ЌЫРЫЌБАЙ АЛЛАБЕРГЕН - psu.kz · web viewБұған көз жеткізу үшін...

213
Қ. М. Аллаберген ТАРИХ ТУДЫРҒАН ТҰЛҒАЛАР (XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасыр басындағы қазақ ақын, жазушылары мен публицистерінің рухани мұралары) Бірінші кітап Журналистика мамандығынық студенттеріне арналған оқу құралы

Upload: others

Post on 16-Jan-2020

52 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Қ. М. Аллаберген

ТАРИХ ТУДЫРҒАН ТҰЛҒАЛАР(XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасыр

басындағы қазақ ақын, жазушылары менпублицистерінің рухани мұралары)

Бірінші кітап

Журналистика мамандығынық студенттеріне арналған оқу құралы

Павлодар

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Қырықбай Аллаберген

ТАРИХ ТУДЫРҒАН ТҰЛҒАЛАР

(XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырбасындағы қазақ ақын, жазушылары мен

публицистерінің рухани мұралары)

Бірінші кітап

ПавлодарКереку

1

2010

2

ӘОЖ 070 (574) (09) (075.8)КБК 76.01(5 Каз) я 73А 44

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетініңҒылыми кеңесімен басуға ұсынылды

Пікірсарапшылар :Рымғали Нұрғали - филология ғылымдарының докторы, профессор,

Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының академигі; Сейфитдин Сүтжанов - филология ғылымдарының докторы, профессор.

Қырықбай АллабергенА 44 Тарих тудырған тұлғалар (XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасыр басындағы қазақ ақын, жазушылары мен публицистерінің рухани мұралары) : оқу құралы 1 кітап / Қырықбай Аллаберген. –

Павлодар : ПМУ, 2010. – 135 б.

Автор өзінің бұл екі томдық зерттеуінің алғашқы кітабында XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасыр басында өмір сүріп түрлі басылым беттерінде қазақ халқының тарихы, саяси, әлеуметтік - экономикалық хал -жағдайларымен қатар, салт - дәстүр, әдет ғұрып, мәдениеті мен әдебиеті туралы да қалам тартқан Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, М. Ж. Көпеев, С. Торайғыров, Ж. Аймауытов, С. Қожанов, М. Шоқай, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ә. Бөкейханов сынды басқа да бірталай ақын, жазушы публицистердің шығармаларына жан - жақты талдау жасап, бүгінгі күн тұрғысынан баға береді. Еңбек жоғары оқу орындарының тарих, филология және журналистика факультеттерінің оқытушылары мен магистранттарына және студенттеріне арналып жазылған.

ӘОЖ 070 (574) (09) (075.8) КБК 76.01(5 Каз) я 73

© Аллаберген Қ., 2010 © С. Торайғыров атындағы ПМУ,

2010

Материалдық дурыс болуына, грамматикалық және орфографиялық қателерге авторлар мен құрастырушылар жауапты

3

Алғы сөз

XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасыр басында алғаш рет ұлт тілінде шығып ұзақ жылдар бойы бодандықтың құрсауында болғандардың санасын оятып, көздерін ашуға баспасөзбен қатар қазақтың көсем сөзі де әулие домбыраның қос шегіндей бір әуен шығарып, өзінің сиқырлы даналығымен барша халықты әрдайым тәнті қылып отырған. Қазақ публицистикасының ірге тасын қалаушылар Шоқан, Ыбырай, Абай болса, оны әрқарай дамытып, қоғамдық пікір таратып, қалыптасушы ретінде әдебиетіміздің биік шыңына көтерген Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Ғұмар Қарашев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Әлихан Бөкейханов, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхамеджан Сералин, Сұлтанбек Қожанов, Қошмұхамед Кемеңгеров, Ғани Мұратбаев, Мұстафа Шоқаев, Тұрар Рысқұлов, Мұхамеджан Тынышбаев, Смағұл Садуақасов, Халел Досмұхамедов, Халел Ғаббасов, Мұхтар Әуезов сынды ондаған, жүздеген, тіпті мыңдаған қалам шеберлері бар.

Әрине, бұрын да бұл адамдар туралы азды - көпті еңбектер болған. Бірақ олардың көпшілігі ғұмырнамалық немесе қоғамдық қызметтеріне арналған шығармалар болатын. Оның үстіне көпшілігі ертеректе жарық көргендіктен сол кезеңнің ағымына қарай бейімделіп, қанатынан қайырылып, шыңдықтың ауылынан алыстап кеткен дүниелер еді.

Алайда, тәуелсіздіктен соңғы жылдары бұл тақырып төңірегінде Т. Қожекеев, Ш. Елеукенов, Ү. Сұбханбердина, Н. Омашев, С. Қозыбаев, Қ. Аллаберген, Ж. Нұсқабаев, Б. Жақыпов, Т. Бекниязов, Қ. Сақ, А. Мектеп сияқты ғалымдар өзіндік ізденіс жұмыстарын жүргізіп келеді. Әсіресе, филология ғылымының докторы, профессор Т. Қожекеевтің алар орны ерекше.

Ол кісінің соңғы бес алты жыл төңірегінде түйдек – түйдегімен баспалардан жарық көрген «Жыл құстары», «Көк сеңгірлер», «Сара сөздің сардарлары», «Сатира негіздері» атты монографиялары осының дәлелі.

Бірақ, бұл ғалымның жоғарыда аталған кітаптары негізінен 1917 жылдан бергі кезеңді, әсіресе XX ғасырдың 20-30 жылдарын қамтиды. Сондықтан, XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың алғашқы жылдарындағы публицистер туралы күні бүгінге дейін арнайы жазылған зерттеу жоқтың қасы...

Иә, шыңдығына келсек XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басы тарихи тұрғыдан алғанда қазақ халқы үшін үлкен қиыншылықтар мен дүрбелеңдер, сонымен қатар болашаққа деген үміттер мен сенімдер әкелген кезеңдер болып саналады. Мәселен, патшалық Ресейдің Қазақстанда отарлау саясатының одан сайын күшейе түсуі, қазақтардың өз арасынан көзі ашық,зиялы азаматтардың шығып, азаттық жолына ұмтылып, соңынан бүкіл халықты еріте алуы, жер мәселесі 1905-1907 жылғы революция, бірінші дүниежүзілік соғыс, 1916 жылғы ұлт азаттық қозғалыс, 1917 жылғы ақпан және қазан төңкерістері, Алашорда қозғалысы. Міне, осындай ірі оқиғалардың бәрі де публицистердің қаламынан, тіпті тікелей солардың өздерінің араласуымен туындап, халық арасына тарап жатты.

4

1 ХIХ ғасырдың екiншi жартысы мен ХХ ғасыр басындағы қазақ мерзiмдi баспасөзi

ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасыр басындағы қазақ ақын, жазушылары мен публицистерінің рухани мұралары

1.1 Жанашыры халқының (Шоқан Уәлиханов)ХІХ ғасырдың елуінші, алпысыншы жылдары Н. Г. Чернышевский

бастаған революциялық демократтар крепостниктік тәртіпті және помещиктердің жер иелену хұқысын революциялық жолмен біржола жойып жіберуді көздеді. Герцен барлық халықтардың тең хұқылығын талап етіп, патша өкіметінің қазақ халқына деген жендеттік саясатын бүкіл әлемге жария етті. Бұдан Шоқан екі Ресейдің барын : бір жағынан, революциялық идеялардың жаршылары – Герценнің «Колоколы» мен Чернышевскийдің «Современнигі», екінші жағынан, патша тағын төңіректеген ресми шенеуніктер, помещиктер мен капиталистер Ресейінің барын білді.

Шоқан өзінің публицистикалық мақалаларында, хаттарында еңбекші бұқараның мүддесін қорғап, олардың хұқылары үшін күресті. Жалпы, оның еңбектерін хаттары мен мақалалары, ғылыми мақалалары, жолсапар очерктері деп үшке бөліп қарастырған жөн сияқты.

Ауыл мектебінде қазақтың ескі аңыз-әңгімелерін, мақал-мәтелдерін жазып алып, жинастырып, жаттап өскен, кадет корпусында орыс әдебиетінің классикалық шығармаларымен, орыс тілі арқылы батыстық мәдениетпен танысқан. Шоқан хаттарында оның мінез ерекшеліктері, ой-өрісі, дүниетанымы, өмірге көзқарасы ғана танылып қоймай, ұстаған бағыты да көрініп отырады. Мысалы, ол А. Н. Майковқа жазған хатында : «Жергілікті сұлтандармен және байлармен тату емеспін. Өйткені, олар бұрынғы құлдарын жаман ұстайды, ал енді бұл құлдар қазір де бостандық алғанымен де, қалай кетерін білмей, сол бұрынғы қожаларының қолында жүр. Мен олардан талай рет бұларға еңбек ақы төлеңдер және өздерін адам санатында ұстаңдар деп талап етіп, қорқыттым. Бірақ олармен шығыспасам да, оның есесіне дала пролетариатымен қатты доспын және олармен тез-ақ үйлесе кеттім», - деп шындығын айтты. Бұдан Шоқанның өмірлік күрескер позициясы, саяси көзқарасы айқын көрінеді.

Бұдан кейінгі оқиғалардан Шоқанның саяси көзқарасының тез есейіп, қалыптасқанын көреміз. Оның публицистикалық туындыларынан А. И. Герценнің, Н. Г. Чернышевскийдің, А. Н. Добролюбовтың идеялық әсері айқын танылады. Мәселен, үзбей хат жазысып, пікір алысып тұрған Ф. И. Достоевскийдің 1861 жылғы реформадан кейін сарыуайымға салынып, самодержавиеге қарсы күрестен ауа жайылып кеткеніне Шоқан сын көзбен қарай білді. Бұрын ақыл-кеңес алған досына енді өзі «Сен енді түбірімен өзгерту жолына түс», - деп ақыл берді. Бұл Шоқанның саяси санасының қаншалықты өскенінің және оған революцияшыл-демократтардың қаншалықты әсер-ықпал еткенінің аса маңызды дәлелі.

Шоқан хаттарының стилі, түрі мен мазмұны қандай дегенге келсек, олар кәдімгі хат стилінде, хат түрінде жазылды. Бірақ, оларда жеке бас, күйкі тірлік

5

мәселесі емес, халықтық, қоғамдық, саяси мәні бар мәселелер қозғалды. Н. Г. Чернышевский сияқты ол қоғамдық көкейкесті мәселелерді батыл көтеріп, туған халқының келешегі туралы терең ой толғады. Жалпы, Шоқанның хаттары халықтық, қоғамдық мазмұнға толы.

Бұл ерекшелік оның мақалаларына да тән. Ол «Русский инвалид» журналына жолдаған тұңғыш мақаласында бүкіл халық басындағы ауыр жағдайды сөз етеді. Оның осы туындысының өзінен-ақ публицистикалық іргелі пікір түюге бой ұра білгенін аңдау қиын емес. Атап айтсақ, Шоқан жекелеген әкімдерімен қоса (Кури, Айвашкевич, Безверхов) Омбы облысы әкімшілік басқармасын да сынап, сол кездегі мемлекеттік тәртіптің әділетсіздігін әшкереледі.

Оның публицистік осы жинақтау әдісі басқа мақалаларынан да кездесіп отырады. «Сот реформасы туралы» деген хат жобасын жасауға тек патша үкіметінің шенеуніктері мен қазақтың үстем тап өкілдерінің қатысқанын, олардың қалың бұқара мүддесін емес, билер мен сұлтандардың мүддесін ғана көздегенін сынайды.

Шоқанның ғылыми мақалалары да терең зерттеуден, түрлі салыстырудан туған. «Қырғыздың ата-тегі» деген мақаласында ол қырғыз халқының шығу тарихы туралы қытай, орыс, ағылшын зерттеушілерінің пікірі мен қырғыз халқының өз аңыздарын салыстыра қарастырады. Сөйтіп, қырғыздар алғашында оңтүстік Сібірді мекендеп, содан кейін ХVII ғасырдың бүгінгі қоныстарына жер ауып келді деген пікірдің жансақтығын дәлелдейді. Біздіңше бұл ғылыми зерттеудің тамаша үлгісі дерлік мақала.

Енді, Шоқанның мақалалары мен ғылыми мақалаларының стильдік, формалық ерекшеліктеріне көңіл бөлейік. Бұлар құрылымы, түрі жағынан қарапайым, тілі жатық, түсінікті. Автор ойын жеңіл жеткізеді. Кей тұстарда нәзік сезімталдық, байқағыштық, философиялық ой-қорытудың элементтері ұштасып отырады.

Қай мақаласын алсаңыз да фактілерді салыстыра қараушылық, жинақылық, ұқыптылық ізін көреміз. Бұлдыр, шұбалаңқы сөйлемдер кездеспейді, екі ұшты талас тудырарлық пікірлер жоқ. Мысалы, дін мәселесі туралы жазған мақалаларында («Қырғыздардағы шамандықтың қалдықтары», «Қазақ даласындағы мұсылмандық туралы») Шоқан материалистік көзқарасты ұстады. Ол айнала қоршап тұрған дүние адам санасына тәуелді емес және ол мәңгілік деп түсінеді.

Ш. Уәлихановтың зерттеушілік таланты мен парасаттылығы, нәзік байқампаздығы мен суреткерлік қабілеттілігі 1856 – 1859 жылдардағы саяхаттарының негізінде жазылған жолсапар очерктерінен ерекше танылады. Бұған көз жеткізу үшін «Қытай империясының батыс өлкесі және Құлжа қаласы» деп аталатын тұңғыш жолсапар очеркіне зер салалық. Оны автор : «1 тамыз 1856 жыл. Қытайдың Бараходжир атты шекаралық бекеті» [1], - деген жолдарымен бастап, екі ел шекарасында тұрғанын, мұның жауапты да қатерлі екенін бірден алға жаяды. Сөйтіп, оқырман назарына өзіне алаңсыз аударып алады.

Шоқан табиғат көріністерін суреттеу арқылы Қытай еңбекшілерінің ауыр тұрмысының естен кетпес типтік картинасын жасаған. Мәселен, «жаз келсе

6

Қытай жұмаққа кіргендей болады; ол жалаңаяқ, жалаңбас жүріп, қалаған жеріне жатып ұйықтап кетеді, бау-бақшаның көлеңкелі саясы түнде түнеп шығар жайлы төсек, бірақ оның есебіне қыста ол қатты азап шегеді. Мұнда орталық Қытайдағыдай емес, Қыс қақап, боран соғып тұрады және сондай қатты борандардан кейін әрқашанда бірталайының тұлымды төбесі қар астынан қылтиып шыға келеді де жаз шыққанша сол күйінде, ашылып қалған мүрделерін Ілеге тастап, немесе, полиция сол жатқан жерлеріне көме салғанша жата береді. Қытай молаларының белгілі бір орны жоқтығы және кез-келген жерден ұшырай беретіндігінің себебі де осыдан» [2], – деп жазады. Бұл Қытай халқы тұрмысының өте ауыр екенін әйгілейтін көрініс. Батыс Қытай провинциясындағы аш-жалаңаш, панасыз, жұмыссыз қара халықтың тұрмыс-тіршілігін дәл бұлай суреттеусіз көзге елестеу қиын. Шоқанның суреткерлік дарыны осындай негізгі мақсатқа шебер қызмет ете алған.

Енді, Батыс Қытай халқының мәдени өмірін суреттеген мына үзіндіге көңіл бөлелік : «Үйлердің алдыңғы жаппалардың астынан сәкі орнатқан, мыңдаған адам сол сәкілердің үстінде түскі асын ішіп отыр. Бірнеше аспазшы қазан маңында шыр айналып, ет қуырып, шай қайнатып, зыр қағып жүр. Не деген кіржімбаз халық десеңізші. Тегештегі суға әуелі бетін жуады, сонан қайтадан сол сумен ауызын шаяды да ішіне қайта төгеді. Сол суға келесі адам тағы да сөйтеді де, үшінші біреуіне жылжытады – сөйтіп, сол жерде отырғындардың бәрі жуынған су қара сырға айналып, Қытай табытын болса да боярлықтай халге жетеді». Автордың орта ғасырлық дәрежедегі артта қалған елдің әлеуметтік-мәдени дәрежесін көзге ұрып тұрған көрініс арқылы суреттеуі соншалық әсерлі де нанымды шыққан.

Егер Шоқан «Қытайлардың мәдениеті төмен еді» деген секілді сөздермен баяндаған болса, онда оның танымдылығы нашарлау болар еді.

Очеркте адамдардың топтама портреттері де жиі кездеседі. Мысалы, Шоқан «Үстіне өрім-өрім шоқпыт киген тараншы, яғни қытай әкімдеріне қызмет етіп, солардың жерін өңдеп, егінін егу үшін осы өлкеге жер аударылып келген диқаншы мұсылман да жаңа ғана сатып алған қарбызын сүйсіне сорып,рахаттанып отыр. Ол өзі негр сияқты қап-қара, ал енді тісі болса інжудей аппақ. Сызықтай түзу бітік көзі көп ұйқыдан ісіп кеткендей боп көрінген манчжур, оңтүстік губерниядан жер аударылып келген қысық көз, қап-қара, тістері ырсиған, үстіне құдды бір жылтыр клеенка тәрізді май-май шолтиған ақ көйлек киген батыр қытай, белін қынай буған, сілеусін бөрікті, қамыт аяқты қалмақ – осылардың бәрі де елестеп өтіп жатты», - дей келіп, «... және осылардың бәрі де шетінен шылым шегіп, қарқылдап күліп, бірімен-бірі амандасып, құттықтап, гу-гу етеді» [3], – деп батыс өлке халқының бейнесін жасайды.

Сөйтіп, Шоқанның публицистикасынан біздің аңғарғанымыз ол – ғалым, тарихшы, этнограф, саяхатшы, тіл маманы, философ, ағартушы, социолог және суреткер. Бұл ерекшеліктерді оның публицистикалық шығармаларын оқыған адамның терең сезінері сөзсіз.

7

1.2 Оқу, білімге шақырған (Ыбырай Алтынсарин)Ы. Алтынсариннің публицистикасын ғалым Ә. Дербісалин тақырыбы мен

ерекшеліктері жағынан үш топқа (хаттары, этнографиялық мақалалары,газетке жарияланған мақалалары) бөліп қарастырғанды жөн санайды.

Ыбырай да Шоқан тәрізді өз хаттары арқылы қоршаған ортаға деген көзқарасын, оның көкейкесті мәселелерін, туған халқының келешегі туралы ой-арманын білдіріп отырды. Содан да болса керек оның әр хаты көркем шығармадай тартымды, қызықты оқылады, ойыңа – ой, жігеріңе – жігер қосып, сол кезгі қоғам өмірінен терең сыр тартады.

1860 жылдың жазында халық ағарту ісіне ресми жолдама алып, Орынбор бекінісіне келген 19 жасар Ыбырай Н. И. Ильминскийге жазған алғашқы хатында : «Бекініске келген күнімнен бастап, тек қолайсыздықты, оңбағандықты, өтірік-өсекті ғана көрдім» [4], - деп, еңбек жолын жаңа бастаған орта сырын Шоқан тәрізді әрі ерте, әрі дұрыс аңғарғанын танытады.

Ыбырайдың жасынан-ақ айналасындағы адамдарға, әр құбылысқа сын көзбен қарап үйренген, әр нәрсеге өзіндік көзқарасы бар ой иесі екені В. В. Катаринскийге жазған хатындағы : «Тарих сабағын, сірә, Иловскийдің оқулығы бойынша оқытуға тура келер деймін. Бірақ, бұл оқу құралы менің өзіме онша ұнамайды»-деген секілді жолдарынан айқын танылып отырады.

Ыбырай хаттарында оқыту әдістері, татар молдаларының ықпалын әлсірету жолдары, оқытушыларға қамқорлық, мектеп ашу мәселелері кең және үнемі сөз болады. «Мектептің шаруашылық жағдайлары жаман болса, оның ісі еш уақытта оңға баспайды, пайдалы ешнәрсе бермейді, оның оқушылары да, оқытушылары да істен күдер үзіп кетеді. Бұған менің көзім әбден жетті. Мұның үстіне, мен қазақ балаларын ұқыптылыққа, тазалыққа, отырықшылық тұрмыстың артықшылығына, мысалы, жылы бөлмелерде тұруға үйретудің өзі қазақ даласында тәрбиелік мәні бар деп білемін» - деген жолдар оның қандай педагог екенін көрсетеді.

Ы. Алтынсариннің «Орынбор ведомствосы қазақтарының өлген адамды жерлеу және ас беру дәстүрінің очеркі», «Орынбор ведомствосы қазақтарының құда түсу, қыз ұзату және той жасау дәстүрлерінің очеркі» деп аталатын екі этнографиялық мақаласы Ш. Уәлихановтың осы саладағы ісін алға жалғастырған еңбек болды. Ыбырай да Шоқан секілді туған халқын орыс қауымына таныстыруды мақсат тұтып қана қойған жоқ, қазақ қоғамындағы өрескел, төзуге болмас жайларды батыл сынап, оларды өзгерту қажеттігіне назар аудартады. Мысалы, «Орынбор ведомствосы қазақтарының құда түсу, қыз ұзату және той жасау дәстүрінің очеркінде» ол қазақ әйелінің қараңғылық, надандық, теңсіздік шырмауында өмірге белсенді араласа алмай отырғанын сынады. «Ауқатты қазақтар баласын 11-12 жасында –ақ үйлендіре береді, енді мынадай реттерде, мысалы, біреудің жалғыз баласы болса, сондықтан ол, қазақтарша айтқанда, «баласына келін әперіп, қызығын көргісі келсе», 8-9 жасында үйлендіре салады. Сол сияқты осындай реттерде он жастағы не содан да жас қызды күйеуге бере береді. Онан соң кейде он жасар бала, алды 7-8 жасқа келген балалары бар әйелге де үйленіп қалады» деп қазақ қоғамындағы адамгершілікке жат әрекеттердіің бәрін жою туралы ой қозғайды.

8

«Орынбор ведомствосы қазақтарының өлген адамды жерлеу және оған ас беру дәстүрінің очерктерінде» де әлеуметтік теңсіздік сыры ашылып, өлген адамды жерлеудегі молдалардың арам пиғылы әшкереленеді. «Ас тек ер адамдарға ғана беріледі, ал егер әйелдерге беріле қалса, қонақасыдан басқа жоғарыда айтқанымыздай бәйге, күрес және басқа қызғылықты сән-салтанаттар көрсетілмейді және үйге әйелдің қайтыс болғандығы жөнінде белгілер де қойылмайды». Бұл сол кездегі қазақ қоғамындағы әлеуметтік теңсіздіктің қандай дәрежеде екенін танытатын фактілер болатын.

1880-1884 жылдары «Оренбургский листок» газетінде Ыбырайдың бес мақаласы жарияланды. Оларды зерттеуші М.Фетисов «сирек кездесетін әдеби оқиға» деп бағалады [5].

Ы. Алтынсарин «Қазақ даласындағы аштық туралы» деген мақаласында патша үкіметінің жергілікті әкімдерінің қазақтарды бірден күшпен отырықшылыққа айналдырып, артық жерлерін тартып алып жатқандықтарын сынап жазса, «Торғай облысындағы Ырғыздан» деген екінші бір мақаласында : «Биылғы қыс та Торғай қазақтары үшін өткен қыстан жеңіл боп өткен жоқ. Аштық пен сүзек тағы да халық арасында кең жайылды. Тіпті, ауқатты, әлді отбасының өзін де сүзек ауруы көп болып, талай адамдар өліп кетті. Мұның немен аяқталарын, алдымызда ненің күтіп тұрғанын кім білсін. Шынымен-ақ, бүтін бір халық осылайша құрып кете ме?» - деп толғанды.

Сондай-ақ «Оренбургский листок» газетінің 1880 жылы 11 мамырдағы санында жарияланған «Торғайдан жолданған корреспонденциясында» Ы. Алтынсарин қазақ кедейлерінің аштыққа ұщыраған ауыр халін, оларды аман сақтап қалу шараларын сөз етті. Ол үшін ауқатты адамдардың аш адамдарға көмектесуі, балық аулауы, жаңа егістің қамына кірісу, жем-шөп, азық қорын мол жасау қажеттігі туралы кеңес берді. Мұндай қамқорлық танытуы, халықты аштықтан аман алып қалу туралы ойлары оның басқа мақалаларына да тән болды.

Осылай орыс басылымдарында қазақша материалдардың аракідік жарияланып тұруы сол кездегі өмір талабынан туындаған көрініс болатын. Бұдан қазақ тілінде газет шығару қажеттігі байқалады. Осыны дер кезінде сезе білген Ы. Алтынсарин 1879 жылы қазақ тілінде газет шығару жөнінде жергілікті патша әкімшілігі орындарына ұсыныс жасап, болашақ газеттің бірінші нөмірінің үлгісін жасады. Онда жариялануға тиісті материалдарды өзі жазып, газетке «Қазақ газеті» деген ат қойды.

Ы. Алтынсарин бастамасын Орынбор генерал-губернаторы Н. А. Кржижановский қолдап, сол жылғы желтоқсанның 11-і күні ішкі істер министрлігіне хат жолдайды. Хатта : «Осы үлгідегідей орыс графикасымен жергілікті халықты ана тілінде газет шығару қазақ арасында сауаттылықты арттырып, халық ағарту ісін жолға қоюда көп пайда келтірер еді. Және үкімет ойлаған шаралардың халыққа тез жетуіне көмектесер еді», - деген сөздер жазылған. Бірақ ішкі істер уәзірлігі қазақ тілінде газет шығаруға рұқсат етпейді. Сөйтіп, ұлы ағартушы Ыбырайдың бастамасы аяқсыз қалады.

Алайда, ол әзірлеген «Қазақ газетінің» үлгісі қандай еді? Сол кездегі оқырман талабына сай ма еді? – деген сауалдарға жауап іздеп көрелік.

9

Газет форматы 45х35 көлеміндегі 8 бетке жоспарланған. Алғашқы 4 бетке қазақша материалдар, соңғы 4 бетке соның орысша аудармасы орналыстырылған. Тақырыбына, мазмұнына қарай материалдар 4 бөлімге топтастырылған.

Бірінші бөлімде облыстық әскери губернатордың елді аралауы, далалықтар арасындағы ұрлықты тоқтату барысындағы қолданған шаралар, жаңадан сайланған болыстарменен наградталған адамдар туралы «Бас әкімдер жағынан шыққан хабарлар» деген бас мақала бар.

Екінші бөлімде «Ел ішіндегі хабарлар» деген айдармен Орынбор айырбас алаңындағы малдың, басқа да бұйымдардың бағасы, елде болған өрт, мал ауруы және ауа-райы туралы хабарлар берілген.

Шетел жаңалықтары үшінші бөлімнен орын алған. Онда Англия мен Ауғаныстан арасындағы қақтығыс, қазақ жеріне жиі-жиі шабуыл жасап, бейбіт елдің берекесін алған түрікмендерді тәртіпке шақыру үшін Әмудария генерал-губернаторының өзі әскермен жолға шыққаны туралы хабарлар бар [6].

Төртінші бөлімнің астыңғы белдеуі «Таңсық әңгімелер» деген айдармен түгелдей Жиренше шешен атына байланысты әңгімелерге арналған.

Бұдан шығар қорытынды : Егер патша үкіметі Ыбырай Алтынсариннің талабын құптаған болса, оның редакторлық, журналистік қызметінің шешек атып, қоғамдық ой-пікірдің дамуына өзіндік үлес қосары сөзсіз еді. Өкінішке орай, ол мүмкін болмай қалды.

1.3 Мыңмен жалғыз алысқан (Абай Құнанбаев)Шоқан Уәлиханов шығармаларын орыс тілінде, Ыбырай Алтынсарин орыс

және қазақ тілінде жазған болса, Абай барлық шығармасын тек қазақ тілінде жазды. Бұл – толғантқан ойларын көшпелі қара халыққа еркін жеткізуді, сөйтіп оны тезірек даму жолына бастауды көздеген ойдан туған шығармалар еді.

Әрине, Абай шығармаларындағы, публицистика дегенде алдымен оның қара сөзі еске түседі. Бірақ, публицистикалық сарын, публицистикалық толғау оның поэзиялық туындыларында да кездесетінін ескермесе болмайды. Бұл, әсіресе ұлы ақынның еңбек тақырыбына арналған өлеңдерінен ерекше аңғарылады.

Бізді түрлі өнерге ие етіп, алға бастап келе жатқан еңбек екені мәлім. Бұл тақырып ешқашан мәнін жойған емес. Абайдың ұлылығы – осы адамзат қоғамының ең негізгі күшінің жасампаз, өскелең рөлін жете танып :

...Тамағы тоқтық,Жұмысы жоқтық,

Аздырар адам баласын,

– деп халықты еңбек етуге бар болмысымен үндей білуінде.

...Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас,Қардың суы секілді тез суалар...

– немесе :

10

Бір жілік пен бір аяқ қымыз берген,Дереу сені жұмсайды бір жұмысқа,

– деп, сол кездегі ащы шындықтың бетін ашатын, асы барға асы жоқ жалынышты, тәуелді екенін айта келіп, оны қалай еткенде өзгертуге болатынын ойлайды. Ол кезде қазақ даласында өнеркәсіп дамымаған, егіншілік әр жерде ғана болған. Жалғыз кәсіп – мал бағу. Мұны Абай жіті аңғарды :

Кедейдің өзі жүрер малды бағып,Отыруға отын жоқ үзбей жағып.

Тоңған үйін жылытып, тонын илеп,Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып,

– деп, кедейдің күні-түні еңбек етсе де, таптық қоғамда жақсы тұрмыс құра алмайтынын асқан шыншылдықпен суреттеп, не істеу керектігіне ой жүгіртеді.

Жалға жүр, жат жерге кет, мал тауып кел,Малың болса сыйламай тұра алмас ел,

немесе

Егіннің ебін,Сауданың тегін,

Үйреніп ойлан, мал ізде,

– деп ақыл айтады.Егін салудың, оның шығымды болуының көзі – агрохимияны, ғылымды біл

дейді. Төрт-бес қойды сатумен сауда өнерін меңгере алмайсың, ол үшін оның тілін, мәдениетін игер дейді. Ол үшін оқу керегін айтады. Бірақ қазақта ондай мектеп жоқ болды. Ұлы ақын «Жалға жүр, жат жерге кет, мал тауып кел» дегенде де саудамен айналысатын басқа халықтардың арасына барып, солардан үйрен дегенді меңзейді. Ал орысша оқып, елді қанаудың әдісін ғана үйренген пысықтарды :

Ойында жоқ бірінің,Салтыков пен Толстой.Иә тілмәш, иә адвокат,

Болсам деген бәрінде ой,

– деп өлтіре сынады.Ұлы ақын сықақ өлеңдерінде надандық пен өсекшілдік, парақорлық пен

жатыпішерлік, арамтамақтық жолына түскен болыс, билер мен байларды, патша шенеуніктерін аяусыз әшкерелейді. Осы сыншыл реализм Абайдың қара сөздерінде де мол ұшырасады.

Қара сөздерінде Абай қазақ халқының XIX ғасырдың соңғы он жылы ішіндегі ең толғақты қоғамдық –саяси мәселеріне зер салып, оның шешімін іздейді. Ондағы мақсатын былай білдіреді; «Ақыры ойладым; осы ойыма

11

келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған бел байладым».

Абайдың мұндай шешімге келуі, өткір қаруды өзіне серік етуі – күрестің жаңа, оңтайлы жолын тапқанын білдіреді. Бұл да елден ерекшелігін, тапқырлығын танытады.

Қара сөздерінде Абай жұртты ойланып-толғантып қана қоймайды, намысына тие ашындырып, жігерін жани түседі. Мысалы, екінші сөзінде көршілес өзбек, тәжік, татар халықтарының қазақ халқын салыстырып, түкке икемсіз, жалқау, артта қалған ел екенімізді уытты әжуаға толы мысалдармен дәлелдейді. «Ауылды көрсе тұра шапқан, жаман сасыр бас орыс» деп орысқа да күлетінін жаза келіп «Орысқа айтар сөз де жоқ, біз құлы, күні құрлы да жоқпыз. Бағанағы мақтан, бағанағы қуанған, күлген сөздеріміз қайда?» [7], - деп сықақтай мінеп, еріксіз ойға қалдырады.

Бесінші сөзінде : «Түстік өмірің болса– күндік мал жи», «Өзіңде жоқ болса, әкең де жат», «Мал – адамның бауыр еті», «Малдының беті жарық, малсыздың беті шарық» деген сияқты мақалдарды келтіре отырып, қазақтың бар қайғысы – мал екеніне қынжылады. «Қазақ тыныштық үшін, ғылым үшін, білім үшін, әділет үшін қам жемейді екен, бермесе онымен жауласпақ екен. Малды болса, әкесін жаулауды да ұят көрмейді екен» дей келіп, «іздеген еліміз сол ма?» деп түңілгендей болады. Мұны сол кезгі патша үкіметі отарлау саясатының езгісіндегі және таптық қанаудағы қазақ қоғамына ашу-ыза, наразылық деп қана ұқпай, халық санасын оятуды көздеген жанашыр жанның үні деп ұғамыз.

Осы мысалдардың өзінен-ақ Абайдың қоғамдағы саяси көзқарасының қандай болғанын білу қиын емес. Ол туған халқының қулық-сұмдық, тіленшектік, өтірік-өсек, жалақорлықтан, жағымпаз, жалқаулықтан арылып, мәдениетті де әділетті, еңбеккер де бауырмал болуын қалады, сол үшін күресті.

Абайдың психологиялық көзқарастарын танытатын да материал мол. Әсіресе, ұлы ақынның қара сөздерін қайталап оқыған сайын оның адам жанының нәзік білгірі болғанына көз жеткіземіз.

Жетінші сөзіне зер салалық. Мұнда жас баланың анасынан туғанда екі түрлі мінезбен туатынын, біреуі – ішсем, жесем дейтінін, онысы тәнқұмарлығы екенін, екіншісі – білуге құштар келетінін, онысы жанқұмарлығы екенін әңгімелеген тұстар нағыз психолог екенінен хабар береді. «Ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «Ол немене?», «Бұл немене?», деп «Ол неге үйтеді?», «Бұл неге бүйтеді?» деп көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – жан құмары» дей келіп есейгенде қазақтардың одан айырылып, қалу себебін қарастырып : Тәннен жан артық еді, тәнді жанға бас ұрғысса керек еді. Жоқ, біз олай қылмадық деп қынжылады.

Тоғызыншы сөзінде : «Осы мен өзім – қазақпын. Қазақты жақсы көрем бе, жек көрем бе? Егер жақсы көрсем, қылықтарын қостасам керек еді. Уә, әрнешік бойларынан адам жақсы көрерлік, көңіл тиянақ қыларлық бір нәрсе тапсам керек еді.

12

Соны не үміт үзбестікке, не онысы болмаса мұнысы бар ғой деп көңілге қуат қылуға жаратсам керек еді, ондайым жоқ» деп өз психологиясынан да хабар береді. «Сыртым сау болса да ішім өліп қалыпты. Ашулансам, ызалана алмаймын. Күлсем, қуана алмаймын, сөйлегенім өз сөзім емес, күлгенім өз күлгенім емес, бәрі де әлде кімдікі». Бұл әділетсіздік, таптық қоғамдағы ойлы адамның қайғылы жан дүниесі емес пе?

Абай Құнанбаев публицистикасының ерекшеліктері дегенде мына жайларға көңіл бөлмесе болмайды :

1) Абай – ойшыл, философ, психолог, педагог, суреткер, ғалым. Бұл жағынан оның Шоқан, Ыбыраймен туысатыны сөзсіз. Әйтсе де олардан өзгешелігі, Абай публицистикасында психологиялық, аналитикалық талдау басым;

2) Абайдың қара сөздерінің әрқайсысы кішігірім ғылыми еңбекке ұқсайды. Олардан сыншылдық, зерттеушілік ерекшелік терең танылады;

3) Абай сөйлемдері қысқа, түсінікті; 4) Шоқан, Ыбырай тәрізді Абай да қазақ қоғамына сын көзбен қарады.

Бірақ олар байқамаған, назар аудармаған кемшіліктерді терең танып, әшкереледі. Бұл әсіресе, «қалауын тапса қар жанар», «сұрауын тапса адам баласының бермейтіні жоқ», «атың шықпаса жер өрте», «жүз күн атан болғанша, бір күн бура бол», «алтын көрсе періште жолдан шығады», «ата-анадан мал тәтті, алтынды үйден жан тәтті» (29-шы сөз) деген секілді мақалдарды сынаған және қазақ халқы мінезінен жақсы қасиет таба алмай қиналған сәттерінен байқалады;

5) Абай араб сөзін жиі, кейде орыс сөзін де пайдаланды. Мысалы, «біреуі орысша подвижной элемент деп аталады», «біреуін орысша сила притягательная однородного», үшіншісі, орысша «впечатлительность сердца» дейді «43-ші сөзінде». Бұдан ұлы ақынның араб, орыс әдебиетінен ғана емес, ғылымымен де терең таныс болғанын байқаймыз.

Қорыта айтқанда орыстың, басқа да халықтардың революцияшыл – демократияшыл публицистикаларынан үлгі алған Шоқан, Ыбырай, Абай феодалдық – патриархалдық артта қалушылыққа, оның кедергі кесапат-кеселіне, еңбекші бұқараны қанаушыларға және керітартпа ағымға қарсы күресті.

Сөйтіп, қоғамдық ғылыми ой-пікірдің, халқымыздың жазба әдебиеті мен әдеби тілінің және демократиялық-ағартушылық публицистикамыздың, баспасөзіміздің негізін салды.

1.4 Ойшыл, ағартушы, ақын, публицист (Мәшһүр Жүсіп Көпеев)Мәшһүр Жүсіп Көпеев 1858 жылдың қысында қазіргі Ж.Аймауытов

атындағы ұжымшардың Айыртас деген табиғаты әсем жерінде дүниеге келген. Ата-анасының азан шақырып қойған аты- Адам Жүсіп болғандықтан Мәшһүр деген қосалқы лақап есім оған кейіннен танылған. Себебі, бұл туралы ақынның өзі кезінде :

Жасымда қойылған ат - Адам-Жүсіп,Жұрт кеткен сүйгенінен Мәшһүр десіп.

Қолыма қағаз-қалам алған шақта,

13

Кетемін қара сөзге желдей есіп,

– деп жазған [8]. Мұны айтып отырған себебіміз ертеректе жариялаған кейбір зерттеу

еңбектерде М. Ж. Көпеев 1857 жылы туған деп жазылған [9]. Бірақ, Мәшһүрдің туған жылы – 1858 жыл. Олай деу себебіміз ақын өз өлеңдерінде бұған байланысты :

Жылым- қой, тауық жылы мен үш жаста,Ғаріптілік бұл жалған біздің баста.

Немесе,

Жылым- қой, жасым биыл жетпіс үште,Өң түгіл маған жалған жоқ қой түсте,

- деп жазған ғой [10]. Екіншіден, Мәшһүр Жүсіптің әлеуметтік шығу тегі де зерттеушілер

тарапынан дұрыс көрсетілмеген. Мәселен, Б. Кенжебаев «М. Ж. Көпеев ауқатты семьяда дүниеге келген»,- деп жазса осы ойды М.Ғабдуллин де «Қазан төңкерісі кезінде Мәшһүрдің бейтарап бағыт ұстау себебі оның дәулетті семьядан шыққандығынан болды»,- деп әрі жалғастырды.

Алайда, кезінде Мәшһүр Жүсіптің байлықпен аты шықпағанға ұқсайды. Бұған оның :

Өмір бойы ұшырмай бізге молдық,Табысымыз көп болса ат пен тондық.

Әкемді өлтірген жаудай болды,Кедейлік, кемтаршылдық, қысқа қолдық,

– деген сөзі куә [11].Оның үстіне бұл жөнінде әдебиетші, зерттеуші ғалым С. Дәуітов :

«М. Көпеевтің әкесі Көпжасар. Бір әке бір шешеден төрт ағайынды. Көпжасар – семьядағы балалардың кенжесі. Ертеден бері еліміздің салтында кенже туған құлынды, қозыны көпей деп айтатындықтан,үй ішіндегі баланың да кішісін «Көпеш», - «Көпей» деп еркелететін болған. Міне, осы себепті де Көпжасар аты жайына қалып, Көпей атанып кеткен. Ал, Көпейдің әкесі Шермұхамедтің тұрмысы тапшы, дәулеті кемдеу екен.

Осы құрғыр тапшылықтың кесірінен Көпей үй ішіндегі әр түрлі «сыбағадан» қағыла беріпті. Әрі намысты, әрі қайратты жас жігіт мұндай қорлыққа шыдай алмай, Қызылжар қаласына 18 жасында оқу іздеп кетіпті. Амал қанша молданың алдынан небәрі 4-5 ай ғана сабақ алған соң, қатты сырқаттанып қалады. Енді оқуын әрі қарай жалғастыруға қаражат болмағандықтан, Ахмет деген ноғайға жұмыскер болып тұрды. Жігер, күші мол жігітті қожасы қолынан шығармай Бұхар Ташкент, Түркістан қалаларына кіреші етіп жиырма екі жыл жалдапты», – деп жазған [12].

14

Алайда, бұл алып келген мал-мүлік 1816 жылы болған «тауықтың» жұтынан қырылып қалады. Бұл орайда М.Бөжеев : «Елге қайтып келген Көпжасар 3 жыл өтпей қу таяқ болып жүдеп қалғандықтан Баянауыл маңындағы жатақтарға қосылады. Ол кезде 5 жасқа толған Жүсіпті медресеге орналастырады», -деген ой айтады [13]. Сөйтіп, қанша жыл бейнеттеніп, адал еңбекпен тапқан малының жұттан қырылуы Мәшһүрдің әкесін қатты күйіндіреді. Ендігі мал-мүліктің орнын толтыратын қазына тек ғана ғылым, білім боларын түсінеді. Сондықтан ел-жұртын тастап, Қызылтаудан Баянауылға баласын оқыту үшін қоныс аударады. Мәшһүр 5 жастан 15 жасқа дейін Баянауыл маңындағы медреседе білім алғанын өлең жолдарына былай деп қосқан :

Медреседе Баянауыл қаласында,Амалсыз атаң айтса қаласың да.

Ойлайсың кім болды деп бізден ғаріп,Жиылған көп шәкірттің арасында?!

Шар кітап алты жаста ұстағаным,Сол күнде өлең жаттап қостағаным.Екі жыл Баян, бір жыл Қызылтауда,

Үш жылдай түнеп түзге қыстағаным [14].

Мәшһүр Жүсіптің алғашқы ұстаздары Халфе Шөкеұлы Дүржанбай, молда Нәжмеддин қазірет болған. Ал, 1865-1872 жылдар аралығында ол Хамартдин хазіреттен дәріс алған.

Хамаратдин хазірет медресесі – Мәшһүрге ғылымның көп саласын үйреткен. Кейіннен Шығыс дастандары сюжетіне құрылған «Гүлшат-Шеризат» сияқты қиссаның дүниеге келуіне себепші болған. Әрі осы жылдары «Қозы-Көрпеш-Баян Сұлу», «Тарғын батыр», «Төрт жігіттің өлеңі» т.б жырларды жатқа біліп, жұрт алдында айтқан зерек баланың өнерін қадір тұтып, халық «Мәшһүр» есімін берген. Ал, оған Мәшһүр есімін тікелей қойған адам сол кездегі Баянауыл дуанының аға сұлтаны- Мұса Шорманов болған.

Мәшһүр Жүсіп Көпеев 1872-1875 жылдар аралығында Көкялташ медресесінде оқыған. Мұны айтып отырған себебіміз- кейбір зерттеушілердің еңбектерінде ақын өмірінің осы бір тұсы жаңсақ көрсетілген. Д.Әбілев : «1872 жылы Мәшһүр Жүсіп Бұқараға барып, «Көкілташ» медресесіне оқуға түсіп, жоғары дәрежелі білім алады да, еліне 1875 жылы оралып, бала оқытады» - деп жазған [15]. Сәбит Мұқановтың «Халық мұрасы» еңбегінде де Көпеевтің Бұқарада «Көкялташ» медресесінде оқығаны жазылған. Бірақ, онда оқыған жылдары көрсетілмеген. Сондай-ақ, «Ақын-жазушылар» деген жинақта да : 1870 жылдары Хамеретдин қазіретте, кейін Бұқараның медресесінде оқиды», – деп жазылған [16]. Ал, Қазақстанның «Энциклопедиясында» болса «1870 жылы Хамеретдин қазіреттің медресесінде, одан кейін Бұқар діни жоғары оқу орнында оқиды»,- деп анықтама берілген [17].

15

Бірақ, өкінішке орай, басқа әдебиеттерде, Мәшһүр Жүсіптің өмірбаяндық деректерінде бұл мәлімет жоқ. Тіпті, бертінде 1990 жылы тұңғыш рет жарық көрген таңдамалы шығармаларында да бұл жайт ұмыт қалдырылған.

Мәшһүр Жүсіптің ойшыл, қайраткер ретіндегі қалыптасуының алғашқы кезеңі халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, бастыруымен тұстас келеді. Бұқара, Ташкент қалаларына сапар кезінде қазақ тарихымен танысып, ел аузындағы шешендік сөздерді жинаған. Ауылдағы ұстаздық жұмыс, ұлттың жүріп өткен тарихын зерттеу оны тағы бір сатыға көтереді.

Біздің бұл ойымызды «Ақын –жыраулар» деген жинақтан алынған мына бір сөйлем : «1887-1890» жылдары Орта Азияның Самарқанд, Ташкент, Бұқара, Түркістан т.б қалаларын аралап, халықтың рухани мұрасымен, тұрмыс-тіршілігімен танысады. Осы жылдары белгілі оринталист-ғалым, академик В. В. Радловпен танысып, қазақтың ауыз әдебиеті мұраларын жинап, жүйелеп бастыру ісімен шұғылданады» [18], – нақтылай түсетін сияқты.

М. Ж. Көпеевтің қайраткер ретіндегі қалыптасу кезеңінде «Дала уалаяты газетінің» алатын орны ерекше. Бұл газеттің бетінде оның оннан астам проблемалық мақалалары, өлеңдерімен қатар қазақтың билері мен шешендерінің сөздері жарияланған. Бұл туралы сөз алда болмақ.

Ал, қазір Мәшһүр Жүсіптің ойшыл, ақын, ағартушы ретіндегі қалыптасуы кезеңінің екінші сатысына (1907-1912 жылдар) тоқталар болсақ, онда 1907 жылы Қазан қаласындағы Хұсайыновтар баспасынан «Хал- ахуал», «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз», «Сарыарқаның кімдікі екендігі» кітаптары жарық көрді.

Алғашқы «Хал-ахуал» кітабы төрт бөлімнен тұрады : 1. «Хал-ахуал» (208 жол), 2. «Баяннама» (248 жол), 3. «Патша хақында» (144 жол), 4. «Ғибратнама» (4 бөлімнен тұрады).

Екінші бір «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамшамыз» кітабы алты өлеңнен тұрады. Бұд өлеңдер «Қыран құс көңіл ашар», «Қара өлең», «Қазақтың қылып жүрген жұмысы», «З» рет сөз», «Жалғанда таппай бір», «Сәлем хат!» деп аталады. Жоғарыда аталған екі еңбекте қазақтардың сол кездегі тұрмыс-тіршілігі, іс-әрекет, психологиясы суреттеледі. Бір сөзбан айтар болсақ, бұлар патшалы Ресейдің отарлау саясатына қарсы бағытталып жазылған шығармалар.

Үшінші, «Сарыарқаның кімдікі екендігі» кезінде бүкіл қазақ халқына танымал болған еңбек. Бұл екі бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімі қара сөзбен жазылған. Онда Сарыарқаның кімдікі екендігі сөз болады. Ал, қара өлеңмен жазылған екінші бөлімнің тақырыбы : «Қазақ жұртының осы күнгі әңгімесі туралы». Бұл еңбектерде негізінен халыққа теңдік беру, бұқараның сауатын ашу, сөз бостандығы, жер мәселесі сияқты көптеген көкейкесті мәселелер қарастырылады.

Бұл туралы Ә. Қоңыратбаев : «Мәшһүр Жүсіптің жоғары үш кітабының заңға ілігіп таратылмауы, оны шығарған Хұсайыновтарға 12 мың сом ауыр айып салынуы ақынның қамалушылар тізіміне ұшырап, ел ішінде бұғып жүруі осыдан», - деп жазған [19].

16

Кейбір әдебиеттерде Көпеевтің осы үш кітабының жарық көрген жылдары қате көрсетіліп жүр. Мәселен, «Ақын-жазушылар» атты жинақ пен Қазақ ССР Энциклопедиясының 7 томында М. Ж. Көпеевтің кітаптары 1917 жылы басылып шықты деп көрсетілген. Бұл-өрескел қате. Себебі, М. Ж. Көпеевтің аты аталған кітаптарын қадағалап оқығанда суреттелетін қоғамдық-саяси өмір 1917 жыл емес, 1905-1906 жылдарға сәйкес келеді. Мысалы. I-Мемлекеттік Думаға депутаттар сайлау, шығармаларда сөз болатын жаңа партиялардың құрылуы, одан кейінгі қазақ халқының қоғамдық-саяси өмірі. Міне, мұның барлығы өткен ғасыр басындағы өткен аласапыран оқиғаларды бейнелейді. Басты дәлел бүгінгі таңда Орталық Ұлттық кітапхананың сирек кездесетін кітаптар қорында М.Ж.Көпеевтің жоғарыда айтылған үш еңбегі де сақтаулы тұр. Ал, осы кітаптардың сыртқы мұқабаларында басылым шыққан жері «Қазан, 1907 жыл» деп анық көрсетілген.

Мәшһүр Жүсіптің творчествосы өзі өмірден кеткен соң 1950 жылдардан бастап қудалана бастады. Оған тағылған басты кінә «Революцияны мақтамады, оған қарсы шықты» деп айыптаушылық негізінен алғанда ақынның творчествосын білмегендіктен, түсінбегендіктен туған жалған айыптаулар еді. Соның бірі М.Ғабдуллин болатын. Ол М. Ж. Көпеевті : «Залымдар көзімізді алар ойып, мүшелер терімізді малша сойып», – деп совет қызметкерлері жайында пікір таратты деп айыптады [20].

Ал, шын мәнінде бұл жолдар кеңес қызметкерлеріне емес, патша өкіметі тұсындағы ауылнай, болыстарға арналған еді. Елді, өз ұлтын сүліктей сорған надан ел билеушілерді, арсыз арамтамақтарды сынаған еді. Бірақ, жоғарыда келтіргендей, жаңсақ пікірлер оның творчествосын зертеушілер үшін де, қалың оқырмандарға да кеселін тигізді.

Мәшһүрдің творчествосының үшінші кезеңі аз зерттелген дедік. Облыстық басылымдардан бастап, зерттеушілер еңбектерін қосқанда Мәшһүр Жүсіп творчествосына қатысты мәліметтер көптен саналады. Олардың барлығының басын қосып, бір жүйеге келтіру болашақтың ісі.

Кеңес өкіметі жылдарында Мәшһүрді тек бірыңғай ақындық жұмыспен шұғылданды деп айта алмаймыз. 1919 жылы Ташкент қаласының «Қазақстан» баспасында Көпеев жазған ертегі кітап «Балалар кітабы» деген атпен басылып шықты. Зерттеуші Төкен Әбдірахмановтың дерегі бойынша, ол өте сәнді көркемделген, жақсы қағазға басылған. Бұл ертегінің баспа бетін көрген екі варианты бар. Оның біріншісі - 1937 жылы «Қазақ ертегіліері» деген атпен, екіншісі дәл сол атпен 1957 жылы басылған.

Мәшһүр Жүсіп қоғамдық өмірге белсене араласа алмады дегенге келсек, ол жаңа өмірдің қалай құрылғандығына сенімсіздігінен еді. Оның үстіне 1921 жылы Ташкент қаласында сабақ беріп жүрген Әмен деген ұлының қайғылы қазаға ұшырауы да қатты соққы болып тиген. Солай бола тұра Мәшһүр Жүсіп өз заманының атақты адамдарымен жақсы араласқан. Бұл туралы Ә.Тәжібаев : «Тай кезінде аттан озған, бала кезінде атадан озған балдырған Жүсіп қаршадайынан талай дуалы ауыздардың батасын алыпты. Ол Ақан сері мен Абайға да сәлемін қабылдатып үлгерген. Атақты Бөгенбайдың немересі Саққұлақ шешенмен, белгілі Майрамен дастарқандас болған, даңқты палуан Қажымұқанмен, бұлбұл әнші Майралардың сырлас-мұңдасы екен. Ол Жүсіпбек

17

пен Мұқтарға аға саналса, Ахмет, Шәкәрім, Міржақыптарға дос-жаран саналған. Осы аталған қазақ жұлдыздары туралы да ойларын айтып кетіпті», - деп жазған [21].

Сол кезеңдегі М. Ж. Көпеевтің жай-күйі, мәселен Ж.Аймауытовпен жазысқан хаттарынан еркін аңғарылады. Солардың бірі мынау : «Адамдардың миы ерте суалмаса керек, ақылгөй, таланты ерте тарылмаса керек. Егделенген сайын миы шыныға берсе керек. Соған қарағанда, сіздің де қаламнан қаларлық уақытыңыз бола қойған жоқ па деп шамалайын. Олай болса, қалған өмірде сырласып өткен дұрыс.

Сіз қазақтың заманында дүниеге келіп қалған гауһарсыз. Сіздің құлашыңыз ұзын, қиялыңыз терең, арманыңыз алыста өткен өмірде. Жаңа заманның бұйынтақ сөзі, жыбырлақ мінезі Сізді жарытпайды, тосаңсытады, күні өткен жат адам қылады. Жаңа заман айта берсін! Сіз онда жалғыздығыңызды, жапандығыңызды, сән-салтанатты ескі күндеріңізді жырлап өтіңіз». Міне, Мәшһүр Жүсіпке осындай тілек білдірген Жүсіпбектің жүрек жарды сөзінен артық бағаның қажеті шамалы – ау, өзі! Ол 1931 жылы 73 жасында қайтыс болды.

Енді, оның соңына қалдырған мол рухани мұраларына тереңірек үңілер болсақ, онда М.Ж.Көпеевтің әсіресе публицистикалық шығармалары әлі де болса толық зерттеле қойған жоқ деп айтуымызға әбден болады. Жоғарыда айтқанымыздай, оның публицистикасын екі салаға бөліп қарастырамыз. Біріншісі - өлең түрінде жазылған публицистикалық шығармалары. Өлең түріндегі публицистикалық дүниелеріне 1907 жылы Қазан қаласында жарық көрген «Тірлікті көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз» және, «Сарыарқаның кімдікі екендігі» кітаптарын жатқызамыз. Әуелгі сөз осы еңбектері жайлы болмақ.

Бұл екі кітаптағы өлеңдердің мазмұны ұқсас. Екеуінде де ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ халқының қоғамдық-саяси, шаруашылық өмірі жазылған. «Тірлікті көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз» кітабының, «Сарыарқаның кімдікі екендігі» кітабынан өзгешелігі – мұндағы бір бөлім қара сөзбен жазылған. Өлеңдерінің негізгі түйіні – патша империясының отаршылдық езгісінен құтылу. Мұнда Ресейдегі саяси-шаруашылық өзгерістердің қазақ өміріне әсері баяндалады. Ғасыр басындағы Қазақстанның саяси өмірі мен әкімшілік-басқару құрылымы, ұлттық психологиясы жан-жақты ашып көрсетілген.

Мысалы, «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашымыз» кітабы 6 өлең топтамасынан тұрады. Бірінші өлең 9 бөлімнен құрылған. Екінші өлең тақырыбы «Қара өлең», «Қазақтың қылып жүрген жұмысы», «3 рет сөз» (13 бөлімнен құралған), «Сәлем хат», «Жалғанда таппай бір»...

Қазақ оқығандары үшін сол кездің басты мәселесі – отаршылдықты жою еді. Сол жолда күрескендерді Мәшһүр Жүсіп былай деп жырлайды :

Бар құдай бізге жарық таңыңды атыр,Болар ек, атса таңың бізде де батыр.Қазаққа құлақ пен көз болған ерлер,Тұтқында білесіз бе, неден жатыр.

18

Бұл жерде Мәшһүр Жүсіптің айтып отырған ерлері кімдер еді? Патша езушілеріне қарсы үн көтерген адамдар қазақтың ақсүйектері арасында да аз болмаған. Үкімет саясатына қарсы шығып, ұлт мүддесін көздегендерді патша чиновниктері қызметтен аластатып, қуғынға түсірген. Сондай қуғын көрген азаматтар қазақ жерінде де болған. Сталиндік репрессия, кейінгі тоқырау жылдары тұсында ақсүйек әулеттерінен шыққандар қуғын көріп, баспасөз бетінен орын ала алмады. Сөйтіп, олардың есімдері архивтерде шаң басып жатып қалды. Сондай басты тұлғалардың бірі- Поштаевтар әулетінен шыққан азамат. Мәшһүр ол туралы «Сәлем хат» өлеңінде былай деп жазады :

Қарадан хан боп өткең бабаң Поштай,Қолына жүрт билігін туған ұстай.

Халқына бақташы боп болған қорған,Шарықтап ағып түскен қыран құстай.

Поштаймен қатар шығып Шоң мен Шорман,Сонда бір түзу заман болып тұрған.Наурызбай, Кенесары толқынында,

Поштай еді көп жұртқа болған қорған.

Сөйтіп, Мәшһүр Жүсіп қазақ қоғамының жан айқайын түсіне білді. Оны ашына жырлады. Қазақтар босқа даурығысып, құр мансапқа таласып жүргенде, ел мен жерді орыстар басып алып, қоныстанып жатқандығын айтты. Ол қазақтың ата қонысының қолдан кете бастағанына күйінеді. Жұрттың күйзелген қамын ұлт ынтымағы арқылы түзетуге болады деп ұғынады.

Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің публицистикасы екі жанрда көрінді дедік. Соның ішінде бір тобы – қара сөзбен жазылған публицистикалық шығармалары. «Сарыарқаның кімдікі екендігі» кітабының алғашқы тарауы қара сөз үлгісімен жазылған.

Бұл тарауды С.Дәуітов еңбектің кіріспе бөліміне жатқызған. Бірақ, біздің пікірімізше, бұл кіріспе бөлім емес, жеке бір тарау себебі, бұл тарауда ауқымды мәселелер көтеріліп, өзіндік ой- тұжырымдар қорытындылаған. Тақырып аясы да «Қазақ жұртының осы күнгі әңгімесі» деп аталуы да кіріспеден өзгеше.

Осы бөлімде тарихтан, этнографиядан көп мәлімет беріледі. Мақала публицистикалық сарынмен, оның үстіне тарихи еңбек түрінде жазылған. Бұл екі сала бір-бірін толықтырып, суреттелетін құбылыстар мен оқиғалар мағыналық тұрғыдан үндесіп, тарихи-публицистикалық очерк түрінде келген. Бұл публицистикада сол күннің басты назар аударып отырған қоғамдық-саяси мәселелері көтерілген. Соған әлеуметтік тұрғыдан талдау жасалған.

Мәшһүр Жүсіптің оқиғаны баяндау желісі өзгеше. Жай ғана хабарлай салмай, әрбір мәселені философиялық оймен, тарихи деректер тұрғысынан баяндайды. Шығарма шешендік тілмен жазылғандықтан, оқырман түсінігіне жеңіл. Еңбек «Күн батысы - Сырдария, күн шығысы - ұзын аққан Ертіс, оңтүстігі- Жетісу (Семереченск өзені), солтүстігі - Еділ, Жайық. Сол төрт судың арасы заман қадымда Дешті Қыпшақ атанған қыпшақ жұртының қонысы

19

еді. Сол Қыпшақтан тоқсан екі ру ел тарайды. «Қытай көп пе, қыпшақ көп пе» деген мақала болған себебі сол»..., деп басталады.

Осы сөздерді түсіну барысында әр адамның көз алдына қазақ елінің жағрафиялық картасы елестейді. Кітапта Сарыарқаның келбеті – дала табиғаты суреттелген. Төрт өзенді жазғандағы айтпақ ойы- қазақ даласының оңтүстік- солтүстік, батыс - шығыс шекараларының мызғымай, ата-бабалардан ауысып, ежелден келе жатқандығы. Даланы иеленбек болған шет жұрттық басқыншыларға қарсылығын тарихи фактілермен дәлелдеп, этнография мен топонимикалық деректерді өз орнында қолдануы арқылы білдіреді. Жалпы шекара мәселесі, туындай қалған жағдайда Мәшһүр сияқты шежіреші – философтардың еңбегіне сүйенген жөн. Себебі, олардың шығармаларына бізге беймәлім жер- су аттары молынан ұшырасады. Әрі, тың деректер тарихи фактілермен дәлелденген.

Ең көне жырлардың бірі - лиро-эпостық «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» жырындағы кейіпкерлердің тұрмыс-тіршілігін Мәшһүр Жүсіп қазақ әдебиетінде тарихи тұрғыдан тұңғыш зерттеген деп айтуымызға болады. Автордың өзі бұған : «өлеңнің аяғында «Қара оба», «Сары оба» деген екі төбе – Қарабай, Сарыбай деген екі байдың қоныс қылған мекені екен. Бұл екеуі де қазақ байлары.

Сол Сарыбайдың жалғыз қызы Баянсұлудың туған жері – Баянауыл тауы. Бұл таудың атының Баянауыл қойылған себебі «Баянауылы» атанып кеткендікетен. Сол қыздың қарқарасы жоғалып, түсіп қалған жері «Қарқаралы-Қазылық» аталған. Домбырасы мен бет-моншағы түсіп қалған жері «Тоқырауын- Жәмшім» атанған. Сандығы түсіп қалған жер «Алтын сандық-Ақшатау» атанған. Аттарының шідері түсіп қалған жер «Жауырбоғы» атанған. Қайыр, бұл сапар қазағы жер аты – бәрі қазақтың ата-бабасының аттары», - деп анықтама берген [22].

Шығарма баяндау тәсілімен жазылған. Сөз болатын обьекті – Сарыарқа даласы, қазақ халқы. Әңгіме Дешті қыпшақ жерін суреттеуден бастап, қазақ халқының жоңғарлармен, қалмақтармен болған шайқастарды баяндаумен жалғасады. Одан әрі нақты оқиғаларға байланысты қазақ даласында сақталып қалған ескерткіштермен жер-су аттарының шығу тегі түсінікті тілмен жазылаған. Бұрынғы заманда болған оқиғаларға Мәшһүр Жүсіп өзінше топшылау жасаған. Бұл шығармада әрбір жер-су аттарына байланысты фактілер жиналып, аңыз-әңгіме түрінде берілген. Оқиғалардың тізбегі баяндау түрінде берілсе де, шығарма мазмұны бұзылмай, ой шашырамай, оқырман тез қабылдайды. Қай оқиғаны баяндаса да Мәшһүрдің айтпақ болған негізгі идеясы - қазақ халқының жат жұрттық басқыншыларға деген азаттық күресі, халық патриотизмі.

Қай публицистикалық мақаласын алсақ та осы идея алдымыздан шығады. Қалмақтармен, ноғайлармен, Бұқара, Хиуа хандықтарына қарсы азапты, ұзақ жылға созылған ұрыстарда да қазақтың ұлт ретінде сақталып қалуы- ата-баба жерін жау қолында қалдырмау ұраны. Бұл ұранмен талай батырлар жау қолында мерт болған.

«Ата-бабамыз қалмақтан не үшін қырылды? Кейінгі үрім-бұтағыма жер-су алып беремін деп қырылды. Жалғыз менің ата-бабам емес, жер-суға таласып

20

көп қазақ қырғын тапты. Сол себепті бұл Сарыарқа біздің қазаққа атасының құны болып, олжа болып еді. Біреу-біреуге соңынан қалмаса «атаңның құны бар ма еді» дейді ғой. Сондай – ақ, атаның құны болғаны үшін жер-судан айырылып, қаңғып, қоныссыз жүргеніме ішім күйіп өлсем де ойымнан кетер емес. Баянауыл тауын қалмақтан еріксіз алған Жасыбай мен Олжабай еді. Жасыбай өлді де, Олжабай қалды. Жасыбай асуының алдында Жалаңтөс деген баласына қыстатып, Олжабайдың өзі Аяз басқан деген асуға қарсы қыстап еді. Дүние деген, шіркін, көшпелі, екен. Қазақтың тұлпар мініп, ту ұстаған кейінгі үрім-бұтағына олжа салған ең алдында мұжықтың поселкесінің аты болды. Олжабай қаласы атанған қала, Ереймен тауы-Олжабайдың өлген жері. Содан бір сөз. Ата-бабасының қаны қойдың қанындай ағып, алып берген жерінен үрім-бұтақ бабалары көзінің жасын төге-төге қаңғып кете берді».

Бұдан кейінгі сөз болар оқиға- ХIХ ғасырдың орта кезіндегі қазақ тәуелсіздігі үшін күрескен Наурызбай, Кенесарының орыс басқыншаларымен соғысы. Әр кезеңнің батырлары өз халқын аман сақтау үшін жан аяспас ұрыстарға бара білген. Шығарманың композициялық құрылымының бүтіндігі соншалық, әрбір сөйлемнің ара-жігі ажыратылмайды, барлығы түйінге келіп тіреледі. Оны бір төмендегі мысалдан айқын аңғартуымызға болады :

«Біздің Сарыарқадағы қазаққа : «қазақ бізге бағын, бізге қара»,- деп ақ патшадан жарлық алып шықтым деп Иван Семенович деген келді. Қазақ саған қармайды, маған қарайды деп ол екеуіне басқа қазақтың өз ішінен Кенесары, Наурызбай деген шықты. Олар :

Бағынба қазақ орысқа,Бағынсаң қазақ орысқа.

Осы бастан амандас,Сарыарқа деген қонысқа,

– деп ұрандады. Осы замандағы қазақ жақсылары кеңесті де Кенесары, Наурызбайдың

сөзін қостамады және қытай елшісімен сөйлеспеді. Жерімізге тимесең, солдат алмасаң, саған қараймыз деп, құдайшылығы бар деп, ақ патшаға өз ықтиярымен қарап, бағынады».

Мәшһүр Жүсіп қазақ халқының Ресей имперсиясына қарауын өз заманында болып өткен тарихи оқиғаларға байланысты жан-жақты суреттеген. Сол кездегі екі жақты психология, екі топ арасындағы тартыс орыс ұлықтарының пайдасына шешілді. Олар бос жатқан жер деп емін-еркін пайдалана бастады. Бұл шығарма ХIХ ғасырдың қоғамдық-саяси жағдайын дұрыс түсіне біліп, талдап көрсетуімен құнды. Ол бұл еңбектің отты екпіні мен жоғары эмоционалдығынан көрінеді. Бұл орайда : «Осы күнде байқап қарасақ. Қазақта ешкімнің есесі жоқ. Ол қалайша жоқ десек, қазақ жерін қала салумен бір алды. Бастықтарының уазифасы (усадьба) деп ағашты, шабындық жерлерді ат қойып, учаске деп ала берді. Қазақ жерін өзі тастап кете алмай неше жыл бойы көгіне ақша төлеп, қысы-жазы малының көрегі үшін сатылып, кедей болды. Бүйтіп сатып жеп қалайша күн көреміз деп суырма жонға қыстап еді. Жан сақтап, күн көріп жүрген жерлерін мұжық келіп егініне лайықты етіп алды.

21

Еркекте ақыл қала ма, өз қонысынан ауған соң, Әйелде ақыл қала ма, біреуден сауын сауған соң.

Азғантай ақылдан айырылып қалып, жауыр амалына береке қашып, оның үстіне өлім-шығын, землке деген қаптап, ел аралаған начальник, чиновниктердің жалдап мінген аттарының майын алмай қаңғып кетті. Бұхар, Ташкент барсаң, сарттың малайы қазақ. Малайлықта жалғыз-жарым болып кеткендер ауырса, суын беріп, кім басына жастық қойып, иман айтуға кім даяр тұрады? Өлсе кім жаназа шығарады? Осындай қиыншылықтан тірімізге иман, өлгенімізге жаназа жоқ болып, адам тәрбиесінен қалдық», -деп ашына жазды автор.

Бұл ойын Мәшһүр Жүсіп одан әрі : «Бір жерде, бір қазақты бір мұжық атып тастаса, қазақ өлгенін қолына алып, көшіп-қонып ел аралап кетеді, ал сары орыс үйінде жаннан тыныш отыра береді. Бір қазақты бір казак –орыс пышақтап жарып тастаса, казак-орысқа сот жоқ көшеде ойнап-күліп жүре береді», - деп жалғастырады.

Қазақ ұлтын қорлаудың шегіне жеткен түрі осы. Бұл шығарманың кульминациясы да осы жолдарға келіп тіреледі. Қазақты қонысынан аударғаны, ел билейтін азаматтарына билік бермеуі, малын тартып алуы былай тұрсын, енді патша отаршылары жергілікті халықты өлтіруге кірісті. Отаршылдықтың ең жабайы әдісі- халықты аяусыз қыру. Қазақтың басына да осы ауыр күн келді. Туғанын мұжық өлтірген соң қазақ амалсыздан басқа қоныс іздеуге мәжбүр болды. Қазақ жоғары әкімдерге арыздана алмайды. Себебі, оның құқығы жоқ. Қазақтың сөзін чиновник тыңдамайды, көзге ілмейді. Бұл-Ресей империясының жергілікті халық құқығын аяққа басқан, отаршылдық саясатының көріністерінің бірі. Мәшһүр Жүсіп өзі көріп отырған қиянатты ашына жаза отырып, Ресей бұғауына бекер түстік деп күйінеді. Әділетпен, ел басқарған бұрынғы билер жолын аңсайды. Ол заманды «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман болды»,- деп аңсайды.

Мәшһүр Жүсіп орталық саясаттың қазақ ұлтының дәстүрлі ел билеу тәсіліне кесірін тигізгенін жазады. Орыс отаршылары халықты құлдыққа ұстау үшін, әдейі бұрынғы ел билеу дәстүрін жойып, ауылнайлық, болыстық билеу жүйесін кіргізді. Орыс чиновниктері надан, топас адамдарды ауылнай, болыс сайлап қояды. Елде қазақ ұрпағы аза бастады. Елде надан, жалқау, өсекші, жағымпаз адамдардың көбеюіне әкелді. Қазақ жұртының ғасыр басындағы азып-тозған халін Мәшһүр Жүсіп көрсете білді.

Мәшһүр Жүсіптің 1912 жылы «Айқап» журналының екі санында «Туысқан бауырларыма бір насихат» атты мақаласы жарық көрді. Бұл мақалада қазақ елінің экономикалық хал-ахуалы, татар молдаларының қазақ ұлтына ықпалы жайында сөз болады. Мәшһүр Жүсіптің 1907-1912 жылдары айдауда болғаны белгілі. Сол жылдары Қазанда болып татар діни оқу жайын зерттеп, қазақ ауылындағы балалардың оқуына тигізген әсерін түсіне отырып, өз мақаласында осының мәнін ашып беруі мақсат етті.

22

Мақала «Айқап» журналының 7-8 сандарында басылған. Соңында Мәшһүр Жүсіп Көпеев деп қол қойылған. Мақалаға фельетон деп айдар тағылған. Бірақ, бұл фельетон ба, әлде басқа жанрдағы мақала ма? Осыған тоқталайық.

Бұл мақала фельетоннан гөрі проблемалық мақала жанрына сәйкес келеді. Бұл мақала бейнелі тіл болғанымен фелетонға тән басқа элементтер жетіспейді. Мақалада Ресейден және Қазан төңірегінен патша құлдығынан қашып, қазақ жерін паналаған татар молдалары, олардың жұртты алдап-арбап мал жинағандықтары жөнінде айтылады.

«Сарыарқаның ен шөбінің байлығы мен шаруа күтіп, мал бағып, ғылым-білімнен, әртүрлі ғибратты өнерден сафир болып айтса да болмады. Көл орнында қалған жұрт еді. Солдаттықтан қашқан құмыра бөрікті, толағай басты ноғайлар келіп, «Бәдуаш», «Кесік бас», «Ақыр заман» деген кітаптарын оқытып, өзі құдайдың бұйрығынан, ақ патшаның қырғынынан қашып жүрген қулар Ресейдің жұртын жамандап, үкімет ерлерін жамандап, «патшаның бізге қызметшілігі осындай, Қаһарлы қаттылығы осындай деп құдайды ұзын құлақтан зорға естіп жүрген қазақты шөптің басынан үріккен қойдай, ақ жарықта көлеңкесінен қорыққан қояндай қылып, Ресейдің бас хакімдері қазаққа қала сал, балаңды оқытуға бер десе, біздің ноғайға да осыларды айтқан, осылай айлалап барып тұзаққа түсірген деген. Қала салсаң шапшаң сал дейді, шоқын дейді. Балаларыңды орысша оқытуға берсең, солдаттыққа алады деп, көнектен шошыған биедей қылып шошытып, ғұмыр бойы өзіменен жырлас, сулас, оттас, арыздас болып тұрған Ресей жұртыменен ынтымағын қосуға келтірмей қазақтың ақылсыз, надан қатындары дуана келеді деп өз баласын өзі қорқақ қылып үйреткендей, жаман қылып, көк милау қылып жіберді», - деп жазды М. Ж. Көпеев [23].

Бұл жерде Мәшһүр Жүсіптің көзқарасының өзгергенін көреміз. Егер, бұрынғы шығармаларында ол Ресейдің тек отаршылдық саясатын ғана көріп, соған қарсы үн қатса, бұл жерде оқу-білім тарататын демократтық бағыттағы Ресейді көріп отыр. Көзқарасының өзгеруі сірә, Мәшһүрдің осы жылдары орыс демократтарымен көптеп араласуынан болса керек. Өзі діни білім алса да, татар молдаларының қазақ даласына тарататын жалған үлгі – насихатына қарсы шықты.

Мәшһүр Жүсіп татар молдаларының таратып жүрген білімдері қазақ топырағына лайықты емес, күні өткен ескі оқу үлгісі деп тұжырымдайды. Соған байланысты қазақ жерінде жаңа бағдарламамен оқытатын медреселер ашу керек. Әрі бұл медреселерге ұстаздарды қашып жүрген ноғай молдаларының арасынан емес, жаңа оқу негіздерімен оқытатын молдалар арасынан іздеу керек. Мәшһүр Жүсіп орысша оқыту керектігін күн тәртібіне қойды. Себебі, заман өзгерді. Жаңа заманға жаңаша ойлайтын, жаңа ғылым-біліммен ойлайтын адамдар керек. Сондықтан да қазақ өз балаларын жаңаша үлгімен оқытатын мектепке беру керектігін айтады.

Мәшһүр Жүсіп бұл мақаласында қазақ жұртының арасында мұсылман дінінің толық негізінде таралмағанын айтады. Қазақ ораза ұстап, намаз оқымайды. Соған қарамастан өздерін-өздері мұсылмандық жолын ұстаймыз деп сендіретіндігін айтады. Бұл жерде Мәшһүр Жүсіп мұсылман дінінің тәрбие, жақсы үлгі берер жақтарын көріп отыр. Дін- жақсы үлгіні, адамгершілік пен әділеттілікті насихаттайды. Осы үлгі қазақ арасына таралу керек.

23

Қазақ құдайға, мұсылман дініне онша сене бермейді. Дін көп таралмағандықтан да қазақ дінді оқыту жағдайын біле бермейді. Мұсылман дінін үйренуге ықыластанғанымен үйрететін ұстаздары аз. Ілгеріде айтылған шала сауатты татар молдаларды осыны пайдаланып, қазақты алдап-арбайды. Сол молдалар оқытқан шәкірттерін де шала сауатты етіп шығарады. Шет жұрттан қашып келіп паналағандар қазақты былай деп өтірік мақтайды : «Ноғайдан келді қазақтың өзін мақтады, өзгенің бәрін жаманға қойды. Сарттан келді, ол да осыны айтты. Сонан соң бұл қазақ ойлады : біз болған екенбіз, жетілген екенбіз. Дүние де бізде екен. Әулиелік те бізде екен. Дүниеде не жақсылық, бәрі бізде екен деп. Дәнеңені керек қылмайтын мұңсыз болды. Құдай өзі бізден аямаған дәнеңесі жоқ екен. Осы келіп жүргеннің бәрі судырап-судырап тұрған мол ғой, әулиелікке жеткен ойшылдар ғой. Құдай жаман болса, сонша жерден осындай жақсы жетілген кісілер неге келеді? Дүниеде төрт түлік малдан асқан құдай жаратқан жоқ екен, қазақтай асыл жұртты жасаған жоқ екен деп, Сарыарқадай жер қайда барсаң жоқ екен. Қыс болса халқының қазы-қартасындай тамақ қайда, жаз болса қымыздан артық шарап қайда деп шалқасынан түсіп жаттық та қалдық» [24].

Келімсектердің келген мақсаты біреу : қазақ жерінің кеңдігін пайдаланып, үкіметтен жасырыну, жергілікті халыққа қалайша сіңіп кету керек?

Көзге түсіп қалмау үшін молдалардың атын жамылып, ұстаздық етуге тырысқан. Қазақтардың аңқаулығы сонша, айтылғандардың бәріне сеніп қалады. Қашқындарды қатты құрметтеп, олардан дәріс алады. Одан келімсектер екі түрлі пайда көреді. Әрі молдалық жұмыс үкімет құрығынан құтылуға көмектессе, әрі бала оқыттым деген сылтаумен қараңғы халықтан пайда түсіреді. Олардан дәріс алған шәкірттер сауатты білім ала алмаса да қараңғы қазақ оларды құрақ ұшып қарсы алып, құрмет тұтады. Молда сымақтар алдағанымен қоймай, елді теріс жолға үгіттейді. Олар орыс мектептерінің оқыту үлгісін жамандап, соған балаларды оқытпау керектігін айтып, бар жанын сала теріс жолға бастайды.

Мәшһүр Жүсіп осы бір теріс құбылысты көре біліп, жалған молдаларды қазақ арасынан қуу керектігін айтады. «Айқап» журналы арқылы оқырмандарға мұсылман дінін көркейту туралы ұран тастайды. Патша дінге бостандық берді. Енді осы мұсылман дінін қазақ арасына тарату арқылы елді дұрыс жолға бағыттайды. Адамдар арасындағы сыйластық қарым-қатынасты қалпына келтіріп, адамгершілік пен әділдікті насихаттау керектігін баса айтады. Мақала үгіт-насихат үлгісімен жазылған.

«Дала уалаяты газетінің» 1890 жылғы 18 санында М.Ж.Көпеевтің «Ғажайып бір құс заманымызда» атты мақаласы жарық көрген. Бұл мақалада қазақ халқының аңшылық кәсібі туралы баяндалған. Аңшылық өнер құралы- бүркіт. Қазақтардың бүркітті қолда ұстауы, баптауы жайында қызықты мәліметтер келтірілген. Жәрмеңкелерде қазақ бүркіті көрушілерді алып тұлғасымен таңдандырады. Басқа мақалаларынан ерекшелігі- оқиға нақты фактіге құрылған. Мақаланы Павлодар уезі, Ақкелін еліндегі Т. М. Шормановтың бүркіті жайында бастай отырып, аңшылық өнердің қырларына бойлап кетеді. Аңшылық тек өнер емес, кәсіп, табыс көзі. Егер

24

бүркіт алған аңдарды жәрмеңкеде өткізіп, көпестерге тұрақты сатып отырса, қазаққа біраз пайда түсетіндігін айтады. Алайда, «...оның бұл пайдасынан бөлек алған қызықтығы, мехнат иә машақатын таза біле тұрып, біздің қазақ халқы бүркітті пайда үшін салмайды, қызығына құмарланып, сол үшін машық қылып ұстайды» [25].

М. Ж. Көпеев мақаласында бүркіт ұстау қазақтың ежелден келе жатқан аңшылық өнері, дәстүрлерінің бірі екендігін, оны жалғастыру қажеттігін айтады. Бұл мақала ата кәсіпті жойып алмай жалғастыру қажеттігіне үндейтіндігімен құнды.

«Дала уалаяты газетінің» 1890 жылғы 14 санында жарияланған «Жақсы молда» атты мақаласында М.Ж.Көпеев қазақтың ел билеу тәсілі, молдалары жайында жазады. Халыққа үлгі көрсететін билеушілер қандай болу керек? «Егер билеп тұрған ұлық жақсы жолда болса, халық та соған еліктеп жақсылыққа тырысады. Егер ұлық жаман болса, халық һәм жамандыққа айнала береді. Халық басшысынан ғибрат алады», - дейді [26].Мәшһүр Жүсіптің мақалада айтпақ негізгі ойы - халықтың жақсы, жаман болуы елді басқарып тұрған ұлықтарға байланыстылығы.

Бұл мақаладағы сол кездегі билеу жүйесін талдап көрсеткен пікірлер жоқ. Мақалада жалпылама деректер ғана берілген. Әдетте, Мәшһүр Жүсіп мақалалаларында айтпақ болған құбылыстар мен оқиғаларға өзінің қатысы аңғарылатын және қорытынды тұжырым жасалатын.

Ал, «Жақсы молда» атты мақалада не молдалар, не ұлықтар жайында толық мәліметтер жоқ. Мақаланың тақырыбы «Жақсы молда» деп қойылғанмен, оқыған кезде оның мазмұнына сәйкес еместігін аңғарасыз. Соған қарамастан «Дала уалаяты газетінде» жарық көрген материалдарында халықтың шешендік сөздері, фольклор үлгілерімен мол мәліметтер келтірілген. Осы газеттегі мақала, өлеңдер М. Ж. Көпеевтің халық ауыз әдебиетін жинаумен шұғылданған кезеңіне сәйкес келеді.

1.5 Жақсыдан ғибрат (Сәдуақас Шораманов)Шорманов Сәдуақас Мұсаұлы – алғашқы қазақ зиялыларының бірі. Қазақ

қолжазбалары, оқу ағарту, шаруашылық туралы және Шоқан Уәлиханов портреті жайында Г. Н. Потанинге жазған хаттары сақталған.

Сәдуақас Шорманов қазақ қолжазбаларын жинаушы, солардың ішінде Абай өлеңдерінің қолжазбасын П.М. Мелиоранскийге тапсырған. Оның «Дала уалаятының газетінде», «Айқап» журналында қазақ елінің шаруашылығы, оқу ағарту, мәдениет, тарих, этнография туралы мақалалары басылған [27].

Бүгінгі таңда жерлесіміз Ү. Сұбханбердинаның ұзақ ізденушілік жұмыстарының арқасында 1989-1996 жылдар аралығында баспадан шыққан «Дала уалаятының газеті» кітабының бес томдығымен таныс емес оқырмандар кемде-кем болар. Оның шығу тарихына қысқаша тоқталып өтейік.

«Дала уалаятының газеті» 1888 жылдан 1902 жылға дейін Омбыда шығып тұрған «Акмолинские областные ведомости» газетіне қосымша ретінде орыс және қазақ тілдерінде жарық көрген. Бұл газет халқымыздың әдебиеті мен мәдениетін, тұрмыс-тіршілігін қалың жұртқа танытудағы бірден-бір басылым болды. Ол

25

аптасына бір рет шығып тұрған. Газеттің соңғы саны 1902 жылдың наурыз айында басылып, содан кейін «Сельскохозяйственный листокка» айналған. Газетте әр жылдары редактор болғандар И. Козлов, К. Михаилов, Г. Абаза, А. Панов, Д. Лавров газетті қазақша шығару ісін басқарушылар : Ешмұхамед Абылайханов, Дінмұхамет Сұлтанғазин, Рахымжан Дүйсенбаевтар болды.

Төл тарихымызды танып түсінуге себін тигізетін түпнұсқа еңбектердің ішінде Дала уалаяты газетінің алар орны ерекше. Осы газетпен хат алысып, мақалаларын жариялап, араласып жұмыс істеген есімі белгісіз қаншама азаматтарымыздың атын жаңғыртуға болады. Мәселен, Асылқожа Құрманбаев, Отыншы Әлжанов, Сәдуақас Мұсаұлы Шорманов, Мейрам Жанайдаров, Қорабай Жапанов, Барлыбек Сырттанов, Жақып Ақпаев, Зұқарнайым Шөкеұлы Нұралыханов, Жағыпар Айман және т.б.

Осылардың ішінде Баянауылдағы тілшілердің бірі Сәдуақас Мұсаұлы Шорманов. Бұл газетке жарияланған С. Шормановтың мақала хабарларында қазақ елінің шаруашылығы, оқу-ағарту ісі, мәдени өмірі, әдеп-ғұрып, салт-санасы туралы мағлұматтар аз емес. Мәселен, оның газет беттерінде «Баянауылдан. Тұрмыс жайында болған хабарлар» [28], «Қазақ халқының тұрақты мекендері» [29], «Петерборға барған турасынан» [30] деген мақалалары жарияланған. С. Шорманов алғашқы «Баянауылдан. Тұрмыс жайында болған хабарларында» : «Дәулетті айтылмыш орындарға бекер жібергенше Томскідегі ашылған медреседе оқуға екі-үш жігітке қаражат шығарып, орын ашылса, Омскідегі гимназияда ғылым бітіргендерден барып оқып шығуға халыққа да, правительствоға да көмек, зор пайда тигізуге себепші болар еді. Біздер керек қылмасақ та замана керек қылғандай оңданады. Заманның мұнысына қарауға тиістіміз.

Мырзалар, ілгері айтылмыш медреселерде оқудың жөніне келмегендеріміз аз да болса шариғат низам. Ол рәсім халықтан білуге ғибрат ету лайық. Мәзкарларни фил-жұмыла білсек, өзімізге һәм, халқымызға да пайда тигізуге мына себепті болармыз. Болысынай ол билік не атақтан, санасақ ғадетлі. Ғылым, білім дегенді қоссақ, онан гөрі атақтырақ болармыз. Фаһимменен пікір айтып қарағанда білімді, ғылымды болғанымыз бек керек», – деп оқу-білім туралы мәселелерді қозғайды.

Ал екінші бір «Қазақ халқының тұрақ мекендері» деген материалында автор : «Бүгін қазақ халқының үш түрлі мекен болады. Жайлау, күзеу һәм қыстау. Жайлау – жаз күндерінде, мамыр айының басынан шілденің жиырмасына дейін көшіп жүретұғын мекен. Бұл мекендер баршаға бірдей, біреуге меншікті болмайды. Бұрынғы уақыттарда наурыз басынан желтоқсанда ауылына қатар көшіп жүреді екен. Бұл заманда неше себептен одан аз жүре бастады. Оған басты себептер мыналар : халықтарының өсуінен қысқы мекендеріне сыймағандар жайлауларға қыстау салып һәм границаны сылтау қылып бағзы елдер, ілгері ғасырларша еркімен жүргізбей кейбір жерлерге қала салып, онан қаймығып, біртүрлі теңсіздік болған. Жаһұдтарын және де пішендік, егіндерді қыстау тарапында болғандықтан шілденің 20- нан былай күзеулеріне қайтатын болды. Бұл күзеу деген мекен әркімнің меншігі. Ұзақ болады. Тамыз, қыркүйек айларында отырады. Қыстаудан ұзақ жерлерде болмайды. Ең алыс болғаны 10-20 шақырымдай болады. «Шаруа көшсе,

26

дұрыс көшсе байыпты» деген мақал бар. Ол уақыттарда қыстау да меншікті болмай, қыс күндерінде қары жұқа, мал өзіменен жеткілікті болып, өнімін таба алғандай бұталы тау кез болса, малының жайына қыстау қылады екен. Бұл дәуірлерле өзенді, қопалы көл сияқты ағашты барып, сол жерлерін артық көріп барады», - деп жазады.

Мұнда автор көшпелі қазақ халқының тұрақты мекендері жайлы айтады және қазақ жерінің тарыла бастағанын, тұрмысы, жайлау, күзеу, қыстау туралы мәліметтер берді.

Ал, соңғы материал «Петерборға барған турасынан» деген мақаласында Нұрекенов Темірғалидың жолсапар әңгімесінде депутаттармен бірге Петербургке барған кезінде көрген-білгендері айтылған. Соңында Петербор туралы автордың өз ой-пікірі жазылған. С.Шорманов қатысқан екінші бір «Айқап» журналы ХХ ғасырдың бас кезінде, яғни 1911 жылдың қаңтарынан бастап, 1915 жылдың қыркүйек айына дейін Троицк қаласындағы «Энергия» баспаханасында шығып тұрған. Араб әріпімен теріліп, басында айына бір рет, кейін екі рет шығарылған. «Айқап» журналы кезінде халқымыздың әлеуметтік, саяси өмірінде, әдебиетіміз бен мәдениетімізді насихаттап таратуда елеулі рөл атқарған басылым. Журналдың шығарушысы да, редакторы да белгілі жазушы, журналист М.Сералин болған.

«Айқап» журналы осылай аталуының себебі мен алдағы мақсаты туралы 1911 жылғы II-санында бастырушылар алқасының атынан былайша түсінік береді : «Айқап» деген сөз қазақтың төл сөзі, ол ғасыр бойы мәдениеттен, білімнен кенже қалған бүкіл қазақ халқының өкініші ретінде алынды. «Ай-қап!» деп санымызды соқтық, енді ел қатарына қосылайық деген үнді білдіреді.

Бір сөзбен айтсақ, «Айқап» журналы шаруашылық мәселесі, шаруашылық хабарлары, мемлекет және право, сайлау хабары, әйел теңдігі туралы, жер, оқу-ағарту, тіл мен әдебиет, көркем әдебиет, оқу-оқыту және емле, ішкі-сыртқы хабарлар, бостандық, теңдік сияқты басқа да маңызды деген мәселелерді қара халыққа таныстыруға тырысты.

Бұл журналда Сәдуақас Шормановтың да «Шаруашылық жайынан хабарлар» деген айдар бойынша біраз мақала, хабарлары жарияланды. Мәселен, «Баянауыл жайлы» [31] мақаласында Павлодар уезі, Баянауыл жерінің халқы, шарушылығы, оқу-ағарту мәселесі сөз болады. С. Шормановтың келесі бір еңбектері «Баянауылдан» [32], «Шөлді сулау» [33], – деп аталады. Алғашқысында елдің тұрмыс-халі, шаруашылығы туралы жазылса, соңғысында Ферғана маңындағы сусыз жерлерге арық қазып, суландырып, мақта егісіне пайдаланғаны мысалға келтіріп, қазақтың шөлді жерлерін пайдалану мәселесі көтерілген.

Сондай-ақ оның журнал беттерінде «Ішкі хабарлар» айдарымен де біраз материалдары басылған. Осылардың бірі «Баянауыл жайынан» деп аталады. Мұнда жер, отырықшылық, оқу-ағарту мәселелері сөз болады. Автор осы мақаласында жер мәселесі туралы : «Павлодар уезі бұрын екі учаскеге бөлініп, бірінші учаскеге уақ, бәсентиін, найман елдері енді. Кейбіреулері бұрыннан екі жақ, арнасында, Баянауыл станциясы маңайындағы бұрынғы екінші усаске аталған Мейрамсопы балаларының бірі Сүйіндік елі бұл жолы бесінші учаске аталып қалды», - деп жазса, ал отырықшылық туралы : «Бұл елдердің қыс болса

27

Баянауыл, Далба тауларында қыстап, жаз болса Ащы, Шідерті, Өлеңті басып, Аюлы, Нияз, Ереймен тауларынан асып, Есіл өзенін жайлап, сол таулардың құбыла жағына биелерін байлап, дүние-ақиреттен хабарсыз көшіп-қонып жүргеніне ұзақ уақыт озған жоқ. Көшіп жүру қанына, жанына сіңіп қалған жұрт қанша көшіп-қонудың қалдырайын десе де қалу белгілері көріне бастады. Жерлері отырықшылыққа ұнамсыз болса да отырмай шара жоқ деп ойлаушылардан қала болып отыруға арыз бергендер де болды. Қазақтың қимайтыны көкорай шалғын, тұнық су еді. Енді олар түсінде көрмесе, өңінде көру мерзімі озған. Жасаған бау-бақшаны көруге жазсын. Тарих кітаптарына көз салынса көрінбейді, жұрт өспек, жер тарылмақ, қыстақ салмақ, сонан соң қала Шәһар болмақ. Бізге де осы құдайдың бұйрығына бойсұнып, көшпенділікті тастап, отырықшы болу мезгілі жеткен жоқ па?!

Отырықшы жұрттардың тіршілігіне қарасақ, олар бізден әлденеше қабат жоғары. Енді біздің отырықшылықтан бұл қорқуымыз, өнерден-білімнен қорқу болмай ма?!!», – дей келе Сәдуақас Шорманов одан әрі оқу туралы : «Біздің кейбір ескі ойлы адамдарымыз төте оқудан қорқады. Бір шәһарға екі жол болса,қай төтесімен барамыз. Бұл үйрену жолы да «білім» жеріне баратұғын жолдар. Не үшін төтесімен бармаймыз», -деп жазады да одан әрі : «Бір қазақ мырзасына айттым : «Мына қазақша журнал шықты. Жұрт пайдасын ойлағандар сіз бен біз оқып, білімді болсын, жақсы іске кіріссін дейді. Біз екі-үш теңгені ауырлаймыз, бір өліп қалған малдың терісі. Олар біз үшін, жұрт үшін барлық байлығын салады. Бізге оның қадірін біліп, жәрдемдес дейді емес пе? – деп. Бұл мырза өзі сайлау жолына 20-30 мың жұмсаған еді. Ол маған «Ақша жоқ қой, болса, сіз айтқан соң аяймыз ба?» – деп жауап береді. Міне, партия үшін отыз мың ауыр емес, журнал үшін үш теңге үлкен ауыр. Міне, қандай біздерді қаптап тұрған қараңғылық» деп өз басынан өткен оқиғаны да баяндайды.

1.6 Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болған (Сұлтанмахмұт Торайғыров)

«Зор ақылды, талантты, өмірбаяны өте қызық жазушы» [34]. Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы, 29 қазан күні қазіргі Көкшетау облысының Қызылту ауданында туып, 4-5 жасынан Павлодар облысының Баянауыл ауданында өседі. Осы арада ақынның туған жері туралы әлі күнге дейін екіұшты пікір айтылып келе жатқандығын еске сала кеткіміз келеді. Мәселен, белгілі зерттеуші, жазушы Қ.Исабаев : «Бұрынғы Омбы уезіне қарасты Шағырай болысы сол кездегі Семей губерниясы Кереку уезінің жайлауы болатын. Сұлтанмахмұт жайлаудан күзеуге, яғни Баянауылға көшейін деп жатқанда туған, сондықтан оған дау болмауға тиіс», – дейді [35].

Сұлтанмахмұттың хат танып, көңіл сарайының ашылуына ең алдымен әкесі Шоқпыт себепші болады. Өйткені, ол қазақша қара танитын көзі ашық адам болған. Баласын алты жастан бастап өзі оқытып, қашан молданың алдына барғанша бар білгенін үйретуге тырысады. Сөйтіп, ақын 1902-1903 жылдары Әлі деген молданың, 1904-1905 жылдары Торғай деген молданың алдынан

28

өтеді. Әсіресе, бұлардың арасынан Мұқан молданың оқыған-тоқығаны көп, шәкірттеріне деген сүйіспеншілік, махаббаты байқалады.

Осы Мұқан молданың тікелей әсер етуімен С. Торайғыров та 13 жасынан қолына қалам алып, өлең жаза бастайды. Оның түңғыш өлеңі «Секілді өмір қысқа, жарты тұтам» деп аталады. Ақын :

Лепес қып түкірген соң молда Мұқан,Қаламды шын беріліп алдым берік,

– деп өзінің ақындыкқа біржолата бет бұрғандығын, енді білім іздеумен қатар, қысқа өмірінде өлеңді де серік қып өтетінін айтады.

Осы кезден бастап Сұлтанмахмұт өнер-білімге біржолата ден койып, өлең, әңгіме жазуға белсене кіріседі. Бұл кезеңде ол «Дін», «Сарыбас», «Соқыр Сопы», «Оқу», «Кезек қашан келеді» деген сияқты бірталай өлеңдерін жазады. Оларда Сұлтанмахмұт ескі оқу мен жаңа оқудың айырмашылығын, оқудың, өнер-білімнің пайдасы туралы, дін, байлық, кедейлік, еңбек туралы әңгіме етеді.

1912 жылдың қараша айында С. Торайғыров Троицк қаласына барып оқуға түседі. Окуға түстім, енді бар арманыма жетем, халқыма ай емес, күн болам деп шаттанған ақын «Шәкірт ойы» деген өлеңін жазады :

Қараңғы казақ көгіне,Өрмелеп шығып күн болам!

Қараңғылықтың көгіне,Күн болмағанда кім болам?

Оның бұдан басқа «Оқудағы мақсатым не?», «Анау-мынау», «Қандай», «Зарлау» деген сияқты бір топ көлемді, мәнді өлеңдері де осы, кезде жазылған. Бұл өлеңдерінде ақын мақсаты молда болып, підия, зекет, бітір жинау емес, тілмаш болып жем табу емес, мақсат - өнер, білім алып, жарыққа талпыну, отанға пайдалы азамат болу екендігін сан қайталап еске салады.

Сұлтанмахмұттың бұл медреседе көп оқи алмағаны белгілі. Алдымен ол көз ауруына ұшырайды да, одан соң өкпесіне суық тигізеді. Көзі жазылған соң сол қала маңындағы бір елге бала оқытуға барады. Онда жүріп ақын қолының бос уақыттарында «Арыстан һәм тышқан», «Екі тышқан», «Көк өгіз» сияқты бірді-екілі мысал өлеңмен, «Бір баланың тілек батасы» деген жыр жолдарын жазады :

Оқыт бізді, әкетай,Қош көңілім болсын жай.Надандықтан құтқарып,Қуанта гөр, құдай-ай!

– деп білім іздеп шарқ үрған жас ақын 1913 жылдың күзінде Троицк қаласына қайтып оралады. Осы кезде Сұлтанмахмұт қазақ зиялыларының бірі - М. Сералинмен кездесіп, оның көмегімен «Айқап» журналының хатшылық қызметіне орналасады. Сөйтіп, қашан ол жұмыстан қол үзгенше, 1914 жылдың жазына дейін

29

көптеген өлең, әңгіме, мақалаларын жазып, өнімді еңбек етеді. Оны ақынның «Досыма хат» деген арнау өлеңінің мына бір шумақтарынан көруге болады :

Бөлініп ақылым - алты, ойым-онға,Қол сермеп, құр жүгіріп, әрбір жолға.

Надандықтан қалсын деп жаным тыныш,Редакция қызметін алдым қолға.

Осы жылға толар-толмас «Айқап» журналының редакциясында қызмет істеген уақытында Сұлтанмахмұт бір роман («Қамар сұлу»), екі кітап («Тентектің жинаған шоқпары», «Тамшы»), бес-алты мақала және оннан астам өлең жазған. Оның бұл өлеңдерінің арасынан «Ендігі беталыс», «Айт», «Көш» сияқты қазақ халқының өміріне, тұрмысы мен салт-санасына арналған жыр жолдарына арнайы тоқталуға болады. Мысалы, ақын «Ендігі беталыста» :

Достарым, оған шейін асықпандар,Алдыңда жиі ататын жарық таң бар.

Тез уақыт жердің жүзі бір түрге енер,Түбінде замандастар осымды аңғар,

– деп, қарапайым халқы үшін жақсылық таңның ататынын, оған көп уақыт қалмағанын айтады.

Ал, бұған қарама-қарсы қазақ халқының сол кездегі кедей табының қиын өмірін көрсетуге арналған «Айт» өлеңінде :

Жалғыз-ақ дорба асынған кедей кәріп,Аштықтан өңі кеткен беті де арып.Әркімдер тиын-тебен беріп жатыр,

Дегенге : «Құтты болсын, айт Шәріп!»,

– деп толғанады.«Көш» өлеңінде де Сұлтанмахмұт қазақтың табиғатына тән бейқамдықты,

жалқаулықты :

Қыстайғы малдың б... қора сасық,Қалпында тазартылмай калды сасып.

Ілдебаймен «көш жүре түзелер» – деп,Қорадан көшті қазақ жабырласып,

– деп көрсете отырып, көштің болмысын былай деп суреттейді :

Болғанда түйдек-түйдек жолдың шаңы,Сарсытар құлағыңды арба маңы.

Ит ұлып, сиыр мөңіреп, бота боздап,Қонғанда арба шиқ-шиқ айқай даңы.

30

Қаржыдан қысым көрген С.Торайғыров 1914 жылдың жазында бала оқытып, жағдайын түзеп алмақ үшін елі Баянауылға қайтып оралады. Онда «Шоң серіктігі» деген мәдени-ағарту ұйым ашып, жастарға :

Мынау жол, Шоң баласы, адамдыққа!Сіздерді бастамайды жамандыққа.Кел, кіріс, көтеруге мұны тырыс,

Пайда жоқ, құрып қалғыр надандықта!

– деп жөн сілтейді. Бірақ, алға қойған мақсаты жүзеге аспайды. Сенген адамдары ауыл байлары мен жақсылары оған қаражатпен де, іспен де көмек көрсетуге құлықтары болмайды. Содан Сұлтанмахмұт сол 1914 жылдың күзінде Семейге оқу іздеп барады. Алайда, орысша оқимын ба деген ниеті қаражаты болмағандықтан тағы да орындалмай қалады. Бұдан соң тағдырдың талқысына түсіп, көңілі құлазыған ақын Қатонқарағай жағына бала оқытуға кетеді. Бұл жөнінде кезінде Сұлтанмахмұттың өзі : «Қатонқарағайға кеткенім ызаға шыдамадым, ең шыны -күн көру үшін кеттім : қолымдағы қаражатым Семейде бір-ақ ай тұруға жететін болды. Семей қанша айтқанмен калалы, сынды жер ғой, онда кем көрініп жүргенше, парықсыз казақ арасына кетейін деп ойладым», – деп жазған.

Осы кезден бастап Сұлтанмахмұт өз ғұмырының екі жылын Қатонқарағай мен Зайсанда бала оқытумен өткізеді. Көп шығармалар жазады. Оның ішінде басты-басты дегендері мыналар : «Кім жазықты?», өлеңмен жазған романы, «Жаңғырып Алтай тауы саласынан», «Өмірдің уәдесі», «Алтын аяқ», «Маңайымнан әрі кет» және сүйіспеншілік, махаббат тақырыбына жазылған «Жан қалқа», «Гүл», «Орамалға» т.б. өлеңдері.

Сұлтанмахмұт 1916 жылдың күзінен 1917 жылдың көктеміне дейін Томск қаласында қысқа курста оқып, білімін жетілдіреді. Осы кезде ол орыстың классик ақын, жазушыларының таңдаулы шығармаларымен қатар тарих, философия, география ілімдерімен де жақынырақ танысады. Ақын өмірінің бұл тұсын : «...Жұмасына екі ғана обед (ет татам), құр шай мен нан. Киім алғаным жоқ. Киноға, вечерлерге бір мәрте болсын барғаным жоқ. Күні-түні айналдырғаным ала қағаздың беті... Халім осы. Сонда да қайғырмаймын. Бір тиыным қалғанша оқимын. Сонан соң тұрмыс қандай жүк салса да көтерем. Бірақ, көңілім оқуда болмақ»..., - деп хатқа түсірген. Ақынның өзі айтып отырғандай, шынында бұл кезең ол үшін оқу мен білімнің соңына шам алып түскен сәттері болған сияқты. Себебі, біз С.Торайғыровтың 1916 жылғы жазған өлеңдерін оның ешбір еңбектерімен, шығармаларынан не кейін табылып жатқан мұраларынан да кезіктіре алмадық. Тек :

Бүгіндегі жастарға оқу міндет,Тек кана оқуменен өнер білмек.

Өнер-білім, адалдық, ар-намысты,Жоятын надандық қой емсіз індет,

31

– деп басталатын «Оқу» деп аталатын ұзақ өлеңі болмаса.Ақынның өмір жолын, шығармаларын алпысыншы жылдары біржақты

зерттеген ғалым Ысқақ Дүйсенбаев та (біржакты зерттеген деу себебіміз Б. Кенжебаев өзінің «Сұлтанмахмұт Торайғыровты зерттеу, тану мәселесі» [36] атты еңбегінде : «Ы. Дүйсенбаев өз еңбектерінде Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармаларына тұтас жан-жақты, дәл, терең әдебиеттік талдау жасай алмады. Тек кейбір шығармалары жөнінде жалаң тұжырым айтты. Онысы көп ретте әділ, ғылыми болмады», – деп сынады. Расында, ақынның шығармаларыман танысу, салыстыру, зерттеу барысында біздер де Ы. Дүйсенбаевтың зерттеулеріндегі кейбір кемшіліктерге көз жеткізгендей болдық. Мысалы, ғалым С. Торайғыров туралы бас-аяғы алты-жеті мақала жариялаған. Бір қызығы осының барлығы да бір-ақ жұмыс, яғни, қазақ әдебиеті тарихының екінші кітабына арнайы жазылған «С. Торайғыров» деген бөлім. Ал, автор болса мұны бөліп-бөліп бірде «алғы сөз», бірде «соңғы сөз», бірде «кіріспе», бірде мақала етіп, диссертациясына інгізіп, тіпті жеке кітап етіп те шығарған. Бұл кезең туралы ойын : «Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 1916 жыл бойында жазған өлеңдері бізге келіп жетпеген. Қазақ халқының тарихындағы зор оқиғаның бірі қазақ еңбекшілерінің 1916 жылғы әйгілі көтерілісіне байланысты Сұлтанмахмұт тәрізді жалынды ақынның үндемей, қалыс қалуы мүмкін емес. Дегенмен, ақынның сол жылғы өмір-тіршілігіне бақсақ, ол өзінің негізгі мақсаты - білім алуды жүзеге асыру үшін қаражат жинаудың соңына түсіп, уақытының көбін бала оқытумен өткізгенін көреміз. Демек, ақын Тарбағатайдан Семейге, одан Томскіге жол сапарда, оқу іздеу қамында көп жүріп, өнерпаздық жұмыспен шұғылдануға жағдайы бола бермеген сияқты», – деп түйіндейді [37].

С. Торайғыров 1917 жылдың қысында Ресейде болып өткен буржуазиялык-демократиялық төңкерістен соң уақытша үкімет тұсында Томбыда оқып жүрген жерінен ел ішіне, Семей қаласына келеді. Онда Сұлтанмахмұт қазақтың сондағы алашордашыл бағыттағы оқырмандарының арасына кіріп, олардың қазақ комитеті деп аталатын ұйымына кіші хатшы болып қызметке алынады. Күні кешеге дейін «ұлтшыл» деген «күнәдан» арыла алмай келген «Сарыарқа» газетіне өлең, мақала жазып тұрады.

Осыған бола көптеген зерттеушілер оны ұзақ жылдар бойы қазақ халкына, болышевиктерге, кеңес үкіметіне қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген, алашорданың аса белсенді басшыларының бірі болды деп нақақтан айыптап келді.

Бұл жөнінде Б.Кенжебаев : «Бұл бекер. Өйткені, бірінші қазақ комитетінің хатшысы болып жүргенде Сұлтанмахмұт қатты ауырып та жүрді. Бір жылдай уақыт ішінде екі рет ұзақ демалыста болды. Бір рет Томскіде, екінші рет Абай ауылында емделіп жатты. Басқасы былай тұрсын комитет жұмысын да істей алмады. Екінші, архивтерде, сол кездегі баспасөздерде Сұлтанмахмұттың кеңес үкіметіне қарсы айтқан ешбір сөзі, жазуы, бірде-бір шығармасы жоқ», – деп жазды [38].

Ақын үшін 1917 жыл онша жемісті бола қоймаған сияқты. Олай деуіміздің себебі С. Торайғыров осы аралықта небәрі 6-7 ғана өлең жазған. Ол

32

өлеңдері : «Шал алған қызға», «О, дүние», «Жас жүрек», «Сарыарқаның жаңбыры», «Алаш ұраны» т.б.

С. Торайғыровтың өнерпаздығын зерттеуші көптеген ғалымдар, мысалы, Ы. Дүйсенбаев Сұлтанмахмұттың «Сарыарқаның жаңбыры» атты өлеңі туралы : «Бұл жерде ақын бостандықтың кімге келгенін, кім үшін қажет екендігін ашып айтпайды. Тек, ол жерді гүлдендіретін жаңбырға теңеп, соның күші арқылы ел көгереді деген сенім білдіреді. Бұл өлеңнен үлкен қорытынды жасап, революциялардың бірі болмаса бірін қабылдап, сөз етіп отыр деу өте қиын», – деп жазса, ал «Жас жүрек»-деген өлеңіне : «Кейбір зертеушілер ақын осы өлеңінде өз қатесін мойындады, алашорда тобына қосылғанына өкінді дегендей емеуірін білдіреді. Бірақ, осы шығарманы толық күйінде алып көрсек, толып жатқан қайшылықтар кездеседі.

Ең алдымен ақынның өлең сонында мойындап отырған адасуы қай адасу? Одан алашордаға қосылып, жаза басып жаңылғанына өкінеді деген ұғым туа ма, олай деуге қандай дәлеліміз бар?», – деп сұрақ қояды [39].

Ы. Дүйсенбаевтың С. Торайғыровтың шығармалары туралы мұндай кереғар пікірімен Б. Кенжебаев мүлде келіспейтіндігін білдіріп, өз әріптесінің атына мынадай сын айтады :

«Ы. Дүйсенбаев Сұлтанмахмұттың «Сарыарқаның жаңбыры» (1917) атты өлеңін тексеру барысында көптеген түсінбеушілікке барған. Осыдан барып тағы да не үшін, кім үшін деген күдікті сұрақтар, тағы да көрмеді, білмеді, ашып айтпады деген әдеттегі сөздер, тағы да сенеді, сенбейді деген екіұшті қорытындылар» туындаған.

Немесе, Ы. Дүйсенбаев Сұлтанмахмұттың «Жас жүрек» (1917) атты өлеңін өз сөзімен айтқанда : «Айрықша мән беріп, жекеше талдау жасайды. Сонда тек бір абзац қана жазады, бір шумақ сөз бір даулы пікір ғана айтады...

Жоқ, бұл ерекше мән беріп, жекеше талдау емес, тіпті әдеби талдау емес. Қатал болса да айтпасқа амалымыз жоқ : бұл тырнақ астынан кір іздеу, өлеңге, ақынға қалайда бір мін тағу үшін шығарманың өңін айналдыру, теріске жору» [40].

Біз бұл жерде Торайғыров тану ғылымының атасына айналған Бейсекең- Бейсенбай Кенжебаевтың өз әріптесінің С. Торайғыров мұрасын зерттеуге жеңіл-желпі қарап, терең ғылыми, іздестіру жүргізбеді деген пікірлеріне қосыла отырып, Ы. Дүйсенбаевтың «Сұлтанмахмұт Торайғыров» атты еңбегінде жазған : «Біздіңше, «Жас жүрек» өлеңі Сұлтанмахмұттың атышулы «Алаш ұраны» атты таза ұлтшылдық сарынмен жазылған жырына көшетін баспалдақ тәрізді. Қайталап айтсақ, оның (өлеңнің) солай екендігі кейінгі басылу кезінде түсіп қалған шумақтардан да айқын көрініп тұр» немесе «ал, енді «Алаш ұраны» атты шығармасының өзі турасында не айтуға болар еді? Сұлтанмахмұт зор талант иесі болғандықтан адасқан күннің өзінде де теріс бағыттағы өлеңін де зор шабытпен жазып, шын мәніңдегі гимн дәрежесіне көтерген. Бірақ, бұл шығарманың мазмұны кертартпа, идеясы зиянды екенін ашып, айтқанымыз қажет. ¥лтшылдық сөзімен уланған ақын алаш туралы, Алаш туы астында ғана Сарыарқа (бұл жерде бүкіл қазақ даласының синонимі) көгереді дейді де : «Бір кезде елімізді құрт ауруындай жайлаған, құртуға ойлаған, қанымызға тоймаған, жерімізді шимайлаған»

33

залымдардың қарасы өшті дей келе, әрбір шумақтарының соңынан «Жасасын, алаш, жасасын!» деп қайталап отырады. Бүкіл өлеңнің өн бойынан бір ғана сарын еседі, ол ұлтшылдық сарын, халық тілегіне жат, зиянды сарын. Осы өлеңді оқығанда оны Сұлтанмахмұт қалай жазды екен деп таңданасыз, ақынның мықтап адасқанының бұлжытпас куәсінің бірі осы өлең екеніне ешбір күмән жоқ. Бұл жерде Сұлтанмахмұтты арашалаудың қажеті бола қоймас. Керісінше, демократ ақынның сара жолдан тайып, жаза басқанын, осы шақта оның ұлтшылдар сойылын соққанын ашып айту жөн», – деген бет қаратпас қорытындыларынан-ақ көп нәрсенің сырын ұққандай боламыз.

Ы. Дүйсенбаевтың бұл пікірі Сұлтанмахмұтты желкелеп, жерлеуді мақсат еткенімен бұл күнде керісінше оның бұрынғыдан да еңсесін көтеріп, ұлылығын таныта түсуіне қызмет ете бастады десек оғаш айтқанымыз болмас.

Біздер көбіне өткен тарихты зерттеуші ғалымдардың көпшілігі туралы заман солай болды, айтуға мүмкіншіліктері болмады, немесе қуғын-сүргінге ұшырады деп жатамыз. Ал, сонда Б. Кенжебаев сияқты қиыншылықтың ащы дәмін татса да, арын сатпай, шындық үшін арпалысып өткен, халқының адал перзенттерінің іс-қимылдарын немен түсіндіреміз.

Азамат соғысының алғашқы күндерінен бастап Сұлтанмахмұт денсаулығының нашарлауына байланысты, яғни 1918 жылдың маусымынан бастап еліне - Баянауыл жаққа кетеді. Сонда жүріп мұғалімдік қызметпен айналысып, таза жазу ісіне ден қояды. Осы кезде ол «Социализм» деген мақаласын, «Осы да әділдік пе?», «Неге жасаймын?», «Адасқан өмір», «Кедей», «Өң бе, түс пе?», «Дауылдағы әбігер», «Ғайса кім?», «Соғыстың кесірі», «Мұңдылардың жалыққаны», «Ақ сәуле», «Таныстыру» сияқты бір топ маңызды шығармалар жазады.

Бірақ, ұзақ жылдар бойы осы шығармалардың төңірегінде айтыс, тартыс, ақынды айыптау жұмыстары қатар жүргізіліп, Сұлтанмахмұт шығармаларының бар қасиетін көрсетуге қолбайлау болғандығын бүгін ашық айтқанымыз жөн. Мысалы, С. Торайғыровтың «Ғайса кім?» деген өлеңінің төңірегінде көп сөз болған. Осы жөнінде кезінде Н.Жандилдин өзінің «Сұлтанмахмұт туралы сапасыз кітап» атты мақаласында : «Б. Кенжебаев Сұлтанмахмұттың «Ғайса кім?», «Өң бе, түс пе?», «Дауылдағы әбігер» деген өлеңдерін, әсіресе «Ғайса кім?» Колчак тұсында жазылды, осыдан пікірі, геройы бүркеліп айтылды дейді, онысы дұрыс емес. Пікірін, геройын ашып айта алмаса, ол қандай жазушы?», – деп жазды. Ал, «Қуырдақтың көкөсін түйе сойғанда көрерсің» демекші, Ы. Дүйсенбаев бұл өлең төңірегінде нағыз қандыбазар туғызып : «Екінші бір топ өлеңдер («Өң бе, түс пе?, «Дауылдағы әбігер», «Ғайса кім?», «Ағайынның азғындығы», «Дін») Сұлтанмахмұттың демократтығын күшейте түсуге, оның көзқарасын бізге бір табан болсын жақын етуге әдей ойлап шығарылған ба деп қаласыз» немесе «Ақынның бойында жоқ кейбір қасиеттерді уағыздау үшін «Ғайса кім?» деп аталатын дүдамал өлең төңірегінде құрғақ сәуегейлікке салынып, босқа даурығудың қажеті қанша?», – деп даурықты.

Кейін бұл туралы Б. Кенжебаев өзінің «Сұлтанмахмұт Торайғыровты зерттеу, тану мәселесі» деген еңбегінде : «Сонымен тағы да айтамыз : Сұлтанмахмұттың «Ғайса кім?» атты өлеңі туралы ой-пікірді Ы. Дүйсенбаев

34

С. Мұқанов пен Н. Жандилдин жолдастардан алып, иемденді. Әділдік үшін айта кетейік, Дүйсенбаевтың оған өз тұсынан қосқаны ол «Ғайса кім?», «Өң бе, түс пе?», «Дауылдағы әбігер» деген өлеңдерді Кенжебаев ойлап шығарды дегенге дейін барды», – деп көрсетіп, бұл өлеңдердің авторы тек С.Торайғыров қана екендігін ғылыми тұрғыда нақты мысалдар келтіру арқылы, тамаша дәлелдеп шықты.

Қалай болғанда да біздің ойымызша, Сұлтанмахмұттың бұл шығармаларынан кезінде оқырмандарына тигізер әсері өте мол болған. Сонымен қатар қазіргідей тарихымыз бен әдебиетімізге және мәдениетімізге жаңа көзқарас қалыптасып, тың түрен салынып жатқан кезде өз заманында ұлтшыл, байшыл атанып, кеңес үкіметінің саясатынан аластатылған асылдармыз «Социализм» деп аталатын жаңа өмірдің халқымыздың болашағына балта болып шабылатынын алдын-ала сезген-ау деген дүдәмал ойға берілесің.

С. Торайғыровтың мақалалары мен очерктерінің саны едәуір. Әсіресе, 1913-1914 жылдары «Айқап» журналында қызмет істеп жүрген кезінде өндірте жазған. «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан», «Өлең және айтушылар», «Қазақ ішінде оқу, оқыту жолы қалай?» мақалалары мен «Ауырмай есімнен жаңылғаным» очеркі және 1918 жылдың наурыз айында «Абай» журналының 3 санында басылған «Социализм» мақаласы.

Міне, Сұлтанмахмұттың ұзақ жылдар бойы байшыл, ұлтшылдардың қатарына қосылып, «революция жасауға түбірімен қарсы» атанған кезі осы «Социализм» мақаласына байланысты болатын. Бұл туралы М. Әуезов, С. Мұқанов, С. Айтмұқанов, Е. Ысмайылов, Ж. Сәрсеков, С. Бекхожин т.б. жазды.

Осылардың барлығынан да Ы. Дүйсенбаев асып түсті. Ол бертінде, 1967 жылы жазған «Сұлтанмахмұт Торайғыров» деген монографиясында «Социализм» мақаласы туралы былай деп даурықты : «Өзінің зор маңызынан гөрі қайсы бір зерттеушілердің даурықпа сөздері арқылы көпшілікке мәлім болған Сұлтанмахмұттың тағы бір еңбегі «Социализм» деп аталатын мақаласы. Бұл мақала төңірегінде шу көтеру былай тұрсын, оны жазушының таңдамалы шығармаларына енгізуге де болмайды. Олай деуге екі себеп бар : біріншісі, мақаланың социализмді сөз ететін екінші бөлігі жоғалып кеткен, екіншісі сақталып, басылып жүрген тарауында қате пікірлер көп. Бұл жерде ол қателерді теріп жатудың қажет бола қоймас. Өйткені, бұл макалада «Социализм» аты болмаса, ол жөнінде бір ауыз сөз жоқ. Жазушы адамзат қоғамының басынан кешірген тарихын айта келіп, ендігі ұрпақтың, оның ішінде қазақ тәрізді артта қалып койған елдердің, адам баласының миллиондаған жылдар бойындағы тәжірибесін пайдалана отырып, тез арада мәдениетке ие болатындығына сенім білдіреді. Демек, автордың бұл мақаласы, ең жақсы дегенде, ағартушылық идеясы көлемінде ғана жазылған. Ал, С.Торайғыровтан сол кездің өзінде социализмді терең ұғынып, трактат жазуды талап ету қандай орынсыз болса, ақынның жазбағаның жазды деп босқа даурығудың қажеті жоқ. Өйткені, Сұлтанмахмұт тәрізді үнемі ізденуде болған жас қайраткердің Ұлы Қазан революциясын, оның әкелген жаңалықтарын бірден және дұрыс түсіне қоюы оңай емес еді. Ендеше, «Социализм»деп аталатын мақалаға баға бергенде де асыра сілтемей, шындық шеңберінен шықпауымыз керек [41].

35

Осыдан тура бір жыл өткен соң белгілі Сұлтанмахмұттанушы Б. Кенжебаевтың баспадан «Сұлтанмахмұтты зерттеу, тану мәселесі» атты еңбегі шықты. Онда автор ұлтшылдар ықпалында, әсерінде болды деген кездің өзінде Сұлтанмахмұт демократтық-революциялық бағыттағы саяси-әлеуметтік мәселелер жөнінде, тіпті социалистік идеяға жуық тамаша ойлар айтты дей келіп, тағы да даулы мақала «Социализм» туралы сөз қылады : «Мысалы, Сұлтанмахмұттың «Социализм» деген мақаласын алайық. Ол мақаласында ақын социализм туралы түсінік бермейді (мақаланың социализм туралы жағы жарияланбай қалған) оқу, мәдениет, ғылым, техника жайлы, қазақ халқының ілгері дамуы, мәдениетті ел болуы туралы сөз етеді.

Сұлтанмахмұт дүниедегі ғылым-білімді екі жікке айырып ұғады : бірі дене азығы, екіншісі - ар азығы, дене азығы - әділдік деп біледі. Қазір Еуропада дене азығы әбден жетілді, ар азығы әлі жетіле алмай отыр. Сол ар азығы жетілмегендіктен дене азығы, адамды бақытты етеді деген құралдар адамды бақытсыз етуге жұмсалып жатыр. Осыдан Жан-Жак Руссо, Лев Толстой секілді данышпандар «Мәдениетті жер жұтса, е демеймін», – деп отыр.

Ал, ар азығы ер жеткенде дене азығы адамды бақытты етуге жұмсалады, адам жеңіл күн көретін болады. Адамның ақыл-оймен, күш-қуаты-мен жасалған құралдар - дене азығы адам қоғамын гүлдендіруге, адамды бақытты етуге жұмсалады», - дейді ақын.

Яғни, Сұлтанмахмұт ғылыми-техниканы екі түрлі жолмен пайдалануға болатынын, капиталистік жолмен, социалистік жолмен пайдалануға болатынын аңғарды. Алдыңғы жолды даттады, кейінгі жолды дәріптеді, арман етті.Сонан соң, Сұлтанмахмұт мақаласында Еуропаның қазір біз ұстанып жүрген оқу өнеріне, ғылым-техникасына қазақ халқы жете ала ма? Жете алса, қанша уақытта жетеді? - деп сұрақ қояды. Оған өзі : қазақ халқы Еуропаның оқу өнеріне, ғылым-техникасына жетеді, жеткенде көп емес, аз жылда, берісі 15-20, арысы 30-40 жылда жетеді деп жауап береді.

Себебі, қазір революция болды. Қазақ жастарының жаппай оқуына жол ашылды. Олар енді жабыла жұмылып оқиды, үйренеді. Еуропаның қазіргі оқу-өнерді, ғылым-техниканы жасауда көрген қиыншылығын, іздену, адасуын көрмейді. Оның піскен астай даяр тұрған оқу-білімін, ғылым-техникасын тез үйреніп алады, – дейді.

Осылай Сұлтанмахмұт «Социализм» деген мақаласында өзіне ұлтшылдықты, алашорданы емес, революцияны, әділеттік қоғамды медеу етті, қазақ халқын революцияға, әділеттік қоғамға, Еуропаның оқу-өнерін, ғылым-техникасын тез үйренуге шақырады».

Енді, осы «Социализм» мақаласы туралы біздің де айтарымыз бар. Біріншіден, мақала түсініп оқыған адамға көп нәрсені аңғартқандай. Мұнда отарлау саясатын да, қазақ халқының білім, ғылымға деген қызықпаушылығы да, социализм мәселесі де, қазақтардың ар азығының тапшылығы туралы да мәселелер айтылған.

Екіншіден, тарауларда толып жүрген «қате пікірлер» жайында. Әлде осы сөзді айтқан зерттеуші өзінше мыналарды «қате пікірлерге» жатқызды ма екен? Ол үшін енді жазушының жазғанына назар аударамыз. Алғашқы мысал : «Енді

36

қазақтың алдында «адам боламын» деп ұшып тұра келгенде, желкелеп жығып, ортаға лақтыратын Николай тұсының чиновниктері жоқ. Солай болған соң тегіс жұмыла іске кіріссек, 20-30 жылда Еуропаның білгенін біліп, Еуропа қатарына қосылып, кете алуымызға тарихтан жапондар мысал бола алса керек.

Мұнан 58 жыл бұрын 1860 жылдағы жапондар жайының осы күнгі біздің қазақтың жайынан неменесі артық еді? Қайта ол кездегі жапондардың есуасы болса да атадан баласына мирас болып көшіп отыратын даймнос (губернатор) шогундеріндей (наместник) кесел біздің қазақта аз. Жапондар осындай халінен 35-40 жылда ержетіп Еуропа халіне кірді. 1895 жылында Қытайды шалқасынан түсірді. 1904 жылда «бөрікпен ұрып жығамын» деген Руссияны шалқасынан түсірді. Әрине, жапондар осы халіне Еуропаның пісулі астай даяр өнерін алумен жылдам жетті. Біздің де солай жылдам жетуіміз үшін тегіс жұмыла үйренуге кірісуіміз керек. Солай болған соң мектеп, медресе, газет, журнал, кітаптарының көбейіп, Еуропадағы адам баласының ауыр күн көрісінен құтылып, бақытты болуына себеп болатын ғылымдарды үйрете беруі керек. Осыдан зерттеуші қате пікірді қай жерінен тапты екен? Екінші мысал мынадай : Сұлтанмахмұттың өз сөзімен айтқанда : «Мысалды алыстан іздемей-ақ, кешегі Николай тұсындағы чиновниктердің өзімізге не қылғанын еске түсірсеңдер жетеді. Арқаларымызда қамшыларының табы әлі де тұрған шығар. Қазақты көргенде жыланды көргендей құшырланып ұратын, яки ұрғысы келетін саятқылы приставтар, маңдайындағысы жалмауыздың жалғыз көзіндей жарқырап, «тақсыр» деп құлдық ұрып тұрғанда да қан ішер түсін бұзып, бір минут қазақ бетіне қарамайтын төрелер, қазақтың мың игі жақсысының мойнына бұршағын салып айтқан мың ауыз сөзінен жалғыз араққор тілмаштың айтқанын шын көріп, соған қарап үкім қылатын әкімдердің елесі әлі көз алдымыздан неге кете қойсын. Осының бәрін қазақ «соған лайық жазығым бар деп» көнген жоқ, «көнбесек бізді қырып тастайтын қолдарында қару, өнері бар» деп көнді. Міне, көршіміз Русь жұртында бізден гөрі өнердің ер жеткендігінен тапқан пайдамыз. Русьтың не қыл дегеніне көніп тұру болатын». Осыдан зерттеуші қате пікірді қай жерінен тапты екен?

Келесі мысал : «Міне ғажап! Өмірін дамылсыз жұмыста өткізген 99 яки 999 кісі неге өлгенше тамаққа жари алмай кетеді де, дәнеңе істемей жүрген біреуіне мыңдап, миллиондап пайда келеді. Бұл туралы төменде социализм мәселесіне кірген уақытта жазармын немесе соңғы мысал : «Ар азығынсыз құр өнердің өсуімен басқалардың бақытты бола алмағаны секілді, келешекте қазақ та бақытты бола алмайды. Ілгері кеткен жұрттардың тарихының қатесін енді ілгерілейін деп тұрған жұрттар істесе, көре-біле отқа түскендік болады. Тарих ғылымының пайдасы да алдыңғының қатесін кейінгінің істемеуінде» [42].

Осылардан зерттеуші қате пікірлерді қай жерлерінен тапты екен. Жалпы біздің «Социализм» мақаласына көз қарасымыз осындай. Бұл мақаланың маңызы қазақ халқы үшін әлі күнге дейін жоғалмаған деген пікірді де осыған байланысты айта кеткіміз келеді.

С. Торайғыровтың келесі мақаласы 1913 жылы «Айқап» журналының 12 санында жарияланған «Қазақ ішінде оқу, оқыту жолы қалай?» деп аталатын шығармасы. Мұнда автор өзінің бала оқытудан жинаған мол тәжірибесіне

37

сүйене отырып, сол кездегі мұғалімдердің алдынан кездесетін көптеген кедергілерге тоқталады. Мысалы, екі-үш ауылдың балаларын бір жерге жинап оқытудың қиыншылығы. Екіншіден, 20-30 баланы топ-топқа бөліп оқытудың ауыртпалығы. Үшіншіден, ата-аналардың балаларды жастарына, алғырлығына қарай бөлуге қарсылық көрсетіп, орынды-орынсыз талаптар коюы.

Міне, осының барлығы да балаларға сапалы білім беруге кедергі болған. Автор мақаласында осы проблемаларды халыққа, оқырмандарға нақты мысалдар арқылы түсінікті түрде жеткізе отырып, оларға «осы жүкті жеңілдету» жағын қарастыру керектігін естеріне салады.

С. Торайғыровтың келесі бір мақалалар тобы өнер, өлең, әдебиет мәселесіне арналады. Соладың ішіндегі мәнді де көлемдісі «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан» деп аталатын мақаласы. Бұл мақала да сол 1913 жылы «Айқап» журналының бірнеше санында жарияланған. Жанры жағынан осы мақаланы әдеби сын мақала қатарына жатқызуға болар еді. Ал, мазмұнына келетін болсақ онда автор алдымен ескі әдебиет нұсқалары хақында сөз етеді.

Онда : «Белгілі мұнан бес-он жыл бұрын хат біледі-міс деген қазақтардың қолдан-қолға түсірмей, кұлқынын құртып, құмартып оқитын кітаптары : «Зарқұм», «Сал-сал», «Алпамыс» тағы солар секілді «қырды-жойды», «қиратты», «жеті бас», «айдаһар», «пері», «жалмауыз кемпір», «дәу» дегендей ұшы-қиыры жоқ түпсіз өтірік, қисынсыз хиқаяттар еді. Міне, бұған қазақ отағасылары көздерін жұмып, нанып, мейірлері қанып, кеңкілдей түсіп, бас шұлғысып, мүлгісіп отырғаны еді» – дей келе жаңа әдебиеттің көріне бастауына байланысты сол қазақтар бұрынғы «Зарқұмдарын» құмға көміп, «Сал-салдарын» суға лақтырып, пері қыздарын аспанға ұшырып, ақырындап ескі достарына хош айтыса бастады. Сонан бері қарай беттері бермен етпеттеуде», – деп қуаныш білдіреді [43].

Сөйте тұра жазушы жаңа дегеннің өзінің көбінесе көңілге қона бермейтін құранды дүниелер екеніне де былай деп баға беруден жасқанбады : «Бет бері қарап, қол оң жайылғаннан бері қарай жыл сайын бестеп, ондап «жас иіс» жаңа талап рисалар (кітапша) да туып тұрды. Бірақ, бұларды туды деп құр туғанына ғана сүйінбесе (екеу-үшеуін былай қойғанда) «осы қарағым ер жетіп, ернім аққа тиер-ау» деп үмітке кіріп түшіркенерлік біреуі жоқ, «қой бұты, қозы саны» дегендей құраған, сұраған бірдеңелер».

Бұдан әрі мақала авторы осы жаңа дүниелердің көпшілігінің тіл жағынан мүкістеніп, кейде мүдіріп, кейде шолжаңдап, жығылып-сүрініп жүргенін әңгімеге арқау етіп, жеке-жеке мысалдар келтіреді :

Қолыңа ал каламыңды,Қайғырып хал мұстапқал заманынды.

Намуне әр нәрседен көшіргіш ал,Яза бер, ойың алган кәләміңді.

Осындай не тіл, не мазмұн, не ұйқас жоқ шатпақтарға қарсы : «Басқаларға қарағанда, пайғамбардың жүрегінен құйылған құрандай, соқыр кісі сыбдырынан танырлық аққұла ашық тұратын» Абайдың өлеңдерін көлденең тартады.

38

Сұлтанмахмұт осыларды айта отырып, «Мұның аты, тіліміздің орнын сипап қалуға бейімделіп бара жату болады», – деп дабыл қаға біледі. Бірақ, бұл жазғандары кейін оның өзіне таяқ болып тиді. Ескіні аңсаған, жаңаны мойындамаған, ұлтшылдықты армандайтын жазушы ретінде талай сыншының оңай олжасына айналды.

Жазушының өнер мен өлеңге бағытталып жазылған тағы бір шағын мақаласы «Өлең һәм айтушылар» деп аталады. Мұнда автор «заманның айдауымен күн асқан сайын қазақшылықтың шылығы жылжып, кетіп бара жатқанын» айтып қана қоймай «Көрдің бе, ең арты домбыра-сауық, тәтті-тәтті әндерімізге дейін азайып қара күңгірт капаға булыққан заманға қарай дедектеп барамыз», - деп халықты «бір халықтың әні кетсе, әдебиет жесір қалады, сәні кетсе, жаны кетеді.

Қазақты жансыз ағаш қылып, отқа жаққыларың келмесе, әнді сақтаудың қамын қылыңдар», - деп көпшілікті ойлануға, әдебиеті мен өнер, мәдениетін жоғалтпауға шақырады.

Сөйтіп, С.Торайғыровтың 1913 жылы «Айқап» журналының бірнеше санында жарияланған мақалаларына қысқаша болса да тоқтап өттік. Ендігі қалғаны жазушының жұртқа біршама таныс «Ауырмай есімнен жаңылғаным» атты шағын очеркі. Бұл шығармасында автор өзінің бір әділетсіздік іске еріксіз куә болғандығын күйінішпен әңгіме етеді. Көңілде көмескілеу тартқан жері болса еске түсірейік...

Ғалия күйеуінен жастай қалып, алты жыл бойы ешбір көлденең сөзге ермей балаларын тәрбиелеумен күнін өткізеді. Содан алданышы алты жасар ұлы қызылшадан өледі де туыстары «енді бізге қарайлайтын нәрсесі қалмады, бір күні орнын сипап қалармыз, қызға алданып отырмас» дейді де оны қайын атасының інісі саңырау Жақыпқа атастырады. Міне, жазушы осы кейіпкерінің тағдыры арқылы әйел тендігі мәселесін шығармасына арқау қылып, басқаларға сабақ болсын, мұндай өрескелдік енді қайталанбасын деген игі ниетпен жазғандығы байқалады.

С. Торайғыровтың бай мұраларының бірі - оның хаттары. Хаттарының саны аз [6] әрі қысқа болуына қарамастан мазмұны бай, халық қамын ойлаған дүниелер. Бұған оның «Айқап» басқармасына хат», «Елден.Усть-Каменогорск уезден» хаттарын жатқызуға болады. Алғашқысында казақты білімге, оны таратушы мұғалім, оқытушыларға құрмет көрсетпейтінін, мұның өзі бұл халықтың надандығын байқататынын жазса, екінші хатында әйел теңдігі мәселесінің қазақтардың арасында да оң көрініс таба бастағандығын нақты мысалдар арқылы үлгі ретінде жариялаған.

Ақын, жазушы, публицист С. Торайғыров жөнінде зерттеушілер пікірі мен архив материалдарына қосымша ол туралы жазылған естеліктерден де көп мәлімет, дерек алуға болатындығына көз жеткізген сияқтымыз.

Мысалы, С. Торайғыров туралы Әлкей Марғұланның естелігінде мынадай сөздер бар : «Сұлтанмахмұт ауылында жүргенде дәйім адамның мінезін, психологиясын сынап, көңіліне жақпаған адамдар туралы отырған жерінде бір-екі ауыз өлең жазып қалдырып отыратын. Сұлтанмахмұттың бұл тәрізді жазған өлеңдерінің көбі оның шығармаларына кірмеген сияқты» немесе

39

«Сұлтанмахмұттың дүниеде жек көргені бай мен залым болыстар еді. Бір жылы жаз күні, мен әлі күні ұмытқаным жоқ, менің ауыл мектебінде оқып жүрген бала кезім еді. Махмұтты көруге бір көршілес ауылға бардым. Онда Махмұттың менімен ісі жоқ, тек жиналған халықтың алдында империалистік соғыс жайында оларға әңгіме айтып отырғанын көрдім. Бір уақытта Махмұт пен біз қарайтын елдің болысы өзінің шабарманынан хат жіберіп, «біздің үйге келіп, қала жайынан әңгіме айтсын», - деп Махмұтты шақырыпты. Махмұт хатты оқып болған соң болыстың шабарманына ашуланып қарады да : «Мен Поштай ауылына барып сауын айтатын шапқыншы емеспін, әңгіме іздеген кісі өзі келер! - деді», - деген сөздерінен көп нәрсені ұғып, түсінуімізге болатын сияқты.

Сондай-ақ, Шәйбай Айманов Сұлтанмахмұт туралы өз естелігінде : «Сөйтіп, аса қадірлі замандасым, әрі туысым Сұлтанмахмұт 1920 жылы 21 май күні түстен кейін дүние салды да, ойлаған мақсатына жете алмай, бастаған шығармаларын аяқтай алмай арамыздан кетті. Ол өзінің «Кім жазықты?» романың да қайта жазбақшы еді, мұнысы да орындалмады.

Мен осының бәріне кейін күйініп те жүрдім. Сұлтанмахмұттың : «Кала ақыны мен дала ақынын» бітіре алмай барамын. Әр ақынды өз қалпында, өз ниетінде, өз сөзімен сөйлетпек едім. Бірақ, менің қала ақыны деп отырғаным да совет ақыны емес, капиталистік қаланың акыны еді. Поэманың соңында екеуін де техникаға жүгіндірмекші едім, жиған-тергенімді тапсырғанда, осы жайды қадағалай айтарсың», - деген өлер алдындағы сөзі әлі есімде», - деп, кейбір істің оң жақтарынан хабар береді.

1.7 Ел қамын ойлаған (Ғұмар Қарашев)Ғұмар Қарашев 1875 жылы қазіргі Орал облысы, Казталовка ауданының

Құрқұдық деген жерінде туып өскен. Әкесі Қараштан жеті жасында жетім қалған ол ауқатты ағайын – туыстарының көмегімен ауыл молдасынан хат таниды, кезінде есімі алты алашқа мәшһүр болған Ғұбайдолла Ғалікеев қазіретке шәкірт аталады. Бұл оқу орнын 1902 жылы бітірген ол әуелі өзі туған еліне, одан кейін Тіленшісай деген жерде мешіт, медресе салдырады. Кейбір деректерге қарағанда Ғұмардың Шәңгерей Бөкеевпен осы тұста дос болғандығы айтылады. Болашақ ақынның Шәңгереймен таныстығы оның орысша сауатын ашып, саяси ой- өрісінің кеңеюіне бірден-бір сеп болады.

Сөйтіп, сергек те сезімтал Ғұмар 20- ғасырдың бас кезіндегі қазақша, арабша, түрікше, орысша, татарша басылымдарды оқып, заман дәуір жайын аңғара бастайды. Әсіресе тарихи, философиялық ой айтылған еңбектерге ден қояды.

Осыдан кейін ислам қағидаларын жетік меңгеріп, ол медреседегі, ескіше «ислам», «шарт»оқуларын тоқтатып, шәкірттерін жәдитше (жаңаша) оқыта бастайды. Бұған тағы бір себеп болған нәрсе, осы кезге сай келген 1905 жығы бірінші орыс революциясы. Оның идеясын жетік түсінген ойшыл ақын, ұлттық ояну, ағартушылық қозғалыстардың толқуымен өзінің медресесіндегі жастарды ғылымға, өнер-білімге тарта бастайды. Өзі ұстаздық етіп жүрген қазақ балаларына орыс және қазақ тілін толық меңгеруді үйретеді. Медресеге орыс, татар мұғалімдерін шақыртатады. Бірақ, Ғұмардың бұл сияқты прогресс жолына мықтап берілген әрекеттеріне елдегі қожа, молдалар мен Уфадағы

40

мұсылман муфтиінің басқармасы шу көтеріп, оны дінді бұзды, «кәпір» деп жариялап, ишандықтан, мешіт төңірегінен қуады.

Жоғарыда айтқанымыздай Ғ. Қарашевтің саяси көзқарасының өсіп- жетілуіне 1905-1907 жылдары бірінші орыс революциясы мол әсер етеді. Өйткені, Орталық Ресейде болып жатқан ереуілдер ұлттық езгінің тепкісінде жүрген қазақ халқын да бей-жай қалдырмайды. Ол осы жылдары татар тіліңде шығып тұрған «Ульфат», «Шура» сияқты мерзімді басылымда өзінің алғашқы мақалаларын жариялады.

Ал, 1910 жылы Уфа қаласында Ғұмардың «Ойға келген пікірлерім» атты еңбегі жарық көреді. Бұл кітабында сөз еткен мәселелері оқырман қауымының жүрегіне жол тауып, тез арада библиографиялық сирек кездесетін басылым қатарына қосылады.

Сондай-ақ, 1911-1913 жыддарын оның «Қазақстан» газетінде түрлі тақырыптарға жазылған көптеген мақала, очерк, фельетон, өлеңдері жарияланады. Мысалы «Қазақстан» газетінің 1911 жылғы 15 қараша күнгі нөмірінде басылған «Бұл қай заман?» атты бас мақаласында тарихтың даму процессіне қысқаша шолу жасай келе, қазақ жастары ғылымның әр саласын жетік меңгерсе деген ниет, өсиет айтады. Онда ол : «Бізде бір қалыптасқан қате пікірдің барлығын, ол біз ғылымды орыстікі деп бөлеміз, мейлі, солай – ақ болсын, онда басқа дін, жағрапия, тарих, т.б, ғылымдарды басқа тілде оқыған күннің өзіңде, мамандығын жақсы біліп, халқына жақсы пайда келтірсе, болды емес пе? «- деген ой, тұжырымын айтады.

Екінші бір «Газет деген не зат?» атты мақаласыңда баспасөздің қажеттілігі жайыңда оқырман қауымға : «Бізді бір ниет, бір тілекке жиятұғын зат - газет! Сол себепгі газет біздің басшымыз! Газет біздің достар аддыңдағы - көркіміз! Дұшппаңдарға қарсы құралымыз! Газет біздің қараңғыда жарық беріп, тура жолға салатын шамшырағымыз!»- деп түсіндіреді.

Ғ. Қарашевтің шығармашылық жолы өте күрделі. Ескішілікке кетпей үнемі ілгерілеп отырады. Ол өз дәуірінің ең жақсы, жаңашылдық армаңдарын мықтап қамти білген және оны өзінің шығармаларына арқау етіп, халыққа жеткізіп айта білген ақын.

Ғұмардың 1905 жылғы дейінгі және содан кейінгі шығармаларының басты тақырыбы-патша үкіметінің отаршылдық қысымына қарсылық, қазақ халқының жақсы жер, ата қонысынан айырылғанын, саяси бостандықты аңсау, халықты ғылым - өнер жолына үндеушілік, елді билеу жүйесіндегі әділетсіздікті әшкерелеп, батыл сынау, әйел теңдігі меселелері болып келеді.

Осыған орай оның қаламынан туған еңбектер саны да мол. Бәрі де халық мүддесін көксеп, қазақтың елдігін, ерлігін паш етуге арналған. Мәселен, ол :

Білімсіз қазақ күнің жоқ,Күн көретін түрің жоқ.Өзіңді - өзің зор көріп,

Мен қазақ деп жүрсең де,Білімсіз қазақ болған соңБір тиыңдық құның жоқ,

41

Білімсіз халық ел болмас,Болғанменен тең болмас,Қулықтан басы арылмас,

- деп қазақ еліне сол дәуірдегі ең қажеті басты нәрсе - оқу, өнер білу екеңдігін айтады.

Ақын «Замана жайында» деген жырында туған жер туралы :

Еділ, Жайық суынан,Жем сағыздың бойынан,Қысырақтап жаз жайлап,

Көше, қона жүргенің,Алатаудан өткенше,

Ыстықкөлге жеткенше,Кіңдік кесіп кір жуып,Мекен еткенжерлерің,

- дей келе, бүл жерлердің бүгінгі күнін :

Көкше бұйра белдерің,Белдерге енген елдерің...Күңдердің күн болғаңда,

Мұндайда болар дер ме едің?

– деп күйзеле де, күңірене жырлайды.Ғұмардың еңдігі бір топ өлеңдері ел билеу тәртібіне арналған.

Ол :Ел ішінде осы күн,

Алымнан басқа ақы жоқ.Жұрт жайыңда қамы жоқ,

Сыңарық бұқа пішінді,Әкімге қалған күн құрсын,

- дей отырып, обыр байлардың, залым, парақор ұлықтардың, болыс билердің озбырлығын Абай, Жармағамбет т.б. сияқты Ғұмар да айнытпай әшкерелеп, осылай қатты сынға алады.

Ғұмар өз өлеңдерін тарихты шолу, тарихқа көз жіберу әдісімен жазады. Оның басты кейіпкері өткен ғасырда патша үкіметінің езгісіне, жергілікті байлардың қысымына қарсы азаттық туын көтеріп, халыққа бостандық әперуді көксеген Сырым Датов сияқты ерлер.

Ақын оңдай жаужүрек ерлердің халық үшін ауадай қажеттілігін әбден езіліп, жаншылған оқырман атынан :

Ойдағыға жете алмай,Ешбір лаж ете алмай,

42

Екі көзден жас парлап,Налып тұрған көзіміз.Бізге дағы күн туып,

Қанды жүрек ұл туып,Жігерленіп бел буып,

Ашылар ма екен көзіміз,

- деген жолдарыңда нақты түрде көрсете білген.Ғ. Қарашев - ағартушы. Қулық - сұмдықты білмейтін, жаны жас баладай

жайсаң ақын. Соңдықтан ол елдің көзін ашса, өз-өзінен әділетсіздік жойылады деп біледі. Осы мақсатты жүзеге асыру ниетімен бар талантын, асыл сөздерін жыр тізбегін тек ғылым, білім, өнер үйренем деген жастарға арнап, оларды :

Бәрін айт та, бірін айт,Өнерменен білім жоқ.

Білімсіз қазақ күнің жоқ,Бәрінен де тілеймін,

Ғылымның жүзін бері қыл,Надандықтың сүр түсін

Жақындатпа әрі қыл,

– деп, оқуға шақырады.Ал, еңді Ғ. Қарашевтің публицистикалық еңбектеріне келетін болсақ, онда

ең алдымен «Ойға келген пікірлерім» деген мақаласына тоқталамыз. Мұны автор Луфти деген кісіге жауап хат ретіңде жазған : «Қымбатты Луфти мырза! Сіз жіберген хатыңызда : - Бұл заманда сопы атты біреулер өте көп болса да, қарапайым халқымызға олардан тиген пайда көрінбейді, яғни қай жақта сопы мен мүрид аттылар көп болса, сол жақтағы халқымыз арасындағы ұрлық, қиянат, арақ ішу сияқты келісімсіз мінездер көп?», – деп сұрапсыз.

Мырзам! Мұндайлық жаман әдеттердің түп - тамырымен құрымауы ғылым мен ағартушылардың ықпал тигізбеуінен болады. Бұл жолда надан сопылардың таспиқтарын сыртылдатып, түймелерін жылтыратуынан ешқандай пайда жоқ» деп жауап береді ол. Ғұмар Луфти мырзаға осындай жауап беру арқылы сол заманның сопы, молдаларының халықтың барын жеп, өтірік күліп, ағайынды бір - бірімен шағыстырып таспиғын сартылдатқаннан басқа білгені жоқ, арамдық, қулықты ойлайтынын әшкерелей отырып, олардың сана - сезімдеріне әлі күнге ғылым - білімнің айналасыңда болып жатқан өзгерістердің аз да болса әсер етпегенін айтады.

Ал, адамның бір-біріне қамқоршы болып, жақсылық көрсету қасиетін ол : «жақсылық дегеніміз екі тарауға бөлінеді. Мұның бірі заттық, тағы бірі - моральдық. Заттық жақсылық - мұқтаж адамдарға мал беру, ішкізіп - жегізу, киіңдіру. Моральдық жақсылық әр адамның мұқтаж болған уақытында ғылым мен ағарту және тәрбиелеуге керек қажетін өтеу»..., – деп түсіндіреді.

Сөйтіп, жақсылықтың қай түрін болса да жазушы қоғам өмірінен бөліп әкетпейді. Көпшілік болып тәлім – тәрбие жұмысына ат салысудың мақсатын

43

«моральдық мұқтаждықта қалған туысқандарын құтқару», - деп санайтын ол, әрбір адам баласы қоғамның білім тұрғысынан көзін ашып, көкірегін оятса санасына өзі білетінін жеткізсе, онда ол моральдық жақсылық жасап, басқаның ғұмырын ұзарта түсетінін дәлелдейді.

Ғ. Қарашев нақ соңдай-ақ, жас ұрпақ туралы оған үйрететін тәлім -тәрбие хақыңда, оңдағы мұғалімнің өзіндік орны жөніңде сөз қозғайды. Осы орайда ұстазға қойылатын талаптың да күшті екенін, оның оқыту, ұқтыру ісіне жеңіл қарамай, жауаптылық, тиянақтылық қажет екендігін ескертеді.

«Жансыз түсіңдіру», - дейді ол «...тыңдауға тартымсыз және естуге ауыр болудың үстіне тез ұмытылатын болады... Мұғалім болған адамның шәкірттері риза боларлықтай мінезі, оларды толық қанағаттандырарлық білімі болуы керек. Ондай білімі жоқ педагогтан шәкірт пайда көре алмайды. Соны есте ұстау керек. Шәкірт өзі сүйген мұғалімнен ғана білім ала алады»...

Бұған керісінше Ғ.Қарашев сол қиын - қыстау кезеңнің өзінде ақ мансапқорлыққа салынып, адамгершілік қасиеттен айырылып бара жатқаңдар туралы : «Біздің қазақ халқыңда орта және жоғары мектептерде оқып шыққан жігіттер көп. Бұны ойлағанда келешектен біраз үміт туғызады. Енді бұл жігіттердің халыққа қызмет ету жағына келсек, әкімшілік дәрежесіне белгіленіп, тағайындалса баяғы айлық алу, сансыз дау - жанжалдардан табыс тауып, арақ ішіп, мас болу, күн -түн қарт ойнап, есіл өмірін еш қылу» немесе «Оқымыстылар қанша көбейсе, халықтың сезімі соншалық артып, мектептер салынып, газет - журналдар басылып, дау – жанжалдар азайып, жалпы халық жақсы болуы керек еді. Жоқ... бұлардың біреуі де жоқ. Күн сайын тіршілік батпағына батуда. Оқымыстылар бұл жағынан қайғырмайды да, халықтың махаббатын тартып, ағарту - өнер жолына жетектемейді. Мұның соңы қайда барып тірелетіңдігі әркімге белгілі... Міне, осылардың барлығына да негізгі себеп, баяғы «дүниеде ішіп - жеу үшін ғана жасау» делінген хайуаңдық бір пікірде тәрбиеленгендіктен деп ойлаймыз» деп жазды.

Келесі, Ғ. Қарашевтың «Тіршілік таласы» еңбегіне тоқталсақ... Бұл шығармасында ол патшалық заман кезіңде ешбір зұлымдық - зұлматпен ісі жоқ, бейқам жатқан өзгерістерге көзіңді ашып, көкірегіңді оят дегісі келеді. Одан әрі дүниенің өзі талас - тартыстан тұрады, адам баласы сен де қарап жатпай болашақ үшін, ертеңгі көретін күнің үшін күресуің керек дегенді меңзейді. Сондай-ақ, қазақ даласындағы болып жатқан түрлі жаңалықтар, оларға деген елдің көзқарасы жайлы : «Дүниедегі жан-жануарлардың тіршілігінен ілтипат салып қарасаң талассыз, тәртіпсіз тұрған заман көрінбейді, даладағы аңдар, ауадағы құстар, судағы балықтар бірін-бірі жеуде, бірін-бірі тонауда, адам баласының тіршілігіне қарасақ талас - тартыстан бұлар да құр емес» дей келе бұл тартыстарға сипттама бере отырып, олардың мән-мағынасын : «жан-жануарлар бір-біріне тырнағын батырса, адамдар көкіреқ, ақыл қаруын жұмсайды», деп тағы бір сырын ашады.

Қазақ халқьның мұңдай халге түскені, жоғарыда айтылған тірішілік таласына әзірленбей, наданшылық торында жатқанында. Егер ұйқымыздан бас көтермей бұрынғыша жата берсек, шексіз тез заманнан, дүниежүзіне көшпекпіз. Сол себепті дүниежүзінде қалғымыз келсе, адам баласын, ғайырым жан иесінен,

44

бір адамды бір адамнан артық еткен ғылым, өнер үйреніп, өзімізден ілгері кеткен халықтармен қатарласуға талап етуге тиістіміз».

Бұл жерде Ғұмардың айтып отырған ой-пікір, мақсат -мүддесінің барлығы да бір-ақ нәрсеге келіп тіреледі. Қалың ұйқыда жатпаса да, қалғып - мүлгіп жүрген, ескі өмірдің бір қалыпта өтіп жатқан тыныс-тіршілігіне бейімделіп кеткен қазақ жастарын қайткен күнде де білімге, өнерге қарай сүйрелеу, жетектеу. Елде болып жатқан өзгеріске елең еткенмен неден, қайдан, қайтіп бастарын білмей жүрген ауыл жастарына жол көрсету.

Автор осы арада егер өз билігіміз өзімізде болып, өнер ғылым үйренсек, басқа халықпен тереземіз тең болып, өзіміздің қадір - қасиетімізді, ұлттығымызды, елдігімізді, салт - санамызды сақтап қалар едік деп алыста тек сағым боп елестейтін тәтті қиялға беріледі.Сөйтіп, болашаққа үмітпен қараған қаламгер білім мен өнерді жан -жақты насихаттаудан бір талмайды. Бұл тұрғыда ол өз шығармасында : «жоғарыдағы тіршілік таласы хақыңда бір-екі ауыз сөз жазғанымның себебі біздің қара халық түгел ғылым иесі, жастарымыздың да көбісі төрт жағы құбыла болып, заманымыздың түбінен бихабар ғұмырын ойын - күлкімен өткізіп жүр. Басшылардан үлгі көрмеген соң қара халық бағытынан адасулы.

Құйрықсыз, желкенсіз тіршілік теңізінде бағытсыз жел айдап жүрген кемемізді жұрт кетіп жатқан ғылым, өнер жолына қарай жүргізуді кемешілерімізге де, мінушілерімізге де міндет деп білеміз, қазіргі бағытта жүрумен тасқа соғылып, су түбіне кетуімізге де шек-шүбө жоқ», деп бейқам жатқан қазақ даласындағы қазақтың бас көтерер ұлдары тек арзан күлкіге беріліп, уақытгарын босқа өткізіп жүргендіктерін өткір сынға салады.

Осылайша, заманның ащы шындығың толғана, тебірене жазған Ғұмар, қалайда халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне әсер ету жолдарын іздейді. Тіршілік етудің оңай еместігін айта келіп, оны теңіз бен кемешіге теңейді. Мұңдағы ойы теңіз - өмір, сол өмірдегі аз ғана ғұмырымызды бостан - босқа өткізбей, өнер - білімге қарай бұрайық дегені. Ол туған жер топырағында болып жатқан қоғамдық өзгерістерді көлденең көзбен көріп, бейтарап суреттеп қоя салмаған. Жазушылық, халықтық көзбен көріп, алға апарар өз ойын ұсынды. Міне, осылайша өз дәуірінің жыршысы, келешек заманның жыршысы ұрпағына өлмес мұра, ұмытылмас қазына қалдырып кетті.

Оның осындай шығармасының тағы бірі «Өрнек» кітабы. Бұл еңбегіңде ол қала халқы мен ауыл адамдарын салыстырады. Жазушының : «Қалада әркім өз ісінің соңында жүр. Енді мұны біздің қазақ халқының әдет - ғұрыптарымен салыстырып қарасақ, біздегі көптеген жігіттер алты ай қыс ғұмырын босқа өткізіп тек жүреді. – Дүниеде не арзан? - деп сұраушыларға - Біздің қазақ жігітгерінің ғұмыры-деп жауап берілсе дұрыс болар еді. Сол бос жүруден көп залалды бұзықтық туады, сөз тасиды» деп налиды.

Бұған керісінше «Қазақстан» газетіңде жарияланған «Тәнсіз жан жоқ» атты екінші бір мақаласында ол адам баласының тіршілік есігін ашқаннан кейінгі өмірі күреспен, тартыспен өтетіндегі жайлы : «Ғажап бала ананың құрсағында әуелі қан болады. Анадан соң тән болады. Анадан соң барып жан болады... Қан мен тән жанның болушылығына себепкер болып тұр. Адам баласына жаннан тәтті не

45

зат бар? Осы тәтті жанымыздың, яғни ғұмырымыздың болуына себеп болып тұрған қан, тәнімізді біз қайдан алдық? Әлбетте халықтан алдық. Сөйтіп, халық біздің дүниеге келуімізге себеп болды. Ғылым да тәрбие алды. Бұны бізге кім берді? Әлбетте халық, оған берді» - деп толғанады.

Ғ. Қарашевтың келесі бір ауызға аларлық «Педагогика» атты еңбегі 1918 жылы «Мұғалім» журналында жарияланған. Мұнда автор «өзіме келсем мешіт, діни медреселер салғаннан гөрі мұғалімдердің міңдетін күшейгу үшін ғылыми кітаптарды өз тілімізге аударуға, кітаптар сатып алып бастырып тұратын фирмалар ашуға, газет жөне журналдардың басылып тұруына көмектескен болар едім», дей келе «кімде-кім өзінің мінезі және істейтін жұмысы туралы ойланбай тұра алмайды. Бұл жолда баланың ақылы бірте-бірте өспекші, міне осы мезгілде балаға жолбасшылық ету тәрбиенің басты бір шарты. Үйренудің жол көрсетудің қай орында тұрғандығы бұдан көрінсе керек», - деп жас ұрпақты тәрбиелеудің қыр – сырына тоқталады. Одан әрі бала тәрбиесіне, оның айналасындағы адамдарға, мінез – құлығына толық мән беріп, жолын әдісін үйретіп отырған публицист – психолог жас жеткіншекке тәрбиені кімдер, қалай беру керектігін : «Ата – аналар, мұғалімдер баланың көзіне көрсетіп, бұдан соң мүмкін болғанша басқа да түсіндіру жолдарын қолданулары керек. Әсіресе, ата – аналар бәрінен бұрын балалардың мінезін жақсы жолға салуға бейім келеді, олар әр нәрсені тексеріп, балаға себебін түсіндіріп, ерте бастан, мынау жақсы, мынау жаман, мынаны істеуге болмайды деп ұғындырады. Бұған балалардың көз алдындағы нәрселерден мысал келтіріп, жақсы – жамандығын түсіндіріп, істеуге тиіс деп көрсеткен істің қарсы жағын да баяндап береді», - деп түсіндіреді.

Ғ. Қарашевтың публицистикасындағы тағы бір басты тақырып – тіл мәселесі. Өйткені, оның осындай көрегенді көкірегі мен өз еліндегі болып жатқан небір жан түршігерлік жайларға немқұрайлы қарап, бейхабар отыра алмағандығы белгілі. Ақынның мұндай кеселмен білек сыбана күресуіге әлі жетпесе де, оған уытты тілінің найзасын қадап қалуға дәрмені жеткен. Мәселен, ол бұл тұрғыда өзінің «Ұлт һәм туған тіл» мақаласында : «Патша үкіметінің ұлттар тұрмысын көріп, соларды көгертіп, көркейтумен ісі болмайды. Ол әрдайым да халыққа көтере алмайтын, оларды өзінің мейрімсіз тырнағында тәлегенше жаншумен болды һәм миллиондаған халықты, әсіресе шет ұлттарды қалайша қараңғылықпен меңгеру надандықты өз пайдаларын білместей, керектерін сұрай алмастай мылқау етіп ұстау қамында болып, сонымен ғана шұғылданды», - деп жазды.

Жалпы, Ғ. Қарашевтың творчестволық еңбек жолын қорыта келе айтарымыз, ол өзінен кейінгі ұрпаққа көп жақсылық әкелетіндей, елеулі мұра қалдырып кеткен. Тағы бір ескерілмей жүрген жәйт, ақын көптеген өлең, мақалалар жазумен қатар, аударма ісімен де шұғылданға ұқсайды. Оның дәлелі Некрасовтың атақты «Ана жыры». Ол бұл өлеңді баласы Бәсерге беріп тұрып : «Маған бата оқи келгенде құран шығартпа, орнына ғиндаш мақамымен осы өлеңді оқы», - деп тапсырыпты.

46

1.8 Елім деп еңіреген ер (Сәбит Дөнентаев)Белгілі қазақ жазушысы С.Машақов өзінің «Ақын Сәбит Дөнентаев» деген

естелігінде : «Сәбитті 1933 жылдарға дейін сыншылар түрлі саққа жүгіртіп, біреулері ұлтшыл, біреулер жолбике, енді біреулер кедей шаруа ақын деп ат қойып, айдар тағып жүрді. Сәбитке шын дұрыс баға тек соңғы жылдары ғана берілді. Оның алғашқы кейбір өлеңдерінде ұлтшылдық сарын болғанымен, кейін Совет үкіметі мен большевиктер партиясының саясатын оның шын пейілмен қостағанын көреміз», - деп жазған. Олай болса, алдымен Сәбиттің «ұлтшыл бағытта» шығарған өлеңдеріне назар аударып көрелік.

Ем таба алмай жеріңе мен ертеден,Сол бір қайғың өзегімді өртеген.

Тырп етпейсің бас көтеріп көрпеден,Еңсең неге түсті мұнша, елім-ай!

Өткен сағым, келер алдың бір мұнар,Қызылшылсың қызарғанға тым құмар.

«Сақтан» деген сөзді жан жоқ шын ұғар,Жемге шашқан қармақ құрса, елім-ай!

Қандай едің қара киіп қайрылып,Қандай едің тұрсың одан айрылып.

Мүгедек боп қос қанатың майрылып,Өксіп жылап өгей ұлша, елім-ай!

Мұны құр бос өлең десең өзің біл,Жұрт болмаймын, өлем десең өзің біл.

Не болса да көнем десең өзің біл,Босағада жүрген құлша, елім-ай!

Түзелесің қашан, жұртым, оңалып,Тіл алмасаң кетпеймісің жоғалып.Кайтер едің өткен дәурен оралып,

Жылы жүзбен мойнын бұрса, елім-ай!

Сол күнінді көрсем менің арманым,Жоқтамас ем өзге тілек қалғанын.

Сұм жүрегім селт етпейді жалғанын,Бұл мінезің бойда тұрса, елім-ай!

Ақынның «Елім-ай» деп аталатын бұл өлеңі XX ғасыр басындағы қазақ халқының ауыр хал-ахуалына арналып жазылған. Автор бұрынғы еркіндік, тәуелсіздігінен мүлде айырылып, бодандықтың ауыр қамытын киген қандастарының оянбай, калың ұйқыда жатқанына налып, олардың бұл тығырықтан шығуына тілектестік білдіреді. Әрине, бұл шығарма патша тіпті,

47

Кеңес үкіметі тұсында да ұлтшылдықтың исі мүңкіп тұрған еңбектердің қатарына жатқызылуы заңды болатын.

Рас, менің қазақ деген атам ба,Не болмаса бұл адасқан қатам ба?

Туғандығым анық болса сол жұрттан,Мұнша лағып айдалаға қашам ба?

Қайырылсам қызмет қылып халқыма,Соныменен зор кінәға батам ба?

Ондық өнер, өнер жинар күш болса,Құр тілменен жоқты – барды шатам ба?Өнер жоқ деп, қуат жоқ деп талапсыз,

Сары уайым саламын да жатам ба?О жағым - жар, бұ жағым –ор, алдым – тау,

Құр денімді соямын ба, асам ба?Неткен нәзік жаратылған адаммын,

Аяғымды мертігемін басам да.Күресінде көкке шыққан қияқтың,

Мойным созып, басын шолып жатам да.Көрінгенге көзім сүзіп қараймын,

Жан көрмейді, жұрттың бәрі қатаң ба?Деймін – дағы өзімі өзім айтамын :Сірә, азықсыз шығу қате сапарға.

С. Дөнентаевтың «Дал болу» деген бұл өлеңінің мән-мазмұны осыдан 90 жыл бұрын жазылса да, күні бүгінге дейін ескірмеген дер едік. Шығармада отарлау саясатының зардаптарынан ғылым, білімнен артта қалып, туған халқына қызмет қылуға жарамаған бос денесін қайда жіберерін білмей дал болған адамның шарасыздығы суреттеледі. Біздіңше бұл еңбектің бүгінгі таңға тән екінші жағы да бар. Ол оқып, тоқуға, жоғары білім алуға мүмкіндігі бола тұрып, өнер, білімге ұмтылмайтындар және жаңа өмірге сай жоғары білімдері болса да, халқына қызмет еткісі келмейтіндер, яғни өздерінің жеке бастарының қамдарын күйттейтіндер. Ақынның осының барлығын да алдын-ала сезіп, біліп, көңіл күйін ақ қағаздың бетіне бар жан-тәнімен беріле түсіргендігі сезіледі.

Жаңа жыл құтты болсын, алашым,Мал мен басың өссін-өнсін тарасын.Жаңа талап, жаңа дәулет, жаңа бақ,

Беріп жұрттың толықтырсын шарасын.Тоқшылықпен, тұнықтықпен, саулықпен,

Шаттандырсын үлкен, бала-шағасын.Өрттен, жұттан аман сақтап шаруасын,Төрт түлікпен бақырлатсын даласын.Жанын, малын аямайтын ұлты үшін,

Етіп берсін мұнда туған баласын.

48

Ақ көңілдік,ақ бейілдік нәсіп қып,Жұрттың жойсын жүректегі қарасын.

Тілек те бір, ниет те бір, іс те бір,Тістейтіндер жаңа жылдың қалашын.

Біреу аяқ, біреу ауыз, біреу қол,Болып әркім қызметіне тарасын.

Ұлтжанды ақынның «Жаңа жыл құтты болсын!» дейтін бұл өлеңінен өз халқының болашағына деген ыстық ықылас, сезімін, балалық махаббатын, жанашырлық көңіл ниетін байқаймыз. Ол тек жаңа жылдық тілек, құттықтау айтып қана қоймай, елдің бас көтерер азаматтарының ауызбірліктерінің сақталуын, халық үшін, оның болашағы үшін қызмет істеу кімге болсын үлкен абырой екендігін көрсеткен.

Ел биледім неше жыл,Бергеніңе мың шүкір,

Қылдым тәубе – ай, сұбықан!«Жемқор болыс, жалмауыз!»

Деген сөзді бір ауызЕстігем жоқ халықтан.Басқа бәле тілден ғой,Оны халық білген ғой.

Осы бір «Ескі болыстың тәубесі» дейтұғын шағын өлеңде де көп мағына бар. Бұрынғы ел билеушілердің қалай болғанда да халықпен санасып отырғандығын, ең алдымен солардың қамын ойлағандықтарын көрсете отырып, кейінгілердің де солардай болуы керектігін меңзейді.

С. Дөнентаевтың бұлардан да басқа ел бірлігі, өткенге қайтып оралу, заман, қоғам, ұлт тағдырына арналған «Заман кімдікі?», «Бірлік», «Жұмыскердің өкініші», «Талап», «Жүрекке», «Менің жайым», «Сыр», «Ұлтшылға», «Қазақтарға қарап», «Сағыну», «Адаспаспыз», «Сарыарқа анамызға» сияқты шығармалары бар. Егер осылардың барлығы біз кеңес кезеңіндегідей, бүгінгі таңда да тек бір-ақ ұлттың, яғни қазақтардың қамын ойлап жазылған еңбектер болғандықтан, оның авторы да ұлтшыл болған деуге ешбір негіз жоқ.

Бұл жерде кезінде С. Дөнентаевқа «кертартпа ақын» деп қатты шүйліккен академик жазушы С.Мұқановтың да 1932 жылы шыққан «XX ғасырдағы қазақ әдебиеті» кітабында оның шығармашылығына 23 бет арнап, алғашқы райынан қайтып қана қоймай, С. Дөнентаевты халықтың қамын ойлайтын ұлтжанды ақын ретінде мойындағанын да айта кеткеніміз орынды болар.

Ақынның алғашқы өлеңдері «Уақ-түйек» деген атпен екі кітап болып 1915 жылы Уфа қаласында жарық керген. Мұны айтып отырған себебіміз бұрынғы және кейінгі зертгеушілер де С. Дөнентаев ірі шығармалар жазбаған, оның өлеңдерінің көпшілігі уақ-түйек тақырыптардан тұрады деп жаңылысып келді. Шын мәніңде олай емес еді. Сәбит алғашқы кітабының атын солай деп

49

қойғанмен, кезінде ел, жер, ұлт, тіл, қоғам, саясат, білім, ғылым, өнер, мәдениет сияқты мәңгі өлмес ірі-ірі тақырыптарға бара білген.

Біз келдік биік таудың панасына,Жиһанның сыймай сақfра даласына.Құйын мен жел, дауылдан аман-есен,

Биік тау, бізді сақтап қаласың ба?Келген тау панасына оны қылса,

От болып есіл жүрек жанасың да!

«Биік тау» деп аталатын осы бір – екі шумақ өлең жолдарында қаншама философиялық ой, сол кездегі шыңғырған шындық, бодандықтан түңіліп әбден титықтаған халықтың болашаққа деген сенім-нанымы жатыр.

Осы жер жұмыртқадай дөңгеленген,Ең алғаш мұның өзін төртке бөлген.

Сол төрттің үшеуі - су, бірі - ақ құрғақ,Бекер деп айтпас мұны қағаз көрген.Екінші : ол құрылықты беске бөлген,

Айырып әрбіріне есім берген.Бәрінде бес құрғақтың адам болып,

Еждиһат етіп кәсіп күнін көрген.Суларда кеме мініп сайран етіп,

Жоқ емес, тағы да адам дәурен сүрген.Бір жарым миллиардтан көбірек жан,Шамасы мыңнан аса тіл сөйленген.Жалғыз-ақ біздің қазақ қарап өлген.

«Жер» деген бұл өлеңнің мазмұнымен таныс әрбір адам ақынның білімдарлығымен, ойлылығына тәнті болып қана қоймай өз халқының басқалардан оқу, білім, ғылым жағынан артта қалғанына намыстанып, намыстарын қайрауға ұмтылғанын байқайды.

Тіл- көңілдің тілмәші,Көңілдің жоқ сырласы,Тілмәшіңді оң жұмсап,

Теріске, көңілім, бұрмашы,Айтқанын кыл қожаңның,

Тілім, қарап тұрмашы!Аңғырттанып бет алды,Масқара мені қылмашы!Тым құтыртпай тыл ұста,

Тілмәшіңді, мырзасы.

50

«Көңіл мен тіл» - әрбір жанның бет бейнесі, сонымен қатар ақыл, ойынан хабар беретін салмақ таразысы да. Бұл жерде ақын қазіргідей өз тілін білмей масқара болғандар туралы емес, өз тілін дұрыс пайдалана алмай, жұрт алдында мүдіріп, көпшілік талқысына түскендер жайлы толғанады.

Әуелі етіп бірлік басыңды қос,Сонан соң әр мұраттан қалмассың бос.

Жеке дақ үнің шықпас, ісің бітпес,Жан қорқып, жалғыз қурай көрініп қос.

Деген бар бұрыннан-ақ «көп қорқытар»...Болады тұрсаң тұтас дұшпан да дос.

Алтауың ала болып тұрған күнде,Асыңның аузыңдағы кетуін тос.Таласты алалықпен тастамасаң,

Бір күні туған жерге айтарсың «қош».Бірлікпен илеу салған құмырсқа да,

Қазағым, ісің оңбас бірікпей бос.

«Бірлік» туралы бұдан артық не айтуға болады. Бұл тақырыпты мәңгілік емес деп кім айта алады? Ру-руға, жүз-жүзге бөлініп, партия құруға бейім тұратын қандастарына осы мәселені қатты ескертіп, егер алауыздықты қоймасаңдар, ел, жерден айырыласыңдар деп налиды.

Қазақ біздің түпке жеткен надандық,Надандықтың шеңгеліне қамалдық.Сол еркенің арқасында болып тұр,Болса бізде не секілді жамандық.

Сайлау деген бір жақсы ырыс табылып.Бірлік деген бәлекеттен тазардық.

Ұйым болып шын ұмтылсақ ғылымға,Не орын бар қазақ бүйтіп азарлық?Лажын тап надандықтан безудің.

Бәрекелді, әне сонда адамдық.Надандыққа су беретін бұлақтар –

Жалқаулық пен кәдігүнгі сараңдық.Көзі бітіп бұлақтардың осындай,

Бізден күні болар ма екен қаларлық.Кежірленбей, іс қылайық аңғарып,

Пайда бермес тартыншақтық, алаңдық,Аз, жаман деп ұрсып жүрме, замандас,Барым осы қолдан келген шамамдық.Ақырыңда жатсақ, тұрсақ тілек сол,Казақтыққа берсін Алла амандық.

51

Ақын «Соңғы сөзінде» надандықтың шеңгеліне қамалған туған халқының болашағына алаңдап, одан құтылудың жолын қарастырады. Жалқаулық пен сараңдық, алауыздық, білім, ғылымнан артта қалушылық, осының бәрі де надаңдықтың қайнар көзі. Егер осындай 7жаман қасиеттерден құтылсақ, онда азып, тозудан құтылып, рухани байлыққа қол жеткізер едік деп армандайды.

Тақырып тереңдігі, қоғамның жақсы және жаман жақтарын айырып көрсете білу, жеке адамның басына қатысты құндылықтарды саралау, заман ағымына қатысты мәселелерді дер кезінде көтеру - С. Дөнентаевтың кеңес дәуіріндегі шығармашылығына да тән қасиет. Оның «Атылғандарға», «Кім не ойлайды», «Қазақ тіліне», «Әйелдер мейрамына», «Дәуітбек», «Құсайынның арманы», «Қазақстанның алты жылдығына», «Ерікті Айша», «Он жылдың жемісі», «Жаңа ауыл болайық, жаңаруға қарауыл болайық», «Қазақ тілі», «Жаңа ауыл», «Біздің колхоз бәйге алады» сияқты бірталай өлеңдері бүгінгі таңда да өзінің мән – мазмұнын жоймаған шығармалар деп білеміз.

Жоғарыда біздер кезінде С. Дөнентаевтың шығармашылығын зерттеуші сыншылар оны ұлтшыл ақын деумен ғана шектелмей, «Жолбике» әрі «шаруа акыны» деп те айыптаған болатын дегенбіз. Енді осы мәселе төңірегінде біраз ой қозғап көрелік. Сәбит өлең жазуды 8-9 жасынан бастаған, сондықтан да ауылдастарының арасында жастығына қарамастан өте сыйлы болған. Бұған Қ. Ақижановтың «Есімдегілер» атты естелігіндегі «Сәбең жас күнінен, тіпті жасөспірім шағында елдің үлкендерінің, азаматтарының, өзінің замандастарының қадірлісі болған екен. Сол кездің бірнеше адамдарының аузынан естігендерім осыны анықтайды. Мен өзім 11-12 жасымнан Сәбең ағайдың сөзін құмарлана тыңдап, ол кісінің болған жеріне жиі баратын едім» деген сөзі дәлел. Оның үстіне небәрі 21-ақ жасында алғашқы екі өлең кітабын шығарып, «Айқап», «Қазақ», «Уақыт», «Шора» басылымдарында шығармаларын жариялатып, М. Горький, Д. Бедный, В. Маяковскийді түпнұсқадан оқып, Пушкин, Лермонтов, Гоголь, Белинскийлерді қазақ тіліне аударумен қатар, «Сарыарқа», «Қазақ тілі», «Жаңа ауыл» газеттерінде де қызмет істеп, тәжірибе жинақтап, өзінен кейінгі жастарға қамқоршы бола білген, әдебиетке деген дайындықпен, өзіндік жолмен келген шын мәніндеп талантты ақынды қалай ғана «Жолбике», «шаруа ақыны» деуге аузымыз барады. Мұның барлығын да кезінде «қызыл империя» жүргізген біржақты солақай саясаттың салқыны деп қана қабылдауымыз керек.

Екіншіден, ауылдан шығып шаруа –тақырыбына өлең арнамаған ақынды бұрын да, қазір де табу өте қиынға түсері ақиқат. Оның үстіне Қазан төңкерісіне дейін, одан кейін де 1930 жылдарға дейін Қазақстанда дамыған өндіріс, өркендеген өнеркәсіп болмағандығы да белгілі. Сондықтан С. Дөнентаев тек қана шаруа ақыны болды деу әбестік. Ал егер олай болса ақынның «Жұмыскердің өкініші», «Екібаста», «Қазақстанның алты жылдығына», «Капиталшының сорына жасаймыз», «Пролетариат жыршыларына» және т.б. шығармаларын кімдерге арналған деп түсінуіміз керек.

Ақынның күні бүгінге дейін еленбей, тіпті назардан тыс қалып келе жатқан тағы да бір ерекшелігі, оның сатирасы дер едік. Абайдан, Сұлтанмахмұттан соң

52

қазақ әдебиетінде сатира жанрын орнықтырып, іргетасының бекуіне айтарлықтай үлес қосқандардың бірі де, бірегейі де - осы С. Дөнентаев.

С. Дөнентаевтың 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейінгі жазған сатирасы көбінесе мысал түрінде болып келеді. Себебі, ол кездегі бай, манапты, патша шенеуніктерінің қарапайым халыққа көрсетіп отырған зорлық-зомбылықтарын тура көрсетіп, әжуалауға болмайтын. Сондықтан, ақын олардың адамгершілік шеңберіне сыя бермейтін кері қасиеттерін жан-жануар бейнесіне салып келекелеуден тура жолын тапқан.

Егер сіздер сықақшының «Ауырған арыстан», «Екі теке», «Көзі тоймайтын ит», «Көк төбетке», «Бит пен бүрге», «Бір көлдегі үш балық», «Сұңқар мен қарғалар», «Бозторғай», «У жеген қасқырға», «Тотыға» деген шығармаларымен таныс болсаңыз, онда жоғарыда айтылған пікірлермен келісерсіз деп білеміз.

«Ауырған арыстанда» сырқаттанған аң патшасының көңілін сұрауға түлкіден басқасының бәрі келеді. Осы жерде түлкіні мұқатпақ болған қасқыр оның келмей қалғанын жеткізеді. Ал қу түлкі болса ертеңінде Арыстанға келмей қалған себебін айтып, сырқатынан қасқырдың артқы аяғын сіңірін жеп айыққанын хабарлайды. Мұнан соң аң патшасы қасқырдың сіңірін қанын судай ағызып суырып алғанын, ал түлкі болса қасқырды әжуа қылып, барша жұртқа күлкі еткенін автор :

Қазақта қасқыр да көп, түлкі де көп,Алайда жіп тақпаймыз ешкімге дөп.

Сөз жүгіртіп, шағыстырған қасекеңдер,Түлкіге қалып жатыр күлкі де боп

- деп корытындылайды. Сатирик жазушының «Көк төбетке» дейтін өлеңі :

Көк төбет, неге мұнша арсылдайсың,Қабудан басқа шапшып тартынбайсың.

Үйір боп, күнде көріп жүрсең-дағы,Өшігіп, өршеленіп, барқылдайсың,

- деп басталады да, көк төбеттің зияны жоқ адамдарды егер өзіне ештеңе бермесе талап тастаудан да тартынбайтынын нақты мысалдар арқылы жеткізеді. Әрине, бұл жерде көк төбеттің ит емес, адам екенін оның іс-әрекетінен әркім-ақ түсінеді.

«Сұңқар мен қарғалар» өлеңінде де көп қарғаның арасына түскен тәкаппар сұңқардың қалай қайғылы күйге душар болғаңдығы :

Қарғаның түсіпті әбден жүрісіне,Кім білсін шыны сол ма, күн үшін бе?

Болыпты іс пен түсі айырғысыз,Ісімен онда жұрттың жұмысы не?

53

- деп жырланады.Ақынның қалың жұртқа кеңінен тарап, лайықты бағасын алған тұщымды

еңбектерінің бірі – «Бозторғай»туындысы.

Бозторғай зорлық көріп тұрымтайдан,Таяныш таба алмапты қырдан, ойдан.

Болыпты мұңын шақпай, зарын айтпақ,Қырғиды жолықтырып көрсе қайдан,

- деп басталатын жыр жоддары бишара торғайдың шыңдықтың түбіне жетем деп талай зорлық-зомбылықтың куәсі болғандығын баяндайды. Ақыры ол қырғидан да, қаршығадан да, лашыннан да қолдау таппай құс патшасы бүркітке шағымданбақшы болады. Оны автор :

Тапқанын бүркітті іздеп, таппағанын,Шаққанын ішкі мұңын, шақпағанын.

Білмеймін, әлі күнге естігем жоқ,Жатқанын жаны тыныш, жатпағанын,

- деп екіұшты күмәнмен аяқтайды. Себебі, патша үкіметі тұсында қарапайым адамға әділдіктің түбіне жету мүмкін емес еді. Автор осыны бозторғайдың образы арқылы жеріне жеткізе ащы мысқылмен көрсете білген.

–Түстің бе мұндай күйге, көкжал арлан,Жолдасқа қалай екен мынау жалған?

Кешегі дер күніңде бүйтемін деп,Жоқ едің түсте көріп, ойға да алған,

– деп басталатын «У жеген қасқырға» деген мысалында өмір бойы әлсіздерге тырнағы батып, жалғызды да, жарлыны да, қимасты да зар қақсатқан у жеп қақпанға түскен қасқырдың аянышты сәтін суреттей келіп, осының бәріне өзің кінәлісің, жарлы-жақыбайға жасаған қиянатың үшін жауап беретін кезің жетті дегенді айтады.

Енді С. Дөнентаевтың Кеңес кезеңінде жазған сатирасына көңіл аударалық. Бұрынғы өлеңдеріне қарағанда көп ерекшелік бар. Біріншіден тақырыпқа байланысты. Ақын арыстан, қасқыр, түлкі, бозторғайды қойып, тікелей сынайтын кейіпкерінің нақты атауын «Елшілге», «Жолдама сандуғаш», «Шошқа мен саудагер», «Бешкенің зары», «Драмашыға», «Нағиманың өкпесі», «Портпел», «Бір адвокаттың мінезінен», «Жәкең молда» деген сияқты алдыңғы катарға шығарады.

Екіншіден, кейіпкерінің теріс мінездерін көрсете отырып, өзі өмір сүріп отырған қоғамның кем-кетігін алақандағыдай ашып тастайды. Мысалы оның «Шошқа мен саудагер» деген сықағы - бүгінгі таңға да тән нәрсе.

Шықты тысқа бай-патша,Шашы, мұрты күзелген.

54

Жалт-жұлт қарап жан-жаққа,Ішкен бе әлде бір жерден.

Көзі түсті кешікпей,Боқтық қазған шошқаға.

Қояр емес өшікпей,Шошқа түгіл басқаға.

Боқтығын жеп жай тұрған,Сорлыға ұрсып жатты ақыр.«Мынаны жейді ант ұрған,

Ой, лағынет, нас кәпір!

Жер дүниенің боқтығы,Осы арада үйілген.

Адалдығың, жоқтығы –Осы ғой жұрт түңілген!»

Қорс етті де тіл бітіп,Керемет пе, сиқыр ма?!

Деді шошқа : «Бос қыртып,Боқ қарының, құтырма!

Өзіме адал жегенім,Ақысы емес адамның.Сенің адал дегенің –Нақ әкесі арамның.

Оңға сатып, бірге алып,Бейшараны тонайсың.Байып алып, ырғалып,

Ақ малым деп борайсың.

Адал ма екен безгендік,Рақымнан, нысаптан?

Кем-мұқтажды езгендік,Кешіле ме мал тапсаң?»

Қазір қолы байлық пен билікке жаткендер өздерін басқалардан жоғары санап, не айтсам сол болады деген күйге көшкен. Оған сенің білімің де, ел арасыңдағы қадыр-қасиетің де бес тиын. Бұрынғы «аузы қисық болса да байдың баласы сөйлесін» деген заманға қайтып оралдық. Міне, осы жайды Сәбиттің «Бір адвокаттың мінезінен» атты өлеңінен айқын байқаймыз.

- Айналайын қарағым,

55

Арағың бар ма, арағың?Полный бөтелке

Әй, атаңның, бабаңның...- Темекі ме? Мә, саған!

- Койдым, қойдым, нет. «Не вам»- Шорт тебя знает, ақша жоқ,

Все равно пополам.- Твю язвитый вставою!

Қый-қый, қый, Итбай, Итбай-ай.«Ой»... қа-қа-қа-қа...

Кой дейм, қой дейм, қой енді-ай.- Кешерва шервонца,

Е без конца...Ей бүгін ұстап қойдым...

Ты уйдешь таң атса.

Осыдан жастардың бойындағы қисық мінезді көреміз. Жоғары білімі, атақ – абыройы болса да қу құлқынды толтырудың соңына түсіп, халық үшін, оның болашағы үшін түк ойламайтын жатып ішер жалқау, автордың сөзімен айтқанда «бит, бүргелердің» шамадан тыс көбейіп кеткендіктерінің куәсі боламыз.

С. Дөнентаев - ақын, жазушы, сатиригімен қатар көркемсөз шебері де. Осы жазушының «Көркемтай» деген әңгімесіне, және газет, журнал беттерінде түрлі тақырыпқа жарияланған «Кекесіңді кою керек», «Баспасөз күшейсін», «Газет көпке тарасын», «Тілшілікке назар салынсын», «Әуелі шаруа оңдалу керек», «Қолқабыс комитеті», «Әркім өз котырын өзі қасу керек», «Есте болатын іс», «Естен тастамау керек», «Әйел теңдігін калай ұғу керек» сияқты көптеген ұсақты-ірілі мақаларынан айқын сеземіз.

«Көркемтай» - әкесі мен шешесінен жастай айырылғаннан соң жетімдіктің құрбанына айналған жас баланың қайғы-қасіретін көрсетуге арналған шығарма. Ә дегеннен «Көркемтайдың әкесі ерте өлген. Оны асырап-тәрбиелеп отырған шешесі, байы өлген соң, баласы үшін бір жақын әмеңгеріне тиіп, орнын күтіп отырып қалып еді. Тиген әмеңгері Ысқақ деген кісі, мейірімсіз катты адам болғандықтан, тек «мен саған бай болдым» деп коқақтағаннан басқа қылар жақсылығы болмады» деп басталатын әңгіме бірте-бірте шарықтау шегіне жетіп, шиеленісе береді. Ақыр соңында мәпелеп, күтіп, ешкімге күнін түсірмей тәрбиелеп отырған шешесі кайтыс болған соң үйден, күйден, малдан айрылып күтусіз калған Көркемтай көп ұзамай қайғылы жағдайға ұшырайды. Осы бір адам жаны түршігерлік оқиғаны жазушы : «...Ақтығында жас өмірінің қызығын көре алмай, жаратылыстың каһарына көне алмай, жаңа тұрмыстың гүлін, жемісін ора алмай, қорғансыз, бақытсыз, жоқтаусыз ескен Көркемтай айдаладағы көк моланың бір бұрышында қызарып батқан күнмен бірге ақтық дем алысын бітіріп, қайтпас сапарға кетті. Талайлардың түбіне жетіп, көкейін кескен рақымсыз уын жас ағаштай тамырланып келе жатқан есіл жасқа да жіберіп, жауыз өлім көңілін тындырды» - деп суреттейді.

Кезінде С. Дөнентаев қарапайым халық арасында баспасөзді үгіттеп, насихаттап қана қоймай, оны тарату жолында да көп істер тыңдырған. Ол өзінің

56

«Баспасөз күшейсін» деген макаласында : «Асса барлық дүниеде, қалса өз мемлекетінде не болып жатқанынан хабар беретін, кімдер нені істеп жақсылыққа, нені істеп жамандыққа ұшырап жатыр; қай жерде қандай елігерлік қызық бар, қандай жеркенерлік бұзық бар - солардың бәрінен мағлұмат беретұғын баспасөз, газет, журналдар екені жұрттың бәріне мәлім» - дей отырып, бұрынғы кезде баспасөз тек қана әлділер мен күштілердің ғана сойылын соқса, енді қара халықтың да қамын ойлайтын болды деп, сөзінің соңын : «Ал, еңбекшіл шаруалар! Жалпақ жұмыскер тобы! Сендер де жасай біліңдер, жазыңдар! Жазылыңдар! Күшейсін баспасөз!» деген ұранмен аяқтайды.

Оның «Газет көпке тарасын» атты екінші мақаласы да осы мазмұндас. Алдымен автор баспасөздің қоғамнан, жеке адамның өмірінен алатын орнын : «Газет жұрттың айнасы» дейміз. Газет жұрттың керегіне жауап береді дейміз. Газеттен жұрт асса дүниеде, қалса айналасындағы елде не болып жатқанын біледі дейміз. Жақсы хабарды есітіп қызығып, қолынан келгенше сондай іс істеуге тырысып, жаман хабарды есітсе, ондай жұмыстан бойын сақтап ұстайтын болады. Қысқасы, адам қатарына кіріп, басқалардай өмір сүруге жарау үшін газет, журнал-баспасөзсіз мүмкін емес дейміз» деп түсіндіріп алады да, одан әрі бұрын қандай да бір басылым болмасын үстем таптың қамын ойлағандығын, ал ендігі шығатын газет, журналдардың барлығы да езілген еңбекшіл таптың жоқтаушысына айналмақ, сондықтан «Езілген еңбекшіл ел қатарына кірем десе, оның газеті көпке тарасын!» деген корытындыға келеді.

Енді С. Дөнентаевтың газеттің жаны, тіпті жүрегі деп атауға тұрарлық тілшілер, олардың мақсат – міндеттері туралы жазған «Тіршілікке назар салынсын» деген қыска да болса нұсқа боларлық баспасөз тақырыбына арналған тағы да бір мақаласымен танысып көрелік.

«Осы күнде елдегі тілшілеріміздің жүзден бірі болмаса, көбі газетке не жазуын білмейді. Кейде көпке жанасы жоқ, жә біреудің жайын ертегілейді : кейде көзі жетпеген бір «қатын өсекті» қойып қалады. Кейде біреумен араз болса, соны жамандап газет бетін босқа толтырады, болмаса, елдің партиясына кіріп, қарсы жағының қылп еткенін қойдай тоғытып, дүние пәлені орнатады : не жүрген жерінде «ұлтшылдық» түтін бықсытып, түймедей нәрсені түйедей қылып, «ел көшті, жау жеттілеп» аспанның астын жаңғырықтырады. Бұл сияқты тілшілер еңбекшіл елге газетті айна қылып көрсете алар ма? Әрине, жоқ. Олай болса, тілшілердің әуелі міндетін білсін. Көрінген «өсекті» газетке ала жүгірмесін, қалпынан асырып, біреуді мақтап, біреуді боқтамасын. Қысқасы, болған оқиғаның дәл шынын жазсын».

Бұдан біз журналист Сәбиттің басқаларға үлгі-өнеге боларлықтай бастама көтеріп, сол кездегі қоғамның ең бір шешілуі қиын мәселесін күн тәртібіне алып шығып қана қоймай, оның жүзеге асу жолдарын да көрсете білгенін байқаймыз. Соңдай-ақ жазушы осы тақырыпқа арнап «Жаңа кітаптар», «Тілшілер ұйымы туралы», «Тілшілер хабарын шаруа мұңына жақындастырсын», «Тілшілер шаруа мұңына қайткенде жақындаспақ», «Тілшілер хабарды қалай жазулары керек», «Газетке хабар жазушы жастарға», «Баспасөз күнінің қаңдай әсері қалу керек», «Жазушыларға» деген көптеген мақалаларын арнаған. Осыдан-ақ оның қарапайым халықтың шын жанашыры

57

болып қана қоймай, жаңа идеяларды жүзеге асыру үшін қызмет еткен күрескер болғандығын да көреміз.

ХХ ғасыр басында казақ қоғамыңда басқа да шешуі қиын деген істердің қатарында әйелдердің бас бостандығы, теңдігі сияқты мәселелер де тұрды. Бұған сол кездегі саяси істердің бел ортасында жүрген С. Дөнентаевтың да немқұрайды қарамағаны байқалады. Ол әйелдер теңдігі тақырыбына арнап «Естен тастамау керек», «Әйел теңдігін қалай ұғу керек?», «Ұялып жүрмейік», «Қалыңмал мен көп қатын алудың тарихы», «Қазақ әйелдері әм сауатсыздық», «Загске тіркетіп қайтса болғаны», «Әйелге жаны ашыған кісі оқыту жағына жәрдемдес болсын», «Қазақ әйелдері туралы» деген бірталай еңбектер жазған.

Енді солардың кейбіреуіне қысқаша болса да тоқталып өтелік.Мысалы, жазушының әйел теңдігі тақырыбына жазған «Естен тастамау керек» атты мақаласы бар. Онда автор қазақ әйелдерінің өз құқықтарын білмейтұғыңдығын, сондықтан да төмен етек саналып, қоғамнан өз орнын таппай отырғандығын, олар үшін ел болып қызмет жасап, әйелдердің абырой, даңқын арттырмасақ... Дәрігерге барған ауру кісі «жарты денемді оңдасаң болады, қалғаны не болса, сол болсын депті» дегеңді естіген кісінің күлмейтіні, әлгі ауруды ақымақ демейтінін қалар ма еді? Олай болса, бәріміздің де ақымақ атануымыздың жөні жоқ. Еліміздің жартысы болып отырған әйел тобының тілегін бүркеп қойып, өзіміз жетілуді ғана ойласақ біздің де әлгі аурудан артық жеріміз қалмайды. Біздағы тарих бетінен ақымақ деген орынды алуымыз айдан жарық» деп жас пен кәріні, оқыған мен билік басында отырғандарды ойланып, толғануға, аналары мен апаларының, қарындастарының тағдырына немқұрайды қарамауға шақырады.

Оның «Қазақ әйелдері туралы» деген көлемді туындысында қазақ әйелдері қаңдай болу керек, оларға тәрбие берудің қандай жолын тандап алуға болады, ең бастысы ғылым, білімге иек арту кажеттігі : «Біз әйелге тәрбие бергенде тұрмыска, шежіреге сүйеніп бере аламыз. Және солардың ішіндегі татымды, таңдаулысын өрнек қылып ұстауымыз керек болады. Бізге Европаның еркекпен тең еркіндігінен, өнерлі-ғылымдағынан басқа жағы өрнек болуға жарамайды. Себебі әдеті, ғұрпы басқа - бір, тұрмысы үйлеспейді - екі. Діндес, қандас деп басқа түріктен алуымызға келмейді. Оның себебі оларда әрқайсысы әртүрлі тұрмыста және шариғатқа жала жауып, әлі күнге жасырынбақ пердеден құтыла алмай келеді. Енді былай болғанда ғылым туралы өрнекті кімде ғылым болса, сонан алып, тұрмыс жайында өзіміздегіні өңдеп, еркіндікті мол кіргізуге кұлаш ұруымыз керек» деп анықталған.

Жазушының тағы да бір ерекше назар аударып, қадала жазған тақырыбы - оқу, білім мәселесі. Оның «Әркім өз қотырын өзі қасу керек», «Оқу - ойыншық емес», «Оқу-ағарту жабдығы», «Сауатсыздықты жою жөнінде ұялмайтын болыңдар» атты мақалаларынан туған халқының болашағы үшін отқа да, суға да түсуге даяр, жанашыр адамның іс-қимылын көреміз.

Мысалы ол бұл тұрғыда өзінің «Оқу-ойыншық емес» деген материалында : «Осы күнде қазақ балаларының көбі оқуға сусап жүргені рас. Кіңдік губерния, уезд қалаларында оқу мезгілі түгіл, қыс ортасына шейін оқуға деп келіп жатқан, орын таба алмай кетіп жаткан балаларды көресің.

58

Бірақ өкінішке қарай, біздің оқуға сусап жүрген жастарымыздың арасыңда бір көңілсіз әдет бар; қанша жерден келіп, қанша бейнетпен қірген мектебінде үзбей екі жыл оқып шығатын қазақ балалары шамалы болады. Мәселен, Семейдегі қазақ педтехникумынан оқушылардың биылғы оқу жылына 50-ақ пайыз келетін түрі бар» деп мәселенің мән-жайын түсіндіріп алады да, одан әрі : «Онан соң әрбір мекеме әм қызмет адамдары сол баланың кірген мектебін бітіріп шығуына міндетті болатын болсын. Олай болмаған уақытта оқуға алынбайтын болсын. Толық себепсіз оқуға келмей қалған, яки не үшін келмегендігін хабарландырмаған оқушылар ширақ түрде зерттеліп, жиғызылып отыратын болсын.

Мектепке кірген бала, оқуын бітірмей шықпасын. Аяқсыз шықкан бала зерттеусіз бетімен жіберілмейтін болсын. Оқу – ойыншық емес, міңдетті болу керек» деген қатаң талап қояды.

Ал «Оқу-ағарту жабдығы» атты еңбегінде мұғалім деген кім, ол қаңдай болу керек, оған қойылатын талаптар туралы әңгіме қозғайды. Мұғалімнің қоғамнан алатын орнын : «Бұл күңде оқу жұмысы 3-майдан атанып, оқу жұмысына шамадан келгенше күшті қазына көтергенше пұл жұмсалу керектігі сөйленіп өтті. Оқытушылардың тұрмысын көтеруге де байлау болды (еңбек ақылары 40 сомнан кем болмасын деген сияқты). Мұғалімдер міңдетін жалғыз оқытуға ғана емес, Коммунистер партиясы еңбекшілер үкіметінің елдегі қолқанаты болуға қазіргі салынып «бетті ауылға» деген ұранның бірсыпырасы солардың танысуымен орындалатынын айтып өтті. Өйткені елдегі көзі ашық топ - мұғалім. Олар жас буынды әлеуметшілдік (социалистік) тұрмысқа лайықты қылып тәрбиелеуге қандай міндетті болса, ел мен үкіметтің арасына дәнекер болуға, қара бұқараның білмегенін үйретуге, басшылық қылуға, онан да үлкен міндеттерді атқару керек. Мұғалім деген сөз үйретуші деген сөз болатын болса, жалғыз балаға ғана емес, кім білмесе соны үйрететін болса, соңда мұғалімдіктің атын ақтай алады» деп белгілейді.

Кезінде сыншылар С. Дөнентаевты ауыл ақыны, ауыл жазушысы деп кінәлаған. Бірақ ол кезде қазақтан шыққан зиялылардың барлығы да ең алдымен кедей, бай, тап тартысы, шаруашылық жайына тоқталып, одан кейін барып саясат, өндіріс, өнеркәсіп мәселелеріне біртіңдеп көшіп отырған. Бұл тұрғыда С. Дөнентаевтың «Әуелі шаруа оңалу керек», «Қолқабыс комитеті», «Бағай тоғаны», «Тағы да Қарқаралының шаруашылық жайынан», «Балқашқа көңіл бөлінсін», «Қарның тояр тіленбей деген осы», «Биыл шаруа тәуір», «Жалшылар ұйымына көңіл қойылсын», «Кооперация өзі ағармай, елді ағарта алмайды», «Наурыз мейрамы», «Ауылдағы шаруаның күзетшісі - ауылдық кеңес», «Қаракүйеден кашан да болса сақтану керек», «Май қорытатын жаңа лаборатория», «Қосшының басындағы қызметкерлері қайратты болулары керек» деген сияқты бірталай туындыларын атап өткеніміз жөн.

Мысалы, ол «Әуелі шаруа оңалу керек» деген мақаласыңда жаңа үкімет орнаса да, кедейлердің жай-күйі әлі оңалмай отырғандығын тілге тиек етіп «Тегінде кедейлердің өзара ұйымдары күшті болса, олар жауапты қызметкердің аузына карамай, жауапты қызметкерлер «Тілектерімен калайтындарың не? Орындай беретін?» деп жылмаң-жылмаң етер еді. Жүз кедейді шұбыртып, бір

59

байдың ертіп жүретін сұмдығы да қалар еді. Бірақ, амал бар ма? Әзір ол халге жетіңкіремей келеміз» деп, бұл тығырықтан шығудың жолын карастырады.

Ал, екінші бір «Бағай тоғаны» атты шағын материалында автор маңдай тер арқылы келген қуаныштың жемісі де мол болатындығын «Қарқаралының Ақшатау елінде Жамшы деген өзен бойында Құлжамбек баласы Бағай деген ақсақал бар, жасы 60-қа келіп қалған.

Бағай ақсақал өміріңде өзінің еңбегін ғана сүйген адам, казақ ішінде отырып, өзі қазақ бола тұрып, шақырмай бұл жасында бір адамның есігін ашқан емес» деген сөзбен дәлелдей келіп, өз ойын одан әрі Бағай тоғанының кей жерлері, тереңдігі кісі бойы, колұсыным, Бағай ақсақалдың екі жылдай ерні кезеріп қазған тоғаны былтырдан бері алтын берді. «Телміріп алған теңгеден тер сіңірген тиын жұғымды» деген осы. Көп қазақ жаздай бос жүреді. Қыдырып ішкен қымызға мәз болып, қысқы өмірді ойламайды, ойласа қара суды теріс ағызып Бағайдай болу керек. Екі жыл екі баласымен қазған Бағайдың арығын осы күні ел «Бағай тоғаны» деп жүр. Үш адамның еңбегі 30 үйлі жанға өмірлік азық болды», - деп өрбітеді.

Жалпы С. Дөнентаевтың бұл тақырыпқа арналып жазылған еңбектерінің көпшілігі арада көптеген жылдар өтсе де, бүгінгі таңға да сабақ боларлықтай мазмұнды да маңызды мәселелер деп білеміз. Бұдан басқа жазушының саясат, тарих, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, 1916 жыл оқиғалары, жастар проблемаларына арнап жазған бірталай құнды туындылары тағы бар. Ол - өз алдында бөлек зерттелетін бағыт-бағдар. Олай болса, біз С. Дөнентаев сынды ақын, жазушы, көркемсөз шебері әрі сатириктің шығармашылығын зерттеу болашақтың ісі деп білеміз.

1.9 Табиғи талант иесі (Қошке Кемеңгеров)Қошке Кемеңгероа – ірі көсемші.Оның қай очерк,мақаласын алсаңыз да

үлкен толғаныстан туған ірі мәселелердің басын ашуға болады. Қазақ елінің әлеуметтік – саяси жағдайын баян етуде Қошке публицистикасы өте маңызды рөл атқарады. Халықтың әлеуметтік тұрмысымен саяси ахуалын қаламына арқау ету арқылы елдің өсіп - өнуінің алғы шарттарына тоқталады.

Қошкенің негізгі көтерген тақырыптары мыналар :1) ауыл қазақтарының тұрмысы;2) болыстар, олардың қандай болу керектігі;3) тілшілердің міндеттері;4) тіл, мектеп мәселесі;5) әйел теңдігі.Көсемсөзшінің ауыл тұрмысынан жазғаны «Жол әсері» очеркі. Онда

автор Берлин университетінен келген профессор, дәрігер Макс Кучинскиймен бірге Семей уезін аралаған сапарынан көрген, түйгендерін жазады. Бұл жайында ғалым Ысқақ Дүйсембаевтың «Мұхтар Әуезов» кітабында мынандай жолдар бар : «Шамасы 20 жылдардың басында болуы керек, неміс ғалымы (медик) Макс Кучинский бастаған шағын топ жазды күні Мұқаңдардың ауылына келеді. Неміс оқымыстысының бір орыс (неміс тілін білетін), бір қазақ (орыс тілін білетін) екі тілмашы бар екен. Сол жылдары дәрігерлік жоғары мектепте оқып жүрген Қошке Кемеңгеров қазақ ауылына келген соң еркін

60

серуендеп біраз серпілмек болады да, Мұқаңның өз орнына тілмаштық етуін өтініп, ол кісі ойламаған жерден Кучинскийдің қарамағында қызмет етеді. Ал Макс Кучинский ең алдымен даланың білімді адамымен сөйлескісі келген тілегін білдіргенде, оны Мұқаң Шәкәріммен таныстырады. Неміс ғалымына ол зор қызмет көрсетеді».

«Ескерте кететін бір жайт, Қошке тілмаш қана емес, профессормен бірге дәрігерлік көмегін аямаған. Ы. Дүйсембаевтің «Жоғарғы дәрігерлік дегені Қошке ол кезде Омбының медицина институтында оқып жүрген. «Жол әсерінде» жазғанына қарасақ, Қошкенің қазақ ауылына келген соң еркін серуендеп, көп «серпілуге» мұршасы болмаған секілді».

Қошке Кемеңгеров Кучинскиймен бірге (Автор-очеркте оны Кушинский дейді) Семей уезіне қарайтын Бұғылы, Шыңғыс, Меңдеш болыстарын, Қарқаралы уезіне қарайтын Ағанды, Абыралы, Кент, Ақсары, Дастар, Ақбота болыстарын аралайды. Профессор Кучинскийдің бұл сапарға шығу мақсаты қазақ арасындағы ауру түрлерін, қандай аурудың көп тарауын, тазалық шарттарын тексеру еді. Профессор қазақ елінің жалпы тұрмысына ойдағыдай баға береді. Ол Қошке тілімен айтқанда былай : «Германияда ең маңызды жағрапия Зейдл дегендікі.Сонда қазақ туралы екі-ақ жол бар : «Қазақ көшпелі, мекені – киіз үй, баққаны – мал», - деген. Енді байқап қарасам, қазақ туралы екі жол емес әлденеше том жазуға болады екен. Көшпелі тұрмысқа қолайланған. Мәдениеттен құр алақан емес. Әсіресе үй ішіне арналған ою кестелері өте шеберлікті көрсетеді. Мал баққан ел әнші келеді деген пікірді қазақ елі айқын дәлелдейді. Қазақтың кейбір әндері Венгриядағы мадиярлардың әніне ұқсас. Қазақ ол жағынан бір атадан өрбіген емес. Өйткені кейбір қазақтар өңдес Германияда, Италияда, Жапонияда, Орталық Америкада кездеседі. Әсіресе соңғы айтылған ауданда қазақ өңдес көп. Бұл антропологияның (адам өңін тексеретін пән) тереңнен тексеретін зор мәселенің бірі болуы керек».

Біздің сөз еткеніміз – очерктің кіріспесі ғана. «Жол әсері» тоғыз бөлімнен тұрады. «Тазалық» бөлімінде қазақтар тазалықты аса қатты ұстамайды, егер күннің, құмның, судың, таза ауаның қадірін біліп пайдаланса, тазалыққа көшсе, қазақтан сау халық болмас еді дегенді айтады. «Бұны орындау үшін үкімет заңы да, қаражат та керек емес. Тек ұғындырып, үлгі болу керек».

«Жалпы жайда» ауылдарды аралай жүріп, төрт түлік ел көргендігін тілге тиек етеді. Олар : 1. бейнетпен біте қайнасқан, тұрмысы қараңғы дағдарыста тұрған жатақ; 2. тұнық сулы, қалың нуда хал кешіп, мал семірткен төрт түлікке ие қалың болыс тобықтының көпшілігі қала маданиатынан хабарлар; 3. Тағанды болысындағы Абақ кіреді. Қазақтың қаймағы бұзылмаған ескі тұрмысы кіреді. Төңкеріс лебі кірмеген көрінеді; 4. Қарқаралыға қараған біз көрген қазақтар тобықты мен керейдің аралығында шаруа, білім, үй тұрмысы жағынан бұрынғы ел жуандарының аттан түскен де, түспеген де жері бар. Бір қаулай кеткен жуандық жоқ». Ауыл адамдары келгендерің ауру қараймыз, тегін дәрі береміз дегендеріне «Неғылған батпан құйрық, тегіннен тегін жатқан құйрық» қазақ қазақ болғалы тегін емдейтін бұларды көрдік», - деп сенбейді. Бірақ олар ауру қаратудан тартынбайды. Көрсетуге ұялады деген әйелдердің өзі келіп қаралады. Бұл «Денсаулық жайы» бөлімінде айтылады. Қазақ арасында

61

аурулардың қалай пайда болып, қалай таратылатындығы жөнінде деректер келтіреді : «Екінің бірі қотыр саялы. Мұның себебі таза тұрмағандықтан. Құрт аурулары да төсек, ас – аяқтың бір болғандығынан. Қақырықтың төсенішке сіңіп, шаңға айналып таралатындығынан». Соңында ауруды көп болдырмаудың жолдары айтылады. Олар : 1) Қазаққа монша салдыру; 2) Кез-келген жерде қақырып-түкіре бермеу; 3) етті күндіз жеуді әдетке айналдыру; 4) сүртінетін орамалды ортақ етпеу, қонақ келетін орындарға шанышқы алдыру; 5) қонаққа салған төсекті қонақ кетісімен далаға тастап желпілдіріп, күн көзіне жайып алу; 6) қазақ дәрігерлерін жинап, олардың ақысын молайту.

Автор «Кооператип жайы» бөліміне бес-ақ жол жазған. Мұнда аталғаны : «Ел арасына кооператип түгел тараған. Елдің кооператипке көзқарасы жақсы. Бірақ кейбір кедейлердің мүшелік жарна таба алмай, кіре алмай отырғандары көп. Бұларды кірістіріп, қарызын істеу керек. Елдегі шолақ саудагерлердің тамыры қиылып тұр».

Қошке Кемеңгеров бұдан кейінгі бөлімдерін – «Оқу жайында» ауыл балаларын оқыту, бұл тұрғысында Медеу деген қазақтың 12 бөлмелі мектеп салғызып жатқандығы, «Шаруа жайында» егіншілік, мал шаруашылықтары, «Салық жайында» қой малының қазаққа тиімділігі, «Отырықшылық жайында» жер дауы туралы, «Өткен тұрмыстың белгілерінде» өзі аралаған өңірдің тарихи орындары жөнінде әңгіме қозғайды.

Автор жол әсерін былайша қорытындылайды : «Қазақ көзімен көрмесе, ұстамаса да, өзінше біледі деген бір адам шаруа жүзінде басшылық етпесе, қанын ағызып, майын тамызған сөзіне көз алдыңда ұққансып шығара беріп ұмытады. Қазақ тұрмысқа қолайлануды біледі. Бұл қымбат қасиет. Мұны ел бастаған азаматтар пайдалана білу керек».

«Қазақ тіліне өтініш» деген мақаласында көсемсөзші «Жол әсерінің» соңғы абзацына байланысты түсінік береді. Абзацта мынау айтылған еді : «Басқармадан : бәрі жақсы-ау, бұл жерде профессор «төре» Берлин деген қаласынан (Германия қаласы) ел аралауға іздеп шығып, еріксіз ат мініп, атына ақша төлемей қазақты қорқытып ептеп қол ісін істеп жіберді деген хабар келіп қалды. Господин профессор бұл қалай?»

«Профессор орысша білмегендіктен, арамызда бір латыш тілмашымыз болған. Бұл найза, қамшы үйіруге үйреніп қалағн нағыз алаяқ болып шықты. Мен немісше білмегендігімнен профессорды меңгеріп кете алмадым, бірақ ылау ретінде мен наразылық көрсетіп, латышқа қарсы болдым,» - деп ақтала сөйлеп алады да шын оқиғаның қалай болғандығын баяндайды. Ол жоғарыда айтып өткен профессордың мінген атының ақшасын қалай төлемей кеткендігі туралы еді. Қошке Семейге барған соң екі жолдасымен оттаса алмайтынына көзі жетіп, Омбыға қайтып кетеді. Ал профессор мен тілмаш Зайсан жағына жол тартады. Қаламгер осы жайлы оқырманға дұрыс түсіндірлуін сұрайды : «Басқарманың мысқылына мен қоса арасында бос алынып отырмын оқушы мені бар деп ұғынатын көрінеді. Басқарма мысқылын құлақ мұрнын кесіп қысқа алмай, уақиғаны түгел жазу керек еді. «Қазақ тілінен» үғымсыз жазылған мысқылды шешуін өтінемін». 1924 жылдың 22 қазанында «Ақ жол» газетінің басқармасы саяси бағыттағы сұраулармен анкета жариялайды. Соларға жауап

62

ретінде 9 желтоқсанда «Сұрауларымыз, жауаптар» деген Қ.Кемеңгеров жазбалары жарық көреді. Анкета сұрақтары төмендегідей болатын.

1. Өздік қызметкерлермен бастап ауылдың кеңес адамдарына шейін Кеңес мекемелеріндегі адамдар үкіметті еңбекшіге жақындату үшін, еңбекшілер қожалығын орнату үшін қандай шарттар керек? Кілең жалшы мен жұмысшыдан сайлау керек пе, жоқ орта шаруадан сайлаған жөн бе?

2. Орта шаруа деп қандай малы, қанша десятина егіні бар, қанша малай жалдаушыны айту керек? Қай елде қандай шек қоюға болады.

3. Кеңес қызметкерлерінің қызмет атқара алуы үшін адамшылығы, білімі қандай болуға тиіс?

4. Жергілікті елдің өзінен сайланғаны дұрыс па, басқа уез басқа болыстан сайлау дұрыс па?

5. Болыстық исплокомдардың мүшесі әр жерде әр ауылнайда болғандықтан, көбінесе басы қосылмай қызметті жалғыз исполком төрағасы атқарып жүреді. Жұмысты Кеңес арқылы жүргізу үшін қандай лаж бар?

6. Ел ішіндегі қызметкерлердің Кеңседе отырып жұмыс істейтіні бар. Көбінесе ат үстінде ел қыдырып жүреді. Оларды кеңес жұмысына қалай үйретуге болады?

7. Кей елдерде бір жерде Кеңес болмағандықтан көшіп жүреді. Кеңсенің көшпелі болғаны лайық па? Бір жерге орнату керек пе? Көшпелі болсақ қандай негіз, жол тұтыну керек. Бір жерде қанша уақыт болады? Қандай ауылда орнайды?

Анкетада ұзын саны 16 сұрақ бар. Біз оның бәрін тізіп шығуды жөн санамадық. Онан да жауаптарға аса назар аударған дұрыс шығар деп ойладық. Қошке ара-арасында бірнеше сұрауларға қатар жауап беріп отырады.

1,2-сұрауларға жауап : «Үкіметті еңбекшіге жақындату үшін, еңбекшінің қышыған жерін таба білу, мұңын жоқтай білу, шаруасын күйлендіру керек... Елге қатысы бар әкімді кілең малшыдан, жұмысшыдан сайлау әзірге жүзеге аспайды... іске қатыстыру үшін алдымен хат танытып, саяси тәрбие беру керек»... Кулактығы айдай айқын көрінбесе, бір малшы ұстағанды орта шаруаларға кіргізу керек. Жұмысшы саны екеу болса, оны кулактардың қауымына кіргізу керек.

3-сұрауға жауап : «Алдымен адамшылық керек... Рас, білімі міндетті түрде жұмысты атқарарлық болу керек... кемі екі ай оқытып, үйретіп, саяси тәрбиелеу керек».

4-8 сұрауларға жауап : «Болыстық уездік, райондық қызметкерлер ауысып отыру пайдалы ма? – делінген. «Болыстық исполкомдарға басқа уездерден сайланған дұрыс. Бірақ адамшылығы, тазалығы, сенімділігі айқындалағн қызметкерлерді басқа ауданда аудармалап салыстырудың керегі жоқ. Елдің ой шұқырымен, мінезімен, шаруасымен танысқан таза азамат бір жерде ұзақ тұрса, пайданы артық келтіреді».

5, 6, 7-сұрауларға жауап : «Мұның зияны көп, бұдан құтылу үшін Кеңсені ел ортасына орналастыру керек... Кеңсе ел ортасына орналасса, бірден исполком мүшелерін іске мойындатуға болады. Екінші, Кеңсенің көшпелі болуы тоқталады. Елдің шығыны азаяды. Кеңсенің көшпелі болуы – елдің соры».

63

Қошкенің сауалдарға жауабынан оның терең ойлы, аса шыншыл азамат екендігін танимыз. Қай сұраққа болса да, тіке, тайсақтамай әрі нақты жауап беруі қаламгердің саяси ой-өрісінің биіктігін, білімділігінің дариялылығын көрсетеді. Бұған жоғарыдағыларға қоса тағы бір мысал келтірейік :

16 сұраққа жауап : Ел ішіндегі қызметкерлер ақыны қалай, қайдан алады? Қашан қолына тез тиеді? «Ел ішінде болыстық, ауылдық исполкомдарға сайланғандардың көбі ескі әдетпен баюды ойлайды... Осы ретпен сорлы момынды соратындар бар... Алдымен қызметкерлер ақысы үшін артық шығын салмайтын қылу керек... үкіметтен алатыны бірден жеткіліксіз, екінші мезгілімен қолына тимейді. Ал отыруға болмайды, осыдан барып тап-таза қызметкерлер пара алып, бұзылып кетеді». Мұндайды болдырмау үшін, «үкімет ақыны мезгілімен тиіп тұратын қылу керек» Ол жеткілікті болмаса, «үстеу қосып ел үстінен жинау керек» Қошкенің пікірі бағалы. Олай дейтініміз – оның жауаптағы сөздері әлі күнге дейін маңызын жоймай келеді. Айлық аздығы, пара алудың көптігі - өзіміз өмір сүріп жатқан заманымыздың да өзекті мәселесі. Оның себеп-салдарны Кемеңгеров осыдан 74 жыл бұрын дәл айтып өткен.

1925 жылы сәуір айында болған «Ақ жол» тілшілерінің бірінші конференциясында әр уезден келген тілшілер сөз сөйлейді. Олардың сөздері сол жылы 27 беттік кітапша болып шығады. Солардың ішінде Кемеңгеровтың «Тілшілердің міндеті һәм мәнісі туралы» баяндамасы да бар. Баяндамада тілшілердің не жазуы керектігі, қандай мәселелерді талқылау, талдау қажеттігі тілге тиек етіледі. Ол кезде жазылмай, қамтылмай жүрген тақырыптар көп болатын. Өйткені тілшілер «хабарға сараң, көзі көріп, қолы ұстаса да, көбінесе қорқып қорғалап жаза алмайды».

Қазақтың болашағына қатты керекті мәселенің бірі – жерге орналасу жұмысы. Жерге орналасуға елдің ынтасы қандай, жерге орналасқан болса, одан шыққан пайда қандай, жерге орналаспағандардың алған үлгісі қандай? Оны үзбей жазып тұру – тағы тілші міндеті. Су – тіршілік көзі. Ол елге жете ме, жетпесе, оның себебі неде? Оны халық дұрыс пайдалана ма? Әйел мәселесі қалай болып жатыр? Қалың мал, құда түсу істері бұрынғы деңгейінен төмендеді ме, төмендемесе неліктен? Бұлар тілші қаламынан түспеу керек. Денсаулық мәселесі, мал ауруы – бұл екеуі де өте күшті, керегі күшті мәселелер... Бақсы-балгерлер бағасы ел көзінде бұрынғысынан қалай? Елдің дәрігерлік іліміне көзқарасы қалай? Бұлардың жазылып тұруы да тілшілер міндеті. Баяндамашы В. И. Ленин сөзімен мысал келтіреді : «Ел хаты барометр, әрі саясаттың қата жерлерін көрсетеді», - дейді. Тілші хаты үкімет заңының елге жайлы, жайсыздығын білдіреді. Тілші жақсы болса, саясатқа да пайдасы тиеді. Осылардың бәріне де керекті үлкен міндет : тілшінің шыншыл болуы, көзбен көріп, ақтығына жете жазуы. Сондай-ақ, Қошкенің ойынша, нағыз тілші елді жан-тәнімен сүйген кісі болуы керек. Елді сүймесе, өз ісіне қатынасы жоқ қиянаттардан тартқыншақ болады.

Тілшінің нені жазу керектігі жөнінде жан-жақты айтып алып, баяндамашы қалай жазу керек? деген сұрақ төңірегінде де біраз жайларды еске салады : «Ұғымды тілмен құрғақ әңгіме қосылмай, әлінен келгенше қайталамай,

64

бөтен тіл қатыстырмай жазу керек». Қошке баяндама соңында тақырып таңдай білудің де өнер екендігін ескертеді.

Айта кеткен жөн, конференция аяғында «Ақ жол» басқармасның хатшысы Хасанғали «Басқарма мен тілшілер ортасында болған қатынас туралы» баяндамасында осы жиналыстан шығатын қорытынды ретінде он екі парызды атап өтеді :

1) жұрт қызметіне араласа жүру керек;2) қырағы болу керек;3) материалды мерзімінде жіберу керек;4) басқармамен байланысың мықты болу керек;5) әр нәрсені жазып алып (мынау газетке жарарлық әңгімелер деп түртіп);6) әр мәселелерді бөлек жаз;7) сөзді кестелі қылып қысқа жаз;8) хабар жазудың техникасын үйрен;9) дұрыс жазуға үйрен;10) газеттің әсерін байқа;11) шын газетшіл бол. Жұртшылық қызметі деп сана;12) газеттің тілшісі бол (газеттің мезгілімен тарауына, қолына тиюіне).Осыдан кейін конференцияның жабылуына «Ақ жолдың» шығарушысы

Иса Тоқтыбаев, тілшілер атынан Жантеліұлы сөйлейді. Конференцияны призидиум атынан Байғасқаұлы қорытындымен жабады.

Қ. Кемеңгеровтың «Қызмет адамдарының қонақасы» атты мақаласына «айтыс ретінде» деп сілтеме берген. Өйткені, онда айтылғандар төңірегінде дау-дамай көп болды. «Қонақасы – алты алаштың бөлінбеген еншісі» деген мәтел бар. Бірақ ол – баяғының сөзі. Қора-қора қой, үйір-үйір жылқы баққан қазақтың өткен ғасырдағы мұндай мақала айтуы орынды еді. Ал Қошкенің кезеңі – қиын кезең. Тіптен кей жерлерден аштықтың да басы көрініп қалатын. Біреуге қонақасы бермек түгілі шаруаның өз жағдайы жанашырлық. Соны қызмет адамдары түсінбеді. Жүрген жерінде қорқытып болса да, жеп қалғысы келеді. Қанша жоқшылық үстінде отырса да, қонаққа сый көрсетіп қалған адамдары намысқа тырысады. «Әсіресе, - дейді мақала авторы, - аудан сотының ел арасына шыққаны, болыстық атқару комитетіндегілердің ел аралауы, салық инспекторларының, хатшыларының жүруі қойға топалаңнан кем тимейді. Аудан сотының орныққан жері кішігірім тойдан кем болмайды. Бұл қалпымен жүре берсе, бірер жылда тұқымдық қой да қалмас. Қой тұқымы үзіліп, жалпы шаруаға зиян келеді».

20-30 жылдарғы аштықтың бір себебі жоғарыда айтылғандардан шықты-ау деген ойға қаласың. Автор тағы бір жерде : «Осы күнгі қонақасы – үлкен апат дейді. Ойымыздың дәлелі бұл ғана емес», ...22 жылы партияда жоқ кедейлердің жиналыстарында кедейлер аштан қатқан. Жалғыз-ақ істі басқарып жүрген инструктор сыйлы болған. Ал енді мамандар бас қосқан жиналыстарында қой сою ас бергеннен кем емес. Қызмет басындағылар қыңқ етпеген сол жылдары шаруалар аштыққа ұшырап жатыр еді. Қ. Кемеңгеров мақаласының ел арасына зиян келтіретін жөнсіз салт-дәстүрлерден қашу керек дегенге тірейді.

65

20 жылдары мектеп құру, оны қалыптастырып дамыту істері әсіресе ауылдық жерлерде оңайға соққан жоқ. Бұл жерде біз бұрын мектеп болған жоқ деген пікірден мүлдем аулақпыз. Сөзіміз оның ішкі проблемаларына үңілу арқылы шығып отыр. Ал проблемаларды Қ. Кемеңгеровтың «Мектеп қай тілде болу керек» атты мақаласынан көріп танимыз. Мектептегі оқушыларды қай тілде оқыту мәселесін сөз еткенде автор : «Кейбір жолдастар орта мектеп орыс тілінде болсын дейді. Ондағы дәлелдері : 1) қазақ тілінде орта мектепті бітіргендер орыс тіліндегі жоғары мектепке түсе алмайды; 2) жергілікті қазақша оқытушы жоқ; 3) орта мектепте жеткілікті қазақша кітап жоқ дейді»... Егер орта мектепте оқу орыс тілінде болса, бізден еш уақытта жеткілікті оқытушы шықпайды... Орта мектеп орыс тілінде жүрсе, қазақ тілінде кітап басудың қажеті болмай қалады деген пікір айтып, білім ұяларының тек қазақ тілінде болу қажеттігін тайға таңба басқандай нақты дәлелдермен айтып береді.

Қошке публицистикасын тек біз тоқталған очерк, мақалаларымен ғана бағалау жеткіліксіз. Оның көркем шығармаларында да публицистика элементтері кездеседі.

«Алтын сақина» тұңғыш рет 1923 жылы Орынборда Қазақстан мемлекеттік баспасында шыққан. Жиырмасыншы жылдардың басында көркем үйірмелерде қойылған. Күләш Байсейітованың қолжазба дәптерінде осы пьесаны ел арасында қойғанда, жұртшылықтың жақсы қарсы алғанын атап өтеді.

Сол кезеңнің көрнекті қайраткерлерінің бірі Смағұл Садуақасов та аталған шығармаға орынды баға берген. Ол «Алғашқы тәжірибелер» атты мақаласында («Еңбекші қазақ», 1926 жыл 29 қаңтар) «Театрда ойнауға жарайтын пьеса бар ма?» деген сұрақ қойып, оған өзі жауап береді. Яғни, ол жарайтын пьесаларға мыналарды жатқызады : «Еңлік-Кебек», «Алтын сақина», «Бәйбіше-тоқал», «Сылаң қыз», «Қызыл сұңқар», «Алтын сақина» пьесасы төрт пердеден тұрады. Тақырыбы - әйел теңдігі. Жалпы мазмұны былай : бас кейіпкер Халима бай жерге өз еркімен келін болып түседі. Бірақ оның бақыты ұзаққа бармайды. Енесі Жәнияның азғыруымен сүйіп қосылған күйеуі Сағынтайдан күнде таяқ жейді. Сол таяққа шыдамай ақырыда қайтыс болады.

Бұл сол заманның барлық әйелдеріне ортақ. Қанша қорлық көріп, қанша соған шыдап бақса да, сол кезеңнің түйсігі тар, барлық мәселені тек қора-қора қой, үйір-үйір жылқымен ғана шешетін бай шонжарлары оларды түсінбеді. Қайта кемсіткен үстіне кемсітіп, қолбайлау үстіне қол байлау жасап, сүйгеніне қоспай, ұрып-соғып, ақыры осындай қайғылы оқиғаларға әкеп тіреп отырды.

Сол ащы шындықты, әйел зарын көркем тілде сөйлете білген Қошке Кемеңгеровтің шығармасында публицистік элементтер де кездеседі. Автордың проблема көтеруіннің өзін публицистикаға жатқызуға болады. Бұл тақырыпта ол кезде тек Қошке ғана қалам тербеген жоқ. Солай бола тұрса да, оның басқалардан ойы бөлек.

Қошке Кемеңгеров, қай шығармасында болмасын, өз заманының өзекті мәселелерін тілге тиек еткен. «Парашылдар» атты бір перделі комедиясында («Жаңа мектеп» журналы, 1926 ж.) да осы бағытты ұстанады. Ондағы Қоңырбай мен Момынбайдың жағдайы күлкілі де, аянышты. Күлкі дейтініміз, екеуі де хат танымайды, Крестьянский начальниктің алдына кіруден қатты қорқады, соған

66

қарамастан, ел арызын арқалап келіп отыр. Аянышты дейтініміз, өздері кедей адамдар. Крестьянский начальникке береміз деп халықтан жинап әкелгендерін начальниктің маңайында жүрген қуларға алдырып, елі аманаттаған істі бітіре алмай масқара болады. Аталмыш пьесасында автор сауаты кем, әрі аңқау ауыл адамдарына бір жағынан мысқылдай қараса, бір жағынан жаны ашып, осындай қазақта болмаса екен деп тілейтіндей.

Қошке өз заманының негізгі жарасы - әйел теңсіздігіне аз тоқталмаған. Бұл тақырып оның әңгімелерінен де көрініс табады. «Дүрия», «Ерлік жүректе», «Қазақ әйелдері», «Назиқа» секілді туындыларын жатқызуға болады.

«Ерлік жүректе» атты мақаласы 1924 жылы «Сана» журналында жарияланды. Қошкенің өлең жазуда Абайға еліктейтіндігін жоғарыда айттық. Сол еліктеу аталмыш әңгімеден де байқалады. Абай өлеңі мен Қошке шығармасының мазмұндас келуі – осының айғағы.

Автор көркем шығарманың суреттеу, бейнелеу әдістерін де қолданады. Ауытқу, артық сөз айту жоқ. Сөздер бірін-бірі іздеп тапқандай. Шебер құйылған мүсінді көз алдыңызға елестетіңізші... Немесе пейзажды алып қараңыз. Солар Қошке қаламында әңгіме боп өрілгенде, мыналардың куәсі боласыз : «Арқаның ерке желі жорғалай жылжып, өрден ылдиға құлағанда, торғындай толқыған салалы көк шалғын бұрмаланып, жаңа түскен келіншек құсап тәжім еткендей. Марқа құлын жасырынғандай көкорай дариясында белуардан сүңгіп шағаладай шаңқан үйлер арқасын күнге беріп, мүлгіп тұрды. Ақ меруерт көбіктен қанат жайып, арқаның кербез сұлуындай бұраңдап, күн сәулесіне күлімдеп қанат қаққан бұлақтың мөлдір суы ауылды қуалай белдеулеп жатты».

Әңгіменің арасында өлеңдетіп те жіберетін тұстары бар. Бұл өзіміз бұрыннан білетін «Қамар сұлу», «Қалың мал» романдарына тән.

Зайраның сүймей, еріксіз қосылған күйеуі өлгелі бір жыл өтті. Жылын берісімен, төрт күннен кейін Зайраның қайын атасы Қарабай құдасы Шалқарға (Зайраның әкесі) «Су сүзілмейді, сүйек үзілмейді» деп келінін қырыққа келген баласына қатын үстіне қалдыртпақшы болады. Шалқар Қарабайдан отыз аттың алдынан келген бәйгесін алғаннан кейін бұған оңай келіседі. Бірақ, Зайра көнбейді. Оқиға шиеленісі осыдан басталады. Қарабай оны қаматып тастайды.

«Алтын сақина» пьесасындағы Халиманың басындағы хал де осындай аянышты еді ғой. Екеуінің осы азапты жағдайға келуі екі түрлі болса да, көріп отырған қорлықтары бірдей. Екеуі де заманындағы әйелді тек сабап көндіруге болады деген кері түсініктің құрбандары.

Зайраға өзінің немере қайын сіңлісі Қарашаштың жаны ашиды. Ауылда зарлы әйелдің мұңын түсінетін сол ғана. Басқаларға Зайраның басындағы жайт бұрыннан үйреншікті көрініс. Кімнің әйелі таяқ жемей жатыр? Бұл құқайға қазақ әйелдерінің еті үйренгелі қашан? Көндім, болдым деп бұға салады. Ал Қошкенің кейіпкерлері сияқты қорлыққа қарсы тұра алатын қайратты әйелдер өте аз болды. Қаршаштай қыздар да көп емес еді. «Жұрт ұйықтады дегенде, Қарашаш жастықтан басын көтерді. Тастай қатып, демін алмай аузын ашып пысылдағандырдың, қорылдағандырдың есебін алып, иығына қаптал шапанды желбегей тастады. Қолына құрт-май, кездік түйілген орамалды ұстап, кебісін алып, қыз оятқан баладай аяғын ептеп басып, тәсілі алынған есікті ашып тысқа

67

шықты». Қарашаш сол түні жеңгесін қамаудан құтқарып алады. Зайра қайын сіңлісіне шын жүректен рахметін айтады. Екеуі бір-бірімен қимай қоштасады. Зайра төркініне қарай жаяу жол тартады.

Зайраның қашып кеткенін біле салысымен, Қарабай оның артынан қуғыншы жібереді. «Тасқа тиіп тарсылдаған тұяқ даусынан Зайра шошынып оянды, қуғыншы екенін сезді. Тап үстінен шыққандай көріп, көрмегенмен де де қуғыншылардың төркініне баратынына көзі жетіп, таудай үміті шөгіп, жартастың басына томағасын сыпырған бүркіттей шыға келді». Әңгіме Зайраның сол жартас басынан төменде ағып жатқан өзенге секіруімен аяқталады.

Жазушының басты мақсаты – шығарманы жазу ғана емес, сол арқылы ел жағдайын, қоғам тіршілігін, оған деген өз көзқарасын көрсету осы сөзімізге Қошкенің әңгімелерінен көп дәлел табуға болады. Оның «Дүрия» әңгімесі мазмұны жағынан әйел тақырыбына арналған басқа туындылардан өзгерек. Далабай ақсақалдың күнге, желге тигізбей, құдай қосқан құдама ұзатам деп отырған жалғыз қызы Дүрия өзінің көршісі, бір ғана аттан басқа түгі жоқ кедей жігіт Мұратқа қашып кетеді. «қызымды біреу азғырып алып кетті» деген даумен Далабай ауылдарына бүгін келген төреге жүгінеді. Төренің аты – Ес. Ол Дүрияны өзі жеке шақырып алып әңгімелеседі. Мәселенің анық-қанығына жеткен соң, Төре әділ шешімін айтып, қызға бостандық береді. Пара беріп, өз дегендеріне көндірмекші болғандардың арам ойын тас-талқан етеді. Төреден қаймыққан Далабай қызының жолына тосқауыл бола алмайды. Ес бағытынан таңбаған Дүрияға ризашылығын білдіреді. Қуанышы көлдей болып, қош айтысып Дүрия жөнелді. Далабай жағының мойны қайырылып, байын жоқтаған қатындай Николайды жоқтасып, Еске қарғысты мол беріп қала берді. Әйел басына әділет орнады. Автор төренің атын Ес деп бекер қоймаған. Бұның өзі біздің «ес», «ақыл» деген сөзден шығуы мүмкін деген тұспал бар.

«Қазақ әйелдері» әңгімесіндегі Қарашаш бейнесі Дүрияға мүлдем қарама-қайшы. Дүрия өз бақыты үшін күресіп, жеңіп шықса, Қарашаш ол жағынан өте дәрменсіз. Ата-анасының айтқанынан аса алмай, бір жағынан солардікі дұрыс шығар деп, тек солар жақсы болса екен деп, өзі сүймеген біреуге әйел болады. Бірақ артынан өкінішке ұрынады. Қайғы жейді. «Неге қарадым арыма» деумен Қарашаш қараңғы көрге кіреді.

Дүрияға тек Назиқа ұқсайды. Ол да өз теңіне қосылып, сол заманда әйел басына орнаған әділетсіздіктің бір табына балта шабады.

Қошке Кемеңгеровтің әңгімелеріне өзек етілген негізгі бағыттардың бірі – жетімдер мәселесі. Бұл сарында жазушының екі әңгімесі бар. Олар : «Жетім қыз», «Момынтай», «Жетім қызда» суреттеу, бейнелеу, әдемі бояулар көп. Яғни ол көркемдік жағынан «Ерлік жүректе» әңгімесімен теңеседі. Оған мысал көп. Мынау соның бірі ғана : «Түні бойы тұншықтырған қандай ұясы қара жерден құтылып, түтілген қоңыр түбіттей жұқа бұлтты шымылдықтай серпе тастап, көк жүзіне құлындай ойнақтап құшағын ана күн бала сәулелерінің жер бетінің маңдайын иіскеп, екі найза бойы көтерілген шақ». Жетімнің көрген күні құрысын. Әркімнің есігінен сығалап, әркімге тіленіп, бір күн аш, бір күн тоқ мән-мағынасыз тіршілік. Жетімнің жылы еститіндері де аз. Өйткені өз анаңнан

68

басқа кім айтады? Туысқанның да жаратып пана болары шамалы. Дәл осы хал аталмыш әңгіменің бас кейіпкерінде бар.

Дарабек деген кісі далада шай ішіп отырады. Оның қазақ дастарханнан тайып шыққан көзі ауыл жақ бетте жиырма қадам бойынша сүзек ауруынан жаңа тұрғандай өңі қуарған, шілдеме тұрған қаймақтай жұқа қабағы түнерген, шыңыраудай терең мұңды көзімен дастархандағы үйме-төбе болып жатқан бауырсақ, қант, етті сүзген жасы 7-8 жастағы қызға түсті. Үстінде сауыншының киіміндей сауытталған боршаланған еттен жырымдалған түйе жүн көйлек, басында жабағыдай ұйысқан айдар, аяқ шаңы топырақтан бұлғарланып, суықтан жарылған ағаштай тілімденіп кеткен. Екі иығы сынып қалғандай салбырап, қол терісі қабыршықтанып, жапырая түскен ағаштай қу сүйегі, тарау-тарау тамыры көрінетін қыз баланы Дарабек қолына шақырып қант, бауырсақ береді. Бауырсақты асыға жеп, тауысып қойған жетім қыз қантты тек қолына алып қызықтап тұрады. Мейірімді жан «Ананы неге жемейсің?» қантты көрсетеді? Қыз таңырқап «Бұл немене?» дейді. Біз көрген жеке бақыттың, тоқтықтың құны жеті тиынға да тұрмайды. Бұл Дарабектің ғана ойы емес. Соны сөйлетіп отырған Қошкенің де толғанысы.

«Момынтай» әңгімесіндегі Момынтайдың шешесінен басқа жақын ешкімі жоқ. Шешесі ауылдағы Байтоқ деген байдың жалшысы. Ертеден кешке дейін сол үйдің барлық жұмысын істейді. Момынтай Байтоқтың баласы Құдайбергенге жалынышты, бағынышты. Ойнап жүргенде де соның көңілін табуға тырысады. Өйткені Құдайбергеннің қалтасы толы құрт-бауырсақ, жеп қалғысы келеді. Өзінде оның бір түйірі жоқ. Момынтай алты жасқа келгенде Байтоқтың қозысын бағады. Байлыққа құныққан адам соның жолында аянушы ма еді? Баланың өзіне зияны тиетін нәрсені көрсе, ұрып-соғатын. Бірде тіптен өлтіре жаздауға дейін барады. Сорлы бала қозыға мініп ойнағаны үшін де таяқ жейді. Ал оны өлтіруге барған себебі былай болатын : Айт күні болатын. Ел тойлап жатыр. Ұлы дүбірді көрген соң Момынтайдың ойынан қой шығып кетеді. Бірсыпыра уақыт қызықққа қарап тұрып қалды. Қырсықтың бір шалса, шала беретін әдеті ғой. Момынтайдың қойы белдің астына түсіп, қалтарысты аңдыған қасқырға тап болыпты. Қасқыр қойларды тамақтап ойран ботқа қылып жатқан жерінен бір қойшы айырып алады. Төрт қой арам өлді. Үш қойдың құйрығы алқам-салқам болды. Әншейінде қылт еткенге сылт ете қалатын Байтоқ мұндайда аясын ба?

Осыдан кейін Момынтай теңдік іздейді. Осылай жүріп ол : Балшебайлар келді, кедейге теңдік тиеді дегенді естиді. Балшебайларды көруге ынтық болады. Байдан өшімді алсам ба деп ойлайды. Соңында оларды да көреді. Уезден келген нұсқаушы Момынтайдың ақылына ризашылық білдіріп, өзімен бірге қалаға алып кетеді. Бұл жөнінде жазушы былайша қорытынды жасайды : «Момынтай көп тұрмыстан, қол-аяғын байлаған құлдықтан құтылды. Жарық дүниеге шықты, азат болды. Адамшылыққа қадам басты. Келешекте Момынтайдың қандай адам боларын уақыт көрсетер.

Қошке «Отаршылдық ұсқындары» әңгімесінде ел теңдігі мәселесін қамтиды әйел теңдігін, жетім теңдігін жоқтаған жазушыға ел теңдігін аңсамауға хақы жоқ. Яғни әңгіме осы ойлармен қалып құрған.

69

Жақатай шаруа мектебінде оқиды. Тәжрибеден өту үшін жіберілген қаласы Пресков станциясына Қызылжар уезіне келеді. Ол баспана жайын қамдап алған соң, қала базарын көрейін деп көшеге шығады.

Жақатай базарға жақындағанда, атты киргиз, арда деп ақпанның аязындай ызғар төккен орядниктің қырық бұралып шыпылдаған қамшысының астында құлындай даусы құраққа шыққан, жер құртындай домалаған, жөндеу киімді бір қазақтың «мен, төре жазық жоқ. Берблюд бұйда жоқ» дегені естілді. Үстінде оқып жүрген мектебінің сары ала түймелі формасын көргенде орядник сескеніп кетіп қалады.

Әңгіменің айтайын деген ойы бүгінгі таңда да маңызын жойған жоқ. Өйткені біз, қазақтар қазірдің өзінде өз елімізде жүріп өзге ұлттың тепкісін көріп келеміз.

Жазушының «Қанды толқын» әңгімесінің желісі М. Әуезовтің «Қорғансыздың күні» әңгімесіндегі оқиғаға ұқсағанымен түйіні басқа. Баласын өлтірген тілмаш солдаттармен бірге Сарқынбайдың келінін күшке салып зорлайды.

«Мама... келза... сестра» деп жалынды. Орысшалағаны : сендердің де шеше-қарындастарың бар ғой, жарамайды дегені.

Бұл масқараға шыдамай әрі бұрынғы кегі бар Сарқынбай балтамен тілмашты қақ желкеден періп жібереді. Екінші рет балтаны сермей бергенде оған бір солдаттың оғы тиеді. Осылайша тілмашпен бірге Сарқынбай жан тапсырады.

Қошке шығармада атап өткен қай шығармасында болмасын, мәселе көтеруге тырысады. Оқырманға ой салады. Осылар Қошке Кемеңгеровтің көркем туындыларында публицистік нышан, көріністердің басым екендігіне де айғақ болады.

Талантты жазушы Қошке Кемеңгеров әдебиет сынына да назар аударып отырған. Өз кезіндегі ақын-жазушылардың әділ бағасын беруде жаңылыспағандардың бірі – осы Қошке Кемеңгеров. Жырмасыншы жылдары әдебиет туралы айтыстар, ой таластары нағыз қызып тұрған шақ еді. 1926 жылы «Еңбекші қазақ» газетінің бетіндегі әдебиет айналасындағы айтысқа Мұхтар Әуезов, Қошке Кемеңгеров, Сәбит Мұқанов тағы басқа белгілі жазушылар, әдебиетшілер қатысты.

Сол пікірталастардың бел ортасында жүрген Қошкенің «Көркем әдебиет туралы» мақаласы («Еңбекші қазақ», 1926 ж., 1 желтоқсан), Сәбит Мұқановтың дәл осы аттас мақаласына жауап түрінде жазылған. Мұнда автор Сәбиттің көзқарастарымен мүлдем келіспейді. «Алты жылдың ішінде көркем әдебиет туралы не істедік дегенде Сәбит «жоқ» деп жауап береді. Сәбит өңгені көрмесе де Бейімбет пен Сәкенді көру керек еді. «Қартқожа» сияқты романды көру керек еді. Басылған пьесаларды, әңгімелерді, газет-журналдардағы өлеңдерді, әңгімелерді көру керек еді», - деп жазады.

Сәбит Мұқановтың Абай мен Ақанды ақын емес деп жаңылысқанын осы күнгі көп әдебиетшілер біледі. Бұл қателікті Қошке әдейі көрсетеді. Мұндағысы Сәбитке қатты өкпелегені болса керек. Соған қарамастан Сәбит «Масаны» әжетке жаратып, «Заманды әркім билемек» деп Абайдан мысал келтіріп отыр.

Қошке де сол кездегі басқа қаламгерлердей орыс әдебиетінің өкілдерінен оқып үлгі алады. Солардың тіліне, ой-пікіріне сүйенеді.

20 жылдары әдебиет жөнінде әңгімелер болса, «социалистік реализм», «пролетариат» дегендер жиі айтылатын. Көркем әдебиет шығармалар бір

70

сарынды. Бір жақты тақырыпта болуы тиіс еді. Олар : қазан төңкерісі, кедейлер тұрмысы, байлардың аяусыз қанауы.Бай жаман да кедей жақсы болатын. Осындай қатып қалған тақырыптар үкімет талабынан туындады. Бұл талапты Қошке де, тіпті соңғы жылдарға дейін әдебиетшілер, жазушылар да орындады. Сондықтан ол үшін біз ешкімге кінә таға алмаймыз.

Осы айтқандарымыздың Қошке мақаласындағы көрінісі былай : «Октябрь төңкерісінен кейін де бұрыннан негізі бар ұлт әдебиетінің өрісі кеңейді,кемеліне жетті. Октябрь төңкерісінен бұрын бай, кедей деген жікті айырып үндеу, үгіт жүргізген оқыған топтар жоқ болатын. Оқыған атаулы отаршылдыққа қарсы ұлтшылдықты көздейтін. Ел ішін алсақ, байға қарсы наразылығын білдірген кедей жоқ еді. Жалдаған малайды бай басыбайлы есебінде ұстайтын, ақысын төлемей ұрып-соғатын. Кедей де, малай да бәрін құдайдан көретін. Кедей әдебиетінің өріс кеңейтпеуіне бас себеп : жаңа салт-сананың кемдігі,шаруашылық түрінің өзгермегендігі... Әлі де болса кедей әдебиеті көрнекті орын алу үшін көп жылдар керек» Сын қандай болу керек? Оны қалай қабылдаға жөн?

Қошке бұл сұрақтарды да сырт айналып өтпейді. «сынның қаттылығы бөгеу болады» деген қисынды емес. Сынның әкесі Нәзірдікіндей болар, сонда Сәкен бұққан жоқ. Сәкен ескі жазушы деп айтатындар болар, олай болса Самат пен Байбатыр да ескі жазушылар. Қатты сыннан бұққан екеуі ғана. «Шегірткеден қорыққан егін екпейді», сыннан бұққан адам тоғыз қабат торқаға бөлесең де жазушы болмайды.

Жазушылар арасында ұйым құру да біршама әңгіме болды. Әрине, белгілі бір басқарма бар еді. Бірақ үлкен ұйым жасау – барлық қаламгерлерге қатысты арман. «Сәбиттің ұйым керек дегені дұрыс, бірақ шаруашылық сабасына түспей, салт-санаға нысан кірмей ұйым болғанымен, өндіргені шамалы болар еді. Бұдан былай ұйым пайда келтіруінде талас жоқ» «Ұлтшылдардың тамырына балта шапқан жөн деген ұран қаламгерлер ішінде биік ту болып көтерілді. Ал бұған бас имегендер сынға ұшырады. Солай бола тұрса да, Сәбиттің Мағжан Жұмабаев туралы айтқандарына Қошке қарсы. Оның ұлтшылдығына айып салудың қажеті жоқ екендігін дәлелдейді. Сондай-ақ Жүсіпбек Аймауытов пен Мұхтар Әуезовті де қорғайды.

Орыстың отары болдық, олардың бізге берген түгі жоқ десек те, олардан үйренгеніміз көп болды. Әсіресе әдебиет саласында. Қазақтың көп ақын жазушылары орыс әдебиетінен сусындап, бүршік атып жапырақ жайды. Оған Қошкенің мына сөздері дәлел. «Оян қазақ» алғашында шыққан Грибоедовтың «Горе от умасындай» болған... Міржақыптың «Бақытсыз Жамалы» «Бедная Лиза» сияқты болған. Міржақыптың атын алты алашқа таратқан «Оян қазақ» өлеңі болатын. Бұл жөнінде Қошке : «Оян қазақты» ел қазақтары құрандай жаттаған дейді.

Сөз арасында Қошке ұлтшылдық мәселесіне қайта оралады. Оған басқалар сияқты бір жақты түсінікпен емес, байсалдықпен, парасаттылықпен қарайды. Ұлтшылдардың бір жігі кеңес үкіметін қазақ ұлтына пайдалы деп табады, сондықтан еңбегін аямайды. Қазақ ұлты мәдениетті болса екен дейді. Ондай ұлтшылдар ру тұрмысына, атқамінерлерге, жуандарға, молдаларға, кейбір байларға, отаршылдарға, кеңесшілдерге, қызмет бұзықтығына, парасына

71

қарсы еңбекшілердің еңбегін қорғайды. Әйел теңдігін жақтайды, қазақ ұлтын орыс ұлтымен тең құқықта болуы жүзеге асса екен дейді.

«Қаламгерлер негізінен қандай тақырыпта қалам тербеуге тиіс?» деген көлденең сұрақты Қошке шешіп береді. Ол қалам ұстауы қажетті тақырыптың 2 түрін атап өтеді :

1) қазақ елінің жер үшін талас тартысы, орыс поселкелерімен қатысы;2) отаршылдықпен күрескендері жадидтер;3) қадидермен күрескен жадидтер;4) он алтыншы жыл толқындары;5) жетісудағы жер формасы;6) февраль төңкерісінң әсері;7) октябрь төңкерісіндегі қазақ оқығандары бұқарасы;8) РАзвервскідей атқамінерлер әділетсіздігі;9) 1921-22 жылдардағы жұттар;10) 1921 жылғы көтерілістерге крестьян, қазақ қатыстары;11) алғашқы жылдағы ел арасындағы ячейка жасалу тарихтары.Осыларға тоқтала келіп, Қошке : «Басқа да тақырыптар толып жатыр,

Мұның бәрі өткен тақырыпқа айналып барады. Осындай өзгешеліктерді көркем әдебиет құшағына алатын мезгіл жеткен жоқ па?» – дейді.

Қошке ғылыми еңбектер де жазды. Бұған мысал ретінде Қошкенің «Қазақ тарихынан» (Мәскеу 1924 жыл) және «Бұрынғы езілген ұлттар» (Мәскеу, 1925 жыл) атты кітаптарын келтіруге болады.

«Қазақ тарихынан» кітабында қазақтардың Ресейге қосылуынан бұрынғы тарихынан, одан кейінгі өміріне жалпы шолу жасалады. Хандардың ел билеу саясаты, орыс мәдениетінің ықпалы, кәсіпшілдік, ағартушылқ, халықтың мінез құлқы жайында жазылады. Осыларға байланысты кітап төмендегіше бөлінеді :

1846 Басқармадан2.1.3. Мәңкеру жайы4. Рамат жайы5. 1846 Әскерлік жайы6. 1846 Дін жайы7. Жер жайы8. 1846 Қарсы қозғалыстар9. 1846 Қазақ хандарының мәдени мақсаттары10. 1846 Мәдениетті орыс қандай үлгі береді?11. Мінез, хұқық жайында12. Денсаулық жайы13. 1846 IV.14. 1846 V.

СССР Халықтарының кіндік баспасында жарақ көрген бұл кітапқа алғы сөзді сол баспа басқармасынң тапсыруы бойынша Ғаббас Тоғжанов жазады. Ол бұл кітаптың тарихтан жазған тұңғыш еңбектердің бірі екендігін айта келіп :

72

«Жазушы қазақтың бағынбаған кезіндегі тұрмысын қысқаша шолып өтіп, Россияға бағынғаннан кейінгі тарихына көбірек тоқталады» Орыс патшасынның қазаққа істеген зорлық – зомбылығы, қолданған саяси әдісі, онан соң қазақтың өз хандарынның арасында болған наразылықтары, арттарынан ерген қалың елді хандыққа айырбастағандары туралы қанша қысқа жолмен жазылғанмен де, едәуір мағлұмат береді».

Ғаббас Қошкенің кемшілігіне де тоқталады : «Жазушының саяси жолы – ұлтшылдық жолы. Көздеген саяси идеясын – қазақ ұлтын, бұзбай, жармай, мәдениетті ұлтқа жеткізу. Қазақтың басынан кешкен тарихына баға бергенде, сөзінің жеті ұлт, қай іс болсын сын таққанда, ұлтқа пайдалы ма еді, пайдасыз ба еді деген өлшеумен келеді. Ұлт ішінде қазақтың қай табының пайдалы, пайдасыз еді, саяси басшылық қай басшының қолында еді? Бұл сөздерге ұлтшыл жазушымыз көңіл бөлмейді... әңгіменің бұл жағын тексермейді... Сондықтан кітапшаның бір зор кемшілігі – осы».

Қазақстанның Ресейге қосылғаннан бұрынғы тарихынан жазба мағлұматтар аз болатын, барларының өзі нақты жылдарды айтуға келгенде, әлсіздеу еді. Сондықтан да Қошке тарихи дерек ретінде мақал – мәтелдерге әдеби мұраларға сүйенеді. Шыққанына екі мың жылға жуықтаса да «Әй дейтін әже жоқ, қой дейтін қожа жоқ» деген сияқты мақалдар бар. I – II ғасырда қырғыздар ханын «әже» деп, үйретушіні «қожа» деп атаған. Осы реттегі мақалдар – тарихи құрал. Россияға бағынбай тұрғанда таңбасыз тайға, енсіз қойға ие болған қазақ елі киіз үйді ғана мекендеген, толық көшпелі ел еді. Жекелену, бөліну мүмкін болмаған көшпелі тұрмыстың арқандалған кіндік руы еді. «У жесең руыңмен», «Ордалы құлан ақсағанын білмейді» деп ақсақал аузына қараушы еді. Көшіп – қону, кек алу, жаудан қорғану, көптен құн алып, құн төлеу, немеурін қосу, жылу жинау бір рудың ішінде міндет еді. Немеурінен «Жесір ерден кетсе де, елден кетпейді» деген құқық туған еді. Жылу осы күнгі күн батыстың страхововойына келеді. Қонақасы алты алаштың бөлінбеген еншісі еді. Мұның бәрі әлеумет пәнінің тілімен айтқанда родовой коммунизм қоғамына кіреді.

Қазақтардың ертедегі музыка, поэзия өнері аса жоғары дәрежеде болды. Бұл жағынан біздің ұлт өзгелерге қарағанда көш ілгері еді. Қорқыттың, сол замандағы басқа да күйшілердің тамаша туындылары бұзылмаған күйінде XX ғасырға жетіп отыр. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қобыланды», «Ер Тарған», «Қыз Жібек», «Алпамыс» секілді дастандар да көркемдік жағынан еш халықтың өзі тектес жанрлардағы шығармаларынан, асып түсетіндей болмаса, кемдігі жоқ. Олардың мазмұны, оқиға өрісі – тарих шеттерінің құжаты болуға татиды. Сол заманда қазақтардың суретөнерінің алғашқы даму сатысы табылған. Оған Қошке мысал келтіреді : «Мен 1760 жылдардың шамасында қазақтың мола тастарында адамның, малдың суреттерін көрдім, және де ақ тасқа неше түрлі сырмен көшпеліліктің түрлерінің, суреттерінің салынғанын көрдім» - дейді Григорьев қазақ арасындағы балшықтан жасалған бейіттердің әдемілігіне таңырқағанын жазып. Сурет салуды тыйған тағы да дүмше молдалар.

Қошке Әбілхайыр ханның Ресеймен бас қосу саясатының түп мәнін мыналармен түсіндіреді :

73

1) «Күшті Россияға аяқ тіреп Хиуалықты, Қарақалпақты бағындырамын, үш жүзге хан боламын;

2) тақты мұралы қыламын;3) қол – аяқты жинап алған соң Россиядан бөлініп кетемін».Бұл тұрғыда Ресейдің де өзіндік мақсаты бар еді. Ол – қазақ елін

бағындырып, оның даласымен отырықшы Орта Азияға керуен өткізу.«Үкіметтің даярлаған құлдық қамытын қазақ тезінен кейіп алған жоқ,

ұзақ уақыт бас асаулық көрсетті. Бірен – саран көрсетілген наразылықтар туралы жоғарыда да айтылды. Бұл наразылықтар бір рудың ауданынан шыға алмады. Жалпы ұлт наразылығы Кенесарыда да көрінді», – деп Қошке Ресейге қосылу жөніндегі халық қарсылығы болғандығын тілге тиек етеді. Осыдан кейін Кенесары жөнінде деректер келтіреді : 1845 жылы Кенесары тағы да үкіметтен кешірім алып Түкістанға кетіп, одан Іле өзеніндегі Ұлы жүзге барады. 1846 жылы Кенесары Балқаштың оңтүстігінде тұрып ел – елге елші жібереді. Матайдан қалған үйсін Кенесарыны жақтайды. Ұлы жүздің сұлтандары медальға қызығып, Кенесарыға қарсы болды. Кенесары 10 мың қарулы кісімен жүріп, жеті Хиуалыққа мылтық соқтырды. Ұлы жүздің 500 үйіне астық салғызды. Орыс әскерінен қуғын келіп, қамалды мекен қыла алмай Кенесары Шуға ауып, Ташкент қазақтарын қаратты. Қамалдан қашып жан – жағынан жау қамалағанда Кенесары хан болу пікірінен қайтқан жоқ.

1846 жылы Орынбор аймағына зекет жинауға, жанжал барымтаны тексеруге дінсіздерге бағынбаңдар деп немере інісі Сейілханмен 25 кісі жібереді. Қазақта жүріп қорғана алмайтын болған соң қырғыздың Алатауын мекендеуге ойланды. Қырғыз қарсы болды. 1847 жылы қырғызбен соғысқанда Кенесары өлді.

Қошке «Мәдениетті орыс қандай үлгі берді?» дегенде, олар қазақтың еңбегін жеп, жерін тартып алғаннан басқа ештеңе бермегендігін, қайта тіл, киім, шаруа, әдет жағынан қазақтан өнеге алғандығын айтады. Қазақ арақ ішпегендігін, арақтың орыстан келгендігінің бір дәлелін Қошке көрсетеді.

Осы тұста Қошке «Орыстар түк бермеді» деп артықтау кеткен. Біздің олардан үйренгініміз де болды. Әсіресе әдебиет, өнер саласында. Бұған айғақ жетеді. Ол жөнінде тәптіштеп мысал келтірудің қажеті шамалы, бүгінде кімге де болсада белгілі жайт.

Мұнан әрі қарай қазақтардың мінез, құқық жайы, ауыл шаруашылқ жайы, кәсіпшілік жайы, денсаулық жайы, әңгімелене келіп, әдебиет тарихынан да әңгімелейді. Онда Ы. Алтынсарин, Ә. Бөкейханов, Ж. Көпеев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов сынды әдебиет алыптарының шығармашылықтарына талдау жасайды. Газет журналдардың тарихына тоқталады.

«Бұрынғы езілген ұлттар» кітабында Ресей қаласындағы езілген ұлттардың өткендегі және кейінгі халімен таныстырады. 36 ұлттың тарихи, шаруа кәсіп жағдайларынан һәм мәдени жағынан қысқаша мәлімет мағлұматтар берілген. Әр ұлттың санын, мал басын, шаруашылық жағдайының өткені мен 22 жылды салыстырып нақтылы деректермен көрсетілді, әр ұлттың жерінің сипаты, кен байлығы қала мен ауыл тұрғындарының саны, тағы басқа «іздесе таптырмайтын» мағлұматтар –кітаптың құндылығының дәлелі.

74

Жалпы, Қошке Кемеңгеровтың әдеби, тарихи еңбектері – бүгінгі күнде де басты назар аударарлық дүниелер. Олар – Қошкенің көп салада білімпаздығының, жан-жақты ойланғыштығының, бәрінен бұрын ел абыройын ықыласта ұстағандығының айғақтары.

1.10 «Қазақтың көзі һәм тілі» (Ахмет Байтұрсынов)XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ ағартушылары мен ақын-

жазушылары аңсаған ілім-білімге үндеу 20 ғасырдың бас кезінде бір шама нәтижесін беріп, алдыңғы қатардағы азаматтарды, елді ояту,азаматтыққа ұшталу мақсатына жетеледі. Осынау зиялылар арасында ел бағытын айқындау сара жолды жаңылмай нұсқап адастырмас даңғылға алып шығуға ұшталған дара тұлғалар шоғыры көріне бастады. Сол көшбастаушылардың ең танымалысы - А. Байтұрсынов болды. Ол М. Әуезовтың сөзімен айтқанда қазақ халқының «рухани көсемі» еді.

А. Байтұрсынов өзінің «Тіл құралы» атты еңбегінде, «Біздің заманымыз- жазу дәрежесіне жеткен заман»- дейді. Ол өзінің осы сөзінің дәлелі ретінде соңына өлмес мол рухани мұра қалдырған. Мәселең көркем дүние саласында «Маса» мен «Қырық мысал», әдебиет саласынан «Әдебиет танытқыш» және қазақ тілін үйренуге арналған методикалық құралдар, оқу-ағарту проблемасын сөз ететін мақалалар мен баяндамалар, ұсыныстар мен жобалар және т.б.

Аханың баспасөзге қатысы туралы айтқанда, алты алашқа әйгілі «Қазақ» газетінің редакторы болғандығын, оған дейін «Айқап» журналының бетінде жиі ой жарыстырып отырғандығын айтпай кетуімізге болмайды. Оның публицистикасы көбінде мақала түрінде жазылған. Мәселен 1911-1914 жылдар аралығында «Айқап» пен «Қазақта» жарияланған «Қазақ өлкесі», «Оқу жайы», «Бастауыш мектеп», «Қазақ жерін алу турасындағы низам», «Қазақ һәм 4 - дума», «Жаңа хат» (Жанша Сайдалин мырзаға), «Шаруа жайынан», «Бұл заманның соғысы», «Земство», «Бас қосу турасында» мақалалары осының айғағы іспеттес.

Егер, А. Байтұрсыновтың жоғарыда аталған еңбектерінің қайсы біріне тоқталар болсақ, онда «Қазақ жерін алу турасындағы низам», «Көшпелі һәм отырықшы норма» атты мақалаларында патшаның жер саясаты, сот, адам құқығы, билік саясатының теріс пиғылын түсіндіруден бастап, қазақ жері қазақтың қолынан қалай кетіп бара жатқанын, жер аударуға орыс шенеуніктерінің жергілікті халыққа көрсетіп отырған қысымын әшкерелейді.

Ал, бұған керсінше «Шаруа жайынан» деген мақаласында болса; «Отырықшылық – ол да бір білім, өнер. Бұған бұрынғы мал бағумен, егін егуге жарап жүрген білімдеріңнен басқарақ білім керек. Ол- көп малдың ішінен аз малдың, асылын ұстап, толықтыратын білім, аз жерді аздырмай, көп жердің орнына тұтынатын білім. Бұл екуі де қазақ қолданып көрмеген білім».- деп жазды ол. Бұл ойын екінші бір сөзінде; «Аңдаспаған мәселе туралы» деген мақаласында; «Біз қазаққа қала болма демейміз жақсы жеріңе жыйылып, қалаңды сал, мешітіңді орнат, мектеп медіресеңді аш, рұқсатсыз неге қала болдың деп ешкім айтпайды дейміз, 15 десятина мен қала боламыз десеңдер, күн көре алмайсыңдар», – деп одан әрі жалғастырады.

75

Қазақтың басты бағыты ағартушылық мәселесін қамтыды. Өнер, білім жағынан қазаққа бас-көз болды. Мысалы, «Оқу жайы» [44] «Қазақша оқу жайы» [45] атты мақалалар оқудың мән-жайын, маңызын, әсіресе, «Қазақтың» шаруасына, бір жағынан надандықтан кемшілік келгенде, екінші жағынан білімсіздігін көріп тұрғандар басынып, елдігінен, теңдігінен қалдырып, тиісті сыбағасына қиянат істеп тұрғаны санасы бар қазаққа ескерерлік іс еді. Бұл заманда қол жетпегендіктерді теңдікке жеткізетін, әлсіздерге күш беретін өнер-білім, сол өнер-білімге мезгіл өтпей тұрғанда үйренсек, тұрмысымызды түзетіп, басқалардың аяқ астында жаншылмас едік, біз де өз алдымызға бір жұрт екенімізді білдірер едік?» – десе, «Орысша оқу, орыс қолтығында тұрған жұртқа керек қазақша оқы, жаза білген соң, шама келсе, орысша да білген жөн»-дейді. Газет 1913 жылы жарияланған материялдарында оқудың мән-жайын, маңызын айтып, көпке түсіндіруге тырысса екінші 1914 жылғы «Бастауыш мектеп» (№61) «Мектеп керектері» (№62) «Оқу мезгілі» сияқты мақалаларында мектеп, медіресе жайларын нақты көрсетіп, мұқтаждықтарын айтады.

«Қазақ бастауыш мектебі қандай болуы керек?» және «Ол мектептердің қажеті не?» деген сауалдарға қазақтың ұлы ағартушысы А. Байтұрсынов 20 ғасырдың басында-ақ; «Правила бойынша, қазақ тілімен, қазақ әріпімен, оқыт деп отырған балалардың ата-анасы жоқ, халықтың өз тілімен, өз әріпімен оқығанын әкімдер жақтырмайтын болған соң, учителдер өз беттерімен ана тілімен, ұлт әріпімен бастап оқытамыз дей қоймайды, сөйтіп, правила қазақ жүзінде бар болса да, іс жүзінде болған жоқ. Бұл айтылғандардың бәрі де үкімет өз пайдасын көздегендіктен істеліп тұрған жайлар. Бастауыш мектептер жалғыз үкімет пайдасы үшін болмай халық пайдасы үшін де боларға керек. Хүкіметке керегі-мемлекеттегі жұрттың бәрі бір тілде, бір жазуда болу, әр халыққа керегі-өз діні,тілі, жазуы сақталу. Солай болған соң бастауыш мектеп әуелі миссионерлік пікірден, политикадан алыс болуға керек, яғни қазақтың діні, тілі, жазуы сұмдық пікір, суық қолдан тыныш боларға керек» [46], – деп жауап берген болатын.

Осыған орай Ахаң өзінің 1914 жылы «Қазақ газетінде» басылған «Қазақ һәм түрлі мәселелер» деген мақаласында; «1910 жылы бастауыш мектеп туралы Думада кеңес болғанда; мектептерде оқу орыс тілінде оқылсын, орыс тіліне оқып,орыс пен біріксін,сіңісуіне жақын деген» Басқадан кемшілік көрсе намыстанбайды, кектенбейді. Бір-бірінен кемшілік көрсе, жібермейді.Ауылын шауып, адамдарын сабаса, жауын мұқатып мақсатына жетіп болғаны», –деп қазақтардың өз тілі мен дінін, жазуын сақтауға енжарлығына қынжылады. Бұдан басқа А. Байтұрсынов экономика, халық саулығы, халық соты тақырыптарына да қалам тартқан. Бұл мәселелерге арнап ол «Уақыт қарыз» (1913), «Ауру жанынан» (1913), «Тәні саудың-жаны сау» (1922) және т.б мақалаларын жазған. Әсіресе, патша сотының жетімсіз, қазақ заңының толымсыз тұстарын «Біздің заман-өткен заманның баласы, келер заманның атасы», - дей отырып қатты сынаған.

Аханның жоғарыда аталғандай «Қазақша оқу жайынан», «Оқу жайы», «Орысша оқушылар, оқыту жайынан», «Мектеп керектері», «Оқу мерзімі» атты мақалалары «Қазақ» газетінде жарық көріп тұрса, «Айқап» журналына

76

басылған «Жазу тәртібі» атты мақаласында (1912, №4-5) қазақ жазуын араб алфавиті негізінде түзеп, қазақ халқының тілдік ерекшелігіне сәйкестігін жазу үлгісіне ұсынудың тұңғыш қадамын жасады.

Сонымен қатар Ахаң «Қазақ» газетінің редакторы да болған. Ол басшылық еткен газетке кезінде М. Әуезов «Қазақтың еңкейген кәрі, еңбектеген жасына түгелімен ой түсіріп, өлім ұйқысынан оятып, жансыз денесіне қан жүгіртіп, күзгі таңның салқын желіндей ширықтырған, етек-жеңін жиғызған «Қазақ» газеті болатын. Ол газеттің жаны кім еді? Ішінде қажымайтын қайрат, кемімейтін екпін кімнің екпіні еді? «Аханның екпіні болатын» - деп әділ бағасын берген».

1.11 Қазақты қалың ұйқысынан оятқан (Міржақып Дулатов)М. Дулатов 1885 жылдың 25 қарашасында бұрынғы Торғай болысы,

Торғай уезіне қарасты Сарықопа болысында, қазіргі Торғай облысының Жанкелдин ауданында Қызбел ауылында дүниеге келген. Екі жасында анасы қайтыс болған Міржақып 12 жасында әкесі Дулаттан айырылған соң ағасы Асқардың тәрбиесіне көшеді. Әкесінің ықпалымен ол да ағасы Асқар секілді көзі ашық орысша-қазақшаға жүйрік болып қалыптасады. Сол уақыттағы қазақ дәстүрімен алдымен ауыл молдасынан кейін Мұқан Тоқтабайұлы деген мұғалімнен дәріс алады. 1897 – 1902 жылы Торғай орыс-қазақ мектебінде оқып бітірген соң ауыл мұғалімі болып қызмет атқарады.

1904 жылы 19 жасында Міржақып қазақ зиялыларының сол кездегі орталығы Омбы қаласына сапар шегді. Омбыда жалпы қазақ жұртына танымал болып үлгерген А.Байтұрсыновпен жолығып кейін оның жақын досы үзеңгілес серігіне айналады. Онымен бірге Қарқаралыға жол жүреді.

Бұл – қазақ даласында аумалы-төкпелі заман басталған кезең болатын. Осындай кезде Байтұрсынов өзінен 12 жас кіші жас жігітке жол көрсетіп соңына ерте білді. Бұл - М. Дулатов өміріндегі жарқын жолға айналып қалды. Ол тіпті ұстаз-жолдасы А. Байтұрсыновпен қатар танылып жұрты оларды Ақан-Жақан деп атайтын болған.

1909 жылы алғашқы қарлығаштардай болып үш өлең кітабының баспадан жарық көруі халықты дүр сілкіндірген жаңалық болды. Алғашқы кітап - Абай өлеңдері жинағы (Петербургтен Кәкітай бастырған) болса екіншісі А. Байтұрсыновтың «Қырық мысалы», үшіншісі М. Дулатовтың «Оян қазағы» болатын.

М. Дулатовтың өмірбаянын оқи отырып оның халық алдындағы беделінің зор үлкен болғандығын аңғарамыз. Міржақып қаншама танымал болған сайын патша үкіметінің одан құбыжық көргендей шошынуы да күшейе түседі. Мәселен, 1911 жылы Дулатов Семей қаласында абақтыға алынғанда осы хабарды жариялағаны үшін «Айқап» журналына 300 сом «Уақыт» газетіне 100 сом айып салынады. «Елдің оны азат етуі үшін бермекші болып жинаған 2000 сомын үкімет алмай қояды. Оларға Міржақып түрмеде жатқаны әлде қайда тиімді еді. Міржақып болса түрмеден шыға салысымен жер аударылған Аханның ізімен Орынборға қайта кетеді.

77

М. Дулатовтың ақындық, қайраткерлік, журналистік түрлі қырлары бар. Мұның әр бірі үлкен бір сала. Оның редактор, журналист ретінде «Айқап», «Серке», «Қазақ» газет-журналында атқарған қызметтерінің өзі неге тұрады?

1906 жылы Петербургте өткен сьезге делегация құрамында М. Дулатов та келеді. Осы жерде С. Лапин, Д. Сұлтанғазин, Х. Досмұханбетов және т.б. интеллигнция өкілдері бас қосып езілген қазақ халқына дұрыс жол көрсететін «Серке» атты баспасөз орталығын ашу ұйғарылады.

1907 жылы 28 наурыз күні Ш. Қошығұловтың қаражатына А. Ибрагимовтың басшылығымен «Серке» газетінің алғашқы нөмірі татарлардың апталық «Ульфат» газетінің қосымшасы ретінде жарық көреді. Қазақ жастарына арналған бұл газеттің алғашқы нөміріне М. Дулатовтың өлеңі басылып шығады.

Ал келесі нөмірде Міржақыптың «Арғын» деген бүркеншік атпен «Біздің мақсатымыз» [44] деген мақаласы жарық көреді. Жалпы оның бұдан басқада «Тургайскии», «М. Д». «Түрік баласы», «Азамат», «Мадияр», «Байқаушы», «Азамат» «Алашұлы» «Алашбайұлы», «Таймінер», «Тайбағар», «Алакөз», «Қолғанат» деген бүркеншік аттары болған. Сонымен «Біздің мақсатымыз» мақаласы «Қазағым менің» «Елім менің» - деген сөздермен басталып, 1905 жылғы Қарқаралыдағы баскөтеру мен Оралдағы сьезде патша өкіметіне қазақ халқының атымен жазылған петиция талаптарын жақтайды, жинақтап көрсетеді. Қазақ халқы Россияға тәуелді халық. Оның ешқандай да правосы жоқтығы ыза мен кек тудырады. Халықтан жыйналатын салық қаражаттың көп бөлігі халыққа тіпті де керек емес нәрселерге жұмсалады. Чиновник, урядник, қарауылдар қазақтарды ұрып-соғып, мал-мүлкін тартып алды, ойына не келсе соны істеді».

Кейінен бұл ызалы сөздер өлең жолдарына айналып, «Оян қазақ!» жинағына кіреді. Полиция сақшы Загородный 34 көшесіндегі Антопольск баспаханасына келіп, «Ульфат» және «Серке» газеттерін конфискелеп, жауып тастайды.

М. Дулатов бұдан басқада басылымдарға да мақала, шығармалар жариялатып, үзбей атсалысып отырған. Әсіресе бұдан кейінгі өлең және прозамен айналысқан жылдары көбіне «Айқап» журналына «Хан Абылай», «Адамға тіршілік не үшін керек?» [46] және т.б. жиі жазып тұрған. Бұдан басқа да «Уақыт» (Ибраһим ибн Құнанбай) [47] «Еңбекші қазақ», «Қош келдің наурыз» [48], «Баспасөз үшін» [49], «Сол қыздың атын ұмыттым» [50], «Қазақ тілін жүргізетін комиссияның құлағына алтын сырға» [51], «Біржанұлы Ахмет» [52], «Қызыл Қазақстан», «Нариманұлы Нариман» [53], «Шолпан», «Қазақ қырғыздың ата-тегі туралы» [54], «Ауыл тілі» («Қазақ тілінің мұңы») [55] басылымдарына жиі мақалалар жазып тұрды. Ал, М. Дулатовтың «Қазақ» газетін шығарудағы еңбегі өз алдына бір төбе.

Ол сондай-ақ орыс тіліндегі газет-журналдарға атсалысып, тұрған. Мысалы «Gawecint consules» («Сибирские вопросы) [56] Тургайскии») «А. Байтұрсынов» («Труды общества изучение Киргизского края» [57]) мақалалары. Белгілі адамдардың өмір баяндарын жазған мақала зерттеулері де (Ибраһим ибн Құнанбаев, Хан Абылай, Шоқан Шыңғысұлы Уәлихан, Г. Н. Потанин, Нариманұлы Нариман, А. Бірімжанұлы және т.б) қай кезендерде де құнын жоймайтын тарихи құнды еңбектер.

78

Баспасөзге белсенділікпен араласып оның ыстық-суығына бірдей қайнап, бұл тақырыпты арнайы мамандай жетік білуі таң еместі. Әрине оның осы мәселелер жөнінде «Қазақ» газетіне жазған көптеген еңбектерін кездестіруге болады, ал басқа басылымдардан «Баспасөз үлесі» («Еңбекші қазақ» [58]) мақаласын ерекше атап өтуге болады. Одан М. Дулатовтың баспасөз жөніндегі пікірін, сол кездегі қазақ баспасөзінің жай-күйін, оны өркендету жолындағы М. Дулатовтың жүзеге асырмақ шараларын білуге болады. Мұнда жазылған жайттар әлі де күн тәртібінен түсе қойған жоқ. Автор «Қай жұрттың баспасөзі күшті болса, сол жұрттың өзі де күшті, өзі де өнерлі «Сондықтан Европа жұрты баспасөзге алтыншы мемлекет деп ат қойған. Баспасөздің қадірін білген жұрттың адамдары онсыз тұра алмайды, дей келіп, өз халқының оқу-білімге, ізденуге жоқтығына күйінеді. Мақалада бұларын арнайы мысалдармен дәлелдеген қазақ баспасөзі халінің қиын екендігі жайында да шыншыл жазады. Қазағы, қырғызы бар Қазақстан, Түркіменстанды санағанда бұл күнге дейін шығып тоқтаған, һәм шығып тұрған газет-журналдар мыналар : (бұдан әрі 42 газет-журнал аттары жазылады). Бұлардың 32-сі марқұм. 10 шамалысы ғана шығып тұр. Тоқтағандардың ең көп жасағаны «Қазақ» газеті, мұның да өмірі 7 жылға толған жоқ, ең өмірсізі бір күндік,шығып тұрған газеттеріміздің бәрін біріктірсек осы күнгі Мәскеуде шығатын жалғыз «Правда» газетіндей құнары жоқ, журналдарымыздың берекесі де сондай. А. Байтұрсыновтың да «Құрметті оқушылар» атты тура осы тектес мақаласы бар екендігі белгілі.

Міржақыптың өмір жолында, әсіресе Ахаңмен бірігіп шығарысқан «Қазақ» газетіндегі қызметі ерекше атап айтуға тұрарлық. Сол кезде ең көп тиражбен таралған қоғамдық-саяси және әдеби «Қазақ» газеті 1913 жылдың 2-ші ақпанынан 1918 жылдың 16 қыркүйегіне дейін шығып тұрған. Газетте қос редактор бар деп есептелінеді. Алғашқысы - А. Байтұрсынов, екіншісі - А. Дулатов. Міржақып 1914 жылдың 12 мамырынан бастап екінші редактор, 1917 жылдың 28 шілдесінен газеттің негізгі ұйымдастырушысы болды. Бұған жалпы қазақ сьезінен кейінгі жарияланған. «Ашық хаты» дәлел, сьезд ұчередительное сабраниеде мені екінші қылып көрсеткен еді. Мен төмендегі себептер бойынша списоктан шығамын,-дейді ол бұл хатында. Сонан соң басты себебі ретінде «Қазақ» газетіндегі басшылықты алға тартады; Ахмет һәм мен екеуміз де депутат бола қалсақ, газет иесіз қалар. Бір кісі-бір іске жарайтын болса да аз болмас, халыққа қызмет етемін деген деген кісге бәрібір : депутат бол, газет шығар [59].

1918 жылы А. Байтұрсынов пен М. Дулатов саяси іске белсене кірісіп, азамат соғысының бел ортасында жүрген, «Қазақ» газетінің уақытша шығарушылары ретінде Әбділхамит Жүндібайұлы, Жанұзақ Жәнібековтер қол қойған [60].

«Қазақты» оқи отырып ондағы жалпы алуан тақырыптарды газет қабырғасы көтеріп тұрған ірі үш публицистің- теңдей бөліп алғанын көреміз. Қай тақырыпқа да қалам тербейтін хас шеберлер болғанымен Ахмет көбінесе мәдени ағартушылық, Міржақып әдеби-өнер, Әлихан саяси-экономикалық жайларға көп қалам тербеп отырған, әдеби туындылардан басылымда Міржақыптың әдебиеттің теориялық мәселелерін қарастырған «Манап»

79

драмасы, «Надандықтың құрбаны» мақалаларын, «Айтыс» [61] аударма өлеңі, «Шәкірт» [62], «Сағыну» [63] өлеңдері, «Алашқа» [64] реквиемі жарияланды.

«Қазақ», бір атап өтетін жәйт, денсаулық сақтау мәселесіне де бұрынғы басылымдардай емес, жете назар аударып отырған. Осы ретте Міржақыптың «Чума жайынан», «Чума сьездінен» деген мақалалары жарық көрді. Мұнда ол Орал болысындағы қазақтың саны 600 мың, неше жүз шақырымға жайылған осынша халыққа үкіметтің қойғаны - 3 дәрігер. Бәлкім үштен де кем болар еді, егер Орал облысында мұнан бұрын чума болып шошытпаған болса. Жаздыгүні басталған дертті әкімдер қазанның аяғында біледі, сонда чумаға қарсы қару қылуы чума қазақ жерінен казак-орыс (Калмыков) жеріне ойысып бара жатқан соң деуге болады» деп ел жайынан хабар береді. Үкіметтің осы жайға көңіл бөлуін сұрайды.

«Қазақ» газетінде кеңінен көтерілген, дау-дамай бар мәселенің бірі - 1916 жылғы бұратана халықтан солдатқа адам бөлу мәселесі. Бірнеше жылдар бойына алашордашылар халық қамын ойламады, әскерге адам жіберуді жақтады деп қаралынып келді. Ол кездегі зиялылардың іс-әрекетінен Міржақып та шет қалмады. Ол өзінің мақалаларында; Төңкеріс жолында қазақ жұрты құрбан болып кетеді деуге дәтіміз бармады. Сондқтан біз екінші жолды таңдауға көну керек дедік. Оған бел байлағаннан кейін елге көзіне айтатын сөзіміз де басшылығымыз да осы болды.Тек неше түрлі сылтаумен соза түсу жағын ескеріп отырдық», – дейді [65].

Басылым үкіметтің қатаң шаралары мен цензураларына қарамастан алған беті мен қайсар рухынан онша қайта қоймайтын. Кейін 1920 жылдардағы жылымық кездерде М. Дулатов 1916 жылғы «Қазақ» газетінің жай-күйі туралы; «Ол заманның жуан ортасында болмаған ащы - тұщысын татпаған бүгінгі жастар «Қазақ» газетін енді оқыса, «Бейшара қандай жасқаншақ, қорқақ былай жазса болмас па еді?» - дер еді, ол кездегі газеттердің бет-аузын алапес қылып шығаратын цензураны бүгінгі жастар көрген жоқ қой, өз ойыңды, өз атыңды өзің ұрлап, «Осылай қып жазсам жұрт бірдеңе түсінер-ау»-деп ишаралап, жасқанып, жалтақтап отыруды бүгінгі жастар көрген емес деп жазады».

Сол сияқты «Г. Дума солдаттық мәселесі» деп аталатын мақаласында да көтеріліс кезіндегі көптеген жайлар ашып айтылған. Онда ол халықтың саяси ұйымдасушылығына көңілі толмай, бұл істі қалың қазақтан күту қашпаған қашардың уызына қарағандай болған соң дума ашылуына қарсы Самардан Ә.Бөкейханов, Орынбордан А. Байтұрсынов, Ақтөбе уезінен Н. Бекметов жүріп кетті [66] – деп мәлімет береді. Автордың хабарлауынша олар Петерборға 1) Қазақтан соғыс үстінде солдат алынбауын 2) Солдат алудан бұрын материалдық жағдайды түзеу 3) Лажсыз алынатын болғанда, жаяу солдат болмай атты әскер болуын, қазақ жер-су һәм правода орыспен тең болуы керек деген нақты, бір ізден шыққан тілекпен аттанған... Бүкіл қазақ болып, бір адам жібере алмауымыз масқаралық болар. Қазақ жайына қалдырмайынша, сөзіңді сөйлеп думаға жеткізе алатын депутат жоқ деп біліңдер.

Осы көтерілістен кейінгі бірлікке ұмтылу жылдарында, осы аталмыш қайраткерлердің барлығы, бар қазақ зиялылары 1917 жылдың қазанында 1 жалпы қазақ сьезінің қаулысына сүйене отырып «Алаш» партиясын құрған болатын. Жылдар бойы осы партия жөнінде де кереғар пікірлер де айтылып

80

келеді. Міржақыптың осы бағыттағы шығармалары да жетерлік. «Қазақтың үш жүзге бөлінуі» деген зерттеу еңбегінің 5-ші бөлімі, мысалы; «Қазақтың үш жүзге бөлінуі һәм Алаш атауы», - деп аталады.

Тағы бір айта кететін нәрсе «Қазақ» және «Айқап» басылымдарының арасындағы бас араздық болатын. М. Дулатовтың «Айқап» журналы [67] деген мақаласында осы айтыстың басталуын көрсететін мынандай дерек бар; «Қазақ» та, «Айқап» та өз бетімен келе жатқан сәтсіз күні басталған бас қосу мәселесі шыға келеді. Міржақып тіл құралы [68] атты мақаласында «Айқап» журналының кейбір кемшіліктеріне тоқталып кетеді. «Шын қазақша жазылып, қазақ тілі мәселесін қолына ала тұрған осы «Қазақ «екенін ешкім бекер дей алмас»... 11 жылдан бері шығып тұрған «Айқап» шығып тоқтаған «Қазақстан «бұл жағын жете ескерген жоқ. Қалай десек те қос басылым арасында пікір қайшылығы болғанымен, өшпенділік, араздық болды дегенге ешқандай негіз жоқ. Қарымды қайраткерлердің ел ішіндегі кемшілік жайларды мінеп-сынаған фелетон, сықақтары да жарияланып тұрды. Мысалы, «Дауқұмар» [69], «Жүзі қаралар» [70], және т.б.

«Қазақ» газеті айыптан, қуғын-сүргін мен арыз-шағымнан көз ашпады. 1914 жылы 23 қазанда Орынбор губернаторына газет үстінен арыз береді. Онда мынандай жолдар бар; «Біз қазақ газетінен өзіміз һәм балаларымыз үшін аса қорқамыз. А. Байтұрсыновты һәм М. Дулатовты Орынбордан айдап жіберсеңіздер екен. Мұндай зиянды адамдар Орынборда тұрса, қазақ пен һәм қазақ жастарымен араласпай тұрмайды». Мұның бәрі Міржақыптың «Қазақ» баспаханасы» [71] мақаласында егжей-тегжейлі баяндалған.

«Қазақ» газеті 1918 жылдың наурыз айында шығуын тоқтатты. Жақаң бұдан соң 1920 жылы Ташкентке келіп, «Ақжол» газетіне қызметке орналасады. Онда көп тұрақтай алмай, 1921 жылы облыстық сотта жұмыс істейді. 1922 жылы тұтқындалады да, 1922-1926 жылдары Орынбор халыққа білім беру иниститутында оқытушылық қызмет атқарады. Бұдан кейінгі төрт жылда қазақ мемлекеттік баспасында бөлім бастығы, «Еңбекші қазақта» редактордың стилистика жөніндегі орынбасары болады.

Ұлы жүрек 1935 жылы 5-ші қазанда Балтық бойындағы Сосновец лагерінде ауыр науқастан сағуын тоқтатады.

Енді, М. Дулатовтың кітаптары мен басқада әдеби мұралары жайында бірер сөз; «Оян, қазақтан!» соң «Азамат» (1913 жыл Орынбор), «Бақытсыз Жамал» (1914 жыл,қазан), «Терме» (1925 жыл.Орынбор). Сондай-ақ көптеген аудармалары 1925 жылдың өзінде ол Орынбор мен Қызылордадан бірнеше аударма еңбектер бастырды. (В.И.Ленин «Жаңа үнем саясаты», «1905 жыл төңкерісі»; Г. Зиновьев «Ресейлік комунистік партиясының тарихы»). 1926 жылдан бері жарық көрген қазақ кітаптарының библиографиялық көрсеткішін бастырды.

Жалпы, М. Дулатовтың шығармашылығы мен халхына сіңірген еңбегін санамалап айтып шығу мүмкін емес.Біз оның журналист, публицист ретіндегі бір қырын ғана қарастырдық.

81

1.12 Алашым деп туған ер (Әлихан Бөкейханов)

Букейханов был крупнейшим деятелем своего време-ни, видным экономистом. Но до последнего времени

даже и представить было невозможно, что в Казахста-не кто-то решится написать и издать объективную

биографию Букейханова... [72].

Ә. Бөкейханов 1870 жылы Семей облысының Қарқаралы уезіндегі Тоқырауын болысының жетінші ауылында туған. Алдымен ауыл медресесінде оқып, ескіше хат таниды. Одан соң Омбы техникалық училищесін, кейіннен Санкт-Петербург орман техникалық институтының экономика факультетін бітіреді. Әр жылдары Самара мен Омбы қалаларында земствоның агрономы, журналист мамандықтары бойынша қызмет атқарады.

Сөйтіп, Ә. Бөкейханов өмірінің алғашқы сәтінен бастап оқыған, зерделі азамат ретінде туған халқының қамын ойлап, әлеуметтік-экономикалық жағдайын түзету мақсатымен қоғамдық мәселелерге араласып, қазақ жеріндегі барлық саяси оқиғаларға өзіндік белсенділікпен атсалысып отырды. Ол өз еңбек жолын «Ресей. Біздің Отанымыздың толық географилық сипаттамасы» деп аталатын көп томдық еңбектің қазақ даласына арнап 1903 жылы жарыққа шыққан ХҮІІІ томының авторларының бірі ретінде бастады.

Онда автор : «Самодержавие» жартылай жабайы халықтың мінез-құлқын жұмсартып, дәулет деңгейін көтеруді» өзінің міндеті етіп отыр. Ол «қазақтардың өздерінің мүддесін» көздейді, «сауда транспортының жүріп-тұруына ыңғайлылық» жасау үшін мүмкін болғанның бәрін істейді, ең бастысы, күллі цивилизаторлық ісін жүзеге асыру нәтижесінде самодержавие «астықты арзандатып, көшпенділердің өмір сүруін қамтамасыз ететін болады» [73], – деп, өз халқының болашағына деген көзқарасын білдірді.

Бұдан соң қазақ жеріне қоныс аударушыларды әкелу мақсатымен жер-су жағдайын зерттеген әйгілі Щербина эскпедициясының құрамында жұмыс істеді. Сөйтіп, 1905 жылдың қарсаңында Ә. Бөкейханов Ресейдің либералдық-демократиялық интелегенциясының топтарының көзқарасын бөліскен саясаткерге айналды.

Орыс-жапон соғысы, ондағы орыс армиясының жеңілісі, ел ішіндегі ереуілдердің шерулер мен митингілерге ұласуы түрлі астыртын саяси партиялардың өкілдерін бей-жай қалдыра алған жоқ. Осы кезден бастап Әлихан Бөкейхановтың да ұзақ жылдарға, өмірінің соңына дейін созылған қоғам мен саясат сахнасындағы күрес жолы басталды.

1905 жылдың соңында Ресейде елдердің біржуазиялық жолмен дамуын жақтаушылардың, конституциялық – демократиялық партияның съезі өткізілгендігі тарихта мәлім жай. Осы съездің қарсаңында және одан кейін буржуазиялық-либералдық қозғалыс өкілдерінің облыстық және аймақтық форум өткізгені де белгілі. Бұл кадеттер съезінен соң іле-шала Оралда дала өлкесі бес облысының өкілдерінен делегаттық съезд өткізілді. Оны ұйымдастырушылар Ә. Бөкейханов, М. Тынышбаев, Б. Сырттанов т.б. Ресей

82

конституциялық демократиялық партиясының Қазақ филиалын құруға әрекет етті. Бірақ ол әрекет іске аспай қалды.

1906 жылы Омбыдағы кадеттер партиясының саяси науқанына белсене қатысқан Ә. Бөкейханов ел мен өлкенің дамуы жөніндегі өзінің пікірін қуаттай отырып, жергілікті отарлау әкімшілігіне қатты шүйлігеді. Соның салдарынан алғаш рет тұтқынға алынады.

Ә. Бөкейхановтың қамалуы енді оны еңбекші жұрт топтарына да кең танымал етті. Қазақ халқының әр түрлі бөліктерінің белсенді түрде қолдауы нәтижесінде ол I-Мемлекеттік Думаға депутат болып сайланады. Алайда, жұмысын шындап жолға қойып үлгерместен Дума патшаның указымен 1906 жылғы 8 шілдеде тарқатылады. Осыған орай кадет, трудовик, меньшевик пен эсер депутаттардың бір бөлігі Выборгке жиналып, мәжіліс өткізеді. Онда, олар арнайы манифестерінде қалың бұқараны пассивті қарсылық көрсетуге (салықтарды төлемеу, армияға рекруттар бермеу, патша заемдарын мойындамау) шақырып, оған Ә. Бөкейханов та қол қойып, сол үшін екінші рет тұтқындалады.

Бірінші орыс революциясы жеңілген соң Ә. Бөкейханов сенімсіз адам ретінде полиция нұсқауына сәйкес, бірнеше жыл Дон жер банкісінің статисі ретінде жұмыс істеп, Самарада тұруға мәжбүр болды. Оның публицистикалық қызметі үшін сол жылдар өте жемісті болды. Семейде жүрген кезінде ол өзінің пікірлесі Н. Я. Коншинге Абай Құнанбаевтың өнерпаздығы туралы үлкен мақала жазып берген болатын. Ол мақала 1907 жылы «Семей географиялық қоғамының запискалары» шығармаларында жарық көреді. Ал 1911-1914 жылдары ол «Жаңа энциклопедиялық сөздік» баспагерлері Ф. А. Брокгауз бен И. А. Эфрон шаруаларына белсене қатысады.

1913 жылдың көктемінде А. Байтұрсынов пен М. Дулатовтың қолдауымен қазақ интеллигенциясы жалпы ұлттық бағыттағы «Қазақ» газетін шығаруды қолға алды. Ал, Ә. Бөкейханов болса осы газетке «Қыр баласы» және басқа да лақап аттармен түрлі проблемаларға арналған ондаған мақалалар жариялады. Бұл жөнінде кейінірек толық айтылады.

Бірінші дүниежүзілік соғыс басталған соң оның солшыл буржуазиялық көзқарастары едәуір өзгереді. Бұл жылдары Ә. Бөкейханов пен оны жақтаушылар самодержавие жағында болды. Сондықтан 1916 жылдың күзінде ол кадеттер билеп тұрған Бүкілресейлік земство одағымен Батыс майданға – майдан ставкасы жанындағы «Одақ» бұратана бөлімінің меңгерушісі қызметіне жіберіледі де ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясын Минскіде қарсы алады.

Ақпан революциясынан кейін бірден Қазақстанның барлық облыстары мен уезд орталықтарына Ә. Бөкейханов пен буржуазиялық-либералдық қозғалыстың бірқатар көрнекті өкілдері қол қойған жеделхаттар жөнелтіледі. Онда «құрылтай жиналысына дайындық, демократиялық республика құру, «Жер, мал шаруашылығымен және егіншілікпен табыс тауып жүргендерге берілсін» ұрандарымен Уақытша үкіметті қолдау үшін шұғыл ұйымдасу керектігі сөз болды.

1917 жылдың сәуірінде ол Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінің құрамына енгізілді, сосын Торғай облыстық комиссары болып бекітілді.

83

Осыған қосымша мамыр айында халық бостандығы (кадеттер) партиясының VIII съезі оны көпшілік дауыспен Орталық Комитеттің құрамына сайлаған.

1917 жылдың жазында елде азаттық қозғалысы өрлеу алады да Ә. Бөкейханов осы жағдайда өзінің күш-қуатын қазақ ұлттық-буржуазиялық демократиялық партиясын қалыптастыруға арнайды. Сөйтіп, дүниеге «Алаш» партиясы (тобы) келеді. Ал, Әлихан Бөкейханов болса осы алаш партиясының көсемі болды. Сондықтан да оның қоғамдық қызметі дегенде өмірінің осы кезеңіне тереңірек үңіліп, толығырақ ашып жазғанымыз жөн болады деп санаймыз.

Патша мемлекеті 1905 жылғы бірінші орыс революциясынан кейін отарлық елдерге деген отарлау саясатын бұрынғыдан да өршіте түскені белгілі. Оған патша әкімшілігінің Орта Азия халықтарын, қазақтарды да Думаның ісіне араластырмай : «Бұлар әлі мемлекет ісіне араласуға жетілмеген» деп кемсітуі дәлел.

Бірақ осыларға қарамастан патша заманында да отарлау саясатына қарсы шығып, елі, жері, халқы үшін шыбын жанын шүберекке түйіп қызмет еткен азаматтар болған. Мәселен, А. Байтұрсынов ұйқыдағы халықты тезірек ояту үшін «Маса» болып ызыңдады. М. Дулатов «Оян, қазақ!» деп атой салды. С. Торайғыров «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуға» тырысты. Ал «Қазақ» газеті болса орыс шенеуніктерінің бақылауында болып, артық айтқан сөздері үшін жазаланып отырды. Осындай аласапыран заманда Ә. Бөкейханов туған жерінен қуғындалып, полиция бақылауында жүрді.

1917-1919 жылдар Қазақстан үшін оңай кезең болған жоқ. Азамат соғысы қазақ жерінде де белең алды. Осындай ел басына қиын-қыстау заман орнаған кезде кейбір халықтар автономия жариялап, Башқұрт, Түркістан автономиялары құрылды. Осыған байланысты қазақтар да автономия құру мақсатымен 1917 жылдың желтоқсан айында Орынбор қаласында съезд шақырады. Оған 300-ге жуық адам қатысып, мынадай мәселелерді талқылапты : 1) Сібір, Түркістан автономиясы һәм юговосточный союз; 2) қазақ-қырғыз автономиясы; 3) милиция; 4) ұлт кеңесі; 5) оқу мәселелсі; 6) ұлт қазынасы; 7) Муфтилік мәселесі; 8) народный суд; 9) аульное управление); 10) азық-түлік.

Осының ішінде автономия жөніндегі мәселеге назар аударсақ онда былай делінген : «Октябрь айында уақытша хүкумәттің түскенін, Русия мемлекетінде халыққа сенімді һәм беделді хүкумәттің жоқтығын, халық арасы бұзылып, пышақтасып кеткенін, бассыздық күшейіп, бүкіл мемлекет бүлікшілікке ұшырап, күннен-күнге қырғыз-қазақтың басына да келуі ықтимал екенін ойлап, бүкіл қырғыз-қазақты билейтін хүкумәт керектігін ескеріп, съезд : 1) Бөкей елі, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстары, Ферғана, Самарқанд облыстарындағы һәм Әмудария бөліміндегі қазақ уездері Каспий облысындағы, Алтай губерниясындағы іргелес болыстардың жері біріңғай, іргелі халық – қырғыз, қаны, тұрмысы, тілі бір болғандықтан, өз алдына ұлттық-жерлі автономия құрылсын; 2) қазақ-қырғыз автономиясы «Алаш» [74] деп аталсын; 3) алаш автономиясының жері, түгі, суы, астындағы кені, Алаш мүлкі болсын; 4) алаш автономиясының низамын Бүкіл русиялық учредительное собрание бекітеді; 5) ұсақ ұлттардың құқықтары теңгеріледі,

84

санына қарай мәхкәмәларда орын алады, оларға ұлттық мәдени автономия беріледі; 6) алаш облыстарын қазіргі бүліншіліктен қорғау мақсатымен уақытша ұлт кеңесі құрылып, оның аты «Алашорда» [75] болсын. Алаш ордасының ағзасы 25 адам болып, 10 орын қазақ-қырғыз арасындағы басқа халықтарға қалдырылады. Алаш ордасының уақытша тұратын жері Семей қаласы; 7) Алаш ордасы милиция құруға ижтиһатпен кірісуге міндетті; 8) Алашорда тез уақытта Алаш автономиясының учредительное собрание – құрылтай мәжілісін шақырсын; 9) Съезд Алашордаға тапсырады : а) Ұлт қазынасына қарыз ақша алуға; б) өзге автономиялы көрші халықтармен одақтасу жайын сөйлесуге, бірақ оның шарттарын құрылтай бекітеді; 10) Ұлт құрылтайына Алашорда автономия низамының жобасын даярлап кіргізеді».

Сөйтіп, автономия екі бауырлас халықтан құрылатын болғандықтан, «Алашорда» аталған көрінеді. Ал, алаш сөзі арғы ата-бабаларымыздан келе жатқан көне сөз екендігі белгілі. Бірақ, автономия жариялауды, екінші жағы – милиция құрып, Түркістанды қосып алғаннан кейін жариялауды қолдайды. Бұл туралы «Алаш бірлігі» деген мақалада : «5-13 желтоқсанда съезге жиналғандар «автономия» туралы жүз толғанып, жүректер дірілдеп, буындары қалтырап, бір айдан кейін автономия жариялауға әрең қаулы қылды... Бас-басына би болған, қарындастан басқа қасы жоқ болып, қайғысы қара басынан аспай қалып алған, ғаскер десе қатын-баласын тастай қашатын қараңғы халық әлде қайтеді деп толғанды, ақыры сан қайғыны салыстырып келгенде, Алаш ұлының басы құралмай, торғайдай тозып, әркімнің көшіне тіркеліп кеткеннен зор қайғы болмас, Алашқа қаны бірге Алаш ұлынан артық жанашыр бауыр табылмас. Алаштан ұран салып, Алаштың туын тіксек, сүйегінде шақпақтың қуындай жігер, намысы бар Алаштың ұлының шыққан шығын, тартқан бейнетке еті ауырмас деп аллаға тәуекел қылды», - деп жазды.

Бұның үстіне, жығылғанға жұдырық дегендей «Алашорданың» бүкіл қазақстандық халық кеңесінің төрағасын сайлау мәселесі де шиеленісті күшейіп жіберді. Төрағалыққа дауысқа түскен үш адамның бірі Әлихан Бөкейханов 58 дауыстың 40-ына ие болды. Ал, қалған екеуі Бақыткерей Құлманов – 19, Айдархан Тұрлыбаев – 20 дауыспен қанағаттанады. Әйтсе де, «Алаш» автономиясын жариялау жөніндегі кикілжің бір жылға жетпес 1918 жылдың қыркүйек айында Жымпиты қаласында «Ойыл уәлаятының» жеке бөлініп шығуына себеп болды. Бұл – Батыс Алашорда деп аталды. Басшылары Жанша мен Халел Досмұхамедовтер болды.

Алашорда үкіметі осылай ырың-жырың болып жатқанда Бүкілресейлік уақытша үкімет (Директория) 1918 жылдың қыркүйек айының 22-жұлдызында «Правительство Алаша – Алаш-Орду считать прекратившим свое существование», - деп жариялады. Тіпті, Сібірдің уақытша үкіметі де Алашорданы танып, мойындамады. Шындығына келсек «Алашорда» іс жүзінде, бас-аяғы бір жарым жылдай ғана, 1918 жылдың ортасынан 1919 жылдың желтоқсанына дейін өмір сүрді. Алашордада жоғарыда айтқанымыздай Ресейден бөлініп шығу жайында сөз болған жоқ, олар бар болғаны Ресей демократиялық федеративті республика болсын деп, өздері территориялық автономияны мақсат тұтты.

85

Азамат соғысы және шетел интервенциясы жылдары «Алаш» партиясы үшін түрлі шытырман оқиғаға толы қиын-қыстау кезең болып саналады. 1920 жылы Қызыл Армия жаппай шабуылға шығып, Есіл мен Ертіс жағасына жетеді. Міне, осы уақытта бұл партия толық күйреп, оның басшылары нақты бір шешім қабылдауға тиіс болады. Ол шешім шетелге эмиграцияға кету немесе халық арасында қалып өзінің «айыбын» жуу болатын. Көптеген алашорда басшылары, оның ішінде Ә.Бөкейханов та соңғы жолды, өзін халық қолына беріп, олардың алдындағы өзінің «кінәсін жууға» тырысу жолын таңдап алды.

Сөйтіп, олар кеңес өкіметінен кешірім сұрағанмен соңғы жақсылыққа апарып соқпағаны белгілі. Мәселен, қазақ большевиктерінің бірқатар ұсыныстары бойынша, Ә. Бөкейханов 1922 және 1926 жылдары қатарынан екі рет тұтқындалған. Одан соң Мәскеуге кетіп, «Шығыс» баспасында жұмыс істеп, орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тілінде аударумен айналысты.

Ал, А. Байтұрсынов болса қазақ тілі заңдарын терең зерттеп, оқулықтар, ғылыми еңбектер жазды, жоғары оқу орындарында сабақ берді. М. Дулатов баспада, газеттерде қызмет істеді, студенттерге дәріс оқыды. Х. Досмұхаметов жаратылыстану жайында кітаптар, оқулықтар жазды. Ташкент, Алматы университеттерінде профессор бола жүріп, халық ақындарының ел аузында жүрген жырларын жинап, алғы сөз жазып бастырды. Қамқоршы болды.

Бір сөзбен айтқанда бұл адамдар саяси жұмыстан кеткенімен де қоғамдық қызметтен бас тартқан жоқ. Соңғы демдеріне дейін халқы үшін еңбек етіп, солардың керегіне жарауға тырысты.

Ә. Бөкейханов баспасөз жұмысына жиырма жасынан бастап шындап араласа бастаған. 1893 жылдан Омбыда «Степной листок» деген атпен шығып тұрған газет 1895 жылдан «Степной крайға» айналады. Бұл басылым, әсіресе 1895-1897 жылдары құрамы саяси жер ауып келгендермен толыққан соң ерекше көзге түседі. Осы кезде газетте П. Ф. Якубович, В. Д. Соколов, А. А. Беляков, Н. Н. Флеровский, Ә. Н. Бөкейханов, В. Н. Фигнер және тағы да басқа белсенді авторлар қызмет атқарады. Бұл газет туралы «История Сибири» кітабынан мынадай мағлұмат таптық : «Как передовое для своего времени издание, газета «Степной край» просуществовала недолго. Против нее со злобой и ненавистью ополчились местные власти. Политических ссыльных устранили от руководства газетой, и она попала в руки обывательской реакции».

Ә. Бөкейхановтың тәжірибелі публицист болып қалыптасуына із қалдырып, әсер еткен еңбектерінің бірі қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне арналған «Исторические судьбы Киргизского края и культурные его успехи» және «Распределение населения Киргизского края по территории, его этнографический состав, быт и культура» [76], - деген мақалалары болатын [77].

Бұл мақалалардың жазылу себебі мынада : ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Петербургте белгілі ғалым П. П. Семенов-Тян-Шанский мен академик Ламанскийдің басқаруымен «Россия. Полное географическое описание нашего Отечества» кітабының 18-томы қазақ тарихына арналып 1903 жылы «Киргизский край» деген атпен басылып шыққан. Кітапты жазуға Ә. Бөкейхановпен қатар А. Н. Седельников, Л. П. Осипова, С. Д. Чадов,

86

Н. А. Бородин, Т. Т. Белоногов, В. П. Семенов, П. Н. Столпянскийлер қатысқан. Ал Әлихан Бөкейханов болса, осы бөлімнің 4-5 тарауларын жазған,

Төртінші тараудың тақырыбы ілгеріде айтқанымыздай «Исторические судьбы Киргизского края и культурные его успехи» деп аталады. Автор бұл тарауда мынадай мәселелерді : қазақ өлкесін ертеде мекендеген татар, башқұрт, қалмақ, жоңғар, қазақ халықтарының өмір талайы, өлкені жаулап алу және оны отарлаудың өз еркімен, мемлекеттік деп аталатын екі түрі туралы, өлкедегі оқу-ағарту ісінің дамуы, кітап және баспа ісі туралы жайларды зерттеп, жазды.

Кітаптың «Распределение населения Киргизского края по территорий, его этнографический состав, быт и культура» деп аталатын бесінші тарауында : «Бұл халық саны бойынша да, орналасқан территориясының кеңдігі жағынан да азамат материгіндегі барлық түркі халықтарының арасында бірінші орынды иемденеді» деп қазақ халқының елі, жері, тарихынан мәлімет берсе, олардың ақыл, ой-санасы, мәдениеті туралы былай дейді : «Қазақтың ақылы жайында айтқанда, олардың өздерін қоршаған ортаны (табиғат, адам, оқиға) есте сақтау қабілетін бірінші орынға қоямыз : бұл тұрғыдан алғанда қазақтар шаруалардан әлдеқайда биік тұрған... Оқу (әсіресе математика) оңайға түседі, «оқушылардың арасында қабілеттері баршылық». Немесе, «Азиядағы көшпелі түріктердің арасындаға қазақтар неғұрлым мәдениетті халық. Оның болашағының бақыттылығында шек жоқ, себебі, олардың саны көбеюде және басқа елдің мәдениетінің жақсы жағын қабылдауға олар әрдайым даяр. Қазақтардың мәдениетінің жоғарылығын олардың тілдерінен, халық әдебиетінің байлығынан және өнерлерінің даму дәрежесінен көруге болады».

Ә. Бөкейханов өз еңбегінде қазақ халқының осындай рухани байлығын сараптай отырып, ауыз әдебиетінің түрлеріне баға берген. Әсіресе, халық поэмаларының арасынан «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» дастанына ерекше көңіл бөлген.

Егер біз Абайды қазақ халқына алғаш танытқан Ахаң (А. Байтұрсынов) десек, оған орыс тілінде мақала арнап, басқа халыққа танытқан Әлихан Бөкейханов болып шықты. Ол Абайды қазақтың жаңа әдебиетінің көш басшысы ретінде бағалап, «Наконец, как представителя нового течения в киргизской поэзии, следует назвать Кунанбаева – автора многих стихотворении изящных по форме и поэтических по содержанию (особенно описания природы). Этому же автору принадлежат хорошие переводы «Евгения Онегина» и многих стихотворении Лермонтова (который оказался наиболее понятным для киргиз), таким образом у Семипалатинских өлеңші (певцов) можно слышать, например, «Письмо Татьяны» распеваемое, конечно, на свой мотив», - деп жазды.

Қазақтың бас ақыны қайтыс болғаннан соң да Ә. Бөкейханов оның өмірбаянын орыс тілінде жазып, сол кезде Семейде шығып тұрған «Семипалатинский листок» газетіне 1905 жылы жариялатады. Араға екі жыл салып 1907 жылы Абайдың өмірбаяны суретімен қоса «Записки Семипалатинского Подотдела Западно-Сибирскогоотдела Императорского русского географиического общества» кітабында тағы да жарияланады.

Ә. Бөкейхановтың Абайды халыққа таныту жолындағы көл-қайыр еңбегі жөнінде кезінде М. Дулатов өзінің «Абай» деген мақаласында : «1905 жылы

87

«Семипалатинский листок» газетасында, онан кейін Семейдегі «Географическое обществоның» шығарған бір кітабына Әлихан Бөкейханов Абайдың тәржіма халын жазды һәм кешікпей кітабы да басылатынын білдіріп еді. Бірақ тез шықпады. 1909 жылы Абайдың балалары мен інілерінің ризашылығы һәм Әлиханның ыждаһатымен «Абай» кітабы Петербугта Бурганский баспасында басылып шықты. Бүл күнгі қолымыздағы кітап сол бірінші баспасы», - деп жазған болатын.

Ә. Бөкейханов XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында орыс баслымдарында («Степной край», «Иртыш», «Омичь», «Голос степи») қазақ халқының рухани, әлеуметтік мәселелерін көтеріп жаза білген бірден-бір қазақ авторы болды. Сондай-ақ ол қазақ газет-журналдарының беттерінде де саяси және экономикалық проблемаларды қамтуда басқаларға үлгі-өнеге бола білді.

Мәселен, 1910 жылы Санкт-Петербургтен А. И. Костянский редакциясымен жарық көрген «Қазіргі мемлекеттердегі ұлттық қозғалыс түрлері» деген жинаққа Әлиханның «Қазақтар» атты мақаласы енгізілді. Онда автор қазақтар мекендейтін Қазақ және Түркістан өлкелері мен Астрахань губерниясының ұлттық құрамына демографиялық талдау жасай келіп, қазақтардың ішкі тұрмысын баяндар алдында мынаны ескертуге тиіспін дейді : «Қазақтардың шаруашылық тіршілігі - малына жаятын жер мен суаратын өзен-көл іздеу жолында үнемі қоныс аударып, бір орнында тұрақтамайтын жартылай жабайы көшпенділік қарабайыр формулаға сыймайды», - дей келіп ол көшпелі мал шаруашылығының орнын аралас егіншілік, малшылық шаруашылықтың алмастыра бастағанын нақты цифрлармен дәлелдеп, қазақ, крестьян бюджеттерін, олардың табыстарының түрлерін талдайды.

Бұл еңбекті ғылыми очерк деп атауға да болады. Оның алғашқы екі бөлімі қазақ даласындағы құрылыстың шын жайын, қазақтардың арасындағы саяси, мәдени ахуалды таныстыруға арналған. Автор патша өкіметінің отаршылдық саясатын сенімді деректер арқылы көз алдыңа елестетеді.

Ал, кітаптың төртінші бөлімінде қазақтардың саяси белсенділігінің артуы жайында бай мәліметтер бар. Автор бірінші орыс революциясы жылдарында қазақтар баршаның теңдігі туралы, ождан бостандығы жөнінде, халық өкіметі жайында айтып шаттанған интеллигенцияға қосылып, «өздері білетін орыс халқының атын ғасырлар бойы қыр үстінде жаманатқа қалдырып келе жатқан ескі таныстарына күллі орыстардың ұқсай бермейтінін қазақтар енді көрді», - деп жазды.

1913 жылдың көктемінде Орынборда А. Байтұрсынов пен М. Дулатовтың қолдауымен жалпы ұлттық бағыттағы «Қазақ» газеті шыға бастады. Осы басылымда 1913 жылы 3-наурызда шыққан – «Думадағы партиялар» деген мақаласы мейлінше тартымды болды. Мақалада IY мемлекеттік Думадағы күштердің орналасуын автордың қалай қабылдайтындығын байқалады. «Ескі көзқарастарды ұстанатын партиялар – оңшылдар, ал жаңа көзқарастағылар - солшылдар», - деп аталады дейді Ә.Бөкейханов.

Оңшылдарға «орыстар партиясы», «қара жүзділіктер», «ұлттық партия» жатады. Олардың негізгі позициясы : Ресей –орыстар үшін, яғни өзге діндегі, нәсілі бөлек, басқа халықтардың бәрі одан төмен болу керек. Бұл партиялардың аттары олардың позицияларының мазмұнына сәйкес келеді.

88

Солшыл партиялар : «Период» партиясы, «Социал-демократтар» (жұмысшылар) партиясы...

Сондай-ақ Ә. Бөкейханов өзінің көптеген мақалаларында белгі беріп келе жатқан ұлттық партия ауқымында саяси тұрғыдан бірігудің қазақтар үшін аса қажет екенін ерекше бөліп көрсетті.

Өзінің 1913 жылғы 23 шілдеде жарияланған «Дума және қазақтар» деген мақаласында ол : «думадағы 442 депутаттың 40-50 депутаты ғана шаруалардан, егер орыс патшалығын асырып отырған шаруаларға деген көзқарас осындай болғанда, саны аз, бөлшектенген, надан қазақ халқы одан не күтпекпіз? Қазақты Думадан шығарып тастады»…, - деп ашу-ыза білдірді.

Ә. Бөкейханов 1915 жылдың соңынан бастап Орынборда «Қазақ» газетінде Ахмет Байтұрсыновтың қарамағында жұмысқа кіріседі. Осы басылымда оның қазақ даласындағы ұлт-азаттық көтерілістің мән-жайы турасында, ақпан төңкерісі хақында, Алашорда халық кеңесінің жұмысы жайында ондаған материалдары жарияланды.

Сонымен қатар Ә. Бөкейхановтың «Қыр баласы» атты бүркеншек есіммен «Қазақ» газетіне ұлан ғайыр публицистикалық материалдары басылған. Ол өз еңбектерінің көбін ғылыми тұрғыда талдап, егжей-тегжейлі зерттеп жазған, Ә. Бөкейханов «Қыр баласымен» қатар «Ү» деген бүркеншік атты да қолданған. Бұл жөнінде оның өзі «Айқап» журналының №2 санында былай деп көрсеткен : «Бақытжан, Сералы (бұл жерде Б.Қаратаев пен С.Лапинді айтып отыр) «Алаш» деп бұлдыратып жүргенде, мен абақтыда жатқанда қазақ жері туралы мақалаларым «Сибирские вопросы» деген орыс журналында 1908 жылғы 16-17, 18, 21-22, 27-28, 33-34, 35-36, 37-38, 45-46, 47-48 сандарында «Ү» деген белгімен қол қоюыммен шыққан». Ол осы бүркеншік атпен тұңғыш рет К. Маркс пен Ф. Энгельстің «Коммунистік партияның манифесін» 1926 жылы Қызылорда қаласында қазақшаға аударып шығарған.

Енді Ә. Бөкейхановтың аудармашылық қызметі туралы бірер сөз. Оның 1922 жылдан бастап Мәскеуде тұрғаны белгілі. Осы кезде ол көп, өнімді жазып, артына мол мұра қалдырған. Тек, 1923 жылдың өзінде ғана Мәскеуден оның : «Потаниннің өмірбаяны», «Марабай», «Ер Тарғын» (түзетіп бастырған), «Короленко», «Макардың түсі» -аудармалары өмірге келді. Барлығын да аударған «Қыр баласы».

Кезінде «Қыр баласының» аудармашылық қызметі жөнінде арнайы мақала жазылып, оның еңбегіне жан-жақты баға берген адамдар да болған. Солардың бірі – Ж. Аймауытов. Ол Әлихан аударған «Макардың түсі» туралы былай деп жазған; «Аударма сөзбе-сөз деп айтуға болмайды, еркін істелген, ұзын сөйлемдер, керексіз сөздер қысқартылған. «Қыр баласы» аударғанда пышақпен жонбайды, балтамен шабады, шұбатпайды, келтесінен қайырады.

1924 жылы Ә. Бөкейхановтың Мәскеуден «Л. Н. Толстой», «Қажымұрат», «Қозы-Көрпеш - Баян» еңбектері басылып шығады. Автор өзінің соңғы кітабы туралы былай деп жазған; «Қозы-Көрпеш - Баянның» жайылмаған түрік жұртында жері жоқ десе де болады. «Қозы-Көрпеш - Баян» Ертіс аяғы Тобыл, тараншыда, Түркістанда, Сарыарқада, Алайда, Ұранқайда, Оралда, башқұртта, Кавказда, шешенде, осетинде бар. «Қозы-Көрпеш - Баян» біздің түрік

89

баласының сүйген ертегісі. Норманда «Фауст» қандай болса, түрік баласына «Қозы-Көрпеш- Баян» сондай. «Қозы-Көрпеш - Баян» көп мағыналы, түрік жұртын сипаттайтын әдебиет қорының таңдамасы»...

1925 жылы Ә. Бөкейхановтың негізінен Л. Н. Толстойдың мол мұрасына арналған «Кавказ тұтқыны», «Жұмыртқадай бидай», «Жеті қарақшы», «Жетпіс жеті мысал» шығармаларының аудармалары басылып шыққан.

Ж. Аймауытов Әлиханның бұл еңбектеріне арнап көлемді мақала жазған. «Қажымұрат» туралы ол былай дейді : «Қажымұрат» орыстың данышпан жазушысы Толстой шығарған роман, аударушы «Қыр баласы». Мәскеуде 24 жылы басылған.

Толстой – ақыл-ойдың, ақындықтың кені. Адам баласына бақ іздеп, адамгершілікке үндеген пайғамбар. Өмірден шындық көксеумен тауысқан. Тұрмыс жүзіндегі теңсіздік, неше түрлі жауыздықтың тамыры адам баласындағы атаққұмарлыққа, менмендікте, өзімшілдікте деп біліп, оның бәрін ел билеген күштілерден, үкіметтен көріп, үкімет болмасын деген пікірді таратып кеткен. Соғысқа, қан төгуге қарсы болған. Адам баласын бір бауыр қылам деп арпалысқан.

Теңдіктің күшпен табылатындығына, адам баласының тарихы- тап тартысының тарихи екеніне Толстой қосылмаған. Байлардың жауыз нәпсісін, тас жүрегін «уағызбен, үгітпен жібітпек болған». Патшаның өмірінен бастап малайдың, мұжықтың, солдаттың өміріне шейін Толстойдың қырағы ақылынан, өткір қаламынан құтылған жоқ. Адамның сырын айнаға айқын түсірген, 82 жыл өмір сүріп, бір арба кітап жазған. Сондай данышпан Толстойдың сөзімен орысша білмеген қазақ баласы «Қажымұратты» оқудан бастап танысады», - дей келіп аударма туралы : «Роман жалпы айтқанда жақсы аударылған. Дәлме-дәл, көп бұзбай аударған»... Сөзді ұғымды, кестелі қылу үшін қазақ сөздерінен тапқан кейбір салыстыру, мәтелдер, өлеңдер жақсы-ақ! «Гүлдің сабағы дәл тарамыс», «алыс пен жақынды жаратқан біледі», «иығы Алатаудың иығындай», «көгендегі қозыдай», «қошқардың шүйдесіндей», «жатық маңдайы қара кетпен төскейдей», «айылын қатты тартқан буаз бие іштеніп», «бойы нардай, жүрісі желдей, сұлулығы құсбегі пішкен томағадай», «асқа тіккен үйдей», «даусы домбыраның босаған ішегіндей қалтырап»... Мұның бәрі оның аудармашылық шеберлігін көрсетеді.

Аударманың сүгіретті, әдемі жерлері көп. Мәселен, «мылтық ұстап лып етіп, тар үзеңгіге аяғын салып, сып етіп атқа мініп алды», «Қызықты қияның қырмызы қызылын біліп, қан жаудырған бүркіттей қоқиланып, жігерін, терең сырын сабырмен сипаттап, мен жұрттың тілегін қабыл алдым, - деді Қажымұрат», «Төрелердің ұрлығы, сауысқан жоқ, ұрлықсыз шенеулік жоқ», «Палуан жауырынды, жалпақ жаялы, жіп-жіңішке, ұзын бойлы, қармаулы ұзын қолды, жас шыбықтай майысқан, мергендей епті, қашаған ұстайтын аттай ыңғайлы Жүсіпті көргенде, Қажымұрат сүйсініп, сусыны қанып қуанатын».

Аударманың жақсы екенін осындай сөздерінен байқауға болады. Орыс тілінде жазылған таулықтардың өлеңі де қазақшаға жатық аударылған. Хат білетін адам «Қажымұратты» оқып, аузының дәмін алғандай», - деп бағалайды сыншы.

«Қыр баласы» Мәскеуде тұрғанда аудармашылықтан басқа, Шығыс халықтары баспасының қазақ бөлімін басқарды. Марксистік әдебиеттерді қазақ

90

тіліне аударумен шұғылданды. Ғылыммен айналысты. «Темірқазық» журналына шаруашылық, оқу, білім мәселелері бойынша мақалалар жариялады.

Сонымен, сөз соңында айтарымыз Әлихан Бөкейханов кезінде өз мамандығын терең меңгерген білімді экономист болып қана қоймай, лауазымды ғалым, тарихшы,әдебиетші, жалынды публицист, журналист әрі аудармашы да бола білген.

1.13 Қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы (Жүсіпбек Аймауытов)Жүсіпбек Аймауытов әдебиетіміздегі аса ірі тұлғалардың бірі. Ол -ақын,

прозашы, драмашы, сыншы, публицист, аудармашы. Әдебиеттің әр алуан жанрларында белсенді қызмет ете отырып, Жүсіпбек Қазан төңкерісіне дейін де және одан кейін де туған қазақ әдебиетінің негізін салушылардың алғы легінде болды. Көптеген ірі шығармаларымен жаңа жанрлардағы ізденістерді орнықтырды.

Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Қызылтау болысының бірінші ауылында (қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында) туған. Бұл жөнінде академик С.Қирабаев өзінің «Жүсіпбек Аймауытов» деген зерттеу кітабында : «Жазушы өзі «Қызылтаудың баурындағы Қараның адыры деген жерде Дәлдебай ауылында тусам керек. Руым - Сүйіндік. Оның ішінде – Күлік, Айдабол – Күлік бір туысады. Сұлтанмахмұт Айдаболдан. Екеуіміз сегізінші атадан қосыламыз дейді», - деп жазады.

Кейбір деректерде жазушының арғы аталары ауқатты болған деседі. Бірақ Жүсіпбектің өз әкесі Аймауыт та, оның әкесі Дәндебай да шағын шаруалы адамдар болған. Жүсіпбектің 15 жасқа дейінгі өмірі өз ауылында өтеді. Ол ауыл молдасынан оқып, сауат ашады. Үзіп – жұлып әр қилы молдалар (өз айтуынша, Жүніс қожа, Шәймерден қожа, Қожахмет молда, Қапар қажы, Мұхамеджан) алдын көріп, ескіше едәуір білік алады. Содан кейінгі аз уақыт өзі молдалық құрып, бала оқытады. «Қартқожа» романындағы суреттелетін бала молда өзі екенін жазушы мойындап жазған. 1907 жылы Жүсіпбек молдалықты тастап, Баянауылға барып орыс мектебіне түседі. «Оспанның (Аймауыттың інісі) Серебрянников дейтін тілмашы мені тәуір көруші еді. Баянда соның үйінде жаттым. Баянда бір қыс оқып, екі бөлімін бітіріп, келер жылы Керекудегі қазыналық ауылшаруашылық школына барып, емтихан ұстадым», - дейді ол. Бірақ, ауылшаруашылық мектебінде ұзақ оқи алмайды. Бір айдай ауылшаруашылық жұмысына қатысып, одан кейін екі ай ғана мүмкіндік алған Жүсіпбек мектеп режимі мен әділетсіздікке қарсы бой көтерген балалардың қатарында оқудан шығып қалады. Осыдан кейін біраз уақытын ол ауылда бала оқытумен, Баяндағы мектептің үшінші класында оқуын жалғастырумен өткізеді. Содан 1911 жылы Керекуге келіп, екі класты орыс – қазақ мектебіне орналасады. Әуелі сол мектепте, кейін интернатта білім алып, 1914 жылы Семейдегі мұғалімдер семинариясына түседі. Оны 1919 жылы бітіреді. Осы кезде Ж. Аймауытов «Алашорда» үкіметі мен «Алаш» партиясымен араласып, оны дамыту, нығайту жолында біраз уақытын жұмсайды. Сонымен қатар ол 1918 жылы М. Әуезовпен бірге «Абай» журналының негізін қалап, шығара бастайды.

1919 жылы Жүсіпбек алашорданың, жала жабылып қудалануына байланысты алашордадан бөлініп, жұмысын жалғастыру үшін Коммунистік

91

партияның катарына өтеді. Семейде, Павлодарда партия Совет жұмыстарын атқарады. 1920 жылы Қазақстан советтерінің Құрылтай съезіне делегат болып қатысады. Содан кейін Қазақ АССР Халық ағарту комиссариатында басшылық қызметте қалады. 1921 жылы Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі болып ауысады. Кейін «Қазақ тілі» газетінің редакторы болып, 1924-1926 жылдары Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің редакциясында қызметтер атқарады. 1926-1929 жылдары Шымкент педагогикалық техникумының директоры болады. Ара – тұра сол кездегі саяси науқандарға араласады. 1922 жылы Торғай уезіндегі ел аштыққа үшырығаны белгілі. Біраз қазақ зиялыларымен бірге Жүсіпбек сол ашыққан елге жәрдем қолын созып, халықтан азық-түлікке мал жинайды. Жиналған малды (2668 сиыр, 1931 жылқы, 264 түйе) шағын бақташы топпен Торғайға айдап барып, талай ауылды төніп түрған ажал тырнағынан арашалап, алып қалады. Көп үзамай «Жүсіпбек малды өзі пайдаланып кетті» деген домалақ арыз бойынша қылмысты іс қозғалады. Елге жасаған жақсылығының өзіне жамандық болып тигеніне жазушы қатты күйзеледі. Екі жыл әуресарсаңға салған сот ісі 1926 жылы бітіп, Жүсіпбек толық ақталып шығады. Бірақ, бүл қуаныш ұзаққа созылған жоқ. Содан 1929 жылы Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар деген сылтаумен қайта тұтқынға алынады. «ОГПУ» органдары істі тергеп-тексеруге тиісінше қылмысты іс қозғау жайында қаулы қабылдамастан-ақ бірден айыптау мақсатына кіріскен. Сол кездегі 14 адамның бәрі де тұтқындау үшін жеткілікті негіз боларлық айыптары жоқ болса да, прокурордың санкциясысыз-ақ қамауға алынған. Тергеу бір жылдан астам жүргізілген және заңсыз тұтқында ұсталған осынша ұзақ мерзім ішінде сол 14 айыптаушылардың қылмысын дәлелдерлік бірде-бір объективті дерек табылмаған. Контрреволюциялық үйымның болғандығына дәлел жоқ, ондай үйымның программасы, уставы, әлдебір алға қойған практикалық мақсаттары мен соларды жүзеге асыруға тырысқан іс-әрекеттері жөнінде тергеушілер ешқандай нақты дерек жинай алмаған. Соған қарамастан айыптау қорытындысы жасалғанда, ешкімнің бекітуінсіз-ақ соттан тыс органның қарауына берілген. Айыптаушылар іс материалымен таныстырылмаған, ешқайсысына да өздерін қорғау үшін мүмкіндік туғызылмаған. Міне, осылардың қатарында Ж. Аймауытовтың өмірі 1931 жылы, 42 жасында нағыз творчестволық толысқан кезінде қыршынынан қиылды. Жүсіпбектің әдебиетке құмарлығы жастай оянған тәрізді. Өзі «Ауылдағы өзім құрбы балалардан хатты ерте таныдым, қисса, өлең кітаптарды көп оқушы едім. Қадыкеш апамның бір сандық хиссасы бар еді. Қыстың ұзақ кештерінде алғашқыда Қадыкешке, соңынан Ақат екеуімізге әкем хисса оқытқызып отырушы еді», - дейді, С. Садуақасовқа жазған (хатында) жауабында. Сол жауабында Жүсіпбек алғаш өлең жазумен әуестенуі 13 жастан басталғанын жазады. «Дұғалық жазатын кішкене қарашолақ кітапшама тіленші шалға есігін ашпаған бір кемпірді, көшкенде байталға мінбеймін деп әкесін ренжіткен қызды (ол Жәмікен деген апам ғой) өлең қып жазып қойғанымды әкем көріп, маңдайымнан иіскегені әлі есімде. Содан соңғы өлең жазғаным 19-20 жастар кезі болса керек. Бір бала молдамен айтысып, өлең жазғаным бар. 1912 жылы жазған өлеңдерім ескі дәптерімде әлі сақтаулы. Абайға еліктеппін. Ең алғаш басылған сөзім 1913 жылы болса керек, бір ақымақ алыпсатардың болыс боламын

92

деп, елге бір месте шай апарып, елдің қулары болыс қоямыз деп, шайларын алдап алып, бос қайтқанын жазған едім. Бұл хабар «Қазақ» газетінде басылды.

Сол хабардың басылуы қалам ұстауыма үлкен себеп болды. 1916 жылы қазақтан жұмысшы алудың артынан пьеса жаза бастадым», - дейді. Жүсіпбектен қалған мұра аса бай. Оның ішінде «Қартқожа», «Ақбілек» романдары, «Күнікейдің жазығы» повесі мен көптеген әңгімелері, «Рабиға», «Мансапқорлар», «Ел қорғаны», «Қанапия мен Шәрбану», «Шернияз» атты пьесалары, өлеңдері мен «Нұр күйі» поэмасы, балаларға арналған ертегі кітапшалар, оқулықтар бар. Өз кезіндегі газет-журналдар бетінде Жүсіпбек жазған мақалалар да бірсыпыра. Ж. Аймауытовтың ең бір сүйікті шығармасы 1926 жылы Қызылорда қаласында кітап болып шыққан «Қартқожа» романы. Роман XX ғасыр басындағы қазақ басындағы саяси хал-ахуалдары мен халықтың тұрмыс – тіршілігін реалистік тұрғыдан суреттеген көркем туынды ретінде құнды. Басты кейіпкері Қартқожа «арқылы қос революция тоғысын, таптар тартысын, патша үкіметінің отаршылдық саясаты мен империалистік соғыстың зардабын, ақ гвардияшылардың ауылдарға салған ойранын көреміз. Шығарманың композициялық құрылымы да қызық. Тарам-тарам оқиғалар шағын-шағын тақырыпшаларға бөлініп баяндалады. Ықшам, етек-жеңі жинақы туынды оқуға да жеңіл. Ондағы Қартқожа, Андрей образдары сол кездегі әдебиеттегі соны тұлғалар еді. Жазушының және бір көлемді көркем шығармасы - «Ақбілек» романы. Жалпы Жүсіпбектің прозалық туындыларына тән ортақ бір қасиет бар. Ол - басынан аяғына дейін тұтастай терме, жыр, секілді желдірме, шешен сөзге байлығы. Мысалы, «Өскеменнің ар жағында, Бүқтырманың оң жағында әлемге аян Алтай бар. Сол Алтайдың күнгейінен құбыла жаққа құлай аққан, құлай ағып Ертіс түскен күр-күр еткен Күршім бар» деп құйылып басталатын «Ақбілекті», «Күнікейдің жазығын» да, өлең-роман деп есептеуге болады. Баспасөз бетінде («Әйел теңдігі» журналы) бір бөлімі ғана жарияланған «Ақбілек» романы жоғалып кетіп, қайта табылды. Қолжазба балапан басына, тұрымтай тұсына заманы туғанда Ілияс Жансүгіровтің тартпасында жатып қалған екен. Ал, Ілиястың жары Фатима Ғабитова «Ақбілекті» елу жыл бойы аялап, сақтап, кейін Қазақ ССР Орталық архивіне тапсырыпты «Елес», «Боранды болжаған әулие», «Қарабақсы» әңгімелері сол тұстағы ел тұрмысын, заман тынысын дөп басып, дәл суреттейтін құнды дүниелер. «Қарабақсы» қара сөзбен жазылған бақсы сарыны секілді әуезді әңгіме. Бұдан жазушының техникалық шеберлікті терең меңгергенін аңғарамыз. «Елес» әңгімесінде Жүсіпбек кейіпкері арқылы былай дейді : «Бүгінгі шенқұмарлық, ата-ру намысы, губерния намысы, орынға таласу, жіктесу қандай күйде? Кім не үшін күресіп жатыр? Бұларды жазуға тісі батқан жазушы бар ма?» - деп сол күннің шындығының бет пердесін айқара реалистік тұрғыдан ашып көрсеткен.

Ж. Аймауытовтың драматургиялық шығармалары кезінде театр, клуб сахналарынан түспеген. 1926 жылы қазақтың ұлт театрының репертуарын жандандыру мақсатымен Білім ордасы бәйге жариялады. Бәйгеге түскен 32 пьесасының ішінен Ж. Аймауытовтың «Шерниязы», М. Әуезовтың «Қаракөзінен» кейінгі жүлделі екінші орынға ие болыпты. Дарынды

93

драматургтың қазір қолымызда оннан астам пьесалары бар. Негізгілері - «Шернияз», «Рәбиға», «Қанапия - Шәрбану», «Ел қорғаны», «Жебір болыс», «Мансапқорлар». Ол А. С. Пушкиннің «Тас мейман», «Сараң сері» секілді шағын пьесаларын қазақшалаған.

Жалпы, Жүсіпбек таланты аударма саласында жаңа бір қырынан жарқырап көрінді. Әлем, орыс әдебиетінің інжу-маржандарын тәржімалауға Сәкен, Ілияс, Мұхтарлармен бірге белсене ат салысты. Өз творчествосына үлгі-өрнек іздей жүріп Р. Тагор, Джек Лондон, Мопассан, А. С. Пушкин, Н. В. Гоголь, М. Горькийді аудару үстінде көп нәрсені үйренгені анық.

Әдеби жолын ақын ретінде бастаған Жүсіпбек соңына мол поэзиялық мұра қалдырған. Ол негізінен төл туындылары мен тәржімадан тұрады. Өлеңдерімен қатар әдебиет, мәдениет, тіл, оқу-ағарту, музыка, жазу-сызу, тұрмыс-тіршілік, экономика мәселелерін қозғап, өз мәнін осы күнге дейін жоймаған публицистикалық туындыларын жинастырып, жеке жинақ етіп шығару мәселесі тұр алда.

Ж. Аймауытов психолог-ғалым ретінде 1924-1929 жылдар арасында кеңінен танылады. Мектеп мұғалімдері мен педагогикалық оқу орындарына арнап түйдек-түйдек оқулықтар жазатыны да осы тұс. Атап айтқанда «Тәрбиеге жетекші», «Психология», «Жан жүйесі және өнер таңдау», «Сабақтың комплекстік жүйесінің әдістері». Оның осы психологиялық еңбектерінің ішінде Москвадан жарық көрген «Жан жүйесі және өнер таңдау» кітабының орны ерекше. Қазақ тіліндегі психологиялық терминдердің алғаш жүйеленіп, бір қалыпқа түсуі де Аймауытов есімімен байланысты. Сентименталь, нервный, клетка секілді ғылыми ұғымдардың баламасын аянышжанды, күйгелек, шілтер деп қазақтың байырғы бай қорынан алуы да құптарлық қадам. Ж.Аймауытов бүкіл түркі тектес халықтар ішінен шыққан түңғыш психолог – ғалым. Қырқыншы жылдарға дейін әзірбайжан, өзбек, қырғыз, түркімен, қарақалпақ, башқұрт т.б. тілдерінде ұлттық психологиялық еңбектердің жарық көрмегендігін ескерсек, Жүсіпбек туындыларының шоқтығы биіктей түседі.

Ол сонымен қатар ойлы публицист те еді. 1917 жылы ақпан төңкерісі болып, патша тақтан түскенде Жүсіпбек «Тұр бұқара, Жиыл кедей, ¥мтыл жастар!» деген мақала жазып, «Жасыратын қылық жоқ-бостандық, теңдік күштіге, жемқорға келген теңдік емес, бұл өзі қара бұқараға, кедейге келген теңдік, қолы жете алмай жүргендерге берілген бостандық», - деп жар салған еді. Содан өмірінің соңғы шағына дейін ол жалынды публицистік қаламын қолынан түсірген жоқ. Жүсіпбек адамның қоғамдық-әлеуметтік ортамен байланысын, әркімнің өз ортасында қоғамға пайдалы іс істеуге тиістігін көтерді. «Кісі туғаннан-ақ белгілі бір өнерге, қызметке икем болып туады, басқаша айтқанда, әр адамда бір нәрсеге талап, ыңғай, қабілет яки зеректік болады. Біреу бала оқытуға, біреу етік тігуге, біреу әкім болуға, біреу мал бағуға, біреу саудаға, біреу сөзге біреу дауға ыңғайланып жаралады. Өмірде түк жұмысқа икемі жоқ жан сирек болады... Кімде-кім өзіне біткен ыңғайына қарай өз жолымен жүріп, қызмет етсе, өз басына да, әлеуметке де үлкен пайда келтірмек. «Өз орнында» істеген адамның жұмысы да өнімді, берекелі болмақ. Қайғы сол өз жолын шу дегеннен тауып алатын адамдар сирек болады. Адамның көбі ана жолға бір,

94

мына жолға бір түсіп, өмір бойы өз соқпаған таба алмай, сенделумен күні өтеді... Әлеумет те, мемлекет те әр адамның еңбегі берекелі, пайдалы болуын тілейді», - деп жазды ол «Неге арналсаң, соны істе», атты мақаласында. Мақала жастарды мамандыққа баулудың, мамандық таңдаудың проблемаларын ойлы көзбен шола білумен құнды.

Ж. Аймауытов көптеген сын мақалалар да жазған. Олардың ішінде М. Әуезовпен бірігіп жазған «Абайдан соңғы ақындар» (1918), «Мағжанның ақындығы туралы» (1923), «Аударма туралы» (1925), «Сұңқар жыры» (1925) атты еңбектері автордың әдебиет жөніндегі, оның ерекшеліктері туралы, жазушы шығармашылығын түсінудің принциптері жайындағы ұғым-түсінігін, көзқарасын көрсете алатын елеулі туындылар. Оның сыншылық көзқарасында жазушы не ақын шығармашылығын оның өзі өмір сүрген дәуірдің көкейкесті проблемаларымен, өнер адамына тән ерекшеліктерімен есептесе отырып талдау концепциясы бірінші орында тұрады. Ол Мағжан Жұмабаев шығармаларына осы тұрғыдан баға береді. Онда Мағжан туып-өскен ортаның қайшылықты шындығының акын өлеңдеріндегі көрінісі, революциялық дүмпулер кезіндегі ақындық ізденісінің әрқилы беталысы нанымды талданады. Сөйтіп, сыншы Мағжан ақынның табыстары мен қайшылығын дәл тауып көрсетеді. «Сұңқар жыры» Максим Горький шығармаларының қазақшаға аударылып басылуына арналған. Онда жазушының революциялық әдебиеттегі орнына зор баға беріледі. «Максим - көк теңіздің иісін жұтып, мастанып, жұртты кеңдікке, еркіндікке, нұрлы күнге, ерлікке, тартысқа шақырған. Өрттей лаулаған, толқындай тулаған төңкеріс ақыны : ол жабыларды жоқ екен демейді, ерді, сұңқарды мадақтайды. Сұр өмірді өмір екен демейді. Ерікті, көрікті өмірді көксейді. «Өлі жүрек, жылан жанды, жорғалаған, қыбырлаған адамдарды жаратпаған», - деп жазады. «Аударма туралы» мақаласында аударудың принципі туралы сөз қозғайды. Ол көркем әдебиетті аударғанға қарапайым адамға ұғымды ету мақсатын ғана көздемей, мәдениетті жұрттың үлгісін, сөз колданысын бар бояуымен, кестесімен бере білу қажеттігіне назар аударады. Олардың «Салыстыру пернесімен таныстыру», «Оқушыны тереңге айдап, қиялын байыту», «Сезімін ұстарту» керектігін көрсетеді.

Публицистің театр, музыка, өнер тарихына қатысты жазғандары да бірсыпыра. Оның соңында бірталай ғылыми мұра да қалды. Жүсіпбек халық ағарту комиссариатында, педагогикалық оқу орнындарында қызмет істей жүріп, жас ұрпақты жаңа рухта тәрбиелеуге, олардың ғылымның әр саласында жан-жақты білім алуын көздеген еңбектер, оқу құралдарын жазды. Ол аудармашы есебінде қазақ әдебиеті мен орыстың және дүниежүзілік классикалық әдебиеттің шығармашылық байланысын ұлғайтуға көп күш жұмсады. Сондай-ақ, кезінде бірқатар саяси, тарихи еңбектерді, оқулықтарды қазақшаға аударуға ат салысты.

Ж. Аймауытовтың жазықсыз жазаға тартылып, оның шығармаларын оқуға тиым салынған кездер келмеске кетті қазір. 60 жыл бойы оның еңбектері жоғалып, ұмытылып бітуге шақ қалып еді. Газет-журналдар бетіндегі өлең-жырлары да жыртылып тасталған болатын. Бірақ, ол көптеген басқа да арыстарымыз сияқты өз өмірімен, еңбегімен туған халқына киын кезеңде қызмет еткен, сол үшін жанын

95

құрбан еткен сүйікті азаматымыз, маңдайға біткен жарық жұлдыздарымыздың бірі. Иә, оның жұлдызы да қайта құрудың, тәуелсіздіктің арқасында қайта жанды. Өйткені, оның өзі де XX ғасырдың басындағы қайта құру, жаңару дәуірінің жаршысы болған еді. Сондықтан енді оған сөнбек жоқ.

1.14 «Айқаптың» айнасы болған (Мұхамеджан Сералин)Қазақ халқының XX ғасыр басындағы белгілі қоғам қайраткері, журналист

Мұхамеджан Сералин 1872 жылы бұрынғы Қостанай уезі, Шұбар болысының бесінші ауылында туған. М. Сералиннің журналисттік қызметі екі дәуірге, публицистік шығармалары екі топқа бөлінеді. Оның біріншісі – қазан төңкерісінен бұрынғы журналисттік қызметі, «Айқап» журналында басылған мақалалары; екіншісі – қазан төңкерісінен кейінгі кезеңдегі журналисттік қызметі, «Ұшқын», «Еңбекші қазақ», «Ауыл» газеттерінде басылған мақалалары. «Айқап» журналында М. Сералиннің ірілі – уақты қырықтан аса мақаласы басылған. Бұл мақалалардың көпшілігі сол заманғы қазақ халқының саяси – шаруашылық, мәдени халі мен болашағы туралы жазылған. Оның бір еңбегінде бірнеше мәселені сөз ететіні де, әртүрлі тақырыпқа жазылған, бірнеше мақаласының аттас болып келетіні де кездеседі. Сондай – ақ ол мақалаларының көбіне саралап, арнайы ат қоймайды, көбін күнделік хат сияқты етіп жазады.

М. Сералиннің «Қызмет иесі мырзаларға», «Қадырмен оқушыларға!», «Басқарушыдан», «Айқап», «Басқармадан» деген сияқты бірқатар мақалалары «Айқап» журналы туралы, оның мақсаты мен міндеттері туралы жазылған. Мәселен, ол өзінің жоғарыда аталған «Қызмет иесі мырзаларға» деген мақаласында : журнал шығарудағы мақсат, атақ шығару, білім сату емес, халыққа қызмет ету болды», - деп жазса, ал екінші бір «Құрметті оқушылар» атты мақаласында «Айқап» журналын жұрттың оқи бастағанына жыл толғанын, «Айқап» журналы жер мәселесі туралы жұрттың ойын қозғауға себеп болғанын, халық соты, әйел теңдігі, балаларды оқыту, сайлауға таласудың зиянды жағы тәрізді зәру мәселелерді жазуды қолға алып отырғандығын айтты.

«Айқап» және оның редакторы сол кезгі саяси - әлуметтік мәселенің ең бастысы – жер мәселесі екенін жақсы түсінген. Мұны олар бектік – феодалдық қалдықтарына қарсы күрес барысында батыл көтере білді.

1867 жылы 11 – шілдеде «Жетісу және Сырдария облыстарын басқару жөнінде уақытша ереже» шықты. 1868 жылы 21 – қазанда «Орынбор және Батыс Сібір генерал – губернаторларының қырлық облыстарын басқару туралы уақытша ереже «бекітілді. Барлық жер мемлекет меншігі, тек хан тұқымдарына патша «сыйлаған» жер ғана жекеменшік болып танылады. 1906 жылға дейін «Щербина экспедициясы» патшаға қазақ даласының ең шұрайлы жерлерін мәлімдеп отырды. 1870 – 1890 жылдары ұйғырлар мен дүнгендер көшіп келді. Осыған байланысты ұлт араздығы бұрынғыдан да күшейе түсті. Түтін, мал егін т.б. салықтар және тасымал саудасы бұрынғыдан да артты. 15 тиындық ұстара бір қойға, 6 – 7 сомдық самауырын 20 – 25 сомға дейін сатылды.

«Айқап» осындай тонаушылық саясатының барынша белең алған тұсында жарық көрді. Сондықтан да бұл мәселелерді кеңінен жазды. Отырықшылық

96

өмірге көшу, поселке, қала салу, егіншілікпен айналысу жөнінде пайдалы ұсыныстар жасап, кеңестер берді.

Журналдың 1911 жылғы екінші санында жарияланған «Қазақ халқының мұқтаждығы деген «бас мақалада әуелі қолға алатын мәселе жер мәселесі екеніне назар аударып, отырықшылыққа көшіп, егіншілікпен айналысу қажеттігін насихаттады.

«Айқаптың» 1912 жылғы 31 – санында патша өкіметінің басқару - әкімшілік істері жөніндегі отаршылдық саясатын сынаған бас мақала жариялады. Онда, 1867 – 1868 жылдардағы Ережелерді патша үкіметінің тек үстем тап өкілдері кеңесімен шығарғанын, комиссия мүшелері – болыс, билер өз пайдаларын ғана көздегені, оны тек марқұм Шоқан Уалиханов қана әшкерелеп, Дала генерал – губернаторына хат жазғаны, қазақ үшін сайлаған халық судьяларының пайдасыз екені мәлімдегені айтылды.

«Айқап» қазақ байларының озбырлығын, еңбекшілердің үстем тапқа, самодержавия наразылығын, ашу – ызасын білдіретін материалдар да жариялады. Мысалы, журналдың 1911 жылғы 4 – санында «Бөкей ордалықтары» деген корреспонденцияда : «Бұрынғы үй басына жүз десятина жер қазір үй басына жиырма десятинадан келеді. Жарлы болдық дейміз, енді біз жарлы болмағанда, кім жарлы болсын. Әлі біз бұлай отыра берсек, мұнан да жарлы болармыз», - деп жазылды.

М. Сералин патша отарлау саясатының түпкі мақсатын дәп тани біліп, оны жұртқа дұрыс түсіндіруде де білгірлік танытты. Мәселен оның мына пікіріне құлақ түрелік : «Соңғы он жыл ішінде үкімет... қырғыз – қазақтарды отырықшы қылып өнер үйретейін, өнерге алғызайын, салдырлап көшіп азап шеккенше отырықшы болып жан тыныштық қылсын деп емес, отырықшы болып 12 – 15 десятина жер алып, ала алмағандардың жерін кесіп алмақ «. Дәл бұлай батыл пікір айту тек Мұхамеджан тәрізді саналы, ержүрек жанның ғана қолынан келмек [80].

М. Сералиннің «Отырықшы болған қазақтар туралы» деген мақаласында : «Жаңа болыстық соттардың қазақы дау – жанжалдарды шешуге икемсіз болып отырғанын мысалдармен дәлелдеп, болыстық сот құны 300 сомнан артық мал дауын тексере алмайды. Қазақ арасындағы жесір дауларының құны көбіне 300 сомнан асып кететіндіктен дау – дамай қалай шешіледі?» деп жұртқа сұрақ қояды да, ол үшін «Қазақ әдеттері» деген кітап шығару қажет дегенді айтады [81]. Мақаланың екінші бөлімі отырықшы өмірдің артықшылығына арналған. «Түпкілікті қоныс болуға жарайтын жерлер шетке кетіп бітетұғын. Қазаққа қолайсыз жерлер қалатұғын. Түбінде мұндай жерде бытырап жүріп оңбаспыз», деп автор басына төнген қатерден қорықпай, халық қамқоры дәрежесінде сөйлейді.

Мұның бәрі сол кезең үшін саяси - әлуметтік мәні терең тың мәселелер болатын. Соны журналдың жете түсініп, дұрыс жаза білуі оның көріпкел редакторы М. Сералиннің тікелей басшылығының жемісі, сол ардагер азаматтың сілтеген жолы, сол замандағы қазақ баспасөзінің шын мәніндегі үлкен прогресшілдік табысы еді деуіміз керек.

Бұдан басқа «Айқап» мемлекеттік Думаларға, Дума сайлауларына байланысты мақалалар жариялады. Қазақтарға да сайлау құқығы берілуін,

97

Думаға қазақтан да депутаттар сайлануын, онда халқымыздың көкейкесті мәселелері қаралып, шешімін табуын талап етті. Осыған орай М. Сералин «Айқаптың» 1912 жылғы үшінші санында «Юбилей туралы» атты мақала жариялап, онда Романов тұқымдарының патшалық құрғандарына 300 толу мерекесіне қатысатын қазақ өкілдеріне мынадай тапсырма жүктеді :

1) Қазақтан Думаға депутат сайланатын болсын;2) Қазақ жеріне енді шеттен көшпенділер келтіру тоқтатылсын;3) Казак, орыс орналасқаннан қалған жер қазақ пайдасына берілсін;4) Мал шаруашылығын жаңаша өркендетуге орыс пен қатар қазақта да

учаска болсын; 5) Қазақстандағы қазынадан сатылатын жерлерді орыс пен қатар

қазақтың да сатып алуына рұқсат етілсін; 6) Дін туралы, мектеп, медресе ашу туралы, халық сотын өзгерту туралы

сұралсын. Осы барған мырзалар өздерінің Петерборды көріп қайтқанына мәз болмай,

азырақ халық пайдасы туралы оны – мұны ескеріп қайтса дұрыс болар еді. Кеңесіп,тиісті орындарға мұң – мұқтажымызды айтып, арыз ұсынса екен... Кезі келгенде мұқтажымызды сұрау өкімет алдында ешбір теріс болмас деп ойлаймын» [82].

Кеңес үкіметі тұсында «Айқап» журналын көтере мадақтауға жол бермей, оның редакторы М. Сералиннің атын да бірде айтқызып, бірде бүркемелеп келгендігі де біздің ойымызша оның осындай ашық пікірінен туған болуы керек. Мұхамеджан Сералин Қазан төңкерісінен кейін, 1919 – 1928 жылдары «Ұшқын», «Еңбекші қазақ» газеттерінде оқта – текте мақалалар жазып тұрған. Әрі 1923 – 1926 жылдары Қостанай облысының «Ауыл» газетінде редактор болған.

1.15 Қайраткердің қаламгерлігі (Сұлтанбек Қожанов)Қазақ баспасөзінің тарихын өз кезеңі үшін орны зор, мәні үлкен

ұлттық баспасөз органдары «Бірлік туы», «Ақ жол» газеттерінің редакторы болған, басқа да басылымдардың беттерінде ой – пікірлерін білдіріп отырған, қоғам тағдырына жіті үңіле білген ірі қайраткер Сұлтанбек Қожановтың еңбсктерінсіз, оның есімінсіз көзге елестету мүмкін емес.

С. Қожановтың «Жалаң ұрандардан іске көшу керек», «Кешіктірмей келісу керек», «Партия бастасын», «Тағы да атқамінерлер пайдаланып кететін болды», «Ұлт мәселесі — іс мәселесі», «Көп жұмылса іс бітеді», «Оқытушыларды ескеру керек», «Менің жауабым», «Тілмаш жайынан», «Бас пайдаңды көзде», «Съездер тақырыбы», «Жақындық па, жалақорлық па?», «Еңбек еткен алады», «Өзінен кеткендік», «Сайлау науқанында», «Егістік –шабындық жерді бөлу туралы» деген мақалалары және «Түркістан автономиясы қалай құрылды?» сияқты еңбектері түбегейлі зерттеуді қажет ететіні сөзсіз. Ол алдағы күннің міндеті десек, тап қазір кейінге қалдырмай мойындап, әділ бағасын беруге тиісті мәселеміз — Сұлтанбек Қожановтың халық қамын жеген зор қайраткерлік қызметімен қатар қазақ баспасөзінің негізін салып, алғаш туын тігіскендердің бірі болғандығы. Және алуан тақырыпқа қалам тартып, жас буын журналистерді баулуға, ұшан – теңіз еңбек сіңіргендігі.

98

1925 жылы «Ақ жол» газетінде (наурыздың басындағы 549 - нөмірі) «Жалаң ұрандардан іске көшу керек» деген проблемалық мақаласы жарық көрді. Онда зерделі қайраткер кадр мәселесіне, олардың кейбірінің іс-әрекетіне кең тоқталды. Ел ішін жайлап кеткен шылық пен былықты қатты сынады. Ол «Осы күнге дейін шаппай – ақ озып, білмей – ақ атаққа ілініп, сырын ұстатпай келген қазақ қызметкерлері, қазақ оқығандары белгілі болды... Қазақ арасында көп жерде тап күресі деп жүргеніміздің көбісі бақ таласы болып шықты, білгіштеріміздің бұрынғы сөзі мен соңғы сөзі басқа –басқа болып кетті», — деп жазды.

Қайран Қожанов – ай! Мына сөздері күні кеше партияның сойылын соққанда ешкімге дес бермей, өз халқының мүддесін сатып жіберуден шімірікпеген кейбір саясатшысымақтардың бүгінде тағы да алқалы топтың алдына шығып, «демократия», «партократтар сөйткен еді, өйткен еді», - деп шімірікпей көсемсіп жүргендер үшін айтылғандай-ау!..

Ал, мақала соңында қалам қайраткері «Орталық өзгерді. Ақмешітке көшіп, қалың қазақ арасына келдік. Шарт өзгерді, уақыт өтті. Жаңа қоныста жаңа істерге кірісейік» — деп жұртты еңбекке, берекелі бірлікке шақырды. «Кешіктірмей, келісу керек» деген мақаласында ұлт болу хақында түйінді пікірлер білдіреді : «Қазақ ұлт болу жолында, бірақ әлі ұлт болып өткен жоқ. Қазақ арасында тап ұйымдары нашар өсіп келе жатыр. Сондықтан қазақтың ұлтшылдығын ескермей бірден кеңес жұртшылығын төтелей орнатамын деу революция ісінің пайдасы емес». Сұлтанбек осы жерде ұлттың психологиясын бақылап, жаңа өмірге бейімдеуге асықпай аяқ басуды ескертеді. Жалпы, ол ұлт болып бірігуді армандаған, көлеңкелі тұстарда көрініп қалатын жікшілдікке жаны төзбеген, ірі тұлға болған адам.

Өнер, білім кім – кімді де өрге жетелейтіні анық. Жан – жақты білімді, өмір құбылыстарын зерделей білетін халық елдікке тез жетеді, бай тарих, мол дәстүрге ие болады. Саяси - әлеуметтік, экономикалық, мәдени жағынан тез көтеріледі. Осы мәселеге орай Сұлтанбек те «Оқытушыларды ескеру керек» атты мақала жазып, халыққа саяси қайраткерлер мен ел басшыларының көбіне оқытушылар қатарынан шығатындығын айтты. «Қазақ халқын, оның үкіметін оқытушыларды көбірек даярлап, қадірлеуге шақырды. Ресейде де мәдениет ошағы – мектептерге, ондағы мұғалімдерге ерекше қамқорлық жасалып, оларды партия қатарына тартып, айлығын көбейтіп, беделін арттырып жатқанын үлгі етті. Елді жаппай сауаттандырып, мәдениетін көтермейінше іргелі ел бола алмайтынымызды жазбай таныды. Хат танитын халқының саны 40 – тан 80 процентке дейін жететін Армения мен Грузияның оқытушыларға деген ерекше ықыласын мысал ретінде көлденең тартты [83].

Сондай – ақ, оқу – ағарту жұмысында жүріп жатқан түрлі кемшіліктер жайын да Сұлтанбек баспасөз бетінде жариялап тұрған. Мәселен, оның «Тағы да атқамінерлер пайдаланып кететін болды» деген өзекті мақаласында : «Жемі табылса атқамінерлер жей тұрудың қамында. Қазақтардың арасында оқу жұмысы орнықсыз, жұрт жалпы оқу талабында. Бірақ, көбінесе жолды атқамінерлер пайдаланып кететін болды. Әулиеата уезінде интернатты таусылмайтын жемі, олжа қылып жүргенін көріп едік» сияқты ескертпе

99

айтылып, халықтың қамын ойлағансып, солардың есебінен ішіп – жеген атқамінерлер қатты сыналады.

1924 жылдың соңына таман Түркістан республикасын ұлт ретімен қайта құру мәселесі қаралды. Осы проблемаға орай С. Қожанов «Ұлт шекарасын ашу һәм Қазақстан» атты мақала жазды. Онда Орта Азияны ұлт шекарасына қарай бөлу — ұлттар азаттығын жүзеге асырудың бір көрінісі, ұлттар арасын еркіндікпен жақындастырудың, достық пен қанаттастықтың алғышарты екенін дұрыс көрсетті [84].

Мұнан соң Сұлтанбек Қожанов қазақ халқының Түркістан республикасында алып келген орнын, оның дамуына қосып отырған үлесін аңғартты. Түркістаннан жиналатын түрлі салықтардың 43 процентін Сырдария мен Жетісуда тұратын 1 млн. 600 мыңнан астам қазақтың төлеп отырғанын атап айтты. Сонымен бірге Жетісу мал шаруашылығының кіндігі екендігін, Қарқаралы жәрмеңкесінің бүкіл Орта Азиядағы белгілі сауда орталығы екендігін дұрыс қөрсетті. Сондықтан «Қазақ ауданы — Орта Азиядағы енші алыста ақы иесі екеу болса, бірінші санға кіретін ең үлкені болуы керек. Олай болмағанда, ұлт шегін ажырату тура жолмен жүргізілмеген болады» деп ескертті [85].

С. Қожановтың небір жауапты қызметтерде жүріп, Ташкентте, Орынборда, Қызылордада, Алматыда қазақ, атынан сөйлеп, халқының болашағын ойлап, өз бағытынан таймаған өжет қайраткер болғаны оның осы өзіміз талқылап отырған журналистік мұрасынан-ақ айқын байқалады. Мәселен, Сұлтанбек Қожанов «Ұлт мәселесі — іс мәселесі» деген мақаласында ұлт мәселесін шешу мақтаныш үшін емес, береке, бірлік үшін қажет екендігін сөз етеді [86].

Жалпы, қай кезеңдерде «ауырдың үстімен, жеңілдің астымен» жүріп, күн кешетіндерді кім де болса онша ұната қоймайтындығы белгілі. Осы ретте айта кетеріміз Сұлтанбек Қожанов та өз қатарластарының ішінде тілмаштарға жаны төзбеген адам. «Тілмаш жайынан» атты мақаласында олардың бет – пердесін ашып береді. «Тілмаш туралы сөйлеу әдепкі кезде бірлі – жарым білемін дегендер үшін ғана саяси куәлік болып келсе де, осы күнде екінің бірінің аузында, жұртқа тегіс жайылған салт болып алды. Тілмәш деп мекемеде орысшадан қазақшаға аударып тұрған қызметші аталады. Шын мәнісінде ол орыс үстемдігінің құралы — саяси делдал. Тілмаштың бір айрықша сыры, өзінше істерлік, тіршілікке асарлық өнімді еңбегі жоқ. Өз бетімен тапқан тілден басқа, көңілге мүлік болған білімі жоқ, өз бетімен ойлап шығарған ой тиянағы жоқ, біреудің құлы, біреудің тілі, біреудің құралы» дей келіп тілмаштардың патша үкіметі дәуірінде туғандығын, қараңғы халықпен сөйлесудің бірден – бір құралы болғандығын, ал қазір олардың өздерін әжептәуір санап, «біз коммуниспіз» деп кеуде соғатындықтарына реніш білдіреді. Олардың халыққа берер ештеңесі жоқтығы, тіпті тексеріп қарағанда қылмыс жасап, пайда тауып жүргендігі айыпталады. Ел үстінен қарғаша шоқып, ірімшік жегендері батыл көрсетіледі [87].

Сұлтанбек Қожанов ел тіршілігінде маңызды орын алатын съездер мен сайлау науқандарына да ерекше көңіл бөліп отырған. Ол өзінің «Сьездер тақырыбына» деген саяси мақаласында : «Ертең Түркістан коммунистерінің II съезі болады. Артынша, аз күнде Түркістан республикасы кеңестерінің съезі болмақ. Сондықтан, әркім өзі қышыған жерін қасып, өз керегін іздеп, өз ойындағысын жарыққа шығарудың әрекетінде болса керек және әркімнің өз

100

бетінше түсінгенінің айыбы жоқ», — дейді. Яғни, әркімнің қай мәселеге де өз пікірі болуы мүмкін, тіпті саясаттың өзінде де тек былай деп түсініңіздер, өзгеше пайымдауға, басқаша ойлап, өзгеше пікір тудырута болмайды дейтін кешегі коммунистік тақырыпта тәртіптің келе жатқанын күні бұрын сезініп, алдын алып отырған сыңайы бар. Көрегендік, тереңдік, зерделілік деп осындай әрекеттерді атаса жарасар, сірә.

Сұлтанбектің саяси, проблемалық мақалаларымен қатар, ел тіршілігі, халық қамы тұрғысында жазылған «Еңбек еткен алады», «Егістік – шабындық жерді бөлу туралы», «Бас пайдаңды көзде» атты мақалалары ерекше маңызды [89].

Алғашқы мақаласында автор : «Көктем шығып, еңбекшілердің жұмысы басталады. Жұрт жабыла егін әрекетіне кірісіп жатыр. Олардың жылдық табысы осы маусымда шешілмек. Ақысын байларға беріп қоймай, не қарызданып қалмай тез жинап алса, бұл мәселе шешіледі. Еңбек жолын кеңейтіп, еңбекшілерге жеңілдік келтіріп, аспап - көлікті арзан бағамен беру. Тұқымды қарызға берсек, ел шаруасы күйленер еді. Бірақ осыны байлар мен ел үстінен күн көретін қулар пайдаланып кетпеуі керек. Осыны еңбекшілер ұмытпауы керек. Уақытты өткізіп алып, өкініп жүрмесін. Тәжірибе жеткілікті. Түсінетін уақыт жетті» деп жазса, ал екінші проблемалық материалында : «1. Бөліске түсетін жерлердің мөлшері шамаланып, ауданда жұмыс жүргізілсін. 2. Тиісті мекемелер күні бұрын бұл жұмысты жүргізуге лайықты іскерлер қамдауды ұмытпасын. 3 . Уезден бастап ауылға шейін партия ұялары, кеңес мекемелері, қосшы ұйымдары өкімет декретімен таныссын. 4. Партия, кеңес, қосшы мекемелері бас болып бұл жұмыспен ел кедейлерін таныстырып, өкімет заңын түсіндіру науқанын жүргізсін», — деп ұсыныс жасады.

Ал, «Бас пайдаңды көзде» деген үшінші мақаласында ол еңбекші-шаруаларға тиімділік жағын сөз етеді.

С.Қожанов бұдан басқа әдебиет тарихы, әдебиет тағдыры мәселелеріне араласып пікір таласына түсіп отырған. Мәселен, «Еңбекші қазақ» газетінің 1924 жылғы ақпан айының 19-күнгі санында «Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы» деген мақала жарияланады. Мақаланың басында «Сәкен жолдастың жазған лекциясының қысқаша қорытындысынан алынды», аяғында «ұзартып жазсақ, Сәкен жолдастың баяндамасында көп сөз болатын еді»... деп жазылды.

Сұлтанбек «Ақ жол» газетінің сол жылғы сәуір айының 3-күні шыққан нөмірінде «Жақындық па, жалақорлық па?» деген айтыс мақаласын жариялады. «Бұл қалай болғаны» деп таңырқады ол, — онда сөз Сәкендікі, хатшылық қылып жазушы мен, Төңкерісұлы» дегені не?

Тарих деген — адамдар да пік ір айтып, түсінігін жазуға болатын майдан. Сондықтан, мақала иесі Сәкен болса да тарихи оқиғалардың әрқайсысы өз орнына қойылуы қажет. Сәкен лекциясының «дәні ғана берілмей», сабағы да, түбірі де толық ашылуы керек деп мәселені бүйірінен қойды.

Мұнан соң «Тарихқа қарсы «тарихи» пікірлермен айтысқа түсті. Мақалада «бұдан» жүз жыл бұрынғы жылдарда қазақтар татарлармен қатынас жасай бастаған... Осы кезде сыртқа еліктеулі қазақ ақындары өздерінің сырттан аударған «Зарқұм», «Сал – сал» секілді қиссаларды бастырта бастаған» деген жолдар бар. Міне, Сұлтанбек бұл қиссалардың қазақ ұлт әдебиетіне жата қоймайтынын, олардың бізге аударма арқылы басқа елден келген назира шығарма екендігін ескертті.

101

Сондай – ақ мақалада орыс сөздерін енгізіп, әдебиетті шұбарлаған кезеңдерді қазақ әдебиеті дамуының бір дәуірі болды деген пікірге Сұлтанбек «қазақтың ұлт әдебиетінде орыс тілі кіріп кетті қылып, бір – екі қылжақбас тілмаштың өлеңін келтіріп, оны әдебиеттің бір дәуірі санауға бола ма? деп дау айтты. Әдебиеттің даму тарихын ғылыми негізде, аса жауапкершілікпен дәуірлеуге шақырды.

«Тіл түзету» мәселесіне Сұлтанбек «ұлт әдебиетін жасау, тіл түзеу 1905 жылдан ғана басталды десек, Алтынсарин, Абайлар орыс тілін таратқан жазушылар болғаны ма?» деп орынды наразылық тудырады. Мақалада тағы да «Абайды қазақ әдебиетінің ағасы деушілік қате» делінді. «Қазақ жазба әдебиетінің ағасы Абай болмаса, Ахмет болмаса, кім болады? Басқа бар болса, кім? әлде «Төңкерісұлы өзі оза алмаған соң жаласы ма?» деп ашына жазды. «Тіл құралдарын» жазып, қазақтың ұлт мектебіне негіз салып, ұлт әдебиетінің түпқазығын мықтап орнатуға еңбегімен себеп болған қазақ ұлт мәдениетінің тұңғыш қайраткері Байтұрсынұлы Ахмет емес пе дегенді айтты. Алашордашылар туралы күдікті күңкіл көбейген сол күндердің өзінде Сұлтанбектің Ахметтің қадірін қалай білгенін, еңбегін қалай бағалағанын осыдан – ақ сезуге болады [91].

Сәкен мен Сәбит : «ақындар орыс сөздерінен ұрлайды, солардың бірі — Мағжан» деген қиянатына Сұлтанбек мүлде төзбейді, «Әдебиет ұрлығы деп еліктеуді айта ма, жоқ Сәкеннің үзеңгі жолдасы Көлбайдың істегеніндей, біреудің өлеңін көшіріп, астына қол қойғанды айта ма? Еліктеу ұрлық болса, қазақ, ақындарының ұры емесі бар ма? деп Мағжанға ара түсіп, оның өнерпаздық ізденісін қолдайды.

Айтыстың соңында Сұлтанбек «Еңбекші қазақта» басылған бұл мақала да қазақ әдебиетіне, һәм әдебиетшілерге жақындық па, жалақорлық 'па деп сұрақ қойған.

Сұлтанбек Қожанов әркімді өзінше бағалай білген. Әсіресе, оның Ахмет Байтұрсыновтың 50 жылдық тойына басшылық еткенін, Мағжанның өлеңдер жинағын Ташкентте шығарғанын ерлік ретінде қабылдағанымыз жөн. Қожановтың сол — Мағжанның 1923 ЖЫЛЫ шыққан өлеңдер жинағына жазылған алғы сөзінде : «М. Жұмабайұлының өлеңдері қазақ әдебиетінде Абайдан кейінгі үлкен орын алатын екінші кітап... Қойшылар тілі саналып келген қазақ тілінің өнерге асатын бай, жатық, таза, өткір тіл екенін Мағжан өлеңдері көрсете алады... Марксизм дүние тануына ұқсамайтын жерлерін оқушылар көре салып үрікпей, көркемдік сыршылдық, суреттеу жағына көз салуы керек, тарих мәнісіне жете түсінуі керек». деп жазды.

Сұлтанбек Қожановтың публицистикасындағы ең көлемді орын алатын, тарихта өз ерекшелігі бар, қай кезде де өзінің өмірлік маңызын жоймайтын «Түркістан автономиясы қалай құрылды?» деген тезисі Кеңестік Түркістан Автоиомиясының он жылдығына жазылған.

Автор бұл еңбегінде «Қазан төңкерісіне жергілікті халықтан шыққан жұмысшылар да орыс пролетариатына қосылып, бірақ ұлттық жұмысшы табы ретіндс айқын мәнге ие бола алған жоқ, бұған саяси дайындығы да жетіңкіремеді. Міне, сондықтан да орыс пролетариаты мен жергілікті шаруалар арасында дәнекерлік рөл атқаруға икемсіз болды» деп орыс пролетариатымен жергілікті халықтың тіл табыспау себептеріне тоқталады.

Одан әрі мақалада ел ішіндегі, партия мен халық арасындағы түсінбеушіліктерге талдау беріледі. Және Түркістанның советтік автономия жариялауына дейінгі даму кезеңі төмендегідей екі түрлі себеппен айқындалганын көрсетеді :

102

1) түземдік халық арасында советтік жане партиялық тұрғыдан қоғамдасу біртіндеп туып, дамып жетілді;

2) партия мен совет үкіметінің жергілікті халық еңбекшілерінің саяси өмірін орталық партия комитетінің және орталық совет үкіметі органдарының директивалары негізінде ұйымдастырып, басқаруға күш салды.

Ұлт мәселесін елемеу 1917 жылы Ленин қол қойған : «Бұдан былай сіздердің әдет – ғұрыптарыңыз, ұлттық және мәдени мекемелеріңіз еріктілік жағдайында деп жарияланады. Өз өмірлеріңізге қожа, өз елдеріңізді қалаған жолмен құруларыңыз керек. Сіздер бұған праволысыздар, сіздердің тағдырларыңыз өз қолдарыңызда» деген шақыруынан кейін бәсеңсіп, нәтижесінде 1918 жылдың 30 сәуірінде «Түркістан өлкесі — Федеративті кеңес республикасы» болып жарияланды.

Тарихымызды таразылай отырып, осы тезисті оқи отырып С. Қожановты өз ұлты алдында, жалпы адамзат баласы алдында айрықша жеке бір қырынан көргендей боламыз.

1.16 Қазақ жастарының көсемі (Ғани Мұратбаев)Ғани Мұратбаев 1902 жылдың 3 – маусымында Қызылорда облысының

Қазалы ауданында, қазіргі өз атымен аталатын ауылда туған. Жоқшылықпен күн кешкен әкесі ерте қаза тауып, Ғани төрт жасында жетім қалады. Шешесі Батима көп ұзамай қалаға келіп Ғанибай деген көпестің үй қызметін атқарып, ұлы мен қызын асырайды. Кісі есігінің бар бейнеті мен азабын тартқан Батима балаларынан ғана жұбаныш табады, тек солар қор болмай, адам қатарына қосылса деп тілейді. Сол ниетпен ол бес жылдай байға да бәйбішеге де есепсіз еңбегін өткізіп, 1911 жылы тоғыздағы баласын қалалық 4 – кластық орыс мектебіне түсіреді. Бұл бала Ғанидың жаңа өмірінің басы еді.

Ғани шөлдеп келіп, мөлдір бұлаққа тап болғандай, кітаптан бас алмай оқып, көп ұзамай үздік шәкірттер қатарына қосылады. Мектебін мақтаумен бітіріп, дүние жүзілік бірінші соғыс тұсында қалалық мұғалімдер училищесіне түседі. Ащы мен тұщыны ерте ажыраттырған өмір, мектептен алған білім, астыртын тараған революциялық әдебиеттер елеңдетіп жүргенде, 1916 жылғы қазақ халқының азаттық көтерілісі бұрқ етеді. Осы көтерілісте келесі жылы патшаны тақтан құлатқан Ақпан төңкерісі де Ғанидың көзін ашып, саяси сезімін оятады. Оның үстіне Түркістан өлкесінің батысындағы Қазалыға Орталық Россиядан жер аударылған революционелердің бір тобы жиналған еді.

1906 жылдан Н. Шумилов, 1909 жылдан А. Першин сияқты белгілі большивиктер болып, жергілікті жұмысшылар арасында едәуір жұмыс тындырды. Прогресші, демократияшы мұғалімдермен, жас теміржолшылармен жақындасып жүрген Ғани, бұл тұста большивиктер ықпалында болып, митингілерге қатысып жүреді. Қазан төңкерісі кезінде Қазақстан мен Орта Азияның басқа аудандарына қарағанда Қазалыда, Ақмешітте революция бұрынырақ жетеді. Ғани бұл тұста Эр. Новицкий, И. Вишновский, Ф. Бакиров, Қ. Құятов сынды большевиктердің тапсырмаларын орындап, әлінше төңкерісті жақтап шығады. Осы кездерде жаңа нұсқаулар мен декреттерді түсіндіріп жүргенде, күтпеген бақытсыздыққа тап болады. 1918 жылғы ашаршылық пен жұқпалы аурулар алдымен шешесі Батима, оның күйігі басылар басылмастан

103

қарындасы Күлбаршын дүниеден кетеді. Ол тым қайғылы тым ауыр күйлерді басынан кешіреді, халық бақытсыздығының күнәкәрларына кегі күшейеді.

Ғани Мұратбаев өмірінің екінші кезеңі Ташкент қаласымен байланысты. Үгіт – насихат жұмысында көзге түскен жас 1918 жылдың ақырында оқуға аттанады. Сол жолы сапарлас болған комсомолдың бұрынғы қызметкері Ғ. Насурлин : «1918 жылдың аяқ кезінде мен Ғани Мұратбаевпен бірге Ташкент қаласына келдім. Сонда оқуға түстім кейін комсомол қатарына өттім» дейді.

1918 жылдың 30 қарашасында партия комитетінде устав қабылдап, басқарма сайлаған Ташкент жастары одағының алғашқы ұйымдастыру жиналысын өткізеді. Онда одақ басқармасының төрағасы боп Гаврилов сайланады. Көп өтпей партия ұйымының инициативасымен Ташкент еңбекші жастары социалистік одағының тілі ретінде «Жас еңбекші» («Юнный труженик») атты журналы шыға бастайды. М. С. Кочуринер оның редакторы болады.

1918 жылдың ақырында Түркістан республикасында 1950 адамды қамтыған жастардың 11 ұйымы болады. Көп ұлттық тағдырын тоғыстырған, өскелең мәдениеттің, тамаша революциялық дәстүрдің ордасы болған үлкен қала тумасынан талантты жігітті тез өсіреді.Ол, әсіресе, 1918 жылдан бастап, Ташкент ұйымы жұмысына араласады. Бұған белсене қатысқаны сонша, 1919 – 1920 жылдары істес болған, не көмегін көрген жастардың көпшілігі оны сол кездің ірі қызметкерлеріне теңеп, оқушы екенін білгенде сене бермеуші еді.

Қызмет бабында қазақ пен қырғыздың, орыс пен өзбектің, тәжік пен түркіменнің көптеген тамаша тағдырлы, озат ойлы адамдарымен кездеседі. В. Колчин, С. Сапарбеков, Ә.Ақбаев, Ш. Забиров, К. Акимов, Ж. Абдырахманов, Н. Фокин, Т. Жұмабаев, Ш. Жармухамедов, М. Төлепов, Е. Алдоңғаров, С. Есова, С. Нұрпейісов тағы басқаларымен бірге қызметтес, таныс болады.

1920 жылы көктемде Алматыдағы қысқа мерзімді оқытушылар дайындайтын курсқа кіріп, бірақ ел әдебиетін жинайтын комиссиямен бірге Қапал, Лепсі жаққа кетіп бітіре алмаған кейін, Ташкентте оқып жүріп, І. Жансүгіровпен бірге жастардың алғашқы газетін шығарысып, өлеңдерін жариялайды. Ол осы орайда сол кездегі жастар баспасөзінің бірі – «Жас қайрат» газетін шығаруға, жас журналисттерді тәрбиелеуге көп күш салды. Бұл туралы Ғанидың замандасы, қазақ әйелдерінің арасынан шыққан белгілі қайраткер Сара Есова : «Қандай бір тапсырма болмасын Ғани бізбен ақылдасып, оны қалай орындау жөнінде ақыл кеңес беріп отыратын. Бірде Ғани маған осы журналист болуға икемің бар баспасөз қызметіне ауыссаң қалай болар екен деді, шынында да мен ақылшы ағаның айтқан мамандығын тез меңгеріп кеттім. Әуелгі кезде газеттерде, кейін республикалық «Әйел теңдігі» журналында редактор болып қызмет істедім «, деп еске алады.

1921 жылдың шілде айында Ғани, Қазақстан комсомолының тұңғыш съезіне қатысады. Съез материалдарынан, С. Есованың «Жас қайратта» жазған есебінен, съез делегаты Әмір Ипмағамбетовтың айтуынша Ғани С. Доми, М. Төлепов, Е. Алдоңғаров сынды азаматтармен күш қосып көп істер тындырады. Осы Орынбор съезіненен кейін көп ұзамай тамыз айында Түркістен комсомолының үшінші съезі болады. Бұл съезде комсомолдың саяси көпшілік жұмысын күшейту жайын түбегейлі әңгімелеп, алға

104

жаңа міндеттер қойып өрлеу үстінде өткен Түркістан комсомолының бұл съезі Ғани Мұратбаевты орталық комитетке хатшы етіп сайлайды.

1920-1923 жылдары Ташкенте бір талай жерде панасыз жетім балалар үйі ашылады. Ғани сол жетім балалар арасына кезек-кезек жиі келіп, олардын арасында сөз сөйлеп, баяндамалар жасап, ұдайы әңгіме өткізіп тұрады. Еңбекші жастардың оқып, білім алып, жетілуіне Ғани Мұратбаев бар күшін салады. Ол бір жолдасына 1920 жылы жазған хатында : ғылымсыз-оқусыз еш нәрседе болмайды екен, биыл қаратабан кедей жастардан 500 баланы оқу орындарына орналастырсам деп жүрмін, - дейді. Өзінің еңбекші жастарды тәрбиелеуге, олардын білім алуына барынша көмектескісі келетінін айтып, мұны алдағы мақсаты етіп қояды.

Ғани : Балалар оқуы керек, совет дұшпандарын оқығанда ғана біржолата жеңеміз, жастар біздің жұртшылығымыздың болашағы, келешектің қожасы. Алдымызда асқар таудай келер қиын-қиын істер бар, оған біз даяр болуымыз керек, - деп жастарды білім алуға үгіттейді. 1921 жылы Ғани Мұратбаев жастарды тәрбиелеу, олардың арасында саяси жұмыстар жүргізу үшін Ташкенте тұңғыш жастар газетің ұйымдастыруға кірісті, сол жөнінде тиісті партия одақтарының алдына мәселе қойып, ақыры газет шығару жөнінде рұқсат алып, дегеніне жетеді. Ол газет «Жас алаш» деген атпен шығады. Заманға қожа болудың, тұрмысқа тұтқа болудың кілті бірігіп ұйымдасуда; ұйымдасыңдар езілген күншығыс жастары, большевиктер туы астында – деп Ғани Орта Азия және Қазақстан жастарын болашақ үшін күреске шақырды. Бұл газеттің алғашқы ұйымдастыру инициативасын алған да, редакторы да Мұратбаевтың өзі болды. Бұл газет Түркістан республикасы жастарының сол кезде Түркістанның құрамында болған Жетісу мен Сырдария облыстары жастарының арасында ғана емес, Қазақ АССР – нің жастары арасында да көптеп тарап тұрды.

Сол кезде 1921 жылы жастар газетінің екінші нөмерінде Ғ. Мұратбаевтың Жетісу жастары туралы мақаласы басылады. Онда, отаршылдардың, байлардың талай әйелдерді күң қылып, отын алдырып, тезек тергізіп, мал баққызғаны да анық : қолдан келгенше халықтың арасына кіріп, жастар ұйымдарын ашып, байлардың есігінде жүрген қазақ, қырғыз әйел жастарын жинап, оларды оқу орындарына кіргізу керек, жаздыкүні Жетісуға барып осы айтылған жұмыстарды істеуіміз керек, еңбекші халықтың бізді оқытып күткен үмітін ақтамай қалғанымыз жарамсыз болар, - деп жастардың алдына нақты мәселе қойып, міндетін түсіндіреді.

Ғ. Мұратбаев өкіметтің әйел теңдігі туралы нұсқауларын жүзеге асыру ісіне көп көңіл бөледі. Сол кезеңде артта қалған, қараңғы қазақ қыз – келіншектерінің бақытын көксеп, әйелдер мәселесіне үнемі назар аударып отырады. Қыз – келіншектер қызметке кіріп, оқуға орналаса бастаған алғашқы кезде Ғ.Мұратбаев : міне, қазір бірінші келген қарлығаштарды көріп отырмыз, біз он жылдан кейің қыз-келіншектер ісі нығайып, оның көркейгенің көрсек, шығыс әйелдерінің байлаудан босанып, елмен бірдей үлгі жолда болғанын да көреміз, - деп қуанады.

Қазан төңкерісіне байланысты, газетке «Жетісу мәселесі «деген саясат тақырыбына арналған бет ашады. Бұған Ғанидің нұсқалы мақаласы жарық

105

көреді. Жетісуға арналған мақаласында жолшылар қозғалысына қуанып жастарға демесін беріп, көңілі көтеріліп жазады. «Жетісу мәселесі» шешілсе, қазақ-қырғыз енбекшілерінің тағдыры шешілмек дейді Ғани.

Ғани сол кездері «Ақ жол» газетіне де араласып, жастар жайындағы мақаласы басылып тұрды. 1922 жылдың көктемгі санында Ғанидің «Ақ жол» газетінде «Зиялы» деген мақаласы шығады.

«Еңбекші қазақ» газетінің 276 санында 1925 жылдың 12 – қаңтарында «Артық етем деп, тыртық ету «жараспайды» деген бір топ жолдастарымен жазған мақаласы жарық көреді. Ол «Ақ жол» газетінің бір санында жастар туралы бас мақалада, жастардың міндеті жаңылыс түсіндірілгеніне қарсы сын мақала еді.

Ғани Мұратбаев 1925 жылы, 15 – сәуір күні Мосва қаласында, 23 жасында өкпе ауруынан қайтыс болады.

1.17 Алты алаштың ардақтысы (Мұстафа Шоқай)Тағдыр тәлкегіне ұшырап ел арасында мемлекет тарапынан өзіндік орын

ала алмай жүрген жандар : билер, батырлар, қайраткерлер төл тарихнамада баршылық. Солардың бірі – тек қазақ қана емес, бүкіл түркі халықтарының ортақ қайраткері, саясаткер, публицист, журналист Мұстафа Шоқай. Оның төл тарихнамадан өзіндік орын ала алмай, көп қағажу көруіне бірден – бір басты себеп М. Шоқаевтың кеңес өкіметі орнағаннан кейін басқа «Алашорда» қайраткерлеріндей Қазақстанда қалып қоймай, шетелге кетіп қалуы, сонда жүріп кеңестік сұрқия саясатқа қарсы күресін тоқтатпауы. Әсіресе бұрынғы кеңес одағы тарихшыларының көбі оны кеңес – герман соғысы кезінде фашизммен одақтасып кетті деп жазғырады. Мұндай пікірдің тууына бірлі жарым іліктер де жоқ емес. Егер М. Шоқаевтың өмірбаяны,еңбектері толық зерттенсе мұндайды айтып жүрген адамдардың аузына құм құйылуы да ғажап емес. Оның архиві тек Парижде ғана сақталғандықтан, еңбектерінің басым көпшілігі туған топырағына жетпегендіктен, оны алғызып, зерттеуге ешкім білек сыбанып кіріспегендіктен бұл іс ілгерілмей отыр.

Қазіргі күнде біз Мұстафаның екі еңбегімен таныспыз. Оның бірі «Советтер қол астындағы Түркістан. Пролетариат диктатурасына сипаттама» деген кітабы. Ол 1928 жылы француз тілінде, ал 1935 жылы толықтырылып орыс тілінде Парижде жарық көреді. Кітап 1935 жылы Оксфордта қайта басылуы арқылы қазақстандықтардың қолына тиді.

М. Шоқаевтың бұл шағын еңбегінің үлкен халықаралық маңызы болғанын ерекше атап өтуіміз керек. Онда Кеңес дәуіріндегі Қазақстан мен Орта Азия халықтарының саяси, экономикалық, мәдени өмірі объективті түрде сыни тұрғыдан айқын сипаттайды және Кеңес баспасөзі материалдарына сүйене отырып айтылады. Сондықтан да Түркістандағы кеңес үкіметінің отаршылық, шовинистік, тоталитарлық сипаты, пролетариат диктатурасының мұнда халықтар жүрегінен орын таппағаны ап – анық, үлкен шеберлікпен, отты тілмен дәлелденген. Кітаптың шетелдерде таралуы да осыдан. Ондағы ғалымдар да, эмигранттар да М. Шоқаевты нағыз демократ, адал публицист деп таныды.

Советтік басқыншылардың Тифилис қаласына кіруіне байланысты 1921 жылдың ақпан айында Мұстафа кемемен Түркияға өтеді. Түркияда көп аялдамай

106

Францияға сапар шегеді. 1929 жылдың желтоқсан айында Парижде тұрып, Германия астанасы Берлиннен әйгілі «Жас Түркістан» журналын шығара бастайды. Ай сайын үздіксіз түрде 1939 жылдың тамыз айына дейін 117 саны шыққан сол журналда Мұстафаның қыруар тақырыпта жазылған, әлі де құндылығын жоймаған көптеген мақалалары басылды [94]. Ол оны өз атымен, басқа да бүркеншік аттармен шығарды. Сонымен қатар Францияның «Ориент ит оккидентт», Англяның «Ақиатис ревиев», Польшаның «Восход» журналында, сондай – ақ Парижде шығатын «Лараввиде Прометкес» журналында да көп еңбектері жарияланды.

Мұстафа сонымен қатар кейбір шетелдіктердің Түркістан жөнінде жазған кітаптарына да көмектескен. Ол тек мақалалар жазумен ғана шектелмей, 1928 жылы Парижде «Шезлес совиете онд Азия Сентранс» деген кітапты французша, 1935 жылы «Түркістан советтік әкімшілік астында», «1937 жылы, 1917 жылы естеліктерінен үзінділер» деген кітаптарды шығарды. Ол тек кітап, мақалалар жазумен қалмай, туған халқының ұлттық тәуелсіздігінің жолындағы күресті басқа да тәсілдермен жүргізудің шарасын қарастырды [95].

Мәселен, халықаралық конференцияларға қатысу, тым болмағанда сол форумдарға хаттар жіберу, қатыса алса өзі сөйлеп, соларда ол жеке Түркістан халқының ғана емес, бүкіл түрік тұқымды барлық халықтардың дауын даулап, жоғын жоқтады,мүддесін қорғады. Ол хаттар жіберумен де шектелмеген. Париж, Варшава, Берлин қалаларындағы түрлі жиналыстарында орыс пен қытай қол астындағы Батыс пен Шығыс Түркістан туралы лекциялар оқиды.

Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін кеңестік режим туралы шет елдерде шыққан еңбектердің арасында М. Шоқаевтың бұл кітаптың шоқтығы биік тұр. Кеңес басшыларының өзі қарсы дәлел таппағанынан кейін Мұстафаны өзіне ата жау деп таныды. Өйткені ол пролетариат диктатурасының шын мәнін ашып берді. Ол Сталиннің де аузынан түскен жоқ. Кеңес идеологтары ашық жала жабудан басқа амал таппаса керек. Осыған байланысты М. Шоқаев 1941 жылы : «Туған жерімдегі халқымның рухани ахуалы туралы жазғандарым дұрыс па, бұрыс па, соны да білгім келді. Мен қазір солардан алыстамын. Айтып отырған жорамалдарымды да советтік баспада жарияланған материалдарға сүйеніп айтып отырмын. Менің журналымның ол жерлерге де ұласқанын, ол жердегілердің маған тіс қайрап отырғанын да білемін. Тістерін қайрағандарына қарағанда жанды жерлеріне тиіп кеткен болса керек» [96], – деп жазды.

М. Шоқаев сондай – ақ, 1917 жылы Ташкентте жарияланған «Ұлұғ Түркістан» газетінің басты авторларының бірі [97]. Ал, 1918 жылы басылған орыс тіліндегі «Сбоводный Туркестан» газеті де Мұстафа жинаған қаржымен жарияланған.

Мұстафа халықтың тіршілігіне әмбеге әйгіленетін журнал – газет ұйымдастыруға, шығаруға қатысады. Ол Мәскеу, Ташкент, Алматы, Орынборда басылатын большевиктік газет – журналдардан алынған нақты мысалдар мен деректер Парижде, Берлинде, Лондон, Варшавада жарияланып жатты. Әйткенмен оның жолы өзінің төл перзенттері Стамбулда шыққан. «Жаңа Түркістан», Берлинде шыққан «Жас Түркістан», басқа қалаларда шығып жатқан газеттерді тоқтатпаған. Орыс императорылық қоғамының «Азиатское ревью» хабаршыларының жарияланымдарына белсене жәрдем жасайды. Сөйтіп, ол Батыс елдерінде ғана емес, сонымен қатар Түркия, Қытай, Америкада жүрген эмигранттардың айтулы

107

көсеміне айналды. «Ойы мен ісіндегі табан тірер тұғырының беріктігі мен бекемдігі мосқал тарта қоймаған жастығына қарамастан, оны қалың елдің батагөйі дәрежесіне дейін көтерді», - деп жазды Тахир Шағатай.

Мұстафаның ең маңызды майданы - тіпті қас дұшпандардың бойында өзіне деген құрметтеушілік, тіпті кей кезде іштартушылық сезімін туғызатын асқақ абзалдың қасиетінен байқалады [98].

1918 жылы Қоқан автономиясы советтік қызыл қосындар жағынан қару күшімен құлатылғанынан кейін Мұстафаға жан сауғалап қашуға тура келді. 1919 жылы Қашқарияға барады. Сол кездегі тәуелсіз Грузияның астанасы Тифлис қаласында тұрып, туған елінің ұлттық тәуелсіздігі үшін күресін жалғастырады. Баспасөзге де, өз айтуы бойынша да, Біртұтас Түркістан Республикалары туралы да көптеген мақалалар жазды. Оның сол мақалалары «Вольное горцы» апталығында және түркістандықтар мен украиндықтар бірлесе отырып шығарған «На рубеже» атты журналда басылған. Сол мақалаларды өз атымен және М. Жаной, Жәлил деген бүркеншік аттармен де жариялаған [99].

Ал 1920 жылы Солтүстік Қапқазияның ұлттық ұйымы мен Түркістан ұлттық орталығы бірлесе отырып онда «Жаңа дүние» деген газет шығарады. Мұнда сонымен қатар М. Шоқаевтың редакторлығымен «Шафақ» - «Таңсәрі» атты екінші бір басылым да жарық көреді. Бұл газеттерде жеке Түркістан мен қапқазия мәселелері ғана емес, сол кездегі жан – жақты жасалған шетелдік басқыншылардың шабуылына қарсы күресуші Түркиядағы Мұстафа Кемел жетекшілік еткен «Хуртудуш – кутылу соғысына» да тілектестік білдіріп тұрған – ды.

Мұстафа Түркістан мәселесін түрлі төңіректердің әрқилы мақсатпен «Батыс Түркістан», «Шығыс Түркістан» немесе «Орыс Түркістаны «, «Қытай Түркістаны» деп бөле қарауына да қосылмады. Ол сонау отызыншы жылдарға қарбалас кезеңде Қытай қол астындағы Шығыс Түркістан мәселесімен де ұдайы шұғылданды. 1930 жылы Шығыс Түркістанда болған көтеріліске байланысты «Жас Түркістанда» құндылығын әлі жоймаған көптеген мақала, еңбектер жариялады.

Ол өзінің Түркістан жастары алдында сөйлеген сөзінде : «Түркістан үшін өлу, Түркістан үшін жан беру – бәрімізге бір мақсат. Түрік халқы – батыр халық. Түрік халқы – арыстан, ер халық.

Кімнен таяқ жегендейБіздің түрік баласыАдырап жүрген дұшпанғаАузының аласы.

– Бұл нақыл сөзді ұмытпауымыз керек», - деп үндеу тастады.Қазақстанда ұжымдастыру және аштық туралы «Кеңестер билеген

Түркістан» атты еңбегінде Мұстафа Кеңес өкіметінің Қазақстанда жүргізіп отырған саясатын былай деп көрсетеді : «өкімет өкілдері өздерінің орыстарын қорғауды, оларды жақсылап тамақтандыруды, жақсы киіндіруді, өз үйлерін бөтен біреудің жібек матасымен және басқа да қымбат бұйымдар мен безендіруді ғана біледі. Ал біздерге, мұсылмандарға не істеді? Тамақтандырды

108

ма? Жоқ. Егер киіндірсе кедейлер жалаң аяқ жүрер ме еді. Егер тамақтандырса мыңдап, он мыңдап аштан өлмес те еді» [100].

«Қазақ кедейлерінің қасіреті мен Совет үкіметі арамқылығын түсіну үшін,- деп жазды. Мұстафа,- патшалық құрылыс қазақ халқынан орыс қоныстарына 40 мың тақтадай шұрайлы жер тартып алғанын, ал Кеңес үкіметіндегі ұлт – азаттық төңкеріс артынан «әлеуметтік төңкерісшіл пролетариат атынан» құлдыраған құрылыстың жер жөніндегі әділетсіздігі түзетіледі, қайтарылады, бұдан былай қарай қазақ жерлеріне қоныс аударушылар жіберілмейді» деп уағда берген болу керек», - деп ашық айтады.

Ал, М. Шоқаевтың шетелдердегі ізбасарлары туралы сөз қозғасақ алдымен доктор Әбдулақап Оқтайдың атын атамай өту мүмкін емес. Екеуі де Мұстафаның нұсқауымен Берлинде «Жас Түркістан «журналын шығарып тұрды. Мұстафа қайтыс болғаннан кейін «Жас Түркістан «басылымдары атымен Түркияда 22 кітап шығарды.

1.18 Елім деп өткен бір бейне (Смағұл Садуақасов)Тарихта аты қалған,еліне еңбегі сіңген елеулі, көрнекті қайраткер Смағұл

Садуақасов 1900 жылы дүниеге келіп, 1933 жылы қайтыс болады, осы аз ғана ғұмырының өзінде ол артына көптеген өшпес мұра қалдырып, қоғамның саяси қайраткері, журналист ретінде көптеген игі істер атқарады. Бір өкініштісі,ұзақ жылдар бойына С.Садуақасов «алашордашыл»,»ұлтшыл»деп қараланып,оған тарихтан лайықты бағасы берілмей келді, кейінгі жас ұрпақ оның қызметін, кім екендігін білмей келді десе де болады.

Смағұлдың мемлекеттік және қоғамдық қызметі туралы кеңес дәуіріндегі көзқараспен біржақты баға берілуінің салдарынан,оның әдеби мұралары да жан-жақты, жөнді зерттелмеді. Сөйтіп,тотаритарлық жүйе саясатының әсерімнен оның қазақ жастарының тұңғыш ұйымы «Бірлік» пен оның бағытын жалғастырған «Жас азаматтағы», «Алашорданың» облыстық комитетін құрудағы еңбектері көлеңкеде қалып келді,оның үстіне Сібір төңкеріс комитетіндегі (1920), Кеңестік Күншығыс ұлттары жастарының орталық бюросындағы (1920), Қазақ Автономиялы Республикасының Жастар Одағындағы (1920), Қазақ ОАК-індегі (1920—1921), Бүкілресейлік ОАК-індегі /1920-1921/, Семей губерниялық төңкеріс комитетіндегі (1921), Қазақ ОАК-нің Түркістан Автономиялы республикасындағы өкілдігіндегі (1921), Қазақ Автономиялы Республикасы жоспарлау комиссиясындағы (1923-1924), Халық ағарту комиссариатындағы (1925-1927) жауапты да жетекші қызметтері де дұрыс бағаланбай келді.

Ол жайлы ғылыми, әдеби еңбектер де жоқтың қасы. А. Байтұрсынұлы, Т. Шонайұлы, Б. Кенжебайұлылар С. Садуақасовты сыншы,жазушы, публицист ретіндегі еңбектерін шығарма-мақалаларында жоғары бағалап жатса, Ғ. Тоғжанов, С. Мұқанов, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Ә. Тәжібаев, т.б. еңбектерінде ол өлгеннен кейін,тіпті көзі тірісінде-ақ «ұлтшыл-байшыл әдебиетші» деп сынайды.

С. Садуақасов жайлы қайта құру кезеңінде ғана ашық айтылып,оның қызметі мен еңбектерінің әділ бағасы беріле бастады.Осы орайда баспасөз

109

бетінде Б. Қойшыбаевтың «Қайраткер Садуақасов», «Тұңғыштар тұғырынан орын алған», М.Қойгелдиевтің «Сәдуақастың Смағұлы» секілді басқа да көптеген мақалалары мен зерттеу еңбектері жарық көрді. С. Садуақасов туралы көп деректер жинап, жете зерттеп,осы атпен кітап шығарған Д. Қамзабекұлының да еңбегі зор.

С. Садуақасовтың журналист, сыншы, редактор (бірнеше газеттің редакторы болған) ретінде көптеген әдеби-жазба мұралар қалғаны белгілі, бірақ олары әлі түгел жинақталып біткен жоқ. Негізінен оның шығармаларының басылған хронологиялық уақыты 1918-1928 жылдар аралығы деп есептейді. Өйткені, қолымызда оның осы жылдар көлемінде жазылған мақалалары ғана сақталған. Бұған қарап,бұл жылдарға дейін,немесе кейін С.Садуақасов түк жазбады деген ой түюге болмайды.Себебі,ол 1916 жылдан-ақ өзінің азаматтық пайым, эстетикалық түсінігін қалыптастырып алғашқы шығармаларын «Балапанда» ұштап жаза бастаған. Сол сияқты Мәскеуде болған 1928-1932 жылдары да Смағұлдың түк жазбай қоюы мүмкін емес.

Сонымен оның шығармашылық жолына зер салып қарап өтелік. 1916 жылы ол Омбы ауыл шаруашылық училищесіне оқуға түседі. Осы жылдан бастап ол көкейіндегісін қағазға түсіріп,жазу-сызумен әуестене бастайды. Жоғарыда айтып өткеніміздей оның қаламын ұштаған Омбыдағы қазақ жастары құрған «Бірлік» мәдени-ағарту ұйымының «Балапан» журналы болатын.

С. Садуақасов кейін «Жастарға жаңа жол» мақаласында ұйымның мақсаты «қазақ халқын мәдени Һәм әдеби жағынан ілгері жылжытып қатардағы жұрттарға қосу, ұлтшылдық сезімін туғызу Һәм ұлтшылдықты сақтау», – деп жазады. Ал бірде-бір нөмірі қолда сақталмаған журнал бетінде жас алаштардың көркем шығармалары басылып тұрғанын айтады.

Ал 1918 жылы «Бірлік» ұйымының мүшелері бағытынан жаңылып,дағдарысқа ұшырғанда С. Садуақасов, Қ. Кемеңгеров сияқты өрімтал жастар көптеген қазақ жастарының басын қосып «Жас азамат» ұйымын құрады. Ұйымның «алтын идеалы,әулие – мақсұты, негізгі жолы ұлт бостандығы, ұлт теңдігі» деп береді. Сұмағұл сондай-ақ «Жас азамат»газетіне де мақалалар жариялап тұрады. 1919 жылы Омбыдағы «Илитросибирь» кооперативтер бірлестігі одағында нұсқаушы болып жұмыс істей жүріп, осы ұйымның органы саналатын «Трудовая Сибирь» журналына орыс тілінде мақала, зерттеулер жазды.1920 жылы Сібір РКСМ-ы бюросының қазақ-татар секциясына жұмысқа алынып, қазақ тілінде Омбы қаласында шығатын «Еңбекші жастар» газетінде редакторлық етеді. Сол 1920 жылы Омбыда шығатын «Кедей сөзі» газетінің жауапты шығарушысы болады.Қазақ Автономиясын жариялаған жалпы қазақ кеңестерінің 1 сьезі (1920, қазанның 11-12) күндері «Ұшқын» газетінің ғылым және шаруашылық бөлімін басқарады. «Ұшқын» сьезден кейін «Еңбекші қазақ»деген атпен шыға бастағанда жауапты шығарушысы болады. Қазақ Автономиялы Республикасы құрылысымен мемлекеттік саяси баспа жанынан құрылған саяси және көркем әдебиеттерді сұрыптайтын комиссияға А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, Х. Болғанбаев, Ж. Аймауытов сынды

110

азаматтармен бірге С. Садуақасұлы да кіреді. 1922 жылы жастардың «Өртең газетін шығаруға белсене араласады.

1923 жылы «Жас қазақ» журналының шығарушылар алқасының құрамына енеді де, 1924-1925 жылдары «Қызыл Қазақстан» журналының жауапты шығарушысы болады. 1925 – 1926 жылдары «Еңбекші қазақ» газетіне редакторлық етеді.

Байқап отырғанымыздай С. Садуақасовтың баспасөз тарихындағы алатын орны ерекше.Ол тіпті бірнеше қызметтерді қатар да атқара білген. Журналистік қызметінің өзі сан алуан. Мәселен,үкімет 1925 жылдың 15-19 сәуір аралығындағы сьезде «Еңбекші қазақ» газеті мен «Қызыл Қазақстан» журналының редакторы Смағұлға театр құру ісімен айналысуды да тапсырды. Сондықтан оның шығармашылығында театр,оның жай-күйі, жаңа спектакльдер жайлы да сындар, мақалалар мол кездеседі.

Өткір ашық мәселелерді жазуына байланысты С. Садуақасовтың қоғамдық қызметтерінде де тұрақтылық болмаған.Осыған орай, 1927 жылы ол халық ағарту комиссары қызметінен «қызыл тілінің» арқасында түсіп қалып, Ташкенттегі қазақ педагогикалық институттына ректор болып орналасады. Бірақ 1928 жылғы «О национальностях и националах» - деген мақаласынан кейін бұл қызметтен де шығып қалады.

Ақыры саяси қуғын-сүргіннен бас сауғалап Москваға барады да, сондағы теміржол құрылысы институттына түсіп оқиды. С. Садуақасовтың мақалалары-саясат, шаруашылық, ел ісі, мәдениет, әдебиет, өнер, тарих секілді түрлі тақырыптарды қамтыды. Көркем әңгімелері де басылып тұрды. Сол жылдары оның «Кооперация және қазақ шаруасы», «Салмақбайдың ауылында қалайша кооперация ашылды?» /Көркем туынды/, «Ұлт театры туралы», «Қазақстандағы халық ағарту мәселелері» атты үлкенді-кішілі кітаптары жарық көрді. Сонымен бірге ол «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» жырының орысша нұсқасына және қазақтың талантты жазушыларының (Жүсіпбек, Мұхтар, Бейімбет) орыс тіліне аударылған бір топ шығармаларына алғы сөз жазып, бастыртты. Сондай-ақ саясаттан Республикадан қуылып Москваны паналаған жылдары ғасыр басындағы қазақ халін, 1916 жылғы оқиғаны, төңкерістің алды-артындағы жағдайды арқау еткен романын жазды. Өкінішке орай ол романның қол жазбасы бар болғанымен түгел емес.

Оның экономика, ауыл шаруашылығының білгір маманы болғандығын айғақтайтын еңбектері де баршылық. Кооперация жайындағы көлемді еңбектерімен қоса 1920 жылы «Жұмыскер қара халықтарының ұйым дүкендерінің Ережесі» атты көлемді құжат жазғаны әлі де көпке белгісіз. 1926 жылы қазақ жерін аудандандыру ісін басқаруды өкімет Садуақасовқа маман ретінде арнайы тапсырғандығы белгілі, сол жылдары жазған «Основные проблемы,возникновение при районировании Киргизии», «Итоги проделанной работы о областной земельной политики», «Орта Азия өміріндегі жаңа дәуір» және т.б. еңбектері Смағұлдың маман экономист екендігін айғақтайды.

Қаламы ұшқыр Смағұл өмірінде де зерделі, парасаттылығымен бірге, қайырымды да бола білген. Сол кездегі әлеуметтік қайшылықтар ат төбеліндей интеллигенцияны ырық етіп,бір-бірімен қырқыстырып қойды. Сондықтан да

111

Садуақасовтан басқа бағытта,басқа арнада болған кейбір белгілі ақын-жазушылардың шығармаларында ол қараланып көрсетілді. Мысалы, С. Сейфуллин «Тар жол, тайғақ кешуінде» С. Садуақасовтың еңбектерін мүлдем ескермей, елеусіз етіп қараса, С. Мұқанов «Өмір мектебі» кітабында ол жайлы көп мәліметтер келтірген. Мүмкін қалам ықпалы болар,Сабит Смағұл жайында «Бөкейханов құйыршығы» деген сияқты сөздер айтады. Сондай-ақ оның өзіне жұмыс бермей қудалағанын жазады. «Еңбекші қазақ» газетіне тілші боп келген мені Сәдуақасов шақырып алды да : «Сен мені жақсы білесің»-деді, есіңде болсын,бұл газетке мен редактор болып тұрғанда сенің ешбір шығармаң басылмайды».

С. Мұқановқа саясат жөнінен қырын қарағанымен С. Садуақасов шын мәнінде дарынды, жас тілшілерді газетіне қызметке тартып, облыстардан шақырып алып жағдай жасап отырады. Мысалы,1925 жылы Қостанайдағы «Ауыл» газетінің редакторы Б. Майлинді Орынборға «Еңбекші қазақ» газетіне шақырып алып,өзіне орынбасарлыққа тағайындайды «...оған С. Садуақасұлы көңілін көбірек бөліп,газетке өлең, фельетон, әңгімелерін тоғыта басып отырды. Онымен де қанағаттанбай, Бейімбетке өлеңдер жинағын жасатты да,өзі оған кіріспе сөз жазып, Ақмешіт баспаханасында тез бастыру үшін әдейі жіберді. Бұған дейін Бейімбеттің ешбір шығармасы кітап болып басылған жоқ-та»деп жазады С. Мұқанов.

«Өмір мектебінде» осылай қараланып жазылса да,шын мәнінде С. Садуақасовтың сол кезде-ақ ел арасында беделі күшті болғанын байқаймыз,оның жолын қолдаушылар да көп болды,оларға «Сәдуақасовшылар» деген айдар тағылды.

Жоғарыда аталған С. Мұқановтың кітабында С. Садуақасов Голощекин жолдасқа жағынып,оң қолы болды.Өзінің партиялас ауыз жаласқан досы Ғ. Тоғжановты ұстап берді деген пікір бар. Мұның да негізсіз екені айқын : Өйткені Смағұл «саяси қылмыскер саналып Москваға кеткенен кейін 1929 жылы Ярославский дегенге хат жазып Смағұлды «партиялық жазасын өтеу үшін Алматыға жіберуді сұрайды», бірақ бұл жолы Садуақасов оның «құрығынан» құтылып кетеді. Смағұлдың кездейсоқ қазаға ұшырауында да қастандық жатқан жоқ па деген сұрақ туады.

Әдеби - сын еңбектері : Оның бізге белгілі алғашқы еңбегі 1919 жылы «Трудовая Сибирь» журналының 1-санында жарияланды.Зерттеу «Киргизская литература /историка критический очерк/ деп аталды. Бар болғаны 2 жыл училищелік білімі бар Смағұл әдебиеттің көптеген мәселесін жете,терең талдайды. «Сал-серілерді европалық орта ғасырлық рыцарлармен салыстыруға болады», «қазақша жазба әдебиет XIX ғасырдың екінші жартысынан басталды», «Қазақ ақындарының ішінде өлеңнің жоғары деңгейдегі көркемдігі жөнінен Абайға пара – пар ешкім жоқ. Ендігі жерде талайларды Абайдың пәлсапалық өлеңдерінің мысы басқандықтан, олар үндерін шығара алмай қалды», - дегендей түрлі құнды пікірлер айтады.

20-жылдар басында қазақ зиялы, әдебиет сүйер қауымы «Алқа» атты таза шығармашылық ұйым құрмақ болды. Оның жобасын жасауға Садуақасов белсене араласты.

112

Бағдарлама «Табалдырық», «Әдебиетіміз», «Бұл күнге шейінгі төңкеріс пен әдебиетіміз», «Әдебиет не нәрсе?», «Әдебиеттің жалпы заңы», «Марксшылдық пән» әдебиет». «Не жазуға?» – деген бөлімдерден тұрды. Мақсат – дүрбелең шақтағы қазақ әдебиетінің рухын, өзіндік дамуын сақтау болатын.

Бұдан кейін де Смағұл «Бейімбеттің өлеңдері», «Қазақстандағы баспасөздің міндеті», «Әдебиет мәселесі», «Көркем әдебиетті саралау», «Әдебиеттерді қалай сынау керек?» - деген мақалалар жазған. Сындарлы сыншының өзі сын жайында «Сыншыларымыздың көбі ақындардың затын емес, атын сынап жүр. Сын – мидың жануы. Сын ойларды тосып, адамның пікірін қайрап отырады. Сынсыз жазылған сөз қайралмаған пышақ сықылды» - деп ой тастайды. Осы саладағы оның нағыз бірегей туындысы – «Әдебиет әңгімелері» болатын. Сондай-ақ оның Қ. Кемеңгеровтың «Қазақ тарихынан», Ж. Сұлтанбековтың «Бұрынғы һәм қазіргі жер саясаты» кітаптарына жазылған «Қазақ тарихынан» және «Керекті кітап» аталатын сындары белгілі.

«Жас Қазақстан» жинағына енген М. Әуезовтың «Қорғансыздың күні», Ж. Айтмаутовтың «Бәтіш» («Қартқожа» романынан), «Мұқаш» («Ақбілектен»), Б. Майлиннің «Күмбезі», «Күлпаш» әңгімелерін тәржімелеп, жатық шығарады.

Қазақтың мемлекеттік театрын ашқан С. Сәдуақасовтың сыни еңбектерінің бірі шоғыры – спектакльдерге жасалған шолу. Ол Қ. Кемеңгеровтың спектаклі жайында «Алтын сақина» ойыны туралы, М. Әуезовтің «Бәйбіше, тоқтал», «Қарагөз» (мақала аттары да осылай) спектакльдерді жайында сыни шолу жасап, қойылымның авторлық кемшіліктеріне,сахналық олқылықтарына жеке тоқталады. «Біздің пьесаларды психологиялық жағынан өңдеу жетіспейді» - деген пікір айтады.

Көркем шығармалары : С. Сәдуақасовтың көптеген шығармалары бізге әлі толық жетпегені белгілі. Жалпы қазіргі бар көркем шығармалары – үш әңгіме, екі повесть, бір роман. Жазушы Ескендір Ысмағұловтан табылған дерекке қарағанда Смағұл орыс тілінде бір роман жазып, оны М. Горькийге көрсеткен. Дегенмен ол роман жайы да белгісіз.

Сонымен Садуақасовтың туындылары – «Салмақбайдың ауылында қалайша кооперация ашылды?», «Күлпаш», «Салмақбай – Сағындық» сынды роман-повестері, «Өртең, Салмақбай – Махамбет», «Аптаномия» сынды әңгімелері. Әрбір туынды түрлі тақырыпты, алуан ойды қозғайды. Айтқандай, кейін М. Әуезовтың архивінен жазушының бұрын беймәлім болып келген. «Сәрсенбек» романы табылады. Бұл 1916 жылғы қазақ төңкерісін сипаттаған қазақ топырағындағы тұңғыш шығарма еді.

1922 жылы шыққан «Cалмақбай, Махамбет» әңгімесінде төңкерілістен кейінгі қарама-қарсы көзқарастары сөз болса, «Аптономияда» - автономия алу қарсаңындағы қазақ даласының жай-күйі сөз етіледі. Әңгіме нанымды, көркем шыққан. Смағұл автономия жайын халыққа түсіндіру үшін бас кейіпкер Жарқынбектің ауызымен : «Аптономияның мағынасы – отау. Біз – орыстың кіндік үкіметі – үлкен үйден енші алған отауымыз. Отау үй-ішінің аспаптары, қонағасы үлкен үйден бөлек болады», - дейді. Бұл оның ойы да еді.

«Өртең» әңгімесі лирикалық сипатта жазылды. Мұндағы суреттердің өртеңді көргені – ертеңгі сенгені. Өртең оның – оптимистік көзқарасы.

113

Көсемсөздік мұрасы : С. Сәдуақасов өзі редактор болған жылдары қазақ көсемсөзінің өркендеуіне көп көңіл бөліп, жағдай жасап отырған. Оның көсемсөздік мұралары өте мол және әр алуан тақырыпты қамтиды.

Негізінен тақырыптарын төрт топқа бөліп қарастыруға болады : 1) қоғам, әлеумет, саяси мәселелер жөнінде (баяндамалары); 2) оқу-ағарту ісі туралы мақалалары (баяндамалары); 3) театр өнері жайындағы мақалалары; 4) танымдық, ғылыми-көпшілік еңбектері.

Алғашқы топқа оның «Өмір үшін күресу», «Бірлік» қазақ тұтынушыларын қоғамы одағы, «Есілкөл ауданындағы қазақ кооперациясы», «Қазақтың кооперация басылымы туралы», «Азық түлік мәселесі», «Жұмыскер халықтың ұйым дүкендерінің Ережесі» және т.б. мақалалары жатады. Бұларда сол кездегі әлеуметтік тұрмыс, сауда т.б. түрлері қырларынан суреттелген.

Бұлардан басқа «В. Ленин», «Октябрь төңкерісі һәм қазақ еңбекшілері», «Ескеретін уақыт жетті!», «Түркістан жастары», «Көтеріл жастар», «Ауылдағы жастар туралы», «Сібірдегі қазақтар туралы», «Дінмұхамед Әділов», сол сияқты орыс тіліндегі «Советская власть и киргизы», «К отмене «калыма» у киргизов» мақалалары танымдық, қоғамдық-саяси тақырыптарды қамтыған.

Ғылым-білім мәселелері жөнінде «Біздің мақсұттарымыз», «Шындығында ескеретін мәселе», «Халық ағарту мәселелері», «Оқу ісінің кемшіліктері, оларға қарсы шаралар», «Биылғы жылғы оқу маусымында», «Жаңа жұртшылық негізі – ғылым» мақалаларын жазған. Ол оқырмандарына : «Ғылымды үйренуге кірісу керек. Өзіміз үйреніп, жалпыны ағарту керек» дегендей тұжырымдар жасайды.

Театр жайында Смағұл жоғарыда айтылған туындыларынан басқа «Ұлт театры туралы», «Баянды еңбек күтеміз», «Алғашқы тәжірибелер», «Мәдениет тәрбиесі», «Ұлт театрына бір жол» т.б. еңбектер жазады.

С. Смағұловтың шығармашылығын айтқанда, өзгелерден ерекшеленіп, ескеріп қарайтын еңбегі – А. Байтұрсынов жайындағы баяндамасы. Ол 1923 жылы Орынбордағы Ахметтің 50 жылдық меретойында жасалған-ды. Смағұл осы меретойды өткізуде басшылық етті. Өкінішке орай, баяндаманың толық тексі табылмай отыр. Дегенмен ол жайында көптеген деректер бар. С. Мұқановтың «Өмір мектебінде» бұл салтанатты кеш жайында, кей жерлері дүдәмал болса да сипаттап кетеді. Ахаң жайындағы баяндамасы оның ұстазына деген кіршіксіз көңілін, қос азаматтың арасындағы сыйластықты көрсетеді.

1.19 Болашақ үшін күрескен (Тұрар Рысқұлов)Тұрар Рысқұловтың еңбектеріндегі назар аударатын, рухани мұра ретінде

қабылдап, қызыға оқитын туындыларының бір саласы — оның тарихи және әлеумегтік – экономикалық мәселелерге байланысты қалам тартқан публицистикалық еңбектері дер едік. Ал, Тұрар публицистикасының ерекшеліктері қандай деген сауал туындаса оған ең алдымен ол қай мәселе туралы жазбасын сол тақырыпты терең зерттеп, меңгере білген деп жауап қайтарамыз. Ол өз заманының тарихшысы, экономисі, этнографы, әдебиетшісі және қоғам танушысы да бола білген жан. Т. Рысқұловтың ең басты қасиеттерінің бірі —

114

ол еңбектерінің басым көпшілігінде өзінің тәжірибе жүзіндегі нақты істерін теория жүзінде де тұжырымдай білген. Оның бір ғана Түркістан – Сібір теміржол құрылысына байланысты жазған : «Турксиб», «Жаңа кезеңдегі коммунальды шаруашылық», «СССР халық шаруашылығында Турксибтің алар орны», «Ұлттық республикалар мен облыстағы өндірістік кооперацияның алар орны» атты мақалалары осыны дәлелдейді. Сонымен, Тұрардың публицистикасындағы мен мұндалап тұратын терең оптимизмнің сыры неде болып шықты? Бұл сұраққа жауап беру үшін оның барлық публицистикасын сөз ету шартты емес. Өйткені, оның жазған әр еңбегінен – ақ зерделі публицист қаламының айшықты ізі айқын аңғарылып тұрады.

Мәселен, Т. Рысқұлов өзінің : «О формиронании казахской нации и казахском пролетариате», «Из прошлого казахской национальной интеллигенции», «Соврсменный Казахстан», «Из истории революционной борьбы в Казахстане», «Восстание в Средней Азии в 1916 г. Киргизстан» атты монографиялық еңбектерінде қазақ, халқының тарихын ғылыми негізде тұжырымдап берген. Айталық ол «Из прошлого казахской националыной интеллигенции» атты еңбегінде : «В последнее время многие люди начали писать историю революции в Туркестане. Только остается приветствовать очень актуалыюе это начинание людей занимаюшихся литературой», — дей отырып 1921—1922 жылдары орталық басылымдарда жұмыс істеген Н. Борисовтың «Октябрь революциясы» деген мақаласын талдау барысында : «Тов. Борисов, видимо незнаком с историей революции в Туркестане, и когда писал статью пользовался исключительно чужими сочинениями на эту тему» дей келіп, «Перед нами стоит исключительно важные и ответственные задачи. Вопрос о том, какую политику нужно проводить в Средней Азии — это очень важный вопрос для всей Федеративной республики в целом. Безответсвенное рассуждение недопустимо в таком вопросе» деп жазды. Өстіп, жалқыдан жалпыға көшу арқылы сыншы қайдағы бір Н. Борисовтың Түркістандағы революция тарихын «қаламының ыңғайына қарай» бұрып алу тәсілін теріске шығарып, жалпы көкейкесті проблеманы қозғайды.

Мұның астарында автордың «Орта Азия халықтарының, оның ішіндегі Қазақстанның ұлттық мүдделерін, нәзік психологиялық моменттерімен (мүмкіншіліктерімен) санаспайынша ешбір саясаттың жеңіске жетуі мүмкін емес» деген пікірі бар.

Келесі бір публицистің өзіндік көзқарасын білдіретін «Тоғжановқа жауап» ретінде жазған мақаласында : «По истории среднеазиатских народов, в том числе казахов, неподносится как история борьбы отдельных ханов между собой, не освещается роль массы, не дается анализы по социально – экономическим причинам отдельных исторических событий», — деп турасын айтады. Рысқұловтың бұл көзқарасы — дәл бүгінгі таңдағы хал – ахуалмен ұштасып жатқанын ешкім жоққа шығара алмаса керек.

Мәселен, 1986 жылдың желтоқсаны. Алаңға шыққан жастарды нашақор, экстремистер деп бүкіл халық болашағына күйе жақты. Тіпті, ол аз дегендей Орталықтың көзжұмбайлықпен қабылдаған сорақы қаулысы отқа май құйып, жалақорлық өртін өршіте түсті... Алайда шындық өлмейді екен. Өмір толқыны әр соққан сайын ақ – қарасын ажыратып, талай шындықтың бетін ашып жатыр. Әлі де талай құпия жария болары сөзсіз.

115

Тұрар Рысқұловтың «Қазақтың ұлттық интеллигенциясының өткенінен» атты келесі бір еңбегі (мақаласы) Қазан төңкерісіне дейінгі қазақтың ұлттық интеллигенциясының қалыптасуы кезеңдерін, оның бағыттарын теориялық тұрғыдан талдап беруге арналған. Бұл туындыдан 1905 жылғы бірінші орыс төңкерісіне дейін – ақ қазақ зиялылары арасындағы екі толқынды байқауға болады. Біріншісі — Шоқан, Ыбырай, Қази (Шоқанның інісі), екіншісі — татар, башқұрт медреселерінде білім алып, қазақтың ұлттық мәдениетін Шығыс халқымен ұштастырушылары. Автор еңбегінде соңғы топтың әсерімен қазақ тілінде түрлі бағыттағы кітаптардың да жарық көре бастағанын сөз етеді де, жалпы 1913— 1916 жылдар қазақтың ұлттық интеллигенциясының кең өріс ашып, кемеліне келген кезең болды. Сондықтан ақпан төңкерісінен кейін олардың бірқатары «Алаш» партиясының маңына топтасты деп қорытындылайды. Т. Рысқұловтың 1926 жылдың сәуір – мамыр айларында республикалық «Еңбекші қазақ» газетінің редакторы болғандығы тарихтан мәлім. Тұрардың журналистік мұрасы нақ осы жылдармен ұштасып жатыр. Қысқа ғана мерзім аралығында «Қазақ ұлты мен қазақ пролетариатының қалыптасуы туралы», «Баспасөздің міндеттері», «Қазақ – қырғыздардың 1916 жылғы көтерілісі» сияқты маңызды еңбектерін жазғанын ескерсек, оның редакторлық лауазыммен шектеліп қалмағанын байқау қиын емес.

Алдымен «Баспасөздің міндеттері туралы» мақаласы жайында сөз қозғар болсақ, онда автор қазақ баспасөзінің өткеніне, бүгініне ой жүгіртіп, басты міндетіне тоқтала келіп «Баспасөзіміздің, осы уақытқа дейінгі және қазіргі жағдайы қай деңгейде? Мен бұл сұраққа ұзақ тоқталмаймын. Қысқаша айтқанда Қазақ баспасөзі өзінің бастауын Октябрь революңиясынан кейін ғана алды. Ал оған дейін қазақ баспасөзі болған жоқ», — деп бір – ақ қайырады. Дәл осыны халықтың Тұрары, Шығыс халықтарының өткенін қорғай білген, болашағы үшін шырылдаған Тұрар айтты дегенге сенгіміз келмейді – ақ. Бірақ — дерек осы. Алайда, осы мәселеге орай біраз оқиғаларды сараптай қарасақ, баяндама оқылған уақыт — Тұрардың «Орталықтың» айдауына біршама көндігіп қалған кезіне сәйкес келеді. Болмаса кешегі, ҮІ ғасырдағы солтүстігі – орыс жері, батысы — Византия, шығысы — Үндістанға дейінгі алқапты алып жатқан Түркі қағанатының өсіп - өркендеген мәдениетін, Орхон – Енисей жазба ескерткіштеріндегі түркі таңбаларын, және аяғы 1917 жылға дейін де қазақ даласында газет, журнал, кітап басылып тұрғанын Тұрар білмеді дейсіз бе? Осы баяндама оқылғаннан кейін бір айдан соң оның «Казахская национальная печать зарождается в связи с 1907 г., закрывшихся вскоре с выходом двухнедельного журнала «Айқап» дегенін қайда қоямыз. Оны айтасыз, төңкеріске дейін қазақ зиялылары саяси «Алаш» партиясына топтасып, оның басты органы «Қазақ» газеті туралы да ғылыми теориямен тұжырымдалған мақала Тұрар қаламынан туындаған жоқ па? Бірақ «Саясат — теңіз, адам — желкенді қайық» дегендей бәлкім, сол кездегі заман ағымын да ұмытпауымыз керек шығар.

Ең құндысы бұл мақала қысқа – қысқа тақырыпшаларға бөлінген; әрқайсысының көтерген жүгі көкейкесті проблемаларды қамтыған. Мысалы, газет тілі туралы ойын автор «Наши газеты еще не выработали такого языка, который был бы понятен главным образом низовым массам в ауле. Все наши газеты еще издаются применительно к городским читателям», — дей келіп,

116

алдағы уақытта газеттің техникасымен қатар оның стилі де ауыл тұрғындарына түсінікті болуы тиіс деп тұжырымдайды.

Т. Рысқұлов бұл мақаласының келесі тарауын ұлтаралық қатынастарға арнап «Баспасөздің кезекті міндеттері» деп атаған. Онда автор : «В этом вопросе наша партия усматривает возможность двух уклонов : уклон в сторону великого русского шовинизма и уклон в сторону местного национализма» деп алысты болжаған. Тұрардың бұл пікірі — сонау жиырмасыншы жылдың мінбесінен емес, қазіргі уақытта айтылғандай әсер қалдырады. Әңгіме арқауы болып отырған мақалада публицист -саясатшының өзіндік үнін, алымдылығын, көрегендігін танытатын тақырыптарының бірі — «Баспасөзге көзқарас» бөлімі. Публицистің назарына іліккен ең елеулі жайттардың бірі — Қазақстанның партия – кеңес активтерінің төл баспасөзіне немқұрайдылығы. Мұнда автор : «Печать — дело коллективное, и только при поддержке нартийно советской общественности и широких трудящихся масс, при поддержке ваших передовых работников можно достигнуть должную высоту», — дей келіп партиялық салада қызмет істейтін лауазымды басшылардың өзі қазақ газеттерін жаздырып алмайтындығын қынжыла баяндайды.

Одан әрі «Газеттің өсіп - өркендеуі оқырманына байланысты емес пе? Неге оқымайсың деп сұрай қалсақ бір – ақ жауап алдыңнан шығады» : «Сапасы нашар, мазмұны тартымсыз». Осыдан келіп олар өз қажетін орыс газеттерінен немесе «Правдадан» табады. Әрине, оны міндетті түрде оқу керек, бірақ туған халқының тыныс – тіршілігімен таныс болып отыру бұл да міндетің» деп қазіргі жағдаймен үндесіп жатқан проблемаларды ортаға салады, ойын «Көп болып қолға алсақ қана төл баспасөзіміздің хал – жағдайы алға жылжи алады», — деп қорытады.

Баспасөздің бүгінгі, ертеңгі проблемаларына алаңдай отырып, соны шешудің нақты жолдарын ұсыну — Тұрардың бұл туындысының ең өзекті арқауы. Енді Тұрардың «Орта Азиядағы 1916 жылғы көтеріліс» мақаласына келелік. Мұны да біз тарихи әдебиетте 1916 жылғы ұлт – аэаттық көтерілісті ғылыми түрде тұжырымдап берген тұңғыш еңбек ретінде бағалауға тиіспіз. 1927 жылы ғылыми баспасөз беттерінде Орта Азия және Қазақстандағы көтерілістер барысы жөнінде дискуссия туындаған тұста бұрынғы пікірлерін «1916 жылғы Орта Азиядағы көшпенділер көтерілісі» атты кітабында байыта түсті.

Сол дискуссиялардың бірінде Мәскеулік журналист М. Миницкий Рысқұловтың көзқарасын сынай отырып; «Мұнда тек көтерілістің ұлттық сәттері ғана көрсетіліп, таптық мәні естен шығарылған», – деп айыптады. Оған жауап ретінде Рысқұлов көп кешіктірмей баспасөз бетінде өз көзқарасын бұрынғыдан да айқындай түсетін «Тағы да Түркістандағы 1916 жылғы күрестің маңызы туралы» деген еңбегін бастырды.

Мұнымен қатар Т. Рысқұлов әрбір тарихи оқиғаларға байланысты өзінің жеке көзқарасын білдіргенімен, осы мәселелерді түрлі қырынан алып, жан –жақты байытып отырған. Оның тек бір ғана 1916 жылғы ұлт – азаттық, көтерілісі жөнінде алты еңбек жазуы осыны дәделдейді. 1935 жылы республикалық «Казахстанская правда» газетінің үшінші нөмірінде Тұрардың «Странички из истории революционной борьбы» деп аталатын мақаласы жарияланған. Ол бұл еңбегінде отарлық жүйенің сырын ашып көрсетіп,

117

көтеріліс қарсаңындағы тап күресінің шиеленісуі себептерін нақты ғылыми теориялық тұрғыдан дәлелдеп берді.

«Көтеріліс барысында Қазақстандағы таптық күрестің құрылымы тамаша айқындалды. Қазақ байлары және буржуазиялық бағыттағы ұлттық зиялылары көтеріліс барысында патша үкіметі жағына шығып, солардың сойылын соқты. Менышевиктік және ісерлік топта болып, отарлық жүйенің буына піскен әкімдер көтерілісті болдырмаудың барлық шараларын жасады. Бірақ езілген қазақ жұмысшыларының назары көтерілісшілер жағында болды. Жұмысшы табы өзінің таптық жауымен мүдделес досының ара жігін ажыратып алды. 1916 жылғы көтеріліс Октябрь революциясына қазақ пролетариатын әзірледі», — деп жазды автор.

Мұнда Т. Рысқұлов публицист ғана емес, көтеріліс барысынан ой түйіп, тұжырымдай білетін тарихшы ретінде де көрінген. Ол тек өз еңбектеріне ғана емес, өз тұсында жарияланған тарихи дүниелерге де сын көзбен қарап түрлі оппортунистік көзқарастарға қарымды тойтарыс беріп отырған. Бұл тұрғыдан алғанда Тұрарды жалаң публицист ғана емес, Орта Азия тарихындағы алғашқы зерттеуші, ғалым ретінде де тануымыз керек. Оның бұл саладағы ең ірі шығармасы «Орта Азиядағы азамат соғысының маңызын бұрмалаушылыққа қарсы», деп аталады. Бұл еңбегін ол «Құмдағы соғыс» деген тақырыппен жарияланған азамат соғысы жайлы естеліктер жинағындағы материалдарды талдай отырып, Ф. Колесов деген автордың «Бұхарадағы көтеріліс» атты мақаласы туралы : «Өз естелігінде Ф. Колесов Түркістан азамат соғысы кезінде бүкіл әлемнен қол үзіп қалды, жарты жыл бойы РСФСР – ден нақты дерек ала алмай өз бетімен әрекет етті», — деп жазған. Оның бұл көзқарасы шындық емес. Түркістан мен Кеңес өкіметі орталығы арасында үш рет байланыстың үзіліп қалғаны рас, бірақ мүлде емес. Бұл уақытта Ташкент радиостансасы жұмыс істеп тұрды», — деп алдағы уақытта әрбір еңбекті нақты тексеруден өткізу қажеттігін, қандай да болса Орта Азия және Қазақстан тарихын бұрмалаушылармен қатаң күресу қажеттігін ескертеді. Осы арада «Тұрар Рысқұловтың ғылыми-публицистикалық жұмыстарын Париж түбіндегі орыс эмиграциясы ішінде өмір сүріп жатқан Мұстафа Шоқаевтың үнемі қадағалап отырғанын ескерте кеткеніміз орынды сияқты, Өйткені, ол Рысқұловты Сталинің «фавориті» деп атаумен қатар, өз шығармаларында үнемі оған жүгініп отырған. Ал, Тұрардың шетелдегі өзінің қандас оппонентінің, еңбектерін қалай қабылдағаны әзірге біз үшін жұмбақ. Қайтқенмен, оның ұлттық интеллигенцияның қалыптасу тарихын, оның патшалыққа қарсы күресін төңкерістен кейінгі әрекеттерін айқын ажырата білумен бірге, идеологиялық күрес дегеніміз — қайткен күнде де бұрынғы зиялыларды көкіректен итере беру керек деген сөз емес деп жиі қайталауы көп нәрседен хабар бергендей.

Сөйтіп, қорыта айтар болсақ, Т. Рысқұлов тек ел басшысы, қоғам қайраткері ғана емес, сонымен қатар төл халқының болашағы үшін талмай күрескен тарихшы, публицист те екен.

1.20 Ағысқа қарсы жүзген (Мұхамеджан Тынышбаев)«Жаңа туған әрбір күн – өткен күннің оқушысы» - деп көне дәуір

философы Публиций Сир айтқандай төл тарихымыздың ақтаңдық беттерін

118

қалпына келтіру заман талабы. Олай болса аласапыран кезеңнің отты қазанынан қайнап шыққан болмысы мен бітімі бөлек ізашар буынның аға өкілдерін атағанда Мұхамеджан есімі де ерекше ілтипатпен аталады.

Мұхамеджан Тынышпайұлы 1879 жылы яғни, қоян жылы мамыр айының он екісінде бұрынғы Жетісу облысы, Лепсі уезі, Мақаншы-Садыр болысына қарасты Жыланды тауының баурайында Садырдан тарайтын Тәуімбет әлдекенің Тынышбайының шаңырағында өмірге келеді.

Мұхамеджанның әкесі – Тынышбай кісілікті, ел жұртына беделді отағасы екен. Көне көз қарттардың айтуынша, патша үкіметі зорлықпен шұрайлы жерлерді казак-орыстарға таратып, алып бере бастағанда, намысқа шыдамай, соның соңынан дау айтып, өз бастықтарының есігін тоздырып, қуылғандардың алдыңғы легінде Тынышбай да жүрген.

Анасы – Шаһизадабану (Шәкен) келбетті, ақжарқын жан болған. Тынышбай мен Шаһизадабанудан екі ұл, үш қыз туған. Олар : Ахмеджан (Айналда), Мұхамеджан, Салмақты, Қадиша, Қампаш. Болашақ кемеңгердің балалық шағы атақонысы – Ешкіөлмес жайлауы – суық, қыстауы – Сартарын, Басқан өңірлерінің шөбі шүйгін, суы шәрбат, әсем табиғат аясында өтеді. Кішкентайынан қағылез, алғыр боп өсіп келе жатқан бес жасар Мұхамеджанға бірде Лепсідегі медреседе дәріс беретін Хамитмағзұм молданың ықыласы түсіп алғаш рет тілін сындырады. Қабілетті бала, сөйтіп, жылға жетпей арабша хат танып шығады. Осылайша зерек Мұхамеджанның еңбекқорлығы дүйім жұртқа жайылып, алты-жеті жасқа дейін-ақ ауылдың барша ұсақ жандығына көз болып, үлкендердің қолын ұзартып, алғысын алып жүреді.

Бір жолы сарттарға өрістегі ауылының «қызыл қоқысын» санасып жүрген ат үстіндегі Мұхамеджан қасқабас аталған ояз бастығының назарын аудартады. Сол күннен бастап ояз бастығы кішкентай досына іштартып қолынан келген қамқорлығын аямайды. Ол он жасқа толғанда Алматыда «бұратаналардың» балалары үшін генерал-губернатор Г. А. Колпаковский аштырған гимназияның дайындық бөліміне алынуына тікелей ықпал етеді. Лепсіден 500 шақырым Алматыға Тынышбай ұлын қос ат жеккен арбамен екі апта дегенде әрең жеткізеді.

Осы жолы олар Барлыбек Сырттанұлының Қапалдағы үйінде болады. Петербор университетінің шығыстану факультетін алғаш бітірген төрт жігіттің бірі – Барлыбек шешен сөйлеп, мауқын басып, ішіндегі дертті шерін тарқатқандай көсіледі. «Ең әуелі, - дейді ол, - білімге ұмтылу керек. Сауатсыз, надан ел түптің түбінде барлық асыл қасиетінен айырылады. Ұлттың қадір-қасиеті мен белгісінен ажыраған елдің халықтық мінез-құлқы, қалыбы да өзгереді. Білімді жұрттар күшті де, мәдениетті келеді. Біздің оларға теңесуімізге, төрт құбыламыз бүтін, дербес патшалық құруымызға қолымызды жеткізетін жол біреу-ақ, ол – білімде». Бұл әңгімелердің сырын терең ұғынған сезімтал Мұхамеджанның санасына өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Дәл осы жүздесуден соң Барлыбекті үлкен жолға салған ұстазы санап, кейінірек шын көңілінен есіне алады.

1890 жылы тамыздың 14 жұлдызында Верный (Алматы) қаласындағы ер балалар оқитын гимназияның табалдырығын аттайды. Оқуға қабылданған зерделі жастың қабілеті мұғалімдер қауымын ә, дегенде-ақ бірден баурап

119

алады. Жанары ойға толы, сабырлы да салмақты қыр баласы оқу бағдарламасындағы пәндердің барлығынан тоқсан қорытындысы сайын өте жақсы деген бағамен үлгілі тәртібіне орай мұғалімдер кеңесі тарапынан үнемі алғыс алып, кластан класты 1-дәрежелі мақтау қағазбен тәмамдап отырады. Гимназия қабырғасында жүргенде-ақ Мұхамеджан ғылымның сан саласына қатысып әдебиеттерді көз майын тауысып, құныға оқып, өзінің ізденімпаздығы, алғырлығымен білімін тереңдете түседі.

Өзі тұрғылас құрбы-құрдастарының арасында тамаша қасиеттерімен көзге түсіп, қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. 1899 жылы орыс әдебиетінің дүлділі А. С. Пушкиннің 100 жылдық меретойына байланысты ұйымдастырылған әдеби-музыкалық таңертеңгілікте (VІІ – сынып оқушысы) Мұхамеджан Тынышбаев ақынның «Полтава» шығармасы бойынша «Ұлы Петр мен Макенаның адамгершілік қасиеттері» деген тақырыпта реферат оқиды.

Гимназияны үздік бітірген дарында жасқа Жетісу облыстық әскери губернатор кеңесінен қызмет ұсынылады. Бірақ білімін әлі де толықтырғысы келген Мұхамеджан бұл қызметтен бас тартып, империя астанасындағы І Александр атындағы жол-қатынасы инженерлерін дайындайтын институтқа барғысы келетінін мәлімдеді. Он жыл бойы үздік оқып, гимназия мақтанышы болған шәкіртінің хал-жайын адамгершілікпен сезіне білген гимназия директоры М. Вахрущев дереу Жетісу облысының әскери губернаторына : «...қай жағынан алсақ та Мұхамеджан Тынышбаев тамаша шәкірт қана емес, нағыз талант иесі. Сондықтан да жоғары мәртебелім, сізден өтінерім, қолыңыздағы қаражаттан Тынышбаевқа стипендия бөлсеңіз. Мұндай қаражатсыз ол жоғары оқу орнынан білім алуға еш мүмкіндігі жоқ» деп өтініш түсіреді.

Ұстаз өтініші аяқсыз қалмайды. Облыстың земская стипендиясы тағайындалып, 1900 жылы 21 жасында өзі армандаған оқу орнына емтихандарын кілең бестік бағаға тапсырып, студент боп қабылданды.

Инситут бағдарламасындағы сабақтарды ол құрбыларының алды болып, үздік оқыған Мұхамеджан, астананың мәдени тірлігіне жақын жүріп, рухани дүниесін байыта түседі. Жиі болып тұратын әр түрлі мәдени-әдеби кештерге, жиындар мен саяси жиналыстарға қатысып, күннен күнге білімі өсіп, шын мәніндегі зиялы азамат болып қалыптаса бастайды.

Әсіресе, соңғы курстарда оқып жүрген кезінде қоғамдық – саяси жұмыстарға бел шешіп кірісіп, туған халқының ауыр тұрмысы, мүшкіл халі туралы астана мінбелерінен мазмұнды баяндамалар жасады. Баспасөз бетінде мақалалар жазды. Патша өкіметінің үні саналатын «Санкт-Петербургские ведомости» газетінің 1905 жылғы № 75 санында жарияланған «Қазақ даласындағы көшпелі ел тұрмысының мұқтаждығы туралы» деген мақаласында жаппай қоныс аударушы орыс мұжықтарының жергілікті көшпелі халықтың шаруашылығына нұқсан келтіріп, әлеуметтік тұрмыс-тіршілігін күрт төмендетіп жібергенін, санақшы – ғалым Щербина экспедициясының зерттеу мәліметтеріндегі қате тұжырымдармен келісуге мүлде болмайтындығын сынайды.

Осы жылы автономшылар одағының 1 – құрылтайында «Қазақтар һәм азаматтық қозғалысы» деген тақырыпта баяндама жасап, патша әкімшілігінің

120

қол астына қараған шет аймақтардағы халықтарға жасап отырған озбырлық, адам төзгісіз отарлық саясатын батыл әшкерелейді.

Сол 1905 жылы патша өкіметінің министрлер комитетіне жазған арызында патша өкіметінің қазақтарды билеу ережелерінің өмір талабына сай еместігін, қазақ халқының мүддесіне қайшы ережелер екендігін ғылыми тұрғыда дәлелдеп, елді әскери басқару жүйесінен азаматтық басқару жүйесіне көшіруді талап ететін қазақ халқының ар-ұждан бостандығы, дін бостандығы, тең құқылылығын күн тәртібіндегі басты мәселе деп түсіндіреді. Ескірген ереже, таланған жер, күйзелген ел туралы министрлер комитетінің ойланар уақыты жеткендігін ескертті.

Осыдан бастап патша жандармериясының «қара тізіміне» іліккен Мұхамеджанның әрбір басқан қадамы ерекше бақылауға алынады. Төңкерілістің кең қанат жайған шағында, 1906 жылы институтты аяқтап, қазақтан тұңғыш рет темір жол инженері мамандығына ие болған Мұхамеджан орыс тілін жақсы меңгерумен қатар француз, ағылшын тілдерінде де сөйлей алатын болған. Осымен орай ол бүкіл әлемнің классикалық әдебиетімен де таныс болды.

Оқуы аяқталысымен патша үкіметі құрған экспедициямен Қазақстанның оңтүстік аймағына келді. Мұндағы мақсат оңтүстік Түркістан – Сібір темір жолын тарту үшін соның ең ыңғайлы және қолайлы жобасын белгілеу еді. Содан Бішкек қаласы мен Верныйға дейінгі жер ыңғайын сондай-ақ осы екі аралықты түгел зерттеп шығады.

Ендігі жерде білімді азамат туған елінің саяси-әлеуметтік ісіне белсене араласады. Ол жергілікті халықтың қолдауымен 1907 жылы ІІ – Думаға Жетісу өлкесінен депутат болып сайланады. Думадағы айтыс-тартыс оны шыңдай түседі. Бірақ, көп кешікпей дума таратылады. Мұхамеджан байырғы кәсіптік мамандығына ден қоя бастайды. Орта Азия теміржол құрылысында өзінің еңбек жолын бастайды. 1914 жылы Түркістан - теміржол құрылысына бас инженер болып ауысады. Инженерлік қызметін істей жүріп, ел өмірін жіті зерттейді. Өзінің байқаған ой қорытқан кейбір мәселелері жөнінде әртүрлі тақырыпты қамтып баспасөз бетінде мақалалар жазады.

1915 жылы «Қазақ» газетінде «Қазақ инженері» атты бүркеншік есіммен жарық көрген «Соғысушы патшалар әскері», «Сүңгуір қайық», «Соғысушы патшалар қару – жарақтары» атты мақалалары қазақ оқырмандарына бірінші дүниежүзілік соғыстың мән-жайын кеңінен түсіндірсе, «Барлыбек Сырттанов», «Садуақас Шалымбеков» секілді мақалалары халқымыздың аяулы ұлдары туралы деректік мәні зор еңбектер болып табылады.

Міне, осындай қилы кезеңде қазақты желіктіріп, құтыртып отырғандардың бірі деген сенімсіздікпен Мұхамеджанның үстінен Верный окружной соты прокурорының бұйыруымен іс қозғалады. Осыған байланысты ол сотқа жазған жауабының түсініктемесін жоғары мәртебелі Түркістан генерал-губернаторына жолдап, көшірмесін тергеушіге береді. Бұл құжаттың мазмұны патшаға қараған уақыттан бергі орыс өкіметі тарапынан жергілікті халыққа жасап келген жүгенсіздігі мен бассыздық іс-әрекеттерінің 1916 жыл оқиғасының шығуына әкеліп соққан қысқаша тарихын өзі куә болған айғақтар мен дәйектемелер арқылы дәлелдеп, сөз етеді. Ел басына күн туған алмағайып

121

заманда бас сауғалап, шекара асып, Қытайға асқан қазақ-қырғыздардың саны туралы мәліметті Тынышбайұлы қалдырғанын ерекше айта кету лазым. Ол «Қазақ» газетінің 1917 жылғы 6-желтоқсанындағы № 254 санында 44 болыс елде 47 мың 759 түтін бар екендігін, содан қашқаны 40 мың 250 түтін, қырылғаны 95 200 жан дегенді жазады.

Мұхамеджан Тынышбайұлының мұнан кейінгі ақпан мен қазан төңкерістері кезіндегі сіңірген елеулі еңбектері де өлшеусіз зор. Төңкеріс уағында өлкенің жағдайын жетік білетін жұрт алдында беделі зор, білімді М. Тынышбаев Жетісу облыстық уақытша өкіметі комиссарының орынбасары болып тағайындалды. Мұнда істеген қысқа мерзімде ол 1916 жылғы және одан кейінгі дүрбелеңдер жерінен зардап шеккен ел шаруашылығы мен халық ынтымағын қалпына келтіруге аянбай күш-жігер жұмсады.

1917 жылы қарашаның 27-жұлдызында жатқан шаһарында Түркістан мұсылмандарының төртінші жалпы құрылтайы өтеді. Осы құрылтайдың шешімі бойынша Түркістан аймағы автономия деп жарияланып, оның бас министрлігіне Мұхамеджан сайланады. Көп ұзамай 1918 жылдың күзінде ол бұл қызметтен босап, Ташкент арқылы Ешкіөлмеске оралады. Әрқашан әлеумет жұмысына белсене араласатын М. Тынышбайұлы келе Алаш қозғалысына араласып, 1919 жылдары оның белді басшыларының бірі болды. Бұл кезде қазақ даласы қаша соғысқан ақ гвардияшылармен қуа соғысқан қызылдардың соғыс алаңына айналады. Ел басына күн туып, ерге сын болған осы ауыр кезеңде халықты қанды қырғын, есепсіз мол шығыннан аман сақтап қалуға қам жасап, қызыл Армияның әскери штаб басшыларымен тиімді келіссөздер жүргізуге қадам жасады.

Алашорда таратылып, Кеңес өкіметі тарапынан кешірім жасалғаннан кейін де М. Тынышбаев өз халқына, жаңа заманға адал ниет, шын пиілмен қызмет етті. Әуелі 1921-22 жылдары Түркістан өлкелік жер-су министрлігінде су шаруашылығының бастығы болып істеді. Ол 1923 жылы Шымкент қалалық су шаруашылығын басқарды. Түркістан қаналының жобасын жасауға қатысты.

1924 жылы Ташкентке қазақ педагогикалық институтына шақырылған Мұхамеджан алгебра, геометрия, физика пәндерінен студенттерге дәріс оқиды. Біржолы Мұхамеджанның қолына А. П. Чулошниковтың қазақ халқы тарихына қатысты еңбегі түседі. Көкірегі көмбе, білімпаз жан осы кітаптағы ұлтының намысына тиетін пікірлерге қарсы сын жазып, академик В. В. Бартольдке жібереді. Ғұлама ғалым бұған қатты риза болып, қазақ халқының тарихын жазуға кеңес береді; ең болмаса болашақ зерттеушілер үшін тарихи деректермен материалдарды жазып қалдыруға ақыл қосады.

М. Тынышбайұлының «Материалы к истории киргиз-казахского народа», «Киргиз-казахи в ХVІІ и ХVІІІ веках», «Ақтабан шұбырынды» секілді ғылыми еңбектері, ондаған мақалалары осындай талпыныстан туған еді. Қазақстанды зерттеу қоғамының құрметті мүшесі болып сайланған соң Сырдария бөлімшесінің мәжілістерінде тарих, археология, этнография салаларында мазмұнды дәрістер оқиды. Ғалымның «Абылай», «Жошы ұлысы», «Түріктің ескі тарихы» (ХІІІ ғ дейін), «Шыңғысхан һәм оның патшалығы» атты дәрістері кезінде жоғары бағаланған еңбектер. 1924 жылы «Сана» журналында жарық

122

көрген «Мырза Едіге батыр» атты зерттеуі өзінің ғылыми тұжырымдарының дәлдігімен назар аударады.

Қазақстан астанасының Орынбордан Қызылорда қаласына көшірілуіне байланысты жаңа астанада жүргізілетін құрылыс жұмыстарын басқару тағы да Мұхамеджанға жүктеліп, бас инженер қызметіне тағайындалды. Қызылорда қаласында тұрған үйлер мен әкімшілік ғимараттарын салумен қатар, қаланы ауыз сумен қамтамассыз етуге де кәдімгі үлес қосты. М. Тынышбаев есімін шартарапқа кеңінен әйгілеп, атын аңызға айналдырған, халық жадында ұялатқан әйгілі Түркістан Сібір теміржолын салуға қосқан үлесі, сіңірген ерен еңбегі еді. Мұхамеджан білікті инженер, ойлы экономист, іскер ұйымдастырушы, дарынды жобалаушы ретінде әр қырынан жарқырай көрінеді. 1930 жылы 20-сәуірде теміржолды жасап бітіру жоспардан мерзімнен бұрын 540 күн бұрын іске қосылды.

Енді отарба жүргізетін, сол сияқты теміржолда қызмет істеуге маман даярлау керек болды. Бұл жұмысты тағы да Мұхамеджан өз мойнына алып, 60 маман теміржолшы даярлап шығарды. 1931 жылы Түркістан-Сібір теміржолы пайдалануға берілді.

Ал, Мұхамеджан тек теміржолшы ғана емес, ғалым, тарихшы, қазақ шежіресінің авторы да.

1.21 Бар өмірі күреспен өткен (Халел Досмұхамедов)Бар өмірі күреспен өткен, Қазан төңкерісіне дейін –ақ аз қазақтың ішінде

шоқтығы биік тұрған тұлғаның бірі - Халел Досмұхамедов болатын. Ел басына төнген зұлмат-қуғын-сүргін дәуірінде қазақтың ғұмыры шорт кесілген зиялы азаматтың есімі мен соңында қалдырған мол рухани мұрасы ұзақ уақыт бойы тұтқындалып, қараңғы үйде құлыпталып келеді. Ал бүгінгі таңда ақталып, арамызға қайтып оралған Х. Досмұхамедовтың көзі тірісінде жарық көрген ақырғы кітабынан (Жануарлар 1928 жыл) соң, алпыс жылдан астам уақыт дегенде тіл мен әдебиетімізге қатысты жазған еңбектерінің негізгілерін жинақтап басуға мүмкіндік туды.

Х. Досмұхамедов 1883 жылы қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауылында дүниеге келген. Зерек баланы жастайынан – ақ білім бұлағымен сусындап, талаптануына өскен ортасы тікелей ықпалын тигізген. Халелдің әжесінің ағасы Дәулетүмбет Машақұлы (1848-1907) оқыған, көзі ашық азамат болған. Досмұхамет білікті ағаның ықпалымен ауылдағы молдалардан хат таныған өз баласын жергілікті орыс-қазақ мектебіне оқуға береді. Халел осы мектепті бітірген соң, Теке (Орал) қаласындағы реалдық училещеге оқуға түседі. Оны үздік бітіріп, Санк-Петербургтегі әскери-медициналық академиясының сынағынан сүрінбей өтеді. Академия қабырғасындағы алты жылды (1903-1907) ізденумен өткізген ол ғылымға шындап ден қойған тұсында Ресейді дүр сілкіндірген ірі оқиға 1905-1907 жылғы төңкеріс болды. Оны өз көзімен көру, болашақ қайраткердің идеялық жағынан қалыптасуына зор әсерін тигізді.

Қорғансыз елінің теңсіздігі үшін бастарын қауып-қатерге тігіп, бес облыстан жиылған қазақтың зиялы ұлдары 1905 жылы Орал қаласында конституциялық демократиялық саяси партия тұрғанда араларында студент

123

Халел де бар еді, көп ұзамай патша тыңшыларының қатар – қатар басқаруына алынған Халелдің де басқа жолдастары сияқты ізін жасырып, астыртын қимылға кіріспеске амалы қалмайды.

Аталған партияның түзген жоба бағдарламасындағы көзге түсетін негізгі баптың бірі Қазақ жерінің патша үкіметінің аяусыз тонап отырғаны жөнінде, енді қазақ жерін жөн-жосықсыз талан-таражыға салуға қазынаға қарайды деген сылтаумен тартып алуға тыйым салынудың кезек күттірмейтін мәселе екендігі баса айтылды.

1909 жылы Халел Досмұхамедов әскери – медициналық академияны алтын медалмен бітіріп, әуелі Перм губерниясында содан соң 2-ші Орал казак-орыс атқыштар баталонына әскери кіші дәрігер болып тағайындалады. Әскери борышын өтей жүріп, Халел туған халқының дәрігерлік көмекке мұқтаждығын көзімен көреді.

1913 жылдан бастап әскери қызметтен босап, темір уезіне бөлімшелік дәрігер болып орналасқан Халел қолына қалам алып, баспасөзге араласты. Ол осы кезден бастап, Орал, Пікір, Қазақ газеттерінде үзбей мақалалар жазып тұрды.

Халқының рухани жан саулығы мен тән саулығының шипагері бола білген Халелдің 1916 жыл дүрбеленді, Ақпан мен Қазан төңкерістері тұсындағы атқарған қоғамдық саяси қызметтері ұстаған саяси идеялық бағыт-бағдарларын аңғаратындай құжаттар мен дәйектемелердің аздығы мұны тереңірек зерттей түсуді талап етеді, бұл кезең туралы білетініміз 1917 Орынбор қаласында жалпы Қазақ-Қырғыз сьезінің болғандығы, желтоқсаның 5-13 аралығында өткен құрылтайға Халел арнайы шақырылды. Онда 10 түрлі мәселе қарастырылып қазақ-қырғыз өлкелік автономия құрылып, Алашорда үкіметі деп жарияланды. Саяси алмағайып, аумалы-төкпелі заманда жалпақ қазақтың сорына қазақ зиялыларының өзі үшке бөлініп үш жаққа тартты Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов Семейде Халел мен Жанша Досмұхамедовтер Оралда Батыс Қазақстан Алашордасын құрса, ал М. Тынышбаев пен М. Шоқай Жетісу автономиясы тізгінін қатар ұстауға тырысты.

1918 жылы Жанша, Халел Москвада В. И. Ленинмен ұлт мәселесі жөнінде халық комисары И. В. Сталиннің қабылдауында болып, екінші жалпы қазақ-қырғыз құрылтайының шешіміне орай автономия құруға байланысты пікір алысады. Бұл тарихи оқиғаға байланысты дерек 1927 жылдан бастап шыққан Алашорда туралы жазылған еңбектерде буржуазиялық- ұлтшыл Алашорда үкіметінің өкілдері Халел және Жанша Досмұхамедовтер Қазақстанға буржуазиялық негізде автаномия беруді талап етті деп айтылып келді. Осы саяси мәні бар ресми сұхбатқа тарихшылар тарапынан әділ баға беріліп, жазбаша әлі күнге шейін жарияланбай отыр. Бұл қазір жариялылық заманында қазақ ленин косамолы тарихында орыны үңірейген ақтандақ беті [136].

Алашорда таратылғаннан кейін басқа да қазақ зиялылары тәрізді Халел Досмұхамедов жаңа үкіметтің жұмысына тартылды. Ол 1920 жылдан бастап Ташкенттегі халық ағарту иниституында оқытушы болып қызметке тұрды [137].

Оған қосымша орта Азия университеті медицина факултетінің ауруханасында ординатор қызметін қатар атқарды.

Қазан төңкерісінен кейін Ташкент қаласы Түркістан автономиялы республикасының орталығы болғаны белгілі. Мұндағы партия кеңес басқару орындарында, мәдениет ошақтарында бір шоғыр қазақ зиялылары еңбек етті.

124

Солардың арасында Халелдің алатын орны ерекше. 1923 жылы Ташкентте қазақ-қырғыз халқына мәдениет жарлығы шешуді мақсат еткен «Талап» қоғамы құрылды оның толық мүшелері болып, Халелмен бірге професор А. Шмид, Ә. Диваев, К. Халенов, М. Жұмабаев, Д. Архангельскийлер сайланды. Егер қоғамның бағдарламасына көз салсақ, ол ауқымды, үлкен істерді, әрі кезек күттірмейтін халық үшін ең зәру міндеттерді атқаруды мойнына алғанын аңғару қиын емес.

Х. Досмұхамедұлы 1924 жылы Россия академиясының орталық өлке тану бюросының мүше-кореспонденті болып сайланады. Ол 1926 жылдан бастап проректор болып қызмет атқарған Қазақ педогогика иниституты халқымыздың ең алғашқы шаңырақ көтерген жоғарғы оқу орны еді. Сол кезде бұл иниститутты университетке айналдыруға дайындық жүргізіліп жатты. Алайда ұлттық университет ашу мәселесі көтеген қарсылықтарға тап болды.

1929 жылы қазан айында Ташкенттегі мединиституттың негізінде Алматы қаласында қазақ мемлекеттік университетін ашуға мүмкіндік туды. Халел осы оқу орнын ұйымдастыруға белсене араласады. Оның бірінші проректоры болып тағайындалады 1927 жылы доцент 1929 жылы профессор атағы берілді. Педагогтық қызметімен бірге қазақ АССР халық денсаулығын сақтау комитетінде жоспарлау – ұйымдастыру басқармасының меңгерушісі қызметін қоса атқарады. Сондай-ақ ол өзінің педогогикалық ағарту жұмыстарын қазақ тіліндегі оқулықтар шығару ісімен шебер ұштастыра білді. Ол «Табиғат тану» (1922) «Оқушылардың саулығын сақтау» (1925) «Адамның тән тірлігі» (1927) «Сүйектер туралы» (1928 жылғы) еңбектердің авторы.

Халелдің қаламы жүйрік журналист болғанын қазақ тілінде шығып тұрған «Шолпан», «Ақжол», «Еңбекші қазақ», «Сәуле» сияқты газет-журнал беттерінде жарияланған мақалаларынан көруге болады. Ол мақалаларында негізінен тіл, халық ағарту, тарих, дәрігерлік емшіліктің қыр-сыры мол түрлі мәселелері жөнінде қалам тербейді. Ол қазақ қырғыз білім комисиясы жанынан «Сана» журналын шығарып, оған редакторлық етті.

Халел еңбектерінің бірі жоғары тіл мен әдебиет тану саласы зерделі азаматтық негізгі мамандығы дәрігер бола тұра бұл салада тер төгуі уақыт талабынан туған қажеттілік еді. Мұндай әмбебаптық сол кездегі қазақ зиялыларының барлығына тән ортақ қасиет. Ол «Шолпан» журналының 1923 жылғы 67 санында жарияланған «Диюани лұғат ат түрік» атты мақаласында туған халқын әдеби, тілдік жағынан аса құнды көне жәдігермен таныстыруды ойға алды.

Терминалогия, алфавит, емле қалпындағы талас мәселелерге ғалым өз пікірін білдіріп баспасөз бетінде үн қатады. 1923 жылы осы «Шолпан» журналының бірнеше санында жарияланған зерттеу мақалаларының негізінде 1924 жылы Ташкенттен «Қазақ-қырғыз сингорманизм заңы» деген атпен жеке кітап бастырып шығарды [137].

Сондай-ақ, Батыс Қазақстанның әсіресе Орал аймағындағы ауыз-әдебиетінің үлгілерін жазып алумен ертеден шұғылдана бастаған. Ташкент қаласында шығып тұрған мерзімді қазақ баспасөзі беттерінен ол жыйнаған халық әдебиетінің түрлерін кездестіруге болады. Өзі жинаған материялдар негізінде «Мұрат ақын сөздері» 1924, «Аламан» 1926, «Исатай-Махамбет» 1925

125

жылы кітаптарының алғы сөзі мен түсініктерін жазып, бастырып шығарды. Мұның алдында оның «Қазақ батырлары, Исатай-Махамбет» атты шағын мақаласы (1924 жылы) «Сәуле» журналының бетінде жарияланған.

Ғалымның зерттеушілік қабілетін басқа қырынан ашатын «Шернияз шешен» 1925 жылы, «Бұқарадағы Көгілтөш медіресесін ашу туралы» 1927, Самарқан қаласындағы Тілләхани мен Ширдар медіреселерін салғызған «Жалаңтөс батыр шежіресі» 1928 жылы мақалаларын атап айтуға болады. Осы еңбектерінде фольклорлық аңыздармен, тарихи этнографиялық деректерді шиеленестіре қарап халқымыздың көне тарихын зерттеуде өзінше жол салады. Халелдің Ташкентте өткен 1920-1928 өмірі творчествалық жылдары. Ол профессор Поливановпен бірге «Сұлтан Кенесары тарихына қосымша» материялдар кітапшасына (1923) және «Қыз Жібек» (1923) «Кеңесары-Наурызбай» (1923) кітапттарына редакторлық етті. Халелдің фольклер тану саласындағы еңбектерінің ішінде оқшау тұратыны «Қазақ халық әдебиеті» 1928 жылы. Мұнда ол ауыз әдебиетінің түрлерін жіктеуді мақсат етті. Ұзақ уақыт белгілі себептермен ғылыми айналымға түспеген аталған еңбектің өз кезеңі тұрғысынан бағалы ғана емес, әлі фольклеристер үшін басшылыққа алатын тұстары баршылық [138]. Ол «Сана» журналының бір санында (1924, нөмір 2-3) аруақтармен айтысу атты ауыз әдебиетінің сирек кездесетін үлгісін жарияласа, кейін айтыстың осы бір ең ежелгі түрінің шығу тегі, генезисі халқында өз болжамын білдіруі де қызықты.

Халел 1939 жылы әскери трибуналдың үкімімен атылады. Оның ісі тек қана 1958 жылдың 28 ақпанында Қазақ КСР Жоғарғы сотының қылмыстық істер коллегиясында қайта қаралып ақталды.

1.22 Елі үшін құрбан болған (Халел Ғаббасов)Алаш қозғалысы 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында

Қазақстанда орын алған әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және рухани-мәдени өзгерістердің нәтижесінде дүниеге келді. Бұл қозғалыстың өзегі, ортаның элементі өзінің бастау көздерін 1905-1907 жылдардағы бірінші орыс революциясы әкелген өзгерістерден алған, ол саяси ұйым ретінде 1917 жылғы жазда құралған тұңғыш жалпы ұлттық Алаш партиясын құру үшін ұлттық-демократиялық қазақ интелегенциясының жұрт таныған жетекшілері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мұстафа Шоқайұлы, Міржақып Дулатовтармен бірге Халел Ғаббасов секілді тағы басқа ондаған қайраткерлер 1905-1917 жылдар аралығында қажырлы еңбек етті.

«Алаш» партиясы негізінен әлеуметтік табиғаты жөнінен әр текті ұлттық-демократиялық қазақ интелегенциясының саяси ұйымы болды. «Алаш» партиясы деген атпен танылған ұлттық-демократиялық қазақ зиялыларының өтпелі кезеңіндегі саяси ұйымы халық санасының қозғаушы күші міндетін жалпы алғанда заман талабына сай адал атқарды. 1905 – 1907 жылдан бастап осы партияны ұйымдастыру ісінің басы-қасында болған қайраткерлер 1905-1907 жылдардағы ұлттық либералдық көзқарастан, «кадетшілдіктен» 1917 жылғы ұлттық-демократиялық кадеттерге де, Россиядағы басқада саяси партияларға сыни көзбен қарайтын эволюция жолынан өтті.

126

1917 жылы қазақ комитеттері өлкенің барлық облыс орталықтарында және жекелеген үздік қалаларда құрыла бастағанда Халел Ғаббасов Семей облысының атқару камитетіне мүше болды. 1917 жылы сәуір-мамыр айларында өткен облыстың және үздік қазақ сьездерінде Х. Ғаббасов жетекшілік еткен Семей облыстық қазақ сьезінде әлеуметтік-саяси мәселелер сөзге тиек етілді. Осы сьездегі Н. Құлжановтың қазақ қауымдастығы әйелдер тағдыры жөніндегі ой-толғамдары тың дамуға күшті әсер етті.Бұл сьезге 200 жүзге жуық делегат қатысты, Х. Ғаббасов делегаттар сьезінің төралқасының мүшесі болып сайланды.

1917 жылы 21-26 шілдеде Орынборда өткен бүкіл қазақтық сьезд құрылтай жиналысында депутаттыққа кандидаттыққа ұсынылған 18 адамның ішіндегі Х. Ғаббасов та бар еді. Осы жолы жаңадан құрылған партия «Алаш» деген атқа ие болады. Әлихан Бөкейханов,А.Байтұрсынов сияқты қазақтың либералды-демократиялық интелегенциясының көсемдері басқарған Алаш партиясының құрамына қазақтың ғылыми және шығармашылық зиялыларының белгілі өкілдерінің бірі ретінде Х. Ғаббасов та кіреді.

1905-1906 жылдары саяси қызметке араласа бастаған Х. Ғаббасов, Мәскеу университетіне түскенге дейін Семей гимназиясында білім алып жүріп, гимназияда Бичевин деген кісі ұйымдастырған революциялық үйірмеге қатысқанын, гимназистерге 1905 жылғы оқиғалардың үлкен әсері болғандығын, оның ықпалымен алдымен Бекметов, соңынан Қозыбағаров басқарған қазақ жастарының да үйірмесі құрылып, оның жұмысыеа Омбыдан саяси қызметті үшін қуылған Жақып Ақбаевтың да араласқанын, үйірме мүшелері халық арасына «саяси әдебиеттер және қазақтарды отырған жерін өз еркімен бермеуге,елінің мүддесін сатқан болыстармен» күресуге шақырған үндеу таратқандарын жазады. Үкімет 1907 жылғы 3 маусым күні шығарған заңмен думаны (2 мемлекеттік) таратып жібереді. 20 ғасырдың 10-шы жылдарының басында Мәскеу университетінде оқыған Х. Ғаббасов Әлихан Бөкейхановтың тапсыруы бойынша Москва және Петербург оқу орындарындағы қазақ студентерінің «3 маусым заңының» қазақ елі үшін әділетсіз заң екендігін дәлелдеп, үкіметке сұрау түсіру үшін түрлі материялдар жинағанын айтады.

1917 жылдың 8-16 қазанында Томбы қаласында Сібір автономиясын құру шараларын талқылаған жалпы Сібір сьезі болып өтті. Сьезд Сібір кеңесін сайлап, оның құрамына облыстардан Х. Ғаббасов, Е. Итбаев, С. Досжанов ал жалпы қазақ жұртының атынан Ә. Бөкейханов, М. Тынышбаев енеді. Жалпы қазақ сьезі «Алаш облыстарын бүлікшіліктен қорғау мақсатымен уақытша «Ұлт кеңесін» құрып,оның атын «Алашорда» болсын дейді», жаңа құрылған үкіметтің құрамына - Х. Ғаббасов енеді.

Орынбор қаласында 1917 жылы желтоқсанның 5-13 күндері өткен екінші жалпы қазақ-қырғыз сьезінде күн тәртібіндегі маңызды проблеммалар бойынша Ә. Бөкейханов, Х. Ғаббасовтар баяндама жасап, жарыс сөздерге белсенді түрде араласты.

Сьезд қазақ автономиясы мен милиция туралы Х. Ғаббасов жасаған баяндаманы тыңдап,осы мәселе бойынша саяси мәні терең қаулы қабылдайды. Бұл жөнінде «Сарыарқа» газетінің 1918 жылғы қаңтардың 25 күні 29-санында жарияланған «Жалпы қазақ-қырғыз сьезінің қаулысы» атты құжатта былай дейді.

127

«Автономия туралы Халелдің баяндамасын тексеріп сьезд бір ауыздан қаулы «қылады :

1) Бөкей елі, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Самарқант облыстарындағы қазақ уездері, Закаспий облысындағы және Алтай губерниясыдағы іргелес болыстардың жері-өз алдына ұлттың жері, автономия болсын;

2) Қазақ-қырғыз автономиясы «Алаш» деп аталсын;3) Алаш автономиясының жер үстіндегі түгі – суы, астындағы кені Алаш

мүлкі болсын;4) Қазақ-қырғыз арасындағы тұрған аз халықтың құқықтары теңгерілсін;5) Алаш облыстарын бүлікшіліктен қорғау мақсатымен уақытша ұлттық

кеңес құрылсын. Мұның аты «Алашорда» болсын.«Сарыарқа» газетінің жоғарыда аталған сынында жариялаған Х. Ғаббасовтың

«Алаш автономиясы» атты мақаласында; «Қазақ-қырғыз үкіметі «Алашорда» Алаш қаласына келіп автономиясын жариялағаннан кейін, қазақ-қырғыз балалары бағынған үкіметіміз осы деп сеніп, ант беріп, басқа үкіметті танымай, өз үкіметінің әмірін екі қылмай орындау керек», - деп баса көрсетті.

Алашорда атынан РСФСР-дің ұлт істері жөніндегі халық комиссары И. Сталинмен Семейден тура телеграф сымы арқылы келіссөз жүргізген Халел Ғаббасов 1929 жылғы қарашаның 10-да ОГПУ-дің тергеушісіне берген жауабында былай деп мәлімдейді; «Келіссөздерде мен Совет үкіметінің декларатциясының (әңгіме 1917 жылдың қараша айының 2-де Совет үкіметі жариялаған «Россия халықтары праволарының декларатциясы» туралы болып отыр) идеяларын сәйкес қазақ халқының өзін-өзі билеу құқығының кедергісіз жүзеге асырылыуын, талап еттім. Барлығы есімде жоқ, дегенменде мен 14 тармақтан тұратын талаптар қойдым. Олардың жадында қалған негізгілері; таралған қазақ мекемелерін қалпына келтіру,Совет үкіметі жағдайындағы ұлттың автономияны құру, қазақ халқының тұтқынға алынған қайраткерлерін босату». Сталиннің жауабынның мазмұны Алашорда Совет үкіметін мойындағанда ғана Қазақстанда құрылтай сьезін шақыруға әрекеттер жасалады дегенге сайды...

Біз Сталинға телеграф арқылы Совет үкіметін мойындайтынымызды мәлімдеп, сол кезде Москвада жүрген Досмұхамедовтерге ортаның үкімет алдында біздің мүдделерімізді қорғауды тапсырдық. Сталинмен сөйлесіп болғаннан кейін телеграф сымына облыссоветтің төрағасы Шугаев шақырылды, бірақ олардың не туралы сөйлескенін білмеймін. Осы сөйлесуден кейін Шугаевтың бізге деген көзқарасы өзгерді, тіпті тұтқындағылардың кейбірі босатылды». Бұдан кейін Х.Ғаббасов Семей облысының Совет атқару комитетінің мүшелігіне өтеді.

Х. Ғаббасұлы 1917-1918 жылдары Семей қаласында шығып тұрған «Сарыарқа» газетінің шығарушысы болған. «Сарыарқа» газетінде ел,жер,халық қамын ойлаған Ә. Бөкейханов, Х. Ғаббасұлы, Ж. Аймауытұлы, Т. Құнанбайұлы, М. Тұрғанбайұлы сияқты арыстардың жүрек жарды еңбектері жарияланып тұрған. «Сарыарқа» партия,ел қамы, ұлттардың қатынас мәселелерімен қатар, одан да ауқымды тақырыптар, мәселен мемлекет күйі де сөз болған. Онда авторлар оқырмандарды ақпан төңкерісінен кейінгі саяси оқиғалармен

128

таныстырып, мемлекет басында күнделікті болып жатқан өзгерістерден хабардар етіп отырған. Әсіресе, бұл орайда газет редакторы Х. Ғаббасұлының жазғандары өткір де шыншыл материялдар болып есептеледі. Оның бір ғана Ресейде болып өткен қазан төңкерісінен іле-шала жазып, «Сарыарқада» жарияланған «Мемлекет күйі» деп аталатын тарихи, ғылыми публицистикалық еңбегінен күні бүгінге дейін «ақтаңдақтар» қатарына жатқызылып келген көптеген жайларды ұғынуға болады. Соның бірі –большевиктердің үкімет басына келу туралы.

«300 жылдан аса Романов тұқымының бағынуында жүрген Россия жұртының көксегенде көрген бостандығын большевиктер бүгін «қара күшке» сеніп,басқа теуіп отыр. Кеше жұрт бостандығы үшін крепста тәні шіріген, каторгыда айдалып, басқа мемлекет ішінде қашып, табаны тесілген аты шулы сабаздар Плеханов, Кропаткин, Брешко-Брешковскаялар бүгін сыртқа тебіліп, «бостандыққа қас» дұшпан аталып отыр.Кеше Николай заманында саясат майданында өзі түгіл ізі жоқ, бостандық таңымен «мартта туған арамзалар» -большевиктер шоқпар, найза, мылтыққа сүйеніп, мемлекет көшінің алдында хәкімшілдікті қолына алып отыр».

«Сократ хәкімге у ішкізіп, Иван Густы отқа өртеген, Ғайса Ғалайс-саламды дарға асқан, Пайғамбарымызды түйенің жемтігіне көмген-ол кім?» Ол-көп; ендеше көпте ақыл жоқ; ебін тапта жөнге сал»-деген Абай. Сол қара надан көпшілік найза, шоқпарын қолына алып,жұрт құрылтайына үш-ақ жұмыс күні қалғанда, жұрт бостандығын кескілей бастады»-деп шешуі қиын мәселені алға тартады.

Екіншіден, мақала авторының кеңес үкіметінің қазына-мүлік, жер-су жұртқа қылдай бөлініп берілсін деген ұраны туралы; «Большевиктер көсемі Лениннің екі әмірі жер,су, өлі құрал мен тірі құрал жер комитеттері арқылы еңбек қуған жұрттарға бөлініп берілсін деген». Бұл үстіміздегі заманда өмір жүзіне орын таба алмайтын, әдемі ғана құр сөз. Жұрт бірімен-бірі пышақтасар,бірақ бәрін ортаға салып,жөншілікпен бөлісіп,алыспас;түптің-түбінде бұл іске асса асар, бірақ осы күнде емес; Жер –судың әділдікпен жұртқа бөлініп беру жағын бізде көздейміз, һәм осы пірге қызмет қылмақпыз. Россияның неше жүз жылдардан бері бір көрген бостандығы биылғы 25 февральдан бері болса, ол бостандық осы күнгі большевиктердің найзасында ілулі болса,біз қайтып ілгерілемекпіз?!» - деген ойын да қазіргідей заманда құптамасқа болмайды.

1.23 Ұлы суреткердің алғашқы қадамы (Мұхтар Әуезов)Мұхтар Әуезов- творчествосы ұлттық шеңберден шарықтап көтеріліп,

әлемдік мәдениеттің қымбат қазынасына толымды қор болып қосылған ұлы суреткер. Сондықтан бүгінгі таңда жекелеген байсалды еңбектерге қарағанда, оның мұрасы әлі ұзақ уақыт жан-жақты, сан алуан, әр бағыттағы зерттеулердің обьектісі болуы қажет. Табысына таңдай қағып, танысына бас шайқау- әдебиет танудың марқайған кезіне жараспайтын мінез.Қазақ әсемдік атты тарихында ерекше құбылыс - М.Әуезов туындылары идеялық - көркемдік, образдық, жанрлық ретпен де, ізденіс өрістері қаламгерлік эволюция тұрғысынан да ақтара қарап, саралауды талап етеді.

129

Қазірде Әуезовтың ауызға алынбай, аз зерттеліп жүрген бір талай еңбектері бар. Олар жас Мұхтардың қаламгерлік жолыдағы алғашқы публицистикалық шығармалары.

Ең алғаш баспасөзде жарияланған көлемді еңбегінің бірі- «Адамдық негізі-әйел» (1917) деген мақаласынан жиырмадағы баланың, жігіт Мұхтардың ой-өрісінің кеңдігі, білім дәрежесінің молдығы, қалыптаса бастаған азаматтың парасатының шамасы жақсы аңғарылады. Мақала арқауы-өмірдің жеке бір ғана фактысы емес, қиын-қыртыс түйін-әйел бостандығы тақырыбы.

Әуезовтың публицистік алғырлығы әйел теңсіздігін жалғыз қалың мал қырсығынан іздемеуден көрініп отыр. Ол бала тәрбиесіндегі ананың, от басының орынын айтып, бұған әйел теңсіздігінің жасар қыр-сырын ашып,жас талант көзі көріп жиренген әділетсіздікке қарсы ашына үкім айтады.

Мақалада Абай поэзиясының, әсіресе Абай қара сөздері әсерінің іздері сайрап жатыр.Жас қаламгер бірде Абайдың «Әкесінің баласы-адамның дұшпаны-адамның баласы бауырың» деген даналығын мысалға келтіре отырып, сөз сабақтайды. М. Әуезовтың «Адамдық негізі-әйел» мақаласына қазақ публицистикасының мәнді туындысының бірі болып есептеледі.

Творчестволық сапардың алғашқы кезінде М. Әуезов қаламынан туған мақалаларды түгел қамтып, топтай сөйлегенде, оларда қозғалатын негізгі мәселелерді мынадй салаларға бөлуге болады; Әйел теңдігі жайлы, оқу-ағарту,мәдениет ісі, интелегенция туралы, ғылым негіздері, саясат, халықаралық тақырып, газет жөніндегі, әдебиет мәселесі.

Мысалы, «Оқудағы құрбыларыма» (1917) атты мақаласында Мұхтар өз тетелестеріне мынадай сауал тастайды. Оқыған жастар халық үшін қандай қызмет жасауы керек? Қазақ интелегенті ұшталар кемер, барар жайлау қайсысы?

Мақалада Әуезов интелегенттер бойындағы кемшіліктерді сынап, оқығандарды ауыз бірлікке шақырады, адалдық,табандылық,білімділік сияқты қасиеттерді үлгі етеді. Семей қаласында 1918-1919 жылдары шыққан «Абай» журналында М. Әуезовтың бір талай мақалалары жарияланады.

Журналдың тұңғыш санында басылған «Ғылым» атты мақаласында Әуезов адам баласының ұзақ сапар тарихынан көптеген мысалдар келтіріп, ғылымның қалай пайда болғанын сөз етеді. Тәжірибеден, өмірлік қажеттіліктен туғанын нанымды дәлелдейді.

Рухани тірлік үшін ғылым атқарар қызметті айрықша дәріптеп; «Шын ғылым жолына түссе, шын көздеген мақсаты, адамдық, азаттық болар еді»- деді. Бұл мақала леитомотивті де адамшылық, ағартушылық. Білімнің жетістіктерін санай келіп, публицист мақаласын; «Мұншама тапқан көркем ақыл, көсем ғылым, осы араға келіп тоқтап қалмай, адамшылықтың иман жүзді жарық күннің астына апарып, бар адам баласын бұрынғы қаскүнемдік, қанішер, жауыздығын тастатып, бір сүйіспеншілік, бір туысқандық жүрекпен табыстырса керек деп білемін», - деген бауырмашылық ойлармен аяқтайды.

«Қайсысын қолданамыз?» (1917), «Ғылым тілі» (1918), «Оқу ісі» (1917), мақалалары - қазақ тілінде оқулықтар шығару туралы «Қайсысын қолданамыз?» мақаласы педогогиканың жанды тармағы – оқулықтар мәселесін сол уақыттың өзінде өте дұрыс көтерген құнды еңбек «Қазаққа келсек, мектепке арналған ретті

130

бір кітап жоқ, «- деп күйзелген автор кедергінің түп төркіні- терминдердің жөнге түспеуінде, мектептердегі бір ізділіктің жоқтығында деп біледі. Бір нұсқалы оқу құралдарын жасау керек дейді Әуезов. Бұл ойлар «Ғылым тілі» мақаласында одан әрі таратылып, толықтырылып, тереңдей түседі, термин мәселесі айрықша сөз болып, автор өз байланысын ұсынады.

М. Әуезов бұл жерде «Түрікшілдікке» қарсы шығып отыр. Терминдер жасауды ең алдымен ана тілінің байырғы мүмкіндіктерін сарқа пайдалануды, қажет болғанда ғана басқа тілдерден жаңа сөздер, жаңа ұғымдар алуды жақтайды, бірақ қазақ тілін орынсыз шұбарлауға қарсы шығады.

Мұхтардың бұл кездегі ғылыми-мәдени саласындағы ізденістері әр қиырда,әр салада. «Философия жайынан» (1918) мақаласында автор философияның басқа ғылымдарға қатысын, олардың қатарында алатын орнын, зерттейтін обьектісін дұрыс түсіндіреді. Шәкірттік мінез білімге құштарлықтан туған философияға таңдай қаға табыну да бар.

Ол қылық әлеуметтік қоғамдық проблемаларға арнап жазылған «Мәдениетке қай кәсіп жуық?» (1912), «Мәдениет және ұлт», «Земство һәм кооператив қауымдары» сияқты мақалалары бар. Мәселен негізінен экономиканы сөз ететін «Мәдениетке қай кәсіп жуық?» еңбегінде әр түрлі халықтардың белгілі бір шаруашылықпен айналысуына географиялық орта жасайтын ықпал дүние жүзіндегі көптеген елдер тарихынан алынған ұтымды мысалдармен сенімді дәлелденеді. Ғылымға,мәдениетке ең жуық кәсіп- егіншілік деген пікірді публицист ерекше құптайды.

Жан-Жак Руссоның «Цивилизация адамды бұзады» дейтін қате байламына М. Әеуезов «Мәдениет һәм ұлт» мақаласында қарсы шығады, ондай концепцияның зияндылығын, жалғандығын дәлелдейді.

Ағартушылық бағытта, педагогикалық жүйеде сапалы ойлар айта алған Әуезов қазақ қоғамындағы әлеуметтік қайшылықтарды анық көре алмайды, жалпы теңсіздік, жалпы бақытсыздық қыр тіршілігіне қас нәрсе деп ұқты. Дала өміріне түскен соң қилы жарықшақтың себебін тап баса алмай, оны бас бірікпеушілікте, партияшылықта деп түсінген автор өзінше қамаудан шығар жол іздейді. «Ескерту керек» деген мақаласында былай деп жазады; «Жуан ауыл-қырдағы бұзық мінездің ұясы. Ел ішіне күшті әділ үкімет орнатып, нашар мен жуанды теңестіріп, жуан зорлықшылды не қылсада елден айырып, әлсіретуге тырысу керек». Бұл байламдардың реформалардан екені көрініп тұр. Мұхтардың тапқаны; бірінші қараңғылықты қақ жаратын оқыған, білімді,әділ болыс, екінші жұрттың тиын-тебенін жемейтін тұтынушылар дүкендері үшін, өнімді еңбекке жұмылу. «Земство һәм кооператив қауымдары» мақаласында кооперативтің пайдалы, тиімді жақтарын жан-жақты сөз қылады. Тұрмысыңды түзеймін десең, дүниенің ебін біл, саудагерге алданба, өзара бірлескен серіктік құр дейді. Мұның бәрі де қоғамдық құбылыстардың, заңдылықтарын білмеуден туған байламдар еді.

Мұхтардың сол кездегі педогогикалық ойларының қорытындысы- «Оқу ісі» мақаласы. Мұнда мектеп мұқтажын сынай сөз ету бар. Түбі ақылық мұғалімдер кадрларын даярлаудың сапасында жатқаны айтылады. Қазақ мектептерінің

131

кінәрәтті қиыншылықтары ортақ бағдарлама, ортақ оқулық жоқтығы, мұғалімді қызметке тұрақтандыру мәселелерінің шешілмеу жолдары қарастырылады.

М. Әуезов 1922-23 жылдардың қысында Ташкентте оқып, одан кейін Ленинград университетіне ауысады. Әуезовтың кеңес үкіметін орнату жолындағы еңбегін көрсететін тарихи құжаттар ретінде губревком органы «Қазақ тілі «газетінде басылған «Уәкілдер келді» (1921), «Төңкеріс комитеті сайланды» (1921) деген материялдарды атауға болады.

Кеңес мекемелерінде қоғамдық қызмет атқарып, ірі орындарда болу Әуезовты саяси жағынан шыңдап,ой-өрісін, дүние танымын байытты. Оның шығармаларының таптың саналық өткірлігі күшейді. Семей губревкомының органы «Қазақ тілі» газетінде жарияланған «Қазақ ақындарына ашық хат» (1920) мақаласының принцпті маңызы бар. Өйткені бұл мақала Әуезовтың идеялық жағынан жаңа биіктерге көтерілгендігін байқататын еңбек.

Оқығандарды Әуезов кеңес үкіметі үшін адал қызмет атқаруға шақырады. «Қазіргі заман қазақтың басына келіп тұрған әрі ең қиын,әрі ең пайдалы,жайлы заман «деген пікірді интелегенцияның құлағына құяды. Қарақан бастың тыныштық қамын ойлап әлеуметтік істерден тысқары қалудан безіндіреді.

«Жалпы жарлық» (1921), «Бүгінгі зор міндет»(1920) мақалаларында кеңес үкіметінің жүргізіп отырған күнделікті, маңызды шаралары түсіндіріледі. Сауатсыздықты жоюдың мемлекетттік маңызы айтылыды.

М. Әуезовтің 1917-1922 жылдар аралығындағы қаламгерлік қызметін бағалағанда оның «Шолпан» журналында басылған әдебиет мәселелері жайындағы еңбектеріне тоқталу керек; «Қазақ қалам қайраткерлеріне ашық хат» (1922) мақаласында баспасөздің адам санасын тәрбиелеудегі рөлі көрсетіліп, редакциялардың науқандық шараларды ғана күйттемей, әдеби шығармаларға көңіл бөлу қажеттігі баса айтылды.

«Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі» (1922) әдеби сын очеркінде Әуезов әдебиетінің қоғам өмірінде атқаратын қызметін көрсетеді. Қазақ әдебиетінің тарихына шолу жасап, бір талай мәселелерге дұрыс баға беріп, болашақта не істеу керектігі жөнінде өз ойларын ортаға салады.

Очерк; «Қазақ әдебиеті қазіргі өмірдің бетіндегі қаймағын жалап жүр». Бұрынғы әдебиеттің ішіне тазша бала мен жалшы сақау қатын да кірген болса, бүгінгі әдебиетке қалпақ киген оқығаннан бастап, қой жайып жүрген қойшыға шейін кіруге тиіс, - деген үлкен талап қоюмен аяқталады. Мұхтардың бұл очеркі-әдебиеттің ғылымымыздың тарихындағы алғашқы кәсіптік, сапалы еңбектердің бірі.

М. Әуезовтың таланты публицистикадан ерекше байқалады. Ол әлеуметтік өмірдің күрделі проблеммаларына бой ұрып, прогресшіл көш басшы ойлар айтты.

132

Әдебиеттер

1 Колокол, 1858. – № 26.2 Уәлиханов Ш. Шығармаларының таңдамалы жинағы. – Алматы, 1980. –

Б. 197, 241, 246.3 Дербісәлин Ә. Ыбырай Алтынсарин.– Алматы: «Қазақстан» баспасы,

1965. – 199 б.4 Фетисев М. Н. Зарождение казахской публицистики. – Алматы, 1961. –

258 б.5 Орынбор облыстық архиві. Ф. 6, опись 10, дело № 8481.6 Мәшһүрдің қырық алты жасында сөйлеген сөзі.Таңдамалы. Екі томдық.

- 1 Т. – Алматы : Ғылым, 1990. –– 72 б.7 Мұқанов С. Халық мұрасы. – Алматы, 1974.8 Кенжебаев Б. Қазақ халқының XX ғасыр басындағы демократ

жазушылары. – Алматы, 1958. – 359 б.10 Көпеев М. Ж. Жылым-қой, жасым биыл жетпіс үште. Таңдамалы. - 2 Т.

– Алматы : Ғылым. 1990. – 140 б.11 Көпеев М. Ж. Таңдамалы. – 1 Т. – Алматы : Ғылым, 1990. – 458 б.12 Дәуітов С. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев // Қазақстан мектебі, 1990. – № 2. – Б.

72 – 73. 13 Бөжеев М. Мәшһүр Жүсіп мұралары хақында // Жалын, 1974. – № 3. – 128 б.14 Көпеев М. Ж. «Мәшһүр» аты қалай алынғандығы туралы. Таңдамалы. –

1 Т. – Алматы : Ғылым, 1990. – 114 б.15 Әбілев Д. «Мәшһүр» арабша-белгілі, атақты деген мағынада. Шежіре

болған серігі // Қазақ әдебиеті. – 1983. 26 шілде.16 Ақын-жыраулар. – Алматы : Ғылым, 1979. – 83 б.17 Қазақ ССР Энциклопедиясы. – 7 Т. – 540 б.18 Ақын-жыраулар. – Алматы : Ғылым, 1979. – 83 б.19 Әдеби мұра және оны зерттеу. – Алматы, 1961. – 245 б.20 Ғабдуллин М. Діншіл, ұлтшыл М. Көпеев туралы // Социалистік

Қазақстан, 1953. – 26 сәуір.21 Тәжібаев Ә. Имандылыққа үндеген // Социалистік Қазақстан, 1990. –

26-қыркүйек.22 Көпеев М. Ж. Сарыарқаның кімдікі екендігі. – Қазан, 1907. – 1 б. – 3 б.23 Көпеев М. Ж. Туысқан бауырларыма бір насихат // Айқап, 1912. – № 7. – 147 б.24 Көпеев М. Ж. Туысқан бауырларыма бір насихат //Айқап, 1912. – № 7. – 123 б.25 Ғажайып бір құс заманымызда // Дала уалаятының газеті. – Алматы,

1989. – 177 б.26 Ғажайып бір құс заманымызда // Дала уалаятының газеті. – Алматы,

1989. – 170 б.27 Правда, 1940. – 21 маусым. – № 171.28 Исабаев Қ. «Ыждағатты ықыласпен» мақаласы //Қазақ әдебиеті, 1988.

– 28 қазан.29 Исабаев Қ. «Ыждағатты ықыласпен» мақаласы //Қазақ әдебиеті, 1988.

– 28 қазан.

133

30 Кенжебаев Б. Сұлтанмахмұт Торайғыровты зерттеу, тану мәселесі. – Алматы, 1968. – 356 б.

31 Дүйсенбаев Ы. Сұлтанмахмұт Торайғыров. – Алматы, 1967.32 Кенжебаев Б. Сұлтанмахмұт Торайғыровты зерттеу, тану мәселесі. –

Алматы, 1968.33 Дүйсенбаев Ы. Сұлтанмахмұт Торайғыров. – Алматы, 1967.34 Дүйсенбаев Ы. Сұлтанмахмұт Торайғыров. – Алматы, 1967.35 Кенжебаев Б. Сұлтанмахмұт Торайғыровты зерттеу, тану мәселесі. –

Алматы, 1968.36 Дүйсенбаев Ы. Сұлтанмахмұт Торайғыров. – Алматы, 1967. – Б. 100– 101.37 Кенжебаев Б. Сұлтанмахмұт Торайғыровты зерттеу, тану мәселесі. –

Алматы, 1968. – Б. 9-10.38 Торайғыров С. Шығармалар. - Т. 2. – Алматы, 1967. – 200 б.39 Торайғыров С. Шығармалар. - Т. 2. – Алматы, 1967. – 150 б.40 Дұрыстық жолы, ь1919. – 1 сәуір.41 Қазақ, 1913. – № 11.42 Қазақ, 1913. – № 14.43 Қазақ, 1914. – № 61.44 Серке, 1907. – № 2.45 Айқап, 1912. – № 6.46 Айқап, 1913. – № 31.47 Уақыт, 1908. – № 383.48 Еңбекші қазақ, 1923. – № 75.49 Еңбекші қазақ, 1923. – 5 мамыр.50 Еңбекші қазақ, 1924. – № 294.51 Еңбекші қазақ, 1925. – № 3,5.52 Еңбекші қазақ, 1927. – 7 қараша.53 Қызыл Қазақстан, 1923. – № 3, 5.54 Шолпан, 1923. – № 3-5.55 Ауыл тілі. 1926. – 27 мамыр.56 Сибирские вопросы, 1910. – № 37.57 Труды общества изучения Киргизского края, 1922.58 Еңбекші қазақ, 1923. – 5 мамыр.59 Қазақ, 1917. – № 240.60 Қазақ, 1918. – № 260 – 261.61 Қазақ, 1913. – № 6.62 Қазақ, 1913. – № 30.63 Қазақ, 1913. – № 35.64 Қазақ, 1916. – № 200.65 Еңбекші қазақ, 1926. – 8 шілде.66 Еңбекші қазақ, 1926. – 8 шілде.67 Қазақ, 1917. – № 244.68 Қазақ, 1914. – № 65.69 Қазақ, 1915. – № 93.70 Қазақ, 1915. – № 112.

134

71 Қазақ, 1917. – № 230.72 Қазақ, 1917. – № 247.73 Стрельникова И. Заметки о национальном // Наш современник, 1989. – № 7.74 Ресей. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы. – 18 Т., 1903. 75 Қазақ, 1917. – № 256.76 Қазақ, 1917. – № 257.77 История Сибири. – Ленинград. - 3 Т, 1968.78 Россия. Полное географическое описание нашего Отечества. – 18 Т. –

Петербург, 1903.79 Терме. – Ташкент, 1925.80 Қирабаев С. Жүсіпбек Аймауытов. – Алматы, 1993. – Б. 12–13. 81 Айқап, 1911. – № 11.82 Айқап, 1913. – № 20.83 Айқап, 1912. – № 3.84 Ақ жол, 1924. – 30 желтоқсан.85 Ақ жол, 1924. – 27шілде.86 Ақ жол, 1924. – 3 сәуір.87 Тілші, 1924. – 31тамыз.88 Ақ жол, 1924. – 10сәуір.89 Ақ жол, 1924. – 1 мамыр.90 Ақ жол, 1924. – 1 сәуір.91 Тілші, 1927. – 9 ақпан.92 Ақ жол, 1924. – 3 сәуір.93 Айқап. - Алматы, 1995. – Б. 249 – 250.94 Тәкенов Ә. М. Шоқай өмірінің кейбір қырлары // Қазақ тарихы, 1996. – № 5.95 Оралтай Х. Мұстафа Шоқай және оның ізбасарлары // Егемен

Қазақстан, 1996, қаңтар.96 Оралтай Х. Мұстафа Шоқай және оның ізбасарлары // Егемен

Қазақстан, 1996. - қаңтар.97 Тәкенов Ә. М. Шоқай өмірінің кейбір қырлары // Қазақ тарихы, 1996. – № 5.98 Егемен Қазақстан, 1996, қаңтар.99 Жас Түркістан. – Париж, 1949 – 1950.100 Шоқай М. Түркістанның қилы тағдыры. - Алматы, 1993.101 Шоқай М. Кеңестер билеген Түркістан. - Оксфорд, 1985.102 Қазақ әдебиеті, 1988, - 2 қазан.103 Социалистік Қазақстан, 1989. – 28 наурыз.104 Ана тілі, 1991. - 18, 25 шілде.105 Қамзабекұлы Д. Садуақасұлы С. – Алматы, 1996.106 Жастарға жаңа жол. – Орынбор, 1921.107 Жас азамат, 1918. – 30 шілде.108 Большевик, 1928. – № 1.109 Мұқанов С. Есею жылдары. - 3 Т. – Алматы, 1970.110 Мұқанов С. Есею жылдары. – 2 Т. – Алматы, 1970. 111 Қамзабекұлы Д. Садуақасұлы С. – Алматы, 1996.112 Түпнұсқасы ҰХҚ архивінде. – № 78754. – 7. Т.

135

113 Бейімбет өлеңдері. – Қызылорда, 1925.114 Еңбекші қазақ, 1925. – 23 қараша.115 Еңбекші қазақ, 1926. – 8 ақпан.116 Еңбекші қазақ, 1926. – 8 ақпан.117 Еңбекші қазақ, 1927. – 15 - 16 ақпан.118 За партию, 1929. – № 5, 6.119 Жас азамат, 1918. – 4 қазан.120 Трудовая Сибирь, 1919. – 4 - 5 сәуір.121 Трудовая Сибирь, 1919. – 23 маусым.122 Трудовая Сибирь, 1919. – 30 қыркүйек.123 Кедей сөзі, 1920. – 30 наурыз.124 Кедей сөзі, 1920. – 5, 11, 22 сәуір.125 Кедей сөзі, 1920. – 1 мамыр.126 Кедей сөзі, 1920. – 25 қазан.127 Кедей сөзі, 1920. – 25қазан.128 Кедей сөзі, 1920. – 25 қазан.129 Кедей сөзі, 1920. – 25 қазан.130 Еңбек туы, 1920. – 10 қараша.131 Еңбек туы, 1920. – 25 желтоқсан.132 Еңбек туы, 1920. – 25 желтоқсан.133 Коммунаргазеті, 1921. – 1 қаңтар.134 Коммунар, 1921. – 9 ақпан.135 Досмұхамедов Х. «Аламан» кітабын құрастырушылардан. – Алматы, 1991.136 Досмұхамедов Х. «Аламан» кітабын құрастырушылардан. – Алматы, 1991.137 Досмұхамедов Х. «Аламан» кітабын құрастырушылардан. – Алматы, 1991.

136

Мазмұны

Алғы сөз...................................................................................................... 31 XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасыр басындағы қазақ

ақын, жазушылары мен публицистерінің рухани мұралары................. 41.1 Жанашары халқының (Ш. Уәлиханов).................................................... 41.2 Оқу, білімге шақырған (Ы. Алтынсарин)................................................ 71.3 Мыңмен жалғыз алысқан (А. Құнанбаев)............................................... 91.4 Ойшыл, ағартушы, ақын, публицист (М. Ж. Көпеев)............................ 121.5 Жақсыдан ғибрат (С. Шорманов)............................................................. 241.6 Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болған (С.Торайғыров)..... 271.7 Ел қамын ойлаған (Ғ. Қарашев)................................................................ 391.8 Елім деп еңіреген ер (С. Дөнентаев)........................................................ 461.9 Табиғи талант иесі (Қ. Кемеңгеров)......................................................... 591.10 «Қазақтың «көзі, құлағы һәм тілі (А. Байтұрсынов).............................. 741.11 Қазақты қалың ұйқысынан оятқан (М. Дулатов).................................... 761.12 Алашым деп туған ұл (Ә. Бөкейханов).................................................... 811.13 Қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы (Ж. Аймауытов)...................................... 901.14 «Айқаптың «айнасы болған (М. Сералин).............................................. 951.15 Қайраткердің қаламгерлігі (С. Қожанов)................................................ 971.16 Қазақ жастарының көсемі (Ғ. Мұратбаев)............................................... 1021.17 Алты алаштың ардақтысы (М. Шоқай)................................................... 1051.18 Елім деп өткен бір бейне (С.Садуақасов)................................................ 1081.19 Болашақ үшін күрескен (Т. Рысқұлов).................................................... 1131.20 Ағысқа қарсы жүзген (М. Тынышпаев)................................................... 1171.21 Бар өмірі күреспен өткен (Х. Досмұхамедов)......................................... 1221.22 Елі үшін құрбан болған (Х. Ғаббасов)..................................................... 1251.23 Ұлы суреткердің алғашқы қадамы (М. Әуезов)...................................... 128

Әдебиеттер.................................................................................................. 132

137

Қырықбай АллабергенТарих тудырған тұлғалар

(Бірінші кітап)Оқу құралы.

Подписоно в печать – 2010Гернитурс Тimes

Формат – Бумага офисаусл. печ – Тираж –

Заказ №Тех. редактор – Д.С. Тасова

Научно – издательный центр«Кереку» ПГУ

им. С. Торайгырова48000 г. Павлодар.

ул. Ломова, 64

138