№2 | 20202 Қ2 2020 МЕНШiК ИЕСi: «ЗАҢ» Медиа-корпорация»...

44
1 №2 2020 №2 | 2020 РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖУРНАЛ Гүлнар КУлБЕКОВа, адвокат: «ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТІ ЖОҒАРЫ АДАМНЫҢ ЗАҢҒА ҚҰРМЕТІ ДЕ ЖОҒАРЫ БОЛАДЫ» 3-бет

Upload: others

Post on 28-Aug-2020

12 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: №2 | 20202 Қ2 2020 МЕНШIК ИЕСI: «ЗАҢ» Медиа-корпорация» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесінің

1№2 2020

№2 | 2020

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ

ЖУРНАЛ

Гүлнар КУлБЕКОВа, адвокат:

«ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТІ ЖОҒАРЫ АДАМНЫҢ ЗАҢҒА ҚҰРМЕТІ ДЕ ЖОҒАРЫ БОЛАДЫ»

3-бет

Page 2: №2 | 20202 Қ2 2020 МЕНШIК ИЕСI: «ЗАҢ» Медиа-корпорация» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесінің

2 №2 2020

МЕНШIК ИЕСI:«ЗАҢ» Медиа-корпорация»

жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

Редакторлар кеңесініңтөрағасы - президент

Досымбек ӨТЕҒАЛИЕВ

РЕДАКЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС:

АҒЫБАЕВ А. з.ғ.д., профессор

АЛАУХАНОВ Е. з.ғ.д., профессор

ӘБДIРАСҰЛОВ Е. з.ғ.д.

ӘБДIРАСҰЛОВ Б. б.ғ.д., профессор

БЕКТҰРҒАНОВ Ә. з.ғ.д., профессор

ДОСАЛИЕВ Қ. з.ғ.д.

СӘБIКЕНОВ С. з.ғ.д., профессор

БОРУБАШЕВ Б. з.ғ.д.профессор (Қырғызстан)

РЕДАКТОРЫ Түймегүл ИБАШЕВА

МА ЗМ Ұ НЫ

№2 | 2020

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖУРНАЛ

«ҚұҚыҚтыҚ мәдениеті жоғары адамның заңға Құрметі де жоғары болады»Т.Смағұлқызы............................................................3зорлыҚ ұғымының түсінігі

а.ағыбаев............................................................8тергеу сотының өкілеттіктері

Т. ақшабаев ...........................................................13заң тұрмыстыҚ зорлыҚ-зомбылыҚҚа Қарсы

К. Садырбаева ..........................................................17«абай ережесі» алтын әріптермен жазылар тарихи Құжат

б. НаСирдиНов..........................................................20абайдың ҚұҚыҚ саласына ҚосҚан үлесі

Т. құдабаев..........................................................22 стратегия – ҚалыптасҚан мемлекеттің жаңа саяси бағыты

а.СаТпаева, м.ТөлеНді, р.байзаКова ..........................................................24парадан бас тарту – парасаттылыҚ белгісі

р. ақмырзаев..........................................................27латын әліпбиіне көшу – заман талабы

Т. мұшаНов..........................................................29жүргізушілердің жауаптылығы күшейтілді

Ә. ТүбеКбаева..........................................................31апат тудырғандар айыппұл төлеумен Құтылмайды

Г. иСКаКова..........................................................33ғаламтор арҚылы есірткі өткізгендердің жазасы ауыр

К. ыСқақова..........................................................36төлем артҚаннан жағдай оңала ма?!е. ержаНұлы..........................................................38топтасып мал ұрлағандарға кешірім жасалмайды

ш.оСпаНова..........................................................40ахат саласындағы заңнамалыҚ жаңалыҚтар

Г. баимбеТова..........................................................42

Page 3: №2 | 20202 Қ2 2020 МЕНШIК ИЕСI: «ЗАҢ» Медиа-корпорация» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесінің

3№2 2020

Сәті түскен сұхбат

Гүлнар КУЛБЕКОВА, адвокат:

«ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТІ ЖОҒАРЫ АДАМНЫҢ ЗАҢҒА ҚҰРМЕТІ ДЕ ЖОҒАРЫ БОЛАДЫ»

– Гүлнар Хасен қызы, рес публикамыздың 2010–2020 жылдарға арналған құқықтық саясат тұ жырым­дама сын да азаматтар құ­қығы мен бостандығын қор ғай тын институттарды жетілдіру көзделген. Бұл мақсат қаншалықты орында­луда, яғни, қазіргі адвокат­тар мәртебесі, оларға ортақ проблема қандай?– Негізі құқық қорғау инс ти­

туттарында жетекші рөлге заңгер­лік көмек көрсету жүйесі ие. Со­лардың бастысы адвокатура. Мұны айтып отырғаным, 2020 жылға аяқ бассақ та, елімізде адвокаттар мәр­тебесіне енді ғана заңмен көңіл бөлінуде. Бұл жасырып­жабуды қа­жет етпейтін шындық. Қарапайым мысал, бұған дейін сот ғимаратта­ры мен ішкі істер басқармалары, т.б. құзырлы органдарға еркін кіре алмай, есік алдында күтіп отыра­тынбыз. Қазіргі күні осы кемшілік жойылды. Елімізде «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заң қабылданып, жұмыс істеуде. «Көш жүре түзеледі» демекші, мәр­тебеміздің алдағы уақытта өз дең­гейіне жетеріне үмітіміз зор. Жалпы қорғаушыларға ортақ проблемаға келсек, мұндағы басты мәселе қаражатқа келіп тіреледі. Адвокаттар жұмысы азамат­

тармен тікелей байланысты. Яғни, азаматтар біздің қызметімізге көп жүгінсе, жұмысымыз

Page 4: №2 | 20202 Қ2 2020 МЕНШIК ИЕСI: «ЗАҢ» Медиа-корпорация» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесінің

4 №2 2020

Сәті түскен сұхбат

да жүреді. Бұрынғыдай емес, соңғы кездері көрсеткіш төмендеді. Себебі, адвокаттық қызмет ақылы, оған төлем жасайтын жұрт­шылықтың жағдайы жоқ. Осының салдарынан лицензияларын уақытша тоқтатып, басқа тір­лікке көшкен әріптестерім де бар.

– Соттарда жүктеме көп, адвокат­тарда неге іс жоқ?– Жоғарыда айтқанымдай, бәрі қаржыға

тіреледі. Азаматтар құқықтық көмек алғысы, адвокат қызметіне жүгінгісі келеді, алайда, оған көп жағдайда мүмкіндіктері бола бермей­ді. Одан қалса азаматтардың көбісі сабырсыз­дыққа барады, мысалы, іспен таныспай жатып не болғанын сұрап жүз рет қоңырау шалып, берекеңді қашыратындар да жоқ емес. Қыз­метақысын төлемейтіндер де көп.

– Бұл адвокаттарға деген сенімнің азайғандығын көрсетпей ме, көпке топырақ шашудан аулақпыз, деген­мен, өз ісіне адалдық танытпайтын әріптестеріңіз де бар ғой.– Қазіргі уақытта бәрі заңмен реттелген,

арнайы төлем түбіртегі, істің ауыр­жеңілдігіне қарай төлемақы, азаматтық істе оның созылу мерзімі, т.б. ескеріледі. Сондықтан, бұл мәсе­леде тәртіпке бағынамыз.

– Адвокаттарға сенім қайтсе ныға­яды, ол үшін қайтпек керек?– Адвокаттарға ең бірінші мықты білім

керек. «Білімді мыңды жығады» деген бе­кер айтылмаған ғой. Меніңше, сенімге жүз пайыз ие болудың басты тетігі білім мен жа­уапкершілікте. Жауапкершілігі бар адамның өз ісіне әруақытта адалдық танытары талас­сыз. Жұртшылықпен жұмыс жасай алу ке­рек. Заң консультацияларында адвокаттар отыр. Көпшілікпен қарым­қатынасты нығай­татын бірден­бір орын сол жер дер едім. Көп жағдайда жауапкершілік жетпей жататыны шындық. Клиенттер де түрлі ниетпен келеді. Олардың ішінде не жатқанын біле бермейміз. Сондықтан, істің жай­күйіне қарап, бағыт­бағдар беру қажет.

– Адвокаттардың медиацияға құлық танытпай, істі созып жүре бер­

гісі келетінін естиміз. Шынында да солай ма?– Тараптарды бітімге келтіруге кей істер

келе бермейді. Немесе істі созып жүретіндер бар. Адвокаттар екі жақты тыңдайды. Арызын беріп алып, сотқа келмейтіндер де жоқ емес. Оларды сот жасауылдары арқылы алдыртады. Қанша шақыртса да келмейтіндер, телефонын алмайтындар бар. Осы себепті, бұл сұраққа нақты жауап беру қиын.

– Судья, прокурор, ішкі істер орган­дары қызметкерлерінің жұмысына көзқарасыңыз?– Соттар мен ішкі істер органдарының

жұмысы жайлы халықтың пікірі де, көзқа­расы да әртүрлі. Өткенде бір үлкен жиын­да құқық, заң саласының айтулы ардагері соттар мен ішкі істер органдарының, әсіре­се, тергеушілердің жұмысына көңілі тол­майтынын айтып қалды. Аталған органдар қызметкерлерінің көп жағдайда ауызда­рын ашып, бірдеме дәметіп отыратынын жасырмаған ол «они обнаглели» деді. Бұл көпті көрген, сот, тергеу, прокуратурамен тығыз қарым­қатынаста жұмыс істеген ар­дагердің сөзі. Сол кісімен ойымыз бір жер­ден шыққандай болды. «Бес саусақ бір­дей емес», әрине, дегенімен шындық бар. Біз қанша жерден жемқорлықпен күресіп жатқанымызбен, ешкімге ешнәрсе жетпей­тін дүние болып тұр.

– Сыбайлас жемқорлықпен күрес үздіксіз жүргізілсе де азаймауда дей­сіз ғой.– Иә, өздеріңіз куә болып жүрсіздер,

бұқаралық ақпарат құралдары да жазып­ай­туда. Жағымсыз әрекеттер жемқорлықпен күресуге тиіс органдардан байқалуда. Мыса­лы, жемқорлықпен күрес тәуелсіздік алғалы президент сая са тының басым бағыттары­ның бірі болып келеді. «Қазақстан–2030» даму стратегиясында да сыбайлас жемқор­лықпен күрес айрықша аталды. Соған орай, 1998 жылы «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заң қабылданып, онда сыбайлас жемқорлыққа алғаш рет заңдық тұрғыда түсiнiк берілді. Қылмыс түрлерi мен оларға тиiстi жауапкершiлiк анықталды. Айта кетер­

Page 5: №2 | 20202 Қ2 2020 МЕНШIК ИЕСI: «ЗАҢ» Медиа-корпорация» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесінің

5№2 2020

Сәті түскен сұхбат

лігі, мұндай заң Қазақстанда посткеңестік кеңістікте бірінші рет қабылданды. Мемле­кеттiк қызметшiлерге сыбайлас жемқорлық көрiнiсiне қарсы тұру, мемлекеттiк қызмет мүддесiне нұқсан келтiретiн iс­әрекеттердi жою заңмен мiндеттелді. 2008 жылы Қа­зақстан БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы және БҰҰ Трансұлттық ұйымдасқан қыл­мысқа қарсы конвенцияларын ратифика­циялады. Сыбайлас жемқорлыққа тосқа­уыл қоюға қол ұшын беретін азаматтар қауiпсiздiгi қамтамасыз етілді әрі оларды көтермелеу талабы заңмен нақтыланды. Бұл принциптер өз кезегінде жемқорлықты жеңуге қоғам мүшелерiн жұмылдыруы тиіс. Дегенмен, «Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді» демекші, теріс пиғылдардан ары­ла алмаудамыз.

– Көп адам заңды білмегендіктен зардап шегетіндерін алға тартады мұнымен келісесіз бе?– Дұрыс айтасыз, бүгінде заңды білмедім

деу қалыпты жағдайға айналғандай. Меніңше,

адамның құқыққа қайшы әрекеттерге баруы­на немесе алдануына заңды білмеу сылтау болмайды. Бар мәселе білуге ұмтылмауда. Біз­де заңға құрмет жағы жетіспейді. Елбасы әр сөзінде Қазақ станның дүниежүзінде алдыңғы қа тарлы мемлекет санатында көрінуі үшін құқықтық са уат тылықты, тәрбиені, сана ны жетілдіру қажеттігін айтады. Құқықтық сана­сы, мәдениеті жоғары адамның заңға құрметі де жоғары болады.

– Азаматтарды қоғамдық тәртіпті қорғауға қалай тартуға болады?– Қоғамдық тәртіп азаматтар тарапынан

белсенділікті қажет етеді. Кез келген жағым­сыз көріністі тиісті органдарға хабарлап, тәртіпсіздіктің, заң бұзушылықтың алдын алуға атсалыссақ, айналамыздың түзелуіне әсерімізді тигіземіз. Тіпті, кей адамдар сотта куә болудан бас тартып жатады. Бұл дұрыс емес. Көріп­білгенімізді айтып, істің ақ­қара­сының ашылуына көмектеспесек, қалай әділ­дік орнамақ? Азаматтық қоғам құндылықта­рын өзіміз бағалай білуіміз керек.

Әрі

птес

тер

орт

асы

нда

Page 6: №2 | 20202 Қ2 2020 МЕНШIК ИЕСI: «ЗАҢ» Медиа-корпорация» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесінің

6 №2 2020

Сәті түскен сұхбат

Ұзтазым менің,ұстазым...

– Құқықтық сауатты арттыруда біз­ге не жетіспейді?– Қоғамдағы құқық бұзушылықтарға

немқұрайды қарамауымыздың өзі құқықтық санамыздың деңгейін көрсетеді. Бәріміздің мүддеміз бір, көздегеніміз келешектің қамы, мемлекетіміздің ертеңі. Сондықтан, үлкен жетістіктерге заңның үстемдігін қамтамасыз етумен ғана жете аламыз. Құқықтық сауатты көтеріп, мәдениетті арттыру әрқайсысымыз­дың өз қолымызда. Жақсылыққа, жақсы істер­ге жақын жүрейік. Дамыған елдер қатарына қосыламыз, құқықтық мемлекет деңгейіне жетеміз деп жатырмыз ғой, ол арманымыз тәрбиелі ұрпақпен ғана орындалады. Тәрбие болмай, қоғамдық тәртіп түзелмейтінін естен шығармайық.

– Адвокатураны таңдауыңыздың қандай да бір себебі бар ма, әлде бұл салаға кездейсоқ келдіңіз бе?– Оқушы кезімнен заңгерлікке, әсіресе,

адвокаттарға қатты қызықтым. Бұрынғы Қа­

зақ мемлекеттік Заң университетіне (қазір Заң академиясы деп аталады) оқуға түстім. Нағашыбай Шайкенов ағамыздың көзін көрдік. Ол кісі біз екінші курста оқып жүр­генде қайтыс болды. Сондай мықты білім ор­дасында оқығанымды мақтан етемін. Алматы қалалық адвокаттар алқасында тағлымдама­дан өттім. Астанаға барып емтихан тапсыр­дым. Бірінші рет жолым болмады. Жылап Алматыға қайттым. Сол кезде келер жолы қалайда өтемін деп өз­өзіме сөз бердім. Содан жатпай­тұрмай дайындалдым. Бізді ешкім дайындаған жоқ, жүгіріп жүріп өзіміз іздендік. Бағыт­бағдар берген мұғалімдер болды. И.Ю.Лоскутовтың кітабын жаттап ал­дым, үш айдан кейін Астанаға қайта құжат­тарымды жібердім. Алты айдан кейін ғана қайта сынаққа түсе алатыным туралы жауап алдым. Қарап жүрмей, дайындала бердім. Адвокатурадан курс оқып, тағлымыдамадан өттім. Осыдан кейін ғана қалалық адвокат­тар алқасының ұйғаруымен емтиханға бар­дым. Екінші сынақта 77 балл алдым. Ауызша

Page 7: №2 | 20202 Қ2 2020 МЕНШIК ИЕСI: «ЗАҢ» Медиа-корпорация» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесінің

7№2 2020

Сәті түскен сұхбат

сұрақтардан да сүрінбеген сияқтымын. Бірақ, өткен­өтпегеніңді бірден айтпайды екен. Бір аптадан кейін ғана өткенімді біліп, бір жарым айдан соң лицензия алдым. Қалалық, одан кейін облыстық адвокаттар алқаларында еңбек еттім.

Осы жерде заңгерлікке келуіме соңғы шешім қабылдатқан бір оқиғаны айта кетей­ін. Ауылда той­томалақ, құран оқыту сынды жиындар көп болады ғой. Қонақ көп шақы­рылады. Сондай бір жиыннан көршіміз үйге газетке бауырсақ орап беріп жіберіпті. Ол «Заң газеті» екен. Газеттен Заң университеті­не шақырған хабарландыруды оқыдым. Мекен жайы Абай 50 деп тұр. Балалық па білмедім, сол газеттің хабарландыруы бар жерін қиып өзіме сақтап қойдым. Мектеп бітірген соң сол хабарландырумен оқуға келдім. Егер де сол бауырсақтың дәмін татпасам газетті көрмес пе едім деп те ойлаймын. Нан қасиетті ас қой. Май­май газетті ашып оқуым да осы күнге жетуіме себепкер болған шығар.

– Адам өмірінде ұстаздың алар орны бөлек. Ұстазым дегенде Сіз кім­дерді атар едіңіз?– Ұстаздың да ұстазы бар. Өмірімде жақ­

сы адамдар көп кездесті. Солардың ақыл­кеңесі өмірден өз жолымды табуыма ықпал етті деп Саягүл Саймасайқызын ерекше атар едім. Француз тілінен сабақ берді, бір жағы әпке, әрі сырлас досымдай көретін ұстазым. Бүгінде ол кісі Алматы облысының Еңбек­шіқазақ ауданындағы Ащыбұлақ ауылында орта мектеп директоры қызметін атқаруда. Университеттегі ұстаздарымнан Салиман Боранбаева, Эльмира Кенжебекова, Динара Ажинурина, т.б. көптеген аяулы жандарды атауға болады. Төрт жыл сабақ беріп, білім нәрімен сусындатты. Қалалық адвокаттар алқасының төрағасы болған Кенжеғали Қа­дырұлының ақыл­кеңесі, бағыт­бағдары бізге әлі күнге дейін үлгі. Бұл кісі жастарға үнемі «айналайын» деп сөйлейтін. Айналайын – қа­зақтың қасиетті сөзі. Көңіл­күйің жоқ кезде де, бар кезде де «айналайын» десе серпіліп қаласың. Жылы сөз адам жанын жадырата­ды. Кенжеғали Карчегенов жақында Алматы қаласы әкімінің қолынан «Құрмет» орденін алды. Мұндай марапатқа ие болған алғашқы

адвокат. Өз басым өмір жолымда жол көр­сеткен ұстаздарымды ешқашан ұмытпаймын. Мектеп, университет, жұмыста болсын, бәріне әрқашан да құрметім жоғары. Ұстаздарым­мен жақсы қарым­қатынастамын. Ұстаздық қызметтері бір бөлек әлі күнге дейін жақын жандардай етене араласамыз. Алдымен Алла­ның, содан кейін ұстаздарымның арқасында осы күнге жеттім. Адамның білгенінен білме­гені көп қой. Әлі де аға­апаларымыздан үй­ренеріміз жетерлік.

– Достарыңыз көп пе?– Құдайға шүкір, достан кенде емеспін.

Достарыммен баймын. Достыққа адалмын, іздемегендердің өзін іздеп тұрамын. Өмірде­гі басты құндылық сыйластық деп ойлаймын, қалғанының бәрі табылады.

– Жетістікке жету үшін адамға ең біріші не керек деп ойлайсыз?– Ең бірінші білім керек. Қарандашты

ұштаған сияқты біліміңді ұштай берсең, ар­маныңа жетесің. Айналаңа сыйлы болудың да маңызы зор.

– Сіздің ұғымыңыздағы сыйлы болу түсінігі?– Әркім әртүрлі түсінеді ғой. Сыйлы болу ең

алдымен өзгені құрметтей білуің. Өзгені сый­ласаң өзің де сыйлы боласың. Айналаңдағы­лардың тек жақсы жағын алуға тырыссаң жа­ман болмайсың. «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» дейді ғой.

– Адвокаттықтан басқа салаға ке­тесіз бе, алдағы арман­жоспарла­рыңызбен де бөлісе отырсаңыз?– Адамның көңілі жүйрік қой. Әрнәрсені

бір ойлаймыз. Оны уақыт көрсетеді. Әлі де арман­тілек көп. «Армансыз адам – қанатсыз құспен тең» дейді ғой. Арманың таусылған күні өміріңнің де біткені деп ойлаймын. Бәрі­не Алла жар болсын.

– Әңгімеңізге үлкен рақмет.

Сұхбаттасқан Т.СМАҒҰЛҚЫЗЫ

Page 8: №2 | 20202 Қ2 2020 МЕНШIК ИЕСI: «ЗАҢ» Медиа-корпорация» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесінің

8 №2 2020

Осыған орай зорлықтың құрамы деп, оның объективтік және субъективтік жақтарынан құралған элементтердің және олардың бел­гілерінің жиынтығын айтамыз.

Зорлықтың объективтік жағы дегеніміз – зорлықтың сыртқы көрінісін сипаттайтын белгілердің жиынтығы. Бұл белгілерге: әре­кет (іс­әрекет және әрекетсіздік), қоғамдық қауіпті зардап, сондай­ақ, зорлықтың тәсілі мен құралы жатады.

Зорлықты жасаудағы әрекет ретінде өзге адамға әсер ету танылады. Зорлық тек іс­әре­кет арқылы ғана емес, сонымен қатар әре­кетсіздік арқылы да жасалуы мүмкін.

Жалпы зорлықтың сыртқы көрінісін сипат­тау барысында әсер етудің пәніне (затына) көңіл бөле кеткен жөн. Зорлықтың пәні – адам және адам организмі мен психикасы болады.

Адам организмі – бұл өзінің ерекше құрылысы мен дамуына ие, өсу және көбе­ю, сондай­ақ, қоршаған орта мен зат алмасу мүмкіндігіне ие, әрқашан өзгермелі болатын қалыптасқан тұтастай жүйе.

Адам психикасы – бұл адамның сырттан келген әсерді қабылдап, оған жауап қайта­руы немесе адамның рухани жай­күйі және ішкі сезімі.

Сондықтан мүлік, жануар және ұйым зор­лықтың пәні болуы мүмкін емес. Дегенмен, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі «Терроризмге қарсы күрес тура­

лы» заңының 1­бабының 1­тармағында тер­роризмге анықтама бере отырып, зорлықтың пәні ретінде ұйымды атап өтеді. Бұл зор­лықтың мазмұнына сай келмейді, сондықтан

ЗОРЛЫҚ ҰҒЫМЫНЫҢ ТҮСІНІГІ

алпы қылмыстың құрамы деп қылмыстық заң бойынша қоғамға қа-уіпті іс-әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін қылмыстың объективтік және субъективтік жақтарынан құралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтамыз.

Ж

Қылмыстық құқық

А.АҒЫБАЕВ,заң ғылымдарының докторы,

әл­Фараби атындағы ҚазҰУ­нің профессоры

Page 9: №2 | 20202 Қ2 2020 МЕНШIК ИЕСI: «ЗАҢ» Медиа-корпорация» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесінің

9№2 2020

біздің зорлықтың пәні ретінде ұйымның «қа­лыпты жұмыс барысын бұзу» деп көрсеткен дұрысырақ болар еді деп ойлаймыз.

Сонымен қатар, қылмыскердің өзінің орга­низмі де зорлықтың пәні болуы мүмкін емес. Себебі, зорлық бұл өзге адамның организміне әсер ету болып табылады.

Зорлық жасаудың тәсілі дегеніміз осы әре­кетті жасаудағы амалдардың жиынтығы. Ол әртүрлі жолдармен жасалуы мүмкін, атап ай­тсақ алдау жолымен, ашық немесе астыртын (жасырын, құпия) түрде.

Алдау арқылы зорлық жасау екі түрде жү­зеге асырылады:

1) Белсенді алдау жолымен, яғни, қыл­мыскер көзі соқыр адамды бұл жолдан өту қауіпсіз деп алдауының нәтижесінде ол ав­токөлік астына түсіп қаза болуы мүмкін.

2) Енжар алдау, яғни, жәбірленушінің өміріне жауапты адамның, оның өмірі мен денсаулығына төніп тұрған қауіпті оған ай­тпау. Мысалы, күтушісінің көзі соқыр адам­ның алдында ашық жатқан құдықтың бар екендігін ескертпеу. Сонымен қатар, зорлық жасырын түрде де жасалуы мүмкін. Мысалы, ұйықтап жатқан адамды улы дәрі қосылған инемен шаншу.

Іс­әрекеттің немесе әрекетсіздіктің қоғам­дық қауіптілігі ең алдымен келтірілген зар­даптың қоғамдық қауіптілігімен анықталады. Адам әрекетінен келтірілген зардапты қоғам­дық қауіпті деп есептеу үшін, осы әрекеттің қоғамдық қатынастарға зиян келтіруі қажет. Қылмыстық зиян өзінің мазмұны жағынан әлеуметтік құқықтық түсінік, яғни қылмы­стық зиян қылмыстық құқықпен қорғалатын қоғамдық қатынастарды бұзу.

Көптеген авторлар, атап айтсақ, Л.Д.Гаух­ман, В.И.Симонов және Н.И. Панов: зорлық – ол әрекет, сондықтан, зардаптың болуы міндетті емес деп көрсетеді. Олардың ойын­ша зорлық қандайда бір зардаптар әкелуі не әкелмеуі де мүмкін.

Зорлықта зардаптың болуы немесе бол­мауы, зорлықтың құрамының формальды не материальды құрамға жататындығын анықта­уға мүмкіндік береді. Егер де зорлықты әре­кет ретінде қарастыратын болсақ, онда ол формальды құрамға жатады. Зорлықты фор­мальды құрамға жатқызатын болсақ, зорлық

жасауға оқталу болуы мүмкін емес, себебі, оқталудың өзі зорықтың аяқталғанын біл­діреді. Дегенмен, Л.Д.Гаухман: – зорлықты әрекет дей отырып, зорлыққа оқталудың мүмкіндігін көрсетеді, атап айтсақ билік өкілі­не қарсылық көрсетуге оқталу. Мысалы, қар­сылық көрсетуші билік өкіліне білдірмей оны пышақпен, таспен немесе басқа да затпен ұруға әрекет жасауы.

Біздің ойымызша жоғарыда айтылған пікірлерді ескере отырып, зорлықты мате­риальды құрамға жатқызған дұрыс болады. Себебі, зорлық әрқашанда қоғамға қауіпті іс­әрекетпен қатар нақты зардаптың болуын көрсетеді.

Зорлық жасаудың құралы бұл нақты қыл­мыстық әрекетті жасауға ықпал етуші құрал. Зорлықпен жасалатын қылмыстарда, қыл­мыстық әрекеттің жасалуын жеңілдету және белгілі бір нәтижеге жету мақсатында әртүрлі құралдар қолданылуы мүмкін. Оларға көлік құралы, жануарлар, улы заттар және тағы да басқа материальдық заттар жатады. Осыған байланысты, зорлықтың құралы ол жәбірле­нушінің тәніне немесе психикасына тікелей әсер ету мақсатында қолданылатын құрал болып табылады. Зорлықтың затын екіге бөліп қарастыруға болады:

1) Табиғи құбылыстар, яғни, өрт, элек­тротоктар, ыстық және салқын температура.

2) Нақты материалдық заттар, яғни пы­шақ, балта, мылтық тағы баска осы сияқты заттар.

Қылмыстық құқықтық теорияда зорлық объектісі өте маңызды рөлі атқарады. Оның маңыздылығы, егер зорлық объектісі белгілі болса ол әрекеттің неге бағытталғандығын және оның қоғам үшін қауіптілігін анықтауға мүмкіндік береді.

Кез келген қылмыс объектісі сияқты зор­лықтың да жалпы объектісі болып қоғамдық қатынастар табылады. Осыған сәйкес зор­лықтың жалпы объектісіне адамның тәндік, психикалық және моральдық құндылықтары­ның немесе мүдделерінің жиынтығын қамта­масыз ететін қоғамдық қатынастар жатады.

Қылмыстық әрекет маңызы мен сипаты бойынша әртүрлі қоғамдық қатынастарға қарсы бағытталуы мүмкін. Бұл қоғамдық қа­тынастар Қазақстан Республикасының Қыл­

Қылмыстық құқық

Page 10: №2 | 20202 Қ2 2020 МЕНШIК ИЕСI: «ЗАҢ» Медиа-корпорация» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесінің

10 №2 2020

мыстық кодексінің 2­бабында атап көрсетіл­ген. Осыған сәйкес жеке адамның құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері, яғни, адам тұлғасы қоғамдық қатынастардың ең негізгілерінің бірі ретінде көрсетілген.

Адам тұлғасы көпжақты және күрделі түсінік, оны анықтау зорлықтың объектісін анықтауда маңызды орын алады. К.Маркс адамның әлеуметтік тұлғасына тоқтала оты­рып «Адам тұлғасы бұл барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы» – деп көрсетеді.

«Адам» – ол табиғи­қоғамдық түсінік, ал, «тұлға» – әлеуметтік түсінік ретінде қарасты­рылуымен бір­бірінен ерекшеленеді» – дейді В.П.Тугаринов.

Кез келген заңның, мемлекеттің және қоғамдық қатынастардың түпкі мақсаты адам құндылықтарын қорғау, оларға жағдай жа­сау болып табылады. Осы құндылықтардың маңыздылары ретінде адам өмірі, денсау­лығы, тұлғалық бостандығы және қол сұғыл­маушылығы, адамның қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ететін басқа да құндылықтар жа­тады. Сондықтан, біздің қылмыстық құқықта жеке адамдарға қарсы қылмыстар анағұрлым қауіпті қылмыстар дәрежесіне жатқызылып, Қылмыстық кодекстің ең бірінші тарауында көрсетілген.

Зорлық әрқашанда адам тұлғасына қарсы жасалатын болғандықтан, оның топтық объ­ектісі ретінде адамның тұлғалық қол сұғыл­маушылығы танылады. Себебі, кез келген зорлық жасалғанда адамның тұлғалық қол сұғылмаушылығы бұзылады, яғни, адам өмірі­не, денсаулығына, тәніне және психикасына қол сұғылады.

Зорлық түсінігін анықтау барысында субъ­ект маңызды рөлге ие болмайды. Сондықтан, зорлықтың субъектісі жалпы қылмыс субъек­тісінен аса ерекшеленбейді. Зорлықтың жал­пы субъектісі он алты жасқа толған адам бо­лып есептеледі. Сонымен қатар, зорлық субъ­ектісі болып он төрт жасқа толған адамдар да танылуы мүмкін. Қылмыс жасағаны үшін он төрт жастан бастап жауапкершілікке тар­ту Қылмыстық кодекстің 15­бабының 2­бөлі­гінде көрсетілген. Осыған сәйкес он төрт жасқа толған адамдар кісі өлтіргені (96­ бап), денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені (103­бап), ауырлататын мән­жайлар кезінде

денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зардап келтіргені (104­бап, екінші бөлік), зорлағаны (120­бап), жыныстық сипаттағы күштеу әрекеттері (121­бап), адамды ұрлаға­ны (125­бап), ұрлық жасағаны (175­бап), кісі тонағаны (178­бап), ұрып­соққаны (179­бап), қорқытып алғаны (181­бап), ауырлататын мән­жайлар кезінде автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатын көздемей заңсыз иеленгені (185­баптың екін­ші, үшінші, төртінші бөліктері), мүлікті қасақа­на жойғаны немесе бүлдіргені (187­баптың екінші, үшінші бөліктері), терроризм (233­бап), адамды кепілге алуы (234­бап), тер­рористік акті туралы біле тұра көпе­көрнеу өтірік хабарлағаны (242­бап), қару­жарақты, оқ­дәріні, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды ұрлағаны не қорқытып алғаны (255­бап), ауырлататын мән­жайлардағы бұ­зақылығы (257­баптың екінші, үшінші бөлігі), тағылық (258­бап), есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды ұрлағаны не қорқытып алғаны (260­бап), ауырлататын мән­жайлар кезінде қайтыс болған адамдар­дың мүрдесін және олардың жерленген жер­лерін қорлағаны (275­бап, екінші бөлігі), көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыз еткені (299­бап) үшін қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс.

Көріп отырғанымыздай, бұл қылмыстар­дың басым көпшілігі (жиырма бір қылмыстың он бесі) зорлықпен жасалатын қылмыстарға жатады. Бұл қылмыстарда зорлық негізгі әре­кет ретінде (96­бап, 103­бап, 120­бап, 121­бап т.б.) немесе ауырлататын белгісі ретін­де (104­бап, 185­бап, 257­бап, 275­бап т.б.) қолданылады. Аталған қылмыстарды жасаған кезде қылмыскер он төрт жасқа толық тоған болуы қажет. Егер қылмыскер он төрт жасқа толмай қылмыс жасаса, бірақ оның зардабы он төртке толғаннан кейін келтірілгеннің өзін­де де қылмыскер жауаптылыққа тартылмай­ды. Дегенмен, он төрт жасқа толмаған адам­ның зорлықшыл әрекетін қылмыс деп таны­мау, осы әрекетті зорлық деп танымауға негіз болмайды, себебі, ол әрекет жәбірленушіге белгілі бір зиян келтіреді және құқыққа қай­шы зорлықшыл сипатта болады.

Сонымен қатар, зорлықпен жасалатын қылмыстардың субъектісі болып, кез келген

Қылмыстық құқық

Page 11: №2 | 20202 Қ2 2020 МЕНШIК ИЕСI: «ЗАҢ» Медиа-корпорация» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесінің

11№2 2020

қылмыстардағыдай есі дұрыс адам болады. Егер есі дұрыс емес адам жасаса, ол қылмы­стық жауаптылықтан босатылады, бірақ оған қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануға негіз болып табылады.

Зорлықтың субъективтік жағы дегеніміз қылмыскердің зорлықты жасау барысындағы психикалық әрекетін сипаттайтын белгілердің жиынтығы. Бұл белгілерге зорлықтың ниеті мен мақсаты және кінә жатады.

Жоғарыда атап өткеніміздей зорлық тек кінәнің қасақана түрімен жасалады. Деген­мен, Ю.И. Ляпунов зорлық әрекеттеріне ұрып­соғудан бастап абайсызда жәбірле­нушінің өліміне әкеліп соққан әсер етуді де жатқызады. Әрине, біз мұнымен келіспейміз, себебі, зорлық дегеніміз ол озбырлық және мәжбүрлеу дегенді білідреді.

Зорлық қасақаналықтың екі түрімен де, яғни, тікелей қасақаналықпен қатар жана­ма қасақаналықпен де жасалуы да мүмкін. Мысалы, күзетші түнде ұрыға қарай, оны корқыту мақсатында мылтықпен атуы нәти­жесінде оған ауыр дене жарақатын келтіруі. Әрине, күзетші оған қандайда бір зиян кел­тіруді көздеген жоқ, дегенмен өз әрекетінің жәбірленушіге зиян келтіруі мүмкіндігін бол­жай отырып, оған саналы түрде жол берді.

Жәбірленушінің еркіне қарсы немесе ер­кінен тыс әсер етуінің қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін не болмай қалмай­тынын алдын ала білсе және осы зардаптар­дың болуын тілесе, зорлық тікелей қасақана­лықпен жасалған деп танылады.

Жәбірленушінің еркіне қарсы немесе ер­кінен тыс әсер етуінің қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін не болмай қалмай­тынын алдын ала білсе және осы зардаптар­дың болуын тілемесе де, оған саналы түрде жол берсе немесе оған немқұрайды қараса, зорлық жанама қасақаналықпен жасалған деп танылады.

Зорлықтың ниеті мен мақсаты нақты оның белгісі ретінде көрсетілсе, онда ол осы құрам­ның субъективтік жағының міндетті белгісі болады, ал, басқа жағдайларда факульта­тивті белгісі болады.

Зорлықтың ниеті дегеніміз белгілі бір қа­

жеттіліктер мен мүдделердің іштей түрткі болуына байланысты адамның оларды бас­шылыққа ала отырып, саналы түрде зорлық істеуге бел бууын айтамыз. Зорлықпен жаса­латын қылмыстарда пайдакүнемдік және бұ­зақылық ниеттер, ұлттық, нәсілдік және діни алауыздық ниеті, сондай­ақ, қанды кек ниет­тері зорлық әрекеттерін саралауда маңызды орынды иеленеді. Аталған ниеттермен жа­салған зорлықшыл қылмыстардың қоғамдық қауіптілігі аса ауыр және ол үшін қылмыстық жауапкершілік те қатаң болады. Аталған ни­еттермен қатар, зорлықпен жасалатын қыл­мыстарда жек көру, жыныстық құштарлығын қанағаттандыру, жеке қауіпсіздік мүддесімен және көреалмаушылық сияқты ниеттер де жиі кездеседі, бірақ, бұл ниеттер зорлық әрекет­терін саралауда маңызды рөлге ие емес.

Зорлықтың мақсаты өзінің әртүрлілігімен ерекшеленеді. Зорлықтың мақсаты дегеніміз адамның зорлықшыл әсер етуі арқылы бола­шақта белгілі бір нақты нәтижелерге жетуін айтамыз. Дегенмен, қылмыскердің болжаған мақсаты жүзеге аспай қалуы мүмкін, соған қа­рамастан зорлықтағы қылмыскердің бастап­қы көздеген мақсаты осы әрекетті саралауда ескерілуі тиіс.

Зорлықтың мақсаты мен ниеті өзара тығыз байланысты ұғым, себебі, зорлықтың мақса­ты ниетке негізделіп пайда болады, ал, зор­лықтың ниеті зорлықтың мақсатымен бірге белгілі бір әсер ету арқылы түпкілікті нәти­жеге жетуге итермелейді.

Зорлықтың ниеті мен мақсаты жаза тағай­ындалғанда қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән­жайлар ретінде де қарастырылады. Сондықтан, зор­лықтың ниеті мен мақсатын нақты анықтап, оған дұрыс баға беру зорлықпен жасала­тын қылмыстарды саралауда маңызды рөл атқарады.

Зорлықтың субъективтік жағына тоқтала отырып, оны жасаудың сылтауына да көңіл бөле кеткен жөн. Сылтау бұл белгілі бір әре­кетті бастауға деген сыртқы қозғаушы күш. Заңи әдебиеттерде сылтаудың жеке қылмыс­тық әрекеттердегі рөлі әртүрлі талқыланады. Айта кететін болсақ, сылтаудың зорлықпен жасалатын қылмыстардың себебі мен ни­етінің қалыптасуына қатыстылығы жөнінде

Қылмыстық құқық

Page 12: №2 | 20202 Қ2 2020 МЕНШIК ИЕСI: «ЗАҢ» Медиа-корпорация» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесінің

12 №2 2020

әртүрлі ой­пікірлер бар. Бір ғалымдар сылтау нақты өмірлік жағдайлардың элементі ретін­де, нақты қылмыстың себебі рөлін атқарады және қылмыстық әрекеттің ниетін қалыптас­тыруы мүмкін дейді. Екінші бір ғалымдар сылтау бұл тек сыртқы қозғаушы күш, яғни, әуелбастан қалыптасқан қылмыстың ниетін іске қосатын құбылыс қана дейді.

Зорлық жасаудағы сылтауды, әрқашанда оның себебінен айыра білу қажет. Өйткені, сылтау алдын ала шынайы себеп нәтиже­сінде қалыптасқан қылмыстың ниетін іске қосушы сыртқы серпіліс. Осыған байланы­сты Г.Г. Зуйков атап өткендей «Сылтау бұл сыртқы құбылыс және оның себептен басты айырмашылығы, ол жағдайдың ішкі маңы­зын көрсетпейді. Бұндай сылтаудың болуы қылмысты жасауға шақырмайды, сондай­ақ, сылтаудың жоқ болуы қылмыс жасауда ше­шуші рөлді атқармайды».

Қылмыстың себебі мен ниетін қалыптасты­рушы ішкі және сыртқы жағдайлардың жиын­тығында, оның іске қосушы механизмі ретінде сылтауды қарастыруға болады. Мысалы, қару оқталып атуға дайын тұр делік, яғни, зорлық жасау үшін себеп қалыптасқан, енді тек оны іске қосу керек, міне сылтау осы іске қосушы механизм ретінде қолданылады. Сондықтан, кез келген қылмыстың табиғатын және оның себебін шынайы негіздер анықтайды. Шынай­ы негіздер қылмыс жасаудың сылтауы ретін­де қарастырылмауы керек. Дегенмен, кейбір ғалымдар зорлықтың себебін туындататын шынайы негіздерді сылтау ретінде қарасты­рады. Мысалы, Б.С. Волков «Қызғаныш, егер ол шынайы негіздермен (сылтаумен) қалып­тасқанда, яғни, әйелі күйеуінің көзіне шөп

салған жағдайда, соңғысының жан күйзелісі жағдайына түсуінің тікелей себебі болып, ол өз әйеліне қарсы ауыр қылмыс жасауы мүм­кін» – дейді.

Дегенмен, әйелінің жеңіл мінезділігі, жұ­мыстан кеш келуі зорлық жасаудың сылтауы ретінде қолданылуы мүмкін, бірақ әйелінің өз күйеуінің алдында басқа біреумен оның көзі­не шөп салуын, сылтау ретінде емес, қылмы­стың шынайы негізі – себебі ретінде қарасты­рғанымыз дұрыс болады деп ойлаймыз. Өйт­кені, сылтау ешқашан тұлғаны жан күйзелісі жағдайына әкелмейді, себебі ол жоғарыда атап өткендей жағдайдың ішкі маңызын емес, тек сыртқы серпілісін білдіреді.

Көптеген зорлықпен жасалатын қылмы­старда қылмыскерлер сылтауды пайдалана­ды және зорлық жасаудың сылтауын өздері іздейді, яғни, жәбірленушілердің белгілі бір әрекеттерді жасауы мақсатында, оларды әдейі ызаландырып, ашуына тиеді. Мысалы, мектепке жаңадан келген оқушы А­ дан өзінің күштілігін дәлелдеу үшін Б. оған менің бәтең­кемді сүрт немесе асханадан бірдеңе әкел деп жұмсауы мүмкін, егер А. орындамаса Б. оны соққыға жығады. Міне, осы мысалдағы Б.­ның берген тапсырмасын А.­ның орында­мауы тек сылтау ғана, ал, оны соққыға жығу­дың шынайы негізі, яғни, себебі Б.­ның өзінің күштілігін дәлелдеу және болашақта өзінің айтқанын істету.

Сондықтан, кез келген зорлық әрекеттерін саралағанда, оның тек сылтауымен ғана шектелмей, зорлықтың шынайы негіздерін анықтап, оның себебін толық ашып көрсету қажет.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Алматы, 1998. 48 бет.2. Привес М.Г., Лысенков Н.К., Бушкович В.И. Анатомия человека. M.l985. Стр.203. Орысша – қазақша сөздік. 2-ші том, Алматы, 1981 ж. 215 бет.4. Гаухман Л.Д. Насилие как средство совершения преступления. М.1974 С №1215. Маркс К., Әнгельс Ф. Соч. 2-ое изд. Т.З. Стр. 36. Тугаринов В.П. Личность и общество. Москва-1965г. Стр. 437. Ляпунов Ю.И. Уголовная ответственность за действия, приведшие к неосторожному причинению смерти //

Советская Юстиция. 1973. № 9. Стр. 148. Зуйков Г.Г. Выявление причин преступности и предупреждение преступлений. Москва-1967г. Стр. 45 9. Волков Б.С. Мотивы преступлений. Казань – 1982 г. Стр. 63.

Қылмыстық құқық

Page 13: №2 | 20202 Қ2 2020 МЕНШIК ИЕСI: «ЗАҢ» Медиа-корпорация» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесінің

13№2 2020

Тергеу сотының өкілеттіктерін бірнеше са­натқа бөлуге болады: – қылмыстық процеске қатысушылардың конституциялық құқықта­ры мен бостандықтары бұзылуы мүмкін, тер­геу іс­әрекеттерін санкциялау, – тергеушiнiң, прокурордың iс­әрекеттерiне (әрекетсiздiгi­не) және шешiмдерiне шағымдарды қара­стыру; – қорғаушы жақ ұсынған дәлелдерді сотқа дейін алдын ала зерттеуді қамтамасыз ету; – кодексте қажетті деп қарастырылған, өзге де іс жүргізу әрекеттерін орындау.

Бүгінгі таңда бұл институт өз орнында тұр­май, өзінің жаңғыруын жалғастыруда.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қыз­метінің іс жүргізу негіздерін жетілдіру мәсе­лелері бойынша өзгерістер мен толықты­рулар енгізу туралы» Қазақстан Республи­касының 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 118­VI заңына сәйкес тергеу сотының өкілеттігі, атап айтқанда, құпия тергеу әре­кеттері бөлімінде айтарлықтай кеңейтілді. Сонымен, 2018 жылдың 1 наурызынан ҚПК 231­бабы 1­6­тармақтарында қарастырылған жасырын тергеулер:

1) орынның немесе адамның жасырын ау­дио және (немесе) бейне бақылауы;

2) электро желілер байланысы арқылы берілетін ақпараттарды жасырын ұстап алу­ды бақылау;

3) Бір­бірімен байланысқан абоненттер мен (немесе) абоненттік құрылғылар туралы жасырын ақпарат алу;

4)компьютер, серверлер және басқада ақпаратты жинау, өңдеу, жинақтау және сақтауға арналған құрылғылардан ақпарат­тарды жасырын алу;

5)почта және өзге де жөнелтілімдерді жа­сырын бақылау;

6)орынға жасырын кіру және оны қа­рап­зерттеу тергеу сотының санкциясы бой­ынша жүргізіледі, оны алудың тәртібі ҚПК 234 бапта белгіленген.

Сонымен, елдiң Қылмыстық­процессуал­дық кодексiне енгiзiлген өзгерiстердi ескере отырып, тергеу iс­әрекетi тергеу сотының, сот алдын ала тергеу жүргiзушi тұлғаның дәлелдi шешiмi не осы кодексте тиiстi шешiм шығаруға уәкiлеттi басқа да лауазымды тұлғалардың келiсiмiмен жүргiзiледi. Санк­ция тек осы кодексте белгіленген тәртіппен тіркелген есептер мен қылмыстар туралы шағымдар бойынша беріледі.

Жасырын тергеу әрекеттерін өткізу қау­лысы, оның шыққан мерзімінен жиырма төрт сағат ішінде берілген тергеу әрекет­терін жүргізу бойынша негіздеме матери­алдарымен бірге тергеу сотына ұсыныла­ды. Жасырын тергеу әрекеттерін тексеру сотқа тиісті шешім келіп түскеннен он екі

Қылмыстық құқық

ТЕРГЕУ СОТЫНЫҢ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ

ергеу соты Конституцияға және сот жүйесі мен Қазақстан Респуб-ликасы сот мәртебесі туралы конституциялық заңға сәйкес сот мәртебесіне ие.

Мемлекет басшысы 2018 жылдың 31 шілдесінде өз міндеттерін атқара бастаған, Қазақстанның облыс орталықтарында маман-дандырылған тергеу соттарын құру туралы Жарлыққа қол қойды.

Т

Page 14: №2 | 20202 Қ2 2020 МЕНШIК ИЕСI: «ЗАҢ» Медиа-корпорация» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесінің

14 №2 2020

сағат ішінде қарастырылады. Қосымша ма­териалдарды сұрату қажет болған жағдайда шешімді қарас тыру белгіленген мерзімнен кештеу , бірақ, жиырма төрт сағаттан аспай­тын уақытта қарастырылады. Егер енгізілген қаулы негізсіз болса, онда тергеу соты оны санкциялаудан бас тартады. Жасырын терге­у әрекеттеріне рұқсат беру кезінде берілген ақпараттың дұрыстығына күмән туындаған жағдайда тергеу соты шешімді қабылдаған­нан кейін, жиырма төрт сағат ішінде про­цессуалдық прокурорға оның заңдылығын тексеруді бастауға құқылы. Процессуалды прокурор бес тәулік ішіде сәйкес тексеріс жұмыстарын жүргізіп, оның нәтижелерін тергеу сотына хабарлауға міндетті. Егер тексеріс кезінде жасырын тергеу амалдарын жүргізу туралы шешімнің заңсыз екендігін анықтаса, прокурор тергеу сотына тиісті өтініш беруі керек Жасырын тергеу әрекет­тері прокурордың өтініші негізінде тергеу сотымен тоқтатылуы мүмкін. Сотқа қатысты жасырын тергеу iс­әрекетiне рұқсат беру Қазақстан Республикасының Бас прокуро­рымен келiскен алдын ала тергеу органы­ның шешiмi бойынша Нұр­Сұлтан қаласы­ның тергеу сотымен жасалады. Қазақстан Республикасының Бас прокурорына қатысты тергеу жүргізу жөніндегі қызметтік іс әре­кеттер, Нұр­Сұлтан қаласының тергеу соты Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасарымен келісілген алдын ала тергеу органының шешімі бойынша жүзеге асырылады. Жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерін ол шыққаннан екі күннен артық кешіктірмей уәкілетті прокурор хабарлайды.

Сот жүйесін жетілдіру бойынша заңнама­дағы өзгерістерге, оның ішінде тергеу соты мен сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында өз­герістер енгізілгеніне қарамастан, санкция туралы материалдарды қарау кезінде тәжіри­беде кездесетін проблемалық мәселелер бар. Сонымен қатар, Қылмыстық процессуалды кодексінің 106­бабының 1­тармағына сәйкес, адам құқықтары мен бостандығына қатыс­ты прокурор шешімі, тергеу және анықтау органдары тарапынан сотқа дейінгі тергеу кезіндегі заң бұзушылық, тергеу уақытының үзілуі, қылмыстық істің тоқтатылуы, сот­ме­дициналық сараптама жасау мақсатында

мәжбүрлеп медицина бөліміне орналасты­ру, іздеу жұмыстарын жасау сияқты әрекет­термен (әрекетсіздіктер) қозғалатын тұлға сотқа қылмыстық құқық бұзушылық тура­лы өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы шағымдануға құқықылы.

Басқа әрекеттер (әрекетсіздік) және шешімдерді қабылдау дегеніміз, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымындағы №4 «Қылмыстық сот ісін жүргізу ісінде азаматтың бостан­дығы мен сот қорғау құқықтары туралы» нормативтік қаулының 2­тармағына сәй­кес, Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының 2010 жылғы 25 маусымындағы №4 «Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау тура­лы» нормативтік қаулысына сәйкес, басқа да iс­әрекеттерге (әрекетсiздiктерге) және шешiмдерге, тексерiлудi кейiнге қалдыруға, олардың заңдылығы сот талқылауына не­месе басты сот талқылауына дайындық ке­зеңiне адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуын қалпына келтiруді, мысалы, қылмыстық қудалау ор­гандарының қорғаушыны тағайындаудан бас тартуына, заңды өкілден бас тартуға, күдіктіге немесе айыпталушыға іс жүргізу­дің мәжбүрлеу шараларын қолдануға адам­ды жәбірленуші ретінде танудан бас тар­туына, қылмыстық жазаланатын әрекеттер туралы хабарламаларды тексермеуін және тағы басқасын жатқызуға болады. Негізін­де, барлық іс­әрекеттер (әрекетсіздік) және шешімдер негізгі сот талқылауы барысында, атап айтқанда, дәлелдемелер ретінде не­гізсіз деп табылған, немесе сараптамалық тексерулерді және басқа да тергеу әрекет­терін жүргізуге болатын. Сондықтан қандай жағдайларда да алдағы уақытта ұсыныла­тын адамның бұзылған құқықтары мен бос­тандықтарын қалпына келтіру қиын немесе мүмкін болмайтындығы анық емес кезде шағымдануға жатады.

ҚПК 55­бабы 3­тармағына сай, тергеу сотының шешіміне шағым жасалып, осы ко­декстің 107­бабына сәйкес тәртіппен проку­рор өтініші бойынша қайта қаралуы мүмкін. Сонымен бірге, ҚПК 107­бабы 1­тармағы­на сәйкес, сотқа дейінгі тергеу ісі кезінде,

Қылмыстық құқық

Page 15: №2 | 20202 Қ2 2020 МЕНШIК ИЕСI: «ЗАҢ» Медиа-корпорация» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесінің

15№2 2020

күдікті және оның қорғаушысы, заңды өкілі, жәбірленуші, оның заңды өкілікелесілерге шағымдануға, ал, прокурор тергеу сотына өтініш білдіруге құқылы:

1) күдіктіні қамауда ұстау, экстрадиция­лық тұтқындау, үй қамауында ұстау, қамауда ұстау мерзімін ұзарту немесе кепілдік беру түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы;

2) күдіктіні күзетпен ұстауға, экстради­ция лық қамауға алу, үйде қамауда ұстау, кепіл немесе бас тарту мерзімін ұзарту, кү­зетпен ұстауға санкция беруден бас тарту туралы;

3) бұлтартпау шарасының күшін жоюға берілген санкциядан бас тарту немесе күшін жою;

4) мүлікке тыйым салуды енгізуден бас тарту туралы;

5) эксгумация немесе одан бас тарту туралы

6) халықаралық іздестіру жариялау не одан бас тарту туралы

7) сот­медициналық және (немесе) сот­психиатриялық сараптамаларды жүргізу үшін адамды медициналық ұйымға мәжбүр­леп орналастыру не оны жасаудан бас тарту туралы;

8) кепілге салынған заттың мемлекеттік кіріске өтініші немесе одан бас тарту туралы;

9) прокурордың, қылмыстық iзге түсу ор­гандарының iс­әрекеттерiне (әрекетсiздiгi­не) және шешiмдерiне шағымдарды қарау туралы;

10) инспекциялауға, тiнтуге, алып қою­ға, жеке тексеруге, мәжбүрлеп қарауға, үлгiлердi мәжбүрлеп алуға рұқсат беруді санкциялау немесе санкциялаудан бас тар­ту туралы.

Осылайша, ҚПК 55­бабында көрсетілген құқықтары мен заңды мүдделері қозғалатын және қаулы шығарылған тұлғаға қатысты барлық мәселелер шағымдануға келмейді. Бұдан басқа ҚПК 108­бабы 5­тармағының талаптарына сай, қызметінен уақытша боса­тылу немесе одан бас тарту туралы санкция­лау шағымдануға жатады және прокурордың өтініші негізінде аталаған кодекстің 107­ба­бында қарастырылған тәртіппен қарасты­рылуы мүмкін. Сонымен бірге, ҚПК 107­ба­

бында қызметінен уақытша босатылу немесе одан бас тарту туралы санциялау шағымда­нуға жатады деп көрсетілмеген. Тыйым са­луға жақындаға ұқсауы Осылайша, жоға­рыда аталған баптарда қайшылықтар бар. – Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 292­бабы­ның 4­тармағына сәйкес, егер халықаралық іздеуді бастау үшін негіз бар болса, қылмыс­тық тергеу жүргізетін орган халықаралық іздеуде айыпталушы күдікті туралы жеке шешім шығарады. Аталған шешімнің санк­циясы, ҚПК 56­бабының екінші тармағында көрсетілген тәртіп бойынша, тергеу сотымен жүргізіледі. Сонымен қатар, Қазақстан Рес­публикасы құзыретті органдарының сұрау салулар мен тапсырмаларды интерпол желісі бойынша, сондай­ақ, оларды өңдеу Ұлттық орталық бюросы интерполдың Қазақстан Республикасындағы 2017 жылғыБірлескен бұйрықтың 21, 23­тармақтары ережелерін өзара іс­қимыл кезінде халықаралық ізде­стіруді жариялау, орындау және басқа да бағыттарына сәйкес,халықаралық «қызыл бюллетень» іздеуіне ауыр, аса ауыр қыл­мыс жасаған, яғни, терроризм мен сыбай­лас жемқорлықты қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Қылмыстық процессуалды кодексінің 147­бабына сай бұлтартпау ша­расы ретінде күзетпен ұстау тағайындалған күдікті, айыпталушы, сотталушы және сот­талғандар, сондай­ақ, тергеу iс­әрекеттерi мен iздестiру iс­әрекеттерi нәтижесiнде Қазақстан Республикасының аумағынан із дестiру тұлғаның Қазақстан Республи­касынан кетуi туралы шынайы деректер алынған немесе Қазақстан Республикасы­ның шегiнен тыс жерлерде құралған туыстық және басқа да байланыстары анықталған жағдайларда, қылмыстың ауырлығына қара­мастан жатқызылады. «Қызыл бюллетень» бойынша халықаралық іздеу жариялауға ма­териалдар, жемқорлық, терроримзм сияқты ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағандар үстінен іс қозғалған 10 жұмыс күні ішінде із­деу жарияланғаннан кейін немесе ізделушіні Қазақстан Рес публикасы аумағының шека­расынан тыс шықты деген нақтылы ақпарат алынған соң не ізделушінің Қазақстан Рес­публикасының аумағынан тыс туыстық не достық қатынасы бар деген ақпараттардың

Қылмыстық құқық

Page 16: №2 | 20202 Қ2 2020 МЕНШIК ИЕСI: «ЗАҢ» Медиа-корпорация» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесінің

16 №2 2020

дәлелденгенінен кейін санкциялауға сотқа жіберіледі. (осы талаптарды нормативтік қа­улыда көрсету қажет деп есептейміз).

Осыдан келіп, егер сот күдіктіні қамау­да ұстау тәртібін өзгерткенімен іздестіру іс­шаралары барысында күдіктінің Қазақстан Рес публикасы аумағынан кетіп қалғандығы анықталған болса, онда айыпталушылармен қалай күресуге болатыны туралы мәселе туындайды Іс жүзінде – Қылмыстық іс жүргі­зу кодексінің 55­бабы, 1­ші және 12­бөлімінің талаптары бойынша тек күдіктілер мен ай­ыпталушылар халықаралық іздеуге жатады, сотталушылар туралы көрсетілмеген. – Қыл­мыстық іс жүргізу кодексінің 55­бабының 2­тармағына сәйкес тергеу соты қорғаушы ретінде іске қатысып жатқан адвокаттың дәлелді өтініші бойынша сараптама тағай­ындау туралы мәселені, оның ішінде қыл­мыстық қудалау органы осындай өтінішті қанағаттандырудан негізсіз бас тартқан, не ол бойынша шешім қабылданбаған жағдай­да, үш күн ішінде қарастырады.

Біз нормативтік қаулыда тергеу сотының сараптаманы тағайындамай, қылмыстық қу­далау органын міндеттейтінін көрсетуді қа­жет деп есептейміз.

Бұдан бөлек, сот сараптамасын тағайын­дау қажет екендігін мойындай отырып, тер­геу судьясы бұл туралы: сараптама тағайын­даған органның атауы, сараптама тағайын­дау уақыты мен орны; сараптаманың түрі; сараптама тағайындау үшін негіздеме; зерт­теуге жіберілген объектілерді және олардың шыққан жері туралы ақпаратты, сондай­ақ, осы объектілердің толық немесе ішінара жойылуына рұқсат беру, зерттеу барысында олардың келбетін немесе негізгі қасиеттерін өзгертуге; сараптамалық соттың атауы және (немесе) сот сараптамасын жүргiзуге жауап­ты адамның тегi, аты­жөнi (бар болса) көр­сетiлуге тиiс делінген ҚПК 272­бабы 1 және 6­тармақтарына өзгеріс енгізу керек. Сарап­тама тағайындау туралы тергеу судьясының шешімі билік органдарының немесе ол өздері қарайтын және олардың құзыретіне кіретін тұлғалардың орындауы үшін міндетті болып табылады.

Аталған талаптардан тергеу сотының сараптаманы өзі тағайындайтынын көруге

болады. Бұдан басқа, Қылмыстық­процес­суалды кодекстің 272­бабы 6­тармағына сай, аталған кодекстің 55­бабының екінші бөлігінің 7­тармағында көзделген тәртіп­пен сараптама тағайындау туралы шешім қабылдаған кезде тергеу соты қорғаушыға сарапшыға қойылған сұрақтарды жазбаша түрде ұсынуға және процеске қатысушы­лардың пікірлерін тыңдауға шақырады. Та­раптар қандай объектілердің сараптамалық зерт теуге жататындығын, сондай­ақ, сарап­тама жасауды тапсыруға және сарапшыға қарсылық білдіруін мәлімдеуге құқылы. Тергеу соты сарапшыны тағайындағаннан кейін, сотқа дейінгі тергеу әрекеттерін іске асырушы сарапшыға қажетті өзінің қоластын­да бар материалдарды ұсынады. Осылайша, тергеу сотының процеске қатысушылардың пікірін тыңдауын есепке ала отырып, міндетті түрде сот отырысын өткізу қажеттігі туын­дайтынын көруге болады.

Сонымен бірге, ҚПК 56­бабы осы санат­тағы материалдар үшін міндетті сот отыры­сын өткізуді қажеттілігін көрсетпейді. Заңға қайшы шектеу немесе адамның құқықтары мен бостандықтарын басқа да бұзу фактілері анықталған жағдайда, тергеу сотының заң бұзған тұлғалардың жауапкершілігін анықтау туралы жеке шешім қабылдауға құқылы деп танылған Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 56­бабы 6­бөліміне өзгеріс енгізу керек деп есептейміз. Шын мәнінде, егер бұл заңна­ма талаптарын орындасақ, тергеуші сот тергеушілердің немесе олардың жіберген өтініштерін әзірлеу мен жіберу кезінде қыл­мыстық­іс жүргізу заңнамасының талаптары өрескел бұзылуына, сондай­ақ, прокуратура­ның бақылауы мен қадағалауының жоқтығы­на жауап бермейді.

Тергеу соттарының жұмысын реттейтін заңнамадағы барлық өзгерістерді назарға ала отырып, бұл қылмыстық процесстің ал­дын алу сатысында адам мен азаматтың құқықтарын қорғауды арттыруға мүмкіндік береді.

Талғат АҚШАБАЕВ,Нұр­Сұлтан қаласының

мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының судьясы

Қылмыстық құқық

Page 17: №2 | 20202 Қ2 2020 МЕНШIК ИЕСI: «ЗАҢ» Медиа-корпорация» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесінің

17№2 2020

леді. Бүгінгі күнге дейін отбасыға, әйелдер мен балаларға қатысты кешенді мемлекет­тік саясатты қалыптастыру бойынша жүр­гізілетін іс­шаралардың барлығы осы комис­сияның араласуымен, қолдауымен шешіледі. Заң, кодекстерді қабылдауда да Ұлттық ко­миссияның пікірі маңызды рөл атқарады.

Өркениетті, дамыған мемлекетте барлық мәселенің заң жолымен шешілуі қалып­ты үрдіс. Соған орай отбасы, ана мен бала құқығына қатысты қарым­қатынасты реттей­тін біршама құжат қолданысқа енгізілген бо­латын. Ең нәзік, ең әлсіз тақырып саналатын бұл мәселенің құқықтық тұрғыдан реттелуі орынды. Осы ретте «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері» туралы заң, «Тұр­мыстық зорлық­зомбылықтың алдын алу» туралы заңның қабылдануын әлеуметтік әлсіз топты қорғаудың алғашқы қадамдары

Сарап

ЗАҢ ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА

ҚАРСЫ

азақстан Республикасы Конституциясының 14-ба бында азамат-тарды «Тегіне, әлеуметтік, лауазым дық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаят-тар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды» деп көрсетіл-ген. Бұл біздің елімізде тұратын азаматтардың құқығы тең екенін, заң баршасына ортақ екенін білдіреді. Десек те, Қазақстанда әле-уметтік аз қамтылған топтарға қамқорлық жасау биліктің наза-рынан тыс қалмаған. Әсіресе, гендерлік теңдікке көңіл бөлуге, ана мен баланың құқығын қорғап, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеуге қатысты қолға алынған шаралар нәтижесіз емес.

Қ

Бұл бағыттағы құжаттар толық жасалып, заңнамалар базасы да талапқа сай түзілген. Мәселен, Қазақстан Республикасының ең алдымен Біріккен Ұлттар ұйымының «Әйел­дерге қатысты кемсітудің барлық нысанда­рын жою туралы» конвенцияға қосылғаны белгілі. Аталмыш құжат 1998 жылдан бері қолданылып келе жатыр. Халықаралық кон­венцияға қосылған соң Қазақстанда қабыл­данатын заң, мемлекеттік бағдарламалар­дың да әлемдік талаптарды ескере отырып дайындалуы тиіс. Осы ретте Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Әйелдер істері және отбасылық­демогра­фиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия құруға жарлық беруі әлемдік көштің керуені­нен қалмайтынымызды аңғартса керек. Ұлт­тық комиссия 1998 жылдан бері Президент жанындағы консультативтік­кеңесші орган ретінде айтулы істерге бастамашы болып ке­

Page 18: №2 | 20202 Қ2 2020 МЕНШIК ИЕСI: «ЗАҢ» Медиа-корпорация» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесінің

18 №2 2020

ретінде бағалаған орынды. Бұ­дан бөлек Қазақстан Республи­касындағы гендерлік теңдіктің арнайы стратегиясы бекітіл­ді. Бұл құжаттардың барлығы қыз­келіншектерді кемсітудің алдын алып, тұрмыстық зор­лық­зомбылыққа жол бермеудің кепілі болып отыр.

Заман ілгерілеп, өмір дағ­дысы өзгерген сайын заңна­маларды да барынша жаңғыр­тып отыру қажет. Әрі мұндай жаңашылдықтарда халықтың ұсыныс­пікірі, ой­тілегі ескеріл­гені абзал. Сонымен бірге заңна­мада әр халықтың менталитеті барынша на­зарда ұсталып, өмір сүру дағдысы қаперге алынуы шарт. Өйткені өзге елдердің тәжіри­бесіне сүйеніп, басқа мемлекеттер құжатын бағдар еткен заңдардың өміршең болмайты­нын дәлелдеу артық.

Биылғы жыл да құқықтық салаға үлкен жаңалықтар алып келуімен есте қалға­лы отыр. Себебі 2020 жылдың басында мемлекет басшысы Қасым­Жомарт Тоқа­ев бірқатар жаңа заңға қол қойды. Со­ның ішінде «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы ко­дексіне өзгерістер мен толықтырулар ен­гізу туралы» заңы азаматтардың ерекше қызығушылығын тудырғанын айта кетуіміз керек. Бұл заң парламент қабырғасында талқыланған тұста да азаматтар арасын­да қызу пікірталас тудырған еді. Алаш ар­дақтысы Әлихан Бөкейханов «Заң адам пайдасына жазылады, адам заң үшін тумай­ды ғой» деген екен. Сол айтпақшы, жаңа құжат күнделікті өмірде жиі қолданылатын болған соң да тараптар арасында ауқым­ды пікірталасқа тақырып болғаны даусыз.

Шындығына келгенде басқа заңдарға қарағанда әкімшілік заңнамадағы құқық­бұзушылық деректерімен қарапайым халық жиі бетпе­бет келеді. Содан болса керек қазіргі кезде әкімшілік істерде қандай өзгері­стерге мән беру керек, қандай жаңалықтар енгізілген деген сауал көптің көкейінде тұр. Мемлекет басшысы Қасым­Жомарт Тоқа­

ев айтқандай «халықты еститін мемлекет» қалыптастырғымыз келсе біз азаматтардың талап­тілегін ескеріп, көпшілікпен бірлесе отырып жаңашылдықты қолданысқа енгіз­геніміз жөн. Әрі заңдағы өзгерістер мен то­лықтырулар қарапайым тілмен, ескі кодекс пен бүгінгі өзгерістерді салыстыра отырып түсіндірілсе оң нәтиже де көп күттіре қой­майды. Құқықтық мемлекетте азаматтар өз құқығын білмеуден зардап шекпеуі керек.

Ең алдымен Әкімшілік құқықбұзушылық кодексіне өзгерту енгізу қандай қажеттілік­тен туды деген сауалға жауап іздеп көрелік. Біріншіден, әкімшілік істердің күн өткен сай­ын көбеюі судьялар жүктемесін шектен тыс көбейткені шындық. Істердің көптігі судья­лардың күрделі іс­материалдарға жеткілікті деңгейде көңіл бөле алмауына алып келді. Бұл судьялардың біліктілігін көтеріп, ізде­нуіне уақыт қалдырмады. Әрі жүктеменің жоғарылығы сот төрелегінің сапасына да кері әсерін тигізбей қоймайды. Ендеше ко­декске өзгерту енгізуге түрткі болған басты себеп осы.

Екіншіден, істердің созбалаңға салынуы, уақыт пен қаржылық шығындарға алып келді. Соның әсерінен әуре­сарсаңға түскен азаматтардың сотқа деген сенімі төмендеді.

Үшіншіден, кейде арыз­шағым, матери­алдарды әкімшілік соттарға жеткізбей­ақ құзырлы орындардың көмегімен реттеуге болады. Алысқа бармай­ақ, қоғамдық мүлікті бүлдіріп, ортаны сыйламайтындарға қатыс­

Сарап

Page 19: №2 | 20202 Қ2 2020 МЕНШIК ИЕСI: «ЗАҢ» Медиа-корпорация» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесінің

19№2 2020

ты істерді алайық. Көшеге қоқыс тастаған адамға полиция қызметкері хаттама толты­рып, сотқа жолдайды. Ол іс сотқа түсіп, қау­лы шыққанға бірталай уақыт өтеді. Осын­дай құқықбұзушылықтарды құзырлы орын­дардың жауаптылығына берсе жүктеме де азайып, жұмыс та жеңілдер еді. Кодекстегі өзгерістер осындай құзырлы орындар көме­гімен шешуге болатын істерді оңтайланды­руға бағытталды.

Төртіншіден, Қазақстанда жазалардың із­гілендіріліп, бостандығынан айыру жазасын қолдану күннен күнге азайып бара жатқаны белгілі. Бірақ, тәжірибе көрсетіп отырған­дай жеңілдіктен сабақ алмайтындар әлі де баршылық. Сондықтан жазаны жаппай із­гілендіру бағытындағы жұмыстарды қайта қарау артық емес. Жаңа заңда бұл мәселе де шешімін тапқан.

Бесіншіден, өзгерістер құқық қолда­ну тәжірибесінде анықталған құқықтық кемшіліктер мен қайшылықтарды жоюға бағытталған. Көріп отырғанымыздай, өзгері­стер жасағанда жұртшылықтың бұған дейін айтып, жазып келген ескерту, пікір, ұсыны­стары басшылыққа алынған.

Бұл заңдағы маңызды өзгерістің бір па­расы – отбасы­тұрмыстық қатынастар ая­сындағы құқыққа қарсы әрекеттерге бай­ланысты енгізіліп отыр. Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі. Отбасы құндылығына мән бе­рудің маңыздылығы осында. Соның ішінде ана мен балаға зорлық­зомбылық көрсе­туге заңдық тұрғыда тұсқауыл қойылған. Осы күнге дейін қолданыста болып келген Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексте отбасы­тұрмыстық қатынастарда адамдарды сыйламай, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу,

кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және айналасындағылардың тыныштығын бұзу әрекетін жасағандарға алдымен ескер­ту жасалады не үш тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алу белгіленген. Ал, жаңа нормаға сәйкес мұндай құқықбұзушылық жа­саған адамдарға ескерту жасау немесе бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алу жазасы тағайындалады. Сонымен бірге, 73­1­бабы арнайы жіктеліп, денсаулыққа қа­сақана жеңіл зиян келтіру 1­1­бөлігімен, яғни, құқық бұзушымен отбасы­тұрмыстық қаты­настағы орын алған құқық бұзушылықтарға ескерту жасау немесе он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алу бөлігімен то­лықтырылған. Бұдан бөлек 73­2­бабы да қо­сымша тармақтармен толықтырылып, соған орай ұрып­соғу, яғни, құқық бұзушымен от­басы­тұрмыстық қатынастағы орын алған құқық бұзушылықтарға алдымен ескерту жасау немесе он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алу көзделген.

Осы ретте азаматтар әйеліне қол жұмсап, жақынына дене жарақатын салғандарға неге айыппұл салынбайды деген сауалды жиі қо­яды. Дұрысында жеңіл жаза тек отбасы қа­рым­қатынасындағы, өзара туыстық жақын­дығы бар азаматтарға қатысты қолданылады. Жазаны жеңілдетудегі мақсат айқын. Бұл ерлі­зайыптылар, ағайындар арасындағы сыйластықты сақтап, жақындар жарасым­дылығын бұзбауға бағытталған. Ал, енді бөтен адам тұрмыстық зорлық­зомбылық жасап, әлсізге әлімжеттік көрсетсе жаза қа­таңдай түседі.

Клара САДЫРБАЕВА,Қайнар университеті

Сарап

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. ҚР Конституциясы2. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі3. ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы4. «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен

толықтырулар енгізу туралы» заңы 5. «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдік-

тері» туралы заң6. «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» туралы заң

Page 20: №2 | 20202 Қ2 2020 МЕНШIК ИЕСI: «ЗАҢ» Медиа-корпорация» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесінің

20 №2 2020

Абай философ, ақын ғана емес қазақтың билік институтын жаңаша қалыптастыруда ерекше қолтаңба қалдырған құқықтық ре­форматор. Қазақтың әдет­ғұрып нормаларына негізделген, тарихта «Абай ережесі» аталып кеткен заң жинағын жасауға алып келген оның өмір жолы еді.

Абайдың өмірі өзі жырлағандай «соқтықпа­лы, соқпақсыз жерде өтті, мыңмен жалғыз алысты». Қарапайым жұртшылықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтады. Ел ісіне билікке ерте араласты. Біз Абайдың саяси, құқықтық тұлға­сына көбірек тоқталсақ, оның бұл қыры әлі де болса толық зерттеуді қажет етеді.

Бабасы Өскенбай, әкесі Құнанбай зама­нында өз өңірінде аузын айға білеген атақты билер болған. Құнанбай бала Абайдың өзге ұл­дарынан ойы озық, сөзі шалымды екенін аңға­рып, оны кішкентайынан қасына ертіп жүрген. Дала заңының қыр­сырын меңгере бастаған Абай 13 жасында­ақ ел ішіндегі дау­шарларға араласып, өз билігін айта бастаған. Бұл туралы біз «Абай жолы» эпопеясынан да білеміз. Ел арасындағы теңсіздік пен әділетсіздікті көріп өскен, өз халқының салт­сана, әдет­ғұрып заңдарының кері тұстары, арғы атасынан бері келе жатқан билік, бала кезден бастап ел арасындағы дау­дамай, шиеліністерден алған әсері мен тәжірибесі, әуелі шығыстан, одан

кейін батыстан алған ғылым білім нәрі Абайды әділетсіздікпен, жемқорлықпен күресуге итер­мелейді. Келеңсіздіктермен күресудің жолын Абай билік құрудан көреді. Сондықтан, ол сайлауға түсуге, болыс болуға бел буады. Қа­тарластарынан оза шауып, Қоңыр­Көкше елі­не болыстыққа сайланады. Жергілікті атқару органдары мен билер қызметінде әлеуметтік істерге етене кіріседі.

Абай заманының айтулы биі болған. Оның сондай бір дауды шешіп бітірген билігін Әрхам Ысқақов материалына сүйене отырып айтсақ: «Бәзіл деген кісінің қызын Есболаттың бір жігіті­не бермекші болып атастырады. Бірақ, қыз оны менсінбей Қаракесек жігіті Олжабаймен көңіл қосып, қашпақшы болады. Бұрын қызға қырын­дап сөз айтып, көндіре алмай жүрген жігіттер Олжабай мен Шөкейдің уәдесін сезіп екеуін аң­диды. Ел жата Олжабай ат алып келіп, Шөкейді мінгізіп жатқанда аңдып тұрған бес жігіт ұстап алып Олжабайды сабап, Шөкей екеуінің аяғына бір кісен салып съезге айдап келеді. Билердің алдына алып келгенде Олжабай қорқып кейін тартынғанда Шөкей омыраулап төрде отырған Абайға өлеңмен арыз айтып мұңын шағады. Әкесі атастырған күйеуі теңі емесін, өзі Олжа­байды сүйгенін, мына ұстап алып сабаған бес жі­гіттің соңынан қалмай мазасын алғанын, оларға көнбегенін, қолдары жетпеген соң кек қуғанын,

Абайға – 175 жыл

«АБАЙ ЕРЕЖЕСІ» АЛТЫН ӘРІПТЕРМЕН ЖАЗЫЛАР

ТАРИХИ ҚҰЖАТбай ақын, философ, хакім ретінде қазаққа ғана емес, алыс жақын шетел жұртшылығына да кеңінен танымал. Оның өлеңдері мен қара сөздері бірнеше шетел тілдеріне аударылған. Оның ақындығына тәнті болған халқымыздың ақиқық ақыны Мұқағали Мақатаев Абайды Гималайға теңеген. Оның бала Абайдан хакім Абайға дейін жүріп өткен жолда-рындағы қазақ әдебиетін, оның ішінде қазақ поэзиясын жаңа белестер-ге көтерген. Абайдың құқық саласындағы еңбектері, хакімдік дәрежеге жеткеннен кейін ой толғаулары, оның «Толық адам» пәлсапасы әлі терең зерттеулерді қажет етеді.

А

Page 21: №2 | 20202 Қ2 2020 МЕНШIК ИЕСI: «ЗАҢ» Медиа-корпорация» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесінің

21№2 2020

Олжабай екеуіне бір кісен салып айдағанын, енді Абайдан және басқа билерден әділет күтетінін айтады. Сонда Абай Бәзіл мен оның құдасы Есбо­лат адамдарын шақыртып алып: «Мына Шөкей­дің басы бос болсын, өзі сүйген Олжабайға бар­сын. Сендер алысқан малдарыңды ауысыңдар», – деп айтады. Сонда Есболат жағы: «Абай мырза мына Бәзілдің малы жоқ, келінім кетсе де малым­ды кетіресіз бе. Менің не жазығым бар», – десе Абай: «Олай болса мынау Олжабай Шөкейді жазықсыз ұрған, аяғына кісен салған бес жігіт сенің малыңды төлесін», – дейді. Бұл бұрын қа­зақ ортасында болмаған билік, естімеген әділдік. Шөкей мен Олжабай қатар тұрып Абайға шексіз алғыстарын айтып, бір атқа мінгесіп кетеді. Істің аяғы сонымен тынады».

1885 жылы бес дуанның болыс билері бас қосқан Қарамола съезі өткені тарихтан белгілі. Ол жай өткен жоқ тарихи оқиғаға ұштасты, яғни, осы жиында Абай елге жетпіс үш баптан тұратын заң ережелерін ұсынды және ол бір ауыздан қа­былданды. Халқымыздың ежелден келе жатқан әдет­ғұрып нормаларын негізге ала отырып жа­зылған жинақ осылайша «Абай ережесі» атымен тарихқа енді. Сөйтіп, Абай өз заманындағы қазақ қоғамының тұрмыс­тіршілігін, мұң­мұқтажын бір кісідей меңгереді. Өзі болыс болған тұста құзы­рындағы билік арқылы бай­кедей деп бөлмей, замандастары арасында әділ болуға таразы басын тең ұстауға тырысып бағады. Қорған­сыздарға әлімжеттік жасағандарға жазаны ба­рынша қатаңдатып, қарашаның қамқоршысына айналады. Оның бұл әрекеті алдымен жылдар бойы маңындағы рулас қала берді аталас ағай­ынға тізесін батырып келген өзінің аталас туы­старына, қала берді қолы ұзын бай­манаптарға ұнамайды. Соңыра бірнеше статьямен жала жа­былып, губернатордың алдынан бір­ақ шығады. Бұл тарихи жазбаларда айтылған.

«Абай ережесінде» кей дәстүрлерге өзіндік ерекшеліктер мен жаңалықтар енгізіліп, заң алдындағы жауапкершілік өмір талабына сай жасалғанын көрнекті ғалым Әуелбек Қоңырат­баев өз зерттеуінде «Абай әдет­ғұрып мәсе­лесін заманға сай лайықтап, халық пайдасы­на шешті, кем­кетікті, әсіресе, әйел провасын жақтады» деп көрсетеді.

Аталған ережеде қазақтың әдет­ғұрып құқығы патша өкіметінің сот билігімен үй­лестіріліп, Абай өзінің терең білім­біліктілігін орыстар енгізген заң нормаларымен қабы­

стыра отырып пайдаланады. Осы арқылы сот билігінің қазақ қоғамында ертеден қалыпта­сқанын, яғни, атадан балаға ғасырлар бойы мирас болған әдет­ғұрып, заңдары барлығын дәлелдеді. «Абай ережесінің» көп тарауын­да қылмыстық құқық пен жазаға арналып, ұрыс­төбелес, ұрлық, ұрлықты қайта жасау, денесіне зақым келтіру сынды әрекеттерге қатаң жаза ұсынылды. Әсіресе, төбелесті ұй­ымдастырушылар айыбы басқаларға қараған­да көбірек болды. Ереже – құн, жесір, мал, мүлік, әмеңгерлік, мұрагерлік дауларын шешу, үкім шығару және сот жүргізу тәртібімен ерек­шеленеді. Қысқа айтқанда, «Абай ережесі» қазақ тарихында алтын әріппен жазылатын құқықтық құжат.

2020 жылы Абай Құнанбаевтың туғаны­на 175 жыл толады. Халқымыздың біртуар ұлы, қайталанбас тұлға Абайдың мерейтой­ына орай мемлекет басшысы Қасым­Жомарт Тоқаев оның еңбектерін ұрпақ жадында қай­та жаңғыртып, «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын жариялады. Бұл мақала жұртшылық тарапынан қызу талқыға түсіп, Ұлы Абайды ұлықтауға, халқымыздың рухани жаңғыруына ерекше леп берді.

Президентіміз өз мақаласында Абайды ұлықтау тұрғысында көптеген маңызды мәсе­лелерді көтеріп, олардың орындалуына байла­нысты нақты тапсырмалар берді. Атап айтсақ, Абай шығармалары – он тілге, яғни, ағылшын, араб, жапон, испан, итальян, қытай, неміс, орыс, түрік, француз тілдеріне аударылады. Абай өмірі мен мұрасының қазақ мәдениетін дамытудағы рөлі жайлы деректі фильмдер түсіріледі. «Абай» телесериалын түсіру қолға алынады. Сондай­ақ, айрықша бастаманың бірі алдағы уақытта әдебиет және өнер са­ласындағы үздік шығармаларға берілетін мемлекеттік сыйлықтар Абай атымен атала­ды. Ақынның тұлғасы мен мұрасын ұлықтау тек Қазақстан аумағында емес, алыс­жақын шетелдерде Ресейде, Францияда, Ұлыбрита­нияда жалғастырылады және басқа да мем­лекеттердегі Қазақстан елшіліктері жанынан «Абай орталықтары» құрылады. Бұған қоса Қасым­ Жомарт Тоқаев Абай туып­өскен өңір – Семей қаласын тарихи орталық ретінде та­нуды тапсырды.

Бахтияр НАСИРДИНОВ, Шымкент қалалық сотының судьясы

Абайға – 175 жыл

Page 22: №2 | 20202 Қ2 2020 МЕНШIК ИЕСI: «ЗАҢ» Медиа-корпорация» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесінің

22 №2 2020

Биыл ақынның туғанына 175 жыл. Ме­рейлі датаға орай республика шеңберінде атқарылып жатқан іс­шаралар ауқымды.

Сот саласында да игілікті шараға үлес қо­сып, Абайдың мұраларын ұрпаққа жеткізуге талпыныс жасалуда. Тек мұндай тағылымды істер бір жылдың шеңберінде қалып кетпе­гені дұрыс. Өйткені, Абайдың өлең, қара сөздерінен бөлек, заң саласына қосқан үлесі саналатын «Қарамола ережесінің» өзі ар­найы зерттеуді қажет етеді.

«Қарамола ережесі» – Абайдың ел арасындағы мәселелерді жетік білетін, құқықтық қағидалардан сауаты бар жан екенін айғақтаған бірден бір құжат. Қазақ қоғамында қолданыста болған бұрынғы заңнамаларды сараптай отырып жазылған бұл ережеден ақынның білімінің тереңдігін, ел арасындағы татулықты сақтауға деген пейілін аңғару қиын емес.

Заң, адалдық, әділдік, теңдік тақырыбын Абай өлеңдеріне ғана емес, қара сөздеріне де өзек еткен. Ақынның қара сөздері қазақ әдебиетіне қосылған баға жетпес қазына. Абайдың Қара сөздерінің соңғы нұсқасы Мүрсейіттің 1905, 1907 және 1910 жылда­ры жазылған қолжазбалары бойынша жа­рияланып келген. Ақынның 150 жылдық мерей тойы қарсаңында Қара сөздердің

Тағылым

АБАЙДЫҢ ҚҰҚЫҚ САЛАСЫНА

ҚОСҚАН ҮЛЕСІ

бай – ақын, Абай – дана. Қазақтың ортақ мақтанышына айналған тұлғаның әмбебаптығына тәнті болмайтын, таңғалмайтын адам аз. Бүгінде Абай білдей бір ұлттың брендіне айналған. Айтулы ақын арқылы әлем халқы қазақты танып, осындай ақжарқын, қонақжай, дархан ел барын біліп отыр.

А

Теміржан ҚҰДАБАЕВ,Бостандық аудандық №2 сотының

судьясы

Page 23: №2 | 20202 Қ2 2020 МЕНШIК ИЕСI: «ЗАҢ» Медиа-корпорация» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесінің

23№2 2020

бұрын кеткен текстегі кемшіліктері түзетіліп, түпнұсқамен дәлдігі мүмкіндігінше қалпына келтірілген.

Абайдың Қара сөздерінің мазмұны бай, мағынасы терең. Онда қоғамды алаңдатып отырған, азаматтардың көңіл түкпірінде жүрген барлық мәселе қамтылған. Көпшілік­тің іздеп жүріп оқитыны, түртіп алып өз қажетіне пайдаланатыны да сондықтан. Замананың дертін дәл тауып қойғандықтан болар, ақын мұрасын бағдар ету дәстүрге айналған. Қазақстандық қазылар да қара сөзден қанып ішіп, ақын мұрасының баға­сын біліп жүр. Ғұлама өзінің үшінші қара сөзінде: «Бұрынғы қазақ жайын жақсы біл­ген адамдар айтыпты: «Би екеу болса, дау төртеу болады», – деп. Оның мәнісі – тақ болмаса, жұп билер таласып, дау көбейте береді дегенмен, дұрыс айтылған сөз. Өйтіп би көбейткенше, әрбір болыс елден толым­ды­білімді үш­ақ кісі билікке жыл кесілмей сайланса, олар тек жаманшылығы әшкере білінгендіктен ғана түссе, әйтпесе түспесе. Ол билерге даугер адамдар қарамай, екеуі екі кісіні билікке таңдап алып, үстіне біреуді делдалға сайлап алып бітімге келтірсе, егер оған да ынтымақтаса алмаса, бағанағы үш бидің біреуін алып, яки жеребемен сайлап алып жүгінсе, сонда дау ұзамай, бітім болар еді», – дейді. Ақын ережедегі дауды шешетін билер саны әр тараптан үштен артық бол­масын деп көрсетеді. Билер көбейсе, дау ұлғайып қана қоймай, пара алушылық қоса қаулайтынын көрсетеді.

Бұл сөздің де жаны бар. Жалпы қазақ тараптарды тең тұтқан, кісі ақысын жеуге жол бермеген бейбіт халық. Ағайын арасын­дағы дауды шетке шығармай, өзгені ара­ластырмай өз арасында шешуге ұмтылған халқымыздың келісімге келуге, мәміле жа­сауға бейім екенін аңғару қиын емес. Әрине, адам жүрген жерде, қоғам орныққан ортада келіспеушіліктердің, қақтығыстардың орын алмауы мүмкін емес. Абай өмір сүрген кез­де де мұндай мәселелер болған. Әлдінің әлсізге, байдың кедейге тіс батыруы қазақ қоғамына да жат нәрсе емес. Алайда, ру арасындағы тартыста үш бидің басын қосқан беделді билердің сөзі өтімді, пәрмені мықты

болғанын мойындауымыз керек. Ол кездің билері хан, болыстардың ықпалынан ада, тәуелсіз еді. Халықтың арасынан шыққан әділет жаршыларына қойылатын талаптың да төмен болмағаны түсінікті. Бүгінгі заман­ның прокурорының, адвокатының, судьясы­ның, керек кезінде медиатор мен психоло­гының қызметін қатар атқарған билердің беделі хандардан бір мысқал да кем емес. Мұны өзі билік етіп, төрелік жасаған Абай да білген.

Жалпы тараптарды сөзіне сендіре білу, айтқанына көндіре алу, шешіміне иландыру екінің бірінің қолынан келе бермейді. «Қа­рамола ережесін» жазғанда да, өзінің қара сөздерінде заңдық мәселелерді арқау еткен­де де Абайдың көздегені біреу. Ол – ел ішін­дегі тыныштықты сақтау, әділдіктің салтанат құруына ықпал ету, даукестікті азайту, би­лердің беделін көтеру. Бұл мәселелер қазір де өзектілігін жойды дей алмаймыз. Осының өзі Абай шығармаларының, Абай мұрала­рының мәңгілік маңызы барын дәлелдейді.

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ

Тағылым

Page 24: №2 | 20202 Қ2 2020 МЕНШIК ИЕСI: «ЗАҢ» Медиа-корпорация» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесінің

24 №2 2020

Бүгінде Қазақстанға өңірлік мамандықтар­ды қалыптастыруда ғылыми­зерттеу және қолданбалы білім берудің маманданды­рылған оқу орындарының жүйесін құру қа­жет болып отыр. Бүгінгі таңда Қазақ ұлттық аграрлық университетіне республиканың ауыл шаруашылығы ерекшеліктерін ескере отырып, агробизнеске қажетті мамандарды дайындауға мүмкіндік беріліп отыр.

ҚазҰАУ­де оқу үдерісін жетілдіру үшін инновациялық әдістерді, соның ішінде қашықтықтан және онлайн режимінде оқыту барлық тілек білдірушілер үшін қолжетімді. Сонымен қатар, университет трансформация процесін қолға алуға байланысты, бірінші ке­зекте практикалық дағдыларға назар аудару­ды күшейте отырып, білім беру бағдарлама­ларының сұранысқа ие және перспективалы бағыттарына баса назар аударуда. Еңбек на­рығы бүгінде бизнес пен өндірістегі қызмет­керлерге жоғары стандартталған талаптар қоюда. Осы талаптардың негізінде білім беру стандарттары мен бағдарламалары жаңар­тылуда. Жаңа бағдарламаларды жүзеге асы­ру үшін Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

профессор­оқытушылар құрамына қойыла­тын талаптарды арттыруда. Бұл өз кезегін­де заманауи технологияларды енгізуге және жоғары еңбек өнімділігін қамтамасыз етуге қабілетті кадрларды дайындау ға мүмкіндік береді. Біздің университетпен жүргізіліп отырған трансформация курсы Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың ажырамас бөлі­гі болып табылады. Бұл жоғары білім беру жүйесінің серпіні мен қайта жаңартылуының тұрақты қажеттілігіне айналып отыр. Бұл іс­шараларға Қазақстан Респуб ликасының индустриялық­инновациялық даму жөнін­дегі мемлекеттік бағдарламалары енгізілуі тиіс. Ұзақ мерзімді перспективада мұндай өзгерістер ҚазҰАУ­дің түлектерін жұмысқа орналастыруды арттыруға мүмкіндік береді, өйткені, кәсіптік білім беру сапасының жақ­саруы өсіп келе жатқан түлектердің еңбек нарығында неғұрлым сұранысқа ие болуына, жұмыс орындарына тез бейімделуге, жаңа индустрия үшін кадрлар даярлауға негіз бо­лып табылады.

Қазақстан-2050

СТРАТЕГИЯ – ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТТІҢ

ЖАҢА САЯСИ БАҒЫТЫ

әсіптік-техникалық және жоғары білім бірінші кезекте ұлттық экономиканың мамандарға деген ағымдағы және перспективалық қажеттіліктерін барынша қанағаттандыруға бағытталуы тиіс. Көбінесе бұл халықтың жұмыспен қамтылу проблемасын шешеді», – деп атап өтті Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.А. Назарбаев халыққа арнаған «Қазақстан – 2050: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауында.

«К

Page 25: №2 | 20202 Қ2 2020 МЕНШIК ИЕСI: «ЗАҢ» Медиа-корпорация» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесінің

25№2 2020

Көптеген жоғары дамыған елдер уни­верситеттерінің рейтингілері экономикалық нақты тәуелділікке байланысты. Сондықтан, олар өз университеттерін ғылыми­білім беру кеңістігіндегі бәсекеге қабілеттілігін әлемдік деңгейге шығару мақсатын алға қояды. Стра­тегиялық жаңару жоспарын жүзеге асыру үшін бүгінгі таңда ҚазҰАУ өз алдына мін­деттер қойып отыр. Осыған байланысты, ҚазҰАУ­ді Вагенинген университетін (Гол­ландия) үлгі ретінде таңдап отыр. Голлан­дық Вагенинген университеті көрсеткен үздік әлемдік тәжірибе ҚазҰАУ­де басқарудың корпоративтік қағидаттарын енгізудің тиімді тетігін зерделеуге және әзірлеуге мүмкіндік береді. Вагенинген университетінің профес­сорлық­оқытушылық құрамының ғылыми жұ­мысының сапасы жоғарылығы, сондай­ақ, са­палы білім беру қызметтерін ұсынуы, түлек­терге деген сұранысы бойынша халықаралық рейтингтерде жоғары орынға ие болып отыр.

ҚазҰАУ­нің өкілдері «Вагенинген және ҚазҰАУ университеттерінің ынтымақтасты­ғы» туралы бірқатар кездесулер мен келіс­сөздер өткізді, голландиялық білім беру жүйесінің жұмыс тәжірибесін және оны Қа­зақстан білім беру ордасына қабылдау мүм­кіндігін терең зерттеуде. Бұл өз кезегінде инновациялар мен зерттеулерді біріктіруге және осы салада әріптестік қатынастарды дамытуға өзара келісімдердің дамуына қол жеткізіп отыр.

Басты бағыт білім беру бағдарламасы­ның сапасын, университет өмірінің барлық аспектілеріне қойылатын талаптарды арт­тыру арқылы, оқу орнының стратегиялық көрсеткішін көтеру болып табылады. Ваге­нинген университетімен серіктестік бізге, кез келген білім беру кеңістігінде алған білім­дерін дамытуға және оны өмірде қолдануға мүмкіндік беретініне сенімдіміз. Оқу процесін және оның нәтижелерін қоғам үшін маңызды әрі пайдалы ету қажет. Осы мақсатта бірле­скен шығармашылық еңбек, оқытушылармен өзара алмасу, өзара ғылыми байланыстар­ды кеңейту, зерттеу жобаларына бірлесіп қатысу, әлемнің басқа университеттеріне шығу, студенттерге білім беру тәжірибесімен алмасу, ғылыми ресурстар саласында оқы­тушылар мен зерттеушілерді қолдау жоспар­

лануда. Сондықтан, Вагенинген универси­тетінің және басқа да шетелдік жоғары оқу орындарының ғалымдары мен тәжірибелі оқытушыларын дәріс оқуға және ғылыми зерттеулер жүргізу үшін тарту жоспарланып отыр. ҚазҰАУ­дің профессор оқытушылар құрамының шетелдік профессорлардың жұ­мысына қатысу, бұл студенттер үшін оқыту­дың басқа форматтағы педагогтардың бере алатын біліміне ие болуға, шет елде білім алудың болашағы мен мүмкіндіктері тура­лы өздеріне маңызды қорытынды жасауға және тіпті ғалымдармен бірлескен ғылыми шығармашылықты сынап көруге, өздерінің академиялық білімдерін дамытуға мүмкіндік берудің тамаша нәтижесі болар еді. Вагенин­ген университетімен ынтымақтастық жоға­ры оқу орнының келесі құрамдарын жаңар­туға және күшейтуге бағытталатын болады: білім беру бағдарламаларының пәнаралық оқу жүктемесінің қолайлылығы (оқытудың дәстүрлі бағыттарын күшейту), оқытудың жеке траекторияларын құру; докторанттар, магистрлер, бакалаврлар арасында ғылыми зерттеулерді интеграциялау (зерттеу топта­рын құру), оқытушылар мен студенттердің бірлескен бастамашылық ғылыми зерттеу­лерін қолдау (тәлімгерлікті дамыту, сту­денттер, магистранттар мен докторанттар­дың әлеуетін пайдалану); оқытушылар мен студенттерге түрлі білім беру ресурстары мен ақпараттық­талдау платформалары­на кедергісіз қол жеткізуге, ғылыми жұмы­стар мен пікір алмасуға мүмкіндік беретін университет инфрақұрылымының сапасын арттыру; Университеттің басқа білім беру ұйымдарымен (отандық және шетелдік) серіктестігі; жұмыс берушілермен тұрақты тиімді ынтымақтастық (түлектерді жұмысқа орналастыру). Мәртебесі жағынан екі түрлі университеттің инновациялық және зерттеу қызметі эксперимент болып қалмай,бұл бір­лескен шығармашылық еңбектің бірегей үл­гісі деп қарап оны өз уақытында Қазақстан Республикасының дамуына үлес қосу болып отыр. ҚазҰАУ­ің оқытушылары мен әкімшілі­гінің күш­жігерінің арқасында Вагенинген университеті білім алуға қолжетімділікті кеңейту үшін білім мен ресурстарды инвести­циялауға, жас қазақстандықтардың жетістігі

Қазақстан-2050

Page 26: №2 | 20202 Қ2 2020 МЕНШIК ИЕСI: «ЗАҢ» Медиа-корпорация» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесінің

26 №2 2020

мен өркендеуіне, білім беру мен перспек­тиваның сапасын арттыруға ықпал ететін болады. Университеттердің тәжірибесін Қа­зақстаның басқа да жоғары оқу орындары ашықтық пен транспаренттілігінің бірегей үлгісі ретінде пайдалана алады. Бүгінде білім беру қызметін тұтынушылар – студенттер мен олардың ата­аналары біздің альма­ма­терден жергілікті және халықаралық деңгей­де сенімді танылатын қосымша шешімдерді күтеді. Сондықтан, ҚазҰАУ стратегиясы ака­

АҢДАТПА: Бүгінгі таңда Қазақ ұлттық аграрлық университетіне республиканың ауыл шаруашылығы ерекшеліктерін ескере отырып, агробизнеске қажетті мамандарды дайын-дауға мүмкіндік беріліп отыр.

Кілт сөздер: Стратегия, мемлекет, ұлттық, жолдау, қылмыс, агробизнес, еңбек нарығы, бағдарламалар.

АННОТАЦИЯ: Сегодня Казахский национальный аграрный университет имеет возмож-ность готовить специалистов для агробизнеса с учетом аграрных особенностей страны.

Ключевые слова: Стратегия, государство, национальный, послание, преступление, агробизнес, рынок труда, программы.

демиялық құндылықтар мен дәстүрлі уни­верситеттік мәдениетті сақтай отырып, Қа­зақстан университеттерінің арасында бірінші болып қоғам алдындағы міндеттемелерін адал орындауда.

А.САТПАЕВА, М.ТӨЛЕНДІ,

Р.БАЙЗАКОВА ҚазҰАУ­нің «Құқық»

кафедрасының оқытушылары

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының Стратегиясы. – Алматы: Дәуір, 1992. - 56 б.

2. Қазақстан Республикасының Конституциясы.- Астана: Елорда, 2008. - 56 б. 3. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. Алматы: Атамұра, 1999. - 296 б.

4. Турецкий Н.Н. Қазақстан билігінің заң шығарушы тармағы. - Алматы: Норма-К, 2011. - 336 б.

5. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халықтар Ассамблеясының 1-10 сессияларындағы баяндамалар жинағы(қа-зақ және орыс тілдерінде). - Астана: Елорда, 2005. - 440 б.

6. Е.Л. Тоғжанова, Г.В. Кан, В.С. Коробков, Н.У. Шаяхметов Қазақстан халқы Ассамблеясы: Тарихи очерк. – Алматы: Раритет, 2010. - 328 б.

7. ҰЛТ БІРЛІГІ ДОКТРИНАСЫ.// www.assembly.kz 19

8. Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаев-тың Қазақстан халқы Ассамблеясының XVII сессиясында сөйлеген сөзі.18.04.2011ж. //www.akorda.kz

9. Қазақстан халқы Ассамблеясы.// www.akorda.kz

Қазақстан-2050

Page 27: №2 | 20202 Қ2 2020 МЕНШIК ИЕСI: «ЗАҢ» Медиа-корпорация» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесінің

27№2 2020

Жемқорлыққа қарсы жұмыстар арнайы «Адалдық алаңы», «Сапалы жол», «Адал жол», «Саналы ұрпақ», «Адал ұрпақ», «Бизнес пен инвесторларды қорғау», «Қоғамдық бақылау картасы», «Мемлекет­тік сатып алуды қоғамдық мониторинг», «Ашық бюджеттердің интерактивті карта­сы» жобалары арқылы мониторингтік топ мүшелерімен бірлесе отырып сәтті жүзеге асырылуда.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс­қи­мыл агенттігі құқық қорғау органдары ара­сында бірінші болып 2015 жылы үкіметтік емес ұйымдар өкілдері мен қоғам белсен­ділерін бірлесіп жұмыс жасауға шақырған мекеме болып табылады. Сол уақытта бұл уақытша құбылыс деп болжам жасағандар да болды. Алайда, олардың болжамдары орындалмады.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы­ның 2015–2025 жылдарға арналған сыбай­лас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуын агенттік жанынан құрылған Арнайы мониторинг тобы бақылауда.

Агенттіктің Батыс Қазақстан облысы бо­йынша департаменті арнайы мониторинг

тобы және қоғам өкілдерімен бірге пара­саттылықты қалыптастыру бағытында 602 іс­шара өткізді. Жалпы жергілікті атқа­рушы органдармен облыс бойынша сыбай­лас жемқорлыққа қарсы 2 623 іс­шаралар ұйымдастырылды.

«Ақжайық – адалдық алаңы» жобасы ая­сында бірінші басшылардың кабинеттерін оңтайландыру бойынша жұмыстар жүр­гізіліп, 84 ұйым басшысы өз кабинеттерін аз көлемді кабинеттерге ауыстырды, барлығы 905 ш.м. алаң босатылды.

Облыста 41 мекеме опен­спайс форма­тында қызмет жасайды. Ауылдық округ­терде өз­өзіне қызмет көрсету бұрыштары ашылып, тұрғындарға аудан орталығына бармай­ақ өз ауылдарында мемлекеттік қызметті электронды түрде алуға мүмкіндік берілді. Бұл тікелей байланыстағы сыбайлас жемқорлық тәуекелін азайтып, азаматтар­дың қаржысын үнемдеуге жол ашылды.

Жемқорлықтың алдын алудағы тиімді ме­ханизмдердің бірі мекеме (кәсіпорын) қыз­меттерінде жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу.

Биыл облыс бойынша 81 мекеменің қыз­

Пайым

ПАРАДАН БАС ТАРТУ – ПАРАСАТТЫЛЫҚ БЕЛГІСІ

емлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың адалдық, әділдік, әдептілік, са-тылмаушылық сияқты құндылықтарды үйлестіретін парасат-тылық идеологиясын ауқымды ілгерілетуге бағытталған тап-сырмасын іске асыруда Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) кең ауқымды жұмыстар жүргізуде.

М

Page 28: №2 | 20202 Қ2 2020 МЕНШIК ИЕСI: «ЗАҢ» Медиа-корпорация» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесінің

28 №2 2020

меттерінде ішкі талдау жүргізіліп, 94 тәуе­кел анықталған.

Алайда, сыбайлас жемқорлық тәуекел­деріне ішкі талдау жүргізбеген мекемелер де бар.

Жалпы департаментпен 2019 жылы 18 мекеменің қызметінде жемқорлық тәуекел­деріне сыртқы талдау жүргізіліп, 112 сыбай­лас жемқорлық анықталды.

Назар аударып қарайтын болсаңыз, 81 мекеме өздері жүргізген ішкі талдау нәти­жесінде 94 тәуекелді анықтаған. Демек, ме­кемелер тарапынан формалды көзқарас бар екенін көрсетеді. Өткен жылдың соңында облыс әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқор­лыққа қарсы күрес жөніндегі аймақтық ко­миссия отырысында көптеген мәселелер көтеріліп, мекемелерге нақты тапсырмалар берілді.

Тұрғындар көбінесе кемшіліктің алдын алуға бағытталған жұмыстар өз нәтижесін бере ме деп сұрайды.

Нәтижелердің бірі ретінде заңсыз келіп түскен сыйлықтар мен қаражаттардан бас тартуды және оларды өкілетті органдарға тапсыруды айтуға болады.

Батыс Қазақстан облысы бойынша мем­лекеттік қорға қызметтік міндеттерін атқа­ру кезінде сыйлық (немесе көрсетiлген қыз меттер үшiн) алып, кейін бюджетке

аға прокуроры баянаты арқылы өзінің ұялы байланыс телефонына азаматша «Л»­дан заңсыз ақша түскені туралы хабарлады. Департамент тарапынан азаматша «Л»­ға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық тура­лы кодексінің 676­бабына сәйкес, әкімшілік хаттама толтырып, сотқа жолданды. Сол жылдың маусым айында Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен аза­матша «Л»­ға 353 500 теңге көлемінде ай­ыппұл салынды.

Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары сыйақы ретінде түсетін заңсыз қаражат болған жағдайда департамент басшылығына хабарлап дер кезінде шара қолданады.

Мұндай жұмыстарды жандандандырудағы мақсатымыз – егемен елімізде, өз қоғамы­мызда парасаттылықты қалыптастыра оты­рып, жемқорлықты жою. Бұл жұмыстар­ды қоғам өкілдерімен бірге іске асыруды жалғастырамыз.

Р.АҚМЫРЗАЕВ,ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс­қимыл агенттігінің

Батыс Қазақстан облысы бойынша

департаменті басшысы

кері қайтарған мем­лекеттік қызметшілер мен оған теңестіріл­ген тұлғалардан 2019 жылы жалпы құны 14 268 (он төрт мың екі жүз алпыс сегіз) тең­гені құрайтын 4 (төрт) өтініш түсіп, 5 (бес) дана сыйлық тапсы­рылған. Мысалы, 2019 жылдың мамыр ай­ында Қазақстан Рес­публикасы Бас Проку­ратурасының құқық­тық статистика және ар найы есепке алу жөніндегі БҚО бойын­ша басқармасының

Пайым

Page 29: №2 | 20202 Қ2 2020 МЕНШIК ИЕСI: «ЗАҢ» Медиа-корпорация» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесінің

29№2 2020

Еліміздің даму бағыттарының бірі болып та­былатын «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қа­зақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұ­мыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәу­елсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» – деп атап өтті.

Елбасымыздың бұл идеясы маңыздылыққа ие өміршең тақырып. Өйткені, түркі тілдес ел­дерде латын графикасы бұрыннан бері пайда­ланылуда. Мысалы, Түркия 1929 жылы, Әзер­байжан 1992 жылы, Өзбекстан мен Түрікмен­стан 1993 жылы латын әліпбиіне ауысты. Ал, еліміздің тарихына үңілсек, латын әліпбиі 1929 жыл мен 1940 жылдар аралығында пайдала­нылған болатын.

2017 жылғы 26 қазанда «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру ту­ралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен еліміздің тілші­мамандары да­йындаған латын графикасына негізделген қа­зақ тілі әліпбиі бекітіліп, Республика Үкіметіне қазақ тілі әліпбиінің 2025 жылға дейін латын графикасына кезең­кезеңімен көшуін қамтама­сыз ету бойынша тапсырма берілді.

Демек, 2025 жылдан бастап латын әліпбиі­не толық көшу туралы мәселе күн тәртібіне қойылып, оны іске асыру бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Қазақстан Премьер­Ми­нистрінің 2018 жылғы 13 наурыздағы өкімімен бекітілген Қазақ тілі әліпбиін латын графика­сына 2025 жылға дейін кезең­кезеңімен көшіру жөніндегі іс­шаралар жоспарына сәйкес латын графикасына көшіру процесі бірнеше кезеңге бөлінді. Осы кезеңдердің сан салалы іс­шара­

лар ретінде латын графикасына негізделген жаңа қазақ емле ережелерін әзірлеу, латын графикасына үйрету бойынша семинарлар, дәрістер, курстар ұйымдастыру, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың құ­зыретіне кіретін қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді латын графикасына көшіру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың іс қағаздарын латын графикасына көшіру болып белгіленді.

Әрине, бұл оңай іс емес, ол терең әрі жан­жақты ғылыми зерттеуді талап етеді. Осыған орай, тапсырма жарияланған күннен бастап Мәдениет және спорт министрлігінің жанын­дағы Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл­Қазы­на» ұлттық ғылыми­практикалық орталығы Білім және ғылым министрлігінің жанындағы А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институ­тымен бірлесіп біраз іс­шара атқаруда. Осы іс­шаралардың ең маңызды әрі ең бірінші нәтижесі – Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері, олардың негізінде сөзжа­сам және терминжасам жұмыстары атқарыла­тын болады.

Өз кезегінде, Конституциялық Кеңес те жоғарыда аталған жоспарда көзделген іс­ша­раларды іске асыруда.

Біріншіден, 2018 жылы Конституциялық Кеңес өз логотипін латын графикасына не­гізделген қазақ тілі әліпбиінің стандартта­рына сәйкес өзгертті. Ол Кеңес сайтында орналастырылған.

Екіншіден, Кеңес аппаратының қызметкер­лері үшін оларды латын графикасына үйрету мақсатында диктант, мәтінді редакциялау си­яқты іс­шаралар тұрақты негізде өткізілуде. Осы іс­шаралардың арқасында кеңестің қыз­

Көзқарас

ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

іл мәртебесі – ел мәртебесі» деген сөз бекер айтылмаған. Шынын-да да, тіл – халықтың тұрмыс-тіршілігін және мінез-құлқын си-паттайтын құрал болып табылады.

«Т

Page 30: №2 | 20202 Қ2 2020 МЕНШIК ИЕСI: «ЗАҢ» Медиа-корпорация» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесінің

30 №2 2020

меткерлері жоғары нәтиже көрсетіп, олардың жүргізіліп отырған реформаға дайын екенін сеніммен айтуға болады.

Алайда, бұл мәселеде біздің елде ғана емес, басқа да елдерде осы ірі реформаны жүзе­ге асыру барысында қиындықтар туындаған. Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын гра­фикасына көшіру процесінде де жетілдіруді талап ететін бірқатар мәселелер орын алып отыр. Мәселен, күні кеше Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев латын графикасына көшу бойынша өзінің сын­пікірін жария етті. Ол латын графи­касына негізделген қазақ тілі әліпбиінде әлі де кемшіліктер бар екенін атап өтіп, жауап­ты министрлікке әліпбиді жетілдіру бойынша тапсырма берді. Сондықтан, әліпби бойынша ауқымды жұмыс жалғасатын болады.

Осыған орай, латын графикасын үйрену барысында туындайтын және жалпы тіл мәсе­лесіне қатысты кейбір ұсыныстарымды атап өткім келеді.

ДЫБЫСТАРДЫ ТАҢБАЛАУҚазіргі әліпбиде кирилл графикасындағы

«У» әрпі латын графикасында «Y» әрпіне акут қосу арқылы, яғни «Ý» болып таңбаланды. «Y» әрпінің латын тіліндегі транскрипциясын қарай­тын болсақ, осы әріп «Wai», яғни «Уай» дыбы­сын білдіреді. Осыған байланысты, «У» әрпін «Y» болып, керісінше «Ы» әрпін «Ý» болып таңбалауды ұсынамын. Біріншіден, «Y» әрпін жазу да, оқу да ыңғайлы, өйткені екі әріптің таңбалануы бір­біріне ұқсайды. Екіншіден, «Ы» әрпінің тарихына үңілсек, ол кириллицада Ь әрпіне I әрпін қосу арқылы таңбаланады, яғни, диграф болып табылады. Сондықтан осы әріпті «Y» әрпіне акут қосып, «Ý» болып таңбалауды жөн деп санаймын.

ЗАҢҒА ТӘУЕЛДІ НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ МӘТІНІНІҢ САПАСЫ

Егер 90­шы жылдарда нормативтік құқықтық актілердің қазақ тіліндегі мәтінінің сапасы­на сын айтылатын болса, қазіргі уақытта осы мәтіндердің сапасы әлдеқайда жақсарды. Өй­ткені, нормативтік құқықтық актілер жоба­ларының мәтіндері бірнеше «сүзгіден» өтеді. Олар Мемлекет басшысы қол қойғанға дейін біліктілігі жоғары тілші­мамандар жұмыс істей­тін: Заңнама және құқықтық ақпарат инсти­тутында – міндетті ғылыми­лингвистикалық сараптамадан, Премьер­Министр Кеңсесінде, Парламент Палаталарының аппараттарында редакция лаудан өтеді.

Алайда, аталған заңдар мен кодекстердің негізінде немесе оларды орындау үшін шыға­рылатын нормативтік құқықтық актілердің мәтіндері сын көтермейді. Олардың мәтін­дерінде дұрыс аударылмау, бірізділік сақтал­мау, тіпті қазақ және орыс тілдеріндегі мәтін­дерінің сәйкес келмеуі сияқты көптеген тілдік кемшіліктер кездеседі. Мысалы, Қазақстан Рес­публикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 13 желтоқсандағы бұйрығымен бекітілген Қа­зақстан Республикасы ішкі істер органдарында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер өндірісі жөніндегі нұсқаулықтың атауында және мәтіні бойынша «по производству дел об административных правонарушениях» деген сөз тіркесінде «производство» сөзі «өндіріс» деп қате аударылды, осы сөз «іс жүргізу» бо­лып аударылуы тиіс. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 6 қаңтар­дағы бұйрығымен бекітілген Жылу электр станцияларының отын берудің аспирациялық қондырғыларын пайдалану жөніндегі әдісте­мелік нұсқауларда «несчастный случай» деген термин «бақытсыз жағдай» деп аударылған, алайда осы терминнің заңнама тілінде әбден орныққан «жазатайым оқиға» деген аударма­сын қолданған жөн.

Бұл ретте, осы құжаттардың заңдардан маңыздылығы кем емес, өйткені олардың не­гізінде еліміздің азаматтарына жергілікті жер­лерде мемлекеттік қызметтер көрсетіледі, көптеген лицензиялар, рұқсат ететін құжаттар беріледі. Сондықтан, осы құжаттар мәтінінің сапасына да баса назар аудару қажет деп ойлаймын.

Осыған байланысты, қазақ тілі әліпбиін ки­риллицадан латын графикасына көшіру про­цесін пайдаланып, көрсетілген тілдік кемшілік­терді жою мақсатында әрбір мемлекеттік орган өзінің құзыретіне кіретін заңға тәуелді норма­тивтік құқықтық актілердің қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндеріне «ревизия» жасауы тиіс.

Қорытындылай келе, елімізде латын графи­касына көшу жөнінде өткізіліп жатқан реформа халықтың санасын жаңғыртудың, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырудың маңызды қадамы болады деп сенемін.

Талғат МҰШАНОВ,Қазақстан Республикасы

Конституциялық Кеңесі аппаратының бас консультанты

Көзқарас

Page 31: №2 | 20202 Қ2 2020 МЕНШIК ИЕСI: «ЗАҢ» Медиа-корпорация» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесінің

31№2 2020

Жүргізуші әрекетінен басқаларға зиян кел­меуі керек. Алайда, осы заң талаптарына қара­мастан, жүргізушілердің көлік құралын масаң күйде басқаруы, жол қозғалысы ережелерін бұзып, жол­көлік оқиғасын жасауы азаймай отыр. Соның кесірінен жәбірленушілердің мүл­кі бүлініп, денсаулығына зиян келіп, жекелеген жағдайда кісі өлімі орын алуда.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2019 жылы Жаңақорған аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық­бұзушылық туралы кодексінің 608­бабының 1­бөлігі, яғни, жүргізушілердің көлік құралын масаң күйде басқаруына байланысты 85 адам­ның үстінен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралып, аталған тұл ғалар көлік құралын басқару құқығынан үш жыл мерзімге айы­рылған. 15 тұлға көлік құралын масаң күйде жүргізе отырып, жәбірленушілердің мүлкіне шығын, денсаулығына жеңіл зиян келтірген­діктен, 5 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған. Осы мерзімде 7 сот­талушы Қылмыстық кодекстің 345­бабы бой­ынша, яғни, жол жүру немесе көлік құралын пайдалану ережелерін бұзып, абайсызда адам денсаулығына орташа, ауыр зиян келтірген, кейбірі адам өліміне әкеп соққан әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Осы орайда жүргізушілердің жауаптылығын күшейту, азаматтар құқығының қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылдың 27 желтоқсанында Президент Қ.Тоқаев «Қа­зақстан Республикасының кейбір заңнама­

лық актілеріне қылмыстық, қылмыстық­про­цестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойып, аталған заң 2020 жылдың 11 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ко­дексіне енген өзгерістерге сәйкес, енді көлік құралын масаң күйде басқарған адам бұрынғыдай тек жүргізуші куәлігінен 7 жылға айырылып қана қоймай, онбес тәулік­ке әкімшілік қамаққа алынады. Сондай­ақ, көлік құралын масаң күйде басқарып, жәбір­ленушінің мүлкінің бұзылуына немесе денса­улығына жеңіл дәрежелі зиян келтіруге әкеп соқтырған тұлға жиырма тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге көлік құра­лын басқару құқығынан айырылады.

Көлік құралын басқару құқығынан айы­рылған адамдардың қайтадан масаң күйде рөлге отырып, қылмыстық жауапкершілікке тартылған кезі де болды. Өткен жылы қателік­тен сабақ алмай, масаң күйде көлік басқарған 7 адамға сот үкімімен жаза тағайындалған.

Осыған дейін қолданыста болған Әкімшілік кодекске сәйкес, алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде болғанын куәланды­ру туралы полиция қызметкерінің талабынан бас тартқан жүргізушіні үш жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру көзделсе, қазіргі заңнамаға енгізілген өзгеріске сәй­кес кінәлі тұлғаны онбес тәулікке әкімшілік

Жаңа заң

ЖҮРГІЗУШІЛЕРДІҢ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ КҮШЕЙТІЛДІ

азақстан Республикасы Жол жүру ережелерінің талабына сәйкес жүр-гізушіге алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде; реак-циясын және назар аударуын нашарлататын дәрілік препараттардың әсерімен; жол жүру қауіпсіздігіне қатер төндіретін сырқат немесе шар-шаулы күйде көлік құралын басқаруға тыйым салынады. Жол жүруге қа-тысушылар айналасына қауіп туғызбайтындай және зиян келтірмей-тіндей іс-қимыл жасауы тиіс.

Қ

Page 32: №2 | 20202 Қ2 2020 МЕНШIК ИЕСI: «ЗАҢ» Медиа-корпорация» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесінің

32 №2 2020

қамаққа алу және сегіз жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы белгіленді.

Жүргізушілердің алкогольді масаң күйде қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін де Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне 345­1­бап бойынша жауаптылық енгізілді. Аталған бапта алкогольдік, есірт­кілік немесе уытқұмарлық масаң күйде көлік құралын басқарған адамның жол жүру не­месе көлік құралын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін бөлек жауаптылық көзделген. Осы баптың талабына сәйкес, мас күйінде­гі адам көлік құралын басқарып, жол қозға­лысы ережесін бұзып, абайсызда жәбірле­нушінің денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтірген жағдайда он жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырыла отырып, ауыр жаза түрі ретінде 1 жылға дей­інгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру көзделген. Егер адамның осындай әрекетінен жәбірленушінің денсаулығына абайсызда ауыр зиян келтіріл­ген жағдайда он жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырыла отырып, 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектелуі немесе бас бостандығынан айырылуы мүм­кін. Адам өліміне әкеп соққан осындай әрекет үшін он жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырыла отырып, 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектелуі неме­се бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал, егер екі немесе одан көп адамның өліміне әкеп соққан әрекетті жасаған жағдайда өмір бойы­на көлік құралын басқару құқығынан айырыла отырып, 7 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Заңға енгізілген өзгерістерге орай бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамдардың алкогольдік, есірткілік, уытқұмар­лық масаң күйде көлікті басқарғаны үшін де жаза қатаңдатылды. Бұрын мұндай адамдарға ең ауыр жаза түрі ретінде 90 тәулікке дей­ін қамаққа алу және көлік құралын басқару құқығынан үш жыл мерзімге айыру жазасы қосымша қолданылатын. Қазіргі заңнамаға сәйкес, мұндай адамдар көлік құралын басқа­ру құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектелуі немесе бас бос тандығынан айы­рылуы мүмкін. Егер бұл әрекетімен жәбірле­

нушілердің көлік құралдарын, мүлкін бүлдіру­ге немесе адамның денсаулығына жеңіл зиян келтірсе, көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына ажырап, 4 жылдан 6 жылға дей­інгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал, жәбірленушінің денсаулығына орта зиян келген жағдайда 5 жылдан 7 жылға дейін, ауыр зиян келген жағдайда 6 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасымен қатар көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айырылады. Егер кінәлі адамның осы әрекетінің салдары адам өліміне әкеп соққан жағдайда көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айыра отырып 7 жылдан 9 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға, ал, екі немесе одан көп адам өліміне әкеп соққан әрекет үшін 8 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге қылмыстық жауаптылық белгіленді.

Өздеріңіз байқап отырғандай, тұңғыш рет заңнамаға көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айыру жазасын қолдану туралы норма енгізілді. Бұл өз кезегінде көлік құралын масаң күйде тізгіндеуге бейім азаматтардың жолын кесіп, осы тектес құқық бұзушылықтар­дың алдын алу, азаматтар өмірінің қауіпсізді­гін қамтамасыз етуге бағытталған шара болып табылады.

«Өмір – Алланың адамға берген үлкен сыйы» дейтін болсақ, ол өмірді абайсызда бол­сын немесе қасақана қиюға ешкімнің құқығы жоқ. Сондықтан, әрбір көлік тізгінін қолына алған жүргізуші өзінің ғана емес, басқа да жол жүруге қатысушы адамдардың өміріне жауап­ты екенін терең ұғынып, көлік басқаруға ұқып­тылықпен қарап, жол жүру ережелерін қатаң сақтауды, жүргізуші мәдениетін қалыптасты­руды жолға қоюы қажет. Себебі, дәл сол әре­кеттен өзінің де жақындары зардап шегуі мүм­кін. «Алла сақтансаң сақтайды», «Сақтықта қорлық жоқ» деген сөздер бәрімізге таныс. Ендеше, көлік құралын басқарушылар үшін қауіп туғызбайтындай және зиян келтірмейтін­дей етіп, жол жүрісі үшін қауіпсіз жағдайлар жасау әрбір жүргізушінің міндеті екенін естен шығармағаны жөн.

Әлия ТҮБЕКБАЕВА,

Жаңақорған аудандық сотының төрайымы

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ

Жаңа заң

Page 33: №2 | 20202 Қ2 2020 МЕНШIК ИЕСI: «ЗАҢ» Медиа-корпорация» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесінің

33№2 2020

Бүгінде заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар көпшілік арасын­да қызу талқылануда. Себебі, басқа заңдарға қарағанда әкімшілік заңнамадағы

Білген жөн

АПАТ ТУДЫРҒАНДАР АЙЫППҰЛ ТӨЛЕУМЕН

ҚҰТЫЛМАЙДЫ

аман алға жылжыған сай-ын, заңдарды жаңғыртып, жаңартып отыру қажет-тілік. Мұндай өзгерістер қоғамдағы қарым-қаты-настарды реттеу үшін, азаматтардың құқығы мен бостандығын мінсіз қорғау үшін, заңсыздықтардың алдын алу үшін жасала-тыны мәлім. Биылғы жыл да Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаев-тың бірнеше заңға қол қо-юымен басталды. Соның ішінде «Қазақстан Рес-публикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу ту-ралы» заңы азаматтардың ерекше қызығушылығын тудырып отыр.

З

құқықбұзушылық деректерімен қарапайым халық жиі бетпе­бет келеді. Сондықтан жаңалықтарды қарапайым тілмен, ескі ко­декс пен бүгінгі өзгерістерді салыстыра

Гүлмира ИСКАКОВА, Қызылорда қаласының

мамандандырылғанәкімшілік соты төрағасының

міндетін атқарушы

Page 34: №2 | 20202 Қ2 2020 МЕНШIК ИЕСI: «ЗАҢ» Медиа-корпорация» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесінің

34 №2 2020

отырып түсіндіру басты міндет. Құқықтық мемлекетте азаматтар өз құқығын білмеу­ден зардап шекпеуі керек. Біздің осы мақа­ланы жазудағы негізгі ұстанымымыз да сол.

Жалпы алғанда өзгерістер мен толықты­рулар негізінен қазіргі әкімшілік шараларды төмен жазалауларға алмастыруға; ескерту түріндегі әкімшілік жазаларды қолдануды кеңейтуге; әкімшілік құқық бұзушылықтар­дың бірқатары бойынша тек сот тәртібінде берілетін санкцияларды соттың ведомство­лық бағыныштылығынан алып мемлекет­тік органдарға беруге, жалпы айтқанда кодекстің құқық қолдану тәжірибесінде анықталған құқықтық кемшіліктер мен қайшылықтарды жоюға бағытталған. Көріп отырғанымыздай, өзгерістер жасағанда жұртшылықтың бұған дейін айтып, жазып келген ескерту, пікір, ұсыныстары бас­шылыққа алынған.

Мысалы жаңа өзгерістерге сәйкес, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ко­декстің 434­бабының бірінші бөлігінің бірін­ші абзацы «Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлға­ларды қорлап тиiсу, тұрғын үй­жайларды қорлау және айналасындағыларға сыйла­маушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұза­тын басқа да осындай әрекеттер», – деген редакциямен ауыстырылып, 434­2­баппен толықтырылды. Яғни, 434­2­бап «Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау», – деп аталады. Онда құқық бұзушыларға төмен­дегідей жазалар бекітілгендігі көрсетілген:

1. Ортақ пайдаланылатын орындарды, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiн­де белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау – бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көз­делген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып ке­леді. Қоғамдағы теріс қылықтарға нөлдік

төзімділік қалыптастыруды көздейтін бұл шаралар қаншама айыппұл салынғанымен, толықтай жойылып кетті деп айта алмай­мыз. Тіпті іс сотқа түскенде ғана темекі тұқылын лақтырудың, көшеде сыра ішудің, саябақта шемішке шағып, ортаны ластау­дың заңға қайшы екенін, ол үшін айыппұл төлейтінін біліп жатады. Әрине, құзырлы орындардың заңды түсіндіру бағытын­да атқарған жұмыстарының нәтижесінде азаматтар қазір ортаны сыйламаудың, айналаны ластаудың залалын біліп қал­ды. Ал, жаңа өзгерістерге сай бұған дейін соттардың құзырында болып келген бұл істер сақшылардың қарауына беріліп отыр. Заңның жаңа редакциясына сәйкес, енді ортақ пайдаланылатын орындарды ласта­ушыларға полиция департаментінің қыз­меткерлері хаттама толтыру арқылы айып­пұл салу құзыретіне ие болды. Бұл өзгеріс судьялар жүктемесін төмендетумен бірге, азаматтардың да әуре­сарсаңын азайта­ды. Себебі, бұрын полиция қызметкерлері қылмыстық теріс қылық жасаған азаматты анықтап, куәлерді сөйлетіп, жазған хатта­масын сотқа жолдайтын. Іс сотта қаралып, шешім шығып, айыппұл мемлекет қазына­сына түскенше де біраз уақыт өтетін. Енді бар түйткілді полиция қызметкері оқиға орнында шешіп, хаттама толтырып, айып­пұлды өзі сала алады.

Сонымен қатар, «Қазақстан Республика­сының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар ен­гізу туралы» заңына сәйкес, кейбір құқыққа қарсы жасалған әрекеттерге қолданылатын жаза қатаңдатылды. Айталық, соңғы жыл­дары жол­көлік оқиғалары жиілеп, оған кінәлілердің басым көбі көлік құралын ма­саң күйде басқарып келгені анықталған. Көлік тізгінін масаң күйде басқарған адам өз өмірі үшін ғана емес, өзгелердің де өмірі үшін жауапты екенін ұмытып кететіні рас. Жазаның жеңілдігі де кейбір жандарды есіртіп келгенін жасыруға болмас. Осыған орай, жаңа заң көлік рөліне масаң күйде отырғандарға қатысты жазаны едәуір ауыр­

Білген жөн

Page 35: №2 | 20202 Қ2 2020 МЕНШIК ИЕСI: «ЗАҢ» Медиа-корпорация» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесінің

35№2 2020

латып отыр. Жазаны ауырлату – қылмыс­тың белең алынуына тосқауыл болатыны бұрыннан белгілі. Ендеше жаңа жылдың 11 қаңтарынан бастап күшіне енген бұл қатаң талап, ішімдік ішіп көлік басқаратындар қа­тарын айтарлықтай азайтады деп сенеміз.

Яғни, бұдан былай көлік құралын бірін­ші рет масаң күйде басқарған жүргізуші 7 жылға рөлге отыру мүмкіндігінен айы­рылады. Бұдан бөлек жауапсыз жүргізуші 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алы­нады. Осыдан көріп тұрғанымыздай, апат тудырғандар айыппұлмен құтылмайды. Ал, масаң күйінде денсаулыққа қылмыс­тық жазаланатын іс­әрекет белгілері жоқ зиян келтірген немесе материалдық шы­ғынға әкеп соққан ЖКО жасағаны үшін көлік құралын басқару құқығынан айыру 7 жылға көбейтілді және 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу енгізілді. Соныман қатар, жүргізушінің көлік құралын әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап масаң күйде басқаруы 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға және 8 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соқтырады.

Егер азамат масаң күйін куәландырудан бас тартып, құзырлы орынның заңды тала­бын орындамаса, бұл үшін жаза 8 жылға көбейтіліп, 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу белгіленді. Сондай­ақ, көлік құралын басқару құқығынан айырылған жүргізушінің көлік құралын басқарғаны үшін елу айлық есептік көрсеткіш көлемін­де айыппұлмен қоса 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу туралы норма ен­гізіліп, ал, осы құқықбұзушылықты бір жыл ішінде қайтадан жасағаны үшін 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы белгіленді.

Заңға енгізілген тағы бір маңызды өз­геріс – отбасы­тұрмыстық қатынастар ая­сындағы құқыққа қарсы әрекеттерге қатыс­ты болып отыр. Яғни, бұрынғы нормада

отбасында тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiп, была­пыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұр­мысындағы заттарды бүлдiру және олар­дың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжай­да жасалған басқа да әрекеттер нәтижесі – ескерту жасауға не үш тәулiкке дейiн­гi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соқтыратын. Ал, жаңа нормаға сәйкес мұн­дай құқық бұзушылық жасаған адамдарға тағайындалатын жаза – ескерту жасау не­месе бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алу болып белгіленді.

73­1­бабы денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру 1­1­бөлігімен, яғни, құқық бұзушымен отбасы­тұрмыстық қатынастағы орын алған құқық бұзушылықтарға ескер­ту жасау немесе он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алу бөлігімен толықтырылды.

Сондай­ақ, 73­2­бабы ұрып­соғу 1­1­бө­лікпен, яғни, құқық бұзушымен отбасы­тұр­мыстық қатынастағы орын алған құқық бұзушылықтарға ескерту жасау немесе он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алумен толықтырылды.

Бұл жаңа нормалар қаңтар айының 16 жұлдызынан бастап күшіне енетіндігін атап өткен жөн.

Жоғарыдағыдай әрекетке тағайындалған жазаны ауырлату – мұндай олқылықтардың алдын алып, азаюына әсер етумен қатар, адамдардың қоғамға деген сыйластығын, адамдармен қарым­қатынас барысында әдепті болуын, өзгенің құқығына қол сұғыл­мауын қамтамасыз етуге бағытталып отыр.

Заң – баршаға ортақ. Еліміздің Ата Заңы да азаматтарды тегіне, жынысына, әлеу­меттік жағдайына қарай алалауға жол берілмейтінін бекіткен. Ендеше, әлсіздерге әлімжеттік жасаушыларға жазаның қатай­тылып, пәрменнің күшеюі дер кезінде жа­салған дұрыс қадам.

Білген жөн

Page 36: №2 | 20202 Қ2 2020 МЕНШIК ИЕСI: «ЗАҢ» Медиа-корпорация» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесінің

36 №2 2020

Елімізде есірткі тектес заттарды тұты­нушылардың азаюы бұл мәселені күн тәртібінен алып тастауға болады деген сөз емес. Өйткені, бүгінгі ақпараттық техноло­гиялардың дамыған заманында есірткі зат­тарын дайындау, тарату, саудалау, насихат­таудың жолдары барынша кеңейе түсуде. Сәйкесінше, әлемде есірткі тұтынуға бай­ланысты көзқарас та, жағдай да бұрынғыға қарағанда түбегейлі өзгерген. Мамандар қоғамдық иммунитет қалыптасып қалған «әдеттегі» есірткілердің орнын неғұрлым қауіпті синтетикалық есірткі түрлері басып жатқанын да жасырмайды. Мәселен, ҚР Ішкі істер министрлігі 2019 жылы жалпы салмағы 11 килограммға тең 408 синтетикалық есірт­кі заттары деректерін анықтаған. Белгілі болғандай, бұл синтетикалық есірткілердің тұтыну үшін дайындалғаны анықталған. Яғни, қуануға әлі ерте.

Осы орайда, елімізде есірткіге байланы­

сты проблемаларды реттейтін заңнамалар­ды қайта қарау, қажет жерлерін қатайту мәселесі біраз жылдан бері қызу талқы­ланып келген­ді. Солардың бірі әрі маңы­здысы есірткі заттарын жарнамалау және саудалаумен байланысты десек, жуырда ҚР Ішкі істер министрлігі 2020 жылдың 11 қаңтарынан бастап есірткіні насихаттай­тын және сататын интернет сайттардың сілтемесін таратуға байланысты қылмы­стық заңнамаға енгізілген өзгерістер күші­не енгенін хабарлады. Дәлірек айтқанда, «Қылмыстық кодекске есірткіні насихаттау немесе жарнамалау үшін қылмыстық жа­уапкершілік белгілейтін жаңа 299­1­бап енгізілді. Ол бойынша үш жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көз­делген. Егер осы қылмыс топпен, бірнеше рет, білім беру ұйымдарында немесе адам көп жиналатын орында, бұқаралық ақпарат құралын немесе электрондық ақпарат ре­

Низам

ҒАЛАМТОР АРҚЫЛЫ ЕСІРТКІ ӨТКІЗГЕНДЕРДІҢ

ЖАЗАСЫ АУЫР

оңғы ресми ақпараттарға сүйенсек, елімізде есірткіге тәуелді 23,5 мың адам тіркеуде тұр. Ал, бейресми дерек көздері бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғары екенін айтады. Яғни, түрлі қоғамдық ұйымдар-дың есебінше, есірткінің құрығына ілінгендердің саны анығында 120 мыңнан асып жығылатын көрінеді. Статистикалық мәліметтерді салыстырар болсақ, соңғы бес жылда есірткіге еліткендердің саны 35 пайызға дейін төмендегенін аңғаруға болады. Солай бола тұра, соңғы бесжылдықта елімізде есірткімен байланысты 19 мыңдай қылмыс тіркелген.

С

Page 37: №2 | 20202 Қ2 2020 МЕНШIК ИЕСI: «ЗАҢ» Медиа-корпорация» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесінің

37№2 2020

сурсын қызметтік жағдайында пайдаланып жасаса 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостан­дығынан айыру түріндегі жаза белгіленеді» – делінген аталған құзырлы органның бас­пасөз хабарламасында.

Сондай­ақ, аталған қылмыстық заңна­маға «электрондық ақпараттық ресур­старды пайдалану арқылы» – деген жаңа ұғым еніп отыр. «Бұл шаралар есірткіні таратудың жаңа әдістері бойынша жаза­лау үшін қажет. Бұл дегеніміз, интернет техноло гияны – сайттарды және Instagram, Telegram, Facebook әлеуметтік желілерін, сондай­ақ, электронды төлем жүйелерін (QIWI, «Яндекс деньги» және т.б.) пайда­лану», – деп түсіндірді ҚР ІІМ Есірткі қыл­мысына қарсы іс­қимыл департаменті ба­стығының орынбасары Нұртай Әбілмәжінов.

Тағы бір айта кетерлік жәйт, мұндай қылмыс түрлері енді ауыр және аса ауыр қылмыстар санатына жатады. Бұл де­геніміз, санатына сай жазасы да күшей­еді деген сөз. Түсіндіре кетсек, электрон­ды ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы есірткі өткізгендер енді 10 жыл­дан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылса, дәл осы әдіспен басқаларды есірткі қолдануға көндіргендер 3 жылдан 8 жылға дейін темір торға тоғытылады. Сол сияқты, жаңа ақпараттық технологиялар­дың көмегімен есірткі өндірісінде пайда­ланылатын заттардың айналымын жүзеге асырғандар 7 жылдан 10 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасын арқалайды. Рас, бүгінде заманауи ақпараттық техно­ло гияларсыз таңымыз атып, күніміз бат­пайтындай жағдайға жеттік. Бұл ғаламтор әлемі ХХI ғасырдың ең үлкен артықшылығы көрінгенімен, кей­кейде «қасіретіне» айна­луы мүмкін екенін де естен шығармауымыз керек. Себебі, әлемді алаңдатқан есірткі са­удасы мен одан келетін қауіптің алдын алу шаралары да заманға сай болуы шарт. Өйт­кені, шекараның арғы жағында жатып­ақ сау дасын дөңгелететіндердің қулығына құрық бойламай тұр. Олар шетелде тіркел­ген мессенджерлер, бақыланбайтын әлеу­меттік желілер, анонимді төлем жүйелері арқылы ты йым салынған препараттарды са­тудың жаңа байланыссыз әдістерін іздейді.

Осы ретте, тиісті органдар не істеп жатыр немесе қайда қарап отыр дегенге келсек, жыл сайын елімізде Ішкі істер министр­лігінің пәрменімен түрлі есірткі заттарын жарнамалайтын немесе сататын 4,5 мыңнан астам сайт бұғатталады екен.

Сондай­ақ, заңнамаға ІІМ­нің бастама­сымен бақылаудағы есірткі заттарының тізімін барынша қыс қа мерзімде жаңа пси­хобелсенді заттар мен толықтыруға мүмкін­дік беретін түзетулер енгізілді. Бұл тізімдер қазір барлық белгілі есірт кілер мен олардың аналогтарын қамтиды. Аталған министр­лік есірт кіні өткізгені үшін жауапкершілікті кү шейту бойынша қылмыстық заңнамаға түзетулер әзірлеумен қатар, қылмыстың құра мын нақтылау мақсатында заңға жаңа «электрондық ақпараттық ресурс тарда есірткі құралдары мен психотроптық зат­тарды өткізу, жіберу мақсатында дайындау, сатып алу, сақтау, тасымалдау туралы ұсы­ныстарды орналастыру» деген жаңа сара­лау белгілерін енгізді.

Аталған жаңа заң талаптары есірткі сайтта ры ның электронды мекенжайлары бар граффити­жазуларды қалдыру, есірт кі сайттарын әкімшілендіру, сон дай­ақ, элек­тронды ресурстар ар қылы есірткілерді өткі­зу сияқты әрекет терді қылмыстық іс жүргізу саласына енгізуге мүмкіндік береді.

Жалпы, есірткіні немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, өңдеу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа әкеп соға­тыны баршаға мәлім. Мәселен, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 420, 421, 422 және 423­баптары осы есірткіні жарнамалаудың заңсыздығына арналған. Атап айтқанда, 420­бапта көрсетілген алқаптар мен жерлерге өсіп тұрған жабай­ы сораларды жоймау және шара қолданбу жеке тұлғалар үшін – он, шағын кәсіпкер­лік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкер­лік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Камила ЫСҚАҚОВА

Низам

Page 38: №2 | 20202 Қ2 2020 МЕНШIК ИЕСI: «ЗАҢ» Медиа-корпорация» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесінің

38 №2 2020

Ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты мүгедектігі мен асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әле­уметтік жәрдемақылардың мөлшері 5 пайы­зға артты. Соның нәтижесінде жалпы ден­саулығына байланысты мүгедектік бойынша берілетін мемлекеттік жәрдемақы мөлшері бірінші топта – 59 872 теңге, екінші топта – 47 710 теңге, үшінші топта – 32 431 теңге деп белгіленді. Асыраушысынан айырылғандарға берілетін жәрдемақы асырауындағы адамдар санына байланысты 26 818 бен 65797 тең­ге аралығында болмақ. Әрбір жетім балаға берілетін мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 36 796 теңгені құрады. Бұл өсім мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын 680 мыңдай адамды қамтиды деп жоспарлануда.

Айлық есептік көрсеткіш шамасының өз­геруіне байланысты 1 қаңтардан бастап № 1 және № 2 тізімдер бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақылардың мөлшері де 5 па­йызға артты. Яғни № 1 тізім бойынша мем­лекеттік арнайы жәрдемақылардың мөлшері 24 973 теңгені, № 2 тізім бойынша 22 216 теңгені құрады.

Бала тууға байланысты біржолғы жәрдем­ақы да бірінші, екінші және үшінші балаға – 100 776 теңгеге дейін (38 АЕК), төртіншісі

үшін – 167 076 теңгеге дейін (63 АЕК) көбей­ді. Жұмыс істемейтін әйелдер үшін бір жасқа дейінгі баланы күтуге ай сайынғы жеңілдік­тер бірінші балаға – 15 276 теңге (5,76 АЕК), екінші балаға – 18 061 теңге (6,81 АЕК), үшінші балаға – 20 819 теңге (7,85 АЕК), төртінші және одан кейінгі балаларға – 23 603 теңге (8,9 АЕК) болып бекітілді. «Алтын алқа», «Күміс алқа»­мен марапатталған не­месе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға ай сай­ынғы мемлекеттік жәрдемақы табысына қа­рамастан төленеді және оның мөлшері 16 973 теңге. Мүгедек баланы кәмелеттік жасқа дейін тәрбиелеп отырған анасына немесе әкесіне, асырап алушысына, қамқоршысына (қорғаншысына) тағайындалған және төле­нетін жәрдемақы мөлшері 43 657 теңгені құрайды. Осындай мөлшерде бала кезінен бірінші топтағы мүгедек баланы күту бойын­ша жәрдемақы төленеді.

177,6 МЛРД ТЕҢГЕНІ 346,8 МЫҢ ОТБАСЫ АЛАДЫ

Төрт және одан көп бірге тұратын кәме­летке толмаған балалары бар көпбалалы от­басыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге

Түйткіл

ТӨЛЕМ АРТҚАННАН ЖАҒДАЙ ОҢАЛА МА?!

«2020–2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға сәйкес 1 қаңтардан бастап зейнетақы, жәрдемақы және әлеу-меттік төлемдер көлемі өзгерді. ҚР Еңбек және халықты әлеумет-тік қорғау министрлігінің мәліметіне қарағанда ең төменгі жалақы мөлшері өзгеріссіз қалып, 42 500 теңге болды. Ең төменгі күнкөріс деңгейі 29 683-тен 31 183 теңгеге ұлғайды. Ынтымақты зейнетақы 7 пайызға, мемлекеттік базалық зейнетақы 5 пайызға көбейіп, ын-тымақты зейнетақының ең төменгі мөлшері 38 636 теңгені, мемле-кеттік базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 16 839 теңгені құрады. Бұл өсім 2 миллионнан астам зейнеткерге әсер етеді.

Page 39: №2 | 20202 Қ2 2020 МЕНШIК ИЕСI: «ЗАҢ» Медиа-корпорация» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесінің

39№2 2020

2020 жылғы қаңтарда 17,7 млрд теңге қарас­тырылған. Зейнетақы мен жәрдемақыларды қаржыландыруды екінші деңгейлі банктер­де біркелкі бөлу үшін ақша қаражатын ау­дару кезең­кезеңімен жүзеге асырылады. 5 қаңтарда ҚР Еңбек және халықты әлеумет­тік қорғау министрлігі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ­ға 12,5 млрд теңге аударып, оны 5­8 қаңтар ара­лығында «Азаматтарға арналған үкімет» мем­лекеттік корпорациясы» КЕАҚ кестеге сәйкес ақшаны алушылардың шоттарына аударады. Қалған 5,2 млрд теңге «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ­ға таяу күндері жіберіледі.

1 қаңтардан бастап 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу бөлімінде оқитын студенттері бар отбасыларға жаңа мемле­кеттік жәрдемақы енгізілді. Аталған мем­лекеттік жәрдемақы отбасының табысына қарамастан сараланған мөлшерде: 4 балаға – 42 496 теңге, 5 балаға – 53 127 теңге, 6 балаға – 63 757 теңге, 7 және одан да көп балаға – 74 388 теңгеден төленеді. Жалпы алғанда, 2020 жылы көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 177,6 млрд теңге көзделген. Бұл жәрдемақыны 346,8 мың отбасы алады.

111­ДІҢ ОРНЫНА ЕНДІ 1411 НӨМІРІНЕ ҚОҢЫРАУ

ШАЛЫҢЫЗАзаматтарға әлеуметтік­еңбек саласы­

ның қызметтері бойынша консультация беру үшін 2011 жылдан бері жұмыс істеп келген «111 жедел қызмет» байланыс орталығын қаңтардан бастап 1411 бірыңғай байланыс орталығы алмастырды. Онда енді жұмыспен қамту және жұмысқа орналасу, зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру, әлеумет­тік сақтандыру, еңбек қатынастары, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, әлеуметтік қы­зметтер порталының жұмысы және басқа­лары бойынша консультациялар беріледі. Яғни, отандастарымыз енді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құзыретіне кіретін барлық мәселелер бой­ынша консультация алу үшін 1411 нөміріне қоңырау шалуына болады.

«ШӨЛМЕК МЫҢ КҮНДЕ ЕМЕС, БІР КҮНДЕ СЫНАДЫ»

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 1991–2020 жылдар аралығын­да 17 рет басшысы ауысқан екен. Олардың ішінде бұл қызметте ең ұзақ отырғаны Гүл­жан Қарағұсова (2001 жылдың қарашасы – 2007 жылдың тамызы) болса, ең қысқа уақыт атқарған Бердібек Сапарбаев ( 2019 жылдың 25 ақпанынан 20 тамызына дейін) болды.

«Шөлмек мың күнде емес, бір күн­де сынады» дегендей, елдегі әлеуметтік жағдай 2019 жылы шарықтау шегіне жетіп, жер­жерде наразылық күшейген еді. Бұл жыл басында Үкіметтің отставкаға кетуінің де басты себебі болғаны бүгінде ешкімге жасырын емес. Ол кейін Мемлекет басшы­сының өз қызметінен бас тартуы мен ке­зектен тыс Президент сайлауына ұласып, мемлекеттің әлеуметтік саясатында үлкен өзгерістердің жүзеге асуына түрткі болды. Мәселен, 2019 жылы 20 тамызда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалған Біржан Нұрымбетов 4 айдың ішінде жеке мәселелері бойынша жүгінген 150­ден астам қазақстандықты қа­былдаған. Сонымен қатар, қоғамдық қабыл­дауларда және «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалдарында да азаматтардың бірнеше қабылдауын өткізді.

Әрине, бұл біреулер үшін қалыпты жағдай сияқты болып көрінуі мүмкін. Сондықтан қоғамдағы азаматтық белсенділіктің артуы­на байланысты биыл мұндай кездесулердің көбеймесе азаймайтыны анық. Бұл ҚР Пре­зиденті Қасым­Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ІІ отырысындағы: «Мен «халық үніне құлақ асатын мемле­кет» тұжырымдамасын жария еттім. Мұны жақсы білесіздер. Біз өз қызметімізде ең ал­дымен қарапайым азаматтардың сұранысы мен мұң­мұқтажын басшылыққа алуымыз керек» деген сөзінен де айқын аңғарылған болатын.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ,мақала Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрлігінің материалдары бойынша

дайындалды

Түйткіл

Page 40: №2 | 20202 Қ2 2020 МЕНШIК ИЕСI: «ЗАҢ» Медиа-корпорация» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесінің

40 №2 2020

Пікір

Биылғы жылы қолданысқа енгізілген «Қа­зақстан Республикасының кейбір заңнама­лық актілеріне қылмыстық және қылмыс­тық­процестік заңнаманы жетілдіру мәселе­лері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы да сондай мақсатта қолданысқа енгізілген маңызды құжаттың бірі.

Бұл заң да тақыр жерден пайда болған жоқ. Мемлекет басшысы Қасым­Жомарт Тоқаев өзінің халыққа арнаған алғашқы Жолдауында сот билігі мен құқық қорау органдарының жұмысын жандандырумен бірге, қылмысқа қарсы күресті күшейтуді тапсырғаны есімізде. Соның ішінде прези­дент адам өлтіру, зорлау, педофилия, мал ұрлығы, браконьерлік, есірткі таратуға, мас күйінде көлік басқаруға қатысты жазаны қатайту туралы тапсырма жүктегені бел­гілі. Демек, бұл заң Президент тапсырма­сының ғана емес, азаматтар талап­тілегінің жемісі. Өйткені, ауыр қылмыстарға жазаның жеңілдігі, педофилияның асқынуы, мал ұр­

ТОПТАСЫП МАЛ ҰРЛАҒАНДАРҒА КЕШІРІМ

ЖАСАЛМАЙДЫ

лығының тыйылмай тұруы халық арасында жиі талқыланып, қарсылық тудырып жүр­ген мәселелердің бірі. Әсіресе, ауыл халқы малдың қолды болып, ұрылардың табыл­майтынына, қолға түскенінің жеңіл жазамен құтылып кететініне алаңдаушылық білдір­ген болатын.

Жалпы бүгінге дейін қалыптасып отыр­ған тәжірибе мал ұрлығының ұйымдасқан қылмысқа айналғанын көрсетіп отыр. Иә, өзгенің малының есебінен жоғын түген­дейтін жекелеген пайдакүнем адамдар да жеткілікті. Бірақ, соңғы кездері арнайы топ құрып, ауыл­ауылдан жол көрсететін, мал­ды шығарып беретін, одан кейін олжаны қалаға дейін жеткізетін, қалаға әкелінген малды базарларда сататын адамдардың тізбегін қадағалап, осы істің басы­қасында жүріп қауіпсіздікті қамтитын, анықтамалар алудағы кедергілерді шешетін ұйымдасқан топтардың көбейгені ешкімге жасырын емес. Сондықтан жазаны күшейту кезек күт­тірмейтін мәселеге айналды. Осылайша мал

мериканың белгілі саясаткері Уильям Питт «Отаныңа және халқыңа адалдығыңнан гөрі заңға адалдығың жоғарырақ» деген екен. Шынында да елдің заңын сыйламаған адамда Отанға деген құрмет қайдан болсын! Сондықтан, қауіпсіз қоғамның, дамыған елдің, та-бысты мемлекеттің тамырында заңның күштілігі, құқықтық құ-жаттардың пәрменділігі жатқанын мойындауымыз керек. Міне, сол мақсатта елімізде заңнамалардың базасы жаңартылып, құқықтық құжаттарды заман талабына сай жаңғырту бағытында жүйелі жұмыстар тұрақты қолға алынып келеді.

А

Page 41: №2 | 20202 Қ2 2020 МЕНШIК ИЕСI: «ЗАҢ» Медиа-корпорация» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесінің

41№2 2020

Пікір

ұрлығы деген жеке бап енгізілді. Осы қыл­мыс үшін басқа ұрлық түрлеріне қарағанда жаза қатаңдатылды.

188­1­бапқа сәйкес енді бөтеннің малын жасырын жымқырғандардың мүлкі тәр­кіленіп, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға жазала­нады. Немесе сол мөлшерде түзеу жұмыс­тарына, не бес жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ал, алдын ала сөз байласу арқылы ірi мөлшерде жасалған мал ұрлығына қа­тысқан адамдар тобының мүлiктері тәр­кiленiп, үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айырылады. Сондай­ақ, дәл осы қылмысты бірнеше рет жасағандарға, тұрғын үй­жайдың, кәсіпо­рынның, ұйымның, мекеменің, мал қора­ның, қашаның немесе өзге де қойманың ауласына кiрумен жасалған мал ұрлығы­на жаза тіпті қатаң. Олардың да мүлкi тәркiленіп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айырылады. Қылмыстық топпен аса iрi мөлшерде жа­салған мал ұрлығы үшін де айыпталушы­лардың мүлкі тәркiленіп, жеті жылдан он

екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостан­дығынан айыру жазасы тағайындалады.

Көріп отырғанымыздай, ендігі жерде мал ұрлауды кәсіп еткендерге кешірім бол­майды. Алғаш рет ағаттық жасағандарға түсіністік танытып, жәбірленушінің залалын толтырып, кешірімін алса татуласуға бола­ды. Алайда, мал ұрлауды кәсіп еткендер, қылмыстық топ құрып жәбірленушілерге аса ірі көлемде зиян келтіргендермен ешқандай келісім жасалмайды.

«Қылмыскерді аяған – адал адамдарға зиян келтіреді» – дейді орта ғасыр ойшылы Сенека. Осы тұрғыдан алғанда мал ұрлауды әдетке айналдырғандар жауаптылығының көтерілуі дер кезінде қолға алынғаны дұрыс қадам. Жаза күшеймесе, ауылды асырап отырған, шалғайдағы елдің күнкөріс көзі болған төрт түлікті тонау төмендемейді. Жалпы, бұл заң мал ұрлығының жәй қыл­мыс емес екендігін, оның зардабы ауыр қыл­мыс санатына жататындығын көпшіліктің назарына жеткіздім деген ойдамын.

Ш.ОСПАНОВА,Зайсан аудандық сотының судьясы

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

Page 42: №2 | 20202 Қ2 2020 МЕНШIК ИЕСI: «ЗАҢ» Медиа-корпорация» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесінің

42 №2 2020

Азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мақса­тында «Неке (ерлі­зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінің (бұдан әрі ­ Кодекс) 50­ден астам баптарына өзгерістер енгізілді.

Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін азамат­тық хал актілерін тіркеудің барлық түрлерін тір кеу, қайталама куәліктер мен анықтамалар алу бойынша эксаумақтық қағидат енгізілді.Енді қайталама туу туралы куәлік қажет болған жағдайда азамат қай аймақта туғанына қара­мастан, кез келген тіркеуші органға барып, қайталама туу туралы куәлігін ала алады.

Ата­аналардың таңдауы бойынша смс­ха­барлама арқылы тууды проактивті жолмен тір­кеуге болады. Анасының жеке басын куәлан­дыратын құжатының болмауына қарамастан, баланың тууын тіркеу және туу туралы куәлік беру мүмкіндігі қарастырылған. Осы орайда, балалардың туылған кезінен бастап азамат­тықтың болмау мәселесі шешіледі. Сонымен қатар, дефис арқылы қосарланған есімдер мен әкесінің атын жазу мүмкіншілігі қарасты­рылған. Мысалы: егер әкесінің аты Әли­Асқар болса, баланың әкесінің атын – Али­Аскарович немесе Әли­Асқарұлы деп көрсетуге болады.

Бала Қазақстан Республикасынан тыс жер­де туылған және сол мемлекеттің туу туралы куәлігі болған жағдайда тууын тіркеуге не­гіз болатын құжаттардың тізімі кеңейтілді. Мысалы, балаға Өзбекстан Республикасын­да туылған жері бойынша туу туралы куәлігі берілген болса, жаңа түзетулерге сәйкес нақты туылған жері көрсетілген қазақстандық үлгі­дегі туу туралы куәлікті баланың ата­анасы

тіркеуші органнан алуына болады. Аталған но­велла мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына кезекке тұру, денсаулық сақтау ұйымдарына тіркелу, жәрдемақы алу, қарыз жүктемесін алып тастау және т.б.мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуға ата­аналарға мүмкін­дік береді.

Азаматтық хал актілерін тіркеудің кейбір түрлері автоматтандыруларына байланысты алынып тасталды.

Екі куәліктің: асырап алу немесе әке бо­луды анықтау және туу туралы куәліктің ор­нына,тіркеуші орган мен баланың жеке және ата­анасы туралы мәліметтері көрсетілген туу туралы куәлік қана беріледі.

Сот шешімі негізінде неке бұзуды тіркеу тәртібі автоматтандырылды. Аталған мәлімет­тер Әділет министрлігінің ақпараттық жүйесіне автоматты түрде түседі және неке қию туралы акт жазбасына некенің бұзылғандығы туралы белгі қойылады.

Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйе лерінен алуға болатын құжаттарды (сот шешімдері, медициналық анықтамалар, Қа­зақстан Республикасында тіркелген актілер ту­ралы ақпарат және т.б.) азаматтар мен мемле­кеттік органдарға ұсыну қажеттілігі жойылды.

Жоғарыда аталған барлық новеллалар аза­маттардың уақыт және қаражат шығындарын қысқарту, сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету процесін сандық форматқа көшіру мүмкіндігін береді.

Г. БАИМБЕТОВА, Алматы қаласы Әуэзов аудандық

АХАТ бөлімінің бас маманы

Құқықтық сауат

АХАТ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

азақстан Республикасы Президентімен 2020 жылдың 25 қарашасында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары бас-тамашылық еткен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық ак-тілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгері-стер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңына қол қойылды.

Қ

Page 43: №2 | 20202 Қ2 2020 МЕНШIК ИЕСI: «ЗАҢ» Медиа-корпорация» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесінің

43№2 2020

• мақалаға ұсыныс хат қоса табысталуы тиiс;• мақалаға қоса, қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiнде жазылған түйiн табысталуы тиiс;• мақалаға қоса, мәтiннiң электрондық нұсқасы және автордың фотосуретi қоса табыс талуы

тиiс;• iлеспе хатта автордың аты-жөнi, қызметi, ғылыми атағы көрсетiлуi тиiс;• мақаланың соңында пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi көрсетiлуi тиiс;• мақаланың көлемi 14-кегльмен терiлген 9-10 беттен аспағаны жөн;• мақаланың мазмұны үшiн жауапкершiлiктi автор көтередi.

Жарияланған мақала авторларының пікірлеріредакция көзқарасымен сәйкес келе

бермеуі мүмкін

Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінде тіркелген

Куәлік №5702-г, 2005 жыл, 10 ақпан

050012, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Х.Досмұхамедұлы (бұрынғы Мичурин) көшесі, 68 «б» үй.

Телефондар: 8727-2-92-43-43, 8727-2-92-79-61 (факс)

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ, ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖУРНАЛ

Жазылу индексі:

ЖУРНАЛДА ЖАРИЯЛАНАТЫН ҒЫЛЫМИ МАҚАЛА ЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

755849

«Принт плюс» ЖШС баспаханасында басылды. Алматы облысы, Өтеген батыр кенті, Сейфуллин көшесі, 2 «в» үй,

Телефондар: факс 8727-2-51-78-27, 8727-2-51-78-31

Теруге 15.02.2020 ж. жіберілді. Басуға 20.02.2020 ж. қол қойылды.Пішімі 60х90 1/8. Тапсырыс №4. Таралым 623.

Журнал айына бір рет жарық көреді.Журналдың терімі мен бет қаттау жұмыстары «Заң»МК» ЖШС-нің компьютерлік

орталығында жасалды. Офсеттік басылым

Page 44: №2 | 20202 Қ2 2020 МЕНШIК ИЕСI: «ЗАҢ» Медиа-корпорация» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесінің

44 №2 2020

баспахана мекенжайы:Өтеген батыр кенті, Сейфуллин көшесі, 2В үй.

Тел/факс: 8 /727/ 251-78-27тел.: 8 /727/ 251-78-31

«Принт Плюс» ЖШС

Адрес типографии:пос. Утеген батыр, ул. Сейфуллина, дом 2В.

Тел/факс: 8 /727/ 251-78-27тел.: 8 /727/ 251-78-31

ТОО «Принт Плюс»

Біздің Басылымдарда:өз компанияңыз туралы PR-мақалалар;модульдық немесе, өзге де жарнамалар;кезекті аукцион немесе, өзге де сауда-саттық туралы хабарлама;өз компанияңыздың жылдық балансын немесе қаржылық есептерін жариялауға мүмкіндіктеріңіз бар.

Вы моЖете:Опубликовать PR-статью о вашей компании Опубликовать модульную или имиджевую рекламуОповестить об очередном аукционе или проводимых торгахОпубликовать годовой баланс вашей компании или финансовую отчетность

байлаНыС ТелефоНдарымыз:

Басылымға жазылу құны және оны рәсімдеу мәселелері бойынша:

8 (727) 292 29 27

Жарнама мәселелері бойынша телефондар:

8 (727) 292 29 27, 292 29 92

E-mail: [email protected]

КоНТаКТНые ТелефоНы:

По вопросам стоимости и оформления подписки и издания: 8 (727) 292 29 27

Телефоны для рекламы:8 (727) 292 29 27, 292 40 89

E-mail: [email protected]