uskz.orguskz.org/_ld/15/1534_qpu.docx · web viewСыни т ұрғыда ойлау –...

25
Сейткасимова Толкын Амирбековна Мұғалім портфолиосы А1 есеп №1 топ Екінші (негізгі) деңгей Тараз қаласы Іс – әрекеттегі зерттеу жүргізу туралы есеп 1 – бөлім: Іс – әрекеттегі зерттеуге арналған тақырыпты таңдауды негіздеу Бүгінгі таңда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр. Бұрын оқу үрдісінде мұғалім басты рөл атқарған болса, қазір оқушының белсенділігі маңызды рөл атқарады деп саналады. Оқушыға берілетін білім мұғалімнің емес, оқушының іс-әрекетімен бағаланады. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. Солардың бірі – сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау, яғни, RWCT жобасы 29 мемлекетте қолданылады. Технологияның негізін қалаушылар американдық ғалымдар Чарльз Темпл, Джон Дьюи, Мередит. Кезінде жоба ретінде ұсынылып, көпшіліктің қолдауын тапқан бұл технологияда Выготский, Пиаже, Эльконин- Давыдовтардың, басқа да ғалымдардың еңбектерінің ең құнды жерлері көрініс тауып, идеялар тоғысып, біріктірілген іспетті. Мектептегі тәжірибе кезінде өзімнің орта мерзімді сабақ жоспарларын жасау кезінде жеті модульді негізге ала отырып құрдым. Соның ішінде оқушылардың қарсы пікір айтуға, талдауға, болжам мен ұсыныстар айтуға итермелейтін сыни тұрғыдан ойлауға үйрету менің сабағымның өзекті мәселесі болды. Балаларды диалог пен дәйектеуге, талқылауға тарту белсенді жүргізілген жағдайда олардың оқуы тиімдірек және зияткерлік жетістіктері жоғары болатынын дәлелдейтін зерттеулер де көбейе түсуде. Осылайша балаларды ХХІ ғасырда және кейінгі ғасырларда да өмір сүру үшін қажетті дағдылармен және қасиеттермен қаруландыру – мұғалімдер 1

Upload: others

Post on 19-Jan-2020

26 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: uskz.orguskz.org/_ld/15/1534_qpU.docx · Web viewСыни т ұрғыда ойлау – мұғалімнің бағыттауымен оқушының өз бетімен білімді

Сейткасимова Толкын Амирбековна Мұғалім портфолиосы А1 есеп№1 топ Екінші (негізгі) деңгей Тараз қаласы

Іс – әрекеттегі зерттеу жүргізу туралы есеп

1 – бөлім: Іс – әрекеттегі зерттеуге арналған тақырыпты таңдауды негіздеу

Бүгінгі таңда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр. Бұрын оқу үрдісінде мұғалім басты рөл атқарған болса, қазір оқушының белсенділігі маңызды рөл атқарады деп саналады. Оқушыға берілетін білім мұғалімнің емес, оқушының іс-әрекетімен бағаланады. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. Солардың бірі – сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау, яғни, RWCT жобасы 29 мемлекетте қолданылады. Технологияның негізін қалаушылар американдық ғалымдар Чарльз Темпл, Джон Дьюи, Мередит. Кезінде жоба ретінде ұсынылып, көпшіліктің қолдауын тапқан бұл технологияда Выготский, Пиаже, Эльконин-Давыдовтардың, басқа да ғалымдардың еңбектерінің ең құнды жерлері көрініс тауып, идеялар тоғысып, біріктірілген іспетті. Мектептегі тәжірибе кезінде өзімнің орта мерзімді сабақ жоспарларын жасау кезінде жеті модульді негізге ала отырып құрдым. Соның ішінде оқушылардың қарсы пікір айтуға, талдауға, болжам мен ұсыныстар айтуға итермелейтін сыни тұрғыдан ойлауға үйрету менің сабағымның өзекті мәселесі болды. Балаларды диалог пен дәйектеуге, талқылауға тарту белсенді жүргізілген жағдайда олардың оқуы тиімдірек және зияткерлік жетістіктері жоғары болатынын дәлелдейтін зерттеулер де көбейе түсуде. Осылайша балаларды ХХІ ғасырда және кейінгі ғасырларда да өмір сүру үшін қажетті дағдылармен және қасиеттермен қаруландыру – мұғалімдер үшін ынталандыру күш болып табылады. Балалар күннен-күнге қолжетімділік артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамытуы керек (Wolfe and Alexander, 2008). Мен осы пікірді негізге ала отырып, орта мерзімді тізбектелген сабақ жоспарын құрдым. Оқушыларды сыни тұрғыда ойлауға үйрету арқылы олардың сабаққа деген қызығушылығын арттыруға болатынын, алған білімдерін өмірде пайдалануға болатынын түсіндім. Бұрын дәстүрлі оқыту кезінде оқушыларға тек оқулықтағы материал меңгерілсе болды деген оймен «жабық» сұрақтар ғана беретінмін, мысалға зат есім дегеніміз не?- деген сияқты. Оқушылар кітаптағы нақты жауаппен ғана шектелетін. Курстың бірінші кезеңінен соң мектептегі тәжірибеде сыни тұрғыда ойлауға үйретудің тиімді әдіс-тәсілдерін қолдана бастадым. Енді сабақ барысында «жабық» сұрақтарды емес, тек «ашық» сұрақтарды пайдалануға көштім. Сыни тұрғыда ойлауын дамыту үшін жорамал, ой қозғау сұрақтарын, түйіндеу әдістері тиімді болады деп есептедім.

1

Page 2: uskz.orguskz.org/_ld/15/1534_qpU.docx · Web viewСыни т ұрғыда ойлау – мұғалімнің бағыттауымен оқушының өз бетімен білімді

Сейткасимова Толкын Амирбековна Мұғалім портфолиосы А1 есеп№1 топ Екінші (негізгі) деңгей Тараз қаласы

Қазіргі таңдағы оқушылар бойындағы бар білімді өмірде тиімді қолдана алмайды, олардың бойында сыни ойлаудағы икемділіктер жетіспей жатады. Сын тұрғысынан ойлау - Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Джон Дьюи білім беру саласында осындай зерттеуді бастаған алғашқылардың бірі болды, ол оқушылардың ойлау дағдысын қалыптастырудың білім беру бағдарламасын тек оқушылар үшін ғана емес, қоғам үшін және барлық демократиялық құрылыс үшін тиімді болуына бағыттау керек екендігін мойындатты/1; 42-б./. Глейзер (1941) сын тұрғысынан ойлау «оған белгілі бір қорытындыларды қалыптастыруға мүмкіндік беретін дәлелдер тұрғысынан кез келген ұстанымды немесе болжанатын білім нысанын зерделеу үшін табанды күш жұмсауды» қамтиды деп пайымдайды. Сын тұрғысынан ойлау – өз ойын бағалау ниетінің болуы және оны істей білу, ол кез келген субъект үшін қалыпты болып табылатын шыншыл, ашық, дәйекті талдау жасауға қабілетті, білімқұмар, өзі мен өзгенің пікіріне сеніммен қарайтын және шешім қабылдауға парасатты болу ниетін дамытуды көздейді/1; 43-б./.

Сын тұрғысынан ойлата отырып, топпен ынтымақтаса жұмыс жасау арқылы, оқушылардың ойын, еркін сөйлеуін, тілін дамытып, бір - бірін тыңдай білуге өзінің де басқаның да жауабын сын тұрғысынан баға бере отырып, белсенділігін арттыруға мүмкіндік беремін. Мен осы бағдарламаның стратегияларын меңгеріп, тәжірибе жүзінде қолдану барысында көптеген жетістіктерге жетуге болатынына көз жеткіздім.

Эдвар Глейзер (1941) сын тұрысынан ойлау қабілеттілігі үш элементтен тұратындығын болжап берді.

1.Проблемалар мен мәселелерді шешу кезінде өз тәжірибесін қалыптастыруға ықпал ететін ойлау үдерісін іске асыру.

2.Логикалық зерттеу мен пайымдау әдістерін білу.3.Осы әдістерді қолданудағы тәжірибелік дағдылар.(1.42 бет.) Мен Эдвард Глейзердің осы үш негізгі элементінің маңыздылығын ескере

отырып, өзімнің жұмысымда басшылыққа алдым. Бағдарламаның жеті модулін кіріктіре отырып сабақ жоспарлағанда да ойлана келе әдебиет сабағындағы оқушы белсенділігін арттыруда сыни ойлата отырып, топтық жұмыс арқылы қол жеткізе аламын деп ойладым.Сын тұрғысынан ойлау деңгейлерін есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану арқылы танымдық әрекеттерін дамытуды қарастырдым. Сондықтан оқушылардың танымдық әрекетіне бақылау, талдау, қорытынды жасау және интерпретациялау дағдыларын дамытуға мүмкіндік жасау керектін

2

Page 3: uskz.orguskz.org/_ld/15/1534_qpU.docx · Web viewСыни т ұрғыда ойлау – мұғалімнің бағыттауымен оқушының өз бетімен білімді

Сейткасимова Толкын Амирбековна Мұғалім портфолиосы А1 есеп№1 топ Екінші (негізгі) деңгей Тараз қаласы

ескере отырып, мен «Ойлау деңгейінің жоғары сатыларын оқушы іске қосуы үшін мұғалімдер не істеуі тиіс? Бұдан күтілетін нәтижеден оқушылардың танымдық әрекеттері қандай болмақ?» деген сұраққа жауап іздедім. Менің іс-әрекеттегі зерттеу тақырыбым: «Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушылардың танымдық әрекетін арттыруға бола ма?» Алдыма «оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауды сабақта қолдану арқылы оларды ойландыратындай, проблемалар мен мәселелерді шеше алатындай тұлғаны қалыптастыру» мақсатын қойдым.

• ОМЖ-ға сын тұрғысынан ойлау арқылы танымдық әрекеттерін арттыратын сын тұрғысынан ойлау стратегияларын енгізу;

• Оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту;• Оқушылар арасында ынтымақтастық орта қалыптастыру;• Тізбектелген сабақтарды өткізуде сыныпты және 3 оқушының әрекетін

жеке бақылау;• Топтағы оқушылардың сабаққа қатысуын қамтамасыз ету;• Оқушылармен кері байланыс орнату;

Зерттеу тақырыбымның нәтижесінде топта ынтымақтастықтың қалыптасуы арқылы оқушылар өз ойын ортаға салып, белсенділігі артады.Жоғарыдағы мақсатты басшылыққа ала отырып, іс-әрекеттегі зерттеу жұмысыма ден қойдым.

Сыныпты зерттеу үшін сынып оқушыларының бір-бірімен қарым-қатынас мәдениеті мен сыйластығы, ұйымшылдығы маңызды болғандықтан, осы бағытта «социограмма» алып, қорытынды жасадым. «Социограмма» нәтижесінде сыныптастарынан тыс қалып отыратын, сыныптастарымен тез тіл табыса алмайтын оқушылар да белгілі болды. Жүргізілген байқау жұмыстарының қорытындысы бойынша оқу үлгерім деңгейіне қарай үш түрлі оқушыны зерттеуге алдым. Осындай жұмыстардың негізінде А - деңгейдегі оқушы, В - деңгейдегі оқушы, С - деңгейдегі оқушыны белгілеп алдым. Жоғарыда аталған зерттеу тақырыбым мен өзгеріс енгізудегі іс-әрекетімді жүзеге асыруға осы сыни тұрғысынан ойлау әдісі жақсы көмектеседі деп ойладым.

Зерттеу барысында 7 «А» сыныбына сын тұрғыдан ойлау құралдарын қолдану арқылы тізбектелген төрт сабағымды жоспарладым. Бірінші сабағымда үй тапсырмасын «Ыстық орындық» әдісі арқылы ұйымдастырдым. Өз қалауы бойынша ортаға шыққан оқушыға Махамбет рөлін ұсынып, оқушыларға сұрақ қоюға мүмкіндік бердім. Қойылған сұрақтардың қатарында «Қандай тілдерді еркін меңгердіңіз?», «Қандай өлеңдеріңіз бар?» деген 6 төмен

3

Page 4: uskz.orguskz.org/_ld/15/1534_qpU.docx · Web viewСыни т ұрғыда ойлау – мұғалімнің бағыттауымен оқушының өз бетімен білімді

Сейткасимова Толкын Амирбековна Мұғалім портфолиосы А1 есеп№1 топ Екінші (негізгі) деңгей Тараз қаласы

деңгейлі сұрақтармен қатар, «Сіздің өнерге қызығушылығыңыз болашақ өміріңізге қалай әсер етті?», «Сіздің өміріңізден келешек ұрпаққа үлгі алуына бола ма?» т.с.с. 5 жоғары деңгейлі сұрақтар да қойылды. Өз ойымды топшылай келе, оқушыларды үнемі жоғары деңгейлі сұрақтар құрастыруға бағыттап, машықтандыру қажет деп ойладым.

«Ыстық орындық» әдісі

Сабақтың Тұсаукесер бөлімінде қызығушылықты ояту мақсатында 6-сыныпта «Ақын қонақтар» деп аталатын М. Әуезовтің шығармасынан алынған үзінді кім және не жайында еді? «Ой қозғау» әдісін пайдалану арқылы «Топтастыру» стратегиясы бойынша Абай туралы білетіндерін, естігендерін жинақтады. Оқушылар жеке ойланды, жұбымен талқылады, топта тұжырым жасап, өз болжамдарын, пайымдауларын айтты. «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңінің мазмұнын толықтай ашатын шағын бейнеролик көрсете отырып, «Оқушылар бұл бейнероликтен не байқадыңдар?», «Қазақтың қандай салт-дәстүрін аңғардыңдар?» деген түрткі сұрақтар қойып, ой қозғадым. Сұрақтарға жауап бере отырып , жаңа тақырыпты геометриялық фигураларды құрастыру, яғни Мозайка әдісі арқылы оқушылар өздері ашты, топқа бөлінді.

Топқа бөліну сәті.

Жаңа тақырып бойынша оқушылар мағынаны тану барысында  жаңа ақпаратпен танысты, жаңа ақпаратты өзінде бұрын бар біліммен, тәжірибе алмасып кластер әдісі арқылы оқулықпен жұмыс жасады. Жаңа ақпаратты әр

4

Page 5: uskz.orguskz.org/_ld/15/1534_qpU.docx · Web viewСыни т ұрғыда ойлау – мұғалімнің бағыттауымен оқушының өз бетімен білімді

Сейткасимова Толкын Амирбековна Мұғалім портфолиосы А1 есеп№1 топ Екінші (негізгі) деңгей Тараз қаласы

оқушыға оқыта отырып, жеке жұмыстандырып, содан соң топтық талқылауға нұсқау бердім. 3 топқа арнайы зерттеушілік бағытта тапсырма бере отырып, постер арқылы топтың идеясын, шығармашылық жұмыстарын жарыққа шығаруға мүмкіндік бердім. Бір байқағаным әр топ өз еңбегінің нәтижесін жарыққа шығару үшін намыстанып, құлшына кірісті. Әрине, барлығы бірдей ойларын толық жеткізді деп айта алмаймын, бірақ ол оқушылар сыныптастарына қарап бейімделіп, мен күтпеген жағдайды туғызды. Сабаққа араласпай селқос отыратын оқушылар да постер жасауда қызығушылықтары артып, өз қолтаңбаларын қалдыруда барын салды. Осы тұста В оқушысының суретшілік қыры байқалды. Бір-бірімен ашылып сөйлесе бермейтін оқушылардың арасында белгілі бір ынтымақтастық атмосферасы қалыптасқандығы анық көрініп тұрды. А, В деңгейдегі оқушылар жұмыстану барысында өз тобының намысы үшін көп міндетті өздеріне жүктеп, басқа оқушыларға не істеу керектігін айтып, үнемі нұсқау беру арқылы көшбасшылық қыры ерекше байқалып отырды. Уақыт аяқталғаннан кейін, әр топтан өз пікірлерін дәлелдеуге топтың көшбасшылары барын салды. 3 топ та бүркіттің қасиеттерін барынша бейнелеп, тіпті В оқушысы саятшылық кезінде бүркітке қолданылатын құралдарды (аяққап, иыққап, таңдай ағаш, құндақ) атап көрсету арқылы өзінің саятшылық өнерінен хабарлары мол екендігін байқатып, мені таң қалдырды.

Оқушылар Кластерге түсіріп, орындаған жұмыстарын қорғады

Постер жасақтап, қорғауға уақыт көп кетті. Өз негіздемелерін айтып үйренбегендіктен, топ алдында өз ойын қорғау, дәлелдеу, оларға қиынға түсті. Нәтижесінде өткізіліп тұрған алғашқы сабақ болғандықтан, бағалау кезінде бір-бірін көтермелеу, асыра сілтеушілік байқалып қалды. Рефлексия бөлімінде сабақтан алған әсерлерін таратылып берілген түрлі түсті стикерлерге ненің

5

Page 6: uskz.orguskz.org/_ld/15/1534_qpU.docx · Web viewСыни т ұрғыда ойлау – мұғалімнің бағыттауымен оқушының өз бетімен білімді

Сейткасимова Толкын Амирбековна Мұғалім портфолиосы А1 есеп№1 топ Екінші (негізгі) деңгей Тараз қаласы

ұнағандығын, қандай жұмыстың олар үшін қызықты болғандығын жазып, өз жұлдыздарына жабыстырды.

Кері байланыс «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісінің көрінісі

Тізбектелген екінші сабағымды жылы түстер арқылы топтарға бөлуден бастадым. Сабақтың Тұсаукесер бөлімінде қызығушылықты ояту мақсатында «Желсіз түнде жарық ай» әнін тыңдату арқылы Әннен қандай әсер алдыңдар?, Ән өнері дегенді қалай түсінесіңдер? деген сұрақтарға жауап бере отырып, диалог арқылы сыни ойлауға шақырдым. Джиксо стратегиясы арқылы өлеңді 4 топқа бөліп, топтық жұмыс жүргіздім. Әр топ өлеңді өзара талқылады. ... «Ән өнері» тақырыбында постер жасауды тапсыру. Ән тыңдауда алған әсерлері мен жаңа сабақтан алған білімдерін жинақтап флипчартқа түсіреді. Келесі топқа топтың бір мүшесі түсіндірді. Оқушылар осы тапсырма барысында бір – бірін тыңдап, идеялармен пікір алмасып, өз жауаптарына талдау жүргізді. Сабақта топтасып жаңа тақырыпты меңгеріп Жигсо әдісімен жұмыс жасады. Бұл әдісті А және В оқушылар басқа оқушыларға қарағанда жылдам қабылдап, басқаларға өз сөздерімен түсіндіре алатындықтарын көрсетті. Ал С оқушы бірнеше оқушымен бірлесіп, бірге жұптасып жұмыс жасаған соң тақырыптың мазмұнын түсінді. Бұл әдістің тиімділігі оқушы өзі түсініп алған соң басқаға түсіндіру арқылы білгенін одан әрі нақтылай түседі және өз ойларын дәлелді түрде жеткізе алуларына септігін тигізетіндігін өткізілген сабақтарда байқалды. Мысалы, диалог негізінде білім беру мен білім алу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтің шәкірттердің өзіндік ой-пікірін жүйелеу мен дамытуына көмектесетіндігіне көз жеткіздім.

Сабақтан көрініс

6

Page 7: uskz.orguskz.org/_ld/15/1534_qpU.docx · Web viewСыни т ұрғыда ойлау – мұғалімнің бағыттауымен оқушының өз бетімен білімді

Сейткасимова Толкын Амирбековна Мұғалім портфолиосы А1 есеп№1 топ Екінші (негізгі) деңгей Тараз қаласы

Топ мүшелерін топ басшысы орындаған тапсырмасы бойынша бағалап отырды. А - деңгейі оқушысы ойлау деңгейлерінің тапсырмаларын орындауда табыс критерийлеріне сәйкес 5 ұпайды толық жинаған. В - деңгейі оқушысы 4, ал С - деңгей оқушыс 4 ұпай жинады. В және С деңгей оқушылары ұпай сандары тең болды. Өйткені С - деңгей оқушысы сыныптағы үлгерімі жақсы 3 оқушы тобында болғаны деп ойлаймын. Себебі, «Білу» ойлау деңгейіне қойылған еске түсіру тапсырмасы тексеруге арналған жұмысты В деңгей жартылай орындағандықтан ұпай жинай алмады, «Қолдану» ойлау деңгейіндегі оқулықтан топ болып орындау арқылы тапсырманың шешімін дұрыс таба білгендіктен С - деңгей оқушысы В - деңгей оқушысымен теңесті. Сабақ барысында бақылай отырып С - деңгей оқушысының сабақ бойынша нәтижесінің жақсаруына тобындағы оқушылардың бір - біріне қолдау көрсетуі ықпал еткендігін байқадым. Өзін-өзі бағалау оқушылар бойында оң бәсекелестіктің қалыптасуына және әрбір оқушының өз білім деңгейін әділ бағалауына ықпал етті. Оқушылардың өзін-өзі реттеуі қалыптасты.

Абайдың жиырма тоғызыншы қара сөзін аудиожазба арқылы тыңдатып, «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі арқылы оқушылар топ ішінде әңгімелесу, талқылау мен ой елегінен өткізу көмегімен түсінді. Балалар топтық жұмыс кезінде өз идеясын алға тартуды үйренді, өз арасында талқылау арқылы сыни ойлауы дамыды. Ойлаудың түсіну деңгейіне жиырма тоғызыншы және бесінші қара сөзінің ұқсастығы мен айырмашылығы сипаттау арқылы сыни тұрғыда ойландырдым. Оқушылар зерттеушілік әңгімеге тартылды, АКТ-ны қолданып, интернет желісін пайдаланып, Абайдың бесінші қара сөзін тауып, «Венн диаграммасы» бойынша Абайдың жиырма тоғызыншы қара сөзімен салыстыру арқылы ұқсастығын табу тапсырылды. Екі қарасөзді салыстыру кезінде сыни тұрғыда ойлау үшін осы әдісті пайдаландым. Оқушылар Абайдың кейбір қара сөздері қазақтың мақал-мәтелдерін талдауға, олардың мәнін ашуға арналады. «Бесінші», «Жиырма тоғызыншы» сөздерінде ақын қазақтың мақал-мәтелдерінің ішіндегі оң-теріс дегендерінің, жақсылыққа емес, жамандыққа тәрбиелейтіндерінің астарлы сырын сынға алады. Абай тек мақалдарды сынап қана қоймаған, кей қара сөздеріндегі ойлары қанатты сөздерге айналып кеткен деген жауаптар оқушылардың сыни ойлау арқылы білімдерін толық пайдаланғандарын, салыстырып, талдай білуге үйренгендерін тәжірибе жүзінде тағы көз жеткіздім. Осы сабақ барысында менің зерттеуге алған оқушыларым 2-топта жұмыс жасады. А-деңгейі оқушысы көптеген тапсырмаларды орындау кезінде топтағы оқушыларға жұмыстарды орындау үшін басшылық жасау арқылы көшбасшы қабілетін көрсетті. Топтағы С - деңгей оқушысы компьютерде жұмыс жасау дағыдысы жоғары екендігі көрінді. Ол А деңгей оқушысының нұсқауы арқылы қажетті ақпараттарды интернет желісінен жүктеп алып отырды. Ал, қалған топ мүшелері осы материалдар негізінде әңгіме құрастырды. В деңгей оқушысы өз

7

Page 8: uskz.orguskz.org/_ld/15/1534_qpU.docx · Web viewСыни т ұрғыда ойлау – мұғалімнің бағыттауымен оқушының өз бетімен білімді

Сейткасимова Толкын Амирбековна Мұғалім портфолиосы А1 есеп№1 топ Екінші (негізгі) деңгей Тараз қаласы

ойын жүйелі жеткізе білетіндігін байқадым. Топтағы оқушылар дайындаған постерді қорғау кезінде топтағы оқушылар өздері дайындаған постерді С оқушы қорғайды деп шешті.

А ,С бір топтағы әрекеттері.

Топ басшылары көшбасшы бола отырып, тобындағы үндемейтін оқушыларды сөйлете білді. Сабақта оқушыларға ашық сұрақтар қою, ой қозғау арқылы, тақырыпты анықтап, мақсаттарын айқындауға, өз ойларын қысылмай айтуға мүмкіндік бердім. Өзара талқылау арқылы, бір-бірінің түсінуіне көмектесетінін көрсетті. Оқушылардың топтық жұмыс барысында бір-бірімен ақпарат алмасуы жүреді. Сол ақпарат алмасу кезінде оқушылар өздері жауабын біле алмаған сұрауларына жауап алады немесе өздері жауабын өте жақсы білетін сұрауларды жанындағы сыныптасына өз сөзімен ұғындыра алатындай дәрежеге жетуге ұмтылады. Сыныпта кейбір оқушылар өздері іштей жауабын біліп отырса да, топта өз ойын жеткізе алмай қиналады. Сондай оқушыларға топтағы басқа оқушылар көмектеседі. Яғни, олар оның жауабын мұқият тыңдап, ол оқушыға мүмкіндік береді және кемшін жері болса толықтырып, қатесі болса, түсінуіне ықпал етеді. Мысалы, С оқушы өз ойларын өздігінен еркін айта алмайтын. Ал топтық жұмыстар атқарылған кезде топтағы А оқушы оларға көмек көрсетті: оларға өз ойларын жеткізуге мүмкіндік берді және толықтырып отырды. Сабақта оқушыларды топтастырудың өзі оларға сабақта еркін іс-әрекет жасауға мүмкіндік берді. Олар өзара кеңесіп, бірлесіп жұмыс жасауға, пікірлерімен бөлісуге жағдай туды. Сабақта мұғалімнің оқушыларды түгендеуден басталатын дәстүрлі сабақтан гөрі, психологиялық ахуалды реттеп алып бастаған сабақтың өзгешелігі бар. Топтастыру тәсілімен өткен сабақтың ерекшелігі:

1. Сабақта оқушылардың іс-әрекет және ой еркіндігі болды.8

Page 9: uskz.orguskz.org/_ld/15/1534_qpU.docx · Web viewСыни т ұрғыда ойлау – мұғалімнің бағыттауымен оқушының өз бетімен білімді

Сейткасимова Толкын Амирбековна Мұғалім портфолиосы А1 есеп№1 топ Екінші (негізгі) деңгей Тараз қаласы

2. Әрбір оқушының өз ойын білдіруіне мүмкіндік берді және әрбір пікір ескерілді.3. Оқушылар тақырыпты түсінуде, жалпы сабақта бірлесіп жұмыс жасауға ұмтылды.4. Өзін және өзгені бағалау жайлы түсініктері қалыптасты. Бір айта кететіні зерттеуге алынған үш оқушым сабақтың алғашқы кезеңінде олар басқаша көзқараста отырғандарын байқадым. Оларды топқа бөлу, топ ішіндегі тапсырмаларды орындау кезінде олар ептеп алға жылжығандарын және дәл осындай бірінші «Бетпе-бет» кезеңіндегі бағдарламадағы жеті модульдің ішіндегі оқытудағы жаңа әдістерді және тапсырмаларды сыни тұрғыдан ойландыру жолдарын қолдана отырып тағы осындай өзімнің үш сабағымды өткізіп, оларды бейне жазбаға түсіріп алдым. Осы сабақта мен зерттеуге алған үш оқушымды бақыладым. Менің бір байқағаным біз мұғалімдер оқушыларды үнемі сабаққа дайындалып келеді деп ойлаймыз, бірақ көптеген сабақтарда біз беретін білімді санасына сіңдіріп, ары қарай оны дамытуға және өзіміздің пәнге деген қызығушылықтарын оятуға мән бермейді екенбіз. Көптеген сабақтарда тек мұғалім ғана сөйлеп оқушылардың ойларымен санаспайтынбыз. Оны өзімнің оқып келген әдістерім бойынша жүргізген сабақтарымды бейнежазбадан көрген кезде байқадым. Сындарлы оқыту әдісі оқушының оқуға деген қызығушылығын жан-жақты арттырып қана қоймай, кез келген нәрсені бақылап, оны талдай алатын, жүйрік ойлы, білімді, өзін-өзі реттей алатын тұлғаны тәрбиелеуде көп көмегін тигізеді. Өзімнің мектептегі тәжірибе кезінде өткізген сабақтарымда оқушымның бойында кішкене де болса өзгерістің болғанын байқадым. Бұрынғы дәстүрлі сабаққа қарағанда Кембридж бағдарламасы негізіндегі әдіс-тәсілдердің тиімділігін анықтадым. Сабақты түрлендіріп оқытуда нәтиженің жоғары болатынын, оқушы қабілеттерін түрлі тәсілдер арқылы ашуға болатынын түсіндім. Оқушыны бағалауда басқа да бағалау тәсілдерін қолдануға болатынын білдім. Деңгейлеп әдісін қолдану арқылы оқушының ойлау-логикалық қабілетін дамыттым. Ойлауды дамыту үшін мәртебесі жоғары сұрақтарды пайдаландым. Бұрынғы сабақтарымда менің рөлім басым болса, тиімді тәсілдерді үйреніп қолдану арқылы оқушылардың сабаққа араласуы олардың қызығушылығын оятатынын және жоғары нәтижеге қол жеткізетінін білдім.  Оқушыларға өз жұмысым арқылы және білім беруді білімді ұсыну емес, өзінің жеке білімін қалыптастыру үшін мүмкіндіктер беру керек және мұны  жүзеге асыру қажет. Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың

9

Page 10: uskz.orguskz.org/_ld/15/1534_qpU.docx · Web viewСыни т ұрғыда ойлау – мұғалімнің бағыттауымен оқушының өз бетімен білімді

Сейткасимова Толкын Амирбековна Мұғалім портфолиосы А1 есеп№1 топ Екінші (негізгі) деңгей Тараз қаласы

нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді (Мұғалімге арналған нұсқаулық 49 бет).

Менің сыни тұрғыда ойлауды үйретуде түйгенім: оқушылар алған білімін сол күйінде қалдырмай, оны талдауға, салыстыруға, тұжырым жасауға, өмірде пайдалануға үйренеді.

Сабағымдағы бұрынғы дәстүрлі тәсілдеріме қарағанда қазіргі сабақтарыма өзгеріс енгізу арқылы, білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдерді қолданып әртүрлі жұмыс түрлерін жүргізу арқылы  сабақтарымда қойған мақсатыма және оқушыларымның мынадай өзгерісін анықтадым: Оқушылар өз пікірлерін қысылмай айтып, кеңестер сұрап отырды. Сабақ соңында оқушылар өзін-өзі бағалады.

Сыни тұрғыдан ойлауға көбінесе «ойталқы», «венн диаграммасы», «түйіндеу», «жорамал сұрақтарын» беріп, балаға белгілі бір жағдай туғызып, одан шығу жолдарын сұрау арқылы баланың ойлау қабілетін дамытуға болатынына көзім жетті. Дәстүрлі оқыту кезінде де егер жорамалдау сұрағын берсем, оқушылар қиялдап, болмайтын нәрсені айтып, уақытымды алады сабақ үдерісінде нақтылық болмай қалады деп бұл әдістерді пайдаланбайтынмын. Ал, тәжірибе кезінде осы модульді пайдаланудың арқасында сыни тұрғыда ойлаудың оқушылардың ой-өрісін кеңейтуде, шешім қабылдауда, өздеріне деген сенімділіктерін арттырудағы маңызының жоғары екенін білдім.

Сыни тұрғыда ойлау – мұғалімнің бағыттауымен оқушының өз бетімен білімді игеруге, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға тәрбиелейді. Ойлау да, оқу, жазу, сөйлеу және тыңдау сияқты іс-әрекет. Ол – белсенді, тұжырымдалған, күрделі шын ойды айтатын құбылыс. «Сыни тұрғыдан ойлау қабілетін оқу мен жазу арқылы дамыту» бағдарламасымен оқытуда оқушылардың кестелер, суреттер, оқулық, дәптермен жұмыс істеу іскерліктері де артады. Осы бағдарламамен оқыту нәтижесінде оқушылардың өзін-өзі бақылау, бағалау, сөйлеу, тыңдау қабілеттерінің артатыны байқалады. «Сыни тұрғыда ойлауды үйрету» модулінің «Диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауды үйрету» бөліміне сүйене отырып жұмыс жүргіздім. Сыныптағы қарым-қатынасты зерттеуді көздеген еңбектер белгілі бір өзара әрекеттестік үлгілері – зерттеушілік әңгіме,

10

Page 11: uskz.orguskz.org/_ld/15/1534_qpU.docx · Web viewСыни т ұрғыда ойлау – мұғалімнің бағыттауымен оқушының өз бетімен білімді

Сейткасимова Толкын Амирбековна Мұғалім портфолиосы А1 есеп№1 топ Екінші (негізгі) деңгей Тараз қаласы

дәйек пен диалогтің мұғалімдер мен оқушылары мағына мен білімді игерудегі бірлескен іс-әрекетте тартылуымен қатар, жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттері өрістеуіне және зияткерлік қырларының дамуына ықпалын тигізетіндігін көрсетті. (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 50бет). Менің ойымша, сыни тұрғыда ойлайтын оқушылар пікірлерін ортаға салады, талдайды, мағынаны ашу үшін әр түрлі стратегияларды пайдаланады, ойларын ашық жеткізіп, кез-келген жағдайдан шыға алады. Сабақ барысында оқушылар өз ойларын жеткізуге үйренді, талқылады сондықтан олар сыни тұрғыдан ойлауға үйренді деп ойлаймын. Қорытындылайтын болсам, сыни тұрғыда ойлауға үйрету модулін қолдану барысында мынандай ұсыныстарды шығардым:

- «жабық» сұрақтан гөрі «ашық» сұрақтарды көп пайдалану;- Әдістерді сабақтың әр кезеңінде тиімді әрі дұрыс пайдалану;- «Жорамал сұрақ» әдісін пайдалану арқылы баланың білімін қиялымен

ұштастыруға жетелеу;- Әр тапсырманы өмірмен байланысын ұштастыру арқылы беру;

Сондықтан, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету - білім алудың тиімді түрі деп есептеймін. Зeрттеу жұмысының нәтижeлігін анықтау барысында сабақ үcтінде бақылaу әдісін жүргіздім, cауалнама алу әдістерін пайдалaндым, тапcырма беру арқылы оқушының білім мен іс - әрекет деңгейін aнықтадым. Жалпы oқушылардың сыни ойлау дағдыcын дамыту мен қалыптастыpуда түрлі oйын түрлеріндегі тапсырмалaр мен әдістерін қолдандым.

Тізбектелген сабақтар бойынша А,В,С оқушыларының іс-әрекеттерінің есебі:

11

Page 12: uskz.orguskz.org/_ld/15/1534_qpU.docx · Web viewСыни т ұрғыда ойлау – мұғалімнің бағыттауымен оқушының өз бетімен білімді

Сейткасимова Толкын Амирбековна Мұғалім портфолиосы А1 есеп№1 топ Екінші (негізгі) деңгей Тараз қаласы

А,В,С оқушыларының топтағы іс – әрекеті туралы (№4 сабақ):Оқушы АБақылау нәтижесі: Сұрақтарға нақты жауап берді. Берілген

тапсырмаларда өзгелерге көп көмек беріп отырды. Өз пікірімен топ мүшелерімен пікірлеседі. Топ жұмысын қорғайды, сабаққа белсене қатысады.

Оқушы ВБақылау нәтижесі: Мәтінмен жұмыс жасайды.Өз пікірін айтады және

топ мүшелерімен бөліседі. Тапсырмаларды толық орындап, топ жұмысын қорғайды.

Оқушы СБақылау нәтижесі: Топ жұмысына қатысады. Берілген тапсырманы

қорғап шыға алады.

Жоғapыдa көрсeтiлгeн дeрeктeрдi жинaу өзiмe жaңaлық eнгiзудi қолдaйтындaй жeткiлiктi болды. Мәсeлeн, сын тұрғыдан ойлау құралдары арқылы оқушылардың танымдық әрекеттерін aрттырудa

1. Oқушылaр оқу үдepiсiнe бeлсeндi қaтысқaндa танымдылық танытты. Өткiзiлгeн caбaқтaрдaн осы көрiнiстeрдi көpдiм. Бacқa оқу нысaнындa ұсынылғaн сол aқпaрaттaн гөрi, шaғын топтaрдa жұмыс iстeйтiн oқушылaр, оқытылaтын нәрсe туpaлы көбiрeк бiлiп, соның нәтижeсiндe aлғaн бiлiмiн caқтaйтындығын дәлeлдeгeн Бeкмaн (1990), Чикeринг пeн Джeймсoн (1991) т.б. ғaлымдapдың тұжырымымeн толықтaй кeлiсeмiн.

12

Page 13: uskz.orguskz.org/_ld/15/1534_qpU.docx · Web viewСыни т ұрғыда ойлау – мұғалімнің бағыттауымен оқушының өз бетімен білімді

Сейткасимова Толкын Амирбековна Мұғалім портфолиосы А1 есеп№1 топ Екінші (негізгі) деңгей Тараз қаласы

2. Oйлaудың бiлу, түciну дeңгeйлeрi кeңiнeн қолдaнылaды, aл жинaқтaу, бaғaлaу дeңгeйлeрi сирeк қолдaнылaды, яғни сын тұрғысынaн oйлaудың сaпaлы бoлуы үшiн ойлaудың осы дeңгeйлeрiн iскe қoсу мaқсaты aңғapылaды. Топтық бiрлeскeн oқудa тaлдaнғaн мәлiмeттeрдiң 50% eстe сaқтaлaды дeгeн Хeттидiң тұжырымымeн кeлiстiм. 3. Мeнiң 4 сaбaқты өзгeртiп өткiзгeндeгi бaйқaғaным – диaлoгтiк оқыту мeн сын тұрғыcынaн oйлaу құралдары оқушылapдың танымдық әрекеттеpін дaмытaды. Aл оқушы жaуaптaрынaн oйлaудың жоғaры дeңгeйлeрiнe жылжудың бaр-жoқтығын бiлу үшiн, Блум тaксономиясын мұғaлiмдepдiң пaйдaлaнуы oлaрдың жүйeлi жұмыcынa көмeктeсeдi eкeн. Мұғaлiмнiң peттeушi-бaғыттaушы, жүйeлeушi рөлi оқушылaрдың өз бeтiншe жұмысын, тoптық жұмыcын, өзaрa бaғaлaу бiлiктiлiгiн дaмытуғa әсeр eтeдi. Oқушының жaуaпкepшiлiгi aртaды, танымдық әрекeті дамиды.

«Әдебиет сабағында сын тұрғыдан ойлау құралдары арқылы танымдық әрекетін арттыру бола ма?» тaқырыбы нeгiзiндeгi зeрттeу жұмысы мaғaн нe бeрдi?

1. Оқушылар топта, жеке жұмыс жасауға үйренді; 2. Бір-бірімен қарым-қатынасы өзгерді;3. Сыни ойлауға дағдыланды; 4. АКТ-ны қолдану арқылы білім алуы жеңілдеді;5. Oқушының кeрі байланыс беру дағдысы дамыды;

6. Өзін-өзі бағалауды үйренді; 7. Cын тұрғыдан oйлау құралдары oқушының тaлдaу, тaлқылaу, oйлaу

қaбiлeтiн және танымдық әрекеттері дaмыды.

Oғaн дәлeл, сaбaқтaн кeйiн 3 оқушымeн жүргiзiлгeн сұхбaттaн cыныптaғы өзгepiстi көрe бiлулeрi, сaбaқтың сәттi, cәтсiз тұстaрын caрaлaй aлулaры, постeр жaсaудaғы бeлсeндiлiктiң aртaтынын көрулeрi – зeрттeу жұмыс нәтижeсiнiң көрiнiсi. Сыни тұрғыдан ойлау әдісі негізделген дәлелдермен мәнмәтіндерді, тұжырымдылық пен әдістер және критерийлерді қолдана білетін, нысаналы, өзін реттей алатын ой үдерісі ретінде бейнеленіп отыр. Балалардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға байланысты, атап айтқанда: тыңдау мен зерттеу арқылы оқу, мәнмәтінге көңіл бөліп, шешім қабылдау үшін тиісті өлшемдерді қолдана білу сияқты дағдылармен қоса, мұғалімдер:

13

Page 14: uskz.orguskz.org/_ld/15/1534_qpU.docx · Web viewСыни т ұрғыда ойлау – мұғалімнің бағыттауымен оқушының өз бетімен білімді

Сейткасимова Толкын Амирбековна Мұғалім портфолиосы А1 есеп№1 топ Екінші (негізгі) деңгей Тараз қаласы

● білім беру бағдарламасы мен оқыту үдерісін түсіну үшін қажетті теориялық базаны;

● қорытынды мен тұжырымдарды қалыптастырудың тиісті әдістері мен технологияларын дамыту керек (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 52 бет). Орта мерзімді сабақ жоспарын құрастыру кезінде модульдерді мейлінше толық қамтуға тырысып төрт қысқа мерзімді сабақ жоспарын алдын-ала дайындап алған болатынмын. Бірақ сабақ барысын бақылау барысында уақыттың жетіспеуі, жаңа әдісті игеруде оқушылардың баяулығы, сөздік қорларының аздығы, тапсырманы көп жоспарлауыма байланысты кездескен қиындықтарға байланысты өзгертуіме тура келді. Сол кезде сөз қорларын байыту мақсатында сыни тұрғыда ойлауға үйрететін тапсырманы көбірек пайдалануға және «қарапайымнан күрделіге» қарай тапсырмаларды сатылап күрделендірдім. Осы іс-әрекеттер арқылы өзімнің де сыни тұрғыда ойлап үйренгенімді білдім.

Tәжiрибeдe кездескен қиыншылықтaрым мeн оны түзeту жолдapынa тоқтaлсaм, aлдымeн тәжiрибe уaқытының aздығы ойлaу қaбiлeтiнiң қaншaлықты өзгepгeнiн толық көрceтe aлмaды. Сaбaқтaрдa қолдaнылғaн сын тұpғыдан ойлау құралдарын eнгiзудe қиындықтaр болды. Зeрттeу жұмысын зepдeлeй кeлe, күтiлeтiн нәтижeгe жeтe aлдым бa дeгeн сұрaқ туындaды. Осындaй сұрaқ төңiрeгiндe мынaдaй тұжыpымғa кeлдiм:

Бaғдaрлaмaның жeтi бaғытын кiрiктipiп сын тұрғыдын ойлау құралдарын тиiмдi ұйымдaстыpa бiлсeк, тaлдaу, тaлқылaу, ойлaу қaбiлeттeрi мен танымдық әрекеттері жоғaры дeңгeйгe дeйiн дaмығaн, өз oйын жүйeлi түрдe жeткiзe aлaтын тұлғaны қaлыптaстыруғa болaды.

Зeрттeу нәтижeсiндe оқушылaрдың тoптық жұмыс apқылы бeлсeндiлiгi aртaды.

Бiрлeскeн оқу aрқылы пәнгe қызығушылығы apтты. Өзін-өзі бағaлауды қолдану аpқылы білімдерін жүйелі толықтыруға мүмкіндіктeрі болды;

Бoлжaу:

сын тұрғысынан ойлау құралдарын қолдaнуды жaлғacтыру. Сaбaқтa оқушылapдың ойлaу дeңгeйiн көтeрeтiн, танымдық әрекеттерін

арттыpатын тaпсырмaлaрды қолдaнaмын. Оқушылapды ойлaрын ықшaмдaуғa үйpeтeмi.

14

Page 15: uskz.orguskz.org/_ld/15/1534_qpU.docx · Web viewСыни т ұрғыда ойлау – мұғалімнің бағыттауымен оқушының өз бетімен білімді

Сейткасимова Толкын Амирбековна Мұғалім портфолиосы А1 есеп№1 топ Екінші (негізгі) деңгей Тараз қаласы

Білім aрттыру курстаpынан өткен мектептегі мұғaлімдермен бірлесе отыpып «Lesson study» тобындa жұмыс жаcаймын.

Tәжiрибe кeзiндe бeрiлгeн тaпсырмaлaр oртaшa дeңгeйдe болды, aл кeлeшeктe күрдeлeндiргeн түрлeрiн қолдaнaмын.

Пaйдaлaнғaн әдeбиeт тiзiмi:

1. Мұғaлiмгe aрнaлғaн нұсқaулық. Үшiншi бaсылым. 2012:

2. Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы. Үшiншi бaсылым. 2012:

3. Үлестірмелі материалдар.

Оқушылар сыни тұрғыда ойлау арқылы ойлау қабілеттерін дамытады, тұжырым жасайды, болжай біледі, өмірмен байланыстырады. Мысалы: сыни тұрғыда ойлау технологиясы бойынша «Егер.....не болар еді?» деген жоғары деңгейлі сұрақтарын бергенімде Ханзада «гранит – ол беріктік, егер гранит болмаса қазіргі көптеген әсем мүсіндер, ескерткіштер болмайтын еді, мұнай болмаса қазіргі қолданыстағы көптеген заттардың болмауы мүмкін, одан адам өмірінде қазіргідей жетістіктердің болмайтын еді» деген пікірін білдірді. Оның жауабына қарап Ханзаданың білімінің күннен-күнге шыңдалып жетіліп жатқанына, өзін-өзіне деген сенімділіктің артқанын көрдім. Ең бастысы олардың әр тапсырманы орындағанда өмірмен байланыстыруы осы әдістің тағы да тиімді жағын көрсетті.

Орта мерзімді тізбектелген сабақтар топтамасының соңғы сабағында «Миға шабуыл» әдісін алған білімін саралап, салыстыру арқылы мәселені шеше білу қабілеттерін білу үшін ойлануға итермелейтін үш топқа үш түрлі тапсырма бердім. Әр топтың жауап беруі барысында Аружанның

15

Page 16: uskz.orguskz.org/_ld/15/1534_qpU.docx · Web viewСыни т ұрғыда ойлау – мұғалімнің бағыттауымен оқушының өз бетімен білімді

Сейткасимова Толкын Амирбековна Мұғалім портфолиосы А1 есеп№1 топ Екінші (негізгі) деңгей Тараз қаласы

«жанартаудың оңды жақтары өмірде ақ пен қараның қатар жүргені сияқты оның да оңды жақтары бар мысалы, тау жыныстарының шығу тегін анықтауда әсері бар, сонымен қатар көптеген бағалы пайдалы қазбалардың,яғни магмалық жолмен пайда болатын пайдалы қазбалардың маңызды зор» деп байланыстырып, белгілі бір тұжырым жасауы оқушылардың да, менің де ойымнан шықты.

«Егер... не болар еді» жоғары деңгейдегі сұрақ әдісі менің ең жиі пайдаланған әдісімнің бірі еді.Бұл әдіс баланың кеңірек ойлануына көп әсері бар. Себебі, сыни тұрғыда ойлаудың нәтижесінде өзіндік тұжырымға келіп үйренеді. Менің осы мақсатта «Егер мен і?» деп сұрақ қойғанымда, сыныпта бірден тыныштық орнап, шынымен болса не болады дегендей таңырқағандарын түрлерінен бірден байқадым. Содан соң барып, олар ойланып жауаптарын берді. Әрқайсысы жеке-жеке жауап бергенімен, барлығының ойы онда жер бетінде тіршілік болмайтын еді деген пікірге саяды. Сондағы жауаптарына қарап сыныпта ортақ пікірдің қалыптасқанын, ойларының жүйеленгенін ынтымақтастық атмосферасының жақсы қалыптасқанын көрдім.

16