағы» қызбен

сөйлестім деп едің ғой?Дастан: Ол қыз... қысқасы, олар да жөні түзу болмай шықты.Бибайша: Қалайша! Өзің ақылды, сұлу, парасатты екен деп

мақтап келіп едің.Дастан: Бәріне кеше көзім жетті. Ол екі қыз біздің Батыр-

хандармен таныс екен.Бибайша: Менің ініммен бе? Ал, содан...Дастан: Батырханның айтуынша, сол екі қыз – Айшахан мен

Айымжан бір пәтерде тұратын көрінеді.Бибайша: Тұрса ше? Енді баспанасы жоқ болса...Дастан: Ең сұмдығы – екеуі бір-бірін ұнатады дейді. «Бізге

еркек керек емес» депті. Бибайша: Ой, сұмдық-ай! Мына дүние не боп барады, а!Дастан: Батырханның досы Нығметжан екеуі сол қыздармен

тату дос секілді. Тығыз араласқандарына қарағанда...

Page 387: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

388

Бибайша: Сонда-а... Тоқтай тұр, біздің Батырхан ба! Ол неге сондай қыздармен араласады? Ау, бұл қалай?

Дастан: Менің де күдігім молайды. Осы біздің Батырхан мен Нығметжан да...

Бибайша: Мүмкін емес! Жоқ, ол мүлде мүмкін емес... (ашулана) Ойбай-ау, менің құлағым нені естіп отыр? Жоқ, сен қателесесің... Қателесесің...

Бибайша ышқына көтеріліп орнынан тұрып кетеді. Сөйтіп, бөлме ішінде арлы-берлі жүріп сөйлейді.

Бибайша: Батырхан екі бірдей университетті бітірді. Ақыл-парасаты мол жігіт...Ол маған биыл күзде үйленем деген. Ол уәдесін берген болатын...

Дастан аң-таң. Бибайша қалай жүріп кеткенін түсіне алмай, өң мен түстің ортасында тұрады.

Бибайша: Ол мүмкін емес деймін, Дастан! Сен қателесіп тұрсың-ң...

Дастан: (жүгіріп келіп, оны құшақтап) Сен... сен жазылдың ба? Сен қалай жүріп кеттің! Айтшы, сүйіктім! Сені қандай күш орныңнан тік тұрғызып жіберген...

Бибайша да осы кезде есін жиғандай болады.Бибайша: Ойбай-ау, шетелде ғана бар деген мына сұмдық

бізге де жеткені ме! Біздің де табалдырығымыздан аттай бастағаны ма!..

Дастан: Сүйіктім, қарашы, сен өзіңе! Сен жүрдің ғой. Жүріп кеттің...

Бибайша: Демократия дедік. Еркіндік дедік. Ал соның аяғы осыған келіп тірелетін болса, оның бәрі де неге ....құрып кетпейді! Елімізге арсыздар қаптаса, бұл шын сұмдықтың басы ғой...

Дастан: Жаным, сен тұрдың. Сен маған шексіз бақыт сыйлап тұрсың тап қазір... Осыны сезесің бе!

Бибайша: Мен...мен арбаға таңылып отыра берсем, мына дүние мүлде бұзылып бітетін сияқты. Мен әрине, тұрдым. Күресу үшін... Алысу үшін... Мына қоғамдағы тұрақтылықты сақтап қалу үшін... (сәл тоқтап) Сен үшін, сүйіктім! Саған көмек қолын созып, арманыңды орындау үшін... Қоғамдағы кемақыл жандармен күресу үшін...

Дастан: Иә, сен аяғыңа тұрдың! Сен орныңнан оқыс тұрып кеттің. Енді мен де түлеймін. Мен де столға отырамын. Жа-замын осы қоғамдық кеселді.... Менің сөзім бар қазаққа жетуі тиіс. Бар қазақ жастарының ойына сәуле шашып, жүрегіне жет-кенше енді тыным таппаспын. Сертім осы, жарығым-м!.. Келер ұрпақтың кемақыл болуына еш жол бермеспін!..

Екеуі құшақтасып, ұзақ тұрады.(ШЫМЫЛДЫҚ)

Page 388: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

389

аДам ЖоғалТҚаН аДам(драма)

Қатынасушылар:1. Қабден – шамшыл, ашушаң жігіт, жасы 40-тарда, жұмыс

істемейді. 2. Жырымбек – Қабденнің құрдасы, министрлікте жұмыс

істейді3. Балзия – Қабденнің бұрынғы әйелі4. Бізбике – Балзияның құрбысы5. саят – «Қымызханадағы» даяшы жас жігіт6. Қисықов – «Қымызхана» директоры, бүгінгі бизнесмен,

жасы 40-тарда.7. асылберген – Жырымбектің танысы, әйелімен ажырасқан

еркек, бұның да жасы 40-тарда.8. Елес, дауыс, т.б.Оқиға ХХІ ғасырдың бас кезінде, Қазақстанның бір

қаласындағы «Қымызхана» ішінде өтеді.авторлық түсініктеме: 1) Бұл пьесадағы кейіпкерлердің

қай-қайсысы да жағымсыз образға жатпайды, әрқайсысы өмірді өзінше қабылдап, түсінеді. Біз соны қаз-қалпында көрсетуді мақсат тұттық.

2) Қабден – қарама-қайшылықты образ, өмірде ондай кісілер көп қой. Өз сөзіне, өз пікіріне өзі қарсы шығып, бірде олай, бірде бұлай сөйлеушілік, әсіресе, осы заманда етек алып барады.

3) Балзия – барынша адал болуға тырысатын принципті келіншек. Алайда жағдай оны ылғи да қиындыққа тірей береді. Бірақ бәрібір өзінің таза, шыншыл келбетін жоғалтпауға тырысқан, соған талпынған әйелдер образының бір көрінісі.

4) Бәрін де ойландырып, ой салатын елес-бейне – ол Бекқожа. Осы көрінбейтін кейіпкерді қажет болған жағдайда сахнаға, ел алдына шығаруға да болады.

Бірінші актҚымызхана іші. Жеңіл, қазақы музыка ойналып тұр.

Іште екі-үш стол. Бәрі бос. Бір бұрыштағы столда жас жігіт өзімен-өзі карта ойнап отыр. «Ал, сен жүр», «жоқ, мен жүрейін» деп өзімен-өзі сөйлесіп қояды. Сөйтіп, карта-ны кезек-кезек қолына алып, қызу ойынға кіріскен. Осы кез-де асыға басып әдемі киінген, жасы 40-тың үстіндегі жігіт

Page 389: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

390

ағасы кіріп келеді. Бұл – Қабден. Өзі әлденені іздегендей қымызхананың арғы бұрышын бір, бергі бұрышын бір қарап, дамыл табар емес.

Қабден: (өзінен-өзі) Ау, мынау бір қаңыраған кафе екен, тіпті тірі тасбақа көрінсейші... (карта ойнаған жігітке қарап) Өзінің есі дұрыс па?

Карта ойнап отырған жігіт: (бұған жақындап келіп) Кешіріңіз, сіз осында бір затыңызды жоғалтып па едіңіз?

Қабден: (оған одырая қарап) Немене, мен көрінген кафе, мейрамханада затын жоғалтып жүретін маскүнем бе екем? Сон-дай кісіге ұқсаймын ба? (жеки сөйледі)

Жігіт: (қипақтап) Жоқ, енді... әр бұрышты шұқшия қарап жүрген соң ойлағаным да.

Қабден: Әй, жігітім, сенің менде қандай шаруаң бар? Кімсің өзің?!

Жігіт: (күле) Кешірерсіз, мен осы қымызхананың даяшысы-мын. Бірдеңе ішесіз бе?

Қабден: (маңғаздана) Ой, заман-ай, баяғыда, біздің қылшылдаған жас күнімізде кафе-мейрамханаға бас сұға қалсаң, ондағы даяшыларды тез-ақ танушы ек. Өйткені олар арнайы тігілген киім киетін. Ал сендер... (кішкене мүдіреді) Оның үстіне, ол кездегі даяшылар келген кісіні қол қусыра қарсы алып, «келіңіз, төрлетіңіз» дейтін. Ал, сендер... жағадан ала кетесіңдер. Атың кім өзі?..

Жігіт: Есімім – Саят. Қабден: (мысқылды үнмен) Саясат дейсің бе? (күліп) Өй,

қазақтар-ай, сол құрғырдың құйтырқысын біле алмай жатып, баласына «Саясат-т» деп ат қоя салады.

саят: Кешіріңіз, менің есімім Саясат емес, Саят.Қабден: Саят деймісің! Е-е, Саят болсаң боларсың. Өзің жас

та болсаң, удай пысық екенсің. Ана қолыңдағы не?саят: Карта ғой.Қабден: Кісі өзімен-өзі де карта ойнай ма екен! Әй, сендер-

ден бәрі де шығады. (сәл тоқтап) Ал, мен қайда отырайын?саят: Қалаған столыңызға.Қабден: Бұл өзі қандай кафе? Кісі жоқ...саят: Біріншіден, ағасы, бұл жәй кафе емес, қымызхана.

Яғни, ұлттық тағамдар әзірлейтін орын. Ал кісі кірмейтін жер деуіңіз қиянат. Кей күндері мұнда кісі сыймай кетеді. Орын таппай қиналатын кездеріміз бар.

Қабден: Болса болар. Мен жай... сөз арасында айта салғаным ғой. Көңіліңе алма, інішек. Келші, әнебір столға отыралық. (қолтықтап алады, жүреді). Сен өзі әңгімені түсіне де, тыңдай да білетін бала сияқтысың. Осы күні сөз тыңдайтын да кісі қалмай барады.

Page 390: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

391

саят: Бізге отыруға болмайды, ағасы. Сіз отырыңыз. Мен сізден тапсырыс қабылдаймын.

Қабден: (бір столға отырып жатып) Тек тапсырыс қабылдаймын де... Ал, мен саған әңгіме айт деп тапсырыс бер-сем ше...

саят: Ондай тапсырыс біздің менюде жоқ.Қабден: Неге болмайды? Өзі «Қымызхана» болса... Қазақ

қымыз ішіп отырып, әңгіме айтпаса, іші жарылып кетпей ме!Осы кезде сахнаға «Қымызхана» директоры Қисықов

шығады.. Қарынды, қысқа бойлы кісі. Өзі шірене сөйлейді.Қисықов: (Саятқа) Сен... құрметті қонаққа жоқ деген сөзді

айтпа. Бар де. Бізде бәрі бар де.Қабден: (оған бұрыла сөйлеп) Соны айтам да. Бұл баланың

айтатыны бір сөз: «жоқ»Қисықов: (Саятқа) Орында. Айтқанын екі етпе. Не сұраса

да... Қабден: (дауыс көтере) Әні, бастығың не деді! Тыңда

соны...Қисықов мұның жанына келіп отырады. Саят кетіп

қалады.Қисықов: (даусын құбылта) Өй, деген... Сіз Қабден емес-

сіз бе?Қабден: (таңдана) Мені қайдан танисыз?Қисықов: Сізді кім танымайды! Кезінде комсомол қыз-

метінде болып, дүркіреп-ақ тұрып едіңіз. Кейін көрінбей кеттіңіз ғой?

Қабден: Қазіргі кезде көрінгеннен көрінбей жүрген мың есе артық. (жүзін жылытып) Өзіңіз ше? Сіз де комсомол қызметінде болдыңыз ба?

Қисықов: Мен өмір бойы сауда саласында келе жатқан адаммын. Сізді ұмытпайтыным – бір жолы қалалық комсомол комитетінің бюросына түскенім бар. Бәрі де жастықтың желігі...

Қабден: Немене, махаббат хикаясы ма?Қисықов: Өй, деген...! Есіңізде қалмаған екен. Мен бір

қызды екіқабат етіп қойып, сол үшін сөгіс алмап па ем? Сіз сол бюрода мені жерден алып, жерден салғансыз. «Бұл қыз абы-ройын төгу ғана емес, кісі сезімін мазақ ету, азғындаудың басы. Олай болса, мен бұл жігіттің әлгі қызға үйленіп, бақытты етуін талап етем» деп ұзақ сөйлегенсіз. Мен «махаббат деген болады» десем, «оны ертерек ойлауың керек еді» деп төпелегенсіз.

Қабден: Сонда-а... ол қыз кім?Қисықов: Ол қыз менің көңілдесім. Менен бала тауып алуға

келіскен де өзі.Қабден: Ендеше, қыз артынан неге арызданып жүр?

Page 391: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

392

Қисықов: Бәрі де азғырудан. Бір оңбаған, топас ағасы бол-ды, соның істеп жүргені.

Қабден: Сіз соны ашып айтпадыңыз ба? Түсіндермедіңіз бе?Қисықов: Тыңдайтын құлақ болса де. Сол кездегі қалалық

комсомол комитетінің бірінші хатшысы шаш ал десе бас алатын есерсоқ еді ғой. (сәл мүдіріп) Сіздің көңіліңізге келмесін, мен осы комсомол дегенді еш қабылдай алмадым. Өздері ештеңені шешіп жарытпайды, бірақ айқайы жер жарады.

Қабден: (ойлана) Комсомол – үлкен мектеп еді ғой. Оны түсіну үшін сол мектептен өту керек. (сәл тоқтап) Мен неге сізге соншама соқтықтым?

Қисықов: Сіз маған сұрақ қойғансыз. «Отбасының бақыты неде?» дегенсіз. Мен «отбасы бақыты – молшылықта, дүниеде, жеткілікті өмір кешуде» деп жауап қаттым. Сіз шарт кеттіңіз. «Сезімнен жұрдай болғансыңдар» дедіңіз. Айқайға бастыңыз.

Қабден: (ойлана) Е, енді есіме түсті. Сол жігіт сіз екенсіз ғой. Бәсе-ау, фамилияңыз таныс сияқты.

Қисықов: Мен сонда сезім еркіндігі, махаббат бостандығы туралы қанша айтсам да тыңдамап едіңіздер. «Қыз өзі келісті, менің жазығым не?» десем де еш құлақ аспағансыздар. Сөгіс алдым. Қызметтен қуылдым. (сәл тоқтап) Қазір рахат-т!.. (екі қолын аспанға көтереді)

Қабден: (қинала) Ой, бауырым-ай, осы еркіндіктің аяғы жақсы болса де. Махаббатқа әмір жүрмейтіні де рас. Бірақ тәртіп кеткен жерде тағылық үстемдік етеді. Оның аяғы орға жығылу...

Қисықов: Өй, деген... Бүгінгі жастар мүлдем бұзылып бара-ды дегеніңіз ғой. Түк те етпейді, бәрі де орнына келеді.

Қабден: Орнына келтіру кеш бола ма деп қауіптенем. Жа-стар ар-ұятты аяқ асты еткені былай тұрсын, тіпті ұлтты да ұмытуға бағыт алды.

Қисықов: Ұятты қайдам, бірақ ұлтын ұмыта қоймас.Қабден: Ойбай-ау, осы күні шетелге оқуға кеткен әрбір он

қыздың ең кем дегенде екі-үшеуі сол елге тұрмысқа шығып жатқан жоқ па? Ол енді қазақ жеріне орала ма? Әй, қайдам...

Қисықов: Еһе, қазақ қыздарына шетелдің жігіттері көз сала бастаса, ол жаман ба! Ол деген жетістік қой.

Қабден: Ұлттың іштен іруі деген осы! Бұлай кете берсек, ертең қазақ деген жұртты да жоғалтамыз.

Қисықов: Сіз, мүмкін, қазақтың еркектерінің екі не үш әйел алуын қолдарсыз!

Қабден: Қыздардың шетел асқанынан елде болғаны мың есе артық. Екі әйел алу қылмыс емес. Тек жағдайын жасай алса... Кемсітпей ұстай алса... Бүгінгі еркектерге сол жағы жетпей жа-туы мүмкін.

Page 392: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

393

Қисықов: Әй, бірақ осы күні екінші әйел алуға өз еркімен рұқсат бере қояр қатын да қалмады. Ондай парасат қайдан болсын?

Қабден: Қатын қалай десең де – қатын. Ол еркекті тек өзімдік болса дейді. Кесімді шешім – еркекте! Әуелгіде бір бұрқ етер, сосын сабасына түседі ғой.

Қисықов: Қазақ «екі қатын алғанның дауы үйінде» деуші еді.

Қабден: Даудың бәрі – сүйіспеншіліктің болмауынан. Ынтық көңілдің суи бастағанынан. Сезімді суытып алғандар – оның азабын да шегеді. (ойлана) Сезім азабы осынша ауыр болар деп кім ойлаған-н...

Осы кезде Саят Қисықовты телефонға шақырады. Ол шығып кетеді. Енді Саят пен Қабден қалады.

саят: Әңгіме айтқыңыз не тыңдағыңыз келсе, онда өзіңізге ыңғайлы кісіні ерте келіңіз. (жымысқылана күледі) Айталық, қыз-қырқын дегендей... Отырыңыз, сөйлесіңіз. Оған қосымша ақы сұрамаймыз.

Қабден: Қыз-келіншек ертіп әкел дейсің, ә! Әй, өзің қу тілді жігіт екенсің.

саят: (жымия) Түріңізге қарасам жап-жассыз. Қазіргі қыздар сіз секілді кісілерді ұнатады.

Қабден: Мен қырықтан асып барам. Жас қыздар бізді қайтсін? Мына сендер болмасаңдар...

саят: Бұл күнде қыздар жасы ересектерге көп үйірсек. Қабден: Жә, бұл өзі қандай әңгіме болып барады. Сен

менімен құрдас сияқты сөйлесесің ғой, шырақ.саят: (қипақтап) Ой, кешірерсіз. Мен жәй... әзілдескен

түрім ғой. Дегенмен, біздің кафенің өз дәстүрі бар. Кіммен отырасыз, кіммен сөйлесесіз – ол өз шаруаңыз. Тек тәртіп бұзбасаңыздар болғаны...

Қабден: (қабағын түйе) Қарағым, сен өзі... мені кім деп тұрсың! Тәртіп бұзатын кісіге ұқсаймын ба мен? Үлкен кісіге, мәдениетті кісіге бұлай деуің тым артық. Мен шағым кітабын талап етуім мүмкін.

саят: Ғафу етіңіз! (тік тұра қалады) Менікі сөз арасындағы сөз. Яғни, келушілерге ескертілуге тиісті тәртіп қана...

Қабден: Ім-да!.. (үнсіз қалады) Жарайды, бұл әңгімені осы-мен доғаралық. Ал енді... сен маған бір саптаяқ сыра әкеле ғой.

саят: Ағасы, біз қымызханамыз...Қабден: Онда бір саптаяқ қымыз...саят: Бір саптаяқ емес, бір сапар кесе...Қабден: Солай-ақ делік.саят: Қазір әкелемін (даяшы жігіт шығып кетеді, Қабден

жалғыз қалады).

Page 393: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

394

Қабден: (өзіне-өзі) Тағы да түсімде мазаладың ғой, Бекқожа аға! Кеше түні бойы ұйықтай алмадым. Көзімді жұмсам бол-ды, өзіңді көрем. Сен маған: «Бұның не, Қабден? Өз өміріңді өзің қақпақылға салуың қалай?» дейсің. Мен айтам: «Өмір өзің үйреткендей жеп-жеңіл емес екен. Жап-жақсы бастадым да, аяғында сүрініп кеттім» деймін. Сен айтасың: «Сүрініп кеткен жоқсың, омақаса құладың» дейсің. «Омақаса құлағаның емес пе, отбасың ойран болды. Кезінде күйіп-жанып сүйген сүйіктің Балзияны қатты ренжіттің. Оның көңіліне қаяу түсті». Мен ай-там: «Аға-ау, мен ше! Менің жанымды кім түсінеді? Мені кім мүсіркейді?» Сонда сен ашуланасың. «Әй, боқмұрын-ау, сен жігіт емессің бе! Қыз жігіттің жүрек жылуын іздейді. Аялы алақанды аңсайды. Осыны да түсінбегенің бе! Мен саған баяғыда-а, жас күніңде талай рет айтпап па ем осыны...» Мен айтам: «Ой-бой, ол кез естен шыққалы қаш-а-ан... Қаншама уақыт өтті, талай су ақты. Бұл заман ол заманға мүлде ұқсамайды...» Сонда сен үн-түнсіз қаласың. Сосын елес болып жоғала бересің. (сәл тоқтап) Әй, айтқандай, Жырымбек неге кешігіп жатыр? Сағат неше бол-ды өзі? (сағатына қарайды) Мәссаған! Он екіде кездесеміз деп едік, міне, сағат бір болуға айналыпты.

Осы кезде Саят келеді. Ол столға бір сапар кесе қымызды қояды.

саят: Тағы не сұрайсыз?Қабден: Әзірге осы жетеді. Сен өзі... қасыма тізе бүкші. саят: Бізге болмайды дедім ғой, ағасы. Сізбен отырғанымды

көрсе директорым жұмыстан қуады.Қабден: Ол өзі соншалық қатал ма? Аты кім еді? саят: Оқас Қисықов мырза... Сіздерге жұмсақ, ал бізге...Қабден: (жымия күліп) Әй, қисық болса болар.саят: Қисық емес, қатал. Қит етсең, жұмыстан кетесің дейді...Қабден: Директорыңа өзім айтам. Менің өтінішім деймін. саят: Жарайды. (ол Қабденнің столына отырады)Қабден: Келін бар ма? саят: Осы жақында ғана үйленгем.Қабден: Қазіргі жастар «үйлен» десең, басын ала қашады.

Қыздан ат-тонын ала қашқан жігітті де көретін заманға жеттік. Ой, тоба-ай!..

саят: Енді, ағасы, жігіт өз сүйгенін кездестіре алмай жүрсе, оны да түсінуге болады ғой. Махаббат деген бар...

Қабден: Сиқырлы сөздің елесіне еріп, түсіне алмай, әуейіленіп жүресіңдер. Махаббат – қолға ұстайтын зат емес, ол сезім. Ал, сезім дегенің қай кезде де сағым тәріздес.

саят: Сізбен келісе алмаймын, ағасы. Махаббат – сүйіс- пеншілік, жүрекпен табысу. Махаббат – екі жүректің қосыла соғуы...

Page 394: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

395

Қабден: Жүрекпен табысу, жүрекпен сүйісу... (ойлана) Осы біз кейінгі кезде сол махаббат деген киелі сезімді аяқ асты етіп жіберген сияқтымыз! (сәл тоқтап) Баяғыда, менің жас күнімде ауылда Бекқожа деген ағам болды. Сенің жасыңда бо-лар. Сол ағам көрші ауылдағы бір қызға ғашық болып, түні бойы ұйықтамай, баянын құшақтап, өлең айтатын. Мұңды өлең еді. Мен жанына баратынмын. Ол мені көріп, сүю туралы, махаббат туралы ұзын-сонар әңгіме шертетін. Мен бірін түсінсем, бірін түсінбеймін. Әйтеуір тыңдай берем. Сол Бекқожа ағам бір күні өзіне-өзі оқ атып, бұл фәниден бақиға озды. Өзіне-өзі оқ атып... (мүдіріп қалады).

саят: Содан? Сосын... Қабден: Нені айтасың?саят: Жаңағы жігіт тағдырын айтам.Қабден: (қинала сөйлеп) Қарағым-ай, оның арғы жағының

несін сұрайсың. Өзіне-өзі оқ жұмсаған Бекқожа ағам өліп кетті, ал қыз болса... ақыл-есінен адасып, азап шекті.

саят: Қыз маған қарамады деп, өзіне-өзі қол жұмсау – ерлік емес. Менің атам айтатын: «Алланың берген жасын жасау керек, оған қарсылық жасау – күнә!..»

Қабден: (ашулана) ой, боқмұрын... Мені оны білмейтіндей... кейде кісі тығырыққа тіреледі, қайда барарын білмей дал бола-ды... (ойланып отырып қалады)

саят: Сонда... қыз өте сұлу болған ғой, ә! Сұлулықтың сиқыры болады деседі ғой.

Қабден: Сұлу дейсің бе?... (қиялдана) Ол кезде бәрі де табиғи, әдемі, әсем болатын. Қыздың ықыласты сөзі жігітті қанаттандыратын. Қыздың теріс қарағаны – жігітке семсер болып қадалатын. Қыздың қолынан сипағанда өзін соншалық бақытты санайтын.

саят: (күліп) Қолынан сипағанына ма? Әлі сүйіспей жатып па?

Қабден: Оған жету үшін сөз байласуы керек.саят: Сөз байласу үшін бір-бірін білуі керек қой. Жақынырақ

танысуы қажет. Енді былай-й... (қолымен құшақтағандай белгі байқатады)

Қабден: Қазір көшеде қыз бен жігіт емін-еркін сүйісіп тұра береді. Ешкімнен қымсынбайды. Ал, солар ертең керемет от-басы бола ала ма?

саят: Неге бола алмайды?Қабден: Өйткені олар махаббатты шын қадірлеп тұрған жоқ,

оның тәттілігін жүрегімен сезініп тұрған жоқ. Бәрі де оп-оңай. Ал, оңай нәрсе қай кезде де қадірсіз.

саят: Махаббат дегеніміз, сонда, тек қиындығымен ғана қымбат па?

Page 395: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

396

Қабден: Махаббат – ең асыл сезім, інім! Оны ойыншық ету-ге болмайды. Баяғыда... өзіне-өзі оқ жұмсаған Бекқожа ағамды жоқтап, бүкіл ауылды басына көтере зар еңіреген қыз үні осы күнге дейін ойымнан кетпейді.

саят: Екеуі қосылмады ма? Оларға кім кедергі болған?Қабден: Кедергі көп болды ғой. Ата-аналары келіспеді.

Туған-туыстары қарсы болды. Екеуін жолықтырмады.саят: Жастарға бас еркіндігін бермеу – сорақылық қой.Қабден: Ол – үлкен әңгіме, інім. Елдің өз дәстүрі, салты бо-

лады. Ал, бірақ, жігіт шын сүйіспеншіліктің не екенін дәлелдеді.саят: Шын сүйіспеншілікті өзіне-өзі қол жұмсап дәлелдей ме

екен? Ол үшін барын салып күреспей ме?Қабден: Сен сол ағаңның күреспегенін қайдан білдің? Күресе-

күресе әбден қалжыраған, шаршаған шығар. Ең соңғы үміті де үзіле бастаған болар.

Осы кезде сахнаға Қисықов шыға келеді.Қисықов: (Саятқа қабағын түйіп) Әңгімеге құмар екенсің,

қарағым! Әй, осы сен...саят: (орнынан ұшып тұрып) Кешірерсіз, мен емес... мына

кісі өтініп... Қабден: Иә, мен өтініп едім. Қисықов: (Саятты қуып жіберіп, Қабденге күле қарап)

О-о, әрине, сіз үшін бәрін де кешіруге болады. Бұлар жас қой. Тәртіпке шақырып қоймасақ болмайды. Тәртіп болмаған жерде, дұрыс жұмыс та жоқ.

Қабден: (күліп) Неге маған сіз деп сызыла қалдың? Әлгінде құрдаспыз деген едің.

Қисықов: Сіз деп сөйлесу – сыйластық.Қабден: Оныңыз рас. Тәртіптің басы – сыйластықтан бас-

талады.Қисықов: Тәртіп демекші... (оның столына келіп отыра-

ды) Қабден, сіз өте интеллигентный кісісіз. Айтыңызшы, осы күні біздің елде тәртіп бар ма? Бәрі бет-бетімен... Тіпті сайлау да бей-берекет өтеді.

Қабден: Мен саясатты қойғалы қаш-шан?!. Қисықов: Өй, деген... Кез-келген сауатты кісі өз заманы-

на құлақ түріп, айналада не болып жатқанына елеңдемесе, не болғаны? Тіпті бала екеш, бала да ойланады.

Қабден: Ойланғаннан не пайда?Қисықов: Ойлану – әрекеттің басы. Жарайды, сіз саясаттан

шаршаған екенсіз. Ендеше, бизнес туралы айталық. Мәселен, мен мына «Қымызхананы» бақандай екі жыл салдым. Ша-шымды ағартты. Осы күні бізде дұрыс құрылыс материалдары да жоқ. Оны айтасыз, жөні түзу құрылысшы да тапшы. Қайда барсаң да, шетелдіктер... Соларға тәуелдіміз-з...

Page 396: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

397

Қабден: Солай шығар. Мен өзі... құрылысты түсінбеймін...Қисықов: Ау, сонда сіз нені ұнатасыз? Неменеге қызығасыз?

Саясат керек емес, бизнес тағы да тартпайды... (күліп) Ә-ә, білдім. Сіз шамасы... соңғы кездері махаббат ауруымен ауырған кісісіз. Ана үйдегі құрдасты алдап қойып, сыртқа көз салып... Солай ғой, ә!..

Қабден: Құрдасыңызбен ажырасып кеткенбіз.Қисықов: (таңдана) Өй, деген... Не себеп?Қабден: Солай болды. Тағдыр шығар. (кішкене үзіліс жа-

сап) Жаңағы Саят махаббат, сезім туралы айтып, көңілімді дел-сал еткенін көрмейсің бе?

Қисықов: Иә, махаббат мәселесінде олар алдына жан сала ма?..

Қабден: Олардың махаббаты емес, бір ағамның көзсіз ерлігі еске түсіп... Сүйгені үшін жан қиып еді ол...

Қисықов: Ой, сіз де... Осы күні шынайы махаббат бар ма? Бәрі де дүние, байлық соңында кетіп барады.

Қабден: Бәрі емес қой, құрдас! Қисықов: Көріп жүрміз! Бұл заман – азған заман...Қабден: Заман азбайды. Шамасы адамдар майдаланып

бара жатқан шығар?Қисықов: Ту-у, біз тіпті философияға кіріп кеттік-ау деймін?!.

Мен – бизнесменмін. Нақты өмір, нақты тірлікті құп көрем. Ал енді... құрдас, өз жаныңа батқан жәйтті айтам десең, онда сөз басқа-а...

Қабден: (күйзеле сөйлеп) Ойпырмай, жаңағы Саят баланың сөзі ойымды сан-саққа жүгірткенін қарашы.

Қисықов: (орнынан тұра беріп) Шамасы, оңаша болғанды қалап отырған сияқтысыз. Мен кеттім онда. Жақсы демалыңыз.

Қисықов сахнадан шығып кетеді. Сахна қараңғыланады. Бір жақтан Бекқожаның даусы естіледі.

Бекқожаның даусы: Мен шыбын жанымды да аямай, ма-хаббатымды қорғадым. Солай етпеген болсам, махаббат алдын-да жеңілер едім. Ал сен...

Қабден: Аға, неге мені жан алқымнан ала бересіз? Онсыз да жаным жаралы.

Бекқожаның даусы: Сен әлі ар азабын тартқан жоқсың. Балзиямен оп-оңай ажырасуың – ең үлкен қателігің. Өзіңнен басқаның жан азабын түсіне алмауың – қасіретің.

Қабден: Осы жолды таңдаған ол ғой.Бекқожаның даусы: Балзияға басқа жол қалдырмаған сенсің.Қабден: (ашуға булыға) Енді не істеуім керек! Ол не қаласа

– соны орындадым. Қандай киім кием деген жоқ. Қандай тамақ ішем деген жоқ. Бәрі де болды.

Бекқожаның даусы: Сен ең бастысын ұмыттың.

Page 397: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

398

Қабден: Ол не?Бекқожаның даусы: Ол – жүрек жылуы. Ол – Балзияға

деген ыстық ықыласың.Қабден: Ойбай-ау, оған қандай ықылас керек? Он жыл

отастық, бала таппады. Сонда да бетінен қақпадым.Бекқожаның даусы: Ей, Қабден! Өз-өзіңді әлі танып

болмапсың-ау! Жастау күніңде комсомол қызметкерімін деп түн жамылып жортуылдадың. Балзия ештеңе демеді. Отыздан асқанда да желігің басылмады. Үйдің есігін үнемі кеш ашып жүрдің. Оны да Балзия бетіңе басып айтпады. Әйел жаны айна сияқты, тез жараланғыш екенін ойламадың ба? Шыдамның да шегі бар ғой...

Қабден: Аға, еркек үйленгенде еркіндігінен айрылу үшін шаңырақ көтере ме? Үйкүшік еркек – еркек боп жарытқан емес.

Бекқожаның даусы: Үйінен қашып, сырттан көңіл жылуын іздеген еркек еркек пе сонда? Онда несіне шаңырақ көтердің? Онда несіне сол қызға сүйдім-күйдім деп басын қатырдың?..

Қабден: Жас кездегі сезім басқа, аға! Ол кезде бәрі де мөлдіреп тұрады. Есеюмен сезім де салқындайды. Ой да орнығады.

Бекқожаның даусы: Мен... мен оған сенбеймін! Сезімді суыту – тірідей өлумен пара-пар! Ендеше сендер есейген жоқсыңдар, өлі еркекке айналдыңдар.

Қабден: Аға, бұл өмір шындығы! Өмірдің ашы ақиқаты! Одан ешбір пенде айналып өте алмайды. Барлық пенденің ба-сына түсер бір зауал...

Бекқожа – елес біртіндеп жоғала береді. Қабден «аға, аға неге үндемей қалдың?» деп айқайлайды.

Сахна қайта жарықтанады.Осы кезде кафеге тағы бір бұйра басты, ұзын бойлы

жігіт ағасы кіреді. Бұл – Жырымбек.Қабден: (оны көре сала) Сен қайдан жүрсің! Сені күткелі,

міне, бір сағат...Жырымбек: (қасына отырып жатып) Аяқ астынан

жұмысқа шақырып қалып... Асығып-ақ жеткенім осы.Қабден: Мен қазір бір саптаяқ сыра алдырайын. Ау, даяшы

жігіт... (Саят қайта көрінеді) Бізге бір саптаяқ...саят: Сапар кесе...Қабден: Сыра...саят: Қымыз...Қабден: Тфу! Үйреніп қалған ауыз. Біз қымызханада отыр

екенбіз ғой. Иә, ендеше қымыз әкел. Ал сонымен... жағдай қалай? Өзіңді көрмегелі көп ай болды.

Жырымбек: Сені көргім-ақ келеді. Жолықсам-ақ деймін.

Page 398: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

399

Қабден: Қайдам, мен телефон соқпасам, іздейтін түрің жоқ қой?

Жырымбек: Өзім де хабарласпаққа оқталып жүргем. Құрғыр қызмет.

Қабден: (қисая) Қызметті кім істемеді? Ол сылтау емес. Жырымбек: Оллаһи, шыным! Бір минут бос уақыт таппай-

мын. Қазір уақыт басқа.Қабден: Уақыт емес, психология басқа десейші.Жырымбек: Ол да мүмкін. Қабден: Осы сен, Жырымбек, айтшы! Достықтың негізгі

шарты не?Жырымбек: Достықтың негізгі шарты – адалдық! Бір-біріңе

адал, шыншыл болу.Қабден: Сол ғана ма?Жырымбек: Енді не? Мүмкін, қиналғанда бір-біріңе қол

ұшын беру, көмектесіп жүру шығар?!.Қабден: Сол ғана ма?Жырымбек: Бәлкім, шын достық дегеніміз – сырттай

тілектес болу, жақсы сөз айту, біріңді-бірің қолдау, көтермелеу болар?!.

Қабден: Болды ма?Жырымбек: Ау, сен мені тергей бастадың ғой. Мен сен

сияқты бұрынғы идеолог емеспін. Нақты істің адамымын. Қабден: Ашуланба, Жырымбек! Ашу дұшпан, ақыл – дос...

Ашулану керек болса, алдымен мен ашулануым керек. Жырымбек: (серпіле) Ой, досым-ай, қойшы соның бәрін

де... Сөз деген ешқашан аяқталмайды. Одан да нақты істі, бүгінгі өмірді ойлайық та.

Қабден: Ал-л...Жырымбек: Бүгін өзіңмен кездескім келген себебім –

екеуміз жас кезді еске түсірейік деп едім. Есіңде ме, баяғыда комсомол қызметінде жүргенде екеуміз екі қызды...

Қабден : Есімде жоқ.Жырымбек: Жарайды, Бұған ықыласың жоқ екен. Енде-

ше, басқа тақырыпқа көшейік. (сәл мүдіріп) Ғылым кандидаты болам деп тақырып алып, ізденіп жүруші ең. Сол шаруаң не болды?

Қабден: Оған еш ықыласым жоқ, Жырымбек! Мен өмірден шаршаған сыңайлымын. Жап-жақсы басталған жырды орта жолда өзім үзіп алғандаймын. Соңғы күндері Бекқожа ағам қайта-қайта түсіме кіріп, мені ар азабына салып жүр.

Жырымбек: (қолын сілтеп) Ту-у, тағы да сол ағаң ба? Ау, ол кез басқа заман, қазір басқа уақыт! Оның үстіне Бекқожа ағаңның өзі де бала еді. Өмірдің не екенін түсініп үлгерген жоқ. Өзіне-өзі оқ жұмсауы – балалық шалыс іс!

Page 399: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

400

Қабден: (айғайлап) Сен... сен Бекқожа ағама тіл тигізбе! Керек десең, екеуміз де оның садағасына жарамаймыз! Мына өмірді өмір етіп тұрған – сол ағалар, Бекқожалар...

Жырымбек: Жақсы. Оның бәрін де дұрыс делік. Сонда не демексің?..

Қабден: (орнынан тұрып, арлы-берлі жүреді) Әрине, әркім өзіне ұнаған жолмен жүреді. Әркім өзінше өмір сүреді. Ол енді, жеке бастың шаруасы. Ал, бірақ... өзің сыйлайтын, жақсы көретін досың сенің басыңа бұлт үйірілген шақта жеке өміріңе араласпаса, онда не болады?

Жырымбек: Смотря, қалай? Өміріңе араласпау дегенді әртүрлі түсінуге болады ғой. Егер ол саған кедергі жасаса, досың болса да, бетіне айтуға тура келеді.

Қабден: Мен де сенімен осы тақырыпта бетпе-бет сөйлессем деп ем...

Жырымбек: Айт. Жұмбақтамай сөйле.Қабден: Әнеукүні түс көріппін. Түсімде мен Балзиямен

қайта табысыппын. Біз екеумізге Бекқожа ағам ақ тілеу айтып тұр. Әуелі, осы түсімді өзің жорышы. Бұл не?

Жырымбек: Екеуіңе ақ жол тілеп тұрған өлі әруақ екен. Әй, қайдам-м... Қуанта алмаймын.

Қабден: Міне, ылғи осы. Сен менің тағдырымды ойыншық етесің. Балзиямен ажырасып жатқанымда да екіұшты сөйлегенсің...

Жырымбек: Ойбай-ау, Балзия екеуің тіл табыса алмасаңдар, соған да мен кінәлімін бе? Екеуің ұрыс-керіс жасап, ажырасып кетсеңдер, соған тағы да мен кінәлімін бе? «Ерлі-зайыптының арасына есі кеткен түседі» демеуші ме еді?..

Қабден: Сен... арамыздағы дәнекер дос едің. О баста кішкене қызбалық болды. Балзиядан да бар. Мен де кемшіліксіз емеспін. Соның тігісін жатқызып жібергенде, кім біледі, қайта табысып, отбасы түтінін түтете берер ме ек?!.

Жырымбек: Бір кісі мендей-ақ жалбарынар. Саған да жа-лындым, ажыраспа дедім. Балзияға да айттым – бұларың дұрыс емес дедім. Тыңдадыңдар ма?

Қабден: Әуелі қасарысқан Балзия ғой. Мен икемделе баста-сам, ол бір жағына қисая береді. Сосын мен де...

Жырымбек: (сөзді өзі жалғап) Әй, сенің де жетісіп тұрған мінезің бар ма? Әйелдің аты – әйел. Оған ащы шындықтан гөрі өтірік мақтау, көбірек көпшік керек қой.

Қабден: Өтірікті айта алмаймын. Баяғыдан солай емеспін бе? Өзің білесің ғой сырымды...

Жырымбек: Білем. Білгенде қандай! Комсомол қызметінде жүрген кезімізде талай рет тәртібіңді жиналысқа салғанымыз ше? Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі...

Page 400: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

401

Қабден: (сөзді бөліп) Қыңыр адам мен бе сонда? Мен қыңыр емеспін! Мен – шындықты бетке айтатын адаммын-н!

Жырымбек: Сол шындық... кейде өтіріктен де жаман бо-латынын білсең ғой. Талай жігіттер шын сөйлейміз деп жақсы өмірдің шырқын да бұзған.

Қабден: Шындықты қалай бұраңдатсаң да, шындық. Өтірік бәрібір өрге баспайды.

Жырымбек: Кейде өтірік екеш өтіріктің де өрге сүйреп кететіні болады. Тек ретті жерінде...

Қабден: Жоқ! Өтірікті қанша майласаң да, ол шындықтың шаңына ілесе алмайды.

Жырымбек: Жарайды. Сенікі дұрыс дейік. Сонда не демексің? Айтпақ ойың не?

Қабден: Балзияны ойлай берем. Соған қиянат жасадым ба деп қиналам. Жазығы – бала таппағаны. Жазығы – менің бетіме қарсы келгені. Сол кезде қандай сайтан түрткенін білмеймін – екеуміз қатты кеттік. Қатты-қатты сөйледік... (ой-ланып қалады)

Жырымбек: (өзіне-өзі) Ойпырмай, бұның арғы ойы не? Анада Балзиямен ажырасқанда енді қайтып бет-жүзін көрместей болып еді. Ал бүгін... неменеге ынтығып отыр? Шындықты айт-сам, жүрегі жараланады. Өтірік сөйлесем... арым мазалайды. Қайтсем екен, а? Әлде... бірдеңені сезіп, әдейі шақырып отыр ма екен осында? Қайтсем екен... (сосын Қабденге қарап) Бал-зия екеуің бекер-ақ ажырастыңдар. Енді не, болары болды...

Қабден: (күрсіне) Түсімде көре берем. Неге өйтеді екем, өзім де түсінбеймін. Мүмкін, қайта табысып... (күмілжиді)

Жырымбек: Ол енді... кеш қой, бауырым?!. Одан бері міне, екі жыл өтіп кетті.

Қабден: Өтсе қайтеді. Ең бастысы – Балзия мені сүйеді. Ал, сүю сезімі ешқашан суымайды.

Жырымбек: (күліп) Ал, мен... мен білсем, сол сүю сезімі... Жарайды, енді айтпай-ақ қояйын.

Қабден: Бастадың екен, аяғына дейін айт. Жырымбек: Жоқ, айта алмаймын. Сенің жүрегіңді жаралап

алам ба деп қорқам.Қабден: Менің жүрегім баяғыда-ақ жараланған. Енді оны

аяп не керек? Дос болсаң, шындықты айт!Жырымбек: Қинама мені.Қабден: Жоқ, қинаймын. Менен жасырын сырың бар сияқты.Жырымбек: Тілімді алсаң, енді Балзияны ұмыт. Қабден: Неге? Неге ұмытуым керек? Ол мені сүйеді, мен

де...Жырымбек: Сен сүйсең-сүйетін шығарсың, ал ол... Қысқасы,

ұмытуың керек.

26-177

Page 401: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

402

Қабден: Немене, өсек бар ма?Жырымбек: Өсек емес, рас.Қабден: Бұл не, мазағың ба?Жырымбек: Шын айтам, оны ұмыт.Қабден: Онда турасын айт. Ақыры бастадың екен, шындықты

айт.Жырымбек: Айта алмаймын. Тілім бармайды...Қабден: Тілің бармайтындай ол не сұмдық? Әкесі өлгенді

де естіртеді ғой.Жырымбек: Бұл басқа. Саған айта алмаймын.Қабден: Көп болса, Балзияның бір артықтау тірлігін білетін

боларсың. Оны неменеге жасырып ұстайсың? Айт!Жырымбек: Енді қинай бермеші. Өзің де іштей сезіп тұрған

шығарсың. Бір тойда Балзиямен бірге болдық. Сол тойдың ортасында Балзия менің Асылберген деген досыммен сыртқа шығып кеткенін білем... Содан ұзақ-қ жоғалды... (күмілжиді)

Қабден: (реңі бұзылып) Сен... сен бұны баяғыдан бері неге айтпай жүрсің? Мен бұл әрекетіңді достыққа түскен дақ деп санаймын.

Жырымбек: Қай әрекетім?..Қабден: Менің әйелім – Балзияны бір досың кездесуге

шақырады. Сен оны маған айтпайсың.Жырымбек: (күліп) Балзиямен баяғыда ажырасып кетпеп

пе ең? Қабден: (қинала) Сен өз басыңды ғана ойлап, менің

тағдырымды ойлағың да келмейді. Менің абыройымды аяқ асты етіп жүрсің...

Жырымбек: Ау, осыған да кінәлі болам ба?Қабден: Міне, мен енді оның алдында сорлы, бейшара бо-

лып қалдым. Сенімен араласады, ал менімен... сөйлеспейді. (жұдырығын түйіп) Вот, подлец! Екеуің де оңбағансың. Ал мен сорлы Балзияны аяп жүрсем... Обал жасадым ба деп... Түсімде көріп...

Жырымбек: (тағы да күліп) Сен... сен жынданайын де-ген шығарсың? Ау, сен Балзиямен ажырасып кеттің ғой, ә? Ажырастың. Онымен тұрмайсың ғой, ә? Тұрмайсың. Ендеше, ол басы бос әйел. Кіммен кездеседі, кіммен араласады – өз шаруасы.

Қабден: Болды! Жетер! Бұлай сөйлейтін болсаң, бұдан бы-лай менімен дос емессің. Тіпті... жауымсың (тістене айтады).

Жырымбек: Неге жауың болам? Мен саған доспын. Көңілім әлі де баяғыдай.

Қабден: Жоқ, сенің көңіліңе алакүлік кірді. Енді арамызда достық болмақ емес!

Page 402: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

403

Жырымбек: (ашуланып) Ау, айтсаңшы, не боп қалды? Бар себебі сол Балзия ма?

Қабден: (күрсіне) Болар іс болды! Арамызға сына түсті. Жырымбек: Сен не, сол қатыныңды менің танысымнан

қызғанып отырсың ба? Егер қайтадан қосылатын ойың болса, оны неге баяғыда-ақ айтпадың? Неге-е?..

Қабден: Сен... менің ашуыма тиме! Намысымды қоздырма! Ажырасқан күні-ақ мен оған «енді көрмегенім сен болсын» де-гем. Сол сөзім – сөз!

Жырымбек: Олай болса, ашуланудың жөні жоқ. Маған не деп кінә тағасың?..

Қабден: Кінәң – Балзиямен араласатының. Менің намысы-ма тигені де сол.

Жырымбек: Тағы да айтам. Мен оның сырын білем. Сосын да сені сақтандырып отырмын. Бары сол...

Қабден: Олай емес. Ішіңдегіні жасырмай-ақ қой. Мен түк білмейтін мақау емеспін. Сен оны баяғыда-ақ...

Жырымбек: Астафыралла! Сен не деп барасың? Сен... он-дай ой ойлауға қалай дәтің барады. Мына жан досыңды бір-ақ күнде отқа итеріп... Қайт! Қайт бұл райыңнан...

Қабден: (столды салып қалып) Даяшы жігіт! Қайдасың! Келші бері...

Жырымбек: Тоқта! Әңгімені аяқтайық. Сен әңгімені қай жаққа қарай бұрып барасың?

Даяшы жігіт келеді. Қабден оған «арақ бар ма?» дейді. Даяшы жігіт «бізде арақ сатылмайды» дейді.

Қабден: Онда-а... өзім-ақ табамын. (даяшы жігіт кетеді) Мен... арақ әкелейін.

Жырымбек: Қоя тұр. Арақты қайтесің. Әңгімені бітірейік. Қабден: Арақ керек маған!...Жырымбек: Бұл – қымызхана ғой.Қабден: Әй, қымызхана деген аты ғана. Бағана бастығын да

көргем. Оған ақша түссе болғаны. Сонда да сабырға келсеңші.Қабден: Бұдан әрі сөз айтуға шамам жоқ. Арақ ішпесем

болатын емес. Мен қазір-р... (ол шығып кетеді, Жырымбек жалғыз)

Жырымбек: (өзіне-өзі) Апыр-ай, мынау не дейді? Әзілі ме, жоқ шыны ма? Сол бір кеште Балзиямен кездесе қалып, би билеп едік. Бұрыннан таныс болған соң, кеудесінен қалай итере салайын. Әңгімелесіп, шүйіркелесіп, жағдайын сұрағаным болмаса... Қасымдағы досыма таныстырғаным болмаса... Асылбергеннің басы бос. Балзия да солай. Бары-жоғы сол. Ал, мына Қабден болса... әңгімені қайда бұрып барады? Тоқта, тоқта! Сонда-а... Балзия біздің арамызға от салуды көздесе... Сол үшін айласын асырып... (ойланып тұрып қалады)

Page 403: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

404

Осы кезде сахна қараңғыланады. Бір шеттен Балзия көрінеді.

Балзия: Жағдайың қиындап тұр екен, Жырымбек?Жырымбек: Бұл сен бе, Балзия! Сенімен неге ғана кездесе

қалдым екен?!. Енді мынау. Досым мені жан алқымнан алып барады. Не деп ақталам енді?

Балзия: (сықылықтай күліп) Асылбергенді баяғыдан-ақ сүйеді екен де. Тіпті ана Қабден досыңды да дәл ондай сүйе алғам жоқ деп айтты де.

Жырымбек: Қой, мұныңа сенбеймін. Ажырасып кеткен соң, әйелге еркектің бәрі де сұмпайы көріне береді. Екеуің баяғыда Қозы мен Баяндай едіңдер-ау?!. Араларыңа не жын кірді?

Балзия: Қабден өзімшіл еркек. Өз дегенім болсын дейді. Оған ұзақ шыдауға бола ма өзі? Шыдамның да шегі бар.

Жырымбек: Сүйген адамыңның қандай кемшілігін де кешіре білу керек емес пе? Олай ете білмесек, өмір астан-кес- тен болмай ма?

Балзия: Кешірудің де шегі бар. Ол шектен асып кетсе, улы жылан сияқты. Ондайда басыңды дереу арашалаған ләзім.

Жырымбек: Қабден ешкімнен ақылсыз емес. Тек қолда барда алтынның қадірі жоқ болғаны да.

Балзия: Біз кейде алтын орнына арзанды алжастырамыз. Соны алтындай көріп табынамыз. Ақыр аяғында арзан өзінің арзандығын көрсетіп тынады. Сосын бәрі де аяқталады.

Жырымбек: Араларыңа ала мысық жүгірді. Бәріне кінәлі түсініспеушілік...

Балзия: Сол ала мысық сен болсаң ше? (қылымси еркелейді)Жырымбек: Тәйт! Не деп барасың?Балзия: Әйтпесе, сол жолы Асылбергенмен сыртқа оңаша

кеткенімді осы қазір айтар жөнің бар ма? Өйтерің бар, менімен неге таныстырдың?

Жырымбек: Мені бұл араға шатастырма. Бұл өз араларыңдағы түсініспеушілік...

Балзия: Қойшы бәрін де! Болар іс болды. Мен үшін бет жыртысып, таласпай-ақ қойыңдар... Енді өз тағдырымды өзім реттеймін. (Жырымбек селк етіп, басын көтеріп алады, сахна жарықтанады)

Жырымбек: Ойпырмай, ә! Жаңа Қабден не деді? Мен... мен кінәлімін бе? Бұрыннан-ақ Балзияда ойың болған деп... Құдай-ау, не сөз бұл!...

Сахнаға Қабден шығады. Қолында – бір бөтелке арақ.Қабден: Кел, досым, жүз граммнан тарталық.Жырымбек: Мен... ішпей жүр ем.Қабден: Мен үшін... ішесің. Егер бұрынғы сенімді досым

екенің рас болса...

Page 404: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

405

Жырымбек: Сол достықты ішкілікпен дәлелдемей-ақ қойсақ қайтеді?

Қабден: Міне, сен өзгере бастағансың. Қызметің жоғарылады. Білдей бір министрліктесің. Ал, мен болсам... жұмыссыз жүрген біреумін. Бейшарамын.

Жырымбек: Олай демеші! Ұсынған жұмысты менсінбей жүрген өзің емес пе? Әйтпесе, не көп, жұмыс көп.

Қабден: (тістене сөйлеп) Мен жұмысқа емес, қоғамға өкпелі адаммын. Алаяқтардың, жылпостардың, екіжүзділердің қоластына барып, бағынғым келмейді. Білесің бе, мен өтірікпен күресіп жүрген адаммын.

Жырымбек: Өтірікті жеңген пенде жоқ.Қабден: Ал, мен жеңемін! (сәл тоқтап) Ішесің бе, жоқ па?

Жұмыссыз жүрген сорлы деп менсіңгің келмесе, оныңды айт. Жолың, әне!...

Жырымбек: Жарайды, құя ғой.Екеуі жүз-жүз граммнан тартады. Осы кезде даяшы

жігіт жүгіріп келеді.саят: Ағалар, мұнда ішкілік ішуге болмайды.Қабден: (зеки) Біз өз арағымызды ішіп жатырмыз ғой.

Сенің шаруаң қанша?саят: Мұнда отырып арақ ішуге тиым салынған. Бастығым-м...

Қисықов мырза біліп қалса...Қабден: Әй, көке! Сен мазаны ала бермей, баршы әрі.

Қисықов па, Қыңыров па, кім еді? Оны маған жібер. Бол-ды. Біздің әңгімеміз бар (ол Саятты итере-итере сахнадан шығарып жібереді).

Жырымбек: (бағанағы әңгімені қайта бастап) Сонда-а... екеуіңнің ажырасқаныңа мен кінәлімін бе? Осы сөзің жаныма батып барады.

Қабден: Мен олай дегем жоқ.Жырымбек: Енді қалай дедің?Қабден: Сенің пейілің таза емес дедім. О баста бір ұртың

арам болып... (кішкене мүдіреді) Мен саған оны айтайын дегем жоқ. Басқа-а...

Жырымбек: Айт! Жасырма!Қабден: Тағы да жүз граммнан тартайық. Сосын айтам.Жырымбек: Жарайды.Екеуі жүз-жүз граммнан тартады.Қабден: (қақала сөйлеп) Есіңде ме, баяғыда комсомол

қызметінде жүргенде екеуміз жан берісуге әзір едік. Мен сен үшін ана көкбет екінші хатшымен айқасып едім ғой? Жина- лыста аузына құм құйған кім? Сонда сен үшін айқастым, сенің абыройыңды ойладым. Сөйтіп, дос жүрегін ұсынып жүрсем... (күмілжиді)

Page 405: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

406

Жырымбек: Мен де сенің басыңа бұлт үйірілгенде қарап қалдым ба? Ана жалпы бөлімдегі ұшқалақ жігітпен төбелесіп, тісін сындырғаныңда, сені партиядан шығаратын болып, бәрі жа-былды ғой. Сол жолы сені жақтап сөйлеген, арашалап сөйлеген мен емес пе ем?..

Қабден: Оны білем! Ұмытқам жоқ. Бірақ қазір басқасың! Сен мүлде өзгергенсің. Ол кездегі мінезің жоқ...

Жырымбек: Жазығым не? Сенің бұрынғы әйеліңмен той-да кездесіп, би билеген шығармын. Сөйлескен шығармын. Жүз грамм ішкен шығармын. Сол үшін өзімді соншалық кінәлімін деп ойламаймын. Ол – басы бос әйел.

Қабден: Сен неге менің бұрынғы әйеліме сүйкене қалдың. Осыны айтшы, әуелі...

Жырымбек: Бұл, жәй... случайность. Тойда кім-кімге жолықпайды? Оның үстіне кішкене қызып алған соң...

Қабден: Мен енді ғана бәрін түсіне бастағандаймын. Жоспарланған іс. Айналып келгенде, мені мұқатуың...

Жырымбек: Сен бұған неге мұқалуың керек? Заңды әйелің болса, бір сәрі.

Қабден: Мәселе сонда. Екі жыл бойы ол ешкімге керек емес еді, сен келдің де... бәрін бүлдірдің. Мен оған ажырасқан кез-де «саған жөні түзу еркек қараса, мұрнымды кесіп берейін» деп едім. Көрмейсің бе, жөні түзу еркек тұрмақ, ең жақын досымның досы жүрек жарастыра қалыпты.

Жырымбек: Құдай-ау, осы жағын ойласам бұйырмасын. Сенің жаныңды жаралаймын деп үш ұйықтасам түсіме кірген жоқ.

Қабден: Ол айтады енді: «Қабден қарамаса да, басқа бір еркек, яғни Жырымбектің досы соңымнан салпақтап еріп жүр» деп.

Қабден басын ұстап отырып қалады, Жырымбек не істерін білмей абдырап тұр.

Жырымбек: (өзіне-өзі) Бұның артын ойласамшы. Әй, аңғалдық... Әй, аңқаулық-қ!...

Қабден: Балзиямен тойда жолыққаныңды да, онымен билегеніңді де кешіре салар едім. Тіпті ана досың Асылбергенге қолтықтатып жібергеніңді де намыс санамас едім. Мен үшін ең ауыры – осының бәрін неге жасырдың? Неге өзіме айтпадың? Неге мен басқа біреуден естимін?...

Жырымбек: Сен бұны менен бұрын-ақ естіп қойып па ең?Қабден: Ел құлағы – елу...Жырымбек: Қайран, өсекші қазақ... Біріктіру орнына –

бүлдіруге ынтызар, қазекем-ай!Қабден: Бұл жерде қазақтың қандай қатысы бар? Маған

қазақ айтқан жоқ, басқа ұлт өкілі айтты.

Page 406: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

407

Жырымбек: (басын ұстап) Сенен жасырайын дегем жоқ. Қалай айтарымды білмедім. Тек бүгін ғана... өзің сөз бастаған соң...

Қабден: (күрсіне) Ау, мына бөтелке таусылып қалыпты-ау?!. Тағы да жүз граммнан тартып жібергенде дұрыс болатын еді. Қой, мен барып келе қояйын.

Жырымбек: Жоқ, мен барайын.Қабден: Ендеше, екеуміз бірге барып келейік. Екеуі қолтықтасып, қымызханадан шығып кетеді. Осы

кезде даяшы жігіт Саят келеді. саят: (үрейлене) Ойбай, жаңағы екеуі қымыздың ақысын

төлемей қашып кеткен бе? Бәсе, жөні түзу еркектер болса, әңгімелері де жөнді болар еді. Арақ ішіп алып, қатты-қатты сөйлеседі. Әй, өздері де алаяқтар болар-ау... Қап, әттеген-ай, соларға сенген сорлы басым-м... Енді екі кесе қымыздың бағасын өз қалтамнан төлейтін болдым-ау. Қой, үндемей-ақ қояйын. Әйтпесе, Қисықов мырза «сенен дұрыс даяшы шықпайды екен» деп қуып жіберер. Сосын... жұмысты қайдан табам?

Сахна қараңғылана береді.

Екінші актТағы да сол қымызхана. Саят ыңылдап әндетіп, әр стол-

ды сүрткілеп жүреді. Жеңіл музыка ойналып тұр. Осы кезде қымызханаға екі әдемі келіншек кіреді. Оның біреуі – Балзия, екіншісі – құрбысы Бізбике.

Бізбике: (көңілдене, мықынын бұлғаңдатып) Мынау өзі әдемі музыка екен. Кел, Балзия, билеп жіберейікші. Кел, кел деймін...

Балзия: (тартыншақтап) Жоқ, қинама мені!Бізбике: Кемпір емеспіз, жап-жас келіншекпіз ғой. Билесеңші.Балзия: Қымызханада би билеп жатқан кімді көрдің?Бізбике: Ойпырмай-й, сенің осы мінезің-ай!саят: (бұларға жақындап келіп) Қош келдіңіздер! Сіздерге

қандай сусын әкеле қояйын? Қымыз, шұбат...Балзия: Әрине, шұбат. Қымызды, вообще, іше алмаймын.

(қасындағы құрбысы оны қостап, «иә, сөйте ғой» дейді. Олар шеткі столға отырады, енді ұзын кірпікті құрбысы – Бізбике сөз бастайды.)

Бізбике: Осы бар ғой, осы... еркек атаулының есі түзуі жоқ. Бәрі де есалаң. Бәрі де... нәпсінің құлы.

Балзия: Қой, бәрі бірдей ме? Жақсылары мүлде жоқ десең, ол қиянат.

Page 407: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

408

Бізбике: Жоқ десе де болады. Ілуде біреуі кездесер-ау, әй бірақ, олар да... Қысқасы, мына өмірді өмір етіп ұстап тұрған – әйелдер! Аналар!

Балзия: Біздің арамызда да өкшесі қисықтары аз ба? Еркекті теріс жолға салатындар да әуелі сол жолы сұйық әйелдер емес пе!

Бізбике: Еркек о бастан қисық, қыңыр жаратылған пенде ғой. Бері қисай десең, ары қисаяды. Ана кім еді, әлгі... сенің бұрынғы күйеу-сымағың?

Балзия: Қойшы, қайтесің оны. Есіме түсірмеші...Бізбике: Кім еді, Қабден бе еді, иә... сол күйеу-сымағың

қандай еді? Қырсықтың қырсығы емес пе? Отырсаң опақ, тұрсаң сопақ болдың. Ажырасып кетіп, дұрыс жасадың.

Балзия: Дұрыс болды ма, жоқ па – өзім де түсіне алмай жүрмін.

Бізбике: Жас өміріңді өксікпен өткізгенше, ең дұрысы осы. Өз билігің өзіңде. Өз еркің өз қолыңда. Кісіге бұдан артық не керек?

Балзия: Әлі де ойланамын. Ойлансам, ішім күйіп кеткендей болады. Не үшін оған жақпадым? Не жазығым бар. Соған күйіп кеткенде... өзіме-өзім ерік бере алмай... (ойлана) Әй, дұрыс болмады-ау, сол тірлігім.

Бізбике: Қай тірлігіңді айтасың?Балзия: Ондай ойымда да жоқ еді. Жаңылыс бастым.Бізбике: Жер бетінде күйеуімен ажырасқан тек сен бе?

Өмір қызығын еншілеуге әлі де хақың бар. Қарашы, фигураң қандай! (белінен мытып қалады) Әлі қыз секілдісің. Әй, сен қалай дегенде де мықты әйелсің! Нағыз бүгінгі заманның батыр қызысың!

Балзия: Менікі қандай батырлық? Өз күйеуімді өзім уысым-да ұстай алмадым. Сосын суға кеткен тал қармайды дегендей тірлік қой...

Бізбике: Бәрібір тағы бір еркекті аузыңа қараттың. Бірі сыртқа теуіп еді, екіншісін қақпанға топ еткіздің. Жеңіс сенікі...

Балзия: (күрсіне) Қабденнен әбден көңілім қалған соң, өмірімде жасаған бір әрекетім еді. Қандай ерлік? Қандай қақпан?

Бізбике: (күле түсіп) Қойшы, әй! Сонда... Қабденмен ажырасқалы бері ешбір еркекке көз қырыңды салмағансың ба!

Балзия: Оллаһи, шыным! Еркек атаулыға еш құлқым болған жоқ.

Бізбике: Е, ләззат алуды білмейді екенсің ғой. Еркектің де еркегі бар.

Балзия: Қайдам, маған бәрі де бірдей сияқты.

Page 408: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

409

Бізбике: Олар үш топқа бөлінеді. Алғашқысы – момын, сөзге жоқ, қой аузынан шөп алмастар. Алайда ондайларды төсекте көрсең ғой... (тамсанып қояды) Ал, енді екіншілері – өзінше ақылды, философ, кез-келген тақырыпқа сөз бастасаң, тоқтамай сөйлей береді. Бірақ, ондайларды... қысқасы, оларға қызығу керек емес. Сосынғы бір топ – көңілді, қу тілді, ішек-сілеңді қатыратындар. Олармен отырыста болу ғаламат! Бір жа-сап қаласың! Ептеп ана жағы да жаман емес.

Балзия: Сен тіпті еркектер ғылымының докторы болып қалыпсың ғой.

Бізбике: Өмір өзі үйретеді. (сәл тоқтап) Әлгі жігіттің... кім еді, Асылберген бе? Өзі қалай, мен айтқанның қайсысына жатады!

Балзия: Былай қарағанда, аз сөйлеп, көп тыңдайды. Тағы бірде ақылды болып кетеді. Кей сәттерде, күлдіргі әңгімеге де жоқ емес.

Бізбике: Оһ, нағыз еркек екен! Айрылма, жіберме соны.Балзия: Менде қандай қауқар бар! Ендігісі, оған байланысты.

Кесімді шешім – еркекте емес пе. Баяғыда... бәрін Қабден өзі шешкен. Барлық уақытта соның дегені болушы еді. (тоқтап, мұңая өзіне-өзі сөйлеп) Қайтейін, Қабден! Сені өмір бойы түсінбедім ғой. Күнде құбыласың. Мінезің пышақтың жүзіндей қылт-қылт етіп тұрады. Бірде олай, бірде бұлай...

Осы кезде сахна қараңғыланады. Бір шеттен Қабден-1 көрінеді.

Қабден-1: Бұл өзі... не болды, Балзия? Екеуміз жап-жақсы басталған өмірді аяқ астынан астан-кестең еттік қой. Кім кінәлі?

Балзия: Сенің ойыңша – мен кінәлімін. Ал, өз ойымша...Қабден-1: Иә, өз ойыңша...Балзия: Сен нағыз еркек болып, өз дегеніңе бағындыра

білсең, әйел қайда барады? «Әйел ерге, ер жерге қарайтын» заман бұл.

Қабден-1: Менің намысыма тие берме сен! Үйдегі дау-да-майды әуелі бастаған сенсің. «Жұрт қатарлы өмір сүре алмадық» дедің. Жұрт қалай өмір сүріп жатыр екен десем, өзің шешуін тап дейсің. Сондағы бар арманың көп ақша ма? Тәуір киім бе?

Балзия: Ең бастысы – ол емес. Сенің күйгелектігің, сенің ұшқалақтығың, сенің шырткетпелігің шынымды айтсам, жүйкемді жұқартты.

Қабден-1: Оқта-текте ашуланғанымды көтере алмасаң, онда бір-бірімізді сүймегеніміз де.

Балзия: Сүйе білмеген сен шығарсың. Ал мен... Жарайды, оны енді айтып не керек. Енді еркін өмір сүр – өз дегеніңді істе. Сол емес пе еді арманың...

Қабден-1 бейнесі жоғала береді. Енді Қабден-2 шығады.

Page 409: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

410

Қабден-2: Өмірдегі ең таза, ең пәк әйел менмін деуші ең. Сенің де сырың мәлім болды.

Балзия: (селк етіп) Ол не? Қандай сыр?Қабден-2: Сен... сен нағыз зымиянсың. Мені алдап жүріпсің.

Ажырасқаным дұрыс-ақ болыпты.Балзия: Жоқ, мен кінәлі емеспін. Қабден-2: Менімен ажыраспай тұрып-ақ... бөтенмен ойнап-

күлгенің өтірік пе? Айтшы кәне?Балзия: (шошына) Астафыралла! Не деп кеттің сен?

Мынауың не сөз?.. Қабден-2: (күліп) Білем... Бәрін де білем. Енді ақталатын

түгің де жоқ. Сен... екіжүздісің-ң... Екіжүзді-і... Ха-ха-ха!.. (сахна жарықтанады)

Балзия: (өзіне-өзі) Ойпырмай, жаңағы өңім бе, әлде түсім бе? Қабден не деді? Маған... екіжүздісің деді ме? Қайдан, кімнен білген? Өз арамыздағы сыр еді. Жырымбек шыны- мен-ақ... cырды сыртқа шашты ма? Әй, ашықауыз-з... (енді Бізбикеге қарап) Біздейлер... көп қой қазір. Бәрі де өзімізден...

Бізбике: Жоқ, бүгілме бұлай! Біз емес, ең алдымен еркектер өздерін жөндеп алсын. Отбасының киесі – әйел болса да, иесі – еркек! Иелік жасай алмаса, кімге өкпелейді?

Балзия: Иесіне киесі икемделіп тұрмаса, ол да қайғы! «Әрі тарт, бері тарт» өмір әр шаңырақта бар шығар.

Бізбике: Соны айтам да. Әй, бірақ, еркек арба сүйреген арғымақ десек, ол жатаған болса, арба не істемек? Әрине, бостандық тілейді.

Балзия: (ойлана) Соның бәрі де сүйіспеншіліктің жоқтығынан! Соның бәрі де махаббаттың болмауынан! Асыл сезімді аяқ асты етіп жүргенде тек еркектер ғана емес, әйелдер де.

Бізбике: Сенің ойыңша, мен де махаббатты аяқ асты етіп жүрмін бе?

Балзия: Жоқ, мен өзім туралы...Бізбике: Бұл өмірде махаббатты ойыншыққа айналдырған ең

әуелі – сол еркектердің өзі. Олар жеңіл ойлылыққа өздері бас- тайды. Сосын кім жаман – қыздар жаман.

Балзия: Сен, Бізбике, ерік күшің бар қызсың. Кімді айнал-дырам десең де, уысыңда. Мен ондай емеспін.

Бізбике: (Ойлы кейіппен, күрсіне) Дәл сен ойлағандай емеспін. Әттең, күйеуім жол апатынан қайғылы қазаға ұшырады ғой. Әйтпесе, соның етегінен ұстаған күйі бұл өмірден өтер ме едім?!. Енді мынау. Сүреңсіздеу өмір болған соң ептеп... бой жазғымыз келетіні де рас. (сосын анадай жерде тұрған Саятқа қарап) Сен не? Біздің әңгімемізді тыңдап тұрсың ба? Келіншектердің өз сыры болады. Бара тұрсаңшы. Керек болсаң, шақырамыз..

Page 410: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

411

Саят сахнадан шығып кетеді. Осы кезде Бізбике Балзияға «тез, бол, жинал» дейді.

Балзия: (түкке түсіне алмай) Не боп қалды? Қайда кетеміз?

Бізбике: Кеттік. Жаңағы даяшы жігіт сарыауыз балапан екен. Тайып тұрайық.

Балзия: Ұят емес пе! Түкке тұрмайтын нәрсеге бола...Бізбике: Баяғы... жас күніміздегі балаң мінез еске түсіп тұр.

Студент кезде өстіп зытып отырмаушы ма едік? Көп болса, ертең келіп төлеп кетерміз.

Балзия: Жоқ, ұят болады. Мен ақшасын қалдырайын.Бізбике: Кеттік! Кеттік дедім ғой.Балзияны қолынан ұстайды да, сыртқа қарай сүйрелеп

әкетеді.Осы кезде сахнаға Саят шығады. Ол ана екі келіншектің

тайып тұрғанын біліп, дереу соңынан жүгіреді. Сахна абыр-сабыр, айқұш-ұйқыш музыка. «Тоқта, тоқтаңдар» деген дауыс...

Үшінші актТағы да сол қымызхана іші. Столда – Қабден мен Жы-

рымбек. Екеуі де қызулау.Қабден: (ықылық ата) Сені... шын дос көруші едім. Сен

маған сатқындық жасадың.Жырымбек: Оллаһи, шыным, бұл өзі случайность...Қабден: Енді ақтала берме. Сенің бар сырың енді алақанымда.Жырымбек: (оны сабырға шақыра) Тағы да сол баяғы

әңгімені бастадың ба?.. Анамның атымен ант ішейін! Сенің шаңырағыңды бұзу туралы ешқашан ойлаған адам емеспін.

Қабден: Онда неге... неге досыңа Балзияны қосақтап бердің? Басқа қатын қарамай қойды ма?

Жырымбек: Бұл өзі кездейсоқ болған іс... Қап, қайдан ғана кездесе қалып едім онымен. Сорлы басым-ай!

Қабден: (күйзеле) Жасырғаның... жасырып келгенің жаныма батады ғой.

Жырымбек: Қалай сүйінші сұрайын? Бұл өзі... ыңғайсыздау әңгіме. Сол себепті де...

Қабден: Сонда түк сезбес, түк білмес салпаңқұлақ мен болғаным ғой?

Жырымбек: Ту-у, қояйықшы осы әңгімені. Мен шаршай бастадым.

Қабден: Балзиямен билегенде шаршамайсың. Досыңа таныстырғанда қалжырадым демейсің. Ал, менімен сөйлес- кенде... (столды ұрғылайды)

Page 411: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

412

Жырымбек: Оны шын сүйеді екенсің, екі жыл бойы не бітірдің? Қимайды екенсің, тағдырыңа неге алаңдамадың? Әйел де мысық мінезді. Оны аяласаң ғана әйел, әйтпесе...

Қабден: Иесіз қалған әйелді дереу көкпарлап кету әдеттерің ғой. Сендерді де еркек деп...

Жырымбек: Көкпардың да көкпары бар. Егер өзі икемделіп тұрса, оған қандай сын болмақ?

Қабден: (дауыс көтере) Балзия сондай ма? Ақыр аяғында Балзияны жеңіл мінезді әйел демексіңдер ме? Ол болмай-ды! Оған жол бермеймін мен-н! (айқайлап, орнынан тұрып кетеді)

Жырымбек: (өз-өзінен күбірлеп) Ойпырмай, осы Қабденді түсінбей-ақ қойдым. Қысқа күнде қырық құбылады. Бірде олай, бірде бұлай бұлаңдайды. Бүгін бір сөз айтса, ертең басқаша сөйлеп отырады. Бұл не өзі?... Әлде... ауыра бастаған ба? Миы шаршады ма?... (Қабденге қарап) Қарашы, іштей мені жек көріп тұр. Жазығым болмаса да, жазықтымын. Кінәм болма-са да, кінәлімін. Әні, ол маған дауыс шығармай сөйлеп тұр. Тыңдаңыздаршы, оның сөзін-н...

Осы кезде сахна қараңғыланады да, сахнада Қабден-1 пай-да болады. Ол өте ашулы, адуынды.

Қабден-1: Бар шаруаны бүлдіріп алып, енді жылы жауып қоя салмақшысың. Ал, Балзия не істейді?

Жырымбек: Оны менен неге сұрайсың?Қабден-1: Енді... қайда барса, онда барсын демексің бе?

Бәлкім, ол бұдан былай... не деуші еді, жезөкше болып кетсе ше? Обалы кімге?

Жырымбек: Әй, ол қарап жүр дейсің бе? Қабден-1: Сен өйтіп Балзия туралы лас әңгіме айтпа. Рас, ол

екеуміз жараспадық. Арамызға сына түсті. Алайда, мен білетін Балзия – таза, кіршіксіз. Ол кір жұмысқа бара қоймайды.

Жырымбек: Мен сені түсіне алмадым. Сонда... мен енді Балзияны қамқорлыққа алуым керек пе?

Қабден-1: (ықылық ата) Сүйкенген өзің, енді өзің ие бол.Жырымбек: Әркімнің өз тағдыры бар.Қабден-1: (ашулана, столды ұрып қалып) Соны білсең,

неге өміріне араластың? Нең бар еді ол әйелде? Неге жүрегін жараладың?

Жырымбек: Ойбай-ау, мен бе екем?Қабден-1: Әне, біз, еркектер, осындай екіжүздіміз. Әуелі

жармасамыз, асты-үстіне түсеміз, ал сосын... Сосын күл болмасаң, бұл бол... Содан кейін әйел байғұс не істейді?

Жырымбек: (тілі күрмеле) Әуелі оған неге сүйкендің дедің. Сосын «мені қорладың, арымды таптадың» дедің. Ал, енді келіп... оны қорғайсың.

Page 412: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

413

Қабден-1: Досыңа байлап берген сенсің ғой. Енді азабын да сен көресің.

Жырымбек: (ықылықтап) Жоқ. Ол бола қоймас!Қабден-1: Ол менің бұрынғы әйелім, сосын да жауаптысың.Жырымбек: Сенен кейін кімдермен болғанын білер ме еді!Қабден-1: Біл-л... (қақала) Білме-е... Білмеймін. Білгім де

келмейді. Білетінім – сен енді оны... қорлама.Жырымбек: Қатты жаның ашиды екен, әлі де аяйды екенсің.

Ау, онда... осы айтқаныңды өзің неге істемейсің? Қабден-1: Ол екеуміз бір-бірімізге суып қалғанбыз. Суыған

сезім қайта оянбайды. Қайта оянса да, оның жалыны болмайды. Ал жалынсыз сезім – дәмсіз ас секілді.

Жырымбек: Түсіндім, бірақ...Қабден-1: Бірақ деме. Нағыз жігіт екенің рас болса, сөзде

тұр-р...Жырымбек: Сен оны... әлі де сүйесің бе?Қабден: Айта алмаймын. Алайда, көкірегімнің терең

түкпірінде бір сәуле бар сияқты. Сол сәулесі құрғыр... мазалай береді.

Жырымбек: (қуақылана) Онда не сөз бар. Мен екеуіңді... қайта табыстырып...

Қабден-1: (ашуланып) Ол не мазағың? Сен не... (мүдіреді) Бұл тірлікте не нәрсені де естімеген жақсы, ал естіген соң бәрі бүлініп сала береді. Махаббат та солай. Ол тұп-тұнық таза кезінде қымбат, ал тұнығына тас түссе, ол өз бойындағы қымбатынан айрылады (күрсінеді).

Жырымбек: Мүмкін, Балзия әдейі солай еткен шығар. Сені қызғансын деп...

Қабден-1: (күрсіне) Ол енді... Ол енді ең маңыздысы емес. Ең бастысы – сен шындықты айттың...

Жырымбек: Уһ-һ! Түсіністік-ау, әйтеуір. Мен осы әңгімені қалай қиюластырам деп бас қатырып едім. Кінәлі оның өзі...

Осы кезде Қабден-1жоғалып, Қабден-2 көрінеді. Енді бағанағыдай емес, дөрекі.

Қабден-2: Ха-ха! Ол мен үшін кім қазір? Бар болғаны – бұрынғы қатыным. Енді кіммен араласады, кімге жармасады, кімді дос тұтады – өз шаруасы. Так что, достым, ойыңа не келсе, соны істе!

Жырымбек: (түсіне алмай) Жаңа ғана басқаша сөйлеп отыр ең...

Қабден-2: Балзия мен үшін ешкім де емес. Аяйсың ба, жоқ па, өз шаруаң.

Жырымбек: Дегенмен... ұяты бар, әдепті әйел...Қабден-2: Ондайлар өмірде аз ба?Жырымбек: Әсіресе, саған жақын... Жүрегіңе жақын...

Page 413: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

414

Қабден-2: Мен оны ұмытқам. Мәңгіге ұмытқам.Жырымбек: Түкке түсінбедім. Сен... не деп отырсың?..

Аяушылық қайда?Қабден-2: Ондай қатындарды аяп не керек? Өмірді бұзып

жүргендер – солар!Жырымбек: Сені танымай тұрмын...Осы кезде қымызханаға Саят кіреді. Соңында екі келіншек.

Өзі ашулы. Бұрқырап сөйлеп келеді.саят: Өздеріңіз қандай ұятсызсыздар! Азғана тиын-тебенді

де дүние көріп... Мен не істеймін сонда? Әрқайсысың өстіп қашып кете берсең, онда мен айлықсыз қалам ғой. Осы жаңа ғана әдемі киінген екі ағай өмір туралы пәлсапа айтып отыр-ды да, олар да тайып тұрды. Ұятсыздар-р... (ол сөйлеп келе жатып, Қабден мен Жырымбекті көріп тұрып қалады.) Мәссаған! Бұлар расымен ұятты кісілер екен. Мен ішіп алып, қашып кетті ме десем?!.

Екі келіншек те есіктен аттай беріп, қалт тоқтайды. Балзияның көзі Қабденде, Жырымбектің көзі Бізбикеде. Ер-кектер де, әйелдер де аузына су ұрттап алғандай. Бір сәт үнсіздік.

саят: (таңдана) Сіздер... бір-бірлеріңізді танисыздар ма? Мен... түкке түсінбей тұрмын.

Қабден: (есін жиып) Иә, шырағым! Біздер таныстармыз. Бұрыннан таныспыз. Келіңдер, қыздар, қымыз ішелік.

Жырымбек: (ол да есін жиғандай болып) Сөйтіңдер! Келіп отыра қалыңдар, қыздар-р... (даусы дірілдейді)

Бізбике: (емін-еркін) Несі бар, отырайық. Жігіттер шақырып жатса, неге бармасқа? (ол бұлғаңдай басып келіп, Қабденнің қасына жайғасады. Балзия да қысыла басып келіп, Жырымбектің қасына отырады.) Ал-л... отырдық. Жігіттер енді не ұсыныс айтар екен?

Қабден: Ұсыныс болғанда-а...Балзия: (сөзді өзі жалғап) Әуелі таныс болыңдар, мына

әдемі келіншек – Бізбике.Бізбике: (ойнақылана сөйлеп) Мен бе? Мен бұл екеуін де

танимын. Анау – Жырымбек, мынау – Қабден.Балзия: Қайдан танисың?Бізбике: Ол енді... секрет.Балзия: Сонда да...Бізбике: Ту-у, осындай майда әңгімені жек көрем. «Қайдан

танисың, кім таныстырды, қашаннан бері білесіңдер?» деген сұрақтарға мен ешқашан жауап бермеймін. Жауап бергім де келмейді.

Жырымбек: Ал, енді не ішеміз? Қымыз, шұбат... Бәлкім, жүз граммнан...

Page 414: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

415

Бізбике: Неге ішпеске? Мен қарсы емеспін.Балзия: Мен шұбат қана ішем.Жырымбек екі келіншекке қалаған сусынын құяды. Сосын

өзі тост көтереді.Жырымбек: (орнынан тұрып) Ал, енді... барлығымыздың

бақытымыз үшін, бас амандығы үшін, сыйлас көңілдер үшін, дос жүректер үшін!

Бізбике: Ту-у, не деген ыстық сезімдер! Арғы жағы айтпаса да белгілі. Сол үшін алып қоялық!

Олар алдарындағы сусынды ішеді. Балзия қипақтап отыр. Қабден соны аңғарады.

Қабден: (Балзияға қарап) Мен... енді білдім... Көзім бүгін ғана ашылды.

Жырымбек: (қипақтап) Біз бағаналы бері... әңгіменің ба-сын ашып...

Бізбике: Жұмбақтамай, ашып айтсаңдаршы.Жырымбек: Саған қатысы жоқ, Бізбике. Бұл – өз

арамыздағы мәселе.Бізбике: Жоқ, менің білгім келеді. Не нәрсе? Ненің жайы?Қабден: (тістене сөйлеп) Саған бақыт тілеймін, Балзия!

Жырымбек айналысса, жолда қалдырмайды. Бізбике: (айқайлап) Тоқта! Тоқтаңдар! Жырымбек здесь

причем? Жырымбек: (қипақтап) Енді-і... бұл өзі-і... Бізбике: Вот, подлец! Екі жүзді-і... Жырымбек: Сен түсінбедің. Әуелі аяғын тыңдасаңшы. Бізбике: Тыңдамаймын... Тыңдағым да келмейді.Ол орнынан ұшып тұрып, сахнадан шыға жөнеледі. Жы-

рымбек соңынан ереді. Артынан Балзия да кетпек болады. Қабден қолын созып Балзияны тоқтатады.

Балзия: Қайтесің, Қабден! Біз екеуміз енді екі бөлек жан-дармыз.

Қабден-1: (момақан, жуас үнмен) Дегенмен... сәл аялдасаңшы.

Балзия: Біз айтатын әңгіме әлдеқашан аяқталған. Оны тез аяқтаған өзіңсің.

Қабден-1: Әңгіме қалай аяқталды? Ол әлі басталған жоқ қой?

Балзия: Мен өмір әңгімесін айтам.Қабден-1: (қинала) Мен саған тым қатал болған екем. Оны

кеш түсіндім. Балзия: Түсінсең бопты. Онда мені кінәлама. (сәл тоқтап)

Мен кетейін.Қабден-1: Сені қия алмай тұрмын.Балзия: Бұл енді өтірік. Мені баяғыда-ақ ұмытқансың.

Page 415: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

416

Қабден-1: Кеше түсімде көріппін. Екеуімізге Бекқожа ағатайым ақ жол тілеп...

Балзия: (ашулана) Сол ағатайыңды естіп-естіп әбден құлағым сарсылды. Ондай еркек бұл заманда жоқ. Олар өлген! Әлдеқашан өліп біткен-н...

Осы кезде Қабден-1 Қабден-2-ге айналады.Қабден-2: (ашу шақыра) Сен... менің Бекқожа ағамды

тілдеме! Оның садақасына да жарамаймыз біз.Балзия: (батылдана) Білгің келсе, айтайын. Өлу ерлік емес.Қабден-2: Білгің келсе, мен де айтайын. Өле алмау –

сорлылық. Өліп қалып, өлместің күнін кешіп жүргендер көп. Мына заман алаяқтарды аспанға көтеріп жатыр. Мына заман арын сатқан жезөкшелерге қол шапалақтап отыр.

Балзия: Әйелдің бақытсыздығына – еркек кінәлі. Сол Бекқожа ағаңды айттың, сүйген қызы үшін жанын қиғанын сөз еттің. Бүгінгілер ше? Балауса махаббатты қадірлемек тұрмақ, сүттей ұйыған отбасына да пана бола алмайтын еркек көп.

Қабден-2: Қатынның қадірі өзіне байланысты. Өз жүрер жолын білмейтін, білгісі де келмейтін қатын қаптаған заман бұл.

Балзия: Қатынды жолдан адастырған тағы да еркектер. Еркегі оңбаған қоғамда есті әйел де қалмайды.

Қабден-2: Әйелдің әдепсіздігі еркектің есерлігіне жол аша-ды.

Балзия: (шошына қарап) Бұнымен не демексің?Қабден-2: Мен сен туралы естіп-білдім. О баста жүрегің

кір екен ғой? Балзия: Оны кірлеткен сен болатынсың. Кірлеген көйлек

жуылады. Ал, көңіл кірі мәңгілік. (ол орнынан тұрып, жүгіріп кете барады. Қабден жалғыз қалады)

Қабден-2: Бар. Бара бер. Менің бірдеңем кететіндей... Қабден-2 басын ұстап, отырып қалады. «Тағы, тағы да

мен кінәлімін» деп аһ ұрады. Сосын ол Қабден-1-ге айнала-ды. Жырымбек те оралады.

Қабден-1: (енді Жырымбекке қарап) Еһ, Жырымбек! Мен саған сеніп жүрсем... Бізбикені былай алдап, Балзияны жылпос досыңа ыңғайлап, мына дүниені жалпағынан бассам дедің бе! Ол болмайды ғой... Әр кеудеде – бір намыс!

Жырымбек: Досым Асылбергенді жылпос деуің әділетсіздік! Сен оны білмейсің ғой. Ол да біздің министрлікте істейтін адал, таза, ақылды жігіт. Тек отбасында жолы болмағаны болмаса...

Қабден-1: (кекесінмен) Ол адал екен, ол таза екен. Оның отбасында жолы болмапты. Соған жаның аши қалыпты. Мен де досың емес пе едім? Маған неге жаның ашымайды?

Page 416: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

417

Жырымбек: Сөзіңді жерге тастаған кезім бар ма? Не десең де орындауға тырысам ғой. Әйтеуір бірақ, тұзым жеңіл. Ылғи мен кінәлі болып шығам. О, тоба десе! Мен неге осынша сорлы болдым екен-н...

Қабден: (мысқылды үнмен) Сорлымын де! Үйіңде әйелің күтіп отыр, ал сен ана Бізбикені...

Жырымбек: (қипақтап) Мені тағы да түсінбедің, Қабден. Бұл өзі случайность... Бір отырыста осы Бізбикеге жолығып, қызыңқыраған сәтте...

Қабден-1: Сенің қызып қалуың-ақ көп екен. Әр тойда, әрбір ішкен кезде бір келіншекке жүрегіңді ұсына берсең, нең қалады?

Жырымбек: Маған сенші, Қабден! Ойымда еш жамандық жоқ. Әйтеуір не бәлем барын білмеймін, ішкілік ішсем болды, сұлу келіншекке ұмтылам.

Қабден-1: (күрсіне) Досым деп жүрген сен де, таза пейілді деп жүрген Балзия да... бәрің белгілі болдыңдар.. Сендерге сеніп жүрген мен де...

Жырымбек: Жазығым не? Қабден-1: Жазығың – екіжүзділігің. Жазығың – дос

жүрегін жаралағаның. Жазығың... Қысқасы, мен үшін енді Балзия да жат, сен де дос емессің. Екеуміздің жолымыз осы жерде ажырасады.

Жырымбек: Бұл не болды? Екеуміз ажырасатындай не істедім мен? Осы кезде Қабден-1 Қабден-2-ге айналады.

Қабден-2: Ха-ха-ха! Өмір деген осы... Біреу ажырасады, ал біреу табысып жатады. Ажырасу, табысу... Бұл деген түк те емес. Осы да трагедия ма? Жоқ, бауырым! Тек сатқындық болмасын де. Дүниеде сатқындық жаман. Ал, енді Балзия кім? Ол да бір өткінші өмірдегі қас қағым сәт...

Жырымбек: (таңдана) Сен... жаңа ғана басқаша сөйлеп тұр едің. Саған не болды, Қабден?

Қабден-2: Мен сол Қабденмін. Тек өмірге реально қарай білетін Қабденге айналдым. Ал, сен ше? Сен... өзің ше? Сені түсіне алмай тұрмын? Сен қай Жырымбексің, а?..

Жырымбек: Қай Жырымбек дейді. Қайсысы дейтін мен көппін бе! Сол баяғы-ы... (күрсініп) Ойбай-ай, енді қайттім! Ең болмаса... ана Балзияның алдында кінәм жоқ екенін дәлелдейін де. Ол өзі ғой... өзі... Мен... не істеймін енді? Мен... қазір Балзия- ны осында алып келемін. Қазір... ертіп әкелемін-н...

Жырымбек сахнадан жүгіріп шығып кетеді. Осы кезде сахнаға әдемі киініп алған Қисықов шығады.

Қисықов: (темекісін оңды-солды қозғап) Ой, сіз әлі отыр-сыз ба? Достарыңыз, таныстарыңыз қайда?

Қабден: Олар жоқ-қ...

27-177

Page 417: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

418

Қисықов: Кейде өстіп кісі өзінен-өзі жүдейді. Еш нәрсеге көңілі толмай, іштей үгітіледі. Біз психолог болмасақ та, кісі сырын бір кісідей білетін болдық қой...

Қабден: Иә, іштей үгітілу ауыр-ақ.Қисықов: Көп тарығу-жүректің соры. Біздің жасымыздағы

көп жігіттер сол жүректен кетіп қалды. Так что, есіңізді жиыңыз, Қабден мырза!

Қабден: Есеңгіреу есімді алды. Өзімді-өзім тани алмай қала берем. Кейде басыма жақсы ойлар келеді, ал кейде... Бірде біреуді жақсы көріп тұрам, сосын артынша-ақ сол кісіні өлердей жек көріп кетем. Осыны түсіне алмай басым қатты.

Қисықов: Өй, деген... Ондай жағдай болады. Кісі кей-кейде өз ішінде екіге жарылады деседі. Екі жақ болып тайталасады деседі. Жақсы жағы жеңсе, онда жолы болады. Ал, енді жаман жағы басым түссе, онда қиын.

Қабден: Сіздің ойыңызша, мен екі Қабденмін бе? Қисықов: Оны өзіңіз білесіз. Мәселен, тап қазір не туралы

ойлап отырсыз?Қабден: Басымда түк ой жоқ. Бос қауақ секілді. Қисықов: Ол шаршағаннан. Миды да тынықтыра білу ләзім. Қабден: Қалай? Қайтіп?Қисықов: Оған көп жүк арта бермеу керек. Ойланудың да

шегі болады. Әсіресе, саясат туралы...Қабден: Мен саясат туралы ойланбаймын. Оны ұмытқалы

қаш-шан?!.Қисықов: Өмір туралы ой да ауыр. Тіршілік түйткілін ешкім

де түзеп біте алмаған.Қабден: Өмірді де ойламаймын.Қисықов: Өмір деген мысалы, отбасы ғой. Соны көп ойласаң,

миың атала болып кетеді. Біздің заман – күрескерлер заманы. Алысу керек, жұлысу керек. Берместі тартып алу қажет.

Қабден: (қинала) Мен миы шаршаған кісіге ұқсаймын ба? Қисықов: Сөзіңізді бағамдасам, солай сияқты. Әй, бірақ ол

да уақытша құбылыс. Кісі шаршағанда пайда болатын сезім. (сәл кідіріп) Сіздің бұл отырысыңыз – қай отырыс! Қаласаңыз, қалаға шығайық. Ептеп көңіл көтерейік. Один раз живем... Ақша жетеді.

Қабден: Қала маған қызықсыз. Қисықов: Әрине, сырты қызықсыз. Ал, ішіне ене білсеңіз...

(жымысқылана күледі.) Бәрі ішінде ғой. Жүр, досым! Бірге кетейік.

Қабден: (басын көтеріп) Кетеміз бе? Қисықов: Әрине! Сыртта су жаңа автокөлік күтіп тұр. Қалада

жап-жас арулар көзін сүзіп тұр. Біздікі не отырыс!

Page 418: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

419

Қабден: Арулар-р!... Қандай арулар ол?.. (сәл тоқтап) Жоқ, бармаймын. Осында отырам, менің серігім-ой....

Қисықов: Онда өзіңіз білесіз. Мен кеттім... (сәл мүдіріп) Көріп тұрмын. Бүгін сіз үшін ең ауыр күн екен. Тым күйремеңіз.Жадыраңыз. Есіңізді жиыңыз. Саят, ау, Саят! (Саят келеді) Мына кісіге жағдай жаса. Менің есебімнен қымыз құйып бер. Қайтарда таксиге отырғызып жібер. Ұқтың ба! Бұндай кісілерді құрметтей білу парыз. Ал, мен... асығыстау едім. Әттең, уақыт болса, отырып сөйлесер-ақ едім.

Қабден: Оқасы жоқ. Сау болыңыз.Қисықов: Өй, деген... Айтқандай, біз әлі кездесерміз. Тағы

да келіңіз. Сізбен саясатты да, құрылысты да емес, махаббат жайын сөйлескен қызықтау екен. Оған мен де әзірмін. Мен өзі... осы заманның серілерін ұнатам. Өзім де ұқсағым келеді. Шіркін, бизнес пен серілікті қатар ұштастырып әкетсем ғой... (ол сөйлеген күйі сахнадан шығып бара жатады).

саят: Аға, сіз тағы жалғыз қалдыңыз ба? Аналар қайда?Қабден: Олар... кетіп қалды.саят: Жаңағы әдемі келіншектер кімдер? Қабден: Е, інім, бұл ұзақ әңгіме. Оны саған қалай айтып

түсіндірем? Ұзақ-қ жыр... Өмір жыры...саят: Сіз... жаңағы әдемі келіншектің біреуін жақсы көр-

гесіз-ау деймін?!. Солай ма, аға?Қабден: (күрсіне) Жақсы көру – бергі жағы ғой. Оны

сүйетін едім, қайтейін-н... (сәл үндемей қалады). Бізді қоя бер. Өзіңді ойла. Өз тағдырыңды ойла, қарағым!

саят: Сіздің бағанағы айтқан сөзіңізге қатты ойланып қалдым. Махаббат деген тек қана сүю-күю емес дедіңіз. Сол сүйіспеншілік жолында мехнат та, ауыртпалық та кездеседі деп айтып едіңіз... Соны ойланып...

Қабден: Жоқ! Мен қате айтыппын, қарағым! Махаб-бат деген, ең алдымен, шын сүю. Сүйіспеншілік отына шар-пыла білу. Өмірде жас адам махаббат отына шын шарпылса, онда қателеспейді. Қателесіп жүргендер басқалар. Шын сүйе алмағандар-р...

саят: Сіз бағана ауылда болған бір оқиғаны айтып едіңіз. Қызға ғашық болып, сезімін ұғындыра алмай, ақыры өзіне-өзі оқ жұмсаған жігіт ше? Мен сол байғұс жігітті ойлап, бағаналы бері іштей қамықтым.

Қабден: Е, ол бір шын сүюдің үлгісін тастап кеткен нағыз ер жігіт. Бірақ кішкене ауылда оны шын түсінген ешкім болмады. Бәрі де оны ақымақ деді. Мен де солай ойлаппын! Қазір... қазір ғана шын түсіне бастаған сыңайлымын. Біз неткен то-пас болғанбыз? Махаббатты асқар шыңға көтеріп, шын бағалай білгендер солар-р...

Page 419: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

420

Осы кезде сахна қараңғыланады. Жарық Қабденге түсірі- леді. Оның құлағына дауыс жетеді.

Бекқожаның даусы: Сен мені соңғы кезде мүлде ұмытып кетіпсің-ау, Қабден? Бұрын мен туралы көп ойлаушы ең, кейінгі кездері неге ойламайсың? Жанымды, жан сырымды түсінетін бауырым тек сен деуші ем...

Қабден: Неге ойламайын, ағатай! Сіз менің есімдесіз. Тіпті жүрегімнің түкпіріндесіз. Мына біздің заман – аласапыран за-ман болып кетті. Сүю деген сөз өз қадірін, мағынасын жойып барады.

Бекқожаның даусы: Махаббатқа, сүйіспеншілікке ешқандай заман, уақыт билік жүргізе алмайды. Махаббат – ол зәулім са-рай. Оған көрінгеннің қолы да, өресі де жетпейді. Сондай асыл сезімді бір қадірлей алса, сен қадірлейтін болар деп ем...

Қабден: Жоқ, ағатай! Мен ондай емеспін. Мен босбелбеу жігітпін. Мен... сұлуымды құшып тұрып, айрылып қалдым. Сірә, өмірде оңбай жаңылыс басқан жігітпін...

Бекқожаның даусы: Өзіме тартатын болар деп ем. Қайтейін... Ал, бірақ бүгінгі әңгімең ұнады. Сен бәрібір махаббатты аспанға көтердің. Оны іштей жақтадың. Оны... қорғадың. Бұл – ерлік.

Қабден: Аға! Сіз – махаббат киесісіз. Әттең... мен ақын болсам, сіз туралы дастан жазар едім. Сіз махаббатсыз өмір сүрудің түкке тұрмайтынын топас жандарға ұқтырып кеттіңіз... (сәл тоқтап) Осы күні өлу ерлікте емес дейтін болыпты. «Онда біз енді қорқақтарды, жалтақтарды төбеге көтерейік» деп айқайласам ба деймін. «Жаным-арымның садағасы!» Осы-ны мен емес, қазақ айтпап па еді, Бекқожа аға-а!...

Бекқожаның даусы: Тіршілік-к! Ол деген ғанибет қой!... (күрсінеді) Мен... сүю отына шарпылып, күйіп кеткен Адам-мын. Сендер өйте көрмеңдер, қарақтарым... (дауыс жоғала береді)

Қабден: (есін жиып) Қайран ағам-ай! Жанып кеттің-ау өмірден... Иә, шын махаббат ол – қызулы от. Оның оты-на шарпылсаң, күйдіріп жіберетіні рас. Ол енді аңыз... Өмір аңызы... (күрсінеді) Қой, мен де кетейін. Балзия мен білетін Балзия болса, енді Жырымбекке бұрылмайды. Қой, кетейін...

Осы кезде «Қымызханаға» әдемі киінген бір жігіт ағасы кіріп келеді. Бұл – Асылберген.

саят: (оған иіле сөйлеп) Қымыз ішесіз бе?асылберген: Қымызға үлгерерміз, інішек! Осында екі

келіншек кірді деп еді. Солар қайда?саят: Олар кетіп қалды.асылберген: Қап, әттеген-ай! Үлгере алмаппын-ау!...Қабден: (сөзге араласып) Сізге қайсысы керек еді? Олар

екеу болатын.

Page 420: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

421

асылберген: Маған Балзия керек.Қабден: (елең етіп) Оның кімі боласыз?асылберген: Оу, замандас, сіз өзі прокурор сияқты мені

сұрақтың астына алдыңыз ғой?Қабден: Дегенмен, сұрап жатқанымыз да. асылберген:

Балзияға айтар сөзім бар еді. Үнемі оқталам да, жүрегім дау-аламайды.

Қабден: (оны қасына шақырып) Келіңіз, тізе бүгіңіз. Бір саптыаяқ... то есть бір сапар кесе қымыз ішіңіз.

Асылберген келіп отырады. Өзі абыржулы. Көңілі алаңдаулы.

Қабден: (Саятқа) Қымыз әкел. Ағаң күтіп отыр ғой. (со-сын Асылбергенге қарап) Балзияны көптен танисыз ба?

асылберген: Ой, замандас-ай, сіз де қадалған жерден қан алмай қоймайды екенсіз? Ал, екі-үш айдан бері танимыз делік.

Қабден: Өзіңіздің басыңыз бос болуға керек?асылберген: Ал, солай делік.Қабден: Онда ойланып не керек? Үйіне кіріп бармадыңыз

ба?асылберген: Соған... жүрегім дауаламайды. Көргім-ақ

келеді. Қолынан ұстағым-ақ келеді. Бірақ....Қабден: Балзия соншалық сұсты келіншек пе?асылберген: Сізге қалай екенін қайдам, маған құлыптаулы

қазына сияқты. Бір кеште сөйлесіп, сырласқанымыз есімнен кет-пей қалды.

Қабден: Тойда жолыққан болдыңыз ғой? асылберген: Тап солай! (сәл мүдіріп) Сіз оны қайдан

білесіз?Қабден: Логика-а...асылберген: Ә-ә, логика екен ғой. (үзіліс жасап) Сосын

тағы да жолықтық. Тағы да сыр айтыстық. Балзия – көкірек сарайы терең келіншек. Жаны қандай таза, сөзі қандай сәулелі... Қандай әңгімені де тереңнен, алыстан қозғай біледі. Жан-дүниеңді рахатқа бөлейді. Онымен бірге болу – сөзбен айтып жеткізгісіз жан ләззаты... Сізге оны айта алмаймын.

Қабден: Өзіңіз ғашық болып қалғаннан саусыз ба?асылберген: Болса ше! Балзия секілді келіншекті шын сүю

үшін үлкен жүрек керек! Терең сезім керек! Шынайы махаббат керек!...

Қабден: Өзі... бұрын күйеуге шығып па? Ол туралы айтпай ма?

асылберген: Мен сұрағам жоқ. Ол да бұл тақырыпта тіс жармады. Мүмкін, жараспаған шығар. Балзияны жан сезіміне терең бойлау үшін жәй еркек болу жеткіліксіз-з... Ол көрінгеннің көгершіні бола алмайды. Ол-сирек кездесетін бақыт құсы...

Page 421: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

422

Қабден: (күбірлеп) Жөн, жөн... Солай болса, солай шығар-р...Осы кезде сахнаға Жырымбек пен Балзия шығады. Олар-

ды көре сала Асылберген орнынан ұшып тұрады.асылберген: Бұл қалай? Түсінбедім.Жырымбек: Түсінбесең, қазір түсінесің.Балзия: Мен кетейін.Қабден: Жоқ, кетпе. Осы бүгін, осы қазір бәріне нүкте

қоялық.Балзия: Басым айналып барады! Көзім қарауытып... (ол

қисая бергенде Жырымбек ұстап қалады)асылберген: (жүгіріп жетіп) Жаным-ау, не болды саған?Қабден: (ол да сасқалақтап) Жүрек пе? Дәрігер, дәрігер

қайда?Жырымбек: Ешкім де керек емес, қазір ес жияды.Осы кезде сахнаға Бізбике шығады. Ол Балзияны көре

сала, ұмтылып жетеді.Бізбике: Бұл қалай болды? Есінен танып қалды ма?Жырымбек: (күле сөйлеп) Жүрегіне ең жақын кісілердің

бірге отырғанына таңданам деп естен танғаны ғой.Қабден: Әзілді қойсаңшы.асылберген: (ашулана) Сен.... не деп тұрсың! Балзия олай-

бұлай боп кетсе, мен де өмір сүрмеймін. Осы сөзім – сөз...Жырымбек: Міне, нағыз махаббат! (Қабденге қарап) Сенің

әлгі Бекқожа ағаң бар ғой, мынау да тап сол. Бүгінгі заманның Бекқожасы.

Осы кезде Балзия ес жинайды. Асылберген оны құшақтай алады.

асылберген: Жаным, сәулем-м... Маған сенсіз өмір жоқ. Сөзіңді қазір берсең, ертең той жасаймын.

Балзия: (ауырсына) Саған ... мен де сенем. (Қайта талықсып кетеді)

асылберген: (қулана) Міне, мен оған сеніп едім ғой. Сенімім алдамапты. Балзия-менің көгершінім-м...

Қабден: (күрсіне) Е-е, мен енді бұл жерге керек емес екем. Қой, кетейін...

Ілби басып, сахнадан шығып бара жатады.саят: (соңынан ілесе түсіп) Тоқтай тұрыңызшы, аға! Сіз

өзіңізді таныстырмадыңыз ғой? Сіз кімсіз? Қабден: Адам жоғалтқан адаммын, қарағым!саят: Кімді жоғалттыңыз?Қабден: Әуелі Бекқожа ағамды ұмыттым. Оның бейнесін

жоғалттым. Сезіміме селкеу түсті. Сосын махаббатымды жоғалттым. Жүрегіме әжім түсті.

саят: Махаббатты қалай жоғалтады? Ол жүрегіңізде емес пе?

Page 422: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

423

Қабден: Жүректен іңкәрлік кетсе, махаббат та қашады. Қашқан махаббаттың қақпасы енді қайтып ашылмайды.

саят: Махаббат қақпасы дейсіз бе? Ойыңыз қызық екен.Қабден: Мен махаббат қақпасын мәңгі ашылмастай жауып

алған сорлы бейбақпын. Сосын да бақытсыз жанмын, інім! саят: Махаббат қақпасын аша алмағанның бәрі де бақытсыз

ба?Қабден: Махаббат аралының өз есігі болады, қарағым. Оған

бауырлап жылжып жылан да жетеді, қалықтап ұшып қыран да барады. Бірақ, оны ашу үшін тек жету мәре емес, мәселе көңіл кілтінде. Сол көңіл кілтін кім дөп басып таба алса, жеңіс соныкі. Махаббат деген асыл сезім де сол кілттің ұшында болады екен. Соны есте ұста! Ал, кеттім. Саған деген сеніммен кетіп барам, інім. Бізден кейінгі махаббат аралының аңшысы өзің ғой. Жолың оң болғай!

Page 423: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

424

ҚалаДағы ПӘТЕр(комедия)

Қатынасушылар:1. мәди – жас жігіт, жасы 25-терде2. Дина – Мәдидің сүйген қызы3. Жұпар – Динаның құрбысы, Астанада тұрады.4. Ермек – Динаның күйеуі.5. Талап6. Бауыр Мәдидің достары7. БектайЖекелеген көріністерде: Көрші кемпір-шалдар, асаба,

Астанадағы пәтер иесі – Нәбира, телефондағы дауыс, т.б.Оқиға осы күні елде және Астана қаласында өтеді.

БіріНШі ПЕрДЕ

Бірінші көрінісАудан орталығындағы үлкен мейрамхана. Біреу кіріп, біреу

шығып жатыр. Жеңіл музыка ойналуда. Күлкілер, жарқын-жарқын дауыстар. Әлдекімдердің атын атап, айқайлаған ер-кек үні. Әдемі киінген үш жас жігіт сахнаның алдыңғы жағына шығады. Бұлар үйленгелі жатқан жігіттің достары – Талап, Бауыр, Бектай.

Талап: (ықылық ата) Әй, сендерге шынымды айтайын ба? Осы Мәдиді ешқашан үйленбейтін болар деп ойлаушы едім.

Бауыр: Е, неге?Талап: Өйткені, қыз-қырқынға о бастан икемі жоқ.Бектай: Момын десеңші.Талап: Жоқ, момын емес, сөзі жоқ. Ал, сөйлей білмеген

жігітті қыз қайдан ұната қойсын.Бауыр: Үндемеске сайма-сай үндемейтін қыздарды Алла-

тағала өзі жаратады деседі.Бектай: Иә, мен де солай ойлаймын.Талап: Қыз жүрегіне жол табу үшін тіл керек, достар! Тіл тас

жарады-ы... (ықылық атады)Бауыр: Бірақ, қыздармен үнсіз табысуға да болады емес пе?Бектай: Ондайды жүрекпен тілдесу дейді. Менің бір таныс

жазушым бар, сол жазған. «Жүректің тілі» деген әңгіме....

Page 424: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

425

Талап: Ой, қиялиларым-ай! Айтасыңдар-ау, сендер де... Біздің заман – бос қиялдың заманы емес. Нақты іс, нақты әрекет заманы! Осыны есте ұстаңдар!

Бауыр: Білеміз! Білеміз бәрін де. Сен бизнеске тым ерте бет бұрдың. Бәрімізден де озып кеткен өзіңсің.

Бектай: Дүниемен озу – шын озу емес.Талап: Ақшаң болмаса, осы күні кімсің сен? Кім сөйлеседі

сенімен?...Бектай: Біреулер үшін солай шығар, ал менің ойымша...Бауыр: Ой, біз не айтып кеттік? Одан да қазіргі той туралы

сөйлеспейміз бе? Досымыз үйленгелі жатыр, әне!Талап: Оның сөйлесетін несі бар?Бауыр: Не тарту етеміз? Ортақ сыйлық береміз бе дегенім

ғой.Бектай: Өте дұрыс! Бұны ақылдасып қойған артық емес.Талап: Сендерді білмеймін, өзімнің тойға деген жеке тар-

туым бар.Бектай: Ол не? Білуге бола ма?Талап: Той үстінде естисіңдер. Әзірге құпия... Бауыр: Жарайды әркім өзі біледі ғой. (сәл тоқтап) Енді

мейрамханаға кірелік. Уақыт та болып қалыпты.Үшеуі мейрамханаға кіріп бара жатады.

Екінші көрінісТой өтіп жатады. Музыка. Асабаның зор даусы. Сахнада

жарық бірде жанып, бірде өшеді. Төрде-жас жұбайлар.асаба: Келесі сөз кезегін жас жұбайлардың көп жылдан

бергі достары – Талап мырзаға, Бауыр мырзаға және Бектай мырзаға беріледі. Ал, келіңіздер! Билеп келіңіздер-р..

Үш жігіт сахнаның ортасына шығады. Кезекті алдымен Талап алады.

Талап: (даусы сәл қырылдап) Мен бүгінгі туған күнге...Бектай: Ой, туған күнің не? Бұл үйлену тойы ғой.Талап: (Бектайға қарап) Ой, маған не болған? (тамағын ке-

неп алып) Яғни, үйлену тойы күні өз қабырғаммен ұзақ кеңестім. Мәди – менің жан досым. Ең сыйлы досым. Оның үйленіп, бір басын екеу еткені – маған да зор қуаныш! Бүгін мен де аса бақыттымын.

Бауыр: (сыбырлап) Бізге қысқа сөйле деген.Талап: Сөзімді бөлме! Мен бүгін сөйлемегенде, қашан

сөйлеймін? Айтатыным өте көп. Тіпті ішіме сыймай бара жатыр. Мына Мәдидің балалық кезінен бастасақ...

асаба: (күле сөйлеп) О-о, ағасы, сіз тым әріге кетіп қалатын сияқтысыз. Балалықты қоя тұрып, бүгінгі күнге оралсақ қайтеді, а?

Page 425: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

426

Талап: (бас изеп) Ол да болады! Біз Мәди екеуміз студент кезде ой бір өмірді сүрдік қой. Оқуға түскен алғашқы жылда-ры....

Бектай: (сыбырлап) Той! Той туралы...Талап: (жалт қарап) Қандай той? Студент кезде той

қайдан болсын?Бектай: Жоқ, бүгінгі тойды айтам.Талап: Яғни, үйленгелі жатқан досым – Мәди мен үшін аса

қымбат. Мен оған... яғни осы тойға келе жатып, не сыйлау керек деп ойладым. Атым шыққан бизнесменмін. Оны сіздер жақсы білесіздер. Ақша жағы шешілген. Не сыйлау керек?

Дауыстар:– Автомашина!– Джип!– Мерседес-с– Пәтер-р...Талап: О-о, дұрыс айттыңыз. Мен Мәди мен ана сұлу

қалыңдық.... (Бектайға сыбырлап) Аты кім еді?Бектай: (ақырын) Дина! Дина-а...Талап: Дина қалыңдық екеуі енді ауданнан ұзап шығып, үлкен

қалаға келіп тұратын болсын деп пәтер сыйлауды ұйғардым. Дауыстар:– Неше бөлмелі?– Қай қабаттан?– Биік үй ме?Талап: Қаланың қақ ортасынан. Бес қабатты үйдің үшінші

қабаты.Дауыс:– Қанша бөлмелі?Талап: Әрине, төрт бөлмелі. Бұлар ертең өседі, көбейеді.

Бала-шаға болады. Емін-еркін өмір сүруі керек қой.Дауыстар:– Ой, жарадың!– Шын жомарт дос екенсің!– Кәсіпкер жігіттің бәрі осылай болса, кәні!Талап: (қалтасына қолын салып) Кілті міне! Ал, ертең

қалаға келген соң, пәтерге өзім орналастырам (ол жас жұбайларға қарай жүреді).

Бектай: (Бауырға) Біз не тарту етеміз? Талаптан қалыссақ, ұят болады ғой енді.

Бауыр: Әй, мақтаншағым-ай! Осылай тым асқақтаудың қажеті бар ма еді, а?

Бектай: Айтты-бітті! Ол енді дегенін орындайды. Сен қайтесің?

Page 426: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

427

Бауыр: Мен бе? Мен... пәтердің залына қоятын гарнитур атасам ба деп тұрмын. Ал, сен өзің ше?

Бектай: Мен төрт бөлмесіне төрт кілем атаймын. Ең қымбат кілем сыйлаймын.

Бауыр: Шынымды айтсам, біздің тұрмыс жағдайымыз өте жақсы дей алмаймын. Алайда, жолдан жығылмауы керек.

Бектай: Менікі де сол ой. Бәрін бүлдірген-ана Талап! Өзі қай кезде ішіп алған? Қашан үлгерген?..

Бауыр: Тойға дейін-ақ тойып алыпты ғой.асаба: (дауыстап) Сіздер... сіздерді күтіп тұрмыз.Бектай: (оны тоқтатып) Бізге сөйле деп жатыр. Ал,

бастайық.Екеуі кезектесіп сөйлейді. Қысқа айтады. Сыйлықтарын

атайды.Дауыстар:– Ой, достары шетінен жомарт жандар екен ғой!– Міне, дос болсаң, осындай бол!Музыка ойналып жатады. Сахна қараңғылана береді.

Үшінші көрінісСахнада – Мәди мен Дина. Дина әлденеге абыржулы.Дина: Әзірге осында тұра берсек қайтеді, а? Қалаға кейінірек

көшерміз-з...мәди: Жоқ, ауданда осы уақытқа дейін тұрғанымыз жетеді.

Қаланың аты – қала.Дина: Біз әлі ондағы пәтерді көрген де жоқпыз. Мүмкін,

ремонт керек болар. Әуелі сол жағын біліп алсақ...мәди: (дауыс көтере) Сен менің досыма сенбей тұрсың ба!

Талап деген өте бай, өте жомарт кәсіпкер.. Оған қаладан бір пәтер алып бере салу сөз бе? Көрдің ғой, төрт бөлмелі пәтерді сыйлай салды.

Дина: Айтты ғой. Сыйлады ғой. Бірақ...мәди: Тағы не?Дина: Мына тұрған жерімізді қия алатын емеспін. Өзіме өте

ыстық...мәди: Оу, біз өзімізге ыстық деп осы кішкене ауданда қалып

қойсақ, ұрпағымыз қайтеді? Олар өсуі керек, алға ұмтылуы керек. Біз соған себепкер болуымыз керек емес пе, а?

Дина: Ойыңды қостаймын.мәди: Ендеше, менің ақылымды тыңда! Затыңды жинас-

тыр. Үйді сатайық. Тезірек қалаға жетіп алғанымыз олжа.Дина: Жарайды. Мен заттарды буып-түюге кірісейін. Сен

сатумен айналыс.

Page 427: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

428

мәди: Онымен айналысатын не бар! Бір кісімен уәделесіп қойғам. Қазір телефон соқсам, жетіп келеді. Ақшасы әзір. (со-сын телефон шалуға кіріседі)

Дина: (оны тоқтатып) Бүгінше осында түнеп шығайықшы. Ертең де күн бар емес пе? Асықпашы.

мәди: Әй, осы сен-ақ... Тым сылбырсың! Тез-тез шешіп тастайтын нәрсені арқандай созып... (күрсініп, жөтеледі) Менің достарымды айтсаңшы! Бірі – пәтер кілтін ұсынды, бірі – мебель, ал үшіншісі... не деп еді?

Дина: Кілем!мәди: Иә, үш кілем...Дина: Үшеу емес, төртеу...мәди: О, дұрыс! Төрт бөлмелі пәтерге – төрт кілем деп ау-

зын толтырып айтты ғой (масайрап). Міне, нағыз жомарттық-қ...Енді екеуі бөлме ішінде асығыс-үсігіс қозғалады. Әрқайсысы

өзінше бір заттарды теріп, жинастырып жүреді.

Төртінші көрінісҮйдің жаны. Мәди мен Динаны бір топ көрші-қолаң

қоршап тұр. Бәрі де бұларды қия алмай, жылы-жылы сөздер айтуда. Көрші шал Көмекбай мен қисық мінез кемпір Кесіркүл де араларында.

Көршілер:– Бізді ұмытып кетпеңдер!– Жиі-жиі келіп тұрыңдар!– Қалаға барған соң, орналасқан үйдің әдрісін жазып жібе-

рерсіңдер.Дина: Әрине, сөйтеміз!мәди: Сіздерді еш ұмытпаймыз.Дина: Туған жерден күдер үзуге бола ма?мәди: Кейінірек, қалаға қыдырасыздар. Біздің үй кең. Төрт

бөлмелі...Бір көрші: Мен бір аптадан соң немеремді дәрігерге алып

барушы едім. Хабарлассам бола ма?мәди: Әрине. Дина әзірге үйде болады. Қысылмай келе

беріңіздер.Екінші көрші: Ұлым әрмияға сол Астананың түбіндегі

бөлімшеге барыпты. Әдірестеріңді айтсаңдар, оқта-текте болса да, келіп тұрса деп едім. Ауылды сағынады ғой.

Дина: Келсін. Еш қысылмасын.мәди: Өз үйіндей көре берсін. Айтыңыз, хабарлассын.Осы кезде сөзге Кесіркүл араласады. Жұлынып сөйлейді.Кесіркүл: Әй, сендер әлден жастарға бір тонна тапсырма

артып тастадыңдар ғой. Әуелі орналасып алсын. Үйіне жиһаз алсын. Міне, содан соң барсақ та жетпей ме? Әй, бір десе...

Page 428: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

429

Төртінші көрші: (ернін сылп еткізіп) «Байдың ма-лын байғұс қызғанады» деген. Мынаның сөзінің түрін қара! Қамқоршыл болғансып...

Көмекбай: (сөзге араласып) Ал, балалар! Жолдарың бол-сын! Аман-сау жетіп алыңдар! Сау болсаңдар әлі-ақ бұл ауылға талай келерсіңдер. Туған жер қалай десек те ыстық. Оны бастан кешкенбіз-з...

Кесіркүл: (ернін шүйіріп) Бастан кешкенбіз дейді! Өзі қайда ұзап барған екен соншама! Үш жыл әрмияға барып қайтқанын айта алмай тұрғаны да..

Көмекбай: Біз не көрмедік! Біз... осы ауылды 5-10 жылдай көрмей кеткен кездер де болған. Сондайда сағыныш дегеннің не екенін мына қауақ бас сезген. (жөтеліп қойып) Сол шақта әлгі Огинский бар ғой, соның «Полонезін» гармонмен шырқаған қазағың біз боламыз-з...

Кесіркүл: Әй, Огинский, сен енді жастардың жолын бөгеме! Олар асығыс, поездан қалып қояды.

Көмекбай: Екеуіңді ана қырда байлаулы тұрған жарау атым-мен вокзалға өзім шығарып салайын ба?

мәди: (күліп) Жоқ, әкей! Бізге көлік келеді. Атпен жүру қалып барады ғой. Оның үстіне мына келініңіз...

Көмекбай: Е-е, түсіндім. Келін бар екен ғой. Түсіндім-м...мәди: Ал, туыстар! Біз жолға шығайық. Бізге баталарыңызды

беріңіздер.Мәди мен Дина алақан жаяды. Көмекбай шал бата береді. Көмекбай: (бата беріп болып) Огинскийді бір шырқап

жіберсем қайтеді?Кесіркүл: Огинскийде басың қалсын сенің!... О, қу шешек...Сахна қараңғылана береді.

ЕКіНШі ПЕрДЕБесінші көрініс

Астананың вокзалы. Ығы-жығы халық. Арлы-берлі асыққан жолаушылар. Солардың арасында Мәди мен Дина тұр. Екеуі де абыржулы. Әлдекімді күтіп тұрған сыңайлы.

Дина: Қашан келеді?мәди: Кімді айтасың?Дина: Кім? Кім? Әлгі досыңды айтам.мәди: Сабыр сақта. Талап бір сөзді жігіт. Келіп қалар.Дина: Мен шаршадым.мәди: Шыда енді. Сәлден соң төрт бөлмелі пәтерге барғанда

барлығын да ұмытасың. Тіпті оның ішінде жұмсақ диван бар деген.

Page 429: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

430

Дина: (қуана) Жаңа диван сатып әкеліп қойған ба?мәди: Әрине! Алғашқы кезде сол диванға жата тұрамыз.

Сосын жайлы төсек те сатып алармыз.Дина: Сол үйімізге тезірек жетсек екен!мәди: Жетеміз. Тым асығып-аптыға берме.Осы кезде сахнаға әдемі киінген досы – Талап шығады.

Ол Мәдиді құшақтап, төс қағыстырады. Динаның бетінен сүйеді.

Талап: (абдырап) Кешіріңдер, сәл кешігіп қалғаным... Биз-нес деген осы! Бәрі де аяқ астынан шыға келеді. Шетелден бір әріптес келе қалғаны...

мәди: Оқасы жоқ. Түсінеміз.Дина: Үйге тезірек жетсек екен.Талап: Ал, жүріңдер. Ана жақта көлік күтіп тұр. (сәл

тоқтап) Заттарың жоқ па?Дина: (асығыс жауап қатып) Бәрін де сатып жібердік.

Ауылдағы заттар Астанаға жарай ма?мәди: Иә, солай шештік. Жаңа пәтерге жаңа мебель керек.

Бәрі де жаңа болғанға не жетсін.Талап: (қипақтай сөйлеп) Ол да дұрыс екен. Осылай реті

келгенде жаңарып алған да артық емес. Ал, кеттік.Үшеуі сахнадан шығып кетеді.Сахна қараңғыланады.

алтыншы көрінісЕкі бөлмелі ескі пәтер. Ішінде ескі диван. Қабырғалары

кірлеген. Мәди мен Талап бір шетте сөйлесіп тұр. Дина көңілсіз.

Дина: (өзімен-өзі) Су жаңа төрт бөлмелі пәтері қайда? Бізді қайда алып келді өзі?

Осы кезде Талаптың даусы естіледі.Талап: Әзірше осы пәтерде бола тұрыңдар. Жаңа үй бітпей

жатыр. Сәл ғана шыдаңдар. Аз ғана уақытқа...Дина: (дауыстап) Оны ертерек айтуың керек еді. Біз

кейінірек көшіп келетін едік.Талап: Сендер бұлай тез, аяқ астынан көшіп келеді деп

ойлаған жоқ едім.мәди: Оқасы жоқ. Күте тұрамыз. Ең бастысы – қалаға

жетіп алдық.Талап: Рас, қалаға келудің өзі де – ерлік.Дина: (күбірлеп) Үй-күйсіз келіп алу да ерлік болып па? Ау-

данда үлкен үйіміз бар еді. Көршілеріміз өте мейірімді кісілер еді.

Page 430: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

431

мәди: (оның сөзін бөліп) Сен енді өткенді айта берме. Жаңа өмір бастаймыз дедік пе, бастаймыз! Аз ғана қиыншылыққа мойымау керек.

Талап: Уәде беремін. Ары кетсе, бір айдың ішінде...Дина: (шошына) Бір ай! Бір ай бойы мына сасық үйде

тұрамыз ба, сонда-а?мәди: Қой деймін! Бұл қалада осындай үйге де қол жеткізе

алмай жүргендер шаштан көп. Ал, біз... келдік те кіре салдық. Бәрі мына досым Талаптың арқасы.

Талап: Ал, жарайды. Сендер жуынып-шайынып, демалыңдар. Ертең өзім хабарласам.

мәди: Жақсы. Біз расында да жолдан шаршадық, демалайық.Талап сахнадан шығып кетеді. Мәди мен Дина оңаша

қалады.Дина: Осы досыңның сөзінен сезіктене бастадым. Сол жаңа

үйі жуық арада біте қоймас, сірә!мәди: Олай деме! Құрылыс деген сол. Көктем десең, жаз-

да, ал жаз десең, күзде бітеді.Дина: Оның несі кетеді? Ал біз екеуміз мына ескі, кірлеген

үйде..мәди: Айтпадым ба жаңа, қалада осындай пәтерге де қол

жеткізе алмай жүргендер жүздеп, мыңдап саналады деп?Дина: Олардың барар жері жоқ шығар. Біздің ауылда үлкен

үйіміз бар еді ғой. Өзіміз соны тастап... (жыламсырайды)мәди: (оны жұбатып) Сәл шыдашы, енді. Досым екі

сөйлемейтін жігіт. Мүмкін жылдамдатар. Бір ай емес, бір апта-дан соң-ақ...

Дина: Сенімім аз. Сене алар емеспін. Тойда ауыз толтырып айтып, уәде берді. Одан бері қаншама уақыт өтті. Осы кезде бітпеген үй енді қашан біте қойсын. Күдігім көп...

Осы кезде Динаның қалта телефоны шырылдайды. Дина көтереді. Арғы жағында – Динаның құрбысы Жұпар.

Жұпар: Сендер қалаға келдіңдер ме? Пәтерлерің қай жерде? Біз қазір күйеуіміз екеуміз барып көріп шықсақ деп едік.

Дина: (қипақтап) Қаладамыз, бірақ...Жұпар: Үйге жеткен жоқсыңдар ма?Дина: Бізге берілетін үй әзір емес екен.Жұпар: Енді қайдасыңдар?Дина: Уақытша тоқтадық.Жұпар: Болмаса сол жерге барайық. Әдіресі қалай?Дина: Білмеймін. Жаңа ғана кірдік. Кейін өзім хабарласа-

мын.Телефонын өшіреді. Сосын көзіне жас алады.Дина: Міне, ең жақын құрбым хабарласып жатыр. Біздің

жаңа пәтерді көруге асығулы. Қазір-ақ жетіп келмекші.

Page 431: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

432

мәди: Әзірге қоя тұрсын. Әдірісті берме. Мына үйді не бетімізбен көрсетеміз?

Дина: Өзім де солай ойладым.мәди: Өте дұрыс істедің! Ой, ақылыңнан айналдым сенің-ң...Сахна қараңғылана береді.

Жетінші көрінісТаңертеңгілік. Мойнына сүлгі іліп алып, жуынатын

бөлмеге бара жатқан Мәди көрінеді. Өзі ыңылдап әндетіп қояды. Осы кезде оның қалта телефоны шырылдайды.

мәди: (телефонды құлағына тосып) Тыңдап тұрмын!Арғы жағынан досы Бауырдың даусы естіледі.Бауыр: Сәлем, досым! Аман-сау жеттіңдер ме? Мен кеше

хабарласа алмай қалдым. Қала сыртына кетіп қалып едім.мәди: Оқасы жоқ. Енді осындамыз ғой.Бауыр: Жаңа пәтерлеріңнің әдіресін айтсаңшы. Жұмыс

аяғына қарай соғып кетейін.мәди: (қинала) Әдірес болғанда... бұл енді-і...Бауыр: Ой, неменеге кібіртіктейсің? Айтсаңшы тезірек!мәди: Соны айтар-ақ едім, алайда...Бауыр: Түсіндім. Жағдай жоқ. Үйдің төрт қабырғасынан

басқа не болсын? Түсінемін бәрін де...мәди: Сен мені түсінбедің.Бауыр: Түсінгенде қандай! Бәрі де белгілі жағдай ғой. Біз

де бұл қалада солай бастағанбыз. Қысқасы, былай болсын. Мен кешке қарай ана жолы атаған гарнитурымды алып барам.

мәди: (шыж-быж болып) Ойбай, оны қайтем! Оны қайда қоям?

Бауыр: Залға! Ең үлкен бөлмеге, досым! Бұл анау-мынау емес, араб гарнитуры...

мәди: Дұрыс қой. Көңіліңе рахмет сенің! Менің айтайын дегенім...

Бауыр: Сөзді қой! Әдірісті айт! Кешке қарай мені күт!мәди: Бүгін емес.Бауыр: Енді қашан?мәди: Өзім айтам. Өзім хабарласам.Бауыр: Қызық екенсің ғой! Дайын тұрған гарнитурдан бас

тартқан сені көрдім. Жарайды, өзің айтарсың. Сол күні апарам да тастаймын.

Телефон өшеді. Мәди дел-сал. Маңдайын қайта-қайта уқалайды. Өзіне-өзі «бұл қалай болды, қайтсем екен енді?» деп күбірлейді. Осы кезде жанына Дина келеді.

Дина: Не болды, жаным? Кім телефон шалған?мәди: Бауыр деген досым ғой.

Page 432: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

433

Дина: Ол не дейді?мәди: Не десін! Өткенде тойда атаған гарнитурды қашан

апарып берейін дейді.Дина: Ойбай-ау, әкеле берсін. Беретін зат болған соң, біз

тезірек алғанымыз жөн емес пе!мәди: Алған соң қайда сыйғызасың?Дина: Ана балконға қоя тұрамыз.мәди: Үстінен су тамшыласа, ештеңеге де жарамай қалмай

ма!Дина: Су өтпейтіндей етіп ораймыз.мәди: Жоқ, ең дұрысы – өзінде тұра бергені оңды. Ертең

жаңа пәтерге көшкенде әкеліп бергені мақұл.Дина: (есінеп) Қап! Әдемі гарнитурды да көруге болмайды.

Жаңа пәтер де жоқ... (ол күбірлеген күйі сахнадан шығып бара жатады)

Мәди басын қасып, сахнада арлы-берлі жүреді. Өзінен-өзі күбірлеп: «Әй, осы Талаптың пәтері жуық арада бола ма, жоқ па» деп сөйлейді.

мәди: (қалтасынан телефонын алып) Әло! Талап, бұл сен бе? Телефон соғып жатқаным... әлгі пәтер...

Талаптың даусы: Айттым ғой, таяу арада болады деп. Сәл шыдаңдар.

мәди: Бүгін кездесіп, сөйлессек қайтеді.Талап: Бүгін бе? Бүгін... мен түс ауа шетелге ұшатын едім.

Сол әңгімені келесі аптаға қалдырсақ қайтеді! Аман-есен ора-лайын...

мәди: Жарайды. Аман барып қайт. Айтпақшы...Талап: Иә, не?мәди: Сен бізге азын-аулақ ақша бере тұрмайсың ба?Талап: Е, не болды? Ауылдағы үйді саттық деп едің ғой.мәди: Оның ақшасын келесі айда беретін болған. Сен қарызға

бере тұр.Талап: Берем. Бір жігіт соғады. Сол әкеліп береді.мәди: Рахмет! Ал, жақсы. Сау бол!Телефонды өшіреді. Сосын көңілденіп, сахнадан шығып

бара жатады.

сегізінші көрінісМәди мен Дина шай ішіп отырады. Дина әңгіме бастайды.Дина: Осы ескі үйде қашанғы қамалып тұра бермекпіз?

Уақытша болса да жөні түзу пәтерге кіргізбеді ме досың? Ең болмаса, соны орындасыншы.

мәди: Ол шетелде. Келесі аптада оралады. Сосын айтармын.Дина: Айтпақшы... кеше Бектай деген досың телефон шалды.

28-177

Page 433: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

434

мәди: Ол не деді?Дина: Өткен жолы тойға атаған төрт кілемді әкеліп тастайын

деді.мәди: Сен не дедің?Дина: Әкеле беріңіз дедім.мәди: Содан?Дина: Ол алып келді.мәди: Осы үйге ме?Дина: Иә, осы үйге.мәди: Ал, кілемдер қайда?Дина: Балконда. Орап қойдым.мәди: Ой, ұят-ай! Осы үйді қалайша ұялмай көрсеттің, а?

Енді досым не ойлайды?Дина: Көре берсін. Біз бе кінәлі? Кінәлі – ана Талап! Ұяты

болса, тезірек төрт бөлмелі пәтерді берсін.мәди: Айттым ғой, ол бір жетіден соң оралады деп... Сосын

пәтер де шешіледі.Дина: (күйіне) Сене алмаймын. Сол досыңның жолы да, ісі

де сұйық сияқты...мәди: Менің досым туралы қалай-қалай сөйлейсің! Мен оған

сенемін. Шексіз сенемін...Осы кезде Динаның қалта телефоны шырылдайды. Дина

құлағына тосады.Дина: Әло! Бұл сен бе, Жұпар?Жұпар: Привет! Біз Ермек екеуіміз сендерді іздеп келе жа-

тырмыз.Дина: О-о, өте жақсы болды. Әдіріс дейсің бе? Әдіріс-с...мәди: (сыбырлап) Қой! Айтпа! Бұл жерге қалай келеді? Ұят

қой...Дина: Әдіріс-с... Әло, біз үйде емес едік. Ертең... иә, ертең

өзім хабарласамын.Жұпар: Ал, енді қайдасыңдар? Мүмкін таза ауада

жолығармыз.Дина: Бүгін емес. Ертең хабарласайыншы, жарай ма?Жұпар: Жарайды. Осы сен-ақ... менен қашқалақтап.... (те-

лефон өшеді)мәди: (Динаға) Осы құрбың неменеге сені көруге қатты

құштар бола қалды, а? Өзінің қолы бос па, немене?Дина: Өте жақын құрбым демедім бе? Институтта бірге

оқығанбыз. Мені сағынған шығар...мәди: Иә, сағынды дейсің бе? Сенің үлкен-үлкен төрт

бөлмелі пәтер алғаныңды көруге асығулы да. Ішінде қызғаныш та бар болар.

Дина: Менің құрбым туралы бұлай сөйлеуге хақың жоқ!

Page 434: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

435

мәди: Сен де менің досым туралы аузыңа келген сөзді айтқансың.

Дина: Сенің досың өз сөзінде тұрған жоқ. Бізді алдады.мәди: Ол уәдесін орындаймын деген жоқ па? Әлі орындай-

ды.Дина: Тойда атаған соң, осы күнге дейін реттеп қоюы керек

еді. Бұл – жауапсыздық.мәди: (кекете) Сенің ана Жұпар құрбың да жетісіп тұр

ма? Бізге қайта-қайта телефон соға бергенше, әуелі өзі үйіне шақырмай ма? Соны да білмегені ме?

Дина: Мүмкін, шақыру үшін келе жатқан шығар.мәди: Оны телефонмен-ақ айта салуға болады ғой.Дина: Менің құрбым ондай емес. Ол арнайы келіп шақырады.мәди: Сондағы айтпағың – менің достарым үйіне шақырған

жоқ дегенің бе? Олар айтқан заттарын әкеле бастапты ғой. Енді не керек?

Дина: Ең бастысы – үй! Пәтер жағы шешілмеген соң, бәрі де бекер.

мәди: Ол да шешіледі дегем жоқ па? (ашулана) Осы сен мені неге жан алқымнан ала бересің, а?

Осы кезде үйдің қоңырауы шырылдайды. Дина барып, есікті ашады. Сахнаға бір жас жігіт шығады.

Жас жігіт: Мен ауылдағы сіздермен көрші тұратын ақбас шалдың Көмекбайдың немересімін. Осында әскерге алынғанмын. Қала түбінде әскери бөлім бар.

мәди: Е, ауылданмын де. Сен бе едің?Дина: (таңдана) Сен біздің үйдің әдіресін қайдан білесің?Жас жігіт: Маған Мәди аға айтты.Дина: (Мәдиге қарап) Өзің айтасың, ал маған... маған тіліңді

тарта тұр дейсің...мәди: Енді... солдат қой. Көмекбай атайдың немересі. Үйге

келіп, екі-үш кесе шай ішіп кетсін деп едім.Жас жігіт: (қысыла сөйлеп) Мүмкін, мен сәтсіз күні келдім

бе? Онда бара берейін.мәди: Жоқ, інім. Сен отыр. Қазір шай ішеміз.Дина: (ашулана сөйлеп) Иә, шай ішіңдер. (өзі сахнадан

шығып бара жатады.)Осы кезде тағы да үй қоңырауы шылдырлайды. Енді

Мәди барып ашады. Сахнаға Жұпар мен Ермек шығады.Жұпар: О-о, мұнда екенсіңдер ғой. Ну, сендерге аздап тар-

лау екен. Оқасы жоқ. Төрт бөлме пәтер тигенше тұра тұруға әбден болады.

Дина: (жүгіріп шығып) Ой, келіп қалдыңдар ма? Мен... ваннаға осы қазір кіріп кетіп едім. Төрлетіңдер...

Page 435: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

436

Жұпар: Әрине, төрлетеміз. Тек... мына күйеу бала, яғни Мәди мырза қарсы болмаса....

мәди: (күлген болып) О не дегеніңіз! Төрлетіңіздер.Ермек: Таныс болайық.мәди: Мен сізді білем. Дина айтқан.Ермек: Мен де сыртыңыздан таныспын.мәди: Онсыз да үйге шақырамыз деп жоспар құрып отыр

едік. Тек... тарлау болған соң...Ермек: Біз балконға шығып сөйлессек қайтеді, а?мәди: Болады. Балконға шықсақ шығайық.Дина: (асыға сөйлеп) Жо-жоқ, ол жаққа болмайды.мәди: Неге?Дина: (сыбырмен) Бағана айтпадым ба! Онда төрт кілем

бар. Аяқ басар жер жоқ.мәди: Кілем? Қандай кілем ол? (ойлана) Ә, енді түсіндім.

(енді Ермекке) Онда біз тысқа шығайық.Ермек: Жарайды.мәди: Айтпақшы, мына жігіт біздің ауылдан. Өзі солдат.

Көрші Көмекбай атайдың немересі.Ермек: Солдат па! Солдат деген өте мықты болады. Сен ана

қыздарға көмектес. Шай әзірлеуге...Жас жігіт: Жарайды. Сөйтейін.Ермек: Ал, Көмекбай атай.... мен ол кісі жайлы көп естігем.

Өзі әңгімешіл, қалжыңқой шал деседі ғой.мәди: Ол кісінің күлдіргі әңгімелері өте көп. Біздің ауылдың

Алдаркөсесі десе де болады.Ермек: Сонда ешкімнен сөзден жеңіліп көрмеген бе?мәди: Жеңе ме, жеңіле ме, мәселе онда емес. Ең бастысы-

сөзі елдің есінен кетпейді. Айталық, ол кісі бір жылы базарға бір өгізшесін сатуға апарыпты. Базардағы бір жігітке «осы өгізшені барынша мақтап, өткізіп бер, ақыңды жемеймін» демей ме? Ана жігіт те сөздің майын тамызады екен. Ой, кеп мақтасын төгілдіріп! Соны тыңдап тұрған Көмекең «әй, мұндай өгізше өзіме де керек» деп бас жібінен жетелеп, ауылға қайтыпты.

Ермек қарқылдап тұрып күледі.Ермек пен Мәди есікке беттейді. Осы кезде үй қоңырауы

тағы да шырылдайды.мәди: Тағы бұл кім?Ермек: Біреулерді күтіп отыр ма едіңіздер?мәди: Жоқ. Бізді мұнда сіздерден басқа ешкім де білмейді.Ермек: Сонда да есікті ашайық.Есікті ашады. Сахнаға толық келген сары келіншек

шығады. Қолында қызыл сөмке. Баса-көктеп, өңмеңдеп кіреді.мәди: Кешірерсіз, сіз кім боласыз?сары келіншек: Мен бе? Мені танымадың ба?

Page 436: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

437

мәди: Жоқ, танымадым.сары келіншек: Менің атым – Нәбира. Мен осы үйдің

иесімін.Ермек: Тәтесі, оны қалай түсінеміз?мәди: Сіз қателесіп келіп тұрған жоқсыз ба?Нәбира: Қарақтарым, менің басымды көп қатырмаңдар. Мен

осы үйдің иесі боламын. Пәтер ақысын ала кетейін деп келдім.мәди: (аузы ашыла) Қандай пәтер ақы?Нәбира: Кәдімгі пәтер ақы! Тұрғандарың үшін ақы

төлейсіңдер.мәди: Бұл үй біздің досымыз Талап деген жігіттікі.Нәбира: Сол Талап деген достарыңды ұстай алмай жүргеніме

бір ай болды. Қашан телефон соқсам да – шетелде. Өзі не деген жауапсыз жігіт, а? (сәл тоқтап) Қысқасы, маған мың доллар төлейсіңдер!

мәди: Қанша-а?Ермек: Не дедіңіз?Нәбира: Немене, құлақтарың керең бе? Мың доллар деймін...Ермек: Осы ескі пәтерге мың доллар сұрағаныңыз – тым

артық емес пе?Нәбира: Қарағым, ұнамаса, кете бер. Тұратын кісі табылады.мәди: (қипақтап) Апай, менде тап қазір ондай ақша жоқ.

Талап келесі аптада шетелден оралады. Міне, сол кезде...Нәбира: Оның бір аптасы бітер ме? Маған бір апта деп

жүргеніне міне, бақандай бес ай болды.Осы кезде тағы да үйдің қоңырауы шылдырлайды. Мәди

есік ашады. Сахнаға досы – Бауыр шығады.мәди: Сен қайдан жүрсің? Әдірісті айтқан жоқ едім.Бауыр: Іздеген – табады. Көптен бері қалалық емеспіз бе!

Іздедік, таптық.мәди: Саған Дина айтты ғой, ә!Бауыр: Иә, солай делік. Жарайды, мәселе онда емес. Сырт-

та көлік күтіп тұр. Гарнитурды түсіріп алыңдар.Нәбира: (сөзге араласып) Гарнитур? Ол қай жақтікі?Бауыр: Арабский...Нәбира: (таңдай қағып) Өздері көк тиын ақшамыз жоқ

дейді. Ал, ең қымбат араб гарнитурын алады (Мәдиге) Ау, оны қайда сыйғызбақсың? Бұл үй тар ғой.

мәди: Мен де соны айтқам.Осы кезде кухня жақтан Дина шығады.Дина: Мебель де келді ме?мәди: (ашулана) Мебельді қайтпексің? Әуелгі үй мәселесін

шешіп алмадық па?Дина: Төрт бөлмелі пәтер берілгенше осы үйде тұрамыз

дедің ғой. Ендеше, ел сияқты тұрмаймыз ба? Түсір мебельді!

Page 437: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

438

мәди: Жоқ, түсірме! Әзір керек емес.Дина: Түсіре бер.мәди: Түсірме деймін.Нәбира: (сөзге араласып) Мүмкін, пәтерақыға сол мебельді

бере саларсыңдар, а?Дина: (түкке түсінбей) Қандай пәтер ақы? Сіз кімсіз осы?Нәбира: Маған дауыс көтерме. Әйтпесе қазір-ақ бәріңді осы

үйден қуып шығам. Білдіңдер ме! Бұл үйдің иесі – менмін!Енді Дина жыламсырайды.Дина: Қандай күйге түстік, а! Бұл не боп кетті өзі!мәди: (жұбатып) Сәл шыдашы!Дина: Қашанғы шыдаймын? Ел-жұртқа қарайтын бет

қалмады ғой.Нәбира: (сөзге араласып) Маған осы мебельді бере

салыңдар, жыл аяғына дейін мазаламаймын. Уәде беремін.мәди: (ашу шақыра) Сіз... сізге не керек, а? Біз сізді

білмейміз! Сіз бізді білмейсіз. Пәтер ақы ма, басқа ма – оны ана Талаптан сұрарсыз. Қазір шығып тұрыңыз бұл үйден...

Нәбира: (көзін алартып) Ә, солай ма! Онда мен полицияға шағымданамын. Сендерді бұл үйде бір күн де тұрғызбаймын. Айтпады демеңдер, тырқыратып тұрып қуып шығам.... (ашу-лана сөйлеп үйден шығып кетеді).

Мәди мен Бауыр оңаша сөйлесіп тұрады.мәди: (Бауырға) Мен Талаптың бұл әрекетін түсінбедім.

Тойда төрт бөлмелі пәтер берем деп неге айтады?Бауыр: Біз де таң қалғанбыз. Мен білсем, оның бизнесі

жүрмей жатыр. өзі біреулерге көп ақша қарыз дейді.мәди: Енді не істедік? Масқара күйге түскен біз болдық

қой.Бауыр: Біздің үйдің жанында екі бөлмелі пәтер бар. Соған

көшсеңдер қайтеді, а?мәди: Оған мен көнермін-ау! Дина бара қоя ма?Бауыр: Екеулеп көндірейік.мәди: Жоқ, ол оңды шешім емес. Өз тағдырымды өзім

шешем. Енді аңқау болмаспын. Бұдан былай сөзге сенбейтін боламын.

Сахна қараңғылана береді.

эПИлогМәди мен Дина вокзалда поезд күтіп отырады. Екеуі

де көңілсіз.мәди: Сенің айтқаның шынға айналды. Сол Талапқа неге

сендім екен, а?

Page 438: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

439

Дина: Ол жігіт маған о бастан-ақ ұнамап еді.мәди: Енді не ойласаң да, айта бер. Менің ондай досым

жоқ. Намыстанбаймын.Дина: Кілемді де, мебельді де алмай кеткеніміз ұят болған

жоқ па?мәди: Қайта олар ұялсын. Егер жасай алмайтыны бар – той-

да неге айтады? Үндемесе де болатын еді ғой.Осы кезде Мәдидің қалта телефоны шырылдайды. Мәди

құлағына тосады. мәди: Тыңдап тұрмын.Арғы жағынан Талаптың даусы естіледі.Талап: Досым, мені кешір. Шетелде көп кідіріп қалдым.

Алла жазса енді бір жетіден соң қалада болам. Уәдем – уәде.мәди: Қай уәдені айтасың?Талап: Төрт бөлмелі пәтер жайын айтамын.мәди: Сен әуелі ана Нәбира апайға мың доллар қарызыңды

беріп алмайсың ба, достым? Мен сені дос деп жүрсем...Талап: Ренжімеші. Бәрі де солай болып қалды. Бизнес деген

осы! Қол жүрмей қалатын кездер де болады.мәди: Жарайды. Енді хабарласпай-ақ қой. Біз елге қайтып

бара жатырмыз. Қала бізге қол емес екен. Оны өздеріңе, сен-дерге қалдырдық.

Талап: Жо-жоқ, олай деме! Мен келем. Бір жеті күте тұршы. Сөзсіз келем...

Мәди телефонды өшіреді. Осы кезде поездың да ысқырған ащы даусы естіледі. Екеуі орнынан тұрады.

мәди: (көкке қарап тұрып) Қош бол, қала! Сен біз үшін жат екенсің. Сенің бұлай өте салқын қабақпен қарсы алатыныңды мен бейбақ білмеппін. Ал, ауыл... ауыл кең ғой. Ауылдағылардың бәрі де бауырмал, бәрі де туыс. Сол жерден кетпек болғаным үшін оралған соң кешірім сұрамақпын. Туған жерден! Өскен жерден... (сәл тоқтап) Кешірсе, кешіре алса жақсы болар еді. Ендігі бар уайымым да – сол... Қош, қала! Қош, қалалықтар!...

(ШЫМЫЛДЫҚ)

Page 439: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

440

аҚБоЗ ҮйДЕгі алТы ҚыЗ(драма)

Қатынасушылар:1. Би-апа-Ақбоз үйдің иесі, көпті көрген Ана.2. айшолпан-қазақ қызы3. людмила-орыс қызы4. венера-украин қызы5. Бахаргүл-өзбек қызы6. лариса-корей қызы7. гүлімжан-шешен қызы8. ақбоз аттылы жігіт (Елес-жігіт, Ақ қалпақты жігіт)Жекелеген көріністерде: маскүнем жігіт, әртүрлі ұлт

өкілдері, бишілер, дауыс, т.б. Оқиға осы күні Бурабай курортының ішіндегі орман арасын-

да, арнайы тігілген Ақбоз үй ішінде және соның маңайында өтеді.

Ескертпе: 1) Драмадағы қыздар өздерінің ұлттық киімдерін киіп жүріп, емін-еркін ойнауына да болады;

2) Сахналау барысында әртүрлі ұлттардың халық әндері орындала береді.

БіріНШі БӨлімБірінші көрініс

Бурабай. Айнала көкпеңбек: шыршалар, қарағайлар, қайыңдар... Аспан шайдай ашық. Оны сахнаға молынан түсіп тұрған ақ сәуледен байқауға болады. Сахнадағы ағаштар ақырын соққан самал желмен аздап тербеліп тұрады.

Осы кезде сахнаға әсем гүлді көйлек киген, шашы түюлі бір қыз билей басып шығады. Ол тамылжыған табиғатқа қарап тұрып, өзінше ыңылдап әндетеді.

Қыз: Ақ қайыңдар, қалады дір-дір етіп,Көк аспаны жаңбырын сіркіретіп...Сахнаның бір бұрышынан ақ қалпақ киген жас жігіт шыға

келіп, әнді әрі қарай жалғап әкетеді.ақ қалпақты жігіт:...Таудан өзен,Құлайды гүр-гүр етіп...Қыз: (шошына) Сіз... кімсіз?

Page 440: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

441

Жігіт: Гуд монинг? Мен – кәдімгі қазақ жігітімін.Қыз: Қайдан шыға келдіңіз деймін? Ағылшынша сөйлейсіз

тағы да...Жігіт: Шыға келген жоқпын, мен осында тұрамын. Туғалы

бері...Қыз: Сонда... сіз Бурабайлықсыз ба, а?Жігіт: Немене, ұқсамаймын ба? Қыз: Мұнда тұратындардың маңдайына жазып қоя ма?Жігіт: Білмесеңіз, біліп қойыңыз. Мұндағы жігіттер мен

секілді аққұба болып келеді. Ақ қалпақ киеді. Ақ шалбар киеді. Айдай жарқырап...

Қыз: (сөзді бөліп) Өзіңіз нағыз мақтаншақ екенсіз.Жігіт: Се ля ви! Мақтаншақ емес, шындықты бетке

шыжғырып айтып ашық сөйлейтін жігітпін. Барды бар, жоқты жоқ деймін.

Қыз: Оны байқадым.Жігіт: Тағы нені байқадыңыз?Қыз: Ән сала білетініңізді.Жігіт: Даусым жақсы, ә! Ашық, зор...Қыз: Зор екені рас. Құлақты жарып жібере жаздайды.Жігіт: О-о, мына сөзіңіз... мақтағаныңыз ба, жоқ әлде...

мұқату ма?Қыз: Түбі түскен шелектейсіз. Қыз көрсеңіз қылжақбас бо-

лып кететініңіз тағы бар екен.Жігіт: Қалай?Қыз: Алғашқы сөзіңізден-ақ... байқалып қалды.Жігіт: Мен де сіздің кім екеніңізді байқап тұрмын. Сіз

мұнда қаладан қыдырып келген қызсыз.Қыз: Рас. Аз күнге демалып қайтуға.Жігіт: Әрине, жалғызсыз.Қыз: (селк етіп) Неге олай ойладыңыз?Жігіт: Осындай ой өзінен-өзі сұранып тұр емес пе? Қазақтың

жап-жас, көрікті, әдемі, әсем, сұлу қызы... Бурабайдың қақ ор-тасында жападан-жалғыз... (күліп) Осы күні бар ғой, қыздар батыл, ал жігіттер қорқақ! Қыздар жалғыз жорта береді, ал жігіттер топ-топ болып, әлдекімнен үрейленгендей бір-бірін сүйрелеп...

Қыз: Не деп кеттіңіз? Жападан-жалғыз дегенді қайдан тауып ала қойдыңыз?

Жігіт: Көзім көріп тұр ғой. Сіз де жалғыз, мен де жалғыз. Сіз де жалғыз...

Қыз: (сөзін бөліп) Қазір жалғыз шығармын, сәлден соң екеу боламыз, ал ертең осында біраз дос қыздарым келеді. Олар көп...

Page 441: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

442

Жігіт: Екеу ме?Қыз: Одан да көп.Жігіт: Үшеу ме?Қыз: Одан да көп.Жігіт: Бәлкім, отыз шығарсыздар?Қыз: Мазағыңыз ба? Біз немене ансамбль деп пе едіңіз?Жігіт: Кім біледі, би ансамблі болсаңыздар, айталық, отыз,

тіпті қырық...Қыз: Біз алтаумыз. Алты құрбымыз.Жігіт: Олар неге бүгін келмей қалды? Сіз неге жалғыз

жеттіңіз? Әлде-е...Қыз: Қиялыңызға ылғи күңгірт ойлар ұялап қалған ба?Жігіт: Күңгірт ой деп кім айтты сізге? Бәлкім, жарқын да

жақсы ойлар шығар... (күліп) Мұнда жалғыз келгеніңіз өтірік пе?

Қыз: Мен... мен алдын-ала орын іздеу үшін келдім.Жігіт: Неге, именно, сіз іздейсіз? Қыз: Өйткені... өйткені – олар маған қонақ.Жігіт: Сонда басқа қаладан келгендер ме?Қыз: Басқа ұлттың қыздары.Жігіт: (таңдана) Міне, қызық! Украин қызы бар болар?Қыз: Бар.Жігіт: Ал, корей қызы ше?Қыз: Ол да бар.Жігіт: Шешен қызы ше?Қыз: Бар.Жігіт: Е, енді түсіндім. Сіз көп ұлтты қазақстандық

қыздардың ішкі ассамблеясын құрғалы жүрген болдыңыз ғой?Қыз: Тағы мазақ ете бастадыңыз. Мен сізге бар шынымды

айтып тұрсам...Жігіт: Осындай көп ұлтты берік достық болады дегенге сену

қиын...Қыз: Ол сіздің ойыңыз. Ал, біз жас кезден біргеміз. Көп

уақыттан бері...Жігіт: Әрине, аракідік ұрысып та қаласыздар. Сен анаусың,

мен мына ұлтпын деп...Қыз: Тағы да мүлт кеттіңіз. Біз әлі күнге дейін ұлтымызды

айтып сөз таластырған жоқпыз.Жігіт: Е, айтасыз-ау өтірікті! Мен сене қоятындай...Қыз: Сенсеңіз де, сенбесеңіз де – осы. (сәл тоқтап) Сіз

неге менің ашуыма тие бересіз? Өзіңіз қандай жігітсіз? Қызық екенсіз...

Осы кезде сахнаға Людмила шығады.людмила: Сізге аса қажет болса, мұнда орыс қызы да бар.

Page 442: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

443

Жігіт: О-о, нағыз интернациональный топ екенсіздер. Сіздермен дос болу да аса қызық шығар, ә!

людмила: Ойыңыз түзу болса, бізге де бөтен болмайтын-сыз. Жаны таза кісімен дос-жаран болуға әрқашан әзірміз.

Жігіт: Ендеше, сіздерге мен көмектесейін. Қай жерді қалайсыздар? Айталық, жеке коттедж...

людмила: Ол қызық емес.Жігіт: Ендеше, бес қабатты санаторийдің жеке блогы...людмила: Ол да қызық емес. Жігіт: (енді қалжыңдап) Бәлкім, сіздер таза ауада, ашық

аспан астында емін-еркін жатып демалғанды қалайтын болар-сыздар?

айшолпан: Осындай да қалжың бола ма екен? Сіз бізді кім деп тұрсыз?

Жігіт: Ғафу өтінемін! Әзіл. Әзілімнің сиқы осы!людмила: (күле сөйлеп) Несі бар, жап-жақсы әзіл! Өзіңіз

ептеп юморист екенсіз.айшолпан: Юморист емес, сайқымазақ демейсің бе! Бұндай

жігіттерге күле қарасаң болды, аузына не келсе, соны айта са-лады (осыны айтып, бұлардың қасынан алыстап кетеді).

Жігіт: (ойлана) О, есіме түсті. Осында арнайы тігілген Ақбоз үй бар. Оның ішіне су кіргізілген, ваннасы бар. Қысқасы, барлық жағдай жасалған. Мүмкін, соған...

людмила: (қуана) Мына ойыңыз қызық екен. Қазір мен Айшолпанмен ақылдасып алайын. (оған жақындап сыбырлап) Мұнда бір қызық идея туды. Біз киіз үйге түссек қайтеді, а? Барлық жағдай қарастырылған. Келістік пе! (бұрылып.) Ал, әлгі Ақбоз үйді қайдан көруге болады екен, жас жігіт?

Жігіт: Оны көру еш қиын емес. Міне, мына телефон нөміріне қоңырау шаласыз. (қағаз ұсынады) Арғы жағынан Би-апаның жұмсақ үні естіледі. Жағдайды айтасыз. Сонымен шаруа бітеді.

людмила: Сіз ше? Өзіңіз бастап апармайсыз ба сонда?Жігіт: Мен... қалаға жол жүріп барамын. Ертең ораламын.

Сіздерді сөзсіз тауып аламын. Ал, жақсы. Көріскенше! Жігіт сахнадан шығып кетеді. Людмила жаңағы теле-

фон нөмірін теріп болып, Айшолпанға береді. Арғы жағынан Би-апаның даусы естіледі.

Би-апа: Тыңдап тұрмын.айшолпан: Апай, мен қаладан келіп едім. Осында 4-5

күнге демалуға, қасымда бес қыз бар. А-а? Атың дейсіз бе? Менің есімім – Айшолпан. Қалада аяқ киім фабрикасында жұмыс істеймін. Сіз бізге Ақбоз үйді көрсете аласыз ба? Не дейсіз? Қай жерге? Түсіндім. Қазір жетемін.

Page 443: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

444

людмила: О-о, жаңағы жігіт қылжақбас, сайқымазақ біреу ме деп ойласам, мүлде олай болмай шықты-ау! Айтқаны дәл келіп тұр. Бізді алдамапты.

айшолпан: Қуануға әлі ерте. Әуелі сол мақтаған Ақбоз үйді өз көзімізбен көрелік. Ал, жігітке баға беру ешқайда қаша қоймас. (сәл тоқтап) Мен осындай тілі мен жағына сүйенген жігіттерді онша ұната бермеймін. Әсіресе, мақтаншақ даңғой болса...

людмила: Несі бар, қалжыңмен астарлап мақтанады екен. Ол да өнер...

айшолпан: Ой, сен де... Сол жігіт өнерлі болса, онда қазақтың өнерінен де қадір-қасиет кете бастапты...

людмила: Жарайды. Енді тездетіп жаңағы апаға баралық. Көрейік Ақбоз үйді... Жүр, жүр кеттік...

Сахна қараңғылана береді.

Екінші көрінісСахнада – әсем тігілген Ақбоз үй. Айналасында –

көкпеңбек жасыл ағаштар. Ауа тап-таза. Әріректен бұлақ суының сыбдыры естіліп те қалады. Би-апа, Людмила мен Айшолпан сөйлесе, сахнаға шығып келе жатады.

Би-апа: О, тоба! Заман деген осы! Әлгі айтқан әңгімеден соң есіме қайдағы-жайдағылар түсіп кеткенін көрмеймісің.

айшолпан: Есіңізге не түсті, апа?Би-апа: Баяғы кез... соғыс жылдары.айшолпан: Қай соғыс, апа? Ауған соғысын айтасыз ба?Би-апа: Оу, шырағым! Ауған дегенің күні кешегі соғыс

емес пе! Мен Ұлы Отан соғысын айтамын. Қырып жіберді ғой халықты. Өліп кетті ғой талай боздақ...

людмила: Мен бір газеттен оқығанмын. Сол соғыста қазақстандық бес жүзден астам адам орден алып, Кеңес одағының батыры болып...

Би-апа: Қарағым-ай, кеудеге таққан қу темір не болады! Қыршынынан қиылмады ма талай-талай боздақтар-р...! Соны ойласам, осы күнге дейін жүрегім қарс айырылады. Менің екі ағам сол соғысқа сап-сау аттанып кетіп, із-түзсіз жоқ болды. Анашым болса өле-өлгенше сол екі ұлын келеді деп күтумен болды. Бірақ олар келген жоқ. Хабар да болмады.

айшолпан: Апа, сіз жаңа соғыс жылдары осы қазақ жеріне жер ауып келген шешен халқы туралы сөз бастап келе жатыр едіңіз?

Би-апа: Ой, бейшаралар-ай! Біздің ауданға келіп түскенде аш-жалаңаш, өңдері құп-қу, қарындары жабысып қалған... құбыжық бейне еді. Колхоз бастығы «ал, кімнің үйіне барады

Page 444: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

445

мына бейбақтар» деп дауыстады. Сол кезде бұл қазақ шіркін ешқайсысын да жатсынбады ғой, әркім екеу-екеуден, үшеу-үшеуден өз үйлеріне жетелеп кете барды. Біздің үйге бір кәрі шал мен жас қыз тиді. Өзіміздің де жағдайымыз аса мәз емес болатын.

айшолпан: Олар кімдер?Би-апа: Кәрі шал әкесі екен, аты – Маулади болатын, ал

жас қыз – Дилям кенжесі болып шықты. Ауыр да азапты жол-да шал кемпірінен, екі бірдей ұлынан айырылыпты. Үйге келген соң тамақ берсек, өзінің тостағанын қызына ұсына береді. «Сен же, сен аман қалшы» деп күбірлейді. Анам «өзің де же» десе басын шайқайды. Көп ұзамай сол Маулади атай да көз жұмды. Оны үлкендер ауыл сыртына апарып жерлеп қайтты. Ал, Дилям... біздің үйдің бір мүшесі болып, менімен бір бөлмеде тұрып жатты. Екеуміз тату дос болып өстік.

айшолпан: Қазақ тілін тез үйреніп алды ма?Би-апа: Әрине! Өзі сондай алғыр қыз болатын. Сабақты да

өте жақсы оқыды. Оқта-текте әкесін, шешесін, бауырларын ой-лап, жылап та алатын. Мен ондайда қалай жұбату сөздерін айтарымды білмей қиналатынмын (сәл тоқтап). Айтпақшы, Дилямның әкесі –Маулади атай көз жұмар алдында менің шешемді шақырып алып «осы қызым сізге аманат, егер қызым жыламай, бақытты болып өссе, ана дүниеде жатып та сізге деген алғысымды жаудыра берем, қазақ анасы, аманат еттім сізге-е» деп даусы дірілдеп барып, үзіле берген-ді. Атайдың сөзін естіп тұрып мен де көзімнің жасын сығып алғаным есімде.

айшолпан: Сосын не болды, апа?Би-апа: Шешен қызы менімен бірге есейді. Мен ішкен асты

ішті, мен киген киімді киді. Бойжетті. Сосын оны анам өз қолымен көрші ауылға тұрмысқа ұзатты.

людмила: Ол кісі әлі бар ма? Тірі ме?Би-апа: Тірі. Үш-төрт бала тапты. Өзі маған жиі-жиі ха-

барласып тұрады (сәл тоқтап). Бір күні Дилям маған ба-зарда кездесіп қалды. Даусында діріл бар, сөздері жуыспай-ды. Тұрмысқа шыққалы бері бұлай әбіржіп сөйлегенін көрген емеспін. «Апам қайда?» деді маған. «Жұмыста жүр» дедім. «Апам екеуің біздің ауылға келіп кетесіңдер ме!» деді. Мен түкке түсінгем жоқ. Апама соны айттым. Апам «қой, барып келейік, бір келеңсіз жағдай болып қалған ғой» деп жолға жи-налды. Мен де ере шықтым.

айшолпан: Сіз де бірге өскен құрбыңызды сағынып қалған боларсыз?

Би-апа: Ол да бар. Ол ғана емес, «бірдеңе болып қалды-ау» деген сөзге зәрем ұшты. Содан әлгі ауылға келсек, Дилямның ұлы мен көрші үйдің баласы қызыл шеке болып төбелесіп қалып,

Page 445: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

446

арты салалы дау-дамайға ұласыпты. Екі үйдің арасында от тұтана жаздап тұр екен. Апам келген соң, көрші үйдің үлкен кісісін қол қусырып шайға шақырды. Шәй үстінде мән-жайға қанықты. Сөзінің соңында былай деді: «Уа, замандас, екі бала білместік қылған екен, артық-кем сөз кеткен екен арада! Сіз бен біз ауызбіршілікті ойлайтын жастағы кісілерміз ғой, бір пәтуаға кел-сек қайтеді?». Ана кісі сөзшең екен, ол айтты: «Мына қызыңның ұлы өте бұзық, нағашыларының қанына тартқан ба, менің балама күн көрсетпей барады». Сонда апам айтты: «Жоқ, замандас, сен дұрыс айтпадың, бұл келіндерің – Дилямның күйеуі ғана қазақ емес, өзі де қазақ, өзін бала күнінен мен бауырыма бастым, ендеше ол неге бізге бөтен болады, сіз бұл сөзіңізді қайтып алыңыз». Сонда ана кісі көшелі сөзге бірден тоқтады, ары қарай дау шығармады. «Рас, тым артық сөйлеппін, оны айтқым жоқ еді, менің балам Дилямның ұлына «сенде шешеннің қаны бар» деп айтып қалыпты, бар төбелес содан тұтаныпты. Осы шаруа-ны бүгін, тап қазір шешіп кетіңіз өзіңіз (сәл тоқтап). Сол күні бар шаруа шешілді. Екі жақ татуласты.

людмила: Апа, сіз сонда Дилямды өз сіңліңіздей көріп кеттіңіз бе? Оны іздеген туыстары болмады ма?

Би-апа: Неге іздемесін! Арада біраз жыл өткенде Шешен-станнан бір топ кісілер келді. Дилямның әкесі – Мауладиді сұрады. Менің анам ол кісінің біздің үйде жатып, ауыр науқастан қайтыс болғанын айтты. Сосын қайда жерленгенін сұрап, басына барып қайтты. Ал, елдеріне қайтар кезде Дилямды ала кетпекші болған еді, Дилям менің апамды қатты құшақтап алып, айырылмады. Көз жасын көл етті.

айшолпан: Сіздерге әбден бауыр басып қалған екен ғой, ә!людмила: Әрине, қай заманда да туған туыс емес, бағып-

қағып өсірген туыс болып кетеді.Би-апа: Өте дұрыс айттың, қызым! Кішкентай шаранаға

ұлттың да, басқаның да түкке қажеті жоқ. Оған тамағы тоқ, көңілі көтеріңкі болып жүрсе жетіп жатыр.

айшолпан: Апа, менің бір құрбым – Қызылорда жақтан. Ұлты – кәріс. Сол айтады: баяғыда 30-жылдары оның аталары Қызылорда жеріне жер ауып келіпті. Өздері тілді де білмейді екен. Ал, Қызылорда халқы тек қазақша сөйлейді. Сонда тіл білмесе де жергілікті халық кәрістерді өз үйлеріне кіргізіп, төрінен орын беріпті.

Би-апа: Ондай жағдай біздің елде де болған, қарағым. Менің анам айтып отырушы еді: «Қарағым, осы ауылда тұрып жатқан кәріс те, шешен де, әзірбайжан да, орыс та, тағы басқа ұлттар- дың арғы тағдыры аянышты. Олар өз еркімен келген жоқ, уақыттың, саясаттың салқыны тиген жандар. Сендер оларға сый көрсетіп, аса зор құрметпен қарай біліңдер!» дейтін.

Page 446: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

447

людмила: Сіз мектепте оқығанда әртүрлі ұлт өкілдері болды ма, апа?

Би-апа: Әрине! Біз, бірақ ешбірінің көңіліне тиген жоқпыз. Тату-тәтті өмір кештік. Тіпті осы күнге дейін татумыз.

айшолпан: Апа, осы ұлтқа бөлінісуді кім ойлап тапқан? Адамды алалап-бөлу, бірін жоғары, екіншісін төмен қою, міне, осыдан бастау алып жатыр.

Би-апа: Жоқ, қызым! Адамдардың арасына сына қағып, ара-жігін ажырататын ұлттық белгісі емес, ақыл-ойдың таяздығы. Біз соғыс жылдары да, одан бергі кезде де ұлтқа бөлініп көрген жоқпыз. Қазақтың кең жайлау көңілін қай ұлтқа да ұсына білдік. (сәл тоқтап) Ал, бірақ ақыл таяздығы – кез-келген елдің кісісіне тән құбылыс. Барлық ұлтта өте ақылдылар бар, сонымен бірге ойы өз бойынан аспай жататын ергежейлілер де кездеседі. Оларға не дейсіз!..

айшолпан: Адамдардың өмірге келуі, өсіп-өнуі бәрі де бірдей. Ендеше неге адамдар арасында алалық сақталып қалып отыр? Әсіресе, қазақта...

Би-апа: Ала-құла мінез кімге, қай ұлтқа тән емес. Ендеше қазақ неге бұндай салалы кеселден тыс қалады екен, а?

айшолпан: Өстіп-өстіп қазақ қазақтығын жоғалтып, елдік бейнесінен де мүлде ажырап бітетін шығар. Осыдан қорқам.

людмила: (сөзге араласып) Қазақ қазақтығын жоғалтып ба-рады деген сөзіңе мүлде қосылмаймын. Мүмкін қазақ жаңа заманға, жаңа уақытқа бейімделіп бара жатқан шығар.

айшолпан: Бейімделу емес, еліктеу! Біздің қазақ о бастан еліктегіш-солықтағыш!

людмила: Бұл ойыңмен де келісе алмаймын. Маған қазақ жігіттерінің алғырлығы, ой ұшқырлығы ұнайды. Тіпті таң қаламын.

айшолпан: Таң қалатындай не ерлік жасап қойыпты осы қазақ жігіті...

людмила: Байқайсың ба, осы күнгі жас жігіттер саясатта сұңғыла! Мамандық таңдауда – өте көреген. Ал, тіл мәселесіне келсек – қазіргі жас жігіттер ағылшын тілін өз ана тіліндей меңгеріп алды. Емін-еркін сөйлесіп кете алады.

айшолпан: Ерлігі осы ма! Жоқ, бұл ерлік емес! Бұл – жылт еткенге жалп етушілік! Мұның аяғы – құрдымға апаруы да әбден мүмкін... Менің күдігім-м...

Би-апа: (сөзге араласып) Адамдардың бәрі бірдей екені рас. Алайда, әр ұлттың өз ерекшеліктері де болады. Өмір соны-сымен қымбат. Айталық, кең далаға шықсаң әртүрлі гүлдерді көресің, сол гүлдердің түсі де, исі де бірдей болса, онда көңіл қуантып, көз тартпас еді.

Page 447: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

448

айшолпан: Апа, менің бір құрбым шетелдік жігітке тұрмысқа шығып, сол жаққа біржола көшіп кетті.

Би-апа: Ойбай-ау, ол қыз қай елге кетті? Алысқа ма?айшолпан: Грецияға.Би-апа: Е-е, бағы жансын бейбақтың! Өз елінен өзі қашқандай

болған екен де. (сәл тоқтап) Қыз бала – болашақ Ана! Ал, Ана деген өз еліне қалқан болуды ойламас па!

людмила: Апа, мен Айшолпанға осыны айтам. Ал, ол маған ылғи қарсы шыға береді. Жаһандану деп, тағы басқа деп...

айшолпан: Заман жаңарған сайын адамдардың пейіл-ниеті мүлде өзгеріп бара жатқаны өтірік пе? Қазақ қазақтығын, орыс та орыстығын жоғалтуға әзір екенін байқамайсыз ба? Сезбейсіз бе?

Би-апа: (сөзді бөліп) Адамзат жаратылғалы қаншама ғасырлар өтті. Сонда да қара жер аман, тіршілік жалғасуда. Әрине, әр кезеңнің өз қиыншылықтары мен әурешіліктері бола-ды. Оны трагедияға айналдыру – ақылдының ісі емес. Өмір деген – күрес.

айшолпан: Менің түсінгенім – осы күнгі қазақ жігіттері қасиет деген ұғымнан мүлде жұрдай. Оларға сене бермеймін. Күдігім басым болып жүр. (сәл тоқтап) Шетел асып кет-кен қаракөз қыздардың соңынан ат айдағанша, жігіттер бір сәт өздерінің де қолақпандай кінәсін ойлап қоймай ма?

Би-апа: Қыз бала – ұлттың байлығы. Ұлттың болашағы сол болашақ Аналарға тікелей байланысты. Ендеше, қаракөз қыздардың шетел асуы – аса ақылды шаруа бола қоймас.

айшолпан: Ал, өз елінде қалса... не істесе де бәрібір ме?Би-апа: Шама келсе, шырағым, қазақ қызы қазақ жігітіне

тұрмысқа шыққаны абзал. Арғы жағын қайдан білейін...айшолпан: Осы күнгі жігіттерде сезім жоқ. Сөздері дөрекі.

Ал, басқа ұлттың жігіттері...Би-апа: Қазақ жігіттері, мүмкін, сені солай жақсы көретін

болса ше?людмила: Міне, апа, мен де соны айтамын. Айшолпанға

түсіндіре алмаймын.Би-апа: Мен сендерге бір сыр айтайын. Ақыл қойып тыңдап

алыңдар. Ертеректе, Дилям екеумізге екі бозбала көз салды. Жап-жас кезіміз. Сол екі бозбала киноға шақырады, биге бара-мыз. Бір күні менің қасымдағы жігіт маған дөрекілеу сөз айтып қалғаны. Бетінен салып жібердім де, үйге кетіп қалдым. Ал, Дилям... ана жігітпен ұзақ дос болды. Ақыры тұрмысқа шықты. Кейінірек сұрасам, ол айтады: «Бұл жігіт маған талай рет өтірік те айтты, жанымды ауыртатын сөздер де болды, тіпті қолымды қысып, тәнімді ауыртқан кездерді де болған, бірақ мен оның жүрек лүпілін ұқтым, ол мені бәрібір сүйетін еді». Мен сол

Page 448: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

449

әңгімені тыңдап отырып өзімнің үлкен қателік жасап алғанымды сездім. Бірақ айтпадым. Ішімде сақтадым. (сәл тоқтап) Сен-дерге де айтарым – қолда барда алтынды қадірлей біліңдер. Әр нәрсе – өз кезінде қадірлі...

Сахна қараңғылана береді.

Үшінші көрінісАқбоз үйдің жаны. Людмила мен Айшолпан сөйлесіп

отырады.людмила: Апа қандай мейірімді жан. Көргені мен түйгені

өте көп екен. Мұндай кісілердің жаны таңғы шықтай таза болып келеді.

айшолпан: Байқайсыз ба, екеумізді де өз қызындай көріп, тіпті бауырына тартып әкетті.

людмила: Сөйлеген сөзінен менің анамның мейірімді мінезі көрініп тұрғандай болды. Анашымды сағынып жүр едім...

айшолпан: Айтпақшы, біздің қыздарға мына киіз үй ұнай ма?

людмила: Ұнайды. Қайта қуанады.айшолпан: Дегенмен оларға телефон соғып, ескертіп

қоймаймыз ба?людмила: Жоқ, келген соң бір-ақ көрсін. Сонда қызық бо-

лады. Бәрі естерінен танып қалады сонда, ауыздарын ашып...Осы кезде сахнаға Ақ қалпақты жігіт шығады.ақ қалпақты жігіт: Гуд дей! Ауыздарын ашып, аңқиып

қалған ол қандай аңқау жандар, а? (күледі)людмила: Ой, бұл сіз бе? Сіз... қалаға асығып кеткен жоқ

па едіңіз?ақ қалпақты жігіт: Жарты жолдан кілт бұрылдым. Сіздерді

қия алмай...айшолпан: Өзіңіз өтірікті ойланбай айта салады екенсіз...ақ қалпақты жігіт: Имандай шыным! Автобусқа мініп

тұрып, қайта түсіп қалдым. Көңілім құлазып кетті.людмила: Мына киіз үйді табуға көмектескеніңіз үшін көп

алғыс айтамыз, әрине!ақ қалпақты жігіт: Кісіге көмектескенді жаным жақсы

көреді. Әттең, сол жақсылық ісіңді түсінетіндер бар да, түсінбейтіндер де көп.

айшолпан: Жақсылықты есеппен жасамайды. Оны міндетсінуге де болмайды. Есептесу – есті жанның әрекеті емес.

людмила: Сіз кісіге өте көп жақсылық жасаған адам сияқтысыз?

ақ қалпақты жігіт: Көп дей алмаймын... бірақ... жақсылық жасадым.

29-177

Page 449: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

450

айшолпан: Қашан? Қандай?ақ қалпақты жігіт: Мысалы, сіздерге...айшолпан: Бұдан басқа қандай жақсылық жасадыңыз

деймін?ақ қалпақты жігіт: Оны айта беруге болмайды.айшолпан: Неге?ақ қалпақты жігіт: Жаңа ғана сіз айттыңыз ғой. Жақсылықты

міндетсінбеу керек деп... (сәл тоқтап) Айтпақшы, мен сіздерді көлге шақыра келдім. Қайық әзірлеп қойдым.

айшолпан: Біз құрбыларымызды күтіп отырмыз.ақ қалпақты жігіт: Олар түс ауа келеді емес пе! Оған дейін

тұп-тура жарты күн бар ғой. О кей! Келістік пе?айшолпан: Ешқандай о кей емес! Құрбыларсыз еш қызық

болмайды.людмила: Несі бар, бірер сағатқа барып қайтсақ ше?ақ қалпақты жігіт: Міне, ақылды сөз!айшолпан. Менің ықыласым жоқ. (сәл бөгеліп) Әлгіндегі

ақылгөй апаның айтқан терең мағыналы сөздері әлі де көкірегімді ашытып тұр.

ақ қалпақты жігіт: Ол кісі қандай ауыр сөз айтты? Сіздің көңіліңізді қалдыратындай қандай кермек сөз ол, ә!

людмила: Жо-жоқ, біз туралы емес, өткен өмірі туралы...ақ қалпақты жігіт: Е, түсіндім. Ұлы Отан соғысы

жылдарындағы оқиға. Жер ауып келген өзге ұлт өкілдері...айшолпан: Оны қайдан біле қойдыңыз?ақ қалпақты жігіт: Білемін. Мен де естігенмін.людмила: Өзіңіз өткен тарихты бір кісідей білетін сияқтысыз.ақ қалпақты жігіт: Менің мамандығым – тарихшы.

Кітаптарды да көп оқығанмын. Айталық, біздің қазақ топырағына баяғыда-а жапондар да келіп тұрақтаған. Ол аз десеңіз, біздің елге әзірбайжан, тәжік, түркімен де келіп паналаған. Ол аз десеңіз... татарлар, башқұрттар...

айшолпан: (сөзді бөліп) Мақтаншақтау сияқтысыз...ақ қалпақты жігіт: Неге олай дейсіз? айшолпан: Білетініңізді көрсеткіңіз кеп тұрады екен.людмила: Айшолпан, сен олай деме. Бұл жігіт шынымен

тарихты көп білетін сияқты. Сіз маған орыс пен қазақ достығы туралы айтып беріңізші, а?

ақ қалпақты жігіт: О-о, орыс-қазақ баяғыдан дос емес пе! Тіпті бізді енді ешкім де ажырата алмайтын шығар.

людмила: Ал, тарих?ақ қалпақты жігіт: Тарих дейсіз бе? Тарих – тым терең.

Оны бір сәтте айтып тауысу еш мүмкін емес. Біздің достық қарым-қатынасымыз туралы бір ауыз сөзбен былай деуге болады.

Page 450: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

451

Біз тағдыры баяғыдан араласып кеткен көрші елміз. Тағдырдың араласып-астасып кетуі деген – тамырлас туыстықтың бастауы деген сөз.

айшолпан: Ал, біле береді екенсіз, онда айтыңызшы? Осы қазақтың қаны кімге жақын деп ойлайсыз?

ақ қалпақты жігіт: Бұны ғалымдар өмір бойы зерттеп келе жатыр. Солардың жазуына қарағанда бізбен қан жағынан ең жақын халық – қызық болғанда жапондар болып шығыпты.

людмила: Таң қаларлық жағдай екен. Ал, түріктер қайда қалады?

ақ қалпақты жігіт: Түріктер – өз туысымыз ғой. Олардың арғы аталары осы қазақ жерінен көшкендер. Сосын да түріктер біздің елді Атажұрт санайды.

айшолпан: Сіз... тым сөзуар болуды ақылдылықтың бір са-ласы деп ойлайсыз-ау шамасы...

людмила: Айшолпан, саған не болды?ақ қалпақты жігіт: Енді үндемейін онда. Аузын буған өгіз

болайын...айшолпан: Ол енді ақылдылық.людмила: Айшолпан, сені түсіне алмай барамын.ақ қалпақты жігіт: Бірақ, мен жақсы түсіне бастағандаймын.

Сөйлесін, айта түссін тағы да.айшолпан: Тағы не айтуым керек?ақ қалпақты жігіт: Айталық, сізге бір жапон жігіті ғашық

болып қалса...айшолпан: Олай болуы мүмкін емес.ақ қалпақты жігіт: Мысалы деймін! Мысал деген бола-

ды. (кішкене тоқтап) Сол жапон жігіті өлердегі сөзін айтса, сүйем-күйем десе...

айшолпан: Бұл – бос қиял!ақ қалпақты жігіт: Тіпті көнбей бара жатқаныңызды сезіп,

«Енді өзіме-өзім қол жұмсаймын, бұлай тірлік кешкенше өлемін» десе...

айшолпан: Онда шын ақымақ болғаны!ақ қалпақты жігіт: Өле берсін бе?айшолпан: Кім?ақ қалпақты жігіт: Әлгі жапон жігіт...айшолпан: Оны мен көрген жоқпын ғой.ақ қалпақты жігіт: Қиялдағы жапон жігітін айтам. айшолпан: Өмір қызық болмаса, оған мен не істей аламын?

Өзі шешсін.ақ қалпақты жігіт: Жоқ, оның ендігі тағдыры сіздің

қолыңызда екенін ұмытпаңыз.айшолпан: Осы сізге... мазақ керек пе?

Page 451: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

452

ақ қалпақты жігіт: Е-е, сізді түсіндім. Сіз... мөлдір маха-батты аялай білмейтін сияқтысыз. Бұл деген... бұл енді...

айшолпан: Мен шаршадым. Демалғым келеді. (ол сахнадан шығып кетеді)

людмила: (жігітке) Сіз оған ренжімеңіз. Аздап шаршаған ғой. Әйтпесе, өте ақылды, жақсы қыз...

ақ қалпақты жігіт: Нағыз ақылды қыз мына сіз сияқтысыз?людмила: (күліп) Мен Айшолпаннан кейінгі ақылдымын.ақ қалпақты жігіт: Онда жеке серуендеуге қалайсыз? Таза

ауада...людмила: Көңіліңіз қалап тұрса, серуендейік. Тек көп

уақытқа емес...ақ қалпақты жігіт: Келістік.людмила: Айтпақшы, менің сізден сұрайтындарым да бар.

(сәл тоқтап) Осы Бурабайда біраз ұлт өкілдері тұрады екен. Айтыңызшы, бәрі де тату-тәтті ме?

ақ қалпақты жігіт: Ешқандай кикілжің жоқ десем өтірік болады. Ара-тұра келіспей қалушылық кездеседі әрине. Мы-салы, мен мектепте оқып жүргенде бір кәріс баламен төбелесіп қалдым. Оның мұрны қанады, менің құлағым...

людмила: Содан? Аяғы немен бітті?ақ қалпақты жігіт: Менің анам ақылды кісі ғой, кәріс

баланың шешесімен кездесіп, бірге шәй ішіп, ақыры екеумізді достастырып жіберді.

людмила: Қазір де араласып тұрасыздар ма?ақ қалпақты жігіт: Әрине. Тату доспыз. Маған анамның

бір сөзі қатты әсер етті. Ол кісі былай деді: «Біз, балам, өз еліміздеміз, ал олар-қонақтар! Қазақ қай кезде қонағына күш көрестіп, жұдырық түйіп еді, а? Осыны ылғи да есіңде ұста!»

людмила: Қандай әдемі айтқан.ақ қалпақты жігіт: Апам тағы бірде былай деді: «Ұлт пен

ұлт татуласса, ол елде береке болады. Ал, енді ұлт пен ұлт шекіссе, ол елдің шаңырағы шайқалады, басқалар оларға күледі, сыртынан мазақ етеді.»

людмила: Өте ақылды сөз екен. Анаңыз тереңнен ойлай білетін кісі болды ғой.

ақ қалпақты жігіт: Тағы бірде айтты: «Әр ұлт өзінше ұлы! Оны қадірлей білу – әркімнің парызы. Егер ұлтты менсінбей, аяққа таптағысы келгендер болса, олар түбі опық жейді. Өзінің теріс пиғылының торына қамалып, қорлықпен өтеді».

людмила: О-о, сіздің Анаңыз өте ғажап кісі екен. Танысты-расыз ба?

ақ қалпақты жігіт: Әрине. Таныстыруға уәде етемін.Сахна қараңғылана береді.

Page 452: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

453

Төртінші көрінісСахнада ыңылдап әндетіп, Би-апа әлдебір ой үстінде

отырады. Осы кезде оның жанына екі қыз – Людмила мен Айшолпан келеді.

айшолпан: Сіздің әңгімеңізді тыңдай бергім келеді, апа! Әйтпесе осында жүр өңшең ақылдысымақтар... бәрін біле беретіндер-р...

людмила: Қойшы енді, Айшолпан! Сені бүгін мүлде тани алар емеспін.

Би-апа: Қыздарым-ау, сендерге не болған? Бурабайға кел-мей жатып әлдекімдер ренжітіп үлгерген бе?

людмила: Жо-жоқ, апа! Бәрі де дұрыс... Айшолпан аздап шаршаған ғой. (сәл тоқтап) Сіздің жаныңызда отыра тұрсақ бола ма?

Би-апа: Әрине! Жер жетеді. Бурабай кең. Мұнда орыс та, кәріс те, неміс те – бәрі тұрып жатыр. Сырттан келіп демалу-шылар қаншама! Келіңдер, отырыңдар жаныма.

айшолпан: Апа, мен жақында корей елінің бір фильмін көрдім. Сонда байқағаным – олардың жігіттерді өте батыл ғана емес, ең бастысы – ұлтшыл. Қыздары да сондай. Ал, бізде жігіттер – жалтақ, қыздар – қызылшыл...

людмила: Сен тағы да бастадың ба?Би-апа: Оқа емес. Ой саларлық әңгіме! Мені де ойландырып

жүрген сауал бұл. (енді Айшолпанға) Сол қазақ жігіттері неге жасық, ез болып барады? Соны ойлап көрдің бе?

айшолпан: Ойладым.Би-апа: Ал, айтшы ендеше білгеніңді?айшолпан: Біз ұлтты шын сүйе алмайды екенбіз.Би-апа: Бұл дәл жауап емес. Бұнымен құтылам деп ойлама.людмила: Мен де айтамын. Қазақ жігіттері жасық емес,

бүгінгі заманға ылайық болып қалыптаса бастады деймін.айшолпан: Сөзімді дәлелдейін. Біздің жігіттер өз елінің

тарихын білуге аса құштар емес. Біздің жігіттер өз халқының салт-дәстүрлеріне пысқырып та қарамайды. Біздің елдің жігіттері өз тілін өздері табанға салып...

Би-апа: Енді жігіттер неге солай болып өсті деген сауалға жауап ізде. Менің ойымша, қазақ қыздары өз беделін өздері түсірді. Намысты аяқ асты етті. Ал, намысы жоқ бойжеткені көп елдің жігіттері де намысшыл болмайды.

айшолпан: Тағы да қыздар кінәлі ме? Тағы да біз...Би-апа: Қанша ренжісең де – бар шындық осыған саяды.

Ұлтты ұлт етіп ұстап тұратын – ең алдымен Аналар. Анасы тасжүрек, сезімсіз, парықсыз елдің болашағы қандай?

Page 453: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

454

людмила: Осының бәрі де тоқтықтан. Баршылықтан. Не ішем, не кием деп бас қатырмаудан...

айшолпан: Одан да емес. Елдің рухы мүлдем төмендеуінен...Би-апа: Мына сөзіңнің жаны бар. Кешегі қиын-қыстау

күндерде де ел екенімізді ұмытпай, тіпті өзге халықтарға да қол ұшын соза білген жұрт емес пе едік. Ал, қазір... қазір бордай тозуға бейім бола бастаппыз. Ұлда – ұят, қызда – қылық жоқ...

людмила: Біз неге сондай болып барамыз, апа?Би-апа: Ар-ұяттың аяқ асты болуы өте қауіпті зат. Осы күні

ойласам... (тоқтап, ойланып қалады) Осы күні ойласам – сол баяғы кездегі адамдардың тазалығы, ізгілігі өте жоғары екен-ау деген түйінге келем. Соғыстан соңғы ауыр жылдар әлі есімде. Елде егін ектік, астық жинадық. Қазақ па, орыс па, неміс пе – оған ешкім де көңіл аударған жоқ. Бір күні менімен бірге егін жинасып жүрген орыс қызының аяғы ауыр болып қалғанын бүкіл ел-жұрт білді. Сол сәтте егіс бригадирі көптің ортасына салып, «Ау, ағайын, мына бала балалық жасап қойыпты, енді болашақ сәбиге әке керек, сендер қарсы болмасаңдар, бұл қызды ана әйелі өлген Қармысқа қосайық» деді. Бәрі соны құп көрді. Бір қызығы – орыс қыз да бұған қарсы болмады.

людмила: Ал, біздің фабрикада істейін бір қазақ қызы аяғы ауыр болғанын бізден жасырып жүріпті де, босана сала перзентханаға қалдырып, өзі қашып кетіпті.

айшолпан: Менің бір танысым белгісіз бір еркектен ұл тап-ты. Енді жалғыз өзі өсіріп жатыр. Ал «Туу туралы куәлікте» әкесінің аты да, заты да жоқ.

Би-апа: О, тоба! Бұл не заман болып барады. Е, аяғын тәуір ете гөр, жаратқан-н...

айшолпан: Апа, біз еліктегіш-солықтағыш халық екеніміз өтірік пе? Айтыңызшы, Кеңес өкіметі орнаған соң өз тілін ұмытып, дереу орысшаға жалп ете қалған кім? Қазақ! Айтыңызшы, Кеңестік саясат дегенді желеу етіп, өзінің салт-дәстүрін, тіпті дінін мансұқ еткен халық кім? Қазақ! Ал, тың игеру жылдарында жерімізге келген түрлі ұлт өкілдерінің жақсы әрекеттерін емес, жаман әдеттерін бойға сіңіріп алған халық ше? Ол да қазақ қой! Болмаса кешегі бір жылдары...

Би-апа: Қызым, сен тым қатты кетіп бара жатқан жоқсың-ба? Еліктегіш-солықтағыш мінез тек қазаққа тән бе екен? Көп ішіндегі азды бадырайтып айтып, барша халыққа қиянат жасама!

людмила: Рас, апа! Ел ішінде жақсылар да өте көп.айшолпан: Аз болса жақсы-ау сондайлар! Көп қой... Кешегі

37-жылдары өзін-өзі ұстап бергендер де сол қазақ... Өзіне-өзі көр қазған да-сол қазақ...

людмила: Тоқташы енді, Айшолпан!

Page 454: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

455

айшолпан: (кіжіне) Осы әлгінде бір жас жігіт келіп, өзінше ақылсынып...

людмила: Айшолпан, ол туралы сөз қозғама демедім бе?айшолпан: Айтса ше? Ол кім сонша? Несіне жақтайсың?Би-апа: Басым ауырып кетті, қыздарым! Мен демалайын.

Ертең де күн бар...Сахна қараңғылана береді.

ЕКіНШі БӨлімБесінші көрініс

Тамылжыған мамыр айының бір күні. Табиғат әсем кейіпте, төбеде күлімдеп күн шығып тұр. Құстар сайрайды. Айнала сыңсыған ағаштар: шырша, қарағай, қайың, т.б. Сол әсем табиғаттың тап ортасында көз тартарлық Ақбоз үй. Сырт әшекейі ерекше! Қарай бергің, қарай бергің келеді!

Міне, осы Ақбоз үйге күле сөйлесіп бес қыз тақап келе жатады. Өздері ерекше көңілді. Біреуі ыңылдап ән салып та қояды.Үстіндегі киімдерінен-ақ байқауға болады, әртүрлі ұлттың қыздары бұлар.

айшолпан: Қыздар, әлі де болса ойланып, басқа жерге көшіп алармыз, а! Осында не көп, қонақ үй көп. Жатуға жайлы де-гендей...

людмила: Қонақ үй, санаторийлерді кім көрмей жүр? Бәріміз де болғанбыз. Бұл жолы ерекше демалыс жасауы-мыз керек. Қазақтың киіз үйінде... (сәл тоқтап) Әлгіндегі ақ қалпақты жігітті ойлап келемін. Өзінің мінезі мүлде бөлек, ешкімге ұқсамайды.

венера: Мен үйде сақтаулы тұрған, баяғыда-а украин қыздары киген ескі ұлттық киімді ала келдім. Соны киіп алып, мына киіз үйдің тап алдында бұратыла билеп тұрсам, ә!... (там-санады)

Бахаргүл: Мен сендерге қыздар, білесіңдер ме, өзбек халқының сүйікті асы – палау жасап беремін. Дәмі таңдайдан кетпейтіндей палау...

лариса: Сол палауға ең керегі – ақ күріш қой. Ал, сондай дәмді күріш өсіруді қазақ топырағына алып келген – кәрістер. Менің аталарым...

Бахаргүл: Жо-жоқ, мен келіспеймін. Күріш егуді өзбектер әлдеқашан-ақ білген. Біздің өзбек жерінде....

лариса: (сөзді бөліп) Қазақ жеріндегі күріш өсіруді айтып жатқан жоқпыз ба!

Бахаргүл: Қазақ топырағында менің қандастарым баршылық, өзбектер баяғыдан бері тұрады. Мысалы, Түркістан, Сайрам, Жетісай... жақта!

Page 455: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

456

айшолпан: Қазақстанды әлемдегі ұлттардың басым бөлігі өз Отаны санап, бақытты тұрып жатыр. Қазақтың қонақжайлылығы, бауырмалдығы туралы сөз бастасам, мені тоқтата алмай қаларсыңдар (күледі).

Бахаргүл: Ой, шіркіндер-ай, енді осы жерде қай ұлт жоғары, қайсысы мықты деген мәселені талқылап тұра береміз бе, а? Сол үшін келдік пе осы Бурабайға?

венера: Соны айтамын да! Бәріміз бос сөзге құмармыз. Менің анам «Ақылы жоқ кісі езбе келеді» деп көп айтушы еді.

людмила: Ал, киіз үйге кірмейміз бе? Бұл енді біздің шаңырағымыз болады.

венера: (қуақылана) Уақытша шаңырағымыз де!людмила: (жалт қарап) Уақытша шаңырақ деген болмай-

ды. Қай шаңырақта тіпті бір күн жайлы түнеп шықсаң, ерекше ыстық ұяң сол.

лариса: Дұрыс айтасың. Тап солай. Қазақстан деген алып шаңырақ осы күні барлық кәрістерге ортақ үй. Қимас Отан. Жүрегімізге ыстық...

венера: (Ларисаға қарап) Оны маған қарап емес, ана Бахаргүлге қарап айтсаңшы.

лариса: Е, неге?венера: Бахаргүл, өзің білесің, соңғы кездері жиі-жиі Таш-

кентке жолаушылап кетіп қала береді емес пе?!.Бахаргүл: (жалына сөйлеп) Қыздар, менің ет жақын туыс-

тарым Ташкентте тұрып жатыр. Соларды іздеп барып қайтсам да кінәлімін бе? Тасбауыр емеспін ғой?!.

венера: Іздесек, бізде де ағайын табылады. Туыс кімде жоқ?людмила: Сендерге не болды? Алты күнге демалуға келіп

едік, алғашқы күні-ақ айтыса бастадыңдар ма? Бахаргүл: Е, мен жәй... туыстарым есіме түсіп...венера: Қойдық, қойдық.айшолпан: (киіз үйдің киіз жапқыш есігін көтеріп) Ішке

өтіңдер, құрбыларым! Қазақтың киіз үйіне қош келдіңдер!...Қыздар бірінен соң бірі ішке өте бастайды. Соңында

Айшолпан мен Людмила кідіріп қалады. людмила: (киіз үйдің сыртқы көрінісіне қызыға қарап

тұрып) Бұның есігі түнде жабыла ма? Түн қорқыныштылау болатын шығар? Бірақ ақ қалпақты жігіттің сөзіне сенсек...

айшолпан: (күліп) Ақ қалпақты жігітті аузыңнан тастамай-тын болыпсың ғой, ә! Әй, қу қыз... Есіктің сырты киіз болса да ішінде ағаш есік бар. Ағаш есіктің ілгегі болады. Оны кез-келген кісі сыртынан жұлқып аша алмайды.

людмила: (төбеге қарап) Ал, ана... шаңырағы ашық тұра ма?

Page 456: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

457

айшолпан: Оны күндіз ашып қоямыз. Ал, түнде... жабық болады. Демек, ешқандай ұшатын құс та төбеден сығалай ал-майды.

людмила: (ойлана) Мен жас күнімде осындай киіз үйде мейірім қанып ұйықтағанмын. Есіме түсіп тұр. Ауасы қандай еді, шіркін!

айшолпан: Осы ойды бастаған өзің ғой. Әйтпесе, қонақ үйге барсақ та...

людмила: (сөзді іліп әкетіп) Сол бала күнгі елес-сурет көз алдымнан кетпейді. Киіз үй ішіндегі ішкен ас, естіген ән, тәтті ұйқы...

айшолпан: Тағы не естідің? Тағы қандай әсерлер ойда қалды?

людмила: Орал қаласының түбіндегі кішкене ауыл болатын. Әке-шешем ертіп барған-ды. Сол күнгі түн ұзақ-қ болды. Тек ән тыңдағам жоқ. Қаншама қызғылықты әңгіме естігем. Әсіресе қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері...

айшолпан: Сен сонда бала күніңнен қазақ тілін жетік білуші ме едің?

людмила: Енді қалай! Мен қалада өссем де, қазақ қыздарымен өте тату-тәтті дос болдым. Олар маған қазақша сөйлеуді сол кезде-ақ үйретті. Әсіресе, ана бір қыз...

айшолпан: Ол кім еді? Қай қыз ол?людмила: (ойлана) Оның аты-Мөлдір. Мен «Молдир»

десем, ол ренжіп «Мөлдір» деп дұрыстап айт дейтін. Ұлт ту-ралы әңгіме айтқанда ойыңа қозғау салып, көңіліңді толқытып жіберетін. (сәл тоқтап) Сол Мөлдірге Оралдағы бір орыс жігіт ғашық болды.

айшолпан: Сосын қайтті? Екеуі үйленді ме?людмила: Жо-жоқ! Мөлдір өте ұстамды, салмақты қыз

болатын. Ол орыс бозбаланың бетінен алып, көңілін де қалдырмады, бірақ тұрмысқа да шықпады.

айшолпан: Сонда қалай? Қалай түсінуге болады?людмила: Орыс жігітімен сөз жарастырып жүргенін

Мөлдірдің әке-шешесі естіп-біліпті. Сыпсың сөз жерде жата ма? Сосын «бұның қалай?» деп туған әкесі қызына ренжи сөйлеп, қыспаққа алса керек. «Сен өз қандасыңнан ұнататын ешкімді таба алмағаның ба, құлыным-ау?» деп анасы зар еңірепті. Сонда Мөлдір айтыпты: «Сіздер бас қатырып еш қиналмаңыздар, мен бәрін де өзім шешем...»

айшолпан: Сосын? Аяғы немен бітті?людмила: Мөлдір жігітті Жайық бойына шақырыпты. Боз-

бала екеуі бір кеш Жайық бойын оңаша жағалап жүріп сөйлесіпті. Сонда Мөлдір ұлт туралы, оның қадір-қасиеті жөнінде ұзақ-қ

Page 457: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

458

әңгімелепті. «Әр ұлттың өзіне тән құндылығы бар, осы жоғалтуға яки аяқ асты етуге ешкімнің де хұқы жоқ» депті. «Орыс-ұлы халық, үлкен халық, өнегелі халық, ал қазақ болса, ол да өзінше ұлы» депті. Әуелде оның сөздеріне дау айтпақ болған жігіт ақыр аяғында бас изепті. Қыздың ақылына тәнті болып, алғысын ай-тып тұрып, «біз енді мәңгі дос болып қалайық» депті. (сәл тоқтап) Ой, мен не айтып кеттім. Бәріне кінәлі-бала күнгі суреттер, балалық әсерлер...

айшолпан: Ал, ендеше сол бала күнгі ыстық әсерге оралуыңмен! Ішке кірелік.

Екеуі енді ішке кіруге ыңғайланады. Іште-көңілді дауыс- тар.

Қыздар бірінен соң бірі сөз жарыстырып, киіз үйдің ішінде қыран-топан күлкі. Шаттана шырқалған ән келеді құлаққа...

Сахна қараңғылана береді де, қайта жарық жанғанда – Людмила мен Ақ қалпақты жігіт екеуі оңаша сөйлесіп жүреді.

ақ қалпақты жігіт: Қызғалдақ-гүлім! Мен сені алғаш көрген сәтте-ақ бір нәрсені байқадым.

людмила: Нені байқадың?ақ қалпақты жігіт: Өте сезімтал қыз екеніңді...людмила: (күліп) Сезім дейсің бе? О-о, сезім деген шеті

мен шегі жоқ телегей-теңіз зат қой. Оның түбіне ешкім де жете алмаған.

ақ қалпақты жігіт: Ал, сен... жетесің! Жете аласың.людмила: Оны көре жатармыз. (сәл тоқтап) Не үшін

шақырдың?ақ қалпақты жігіт: Саған айтар оңаша сөзім болған соң...

(мүдіріп) Мен осы күнге дейін ешбір қызға дәл бүгінгідей ынтығып көрмеппін. Ал, сені көрген сәтте-ақ... Қызғалдақ-гүлім-м!...

людмила: (күле сөйлеп) Сенің сөзіңе сенемін. Сезіміңді сыйлаймын. Алайда... (тоқтап) Әйткенмен біздің арамызда биік-биік белестер жатыр. Асу бермес жоталы таулар тұр.

ақ қалпақты жігіт: Ол қандай тау? Мен өзің үшін кез-келген асқар Тауға өрмелеп шыға аламын. Сенші сөзіме...

людмила: Ол тау-жәй Тау емес. Ұлт деген ұлы шың! Оған оп-оңай шығуға талпынғандар өте көп болған. Бірақ бәрі де сәтсіз аяқталған.

ақ қалпақты жігіт: Жоқ, сенбеймін. Сене алмаймын. Мен үшін ұлт деген сөз ештеңе де емес. Ең бастысы-біз Адамбыз.

людмила: Өте дұрыс. Біз-алдымен Адамбыз. Ал, содан соң... ұлтпыз. (тоқтап) Тоғайда неше түрлі құстар болады.

Page 458: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

459

Әрқайсысы өзінше ән шырқайды. Соларды тек бір құстың тілінде ән салдырып қойсақ, табиғат не болмақшы? Айтшы өзің? Не болады?...

ақ қалпақты жігіт: Құстар әлемі басқа, ал адамдар өмірі мүлде бөлек. Екеуін салыстырғанымыз жөн бе, а?

людмила: Мен салыстырмалы түрде айттым. Сен оны өзің ойланып барып бағала! Ойымның түбіндегі маржанды сүзе біл-л...

Жігіт күмілжиді.Сахна қараңғылана береді.

алтыншы көрінісКиіз үйдің іші. Төрде ою-өрнекті әсем көрпешелер төселген.

Ортада дөңгелек стол. Үйдің қабырғалары әртүрлі ою-өрнектермен көмкерілген. Бір шетте сандық. Сандық үстінде шәйі көрпешелер жиналып, үстіне жастықтар қатарласа жиналыпты.

венера: (сөз бастап) Әлгінде осы үйдің иесі-Би-апа қалай әдемі сөйледі, а? Мына киіз үйдің ерекше қасиетті екенін білдірген жоқ па бізге... (төбедегі шаңыраққа қарап, керіле) Шіркін, менің де тап осындай бір жеке үйім болса екен!...

людмила: Қалада ма?венера: Мейлі қайда болса да. Әйтеуір өз үйім болса жетіп

жатыр.людмила: Би-апаның айтқаны дұп – дұрыс. Сен бұл үйдің

әшекейін айт. Қалай-қалай әсем көмкерілген, а?венера: Рас, таңқаларлық. Бірақ біздің Украиндердің де

әшекей бұйымдары жетіп-артылады. Мен де өзімше әшекейлеп қояр ем.

людмила: Жоқ, қазақтың ою-өрнегі тұнып тұрған филосо-фия! Оны мойындау керек. Қарашы, мына үйге... Үй емес, му-зей десе де болғандай...

венера: (армандап) Шіркін, өз үйім болса ғой... лариса: Менің де арманым сол. Осыдан екі есе кіші болса

да, өз шаңырағың болғанға не жетсін!Бахаргүл: Маған екі сотық жер тисе, өзім-ақ қатырып тұрып

үй салып алар едім.людмила: Қалай? Үй салу оңай ма?Бахаргүл: Өзбектер үй салуды біледі. Оның ең оңай әдісі

бар. Соны ойлап отырмын тап қазір...лариса: Жоқ, ең оңай үйді кәрістер сала біледі.айшолпан: Оңай үй салу емес, әшекейлі, тартымды, әсем үй

салуды айтпайсыңдар ма?Осы кезде киіз үйдің есігі ашылып, ішке Би-апа кіреді.

Page 459: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

460

Би-апа: Қане, қарақтарым, жақсылап жайғасып алдыңдар ма? Ұнады ма?

Қыздар: (шулап)– Өте ғажап!– Әдемі екен!Би-апа: Бұл орташа тігілген үй ғой. Ал, енді баяғыда-а бізде

тоғыз қанат киіз үй де болған. Оның ішіне кішігірім бір ауылдың адамдары сыйып кетуші еді.

людмила: Ал, сол үлкен киіз үй қазір де бар ма, апа?Би-апа: Қайдан болсын! Оны баяғыда-а базарға апарып сау-

далап жібергенбіз.лариса: Неге? Не үшін?Би-апа: Отағасы аяқ астынан қайтыс болды. Жағдайым,

тұрмысым қиындады. Кішкене ұлды киіндіру керек, өз қатарларынан қалдырмау керек. Қаржы керек болды. Сосын амал жоқ... (мүдіреді)

Бахаргүл: Апа, мына киіз үйдің де ешқандай кемістігі жоқ. Бізге жетіп жатыр. Бұдан артығы керек те емес.

айшолпан: Осының ішіндегі ою-өрнектердің бәрін де өзіңіз жасадыңыз ба, апа?

Би-апа: Өз қолымнан жасадым. Өзімнің қиялымнан туған дүниелер. (сәл тоқтап) Е-е, біз де қыз болғанбыз. Жас болып армандағанбыз. Менің де өздеріңдей дос-құрбыларым көп еді. Олардың арасында неміс, орыс, кәріс, өзбек, татар... қыздары да баршылық еді.

Қыздар: – Олар қайда қазір? – Араласып тұрасыздар ма? Би-апа: Өмір деген сол. Әрқайсысы өз бақытын тауып,

шартарапқа тарап кетті. Тек осында мен ғана қалдым. (кішкене тоқтап) Шырақтарым, сендерге айтар жалғыз өтінішім-ұлтқа бөлініп, бұра тартпаңдар. Адам болған соң ең керегі – тату-тәтті өмір. Татулыққа ештеңе де жетпейді. Жер бетінде одан артық ешқандай байлық жоқ. Сол байлықты аялай біліңдер-р. Қой, мен кетейін.

Би-апа сахнадан шығып кетеді.Қыздар: – Мына үй қандай әсем!– Көз тартады-ау, көз тартады.людмила: Үй! Үй! Осы, қыздар, сендер үйден басқа әңгімені

ұмытып, басқа жаққа лағып бара жатырсыңдар. Бұлай бос сөзге ерік бергенше біз өзіміз жайлы айтайық. Өз өміріміз туралы... Өз тағдырымыз жайлы...

айшолпан: Айтпақшы, біздің құрбымыз Гүлімжан неге кешігіп жатыр, а? Ол да осы кезде жетем деп еді.

Page 460: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

461

Бахаргүл: Е, осы Бурабайда таныстарым көп демеп пе еді. Соларды қия алмай жүрген де. (күліп) Мүмкін, жігіті...

лариса: Қандай таныстар ол? Бұл жақта да шешендер тұра ма?

людмила: Таныс-туыс болу үшін тек шешен болуы керек пе екен! Біз-бәріміз де қазақстандықпыз! Аспанымыз ортақ, ауа-мыз ортақ, жағдайымыз ортақ. Ендеше, қазақ жерінде бәрімізде де туыс-дос бар.

венера: (қол шапалақтап) Па, шіркін! Талай ұран сөз естіп едім, ал мынадай сөзді... бірінші рет!

людмила: (қабағын шыта) Бұл – ұран емес, шыңғырып айтар шындық! Қыздар, біздер осы Қазақия да тудық па – тудық! Осында өстік пе – өстік! Осында оқыдық па-оқыдық! Осында ес білдік пе – ес білдік! Енді не, бізге бұдан өзге Отан іздеп не керек, а?

лариса: (риза пейілмен) Міне, бүгінгі күні естіген ең ақылды, ең салмақты, ең ойлы сөзім осы болды! Рахмет, Люда!

Осы кезде сахнаға Гүлімжан шығады. Қолында – сөмкесі.гүлімжан: (күлімдеп) Мен сендерге қымыз алып келдім.

Жаңа сауған саумал... дәмі бал татиды.лариса: Қымыз? Биенің сүті ме ол?венера: Дәмі бал дейсің бе, а?гүлімжан: Тек қымыз ғана емес, сендерге құрт, ірімшік те

ала келдім. Міне, алып жеңдер-р...Қыздар: (шуласа)– Құрт!– Ірімшік!– Мәссаған, тамаша болды ғой, ә!Қыздар түгел шуласып, қымыз ішуге, құрт-ірімшік жеуге

ұмтылады. Таласып-тармасып жатыр.Қымыз ішіп бола бере Людмила сөз бастайды.людмила: Ал, сонымен бүгінгі кеш – өзімізді өзіміз танып-

білу кеші болсын. Қарсы емессіңдер ғой.лариса: Қарсылық жоқ.Бахаргүл: Өте дұрыс ұсыныс.людмила: Ал, кім бастайды?лариса: Нені?людмила: Өткен өмір жайлы....Бахаргүл: (күліп) Өткен өмірі жоқтар ше? Олар не айтады?лариса: (жалт қарап) Сен мені айтасың ба? Қателесесің!...Бахаргүл: (қипақтап) Мен жәй.... әзілдегенім ғой...лариса: Әзілді де ойланып айту керек. людмила: Тағы да сөз салғыластыру... Тағы да қисая тар-

ту... Сендерге не болған, қыздар?

Page 461: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

462

айшолпан: (сөзге араласып) Әңгімені осы Лариса бастаса қайтеді, а? Өтініп сұрайықшы.

Бәрі Ларисаны әңгімеге тартып, өтініп сұрап жатады.лариса: (ойлана сөйлеп) Айт десеңдер, айтайын. Алай-

да, көп айтатын да дәнеңе жоқ сияқты. Дегенмен еске түсіріп көрейін... Бірақ, алдымен айтарым.... (тоқтап қалады)

людмила: Неге бөгелдің?лариса: Қазақ деген ел туралы ойланамын да! Өзі жер

бетінде мұндай халық бар ма екен?венера: Не деп кетті мына сұлуымыз!людмила: Сөзді бөлмейік.лариса: Мен қазаққа ылғи да таңданумен келемін. Үйіне

қонақ келсе – дереу төр ұсынады. Өздеріне қимай отырған тәтті дәмдіні қонағына ғана береді.

венера: Сол да таңқаларлық нәрсе ме? Ондай қонақжай көңіл бізде де бар.

людмила: Тыңдайықшы.айшолпан: Маған да қызық болып барады.лариса: Тағамын алыңыз: қазы мен қарта, қымыз бен

шұбат... Киімін алыңыз: сеңсең тон, былғары етік, түлкі тымақ... Төсегін алыңыз: ақжайма, таза көрпе, құс жастық...

Бахаргүл: (кекесінмен) Өзгеде мүлде жоқ сияқты сөйлейді мына қыз...

гүлімжан: Тым таң қаларлық нәрсе емес екені рас.людмила: Ту-у, сөзді бөле бердіңдер ғой, тіпті...лариса: Бұл халықтың ең үлкен ерлігі – бауырмалдығы.

Қиын-қыстау күндерде осында пана тапқан тек кәрістер емес, шешендер, түріктер, немістер... Басқа ұлттар да баршылық. Соны ашық айтуға, мақтаныш сезіммен айтуға неге аузымыз байлана береді, а?

айшолпан: Рахмет, Лариса! Менің ұлтымды сүйгенің үшін ғана емес, таза жүрегің үшін! Енді өзің туралы айтшы. Әуелгі әңгімеге оралшы.

Бахаргүл: Ал, баста.лариса: Менің әке-шешем Кореядан көшіп келгендер. Өткен

ғасырдың отызыншы жылдары екен. Сөйтіп, тағдыр жазуымен Қызылорда облысындағы Қармақшы ауданына барып табан тірепті. Олар сол Сыр бойында күріш егумен айналысты. Сыр елінің қазақтары әке-шешемді туған құдасындай қарсы алып, төрден орын беріпті. Әкем өле-өлгенше осыны айтып кетті. «Біз қазақтарға кірме ел емес, құдасынан бетер жақын болып кеттік» деп отыратын.

венера: Сонда қалай, оған дейін сыр қазақтары күріш егуді мүлде білмеген бе, а?

Бахаргүл: Соны айтам да.

Page 462: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

463

лариса: Олай емес, әрине! Сыр қазақтары бұрын да күріш еге білген. Бірақ оның қыр-сырын кәрістерден артық білді десек, ол өтірік болмай ма! Осыған бір мысал келтірейін. Қармақшы ауданында «III-интернационал» деген колхоз болыпты. Сол кол-хоздан соғыс жылдарында үш бірдей Социалистік Еңбек Ері шыққан.

Бахаргүл: Қазақтар ма?лариса: Жоқ, үшеуі де кәріс.Бахаргүл: Е, түсінікті. Қазақтар қонақжай ел ғой. Сыйлағаны

ғой. Әйтпесе, сол колхозда осындай атаққа лайық бір қазақ бол-мады деу – шындыққа сыймайды.

айшолпан: (сөзге араласып) Рас, Сыр бойынан ондай үздіктер көптеп шыққан. Бір ғана Ыбырай Жақаевтың өзі ше! Содан соң Ұлбала Алтайбаева, Шырынүл Қазанбаева, Сәлима Жұмабекова...

людмила: Міне, ғажап! Қазақстанда Еңбек Ері атанған қыз-келіншектер көп болыпты. Бұл деген керемет қой!

айшолпан: Тек күрішшілер емес, механизатор да, агроном да, тіпті басшы қызметте болған қыз-келіншектер Еңбек Ері атанды. Айталық, Кәмшат Дөненбаева, Зылиха Тамшыбаева...

венера: Гендерлік саясат деген осы! Оны қазақтар баяғы- дан-ақ білген екен.

лариса: Батыр қыздар ше! Қазақтың қыздарын сонау Ұлы Отан соғысы жылдарында...

Бахаргүл: (сөзді бөліп) Білеміз не айтатыныңды! Сол баяғы Әлия мен Мәншүк шығар.

лариса: Айтса ше? Айтуға әбден тұрады. Тіпті үнемі аузы-мыздан тастамай айтып жүруге болады.

венера: Тек Әлия мен Мәншүк емес, ана ұшқыш Хиуаз Доспанова апай ше! Ол да батыр болды ғой, кеш болса да...

лариса: (Бахаргүлге қарап) Сендерде де осындай батыр қыздар болды ма, Бахаргүл!

Бахаргүл: Қантөгіс соғыстың батыры жоқ шығар, бірақ еңбек майданының батырлары жетерлік. Өзбек халқы – еңбекқор ел....

людмила: Тағы да ұлтқа бөліне бастадыңдар ма? Біз, осы, қыздар, бір-бірімізге қай ұлттан екенімізді айтпауға уәделескен жоқ па едік.

венера: Дұп-дұрыс! Ұлт деген жәй ғана қондырғы! Ал, ең негізгісі – біз адамдармыз. Бір-бірімізге бауырмыз, доспыз, туыспыз.

лариса: Соны айтқалы жатыр едім. Сөзімді бөліп кеттіңдер. (ойлана) Менің әке-шешем өле-өлгенше Сыр еліне, оның халқына риза болып кетті. Біз үш бала болдық. Менің екі ағам сол Сыр елінде күріш егіп жүр. Әлі күнге дейін...

Page 463: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

464

Бахаргүл: Сен ше? Сен неге қалаға кетіп қалдың?лариса: Арман болды. Әуелде атағы жер жарған дәрігер

болсам дедім. Бірақ ол ойым орындалмады. Мединститутқа оқуға түсе алмадым.

венера: Оқасы жоқ. Қайта осы жұмысымыз жақсы. Фабри-када жұмыс істейміз.

лариса: Әрине, біздің фабрика елге ең қажет заттарды шығарады. Етік тігуден асқан қандай аяулы іс бар. Дегенмен, көңілде арман болып қалған соң... (мүдіреді)

венера: (сөзді жалғап) Байқаймын, сен өзі көңілді бей-жай ететін мұңды әңгімеге бұрылып бара жатырсың. Біз мұнда мұңға бату үшін келгеніміз жоқ. Көңілді әңгіме керек.

Бахаргүл: Ал, онда сен айтшы.венера: Айтамын! Айтпай ше?!.айшолпан: Рас, Венераның тағдыры да өте қызық. Маған

бір рет айтып берген.людмила: Онда не тұрыс! Баста әңгімені.венера: (ойлана сөйлеп) Менің әке-шешем осы Қазақ

топырағына тың көтеру жылдарында келіпті. Өткен ғасырдың елуінші жылдарының ортасы. Әрине, тың игеруге келгенде екеуі де бойдақ екен. Араласа келе, тағдыр жарастырыпты. Тойла-ры Қостанайдың кең даласында өтіпті. Екеуін әдемі киіндіріп, бидай оратын комбайнмен алып жүріпті. Әкем маған айтатын: «Қызым, қазақтардың бізге жасаған жақсылығын ешқашан ұмытпа, бұл ел өте бауырмал ел, мен өз елім Украинадан көрмеген жақсылықты осы жерден көрдім. Осы жерде өсіп-өндім». Әкем еңбегіне ылайық ордендер де алыпты. Әттең, осы күндерге жете алмады ғой.

айшолпан: Ой, сен де көңіл толқытар мұңды әңгімеге бұрыла бастадың. Қызық жерін айтсаңшы, а! Күлетін тұстары болса...

венера: (қайта күліп) Анам болса ылғи да жайраңдай күліп: «Әкеңнің комбайн үстінде маған құлағыма сыбырлап қана ең ыстық, ең тәтті сөздерін айтқаны есімнен кетпейді» дейтін. Біз қазір махаббат жоқ дейміз, ол өтірік сезім дейміз. Осы сөзіміз дұрыс па? Біздің әкелеріміз бен шешелеріміз өте қиын, өте ауыр жұмыс істеп жүріп те, бір-бірін сүйе алыпты, сосын тату-тәтті өмір кеше біліпті. Шын махаббат деген осы емес пе!

гүлімжан: Шынында да жан тебірентерліктей екен.Бахаргүл: Міне, тамаша! Шын махаббаттың анықтамасын

сен айтып бердің, Венера! Саған көп-көп рахмет! (оның бетінен сүйеді.)

людмила: (күле сөйлеп) Осы, байқауымша, Бахаргүл де әңгіме айтуға асығып тұрған сияқты. Тыңдасақ қайтеді, а?

айшолпан: Бахаргүл өте әсем сөйлейді.лариса: Даусы да жақсы. Ән салса жақсы болады еді.

Page 464: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

465

Бахаргүл: Айтайын. Ән де салуға болады. (тамағын қырнап) Менің туған жерім-Сайрам. Сол аймақта өзбектер көптеп тұрады. Менің әкем-сол өңірге белгілі атақты аспаз болған кісі.

венера: Қандай аспаз? Ненің аспазы?Бахаргүл: Палау басудан менің әкеме жететін жан бол-

мапты сол кезде! Қандай той-томалақ болса да, менің әкемді шақырады екен. Әкем де бала мінезді кісі. Ешкімнің көңіліне келмейді. Барып, қызмет қылады.

лариса: Біздің кәріс ұлты күрішті пісіріп-булауды әбден меңгерген. Ал, өзбектер булауды біле ме?

Бахаргүл: Өзбектер булап емес, шаш палау пісірудің шебері. Күрішке ет, майдан басқа да қосылатын заттар өте көп. Ондай палауды жеген де арманда, жемеген де арманда.

людмила: Әкең әлі де бар ма?Бахаргүл: Қайтыс болды. Осы жақын жылдарда. Алайда,

Сайрамда ағатайым тұрады. Ол да шаш палау әзірлеудің асқан шебері.

венера: О-о, бір күні Сайрамға сапар шегіп қайтармыз? Па-лау жеп қайту үшін.

людмила: Өте дұрыс ұсыныс. Ал енді өзің... өзің ше! Өзің сондай палау әзірлей аласың ба?

Бахаргүл: Мен ерке қыз болдым. Жастай оқу оқымақ боп, қалаға кеттім. Әй, жөні түзу палау жасай алмайтын болармын.

людмила: Міне, біз осылайша атадан қалған мирас өнерді ұмыта бастадық. Демек, біз сол аталардың жолын қуған ұрпақпыз деп айтуға да хұқымыз жоқ.

гүлімжан. Бұл енді тым артық сөз деп ойлаймын мен...айшолпан: Неге олай дейсің, Люда? Заман жылжиды.

Уақыт өзгереді. Күрішшінің баласы күрішші, палаушының баласы палаушы болып қала берсе не болады? Әркімнің өз бейімі бола-ды емес пе? Айталық, етікшінің баласы-жазушы, тракторшының ұлы – саясаткер...

людмила: (тебірене) Өте ойлы сөз айттың, Айшолпан! Менің жанымды тербеп жібердің...

айшолпан: Сені толқыту үшін емес...людмила: Менің жан-дүнием астаң-кестең болды. (сәл

тоқтап) Мен біле білсең, сол етікшінің қызымын ғой. Оралда тұрғанбыз. Әкем ерте қайтыс болып кетті. Әттең, көп нәрсені үйренуім керек еді. (кішкене жымиып) Бір күні әкем мені өзі етік тігетін кішкене үйшігіне алып келді. Қолыма біз, жіп, қайшы берді де, «мына етікті жамап-жасқап, киюге жарамды етіп көрші» дегені. Мен намысқой қыз едім. Терлеп-тепшіп жұмыс істедім. Екі-үш рет қолыма ине кіріп те кетті. Сонда да жылағам жоқ. Түске таман әкем менің маңдайымнан сүйіп

30-177

Page 465: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

466

«міне, қызым, еңбек деген кісіні алға ұмтылдырады, өзіңді өзің тануға жетелейді» деді. «Жалқаулық – жаман әдет» деді со-сын. «Жалқау қай қоғамда да көзге шыққан сүйелдей, ондайлар түптің түбінде ортадан ығысып қала бермекші!» Сосын тағы да «Жалқау адам-ұлттың соры» дейді.

лариса: Сен әке жолын жалғаған жалғыз қыз болдың ғой, Люда! Міне, етік шығаратын заводта жұмыс істейсің.

людмила: Завод басқа, ал кішкене бұрышта отырып бәрін өзің жасау – мүлде басқа іс.

Бахаргүл: Біз бәріміз де өз өмірімізді там-тұмдап болса да айттық. Ал, Гүлімжан неге үндемейді, а?

лариса: Рас-ау, өзі бізден бөлініп кетеді де, өте кеш келеді. Сосын тым-тырыс отырады. Бізді қымызбен алдағысы келеді. Бұл жөн бе, а?

гүлімжан: Мен шешен қызымын ғой. Алайда осы күнге дейін Шешенстанға бармаппын. Ата жұртымыз Шешенстан екені рас, алайда Қазақ жері де бізге бөтен емес дейтін анам...

людмила: Әкең ше? Ол кісі...гүлімжан: Әкемді білмеймін. Менің бала кезімде қайтыс бо-

лыпты. Мені өсірген-анам. (сәл тоқтап) Талдықорғанда бір наубайханада ұзақ жыл жұмыс істеді. Соңғы жылдары ауырды. Төсек тартты. Жүгіріп жүріп, емдеткен болдым. Бірақ, амал қанша-а... (мұңаяды)

венера: Сонда сенің әкең Шешенстаннан келген болды ма?гүлімжан: Анамның айтуынша – Ұлы Отан соғысы кезінде

қазақ жеріне жер аударылыпы. Ол кезде мүлде жас бозба-ла екен. Анам айтады: Тойымыз Талдықорғанның түбіндегі кішкене ауылда өтті, бізді төбелеріне көтеріп, той тойлаған ылғи қазақтар болды, олар біздің тойымызды өздерінің тойындай етіп думандатқанын әлі күнге ұмыта алмаймын...

лариса: Демек, сен де қазақ жерінде туған ұрпақсың. Кіндік қаның осы Қазақияда тамды ғой!

гүлімжан: Әрине, солай! Мен өзімді қаным шешен болса да, бүкіл жан-дүнием қазақ деп түсінемін. Қазақтар-менің ең жақын, ең туыс, ең қымбат адамдарым... (толғана сөйлеп, отырып қалады)

венера: Осы шешендерді өте батыл, ержүрек ел дейді. Ешкімнен де, ештеңеден де қорықпайды дейді. Мен соны ой-ласам...

лариса: Немене, күдігің бар ма?венера: Мына Гүлімге қарап, ойлаймын да. Жалпы шешен

халқы тым қатты кете бермейтін ел ме деп...гүлімжан: Мен жалпы халық үшін сөз айта алмаспын. Алай-

да... қызу қанды ел екеніміз бесенеден белгілі. Шешендердің жігіттері де, қыздары да ешкімге кеудесін бастырып көрген емес.

Page 466: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

467

айшолпан: Ту-у, әңгіме қайда бұрылып бара жатыр? Біз қайдамыз? Қазақия жері емес пе бұл?!.

людмила: (серпіле сөйлеп) Менің ойымша-ең қызық әңгіме Айшолпанда. Осы қызды тыңдау керек, ә!

венера: Дұрыс айтасың! Айшолпан неге өз сырымен бөліспейді?

айшолпан: Мен айтатын не бар? Менің тағдырым өзгешелеу.венера: Өзгеше болса да айт.Бахаргүл: Бізді тыңдадың, енді сені де тыңдауымыз керек.айшолпан: Менің әкем ақын болған! Ерте қайтыс болыпты.

Ал, шешем... (ойлана, тұнжырап отырды да) Сендерге өлең оқып берейін бе, а?

венера: Оқы.айшолпан: – Өмір деген тұрады екен бір сөзден,Айтқанменен қасиетін кім сезген!Өткірлігі, өткірлігі қанжардың,Өткір емес бір сөзден...Бәрі қол шапалақтайды. Сахна қараңғылана береді.

Жетінші көрінісСахнада-қараңғы кеш суреті. Қыздар екеу-екеу болып

сөйлесіп жүр. Орталарынан Айшолпан сөз бастайды.айшолпан: Қыздар бүгін «Ақ сүйек» ойынын ойнасақ

қайтеді?венера: Ол қандай ойын?айшолпан: Сүйекті қараңғылыққа құлаштап тұрып

лақтырады. Сосын оны іздеп, тапқан қызға сыйлық...лариса: Ондай ойынды қыз-жігіт болып ойнайтын сияқты еді.гүлімжан: Енді жігіт жоқ болса, не істейміз? Өзіміз болып

ойнасақ та жетпей ме?людмила: Рас, өзімізге өзіміз мереке жасай білуіміз керек.

Айшолпан, сүйек қайда?айшолпан: Лақтырайын ба?людмила: Бәріміз көзімізді жұмайық. Сосын сен алысқа-а

лақтыр.Қыздар шуласып, көздерін жұмады. Айшолпан сүйекті

лақтырады. Енді қыздар соны іздеу үшін жан-жаққа тарай-ды. Сахнада – Людмила мен Айшолпан.

людмила: Осы сен өз өмірің туралы неге аз айтасың, а? Әлде... айтуға болмайтын құпияң бар ма?

айшолпан: (ойлана) Әкемді көре алмадым. Ақын еді дейді анам. Бірнеше өлеңдерін жатқа айтатын. Сол өлеңдерді оқысам.... жылағым келеді.

Page 467: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

468

людмила: Неге?айшолпан: Өте мұңды! Өте қайғылы-ы...людмила: Маған да оқып берші. Тыңдайын.айшолпан: (мақамдап)– Біз өлеміз!Бәріміз де өлеміз!Топыраққа оранады денеміз!Ойлаңыз мұныЕлеме мейлі, елеңіз!Өмір деген осылай ғой, көнеміз!Біз өлеміз!Бәріне де көнеміз!Жанған шамдай,Бірте-бірте сөнеміз!Ойлаңыз мұны,Ашуды тұсап,Сезімді сәл-пәл бөгеңіз-з...Осы жерге келгенде Айшолпан күмілжіп, даусы дірілдеп,

ықылық атады. людмила: Болды! Болды! Ары қарай оқымай-ақ қой. Мен

бәрін де түсіндім-м...айшолпан: (даусы әзер шығып) Осылай жазады екен әкем!

Неге? Неге бұлай таусылып жазды екен қайран әке-е... Неге сонша күйзелді екен жан әкетайым?!.

людмила: Демек, әкеңнің жүрегі өте нәзік болғаны ғой. Он-дай нәзік жүректі азаматтан сен секілді өте ақылды, нағыз сұлу қыздар туады.

айшолпан: Анам өте момын кісі. Елде тұрады. Қазір қартайды. Мен барған кезде жылап алады. Әкемнің өлеңдерін оңашада оқып беруімді өтінеді.

людмила: Сен оқисың ба?айшолпан: Толқи тұрып оқып берем. Сосын Анам да,

мен де жылаймыз. Тағдырға деген өкпеміз бұл... (Айшолпан мұңайып тұрып қалады)

людмила: Тағдырға неге өкпелейсіңдер? Адам ерте ме, кеш пе бәрібір бір өлетіні рас болса, ол соншалық трагедия ма екен!

айшолпан: Мәселе – өлімде емес. Басқада...людмила: Онда не?айшолпан: (толқи сөйлеп) Әкем апамды аяғы ауыр

кезінде тастап кетіпті. Анам мені жалғыз өзі босанып, жалғыз өзі өсіріпті. Тіпті «туу туралы куәлік» алғанда «әкесі» деген жерге оның аты-жөнін де жаздырмапты. (жөтеледі)

людмила: Сонда... әкең қарсы болған ба?айшолпан: Жоқ, шешем ондай көкек әкенің барынан жоғы

депті. Атын атамаңдар, ұмытыңдар деп айғайлапты.

Page 468: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

469

людмила: Ал, сен... есейген соң әкеңді іздемедің бе?айшолпан: Іздедім. Сөйтсем таяуда ғана дүние салыпты.

Көре алмадым ғой әкемді... Оның бейнесі енді мен үшін мәңгі жұмбақ болып қалады-ы...

Енді Людмила сөз бастайды.людмила: Саған айтар сырым бар.айшолпан: Ол қандай сыр?лариса: Сыр ғана емес, жүрек сөзі.айшолпан: Қызық екен. Жүрек сөзін неге маған айтпақсың?людмила: (ойлана) Кеше кездескен жігіт бар ғой. Осы киіз

үйді бізге тауып берген ақ қалпақты жігіт ше?айшолпан: Ал-л...людмила: Сол жігіт маған қайта-қайта көз қиығын сала

бергенін өзің де байқаған боларсың?айшолпан: О-о, бұл тамаша! Демек, той да алыс емес.людмила: Арғы жағын тыңда. Мен орыс қызымын. Ал, ол

қазақ жігіт.айшолпан: Онда тұрған не бар? Арада махаббат болмайды

деп кім айтты?людмила: Жоқ, біз ұлт деген ұлы ұғымға соңғы кезде мүлде

атүсті қарай бастадық. Ол дұрыс емес. Әр ұлттың өз ерекшелігі қай кезде де сақталып қалуы керек.

айшолпан. Ұлттардың ерекшелігінің махаббатқа қатысы қанша?

людмила: Жас кезде бәріміз де солай ойлаймыз. Ал, уақыт өте келе... есейген шақта кесе-көлденеңдеп алдымыздан діни көзқарас, әдет-ғұрып, салт-дәстүр... тағы басқалар шыға келсе ше?

айшолпан: Оның бәрін де сүйіскен екі жас оңаша отырып, екеуара ойластырып шешуге болмай ма?

людмила: Ең қиыны – артыңда қалар ұрпағың! Олар кім болмақшы? Қай ұлттың өкілімін дейді.

айшолпан: Өйтіп тым тереңдей берсең, бәрі де қиындап кетеді. Ең дұрысы-жүрек сөзіне құлақ ас.

людмила: Тыңдашы мені. Менің анам айтатын. Бұрындары Мәскеу түбіндегі бір қалада тұратын жақын ағатайы француз қызына үйленіпті. Арада көптеген жылдар өткенде әлгі әйел елін аңсап, ішқұса болып, Францияға кетем дейді. Ағатайы онда барғысы жоқ. Сосын орталарындағы дәнекер – жалғыз қызбен ақылдасады. Соның сөзіне тоқтайық дейді. Сонда жас бой-жеткен «менің де, өздерінің де тағдырларыңды осынша азапқа салғандарың қалай?» деп ағыл-тегіл жылапты.

айшолпан: Енді... ол басқа заман!людмила: Заман біреу-ақ. Адамдар ғой бәріне жауапсыз

қарайтын.

Page 469: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

470

айшолпан: Сондағы ойың не? Өз бағыңды өзің басқа теуіп...людмила: Ол жағын кейін айтайын. Тек есіңде жүрсін

дегенім...Осы кезде қыздар шу-шу етіп, қайта оралады. Ақсүйекті

Венера тауып алыпты.венера: Менің сыйлығым қайда? Сыйлығымды бер, Айшол-

пан!айшолпан. Сыйлық сосын болады. Әлі ойын жалғасады.людмила: Рас, ойын мұнымен бітпейді. Енді айнала отырып

алып, қазақтың мақал-мәтелдерін айтып жарысамыз. Ескерте кетерлігі – тек қазақ тілінде сөйлеу керек. Егер ортасына бөтен сөз араласса – онда жеңілгенің....

лариса: О-о, бұл әділдік емес! Мен орыс тілінде оқығанмын. Қателесіп кетуім де ләзім.

людмила: Ал, сен тырысып бақ. Таза сөйлеуге ұмтыл.Қыздар енді бір-біріне қарап отырып, кезек-кезек мақал-

мәтел айта бастайды. Қызық ойын басталып жүре береді.венера: Мен бастайын. Қазақ «Ел болам десең, бесігіңді

түзе» дейді. Осының мағынасы қалай? Кім айта алады?лариса: Бесік деген – сәбидің ұйықтайтын төсегі ғой.Бахаргүл: Сен де қатырасың! Бұл жерде мәселе басқада.гүлімжан: Қазақ тағы да «Бесіктен белі шықпай жатып...»

дейді ғой. Соны түсіне бермеймін...айшолпан: Оның мағынасы – әлі қатайып, буыны бекімей

жатып ақыл айта беретіндерге арналған сөз. Ал, «бесігіңді түзе» дегені...

людмила: Ой, Айшолпан, сен араласпа. Бұл сауал саған емес, басқа қыздарға...

Қыздар тағы да шуласады. Әркім әртүрлі мақал, мәтел сөздер айтып жатады.

Осы кезде бұлардың қасына Би-апа келеді.Қыздар: (жабыла шуласып)– Ой, апа, түн ішінде неғып жүрсіз?– Қорықпайсыз ба?Би-апа: Мен кімнен қорқамын? Бұл жер менің туған ауы-

лым. Әр талы, әр сайы, әр бұтасы менімен амандасып тұрады. Осында өстім. Осында бойжеттім. Осында тұрмысқа шықтым.

Қыздар: – Балаларыңыз бар ма?– Олар қайда?Би-апа: Үш ұл туған едім. Екеуі жас күнінде шетінеді. Ал,

ең кенжем...людмила: Ол қайда жүр?Би-апа: Ол ма? Ол... қайда кетуші еді, жүр-дағы...лариса: Үйленген бе?

Page 470: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

471

Би-апа: Жоқ. Оған қыз біткен ұнай бермейді. Жасы болса отызға келіп қалды.

Бахаргүл: Бізге таныстырмайсың ба? Сосын өзіміз-ақ...Би-апа: Е-е, мені тыңдар ұл болса... (сәл тоқтап) Қой,

қарақтарым, сендердің ойындарың қызып жатыр екен, мен кетейін.

людмила: Апа, біз ұлттар достығы, ауызбіршілік туралы мақал-мәтелдің бәрін айтып тауысуға айналдық. Сіз де біреуін айтып кетіңізші?

Би-апа: (ойлана) Мақал-мәтел дейсің бе? Е-е, қазақ атам нақыл сөздің өрен жүйрігі бола білген ғой. Қай сөзін алсаң да, тұнып тұрған философия!... (тоқтап) Қазақ «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығар» дейді. Енді осы қанатты сөзді талқыға салып көріңдер. Ал, мен кеттім.

Қыздар: (шуласа)– Мынау өте қиын сөз екен!– Мағынасы қалай болады, а?– Кім айта алмақшы...Сахна қараңғылана береді.

сегізінші көрінісТүн. Шаңырақтан ай сығалайды. Бөлме ішінде алты қыз

ұйқы құшағында. Әрқайсысы өзгеше түс көруде. Кенет... киіз үйдің ішінде Елес-жігіт пайда болады. Ол алдымен Ларисаға жақындап, үстінен алақанымен ауа арқылы сына-лай бастайды.

лариса: (ұйқысырап) Бұл кім? Кімсің сен, Елес?Елес-жігіт: Ұйықта! Ұйықтай бер, сұлуым...Енді Елес – жігіт Венераның жанына тақайды. Оны да

ауа арқылы әлдидейді.венера: Бұл, сенбісің? Қиялымдағы асыл жарым, келдің бе?Елес-жігіт: Ұйықта! Түсіңді жалғастыра бер...Енді Бахаргүлдің тұсына жетеді. Тағы да аялай бастай-

ды.Бахаргүл: Ташкенттен келдің бе, аяулым? Сені көп-ақ күттім

ғой мен...Елес жігіт: Арманың алыс емес. Ұйықтай бер, асылым!Содан соң Людмилаға жақындайды. Людмила да талмау-

сырап сөйлейді.людмила: Келші! Құшақташы мені...Елес-жігіт: Күт! Күт мені! Мен сөзсіз келемін саған....Бұдан соң Елес-жігіт Айшолпанның жанына тақай береді

де, жалт етіп жоғалады.айшолпан: Сен... сен қайда кеттің? Мені тастай қашқаның

қалай? Қайдасың-ң...

Page 471: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

472

Сахна қараңғылана береді де, Елес-жігіт көзден ғайып болады. Қыздар тәтті ұйқысын жалғастырады. Кенет... сырттан айқайлап сөйлеген әлдекімнің даусы естіледі. Қыздар шошып оянып, бүрісіп-бүрісіп отырады.

маскүнем жігіт: Ау, мұнда кім бар? Шық деймін бері! Менімен... сөйлесер жан бар өзі!

Қыздар: (күбірлесіп)– Мынау маскүнем біреу ғой.– Енді қайттік!– Ішке кіріп келсе қайтеміз?маскүнем жігіт: Есікті ашыңдар. Әйтпесе бұзып кіремін!

Теуіп ашамын қазір...Қыздар: – Есалаң ғой мынау!– Өзі нашақор біреу емес пе?маскүнем жігіт: Соңғы рет ескертем. Енді болмаса мына

киіз үйді төңкеріп тастаймын.людмила: Мен шығып тілдесейін.айшолпан: Жоқ, мен сөйлесемін. Сендер жата беріңдер.гүлімжан: Мен бірге шығамын. Кім біледі, қолында суық

қаруы бар болса...Айшолпан мен Гүлімжан тысқа шығады. Маскүнем жігіт

екі қызға тап-тап береді.маскүнем жігіт: Маған арақ тауып беріңдер. Әйтпесе бар

ғой...айшолпан: Ақылға кел, жігітім! Бұл не деген көргенсіздік!

Қыз баламен бұлай сөйлесу... маскүнем жігіт: Қыз бала! Қыздар-р... олар қайда? Қайда,

қыз-з...айшолпан: Мен, бізбіз. Біз қыз емей, енді кім едік? Өзіңде

Ана, жар, қарындас бар болар?маскүнем жігіт: Сен... сен маған өйтіп адамгершілік лекция-

сын оқыма! Мен онсыз да ақылы көп жігітпін. Сол ақылдылықтан әбден шаршаған жанмын.

гүлімжан: Кісі ақылдан да шаршай ма екен? Ақыл деген қымбат қазына...

маскүнем жігіт: Жоқ! Бұл заманда ақылды болу – азапқа түсу! Өзіңді-өзің тозаққа итермелеу! Ең дұрысы-ақымақ болып өмір кешу-у...

гүлімжан: Тым қияли жігіт екенсің.айшолпан: Жөніңе кетсең, қайтеді, а? Жігіт деген атың бар

ғой.маскүнем жігіт: Мен бе, жігіт? Жо-жоқ, мен жігіт емеспін,

мен еркекпін!

Page 472: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

473

гүлімжан: Жігіт емес, мігіт екенсің! Еркек деген киелі аттан садаға кет!

маскүнем жігіт: Әй, әй, сен өзі... кімге бұлай сөйлейсің? Мен сені бар ғой, мен қазір... (жұдырығын түйіп, Гүлімжанға ұмтылады)

гүлімжан: (қолын қайырып, жерге жығып алып) Мігіт болмасаң, осылай қызға қол көтересің бе? Әй, мігіттен өткен азғын боларсың?!.

маскүнем жігіт: Ойбай, қолым! Босат мені...айшолпан: (Гүлімге) Босатып жібере сал. Бір жері сын-

са, бәлеге қалармыз. Мұндай еркексымақтар бәлешіл болып келеді....

гүлімжан: Жоқ, босатпаймын. Мұндай көргенсіз жігіттердің талайын тәртіпке салғанмын. Қашан кешірім сұрағанша босат-паймын.

Осы кезде киіз үйден Людмила шығады.людмила: (жерде жатқан жігітке қарап) Өзі... ішіп алып-

ты ғой. Қазақ па, жоқ әлде...гүлімжан: Мұндай маскүнемдерде ұлт болушы ма еді.

Ұлттан садаға кетсін.айшолпан: Жібере салшы өзін. Жөніне кетсін.гүлімжан: Әлі кешірім сұраған жоқ.маскүнем жігіт: (ыңырси сөйлеп) Кешір.... енді мүлдем

келмеймін. Босатшы мені...гүлімжан: Тағы да айт! Дауыстап айт. маскүнем жігіт: Енді қарамды батырамын бұл жерден.Оның қолын босатады. Маскүнем жігіт орнынан тұра сала,

үсті-басын қаққыштап, орман ішіне қарай зытып отырады. Қыздар қыран-топан күлкіге көміледі. Осы кезде киіз үйден Венера шығады.

венера: Қайда жаңағы бұзақы? Мен оның әкесін көзіне көрсетейін.

людмила: Сенсіз де әкесін көзіне көрсеттік. Ол зытып отыр-ды.

венера: Қап-ай, ә! Жас күнімде самбо үйірмесіне барып едім. Соны еске түсіріп, өзін бір-екі рет қара жерге аунатып алсам ба деп едім...

Бахаргүл: (басын көрсетіп) Ой, батырым-ай! Мықты болсаң, бағанадан бері неге шықпадың? Көрпе астында бүркеніп, дір-дір еткен кім екен?

венера: Ол мен емес.Бахаргүл: Енді кім? Әлде Лариса ма?лариса: Сенің де әуселеңді байқап қалдық, Бахаргүл?

Өп-өтірік ұйықтаған болып, қорылдаған сен едің ғой.

Page 473: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

474

людмила: (тоқтау айтып) Қыздар, жарайды. Енді жау кеткен соң бәріміз де батыр болмай-ақ қоялық. Ішіміздегі ең жүректі қыз – ол Гүлімжан болды. Саған көп рахмет, Гүлімжан!

гүлімжан: Рахмет не үшін! Мен сендерді ғана емес, өзімді де қорғадым.

людмила: Ал, енді ішке кіріп, ұйқыға бас қоялық. Әлі түн жарымы...

Бәрі киіз үйге кіреді.

Тоғызыншы көрінісКиіз үйдің іші. Таң бозарып ата бастайды. Алты қыз

да оянады. Олар өң мен түс арасында. Бәрінің де ойында түндегі Елес-жігіт...

Кенет... ашық тұрған шаңыраққа бір әсем құс келіп қонады. Қонады да әсем әнге басады. Ол үздіксіз, тоқтаусыз ән салады.

Бахаргүл: Әуезі қандай әдемі, а! Тұп-тура өзбек қызы ән салып тұрғандай...

лариса: Даусы кәріс қыздарының сыңғырлаған үніндей бо-лып естіледі маған!

айшолпан: Қазақ әні секілді!...людмила: Құстың әні-қай халықтың да жүрегіне жұмсақ

естіледі, қыздар! Құстар деген – адамның досы емес пе! Біз көп нәрсені сол әнші құстардан үйренгенбіз...

венера: (өзінше қиялға беріліп) – Қыздар, түсімде бір жігіт келіп, мені қыса құшақтады.

лариса: Маған да сондай түс кірді.Қалғандары да шуласа:– Мен де көрдім!– Менің де қасымда ұзақ-қ отырды! – дейді.Тек Айшолпан ғана үнсіз.лариса: – Саған не болған?айшолпан: – Ол менің қасыма келгісі келмейді.Бахаргүл: (әзілдеп) Түндегі маскүнем жігітті айтасың ба

сен? Сол ма айтып отырғаның?лариса: Қойшы, Бахаргүл! Қайдағыны айтпашы...венера: Е, ол жігіт құбыжық па екен? Мүмкін, ішкен соң...

қызу болған соң...айшолпан: Мен... мен басқа сезімді айтамын.людмила: Айта түсші! Айтшы ойыңдағыны...айшолпан: Түсімдегі жігіт... маған жақындап келді де,

жалт бұрылды. Мен оған қол создым. «Тоқташы» дегім келді. «Кетпеші» деп жалынғым келді.

венера: Міне, махаббат! Нағыз қазақ қызы осылай өліп-өшіп сүйеді. Жарайсың, Айшолпан!

Page 474: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

475

Бахаргүл: Елесті сүю ме! Қияли әңгімені айтпаңдаршы маған...

людмила: Бәлкім, ол Елес-жігіт емес, өмірде бар жігіт шығар.

лариса: Ол да мүмкін. Айшолпанның көзімен баға бере білсек қой осы сезімге...

айшолпан: Мен оны танитын сияқтымын. Мен оны бір-екі рет көрген де сияқтымын.

венера: Кімді?айшолпан: Түсімдегі жігіт...венера: Е, елес пе? Елеске де осынша беріліп... Соншама

езіліп...Алты қыз есік алдына шығады. Таңғы ауа тап-таза.

Құстар ән салуда. Ағаштар сыңсып тұр. Кенет... ақ боз атты бір жігіт бұлардың алдына ойқастап шығады.

ақ боз атты жігіт: Сәлем, қыздар!венера: (таңдана) Мынау.... мынау тап сол жігіт!лариса: Қай жігіт?венера: Түсімде көрген жігіт.Бахаргүл: Мен де осы жігітті көргем. Ол бірақ Ташкенттен

келдім деп еді.Қыздар шуласып, қайта-қайта көрген түстерін айта

бастайды. Айшолпан мен Людмила бұрылып, ағаш арасына кете береді. Ақ боз атты жігіт аттан түсіп, қыздардың жанына келеді.

Жігіт: Мен сендерді екі-үш күннен бері сырттай бақылап жүрдім.

Қыздар: Нағыз жігіт сырттай бақыламайды. – Шын жүректі жігіт болсаң бізге жақын келуің керек еді.– Қыз қадірін біле бермейтін жігіт боларсың.Жігіт: Олай емес. Мен сендердің бәріңді де жақсы көремін.Қыздар: – Әсіресе кімді?– Қайсымызды?Жігіт: Мен қандай да бір мамандықты да меңгерген қыз

болса, өте қадірлеймін. Маған ондай қыздардың бәрі де қымбат.Қыздар: – Мамандықты айтпа, сезімді айт.– Кімді сүйетініңді сездір...Жігіт: Орыс халқы – ұлы халық! Әлемді таң қалдырған

қаншама ғұламалар мен ақын-жазушылар шыққан. Украин жұрты – еңбекқор халық! Онда заводтар мен фабрикалар көп. Корей елі – әлемді таң қалдыра білген ел. Өзбектер – ата – салт дәстүріне өте мықты ел. Ұйғырлардың өте дәмді лағманын айтсаңшы... Ал, татарлардың...

Page 475: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

476

венера: Біз саған ұлттың қадір-қасиетін айт деген жоқпыз.лариса: Соны айтамын да. Сен өзі қандай жігітсің?Жігіт: Мен өнерге, әсемдікке табынушымын. Әлемді ұстап

қалатын, адамдарды адамгершіліктен ажыратпайтын бір құдірет болса, ол – өнер! Ол – ән! Ол – өлең!

Қыздар: – Түсінбедік.– Бұл не сөз!Жігіт: Сендердің құрбыларыңның біріне өлердей ғашықпын.

Сол қыздың қалай тілін тапсам деп күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айрылып жүрген бақытсыз жанмын.

Бахаргүл: Қашаннан бері?Жігіт: Үш күн, үш түн болды. Ақыл-естен айрылатын түрім

бар. Ойпырмай, бұрын-соңды дәл мұндай күйге түспеген едім...Қыздар: (шуласып)– Айшолпанды сүйетін болар?– Жоқ, Люданы ұнатады!– Ал, біз ше?– Біз кімнен кембіз?Жігіт: (алақтап) Айтпақшы, Люда мен Айшолпан қайда

кетті? Олар неге көрінбейді?венера: Кетті ғой ана жаққа! (орман ішін нұсқайды)Қыздар: – Іздегенің тек солар болса, бара бер.– Бізді қайтесің!Жігіт: Сіздер мені түсінбедіңіздер! Менің айтайын дегенім...Қыздар: – Айта беретін не бар!– Сырың онсыз да белгілі болды.– Сөздің ашығына көш енді.Жігіт: Мен... сіздермен осымен үшінші рет жүздесіп тұрмын.Қыздар: (шуласа)– Қалай?– Қашан?– Қай кезде?Жігіт: Ең алдымен осы Ақбоз үйді тауып беруге көмектестім.Қыздар: – Жоқ, ол басқа жігіт болатын.– Сен емессің.Жігіт: Менмін. Тек киімім басқа болды. Содан соң түн

ішінде сендерге Елес-бейне болып оралдым.Қыздар: Өтірік! – Ол сен емессің!Жігіт: Содан кейін міне, үшінші рет, Ақбоз атпен келіп

тұрмын. Қыздар: – Өзің нағыз артист екенсің ғой.– Қалай білдірмей жасағансың.

Page 476: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

477

Жігіт: Бәрі де махаббаттан! Сүйіспеншіліктен! Менің болашақ жарым-сендердің араларыңда екенін білгендіктен...

лариса: (күле сөйлеп) Бәлкім, кеше түндегі осы жерді ба-сына көтеріп, айқай-ұйқай шығарып, арақ сұраған маскүнем де сен боларсың?

Жігіт: (таңдана) Қашан? Ол қай маскүнем?венера: Өтірік білмегенсіп... ол да сенсің!гүлімжан: (жігіттің қолын ұстап көріп) Жоқ, бұл емес.

Ол өте қарулы еркек болатын.Жігіт: Мен ше? Мен бостаумын ба?гүлімжан: Сенің жүрегің таза. Сосын да сен сезім әлемінің

батыры бола аларсың деп ойлаймын.Осы кезде Люда мен Айшолпан да оралады.Жігіт: (Людаға) Мен сізді бір көргеннен-ақ... Алғашқы

сәтте-ақ... Қызғалдақ-гүлім!людмила: (сөзін бөліп) Оңаша сөйлесейік.Жігіт: Құп болады. Мен дайын. Қызғалдағым!людмила: (оңаша алып шығып) Мен саған өз ойымды

өткенде-ақ айтқан едім ғой. Сен түсінбедің бе? Ұқпадым ба көңіл түкпіріндегі ойды...

Жігіт: Түсіндім. Әбден түсіндім. Бірақ... сезім деген бола-ды. Сезімге ешқандай да әмір жүрмейді. Оның алдында мен де, сен де әлсізбіз...

людмила: Рас, сенем сөзіңе! Бірақ көзіңнің сонау-у терең түкпірінде қазақ қызына деген іңкәр сезім жасырынып тұрғанын неге жасырасың. Сол өтірік пе?

Жігіт: Айшолпан – өте әдемі қыз. Қарасаң көз тоймайды. Ал, бірақ...

людмила: Сен әлгінде маған сөйлеп тұрып, көз қиығыңмен Айшолпанға бұрыла бердің. Бір емес, қайта-қайта...

Жігіт: (қипақтап) Оны... қалай байқап қалдыңыз?людмила: Мені алдау еш мүмкін емес. Мен кісі сезімін тап

басып көре аламын. Сезе аламын...Жігіт: Сонда-а... менің саған деген сезімім ше?людмила: Сені шын жүрегімен, бар жан-тәнімен сүйетін қыз

ол – Айшолпан. Соны қалай байқамайсың? Не деген аңғалсың, а?

Жігіт: Рас па? Ол мені сүйе ме?людмила: Бақытыңды тауып тұрсың. Қызғалдақ-гүлің сол!

Сөйте тұра оны уыстап шығарып алмақсың. Әй, жігітім-ай! Әй-әй...

Жігіт: Айшолпан ба? Ол... шынымен мені сүйе ме? Сене алар емеспін. Мен ойлап едім, ол маған мүлде көз салмайтын болар деп...

людмила: Неге олай ойладың?

Page 477: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

478

Жігіт: Айшолпан-сұлу ғой. Айшолпан-мүлде бөлек жараты-лыс қой. Оның жігіті бар болар деп ем. Тіпті сөз байластырып қойған да шығар десем...

Бұлардың даусын естіп, қыздар да жақындайды.Қыздар: (шуласып)– Біз ше?– Басқа ұлт өкілі болған соң сүйе алмай ма бізді?– Бұл қиянат қой.людмила: Тоқтаңдаршы! Сабыр сақтап, мені тыңдаңдаршы.венера: Қыздар, сабыр-р...людмила: (қыздарды тоқтатып) Қыздар, біз алтаумыз

да аз күн болса да бір шаңырақ астында тұрып жатқан жан-дармыз. Демек, бірімізге біріміз бауырмал, туыспыз. Бауыр жандар бірінің қуанышына, екіншісі қуана білуі керек. Өйткені, ол-өмір заңы! Егер қуану орнына қызғаныш байқатсақ, мақтау орнына даттай берсек, онда біздің адам деген атымыз қайда қалады? Олай болса, Айшолпанның қуанышы – бізге қуаныш! Айшолпанның бақыты – бізге бақыт! Ендеше, оны құттықтайық. (жан-жағына қарап) Ол қайда? Қайда ғайып боп кетті, а? Іздейік! Іздеңдер біздің шаңырақтың сұлу қызын.... Жас келін қайда? Қайда кетті ол-л...

Осы кезде сахнаға Би-апа да шығады. Ол кісі тебірене сөйлейді.

Би-апа: Қарақтарым-ай, сендер осында келіп, менің де талай жылғы аңсаған үмітіме қанат байладыңдар. Менің тілегім қабыл болды! Жеттім дегеніме...

Қыздар: (түсіне алмай)– Қандай арман?– Қалай жеттім дейсіз?– Біз түсінбей жатырмыз...Би-апа: (жігітті көрсетіп) Мына бала менің Алла-

тағаладан жалбарынып алып қалған жалғызым еді. Жасы отызға келіп қалса да, ешкімді көзге ілмеуші еді. Енді, міне, сендердің араларыңнан өз бақытын тауып отыр. Бақыттымын! Өркендерің өссін бәріңнің де. Сендерді мен өз қызымдай, өз сіңлілерімдей көремін. Бастарыңнан бақыт кетпесінші мәңгілік... (сосын киіз үйге қарап, бас иіп) О, қасиетіңнен айналайын қазақтың Ақбоз үйі! Сенің қасиетің бар ғой! Қасиеттісің ғой сен... Мың алғыс! Мың алғыс саған, қазақтың Ақбоз үйі... Қасиетті қара шаңырағым-м...

(ШЫМЫЛДЫҚ)

Page 478: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

маЗмҰНы

Бірінші бөлімӘңгімелер. Новеллалар

Оқырмандарыма! ............................................................ 41. Ел мен Елес (мінездер миниатюрасы) ..................... 52. Аңшы ата ізімен (табиғат новеллалары) ................... 179

Екінші бөлім Шағын хикаялар

1. Перзентхана полонезі .................................................. 2462. Бассейн ........................................................................ 2643. Бүгінгі элегия (үш өрім) ............................................ 2844. Саясат пен сыра (қос өрім) ....................................... 3105. Ана мен бала .............................................................. 325

Үшінші бөлім Драмалық хикаяттар

1. Адасқан арман ............................................................ 3382. Кемақыл ...................................................................... 3693. Адам жоғалтқан адам ................................................ 3894. Қаладағы пәтер .......................................................... 4245. Ақбоз үйдегі алты қыз ............................................... 440

Page 479: УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Ә 54tilalemi.kz/books/7343.pdf · сан түрлі мәселелерді қозғайтын әңгімелер топтамасын қағаз

Єдeби-кµркeм басылым

Жолтай ӘЛМАШұЛы

Ел мен елес(әңгімелер, новеллалар, шағын хикаялар,

драмалық хикаяттар)

(қазақ тіліндe)

Баспа дирeктoрыЌ. Назырбаeв

рeдактoры Қ.ТаңбинКөркемдеуші редакторы Ж. Қазанғапов

Тeхникалыќ рeдактoры С.БейсеноваБeттeгeн Г.Трусбаева

Кoррeктoры Қ.Ауғанбаева

ИБ №49 Басуѓа 05.08. 2014 ж. ќoл ќoйылды. Пішімі 84х1081/32. Ќаѓазы oфсeттік.

Ќаріп т‰рі “Academy”. Басылымы oфсeттік. Шартты баспа табаѓы 25,0

Таралымы 2000 дана. Тапсырыс № 177

“Н±ра-Астана” баспасы, 010000, Астана ќаласы, Ш.Айманов кµшeсі, 13

“Фолиант”баспасының баспаханасы,010000, Астана ќаласы, Ш.Айманов кµшeсі, 13