балжан ғылыми жоба

14
Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Қаракөл ауылы «Қаракөл орта мектеп-бақшасы» КММ Жоба тақырыбы: Оқулық оқушының алдына қалай келеді? Мақсаты: Оқулық-білім алудағы басты құрал, білімнің қайнар көзі. Ендеше, үлкен еңбекпен келетін оқулықтың қадірін біз қаншалықты білеміз? Ол біздің алдымызға қалай келеді? Осы сауалдарға жауап іздеу. Жоба қорғаушы: Советқанқызы Балжан Жоба жетекшісі: Мукатаева Ақмарал Мауыткановна. Жоспары: 1.Кітаптың шығу тарихы

Upload: -

Post on 13-Apr-2017

46 views

Category:

Internet


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: балжан ғылыми жоба

Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Қаракөл ауылы«Қаракөл орта мектеп-бақшасы» КММ

Жоба тақырыбы: Оқулық оқушының алдына қалай келеді? Мақсаты: Оқулық-білім алудағы басты құрал, білімнің қайнар көзі. Ендеше, үлкен еңбекпен келетін оқулықтың қадірін біз қаншалықты білеміз? Ол біздің алдымызға қалай келеді? Осы сауалдарға жауап іздеу. Жоба қорғаушы: Советқанқызы Балжан Жоба жетекшісі: Мукатаева Ақмарал Мауыткановна.

Жоспары:

1.Кітаптың шығу тарихы 2.“Атамұра” баспасы туралы 3. “Атамұра” баспаханасына бару 4.Оқулықтың біздің алдымызға келуі 5.Оқулығың-құралың! (сауалнама) 6.Қорытынды

Page 2: балжан ғылыми жоба

Кіріспе бөліміАлғашқы кітапты осыдан мыңдаған жылдар бұрын вавилондықтар,

ассириялықтар, тағы басқа көне халықтар жасапты деген деректер бар. Біреулер ол кітаптарды өздерінің қолындағы оқулықтар сияқты болар деп ойлап қалуы мүмкін. Ол кезде мұндай қайдан бола қойсын, балшықтан жасалыпты. Онда ойыншық кітап болар деп ойлап та қаларсыздар. Тіпті де олай емес. Кәдімгі оқитын кітап. Жұмсақ балшықтан қыш жасап, бетіне үшкір таяқпен таңбалар түсірген. Қыш кептірілген. Сөйтіп, тіпті кітапхана жасақталған.

Ал, Қытайда бамбук ағашынан жұқа таяқшалар әзірленіп, соған жазу жазған. Таяқшаларды жіпке тізіп қойған. Келе-келе жазуға жібек маталарды пайдаланған.

Біздің заманымыздың ІІ ғасырында қағаз дүниеге келген. Ал Ежелгі Египет жартастағы тасқа қашап жазған. Біздің да жартасқа жазған жазуларды суреттерден, теледидардан көргенбіз. Одан кейін су өсімдігінен дайындалған папирусқа, қамыс тәрізді өсімдіктің жапырағын нығыздап, бір-біріне желімдіп, соған жазған. Ондай кітаптардың ұзындығы ондаған метрге жеткен. Ол кітаптарды шиыршықтап орап, түтікшеге салып сақтаған. Греция, Рим 2 мың жыл бойы осындай кітаптар шығарып келген.

Біздің заманымыздың ІІ ғасырында Пергам патшалығында кітап жазуға арналған тағы бір материал дүниеге келген. Ол пергамент деп аталған. Жануарлардың терісінен (Осыдан біраз жыл бұрын Қожа Ахмет Иассауи бабамыздың өлеңдері жазылған пергамент табылған).

Папирус пен пергамент қымбатқа түскендіктен, Греция мен Рим бетіне балауыз жағылған тақталарға үшкір таяқшамен із қалдырып жазған.

Сөйте-сөйте 13 ғасырда Еуропада кітап шығарудың негізгі материалы қағаз пайда болған.

704-751 жылдар аралығында Кореяда 12 тақтайдан басылып шыққан кітап ең алғашқы баспа кітабы деп есептеледі. Тақтай бетіне кітаптың ондаған мың әрпін бедерлеп шығу оңай болмады. Сондықтан кітап басудың басқа әдісі іздестірілді. Оны 11 ғасырда қытай онертапқышы Би Шэн ойлап тапты. Біздің

Page 3: балжан ғылыми жоба

заманымыздың І ғасырынан бастап қазіргідей түптелген парақты кітаптар шыға бастады. Осылайша, кітап қазіргі күйіне жету үшін қаншама заманды, қаншама ғасырларды артқа тастаған.

Кітап – арабтың «жазу» деген сөзі. Кітап рухани қазына, өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу – тәрбие құралы. Алғашқы кітап жазу құпиясын тек дінбасылар мен монахтар ғана білген. Сондықтан, дүние жүзіндегі тұңғыш кітаптар – еврей еліндігі «Таурат», қытай тіліндегі «Конфуция, парсы тіліндегі «Авеста», Юнан грек тіліндегі «Інжу» Евангедиев, араб тіліндегі «Құран».

Алғашқы кітап басылымы ағаштан жасалды. Каллиграфия қалыбы 11 ғасырда пайда болды. Еуропада тұңғыш рет 15 ғасырда неміс өнертапқышы И.Гутеньерг баспа станогын жасады. Русьте тұңғыш кітап басылымын 1564 жылы Мәскеуде Иван Федоров пен Петр Мстиславец басып шығарды.

Қазақ кітап баспасы Ресейге қосылған соң қалыптасты. Бірақ араб тілінде 9 ғасырда жазылған «Оғызнама», Махмұд Қашқаридың кітаптары болды.

1800 жылы тұңғыш қазақша кітаптар шығарыла бастады.

Page 4: балжан ғылыми жоба

Зерттеу бөлімі:

Әр жаңа оқу жылында барлық оқушыларға оқулықтар таратылады. Әр оқушы өз оқулығын көзінің қарашығындай сақтауы керек. Себебі, оның алдындағы оқулығы білімнің қайнар көзі. Өкінішке орай кейбір достарымыз қолына берген оқулықты ұқыпты ұстамайды. Оқу жылының басында қолына алған жап-жаңа оқулықты жыл аяғында жыртылған, түбі түскен оқулықты апайларына өткізеді. Осы көріністі жыл сайын көрген соң, менің ойыма оқулықтың оқушының алдына қалай келетіні туралы білсем, оны балаларға жеткізсем деген ой мазалай берді.

Сөйтіп, бұл ойымды ұстазыма айттым. Ол бұл ойымды құптап, кітаптың қалай басылып, оқушының алдына қалай келетінін зерттеуді айтты.

Сол күннен бастап мен кітаптың шығу тарихы туралы деректерді жинастыра бастадым. Кітапханаға барып, газет-журнал беттерінен қызықты мәліметтер таптым. Мәселен, ғылым мен техника дамыған қазіргі кітап басу ісі жетіле түскен. Баспалар мен полиграфия комбинаттары компьютерлендірілді. Кітап компьютерде теріліп, оның сурет сызбалары мен баспа үлгілері бәрі-бәрі компьютерде әзірленеді. Сурет пен жазуды түрлі-түсті етіп берудің де мүмкіндігі молайды. Біздің алғашқы оқулықтарымыз «Әліппеден» бастап, қолымыздағы барлық оқулықтар «Атамұра» баспасында әзірленеді. Олар осы заманғы ең озық баспа техникасымен жабдықталған баспаханада – «Атамұра» корпорациясының Полиграфия комбинатында басылады. 1992 жылы 4 ақпанда «Атамұра» шағын өндірістік кәсіпорны құрылды. Ол кезде құрамында бар-жоғы 4-5 адам еді. Алғашқы құрылған жылдары бұл кәсіпорынның болашағына күмәнмен қарағандардың саны аз болған жоқ. Өйткені, бұл кәсіпорын жас мемлекеттің кітап бизнесіндегі алғашқы қарлығаштарының бірі еді. Баспа 2-3 жылда өзінің сапалы өнімдерімен елге танымал мекемеге айналды. 1995 жылы халқымыздың ұлы перзенті Абай атамыздың туғанына 150 жыл толу мерейтойы қарсаңында корпорация өз қаржысына еліміздің тарихындағы тұңғыш тұлғалық көлемі 60 баспа табақ «Абай» энциклопедиясын 100 мың данамен басып шығарды. Осы энциклопедия Атамұраға даңғыл жол ашты. Баспаның аяғынан тік тұрып кетуі

Page 5: балжан ғылыми жоба

оңай болған жоқ. Бүгінгі күні «Атамұра» полиграфкомбинатында әр сала бойынша барлығы бір мыңнан астам адам қызмет істейді. Корпорацияға қарасты Қазақстанның әр облыстарында 50-ге жуық кітап үйі бар. Елбасының қолдауымен ең алғашқы болып, «Әліппеден» басталған жаңа буын төл оқулықтарын шығаруды қолға алған «Атамұра» корпорациясы болатын. Осы оқулықтарын оқыған балалар бүгінде халықаралық олимпиадаларды айтпағанда, «Болашақ» бағдарламасымен Америка, Еуропа елдеріндегі іргелі оқу орындарынан білім алып келіп, елімізге қызмет етіп жүр. «Атамұра» баспасы жайында осындай мәліметтер жинақтаған соң, баспахана ісін, оқулықтың шығарылу жолдарын, ондағы қызметкерлердің еңбегін өз көзіммен көріп, зерттеу үшін күзгі каникулда ұстазыммен Алматы қаласына бардық. Онда біздің оқулықтарымызды басып шығаратын «Атамұра» полиграфия комбинатына кіріп, оқулықтарды қалай дайындайтынын өз көзімізбен көргіміз келді. Бірақ, алғашқы күні Атамұраға кіре алмадық. Себебі, онда бөтен адамдардың кіруіне тыйым салынған екен. Алматы қаласында көптеген баспаханаларға бардық. Онда «Білім» баспасының директоры жазушы, профессор Жарылқасын Нұсқабайұлымен жолықтық. Сол кісі бізге «Атамұра» комбинатына кіруге септігін тигізді.

Баспа комбинатында бізге маркетинг бөлімінің менеджері Есетов Айтуар Сарыбайұлы жол көрсетуші ретінде полиграфия өндірісінің ішін аралатып, баспахананың жұмысын егжей-тегжейлі түсіндірді. Бізде барлық пәндік саланың редакторлары бар. Олардың барлығы да өз саласына толық жауап бере алатын жоғары білімді, тәжірибелі мамандар. Біздегі оқулық - бір жылдық немесе бір жолғы өнім емес. Әр басылым сайын оқулықтар жөнделіп өңделеді. Сын, ескертпелер сарапталып, дұрыс пікірлер міндетті түрде ескеріледі. Соңғы жылдары оқулықтар сапалары жақсарып келе жатқаны белгілі. Біздің комбинаттағы полиграф материалдар шет елден және Ресейден сатып алынады.

«Атамұра» баспа корпорациясы оқулықтардан бөлек, энциклопедиялар, балаларға арналған басылымдарды, анықтамалықтарды, ғылыми-танымдық

Page 6: балжан ғылыми жоба

әдебиеттерді, сөздіктер, көркем проза мен поэзия жинақтарын, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің еңбектері мен полиграфиялық өнімдердің барлық түрлерін шығарады. Корпорацияның негізгі өндірістік базасы қазіргі заманның ең озық полиграфиялық құрылғыларымен жабдықталған.

Қазір полиграфия комбинатында ТМД-дағы бірден-бір кездесетін «Rapida-105» бес бояулы офсеттік машина, «Sigloch-stahl» автоматты түптеуші машина, «Polar-11 5E» автоматты кескіш машина, «Amigo-1580» түптеуші машина, «Dobev-450» түптеуші машина, сондай-ақ 300-ден астам полиграфиялық құрал-жабдықтар өндірісіндегі көшбасшы полиграфиялық машиналар қолданылып отыр.

Жалпы полиграф комбинатта кітапты негізгі 3 бөлім бойынша дайындайды. Олар: дайындау, басу, түптеу.

Алғашқы күні біз дайындау цехына бардық. Онда басуға берілетін барлық материалдар компьтердерде сызбасы сызылып, мәтін теріліп, қателер түзетіледі. Бұл цехта мамандар әр компьтерде өзіне тапсырылған жұмыстарды орындайды. Дайындап алған жұмыстарды қалыптарға (пластиналарға) шығарады. Қалыптарды арнайы станоктарда шығарылады. Дайын қалыптарды басу цехына жібереді.

Дайындау цехынан соң ең негізгі Басу цехының жұмысымен таныстық. Бұл жерде кітап беттерін басып жатқан түрлі машинардың гуілінен құлақ тұнады. Кітап беттерінің қағазын арнайы Ресейден немесе шетелден рулонмен тапсырыспен алдырады. Кітап беттерін Германиядан алынған соңғы үлгідегі «Rapida-105» машинасы жоғары деңгейде басып шығарады. Бұл цехта осындай 6 машина жұмыс істеп тұр. Әр машинада 2 адам жұмыс жасайды. Бұл машина сағатына 10 мың дана қағаз баса алады. Басылып шыққан жұмыстарды арнайы «Polar-11 5E» автоматты кескіш машиналар кеседі. Содан кейін бүктеу машинасында басылған дайын қағаздарды бүктеп шығарады. Әр қағаздар жеке-жеке бүктеледі. Осылайша, мен машиналардың кітапты қалай басатынына куә болдым.

Екінші күні біз Түптеу цехына бардық. Мұнда жұмыстар мынадай ретпен орындалады.

Page 7: балжан ғылыми жоба

1. Дайын қағаздар машиналарда тігіледі. 2. Олардан кітапшалар жасалады. 3. Жеке-жеке кітапшалар жіппен тігетін “Колбус ZU 804” машинасында

тігіледі.Бұл цехта кітаптың сыртын, яғни мұқабасын шетелден алынған «Dobe-450»,

«Amigo-1580», «Sigloch-stahl» автоматты түптеуші машиналар шығарады.Тігілген кітапшалар қатты мұқабалармен түптеледі. Келесі кезекте кітапттарды қаттайтын машиналарда қорапшаларға салынып, қапталып, тапсырыс берген мекемелерге жіберуге қоймаларға жөнелтіледі. Комбинат 24 сағат бойы демалыссыз екі ауысымда жұмыс жасайды.

«Атамұра» өз өнімдерін заман талабына сай сапалы, әрі көркем безендіріп шығарғандығының нәтижесінде Республика Президентінің «Құрмет» дипломымен және шетелдерде өткен кітап жәрмеңкелері мен көрмелерде ондаған дипломдар, мақтау қағаздарымен, халықаралық сертификаттармен, сондай-ақ Парижде Алтын медальмен, Женевада Алтын жұлдызбен, Мальтада «Хрусталь рыцарымен», Нью-Иоркте Платина сыйлығымен марапатталған.

Міне, сендер қолдарыңа ұстап отырған оқулықтарыңды басып шығаратын «Атамұра» корпорациясы көпке танымал десек артық айтқандық емес деп біздің жетекшіміз Айтуар Сарыбайұлы әңгімесін аяқтады.

Мен оқулықтың біздің алдымызға қаншама адамдардың маңдай терімен, ерен еңбегінің арқасында келетін түсіндім. Ендігі мақсатым, оқулықтардың авторларымен кездесіп, оқулық жазудың қызығы мен қиыншылығын біліп, сұхбаттасқым келеді.

«Оқулығың - құралың» деген тақырыпта 4 сынып оқушыларынан сауалнама алынды. Сауалнама 10 сұрақтан тұрады. Жүргізілген сауалнама нәтижесі төмендегідей болды.

Page 8: балжан ғылыми жоба

Қорытынды бөлімі:

Оқушының басты құралы – оқулық. Оқулықтың оқушының алдына ерен еңбекпен келетінін түсіндік. Мектеп қабырғасында барлық білімді біз оқулықтан аламыз. Оқып отырған оқулығымыз арқылы болашаққа көз жіберіп, зор тағылым аламыз. Оны қымбат мұра ретінде бағалауымыз керек. Кітап туралы: «Мен одан артық қайырымды көршіні, одан әділ досты, одан асқан елгезек жолсерікті, одан артық көнбіс ұстазды, одан асқан дарынды ақылшыны білмеймін» - деген екен араб жазушысы Әл-Жиһаз. Кітап қай заманда да өзінің құнын жоғалтпаған. Кітап – өлмейтін дүние. Адамды адам еткен, тобыр деңгейінен көтерген фактор ең бірінші кітап еді. Ұлы тұлғалардың бәрі де ұлылыққа кітап оқу арқылы жеткен. Біздің елімізде кітап шығаруға көп көңіл бөлінеді. Қазіргі кезде мектеп оқушыларына оқулықтар тегін беріледі. Оған көп ақша жұмсалады. Оқулықты, көркем әдебиетті күтіп ұстай білейік, оларды басып шығаруға аға-апаларымыздың көп еңбегі кетеді.

«Орманшының аялы алақаны өсірген, сансыз ағаш саялы, қағаз үшін кесілген». Әр оқушы мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап, яғни 1 сыныптан 4 сыныпқа дейін қанша оқулық ұстайды? Ал енді, шамамен есептеп көрейік. Орта есеппен 1-4 сыныптарда бір оқушы 39 оқулық пайдаланса, ал 5-11 сыныптарда бір оқушы 131 оқулық ұстайды екен. Сонда, бастауыш сыныпты қосқанда әр оқушы 1 сыныптан бастап, 11 сынып бітіргенше орта есеппен 170 оқулық пайдаланады. Мысалы, зерттеулерге сүйенсек жылына 1 тонна қағаз шығару үшін 1,5 тонна ағаш, яғни орта есеппен 8 тал ағашы кесіледі екен. 8 тал ағашы өсу үшін қаншама жыл, қаншама адамның еңбегі босқа кетеді. Қағаз дайындауға қолайлы қарағай ағашы екен. Ендеше, жыл сайын оқулық дайындауға қаншама орман ағаштары кесілетінін шамалауға болады. Осы орайда айта кететін мәселе әр оқушы өз оқулықтарын ұқыптап ұстай білсе, мыңдаған ағаштарды кеспей, аман сақтап, үнемдеп, экологияға зиян келтірмес едік. Американдықтардың есептеуі бойынша тұрмыстық қалдықта 34 миллион тонна қағаз бар болса, соның бірнеше бөлігін ұқыпсыз ұсталған оқулықтар құрайтын көрінеді. Осы қағаз қалдықтарының әрбір тоннасын өңдей отырып, әр оқулықты қадірлеп ұстай білсек 17 мың тонна ағашты кесуден аман сақтап қалуға болады екен. Ағаш ауаны тазалайды, көмір цилицил газын сіңіріп, оттегін, яғни адамның демалуына қажетті ауаны бөліп шығарады. Ендеше, неге біз тіршілік үшін табиғатты қорғамаймыз?

Сонымен бірге әр жыл сайын оқулықтар басып шығару үшін мемлекеттен миллондаған қаржы бөлінеді. Атап айтсақ, оқулық құны 600 теңге мен 1000 теңге аралығында болса, әр оқушы жыл сайын оқулыққа жұмсалатын қанша қаржыны үнемдейтінін есептей беріңіз. Егер, оқушы өзіне жыл сайын тегін берілетін

Page 9: балжан ғылыми жоба

оқулықтарын ұқыпты ұстаса, оқулықтар басуға бөлінген мемекет қаржысын, мүгедек балаларға, айықпас дертке шалдыққан адамдарға, сондай-ақ басқа да игі истерге жұмсар едік.

Білімнің кілті осы оқулықта. Оқулық – біздің өміріміз. Оқулықты жыртпай таза ұстайық. Оқулықта қаншама адамның еңбегі бар. Өзімізден кейінгі іні – сіңлі, қарындастарымыз бар, күтіп ұстап, соларға табыс етейік. Сыныбымызда кітап қадірін білетін балалар көбейе берсін. Сыныпта сайланған кітап бақылаушыларымыз күнделікті оқулықтың сырты қапталуын, таза ұсталуын бақылап отырады деп сенеміз.

Ешқандай байлық та, жаңа технологиялар да кітаптың орнын баса алмайды. Оқушының жан айнасы – оқулығы. Оған қарап, бойыңды, ойыңды түзейсің. Ендеше, әр бала өз қолындағы оқулығын қастерлеп, құрметтеп, қадірлеп, ұқыпты ұстаса, сол кітабының әрбір бетінде мыңдаған адамның еңбегінің бар екенін түсінеді деп ойлаймын.

Page 10: балжан ғылыми жоба

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Бастауыш мектеп журналы. № 9, 10; 2013 жыл.2. Тәрбие сағаты журналы № 4, 2014 жыл.3. Тәрбие сағаты журналы № 6, 2013 жыл.4.Алтын сандық газеті № 23; 2014 жыл.5.Балдырған журналы № 11; 2010 жыл.6.Мөлдір бұлақ журналы № 5; 2011 жыл.7.Айгөлек журналы № 8; 2012 жыл. 8. Ұлан газеті № 13, 20; 2013 жыл.9.Ғаламтор беттерінен.

Page 11: балжан ғылыми жоба