e-mail: [email protected] №47 8 НАУРЫЗ, …текті аналары ежелден ар мен...

12
–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Бұл жарық тіршіліктегі екі жылуды ерекше сезінбеу мүмкін емес шығар! Бірі ерте кктем лебімен жеткен дала таңының жылуы болса, екіншісі – алпыс екі тамырын иіткен ана алақанының жылуы! Екеуі айналып келгенде бір ғана ұғым, кңілдің шуағы, мірдің шырағы – Ұлы жаратылыс! –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– №47 (29278) 8 НАУРЫЗ, БЕЙСЕНБІ 2018 ЖЫЛ E-mail: [email protected] www.egemen.kz TWITTER.COM/EGEMENKZ FACEBOOK.COM/EGEMENKZ 1919 жылғы 17 желтоқсаннан шыға бастады ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ГАЗЕТ Нәурізектегі нәзіктік «Қазақстан» орталық концерт залында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Көктем шуағы» атты мерекелік шара өтті Мирас АСАН, «Егемен Қазақстан» Бұл ойлар кешегі шуақты мерекенің шұғылалы сəтінде, атап айтсақ «Қазақстан» орталық концерт залындағы 8 наурыз – Халықаралық əйелдер күніне арналған «Көктем шуағы» атты концертті тамашалап отырған сəтімізде санамызда сəулеленген. Шаттықты шараны Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мерейлі мерекеге арналған құт- тықтау сөзімен ашты. Онда Пре- зидент ел өмірінде əйелдердің ерекше рөл атқаратынына тоқта- лып, Қазақстандағы өскелең ұр- пақтың санасына адамгершілік құндылықтарды сіңірудің қажет- тілігін айтты. – Бұл күн асыл ананы, сүйікті жарды, қадірлі қарындасты мейірімге бөлейтін ерекше мере- ке екенін білеміз. Қазақта «ұл туса ұрпағым өседі, қыз туса ұлтым өседі» деген ұлағатты сөз бар. Кең- байтақ Ұлы Даламызда есімдері ел мақтанышына айналған ардақ- ты аруларымыз аз емес. Əйел əсемдік пен əдеміліктің, көре- гендік пен көркемдіктің, бере- ке мен бірліктің символы бо- лып табылады. Біздің халқымыз «даналардың өзі аналардан жа- ралады» деп бекер айтпаған. Гендерлік саясат пен феми- низм дəстүрі қазақ мəдениеті үшін ешқашан жаңалық болған емес. Дала өркениетінің негізін қалаған бабаларымыз қыздарды қадірлеуді о баста өмір салтына айналдырған. Əйелдер қауымы мемлекет пен қоғам өмірінің барлық саласында аянбай еңбек етуде. Қазіргі жаһандану зама- нында қазақ қызына тəн асыл қасиеттерді сақтап қалуымыз ке- рек, – деді Президент. Расымен де, Елбасы атап өткендей, біз ел мен жер тари- хын айтқанда баһадүр бабалар- дың ерлік істерімен бірге, сол ат үстінде арыған аруақты батыр- ларға майдан алдында дулығасын əперіп алдынан шығатын аңыз- арулардың ардақты есімдерін ұлықтап отырғанымыз жөн. Біз əсте, бабалары найзаға сүйеніп түн қатқан, аналары найзаға сүйеніп толғатқан жауынгерлігімізді сол əзиз жандармен бірге айтқанда ғана айбарланатынымызды ұмытпағанымыз абзал. Текті аналарының атын ұранға айнал- дырған ұлт та Алаштың алдына түсе қоймас. Осындайда, «Ұмай ананы ұранына қосып, «Қар- қабаттап!» қалың жауға бет қойған қайран ерлікке қайрақ болған асыл Аналар-ай!» дейсің! Оны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз құттықтауында «Қазақстан əйелдерінің бойында еліміздегі бейбітшілік пен бірлікті нығайтуға септігін тигізетін мейірімділік пен жасампаздық энергиясының сарқылмайтын көзі бар», деп атап өтті. Сондай- ақ Мемлекет басшысы əрбір қа- зақтың қызында дəуірдің жақ- сысын бойына сіңіріп, жаманын жуытпайтын ішкі сүзгі болуы керектігін тілге тиек етті. – Бүгінгі бойжеткен – ертеңгі ана. Қыздарымыздың өздерінің ұрпақ тəрбиелеушісі екенін ұмыт- пағандары лəзім. Қазіргі қазақтың қыздары қандай болса, ертең тұ- тас ұлт та сондай бола- ды. Сондықтан ар-намыс, адалдық пен адамгершілік, ізгілік пен қайырымдылық, əдептілік сияқты асыл қасиеттер қазақ аруларының бойындағы ұлттық иммуни- тет іспетті, – деді Қазақстан Президенті. Қай кезеңде болсын аналар- дың арқасына артылған жүк жеңіл болған емес. Ол ана- лар тізімінің басында «Жер əлемнің қадірменді жарты пат- шасымын!» деп жар салған Құрыш патшаға қылыш тіреген түп анамыз – Тұмар əже тұр! Оны біз қол төңкеруге кетіп бара жатқан Қобыланды ба- тырдың тақымына Тай- бурылды тарту еткен қыз Құртқаның хикаясынан көре ала- мыз. Біздің бүгінде Ақжүністей ажарлы, Баян сұлудай бəденді перизаттардан бері келе жатқан сол ұрпақ сабақтастығы мен дəстүр жалғастығының алтын арқауы мəңгілік үзілмесе деп тілейтініміз анық. Алаштың ару қыздары мен текті аналары ежелден ар мен намыстың нақты өлшемі, сұлулық пен сымбаттың үкілі үлгісі бола білген. Елбасы айтқандай, бүгінде жас ұрпақтың тəрбиесі мен олардың білім алуына бай- ланысты бүкіл салмақ аналарға түсіп отыр. – Бала қамқорлығына қатысты негізгі міндетті өздеріңізге алып, олардың дүниетанымын қалыптастырасыздар, өзіне деген сенімін жетілдіресіздер. Сіздер өз сенімдеріңізбен, үміттеріңізбен жəне махаббаттарыңызбен еліміз- дің жарқын болашағының берік негізін қалап келесіздер, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Əйел табиғатына əлемнен мы- сал іздер болсақ, ежелгі Спарта əйелдері есімізге түседі. Соғыс- та шейіт болған ұлдарының мүр- делерін қалқанның үстіне салып əкеле жатқанда, сол спарталық зарлықтар «батыр туған екен- мін ғой!» деп масаттанады екен. Міне – Рух! Міне, қайсарлықтың қаймағы болған қайран Ару- Азаттық! Елбасының кешегі «Біз ару- ларды ардақтап, оларды киелі шаңырақтың алтын діңгегіне айналдырған елміз. Бір заман- да бабаларымыз «əйел – ыры- сың, қыз – өрісің, келін – тыны- сың» деген. Бүгінгі сіздер ұлыс- тың ұйытқысына, ұлттың ұя- тына, берекенің бастауы- на айналдыңыздар. Себебі біз тəуелсіз елімізде тұрып жатыр- мыз. Татулық пен тұрақтылықтың бағасын аналардан артық ешкім білмейді», деген сөзі де осы ой- ларды ордаландыра түсетіндей. Мемлекет басшысы бір сөзінде елімізде 250 мыңға жуық ананың «Алтын алқамен» жəне «Күміс алқамен» марапатталғанына на- зар аударып, мемлекетіміздің қарқынды дамуына қазақстандық əйелдердің зор үлес қосқанын атап өтті. Расымен де ұлттың ұстыны аналар екені, тіршіліктің тетігі сол нəзік жандылардың еншісіне бұйырғаны шындық сөз. Сондықтан Елбасының «Жаһан- дану жағдайында қыздарымызға тəн асыл қасиеттерді сақтауымыз керек. Интернет заманында қап- таған ақпараттар легін біржола тоқтату мүмкін емес. Əрбір бой- жеткеннің жақсы мен жаманды ажырата білетін ішкі сүзгісі бо- луы қажет», деген сөзін де қазіргі қызғалдақ бойжеткендеріміз еле- мей өтпеуі керек деп білеміз. – Жаңа ұрпақтың дүниеге келуі жəне халқымыздың көбеюі – мемлекетіміздің басты стра- тегиялық мақсаты. Əйелдер же- тістікке жете алмайтын ешқандай сала жоқ. Сіздер кəсібилік пен спорттың, ғылым мен саясаттың шыңдарын бағындыра аласыз- дар. Қазіргі таңда үш мыңға жуық докторанттың 60 пайызы – əйел- дер. Мəжіліс депутаттарының үштен біріне жуығы қыз-келін- шектер. Жалпы, мемлекеттік қызметтегі əйелдердің үлес салмағы 50 пайыздан асады. Мұ- ны мемлекетті басқару ісінің тиім- ділігін арттыруға септігін тигі- зетін дұрыс үрдіс деп санаймын, – деді Қазақстан Президенті. Шынында да, сөзіміздің ба- сында айтып кеткен батыл да ба- тыр аналарымыздың ізін басып, ісін жалғап келе жатқан еліміздің айбынды арулары аз емес қой. Алаш үшін ат жалында жүрген айымдарымызды қалай айтпай кетерміз? Олардың да өнегелі өмір өрнектері ертең-ақ келешек ұрпақтың санасында сəуле ша- шары анық. Елбасы сөзін еліміздегі барлық ер-азаматтардың атынан əйелдер қауымын шуақты мерекелерімен құттықтап, оларға бақыт, махаб- бат пен бақ-береке тілеп аяқтады. Сондай-ақ Мемлекет басшы- сы Оңтүстік Қазақстан облысы- ның тұрғыны, көп балалы ана А.Түзелбаеваны «Алтын алқа- мен» жəне Астана тұрғыны Р.Ая- ғанованы «Күміс алқамен» мара- паттады. Р.S. Біз осынау көрікті жи- ыннан көшелі ой түйіп, көңіл көкжиегіне көш түзедік. Есімізге «Абай жолы» романындағы оқудан келе жатқан шəкірт бала жас Абайдың ауыл шетіне іліккен бетте «көп ішінен ең алдымен өзінің шешесін көріп, соған қарай жүре бергені» түсті. «Қайран, Мұқаң!» дедік. Иə, əлгі «Ана бір қолымен бесікті, бір қолымен əлемді тербетеді» деген ұлағатты сөзді де осы Мұхтар ата айтып еді ғой! Бұл нені аңғартады? Мүмкін шығармадағы шəкірт бала- дай ересектің де, келешектің де бейсана таным түкпірінде алдымен адам баласы ана- сын іздейтін шығар? Мүмкін түгел тіршіліктің тұма басы Ана алдында мəңгі сəби дегенді меңзейтін шығар? Қайткен күнде де Ананың құшағынан кең құрлық, мейірімінен мол мұхит жоқ-ау!.. Суреттер Президенттің баспасз қызметінен алынды Мерекелеріңізбен, асыл аналар, аяулы арулар!

Upload: others

Post on 01-Feb-2020

19 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: E-mail: info@egemen.kz №47 8 НАУРЫЗ, …текті аналары ежелден ар мен намыстың нақты өлшемі, сұлулық пен сымбаттың

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Бұл жарық тіршіліктегі екі жылуды ерекше сезінбеу мүмкін емес шығар! Бірі ерте к�ктем лебімен жеткен дала таңының жылуы болса, екіншісі – алпыс екі тамырын иіткен ана алақанының жылуы! Екеуі айналып келгенде бір ғана ұғым, к�ңілдің шуағы, �мірдің шырағы – Ұлы жаратылыс! ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

№47 (29278) 8 НАУРЫЗ, БЕЙСЕНБІ 2018 ЖЫЛE-mail: [email protected] TWITTER.COM/EGEMENKZFACEBOOK.COM/EGEMENKZ

1919 жылғы 17 желтоқсаннан

шыға бастады

ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ГАЗЕТ

Нәурізектегі нәзіктік«Қазақстан» орталық концерт залында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Көктем шуағы» атты мерекелік шара өтті

Мирас АСАН,«Егемен Қазақстан»

Бұл ойлар кешегі шуақты мерекенің шұғылалы сəтінде, атап айтсақ «Қазақстан» орталық концерт залындағы 8 наурыз – Халықаралық əйелдер күніне арналған «Көктем шуағы» атты концертті тамашалап отырған сəтімізде санамызда сəулеленген.

Шаттықты шараны Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ме рейлі мерекеге арналған құт-тықтау сөзімен ашты. Онда Пре-зи дент ел өмірінде əйелдердің ерек ше рөл атқаратынына тоқта-лып, Қазақстандағы өскелең ұр-пақтың санасына адамгершілік құн дылықтарды сіңірудің қажет-тілігін айтты.

– Бұл күн асыл ананы, сүйікті жарды, қадірлі қарындасты мейірімге бөлейтін ерекше мере-ке екенін білеміз. Қазақта «ұл туса ұрпағым өседі, қыз туса ұлтым өседі» деген ұлағатты сөз бар. Кең-бай тақ Ұлы Даламызда есімдері ел мақтанышына айналған ардақ-ты аруларымыз аз емес. Əйел əсемдік пен əдеміліктің, көре-гендік пен көркемдіктің, бере-ке мен бірліктің символы бо-лып табылады. Біздің халқымыз «да на лардың өзі аналардан жа-ралады» деп бекер айтпаған. Гендерлік саясат пен феми-низм дəстүрі қазақ мəдениеті үшін ешқашан жаңалық болған емес. Дала өркениетінің негізін қалаған бабаларымыз қыздарды қадірлеуді о баста өмір салтына айналдырған. Əйелдер қауымы мемлекет пен қоғам өмірінің барлық саласында аянбай еңбек етуде. Қазіргі жаһандану зама-нында қазақ қызына тəн асыл қасиеттерді сақтап қалуымыз ке-рек, – деді Президент.

Расымен де, Елбасы атап өт кендей, біз ел мен жер тари-хын айтқанда баһадүр баба лар-дың ерлік істерімен бірге, сол ат үстінде арыған аруақты батыр-ларға майдан алдында дулығасын əперіп алдынан шығатын аңыз-арулардың ардақты есімдерін ұлықтап отырғанымыз жөн. Біз əсте, бабалары найзаға сүйеніп түн қат қан, аналары найзаға сүйеніп тол ғатқан жауынгерлігімізді сол əзиз жандармен бірге айт қан да

ғана айбарланатынымыз ды ұмытпағанымыз абзал. Тек ті аналарының атын ұранға айнал-дырған ұлт та Алаштың алдына

түсе қоймас. Осындайда, «Ұмай ананы ұранына қосып, «Қар-қабаттап!» қалың жауға бет қойған қайран ерлікке қайрақ болған асыл Аналар-ай!» дейсің!

Оны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз құттықтауында «Қа зақстан əйелдерінің бойында елі міз дегі бейбітшілік пен бірлікті нығайтуға септігін тигізетін мейірімділік пен жасампаздық энергиясының сарқылмайтын көзі бар», деп атап өтті. Сондай-ақ Мемлекет басшысы əрбір қа-зақтың қызында дəуірдің жақ-сы сын бойына сіңіріп, жаманын жуытпайтын ішкі сүзгі болуы керектігін тілге тиек етті.

– Бүгінгі бойжеткен – ертеңгі ана. Қыздарымыздың өздерінің ұрпақ тəрбиелеушісі екенін ұмыт-пағандары лəзім. Қазіргі қазақтың қыздары қандай болса, ертең тұ-тас ұлт та сондай бола-ды. Сон дықтан ар-намыс, адалдық пен

адамгершілік , і з г іл ік пен қайырымдылық, əдептілік сияқты асыл қасиеттер қазақ аруларының бо йындағы ұлттық иммуни-тет іспетті, – деді Қазақстан Президенті.

Қай кезеңде болсын ана лар-дың арқасына артылған жүк жеңіл болған емес. Ол ана-лар тізімінің басында «Жер əлемнің қадірменді жарты пат-

шасымын!» деп жар салған Құрыш пат шаға қылыш тіреген түп анамыз – Тұмар əже тұр! Оны біз қол төңкеруге ке тіп бара жатқан Қо быланды ба-тыр дың тақымына Тай-

бурылды тарту еткен қыз

Құртқаның хикаясынан көре ала-мыз. Біздің бүгінде Ақ жүністей ажарлы, Баян сұлудай бəденді перизаттардан бері келе жатқан сол ұрпақ сабақтастығы мен дəстүр жалғастығының алтын арқауы мəңгілік үзілмесе деп тілейтініміз анық.

Алаштың ару қыздары мен текті аналары ежелден ар мен намыстың нақты өлшемі, сұлулық

пен сымбаттың үкілі үлгісі бола білген. Елбасы айтқандай, бүгінде жас ұрпақтың тəрбиесі мен олардың білім алуына бай-ланысты бүкіл салмақ аналарға түсіп отыр.

– Бала қамқорлығына қатысты негізгі міндетті өздеріңізге

алып, олардың дүниетанымын қалыптастырасыздар, өзіне деген сенімін жетілдіресіздер. Сіздер өз сенімдеріңізбен, үміттеріңізбен жəне махаббаттарыңызбен елі міз-дің жарқын болашағының берік негізін қалап келесіздер, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Əйел табиғатына əлемнен мы-сал іздер болсақ, ежелгі Спар та əйелдері есімізге түседі. Соғыс-та шейіт болған ұлдарының мүр-делерін қалқанның үстіне салып əкеле жатқанда, сол спарта лық зарлықтар «батыр туған екен-мін ғой!» деп масаттанады екен. Міне – Рух! Міне, қайсар лықтың қаймағы болған қайран Ару-Азаттық!

Елбасының кешегі «Біз ару-ларды ардақтап, оларды киелі шаңырақтың алтын діңгегіне ай налдырған елміз. Бір заман-да бабаларымыз «əйел – ыры-сың, қыз – өрісің, келін – тыны-сың» деген. Бүгінгі сіздер ұлыс-тың ұйытқысына, ұлттың ұя-тына , берекенің бастауы-на айналдыңыздар. Себебі біз тəуелсіз елімізде тұрып жатыр-мыз. Татулық пен тұрақтылықтың бағасын аналардан артық ешкім білмейді», деген сөзі де осы ой-ларды ордаландыра түсетіндей.

Мемлекет басшысы бір сөзінде елімізде 250 мыңға жуық ананың «Алтын алқамен» жəне «Күміс алқамен» марапатталғанына на-зар аударып, мемлекетіміздің

қарқынды дамуына қазақстандық əйелдердің зор үлес қосқанын атап өтті. Расымен де ұлттың ұстыны аналар екені, тіршіліктің тетігі сол нəзік жандылардың еншісіне бұйырғаны шындық сөз. Сондықтан Елбасының «Жа һан-дану жағдайында қыздарымызға

тəн асыл қасиеттерді сақтауымыз керек. Интернет заманында қап-таған ақпараттар легін біржола тоқ тату мүмкін емес. Əрбір бой-жет кеннің жақсы мен жаманды ажырата білетін ішкі сүзгісі бо-луы қажет», деген сөзін де қазіргі қызғалдақ бойжеткендеріміз еле-мей өтпеуі керек деп білеміз.

– Жаңа ұрпақтың дүниеге келуі жəне халқымыздың кө беюі – мемлекетіміздің басты стра-тегиялық мақсаты. Əйелдер же-тістікке жете алмайтын ешқандай сала жоқ. Сіздер кəсібилік пен спорт тың, ғылым мен саясаттың шыңдарын бағындыра аласыз-дар. Қазіргі таңда үш мыңға жуық докторанттың 60 пайызы – əйел-дер. Мəжіліс депутаттарының үштен біріне жуығы қыз-келін-шектер. Жалпы, мемлекеттік қыз меттегі əйелдердің үлес салмағы 50 пайыздан асады. Мұ-ны мемлекетті басқару ісінің тиім-ділігін арттыруға септігін тигі-зетін дұрыс үрдіс деп санаймын, – деді Қазақстан Президенті.

Шынында да, сөзіміздің ба-сында айтып кеткен батыл да ба-тыр аналарымыздың ізін басып, ісін жалғап келе жатқан еліміздің айбынды арулары аз емес қой. Алаш үшін ат жалында жүрген айымдарымызды қалай айтпай кетерміз? Олардың да өнегелі өмір өрнектері ертең-ақ келешек ұрпақтың санасында сəуле ша-шары анық.

Елбасы сөзін еліміздегі барлық ер-азаматтардың атынан əйелдер қауымын шуақты мерекелерімен құттықтап, оларға бақыт, махаб-бат пен бақ-береке тілеп аяқтады.

Сондай-ақ Мемлекет басшы-сы Оңтүстік Қазақстан облы сы-ның тұрғыны, көп балалы ана А.Түзелбаеваны «Алтын алқа-мен» жəне Астана тұрғыны Р.Ая-ғанованы «Күміс алқамен» мара-паттады.

Р.S. Біз осынау көрікті жи-ыннан көшелі ой түйіп, көңіл көкжиегіне көш түзедік. Есімізге «Абай жолы» романындағы оқудан келе жатқан шəкірт бала жас Абайдың ауыл шетіне іліккен бетте «көп ішінен ең алдымен өзінің шешесін көріп, соған қарай жүре бергені» түсті. «Қайран, Мұқаң!» дедік. Иə, əлгі «Ана бір қолымен бесікті, бір қолымен əлемді тербетеді» деген ұлағатты сөзді де осы Мұхтар ата айтып еді ғой! Бұл нені аңғартады? Мүмкін шығармадағы шəкірт бала-дай ересектің де, келешектің де бейсана таным түкпірінде алдымен адам баласы ана-сын іздейтін шығар? Мүмкін түгел тіршіліктің тұма басы Ана алдында мəңгі сəби дегенді меңзейтін шығар? Қайткен күнде де Ананың құшағынан кең құрлық, мейірімінен мол мұхит жоқ-ау!..

Суреттер Президенттің баспас з қызметінен алынды

Мерекелеріңізбен, асыл аналар, аяулы арулар!

Page 2: E-mail: info@egemen.kz №47 8 НАУРЫЗ, …текті аналары ежелден ар мен намыстың нақты өлшемі, сұлулық пен сымбаттың

2 8 НАУРЫЗ 2018 ЖЫЛ

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––«Нұр Отан» партиясы Елбасы, пар-тиясы Т�рағасының тапсырмасы бойынша Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Ел аналары» атты тың бастаманы қолға алды. Осыған орай еліміздің әр �ңіріндегі барша нұротандықтар ғасыр жасаған және жасы жүзден асқан ақ жаулықты

әжелерді мерекемен құттықтауда, деп хабарлады партияның баспас�з қызметі.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Мәжіліс Т�рағасы Нұрлан Нығматулиннің т�рағалығымен кеше палатаның кезекті жалпы отырысы болып, онда екі мәселе қаралды. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Елбасы биыл қосымша 20 миллиард теңге б�ліп, шағын несие-леу к�лемін 62 миллиард теңгеге жеткізуді тапсырғаны белгілі. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

САЯСАТ

Көңіл айту жеделхатын жолдады

––––––––––––––––––––––––––––––––Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге к�ңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспас�з қызметі.––––––––––––––––––––––––––––––––

Қазақстан Президенті Си рия-да Ресейдің жүк тасымалдай тын Ан-26 ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Қазақстан халқының жəне

жеке өзімнің атымнан орны тол-мас қайғыға ортақтасып, көңіл айтамын жəне қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қолдау білдіретінімізді жеткізуді сұраймын», – делінген жедел-хатта.

Қымбатты əйелдер!Қазақстан халқы Ассамблеясы сіздерді

көктемнің ең шуақты жəне мейірлі мерекесі – 8 наурыз Халықаралық əйелдер күнімен шын ықыласымен құттықтайды!

Құрметті нəзік жанды арулар! Қай заманда да сіздер əрқайсымыз үшін – бойында ана болу, мейірімділік, нəзіктік пен ақ ниеттілік сияқты ең

жоғары адами қасиеттер жинақталған жан болып келдіңіздер жəне əрқашан да солай болып қала бермек.

Əрбір əйел өзінің ұясына көрік беріп, отбасының жылуын сақтайды, ұрпақты тəрбиелеп, адамдар арасындағы қатынастардың тəртібі мен үйлесімін реттейді.

Бүгінде қызметтің бір де бір саласын сіздерсіз елестету мүмкін емес. Сіздер халқымыздың таланты мен қабілеттерін танытып, ірі компаниялар мен өндіріс ошақтарын басқарасыздар, бүкіл əлемде өтіп жатқан шығармашылық конкурстарда мерейлеріңіз үстем бо-лып, Олимпиада жəне халықаралық сайыстарда жеңіске жетесіздер, ғылымда жаңалықтар ашып, өмірге ғажайып өнер туындыларын əкелесіздер.

Əрбір ер адам үшін сіздер біздің жанымызды түсінетін, қай кезде болсын қолдайтын сүйікті анамыз, жарымыз, қызымыз, қарындасымыз əрі жақын досымыз болып қала бересіздер.

Құрметті əйелдер!Елімізде татулық пен келісім, мейірім мен сүйіспеншілік ор ны-

ғуы жолындағы шынайы сезімдеріңіз, ізгі ұмтылыстарыңыз бен баға жетпес еңбектеріңіз үшін біздің сіздерге деген ризашылығымыз мол.

Қазақстан халқы Ассамблеясы осындай мерекелі күні барлық отандастардың атынан сіздерге өзінің шек сіз

құрметі мен алғысын білдіреді. Осы көк темгі күн сіздерге ұлан-асыр қуа ныш,

құшақ-құшақ гүл, дос-жолдастың ықы ласы мен ыстық пейілін сыйласын!

Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңесі

Жақсыбай САМРАТ,«Егемен Қазақстан»

Жалпы отырысты ашқан па-лата Төрағасы Н.Нығматулин екі күн бұрын жарияланған Пре зи-дент Нұрсұлтан Назарбаевтың та-ри хи оқиға болған «Бес əлеумет-тік бастама» атты Үндеуі нің ма ңызына тоқталып, оның елі-міздің дамуына жаңа серпін бе -ретінін атап өтті. Əлеумет тік бастамалар барлық қазақ стан -дық тардың қолдауына ие бол -ғаны белгілі болып отыр. Де-пу тат тар корпусының міндеті – осы бастамаларды іске асыру-ды қамтамасыз ететін сапалы заң дарды қабылдау. Біздің осы ке зеңдегі жұмысымыздың ба-сым бағыты да сол болады, деді Төраға.

Одан əрі Н.Нығматулин күн тəртібіндегі мəселелерді қарауға көшті. Бірінші болып қаралған Қазақстан мен АҚШ үкіметтері арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасының тұрақтылығы жəне қайта қалпына келтіру жө-ніндегі іс-қимылға АҚШ-тың қатысуына байланысты Қазақ-стан аумағы арқылы өтетін ар-найы жүктің коммерциялық те-мір жол транзитін қамтамасыз ету туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы рати-фикациялау туралы заң жобасы жөнінде Сыртқы істер министрі Қайрат Əбдірахманов баяндама жасады. Елбасының əлеуметтік

бастамалары халықаралық аре-нада да толық қолдау тауып отыр. Оған Қазақстан мен Аме-рика арасындағы стра те гия лық əріптестіктің қарқынды дамуы дəлел бола алады. Қ.Əбді рах-манов Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жақында АҚШ-қа жасаған сапары барысын-да екі ел арасындағы қарым-қаты насты кеңей тілген страте-гиялық əріптес тік деңгейіне жо ғарылату туралы бірлескен мəлім деме қабыл дан ғанын еске салды. Келіссөз дер барысын-да Ау ған станда ғы ахуалды тұ рақ тандыру Вашинг тон-ның сырт қы саясатын дағы ба-сым дық тардың бірі бо лып та-была тыны ескеріліп, Қазақ-стан ның өңірлік қауіпсіздікті қам тамасыз ету мақсатында АҚШ-пен ынтымақтастықты одан əрі нығайту бойынша уағда ластыққа қол жеткізгені айтыл ды. Ауғанстанға логисти-калық жəрдем беру, сондай-ақ гуманитарлық көмекке жол ашуды күшейтуге үлес қосқа-ны үшін АҚШ президенті Д.Трамп Н.Назарбаевқа риза-шы лығын білдірді, дей келіп Қ.Əбдірахманов АҚШ-тың өт-кен жылы Ауғанстанға арнайы жүктерді тасымалдау бағытына өзгеріс енгізілуіне байланысты бізге өтініш жасағанын жеткізді. Атап айтқанда америкалық тарап арнайы жүктерін Ауғанстанға тасымалдауға Ақтау жəне Құ рық

порттарын енгізуді ұсын ған. Ол Əзербайжан арқылы кел-ген жүктерді одан əрі темір жол арқылы Ауғанстанға жет кі-зуге мүмкіндік береді. Осы хат-тамаға өткен жылдың 21 қыр-күйе гінде Нью-Йорк қаласында қол қойылып, ол арнайы жүктің жəне бірге жүретін персоналдың коммерциялық транзиті үшін Ақтау жəне Құрық порттарын қол дануға жол ашады жəне Қа-зақстан мүдделеріне толық-тай сəйкес келеді, еліміздің логис тикалық инфрақұрылымын дамытуға үлес қосады, дей келіп министр заң жобасының осы хаттаманы ратификациялайты-нын айтты.

Заң жобасы бойынша баян-дамашыға бірнеше депутат сұрақ қойды. Соның ішінде де-путат Амангелді Дəуренбаев Қазақстанның Ауғанстандағы тұрақтылықты дамытуға тағы да қандай көмектер көрсетіп жатқаны туралы сұрады. Оған Қазақстанның тұрақты негізде гуманитарлық көмек көрсетіп жатқандығы, соның ішінде ЖОО-ларымызда бір мыңнан астам жастың 50 млн АҚШ дол-лары көлеміндегі қаражатқа тегін оқытылғаны, ал қазір еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде де тұрақтылықты негіздеуге біршама жұмыстар атқарып жатқаны айтылды. Депутат Жанат Жарасов Инвестициялар жəне даму министрлігінің өкіліне сұрақ беріп, жүк жəне персонал транзиті үшін Қазақстан тарабы қандай тарифпен қанша қаражат табатынын сұрады. Оған бірінші

вице-министр Роман Скляр жауап беріп, келісім күшіне енгеннен бері 700-ден артық контейнер өткендігін жəне ол үшін Қазақстан тарабы 200 млн теңгедей табыс тапқанын айтты.

Қосымша баяндама жасаған депутат Бақытжан Ертаев заң жо-басын мақұлдау туралы ұсыныс енгізді. Талқылауға қатысқан депутат Қуаныш Сұлтанов та заң жобасын қолдаған соң ол бірауыздан мақұлданды.

Күн тəртібіндегі екінші мəселе Қазақстан Республикасы мен Тəжікстан Республикасы үкі меттері арасындағы дипло-ма тиялық өкілдіктердің ғимарат-тарын салу үшін жер учаскелерін өзара беру туралы келісімді ра-тификациялау туралы заң жо-басын талқылауға арналды. Бұл заң жобасы бойынша да баян-даманы Сыртқы істер министрі Қайрат Əбдірахманов жасады. Келісімге сəйкес, Тəжікстан та-рабы Қазақстан Республикасы елшілігінің ғимаратын салу үшін Душанбе қаласындағы И.Сомони даңғылының бойынан 1 га жер учаскесін 49 жыл мер зімге 1 сомони мөлшеріндегі жал дау ақысымен, ал Қазақстан тара бы Тəжікстанға Астанадағы Ш.Қал-даяқов атындағы көшеден 1 га жер учаскесін 49 жыл мерзімге 1 теңге мөлшеріндегі жалдау ақысымен пайдалануға береді.

Заң жобасы шағын тал қы-лаудан кейін бірауыздан ма-құлданды. Күн тəртібіндегі мə-селелер қаралып болған соң де-путаттар орталық мемлекеттік органдарға өздерінің сауалдарын жариялады.

Жоғары ғылыми-техникалық комиссия отырысы өтті

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Кеше Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың т�рағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның отырысы �тті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспас�з қызметі.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Отырыс барысында отан дық ғы лымды дамыту мəсе лесі тал қы -ланды. Соның ішін де, 2018-2020 жыл дарға арнал ған ғылыми, ғы-лы ми-техни ка лық бағдарла ма лар-ды бағдар ла малық-мақсатты қар-жыландыру жоспарлары қаралды.

Бұл мəселе бойынша Білім жə-не ғылым министрі Е.Сағадиев баян дама жасады.

Сондай-ақ талқылауға Жо-ғары ғылыми-техникалық к о м и с с и я м ү ш е л е р і П р е -

мьер-Ми нис трдің орынбасары Е.До саев, Қорғаныс жəне аэро ға-рыш өнеркəсібі ми нистрі Б.Атам -құлов, Қар жы министрі Б.Сұл -танов, «Қазақ стан Респуб ли ка сы-ның ұлттық ғы лым ака де мия сы» республи калық қоғамдық бір-лестігінің прези денті М.Жұ рынов, «ҚазМұнай Газ» өндіру жəне бұр-ғылау тех но логиялары ғы лы ми-зерт теу институты» ЖШС бас дирек торының кеңес шісі Ж.Құ-лекеев жəне т.б. қатысты.

Транзит саласындағы ынтымақтастық артады

Думан АНАШ,«Егемен Қазақстан»

Еңбек жəне халықты əлеу-меттік қорғау вице-министрі Нұр жан Əлтаев Үкімет үйінде өткен баспасөз мəслихатында Мем лекет басшысы жариялаған бес əлеуметтік бастаманың ішін-дегі шағын несиелендіру кө-лемін кеңейту мəселесіне арнайы тоқталды. Министрдің орын-басары бес əлеуметтік баста-маның да халықтың ең өзек ті сұраныстарын қамтып отыр-ғанын, соның бірі шағын несие-лендіруді арттыру жаппай кəсіп-керлікті дамытуға негіз болаты-нын атап өтті. Вице-министрдің айтуынша, шағын несиелендіруді арттыру ауыл тұрғындарын жаңа табыс көздерімен жəне жұмыс орындарымен қамтамасыз етпек. Мəселен, микрокредитті кеңейту шаралары биыл 14 мыңнан астам адамды несиемен қамтуға мүмкіндік береді.

Азаматтардың кəсіпкерлік бастамаларының орындалуы Нəтижелі жұмыспен қамту жəне

жаппай кəсіпкерлікті дамы-ту бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылуда. Былтыр бұл бағдарлама арқылы 7 227 шағын несие берілді. Ауылдық жерлер мен қалаларда шағын несиені алғандар қатары 6 791 адамды құрады. Сонымен қоса кəсіпкерлердің 57 пайыздан аста-мы стартап жобалары ретінде жеке кəсібін ашты. «Бастау-Бизнес» жобасы шеңберінде 15 мың адам кəсіпкерлік саласын-да оқытылып, 3 314 адам шағын несие алды. Кредиттің қол же-тімділігін кеңейту мақсатында кепілдендірілген несие беру механизмі енгізілді. 2017 жылы 420 кепілдемеге келісімшарт жа-салды. Нəтижелі жұмыспен қамту жəне жаппай кəсіпкерлікті дамы-ту бағдарламасының көмегімен былтыр шағын жəне орта биз-нес 3,6 пайызға артты. 2018 жылы аталған бағдарламаны қаржыландыруға 87 миллиард теңге қарастырылған.

«Сонымен бірге микрокре-диттеуге 20 миллиард теңге бөлі-ніп, оның 14 миллиард тең гесі

ауылдық жерлерге, 6 мил лиард теңгесі қалаға бағытта латын болады. Бұдан басқа мик ро-кредиттерді беру мөлшері қа-лалар мен ауылдар үшін қайта сараланады», деді вице-ми нистр. Яғни қалаларда жəне ауыл-ды елді мекендерде зəкірлік кооперацияларға берілетін микрокредиттің орташа мөлшері 6,5 миллион теңгеден аспайды. Ал ауылдық жерлердегі бас-қа да жобалар үшін бұл шағын несие көлемі 3,5 миллион тең-геден аспайтын болады. Бұған дейін шағын несиелеу ұйым-дары ұсынып келген пайыздық үс темелер жылына 30-50 пайыз-ды құрағандықтан, ауылды жер -лерде кəсіп ашуға мүлдем қо-лайсыз еді.

Егер ауыл тұрғыны шағын не сие алу арқылы жеке кəсібін аш қысы келсе, жұмыспен қам ту орталығына, «Атамекен» кəсіп-кер лер палатасының филиалы-на немесе əкімдікке хабарласа алады.

«Оның өтінімі бірден жұ мыс-пен қамту орталығына жіберіледі. Онда оны «Еңбек» ақпараттық жүйесі арқылы тексеріп, өтінім иесінің шын мəнінде жұмыссыз əлде өзін өзі жұмыспен қамтушы

екені анықталады. Бұдан кейін оған несиені алу жəне қажетті құжаттар жөнінде консуль-тация беріледі. Сонан соң «Бастау-Бизнес» бағдарламасы бойынша оқытуға жіберіледі. Оқыту курсын тəмамдаған соң сертификатқа ие болады да, 5 немесе 7 жылға дейін жылына 6 пайызбен несие алу құқына ие болады», деді Н.Əлтаев.

Əрине жеке кəсібін ашқысы келетін жастар көп. Бірақ ауыл-ды жерлерде олардың несиеге өтініші қанағаттандырылмайды, екінші деңгейлі банктер кепіл-деме ретінде ұсынған мүлкін көбі несе қабылдамайды. Сон-дық тан мемлекеттік бағдар-лама кепілге қоятын мүлкі жоқ кəсіп ашушыларға арналған ке-піл деме жүйесін қарастырады. Егер ол кəсібін енді бастап жат-қан жан болса, несиенің 85 па-йызына мемлекет тарапынан кепілдік беріледі. Бұл кепіл-демені ауылда болса «Қаз Агро-Гарант» ұйымы, қалада болса «Даму» қоры береді. Егер іс басындағы кəсіпкер ретінде бизнесін кеңейту мақсатында қаржы алғысы келсе, онда жы-лына 50 пайызына дейін кепілдік беріледі, деді вице-министр.

Жаңа акция аясында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мəулен Əшімбаев жасы 103-ке келген Астана қаласының тұрғыны, еңбек жəне тыл ардагері Дана Құлмұхамедқызы Досполованы құттықтады. Апамыз үйіне ар-найы келіп, мерекелік көңіл-күй сыйлаған нұротандықтарға ризашылығын білдіріп, ақ бата-сын берді.

Дана əже 1915 жылдың 12 қыр күйегінде Ақмола облы-сының Қорғалжын ауданына қарасты Жантеке ауылында ту-ған. Жастайынан еңбекке ара-ласқан асыл əжей ел тарихында ерекше маңызға ие Транссібір темір жол магистралінің құ ры-лысына да үлес қосқан. Аталған магистральді салу кезінде апа-мыз аспаз болып жұмыс істеген екен. Соғыс жылдарында да тыл да еселі еңбек етіп, Ұлы Же-ңісті жақындатқан жандардың қа тарында болды.

Дана əжейді барша нұр-отан дықтардың жəне Елбасы, пар тия Төрағасының атынан

шын жүректен құттықтап, сый-сияпат тарту еткен Мəулен Əшім баев заты асыл осындай апаларымыздың өнегеге толы

өмір жолы жас ұрпаққа қашанда үлгі екенін айтты. Олар өт кен ғасырдың қиын-қыстау кезең-дері: азамат соғысы, тарихы-мызда зұлмат жылдар деп таңбаланған саяси қуғын-сүргін жəне Ұлы Отан соғысы сияқты небір тар жол, тайғақ кешулерге

тайсалмай төтеп беріп, елінің ертеңі үшін аянбай күресе білді. Сол арқылы апаларымыз қайсар рух пен жалынды жігердің жар-қ ын үлгісін көрсетті. Соның нə-ти жесінде аяулы да асыл апа-əжелеріміз Қазақстанның тəуел-сіз ел атанғанына куə болды. Бүгінде олар азат елдің азат ұрпақтарын тəрбиелеп, неме-ре-шөберелерінің ортасында бақытты өмір сүруде.

– Мейірімділіктің нышанын-дай болған 8 наурыз – Халық-аралық əйелдер күні – əдеміліктің, ізгіліктің жəне жылылықтың

мерекесі. Соған орай «Нұр Отан» пар тиясы «Ел аналары» де-ген ауқымды шараны қолға алып отыр. Осы акция аясында партияның барлық филиалдары ғасыр жасаған жəне жасы жүзден асқан əжелерімізді үйлеріне арнайы барып құттықтауда,

– дейді Мəулен Əшімбаев.Шын мəнінде əулетінің

ғана емес, тұтас еліміздің ал-тын қазығы, береке-бірліктің ұйытқысы болып отырған осын-дай апа-əжелеріміздің өмірінен алар сабақ мол. Сондықтан нұротандықтар абыз аналарды жеке-дара құттықтап, ақ батала-рын алуды өздерінің абыройлы міндеті деп санайды.

– Ел басына күн туған қиын-қыстау шақта етігімен су кешіп, келешек ұрпақ үшін жанын беріп еңбек еткен аяу-лы жандарға құрмет көрсетуді өзіміздің азаматтық борышымыз деп есептейміз. Өйткені біздің бүгінгі бақуатты өміріміздің бастауында еліміздің іргесі берік, бірлігі бекем болуына зор еңбек сіңірген осындай ана-ларымыз тұр, – деген Мəулен Əшімбаев Қазақстандағы барлық ақ жаулықты əжелер мен аяулы аруларды айтулы мерекемен шын жүректен құттықтады.

Бүгінде Қазақстан бойынша жасы жүзге жеткен жəне ас қан 415 əжей бар. Олардың басым бөлігі, яғни 80-і Оңтүстік Қазақ-стан облысында тұратынын атап өткен жөн.

Айта кетейік, «Ел анала-ры» акциясы еліміздің барлық өңі рінде өткізілуде. Соның ая-сында нұротандықтар облыс, аудан орталықтарымен қатар, шалғайда орналасқан ауылды жерлердегі апа-əжелерімізді де арнайы барып, мерекелерімен құттықтауда.

Шағын несиелендіру 14 мың адамды қамтиды

«Ел аналары» – ауқымды шара

Қайырымдылық қаражатпен шектелмейді

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстандағы қайырымдылыққа арналған баспас�з конференциясы �тті.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Рауан ҚАЙДАР,«Егемен Қазақстан»

Халықаралық əйелдер күні қар саңында, мыңдаған адамдарды жақсылық жасауға рухтандыра-тын елдегі ірі қайырымдылық ұйым дары мен қозғалыстардың негі зін қалаған əйелдер қатысып, пікір лерін білдірді. Олардың қа-тарында «Қайырымдылар клу-бы» еріктілер қозғалысының не-гі зін қалаушы Гүлмира Əбді ра-шева, «Əлемжан жолы» қо ғам дық қорының директоры Құра лай Исе-нова, Астана қаласы əкім дігінің «Ма мандандырылған балалар үйі» МКМ бас дəрігері Сəуле Кен же баева жəне мүгедектердің «ДОС» тəуелсіз өмір орталығы» қо ғам дық бірлестігінің атқарушы дирек торы Қарлығаш Тынабекова бар.

Жиында сөз алған «Қайы рым -дылар клубы» еріктілер қоз ға лы-

сының негізін қалаушы Гүл мира Əбдірашева өздерінің осы уа қыт аралығында атқарған қыз мет-теріне тоқталып, түрлі шара ларға шолу жасады. Ал «ДОС» тəуелсіз өмір орталығы» қоғам дық бірлестігінің атқарушы дирек-торы Қарлығаш Тынабекова орта-лықта бұрындары жұмыс жасаған мүм кіндігі шектеулі жандарға арнал ған үйірменің жұмысы қайта бас талатынын баян дады. Оған кез келген мүгедек жанның қаты суына мүмкіндік барын жəне үйре нем деп келген жандарға үйір-менің кестесін өз уақытына қарай ыңғайлап беретінін жеткізді.

Гүлмира Əбдірашеваның ай-туынша, жақсылық жасау үшін қалталы болу міндетті емес, ең бастысы, мұқтаж жандардың мұңына құлақ түріп, олардың көңіліндегі ойды көре білетін көз бен көмектескім келеді деген ниет болса жеткілікті.

Page 3: E-mail: info@egemen.kz №47 8 НАУРЫЗ, …текті аналары ежелден ар мен намыстың нақты өлшемі, сұлулық пен сымбаттың

8 НАУРЫЗ 2018 ЖЫЛ 3

Инфографиканы жасаған Амангелді ҚИЯС, «Егемен Қазақстан»

ҮНДЕУ

Тілектес ЕСПОЛОВ, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры, ҰҒА академигі

Қазақ ұлттық аграрлық уни­вер ситетінің ұжымы Елбасы Үндеуіндегі маңызды бес бас­таманы қолдап, онда айтылған шешуші мәселелерді ерекше ықы ласпен қабылдады. Прези­дент анықтап берген ұтым ды ұсыныстар барша қазақ стан­дықтардың өмір сүру деңгейін жақ сартып, халықтың әл­ауқа­тын көтеруге бағытталған. Осы орайда, Үндеудегі жоғары білім алудың қолжетімділігі мен са­пасын арттырып, студент жас­тардың жатақханадағы жағ ­дайын жақсарту, шағын не сие кө ле м ін көбейтуге қатыс ты үшін ші ұсы нысқа ерекше тоқ­талып өтсек.

Мемлекеттің кемел келеше­гін қамтамасыз ететін негізгі ресурс – ол адам капиталы. Алай да бұл ресурстың мұнай, газ және басқа да пайдалы қаз­ба байлықтары сияқты қайта қалпына келтірілмейтіні табиғи заңдылық. Дегенмен ең басты ұлттық ресурс саналатын адам капиталын дамыту мақсатында мемлекетіміз барлық жағдай ды жасап отыр.

Үндеуде, биылғы оқу жы­лын да студенттерге арналған білім беру гранттарын 20 мың бірлікке көбейту жөнінде нақты тапсырма берілді. Оның 11 мыңы ақпараттық технология, робот­техника және нанотехнология­лар саласындағы инженер ма­мандарды оқытуға бағытталмақ. Бұған қоса техникалық және ауылшаруашылық маман дық­тары бойынша барлық жоғары оқу орындары гранттарының құнын ұлттық жоғары оқу орын­дарының гранттары деңгейіне дейін көтеру көзделіп отыр. Бұл қадамды Қазақстандағы адам капиталын арттыруға салына­тын интеллектуалды инвести­ция деп қабылдағанымыз дұрыс. Осындай стратегиялық бастама­лар арқылы мемлекет жастарға ерекше қамқорлық көрсетуде.

Қ а з і р г і у а қ ы т т а е л

эконо ми касын жандандыру үшін бірінші кезекте әлемдік нарықта экспортқа бағытталған, бәсекеге қабілетті, сапалы өнім көлемін мол айту, азық­түлік қауіпсіздігін қам тамасыз ету міндеті тұр. Сон д ықтан респуб­лика мыздың агр о өнеркәсіп кешенін «ақылды тех но логия­лар» арқылы дамытуды іске асыру кезек күттірмей тін өзек­ті мәселе болып тұр. Бұл рет те мемлекет, әсіресе, елі міз дің жар ­қын болашағына қыз мет ете тін жастарға үлкен сенім артуда.

Университет Елбасының ұсы ныстарын қолдай отырып, «Агроөнеркәсіп кешеніндегі цифрлы технология» деп ата­латын жаңа мамандық ашу бо­йынша жүйелі жұмыстар жүр­гізіп келеді. Жаңа білім мен ин нов ациялық технологиялар­ды тартып, Қазақстан жағдайы­на бейімдеу мақсатында уни­верситетте отандық агроөнер­кәсіп тік кешенге цифрлы жүйе енгізуді қамтамасыз ететін «Си­туа ция лық орталық» жұ мыс істейді. Бұл бағытта бар лық ма мандықтар бойынша агро ­бизнесті ұйымдастыру, кәсіп­кер лікті басқару, биоэконо­мика, биоинформатика, жо­баларды басқару сияқты жаңа пәндер, «Ауылшаруашылық ғылымдары», «Ветеринария» мамандықтары бойынша «Мо­лекулярлы биология негіз дері» пәндері енгізілді. Бұл Елба­сы анықтаған «Төртінші өнер­кәсіптік революция жағ дайын­дағы жаңа экономикада» зор сұранысқа ие болатын кәсіби біліктілігі жоғары, заманауи тех­нологиялармен қаруланған жаңа маманды даярлауға мүмкіндік береді. Ал «ақылды техниканы» меңгеріп, басқара алатын жаңа буындағы озық мамандарды дай­ындау үшін жоғары оқу орында­ры бүгінгі заман талаптарына сай өз инфрақұрылымдарын жаңғыртуы қажет.

Бүгінгі таңда Қазақ ұлттық аграрлық университеті тағам қауіп сіздігі, топырақтану және агрохимия, жылу энергети­ка сы, биотехнология сияқ ты 11 ма мандық бойын ша және

мем лекеттік индус трия лық­ин­но вациялық даму бағдарламасы бойынша мамандар дайындауды іске асырып отырған республика көлеміндегі 10 белді жоғары оқу орны санатына енген. Аталған мамандықтар бойынша жасалған модульді бағдарламалардың жұ­мыс берушілердің сұранысын қанағаттандыра алатын инно­вациялық бейіндігі бар. Осы бағыттағы жұмыстарды тиімді жүргізу мақсатында универ­ситетте жаңа 11 лаборатория ашылды. Оның ішінде «Жасыл эко номика» және клеткалы ин­женерия» зертханасын ерек­ше атауға болады. Онда ауыл­шаруа шылық жануарларын баға лаудың кешенді түрдегі молекулалық­генетикалық са­рап тамасы, генетикалық моди­фикацияланған жануарлардың мониторингі, отандық селек­ция нәтижесінде шығарылған және шетелден әкелінген асыл тұқымды малдардың қауіп­сіз дігін бағалаудың әдістем е­лерін жасақтау мен бекіту, асыл тұқымды жануарлармен моле­кулалық­генетикалық деңгейде жұмыс жасаудың нормативтік құжаттарын түзу сияқты өзекті мәселелер қолға алынуда.

Университетімізде Қазақ­стан ның агроөнеркәсіптік кешенін технологиялық жаң­ғыр туға ықпалдасу мақ сатын да Қазақстан – Беларусь агро ин­женерлік инновациялық орта­лығы жұмыс істейді. Оның қыз меті аграрлық саладағы тех­ника «тілін» меңгерген, сапа лы инженерлерді даярлауға бағыт­талған. Қазірдің өзінде ауыл­шаруашылық дақылдарын өң­деп, өсіруге арналған трактор­лар, комбайндар және ауыл­шаруа шылық машиналарын зерттеу үшін он оқу зерт ха насын құру жұмыстары аяқ талуда. Мұның барлығы универ си теттің мемлекет қойған талап­мін дет­тер негізінде тиімді де нәти желі жұмыс атқарып жатқан дығы ның айқын көрінісі.

Бүгінгі күні еліміздің Ауыл шаруашылығы министр лігі­нің ұсынысымен республи­камыздағы екі ғылыми­зерт­теу институтын: Картоп және көкөніс шаруашылығы ҒЗИ мен Жеміс және жүзім шаруа­шылығы ҒЗИ­ды ҚазҰАУ­ға сенімді басқаруға беру тура­лы шешім қабылданды. Бұл отандық агроөнеркәсіптік

ке шенді ауқымды жаңғырту бойынша Елбасы тапсырмасын жүзеге асырудағы ғалымдардың қосар үлесін молайтуға септігін тигізбек.

Үндеуде Мемлекет бас­шысы мемлекет­жекеменшік әріптестігінің қатысуымен 75 мың орынға арналған студенттік жатақханаларды 2020 жылға дейін салуды жоспарлағанын атап өтті. Бұл ретте Білім және ғылым министрлігі жатақхана құрылысына бағытталған инвес ­тиция бөлігін бірте­бірте қай­таруға кепіл береді. Бұл, әсіресе, 99% ауыл балалары білім ала­тын біздің университетіміз үшін қуана қабылдайтын жаңа баста­ма болғаны анық. Бүгінгі таңда университетімізде жатақханаға мұқтаж студенттердің 40%­ы ғана жатын орындармен қам ­тамасыз етілген. Есептік көрсет­кіштер бойынша студент тер және жас ғалымдарды жатақ­хана мен толық қамтамасыз ету үшін қосымша 27 мың шаршы метр қажет.

Университет оқытушы лары­ның көп бөлігін жас ғалымдар құрайды. Олардың көпшілігі бас­панамен қамтамасыз етілмеген. Елбасы Үндеуіндегі әрбір от­басына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беруге қатыс­ты бірінші бастамасы, әсіресе, жас отбасылардың баспаналы болуы үшін жасалып отырған оңтайлы қадам екенін атап өтуіміз керек. Елбасы ұсынған әлеуметтік маңызы бар «7 – 20 – 25» бағдарламасы халықты тұр­ғын үймен қамтамасыз етудің ең тиімді тетігі деп есептеуіміз керек. Мемлекет басшысы атап өткендей, «Несие өсімінің мөл­шер лемесі қазіргідей 14­16% емес, жылына 7%­дан ас пай­тын болады, ал бастапқы жар­на баспана құнының 20%­нан аспауға тиіс».

Қорыта айтқанда, біздің мақсатымыз – ауыл­ауылдар­дан келген студенттерімізге тиісті білім беріп қана қоймай, оларды ел мен жердің қасиетін бағалайтын ұлт зиялысына ай­налатын тұлға ретінде қалып­тастыру. Сондықтан Ел Пре­зиденті Н.Ә.Назарбаевтың жоғарыда аталған бастамалары міндетті түрде тәуелсіз Қазақ ­станның қазіргі заман талап­тарына сай әлеуметтік­эконо­микалық дамуына жаңа серпін берері сөзсіз.

Адам капиталы –ең басты ұлттық ресурс

Мейірхан АҚДӘУЛЕТҰЛЫ,«Адырна» әдеби-көркем журналының бас редакторы

Елбасы Үндеуінде «Бұл қадам талайдан бері менің көкейімде жүр. Бірақ Қазақстан алдымен бойына күш, қазынасына қаржы жинап, қуатты елге айналуы ке­рек еді. Міне сол күн де туды!» деген жолдар бар. Адам жа ны­ның толқынысына толы, жүрек­тен айтылған, жүректің қуаны­шы мен айтылған сөздер бұл. Елі міз дің ширек ғасырдан сәл ар тық уақытта өткен ұлы жо­лы, бү гінгі жеткен биігін сана­мен қа йта сараптасаң ғана осы бір ұлы тұлға үшін, осы ел дің, мем ле кетт ің бас ұстасы, біре­гей сом дау шысы Нұрсұлтан Назарбаев тың ке меңгерлігін тағы бір түй сіне сің және онымен бірге қуанасың.

Елбасының бұл Үндеуі оның о баста Қазақ елі үшін, қазақ халқы үшін күллі күш­қуатын, туабітті

кемеңгер ақыл­ойын қалдықсыз жұмсап келе жатқанына тағы бір рет көзіңді жеткізеді.

«Сол күн туды!». Демек Ел­б а сының саясатында салқын ақыл, сабырлы ой мен елге, елдің болашағына деген қайсар сенім қай тұста да сыр берген жоқ. «Алла деген сөз жеңіл» дейді Абай. Сөз ғана. Ал іс миллион есе ауыр. Қазақтың талайына туған осы кемеңгердің қандай жүк арқалағанын қазіргі қазақтың, Қазақ елінің жеткен биігіне қарап елестетуге болады. Демек біз де Елбасымен бірге қуанышпен айта аламыз: «Сол күн туды!».

Елбасы Үндеуде қазақтың үш ұлы ханы Қасымның, Әз Тәуке­нің, Абылайдың есімдерін атай­ды. Біз қазіргі күрделі ғасыр­да Қазақ елін биікке шығарған ұлы тарихи тұлға Нұрсұлтан Әбішұлын да саналы түрде осы санатқа қосар едік.

Ал бес бастамаға келсек, мұ ­ның жалпы халықтың тұр мы сын бұрынғыдан да көркейтіп, еңсе­сін көтере түсеріне күмән жоқ.

Жүректің ісі, жүректің сөзі

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қазақстан басшысы Н.Ә.Назарбаев «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» Үндеуінде жоғары білім беру саласы-на қатысты көптен бері көпшіліктің ойында жүрген мәселені көтерді, соған байланысты тапсырмалар да берді. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Парламент палаталарының бірлескен отырысында халыққа арналған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуі елдің әлеуетін көтеретін тарихи қадам болды.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Александр СМИРНОВ,«Суоми» карел-фин ұлттық-мәдени бірлестігінің төрағасы

Президент атап өткендей, қазіргі кезде еліміздің жоғары оқу орындарында 530 мыңнан астам студент білім алып жүр. Олардың 30 процентке жуығы мемлекеттік грант бойынша оқуда. Бұл әр он студенттің же­теуі университеттер мен инс­ти туттарда оқу ақысын өз қал­та ларынан төлеп жүр деген сөз. Қазіргі заманда білім бола­шақ маманның бәсекелестікке

қабі леттілігін анықтайды. Себебі жақсы білім – сенімді іргетас. Ол жас адамның өз мүмкіндігін іске асырып, экономикалық жағ­дайын жақсартуға жол ашады.

Экономикалық тұрғыдан білімді, өз­өзіне сенімді жас­тар бүгінде және болашақта елі мізге қажет. Ол үшін, әрине, маман өз өмірінің барлық сала­сын жаңғыртуы тиіс. Мемлекет басшысы Үндеуінде жаңа оқу жылынан бастап жыл сайын бөлінетін 54 мың мемлекеттік грантқа қосымша 20 мың грант бөлуді тапсырды. Оның 11 мы­ңы техникалық мамандықтар

бойынша бакалаврлық білім беруге тиесілі болады. Сондай­ақ ол жаңа оқу жылында мем­ле кеттік грантқа ие болатын сту дент­жастардың қатарын 37 про центке арттырмақ.

Міне, бұл «Төртінші өнер­кәсіп тік революция жағ дайын­дағы жаңа экономикаға» сұра­нысқа ие болатын жаңа маман­дар даяр лауға мүмкіндік береді. Техно логиялық серпілісте еңбек рыногында инженерлер, ақпа­рат тық технология, робот­тех­ни касы, нанотехнология сала ­ла рын да маман­кадрлар ерек­ше сұ ранысқа ие болады. Сол се беп тен мемлекет жастарға мүм кін дігінше қолдау көрсетіп отыр.

Жоғары білім адами капи­талды құрудың және дамыту­дың факторы екені белгілі. Осы

мәселелерді Президент өзінің Қазақ стан халқына жолдау­ларын да да атап көрсетіп келе ді. Жа сыратыны жоқ, біздің елі міз­де біліктілігі жоғары маман дар тапшылығы проблемасы бар. Оның басты себебі оқу орын ­дары түлектерінің орташа бі лім дең гейінің төмендігінде жатыр.

Бүгінде еңбек нарығында ақпараттық технологияны мең­герген, дарынды, болаша ғынан зор үміт күттіретін мамандар ға сұраныс ерекше жоғары. Мем ­лекет басшысы, сондай­ақ жо­ғары оқу орындары мен кол­ледж дердің студенттерін жатақ­ханамен қамту мәселесі өте өзек ті екеніне де назар аудар­ды. Соған сәйкес 2022 жыл дың соңы на дейін студенттер ге ар­нал ған кемінде 75 мың орын дық жаңа жатақхана салынады.

Жақсы білім – сенімді іргетас

Бақытбек СМАҒҰЛ,Ауған соғысы ардагерлері ұйымдары «Қазақстан ардагері» Қауымдастығының төрағасы

Қазіргі заман сын­қатерлерге, теріс «тосын сыйларға» толы. Бұл кейбір елдерде саяси, эконо­ми калық қана емес, сондай­ақ әлеу меттік «зілзалалар», ради­калды үрдістер туғызып, сол мемле кет тердің ұстындарын шайқал ту да. Мұндай жағдайда тек шын мәнінде қуатты мем ле­кет тер ғана әлеуметтік инф ра құ­ры лымды нығайтуын жалғас ты­рып, өз азаматтарының өмір дең­гейін одан әрі көтеруге қау қарлы. Елбасының бүгінгі «бес әлеу мет­тік бастамасы» Қазақстанның қуа­ты мен әлеуетін әлемге танытты.

«Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» өркендеу үшін жаңа алғышарттар туғызады. Бұл рет­те ол бұған дейін жарияланған және жүзеге асырылып жатқан жаңғыру идеяларымен жақсы қабысады.

Егер жіті үңілсек, Нұрсұлтан Назарбаевтың осы бастамалары, ең алдымен, ешкімге масыл бо­лып қарап отырмайтын, қайта бойын дағы бар әлеуетін қажетке жар атып, еңбек ететін, ілгері баса­тын, білім­ғылым игеретін бар ша жігерлі қазақстандықтарға арнал­ғанын байқауға болады. Атап айтқанда, ресми табысы бар, бірақ баспанасы жоқ азаматтар­ға 7 пайыздық мөлшерлеме мен 25 жылға жеңілдетілген ипоте ка берілмек. Жалақысы төмен са­налатын жұмыскерлерге салы­натын салық он есе азайтылып, 1 пайыз ғана болады. Мұндай игілікті тіпті дамыған елдер­де табу қиын. Сонымен бірге ЖОО­ға түскісі келетін жастар үшін білім гранты 20 мыңға

ұл ғай тылады. Бес жыл ішінде ең кемі 75 мың студентті қамтитын жаңа жатақханалар қолданысқа берілуге тиіс. Бұдан бөлек, өз бизнесін ашқысы келетін іскер­ісмер жандарға биыл 62 миллиард теңге көлемінде шағын несиелер ұсынылады. Мұның барлығы халық тарапынан кең қолдау та­барына сенемін. Өйткені кез кел­ген ға сырда, кез келген қоғамда жаң ғырудың ұстыны – экономи­ка лық белсенді тұрғындар мен тиімді жұмыс жасайтын инсти­туттар болған.

Мәселен үйі болмай, күйі кел­мей жүрген отбасылар дан рухани жаңғыруды, жаңа тех нологиялық серпінге септесуді сұрау қиын.Демек, бес бастама болашақ қа да бағдарланып отыр. Ал елі міз­дің келешектегі даму бағ дары мен бет алысы бүгінгі жаң ғыру­лардың табысына тікелей байла­нысты болады.

Тағы бір назар аударар жайт, бірлік ұғымы Елбасының бү гін­гі Үндеуінің өн бойына «алтын арқау» болып өрілген. «Бүгін гі бастамалар еліміз тұтас, қоға­мы мыз тұрақты болса ғана та­бысты жүзеге асады. Ал ел бір­лігі – ең бірінші, қазақтың бір­лігі. Жаһандық көштің басын да жүретін мерейлі ел болу үшін бір лік пен ынтымақ алды мен өзі міз ге, қазаққа керек. Тарих­тың өзі дәлелдеген бір ақи қат бар – хал қымыз бірлікте бол са кү шей ген, бірлігі қаш са әлсі ре­ген», – деді Мемлекет басшысы.

Ендеше азаттықтың ширек ғасырдан астам тарихында тату­лығы мен келісімін сақтай білген Қазақ стан халқы үшін енді әрі қарай да айнымас ауызбірлігін, жар қын болашаққа ұмтылысы мен жасам паздығын бекемдей түсуі – парыз. Себебі Елбасы айтқан дай, Үндеудің сыры – бірлікте, жүдеу­дің сыры – алауыздықта.

Ержан САЛТЫБАЕВ, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының (ӘЭСИ) директоры

Президент жариялаған бес бастаманың әрқайсысы өзінің мазмұны бойынша айқын. Олар мемлекеттің әлеуметтік саясат жүйесінің, көптеген мемлекеттік ресурс тар бағытталған, нақты бел­гіленген салалардың (жоғары білім беру, тұрғын үй құрылысы, т.б.) ай тар лықтай жаңаруын білдіреді.

Біріншіден, ипотекалық кре­диттеу қайта жандандырылуда. Ел үшін қиын экономикалық жағдайларға қарамастан, мемле­кет ғаламат шаралар қолдануда. «7 – 20 – 25» бағдарламасы ая­сында ипотеканы арзандату – бұл жүз мыңнан астам жас отбасылар үшін тиімді мүмкіндік.

Екіншіден, жалпы жаңғырту жолына білім беру гранттарын көбейту жоспарланған. Жаңа 20 мың бюджеттік грант, ең ал­дымен, ауыл жастарының жо­ғары білім алуына жол ашады. Цифрландыру трендтерімен ілесетін индустриялық даму үшін қажет инженерлік­техникалық кадрларды дайындауға аса ерек­ше көңіл бөлінеді.

Үшіншіден, тұрғын үй құры­лысы мен банк секторларын

қол дау арқылы барлық экономи­калық жүйе үшін мультип лика­тивтік нәтижеге бір мезгілде қол жеткізіледі. Жалпы құрылыс ин­дустриясында жаңа өсімді күтуге болады. Бұл он мыңнан астам жаңа жұмыс орындарының пайда болатынын білдіреді.

Төртіншіден, микрокредит­теуді, қамтуды жыл сайын 7 мыңнан 14 мыңға дейін ұлғайтып, екі есе көбейту өзін­өзі жұмыспен қамтыған халықтың мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда Қазақстан са­лық салу мөлшерлемесі төмен мем лекет екенін айтып өткен жөн. Бірақ салық жүктемесін жалақы сы төмен адамдар үшін 10 есе, яғни 1%­ға дейін төмендету – мем лекет тарапынан жасалған түбе гейлі шара, 2 млн­нан астам адам сол ш араның бенефициарла­рына айналады. Жалпы алғанда, заманауи әлем жағдайларында Елбасының бастамаларына тең­дес шаралар жоқ.

Президент елімізге Конс­титуцияда берілген анықтаманы – әлеуметтік мемлекетті – сөзбен емес, іспен шын мәнінде жүзеге асыруда. Ұзақмерзімді тұрақты даму үшін берік негіз болып табылатын адам капиталының өсуіне алғышарттар мен еліміз­дің барлық азаматтары үшін сапалы әлеуметтік жағдайлар жасайтын бүгінгі бастамалар сол анықтамаға толықтай сәйкес келеді.

Бірлігі бекем елдің болашағы жарқын

Нақты қажеттіліктерді ескерген бастама

Page 4: E-mail: info@egemen.kz №47 8 НАУРЫЗ, …текті аналары ежелден ар мен намыстың нақты өлшемі, сұлулық пен сымбаттың

4 8 НАУРЫЗ 2018 ЖЫЛ

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Тәуелсіздік алғаннан бері мемлекеттің сыртқы саясаты стратегиялық бағыттардың бірі ретінде ерекше маңызға ие екені белгілі. Бүгінгі таңда осындай жауапты салада қызмет етіп жүрген әйелдер де баршылық. Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Егемен Қазақстан» газеті Сыртқы істер министрлігінің баспас�з қызметімен бірлесе отырып дипломат әйелдер арасында сауалдама жүргізіп, бірнеше сұраққа жауап алған болатын. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

ҚОҒАМ

«Ешқашан қартаймаңыздар»

Əредік қазақ радиосы эфирінен: «Жүрегім жыр толғайды, Көңілім ортаймайды, Анасы бар адамдар, Ешқашан қартаймайды...» дейтін қоңыр дауыс əнші Нұрлан Өнер-баевтың орындауында қалықтап тұрады. Сондай бір жүрекке жылы, мамырдың майда самалындай, Абай атамыз айтпақшы «құлақтан кіріп, бойды алар» əнінің сазын жазған композитор Марат Омаров бол-са, сөзінің авторы марқұм Қайрат Жұмағалиев.

Марқұм Ақселеу Сейдімбек осы əнді тыңдап отырып: «Қайрат екеуміз бір-бір ананың етегіне оралып өскен бейбақтармыз. Бір үшін анадан биік асқар жоқ. «Анасы бар адамдар, ешқашан қартаймайды». Бұл сөз кез келгеннің аузынан шыға салатын дүние емес. Анаға деген ұлы махаб-баттан туатын тіркес» десе, ойшыл-жазушы Əбіш Кекілбаев «Қайрат сөзін жазған əнді қосыла шырқайтынбыз. «Анасы бар адамдар ешқашан қар-таймайды» – оның бұл сөзімен келіс-пейтін қазақ бар ма екен?! Қайрат ақын анасы Жаңыл апайдың аңырата сала тын назды əнімен өн бойыңды елжіретер тебіреніс гөйгейін аңсап, сарғая сағынып жазғаны бұл», деген екен.

Өз басым Қайрат ағамен тірісінде бірнеше дүркін дастарқандас бол-дым жəне 2007 жылы 70 жасқа тол-ғанда шағын толғау жаздым. Сонда аңғар ғаным, Қайрекеңдей анасын ардақтайтын адам кемде-кем. Жа-рықтық əңгіме арасында «Анашым мені аузына тістеп жүріп адам қылды» деп езіле еңірейтін.

– Сонау бір жылдары, – деп еске алатын марқұм, – қойнауы құт Нарынға жаңадан полигон салатын болып, күллі жұртты түп қопарып оңтүстікке кө шірді. Осылардың арасында сегіз жасар мен жəне анам екеуміз бірге кеттік. Көшкен елді Жетісайға əкеледі. Жат жердің табиғатына сіңісе алмай келген елдің балалары іш ауруына шалдығып, қынадай қырылады. Мен де ауырдым. Ыңыршағы айналып, хал үстінде жатқан кеспіріме налыған анам:

Құдайдан сұрап алған шыбыным-ай,Бағуға шыбынымның қиынын-ай!Қарғамды қанаттыға қақтырма деп,Жүремін бір Аллаға сыйынып-ай!

Ішінде көп қойымның қоңыр саулық,

Қосақтап саулықтарды күнде саудық,

Құдайдан жатып-тұрып мен тілеймін,

Деніне қарағымның бергей саулық, – деп, күні-түні зарлады...

«Сөйтіп мені ажалдан алып қалған – анамның көз жасы», деп еңіреуші еді Қайрекең.

Осылай төніп келген бір ажалдан аман қалған Қайрат аға Жетісайдан орта мектепті бітіріп, Алматыға оқу-ға аттанады. Ұлын шығарып салып тұрған анасы: «Маңдайыма тəңір жаз ған жалғызым-ай, алдыңда арқа сүйер ағаң, артыңда тұяқ тірейтін інің болмады-ау. Тұмсықтыға шоқытпай қанатыңды жетілдірдім балам, тұяқ-тыға тырнатпай қауырсыныңды қа-райттым қарағым. Енді міне, ат айы-лын тартып мініп, алыс сапарға аттанғанда, менен басқа шығарып салатын ағаң мен інің жоқ, осыны ойлағанда бауырым езіліп, жүрегім жұлынар болды-ау», деп зарлапты.

Осы оқиғаны айтып отырып Қай-ракең тағы да еңкілдеп қоя беретін.

Шіркін, өмір бір орнында тұр-майды. Сонысымен де жақсы. Қай-ғыны ұмыттырады, шерді тарқатады, жараны жазады, жанды емдейді, жалғызды көп қылады, жарлыны бай қылады...

Қайрат Жұмағалиев оқуын бітір-ген соң Алматыдан қызмет табылып, сонда орнығады. Ауылдағы анасын көшіріп, қасына алады.

«Анам – дейді Қайрат аға, – Ал-матыға келген соң қайта туғандай болды. Күні-түні тыным таппай, зыр жүгіреді. Сөйтіп жүріп, барлық шаруа-сын əн айтып жүріп істейді. Бұрын ондайын байқамаған екем. «Неге күні-түні əн салып жүретін болғансыз?» деп сұрадым. Анам жарықтық басындағы жаулығын сəнімен түзеп алды да, мені жаңа көргендей ұ-з-а-ақ тесіліп қа рады. Содан кейін айтты: «Мен ғұмыр бойы сені күнде көріп жүретін күнге жетсем деп Алладан тіледім. Сол тілегім орындалды. Мен əн сал-ма ғанда, кім əн салады деді».

Осы сөзді айтты да Қайрекең тағы еңкілдеп кетті.

Мен бейбақ жоғарыдағы «Анасы бар адамдар, Ешқашан қартаймайды» дейтін сөздің жай адамның əншейін ауыздан шыға салмайтын тіркес екеніне толық көз жеткізіп, сонымен қатар анаға деген бала махаббатының нағыз үлгісін көрдім. Шынында да ешқашан қартаймай жүргенге не жетсін!

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ,«Егемен Қазақстан»

Талғат СҮЙІНБАЙ,«Егемен Қазақстан»

Сал танат Əзірбек автомо-би ль нөпірі халқының саны-на тая ған Алматы шаһарында аса жауапты қызмет атқарады. Əңгімені «көркем сөзді» деп бастауымыздың мəнісі – Салтанатқа жаратылыстың бер-ген сыйы шығар, елде гі үстем екі тілде де, оның өте көркем де мəнді сөй лей білетіндігінде. Жасы ра тын несі бар, бүгінде Ал ма тыдағы журналис тер қауымының үлкен ша һар дың тыныштығы бей не осы Салтанат-тың қо лында тұрғандай сезіне тіні де бар. Өйткені мегаполистегі қандай да бір тосын немесе төтенше оқиға болсын, алғашқы ақпарат Алматы қа ласы ІІД рес-ми өкілі, по лиция подполковнигі Салтанат Əзірбектің қолы нан өтеді, БАҚ-қа содан соң жетеді. Салтанаттың сара бынан өткен қандай да бір деректің шикілігі жоқ, нақты құжат саналады. Бұқаралық ақпарат құралдары 2016 жылғы 18 шілдедегі Алматыда Руслан Күлікбаев жасаған 25 минуттық зұлматта жур на листермен тікелей бай-л а ныста отырып, бірден-бір де-рек көзі болғанын əріптестер ұмытқан жоқ...

Ханымдар мерекесі қар са-ңында «от пен оқтың орта сында» жүр ген біздің əріптесіміз Сал-танаттың ерлікке пара-пар əрбір жауынгерлік іс тері туралы жазу кез келген тілшіге еш қиындық ту дыр масы ақиқат. Шыны со-лай! Ол нағыз əмбебап ма ман,

нағыз офицер, құ ра лайды көзден атқан мер ген, департаменттегі нə зік жандылардың алғы шеп-те гі жетекшісі... Əйтсе де, өзінің есімін атауды жөн көр ме ген онымен қызметтес бір офи-цердің Салтанат туралы таза адам гершілік қағидаттарына қа тысты айт қан бір əңгімесі жа-дымнан еш шығар емес...

Ұлы Жеңістің 70 жыл ды-ғының қарсаңы екен. Екі мəрте Кеңес Ода ғы ның Батыры атақты əс кери ұш қыш Талғат Бигел-ди новтің жұбайы қалалық ІІД-не Салтанатты іздеп ке леді. «Айналайын Сал танат, (Ол кезде 90-ның тө рін дегі Батыр ағамыздың кө зі тірі, – авт.) ағаларың қа лада «Нивасымен» арлы-бе рілі шаруамен ша-уып жүр генде жол ережесін байқамай бұзып, бірнеше мəрте бейнекамераға түсіп қалыпты. Үйге 38 мыңдай теңге айыппұл келіп тұр. Соны жеңілдікпен жоюдың жолы болмас па екен?!» Салтанат орнынан атып тұ-рып, апайды орындыққа жай-ғастырады. «Талғат Би гел динов ағамыз дейсіз бе? Əрине болады... апай, тү біртекті маған беріңіз! Бізге бейбіт өмір сыйлаған Батыр ағамызға, тек қана екі мəр те батыр ағаларымызға, əрине жеңілдік жасаймыз!..» «Компьютерге ен-ген айып пұл кестесін желіден жою дың ешқандай да амалы жоқтығын жақсы білетін біз д ер бастығымыздың бұл қы лығына таңданғанымыз да рас,» – дейді офицер. Сөйт се, қонақ кеткен соң Сал танат мекемедегі касса ға барып, батырдың мой нын дағы

айыппұлын өз і н ің айлық жалақысының есе бінен төлеп тастапты.

Салтанаттың əріптестері оның кез келген қысылған жанға заңды əрі құқық шең бе рінде қолұшын беруге əзір тұра тындығынан бұрыннан да хабардар-тын. Алайда, тал дыр маш жетек-шілерінің қазақ тың аңыз ада-мына жасаған таңғаларлық сол бір əрекеті ұмытылмастай естерінде қалыпты... Халқы қаді р-леген қаһарманға Сал танаттың көрсеткен бұл құрметі мені де қатты таңғал дырды. Тілшілік қыз мет те бұдан бірнеше жыл бұрын Салтанат Əзірбектен өзім алған жайдары сұхбат есіме түсті. «Балабақшада ұл балалар ұшқыштың киі мін киіп, қыз ба-лалар қо л дарына қуыршақ ұстап су рет ке түсетін дəстүр бо лған. Мен «қуыршақ ұстамаймын, ұш қыштың киімін киемін...» деп алғаш рет шу шығарған тəр-биеленуші екенмін. Осы мі незім менің өмірлік ар ма ным ның бас-тамасы болған секілді...» деген еді сонда Салтанат ұяң жымиып.

...Өткенде елміздің Бас про-куратурасы Салтанатқа «құда түсіп» Астанаға жо ғары лауа-зымды қыз мет ке алдыртып жа-тыр екен-ді естігенде Алматы жур налистерінің көңілдері жа-быр қап қалғаны да тегін емес. Əрине, олардың бар лығы да Салтанаттың қыз метінің өсуіне тілектес. Бі рақ, бұл қылмыстық-құ қық тық саланың білгірі по-лиция под полковнигі Салтанат «Алматыда жүре берсе, біз дің шамшырағымыз ғой...» де ген шынайы əріптестік іш тартқан сезімдері ғана бола тын...

АЛМАТЫ

Суретті түсірген Нұрманбет ҚИЗАТҰЛЫ

«Салтанат біздің шамшырағымыз ғой!..»

Мирас АСАН,«Егемен Қазақстан»

Көктемнің көрікті шақтары көңіл көкжиегін көкке серпитін кез дері аз емес. Ондай уақытта ша быт шанағынан шуақ төгіліп, адамзаттың анық бастауы – Аналарды, қырмызы қыздар мен қызғалдақ құрбыларды жыр ға қосып, əр əңгімеге арқау ет кің келіп тұрады. Аруларды сол мерейлі мезгілдің алғашқы ап тасында құттықтайтындар аз емес. Біздің тілек те сондай ізгі ниетті өзіне мақсат тұт-қан дай. Жалпы, табиғаттың та мы рын бүлкілдетіп тұрған қос бастау, сұлулықтың суа-ты – Ана болса, тіршіліктің

қуаты – Əке. Сол сұлулықтан тарайтын адами ұлы моральдық қасиеттер, аналық мейірім, нə-зік иірім, бəрі-бəрі ерте көк-тем де бүр атып, бүкіл адам-зат тың рухани болмысын түр-лі-түсті əлемге бояйды. Бұл рет те кез келген ананы шы -ғар маңа шырақ қылуға бо ла -тын дай. Алайда, батыр ана-лар дың, батыр баптайтын бе-сік иелерінің, сардарға садақ тар туды үйреткен жауынгер ханымдардай тұрпаты бөлек нəзік жандылардың жөні мен жолы бір басқа.

Біздің бүгінгі лепес сон-дай лық тұлға, респуб ли калық Қ.Мұңайтпасов атындағы олим пиада резервінің маман-дан дырылған мектеп-интер нат-колледжінің əдіскері, Қазақ-стан Республикасы білім бе ру ісінің құрметті қызметкері Та-тьяна Чирковаға арналмақ.

Жалпы, Татьяна Николаевна жай лы айтпас бұрын, əйелдік əде мі əлемін жоғалтпай-ақ əс -кери тəртіптің əдепкі əдіс-тə -сі лін жетік меңгерген қыз-ке -лі н шектердің қызметін ай-та кеткен жөн. Ең алдымен аталған ауыр жолды таңдаған əйел затында мінез болу керек шығар. Қайтпас қайсарлық, өшпес өжеттік аруға ең асыл қа ру болса керек. Оның үстіне қа зіргі таңда қызметінің қыр-сы рын жетік білетін сауатты ма мандар аз. Меңгерген ма-ман дықтан бөлек, абзал іс те-рі мен, адамдық һəм аналық болмысымен аянбай еңбек ету анау-мынау адамның қолынан келе бермесі де анық. Мұны

неге айтып отырмыз? Мəселе, темірдей тəртіпті талап ететін, қыз д ар түгілі қылшылдаған жі гіттердің өзі байқап-байқап ба ратын жұмысқа біздің кей -іп кер бір емес, екі түрлі өмір -баянымен бақ сынапты. Ай та-лық, Татьяна Николаевна ең бі рін ші Павлодар қаласындағы пе дагогикалық техникумды, одан кейін пединститутты тə-мам даған соң өзінің еңбек жо-лын Алматы қаласындағы Бау-ыр жан Момышұлы атындағы рес публикалық əскери мектеп интернатында бастаған. Кей ін елордамыз Арқа төсінде бой кө-тергеннен кейін генерал Сағадат Нұрмағамбетов атын д а ғы «Жас ұлан» мектебінде мұ ғалім бо-лып қызмет етеді. Татьяна ха-ным жүріп өткен ұстаздық ұлағатты жолдардың басқа бағбандықтан бəсі бір бас қа биік екенін де осы жерде айта кеткен жөн. Себебі бо ла шақ ел намы-сын қор ғай тын батырлардың бойына рух, санасына білім құю бас қа сипаттағы мұғалімдік. Ең ал ғашқы еңбек жолынан бас-тап бала тəрбиесімен айна лы-сып келе жатқан ізгілік ие сін болашақ патриоттардың бағ-баны деуіміз сондықтан шы ғар. Қызметіне қызу кірісе ке тетін, еңбек ете жүріп өз əріп тестеріне сыйлы, беделді қыз меткер атану да жемісті жол.

– Алғашқы уақытта бұрын ма ған таныс емес тəртіпке бой үй рету оңай бомағаны анық, – дей ді біздің кейіпкеріміз. – Алай да, бұл салада сан қыр-лы тə жірибе жинадық. Оны тек өзі міздің игілікке ға на пай далан бай, ол жігерді бо ла-шақтың бойы на сі ңіруге жұ -мыс істеп ке ле міз. Жу ыр да өзі міз жұмыс іс тей тін бі лім ор да сына Ауған соғы сы ның ар д агерлерін қонаққа ша қы-рып, жас ұландарды көзі тірі қа һармандармен жүздестірдік. Кейде менен сұрайды: əскери мектепте жұмыс істеп келіп, олим пиадалық резервке бала дайындау қиындық əкелмей ме деп? Оның қайта өз ар тық -шылығы бар дер едік. Се бе-бі Отан намысын қиын күн де қарумен, бейбіт күнде был ға-ры қолғаппен қорғау керек. Мысалы, кешегі күннің ба һа-дүр лері Қажымұқан Мұңай т-па сов, Бауыржан Момышұлы, Са ғадат Нұрмағамбетов болса, бүг інде ол дəстүрді Бақытжан Ертаев, Серік Сəпиев жал-ғап келеді. Біз соларға бағбан, бағдарлаушы болсақ, өзіміздің Отан алдындағы борышымыз-ды түгел өтегеніміз, – дейді Т.Чиркова.

Жалпы, патриоттық тəрбие де геніміз тек Отанға деген жа-лаң сүйіспеншілікпен емес, от басындағы үлгі-өнеге мен мек тептен басталатын мін-сіз қызметке де байланыс ты. Татьяна, ендеше сондай ұла-ғатты ұстаз, болашақ бағ ба ны дер едік.

Болашақтың бағбаны

1. Негізінен дипломатия ерлердің жұ мысы екені жиі айтылады. Бұл пікірмен келі сесіз бе?

2. Неліктен дипломатиялық қыз-мет ті таңдадыңыз?

3. Əйелдерге тəн қасиеттердің дипло ма тиялық қызметте көмектескен кез де рі болды ма?

4. Жауапты қызмет пен отбасын қатар алып жүру қиын ба?

Раушан ЕСБОЛАТОВА,Қазақстанның Таиланд Король ді гін-

дегі Төтенше жəне өкілетті елшісі 1.Расымен, дипломатия ғасырлар

бойы ерлер мамандығының қатарына жат-қызылды. Дегенмен, бүгінде дип ло мат тар қатарында əйелдердің саны артуда. Мы-салы, Нью-Йоркте бас консул əйелдер саны 27-ге жетті. Ал Таиландта 12 елші əйел аккредиттелген. Менің ойымша, қа-зір гі таңда бұл саланы тек ер азаматтарға ғана тəн деп кесіп айтуға болмайды.

2. Бұл қызмет арқылы Елбасы маған үлкен сенім артты деп ойлаймын. Сонымен қатар дипломат өзінің кəсібилігін, интел-ле ктуалды капиталын, əлеуметтік бай-ланыстарын пайдалана отырып Қазақ-стан ның дамуы мен ел игілігі үшін өз Ота нынан алыс жерде жұмыс істейді. Бұл да үлкен жауапкершілік жүктейтіні анық.

3. Менің ойымша, патриотизм, елі-не деген сүйіспеншілік, мемлекеттің жетістіктерін мақтан тұту адамның жынысына тəуелді емес. Ал дипломат жұмыс барысында кез кел ген адаммен тіл табысуы керек. Бұл əйел адамдарға тəн қасиеттердің бірі деп ойлай мын. Сонымен қатар біз жергілікті əйелдер

қау ымымен тығыз қарым-қатынаста бо-ла мыз. Бұл да қызметімізге пайдасын ти-гізбей қоймайды.

4. Отбасы да дипломатияға негізделген кі шігірім мемлекет екені сөзсіз. Ұлым ме нің жауапты жұмыс істейтінімді тү-сінеді. Ал мен онымен уақыт өткізу үшін əр мүм кіндікті пайдалануға тырысамын. Та ңертең 5-те тұрып, таңғы ас əзірлеп, мек теп ке шығарып саламын. Жұмыс қан-ша лықты маңызды болғанымен, отба сын-дағы тəртіпті сақтауға, бала тəрбие сіне уақыт бөлу керек.

Мəдина ЖАРБОСЫНОВА, ЕҚЫҰ Адам саудасына қарсы күрес

жөнін дегі арнайы өкілі жəне үйлес ті-ру шісі

1.Шынында да дипломатия ер-аза-маттарға тəн сала ретінде мойындалған. Мен дипломатиялық қыз метке енді кел-генде көп жұмыс істеуге, кəсі би дең-гейде ерлермен тең немесе кей бір жер-лерде жоғары болуға лайық екенім ді дəлелдеуге мəжбүр болдым. Кейін Нью-Йоркте «Көп теген жетістіктерге қол жеткізе білген əйел ге» деген жазумен Əлем дік ескерткіш таң баны алдым. Бұл ме ні жігерлендіре түс ті. Қазіргі таңда бұл сала да əйелдер ер-аза маттарымыздан кем жұ мыс істемейді.

2. Мен дипломат болуды мектеп қа-быр ғасынан бастап армандадым. Алай да, Қазақстан тəуелсіздікке қол жеткіз геннен кейін ғана арманым жүзеге асты.

3. Барлық əйелдердің бойында болатын жауапкершілік, жұмысқа қабілеттілік жəне жинақылық маған да тəн қасиеттердің бірі. Сондай-ақ

жұмысымызда əйелдің бей бітшілікті сақтауға деген ұмтылысы да көп көмегін тигізеді. Қарсыласымды сендіру үшін эмоцияға жүгінген кезім де аз емес. Мысалы, БҰҰ-ның Бас хатшысы Кофи Аннан 2002 жылдың қазан айына Орта лық Азия елдеріне сапарын жос-пар лады. Мен ол кезде Қазақстанның БҰҰ-дағы Тұрақты өкілі едім. Сол кез-де Бас хатшының сапары Ирактағы жағ дай дың нашарлауына байланысты кейін ге қалдырылатыны хабарланды. Кофи Аннан ауызша түсініктеме беру жəне мем лекет басшыларына кешірім хаттарын жол дау үшін Орталық Азия елдері мен Моңғолия елшілерін кез-десуге шақырды. Жарты сағатқа со-зылған кездесуде ер-азаматтар бұл са-пардың болмайтыны тура лы хабар ла-маны жеңіл қабылдады. Ал мен эмоци-яларымды шектей алмадым. Кез десуден кейін Кофи Аннан са пар дың кей інге қалдырылғаны туралы хат тарды тарат-пады. Үш сағаттан кейін осы кабинеттің бас тығы Икбал Риза теле фон соғып, Бас хатшы сапарға бару ту ра лы шешім қабылдағанын айтты. Ол ма ған: «Елші ханым, эмоционалды тұр ғы да сендіре білдіңіз, себебі Бас хатшы ал ғаш рет халықаралық бұқаралық ақпарат құ-ралдарына таратылған шешімін жоққа шы ғарды», деді. БҰҰ Бас хатшысының Қазақстанға алғашқы сапары 2002 жыл -ғы 18 қазанда өтті. Осылайша мен Елба-сының тапсырмасын орындадым.

4.Отбасың мен жұмысыңды қатар алып жүру сырт көзге оңай көрінгенімен, іс жүзінде бірқатар қиындықтар бар. Бірақ отбасында да дипломат бола білу керек. Əйел – отбасының ұйытқысы бол ған-дық тан, кейде өз мүдделеріңді шек теуге тура келеді.

Жұлдыз АҚЫШЕВА, БҰҰ-ның Оңтүстік Африкадағы есір т -

кі жəне қылмыс жөніндегі басқар ма сы-ның аймақтық өкілі

1.Менің ойымша, дипломатия

– ген дерлік белгіге негізделмеген кəсіби сала. Ол басқа мамандықтар сияқты білім, кəсіби дайындық, тəжірибе мен икемділікті қажет етеді. Табысқа қол жеткізу үшін жұмысты үлкен ынтамен істеу керек. Алайда, көп теген іссапарлар мен тұрақсыз жұмыс кү ні сияқты ерек ше-ліктерге байланысты əйел дерде бір қатар қиындық туындайды. Кə сіби тұр ғы да даму мен отбасылық мін дет терді орын-дауды қатар алып жүру оңай емес.

2. Ме нің барлық кəсіби қызметім БҰҰ-мен тығыз байланысты. Ресей Сыртқы іс-тер министрлігінің Дипломатиялық ака де-мия сының студенті бола отырып, Ресейдің Нью-Йорктегі БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігінде тағылымдамадан өттім, одан кейін Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілеттігінің дипломаты ретінде жұмыс атқардым. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің Орталық аппаратына қайта оралып, БҰҰ мен халықаралық ұйым дар басқармасы басшысының лау а-зымына тағайындалдым. 18 жыл бойы Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі жəне қылмыс жөніндегі басқармасында, алғашында Венадағы штаб-пəтерінде, қазір Оңтүстік Африкадағы аймақтық кеңседе жұмыс істеп жүрмін. Бір сөзбен айтқанда, мамандыққа келгенде таңдау көп болған жоқ.

3. Қазіргі таңда арулардың бойынан шы дамдылықты да, табандылықты да кө руге болады. Бұл қасиеттер кез келген жұ мыста көмектеседі деп ойлаймын.

4. Отбасы мен қызметті қатар алып жүру өте қиын. Жиі іссапарларға байланыс ты уақытым тығыз, алайда бос уақытымды отбасыммен өткізуге тырысамын. Кейде ұлы ма үй тапсырмасын орындауға Skype арқылы көмектесуге тура келеді. Алайда, мұндайда бос уақытты, отбасылық құнды лық тарды бағалай бастайсың.

ДайындағанГүлнұр ҚУАНЫШБЕКҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Қызметте де, отбасында да дипломат

– ген дерлік белгіге негізделмеген кəсіби

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Осынау к�ркем с�зді, к�рікті де келбетті келген талдырмаш қыздың бет-бей несін еліміздің к�зіқа рақ ты кез келген азаматы бір ден тани қоятыны бар, бір с�збен айтқанда жақсы біледі... Теледидардан ал ғаш хабар жүргізгенде Сал та наттың иығында ілулі тұр ған лейтенанттың қос жұл дызы осы күндері үл кейе келіп подполковник дә режесіне жеткен!–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Page 5: E-mail: info@egemen.kz №47 8 НАУРЫЗ, …текті аналары ежелден ар мен намыстың нақты өлшемі, сұлулық пен сымбаттың

8 НАУРЫЗ 2018 ЖЫЛ 5ҚОҒАМ

Фариза апайдың есімін естігенде, сонау Атырау өңірінде, Жайықтың жағасында қалған балалық шағым əрдайым көз алдыма келеді. Шамамен 5-сыныпта оқитын кезім болса ке-рек, Фариза апайдың теледидардағы бір бағдарламаға қатысып, сұхбат бергенін көріп, оның айтқан сырға толы əсерлі əңгімелерін құмарта тыңдап, мен де осы кісі секілді өлең жазсам, ақын болсам деп армандадым. Ең алғаш өнерге, шығармашылыққа де-ген құлшынысымның артуына, қолыма қалам алып, өлең жазуыма да осы апайымызға деген еліктеушілігім се-бепкер болды. Ол кезде өзім армандап жүрген, пір тұтқан Фариза апамызбен келешекте жолығып, етене араласып, жақын қарым-қатынаста боламын-ау деген ой, əлбетте, үш ұйық тасам да түсіме кірмеген еді...

Фариза апаймен алғаш рет жүзбе-жүз танысқаным 1988 жылдың наурыз айы болатын. Кабинетіне ұялыңқырап кіргенімде: «Кел, кел, қысылма» деп апай мені бұрыннан танитын адамдай қасына шақырды.

Сол алғашқы жүзбе-жүз кездесу барысында апай екеуміз жақынырақ танысып, ол кісі маған поэзия тура-лы, журналистика жайында біраз əңгі-месін айтты. «Қызым, журналистика мамандығын таңдаған екенсің. Қыз балаға негізі журналист болу оңай емес. Жұрт мені көбіне ақын деп қана біледі, бірақ осы журналистиканың майын ішкен адамның бірі менмін. Журналист болудың қызығын да, шыжығын да, бəрін көріп, осыдан шыңдалып өсіп барып, осындай дəрежеге жеттім», дегені бар.

Апаймен болған осы бір қысқа ғана кездесуде ол кісі маған өмірлік сабақ болатын талай жайттарды айтты. Қыз балаға қалай журналист болу керек, қандай тақырыптарда қалам тербеу қажеттігі жайында əңгімелеп, үлгі алуға болатын, журналистика саласына еңбегі сіңген бірқатар əйел жур налис-тердің есімдерін атады.

Сол алғашқы кездесуден кейін біз талай рет жүздесіп, араласып жүрдік. Алматыдағы бұрынғы Ленин даңғылы бойындағы апайдың үйіне барып, шай ішіп, əңгіме-дүкен құратынбыз. Есімде қалғаны, осындай басқосулар кезінде апай: «Əй, елдің бəрі мені ақын дейді де, журналист болғанымды айтпайды. Алғашқы мамандығым мұғалім болса да, тұңғыш еңбек жо-лым журналист болудан басталған. Ең алғаш осы журналистиканың оты-мен кіріп, күлімен шыққан, осы сала-да талмай еңбек еткендердің бірі мен едім. Мені халыққа танымал қылған, ең біріншіден, ақындығым емес, жур-налистік қызметім. Бірақ қазіргі үлкен

журналистердің бірен-сараны ғана бол-маса, жастар жағы мүлдем менің жур-налистік қызметім жайлы біл мейді», деп жиі айтып отыратын.

Сол кезде-ақ менде: «Расында, апай дың журналистік қырын ешкім зерттеп көрмепті. Осыны бір қолға алып, зерттеп, ел назарына ұсынсам», деген ой ұшқындары пайда болған еді. Алайда «Егемен Қазақстан» газетіндегі қым-қуат тірлік, қарбалас жұмыс, одан кейін Сыртқы істер министрлігіндегі қызметім барысындағы күнделікті күйбең тіршіліктен оны қолға алудың сəті де бола қоймады. Содан мен Вен-грия дағы елшілікте жұмыс істеп кел-ген нен кейін ғана осы ойым пісіп-жетіліп, өзінің шырқау шегіне жетті.

Мен ол кісінің ақындық таланты-нан гөрі, жанына жақын, өзім зерт-теген журналистік қырына көп мəн беруге тырыстым. Фариза апайдың публицистикасын зерттеп, ғылыми айналымға түсіріп, кандидаттық дис-сертация жазсам қайтеді деген оймен апайға барғанымда, ол кісі бірден қолдай жөнелді. Өзінің кабинетіне кіріп, үш-төрт сарғайған папканы алып шықты. Солардың ішінде апайдың жинақтап жүрген біраз мұрағаты бар екен. Талай газеттерде шыққан мақа-лалары, очерктері, сұхбаттары бар газет қиындыларын менің қолыма ұстатты.

Ал жалпы жұрт оны тек ақын деп біледі. Ал бірақ мен оны ғылыми айна-лымға енгізіп, Фариза Оңғар сынованы журналист, публицист ретінде танытуға тырыстым.

Кейін сол ғылыми жұмысымды кішкене кітапша қылып жарыққа шы-ғарып, апама апарып көрсеттім. Ол кісі мəз болып балаша қуанды. «Бірін-шіден сенің диссертация қорғағаныңа қуанып отырмын. Екіншіден, сен мені елге журналист деп танытатын болдың. Əйтпесе кейбір журналистер мені мой-ындамайды. Мынадай ғылыми еңбек жазылғаннан кейін кəне, енді мойын-дамай көрсін», деп қалжыңдап қояды.

Фариза апай бірнеше рет төрімізде қонақ болды. Біздің үйімізге келгенде немерелерін де ала келіп, емін-еркін отыратын. Сондай бір орайлы кез-десудің сəтінде көршілеріміз бен өзге де таныс жора-жолдастардың басын қосып, дастарқан жайдық. Сол жиында қазір Президент Əкімшілігінде сектор меңгерушісі болып қызмет істейтін көршіміз Мүталап Əбсаттаров дейтін ағамыз да болды. Ол өзі əдебиетке, өнерге құштар жан.

Сол біздің үйдегі отырыста Мүталап аға апаймен алғаш танысып отыр-са да іркілмей, сыр суыртпақтап, апайға бір сауалын қойды. Сондағы сұрағы: «С і зд ің Мұқағалимен сыйластығыңызды əркім əр саққа жүгіртіп, алып-қашпа əңгімеге айнал-дырып, аңыз қылып алғандай. Оған Мұқағалидың сізге арнап жазған «Фариза, Фаризажан, Фариза қыз» атты өлеңі себепші болған сияқты. Ал шын мəнінде, сіздің ол кісімен қарым-қатынасыңыз қалай еді? Осыны өз аузыңыздан естісек», деді. (Кейін Мүталап ағамыз осы сəтті еске алып: «Ойпырмай, батылым барып сұрақты қоюын қойып алғанмен, апайдың мінезін білеміз ғой, маған ұрсып, бетім-нен қайтарып тастап, дастархан басы-нан қуып жібере ме деп қорқып, ішім қылпылдап отырды» дейді).

Фариза апай сары майдан қыл суырғандай суыртпақтатып əдемі қойылған бұл сауалға тəнті болып, риза кейіпте: «Əй осы сырды мен еш-кімге айтпап едім. Өздеріңе алғаш рет ашқалы отырмын», деп əңгіме бастағаны бар.

«Шынымен де, Мұқағали екеумізді мектептегі балаларды бір-бірімен қосып қоятыны сияқты жұрт қосып қояды екен, – деп апай бір езу тар-тып күліп алды да, – Ал шынында, мен өмірде Мұқағалимен екі-ақ рет кездесіппін. Көп кездесіп емен-жарқын араласқан адамым емес», деп əңгімесін əрі жалғады.

Бірінші кездесуі Жазушылар ода-ғында болыпты. Сол жерде одақтың бір отырысы болып жатқан. Апайдың кішкентай бір жыр жинағы шығып, соны талқылап жатқан кез екен. Сағи Жиенбаев, Əбу Сəрсенбаев, Сырбай Мəуленов сынды сол кездегі қазақтың қара өлеңінің майталмандары Фариза апайдың өлеңдерін біреуі былай сы-нап, біреуі былай сынап жатқан тұста Мұқағали кешігіңкіреп келіп, шет жаққа отырыпты.

Фариза апа: «Мен бір бұрышта торғайдай бүрісіп, именіп отырғанымда Мұқағали орнынан атып тұрып: «Сендер осы бəрің бос сөйлеп отырсыңдар. Мына құйттай қыз түбінде бəріңді ба-сып озады. Мен анық білем соны», – деп айқайлап орнынан тұрып, қолын сілтей сөйлеп, маған бір қарады да, шығып кетті. Мен болсам үндемей отыра бердім. Ішімнен: «Мұқағали мені білмейді, таныс, бауыр, жерлес емеспіз, ол Жетісудағы таудың баласы, мен Атырау ойпатының қызымын, ол менің жанымды қалай түсініп тұр? Бұл неғылған адам?» деп ойланып қалдым. Əрине, Мұқағалидың жырларын мен оқып жүргем, алайда өмірде бетпе-бет бірінші кездесуім осы болатын», деді.

«Екінші рет ол ауруханада жатқан кезінде кездестім, – деді апай, – Ол кезде де бір сəттік, жылт етпе кездесу ғана болды. Ал бəлен деп айтатындай қоян-қолтық араласқан ештеңеміз жоқ. Əңгіменің шындығы осы», деді.

Сөйтіп отырып толқып кеткен апай: «Ана домбыраны бері əкелші» деп ыңылдап бір əн айтты, күй тартты. Апайдың осы кеш бір емен-жарқын, жадырап отырған кезі еді.

Кейін «Бұл бір əдемі кеш болды. Осы сұрақты маған ешкім батылы ба-рып қоя алмай жүруші еді. «Мұқағали мен Фариза арасында махаббат болып-ты» деген əңгімені құлағым еміс-еміс шалып қалатыны рас. Біз бір-біріміздің творчествомызға сырттай тəнті болып, бір-бірімізді мойындап жүргеніміз болмаса, өмірде мүлдем араласпаған адамдармыз», деп шындықтың тиегін ағытқаны бар.

Апай туралы көп нəрсе айтуға бола-ды. Ол кісімен əрбір кездескен сəтімнің əрбір минутына дейін көз алдымда. Апайдан көп нəрсе үйреніп, бойы-ма түйд ім. Тума талант екені, белгілі ақын, үлкен жүректі адам, журналист бол ғанын былай қойғанда, оның адам ретін дегі, əйел ретіндегі, ана ретіндегі, əже ре тін дегі қадыр-қасиеті ерекше бо-латын.

Иə, апай туралы əлі де айтар сыр, жазы лар жыр, зерттелер еңбектер жетер лік. Енді тек осылай апай туралы естелік айтып, сағынып еске түсіре-тін болдық. Жатқан жеріңіз жайлы болсын,Фариза апа!

Гүлсім ЕҢСЕПОВА,

филология ғылымдарының кандидаты

–––––––––––––––––––––––––––––––––––Францияның денсаулық сақтау министрі-нен бастап, Ренн қаласының мэрі, сенатор-лары мен депутаттары әр мереке сайын қазақ қызының қызмет үстелін құттықтаулар мен алғыс хаттарға, ал құшағын гүлге тол-тырады. –––––––––––––––––––––––––––––––––––

Майгүл СҰЛТАН,«Егемен Қазақстан»

Əрине республикалық «Заң» журналы жария-лаған Франциядағы ең үздік шетел ғалымдарының рейтингінде көш бастаған қазақ ғалымын достары жайдан-жай «Білім олимпиадасының чемпионы» атандың деп, Франция гимні «Марсельезаны» орын-дап құттықтамаса керек-ті.

Бүгінде Ренндегі 40 мыңнан аса дəрігер Франция денсаулық сақтау министрлігіне кеңес беретін Дəрігерлер ордасының кеңесшісі болып отырған Жанар Төребаеваның алдында «Гиппократ» антын берген соң ғана қызметіне кіріседі, докторлығын қорғайды.

– Француздарда «өз еліңде жүріп істеген ісің мен қылығың – отбасыңнан алған тəрбиенің жемісі, ал өзге елдегі істеген ісің мен көрсеткен мінезің – туған елің нің бейнесі», деген сөз бар, – деп əңгімесін бас-таған Жанар Төребаева француз жерінде білім алу мақ сатымен барған кезде қалып қойғанын айтады. Қазіргі Санкт-Петербург мемлекеттік медицина пе-диатрия академиясын бітірген Жетісу жерінің тумасы Алматыда кандидаттығын қорғаған соң, докторлықты жалғастыру үшін 1999 жылы Батысқа бет алады. Біздің елде дами қоймаған онкогериатрия мамандығын жетік меңгерген жас маманға француздар жығыла жабысады да, оқуын бітірген соң барлық жағдайын жасап алып қалады. Ренн медицина университетінде эндокрино-логия мен оңалту мамандығын қосымша меңгерген гериатрдың бүгінде негізгі қызметі сол оқу орнына қарасты емханада қарттарды емдеумен жалғасуда.

«Адам жасы ұлғайған соң жүрек-қан тамыр ау-рулары, қант диабеті, онкология, бүйрек əлсіреуі сияқты созылмалы аурулар қаупі ұлғайды. Сондықтан үздіксіз дəрі іше тін қарттардың ағзасын бүлдіріп алмау үшін дəрінің түрі мен дозасын дұрыс беріп, əр ауруға əрқалай ем жасау керек. Сон дық тан гериатрия саласы қай елде де маңызды.

Францияда гериатрия медицинаның жеке сала-сы ретінде 50 жылдан бері жұмыс жасайды. Менің білуімше, Қазақстанда гериатрия əлі де болса кен-желеп тұр. Бұл мамандықты меңгергендердің өзі халықаралық талапқа сай келгенді қойып, тəжірибе жүзінде көп ештеңені көрген жоқ деп айта аламын. Бұл жақта терапевт-гериатрларды айтпағанда, мед-бикелер мен күтушілердің өзі гериатрия саласына

бейімделіп дайындалады. Мысалы, біз Тағамтану жəне Ақыл-ес орталығымен бірге жұмыс істейміз. Ем алуға келген науқасты тұтас жұмыс тобы бо-лып, күні бойы жан-жақты тексеріп болған соң ғана үйіне қайтарамыз. Қарттардың өмір сүру са-пасы төмендейтіндіктен əлеуметтік жағдайын да зерттейміз. Пациентке ғана емес, балаларына да кеңес береміз», дейді Қазақстанның да гериатрия саласын дамытуды перзенттік борышы деп санайтын дəрігер.

Алайда Отанына үлес қосқысы келіп, Франциядағы Қазақстан елшілігінің қолдауымен еліміздегі құзырлы органдарға гериатрия саласын дамыту бойынша жоба-сын жіберген Ж.Төребаева тұшымды жауап алғанды қойып, жобасын да кері қайтарып ала алмағанын айтып налиды. Əрине, мұндайда француздар атағын аспандатып отырған маманның жобасы жарамсыз болды дегенге ешкім нана қоймасы анық.

«Еуропа елдерінде мықты мамандардың элек-тронды базасы бар. Оны аңдып отыратын меке-мелер де көп. Олардан маған күніне 2-3 ұсыныс келіп түседі. Бұл жақта бəсекелестік өте жоғары. Сондықтан да еңбек ету мен тынбай үйрену барлық мамандық иесінде əдет болып қалыптасып кеткен. Францияда ең жоғары жалақы медицина саласының қызметкерлеріне беріледі. Екінші орында – заңгерлер. Мемлекет медицина университетінің студенттеріне жылына 5000 еуро шəкіртақы бергеннен бөлек, ауру-ханаларда кезекшілік атқарғаны үшін бір түнге 57 еу-родан төлейді. Олар 4-курстан бастап тек тəжірибеден өткені үшін жылына 2500 еуро алады. Интерндер

айына 2000 еуро, жас дəрігерлер 3000 еуродан бастап, тəжірибелі дəрігерлер 20 мың еуроға дейін айлық ала-ды. Сондықтан олар əлеуметтік мəселелерге ешқашан тап болмайды. Меніңше, ғылыммен айналысқан кісі отбасымды қалай асыраймын, əкімшілік жұмыстың үдесінен қайтсем шығамын деген мазасыз ойлардан аулақ болғаны жөн. Сонда ғана ол біліктілігін де, елдің ғылымын да дамыта алады. Мұндай мəселелер Францияда толықтай шешілген. Сондықтан да біз уақытымыз бен ақыл-ойымызды өз саламыз үшін ғана жұмсаймыз», дейді гериатр.

Жанар Төребаеваның айтуынша, 67 млн халқы бар Франция білім саласына баса мəн бе ретін көрінеді. Яғни 318 млрд еуро болатын жылдық бюджеттің 97 млрд-ы білім саласына бөлінеді екен. Ғылыми жаңалықтар ашуға арналған үлкен орталықтардың да аз емес екенін алға тартқан ғалым Нобель сый-лығы иегерлерінің көптеп шығуын мемлекеттің ғылымды дамытуға күш салаты ны мен байланысты-рады. Шетелде оқып жүр ген қазақ жастарына көңілі толатын дəрігер, солардың елге барып еңбек етуі үшін де дəл осындай бағдарламаның керек екенін айтады.

«Өз салам бойынша сарапшы дəрежесіне ие болғаннан кейін маған оқу орнын ашуға мүмкіндік туды. Қазақ жастары ана тілімен қоса, бірнеше əлем тілін меңгергені дұрыс. Озық елдің тілін меңгеру арқылы оның ғылымын да өз еліңнің игілігіне жара-та аласың. Былтыр Алматы қаласына барып, мектеп-терде француз сыныптарын ашуға атсалысып келдім. Енді сол жастар Франциядан келіп білім алса деген ниеттемін. Шетелде жүрген талантты қазақ жастары Қазақстанға барып лекция оқып, уақытша қызмет етіп жүрген шетелдіктердің ешқайсысынан кем емес. Біздің мемлекет елі үшін шын жаны ашитын сол мамандарды, өзге елге кеткен «байлықты» тезден қайтарып алуы керек», деген Ж.Төребаева бауырлас қалалар Алматы-Ренн қарым-қатынасының қайта жандануына да септігін тигізген көрінеді.

Ж.Төребаева 1991 жылдың сəуір айында бау-ырлас қала ретінде бірлесе жұмыс атқара бастаған қос шаһардың байланысы 2005 жылдары нашар-лап кеткенін айтады. 2011 жылы оқуын тəмамдаған қазақ қызы қалалар қатынасын қайта жанданды-руды өзі қолға алады. Сөйтіп екі қала достығының 20 жылдығына қала мэрінен «Алматы» саябағын ашуды сұрайды. Алматы-Ренн бауырлас қалалар ассоциациясының президенті болып сайланған ол өтініші көп өтпей орындалған соң, 2016 жылы осы саябаққа Абайдың ескерткішін орнатуға да рұқсат алады.

P.S: Расында, кіндік қаны Ұлы Дала топырағында тамып, қиырдағы халықтың құрмет-қошеметіне бөленген қазақтар аз емес. Ал басқалар бағалаған сол бауырды біз қашан бауырға басамыз?!

Қиырдағы қазақ қызы

8 НАУРЫЗ 2018 ЖЫЛ

Жадымда жарқын бейнесі Қос қадірлім

–––––––––––––––––––––––––––––Жалпы адал жар, ибалы келін ата-ну да, тіпті балаңа мейірімді ана болу да оңай емесін жүре, к�ре түсінеді екенсің... Дегенмен, алға нық қадам басып, осындай әдемі күй кешіп жатқаным – �мірде бір сәтте есімнен кетпей, жүрегімнің бір б�лігінен лайықты орын алған абыз аналарымның арқасы.–––––––––––––––––––––––––––––

Мен үшін құрсағында тоғыз ай, тоғыз күн көтеріп, тас емшегін жібітіп, кең дүние есігін ашып, жарық сəулені сыйлаған анатайымның орны, əрине бөлек. Шешем Үндемес Рахманқызы фашизмге қарсы соғыс басталған жылы туған екен. Сұм соғыс ауыртпалығын, халық жоқшылығын көріп есейгендіктен де болар, ол – нағыз еңбектің адамы-тын.

Таңның атысы, кештің батысы ошағының отын өшірмей еңбектене білген асылым, əлі де көз алдымдасың. Күн шығар-шықпастан оянып, шек-шеті жоқ үйдің шаруасын шаруалап, күн ұясына кіргенде маңдайдағы терін сүртіп, сонда ғана демалатын ардақтым-ай, жанымда жоқ болсаң да, жүрегімдесің. Ділімнің төріндесің! Оң жақтан кет-пей еркелеп жүрген шағымда талай келешегіме керек сырыңызды айттыңыз, ешкімнен кем қылмай өсірдіңіз, қыз балаға қажеттінің бəрін уақыт тауып үйреттіңіз, бағып-қақтыңыз. Ұлағатты ұстаз қызметіндегі адал жарыңыз – əкем Далабай Əйкешұлы əрқашан қасыңыздан табылды. Алты ұл мен төрт қыздың сана-сына ұлттық тəрбие дəнін егіп, «Батыр ана» – «Алтын алқа» иегері атандыңыз. Əуелете шырқаған əндеріңізбен тербете жүріп, өмірдің ағы мен қарасын айыра білуді, тіршіліктің бұралаң жолында ада-спай, ел үшін адал қызмет етуді ескерткен де, тапсырған да нақ өзіңіз болатынсыз, жанашыр анашым!

Анамның берген өнегесін, баулыған тəрбиесін бойыма сіңіріп, табиғаттың заңымен, дəстүр соқпағымен туған ұямнан ұшып, Құдай қосқан қосағымның алтын босағасын аттадым. Иə, өзіңізбенен бірге тең көретін құрметтімнің бірі – оң аяқпен табалдырығын келін болып аттағанда, ақ батасын беріп, құшағын жая қарсы алған, перзентінің таңдауын өз таңдауындай көрген асыл жан – енем Ырысбала Тоғымқызы болатын. «Ене» деп айтсам, арадағы қарым-қатынас алыстап кететіндей ішкі жан дүниемнің қабылдауымен «Анашым» деп айтуға бел будым. Бұл ойым əсте қате болмады.

Кешегі күннің аналарының қайсысы болсын ойлары балаларының келешегі, ұя-əулетінің қамы, отбасының берекесі еді. Құдай қосқан асыл жарымның анасы да күнделікті үй шаруасынан шаршамай-тын, қажымайтын. Ырысбала енем аты-на заты сай, ырыс пен берекенің өшпес шамшырағы еді.

Өмір ағымы – таным ағымы. Адал келін болуды мақсат қойып, салмақты да сабырлы енеммен де он жеті жыл сыр-лас болып, ол кісінің өмірге керекті бай тəжірибесін, адами дүниетанымын бой-ыма сіңірдім. Ол кісі – бағыма бұйырған аяулы жан еді.

Қарап отырсам, қос анамының ұқсас жақтары да көп екен. Көз шырымының не екендігін сезінбей, ақ таңмен жары-са тұрып, кеш батқанша шаруа соңында жүрулері, қонақ келсе бала демей, үлкен демей бəйек болып күте білулері, бар дəм-дісін кісіге тосатындары, төрт түлік малға деген өзгеше қамқорлықтары – тізе бер-сем таусылмас үйлесімдер екен, шіркін!

Келін мен ене арасындағы байланыс-тың мықты көпір болып қалануына жан анашымның да əсері бар. Соның бір дəлелі ретінде анамның үнемі айтып оты-ратын мына бір сөзі əрдайым есіме түседі: «Бес баланы əкесіз өсіріп, оқытып, тəлім-тəрбиемен алдын профессор деңгейіне жеткізген асылдардың бірі. Бүкіл ел сый-лайтын Наурызхандай əкеміздің жоғын жоқтатпай, отын өшірмей, балаларын өз күшімен қатарға қосқан жақсының жақсысы. Жетімін желеп, жесірін еле-ген қазақпыз. Қолұшын созар туғандары мен Құдай қосқан көршісі, жанашыр ағайыны, ауылдас замандасы болса да барлық ауыртпалықты бір өзі көтерген жан. Қиындық пен небір сынаққа төзімді болудың өзі екінінің бірінің қолынан келе бермейді. Сондай өмірдің ащысы мен тұщысын басынан өткізген ел анасына келін болудың өзі саған үлкен бақыт емес пе, құлыным!». Бұл – ана сөзі ғана емес, дəстүрді ойлаған дана сөзі еді. Бұл – құдай сыйлаған құдағиының қадірін білген жанның шүкірі еді.

Анам жарықтық жылы да аялы алақанымен басымнан сипап, енем жəне қайын жұртым туралы тағылымды əңгіме айтқанда, əрі қуанып, əрі жылай-тынмын.

Аналардың баға жетпес ерліктерін кітап бетінен оқып танысқан біздер үшін мұндай ізгі жайттарды өмірден оқып-тоқу зор мəртебе боп қала бермек.

Солай, менің ойымда, жадымда анам мен енем нəзік егіздерімдей біте қайнасып, табиғи үйлесіп кеткен. Күйбең тіршілікпен өтіп жатқан мына өмірде атқарған əр игі жұмысым нəтиже беріп жатса, ол – жаныма сая болған бəйте-ректерімнің арқасы. Олардың көрсетіп кеткен тура жолы əлі қажетімізге жетерлік жерге апаратынына кəміл сенемін.

�лия ДАЛАБАЙҚЫЗЫ,Еуразия гуманитарлық институты

колледжінің оқытушысы

Page 6: E-mail: info@egemen.kz №47 8 НАУРЫЗ, …текті аналары ежелден ар мен намыстың нақты өлшемі, сұлулық пен сымбаттың

6 8 НАУРЫЗ 2018 ЖЫЛ

Арнұр АСҚАР,«Егемен Қазақстан»

Телеарнадан «Атамекен» шыр-қалса көңілің асқақтап сала береді. Тас үйдің төрт қабырғасында теле-дидардан естілген əуен Ескендірдің асқақ дауысымен бірге көңіліңді жа-сыл жайлауға, асқар тауларға жете-леп, желпініп қаласың.

«Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем,

Көк кілемде көп аунаймын, көп күлем.

Күннің нұрын, айдың аппақсəулесін,

Қазағымның махаббаты деп білем». Көгалда өкпесі өшкенше асыр салып, алысып-жұлысқан бала кезіңнен бас-тап қазіргі есейген шағыңа дейінгі өміріңнің бəрін жалқы шумаққа сыйғызып, көңілде қалғып жатқан жып-жылы естеліктің бəрін оятып, жан-жүрегіңді елжіретіп жібермей ме?! Жасыл жайлау, асқар таулар, баяу ескен самал желі, күннің нұры, айдың аппақ сəулесі – бəрі қазағыңның саған, сен сияқты барша перзентіне деген ма-хаббаты. Күн сайынғы күйбің тірлік, телеарналар мен интернет сайттар-дан төгіліп жатқан топан ақпараттың бəрі сап тыйылады. Көңілің тазарып қалады. Күн сайын басына қоқыс төгіліп, еңсесі аласарып бара жатқан қазағыңның «мəртебесі аспанмен таласқан асқар таулармен» бірге қайта биіктеп кеткендей.

Қадыр Мырза – Əлінің қаламының құдіреті мен Ескендір Хасанғалиевтің композиторлық таланты тоғысқан кезде осындай ғажап əн туғанына қуанасың. Ескендір Хасанғалиевтен басқа біреу бұл əнді дəл солай айта алады дегенге сол сəтте өлсең де сен-бейсің. «Қазақстаным» деген бір сөзі болмаса да, «Атамекен» – патриоттық əннің асқар шыңы екеніне шүбəсіз сенесің. Жарты ғасырға жуық уақыт бұрын шықса да, содан бері шырқалып келе жатса да ескірмеген, ескірмейтін туынды.

Белгілі қаламгер Қали Сəрсенбай «Шал мен шындық» атты кітабында «Ресей теледидары «Широка реканы» неге жиі береді?» деп сауал қойыпты. Сосын:

– Шалқар, байтақ əн. Əннің таби ғаты, болмысы керемет! Əншісі, орындаушы-сы қандай десеңші! Зыкина, Толкунова үрдісіндегі əнші. Осы əн айтылғанда ансамбль мүшелерінің бəрі жұтынып, жұлқынып кетеді. Олар түгіл тыңдап отырған сіздің өзіңіз шыдамайсыз. Əннің соншалықты сыры, кереметтігі неде? Онда орыс рухы тұнып тұр. Орыс да-ласы, өзен-көлі, орман-тоғайы көрінеді, осының бəрі сенікі дейді. Бұдан кейін орыс қалай рухтанбайды?– деп өзі жауап береді. Біздің «Атамекен» де сондай əн, рухтандыратын əн.

Қазақта туған жер, Отан туралы əн дер аз емес. Тас бұғаудан босамай тұр ған кезде бейресми Əнұранға ай налған Шəмші мен Жұмекеннің «Менің Қазақстанымы», Ш.Сариев пен Ж.Тұяқбаевтың «Атамекені», ағайынды Абдуллиндер шырқайтын «Туған жер»... Айта берсек, ақында-рымыз бен композиторларымыз па-триоттық əндердің планкасын əлде қа-шан көтеріп тастаған.

Өкінішке қарай, кейінгі шыққан əндерді тыңдағанда тебірену қиын. «Жаным да қазақ, қаным да қазақ» «Жаса, қазақ, самға қазақ», «Алға қазақ», «Бойымда қазақтың қаны бар» деген тіл ұшынан күштеп суы-рылып, табан астында құрастырыла салған жауыр тіркес, жеңіл-желпі мадақ, керісінше, жүрегіңізді айны-тып жіберуі мүмкін. Қазақы реңк беру үшін домбыраның үнін қосса да, оны басып кететін салдыр-гүлдір дыбыс-тар көңіл қылын шерте алмасы хақ. Мерекелік концерттердің соңында «Атамекен» шырқалған кезде, зал толы халық отырған орнынан еріксіз түрегеліп, Ескендірмен бірге қосыла шырқайды. Ал сіз соңғы жылдардағы əнге көрерменнің солай толқығанын, бəрі бір адамдай қосыла шырқағанын көрдіңіз бе? «Алға, самға, шап...» де-ген ұрандарына аузын жыбырлатып, қолын сермеуден аспайды-ау.

Ол қалай тебірентсін? Жас əншілер-дің сұхбатын оқып көріңіздер, бə рі бір-бірімен келісіп алғандай «репер-туарында махаббат туралы əндер көбейіп кеткенін, жақын күндері Отан туралы, туған жер туралы 2-3 əн жазғызуды жоспарлап жүргенін айтады. Бəрі жоспарлы. Тойға бару керек, телеарнаға шығу керек, əлеуметтік желіні шулату керек. Арасында Отан туралы əн айтып тұру да артықтық етпейді, ресми кон-церттерге қатысқанда немесе өзінің жеке концертін өткізгенде керек бо-лып қалады. Ал «Атамекен» сияқты қазақтың мінезіндей, қазақтың дала-сындай байтақ əндер ондай күйбің тірліктің қалтарысынан тумайды ғой.

Байтақ әндердің базары тарқағаны ма?

Анар Т�ЛЕУХАНҚЫЗЫ,«Егемен Қазақстан»

Үкіжанға айналған Мүмина

–Апа, өзіңіз жайлы ай-тыңыз шы.

–Азан шақырылып қой-ғандағы есімім Мүмина, бірақ бұл ат аталмай кетті. Оның себебі 1928 жылы біздің үй кəм пескеге ілікті де, ауыл-дан 9 адам болып Ақмолаға қоныс аудардық. Сол келген күні əкем ұсталды да, қолы-мыз дағы ауылдан əкелген бар тамағымызды мілиса алып кетті. Əке түрмеде жатыр, ал анам байғұсты қалада еш кім танымайды. Аштыққа ұры-нып, үш сəби, əжем төртеуі Ақ-молада аштан өлді. Тірі қалған Қамат деген жалғыз бауырым екеумізді əкемнің бір шəкірті аман қалсын деп Жаңарқаға алып кетті.

Түрмеде отырған əкемді құт-қарғысы келген мілисалар қалай шығарамыз деп басы қатқанда абақтыдағы тұтқын Əбдікəрім Мүсимов деген кісі қайтыс бо-лады. Сол адам ның құ жатын əкеме беріп, Ғы л ма ниұлы өлді деп, əкемді Мү симов қылып шығарып жі береді. Түрмеден босап отба сын іздесе, 9 жан-нан жал ғыз əйелі ғана қалған. Екі бала Жаңарқада, түгендеп жүрер заман емес, əкем əйелін алып Омбы жаққа тартып кетеді. Содан бас тап əкем Садуақас Ғылмани емес, Əбдікəрім Мүсимов, мен Мүмина атымды тастап Үкіжан Мү симова бол-дым. Тек 1999 жылы алғаш ұмра қа жылыққа барарда жаңадан құ жат тапсырарда қабылдап отырған азаматқа: – Ботам, осы уақытқа дейін қашқынның қы-зы болып келдім. Енді ажал жақындаған сияқты, енді өзім-нің əкемнің атын жазуға бола ма? – деп дұрыс тегімді қайтып алдым.

Мүсимова болып кешкен ғұмыр

Үкіжан апаның жасы 95-те. Ішкі əлемінен нұр тө гіл-ген, құлыным, балам, қара-ғым деп отырып əңгімесін айтқан ананың сыры тек бір отбасының ғана емес, тұтас халықтың зары іспетті.

– Апа, əкеңіз Омбыға кет-ті, сіздер болса Жаңарқада жүр сіздер, содан қалай қайта табыс тыңыздар?–деймін ойға шомып кеткен апаны сөзге тартып. – Құлыным-ау, ол да ұзын сонар əңгіме дейді – қиын кезеңдер болса да балалығы ес-ке түскен Үкіжан-Мүмина апа.

Біз барғаннан кейін Жа-ңарқада да аштық біліне баста-ды. Ол кезде сиырды бұзаумен сауады ғой, сонда інім ананың-мынаның бұзауын ұстап тұрып сиырын саууға көмектеседі

де, бір күріжке сүтті өзі сол жерде ішіп, біреуін маған əке-ліп беріп жүрді. Ол сүт ішке тұрмайды. Содан ие болып əкел ген кісіге бізді Ақмолада тұ ратын нағашы апамызға апа-рып салыңыз деп жалындым. Ол кісі Ленин көше сінде тұ-ратын нағашы апамызға əкеліп тастады.

Апам бізді жуындырып, қо лындағы бар тамағын беріп болған соң, «Ел жақтан аштықтан қашқандар Омбы асып жатыр екен, мен вокзалға барып, біліп келейін», деп кет-кен. Балам-ау, мен Алланың талай рет үйірілтіп əкеліп көмектескенін көзіммен көр-дім ғой. Барса, вок залда атам мен əкемнің іні сі Кəкен Ом бы-ға кетпекші бо лып Ақ молаға келіпті. Екеу міз дің арық-тығымыз сондай тек сүлде, сүйек ке жабысқан те рі ғанамыз, жүретін əл жоқты ғынан Кəкен ағам екеумізді көтеріп вокзалға əкеледі. Сонда атаммен көрісіп жылағаным есімде.

Екінші бір Алланың көме-гін көргенімді айтайын. Заман кіш кене дұрысталды ғой, қой Омбыда жүре бергеніміз жара-мас деп елге қайттық. Əкем кол-хозда жұмыс істейді. Біздерді балалар демейді, таң атысымен колхоздың жұмысына əкетеді. Бір күні арамшөп отап жүрсем, алдыма қағаз ұшып келді. Қа-расам газет. Оқып отыратын шама бар ма, қалтама салып алып жұмысымды істей бер-дім. Кешке үйге келіп шам жарығымен оқысам, «Ол жабай, Барлыбайдың молда сы болған Сəкен қалпенің тамы рына бал-та шабылсын. Ол түсін өзгертіп, Əбдікəрім Мүси мов болып жүр», деген мазмұнда газетке мақала басылыпты. Қайтадан жылап-сықтап, əкемнің Əшірбек деген досы бір ат тауып беріп, əкем сол түні маған хат жазып қалдырғандай «Əйел алып ке-луге кеттім» деп бой жасыруына тура келді. Əкем түн ортасында ізін суы тып үлгерді, ал таң ата үйге мі ли са келді.

– Əкең қайда?– Жоқ білмей мін, кеше арам-

шөп жұлып жұмыстан келсем мынадай хат жатыр, – деп көр-сеттім.

– Əй дə жүр, – деп мені алып Ерей мен таудың Павловка де ген же ріне əкеліп қамап тас тады. Екі кө зім бұлаудай жылап отыр едім, терезе шынысын тесіп, тасқа оралған хат түсті. «Ертең сені маған алып келеді, сонда ештеңе біл меймін, əкесі үшін баласы жауап бермейді деген Сталиннің сөзін айта бер. Ал мына хаттың көзін құрт» де-ген жазу бар екен. Əл гі хатты жыртқанның үстіне шайнап жеп қойдым. Ер теңіне жауапқа алып келді. Қабағы түксиген біреу зекіп сөйлеп, əкемді сұрады. «Шөп жұлып келсем, əкем жоқ, əйел алуға кеттім деп хат қалдырыпты дегеннен танбай,

əке үшін бала жауап бермейді», деген қаулы шыққан дедім.

Ауылға жетсем, қолымыз-да ғы барымыз – бір сиыр мен бір жылқыны колхоз алып қо-йыпты. Енді қайтемін, Тор-ғай деген жерде əкемнің інісі тұ рады, таңертең ерте тұ рып алып Торғай қайдасың деп жүгіріп келемін. Артымнан бір бала қуып жетіп, жолда қас қыр жеп қояды, серік бола йын деді. Екеуміз жедел-жедел басып, күн батқан соң Торғайға жет-тік. Əкем əлі сол ауылда жүр екен. Болған оқиғаны естіген соң, «қой, қарамды батыру ке-рек екен» деп елден кетті. Ал мен сол үйде қалдым. Бірақ та мыздың аяғы болып қалған, ойым мектепке бару. Содан жолға шығып, қалаға баратын бір жүк машинасына отырып, Ақ молаға жеттім. Бөлке апам-ның қолына тағы да келіп, қазіргі №4 мектепке Үкіжан Мүсимова болып сабаққа бар-дым. 1937 жыл ғой, егер əлгі текке жазылмасам, мектепте де оқи алмайтын едім.

«Дініңді дүниеге сатпа»

Əңгіме Мүмина апаның ау-зынан шыққанымен, бұл тек жеке бір адамның ғана емес, сол кез дегі көзі ашық əрбір азамат тың, құдай жолын хақ деген əрбір дін өкілінің басы-нан кешкен зар еді.

Үкіжан-Мүмина апа əкесі ту ралы айтудан жалықпайды. Жа сы келіп қалса да əкесі мол далық еткен мешітке атын алып беруде талай емен есікті қақ қанын, Иманғали Тас-мағам бетовтің Астана қала сы -ның əкімі болғанда қол дау көр-сеткенін, əкесінің ең бек терін зерттеп жарыққа шы ғаруда тер төккен Дихан Қам забектің мешітке құ жат туралаймын

де генде сол кездегі қалалық тіл депар та ментінің басшысы бол ған Қонысбай Əбілдің жан-ашыр лық танытқанын айтудан жа лық пайды.

– Апа-ау, əкеңіз қудаланып жү ріп Омбы асып, сол жерде колхозда жұмыс істеді дей сіз, ал молдалыққа қашан орал-ды? – деймін. – Ойбуй шыра-ғым-ай, аты-жөнін жасырып, басқа адаммын деген адамда қан дай күй болады? Бірақ əкем ең бектен еш қашқан жоқ. Ол кез де тұқымды қолмен шаша-ды ғой, сонда əкемнің бір күні 7 гек тар жерге тұқым сеуіп əб ден қалжырағаны туралы өзі жайын дағы естелігінде жаз ғаны да бар. Осындай дің-келеткен ауыр жұмысқа əкемді қимаған дар, Сейполла Ақажан қалпе бас таған жақындары жандарына кө шіріп алады. Сол жерде екі жыл отырған соң 1946 жылы Ақ моладан ар-найы нағашымыз Омар баласы Садуақас пен Ахмет баласы Мұстапа іздеп келіп, Ақмолаға діни уəкіл бо луға шақырады. Барғысы келмесе де ел атынан қиылып отыр ған жақындарын қимай əкем Ақмолаға көшеді. Қазіргі Ғыл мани атындағы ме-шіттің ор нында ол кезде Құ-сайын де ген кісінің екі бөлмелі үйі бол ған. Сол үй мешітке ай-налып, жыл сайын үлкейтіліп, Ақ мола дағы ислам дінінің ор-та лы ғы на айналды.

1953 жылға дейін Ақмолада тұр дық. Ол кезде Қазақстанда діни басқарма жоқ, дінбасы Тəшкенде. 1953 жылы əкемді бүкіл Қазақстанның қазиы етіп бекітті де, біз Алматыға көштік. Кім-кімнің де өз əкесін керемет кө рері анық, əй бірақ, менің əкем дей жан сирек. Алдына қой ған асын өмірі өзі жемейтін, жа нында отырғандарға бөліп салып беріп, Алла берген

ри зықты бөле-жара жеген дұ-рыс, берекесі артады дей тін. Үне мі оқып, жазып жүретін, зердесіне тоқыған дү ниені аямай бө лісетін дархан жан еді. Бұрын əкемнің соны сын ұға бермейтін едім, енді қазір өзім асты жал ғыз іше ал маймын. Балам-ау, əкем Ал ма тыда Қонаевтың қасында жа тыр, өз өсиеті бойынша ма -зар тұрғызбай белге дейін бе-кі тіп, басына мұқалақ тас қой-дық. Өзі мен кеткенде же тісі, қырқы, жылы дегенді бер мей, ол қаражатты жетім-же сірге бер деген соң солай жаса дық. Ертең мен өлсем де белге дейін бекітеді.

Əкемді мешіттен шығарды. Сондағы балам халықтың құр -ме тін айтайын, Кеңсайға де-йінгі 25 шақырым жерге мүр-десін иыққа салып көтеріп апар ды. Көшеде көліктер ды-быстап шығарып салды. Əкем «ді ніңді дүниеге сатпа» дейтін сол қалыбынан жазбай кетті жарықтық.

Өмірден жақсылықты да, жаман дықты да көрдім. Азамат болған ұлым Таразға жұмыспен кет тім деп, сол күйі оралмады. Қатты күйзелдім. Бірақ тəу-беме келдім. Алматыда мамыр айы қандай, уылжып тұрған, жаз емес пе, сонда мен үстіме қа лың күпəйке, басыма түбіт бө ке бай тартып арық жағалап ұлым ды іздейді екенмін. Бір күні арық жағасында есімді жи дым. Құдай-ау, мен Аллаға қар сылық жасап, қайтпасқа кеткен ұлымды іздеймін деп мына түс кен күйім не деп, өзімді сөк тім. Содан ес жидым. 95-ке жасым келді, əкемнің аты өл ген жоқ, мешіті мен му-зейі бар, артында қалған мұ-ралары кі тап болып шығып жа тыр, Ал лаға шүкір, өрен-жа раным айт қа нымды екі етпейді. Ба лиғатқа толғаннан бастап намаз оқыдым, қаза қылмадым. Қан ша ғұмыр қал-ғанын бір Алла біледі, бі-рақ ана дүниеге кетуден қо-рықпаймын. Жақсы көретін жа қындарым сонда, мына дү-ниеге бəріміз қонақпыз, тек қан дай қонақ бола алдық? То-бамнан жаңылмадым, құлы-ным, соны дəтке қуат етемін, мен де жұмырбасты пендемін, жаза басып, қиянат жасаған жерім жоқ сияқты көрінеді, бірақ қатесіз емес шығармын.

Мүмина апам ойланып оты рып қалды. Тыныштығын бұз бай тарам-тарам болған апа ның қолына бір, мейірім тұн ған жүзіне бір қараймын. Сол сəт үнсіздікті апаның өзі бұзды. Ауыз үйде жүрген неме-ресіне дыбыстап: – Қарғам-ай, атаңның бір кітабын алып келші, мына тəтеңе жазып берейін, – деп Садуақас Ғылма-нидің «Заманымызда болған ғұламалардың ғұмыр тарихта-ры» деген кітабын сыйға тарт ты.

ЗАМАНА ЗАПЫРАНЫ

Ғылманидың қызы

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Сонымен қатар танымал тарихшы Ермұқан Бекмахановтың қызы Наиля Бекма ханова Е.Пугачев көтерлісі жай-лы ұзақ жыл зерттеп жазған, 1968 жы-лы жарық көрген «Участие каза хов в Крестьянской войне под предводитель-ством Е.И. Пугачева в 1773-1775 гг» ат ты монографиясында жоғарыдағы Сапура Мəтенқызы туралы «Легенда о Невидимке» атты бөлім бар. Тарихшы апамыз бұл бөлімді 1983 жылы «Көктемір туралы аңыз» деген атпен қа зақша тəржімалатқан-ды.

Хош сонымен... үлкен ғалым оқы-мыстылардың назарын аударып, олар-дың зерттеу нысанасына ілінген Сапура кім? Жазушы Əнес Сарайдың жазуы бойынша Сапура 17 жасында тұрмысқа шыққан. Бірақ күйеуі 1771 жылғы Еділ қалмақтарының шаңды жорығында қаза тауып, жесір келіншек əмеңгерлік жол-мен қайнысы Жанбалтаның етегінен ұстапты.

1775 жылы жоғарыдағы Е.Пуга-чев бүлігі жанышталған соң, көтері-лісшілерге дем берді деген желеумен патша əскері Жайық бойындағы казак-орыстарды, арғы беттегі қалмақтар мен терістіктегі башқұрттарды, ішкі тараптағы мордва, чуваш, черемістермен

қатар қазақ рулары – табын, тама, байбақты, жағалбайлы, шекті, кердері т.б. жазалауды қарастырады. Жəне бұл міндет атақты қолбасшы Суворов басқарған əскерге жүктеледі.

Дəл осы қарсаңда, яғни 1775 жылдың қыркүйек айында Елек, Қобда сағасында отырған қазақ рула-ры жазалаушыларға қарсылық таны-тып, атқа қонады. Бұл оқиға тарихта «Көктемір көтерілісі» деген атқа ие. Осы жойқын толқуды басқарған адам – Сапура Мəтенқызы. 1776 жылдың көктемінен бастап өз бетінше əрекетке кірісті. Жасақ саны 10 мыңға жетті.

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі «Өлке тарихы» ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі Айбек Ертеміров жинастырған дерекке үңілсек, Көктемір – Сапура жасағы көбінде патша əскері орын тепкен қамал-бекіністерге парти-зандық тəсілмен шабуыл жасап отырған екен. Атап айтқанда, табын Қалыбай, тама Қадыр бастаған қазақ сарбазда-ры Красногорский, Чернореченский, Верхнеуральский, Орск, Ильин, Гурьев қамал-бекіністерін шауып, қалмақ редуті мен Жайықтағы Кирсанов хуто-рын талқандаған. Яғни көтерілісшілер Суворов басқарған жазалаушыларды талай рет сан соқтырған. Бұл оқиға жайлы Суворовтың 1775 жылы 22 мау-сымда генерал П.И. Панинге жазған

хаты бар («Қазақстан əйелдері» журна-лы, № 2, 1997).

Сөйтіп тып-тыныш жатқан қазақ-тың кенет дүрлігуі патша ағзамның ұйқысын бұзып, ол Орынбор губерна-торы Рейнедорпқа мəселені тез арада жөн ге келтір деген тапсырма жүктейді. Губернатор болса əуелі көтерілістің қа-лай пайда болғанын білу үшін жасауыл татарлар Ғұбайдулла Адгамов пен Ра-қымқұл Ибраевты қазақтардың ішіне жансыз етіп жұмсайды (Табыл Құлыяс, «Қағаз қайық», Астана. Фолиант, 2015. – 141).

Тыңшылар сол кездегі кіші орда билеушісі Нұралы ханның көмегімен көте рілісті «Көрінбес – Көктемір»

де ген атпен басқарып отырған 22 жас-та ғы келіншек Сапура Мəтенқызы еке нін анықтайды. Жансыздардың губер наторға жолдаған баянхатында, жоғарыдағы əулиенің Сапурадан басқа ешкімнің көзіне көрінбейтіні, адамша сөйлейтіні, қайда екені белгісіз, екі-үш тəулікке дейін жоғалып кететіндігі, ауылға оралғанда сиырша өкіретіндігі жайлы айтылған екен.

Осындағы «Көрінбес – Көктемір» аңызы жайлы шынайы пайым жасаған адам Əбіш Кекілбаев: «Отарлаушыларға қарсы елді көтеру арманы Сапура ке-ліншекті тарихта баламасы жоқ, ең қиын да қатерлі авантюраға бас тігуге мəжбүр етті. Өйтіп, ол өз пірі Көк бұқа – «Көктемір» атынан əрекет етуге бел буғызды» депті.

Көктемір көтерілісін халық қолдаға-нымен, хан-сұлтандар жақтыра қойма-ған сыңайлы. Нұралы хан губернатор-дан əскер шығарып, бүлікші ауылдарды жазалауды қайта-қайта сұрап (Орынбор обл. мұрағаты, 3-қор, 1-т., 152-іс, 318-321 пп.), өз тарапынан атақты стар-шын Сырым Датұлы мен өзінің ұлы Есім сұлтанды көтерілісшілерге жібе-ріп, бекерге қан төккеннен нəтиже шықпайтынын ескер тіп, жоспарынан бас тартуға ша қыр ды.

1776 жылдың аяғында көтеріліс сап тыйылған. Оған себеп, Көктемір – Сапураның мезгілсіз қайтыс болуы дейді зерттеушілер. Осылай хал қының азаттығы үшін өзінің төменетек əйел екенін авантюралық түрде жасырып, жалған əулие атынан ел басқаруға мəжбүр болған батыр апамыз тарих-тан өтіпті.

КӨНЕ ТАРИХ КӨМБЕСІ

Суворовты сан соқтырған Сапура–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қазақ тарихындағы орны зор тұлғаның бірі – Сапура Мәтенқызы. Зерттеуші қаламгер �нес Сарай 1997 жылы ақпан айында «Қазақстан әйелдері» жур-налында жарық к�рген мақаласында, Сапура 1753 жылы қазіргі Ақт�бе облысының жері – Қобда бойында туды деген деректі алға тартады. Бұл нұсқаны белгілі қаламгер �біш Кекілбаевтың да мақұлдағаны туралы білеміз.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

ри зықты бөле-жара жеген дұ-

ЗЕРДЕ

Page 7: E-mail: info@egemen.kz №47 8 НАУРЫЗ, …текті аналары ежелден ар мен намыстың нақты өлшемі, сұлулық пен сымбаттың

8 НАУРЫЗ 2018 ЖЫЛ 7

Суретті түсірген Сәрсенбек ҚЫЗАЙБЕКҰЛЫ

РУХАНИЯТ

Нұрғали ОРАЗ

Қысы-жазы үй тірлігінен қолы босамайтын бір аяулы жан бар біз дің əулетте. Ол – жеңешем. Шынымды айтсам, туған шешем. Əжем жарықтық көзі тірісінде менің о кісіні осылай атағанымды қалап еді. Содан бері сүйегіме сіңіп, тілім қалыптасып кетіпті. Енді шешемді басқаша атай алмаймын.

Əлі есімде... Қыстыгүні таң бозынан оя-

нып, босағада тұрған етігін аяғы-на тартқылап киетін де, есік алдын дағы сіресіп жатқан қарды сықыр-сықыр басып қораға қарай беттеуші еді. Ол жақтан қара сиырдың «мө-ө» деп əндете созған даусы естілетін. Жас қидың иісі танауыңды қытықтайтын жылы қораның бір түкпірінен тықырлап бұзау да ояна бастайды.

Жеңешем малға шөп суырып əкеп салады. Сол сəтте таңсəрідегі сақылдаған сары аязды қақ жа-рып ыстық жаздағы даланың иісі бұрқырайды. Жеңешемнің суық сорған жүзіне қан жүгіріп, аздап күлімсірейді.

Кеше кешкілік қара сиырдың ал-дына қойған шелектегі судың жарты-сы мұз боп қатып қалған екен, оны былай алып, ашық жерге шығарып қояды. Əлтаман күннің көзі жылт еткенде беті жіпсіп, ери бастайды дегені ғой. Иə, сол кезде əлгі шелекті жерге дүңк еткізіп бір со ғып алсаң, дөңгеленіп бір табақ мұз түседі.

Қара сиыр алдындағы шөпті тілімен іліп алып, күрт-күрт шай-найды. Осы сəтте қораның екінші бөлігіндегі он шақты қой да бір-деңенің иісін сезіп маңырайды. Жеңешем сиырды сауып алып, бұзауды босатқан соң, енді қой-ларға шөп суыруға кіріседі.

Шіркін, жадыраған жаздың иісі тағы да келеді мұрнына...

Біз үйде тоғыз баламыз. Үш ұл, алты қыз. Бірақ жеңешемнің иығына түскен ауыр жүкті біржола же ңіл дету ешқайсымыздың да қо-лы мыздан келмеді. Неге?.. Осы сау ал күні бүгінге дейін жанымыз-ды жегідей жейді. Жауап таппай қиналамыз...

Бір күні таңертеңгілік жеңе-шем мен бірген оянып, мал жай-ға суға шықсақ, ертеңіне сілеміз қа тып ұйқтап қалушы ек...

Бізге оның жаны ашитын. Ерте оятуға қимай, тағы да сол жалғыз өзі тырп-тырп басып, қораға қарай кетіп бара жататын.

Бала күнімізде біз көкемнің жүзін сирек көретінбіз. Өйткені ол таңның атысы, күннің батысы де-мей, үнемі сапқоздың жұмысында болатын.

«Көкең екеуміз алғаш қосылған жылы есігіміздің алдында қой тұр-мақ, бір түйір тауығымыз да жоқ еді, дейтін жеңешем кей күн де рі қорадан келіп, беліне ораған бө-ке байын шешіп, пешке арқасын сүй еп отырған шақта. –Құдай-ау, сонда ештеңені ойламайды екенбіз ғой. Бар болса ішіп-жеп, жоқ бол-са біреу əкеп аузымызға салатын-дай беймарал жүре беретінбіз. Бір жылдан соң дүниеге сен келдің. Əжең алдына алып, ертелі-кеш уіл деп тербетіп отырушы еді. Са-ған беретін сүтіміз де жоқ. Қо лы ма екі литрлік қалайы бидонды алып, Қозы ағайдың үйіне сүт сұрап ба-рам... Сөйтіп жүріп емшектен де шы ғардық-ау, əйтеуір. Араға бір жыл салып Дина келді дүниеге.

Енді шындап ойлана бастадық. Бір үйге бір сиыр керек екен-

ау дедік. Көкең екеуміздің алатын арзымайтын ғана айлығымыз бар. Əйткенмен, қиял – көкте, ал өзіміз – жердеміз.

Қарызданып-қауғаланып жүріп бір сиырға қол жеткіздік-ау ақыры. Күз аяқталып қалған мезгіл. Сиыр-ды үйге жетектеп əкеп, есік алды-на байлап қойған соң, ерте ңіне таңертеңгісін жұмысқа ба рай ық деп сыртқа шықсақ, жер-дүниенің бəрі аппақ. Түнімен себелеп тізеден келетін қар жауыпты. Есік алдын-да үстін қар көміп, мөлиіп тұрған сиыр бізге қарап: «Мө-ө!» дейді. Сөйтсе-е-ек, ол жазғанға шөп ке-рек, жылы қора керек екен ғой... Əне, сөйтіп басталған тіршілік еді бұл!»

«Иə, солай» дегендей, жеңе-ше мнің жанындағы ақ самаурын ақырын ғана ызыңдап қояды.

«Екі жылдан соң Бəтайды ту-дым, дейді жеңешем бір-екі пиа-лай шайдан кейін шекесі жіпсіп, ақ сары жүзі балбырай түсіп. –Осы қуаныштың үстіне алыстан, Сырдария жақтан Бөртекеңдер келді. Бəтайдың есімін сол кісі қойды. Қазынаның аядай екі бөлмесіне сыймай, қонақтардың бір-екеуін көршілердің үйіне қондырдық!

Олар Гүлістанға қайтып кеткен соң: «Əй, бұл болмас!..» дедік ба-сымызды шайқап.

Жаз шыға үй салуға əрекет жаса дық. Ол үшін біраз тағы да қар жы керек болды. Əжеңнің ақы-лы мен базардан арық-тұрық мал алып, бордақылап, семіртіп сату-ды сол кезде үйрендік. Əне, содан бері жалғасып келе жатқан бейнет қой бұл. Құдайға шүкір, міне, қазір зейнетін көріп отырмыз...»

Қайсыбір жылдары көкем ау-дан көлеміндегі ірі қызметтердің бірінің тізгінін ұстады. Бірақ, сон-да да біздің жеңешем сол баяғы үй мен қораның арасын жол қылып, күнделікті қыбыр-қыбыр тірлігін жалғастыра берді.

Ал біз болсақ, оқу іздеп, арман қуып; біріміз ғалым, біріміз жазу-шы, біріміз өнерпаз боламыз деп, туған үйден алыстап кете бардық.

Сондағы жеткен биігіміз қайсы?! Білмеймін...

Жылдар жылжып өте берді. Баяғы жүйе, баяғы заман өзгерді. Қыздар қияға, ұлдар ұяға қонды. Əйтсе де, əрқайсымыз өз арбамыз-ды өзіміз сүйреткенімізге мəз бо-лып жүре берген секілдіміз...

Ал жеңешемнің арқасында гүл-ден ген қорамыз бен бау-бақ шамыз шын мəнінде біздің əулетіміздің нə рі, қауаты, өзегі екенін кейін, өзі міз əке-шеше болғанда барып бір-ақ түсіндік.

Өз өмірінің қызық та қымбат жылдарын өкімет пен партияның тапсырмаларын орындауға жұмса-ған көкем де қазір: «Партиядан пайда көргем жоқ, Тұрсынның осы жекеменшігі болмаса...» деп рия сыз мойындап, басын шұлғып отырады.

Бірақ ол өз еңбегін ешқашан, ешқайсымызға бұлдап, міндетсініп көрген емес. Баяғыда-а Алматыдан үй алып, мəре-сəре боп қуанышқа кенеліп жатқанымда ауылдан бір қойдың етін алып, асығып жеткен жеңешем:

«Апыр-ай, есігінің алдында қо расы жоқ үйде қайтіп күн көре-сіңдер?! Өзім көмектесіп тұрмасам болмас...» деп қатты уайымдады.

Қайран, жеңешем! Сіз көрген азап, сіз көрген бейнет аз ба еді?!.

Сол жолы үш күннен артық қала да жата алмадыңыз. Қорасы жоқ үйде екі қолыңыз алдыңызға сый май, ауылдағы малдың иесіз қалғанын айтып, Алматыны ара-латайық, Медеуге шығайық де ге-німізге қарамай, қайтып кеттіңіз...

АЛМАТЫ

Камалхан ҚУАН, білім беру саласының ардагері, Қазақстанның оқу ісінің үздігі:

– Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, қарызынан құтыла алмайсың деген қасиет ті қағида бар. Мұның өзі ана алдындағы бо рыш пен парыздың өте терең екенін танытады. Өңірде бой көтерген «Аналарға тағ зым» орталығы аналар алдын-дағы парызды өтеудің бір белгісі мен көрінісі іспеттес. Ана өз перзенті үшін түн ұйқысын төрт бөлетін мейірімі мол жана-шыр жан. Отбасы мен шаңырақтың алтын қазығы. Осы орайда облыста қолға алынған «Аналарға тағзым» жобасының маңызы мен рөлі жоғары деп санаймын. Анасын аялап, құрметтей алатын кез келген азамат оған өз үлесін қоса алады. Бұл жоба келе-шек ұрпақтың бойында биік адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына сүбелі үлесін қоса алады деген ойдамын.

Гүлмейрам СРАЖОВА, Ақтбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау қорының атқарушы директоры:

– Қоғамымыздағы мүм кін дігі шектеулі қыз-келіншектер мен əйел-ана лар дың тағ ды ры на се л қос, енжар қа рай ал ма сақ ке-рек. Бұл тұрғыда облыс əкімінің кеңесшісі Құралай Байменова мүгедек аналарға қол-дау мен қамқорлық көрсету мəсе ле лерін ұдайы көтеріп келе ді. Ашығын айт қанда, мү гедек қыз бала лар дың да отбасын құрып, ана атануына толық моральдық құқы бар. Мұн дай кез д е олар бірқатар кедергілер мен қиыншы лық тарға кезігетіні айтпаса да

белгілі. Осы орайда аталған əлеуметтік про-блема «Аналарға тағзым» жобасы аясынан тыс қалмайды деп сенім артқымыз келеді. Мүм кіндігі шектеулі қыз балалардың ана атануы – оның өмірінің бақыты. Осыны ұмытпасақ екен.

Алмагүл САРЫБАЙ, Ақтбе облыстық тарихи-лкетану музейінің блім меңгерушісі, «Шолпан» қыздар клубының жетекшісі:

– Қазіргі кезде қыз балалардың тəрбие-сі не қоғам мен көпшілік тарапынан ойда-ғыдай көңіл бөлініп жүрмеген секілді. Ме ні осы мəселе алаңдатады. Бүгінгі күні қыз дардың арасында ерте жүкті болу не-месе «кəрі қыз» атану көріністері жиі кез-де сіп қалып жүр. Осы орайда жаңа жоба бұл əлеуметтік түйіннің тінін тарқатуға жə не қыздардың тəрбиесін жолға қоюға сеп тігін тигізе білгенін қалаймыз. Бұл бағытта «Шолпан» қыздар клубы игі бас-таманы бірауыздан қолдайды. Біз бəріміз қыз балалардың алдында ел мен ұлттың болашағы тұрғанын түйсіне білуге тиіспіз. Сондықтан да олардың халқымыздың ежелгі озық салт-дəстүрлеріне сай бой жетуіне ықпал етуді басты парызымыз деп білеміз.

Валентина ДЫННИК, «Олеся» белорус этномәдени бірлестігінің трайымы:

– Сұрапыл соғыс жылдарында əйел-дер дің көрмеген қиындығы мен тарт па -ған тауқыметі жоқ. Соған қарамастан олар

жеңіске деген сенімін жоғалтпай, жан қияр-лық пен еңбек етті. Бүгінгі күні де ерен еңбек тің үлгісін көрсетіп жүрген əйел-ана-лар жеткілікті. Осы орайда «Аналарға тағ-зым» рухани-адамгершілікке тəрбиелеу ор-та лығы еңбек жөніндегі дəстүрлердің сабақ-тас тығына көңіл бөлсе – бұдан еш ұтылмас еді. Бұл бастаманың орны бөлек, қызметі айырықша. Ал аталған орталық ғимараты Ақтө бенің ажарын одан əрі аша түсетіні қандай ғанибет.

Ильман ЮСУПОВ, «Вайнах» чешен-ингуш этномәдени бірлестігінің жетекшісі:

– «Аналарға тағзым» Мемлекет басшы-сы ның «Рухани жаңғыру» бағдарламасы ая-сында салынып жатқан келе жатқан келісті кешен. Оның елімізде ешқандай теңдесі жоқ. Мұндағы жасақталатын экспозиция залын-да қазақ халқының тарихында айырықша із қалдырған тұлғалар, ерлігі мен еңбегінің жəне қайталанбас бітім-болмысының арқасында ел аузында қалған қазақ қыздары Бопай ханым, Əлия Молдағұлова мен Мəншүк Мəметова, Аққағаз Досжанова, Нұрсұлу Тапалова, Роза Жамановалардың өмір жолдарынан мол деректер қойылмақ. Оның келешек ұрпақты отаншылдыққа тəрбиелеу ісіне тигізетін ықпалы мол бола-тыны кəміл. Қазақ халқы секілді Қазақ-стандағы шешен халқының өкілдері де аналар мен əйелдерге ерекше құрметпен қарай біледі. Біз облыста аналарға тағзым ету мақсатында құрылған жарқын жобаға айырықша тəнтіміз.

Темір ҚҰСАЙЫН,«Егемен Қазақстан»

Ақт�бе облысы

Жеңеше Эссе

«Аналарға тағзым» – айрықша жоба––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––«Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген даналық с�з бар. Мұның �зі аналардың отбасы мен қоғам алдындағы р�лі �те жоғары әрі па-рызы мен арқалайтын жүгі салмақты екенін к�рсетеді. Табиғат-ананың к�ктемде бүр жарып, жапырақ жаятыны секілді, әйел-анасыз адамзат баласы бала сүйіп, ұрпақ �сіріп, табиғи демографиялық �сімге қол жеткізе алмайды. �мірдің мәні де, сәні де – Ана. Анасыз дүние – тұл. Сондықтан да дана халқымыз орынды айтқандай қамшының сабындай қысқа ғұмырда аналарға құрмет к�рсетіп, �мірден �ткен мұндай ғазиз жандардың рухына тағзым ету – үлкеннің де, кішінің де, басшының да, қосшының да айнымас парызы. Осындай мақсатта Ақт�бе аймағында «Аналарға тағзым» атты елімізде баламасы жоқ бірегей жоба жасақталу үстінде. Халықаралық әйелдер күні қарсаңында осыған орай Ақт�бе жұртшылығының �кілдері газет тілшісіне �з ой-пікірлерін былайша жеткізді. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

ШаңырақӘңгіме

Дархан ҚЫДЫР�ЛІ

Жер аяғы кеңи бере баста-лып, қызу жүрген құрылыс күзге таман аяқталып қалды. Анасының айтуы бойынша ескі тамның сынық ағашына тиіспестен, барлығын жаңадан алып, шымқай қызыл кірпіштен өріліп, сəулетін асырып-ақ салды. Айналаға айдындана қарағандай сəндене бой көтерген еңселі ғимарат Көксудағы ең көрікті үйлердің қатарына қосылды.

Күн-түн демей еңбек еткен Досбол жаңа қонысқа кірудің қамына кіріскен күні күтпеген көңілсіздікке тап болды. Жаңа үйге көшуге қамданып, заттар-ды жинастыра бастағанда анасы:

– Менің заттарым осында қала берсін, дегені.

Досбол шоқ басып алғандай ыршып түсті:

– Қалай? Сіз сонда?.. – Иə... Мен осы үйде қала

берейін.– Жише!..– Ештеңе етпейді. Бұрыннан

тұрып келе жатқан үй ғой, құлап кетеді дейсің бе...

– Ел не дейді, мұныңыз не? Түу, сіз де...

– Оны қайтесің, кімнің қайда тұрғанында елдің не шаруасы бар дейсің?..

Даусы сəл қатқылдау шық-қан секілді сезілді. Бұдан əрі сөз д і созудың қажетсіз екенін тү сін ген Досбол үнсіз қалды.

Күйеуі Қуан дүниеден өтке-ні не жиырма жылдан асса да, оның заттары мен жатар орны сол күйі қаз-қалпында тұр. Дос-бол оларды да қозғаған жоқ. Ақы рын басып, үйден шығып кетті...

Содан бері, міне, жеті күн, жеті түн өтті.

Бүгін құрбандық шалып, аруақтарға арнап Құран оқытып, ауылдастарға шай берген.

* * *Бəтима отыз жыл бойы түті-

нін түтеткен үйіне бүгін алғаш тү ней ін деп жатқандай күй кеш ті.

О тоба! Бүгін мына үй мүлде бас қаша ғой. Оның көңіліне əлде-бір алаң кірген секілді. Жым-жырт тыныштыққа оранған жал-ғыз дық мұны да бірге қымтап алған дай. Ұйқысы келер емес. Жастыққа басы тигені сол еді Қуанмен бірге Қаратаудың бау-ырында, Көксудың бойында қол ұстасып бірге жүрген, осы үйге алғаш келін болып түскен, ауыл адамдары қуанып қарсы алған

кездері бірінен соң бірі есіне түсіп, көз алдынан алма-кезек тізбектеліп өте берді...

Сөйтіп жатып, кірпігі ауыр-лап, өң мен түстей түсініксіз бір қызық күйге енді. Еңсесін бас-қан ауыр ой өз-өзінен сейіліп, тұла бойы жеңілдеп сала берді. Тіп ті салмақ атаулыдан арылып, құс қауырсынындай қалықтай жө нелді...

«Бүгін мені есіне алған екен ғой!..» деп ойлады ол бір түпсіз, тұңғиық, жұмбақ əлемге еніп бара жатып.

Тап осы сəтте төсегінің аяқ жағынан Қуанның елесі қылаң берді.

... – Келдің бе, – деді Бəтима күбірлеп.

Табалдырықтан бері аттап, аяқ жақтағы киізге тізе бүккен елес бейне басын ақырын ғана шұлғығандай болды. Содан соң:

– Ұйықтамағансың ба? – деді сыбырлап.

– Иə, ұйықтай алмай жүрмін. Балалар жаңа үйге көшті ғой, білесің.

Қуанның жүзінен нұр төгі-ліп, күлімсірегендей болды.

– Балалар есейді, ержетті. Біздің күткеніміз де осы емес пе?

– О Жаратқан ием! – деді Бəтима енді қолын кеудесіне қойып. – Көрсеткеніңе шүкір...

– Сен мұнда неге жатырсың?Бəтима жеңіл күрсінді. ... – Есіңде ме, деді содан

соң өткен күндер есіне ора-лып. – Маған осы шаңырақты аманаттап едің ғой. «Түтініміз сөнбесін, ошағымыз өшпесін» деген сөздерің құлағымнан ке-тер емес. Өзің шыққан үйден мен де көшсем, босағамыз иесіз, шаңырақ киесіз қалмай ма?

– Құдайға шүкір, – деді елес-бейне орнынан сəл қозғалғандай болып Бала сүйдік. Бақытты болдық. Енді міне, олар ер же-тіп, өз алдына отау тігіп жатыр. Со ларды жеткізген саған разы-мын, сен де балаларға разы бол.

Олар дан бөлініп, жалғыз қалма. Көңілдері жабырқап жүрер...

– Қайдам... Сені күткен шы-ғар мын. Ескі үйдегі тəтті күн-дер ді қимаған болармын, сірə.

– Иə, айтпақшы, тəтті күндер дегеннен есіме түсіп отыр-да ғы...

Əнеукүні үлкен баланың үйіндегі келін: «Апа, сіз атам-нан жап-жас күніңізде айыры-лыпсыз ғой», дейді. «Бір нəрсе сұрасам ренжімейсіз бе?..» «Сұ рай ғой, қарағым». «Қан-ша дегенмен, бəріміз де пен-де емеспіз бе. Атамнан кей ін біреуді көңіліңізге жақын тар -тып, қайта тұрмыс құруды ойла-ған жоқсыз па?..»

Шай ішіп отырған кесем

қолымнан түсіп кете жаздады. Бір уақ үн қата алмай, шаша-лып, тұншығып қалдым. Келінім орнынан ұшып тұрып, мойным-нан тас қып құшақтай алыпты. «Айналайын апатай, кешіріңізші мені! Кейде өстіп, ойымдағыны ірікпей айта салатын əдетім бар», деп шыр-пыр боп, жас ба-лаша өбектеп жұбатып жатыр мені...

Үндемей қалсам, апамның бір құпиясы ішінде кетті-ау деп ойлар дедім де, оған бар шындықты жасырмай айтып салдым.

«Құй сенерсің, құй сенбессің, мен атаңнан айырылған жоқпын, қарағым. Кей күндері ол түнде, балалар қаннен-қаперсіз пы-сылдап ұйқыда жатқанда келіп, басымнан сипап: «Сағындың ба?» деп сыбырлайды құлағыма. «Иə!» деп, қолынан ұстай алам. Құдды бір, тірі күніндегідей саусақтары салалы, демі ыстық...

Сондай күндері таңертеңгілік бойым сергіп, боз биенің сүтіне шомылғандай жеңілдеп, күліп оянам... Міне, қарағым, менің өмірімнің бар құпиясы осы!» дедім. Дұрыс айттым ба?..»

Елес бейне иіліп келіп, оның басынан сипағандай болды. «Дұрыс қой», дейтін сияқты.

Содан соң, ол: – Ал енді, жаңа үйге көш,

деді шаттана сыбырлап. – Сен ше?.. – Бəтиманың көзі

жасқа толып, иегі дірілдеп кетті. – Меніменен қоштасуға келген-нен саумысың өзің...

Ол ғайып болған Қуанның елесінен «Мен сендермен мəңгі біргемін» дегенді анық сезініп, қапысыз ұққандай болды.

Содан соң селк ете түсіп, жан-жағына қарап еді, ешкімді кө ре алмады...

Терезенің сыртынан ағараң-дап таң белгісі білініпті. Үй іші бірте-бірте жарық тартып, бо-са ға жақтағы кебеже-сан дық тар көз ге шалына бастады.

Əп-сəтте нұрға шомған ша-ңы рағы жұмақтың бақшасына ай налып кеткендей ғажап бір жан рахатын сезінді...

* * *Күн көкжиектен қазық бойы

к өтерілген кезде жаңа үйге қа-ра й аяңдаған анасын көрген Досбол аз-кем аңтарылып тұрды да:

– Балалар, жишем келе жа-тыр! – деп айқайлап жіберді.

...Ақырын ашылған есіктен мейірлене енген күннің сəулесі шуағын шашып, жамырай алға ұмтылды...

Ақт�бе облысы

Суретті салған Айдарбек ҒАЗИЗҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Page 8: E-mail: info@egemen.kz №47 8 НАУРЫЗ, …текті аналары ежелден ар мен намыстың нақты өлшемі, сұлулық пен сымбаттың

8 8 НАУРЫЗ 2018 ЖЫЛӨНЕР

Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ,«Егемен Қазақстан»

Белгіленген жерге біз де асығыс келе жаттық.

Өнерлеріне көпшілік ілти пат пен қол соғып, есімдерін ауыздан тастамай ай-тып жүр ген əнші қыздармен кездесуге асықтық. Кездесудің бір ерекшелігі –қазақ əндерін тамылжыта орындайтын үш бірдей Татьяна сахнада жүз деседі...

Əзірге кең залда көрермен болып төрт-ақ адам отыр. Сах наның жарығы бір өшіп, бір жанады. Режиссердің көмекшісі орындалатын əнге сай жарық-реңк іздеп əбігер. Сəлден соң сан түрлі жарық саулаған сахнаға тізіліп үш қыз шықты.

– Ағайлар, – деп бірі мик ро -фонға жақындай келіп, – концерттік бағдарламада орындайтын əніміз əртүрлі. Əйтсе де сіздерге арнап қосыла «Ақ көгершінді» айтып берсек қайтеді?! – деп ұялыңқырап үн қатты да, құрбыларының қа тарына қосылды. Осылай кешкі кон-церт алдындағы дайын дық басталар-дан сəл бұ рын сырлы саз қанат қақты. Татьяна есімді үш қыз əн салған.

Татьяна БУРМИСТРОВА: «Өзім жайлы не айтайын. Мектептегі

көркемөнерпаздар үйірмесіне алғысым шексіз. «Осы əнді Татьяна айтсын-шы, Татьяна айтсыншы,» – деп ағы нан жарылатын құрбы-құр дастарымды, жаңадан шық қан əнді көрген бойда га-зет-журналды қолына алып, үйге жүгіре жеткізген достарымды айтыңыз. Жаңа əн жарық көрген газет-журналдарды жинаймыз. Сабақтан қолымыз қалт етсе, əн үйренеміз. Сосын, мерекелерде мек-теп сахнасында қойылатын концерттер-де айтамыз. Сондай күндердің бірінде домбыраның əдемі əуезі қызықтырды. Адам өзі діттеген мақсатына ерек-ше ынтасы ауса, үйренбей қой майды екен. Еліктіріп, ынтық тыра түскен қасиетті домбыраны қолға алып, шерт-кен сəт те күмбірлеп ала жөнелетін бол ды. Бұрын біреулердің сүйе мел-деуімен орындайтын «Ақ бұлақты» енді өзім домбы раға қосатын халге

жеттім. Мен үшін Оңтүстік Қазақстан облысының Шаян селосы туған жерім бол ғанымен ғана қымбат емес. Ол маған екінші ана тіл сыйлады, халық əндерінің тылсым сырына жетеледі. Алғаш өнер сайысына аттанғанда тиіп тұр ған Шымкентке жетпей-ақ ауылды сағынып жылағаным есімде. «Бүйте берсең ауылыңа қайтармай, Алматыға оқуға жібереміз» дегеннен шыны-мен қаймығып, облыстық фес тиваль аяқталғанша бар-жоғы үш-ақ күнге əзер шыдағаным-ай. Нашар айтсаң қайта-қайта орындата береді екен деп, шама-шарқымның жеткенінше бар нəшіне келтіре шырқадым. Жүлделі орынды иеленетінімді қайдан білейін. Сондағы «Ақ бұлақ» үйіміздің іргесіндегі бұлқына аққан Шаяндай елес теген.

Кейіннен онжылдықты ой да ғы-дай аяқтап, алыс Ал ма ты ға аттандым. Баяғы «Ал ма тыға жі береміз» десе қорқа-тыным – балалығым, ауыл қы зына тəн аңғалдығым екен ғой. Ас танаға жол тарттық, жолы мыз болып, Алматы ме-дицина институтына оқуға түстім. Ал-ғашқы күннен бастап институттың көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысып жүргенмін. Екінші курста едім, сол кез-де жас тар көңілінен шығып жүр ген «Ал -ты бақан» хабарына шақы рылдым. Тағы да «Ақ бұ лақты» айттым. Содан «Базар-Назар», «Гүлдерайым», «Ақжайық» əндері өрбіді.

Өзі бір қызық, өнерлі жанұя бола-ды, өнерге ғашық жанұя болады. Бізге соның кейінгісі келіңкірейтін еді. Əкем Николай Кирилович мал дəрігері де, анам Александра Михайловна тəрбиеші. Былай айтқанда өнер ге қатысы жоқ, əйткенмен қазақ тың халық əндерін жанындай жақсы көретін. Каникулға үйге барған сайын төрде ілулі тұрған үкілі домбыраны алдымен ұсынады, көңілдерін қалдырмаймын. Бір кездері Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт аудандық ауруханасында дəрігер бо-лып қызметімді бастадым. Жолдасым Серік Ыс майылов осындағы жылжы-малы механикаландырылған колоннада бас инженер болып қызметін бастаған. Басты арманым кішкентай Еркінім мен

Əдилама өзім сүйетін халық əндерін сол қалпында жүрек теріне жеткізе алсам болғаны да...».

Сахнада Татьяна есімді үш қыз əн салып тұр, ақ көгершін жайлы əдемі əуен тыңдаушы бол ған төртеумізді де баурап алған. Үйреншікті əдетімен əсер лі сəтті пайдаланғысы кел ді ме, əн қайырмасы екінші қай таланғанда «Лениншіл жастың» фототілшісі Рахымбай Ханалы орнынан тұрды да, фотоапаратын қолына алып, сахнаға жақындады. Ойы – əсем сазға беріл ген əнші қыздардың бейне сін оқырманға сол қалпында жеткізу...

Татьяна ПОЛТАВСКАЯ:«Кезіндегі Талдықорған облысы,

Панфилов ауданындағы Крупская атындағы орыс мекте бін бітірдім. Көршілердің бар лығы қазақ ағайындар. Тек мек тепке барғанда ғана орысша сөйлейміз де, үйге келген соң қазақшаға қайта көшеміз. Сөй тіп жүріп үйренгенім ғой. Əкем Дмитрий Данилович инженер еді. Қазақ тілін ана тілінен кем білмейтін. Ал анам қазір еңбек демалысында, көп жылдар педа гогикалық қызметте бол-ды. Үйде əкем екеуі қазақша сөйлесіп отыратын, халық əндерін жақсы айта-тын. Маған да, бауырларым Анатолий мен Бориске де өнерге жақын болуды үйреткен сол кісілер. Кіш кентайымыздан музыка мектебіне бардық. Жиын-тойда ауылдың алты ауызын айтып жіберу ешқайсымызға қиын соқпайтын. Қазақ шір кін бауырмал ғой, қандай бір қуанышы болсын, той-тома лағы болсын əке-шешемді ша қы русыз қалдырған күні жоқ. Ондайда ол кісілер жаңа əн үйренбей үйге қайтпайды. Со ның əсері де мол бо-луы керек, Талдықорған педагогика ин-ститутында оқып жүрген кезімде енді құрыла бастаған «Жетісу» фольклорлық ансамбліне талапкерлер қатарына жа-зылдым. Ансамбль жетекшісі Айсұлу Манас таева апай репертуарымды қайта қарап, менің халық əніне ыңғайым ба-сым екенін қатты ескертті. Сөйтті де көптеген сазды əуендерді сол кісінің өзі ұсынуымен айта бас тадым».

Сахнада үш қыз əн сал ған, Ахмет Жұбановтың «Ақ көгершіні» əсем сазбен қалықтайды. Əн сүйер қа уым ға соңғы кезде Татьяна Пол тавскаяның орында-уында сүй сіне тыңдап жүрген «Ақ кө-гершінді» бүгін үш бірдей Татья на та-мылжыта шырқап тұр...

Татьяна МАРТЫНЕНКО: «Екі бірдей аттас əпке лерімнен асы-

рып не айта қояйын. Ойлап қарасам бұл кі сі лерге тағдырым да ұқсастау екен. Мені де мы на үлкен сах наға əкеліп Татья-налар қа тарына қосқан əнші, жыршы, бауырмал қазақ ауы лы ғой. Шынымды айтсам, өмір баянымның бар жолы бір-ақ сөйлем: Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданының Шұбар селосы – туған ауылым, Ленин атындағы орта мектеп. Сосын əл-Фараби атындағы мəдени-ағарту институтының ІІ курсы. Əн айту-ды бала кезден үйрендім. Ауылдастарым үйреткен əнді өздеріне сол қалпында жаттап, қайта айтып беретінмін. Сөйтіп жүріп əнге деген, халық əніне деген ерек-ше бір құмарым артты. Тылсым əуен өзіне еліктіре түсті. Институтымыздағы «Фа ра би сазы» фольклорлық ан самблі де көп нəрсе үйретті.

Алматыға екінші рет келуім, өт кен жолы Кенен атаның жүз жылдығына арналған респуб ликалық ақындар ай-тысында əнші ретінде үлкен сахнаға алғаш рет шықтым. «Қызылқұмда ауы-лым», «Əй-əй бөпем» – мен орындаған бұл əндер көп көңі лінен шыға алды-ау

деймін. Алматы көрермендерімен екінші рет жүздескелі отырмын. Анам да, інім де қазақша жақсы біле ді, əн де-генде алғашқы тың даушыларым солар ғой. Реті келгенде айта кететін бір жайт, біздің ауылда Татьяна есімді та ғы бір қыз бар. Қазақша жақ сы сөйлейді. Қазір ол да көр кемөнерпаздар үйірмесіне қатысып жүр. Болашағы əлі алда ғой, əнші болар, басқа болар. Бірақ қазақ əнін ынтыға сүйетін онд ай қыздар ауы-лымызда көп, жа ңа ғана айтқан Татьяна соның бірі ғана. Əзірге бар айтарым осы...».

«Ақ көгершін» əнінің қайыр масы биікке көтеріліп барып үзілді. Татьяналар үлкен сахна да ілтипатпен бас иіп тұр. Кө рер мен болып төртеуміз қуа на қол соқтық. Сосын, Қазақ теле визиясының қызметкері «Тама ша» ойын-сауық отауының да йын дығымен операторларға тап сырма беріп жатты. Əншілер кешкі концертке қайыра тағы бір əзірленді. Басқа номерлердің де трактовкасы алма-кезек бас талып кетті. Қызу дайындық... Оларды көрермендер асыға іздеп келе жатқан, үш қыз – үш тоты көрермендерін күткен бір сəт...

БІР СУРЕТТІҢ СЫРЫ

Үш тоты––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Үш Татьяна – рімдей орыстың сұлулары Мартыненко, Бурмистрова, Полтавская қазақ тілінде тамылжыта ән шырқады. Кездесу орны згерген жоқ. Үшеуі де Алматыға кздеген уақытта, бірі – ұшақпен, бірі – пойызбен, бірі автобуспен жетті. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

– Сіздің алғашқы қазақ стан дықтардың бірі болып опера отаны Италияда оқып, тəжірибе жинақтап қайтқа ныңыз Абай атын дағы Опера жəне балет теа тры үшін үлкен олжа саналады. Академиялық театрға дейінгі жол ұзақ болды ма?

– Əрине, Абай атындағы Опе ра жəне балет теа-трына тө бе ден келіп топ ете түстім деп айта алмай-мын. Бір əртіс артқа тастауға тиіс жолды жаяу басып жүріп келдім. Ұзақ жолдың ең алғашқы қадамдары менің ба лалық шағым өткен Теміртау қа ласындағы музыка мектебінде сайрап жатыр. Фортепьяно жəне жеке дауыста əн айту сыныбына қабылданғанда əлі бастауышта оқитынмын. Бұдан кейінгі жол Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясының дайындық курсында жалғасқанымен, жал ғыз өзімді алысқа жібергісі келмеген əкем Теміртауға қайта ша қырып алып, осындағы екі жыл дық музыка училищесінде оқу ға тура келді. Бірақ бітірген соң бəрібір консерваторияға қай та оралдым. Жоғары курста оқи тын санаулы студенттердің қатарында үкіметтік концерт тердің біріне қа тысып, алғаш рет үлкен сахнада əн айтқан кезімде Елбасы байқап: «Мына қызды Италияда оқыту керек» депті. Италияның Озимо қаласындағы опера өнерінің академиясында білімім мен қабілетімді шың да ған кезеңді өмірімнің ең ма ңызды баға жетпес бөлігі деп біле мін. Үш ұстазыма – Те мір тау музыка мектебінің оқы ту шысы Галина Мурашеваға, кон сервато рияда білім берген Сəуле Ғарифоллақызы Құрман ға-лиеваға жəне итальян профессоры Марио Мураниге өне ріме де, өміріме де өшпес із қал ды рып кеткені үшін мəңгілік қа рыз дармын.

– Сіз Өзбекстан Республика сының еңбек сіңірген əртісі екен сіз. Бұл атаққа қалай қол жет-кізіп жүрсіз?

– Италия академиясынан бі лім алып қайтқаннан кейінгі ең бірінші гастрольдік сапарым Өзбекстаннан басталды. Бұл ме нің итальян опера мектебінен шың -далып келгеннен кейін «кү шім» тасып, шиыршық атып, өне рімді көрсетуге құлшынып жүр ген кезім. Көрші елдің сахнасында орындаған «Бұлбұл» əнім өзбекстандықтардың көңілінен шығып, кеш қонағы болып қа тысқан Өзбекстан президенті Ислам Каримов қазақ өнеріне іл типат көрсеткісі келгені болар, мені бірден осы атаққа ұсынды.

– Жəмилə, сіз П.Чайков ский дің романстарын орындайсыз, шетел операларын шыр қайсыз.

Мысалы, сіз үшін орыс операсынан ита льян опе расының не-

месе неміс операсы нан француз опе расы ның

айыр машылы ғы мен ерек ше лі гі

неде?

– Əри не, ерекшелігі болады. Бұлардың қай-қайсысы да бір-біріне ұқсамайтын жеке-дара, өзіндік дəстүрі мен əдебі бар мектеп үлгісі болып қалыптасқан. Орыс, итальян, француз опералары əртүрлі бағытта да мыған, олар дың əрқайсысының стилі де, дəуір туралы пайымы мен түсінігі де əр басқа. Музыкада да «дəуір» деп аталатын дүние бар, мысалы, олар романтизм, барокко, веризм болып жалға сып кете береді. Ең бастысы, өзің нің қай дəуірде «өмір сү ріп» тұрғаныңды жақсылап тұ рып анықтап алуың керек. Егер бұл ХVІІ-ХVІІІ ғасырдағы Фран ция болса, онда көмекей арқы лы өтетін іштегі дыбыс ты шығару да мүлде басқаша бо лады – ол неғұрлым жеңіл, көр кем, əсем болып төгіледі. Егер бұл веризм дəуіріне тəн Пуч чини не-месе Масканьи бол са, соған сəйкес дауыс та, кө ңіл күй де, тыныс алуың да бас қаша болып шығады. Сан қыр лы бағыттардың сиқыры мен сұлулығын сағаттап айтсам да, тауыса алмаспын, сіздерге, көрер мендерге музыканың ға жап құдіретін сезіндіру үшін осы ның бəрін жете меңгеру біз дің міндетіміз.

– Сіз «Травиатада» Виолет та, «Риголеттада» Джида, «Лю чия ди Ламмермурде» Лю чия, «Махаб-бат шəрба тын да» Адина, «Патша қалыңдығында» Марфа, «Фи га роның үйленуінде» Сусан на секілді бір əртіс армандайтындай операдағы барлық негізгі партияларды орындадыңыз. Ал сіз үшін ең жақсы партнер кім болды?

– Мен үшін үздік, жақсы пар тнер деген – өзінің рөлін бастан-аяқ білетін кəсіби орындаушы, көп оқитын интеллектуал, сахнаға шыққанда лап ете қалатын жалынның өзі. Сах надағы серіктесіңнің кім болатыны сен үшін əрдайым маңызды, себебі ол репликаны қалай тастаса, сен де солай орындауға мəжбүр боласың. Сол себепті мен өз кəсібін жан- тəнімен сүйе тін, тəртіпке бағын ған, өзін де, жанында серігі болып тұр ған сені де құрметтейтін ше бер лерді жақсы көремін. Сах надағы серіктестер біріне-бірі қарайласып, көмектесіп, сүйе мелдеп тұрса ғана спек-такль жо ғары деңгейде жүреді.

– Атақты болып алған адам дардың көпшілігі кумир дегенді керексінбей жатады. Үлгі тұтқан адамның бəрін өткен нің үлесінде қалдырған жоқсыз ба?

– Керісінше, менің кумирле рім өте көп, бірін ата-сам, екін ші сін өкпелетіп алам ба деп қор қа мын. Егер ақылы бүтін адам бол са, қуатын керексіз нəрсеге сарп етпей, ол өмір бойы оқып, үй ренумен өтеді. Қол жет-пес биік тікті бағындырған Мария Кал лас бастаған бірқатар идеалдар өзінің перфекционистігімен ұнай-ды, сондай-ақ bel canto техникасы бойынша айта-тын Тотти даль Монте (Италияның əйгілі дирижері Тосканини жақсы көрген итальян əншісі) сияқты табиғаты ға жайып əншілерді де құрметтемеу мүм-кін емес. Бұлардың бəріне де ілтипатым жоғары, шынында да олардың дауысы кеудеден біркелкі шы ғатын əдемі legato дауыс. Өзім сабақ беретін консерваторияда да, Т.Жүргенов атындағы Өнер

академиясындағы студент теріме де осы дауысты үйретуге бар кү шім ді саламын.

– Өнеріңізді жоғары баға лап, сізбен келісім-шарт қа отыр ғысы келген Еуропа ел де рінің бірін-дегі театр ұсы ны сынан бас тартқан екенсіз. Неге?

– Мен ешқашан да қызмет тік мансапты өз өмірлік құнды лықтарымнан жоғары қойған емеспін. Иə, ондай тиімді ұсы ныс ты қабылдамағаным рас. Гол ландия театрымен ұзақ мер зім ді гастрольге келісімшарт жа сас қан Қазан театрымен əріп тестік бай ланыс жасау дан бас тарттым. Себебі дəл сол жылдары қызым Əмина əлі жас болатын. Мен оның мектептегі сабақ үлгеріміне де, шығармашылық жағынан дамуына да көп көңіл бөлемін. Əмина да мен секілді бала күнінен музыка мектебінің форте-пьяно сыныбында оқиды. Одан шығып жүзуге, тен-ниске барады. Жұрттың баласы жаз бойы алаңсыз демалып жүрсе, біз репетитордың көмегімен ағыл-шын, қазақ тілде рінен, мате матикадан сабақ ала-мыз. Мен оның гимназиядағы оқуы мен тəрбиесін анасының қам қорлығы мен қолдауынсыз қал дырғым келмеді. Көзімнің ағы мен қарасындай болып өсіп ке-ле жатқан қызымды бір сəтке көзім нен таса қылсам, жанымды қоярға жеп таппай кетемін. Ал əлемдік танымалдылық пен еуро палық беделге еңбек сіңіру

деген сөз – отбасыңды ұмыту деген сөз. Өкінішке қарай, бұл менің қолымнан келмейді.

– Көктем мерекелері келіп жат қанда, сыйлық туралы айт пай кетсек, əйелдігімізге сын бо лар. Біздің білуімізде, бар лық опе ра əншілерінің ең осал жері де, ең сүйікті бұйымы да гауһар əше-кейлер болып есептеледі. Гау һартастарды сіз де жақсы кө ре сіз бе?

– Əрине, жарықпен шағы лысқанда жарқ-жұрқ етіп жі ңішке сəулелердің сиқырын шашатын гауһартас жалғыз менің ғана емес, əйел біткеннің көзінің құрты шығар деп ойлаймын. Гауһартастарды мен де қатты жақсы көремін. Əрине, мен үшін ең бастысы, махаббат. Махаббат əртүрлі болады – ата-анамды жақсы көремін, қызымды, ұстаздарымды, достарымды, тіпті студенттерімді, бəрін-бəрін жақсы көремін. Гүлдерді жақсы көремін! Мейлі, ол қандай болса да, күлтелеріне қарасам болды, жүрегімнің түбінде жатқан ең алыс сезімнің өзі лықсып жүзіме шығады да, төңірегімді тегіс жа қын етіп жібереді. Гүлдерсіз өмі рімді елестете алмаймын. Кон церттерден кейін, спектакльдерден соң ықылас белгісі ретін де алған гүлдер жыл он екі ай үзілместен үйімнің көркін кел тіріп, бөлмелерді хош иіске бө леп, шуақтандырып тұрады. Со дан кейінгі сүйікті ісім, сая хаттағанды жаным сүйеді. Сая хаттап барған елдің асханасын да жақсы көретінімді жасырмаймын. Бір сөзбен айтқанда, өмірді сүйемін!

– Сіз əріптестеріңізбен жа қын араласыз ба, əлде ара қаты насыңызға шекара белгілейсіз бе?

– Адамдар əртүрлі типке бө лініп жатады ғой. Мен – ин ро вертпін. Сыртқы əлемнен гө рі ішкі əлеміне көбірек тəуел ді адамдар қатарына жатамын. Біреудің емес, өзімнің жан дүниеме үңілгенді, өзімді-өзім іштен қызықтағанды, бар лық сұраққа ішімнен жа уап тапқанды жөн санаймын. Бұл көпшіл емес дегенді немесе жал ғыздыққа, оқшаулыққа бейім екенімді білдірмейді. Керісінше, қызықтыратын тақырып бол-са, егер жанымдағы адам мені «оята» алса, кіммен болса да, ашық-жарқын əңгіме-дүкен құрып, жан сырымды бүкпей ақтарыла ала мын. Жігер-қуатымды басқа нəрсеге жұмсап шаршағаннан гөрі жұмысқа жұмсап, шаршасам, содан лəззат табамын. Күні бойы репетиция, одан қалса жоғары оқу орындарындағы сабағым, шəкірттерім бар, сөйтіп уақыттың қалай өткенін де біл меймін. Тіпті кітап оқып, музы ка тыңдау үшін жалғыз өзім демал ғанды қалаймын. Өзіме-өзім өте талапшылмын. Спортшылар секілді бір сəтке босаңсуға жол бермеймін, тəулік тəртібін ұстанып, ойым мен бойымның тазалығын қатаң қадағаласам жəне соның нəтижесін сезінсем, жаным жай тауып, ғажап сезімге бөленемін.

– Əңгімеңізге рахмет.

�ңгімелескен Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

СӘТІ ТҮСКЕН СҰХБАТ

Жәмилә БАСПАҚОВА,Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі:

Өзімнің жан дүниеме үңілгенді жөн санаймын

Бүгінгі наурыздың жай ма шуақ күнінде кезде суді жазсын деп тіледік. Өткен жылы Алма ты дағы Республика Сара йында Бурмистрова өткіз ген кешке ауыл -дасы Татьяна Мар ты нен ко жұбайы Сəкенді ертіп Шым кенттен арнайы кел-ген. Ал Талдықорғаннан Ғалым Жазылбекұлы деген курс тасым хабарласты: Татьяна Пол тав ская пединституттың музы ка факультетінде сабақ бере тін. Кейін Мəскеуге көшкен, қазір сонда, – деп бір қойды.

Үш тотының бұл суретіне де 24 жыл, марқұм фотожурналист Рақымбай Ханалы түсірген үш тотының Татьяналар Мар тыненко, Бурмистрова, Пол-тавскаялардың суретіне де ал дағы жылы 25 жыл болады. Алла жазса сол кезде кездесерміз деп бір қойдық.

АЛМАТЫ

орындайсыз, шетел операларын шыр қайсыз. Мысалы, сіз үшін орыс операсынан

ита льян опе расының не-месе неміс операсы нан француз опе расы ның

айыр машылы ғы мен ерек ше лі гі

неде?

Page 9: E-mail: info@egemen.kz №47 8 НАУРЫЗ, …текті аналары ежелден ар мен намыстың нақты өлшемі, сұлулық пен сымбаттың

8 НАУРЫЗ 2018 ЖЫЛ 9

ПАРАЛИМПИАДА-2018

ӨНЕГЕ БЕЙБІТ КҮННІҢ БАТЫРЛАРЫ

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Пхенчхан Олимпиадасының қола жүлдегері Юлия Галышеваны ең алдымен Алматы қаласының тұрғындары құшақ жая қарсы алды. �зі оқып, білім алған Қазақ спорт және туризм академиясының ректоры Қайрат Закарьянов Қазақстаннан Олимпиадада жалғыз медальға ие болған саңлаққа құрмет к�рсетті. Ертеңінде Юлия кіндік қаны тамған �скеменіне оралды. Қарсы алғандардың ішінде анасы Светлана Галышева, облыс әкімінің орынбасары �сем Нүсіпова, �скемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаев, облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов, қала тұрғындары болды.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––�р намыс, қайсар мінез қашаннан да қазақ қыздарына тән қасиет. Бұл тұрғыда бір ғана �лия мен Мәншүкті алға тартсақ жеткілікті. Осынау бейбіт заманда білек пен жүрек күшін қатар ұштастырып, байрақты бәсекелерде ел мерейін үстем етіп жүрген Назым Қызайбай, �лия Юсупова кешегі қаһарман әкпелерінің заңды жалғасы емес деп кім айта алады. Солардың бірі – Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында �тіп жатқан паралимпия ойындарына ел намысын арқалап кеткен алты спортшының ішіндегі жалғыз нәзікжанды, шаңғымен сырғанаушы Жаңыл БАЛТАБАЕВА. Бірер күн бұрын паралим-пиадашыларды Пхенчханға шығарып салу рәсімінде Жаңылға бірер сұрақ қоюдың сәті түскен еді.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Жақында біз Юлияның анасы Светлана Геннадьевнамен тілдескен едік. Ол былай дейді.

– Юлияның əкесі Евгений Галышев қызы дегенде шығарда жаны бөлек бола-тын. Екеуміз де еркелетіп өсірдік, бетінен қақпадық. Мүмкін, өз бетінше шешім қабылдау, алған бетінен қайтпайтын өжеттік сəби кезінен қанына сіңген болар. Алты жасында би үйірмесіне жазылды. Оны ұнатпаған соң енді ғана ұйымдастырылған фристайлдың могуль түріне жазылды. Бұл аса қауіпті спорт, таудан төмен қарай құлдырағанда жанымызды шүберекке түйетінбіз. «Балам фрис тайл қауіпті екен, басқа секцияға жазыл» дегенімізге құлақ аспады. Алғашқы бапкері Анна Корнышева Юлияға мол тəжірибесін үйретті. Алайда ол екі жылдан кейін отбасы жағдайына байла-нысты Алманияға қоныс аударды. Юлияның болашағынан үміт күткен Анна дарынды балаларға арналған спорт мектебінің бапкері Виктор Лемешкоға (қазір фристайлдың мо-гуль түрінен еліміздің бас жаттықтырушысы) қызымызды тапсырып кетті.

Қызымызды əкесі екеуміз кезек-кезек жаттығуларға апарып жүрдік. Амал бар ма, отағасы қазір арамызда жоқ, ертерек қайтыс болып кетті. Ал жаттығатын жері жа қын емес, едəуір шалғайда. Барып-қайтқанымызға алты-жеті сағат уақыт кететін. Ал сонда оқуы қайда қалады? Шар-ша ған сəтте «осы фристайлды қойсаңшы» дегенде, бізге ала көзімен қарап, ренжіп, сөйлеспей қоятын. Юлия алғашқы жеңісіне не бəрі 11 жасында 2003 жылы Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен көрші мем лекеттің кубогы жарысында жетіп, топ жарды. Арада үш жылдан кейін ел бірін-шілігінде күміс алқаны иеленіп, спорт ше-бері нормасын орындады. 2007 жылы Əлем чемпионатына қатысып, шеберлігін шың дай түсті. Бұдан кейін 2008 жылы Еу ро паның екі дүркін чемпионы атанды. Бір лесіп өнер көрсетуде Əлем чемпионы атанды.

– Юлияның арма ны фристайлдан Олимпия ойындарының чемпио ны немесе жүлдегер ата ну еді, – деп əңгіме сін жалғастырды Свет-лана Геннадьевна. – Кана даның Ванкувер қала сында өткен Ақ Олимпия ойын дарында төмен қарай сырғыған кезде сəл қателік жіберген Юлия 11-орын ды қанағат тұтты. Алайда ол Сочидегі Олимпиадаға қалай да

бір медаль аламын деп барды. Жан күйерлер Юлияның бағын қазылардың байлағанын көздерімен көрді. Оны жетінші орынға сырғытып, супер финалға жібермей қойды. Шынында Юлияның кем дегенде қола ме-дальды алатыны сөзсіз еді. Сочиден келген соң ол фристайлды тастаймын деп бұлқан-талқан болды. Десек те, өзі жанындай жақсы көретін спортты, бапкерлері мен əріптестерін қимады. Тағы да жаттығулар, шетелдер-ге сапарлар жалғаса береді. Ал Юлияның соңғы екі-үш жылда ғана Əлем кубогы кезеңдерінде алған алтын, күміс, қола медаль-дары жетерлік. Қысқы Азия ойындарында, өткен жылы Алматыда жалауын көтерген студент-жастардың универсиадасында алтын алқаны уыстап алып, Қазақстанның абырой-ын асқақтатты. Қызым биыл қазан айында 26 жасқа толады. Рас ол қатты шаршады. Бірақ дəл қазір фристайлды тастаймын деген сөзді естігенім жоқ. Əлі де болса ел намысы үшін байрақты жарыстарға қатысуды ойлайды.

Юлия не дейді? – Кіндік қаным тамған өзендер

өрнектеген Өскеменімді қатты сағынып қалыппын. Пхенчханда да дəл осы сəттегідей толқыған жоқпын десем артық айтқаным емес. Əрине жеңіске жеткен кездегі сəтті қалай ұмытайын. Сіз бірінші болып мені құттықтап, батаңызды бердіңіз, сурет-ке түсіріп алдыңыз. Мəдениет жəне спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен оның орынбасары С.Мұсайбеков екеуі алақанына салып əлпештеді, жүрекжарды ыстық лебізін білдірді. Ал Елсияр Қанағатов ағамыздың келесі Олимпиадада алтын алқа ал дегені мені жігерлендірді.

Марқұм əкемді еске алдым, ол анаммен бірге мен спорттың күрделі түрін таңдаған кезде, қолдады, рух берді. Мақсат биік, енді төрт жылдан кейін Бей жіңде өте тін Ақ Олимпиадаға қатысып, өмір бойы армандаған – алтын алқама қол жеткіз сем деймін. Арман алдамаса ке рек. Ар ман алда, жол ұзақ, Юлия деген қыз дары ңыз дан алдағы уақытта да қуантатын жаңа лықтарды күте беріңіздер, – деп Юлия Галы шева ағынан жарылды.

Оңдасын ЕЛУБАЙ,Қазақстанның құрметті спорт қайраткері

�СКЕМЕН

СПОРТ

Светлана ГАЛЫШЕВА:

Қызым үшінші олимпиадасында арманына қол жеткізді

Жаңыл БАЛТАБАЕВА:

Паралимпиададан олжалы оралсам, аналарға үлкен сыйым сол...

Елдің туын асқақтатқандар

––––––––––––––––––––––––Спортта ерлермен қатар қыздар да ел қоржынына жүлде са-лып, байрақты бәсекелерде ел мерейін асырып жүр. Осы орай-да қыздар спортында жекелеген спорт түрлерінен тұңғыш медаль алған бойжеткендер туралы ой қозғамақпыз.––––––––––––––––––––––––

�ли БИТ�РЕ,«Егемен Қазақстан»

Кеңес өкіметі заманында сол дəуірдің желаяқ оғландары Ғұсман Қосанов, Əмин Тұяқовтың жеңісіне марқайып, көңіл жұбатып келген жанкүйерлер дəл осы спорт түрінен «жарықтың жылдамдығын жолда қалдыратын» желаяқ қыздарымыз атой салады деп еш ойламаса керек-ті. Дегенмен, өзге елдің спортшылары секілді біздің қаракөз қыздарымыз да жеңіл атлетиканың жеңіс тұғырынан көріне бастады.

Жеңіл атлетиканың 100 метрге кедергілер арқылы жүгіру түрі бо-йынша сынға түскен Ольга Шишигина 1994 жылғы Жапонияның Хиросима қаласында өткен Азия ойындарында жеңімпаз атанды. Осы жеңісінен кейін оған «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» деген атағы берілген. Ал араға алты жыл салып Ольга 2000 жылғы Сидней Олимпиадасында топ жарып, қазақстандық қыздар арасын-да жеңіл атлетикадан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанды.

Бүгінде Ольга Шишигинаның жеңісті жолын тағы бір жеңіл атлет Ольга Рыпакова лайықты жалғастырып келеді. Үш Олимпия ойындарына қатысқан Рыпакова бір алтын, екі қола медаль жеңіп алды. Сондай-ақ ол Азия ойындарының үш дүркін чемпионы, жабық ғимараттағы Азия ойындарының екі дүркін чем-пионы, бұдан бөлек жеңіл атлетикадан əлем чемпионатының күміс жəне қола жүлдегері саналады. Осылайша жеңіл атлетикада Ольга Шишигина бастап бер-ген эстафетаны бүгінде Ольга Рыпакова табысты жалғап келеді.

2004 жыл еліміздің спортына жарық жұлдыз сыйлады. Біз оған дейін де оның есімін білетінбіз, кілем төрінде қол жеткізген табыстарына сырттай сүйсініп, аз-кем жеңісіне марқайып жүретінбіз. Бірақ бұған дейін оның əсемдік пен əдемілік ұштасқан қимылын қазақстандық жанкүйерлер көзбе-көз көріп, тамашаламаған-ды.

Афина Олимпиадасында көркем

гимнастикадан көпсайыс бойынша Əлия Юсупова гимнастиканың небір сүлейлері арасынан жарқырай көрініп, соңғы сынға дейін жүлдеге таласты. Олимпиада қорытындысы бойынша жеңіс тұғырының үш сатысына ресейлік жəне украиналық арулар жайғасып, отандасымыз төртінші орынды қанағат

тұтқан еді. Дегенмен, сол уақыттағы үздіктермен мəреге үзеңгілесе жеткені Əлия Юсупова үшін үлкен жеңіс бола-тын. Ол Азия чемпионатының 12 дүркін чемпионы, Азия ойындарында екі рет алтын, екі рет күміс медаль алған. Жазғы Универсиаданың қола жүлдегері атанған спортшы. Қазіргі таңда Юсупованың шəкірттері түрлі халықаралық турнир-лерде жеңімпаз атанып жүр. Бүгінде Əлияның қазақ көркем гимнастикасын-да алатын орны ерекше, құрметі биік қазақ қызы.

Бұрындары ертегілеріміз бен аңыз-əңгімелерде ғана кездесетін қазақтың батыр қыздары қазір еліміздің түкпір-түкпірінен бой көрсете бастады. Солардың бірі ауыр атлет – Жазира Жаппарқұл. Арыстағы қарапайым отбасының кенже қызы Толағай сияқты тау көтермесе де, зілтемір көтеріп бүкіл əлемді таңғалдырып жүр. Халықаралық жарыстарды былай қойғанда, Жазира бүгінде əлемнің екі дүркін күміс жүлдегері. Төрт жылдықтың басты до-дасы саналған Олимпия ойындарының күміс медалін кеудесіне таққан тұңғыш қазақ қызы.

Бертінге дейін қазақ қыздарына «жат» болған жекпе-жек өнерінде

де қыздарымыз ерлермен жарысып, Олимпиадаларда атой салып жүр. Бұрындары ер боксшылар ғана жете алатын жетістікке, əлем чемпионы деген атаққа бүгінде боксшы бойжеткендеріміз де қол жеткізе бастады. Соның нақты дəлелі – Назым Қызайбай бокстан əлемнің екі дүркін чемпионы деген атақты лайықты иемденіп жүр. Сондай-ақ қыздарымыз əлем чемпионаты-мен шектеліп қалмай, Олимпиаданы бағындыруға көшті. 2012 жылғы Лондон Олимпиадасында Марина Вольнова күміс жүлдегер атанса, араға төрт жыл салып бұл жетістікті Дариға Шəкімова қайталады.

Мəнерлеп сырғанау спорты да қазақ перзенті үшін спорттың əу бастан кенже-леп қалған бір түрі еді. Біздің білуімізше, сайыстың бұл саласында бұдан біраз жыл-дар бұрын Айгүл Қуанышева, Құралай Тілебалдинова деген қыздарымыз бол-ды. Бірақ олар спорт шебері дəрежесіне жетіп, бірнеше рет респуб лика чем-пионы атанған еді. Сеңнің көбесін алғаш Элизабет Тұрсынбаева бұзды. Мəнерлеп сырғанаушы жасөспірімдердің ала-ман бəйгелерінде жарқырады. Міне, биыл өзінің алғашқы Олимпиадасына қатысып, үздік 24 спортшының ішінен 12-орыннан көрінді. 18 жастағы Элизабет үшін бұл өте жоғары көрсеткіш. Əсіресе қазақ қызы үшін. Бұйырса, Тұрсынбаева алдағы Олимпиадаларда топ жарамын деп білек сыбанып отыр.

Қазақ қыздарының ырқына келе бермейтін спорт түрлерін де бүгінде аруларымыз ырқына көндіре бастады. Жоғарыда атап өткендерімізден бөлек, балуан қызымыз Эльмира Сыздықова 2016 жылы Рио Олимпиадасында қола жүлдегер атанды. Былтыр Зарина Диас теннис спорты бойынша қазақ қыздары арасында бірінші болып WTA серия-сына енетін турнирде жеңімпаз атан-ды. Жуырда ғана өз мəресіне жет-кен Пхенчхан Олимпиадасында фристайлдың могуль түрінен қола жүлдегер атанған Юлия Галышева да бұл тізімге қосылды. Бұрын-соңды спорттың бұл түрінен қазақстандық қыздар жүлде алып көрмеген еді.

Э.Тұрсынбаева

Э.Сыздықова

�.Юсупова

О.Шишигина

О.Рыпакова

Ж.Жаппарқұл

АЛМАТЫ

– Жаңыл бүгінге дейін жеткен же тіс-тіктерің аз емес. Бірнеше дүркін ел чем-пионы атанып, халықаралық жа рыс тар-да, Азия біріншілігінде жақсы нəти же мен көріндің. Төрт жыл бұрын Сочиде өткен паралимпиада ойындары на да қа тыс-қаныңды білеміз.Дайындығың қалай?

– Иə, талай жарыстарда бағымды сынадым. Сегіз бірдей əлем кубогы бəйгесіне қатыстым. Өзіңіз айтқандай, көптеген бəсекеде табысты өнер көрсеттім. Дегенмен, Сочиде өткен пар алимпия ой-ындарында бес шақырымдық жекелеген жарыс жолында небəрі 23-орынға табан тіреген едім. Одан бері төрт жыл уақыт өтті. Тəжірибем толысып, тыңғылықты жаттығу жасадым. Пхенчханға физикалық жағынан да, рухани тұрғыдан да дайынмын десем болады. Аталған паралимпия ойын-дарында ел намысын қорғайтын жалғыз қыз

болғандықтан иығымдағы жүктің салмағы жеңіл емес екенін жақсы сезінем. Маған артылған сенім үдесінен шығып, жарыста бар мүмкіндігімді көрсетем деген ойдамын.

– Жауапты сəттерде саған жігер сый-лайтын не нəрсе?

– Жарыс жолына шыққанда неме-се кез келген жауапты сəтте мені ал-дымен қанаттандыратын өзімнің анам. Ол кісі маған жарық əлемді сыйлады. Қаршадай күнімнен бар ауыртпалығымды көтеріп, денені дендеген дертті де, əрбір қиындықты да, бəрін-бəрін жеңіп шығуға болатынын үйретті. «Ең бастысы, қандай қиындыққа да мойыма. Соңына дейін күресе біл. Мықты бол!» деп үнемі айтып отырады. Əр жеңісіме қуанады. Бүкіл жер бетіндегі жылылық анамның құлыным деп басымнан сипаған аялы алақанынан, мейірлене қараған жүзінен тарайтын

сияқты. Сол мейірім, сол жылылық мені барлық жеңістерге жетелейді.

– Білуімізше, сен шаңғымен сыр-ғанаудан бөлек су спортымен, сондай-ақ жеңіл атлетикамен айналысасың. Бірнеше спорт түрімен қатар айналысу қиындық тудырмай ма?

– Оныңыз рас. Жүзуден төрт дүркін ел чемпионы атандым. Жеңіл атлетика спартакиадасында екі мəрте топ жарып, су спорты спартакиадасында қола жүлдеге қол жеткіздім. Əрине бір спорт түрімен тұрақты түрде айналысқан дұрыс. Бұл

нəтиженің кілті. Əр спорттың қыр-сырын, өзіне тəн ерекшелігін бүкіл болмысыңмен, жан дүниеңмен сезінбей, тынымсыз тер төкпей жеңіске жетем деу бекер. Спорт менің өмірімнің мəні. Бар қиындықты ұмыттыратын жан серігім. Жаным мен тəнімнің емшісі. Бірнеше спорт түрін қатар алып жүру менің мүмкіндігімді шектемейді. Дегенмен, паралимпия ойын-дарында ел байрағын көкке көтеру менің ең үлкен армандарымның бірі. Сондықтан соңғы жылдары паралимпиадаға дайындық барысында шаңғы спортына көбірек көңіл бөлдім.

– Суда жүзуден жас спортшыларды жаттықтыратыныңды білеміз. Одан бөлек бос уақытыңды немен өткізесің?

– Адамның сыртқы сауыты мен ішкі байлығы, білімі сай болуы керек деп есептеймін. Спортты жаныма серік ете жүріп екі бірдей жоғары оқу орнын бітірдім. Өткен жылы ғана «Шаңғымен сырғанау ж ə н е б и а т л о н » мамандығы бойын-ша магистратураны аяқтадым. Қолым қалт ете қалғанда, əдеби шығармалар оқып, танымдық бағыттағы кинофильм-дер тама-шалаймын.

Сол арқылы өзімді ру хани байытып оты-рамын. Ал негізгі уа қытым спорттың ай-наласында өтеді.

– Жаңа бір сөзіңде жер бетіндегі барлық жылылық ананың алақа ны-нан тарайды деген едің. Халықаралық əйелдер күні мерекесінде газетіміз арқылы аналар мен қыздарға қандай тілек білдіресің?

– «Егемен Қазақстан» газетінің бар-ша нəзікжанды оқырмандарын шуақты мерекемен шын көңілмен құттықтаймын! Ақ жаулықты əжелеріміз бен аналарымыз аман болсын! Барша қыз-келіншектерімізге жақсы ұрпақ тəрбиелеп, ана бақытын сезінуді нəсіп етсін. Алла бұйыртып, пар-алимпия ойындарынан олжалы оралып жатсам анама ғана емес өзіме, барша арулар қауымына, туған еліме жасаған ең үлкен сыйым сол болар.

– Əңгімеңе рахмет.

�ңгімелескен Арман ОКТЯБРЬ,

«Егемен Қазақстан»

Page 10: E-mail: info@egemen.kz №47 8 НАУРЫЗ, …текті аналары ежелден ар мен намыстың нақты өлшемі, сұлулық пен сымбаттың

10 8 НАУРЫЗ 2018 ЖЫЛАЙМАҚ

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Цехтың іші шаңнан тұманданып кеткен тәрізді, ма-шиналар дауысы мен тастың тарсылынан құлақ тұнады. Жұмысшылар к�зіне к�зәйнек, үстіне бре-зент киім, аяғына резеңке етік киіп алғанымен де, шаңның �тпейтін жері жоқ. �рімдей қыздың қою қара кірпігіне кіреукеленіп шаң тұрып қалған. Тамағы да шаңнан құрғап, жұтынған сайын �зегін ашытып, қарлығыңқырап тұр. Бірақ оған қарап жатқан Ләззат жоқ, ленталар бойымен судай ағып бара жатқан тастардан к�зін алмайды. –––––––––––––––––––––––––––––––––––

Нәзира Ж�РІМБЕТ,«Егемен Қазақстан»

Студент кезінде тəжірибелік сабаққа барғанда құрбы-құр-дастарымен шулап жүріп, бір айда істейтін жұмысты бір-екі күнде қағып тастайтын. Ол кезде ештеңе ойламайтын еді, жұмыс тез бітіп қалатындай көрінетін. Қазір ойласа жеке өзіне артылған жауапкершіліктің жоқтығынан екен ғой. Студенттерге ешкім жауап кершілік жүктемейтін, қайта оларға шеберлер қолынан кел генше жұмыстың қыр-сырын үйретіп əлек болатын. Ол лента-мен ағып жатқан тастардан көз ал-май тұрған. Көзінің қиығы байқап қалды, ауысымда бірге істейтін Виктор Михайлович Махачюк де-ген егде кісі бұған қолын сілтеп, бірнəрселерді айтып жатыр екен. Цехтың шуынан, құлағына киіп алған қорғаныштан оның дауы-сы естілмейді. Тəжірибелі жұ-мысшы оған «қолыңды байқа, ұрып алма!» деп тұр екен. Кеше алғаш келгенде не істерін білмей, ерсілі-қарсылы жүре берген қызға осындағы Люба деген əйел дауыс көтеріп ұрсып тастаған болатын. Жас қыз көзі жасаурап жылап қалған. Шу мен шаң кімнің де болса жүйкесін тоздырады, Люба да шаршап жүреді, лентада тұрып қалған тасты итеріп жібер деп нұсқағанды түсінбеген жас қызға айқай салғаны рас еді.

Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігіндегі учаскелердің қай-сы сының да жұмысы жеңіл емес. Əсіресе соның ішінде тас майда-лау учаскесінің жұмысы ауыр. Машина майдалап жатқан тастың шықырлап, шуылдаған дыбысы миыңнан өтеді. «Кетсе кетсін, менің айқайыма ғана емес, мына шаңға өзі де шыдамас. Жап-жас қызға басқа жерде орын жетпей қалды ма, мектепке, ауруханаға неге бармайды? Қайта осы арадан кетіп жолын тапсын» деп ойлап қойды Люба тəтей жыламсырап тұрған қызға бір қарап қойып. Бейнеттен жауыр торыдай болған қарапайым еңбек адамы емес пе,

Любаның тыз етпе мінезі бол-ғанымен, қай-тымы тез əйел болатын. Лəз-зат ты ішінен аяп тұрды, мы-на шаңнан кет-се кетіп қалсын деп ойлады. Ал Виктор Михай-лович талдыр-маш қара қыздың бо йынан өжетт ік байқаған. Үндемей, жұмсаған іске шауып кететін елгезектігін қайтерсің. Жұмыстың қыр-сырын тезірек үйренуі үшін ол Лəззатты «ана жерде тас кетті, мына жердің лентасын қара», деп жиі жұмсай береді. Орысшасы нашар қыздың қазақ ауылынан екенін цехтағы орыстілділер шамалады. «Ұяңдығына қарағанда көп бала-лы отбасынан болар. Ата-анасы мұнда неге жіберді екен?» деп ойлады Виктор Михайлович. Осы цехқа жұмысқа келген талай жас шаң мен шуға шыдамай, бір ай өтер-өтпестен қарасын көрсетпей кететін. Цехтағылар алғашқы күні-ақ жылаған Лəззатты ке тіп қалады деп ойлады. Олар қате-лескен екен, қара қыз келесі ауы-сымда бəрінен бұрын келіп, жұ-мыс киімін киіп алып, оларды күтіп тұрған еді.

Осыдан 28 жыл бұрынғы осы көріністер Лəззат Бақтиярова үшін қазір ертегі іспетті. Расында, Лəззаттың осы тас майдалау учас-кесіне келгені бір тағдырдың ісі болды. Ол сонау Амангелді ауда-нындағы Иманов кеңшарында туды. Ол кезде Амангелді ауда-ны Торғай облысына қарайтын. Өткен ғасырдың 70-ші жылдары шұбартаулықтар бастамасымен қой өсіретін комсомол-жастар бригадалары құрылып жатты. Мектепті бітірген жастар кемінде екі жыл комсомол жастар бри-гадасында қалып, қой бағуы ке-рек. Заманы адамын қалай биле-меді, қалай илемеді десеңші, мектепті жақсы оқып бітірген

талай дарынды, талантты жастарды қойдың соңына салды, күл-күмелеш бо-лып ауылда қалды ғой. Лəззаттың əкесі Əбдіғұл

да мал бақты, бірақ ол балаларының оқығанын

қалайтын. «Қыздарыма қой бақтырмаймын» деп

бұлқынса да, өзі комму-нист болған соң, қатаң

жүйеге қарсы сөз айта алмай іштен тын-

ды. Бір жиналыс-та ауылдың мек-теп бітіріп жатқан балаларына қой бақтыру мəселесі тағы қаралды. «Оқи тын балаға обал жасамайық» деген оның сөзін естір құлақ бол-мады. Ол малдың бəрін тастап, бір түнде Қостанай қаласына кө-шіп кетті. Əбді-

ғұлдың алты қыз, екі ұлы болатын,

Қос танайға келген соң, тағы да екі қызды болды. Лəззат Ы.Алтын-сарин атындағы мектеп-интер-натта оқыды. Мектепті бітірген соң Рудный қаласында тұратын апасын жағалап келіп, педагоги-ка училищесіне құжат тапсыр-ды. Емтиханда қазақ тілі мен əдебиеттен жақсы өтті де, ма-тематикадан «құлады». Есіктің сыртында жылап тұрған қыздың қасына екі əйел келіп, «жылама, училищеге түсе алмасаң, тех-никумға түс. Химиядан қалай-сың?» дейді. «Жақсымын, учи-лищеге түсе алмай тұрғанда техникумға қалай түсемін?» дейді өксігін баса алмай тұрған Лəззат. Екі əйел оны қолынан жетек-теп əкеліп, Индустриялық тех-никумның пайдалы қазба лар ды байыту факультетіне «тү сіріп жібереді». Кейін ойласа, тех-никумға бала жетпейді екен ғой.

Оны қолынан жетектеп оқуға түсірген екі əйелдің бірі ұстазы Любовь Николаевна Данилова екен. Орыс тілінде бір ауыз сөзді дұрыс айта алмайтын Лəззатқа оқуды бітіргенше көмектесті. «Сенің талпынысыңа риза бо-ламын» дейтін. Факультетте өзі секілді өрімдей жас қыздар аз болған жоқ. Барлығымен доста-сып кетті. Орыстілді ортада бұл да «шүлдірлей» бастады. Студенттік көңілді күндер зулап өте шықты. Міне, содан бері Лəззаттың бар өмірі табан аудармай осы шаңы бұрқыраған цехта өтіп келеді.

Өмірдің ащы-тұщысын да татты. Тұрмыс құрды, бала сүйді. Қазір Болаты азамат болып өсті. Тəртіп сақшысы. Бір ауысымдағы ұжымы Лəззатқа өзінің туғандарынан кем емес. Бірақ ұстазы Люба да, Любовь Николаевна да, Вик тор Михайлович те емес, өмірдің өзі болды. Осы шаңы бұ рқы раған цехқа жеткенше асығады, ұжымдастарымен ай-тар, бөлісер сыры бар. Біріне-бірі қажығанда сүйеу, қуанышына да ортақтасады. Өмір деген ұстазы оған адамдарды ұлты, діні, тілі емес, адамгершілігі, адал ниеті жақындастырады деп үйретті.

Қазір өзі де шəкірт тəрбие-лейтін кəнігі маман болып алды. Құлақты тұндырған шудың ара-сынан қандай көлемдегі тастың келе жатқанын, қандай көлемдегі тастың лентадан өтпей қалғанын, қандай тетікке тастың тығылып қалғанын көзін жұмып тұрып ай-тып береді. Шəкірттері таңғалады. Тастың өзі де тазалықты сүйеді, шаңды жаз айында сумен жуып тұрады, қыста сыпырып, тастың жолын ашады. Осы цехтағы шаңнан өкпесі қабынып ауру-ханада жатқан күндері болды. Түнде ұйықтамайды. Медбике келіп: «Неге ұйықтамайсыз, бір жеріңіз ауырып тұр ма?» деп сұрайды. «Еш жерім ауырмай-ды, бүгін менің түнгі ауысымға шығатын күнім ғой, əдеттеніп қалғанмын, түнде ұйықтай ал-маймын» деп жауап берді. Бір цехта, бір фабрикада табаны күректей 31 жыл жұмыс істеген Лəззат Бақтиярованы Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігінің бүкіл ұжымы біледі десек бо-лар. Дөңгелек жүзді əйелдің есімі құрметке лайық кеншілер қатарында аталады. Мерекелерде «Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігі» акционерлік қо-ғамының президенті Мұха мед-жан Тұрдахуновтың өзі талай рет қолын қысып, алғыс ха-тын ұсынды. Кен алыбының 60 жылдық тойында да Лəззат кəсіп-орын жетекшісінің алғыс хаты-на ие болды. Ол өзін бақытты сезінеді.

Тас майдалау учаскесінде өндіріліп жатқан қиыршық тас-тарды еліміздің жол, үй құры-лыстарына пайдаланады. Жол-сыз да, үйсіз де даму жоқ. Ал ол тастардың нəп-нəзік əйел қо лынан шыққаны ешкімнің ой-ына келе қоймайды. Расында, кереғарлыққа пара-пар көрініс емес пе?!.

Қостанай облысы

Бақытгүл БАБАШ,«Егемен Қазақстан»

Махамбет атындағы акаде-миялық қазақ драма театры сах-налаған Жұмагүл Солтие ва ның «Əйел тағдыры» мис тикалық драмасынан осындай ойлардың жетегінде шықтық. Алаштың ардақтысы Мағжан Жұмабаевтың (актер Нұрбек Съезхан) жары Зылиханың (актриса Ғазиза Бисенова) өмі рін көрсету арқылы сол кез дегі қа зақ тың маңдайалды азамат тарының зайыптары баста-рынан кешкен жайттарға қанық болған сəттегі сезімді сөзбен жеткізу қиын.

– Арманда кеткен арыста-рымыздың артында қалған жар-ларының тағдыры жайлы бұл шығарманың əр қазақ əйеліне қатысы бар деп ойлаймын, – дейді премьераға арнайы келген жазу-шы-драматург Жұмагүл Солтиева. – Отбасын, бала-ша ға сын, ерін жа-нындай жақсы көріп, бар өмірін соған арнайтын адал, сабырлы қазақ əйеліндей əйел жоқ. Зылиха бетінің қызылы барында басқа бі реуге тұрмысқа шығып алуы-на да болар ма еді? Бірақ ерін құр меттеді, бұл – қазақ əйелінің қа сиеті. Атыраулық əртістердің өнер леріне тəнтімін. Əсіресе ре-жис серлік шешімге риза болдым.

Қойылымның режиссері – талантты жас Жанат Телтаев. Əр жұмысына асқан ыж дағат-тылықпен, жауапкер шілік пен кірісетін, көрермен жүрегінен жол табуға бар жанын салатын ре-жиссердің қолтаңбасы өзгелерден ерек. Қоюшы-суретші Темірбек Мұх таровтың қолынан шыққан декорация да сахнаның сəнін келтірді. Төрт қабырға мен еденге дейін төселген айна мис тикалық драманың мəнін ашты.

Спектакль бейуақта ұйқы-сынан оянған Зылиханың жан ар-палысынан басталады. Түн ішінде төсегінде отырған басқа аруды (Əйгерім Қабдешева) бастапқыда

танымай да қалды. Ол – өзі ме, əлде ішкі мені ме? Уақыт керуенін кейінге ше геріп, бір кездердегі өзіңмен өзің тілдескенде қандай əсерде болар едің? Адамзатқа сон-дай мүмкіндік берілсе, не өзгерер еді? Мүмкін бəрі, мүмкін еш теңе...

Сеніп жүрген көршісі са-тып жібергенде, Зылиха мен Мағжанның күллі адамға деген сенімі де күйреп кетті ме, кім бі леді? Жанашырлық танытып, алдағы қауіпті ескерте келген тер-геушінің (Бекет Зинуллин) сөзін сөз деп есептемеді. Ақыры ұлт тың ұлы ақыны ұсталып кете бар ды. Тек оның ақ адал жары ғана қол жаз-баларын бі ресе жастыққа, бі ресе төсекке, біресе ауладағы қуыс қа тығып жүріп жинады, бүгінге жет-кізді. Өмірінің соңына дейін əде би мұрасының шырақшысы бол ды. Мұндай қайсарлық қазақ əйе лінің ғана қолынан келсе керек-ті!

Спектакльді тамашалаған об-лыс əкімінің орынбасары Нұр-сəуле Сайлауова, қоғам қай-раткері Оразкүл Асанғазы жы лы лебіздерін білдірді. Бұл мис-тикалық драманы алғаш рет рес-публикалық корей театры сахна-лап, халықаралық фестивальдың бас жүлдесін жеңіп алған. Атыраулық əртістер де осал емес, шеберліктері премьерадан-ақ көрінді. «Əйел тағдыры» театрға келген əлі талай көрерменнің жа-нына азық болып қана қоймай, ойландырары анық. Ал ой бар жерде, өре бар.

АТЫРАУ

10

ПРЕМЕРА

Тағылымы терең қойылым

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Ақынға жар болудың бағы мен соры егіз. Жары үшін жанын шүберекке түйіп, тағдыр тауқыметін қасқая қарсы алу болмы-сы нәзік әйелге оңай ма? Жазықсыз жазаға кесілген азаматын 11 рет итжеккенге іздеп бару үшін қандай қайрат керек? Тіпті жандайшаптардан қашып, екі күн бойы ен орманда теректің тасасына тығылып қозғалмастан тұрған сәтінде де ол �міріне лағнет айтпаған шығар? Бар қиындықтан құтқарармын деп ойлаған азаматының с�зіне қарамастан жанын садаға қылғысы келген әйелді қалай құрметтемеуге болады? «Қайран біздің аналар арды ойлаған» дейсің. «Махаббат деген жай жел�кпе сезім емес, қуаты тасты үгітіп, теңізді шайқайтын құдіретті күш екен ғой» дейсің. «�мір сүру деген жан бағу мен мал табудың соңында сандалып жүру емес, мәңгілік мұратыңды тәрк етпеу екен ғой» дейсің. Кішкене сынақтан ғаламдық мәселе жасап алатын �зіңнің осалдығыңа күлкің келеді. Қаламгердің миссия-сы осы болса керек, жазу және жазғанына сендіру. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Бақытты шаң баспайды

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ ҚАУЛЫСЫ

2018 жылғы 7 наурыз №113 Астана, Үкімет Үйі

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу рәсімінавтоматтандырудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:1. Қоса беріліп отырған Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің уақытша

қағидалары (бұдан əрі – Уақытша қағидалар) бекітілсін.2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген құқықтық акт қолданысының аяқталу мерзімі 2018

жылғы 30 маусым болып айқындалсын.3. Уақытша қағидалар нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу рəсімін автоматтан-

дыру бойынша пилоттық жобаны жүргізу кезеңінде Қазақстан Республикасының Ақпарат жəне коммуникациялар, Мəдениет жəне спорт министрліктеріне, Павлодар облысының əкімдіктеріне, мəслихаттарына жəне Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясына қолданылсын.

4. Қазақстан Республикасының Ақпарат жəне коммуникациялар министрлігі Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрлігімен жəне «Ұлттық ақпараттық технология-лар» акционерлік қоғамымен (келісім бойынша) бірлесіп, ақпараттық жүйелер мен жабдықтарды техникалық сүйемелдеуді, сондай-ақ мемлекеттік органдарда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу рəсімін автоматтандыру бойынша пилоттық жобаны жүргізу кезеңінде электрондық құжаттардың сақталуын қамтамасыз етсін.

5. «Нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу жəне олардың күшін жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы №568 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., №49, 313-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:«Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің уақытша қағидаларында Қазақстан

Республикасының Ақпарат жəне коммуникациялар, Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрлерінің нормативтік құқықтық бұйрықтарын, оның ішінде көрсетілген орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын, сондай-ақ Павлодар облысы бойынша мəслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, əкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулыларын, əкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін, тексеру комиссиясының нормативтік құқықтық қаулыларын нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу рəсімдерін автоматтау бойынша пилоттық жобаны жүргізу кезеңіне мемлекеттік тіркеу тəртібі айқындалады.».

6. Орталық жəне жергілікті мемлекеттік органдар осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

7. Осы қаулының іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А.Қ.Жұмағалиевке жүктелсін.

8. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан РеспубликасыныңПремьер-Министрі Б.САҒЫНТАЕВ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 7 наурыздағы №113 қаулысымен бекітілген

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің уақытша қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің уақытша қағидаларында (бұдан əрі – Уақытша қағидалар) Қазақстан Республикасының Ақпарат жəне коммуникациялар, Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрлерінің бұйрықтарын, оның ішінде көрсетілген орталық мемлекеттік органдардың (бұдан əрі – орталық мемлекеттік органдар) ве-домстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын, сондай-ақ Павлодар облы-сы мəслихаттарының нормативтік құқықтық шешімдерін, əкімдіктерінің нормативтік құқықтық қаулыларын, əкімдерінің нормативтік құқықтық шешімдерін, Тексеру комиссиясының (бұдан əрі – жергілікті мемлекеттік органдар) нормативтік құқықтық қаулыларын мемлекеттік тіркеу тəртібі айқындалады.

Осы Уақытша қағидалар «Қызметтік пайдалану үшін» деген белгісі бар нормативтік құқықтық актілерге қолданылмайды.

2-тарау. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тəртібі2. Орталық жəне жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері Қазақстан

Республикасының Əділет министрлігіне немесе Павлодар облысының Əділет департаментіне бекітілген күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынылады.

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдар келіскен жағдайда, көрсетілген акт мүдделі мемлекеттік органдардың соңғысы келіскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеуге ұсынылады.

3. Нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тану, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің немесе олардың жекелеген нормаларының қолданысын тоқтата тұру туралы нормативтік құқықтық актілер осы Уақытша қағидалардың 2-тармағында көрсетілген тəртіппен жəне мерзімдерде мемлекеттік тіркеуге ұсынылады.

Мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік құқықтық актілерге енгізілетін өзгерістер жəне (не-месе) толықтырулар осы Уақытша қағидаларда белгіленген тəртіппен мемлекеттік тіркеуге жатады.

4. Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Əділет министрлігіне немесе Павлодар облысының Əділет департаментіне электрондық құжат нысанын-да мемлекеттік органдардың интранет-порталына (бұдан əрі – МОИП) электрондық цифрлық қолтаңбамен куəландырылған мынадай құжаттар ұсынылады:

1) *doc немесе *docx форматындағы ілеспе хат;2) қазақ жəне орыс тілдерінде нормативтік құқықтық акті *doc немесе *docx форматында;3) Қазақстан Республикасы Əділет министрінің 2016 жылғы 21 қазандағы №912 бұйрығымен

(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14355 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша анықтама-негіздеме қазақ жəне орыс тілдерінде *doc немесе *docx форматында;

4) егер нормативтік құқықтық акт жеке кəсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын жағдайда, Қазақстан Республикасы Ұлттық кəсіпкерлер палатасының жəне жеке кəсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындылары қазақ жəне орыс тілдерінде *pdf форматында;

5) нормативтік құқықтық акт азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін қозғайтын жағдайда, қоғамдық кеңес ұсынымы қазақ жəне орыс тілдерінде *pdf форматында;

6) нормативтік құқықтық актіге өзгерістер жəне (немесе) толықтырулар енгізілетін жағдайда, енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тиісті негіздемесі бар нормативтік құқықтық актінің алдыңғы жəне жаңа редакциясының салыстырма кестесі қазақ жəне орыс тілдерінде *doc немесе *docx форматында;

7) нормативтік құқықтық актіге мемлекеттік органның бірінші басшысының міндетін атқарушы адам қол қойған жағдайда, тиісті міндеттемелерді жүктеу туралы құжат қазақ жəне орыс тілдерінде *pdf форматында;

8) жүргізілуі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерінде көзделген тиісті сараптамалық қорытындылар қазақ жəне орыс тілдерінде *pdf форматында.

5. Қоса берілетін анықтама-негіздемеге осы актіні шығарған органның заң қызметінің басшы-сы, ол болмаған жағдайда органның заң қызметі басшысының міндетін атқарушы адам қол қояды.

Бірлескен нормативтік құқықтық актіні ұсынған жағдайда, қоса берілетін анықтама-негіздемеге оны мемлекеттік тіркеуге ұсынған органның заң қызметінің басшысы, ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

Мемлекеттік органда заң қызметі болмаған жағдайда, анықтама-негіздемеге осы нормативтік құқықтық актіні əзірлеген тиісті құрылымдық бөлімшенің басшысы, ол болмаған жағдайда тиісті құрылымдық бөлімше басшысының міндетін атқарушы адам қол қояды.

Жергілікті органда заң қызметі болмаған жағдайда, анықтама-негіздемеге осы актіні мемлекеттік тіркеуге ұсынған органда заңгер функциясын орындайтын адам не жергілікті органның бірінші басшысы, ол болмаған жағдайда жергілікт і органның бірінші басшысының міндетін атқарушы адам қол қояды.

6. Жеке кəсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері, Қазақстан Республикасының Ұлттық кəсіпкерлер палатасы – сараптамалық қорытындыны, сондай-ақ қоғамдық кеңес ұсынымдарды орталық жəне мемлекеттік орган белгілеген мерзімде ұсынбаған жағдайда, нормативтік құқықтық актінің жобасы ескертулерсіз келісілді деп есептеледі.

Жеке кəсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы-на сараптамалық қорытындыны ұсыну үшін əзірлеуші орган белгілейтін мерзім жеке кəсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық кəсіпкерлер палатасына түскен кезінен бастап он жұмыс күнінен кем болмайды.

7. Нормативтік құқықтық актіні қабылдаған орган Қазақстан Республикасының Ұлттық кəсіпкерлер палатасының жəне (немесе) жеке кəсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындысымен, сондай-ақ қоғамдық кеңестің ұсынымдарымен келіспеген жағдайда, нормативтік құқықтық актіге келіспеу себептерінің негіздемелері бар хатты (жауапты) қоса береді.

8. Орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуді – Қазақстан Республикасының Əділет министрлігі, жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуді Павлодар облысының Əділет департаменті құжаттар түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

Бірлескен нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды не тоқтатыла тұрды деп оларды бірлесе қабылдаған орталық немесе жергілікті мемлекеттік органдар таниды.

Бұл тəртіп өзге мемлекеттік органдармен келісу бойынша қабылданған актілерге де қолданылады.Осы Уақытша қағидалардың 9-тармағында көзделген кезеңдердің өтуі кезінде осы тармақтың

бірінші бөлігінде белгіленген мерзімдер тоқтатыла тұрмайды.9. Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу рəсімі мынадай төрт кезеңді қамтиды:бірінші кезең – сегіз жұмыс күні ішінде актіде құқық нормасының болуы тұрғысынан заң са-

раптамасын жүргізу жəне оны мемлекеттік тіркеу қажеттігі туралы шешім қабылдау, нормативтік құқықтық актінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкестігін айқындау болып табылады;

Бірінші кезеңнің нəтижелері бойынша орталық немесе жергілікті мемлекеттік органдарға нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу туралы шешім қабылдау туралы хабарламаны не жоюға болатын ескертулердің болуы туралы электрондық құжат нысанындағы хатты МОИП не мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы хатты жіберу;

Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу туралы шешім қабылдау туралы хабарлама жіберілгеннен кейін Қазақстан Республикасының Əділет министрлігі не Павлодар облысының Əділет департаменті екі жұмыс күні ішінде үшінші кезеңнің екінші бөлігінде жəне төртінші кезеңде көзделген рəсімдерді өткізеді;

екінші кезең – орталық жəне жергілікті мемлекеттік органдар жоюға болатын ескертулердің болуы туралы электрондық құжат нысанындағы хат МОИП арқылы келіп түскен кезден бастап төрт жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінің не Павлодар облысы Əділет департаментінің ескертулерін жояды, оның қорытындылары бойынша ескертулерді еске-ре отырып пысықталған, электрондық цифрлық қолтаңбамен куəландырылған *doc немесе *docx форматындағы электрондық құжат нысанындағы нормативтік құқықтық актіні қазақ жəне орыс тілдерінде ілеспе хат МОИП арқылы Қазақстан Республикасының Əділет министрлігіне немесе Павлодар облысының Əділет департаментіне енгізеді;

үшінші кезең – ескертулерді ескере отырып пысықталған нормативтік құқықтық акт МОИП арқылы қайта келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Əділет министрлігі не Павлодар облысының Əділет департаменті ескертулердің жойылуы, сондай-ақ нормативтік құқықтық актінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкестігі тұрғысынан салыстыру жүргізеді.

Салыстыру нəтижелері бойынша ескертулер жойылған жəне нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес келген жағдайда:

1) орталық мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актісін мемлекеттік тіркеу туралы қорытындыны – Қазақстан Республикасының Əділет министрі немесе оның орынбасары, жергілікті мемлекеттік органның – Павлодар облысының Əділет департаментінің басшысы бекітеді;

2) нормативтік құқықтық акті мемлекеттік тіркеу нөмірі беріле отырып, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне автоматты түрде енгізіледі.

Ескертулер жойылмаған жəне нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес келмеген жағдайда, сондай-ақ ескертулер ескеріліп нормативтік құқықтық акті екінші кезеңде көзделген мерзімде келіп түспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының Əділет министрлігі не Павлодар облысының Əділет департаменті нормативтік құқықтық актіні ұсынған органға МОИП арқылы электрондық құжат нысанындағы хатпен нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеуден бас тарту жібереді;

төртінші кезең – нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу туралы қорытынды бекітілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде нормативтік құқықтық актіні ұсынған органға МОИП арқылы электрондық құжат нысанындағы хатпен нормативтік құқықтық актіге берілген мемлекеттік тіркеу нөмірімен нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу туралы қорытынды жіберіледі.

10. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімін жүргізуді Қазақстан Республикасының Əділет министрлігі жəне Павлодар облысының Əділет департаменті жүзеге асырады.

Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу туралы қорытындының, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінің нысаны «Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің кейбір мəселелері туралы» Қазақстан Республикасы Əділет министрінің 2016 жылғы 10 қарашадағы №1007 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14411 болып тіркелген) бекітілген.

11. Мемлекеттік тіркеуге ұсынылған нормативтік құқықтық актіні пысықтау мақсатында əзірлеуші мемлекеттік орган өз бастамасымен МОИП арқылы мемлекеттік тіркеуден қайтарып алуы мүмкін.

Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеуден қайтарып алу бұл туралы тиісті хат келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде МОИП арқылы жүзеге асырылады.

Нормативтік құқықтық актіні қайтарып алу туралы хатты алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде орталық немесе жергілікті мемлекеттік органның басшысы не ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы адам нормативтік құқықтық актінің күшін жою туралы акт қабылдайды жəне оның көшірмесін электрондық құжат нысанында МОИП арқылы Қазақстан Республикасының Əділет министрлігіне немесе Павлодар облысының Əділет департаментіне жібереді.

Суретті түсірген Ерлан ОМАР, «Егемен Қазақстан»

Page 11: E-mail: info@egemen.kz №47 8 НАУРЫЗ, …текті аналары ежелден ар мен намыстың нақты өлшемі, сұлулық пен сымбаттың

8 НАУРЫЗ 2018 ЖЫЛ 11

CӨЗ СОЙЫЛƏЗІЛ-ОСПАЌ, СЫН-СЫЌАЌ

КӨҢІЛАШАР

Мүйісті жүргізетін Берік САДЫР

ШұлықТаңертең жұмысқа бару үшін

шұлығын іздеп жүрген 25 жастағы ерлі-зайыптылардың əңгімесі:

– Жаным, шұлығымды көрдің бе?– Көрдім, үтіктеп қойғам, тартпа-

ның оң жағында тұр. Қазір алып берейін.

Тура сол жағдай 30 жастарында ерлі-зайыптылар ортасында тағы айтылады. «Жаным» деген сөз жоқ, ұмытыла бастаған.

– Шұлығымды көрдің бе?– Бəтеңкеңнің ішінде шығар,

іздесей! Қырық 40 жастағы кездеріндегі

əңгіме: – Шұлығым қайда екен?– Көзің соқыр ма, жатыр ғой ана

бұрышта! Елуді еңсергендегі дегендері: – Мына бұрышта жатқан шұлы-

ғым қайда екен?– Мен киіп алды дейсің бе, қара

дұрыстап! Алпыста:– Кемпір, шұлық көрген жоқсың

ба?– Шұлығыңмен бірге өзің неге

жоғалып кетпейсің осы! Жетпісте:– Мына шұлықтың біреуі тесік,

сыңары жоқ, қалай кием?– Сен қақпасқа біреу қарар дейсің

бе, жүре бер солай....Сөйтіп 80 жастағы жесір кемпір

жылап отыр дейді:– Сыңарымнан айырылдым-ау,

байғұс шалым-ай, өмір бойы шұлық іздеп өтіп едің, енді мен сені іздейтін болдым-ау!

Ағама жеңгем сай

Менің ағам қызық. Жеңгем екеуінің басы пісе бермейді. Қалай жиырма жылдан астам уақыт бірге тұрып жатқандарына таңым бар. Бес баласы бар, төрт ұл, бір қыз. «Екеу болуы керек еді» дейді жеңгем. «Неге екеу?». «Қалалық стандарт емес пе, бір ұл, бір қыз болсын дегенбіз. Ағаң ұл керек деді, мен қыз дедім. Тұңғышымыз ұл болып, ағаларың бөркін аспанға атып қуанды. Көр де тұр, екіншісі қыз болады» дедім. Жаратқан бізден сұрай ма, екіншісі де ұл болды, үшінші, төртінші... Мен де бəлемін ғой, қыз болғанша тоқтамадым» дейді жеңгем.

Екеуінің күнделікті тірліктері былай басталады. «Күн жауатын сияқты, күрткеңді киіп шықсай» дейді жеңгем. «Қайдағы жаңбыр, жау-майды» дейді ағам. Жауатынын ол да біледі, бірақ жеңгеме қырсыққан түрі ғой. Біліп тұрған нəрсесін неге айт-ты дегені. Сөйтіп, күрткесіз кетеді. Содан кешке су-су боп үйге қайтады. Басқа біреу болса, шу шығарар еді. Ағам үндемейді, тоңып-жаурап жүре береді.

Тағы бірде «осы жеңгелеріңе өмір-де гүл мен қораптағы кəмпит сый лап көрмеппін» деп, бір күні 8 нау рызда алып келмей ме. Ағамның қо лындағы гүл мен кəмпитті көрген жең гем «не, қонаққа барамыз ба?» депті. «Жоқ, саған ғой, сегізінші наурызбен» дейді ағам. «Түу, соған бола ақ ша шығарып, одан да сүт ала салма дың ба, үйде сүт жоқ еді» депті жеңгем.

Тағы бірде жеңгем екеуі троллей-буста келе жатады. Жеңгем ағамыз билет алады деп отыра берсе керек, ал ағам өзіне ғана алған көрінеді. Бір кезде билет тексеруші келіп қалады. «Билетім күйеуімде шығар» деп, жеңгем ағам жаққа қараса, ол жылыс-тап троллейбустан шығып бара жа-тыр дейді. Троллейбустағы оқиғаның қалай аяқталғанын білмейміз, жеңгем біраз кешігіп үйге келсе, ағамыз қаннен қаперсіз теледидар көріп оты-рыпты. Басқа əйел болса, сол сəтте күйеуін теледидардың ішіне кіргізіп жіберер еді. Ал біздің жеңгей мықты ғой, мықты, ештеңе демепті.

Бəрін айт та бірін айт, ағам жең-геме, жо-жоқ, жеңгем ағама сай...

Сәдуақас ЖҰБАТАСТАНА

Шалќасынан тїсірерБазардан көріп жүрміз неше қызды,Таразыдан тартып жер есеңізді.Ойпырмай орысшалап боқтағанда,Түсірер шалқасынан шешеңізді.

Бїгінгі бикештерƏдепті кімдер қалай түсінеді,Бикештер бұл күндері күшіне енді.Əкесі болсаңдағы жол бермей көр,Қағып кетіп етпеттен түсіреді.

Ќыздардыѕ жаѕа ермегіАрақ пен темекіге басыбайлы,Қыздарға жаның қалай ашымайды.«Естімеген елде көп» деген сөз бар,Ататын қыздар да бар насыбайды.

Тонап кетерКей бикеш қулығымен орап кетер,Қылымсып «ə» дегенде жолың күтер.Беташар тойынан соң ертеңіне,Арқалап үй-ішіңді тонап кетер.

Əйелдер барЖан жоқ шығар жоқтыққа

жасымайтын,Азайды еркек басын қасымайтын.Бақуат, жарайтұғын əйелдер бар,Бір емес, екі еркекті асырайтын.

Бірге ґттіДемеңіздер күндепті,Бала босқа жүрмепті.Заманына қарай қадамы –Шілдехана тойымен,Үйлену тойы бірге өтті.

Шайхан ХАМЗАҰЛЫ

ТАРАЗ

– Меніѕ кїйеуім бір ґзі бір ќойдыѕ етін жеп ќояды.

– Ал меніѕ кїйеуім бір ќойды ќозысымен ќосып тауыса алады.

– Сендердікі тїк емес екен. Меніѕ кїйеуім колхоз тараєан жылы

бір отар ќойды тўтасымен жеп ќойєан...

Əйелдер «əлдиі»

Отбасындағы «ошаған»

Алматылық бір отбасындағы жағдай. Күйеуі әйеліне:

– Шайды кесеге толтырмай құйсаңшы.– Не болып қалды тағы?– Жер сілкінсе, төгіледі ғой.

* * *– Болды! Мен сенен кетемін! Сендей сараң

адаммен тұру мүмкін емес! Мә, маған сыйлаған сақинаңды қайтып ал!!

– Ал, сыртындағы қорабы қайда?..

* * *Күйеуі ашуланып:– Мына бала тағы да менің әмиянымнан

ақша алыпты ғой!Әйелі:– Ақшаны балаң алғанына сенімдісің бе?

Бәлкім оны мен алған шығармын?Күйеуі:– Ол мүмкін емес, өйткені әмиянның түбінде

азын-аулақ ақша қалыпты.

* * *Әйелі өте салақ біреу қонаққа барғалы жа-

тып зайыбынан:– Қалай ойлайсың? Жағасы кір көйлекті

киейін бе, жоқ анау екі түймесі жоғын ба? – деп сұрапты.

ШЫМ… ШЫМ… ШУМАҚТАР

Әйелім «мөңіреді...»

Қыз жүріп жүрген жігітінен: – Маған дейін біреумен сүйісіп

көрдің бе? – дейді.– Көпшіліктің алдында бірақ

рет болды. – Көпшілік не деді? – «Ащы, ащы!» деп айқайлаумен

болды.

* * *– Қарындас, кешіріңіз, сағат

неше болды екен? – Тоғыз жарым.

– Рахмет. – Рахметпен бітті ме?! Бүгінгі

жігіттер – жігіт емес мігіт! «Қандай әдемісіз!», «Танысуға бо-лар ма екен?» деген сөздерді есту-ден қалдық ол антұрғандардан!..

* * *– Азамат, не істеп тұрсыз?!– Қарындас, айғайламаңыз!

Гимн орындалғанда қолымды кеу-деге қою парызым.

– Қ а р с ы л ы қ ж о қ , т е к

қ о л ы ң ы з д ы ө з к е у д е ң і з г е қойыңыз!..

* * *Үйі бар қызға үйленетін бо-

лып, ол маған: – Біздің екі ұл, бір қызымыз бо-

лады, – деді. Сөйтіп, үйленіп некеге тұрып

үйіне келсек... Бізді «папа-ма-малап» екі ұл мен бір қыз қарсы алды...

Қыз-жігіт қыңқылы

* * *– Кеше сені бір шошќадай семіз, мыржиєан-тыржиєан

біреумен кґрдік дей ме?..– Ол болашаќ кїйеуім. Тойымызєа деп бір арал, екі кеме тарту

етті!– Не дейді! Сондай сїйкімді де, сїліктей сўлтанды ќалай єана

таба ќойдыѕ-ей?!* * *

– Тїсінесіѕ бе, мен ќаржысы мол еркекті іздеп жїрген жоќпын, меніѕ жан дїниемді тїсінетін жан кезіксе єой!

– Наќтылап айтќанда?– Кəртґшкі тазалайтын, киім-кешек, ыдыстарды

жуа ќоятын дегендей...* * *

Ќўрбы келіншектер əѕгімелесіп отыр: – Ґткенде «Ўйќыдаєы ару» балетіне бардым.

– Ќалай болды? – Білмеймін, мен де ўйыќтап ќалыппын.

қ о л ы ң ы з д ы ө з к е у д е ң і з г е

Үйі бар қызға үйленетін бо-

– Біздің екі ұл, бір қызымыз бо-

Жылда келетін əйелдер мерекесімен əйелімді құттықтағым-ақ, бағалы сыйлық алғым-ақ келді, бірақ, қу жоқшылық жолыма кесе көлденең тұрып алып, қолымды престің жібімен байлап тастайды... Біздің ауылда мен сияқты қара көже ішіп отырғандар кө-өп, соны əйелім көріп-біліп оты-рып, кеше: «Жаным, маған əйелдер мерекесі күні не сыйлайсың?» – деп сұрады ғой. «Жантақ сыйлаймын!» деп ыржалақтадым. Бар болса, өзім сүйіп қосылған қосағыма қандай сыйлық əперсем де жарасар еді! Жоқ қой, жоқ... сіңірімізді сорып, алақанымызды жа-лап...

8 наурыз мерекесіне екі күн қалғанда несиеге 20 мың теңге алып, базардан алтын жүзік сатып алдым. Өмірімде бірінші рет қымбат бағалы сыйлық бермекшімін! Күйген дүние күйіп кетсінші! Мəз болып қалсыншы! Саусағындағы мыс жүзікті лақтырып тастасыншы!

Жүрегім кеудеме сыймаған соң қолыма «ұстап» алып, сарайға кірдім. «Тағы бір қарап алайыншы» деп. Ой, бір қуанатын болды-ау! Ой, бүгін түнде... Алтын жүзікті қорабынан алып қарай бергенім сол, біздің қорада

көршінің танасы тұр! Қарасан келгір! Шөбімізді күйсеп.. . Аңтарылып тұрғанымда, қолымдағы алтын жүзік шөптің үстіне түсіп кетті де, «е-ей-й...» дегенімше, қарасан келгір шөппен бірге жеп қойды... Бас салып, аузын айқара ашқым келген, басын тұқыртып алып, өзімді сүзіп, қорадан қуып шықты. Абырой болғанда, əйелім мектепте еден жуатын, қарасы көрінбейді. Ішім ашып, тананы тепкіліп жатқанымда, көршінің əйелі көріп, «срочно» көгеріп кетті де, алдына салып, айдап əкетті. Сол екен, көршінің танасын аңди баста-дым. Алтынымды жұтқан албастыны көрсем, жүрегім айниды... Түнделетіп,

көршінің қорасына ұрланып барай-ын. Қол шам жағып, «жерде жатқан тезектердің арасында жатқан бо-лар» деп ойлап, шыбықпен түрткілеп қарай бастадым. Көрінбейді... Қайран 20 мың! Енді егесіне он пайызбен қайтаратыным есіме түскенде, тана-мен қоса мөңіреп жібердім. Сосын құйрығын көтеріп, үңіле қарадым. Алтын жүзігім жылтырап тұрғандай! «Құдай-ай, əйелдер мерекесімен əйелімді емес, қайдағы бір көршінің ұрғашы бұзауын құттықтағандай болдым-ау!» деймін ішімнен езіліп. Құйрығын көтеріп тұрып, шыбықпен шұқылап тұрғанымда, бірдеңе гүрс ете қалды. Қарасам, көршім Кездікбай! Мені көріп талып қалса керек. Есіне алып, есін жиып: «Сен... Сен не, мынау жас тана ғой!..» демесі бар ма!

Түсіндірейін десем, тыңдамайды, төмпештеп қуып шықты. «Əй, тыңдасаңшы, тананың ішінде менің алтын жүзігім жатыр!» десем, «біздің бұзау сенің алтыныңа да алданбайды, ары таза!» дейтінін қайтерсің! Əйелім жүр өкпелеп. «Не, маньяксың ба?» деп нағашым келді. Жыным келіп, сол сиырды екі есе бағасына қарызданып жүріп сатып алдым. Сатып алдым да, сойып тастадым. Етін таратып жатқанымда... құдайым-ай, бəсе, аузын аша алмай қойып едім, алтын жүзігім тана тісіне ілініп қалыпты ғой! Əйтеуір əйелім қуанып кетіп, бетімнен сүйді де, неге екені белгісіз: «Мө-ө!» деді. Мен де «мөңіреген» болдым...

Мұхтар ШЕРІМШЫМКЕНТ

Кейбір қазақ зерттеушілерінің жаз-баларында Томиристің есімі түрліше аталады. Тамаша, Томырыс, Тұмар т.б. Томирис есімі 2005 жылы шыққан «Жүз тұңғыш» атты кітапқа енген. Бұнда «Сақтан тараған массагет тайпа-сының тұңғыш əйел патшасы. Пар-сылар державасының негізін қалаған Камбистің ұлы Кир патшаны біздің дəуірімізге дейінгі 529 жылы жеңіп, соғыста өлтірген тұңғыш əйел қолбасы» делінген.

Жақында облыстық қазақ драма теа трында «Томирис» атты тарихи дра маның премьерасы болды. Бар дық, көрдік. Маған бұл спектакльдің ре жис-серлік шешімі ұнамады. Би мен плас-тикалық қозғалысқа қойылған дүние екен. Менің қолыма қалам алғызған да осы нəрсе еді. Театр – ұжымдық өнер десек, сол ұжымның негізгі бір мүшесі – режиссер. Режиссерлік мамандық хақында бүгінгі театр зерттеушілері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қаншалықты дəрежеде жазып жүр деген мəселе əркімді-ақ мазалай-тыны даусыз. Менің айтпағым: режис-сер Дина Жұмабаеваның сахналаған «Томирис» тарихи драмасы жайында еді. Қазіргі заманда біз тарихи тұлғаларды қалай сомдаймыз? Қалай ойнаймыз?.. Тарихи тұлғаларды, патшаларды, ба-тырларды көруге шөлдеген жұрт нені көргісі келеді? Баяғының адамдары қалай сөйлеген, қалай күлген, қалай жүрген?.. Міне соны көргісі келеді. Ал пластикалық биді, айналып түскен сальтоны халық күнде көріп жүр ғой. Кейінгі жылдары осындай үрдістегі қойылымдар белең алып барады. Сондай қойылымдармен не айтқысы келеді екен? Шашы жалбыраған, кешке дейін жанын жұлып жеген Тұмар ханымды көрдік. Сөз деген жоқ. Сөз қадірі кетті. Сөзбен де көп əрекеттердің астарын ұғындыруға болады ғой. Жартылай жалаңаш батырларымызды көріп, терең ойға баттым. Тұмардың тұлға болып тұратындай тұсын көре алмадым. Биге қойылған шайқас, биге қойылған көрі-ністер. Музыкасы да миды жеген мис-тикалық бірдеңе. Құдды бір, модерн-балет театрында отырғандай болдым.

Менің осынау айтып жатқанда-рымның актерлерге қатысы жоқ. Сах-надағы ұлы мəртебелі актерлер қауы-мының кінəсі жоқ қой. Режиссер тап-сырма береді, актер соны жанын салып ойнап шығады.

Қайран, сөз қадірі. Қара сөздің майын ағызып сөйлейтін классикалық қойы-лымдар. Қазір ондайлар көзден бұл-бұл ұшып барады. Классикалық сөз саптау жəне қазіргі заман тілі деген бар. Клас-сиканы классиканың тілімен, қазіргі за-манды қазіргі заман тілімен қою керек қой. Үрдісінен айырылған ұлт құриды. Біз классикалық дүниелерді қазіргі заманға лайықтаймыз деп құримыз. Бұл дұрыс емес. Режиссерлердің былай ақталатыны бар: «Бұрынғыны қазіргі заманға лайықтап қоймасаң, көрермен көрмейді, келмейді». Би мен айқай, жарқ-жұрқ еткен техникалық эффект, тарс, тұрс!.. Мұндайдан қандай тағылым аласың? Əрине мен театр сыншысы емеспін. Бұл барлық режиссерлерге қатысты емес. Жақсы режиссерлер бар. Бірақ біздің, сахнадан көркем дүние көргіміз келеді. Қазақ драма театры мұндай дүниелерді қоя берсе, драма теа тры емес, модерн-балет театрына айналып кетпей ме?! Театр өнері не боп барады? Костюм-шалбар киіп, бөкебай (шарф) таққан Гамлетті де көрдік. Бір күні, басына кепка киген, қолында те-лефоны бар, шпагатқа отырған Төле биді де көреміз-ау.. деп қорқамын. Мен мұны көрермен ретінде айтып отыр-мын. Қазақпын! Соның ішінде қаймағы бұзылмаған қазақпын.

Спектакль бітті. Əйтеуір дəстүр бо йынша шапалақ ұрып жатыр. Біреу кө ріп ұрып жатыр, біреу еріп ұрып жатыр. Мен де орнымнан тұрдым, шапалақ ұрмадым. Қарасам, қасымда бір жас қыз тұр екен. Ол да шапалақ ұрмай тұр екен. Бұрылып қарадым да: қалай, спектакль ұнады ма? – деп сұрай салдым. Жоқ, – деп басын шайқады. Еее, – деп ішімнен бір күрсіндім де, театрдан шығып жүре бердім. Маған бұл спектакль ұнамады. Ешқандай тағылым, əсер алмадым.

Адам, өзіне ұнайтын нəрсесін көргісі келеді. Өзіне ұнаған нəрсені мойнына тұмар ғып тағып алады. Өзіне ұнағанын іздейді. Қайда менің ұнарым? Қайда менің Тұмарым?!

Фархат ОМАРБЕКОВ, музыкалық продюсер

ТАРАЗ

ОЙЛАСУ

Қайда менің Тұмарым?!Премьерадан кейінгі ойтолғау

–––––––––––––––––––––––––�лемге әйгілі 10 әйелдің арасында сақ патшайымы Томиристің аты аталады. Томирис б.з.б. ғасырға дейін �мір сүрген (б.д.д. 570-520 ж.ж.) Ол атақты скиф к�семі Ишпақайдың тұқымынан тараған. Тарихшылардың к�рсетуінде, ол Тұран патшасы Афрасиабтың (б.з.б. 534 жылы қаза тапқан) қызы. Тарихшылар оның әкесі �лгеннен кейін таққа отырғандығын айтады. –––––––––––––––––––––––––

Page 12: E-mail: info@egemen.kz №47 8 НАУРЫЗ, …текті аналары ежелден ар мен намыстың нақты өлшемі, сұлулық пен сымбаттың

12 8 НАУРЫЗ 2018 ЖЫЛДИДАР

Жалпыұлттық республикалық газет. 1919 жылғы 17 желтоқсаннан шыға бастады.

Меншік иесі:«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамы

Басқарма төрағасыДархан ҚЫДЫРӘЛІ

Басқарма төрағасының орынбасарыАйбын ШАҒАЛАҚ

Газет мына қалалардағы:Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «Ernur» Медиа холдингі» ЖШС,Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС,Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Типография Арко» ЖШС,Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к-сі, 4, «Сыр медиа» ЖШС,Ақтөбе қ., Смағұлов к-сі, 9/2 «Хабар-Сервис» ЖШС, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС,Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС,Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС,Орал қ., Достық-Дружба даң., 215 А, «WESTA» ЖШС,Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШСбаспаханаларында басылып шықты.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады.«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 6 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Газетті есепке қою туралы №01-Г куәлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республи касының Мәдениет және ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қа зақ стан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сәйкес сертификатталған.

Таралымы 206 459 дана

Нөмірдің кезекші редакторыТалғат БАТЫРХАН

Mекенжайымыз: 010008 АСТАНА, «Егемен Қазақстан» газеті көшесі, 5/13 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58аАнықтама үшін:Астанада: АТС 37-65-27, факс 8 (7172) 37-19-87; Электронды пошта: [email protected] Интернет-редакция: [email protected] Алматыда: 8 (727) 273-07-87, факс 8 (727) 273-07-87; Электронды пошта: [email protected] Маркетинг бөлімі: Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, 37-64-48, [email protected]Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-07-26, [email protected]А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мәтініне тапсырыс беруші жауапты.Газеттің жеткізілуіне қатысты сұрақтар үшін байланыстелефоны: 1499 («Қазпошта» АҚ)

Меншікті тілшілер:Астана – 8 (717-2) 37-54-21;Ақтау – 8 (701) 593-64-78;Ақтөбе – 8 (775) 336-47-57;Талдықорған – 8 (778) 652-24-02;Атырау – 8 (701) 553-36-53;Көкшетау – 8 (707) 778-01-72;Қарағанды – 8 (777) 949-64-77;Қостанай – 8 (701) 150-94-43;Орал – 8 (702) 886-01-87;Өскемен – 8 (777) 355-41-14;Павлодар – 8 (777) 449-74-78;Тараз – 8 (705) 915-60-04;Шымкент – 8 (701) 362-63-76; 8 (702) 608-91-98;Петропавл – 8 (777) 197-14-06.

Хамит ЕСАМАН,«Егемен Қазақстан»

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің көрме залында суретші Татьяна Шелудченкованың «Өмір. Махаббат. Шабыт!» атты шығармашылық көрмесі ашыл-ды. Аталған көрмеге суретшінің «Көбелек», «Көгершіндер көзіндегі

мұң», «Көктем», «Гармония» секілді 18 жылдан бері жинақталған туындылары қойылды. Бұл күні му-зей көрмесіне тараздық тұрғындар көптеп жиналып, шығармашылық иесінің шынайы шабытпен өрілген шығармаларына куә болды.

Татьяна Шелудченкова Әулие-ата өңіріне акрил техникасын қолдану арқылы әйнек бетіне сурет

салу өнерін дамытқан туындыгер ретінде танымал. Осыдан он үш жыл бұрын алғашқы шығармашылық көрмесін көпшілікке ұсынған сурет шінің түрлі техниканың көме гімен жасалған туындылары күні бүгінге дейін көпшілік на-зарында. Содан бері тынымсыз шығармашылық ізденісте келе жатқан Татьянаның бұл жолғы

көрмесі де келушілердің сурет өне-ріне деген қызығушылығын оят-ты. Суретшінің «Өмір. Махаббат. Шабыт!» атты көрмесінің ашылу салтанатында облыстық тарихи-өлкетану музейі директорының орынбасары Ғалия Әлімжанова Татьяна талантының қыр-сырына тоқталып, оның сурет өнерінде өзіндік қолтаңбасы қалыптасқанын

жеткізді. Сондай-ақ белгілі су-ретші Айдархан Сихаев әріп тесінің кәсіби шеберлігінің жоғары екенін айтып, туындыларына оң баға берді.

Өз сөзінде Татьяна Шелуд-чен кова шығармашылығын баға-лап, талантын танып көрмеге ке лген көпшілікке жүрекжарды ле бізін білдіріп, сурет өнерінде

әрі қарай да еңбек ете беретінін, жоспарларының да жеткілікті екенін жеткізді. Расында да тылсым әлемнен сыр тартып, жұмбақ күйде жан түкпірінде ғажайып бір сезімді оятатын суретшінің шынайы шы-ғар машылығы көпшіліктің ықы-ласына ие болды.

Жамбыл облысы

КӨРМЕ

Татьяна таланты

Ұларбек НҰРҒАЛЫМҰЛЫ,«Егемен Қазақстан»

Ауылдан әжеміз келген. Жет пісті желкелеген кісі. Сол кісіні алып жездеміздің үйіне қонаққа барғанбыз. Ет дайын болып қалғанда апайымыз: «Ал мына жаққа қолдарыңызды шая қойыңыздар» деді. Қолымыз тап-таза болса да ас алдында қол шаю сіңіп қалған сүннет қой, бәріміз жапа-тармағай ор-нымыздан тұрдық. Алдымыз есіктен енді шыға бергенде әжеміз саңқ ете қалды: «Әй, отырыңдар түге! Бұ қазақ қалаға келдік деп қонақ тың қолына су құюды да ұмытып қалған ба? Шақыр ана Ерасылды тай жеген бөрідей талтаңдатпай» дегені. Ерасыл деген жиеніміз ғой. 10 жаста. «Су құйсын, біреудің рахметін алмаса, алғысын алуға ұмтылмаса қайтып адам болады деп отырсыңдар?» дейді әжеміз.

Ойланып қалдық. Жарты сағат шулап, дүрдік ернін бұртитып Ерасылға су да құй-ғыздық. Әжем айтқандай өзі де домаланып алған екен. Тығыршықтай денесіне тыр-ситып мәйке киіп алғанын да ұнатпағандай болды үлкен кісі.

Су құйған «жігітке» бәріміз «Ой, көп жаса», «Рахмет!», «Алла разы болсын!», «Оқуда озат бол!» деген ақ тілекті жау-дыртып жатыр мыз. Үйретуіміз бойынша иығына салып келген орамалын алғашқы адамға ұсына салып айнала құйып шықты. Аяғын ала тіпті тышқанның құйрығындай жіңішкертіп әп-әдемін ғып құюды да тез игеріп ала қойды...

Осы бұрынғы қазақ бала тәрбиесіне қаншалықты бас қа-тыр ды екен деген ой келуші еді кейде. Арнайы «мынаны бы-лай тәрбиелеу керек» екен деп кітап ақтарып, психолог іздеп, сарсаңға түспей-ақ, небір өне-гелі ұл-қыздарды өсірді емес пе? Ой лап бақсақ, ол кездегі тұрмыс тың өзі де тәрбие болған екен де.

Қонақ келгенде өз бөлмесіне кіріп, есігін тарс жауып, «бұлар қашан кетер екен» деп ком-пьютер шұқылап отыратын бала ларды көріп жүрміз ғой. Олар дың психологиясын анау қонаққа су құйып, зыр жүгіріп жүрген бұрынғы балалармен салыстыруға келмейді. Келген қонақ тардың әңгімелерін тың-дап, әнін естіп, күйіне елітіп… еліктеп, құрметтеп, қыз мет қы-лып, өзі де алғыс алып…

Әжемнің «біреуден алғыс алуға ынтық болмай, қалай адам бо лады деп отырсыңдар?» деген сөзінде өте ұлы ұғымдар жатқан секілді. Бала қызмет қылса, үл-кен дер әрине, алғысын айтады, бала марқаяды. Көпшіл болып есейеді, біреуге қызмет еткісі келіп тұрады. «Береген қолым – алаған». Бұл да біреудің сенімі мен көмегінен тыс қалмайды. Біреуге рахмет айтқыза алмай, рахмет айтса оның қадірін сезін-бей… қалай өмір болмақ?..

Баяғыда сырттан келе жатқан қонаққа «ассалаумағалейкум» деп оң қолымен көкірегін баса алдынан шығатын бала-лар еді. Сәлемін алған кісінің «бәрекелдісін» естіп тұрып есік ашатын да балалар болатын. Одан кейін су құйып, құлақ жеп, кеңес тыңдап…

Ас қайырарда Ерасылымыз қайта келіпті. Қызметі ұнап қалған секілді. Тағы да алғыс жау дырдық. Марқайып қалды. Ғылым докторы атанған әкесі істе те алмаған өнегелі істі жауы рыны қушиған «жаман кем пір» жарты сағатта-ақ істетіп, тәр биелеп кетті. «Шал-ғы шалып, үлкен нен алғыс алған» қазақтың да ныш пан-дыққа толы өнегелі өмірі-ай деші, ә! Сағынасың…

Нәзира ЖӘРІМБЕТ,«Егемен Қазақстан»

Оған қатысуға биыл 23 әйел ынта білдірді. Автошерудің шар-ты бойынша әйелдер көлігін түрліше безендірді. Осы жа-рыста бас жүлдені алған Ека-терина Кожевина өзінің темір тұлпарына көйлек пен шляпа «кигізіп», сыланған сұлудың кейпін көрсетті. Ал Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жем қорлыққа қарсы іс-қимыл депар таментінің қызметкері Ғалия Қасымова өзі мінген «Лада прио расын» ұлттық ою-лармен және ұлттық киім киген қуыршақпен безендіріпті.

– Ең басты мақсатымыз, әйелдердің ынтымағын көрсету, жол ережесін сақтауды насихат-тау және көпшілікке мерекелік

көңіл-күй сыйлау болды, – дейді Жастар ресурсы орталығының директоры Айгүл Абдуллина.

Әйелдер жүргізген темір тұлпарлар шеруі қала орта сын-дағы Жеңіс саябағынан орта лық Абай даңғылы арқылы қаланың бір шетіндегі «Астықжан» сау-да орталығына дейін жүріп өтті. Шеруді көрген қалалықтарды машиналардың безендірілуі ерек ше қызықтырды. Олар үшін көліктерді әйелдердің тіз гін деуі де бүгін ерекше жарасым тап-қандай болды. Рульдегі әйел-дердің барлығының да көлік жүргізуде кемінде үш жыл өтілі бар.

– Рульге арулар отырған ав то-шерудің тағы бір мақсаты, «әйел машина жүргізе алмайды» де-ген қалыптасып қалған тү сінікті жоққа шығару еді. Қай та ең ұқыпты және жол ере жесін қатаң сақтайтын жүргізушілердің әйелдер екенін айтқым ке леді, – дейді жергілікті полиция бастығының орынбасары Әлібек Бермұқанов. Шеру мәреге жеткен соң, ұйымдастырушылар жүр-гізушілер үшін викториналық сұрақтар қойды. Жүргізуші ару-лардың барлығы да мерекелік сыйлықтарға ие болды.

ҚОСТАНАЙ

ФОТОЭТЮДҚАЗ-ҚАЛПЫНДА

БӘРЕКЕЛДІ!

Әженің мектебі

Арулардың автошеруі–––––––––––––––––––Арулар мерекесі Қос­танайда айрықша шара­лармен басталды. Соның бірі – әйелдердің қаты­суымен өткен автоше­ру. Ерекше автошеруді облыстағы Жастар ресур­сы орталығы облыстық ішкі істер департаментімен бірлесіп, биыл екінші рет өткізді. –––––––––––––––––––

Суретті түсірген Ерлан ОМАР, «Егемен Қазақстан»