Хандық дәуірдегі қазақ тілі · 2019-12-05 · бойы. xv ғасырдың...

36
ХАНДЫҚ ДӘУІРДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫ

Upload: others

Post on 01-Jul-2020

13 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: Хандық дәуірдегі қазақ тілі · 2019-12-05 · бойы. xv ғасырдың орта шенінде жаңа құрылған Қазақ хандығына

ХАНДЫҚ ДӘУІРДЕГІ ҚАЗАҚТІЛІ ЖӘНЕ ЖЫРАУЛАР

ПОЭЗИЯСЫ

Page 2: Хандық дәуірдегі қазақ тілі · 2019-12-05 · бойы. xv ғасырдың орта шенінде жаңа құрылған Қазақ хандығына

Дүние – дүние болғалы баршаның бастауында СӨЗтұрмақ!». Иә, адам баласын алға оздырған, адамды Адамқылған осы СӨЗ, оның ТІЛІ!

Адамзаттың сөз-лебізі, қандай да бір ұлт пен ұлыстыңтілі – ешқашан қайталанбайтын, бір жоғалса орны толмас,қайтып орнына келмес, теңдесі жоқ дара құбылыс, феномен!Сөзі жоғалмаған жұрттың өзі де жоғалмайды.

«Ана тілі – жүректің терең сырларын, басынан кешкендәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқындарын ұрпақтын-ұрпаққа жеткізіп сақтап отыратын қазына…» деп айтқанЖүсіпбек Аймауытов тіл туралы.

Page 3: Хандық дәуірдегі қазақ тілі · 2019-12-05 · бойы. xv ғасырдың орта шенінде жаңа құрылған Қазақ хандығына

Бүгінгі өркениетті дәуірдің айқындаған барша ілім-білімінде, жер бетіндегі ең көне саналатын жазбалардың қай-қайсысында да қазақ тілінің, оның ата тілі мен баба тілінің ізі,тарих шаңына көмілген, кілтін тапқан талаптыға жарқырайкөрінер жауһар бейнесі бар.

Қазақ тілі қалыптасуы және дамуы жағынан көптегендәуірді бастан өткізді. Тіл - бүкіл қазақ халқының мәденимұрасы.

Жүздеген ғасырлардың тарихын тербеген дала төсінде өмірсүрген ата-бабаларымыздың көкірек сыры мен жүрегінің үнінжеткізген қасиетті аманаты – тілі болды.

Page 4: Хандық дәуірдегі қазақ тілі · 2019-12-05 · бойы. xv ғасырдың орта шенінде жаңа құрылған Қазақ хандығына

Қазақ тілінің тылсым тарихы тым тұңғиық тереңде,Адам затының жаратылуымен, жер-жаһанда саналытіршіліктің орнығуымен бірге жасасып келе жатыр десек,тым асыра айтқанымыз емес.

Тіл тарихының қалыптасуы туралы деректергесүйенсек қазақтың тілінің, сөз өнерінің тегі әріден, түркітілдес тайпалардың өз алдына халық болып қалыптаспайтұрған кезінен басталады. Баба аманатын киелі тұмарретінде қастерлеп, ұрпақтан ұрпаққа жеткізген парасатиелері біздің халқымызда көп болған.

Орта ғасырлар адамзат дәуіріндегі гүлдену ғасырыдеп ерекшеленеді. Біздің қазақ халқы үшін орта ғасырдәуірі халқымыздың бір орталық, бір мемлекетқұрып, қазақ елі деген атқа ие болып, қазақхандығын құруы еді.

Page 5: Хандық дәуірдегі қазақ тілі · 2019-12-05 · бойы. xv ғасырдың орта шенінде жаңа құрылған Қазақ хандығына

XV ғасыр – еліміздің тарихына орасан зор өзгерістерәкелген дәуір болды. Соның ішінде біз үшін ең ерекшесі –Қазақ хандығының құрылуы. Қазақ халқының XV—XVII ғасырлардағы рухани мәдениеті өткен замандармәдениетімен, оның ең құнды дәстүрлерімен сабақтасболды. Халықтың тілі, ауыз әдебиеті мазмұныжағынан барынша байып, жетілді.

Қазақ тілінің хандықты жариялау тұсындағы қызметіерекше болғанын білеміз. Хандықтың тілге қызметі тіптіерекше. Ең алдымен Хандық сол кездегі қазақ тілінсақтап, әрі қарай дамуына мүмкіндік жасады.

Page 6: Хандық дәуірдегі қазақ тілі · 2019-12-05 · бойы. xv ғасырдың орта шенінде жаңа құрылған Қазақ хандығына

Бейнелі сөздің берені болған Қазақ хандығы тарихсахнасына шыққанда оған қызмет еткен тіл – қазақ тілі болды,өйткені, бұл тіл – осы хандықты құраған қаңлы, қыпшақ,алшын, арғын, найман, керей, жалайыр, тағы басқа да ру-тайпалар сөйлейтін тіл еді. Қазақ тілі аталған ру-тайпалардыбір-бірімен табыстыратын ұйытқы хандықты құрағанкүштердің бірі болған.

Page 7: Хандық дәуірдегі қазақ тілі · 2019-12-05 · бойы. xv ғасырдың орта шенінде жаңа құрылған Қазақ хандығына

Сонымен қатар, бұл тіл қатынас құралы ғана емес, хандықтағы жұртшылықтың (адамдардың) мәдени-рухани талабын өтейтін толыққанды әдеби тілі және сол тілде сөйлейтін жұртты біріктіріп, бөлініп кетуден сақтайтын күш болды. Ал олай болу үшін тіл - барлық қолданушыға бірдей түсінікті монолит тіл болуы және сөйлеу тілі қатынас құралы болу сипатынан өзгеше, өте көркем, әсем, әсерлі тіл болуы және ол тілде дәмді де жүйелі сөз орамын құрай білу, әдеби тілде жұрт аузын ашатындай көркем сөйлеушарт еді.

Page 8: Хандық дәуірдегі қазақ тілі · 2019-12-05 · бойы. xv ғасырдың орта шенінде жаңа құрылған Қазақ хандығына

Бұл шарт негізінен өлең сөзде - поэзияда қолданыстабады. Көптеген халықтың әдеби тілдері сияқты, қазақтілінің де әдебилік статусын беретін өлең сөз - өз поэзиясыболды. ХV-XVII ғасырлардан бастап аты белгілі ақын-жыраулардың, билердің өлең-жырларына, толғауларына қарапсоңғы айтылған белгілерді көре аламыз.

Page 9: Хандық дәуірдегі қазақ тілі · 2019-12-05 · бойы. xv ғасырдың орта шенінде жаңа құрылған Қазақ хандығына

Қазақ хандығы дәуіріндегі жырауларпоэзиясында ерлік тақырыбының басымдық алып, өзмемлекетінің тәуелсіздігі мен оның даңқын арттыружолында күрескен батырлардың ержүректігі мен қайтпасқайсарлығын жырлау ең өзекті мәселе болды. Жырауларпоэзиясы – дербес мемлекеттік дәрежеде өмір сүргенҚазақ хандығы атты дәуірдің әдеби мұрасы. Жырауларпоэзиясы – қазақ сөз өнерінің әлемдік классикалықшығармалар шоғырына қосылатын біздің ұлттықрухани қазынамыз.

Page 10: Хандық дәуірдегі қазақ тілі · 2019-12-05 · бойы. xv ғасырдың орта шенінде жаңа құрылған Қазақ хандығына

XV-XVII ғасырларда өмір кешкен ақын-жыраулардыңшығармаларынан халықтың ой-өрісін, салт-санасын,тілек-мақсатын айқын аңғарамыз. Олар толғауларындахалықтың небір нәзік сырларын, келер ұрпаққа айтарөсиетін, мұң-мұқтажын, қуаныш-сүйінішін, қайғы-қасіретін аша білді. Біз оны XV-XVII ғасырларда өмірсүрген қазақ даласының қоғамдық-саяси, әлеуметтік ой-пікірлерінің көшбасшысы болған жыраулар: Асан қайғы,Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Ақтамберді,Үмбетей, Бұқар жырау, Шал ақындардың толғауларынанбайқап білеміз, осы жыраулардың өлең-толғауларыболмаса біз ол дәуірлердегі қазақ тілінің қасиетін таныпбіле алмас едік.

Page 11: Хандық дәуірдегі қазақ тілі · 2019-12-05 · бойы. xv ғасырдың орта шенінде жаңа құрылған Қазақ хандығына

Жыраулар поэзиясының атасы, абызы Асан қайғы болатын.

Оның толғауларынанҚазақ хандығыныңқұрылу дәуірінің тарихибелгілерін көреміз. Асанқайғының шығармаларыөз тұсының айнасы, ол өздәуіріндегі қазақхалқының мұңын, тілегінкөрсетеді.

Page 12: Хандық дәуірдегі қазақ тілі · 2019-12-05 · бойы. xv ғасырдың орта шенінде жаңа құрылған Қазақ хандығына

Асан қайғы Сыр өңірінде өмір сүрген. Асан қайғы –халқының бірлігін, мемлекеттің тұтастығын сақтаған жырау,мемлекет қайраткері, ақын, би, философ.

Асан қайғы Әз-Жәнібек ханның ақылшысы болған. Оныңөмір сүрген тұсы Алтын орда және қазақ халқының қалыптасукезеңіне сай келеді. Асан қайғы шығармашылығында негізгіорын алатын қазақ тұрмысының өзекті мәселелерін арқауеткен философиялық-нақылдық жанрлар: толғау, терме,шешендік сөздер болып табылады. Ел дауын, жер дауын,әдет-ғұрып мәселесін шешерде оның ақылдылығы,алғырлығы, кесімді, шешімді билік сөздері өзге би,шешендерден үстем болған.

Page 13: Хандық дәуірдегі қазақ тілі · 2019-12-05 · бойы. xv ғасырдың орта шенінде жаңа құрылған Қазақ хандығына

Асан қайғы халқының болашағын ойлап қамығады. Малға жай, елге ырыс мекен барын ғайыптан болжап білген, Асан қайғы енді сол жерді іздеп табу үшін желмаяға мініп, төңіректің төрт бұрышын кезеді. Жолында кездескен тау, өзен, шұрайлы жерлерге, халыққа пайдалы жағын есептеп, тиісті бағасын беріп отырған. Асан ата ен даланы елсіз қалдырмау үшін, көшпелі елден мемлекет, біртұтас держава құру үшін, хан мен халық арасындағы мәмілегер, саясаткер ретінде жаңа мемлекетті өз қолымен құруға атсалысты. Желмаясымен жер шолып, қазақ елінің мемлекеттік шекарасын айқындап, даланың әрбір түкпіріне әсем тілмен географиялық сипаттама берді.

Page 14: Хандық дәуірдегі қазақ тілі · 2019-12-05 · бойы. xv ғасырдың орта шенінде жаңа құрылған Қазақ хандығына

Асан айтқан толғаулар, жырлар өте көп болған. Оның мына бір шумақ сөзінен көп философиялық ойды аңғаруға болады.

Таза мінсіз асыл тас,Су түбінде жатады.Таза мінсіз асыл сөз,Ой түбінде жатады.Су түбінде жатқан тас,Жел толқытса шығады.Ой түбінде жатқан сөз,Шер толқытса шығады, - деген сөздерінде көп мағына бар.

Жыраудың жырлары мәселені көбіне-көп тұжырымды пікірлерменнақтылай отырып, мақал-мәтел іспеттес етіп құрады.

Әділдіктің белгісі — Біле тұра бұрмаса. Ақылдының белгісі — Өткен істі қумаса. Жамандардың белгісі — Жауға қарсы тұрмаса. Зұлымдардың белгісі — Бейбіттің малын ұрласа. Надандардың белгісі — Білгеннің тілін алмаса - деген сияқты

сөздері бүкіл қазақ халқына тарап, сол кезден бері ауыздан-ауызға, ұрпақтан-ұрпаққа тіл арқылы жалғасып келе жатыр.

Page 15: Хандық дәуірдегі қазақ тілі · 2019-12-05 · бойы. xv ғасырдың орта шенінде жаңа құрылған Қазақ хандығына

Асан қайғы желмая мініп желдіртіп, Сарыарқаны аралап жүргенде, әржерге айтқан сындары мынау екен: Ұзын аққан Ертісті көргенде: «Мынашіркіннің баласы тойдым деп қарап отырмас, қарыным ашты деп жылапотырмас. Сиырдың мүйізі шығып тұрған жер екен »,— депті.Түндіктіөзенін көргенде: «Он екі қазылық Ой түндік, маңырап жатқан қой түндік. Қойдың құлағы тұтам шығып тұрған жер екен»,— деп тастап кетуге қимай, артына үш қараған екен. Сонан ≪Үш қара≫ атанған екен таудың аты.Қызылтау деген жерге келгенде: «Тау-тасы кеш болғанда қой болып, ыңыранып жатады екен. Тоқты қысыр қалмайтын жер екен»,— депті.Баянауыл тауын көргенде: «Ат ерін алмайтын жер екен. Бауырында тұзыбар екен, тұзы ауыр екен, бір түн түнеп кетемін деген адам, бір жұма тоқтапқалады екен. Тұзы жібермейді екен»,— депті.Шідерті деген өзенді көргенде: «Мына шіркіннің топырағы асыл екен. Алты ай мініп арықтаған ат, бір айда майға бітетін жер екен. Бос жылқышідерлеп қойғандай тоқтайтын, жылқының қонысы екен»,— депті.Есіл өзенін көргенде: «Жары мен суы тең, жарлысы мен байы тең болатынжер екен»,— депті.Нұраның бойын көргенде: «Алты күнде ат семіртіп мінетін жер екен»,—депті.Торғай өзенін көргенде: «Ағар суы бал татыған, ақ шабағы май татыған жерекен»,— депті.

Page 16: Хандық дәуірдегі қазақ тілі · 2019-12-05 · бойы. xv ғасырдың орта шенінде жаңа құрылған Қазақ хандығына

Жеті қоңырды көргенде: «Сарыарқаның маусымы екен»,— депті.Ұзын аққан Сыр бойын көргенде: «Басы байтақ, аяғы тайпақ қоныс екен, Қаратауды жайласам, Сырдың бойын қыстасам, қоныс болуға сонда ғана дұрысекен»,— депті.

Сулы Келес, Ңұрлы Келес өзендерін көргенде: «Мөңіреуін, сиыр болыпмөңіреуін. Сиыр тұқымы үзілмейтін жер екен»,— депті.

Асан қайғы жүрген жерінде жақсы қонысқа да, жаман қонысқа да бағаберіпті.

Терісаққан деген өзенді көргенде: «Сарыарқаның тұздығы екен»,— депті.Ереймен тауын көргенде: Желдің жеті есігі бар екен. Қыс болса, жылқы

тұрмас, жылқы тұрса ішінде құлын тұрмас. Ораздының жайлауы, шиырлыныңқыстауы екен. Екі жағындағы ел бай болар да, тап ортасында – мұны қонысқылған ел кедей болар. Бітісі жаман екен. Бірімен бірі едірейісіп –төбелесетұғын кісідей едіреюін, панасы жоқ, дала сықылды тау екен! – депті.

Қаратауды көргенде: Көкектен басқа құсы жоқ, көк шөпті жұлғаннан басқаісі жоқ, аты бестісінде қартаятұғын, жігіті жиырмасында қартаятұғын жеразғыны мұнда екен. Ел азғыны да мұнда екен! – депті.

Асан қайғы айтқан осы теңеулерден-ақ қазақ жерінің қонысқа жайлы, жайлы еместігін де бірден ұғуға болады, ал осыны жеткізіп отырған қазақ тілінің жерді суреттеуде қандай бай екенін де көруге болады.

Page 17: Хандық дәуірдегі қазақ тілі · 2019-12-05 · бойы. xv ғасырдың орта шенінде жаңа құрылған Қазақ хандығына

Қазтуған жырауҚазтуған Сүйінішұлы —

халық аңыздарында қолбасы, батыр делінеді, әскери ақсүйек тұқымынан шыққан. Туып-өскен жері - Еділ бойы. XV ғасырдың орта шенінде жаңа құрылған Қазақ хандығына қоныс аударады.

Жорық жыршысы, халық эпосын жасаушылардың бірі Қазтуған жырау артына өмір, болмыс туралы, атамекен, туған ел жайлы және әскери тұрмысқа қатысты сан алуан жырдан құралған мол мұра қалдырды

Page 18: Хандық дәуірдегі қазақ тілі · 2019-12-05 · бойы. xv ғасырдың орта шенінде жаңа құрылған Қазақ хандығына

Мына өлеңінде Қазтуған жырау елдің, жердің қамын ойлап, алдын ала болжау жасаған:

Еділді қоныс етпеңіз, Жағалай қалмақ алады. Жайықты қоныс етпеңіз, Сыдыра біткен көкжиек, Кәпірлер қала салады. Аштарханды қоныс етпеңіз, Шәһәрін оның алады. Еділді алса - елді алар, Енді алмаған не қалар? Жайықты алса - жанды алар, Жанды алған соң не қалар? Ойылды алса-ойды алар,Ойлашы, сонда не қалар?, - деген екен.

Алайда бізге жеткен санаулы шығармаларының өзі-ақ Қазтуған Сүйнішұлының әдебиет тарихынан белгілі орын алуына негіз бола алады. Қазтуған Сүйінішұлының поэзиясы номадтық жауынгерлердің санасын, танымын көрсетеді, оның болмыс, тіршілік, өзін қоршаған, шырышы бұзылмаған табиғат туралы түсінігінен елес береді. Жырау киялының ұшқырлығы, кендігі, суреттеу тәсілдерінің байлығы мен әсемдігі орта ғасырларда қазақтың ақындық өнерінің, тіл байлығының жоғары дәрежеде әрі өзіндік сипатқа толы болғанын танытады.

Page 19: Хандық дәуірдегі қазақ тілі · 2019-12-05 · бойы. xv ғасырдың орта шенінде жаңа құрылған Қазақ хандығына

Доспамбет жырау• Доспамбет жырау — 1490

жылы Азау (Азов) қаласында туып, 1523 жылы Астрахан маңында қаза болған көне қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі және жорық жыршысы. Қазақ халқының қалыптасу кезеңінде өмір сүрген жыраудың руы — кіші ноғайлы. Өз заманындағы жорықтарға, Қырым, Ноғайлы, Қазан хандықтары арасындағы ұрыстарға қатынасқан. 1523 жылы Астрахан жорығы кезінде Доспамбет жырау бастаған шолғыншылар тосқауылға ұшырайды да, жырау ауыр жараланып, қайтыс болады.

Page 20: Хандық дәуірдегі қазақ тілі · 2019-12-05 · бойы. xv ғасырдың орта шенінде жаңа құрылған Қазақ хандығына

Доспамбет жырау мұрасының дені жоғалған. Ел аузында, жекелеген қолжазбаларда сақталған бірлі-жарым туындылары XIX ғасырдың бас кезінде әр түрлі жинақтарға енді. Кеңес өкіметі тұсында Алдаспан антологиясында оның табылған шығармалары толық жарияланды. Жауынгер жырау туындыларының рухы ескілігіне, көркемдеу әдістерінің көнелігіне қарамастан, көңілге әсер етерлік терең, тілі мағыналы. Кейінгі Бұқар мен Махамбет жырларынан Доспамбеттің әсері аңғарылады.

Айналайын Ақ Жайық,Ат салмай өтер күн қайда?!Еңсесі биік боз ордаЕңкейе кірер күн кайда?! - деген өлеңінде оның мұрат-

мақсаты, түсінік-талғамы, дүниеге көзқарасы анық аңғарылады.

Page 21: Хандық дәуірдегі қазақ тілі · 2019-12-05 · бойы. xv ғасырдың орта шенінде жаңа құрылған Қазақ хандығына

Шалкиіз жырауШалкиіз Тіленшіұлы қазақ жыраулық поэзиясының атасы саналады. Шалкиіз Тіленшіұлы 1465 жылы Жайықтың шығыс бетінде дүниеге келеді. Жыраудың әкесі сахараның беделді, бай адамы болды. Шешесі Кіші жүздің ұйытқысы болған, Сыртқы Орда деп аталатын ұлыстың билеушісі Мұса бидің қызы екен. Шалкиіз мұсылманша білім алған, оның 1490 жылға дейінгі өмірінен дерек жоқ. Тек 1490 жылы ноғайлы әміршісі Темір бидің жанында болғаны белгілі. Кейбір зерттеушілердің пайымдауларына қарағанда, осы кезде жырау бірде әскер қатарында, бірде әміршінің елші, нөкерлері қатарында Қырым, Терістік Кавказ, Дон бойын тегіс аралап шыққан.

Page 22: Хандық дәуірдегі қазақ тілі · 2019-12-05 · бойы. xv ғасырдың орта шенінде жаңа құрылған Қазақ хандығына

Темір өлгеннен кейін нағашылары Мұса ұрпақтарының маңайында болады. Кейін бұл топтан бөлініп, Қазақ ордасына біржола өтеді. Шалкиіз 95 жасқа жетіп қайтыс болған деп шамаланады.

Шалкиіз жырау дүниеде тұрақты, мәңгілік ештеңе де жоқ, әлем бір қалыпта тұрмайды, бәрі өткінші деген пікірді уағыздайды. Жырау әрбір адам ақырын жүріп анық басуы тиіс, асқанға бір тосқан болатынын да еске салады.

Жоғары қарап оқ атпа, Жуық түсер қасыңа. Жаманға сырыңды қосып сөз айтпа, Күндердің күні болғанда, Сол жаман айғақ болар басыңа. Жақсы да келер бұ көпке, Жаман да келер бұ көпке, Түгел іс қойып болмас бір кепке, деп жырлаған.

Page 23: Хандық дәуірдегі қазақ тілі · 2019-12-05 · бойы. xv ғасырдың орта шенінде жаңа құрылған Қазақ хандығына

Жиембет жырауЖиембет Бартоғашұлы 1570-1575

жылдар шамасында туып, 1643 жылыдүниеден қайтқан. Қазақтың аса таланттыжырауы, биі әрі жеңімпаз батыры.Ол Кіші жүздіңБайұлы тайпасының Тана руынаншыкқан. Жиембеттің жас шағы қазіргіБатыс Қазақстан аймағының Өзен,Жем, Арал аралығындағы ауылдардаөткен.

16жасынан хандар,билер, батырлар жанындажүріп, ел билігіне араласады.

Өсе келе ол Есім ханның беделді биіәрі батыры дөрежесіне көтеріледі. Талайұрыс, шайқастарға катысып, ерліккөрсетеді. Ханның жауынгер жасағынбаскарып, жеңімпаз қолбасшы болады.

Page 24: Хандық дәуірдегі қазақ тілі · 2019-12-05 · бойы. xv ғасырдың орта шенінде жаңа құрылған Қазақ хандығына

Ол сонымен бірге Еңсегей бойлы Ер Есімнің Кіші жүз еліндегіең бір беделді бас биі ретінде танылады. Жиембетәсіресе 1620 жылғы Есім ханның ойрат-қалмақтармен соғысыкезінде ерекше ерлік, тапқырлық көрсетіп, шапқыншы жаудыойсырата жеңіп, бетін кайтарады.

Жиембет жыраудың ересен ерлігі мен әділ де алғыр билік қызметібылай жазылған: "...Ол Есім ханның кіші жүздегі ел басқарушы биі,қолбасшы батыры болған. Қалмақтарға қарсы 1620-1627 жылдарғыжорықтарға қатысып ұйымдастырушылық қабілетімен, ерлігіменкөзге түскен".

Сөйтіп ол үлкен абырой, беделге ие болады. Қол-аяғым бұғауда,Тарылды байтақ кең жерім!Арманда болып барамын,Қоштасуға аял жоқ,- деп сол замандағы қиын жағдайды, халық

тағдырын жырлаған.

Page 25: Хандық дәуірдегі қазақ тілі · 2019-12-05 · бойы. xv ғасырдың орта шенінде жаңа құрылған Қазақ хандығына

Ақтамберді жырауАқтамберді

Сарыұлы 1675жылы қазіргі Оңтүстік Қазақстан, Қаратау өңірінде дүниеге келіп, 1768 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданыЖүрекжота мекенінде дүниеден өткен. Жырау, қолбасы, қазақтың көне жыраулық мектебінің белді өкілі, дипломат. Найман тайпасының қаракерейруының сыбан тармағынан.

Тұрмыстың қыр-сырын, отбасы, елдік, ерлік, жер мәселелерін жырларында жақсы бейнелейді. Қысқа нақыл, шешен сөздердің шебері.

Page 26: Хандық дәуірдегі қазақ тілі · 2019-12-05 · бойы. xv ғасырдың орта шенінде жаңа құрылған Қазақ хандығына

1742 жылы Орта жүз ру басшыларының Орынборда ант беру жиналысына өкіл болды. 1738 - 1752 жылдары қазақ-қалмақтың қандықақтығыстарының барлығына дерлік қатысқан. «Ақтабан шұбырынды»оқиғасының зұлмат қан кешуін бастан өткерген. Ес білгеннен бастап 70 жыл бойы ат үстінен түспей, елі мен жерін қорғаған қас батыр, айтулы шешен, қабырғалы би, атақты жырау.

Қазақ жауынгерлерінің азаттық, құлдық жөніндегі түсініктері, көшпеліхалықтың тыныс-тіршілігі, болашаққа деген сенімі, адалдық-жауыздық, қиянат, әділетсіздік хақындағы таным-түсініктері Ақтамбердіталғамынан өтіп жыр-толғауға айналған:Жағама қолдың тигенін,Жалғыздық, сенен көремін.Жамаулы киім кигенім,Жарлылық, сенен көремін, деп бай мен кедей, халық тұрмысын шебер жырлаған екен.

Page 27: Хандық дәуірдегі қазақ тілі · 2019-12-05 · бойы. xv ғасырдың орта шенінде жаңа құрылған Қазақ хандығына

Үмбетей жырауҮмбетей Тілеуұлы (1706-1778) -Ақмола облысында, яғни Орталық

Қазақстанда дүниегекелген. Арғын тайпасы Қанжығалыруынан шыққан. Ол жасжағынан Бұқар жыраумен құрдасболған деген дерек бар.

Үмбетей жырау- дидактикалықпоэзияның әйгілі шеберлерініңбірі. Ол жастайынан сөз өнерінеден қойған, ел тарихына өте қанықадам болғанға ұқсайды. Солсебепті халық шежірелерінен,шешендік сөздерінен, халықдастандарынан көп тағылымалған.

Page 28: Хандық дәуірдегі қазақ тілі · 2019-12-05 · бойы. xv ғасырдың орта шенінде жаңа құрылған Қазақ хандығына

Үмбетей жырау- елінің қорғаны болған батырларды жырына арқау еткен. Ол Бөгенбай бастаған халық батырларын дәріптеп, қайратты ерлерді ұрпағына өнеге еткен. Жырау Бөгенбай батырдың ерлік бейнесін тамаша өрнектейді. Оны асқар Алатауға теңейді, тегеурінді бүркітке балайды, "Боламшыдай анадан болат тудың, Бөгенбай" деп қастерлейді. Атамекен жаудан қорғап қалған, халқымыздың ұлан-байтақ жерін-Баянауыл, Қызылтау, Абыралы, Шыңғыстау- бүкіл Сарыарқа атырабын қалмақтардан аман алып қалған Бөгенбай батырдың ерлігін сүйсіне жырлайды. Үмбетей:

Қалмақты қуып қашырдың,Қара Ертістен өткізіп,Алтай тауға асырдың.Ақшәуілге қос тігіп,Ауыр қол жидырып алдырдың,Қалмаққа ойран салдырдың , - деп, халқына Бөгенбайдың елі үшін жасаған

ерлігін атап көрсетеді. Жырау тек Бөгенбайды ғана емес, Абылай тұсындағы қолбасы батырлардың - Қаракерей Қабанбай, Қаз дауысты Қазыбектің, батыр Жәнібектің, Баянның және т.б ерліктерін де өлең жолдарына қосқан.

Page 29: Хандық дәуірдегі қазақ тілі · 2019-12-05 · бойы. xv ғасырдың орта шенінде жаңа құрылған Қазақ хандығына

Бұқар жырауБұқар жырау Қалқаманұлы (1668—

1781) -қазақтың ұлы жырауы.ХҮІІІ ғ. жоңғар басқыншыларына

қарсы Қазақ-жоңғар соғысыныңбастаушысы әрі ұйымдастырушысыатақты Абылай ханның ақылшысы.

Заманындағы сыншылар оны«көмекей әулие» деген. Сөйлегендекөмекейі бүлкілдеп, аузынан тек өлеңсөз төгіледі екен

Бұқар жырау қазақхалқының Жоңғар басқыншылығытұсында, елдің болашағы қыл үстіндетұрған кезде өмір сүріп, сол алмағайыпзамандағы күрделі мәселелерге өзжырларымен жауап бере білді. Осындайауыр сәттерде Абылай ханға дұрыс кеңесберіп, ел-жұртты басқыншы жауға қарсыкүресте біріктіруге, бір тудың астынатоптастыруға күш салды

Page 30: Хандық дәуірдегі қазақ тілі · 2019-12-05 · бойы. xv ғасырдың орта шенінде жаңа құрылған Қазақ хандығына

Жырау сол азаттық жолында өлімге бас байлап, ерліктің небір ғажайып үлгілерін көрсеткен хан мен оның батырларын жырға қосып, олардың өшпес әдеби бейнелерін жасады. Ер жігітке жарасар,Қолына алған найзасы.Би жігітке жарасар,Халқына тиген пайдасы, - деген сөздері бар.

Әсіресе, Абылай ханның көрегендігі мен даналығын, ауыр кезең, қиын сәттерде ел ұйытқысы бола білгенін асқақ жырлады. Толғаулары халық болашағы мен бейбітшілікті сақтау, отарлауды көздеген елден жыраққа, Жиделі байсынға көшу мәселесін қозғайды. Бұл жырлардың үгіт-насихаттық, дидактикалық сипаты басым, келешек заманның кереметін де көре білген, көрегендікпен болжай таныған:Әлемді түгел көрсе де,Алтын үйге кірсе де,Аспанда жұлдыз аралап,Ай нұрын ұстап мінсе де,Қызыққа тоймас адамзат! деп болашақты, қазіргі өмірді қиялмен болжаған.

Page 31: Хандық дәуірдегі қазақ тілі · 2019-12-05 · бойы. xv ғасырдың орта шенінде жаңа құрылған Қазақ хандығына

Шал ақын• Шал (Тілеуке) Құлекеұлы, Шал

ақын (1748, бұрынғы Көкшетау облысы Азат темір жол бекеті –1819, қазіргі Солтүстік Қазақстан

облысы аумағы) — қазақтың төкпе ақыны.Әкесі Құлеке

батыр Абылай ханның жақын серігі болған. Шалдың өлең, жырларынан өз дәуірінің өмір көріністері айқын аңғарылады.Суырып салма ақындық таланты

15 жасында оны даңққа бөлеп, сол кездің өзінде халық Шал ақын (кәрі, дана) ауылы деп атаған. Оның шығармашылық таланты бүкіл Сарыарқаға кеңінен жайылған.

Page 32: Хандық дәуірдегі қазақ тілі · 2019-12-05 · бойы. xv ғасырдың орта шенінде жаңа құрылған Қазақ хандығына

Ақын адамгершілік үшін күресіп, қоғамдағы әділетсіздіктерді шындық тұрғысынан айтып, сынады. Шал ақынның көптеген шығармалары, соның ішінде тарихи аңыздар мен әңгімелерге бай қазақ халқының шығу тегі жөніндегі эпикалық шығармасы сақталмаған.

Ақын ата-ананы құрметтеу тақырыбында көп қанатты сөздер қалдырған:

Ата менен ананды құрметтесең,Мекке болып табылар үйдің іші, Жас ұрпақ ата-анасын тыңдап өссе, ел азбайды, -

деп, ата-ананы – қазақ халқының дәстүрлі құндылығыдеп, оларды түркі халықтарының қасиетті құнды жері –Мекке және Мединеге теңестірген Шал ақын ата-анақадірін жоғары қойған.

Page 33: Хандық дәуірдегі қазақ тілі · 2019-12-05 · бойы. xv ғасырдың орта шенінде жаңа құрылған Қазақ хандығына

Қазақ тілінің дамып, қалыптасып, өркендеуіне әйгілі ақын-жыраулардың, би-шешендердің өлең жырлары, толғауларының ықпалы орасан зор болды.

XV-XVII ғасырларда өмір сүрген ақын-жыраулардың поэзияcынан халықтың ой-өрісін, салт-дәстүрін, тілек-арманын айқын аңғарамыз. Олар толғауларында халықтың небір ақыл-кеңестерін, келер ұрпаққа айтар өсиетін, мұң-мұқтажын, қуанышы мен қайғы-қасіретін аша білді.

Сол кездегі жыраулардың өлең-толғаулары болмаса біз ол дәуірлердегі қазақ тілінің қасиетін танып біле алмас едік. Халық сөздің мәні мен қуатын ұққандығы соншама -уәжге тоқтай білген. Баба аманатын киелі тұмар ретінде қастерлеп, ұрпақтан ұрпаққа жеткізген парасат иелері осы жыраулар болды.Қазақ сөзі, міне, осылайша ғасырдан-ғасырға ұласа дамып біздің дәуірге дейін жеткен.

Page 34: Хандық дәуірдегі қазақ тілі · 2019-12-05 · бойы. xv ғасырдың орта шенінде жаңа құрылған Қазақ хандығына

Қорыта келе, қазақ тілінің қалыптасып даму тарихықазақ ұлтының негізін қалаған ру–тайпалардың санмыңдаған жылдық тарихымен тығыз байланысты деугетолық негіз бар. Сол себептен де қазақ тілінің дамутарихына қатысты сан алуан тарихи материалдар бүкілқазақ жұртына ортақ. Қазақ ұлтының негізін қалаған ру–тайпалар өзінің рухани құндылықтарын ұрпақтан-ұрпаққақалдырып, дәстүрлі сабақтастығын үзбей келіп, XVғасырда өз алдына дербес ұлт болып қалыптасты. Оныңұлттық құндылықтарының аса маңыздысы болыпсаналатын тілі де талай қиын жағдайды өткерсе де, әрбіркезең сайын жетіліп, сол бір кезеңдердің талап–заңдылығына сәйкес өзінің қоғамдық қарым-қатынастыққызметін мүлтіксіз орындап, жылдан-жылға, ғасырдан-ғасырға ұласқан даму үрдісін бастан кеше отырып, әбденжетілген тілі ретінде бүгінге жетті.

Page 35: Хандық дәуірдегі қазақ тілі · 2019-12-05 · бойы. xv ғасырдың орта шенінде жаңа құрылған Қазақ хандығына

Халық бар жерде оның мемлекеті болады. Мемлекеті бар жерде оның мемлекеттік тілі болады. Болашағынан үміті бар мемлекет өткенін бағалап, келешегін болжайды, соған жетуге ұмтылады. Қазақ хандығы - ұлттық мемлекет-тілігіміздің бір асқар белі болған. Асыл тіл мен мағыналы алдаспан сөз Хандықтың тірегі болған. Қазақ тілі Қазақ хандығы тұсында мемлекеттік қарым-қатынас тілі ретінде әбден сараланған. Мұны мәңгі есте тұтқан абзал. Мәңгілік Елдің ғана мемлекеттік тілі мәңгілік болмақ. Мәңгілік тілі бар ғана ұлт Мәңгілік ел туралы армандамақ.

Сөзі, тілі мәңгілік елдің ғұмыры – мәңгілік!Тіл арқылы біз өсе де аламыз, тіл арқылы біз өше де

аламыз. Сондықтан мәңгілік елеміздің мәңгілік тілініңтұғырын биікке көтеру - келесі ұрпақ - жастардың қолындаекенін сөзімнің соңында айтқым келеді. Тіліміздің мәртебесіқашанда биік болсын!

Page 36: Хандық дәуірдегі қазақ тілі · 2019-12-05 · бойы. xv ғасырдың орта шенінде жаңа құрылған Қазақ хандығына

Пайдаланған дереккөздер:

1. Алдаспан : XV-XVIII ғасырлардағы қазақ ақын, жырауларының шығармаларжинағы / құраст.: М. Мағауин. - Алматы : Жазушы, 1971. - 280б.

2. Сыдықов Қ. Көркемдік өрнектер : (ХҮ-ХҮІІІғасырлардағы ақын, жыраулармұрасының көркемдік ерекшеліктері) / Қ. Сыдықов. - Алматы : Рауан, 1992. - 80б.

3. Тарихи тұлғалар. Танымдық-көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылармен көпшілік оқармандарға арналған /құраст.Б.Тоғысбаев, А.Сужикова. – Алматы. –Алматыкітап, 2011. – 150-159 б.

4. Бес ғасыр жырлайды : ХV ғасырдан ХХ ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ ақынжырауларының шығармалары. Екі томдық. Т .1. / құраст.: М. Мағауин, М. Байділдаев. -Алматы : Жазушы, 1989. - 384б.

5. Кәрібаев Б. Қазақ хандығы – қазақ халқының ұлттық сипаттағы төл мемлекеті / Б.Кәрібаев //Мәдени мұра. – 2014. - № 6. – 50-55 б.

6. ИНТЕРНЕТ материалдары, фотосуреттер, картиналар.

Иманбекова Клара ЖұмағалиқызыҒылыми-библиография бөлімшесінің басшысы