Ту†ан жерге ту тіккендер · Мемлекеттік деңгейде...

12
№202 (29183) 20 ҚАЗАН, ЖҰМА 2017 ЖЫЛ E-mail: [email protected] www.egemen.kz TWITTER.COM/EGEMENKZ FACEBOOK.COM/EGEMENKZ 1919 жылғы 17 желтоқсаннан шыға бастады ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ГАЗЕТ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЗЕРДЕ РУХАНИЯТ 7-бет 8-бет ЭКОНОМИКА 3-бет ҰЛТ ӘЛІПБИІ 4-бет ОРАЛЫМСЫЗДЫҚ КЕНСАНДЫҚ БӘТИДІҢ БАҒЫ КІМДІ ТҰЛҒА ТҰТАМЫЗ? 7-бет Қарашаш ТОҚСАНБАЙ ДАУЫЛ АЛДЫНДАҒЫ ТЫНЫШТЫҚ БОЛЫП ЖҮРМЕСІН 4-бет Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ мір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан» «Жұмыспен қамтудың жол картасы»-2020» бағдар- ламасының бір бағыты ішкі көші-қон үдерістерін үйлесімді түрде реттеуді қамтамасыз етеді. Мемлекеттік деңгейде қолға алынып, жүйелі қаржылық, əлеуметтік қамқорлықтар жаса- лып отырған осынау маңызды шараға азаматтардың өз ық- тиярымен қатысуына басым- дық берілгендіктен, ерекше ынта-жігер тудырып отырғаны анық. Өйткені ішкі миграция саласындағы бүгінгідей қалып- тасып отырған күрделі жағдай өзгермесе, атап айтқанда, демо- графиялық құлдырау үрдісі жал- ғасып, еңбек күшінің тапшы- лығы орын ала беретін болса, 2030 жылға қарай теріскейлік тұрғындардың саны 1 миллионға дейін кеміп, керісінше, күн- гей өңірлерде тұратын халық саны 5,5 миллионға дейін арта- тын болады. Биыл «Нəтижелі жұмыспен қамту жəне жап- пай кəсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арнал- ған бағдарламасы» қабылда- нып, бірқатар жеңілдіктердің қосылуы құптарлық. Онда аза- маттардың еңбек ресурстары- ның аумақтық ұшқырлығын ынталандырудың бірқатар ша- ралары қарастырылған. Оның аясында əрбір отбасы мүшесіне 35 айлық есептік көрсеткіш көлемінде демеуқаржы, сол сияқты бір жыл бойы үйді жал- дау шығындары мен коммунал- дық қызмет ақысы төленеді. Бұл қаражатқа баспана сатып алуға да болады. Мемлекеттік мекемелердің қатысу белсен- ділігінің, тікелей жауапкер- шілігінің арттырылуы бірден- бір дұрыс қадам. Солтүстік Қазақстан секілді жұмыс күші жеткіліксіз өңір- лерге еңбек мигранттарын көшіруді ынталандырудың тың тетіктері іске қосылғалы келу- ге тілек білдірушілердің саны артып отыр. Мəселен, Оңтүстік Қазақстан облысымен жасалған екіжақты ынтымақтастық мемо- рандумы өз жемісін беріп келеді. Өзара делегациялар алмасу, тəжірибелер бөлісу, жергілікті жағдайды зерделеу барысын- да əлеуметтік-экономикалық даму деңгейіміз сараланып, еңбек күшіне сұранысты реттеу- дің жолдары қарастырылды. Қызылжар – экологиялық жағынан таза, табиғаты əсем, жері шұрайлы, құнарлы өлке. Егін, мал өсіруге қолайлы. Сол себепті оңтүстіктен солтүстікке қарай көшіру бағдарламасының шарапаты мол болары сөзсіз, дей келіп жұмыспен үйлестіру жəне əлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Сергей Яковенко атқарылып жатқан шараларға тоқталды. Ол келтірген деректер бойын- ша былтыр құрамында 631 адам бар 136 отбасы қоныс аударып, 63 елді мекенге тұрақтаған. 129 отбасы қоныс аударғандарды қабылдау бағдарламасына енгі- зіліп, 46 миллион теңге демеу- қаржы берілген. 27 отбасыны жұмыс берушілер баспанамен қамтамасыз еткен. 51 отбасы өз қаражаты есебінен иеленген. 44 отбасы тұрғын үйді жалға алған. 124 адам жұмысқа орналасқан. Бəрінен де 77 бүлдіршіннің балабақшаларға барып, 173 балдырғанның тұрғылықты жерлерде оқып, оқушылар азай- ып, жабылудың алдында тұрған білім ошақтарының тамырына қан жүгіртіп, тіршілігін қыж- қыж қайнатқанын айтсаңшы! Биыл да ең үлкен орналасу – Қызылжар өңірінде. Квота бой- ынша еліміздің 4 өңірінен 184 отбасы қабылданып, 68 миллион теңге демеуқаржы бөлінді . – Елбасының ішкі көші-қон үдерістерін реттеу, еңбек рес- урстарының теңгерілімін арт- тыру талаптарына орай көшіп келушілерді жайлы жайғас- тырудың, тұрақтандырудың, ортаға психологиялық жағы- нан бейімдеудің, жұмыспен, баспанамен қамтудың жүйелі кестесі жасалған. Соңғы екі жылда 32 отбасын құшақ жая қарсы алдық, – дейді Қызылжар аудандық жұмыспен қамту орталығының жетекшісі Раушан Текібаева. МЕМЛЕКЕТТІК МӘСЕЛЕ Көш көлікті болсын десек бір жерге шоғырландыра қоныстандыру үрдісін тәжірибеге айналдырумен қатар, түсінік жұмыстарын да ширата түскен жөн Бауырластық қарым-қатынас нығая бермек Мемлекет басшысы Қазақ- стан мен Сауд Арабиясы Ко- рольдігі арасында орныққан мем- лекетаралық ынтымақтастықтың маңыздылығы ерекше екенін атап өтті. – Биыл біз тəуелсіздігіміздің 26 жылдығын атап өтудеміз. Осы кезең ішінде Сауд Арабиясымен бауырластық қарым-қатынастар орнату үшін барлық шараларды атқарып келеміз. Елордамыз Ас- тананы салуға қолдау көрсеткен- деріңіз үшін сіздерге ризашылық білдіреміз, – деді Қазақстан Пре- зиденті. Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық терроризм мен экстремизм қауіп төндіріп тұрған кезде екі елдің құқық қорғау органдары арасында бай- ланыстар орнатудың маңызды екенін атап өтті. Сауд Арабиясы Корольдігінің Ішкі істер министрі Қазақстан Президентіне Сауд Арабиясының Королі Салман бен Əбдел Əзиз Əл Саудтың сəлемін жеткізіп, елдерінің екіжақты табысты ынтымақтастықты одан əрі нығайтуға жəне дамытуға ниетті екенін айтты. Сурет Президенттің баспасз қызметінен алынды –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Ішкі істер министрі бдел зиз бен Сауд бен Наифпен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасз қызметі. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– (Соңы 5-бетте) EUR/KZT 391.81 USD/KZT 333.57 RUB/KZT 5.81 CNY/KZT 50.37 ВАЛЮТАЛАРДЫҢ РЕСМИ (НАРЫҚТЫҚ) БАҒАМДАРЫ: Азамат ҚАСЫМ, «Егемен Қазақстан» Кеше Өскеменде ұйымдастырылған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы кəсіпкерлердің «Туған жер» форумында Президент ерек- ше атап өткен туған жерін жүрегінің түбінде аялаған, өскен-өнген мекенін өркендетуге іңкəрлікпен атсалысуға əзір жандар бас қосып, ойларын ортаға салды. Жоспарларымен бөлісті. Облыс орталығындағы Жекпе-Жек сарай- ында өткен алқалы жиынға өңірдегі ірі кəсіпорындардың жетекшілері, меценаттар, демеушілер, спорт пен мəдениет саласының көрнекті өкілдері, республикалық БАҚ бас- шылары мен мектеп директорлары қатысты. Мемлекет басшысының бағдарла- малық мақаласы жарияланғаннан ке- йін көп уақыт өтпей Шығыс Қазақстан- да бесжылдық кешенді бағдарлама əзірленіп, оған 61 жоба енгені белгілі. Өңірлік бағдарламаны дайындауға жəне жүзеге асыруға облыстағы ірге- лі жоғары оқу орындарының ғалым- дары мен əр саладағы сарапшылар жұмылдырылғанын айта кетейік. Бағдарлама аясында тамырлы тарихы- мыз бен мəйекті мəдениетімізді тануға, білім мен ғылымды өрістетуге, өңірдегі тарихи-мəдени құндылықтарды кеңінен насихаттауға айрықша ден қойылып отыр. Тағдыр талайымен қазақтың дархан даласына келіп, кеңпейіл халқымыздың қамқорлығына бөленіп, бүгінде аймағымызда тату- тəтті ғұмыр кешіп жатқан өзге этнос өкілдерінің дəстүрі мен тілін, ділін сақтап, дамыту мəселесі де назардан тыс қалмаған. Облыста үш тілде білім беру бағдарламасының сəтті жүзе- ге асырылып келе жатқанын ерек- ше атап өтуге болады. Осы орай- да мұғалімдердің тілдік біліктілігі мен оқыту əдістемесін кембридждік жүйе бойынша жетілдіру курста- ры өткізіліп, оған шет тілін тікелей үйретушілер шақырылды, бірыңғай оқулықтар сатып алынды, педагог- тарды материалдық тұрғыдан қолдау жүзеге асырылды. Ал «Білікті маман» жобасы аясында өңірдегі жоғары оқу орындарының бəсекеге қабілеттілігін арттыру һəм мектеп бітірушілердің басқа елге кетуін төмендету мақ- сатында биыл облыстық бюджеттен 200 білім гранты үшін 50,8 миллион теңге қаржы бөлінді. Мұның нəтижесі қазірдің өзінде байқала бастады. Был- тыр Шығыс Қазақстаннан 1800 мектеп бітіруші шетелге оқуға кетсе, биыл бұл көрсеткіш 890-ды құрап, екі есеге дейін азайып отыр. Бұл тараптағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Бес жылдық бағдарламаның берері мол Елбасы өзінің елді рухани жаңғыруға шақырған толғамында «жергілікті билік «Туған жер» бағдарламасын жинақылықпен жəне жүйелілікпен қолға алуға тиіс», деген еді. Шығыс Қазақстан- ның осынау маңызды іске үлкен жауапкершілікпен қарағанын қысқа мерзім ішінде 5 жылдық ауқымды бағдарлама əзірлеп, оған 21 миллиард теңге көлемінде қаржы бағыттауды жоспарлап отырғанынан-ақ аңғаруға болатын секілді. Облыста «Туған жер» бағдарламасы аясында тек биылғы жылдың өзінде жергілік- ті меценаттар мен кəсіпкерлердің демеуімен құны 5,2 миллиард теңгені құрайтын 929 əлеуметтік жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұдан бөлек аймақтағы ірі өнеркəсіп орындары «Парыз» қоры арқылы қосымша 4,8 миллиард теңге қаржы бөлген. Қазіргі уақытта құны 11,3 миллиард теңге болатын 419 жоба (оның 277-сі облыстағы мектептерді жаңа құрал-жабдықтармен жарақ- тауға бағытталған) əзірленіп жатыр. Бұл ретте «Менің мектебім» жоба- сын ерекше атап өтуге болады. Жоба шеңберінде өңірдегі білім орда- ларының химия, физика, биология жəне роботты техника сыныптарын Назарбаев зияткерлік мектептерінің тəжірибесі негізінде заманауи құрал- жабдықтармен қамтамасыз ету жос- парланып отыр. (Соңы 6-бетте) Туған жерге ту тіккендер Шығыс Қазақстанда «Менің мектебім» жобасының тұсауы кесілді –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Адам баласы – шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның мір бақи тұратын лкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп тпейтін жан баласы болмайды. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды кріністерінің бірі», деп жазған еді. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Upload: others

Post on 28-Sep-2020

21 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: Ту†ан жерге ту тіккендер · Мемлекеттік деңгейде қолға алынып, жүйелі қаржылық, ... саласындағы бүгінгідей

№202 (29183) 20 ҚАЗАН, ЖҰМА 2017 ЖЫЛE-mail: [email protected] TWITTER.COM/EGEMENKZFACEBOOK.COM/EGEMENKZ

1919 жылғы 17 желтоқсаннан

шыға бастады

ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ГАЗЕТ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ЗЕРДЕ

РУХАНИЯТ

7-бет

8-бет

ЭКОНОМИКА

3-бет

ҰЛТ ӘЛІПБИІ

4-бет

ОРАЛЫМСЫЗДЫҚ

КЕНСАНДЫҚ

БӘТИДІҢ БАҒЫ

КІМДІ ТҰЛҒА ТҰТАМЫЗ?

7-бет

ҚарашашТОҚСАНБАЙ

ДАУЫЛ АЛДЫНДАҒЫ ТЫНЫШТЫҚ БОЛЫП ЖҮРМЕСІН

4-бет

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ

мір ЕСҚАЛИ,«Егемен Қазақстан»

«Жұмыспен қамтудың жол картасы»-2020» бағ дар-ламасының бір бағыты ішкі көші-қон үдерістерін үйлесімді түрде реттеуді қамтамасыз етеді. Мемлекеттік деңгейде қолға алынып, жүйелі қаржылық, əлеу меттік қамқорлықтар жаса-лып отырған осынау маңыз ды шараға азаматтардың өз ық-тияр ымен қатысуына басым-дық берілгендіктен, ерекше ынта-жігер тудырып отырғаны анық. Өйткені ішкі миграция саласындағы бүгінгідей қа лып-тасып отырған күрделі жағдай өзгермесе, атап айтқанда, демо-графиялық құлдырау үрдісі жал-ғасып, еңбек күшінің тапшы-лығы орын ала беретін болса, 2030 жылға қарай теріскейлік тұрғындардың саны 1 миллионға дейін кеміп, керісінше, күн-гей өңірлерде тұратын халық саны 5,5 миллионға дейін арта-тын болады. Биыл «Нəти желі жұмыспен қамту жəне жап-пай кəсіпкерлікті дамыту дың 2017-2021 жылдарға арнал-ған бағдарламасы» қабылда-нып, бірқатар жеңілдіктердің қосылуы құптарлық. Онда аза-маттардың еңбек ре сурс тары-ның аумақтық ұшқырлығын ынталандырудың бірқатар ша-ралары қарастырылған. Оның аясында əрбір отбасы мүшесіне 35 айлық есептік көрсеткіш

көлемінде демеуқаржы, сол сияқты бір жыл бойы үйді жал-дау шығындары мен ком му нал-дық қызмет ақысы төленеді. Бұл қаражатқа баспана сатып алуға да болады. Мемле кеттік мекемелердің қатысу бел сен-ділігінің, тікелей жауапкер-шілігінің арттырылуы бірден-бір дұрыс қадам.

Солтүстік Қазақстан секіл ді жұмыс күші жеткіліксіз өңір-лерге еңбек мигранттарын көшіруді ынталандырудың тың тетіктері іске қосылғалы келу-ге тілек білдірушілердің саны артып отыр. Мəселен, Оңтүстік Қазақстан облысымен жасалған екіжақты ынтымақтастық мемо-рандумы өз жемісін беріп келеді. Өзара делегациялар алмасу, тəжірибелер бөлісу, жергілікті жағдайды зерделеу барысын-да əлеуметтік-экономикалық даму деңгейіміз сараланып, еңбек күшіне сұранысты реттеу-дің жолдары қарастырылды. Қызылжар – экологиялық жағы нан таза, табиғаты əсем, жері шұрайлы, құнарлы өлке. Егін, мал өсіруге қолайлы. Сол себепті оңтүстіктен солтүстікке қарай көшіру бағдарламасының шарапаты мол болары сөзсіз, дей келіп жұмыспен үйлестіру жəне əлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Сергей Яковенко атқарылып жатқан шараларға тоқталды. Ол келтірген деректер бойын-ша былтыр құрамында 631 адам

бар 136 отбасы қоныс аударып, 63 елді мекенге тұрақтаған. 129 отбасы қоныс аударғандарды қабыл дау бағдарламасына ен гі-зіліп, 46 миллион теңге демеу-қаржы берілген. 27 отбасыны жұмыс берушілер баспанамен қамтамасыз еткен. 51 отбасы өз қаражаты есебінен иеленген. 44 отбасы тұрғын үйді жалға алған. 124 адам жұмысқа орналасқан. Бəрінен де 77 бүлдіршіннің балабақшаларға барып, 173 балдырғанның тұрғылықты жерлерде оқып, оқушылар азай-ып, жабылудың алдында тұрған білім ошақтарының тамырына қан жүгіртіп, тіршілігін қыж-қыж қайнатқанын айтсаңшы!

Биыл да ең үлкен орналасу – Қызылжар өңірінде. Квота бой-ынша еліміздің 4 өңірінен 184 отбасы қабылданып, 68 мил лион теңге демеуқаржы бөлінді .

– Елбасының ішкі көші-қон үдерістерін реттеу, еңбек ре с-урстарының теңгерілімін арт-тыру талаптарына орай кө шіп келушілерді жайлы жайғас-ты рудың, тұрақтан ды ру дың, ортаға психоло гиялық жағы-нан бейім деудің, жұмыс пен, баспана мен қамтудың жүйелі кесте сі жасалған. Соңғы екі жылда 32 отбасын құшақ жая қарсы алдық, – дейді Қызылжар аудан дық жұмыспен қамту орталы ғының жетекшісі Раушан Текібаева.

МЕМЛЕКЕТТІК МӘСЕЛЕ

Көш көлікті болсын десекбір жерге шоғырландыра қоныстандыру үрдісін тәжірибеге айналдырумен қатар, түсінік жұмыстарын да ширата түскен жөн

Бауырластық қарым-қатынас нығая бермек

Мемлекет басшысы Қа зақ-стан мен Сауд Арабиясы Ко-роль дігі арасында орныққан мем-лекетаралық ынтымақтас тық тың маңыздылығы ерекше екенін атап өтті.

– Биыл біз тəуелсіздігіміздің 26 жылдығын атап өтудеміз. Осы кезең ішінде Сауд Арабиясымен бауырластық қарым-қатынастар

орнату үшін барлық шараларды атқарып келеміз. Елордамыз Ас-тананы салуға қолдау көрсет кен-деріңіз үшін сіздерге ризашылық білдіреміз, – деді Қазақстан Пре-зиденті.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық терроризм мен экстремизм қауіп төндіріп тұрған кезде екі елдің құқық

қорғау органдары арасында бай-ланыстар орнатудың маңызды екенін атап өтті.

Сауд Арабиясы Корольдігінің Ішкі істер министрі Қазақстан Президентіне Сауд Арабиясының Королі Салман бен Əбдел Əзиз Əл Саудтың сəлемін жеткізіп, елдерінің екіжақты табысты ынтымақтастықты одан əрі нығайтуға жəне дамытуға ниетті екенін айтты.

Сурет Президенттің баспас�з қызметінен

алынды

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Ішкі істер министрі �бдел �зиз бен Сауд бен Наифпен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспас�з қызметі.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

(Соңы 5-бетте)

EUR/KZT 391.81 USD/KZT 333.57 RUB/KZT 5.81 CNY/KZT 50.37ВАЛЮТАЛАРДЫҢ РЕСМИ (НАРЫҚТЫҚ) БАҒАМДАРЫ:

Азамат ҚАСЫМ, «Егемен Қазақстан»

Кеше Өскеменде ұйымдастырылған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы кəсіпкерлердің «Туған жер» форумында Президент ерек-ше атап өткен туған жерін жүрегінің түбінде аялаған, өскен-өнген мекенін өркендетуге іңкəрлікпен атсалысуға əзір жандар бас қосып, ойларын ортаға салды. Жоспарларымен бөлісті. Облыс орталығындағы Жекпе-Жек сарай-ында өткен алқалы жиынға өңірдегі ірі кəсіпорындардың жетекшілері, меценаттар, демеушілер, спорт пен мəдениет саласының көрнекті өкілдері, республикалық БАҚ бас-шылары мен мектеп директорлары қатысты.

Мемлекет басшысының бағдарла-малық мақаласы жарияланғаннан ке -йін көп уақыт өтпей Шығыс Қазақстан-да бесжылдық кешенді бағдарлама əзір леніп, оған 61 жоба енгені белгілі. Өңір лік бағдарламаны дайындауға жəне жүзеге асыруға облыстағы ірге-лі жоғары оқу орындарының ғалым-дары мен əр саладағы сарапшы лар жұмыл дырыл ғанын айта кетейік. Бағдарлама аясын да тамырлы тарихы-мыз бен мəйекті мəдениетімізді тануға, білім мен ғылымды өрістетуге, өңірдегі тари хи-мəдени құндылықтарды кеңінен насихаттауға айрықша ден қойылып отыр. Тағдыр талайымен қазақтың дар хан даласына келіп,

кеңпейіл халқымыздың қамқорлығына бөленіп, бүгінде аймағымызда тату-тəтті ғұмыр кешіп жатқан өзге этнос өкіл дерінің дəстүрі мен тілін, ділін сақ тап, дамыту мəселесі де назардан тыс қалмаған. Облыста үш тілде білім беру бағдарламасының сəтті жүзе-ге асырылып келе жатқанын ерек-ше атап өтуге болады. Осы орай-да мұғалім дердің тілдік біліктілігі мен оқыту əдістемесін кембридждік жүйе бойынша жетілдіру курста-ры өткізіліп, оған шет тілін тікелей үйретушілер шақырылды, бірыңғай оқулықтар сатып алынды, педагог-тарды материалдық тұрғыдан қолдау жүзеге асырылды. Ал «Білікті маман» жобасы аясында өңірдегі жоғары оқу орындарының бəсекеге қабілеттілігін арттыру һəм мектеп бітірушілердің басқа елге кетуін төмендету мақ-сатында биыл облыстық бюджеттен 200 білім гранты үшін 50,8 миллион теңге қаржы бөлінді. Мұның нəти жесі қазірдің өзінде байқала бастады. Был-тыр Шығыс Қазақстаннан 1800 мектеп бітіруші шетелге оқуға кетсе, биыл бұл көрсеткіш 890-ды құрап, екі есеге дейін азайып отыр. Бұл тараптағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Бес жылдық бағдарламаның

берері молЕлбасы өзінің елді рухани

жаңғыруға шақырған толғамында

«жергілікті билік «Туған жер» бағдарламасын жинақылықпен жəне жүйелілікпен қолға алуға тиіс», деген еді. Шығыс Қазақстан-ның осынау маңызды іске үлкен жауап кер шілікпен қарағанын қысқа мерзім ішінде 5 жылдық ауқымды бағдарлама əзірлеп, оған 21 миллиард теңге көлемінде қаржы бағыттауды жоспарлап отырғанынан-ақ аңғаруға болатын секілді. Облыста «Туған жер» бағдарламасы аясында тек биылғы жылдың өзінде жергілік-ті меценаттар мен кəсіпкерлердің демеуімен құны 5,2 миллиард теңгені құрайтын 929 əлеуметтік жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұдан бөлек аймақтағы ірі өнеркəсіп

орын дары «Парыз» қоры арқылы қосым ша 4,8 миллиард теңге қаржы бөлген. Қазіргі уақытта құны 11,3 миллиард теңге болатын 419 жоба (оның 277-сі облыстағы мектептерді жаңа құ рал-жабдықтармен жарақ-тауға ба ғыт талған) əзірленіп жатыр. Бұл ретте «Менің мектебім» жоба-сын ерекше атап өтуге болады. Жоба шеңберінде өңірдегі білім орда-лары ның химия, физика, биология жəне роботты техника сыныптарын Назарбаев зияткерлік мектептерінің тəжірибесі негізінде заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жос-парланып отыр.

(Соңы 6-бетте)

Туған жерге ту тіккендерШығыс Қазақстанда «Менің мектебім» жобасының тұсауы кесілді

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Адам баласы – шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның �мір бақи тұратын �лкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп �тпейтін жан баласы болмайды. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды к�ріністерінің бірі», деп жазған еді.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Page 2: Ту†ан жерге ту тіккендер · Мемлекеттік деңгейде қолға алынып, жүйелі қаржылық, ... саласындағы бүгінгідей

2 20 ҚАЗАН 2017 ЖЫЛСАЯСАТ

Дүниежүзілік ұйымының бас директорымен кездесті

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Жануарлардың денсаулығын сақтау дүниежүзілік ұйымының (ХЭБ) бас директоры Моник Элуамен кездесу өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

«Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі жиын

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Кеше Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен бейнеконференция режімінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің кезектен тыс отырысы өтті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Кеңес отырысында Кәсiп­кер лiк кодексiн қолдану прак­

тикасы және кәсiпкерлiкті дамы­ту үшiн кедергілерді жою және

кәсiпкерлердің құ қық тарын қорғауды күшейту жө нiндегi қолданылатын шаралар туралы мәселе қаралды.

Аталған мәселелер бойынша Ұлттық экономика ми нистр­лігінің ақпараты тыңдалды.

Өткізілген Құқықтық саясат жөніндегі кеңес отырысының

ұсынымдары Қазақстан Рес пуб­ликасындағы заңнаманы және құқық қолдану қызметін әрі қа рай жетілдіруде ескерілетін болады.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің

Мемлекеттік құқық бөлімі

ТМД­ға қатысушы мем ле кет­тердің Парламентаралық Ассам­блеясы Кеңесінің отырысында Достастық мемлекеттеріндегі биылғы сайлауларды, оның ішінде Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты сайлауын байқауды ұйымдастыруға байла­нысты баяндамалар тыңдалды.

Сонымен қатар жиынға қа ты­су шылар Экономика жөніндегі сарапшылар кеңесін құру мә­селесін қарап, Ресей Феде ра­циясының ТМД­ға төр ағалық ету барысы туралы ақ парат ты тыңдады және ТМД ПАА жұмы­сының 2018 жылға арналған жос­парын талқылады.

ҰҚШҰ Парламенттік Ас­сам блеясының оныншы оты­рысы барысында терроризмге жә не трансшекаралық қылмыс­қа қарсы іс­қимыл саласын дағы ұлттық заңнаманы жақын дас­тыру, қылмыстық істер бойынша халықаралық құқықтық көмек көрсету, ақпарат саласындағы құқық бұзушылықпен күрес мә­селелері талқыланды. ҰҚШҰ ПА 13 үлгі заңды қарады.

Қазақстан Сенатының өкіл­дері «Дінаралық және ұлтаралық үнқатысу арқылы мәдени алуан­дық пен бейбітшілікті ілге­рілету» тақырыбымен өткен

Парламентаралық одақтың 137­ші Ассамблеясына (ПАО) қа тыс­ты. 150 елдің делегациясын қа­былдаған ПАО –173 мемлекеттің заң шығару органы мен 11 ұйы­мын біріктіретін тарихы бай халықаралық ұйым.

ПАО Ассамблеясының қоры­тын ды отырысында «Демо­кратия: біздің әр алуандығы мыз­дың ор тақ тығы туралы жалпыға бірдей дек ларациясының қабыл­да нуының 20 жылдығына» қа­рары қабылданды.

Қазақстан де ле гациясының құ рамында сенатор Сергей Ер­шов пен Ерік Сұлтанов та болды.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ ҚАУЛЫСЫ

2017 жылғы 18 қазан №649 Астана, Үкімет Үйі

«Сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру ережесін, Жеке және заңды тұлғалардың (филиалдар мен өкілдіктердің), сондай-ақ дара кәсіпкерлердің

сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және бұрын берілген құжаттарын қайта ресімдеу үшін өтініш жасау

ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 мамырдағы № 406

қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:1. «Сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру ережесін, Жеке және

заңды тұлғалардың (филиалдар мен өкілдіктердің), сондай­ақ дара кәсіпкерлердің сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және бұрын берілген құжаттарын қайта ресімдеу үшін өтініш жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 мамырдағы № 406 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ­ы, 2007 ж., № 16, 180­құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) көрсетілген қаулымен бекітілген Сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру ережесінде:

2­тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«2. Жеке немесе заңды тұлға (филиал мен өкілдік) үшін

сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру белгілі бір жеке немесе заңды тұлғаға (филиал мен өкілдікке) қатысты мәліметтерді Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде, мемлекеттік органдардың, «Астана» халықаралық қаржы орталығының (бұдан әрі – АХҚО) органдары мен өзге де мемлекеттік мекемелердің ақпараттық жүйелерінде сақтау үшін жүзеге асырылады.»;

5­тармақта:1) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:«1) бірінші бөлік – 4 цифрдан тұрады және заңды тұлғаны, фи­

лиалдар мен өкілдіктерді немесе бірлескен кәсіпкерлік түріндегі (бұдан әрі – ЖК (Б)) қызметті жүзеге асыратын дара сан кәсіпкерді мемлекеттік (есептік) тіркеу не қайта тіркеу жылын (соңғы екі цифр) және айын немесе АХҚО­ның органдарын, олардың ұйымдарын және АХҚО­ның қатысушыларын заңды тұлға, филиалдар мен өкілдіктер ретінде тіркеу не қайта тіркеу жылын (соңғы екі цифр) және айын қамтиды;»;

«4) төртінші бөлік – 5 цифрдан тұрады және заңды тұлғаның (филиалдар мен өкілдіктер) немесе ЖК (Б) жүйесіндегі реттік тіркеу нөмірін қамтиды;

АХҚО органдарына, олардың ұйымдарына және АХҚО­ның қатысушыларына бірінші саннан, 90001 нөмірінен бастап 99999 нөмірін қоса алғанда реттік нөмір беріледі.»;

мынадай мазмұндағы 6­тармақпен толықтырылсын:«6. Осы Ереженің 5­тармағы 4) тармақшасының екінші бөлігінде

көзделген АХҚО органдары, олардың ұйымдары және АХҚО­ның қатысушылары үшін қалыптастырылатын бизнес­сәйкестендіру нөмірлерін АХҚО­ның тіркеуші органдары «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» 2015 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы 3­бабының 1­2­тармағына сәйкес АХҚО Басқарушысы айқындайтын АХҚО­ның сәйкестендіру нөмірлері тізілімін жасау, жүргізу және пайдалану тәртібіне сәйкес береді.»;

2) көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке және заңды тұлғалардың (филиалдар мен өкілдіктердің), сондай­ақ дара кәсіпкерлердің сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және бұрын берілген құжаттарды қайта ресімдеу үшін өтініш жасау ережесі:

мынадай мазмұндағы 1­1­тармақпен толықтырылсын:«1­1. Осы Ереже «Астана» халықаралық қаржы орталығының

(бұдан әрі – АХҚО) органдарына, олардың ұйымдары мен АХҚО­ның қатысушыларына қатысты қолданылмайды.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-МинистріБ.САҒЫНТАЕВ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасындағы қызметтік және азаматтық қаруды өткізу

туралы келісімді ратификациялау туралы

2016 жылғы 20 мамырда Ереванда жасалған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасындағы қызметтік және азаматтық қаруды өткізу туралы келісім ратификациялансын.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ

Астана, Ақорда, 2017 жылғы 18 қазан № 97­VI ҚРЗ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық

көмек туралы шартты ратификациялау туралы

2016 жылғы 24 тамызда Белградта жасалған Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шарт ратификациялансын.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ

Астана, Ақорда, 2017 жылғы 18 қазан № 98­VI ҚРЗ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы арасындағы ұстап беру туралы шартты ратификациялау

туралы

2016 жылғы 24 тамызда Белградта жасалған Қазақстан Респуб ли­касы мен Сербия Республикасы арасындағы ұстап беру туралы шарт ратификациялансын.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ

Астана, Ақорда, 2017 жылғы 18 қазан № 99­VI ҚРЗ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты

ратификациялау туралы

2016 жылғы 24 тамызда Белградта жасалған Қазақстан Респуб­ликасы мен Сербия Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шарт ратификациялансын.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ

Астана, Ақорда, 2017 жылғы 18 қазан № 100­VI ҚРЗ

Отырыс барысында тұр­мыс тық қатты қалдықтарды басқару мәселелері талқы­лан ды. Ағымдағы жағдай ту­ралы Энергетика министрі Қ.Бо зымбаев және Атырау, Алматы, Қос танай облыс­тары мен Ас тана, Алматы қалаларының әкім дері баян­дады.

Сондай­ақ «Kaz Waste» қа зақ стандық қалдықтарды бас қару жөніндегі қауымдас­тық тың атқарушы директоры В.Мұс тафина, «Жасыл акаде­мия» ғы лыми­білім беру орта­лығы ның ди ректоры Б.Есе­кина, «Опе ра тор РОП» ЖШС бас ди рек то ры С.Ко ротенко және т. б. сөз сөйледі.

Кездесу барысында та рап­тар Қазақстанның ветери нар­лық жүйесін дамыту, Аста нада аусыл бойынша ХЭБ суб өңір­лік үйлестіру кеңсесінің қыз­мет терін кеңейту, сонымен қа тар аталған кеңсе жаны­нан ау сыл бойынша вакцина­лар бан кін құру мәселелерін талқы лады.

Талқылау қорытындысы бо йынша тараптар өңірлік

деңгейде трансшекаралық ауру лармен күрестің бірың ғай тәсілдері мен стратегия ларын әзірлеу бойынша ынты мақ­тастықты жалғастыру тура лы, сондай­ақ ХЭБ сарап шы лары­ның белсенді атсалысуы арқылы трансшекаралық аурулармен күресте Орталық Азия елдерінің ветеринарлық қызметтерінің ынтымақтастығын нығайту ту­ралы келісімге келді.

Кеңестің кезекті отырысы өтті–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Кеше Астанада Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Талғат Донақовтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің кезекті оты-рысы болып өтті. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Сенат Төрағасының орынбасары Сергей Громов Қазақстан Парламенті делегациясының құрамында ТМД және ҰҚШҰ-ның парламентаралық құрылымдарының жұмысына, сондай-ақ Санкт-Петербургте өткен Парламентаралық одақтың 137-ші Ассамблеясына қатысты, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Парламентаралық бірлестік жұмысына қатысты

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,«Егемен Қазақстан»

Оның айтуынша, еліміздің әлеумет­тік­экономикалық даму болжамын қалып­тастыру үшін алдағы үш жылдық кезеңде баррелі 45 АҚШ доллары болатындай мұнай бағасының деңгейі негізге алынып отыр. Ішкі жалпы өнімнің нақты өсімі 2018 жылы 3,1 пайыз деңгейінде, одан кейін 2022 жылға дейін 4,2 пайызға өседі деп болжанған. Сөйтіп Ұлттық қордан бөлінетін кепілдендірілген трансферт көлемі 2018 жылы 2,6 миллиард теңге, 2019 жылы 2,3 миллиард теңге және 2020 жылы 2,0 милли­ард теңге болып белгіленгені жоспарланған.

Қаржы реттеушісінің ақша­несие сая­саты туралы депутаттарды хабардар еткен Ұлттық банк төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов Ұлттық банктің негізгі басымдығы баға лардың тұрақтылығын қамта масыз ету екенін, 2018 жылы ин­фляцияның нысаналы диапазоны 5­7 пайыз шегінде белгіленіп, 2020 жылға дейін бірте­бірте 4 пайызға дейін төмендету көзделіп отырғанын айтты. Сонымен қатар ақша құнының негізгі көрсеткіші болып табы­латын негізгі мөлшерлеме биыл 12 пайыз­дан 10,25 пайызға дейін төмендетілгеніне тоқталды.

«Банктердің тұрақтылығын қамтамасыз етуді Ұлттық банк басым міндеттердің бірі ретінде санайды. Осы міндеттің аясында банк секторының қаржылық орнықтылығын арттыру бағдар ламасын іске асыру бастал­ды», деді А.Ахметов.

Ал Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов сенаторларды «2018­2020 жылдарға арналған рес пуб ликалық бюджет туралы» заң жобасының мазмұнымен таныстырды. Оның түсіндіруінше, бюджетті жасақтау барысында теңдестірілген және айқын бюд­жет жөніндегі парламенттік тыңдаудың

ұсыныстары, сондай­ақ Есеп комитеті мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының ұсынымдары ескерусіз қалмаған.

Отырыс аясында бюджет заңнамасын қалыптастыру мәселелері бойынша сөз алған Ұлттық экономика министрі Т.Сүлейменов ұсынылған заң жобасында бірқатар негізгі бағыттар, атап айтқанда, өтініштерді келісу және бюджет үдерістерін әкімшілендірудің жекелеген кезеңдерін алып тастауға қатысты түзетулер енгізілгеніне тоқталды. Айталық мемлекет­жекеменшік әріптестігі жоба­ларын жоспарлау рәсімдерін оңайлату мақсатында келісу үдерісін 5 кезеңнен 3 кезеңге дейін қысқарту ұсынылып отыр.

«Жалпы түзетулер бюджет қаржысын экономикаға дейін аса тез жеткізуге, игерілмеген соманы азайтуға, мемлекет­жекеменшік әріптестігі жобаларының са­нын ұлғайтуға, сондай­ақ мемлекеттік органдардың дербестігі мен жауапкершілігін арттыруға ықпал ететін болады», деді Т.Сүлейменов.

Негізгі баяндамалардан кейінгі талқы­лау барысында сенаторлар тарапынан сұрақтар қойылып, бірқатар ұсыныстар айтылды. Мәселен, А.Бейсенбаев ауыл­шаруа шылық өнімдерін экспорттауға байланысты рәсімдерді жетілдіру қажет­тігіне тиісті мекемелердің назарын ау­дарса, Д.Құсдәулетов, Р.Әбдікеров және С.Айт паева құқық қорғау органдарының қыз метіне, олардың техникалық жаб дық­талуы мен құқықтық түсіндіру жұмыс­тарына бөлінетін қаржының азаюына өз алаңдаушылығын білдірді. Сол сияқты се­натор С.Бектұрғановтың сауалы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйе­сінің енгізілуіне қатысты шығыстарды бюджеттік қаржыландыруға қатысты бол­ды. Ал Ә.Бектаев Энергетика министрлігін Қазақстанның оңтүстік аймағын газбен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге

мүмкіндік беретін Бейнеу­Бозой­Ақбұлақ газ құбырының құрылысына көңіл бөлу қажеттігіне тоқталды. Мұнай өнімдері на­ры ғындағы осы күні қалыптасқан күрделі жағдайды реттеу мәселесіне қатысты сена­тор Ғ.Дүйсембаевтың сауалына Энергетика вице­министрі Бақытжан Жақсалиев былай деп жауап берді.

«Таяуда ғана Үкімет отырысында кезек­ті рет ішкі нарыққа бензинді жеткізу мәсе­лесі талқыланды. Өздеріңіз білесіздер, біздің негізгі мұнай өңдеу зауыттарымыз­да тиісті жұмыстар аяқталуға аз уақыт қалды. 2018 жылы мұнай өңдеуді 15 мил­лион тоннаға жеткізіп, осы арқылы елімізде отын тапшылығын жоюға мүмкіндік жа­салады деп жоспарланған. Ал енді бүгінгі нарыққа бензинді жеткізуді тұрақтан дыру мақсатында «ҚазМұнайГаз» Ресейден отын­ды қажетті көлемде сатып алды. Әрине Ресейде Қазақстанмен салыстырғанда отын бағасы жоғарылау. Осыған байланыс ты «ҚазМұнайГаз» біршама шығындарға тап болуда. Қазіргі кезде бензинге белгілі бір деңгейде бағаның өсуі байқалуда. Бұл тұр­ғыда АИ­92 маркалы бензин бағасы 165 теңге деңгейінде тұрақтайды деп пайым­даймыз. Бензин жеткізуде дағдарыстық құбылыстың төмендеуіне қарай, ұсыныс көлемі артып, баға төмендейтін болады», деді вице­министр.

Жиынды қорытындылаған Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Оль га Перепечина заң жобаларын талқылау жұмыс топтарының отырыстарында, сондай­ақ Парламенттің жоғарғы палатасының тұрақты комитеттерінде жалғасатынын атап өтті.

Үш жылдық бюджет таныстырылды

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Кеше Парламент Сенатында 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыруға бағытталған заң жобалары таныстырылды. Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов еліміздің 2018-2022 жылдарға әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2018-2020 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заң жобасы жөнінде баяндады.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Рауан ҚАЙДАР,«Егемен Қазақстан»

Спикердің сөзінше, 2017 жылдың 1 қазанынан бастап кедендік транзит шеңберінде Кедендік және салықтық әкімшілендірудің автоматтандырылған

жүйесі – «АСТАНА­1» ақпараттық жүйесі іске қосылды.

«Бұл жүйе алдын ала ақпаратты берген сәттен бастап тауарларды шығарғаннан кейінгі бақылауға дейін барлық кеден­дік процестерге автоматтандырыл ған бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік

береді. Және де құжат айналымын тездетуге жағ дай туғызады. Бұл жүйе 2 жылдың ішінде дайындалды. Сонымен қатар сырт­қы саудаға үлкен көмек. Ақпараттық жүйе арқылы біз жұмыс жылдамдығын артты ра­мыз және айқындау деңгейін өсіре аламыз», деді Ғосман Әмрин.

Айта кететін тағы бір жайт, «АСТАНА­1» АЖ­ның толық көлемде іске асырылуы 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЕурАзЭҚ және Қазақстан Республикасы кеден кодексінің күшіне енуімен қатар орындалады.

«АСТАНА-1» ақпараттық жүйесі іске қосылды–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференция-сында Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Ғосман Әмрин атап өтті.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Page 3: Ту†ан жерге ту тіккендер · Мемлекеттік деңгейде қолға алынып, жүйелі қаржылық, ... саласындағы бүгінгідей

20 ҚАЗАН 2017 ЖЫЛ 3

Қ ұ р м е т т і Н ұ р с ұ л т а н Əбішұлы! «Қазақстанның орыс, славян жəне казак ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі республикалық кеңе-сінің 2017 жылғы 26 қыркүйекте өткен отырысында этномəдени бірлесу, қазақ тілінің латын əліппесіне көшу мəселелері тал-қыланды.

Бұл үдеріс ешбір этномəдени бірлестікті бей-жай қалдырған жоқ. Біз алда тұрған міндеттің қиындығын, ерік-жігердің, шы-дамның қажеттігін, елде тұрақты жəне сенімді қоғамдық, əлеу -меттік жəне саяси ахуал қалып-тастырудың маңыздылығын жақ-сы түсінеміз.

Нұрсұлтан Əбішұлы, «Қазақ-стандағы орыс, славян жəне казак ұйымдарының қауымдастығы» əдеттегідей біздің қоғамда бей-бітшілік пен келісім орнату ба-рысында сізге толық қолдау көрсететініне сенімді болыңыз. Сіздің латынға көшу жөніндегі бастамаңызды бəріміз қолдаймыз.

Жүздеген этностардың мə-дениетін, дəстүрін жəне күн-делікті өмір салтын енгізу мен бір-бірін толықтыруы қазақ-стандықтардың қайталанбас ру-хани байлығына қол жеткізуге, этносаралық бірегей мəдениетті қалыптастыруға Елбасымен бірге үдемелі дамуға мүмкіндік берді. Бұл тəуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның барша жетістігін анықтап, Үшінші жаңғырту тап-сырмаларын тиімді шешудің іргетасына айналды.

Латынға көшу қазақ тілінің бəсекеге қабілеттілігін артты-рып, жаңғырту оның барша

мүмкіндігін байланыс құралы ғана емес, рухани жаңғыру ба-рысында ұлттық бірегейлікті күшейтуге оңтайлы пайдалануға жағдай жасайды.

Сіздің бастамаңыз қазақстан-дық тардың орыс тілінен бас тартуын білдірмейді. Орыс тілі қазақ тілімен бірге ресми қол-даныста қала бермек. Оның жан-жақтылығы мəдениет пен өр кениетті жақындастыратын мəдениетаралық диалог қалып-тастырады.

Барша қазақстандық этнос тар-дың міндеті латын əліпбиіне көшу үдерісіне ілесу үшін, оны бекіткен күннен бастап мемлекеттік тілді жедел меңгеру деп есептейміз.

Біздің көзқарасымыз осы. Бұл – біздің айнымас пікіріміз. Бұл – біздің бағы тымыз. Осы орайдағы жұмыстарды «Қазақ-станның орыс, славян жəне казак ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің республикалық кеңесі бүкіл деңгейлерінде, еліміздің барша аудандарында жəне ғылыми-тəжірибелік қауымдастықтарда жүргіземіз.

Біз қоғамдық келісімді сақтау жəне күшейту мақсатында қолы-мыздан келгеннің бəрін жасай-мыз.

Нұрсұлтан Əбішұлы, сізге денсаулық, табыс жəне Мəңгілік елдің біртұтас ұлты болу жолында бүкіл жақсылықты тілейміз.

«Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының

қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі атынан

Владимир БОЖКО

Уәлихан ҚАЛИЖАНОВ, ҰҒА академигі

Тəуелсіздік алған кезеңнен бас-тап Елбасы, Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Ə.Назарбаев мемлекет шекарасын рəсімдеп, өркениетті 50, сонан соң 30 елдің қатарына кіруді мақсат етіп, қоғамның барлық саласын-да реформа жүргізуді қолға алды. Əуелі экономика, сонан соң саясат бағдарын ұсынған Президенттік саясат өзінің өміршеңдігін көрсетті. Осылай ши-рек ғасыр ішінде Қазақстан қарыштап дамыды. Əлем мойындап қана қоймай, Қазақстан лидерінің пікіріне ден қоя бастады. Бұл тəуелсіздік, егемендік əкелген ұлы тағдыр еді. Міне, осындай сəтте Н.Ə.Назарбаев ұлтына сенді, ұлты Елбасына сенді. Осының арқасында Президент ұлттық құндылықтарды жинастыру мəселесін қолға алды. Əуелі «Тарих толқынында» атты кітап жазды. Онда қазақтың бес мыңжылдық тарихының алтын көмбесін ашты. Сонан соң «Мəдени мұра» бағдарламасын жариялады. Ел тарихы мен мəдениетіне қатысты жəдігерлер жинақталды. Қытай, Еуропа мен Батыс кітапханаларына арнайы экспедициялар жіберіліп, көптеген құнды жəдігерлер табылды. Осылай М.О.Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институты əлемде теңдесі жоқ 100 томдық «Бабалар сөзін» шығарды.

Мемлекеттік мəртебеге ие болған ана тілі де осындай ұлы саяси екшеу мен талқыдан өтті.

Иə, тіл туралы толқулы сөздер айт-қан Н.Ə.Назарбаев ұлт намысын оятып қана қоймай, мемлекеттік тілдің алтын діңгегі туралы аталы сөз айтты.

Рухани жаңғыру міндетті түрде тілмен үйлесім тапқанда ғана биік миссиясын орындайды. Мұны жүзеге асыру үшін өткенді ойлайтын, бола-шақты болжайтын Н.Ə.Назарбаев революциялық емес, эволюциялық жолды таңдады. ТМД елдері жаппай латын əліпбиіне көшіп жатқанда са-быр сақтады. Мұны біреулер түсінді, біреулер байбалам салудан аса алма-ды. Кез келген мемлекеттің басшысы қоғамдық ойдың жетегінде кетпеуі ке-рек. Өйткені ол мемлекеттің даму стра-тегиясы мен тактикасын айқындауға тиіс.

Шынында, егемендіктің алғашқы жылдарында Қазақстандағы саяси-əлеуметтік, демографиялық мəселелер мүлдем бөлек-ті. Өз елімізде өзіміз азшылықта болдық. Өзінің ана тілінен қол үзген 4 миллионға жуық қазақ бар еді. Сондықтан да Нұрсұлтан Назарбаев кəсіби көреген саясаткер ретінде қоғам дық ойдың жетегінде кетпеді, қайта қоғамға бүкпесіз шындықты айтты. «Кімге күш көрсетеміз? Жан-жақты көршілермен қырғи-қабақ болып ертеңгі күні елімізді үлкен-үлкен ұлттарға, елдерге қарсы қойып, талан-таражға түсірсек, тіл тұрмақ бас қайғы болады. Шыдау керек. Көпірден өтетін уақыт онша көп емес. Бір он бес-жиырма жыл уақыт керек». Бұл сөзді Нұрсұлтан Əбішұлы 1992 жылғы 26-қарашада «Қазақ тілі» қоғамының екінші құрылтайында айтып еді.

Міне, осы кезеңнен бастап Н.Ə.Назарбаев қазақ тілінің қасиеті ту-ралы сан толғанды: «Дауға салса – ал-мастай қиған, сезімге салса – қырандай қалқыған, ойға салса – қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайын-да əрі қару, əрі қалқан, əрі байырғы, əрі мəңгі жас, отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен?!».

Н.Ə.Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымының мінберінен мемлекеттік тілде баяндама жасады. Осылай жаһандану дəуірінің жаңа бір кезеңіне жеттік. Яғни Қазақстан өркениетті елдердің отыздығында болу үшін ла-тын əліпбиіне қайта оралу қажет бол-ды. Осыған орай Қазақстан Президенті латын əліпбиіне көшу мəселесін 2025 жылға дейінгі Қазақстан даму страте-гиясына енгізді. Əрі 2025 жылға қарай латын əліпбиіне көшу мəселесін өз Жолдауында жария етті. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақа-ласында латын əліпбиіне көшу замана сұранысы екенін негіздеп берді. Əрі латын əліпбиіне көшуде Өзбекстан, Түрікменстан, Əзербайжан мен Түркия мемлекеттерінің тəжірибесін жинақтап, Қазақстан жағдайын қолайлы шешуді тапсырды. Сондай-ақ латын əліпбиін жасаудың архитектоникасын белгілеп, нақтылап берді.

Қазір əлемнің 112 мемлекеті латын əліпбиін, 48 мемлекет араб əліпбиін пайдаланады деген дерек бар. Əлемдік банк жүйесі бойынша экономика-сы озық, жетілген 30 елдің 22-сі, ал экономикасы дамушы іргелі 10 елдің 7-еуі латын əліпбиін пайдаланады екен. Сондықтан да Н. Ə.Назарбаев айтқан мезгіл келді. Енді кешеуілдеуді көтермейтін уақыт басталды. Қазақ-стан үш тілді мемлекеттік саяса-тын жүргізе бастады. Рас, алғашқы кезеңде қиындықтар болуы мүмкін. Ол өтпелі кезеңнің өтпелі сынағы. Сондықтан да Президент ұсынған ла-тын əліпбиіне көшу ұлттың көкпарға салар саясатына айналмауы тиіс. Дəл қазір «Президент біреу, халқы тіреу» болатын сəт туды. Осындай зама-на сынынан мүдірмей өтетін сəтте Қазақстан халқы бірегейлігін көрсетуі керек деп ойлаймын. Расында кешегі Кеңестер Одағынан түркітектес мем-лекеттердің ішінде екі-ақ ел – Қазақ-стан мен Қырғызстан ғана кириллица аясында қалып отыр.

Латын əліпбиіне көшу қандай да бір өзге тіл мен оның жазуын теріске шығару емес, бұл біріншіден, қазақ алфавитіне реформа жасап, оны жаңғыртуға бағытталған.

Жақында қазақ əдебиетінің клас-сигі М.О.Əуезовтің туғанына 120 жыл толуына орай халықаралық симпо-зиум өткізілді. Сол симпозиумның ая сында тарих ғылымдарының док-торы, Түркияның Мимар Синан көр-кем өнер университетінің профессоры Абдулақап Қара, Өзбекстаннан келген профессор, Халықаралық Тұран ака-демиясының академигі, филология ғылымдарының докторы Қалдыбек Сейданов, Қазаннан келген про-фессор, Г.Ибрагимов атындағы Тіл, əдебиет жəне өнер институтының

директоры Ким Мугаллимович Мин-нуллин дөңгелек үстел басындағы өрісті əңгімеге араласты. Мəселе, Қазақстандағы латын əліпбиіне көшу үдерісі туралы болды.

Өзбекстандық Қалдыбек Сейданов та, ыстанбулдық Абдулақап Қара да латын əліпбиіне көшу ұлттың руха-ни реформасының құрамдас бөлігі екендігіне назар аударды. Олар өз елдерінде латын əліпбиіне байланыс-ты əр кезеңде əртүрлі кемшіліктер болғанын жасырмады. «Қазақ көш жүре түзеледі» демей ме? Сондықтан да латын əліпбиіне көшу барысында аздаған олқылықтар болуы мүмкін. Бірақ ол өмір тезінен өтеді.

Қоғамға, өмірге, мектепке, жо-ғары мектепке ене келе кейбір «əтте-генайларды» шешу қиынға соқпай-тынын айтты қос ғалым. Ал Ким Мин-нуллин болса кезінде латын əліпбиіне өтудің Татарстанда алғышарттары жасалып, кейін ол Ресей Федерациясы Конституциясына қайшы келетін болғандықтан ол мəселенің жолы жабылып қалғанын тілге тиек етіп, Қазақстанның əлемдік 30 өркениетті елдің қатарына кіру жолында ла-тын əліпбиіне өтуі замана сұранысы екендігіне назар аударды. Шынында, қазақ елінің латын əліпбиі аясында болған үлкен ғылыми-əдеби мектебі бар. Əрі бұл үрдісті Қазақстан жастары қолдап отыр. Өйткені олар интернет жүйесінде жұмыс істейді, ақпарат ал-масады. Жəне қазақ тілінің жаңғырту үдерісіндегі рөлін аша түседі.

Жақында Елбасы мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру жөніндегі жұмыс тобының бір топ мүшелерімен кездесті. Елбасыға жұмысшы тобы қазақ тілінің латын қарпіне негіз-делген бірыңғай стандартты жоба-сын ұсынды. Кездесу барысында ла-тын əліпбиіне көшудің негізгі-негізгі прин ципті қағидаттарын Елбасы ерек-ше ескертті.

«Қазақ тілінің латын қарпіне көшуі орыстілді азаматтардың құқықтарын, орыс тілі мен басқа да тілдердің мүмкіндіктерін шектемейді. Орыс тілі нің кирилл қарпінде қолданылуы өзгеріс сіз қалады», деп кейбір қоғам-дық додаға түсіп жүрген екіұшты пікірлерге нүкте қойды. 32 қаріптен тұратын жаңа əліпби қазақ қоғамының əлемдік үрдіске лайық білім алаты-нын жас толқынның өсіп шығуына мүм кіндік беретін болады. Қазақстан балалары ағылшын тілін, интернет тілін жетік білу арқылы əлемдік білім додасында өз орнын берік қалып-тастыратын болады. Білім рефор-масының бір маңызды саласы осыны қамтиды.

Қоғам латын əліпбиіне көшу за-мана талабы екенін ұқты. Ол үшін білім беру жүйесіне лайық əдістемелік база жасау қажеттілігі туындай-ды. Сондықтан да Елбасы «Əлемде ешбір ел өзінің жаңа əліпбиін бүкіл халық болып осылайша талқылаған емес» деді. Өйткені 300-ден астам ұсыныстан екшеліп алынған жаңа қазақ латын əліпбиі ұлттың əліпбиі болатыны анық. Замана сұранысына қазақ елі жаңа қадам басып отыр.

Бақытгүл БАБАШ,«Егемен Қазақстан»

Елбасының «Болашаққа бағдар: ру-хани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы атыраулықтар тарапынан кең қолдау тап-ты. Мақала «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған күннен бастап мұнайлы ме-кен тұрғындары қоғамның əр мүшесін отансүйгіштікке үндейтін бағдарламаға қатысуға қызығушылық танытты. Көп кешікпей облыс орталығында «Рухани жаңғыру» аясындағы іс-шараларды жүзеге асыратын жұмыс тобы құрылып, жоба кеңсесі ашылды. Облыстық ішкі сая-сат басқармасының басшысы Жасұлан Бисембиев бүгінге дейін 106 жоба жоспа-ры бекітілгенін, оның 34-і жүзеге асқанын айтады. Осы мақсатқа биыл 1,6 млрд теңге бөлінген. Оның 1,088 млрд теңгесі жергілікті кəсіпкерлердің демеушілік қаражаты.

Бағдарламаның қай бағыты бол-сын, елдің рухани əлеуетін көтеруге, ұлттық құндылықтарды, жалпы ізгілікті насихаттауға арналған. Атырау облысын-да «Туған жер», «Қазақстанның киелі жер-лер географиясы», «Əлемдегі Қазақстан мəдениеті», «100 жаңа есім», «100 жаңа оқулық», «Латын əліппесіне көшу» бағыттарының аясында кіші бағдарламалар қабылданды. «Атамекен», «Рухани қазына», «Тəрбие жəне білім», «Ақпарат толқыны» жобалары алғашқы нəтижелерін беріп үлгерді. «Бағдарлама қаралған сəтте игі істерге жергілікті кəсіпкерлерді тартуға, соның нəтижесінде өңірден шыққан бизнес иелерін туған жердің нысандарын абат-тандыру, жалпы көркейту жұмыстарына жұмылдыруға басымдық берілді», дейді Ж.Бисембиев.

«Атамекен» кіші бағдарламасы «Əлеу-меттік бастамалар картасы» жəне «Жомарт жүрек» бөлімдеріне сай жүзеге асуда. Ту ған жерге деген перзенттік парызды асқақ азаматтықпен ұштастырып жүр-ген атыраулық бизнес иелері бұл баста-мадан тартынып қалмады. Мысалы, Жы-лыой ауданының Құлсары қаласында кəсіпкер Мағауия Мерғалиев «Анашым» балабақшасын салып, оны мемлекеттің қарауына өткізді. «Жомарт Жүрек» базалық жобасының аясында кəсіпкер, қалалық мəслихаттың депутаты Аманжол Қонысов Нұрсая шағын ауданында екі бірдей спорттық ойын алаңын салып, мемлекет қарамағына берген. Меценаттар көмегімен «Жаңғырық» атты деректі фильм түсіріліп жатыр. Белгілі кəсіпкер Ибрагим Ақдрашевтің қолдауымен Мақат ауданындағы Жеңіс саябағының құрылысы басталды. Қуаныштысы сол, бұл тізімді əрі қарай да жалғастыра беруге болады. Бұл – бизнестің əлеуметтік жауапкершілігі Атырау облысында жоғары деңгейде екенінің айқын көрінісі.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша Сарайшық қалашығы мен халық батырлары Исатай мен Махамбет жөнінде мультипликациялы фильм түсіру жұмыстары қолға алынуда. Алдағы жыл-дары облыс орталығында белгілі күйші Қаршыға Ахмедьяров пен Қазақстанның

халық жазушысы Хамит Ерғалиевтің ес-керт кіштері бой көтереді.

– «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясына» Атырау аймағында орналасқан 13 нысан ұсынылып, бес та-рихи орын, яғни ортағасырлық Сарайшық қалашығы, Ақмешіт қорымы, Ұшқан ата жəне Махамбет Өтемісұлы мен Мұрат Мөңкеұлының кесенелері жалпы тізімге енді, – дейді басқарма басшысы. – «Қазақстанның киелі жерлерінің география-сы» аясында «Қасиетті Қазақстан» жобасы бойынша 2018 жылы Атырау облысының тарихи жəне мəдени ескерткіштерінің жинағын дайындау жəне баспадан шығару, облыстық тарихи-өлкетану музейінде интерактивтік онлайн-музей ұйымдастыру, Атырау облысының киелі жерлерінің кар-тасын дайындап, шығару жоспарлануда. Келер жылы Астрахан қаласындағы В.До-гадин атындағы көркемсурет галереясында оқитын жастар арасында «Мир без границ» атты байқау өткізу де жоспарда тұр.

Жақында Атырауда республикалық «Асар» үшжақты əріптестік форумы өтеді. Бұл ауқымды шара аясында мемлекет, биз-нес өкілдері жəне үкіметтік емес ұйымдар бірлесіп жүзеге асыратын əлеуметтік жоба-лар қаралады. Үкіметтік емес ұйымдардың жобаларын тек мемлекет есебінен ғана емес, кəсіпкерлердің қолдауымен тұрақты жүзеге асуына жағдай жасауды мақсат еткен форумда меморандумдарға қол қойылады.

«Отаным – тағдырым» базалық жо ба-сы ның аясында да бірқатар жұмыстар атқа-рыл ды. Атырау облысынан ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне 13 000 оқу шы жəне студент, 1206 оқытушы, 118 меди-цина қызметкері қатысты. Бұл – респуб-лика бойынша жоғары көрсеткіш екенін мақ та ныш пен айтуға болады. Бүгінде мұ-найлы өлке өнердің өрелі ордасына айнал-ған. Рес публика көлеміндегі оркестрлер кон церті, театрлар қойылымдары, айтыс, ұлттық спорт ойындарынан жарыстар да Елба сының «Рухани жаңғыру» бағдарла-масы аясында өтіп, көрермен қошеметіне ие болды.

Бағдарлама жобаларын жүзеге асыру мақсатында облыс əкімі Нұрлан Ноғаев мұнай компанияларын, кəсіпкерлерді ынталандыру үшін бірнеше рет ресми жиындар өткізді. ТШО компаниясының қолдауымен қала күніне орай ашылған əлеуметтік нысандардың бірі ретінде Жайық жағасынан орын тапқан Ретро-саябақты атап өтуге болады. Жетім бала-ларға арналған тұрғын үйлер салып, қай-та рымсыз беру жөнінде бірқатар кəсіп кер-лермен жүргізілген жұмыстар да нəтижесіз қалмас деген сенімдеміз. Бұл аталған жұ-мыс тар атқарылған шаралардың бір пара-сы ғана.

Елбасының саясатын жүзеге асыру үшін өңір басшылығынан бастап бұқа ра халыққа дейін рухани жаңғыру жұмыс-тарын қолдап, осы істің басы-қасынан табылуы – елдіктің нышаны. Бұл ретте атыраулықтардың абыройы биік болары сөзсіз.

АТЫРАУ

Ұлт әліпбиіАтырауда атқарылған игі іс көп

Бағашар ТҰРСЫНБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Дөңгелек үстел жұмысына Нара ғылыми-зерттеу инс-титутының профессоры Са-дакацу Кунитаке, Жапонияның Қазақстандағы Төтенше жə не өкілетті елшісі Итиро Кава бата, Мəдениет жəне спорт минис-трлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уəлиев, Ұлттық му-зей директорының орынбасары, экспедиция жетекшісі, тарих ғылымының докторы, профес-сор Жəкен Таймағамбетов жəне осы салада қызмет етіп жүрген ғалымдар мен жетекші маман-дар қатысты.

Бес жылдық «Paleo Silk Road» бағдарламасы аясындағы Ұлттық музей мен Тюбиген университетінің (Германия) бір лескен халықаралық экс-педи циясы бірінші жылғы жұмысын қорытындылады. Страфикацияланған палеолит ескерткіштерін іздеу бойын-ша жүргізілген Майбұлақ кейінгі палеолит тұрағы жəне Шығыс Қазақстан өңіріндегі

қазба жұмыстарына Ұлттық музей ғалымдары, Германия, Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Үндістан, Чехия ғылыми меке-мелерінің өкілдері қатысқан. Дөңгелек үстел барысында 2016 жылы Ұлттық музей мен Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімінің Археология жəне эт-нография институтының ма-мандары ашқан Үшбұлақ па-леолит тұрағына жүргізілген Қазақстан-Ресей, Қаратау өңіріне жүргізілген Қазақстан-Жапония, Шығыс Қазақстан өңірін зерттеген Қазақстан-Германия археологиялық экс-педициясы жұмыстарының нəтижелерін профессор Жəкен Таймағамбетов таныстырды.

«Бес жылдықтың алғашқы

бірінші жылында атқарылған жұмыстардың көбі бастал-ды. Кейбір аймақтар жеке-шеленіп, я табиғи өзгерістерге қатты ұшырағандықтан зерттеу жүргізуге қолайсыз болды. Ендігі жылдардың жұ мысы бұдан да зор тарихи табыстарға əке леді. Өйт-кені бұл біздің өткені міз. Əлі зерт-телмеген обалар да өз ға лымын күтіп жатыр» деді ол алдағы күндерге үлкен үміт артып.

Тас ғасырының жаңа жи-ырма ес керт кішінің ашылуы археология экспе ди циясының жемісі. Қазақстан тарихына өзге мемлекеттердің ғалымдары да аса қызығып отыр. Өйткені өткен дəуір лер бізді жақындатады. Нара ғылы ми-зерттеу инс ти-тутының про фессоры Садакацу

Кунитакенің айтуынша, Афри-каны адамзат баласының мекен-дегеніне алпыс мың жыл бол-са, Жапо нияға адам аяғының тигеніне отыз мың жыл болған. Жапондардың арғы аталары Қазақстанның Оңтүстік айма-ғынан барған, я сол жерлерді басып өткен деп есептейді. Ғалымның аса қызу ғы шылығын оятқан себептердің бірі осы бол-са керек.

Ұлттық музей ғалымдары «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы осы жұмыстарын əрі қарай табанды түрде жалғас-тыратындар айтты.

Суретті түсіргенЕрлан ОМАР,

«Егемен Қазақстан»

Археологиялық зерттеулер жемісін берді––––––––––––––––––––Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде 2017 ж ы л ғ ы х а л ы қ а р а л ы қ архео ло гиялық зерттеу-лер нәти желері бойынша «Қазақстан Республикасы ұлттық музейі архео-логиялық экспеди ция-сының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарған жұмыстарының нәтижесі: «Қазақстан-Жа пония, «Қазақстан-Гер мания, Қазақстан-Ресей» атты д�ңгелек үстел �тті. ––––––––––––––––––––

Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы

Ассамблеясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевқа

Page 4: Ту†ан жерге ту тіккендер · Мемлекеттік деңгейде қолға алынып, жүйелі қаржылық, ... саласындағы бүгінгідей

4 20 ҚАЗАН 2017 ЖЫЛЭКОНОМИКА

Дауыл алдындағы тыныштық болып жүрмесін

Төрткүл дүниені тығырыққа тіреген 2008 жылғы жаһандық қаржы дағдарысы мен 2009 жылғы «ұлы рецессиядан» енді ғана оңала бастаған әлем экономикасы 2016 жылдан бастап баяу да болса тұрақты даму бағытына бет бұрды. Биылғы жылдың басында жарыққа шыққан БҰҰ-ның «Әлем экономикасының ахуалы және болашағы» атты дәстүрлі баяндамасында жаһандық эконо-миканың 2016 жылғы өсімі 2,6 пайыз деңгейінде бағаланған болатын.

Ал Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) жыл басында жаһандық экономиканың өсімі 2017 жылы 3,4 пайызды құрайтынын алға тартты. Өткен аптада ХВҚ әлемдік эконо миканың биылғы жылға арналған даму болжамын тағы да жаңартты. ХВҚ сарапшыларының айтуынша, жаһан­дық экономика биылғы жылдың бірін ші жартыжылдығында тұрақты даму қарқы­нынан айныған жоқ.

Әлемдік экономиканың нақты даму бас палдағына көтерілуіне төртінші өнер­кәсіп тік төңкеріс аясындағы цифрлы тех­но логияны әкелген ғылыми техникалық про гресс тұғыр болып тұр. Цифрлы тех но ло гия ның әлемдік экономикаға тигі зетін игі ық палы барған сайын арта бермек. Бұл сала дағы жаһандық жетіс­тіктер мәселесін тілге тиек етуді алдағы уақыттың еншісіне қал ды рып, бүгінгі таңдағы әлемдік эконо мика ның нақты даму деңгейін таразылап көрейік.

Еуроаймақ экономикасының ахуалы биыл ғы жылдың өткен айларында бір­ша ма жақсарды деп сеніммен айтуға бола ды. Еуропалық одақтың ішкі жалпы өнімі (ІЖӨ) биылғы жылдың бірінші тоқ­санында 1,9 пайыз өсті. 2016 жылдың сәй­кес мерзімінде бұл көрсеткіш 1,8 пайызд ы құраған болатын. Еуроаймақтағы инфля­ция деңгейі біршама төмендеді. Еурай­мақтағы және Еуропалық одақтағы жұмыс сыздық деңгейі төмендеп келеді. 2017 жылдың маусым айына дейінгі мәлі мет бойынша, жұмыссыздық дең гейі еуроай мақта 9,3 пайызды құраса, Еуро­па лық одақта – 7,8 пайызды құрап отыр. ХВҚ өзінің АҚШ экономикасының 2017 жылғы өсімі 2,3 пайызды құрайды деген бұрынғы болжамын өзгертіп, АҚШ эко­номикасының өсімі 2017 және 2018 жылдары 2,1 пайыз болады деген жаңа ақ п арат таратып отыр. 2017 жыл дың бірі нші жар тыжыл дығындағы дерек бо­йын ша, АҚШ­тағы жұмыссыздық дең­гейі 4,4 пайызды құраған. Мамандардың айтуынша, АҚШ мемлекеті сияқты алып экономика үшін бұл жаман көрсеткіш емес. PwC эконо мистерінің болжамы бойынша, 2017 жылы және таяу болашақта Азия әлемдік экономиканың драйвері болып қалмақ.

Алайда бірқатар білікті сарапшылар жаһан дық экономиканың бүгінгі қанағат­танарлық жағдайынан болашақ әлемдік дағдарыстың алғашқы қатерлері көріне бастағандығын айтып, оның алдын алу қажеттігін ескертуде. Мәселен, ХВҚ­ның жаһандық қаржылық тұрақтылыққа жауап беретін жоғары лауазымды маманы Тобиас Адриан «Теңіздегі судың беті тып­тыныш тербеліп жатуы мүмкін, дегенмен оның астында үлкен қатер тұнып жатқанын білмейміз, сондықтан қазірден бастап қауіптің алдын алу шараларын жасамасақ, бұл қатер жаһандық экономиканың қал­пына келу тұрақтылығын бұзады», деп атап көрсетеді. Мамандардың айтуын­ша, кезекті дағдарыс қатері жаһан дық қаржы жүйесіндегі шешімін тап паған келеңсіздіктерден туындайтын көрі­неді. Егер олар жедел түрде ретке келті­рілмесе акциялар бағасының 15 пайызға дейін төмендеуіне әкеледі. Өз кезегінде ол жаһандық ІЖӨ­нің 1,7 пайызға құл­дырауына әкеліп соғады.

ХВҚ болашақ әлемдік экономикалық дағдарыстың бастауы G20 мемлекеттерінің қаржылық емес салаларында қордаланып қалған қарыз көлемінің болуы мүмкін екен дігін айтады. Өткен жылы бұл қарыз­дың мөлшері 135 триллион АҚШ дол­ларына немесе осы мемлекеттердегі ІЖӨ­нің 235 пайызына тең болған екен. Ең кереметі осыншама жаһандық қарыздың үштен бір бөлігі АҚШ пен ҚХР­ға тиесілі көрін еді. Әсіресе жылдан­жылға жоғары қар қын мен өсіп бара жатқан АҚШ мемле­кетінің қарызы жаһандық қаржы жүйесінің тұрақтылығына зор қауіп төндіріп тұр.

Қаржы рыногындағы активтер бағасы­ның күрт көтерілуі де ХВҚ экономис терін алаңдатуда. Қор экономистері қар жы рыно­гын дағы бұл көрініске «эконо ми калық жә­не қаржылық циклдер арасындағы теңсіз­діктің артуы» деген баға беріп отыр. Қазір дү ние жүзіндегі ең ірі отыз банк 47 трил­лион доллардан астам актив ке ие. Бұл бү­кіл планетадағы активтің үштен бір бө­лі гі нен артық. Бұл активтерге ие болып отыр ған осы ірі банктердің жар ты сы өз ка пи тал дарының жоғары тиім ді лігін қам­та ма сыз ете алмай келеді. Олар дың жеке ка пи талы ның табыстылығы 8 па йыз дан төмен. ХВҚ­ның болжамы бойын ша банк үшін 8 пайыз – қызыл сызық, одан әрі банк шығынмен жұмыс істейді деген сөз. Дуа­лы ауыз сарапшылардың бол жам дары нан бай қа ғанымыз, болашақ дағ дарыс қа те­рі тағы да банктерге тіреліп тұр ған көрі­не ді. Ендеше әлемдік қаржы институт­тарын қайта құратын жаһандық түбегейлі реформа қажет.

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ,«Егемен Қазақстан»

Темір ҚҰСАЙЫН,«Егемен Қазақстан»

Біз бүгін осы істің жай­күйі Ақтөбе облысында қандай деген сауалға жауап іздегіміз келе ді. Осы орайда ең алдымен, өңір­дің мал шаруашылығын өркен­детуге өте қолайлы екенін айт­қан жөн. Қазақстан картасына қара ңызшы, нені байқар едіңіз? Өңір аумағының кеңдігі бірден көзге түседі. Тіпті ойша көзбен мөлшерлегеннің өзінде көршілес Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарын қоса алғандағы территория Ақтөбе об­лысынан сәл ғана асып түсетінін аңғару қиын емес. Мұны айтып отырған себебіміз осыншама үлкен аумақ жайылымдық мал шаруашылығын жолға қоюға өте тиімді екенін жеткізу болатын.

Қолда бар деректер облыс аума ғы н дағы 30 млн гектар жер ­дің 25 млн­ы ауыл шаруа шы лы ­ғына жарамды алқаптар еке нін көр сетеді. Алайда өңірде қазір ­гі күні оның тек 10 млн гектары ғана сала қажеттілігі үшін қол да­нылып жүргенін ескерсек, пай ­даланылмай бос қалған әлеует пен мүмкіндіктердің мол екеніне бірден көз жеткізуге болады. Соның ішінде мал жайы лы мы үшін белгіленген 20 млн гек тар­дың тек 9 млн­ы ғана мал өсі ру­ші лердің үлесіне тиеді екен.

М е м л е к е т б а с ш ы с ы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ­стан халқына арна ған Жол­дау ларының бірінде еліміз дегі бірқатар облыстардың аумақ­тары жайылымдық мал шаруа­шы лығын өркендетуге тиім­ді екенін айтқан болатын. Бұл рет те Ақтөбе облысының мүм ­кін дігі мол екенін жоғары да көр се тіл ген деректер де дәлел­дей түседі. Президенттің па­йым дауынша, жайылымдық

жер лер – арзан ет өндірудің бір ден­бір жолы. Мұндай жағ­дай да мал шаруашылығы өнім­дерін өндірудің өзіндік құны бір шама төмендейді. Егер ақ­төбе лік мамандар осы мәсе леге тереңірек көңіл аударса, оның тиімділігіне оңай көз жеткі зері анық. Алайда әзірге бұл мә­селеде айта қаларлықтай қозға­лыс байқала қоймайды. Шұрай­лы жер, қолайлы климат және су қоймалары бола тұра мұнда мал басының өсімі 1,5­4 пайыз дан аса алмай кел жатқа ны ның сы­рын мүмкін осындай ора лым сыз­дықтан іздегеніміз жөн шығар.

Соңғы жылдары елімізде мал шаруа шылығын дамытуға, со­ның ішінде асыл тұқымды мал са нын өсіруге қатысты «Сы­баға», «Алтын асық», «Құлан», «Ырыс» секілді бағдар ла малар қа был данды. Егер істің көзін таба білсе, оның мүм кін дігін пай да ла­нып алға жыл жытуға бола тыны бесенеден белгілі. Об лыста осы мақсатқа бөлінген қара жат тың иге рілу деңгейінің көңіл көн ші те бермейтіні де бөлек бір әңгі ме­нің еншісі. Біз мате риал ды газет өндірісіне әзір леу бары сын да осы басы ашық сауал дарға жа­уап алу ды мақ сат тұтқан едік. Алай да атал ған мем лекеттік бағ­дар ла ма лар ды іс ке асырудағы жар қын мы сал дарға қол жеткізе ал ма дық. Бұл көріністің өзі сайып кел ген де облыста мал шаруа шы­лы ғын өркендету ісіне салқынын тигізбек.

Рас, бүгінгі күні облыста ауыл шаруашылық коопера тив­те рін дамыту ісіне тәп­тәуір кө­ңіл бөлініп отырғанын жоқ қа шы ғаруға болмайды. Осы ар қы­лы мал шаруашылығына қатыс­ты құрылымдарды нығайта түсу­ге де жол ашылмақ. Әрі мұндай қадам өңдеуші кәсіпорындарды жергілікті сапалы шикізатпен

қамтамасыз етудің бір тәсілі де. Ең бастысы, ауыл тұрғындары мал өсіріп, оның өнімдерін пай да ға асыруды мақсат еткен коо пе ративтерге бірігу арқылы әле ке дей жалаңдаған алыпсатар­ларға жем болмай, өздері өсірген ақ адал малының өнімдерін тиісті бағасына пұлдай алады.

Ақтөбе облыстық ауыл шаруа­шылығы басқармасының басшы­сы Құсайын Сәрсенбайдың айту­ынша, бұл мәселеде ешқандай мін жоқ секілді көрінеді. Ол биылғы жылы облыс көлемінде 2,5 мың үй шаруашылығын коопе ративтерге тарту мәселесі қойылғанын айтып берді. Қазіргі кезде 171 ауылшаруашылық коо­пера тивінің құрамына 4000 үй шаруа шылығы, 108 фермерлік қожалық, 30 заңды тұлға бірікті деп мәлімдеді сала жетекшісі.

Әрине, алғаш естігенде бұл дерек тердің бәрі жаныңды сүй­сін дірмей қоймайды. Бәре келді де гің келеді еріксіз. Әйт се де құрыл ған коопе ратив тердің санын тіз бектеу бар да, олар­дың нақ ты жұмыс нәти же лерін сарап тау бар емес пе?! Тіпті бұл екеуінің арасы жер мен көк тей десе де болады. Осы тұрғы да сала басшысы санамалап бер­ген ауылшаруашылық коо пе­ративтерінің бәрі аяқтарынан тік

тұрып, шаруаларын шалқытып әкетті деп айта алар ма екенбіз.

Осы ыңғаймен тағы да сала иірім деріне тереңдей түсер бол­сақ, мал шаруашылығы өнім­дерін өндіру бар да, оны өң­деу бар. Бұл ретте өңірдегі мал өнім дерін өңдеу саласы алдың­ғы іспен салыстыра қара ғанда, бір шама ақсап тұрға ны бай­қалады. Әсіресе, өңір де соңғы кез дері ет пен сүт өң деу мөл шері әжептәуір аза йып кет кені белгілі болып отыр. Сөйтіп мұнда оның үлесі биылғы жылдың жеті айы­ның қорытындысы бойынша небәрі 36,4 пайызды құрапты. Мұндай төмен көрсеткіш Ақтөбе қаласында, Алға және Ырғыз аудандарында тіркелген. Бұл жағдай өз кезегінде өңірдегі өң деуші кәсіпорындардың қыз­метін қайта құру керектігін көр­сетеді. Оның әлеуетін көтеру жөнін де шұғыл шаралар белгілеу қа жет тігі де талас туғызбайды.

Құдайға шүкір, өңір ет және сүт өңдейтін қуатты кәсіп орын­дарға кенде емес. Облыста жал­пы қуаты жылына 21,5 мың тон наны құрайтын ет өнімдерін шыға ратын 11 кәсіпорын бар екені осы сөзіміздің дәлелі. Сүт өңдеу зауытының саны жөнінде де біреуге кінә тағудың ешқандай жөні жоқ. Әйтсе де олардың

қазіргі күні алып отырған ор­таша жүктемесі көңілге қонады деп айтуға ауыз бара бермейді. Өйткені оның алғашқысындағы мұндай көрсеткіш 61 пайыз төңірегінде болса, сүт өңдеу зауытының орташа жүктемесі небәрі 18 пайыз ғана.

Дегенмен облыста мал шаруа­шылығын дамыту мәселесіне кейінгі кезде жан­жақты көңіл бөліне бастағаны үлкен үміт ту­ғызады. Бұл үшін жалпы құны 10,7 миллиард теңгені құрайтын 23 инвестициялық жоба белгі­ленген. Оның 13­і сүт өңдеу жо­баларына жұмылдырылса, 10­ы ет өңдеудегі қордаланып қалған мәселелердің түйінін тарқатуға тартылмақ. Мұндай жағдайда ет пен сүт өнімдерін қайта өңдеу ісі жаңаша серпін алатыны айқын.

Бүгінгі күні еліміздегі ауыл­шаруашылық еңбеккерлері 2017­2021 жылдарды қамтитын агроөнеркәсіп кешенін дамыту­дың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға бел шеше кіріскен. Осындай сындарлы сәт пен жауап ты кезеңде ақтөбелік мал өсіру шілер де қолда бар әлеует­терін тиімді пайдаланудың оң­тай лы жолдарын іске асыраты­нына сенім артқымыз келеді.

АҚТӨБЕ

Оралымсыздық––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Бірін-бірі кездестірген кезде «мал-жандарың аман ба?» деп, жаннан бұрын малдың жағдайы мен төрт түліктің түгелдігін сұрайтын халықтың өкілі емеспіз бе? Бұл хал-жағдай сұрасудың бұрынғы үрдісі дей тұрсақ та, бүгінгі күнде де мал өсіру ісі ежелгі дәстүрімізден тыс қалып қоймағаны анық. Өйткені қазіргі күні елімізде мал шаруашылығы тұтастай экономиканы дамытудың басты бағыттарының бірі. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

КӨКЕЙКЕСТІ

Бұл күндері серіктестікте 370 адам еңбек етеді, олар жалақыларын уақтылы алып тұрады.

– Шығысты ерекше ұнаттым. Бұл жақтың адам­дары қарапайым, қонақжай екен, мені жат сын бай, бауыр ларына тартты. Ол кезде сауда­сат тық тың қыз ған шағы. Көкөніс саттық, кәсіпкер лікті игере баста дық. Сол кездегі аудан әкімі Марат Әк рамов мені қабыл дап, әбден тозығы жет кен бұ рын ғы нан зауы ты ның ескі ғимаратын бер ді, оны жөн деп, қа­тар ға қос тық. 15 миллион тең ге несие алып, жаңа жаб дық тар ды өндіріске енгіз дік. Біз өн діретін өнім ­дер дің са па сы жоғары, баға сы қым бат емес, сон дық ­тан Өс ке мен нің 820 сау да дүкен дері нен тәтті та­ғам дарға, торт тарға тап сы рыс түседі. Эко ло гия лық жағы нан таза, еш қан дай консер вант тар қо сыл ма ған тағам дары мыз өткен жылы облыс тық байқауда бірінші орынды жеңіп алды, дейді Ж.Тастанбеков.

Мал соятын қасапханада ауданның барлық ша­руа қожалықтарының ірі қарасы сойылып, сауда орындарына жөнелтіледі. Жиһаз цехында неше түрлі бұйымдар жасалады, сапасына тұрғындар риза. Тәтті тағамдар цехына енгенімізде бір топ қыз­келіншекті жолықтырдық. Олар ауысымына жүздеген дана торт, кондитер тағамдарын жасай­ды екен. Ал кірпіш шығаратын цехқа енгенімізде, он шақты жұмысшыны жолықтырдық. Шлактан, құм мен цемент қосылып жасалған кірпішке де сұраныс ерекше көрінеді.

– «Шахан­Ата» деген атау нені білдіреді? деп сұрадық біз.

– Бабамыз Шахан­Ата 102 жасында Орда басы­дағы жоң ғармен қазақтар қақтығысып қалғанда

қолына най за алып, жауларымен шайқас қан. Ол кісі әулие бол ған, адамдарды емдеп жібере тін қасиеті тағы бар. Қазақ елінің тәуелсіздік алуын арман даған атамыздың ру хы барлық қазақтарды қор ғап­қоршап жүрсін деген ниет пен кәсіпорынға ата мыз дың атын бердік. Ма қсат айқын, қазір бізде еңбек ететін 370 адам бір мыңға жуық адамды асы­рап отыр, дейді Жаңабай Тастанбеков.

Жүрегі жомарт, жаны таза азамат қайырым­ды лық шараларына белсенділікпен араласады. Елі міздің бас газеті «Егемен Қазақстанды» ұзақ жыл д ан өзіне серік еткен. Оңтүстіктегі ағайындар жай лы оқы ған кезде төбем көкке сәл ғана жет­пей қалады, дейді рухани жағынан кемелден­ген азамат. Жәкең кезін де облыстық «Дидар» газетін де қызмет еткен Зейнел ға биден Қалиевпен жақ сы араласқан екен. Ардагер журналист қаза тапқан соң ол кісінің зиратын тұрғызып беріпті. Мәдениет, спорт саласындағы азаматтарға да сан мәрте демеушілік жасаған азаматты Глубокое ауданының тұрғындары ерекше құрметтейді.

– Бір өзі бір комбинат! Шіркін, Жаңабайдай іскер, кәсіпкерліктің ұңғыл­шұңғылын терең меңгерген азаматтар көп болса, алынбайтын қиындық болмас еді, өңіріміз өсіп­өркендей бе­рер еді, дейді аудан әкімі Қалихан Байғонысов.

Оңдасын ЕЛУБАЙ

Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы

Суретті түсірген автор

Игілігі мол кәсіпорын––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Бүгінде Қызылжар өңіріндегі белсенді жұмыс істейтін 30 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектілерінде 100 мыңнан астам адам тұрақты түрде еңбек етеді. Десек те, бұл салада бюрократтық бұра тартулар мен заңсыздықтар да аз кездеспейді. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі омбудсмен Болат Палымбетовтің қатысуымен өткен жергілікті кәсіпкерлер палатасының кеңесінде түйткілді мәселелер қозғалып, тығырықтан шығу жолдары талқыланды.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Өмір ЕСҚАЛИ,«Егемен Қазақстан»

Жыл басынан бері Ұлттық кәсіпкерлер палатасына солтүстік қазақ стандықтар тарапынан 234 арыз­шағым түсіп, 72 пайызы шешімін тапқан. Талдау барысы кәсіпкерліктер санының бір пайызға азайғанын көрсетіп берді. Жер бөлудегі қиындықтар да жетіп артылады, оның себептеріне нақты мысалдар келтірілді. 2013­2016 жыл­дар аралығында Петропавл қаласында жер телімдеріне қатысты бірде­бір конкурс өткізілмепті. Ал облыс бойын­ша екі аукцион ғана ұйымдастырылған. Бір түсініксіздігі, жалға берілген телімдердің аумағы тым үлкен. Кімдер алып жатқанына, қандай мақсатқа пайдаланылғанына қатысты ашықтық, мөлдірлік жетіспейді.

Кездесуде кәсіпкерлер құқықтық­нормативтік акті­лердің осал тұстарын атап көрсетіп, түзетулер енгізу ді өтінді. «Казанцев А.В.» ЖК жетекшісі Александр Казан цев жеке кәсіпкерлер тұтыну көлеміне қатысты тариф қолда ны­латын жеке тұлғаларға теңестірілгенін айта келіп, кәсіпкер­дің өз өндірісі, жұмыс күші мен құрал­жабдықтары бола тұра есепке алынбайтынына қынжылыс білдірді. «Есептеу ең жоғары мөл шерде жүргізіледі. Меніңше, өндіріспен айналысатын барлық жеке кәсіпкерлерді заңды тұлғаға теңестірген жөн», деді ол.

Облыстық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің құқы ғын қорғау жөніндегі кеңестің төрайымы Инесса Қуанова Азамат тық код ексте жеке кәсіпкерді заңды тұл­ғаға теңестіретін баптың бар еке нін, сондықтан энерге­тиктердің әрекетіне заң норма лары шең берінде жауап қату керектігін алға тартты. Б.Палым бетов болса, бұл мәселенің республикалық деңгейде қаралатынына сендірді.

«Сүт одағы» серіктестігінің директоры Александр Кузля кин монополистердің электр энергиясы үшін сараланған тарифты алып тастауын қолдамады. Бір ғана тариф бойынша төлеу дің қисынсыздығына келіскен уәкіл мәселенің назарға алы н атынын айтты. «Жақсы тұз Петропавл» ЖШС­нің дирек торы Жасұлан Азенов омбудсменнің қабылдауында болып, индустриялық­инновациялық даму басқармасының заңсыз әрекеттеріне шағымданды. Сөйтсе, басқарма басшылығы жер қойнауын пайдалану мақсатымен ас тұзын өндіру және барлау шарттарының күшін жою туралы бұйрық шығарыпты. Сот арқылы бір бұйрықтың күші жойылғанымен, қалған екеуіне соттан тыс тәртіппен қалпына келтіру тапсырмасы берілгенімен, ол әлі күнге дейін орындалмаған.

Былтыр кәсіпкерлердің құқығын қорғауға қатысты 305 өтініштің түсуі кедергілердің көбеймесе азай май отырғанын аңғартса керек. Биылғы жағдай да көңіл көншітпейді.

Солтүстік Қазақстан облысы

ТҮЙТКІЛІЛКІМДІЛІК – ІЛГЕРІЛЕУ КЕПІЛІ

Олқы тұстар аз емес

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Өскеменнің іргесіндегі Глубокое кентіндегі «Шахан-Ата» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылғанына биыл 20 жыл толды. Оны Жаңабай Тастанбеков басқарады. 20 жылдың ішінде атал-мыш кәсіпорын Қазақстанның қалаларын былай қойып, көрші Ресейге өз тауарларын шығарып жатыр. Ал олардың ішінде нан, нан-тоқаш тағамдарының – 15, 40-тан астам тәтті пірәндік, 70-тен астам бисквитті-кремді торт, кондитер тағамдарының 100-ден астам түрі бар. Ол ол ма, келешегі кемел кәсіпорынның күнбағыс майын сығатын, ағаш ұстасы, жиһаз цехтары, құрылысқа қажет құм және көмір қалдықтарынан кірпіш жасайтын зауыт, мал соятын қасапханасы бар. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Ақтөбе облысында мал шаруашылығын дамыту ісінде түйткілді тұстар бар

Page 5: Ту†ан жерге ту тіккендер · Мемлекеттік деңгейде қолға алынып, жүйелі қаржылық, ... саласындағы бүгінгідей

20 ҚАЗАН 2017 ЖЫЛ 5

Қазір 27-ші орындамыз

Ана мен бала жағдайы жіті назарда

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Елордада «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпо-рациясы мен Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың ұйымдастыруымен «Қазақстанның мемлекеттік қызметті дамыту саласындағы тәжірибесі: инновациялық ұстанымдар, сынақтар мен шешімдер» деген тақырыпта халықаралық конференция жұмысын бастады. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Астанада «Ана мен бала денсаулығын қорғаудың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік кон-ференция басталды. Іргелі жиынға Мәжіліс депутаты, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева, Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева және алыс-жақын шетелдегі жетекші ғылыми орталықтардың өкілдері қатысты. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

ҚОҒАМ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ: МАНСАП ЖӘНЕ МАҚСАТ

–––––––––––––––––––––Кез келген мемлекеттің негізгі мақсаты – өз хал-қы ның әл-қуатын артты-ру. Ал халықтың әл-қуаты экономикалық қа жет-тілікті өтеумен ғана емес, мемлекеттік қызмет көр-сетулерді жоғары деңгейде жүзеге асыру арқылы да артады.–––––––––––––––––––––

Жақсыбай САМРАТ,«Егемен Қазақстан» –Ыстанбұлдан

Қазақстанда Мемлекеттік қыз мет көр сету жүйесі әлем нің ал дың ғы қатарлы тәжіри бе ле рі­не жақын дап келеді. Оған Қазақ ­стан да құрылған БҰҰ Даму Бағ дар л а масының Мемлекет тік қыз мет саласындағы Астана­дағы Өңір лік хабы да игі әсерін тигізіп келеді.

Түркияның Ыстанбұл қала­сын да осы ұйым Қазақстан Үкі­меті мен БҰҰ Даму бағдар лама­сы ның қолдауымен БҰҰ­ның «Баға лау саласының ұлттық әлеуеті» атты 115 мемлекеттің өкіл дері қатысатын ғаламдық кон фе р ен циясының шеңберінде «Баға лау дың ұлттық жүйесін құру: Қазақстан тәжірибесі» атты се минар өткізді. Отыздан астам мемлекеттің өкілдері қа­тыс қан семинарды Астанадағы Өңір лік хабтың Басқару коми­те ті нің төрағасы Әлихан Бай­менов ашып, жүргізіп отырды. Ол мемлекеттік қызметтің тиім­ді лігін жетілдіруде бағалау жү­йе с інің сапалы жүр гізі луі нің ма ңыз дылығы зор екенін атап өтті. Құт тықтау сөз дер ай тыл­ған нан кейін Қазақ стан Ұлт­тық эко но мика ми нистрі нің орын ба сары Айбатыр Жұма­ғұлов мем лекеттік қызметті ба ­ға лау жү йе сінің барысы тура­лы баян дады. Ол семинарға қа ты су шыларға Қазақстандағы мем ле кеттік қызметті бағалау жү йе сінің тарихи және әкімші­лік алғышарттары, негізгі тетік­тері және әдістемесінің қалай қалып тас қаны туралы кеңінен ай тып берді. Соның ішінде мем­ле кет тік қызметтерді бас қ ару са па сы ның тізілім, стандарт және регл амент сияқты көр сет­кіш теріне жеке­жеке тоқ та лып өтті. 2016 жылы мем ле кет тік

органдар осы көрсет кіш терді «Аза мат тарға арналған үкімет» кор по рациясына беріп, азамат­тар электронды формат шең­берінде ала бастағаны да айтыл­ды. Барлық қызметтің 75 пайызы аталған корпорацияға беріл ген екен. Осы жылы аза мат тарға бар лы ғы 143,7 млн мемлекеттік қыз мет тер көрсетіліп, оның 73 па йы зы на қанағаттанарлық ба ға бе ріл ген. Алайда жоғарыда атал ­ған әдіс т ер мен бағалау бары сын ­да 10,7 мың жағдайда мем ле кет тік ор гандар қызмет көр сету мер зімін белгіленген уақ ыт тан ұзар тып, созып жібер ген. Ал жал пы айт­қан да, қыз мет тер са ны 15 па йыз­ға арт қан. Соң ғы 7 жыл да қыз мет көр сету мер зімін со зып жіберу жағдай лары 46 есеге азайған.

А.Жұмағұловтың баянда ­масындағы деректерге қараған ­да, қыз мет көрсетулерді бағалау бойынша берілген ұпай саны бойынша, алдыңғы орында Ұлт­тық экономика министрлігі, ал соң ғы орында Сыртқы істер ми нистрлігі келеді. Облыстар мен республикалық дәрежедегі қала лар арасында бірінші орын­ды Алматы қаласы ұстап тұрса, көш соңында Алматы об лы­сының әкімдігі қалған. Қыз мет көрсетуде ақпараттық тех но­логияларды қолдану бойын­ша бірінші орында Сол түс тік Қазақстан, ал соңғы орында Атырау облысы келеді. Өкі ніш­ке қарай, мемлекеттік қызмет­шілердің еңбек жүктемесінің нормадан артық болуы да

қыз мет көрсету сапасын төмен­детуде. Мәселен, апталық еңбек жүктемесі 40 сағат болған да Ден саулық сақтау министр лігі ­нің қызметкерлері орташа ал­ғанда 14,5 сағат артық жұ мыс істейді екен. Ең аз деген Ұлт тық экономика министрлігі қызмет­керлерінің өзі апталық норманы 4,5 сағатқа арттырып жіберген.

Мемлекеттік қызмет көр се­ту дің сапалылығы азаматтар­дың арыз­шағымдарын әділетті қа рап, дұрыс шешім қабылда ға­ны нан да көрінеді. Өткен жы лы мем ле кеттік органдар қа за қ стан ­ды қ тар дың 1 млн 300 мың нан ар­тық арыз­шағымын қа рап, соның 50 пайызын қана ғат тан дырған екен. Алайда 7 мың ға жуық арыз уақытында қаралмаған.

Қазақстан Үкіметінің мем­ле к ет тік қызмет көрсету лер дегі тә жі рибесі жиналған маман дар­дың қызығушылығын тудыр­ды. Бұл жөніндегі баяндаманы осы ми нистрліктің Мем ле кет тік бас қару жүйесін да мы ту де пар ­та менті дирек т оры ның орын­ба сары Динара Құ лым бетова мен Эконо мика лық зерттеу лер инс титуты мем лекеттік ор ган­дар қыз меті нің тиімді лі гін ба­ға лау орталы ғы ның же тек ш ісі Са бина Са диева да то лық ты­рып, жинал ға ндарға қазақ стан­дық бағалау дың бар лық қыр ла­рын ашып берді. Олар бақы лау жұмысын қада ға л айт ын Пре ­зидент Әкім шілігі өз дерін мем ­ле кет тік қызмет кер лер дің қыз ме­тіндегі кемші лі кте р ді тап қан да

жазалауға емес, тү зе туге ба­ғыттайтынын да атап өтті.

Одан әрі қазақстандық әріп ­тес терінің сөздерін қол дап және бұ дан өздеріне үл кен са бақ ала ты­нын айтып Эсто ния, Гру зия және Әзербай жан нан кел ген маман­дар сөй л еді. Деген мен олардың ара сын да сын айтып, жұмысты жетіл ді ре түсу бағытында ой қос­қан дар да болды. Мәселен, Эсто ­ния өкі лі көп ақпараттан гөрі, көр сет кіш тердің көбірек болғаны ба ға лау нәтижесінің сапасын аны ғырақ көрсететінін атап өтті. Ал Әзербайжан өкілі бағалау жұмысына үкіметтік емес ұйым­дарды көбірек тартудың тиім­ділігі туралы айтты.

Қорыта айтқанда, семинар мемлекеттік қызметтің тиімді­лігін бағалау жұмысында нақты тәжірибелер, инновациялар мен перспективалық әдіснамалармен бөлісуге өте пайдалы диалогтық алаң болды. Біз шараны ұйым­дас тырушы, Өңірлік хаб бас­қару шы комитетінің төраға сы Әлихан Байменовпен әңгімелес­кенімізде ол семинардың дітте­ген мақсатына жеткенін айту­мен қатар өзінің кейбір ұсыныс­тарын да білдірді. Мәселен, ол мемлекеттік органдар қызметі­нің тиімділігін бағалау мін­детін болашақта Республикалық бюд жет тің атқарылуын бақы ­лау жө нін дегі есеп комитетінің құзы ры на берген дұрыс болар еді деді. «Есеп комитеті бұрын­ғы дай аталғанымен қазір оның ма қ сат­міндеттері кеңейіп отыр. Мәсе лен, аталған мекеме қар­жы ны заң бойынша жұм сауды ғана емес, жұмсалған қар жының тиімділігін де анық тайды. Баға­лау жүйесінің мақ саты да соған жақын. Сол себепті Еуро па елдерінің көбісінде аудит жүйесі мен бағалау жүйесі бірік кен. Бұл мемлекеттік ресурс тарды да тиімді жұмсауға мүмкіндік береді. Есеп коми теті – тікелей Прези дентке бағы натын орган. Сон дықтан ол үкі меттік орган­дар дың жұмы сын тәуелсіз ба­ғалай алады», деді Ә.Байменов.

Төрағаның сөзінен ал дағы уақытта аймақтық семи нар да өткізілетіні белгілі болды. Онда Оңтүстік Корея, Э с то ния сияқты елдердің мем ле кет тік қызмет көрсету сала сын дағы озық тәжірибелері таныс тырылмақ.

Бақытгүл БАБАШ,«Егемен Қазақстан»

Атырауда «Рухани келісім» күніне арналып мерекелік шара ұйымдастырылды. Аймақтағы діни конфессия өкілдері мен этномәдени бірлестіктер бас қосқан шараға облыс әкімі Нұр­лан Ноғаев қатысты. «Кеңес үкі меті тарағаннан кейін көп те­ген сарапшы мамандар «Қазақ­станның болашағы жоқ» деген ұйғарым жасаған бола тын, – деді ол. – Себебі, елі міз түрлі ұлт өкіл дерінен құрал ды және олар­дың әрқайсының діни ұс таны­мы әртүрлі еді. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сараб­дал саясатының нәтижесінде, бір лігі бекем, тірлігі мықты, бо­ла шағына сенген мемлекеттің бір і не айналдық. Рас, сонау тоқ­са ныншы жылдардағы тоқырау кезінде діни факторды пайдала­нып, ел ішіне іріткі салғысы кел­гендер болды. Бірақ халқымыз бірлігінен айнымады».

Атырауда 80­нен астам ұлт өкіл дері тұрады. Мұнай лы өңір дегі ірі жобаларға әлемнің

түк пір­түкпірінен келіп еңбек етіп жат қандар да бар. Олардың бәрі де тілі мен дініне қарамастан ор т ақ мақсатқа жұмылған, еліміз­де гі тыныштық пен татулық тың не гізі ретінде рухани келісім ге құр мет пен қарайды. Салта нат ты шара да облыс әкімі конфес сия­ара лық келісім мен қоғамдық­сая­си тұрақтылықты нығайтуға үлес қосып жүрген бір топ аза мат тарды алғыс хаттармен мара паттады. Олардың арасында об лыс тық «Прикаспийская коммуна» газеті­нің тілшісі Надежда Шиль ман, ор­талық «Иманғали» мешіті ж а нын­дағы ақсақалдар кеңесінің мү ше­лері Қайрош Қуанов, Ғизат Сүйін­ғалиев, Римдік­Католиктік Аты­рау апостол әкімшілігі Апостол әкімшісі Бурас Дариуш, «Вай­нах» чешен­ингуш этномә де ни бірлестігінің төрағасы Зе лим хан Зубариев және бірқатар мем ле­кеттік қызметкерлер бар.

Мерекелік шарада аймақтағы 18 этномәдени бірлестік мүше­лері өнер көрсетіп, салтанаттың сәнін келтірді.

АТЫРАУ

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ,«Егемен Қазақстан»

Елімізд ің мемлекетт ік қызмет көрсету тәжірибесі, ин но ва ция лық жобаларды мем ле кет т ік басқару сек­торы на ен гізу мүмкіндіктері талқы лан ған конференция­ның ашылуын да Ақпарат және коммуникация лар вице­ми­нистрі Қайрат Балық баев, Ас­та надағы мемлекеттік қыз мет саласындағы өңірлік хаб тың басқарушы комитет төр аға сы Әлихан Байменов, Пар ла мент Мәжілісінің депута ты Май­ра Айсина және Синга пур­дағы мемлекеттік қызметті жетіл діру жөніндегі БҰҰ

Даму бағ дарламасы жаһан дық орталы ғы ның директоры Макс Эверест Филлипс құттықтау сөз сөйледі.

Жиын тақырыбындағы мә­се ле лермен кеңірек таныс­тырған «Азаматтарға арналған үкімет» корпора циясының басқарма төрағасы Абылай хан Оспановтың айтуынша, қазір­гі кезде Қазақстан UNDESA электронды үкіметті дамыту индексі бойынша 27­ші орын­да тұр. Бұл – үкіметтің халық­қа қызметтерді ұсыну тәрті­бін жетілдіруге бағытталған белсенді жұмысының нақты көрінісі. «Бүгінде мемлекеттік қыз меттер бірнеше тәсіл – элек­тронды үкімет порталы, ха лық қа

қызмет көрсету орта лық тары және «mgov» мобильді қосым­шалар арқылы көрсетіледі, – деді А.Оспанов. – Қазіргі кез­де 723 мемлекеттік қызметтің 548­і «Азаматтарға арналған үкіметтің» 349 фронт­офистері бойынша ұсынылады. Қызмет көрсетудің осындай түрі жыл өткен сайын артып келеді».

Корпорация басшысының атап өтуінше, бүгінде қызмет тер толық циклмен көрсетілетін­діктен, азаматтардың сұрататын құжаттарының саны азайған. Сондай­ақ қызметтердің элек­тронды түрге көшірілуіне бай­ла нысты корпорацияға келу­ші лер дің қатары азая түскен. Халық қа қызмет көрсету орта­лықт ары жұмы сы ның сапасын көтер ген басты ерек ше лік – әртүрлі орган дар дың құжат­тарын «бір терезе» қағи даты бойынша дайын дар беру. Яғни азамат өзіне қажетті құжат­тарды орталықтың кез келген қыз меткерінен ала алады.

Корпорация басшысы сөз ара сында осы жылдың қараша­сында елордада бірыңғай цифр­лы халыққа қызмет көрсету орта лығы ашылатынынан да хабар дар етті. «Халыққа қызмет көр сету орталықтарының жұмы­сын күшейту мақсатында цифр­лы қызмет көрсету орталық­тарын ашу көзделіп отыр, – деді осы жөнінде А.Оспанов. – Биыл­ғы жыл дың қараша айында Ас­тана дағы Сауран көшесінің бо­йында Цифрлы халыққа қыз мет көрсету орталығы ашылады».

А.Оспановтың сөзіне қара­ған да, электронды цифр лы қолтаңба кейбір қызметтер үшін алынып тасталған. Мыса­лы, мекенжай анықтама сын алу үшін аталған қолтаң ба ен ді қажет емес. Ал цифр лы ХҚО­да азаматтарға элек трон ды қызметтерді қалай пайда лану­ды мамандар үйретеді. Енді олар кейбір электронды анық­тамаларды үйде отырып­ақ ала алады.

Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,«Егемен Қазақстан»

Іс­шарада кіріспе сөз сөй ле­ген З.Балиева мұндай жиын дар өткізу елдегі денсаулық сақ тау саласындағы бірқатар күрде­лі мәсе лелерді анықтап, олар­дың ше шімін табуға мүмкіндік бере тініне тоқталды. Сондай­ақ депутат ақ халатты абзал жан­дард ың еңбегін жоғары баға­лады.

«Қазіргі таңда Қазақстанда 5,5 миллионға жуық бала бар. Олардың денсаулығына қатысты шешімін таппаған түйткілдер жетерлік. Мәселен, жыл сайын аутизммен ауыратын балалар саны 13 пайызға көбейіп отыр. Біз мұндай келеңсіздіктің алдын

алу шараларын қарастыруы мыз қажет. Ата­аналарды мазала ған сұрақ тарға жауап табу да уа­қыт күт тір мейтін мәселе», деді Бала құқықтары жөніндегі уәкіл З.Балиева.

Мәжіліс депутаты денсау­лық саласында атқарылып жат­қан жұмыстардың тиімділігін атап көрсетті. Оның айтуынша, осын дай ғылыми­тәжірибе лік конфе ренциялардың арқасын­да Қазақ станның беделі ас қақ­тап, дү ниенің төрт бұрышы нан келген білік ті дәрігерлер дің басын қоса тын алаңға ай на­лады. З.Балиева бүгінде елі­міз дің дәрігерлері шетелден кел ген әріптестеріне үлгі бола­тын деңгейге жеткенін де тілге тиек етті.

Денсаулық сақтау вице­министрі Л.Ақтаеваның сөзі­не сүйенсек, елімізде ана мен баланың жағдайына жіті кө­ңіл бөлініп келеді. Ол – бұл сала ның басым бағыттар дың бірі екенін атап өтті. Вице­ми­нистр осындай жемісті жұ­мыс тардың нәтижесінде елдегі демо графиялық жағдай жақса­рып келе жатқанын сөз етті.

«Кейінгі 25 жыл көлемінде бала туу көрсеткіші ұлғайып, қай тыс болу жиілігі азайды. Мә­се лен, аналардың дүниеден өтуі 6 есеге, сәбилердің шеті неуі 3 есе­ге төмендеді. Халық тың орта ша өмір сүру жасы 72­ге де йін өс ті», деген Л.Ақ таева ден сау лық сала­сында атқары лып жат қан жұ мыс­тар төңіре гін де әңгіме өрбітті.

Вице­министр Санитарлық авиация орталығының жұмы­сына да назар аударды. Оның сөзіне сай, 2011 жылдан бері ор талық қызметкерлері 10 мың­ға жуық мәрте әуеге көтері­ліп, 13 мыңнан астам нау­қас қ а көмек көрсетті. Соның

жар тысына жуығы балалар болса, 2359­ы жүкті әйелдер. Осы орайда, Л.Ақтаева акушер­лік­гинекологиялық сала қыз­мет керлерінің еңбегіне ерек ше тоқталды. Сөзін қорытын ды­лай келе, вице­министр қатысу ­шы ларды Алматы төңі ре гін де әуе апатынан қаза тап қан дәрі­герлерді бір минут үнсіз дікпен еске алуға шақырды.

Халықаралық ғылыми­тәжі­рибелік конференция бары­сында Даннины Гаслини пе диа­триялық институтының меди­цина директоры, италиялық Силь вио Дель Буоно, АҚШ­тағы Қансыз медицина және хирургия орталығының медицина дирек­торы Ян Си Сэски, «University Medical Center» корпоратив­тік қоры ның басқарма төраға­сы Алмас Құрманов баяндама жасады.

Пленарлық отырыстан кейін акушерлік, гинекология, педиа­трия сынды ең маңызды 50­ден астам тақырыпта секциялық отырыстар өтті.

«Рухани келісім» күні аталып өтті

Бағалау жетілдірілсе, сапа да жақсарады

МЕМЛЕКЕТТІК МӘСЕЛЕ

Көш көлікті болсын десекбір жерге шоғырландыра қоныстандыру үрдісін тәжірибеге айналдырумен қатар түсінік жұмыстарын да ширата түскен жөн

(Соңы. Басы 1-бетте)

Солардың бірі – Алматы об­лысы Іле ауданы нан келген Әбді­қадыровтар отбасы көрші­қолаң ­мен тез үйренісіп кеткен. Үй игесі Оспан әр отбасы үшін 35 АЕК мөл шерін де бір реттік жәр демақы, бір жылға де йін пә тер жалдау шы­ғы ны төленгенін, мем ле кет тік бағ­дар ламаға қаты су арқылы жеке шаруа шы лық ашып жат қанын, әйелі мен 4 ба ла сы қолқанат екенін жеткізді. Еңбек десе, емешегі үзіліп тұратын Шералиевтер әу ле ті бағ­бандықты кәсіп еткен. 4 гектар жер ді өңдеп, көкөніс өсірумен ай на лыса ды. Орам жапырақтың 7 түрі нен басқа қызанақ, сәбіз, қияр, ас көк, жуа, сарымсақ егіп, Соко­лов кентінің қолын қалтасына салып, ел тең­селтең жүрген 15 тұр ғы нына жұмыс тауып бер ген. Олар дың әрқайсысы өңі түгіл түс­терін де көрмеген еңбекақы ала ды. Ішіп­жемі тегін. Енді не керек?! Жиынтық құны 912 мың теңге көтер меақы қолдарына тиген от­басы мүшелері енді мал өсіріп, сүт, ет өндіру қамымен жүр.

Оңтүстік Қазақстан облысы­нан Мағжан Жұмабаев ауданы Хлеборов елді мекеніне көшіп кел­ген Балабек Ораловтың ат басын тіреген ағайындардың жұбын жаз­бастан бір жерге шоғырландырып, топтап қоныстандыру тәжірибесін үрдіске айналдыру жөніндегі ұсы­ны сы ойландырмай қоймайды. Өйт кені бағдарлама тек ауылдық жер лер ді таңдауға ғана мүмкіндік береді. Мінез­құлқы теріскейдің суық, қытымыр ауа райына ұқсас теріс кей ліктермен тонның ішкі бауын дай тіл табысар­ау! Дегенмен де, халқымыздың тереңнен тамыр алатын туыстық, ағайындық дәс­түрінің жете ескерілгені де дұрыс. Сонда олардың барған жер леріне тезірек бейімделуіне оң әсе рін тигізері даусыз. Мәселен, Мам­лют ауданының әкімдігі бір топ отбасының аражігін ажырат паған күйі Покровка ауылына ор нық­тырыпты. Қандай жарасымды.

Бірде Мамлют ауданы Ленин ауы лына жолымыз түскені бар. Он дағы ойымыз Жамбыл облы­сы Қордай ауданынан дәм жазып кел ген 13 дұңған отбасының жағ­да йы мен жақынырақ танысу бола­тын. Бірде­бірі қабақ шытқан жоқ. Жай дары қалпымен қарсы алып, бейне біз көшіп келгендей төрге оздырып, құрақ ұшты. Айтпағымыз – мейман достығымен қатар еңбек­қор лығы, көнбіс тігі. Рамазан Дия­ровты бақшалық басын да жолық­тырдық. Көкөністің біз білмей тін түрлерін егіп тастапты. «Топырақ қандай құнарлы десеңші. Нағыз

таза экологиялық өнім ғой», деп тамсанады. Осында Нар ғиза Мухотдинова жұмыс істей ді. Оң­түстік Қазақстан облысы нан 4 ба­ламен көшіп келген. Күйеуі қайтыс болған. «Мен көп балалы анамын, жағдай жасаңдар, жәрдем беріңдер деп міндетсімеген. Нәпақасын адал маңдай термен тапқан. Іс тігумен айналысқан. Артылған қаражатқа үй сатып алған. Қазір жеке кәсібін құрып, мектеп асханасын тамақпен қамтамасыз етіп отыр. Наубайхана ашпақ ойы бар. Сүйсінбей гөр!

Өкініштісі сол, елімді көркей­тейін, дамуына өз үлесімді қосайын деген перзенттік борыш пен, аза­маттық парызбен қолды­аяққа тұр­май ұршықша үйірілудің орнына орынсыз кеуде қағатын, орын­далмайтын талаптармен зы ғыр ды шығарып, жүйкеге тиетіндердің кез де сіп қалатыны да жасырын емес. Мамлют ауда ны әкімінің орын басары Алмагүл Рама занова айтқандай, солардың біріне ау­дан орталығынан жалға баспа­на әперіліп, ішкі істер бөліміне жұмысқа орналастырылған. Ол болса күзетшілікті «менсінбей» өз еркімен шығып кеткен. Одан ауыл да тұрамын деп қиғылық сал­ған. «Слепченко» ШҚ баспанамен қам тамасыз еткен. 699930 мың тең­ге нің бірре тік жәрдемі берілген. «Мектепке жол» акциясы аясында жәрдем көрсетілген. Барға қанағат, жоқ қа салауат айтудың орнына үйелмелі­сү йел мелі балаларын алға тартып, жөн­жосық сыз та лаптар айтудан шаршамай жүр ген көрі­не ді. «Жер телімдеріне тө лей тін қара жатым жоқ» деп қаба ғы нан қар жауып отырса керек. «Ақсе леу» ЖШС­нің басшысы Серік Малаев Сары ағаш ауданына барған сапа­рын былайша еске алады:

– Делегация құрамында болып, 4 от басы ны таңдап алып қайт тым. Үй де, жұмыс та табыл ды. Шет тері­нен іскер, уәдеге берік, мінез дері сы пайы. Тек бір отба сы ның еге сі көңі лім ді қатты жабыр қат ты. Әб­ден бәл сініп бітті. Бейне өзге үшін өмір сүріп жүрген сияқ ты. Әрине ондай са наттағылар «арпа ішін дегі бір би дай дай» кездессе де, жарасып тұрған жоқ.

Көшу – әр адамның жеке ісі. Оған ешкім күштелмейді. Деген ­мен, ниет етіп барғандарға жан­жақ ты мүмкіндіктер тудыры лып отыр ғанда мемлекеттік маңы зы бар осы нау мәселеге мүдде лі лік таны ту керек­ақ. Ең басты сы, сол­түс тік өңірлердегі демо гра фия лық ахуал дың түзеліп, жұмыс күшінің жетіс пеушілігін шешуге атсалысу абыройлы іс саналса керек.

Солтүстік Қазақстан облысы

Page 6: Ту†ан жерге ту тіккендер · Мемлекеттік деңгейде қолға алынып, жүйелі қаржылық, ... саласындағы бүгінгідей

6 20 ҚАЗАН 2017 ЖЫЛӘЛЕУМЕТ

Медициналық-санитарлық алғашқы көмек (МСАК) жалпы денсаулық сақтау жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады. Тиімді медициналық-санитарлық алғашқы көмек халық денсаулығын жақсартуды, пациенттердің қанағаттанушылығын және денсаулық сақтау саласына жұмсалатын жалпы шығындарды азайтуды қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жыл дарға арналған «Денсаулық» мемле-кеттік бағдарламасында МСАК-ты одан әрі дамыту алғашқы буындағы әмбе бап, интеграцияланған, әлеуметтік бағдар-ланған, қолжетімді және сапалы меди-циналық көмекті дамытуға бағытталған шараларды тереңдетуді көздейтіндігі көрсетілген.

Емханалық ұйымдардың қалалар аумағы бойынша географиялық орнала-суы халықтың тұрмысы өте төмен жіктері мен мүмкіндіктері шектеулі тұрғындарын да қолжетімді медициналық көмекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

МСАК қызметтерін бейінді маманда-ры бар емханалар мен қабылдауды тек учаскелік дәрігерлер жүргізетін МСАК ұйымдары көрсете алады, соңғыларын ұстау үшін үлкен материалдық шығындар қажет етілмейді. Амбулаторлық-емхана-лық медициналық ұйымдар қандай да бір ақпарат немесе медициналық көмек алу үшін бірінші болып пациенттерді МСАК дәрігерлері, яғни учаскелік дәрігерлер (педиатрлар, терапевттер, отбасы дәрігерлері) қарсы алатын «кіру қақпалары» іспетті.

Халықаралық тәжірибе медициналық-санитариялық алғашқы көмекті жетіл діру бойынша денсаулық сақтау бағдар ла ма-ларының нәтижелілігі мынадай меди -циналық-ұйымдастырушылық техно-ло гияларға байланысты болатынын көрсетеді:

1) дәлелді медицина қағидаттары негізінде персоналды оқыту технология-сы;

2) алғашқы буында отбасылық қағидат бойынша халыққа медициналық қызмет көрсету технологиясы;

3) жеке және қоғамдық денсаулықты қалыптастыру процесіне халықты тарту технологиясы.

Амбулаторлық қызмет, оның ішінде МСАК орталықтары мен емханалардың қызметін жетілдіру денсаулық сақтау

қызметтерін көрсету жүйесін – қызметтерді көрсету сапасын жоғарылатуға, тұрақты өзгерістерді енгізу үшін жүйелердің жұ-мысына қолдау көрсетуге бағытталған стратегиялық бағыттарды енгізу процесін қайта құрылымдау қажеттігіне байланыс-ты туындады.

Осындай процестің маңызды бөлігі персоналды дәлелді медицина қағи-даттарына негізделген қызметтер көрсету біліктілігіне және технологияларына үй-рету. Қайта құрылымдаудың түпкі мақ-саты денсаулық көрсеткіштерін жақсарту болып табылады.

Отбасылық қағидат бойынша МСАК қызметтерін ұйымдастырудың жаңа тех-нологиялары қызметтердің белгілі бір түрлерін бейінді мамандардан бастапқы буын деңгейіне беру үшін жақсы негіз. Қол жеткізілген жетістік МСАК ұйым-дарының медициналық персоналын бейінді қызметтердің мамандарымен міндетті түрде бірлесіп оқытуға және көмек көрсету кезінде олардың өзара іс-қимылына және сабақтаса жұмыс істеуіне кепілдік бере алады. Амбулаторлық қыз-мет тер пакетін нысаналы жоспарлау және МСАК қызметтеріне және бейін ді қыз-меттерге кезең-кезеңмен бөлу – аумақ тар деңгейіндегі денсаулық сақтау менед ж-ментінің маңызды бөлімдерінің бірі.

МСАК орталықтарының негізгі ерек-шеліктері – халықтың осал топтарына баса назар аудара отырып пациенттің мүдделеріне бейімделу. Еліміздің бар лық тұрғындарына медициналық-санитарлық алғашқы көмек қызметтеріне қолжетімділік беріледі. Денсаулық сақтау жүйесінде штатында психолог-мамандар және әлеуметтік қызметкерлер бар әлеу меттік бағдарланған медициналық ұйым дар жұмыс істейді, бұл қызметтердің анағұр-лым кең ауқымын көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл амбулаторлық-емханалық буын деңгейінде медициналық көмек-тің көрсетілуін жақсартуға жағдай жа-сайды. Ал ол өз кезегінде стационарлық қызметтерге жұмсалатын шығындардың медициналық тиімділігін арттыруға жанама әсерін тигізеді. МСАК деңгейінде көмектің тиімді көрсетілуіне қарай стационарлық көмекке жолдамалар беру жағдайлары, сондай-ақ созылмалы науқастардың же-дел жәрдемді шақырулары азырақ болады.

Бастапқы буынның қатысуымен ныса-налы бағдарламаларды орындау бастапқы буын дәрігерлері мен бейінді мамандар

арасында белгілі бір қызметтерді қайта бөлуге мүмкіндік береді. Бұл халыққа көрсетілетін профилактикалық қызмет-тердің қолжетімділігін айтарлықтай кеңейтеді. Нысаналы бағдарламаларды интеграциялауға зерттеу жүргізу кезінде алынған нәтижелер олардың денсаулық сақтау жүйесінде ресурстар-ды басқарудың тиімді құралы ретінде қолданылуын көрнекі түрде көрсетті. Бейінді қызметтерді медициналық-санитарлық алғашқы көмекке интегра-циялау фрагментарлықты жеңу және денсаулық сақтау жүйесінің қызметінде қысқа мерзімді нәтижелерге қол жеткізу-ге, әртүрлі деңгейлердегі медициналық ұйымдар арасында жаңа серіктестік қарым-қатынастарды дамытуға мүмкіндік береді.

МСАК қызметтерін көрсету сапасын арттыру үшін ақпараттық жүйелерді бұдан әрі енгізу аса маңызды болып табылады. Осылайша, МСАК қызметтерін есепке алу және жоспарлау мақсатында бірнеше бағдарламалық кешендер жұмыс істейді. Олардың бірі – халықтың бекітілген жері бойынша электронды есеп жүргізетін «Бекітілген халық тіркелімі» (БХТ).

Медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымдарына азаматтарды бекіту тұрақты немесе уақытша тұрғылықты, жұмыс істейтін, оқитын жері бойынша бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде дәрігерді, медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы негізінде жүзеге асыры-лады. Азамат дәрігер мен емхананы еркін таңдаған кезде емханаға бекітілу жылы-на бір реттен жиі емес жағдайда жүзеге асырылады. Азаматтардың емханаға бекітілуі МӘМС жүйесіне қатысу үшін өте маңызды болып табылады. Өйткені ем-хана арқылы денсаулық сақтау жүйесіне, атап айтқанда, болашақ сақтандырылған азаматтар үшін – сақтандыру медицина-сы шеңберінде медициналық қызметтер пакетіне қолжетімділік ашылады.

Медициналық қызмет көрсету үшін емхананы таңдау кезінде оның үйге аумақтық жақын орналасуын есепке алу қажет. Емхананың жақын орналасуы учаскелік дәрігерге де ыңғайлы: үйге шақыру кезінде ол уақтылы және сапалы қызмет көрсете алады.

Келушілердің емханамен бірінші та-нысуы тіркеу бөлімінен басталатындықтан ол емханада және үйде науқастарды қабылдауды ұйымдастыру және тұр ғын-дардан шағымдардың туындауы бойынша емхана ның құрылымдық бөлімшесі болып табыла ды. Мұнда қызметтердің барлық түр лерін есепке алу, «Амбулаторлық-ем ханалық көмек» ақпараттық порта-лы жұмыс істейді, онда пациенттерді

дәрігердің қабылдауына алдын-ала және жедел жазылуды ұйымдастыру арқылы халық ағынының қарқындылығын нақты реттеуді қамтамасыз ету, сондай-ақ дәрігерлердің біркелкі жүктемесін еске-ре отырып, емхана кабинеттерінің жұмыс графигін қалыптастыру көзделген.

Қазақстан тұрғындары «Дәрігерді үйге шақырту», «Дәрігердің қабыл-дауына жазылу» және «Медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін меди циналық ұйымға бекітілу» қыз мет-терін «Электрон ды үкімет» сайтында электронды форматта пайдалана алады. Ол үшін электронды-цифрлы қолтаңба бо-лып, «Электронды үкімет» www.egov.kz сай тына кіру керек.

Қосымша әрбір емханада қажетті сұрақтар бойынша тұрғындарға консуль-тациялар үшін ақпараттық қамтамасыз ету жүйесі енгізілуде, анықтамалық және диспетчерлік қызметтер құрылды, денсау-лық сақтаудың қолда бар бағдарламалық кешендерін интеграциялау бойынша жұмыс жүргізілуде. Нәтижесінде алынған ақпарат дербестендіріледі және әрбір тұрғынның электронды денсаулық пас-портында жинақталады.

Емхана қызметтерін ақпараттық есеп-ке алуды енгізу мынадай міндеттерді ше-шуге мүмкіндік береді:

• бастапқы және қайталанған науқастар дың ағынын бөлу;

• дәрігердің жүктемесін дәл есепке алу және бақылау;

• науқастардың дәрігердің қабылдауын күту уақытын азайту.

Дәрігерлердің жұмысында Диспансер-лік науқастардың электронды тіркелімі порталы елеулі көмек көрсетеді, онда қант диа бетімен ауыратын науқастарды, бүй-рек функциясының созылмалы жеткі лік-сіздігімен, жіті коронарлық синдроммен ау-ыратын науқастарды, жүкті әйелдер мен бала туу жасындағы әйелдерді мониторингілеу бойынша бірқатар кіші бағдарламалар бар.

Ақпараттық қамтамасыз етуді пайдалану нәтижесінде талдамалық ш о л у л а р ү ш і н м е д и ц и н а л ы қ ұйымдардың қызметі мен жүргізілетін реформалардың тиімділігін бағалау бойынша бағдарламалық кешендердің

стандартты шығарылым кестелері әзірленді. Амбула торлық қызметтердің тек жоғары сапасы халықтың қымбат тұратын стационарлық қызметтерге сұранысы ның бірте-бірте төмендеуіне әкеледі. Сондықтан медициналық-сани тарлық алғашқы көмектің басым дамуын кешенді бағалау емдеуге жат-қызу деңгейінің жекелеген жана ма көрсеткіштерін және қызмет көр сету аумақтары бойынша халықтың стацио-нарлық көмек алуын қамтиды.

Халықты жеке және қоғамдық ден -саулықты сақтау процесіне тарту ме-ди циналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымдары үшін өте маңызды болып табылады. Пациент пен учаскелік дәрі-гердің арасындағы коммуникативтік дағдыларды кеңейту арқылы денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі білімнің негізінде медициналық мәдениетті на-сихаттау ойдағыдай дамуда. Көптеген аурулардың негізгі себебі көбіне-көп білімінің жетіспеушілігінен туындайды. Бұнымен қоса, халықтың медициналық персоналмен тығыз және сенімді байла-нысы МСАК деңгейінде денсаулықтың жоғары көрсеткішіне қол жеткізу үшін жаңа технологияларды пайдала-нып (клубтар, денсаулық мектептері, еріктілер қозғалысы және тағы басқа) ақпараттық жұмысты ұйымдастыруға болады.

Денсаулық сақтау, саламатты өмір сал-тын ұстану мәселелері жөнінде уақтылы ақпараттандыру жөніндегі міндеттерді іске асыру халықтың өмір сүру сапасының мерзімінен бұрын төмендеуіне себепші болатын аурулардың дамуын алдын алуға мүмкіндік береді.

Денсаулық сақтаудың пациент-ке бағытталған жүйесі денсаулық ты ны ға й туға, ауруларды профилакти-калау ға, кең таралған ауруларды ерте диагнос тикалауға, емдеуге және диспан-серлеуді жүргізуге, оңал туға және үйде паллиативтік көмек көрсетуге бағыт-талған МСАК қызмет терінің басымдықты дамуын көздейді.

Жамал ТӘЖІКЕНОВА,медицина ғылымдарының

кандидаты,Анар НУРКИНА,

1-категориялы дәрігер,Айымжан ЫДЫРЫСОВА,

2-категориялы дәрігер, Зарина КЕРУЕНОВА,

медицина ғылымдарының магистрі

БІРІНШІ БАЙЛЫҚ

Республикалық электронды денсаулық сақтау орталығы

Медициналық-санитарлық алғашқы көмекОның ерекшелігі неде?

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде МСАК дамытудың басым бағыттары. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Пайдаланылған әдебиет:1. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйы мы Еуропалық өңірлік бюросы. UN City, Marmorvej

51. DK-2100 Copenhagen Ø, Denmark / «Қазақстан Республикасында амбула торлық емделетін аурулар», «Ден сау лық сақтау қызметтерін ұсыну» бағ дар ламасы, денсаулық сақтау жүйелері және қоғамдық денсаулықты сақтау бөлімі

2. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы.

3. Evaluation of the organization and provision of primary care in Kazakhstan: a survey-based project in the regions of Almaty and Zhambyl. Copenhagen: WHO Regional Office for Europe, 2011г.

(Соңы. Басы 1-бетте)

Осы мақсатта аймақтағы тәрбие ошақтарының материал-дық-техникалық жаб дықталуы толық сараптаудан өткізіліп, бүгінде облыстағы 277 толық комплектіл і мектептің 425 кабинетіне (38 физика, 37 хи-мия, 78 биология және 272 ро-ботты техника сыныптары) жаңа, заманауи құрал-жабдықтар-дың қажеттілігі анық талып-ты. Мәселен, бір ғана физика кабинетін жабдықтау үшін ша-мамен 7,1, химия кабинетіне 6,6, биология кабинетіне 5,8 және роботты техника кабинеттеріне 6,8 миллион теңге қаражат керек екен. Тұтастай алғанда, жараты-лыстану ғылымдары мен роботты техника кабинеттерін жасақтауға 2,8 миллиард теңге қаражат қажет. Жалпы, 2018 жылы облыс-та роботты техника кабинеттерін ашу үшін 1,8 миллиард, жараты-лыстану ғылымдары кабинеттерін жарақтауға 800 миллион теңге тарту жоспарланған. Форумның ашылу салтанатында сөз алған об-лыс әкімі Даниал Ахметов өңірде Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы зор қарқынмен бастау алып, бағдарлама аясын-да «Туған жер» деп аталатын тамаша жоба іске асырылып жатқанына тоқталды. Өңірдегі ірі өнеркәсіп орындары білім, ден саулық сақтау және спорт сала сына әркез ерекше көңіл бөле ді. Бұл ретте Өскеменде салын ған оңалту орталығы мен «Нұрлы жол» саябағын, дәлізі кеңейтілген Спорт сарайы мен Зырян, Риддер қалаларындағы спорт модульдерінің құрылы сын, облыстағы медициналық мекеме-лердің заманауи жабдықтар мен қамтылғанын айтуға болады. «Аймақтағы шағын және орта бизнес өкілдері де бұл істен қалыс қалып отырған жоқ. Аудан, ауыл дардағы кәсіпкерлердің ірі кәсіп орындар секілді қомақты кірісі болмаса да, табысының бір бөлі гін туған мекенін жаңғыртуға жұм сап жатқаны қуантады. Олар өз қаражаттарын балабақша салуға, әлеуметтік нысандарды жаңа құрал-жабдықтармен жарақ-тауға, ауылдарды абаттандыруға,

халықтың осал тобына жәрдем-десуге бағыттап жатыр. Біз осы азаматтарды үлгі етуге тиіспіз», деген Д.Ахметов бүгіннен бас-тап облыста «Менің мектебім» жобасы бастау алғанын жария-лап, өңірдегі кәсіпкерлер мен ту ған еліне, туған жеріне бейжай қарамайтын барша азаматтар ды осы игі шараға белсенді атса-лысуға шақырды.

Алыста жүрсе де, ауылын ұмытпаған

азаматтарЕлбасы жиі айтып жүретін

биз нестің әлеуметтік жауап кер-шілігі аясында өңірде бірнеше жылдан бері жүйелі жұмыстар қолға алынып, бірқатар жобалар жүзеге асырылып келеді. Тек қана 2016-2017 жылдары облыста 9 миллиард теңгеден астам қаржы-ға 90 әлеуметтік нысан жөндеу-ден өтіпті. «Қазцинк» ЖШС 211 миллион теңгеге Өскемендегі медициналық оңалту орталығын, «КАЗ Минералс» тобы 531 мил-лион теңгеге Семейдегі спорттағы дарынды балаларға арналған мек-теп-интернатты, «Титан магний комбинаты» АҚ 646 миллион теңгеге медициналық орталық салып, «Полиметалл» АҚ Жарма ауданының Әуезов кентін де

240 миллион теңгеге «Аққу» балабақшасын толықтай қайта қалпына келтіріп берген бола-тын. Іргелі өндіріс орындарынан бөлек аймақта туған жерге жана-шыр азаматтар қатары жылдан жылға артып келеді. Мәселен, Зайсан ауданының Қаратал ауы-лында тұратын кәсіпкер Бақыт-гүл Баймұханбетова 2010 жылы «Балапан» бағдарламасымен 35 орындық «Азамат» атты бала-бақша ашып, 10 адамды жұмыс-пен қамтыса, Шемонайха ауда-нын дағы «Камышинское» ша-руа қожалығының жетекшісі Вла димир Акулов екі ауылдық округ тің амбулаториясы, мектебі мен мәдениет үйін толықтай қамқорлығына алыпты. Семейдегі «Tandem Trade Company» ЖШС директоры Арман Ма шимов үш айдың ішінде Шығыс ауылын-дағы өзі оқыған мектебі жаны-нан футбол, волейбол, баскет-бол алаңдары мен жүгіру жола-ғын салып беріпті . Күршім

ауда ны ның Қалжыр ауылының тумасы, Алматыдағы «Асмед» медициналық орталығының ди-ректоры, дәрігерлер мен прови-зорлардың халықаралық қауым-дастығының мүшесі Жақсыбай Бижігітов соңғы бірнеше жыл көлемінде Қалжыр, Игілік және Марқакөл ауылдарына тұрақ ты түрде көмек көрсетуді дәстүр-ге айналдырған екен. Бүгінде Ала таудың баурайында тұрса да Алтайдағы ағайындарын бір сәт естен шығармайтын ел ағасы Же-ңіс тің 70 жылдығында Қалжыр ауы лында Бақытбек Манаповпен бірлесіп боздақтарға, соғыстан оралмаған азаматтарға арнап ұзын саны 365 кісінің аты жазыл-ған мемориал ашыпты. Осы ауыл дағы мешіттің имамына көлік тарту етіп, жаңа үй сатып алып беріпті. Бірнеше жыл қа-тары нан бірінші сыныпқа барған оқу шы лардың барлығына оқу құралдары бар сөмке сыйлап, жаңа жылда мектептің барлық

оқу шы ларына күлек таратып, көп балалы және жағдайы төмен отбасылардың үздік оқыған бала-ларына шәкіртақы тағайындап -ты. Ақ халатты абзал жан Қал-жыр ауылымен ғана шектелмей ата-ба басының мекені Игілік ауылын да қамқорлыққа алып, әр үй ге құдық орнатып, ауыз сумен қамтамасыз етуге жәрдемдесіпті. Ауылдағы төбесі құлап тұрған медициналық пунктті 2 жа-рым миллион теңге қаржысын шығарып, күрделі жөндеуден өткізіп, ауыл көшелеріне баға-на ор на тып, жарық тартып беріп ті. Осындағы мектептің компью тер лері мен парталарын жаңартуға жәрдемдесіп, музы-калық аппарат сыйға тартыпты. Сонымен қатар бұрынғы Терек-ті, қазіргі Марқакөл ауылын-да көп жыл қараусыз тұрған ғимаратты қатымхана үшін са-тып алып, жерлестерінің игі лі гіне ұсыныпты. «Ауылдан шық қан бала едім. Өз ауылымды ұмыт-қаным, алыстап кеткенім жара мас деп жерлестеріме қолдан кел ген көмегімізді көрсетіп жүрген жай-ым бар. Асып-тасып жатқан бай-лығым да жоқ. Менікі бізді осын-дай дәрежеге жеткізген туған жер алдын дағы перзенттік парызды өтеу. Біз үлкендер өзіміз ден, елден, жер ден ұялып осындай қадамдарға барып жатырмыз. Менің тілегім, бұл іске жас-тар жағы да көбірек атса лысса деп ой лай мын», дейді Күр шім ауданы ның құрметті азаматы.

Өскемендегі форумға Алма-ты дан алып-ұшып жет кен атым-тай жомарт азамат алқа лы жи-ында жоғарыда аттары атал-ған Бақытгүл Баймұхан бетова, В л а д и м и р А к у л о в , А р м а н Машимовтармен бірге сөз алып, облыс әкімінің бастамасымен қол ға алынған «Менің мектебім» акция сын қолдайтындығын жет-кізіп, өз ауылындағы роботты техника кабинетін жабдықтауға 2 жарым миллион теңге бөлеті нін тілге тиек етті. Сонымен қатар Жақсыбай Бижігітов өзінің ұлы Шыңғыс осыдан үш күн бұрын Марқакөл ауылын да роботты техника кабинетін ашып, ак ция-ға бірінші болып үн қатқанын айтты.

Бір күнде 2 миллиард теңге жиналды

Өскеменде өткен форумның бір өзгешелігі, жиын кезінде зал-да аукцион ұйымдастырылып, облыстың қалалары мен аудан-дарынан келген кәсіпкерлер мен қарапайым азаматтар Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы ая сындағы «Менің мектебім» ак ция сына үлес қосатындығын жұрт шылық алдында жария етіп, қан ша қаржы бөлетіндігіне дейін ай тып берді. Мәселен, семейлік кәсіп кер, облыстық мәслихаттың депу таты Әсемхан Досқұжанов атал ған акцияға 50 миллион теңге қо са ты нын, Тарбағатай ауданының тумасы, бүгінде Алматыда тұратын Дулат Тастекеев кіндік кескен ау-данына 50 миллион теңге, оның 10 миллионын «Менің мектебім» акциясына аударатынын айтты. Зайсан ауданы – 19, Абай ауданы – 5, Катонқарағай мен Үржар ауда-ны – 4, Глубокое ауданы – 5 және Ұлан ауданының кәсіпкерлері 23 миллион теңге беруге әзір екен-дік терін сол жерде мәлімдеді. Шара соңына қарай өңірдегі үш ірі кәсіп орын «Казцинк», KazMinerals және Бақыршық тау-кен комбина-ты әрқайсысы акцияға 300 мил-лион теңгеден қаржы аударуға дайын екендіктерін хабарлағанда зал толы көрермен дуылдата қол соқты. Осылайша облыс әкімі өңір мектептерін жаңа кабинеттер-мен жарақтауға қажет деген 2,8 мил лиард теңгенің 2 273 605 000 теңгесі бір-ақ күнде жиналды. Енді бұл қаржы жергілікті «Парыз» қайырымдылық қорына аудары-лып, облыстың барлық мектеп тері заманауи физика, химия, био логия ж әне роботты техника каби нет тері-мен қамтамасыз етілетін болады.

Төрт сағатқа жуық уақытқа со-зыл ған тағылымды шара ба ры сын да «Жігіттер» квартеті, «Ринго» тобы, Толқын Заби рова, Ресей ден ар найы келген Турецкий хоры өнер көр сетті. Кәсіпкерлер форумы Қа зақ стан ның халық әртісі Роза Рым баева ның әуезді әндерімен түйінделді.

ӨСКЕМЕН

Суреттерді түсіргенМәнап МҰРЗАТАЕВ

Туған жерге ту тіккендерШығыс Қазақстанда «Менің мектебім» жобасының тұсауы кесілді

Шығыс Қазақстанда 5 жылдық «Рухани жаңғыру» бағдарламасы әзірленді. Оған 21 млрд теңге бағыттау жоспар-лануда. «Туған жер» бағдарламасы аясында биыл жергілікті меценаттар мен кәсіпкерлердің демеуімен құны 5,2 млрд 929 әлеуметтік жоба жүзеге асырылып жатыр.

ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК

Page 7: Ту†ан жерге ту тіккендер · Мемлекеттік деңгейде қолға алынып, жүйелі қаржылық, ... саласындағы бүгінгідей

20 ҚАЗАН 2017 ЖЫЛ 7ЗЕРДЕ

Кімді тұлға тұтамыз?

Баяғының жастарына «Мен өмір­ден өзімді іздеп жүрмін» деп сөйлеу тән болатын... Жақында Америкада оқып жүрген қазақ стандық жас өреннің пікі­рін тыңдап көруге тура келді.

«Сізбен қай тілде сөйлесейін?» деп сұраған су қондырғыларын қоюмен айналысатын әлгі өркеннің мәйін мәдениетіне сүйсініп, ерекше ілтипатпен әңгімелестім. «Қазақ станның келешегі бұлыңғыр, өйткені жастар өзінің ана тіліне шорқақ», деп текке байбалам сала берген дұрыс емес, мынадай білімді, көзі ашық, үш тілді емін-еркін меңгерген жалындаған жастар тұрғанда. Құдайым-ау, жасып, несіне жігерімізді құм ете береміз осы?», деген сәулелі ойдың са-нада жылғадай жылт ете қалмасы бар ма?

– Айналайын-ау, қазақ болғандық-тан қазақша сөйлеспегенде, енді өзіңмен ағылшынша, немісше сөйлеседі деп пе ең? – деймін.

– Кейде жастардың ана тілінде сөй-лемеуін бір түйір қазақша білмейтін үйіндегі ата-анасына жаба салу – қате. Менің де әке-шешем бір-бірімен орысша әңгімелеседі. Бірақ тіл үйрену әр адамның өзіне, жеке басының қалауына байланыс-ты дер едім. Мысалы, Америкада оқып жатқан қасымдағы қазақ жастарының бәрі өздерінің ана тілдерін жақсы біледі, сүйеді. Өзім Алматыда орыс мектебін оқып бітірсем де, қазақшаны кейін өз бетіммен оңай үйрендім, – деп үн қатқан жас өркеннің тілі сәл-пәл бұралғанына қарамастан қазақша сөйлеуге талпынған әрекеті көңілдегі күңгірт күдікті сейілтіп, мерейлендірді. Алайда бүгінгі көпшіліктің талқысына салайын деп отырған әңгімеміз тіл ту-ралы емес, тұлға деген ұғымды қазіргі жастардың қалай қабылдап, түсінетіндігі хақында. Әңгіменің арнасын тілден неліктен тұлғаға кілт бұруымыздың себебіне тоқталсақ, бұл өзі шексіз, шетсіз ұза-а-ақ әңгіме. Шетелдік су қондырғысын орнататын компанияға жалданып уақытша жұмыс істеп жүрген оның сөздеріне құлақ түре келгендегі топшылаған тұжырымымыз – бүгінгі заман жастарының кескін-келбеті, дүниетанымы мен рухани құндылықтары мүлде бөлек, олар үшін «ата-анам оқытады, тоқытады, көл-көсір ақша жұмсап, кернейлетіп, сырнайлатып үйленгенде мейрамханада тойымызды өткізіп береді...» деген ұғымдар тым жат. Мұхиттың арғы бетіндегі айтулы білім ордасына төлейтін ақшасын өзі маңдай терімен тауып, ата-анасына алақан жаймай, заманауи өмірге бет бұрған мұндай өрімдей өреннің іс-әрекетінен айналып кетесіз, әрине. Бағып-қаққан ата-анасына рахмет! Алматыдағы «ал-тын ұя» – аяулы мектебінде дұрыс тәлім-тәрбие берген мұғалімдеріне мың алғыс. Әр қазақтың баласы қиындықтан қашпайтын, жамандыққа баспайтын мынадай адал, әділ болса ғой, шіркін! Дедік. Қазіргі заманның үнімен ғажап үйлескен, ертеңінен ел-жұрты үлкен үміт еткен жас құрақтың ой-пікіріне құлақ түре келіп, қазақтың тағы бір қасиетті ұғымының бастапқы мағынасының өзгеріске ұшырап, басқаша сипат алып бара жатқанына алаңдамасқа амалымыз қалмады. Біздің заманымызда кез кел-ген кісі тұлға атала бермейтін. Зиялы аға-апаларымызды, аты мәшһүр белгілі кісілерді тұлға дейтінбіз. Ал бүгінде кім көп, тұлға көп. Алмас есімді мына азамат та өзін қазірден бастап тұлға са-найды екен. Бізді қоғам өмірге осылай даярлап оқытты дейді. «Қазір өз орнын өмірден іздеп табу деген ұғымнан гөрі бүгінгінің жастарында өздерін жеке тұлға ретінде қалыптастыру, яғни жасап алу белсенділігі басым» дейді. «Қарағым-ау, қалың елі – қазағы үшін аянбай тер төккен міне, мынадай кісілерді біз қадірлеп тұлға тұтамыз» деп Абайдан бастап аузымызға түскен ақын-жазушы, қайраткерлердің бәрін атап шықтық. Келешектің өкілі селт етпеді.

«Жеке тұлға өзінің сана-сезімін, дүниетанымын, рухани ойлау қабілетін білім мен еңбектің арқасында ұдайы байы-тып, жан-жақты дамытып отыруы керек. Өйткені әр адамның индивид қалпынан тұлға тұғырына көтерілуіне қоғамдағы қалыптасқан ахуал, отбасындағы алған тәлім-тәрбиесі, оқыған мектебі, ата-тегі, тамыры... т. б. көптеген қасиеттері қатты әсер етеді. Алайда тұлға бойындағы кез келген ерекшелік оның адамгершілік қасиеттерімен өлшенуі тиіс» деп суды-ратып кітап оқып тұрғандай желдірте салды. Қарап тұрсаңыз, оның мына айтқанының бәрі дұрыс сияқты.

Бір жағынан алып қарағанда, адам өзінің келешекте кім болатынын, өмірлік мақсат-мұратын ерте бастан ойлап, тұлға болуды армандаса, несі айып екен? Дейсіз. Сөйте тұрғанмен, біз де «бес күндік қысқа ғұмырда адам болып қалмақта қазіргі ең маңызды мәселе – өзіңді іздеп табу-ау» деген бастапқы түсініктің түймесін кеудемізге қадаған күйі қала бермекпіз. Өзін таппаған жан бір істі бастайды да, аяғына жет-пей тастай салады. Әр шөптің басына қонған көбелек сияқты байыз таппай, баянсыз тіршілік кешеді. Қала берді жастық шақтың ажарына кәсіп таңдауда қателеспей, өз орнымды өмірден тап-сам екен деген аңсарлы айдын ғана жа-распай ма, тәйірі? Кісіні қолдан тұлға жасауды оқытатын білім ошағы бол-са, қолы жеткеннің бәрі соны бітіріп, тұлғаның дип ломына ие бола бермей ме? Сондықтан тұлға деген атауды ағайын, орнымен қолдансақ деген тілек.

ҚарашашТОҚСАНБАЙ,«Егемен Қазақстан»

Ақайдар ЫСЫМҰЛЫ,журналист-заңгер,Қазақстанның мәдениет қайраткері

Қазақта «Әкеге тартып ұл туар», «Көргені жақсы көш бас -тар» деген парасатты сөздер бар. Шыққан тегінің Қаратаудай рух күші Алатаудай асқақ арман-ға бастаған Шахмардан Жо-ра бекұлы Есеновтің өмір жо-лында үлгі тұтқаны Қа ныш Сәтбаев болыпты. Қос алып-тың тағдыры ұқсас өрбігені де содан шығар. Екеуі де геолог, Қазақстан Ғылым академия-сының президенті, Одаққа та-нылған ірі тұлға, әлемдік ауқым-дағы істерге араласқан қоғам қайраткері.

Шахмардан 1949 жылы Ал ма ты да кен-металлургия инс ти тутын (осы күнгі Қ. И. Сәт баев атындағы Қазақ ұлт -тық техникалық-зерттеу уни -верситеті) жер қойнауы бай-лығын зерттеуші-инженер-гео-лог мамандығы бойынша үздік бітірген соң жіберіп отыр ған аспирантураға қалмай, Жез-қазған өндірісіне жолдама ала-ды. Жас мамандарға академик Қаныш Сәтбаев ақ жол тілейді.

Ұлытау бөктерінде Жез-қаз ған геология барлау экспе-диция сында еңбек еткен он бір жылда Шах мардан мыстан басқа темір, қорғасын, кө гіл дір асбест, мырыш, кобальт, күміс, никель си рек түс ті металл кендерін та-бады, Жанай, Айдос жерас ты тұщы суының мол қорын анық-тап, аңқасы кеуіп жатқан өңір дің шөлін басады. Сөйтіп Қа ныш ағасы бетін ашып кеткен қа-зына қорын еселей арттырады. Ізденімпаз жас инженер-гео-лог Үлкен Жезқазған қойнауын ақ тар ған сайын өзінің де білім қорын молайтты, тәжірибесі то лыс ты, ізденісін ғылыми тұ-жы рымдарға айналдырды, бас инженер-геолог дәрежесіне жет ті. Отан байлығын еселей түс кен жас ғалым инженер-гео-лог Шахмарданның табыс ты еңбегі еленбей қалмады. Алма-тыға шақырылады. Қаратау бөк-терінен келген талапты перзен-тіне ықылым заманнан қойнына бүккен сырын жомарттықпен ақтарған Ұлытау оны мәртебелі Алатау биігіне көтерді. Бұл 1960 жылдың жазы, Шахмардан Есенов орда бұзар 33 жаста еді.

Алматыға келгенде шәкірт Шах мардан ұстазы Қаныш ағасына жолығады. Академия президенті Қаныш Имантайұлы оған: «Шахжан, шен қуып кетпе, ғалымдығыңды қатар алып жүр. Ғылымға ие болатын, тың сөздер айтатын өздерің» деп, тағы да батасын береді. Шахаң осылай республика Геология және жер қойнауын қорғау министрінің бірінші орынбасары, сегіз айдан кейін, 1961 жылы министрдің өзі болып, кең өріске шығады. Қа ныш ағасының кеңесін ұмыт-пай, Жезқазғандағы өзінің із де-ніс тәжірибесін қорытып, кан-дидаттық диссертация жазды, «Жезқазған кен орнының құ-рылымдық ерекшеліктері және оны барлау» деген тақырыпта 38 жасында геология-минера-логия ғылымдары докторы атағын Мәскеуде табысты қор-ға ды. Қырыққа жетпей доктор атану ол кезде ғалым үшін жас кез саналатын. Ша хаң Қазақстан түгіл, Кеңес Одағын да жас ми-нистр, ғылым докторы атанды. Оның министр ке зінде геоло-гия саласында жеткен же тіс-тіктерді тәптіштеп жату ар тық болар, ол кезеңді геолог за-мандастары «Қазақстан гео-логиясының алтын ғасыры» деп мақтанышпен айтады. Сол Қа ныш, Шахмардан, басқа да алдыңғы ағалар ашып кеткен мол қазына қазір де Қазақ елін көтеріп, асырап тұрғанын айт-сақ та жетер.

Ғалымдық пен шалымдық қа сиеттерін қос қанатындай кө-тер ген, ойлау ауқымы кең Шах-мардан Жорабекұлы геология-минерология ғылымдарының докторы, профессор, академик, екі рет – 1961-1965 жыл дары және 1974-1978 жыл дары Қазақ КСР геология министрі, екі жыл – 1965-1967 жылдары Қазақстан Үкі меті Төрағасының өнеркәсіп са ласы бойынша орынбасары, жеті жыл – 1967-1974 жыл-дары Қазақстан Ғылым ака-демиясының президенті, одақ-тық және республикалық пар-ламенттер депутаты, КСРО Жо ғарғы Кеңесінің Білім, ғы-лым және мәдениет жөніндегі ко митеті төрағасының орын-басары, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды, бі-рінен бірі биік асуларға шық -ты, түрлі халықаралық жиын-дарға Кеңес Одағының деле-гациясын бастап барды, әлем ғалымдарының Пагуош бей-бітшілік қозғалысына қатыс ты.

Екі рет Кеңес Одағының ең жоғары мәртебелі марапаты – Социалистік Еңбек Ері атағына ұсынылады, бірақ...

Осы жылдарда Шахмар-дан ның терең ғалымдығы, ірі ұйым дастырушылығы, ауқым -ды қоғам қайраткерлігі мей-лінше жарқырай танылған, Қа-зақ елінің материалдық та, ру-хани да байлығын мейлінше еселеген бірінен бірі өткен ірі жаңалықтар Ш.Есеновтің ті-келей басшылығымен, арала-суымен ашылды. Олар – Маң-ғыстау мұнайы, газы, ураны, Орталық Қазақстандағы Ус-пен темір кеніші және Арис-тотельден кейінгі Екінші ұс таз атанған ұлы ғұлама әл-Фара-бидің туған Отаны Қазақ елімен қайта табысуы және басқалар.

Маңғыстау өңірін тездетіп бар лап, байлық қорын ғылыми не гіздегені, Жетібай мен Өзен мұнай-газ орындарын ашқаны және өндірістік пайдалануға бер гені үшін бес ғалымға, со-лар дың қатарында Ш. Есе новке 1966 жылы Кеңес Ода ғының ең үлкен мерейлі марапатының бірі – Лениндік сыйлық берілді. Ол Сәтбаевтан кейін сегіз жыл дан соң осындай айтулы сый лықты алған екінші қазақ ға лымы еді. Іргелі ғалым, ірі өн діріс ұйымдастырушысы ре тінде осы-лай Кеңес Одағына та нылған кезінде Шахмардан 39 жаста еді. Маңғыстау мұнайын сол жердің өзінде өңдеу, игі лікке айнал-дыру идеясын батыл көтерді. Маңғыстаудың бай лығы оның бағын ашты. Бі рақ басқаның көз құртына айналып, ересен ырыс қазақтың қолынан біржолата шығып ке те де жаздады. КСРО-ның сол кездегі бірінші бас-шысы Н. Хрущев Маңғыстау

мұнай-газ байлығы ашылған кезде осы саланы игеруден тәжі рибесі мол деп қазыналы өңірді Түр ікменстанға қосуды ойластырады. Сонда Қазақстан геология ми нистрі Шахмардан Есенов осы мәселені арнайы қараған КСРО Үкіметінің жабық отырысында Маңғыстауды игеру ге Қазақстанның өз ша-масы жететіндігін қаймықпай дәлел дейді, Алла сәтін салғанда, КСРО Үкіметі Төрағасының бі рінші орынбасары Алексей Косыгин (Төраға Хрущевтің өзі), КСРО орта машина жа-сау (қорғаныс өнеркәсібі са-ласы) министрі беделі зор Ефим Славский Шахмардан пікірін қуаттайды. Қазақстан қайраткерлерінің осы жолғы бір ауызды табандылығының арқасында киелі Маңғыстау қолымызда қала беріпті.

Бұдан басқа, Орталық Қа-зақ станда Успен белдеуінде кең ауқымды әрі терең бар лау жұмыстарын ұйымдас ты ру, ол жерде кен жоқ деген қар-сылықты еңсерген табан ды-лығы да Шахаңа абырой үс-тіне абырой әкелді. Кенді Ал-тайдан кейінгі аса бай Успен бел деуінен темір кеніштерін іздеген күрескер ғалымдар тобына, соларға басшылық жасаған Ш.Есеновке 1972 жы-лы Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы берілді. Қазір Темір-таудағы Қарағанды металлургия комбинаты осы кеніш не гізінде жұмыс істеуде.

Өндірісте шыңдалған ға-лым Ш.Есенов жоспарлы эко-номика жағдайында ғылым жа ңа лықтарын өндіріске енгі-зудің баяу жүретінін жақсы біл ді. Ғылым академиясының

пре зиденті болып сайланғаннан кейін күш салған мәселесінің бірі осыны тездетудің амалын табу болған екен. 1967 жыл-дан Республика Мемлекеттік жос пар лау комитетінің төра-ғасы болған ірі мемлекет қай-рат кері Камал Кетебаев өз ес-телігінде Мемлекеттік комитет пен Ғылым академиясының қоян-қолтық жұмыс істеуі түп-теп келгенде республикада алынатын пайданың молаюы-на, өндіргіш күштердің қар-қынды дамуына ықпал етке нін айта келіп, Шахаңның іскер-лік, ұйымдастырушылық, көре-гендік, білімдарлық, қайрат-керлік қызметі арқасында Мемлекеттік жоспарлау коми-те тінің нағыз бас штабқа айнал-ғанын атап өтеді.

Шахаңның әр саладан ға-лым дар тобын бастап туған жері Сыр өңіріне келетіні де осы тұс. 1972 жылдың мамы-ры. Бұл кезде облыста ауыл шаруашылығын дамытуға ба-сым көңіл бөлініп, өнеркәсіп саласында республика жалпы өнеркәсіп өнімінің бір пай-ызына да жетер-жетпес өнім өндірген. Абыройы – күріш. Облыстың келешегі жоқ деген де пікір айтылып қалады екен. Бұл жайт оны ойландырмай қоймаса керек. Бірақ алпысын-шы жылдары Аралдың тарты-лып бара жатқанын айтамын деп, жершілдікпен айыпталғаны аяғын тарта бергізген секілді. Осы ретте 1971 жылы Қазақстан Коммунистік партиясының съезінде Қызылорда облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы, ірі қайраткер, сол-түстіктің тумасы, Сыр елі оның игі лікті істерін аңыз етіп әлі күн ге айтып жүрген, қалт қы-

сыз қызметімен жақсы аты қал ған Хасан Бектұрғановтың Қызылорда облысы геолог ға-лым дар назарынан тыс қалып отыр, зерттесе Сыр бойының да қойнауынан алуан мол қазына табылады деп сын ай-туы, ойдағы істің сәтін келтірді. Қаратаудан Аралға дейін бұрғы түсті. Геологтардың сан түрін қаптатты Шахаң Сыр еліне. Көмулі жатқан ақ сандық ашы-лады, ішінен байлық шашыла-ды. Қорғасын, мырыш, уран, алтын, мұнай, газ кендері, мол жерасты су қорлары табыл ды, олардың бәрі де қазір тәуел-сіз еліміздің игілігіне айналып отыр. Шахмардан туған же рін-дегі қалың елге өзінің перзенттік парызын осылай орындап кетті.

Ғұлама Әбунасыр әл Фара-би – қазақ халқының тамы-рын тереңнен тартқан рухани байлығы, көне жәдігеріміз, сон-дықтан төл ақшамыз – теңгемізге әуелгіде ұлтымызды әлемге та-ныстырар тұлға ретінде бейнесі салынуы заңдылық, еш талас та, таң даныс та туғызбады. Ал сол қазақтың тұмарына ай нал-ған ғұламаның ортамызға орал-ғанына елу жылдай ғана уақыт болғанын кейінгі ұрпақ біле бермеуі мүмкін.

«Күллі арабстанда ғалымдық даң қы жайылған, әлемнің екін-ші ойшылы атанған әл Фараби Оңтүстік Қазақстанда қазіргі Оты рарда (Фараб қаласында) туып-өскен біздің жерлесіміз, оның Отаны ежелгі қазақ жері, оның иесі біз – қазақ халқы, Қазақ елі» деп, профессор Ақ жан Машанов 1967 жылы Ғылым академиясының жаңа пре зиденті Ш. Есеновтің алды-на барады. Нақ осы әл- Фараби

мұра сын зерттеу қажеттігі ту-ралы 1950 жылдары ептеп ай-тыла бастағанда 1953 жылы Одақ тық партиялық бас газет «Правда» қазақ ғалымдары көне мұраны зерттеу желеуімен ис-лам дінін насихаттамақ деген сарында сын жариялайды. Ака-демия президенті Қ.Сәтбаев пен ғалым А.Машановтың ба сы дауға қалады, сол кезде И.Ста лин қайтыс болып, заман райының өзгеруі ғана оларды бәледен құтқарып жіберген екен. Сонымен бұл тақырып жылы жабылып жатады. Арада он бес жылдай уақыт өткенде сол Ақжан Машанов қайтадан жас президент Шахмарданның ал дына әл Фарабиді айтып ке-леді.

Шахаң өзіне тән батылдық-пен ұлтымыздың абыройына ай-налар тың жаңалыққа бұлтақсыз бір ден қолдау көрсетеді, фара-битану ғылымына жол ашады. Оның еңбектерін кең ауқым-да іздеу, табу, зерттеу, ба-сып шығаруға дайындау үшін ғылыми топ құрылады, Еу-ро па, араб елдеріне аттанды-рылады. Ұлы ғұламаның біраз мұрасы табылып, елге әкелінді, зерттелді, аударыл-ды, ғылымның сан-саласынан еңбектері елімізде қазақ тілінде және орыс тілінде басылып шықты, ол басылымдарға Ш.Есенов жауапты редактор болады. Жүйелі жұмыс, ізде-ніс, үлкен дайындықпен 1973 жы лы Әбунасыр әл Фарабидің туғанына 1 100 жыл толуы Қазақ станда кең түрде аталып өтілді, әлемнің әр түкпірінен ғалымдар шақы рылған үлкен ғылыми жиын ұйымдас тыры-лып, Фарабидің Отаны Қа зақ-стан екендігі паш етілді және әлем тарапынан мойындалды. Мәс кеу мен Бағдатта Қазақстан ғалым дарының қатысуымен фарабитануға арналған ха-лық аралық конференция лар өткізілді. Ірі ауқымды ұйым-дастырушы Ш. Есеновтің бұл еңбегін А. Машанов өз ес телік-терінде ризашылықпен ай-тып кеткен. Ұлы ғұлама Әбу-насырдың өмірі мен еңбегі ту-ған жерінде қаншама әдебиет, өнер туындысының арқауына айна лып жүре берді. Бұл күнде әбден сіңісті болып кеткен Екінші ұстаздың Отанына ора-луына Шахаң осылай еңбек сіңірген еді.

Академик, философ А.Қа-сым жановтың айтуына қара-ған да, сол кезде тіпті езу тарт-қыз ған да жайттар болып-ты. Кеңес Одағындағы бар-лық ұлттық мәдениет орыс мәде ниетіне жақындасудың арқасында өркендеді дейтін тұжы рымға үйреніп қалған «аға» елдің базбір оқымыстысы әл Фарабидің шығармашылық қызметіне орыс мәдениетінің оң ықпалын, әсерін айта кету керектігін фарабитанушы қазақ ғалымдарының есіне салған көрінеді.

1973 жылы Алматыда өт-кізіл ген Әбунасыр әл Фарабидің туғанына 1 100 жыл толуына арналған халықаралық ғылыми конференцияда ұлы ғұламаның өмірі және мұрасының әлем дік өркениеттегі мән-маңызы ту-ралы терең талдауға құрыл ған бас баяндаманы Ғылым акаде-миясының президенті Ш.Есенов өзі жасайды. Одан кейін сөй-леген шетелдік ғұла малар осын -дай кең ауқым ды кон ферен-цияның ұйымдастырылуы фа-ра битанудың жаңа кезеңінің бас тамасы, президент Ш.Есе-новтің баяндамасы фара-битануды жаңа өрістерге шыға-ратын бағдарлама деп жоғары бағалай келе, келбеті келіскен тұл ға Шахмардан баян дама-шының өзі де Әбунасыр ата-сына ұқсаған ірі ойшыл ғалым деп сүйсінген ризашылықтарын қайта-қайта білдіреді. Өкінішке қарай, шетелдік ғұламалардың ғалым президентті соншалықты әспеттеуі біздің елде қалып-тасқан дәстүрге қайшы еді, өйт-кені қай ретте де бүкіл мадақ тек Ком мунистік партияға және оның Одақтық және респуб-ликалық бірінші басшыларына ғана айтылуы, «бүкіл жетістік аса қым батты да қадірлі сол кі сілердің дана әкелік қам қор-лығының арқасы» деп мәлім-делуі тиіс-ті. Шетелдіктер біз дегі бұл дәстүрді қайтсін, өздерінің көргенін, естігенін, содан көңілге түйгенін айтты, кетті. Бірақ іс насырға шапты. Қапы сын тапты күншілдер. Ш.Есенов бұл бетімен дәріптеліп кете берсе қайда барады де-ген күдік, көреалмаушылық Кеңес Одағына танылып қал-ған, келешегі бар мемлекеттік қайраткер Ш. Есеновті шет тетіп, ірі тұлғадан қатардағы ман-сапқорға айналдыруға, даңқы дә уірлеп тұрған дәрежесін

бір те-бірте кемітуді, реті келсе қатар дан шығарып тастауды көз деген арам әрекеттерге жол ашты. Күйкі пендешілік асқақ пара саттан басым түсіп кетті.

...Сөйтіп елу бір жасында бая ғы Жезқазған даласын кезген жас маманша күй кешеді. Солай жүргенде өзі оқыған Қазақ поли-техника институтында кафедра меңгерушісінің бос орнына кон-курс жарияланғанын газеттен көріп, конкурсқа түседі. Ака-де мик Ш. Есенов өтеді. Оның рұқсатсыз Алматыға кел уі, институтқа орналасуы жоға ры билік орындарындағы кейбі-реулерді әбігерге түсіреді.

Олар ақыры Ш. Есеновті ка-федра меңгерушілігінен түсіріп ба рып тынады, институтта оқытушы профессор ретінде қал дыруға әрең көнеді «Үлкен Үй».

Бұл 1978 жыл. Елде басшы-лық өзгеріп, сыртын берген заман бетін бұрғанша әлі Ш.Есеновтің басқан қадамы аң дау да болатын сегіз жыл бар еді. Бірақ екі жылдан кейін Ш.Есенов тағы да конкурста же ңіп шығып, бәрібір кафедра мең герушілігіне қайта сайлана-ды және өмірінің соңына дейін сол қызметте жүрді.

Ш.Есенов 13 монография, 200-ден астам ғылыми мақала жазып, жариялаған. Респуб-ликаның геология ғылымы мен геология өндірісін дамы туға сүбелі үлес қосты, қан шама шәкірт тәрбиеледі, қамқор-лығын жасады. Сол еңбегі елі-нің есінде екен, 1990 жылы жақ-сылық болып алдынан шықты.

1990 жылы халықтың ер-кіне салған тұңғыш балама сай лауда ғылыми ортадан 8 үміткердің ішінен ғалымдар қала ған бесеудің бірі Шахаң еді, олар ғалымдар қауымы атынан Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаттығына сай-ланды. Таңдаулылар сапын-да академиктер Айтмұхамед Аб дулин, Салық Зиманов сияқ ты марқасқалар бар еді. Еліміздің тәуелсіздігін жария-лаған қалаулылар ортасында Шахмардан Жорабекұлы Есе-нов те тұрды. Бұл оның соңғы шыққан биігі болды. Сұңғыла ғалымдық сұрқия залымдықты осылай жеңді-ау.

Бірақ қанша жігерлі бол-ғаны мен, елемеймін дегенмен, кейінгі он бес жылдай көр ген көрінеу қиянат жүйкесіне ти-ген, жанына батқан екен. 1994 жылы 24 тамызда 68 жасын-да дүниеден ерте өтті, Алма-тыда Кеңсай зиратына зор құр мет рәсіммен жерленді. Көр нек ті мемлекет және қо-ғам қайраткері Шахмардан Есенов тің өмірден өткені туралы қазанамаға Елбасы, Парламент, Үкімет басшыла-ры, ғалымдар, қайраткерлер қол қойды. Шахаңның қазасына Ресей, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан, Белоруссия, Түрік-менстан ғылым ордаларының басшылары, ірі ғалымдар көңіл айтты.

Ұрпағымен қатар, оның жақ-сы аты, халқының құрметіне бөлен ген екінші өмірі жалғасып кетті. Шахаң атындағы мек-теп, көше, ескерткіш, мешіт Шие ліде, Қызылордада ғана емес, республиканың бас қа да өңірлерінде, Ш. Есе нов еңбек сіңірген жерлерде бар. Солар-дың бірі – Ақтаудағы Каспий техникалық университеті.

Шахаңның өмір жолы мына бір аңызды еске түсіреді. Жеті қат жер астында қазына сарай-да көк сандық үстінде киелі Шамшырақ жанып тұрады екен. Сол Шамшыраққа қолы жет-кен адамның арманы орын-далып, мерейі үстем болады. Оған жету оңай емес. Барар жолда жеті қақпа, әр қақпаның аузында қылышы дайын, түсі суық сыншы-қарауыл тұрады. Соның сынынан аман өтсең ғана келесі қақпаға жетесің. Бірінші қақпаның аты – Атақ, екінші қақпа – Дәулет, үшіншісі – Көрсеқызарлық, төртіншісі – Күншілдік, бесіншісі – Немқұрайдылық, алтыншы-сы – Менмендік, жетіншісі – Мейірімсіздік. Осы сын-қақ-палардан аман өтсең алтын сарайдың құлыптаулы есігі ашы лып сала береді. Шахаң осы сындардың бәрінен сүрінбей өткен қайран да ерен Ер, атына заты сай Батыр азамат. Жеті қат жер астындағы кенсандықты, қазына сарайды халқына ашып берді, оның үстінде тұрған Шамшыраққа қолы жетіп еді, төңірегін нұрландырып, өзі де Шамшыраққа айналып жүре берді.

ТҰЛҒА

КенсандықШахмардан Есеновтің туғанына 90 жыл

МАҢҒЫСТАУ ӨҢІРІН ТЕЗДЕТІП БАР ЛАП, БАЙЛЫҚ ҚОРЫН ҒЫЛЫМИ НЕ ГІЗДЕГЕНІ, ЖЕТІБАЙ МЕН ӨЗЕН МҰНАЙ-ГАЗ ОРЫНДАРЫН АШҚАНЫ ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК ПАЙДАЛАНУҒА БЕР ГЕНІ ҮШІН БЕС ҒАЛЫМҒА, СО ЛАР ДЫҢ ҚАТАРЫНДА Ш. ЕСЕ НОВКЕ 1966 ЖЫЛЫ КЕҢЕС ОДА ҒЫНЫҢ ЕҢ ҮЛКЕН МЕРЕЙЛІ МАРАПАТЫНЫҢ БІРІ – ЛЕНИНДІК СЫЙЛЫҚ БЕРІЛДІ.

Page 8: Ту†ан жерге ту тіккендер · Мемлекеттік деңгейде қолға алынып, жүйелі қаржылық, ... саласындағы бүгінгідей

8 20 ҚАЗАН 2017 ЖЫЛРУХАНИЯТ

Рахымжан ОТАРБАЕВ

Ықтасында жатқан ел еді. Десе де, біздің ауылда жел тұрмаса да шөптің басы қимылдайды. Бұ жолы шынымен дауыл көтерілді. Шөп-шөңге емес, қарағай басын шайқады. Шайқамай қайтсін, Алматыдан асығыс жеткен хабар облыс басшы-ларын қос қолтығынан көтерген. Ол суыт жаңалық алатаңмен аудан асқан. Ауданның аздаған атқамінері алас ұрды да қалды. Қалай алас ұрмасын, Колбиннің өзі КСРО Жоғарғы Кеңесіне жүгірген иттің демі үзілердей алыста жатқан Қызылқамыс ауданынан өтемін десе. Қуанған мен қорыққан бірдей, әйтеуір аты жақсылық қой, деп естіген ел бір-бірінен сүйінші сұрасып жатты.

Өң-түстен айырылған жергілік-ті басшылық қайта-қайта бас қо-сып, мәжіліс өткізген. Облыстан кел ген хабарды бақса, республика басшысы мал өсіретін аудан эконо-микасымен танысады. Клубта дүйім халықпен кездесіп, емін-еркін сыр-ласады. Демек, болашақ депутаттың кандитурасын қолдап сөйлейтіндерді дайындау ләзім. Өңшең қазақты сай-ратып қоймай, бір орыс ұлтының өкілін табыңдар. Жүрегі жарылардай боп қуанып әңгіме айтсын. Соңында ауылдың бір ақсақалы алақанын кең жайып ба та беруі тиіс. Сосын қонақ бір озат шопанның дастарқанынан дәм татып аттанып кетеді...

Жарты күннің жүгі-жылдық тау-қы метке татып тұр. Райком хат шы-сы Есен Наушаевич бюро мүше лерін түн ортасында қайта жи наған. Төрт көздері түгенделген соң да сөз баста-май біраз отырып қал ды.

Ертең екі-үш тікұшақ Гурьев бет-тен қаңғалақ қағып кеп қонар. Өң-шең жақсы мен жайсаң сау етіп түсе қалғанда аяқ астына не төсе лер? Май топы раққа тобықтан ба тып тұрса... Клуб тың есігіне де йін тақтай жол сал-дыра ма, әлде ұзын қызыл кілемше жайды ра ма? Мә дениет сарайының құрылысы жуық та бітер емес. Қырық жылдан бері кино көрсетіп келе жатқан клубтың қайбір оңып тұрған жері бар? Орындық біткен шалқалап құлап жатыр. Ішіп алса бітті, осы ауыл жастарының қолында ылғи тас жүреді. Түнімен шыңғырып, бір-бірін қуалап жатқаны. Бүтін терезе қала ма? Үкіметтің дүниесі-ау, дейтін біреу болса ше? Бәрін жаңартып, жұмыртқадай ғып қояр еді. Оған қаралған ақша жоқ.

Оның да бір жөнін табар-ау, осы күні дүйім халық дегені бір пәле. Қойны-қонышы толған сауал. Кәрі қыздай қадалып тұ рып ала тындарын айтсаңшы! Сүй кей салды жауабыңды жұқана көр мес. «Бересің бе, жоқ па?» «Аласың ба, әлде?..» Ал, бәлем!

Қуалап кеткен ойын үзіп Есен Нау шаевич бюро мүшелеріне көз сал-ған. Он шақты еркек мұның жү зіне жәудіреп қарайды кеп.

– Күндізгі тапсырма не болды, рет- ретімен баяндаңдар, – деген ақыры бұл.

– Ауданымыздағы ұлы орыс ұлтының жалғыз өкілі Нюра жең-ге мізбен кездестім, – деп мәде ниет бөлімінің бастығы ентіге сөз бас тады. – Өмірбаянымен таныс тым. Өте бай екен. Геннадий Василье вичке жерлес боп шықты.

– Иә, айта бер.– Соғыс біткен соң алдымен Ка -

линград облысына күйеу ге шы ғыпты. Одан ажырасып Саха лин ге... Ол байы өліп Украи наға кеткен.

– Онда не істепті?– Бір жігітпен тағы бас қосып ты.

Ол ішіп кетіп, іссапарға барған біздің ағамыздың етегінен ұстапты.

– Ит-ау, бай өмірбаян дегенің осы ма?

– Енді қайтейін. Біл деген соң.– Әңгімесі қалай жатық па?– Сөйлесетін кісі жоқ. Орысша-

ға шорқақ. Өз тілінде балағатқа ғана жүйрік. Бәрімізге орысша боқ тау ды үйреткен сол жеңгеміз ғой.

– Тоқтат! Құрып кетсін! Клубқа жолатпаңдар. Пәлесі жұғар.

– Бір қаладанбыз. Барамын, қо лын аламын деп тәуір көйлегін киіп, үстіне әтір сеуіп әзір отыр. Ен ді қайттік?

– Таңнан қалдырмай облыс орта -лы ғын дағы санаторийге жолдама бе-ріңдер де машинаға салып жіберіңдер.

– Ол путёвканы әлгі қырсық Ал-саевқа бер дегеніңіз қайда? Бі рақ ол Есентуки болмаса бармаймын, Колбиннің өзіне айтар құпия сы рым бар деп келіп кеткен.

– Өзін ішеді деп есіттім ғой?– Анда-санда.Ішкі істер бөлімінің бастығы тәр-

тіп берілмесе де түсіндім деген дей бас изеп жатты.

– Әй, сен де сақ бол. Баяғы мас-қараң есіңде ме? – деп ашуға піс кен Есен Наушаевич қарнын құшақ тап отырған кеңшар директорын көзбен жеп жібере жазады.

Өйтетін де жөні бар. Бірде жаңа-дан тағайындалған облыс басшысы ауданға келіп, шаруашылықтарды аралаған. Кешқұрым осының үйі нен қонақасы берілген. Ас пен шәй орта-сында қадірлі мейман: – Осы сен дерде жөнді карта бар ма? – десін. Бұл ортаға екі-үш су жаңа ойын картасын тастап:

– Қайсысын ойнайтын едіңіз? Пре-феранс десеңіз қағаз, қалам әкелейін, – деп емпең қағады.

– Мен кеңшар территориясы сызылған картаны сұрадым, – деп жаңа басшы булығып қалды.

– Ондай картаны бір шебер суретші шақырып, келесі жылы сыз-дырайын деп отырмыз, – дейді бұл шімірікпестен. Әй, бет жоқ қой, бет!

– Ал батаға қай шалды шығара-мыз?

– Партиялық ұйымдастыру бө лі мі-нің меңгерушісі орнынан опыр- топыр көтерілген.

– Қаби шал бата беруге дайын. Бі-рақ сақалы жоқ, тіпті мұрттан да ада. Жақында көктұқыл ғып қырып тастап-ты. Жас жігіт сияқты. Тоқал алатын ойы бар деп есіттім.

– Тағы кім бар?– Жақсыбай қарияның тісі жоқ.

Былдырлап қалыпты. Сөзін кемпірінен басқа кісі түсінбейді. Дәуітке барып ем, құдалары шақы рып Ақтөбеге кетіпті. Бір аптасыз келмейді десті.

– Қаңғымаса бұлардың іші ауы ра ма осы? Айта бер.

– Сырлыбайға бата бер десем, оні кі де келіспеді. Бір ғана бата жат-тапты. Оның өзі сүндеттелген ба лаға қатысты бата.

– Сайын шал қайда?– Оның бір көзі жоқ. Соқыр шалға

қайтіп бата бергіземіз?– Қара көзілдірік кигізейік, –

дейді әлгі кеңшар директоры қар нын құшақтаған қалпы.

– Көрші ауданнан алдырыңдар. Жал дасаңдар да табыңдар! Бүгін түннен қалмасын.

– Келістік. Бірақ ол Колбин жол-дас қа батаны орыс тілінде бере ме, әлде қазақша?..

– Араластырып айтсын. Ара сын да «Қос тіл – қос қанатың» – де ген ді де қосып, құшағын кеңге жайып қойсын.

– Құп!– Ал қай шопанның үйінен қо-

нақасы береміз? – деген сұрақ оңай шешімін тапты. Бәрі бір ауыздан Ленин орденді Жәсеннің үйін да-йындау керек десті. Таң қылаң бере жаңа жиһаз, кілем, көрпе-жастық жеткізіледі. Ас-су қамдалады.

– Әйелі қандай еді? Түр-әлпеті, мінезін айтамын. Шәй құюы, та мақ қам дауы, – деген райком хат шы сының сауа лына отырғандар күміл жіңкіреп қалған.

Жәсен өзі ұзын бойлы, қыр мұрын, қияқ мұрт, келісті азамат. Ал әйелі Бәти болса... Таңқы та нау, алакөз, мінезі де алым-берім деу.

– Құрсын, нағыз көкдолының өзі. Ашуы бетіне кілкіп шығып тұра ды. Бір көзі далаға қарайды, қыли. Шіли шынаяқты шатыстырады да отырады.

– Жәй отырмайды, жан-жағына түкі ріп бітеді. Үлкен кісі ұшынып кетуі мүмкін.

Бюро мүшелерінің мына сөзі рай-ком хатшысын шынында да ойланды-рып тастады.

– Шәйді Әлимаға құйдырып, ас ты да соған жасатсақ қайтеді?

Әлима аудан орталығындағы орта мек тептің мұғалімі. Орыс тілі нен са-бақ береді. Жасы қырыққа келіп қал-ған кәрі қыз. Отырыстың гүлі. Әдемі-ше келген құмырсқа бел, төңкерілген қозы құйрық. Ән ші лігі және бар.

– Дәл таптыңыз, – деп отырған-дар бірден жадырап сала берді. – Сіз болмасаңыз...

– Бәти жеңгемізді де алдап-сулап облыс асырып жіберейік пе?

– Осы сенің алдауың да, сула уың да бітпейді. Үстіңнен қыр ғын арыз түссе де қоймайсың... Тиіс пеңдер, – деп Есен Наушаевич мәде ниет бөлімінің бастығын тапап тастардай болды. – Қазан-ошақ ба сында жүрсін.

– Жәсеннің жұбайы кім десе, қай сысын көрсетеміз? Әлиманы ма, Бәтиді ме? Қинайтыны осы ғой.

– Әй, сендер де. Екі-үш сағатта бі тіп кететін қонақасы емес пе? Көсі-ліп салып отырар деймісің. Ат танып

кетер. Ол жағын өзіме қал дырыңдар.Мәжіліске қатысқандар таң ата

та расты.Ертеңіне түс ауа Гурьев тұстан

ас пан ды гүрілге толтырып, екі-үш тік ұшақ Қызылқамыс ауданына кеп қонған.

Түске таман салынып біткен тақ-тай жолмен тағалы аттай тық-тық басқан өңшең басшы клубқа бет алған. Пионерлер қызыл галс тугі желбіреп қақ жарылып кү лімдеп тұрды. Аудан-ның «Ақ Жай нақ» ансамблінің әнші қыз да ры әр қонаққа иіліп гүл ұсынған. Ген надий Васильевич ерекше риза көңілде оң қолын көтеріп, есік көзінде ақтарылып тұрған кә рі-жасқа қошемет білдірген. Сәл тоқтап, айналасы-на назар тіктеп, қасын қара құстың қанатындай қағып-қағып жіберді де ішке енді.

Сыр мен әктің исі қолқаны қап-қанмен клуб жаңарып қалған. Те резе қырық жамаулы шыныдан құтылыпты. Шалқалап жатқан орындықтар сүре шегенің күшімен еңсе көтеріпті.

Жиын жарасым тауып жүре берді. Мінбеге мінген Колбин өзі КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болсын, тіпті сайланбаса да ауданның барлық жолына асфальт төсе тетінін, таза ауыз суды жетелеп әкелдіретінін, әр үй отынға ен дігі жерде газ пайдаланаты-нын тізбелеп өткен.

– Апыр-ай, жолсыз ит қорлық көріп отырғанымызды сезген-ау.

– Құдықтың кермек суын ішіп, ішіміз іріп кеткенін қайдан білді десеңші.

– Білмей енді. Көңірсітіп қи мен тезек жағып отырғанымызды да сез-ген ғой. Әй, сабазың, тусаң ту! Әкең жасамаған жақсылықты жасайын деп тұр ғой.

– Депутат жасайық!– Ал, қолдайық! – Құтқарушының өзі келген екен.Жоғары өрлеу үстінде жиын

аяқтала берген. Көрші ауданнан жеткізілген қария ақсақалы өңірін жауып, батаны бастап кетті.

Қазақша-орысша берілген ба-та ның өзі жарты баяндамадан кем соққан жоқ. Бет сипауға әзір тұр ған жұрт жайылған алақанына қарай-қарай жалыға бастағанда: – Біз дің аудан нан жүз пайыз дауыс алып, депутат атанасыз. Сізді сыйлайты-нымыз сондай, кәрі-жасымыз бірдей Көлбақа деп атаймыз. Бұл Колбин ақа дегеніміз, – деп демі жетпей тұншығып барып аяқтады.

Геннадий Васильевич мына іл ти-патқа тәнті боп, көз жиегі қызар ды. Айғыр үйір топтың ортасында сыртқа беттеген...

Жәсен төріне озған сәтте де Кол -бин осы риза кейіптен айыға алма-ған. Қарапайым қазақ ішінде сүйкі мі мол екен-ау. Ауыздарын ашса асқа-зандары көрініп тұрған жоқ па? Ке-шегі желтоқсан шата ғынан кейін алаң көңілде жүретін. Бүгін бір көркем са-быр тапқандай. Елге сенім арту керек екен деп бекі ген іштей. Бұлардың жоға ры жақта жүргендеріне емес. Олар дың ойнамалысы, ойыншысы көп...

– Жәсен ең озат шопанымыз. Жүз саулықтан жүз отыз екі қозы алды. Келесі жылғы жоспары одан да көп, – деп дастарқан үстінде райком хатшы-сы сөз бастаған, – жұ байы жанында отырған Әлима ханым.

– Міне, нағыз еңбек ерлері, – деп Колбин де ілтипаттан кенде қыл мады. – Тура қаладағыдай тұр мыс. Бәрі бар, бақуатты. Қазақ жас тары сіздерден тәлім алып, мал бақсын. Қалада көше кезгеннен не табады. Абырой да, атақ та ауылда.

– Өте дұрыс айтасыз.– Атакәсіптен артығы бар ма?

– Қаладағы өкпе жейді, ауыл дағы құйрық асайды. Міне, табыл ған ақыл, – деп қошеметшіл топ иық қомдасып оңбай жатты.

– Әлима ханым қандай көрікті. Өте жарастықты семья.

– Геннадий Васильевич Әлима қалада туып өссе де, ауылдың дәу ле тін көтеремін деп келгеннің бірі. Өзіңіз айтқандай жастарға нағыз үлгі.

– Қой бағу, төлдетуге сіңірген еңбегі қожайыннан кем болмас. Биыл Әлима ханымды Еңбек Қызыл Ту орденіне ұсыныңдар. Өзім қолдаймын. Бұл жер не деп аталады? Ертең Алма-тыға барған соң...

Орденді естігенде құлақтары қай-шы ланып, төбе құйқалары жыбыр-лап кеткен топ тым-тырыс қалған. Мойын дарын ішке тартып, бір-біріне қарасты.

– Әзірге аты жоқ. Егер сіз қар-сы болмасаңыз, осы жерді «Кол бин учас ток» деп атайық, – деп шәй құйып отырған Әлима тап-таза орыс тілінде тәттілеп қойып қал сын. Құмырсқа белін көтеріп, қозы құйрығын бір қозғап салды.

– Өте дұрыс!– Аузыңнан айналайын!– Ертең-ақ картаға саламыз.– «Колбин участок» жасасын!– Ат таба алмай қиналып жүр едік.

Қатып кетті!Колбин лекіте күліп, бас шайқа ға -

нымен қасы тағы да қарақұстың қана-тындай қағылып, көз жиегі қызарған.

– Ал Әлима осының құрметіне бір ән сал. «Ақ Жайнақты» әуелет!

– Жәсен екеуің мінгесіп айтың дар, – дейді есік көзінде қарнын құ шақ тап отырған кеңшар директоры.

– Бірлесіп де! Есен Наушаевич әлгінің санынан

оңдырмай шымшыған. – Құйысқанға қыстырылып... Ал, баста!

...Мен келгенде Ақ ЖайнақШәйі орамал бел байлап,Жүрсің бе әлде той тойлап, той

тойлап...Жәсен мен Әлиманың даусы өрісте

жаңа табысқан саулық пен қозының үніндей боп өріліп шық қан. Кешкі са-мал әнді алысқа сіңі ріп жатты.

– Жеңеше-ау, айдың-күннің ама-нында ағамызды қолды ғып алдың ба? – дейді бір қайнысы көлең кеде отырған Бәтиге кеп. – Колбиннің өзі бақытты болың дар, деп бет сипап жіберіпті. Бай ғазысына орден беретін көрі неді. Республиканың білдей бас-шы сының әр сөзі хатталып қағазға тү седі. Болмайды енді. Ағамыз Ақ Жай нағын тапты.

Сықылық атқан неме онсызда әрең отырғанда... Өре түрегеліп төргі бөлмеге ұмтылған.

Есік көзінде тұрған сыптығыр дай екі жігіт жолын бөгеді.

– Кімсіз?– Осы үйдің қатынымын.– Протокол бойынша жұбайы үй

иесінің жанында отыр. – Есіміңіз?– Бәти.– Ендеше сіз қазан-ошақтың қа-

сын да жүруіңіз керек, – десін бірі қо-лындағы қағазын әрлі-берлі ақтарып. – Мұнда сізді Жә сен ағамыздың қайынапасы деп көр сеткен. Ал аса құрметті қонақ отыр ған жерге ағайын-дарға кіруге тыйым салынған. Дауыс көтермеңіз. Әйтпесе...

– Мә, саған безгелдек! Қолынан жетектегендей ғып аула-

ға шығарып жіберген.Қысы-жазы азапты бұл арқа лайды

да орденді Әлима алады. Шәйді да сол құйып, бар құрметке бөле неді. Тіпті мұны өз есігінен сығалатар емес. Жүзқара байы мен иық түйістіріп отыр ған шығар, қозы құйрығын тақап. Үлкен кісінің батасын малданып, Жә сенге басып тиіп алар. Бұл сон-да осы екеуінің отын жағып, күлін кө сеп жүре ме? Қайынапа атанып! Көр се тейін ендеше! Атаукерелеріңді ішкізейін!

Аула ішінде қараң-құраң кісі көрін беді. Борбайлап кеп ошақта лаулап жанып жатқан отқа жүгініп оты ра қалған. Резеңке бауы босап кет кен дамбалын сыпырып жібергені сол еді... Шар еткізіп... Долылық қыс-қан да шыдата ма, алысқа шапшыды. Себе леген зәр таусылып бітсе екен-ау. Те зек шоғы аз-кем күл көтерді де, сөне бер ді...

– Қонақтар жүргелі жатыр. Тез ас түсіріңдер, – деген хабарда ке шікпей жеткен. Анадай жерде тұрған екі-үш тікұшақтың қанаты желдиірмендей айнала бастапты.

– Ет әкеліңдер! Бірер сағаттан соң Геннадий Васильевич Алматы-ға ұшады.

– Ойбай, ошақта от жоқ. Ет әлі піспепті. Тастай. Қамыр салынба ған. Енді қайттік?

– От қайда?– Біреу су құйып кеткен сияқты.

Шылқып жатыр.– Суы несі?– Мана Бәти жүгініп кеп... Көзім

шалған. Әй, отырысы жаман еді.– Не дейд?– Құрыдық! Тап-таза масқара!Геннадий Васильевич ет жемей

аттанған.Ақыры Колбинге жер аты бұ йыр-

мады. Құрдастары әзілдеп айтса да, бара-бара құлаққа сіңісті боп, сол участок «Бәти сиген» ата нып кет-кен. Қайда барасың, қай дан келесің десе... Әне! Кейде қы зыға қарайсың. Жарықтық сол ше шеміздің бағын айтсаңшы! Әйт песе кім қай жерге шаптырмай жатыр...

Бәтидің бағыӘҢГІМЕ ӘЛЕМІ ТУЫСТЫҚ ТУЫ

Түркіге ортақ туынды

Әмірұллах ӨЗДЕМИР,жазушы

Шебер жазушы Шер-хан Мұртазаның қа ламы-нан туған «Ай мен Айша» атты романының Түр-киядағы ең алғашқы оқыр-манымын. Өйткені түрік тіліне аударылған алғаш-қы нұсқасын редакциялау бақытына бөлендім. Қа-зақ елінде «Халық жазу-шысы» атанған осын-дай ұлы ұстаздың, заң ғар ойшылдың түрік тілін-де енді ғана жарық кө ріп отырған үлкен шығар ма-сы ның әрі оқырманы, әрі ре дакторы болу мен үшін мақ таныш, баға жетпес байлық. Тұтас бір дәуірді, сол дәуірде өмір сүрген қалың халықтың өмірін көрсе те тін «Ай мен Айша» романы туралы сөз етпестен бұрын Тұран аймағында туған осындай талантты жазушыларды таныған сайын шексіз қуанатындығымды және мақтаныш ететіндігімді білдіргім келеді. Тіпті адамның көңілін толқытып, ой са-латын осындай шынайы жазылған шығармаларды оқып, «Әттең, осы кітаптың авторымен бұдан бұрын неге та-ныс болмадым?» деп көкірекке өкініш сезімі ұялайды. Ортақ рухани мұраға ие болып отырған біздердің, әсіресе, әдебиет пен өнер саласындағы кешеуілдеген жағдайымыз мені қаншалықты қапаландырған болса да, болашақта «Ай мен Айша» сынды ірі туындылардың сол кем-кетігімізді жамайтындығына, болашақ ұрпақ алдындағы пендешілігімізді жасыратындығына кәміл сенемін.

«Ай мен Айшаны» оқу мен үшін естен кет-пес ерекше оқиға болды. Жан-дүниемді толқытты. Тәлім алдым, тәжірибе алмастым. Шығармашылық шыңына жеткен Шерхан Мұртазаның шұрайлы тілі алғашқы бетінен-ақ тартып әкетті. Бақсам, романның бас кейіпкері Барсханның туған ауылы Мыңбұлақта, құбыламызға айналған Тәңіртаудың етегіндегі қыстың аяусыз аязы бетімді қариды. Жазушы ретінде қалам тербеткен шығармаларымда оқырманның назарын тартуды, шығармадағы шытырманды оқиғаның куәсі болғанындай әсерге бөлеуді мақсат еткендіктен, оқып отырған туындылардан да осы сезімді еріксіз іздейсің. «Ай мен Айшаның» әрбір жолында, әрбір сөйлемінде осыны сезіп отырасың, әрбір оқиғаны куәгер ретінде бастан кешесің. Кей жерлерде Барсханның әкесі, Бердімбеттің ұрпағы Мұртазаға есіктің түйенің көзіндей тесігінен қарадым. Кей тұстарда дәуірдің ауыртпалығын арқалаған Айшамен бірге қызылшаға барып, қолхоздың жұмысына араластым. Кейде қолхоз бастығы Жуанқұл мен тастан жаралған бригадирі Тасбетке ашуландым, ашуым басылмай айқай салдым, зұлымдықтарын көріп қарғыс айттым.

Яғни, сол бір сәтте бүкіл әлемге соғыстың кезінде өмір сүрген балауса балғын шағындағы баланың – Барсханның көзімен қарай бастадым. Ашығын айтқанда, мен үшін азапты да мұңға толған сапар болды. Лап еткен лаңкестіктің, алапат соғыстың өрті қазақ даласына қалай жеткендігін көрдім. Халықтан басқа иесі жоқ, Құдайдан басқа киесі жоқ Қазақ елінің тауқымет тартып, түрлі қиындықтарға душар болғанын көру оңайға соқпады.

Өткен шақты баланың көзімен жазудың қаншалықты қиын екендігін жақсы білемін. Баланың көңіл көзі арқылы жаза білу үшін сол балғын шақтан қалған бейкүнә сезім жазушының жан-дүниесінде сақталуы керек. Ал ересек адамға осы кіршіксіз таза көңілмен табиғи түрде жеткізу үшін үлкен қабілет, талант пен шеберлік керек. Қаламы жүйрік жазушыны, осындай дархан дарын иесін құр сөзбен мақтау артық болар, алай-да Шерхан Мұртаза Бейдің «Ай мен Айша» атты рома-нында осыны үлкен шеберлікпен алып шыққандығын, терең ойшылдығымен шығарманы биікке көтергендігін және ішкі тазалығы мен сүйіспеншілік сезімі арқылы туындының көркемдік деңгейін көтеріп, поэтикалық са-рынын байытып, эстетикалық табиғатын сақтағандығын айта кеткен жөн.

Сонымен қатар романда маған қатты әсер еткен кейіпкер Айша болды. Қатал тағдырға мойымаған Айшаның мығым болмысына, ана ретінде Тәңіртаудың жартасындай алып тұлғасына таңғаласың. Ол ол ма, балалары Барсхан, Батырхан және Құрмаш үшін сонау алапат соғыс кезінде жанталаса күресіп, ар-намысынан айырылмай, абырой-беделін сақтап қалғандығы айрықша әсер етті. Қазақ әйелінің образын, Айшаның бет-бейнесін көз алдымда елестетіп отырғанымда, Тұмар қаншайымының ғибратқа толған ғұмыры мен парсы пат-шасына қарсы жүргізген күресі еріксіз еске түседі. Менің «Томирис» деп аталатын романымның басты кейіпкері Тұмар патшайым еді. Міне, Тұмар Хатун мыңдаған жылдан кейін Айша арқылы қайта өмірге келген сияқты көрінді. Бір аймақта ғұмыр кешкен асыл аналарымыздың рухани болмысы мен жан-дүниесінің бүгінгі күнде де сақталғандығын көру қандай бақыт! Соңғы күндерде Тәңіртаудың етегінде қолхоздың қызылшасын жинап жүрген Айшаның қайталап айтатын сөзі есіме жиі түсетін болып жүр.

«Иттің иесі болса, бөрінің Тәңірісі бар».«Ай мен Айша» романы – бүгінгі ұрпақ үшін

сөзсіз ғибратты туынды, энциклопедия деуге болады. Қаншама өсімдіктердің аттары аталған десеңізші. Бір ғажап дүние! Аймақтардың атаулары, тарихи аңыздар мен әфсаналар, ауыздан ауызға жеткен ертегілер, мақал мен мәтелдер, айта берсең көп. Сөзді айтсаңызшы, кәдімді қазақтың сөзін, түркіден қалған терминоло-гия. Мысалы, романда «бөле» деген сөзді көргенімде, кәдімгідей толқыдым. Қазіргі түрік тілінде ұмыт болған сөз. Бүгінгі ұрпақ оның орнына ағылшын тілінен ен-ген «кузен» дегенді қолданады. Алайда баяғыда біздің ауылда нағашыларымның балалары бір-біріне «бөле» дейтін. «Ай мен Айша» романын оқымай тұрып, бұл сөзді ауылдық диалектика деп ұғып келдім. Енді атақты жазушының түрік тіліне аударылған шығармасының арқасында ұлттық санамызға жақын бұл сөздің түгел түркі жұртынан қалған ортақ мұраның бір бөлшегі екендігіне көз жеткіздім. Демек «Ай мен Айша» атты роман – түгел түркіге ортақ, түркі әдебиетінде орнын ойып алатын үлкен шығарма, баға жетпес туынды.

Әуелі, «Ай мен Айша» атты романды түрік тілінде шебер сөйлеткен жазушы Мәлік Отарбаевқа және кітаптың жарыққа шығуына атсалысқан барлық иман-ды азаматтарға оқырман ретінде және Тұранға ғашық болған қаламгер ретінде шын көңілден алғыс айтамын. Әрине, ең үлкен алғыс ұлағатты ұстаз, классик жазу-шы Шерхан Мұртаза Бейге арналады. Әлем әдебиетіне және оның арғы бетінде жатқан Тұранға дәл осын-дай теңдессіз туындыны сыйға тартқаныңыз үшін бар болыңыз, сау-саламатты болыңыз, Ұстазым! Ғалам айналғанша есіміңіз мәңгі жасасын!

ТҮРКИЯ

Page 9: Ту†ан жерге ту тіккендер · Мемлекеттік деңгейде қолға алынып, жүйелі қаржылық, ... саласындағы бүгінгідей

20 ҚАЗАН 2017 ЖЫЛ 9ӘДЕБИЕТ

Биылғы жылдың Нобель сый лығы тегі жапондық, Бри-та ния жазушысы Кадзуо Иси-гуроға «романдарындағы ала-пат сезім қуаты əлем мен адам арасындағы тылсым байланыстың тұңғиығына жол ашқаны үшін» берілді. Британия басылымдары Исигуроның лау реат атануын жа-рыса жазып, қазіргі заманның ең беделді жазушыларының санаты-на қосып отыр. «Financial Times» газетіне берген сұхбатында Кад-зуо өзіне ықпал еткен жазушы-лар деп: Джейн Остин, апалы-сіңілілі Бронте, Толстой, Чехов, Хемингуэй, Керуак пен Мейларды атаған. «Guardian» басылымы əдебиет сыншысы Стивен Пейдж -дің «сезім қуаты мен интеллек-туалды қызығушылығы оның прозасының ең басты қа сие-ті» деген пікірін келтіріпті. «Independent» газеті болса, Иси-гуро Нобель сыйлығын алған кез де құттықтаған хабарлама-сында оны Британияның ең ірі романистерінің қатарына кір-гізген.

Кадзуо Исигуро туралы орыс жазушысы, əдебиет сыншысы Александр Генис былай депті:

– Бір жазушыны түсіну үшін оған дейінгі қаламгерлермен салыстырсақ жетеді. Өйткені бұрынғыларды талдап, таразы-лап үлгердік. Əдебиет сыншы-ларының бұл «əдісінде» тұрған ештеңе жоқ. Тек шектен тыс салыс тырумен əуестеніп, сы-ңаржақ пікірді қызықтап кет-песе болғаны. Шкловский айт-қандай, жазушы жегенімен емес, қорытқанымен қоректенеді. Сон-дықтан аннологияға əдебиет те əрқашан орын бар. Швед ака-демиясының тұрақты хатшысы Сара Даниус та: «Джейн Остин мен Франц Кафканы араласты-рып, оған аздап Прусты қоссаңыз, Кадзуо Исигуро шығады» деп айтып үлгеріпті. Мен оған жа-пон классигі Танидзакиді қосар едім. Əйтпесе шебер жазылған «Майда қар» романы соншалықты сəтті шықпас еді. Меніңше, оның шығармаларында тұрақты ин-гредиенттер жоқ. Исигуро бас-қаларды айтпағанда, өзіне де ұқсай бермейді. Қайталау – Исигуроның фобиясы болса, əр түрлі болу – оның кредосы. «Баянсыз əлем суретшісі» ро-ма нында жазушының осы ұста-нымын аңғартатын мойындау бар. Оның бір кейіпкері: «Такэда шеберханасында алған тəжірибем көптің артынан соқыр сеніммен

ілеспей, мені жетелеп келе жат-қан жол дұрыс па деп салқын ақылмен ойлауды үйретті. Егер мен сіздерді бір нəрсеге сендіргім келсе, ол таптаурын жолмен жүр-меу» дейтін.

Исигуроның өзгеше болуы-на оның биографиясы да əсер етті. Нагасакиде туған жазушы жеті жасында əке-шешесімен бірге Британияның бір провин-циясына қоныс аударады. Ол аймақта Исигуроның отбасынан басқа Қиыр Шығыстың адамда-ры жоқ болатын. Оның тұңғыш кіта бының туыстары мен өзіне бел гісіз аймақ туралы болуы заң ды еді. «Баянсыз əлемнің суретшісі» романы жиырма-сыншы ғасырдағы ең үздік жа-пон романдарының үлгісінде жазылған. Босаң, нəзік сюжетті, импрессионистік деталь дары түйсік арқылы дөп тиіп отыра-ды. Романның өне бойындағы дүниеге көзқарасы аясында жайы -лып жатқан автор образы мен өзіндік əңгіме айту стилі ерек-ше. Солай бола тұра, барлық шығармаларында нақты уақыт бар. Соғысқа дейінгі жəне соғыстан кейінгі Жапония. Оның романдары ағылшын тілінде жа-зылды дегенге сену қиын. Тіпті, жапон сыншылары: «Исигуро жа-пон тілінде сұхбат бермеуінде бір қулық бар» деген болатын. Британ аралына жараспайтын тегімен оны

ағылшын жазушысы деуге тағы болмайтындай. Оның жапон бо-луы, əрқашан жағдайдан сырт, дер-бес ойлауға зор мүмкіндік береді. Сол артықшылығы ең даңқты «Қалған күн» романын жазуға сеп болды. Бұл романы үшін Букер сыйлығын алған кезде, ағылшын сыншылары: «Бір ұрпаққа жүк бо-латын нағыз ағылшын романы жа-зылды. Авторы – Кадзуо Исигуро» деп жазған.

Өзін қайталауды мүлде ұнат-пай тын Исигуро бұдан кейінгі ро ман дарын психологиялық трил-лер һəм ғылыми фантастика мен ұштастырып жазды. Жанры -ның сан алуандығы, ылғи қыр-нап-жонып отырса да қуа ты нан айырылмаған, есесіне бірден көзге ұрмайтын алапат сезімі Швед академиясын Но бель-ге лайықты қаламгер еке ніне сендірді. Осыған дейін əде биеттің ең басты сыйлығына ие болған əріптестеріне қарағанда лау-реаттығы ешқандай дау тудыр-майтын нағыз жазушы.

Дайындаған Бағашар ТҰРСЫНБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІ

Өзіне ұқсамайтын Исигуро

Жәркен Б�ДЕШ, ақын

Соңғы уақытта қазақ жазушыларын қайталап оқуға ден қойдым. Төлен Əбдік жетпіс бес жасқа келді дегенде, кітаптарын қайта парақтап шықтым. Жа қында ғана «Парасат майданын» оқыдым. Уақыттың алдына шығып, заманнан озып оты ратын шығармалар болады. Қай кезеңде оқысаң да сол кез-де жазылғандай əсер бе реді. Жəне осы ескірмейтін шы ғармалар қайталап оқысаң да жалықтырмайды. «Парасат май даны» – осы санатқа кіретін шығарма. Адам қартайған кезде уақытына көп алаңдай бастай-ды екен. Жасыратыны жоқ, өмірдің көп қиындығы жас келгенде түк ке тұрғысыз боп қалады. Бір кез дері сол қиындықтармен жан аямай күрес-ке ніңді ойлағанда, кейбірін күліп, кейін жылап

ес ке аласың. Күлетінің: баянсыз дүниені баға-лы деп ойлаппыз; Жы-лайтының: ең аяулы құн -дылықтар үшін күре сіп, бірді-екілісіне ғана қол жеткі зіппіз.

Сонда қартайған ақын не туралы ойлау керек? Əрине, өмір туралы. Ал «Парасат майданы» күн-делік иесі мен бейтаныс құрбы ара сындағы өмір туралы таңғажайып əңгіме. Зұ лым дық пен ізгіліктен тұ ра тын мына əлем ақ пен қара ның шайқасы ғой. Төлен жал пы адам заттық кеңістікте ой қоз ғаса, мен өз үйші гі ме кіріп алып, «Парасат майданы» ар қылы өз ғұмырымның ақ-қара сын ажыратуға тырысамын.

Ізгілік нұры сөнбеуге тиіс. Оған Төлен Əбдік сияқты қа лам герлердің шығармалары көп кө мек көр сетеді.

НЕ ОҚЫП ЖҮРСІЗ?

Ескірмейтін шығармалар қайталап оқылады

Келді: адалы, кетті – ұзақ тұрмады...

Жанна ЕЛЕУСІЗ

...келді: адуын,қайраттысы, қаһарлы,келді:ішкені уды, өртті, зəһарды,келді:арамы, айлакері, пысығы,келді:талай шулатқандар шаһарды,келді:сіз деп сызылғаны, сырғағы,келді:мен деп жын ұрғаны, ырбаңы,келді:ақкөңіл, кетті – ерте құрбан боп,келді:адалы, кетті – ұзақ тұрмады...

...жерді қазып, жүйріктей желген – көп.Аспандық жыр!..Тек сол Жерге келген жоқ.

Енді қанша жылға жетпес, жетер дем:Аспаныма тағы Жалғыз кетем мен...

Өмір сүр...Қарама Мұңның көзіне.Батып кетесің.Көзіме қара – көңілімнің жағдайын біліп.Онсыз да жүр ғой ісіріп Бақыт шекесін!Адамда тұрып – айнаға Маңдайын ұрып......Іздеме Ойды.Іледі ол жыртық жеріңнен!..Кетеді сосын өзінше тоқып жаныңды.Былай да Тағдыр қаламын ұстап желінгенТауысар болды малумен күнде –Қанымды......Армандама да.Қиялдама да, өтінем.

Шөлдей бергесін Жүрек те қайтер?..Кебірсір.Ғарыштың мынау Мен дейтін сүйіп бетінен,тіріліп ал да!Жəй ғана Ұзақ өмір сүр!..Өмір сүр –Көріп Таңдардың қалай атқанын!Батқанын тағы батысқа Күннің – қара да.Ақша бұлттардың адам бармайтын АппағынКөзіңмен емес, Жаныңмен ашып арала!..Өмір сүр!Жерден табылмаса да керегің...Келмесе, егер, көктеген бейуақ Гүлді үзгің!...Топырақтың да адам көрмейтін ТереңінТілі ғой... дей сал түсініксіздеу бір Қыздың....Қарама Мұңның көзіне!Батып кетесің...Қайтады сосын қара жамылып небір сыр.Онсыз да жүр ғой ісіріп Бақыт шекесін...Өмір сүр, жаным.Жəй ғана Ұзақ өмір сүр...

* * *Қызғалдақтың – даласы бар. Гүлзар бақтың – қаласы бар. Өз ортасын таба алмаған –менің Жаным аласұрар…Адамдардың – ауылы бар. Алаңдардың – қауымы бар. Қайда менің өз Отаным? Жүрегімді тауып, ұғар…Дос біледі. Ол – ғапылдан. Жау күледі – жақыннан. Ақын: – Қоғам! Ортам!.. дейді. Мен шошыдым ақыннан…Айдалаға қашқан шынар – талдар шымшып, тастар сынар. Аспан шығар — менің Елім? Менің елім — Аспан шығар……көп қарайды маған Көпсіп. көк қарайды маған Көксіп. – Өлесің ғой… дегендерге, – Өлеңмін!.. деп барам –Өксіп…

Кемпірдің көршісіне айтқаны

Марқұм ұлымды бала кезінен-ақ беті-нен қақпай өсірдім. Бес жасында ағасынан қалмай əріп таныды. Директордың бірінші сыныпты оқымай-ақ, екіншіден бас тасын дегеніне көнбедім емес пе? Құр дас та рым-мен бірге оқығым келеді деп өзі де өтінді. Сол құрдастары түбіне жететінін кім біл-ген?! Əттең, екінші сыныпқа секірте беру ке рек еді... Қатарының алды боп өсті. Мек-тебін алтын белгіге аяқтап, университетке түс кенде кішігірім той жасап едік, иə-иə, өзің де келдің емес пе?

Адам өлетінін сезеді ғой. Демалысқа кел генде сол тойда түскен суреттерді шы ға рып əкеп, төргі бөлмедегі шкафтың үстіңгі сөресіне əдемілеп жинап қойыпты. Сосын мені шақырып алып: «Жиырма жа сы ма тым көп естелік, ə?» – деп еді. Ке те тінін сезген ғой, құлыным, қайдан білейін... Енді ойласам өзегім өртенеді.

Сол түні қорқынышты түс көрдім. Қап таған қара қарғалар аппақ арғымақты тірідей жеп жатыр екен. Құстарды үркі-тейін деп тас лақтырып едім, өзіме қарай құжынап келе бастады. Үйге тығылып үлгерген екенмін деймін. Есік, терезені тарсылдатқан қарғалардың даусынан құлағым тұнып, селк етіп оянып кеттім. Түнгі екі-үштің кезі екен. Енді ұйқым келсейші...

Өз еркімен куәгерлікке келген жігіттің сот

тергеушісіне айтқаныОл өзіміздің жиналатын жерге уақы-

тында келді. Ол қай жер дейсіз бе? Қыр-манға баратын жолдағы көпір бар емес пе? Соның дəл жанында. Жастар арасын-да ол көпір – «Махаббат көпірі» деп ата-лады. Ауыл көшесін аралап, дүкен жаққа бардық, қарызға сыра алдық. Неге? Қазіргі жастарға сыра ішу үшін ешқандай себептің керегі жоқ, тергеуші ағай.

Айдар мен Ерсін бізден бөлініп, Айман-ның үй жағына кетті. Олар түріктің телехи-каяларын көргенді жақсы көреді. Əсіресе, бейуақ мезгілде басталатынын жібермейді. Əлгі мұртты түрік жайлы. Əңгімелері де сол телехикая айналасында.

Кешіріңіз... Өзіңіз ғой барлығын айтып бер деген... Сыра ма? Иə. Сыра ұрттап,

көпір жаққа қайта бардық, карта ойнадық. Жоқ, ол сыра ішпейді. Жалпы ішкенін

көрген жоқпын. Айтпақшы, мектепте оқығанда бір рет ішкенбіз. Ол оқиға тура-лы айтпай-ақ қояйын.

Бір кезде Ерсін жүгіріп кеп, Айманның Айдар ға ғашық екендігін жеткізді. Бар-лы ғы мыз аң-таңбыз. Қаза болған жігіт сенбеймін деді. Ерсін таңдайын тақыл-датып, телехикаядағы бір кейіпкердің да-уысын салып:

– Ендеше, Айманның жаңа ғана Айдар-ды бетінен сүйгенін қалай түсін діресің, өз көзім мен көрдім. Бақыттан басы айналып, қуанышы қойнына симай келе жатыр! – деді. Мұны естіген ол ашуланып, карта-сын шашып жіберді. Екеуі қол алысып, бəстесіп жатқан. Неге сенбеді екен? Құр-дас тар ойын ретінде қабылдадық. Мек-тепте оқып жүргенде Айман мен марқұм болған жігіт екеуі бір партада отырған. Соң ғы қоңырауда жарасымды жұп боп, вальс биледі.

Содан кейін бе? Əрине, Айдардың Айманды ертіп келгенін көріп, ол тіпті ашулана бастады. «Ерегіскенде, не айтсаңдар да жасаймын! Айтқандарыңды орындай алмасам өлтірсеңдер де, мейлі, сертімді бердім! Жігіт болмай кетейін! Ал айтыңдар! Кəне!..» деп жын ұрғандай айқалап шыға келді. Біреулер əзіл деп қабылдады, біреулер «ішпей мас болу де-ген осы...» деп көңілге алған жоқ. Ерсін карта ойнап отырғандардың қатарын толықтырып жатып:

– Мықты болсаң өткен айда қайтыс болған Кемел марқұмның қабіріне ба-рып, тура басы жатқан тұсқа қазық қаға аласың ба? – деп күлді. Оның ашуланып: «Қағамын!» дегеніне тағы бір-екі жігіт қолдарын сермеп:

– Қой енді, қолыңнан келмейтін істі айтып, аузыңды былғама, қаға алмасаң үстіңдегі судай жаңа пальтоңды бізге бересің. Əй, бірақ, бəрібір қаға алмайсың ғой..., – деген сөздермен қайрап, отқа май құйғандай болды. Ол болса көзі жыпы-лықтап, түкке түсінбей тұрған Айманға ыза дан булығып бір қарап алды да:

– Айдар, жүр менімен! Сенің үйің жақын ғой, қазық пен зілбалға алып шықшы... – деп қараңғыға сіңіп кетті.

Оның тістеніп сөйлегенін бəрі естіді. Біршама уақыттан кейін Айдар жанұшыра жетіп келмесі бар ма, көздері шарасынан

шығып кетердей алақтайды. Бəрі бейіт жаққа жүгіріп кетті де, Айман жалғыз қалып қойды. Оны үйіне апарып тастау ке-рек. Қыз баланы қараңғыда жалғыз тастап кетпеймін ғой. Айманды үйіне шығарып салып, жігіттердің келуін күтемін деп ойла-дым. Жол бойы үнсіз келдік. Мойнымызды созып, бірнəрсе көрінетіндей бейіт жаққа қарап қоямыз. Үйінің алдына келгенде «сау бол» дегендей басын изеді де, жасыл қақпаға еніп кетті. Мен үйіме қайттым. Жігіттерді күткім келген, бірақ шаршап тұрғандықтан... Күні бойы ауыр жұмыс істедім... Ұйқым келіп... Үйге қайттым... Апам алаңдайды.

Жоқ-жоқ, ешқайсысын көрген жоқпын, жастыққа басым тиген бетте көзім ілініп кетіпті. Ертеңінде естідім. Жақсы бала еді...

Айдардың сот тергеушісіне айтқаны

Айман екеуміз бұрыннан жақсы доспыз. Мектеп тəмəмдағаннан бері арамыздағы достығымыз тіпті артты. Қайтыс болған жігіттің оқуға түскенін естігенде Айман қатты қиналды, себебі оның қалаға кет-кенін қаламайтын. Оның демалысқа келгенін естіген Айман кездестірші деп өтінді. Сол түні «Махаббат көпірі» жаққа ертіп келген ем. «Ол балалармен сонда отыр, қазір оңаша қаласыңдар!» – дегенде қуанып, бетімнен сүйіп алды...

Көпір жаққа барып ек, бірі «қаға алмайсың!», бірі «жоқ, қаға аламын!» деп дауласып жатыр. Ол менен қазық пен зілбалға сұрағанда, ойымда ештеңе жоқ, үйден алып шықтым. Иə, қолымнан жұлып алды да, бейіт жақты бетке алды. Тоқтайтын түрі жоқ, еріксіз балаларға айттым.

Шалынып-сүрініп барлығымыз жетіп келдік. Ол өлгендер ауылына кейіннен қосылған Кемел марқұмның қабірі жа-нында тұр екен. Бізді көрген бетте жалма-жан қабірдің үстіне тізерлеп отыра қалып, қазықты əлі шөгіп үлгермеген топырақтың құбыла жағына қолымен қадап, екі тізесімен қысып алды да, зілбалғамен ұра бастады. Аруақтар сарайының есігін қаққандай тұншығып шыққан зілбалға дауы сы барлығымызды есеңгіретіп, ор-нымыздан қозғала алмай қалдық. Əрі қарай көп нəрсе есімде жоқ, көз алдым

тұманданып, ауылға қарай жүгірдім. Үйге жете сала білетін дұғаларымды жүз қайтара оқып, кірпік айқастыра алмадым. Сол күні таң да атпай қойды.

Қаза болған жігіттің көріпкел құлағына

сыбырлағаныМен қабір басына Айманды жақсы

көргендіктен бардым... Мен жігіттердің алдында есіріп артық сөйлегенім үшін бар-дым... Мен өзіме-өзім ерегісіп бардым... Барды-ы-ым...

Қабір басына келгенде қазықты қақ-пай- ақ қояйын деп өзімді тоқтатқан едім. Бірақ достарым келіп қалғанда намысым жібермеді. Одан да өлгенім артық! Бірақ, мен өлмедім, қазір сенімен тілдесіп отыр-мын емес пе?! О, құдірет, менің тəнім ғана өлді. Мен оны бар болғаны киім шешкендей тастай салдым! Бірақ жаным əлі қиналуда. Мəңгілікке маталдым мен, көріпкел...

Бір сəтте аруақтар мекенін жаңғыртқан дауыстан селк етіп есімді жидым. Санамды торлап алған ыза-кек, ашу, қызғаныш тұманы əп-сəтте сейілді. Бірақ қазықты қағып жатқан қолым өзіме бағынар емес. Бойымды билеп алған əлдебір күш мен үшін қимылдап жатқандай. Сосын тіземе қысып ұстап тұрған қазықтың адам бассүйегін тесіп өтіп, былжырап кеткен мидың қабір ішіне ағып жатқанын көзіммен көрдім, теріммен сездім, құлағыммен естідім. Мазарлардың көлеңкесінде тығылып, сыр-тымнан бақылап тұрған аруақтар бір көрініп,

бір көрінбей жан-жағымнан табалай бас-тады. Кемел марқұмның көрі мені ішіне қарай жұтып, тұңғиыққа тартып əкетіп бара жатқандай. Зілбалғаны тастай салып, тұра сала қашпақ болдым. Бірақ пальтомның етегінен əлдебір күшті қол ұстап қалды. Қайта тұрайын деп ем жібермеді.

Мен аруақтардың қаһарына ұшыраған елеспін! Тыңда мені, көріпкел!

Құлағым тұнып, көз алдымда мың-миллион жарықтар жарқырап жатты. Тағы ұмтылдым, аруақтар пальтомның етегінен ұстап алған, өзіне қарай тартатын сынды. Дауыстап жылап жібердім, өз дауысым өзіме бөтен естілді, мен емес бұл жылап жатқан, мен емес! Қатты жұлқынып қалып ем, түнек тырнағына ілінген пальтомның етегі «Һ-һыыырррқққ» етіп жыртылды, олар мені жібере салды. Сүрініп-жығылып ауылды бетке алдым. Артыма қарауға қорықтым. Кемел марқұмның аруағы біресе оң, біресе сол жағымнан шығып, қыр соңымнан еріп келе жатқандай бол-ды. Көзімді тарс жауып, жүгіре бердім, жүгіре бердім. Көзімді ашсам алдымнан шығатындай... Төтесінен үйге тарттым, кіре сала пальтомды шешіп, бұрышқа лақтыра салдым да төсекке құладым. Есіме ешбір дұға түспей қойды. Көз алдым қарауытып, үйдің көлеңкелеріне тығылып тұрған елестер кеудеме мініп, жүрегіме қазық қағып жатты. Мен тұншығып, мəңгілік мекеніме айналған осынау түнекке сіңіп кете бардым...

Алмаз МЫРЗАХМЕТ

Түн жанарындағы жас

Жәркен Б�ДЕШ,

Ескірмейтін шығармалар қайталап оқылады

ПОЭЗИЯ АНТОЛОГИЯСЫ

ПРОЗА

Page 10: Ту†ан жерге ту тіккендер · Мемлекеттік деңгейде қолға алынып, жүйелі қаржылық, ... саласындағы бүгінгідей

10 20 ҚАЗАН 2017 ЖЫЛСПОРТ

ФУТБОЛ БӘРЕКЕЛДІ!

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Күз солтүстікқазақстандық спорт шылар үшін �те табыс-ты мау сым болды. «Надеж да» әуесқой лар клубының мү шесі �скер Қожа нов Ас тана қаласында �ткен «Self Transcendence – �зіңді-�зің ба ғын дыру» ультрамара-фонында 70-ке жуық желаяқты шаң қаптырып, 204 шақырымдық қашықтықта алдына жан салмады. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

�мір ЕСҚАЛИ,«Егемен Қазақстан»

Ол 16 жылдың ішінде 85 марафонға қатысып, 9 мəрте кубок, 29 медаль иеленді. Ендігі арманы – Гиннестің рекордтар кітабына ену. Іле-шала «Алматы туры-2017» халық аралық жарысының 4 дүр кін же ңімпазы Алексей Луценко «Вуэльта Испания» велокөпкүндік жарысының бесінші кезеңінде жеңістің ең биік тұғырына көте рілді. «Тур де Франс-2017» таныс ты рылы-мына шақырту алды. Жақ сы хабар дың ізі суымай жатып Ашғабадта өткен Азия ойын-дарында велошабан доз Артем Захаров тректе жеңім паз, ом-ниумда күміс, жеңіл атлетші Михаил Литвин 400 метрге жү гіруден қола жүлдегер атан са, балуанымыз Данияр Кəленов алтыннан алқа тақты.

Зілтемірші Айдар Қазов-тың ай шықты асуы неге тұрады! Оның Тай пэй қа-ласында əлемнің 142 елінен 7 мыңға жуық спортшы қатыс-қан студенттердің ХХІХ дү-ниежүзілік Уни вер сиада-сындағы топ жарған зор та-бысына аймақ басшысы Құмар Ақсақалов та ортақтасып, ар-найы қабылдады. Ауыр атлет-шіні еліміздің көк байрағын жел біреткен айтулы жеңісімен құт тықтап, ақшалай сыйлық табыс етті. «Жеңіс жо лы қа-шанда ауыр. Тайпэйде серпе көтеруден үштікке еніп, жұл-қа көтеруде Канада мен Ресей зілтемір шілері бағындыра алмаған 186 кило ны көтеріп, алтын тағдыры аса та ртысты жағ дайда шешілді. Ең мық-ты қар сыласым – Рио жаз ғы Олим пиадасының чемпио-ны Ниджат Рахимов. Алда серпе көтеру нəтижесін жақ-сарту мін деті тұр», деген бо-латын БАҚ өкілдеріне бер-ген сұхбатында. Ауыр атле-тика дан Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы ке-ңесші-бапкері Энвер Түр кіле-ридің «Айдардың бойында

Олим пиада чемпионы атануға қажетті қасиеттердің бəрі бар» деген пікірін ескеретін болсақ, жарқын жеңістермен қуантары сөзсіз.

Данияр Кəленов жайлы сөз бөлек. Азия құрлығының кіл мық тылары жиналған бəсекеде балуандар арасынан ол ғана ел қоржынын алтын жүлдемен еселеді. Алғашқы белдесуде боз кілем иесін, яғ-ни түрікменстандық балуан-ды 5:0 есебі мен ұтып, келесі айналымда қы тай лық ты 8:0 есебімен ойсырата жеңді. Жар тылай финалда Өзбек-стан намысын қорғаған қан-дасымыздан айласын асырса, ақтық жекпе-жекте иран дықты қапы қалдырды. Мұның ал-дында ел чемпионатында қола, Грузиядағы Гран-при жары-сында бірінші орын алған бо-латын.

Ел намысын абырой-мен қор ғап, мерейін асырған спорт саңлақ тарын жуырда өт кен марапаттау рəсімінде Түрікменстан жерінде үш жер лесіміздің жеңіс тұ ғы рына көте рілгені атап айтыл ды.

– Спорт – денсаулықты жақ сартатын, саламатты өмір салтын қа лыптастыратын, адамдарды бірік тіретін, до-стастыратын ма ңызды шара. Облысымызда бұл салаға үлкен көңіл бөлініп келе ді. Бюджеттен қомақты қаржы қарас тырылып, сəулетті ны-сандар салыну да. Бүгінгі таңда 170 мыңнан астам тұрғын 3 мыңға тарта спорт ғима рат-тарында жаттығады, дей келіп, Құмар Іргебайұлы, Артем Заха ров пен Михаил Литвинге 1 миллион жəне 500 мың теңге мөлшерінде ақшалай сый-лықты, ал Данияр Кəленовке пəтердің кілтін салтанатты түрде тапсырды.

Олардың бапкерлері де түрлі марапаттарға ие болды.

Солтүстік Қазақстан облысы

Суретті түсірген Талғат Т�НІБАЕВ

Жеңісті жолдар жалғасы

КӘСІПҚОЙ БОКС

Жақиянов-Барнетт – лайықты қарсыластар–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Жексенбі күні кәсіпқой бокстағы жеңіл салмақта WBA (Super) белбеуінің иегері Жанат Жақиянов Солтүстік Ирландияның Белфест қаласындағы SSE Arena спорт кешенінде ирландиялық Райан Барнеттпен IBF және WBA белдігінің әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек �ткізеді. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––�ли БИТ�РЕ,«Егемен Қазақстан»

2013 жылы Жақияновтың ка-рьерасында ең маңызды оқи ға болды. Дəл сол жылы ол кəсіп-қой бокста өз заманында IBF, WBA, IBO белдігі бойынша əлем чемпионы атағын иеленген бри тандық Рикки Хаттонмен келісімшартқа отырды. Бұл уақытқа дейін отандасымыз 21 жекпе-жек өткізіп үлгерген еді. 20 рет қарсыласынан басым түссе, бір рет ұпай саны бойын-ша же ңілген-тұғын. Жанат 2008 жылдың қазан айында Ресейде ұйымдастырылған жекпе-жекте тəжікстандық Сахиб Усаровтан жеңіліс тапқан еді.

Рикки Хаттонның промоу-терлігіне келген соң Жанат əр жекпе-жек сайын чемпиондық атаққа бір табан жақындай түсті. 2014 жылдың 26 сəуірінде Жақиянов француз боксшысы Карим Гуэрф ты бесінші раунд-та нокаут пен жеңіп, Еуро па-ның EBU белдігін жеңіп ал-ды. Арада бес ай өткенде ол

ринг төріне қайта көтеріліп, Белоруссияда грузин боксшысы Гаги Эдишерашвилиді бірінші раундтың аяқталар тұ сында бүйірінен соққы жасап, шаршы алаңда сұлатып салды. Сөйтіп EBU чемпиондығының жаны-на WBC Eurasia Pacifi c Boxing Council белдігін қосып қойды. Ал 2015 жылдың жетінші қарашасында Монте-Карлода Венесуэла елінің былғары қолғап шебері Йонфреза Паре-ходан айласын асырып, жеңіл салмақтағы WBA титулының уақытша əлем чемпионы атағын иеленді. Əлем чемпионы де-ген атаққа саты-саты сымен көтерілген Жанат Жа қиянов осы жылдың ақпан айында АҚШ-та жергілікті бокс шы Роши Уорренмен жекпе-жек өткізіп, Бүкілəлемдік бокс ұйымының WBA əлем чем-пионы деген белдігін жеңіп алды. Сол кездесудің алғашқы раунд тарында Жақиянов екі рет нокдаунға түсіп қалса да, тө-решілер де еш күмəн қал дырмай, жеңісті жұлып қалған еді. Бұл

қазақстандық боксшының АҚШ жерінде өткізген тұңғыш айқасы болатын.

Алдағы кездесу отандасы-мыз үшін екінші чемпиондық кездесу болмақ. Қарсыласы да оңайлықпен жеңілетін бокс шы емес. IBF тұжырым бойынша əлем чемпионы атанған Райан Барнетт бүгінге дейін 17 кез-десу өткізіп, барлығында же-ңіске жеткен. Сондай-ақ тоғыз қар сыласын мерзімінен бұрын тізе бүктірген. Əлем чемпионы атағын иеленгенге дейін бри-тандық Барнетт мексикалық

Сизар Рамирес, француз Эн тони Сеттол жəне отандасы Джей сон Бут секілді тісқаққан боксшылар-ды қоғадай жапырған. Ал осы жылдың маусым айында IBF тұжырымы бойынша əлем чем-пионы белдігі бар тағы бір от-андасы Ли Хаскинспен шаршы алаңда айқасып, белдігін тартып алған. Енді ол араға төрт ай са-лып, су жаңа белдігін отандасы-мыз Жанат Жақияновқа қарсы қорғамақ.

Райан Барнетт – өте шапшаң боксшы. Рингте еркін қимылдап, үнемі екі қолын төмен түсіріп

жұдырықтасқанды ұнатады. Шабуылға шыққанда əртүрлі соққылар жасап көреді жəне оны-сын келесіде қайталамауға ты-рысып бағады. Ринг бұрышына тығылу арқылы қарсыласын өзі-не шақырып, сол сəтте көп соққы жұмсап қалуға ұмтылады. Соны-мен қатар екі қолымен де бірдей жұ мыс істеп, қарсы шабуылға иек артатыны да бар.

Бокста ең бастысы – тəжірибе. Ал тəжірибе жағынан басымдық Жақияновтың еншісінде. Өзіне соққы дарытпау жағынан да отан дасымыз оқ бойы озық тұр. Мұны ол Уорренге қарсы өткен кездесуде көпшілікке дəлелдеген. Бірақ Барнеттің соққысы аме-рикалыққа қарағанда ауырлау. Жақиянов осыны ескеруі тиіс.

Бір қызығы, Жақиянов пен Барнетт екі жылға жуық Рик ки Хаттонның қол астында жат-тыққан. Тіпті екеуі бір-біріне спар ринг-серіктес те болған. Бірақ 2015 жылы Райан Барнетт Хаттонның командасынан кетіп, Адам Буттың қарамағында жаттыға бастады. Барнетт ағыл-шындық басылымдарға бер-ген сұхбатында Жақияновпен болған спаррингте жеңіліп қал-ғанын айтқан. «Мен онымен бір-екі рет спарринг өткізіп, тəжі-рибесіздігімнің арқасында есе жібергенмін. Мен ол кезде 19-20,

ал Жақиянов 27 жаста болатын еді. Қазір менің тəжірибем толы-сып, жасым үлкейді. Бұл жолы мен жеңіске жетемін».

Ал Рикки Хаттон Барнеттің шамасын жақсы білетінін, ол Жақияновты жеңе алмайтынын айтады. «Мен екі жылға жуық Райанды жаттықтырдым. Оның мықты тұстарын білемін. Ол өте талантты боксшы. Бірақ Жа натты жеңе алады деп ойламаймын. Егер ол Жақияновты алғашқы раунд-тарда соққының астына алмаса, оны қиын кездесу күтіп тұр. Олар бір кездері бірге спарринг өткізген. Бірақ қазір бəрі басқаша. Райан осы уақытқа дейін Жақиянов секілді мықты боксшылармен кездесіп көрген жоқ. Шəкіртім Карим Герфи секілді Еуропа чем-пионы, Роуши Уоррен сияқты əлем чемпиондарына қарсы жұдырықтасты. Ал Райан ның ең атақты қарсыласы – Ли Хаскинс болды. Бірақ оның дең гейі керемет емес», дейді Хаттон.

Қорыта айтқанда, бокс шах-мат сияқты ғой, кім ақыл ды жүріс жасайды, сол жеңіске жетеді. Жақиянов-Барнетт кез десуінде де кім дұрыс тактика ұстанса, сол боксшы жеңеді. Бокс кеші 21 қазан күні 00:30-да бастал-са, Жақиянов-Барнетт айқа сы Астана уақыты бойынша 03:45-ке жоспарланған.

ФУТБОЛ

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Футболдан ұлттық құрамамыз үшін 2018 жылы іргеміздегі Ресейде �тетін әлем чемпионатының іріктеу турнирі аса абыройсыз аяқталды. Топтағы қарсыластармен он ойыннан бар-жоғы үш-ақ ұпай иелендік. �з алаңымыздағы бес кездесудің үшеуін тең аяқтап, екеуінде дырдай болып ұтылдық. Сырт алаңдардағы матчтардың бесеуінде де қарсыластарымызға еш қауқар таныта алмадық. Он ойында �з қақпамызға топырла-тып 26 доп жіберіп, 6-ақ доп соғуға шамамыз жетті. Бұл әлем, Еуропа чемпионаттарына жолдама үшін таластағы ең дәрменсіздік танытқан турнирлеріміздің бірі болды. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Қазақ ұланы доп тебе алмай жүр. Неге?

Самат МҰСА,«Егемен Қазақстан»

Ұмытпасақ, 2002 жылы Еуро па футбол одағы қауым дастығының (УЕФА) құрамына өттік. Осыған қол жеткізген адам дардың табандылығына тəн тіміз. Əйтпесе басқа спорт түр лерінің бəрінде Азияға қарай мыз. Жаңа ғасыр басындағы футбол функционерлерінің сол кездегі ниеттерінің оң болғаны, яғни Еуропаға өтсек, деңгейіміз тез өседі деп ойлағандары анық. Əлемде №1 спорт сана латын ойын-ды жақ сы көретін, оның ертеңіне бей жай қара-майтын жұрт-шылықтың ба-сым бөлігінің де дəл осы-л а й о й т о п ш ы л а ғ а н ы күмəнсіз. Өкінішке қа-рай, сол уақыттан бергі 15 жыл ішінде кері кет-песек, ілгеріледік деп ай -туға ауыз бармайды. Тіпті бүгінде Азия футбол қауым-дас тығы құрамында қала бер-ге німізде əлем чемпионаты-на жолдама алу мүмкіндігіміз ана ғұрлым арта түсетін еді деп пайым дайтындар қатары да аз емес. Бірақ бүгінгі деңгейімізбен бұған Азияның өзінен де жуыр маңда қол жеткізе қоярымыз екіталай болар еді. Мұны да іштей мойындауға мəжбүрміз.

Кезінде допты еліне жаны ашитын, өзім дегенде өзегін жұлып беруге дайын нағыз пат-риоттар, яғни қазақтар теп сін деп «Намыс» командасын құрғанымыз, оның аяғы не-мен тынғаны баршамызға белгілі. Біздіңше, мəселеге дəл бұлай бір жақты қарауға бол-майды. Допты ұлтына, нəсіліне қара май кім шебер сол тебуі тиіс. Бұған мысалды да тым алыстан іздеудің қажеті жоқ. Мəселен, соңғы 20 жыл бедерінде əлем ареналарында атой са-лып жүр ген Франция құрамасын алайық. 1998 жылы əлем, 2000 жылы Еуропа чемпионы болған Франция ұлттық құрамасы сапында таза француздардың үлесі (қосалқы құрамдағы ой-ыншыларды қоса алғанда) 40 пайыздан асқан жоқ. Сол кезде Зинеддин Зидан мен Патрик Виейраның, Юри Джоркаефф пен Тьери Ан-ридің, Давид Трезеге мен Ален Богосянның жасыл алаңда жасындай жарқылдағанын фут-бол сүйер қауым жақсы біледі. Францияның оның алдындағы құрамаларының сапында да өзге этнос өкілдері жеткілікті болса, қазіргі құрамасының қатарында да «француз емес» француздар аз емес.

Мұндай мысалды көлденең тартқанда 1980-жылдардың екін ші жартысында жасыл алаңның «шаңын қаққан» Голландия құра-масының сапындағы «қара маржандарды» (Рууд Гуллит, Франк Рейкард, т.б.) қалай ұмытарсың. Ал бертінде Клеранс Зейдорф, Патрик Клюйверт, Эдгар Давидс сынды қара нəсілді аяқдоп шеберлері атой салды. Жалпы, Еуропаның атақты деген кез келген құрамасынан «қаны бөлектерді» қиналмай-ақ тауып алуға болады.

Қазір Қазақстан құрама сының сапында қазақтардың үле сі басым. Жəне бүгінгі таң-да құрамада ойнауға ең лайық тылар да солар екеніне шүбə жоқ. Бірақ команда сапындағы қазақтардың ойыны қарын аш тыратынын ашық айтқан жөн. Əсіресе, еліміздің намы-сын қор ғап жүргендеріне біраз жыл дың жүзі

болған Азат Нұр ғалиев, Мақсат Байжанов секілді «ақсақалдарымызды» алмас тыратын жөні түзу резерві міз дің жоқтығы да дабыл қақ-ты рарлықтай-ақ жағдай. Бүгінгі маңдайалды, ылдиға салса төске озған мықтыларымыз осы-лар болса, жуыр маңда аяқдоптан шауып бəйге алмайтынымыз атар таңдай ақиқат. Демек, бұл жоғары деңгейде өнер көрсете алатын шебер ойыншылар дайындамай көсегеміз көгермейді, қандай да бір көңіл көншітерлік жетістіктерге жете алмаймыз дегенді білдіреді. Оның үстіне, құрама сапында ойын тағдырын шешіп кетуге қауқарлы шабуылшылар жоқ жəне болған да емес. Бұл Қазақстан құрамасының əу бастан шешімін таппай келе жатқан бас ауруы екені тағы талассыз.

Қазақстанның премьер-лигасында өнер көрсететін футболшылар жалақысының аса жо ғары екендігі туралы да жиі айты-лады. Жалақылары ойындарына сəйкес болуы тиіс дейді. Ақшаны күреп тапқан соң шеберлік шыңдау, өсу жағына қарай ұмтылмайды дейтіндер де жоқ емес. Бұл сөздердің де жаны бар. Өйткені алыс шет-ел түгілі іргемізде тұрған Ре сей чемпио-натында ойнайтын бірде-бір қазақстандық жоқ десек, қателеспейтініміз анық. Əлемдік рейтингте əлжуаздар қатарындағы Ресейде ойнауға жа ра маған футболшының дең гейі қаншалықты екенін осы дан-ақ бағамдай

беріңіз. Есе сіне Қазақстанға келіп доп теуіп жүрген ортаңқол шетел діктер жетіп артыла-ды. Өйткені Қазақстан чемпионатында ой-найтындарға футболы біз бен деңгейлес, тіпті сəл-пəл жо ғары елдер чемпионаттарына қа-рағанда, жалақы айтарлықтай көп төленеді.

Жалпы, футбол экономикасы мықты ел-дерде жақсы дамыған деген тұжырыммен де келісе беруге болмайды. Оңтүстік Аме-рика құрлығының кедей, еңсе сін енді ғана көтере бастаған елдерінде футбол деңгейі аса жоғары екеніне ешкім дау айта алмас. Тіпті Қазақстан Африка футболына да бəсекелес емес. Оңтүстік Американы айтпағанда, Африканың көптеген өкілі Еу ропаның «мен» деген атақты командаларында тамаша ойнап жүр. Ал Қазақстанды даму көр сеткіші жағынан аталған құр лық тағы кез келген елден жо ғары қойсақ жарасар. Бұдан футболдың дамуы елдің эконо микалық көрсеткіштеріне аса тəуелді емес деп ой түюге əбден болатындай.

Сондай-ақ футбол өнерінің қаншалықты өркен жайғаны мемлекеттің үлкен-кішілігі

мен халқының санына да тіке лей бай-ланысты емес дер едік. Бұған да

көлденең тартар дə лел, дəйектеріміз баршылық. Мəсе лен, қазіргі таңда

Қазақстан құра масы халқының саны бар-жоғы 300 мыңның ар

жақ-бер жағындағы шағын ғана Исландия құрамасымен

т е к е т і р е с е а л м а й т ы н ы хақ. Халқы 600 мыңның

т ө ң і р е г і н д е г і Ч е р -ногориядан əлем чем-

пио натының жақында аяқталған іріктеу

тур нирінде өз ала-ңымызда да, сырт

алаңда да оңбай ұтыл дық.

С л о в е -ния мен А л б а -ния ның,

Б о с н и я жə не Гер це го ви-

на мен Кипрдің де бізді қарсылас деп

танымайтыны на бəс тіге аламыз.

Кейбіреулер ко-ман далық ойындар-

да бапкер басты рөл атқарады. Қазақстан

құрамасына сырттан мықты маман шақыру керек деп жата-

ды. Жөн-ақ дейік. Бірақ бапкер си қыр емес қой, дұрыстап доп тебе алмай-тын адамдардан ше берлер жасап, команда-ны мықты етіп шығаратын. Демек, бапкерге деңгейі жоғары командада ғана өзін жақсы жағынан көрсетуге мүмкіндік бар деген сөз. Мысалы, атақты жаттықтырушылар Алекс Фергюссонды немесе Жозе Моуриньюны Қазақстанға ша қы рып əкеліп, барымыз осы, осы ойыншылардан мықты құра ма команда жасақтаңыз десе қолдарынан келер ме еді? Əрине, жоқ. Əлбетте жақсы маман құрама деңгейін шамалы көтерер. Бірақ түпкілікті жақ сарта алмайтыны айдай анық.

Қазақстан бүгінде əлемдік рейтингте өзіне лайықты орнын еншілеп отыр. УЕФА 2018 жылғы əлем чемпионатының ірік теу турнирінің қорытындысы бойынша ұлттық құрамалардың рейтингін түзіп, оларға 2020 жылы болатын Еуропа чем пиона тына қатысуға қосымша мүмкіндік беретін Ұлт лигасы деген тұрақты жаңа бір тур нирдің тұсауын кесті. Онда ұлттық құрамалар рейтингтегі орында-рына сəйкес төрт топ қа бөлінген. Қазақстанға күт кен дегідей Фарер аралдары, Люксембург, Молдова, Лих тенштейн, Мальта, Андорра, Сан-Марино, Гибралтар сияқты ел дер дің құрамаларымен бірге соңғы топтан орын ти-ген. Əзір ше еліміз құрамасы үшін лайық ты орын осы. Дұрыстап доп теуіп үйренгенімізше осылайша көштің соңында қала бермекпіз.

Page 11: Ту†ан жерге ту тіккендер · Мемлекеттік деңгейде қолға алынып, жүйелі қаржылық, ... саласындағы бүгінгідей

20 ҚАЗАН 2017 ЖЫЛ 11ҚОҒАМ

Егер сіз «Егемен Қазақстан»

газетіне жарнама бергіңіз келсе,

мына телефондарға хабарласыңыз:

Астана 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: [email protected]

Алматы 273-74-39, ф. 341-08-11. Электронды пошта: [email protected]

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Астанада «Ғарышқа қазақстандық жол: жүзеге асуы мен даму келешегі-2017» халықаралық форумы өз жұмысын бастады. Алғашқы жасанды Жер серігінің ұшырылуына 60 жыл толуына арналған форумға 18 елдің ғарыш мекемелері мен мемлекеттік органдарының өкілдері, та-нымал ғалымдар, ғарыш технологиясы саласындағы әлемнің жетекші компанияларының мамандары қатысуда. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Инвестициялар және даму министрлігінің медиа орталығында жүктер мен жолаушылар тасымалын вагондармен қамтамасыз етуде атқарылған шара-лар тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті. Жиында Көлік комитеті төрағасының орынбасары Дмитрий Потлов астық тасымалына қосымша 1 мың вагонды Ресейден тарту жоспарланып отырғанын мәлімдеді. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институтының» ұжымы бас ғылыми қызметкер Бауыржан Серікбайұлы Қарабековке інісі

КӨБЖАННЫҢмезгілсіз қайтыс болуына байланысты орны толмас қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны («Мемсараптама» РМК)

Тұяқ Қаманұлы ҚАМАНОВТЫҢмезгілсіз қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

«Север Птица» акционерлік қоғамының акционерлердің кезек-тен тыс жалпы жиналысын өткізетіндігі туралы хабарламасыҚоғамның атқарушы органының мекенжайы: Қазақстан Республикасы,

Қостанай облысы, Затобольск кенті, Механизаторлар көшесі, 2А;Жиналысты шақырудың бастамашысы – Қоғамның директорлар кеңесі;Жалпы жиналыс 2017 жылғы 20 қарашада Астана уақыты бойынша

9.00-де мына мекенжайда: Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Затобольск кенті, Механизаторлар көшесі, 2А өткізіледі, жиналысқа қатысушыларды тіркеу уақыты – Астана уақыты бойынша 8.00-де.

Жалпы жиналыстың күн тәртібі:1) таза пайданы бөлу.Жалпы жиналыстың күн тәртібі бойынша материалдар Қоғамның

атқарушы органының мекенжайы бойынша 2017 жылғы 13 қарашада дайын және танысуға қолжетімді болады.

«Дельта» ЖШС-ның (БИН 980140006584) жабылуына байланысты шағымдарыңыз бір ай мерзім ішінде мына мекенжайда қабылданады: Ақтөбе қаласы. Жанқожа Батыр к-сі, 71.

Өмір ЕСҚАЛИ,«Егемен Қазақстан»

Оның айтуынша, Петропавл № 2 жылу-электр орталығында екі жүз мың тоннаға жуық көмір қоры жинақталған. Әлеуметтік және бюджеттік мекемелер жеткілікті түрде қамтамасыз етілген. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ пен «Шұбаркөл көмір» АҚ арасындағы келісімшарт ая-сында тәулігіне 700 тонна көмір жеткізу белгіленген. Тасы-малмен «Отын LTD» ЖШС, «Турдыоглы» жеке кәсіпкерлігі де айналысады.

Алайда А.Мусин жағдай қалыпты, көмір тапшылығы болмайды деп қанша сендіруге

тырысқанымен, жұртшылық көңілі әлі де алаң. Сатылымға шығарылған 27 мың тонна қатты отынның сапасы сын көтермейді. Әсіресе Қа ра -жыра кенінен әкелінген кө-мір ге шағым айтушылар көп. Қыстан қысылмай шығу үшін 400 мың тоннадан астам кө мір қажет болса, жоспар 65 пайыз-ға ғана орындалған. Вагон дар жетіспеушілігі де анық бай-қалады.

Қазір сапасына қарай көмір бағасы 7000-16000 теңге ара-лығында құбылып тұр. Қалтасы көтере бермейтіндер амалсыз қолға тигеніне риза.

Солтүстік Қазақстан облысы

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,«Егемен Қазақстан»

Сол күндері Ақжайық ауда-нындағы Базаршолан, Базартөбе ауылдық округтерінде қалың өрт болып, елді мекендер жалынға ора-на жаздады. Бөкей ордасы ауданы, Орда ауылдық округіндегі Нұртай Ахметовтің шаруа қожалығынан

25 ірі қара, 250 орама, 1,5 мың тайланған шөп жанып кетті. Әсіресе 30 шілде күні Қазталов ауданы аумағында болған алапат өрт кезінде Талдыапан ауылдық округіне қарасты Қособа ауы-лы тұрғындарының 598 бас ұсақ малы тірідей өртеніп кетті. Мал кезегінде жүрген ауыл тұрғыны, 1990 жылы туған жас жігіттің денесінің 80 пайызын күйік шалып,

жедел түрде облыстық ауруханаға жеткізілгенімен, көп ұзамай көз жұмды.

Тосын құбылыстың тәлкегіне ұшыраған ауылдастарын қазта-лов тық ағайындар барынша қолда-ды. Тамыз айында аудандағы ша-руа қожалықтары, кәсіпкерлер мен аудан тұрғындары жылу жи-нап, 360 бас қой-ешкіні қорасы бос қалған 16 отбасына тара-тып берген болатын. Қыркүйек қарсаңында «Мектепке жол» ак-циясын ұйымдастырып, Қособа ауылындағы мектеп оқушыларына жалпы құны 400 мың теңге бола-тын киім-кешек үлестірілді.

Жоғарыдағы төтенше жағдайға

байланысты жергілікті билік тара-пынан комиссия құрылып, шығын есептелген еді. 13 отбасының өртке кеткен 250 бас малының өтемі ретінде облыс әкімдігінің резерв қорынан 5 миллион 300 мың теңге қаражат аударылып, өтемақы 13 қазан күні мал иелерінің қолына тиді.

– Бізге көмек қолын созған барша жанға қособалықтардың алғысы шексіз. Өртенген малдың орнын толтырып, малдай да, ақшалай да көмек көрсетіп жатыр. Ризамыз, бізге жасаған жақсылық оларға да Алладан қайтсын деп ті-лейміз, – дейді қособалық Тастемір Қойшыбаев.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ,«Егемен Қазақстан»

Әдетте әдеби кітаптар туралы жазылған рецензияларды, ой-пікірлерді ғана оқуға еті міз үйренген. Есесіне жаңа оқулықтар жайында ешкім көп жақ аша бер мейтіндіктен бізге ол әлем тылсымдағы сырын бүккен қара ор ман тәрізді елестейтін. Обалы на не керек, бүгінде мектеп оқулық тарындағы түйткілдер аз жазы-лып жатқан жоқ. Өз ойларын ортаға салуда әсі ресе, ата-аналар өте белсен ділік танытуда. Ал біз дің бұл жердегі қозғап отырған әңгіме-міз жо ғары оқу орындарында оқы ты латын оқу құ ра лының сапасы һәм жаңашылдығы хақында бол мақ.

Мәселен, атап айтар болсақ, қазір баяғы кеңестік дәуірдегі көп теген оқу құралдары бүгінгі күннің талабына жарамсыз болып қалды. Көбі ескірді, заман үніне сай емес. Қысқасы, «миссия сы» аяқталды. Содан тәуелсіздік таңымен рухтанған отандық ғалымдардың тыңнан түрен салуларына тура келді. Үш тілде жарық көрген оқу құралын парақтап отырған сәтте ең әуелі осы сала бой-ынша келешекте білім алатын студенттердің, магистранттардың, док торант тардың өздерінің туған ана тілдерінде оқып білім алуларына барынша мүм кіндік туғы зылғанына қуандық. Түп нұс қаның орыс және ағыл шын тіл деріне аударылып ұсы ны луына келсек, мұны оқу құра лын тұтынушылардың таң дау құқын елеп-ескеруден туған шешім деп топшыладық. Екін шіден, «Бұл пән Қазақстан Республикасы Президентінің «100 нақты қадам» Ұлт жоспары-ның 97, 98-қадам дарындағы жергілікті өзін-өзі басқаруға арналған төмен дегі талаптарын орындайтын білімді әрі білік ті мамандарды қазірден бас тап әзірлеуге бағыт талды», дейді оқу құралының авторы.

«Бағдарламадағы: «97. Өзін-өзі рет теу мен жергілікті өзін-өзі бас қаруды дамыту ар қы лы азамат тардың шешім дер қабылдау үдерісіне қатысу мүм кін дігін ке ңей ту. Мемлекетке тән емес қыз меттерді бәсекелестік ортаға және өзін-өзі реттеуші ұйымдарға беру.

98. Селолық округ, ауыл, се ло, кент, аудан-дық маңыздағы қа ла деңгейіндегі жергілікті өзін- өзі басқарудың дербес бюд жеті енгізілетін болады. Об лыс орталықтарында және республи-калық маңыздағы қалаларда азаматтардың тиісті бюджеттік жо баларын талқылауға қаты-суының тетіктері жұмыс істейді».

Мемлекет басшысы біздің елі мі здің бола-шақтағы даму негіздерін құруды көздейтін

инсти туттық реформаларды таяу арада іске асыруға қатысты «Егемен Қазақ стан» және «Казахстанская правда» газет терінде (6 қаңтар, 2016 ж) жария ланған «Ұлт жос пары – қазақ-стандық арманға жете лейтін жол» мақаласында бер ген ұсыныстары 100 қадамдағы мін-деттердің іске асырылатынына сенім ді болуға негіз болады.

Мақаланың «Мемлекет функцияларын бәсекелесті ортаға жә не жергілікті өзін-өзі басқаруға беру» тарауындағы талаптардың негізгілерін қарастырсақ:

«Үш сатыда берілетін жер гілікті өзін-өзі

басқару органдарына қосымша өкілеттіктер беру орталық деңгейдегі реформа лардың заңды жалғасы болуы тиіс.

Бірінші сатыда (2016-2017 жыл дар):- аудан әкімінің аудандық ма ңыз дағы қала,

кент, село және село лық округ әкімі лауазымы-на ұсынатын кандидатурасын одан әрі ауда н мәс лихатына және сайлау өткізуге енгізу үшін келісу;

- әкімді босату туралы мәсе леге бас тамашы болу;

- жергілікті қоғамдастықты да мыту тура-лы бағдарламалық құжаттар жобаларын қарау және абаттандыру мен қоғамдық тәр тіп тің көкейкесті мәселелерін тал қылау;

- елді мекендер шеңберіндегі жер телім-дерінің мақсатты пай да ланылуын және жеке тұлға лардың заңсыз иеленуіне жол берілмеуін бақылау;

- қосымша екі салықты – көлік жә не заңды тұлғалардан жер са лығын алу құқын беру жо-лымен жер гілікті өзін-өзі басқарудың салықтық әлеуетін күшейту.

Екінші сатыда (2018 жылдан бас тап):

- аудан мәслихаты бекіткен жер гі лікті өзін-өзі басқару бюд же тін сатылап қалыптастыру;

- жергілікті қоғамдастықтың ком муналдық меншікті бас қаруды енгізу;

- бюджетті тұрғындары 2 мың адам нан аса-тын әкімшілік-аумақ тық бірлік үшін ғана енгізу және оны аудандық мәслихаттың бекітуі;

- «Жергілікті өзін-өзі басқа ру коммуналдық меншігі» инс титутын енгізу.

Үшінші сатыда (2020 жылдан) төмендегілер қарастырылады:

- жергілікті өзін-өзі басқару дың өкілді ор-ганын құру;

- халқының саны 2 мың адамнан кем емес елді мекендерде жер гілік ті өзін-өзі басқарудың дер бес бюджетін енгізу» делін ген.

Осы шараларды орындау мем лекет тік органдардың шешімдер қабылдау үдерісінің мөл-дірлігін арттырады және жергілікті өзін-өзі бас-қару жүйесін дамытуға жағдай жасайтыны анық.

Бұл нұсқаулар шын мәнінде ересен өзгеріс-терге, жергілікті өзін-өзі басқару саласы ның нақ ты енгізілуіне бастайды.

...Біз Мырзагелді ағаны көп тен біле міз, кеңшар дирек торлығынан Парла мент пар-тасына дейін кө теріл ген белгілі ғалым руха-ни жаң ғыруымызға ықпал етер лік 30 шақты еңбегі арқылы танымал десек, авторлық пән ре тінде ұсынылған мына оқулығы нан за-ман көшінен қалыспайтын жа ңашылдығын, ғылымдағы жан-жақтылығын аңғартып отыр.

М.Кемелдің тек соңғы бес жыл ішінде республикалық аттес тация лық комиссия тіз-бесіндегі журнал дарға жария ланған ғылыми мақала, кон ференциялардағы баяндамалар саны – 48, монография, оқу құрал дары мен оқулықтары – 14, рес публикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген ғылыми-көпшілік мақа лалары – 55, рухани адамгершілік мәселелеріне қатысты респуб ликалық басылым-дарда жарық көрген мақалалары 111 екен. Ән-шейінде экономиканың тілі өте ауыр тіл деп жатамыз. Оны қазақы ұғымға салып түсін-дірудің өзі оңай шаруа емес. Міне, сол отандық экономист-маман дардың арасында өз ойла-рын қазақ тілін де мөлдіретіп ақ қағазға мінсіз түсіріп бере алатын жан некен-саяқ. Осы реттен алсақ та, ғалымның елге сіңіріп отырған еңбегі ұшан-теңіз. Мемлекеттік басқару жүйе сі туралы қолымыздағы оқу құ ралының маңызды бола-тын себебі, Елбасы қойып отырған болашаққа бағдарланған бағыт – жергілікті басқарудың жаңа сатысы, өзін-өзі басқарудың тео риялық негіздері мен қалып тасуын көрсететін алғашқы толымды еңбек екендігінде. Пре зидентіміз ұсынған жаңа бағыт тарды іліп алып, оны ғылыми еңбекке айналдыруға тиісті Білім және ғылым министрлігі мен Мемлекеттік басқару академиясы бастама-шы болатын бұл жұмысты алғаш болып ғылыми айналымға енгізген Мырзагелді Кемелге өмірге бейтарап қарамайтын, болашаққа бағдарланған осынау жаңа бағытқа қол ұрғанына ризалықтан басқа айтарымыз жоқ.

Заман көшіне лайық жаңашылдық–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қолымызға Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универ ситетінің менеджмент кафедрасының профессоры Мырзагелді Кемелдің үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрген «Жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару» оқу құралы түсті (суретте). Келешек мамандар үшін биылғы оқу жылынан бастап оқытылатын пәндік оқулық несімен құнды? Төмендегі әңгімеге осы ойлар арқау етіледі. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Жолдыбай БАЗАР,«Егемен Қазақстан»

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұйымдас-тырып отырған форумның мақсаты экономика саласындағы мәселелерді шешу үшін ғарыш қызметіндегі нәтижелерді қолдану бойынша тәжірибе алмасу, соңғы он жылдағы ғарыш қызметінің қорытындысын қарастыру, сондай-ақ әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, еліміздің ғарыш саласын дамыту жоспарларын талқылау болып табылады.

Форумды ашқан Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов Қазақстан ғарыш саласын дамыту бойынша Мемлекет басшысы алға қойған міндеттердің маңыздылығын айта келіп, осы бағытта атқарылып жатқан жұмыс-тарды атап көрсетті.

«Бүгінде «Байқоңыр» бүкіл адамзаттың игілігіне айналып отыр. Осынау бірегей кешен бұрынғы Кеңес Одағындағы ғана емес, со-нымен қатар бүкіл әлемдегі көп-теген технологияның даму бас-тауында тұр. Қазіргі уақытта ресей-лік әріптестермен кешенді одан әрі дамыту тұжырымдамасы қабыл-данды. Онда ғарыш айлағының қол даныстағы нысандарының ба-засында ғарыш жобаларын жүзеге

асыруға қатысты біздің байланыс-тарымызды жалғастыру шарттары көзделген», деді министр. Сондай-ақ ол экологиялық тұрғыда қауіпсіз жаңа ғарыштық зымыран кешенін әзірлеу жөніндегі «Бәйтерек» жоба-сы маңызды саналатындығын атап өтті. «Бұл жоба биыл басталды. Біз жаңа кешенді 2022 жылы алғаш рет ұшыруды жоспарлаудамыз. Қазақстан тарапы жер үсті кешендері мен инфрақұрылымына қатысты жұмыстарды жүргізсе, ресейлік та-рап зымыран дайындаумен айналы-сатын болады», деді Б.Атамқұлов.

Бұдан кейін Халық қаһарманы, ұшқыш-ғарышкер, Парламент Сенатының депутаты Талғат Мұса-баев пен «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясы бас директорының ғарыш қызметі бойынша орынба-сары Сергей Савельев құттықтау сөздерін жеткізді.

Пленарлық отырыста отандық ғарыш саласын дамыту туралы негізгі баяндаманы Қорғаныс және аэ роғарыш өнеркәсібі вице-ми-нис трі Марат Нұрғожин жаса-ды. Вице-министр өзінің баянда-масында министрліктің жұмысы негізгі төрт бағыт бойынша жүр-гі зілетініне тоқталды. Олар Қазақ-стан Республикасы ғарыш ап парат-тарының орбиталық топтастырылуы н қолдануды дамыту және кеңейту,

ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру жобасын жүзеге асыру, ғылыми зерттеуді дамыту және олардың нәтижесін тәжірибеде пайдалану, «Байқоңыр» айлағын да-мыту аясында «Бәйтерек» жобасын жүзеге асыру және кадрлық потен-циалды арттыру.

Сондай-ақ Еуразиялық эконо-микалық комиссияның, франциялық «Airbus Defence and Space» және «Thales Alenia Space», академик М.Ф. Решетнев атындағы ресейлік «Ақпараттық спутниктік жүйе», оңтүстіккореялық «Satrec Initiative» компанияларының өкілдері баянда-ма жасады.

Форумның бұл алғашқы күні «Ғарыштық және геоақпараттық тех-нологиялар» атты Еуразиялық тех-нологиялық платформасының жал-пы жиыны отырысымен аяқ талды. Алқалы басқосудың қорытынды шаралары бүгін өтеді.

Айта кетейік, 2013 жылдан бері «Қазақстандағы ғарыш күндері» тақырыбымен семинар ретінде жыл сайын өткізіліп келе жатқан бұл жиын биыл өзінің әсер ету аумағы мен ше-карасын кеңейте түсті. Яғни аталған басқосу халықаралық семинардан халықаралық форумға айналып отыр. Форум ғарыш қызметіндегі маңызды сауалдар талқыланатын алаң ретінде жұмысын жалғастыра бермек.

Форумда қатысушыларға Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш тық тобы құрылымының соңғы үл гіле-рімен және жаңа технологиялары-мен, навигациялық жүйесімен, ғарыш аппараттарының тиімді жүк-темесін өндіру саласымен таны суға мүмкіндік беріледі.

Асхат РАЙҚҰЛ,«Егемен Қазақстан»

«Министрлік темір жол көлігімен көмір және астық, сондай-ақ өзге де әлеуметтік маңызы бар жүктер тасыма-лына айрықша назар аудару-да. Бүгінде ашық вагондар паркі 50 мыңға жуықтады. Биылғы мамырдан бастап жылу беру маусымына дайындық аясында 31 млн тоннадан астам көмір тасы-малданды, бұл өз кезегінде жоспарлы көлемнің 98 пайы-зы», дейді комитет өкілі. Оның сөзіне қарағанда, ас-тық тасымалдау шаралары қызу жүріп жатқан кезеңде жылжымалы құрамның же-тіспеуі байқалуы мүмкін.

Бүгінде астықты тасы-малдауға шамамен 10 мың вагон жұмылдырылған. Олар айына 1 млн тонна астық тасымалдауды қам-тамасыз етеді. Қазіргі кез-де Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесе астық тасымалдайтын

вагондардың санын арттыру мә селесі пысықталуда. Осы орайда жыл соңына дейін астық тасымалы көлемін арт тыру көзделген. «Бұл тұр ғыда қосымша 1 мың ва-гонды Ресейден жеткізбек ойдамыз. 2017 жылдың 9 айында шамамен 5,5 млн тонна астық тасымалдан ды, оның ішінде 3,6 млн тон-на экспортқа шыға рылды. Қазан айына қарас тырылған астық тиеу көле мі 850 мың тоннаны құрап, соның 600 мың тоннасы экспортқа тиесілі. Қараша-желтоқсанда тасымалданатын астық 1 млн тоннаға дейін жетеді, оның ішінде 650 мың тоннасы экспортқа бағытталады», деді Д.Потлов.

Комитет төрағасының орынбасары жүк тасыма-лына отандық жаңа вагон-дар тартылып жатқанын әңгімеледі. Былтырғы қазан айынан вагондарды сатып алу ставкасын ішінара суб-сидиялау есебінен көмір мен кен тасымалдау үшін 1300

ашық вагон және тран зиттік контейнерлік тасымалдар үшін 3 103 вагон шығару жөнінде шарттар бекітілген екен. Бұл мақсатқа шамамен 70 млрд теңге инвестиция тартылған. «Сатып алына-тын вагондар отандық кә-сіп орындарда шыға ры лады. Жалпы, бұл ба ғыттағы ша-ралар темір жол машина жасау саласындағы 7 мың жұмыс орны бар 39 отандық ком панияны жұмыл дыруға жол ашты», деді ведомство өкілі.

Басқосуда белгілі бол-ғандай, биыл «Тұлпар-Таль-го» вагондарының 62 бір лігін сатып алу және ке лесі жылы Астана – Лениногор 375/376 пойызы құрамын жаңарту жо-спарлануда. Жалпы алғанда «Жо лау шылар тасымалы» АҚ жыл сайын «Тұлпар-Таль го» вагондарының шама-мен 50 бірлігін сатып алмақ. Жеке тасымалдаушылар ми-нис трлік алдындағы шарт-тық мін деттемелері аясында би ыл 16 млрд теңге инве-стиция тартса, жолаушы-лар та сымалдауға арналған 52 вагон сатып алған. Ол вагондар 43/44 Қос танай – Алматы, 327/328 Қос танай – Қарағанды, 621/622 Қос танай – Арқалық және 307/308 Жезқазған – Астана пойыз-дарының ескі вагондарын алмастырады.

Ғарышқа қарышты қадам Жүк тасымалына отандық вагондар тартылады

Өртенген малға өтемақы төленді–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Биыл Батыс Қазақстан облысында дала өрті көп болды. Жаздағы қуаңшылық және аптап ыстықтың салдарынан тілсіз жау жиі тұтанып, Ақжайық, Бөкей Ордасы және Қазталов аудан дарында төтенше жағдай да жарияланған болатын. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Біз бұған дейін қысқы жылыту маусымына тастүйін дайындық жасаудың орнына өз міндеттеріне салғырт қараған басшылардың жауапкершілікке тартылғаны туралы жазған едік («Жалған ақпар жарға жықты», ЕҚ, №197. 13 қазан). Енді оның «жырына» қатты отын тапшылығы қосылып, Солтүстік Қазақстан облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Айдархан Мусиннің тұрғындар алдында есеп беруіне тура келді. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

КІТАП КӨКЖИЕГІ МӘСЕЛЕНІҢ МӘНІСІ

Әлі де алаңдаушылық бар

Page 12: Ту†ан жерге ту тіккендер · Мемлекеттік деңгейде қолға алынып, жүйелі қаржылық, ... саласындағы бүгінгідей

12 20 ҚАЗАН 2017 ЖЫЛДИДАР

ФОТОЭТЮД ЖӘДІГЕР

МІНЕ, ҚЫЗЫҚ!

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қазақстанға келген нидерландтық табиғат әуесқойларының то-сындау сапары ойға қалдырды. Топ жетекшісі бельгиялық био-лог Хирт Сапанохе Қара Үбе өзенінің сағасында Қазақстанда құстың беймәлім түрін кездестірді. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––––––Осы суретші деген халықтың шеберлігі немен өлшенеді, өзгелерден бөлектігі қалай бағаланады деген сауалдың жауабын суретшінің шеберханасы-нан тапқандай әсерге бөлене отырып, Өмірбек Жұбаниязовтің жұмыстарына сапар шеккізген кездейсоқ сәттілікке іштей алғыс айта кетуді ұмытқан жоқпыз. ––––––––––––––––––––––––––––––

Жалпыұлттық республикалық газет. 1919 жылғы 17 желтоқсаннан шыға бастады.

Меншік иесі:«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамыБасқарма төрағасыДархан ҚЫДЫРӘЛІБасқарма төрағасының орынбасарыАйбын ШАҒАЛАҚБас редакторҚуат БОРАШ

Газет мына қалалардағы:

Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «Ernur» Медиа холдингі» ЖШС,Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС,Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Типография Арко» ЖШС,Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС,Ақтөбе қ., Смағұлов к-сі, 9/2 «Хабар-Сервис» ЖШС, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС,Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС,Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС,Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС,Орал қ., Достық-Дружба даң., 215 А, «WESTA» ЖШС,Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШСбаспаханаларында басылып шықты.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады.«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 6 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Газетті есепке қою туралы №01-Г куәлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республи касының Мәдениет және ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қа зақ стан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сәйкес сертификатталған.

Таралымы 202 360 дана

Нөмірдің кезекші редакторыӘлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ

Mекенжайымыз: 010008 АСТАНА, «Егемен Қазақстан» газеті көшесі, 5/13 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58аАнықтама үшін:Астанада: АТС 37-65-27, факс 8 (7172) 37-19-87; Электронды пошта: [email protected] Интернет-редакция: [email protected] Алматыда: 8 (727) 273-07-87, факс 8 (727) 273-07-87; Электронды пошта: [email protected] Маркетинг бөлімі: Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, 37-64-48, [email protected]Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-07-26, [email protected]А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мәтініне тапсырыс беруші жауапты.Газеттің жеткізілуіне қатысты сұрақтар үшін байланыстелефоны: 1499 («Қазпошта» АҚ)

Меншікті тілшілер:Астана – 8 (717-2) 37-54-21;Ақтау – 8 (701) 593-64-78;Ақтөбе – 8 (775) 336-47-57;Талдықорған – 8 (701) 236-76-99;Атырау – 8 (701) 553-36-53;Көкшетау – 8 (707) 778-01-72;Қарағанды – 8 (701) 375-74-34;Қостанай – 8 (701) 150-94-43;Орал – 8 (702) 886-01-87;Өскемен – 8 (777) 355-41-14;Павлодар – 8 (777) 449-74-78;Тараз – 8 (705) 915-60-04;Шымкент – 8 (701) 362-63-76; 8 (702) 608-91-98;Петропавл – 8 (777) 197-14-06.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ,«Егемен Қазақстан»

Қазақтың көрнекті ғалымы Шоқан Уәлихановтың патшалық Ресей үшін табысты атқарған ісінің бірі – Қашқария сапары. Қиындыққа толы сол сапа-ры жайлы саяхатшы-ғалым «Шығыс Түркістан. Саяхат күнделігі» атты жолжазбалар сериясын жа-зып қалдырды. Соның бірі «Қашқарға барған және Қашқардан Алатау округіне кері қайтқан сапарым ту-ралы» атты күнделік-жазбасында: «Менің Қашқарияға саяхатым 1858 жылдың июнь айының 28 күні баста-лып, 1859 жылдың 12 апрелінде аяқталды. 10 ай, 14 күн дегенде Верный бекінісіне келдім» дейді.

Осы бір ұзаққа созылған азапты сапарында Шоқан Уәлиханов өзіне тапсырылған барлаушы-тыңшылық міндеттерді де қоса атқарды. Яғни Семей қаласынан шығып Қашқарға жол тартқан керуеншілер қосынында «тыңшы орыс офицері» бірге бара жатқаны жайлы ха-бар өзінен бұрын жетіп қойған-тын.

Аса маңызды, өте күрделі міндетті атқарушы адам ретінде Шоқанға өзін қорғау үшін арнайы жанқару (тапанша) берілген көрінеді. Ғалымның күнделік жазбаларын оқып отырып, оның қолында мұндай шағын пистолеттің бірнешеуі болғанын аңғарамыз. Мысалы, 1985 жылы Ш.Уәлихановтың Алматы қаласындағы «Жазушы» баспасынан шығарылған таңдамалысының 453-бетінде Қашғардағы өте ықпалды ақсақал Насыреддиннің баласына өз атынан шағын пис-толет сыйлағанын және бұл оқиға жайлы екі тарап та құпиялық сақтауды жөн көргені жайлы жазбасы бар.

Жоғарыдағы қару қазір Шоқан Уәлиханов атын-дағы «Алтынемел» мемлекеттік мемориалды му зей қорында сақтаулы тұр. Өткен шілде айында елор-да төрінде ұйымдастырылған Алматы облы сының мәдени күндері қарсаңында жоғарыдағы жәді гер, құнды бұйым ретінде Қазақстан Қарулы Күш тері әскери-тарихи музейінде көрмеге қойылып, елор да-лық тарға таныстырылды.

Жәдігердің ресми құжатында: аталмыш бұйым 1958 жылы наурыз айының 12-сі күні № 165 акті бойынша, Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің №3

бұйрығымен жоғарыдағы музейге берілгені жайлы жазылыпты. Және тапаншаның бір бүйірінде алтын-мен әдіптеліп жазылған «Шоқан Уәлихановқа 1858 жыл» деген жазу бар. Бұндағы «1858 жыл» дегені ғалымының Қашқар сапарына аттанған уақыты.

Құжат бойынша тапаншаның аты – «Браунинг». Оның ұзындығы – 11 см, ені – 9 см. Өндірістік нөмірі – 7552. Бұл жәдігерді 1958 жылы қазіргі Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейі Геннадий Васильевич Попов деген азаматтан 100 сомға (рубль) сатып алып-ты. Г.В.Поповқа қаруды 1936 жылы Оспан есімді қазақ тамыры сыйға тартқан. Ал Оспанның қолына қалай түсіп жүргені белгісіз.

Осы мақаланы жазу барысында аңдағанымыз – бұл қарудың аты «Браунинг» емес. Себебі браунинг-та-паншаны ойлап тапқан адам Джон Мозес Браунинг 1855 жылы туған, 1858 жылы бұл үш жастағы бала. Тапаншаны құжаттандыру барысында қателік кеткен. Тапаншаның шынайы аты – велодог. Қаруды француз инженері Шарлем Франсуа Галан 1850 жылдары ой-лап тапқан. Велодог-тапаншаның салмағы 300 грамм, ұңғысының кеңдігі – 5,5 мм, айналмалы таңдайына бес оқ сыяды. Велодогтің браунингтен басты айырмашылығы шүріппесінің сыртында шеңберлі қорғанысы жоқ.

Суретті түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ,

«Егемен Қазақстан»

Айнаш ЕСАЛИ,«Егемен Қазақстан»

Біраз бұрын біздің «Егемен Қазақстан» газетінің бірінші бетінде бір сурет жа рия ланған-ды. Онда Елбасы Қазақстанға ар-найы келген Рим Папасы ІІ Иоанн Павелге тамаша бір өнер туынды-сын тарту етіп, оны мәртебелі қонақ ықыласпен қабыл алып отырғаны бейнеленген. Бұл сурет Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, талғам паз қылқалам шебері Өмір-бек Жұбаниязовтің «Кездесу» атты туындысы болатын. Балбал тас тың түбінде сырласып отырған қыз бен жігіт... Осы суретке қарап отырып, «Сіз де біздей болғансыз, біз де сіздей болармыз» дейтін ба-балардан қалған тәмсіл еске түседі. Бұл ғашықтардың ғана кездесуі

емес, бір кездегі белгілі бір бек-ке қойылған тас мүсін түбіндегі дәуірлердің де тоғысуы деп біліңіз. Бір-біріне ынтық жандардың төбесінде қалықтаған құс бақ бо-лып қонар ма екен?

Суретшінің «Сұлтан Бейбарыс» пен «Мәмлүктер», «Қасиетті жер», Қозы мен Баян», «Кәмелет» атты жұмыстары ұлттық бейнелеу өнерінің қоржынындағы шоқ тығы биік шығармалар санатында. Ал «Мәмлүктер» картинасы Катар шей-хына тарту етілсе, Рим Папасына сыйланған туынды Ватикан музей қорына қосылғаны бізге де мәртебе.

«Қозы мен Баян» да Өмірбектің өнерден өз еншісін дауламай алатын дарын екенін дәлелдейтін туынды. Алыстағы алып шынарды саялаған, сағым сынды уақыттың тасасындағы ғашықтарды суреткер мүлде басқа

қырынан көр сеткен. Буалдырланып барып бері жақындайтын сайын даладағы қасқа күрең мен ақбоз ат мазасыз жер тарпып, табиғатпен тұтасып барып, бүтін бір тағдырларды көз алдыңа әкеледі.

Қалай десек те, суретші тек-тілікке тәу етіп, сайын даланы еркін жайлаған ержүрек тари-хымызды қалғып кеткен сәтінен қайта қаламымен «түртіп» оятып, ұлт тық өнер дейтін ауылға үйіріп қосып жатқандай әсер қалдырады. Ежелгі ел мен қазіргі туған жер сүйіспеншілікпен, елжандылықпен Жұбаниязовтің сурет болып төгіліп жатқанын көріп, жан сарайың нан жылы леп өткендей күй кеше сің. Бұл «Көш», «Жолаушы» туынды-ларынан кейін туған ойлар.

Уақыттың қойнауларынан суы-рып алғандай сюжеттер дарын ды суретшінің ұлтымыздың этно гра-фиялық, генетикалық ерек шелі-гіне ендей алатын зерделілігін де паш етеді.

Жұбаниязовтің жұмыстарында асыл тұ қымды тұлпарлар, бота-лы түйелер лайықты орын алған. Оның да өз жөні бар. Суретшінің пайы мынша, жылқы мінезді қазақ-тың ұлттық бренді сәйгүлік болуы тиіс.

«Басты тақырыбым – ата жо лы, кешеден бүгінге жеткен тарих керуені. Суретші де ға-лымнан кем емес. Жұмысқа кі-ріспес бұрын қаншама зерттеу жүр гізеді», дейтін Жұба ния зов-тің сөзінде титтей де жасан ды-лық жоқ.

Жұбаниязовтің «Кенесары хан» суреті қазір көптеген кі таптардың мұқабаларын көр кемдеп жүр. Ресей баспалары да қажетіне пай-даланып жүр генін айта кетуге бола ды. Ал туындының түпнұс қа-сы ханның ұрпағы – Нәпуса Әзім-хан қызының жеке қорында екен.

Өнертанушылар Ө.Жұба-ния зовтің өзіне тән ерекшелігі – к ө р к е м т у ы н д ы л а р ы н ы ң к ө п ш і л і г і л а н д ш а ф т ы б і р жазық бойымен бедерленуі дейді.

АЛМАТЫ

Нұрғали ОРАЗ,«Егемен Қазақстан»

«Екеуміз автобекетте қош-тасып тұрдық. Ол облыс орта-лығына жақын қалаға – Үштөбеге барады. Ал менің Алматыға қайтуым керек. Кассадан билет алатын кезде екеуміздің арамыз-да күтпеген бір сауал туды. «Кім кімді шығарып салуы керек?..»

Өйткені екі қалаға да автобус

жиі қатынайды. Алматыға сағат сайын, ал Үштөбеге әрбір жарты сағат та...

«Әрине, мен сені шығарып са-луым керек», деймін оған. Себебі бұл қай заманда да ер жігіттің міндеті емес пе.

Бірақ, ол басын шайқап, келіс-пейді.

«Мен сізді шығарып салайын-шы», деп сыбырлайды құлағыма.

«Неге?»

«Егер мен кетіп қалсам... сіз осында қалып қойғандай бола сыз да тұрасыз. Сонсоң Талды қорғанға келген сайын сізді іздеп, авто бекет жаққа қарап алаңдай беремін...»

Ол кезде біз жап-жас едік. Бірақ менің отбасым, екі балам бар бола-тын. Қара басып ертерек үйленіп қойғам ғой. Еһ!.. Кеш кезіккен ма-хаббат... Естен шық пайды...»

Маған бұл хикаяны айтып отырған ағайымның жасы ал-пыс екіде. Сонда да болса, оның көңілінде қазір көктем туып, құстар шулап жатқандай...

Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ,«Егемен Қазақстан»

Халықаралық орнитологтер одағының деректері бойынша, 2017 жылдың сәуірі соңына дейін құстардың 10681 түрі белгілі бо-лып отыр. Ал Хирт Сапанохенің есебінде 7200 құс түрі бар. Бұл кенді Алтайдағы Қара Үбенің сағасынан іздеген нысаны шетелдік ғалымның Қазақстанның шығыс өңірінде кезігуі мүмкін деген жорамалы дөп келді. Бельгия мен Нидерланд елінен жасақталған Әуесқой құсты бақылаушылар тобы белгілі биолог Хирт Сапанохенің жетекшілігімен Қазақстанға арнайы сапармен кел-ген болатын. Алдымен танымал ғалымның жетекшілігімен 16 әуесқой құс бақылаушылары Қорғалжын қорығында болды. Содан Шығыс Қазақстандағы Катонқарағайға сапарлауға жол түскен. Риддер қаласының маңындағы «Қара Үбе» демалыс базасының аумағында

іздеген құстарын тапты. Біздің елімізге орнитологиялық туризммен келген құс бақылаушылар құстың 191 түрін көруге мүмкіндік алды. Бұл сапардың негізгі мақсатына айналған қызылмойын бұлбұл құсты (Luscinia calliope латынша) іздеп, осы өңірге келген. Бұл сапар да табыссыз болған жоқ, есесіне 191 құсты көрді. Әуесқой бақылаушылар Катонқарағай ұлттық паркін ғажап өңірге енгендей болып армансыз аралады. Бельгиялық ғалым биолог Хирт Сапанохе әңгімелегендей, «Бұл өңірде кезіккенімізге қуаныштымыз, негізі қызыл мойын бұлбұл құсты Үндістаннан, Гималай тауларынан, Тайландтан кезіктіруге болады. Амандық болса әлі де жол түсер деген ойдамын, Балқаш көлінің маңайында сексеуіл бұталарына қанып алып, құйқылжытқан қызылмойын бұлбұл құстарды көруді жазсын деп тілейік, екі елдің достығына шын көңілден ризашылығымды білдіремін...». « Қ а з а қ с т а н д а ғ ы д а л а л ы қ

ай қынд ауышта сұр торғай (Emderiza spodocephala) байыпталған екен. Бұл бірде Зайсан қазаншұңқырында кезік кен (Заселеский, 1931), Ташкент жағында ұшып бара жатып екі рет ұшырасқан, Н.А.Зарудный (Cәуір, 1912, қазан 1913)», деп жазады «АиФ» газеті.

Әзірге көгілдір бұлбұл құсты көре алдыңыз ба? Айналаңыздан бағамдай жүріңіз, бәлкім аңғарып та жүрген шығарсыз! Табиғат байлығы, шіркін, құсқа да ауып тұрады екен-ау!

Таңданбай көріңіз... бельгиялық құс бақылаушылар десанты біздің өлкемізге құс көруге келді. Қалай таңырқамайсыз...

АЛМАТЫ

Суретті түсірген Ерлан ОМАР, «Егемен Қазақстан»

Шоқанның тапаншасы

БУЫРҚАНҒАН БОЯУЛАР

ҚАЗ-ҚАЛПЫНДА

Балбал тастар мен бақыт іздеген екеу

Таңсық торғай

Көңіл көктемі