45minutkz.files.wordpress.com  · web view2014-10-30 · Ж дыбысы мен әрпі....

39
Сабақ жоспарлары мен кластан тыс шаралар үлгілері (іс-тәжірибеден) Құрастырушы: Габдуллина Жайнагул Жайлаубаевна Ақтөбе қаласы, №5 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі

Upload: others

Post on 27-Dec-2019

7 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2014-10-30 · Ж дыбысы мен әрпі. Сабақтың мақсаты: Балаларға Ж дыбысы мен әрпін таныстыру

Сабақ жоспарлары мен кластан тыс шаралар үлгілері

(іс-тәжірибеден)

Құрастырушы: Габдуллина Жайнагул Жайлаубаевна

Ақтөбе қаласы, №5 орта мектебініңбастауыш класс мұғалімі

Page 2: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2014-10-30 · Ж дыбысы мен әрпі. Сабақтың мақсаты: Балаларға Ж дыбысы мен әрпін таныстыру

Ақтөбе қаласы,№5 орта мектебі

Құрастырушы: Габдуллина Жайнагул Жайлаубаевна - бастауыш класс мұғалімі

Ұсынылып отырған жинақта бастауыш класс мұғалімінің шығармашылығы мен оқу-танымдық шеберлігінің нәтижесіндегі сабақтар мен кластан тыс шаралар үлгілері келтірілген. Мұғалімнің шығармашылық ізденістерінен туындаған іс-тәжірибелік еңбегінен шәкірттерінің білім алуына жол салған жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді көруге болады.

Бұл жинақты бастауыш класс мұғалімдері көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.

Page 3: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2014-10-30 · Ж дыбысы мен әрпі. Сабақтың мақсаты: Балаларға Ж дыбысы мен әрпін таныстыру

Сабақтың тақырыбы: Щ дыбысы мен әрпі.Сабақтың мақсаты: Щ дыбысы мен әрпін таныту. Күтілетін нәтижелер:

1) Щ дыбысы мен әрпінің сөздегі орнын айыра білу.2) Сөздер, сөйлемдер оқу арқылы басқа әріптермен

салыстыра отырып, айтылу ерекшелігін ұғынады.Щ дыбысы мен әрпінің жазылу ерекшелігін біледі.Не арқылы бағаланады:Ассоциация әдісі, ББҰ, Венн диаграммасы.Сабақтың барысы:

I. Қызығушылығын ояту.Суреттер көрсету арқылы Щ дыбысы мен әрпін меңгерту.щетка (киім тазалайтын) плащщетка (тіс тазалайтын) борщ-тамақ жасағанда дәмін келтіру үшін не саламыз?-тұзды көп салсақ тамақтың дәмі қандай болады?-ащы-тұзды аз салсақ ше?-тұщы-борщ деген қандай тағам, неден жасалады?-орамжапырақ (капуста)Жақсы, балалар ащы, тұщы, борщ , щетка деген сөздердебізге таныс емес дыбыс бар. Ол қандай дыбыс?

Білемін Білгім келеді Үйрендімәріп,дыбыс

Жазылуын, айтылуын, сөздің қай жерінде келетінін

Щ дыбысының айтылуын жазылуын, буынға бөлу, сөздің басында, ортасында, аяғында келетінін білдік

-Олай болса, бүгінгі танысатын дыбысымыз Щ дыбысы. -Щ-дыбысын айтып көрейікші.-Щ-Щ-Щ дыбысы дауысты дыбыс сияқты ән болып созып айтуға келмейді. Кедергімен айтылады. Сөздің басында, ортасында, аяғында келеді. Көбіне орыс тілінен енген сөздерде кездеседі.II. Мағынаны ашу.Әріптерден сөз кұрату. Оқулықпен жұмыс.«Балқаш» мәтінін тізбектей оқу.Сергіту-сәті.Дәптермен жұмыс.(Щ дыбысының жазылуын түсіндіру)Ауаға жаздыру. Суретті диктант.Кеспе әріптерімен жұмыс. Тақтаға сөздер жазғызу, дыбыстарды талдау. Дауысты дыбыс, дауыссыз дыбыс қанша?

Page 4: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2014-10-30 · Ж дыбысы мен әрпі. Сабақтың мақсаты: Балаларға Ж дыбысы мен әрпін таныстыру

III. Толғаныс.Б.Б.Ү (үйрендімді толтыру)Мадақтау арқылы бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Б. Соқпақбаев «Ағаштар неге ашуланды?» Мақсаты: 1. Қазақтың көрнекті балалар жазушысы Б. Соқпақбаевтың өмірі мен шығармалары туралы тереңірек танысып, әңгіменің тақырыбы мен жазушының идеалық мұратын мәтінге сүйене отырып ашу.

2. Оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс істеу, ой өрісін дамыту, білім іскерлік дағдысын қалыптастыру, өзіндік талдау, жинақтау жасау, жеке топтық жұмыста шапшаңдық танытуға, өз ойын әдеби тілмен өрнектей білуге машықтандыру.

3. Әңгіме арқылы еңбексүйгіштікке, мейірімділікке баулу.Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.Сабақтың әдісі: Ой қозғау, бес жолды өлең құрастыру, топпен жұмыс, сұрақ-жауап түсіндіру.Сабақтың көрнекілігі: Б. Соқпақбаевтың суреті, сабаққа қатысты сызбалар, интерактивті тақта.Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөліміа) психологиялық дайындық «2» дегенің нашар баға,Алады оны нашар бала.«3» дегенің орта баға,Сапасы да орта ғана.«4» дегенің жақсы баға,Алады оны жақсы бала.«5» дегенің үздік баға,Оқитын бол үздік қана! II. Негізгі бөлім. Жаңа сабақБ. шешу.Соқпақбаев «Ағаштар неге ашуланды?» 1)Сөзжұмбақ .а)Бір- ағаш кесу құралы, Бірі –шырынды бал бұлағы.(ара)ә)Торы тай,Табанында төрт ай.(таға)б)Қос мүйізді,төрт сиракты. Сыйлайды балдай ақ бұлақты.(ешкі)2)Ой қозғау.Ассоциация жазу «Ағаш» сөзіМәтінді оқымас бұрын оқушылардың ағаш туралы білімдерін тексеру.

- Ағаш туралы не білесіңдер?- Ол тірі табиғат, жасыл өсімдік, өзінен оттегі бөледі. Отын терінде пайдаланылады.3. Олай болса Б. Соқпақбаевтың «Ағаштар неге ашуланды?» әңгімесін бастаймыз.Б. Соқпақбаев 1924 жылы 13 қазанда Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қостөбе ауылында туған. 1949 жылы Абай атындағы қазақ педагогика институтын бітірген. 1950 – 1952 жж Нарынқол ауданында педагогикалық жұмыстар істеген. «Қазақфильм» киностудиясында редактор болған. «Менің атым – Қожа» деген шығармасын көркемфильмге айналдырған. Бірқатар шығармалары шет тілдеріне аударылған. Б. Соқпақбаевтың балаларға арнап көптеген өлеңдері мен әңгімелер жинағы бар.

Page 5: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2014-10-30 · Ж дыбысы мен әрпі. Сабақтың мақсаты: Балаларға Ж дыбысы мен әрпін таныстыру

«Менің атым – Қожа»

4. Мәтінмен жұмыс. Мәтінді мәнерлеп оқу, мәтіннің мазмұнымен оқушыларды таныстыру.

5. Топпен жұмыс.I топ. Бес жолды өлең шығару..II топ . Мақал-мәтел.III топ. Әңгімеге байланысты сурет салуYI топ Кластер жазу «Көктем»сөзіне.6.Венн диаграммасы. Салыстыру. 7. Үйге тапсырма беру, бағалау.8. Бағалау

Сабақтың тақырыбы: Отбасындағы ата мен әже, әке мен ана.Сабақтың мақсаты: Жанұядағы ата мен әже, әке мен ана мейірімін сезіну, ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты әке мен ана орнының ерекше екендігін ұғындыру. Әке мен анаға деген бала махаббатын одан әрі дамыту.

Әдісі:Түсіндіру, топтастыру, шығармашылық жұмыстар, тренинг

Сабақ жүрісі.1.Ұйымдастыру.Оқушылармен амандасу. Сабаққа әзірліктерін тексеру. Сабақтың эпиграфы:ӘКЕ-асқар тау,АНА-бауырындағы бұлақ,БАЛА-жағасындағы құрақ. 2.Жаңа сабақ. Әке-ана-отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген. Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы – АНА есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Сондықтан ананы ардақтамайтын халықта жоқ. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, дүниеге келтіріп қана қоймайды.

Бала,бала, бала деп,Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,Түнде бесік таянған.

да ана, көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіретін де ана.Ал нәресте өмірінң нәрі –Ана сүті.Сол ана сүтімен баланың бойына туған елінің рухы, жақсы да саналы қасиеттер енеді.Әрқашан дұрыс, таза жүр, адал бол деп тілейтін де –Ана.Ана, бұл жел жағымызға пана, бәріміз үшін дарағ дана тұлға. Ана дегенде сөзге келмейтін тіл, лүпіл қақпайтын жүрек, мөлтілдемейтін жанар жоқ. Ананың қоғам өміріндегі алатын орны үлкен.Ана-перзент тәрбиелеуші,Ана-қызметкер,Ана- ғалым,Ана-зейнеткер

Page 6: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2014-10-30 · Ж дыбысы мен әрпі. Сабақтың мақсаты: Балаларға Ж дыбысы мен әрпін таныстыру

Дін мұсылман жолында Әкені құрметтеу – айрықша парыз. «Әкеге бағыну-Аллаға бағыну. Оның алдында күнәһар болу –Алла алдында күнәһар болу» дейді пайғамбарымыз. Бала үшін әке орны бөлек. «Әке» деген сөзді айтқанда өзіңе пана болар, қиындыққа қалдырмас, арманыңа қол созсаң ақ батасын беріп, ақ жол тілейтін адамың екенін бала жүрегі сезердей. Әрбір бала әкені өзінен биік ұстауы қажет. «Әке –асқар тау» деп бекер айтылмаған.Ол сенің сүйенер тіреуің, отбасының діңгегі.Сізсіз әке-ең ақылды, ең шыншыл,Сізсіз әке-ең жақыным, ең сыршылШуақ шашқан қашанда асыл жүрегің,Жанымдасың, қамқорымсың білемін. Қабыл алғын бала жүрек тілегін. Қазақтар «Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата –дәстүріміз. Бұл сөз болып отырған –біздің атамыз бен әжеміз. Ата мен әже дегеніміз әкеміз бен анамыздың ата-аналары. Ата мен әже немерелерін еркелетеді, ыстық алақанымен, құшағына алып жатады. Ертегілер оқып, жыр-дастандарын айтып беретін көненің көзі. Осы орайда мына сөздер үлкен ой тудырады: «Алты аға бірігіп әке болмас, Жеті жеңге бірігіп ана болмас» деген сөзде де терең ой жатыр. Ата-ананың үміт-арманы баласымен бірге жасайды. Сол себепті олардың бар тілеуі балаға бағышталған.3.Бекіту бөлімі.Кеспемен жұмыс.1.Сен әкең мен шешеңнің бойындағы қандай қасиеттерін өзіңе үлгі тұтасың?2.Атаң мен әжеңнің тәрбиесінде болдың ба?3.Жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?4.Үйдегі алтын қазық кім?5.Анаға арналған қандай өлең жолдарын білесіңдер?6.Әкеге арналған қандай өлең жолдарын білесің?7. «Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды.» деген қанатты сөздің мағынасын түсіндір.8.Әке мен ана тақырыбына бірнеше мақал –мәтел келтір.9.Ата мен әженің ерекшелігі неде? 4. Шығармашылық жұмыс.Балалар, бүгінгі ойымызға, сөзімізге түйін қоя отырып, шығармашылық жұмыс орындаймыз. Екі түрлі тапсырма беремін.1.Ойтолғау жазу.2.Арнау өлеңдерін шығару.5.Ой шақыруБалаларға ана және әке туралы өлең оқи отырып, өлең авторы кім екенін және мазмұнын түсіндірту.6. Семантикалық картамен жұмыс.

Мінезі, қасиеті Ата Әже Ана ӘкеМейірімдіҚатаңАқылшыСырласуға

Page 7: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2014-10-30 · Ж дыбысы мен әрпі. Сабақтың мақсаты: Балаларға Ж дыбысы мен әрпін таныстыру

дайынЖүзі жылыКешірімдіӘдеміҰстамдыАқкөңілЖақсы

7.Сұраққа-жауап-Не тәтті?-Ананың сүті тәтті.-Не жұмсақ?-Ананың қолы жұмсақ.-Не қымбат?-Ана қымбат.8. Венн диаграммасы

«Тәуелсіздік –ел бақыты»

Құрметті қызметкерлер және қонақтар!

Сіздерді ҚР тәуелсіздік алған күнімен құттықтаймын.

Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгергеналтынның, Айналайын алтын әнім жас өркемнің халқымның Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындым Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі халқымның Айналайын,айналайын жас өркені халқымның.

Міне,осыдан тура 23жыл бұрын, яғни 1986жылдың 16-желтоқсандакөкіректері намысқа толы қазақ жастары алаңға шыққан болатын. Бұл шеру нәтижесіз қалған жоқ. 1991 жыл 16 желтоқсан ҚР тәуелсіздік күні болып жарияланды. Тәуелсізел болдық, оны жер бетіндегі мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар түгел мойындады. Бұл қазақ халқының арғы-бергі тарихындағы ең үлкенжетістігі. 1986 жыл 16 желтоқсан ерлік пен өжеттілік, қайғы мен қасырет мидайараласқан күн еді. Қазақтың санасын сілкіндірген желтоқсан ызғарыжылдары бойы арман мен тәуелсіздіктің қайнар көзі болды.

Баяндама.

Басталып алғашқы дәуір тастан,Бабалар жазған бәрін етіп дастан.Қазақтың бұрынғысын бір қайталап,Ақтарайық тарихты әуел бастан.

Page 8: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2014-10-30 · Ж дыбысы мен әрпі. Сабақтың мақсаты: Балаларға Ж дыбысы мен әрпін таныстыру

Бүгінгі күні бізді азаттыққа қол жеткізген желтоқсан құрбандарын еске алмау біздер үшін үлкен күнә.Ендеше тарихқа көз тігелік.

(Көрініс)

Ұл-қыздарды жебеген тағдыры ұлыЖасай берсін Желтоқсан жаңғырығы.Сізге бақыт әкелсін баяны бар Халқымыздың жасампаз мәңгілігі!

Міне,осындай тұғыры биік егемендікке жеткізген осы Қайрат, Сәбира секілді ұл-қыздарымыз. Ендеше, боздақтарымызды еске алайық.(Еске алу)Мәнерлеп оқу.Алаңға шығып,ойын айтты жастарым,Қиындық пен қатерге тігіп бастарынКелді осылай аңсаған күніміз де,Көптен күткен тәуелсіздік келді бізге Қайта оралды сан ғасырлық қиындықтанҚасиетті тіліміз бен дінімізде.

(Бейне көрініс.)

Армандарды жақындатып тым алысБіздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.Егемендік-ел бақыты, ертеңі О, халайық құтты болсын қуаныш!

Тақырыбы: Ж дыбысы мен әрпіСабақтың мақсаты: Балаларға Ж дыбысы мен әрпін таныстыру. Ж дыбыс бар сөздерге дыбыстық талдау жасата білуге үйрету.Әріптің баспа түрін жазғызу.Сурет арқылы өз ойларын жүйелі әңгімелеуге дағдыландыру.Адамгершілік қасиеттерін ,білімге деген қызығушылығын қалыптастыру.Әдісі:түсіндіру ,сұрақ – жауапКөрнекіліктер: Ж әрпінің баспа түр,кеспе әріптер,түлкі ,қаздың макеті, Жолбарыстың,жұлдыздың,жүгерінің суреттері.

Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру бөлімі

ІІ.Психологиялық дайындық«Қайырлы күн »деп айтамыз,Түсте бірге қайтамыз.Отбасының гүлімізКөңілді өтер күніміз.-Күніміз көңілді өту үшін не істеу керек?Бәрі:Бәріміз күндей жарқырайық?Бәріміз дос болайық,-деп бір-біріне лебіздерін білдіреді.

Page 9: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2014-10-30 · Ж дыбысы мен әрпі. Сабақтың мақсаты: Балаларға Ж дыбысы мен әрпін таныстыру

ІІІ.Өткен сабақты еске түсіру.Балалар бүгін біздерге қонаққа нелер келіп отыр?-Қаздар-Дұрыс,енді осы қаздар деген сөздің ең басында қандай дыбыс естіліп тұр?- «Қ» дыбысы бізге таныс па?-Таныс.Өткен сабақта «Қ» дыбысымен әрпімен танысқан болатынбыз.-Бұл қаздар бізден көмек сұрап келіпті.Олар түлкіден қашып келеді екен.-Ендеше,балалар,қаздарға көмек көрсетіп,түлкіден құтқарайық.1-қазды құтқару үшін өткен сабақтағы дыбыс пен әріпті еске түсірейік.

Сергіту сәті:ІV.Жаңа сабақ-2-қазды құтқару үшін мен жұмбақ жасырамын,сол жұмбақтың шешуін табайық. 1.Күндіз бәрі қашады, Түнде аспанды басады. (Жұлдыз) «Жұлдыз» сөзінде қандай дыбысты естіп тұрмыз?Олай болса,біздің бүгінгі өтетін дыбысымыз «Ж» дыбысы мен әрпімен танысамыз.«Ж» дыбысын хормен айтқызу «Ж» дыбысының таңбасын көрсетіп,дауыссыз дыбыс көк текшемен белгіленетіні айтылады.

V.Сурет бойынша оқушыларды сөйлетуТақтадағы ілінген сурет аттарын атату,буынға бөлдіру

Жапырақ жолбарыс көжек жүрек

Сергіту сәті. -Ал, балалар, Ж дыбысымен,әрпімен таныстық,енді осыны дәптерге көркем етіп жазбас бұрын бойымызды сергітіп алайық.1, 2, 3 Бойға жинап күш.Қолға қалам аламыз,4 пен 5-ке жазамыз

VI.Дәптермен жұмыс3-қазды құтқару үшін «Ж» әрпін жазып үйренейік.Ауада жазу.Жазу жолындағы әріптерді жазу. Ж ж әрпін балалардың әдемі, таза, сауатты жазуларын қадағалау.

VII.Ойын. «Сөз ойла,тез ойла»4-қазды құтқару үшін.1.Ж дыбысына байланысты сөздер айту

2. «Әріпті жұмбақ» шешу Жайлауда бар. Қыстауда жоқ. Жасылда бар Қызылда жоқ. (Ж)

Page 10: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2014-10-30 · Ж дыбысы мен әрпі. Сабақтың мақсаты: Балаларға Ж дыбысы мен әрпін таныстыру

VIIІ. Сабақты қорытындылау-Қандай дыбыспен таныстық?Ж дыбысы қандай дыбыс?Ж дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?-Міне балалар, біз нелерге көмектестік?-Қаздар сендерге риза болып,көп рахмет айтып жатыр.Әрқашан осындай қайырымды болыңдар!

ІХ.Бағалау-Балалар,өздерін күнмен бағалау.

Ойланайық бір мезет,Бақылайық,байқайық,Бірімізге-біріміз.Күн шуағын сыйлайық.

-Оқушылар бүгінгі сабақ ұнады ма?-Қандай жұмыс түрлері ұнады?Сұрақ-жауап арқылы сабақтың өту барысы талқыланып,сабақ аяқталды.Қуанышты хабарлама.Сабақта «Күліп тұрған күн» алған балаларды мадақтау.

Тақырыбы: 4 саны мен цифрыМақсаты: Білімділігі: Балаларға 4 саны мен цифрының жазылу жолдарын, 4 санының құрамымен таныстыру. 0-ден 4 санына дейінгі сандарды тура және кері санауға үйрету.Тәрбиелілігі: Дидактикалық материалдарды пайдалана отырып, балаларды ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, дұрыс есептеуге, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.Дамытушылығы: Суреттер бойынша есептер құрастыра отырып, балалардың логикалық ойлау қабілетін, тіл байлығын, сөздік қорын молайту. Математикалық тілдерін дамыту.

Сабақ типі: Жаңа сабақты меңгертуСабақ түрі: Аралас сабақ (ойын сабақ)Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын. Суретпен, ермексазбен, сіріңкенің қорабымен жұмыс жүргізу.Сабақ көрнекілігі: суреттер, ойыншықтар, ермексаз, сіріңкенің қорабы, интерактивті тақта, пішіндер, т.б.Пәнаралық байланыс: Құрастыру, мүсіндеу, тіл дамыту.І. Ұйымдастыру кезеңіІс – әрекет кезеңдерііс – әрекеті -- Мұғалімініңіс – әрекеті -- Балалардың

Page 11: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2014-10-30 · Ж дыбысы мен әрпі. Сабақтың мақсаты: Балаларға Ж дыбысы мен әрпін таныстыру

Мотивациялық қозғаушылықСәлемдесу, түгендеу. Балалар назарын сабаққа аудару. Қағаз қаламдарын ретке келтіру. Мұғалім оң қолымен жүрегінен қуаныш алып, балаларға сыйлайды. Мысалы:Білгір, білім-ді, әдепті бол; Балалар осы қимылды жалғастырып бір-біріне жақсы лебіздер айтады. Тіл алғыш бол, сүйкімді бол, әдемі бол, салмақты бол, ақылды бол, мейірімді бол.

1. Өткен сабақты пысықтау“Балық аулау”ойыны0+3=1+2=2+1=2 -1=3- 0=3- 2=

Артық, кем, тең.

Балмұздақартық па, әлде көкөніс пе?Қанша артық, қанша кем?“Кім жылдам?” ойыныБалалар сендер маған 3-ке дейінгі сандарды тура және кері санап беріңдерші.0, 1, 2, 33, 2, 1, 0

2. Сергіту сәтіҰста қолды алдыңа, қайшылашы беріліп,Ұста қолды жаныңа, кеудең тұрсын керіліп.Бүйір таяп оң қолмен, көтер қанат сол жаққа,Бүйір таяп сол қолмен, көтер қанат оң жаққа.

ІІ. Жаңа сабақБалалар бір жылда неше мезгіл бар? Бұл сан сендерге таныс па?Онда бүгін 4 санымен танысамыз.(Оқушылар өз жауаптарын береді)

3. Ой қозғау.

4 санына байланысты төрт түлік малды білеміз.Әр төрт түлік малдың аяғының саны нешеу екенін санау.

Дәптердің, оқулықтың, партаның бұрышын санайық. Қанша болды?

Сынып бөлмесінің қабырғаларын санайықшы.Қанша болды? Қолдарыңдағы бет орамалдың бұрышы қанша?

4. Дәптермен жұмысОқушыларға 4 саны мен цифрының таңбалну әдісін ұғындыру. Цифрды бірінші ауаға орындап, содан соң дәптерлеріне жаздыру.

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау үшін балаларды үш топқа бөлемін«Құрастыру» тобы

Page 12: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2014-10-30 · Ж дыбысы мен әрпі. Сабақтың мақсаты: Балаларға Ж дыбысы мен әрпін таныстыру

«Мүсіндеу» тобы«Бейнелеу» тобы.Балалар сурет бойынша есептер құрастырып шығарады.

4, 5, 6-тапсырмалар.Әр топ мұғалім нұсқаулығымен орындайды.“Кел, ойнайық!” Қояндарға көмекБалаларға таяқта таратып беремін. Балалар қолдарындағы таяқшаларды санаңдаршы. 4 деген сан неше таяқшадан тұрады. Қанша буын бар? Ендеше, қолдарыңдағы таяқшадан кім 4 санын құрастырып береді?(Оқушылар 4 деп жауап береді. Төрт дыбыстан, бір буыннан тұрады).

5. Өз бетіндік жұмыс.«Құрастыру», «Мүсіндеу», «Бейнелеу» топтарының жұмыстарын тексеру.

ІІІ. Қорытынды4 санының құрамын табу6. Күтілетін нәтиже:Оқушы нені меңгерді:4 санының жазылуын, санның құрамын біледі. Ермексаз түстерін ажыратуды, санды ермексаздан бейнелеп жасауды үйренеді.Қандай түсініктерді игерді:Мұғалімді тыңдауды, топтық жұмыс жасауды, сурет бойынша, ойыншықтарды санауды игерді. Есте сақтау дағдылары қалыптасты.Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Санды сіріңкенің қораптарынан, ермексаздан ши таяқшаларынан құрастыруды, жазуды үйренді Ойлау қабілеттері артты. Есте сақтау дағдысықалыптасты.ІҮ. Әр топты мадақтау.

Сабақтың тақырыбы: Ұ дыбысы және әрпіСабақтың мақсаты: Ұ әрпімен таныстыру. Сабақтың міндеті:а) Ұұ әрпінің жазылуын, оқылуын меңгерту.ә) Жеке сөздерді окуға және тез оқуға дағдыландыру.б) Ұқыптылыққа, әдемілікке, тазалықка тәрбиелеу. Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру. Сабақтың түрі: араласКөрнекіліктері: суреттер, кеспе әріптер, буындар. Сабақ барысы:I. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.II. Өткен сабақты пысықтау.III. Жаңа сабақ.- Кәне, балалар, жұмбақ шешейік!Кеше жіптей, Бүгін күптей. (Ұршық) Шыр айналып биші қыз, Билеп-билеп алады.

Page 13: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2014-10-30 · Ж дыбысы мен әрпі. Сабақтың мақсаты: Балаларға Ж дыбысы мен әрпін таныстыру

Өз бұрымын беліне, Орап түсіп барады. (Ұршық) Тапсырмаларды орындау.Суреттерге қарап дыбыстық талдау жаса. Ұлу, ұя, бұғы, ұршық.Тордағы әріптерден сөз құра.Үзік сызықтарды қос. Буындап оқы.Ұ ҰЖаңылтпаш жаттайық!Тұз - мұздай Мұз - тұздай.Талап - тұлпар Білім - сұңқарIV. Қорытынды.Сұрақ-жауап әдісімен:1) Дыбыс дегеніміз не?2) Әріп деп нені айтамыз?3) Бүгін қай әріппен таныстық?4) Ол дыбыс қалай айтылады?5) Сол әріпті қатыстырып сөздер ойла.V. Бағалау.Тал басында — тамаша ұй. (Ұя)- Ұшқыш, ұя, ұршық сөздерінде ең бірінші қандай дыбыс естідіндер?- Ұұ дыбысын қатыстырып сөздер ойлайды. Ұұ дыбысын ауада жазып көру.Тақтамен жұмыс.Ұұ дыбысының әріп элементтері.Ұұ баспа түрі.Ұұ жазба түрі.Сергіту сәті."Ұшты-ұшты" ойынын ойнау. Ойын шартын, мазмұнын, міндетін түгел түсіндіру.Ұшты-ұшты (ұшады) Ұшты, ұшты,Торғай ұшты (ұшпайды) т.б. Ойын шартын бұзғандар өлең айтады.

Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары.Сабақтың мақсаты:1. Сөз таптары, сөз таптарының түрлері туралы оқушылардың білімдерін, ұғымдарын қайталау, бекіту.2.Танымдылық тапсырмалар , сұрақтар арқылы оқушылардың дүниетанымын, шығармашылық қабілеттерін байқау, дамыту.3.Оқушылардың ана тілін сүюге адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, сөздерді түсініп, үлгі өнеге алу.

Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушыларды қазақ тілі сабағына дайындау:Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,Болашағым, бақытым, дара тілім !

Page 14: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2014-10-30 · Ж дыбысы мен әрпі. Сабақтың мақсаты: Балаларға Ж дыбысы мен әрпін таныстыру

- Міне, балалар, кемеңгер, ғұлама ақындарымыздың тілі- туған тіліміз-қазақ тілі сабағы.ІІ.Балалар, біз қандай сөз таптарын білеміз?

Сөз таптарысан есімзат есімсын есіметістікЕндеше, бүгінгі сабағымыз топпен өтеді.1- топ «Зат есім» 2- топ «Сын есім» 3- топ «Сан есім» 4- топ «Етістік»- мен өзім жүргіземін.

Әр топта тапсырмалар берілген, сол тапсырмаларды орындау арқылы, әр оқушы өз білімін көрсетеді.Әр топ білімі текшелермен бағаланады.Қызыл - өте жақсы, жасыл- жақсы, сары- орташа.Оларды әр топ оқушылары тақтадағы қалташаларға салады.1 топ – Зат есім

1 тапсырма:1. Зат есім дегеніміз не? / заттың аты/2. Зат есімнің сұрақтары қандай? / кім, кімдер, не, нелер/3. Зат есім түрлері. / жалқы, жалпы, негізгі, туынды, дара , күрделі/4. Зат есімнің септелуі./ 7- атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес/2 тапсырма.271- жаттығу. (зат есім) - теріп жазу.Алаша , текемет, ауа, аңшы.3 тапсырма. /Зат есімді сыз/1. Шешен сөз бастар,Батыр қол бастар.2. Оқу - білім азығы,Білім - ырыс қазығы.4 тапсырма. (тест сұрағы)1. Зат есім дегеніміз не?

А) қимылды, іс - әрекетті білдіретін сөзә) заттың атын білдіретін сөзб) заттың сынын, сапасын білдіретін сөз2. Туынды зат есімді тапА) қалаә) малшыб) тау3. Көптік жалғаулы зат есімА) батырә) оқушыларб) тау4. Жалқы есімді тапА) журналә) ағашб) Алматы

Page 15: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2014-10-30 · Ж дыбысы мен әрпі. Сабақтың мақсаты: Балаларға Ж дыбысы мен әрпін таныстыру

5. Зат есім тобын тапА) үлкен, көгілдір, ащыә) Алатау, арман, алмаб) өседі, тербеледі, ұшады

2 топ – Сын есім 1 тапсырма1. Сын есім дегеніміз не? / заттың сыны, сапасын, көлемін білдіреді/2. Сын есім сұрақтары / қандай, қай/3. Сын есім түрлері / дара, күрделі, негізгі, туынды/4. Туынды сын есім қалай жасалады? / жұрнақ арқылы/2 тапсырма271- жаттығу (сын есім)Қоңыр, дөңгелек, қышқылтым, ақылды, әдемі.3 тапсырма

Сөзжұмбақ шешу:1 «Қандай» сұрағына жауап беретін сын есім? /жақсы/2. Заттың түсін білдіретін сын есім /қызыл/3. Қандай жолдас болдады? / жаман/4. Алма қандай болады? / сары/5. Қай сұрағына жауап беретін сын есім / шеткі/6. Жемдеп тұрған мал қандай болады? / семіз/СЫНЕСІМ4 тапсырма / тест сұрағы/1. Сын есім дегеніміз не?А) Заттың атын білдіретін сөзә) Заттың түрін білдіретін сөзб) Заттың қимылын білдіретін сөз2. Сын есім сұрақтарын көрсетА) қандай?, қай?ә) қанша?, неше?

Б) не істеді?, қайтті?3. Туынды сын есімді көрсетА) сулы, күшті, білгішә) таза, әдемі, сұлуб) ақ, сары, көк4. Негізгі сын есімді көрсетА) талапты, көңілді, икемдіә) жаңа, қызыл, ақб) өнерлі, бойшаң, инабатты5. Сын есім нені білдіреді?А) атын, орнын, мөлшерінә) түсін, көлемін, сапасынб) аумағын, жерін, орындалғанын3 топ – Сан есім

Page 16: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2014-10-30 · Ж дыбысы мен әрпі. Сабақтың мақсаты: Балаларға Ж дыбысы мен әрпін таныстыру

1 тапсырма1 Сан есім дегеніміз не?/заттың санын білдіреді/2. Сан есім сұрақтары /қанша, неше, нешінші /3. Сан есім түрлері /дара, күрделі, есептік, реттік, негізгі ,туынды /4. Есептік сан есімнің сұрағы /қанша, неше /2 тапсырма / сан есімдерді теріп жаз /271- жаттығуТоғыз, бесінші, жеті3- тапсырма /сан есімдердің астын сыз /

Жұмбақ:Бірінші буыным құс аты,Ал екіншісі- бояу түсі.Екеуін біріктіріп оқысақ,Оңынан да, солынан да,Ұлт болып шығамын/қазақ/4 тапсырма / тест/1. Сан есім нешеге бөлінеді?А) есептік, реттік, қатарлықә) қатарлық, кезектікб) есептік, реттік

2. Сан есімді көрсетА) бес, сана, ұйықтаә) елу бес, жас, кәріб) қырық, елу, жүз3. Реттік сан есім қатарын белгілеА) екі, үшеу, үшіншіә) үшінші, төртінші, бесіншіб) бесінші, алтыншы, бесеу4. Сан есім сұрақтарыА) қанша?, қайда?ә) қанша?, неше?Б) неше?, қашан?

5. Сан есім дегеніміз не?А) заттың санын білдіредіә) заттың қимылын білдіредіб) заттың түрін білдіреді4 топ - Етістік1 тапсырма1. Етістік дегеніміз не?2. Етістік түрлері3. Етістік сұрақтарын ата4. Болымды, болымсыз етістік2 тапсырма271- жаттығуЖүгірді, тазала, көмектесті.3 тапсырма оқыды күлдіотырды ойнады

Page 17: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2014-10-30 · Ж дыбысы мен әрпі. Сабақтың мақсаты: Балаларға Ж дыбысы мен әрпін таныстыру

оқушы биледі айттыбарды келдіжазды4 тапсырма / тест сұрағы/1. Дара етісті тапА) келе жатырә) келдіб) ойнама2. Күрделі етістікті тапА) күлдіә) күліп келе жатырб) барма3. Болымды етістікті тапА) барә) ойнап жүрб) ойнама4. Болымсыз етістікті тапА) оқыдыә) оқымаб) оқып отыр

5. негізгі етістікті тапА) жазып отырә) жазб) жазбаЕң соңында текшелерді санау, қорытынды жасау.

Тақырыбы: Заттың атын білдіретін сөздер. А. Құнанбаев. Адам болам десеңізМақсаты.Білімділік: Заттың атын білдіретін сөздермен таныстыу. А. Құнанбаев туралы мағұлымат беру. Жаңа сабақты меңгерту.Дамытушылық: Оқушылардың оқу жазу дағдыларын қалыптастыру. Ойын, сөйлеу мәнерін тілін дамыту. Қызығушылығын арттыру.Тәрбиелік: Сауатты көркем жазуға, жақсыны үйренуге, жаман қылықтан аулақ болуға тәрбиелеу.Көрнекіліктер. Суреттер, слайдтар.Әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ - жауап, Ұжымдық жұмыс.Типі: Жаңа сабақты меңгерту.Сабақтың барысы1 - кезең. Ұйымдастыру.Сынып оқушыларын түгелдеп, зейіндерін сабаққа аудару.Психологиялық дайындық1 – слайд.Қуан шаттан балақайҚуанатын күн бүгінҚайырлы таң, қайырлы күнКүліп шықты күн бүгінЖарқырап күн шықты. Бүгінгі сабақты жақсы көңіл – күймен бастайық.2 - кезең. 2 – слайд « Кел ойнайық» Үй тапсырмасын тексеру.

Page 18: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2014-10-30 · Ж дыбысы мен әрпі. Сабақтың мақсаты: Балаларға Ж дыбысы мен әрпін таныстыру

Малдың пайдасы мәнерлеп оқу.Үйге берілген тапсырмалар бойынша жұмбақтар шешу, сұрақтарға жауап беру.( әр сұрақтарға жауап берген сайын слайдтар көрсетіліп отырады.)1. Кішкене ғана бойы барАйналдырып киген тоны бар.(Қой сөзі неше дыбыстан тұрады. Дауысты дыбыстарды ата.)2. Екі найзасы барЕкі айнасы бар.(Дауыссыз дыбыстарды ата)3. Қамыс құлақТостаған тұяқМінсен қанатСүті дәріЕті тамақ( Жылқы сөзін буынға бөл. Неше буыннан тұрады. Не себептен екі буыннан тұрады.)Жылдың қай мезгілі? Көктемдегі табиғат ерекшелігін әңгімелеу. Көктемде мал төлдеп күн жылыған соң төлдер өріске шығады. Кеш қайта өрістен оралған төлдерді шақырып ауылға айдаймыз. Төлдерді әр түрлі дауыспен дыбыстап шақырамыз. Қазір мен төлдерді шақырамын, сіздер мен қай төлді шақырғанымды тауып сұрақтарға жауап бересіңдер.1. Ертеменен айқайлапҚайда екен деп ақылдымАқау, ақау. ақаулапҚай төлді мен шақырдым?(Сүттен жасалатын өнімдерді ата)2. Шұнтандаған неме депҚосса жақсы келер депШөре, шөре, шөрелепҚай төлді мен шақырдым?(Қой, ешкі жүнінен қандай бұйымдар жасалады?)3. Жүрмесін деп қалыс қапҚайта, қайта дауыстапҚауыс, қауыс қауыстапҚай төлді мен шақырдым?(Түйе сүті қалай аталады?)4. Құйрық жүні сусылдапТез жетсін деп зуылдапҚырау, қырау, қыраулапҚай төлді мен шақырдым?(Жылқы сүті қалай аталады?)3 – кезең. Түйсіну кезеңі. Жаңа сабақ.Күннің жадын жазу3 - слайд суретпен жұмыс.Суреттердін атын атап, оларға сұрақтар қойып, Заттың атын білдіретін сөздерге қойылатын сұрақтармен таныстыру.4. слайдКім? Кімдер?Не? Нелер?Адамдарға, мамандық иелеріне.Жануарларға, заттарға5. слайдЕрежемен таныстыру.Заттың атын білдіретін сөздерге кім?, не?, кімдер?, нелер? деген сұрақтар қойылады.

Page 19: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2014-10-30 · Ж дыбысы мен әрпі. Сабақтың мақсаты: Балаларға Ж дыбысы мен әрпін таныстыру

6 - слайдСуретпен жұмыс. Суретте кімдерді көріп тұрмыз? Осы балалардың қайсысының істері дұрыс деп ойлаймыз?Балаларға ат қояйық.Арманның ісі дұрыс. Ол табиғатқа қамқорлық көрсетуде. Ағаштарды күтіп жайқалып өсуіне жағдай жасауда. Ағаштың қандай пайдасы бар?Асқардың жасаған ісі дұрыс па? Ол қандай қателік жіберді?Адам бойында жаман да жақсы да қасиеттер қатар жүреді екен. Жақсы адам болып жақсы қасиеттерге жақын болуымыз керек. Жаман қылықтан бойымызды аулақ ұстау керек. Абай атамыз « Адам болам десеңіз..» өлеңінде осы жақсы мен жаман 5 - қасиетті атап көрсеткен. Абай атамыздың өлеңімен танысайық.7 - слайдА. Құнанбаев өмірімен таныстыру.1845 - 1904Сазгер Ұлы ақынӘдебиеттін негізін қалаушы АудармашыШығыс Қазақстан облысы Абай ауданында туған8 - слайд Бес дұшпан мен бес асыл істі слайдтан көрсету.(Жеке – жеке түсінік беру.)4 - кезең. Қолдану кезеңі. Оқулықпен жұмыс.Сергіту сәті.Көтеріліп шаңырақУықтары шаншылғанКерегелер керіліпКиіз үй боп тігілерДәптермен жұмыса) Көркем жазу.9 - слайдБұлттар мен тамшылардаға сөздерді сұрақтарға сәйкес көлшіктерге орналастыру.АтаБалагүлКөбелекСылақшыкітаптарДәрігершарлар5 - кезең. Түйсіну кезеңі. Бекіту.1. Мамандық иелеріне қандай сұрақ қойылады?2. Не?, Нелер? сұрақтары қандай сөздерге қойылады?3. Венн диаграмасын толтыру.Үйге тапсырма.Өлеңді мәнерлеп оқу. Ереже жаттау.Бағалау.Оқушыларды мадақтау

Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары ( қайталау сабағы)Мақсаты: Білімділік: Өткен сөз таптарын еске түсіріп, алған білімдерін кеңкйту. Сөз таптарын сөйлем ішінен тауып, оған сұрақ қоя білуге үйрету, сауатты жазуға дағдыландыру.Дамытушылық: Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын, дербес жұмыс істеуін, алған білімдерін пайдалана білуін дамыту.Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ізднімпаздыққа, шығармашылықпен жұмыс

Page 20: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2014-10-30 · Ж дыбысы мен әрпі. Сабақтың мақсаты: Балаларға Ж дыбысы мен әрпін таныстыру

істеуге тәрбиелеу.Сабақтың түрі: Ойнайық та, ойлайық.Сабақтың типі: Қайталау.Сабақтың әдісі: Ой қозғау, топпен жұмыс, көрнекілік, деңгейлік тапсыр - малар, жұмбақтар шешкізу.Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі- Қазақ тілі - Атаң, анаңҚуат алар Отан соданДүниеде ешбір асылТең келмейді қатар оған.Дұшпаның да бас иетінТілің ұлттық қасиетің.Тартқан талай ұлыстар барТілсіздіктің қасіретін, - деп ақын Ө. Ақыпбеков жырлаған екен.- Ендеше, дүниеде ешнәрсе тең келмес, ұлттық қадір - қасиеттерімізді арттырар, тіліміздің қыр - сырын танытар, қазір қазақ тілі сабағы.Сыныпты 3 қатар бойынша топқа бөлу.І топ «Жігер» Ұраны: Жігерлі жасымас.ІІ топ «Әділ» Ұраны: Әділ істің - арты игі.ІІІ топ «Білгіштер» Ұраны: Білемін деп мақтанба,Сенен де білгіш табылар.ІІ. Негізгі бөлімІ кезең «Ой қозғау»1 - тапсырма. Кім жылдам?Жауап берген топ 1 ұпайға ие болады.Жұмбақ.Білесіңдер кім? не? сұрағынСөйлемдегі ой иесі боламын.Не істеді? сұрағымен кркеейемін, толамын.Жауабы: Зат есім.2 - ші тапсырмаІ топІІ топ ІІІ топЗат есім сұрақтарын толық - тырып жауап бер және мы - сал келтір Зат есімдерді қатыстырып сындық ұғымын білдіретін сөз ойлау.Ол қай сөз табы? Зат есімдерді не істейді? сұрақтарына жауап беретін сөздерімен байланыстыр.Ол қай сөз табы?Кімдер? Кімнің?Нелер? Ненің?Кімге?Неге?Кімім? Кімді?Нем? Нені?Кімде?Неде?Білімді оқушылар.Ұзын сызғыш.Гүлжан оқыдыОқушы оқыды

Page 21: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2014-10-30 · Ж дыбысы мен әрпі. Сабақтың мақсаты: Балаларға Ж дыбысы мен әрпін таныстыру

Мен ән айттым

3 - тапсырма: «Ойлан, тап»А) Конвертте жұмбақ берілген. Жұмбақтың шешуін табу, мағынасын аша отырып дәлелдеуӘ) Әр түрлі тапсырма.Б) Дәптермен жұмысМен шегінсем, шегініпМен керілсем, керіліпКетпей қойды жыраққа,Сөйлемейді бірақта.Ол не?1. Жұмбақтың шешуін қалай тапқаныңды айт.2) Шешуін сөз құрамына талда. Қиналмай, тауларды, ормандыТеңізді, дария топтарды,Ауылды, қаланы, халықтыОйлап тап көтерген алыпты.Ол не?1. 1. Жұмбақтың шешуін қалай тапқаныңды айт.2. Септік жалғаулары жалғанған сөздерді тап. Көктемде көгереді,Жазда жайқалады.Күзде сарғаяды,Қыста тамырлайды.1. «Өсімдік» сөзін 3 - ші жақта тәуелдеп, септе4 - тапсырма «Мақал - сөздің мәйегі»- Сан есім кездесетін 3 мақал айт5 - тапсырма « Ұйқасын тап»- өлең құрастыру.Дәптермен жұмыс.Берілген тақтадағы сұрақтар бойынша 1) сөйлем құрап, сөйлем мүшесіне талдау, әр сөйлем мүшесінің қай сөз табынан екенін ажыратқызуКім? Қандай? Нені? Не істеді?Айгүл қызық кітапты оқып бітірді.6 - тапсырма «Ой толғау»Әдебиеттік оқу пәнінен өткен, жаттаған өлең сөздері ауыстырылып берілген.1) Өлең кімнің өлеңі2) Ретімен жазуға тапсырма беріледіҚорытынды.Тест жұмысы (жалпы 6 тест сұрағының әрбірі дайын слайд түрінде көрсетіліп, жауабы сигналдық карточкадағы әріптік белгіні оқушылардың көтеруі арқылы олардың алған білімдері тексеріледі).Оқушылар білімін бағалауҮйге тапсырма

Тақырыбы: Сын есімМақсаты:Білімділік: сын есім туралы білімін тиянақтау; сөйлемнен, мәтіннен сын есімді табу дағдысын жетілдіру; сын есімнің зат есіммен байланысын анықтау; сөздік қорын молайту;Дамытушылық: лексикалық білім, білік, дағдыларын арттыру; ой - өрісін, танымын арттыру;Тәрбиелік: ұлттық салт - дәстүрді насихаттау және оны құрметтеуге тәрбиелеу.

Page 22: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2014-10-30 · Ж дыбысы мен әрпі. Сабақтың мақсаты: Балаларға Ж дыбысы мен әрпін таныстыру

Сабақтың түрі: аралас сабақСабақтың типі: пысықтау сабағыӘдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, дидактикалық ойындар.Көрнекілігі: мазмұнды суреттер, слайдтар.Құрал - жабдықтары: интербелсенді тақта.Сабақтың барысы:I .Ұйымдастыру кезеңіКүннен, жерден нәр алғанБіз - өмірдің гүліміз.Сәрсенбінің сәтіндеСәтті болсын күніміз.II. Көркем жазуҚызыл, жасыл, шөп, ұзын, жуан, дәмді, биік, байырғы.- Балалар, осы сөздердің арасында қай сөз сендерге таныс емес?- «Байырғы» - бұрынғы, ежелгі деген мағынаны білдіреді.- Осы сөздер қатарында қай сөз артық деп ойлайсыңдар? Неліктен?- «Шөп» деген сөз артық, себебі ол - зат есім, қалғандары - сын есім.III. Артығын тап1. Жылқы, тай, құлын, ат, асау. Себебі, ол - сын есім, қалғандары - зат есімдер.2. Дәмді, көже, тәтті, көңілді, әдемі.3. Майлы, майлады, шегеледі, тойлады, жайнады.IV. Терме диктант- Наурыз қандай мереке?- Наурыз қазақша жаңа күн дегенді білдіреді.- 22 наурызда күн мен түн теңеледі.- Наурыз көже жасалады.- Наурыз көже 7 түрлі дәмнен жасалады.- Наурызда ренжіскен адамдар бірін - бірі кешіреді.Өлеңнен сын есімдерді өзіне қатысты зат есімдермен бірге теріп жазуАта - бабам тойлаған,Наурызым, армысың!Қызығыңа тоймаған,Дарқан дала, қарлы шың.Мерекені байырғыАлды халқым қабылдап.Ақ дастарқан жайылды,Ошақта от жалындап.Дарқан дала, қарлы шың, байырғы мереке, ақ дастарқан.- Осы сөздердің ішінде туынды сын есім бар ма? Неліктен оларды туынды сын есім дейміз?- Себебі, олар жұрнақ арқылы жасалған.V. Сурет бойынша жұмысСуреттегі заттарды салыстырып, айырмашылығын сөйлем арқылы айт.1. Қызыл кітап жуан, ал сары кітап жіңішке.2. Пияз ащы, ал сәбіз тәтті.3. Түнде қараңғы, ал күндіз жарық болады.Берілген сын есімдер заттың сапасын білдіреді деген қорытынды жасалады.VI. «Бір әріптің ізімен» дидактикалық ойыныБерілген әріптермен сөйлем құрау, сөйлемде мүмкіндігінше сын есім болғаны жөн.Мысалы, Әәәә - Әйгерім әдемі әңгелек әкелді.Қққ, Ооо, Ссс, Ддд, Ттт, Еее, Жжж.Ааа Ашулы арыстан ақырды. Бұл сөйлемдегі сын есім қандай? Ашулы деген сөзді

Page 23: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2014-10-30 · Ж дыбысы мен әрпі. Сабақтың мақсаты: Балаларға Ж дыбысы мен әрпін таныстыру

басқаша қалай айтуға болады?ашулы арыстан - ызалы арыстан- Мұндай сөздерді қалай атайды? Мәндес сөздер, яғни мағынасы бір - біріне жуық сөздер дейді.- Олай болса, оқулықтағы 2 - жаттығуда берілген сын есімдерге мәндес сөздер тауып, үлгі бойынша жазайық.Ашулы, ызалы; әдемі, сұлу; күшті, мықты; ақылды, білгір; мөлдір, тұнық; үркек, қорқақ.Берілген сын есімдерден туынды сын есімдерді тап, туынды екенін дәлелде.Ашулы, ызалы, күшті, ақылды.(Жұрнақ арқылы жасалған.)VII. «Адасқан сөздер» дидактикалық ойыныОрны ауысқан сөздерден сөйлем құрап жаз, сын есімдерді тап, астын ирек сызықпен сыз.4 3 1 21. Өсіп тұр, гүлдер, аулада, қызыл.3 2 4 12. Балды, аю, ұнатады, қоңыр.4 3 2 13. Озып келді, ат, жирен, бәйгеден.2 3 4 14. Қалаларда, метро, болады, үлкен.Екінші сөйлемдегі сөздердің байланысын сызбамен көрсет.Ол үшін не істеу керек?- Сөйлемдегі сөздердің байланысын сұрақ қою арқылы анықтаймыз.Аю не істейді? Аю ұнатады. Нені ұнатады? Балды ұнатады.Қандай аю? Қоңыр аю.VIII. «Жұмбақ зат» ойыныБұл ойынның шарты бойынша көсетілген затты сынып тағы оқушылар түлі сөз таптарымен сипаттайды. Тақтаға шыққан бала жасырылған затты табуы тиіс. Алғашқы үш сөйлемге дейін тапқан бала жеңімпаз атанады.Мысалы, шахмат тақтасы туралы оқушылардың берген сипаттамасы мынадай болды.- Онда ақ, қара фигуралар бар. Ол төртбұрышты. Онда 64 тор көз бар.Терезе, дөңгелек, жол белгісі, орамал жасырылды.IX. ҚорытындылауСын есім туралы не білеміз?- Сын есім заттың түрін - түсін, сапасын білдіреді.- Сын есімдерге қандай, қай деген сұрақтар қойылады.- Сын есім сөйлемде зат есіммен байланысады.- Сын есімнің негізгі, туынды түрлері бар.- Туынды сын есім жұрнақ арқылы жасалады.X. Бағалау, мадақтауСабаққа белсене қатысқан, ұтымды жауап берген балаларды оқушылардың өздеріне анықтау ұсынылады. Оларға қол шапалақтап, қошемет көрсетіледі.XI. Үйге тапсырма5 - жаттығу1. Өлеңді оқу, сын есімдерді табу, қай зат есіммен байланысып тұрғанын анықтау;2. Абай Құнанбаев туралы мәлімет жинап келу.

Математика.(4-сынып)Тақырыбы: Есепті теңдеу құру арқылы шығару.Мақсаты: Есептерді теңдеу құра отырып шешу жолын ұғындыру.Сөз

Page 24: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2014-10-30 · Ж дыбысы мен әрпі. Сабақтың мақсаты: Балаларға Ж дыбысы мен әрпін таныстыру

есептерге теңдеу құру арқылы шешуді үйрену,сауатты түрдешапшаң орындау арқылы балалардың ойлау қабілетін дамыту.Ұқыпты орындап,қатесіз жазуға,теңдеуді сауатты құра білугедағды қалыптастыру.Балаларды топпен ұйымдаса жұмыс істей білуге ,еңбекке баулу.Көрнекілігі: сызбалар,кестелер,суреттер,тесттер,оқулықСабақ түрі: араласӘдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,топпен жұмыс,тест сынағы,салыстыру.Сабақ барысы.І.Ұйымдастыру кезеңі.Балаларды сабаққа дайындау,психологиялық дайындық.(жақсы тілек тілеу)ІІ.Жаңа сабақ.Есепті теңдеу құру арқылы шешу.* «Ой қозғау»Теңдеудің неше түрі бар? (күрделі,қарапайым)Салыстыру,ұқсастығы неде,айырмашылығы неде? (ұқсастығы екеуіде теңдеу,айырмашылығы: күрделі екі немесе көп амалмен орындалады,қара-пайым: тек қана бір амалмен орындалады)• «Ойлан,тап!»1кг сары май 360 теңге тұрады.Жарты кг сары май қанша тұрады?360:2=180 (жарты,немесе 500г)• х:5=18 х=18•5 х=90 90:5=18 18=18Қайсысы ыңғайлы? (әрина теңдеу құрған)Сергіту сәті: «Санамақ құра біл!»Бір дегенім – білек,Білсең,білек те керек.Екі дегенім – еңбек,Еңбек бәрін жеңбек* «Топпен жұмыс»І – топ №3-208бет,Бар еді-1706қап ұн.Қалды-1009қап ұнЖөнелтілді-? Қап ұнШ: 1706-х=1009 х=1706-1009 х=697 1706-697=1009 1009=1009Ж: 697 қап ұнІІ-топ №4-208бет,Болды-548т қызылша.Қалды-399т қызылша.Тиеп жіберді-?т қызылша.Ш: 548-х=399 х=548-399 х=149 548-149=399 399= 399Ж: 149т қызылша.ІІІ-топ №5-208бет,Әр қ.8 көшеттен-5 қатарЖиектеді-? көшетБолды-63 көшет.Ш: (8•5)+х=63 40+х=63 х=63-40 х=23 (8•5)+23=63 63=63Ж: 23 көшетпен жиектеді.ІV-топ №6-208бет,S=18км,t=2 сағ,υ1=4км/сағ,υ2=?км/сағ

Page 25: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2014-10-30 · Ж дыбысы мен әрпі. Сабақтың мақсаты: Балаларға Ж дыбысы мен әрпін таныстыру

Ш: 18:2-х=4 9-х=4 х=9-4 х=5 18:2-5=4 4=4Ж: υ2=5км/сағ• «Логикалық тапсырма»Шаршының Р=64смS1=?см2S2=?см2 2есе кемв2=4сма2=?см Ш: 1) 64:4=16 (шаршының қабырғасы)2) 16см•16см=256см2 (шаршының ауданы)3) 256:2=128 (тік төртбұрыштың ауданы)4) 128:4=32 (тік төртбұрыштың қабырғасы)Ж: S1=256см2, S2=128см2, а2=32смСергіту сәті: «Ұшты-ұшты».Мақсаты: Зейінді тексеру.Ұшты-ұшты құс ұшты (қолын көтереді)Ұшты-ұшты парақ ұшты (үндемеу керек)Осылай жалғастырылады.* «Қызықты тапсырмалар»1.қосындының да мәні,көбейтіндісінің де мәні 6-ға тең болатын тізбектес үш натурал санды тап. (1,2,3;1+2+3=1•2•3)2.Бір жұмыртқа 4 минутта піседі,ал 8 жұмыртқа неше минутта піседі? (4 минутта)3. 60 және 12 сандарының қосындысы мен көбейтіндісінің мәндерін салыс-тыр.Не байқадың? (60+12=72 60 •12=720)4.жылдамдық 20 км/сағ,уақыт 2 сағ болса қашықтық нешеге тең? (40км)5.Тырна таразы табақшасында екі аяғымен тұрғанда 6кг болды,ал бір аяғымен тұрса неше кг болады? (6кг)Қорытынды.Бағалау.Үйге тапсырма: №8-209бет (өрнек құрастыру)

Ана тіліСабақтың тақырыбы: Бас әріптен басталып  жазылатын сөздер. С.Көбеев «Екі соқа»Сабақтың мақсаты: Бас әріптен жазылатын сөздер туралы түсінікті кеңейту.Мәтіннің негізгі идеясын ашу.а) жер-су аттарының бас әріпппен жазылатындығын ұғындыру, мәтінді дұрыс, түсініп оқуға үйрету.ә)  түрлі тапсырмаларды орындату арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру.б) оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.Түрі: жаңа білімді меңгерту.   Көрнекілігі: карта, суреттер, сызбалар,карточкалар.Әдісі: проблемалық, өзіндік жұмыс, сұрақ-жауап.   Пәнаралық байланыс:математика, дүниетану.Сабақтың барысы:I.    Ұйымдастыру.II.    Өткен  материалдарды еске түсіру.1.    – Бас әріптен басталып жазылатын қандай сөздерді  білесіңдер?2.    – Ендеше, балалар «Кісі аттарын жалғастыр»ойынын ойнайық.3.    ОлжасНазерке                           Осы балалар қайда тұрады?Ернар- Қапшағай ненің аты?- Қапшағайда қандай су қоймасы бар?- Іле өзені қай көлге құяды?( Картадан көрсету.)ҚапшағайІле                                    Ненің аты?(жер-судың аты)

Page 26: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2014-10-30 · Ж дыбысы мен әрпі. Сабақтың мақсаты: Балаларға Ж дыбысы мен әрпін таныстыру

БалқашIII.    Жаңа сабақ.1.    Мақсат қою.-    Ендеше, балалар бүгінгі сабақта жер-су аттарының қалай жазылатынын білеміз.2.    135-жаттығу(оқыту, жаздырту, талдау, сұрақ-жауап арқылы қорыту).-    Алматы ненің аты?-    Балқаш ше?-    Медеу ненің аты?-    Жер–су аттары қандай әріппен жазылады?(Ережені шығарту, оқушылардан сұрау).3.    Салыстыру. Ережені хормен оқыту.4.    136-жаттығу(ауызша).5.    Топпен жұмыс.Ұнаған жердің, судың атын қатыстырып сөйлем құрату.IV.    Сергіту сәті:Қане, қанат жазайық,Қарлығашқа ұқсайық.Қарлығаш болыпҰшып-қонып,Ұшып-қонып алайық.V.    Жаңа сабақты пысықтау.1.    – Қарлығаш қандай құсқа жатады?-  Жыл құстары қай жыл мезгілінде оралады?-  Көктемде  жүргізілетін қандай жұмыс түрлерін білеміз?- Жерді немен жыртады?2. Спандияр Көбеевтің «Екі соқа»атты  шығармасын оқиық.а) сөздік жұмыс(соқа, тот)ә) мәтінді мәнерлеп оқып беру.б) оқушыларға оқыту.в) сұрақ-жауап арқылы қорыту.- Екі соқа қайдан істеліп шықты?- Біреуі кімнің қолына түсті?- Егінші соқамен не істеді?- Ал, екінші соқа не істеді?3. а) Еңбек туралы қандай мақал-мәтел білесіндер?ә) Мақалды оқыту, түсіндіру.адамның атын шығарады.Еңбек                       білім береді.өнерлі етеді.4.    Ойын: «Кім тапқыр?»Қанат, Марат екеуі,  Қамшы өре  аладыТалғат,Талап екеуі,  Тамаша ән салады.Самат, Сағат екеуі,Төгілтіп күй шертеді.Бабақ, Барақ екеуі,   Біледі көп ертегі.Балаларды өнерлі,   Есептеп көр, сен енді! (8)(Балалардың атын атап бер).VI.    Қорыту. Бас әріптен басталып жазылатын қандай сөздерді білдік?VII.     Бағалау.VIII.    Үй жұмысын беру. С.Көбеевтің «Екі соқа» атты  шығармасын оқу,мазмұндау.

 Сабақтың тақырыбы: ЕР ТАРҒЫН Сабақтың мақсаты:

Page 27: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2014-10-30 · Ж дыбысы мен әрпі. Сабақтың мақсаты: Балаларға Ж дыбысы мен әрпін таныстыру

1.     Батырлар жыры туралы оқушыларға жан-жақты түсінік беру.2.     Елін қорғау, Отанын, халқын сүю батырлар жырының басты қасиеттері екендігін оқушыларға ұғындыру.3.     Ер Тарғынның ел намысын ту етіп, елін қорғау үшін қиындыққа төзе біліп, жауын жеңетіндігін түсіндіру.4.     Ой дамыту: әр түрлі стратегиялар арқылы ойлау қабілетін, ауызша сөйлеу мәдениетін дамыту.Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Өз Отанын, халқын шын сүйетін патриот етіп тәрбиелеу.Сабақтың дамытушылық мақсаты:1.     Оқушылардың жырды оқу арқылы сын тұрғысынан ойлауын дамыту.2.     Білетін ақпараттарын жаңа мәліметтермен толықтыру.Сабақта күтілетін нәтижелер:1.     Оқушылардың жырды оқу арқылы сын тұрғысынан ойлауын дамыту.2.     Сол сезімін әңгімелеп беруге ынталандыру.Сабақта қолданылатын стратегиялар:1.     Ой қозғау.2.     Галереяны аралау.3.     Түртіп алу жүйесі.4.     Топпен жұмыс.Сабақта пайдаланылған көрнекіліктер: ватман, қағаз, маркер, түрлі-түсті батырлардың, Ер Тарғынның суреттері, батырлар жыры туралы көрме, күйтабақ, үнтаспа, карточкалар т.б.Сабақтың барысы:1.     Ұйымдастыру кезеңі. Ой ашар.2.     Үй тапсырмасын тексеру.Үйге берілген ерлік туралы мақал-мәтелдерді жатқа айту, сол мақалдарға арнап сурет салу әңгімелеу тапсырылған. 2, 3 оқушыдан сұралып, қалған оқушылар "Галереяны аралау” стратегиясы бойынша үй жұмысын пысықтайды.ә) күз туралы суреттер көрсету, әңгімелеу.Жаңа сабақ: Ер Тарғын жырынан үзінді.Сабақты бастамас бұрын бір шумақ өлең оқылады.Ой қозғау: Енді "Ер Тарғын” сөзіне түсінік берейік, жұпта ой толғау. Ер сөзіне түсінік: ойларын тізбектеп жазамын: ер, ерлік, батыр, ер жүрек, жауынан қорықпайды, жалғыз жауға шабады, мықты т.б. Ер Тарғын жыры туралы айтып, суретін көрсетемін, не байқағандарын сұраймын, басқа да қазақ батырлары туралы сұрақ-жауап аламын. ЭАл, балалар, енді кітаптың (27-бетіндегі) "Ер Тарғын” жырынан үзінді берілген, соны оқып танысамыз. Қалам алып, түртіп алу жүйесі бойынша (+, ?, v, –) жұмыс жүргізіп, сөздік жұмысты жүргізетінімізді ескертемін.Мәнерлеп оқытамын. Диалог сұраққа жауап аламын.-         Жыр кімнің атынан баяндалған?-         Жырда қанша кейіпкер бар? т.б. сұрақтар қоямын.Сөздік жұмысын (—) жүргіземін. Түсінбеген сөз, сөз тіркестерін өздерінен сұрақ-жауап алып, күрделі сөздерге түсінік беремін. Рольмен оқытамын. Топта талдау жұмысы, топпен жұмыс стратегиясы бойынша әр үй тобына сұрақтар жазылған карточкалар таратылады. Әр топқа (5 минут) уақыт беріледі.Топпен жұмыс:І топтың сұрағы: Жыр қалай басталады? Жыр туралы не білесің?Жырда қандай батырлар бар?Оқиға қай заманда болған?Тарғын кіммен кездесті?Не үшін кездесті?Оның сырт бейнесінен нені байқадың?

Page 28: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2014-10-30 · Ж дыбысы мен әрпі. Сабақтың мақсаты: Балаларға Ж дыбысы мен әрпін таныстыру

ІІ топтың сұрағы:  Домбауыл қай елдің батыры?Ол қандай адам деп ойлайсың?Саған үнады ма?Жоқ әлде ұнамады ма?Неге ұнамады?ІІІ топтың сұрағы: Жырдан қалмақ батырларының сөзін тап.Ол Ноғай елінің батырын неге теңейді?Дұрыс па? Неге?Келісесің бе?Келіспейсің бе?ІV топтың сұрағы: Ер Тарғын қай елдің батыры?Оның жауабын тауып бер, саған ұнады ма?Тарғын қандай деп ойлайсың?Мінездеме бер.V топтың сұрағы: Тарғын қалай аман қалды?Оқиға қалай жалғасты?Екі батырдың шайқасуы туралы не айтар едің?Кім жеңіске жетті?Топпен жұмыс талданып болған соң әр топқа уақыт беріліп, қағаз таратылады. Сонан соң ақ ватманға қорытынды ой жазылады.Сабақты қорыту.-         Біз бүгін не үйрендік?-         Батыр болу, елін қорғауға дайын болу т.б.Сабақты бағалау: Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларға шашу ретінде сыйлықтар таратылып, бағаланады.  Үй тапсырмасы: Жырдан үзінді беріліп, музыка тыңдату, сыйлық үлестіру, қонақтарға дулығаның суретін тарату. Тілек: "Сіздерді батыр бабаларымыздың рухы қолдап, қорғап жүрсін!”

Page 29: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2014-10-30 · Ж дыбысы мен әрпі. Сабақтың мақсаты: Балаларға Ж дыбысы мен әрпін таныстыру
Page 30: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2014-10-30 · Ж дыбысы мен әрпі. Сабақтың мақсаты: Балаларға Ж дыбысы мен әрпін таныстыру
Page 31: 45minutkz.files.wordpress.com  · Web view2014-10-30 · Ж дыбысы мен әрпі. Сабақтың мақсаты: Балаларға Ж дыбысы мен әрпін таныстыру