Ғылыми жоба

22
Қостанай облысы Жангелдин ауданы М.Дулатов орта мектебі Тақырыбы: Қызбел жері Пәні: География Дайындаған: М.Дулатов орта мектебінің география пәнінің мұғалімі: Бектауов Нұрлыбек Танатханұлы М А З М Ұ Н Ы Кіріспе ------------------------------------------------------- --------------------3 I. Әдеби шолу------------------------------------------------- ----------------------4 I.1. Қызбел жерінің табиғаты,климаты--------------------- ---------------------5 I.2. Елді мекендер------------------------------------------- --------------------------5 I.3. Қызбелтау-------------- --------------------------------------------------- ---------7

Upload: -

Post on 14-Jan-2017

562 views

Category:

Education


3 download

TRANSCRIPT

Page 1: Ғылыми жоба

Қостанай облысыЖангелдин ауданы

М.Дулатов орта мектебі Тақырыбы: Қызбел жері

Пәні: География

Дайындаған: М.Дулатов орта мектебінің география пәнінің мұғалімі:Бектауов Нұрлыбек Танатханұлы

М А З М Ұ Н Ы Кіріспе ---------------------------------------------------------------------------3

I. Әдеби шолу-----------------------------------------------------------------------4

I.1. Қызбел жерінің табиғаты,климаты--------------------- ---------------------5

I.2. Елді мекендер---------------------------------------------------------------------5

I.3. Қызбелтау--------------------------------------------------------------------------7

I.4. Өзендері----------------------------------------------------------------------------9

I.5. Көлдері-----------------------------------------------------------------------------12

II.Тәжірибелік бөлім-----------------------------------------------------------------14

2.1. Өзен бойларындағы жер атауы ----------------------------------------------14

2.2. Қызбел өңіріндегі бұлақтар---------------------------------------------------15

2.3.Қызбел жерінің көріністері----------------------------------------------------16

Қорытынды ---------------------------------------------------------------------20

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі -----------------------------------------------21

К І Р І С П Е

Қызбел жері Қазақстанның солтүстік –батысындағы Торғай ойпатынан 200 м төмен жатыр. Қызбел жері негізінен ашық қоңыр және сарытопырақты келгендіктен ондағы тұздың мөлшері мен табиғи өсімдікдердің тұзға төзімділігі арасындағы тәуелділік болғандықтан өсімдіктердің таралу заңдылықтары көрсетіледі. Қызбел өңірі Шолақ Қарасу мен Шамай түбектерінен бастау алатын Жота, Қойтас, Садық көңі, Мамыт деген жерден басталған.Сол жерлерден Қызбелге қарай шықсан жол орталығы 20шақырым жерде Қараша төбе , содан 15 шақырымда Жосалы, Аққұдық, Смайыл мешіті, Талдықұдық, Амантай бұлағы, Тоңқайма бұлақтарымен Қызбелдің үсті жалғаса береді.

Page 2: Ғылыми жоба

Ғылыми жұмыстың көкейкестігі: Қызбел жеріндегі жер атауларын толық анықтау, және өзен-көлдер жайында мәлімет жинап,оны жан-жақты зерттеу және жинақтау жұмыстың көкейтесті мәселесі болып отыр.

Зерттеу өзектілігі:Қызбел жері туралы, жер атаулары, келтірілген деректер , осы жерге

халықтардың мәңгі өмір сүруінің, талпынысының жарқын бейнесін береді. Ғылыми жұмыстың негiзi мәселесі: Қызбел жерінің бойындағы

өзен-көлдерді білу, жер-су атаулары туралы мәліметтер жинақтау. Олардың фото-суреттерін көрсету.

Жұмыстың негiзгi мақсаты мен міндеті: Қасиетті Қызбел жерінің табиғаты, климаты, жер атаулары мен ондағы

айдынды Сарықопа көлі мен сынғырлап аққан Қоңыраулы өзені, “пішіні қыздың қыпша беліндей ” дөңесті Қызбелтау жайында мәлімет жинау .

Міндеттері: 1.Жұмыстың мазмұнын ашу 2. Терең мағыналы дерек көздерімен таныстыру. 3. Жеке тұлғаның бойында туған жерге деген патриоттық сезімін ояту.

I. Әдеби шолу

1.Қызбел жері табиғаты, климаты.

Қызбел жері Қазақстанның солтүстік –батысындағы Торғай ойпатынан 200

м төмен жатыр.Қызбел ауылының бойындағы Қоңыраулы өзені тасыған

кезде су аумағы жайылып кетеді.Сондықтан бұл өлке балық пен жабайы

құсқа өте бай.Қызбел өзені шежірелі Ұлытау жерінен бастау шығатын Дәмді,

Мойылды, Сарыөзендерден басталады.Бұл өлкенің табиғаты әсем.Қызбел

ауылын бойлай Қызбелтау, Қыземшек, Текетау орналасқан.Қызбел тауының

орташа биіктігі -212м.

Қызбел өңірі Шолақ Қарасу мен Шамай түбектерінен бастау алатын Жота,

Қойтас, Садық көңі, Мамыт деген жерден басталған.Сол жерлерден Қызбелге

қарай шықсан жол орталығы 20шақырым жерде Қараша төбе , содан 15

шақырымда Жосалы, Аққұдық, Смайыл мешіті, Талдықұдық, Амантай

бұлағы, Тоңқайма бұлақтарымен Қызбелдің үсті жалғаса береді.

Page 3: Ғылыми жоба

Климаты-өкпек континентті. Жазда температура +25+30°С-қа дейін ысыса,

қыста -35-45°С-қа дейін суыйды. Қызбел жері таза табиғатқа бай. Климаты

өте қолайлы.

1.2.Елді мекендер.

Ұзынқарасу- Торғай аумағының солтүстігінде 123 км жерде орналасқан

Қызбел ауылының аумағында орналасқан мекен.

Ошағанды-Торғай аймағының солтүстігінде 120 км жерде, Қызбел

ауылынан 7 км жерде орналасқан бөлімше. 10 түтіні бар. Тікенекті *ошаған*

шөбінің көп өсетін жері мәніндегі атау.

Page 4: Ғылыми жоба

Құмшық-бөлімше.Торғай аймағының солтүстік-шығысындағы 100 км

жерде, Қызбел ауылынан 18 км қашықтықта орналасқан.3 түтіні бар бөлімше.

*Құмды* мағынасындағы атау.

Қоға-қыстау. Қызбел ауылының солтүстік-шығысында орналасқан. Шөбі

шүйгін, жаз жайылымының аймағы.

1.3. Қызбелтау

Торғай қолаты мен Торғай үстірті аралығындағы дөңес тау.Қостанай

облысында, Наурызым қорығының оңтүстік жағында бойлық бағытта 60 км-

ге созылып жатыр.Ені 5-15км, абсолюттік биіктігі 232 м.

Page 5: Ғылыми жоба

Қызбелтау жоғары олигоцен мен миоцен дәуірлерінің сазды-карбонатты

жыныстарынан түзілген; дөң бетін палеогеннің теңіздік шөгінділері

жапқан.Беткейлері жыра –сайлапмен қатты тілімденген.Шығыс және

оңтүстік етектері құлама жарбақтанып, Торғай қақпасына тіреледі.Бетеге,

жусан, селеу өседі.Мал жайылымына қолайлы.*Пішіні қыздың қыпша

беліндей* мағынасындағы атау.

Қыземшек-тау. Қызбел тауында орналасқан.Абсолюттік биіктігі-202 м.

Таудың сыртқы көрінісіне қарап қойылған атау.

Page 6: Ғылыми жоба

Текетау-тау.Сарықопа көлінің батысында 18 км жерде орналасқан.

Абсолюттік биік тігі-206 м.

1.4.Өзендері

Жаз болғанда, Қоңыраулатып ағады,

Домбырадай күйдің шерін қағады.

Жалғыз жатқан Қоңыраулы өзені,

Бүкіл аймақ жер суына қанады.

Ғ.Қайырбеков Қоңыраулы өзені

Page 7: Ғылыми жоба

Қоңыраулы атауының шығу тарихы

Өзіміздің елді мекеніміз Қызбел жерінің ең ұзын өзені, картада Сарыөзен деп

берілген, ерте кезден халық ауызында аталып кеткен атауы «Қоңыраулы»

өзені. Наурыз айының ортасынан бастап, сәуір айының 20 – шы жұлдызына

дейінгі аралықта қыста жауған қар еріп, мол су қорымен өзен арнасына

толтырып, Сарықопаға құяды.Өзен суы қоңыраулатып аққандықтан,

тұрғылықты халық «Қоңыраулы» өзені деп атап кеткен. Кейбір дерек

көздеріне қарағанда сауда жасап жүрген татар саудагері пәуескелі арбасына

жеккен атына қоңырау таққан. Қоңырау саудагердің келе жатқанын, аттың

жүрісімен қоңыраулатып белгі берсе керек. Сондықтан «Қоңыраулы

пәуеске»аталып кеткен. Сол саудагер өзен арнасынан тасып жатқанда

«Қоңыраулы пәуескесімен»суға кеткен деген дерек бар.

Халық арасында кең таралған дерек, сол кезде Қазақ халқының өзіне

тән салт – дәстүрін ұстанған бойжеткендер шаштарына шашбау,

құлағына сырға, алқа тағып жүргендіктен, өзенге иінағашпен

барып су алғанда жаңағы шашбау, сырға қоңырауға тән дыбыс

бергендіктен, өзен «Қоңыраулы» аталып кеткен деген дерек бар

Page 8: Ғылыми жоба

Қоңыраулы" өзенінде мекендейтін балықтар:

алабұғы

Page 9: Ғылыми жоба

Қоңыраулы өзенінде тұщы суда тіршілік ететін балықтар кездеседі.Табан,сазан,алабұға,шортан сияқты жыртқыш

балықтар бар.

Page 10: Ғылыми жоба

Теке-өзен. Сарықопа көлі алабында орналасқан.Ұзындығы-30 км.Су мол

жылдары арнасынан асып тасиды. Негізінен қар суымен қоректенеді.

Құмды өзені- Сарықопа көлі алабында орналасқан өзен. Ұзындығы-25

км.*Құмы мол, жағалауы құмдауытты келген* мағынасындағы атау.

1.5.Көлдері

Сарықопа көлі

Сарықопа-айналасынан жабайы аң-құстарды кездестіруге болады.Құстардың

саны 300-ден асады. Сарықопаның ауа райы қыркүйек айларында Сібірдің

қатал климатына ұқсас болып кетеді.Өңірде жылы-құрғақ ауа райы аяқ асты

бүлінеді де, жаңбырлы сүркей суық ауа райына ұласады.

Page 11: Ғылыми жоба
Page 12: Ғылыми жоба

Қазалыкөл-Сарықопа көлі алабында орналасқан көлдердің бірі.Суы мол,

балыққа бай.

Құлақкөл-көл. Сарықопа көлі алабында орналасқан көлдердің бірі.*Құла

түсті көл* мағынасындағы атау.

Page 13: Ғылыми жоба

Тәжірибелік бөлім2.1.Өзен бойларындағы жер атаулары.Саға Тампай Шамай түбегі Ұзын Қарасу Шолақ Қарасу Тәуте көңі

ҚоғаАқсуат Шөгір көңі Оспан көңі

2.2. Қызбел өңіріндегі бұлақтарАққұдық ШөкетсигенТалдысай Шолпы батқанТалдықұдық Орыс құдығыҚұттыбай Құлан ішкенАмантай ТасқұдықШабанбай ТеректіШідерлі Қатынқазған

Шелек кеткен 2.3. Қызбел жерінің көріністері

Page 14: Ғылыми жоба
Page 15: Ғылыми жоба
Page 16: Ғылыми жоба

Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы

Біздің жеріміз –тарихи мекен.Ол Торғай табанындағы ерекше сұлу өлке.Кезінде бұл қасиетті өңірге Асан Қайғы бабамыз ат шалдырған екен.Осындай киелі жерден талай ақын-жазушылар,академик-министрлер шыққан.Қазақта “Ер туған жерінде –ит тойған жерінде ” деген мақал бар.Әрбір адамның туған жері -бәрінен де қымбат.Өйткені ол жердің топырағы,әрбір тасына дейін киелі.Сол құдіретті жеріміздің табиғатын қастерлей білейік.

Page 17: Ғылыми жоба

Арқада жер еркесі Қызбел деген, Аралап алуан жүрдім Қызгерменен. Табар жан қайда барып жерұйықты, Қызбелден сірә күдер үзгенменен. Ғ.Қайырбеков.

АННОТАЦИЯ

Қызбел ауылыМ.Дулатов орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Бектауов

Нұрлыбек Танатханұлының

«Қызбел жері» тақырыбындағы ғылыми жобасы

Зерттеу мақсаты:

Қасиетті Қызбел жерінің табиғаты, климаты, жер атаулары мен ондағы айдынды Сарықопа көлі мен сынғырлап аққан Қоңыраулы өзені, “пішіні қыздың қыпша беліндей ” дөңесті Қызбелтау жайында мәлімет жинау .Болжамы:

Қызбел жерінің топографиялық атаулары, өзен-көлдері туралы құнды жұмыс даярлау.Жұмыстың кезеңдері:

1.Тақырыпқа қатысты материалдар жинақталып, жүйеленді.Жалпы жер-су атауларына толық шолу жасалынды.2.Жинақталған материалдар іріктелді, жұмыстың бағыт – бағдары айқындалып, жоспар құрылды.3.Жұмыс жазылып, зерттеу бөлімі тиянақталды, қол жеткізген нәтижелер анықталды.

Әдістері:

Жұмысты зерттеу, салыстыру,жинақтау әдістері қолданылды.

Page 18: Ғылыми жоба

Жаңалығы:

Оқушылар үшін және жас мамандарға көмекші әдістемелік – құрал болатындығы. Қызбел жерiнiң топономикалық жер-су атаулары,өзен-көлдері жайында құнды мәліметтер алды.

Қорытынды

Біздің жеріміз –тарихи мекен.Ол Торғай табанындағы ерекше сұлу өлке.Кезінде бұл қасиетті өңірге Асан Қайғы бабамыз ат шалдырған екен.Осындай киелі жерден талай ақын-жазушылар,академик-министрлер шыққан.Қазақта “Ер туған жерінде –ит тойған жерінде ” деген мақал бар.Әрбір адамның туған жері -бәрінен де қымбат.Өйткені ол жердің топырағы,әрбір тасына дейін киелі.Сол құдіретті жеріміздің табиғатын қастерлей білейік. Арқада жер еркесі Қызбел деген, Аралап алуан жүрдім Қызгерменен. Табар жан қайда барып жерұйықты, Қызбелден сірә күдер үзгенменен. Ғ.Қайырбеков

Қолданылуы

Мектеп бағдарламасында 7 сынып өлкетану курсында қосымша материал ретінде ұсынуға болады.

Пайдаланылған әдебиеттер:1. Қостанай облыстық ұлттық энциклопедиясы Алматы қаласы, 2001 ж.

2. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. Алматы қаласы, 1997 ж .

3. Мадияр ұрпақтарының шежіресі.Қостанай қаласы, «Шапақ»ЖШС 2014 ж 4. К.Әлмағанбетұлы,Қ.Сапарғалиұлы.Шымболат ұрпақтарының шежіресі. Астана қаласы.2001 ж.5. «Қызбел ауылының Қоңыраулы өзенінің физика –химиялық қасиеттерін анықтау» тақырыбындағы ғылыми жобасы. 2013-2014 ж.

Page 19: Ғылыми жоба

6. «Торғайдағы мадиарлар» Будапешт қаласы «Таймп» баспасы,2003 ж.