айбекова ғылыми 15 сш docx

34
Рудный қаласы әкімдігінің «№15 орта мектебі» КММ Бисермен жұмыс әсемдікке баулиды 0

Upload: -

Post on 03-Mar-2017

58 views

Category:

Internet


7 download

TRANSCRIPT

Page 1: айбекова ғылыми 15 сш docx

Рудный қаласы әкімдігінің «№15 орта мектебі» КММ

Бисермен жұмыс әсемдікке баулиды

Бағыты: Этномәдениет

Айбекова Ақерке Айбекқызы 7 - сынып оқушысы

0

Page 2: айбекова ғылыми 15 сш docx

Ғылыми жетекшісі:Шайкибекова Айткуль Поезовна

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Рудный қаласы, 2017 ж

Мазмұны

Кіріспе.............................................................................................3-4

Негізгі бөлім....................................................................................5-20

I тарау. Бисердің шығу тарихы.......................................................5-6

1.1 Бисер өндіретін орындар ................................................7

1.2 Бисердің түрлері, қолдану ерекшеліктері(тоқу, жабыстыру т.с.с).............................................................9

II тарау. Бисерден жасалаған бұйымдардың пайдасы.....................10-17

2.1 Бисерден жасалаған жұмыс түрлерінің адамға әсері.........................................................................................13-14

2.2 Бисермен жұмыс жасаудың әсері.....................................15 -17

Қорытынды ..........................................................................................18

1

Page 3: айбекова ғылыми 15 сш docx

Ұсыныстар............................................................................................19

Сілтемелер ............................................................................................20

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................21

Түйіндеме

Ғылыми жұмысымыздың негізгі мақсаты: Ел ішінде кеңінен орын алған бисермен жұмыс жасау түрлерін жинақтай отырып, бисер моншақтарының шығу тарихына, өндіріс орындары туралы мәліметтер жинақтау. Оның оқушы бойына эстетикалық қабілеттерін дамытатындығын дәлеледеу. Адам өз қолымен жасалған бұйымдарды өз пайдасына жарата білуге шақыру. Жалпы өнімнің қолдануға дейінгі процесімен таныстыру, елімізге өнімнің қайдан келетінін анықтау.

Жұмыс кіріспе негізгі бөлімнен, қорытынды, ұсыныстармен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Теориялық бөлімде бисер сөзінің мағынасына түсінік беріліп, шығу тарихы туралы мәлімет берілген.

Практикалық бөлімінде бисермен жұмыс өнерінің түрлері, оны қолданушылар көлемі, насихаттаушылар саны мен оқушы қызығушылықтары салыстырмалы түрде көрсетіледі.

Бисермен жұмыс түрлерін анықтай отырып, оқушыларды өз еңбегінің жемісін қолдану әлдеқайда пайдалы, ұнамды екені туралы айтылады. Қолдан жасалған бұйымның артықшылығы дәлелденеді.

2

Page 4: айбекова ғылыми 15 сш docx

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Жеткіншектердің эстетикалық талғамын қалыптастыруда олардың еңбекке деген сүйіспеншілігін де ұтымды пайдалана білген дұрыс. Ол үшін бисермен тоқудың маңызы өте зор. Оқушыны еңбек өнеріне баулудың педагогика саласында бірнеше түрлері бар екені анық. Дегенмен, қазіргі уақытта бисерден істелген әсем жұмыстарға деген сұраныс көптеп саналады. Бисерден жасалған бұйымдарды өз қолыңмен жасап, өз қиялыңды (фантазия) дамытуға болады. Өз қалаған заттарыңды жасай отырып, сол заттың түсін, формасын, көлемін өзің анықтайсың.

Мұндай жұмыс түрімен шұғылдану шыдамдылықты, әсемдей білу талғамыңды дамытады. Сондықтан бұл жұмыс түрінің қолданылу техникасына, жұмыс түрлеріне түсінік бере отырып, өз еңбегіңнің жемісін көрген тиімді екенін ұғындыру. Бисерден жасалған бұйымдарды күнделікті қажетіңе жарату туралы ұсыныс беру.

1. Ғылыми - жобаның мақсаты: Бисермен тоқудын техникасымен таныса отырып, өз қажеттілігіне жарата білуге үйрену.

2. Міндеттері:

1.Бисермен жұмыстың әртүрлі бағыттарын зерттеу;

2. Бисермен жұмыс өнерінің нәтижелерімен танысу;

3. Күнделікті өмірге қажеттілігін анықтау.

3. Зерттеу гипотезасы:

Бисермен жұмыс эстетикалық талғамды дамытады.

4. Зерттеу кезеңдері:1. Бисер сөзінің мағынасын, шығу тарихын ғаламтордан, кітапшалардан іздеу. Бисер тоқу өнерімен айналысатын адамдармен пікірлесу, мәліметтер жинақтау. Мектеп оқушыларының қызығушылығын анықтау.2. Бисермен жұмыс түрлеріне тоқталу.3. Бисерден жасалған бұйымдардың өмірдегі пайдасы туралы зерттеу.4. Қолдан жасалаған бұйымдардың бағалы екенін түсіндіру.5. Зерттеу жаңалығы мен дербестік нәтижесі:Қолынан іс келетін адамға үнемі таңдана қараймыз. Бірақ, бұл кез-келген адамның қолынан келетіні анық. Бисерден жасалған әшекей бұйымдарды өз қажетіңе жаратуға болады. Міне, бұл осы жұмысқа деген құлшынысты тудыратын бірден бір себеп. Екіншіден, жасалған бұйымдар өте әсем, эстетикалық талғамға сай жасалған. Демек, бұл заттар сенің көңіліңнен

3

Page 5: айбекова ғылыми 15 сш docx

шығады, оны сен қолдануың мүмкін. Осыған байланысты ұйымдастырылған зерттеу жұмыстары барысында қолдан жасалған бұйымдардың құндылығы, өз қалауыңша жасау мүмкіндігі, әсемдігі туралы айта отырып, өмірде қолдануға үйрету. Сыныптастарыммен бисер түрлері туралы пікірлестім, «Бисерден жасалған заттарды қолданасың ба?» тақырыбында сауалнама өткіздім. Бұлсауалнаманыңмақсатыбисерденжасалағанзаттардыңқаншалықтыдеңгейдеқолданыста бар екенінанықтау. Бисерденжасалағанбірнешежұмыстүрлерінжинақтаудамын, өзім құрбыларыммен жұмыс жасап үйренудемін.5. Зерттеу жұмысының кезеңдері:

- Дайындық: тақырып таңдау, мақсат, міндет қою.- Зерттеу:Материалдар жинақтау, жұмыс мазмұнын ойластыру, қолданушы

адамдармен пікірлесу.- Практикалық: Жинақталған материалды сұрыптау, жұмыс түрлерінің

орындалу ерекшеліктеріне қарай бөлу. Қолданылу ерекшеліктеріне байланысты сауалнама жүргізу, пікірлесу. 6. Жұмыстың ғылыми жаңалығы:Бисерден жасалған бұйымдарды өз қажетіңе жаратуға болатынын анықтау. Бисердің түрлерімен таныстырып, жұмыс барысында қолдану ерекшеліктерін оқушыларға түсіндіру. Бисермен жұмыстың бір түрін қолдануға насихаттау.7. Жұмыстың қолданылу аясы:Технология сабақтарында және үйірме жетекшілеріне қосымша материал ретінде қолдану.

4

Page 6: айбекова ғылыми 15 сш docx

І. Бисердің шығу тарихы.

Бисер өнері – ертеден таралып, танылып келе жатқан, әшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі. Бисермен жай суреттерден бастап өте күрделі түрлі-түсті жұмыстарға дейін жасауға дейін болады. Барлық қолөнер сияқты бисердің де тарихы бар. Бисердің шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тікелей байланысты. Әйнектің қашан пайда болғаны туралы әлі күнге дейін дерек жоқ. Дегенмен әйнекті пайдаланудың ең алғаш құпиясын Финикия елі ашқан деген аңыз бар. Бұл аңыздар Финикиялық көпестер әлемді кезіп жүріп, Сирияға тоқтайды. Өздеріне азық дайындау мақсатымен отқа қазан қою үшін аралдан үлкен тас іздейді. Ешнәрсе таппаған олар кемедегі селитраның (натрий қосындыларының) үлкен бөлігін пайдаланады. Жалынның ыстық температурасынан селитра еріп, өзен құмына араласып, сұйық әйнек болып аққан екен. Таңертең күлін жинаса, олар әдемі, қатты, күннің көзіндей оттай жанған, мөлдір су сияқты бұйым көріп таң қалады. Бұл кәдімгі әйнек еді. Әрине халық тез арада осы әйнектен бірнеше, әр түрлі моншақ, бисер, стеклярус алған. Осылай ма, жоқ әлде басқа тәсілмен бе, әйтеуір әйнек дүниеге келген.

Бірақ Финикиялық көпестердің бүкіл Жерорта теңізінің бойындағы халыққа әйнектен жасалған бұйымдар сатқандығы белгілі.Кейбір деректер бойынша әйнектің Отаны ежелгі Египет болған. Әйнектен жасалған моншақтар, амулет, ыдыс-аяқтар біздің заманымызға дейін VI ғасыр ескерткіштерінен табылған. Әйнекті массаға кобальт, мыс, марганец қосу арқылы египеттіктер көгілдір, жасыл, алқызыл түсті әйнек алған, мұндай әшекейлерді еркектер де, әйелдер де ақ түсті киімдеріне таққан деседі.

Рим империясы Египет елін басып алғанда, әйнек өнімдері Рим еліне өтіп, империя құлағаннан кейін Византияға өтеді. Ал Константинопольды түрік жауынгерлері жаулап алған соң, әйнек өндіруші шеберлер жан-жаққа тарап, әлемге бисер атауы мәлім бола бастайды. Бисердің отаны Ежелгі Египет, бұл жерде түрлі- түсті шыныдан үлкен моншақтар жасаған.Нақ осы кезде бисерден бұйымдар жасау, әйелдерге арналған сәндік киімдерге жапсырылған немесе түрлі оюлармен әшекейленген киімдер пайда бола бастайды. Бұйымды ұзақ пайдалану үшін оны мықты жіппен тоқыған. Бұл байлықты , соның ішінде бисерді дүние жүзінде барлық елдер мәдениетінен көруге болады. Біздің Қазақстан өнерінде де көп тарайды. Киім- кешек, әшекейлер, білезік, сырға, сақина, тіпті ерлердің сауыт саймандарында да кездескен.

5

Page 7: айбекова ғылыми 15 сш docx

Бисерді әр халық өзінше атаған.Бисер сөзі Араб сөзі .Ең алғашқы «бисер» атауы дәл осы Египет елімен байланысты. Оның атауы арабтың «Буера» немесе «Бусер» деген сөзінен шыққан қазақ тіліне аударғанда жалған маржан деген мағынаны білдіреді. Ресейде - бисер, Қазақстан мен Қырғыстанда – моншақ, су моншақ деп аталады. Осы кезде әр түрлі формадағы моншақтар әшекейлеу үшін қолданыла бастады. Бірте - бірте моншақтар ұсақталып, біркелкі болып, ертедегі египеттіктердің киімдері әшекейлеуге айналды. Бисер - ұсақ түрлі түсті моншақтар. Моншақ мойынға тағылатын сәндік бұйым. Оның формасы ірі және ұсақ болады. Моншақ сөзінің мағынасы. “Мойын - шақ” немесе“Мойын - тақ” деген сөздерден құралған.Қазақ, өзбек, қырғыздарда «көз-моншақ», қарашай-балқарларда «көз моншақ», «қараңғылық моншақ» (қараңғыда қорықпау үшін таққан), тәжіктерде «чашми» (чашим – глаз, сглаз) т.б. сияқты моншақтарды тіл-көзден сақтану ырымы бойынша қолданылған.

Қазақ зергерлері көбінесе қыз келіншектердің ажарын ашатын, сұлу етіп көрсететін зергерлік бұйымдар жасаған. Сол зергерлік бұйымдардың сәнін келтіруге моншақтарды кеңінен қолданған. Атап айтсақ әйел бас киіміне тағатын үлкен моншақ маржанды - былқылдақ сәукеленің екі жағына кеудеге төгіліп тұратын моншақтарды - жырға деп атаған. Шолпы, шашбаудағы алтын, күмістен жасалған зергерлік бағалы бұйымдарды тізілген моншақтармен өзара қосып әшекейлеген. Алқаны су моншақтан, алтын, күмістен соғып домалақтап, асыл тастардан тізіп салпыншақ етіп жасайды.

Моншақпен сәнді жұмыстар жасау тарихы өте әріден басталады. Бұны өнертанушы ғалымдарымыз қолданбалы сән өнері шеберлігінің әйгілі, осы уақытқа дейін сақталып келген өте әдемі, сапалы орындалған жұмыстарын зерттеу арқылы дәлелденген. Мұсылман дінінде су моншақтарды тіл, көз, сұқ тимейтін сәнді зат ретінде қолданады. Ресей патшасы Екатеринаға Жәңгір хан бисерден және әсем асыл тастардан әшекейлеген керемет сәнді сәукелені сыйға тартқан екен. Осы кезге дейін сәукеле Ресейдегі мұражайда сақтаулы. Күннің көзінен сақтап, көрмеге көп шығарылмайды, өйткені күн сәулесінен тастар үгіліп қалуы мүмкін.

6

Page 8: айбекова ғылыми 15 сш docx

1.1. Бисер өндіретін орындар.Қолдан жасалған бисер моншақтары Ресейде, шет елдерде өте жоғары

бағаланады. Қазіргі кезде халық шығармашылығының осы түрі жаңа өрлеу үстінде, дамудың сатысында.

Сумоншақтың Отаны – ежелгі Египет.Міне солардан бисер деген атаумен жаңа ұғым пайда болды.Египеттен, Сериядан бисердің технологиясы Рим империясына дейін тарады.Бірте-бірте алғашқы біздің дәуірімізге дейін Италияда, Грецияда,Германияда, Испанияда, Францияда пайда болды. Бесінші ғасырдың аяғында әйнек өнері Византияға, одан кейін Венецияға ауысады.Көптеген ғасырлар бойы Венеция Республикасы әйнек шығаруды құпия сақтайды.Әйнек шеберлері құпияны сақтамағандарды өлім жазасына кескен. ХV ғасырда әйнек шеберлері Германияда, Францияда, Чехияда пайда болды.Чехия Венециямен бәсекеге түсті.

Басқа елдерде де өндірілуіне қарамастан, шыны бисерлерді өндіруші алдыңғы қатарлы елдердің бірі – Жапония, Чехия және Қытай болып есептеледі. Жапондық бисер өте сапалы, сыртқы әсерге яғни, суға, күн сәулесіне төзімді. Жапон су моншағы Чех су моншағынан үлкендеу, ортасының тесігі де үлкен, бағасы да, сапасы да адамдарға қажет. Чехияда өндірілетін бисер Жапон бисеріне қарағанда арзан, дегенмен сапасы жағынан одан қалыспайды. Бірақ, Қытайда өндірілетін бисерден қымбат. Чех су моншағын әр түрлі нәрсеге қолданады.Ең арзан, әрі біздің пайдаланып жүрген бисеріміз Қытайда, Тайванда немесе Түркияда жасалған бисерлер. Тайвандық су моншақ – сапасыз, өз түрін, түсін де тез жоғалтады да, тез сынады, тесігі инеге кірмейді.

Су моншақ ертеде тау хрустальі мен анық тастардан даярланған. Бағалы тастарға – алмас, лағыл, изумруд, сапфир, табиғи інжу, александрит, янтарь, маржан, жасқырауық тастап жатады. Шыны, моншақ жасайтын, шеберлерді, қатаң ұстап, оларды ешкіммен араластырмады. Бисер жасау ісі Венецияда өте жақсы дамыды.Бисердің жасалу жолдарын құпия ұстап, венециялық шыны құпиясын ашқандары үшін өлім жазасына кескен.

Ресей елдерінде бисер өндіретін ксіпорындарды ашу 1670-1680 жылдары батау алады. Измайлово селосында венеция шеберлерінің бастауымен бисер жасайтын шеберханалар ашылды. Дегенмен, Отандық өнімдерін жаппай шығару пайдаға асыру жүзеге аса қоймады. 1754 ж Ломоносов М.Ю Усть-Рудицада ашылған бисер жасайтын фабрика жұмысына өзіндік үлесін қосып, түрлі-түсті жылтыр әйнек жасау тәсілін қолданып, бисер шығару қарқынын біршама дамытты. Бірақ, бұл өнімдер сырт ел өнімдерімен бәсекеге түсе алмағандықтан, елде бисермен кестелеп тоқу өнері жақсы өріс алған. Қазіргі кезде біздің елімізде бисер моншақтарын өндіретін

7

Page 9: айбекова ғылыми 15 сш docx

кәсіпорындары жоқ. Дегенмен маржан моншақтарын қолдануды біздің еліміздің шеберлері де ешкімнен қалыспаған. Тіпті кең түрде даму алғанына, ел ішінде қалыптасқан салттарды мысал етіп қарастыруға болады. Этнографиялық деректе: перзент көрмей зарыққан отбасы кенеттен тәңірі жарылқап, ұлды болса, баланың төбесіне бір шоқ шаш қойып, оған маржанмоншақ араластырып өріп қоятын салт болған. Үйдегі қыз бала бас киіміне маржан моншақпен салпыншақ жасап, оған теңге немесе күміс бекіту баршылықтың белгісі болып есептелген.

8

Page 10: айбекова ғылыми 15 сш docx

1.2.Бисердің түрлері, қолдану ерекшеліктері (тоқу, жабыстыру т.с.с).

Бисер  деген сөздің өзі ұсақ моншақтарға берілген жалпы түсінік. Моншақтың түрлері: домалақ, сопақша, таяқша,Моншақты шыны, керамика, хрусталь, металл бұйымдарынан жасайды.

Бусер- жалған меруерт (жемчуг). Бисер кіші, үлкеніне қарай бірнеше түрге және түстерге бөлінеді.

Моншақ- үлкендеу бисер, диаметрі 2 см.

Бисер- ұсақ, домалақ келген, диаметрі 2 мм- ден көп болмайды.

Стеклярус- ұзын таяқшалар, домалақ және көп қырлы.

Рубка- қысқа таяқшалар.

Бисермен тоқу технологиясы: паралель тоқу; дөңгелек тоқу; инемен тоқу; ілгекпен тоқу.

Бисерді жабыстыру технологиясы: Бисермен жұмыс жасауда тізбектеп тоқу арқылы, немесе қағаз бетіндегі суреттерді (мозайка) жабыстыру арқылы сала отырып пайдалануға болады.

Су моншақпен кестелеу технологиясы: Айқас тігіс әдісімен суреттегі түстердің түріне лайық су моншақтарды санап жіпке тізіп бекіту. Бұрыннан белгілі бұл әдіспен бір шетінен бастап, ең соңына дейін қатарымен тізуге болады. Бұл еркін түрде түстердің бірінен кейін біріне ұласуын бере отырып, моншақты тізіп, матаға бекіту әдісі. Айқас тігіс әдісіне қарағанда күрделі жұмыс кескіндемеге қатты ұқсайды. Оның қолданбалы сән өнері жемісі екенін су моншақтардың жылтырап көрінуінен аңғаруға болады.

Су моншақпен сәнді жұмыстар көне заманнан да басталады. Бұны өнертанушы ғалымдарымыз қолданбалы сән өнері шеберлерінің әйгілі осы уақытқа дейін сақталып келген өте әдемі, сапалы орындалған жұмыстарын зерттеу арқылы дәлелдеген. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында Эмиль Галле және Тифанни секілді модерн стилінің суретшілері шынының су моншаққа көңіл бөлген болатын. Өткен ғасырдың 20 - жылдары су моншақ әйел адамдардың киімдерін әшекейлеуде сәнгерлерде үлкен қолданысқа ие болды. XX ғасыр бойы су моншақпен сауда тоқтаған жоқ. Жақында су моншаққа деген қызығушылық бүкіл әлемде болды. Су моншақпен тігу шығармашылықтың бір түріне айналды

9

Page 11: айбекова ғылыми 15 сш docx

Басқа мемлекеттерде бәсекелестері болмауын қалады. Әйгілі саяхатшы Марко Полоның әкесі бисер жасау шебері болыпты. Марео Поло өзінің сапарынан оралғанда су моншақ жасау кәсібінен байыған мемлекетті көріп таңданған. Орта Азия мен қазақ халқының сәнді тұрмысында моншақ, маржандау әдісі ертеден белгілі болған. Өте әдемі, көздің жауын алатын, жылтыраған нәзік зат – моншақты барлық ұлттардың қолөнер іскер шеберлері тіккен. Онда маржандау әдісімен әйел баласының сырға, білезік, сақина, алқа, өңіржиек, сияқты заттарын толықтыру үшін, ұлттық киімдер, кимешек, жақтауы, қамзол, тақия, аяқкиімдерді, ат - әбзелдерін безендірген. Қазіргі сәнгерлерде су моншақтарды киімді және аксессуарларды әшекейлеу үшін қолданады. Валентин Юлдашкин көйлектерді тегіс аса керемет су моншақпен кестелейді. Эмануэль Унгаро және Бернара Перридің көптеген су моншақтық алқалары көйлекті су тасқыны және лаулаған от сияқты көрсетеді. Жан - Поль Готье сөмкелерді су моншақ және шыны моншақтармен әшекейлесе, Осимар Версалато белбеумен, жағаларды әшекейлейді. Кристиан Лакруа су моншақтардан жекеттер мен шалбарлардың жеке бөліктерін құрастырған, ал Пако Рабан – түгел көйлекті су моншақпен әшекейлеген..

Моншақ мойынға, қолға (білекке), бас киімге, көйлек т.б. сырт киімдерге, кейде киімнің ішкі жағына, аяқ киімге тағылған. Сондықтан оның аттары көп.

            Қазақ салтында моншақ тағу, әдетте, жас балаларға, қыз-келіншектерге тән. Ересек ер адамдар көбіне моншақ тақпайды, тек сал-серілер бөркіне, тымағына моншақ қадаған.            Түрік тілдерінде моншақ  - ертеден қолданылып келе жатқан сөз. Қазақ тілінде моншақтың екі мағынасы бар. «Мойынға тағатын зат» мағынасы бәрімізге белгілі; екінші мағынасы – «асыл тас». Зергерлік тағымның, әшекейдің бұл түрінің де тілімізде сақталған атаулары көп.            Ақық моншақ – ақықтан тізілген моншақ.            Ала моншақ – фразеологиялық  сөз тіркесінде кездесетін атау; қара ала көзді моншақ.            Жақ моншақ – алтын, күміс қозалармен,асыл тастармен бұршақтап, үзбелеп жасалған салпыншақты әйелдердің бас киім әшекейі; қырғыз тілінде «жаак» (джаак) – әйел бас киімінің құлақ, самай тұсына тағылатын әшекей.            Көз моншақ – кішкентай ақ бүршіктен көз қондырылып жасалған моншақ; көз тимесін деген ырыммен балалардың кейде үлкендердің білегіне, бас киіміне таққан.            Меруерт моншақ – бірыңғай меруерттен тізген моншақ.            Шаш моншақ – бұрымның ұшына тағылатын әшекей.

10

Page 12: айбекова ғылыми 15 сш docx

            Су моншақ – ұсақ тастардан тізілген моншақ; арзан қолды моншақ – деп есептелген.

Біздің елімізде де бисермен, су моншақпен жұмыс түрлері дамып келеді. Соның бір дәлелі, Астана қаласында Ұлттық академиялық кітапханада бейнелеу өнерінің қылқаламымен салатын суреттен сипаты бөлек бір таңғажайып көрме өтті. Көрме иесі Арқалық педагогикалық колледжінің сәндік-қолданбалы өнерінің мұғалімі – Күләнда Ғалиасқарқызы Есекина.Ол моншақпенсалғаен суретерін ұсынды. Ол  инемен құдық қазғаннан бетер, көз майын тамызған михнатты өнер екенін көрмесек те сеземіз.  Суретшінің моншақпен картина салуына түрткі болған нәрсе – бір тойда сыйлыққа шетелден әкелген арзанқол картина еді. Моншақты жапсырып, баттап жасаған екен. Ол «мен бұдан әдемі шығарар едім» деп ойлайды. Шебер моншақпен көрме жасап шығаруға табаны күректей бес жыл уақытын сарп етті. Мақсаты – жас ұрпаққа үлгі болсын деу. Өйткені, еңбек, сурет сабағы отансүйгіштікке тәрбиелеуі керек. Түр мен түсті, пропорцияны білу қаршадайынан баланың сана- сезімін, отансүйгіштігін оятатын сабақтар, әрі этика, эстетика көзі деп ұғады.

Натюрморт моншақ арқылы тізуге айрықша үйлесетінін «Күнбағыстар», «Ақ гүлдер», «Раушан гүлімен құмыра және шай сервизі», «Алма салынған себет», «Жеміс салынған себет», «Қызыл райхандар» сияқты сериялы картиналардан көз айырмай қарап қалғанда ұғуға болады. Сұлулыққа іңкәрлік бұл суреттердің астары мен сырын ашады.  Қазақ еуропалық стильді білмей, дара тұрғанда оның өзіне тән таңғажайып түркілік мәдениеті болды ғой.

11

Page 13: айбекова ғылыми 15 сш docx

ІІ тарау. Бисерден жасалаған бұйымдардың пайдасы.

Бисер өнері өте нәзіктікті, әдемілікті, шыдамдылықты және фантазия мен шеберлікті талап етеді. Су моншақтан тұрмысқа қажетті бұйымдарды жасап үйренуге болады. Мысалы, ұялы телефон қапшығын  жасау, зергерлік бұйымдар жасау, түрлі кәдесый- лар жасауға болады.

Пластмассадан,әйнектен, інжу-маржаннан жасалған түрлі-түсті ұсақ моншақтарды бисер деп аталатыны туралы білдік. Бір кішкене қол білезігін жасау үшін жергіліктьі жердегі базардан төмендегідей керек – жарақтарымды сатып алдым. Олар: тізуге арналған №3 сапалы жіп (леска) – 90 теңге, 1 қалташа қызыл түсті бисер 45 теңге, және ақ түсті моншақ – 100 теңге. Сөйтіп мен барлығы 235 теңге шығын жұмсадым. Интернет бетінен өзім ұнатқан білезік суретін тауып алып, өз бетіммен жасауға кірістім. Мен бұған дейін бисер арқылы суретті жапсыру жұмыстарын ғана орындап көрген едім. Менің тоқу арқылы орындауым бірінші рет. Әпкемнің көмегі арқылы тоқу технологиясын тез меңгеріп алдым. Мен онымен тоқтамай енді осы білезікке ұқсас сырға жасағым келіп, оны орындап шықтым. Мен өз жұмысыма қуанып қайта-қайта қарай бердім. Өйткені бұл менің өз таңдауым бойынша жасалған ең алғашқы жұмысым еді. Өз білезігім мен сырғама қарай отырып, бұл дүкенде неше теңге тұрады екен деген ой келді. Базардағы білезік пен мен өз қолымен жасаған білезік пен сырғаны салыстыра бастадым. Базардағы білезік пен сырға бағасы мен үшін өте қымбат. Ең арзаны 170 теңгеге білезік, 80 теңгеге сырға алады екенмін. Және ол бұйымдар бір пайдалануға ғана арналған, дизайн дәрежесі төмен. Өзім жасаған білезік пен сырғажасауға қажетті материал жеткілікті. Жасалуы өз ойлағаныңдай. Материалы қымбат емес, әдемі дизайн. Еңбек шығыны аз. Тоқыған жіп берік. Экономикалық шығын аз, білезік пен сырға өлшемі өз ойлағанындай. Әрі менің қолымда әлі де жасауға қажетті құралдарым бар болғандықтан олардан әлі де 2 білезік, 3 пар сырға әзірлеуге болатынын байқадым. Сондықтан бисермен жұмыс жасауды меңгере отырып, өзіңе қажетті заттарды өз қалауыңша жасап алуыңа болатынын білдім.

Сондай-ақ, бисерден жасалған жұмыстар орындалуы жағынан сапалы, дизайны жағынан әсем болғандықтан туған күндерге сыйлық ретінде, құрбыларыңа естелік ретінде беруге таптырмас кәдесый.

12

Page 14: айбекова ғылыми 15 сш docx

2.1.Бисерден жасалаған жұмыс түрлерінің адамға әсері.

Бисер моншақтарымен жұмыс жасап үйренген адамның қиялы дамиды. Өз қолынан шыққан еңбегіне сүйсіну адамды еңбектенуге жетелейді. Бұған мен өз құрбыларыммен біріге отырып жұмыс жасау кезінде куә болдым. Осы жұмысқа деген өз бойымда қызығушылық туғаннан кейін өз құрбыларым арасында «Бисерден жасалған бұйымдарға деген көзқарасың қандай?» тақырыбында сауалнама жүргіздім.

Сауалнама алудағы мақсатым: Осы өнер түріне деген құрбыларымның қызығушылық деңгейлерін анықтау.Сауалнама мынандай сұрақтардан құралды:

1. Бисермен жұмыс жасап көрдің бе?2. Бисерден жасалған бұйымдарды қолданар ма едің?3. Олар адамға күнделікті қажет пе?

Сауалнама қорытындысы (қосымша 1) бойынша оқушылар бисермен жұмыс жасап көрмегендерін, одан жасалған затты қолданбайтындықтарын, тіпті аданың күнделікті қажетіне пайдасы бар екеніне де сенбейтіндерін байқатты. Мен бұл сауалнама жауабынан кейін алдымен өзімнің осы өнер түрін үйренуім керек деп шештім. Алдымен, осы өнер түрін меңгерген адамдармен пікірлестім. Солардың бірі – анамның құрбысы Салтанат апай еді. Мен ол кісіден бисермен жұмыстың қыр-сыры туралы сұрап білдім. Жұмыс түріне қажетті құрал –саймандар атын сұрап білдім. Жергілікті жерімізде орналасқан балаларды сауықтыру – тәрбиелеу (ДВОК) орталығына барып оқушылар жұмыс түрлерімен таныстым. Жұмыс түрінің әсемдігіне өте қатты қызығушылық білдірдім. Міне, осыдан кейін бұл жұмыс түрін өз бетіммен меңгеруге ұмтылдым. Алдымен, ғаламтордан өзіме ұнайтын білезік суретін таптым. Кейін оны схема бойынша орындауға кірістім. Жұмысты орындауыма әпкем көп көмегін тигізді. Бір кішкене қол білезігін жасау үшін жергілікті жердегі базардан төмендегідей керек-жарақтарымды сатып алдым. Олар: тізуге арналған №3 сапалы жіп (леска)-90 теңге, 1 қалташа қызыл түсті бисер – 45 теңге және ақ түсті моншақ – 100 теңге. Сөйтіп мен барлығы 235 теңге шығын жасадым. Интернет бетінен өзім ұнатқан білезік суретін тауып алып, өз бетіммен жасауға кірістім. Мен бұған дейін бисер арқылы суретті жапсыру жұмыстарын ғана орындап көрген едім. Менің тоқу арқылы оындауым бірінші рет. Әпкемнің көмегі арқылы тоқу технологиясын тез меңгеріп алдым.

Мен онымен тоқтамай енді осы білезікке ұқсаас сырға жасағым келіп, оны орындап шықты. Мен өз жұмысыма қуанып қайта-қайта қарай бердім.

13

Page 15: айбекова ғылыми 15 сш docx

Өйткені, бұл менің өз таңдауым бойынша жасалған ең алғашқы жұмысым еді. Өз білезігім мен сырғама қарай отырып, бұл дүкенде неше теңге тұрады екен деген ой келді. Базардағы білезік пен мен өз қолыммен жасаған білезік пен сырғаны салыстыра бастадым. Базардағы білезік пен сырға бағасы мен үшін өте қымбат. Және бұл бұйымдар бір пайдалануға ғана арналған, дизайн дәрежесі төмен. Өзім жасаған білезік пен сырға жасауға қажетті материал жеткілікті. Жасалуы өз ойлағанымдай. Материал қымбат емес, әдемі дизайн. Еңбек шығыны аз. Тоқыған жіп берік. Экономикалық шығын аз, білезік пен сырға өлшемі өз ойлағанымдай. Әрі менің қолымда әлі де жасауға қажетті құралдарым бар болғандықтан олардан әлі де 2 білезік, 3 пар сырға әзірлеуге болатынын байқадым. Сондықтан бисермен жұмыс жасауды меңгере отырып, өзіңе қажетті заттарды өз қалауыңша жасап алуыңа болатынын білдім. Сондай-ақ, бисерден жасалған жұмыстар орындалуы жағынан сапалы, дизайны жағынан әсем болғандықтан туған күндерге сыйлық ретінде, құрбыларыңа естелік ретінде беруге таптырмас кәдесый.

14

Page 16: айбекова ғылыми 15 сш docx

2.1. Бисермен жұмыс жасаудың адамға әсері.Бисер моншақтарымен жұмыс жасап үйренген адамның қиялы дамиды.

Өз қолынан шыққан еңбегіне сүйсіну адамды еңбектенуге жетелейді. Мен өз еңбегімнің нәтижесін құрбы қыздарыма көрсетіп, оларды да бисерден қажетті заттарын тоқып көруге шақырдым.

Алдымен сыныбымның қыздарынан шағын көлемді әшекей бұйымдар жасауды ұсындым. Оны біз бірігіп сыныпта жасайтын болып келістік. Қыздар тез арада шағын білезіктер, алқалар жасай жөнелді. Тіпті, тағы не жасасам екен деп, жұмысқа деген қызығушылықтарын байқатты. (қосымша 2) Алғашқы үйрену сәтінде мен құрбыларыммен бірге 2 білезік, 1 моншақ, 1 брелок жасап шықтық. Мен бұл күнгі жұмыстың қыздар көңілінен шыққанына қатты қуандым. Келесі күні мен құрбыларыма өзім сатып алған алқаны ұсындым. Мен ол алқаны қаламыздағы «Арман» дүкенінен 650 теңгеге сатып алдым. Дәл осы алқаға ұқсас алқа жасауды ұсындым. Құрбыларым өз келісімін берді. (Қосымша 3)

Жұмыс соңында орындалу ұзақтығына, материал жұмсауыма байланысты мынандай кесте толтырдым.

Моншақ тізуге жіберілген уақыт пен еңбек шығынын есептеу кестесі.Құрбыларым Гүлнұр Анель Феруза Барлық

шығынОрындау жылдамдығы

50 мин 40 мин 30 мин 50 мин

Материал шығыны

1 дана ақ бисер, жарты пает жасыл бисер

Дизайны фантазиясы

Өзіміз қалағандай

Осы жасаған алқамыз бен базардағы алқаға жұмсалған шығынды салыстыратын болсақ:Базардағы алқа Өзіміз жасаған алқаҚұны 650 теңге Барлық шығын

Леска №3 90 теңге (100 м)Бисер пакеті 2 дана х45т = 90 тМоншақ 1 дана =120 теңге

650 теңге 300 теңгеАйырмашылығы

350 теңге артық төленді Әлі леска жібі мен моншақтың тең жартысы қалды.

15

Page 17: айбекова ғылыми 15 сш docx

Жұмыс барысында тәжірибеге қатысқан 4 қыздың 1-еуі тез шаршағанын байқатты. Ал, қалған 3-і жұмысты сүйсіне орындады. Жұмысқа деген қызығушылықтарының артуы оларды еңбектенуге үйретті. Ал, моншақтардың әсем тізбектеліп, көз жауын ала орналасуы олардың талғамын арттырды. Ал, қыз бала үшін әсемдік пен әдеміліктің үйлесім тапқаны жақсы емес пе?!Сондықтан да мен бисермен жұмыс жасау эстетикалық талғамды дамытатынына сенемін. Саулнама сұрақтарын оқушы көзқарастарының өзгергенін байқау мақсатында қайтадан алдым.

1. Бисерден жасалған бұйымдарды қолданар ма едің?2. Олар адамға күнделікті қажет пе? Бұл жұмыс түріне деген көзқарастары

өзгерген. Бисерден бұйымдарды өз қолдарымен жасап қолданғанды қалайтындарын білдірді. Құрбыларым «ұсақ-түйекке босқа ақша шығындағанша, өзің жасаған жақсы екен» деген шешімге келді.

Сөйтіп, мен өз ғылыми жұмысымды орындау барысында құрбыларымды өз еңбегін пайдалануға үйреткенім үшін қуаныштымын. Бисермен жұмыс жасау оқушы дамуына өзінік маңызы бар.

Қорыта келе, бисермен жұмыс жасау адам бойына тәрбиелік, білімділік, психологиялық жағынан пайдасы зор екенін байқадым.

Білімділік жағына тоқтала кетсем: схемамен жұмыс жасау арқылы есте сақтау қабілетін дамытады, түстерді айыра білуге пайдасы зор. Мысалы, білезік жасау схемасын алдымен төмендегі суреттерге қарай отырып, орындасақ, кейін ол іс-әрекеттің қайталана түсуінен жатқа орындай бастадық.№1Бірінші инемізге 3 бисер, 1 моншақ, 7 бисер, 1 моншақ өткізіп аламыз.(3 бисер+1 моншақ + 7 бисер + 1 моншақ) осыларды жіптің ортасына апарамыз.№2 Бірінші инемізге 2 моншақ арасындағы 7 бисердің ортасындағы бисерден өткіземіз.№3 Жіпті тартамыз.№4 Дәл сол инемізге тағы 3 бисер өткіземіз.№5 Ал екінші инемізді әлгі 3 бисердің ең соңғысынан өткіземіз.№6 Жіпті тартамыз.№7 Дәл сол инемізге 5 бисер өткіземіз.№8 Сол инені суретте көрсетілген бисерге өткіземіз.(№3 сурет)

№1 №2 №3 №4 №5

16

Page 18: айбекова ғылыми 15 сш docx

№6 №7 №8Дәл осы тоқу схемасы қайталанады. Бұл суретті схема алғашқы

үйренушілерге таптырмас көмекші құрал.Сурет сызбаларды пайдалану арқылы жұмыс жасау адамның жаттау, есте сақтау қабілетін жақсартады. Мен өз жұмысым барысында алғашқы көрсетілген сурет арқылы түсініктеме берілген схеманы пайдалану арқылы өзімнің білезігімді жасадым. Сонымен қатар қарапайым схема түріндегі сурет сызбалар да болды. (№1 сурет)

Психологиялық жағына келетін болсам: шыдамдылыққа, сабырлылыққа үйренеді. Осы жұмысты орындау барысында Феруза ең ұзын алқаны тапжылмастан жасап, шыдамдылық көрсетті. Анель бірқалыпты жұмыстан қажығанын айтса да, жұмысты аяқтауға деген құлшынысын білдірді. Құрбыларымның жұмыс барысындағы көңіл – күйін қадағалай отырып, бисермен жұмыс жасау адам бойынан шыдамдылықты талап ететініне куә болдым.

Тәрбиелік жағы: нәзіктікке, әдемілікке, бай фантазиясын, шеберлік қабілетін, эстетикалық көзқарасын, еңбекқорлық қасиеттерін дамытады. Шынында да, түстерді бір-бірімен әсем етіп үйлестіре орналастыру, жұмыс нәтижесіне жетуге деген құлшыныстың барлығы осы сөздердің барлығын растап тұрғандай.

17

Page 19: айбекова ғылыми 15 сш docx

ҚорытындыБисер тоқу өнері – ертеде кеңінен тарап, танылып келе жатқан халық

шығармашылығының және әшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі. Бисермен жұмыс қазіргі уақытта қарқынды дамып келеді. Мұның тек рухани, эстетикалық жағы ғана емес, сонымен бірге жас ұрпақ адам тәрбиесіне де үлкен қызмет атқаратынын естен шығаруға болмайды. Әсіресе, бисермен жұмыс өте нәзіктікті, әсемдікті, шыдамдылықты, фантазия мен шеберлікті дамытады.

Қорыта келе, бисерден өз қажетімізге жарайтын заттарды жасап қолдану әлдеқайда тиімді. Бисер арқылы ұлттық нақыштарымызды насихаттайтын бұйымдарды жасауға болады. Ол оқушы бойына эстетикалық талғамды қалыптастырады. Бисер арқылы қыз – келіншектердің киімдерінің алдын, өңірін, жеңін, жағасын және ұялы телефонның қабын, сөмке, әмиян, қамзол, сәукелелерді сәндеуге, әшекей бұйымдарымызды қолдан жасап тағуымызға болады. Адам өз еңбегінің пайдасын, нәтижесін көріп, еңбекке деген қызығушылығы артады. Демек, бисермен жұмыс жасау өнері қыз бала бойында әсем үйлестіру, жақсы безендіру, ұқыпты орналастыру еңбектері арқылы адам бойында әсемдік қабілетін дамытатынын көрсетті.

18

Page 20: айбекова ғылыми 15 сш docx

ҰсыныстарҰсынысымбисерденжасалғантүрліәшекейбұйымдарды тек қанакәдесый

(сувенир) ретіндеғанаемес, өзіміз үшін қолдануға үйренсек (ұялы телефонның брелогі, телефон салатын қалташа, пенал т.б.). Бисермен тоқылған ұлттық ою-өрнектерді кешке арналған киім үлгілеріне пайдаланса. Шағын шаш қыстырғыштар, білезік сырғаларды әркім өз қолымен жасауға ұмтылса. Бұл ғылыми жұмыс бос уақытын пайдалы өткізгісі келетін қыздар үшін, ата-аналар мен мұғалімдерге өзіндік пайдасы бар. Елімізде бисер жасайтын өндіріс орындары жоқ. Сондықтан шағын бизнеспен айналысушылар осыны елімізде дамытуларына болады.

Бисермен жұмыс жасауға талпынған құрбыларыма өз кесте сызбамды ұсынамын. Себебі, қазақ тілінде жазылған тоқу технологиясына арналған кітапшалар жоқ.Сондай-ақ, бисермен жұмыс жасау кезінде өзіңе қажетті түсті, құрал- жабдықтарды көп дүкендерді аралап қана сатып аласың. Қаламызда бисер сататын арнайы сауда орындары болса деймін.

19

Page 21: айбекова ғылыми 15 сш docx

Сауалнама қорытындысы: (қосымша 1)

Бисермен жұмыс жасап көрдің бе?

Бисерден жасалған затты қолданасың

ба?

Олар адамға күнделікті қажет пе?

0

4

8

12

Ияжоқбілмеймін

Сыныптастармен бірге (қосымша 2)

Дүкеннен алынған алқа мен қолдан жасалған алқаны салыстыру (қосымша 3)

20

Page 22: айбекова ғылыми 15 сш docx

Пайдаланылғанәдебиеттер:

1. Ануфриева М.Я «Бисермен тоқу өнері»2. Кемелбаева А. «Астана ақшамы» газеті 15.03.2015ж3. Кузьмина О. «Бисер: От простого к сложному»4. Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі, «Ғылым», Алматы, 1966, 146-б5. Шойбеков Р.Н.«Қазақ зергерлік өнерінің лексикасы» Алматы-19936. WWW.USTA Z .KZ 7. http://www.ledybook.ru/

21

Page 23: айбекова ғылыми 15 сш docx

Рудный қаласы №15 орта мектебінің 7- сынып оқушысыАйбекова Ақеркенің «Бисермен жұмыс әсемдікке баулиды» атты

ғылыми жұмысына

пікір

Қазіргі уақытта қолдан жасалған өнер туындылары жоғары сұранысқа ие. Соның бірі – бисермен жұмыс түрі екені туралы ойын анықтауға тырысқан. Бисермен жұмыс түрі адам бойына қалыптастыратын пайдалы жақтары туралы нақты жазған. Шынында да, адам қолынан жасалған осындай әсем туындылар жергілікті жерімізде де бар екені туралы айтылған. Бисермен жұмыс түрлерін анықтай отырып, өз сыныптастарына өз қолынан жасалған туындыларды қолданудың артықшылықтары бар екенін дәлелдей білген.

Ақерке ғылыми жұмысын жазып зерттеу барысында алынған материалдың қолдану аясын көрсеткен. Тақырыпты насихаттау мақсатында сыныптастарын осы жұмыс түрін орындап көруге шақырған. Оқушы тақырыпты жазу барысында көптеген әдебиеттерді қолданған. Бұл жұмыста ғылыми қызығушылық бар деген қорытындыға келдім.

Ғылыми жетекшісі: Шайкибекова Айткуль Поезовна

22

Page 24: айбекова ғылыми 15 сш docx

Рудный қаласы №15 орта мектебінің 7- сынып оқушысыАйбекова Ақеркенің «Бисермен жұмыс әсемдікке баулиды» атты

ғылыми жұмысына

Сын – пікір

Заман талабы өзгерген сайын адам қызығушылығы да өзгере түсетіні анық. Қазіргі уақытта оқушылар арасында қолдан бұйымдар жасауға деген қызығушылықтары төмен екені сөзсіз. Айбекова Ақерке өз ғылыми жұмысы арқылы құрбыларын өзі үйрене отырып, қолдан бұйым жасауға қызықтыра білгені қуантады. Ғылыми жұмыс барысында тоқу түрлеріне, бисер ұғымына жан – жақты түсінік беріп өткен. Әсіресе, осы жұмыс түрін үйрене отырып, пайдалы жақтарына тоқталғаны оқушы өз жұмысына есеп бере отырып, жұмыс мазмұнын нақты жеткізіп, әр іс-қимылын саралай білгенін көрсетеді. Оқушы көп ізденген. Өзі қолданған тоқу сызбаларын жинақтаған. Жұмыстың артықшылығын бағалай білген. Өзі көтерген мәселе төңірегінде ұсыныстарын да нақты жеткізген. Бұл жұмыспен таныса отырып, ғылыми тұрғыдан жақсы дәлелденген деген тұжырымға келдім.

Технология пәнінің мұғалімі: Алипова Амина Биғалиқызы

23