operating instructions (for basic operations) (kazakh) · Электр тоғы соғу қаупі...

50
Пайдалану нұсқаулығы (Негізгі функциялар) Электрондық тақта (elite Panaboard) Үлгі UB-T780BP Түпқойма бөлек сатып алынады. UB-T780BP Орнату нұсқаулығы бірге беріледі (техникалық қызмет көрсететін білікті мамандарға арналған) Осы құрылғыны құрастыру үшін, мына беттегі орнату нұсқаулығын қараңыз: 29-48. Осы құрылғыны қолдану алдында осы нұсқаулықты толық оқып шығып, оны болашақта анықтама ретінде пайдалану үшін сақтап қойыңыз. Бұл құрылғыны білікті техникалық маман құрастыруы керек. Орнату жұмыстарын білікті емес тұлғалардың орындауы құрылғыны пайдалану қауіпсіздігіне байланысты ақаулықтарға себеп болуы мүмкін. Мəліметтер орталығы Panasonic: Мəскеуден қоңырау шалу үшін: +7 (495) 725-05-65. Ресей бойынша тегін қоңырау үшін: 8-800-200-21-00.

Upload: others

Post on 24-Jun-2020

3 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: Operating Instructions (For Basic Operations) (Kazakh) · Электр тоғы соғу қаупі бар. Түтін шықса, қатты қызса немесе бөтен дыбыстар,

Пайдалану нұсқаулығы(Негізгі функциялар)

Электрондық тақта(elite Panaboard)

Үлгі № UB-T780BP

Түпқойма бөлек сатып алынады.

UB-T780BP

Орнату нұсқаулығы бірге беріледі (техникалық қызмет көрсететін білікті мамандарға арналған)• Осы құрылғыны құрастыру үшін, мына беттегі орнату нұсқаулығын қараңыз: 29-48.• Осы құрылғыны қолдану алдында осы нұсқаулықты толық оқып шығып, оны болашақта анықтама ретінде пайдалану үшін сақтап қойыңыз.

• Бұл құрылғыны білікті техникалық маман құрастыруы керек. Орнату жұмыстарын білікті емес тұлғалардың орындауы құрылғыны пайдалану қауіпсіздігіне байланысты ақаулықтарға себеп болуы мүмкін.

Мəліметтер орталығы Panasonic:• Мəскеуден қоңырау шалу үшін: +7 (495) 725-05-65. Ресей бойынша тегін қоңырау үшін: 8-800-200-21-00.

Page 2: Operating Instructions (For Basic Operations) (Kazakh) · Электр тоғы соғу қаупі бар. Түтін шықса, қатты қызса немесе бөтен дыбыстар,

Кіріспе

2 Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

Кіріспе

КіріспеPanasonic электрондық тақтасын сатып алғыныңыз үшін алғыс білдіреміз!Тиімді жұмысын қамтамасыз ету жəне қауіпсіздікті сақтау үшін осы нұсқаулықты мұқият оқыңыз.

Функцияларының сипаттамасыҚуат elite Panaboard тақтасына компьютерге қосылған USB кабелі арқылы келеді. elite Panaboard тақтасын айнымалы ток розеткасына қосудың қажеті жоқ. Суретті компьютер экранынан elite Panaboard тақтасына проектор көмегімен проекциялау арқылы мына əрекеттерді орындауға болады.

Электрондық қаламның функциялары• Электрондық қаламды тінтуір ретінде қолданып, компьютердің экранындағы объектілермен түрлі əрекеттер жасаңыз.

• Электрондық қаламмен сурет салыңыз жəне сызықтарды өшіріңіз.• Электрондық қаламмен компьютердің экранындағы бейнелерді сақтаңыз.

elite Panaboard bookelite Panaboard тақтасына мəтін енгізетін, сурет салатын жəне компьютердің функцияларын орындайтын elite Panaboard book бағдарламалық құралын пайдаланыңыз. Бұл бағдарламалық құрал компьютердің экранындағы бейнелерді сақтайды жəне оны ары қарай пайдалану үшін сақтайды.

USB шинасының қуатын басқаруҚуат elite Panaboard тақтасына компьютерге қосылған USB кабелі арқылы берілетіндіктен, elite Panaboard тақтасын айнымалы ток розеткасына қосудың қажеті жоқ.

Пайдалану көздеріҮйрену үшін

• Нəтижелі оқыту ортасын жасаңыз, əртүрлі ағартушы бағдарламалық құралдар арқылы elite Panaboard тақтасын үйлесімді пайдалануға болатынын көрсетіңіз, электрондық қаламмен сурет салыңыз, сызып көрсетіңіз.

• Түсіндіруді бірнеше ғана құралдар қолданып (мысалы, иллюстрациялау немесе таңбалау құралдары) студенттерді өзгеретін бейне арқылы қызықтыруға болады.

• Экранды бүркеу функциясын қолдана отырып, сұрақ қойып жəне оның жауабын бүркеу арқылы ізділікпен бірінен кейін бірін экраннан көрсете отырып ынталандырыңыз.

• Оқытушы сабаққа дайындаған материалдарын elite Panaboard тақтасынан бейне көрсету үшін алдын ала дайындауына болады.

Кəсіп үшін• Сіздің өніміңізді көрнекі түрде сипаттау, сонымен қатар бейне көрсете отырып электрондық қалам арқылы маңызды орындарын белгілеу арқылы əсерлі презентация ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

• Конферениялық байланыстың теледидар жабдығы арқылы elite Panaboard тақтасынан компанияңыздың шынайы уақыттағы күйін бейне (электрондық қаламды қолдана отырып) арқылы көрсетіңіз.

Page 3: Operating Instructions (For Basic Operations) (Kazakh) · Электр тоғы соғу қаупі бар. Түтін шықса, қатты қызса немесе бөтен дыбыстар,

Кіріспе

3Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

4

Не нəрсеге назар аудару қажет

Пайдалану нұсқаулығы туралыelite Panaboard тақтасымен бірге 2 пайдалану нұсқаулығы жеткізіледі.

ҚысқартуларWindows® — Microsoft® Windows® амалдық жүйесін білдіреді.Windows® 2000 — Microsoft® Windows® 2000 амалдық жүйесін білдіреді.Windows® XP — Microsoft® Windows® XP амалдық жүйесін білдіреді.Windows Vista® — Microsoft® Windows Vista® амалдық жүйесін білдіреді.Windows® 7 — Microsoft® Windows® 7 амалдық жүйесін білдіреді.DirectX® — Microsoft® DirectX® бағдарламалық пайдаланушы интерфейсін білдіреді.

Тауар таңбалары• Microsoft, Windows, Windows Vista жəне DirectX — Microsoft Corporation корпорациясының АҚШ-тағы жəне басқа елдердегі сауда белгілері немесе сауда белгілері.

• IBM жəне AT — International Business Machines корпорациясының АҚШ-тағы жəне басқа елдердегі сауда белгілері.

• Intel жəне Pentium — Intel корпорациясының АҚШ жəне/немесе басқа елдердегі тіркелген сауда белгілері немесе сауда белгілері.

Келешекте анықтама үшін

Сатып алынған күні

Сериялық нөмірі

Делдал компанияның атауы

Делдал компанияның мекенжайы

Делдал компанияның телефон нөмірі

Негізгі функциялары (осы құжат)

elite Panaboard тақтасын іске қосу жəне пайдалану нұсқаулығы, орнату нұсқаулығы.

Бағдарламалық құрал (электрондық құжаттар)

Жеткізілетін elite Panaboard software жəне elite Panaboard book бағдарламаларын пайдалану нұсқаулары. «Пайдалану нұсқаулығы (бағдарламалық құрал)» берілген ықшам дискіде. «Пайдалану нұсқаулығы (бағдарламалық құрал)» құжатын elite Panaboard Software бағдарламасын орнатқан соң қарауға болады. Нұсқаулықты қарап шығу туралы толық мəліметті «Электрондық құжаттаманы қарау» бөлімінен қараңыз (бет 22).

Тауар чегінің орны

Page 4: Operating Instructions (For Basic Operations) (Kazakh) · Электр тоғы соғу қаупі бар. Түтін шықса, қатты қызса немесе бөтен дыбыстар,

Кіріспе

4 Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

• Adobe жəне Reader — Adobe Systems Incorporated компаниясының АҚШ-тағы жəне басқа елдердегі сауда белгілері немесе сауда белгілері.

• Осы нұсқаулықта берілген басқа да сауда белгілері өз иелеріне тиесілі сауда белгілер болып табылады.

Федералдық байланыс комиссиясының талаптарыТек АҚШ үшін

ЕскертпеБұл жабдық тексерілген жəне Федералдық байланыс комиссиясының 15 бөліміне сəйкес сандық құрылымының А класты шектеуі қолданған. Бұл шектеу жабдықты кеңсе бөлмесінде қолдану кезіндегі кедергі көзінен сақтау үшін орнатылған. Бұл жабдық радиотолқындарды тудырады жəне орнату немесе қолдану əрекеті көрсетілген нұсқаулыққа сəйкес келмеген жағдайда радиобайланыстың кедергі көзі болуы мүмкін. Бұл жабдық тұрғын жайда қолданылған жағдайда кедергі көзін тудыруы мүмкін, бұл жағдайда тұтынушы кедергі көздерін өз бетінше жою керек.

Деректерді сақтау туралы ескерту

Федералдық байланыс комиссиясының ескертулеріФедералдық байланыс комиссиясының стандартына сəйкес жабдықтың қызмет мерзімін ұзарту үшін, тек қосымша берілген желілік кабельмен қолданыңыз. Осы құрылғыны кез келген рұқсатсыз өзгерту əрекеті пайдаланушының осы құрылғыны қолдану құқығын жояды.

Егер жүйелі сақтау құрылғысы немесе кез келген қосымша сақтау құрылғысы басқару қателігінің қолайсыздығына ұшырайтын болса, электр статикалық, электрлі кедергілер, дірілдер, шаңдар немесе егер электр қорегі ақаулықтың, жөндеу жүргізудің немесе байқаусыздықтың салдарынан токтан ажыратылған жағдайда жадтағы деректер жоғалуы немесе өзгеруі мүмкін. Жүйені іске қосар алдында міндетті түрде пайдалану нұсқаулығын жəне анықтамалық ақпараттарда көрсетілген ескертулерді мұқият оқыңыз жəне қолдану кезінде сақ болыңыз.Келесі ескертулерді мұқият оқыңыз:

• Маңызды деректердің сақталған көшірмелерін жасағаныңызға немесе түпнұсқалары сақталғанына əбден сенімді болыңыз.

Осы арқылы өндіруші дискеталарда, қатты дискілерде, оптикалық дискілерде немесе басқа да сақтау құрылғыларында сақталған, кез келген деректердің жоғалуына немесе өзгеруіне жауапты емесін мəлімдейді.

Page 5: Operating Instructions (For Basic Operations) (Kazakh) · Электр тоғы соғу қаупі бар. Түтін шықса, қатты қызса немесе бөтен дыбыстар,

Кіріспе

5Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

4

Жүйеге қойылатын талаптар

Ескертпе• Жүйелік талаптар туралы қосымша ақпарат пайдалану нұсқаулығында берілген (бағдарламалық құрал үшін).

Жауапкершіліктен бас тартуPanasonic System Networks Co., Ltd. компаниясы төмендегі əрекеттермен болған апатты жағдайлар немесе жарақаттар үшін жауапты болмайды:1. Құрылғының модификациясы немесе қондырғының дұрыс құрастырылмауы салдарынан.2. Құрылғы басқа мақсаттарға қолданылған.3. Жер сілкінісі, өрт, су тасқыны, тасыған толқын, дауыл, найзағай немесе басқа да табиғи

құбылыстарына байланысты.4. Ғимараттың табиғи ескіруіне немесе құлауына байланысты.

ГФР тұтынушылары үшін (тек Германия үшін)

Компьютер IBM® PC/AT® немесе ықшам дискілерді оқитын құрылғымен үйлесімді

Процессор Intel® Pentium® 4 процессоры немесе одан кейінгі нұсқалары

Интерфейс USB 2.0

Ескертпе3.GPSGV аппаратының шуыл деңгейі туралы нұсқау — 3.GPSGV, дыбыс қысымының ең жоғарғы деңгейі — 70 дБ (А) немесе одан аз (EN ISO 7779 стандартына сəйкес).

Бұл құрылғы көзді шағылыстыратын құрылғы орналасқан жұмыс орындарында пайдалануға арналмаған. Жұмыс орнындағы көзді шағылыстыратын құрылғылардан болатын қажетсіз шағылысуды болдырмау үшін, осы құрылғыны көру аймағына тікелей орналастыруға болмайды.

Page 6: Operating Instructions (For Basic Operations) (Kazakh) · Электр тоғы соғу қаупі бар. Түтін шықса, қатты қызса немесе бөтен дыбыстар,

Мазмұны

6 Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

Мазмұны

МазмұныСіздің қауіпсіздігіңіз үшін ..................................................................... 7

Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін ...............................................................................................7Сақтық шаралар ............................................................................................................10

Пайдалану ............................................................................................. 11Бірге берілетін құралдар ............................................................................................. 11Бөлшектерінің атаулары жəне қолданысы ..............................................................12Сыртқы құрылғыларды жалғау ..................................................................................15elite Panaboard software бағдарламасын орнату .....................................................17Проекторды орнату ......................................................................................................18Жүйені реттеу (мөлшерлеу) .........................................................................................20elite Panaboard software бағдарламасын іске қосу жəне мөлшерлеуді орындау ..........................................................................................................................20elite Panaboard software бағдарламасын жою ..........................................................22Электрондық құжаттаманы қарау ..............................................................................22Бағдарламалық құралдың соңғы нұсқасын жүктеп алу ........................................22

Қосымша ................................................................................................ 23Күнделікті күтім .............................................................................................................23Тақтаны тазалау elite Panaboard .................................................................................23Электрондық қаламның батареясын ауыстыру .........................................................23Электрондық қаламның ұшын ауыстыру ....................................................................24

Ақаулықтарды жою .......................................................................................................25Техникалық сипаттамалары ........................................................................................27Шығыс материалдары жəне қосымша жабдықтар .....................................................28

Орнату нұсқаулығы ............................................................................. 29Орнату нұсқаулығы (білікті техникалық қызмет көрсетуші маманға арналған) ......................................................................................29Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін .............................................................................................29Ескертпе ........................................................................................................................29

Бірге берілетін құралдар .............................................................................................31Қабырғаға орнату ..........................................................................................................32Қабырғаны тексеру .......................................................................................................32Қабырғалық бекіту пластиналарын орнату ................................................................33Қабырға түрлері жəне орнату процедуралары ..........................................................34

Тіректі құрастыру (бөлек сатып алынады) ..............................................................36Жеткізілетін бөлшектері ...............................................................................................36Құрастыру нұсқаулары .................................................................................................37

Құрастыру нұсқаулары ................................................................................................40elite Panaboard тақтасын орамадан шығаруға дайындық .........................................40elite Panaboard тақтасын құрастыру ............................................................................41

elite Panaboard тақтасының жұмысын тексеру .......................................................47Интерактивті мүмкіндіктерді тексеру ..........................................................................47

Қорабына қайта салу ....................................................................................................48

Page 7: Operating Instructions (For Basic Operations) (Kazakh) · Электр тоғы соғу қаупі бар. Түтін шықса, қатты қызса немесе бөтен дыбыстар,

7Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін

4

Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін

Сіздің қауіпсіздігіңіз үшінАуыр жарақат алу немесе өлім жағдайының орын алуына жол бермеу үшін, сондай-ақ құрылғыны дұрыс əрі қауіпсіз пайдалану мақсатында осы бөлімде берілген нұсқауларды құрылғыны іске қосар алдында мұқият оқып шығыңыз.

• Пайдалану нұсқаулығында төмендегі графикалық белгілер пайдаланылады.

Пайдаланушылар үшін

Электр қуаты

Ауыр жарақатқа немесе өлімге апаратын ықтимал қауіпті білдіреді.

Жеңіл жарақатқа немесе жабдықтың зақымдануына апаратын қауіпті білдіреді.

Бұл белгілер операторға белгілі бір əрекетті орындауға болмайтыны туралы хабар береді.

Бұл графикалық белгі құрылғыны қауіпсіз пайдалану үшін операторға көрсетілген əрекетке назар аудару керек екенін ескертеді.

АБАЙЛАҢЫЗ

ЕСКЕРТУ

USB кабелін USB портына берік етіп жалғаңыз. Бұл талаптың орындалмауы өртке немесе электр тоғы соғуына апаруы мүмкін.

USB кабелін тартпаңыз жəне бүкпеңіз, оның үстіне басқа заттарды қоймаңыз жəне қажалып кетпеуін қадағалаңыз. USB кабелі зақымданса, өрт шығуы немесе ток соғуы мүмкін.

USB кабелін өз бетіңізбен жөндеуге əрекет жасамаңыз. USB кабелі зақымданған болса немесе қажалып кетсе, уəкілетті қызмет орталығына хабарласып алмастырып алыңыз.

USB кабелін ешбір жағдайда дымқыл қолмен ұстамаңыз. Электр тоғы соғу қаупі бар.

Түтін шықса, қатты қызса немесе бөтен дыбыстар, иіс пайда болса, құрылғыны қолдануды тоқтатыңыз. Бұндай жағдайда өрт пайда болуы немесе электр тоғы соғуы мүмкін. USB кабелін бірден ажыратып, қызмет көрсетілу үшін дилерге хабарласыңыз.

Құрылғыны ажыратқанда, USB кабелінен емес, штепсельдік ұштан ұстап тартыңыз. USB кабелін қатты тартса, ол зақымдануы мүмкін. Осының нəтижесінде өрт шығуы немесе электр тоғы соғуы мүмкін.

Найзағай кезінде құрылғыға жəне USB кабеліне қолыңызды тигізбеңіз. Электр тоғы соғуы мүмкін.

АБАЙЛАҢЫЗ

Page 8: Operating Instructions (For Basic Operations) (Kazakh) · Электр тоғы соғу қаупі бар. Түтін шықса, қатты қызса немесе бөтен дыбыстар,

Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін

8 Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

Орнату жəне орынды ауыстыру

Қолдану кезіндегі сақтық шаралар

БатареяБұл құрылғыны орнату, оның орнын ауыстыру жəне оны тастау жұмыстарын тек білікті техникалық қызмет көрсету маманы орындауы тиіс.

Құрылғы бұдан былай қолданылмайтын болса, құлап қалмауы үшін, орнатулы қалдырмаңыз (құрылғыны шешіңіз). Құлаған жағдайда, құрылғы жарақаттауы мүмкін.

Құрылғының ішіне темір бөлшектер түссе немесе су тиген болса, құрылғыны розеткадан дереу ажыратыңыз. Дилерге хабарласып техникалық тексеруден өткізіңіз. Кірленген құрылғыны пайдалану өрттің пайда болуына немесе электр тоғының соғуына апаруы мүмкін.

Пайдалану нұсқаулығында арнайы түрде нұсқаулар берілмесе, құрылғының бұрандалармен бекітілген қақпақтарын ешбір жағдайда ашпаңыз.

Құрылғыны жəне оның бөліктерін өзгертпеңіз. Өзгерістер жəне модификациялар өрттің пайда болуына немесе электр тоғының соғуына апаруы мүмкін.

ТҰНШЫҒУ ҚАУПІБалалар жұтып қоймауы үшін, электрондық қаламды жəне батареяны қолдары жетпейтін жерде сақтаңыз.

Тек белгіленген түрдегі батареяны пайдаланыңыз. Батареяның басқа түрі қызып кетуі/тұтануы немесе оның аккумуляторлық қышқылы ағып кетуі мүмкін.

Батареяларды тек бөлімінде көрсетілген полюстерге сəйкес салыңыз. Қате салынған батарея жарылып немесе ағып, жарақаттауы мүмкін.

Қажалған немесе зақымданған батареяларды қолдануға болмайды. Пайдаланылған немесе зақымданған батареялар ағуы мүмкін.

Батареяларды зарядтамаңыз, тұйықтамаңыз, қыздырмаңыз, сындырмаңыз жəне отқа тастамаңыз. Батареялар ағуы, қызуы, жарылуы мүмкін.

Батареяны тастағанда, түйіспелерін оқшаулаңыз (мысалы, оқшаулау таспасымен). Басқа батареяларға тигенде батареялар ағуы, тұтануы немесе жарылуы мүмкін.

Батареяны дəнекерлемеңіз, себебі ол ағуы, қызуы немесе жарылуы мүмкін.

Page 9: Operating Instructions (For Basic Operations) (Kazakh) · Электр тоғы соғу қаупі бар. Түтін шықса, қатты қызса немесе бөтен дыбыстар,

9Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін

4

Электр қуаты

Орнату жəне орынды ауыстыру

Құрылғы ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын болса, USB кабелін ажыратып қойыңыз.Пайдаланылмайтын құрылғы электр желісіне ұзақ жалғанып тұрса, оқшаулаудың нашарлауы электр тоғының соғуына, токтың қашуына немесе өрттің пайда болуына апаруы мүмкін.

Құрылғыны тек жинақпен бірге берілетін USB кабелімен пайдалану керек.

Құрылғыны тұрақсыз жерге орнатпаңыз.

Құрылғыны кірленген, температурасы жəне ылғалдылығы жоғары жерлерде орнатпаңыз.Құрылғының осындай қолайсыз жерлерде ұзақ орналасуы өрттің пайда болуына немесе электр тоғының соғуына апаруы мүмкін.

Өрт немесе электр тоғының соғу жағдайларын болдырмау үшін, құрылғыға жаңбыр тамшыларының немесе басқа сұйықтықтың тиюіне жол бермеңіз.

ЕСКЕРТУҚұрылғының орнын ауыстырғанда, міндетті түрде USB кабелін компьютерден ажыратыңыз. USB кабелі жалғанып тұрған құрылғыны жылжытса, кабель зақымданып, соның нəтижесінде өрт шығуы немесе ток соғуы мүмкін.

Құрылғыны екеулеп тасымалдаған дұрыс. Бұл талапты қадағаламаса, құрылғы құлауы немесе жарақаттауы мүмкін.

Құрылғыны орнатып немесе тасымалдап болғаннан кейін, роликтерді бекітіп, жиналатын тұрақтылық аяқтарын жайыңыз.

Роликтерді құрсаулау(Осы жаққа қарай басыңыз)Бекіту үшін басыңыз.

Page 10: Operating Instructions (For Basic Operations) (Kazakh) · Электр тоғы соғу қаупі бар. Түтін шықса, қатты қызса немесе бөтен дыбыстар,

Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін

10 Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

Қолдану кезіндегі сақтық шаралар

Батарея

Сақтық шараларБатареяны қолдану туралы ақпаратДұрыс қолданылмаған жағдайда, батарея ағуы (бұл құрылғының коррозиясына апарады) немесе жарылып кетуі мүмкін. Сондықтан, төменде берілген сақтық шараларын əрдайым қадағалаңыз.• Электрондық қалам батареяның заряды таусылғандықтан жұмыс істемей қалса, батареяны дереу шығарып, жергілікті заңды ережелерге сəйкес тастаңыз. Заряды таусылған батарея электрондық қаламның ішінде қалса, ағып кетуі мүмкін.

Батареяны тастау туралы ақпарат

Құрылғы құласа немесе зақымданса, USB кабелін ажыратыңыз. Бұл талаптың орындалмауы өртке немесе электр тоғы соғуына апаруы мүмкін.

Құрылғы қабырғаға орнатылған болса да, экранына немесе қақпағына (төменгі) сүйенбеңіз.

Құрылғы ұзақ уақыт пайдаланылмайтын болса, батареяларын шығарыңыз. Əйтпесе, батарея ағуы мүмкін. Аққан батареяларды пайдаланбаңыз. Após o uso as pilhas/baterias

contidas neste produto poderão ser dispostas em lixo doméstico.

Бразилия үшін

Niet weggooien,maar inleveren

als KCA.NL

Bij dit produkt zijn batterijen geleverd. Wanneer deze leed ziju, moet u ze niet weggooien maar inleveren als KCA.

Нидерланд үшін

Тайвань үшін ( 台灣 )

Page 11: Operating Instructions (For Basic Operations) (Kazakh) · Электр тоғы соғу қаупі бар. Түтін шықса, қатты қызса немесе бөтен дыбыстар,

Пайдалану

11Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

4

Пайдалану

Бірге берілетін құралдарТақтамен бірге elite Panaboard келесі құралдар жеткізілгенін тексеріңіз.Құрамында кез келген құрал болмаған жағдайда, дилеріңізге хабарласыңыз.

Құралдардың тізімі

Ескертпе• Түпқойма бөлек сатып алынады.• Электрондық қаламның қосымша ұшын осы пайдалану нұсқаулығымен бірге сақтаңыз.• Кейбір елдерде/аймақтарда кепілдік берілмейді.

Ықшам дискіні қолдану туралы

USB кабелі(5 м) 1 Ықшам дискідегі

бағдарламалық құрал 1 AAA батареясы (LR03)(бір рет қолданылатын) 1

Электрондық қалам 1 Электрондық қалам ұшы(ауыстырылатын) 2

Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

(бұл құжат)1

Кепілдік 1

Ықшам дискіні зақымнан сақтау:• дискінің бетіне қолыңызды тигізбеңіз жəне үстіне жазбаңыз;• дискіні қорғау қорабынсыз сақтамаңыз;• дискіні күн сəулесі тікелей түсетін жерде немесе жылу көзінің қасында қалдырмаңыз;• дискінің қорабына ауыр зат қоймаңыз жəне құлатып алмауға тырысыңыз;• дискіні тазалау үшін, дискінің шеттерінен ұстап таза, құрғақ, жұмсақ шүберекпен ортасынан шетке қарай күш салмай сүртіңіз.

Page 12: Operating Instructions (For Basic Operations) (Kazakh) · Электр тоғы соғу қаупі бар. Түтін шықса, қатты қызса немесе бөтен дыбыстар,

Пайдалану

12 Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

Бөлшектерінің атаулары жəне қолданысыЭкран

Ескертпе• elite Panaboard тақтасы тек суреттерді проектордың көмегімен көрсетуге арналған. Экран бетінде ақ тақтаға арналған маркер қарындашпен жазбаңыз.

Күй датчигіЭлектрондық қаламның күйін анықтайды.elite Panaboard тақтасымен жұмыс кезінде датчикті жаппаңыз.

Тақта экраныКомпьютер экранының мазмұнын проектордың көмегімен көрсетіңіз.

Қаламға арналған науа2-ге дейін электрондық қалам сыятын қаламдарға арналған науаны ашу үшін есіктің ортасын басыңыз.

Жарық диодты күй көрсеткіштеріСол: жарық диодты қуаттың көрсеткіші (жасыл)Қуат қосулы кезде жасыл түспен жанады.Оң: жарық диодты қате көрсеткіші (қызыл)Қате орын алғанда, қызыл түспен жыпылықтайды.

USB портыUSB кабелі (бірге беріледі) арқылы компьютерді тікелей жалғауға қолданылады.

Алдыңғы

Page 13: Operating Instructions (For Basic Operations) (Kazakh) · Электр тоғы соғу қаупі бар. Түтін шықса, қатты қызса немесе бөтен дыбыстар,

Пайдалану

13Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

4

Электрондық қалам

Ескертпе• Электрондық қаламды экран бетінде тік бұрыш сақтап ұстаңыз. Егер қаламды тік ұстамасаңыз, оның күйі дұрыс оқылмайды.

• Бірнеше қаламды бір уақытта қолданбаңыз. Бұл жұмыс қателігіне əкелуі мүмкін.• Электрондық қаламды elite Panaboard тақтасының жанында ұстап, электрондық қаламның ұшына баспаңыз. Бұл қаламның қате жұмыс істеуіне əкелуі мүмкін.

Ескертпе• Электрондық қалам 30 минуттан кейін қуат үнемдеу режиміне ауысады.• Электрондық қалам ұшына басқаннан кейін қаламның қуат үнемдеу режимінен шығуы баяу орындалуы мүмкін.

• Электрондық қалам жұмыс барысында ыжылдаған дыбыс шығарады: күйді анықтау үшін қалам ультрадыбыстық толқындарды шығарады. Бұл дыбыс жанында орналасқан адамдарға немесе құрылғыларға зиян тигізбейді. Ол электр тогымен соқпайды.

Ультра дыбыстық сəуле шығарғышБұл аймақты саусақтармен жаппаңыз.Бұл elite Panaboard тақтасына электрондық қаламның күйін дұрыс анықтауға мүмкіндік бермейді.

ИҚ сəуле шығарғышБұл аймақты саусақтармен жаппаңыз.Бұл elite Panaboard тақтасына электрондық қаламның күйін дұрыс анықтауға мүмкіндік бермейді.

Қалам түймесіДəл компьютер тінтуірінің сол жақ түймешігімен басу сияқты функцияны орындайды.Батарея бөлімінің қақпағы

Электрондық қалам ұшыЭлектрондық қаламның ұшын басқанда электрондық қаламға ультрадыбыстық толқындар жəне инфрақызыл сигналдар беріледі, бұдан кейін тінтуірдің сол жақ түймешігінің басылғанына сəйкес келетін пəрмен орындалады.

Page 14: Operating Instructions (For Basic Operations) (Kazakh) · Электр тоғы соғу қаупі бар. Түтін шықса, қатты қызса немесе бөтен дыбыстар,

Пайдалану

14 Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

Батареяларды орнату (ауыстыру)1. Батареялық бөлім қақпағын алыңыз

(орнатыңыз).

• Қақпақты орнатқанда осы процедураны керісінше орындаңыз.

2. Батареяны салыңыз (ауыстырыңыз) жəне қақпақты орнатыңыз.

• Тек AAA түріне жататын сілтілік батареяны қолданыңыз жəне мен орналасуының дұрыстығын тексеріңіз.

Page 15: Operating Instructions (For Basic Operations) (Kazakh) · Электр тоғы соғу қаупі бар. Түтін шықса, қатты қызса немесе бөтен дыбыстар,

Пайдалану

15Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

4

Сыртқы құрылғыларды жалғау1. elite Panaboard тақтасын компьютерге USB кабелінің (жеткізілетін жинақта бар) көмегімен

жалғаңыз.• elite Panaboard тақтасын компьютерге қосу алдында міндетті түрде компьютерде elite Panaboard бағдарламалық құралын орнатыңыз.

• elite Panaboard: «B» (кіші) қосқышын elite Panaboard тақтасының USB портына жалғаңыз. Компьютер: «А» (үлкен) қосқышын компьютердің USB портына жалғаңыз.

• elite Panaboard тақтасын USB концентраторы арқылы жалғамаңыз. Жұмыстың дұрыс орындалуына кедергі болады.

2. Компьютерді проекторға қосыңыз.• Компьютерді проекторға қосу үшін қолдану нұсқаулығындағы сəйкес нұсқаулықты пайдаланыңыз.

Қолданыс орнын таңдау туралы ақпарат• elite Panaboard тақтасын тікелей күн жарығына, пештердің, жылыту/салқындату жүйелеренің желдету тесіктерінің жанына немесе желдетілетін жерлерге орнатпаңыз.

• elite Panaboard тақтасын 10 °C-тан төмен температураларда, сондақ-ақ ауа температурасы құбылмалы болатын жерде пайдаланбаңыз.

Ескертпе• Жоғарыда сипатталған жерлерге орнатылатын болса, elite Panaboard тақтасы дұрыс істемеуі мүмкін.

USB портына USB кабелі(бірге беріледі)

Бейне кабелі

Айнымалы ток

Компьютер Проектор

Айнымалы ток

Page 16: Operating Instructions (For Basic Operations) (Kazakh) · Электр тоғы соғу қаупі бар. Түтін шықса, қатты қызса немесе бөтен дыбыстар,

Пайдалану

16 Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

elite Panaboard тақтасын түпқойма (бөлек сатып алынады) қолданылғанда жылжыту

1. USB кабелін elite Panaboard тақтасынан ажыратыңыз.2. Роликтердің бекітпелерін босатыңыз.3. elite Panaboard тақтасына зақым келтірмей жылжытыңыз.

Ескертпе• elite Panaboard тақтасын тек екі адам тасымалдауы керек.• Қуат сымын сүйретпеңіз жəне үстіне баспаңыз.

4. Роликтерді бекітіңіз.

Page 17: Operating Instructions (For Basic Operations) (Kazakh) · Электр тоғы соғу қаупі бар. Түтін шықса, қатты қызса немесе бөтен дыбыстар,

17Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

Пайдалану

4

elite Panaboard software бағдарламасын орнатуelite Panaboard тақтасымен бірге қолданылатын компьютерге elite Panaboard software бағдарламасын орнату керек.Еlite Panaboard software бағдарламалық құралын орнату үшін, мына əрекеттерді орындаңыз.

Ескертпе• USB кабелін орнату аяқталмас бұрын жалғамаңыз.

• Бір компьютерге біреуден артық elite Panaboard тақтасын жалғамаңыз. (Бұл компьютердің жұмысына кедергі болады.)

1. Компьютерді қосыңыз да, Windows операциялық жүйесін іске қосыңыз.• Жүйеге əкімші болып кіріңіз.

2. Қосымшадағы ықшам дискіні ықшам дискілерді оқитын құрылғыға салыңыз.• Орнату экраны көрсетіледі.• Егер орнату экраны шықпаса, Windows жүйесінен ықшам дискілерді оқитын құрылғының [Menu.exe] белгішесін екі рет басыңыз.

• Windows Vista немесе Windows 7 ішінде «Автоматты түрде іске қосу» терезесі көрсетілсе, [Menu.exe файлын іске қосу] тармағын таңдаңыз.

3. Сəлемдесу экраны көрсетілгеннен кейін, [Далее] (Қосымша) түймесін басыңыз.

4. «Выбор модели» (Үлгіні таңдау) экраны көрсетілсе, қолданылатын құрылғы түрін таңдаңыз.

5. [Установить elite Panaboard] (elite Panaboard орнату) файлын басыңыз.

6. Лицензиялық келісімнің шарттарын қабылдаған жағдайда, [Да] (Иə) түймесін басыңыз.• Windows Vista амалдық жүйесінде

«Пайдаланушылар тіркелгілерін басқару» терезесі көрсетілсе, орнатуды жалғастыру үшін [жалғастыру] түймесін басыңыз.

• Windows 7 ішінде «Пайдаланушылар тіркелгілерін басқару» терезесі көрсетілсе [Иə] түймесін басып орнатуды жалғастырыңыз.

7. Келесі экран шығарылғанда, USB кабелінің компьютерге немесе elite Panaboard тақтасына қосылмағанына көз жеткізіп, [OK] түймесін басыңыз.• USB кабелі elite Panaboard тақтасына қосылған болса, оны ажыратыңыз жəне [OK] түймесін басыңыз.

• .NET Framework 2.0 қолданбасы немесе оның кейінгі нұсқасы орнатылмаған болса, орнату экраны көрсетіледі. Осы қолданбаларды орнату үшін, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.

8. Орнату шеберінің терезесі көрсетілсе, экрандағы нұсқауларды орындап орнатуды жалғастырыңыз.

9. Орнатуды аяқтағаннан кейін, [Готово] (Орындалды) түймесін басыңыз.• Компьютер өшіріп, қайта қосуды сұраса, бұны орындаңыз.

• [Panasonic] тобындағы Бағдарламалар мəзірінде [elite Panaboard] тобы жасалады.

Page 18: Operating Instructions (For Basic Operations) (Kazakh) · Электр тоғы соғу қаупі бар. Түтін шықса, қатты қызса немесе бөтен дыбыстар,

Пайдалану

18 Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

• [elite Panaboard] тобында төмендегі тармақтар көрсетіледі:– elite Panaboard software– elite Panaboard book– Пайдалану нұсқаулығы (негізгі

функциялар)– Пайдалану нұсқаулығы (бағдарламалық

құрал)– Соңғы нұсқаны жүктеп алу

Проекторды орнатуТөменде көрсетілген нұсқауларды пайдаланып проекторды орнатыңыз.

Бейнені орналастыру туралы ақпарат• Бейнені көрсету барысында экранмен көрсетілетін бейне қашықтығы 5 мм кем емес екеніне көз жеткізіңіз. Электрондық қалам экран бетінің сол жақ жоғарғы бұрышындағы орналасқан жер датчигінен 50 мм қашықтықта дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.

Проекция аймағы

5 мм

5 мм

50 мм

5 мм

Page 19: Operating Instructions (For Basic Operations) (Kazakh) · Электр тоғы соғу қаупі бар. Түтін шықса, қатты қызса немесе бөтен дыбыстар,

19Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

Пайдалану

4

Суретті тікбұрыш түрінде шығарыңыз• elite Panaboard тақтасына суретті тік бұрышта шығару үшін, проектордың орнын реттеңіз.

• Сурет трапеция түрінде проекцияланатын болса, электрондық қаламның күйі дұрыс оқылмауы мүмкін. Проекторды шығарылатын сурет тік бұрышты болатын етіп реттеңіз. Шығарылатын суретті реттеу туралы ақпаратты проектордың құжаттамасынан қараңыз.

Дұрыс ажыратымдылықты орнатыңыз• Компьютер мен проектордың оңтайлы ажыратымдылықтарын орнатыңыз. Егер дұрыс орнатылмаған болса, бейне нашар көрінеді. Əсіресе, проектор компьютерден төмен орнатылса, жіңішке сызықтары дұрыс көрінбейді. Орналастыру шешімін баптау туралы проекторға қатысты құжаттан қараңыз.

Проектордың жарығына тура қарамаңыз• Проектормен жұмыс істеу барысында жарығына тура қарамауға тырысыңыз. Бұл көзіңізге зақым келтіреді.

Page 20: Operating Instructions (For Basic Operations) (Kazakh) · Электр тоғы соғу қаупі бар. Түтін шықса, қатты қызса немесе бөтен дыбыстар,

Пайдалану

20 Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

.

Жүйені реттеу (мөлшерлеу)Мөлшерлеу туралыМөлшерлеу — elite Panaboard тақтасын жəне проекторды электрондық қаламмен экран бетінде жасалған сызықтар жəне түсініктемелер экран бетінде көрсетілетін суретке дұрыс қойылатындай реттеу. Мөлшерлеуді міндетті түрде жұмысты бастардың алдында орындайсыз.elite Panaboard тақтасын реттеуді аяқтағанда, суретті экран бетінде көрсетіңіз жəне компьютерге орнатылған elite Panaboard software бағдарламасының көмегімен мөлшерлеуді орындаңыз.

Мөлшерлеуден кейінelite Panaboard тақтасын немесе проекторды жылжытпаңыз• Келесі жағдайларда көрсетілген бейне мен электрондық қаламның күйі сəйкестенбей қалады жəне қайталап мөлшерлеуге тура келеді:– Проектор орнының өзгеруі.– elite Panaboard тақтасының күйі өзгеруі.– Көрсету аймағы немесе фокус реттеу, зум

жəне т.б. өзгеруіне байланысты орны өзгеруі.– Проектордың немесе компьютердің

ажыратымдылығының өзгеруі.• Егер elite Panaboard тірекке орнатылған болса, тақтаға тимеуге тырысыңыз жəне электронды қаламды тақтаға қатты баспаңыз, өйткені тірек орнынан жылжыған жағдайда көрсетілген бейне мен электрондық қаламның күйі сəйкестенбей қалады жəне қайталап калибрлеуге тура келеді.

• elite Panaboard тақтасын қолданғанда міндетті түрде тірек роликтерін құрсаулаңыз, өйткені тіректі жылжыту сəйкессіздік тудыруы мүмкін.

elite Panaboard software бағдарламасын іске қосу жəне мөлшерлеуді орындау1. elite Panaboard тақтасын USB кабелінің

көмегімен компьютерге жалғаңыз.• elite Panaboard software бағдарламасы автоматты түрде іске қосылады.

• elite Panaboard software бағдарламасы бірінші рет іске қосылғанда мөлшерлеу экраны көрсетіледі.

• Компьютер өшіріп, қайта қосуды сұраса, бұны орындаңыз. Компьютерді қайта қосудан кейін elite Panaboard тақтасын USB кабелінің көмегімен компьютерге жалғаңыз.

2. Мөлшерлеуді орындаңыз.3. Электрондық қаламмен тақтаға əр

дөңгелекті кесіп өту нүктелерінде тік бұрышпен ол кеткенше (шамамен 2 секунд) басыңыз. Төмендегі иллюстрацияда көрсетілген ретпен қайталаңыз.

Page 21: Operating Instructions (For Basic Operations) (Kazakh) · Электр тоғы соғу қаупі бар. Түтін шықса, қатты қызса немесе бөтен дыбыстар,

21Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

Пайдалану

4

• Электрондық қаламды экран бетіне тік бұрыштап ұстап басыңыз.

• Басқан кезде қалам ыжылдаған дыбыс шығарады.

• Белгіленген нүктенің күйі дұрыс анықталғаннан кейін келесі нүкте автомат түрінде мөлшерленеді.

• Мөлшерлеуді дұрыс аяқтағаннан кейін аяқталу диалог терезесі көрінеді.

4. [OK] түймесін басыңыз.• elite Panaboard тақтасы жəне проектор бекітілген жəне жылжытылмайтын болса (қабырғаға орнатқанда), elite Panaboard software бағдарламасын келесі іске қосқан кездерде мөлшерлеуді өткізіп жіберу үшін [Всегда использовать эти сведения о калибровке] (Мөлшерлеудің осы мəліметтерін əрдайым пайдалану) жалауын орнатыңыз жəне [OK] түймесін басыңыз.

• Мөлшерлеуді аяқтағаннан кейін хабарландыру аймағында белгісі пайда болады, одан кейін автоматты түрде экранды көлеңкелеу құралы көрсетіледі.

[Сурет салу құралдары]• Енді elite Panaboard software бағдарламасын қолдануға болады.

Ескертпе• Жоғарыдағы суретте көрсетілген сурет салу құралы elite Panaboard бағдарламалық құралының 3.1 нұсқасының мысалы ретінде алынған.

• elite Panaboard software бағдарламасын қолдану туралы егжей-тегжейлі мəліметтерді берілген электрондық нұсқаулықтан қараңыз немесе жылдам анықтама мəзірін таңдаңыз. Электрондық құжаттаманы қарау бойынша нұсқаулар «Пайдалану нұсқаулығы (бағдарламалық құрал)» «Электрондық құжаттаманы қарау» (бет 22) бөлімін қараңыз.

elite Panaboard software бағдарламасынан шығуОң жақ түймешікпен «Хабарландыру аймағы» белгішесін басып, мəзірден [Выход] (Шығу) тармағын таңдаңыз.

Page 22: Operating Instructions (For Basic Operations) (Kazakh) · Электр тоғы соғу қаупі бар. Түтін шықса, қатты қызса немесе бөтен дыбыстар,

Пайдалану

22 Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

elite Panaboard software бағдарламасын жоюЕlite Panaboard software жою үшін келесі əрекеттерді орындаңыз.1. Компьютерді қосып, Windows

бағдарламасын іске қосыңыз.• Жүйеге əкімші болып кіріңіз.

2. Басқару тақтасынан [Бағдарламаларды қосу немесе жою] тармағын таңдаңыз.• Windows Vista немесе Windows 7 жүйесінде

[Бағдарламаларды жою] тармағын таңдаңыз.3. Panasonic elite Panaboard бағдарламалық

құралын таңдаңыз да, оны жойыңыз.4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.5. Жою аяқталғаннан кейін компьютерді қайта

қосыңыз.

Электрондық құжаттаманы қарау«Пайдалану нұсқаулығы (бағдарламалық құрал)» электрондық құжаттамасын қарау үшін келесі əрекеттерді орындаңыз.1. Компьютерді қосып, Windows

бағдарламасын іске қосыңыз.2. Бастау мəзірінен «Пайдалану нұсқаулығы

(бағдарламалық құрал)» тармағын ашыңыз. ([Бастау] → [Бағдарламалар] → [Panasonic] → [elite Panaboard] → [Инструкция по эксплуатации для программного обеспечения] (Бағдарламалық құралдарды пайдалану нұсқаулығы))• Электрондық құжаттар көрінеді.• Windows 2000 жүйесінде [Барлық бағдарламалар] тармағының орнына [Бағдарламалар] тармағын көрінеді.

Ескертпе• Электрондық құжаттаманы қарау үшін компьютерде Adobe® Reader® қолданбасы орнатылған болуы керек. Егер компьютер Интернет желісіне қосылған болса, Adobe Reader қолданбасын Adobe компаниясының веб-торабынан жүктеуге болады.

Бағдарламалық құралдың соңғы нұсқасын жүктеп алуБағдарламалық құралдың соңғы нұсқасын веб-тораптан жүктеп алу үшін, келесі əрекеттерді орындаңыз.

1. Компьютерді қосып, Windows бағдарламасын іске қосыңыз.

2. [Бастау] мəзірінен [Барлық бағдарламалар] → [Panasonic] → [elite Panaboard] тармағын таңдап, [Загрузить последнюю версию] (Соңғы нұсқаны жүктеп алу) тармағын басыңыз.

Page 23: Operating Instructions (For Basic Operations) (Kazakh) · Электр тоғы соғу қаупі бар. Түтін шықса, қатты қызса немесе бөтен дыбыстар,

Қосымша

23Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

4

Қосымша

Күнделікті күтімelite Panaboard тақтасының ішін немесе сыртын тазалау барысында USB кабелін міндетті түрде ажыратыңыз.

Тақтаны тазалау elite Panaboard

elite Panaboard тақтасын жұмсақ, дымқыл шүберекпен ақырын сүртіңіз.

Ескертпе• elite Panaboard тақтасы проектор арқылы сурет көрсетуге ғана арналған.

• Өшірілмейтін дақтарды сатып алуға болатын суға араласқан ақ тақтаны тазалау сұйығымен немесе бейтарап тұрмыстық тазартқышпен кетіріңіз.

• Тазалау үшін еріткішті, бензолды немесе абразивті химикаттарды пайдаланбаңыз. (Бұл түстің оңуына əкелуі мүмкін.)

Электрондық қаламның батареясын ауыстыруЭлектрондық қаламдағы батарея отырып қалса, компьютер экранында «Батарейка ручки разряжена. Немедленно замените батарейку.» (Қалам батареясының заряды бітті. Батареяны дереу ауыст-з.) деген хабар көрсетіледі. Электрондық қаламды пайдалануды жалғастырса, оның жұмысы нашарлауы мүмкін. Батареяны ауыстыру туралы қосымша ақпаратты Батареяны ауыстыру туралы толық мəліметтерді «Батареяларды орнату (ауыстыру)» бөлімінен қараңыз (бет 14).• Қолданылған батареяның түйіспелерін таспамен жауып, оларды еліңіздегі/аймағыңыздағы тастау ережелеріне сай мүмкіндігінше жылдам тастаңыз.

Após o uso as pilhas/baterias contidas neste produto poderão ser dispostas em lixo doméstico.

Бразилия үшін

Niet weggooien,maar inleveren

als KCA.NL

Bij dit produkt zijn batterijen geleverd. Wanneer deze leed ziju, moet u ze niet weggooien maar inleveren als KCA.

Нидерланд үшін

Тайвань үшін ( 台灣 )

Page 24: Operating Instructions (For Basic Operations) (Kazakh) · Электр тоғы соғу қаупі бар. Түтін шықса, қатты қызса немесе бөтен дыбыстар,

Қосымша

24 Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

Электрондық қаламның ұшын ауыстыруТозғанда, электрондық қалам ұшы тесіледі. Осы күйде пайдалана берсе, электрондық қалам экранды зақымдауы немесе дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін, сондықтан оның ұшын жаңасымен мүмкіндігінше жылдам ауыстыру керек.

Page 25: Operating Instructions (For Basic Operations) (Kazakh) · Электр тоғы соғу қаупі бар. Түтін шықса, қатты қызса немесе бөтен дыбыстар,

Қосымша

25Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

4

Ақаулықтарды жоюАқаулықтар пайда болса, төменде көрсетілген кестені қарап, шешімін табыңыз. Ақаулық жойылмаса, дилеріңізге хабарласыңыз.

Белгі Себеп жəне шешімМына бетті

қараңыз:

USB кабелі компьютерге жалғанып тұрғанда, жарық диодты көрсеткіштер жанбайды.

USB кабелінің дұрыс жалғанғанын тексеріңіз.→ Ақаулық жойылмаса, USB кабелін компьютерден

ажыратып, қайта қосыңыз.—

Қызыл диодты көрсеткіш жыпылықтайды.

USB кабелін компьютерден ажыратып, қайта қосыңыз.→ Ақаулық жойылмаса, дилеріңізге хабарласыңыз.

Компьютер elite Panaboard тақтасын танымайды.

• elite Panaboard тақтасы компьютерге жалғанбаған.→ elite Panaboard тақтасын компьютерге USB кабелі арқылы

дұрыстап жалғаңыз.→ Компьютерде бірнеше USB ұясы болса, кабельді басқа

USB ұясына жалғаңыз.• USB кабелі USB концентраторына жалғанған.→ elite Panaboard тақтасын USB концентраторы арқылы

жалғамаңыз.

Компьютер мен elite Panaboard тақтасы арасындағы байланыс кенет үзіліп кетеді.

elite Panaboard тақтасының жұмысқа дайын, ал USB кабелінің дұрыс жалғанғанын тексеріңіз.

Электрондық қаламның орналасқан жері дұрыс емес.

Көрсетіліп тұрған сурет сəйкес келмейді.→ Қайта мөлшерлеңіз.

20

Page 26: Operating Instructions (For Basic Operations) (Kazakh) · Электр тоғы соғу қаупі бар. Түтін шықса, қатты қызса немесе бөтен дыбыстар,

Қосымша

26 Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

Енгізілетін сызықтар мен пікірлер толық немесе тиісті жерде көрсетілмейді.Электрондық қалам істемейді.

• Электрондық қаламды тақтаға қисайтып ұстап тұрсыз.• Еlite Panaboard тақтасы тікелей күн сəулесінде немесе күшті жарықта қолданылуда.

• Инфрақызыл басқару құралдары қолданылуда (мысалы, теледидардың қашықтан басқару құралы) жəне олар күй датчигіне қарай бағытталған.

• elite Panaboard тақтасының жиектері қабырғаға немесе төбеге жақын.

• elite Panaboard тақтасының қасында ауа кондиционері бар.• elite Panaboard тақтасының қасында плазмалық теледидар немесе сұйық кристалды теледидар қолданылуда.

• Орналасқан жер датчигінің бір бөлігі жабылып қалған.• Электрондық қалам датчигінің бір бөлігін қолмен жауып тұрсыз.

• Бірнеше электрондық қалам бір уақытта қолданылуда.• Электрондық қалам батареяларының заряды бітті.→ Жоғарыдағы ешбір себептің ақаулық тудырмайтынын

тексеріңіз.Ақаулық жоғарыдағы себептерге байланысты пайда болмаған жағдайда, параметрлерді қайта реттеп көріңіз.

Компьютер экранында артық сызықтар көрсетіледі.

elite Panaboard тақтасына электрондық қаламмен жазып жатқанда, elite Panaboard тақтасына жақын ұстап тұрып саусақпен электрондық қаламның ұшын басып қалдыңыз.→ Электрондық қалам ұшын саусақпен баспаңыз.

Компьютер экранында «Батарейка ручки разряжена. Немедленно замените батарейку.» деген хабар көрсетіледі.

Электрондық қалам батареясының заряды бітті.→ Электрондық қалам батареясын ауыстырыңыз.

1423

Ақ тақтаға арналған маркермен жасалған белгілер өшірілмей тұр.

elite Panaboard тақтасы проектордан сурет шығаруға арналған. Белгілерді стандартты щеткамен өшіру мүмкін емес.→ Сатылатын ақ тақта тазалағышын немесе суға

сұйылтылған нейтральды тұрмыстық тазалау құралын пайдаланыңыз.

23

Белгі Себеп жəне шешімМына бетті

қараңыз:

Page 27: Operating Instructions (For Basic Operations) (Kazakh) · Электр тоғы соғу қаупі бар. Түтін шықса, қатты қызса немесе бөтен дыбыстар,

Қосымша

27Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

4

Техникалық сипаттамаларыҮлгі нөмірі UB-T780BP

Негізгі сипаттамалары

Электр қуаты Электр қуаты USB шинасынан келеді (айнымалы ток розеткасына қосудың қажеті жоқ).

Тұтыну қуаты 5 В/500 мА (USB BUS шинасы арқылы қуат беру)

Сыртқы өлшемдері:Биіктігі × Ені × Қалыңдығы

1 340 мм × 1 752 мм × 89 мм

Салмағы 25 кг

Пайдалану шарттары Температура: 15-35 °CЫлғалдылық: 30-80 %

Сақтау шарттары Температура: -20-40 °CЫлғалдылық: 15-80 %

Интерфейс USB 2.0

Енгізілетін құрылғы

Экран бетінің өлшемі:Биіктігі × Ені

1 175 мм × 1 692 мм

Интерактивті мүмкіндіктер

Тиімді аймағы:Биіктігі × Ені

1 165 мм × 1 502 ммБейнені экран жақтауынан кемінде 5 мм артық проекциялаңыз. Электрондық қалам экран бетінің сол жақ жоғарғы бұрышындағы орналасқан жер датчигінен 50 мм қашықтықта дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.

Электрондық қаламның электр қуаты

LR03 (AAA түріндегі құрғақ сілтілі батарея) × 1

Электрондық қалам батареясының жұмыс істеу уақыты

30 сағат (25 °C температурасында үздіксіз қолдану)* Panasonic LR03 құрғақ сілтілі батареяларын пайдаланғанда.

77 дюйм 5 мм

5 мм

Проекция аймағы

5 мм

50 мм

Page 28: Operating Instructions (For Basic Operations) (Kazakh) · Электр тоғы соғу қаупі бар. Түтін шықса, қатты қызса немесе бөтен дыбыстар,

Қосымша

28 Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

Шығыс материалдары жəне қосымша жабдықтар

• Бөлек сатылатын элементтерді дилеріңізден алуға болады.

Қосымша құрылғы Электрондық қалам UE-608025

Түпқойма KX-B061

Page 29: Operating Instructions (For Basic Operations) (Kazakh) · Электр тоғы соғу қаупі бар. Түтін шықса, қатты қызса немесе бөтен дыбыстар,

Орнату нұсқаулығы

29Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

4

Орнату нұсқаулығы

Орнату нұсқаулығы (білікті техникалық қызмет көрсетуші маманға арналған)

• Электрондық тақтаны жəне түпқойманы құрастыру, қабырғаға орнату туралы ақпаратты дилеріңізден алыңыз.• elite Panaboard тақтасын жинау жəне орнату алдында «Орнату нұсқаулығы (білікті техникалық қызмет көрсетуші маманға арналған)» нұсқаулығын мұқият оқыңыз.«Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін» бөліміне аса назар аударып, elite Panaboard тақтасын берік орнатыңыз.Қате орнатудың салдарынан туындайтын жазатайым оқиғалар немесе меншікке келтірілген зиян үшін Panasonic System Networks Co., Ltd. компаниясы жауапты болмайды.

• elite Panaboard тақтасын қабырғаға немесе түпқоймаға 2 адам орнату керек.

Сіздің қауіпсіздігіңіз үшінАуыр жарақат алу немесе өлім жағдайының орын алуына жол бермеу үшін, сондай-ақ құрылғыны дұрыс əрі қауіпсіз пайдалану мақсатында осы бөлімде берілген нұсқауларды құрылғыны іске қосар алдында мұқият оқып шығыңыз.

Орнату нұсқаулығында келесі графикалық белгілер пайдаланған.

Ескертпе

Ауыр жарақатқа немесе өлімге апаратын ықтимал қауіпті білдіреді.

Жеңіл жарақатқа немесе жабдықтың зақымдануына апаратын қауіпті білдіреді.

Бұл белгілер операторға белгілі бір əрекетті орындауға болмайтыны туралы хабар береді.Бұл графикалық белгі құрылғыны қауіпсіз пайдалану үшін операторға көрсетілген əрекетке назар аудару керек екенін ескертеді.

АБАЙЛАҢЫЗ

ЕСКЕРТУ

Бұл жабдықты орнатып болғаннан кейін, техникалық қызмет көрсететін білікті маман қауіпсіздікті тексеру қажет.

Құрылғыны орнатқанда USB кабелін міндетті түрде ажыратыңыз. Бұл талаптың орындалмауы электр тоғы соғуына немесе жарақатқа апаруы мүмкін.

Тек белгіленген бөлшектерді пайдаланып орнатыңыз. Бұл талаптың орындалмауы өртке, электр тоғы соғуына немесе жарақатқа апаруы мүмкін.

Пайдалану нұсқаулығын, сондай-ақ корпустағы, жақтаудағы жəне құрылғының бөліктеріндегі биркалардың ақпаратын оқып, түсініп алу керек.

Құрылғыны жəне орнату тəртібін өзгертпеңіз. Модификацияға ұшыраған құрылғыны орнату өртке, электр тоғының соғуына немесе жарақатқа апаруы мүмкін.

Бұл құрылғыны орнату, оның орнын ауыстыру жəне оны тастау жұмыстарын тек білікті техникалық қызмет көрсету маманы орындауы тиіс.

АБАЙЛАҢЫЗ

Page 30: Operating Instructions (For Basic Operations) (Kazakh) · Электр тоғы соғу қаупі бар. Түтін шықса, қатты қызса немесе бөтен дыбыстар,

Орнату нұсқаулығы

30 Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

Электрондық тақтаны орнатып немесе тасымалдап болғаннан кейін, роликтерді бекітіп, жиналатын тұрақтылық аяқтарын жайыңыз.

Құрылғыны қабырғаға ілу ұсынылса, қабырға көрсетілген салмаққа төтеп бере алатынына көз жеткізіңіз.

1 324 Н (135 kgf (кгс))

Электрондық тақтаны күшейтілген сылақты қабырғаға орнатпаңыз. Қабырғаға бекіту тілімшесінің бұрандалары арқылы бөлінген электр тоғы сылақтың астындағы темір немесе сым торға өтетін болса, сылақ ысуы, түтіндеуі немесе өртенуі мүмкін.

Құрылғы қабырғаға орнатылатын болса, бекіту тілімшесіне орнатылған құрылғыны өзіңізге қарай тартып қабырғаға бекіту тілімшесі винттерді берік ұстап тұрғанын тексеріңіз.

Электр тоғының соғу немесе жарақат алу жағдайларын болдырмау үшін, міндетті түрде қолғап киіңіз.

ЕСКЕРТУ

Роликтерді құрсаулау(Осы жаққа қарай басыңыз)Бекіту үшін басыңыз.

Page 31: Operating Instructions (For Basic Operations) (Kazakh) · Электр тоғы соғу қаупі бар. Түтін шықса, қатты қызса немесе бөтен дыбыстар,

Орнату нұсқаулығы

31Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

4

Орнату нұсқаулығы

Бірге берілетін құралдарТақтамен бірге elite Panaboard келесі құралдар жеткізілгенін тексеріңіз.

Ескертпе• Бұрандалар (8 дана) қосымша жабдыққа кірмейді. Қабырға түріне сай M6 өлшемді бұрандаларды сатып алыңыз (бет 34).

№ Бөлшек атауы Сурет Саны Ескертпелер

USB кабелі(5 м)

1 Компьютерге қосу үшін

Ықшам диск 1

Пайдалану нұсқаулығы (бағдарламалық құрал)ДрайверлерҚолданбалы бағдарламалық құрал

Қабырғалық бекіту пластинасы (сол жақ)

1 —

Қабырғалық бекіту пластинасы (оң жақ)

1 —

Батарея (LR03 сілтілі батареясы, «AAA» түрі)

1 Электрондық қалам үшін

Электрондық қалам 1 —

Электрондық қалам ұшы(ауыстырылатын)

2 Электрондық қалам үшін

Пайдалану нұсқаулығы 1

Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар) (орнату нұсқаулығын қамтиды)

Кепілдік 1

Кейбір елдерде/аймақтарда жеткізу жинағына кірмеуі мүмкін.

Page 32: Operating Instructions (For Basic Operations) (Kazakh) · Электр тоғы соғу қаупі бар. Түтін шықса, қатты қызса немесе бөтен дыбыстар,

Орнату нұсқаулығы

32 Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

Қабырғаға орнату

Қабырғаны тексеруҚабырғаға орнатқанда ғимарат иесімен, техникпен немесе орнатушымен қабырға elite Panaboard тақтасын орнату үшін жеткілікті берік па, сол туралы кеңесіңіз. Қауіпсіздік мақсатында elite Panaboard тақтасын тек қабырғалар түрін дəл анықтаудан жəне сəйкес бұранда түрлерін жəне орнату əдісін таңдағаннан кейін орнату керек (бет 34).

ЕСКЕРТУЭлектрондық тақтаны күшейтілген сылақты қабырғаға орнатпаңыз. Қабырғаға бекіту тілімшесінің бұрандалары арқылы бөлінген электр тоғы сылақтың астындағы темір немесе сым торға өтетін болса, сылақ ысуы, түтіндеуі немесе өртенуі мүмкін.

I. Қажетті құралдар жəне бөліктер (elite Panaboard тақтасының жеткізу жинағына кірмейді)Бұрғы, бұрауыш, рулетка, ватерпас8 бұранда (өлшемі M6)

II. Орнату алдында1. Қабырға жеткілікті берік екеніне жəне elite Panaboard тақтасын ұстайтынына көз

жеткізіңіз.Есептелген беріктік: 1 324 Н (135 kgf (кгс)) көп

Ескертпе• Қажет болғанда, elite Panaboard тақтасын ұстай алуы үшін қабырғаны күшейтіңіз.

2. elite Panaboard тақтасын орналастыру үшін жеткілікті бос орын бар екеніне көз жеткізіңіз.Биіктігі: 2 100 мм-ден көпЕні: 2 000 мм-ден көп

Page 33: Operating Instructions (For Basic Operations) (Kazakh) · Электр тоғы соғу қаупі бар. Түтін шықса, қатты қызса немесе бөтен дыбыстар,

Орнату нұсқаулығы

33Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

4

Қабырғалық бекіту пластиналарын орнату1. Қабырға жеткілікті берік екеніне жəне elite Panaboard тақтасын ұстайтынына көз жеткізіңіз.

Есептелген беріктік: 1 324 Н (135 kgf (кгс)) көп2. Рулетка жəне ватерпас көмегімен бұрандаларды орнату үшін 8 белгі салыңыз.

Ескертпе• Иллюстрацияда пунктирлік сызықпен elite Panaboard тақтасының сыртқы жиегі белгіленген.

3. Қабырғалық бекіткіш пластинасын орнату үшін 8 тесік бұрғылап тесіңіз.• Тесіктердің диаметрі қолданылатын бұрандалардың өлшеміне сəйкес келу керек.

4. Қабырғалық бекіту пластиналарын 4 бұранда көмегімен бекітіңіз.• Əр қабырғалық бекіту пластинасын 2 бұранда қолданылады. Қалған 4 бұранда elite Panaboard тақтасын қабырғаға орнатқаннан кейін қолданылады.

469,5 мм 813 мм

725 мм

222,5 мм

40 мм

982 мм

44 мм

30 мм

40 мм

982 мм

44 мм

30 мм

813 мм

Page 34: Operating Instructions (For Basic Operations) (Kazakh) · Электр тоғы соғу қаупі бар. Түтін шықса, қатты қызса немесе бөтен дыбыстар,

Орнату нұсқаулығы

34 Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

• Бұрандалар (8 дана) elite Panaboard тақтасының жеткізу жинағына кірмейді. М6 мөлшерлі бұрандаларды қабырғаның үлгісіне қарай сатып аласыз.

• Болтты қатты бекітіңіз.• Тесіктерді бұрғылағанда жəне қабырғалық бекіту пластиналарын орнатқанда, «Қабырға түрлері жəне орнату процедуралары» (бет 34) бөлімінде сипатталған əрекеттерді орындаңыз.

5. elite Panaboard тақтасын қабырғаға орнатыңыз.Мына жерді қараңыз: «elite Panaboard тақтасын құрастыру» (бет 41).

Қабырға түрлері жəне орнату процедураларыҚабырғалық бекіту пластиналарын қабырғаға орнату əдістері қабырға құрылымына байланысты əртүрлі болады.Төменде үш мүмкін нұсқа берілген.Қабырғаға байланысты басқа əдістер де керек болуы мүмкін.

Металл немесе бетон қабырғаларДюбельдер керек (жеткізу жинағына кірмейді).

Ұштығы бар бұрғы

Металл немесе бетон қабырға

Дюбельді тесікке салыңыз.

Дюбель

Қабырғалық бекіту пластинасы

Қабырғада 8 тесік бұрғылап тесіңіз. Тесіктердің қажет өлшемін нақты дюбельдерді пайдалану нұсқаулығынан қараңыз.

Бұранданы қабырғалық бекіту пластинасының тесігіне салыңыз жəне пластинаны қабырғаға берік бекітуді қамтамасыз ету үшін тығыз бекемдеңіз.

Болт

Page 35: Operating Instructions (For Basic Operations) (Kazakh) · Электр тоғы соғу қаупі бар. Түтін шықса, қатты қызса немесе бөтен дыбыстар,

Орнату нұсқаулығы

35Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

4

Сылақталған қабырғаТіреу тығындары (жеткізу жинағына кірмейді) қажет болады.

Ағаштан жасалған қабырғаларАғашқа арналған шуруптар (жеткізу жинағына кірмейді) қажет болады.

Сылақ

Тіреу тығыны

Тірек таяныштар

Қабырғалық бекіту пластинасы

Тірек таяныштарын ашқаннан кейін қабырғалық бекіту пластинасын тірек таяныштары қабырғада бекітілгенше өзіңізге тартыңыз.

Қабырғалық бекіту пластинасының қабырғада берік бекітілуін қамтамасыз ету үшін бұранданы бекемдеңіз.

Болт

Болтты қабырғалық бекіту пластинасының тесігіне жəне қабырғадағы тесікке тірек таяныштар көлденең күйде болатындай салыңыз.Тесіктердің қажет өлшемін нақты тіреу тығындарын пайдалану нұсқаулығынан қараңыз.

Тіректаяныштар

Қабырғалық бекіту пластинасы

Шуруп

Ағаш қабырға

Шурупты қабырғалық бекіту пластинасының тесігіне салыңыз жəне пластинаны қабырғаға берік бекітуді қамтамасыз ету үшін тығыз бекемдеңіз.Тесіктердің қажет өлшемін нақты шуруптарды пайдалану нұсқаулығынан қараңыз.

Page 36: Operating Instructions (For Basic Operations) (Kazakh) · Электр тоғы соғу қаупі бар. Түтін шықса, қатты қызса немесе бөтен дыбыстар,

Орнату нұсқаулығы

36 Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

Тіректі құрастыру (бөлек сатып алынады)

Жеткізілетін бөлшектері(KX-B061) тірегінің жеткізу жинағына келесі бөліктер кіретініне көз жеткізіңіз.

*1 elite Panaboard тақтасын тірекке бекіту үшін құлақты бұрандаларды ( ) қолданыңыз.*2 Берілген кілт бұранданы ( ) бекемдеуге жəне əлсіретуге арналған, сондықтан оны қолайлы жерде сақтаңыз.

№ Бөлшек атауы Сурет Саны

Тірек негізі 2

Сүйеу 2

Көлденең штанга (А) 2

Kөлденең штанга (В) 1

Бұранда (M6 × 45 мм) 10

Құлақты бұранда (M5 × 12 мм)*1 2

Тірек ұстауышы 2

Тұрақтандыруға арналған жиналғыш аяқтар 4

Бұранда (M6 × 60 мм) 4

Гайка 4

Кілт*2 1

Шайба 10

Page 37: Operating Instructions (For Basic Operations) (Kazakh) · Электр тоғы соғу қаупі бар. Түтін шықса, қатты қызса немесе бөтен дыбыстар,

Орнату нұсқаулығы

37Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

4

ЕСКЕРТУҚұрастыру алдында міндетті түрде роликтерді құрсаулаңыз.

Құрастыру нұсқаулары1. Тұрақтандыру үшін жиналғыш аяқтарын құрастырыңыз.

Роликтерді құрсаулау(осы жаққа қарай басыңыз)

Page 38: Operating Instructions (For Basic Operations) (Kazakh) · Электр тоғы соғу қаупі бар. Түтін шықса, қатты қызса немесе бөтен дыбыстар,

Орнату нұсқаулығы

38 Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

2. Тіректі құрастырыңыз.

Ескертпе• Бұрандаларды тым қатты бекемдемеңіз ( ). (Бұл тіреулерді деформациялауы мүмкін.)• Тіректі құрсаулайтын роликтер артында орналасатын етіп құрастырыңыз.

Тесіктер алға қарап тұратын етіп құрастырыңыз.

Роликтерді құрсаулау (артынан көрінісі)

АРТҚЫКӨРІНІСІ

Роликтерді құрсаулау (артынан көрінісі)

АЛДЫҢҒЫ КӨРІНІСІ

Page 39: Operating Instructions (For Basic Operations) (Kazakh) · Электр тоғы соғу қаупі бар. Түтін шықса, қатты қызса немесе бөтен дыбыстар,

Орнату нұсқаулығы

39Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

4

3. Тұрақтандыру үшін жиналатын аяқтарды жайыңыз.

Ескертпе• Тұрақтандыруға арналған жиналғыш аяқтарды алғанда, төменде көрсетілгендей құрсаудан босатыңыз ( , ).

4. elite Panaboard тақтасын орнатыңыз.• Мына жерді қараңыз: «elite Panaboard тақтасын құрастыру» (Тірекке орнату үшін (бөлек сатып алынады) → бет 46).

2

1

1

12

Page 40: Operating Instructions (For Basic Operations) (Kazakh) · Электр тоғы соғу қаупі бар. Түтін шықса, қатты қызса немесе бөтен дыбыстар,

Орнату нұсқаулығы

40 Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

Құрастыру нұсқаулары

elite Panaboard тақтасын орамадан шығаруға дайындықҚорапты ашыңыз, керек-жарақтар бар қорапты жəне орамалау көбігін шығарыңыз да, elite Panaboard тақтасының пластмасса жапырағын ашыңыз.

Ескертпе• Экранды шығарғанда экранның бетінен емес, жақтау шеттерінен ұстаңыз.

(Экран бетін ұстағанда, ол зақымдалуы мүмкін.)• Қорабындағы орауыш материалдар кейін қорапқа салу үшін керек болуы мүмкін, сондықтан оларды сақтау керек.

Ескертпе• Кейбір елдерде/аймақтарда кепілдік берілмейді.

Орама қорап

Электрондық тақта

Орама қорап

[[Керек-жарақтар бар қораптың құрамы]

• USB кабелі.................................. 1• Ықшам диск................................ 1• Қабырғалық бекіту пластинасы

(оң, сол) .................1 (əрқайсысы)• Батарея....................................... 1• Электрондық қалам ................... 1• Электрондық қалам ұшы .............2• Пайдалану нұсқаулығы ............ 1• Кепілдік ...................................... 1

Page 41: Operating Instructions (For Basic Operations) (Kazakh) · Электр тоғы соғу қаупі бар. Түтін шықса, қатты қызса немесе бөтен дыбыстар,

41Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

Орнату нұсқаулығы

4

elite Panaboard тақтасын құрастыруЕскертпе

• elite Panaboard тақтасы үшін жақтаудың төменгі қақпақтарының 2 түрі бар: 2 бөліктен тұратын жақтаудың төменгі қақпағы жəне 1 бөліктен тұратын жақтаудың төменгі қақпағы. elite Panaboard тақтасын қабырғаға орнатқанда жақтаудың төменгі қақпағының түріне байланысты құрастыру процесі басқа болады. Төменде берілген əрекеттерді орындаңыз:

① Жақтаудың төменгі қақпағын 4 бұрандамен (2 бөліктен тұратын) → бет 41 бекіткенде.

② Жақтаудың төменгі қақпағын 2 бұрандамен (1 бөліктен тұратын) → бет 43 бекіткенде.

Қабырғада орнату үшін (2 бөліктен тұратын жақтаудың төменгі қақпағынан)1. Бекіту платасына бекітілген бекіту

қақпағының ( ) бұрандасын ( ) алыңыз жəне бекіту қақпағын төмен жылжытыңыз.Бекіту қақпағын жəне бекіту платасының бұрандасына арналған тесік ( ) сəйкестендірілгеніне көз жеткізіңіз.

Бекіту қақпағының бұрандаларын ( ) бұрап алыңыз жəне қақпақты оң жақтағы суретте жоғарыда көрсетілгендей қақпақты төмен жылжытып, оларды тесіктерді бекітіңіз.

2. Еlite Panaboard тақтасын бұрандалардың бастары арқылы қабырғалық бекіту пластиналарына іліңіз.

Page 42: Operating Instructions (For Basic Operations) (Kazakh) · Электр тоғы соғу қаупі бар. Түтін шықса, қатты қызса немесе бөтен дыбыстар,

Орнату нұсқаулығы

42 Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

3. Жақтаудың төменгі қақпағынан (алдында) 4 бұранданы бұрап шығарыңыз.

4. Алу үшін жақтаудың төменгі қақпағының төменгі бөлігін (алдында) көтеріңіз.

5. Қабырғаға бекітіңіз.Плата бекіткішінің төменгі бөлігін қабырғаға берік бекемдеңіз.

6. Жақтаудың төменгі қақпағын (алдында) бекітіңіз.Жақтаудың төменгі қақпағын (алдында) elite Panaboard тақтасына 4 бұранда көмегімен қақпақ негізгі блокпен бір деңгейде болатындай бекітіңіз.

Ескертпе• Қабырғаға орнату кезінде еlite Panaboard тақтасын соққылардан жəне итеруден сақтаңыз.

• Еlite Panaboard тақтасын қабырғаға орнатып болғаннан кейін беріктігін күш салып басып тексеріңіз.

Page 43: Operating Instructions (For Basic Operations) (Kazakh) · Электр тоғы соғу қаупі бар. Түтін шықса, қатты қызса немесе бөтен дыбыстар,

43Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

Орнату нұсқаулығы

4

7. Экранның бетін сүртіңіз.Экранның бетін жұмсақ, дымқыл шүберекпен жайлап сүртіңіз.

Ескертпе• Тазалау үшін еріткішті, бензолды немесе абразивті химикаттарды қолданбаңыз. (Бұл түстің оңуына əкелуі мүмкін.)

8. elite Panaboard тақтасының жұмысқа қабілеттілігін тексеріңіз.Мына жерді қараңыз: «elite Panaboard тақтасының жұмысын тексеру» (бет 47).

Қабырғаға орнату үшін (1 бөліктен тұратын жақтаудың төменгі қақпағынан)1. Бекіту платасына бекітілген бекіту

қақпағының ( ) бұрандасын ( ) алыңыз жəне бекіту қақпағын төмен жылжытыңыз.Бекіту қақпағын жəне бекіту платасының бұрандасына арналған тесік ( ) сəйкестендірілгеніне көз жеткізіңіз.

Бекіту қақпағының бұрандаларын ( ) бұрап алыңыз жəне қақпақты оң жақтағы суретте жоғарыда көрсетілгендей қақпақты төмен жылжытып, оларды тесіктерді бекітіңіз.

2. Еlite Panaboard тақтасын бұрандалардың бастары арқылы қабырғалық бекіту пластиналарына іліңіз.

Page 44: Operating Instructions (For Basic Operations) (Kazakh) · Электр тоғы соғу қаупі бар. Түтін шықса, қатты қызса немесе бөтен дыбыстар,

Орнату нұсқаулығы

44 Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

3. Жақтаудың төменгі қақпағын алыңыз.Сол жəне оң бұрандаларды алыңыз, содан кейін elite Panaboard тақтасының негізгі құрылғысынан жақтаудың төменгі қақпағын алыңыз.

4. Қабырғаға бекітіңіз.Қалған 4 бұрандамен тақта бекіткішінің төменгі бөлігін қабырғаға берік бекітіңіз.

5. Жақтаудың төменгі қақпағын орнына орнатыңыз.Жақтаудың төменгі қақпағын elite Panaboard тақтаның төменгі жағына бекітіңіз жəне сол жəне оң бұрандаларды қақпақ жақтаумен бір деңгейде болатындай бекемдеңіз.

Жақтаудың төменгі қақпағын бекіту əдісіa. Жақтаудың төменгі қақпағын екі қолмен

ұстап тұрып, оны екі жақтағы бағыттауыштарға жылжытыңыз.

b. Жақтаудың төменгі қақпағын артқа жылжытыңыз ( ).Жақтаудың төменгі қақпағының қырын бағыттауыштардың артқы жағының алдында ұстап тұрып, жақтаудың төменгі қақпағын жоғары қарай жылжытыңыз ( ).

Төменгі жақтау қақпағы

①1

2

Бағыттауыш

Қыр

Page 45: Operating Instructions (For Basic Operations) (Kazakh) · Электр тоғы соғу қаупі бар. Түтін шықса, қатты қызса немесе бөтен дыбыстар,

45Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

Орнату нұсқаулығы

4

c. Жақтаудың төменгі қақпағын шығарыңыз ( ).Жақтаудың төменгі қақпағының артқы бөлігін тақтаның артқы бөлігінің алдында ұстап тұрып, жақтаудың төменгі қақпағын жоғары қарай тақтаның артқы жағына жылжытыңыз ( ).

d. Жақтаудың төменгі қақпағын артқа жылжытыңыз ( ).Бүкіл жақтаудың төменгі қақпағын жоғары қарай екі соңы да шырт етіп жабылғанша жылжытыңыз ( ). Төменгі жақта 2 бұранданы бекемдеңіз.

Ескертпе• Жақтаудың төменгі қақпағын бекіткенде тақтаның бекіткішіне бір жеріңізді кесіп алмауға тырысыңыз.

• Қабырғаға орнату кезінде еlite Panaboard тақтасын соққылардан жəне итеруден сақтаңыз.

• Еlite Panaboard тақтасын қабырғаға орнатып болғаннан кейін беріктігін күш салып басып тексеріңіз.

6. Экранның бетін сүртіңіз.Экранның бетін жұмсақ, дымқыл шүберекпен жайлап сүртіңіз.

Ескертпе• Тазалау үшін еріткішті, бензолды немесе абразивті химикаттарды қолданбаңыз. (Бұл түстің оңуына əкелуі мүмкін.)

7. elite Panaboard тақтасының жұмысқа қабілеттілігін тексеріңіз.Мына жерді қараңыз: «elite Panaboard тақтасының жұмысын тексеру» (бет 47).

2

1

1

2

Page 46: Operating Instructions (For Basic Operations) (Kazakh) · Электр тоғы соғу қаупі бар. Түтін шықса, қатты қызса немесе бөтен дыбыстар,

Орнату нұсқаулығы

46 Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

Тірекке орнату үшін (бөлек сатып алынады)1. Бұрандалардың бастарын қолданып, elite

Panaboard тақтасын тірекке іліңіз.

2. Тіректің жеткізу жинағына кіретін (M5 × 12 мм [2 дана]) elite Panaboard тақтасын тірек жақтауында бекітіңіз.

Ескертпе• Еlite Panaboard тақтасын тірекке орнатылған кезде, оның биіктігін 4 түрлі деңгейге реттеуге болады.Биіктікті өзгерткенде, elite Panaboard тақтасының артқы жағынан сол жəне оң бұранданы алыңыз жəне оларды қажет биіктікте берік бұраңыз. Айналу моменті (1 Н·м [10 kgf·cm (кгс/см)] көбірек).

3. Экранның бетін сүртіңіз.Экранның бетін жұмсақ, дымқыл шүберекпен жайлап сүртіңіз.

Ескертпе• Тазалау үшін еріткішті, бензолды немесе абразивті химикаттарды қолданбаңыз. (Бұл түстің оңуына əкелуі мүмкін.)

4. elite Panaboard тақтасының жұмысқа қабілеттілігін тексеріңіз.Мына жерді қараңыз: «elite Panaboard тақтасының жұмысын тексеру» (бет 47).

elite Panaboard тақтасының биіктігі Бұранданың күйі

-100 мм Ең жоғары

Стандартты Үстінен 2-ші

+100 мм Астынан 2-ші

+200 мм Ең төменгі

Page 47: Operating Instructions (For Basic Operations) (Kazakh) · Электр тоғы соғу қаупі бар. Түтін шықса, қатты қызса немесе бөтен дыбыстар,

Орнату нұсқаулығы

47Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

4

elite Panaboard тақтасының жұмысын тексеруelite Panaboard тақтасын құрастырғаннан кейін келесі əрекеттерді орындап, оның жұмысының дұрыстығын тексеріңіз.

Интерактивті мүмкіндіктерді тексеру1. «elite Panaboard software бағдарламасын орнату» (бет 17) бөліміндегі нұсқауларды

орындап, бағдарламалық құралды орнатыңыз да, берілген USB кабелін жалғаңыз.2. Интерактивті функциялар жұмысының дұрыстығын тексеріңіз.

• Егер проектор жоқ болса, тек elite Panaboard тақтасын жəне компьютерді пайдаланып жұмыстың дұрыстығын тексеріңіз.

• elite Panaboard software бағдарламасын іске қосқаннан кейін компьютер экранында мөлшерлеу экраны көрсетіледі.

• Төмендегі суретте көрсетілгендей, elite Panaboard тақтасының 5 нүктесінде электрондық қаламды басып, сынақ мөлшерлеуді орындаңыз. Дəлірек реттеу үшін проекторды қолдану керек.

• Еlite Panaboard software орындау барысында ақ ая тəртібіне кіріңіз жəне маркер аспабын таңдаңыз. Экран бетінде электрондық қаламмен кез келген нəрсені жазып жəне жазылған сөздер компьютер экранында көрсетілетініне көз жеткізіп, жұмыстың дұрыстығын тексеріңіз. (Электрондық қаламмен жазылған сөздер экран бетінде көрсетілмейді.)

ƏрекетНені тексеру керек

Функция Шаралар

1 USB кабелінің көмегімен компьютерге жалғаңыз.

Жасыл жарық диодты көрсеткіш жанады.

(Қалыпты жұмыс)

Жасыл жарық диодты көрсеткіш жанбайды немесе қызыл көрсеткіш жыпықтайды.

USB кабелінің қосылымын тексеріңіз.• USB кабелінің берік қосылын тексеріңіз.

• USB кабелін компьютерден ажыратып, қайтадан жалғаңыз.

1

34

5

2

Шамамен 100 мм

Шамамен 100 мм

Page 48: Operating Instructions (For Basic Operations) (Kazakh) · Электр тоғы соғу қаупі бар. Түтін шықса, қатты қызса немесе бөтен дыбыстар,

Орнату нұсқаулығы

48 Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

Қорабына қайта салуelite Panaboard тақтасын қорапқа салу үшін «elite Panaboard тақтасын құрастыру» бөлімінде сипатталған қадамдарды кері ретпен орындаңыз.• Қабырғада орнату үшін (2 бөліктен тұратын жақтаудың төменгі қақпағынан) → бет 41. • Қабырғаға орнату үшін (1 бөліктен тұратын жақтаудың төменгі қақпағынан) → бет 43.• Тірекке орнату үшін (бөлек сатып алынады) → бет 46.

Құрылғыны «elite Panaboard тақтасын орамадан шығаруға дайындық» (бет 40) бөліміндегі суретке сай қорапқа салыңыз, содан кейін ораманы жабысқақ таспаның немесе 2 баудың көмегімен байлаңыз.

Ескертпе• Экранның бетінен ұстамаңыз, қаңқасынан ұстаңыз. (Экран бетін ұстағанда, ол зақымдалуы мүмкін.)

Page 49: Operating Instructions (For Basic Operations) (Kazakh) · Электр тоғы соғу қаупі бар. Түтін шықса, қатты қызса немесе бөтен дыбыстар,

Ескертпелер

49Пайдалану нұсқаулығы (негізгі функциялар)

4

Ескертпелер

Page 50: Operating Instructions (For Basic Operations) (Kazakh) · Электр тоғы соғу қаупі бар. Түтін шықса, қатты қызса немесе бөтен дыбыстар,

© Panasonic System Networks Co., Ltd. 2009 F0709MS1119

1731(For EU only)

Еуропа Қауымдастығына кірмейтін елдерде қоқыстарды тастау ақпараты

Бұл белгілер тек Еуропа Қауымдастығында қолданылады.Бұл өнім тасталатын болса, жергілікті басқару органдарынан немесе дилерден бұған ұқсас қоқыстарды тастау жолын сұрап алыңыз.