УДК 373:37.013:745/749 қолжазба құқығында Жиентаева...

24
3 УДК 373:37.013:745/749 қолжазба құқығында Жиентаева Бегайым Жиентайқызы Оқушыларға технология сабағында халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие беру (5-7 сынып) 13.00.01 - Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика Педагогика ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның АВТОРЕФЕРАТЫ Қарағанды 2004

Upload: others

Post on 03-Jul-2020

14 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: УДК 373:37.013:745/749 қолжазба құқығында Жиентаева ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4321/... · (5-7 сынып) 13.00.01 - Жалпы

3

УДК 373:37.013:745/749 қолжазба құқығында

Жиентаева Бегайым Жиентайқызы

Оқушыларға технология сабағында

халықтық қолданбалы өнер арқылы

ұлттық тәрбие беру

(5-7 сынып)

13.00.01 - Жалпы педагогика,

педагогика және білім тарихы, этнопедагогика

Педагогика ғылымының кандидаты ғылыми

дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

АВТОРЕФЕРАТЫ

Қарағанды 2004

Page 2: УДК 373:37.013:745/749 қолжазба құқығында Жиентаева ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4321/... · (5-7 сынып) 13.00.01 - Жалпы

4

Жұмыс Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған Университетінде

орындалды

Ғылыми жетекшілер: педагогика ғылымдарының докторы,

профессор Ж.Ж. Наурызбай

педагогика ғылымдарының кандидаты,

доцент Ж.Ш. Балкенов

Ресми оппоненттері: педагогика ғылымдарының докторы,

профессор C.Қ. Қалиев

педагогика ғылымдарының кандидаты,

доцент Ә.О. Қамақов

Жетекші ұйым: Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты

Қорғау «____»_____________ 2004 ж. сағат _____ біріккен

диссертациялық кеңес отырысында ОД.14.50.05 педагогика ғылымдарының

докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Қарағанды мемлекеттік Е.А.Бөкетов атындағы университеттің № 11-ғимаратының акт залында өтеді.

Мекен жайы: 470074, Қарағанды қаласы, Карбышев көшесі 7,

Диссертациямен Қарағанды мемлекеттік Е.А.Бөкетов атындағы

университеттің кітапханасында танысуға болады. Мекен жайы: 470074,

Қарағанды қаласы, Университет көшесі 28.

Автореферат «____»_____________ 2004 ж. таратылды.

Біріккен диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы С.Т.Каргин

Page 3: УДК 373:37.013:745/749 қолжазба құқығында Жиентаева ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4321/... · (5-7 сынып) 13.00.01 - Жалпы

5

Кіріспе

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Қоғамдағы ұлт саясатын жүзеге асыру және қазіргі жаңаша ойлау мен әлеуметтік-саяси өзгерістерге байла-

нысты жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру ісі бүгінгі күннің өзекті мәселесінің

біріне айналып отыр.

Ғасырлар сынынан еленіп, ұрпақтан-ұрпаққа ұласып ежелден келе жатқан халықтық қолданбалы өнердің озық үлгілері жеке тұлғаның қалып-

тасуына, дамуына, ұлттық тәрбиесіне ықпалын тигізері сөзсіз. Қазіргі кезде

елімізде ұлттық құндылықтардың қайта өркендеуіне жол ашылды. Оған, Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық бірлігінде”

атты еңбегінде: “Мәдени дәстүрлер қашанда әлеуметтік қайта түлеудің

қайнар көзі болып келді. …Қазақстанда ұлттық өнерді, мәдениетті дамытуға

барынша қолдау жасалып отыр”, - деген сөзі осының айғағы. Бұл мәселе: Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңында -

“Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетіс-

тіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шың-дауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау”- деп көрсетілсе,

Қазақстан Республикасының орта білім беруді дамыту тұжырымдамасында -

’’орта білім берудің негізгі мақсаты мен міндеті - жылдам өзгеріп отыратын

дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке

тұлғаны қалыптастыру, оқушыларды азаматтыққа, елжандылыққа, өз отанын

сүюге тәрбиелеу және білім алушылардың еңбек рыногындағы бәсекеге қабі-леттілігін қамтамасыз ету үшін кәсіптік дағдылар алуына жағдайлар жасау

және осы қойылған міндеттерді іске асыру үшін білім берудің мазмұнын

дүниені тұтастай қабылдауды қамтамасыз ететін өнер, технология сияқты

білім беру салалары арқылы іске асыру қажет…’’ – деп анық айтылған. Ұлт мәдениетінің жеке тұлғаның дамуына тигізер әсері туралы ой-пікір-

лердің қалыптасуында Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А. Құнанбаев, т.б.

шығармалары мен халықтық педагогиканың ұлттық тәрбие мәселесінде алатын орнын зерттеуде А.Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М.Дулатов, т.б. ең-

бектерінің қосқан үлесі зор. Олар өз еңбектерінде жас ұрпақтардың тәрбие-

сінің өзекті мәселелеріне байланысты өте құнды пікірлер айтқан.

Ғасырлар өткен сайын ұрпақ тәрбиесі туралы ойлар, тұжырымдар өз жалғасын тауып тарихшы, этнограф, философ, педагог-психолог ғалымдар-

дың ғылыми зерттеулерінде де жан-жақты қарастырылған (Қ.Б.Жарықбаев,

С.А.Ұзақбаева, К.Ж.Қожахметова, А. Сейдімбек, Ж.Наурызбай, К.Жүкеш,

Н.Елікбаев, А.Нысанбаев, Ж.Алтаев, Н.Әлімбай, Б.Байжігітов, Х.Арғынбаев, Ж.Артықбаев, К.Ақышев, С.Қасиманов, М.С.Мұқанов, К.Әмірғазин, С.

Қалиев, Т.Басенов т.б.). Бұл зерттеулердің біз үшін құндылығы халықтық

қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие беруде, мектеп оқушыларының ой-қиялын дамытуда, ұлттық талғамын қалыптастыруда жетекші құрал және

зерттеу мәселемізге тірек бола алатындығында.

Page 4: УДК 373:37.013:745/749 қолжазба құқығында Жиентаева ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4321/... · (5-7 сынып) 13.00.01 - Жалпы

6

Бірқатар зерттеулерде халық педагогикасының әдіснамалық, теориялық

мәселесі зерделеніп, этнопедагогика материалдарын пайдалану бойынша

әдістемелік нұсқаулар жасалған.

Жоғарыда аталған ғалымдардың еңбектерінде ұрпақ тәрбиесіндегі халықтың құнды ой-пікірлеріне талдау беріледі, қалыптасқан дәстүрлері

мазмұндалады және ондағы адамгершілік, эстетикалық тәрбие берудің әдіс-

тәсілдері баяндалып, олардың қазіргі жағдайдағы тағылымдық мәні сара-

ланып сипатталады. Р.Қ.Дүйсенбінова мектептің оқу-тәрбие үрдісіне қазақ этнопедаго-

гикасын ендірудің ғылыми-педагогикалық негіздерін жүйелесе, Қ.Бөлеев

қазақ этнопедагогикасы оқушыларға ұлттық тәрбие беруге болашақ мұғалім-дерді дайындауда теориялық негіз болатындығын дәлелдейді. Әйтсе де

қазақтың қолданбалы өнер туындыларын мектептерде бала тәрбиесінде пай-

далануға байланысты іргелі зерттеулер аз. Бұл салада сәндік-қолданбалы

өнерін оқытудың теориялық негізі мен әдістемелік, тәжірибелік мәселелері Ұ.Әбдіғаппарова, К. Ералин, С.Жолдасбекова, Е.Асылханов, Ж.Балкенов,

Б.Ижанов, т.б еңбектерінде; ТМД елдері көлемінде қолданбалы өнердің

кейбір түрлерін жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие үрдісінде қолдану мәселесі А.С.Хворостов, В.В.Ершова, Н.Невзорова, А.П.Гапбаров т.б. еңбек-

терінде зерттелгенін атауға болады. Алайда, мектеп жағдайында технология

сабақтарында халықтық қолданбалы өнер арқылы оқушыларға ұлттық тәр-

бие беру мәселесі әлі күнге дейін өз дәрежесінде көрініс таппағандығын, оқу бағдарламалары мен оқу-лықтарға және оқу-тәрбие жұмысына жасаған

талдау бұл мәселеге аса назар аударылмағандығын дәлелдеп, осы уақытқа

дейін оның оқу-тәрбие үрдісінде әлеуеті жеткілікті ескерілмей келгендігін көрсетті. Бұның бәрі біз көтеріп отырған технология сабағында оқушыларға

ұлттық тәрбие беру жан-жақты шешімі табылмаған мәселе екендігін және

тәрбие теориясы мен практикасында бүгінге дейін шешімін таппай отырған-

дығын айғақтайды. Қазіргі нарықтық қатынастарға көшуге байланысты қоғамдағы болып жатқан өзгерістерді ескере отырып, мектеп оқушыларына

ұлттық тәрбие беруді барынша дамытуға деген қоғам қажеттілігі мен педаго-

гикалық теорияда қазіргі жағдайдағы мектеп практикасында шешімін табуы арасында қарама-қайшылық айқын көрінеді.

Халықтық қолданбалы өнердің педагогикалық ғылымда оқушы тұлға-

сын қалыптастыру мен ұлттық тәрбие берудегі мүмкіндіктерінің әлі де жан-

жақты толық зерттелуі қажеттілігі мен пайда болған қайшылық негізінде оқушыларға технология сабағында халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлт-

тық тәрбие беру зерттеу жұмысымыздың негізгі мәселесін туғызды.

Бұл мәселенің қоғамдағы әлеуметтік маңыздылығы мен педагогика

ғылымына қосатын үлесін айқындау мен осы мәселелердің ғылыми-теориялық тұрғыдан шешімін табу біздің ғылыми зерттеу жұмысымыздың

тақырыбын “Оқушыларға технология сабағында халықтық қолданбалы

өнер арқылы ұлттық тәрбие беру (5-7 сынып) ”-деп алуымызға негіз болды. Оқушыларға технология сабақтарында қолданбалы өнер арқылы

ұлттық тәрбие беру күрделі үрдіс болғандықтан, оны білім берудің барлық

Page 5: УДК 373:37.013:745/749 қолжазба құқығында Жиентаева ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4321/... · (5-7 сынып) 13.00.01 - Жалпы

7

саты-сында салыстыра талдамай, олардың жас ерекшеліктеріне байланысты

зерттеу мәселемізді 5-7 сыныптар үшін бөліп қарастыруды жөн көрдік.

Зерттеудің мақсаты. Оқушыларға технология сабағында халықтық

қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие беру мәселесін ғылыми-теориялық тұрғыда негіздеу.

Зерттеу нысаны. 5-7 сынып оқушыларына технология сабағында

ұлттық тәрбие беру үрдісі.

Зерттеу пәні: Технология сабағындағы 5-7 сынып оқушыларына халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие беру жүйесі.

Зерттеудің ғылыми болжамы. Егер, мектептерде этнопедагогика

принципіне негізделген халықтық қолданбалы өнер арқылы 5-7 сынып оқу-шыларына ұлттық тәрбие берудің педагогикалық мәні ашылып, оқу-тәрбие

үрдісіндегі мүмкіндіктері мен шарттары айқындалса; технология пәнін оқыту

ерекшеліктеріне сәйкес сабақта оқушы тұлғасын қалыптастыру және дамы-

туда халықтық қолдан-балы өнер арқылы ұлттық тәрбие берудің’’оқу-білім-тәрбие’’ жүйесіндегі үлгісі ұсынылса; оқушылардың технологиялық іс-

әрекеттері халықтық қолданбалы өнерді - меңгеруге бағытталса, онда оқу-

шыларға технология сабақтарында ұлттық тәрбие беру тиімді болады және ой-өрісі, танымы, шығармашылық қабілеті, білімі, біліктілігі, дағдысы, ізгілік

қасиеттері қалыптасады.

Зерттеудің міндеттері:

- оқушыларға ұлттық тәрбие беруде халықтық қолданбалы өнерді қолданудың теориялық негізін, педагогикалық мүмкіндіктері мен шарттарын

ашу, теория мен практикадағы зерттелу деңгейін анықтау;

- оқу-білім-тәрбие жүйесінде технология сабақтарының өзіндік ерек-шеліктеріне сәйкес оқушыларға ұлттық тәрбие берудің педагогикалық

мазмұнын айқындау және зерттеудің теориялық негізі тұрғысында қарас-

тыру;

- технология сабақтарында халықтық қолданбалы өнер арқылы оқушы-ларға ұлттық тәрбие берудің моделін жасау, оқытудың әдістемелік жүйесін

негіздеу;

- 5-7 сынып оқушыларына халықтық қолданбалы өнер арқылы техно-логия сабағында ұлттық тәрбие беруді жүзеге асыру жолдарын анықтау,

зерттеу нәтижесіне негізделген оқушыларға ұлттық тәрбие беруді жетіл-

діруге ықпал ететін оқу-әдістемелік құралдар дайындау және оны экспери-

менттік жолымен тексеру. Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негізі. Қоғамдағы және

ғылымдағы теория мен тәжірибе, жалпы білім беруді дамыту тұжырым-

дамасы, еңбекке баулу және, ұлттық тәрбие заңдылықтары туралы филосо-

фиялық, психологиялық, педагогикалық ілімдер мен теориялар, қазақ халқы-ның мәдени құндылықтар негізіндегі этнопедагогикалық тұжырымдамалары.

Зерттеудің жетекші идеясы. Оқушыларға халықтық қолданбалы өнер

арқылы ұлттық тәрбие беру ұғымдары дүние, қоғам жөніндегі түсініктерін ұлғайтады, ой-өрісін, рухани талғамы мен танымын қалыптастырып, ізгілік

қасиеттерге тәрбиелейді. 5-7 сынып оқушыларына технология сабағында

Page 6: УДК 373:37.013:745/749 қолжазба құқығында Жиентаева ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4321/... · (5-7 сынып) 13.00.01 - Жалпы

8

халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие беру мазмұнын анықтау -

оқушылардың елжандылығын, халықтық мұра құндылықтарын бағалауы мен

тани білу қабілетін арттыруға әсер етеді.

Зерттеу әдістері: қазақ этнопедагогикасының жетістіктері мен озық тәжірибені зерттеп жинақтау; ғылыми-көркем әдебиеттерді, мектеп құжат-

тарын талдау; оқушылардың ұлттық көркем-шығармашылық жұмыстарын,

қазақ халқының қолданбалы өнерін және халық шеберлерінің шығармашы-

лық жұмыстарын зерттеу; озық педагогикалық тәжірибелерді оқып үйрену, зерделеу; педагогикалық эксперимент нәтижесіне баға беру (бақылау, сауал-

нама, әңгімелесу, тест, ашық сабақ, көрме ұйымдастыру т.б.), алынған нәти-

желерді сұрыптау, өңдеу. Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:

1. Оқушыларға халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие

берудің теориялық және практикалық негізі ашылып, педагогикалық мүмкін-

діктері мен шарттары ғылыми тұрғыда айқындалды. 2. Оқу-тәрбие жүйесіндегі “ұлттық тәрбие” ұғымының сипаты ашылып,

технология сабақтарында оқушыларға халықтық қолданбалы өнер арқылы

оқушыларға ұлттық тәрбие берудің тұжырымдамасы берілді. 3. Технология сабақтарында халықтық қолданбалы өнер арқылы оқу-

шыларға ұлттық тәрбие берудің моделі ұсынылды және тәжірибеге енгізілді.

Зерттеудің негізгі кезеңдері:

Бірінші кезеңде (1997- 1998)– зерттеу мәселесі бойынша ғылыми зерттеу жұмыстары мен педагогикалық, психологиялық, философиялық,

өнертанушылық әдебиеттерге талдау жасалып, зерттелу деңгейі қарасты-

рылды. Озат педагогтар мен жалпы білім беретін мектептердің іс-тәжірибесі зерттелді және жинақталған материалдар сұрыпталды.

Екінші кезеңде (1999-2001) - технология сабақтарында оқушыларға

халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие беру ұғымының мәні

ашылып, зерттеу болжамы жасалды, әдіснамалық негіздері мен әдістері анықталды және нақтыланды. 5-7 сынып оқушыларының халықтық қолдан-

балы өнерге қызығушылығының деңгейіне ықпал ететін факторлар тал-

данды. Оқушылардың көркемдік білімі мен ұлттық талғам деңгейлерінің өлшемдері мен көрсеткіштері анықталып, тәжірибелі-экспериментті әзірлеу

және тексеру жүргізілді.

Үшінші кезеңде (2001-2003) – жүргізілген зерттеу жұмысының

нәтижесін бір жүйеге келтіру, жинақтау мен қорытындылау, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар жасау, жалпы білім беретін мектеп жұмысының нақты

жағдайында олардың дәлелділігін тексеру жүргізілді, әдеби даярлығы

аяқталды.

Зерттеу базасы. Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, Жезқазған, Сәтбаев қалаларындағы орта мектептер (№ 8,7,27).

Зерттеудің практикалық маңыздылығы:

1. ’’Халық мұрасындағы ұлттық қолданбалы өнерді оқытудың әдіс-тәсілдері’ атты мектеп мұғалімдері мен студенттерге арналған оқу-

әдістемелік құрал ұсынылды.

Page 7: УДК 373:37.013:745/749 қолжазба құқығында Жиентаева ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4321/... · (5-7 сынып) 13.00.01 - Жалпы

9

2. ’’Халықтық дәстүрлі қолданбалы өнер - ұлттық тәрбие құралы’’ атты

мектеп мұғалімдері мен студенттерге арналған оқу-әдістемелік құрал

әзірленді.

3. ’’Тері өңдеу мен моншақ тізу технологияларын мектеп жағдайында оқыту әдістемесі’ атты мектеп мұғалімдері мен студенттерге арналған

әдістемелік нұсқау дайындалды.

4. ’’Қазақтың ұлттық қолданбалы өнері’’-электронды оқу құралы

ұсынылды. 5. Диссертация материалдары оқу пәндерінің, педагогикалық

практиканың бағдарламаларына ендіріліп, пайдаланылуда.

Қорғауға ұсынылатын қағидалар:

1. Халықтық қолданбалы өнердің тарихи даму жолдары мен ұлттық

ерекшеліктерін және оның тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктерін технология

сабақтарында пайдалану, көркем шығармашылық іс-әрекетті меңгеру -

оқушыларды ұлттық рухани интелектуалды тұрғыда жетілдіріп, олардың ұлттық қолданбалы өнерге деген көзқарасын, дүниетанымдық ұғымын,

салауаттылық, адамгершілік, ізгілік қасиеттерін қалыптастырады.

2. Жалпы білім беретін мектептердегі технология сабақтарында халықтық қолданбалы өнерді оқушылардың ұлттық тәрбиесінде

пайдаланудың педагогикалық шарттары: а) халықтың қолданбалы өнерін

тәрбие көзі ретінде оқу процесіне ендіру және оны сабақ барысында меңгеру;

б) халықтың қолданбалы өнерін сабақта және сабақтан тыс тәрбие жұмысында пайдалана алу.

3. Технология сабақтарында ұлттық тәрбие беру ұғымының мәні мен

мазмұны анықталып, жас ерекшелігіне байланысты психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері сипатталды.

4. Оқушыларға ұлттық тәрбие беруде халықтық қолданбалы өнердің

тәрбиелік мүмкіндіктерін пайдалану мен оның сипатына қарай олардың

ұлттық талғамын қалыптастыру деңгейін анықтайтын педагогикалық әдіс-тәсілдер қарастырылды.

5. Технология сабағында оқушыларға халықтық қолданбалы өнер арқылы

ұлттық тәрбие беру мотивациялық, мазмұндық, процессуалдық, бейімдік, танымдық компоненттер бірлігінде қарастытырылып, нақты көрсеткіш-

термен және өлшемдермен көрсетілді және моделі ұсынылды,

Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі: зерттеу мақ-сатына

сәйкес ұсынылып отырған модель бойынша оқыту әдістемесінің тиімділігін тәжірибелік-эксперимент арқылы тексеріп, практикаға ендірумен қамтамасыз

етілді.

Зерттеу нәтижелерін мақұлдануы мен ендірілуі: Ғылыми жұмыстың

нәтижесі эксперимент жүргізу барысында жүзеге асты және халықаралық, республикалық ғылыми-практикалық конференция-ларда Арқалық (1997),

Көкшетау (1998), Алматы (2000,), Шымкент (2000, 2003), Жезқазған (2000,

2001, 2002), мектептерде педагоги-калық кеңестерде талқыланды (№7, 8, 27 т.б.). Ғылыми-теориялық, оқу-әдістемелік конференцияларда, дәріс оқу және

тәжірибе сабақтарында талданып, зерттеу тақырыбына байланысты жарық

Page 8: УДК 373:37.013:745/749 қолжазба құқығында Жиентаева ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4321/... · (5-7 сынып) 13.00.01 - Жалпы

10

көрген жұмыстарда көрініс тапты. Диссертацияның қағидалары мен зерттеу

қорытындылары орта мектептер жұмысының оқу-тәрбие үрді-сіндегі іс-

тәжрибесіне енгізіліп, сынақтан өткізілді. Зерттеу нәтижелері студенттердің

курстық, дипломдық жұмыстарына жетекшілік етуде, еңбекке баулу әдістемесі мен тәжірибелік сабақтарда, мектептерде педагогикалық

практикадан өтуде қолданылды. Диссертация мазмұны - 27 жарық көрген

еңбекте көрініс алды.

Диссертациялық жұмыстың құрылымы: Диссертация кіріспеден, екі тараудан және тараулық тұжырымдардан, қорытындыдан, пайданалылған

әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспе бөлімде зерттеудің көкейкестілігі негізделді, мақсаты, мен міндеттері, зерттеу әдістері сараланды, диссертацияның мәнділігі, ғылыми

жаңалығы, қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдамалар баяндалды.

’’Оқушыларға технология сабағында ұлттық тәрбие берудің

теориялық, педагогика-психологиялық негіздері’’ - деп аталатын бірінші тарауда зерттеліп отырған мәселе бойынша ұлттық тәрбиенің философиялық,

психологиялық, педагогикалық проблемаларға байланысты зерттеген

ғылыми еңбектерге сүйене отырып, тәрбие беру жүйесіндегі ’’ұлттық тәрбие’’ сипаты, оны қалыптастырудың педагогикалық, психологиялық

негіздері қарастырылып, технология сабақтарында халықтық қолданбалы

өнер арқылы оқушыларға ұлттық тәрбие берудің моделі жасалды.

’’Технология сабағында халықтық қолданбалы өнер арқылы

оқушыларға ұлттық тәрбие берудің әдістемелік негіздері’’– деп аталатын

екінші тарауда мектептегі технология пәні бағдарламасына талдау жасалып,

зерттеу тақырыбына байланысты жүргізілген тәжірибелік-эксперимент нәтижелері баяндалды.

Қорытындыда теориялық және тәжірибелік-эксперимент нәти-желеріне

негізделген тұжырымдар мен ұсыныстар берілді.

Жұмыстың негізгі мазмұны

Ұлтымыздың мәдениетін сақтап, оны келер ұрпаққа жаңа көз-қараспен

жетілдіріп жеткізуде білім беру ісі басты құрал болып саналады. Қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар, оның қарқынды дамуы білім беруге қойылатын

талаптарды түбегейлі өзгертті.

Қазіргі білім берудің негізгі мақсаты білімін, біліктілігін, дағдысын

қалыптастыруға қол жеткізу ғана емес, ұлттық тәрбие негізінде ертеңгі қоғамның белсенді азаматы - бүгінгі оқушы тұлғасын қалыптастыру. Ұлттық

мәдениеттің негізі болып табылатын этнопедагогикалық білім беру мен

ұлттық тәрбие берудің басты құралда-рының бірі - халықтық қолданбалы

өнер екендігі белгілі. Халықтық қолданбалы өнер - ата-бабаларымыздан келе жатқан, ұлттық

санамызда, рухымызда, болмысымызда өзіндік қолтаңба ретінде қалыптасқан

өнер түрі. Бұл жерде, этнопедагогиканың озық үлгілерімен оқушыларға халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлтық тәрбие беруді жүзеге асыруда -

технология сабағының орны ерекше. Қазақ халқының қолданбалы өнер

Page 9: УДК 373:37.013:745/749 қолжазба құқығында Жиентаева ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4321/... · (5-7 сынып) 13.00.01 - Жалпы

11

туындылары мейлі, ол мұражайларда, мейлі көрмеде тұрсын, күнделікті

тұрмыс қажетін өтеп жатсын, оны халқымыздың өткен тарихымен, мәдени

құнды мұрасымен, салт-дәстүрімен жалғастыратын дәнекер күш деп

қарауымыз керек. Себебі, онда ұлттық тәрбиені жүзеге асырудың амал-жолдары, талап-тілектері, үлгі-өнегелері, әдіс-тәсілдері орын алған. Жас

ұрпақтың ұлттық тәрбиесі халық қанша өмір сүріп келе жатса, сонша сол

халықтың көкейкесті мәселесі болып келеді.

Қазақ халқының ағартушы, қоғам қайраткерлері М.Дулатов, А.Байтұрсынов, Х.Досмұханбетов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов жас ұрпаққа

ұлттық тәрбие берудің мақсатын, міндеттерін, мазмұнын, әдістері мен

құралдарын және нәтижесін негіздеп, этнопедагогикасының қалыптасуына теориялық алғышарттар жасады.

Академик Ә.Марғұлан зерттеулерінде қазақ халқының қолданбалы

өнерінің түрлері археология, этнография тұрғысында сараланып, ғылыми

тұрғыда өте құнды мағлұматтар берілген. Ал, белгілі ғалым Ө.Жәнібеков халықтық қолданбалы өнер түрлерін зерделей отырып, олардың тәрбиелік

мәнін аша түседі және ұрпақ тәрбиесінде ұлттық бағдарламасыз болашақты

болжау қиын деген түйін жасайды. Х.Арғынбаев, С.Қасиманов, М.Меңдіқұлов, М.С.Мұқанов, т.б.

еңбектерінде қазақ халқының қолданбалы өнері тарихи-этнографиялық

тұрғыда қарастырылып, Қ.Ақышев, М.К.Қадырбаев, А.А.Оразбаев, т.б.

еңбектерінде археологиялық қазбалардан табылған ежелгі мәдени ескерткіштердің үлгілері тарихи тұрғыда сипатталады. Қ.Ибраева ұлттық ою-

өрнектердің шығу тегі, дамуы, ою-өрнек жүйесінің қалыптасуы мен

мазмұнына талдау жасаса, Н.Алимбай, Б.Байжігітов, т.б. қазақтың ою-өрнек өнерінің мән-маңызын философиялық тұрғыда зерделеп, Р.Шойбеков

зергерлік өнерін терминдік-заттық тақырыптарға орай топтастырып, ою-өр-

нек атауларын өз алдына бір топқа жіктейді. Көптеген зерттеулер көбінесе

ХІХ-ғасырдың екінші жартысындағы қазақ жерінде педагогикалық идеялар мен педагогикалық ой-пікірлердің даму тарихын қарастырған.(Қ.Жарықбаев,

С.Қалиев, Қ.Құнантаева т.б.)

Т.Бәсеновтың, С.Қасимановтың, М.Мұқановтың ғылыми еңбектерінде халықтың ою-өрнек өнерінің шығу тарихы, оның қандай ұғымда туып,

біртіндеп дамығандығы, ерте кездегі қауымдардың мекендестігі, олардың

кәсібі мен әдет-ғұрыптары жайында және бұл әлеуметтік құбылыстардың

ұлттық ою-өрнектердің қалыпта-суына әсері туралы толық қанды ғылыми тұжырымдамалар берілсе, Ұ.Әбдіғаппарова алғаш рет қазақтың ою-

өрнектерінің педагогикалық классификациясын жасап, М.Өмірбекова қазақ

халқының ою-өрнек атауларын, құрамын талдап, түсіндіреді.

Жеке тұлғаның қалыптасуы белгілі бір ортада көптеген факторлардың өзара әсері арқылы дамиды. Біздің түсінігімізше, халықтық қолданбалы өнер

арқылы ұлттық тәрбие беру, этнопедагогикалық білімнің құрамдас бөлігі

болғандықтан оны іске асырудың түрлі мүмкіндіктері мол. Қазіргі кезде ТМД мемлекеттерінің тәуелсіздік жағдайында этнопедагогика мәселесін

көтерген ғалымдардың ғылыми еңбектері біршама баршылық.

Page 10: УДК 373:37.013:745/749 қолжазба құқығында Жиентаева ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4321/... · (5-7 сынып) 13.00.01 - Жалпы

12

(С.М.Гаджимурадов, Г.Н.Волков, А.Ф.Хинтибидзе, Г.С.Виноградов,

А.Измайлов, Я.И.Ханбиков, К. Пирлиев, т.б.) Олардың шығармаларында

еңбек сүйгіштік қасиеттің басты рөл атқаратындығы туралы айтылады және

еңбектің бала тәрбиесіндегі ықпалын қарастырады. Бұл салада Қазақстанда Қ.Б.Жарықбаев, К.Ж.Қожахметова,

С.А.Ұзақбаева, А.Х.Мұхамбаева, Ж.Ж.Наурызбай, Ы.Оршыбеков, С.Қалиев,

Қ.Бөлеев, және т.б. еңбектерін ерекше атауға болады. Айтылып өткен

ғылыми зерттеу жұмыстарының кез-келгенінде ұрпақ тәрбиесінің маңызы, мәні, ерекшеліктері жан-жақты дәлелденген. Бұл ғалымдардың әрқайсысы

осы мәселені әр қырынан зерттегенімен оқушыларға халықтық қолданбалы

өнер арқылы технология сабағында ұлтық тәрбие беру мәселесін ғылыми тұрғыда қарастырмаған. Қазіргі жағдайда оқушылардың санасында, ой-өрі-

сінде, жалпы азаматтық, адамзаттық рухани құндылықтар мен жоғары

адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, оқушы тұлғасының даму барысын

психологиялық жан-жақты және үздіксіз зерттеу, оның даралық ерекшеліктерін танып, дұрыс бағытта дамыту, әр-түрлі әлеуметтік және

моралдық психологиялық жағдайларда қолдау көрсету және қоғам өмірін

ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында жаңа азаматты қазақтың ұлттық өнері арқылы қалыптастыру мәселесінің маңыздылығы мен

көкейкестілігі күннен күнге артып отыр. Сондықтан, білім беру жүйесін

реформалау саясаты ең біріншіден - еңбек, технология, кәсіптік білім беру

сияқты өмір талабына қойылатын сұранысқа сәйкес жүргізу, екіншіден - оқу процесіндегі білім беру мен ұлттық тәрбие бірлігін сабақтастыра отырып,

білімнің үйлесімділігімен қатар, әрбір оқушының дербес ерекшелігін ескеріп,

қабілетіне, белсенділігіне сәйкес бағдар ұстау болып отыр. Бұдан ұлттық тәрбие мәселесіне бұрын соңды көңіл бөлінбеген деген ой туындамаса керек.

Оған этнопедагогика материалдары дәлел бола алады. Десек те, қазіргі

қоғамның ғылыми, әлеуметтік, практикалық талабына, тәрбие беру мақсатын

жүзеге асыру қажеттілігіне сай, оқу үрдісінде жергілікті жердің эконо-микалық, экологиялық және этномәдени ерекшеліктерін ескере отырып,

технология сабағында оқушыларға ұлттық тәрбие беру мәселелері әлі күнге

дейін бір-жақты шешімін тапқан жоқ. Білім - қоғамды жетілдіреді. Ал, білім мен тәрбие – егіз ұғымдар. Осыны

ескере отырып, технология сабақтарының кез келгенінде оқушыларға

халықтық қолданбалы өнерді теориялық білім деңгейінде меңгертіп қана

қоймай, оның тәрбиелік негіздерінен хабар бере отырып, еңбек сүйгіштік, елжандылық, ар-намыс, адамгершілік, ізгілік қасиеттерді қалыптастыруды

көздеу керек. Сонда ғана, еңбек тәрбиесін ұлттық, саяси, құқықтық, ізгілік,

патриоттық, адамгершілік, экологиялық, экономикалық тәрбие түрлерімен

ұштастыра жүргізу арқылы жемісті нәтижелерге жетуге болады. Біздің ойымызша, еліміздегі өзгерістерге сәйкес нарықтық қатынастарға көшуге

байланысты білім беру мазмұнын саралап, оқу үрдісін өндіруші еңбекпен

ұштастыра отырып, оқушыларға халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие берілуі тиіс. Біз өз зерттеуімізде оқушыларға ұлттық тәрбие беру

мәселесі мен мәдени-этникалық білім беру жүйесінде этнопедагогикалық

Page 11: УДК 373:37.013:745/749 қолжазба құқығында Жиентаева ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4321/... · (5-7 сынып) 13.00.01 - Жалпы

13

даму заңдылықтарын, тәлім-тәрбиелік мәнін ғылыми тұрғыда зерттеген

ғалымдардың құнды ой-пікірлеріне назар аударамыз. (Ж.Ж.Наурызбай,

А.Мұхамбаева, Қ.Бөлеев, Ж.Башимов, т.б.).

Ұлттық тәрбиенің мақсаты жеке тұлғаның сана-сезімін, мінез-құлқын, ар-намысын қалыптастырып, дамыту. Ал, халықтық қолданбалы өнер белгілі

бір даму сатыларынан өтіп, ғылыми педагогикалық сатыларға жеткенше

ұрпақ тәрбиесіндегі бастау бұлақ болып саналатын халықтық педагогиканың

ұлттық тәрбие жүйесіндегі алғашқы құрал қызыметін атқарып келгенін байқаймыз. Осыдан халқымыздың қолданбалы өнері мен халықтық

педагогиканың тәрбиедегі сабақтастығы принциптік-идеялық үндестігі

туындайды. Е.Хриситованың пайымдауы бойынша әр тарихи кезеңге сәйкес халық

педагогикасындағы ойлар мен педагогикалық білімдерді бір-бірімен

теңестіруге болмайды, себебі халық педагогикасындағы ойлар қоғамдық

сананың басқа түрлерінде де өзін көрсетеді дей келе, сананың түрлері мен ұлттық тәрбиенің ара қатынасын ажырата зерттеуді талап етеді.

Г.С.Виноградов халық педагогикасын мәдениеттің құрамдас бөлігі ретінде

қарастырып, халық педагогикасындағы бала тәрбиелеу тәжірибесін ұлттық тәрбие ретінде қарастыру қажет деген пікір айтады. Осы ойларды қорытып,

халықтық педагогикада ұлттар мен ұлыстардың әлденеше ғасырларға

созылған ұрпақ тәрбиелеудегі мәдени ойлау эмпирикалық жүйесінің негізгі

озық үлгілерінің жиынтығы халықтық қолданбалы өнердің ұлттық тәрбие берудегі мүмкіндіктері мен педагогикалық шарттарын қарастырамыз.

Зерттелген ғылыми еңбектердің бәрінде қазіргі білім мен тәрбие берудің

даму өрісіне қойылатын негізгі талаптар үш түрлі бағытта қарастырылады: еркін тұлғаны тәрбиелеу; рухани тұлғаны тәрбиелеу; ізгі адамгершілігі мол

тұлғаны тәрбиелеу. Бұл еңбектерде жеке тұлғаны рухани ізгілікке, ұлттық

дәстүрге тәрбиелеп, жетілдіру мәселелерін “дәстүр сабақтастығы”,

“біртұтастық”, “жүйелілік” ұғымдарына сай қарастыру көзделген. Белгілі ғалым Л.Н.Каган өнердің төрт түрлі қызметін атап көрсетеді: танымдық,

бағалау-шылық, жасампаздық, шығармашылық. Осы тұжырымдарды бас-

шылыққа ала отырып, өтпелі кезеңдегі жасөспірімдер тәрбиесінің мақсаттары мен міндеттерін қайта қарайтын, халықтық қолданбалы өнердегі

ұлттық тәрбиенің орнын айқындайтын уақыт келді.

Технология сабағындағы ұлттық тәрбие - кең ұғым. Біздің зерттеуімізде

оқушыларға технология сабағында ұлттық тәрбие беру мәселелері алғашқы зерттеу тәжірибесі болғанымен, осы сала бойынша жүргізілген әртүрлі

теориялық ізденістер, ғылыми тұжырымдарға сүйеніп, оларды зерттеу

жұмысымыздың теориялық және әдіснамалық негізіне арқау еттік. Халықтық

қолданбалы өнерді жалпы білім беретін мектептерде оқыту негіздері К.Ералин, Н.Н. В.С.Кузин, Ростовцев, А.С.Хворостов, Т.Я. Шпикалова, т.б.

еңбектерінде қарастырылған.

О.С.Сатқанов қазақ мектептеріндегі бастауыш сынып оқушыларын сәндік-қолданбалы өнерді қолдану арқылы еңбекке баулуды жетілдіру

жолдарын қарастырса, С.Жолдасбекова бастауыш сынып оқушыларының

Page 12: УДК 373:37.013:745/749 қолжазба құқығында Жиентаева ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4321/... · (5-7 сынып) 13.00.01 - Жалпы

14

сәндік-қолданбалы өнерге эстетикалық қызығушылығын қалыптастыру

жолдарын зерделеп, саралайды.

Жеке тұлғаның жалпы дамуына, ұлттық тәрбиесіне, көркемдік

талғамына үлкен мүмкіндік беретін халықтық қолданбалы өнердің табиғатын, оның адам, қоғам өміріндегі атқаратын қызметінің мәнін зерттеген орыс

ғалымдары: И.Я.Богусловская, В.Б.Воронов, С.М.Темерин, т.б. өз

еңбектерінде бұл өнердің өміршеңдігін, қай-таланбас көркемдік құндылығын

айқындай отырып, оның тәлім-тәрбиелік маңызына да баса назар аударады. Баланың қабылдауына, ұлттық талғамына жеңіл болатын халықтың

қолданбалы өнерінің үлгілерін жинау, оларды орынды қолдану мәселесін,

педагогикалық маңызын Р.Сыздықова да атап өтті. ”Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек. Тәрбиесіз берілген

білім – адамзаттың жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі”-

деп, ұлы ғұлама Әбу Насыр әль-Фараби бабамыз айтқандай, оқушыларға

халықтық этнопедагогика негізінде қолданбалы өнер арқылы тәрбие беруде технология сабақтарындағы білім мен ұлттық тәрбиені үндестіре білсек қана

қазіргі заманғы ғылым мен техниканың озық идеяларын ала отырып, ұлттық

санасы, ізгілік қасиеттері қалыптасқан, жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелей аламыз.

Психологиялық зерттеулердің нәтижелеріне сүйенсек - сапалы

танымдық деңгейдегі пайымдау, шындық пен өнерді толық мәнде қабылдау

үрдісі аяқталмай тұрып жүзеге асырылмайтынын, ұлттық-эстетикалық сезім әсері де тек қабылдау үрдісі кезінде пайда болатынын көреміз. Бірақ,

зерттеушілердің жан-жақты болжамдары мен тұжырымдарында, талғам

негізінен ”пайымдай білу қабілеттілігі” тұрғысында ғана белгіленіп, көркем туындылар мен ұлттық өнер болмысын, оның ішінде халықтық қолданбалы

өнерді қабылдаудан пайда болатын рахаттану, ләззаттану сияқты

эстетикалық сезімін қамти отырып, ұлттық тәрбие берудің міндетін атқара

ала ма? - деген мәселелерді нақтылы ашып көрсетпейді. Бүгінде жастар арасындағы тәрбиенің бұзылуы ұлттық тәрбиеден қол

үзудің салдары екені даусыз. Мектептердегі технология сабақтарында білім

мен тәрбие берудің негізгі кемшілігі халықтық қолданбалы өнердің жүйелі оқытылмауы және олардың табиғи мүмкіндіктерінің ескерілмеуі, оның басқа

пәндер секілді жүргізілмеуі деп білеміз. Оқушы тұлғасын қалыптастырып,

дамытуда «оқу - тәрбие -білім» жүйесі тұтастық сипатта болуы керек және

оның не-гізінде тұлғаны біртұтас қалыптастыру міндеті бүкіл оқу-тәрбие жұ-мысының бар компоненттері (мотивациялық, процессуальдық, маз-мұндық,

бейімдік, танымдық) бір мақсаттылық бағытта өзара ажы-рамас байланыста

үздіксіз жүруін қажет етеді. Бұл үрдіс көркем-шығармашылық еңбекке

баулитын жаңа мазмұнды педагогикалық жүйені құрайды. Оқушылардың логикалық ойлауы, өзінің таным-дық көзқарасын ұстануы, оны дәлелдеуі,

яғни мінез-құлық сапаларын қалыптастырады.

Оқушыларға технология сабақтарында халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие беру негізін құраушылар: оқу, тәрбие, көркемдік білім,

шығармашылық іс-әрекеттер т.б. Соған сәйкес, жоғарыда келтірілген

Page 13: УДК 373:37.013:745/749 қолжазба құқығында Жиентаева ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4321/... · (5-7 сынып) 13.00.01 - Жалпы

15

түсініктер мен ғалым-зерттеушілердің ой-түйіндерін, тұжырымдарын

басшылыққа ала отырып, халықтық қолданбалы өнер арқылы «оқу - тәрбие -

білімң жүйесіндегі тех-нология сабақтарында ұлттық тәрбие негізінде

оқушылардың адам-гершілік, ізгілік қасиеттерінің қалыптасуын логикалық схема түрінде бердік. (Сурет 1)

Сурет 1

Өскелең заманымыздың талабына сай оқушылардың бойында ізгілік

қасиеттер мен жарқын мінез-құлық, оларды жалпы адамзаттық адамгершілікке баулу рухында, туған еліне деген сүйіспеншілік, ата-баба

дәстүрінде тәрбиелеу негізгі ұлттық тәрбиенің мақсаттары болып табылады.

Сондықтан, қазіргі мақсат - тәрбиені ізгілендіру (гумманизациялау), жеке

тұлғаны әлеуметтік жетілдіру. Бұл жұмыстар мектептерде барлық оқу-тәрбие жұмыстары жүйесімен тығыз байланыста жүргізіледі.

Еңбекке баулу оқушылардың жеке тұлға ретінде дамуы мен

қалыптасуына бағытталған үрдіс. Еңбек әрекеті оқушының психо-физиалогиялық, ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне сай жүргізілуі және

баланың шаршауы мен жалығуын болдырмау үшін дамыта отырып, үйрету

сипатын қамтамасыз ететін еңбек жүктемелері ой-ластырылуы керек.

Ғылыми-зерттеу жұмысымыздың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес оқушыларға технология сабақтарында халықтық қолданбалы өнер арқылы

ұлттық тәрбие беру олардың психолого-педагогикалық мүмкіндіктерін

ескере отырып жүргізілуі керек деп тұжырымдаймыз. Жалпыға бірдей білім беру реформасының стратегиялық бағдарламасында жан-жақты білімді,

өмірге жаңаша қарайтын, мәдениеті дамыған өркениетті халықтар деңгейіне

жету туралы айтылған. Бұлардың бәрі, оқу-тәрбие үрдісінде жас ұрпаққа

ұлттық тәрбие берудің әдіснамалық негізі болып табылады. Технологиясы дамыған және бәсекелестікке негізделген ХХІ ғасырда

білім берудің нақты жолы - сабақтың сапасын арттырып, әдістемелік,

тәрбиелік жақтарын жетілдіру болса, қазіргі білім беру жүйесін дамыту стратегиясының басты мақсатының бірі - ұлттық тәрбие беру моделін жасау.

Сондықтан, мектептегі технология сабақтарын оқытудың мазмұнына

қойылатын талаптардың негізгі қағидалары: оқушылардың халықтық

қолданбалы өнерді ұлттық тәрбиемен ұштастыра меңгеруіне мүмкіндік беретін сабақтастық; халықтық қолданбалы өнерді оқудың маңыздылығы;

оқытудың ақпараттық-технологияны пайдалану мүмкіндігіне қарай білім

мазмұнын жаңарту. Осы қабілеттер мен біліктіліктер баланың жас кезінен

Page 14: УДК 373:37.013:745/749 қолжазба құқығында Жиентаева ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4321/... · (5-7 сынып) 13.00.01 - Жалпы

16

қалыптасып, оқу және еңбек әрекеттерін орындау кезеңдерінде әрі қарай

дамуы керек.

Технологияны оқытудың мақсаты бұрынғыша болғанымен, қазір оны

оқытуда оқушыларға ұлттық тәрбие беруге деген көзқарастар өзгерді. Ол - оқушыға белгілі көлемде білімін, біліктілігін, дағдысын, ой-өрісін, ұлттық

дүниетанымын қалыптастырып, шығармашылықпен жұмыс істеуге

мүмкіндік береді.

Мектептегі ұлттық тәрбие еңбек тәрбиесімен тығыз байланыста әрі саяси идеялық және адамгершілік тұрғыда өзара тәуелді. Ол, сабақтарда ғылым

негіздерін оқуда және мектептен тыс жұмыс үрдісінде жүзеге асырылады.

Соңғы жылдары оқытудың модульдік технологиясы, сондай-ақ профессор Ж.Караевтың оқытуды дербес-тендіру мен дифференцияцалау және білім

беруді демократияландыру мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделген жаңа

педагогикалық, компьютерлік-ақпараттық технологиясы еліміздің көптеген

мектептерінде қолданылып жүр. Қарастырылған оқытудың жаңартылған жүйесін ұлттық тәрбие берудің мақсаттары ретінде мектеп-тердегі

технология сабақтарында енгізетін болсақ, білімді демокра-тияландыруға

және ізгілендіруге, оқыту сапасын арттыруға болатыны ақиқат. Оқушылардың көркем шығармашылыққа деген белсенділігін арттыру

барысында біз ең алдымен технология сабағында халықтық қолданбалы

өнердің алатын орнын анықтап алуға тиістіміз және оқушының сана-сезімін,

ойын, ұлттық және еңбек тәрбиесін, еңбекке баулу мәселелерін бір-бірімен өзара байланыста қарастыруымыз керек. Себебі, қазіргі мектептерде

халықтық қолдан-балы өнерді мектеп бағдарламасына ендіруде әлі де болса

шабандық байқалады, олар тұтас емес, жеке элемент ретінде ғана көрініс алады. Біздің негізгі мақсатымыз ұлттық тәрбие беру үрдісін ұрпақ игілігіне

айналдыру және оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беру арқылы

ізгілік қасиеттерді дарыту; халықтық қолданбалы өнердегі ұлттық тәрбиеге

жаңаша көзқарас және технология сабақтарында рухани ізгілік қасиеттердің жоғары болуы мен оқушы тұлғасын қалыптастыруда шешуші рөл атқаратын

ғылыми дәйектілікті дәлелдеу; оқушыларға технология сабақтарында

халқымыздың қолданбалы өнері арқылы ұлттық тәрбие беруде олардың көркемдік қабілетін, мәдени деңгейін, ұлттық көзқарасын реттеп, қазіргі

қоғамның талабына сай келтіруге әрекет жасау; халықтық өнер дәстүрі

арқылы мағлұматтар ғана беру емес, оқушылардың эстетикалық талабын

өтеу, әсемдік әлеміне, қолданбалы өнердің айрықша қасиетіне дағдыландыру, ұлттық рухта тәрбиелеу.

Жас ұрпақтың тәрбиесіндегі мәдени-этникалық білім туралы ғылыми

зерттеулер жүргізген белгілі ғалым Ж.Ж.Наурызбай: ”жаны да, қаны да

қазақы, халықтың тілі мен дінін, тарихы мен салт-дәстүрін бойына ана сүтімен бірге сіңірген, туған жерін түлетуді, егеменді елінің еңсесін көтеруді

азаматтық парызым деп ұғатын ұрпақ тәрбиелеу”- дейді. Біздің ойымызша,

халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие берудегі негізгі ұстанымдар жеке тұлғаны рухани байытумен қатар жан-жақты дамытуға,

қалыптастыруға әсер етеді, алған білімдерін шығармашылық іс-әрекетте

Page 15: УДК 373:37.013:745/749 қолжазба құқығында Жиентаева ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4321/... · (5-7 сынып) 13.00.01 - Жалпы

17

қолдана білуіне бағытталады, оның тәрбиелік сипатымен қатар көркем білім

берушілік функциясын түсінуге үйретеді.

Ғылыми әдебиеттер мен зерттеулерде ұлттық тәрбие ұғымына бірқатар

сипаттамалар мен анықтамалар берілген. Олар мазмұндық жағынын бірін-бірі толықтыра түседі. Ғалымдардың жалпы ұлттық тәрбие туралы ой-

тұжырымдарын қолдай отырып, оларды негізге аламыз және бұл

ұғымға: ’’технология сабақтарында оқушыларға ұлттық тәрбие беру

дегеніміз - оқу үрдісінде халықтық қолданбалы өнерді жасау жолдарын

игеру арқылы білім, біліктілік, дағдыны меңгеру мен этнопедагогика

негізінде оқушылардың ізгілік қасиеттері, дүниетанымы, ой-өрісінің өсуі

және ұлттық танымы мен шығармашылық қабілетінің қалыптасуы’’ – деп, өз түсінігімізді береміз.

Технология сабақтарында оқушы мұғалімнің басшылығымен

қолданбалы өнер туралы ғылыми түсініктерді ұғынып, бағдарлама

көлеміндегі мағлұматтарды, шығармашылық іскерлікті меңгереді. және сол түсініктерді меңгеру арқылы оқушының ойы, ұлттық таным түсінігі,

эстетикалық талғамы қалыптасады және дүниеге көзқарасы, ұлттық сана-

сезімі дамиды. Оның деңгейі әр оқушының даму ерекшеліктеріне, қабілетіне байланысты болады Бұл оқушының іс-әрекетінде көркем-шығармашылық

өздігінен ізденуі және сабақтан тыс жұмыстар арқылы жалғасын табады.

Соған сәйкес, оқытудың әдіс-тәсілдерін пайдаланудың мазмұндық өзара

байланысын көрсете отырып, оқушыларға технология сабақтарында халық-тық қолданбалы өнер арқылы оқушыларға ұлттық тәрбие берудің

көрсеткіштері мен өлшемдерін бердік.

Оқытудың дәстүрлі жүйесінде оқушыға берілетін білім іскерлік пен дағдыны меңгерту көзделсе, оқытудың жаңа технологиясында бұған қоса

оқушының тұлғасын қалыптастыруда өзін-өзі дамытуы мен ұлттық танымын

қалыптастыру өріс алып отыр. Дұрыс ұйымдастырылған оқу-тәрбие

жұмыстары жеке тұлғаның қалыптасуына жетекші ықпал ететіндігі даусыз. Зерттеу жұмысымыздың міндетіне сәйкес, технология сабақтарында

оқушыларға ұлттық тәрбие беруді «оқу-тәрбие-білімң жүйесінде ұлттық

тәрбие негізінің логикалық схемасына сүйене отырып, технология сабақтарында халықтық қолданбалы өнер арқылы оқушыларға ұлттық тәрбие

беру моделін ұсынамыз. (Сурет 2)

Page 16: УДК 373:37.013:745/749 қолжазба құқығында Жиентаева ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4321/... · (5-7 сынып) 13.00.01 - Жалпы

18

Сурет 2 - Технология сабағында халықтық қолданбалы өнер арқылы оқушыларға ұлттық

тәрбие берудің моделі

Технология сабақтарында оқушыларға халықтық қолданбалы өнер

арқылы ұлттық тәрбие беруде жан-жақты дамып, қалыптасқан оқушы тұлғасы мәдени құндылықтарды бағалайды, рухани деңгейі артады және

ұлттық сана-сезім деңгейі өседі, ұлттық дүниетанымы мен ой-өрісі кеңейеді,

шығармашылық қабілеті жоғарылайды деп тұжырымдаймыз. Демек, оқыту

үрдісінде білім беру мен тәрбие бірлігін сақтай отырып оқушыларға технология сабақтарында халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие

беру ісінде білімнің өмірге үйлесімділігімен қатар әрбір оқушының жеке

ерекшелігін ескеріп, білімділігіне сәйкес бағдар ұстау негізгі шарт. Біздің зерттеуіміздегі технология сабақтарында халықтық қолданбалы

өнер арқылы ұлттық тәрбие беруде оқушылардың шығармашылық іс-

әрекетіндегі белсенділікті арттырудың дидактикалық шарттары төмендегідей:

- оқу үрдісінің білімділік, дамытушылық, және тәрбиелік міндеттерінің бірлігін қамтамасыз ету;

- ғылымилық, теорияның практикамен байланысы, оқытудың кәсіптік

бағыттылығы; - оқытудың әдіс-тәсілдері, ұлттық тәрбие берудегі бағыттылықты

қамтамасыз ету;

ұлттық тәрбие

Технология сабағы

Тақырыпты анықтау

әдiс-тәсiлдер, тапсырмалар

Мақсат, мiндет

құралдар, формалар

Ха

лы

қты

қ

қо

лд

ан

ба

лы

өн

ер

Оқ

уш

ы т

ұл

ғасы

ны

»ң

қа

лы

пта

суы

Жән

е д

ам

уы

Page 17: УДК 373:37.013:745/749 қолжазба құқығында Жиентаева ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4321/... · (5-7 сынып) 13.00.01 - Жалпы

19

- оқушылардың өз бетімен көркем-шығармашылық жұмыс істеуіне

мүмкіндік беру;

- қазіргі кездегі оқытудың жаңа технологиясын дұрыс қолдану;

- оқушыларға халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие беруде педагогикалық-психологиялық факторлар жиынтығын пайдалану.

Оқу мақсатын - танымдық тапсырмалармен, оқыту әдісін - дидактикалық

тәсілдермен анықтауға болады. Оқушының ұлттық тәрбиесін жетілдіруде

оның амал-тәсілдерін аша түсу, оның негіздерін айқындау бүгінгі күннің

қажеттілігінен туындап отыр, өйткені білім беру жүйесін, яғни білім берумен

қатар оқыту және тәрбие мәселесін қоғамда болып жатқан құбылыстардан

бөліп қарауға болмайды. Керісінше, қайта бірлікте қарастырылады, себебі қоғамдағы күрт өзгерістер білім беру мен тәрбие ісіне әсерін тигізбей ықпал

етпей отыра алмайды. Біздің міндетіміз жас ұрпаққа тәрбие беруде халықтық

қолданбалы өнерді, ұлттық тәрбиені күнделікті ісіміздің негізіне одақтас ету.

Сондықтан, зерттеу жұмысымыздың мәселе-сіне сәйкес, технология сабақтарында оқушыларды халықтық қолданбалы өнерге баулу арқылы

ұлттық тәрбие беру ісін жүзеге асырудың ғылыми-теориялық және

әдістемелік құралдар жүйесін пайдалану қарастырылды. Технология сабақтарында оқушы мұғалімнің басшылығымен қолданбалы өнер туралы

ғылыми түсініктерді ұғынып, бағдарлама көлеміндегі мағлұматтарды,

шығармашылық іскерлікті меңгереді, сол түсініктерді меңгеру арқылы

оқушының ойы, ұлттық таным түсінігі, эстетикалық талғамы қалыптасады және дүниеге көзқарасы, ұлттық сана-сезімі дамиды.

Технология сабақтарында халықтық қолданбалы өнер арқылы

оқушыларға ұлттық тәрбие беруде халқымыздың педагогикасы мен ұлттық өнерін біріктіре оқытуды мұрат ете отырып, оларға этнопедагогикалық

негізде білім беруді типті бағдарлама, оқу құралдары арқылы кешенді

қарастыру керек. Мектептегі технология пәнінің мазмұнын талдау

қағидаларына сәйкес технология бағдарламасының мазмұны оқушылардың халықтық қолданбалы өнер туралы алғашқы түсінікті қалыптастыру, ұлттық

мәдениетке деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, қолданбалы өнер шеберлерінің

еңбегімен таныстыру, күнделікті тұрмыста қолданылатын қарапайым ұлттық бұйымдарды жасауға оқушыларды үйрету т.с.с. міндеттерді шешуі керек.

Соған сәйкес, оқушыларға халықтық қолданбалы өнер негізінде ұлттық

тәрбие берудің педагогикалық мәселелерін қарастыра келіп, мынандай

тұжырым жасадық: - халықтық педагогика негізін басшылыққа алып, халықтық қолданбалы

өнер туындыларын ұлттық тәрбие беру ісінде дұрыс пайдалану әдіс-

тәсілдерін меңгеру қажеттілігі;

- теориялық білімдерді көркем-шығармашылық еңбекте қолдана білуі, оқушылардың іс-әрекетіндегі дағдыларын қалыптастыру;

- халықтық қолданбалы өнер жайындағы түсінігін тереңдетіп, білімі,

біліктілігі, дағдысы және іскерлік талантын жетілдіріп, байыта отырып, оны педагогикалық шеберлікпен оқушыларға жеткізудің тиімді әдістемелік

жолдарын меңгеруі.

Page 18: УДК 373:37.013:745/749 қолжазба құқығында Жиентаева ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4321/... · (5-7 сынып) 13.00.01 - Жалпы

20

Экспериментік зертеу жұмыстары Жезқазған, Сәтбаев қалаларындағы

№8 мектеп-гимназия, академик Қ.Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицей, №27

қазақ орта мектептерінде өтті, салыстырмалы бақылау №8 мектепте

жүргізілді. Зерттеудің эксперименттік бөлімі теориялық зерттеуден, ізденіс және оқу-тәжірибе эксперименттерінен тұрады. Тәжірибелі-эксперимент

жұмысы үш кезеңде өткізілді (анықтау, қалыптастыру, бақылау). Бақылау

тобы мен эксперименттік топтардың бастапқы дайындықтары бір-біріне

жақын болатындай және саны жағынан да теңесетіндей етіп таңдап алынды. Біздің зерттеуіміз бойынша оқушылармен жүргізілетін жұмыстарды

ұйымдастыруда эксперименттік тәжірибеге мектеп мұғалімдері және

эксперименттік топта 135-оқушы, бақылау топтарында да 135-оқушы қатыстырылды.

Зерттеу жұмысымыздың алғашқы сатысында мектеп мұғалім-дерінің

халықтық қолданбалы өнер және оның тәрбиелік маңызы жайлы түсініктер

деңгейін байқау үшін алдын-ала сауалнама жүр-гіздік. Сауалнамаға барлығы - 45 мұғалім қатысты. Зерттеу жұмы-сымыздың мақсат-міндеттеріне қарай

сауалнама сұрақтарына берген жауаптарды 2 топқа бөліп қарастырдық:

- халықтық қолданбалы өнердің табиғаты мен болмысы, өзіндік ерекшеліктері туралы білім деңгейлерін анықтау;

- халықтық қолданбалы өнердің тәлім-тәрбиелік мәні туралы білімін

және оқушыларды қолданбалы өнерге баулудағы мұғалімдердің

педагогикалық іс-әрекеттерінің мақсат-міндеттерін айқындау және тексеру. Алынған жауаптардың мазмұнын 5 балдық жүйемен бағалап, осы топтардың

негізінде сұрыптап, олардың сапалық дең-гейінің көрсеткішін анықтадық.

Жоғары деңгей - қолданбалы өнер туралы, оның мәні мен ерекшелігі туралы білімі біршама жетілген, адам өміріндегі мәні мен маңызын және ұлттық

тәрбиедегі ерекше орнын жақсы біледі, қолданбалы өнерге байланысты

білімі, іскерлік дағдысы қалыптасқан. Орташа деңгей - халықтық

қолданбалы өнер туралы жалпы эмпирикалық білімі бар, бірақ жүйелі, тұрақты емес, халықтық қолданбалы өнер туындыларын қолдануға дағдысы

қалыптаспаған. Төменгі деңгей - қолданбалы өнер туралы оның өзіне тән

ерекшелігі мен мәнін қабылдау саласындағы білімі төмен, ұғымы таяз, ұлттық мәдениет, салт-дәстүр және қолданбалы өнерді игеруге деген

құштарлығы мардымсыз, оқу-тәрбие үрдісінде оқушыларға қолданбалы

өнерді үйретуге дағдыланбаған.

Біздер зерттеуіміздің мақсатын анықтау барысында технология бағытындағы оқу бағдарламаларына талдау жасағанымызда халықтық

педагогиканың озық дәстүрімен сабақтастықта жүргізуде технология

сабақтарының оқушыларға халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлттық

тәрбие беру мүмкіндігі бар екенін айқындадық. Жүргізілген тәжірибе жұмыстарынан жинақталған мәліметтерді талдау

барысында оқушылардың халықтық қолданбалы өнер туындылары туралы

пайымдаулары өз-ара шамалас, халықтық қолданбалы өнер туындылары жайында жалпылама түсініктері бар екенін байқадық. Тәжірибе

Page 19: УДК 373:37.013:745/749 қолжазба құқығында Жиентаева ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4321/... · (5-7 сынып) 13.00.01 - Жалпы

21

қорытындыларын зерделей отырып, мынандай мәселелерді анықтауға

мүмкіндік алдық:

- технология сабақтарындағы оқушы тәрбиесінде халықтық қолданбалы

өнер туралы және олардың кейбір көп тараған түрлері туралы ғана мағлұматтар берумен шектеліп келген;

- оқушылардың қабылдау, сезіну ұлттық танымдық деңгейлеріне сәйкес

халықтық қолданбалы өнер туындыларының сәндік мәнері, маңызы туралы

түсініктерді қалыптастыруда, ұлттық тәрбие құралы ретінде қолдануға қажетті мән берілмеген, қолданбалы өнер бұйымдарының үлгілерін көрсету,

ою-өрнектерді әшекейлеуге пайдалану сияқты сыңаржақ іс-әрекеттер

деңгейінде ғана жүргізіліп келген; - халықтық қолданбалы өнердің ұлттық мәнін біртұтас қабылдау, сезіну,

түсіну, пайымдау сол арқылы ұлттық талғамды қалыптас-тыруда қамтамасыз

етуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер ойласты-рылмаған.

Қалыптастыру экспериментінің екінші кезеңінде зерттеу жұмы-сымыздың оқушы тұлғасын қалыптастыруды қамтамасыз етудегі құрылған

модельге сәйкес ұлттық тәрбие бағытында халықтық қолданбалы өнерді

оқушыларға мақсатты таныстыру мен оларды сипаттаушы оқу материалдары, соған сәйкес іс-әрекеттер және технология пәнін оқыту әдістемесі бойынша

бірқатар дайындық жұмыс-тары жүргізілгеннен кейін ұйымдастырылды.

Тәжірибе жұмыс-тарының жалпы мақсат-міндеттеріне сәйкес - мектепте

оқушыларға халықтық қолданбалы өнерді үйретуде игеруге тиісті мәселелер және сабақты ұйымдастыру, өткізудің педагогикалық-әдістемелік жолдарын

белгілеу, 5-7 сынып оқушыларының халықтық қолданбалы өнер арқылы

ұлттық талғамын, қалыптасу деңгейін бақылау, ұлттық тәрбие көрсеткіштері мен өлшемдерін анықтау қарасты-рылды. Оқушыларға ұлттық тәрбие беру

бағытындағы тәжірибе жұмыстарын тәжірибе үшін белгіленген әдіс-

тәсілдерді пайдалана отырып, ”технология” бағдарламасына сәйкес сәндік-

қолданбалы өнерді оқыту мазмұны негізінде сабақтастықта жүргіздік. Әр бағыт оқушылардың мүмкіндіктеріне қарай халықтық қолданбалы өнер

түрлері мен өзіндік ерекшеліктері туралы алғашқы түсініктерін

қалыптастырудан бастап ұлттық тәрбие беруге негізделіп құрылды. Осы бағыттарды басшылыққа ала отырып, сабақтың тақырыптары мен сол

сабақта атқарылатын іс-әрекеттердің түрлері және оқушы-лардың халықтық

қолданбалы өнерге тән игеруге тиісті мәселелері айқындалды. Қалыптастыру

экспериментінде оқушыларға технология сабақтарында ұлттық тәрбие беруге ықпал жасайтын мынандай мәселелерге баса көңіл бөлінді:

- оқушылардың халықтық қолданбалы өнер түрлері, ерекшеліктері туралы

түсініктері мен қабылдау іс-әрекеттерін ұтымды ұйымдастыра отырып,

қалыптастыру; - олардың ұлттық-танымдық түйсіну мүмкіндіктерін ескере отырып,

қолданбалы өнерге деген қызығушылығын қалыптастыру;

- оқушылардың даму ерекшелігін ескере отырып, олардың ұлттық талғампаздық өрісінің кеңеюіне ықпал ету.

Page 20: УДК 373:37.013:745/749 қолжазба құқығында Жиентаева ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4321/... · (5-7 сынып) 13.00.01 - Жалпы

22

Сараптау, тексеру барысында оқу бағдарламасының мазмұндық жүйесі

және оқыту әдістемелерінің дидактикалық материалдарының тиімділігі,

қабылдау сабақтарында пайдаланылған халықтық қолданбалы өнер

бұйымдарының ұлттық тәрбие берудегі ықпалды әсер ету мүмкіндігін, оқушылар танымы мен ұлттық сезіміне сәйкес тексеру мәселелерін айқындау

көзделді. Жұмыс барысында оқушы-лардың халықтық қолданбалы өнер

туындыларының халық өмірімен тығыз байланысы туралы түсінік өрісінің

кеңею дәрежесі; оқушыларда қалыптасқан ұлттық талғам сапасын тәжірибеге дейінгі анықталған көрсеткіштермен салыстырмалы түрде айқындау

қарастырылды. Тәжірибенің қорытындысы оқушылардың эксперименттік

тәжірибеге дейінгі өрнектелген көрсеткіштермен салыстырмалы тексеруден өтіп, арнайы ұйымдастырылған тәжірибе сабақтары барысында

оқушылардың халықтық қолданбалы өнер саласында жи-нақтаған білімдері

мен түсініктері негізінде оқушыларға ұлттық тәрбие беруде олардың

бойында ұлттық талғамның қалыптасу сапасын анықтауға мүмкіндік берді. Жүргізілген тәжірибе бойынша оқушылардың халықтық қолданбалы өнер

туындыларына деген қатынастары мен олардың ұлттық өнерге

қызығушылығы, қолданбалы өнер туралы естігендері мен көргендері және есте сақтау қабілеттінен туатын ұлттық-танымдық құштарлықтарының

айтарлықтай ұлттық тәрбиеге ықпал ететіні анықталды.

Қалыптастыру экспериментінің үшінші кезеңінде зерттеу жұ-

мысымыздың оқушы тұлғасын қалыптастыруды қамтамасыз етудегі құрылған модельге сәйкес ұлттық тәрбие бағытында қолданбалы өнерді

оқушыларға мақсатты таныстыру мен оларды сипаттаушы оқу материалдары,

соған сәйкес іс-әрекеттер және технология пәнін оқыту әдістемесі бойынша бірқатар дайындық жұмыстары жүргізілгеннен кейін ұйымдастырылды және

қарастырып отырған арнайы тақырыптардың қамтылуымен жүзеге асырылды.

Тәжірибе қорытындысы оқушылардың тәжірибеге дейінгі өр-нектелген

көрсеткіштермен салыстырмалы тексеруден өтіп, арнайы ұйымдастырылған тәжірибе сабақтары барысында оқушылардың халықтық қолданбалы өнер

саласында жинақтаған білімдері мен түсініктері негізінде оқушыларға ұлттық

тәрбие беруде олардың бойында ұлттық талғамның, ізгілік қасиеттердің, шығармашылық іс-әрекеттердің қалыптасу сапасын анықтауға мүмкіндік

берді. (Кесте1, диаграмма1)

Кесте 1 - Оқушылардың халықтық қолданбалы өнер туралы білім деңгейлері мен

шығармашылық әрекетін, ұлттық талғамын қалыптастыру көрсеткіштері (нақты сан

және % есебімен)

Page 21: УДК 373:37.013:745/749 қолжазба құқығында Жиентаева ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4321/... · (5-7 сынып) 13.00.01 - Жалпы

23

Деңгейлер

Экспериментік топ Бақылау тобы

Тәжірибеге дейін Тәжірибеден

кейін

Алғашқы

нәтиже

Соңғы

нәтиже

Жоғары

Бала саны 22 36 19 21

% 16,3 26,7 14,1 15,6

Орташа

Бала саны 33 63 35 66

% 24,4 46,7 25,9 48,9

Төмен Бала саны 80 36 81 49

% 59,3 26,7 60,0 36,3

Қорытынды Бала саны 55 99 54 87

% 40,7 73,3 40,7 64,4

Барлығы Бала саны 135 135 135 135

% 100 100 100 100

Диаграмма 1

Оқушылардың халықтық қолданбалы өнер туралы білім деңгейлері мен

шығармашылық әрекетін, ұлттық талғамын қалыптастыру көрсеткіштері

Кестедегі келтірілген мәліметтер дәстүрлі халықтық қолданбалы өнерге қызығушылықтарына, ұлттық талғамына, шығармашылық іс-әрекетіне

байланысты үлгерімдерінің жалпы сапалы өзгерулерін зерттеудің

нәтижесінен алынған. Егер алғашқы бақылауда эксперименттік топтардағы

135 оқушы санының ішіндегі жоғары деңгейдегі оқушы саны тәжірибеге дейін 22(16,3%) болса, тәжірибеден кейінгі көрсеткіш 36(26,7%) көтерілді.

Сол сияқты орташа деңгей көрсеткіші 33(24,4%)–63(46,7%) дейін көтерілді.

Бұл көрсеткіш-тер оқушыларға ұлттық тәрбие беруде қолданбалы өнерді

мақсатты түрде қабылдауы дәрежесінің жоғарылағанын және жалпы халық-тық қолданбалы өнерді қабылдау процесінің ұлттық талғам қалып-

тастырудағы қызметінің рөлін айқындап берді. Эксперименттік топ-тарда

төменгі деңгейдегі оқушылар санының 80(59,3%)–36(26,7 %) дейін кемуі және бақылау топтарындағы төменгі деңгейдегі оқушылар санының 81(60%)

– 49(36,3%) дейін кемуі біздің оқу-тәрбие жұмысымыздың алдына қойған

мақсат-міндеттеріміздің сабақта пайдаланылған әдіс-тәсілдеріміздің,

сонымен бірге арнайы дайындалған бағдарламамыздың жалпы мазмұндық жүйесінің дұрыстығын көрсетіп берді. Эксперименттік тәжірибенің негізінде

5-7 сыныптағы оқушылардың халықтық қолданбалы өнерге қызығушылығы-

ның өрістеуі олардың технология пәні бойынша сапалы білім алуға ынталарын арттырды. Зерттеу мәселеміз бойынша жүргізілген экс-

16,3

24,420

26,7

46,7

26,7

14,1

25,9

60

15,6

48,9

36,3

0

20

40

60

эксперимент. топ бакылау тобы

жогары орташа томен

Page 22: УДК 373:37.013:745/749 қолжазба құқығында Жиентаева ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4321/... · (5-7 сынып) 13.00.01 - Жалпы

24

перименттік тәжірибе жұмыстарын қорытындылай келіп, халықтық

қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие беруде оқушы тұлғасының

қалыптасуын жүзеге асыруда технология сабағының құрылымы мына

мәселелерден тұруы керек деп есептейміз: - халықтық қолданбалы өнерді оқытуда шығармашылық дәстүрлі

технологияны сақтау, дамыту;

- халықтық қолданбалы өнердегі ұлттық тәрбие қажеттіліктерін айқындау;

- базалық білім беру жүйесінде халықтық қолданбалы өнерді оқыту мен ұлттық тәрбиенің бірлестігін байыту. Олай болса, жоғарыда баяндалған және

қорытынды нәтижелері кестелермен өрнектелген, тұжырымдалған тәжірибе

жұмыстарымыздың педагогикалық, әдістемелік мазмұны зерттеуіміздің ғылыми божамындағы мәселелерді айқындауға мүмкіндік бергенін толық

дәлелдеді.

Қорытынды

Зерттеуіміздің мақсат-міндеттеріне, ғылыми болжамына негіздей

отырып, жүргізілген зерттеу жұмыстарының барысында жинақталған

теориялық, тәжірибелік мәліметтерді талдай келіп, төмендегідей қорытындыға келдік:

1. Оқушыларға халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие берудің

ғылыми-теориялық негіздерін, педагог-ғалымдардың ғылыми

зерттеулерінің тұжырымдары мен педагогика-психологиялық, әдістемелік тәжірибелерді талдай отырып, технология сабақтарында

оқушылардың елжандылығы мен ұлттық талғам өрісін дамыту, ізгілік

қасиеттерін қалыптастыру мәселелерін тәжірибе жүзінде зерттеу жолдары мен әдіс-тәсілдері белгіленді.

2. Технология сабақтарында халықтық қолданбалы өнер арқылы

оқушыларға ұлттық тәрбие берудің сипаты беріліп, педагогикалық,

психологиялық негіздері қарастырылды. 3. Педагогикалық-психологиялық саладағы зерттеулерге талдау жасау

ұлттық тәрбие беру негізінде оқушыларда қалыптасатын ізгілік

қасиеттерді және «оқу-тәрбие-білім» жүйесінде технология сабақтарында халықтық қолданбалы өнер арқылы “ұлттық тәрбие беру” деген ұғымды

анықтауға мүмкіндік туғызды.

4. Технология сабағында ұлттық тәрбие берудегі халықтық қолданбалы

өнерді қолданудың теориялық негізі ашылып, педагогикалық мүмкіндіктері мен шарттары анықталды.

5. Халықтық қолданбалы өнер арқылы оқушыларға ұлттық тәрбие беруде,

олардың көркемдік талғамын, қызығушылығын қалыптастыру жолдары

қарастырылып, педагогикалық алдыңғы қатарлы іс-тәжірибе талданды. 6. Мектептегі технология сабағына арналған бүгінгі күнге дейінгі оқу

бағдарламалары мен оқулықтарына талдау жасау бағдарламалар

мазмұнына халықтық қолданбалы өнерді енгізуде талпыныстар бар екендігін көрсетті, бірақ оқушыларға оқу-тәрбие үрдісінде ұлттық тәрбие

Page 23: УДК 373:37.013:745/749 қолжазба құқығында Жиентаева ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4321/... · (5-7 сынып) 13.00.01 - Жалпы

25

беру жолдары ескерілмегендігі дәлелденіп, оқушыларға ұлттық тәрбие

беру әдіс-тәсілдеріне ұсыныстар жасалды.

7. Эксперимент барысында пайдаланылған әдістер және әртүрлі жұмыс

формалары (көрмелерге, мұражайларға бару, халықтық қолданбалы өнер шеберлерімен кездесу өткізу т.б.) оқушылар-дың шығармашылық іс-

әрекеттерін, қабілетін, белсенділігін арт-тырды. Халықтық қолданбалы

өнер түрлерін жасаудағы білімін, біліктілігін, дағдысын және шеберлігін

қалыптастырды. Мектептегі технология сабақтарында халықтық қолданбалы өнерді

меңгеру, оқу-тәрбие ісінің тиімділігін арттырып, оқушылардың дүниетанымы

мен ойлау деңгейін, көркем шығармашылық белсенділігін дамытады, ұлттық танымын, ізгілік қасиеттерін қалыптастырады және қызығушылығын

арттырады. Көп жылғы жүргізілген зерттеу жұмысындағы байқау

оқушыларға технология сабағында халықтық қолданбалы өнер арқылы

ұлттық тәрбие беру әдіс-тәсілдері тиімді болатындығына көзімізді жеткізді. Технология сабақтарында халықтық қолданбалы өнерді оқытуда ұлттық

салт-дәстүр, мінез-құлық, наным сенімге негізделген ұлттық тәрбие және

білім беру жүйесінің моделіне сәйкес теориялық қағидалар мен тәжірибелі-эксперимент жұмысының нәтижесі негізінде төмендегідей ұсыныстар

беріледі:

- білім беру жүйесін реформалау саясаты технология, кәсіптік білім беру

сияқты өмір талабына сәйкес жүргізіліп, технология пәні мамандарын даярлауда оқу-тәрбие үрдісіне салт-дәстүр, дүниетаным, атакәсіптің бай

тәжірибесіне негізделген халықтық қолданбалы өнер технологиясын

зерттеуді ендіру тиімді деп есептейміз. - оқытудың жаңа технологияларына сәйкес компютерлік-ақпараттық

технологияны ендіру жолдарын қарастыру, технология пәні бойынша оқу-

әдістемелік құралдар даярлау қажеттілігі.

- мектепте оқушы тұлғасын қалыптастыру және дамыту барысындағы мұғалімдердің педагогикалық-психологиялық қызметін жетілдіріп, оқушы-

мұғалім арасындағы қарым-қатынас мәселелерін сараптау, оқушылардың

білім сапасы мен тәрбиелілігінің үздіксіз мониторингін жүргізу, пәннің рейтингісін анықтау, оқушылардың дарындылық-даралық қабілеттеріне

байланысты оқыту деңгейін анықтау және оның жолдарын белгілеу қажет.

Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған еңбектер:

1. Сәндік-қолданбалы өнер - ұлттық тәрбие құралы. /’’Қазақстандағы

тарихи-мәдени үрдістердің өткені, бүгіні мен болашағы.” Марғұлан оқулары .

Жезқазған, ЖезУ, 2000, 218-224 б.

2. ’’Халықтық дәстүрлі қолданбалы өнер - ұлттық тәрбие құралы’’. Жезқазған, ЖезУ, 2000, 100 б.

3. ’’Халық мұрасындағы ұлттық қолданбалы өнерді оқытудың тиімді

әдістері’’. Жезқазған, ЖезУ, 2000, 90 б. 4. Халық мұрасындағы ұлттық қолданбалы өнердің тәрбиелік маңызы. / Ұлт

тағылымы, № 6, Алматы, 2000, 56-58 б.

Page 24: УДК 373:37.013:745/749 қолжазба құқығында Жиентаева ...repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4321/... · (5-7 сынып) 13.00.01 - Жалпы

26

5. Оқушылардың дүниетанымын халықтық мұра қолданбалы өнер негізінде

қалыптастыру - ұлттық тәрбие көзі. /Ғылыми еңбектер жинағы, Шымкент,

ОҚМУ, 2000, 131-133 б.

6. Оқушыларға халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие беруде педагогика-психологиялық ерекшеліктерді ескеру. /Халықаралық ғылыми-

теориялық конференция, Байқоңыров оқулары, Жезказган, ЖезУ, 2001,136-

140

7. Оқушыларға еңбек сабағында ұлттық тәрбие беру проблемалары. (5-7 сынып).//11Халықаралық Байқоңыров оқулары. 1-ші кітап, Жезказган, ЖезУ,

2002, 185-191 б.

8. “Технология” сабағында моншақ тізу технологиясын оқыту әдістемесі. Жезқазған, ЖезУ,2002,53 б.

9. “Тері өңдеу технологиясын оқыту әдістемесі”. Жезқазған, ЖезУ, 2002.60 б.

10. Халықтық қолданбалы өнердің ұлттық мәдениетте алатын орны, ұлттық

тәрбие берудегі мүмкіндіктері. /Қазіргі қазақ мектептерінің өзекті мәселелері. Ғылыми еңбектер жинағы. Алматы, Ғылым, 2002, 180 б. 82-87 б.

11. Ұлттық қолданбалы өнер және еңбекке баулу. //Тәрбие құралы. Ғылыми-

педагогикалық басылым. №1, Алматы, 2004, 3-5б. 12. Халықтық мұра - ұлттық қолданбалы өнердегі ұлттық тәрбие берудің

теориялық негіздері, даму тарихы. // Хабаршы. «Қайнар» университеті, №1,

2004.

13. Халықтық қолданбалы өнер – технология сабақтарында. //Қазақстан мектебі, Алматы, № 2, 2004, 52-53б.

14. Танымы мол өнер. //Ұлт тағылымы, Алматы, №1, 2004, 33-35б.

15. Қазақ мектептеріндегі технология сабағында ұлттық тәрбие беру жағдайы, міндеттері мен мақсаты. //Хабаршы. КарГУ, №2, 2004.

(А.Манабаевамен бірге)

16. Оқушыларға технология сабағында халықтық қолданбалы өнер арқылы

ұлттық тәрбие беру мәселелері. // Хабаршы. Евразия гуманитарлық институты, №2, 2004.

17. Оқушыларға технология сабағында халықтық қолданбалы өнер арқылы

ұлттық тәрбие берудің өзектілігі. //Хабаршы. Евразия гуманитарлық институты, №2, 2004.

18. Қазақтың ұлттық қолданбалы өнері (электронды оқулық). Зияткерлік

меншік объектісін мемлекеттік тіркеу куәлігі № 070, 06.04.2004.