11 жылдан бастап Басылым 1930 [email protected]...

12
11 мамыр жұма 2018 жыл №19 (8424) Басылым 1930 жылдан бастап шығады [email protected] 9 мамыр күні аудан орталығында Ұлы Жеңіс мерекесі аталып өтті. «Мәңгілік полк» шеруі- не қатысушылар және мекеме- қоғамдық ұйым өкілдері Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жерлес- терге арналған ескерткіштерге гүл шоқтарын қойып, үнсіздікпен еске алды. Бұдан кейін «Достық» Аудан орталығындағы Ұлы Жеңіс мерекесі саябағында Жеңіс мерекесі- не арналған салтанатты шара өтті. Жиналған жұртшылықты аудан әкімі Абат Шыныбеков құттықтады. -Құрметті жерлестер! Біз бүгін Ұлы Жеңістің 73 жылдық мерекесін тойлап отырмыз. Соғыс жаңғырығы алыстаған сайын неғұрлым біз- ге маңызды бола береді. Өйткені сол сұрапылда қаншама адамның қаны төгілді, қыршынынан қиылды. Ауданымыздан 7600- дей соғысқа аттанғандар болса, соның 4000-дайы ұрыс даласында қаза тауып, туған жерден топырақ бұйырмады. Бірақ олар ешуақытта да ұмытылмайды. Бүгінгі бейбіт күнде біз әкелер даңқы жолымен жүріп өтіп, жасампаз істерді атқара береміз. Елімізге бейбітшілік, әр шаңыраққа бақыт тілеймін, -деді. Ұлы Жеңіс мерекесіне орай көршілес Ресей елінің Саратов облысы, Александров-Гай ауда- нынан келген аудандық муници- пиалды депутаттар жиналысының төрағасы Анна Котова және ұлттық мәдени орталығының жетекшісі Орнай Қартабаева құттықтады. Салтанатты мерекеде аудан көркемөнерпаздары концерттік бағдарламасын ұсынса, сонымен қатар жұртшылық жауынгерлік ботқадан да дәм татты. Серік ҒАБИТҰЛЫ 7 мамыр күні аудан әкімі Абат Шыныбеков аудан орталығындағы бір топ тыл еңбеккерлерін қабылдады. Қабылдауда аудан әкімі: -Бүгінгі мереке және Ұлы Жеңіс мейрамы сіздер үшін маңызды да қасиетті. Өйткені сонау сұрапыл жылдарда сіз- дер балалық шақтың бақытты күндерін көрмей, соғысқа аттанған ағалардың орнын ба- сып, елде қалған ана-апалары- мызбен бірге қоян-қолтық жұмыс жасадыңыздар. Бүгінгі күнде жетіп отырған бақытты шаққа сіздердің қосқан үлестеріңіз Тыл еңбеккерлеріне құрмет зор. Сондықтан ауданымыздағы 267 тыл ардагерін және 1 соғыс ардагерін әрқашан да құрмет тұтамыз, ардақтаймыз,-деді. Қабылдау кезінде сөз алған ар- дагерлер өздерінің сол кезеңдегі өмірлерін еске алып, бүгінгі бақытты күнге жеткізген және елімізде жүргізіліп жатқан оң өзгерістерге ризашылықтарын білдіріп, осындай қабылдау жасағаны үшін аудан әкімінің қызметіне табыстар тіледі. Қабылдауда ардагерлер өздерін толғандырып жүрген са- уалдарын қойып, оған тұшымды жауаптар алды. Әнмен өріліп отырған қабылдау ардагерлерді ҚМБД-нің БҚО бойынша өкіл имамы Еркебұлан қажы Қарақұлов іссапар барысын- да Жалпақтал ауылында болып, округ әкімінің орын- басары Меңдіхан Халимуллин қабылдауында болды. Қабылдау барысында Меңдіхан Мұқасұлы бұл қызметке тағайындалған өкіл имамға игі тілегін арнаса, аудандық ішкі сая- сат бөлімінің басшысы Самал Жан- гереева аудандағы діни ахуал- дан хабардар жасады. Сонымен қатар бөлім басшысы ақпараттық түсіндіру топтарының жұмыстары жайында айтты. Мұнан кейін Жалпақтал аграрлық салалық технология- лар колледжінің студенттерімен өткен кездесуге қатысып, ашық- жарқын әңгіме болды. Соны- мен қатар Жалпақтал мешітінің жұмысымен танысып, жамағатпен кездесті. Кездесуде өкіл имам облысымыздың рухани өміріндегі бетбұрыстар, діни сауаттылықты Өкіл имаммен кездесу жетілдіруге байланысты іс-шара- лар туралы баяндады. -Жалпақтал ауылына келуде- гі басты мақсатымыз – жергілікті жерлердегі діни ахуалмен таны- сып, ауыл тұрғындарымен кездесу. Мешітке келуші жастар болсын, жамағат болсын дәстүрлі бағыттың маңыздылығын түсіндіріп, сондай- ақ оқу орындарының жастарын теріс ағымға кетпеу үшін алдын алу түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Сонымен қатар ысырапшылдыққа жол бермеу, ата-бабаларымыздың салтын сақтай отырып, асыл дінімізді на- сихаттау болып табылады, -деді Еркебұлан қажы Ыбырайымұлы. Кездесуден кейін Жалпақтал мешітінің мәдениет үйінде ұйымдастырған «Қош келдің, Рама- зан» атты іс-шарасына қатысты. Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИ бір серпілтіп тастады. Сонымен қатар аудан әкімі Абат Шыныбеков Жалпақтал ауылдық округі әкімдігінің мәжіліс залында Ұлы Отан соғысының ардагері Жұбат Сәрсембиевті және тыл ардагер- лерін қабылдады. Кездесуде сөз алған аудан басшысы Абат Абайұлы қазыналы қарттарымызды ұлық мерекемен құттықтап, бейбіт өмірге қосқан сүбелі үлестеріне ерекше тоқталып өтті. Отба- сыларына амандық, дендеріне саулық тіледі. -Әркез ортамызда ақылшы, көшбасшымыз бола беріңіздер, -деп жүрекжарды құттықтауын айтып, Ұлы Отан соғысының майдангері Жұбат Сәрсембиевке сый-сияпат табыс етті. Мерекелік кездесуде аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Нағым Ризуанов және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Уәлиолла Әбішев өздерінің ме- рекелік құттықтауларын жеткізіп, болашақ ұрпақтарымыз енді соғыс көрмесін, бейбітшілік заман болсын деген тілектерін айтты. Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ, Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ Қазталов аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерболат Бекмулдин Жеңіс күні мере- кесімен аудандағы, Жалпақтал ауылындағы соғыс ардагері Жұбат Сәрсембиевтің шаңырағында бо - лып, қарияны мерейлі мерекесімен құттықтады. Ардагердің шаңырағында болды -Қасиетті де ұлы мерекеде Сізді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Осы- дан 73 жыл бұрын адамзат тарихында ең ауыр және қанды соғыс аяқталған бо - латын. Уақыт өткен сайын соғыстың дүрбелең оқиғалары да арасын аулақ са- лып, алыстап бара- ды. Бірақ қаншалықты алыстағанымен ол көңілден кетіп, жүректерден өшпек емес. Бүгінгідей айтулы мереке күні сізге зор денсаулық, жарас- ты көңіл-күй, баянды бақыт, отбасыңызға береке-бірлік тілеймін, -деген Ер- болат Мұратқалиұлы «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтің, «Нұр Отан» партиясы БҚО фи- лиалы төрағасының бірінші орынбасары Серік Сүлейменнің, құттықтаухаттарын табыс етті. Тұрарбек АҚМЫРЗА

Upload: others

Post on 17-Jul-2020

9 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: 11 жылдан бастап Басылым 1930 aulainasi@mail.ru шығадыauylainasy.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/05/19.pdf · 11 мамыр жұма 2018 жыл №19

11 мамыржұма

2018 жыл №19 (8424)

Басылым 1930 жылдан бастап

шығады[email protected]

9 мамыр күні аудан орталығында Ұлы Жеңіс мерекесі аталып өтті. «Мәңгілік полк» шеруі-не қатысушылар және мекеме-қоғамдық ұйым өкілдері Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жерлес-терге арналған ескерткіштерге гүл шоқтарын қойып, үнсіздікпен еске алды. Бұдан кейін «Достық»

Аудан орталығындағы Ұлы Жеңіс мерекесі

саябағында Жеңіс мерекесі-не арналған салтанатты шара өтті. Жиналған жұртшылықты аудан әкімі Абат Шыныбеков құттықтады.

-Құрметті жерлестер! Біз бүгін Ұлы Жеңістің 73 жылдық мерекесін тойлап отырмыз. Соғыс жаңғырығы алыстаған сайын неғұрлым біз-

ге маңызды бола береді. Өйткені сол сұрапылда қаншама адамның қаны төгілді, қыршынынан қиылды. Ауданымыздан 7600-дей соғысқа аттанғандар болса, соның 4000-дайы ұрыс даласында қаза тауып, туған жерден топырақ бұйырмады. Бірақ олар ешуақытта да ұмытылмайды. Бүгінгі бейбіт күнде біз әкелер даңқы жолымен жүріп өтіп, жасампаз істерді атқара береміз. Елімізге бейбітшілік, әр шаңыраққа бақыт тілеймін, -деді.

Ұлы Жеңіс мерекесіне орай көршілес Ресей елінің Саратов облысы, Александров-Гай ауда-нынан келген аудандық муници-пиалды депутаттар жиналысының төрағасы Анна Котова және ұлттық мәдени орталығының жетекшісі Орнай Қартабаева құттықтады.

Салтанатты мерекеде аудан көркемөнерпаздары концерттік бағдарламасын ұсынса, сонымен қатар жұртшылық жауынгерлік ботқадан да дәм татты.

Серік ҒАБИТҰЛЫ

7 мамыр күні аудан әкімі Абат Шыныбеков аудан орталығындағы бір топ тыл еңбеккерлерін қабылдады.

Қабылдауда аудан әкімі: -Бүгінгі мереке және Ұлы Жеңіс мейрамы сіздер үшін маңызды да қасиетті. Өйткені сонау сұрапыл жылдарда сіз-дер балалық шақтың бақытты күндерін көрмей, соғысқа аттанған ағалардың орнын ба-сып, елде қалған ана-апалары-мызбен бірге қоян-қолтық жұмыс жасадыңыздар. Бүгінгі күнде жетіп отырған бақытты шаққа сіздердің қосқан үлестеріңіз

Тыл еңбеккерлеріне құрмет

зор. Сондықтан ауданымыздағы 267 тыл ардагерін және 1 соғыс ардагерін әрқашан да құрмет тұтамыз, ардақтаймыз,-деді.

Қабылдау кезінде сөз алған ар-дагерлер өздерінің сол кезеңдегі өмірлерін еске алып, бүгінгі бақытты күнге жеткізген және елімізде жүргізіліп жатқан оң өзгерістерге ризашылықтарын білдіріп, осындай қабылдау жасағаны үшін аудан әкімінің қызметіне табыстар тіледі.

Қабылдауда ардагерлер өздерін толғандырып жүрген са-уалдарын қойып, оған тұшымды жауаптар алды. Әнмен өріліп отырған қабылдау ардагерлерді

ҚМБД-нің БҚО бойынша өкіл имамы Еркебұлан қажы Қарақұлов іссапар барысын-да Жалпақтал ауылында болып, округ әкімінің орын-басары Меңдіхан Халимуллин қабылдауында болды.

Қабылдау барысында Меңдіхан Мұқасұлы бұл қызметке тағайындалған өкіл имамға игі тілегін арнаса, аудандық ішкі сая-сат бөлімінің басшысы Самал Жан-гереева аудандағы діни ахуал-дан хабардар жасады. Сонымен қатар бөлім басшысы ақпараттық түсіндіру топтарының жұмыстары жайында айтты.

Мұнан кейін Жалпақтал аграрлық салалық технология-лар колледжінің студенттерімен өткен кездесуге қатысып, ашық-жарқын әңгіме болды. Соны-мен қатар Жалпақтал мешітінің жұмысымен танысып, жамағатпен кездесті. Кездесуде өкіл имам облысымыздың рухани өміріндегі бетбұрыстар, діни сауаттылықты

Өкіл имаммен кездесу

жетілдіруге байланысты іс-шара-лар туралы баяндады.

-Жалпақтал ауылына келуде-гі басты мақсатымыз – жергілікті жерлердегі діни ахуалмен таны-сып, ауыл тұрғындарымен кездесу. Мешітке келуші жастар болсын, жамағат болсын дәстүрлі бағыттың маңыздылығын түсіндіріп, сондай-ақ оқу орындарының жастарын теріс ағымға кетпеу үшін алдын алу түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Сонымен қатар ысырапшылдыққа жол бермеу, ата-бабаларымыздың салтын сақтай отырып, асыл дінімізді на-сихаттау болып табылады, -деді Еркебұлан қажы Ыбырайымұлы. Кездесуден кейін Жалпақтал мешітінің мәдениет үйінде ұйымдастырған «Қош келдің, Рама-зан» атты іс-шарасына қатысты.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИ

бір серпілтіп тастады.Сонымен қатар аудан әкімі

Абат Шыныбеков Жалпақтал ауылдық округі әкімдігінің мәжіліс залында Ұлы Отан соғысының ардагері Жұбат Сәрсембиевті және тыл ардагер-лерін қабылдады.

Кездесуде сөз алған аудан басшысы Абат Абайұлы қазыналы қарттарымызды ұлық мерекемен құттықтап, бейбіт өмірге қосқан сүбелі үлестеріне ерекше тоқталып өтті. Отба-сыларына амандық, дендеріне саулық тіледі. -Әркез ортамызда ақылшы, көшбасшымыз бола беріңіздер, -деп жүрекжарды құттықтауын айтып, Ұлы Отан соғысының майдангері Жұбат Сәрсембиевке сый-сияпат табыс етті.

Мерекелік кездесуде аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Нағым Ризуанов және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Уәлиолла Әбішев өздерінің ме-рекелік құттықтауларын жеткізіп, болашақ ұрпақтарымыз енді соғыс көрмесін, бейбітшілік заман болсын деген тілектерін айтты.

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ,Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

Қазталов аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерболат Бекмулдин Жеңіс күні мере-кесімен аудандағы, Жалпақтал ауылындағы соғыс ардагері Жұбат Сәрсембиевтің шаңырағында бо-лып, қарияны мерейлі мерекесімен құттықтады.

Ардагердің шаңырағында болды

-Қасиетті де ұлы мерекеде Сізді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Осы-дан 73 жыл бұрын адамзат тарихында ең ауыр және қанды соғыс аяқталған бо-латын. Уақыт өткен сайын соғыстың дүрбелең оқиғалары да арасын аулақ са-лып, алыстап бара-ды. Бірақ қаншалықты а л ы с т а ғ а н ы м е н ол көңілден кетіп, жүректерден өшпек емес.

Бүгінгідей айтулы мереке күні сізге зор денсаулық, жарас-ты көңіл-күй, баянды бақыт, отбасыңызға

береке-бірлік тілеймін, -деген Ер-болат Мұратқалиұлы «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтің, «Нұр Отан» партиясы БҚО фи-лиалы төрағасының бірінші орынбасары Серік Сүлейменнің, құттықтаухаттарын табыс етті.

Тұрарбек АҚМЫРЗА

Page 2: 11 жылдан бастап Басылым 1930 aulainasi@mail.ru шығадыauylainasy.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/05/19.pdf · 11 мамыр жұма 2018 жыл №19

2 11 мамыр 2018 жылАПТА АҚПАРАТЫ

Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин тыл ардагері Серік Кәрімовті 90 жасқа толуына орай құрмет көрсетіп қабылдады.

-Сізді 90 жасқа толуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіз сонау соғыс жылдарын-да қиыншылықты көзбен көріп, қиындыққа мойымай тылда еңбек еттіңіз. Бүгінде сол еңбектің зей-нетін көріп отырған ауылдың ақсақалысыз. Сізге, отбасыңызға бақ-береке, ырыс-ынтымақ тілей-міз, -деген округ әкімі аудан басшы-сы Абат Шыныбековтің атынан да құттықтаухатын табыс етті. Мұнан кейін Серік ақсақалдың иығына

4 мамыр күні аудандық музей-де «Музейге сыйлық» акциясы өткізілді. Музей меңгерушісі Назкеш Адаялиева: -Аудан орталығында музейге арнайы орын бөлініп, жөндеуден өткізілуде. Жақын арада ол пайдалануға да беріледі деп күтілуде. Осыған орай аудан тарихынан сыр шер-тетін түрлі жәдігерлерді жинас-тыру жұмыстары жүргізіліп жа-тыр. Бүгінгі акцияның мақсаты да осы болатын. Аудан тұрғындары Шәрипа Нығметова, Ораш Малаев, Бибігүл Әубәкірова өздерінің аталарының, әкелерінің құнды дүниелерін тапсырса, бостандықтық Есім Кенжәлиев өзінің әкесі, белгілі тарихшы Исатай Кенжәлиевтің тұтынған дүниелерін музей қорына өткізген. Сонымен қатар еңбек ардагері Та-уфих Мұқанов та шаңырағындағы құнды дүние – бесікті тапсырған. Бүгінгі күнде аудандық музейде 2300-дей жәдігерлер жинақталып отыр. Әрине, бұны тарихы терең Қазталов ауданы үшін көп деп айтуға келмес. Сондықтан ауданымыздың тұрғындары ке-лешек ұрпаққа сыр шертетін көне жәдігерлерді жинасуға көмектессе екен дегім келеді, -деді.

4 мамыр күні Қазталов орта жал-пы білім беретін мектебінде Елба-сы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына орай ұлттық өнерімізді сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізу және қазақ күйлерінің тарихын таныту, орындау, әдіс-тәсілдерін үйрету

«Рухани жаңғыру»

Домбырадан шеберлік сағаты өтті

мақсатында Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің директоры Нұрғиса Дауешов оқушылармен кездесіп, домбыра-дан шеберлік сағат өткізді.

Кездесуде Нұрғиса Маратұлы өнер жолындағы өмірін айта келіп, оқушылардың сұрақтарына жау-

ап берді. Сондай-ақ домбыраның дәстүрлік шеберлігін, қағыс әдістерін көрсетіп, толық меңгеруге бағытталу қажеттігін айта келіп, күй орындап берді.

-Тәжірибе алмасу – шеберлікті шыңдай түсетін мүмкіндік. Кәсіби маманның сабағына қатысып, ерекше әсер алдық. Әсіресе, біз де, оқушыларымыз да қазақтың қара домбырасының қыр-сыр-ларын үйреніп, көптеген жаңа мағұлматтарды меңгердік. Осын-дай мағынасы да мәні зор ше-берлік сабақты өткізген Нұрғиса Маратұлына алғысымыз шексіз, -дейді аудандық саз мектебінің домбыра сыныбы оқытушысы Жа-нат Өтешова.

Кездесу соңында Нұрғиса Да-уешов ағамыз аудандық саз мектебінің домбыра сыныбының 4 сынып оқушысы Аида Омарғалиеваға домбыра сыйға тартты.

Жұлдыз АСҚАР

Халық игілігіне жаратуға атсалысыңыздар!

Бір айта кетер жәйт осы акция барысында музей меңгерушісі Назкеш Адаялиеваның өзі со-нау Қытайдың Үрімші қаласында тұратын құдалары сыйға тартқан қолмен жасалған киізді де музейге өткізген.

Акцияның өту кезінде сөз алған мәдениет саласының ардагер-лері Сандуғаш Бекқожина, Гүлнәр Мырзағалиева, аудандық «Ру-хани жаңғыру» жобалық кеңсе жетекшісінің Мирбол Адаялиев, аудандық туризм орталығының ма-маны Миржан Қарабалин: -Музейді жабдықтау – болашаққа деген са-налы көзқарас болып табылады. Өйткені бүгінгі жас ұрпақ өздерінің ата-бабаларының жүріп өткен жо-лын білмей, алға қарай жылжи ал-майды. Сондықтан санаға рухани өзгеріс әкелетін осындай маңызды істерден құр қалмайық, ағайын! –деді.

Акцияның өту барысы аудандық мәдениет қызметкерлерінің әнімен өріліп, шырайын аша түсті.

Құрметті ағайындар! Заманауи жабдықталып жасалатын музейге үйлеріңіздегі құнды жәдігерлерді тапсырып, халық игілігіне жаратуға атсалысыңыздар!

«Ауыл айнасы» ақпарат

Ақсақал тоқсанның төрінде

шапан жауып, ауыл ардагерлері Нағым Ризуанов, Ғилым Едекешев те өздерінің жылы лебіздерін біл-дірді. Осы қабылдауда Қараөзен ауылдық округі атынан округтің бас маманы Азамат Әбуғалиев те құттықтаухаты мен естелік сыйлығын табыстады.

- 90 аз жас емес қой. Шүкір, бәрін де көрдік. Біз көрген қиындықты ұрпақ басына бермесін. Елбасы-мыздан бастап бізді елеп, ескеріп жатырсыздар, оған ризамыз. Қазір заман жақсы. Сол ұзағынан болып, рахатын, сіздер, ұрпақ көре берсін,-деді тыл ардагері.

Тұрарбек АҚМЫРЗА

Көктерек орта жалпы білім бе-ретін мектебінде «Күй атасы – Құрманғазы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып, онда күйші атамыздың Көктерек жері-не келу тарихы, бұл жердегі өмірі мен жерленген ұрпақтары жөнінде тарихшы-ғалымдар, ел үлкендері қалдырып кеткен мағлұматтар са-нада қайта жаңғыртылып, пікірлер айтылды.

Осы тұста дөңгелек үстелдегі әңгіменің біразына арқау болған көктеректік әдебиетші ұстаз, шежіреші, Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері, марқұм Темірболат Жүнісовтің естелік-жазбасындағы деректермен бөліссем артық бол-мас.

«Қызылқұрттың Ерші атасына жататындары Исатай-Махамбет көтерілісі кезінде Жиделі құмын жайлапты. Көтерілістен соң хан қызылқұрттарды Қамыс-Самар қисымының жеріне көшіреді. Бір тобы Казарма, Факеевоға, екін-ші тобы Қызыл обаға, үшіншісі Сарыөзен жағасындағы Қашқар көліне келіп қоныстанады. Жайы-лым, шабындық тапшылығын көреді. Арызданады. Салық Бабажановтың арнайы мәселе көтеруімен 1878 жылы Көктерек өңіріндегі қалмақтарды көшіреді. Сол жылы қызылқұрттың ерші атасына жататын Өтепбергеннен тараған аталар (Сағырбай, Шоқа, Тоқа, Бұқа, Тәңірберген) және Өтепбергеннің тоқал ше-шесінен туған Айтқожа мен Күшік ұрпақтары қалмақтың жұртына орналасады. Көшіп келуші 40 үйдің біреуі – Құрманғазы. 1878 жылы Қамыс-Самарға Ордадан

«Күй атасы – Құрманғазы»

өкіл болып Янболатов келеді. Бай-лар Құрманғазы мен Қалқаманды арыздайды. 1879 жылы күзде Янболатов Қамыс-Самарға пра-витель болып тағайындалады да, Құрманғазыға извещение жі-береді. Бірақ оны таба алмай-ды. Құрманғазының қайда екенін әкімшілік біле алмайды.

Құрманғазы бұл кезде Көктеректен бір шақырым жер-де, Сарыөзен жағасында қалың талдың арасында, тереңдігіне ат жүзетін қарасудың бойын-да жалғыз үй отырған еді. Жасы егде тартқан күйші туыстарының қасында у-шусыз, тыныш тіршілік кешпек ойда болатын. Көш бас-тап келген Шәріп (Шарафиддин Көшекқалиұлы Шығаев) правитель қызылқұрттардың кедейлеулерін қалмақтан қалған бос үйлерге кіргізіп, «Шоқа балалары, сендер шаруалысыңдар, анау түбектен күзге дейін қоныс салып алыңдар»- дейді. Құрманғазы туыстарының ұсынған жақсы үйіне кірмейді. «Мен бір қоңыраулы адаммын ғой, сендерге зияным тиер. Анау өзен иінінен үй салып, бөлек оты-райын» -дейді. Құрманғазы көш тізіміне ілікпеген сияқты, туыстары оның қайда екенін айтпаған. Оның тұрағы анықталғанша екі жылдай Көктеректе отырған. Ол отырған жердегі қара суды ел «Құрманғазы қарасуы» деп атаған. Қарасу бұрын «Талсай» аталады екен.

Сыбыс жата ма? Кұрманғазыны табады. Оған шақырту қағаз ке-леді. Құрманғазы жер кебе Теңізге көшпек болады.

Кешікпей ол кісі Теңіз бойы-на көшті. Көктеректік қарттар

Арыстанбек обасына дейін шығарып салып, жылап айыры-лысты.

Бұдан кейін Құрманғазының ағайындарын сағынып, тірісімен көріспекке, дүниеден озғандарына дұға оқымаққа Көктерекке бір-ақ рет келгенін айтады қарттар. «Құрманғазыны 7-8 жасар кезім-де бір-ақ рет көрдім. -Құрманғазы келіпті, -деп ауыл дүрлікті. Әкем ат жегіп, қасына мені отырғызып Бұқа құдығындағы Құлшықтың үйіне алып барды. Кісі көп жинал-ды. Бізге орын тимеді. Киіз үйдің саңылауларынан сығаладық. Күйін тыңдадық. Кеудесін жапқан ұзын ақ сақалы ғана есімде қалыпты. Түр-түсінің қандай екендігі есім-де қалмапты. Ал оның Қазиын, оның кемпірі Дәметкенді, Қазидың ұлы Бекқалиды, оның балалары Наурызғали мен Қажығалиды көрдік қой» -десе көктеректік Көшкін қарт (1878-1961жж), қызылқұрт Ділман қарт Қазиды да, Бекқалиды да көрген. Ол кісі о дүниелік болғанша Қазимен Наурыздың мәйітінің Көктеректе екендігін айтып отыратын. Со-нымен қатар Боқа ұрпағы көктеректік Ихсан қарт та:-Бекқалидан Наурызғали (1898-1919жж.), Қажығали, Қали тараған. Наурызғали екеуміз құрдас едік. Ол 1918 жылы қызыл партизандар отрядында ақтарға қарсы соғыста қаза тапты, -дейтін.

Экспедиция тобы тал-теректер еккен «Нарсойған» сайы тура-лы әдебиетші-ұстаз «Көктеректің түбінде «Құрманғазының Нарсойған сайы» деген терең, үлкен үйдің көлеміндей дөңгелек сай бар. Бұл ұлы күйшіні барымташыға балап, «олжасын оратын» сайы деп жариялаған дұшпандары. Бұл да өсек. Ел өсексіз болмайды. Шындығына келгенде Тінбақтының Бақан атасының байы Саңырақ келін алып той жасап, Құрманғазыны алдырады. Бір жетідей өнер көрсетеді. Бай қыста соғымға деп күйшіге бір қызылнар әкеліп тастайды. Есігінің алдындағы сайдың ішіне соймай қайда сойсын ол нарды...» -деп «Нарсойғанның» тарихын нақтылай түседі.

Кәмшат ӘЖКЕЕВА,Көктерек ауылы

Page 3: 11 жылдан бастап Басылым 1930 aulainasi@mail.ru шығадыauylainasy.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/05/19.pdf · 11 мамыр жұма 2018 жыл №19

311 мамыр 2018 жыл КӘСІП. НӘСІП

24 сәуірден бастап Орал аймағы, яғни Қазталов, Бөкей орда, Жәнібек, Жаңақала, Ақжайық, Тасқала аудандарында киіктердің санағы басталды. Орал аймағы бойынша авиасанаққа 50 сағаттан бөлінген. Бұл туралы «Охотзоопром» МҚК» ӨБ Батыс өңірі бойынша филиал басшысы Дархан Саматов айтып өтті.

Қазір өңіріміздегі киіктер АН-2 ұшағымен әуеден саналып жатыр. Ұшақ базасы Қазталов ауылында орналасқан. Мамандар күніне 8-10 сағатқа дейін киіктерді әуеден бақылайды.

Әуеден бақылауға «Охот-зоопром» МКҚ» ӨБ қызметкерлерімен қатар «Қазақстан биоалуантүрлілігін сақтау ассоциациясының», «БҚО орман шаруашылығы және жа-нуарлар дүниесі аумақтық инспекциясының» маманда-ры қатысуда. Биылғы санақтың қорытындысы киіктер төлдеп болғаннан кейін белгілі болуы тиіс.

Қазақ халқы әу бастан мал баққан, сол арқылы жан баққан халық. Кең байтақ даласының шөбі шүйгінді, жері құнарлы. Төскейін төрт түлікке толтырып, ел ырыздығын еселейтін ауыл шаруашылығының берік тағаны – мал шаруашылығы. Ал осы мал шаруашылында еңбек етіп жатырған жандар туралы көп жа-зылып жүргенімен, нағыз қызу еңбектің ортасында жүретін мал-шылар, механизаторлар, яғни еңбек адамдары қалыс қалып жа-тады. Бүгінгі әңгімеміздің төркінін осы бағытқа бұрып, ұзақ жыл-дар бойы мал шаруашылығында қызмет жасап жүрген жан туралы жазуды жөн көрдік.

Қошанкөл ауылдық округінің Бессалом қыстағындағы “Нұраман” шаруа қожалығы. Осы қожалықта қызмет жасап жүрген, төрт түлік малдың жәйін бір кісі-дей білетін, 37 жыл ғұмырын мал бағуға арнаған Жексенбай Ғиззатов ағамыз тұрады. Мал десе ішер асын жерге қоятын ағамызбен жүздесудің сәті түсті.

Киіктердің әуе санағы жүргізіле бастады

Ал төлдеу ма-мыр айында басталады.

Жалпы, ма-мандар жыл-дан-жылға киік санының көбейіп келе жатқанын а й т а д ы . Қуантарлығы, б и ы л а й м а қ т а р д а ақбөкендердің ж а п п а й

37 жыл мал баққан

-Мал бағуды атадан қалған кәсіп десем артық айтқандығым бол-мас. Әкем Алпыс та ғұмырына үкіметтің малын баққан адам. Сол мал баққан таяғын мұра қылып қалдырды десе де болады. Мен-де 1981 жылы әскер қатарынан келісімен мал шаруашылығына араласып кеттім. Сол кездегі кеңшар басшылары алдыма 1000 қой салып, мал бағуды аманат-тады. Содан бері міне жұбайым Мәриям екеуміз тынбай еңбектеніп келеміз. Жасыратыны жоқ, басы-мыздан талай қиын кездер өтті. Бірақ, қазақ халқы қай дәуірде де «Төрт түлігім – жан азығым» деп білген. Осы жиған азды-көпті мал-ды кейінгі ұрпақтың кәдесіне жара-са екен деп өсіріп жатырмыз, - дей-ді Жексенбай ағамыз.

Иә, алпыстың асуына кел-ген ағамыздың арманы асқақ, мақсаты айқын. Ең бастысы – еңбектен қашпайды. Балаларының болашағы үшін тынымсыз тірлік етуде.

Қайрат ЖАҚЫП

Қазақ халқы ертеден ат жалын-да өсіп, жылқының сын-сипатын, бабы мен күтімін бес саусақтай білген. Атбегілер жүйрік болар жылқыны құлын кезінен баптап, аттың сынына аса мән берген. Міне, осындай шын тұлпарды тұрысынан танитын атбегінің бірі – қошанкөлдік Ғайса Жұмағалиев.

Қошанкөл ауылдық округіндегі “Қарасу” шаруа қожалығына же-текшілік ететін атбегіге ат баптау өнері әкесінен дарыған қасиет екен. Әкесі де жылқы бағыпты. Атадан балаға мирас болып келе жатқан осынау өнерді қазір Ғайса ағамыз өзінің өміріндегі ең құнды қазынасына балайды.

- Жылқының шын жүйріктігін

“Жылқы баптау – қазақтың қанындағы қасиет”

танытатын тұсы дөнен жасы. Осы кезде жылқының бабы келісіп, сүйегі қатая түседі. Егер тұлпардың қанында тектілігі болса, ол дөнен жасында бәйге бермейтіні анық. Дегемен, нағыз сәйгүлікті құлын, тай кезінен-ақ танып-білесің.

Негізі бізде шауып жүрген аттардың дені араб, ағылшын тұқымдас будандар. Ал өзіміздің қазақы жылқылар сиреп кетті. Сире-ген себебі қазақ жабылырын былай сырып қойып, будан аттарға жар-масып жатырмыз. Бабын келтірсе қазақы жабылардан да жүйріктер шығады. Ол үшін бұрынғыдай ұзақ қашықтықтағы аламан бәйгелерді ұйымдастыру керек. Бірінші-ден бұндай аламан бәйге әуелі,

ұлтымыздың тарихи дәстүрін және санасын жаңғыртады. Екіншіден бұндай қашықтыққа аттың аты ғана шаба алады. Яғни, біз осын-дай дәстүрлі бәйгемізді жаңғырту арқылы жоғалтқан жүйріктерімізді табамыз. Бұндай қашықтыққа бу-дан тұқымдар шаба алмайды.

Мендегі тұлпарлардың дені жабылар. Будан тұқымдастары да бар. Оларды күтіп-баптауға ешқашан ерінген емеспін. Жылқы жанын түсіну жан рахатын бе-реді. Жылқы баптау – қазақтың қанындағы қасиет, -дейді атбегі.

Жылқы десе делебесі қозатын ағамызды аудандағы ат спортының жанашыры деуге толық негіз бар. Қашан көрсең де ауданда өтіп жататын бәйгелердің ортасын-да жүреді. Сонымен қатар соңғы жылдары Қошанкөл ауылында көкпаршылар командасын құрып, оларды жаттықтырып жүрген де осы Ғайса ағамыз.

Міне, қаламымыз арқылы қазақтың қанында бар қасиетті дамытып, жылқы малын бап-тап жүрген атбегі ағамыз Ғайса Жұмағалиевтің бейнесін көрсетуге тырыстық. Осындай атбегілер тұрғанда қазақ пен жылқы ұғымы егіз бола бермек.

Қайрат ЕСІМҒАЛИ

Осыдан 3-4 жыл бұрын бір жиында біздерге, -Бірік ауылдық округінде ағайынды Хайдаров-тар бар. Олар 1 сиыр, 1 құлыннан бастаған шаруаларын бүгінгі күнде үлкен шаруа қожалығы деңгейіне жеткізді. Соны неге ақпарат бетін-де жария етпейсіздер ме?- де-ген жұртшылық ойын білдірген еді. Соны округ әкімі Батырхан Байғонақов ретін шығарып, Әжібай ауылынан 30 шақырым жердегі қожалыққа алып барды.

«Бершімбай» сорының қасында орналасқан «Бершім-бай» бөгетінде шаруасын жа-сап жатырған ағайынды Табиғат, Баймағамбет Хайдаровтарға ат басын тіредік. Екі азаматпен әңгімелесіп, шаруаның жәйін сұрап, -1 сиыр, 1 құлынмен мынандай үлкен шаруашылық құруға қалай қол жеткіздіңіздер? -деген сауа-лымызды да жеткіздік. Табиғат, -Кеңес келмеске кетті, тоқырау басталды, кеңшар тарап кетті. Басқалар сияқты түрлі жұмыстарда жүрген біздер де абдырап қалдық. Бәріңізге белгілі үкіметке сеніп оты-ра беріппіз ғой. Қолымызда көп мал да жоқ. 1 сиыр, 2 қоймен осы жерге келіп жекелердің бойдақ малда-рын бақтық. Мына бөгет жанынан бау-бақша салдық. Әйтеуір көштен қалмаудың амалын ойластырудан басқа ой да болған жоқ. 1997 жылы көрші Бөкей ордасы ауданының Құрманғазы ауылының Шөкен де-ген жылқышының жылқылары осы жаққа келді. Аяғы ұзын жануар-лар ғой... Біраз уақыт өткеннен кейін жылқышы іздеп келіп, жылқыларын кері алып кетті. Сол кезде бір бие құлындап, құлыны жүруге жарамайтын болғандықтан біздерге сыйға тартып кетті. Міне, осы 1 сиыр, 2 қой, 1 құлын біздің қорамызда мал болып тұрды. Ой-

“Әли” шаруа қожалығының тыныс-тіршілігімен таныстық

лана келе осы малдарды пышаққа да жыққан жоқпыз, қиналсақ та сатқан жоқпыз. Жыл өткен сайын бұлардың өз төлдерінен бастары көбейе бастады. Жиырма жылдың ішінде осы малдардың өз төлдері есебінен көбеюі және басқа-бас қосуымыздан шаруа қожалығын құрдық. «Әли» деп аталатын біздің шаруа қожалығымызда бүгінде 220 ірі қара, 200 қой, 50 жылқы бар. Биылғы жылдың өзінде бұл малдардан 40 бұзау, 80 қозы, 5 құлын алып отырмыз. Төл алу әлі жалғасуда. Ірі қараға үкіметтен суб-сидия да алдық. Алдағы уақытта қазақтың ақбас тұқымды сиырын өсіруді қолға алуды жоспарлап отырмыз,- деп әңгімесін қайырды.

Осы шаруашылыққа келіп көзбен көргенге дейін сенбей келіп едім. 1 сиыр, 2 қой, 1 құлыннан басталған шаруа осындай дәрежеге жеткенін көзіммен көргесін сендім. Қалай сенбессің? Мал өрісте өріп жүр. Үйдің жанында ауыл шаруашылық техникалары самсап тұр. Ал ӘжІбай ауылында даңғарадай үлкен үй салынған. Қос жеңіл көлік тағы бар. Оралда да үйлері бар. Міне ағайындылар адал еңбекпен ерінбей осындай дәрежеге жетіп

отыр. Осыны көріп ойланасың... Шындығы керек, кейбіреулер қорасында бір-екі бас малы болса,- осы малдан не қайыр көріп отыр-мын, -деп не пышаққа іліктіреді, не сатып жібереді. Ал ағайынды Хайдаровтар шыдамдылықпен алдарына мақсат қойып, осын-дай табысқа жетіпті. Бұл – үлгі аларлық іс. Былайша айтқанда Адам Смиттен бастау алған нарықтың биік шыңы – мақсат, тәуекелшілдік, үнемі осындайлар-дан көрініс табатын сияқты.

Осы бір ерінбей биікке жеткен азаматтармен әңгіме барысында олар шаруаларының нәрі, көзі бо-лып саналған «Бершімбай» бөгеті туралы айтып берді. Олардың айтуынша, -бұл жер малға құт ме-кен болып саналады екен. Сонау өткен заманда бұл бөгеттің ішін-де құдық болыпты. Сол құдықтың ауызынан түйелер келіп су ішетін көрінеді. Түйелер қанша су ішсе де су құдықтың бетімен бірдей болып тұрады екен. Бұның өзі малға құт емес пе? Сол құт бүгінде ағайынды Хайдаровтарға дарығандай...

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ

қырылып қалу дерегі тіркел-ген жоқ. Мысалы, өткен жылы олардың саны Орал аймағы бойынша 96200-ге жеткен. Есесіне браконьерлік әрекеттер де жиілеп тұр. Мәселен, өткен 2017 жылы киікті заңсыз аулау бойынша 42 факт тіркелсе, биыл жыл басынан бері 20 киікті заңсыз аулау оқиғасы орын алған.

-Киіктің мүйізін сату арқылы оңай олжа тапқысы келетіндер көбейіп тұр. Оларға тосқауыл қою баршамызға ортақ міндет. Қазіргі күнде 50 инспектор жол талғамайтын көліктермен киіктерді осы қаскөйлерден қорғауда, -дейді «Охотзоопром» МҚК» ӨБ Батыс өңірі бойынша филиал басшысы Дархан Талғатұлы.

Айта кетер жәйт, 2002 жылы ақбөкендер Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабы-на» енгізілген. Біздің елде де 2020 жылға дейін киікті аулап, атуға тыйым салынған.

Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ

Page 4: 11 жылдан бастап Басылым 1930 aulainasi@mail.ru шығадыauylainasy.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/05/19.pdf · 11 мамыр жұма 2018 жыл №19

411 мамыр 2018 жылҰЛЫ ЖЕҢІС

Жеңіс күні – бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен да-ласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам. Осыған орай психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінде «Ел мен ердің жеңісі» атты тәрбие сағаты озды-рылды. Тәрбие сағатының мақсаты – балаларды адамгершілікке, Ота-нын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арт-тыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, олар-

«Ел мен ердің жеңісі»

Мен атаммен мақтанамын

Бүгінгі күні егемен еліміз қарқынды даму үстінде. Қазақ қоғамы өмір сүрген қай кезең бол-масын бүгінгімен салыстыруға мүлде келмейді. Десек те «Өмір – тоқтаусыз ағыс» екенін еш-кім жоққа шығармақ емес. Өмірдің өзінің тарихи парақтары өткенді ұмыттырмайды. Қазақ тарихындағы елеулі күндердің бірі – Ұлы Жеңіс мерекесі екені-не сөз жоқ. Бұл Жеңіске жету ел есінде қасіретімен есте қалса, сондай-ақ Ұлы Жеңіс мерекесінің келгенімен мәңгілік есте қалмақ. Елімізде Ұлы Жеңіс мерекесі ата-бабаларымыздың жанкештілігімен

келсе, қаншама қырғын боздақ ол жеңісті көре алмай кетті. Әйтсе де кейбір ел азаматтары жау-ды тұралатып барып жеңіп, елге оралған болатын. Соның бірі – Ұлы Отан соғысына қатысып, жаудан елін, жерін жанқиярлықпен қорғап, кейін елге аман-сау оралып, халқына көптеген жылдар бойы адал қызмет жасаған менің нағашы атам Бақтығали Тойғожин болатын. Тумысынан өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайтын атам-ды өзі жазып кеткен өмірбаяндық деректері бойынша еске түсіріп, Ұлы Жеңістің 73 жылдық мерекесі қарсаңында баспасөз бетіне беруді парызым деп санадым. Бақтығали Тойғожин 1926 жылы 7 мамырда дүниеге келіп, 1989 жылы дүниеден озды. Осы жылдар аралығында өмірдің ащысын да, тұщысын да көріп, ұрпағына ерліктің де, өрліктің де мол өнегесін қалдырды. Ұлы Отанымызға қауіп төнген қатерлі жылдарда қарап қалмай, 1944 жылы 18 жасында қолына қару алып майданға аттанды. Соғыстан күйреген халық шаруашылығын қалпына келтіру жұмыстарына араласып, 1950 жылы соғыстан аман-есен елге оралған.

Елге оралған нағашы атам Фур-манов ауданындағы К.Маркс, ХХ партсъезд ұжымшары мен “Ақкөл”, “Қараөзен” кеңшарында аға шо-пан болып еңбек етті. Карима есімді нағашы әжеммен отбасын құрып, алты қыз бен төрт ұлы дүниеге келді. Үбірлі-шүбірлі ұрпақ тәрбиелеген.

Халқының қалаулысы болған Бақтан атамыз ерлігі де, еңбегі де елеусіз қалған жоқ. Оған көзі тірісінде өңірінде жарқырап тұрған медальдары куә.

Елім деп туған, елі үшін қандай іске де белін бекем буған аталарымыздың жүріп өткен жолын біліп, ізін басып, кейінгі ұрпаққа жалғастыру біздің парызы-мыз екені сөзсіз. Өмір өз ағынымен өтуде.

Біз алға қарай дамуымыз үшін артымызға қарап, менің атам секіл-ді Отанға адал қызмет атқарған тұлғалардан үлгі алсақ, сондай адамдарға ұқсауға тырыссақ нұр үстіне нұр болар еді. Мен атамды мақтамаймын, атаммен мақтанамын.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ, жиені

ды қадірлеуге тәрбиелеу. Тәрбие сағатты Жеңіс туын желбіре-туде қан кешіп, кеудесін оққа тосқан боздақтарымызды бір сәт үнсіздікпен еске алумен басталды. Слайд арқылы 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні үшін құрбан болған ар-дагерлеріміз бен аға-әкпелеріміз ту-ралы мағлұмат берілді. Музыкалық ырғақ педагогі Жеңіс Ниетқалиұлы оқушыларымен «Солдат болам мен ертең» атты әнін айтып, би биледі. Шара барысында балалар спорттық ойын асық атып, күш сы-насты. Балаларға мерекеге байла-нысты алғысхаттармен марапат-талды. Тәрбие сағаты ата-аналар мен балалардың көңілінен шықты.

Г.ҒАЙСИНА,психологиялық-

педагогикалық түзеу кабинетінің әдіскері

4 мамыр күні аудандық мо-дельді кітапханасында Ұлы Жеңістің 73 жылдығына орай тыл еңбеккерлерінің қатысуымен «Ел мен ердің жеңісі» атты кездесу кеші өтті.

Кездесуде мәдениет, тілдерді да-мыту, спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Досжан Ахме-тов мерекемен құттықтап, -Еліміз-де тек бейбітшілік, тыныштық бол-сын, -деген тілегін білдірді.

Шара барысында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасымен он-лайн байланысқа шығып, кітапха-на қызметкерлері мен шақырулы қонақтар мерекемен құттықтап, ақжарма тілектерін жеткізді.

Ауданымызда алғаш рет өткен “Қызғалдақ көктем – Тюльпанная

Тыл еңбеккерлерімен кездесу

весна” I Халықаралық эстрадалық әндер байқауының бас жүлде ие-гері Айымбек Сартөк өз тілегін біл-діріп, қонақтарымызға «Анашым» әнін жолдады. Сонымен қатар кештің сәнін келтіріп «Жадыра» балабақшасының бүлдіршіндері мен мектеп оқушылары әдемі әндер орындап, билер билеп, ақындардың өлеңдерін оқыды. Аманғали Сариев, Айтбай Алтаев ардагерлердің ұрпақтары қатысып, аталарына арналған өлеңдерін айтса, кітапхана қызметкерлері «Смуглянка», «Катюша» әндерін орындап, қонақтардың алғысына бөленді.

Ләззат НҰРЛАНҚЫЗЫ,аудандық модельді

кітапханасының әдіскері

Ұлы Отан соғысы кезінде әкеміз Қабош Әділгерейұлы Адошев соғысқа аттанып, анамыз тыл-да еңбек етті. Әкеміз соғыста пулеметші болып, 1943 жылы кезекті бір шайқаста ауыр жара-ланып, бір қолын беріп елге ора-лады. Сұрапыл жылдарда Ста-линград, Беларусь жерінде қанды шайқастарға қатысып, ерліктер көрсетіп, соған орай “Ерлігі үшін” орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған. Елге оралғаннан кейін ауыл шаруашылығында агроном, партком қызметтерін атқарған. Еліне, халқына сыйлы болды. 1987 жылы 75 жасында дүниеден озды.

Әкеміз өз өмірін, тұрмысын

Әкеміз туралы бір үзік сыр

қанағат тұтты. Көпбалалы отбасының иесі, “ардагермін” деп төс қағып жеңілдік сұраған жоқ. Содан да болар өмірден өтсе де абыройы биік болды деп ойлай-

мыз. Артында қалған ұрпақтары бұл күнде ата-әже атанды.

Әкеміздің Ұлы Отан соғысының ардагері болғанын мақтан етеміз. Отты жылдардың өшпес даңқын жасап кеткендердің ор-тасынан ойып тұрып өз орнын алған әкеміздің өмір жолын – Ұлы Жеңістің 73 жылдығында еске алып, жарқын бейнесін ол кісінің алдынан өткен мыңдаған шәкірттері мен көзкөргендердің са-насында жаңғыртуда балалық па-рызымыз деп есептедік.

Ұлы Отан соғысы ардагерінің ұрпақтары

атынан қызы Бақыт АДОШЕВА

«Намысын бермеу үшін жатқа қолдан,

Арулар аз болды ма атқа қонған»

-деген өлең жолдарын оқыған кезде, сонау сұрапыл соғыс жыл-дарында жаратылысы нәзік болса да ерлерше ерлік көрсеткен қазақ қыздары ойға оралады...

Солардың ішінде ерен ерлік

Қазақтың батыр қыздары

көрсетіп, көзге түсе білген Әлия мен Мәншүк апаларымызды айта кетпесем болмас. Олардың бірі – соғыс кезінде медицина саласын-да оқып жүрсе, енді бірі – Ленинг-радта жастайынан сұм соғыстың сынағын көрген. Әлия 1943 жылы жиырмасыншы атқыштар дивизи-ясында ерлік көрсетіп, екі немісті тұтқындады. Ал Мәншүк апамыз

қаруластарын ержүректілігімен, қырағылығымен таңғалдыра білді. Екі қазақтың батыр қыздарының сол кездегі мақсаттары – Отанын ақтық демі шыққанша қорғау бола-тын. Ер болып жаратылмаса да, ер жігіттің істегенін істей алатындарын, Отаны үшін отқа да, суға да түсуге бар екенін дәлелдеді. Әлі жас бол-са да, қолдарына қару алып, не-міс-фашист басқыншыларына қарсы аяусыз күресті. Қазақтың қыздарының қандай рухшыл, намысшыл екенін сол соғыста анық көрсетті. Сол ерлік істерінің арқасында оларға деген сый-құрметіміз одан сайын асқақтады. Біз «Ерліктің қос қанаты» атанған апаларымызды мәңгі ұмытпай, ұлықтап жүретін боламыз!

Риана ТЕМІРБОЛАТҚЫЗЫ, Қараөзен мектеп-лицейінің

7 сынып оқушысы

Page 5: 11 жылдан бастап Басылым 1930 aulainasi@mail.ru шығадыauylainasy.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/05/19.pdf · 11 мамыр жұма 2018 жыл №19

5ҒҰМЫРДАРИЯ11 мамыр 2018 жыл

Жалпақтал өңірі мәдениетінің өркендеуіне көп жыл еңбек сіңірген ауылымыздың аяулы азаматы болған Әли Сисенғалиұлы Ахме-товты еске алу құрметіне орай мәдениет үйінде «Жақсыдан жақсы із қалар» атты шара өтті

1948 жылы 27 сәуірде Фурманов ауылдық кеңесінде дүниеге кел-ген Әли Сисенғалиұлы 1965 жылы Фурманов орта мектебін бітір-геннен кейін Орал қаласындағы А.Пушкин атындағы педагогикалық институтының тарих пәні бойын-ша жоғары білім алып, кейін ауыл шаруашылық техникумын-

«Жақсыдан жақсы із қалар»

да зоотехник мамандығын алып шығады. Еңбек жолын 1966 жылы аудандық мәдениет үйінде мо-торист, аудандық комсомол ко-митетінде нұсқаушы, 1968 жылы Целиноград жоғарғы комсомол мектебінде дәріс алып келген соң Фурманов аудандық комсомол ко-митетінде ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болды. 1975-1982 жылдары аудандық партия ко-митетінде үгіт-насихат бөлімінде нұсқаушы, аудандық атқару комитетінің орынбасары, 1994-1996 жылдары аралығында Фурма-нов аудандық ауыл шаруашылық

кәсіподақ комитетінің төрағасы, кейін аудандық кеңес депутаты болып бірнеше рет сайланды.

Әли Ахметов сол кездегі ауданның өсіп-өркендеуіне, соның ішінде мәдениет саласының ұлттық ұжымдарының жоғары деңгейге көтеріліп, республика, облыс көлеміне танымал болуы-на ат салысты. Сонымен қатар Әли Сисенғалиұлы Жалпақтал өнер мектебінің ашылуына, оның қалыптасуына мұрындық болған сегіз қырлы, бір сырлы тұлға. Небәрі 48 жылғы қысқа ғұмырында кейінгі ұрпаққа үлгі боларлықтай еңбек етті.

«Сөз саптауы, өнердегі домбы-ра, сырнай, гитара аспаптарында ойнауы, оған қоса ән салудағы ерекшеліктері және музыкалық сауаттылығы талай өнер майтал-мандарын таң қалдыратын. Соны-мен қатар М.Ғұмаров атындағы Жалпақтал халық театры мен Жалпақтал мәдениет үйінің жа-нынан құрылған «Тамаша» ойын-сауық отауының өркендеуіне жаны шығып, аянбай тер төккені бәрімізге мәлім» -деп бүгінде еске алады ауылдастары, замандаста-ры.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

Бостандық ауылдық округін-де «Нұр Отан» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жоба аясында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Соның бір айғағындай, ауылымыздың тұрғыны, тыл еңбеккері Фати-ха Елеуғалиева әжеміздің 90 жасқа толған туған күніне орай Бостандық бастауыш адагерлер кеңесінің төрағасы С.Жапақов ауыл әкімдігі, қоғамдық ұйымдар атынан құттықтау хат табыс етті.

Әжеміз 90 жасқа келсе де әлі сергек сезінеді. Фатиха әженің өзінен өмір жолдарынан бір қысқаша деректерін жазып алып едім. Соны бөлісуді жөн көрдім. Олардың ерлігі қазіргі ұрпаққа ертегідей.

-Бала кезімізде, жастық кезіміз-де не көрмедік, -деп бастады әңгімесін бүгінде Бостандық ауылында тұратын 90 жасқа толып отырған Фатиха әжеміз. -Біз сол заманның ұрпақтары балалық шақтың, жастық шақтың қызығын көрмей өстік. Ол кезде отбасымыз Бостандық ауылына қарасты Сарықопа елді мекенінде тұратын. Мен сол

Өнегелі ғұмыр иесі – Фатиха әже

ауылдағы төртсыныптық мектеп-те Нәбидолла Ақбаев, Қанафия Ильясова, Қапиет Даулетов, Шайдолла Ғұбашев, Мардан Са-паровпен бір сыныпта оқыдық. Оқу деген жәй аты ғой. Қағаз да жоқ, қалам да, қаламсап та жоқ, кітап та жоқ. Күйемен жазамыз. 6 бала оқыдық, 7 сыныпқа дейін бір жеті жатып Қаштайда оқимыз, -деп еске алады әжей. -Сенбі күні паекқа бидай береді. Соны қол диірменмен тартып, нан қылып пісіріп алып, қапшыққа салып арқалап, жаяу кетеміз,-дейді.

Фатиха әженің айтуынша, үлкендер еңбегіне ақша алу дегенді білмеген. “Паек” бере-тін болған. Онысы картоптың ұны көрінеді. Картопты турап, кептіріп, соны қол диірменге тартатын болған. Фатиха әже соғыс басталар алдында 13 жаста көрінеді. Күш-қуаты бар азаматтардың бәрі майданда қалғандарымыз ауылда бірде өгіз, бірде сиыр жегіп, соқамен жер жыртып, егін ектік. Бұл да өте ауыр жұмыс еді. Бірақ амал жоқ, төзуге тура келеді.

-Е, шырағым-ай, несін айтайын,

өте қиын заман болды ғой. Тамақ жоқ. Паекқа бидайдың “отхо-дын” береді. Қырдың басындағы тамағымыз быламық. Бір уыс бидай ұрласаң, соттап жібе-реді.

Соғыс аяқталғаннан кейін әжеміз ауылымыздың құрметті азаматы болған Нысанбай Ес-кендіров атамызбен отау құрып, 3 ұл, 2 қызды өмірге әкеледі. Қазір балаларының алды зей-неткерлік жаста. Әжеміз бүгінде мәуелі бәйтерекке айналды. Ол балаларынан немере, жиен, шөбере сүйіп отыр. Әңгімелесіп отырып мен әженің зердесі-не, есте сақтау қабілетінің мықтылығына таң қалдым. Баяғы бала кезіндегі, жас күніндегі адамдардың есімдері әлі ұмытпаған. Көп жылдар ор-таншы ұлы Самат пен келіні Дариғаның қолында болса, қазір ауылда кенже ұлы Болат пен келіні Сайранның қолында тұрады. -Балаларымның бәріне де ризамын. Бәрі де заманның түзулігінің арқасы ғой. Тәубе деймін. Менің, менің замандастарымның көргенін бүгінгі ұрпақ көрмесін. Елімізде, жерімізде тыныштық болсын! -дейді бүгінде 90 жасқа толып отырған Фатиха әжей.

Үлкенге – ізет, қарттарға қамқорлық – қандай қоғам болмасын, қай кезде де керек қасиет. Сондықтан да арда-герлерге құрмет көрсету біздің басты парызымыз. Көнекөз қарияларымыз аман болсын демекпіз.

Алтын АҚБАЕВА, «Нұр Отан» Бостандық

бастауыш партия ұйымының төрайымы

Ұстаздық жолын 50 жыл бойы Қараоба мектебінде абырой-мен атқарып келген Балғаным Қайдоллақызы жастар үшін таптыр-мас тәлімгер, мектеп ұстаздары үшін мықты әдіскер болатын.

Балғаным Қайдоллақызы 1939 жылы 3 наурызда Саратов облысы, Но-воузенск қаласында дүниеге келген. 1960 жылы Орал педагогикалық институтының орыс тілі мен әдебиеті факуль-тетін бітіргеннен кейін, Қазталов ауданына келіп, мұғалім болып жұмыс жасады. 1963 жылдан бері Қараоба орта мектебінде мұғалім болып жұмыс жа-саумен бірге, 1974 жылдан мектеп директорының оқу ісінің меңгерушісі болып, үздіксіз еңбек ете жүріп, мектеп директоры Сәрсенбай Молдашевпен бірге мектебіміздің гим-назия статусын иеленуіне бір кісідей үлес қосқан еді.

Әрине, көп жыл бойы жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру әрбір ұстаздан үлкен жауапкершілікті, зор ізденісті, білімпаздықты талап етеді. Міне, осыған орай ұлағатты ұстаз жас ұрпаққа тиянақты білім беруге барлық білімі мен тәжірибесін ұқыпты да ұтымды пайдаланды.

Өнегелі ұстаздан тәрбие алып, еліміздің әр өңірінде бел-сенді еңбек етіп келе жатқан шәкірттері ұстаздарынан алған тәлім-тәрбиені мақтанышпен ай-тады.

Шын мәнінде де, Балғаным апай – өзінің қиындығы көп ұстаздық жұмысында тыным-сыз ізденіс жолында талай талқыдан, сыннан мүдірмей өтіп, әріптестеріне үлгілі өнеге көрсетіп кеткен жан. Ұстаз бойындағы қаталдық, талапшылдық, соны-мен қоса әр уақытта да қай істе болмасын әділдік таныта білген қасиеттерін үлгі тұтамыз.

Жұбайы Насиболла Қуанышқалиұлымен үш қыз, алты ұл тәрбиелеп, ұлын – ұяға, қызын – қияға қондырды.

Балғаным Қайдоллақызының мектеп оқушыларына білім мен тәрбие берудегі ұзақ жылғы жемісті еңбегінің нәтижесінде «Қазақ ССР-і халық ағарту ісінің үздігі», Қазақстан бойынша «Ме-тодист-мұғалім», СССР-дегі Крупская атындағы сыйлықтың

лауреаты т.б. жоғары атақтарға ие болды.

Республикалық түрлі семи-нар, кеңестерге қатынасып, орыс тілі пәнінен бағдарлама жасақтауда оның айтқан пікір-ұсыныстары қабылданды. Балғаным Қайдоллақызы өзінің көп жылғы іс-тәжірибесіне сүйене отырып, ауданда бірін-ші болып, саралап оқытудың жолдарын іс жүзіне асыр-ды. Осының нәтижесінде Қараоба орта мектебінде оқу-тәрбие жұмысы жоғары сатыға көтеріліп, біркелкі нәтижелерге қол жетті.

Осындай ұлағатты ұстазымыздың көпшіліктің көңіліне қаяу түсірген орны толмас қазасына Ғ.Қараш атындағы Қараоба мектеп-гимназиясының ұжымы қайғыра көңіл айтады. Енді қайтіп ана-мыздай болған ұстазымызға ер-келей алмайтынымыз, сырласа алмайтынымыз жүрегімізді жы-латады.

Ұстаз, отбасының ұйтқысы, ұл мен қыз тәрбиелеп өсірген ардақты ана, аяулы да асыл әже Балғаным Қайдоллақызы Көшекованың өмірден өткеніне міне 40 күн толды.

Мектепте барша ұстаздың ұстазы едің,

Талайдың тәжірибесін ұштап едің.

Шаталовтың үйреніп әдістерін,

Біз де сізге өзімізше ұқсап едік.

Үлкейсе де желбіреп жаулығыңыз,

Мыңдап шәкірт өмірге баулыдыңыз.

«Мектеп» деп соғып жүрек еңбектендің.

Сыр беріп жүрсе дағы саулығыңыз.

Өзіңізге көп көңіл бөлетінсіз,Сұлулықты сіз жақсы

көретінсіз.Әдемі қартаюдың үлгісін біз,

Сіздің бар болмысыңыздан көретінбіз.

Кеш түсіп ауған шақта күн төбеден,

Хабар жетті Сіз өмірден өтті деген.

Суық хабар түршігіп кетті денем.

Жақсы еді-ау бұл хабарды естімеген

Қош Ұстазым, тер төккен елімізге,

Зор алғыс біз үшін төккен теріңізге,

Бақилық мекеніңде нұр шалқысын

Асыл бейнең қалады көңілімізде.

Ғ.Қараш атындағы Қараоба мектеп-

гимназиясының ұжымы

Асыл бейнеңіз қалады көңілімізде

Page 6: 11 жылдан бастап Басылым 1930 aulainasi@mail.ru шығадыauylainasy.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/05/19.pdf · 11 мамыр жұма 2018 жыл №19

6 11 мамыр 2018 жылМЕРЕКЕ

7 мамыр – Отан қорғаушылар және 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай Әжібай ауылында Ұлы Отан соғысына қатысып, елге аман-есен оралған, бүгінде арамызда болмаса да ерлік істері елдің есін-де қалған ардагерлер Оразай Мұсақов, Елекес Тілеков, Ихсан Бо-ранбаев, Мұханбетжан Жұмағалиев, Сатқан Хафизов, Зайна Әубекеров, Тілепқали Ғұбашев, Мәди Рамаза-нов, Мәжи Омаров, Мажекер Ома-ров, Қали Қауылбасов, Шұғай Жо-расов пен ауған соғысына қатысқан Боранғали Мұфтуллиннің үйлеріне

7 мамыр күні аудандық мәдениет үйінде Отан қорғаушылар күніне арналған мәдени шара өтті. Жиналған жұртшылық Жамбыл Отар кентінде Мемлекет бас-шысы ҚР Қарулы Күштерінің бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен болған әскери шеруді тікелей эфир-ден тамашалады. Тікелей эфир-де аудан тұрғындары тәуелсіздік

Әскери эфир тікелей эфирден тамашаланды

алған уақыттан бері еліміздің қорғаныс күші, әскери техникала-ры, сарбаздардың шеберліктері әлемнің дамыған елдерімен тең екенін көрді.

Ата-бабамыздан мұра болып қалған қасиетті жерді қорғай ала-тын заманауи жабдықталған әскери күшіміздің бар екенін мақтанышпен айтуға болады.

«Ауыл айнасы» ақпарат

Ардагерлердің үйлеріне тал-теректер егілді

және бір топ тыл еңбеккерлерінің аулаларына тал-теректер отырғызылды. Бұл шараға Бірік ауылдық округінің әкімі Батырхан Байқонақов, «Нұр Отан» баста-уыш партия ұйымының төрайымы Зульфат Жағыпарова, аналар кеңесінің төрайымы Мағзия Қабиева қатысып, ардагерлер ту-ралы естелік сөздер айтып, тыл еңбеккерлерін мерекелерімен құттықтады.

«Ауыл айнасы» ақпарат

7 мамыр күні «Достық» саябағында Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік бағдарлама оз-дырылды. Мереке күнімен және жергілікті әскери басқару органдарына 100 жыл толуына орай жиналған жұртшылықты аудан әкімі Абат Шыныбеков құттықтады.

Құттықтау рәсімінен кейін Қазталов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бір топ қызметкерлеріне мерекелік ме-дальдар табысталса, сонымен қатар «Үздік» төс белгісімен Бостандық мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Асыланбек Сармалаев марапат-талды. Сондай-ақ ауданымызда күні кеше ғана өткен халықаралық «Қызғалдақ көктем – Тюльпанная

Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік шара

весна» эстрадалық ән байқауының өтуіне өзіндік үлес қосқан бір топ мекеме-ұжымдар және же-келеген адамдар аудан әкімінің алғысхатына ие болды. Бұлардың қатарында «Ауыл айнасы» газеті ұжымы да бар. Ауданда өткен үлкен

халықаралық байқауды редакция ұжымы республикалық, облыстық БАҚ-тарға және сайттарға уақтылы салып отырғанын айтқан жөн.

Мерекелік бағдарламада Алма Оразбаева, Қазталов, Бостандық мектептерінің әскери-патриоттық клубындағы оқушылар алғашқы әскери дайындықтан алып жатқан кәсіби-жауынгерлік дағды үлгілерін көрсетті. Бір айта кетер жәйт, Бостандық орта мектебінің «Сұңқар» әскери-патриоттық клубындағы оқушылар жоғарғы

дәрежеде алғашқы әскери жаттығу әдіс-дағдыларынан өтіп жүргендерін байқатты.

Мерекенің соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

«Ауыл айнасы» ақпарат

Қазталов аудандық сотының су-дьясы Райбек Қайырбеков Жеңіс күні мерекесінде тыл ардагері Ва-

лентина Уварованың шаңырағында болып, ұжым атынан мереке-мен арнайы құттықтап, көрсеткен қажырлығы мен табанды еңбегі үшін алғысын білдіріп, сыйлықтар табыс етті.

Тыл ардагері өзінің басынан өткен соғыс жылдарындағы ауыр кезеңдерді айтып, ой бөлісіп, арнайы құттықтап келген сот төрағасына шексіз алғысын білдір-ді.

Тыл ардагерлерін құттықтады

9 мамыр күні 90 жасқа қараған тыл және еңбек ардагері, Батыр ана Зияда Исқақованың шаңырағында болған аудандық аналар кеңесінің төрайымы Нұрия Самиғоллақызы әжемізді Ұлы Жеңістің 73 жылдық мерекесімен құттықтап, ақжаулығын

жапты. Әжеміз әсерлі естеліктері-мен бөлісіп, -15 жасында майдан шебіне жөнелту үшін күніге әр адамға 8 келі жүн түтіп, оны жа-уынгерлерге жылы киімдер тоқып жөнелтетінбіз, -дейді өз сөзінде.

Зияда әжеміз Қажиақпар ағамызбен отау құрып, 12 баланы дүниеге әкелген. Ұлы Жеңістің 30, 40, 50, 60, 70 жылдығына арналған төсбелгілерімен марапатталған. Әжеміз ризашылығын білдіріп, -Енді соғыс болмасын, еліміз тыныш болсын! -деп ақ батасын берді.

Ұлы жеңіс күні. Жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеген күн. Ерлік жалауы желбі-реген шақ. Тәуелсіздік тұғырының берік, еліміздің гүлденуі осы-нау мерекенің жемісі. Жеңістің 73 жылдық мерейтойын жалпақталдықтар салтанатпен

атап өтті.Жеңіс күніне арналған мере-

келік шара орталық саябақтағы Ұлы Отан соғысына арналған және Кеңес Одағының баты-ры А.Хұсайыновтың бюстіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Мұнан кейін мәдениет үйінде

ауыл әкімі Самиғолла Ақмурзин барша ағайынды Жеңіс күнімен құттықтады.

-Жеңіс күні аға ұрпақтың ер-лігін мәңгілік елде сақтауға арналған ең қастерлі мереке. Бұл аға буынның жан қияр ерлігі мен еселі еңбегінің жемісі. Қаһарман қайсарлықтың қас үлгісін көрсеткен қайсар рух пен жалын-ды жігердің жемісі. Бұл адамзат тарихындағы қанқұйлы соғыс. Миллиондаған адам құрбан бо-лып, бұл жеңісті әкелеріміз бен аталарымыздың өмірімен өтедік,-деді округ әкімі.

Шараға жиналғандар ерлер ерлігіне тағзым етіп, 1 минут үнсіздікпен еске алды. Мерекелік шара ауыл өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Тұрарбек АҚМУРЗИН

Жеңістің 73-ші көктемін қарсы алды

8 мамыр күні Жаңажол ауылын-да Отан қорғаушылар күні және

Жеңіс күні мереке-лері аталып өтілді. Тыл еңбеккерлері, мекеме басшы-лары және округ әкімі Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жерлес-терге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, үнсіздікпен еске алды. Мереке мәдениет үйінде

жалғасын тауып, округ әкімі Қайыржан Мақсотұлы, ауылдық

ақсақалдар кеңесінің төрағасы Нағым Ризуанұлы және еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Батыс Қазақстан об-лысы бойынша департаментінің басшысы Сатқан Төлегенов ар-найы қатысып, ауыл тұрғындарын мерекелерімен құттықтады.

Салтанатты мереке мәдениет үйі мен мектеп оқушыларының концерттік бағдарламасына ұласып, тыл еңбеккерлеріне ар-нап жайылған жауынгерлік асха-намен жалғасты.

Жаңажол ауылдық округі әкімдігі

Page 7: 11 жылдан бастап Басылым 1930 aulainasi@mail.ru шығадыauylainasy.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/05/19.pdf · 11 мамыр жұма 2018 жыл №19

711 мамыр2018 жыл ӨНЕГЕ.ӨНЕР

Данагүл Темірсұлтанова туған жерінде

7 мамыр күні қазақстандық таны-мал кино және театр актрисасы жерлесіміз Данагүл Темірсұлтанова өзінің жұбайы Азат Сейітметов-пен туған жері Жалпақтал ауы-лына келді. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Данагүл Қайырсапақызы республика жұртшылығына “Тамаша” әзіл-сықақ театрынан кеңінен танылған дарынды артист.

Өнер жұлдыздарын Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғалия Ах-метова ақ дәм ұсынып, қарсылап алды. Бұл кездесуде Данагүл Темірсұлтанованың сыныптаста-ры Дулат Ихсанов пен Бейбіт Ора-зов бірге болды.

7 мамыр күні К.Меңдәлиев атындағы орта мектебінің акт залында Гүлназ Ізмұханованың өзінің атасы Ізмұхан Маса-лиев жайында «Дара жол» атты кітаптың тұсаукесу рәсімі өтті.

Ізмұхан Масалиев – Ұлы Отан соғысының ардагері, ұзақ жыл білім саласында ауылдың ба-лаларына сапалы білім мен са-налы тәрбие берген ұлағатты ұстаз. «Дара жол» атты кітап-та соғыс және еңбек ардагері, қоғам қайраткері, ұлағатты ұстаз Ізмұхан Масалиев туралы жан-жақты баяндалған. Туғанына 100 жыл толған Ізмұхан атаның еселі еңбек жолы мен ғибаратты ғұмыры шөбересі Гүлназдың қаламымен өріліп, көзін көрген замандаста-ры мен әріптестерінің естеліктері топтастырылған. Сонымен қатар кейіпкердің өмірінен сыр шер-тетін фотосуреттер мен құжат көшірмелері берілген. Шарада Ізмұхан Масалиевтің тұңғыш не-мересі Қайрат Масалиев кітаптың тұсауын кесіп, аудандық ішкі саясат

«Дара жол» кітабының тұсауы кесілді

бөлімінің бас маманы Ғалия Ахме-това, қызметес болған әріптестері Мұқсен Бақтыгереев, Ғилым Еде-кешев, Шынболат Өтешқалиев, Макка Мырзағұлова Ізмұхан ата жайында естеліктерімен бөлісті.

-1999 жылы Жалпақтал ауылының көшелеріне менің атам Ізмұхан Масалиевтің есімі беріл-ді. Ал 2014 жылы атамның есімі берілген көшеге ескерткіш тақта орнатты. Еңбегі еленіп, ерлік, адамдық қасиеттері бағаланып, атамды мәңгі есте қалдыруды

мақсат еткен ауыл ағаларына ризашылығымды білдіремін. Ұзақ жылдардағы қызметі мен ерен еңбегі үшін «Қызыл жұлдыз», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен, бірнеше медальдармен марапат-талды. Атамды көрмесем де мектебімнің ұстаздары ол кісінің жақсылығын, еңбексүйгіштігін ай-тудан жалықпайды. Бүгінде мен атамды мақтан тұтамын, -дейді шөбересі, кітаптың авторы Гүлназ Абзалқызы.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

5 мамыр күні аудандық мәдениет үйінде «Қазталов» жастар кеңесі жастар қоғамдық бірлестігінің және аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен КТА ойыны өтті. Бұл көңілді тапқырлар алаңына ауылдық ок-ругтерден командалар қатысып, 4 кезең бойынша сынға түсті. Нағыз әзілдің таланттыларын анықтайтын бұл ойынға Қошанкөл, Бостандық, Қазталов ауылдарынан құрама командалар келіп, ойын бары-сында өз шеберліктерін көрсетті.

КТА ойыны өтті

Сондай-ақ Қазталов ауылынан «Монолит» командасы «Астана-жастар қаласы» тақырыбын аша түссе, ал «Bostan.city» командасы «Әріптер» кезеңінде әзіларалас ұтымды сөйлемдер құраса, ал “Тіпті керемет” үй тапсырмасына тыңғылықты дайындалып келген-дерін байқатты.Ойын нәтижесінде қошанкөлдік «Тіпті керемет» коман-дасы оза шауып, Орал қаласына жолдама алды.

«Ауыл айнасы» ақпарат

Жақында Сарықұдық не-гізгі жалпы білім беретін мектебінің кітапханасын-да ауыл кітапханашысы Айгүл Сатқанқызы мен мектеп кітапханашысы Лилия Сағындыққызының ұйымдастыруымен «Туған жерге туын тік-кен Нұрлыбай» атты дөңгелек үстел өткен болатын.

Шараның мақсаты – Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген міндеттердің бірі «Туған жер» бағдарламасы бойынша жұмыстанып, ауылымыздың көркеюіне өз үлесін қосып жүрген азамат Нұрлыбай

«Туған жерге туын тіккен Нұрлыбай»

Жолдыбайұлымен оқушыларды кездестіріп, олардың бойына туған жерге деген сүйіспеншілікті ояту.

Шараға ауылымыздың кәсіпкері, Нұрлыбай Жолдыбайұлының өмірбаяны мен өмірдегі өсу жолы, жеткен жетістіктеріне байланыс-ты мектеп оқушылары көкейдегі сұрақтарын қойып, шынайы жа-уаптарын алды. Сонымен қатар бұл шараға Талдыапан ауылдық округінің әкімі Асқар Есқалиұлы да қонақ ретінде қатысып, Нұрлыбай Жолдыбайұлының жас болса да өзгелерге үлгі болар ерен еңбегі туралы әңгімелеп берді. Кездесу барысында шараға қатысушылар Нұрлыбай Жолдыбайұлының ана-сы Ғазиза анамызға да баласының балалық шағы, өзге балалардан ерекшелігі т.б. туралы қызықты да мағыналы сұрақтар қойылып, өте әсерлі, жанға жайлы кеш өтті.

Мектеп оқушылары ауылдас ағаларына арнап жыр шумақтарын төгіп, та-мылжыта ән салып, мың бұрала би билеп қуаныш сыйлады. Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген сөз бар. Осындай еңбегімен танылып жүрген ауылымыздың шын жа-нашыры бар да, үнемі қолдау көрсетіп, істеген жұмыстарын бағалап, жанынан табылып, ауылымыздың көркеюіне, дамуына атсалысып жүретін Асқар Есқалиұлы сияқты азаматтары бар да еліміздің ертеңі жарқын

болары сөзсіз. Меңгеретін бейімдеп

мамандыққа,Үйрететін жақсылық,

адалдыққа.Балғын жасты баулитын

болашаққа,Зор құрмет осындай ер-

азаматқа!-демекші, шара соңында

ауылымыздың кәсіпкері Нұрлыбай Жолдыбайұлы мен ауыл әкімі Асқар Есқалиұлына алғысхаттар мен ескерткіш сыйлықтар табыс-талды.

Шараны ұйымдастырған кітапханашыларға дендері-не саулық, еңбектеріне шығармашылық табыс тілейміз.

Гүлфайруз ТЕМІРҒАЛИЕВА,Сарықұдық негізгі мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнімұғалімі

Д а н а г ү л Т е м і р с ұ л т а н о в а жұбайы Азат Сейітметовпен өзі оқыған Ғ.Молдашев атындағы білім ор-дасында болды. Білім ошағында өнер жұлдызы партаға отырып, ұстаздар қауымымен кездесті.

Бұл кездесуге аудан әкімі Абат Шыныбеков қатысып, өнер ие-леріне қош келдіңіз айтып, барша ауылдастарды Ұлы Жеңіс мере-кесімен құттықтады. Өнер иелері-мен болған ашық-жарқын кездесу-де сұрақтар қойылды. Ал Данагүл Темірсұлтанова өнерге қалай жеткендігін айтып, алдағы жоспар-ларымен бөлісті. Аудан басшысы арнайы туған жеріне келіп, ауыл-дастарымен жүздескен Данагүл Қайырсапақызына, жұбайы Азат Сейітметовке аудан атынан естелік сыйлықтар тарту етті. Осындай кездесу, құрмет-қошеметі үшін Данагүл Темірсұлтанова ауылдас-тарына зор алғысын айтып, шексіз ризашылығын білдірді.

Тұрарбек АҚМЫРЗА

Page 8: 11 жылдан бастап Басылым 1930 aulainasi@mail.ru шығадыauylainasy.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/05/19.pdf · 11 мамыр жұма 2018 жыл №19

8 11 мамыр 2018 жылБАЙҚАУ

Алматыдан жүлдемен оралдыЖуырда Орал қаласында

Елордамыз – Астананың 20 жылдығына орай дәстүрлі облыстық “Балдәурен” балалар шығармашылық фестивалі өтті. Осы фестивальде xореография жанры бойынша өнер көрсетен “Қарлығаш” халықтық би ансамблінің орта тобы жүлделі бірінші орынды жеңіп алды. Облысымыздың 11 ауданының және 1 қалалық бишілер

Ақпан айында VI облыстық Қадыр оқулары өткен болатын. Осы байқауға С.Есетов мектебінің 9 оқушысы Нұрдәулет Жандауов қатысып, 1 орынға ие болды.

27 сәуір күні Қадыр оқулары Сырым ауданында алғаш рет республикалық деңгейде ұйымдастырылды. Күні кеше ғана өткен байқауға талдықұдықтық Нұрдәулет қатарластарынан оза шауып, 3 орынды жеңіп алды.

Нұрдәулеттің жеңіске жетуіне С.Есетов мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстазы Гүлдана Сейітованың еңбегі ұшан-теңіз.

Жарайсың, Нұрдәулет!“Ауыл айнасы” ақпарат

Қазталов орта жалпы білім беретін мектебінде көрнекті ақын, ой-шыл-философ, халқын өнер мен ғылымға, берекелі ел болуға үндеген қайраткер ағартушы, баспасөз жанашыры Ғұмар Қараштың өмірі мен шығармашылығына арналған облыстық-аймақтық Ғұмар оқулары өтті.

Ғұмар оқуларына көрші Бөкей ордасы, Жәнібек аудандарынан келген оқушылармен қатар аудан мектептерінің оқушылары өз бақтарын сына-ды. Байқау қорытындысы бойынша “Сөйле, тілім, жалықпа!” кезеңінде Леля Қаражанова 1 орын (Ғұмар Қараш мектеп-гимназиясы 6 сы-нып), “Әу, қазақ! Балаларың өнер білсін” кезеңінде 1 орынды Нұрайна Аманғалиева (Көктерек мектебі 6 сынып), “Оқу біл, ғылым-өнер, көзіңді аш” кезеңінде Құзырай Асылан (Жәнібек ауданы, Ғ.Қараш мектебі 8 сы-нып) иеленді.

Қайрат ЖАҚЫП

Жалпақтал мәдениет үйінде Жалпақтал балалар өнер мектебінің ұйымдастыруымен «Көктем шуағы» атты аудандық байқау алғаш рет ұйымдастырылды.

Байқаудың мақсаты – шығармашыл балалар мен жасөспірімдерді, балалардың ой өрісін дамыту, зияткер балалардың қабілетін шыңдалуға ықпал ету, қазақстандық патриотизмді насихаттау, Отанды сүюге тәрбиелеу, бірлігі жарасқан Қазақстанның жетістіктерін мақтан ету, өнер сүйер жастардың шабытын шыңдау, табиғат-ананың көктем мезгілін барынша суреттеу. Сонымен қатар оқушылардың өнерлерін бағалау арқылы үлкен сахналарға жол ашу, шығармашылық ізденіс-

Түркістан қаласына Ғұмар Қараш атындағы Қараоба мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушылары Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде өткен V Республикалық «Ясауи» пәндік олимпиадасының екінші кезеңіне жолдама алып қатысқан болатын.

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша Гүлсезім Кәрімова «Үздік жұмыс» номинациясына ие бо-лып, «Озық ойлы дарынды оқушы» дипломы-мен марапатталып, «Бас жүлдені» жеңіп алып,

Республикалық Қадыр оқуларында Нұрдәулет – 3 орын

Бәрекелді!!!

Облыстық-аймақтық Ғұмар оқулары

Алматы қаласында өткен “Атадан мұра” қоғамдық қорының 10 жылдық мерейтойына арналған бүлдіршіндер мен мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған Халықаралық өнер мен білім байқауы өтті.

Бұл байқауға біздің ауданнан аудандық саз мектебінің және А.Хұсайынов мектебінің оқушылары қатысқан бола-тын. Байқау нәтижесінде “Көркем сөз” жанры бойынша бас жүлдені Әділжан Хайредденов, 1 орынды Аймангүл Еле-усінова, Арухан Өтегенова, Жанерке Бақтығұл, 2 орынды Інжу Талғат пен Іңкәрім Талғат иеленді. Ал “Аспапта ойнау” жанры бойынша Зере Уахит бас жүлдені, Ақиіс Маратова 2 орынды қанжығаларына байлады.

Айта кету керек, байқауға басқа да облыстармен қатар, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей елдерінен де таланттылар қатысты.

Жұлдыз АСҚАР

“Қарлығаштың” бишілері облыста топ жарды

тобы арасынан суырылып алға шығып, гала-концертте “Зар заман” және “Серуен” биімен көпшілікті тәнті қылған бишілеріміз өздерінің жеңісті жолын тағы жалғады.

Мөлдір ӘНУАРБЕК

«“Көктем шуағы” – дарынды балалар байқауы

терін жетілдіру болып табылады. Байқауға ауданымыздың 8-11 және 12-15 жас аралығындағы балдырған, жеткіншек тобы бойынша 150-ге жуық оқушылары қатысуда. Бұл байқау аспаптық өнер (домбыра, қобыз, басқобыз, баян, прима тағы басқалары), халық аспаптар ансамблі, дәстүрлі ән, терме, жыр (жеке немесе топтық), эстрадалық вокал (вокалдық топ), көркемсөз (поэзия, проза, әдеби компазиция), хореография (жеке немесе топтық), бейнелеу өнері, қолөнер жанрлары бойынша бақ сынаған өрендер алғысхаттармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

Білім грантына ие болды

университеттің гранты негізінде білім алу сертификатына ие болды. Жетекшісі – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рина Басерова.

«Математика» пәні бойынша Назерке Ғимеден «II дәрежелі» дипломмен марапатталып, «II жүлделі» орынға ие болып, университеттің гранты негізінде білім алу сертификатына ие болды. Жетекшісі – Ғазиза Ғайсина.

Жүлдемен оралған шәкірттеріміз: «Әрине, біздің қуанышымызда шек жоқ, бұл жетістіктер-ге жетуге, біздің арманымыздың орындалуына себепші болған бірден-бір жетекшілеріміздің арқасы деп білеміз, «Армандар орындалады» -деген сөзге көз жеткіздік. Ұстаздар қауымына мың алғыс!» - деп өз қуаныштарын жасыра алмады.

Сондай-ақ ата-ана Айгүл Жұмағалиқызына үлкен құрметпен алғыс білдіреміз.Шәкірттерімізге, -әрқашан да қанаттарың талмай, биікке өрлеп, қияға самғап, мектеп-гим-

назия атын асқақтата беріңдер, алдарыңнан ақ күн тусын! -демекпіз.

Гүлжансара ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ,сынып жетекші

Қазталов ауданының білім беру бөлімінің жоспары негізінде шағын жинақты мектеп мұғалімдерінің педагогикалық шеберлігін шыңдау, озық іс-тәжірибені анықтау және тарату мақсатында Тереңкөл орта мектебінде «Шағын жинақты мектеп және мен» байқауы өткізіліп, Тереңкөл орта жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Райымбек Тілеков I орынға ие болып, облыстық кезеңге жолдама алған болатын.

26 сәуір күні «Шағын жинақты мектеп және мен» байқауының облыстық кезеңі оздырыл-ды. Райымбек байқаудың сырттай бөліміне

Талаптыға нұр жауар

бейне сабағын, сабақ жоспарын және «Шағын жинақты мектеп: қазіргі жағдайы және даму болашағы» тақырыбында әдістемелік тұрғыдан жазылған мақаласын ұйымдастыру коми-тетіне ұсынып, 41 балл жинап, өзін әлден-ақ алғашқылардың қатарынан көрсете білді.

Байқаудың негізгі кезеңінде «Педагогикалық шеберлік шыңында» өзін кәсіби тұрғыда таныстырды. Сондай-ақ «Шағын жинақты мектептегі үздік сабақ» шеберлік сыныбына «Оқушылардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, тыныс алу жолдарының техникасы арқылы оқу» тақырыбын «Детектив» әдісі арқылы шығармашылық шеберлікпен көрсете білді. Байқауға қатысқан 12 мұғалімнің ішінен бас жүлдеге Шыңғырлау ауданы ие болса, I орынды Қазталов ауданынан Райымбек Тілеков қанжығасына салды.

Л.БЕКТЕНОВА,Тереңкөл орта мектебі

директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары

Жуырда Мирон негізгі мектебінде шағын орталық және мектепалды даярлық сыныбының сабақтастығына байланысты «Әкем – менің тірегім» атты байқау өтті. Байқаудың мақсаты – әке мен балалардың қарым-қатынасын нығайту, тапсырмаларды бірлесе орындауға, әкенің бала тәрбиесіне деген жауапкершіліктерін арттыру.

Шарада мектеп директоры Кеңес Ғажайыпұлы сөз алып, қатысушы әкелерге алғысын ай-тып, сәттілік тіледі. Байқауға 4 отбасы қатысты. Бірінші бөлімде әкелер отбасын, балаларын таныстырып өтті.

«Кім тапқыр» бөліміне барлық отбасылар белсенділік танытты. «Сөзді тап» бөлімінде ән тыңдап тұрып, балалардың сөзін табуда Ербол Тілекқабылұлы мен қызы Жангүл тапқырлық танытып, тапқыр отбасы номинациясын, «Су асты әлемі» бөлімінде Нұржан Ермекұлы мен ұлы Ілияс белсене қатысып, ұйымшыл отбасы номинациясын, портрет шебері бөлімінде өз баласының портретін салуда Мұлхайдар Жасқайратұлы ұлы Тілекжанның портретін бейне-леп, ерекше көзге түсіп, шебер отбасы номинациясын иеленсе, «Сиқырлы алақан» бөлімінде Алтынбек Жұмабекұлы алақаннан бейне шығарып, қызы Мәдина жеткізіп айтуда алғырлығын көрсетіп, алғыр отбасы номинациясын алды.

Шара қорытындысында әкелер балаларына деген ізгі тілектерін білдірді. Қоғамдағы әке тәрбиесінің маңыздылығын ұғындыруға септігі тигендігі жөнінде пікірлер айтылып, байқау қорытындыланды.

Гүлжан СЕЙІТҚАЛИЕВА, Мирон негізгі мектебінің мектепалды даярлық

сыныбының тәрбиешісі

«“Әкем – менің тірегім”»

Page 9: 11 жылдан бастап Басылым 1930 aulainasi@mail.ru шығадыauylainasy.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/05/19.pdf · 11 мамыр жұма 2018 жыл №19

911 мамыр 2018 жыл ЖАНДАУА

Туберкулез адамзатқа оның қоздырғышы ашылғанға дейін белгілі болған. Египеттегі археологиялық зерттеулер кезін-де ішкі органдарды туберкулезбен зақымдалған адамның мумиясы табылған. Мумияның жасы 2 мың жыл деп есептелген. Қазіргі күнде де туберкулез таяқшалары өзін ұмыттырмай отыр. Аудан бойынша туберкулездің эпидемиологиялық көрсеткіштері бірқалыпты. Ту-беркулез ауруын анықтау бактериоскопиялық диагностикаға, рентген-флюоролық тексеруге не-гізделген. Емханада қақырықты микроскопиялайтын бинокулярлы микроскоптармен жабдықталған зертхана бар. Туберкулез бакте-риялары ауа арқылы таралады. Олар туберкулезге шалдыққан ауырған науқастардың өкпесінде

Туберкулезді тоқтату өз қолыңда!

өсіп таралады. Осыдан клетка-лар тобының қабынуы, одан кейін бұзылуы басталады, өкпенің ыды-рауы, атап айтсақ миллион бак-терия орналасатын тесік пайда болады. Солардың ішінен туберку-лез бактериялары жөтелу, түшкіру, әңгімелесу кезінде қоршаған ортаға бөлінеді. Ал егер тубер-кулез ауруының ашық түрімен (жұқпалы) ауыратын науқас ұзақ уақыт бойы дұрыс желден-бейтін ғимаратта болса, ауада таралған бактерияларды сол жер-де жүрген басқа адамдар жұтады.Бұл туберкулездің ауа-тамшыла-ры арқылы жұғатын басты жолы. Сондықтан ешкім туберкулезді жұқтырудан сақтандырылмаған. Өйткені ауа – бәрімізге ортақ.

Аурудың белгілері: 2 апта бойы жөтелу, тәбеттің жоғалуы,

арықтау, түнгі тершеңдік, дене қызуының 37,0-37,5С дейін көтерілуі, жалпы әлсіздік, шаршау, қан аралас қақырық тастау т.б. Осы белгілердің бірі білінген кезде дәрігерге барып тексеріліңіз.

Ауырмау үшін аса қажетті ұстанымдар:

Саламатты өмір салтын ұстану – бұл ет пен сүт, балық өнімдерін, көкөністер мен жеміс-жидектерді жеткілікті мөлшерде қолдану қажет. Жыл сайын өкпені флюорографиялық тексеру-ден өткізу қажет. Жеке тазалық тәртібін сақтау – таза суды пай-даланып қолды, ыдыстарды жуу, жеке ыдыс қолданып, жөтелген жәнетүшкірген кезде мұрын мен ауызды бүркемелеу. Таза ауада жиі болып, табиғат аясына барып демалыс жасау. Үй-жайды мезгіл-мезгіл желдетіп алып, ылғалдап сүртіп, тазалап отыру.

Туберкулез емделеді, өйткені туберкулез микробактериясына қарсы әсер ететін дәрі бар. Тубер-кулез неғұрлым ерте анықталса-емдеу нәтижесі де соғұрлым сәтті болады.

Туберкулезді тоқтату өз қолыңда!

А.ЕРКІНҒАЛИЕВА,Қазталов аудандық

ҚДСБ-ның бас маманы

Қазталов аудандық аурухана-сында «Біз екпені қолдаймыз!» ұранымен дүниежүзілік иммун-дау апталығы өткізілді. Иммундау аптасын дайындау және өткізу үшін жұмыс тобының құрамы бекітілді. Дүниежүзілік иммун-дау апталығын өткізудің іс-шаралар жоспары дайындалып бекітілді. Екпе туралы шынайы ақпарат беру үшін бейінді маман-дарды тарту арқылы ашық есік күні өткізілді. Ауруханада отбасын жоспарлау, босануға дайындық, жас аналар, денсаулық мектептері, дені сау бала кабинеттерінде және аймақтық мектептерде, колледжде дәрістер оқылды. Медициналық қызметкерлер арасында апталық жөнінде семинар өткізілді. Ауруха-нада дәрігерлері мен ата-аналар арасында дөңгелек үстел озды-рылды. Дөңгелек үстелге арнайы

«Біз екпені қолдаймыз»

Жалпақтал ауылдық мұсылмандар мешітінің бас имамы Тілепбер-ген қажы Нұрәлиев.К.Меңдәлиев атындағы орта мектебінің пси-хологі И.Есениязова, Қазталов аудандық ҚДСБ-ның жетекші мама-ны М.Мұхамбетқалиева, Қазталов аудандық ауруханасының ана мен бала ісін қорғау жөніндегі директордың орынбасары Г.Сапақова, Қазталов аудандық ауруханасының учаскелік дәрігері А.Наурызғалиева, Қазталов аудандық ауруханасының екпе медбикесі А.Сұлташева, Қазталов аудандық ауруханасының СӨСҚ медбикесі А.Нихова қатысып, өз ойларымен бөлісті.

А.НИХОВА,Қазталов аудандық

ауруханасының СӨСҚ медбикесі

Жарақат деп бала ағзасына сыртқы ортаның қандай да бір факторы аяқ астынан әсер ету нәтижесінен, тіннің анатомиялық бүтіндігінің бұзылуы және онда физиологиялық процестердің бо-луын айтады.

Әртүрлі жастағы балалар тобы арасында қайталанатын ұқсас жағдайдағы зақымданулар, бала-лар жарақатының түсіндірмесіне жатады.

Балалар жарақатын шарт-ты түрде, бала қай жерде жарақаталған орнына қарай бес түрге бөлуге болады:

1.тұрмыстық (үйде, аула-да, балабақшада болатын жарақаттар) 2.көшеде (бірінші ке-зекте көліктік, дегенмен көлікпен байланысты еместер де); 3.мек-тептегі; 4.спорттық 5.басқалар.

Тұрмыстық жарақат – ең көп таралған және оның себептері көп жағдайда – ата-аналардың ұқыпсыздығынан болады, баланы қараусыз қалдырып қана қоймай, сонымен бірге баланы қауіпті жер-де қалдырады, терезе жаппайды.

Балалар жарақатының басқа жіктемесі де бар – ол жас ерек-шелігіне байланысты. Әр жастағы балада – өзінің даму және құлық ерекшелігі болады, ол жарақаттың анағұрлым таралған түріне жатады. Емшек жасында (екі жасқа дейін) баладағы балалар жарақаты бөтен бұйымдарды жұтып қоюмен бай-ланысты. Бала бір ғана тәсілмен әлемді тануға тырысады – ол зат-тарды қолымен ұстап көреді, өзіне жақын жатқан заттарға қол созып, аузына салады.

Бір жастан үш жасқа дейін бала жүруді үйренеді және тым қимылдағыш келеді. Сондықтан жұтып қойған заттарға құлаумен (сыну, қысылу), өткір заттар-дан болған жарақат, күйіктер,

Балаларжарақатының алдын алу

ток соғудан болған жарақаттар қосылады. Үш жастан кейін әуестігі арта түседі, баланың қоршаған әлемі пәтермен шектелмейді, сондықтан жарақат алу мүмкіндігі ұлғая түседі.

Балалар жарақатының алдына-лу тәсілі баланың жасына байла-нысты. Емшек жасында, мысалы, үнемі қадағалау аса маңызды. Әрине, баланы тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн қарап отыру қиын, бірақ бала кіші болған сайын, оны көзден таса етпеу де маңызды. Сәби жасындағы балалар жарақаты толығымен ата-аналардың жауап-кершілігіне қалады.

Сәби «қауіпті» деген сөзді әлі білмейді және оған оны түсіндіруге болмайды. Сәби түймені, басқа бір нәрсені жұтып немесе балконда тұрған арбадан құлап қалмасын!

Бала өседі, жүре бастайды, сіз көшеге серуендеуге шығасыз, ендігі сіздің міндетіңіз – оны ба-рынша жарақат қауіпті заттардан сақтауыңыз қажет. Үйде – нәзік, өткір заттардан, сіріңке, жылыту құралдары, химикаттарды (таза-лайтын құралдар, бояу, лак т.б) одан жасыру. Розеткаларды ар-найы бітегішпен жабады. Терезе-лерді (тым болмағанда оларды берік тормен қамтамасыз ету керек) жауып қою қажет, баланы пешке және басқа да қауіпті тұрмыстық техникаларға жіберуге болмайды.

Сонымен бірге бұл жаста бала-ны өз бетімен қауіптілік дәрежесін анықтай алуға үйрету қажет. Оған үтік және сіріңкемен күйіп қалатынын, пышақпен – кесіп, ал ыстықты – құйып алатынын айту қажет. Бұл жаста балалар барлық нәрсені қабылдай алады. Тек бала-ны қорқытпай, ақырындап байып-пен айту керек.

Кейде жарақатқа кінәлі ата-аналардың өзі болуы мүмкін.

Жөнделмеген үй электраспапта-ры, розеткалар, сөндірілмеген үтік, шашқақыстыратын қыстырғыштар баланың зақымдануына себеп бо-луы мүмкін. Балалық әуестенгіштік туралы ұмытуға болмайды, шпиль-ка немесе шегені розеткаға сұғып ішінде не бар екенін білігісі келетін балалар қаншама?

Жиі жарақат алу – соғып алудың нәтижесі. Балаға кездейсоқ кар-тина құлауы, ол нашар ілінсе; гүл құтысы, егер ол сөреге дұрыс қойылмаса; ілгіш, егер бала ойнап жүргенде, киім ілініп тұрған ілгіш-ке тығылған кезде құлауы мүмкін. Әткеншектен құлап та қатты жарақат алуға болады.

Кәдімгі заттардан жарақат алу жиі болатын жағдай. Қайшымен, қарындаш немесе бояумен жұмыс кезінде жарақат алу. Балалар бірдеңе жасау, сурет салуды жақсы көреді, бірақ оларда дағды, қимыл жетіспейді. Олар өзін ғана емес, қасында отырған баланы да жарақаттауы мүмкін. Бала-лар ұсақ заттарды жиі мұрнына, құлағына тығып, жұтып қояды. Қыз балалардың құлағында өте ұзын сырға болғандықтан, киімдерін-киініп, шешіну кезінде жарақат алуы мүмкін. Сондай-ақ ойнап жүргенде (басқа балаға немесе өзіне) ілініп қалып та жарақат алуы мүмкін.

Балалар жарақаты – маңызды мәселе, бірақ егер ата-аналар өздерінің балаларына дұрыс қараса және қауіпсіздік ере-желеріне үйретсе, көптеген жарақаттардың алдын алуға бола-ды.

Ж.ҒАБДОЛНАСЫРОВА,Қазталов аудандық

орталық ауруханасының СӨСҚ медбикесі

Екпе – түрлі жұпалардан қорғайтын ең маңызды әдістің бірі. Елімізде мына ауруларға қарсы екпелер жүргізіледі: тубер-кулез (БЦЖ), гепатит «В» (ВГВ), полиомиелит (ОПВ), қызылша, қызамық, эпидемиялық паро-тит (КПК), күл, дифтерия, сіріспе, көкжөтел, (АбКДС), гемофильді» инфекция(Хиб), т.б. Қазақстан Республикасы бойынша міндетті екпе жасалу мерзімдері бар.

Сонымен қатар балалар арасын-да жұқпалы аурулармен (қызылша, қызамық, паротит. Гепатит т.б) ауру көрсеткіші төмендеді.

Профилактикалық егу жүргізудің алдында дәрігер, ол болмағанда фельдшер егілетін адамды тек-серіп қарайды, иммундауға қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда егілетін адамның медициналық құжатына егу жүргізуге рұқсат береді, егілетін адамға немесе оның ата-анасына немесе заңды өкіліне профилактикалық егу, иммундаудан кейінгі ықтимал реакциялар және қолайсыз көрсетілімдер, егуден бас тар-ту салдары туралы толық және объективті ақпарат береді. Профилактикалық егуді жүргізуге ерікті ақпараттандырылған келісім немесе бас тарту жазбаша түрде рәсімделеді. Егуді алғаннан кейін егілген адамдар иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністер (ИКҚК) туындаған жағдайда шаралар қабылдау үшін 30 минут бойы медициналық ұйымда медицина қызметкерінің бақылауында бола-ды. Кейіннен медицина қызметкері өлі немесе белсенділігі жойылған вакцинаны енгізгеннен кейін

алғашқы үш күнде және тірі вак-цинаны енгізгеннен кейін 5-6 және 10-11 күнінде үйде бақылауды қамтамасыз етеді.

Құрамында АбКДС бар вакци-наны енгізгеннен кейін алғашқы 3 күнде аллергиялық реакция, дене қызуы жоғарлауы, мазасызданып жылауы, екпе орны ауырсынуы сияқты белгілер болуы мүмкін. Сондықтан құрамында АбКДС бар вакцинаны енгізгеннен кейін клиникалық көрсетілімдері болған жағдайда егілген адамға егуден кейін 1 сағаттан соң әр 6 сағат сайын, бірақ тәулігіне 4 реттен көп емес 1 келі салмаққа 10-15 мил-лиграмнан 1-3 тәулік аралығында парацетамол бере отырып, ИКҚК профилактикасы жүргізіледі.

Жұқпа адам таңдамайды. Егер егу жұмыстары жаппай жүргізілмесе, қоғамда қолайсыз жағдайлар туындауы мүмкін. Осы жолдарды қуаттайтын бір дерек, жыл сайын екпенің арқасында 3 миллиондай сәби ажал тырнағынан қалып, 750 мыңдай бала мүгедектіктен арылады екен. Қазіргі таңда 27 түрлі ауруды вак-цинамен ауыздықтауға болаты-ны анықталған. Яғни, жұқпалы ауруларға қарсы күрестегі бірден-бір құрал халықты егумен толық қамту екенін жұртшылықтың жап-пай түсінуі маңызды.

Қымбатты ата-аналар! Балаңыздың денсаулығы сіздің қолыңызда! Өз балаңызға уақтылы екпе алуға және еліміздің сау аза-маты болуына көмектесіңіз!

М.МҰХАМБЕТҚАЛИЕВА,Қазталов аудандық

ҚДСБ-ның жетекші маманы

Түрлі жұқпалардан қорғайтын маңызды әдіс

Page 10: 11 жылдан бастап Басылым 1930 aulainasi@mail.ru шығадыauylainasy.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/05/19.pdf · 11 мамыр жұма 2018 жыл №19

10 11 мамыр 2018 жылИМАН АЙНАСЫ

Барша ғаламды жоқтан бар қылушы, бізге ризық-несебеміз-ді беруші, нығметтерінің ең ұлысы Ислам, иман нығметтерін нәсіп қылушы және бізді мұсылмандардан етіп жаратқан Алла тағалаға сансыз мақтаулар мен мадақтар болсын. Жаратушы Иеміздің соңғы елшісі, сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммедке(с.ғ.с.), оның отбасына, сахабаларына және соларға қиаметке дейін ізгілік-те ерген әрбір момын мұсылманға Алла тағаланың салауаты мен сәлемі болғай. Мұсылман қауымы үшін жылдың ең қасиетті әрі ерекше айы – Рамазан айы. Биылғы жылы Рамазан айы мамырдың 16-нан басталады. 15 мамыр кешке Құптан уақыты кір-генде ауданның барлық мешіттерін-де Тарауық намазы оқылады. Ал оның ішінде жылына бір рет келіп тұратын жалбарыну айын ерек-ше ынта-ықыласпен, осы айдағы ғибадатын бөлекше құлшыныспен өткізетін болса, оның сауабын тіл-мен айтып жеткізу қиын.

Жыл сайын асыға күткен қасиетті Рамазан айына жет-кенімізге Алла тағалаға сансыз шүкірлер болсын. Барша мұсылман бауырларды Рамазан айының ке-луімен құттықтаймын. Рамазан айы барлық айлардың сұлтаны. Басқа айлармен салыстыра қарағанда Ра-мазан айында мүміндерге ерекше мол сауап беріледі. Бұл айда ораза ұстаған адам жаны мен тәні тазаруы үшін жаман істер жасаудан тиы-луы қажет. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.), «Рамазан келгенде жұмақтың қақпалары ашылып, тозақтың қақпалары жабылады әрі шайтан атаулының бәрі кісенделеді» -деген (Имам Бухари).

Ұлы ғұлама ғалым Хафиз ибн Раджаб: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзінің сүйікті сахабаларына Рама-зан айының келуімен құттықтайтын» -деген. Бұдан байқайтынымыз адамдардың бір-бірін Рама-зан айының кеуімен құттықтау, шариғатымызда құпталған амал екендігіне негіз болмақ. Салман Фариси атты сахаба (р.ғ.) былай дейді: «Алла Елшісі (с.ғ.с.) шағбан айының соңғы күндерінде айтқан құтбасында бізге былай деді: «Ей, адамдар, ұлы және қасиетті ай жақындады, төбелеріңе көленкесі түсті. Бұл айда мың айдан да қайырлы Қадір түні бар. Алла сол қасиетті айдың күдізінде оразаны парыз қылды, түндерінде нәпіл намазын заңды қылды. Бұл айда үлкенді-кішілі жақсылық жасаған адам басқа айларда бір парызды орындағандай сауап алады. Бұл айда бір парызды орындау – басқа айлардағы жетпіс парыз болып есеп-теледі. Бұл ай – жәрдемдесу айы. Бұл ай – мұсылмандардың ризығын арттыратын ай. Бұл айда кім ораза тұтқан адамға аузын ашатын бір нәрсе беретін болса, жасаған бұл ісі күнәларының кешірілуіне және тозақтан құтылуына себеп бола-ды. Ораза тұтқан адамның сауабы азаймастан соның алатындай сауа-бына ие болады» -деді.

Иә, осындай нығметтер жасырынған айдың қадірін біліп, әрбір сәтінен құр қалмау үшін адам-дар барын салады. Сондықтан да Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисін-де: «Егер адам баласы рамазан айынынң не екенін лайықты түрде түсіне білсе, бір жылдың бастан-аяқ Рамазан болуын қалар еді» -деген.

Бұл ай жылына бір рет келетін зор мүмкіндік. Сондықтан ғибадат айында ерекше рухани күйде іс-амалдарды електен өткізіп, иман-

Қасиетті Рамазан айы құтты болғай

ды жаңартуға, ізгілік істер арқылы жүректі жұмсартуға тырысу қажет. Ал осы бір мүмкіндікті кәдеге жара-та алмау нағыз немқұрайлылықты білдіреді.

Алла тағала адам баласының сенімін арттырып, еркіндікті сезі-нуге, өзіне-өзі бақылау жасауына және нәпсісін тыю үшін осы Рамазан айында ораза тұтуды парыз етті. Себебі тиісті міндеттерді дұрыс орындау арқылы ауыз бекіткен кісі, өзін-өзі тәртіпке шақырып, харам іс-терден тыйылады. Нәтижесінде он-дай адам жиіркенішті әрекеттерден арылып, жақсылыққа бет бұрады.

Исламның бес парызының бірі – Рамазан айында ораза тұту. Сондықтан да дінімізде оған ерекше мән беріледі. Себебі ол сенімнің бір бөлігін құрайды. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Ораза – шыдамның жартысы, ал шыдам – сенімнің жартысы» - деген. Оразаны басқа ешқандай құлшылықтармен салыстыруға болмайды. Өйткені Алла тағала пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.): «Адамның барлық жақсы, хайырлы істерін Алла он есе, тіпті одан да жоғары бағалайды. Бірақ ораза не үшін тұтылған болса, сол үшін сауабын, сыйын молынан беремін» -деп айтқаны белгілі. Сондықтан Ораза қарсаңында алғаш ауыз бекіткісі келетін бауырларымызға тағы да Алла тағаланың осы бір үкімін ес-теріне сала кеткім келеді.

Алла тағала оразаны бұрын өткен Пайғамбарлардың (ғ.с.) қауымдарына парыз еткеніндей, пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) да үмбетіне, яғни біздерге де Рамазан айында күн ораза ұстауды парыз етті. Бұған байланы-сыт Құран Кәрімде былай делінген: «Ей, иман келтіргендер! Өздеріңнен бұрыңғыларға ораза ұстау міндет етілгендей, сендерге де ораза тұту парыз етілді. Мүмкін тақуалыққа қол жеткізерсіңдер» (Бақара сүресі, 183 аят).

Енді осы айдың туғанын көре тұра оразаға кіріспеген жан күнәһар болып есептеледі. Өйткені ол Алла Тағаланың әмірін орындамай, оған жүрдім-бардым, салғырт қараған. Ал мұндай жүгенсіздік Жаратушы Хақ тағаланың ашу-ызасын туды-рып, қаһарына ұшырауға себеп бо-луы ықтимал. Өйткені аталмыш аят-та иман келтірген әрбір жаннан егер сол айға аман-сау жетсе, ораза тұту талап етілді. Ал Алланың әмірін екі етуге болмайды. Дініне салғырт-салақ болып, соның себебінен жүрген мұсылмандарды Жаратқан ие тура жолға бастасын.

Пітір садақасын өз уақытында, яғни Рамазан айының ішін-де немесе соңғы күні айт на-мазына дейін беріледі. Дініміз-де пітір, зекет сияқты садақалар Алланың ризалығы үшін жасала-тын ғибадаттың бір түрі санала-ды. Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төралқа мәжілісінде әр облыстағы бидайдың бағасы ескеріліп, ортақ мөлшермен бекітілді. Төралқа мәжілісі мүшелерінің бірауызды шешімімен биылғы Пітір садақа мөлшері – 300 (үш жүз теңге) болып бекітілді. Бұл көрсеткіш базардағы бидай мен арпаның құнымен шығарылды. Айта кетейік, пітір садақаны құрманың, мейіздің, арпаның, құнымен де беруге бола-ды.

Тілепберген қажы НҰРӘЛИЕВ,

Жалпақтал мешітінің бас имамы

АСА МЕЙІРІМДІ, РАХЫМДЫ АЛЛАҺТЫҢ АТЫМЕН БАСТАЙМЫН !Қасиетті Рамазан айындағы Ораза ұстау мен Намаз оқу уақыттарының кестесі.

Қазталов ауданына және олардың елді мекендеріне. (жергілікті уақыт бойынша) 2018 жыл 1439 һижра

Рамазан – мұсылмандардың ұлық мерекесі.«Ей, иман келтіргендер! Тақуалықтан үміттерің болса, өздеріңнен бұрынғыларға Ораза ұстау парыз етілгені сияқты сендерге де Ораза ұстау парыз етілді».

( сүресі, 185 аят״Әл-Бақара״)

Рамазан айының күндері

Апта күндері

Мамыр ж/е

Маусымайы.

Таң Намазы

Күннің шығуы

Бесін намазы

Екінті намазы

Ақшам ауыз ашар

уақыты

Құптан Тарауых намазы

1 Сәрсенбі 16 3.51 5.51 13,50 18,46 21,31 23,112 Бейсенбі 17 3.50 5.50 13,50 18,47 21,32 23,123 Жұма 18 3.48 5.48 13,50 18,48 21,34 23,144 Сенбі 19 3.47 5.47 13,50 18,49 21,35 23,155 Жексенбі 20 3.46 5.46 13,50 18,50 21,36 23,166 Дүйсенбі 21 3.44 5.44 13,50 18,51 21,38 23,187 Сейсенбі 22 3.43 5.43 13,50 18,52 21,39 23,198 Сәрсенбі 23 3.42 5.42 13,50 18,53 21,40 23,209 Бейсенбі 24 3.41 5.41 13,50 18,54 21,42 23,2210 Жұма 25 3.40 5.40 13,50 18,55 21,43 23,2311 Сенбі 26 3.38 5.38 13,50 18,56 21,44 23,2412 Жексенбі 27 3.37 5.37 13,50 18,57 21,45 23,2513 Дүйсенбі 28 3.36 5.36 13,50 18,58 21,46 23,2614 Сейсенбі 29 3.35 5.35 13,50 18,59 21,47 23,2715 Сәрсенбі 30 3.34 5.34 13,50 19,00 21,48 23,2816 Бейсенбі 31 3.33 5.33 13,50 19,00 21,48 23,2817 Жұма 1 3.33 5.33 13,45 19,01 21,49 23,2918 Сенбі 2 3.33 5.33 13,45 19,01 21,49 23,2919 Жексенбі 3 3.33 5.33 13,45 19,01 21,50 23,3020 Дүйсенбі 4 3.33 5.33 13,45 19,02 21,51 23,3121 Сейсенбі 5 3.33 5.33 13,45 19,02 21,52 23,3222 Сәрсенбі 6 3.33 5.33 13,45 19,03 21,53 23,3323 Бейсенбі 7 3.33 5.33 13,45 19,03 21,54 23,3424 Жұма 8 3.33 5.33 13,45 19,04 21,55 23,3525 Сенбі 9 3.33 5.33 13,45 19,04 21,56 23,36

26 Жексенбі 10 3.33 5.33 13,45 19,05 21,57 23,37

27 Дүйсенбі 11 3.32 5.32 13,45 19,05 21,58 23,3828 Сейсенбі 12 3.32

5.32 13,45 19,06 21,59 23,39

29 Сәрсенбі 13 3.325.32 13,45 19,06 22,00 23,40

30 Бейсенбі 14 3.325.32 13,45 19,07 22,01 23,41

ЕСКЕРТУ:Сәресін ішу «ауыз бекіту уақыты» Таң намазына 10 минут қалғанда тоқтатылады.

1. Ауызды Ақшам намазының уақыты болсымен, құрмамен немесе сумен және т.б. жеміспен де ашуға болады.2. Маусымның 10-нан 11-не қараған түн –Ләйлатул-Қадр, яғни қасиетті Қадір түні.3. Маусымның 15-і Жұма күні Ораза айт мейрамы басталады. 4. Ауыз ашар дұғасы : Ия, Алла! Саған шын ниетіммен ораза тұттым. Сенің берген рыздығыңа ауыз аштым. Саған ғана иман келтірдім және өзіңе ғана тәуекел еттім. Тілегімді қабыл ет! Әмин!5. Ауыз жабар дұғасы: Ниет еттім таңсәріден күн батқанша Рамазан айының бүгінгі күнінің оразасын ұстауға.

Аллаһу әкбәр!6. Пітір садақа мөлшері бір кісіге – 300 (үш жүз ) тенге.

Page 11: 11 жылдан бастап Басылым 1930 aulainasi@mail.ru шығадыauylainasy.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/05/19.pdf · 11 мамыр жұма 2018 жыл №19

1111 мамыр 2018 жыл АУЫЛ АЙНАСЫ

(Жалғасы. Басы өткен санда) Аудан әкімі аппараты жанынан үй беру жөніндегі комиссия мәжілісінің 2012 жылғы 4

мамыр №4 хаттамасының шешімі

7 Байтлепова Нур-жауар Уалиевна

28.02.2012 жыл №25

Қараөзен а/о Жас елді мекені

Тәрбиесінде мүгедек баласы

бар.Аудан әкімі аппараты жанынан үй беру жөніндегі комиссия мәжілісінің 2012 жылғы 26

маусым №5 хаттамасының шешімі

8Гумарова Фариза

Айгалиевна

26.06.2012 жыл №Г-67 Нұрсай ауылы І- топ мүгедегі

Аудан әкімі аппараты жанынан үй беру жөніндегі комиссия мәжілісінің 2012 жылғы 16 шілдедегі №6 хаттамасының шешімі

9Габбасов

Қадырбек Касымович

12.07.2012 жыл №Г-69 Қазталов ауылы Жұмыссыз

Аудан әкімі аппараты жанынан үй беру жөніндегі комиссия мәжілісінің 2012 жылғы 25 қыркүйектегі №8 хаттамасының шешімі

10Утепкалиев Бауыржан

Хайрукович

19.09.2012 жыл №У-92 Қазталов ауылы І- топ мүгедегі

Аудан әкімі аппараты жанынан үй беру жөніндегі комиссия мәжілісінің 2012 жылғы 6 қарашадағы №9 хаттамасының шешімі

11 Мусакова Райгул Тулегеновна

05.11.2012 жыл№С-00107/0

Қазталов ауылы, Желтоксан көш 21/2

Жалғыз басты ана

Аудан әкімі аппараты жанынан үй беру жөніндегі комиссия мәжілісінің 2012 жылғы 24 желтоқсандағы №10 хаттамасының шешімі

12Танкубаева

Гулшат Хамитовна

04.10.2012 жыл №Т-101

Жалпақтал ауылы Егоров көш 8

К. Меңдәлиев атындағы орта мек-тебінде киім ілуші

13Муханбетова

Айдана Ғабитқызы

23.11.2012 жыл №М-112 Қазталов ауылы

Алматы технологиялық университетінің

студентіАудан әкімі аппараты жанынан үй беру жөніндегі комиссия мәжілісінің 2013 жылғы 12

ақпандағы №1 хаттамасының шешімі

14 Қабдирова Қарылғаш 15.01.2013 жыл Жалпақтал ауылы Тәрбиесінде

мүгедек баласы барАудан әкімі аппараты жанынан үй беру жөніндегі комиссия мәжілісінің 2013 жылғы 14

наурыздағы №2 хаттамасының шешімі

15Мендгулова

Акгул Нсангалиевна

06.02.2013 жыл Қазталов ауылыҚазталов орта

мектебінде ыдыс жуушы

Аудан әкімі аппараты жанынан үй беру жөніндегі комиссия мәжілісінің 2013 жылғы 02 мамырдағы №3 хаттамасының шешімі

16 Садықов Әзімбек Қуанышбекұлы

09.04.2013 ж.№Г-34

Әжібай ауылы, Бебітшілік32

17Даулетьярова

Назира Бактыгалиевна

09.04.2012 ж.№Д-36

Жалпақтал ауылы

Жалғыз басты ана, тәрбиесінде мүгедек бала-

сы бар18 Ажниязов Талгат

Казиуллинович02.05.2013 ж.

№А-41Жалпақтал ауылы І-топ мүгедегі

Аудан әкімі аппараты жанынан үй беру жөніндегі комиссия мәжілісінің 2013 жылғы 5 қазандағыдағы №4 хаттамасының шешімі

19Шалашова Нұрсулу

Коптлеуовна

10.07.2013 ж.№Ш-00062/0

Тереңкөл а/о Беспшен ауылы

Жалғыз басты ана

20 Болатова Мэлс Омырзаковна

05.09.2013ж.№Б-00084/0 Бостандық ауылы Көп балалы

отбасыАудан әкімі аппараты жанынан үй беру жөніндегі комиссия мәжілісінің 2014 жылғы

қаңтардағы №1 хаттамасының шешімі

21Жексенова Қымбат

Ермухановна

Қазталов а/о, Сексенбаев ауылы Мышым қыстағы

Жалғыз басты ана

22Шаймуратова

Алиса Катимуллаевна

Қазталов ауылы Жұмабаев көш №3

Табысы аз отбасы

Аудан әкімі аппараты жанынан үй беру жөніндегі комиссия мәжілісінің 2014 жылғы 14 сәуірдегі №4 хаттамасының шешімі

23Нагимова Нурсулу

Ахонқызы

09.04.2014 ж.№Н-00019/0

Қазталов а/о, Бозоба ауылы

Жалғыз басты ана

24Асқарова Назгуль

Уаресқызы

10.04.2014 ж.№А-00020/0

Қазталов ауылы, Мергалиев көшесі

Жалғыз басты ана

Аудан әкімі аппараты жанынан үй беру жөніндегі комиссия мәжілісінің 2014 жылғы 14 мамырдағы №6 хаттамасының шешімі

25 Нураева Сауле Мырзагелдиевна

11.05.2014 ж. №Н-28

Қазталов а/о, Қоныс ауылы

Жалғыз басты ана

26 Кутушова Дидар Шынбулатовна

11.05.2014 ж.№ К-30

Қазталов а/о, Қоныс ауылы

Жалғыз басты ана

Аудан әкімі аппараты жанынан үй беру жөніндегі комиссия мәжілісінің 2014 жылғы 15 мамырдағы №7 хаттамасының шешімі

27Мырзагалиева

Райса Туремура-товна

11.05.2014 ж.№ М-37

Қазталов а/о, Бозоба ауылы І топ мүгедегі

Аудан әкімі аппараты жанынан үй беру жөніндегі комиссия мәжілісінің 2014 жылғы 13 тамыздағы №9 хаттамасының шешімі

28 Ислямов Жалгас Нигметуллинович

07.08.2014 ж.№И-40

Қазталов ауылы, Сейфуллин көшесі

№33І топ мүгедегі

29Жардемова

Венера Магзомовна

12.08.2014 ж.№Ж-38

Қазталов ауылы Жұмасейтова №3/1

көшесі №33

көп балалы отбасы

Бөлім жанынан үй беру жөніндегі комиссия мәжілісінің 2014 жылғы 21 қарашадағы №3 хаттамасының шешімі

30 Ахметова Улжан 07.11.2014 ж.№ А-51

Қазталов ауылы, Жакупов көшесі

№14/1Зейнеткер

Бөлім жанынан үй беру жөніндегі комиссия мәжілісінің 2014 жылғы 27 қарашадағы №4 хаттамасының шешімі

31 Капенов Жалгас Турарбекович

21.11.2014 ж.№ К-54

Қараоба ауылы, Г.Қараш көшесі №3 ІІ топ мүгедегі

Бөлім жанынан үй беру жөніндегі комиссия мәжілісінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы №1 хаттамасының шешімі

32 Имашев Мурат Мутиголлаевич

13.01.2015 ж.№ И-1

Қараөзен ауылыҚараөзен көшесі №4

п 1ІІ топ мүгедегі

Бөлім жанынан үй беру жөніндегі комиссия мәжілісінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №3 хаттамасының шешімі

33 Гумаров Габдулла 02.04.2015 ж. Қараөзен ауылы,

Қараөзен көшесі,26 Зейнеткер

34Хайдарова

Гулайм 07.04.2015 ж.Қазталовка ауылы,

С.Сейфуллин көшесі №5 п 2

ІІ топ мүгедегі

35Макашов Мерболат

Махамбетович 14.04.2015 ж.Бостандық ауылы,

М.Маметов көшесі №6 ІІ топ мүгедегі

Бөлім жанынан үй беру жөніндегі комиссия мәжілісінің 2015 жылғы 29 маусым №5 хаттамасының шешімі

36 Нұрмұханбет Гауһар Жұбанқызы 29.06.2015 ж.

Жалпақтал ауылы,Егоров көшесі №2 п1 Көп балалы ана

37 Кенжегалиева Сания 29.06.15 ж. Жалпақтал ауылы,

Масалиева №21 п1 Зейнеткер

Бөлім жанынан үй беру жөніндегі комиссия мәжілісінің 2015 жылғы 30 шілде №6 хаттамасының шешімі

38Сүндетова Гулсулу

Бахтыгереевна30.07.2015 ж. Әжібай ауылы,

Саралжын көшесі №1 Көп балалы ана

Бөлім жанынан үй беру жөніндегі комиссия мәжілісінің 2015 жылғы 23 қарашадағы №10 хаттамасының шешімі

39Кенжегалиев Адилбек Жусупович

23.11.2015 ж. Қазталов ауылы, Ауезов көшесі №2/1 ІІ топ мүгедегі

Бөлім жанынан үй беру жөніндегі комиссия мәжілісінің 2016ж 23 қаңтардағы №1 хаттамасының шешімі

40Ташимова Надежда

Каримовна

26.01.2016 ж. Қайынды ауылы ІІ топ мүгедегі

41

Шарипов Мержан

Галиевич26.01.2016 ж. Жалпақтал ауылы,

С.Датұлы көшесі №50, 2

ІІ топ мүгедегі

42 Кунакаева Алиса Болатовна 26.01.2016 ж.

Қазталов ауылы А.Оразбаева көшесі

№8 , 1

мүгедек балалары бар

немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары

(Жалғасы келесі санда)

Азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй

беру кезегі (28 ақпан 2018 жыл)

Проводятся общественные слушания в форме открытых собраний по Оценке воздейс-твия на окружающую среду (ОВОС) к рабочим проектам «Реконструкция системы водо-снабжения с.Карасу Казталовского района ЗКО», «Реконструкция системы водоснабжения с.Коктерек Казталовского района ЗКО»

тел:8 (71144) 31677.Заказчик – ГУ«Отдел архитектуры, градостроительства и строительства Казталовского

района»Разработчик ОВОС: ТОО «ГидроЭкоРесурс-L», тел.: 8-7132-532450. Документация по проекту размещена на сайте www.kaztalov-bko-gov.kzв разделе «Обще-

ственные слушания».Замечания и предложения заинтересованной общественности прини-маются не позднее трех рабочих дней до даты проведения общественных слушаний.

Который планируется провести «07» «июня» 2018 года в «12-00» часов м.в., по адресу ЗКО, Казталовский район, п.Казталовка, ул.Шарафутдинова, 1

По вопросам: [email protected] и [email protected]

Қоғамдық тыңдаулар нысанында ашық жиналыстар бойынша Қоршаған ортаға әсерді Бағалау (ҚОӘБ) жұмыс жобаларына «Сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту Қазталов ауданы, Қарасу а, БҚО», «Сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту Қазталов ауданы, Көктерек а. БҚО».

Тапсырыс беруші – «БҚО Қазталов ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі»

тел:8 (71144) 31677.Әзірлеуші ҚОӘБ: ТОО “ГидроЭкоРесурс-L”, тел.: 8-7132-532450. Құжаттама жобасы бойынша www.kaztalov-bko-gov.kz сайтында ”Қоғамдық тыңдау”

бөлімінде. Ескертулер мен ұсыныстар мүдделі жұртшылықтың қабылданады кешіктірмей үш жұмыс күнге дейін қоғамдық тыңдаулар өткізу.Жоспарланған күн «07» «маусым» 2018 жылысағат «12-00» ө.о., мекен-жайы БҚО, Қазталов ауданы, Қазталов ауылы, Шарафутди-нов көшесі, 1

Сұрақ бойынша :[email protected] және [email protected]

Page 12: 11 жылдан бастап Басылым 1930 aulainasi@mail.ru шығадыauylainasy.kz/wp-content/oraloniri/news/img/2018/05/19.pdf · 11 мамыр жұма 2018 жыл №19

АУЫЛ АЙНАСЫ 12 11 мамыр 2018 жыл

Газет аптасына 1 рет шығадыКөлемі 3 баспа табақ

Тапсырыс 19Нөмірдің таралымы:

3533 дана

Меншік иесі«Жайық Пресс» ЖШС

бас директорЖантас Сафуллин

«Жайық Пресс» ЖШС Қазталов аудандық

филиалы «Ауыл айнасы» қоғамдық-саяси газетінің

директор-редакторы:Серік Ғабитұлы

Жұмағалиев

Газет жарияланымдарындағы автор пікірі редакцияның түпкілікті

көзқарасы болып есептелмейді.

Редакция оқырман хаттарына жауап

бермейді, оны қайтармайды. Деректердің дәлдігі үшін

автор жауапты. Мақалалар электрондық нұсқада

қабылданады

Мекен-жайымыз:090700Батыс Қазақстан облысы,

Қазталов ауданы, Қазталов ауылы

Шарафутдинов көшесі, 13Телефондар:

Редактор: 31-4-68 Жалпақтал ауылы: 21-3-70

Біздің электронды поштамыз

E-mail: [email protected]

Газет Қазталов аудандық «Ауыл айнасы» газеті

редакциясында компьютерлік әдіспен теріліп, беттелді.«Полиграфсервис» ЖШС

баспаханасында басылды.Орал қаласы, Л.Толстой

көшесі: 27/6

Газет ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі

Ақпарат және мұрағат комитетінде 2012 жылы

19 қаңтарда тіркеліп, №12263-Г куәлігі берілген

Индексі 65794

Есіңе мені алғайсызАлма Оразбаева атындағы мектепте алғаш қолымызға қалам

ұстатып, әріп танытқан ұстамызымыз Әмина Шадиярованы, мек-теп бітіріп шыққанымызға биылғы жылы 40 жыл толып, тойлатқалы жатқанда бұл күнге аман жету бұйырмай, арамыздан ерте кеткен сы-ныптас құрбыларымыз Қайрат Тоғжанов, Жұмабай Шарипов, Сағынғали Әйтекенов, Талғат Букушев, Бауыржан Есенғалиев, Ниетқали Раушановты сағына еске аламыз.

Жарты ғасыр бұдан бұрын ашқанда мектеп есігін,

Жылы жүзбен қарсы алып, қолыма қалам ұстатқан,

Алғашқы ұстаз Әмина апай естен кетпес есімің,

Тектілік сезілетін ай қабақ, ашық жүзіңнен.

Ұрысуды, айқайлауды білмейтінсіз ешуақыт,

Бар аналық махаббатты сезінуші-ек өзіңнен,

Бұл күндері бізге апай алпысты жүрміз алқымдап,

Зейнеткерлік жаста бізге келіп қалды жақындап,

40 жылдық кездесуде еске

аламыз ұстазым.Апайлардан ұрысты бірдей

естіп,Тай-құлындай тебісіп бірге

өстік, Жалынды жастық шақтың да

көп күндерін,Бөлісіп өздеріңмен бірге кештік.Бүгін енді жоқсыңдар арамызда,

Қиын соны сіңіру санамызға,Қолдан келер қайран жоқ, құран

оқып,Тек сендерді есімізге аламыз да

Сағына еске алушылар: Алма Оразбаева мектебінің 1978 жылғы 10 “а” сынып түлектері

Әбіш ауылының тұрғыны болған аяулы жар, ардақты әке, қамқоршы күйеубаламыз Борис Самиғоллаұлы Хабибуллиннің өмірден өткеніне 13 мамыр күні 1 жыл толуына орай сағынышпен еске аламыз.

Талай-талай мақсатымыз бар еді ғой не болды?!

Қосақтасып жүруші едік, оғанда көп уақыт бермепті.

Бір өзіңді таба алмаймыз іздесек де жер-көкті

Сағынамыз, қайғырамыз, көп ойлаймыз өзіңді.

Не шара?! Жатқан жерің жарық, топырағың торқа болсын!

Сағына еске алушылар: атасы Садуақас, жұбайы Ардақ, қызы Ақерке, бажалары мен қайын апалары, балдыздары

Үй сатыладыҚазталов ауылы, Құрманғазы

көшесі 18\1 үй сатылады. (Үйдің ішіндегі жиһаздар үй бағасының ішіне кіреді). Бағасы келісім бойынша.

Байланыс телефондары: 8777-863-43-54; 8777-172-88-13.

Бірімізге перзент, бірімізге бауыр, бірімізге әке болған Борис Самиғоллаұлы Хабибуллиннің сұм ажал ортамыздан алып кеткені-не 18 мамыр бір жыл толады.

Алла салды басымызға сынақты,

Жиі еске алсын деп пе жылатты.

Қайғысы мен қызығы көп өмір-ай,

Бір көтеріп, бірде жығып құлатты.

Сағына еске алушылар: анасы Яхот, бала-келіні Нұрғали-Күнсұлу, немересі Ақнұр, іні-келіні, апа-жазделері

Талдықұдық ауылдық ок-ругінде достығымыз бен татулығымызды, бейбіт-шілігіміз бен мызғымас тұрақтылығымызды білдіретін 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бір-лігі жарасқан – қазақ елі» атты С.Есетов атындығы орта мектебінің ұжымы мен мәдениет қызметкерлері мерекелік шара ұйымдастырды.

Шара С.Есетов атындығы орта мектебінің алаңында өтті. Мере-келік шарада сөз алған С.Есетов атындығы орта мектебінің ди-ректоры Ақжол Жасқайратұлы бірлік күнімен құттықтап, тілегін білдірді. Бағдарлама мерекелік ән шашуға жалғасты. «Туған жер», «Қазақстан», «Ертегілер» «Ақкөгершін» т.б. әндерін Ай-лана Жанболатқызы, Зухра Жанатқызы, Берік Қуандықұлы, Айна Өмірзаққызы орында-са, «Тәуелсіздікті жырлаймын» атты көркем сөзді аудандық «Балдаурен – 2018» бала-лар шығармашылығының байқауының ІІІ дәрежелі дипломының иегері Аружан Ерболқызы оқыса, 3 сынып оқушыларының сәлемдемесі айтылды. «Қазақ вальсі», «Молдаван» билерін аудандық «Балдаурен – 2018» бала-лар шығармашылығының байқауының ІІІ дәрежелі дипломының иегері «Балдау-рен» бишілер тобы (жетекшісі Гүлнар Жақыпқызы), «Гүлдер» биін 6 сынып оқушылары биледі.

Надежда ҚЫДЫРОВА, Талдықұдық ауылы

“Бірлігі жарасқан – қазақ елі”

Қоныс ауылының тұрғыны болған асқар таудай әкеміз Қадем Мұратұлы Мұратовтың өмірден өткеніне 5 жыл, аяулы да ардақты анамыз Маржан Ғазезқызы Мұратованың өмірден өткеніне 19 жыл толып отыр. Ата-анамызды сағынышпен еске аламыз.

Сағына еске алушылар: бала-келіндері Жантөре-Дильяфруз, Бек-жан-Алмагүл, Мейрам, қыз-күйеулері Аманжол-Қымбат, Амангелді-Ақтоты, Нұрмұханбет-Нұрлы, Талғат-Әсия, Жүніс-Әйгерім, тума-туыстары

Аудандық балалар кітапхана-сында халықаралық кітап күніне орай “Кітап – достық көпірі” атты байқау өтті.

Байқауға 5-7 сынып оқушылар қатысып, таныстыру, оқыған сүйікті кітабы бойынша ақын, жазушылардың өлеңдерін жатқа айту немесе шығармадан үзінді

“Кітап – достық көпірі” оқу, мақал-мәтелдер жалғасын табу, ертегі-ден үзінді көрсету сын-ды кезеңдер бойынша бақтарын сынады.

Б а й қ а у д а ә д і л қ а з ы л а р д ы ң әділ бағасының нәтижесінде белесене қатысқаны үшін Жай-на Қабиболла, Диляра Дәуренова, Аймекен Қайрат марапатталса, “Үздік оқырман – 2018” номинациясын Манас Ерболат жеңіп алды. Байқауға қатысқан

барлық сайыскерлерге диплом-дар табыс етілді.

Меңсұлу СЕЙФУЛЛИНА,аудандық балалар

кітапханасының әдіскері

Адам мәңгі жүрмейді бұл жалғанда,Көнеміз ғой тағдырдың салғанына.

Көзімізге ып-ыстық жас келеді,Әке, ана өздеріңді сағынып еске алғанда.Жүректесіз мәңгі әке, ана біздің көңілде,

Жас таусылды көзден біздің төгіле,Жайлы болсын жатқан жерлеріңіз,

Самғап жүріңіздер жәннаттың төр көгінде

Қазталов арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында Орал қаласының тұрғыны, «Зере» жеке кәсіпкерлігінің жетек-шісі Ержан Сыдықов 50 әлеуметтік қызмет алушыларға ар-нап дастархан жайып, ас берді. Қазталов арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Альберт Талпахов осындай игі бастамағаны қолға алған Ержан Тілекұлына ұжым атынан алғысын білдіріп, кәсібінің тек алға қарай өрлеуіне тілегін білдірді.

Сондай-ақ бұл игі бастамаға арналып Құран да бағышталды.

«Жақсылық жасасаңдар, қайырымды болыңдар» демек-ші қашан да жаны жүдеу жандарға қолұшымызды тигізіп, қамқорлық жасауға асығайық, ағайын!

Тимур ҒАБДОШЕВ,Қазталов арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету

орталығының әлеуметтік қызметкері

Қамкөңіл жандарға қайырымдылық көрсетілді